Яндекс.Метрика

                                                                                                                

Тұғыры биік-Тәуелсіздік

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесін дәріптеу және жастарға патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында кітапханалық-ақпараттық орталықтың №8 оқу залының (гидрокешен 6.1) қызметкерлері және "Жерге орналастыру және кадастр" кафедрасының оқытушысы Нұралы Жазира бастаған СШжТҮ институтының 6В07311- «ЖКжЖМБ» мамандығының 2 курс студенттерімен  бірлесіп  «Тұғыры биік-Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел өткізілді.
    Іс-шара барысында еліміздің Тәуелсіздікке жетудегі 1986 жылғы 16-шы желтоқсанда болған оқиға, елім жерім деп ұраңдатқан жастар, алаңда орын алған оқиғалар, оқиға құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова туралы студенттер ойларымен бөлісіп, ата-бабамыздан аманат болып қалған өз жерімізді өзіміз басқаруымыз үшін, тәуелсіздік жолында қазақтың біртуар жастарының ерлігіне, каһармандығына бас иіп, құрмет көрсетті.
      Кітапхана өз тарапынан «Тұғыры биік-Тәуелсіздік» атты көрме ұйымдастырып, көпшілік назарына - Желтоқсан оқиғасы, Еліміздің Тәуелсіздігі туралы баяндалған әдебиеттерді ұсынды.
      Желтоқсан оқиғасы – ұлт санасынан өшпейтін, Тәуелсіздіктің алғашқы қадамы болып қала бермек!