Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 01-16 аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №5 оқу залында «Ұстаз» институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі және әдебиеті», «Әлем тілдері» мамандығының 1 курс студенттерімен дәстүрлі түрде өтетін кітапхана ресурстарын пайдалану бағытында тренингтер өткізілді.
Іс-шарада кітапхана құрылымымен, кітапханаға жазылу, қызмет көрсету сервистерімен, КАО-ың сайтымен (http://lib.dulaty.kz) таныстырылды. Сонымен қатар, АИБС «МегаПро» электронды каталогында құжаттарды іздестіру жолдары және РМЭБ, IPRSMART, Университетская библиотека ONLINE, Zan, Параграф, Web of Science, Scopus электронды кітапханаларымен жұмыс жасау тәсілдері, мәлімет алу жолдарымен таныстырылды.
Қазақша
Русский
English