Яндекс.Метрика

                                                                                                                

Дәуірдің дара тұлғасы

   2022 жылдың 5-қазанында  Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторының жетекшісі Кабазова Нұргүл Сапарғалиқызының  және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 3 курс студенттері мен топ  кураторы химия магистрі Мамешова Саят Әлішерқызының ұйымдастыруларымен қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар  Әуезовтің  туғанына 125-жыл толуына орай «Дәуірдің дара тұлғасы»  атты әдеби-танымдық кеш өтті. Аталған іс-шара Кітапханалық-ақпараттық орталығының коворкинг залында ұйымдастырылды.
      Мақсаты: Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, «Абай жолы» роман – эпопеясымен таныстыру. Студенттерді ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру.

     Әдеби-танымдық кешке «Химия және химиялық технология» кафедра меңгерушісінің м.а. Матниязова Гүлсім Қадыржанқызы, аға оқытушы, магистр Баданова Роза Рыскелдиевна, Химия білім беру бағдарлаамасының 1, 2, 3-курс студенттері және Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, әдебиеттанушы Мақашев Бақытжан Мақанұлы, «Университет тынысы» газетінің  редакторы Үсейінова Ардақ қатысты. Әдеби-танымдық кеште студенттер Мұхтар Әуезовтің шығармаларын арқау ете отырып арнайы әзірленген баяндамалар оқып, әйгілі ақын-жазушылардың Мұхтар Әуезовке  аранлаған арнау-өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар тақырыпты арқау етіп әр түрлі әндер орындалды. Кеш барысында көрермендер назарына Мұхтар Әуезов туралы бейнефильм, презентациялар және «Әлем таныған Әуезов» атты кітап көрмесі ұсынылды. Кеш қонақтары Бақытжан Мақанұлы, Ардақ ханым мазмұнды, мәнді-мағыналы және терең ойлы пікірлермен ой бөлісті.  Көрермендер ризашылықтарын білдірді.