Құрметті «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Әлем тілдері»
кафедраларының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы!
Сіздерді 2023 жылдың 09-17 қараша аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №5 оқу залы ұйымдастырып отырған «Кафедралар күндеріне» шақырамыз!
Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, сондай-ақ мерзімді басылымдармен таныса аласыздар.
Өтетін орны: КАО, №5 оқу залы (4.1 кампус)
Уақыты: 10.00-17.00 сағ.
КЕЛІҢІЗДЕР! ТАНЫСЫҢЫЗДАР! КҮТЕМІЗ!