Яндекс.Метрика

                                                                                                                

1-курс студенттерінің «Ақпараттық және медиалық сауаттылығын арттыру» апталығы.

Құрметті оқырмандар!

      2022 жылдың 1-13 қыркүйек аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №2 оқу залында (2.1 технологиялық кампус) «Технологиялық», «Ақпараттық технологиялар», «Экономика және құқық» пен «Гуманитарлық - әлеуметтік ғылымдар» факультеттерінің 1-курс студенттерімен ақпараттық-медиалық сауаттылығын арттыру тренингі өтті. 
     Тренингтің мақсаты – оқырмандарды Кітапханалық-ақпараттық орталықтың сайтымен http://lib.dulaty.kz және КАО Ережесімен таныстыру, электронды кітапханасымен жұмыс жасау тәсілдері мен мәлімет алу жолдарын көрсету, «Online қызмет көрсету» қызметін таныстыру, оқырман ретінде тіркелу және қордағы дәстүрлі түрдегі құжаттардың көшірмелерін электронды түрде жеткізу сервисін пайдалану, қазақстандық, ресейлік электронды кітапханалар («РЖООАЭК», «IPR SMART», «Университетская библиотека ONLINE», «Zan», «Параграф») мен шетелдік толықмәтінді дерекқорлармен таныстыру.