Жиналған жұрт, жол дегенге сөз айтсын ба, Бірманға балуан шығарды.
Екеуі ұстаса кетті. Кім жығылғаны белгілі ғой. Бозбалалар күресіп болғанша,
ат та келіп қалды. Жүністің қара кері мен бір торы ат бөтен аттардан
оңашада, алдында қатар келе жатыр. Торы ат—Байғазының баласы,
Шалқанның белгілі жүйрік торысы. Шалқан менің атым озып келеді деп
шертиіп, түлкі тымағын қисайта киіп, ортаға шыға берді.
— Шалқан, кейін тұр, аттарды жасқантасың, кімнің аты озып келгенін
жұрт көреді ғой,— деп Жүніс те қарақшыға қарай жүгірді.
Торыдан қара көрдің мойыны озып қарақшыдан етті.
Шалқан: — бас бәйге менікі, былай шыға менің атым озды деп жанжал
шығарды. Жүніс: — бәйге менікі, менің атым озып келген жұрт, көріп
отырсыңдар,— деп ентіге басып ортаға барды.
— Оңбаған Медеу, саған не қылған бас бәйге? — деп Шалқан Жүністі
қамшымен екі-үш рет сілтеп етті. Шарт-шұрт төбелес болды.
Жұрт қой-қойлап, төбелесті тоқтатқан соң, Шалқан тұрып:
— Бәлем Медеу, кеше қатының мен жеріңді алып ек, бұдан былай
басыңды алармын,— деп атынын, басын бұрды. Біркенің Смайыл дейтін бір
шалы тойға аяғынан кездескен. Маған шапан бермей, Томанға кигіздіңдер,
мені ырымнан құр тастағандарың кешегі штаттан қалмай жүрген кикілжің
ғой деп: Бірке, Жүніс, атқа мініңдер... Бұның тойын да, езін де...— деп боқтап
тағы жанжал шығара түре келді. Түлкібай дейтін сол ауылдың, ақсақалы: —
бір ашуыңызды бізге беріңіз, Сәке,— деп Смайылды тоқтатып, бір «көк
шолақ» ырымын әперді.
Той тарқағасын, кеше ойынға жиналған бозбалалардың басы құрала
бастады. Қожаш, Бекарыстан Біркелер де жолдастарымен іздеп келген
жерлеріне барып, қыздармен араласып отырып алды. Қожаштың, түндегі
Серғазынікіндегі Ғайшамен бірге отырғаны, сөйлескен сөздері, қылықтары
есіне түсіп, қасында үкілері тоқпақтай болып отырған қыздарды менсінбей,
бұл ойында жөнді өлең айта алмай, өте көңілсіз өткізді. Ойынға бір кезде
Шалқан келіп:
— Мына Медеудің бозбалаларын шығарыңдар, жаудың бізге керегі
жоқ!—деп айқай салды. Бірке:
— Шықсаң өзің шық. Өзіңе жанжал керек болса, үйді бүлдірмей далаға
шығып төбелесейік! —деп белсеніп тұра келді. Жұрт екі жағына да
жалынып, тоқтатып, ойынға отыра берді. «Бәлем тұра тұр», — деп Шалқан
ашуланып шығып кетті. Қыз-бозбалаларды ойнатуға Түркеш, Нұрыш дейтін
екі жігіт шығып, бір қыз, бір бозбаладан отырғызып, қазақшылық қалыппен