Яндекс.Метрика

                                                                                                                

Шерхан Мұртазаға 90 – жыл!

   2022 жылдың 21 қыркүйегінде Кітапханалық - ақпараттық орталықтың №5 оқу залында Белгілі кеңес және қазақ жазушысы, қоғамдық-саяси қайраткер, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, журналист-аудармашы Шерхан Мұртазаның 90-жылдығына орай, КЯ-22-3 тобының 1курс студенттерімен бірлесе отырып «Жүректен маржан іздеген» атты әдеби алаң өткізілді.
   Қазақ тілінің, ділінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, шындықтың шырақшысындай болған шерлі аға, шері ағаның биыл туғанына – 90 жыл. Оның қаламынан шыққан қай туындысын алсаң да, тарихты танытып, бірлігінің беки түсуі мен қажетті кезде келеңсіздікке қасқайып қарсы тұра білуге үйретеді. Ашаршылық пен аяусыз атып-жоюдың ащы дәмін татқан Шерхан Мұртаза Тәуелсіздікке дейін де, еркіндікке қол жеткеннен кейін де қазақтың жоғын жоқтап, намысын қамшылаған қайтпас тұлға болды.