«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!

Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен магистранттар!
Сіздерді 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуір айына дейін өтетін «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафонына қатысуға шақырамыз!
Марафон қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада ұйымдастырылады.
Жобаның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін дамыту, оқырмандардың әдеби білімін арттыру, сыни және аналитикалық ойлау қабілетін жетілдіру және кітап оқуды қоғамның ортақ құндылығына айналдыру.
Марафон бағыттары:
- «Кітап оқитын мектеп»– 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж»– колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет»– жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог»– мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет»– отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші»– мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер»– жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Марафонға қалай қатысуға болады?
- https://reading-nation.kz цифрлық платформасына өтіп, 1-30 қыркүйек аралығында тіркеліңіз
- Өзіңіздің бағытыңыз бойынша ұсынылған кітаптар тізімімен танысыңыз;
- 15 кітап оқыңыз;
- Қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздерге қатысыңыз;
- Үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі орындарға таласыңыз!
Марафонның кітап қорында 330 шығарма ұсынылған. Оның ішінде отандық әдебиет, әлем классикасы, заманауи шығармалар, жалпыұлттық дауыс беру нәтижесінде «100 кітап» тізіміне енген туындылар, әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы лауреаттарының шығармалары және әлемдік бестселлерлер қамтылған.
Жүлде қоры
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады:
- 1-орын – 600 000 теңге
- 2-орын – 450 000 теңге
- 3-орын – 300 000 теңге
КІТАП ОҚЫҢЫЗ! БІЛІМІҢІЗДІ АРТТЫРЫҢЫЗ!
07 Қыркүйек 2026
54