Азапты адам бір кезде желден көрді,
Аязыңнан,
Аптаптан,
Шөлден көрді.
Тірілердің бағасын білу үшін
Еске алған жөн бір мезет өлгендерді.
Өлгеннен соң күн де жоқ
Шуақ та жоқ.
Өлтіргенде ар да жоқ,
Ұят та жоқ.
Оңбағанның артында ұрпағы бар,
Ал мамонттың артында тұяқ та жоқ.
Бәрі-бәрі олардың қырылыпты,
Біздер мына— бүгінде тірі мықты.
Мамонттарды жоқтауға тиісті адам,
Жоқтар болса түбінде ірілікті.
Қаншама аңды өлтірдік қамап түзде?!
Сағынады оларды алап күзде.
Қай кезде де
Болуға тиіс енді
Мамонттардың апаты сабақ бізге!
Бар тағдырдың тағы да,
Тағы алары.
Өсті мамық,
Терінің бағалары.
Мамонттардан дегенмен сүйек қалды,
Басқалардан белгісіз не қалары?!
Бұдан былай адамдар болмақ па абай?!
Безген бақыт оралып қонбақ па оңай?!
Тола жатар орыны топастардың,
Мамонттардың орыны толмақ қалай?!
Осындайда ақында тіл қышыған.
Жатыр талай бүгінде жер құшып аң.
Ал ғаламшар жоқтайды мамонттарын
Айрылған анадай тұңғышынан.
Қырдан безбе, бауырым,
Нұрдан безбе!
Жылататын жәйттар бар жырдан да өзге.
Жиһан қамын жамылып жоқтау керек