Яндекс.Метрика

                                                                                                                

Хабарландыру!

«Ақпараттық және медиалық сауаттылықты арттыру» апталығы
Құрметті 1-курс студенттері!

   Сіздерді  20.09. – 06.10.23   аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №2 оқу залында (2.1 - технологиялық кампус, 2-қабат) «Технологиялық», «Ақпараттық технологиялар», «Экономика және құқық»  факультеттерінің 1-курс студенттерін ақпараттық және медиалық сауаттылығын арттыру тренингіне шақырамыз.
  Тренингтің мақсаты – оқырмандарды Кітапханалық-ақпараттық орталықтың сайтымен http://lib.dulaty.kz және КАО Ережесімен таныстыру, электронды кітапханасымен жұмыс жасау тәсілдері мен мәлімет алу жолдарын көрсету (ИРБИС64+), «Online қызмет көрсету» қызметін таныстыру, оқырман ретінде тіркелу және қордағы дәстүрлі түрдегі құжаттардың көшірмелерін электронды түрде жеткізу сервисін пайдалану, қазақстандық, ресейлік электронды кітапханалар («РЖООАЭК», «IPR SMART», «Университетская библиотека ONLINE», «Параграф») мен шетелдік толықмәтінді дерекқорлармен таныстыру.