Әдеби KZ
Cәйгүліктер
Повесть
Қабдеш Жұмаділов
24.03.2013
1
Әдеби KZ
Мазмұн
СӘЙГҮЛІКТЕР ................................................................................................................................................ 3
I .................................................................................................................................................................. 3
II ............................................................................................................................................................... 22
III .............................................................................................................................................................. 40
IV ............................................................................................................................................................. 49
V .............................................................................................................................................................. 62
VI ............................................................................................................................................................. 72
Vll ............................................................................................................................................................. 85
VIII ......................................................................................................................................................... 106
IX ............................................................................................................................................................ 122
X ............................................................................................................................................................. 141
XI ............................................................................................................................................................ 161
2
Әдеби KZ
Қабдеш Жүмаділов
Қабдеш Жүмаділов (1936 ж. т.) - жазушы, Қазақстанның халық жазушысы.
Оның «Жас дәурен»өлеңдер, «Қаздар қайтып барады», «Сары жайлау»,
«Шарайна», «Сәйгүліктер» әңгіме, повесть жинақтары, «Көкейкесті», «Бақыт
жолында», «Атамекен» т. б. романдары, «Соңғы көш» оқырман қауымға
жақсы таныс. Жұмаділовке Шығыс Түркістандағы қазақтардың өмірі мен
азаттығы жолындағы күресі суреттелген «Тағдыр» романы үшін Қазақстан
Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген. *1+"Қазақ
әдебиеті" газетінде (1965 - 67), "Жазушы" баспасында (1967- 76),
Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі
мемлекеттік комитетінде (1976 - 81) қызмет істеген. 1981 жылдан
шығарманың жұмыста. Жұмаділовтің алғашқы өлеңдері 1954 жылдан
жергілікті баспасөз беттерінде, ал "Жамал" тырнақалды әңгімесі 1956 жылы
Үрімжіде шығатын "Шұғыла" журналында жарияланған. Жұмаділовтің бір
олеңдер жинағы, сегіз роман, бес повесть, ондаған әңгіме, мақалалар
жинақтары жарық корген. Олардың негізгілері "Қаздар қайтып барады"
(1967) атты әңгімелер жинағы, "Көкейкесті" (1969), "Соңғы қош" (1974 - 81,),
"Атамекен" (1985), "Тағдыр" (1988,) романдары, "Соңғы көш" (1-кітап 1974; 2-
кітап 1981) және "Дарабоз" (1-кітап 1994; 2-кітап 1996) дилогиялары.
Жұмаділовтің соңғы жылдардағы көлемді шығармасы - "Таңғажайып дүние"
(1998) ғұмырнамалық, "Қылкөпір" (2003) романдары.
3
Әдеби KZ
СӘЙГҮЛІКТЕР
Арудан асқан жар бap ма,
Жылқыдан асқан мал бар ма.
Биенің сүті сары бал,
Қымыздан асқан дәм бар ма?!
(Ақтамберді жырау — XVIII ғасыр)
Атты артық көрген елміз мінген тақтан,
Жылқыға жетпеген көз жаутаң қаққан.
Мінсең ат, ішсең қымыз, жесең қазы,
Қашан да қазақ халқы жылқы баққан.
(Ілияс Жансүгіров — XX ғасыр)
I
Шығыс көкжиектен доғадай иілген алтын садақ керіліп, дүние құланиектеніп
сәл тұрды да, кенет дірілдеп толқыған көгілдір сәуле сабадан ақтарылған
саумалдай Алатау жотасынан аса, лықсып төгіліп кетті. Сол - ақ мұң екен,
батысқа қарай лап қойған мың-сан нұр жебесі түн көрпесін шұрқ - шұрқ тесіп,
іргесі бұзылып, ыдырай қашқан қара бояу терең құз - шатқалдарға, арбиған
арша түптеріне барып тығылды. Онда да ұзақ тұрақтай алған жоқ, енді міне,
салқын сайларға шыпылдап толып алған қою көлеңкелердің де түсі қашып,
тесік астауға құйған судай, кемерінен түсіп, азайып барады.
Жылқылы ауылдан таңмен таласа атқа қонған Ағыбай, биік тұрғылар басын
шұғыла шалып, алтын сәукеле кие бастаған шақта, астындағы жіңішке
4
Әдеби KZ
жиренді сипай қамшылап, Көксаланың кезеңіне көтерілген. Тақымына
қыстырған құрығы бар, сақал-шашы түгелге жуық ағарып кеткен иір қара шал
осы арада тізгін тартып аз-кем байырқалады: «Өлмеген кісіге тәңірінің тағы
бір таңы атты - ау! деді ішінен, қарсы алдынан самсап қоя берген адыр -
қырларға сұқтана көз жіберіп. Бұл таңды көрген де бар, көрмеген де бар...
Шіркін, жарық дүние - ай, саған пара-пар келетін не бар екен бұл тірлікте?!»
Жасынан мал көздеп үйренген көшпендінің дағдысы бойынша ер үстінде
шірене көтеріліп, жан-жағына үңіле назар салды. Кеше іңірде ағытылған
сауын биелер де, өрісте жатқан былайғы көп жылқы да көзіне түсе қоймады.
Жердің оты қашқан сайын жылқы өрісі де шығандап барады. Қашанда
шөптің сонысын, судың тұнығын талғайтын кірпияз жануарлар қой шиырлап
тастаған ауыл маңын қалай місе тұтсын - ау, өзге түліктің аяғы жете
бермейтін қашыққа тартып кетті ғой не қылса да. Осы болжамға бекіген
жылқышы атын тебініп, Көксаланың күнгей бетін қапталдай жортып кетті.
Жайлауда ауыл-ауылдың арасы тым тығыз. Әр сайда, бастау - бұлақ
бойларында жеке - дара тігілген шопан үйлері қылаң береді. Шопанның да
түрлі-түрлісі бар ғой. Біреулері малын ертерек өргізіп, өріске беттетіп барады.
Қойын қоршаудың ішіне қамап тастап, бастары іскенше ұйықтап жатқандар
да ұшырасады. Күнде көріп жүрген Ағыбайға бұлардың тірлігі де жақсы
таныс еді. «Мына сорлының суатқа сұғынып тым тақау отырғаны - ай! деп
қынжылды, бұлақтың бойына итініп тұрған киіз үйге көзі түсіп, күндіз-түні
көк қарын болып су ішкен малға шыр бітуші ме еді? Одан гөрі сонау бір
мойнаққа барып қонса, кешкі суаттан соң өрге қарай өрістеген қойдың
жаясына май жиналып, қоңдана түсер еді ғой... Бірақ, соны тектеп - тексеріп
жатқан кім бар қазір. Қызыл ауыз қызғыштай бұлардың қайсысына жаман
атты боларсың. Қолында билігі, басында мансабы бар біреу айтпаса, жай
кісінің сөзіне күле қарайтын болды ғой бұл жұрт...»
5
Әдеби KZ
Жыл өткен сайын жайлау да тарылып барады. Осынау алақандай Көксала
мен Тайсойғанның сай-саласын қазір үш совхоздың малы жайлап отыр.
Төңіректе мал аяғы тимеген, қой шиырламаған тоқымдай да жер қалған жоқ.
Бір кезде бетегесі киіздей ұйысып, желкілдеп тұратын беткейлер, жота-
жондар қазір әбден тұяқкесті болып, шибарқыттың жолындай таңдай -
таңдай сүрлеуге айналған. Ал жылқылы ауылды қас қылғандай мына бір қой
шиырының ортасына әкеліп қондыруы, басқаны былай қойғанда, мал
төркініне обал тіпті: «Қой өрісіне жылқы жайғанды қай аталарыңнан
көрдіңдер?
Жылқылы ауылды алыс бір шетке аулағырақ қондырыңдар» деп, жайлауға
көшерде осындағы мал маманымыз деп жүрген жігіттерге Ағыбай құдайдың
зарын қылды. Бірақ мұның сөзін құлағына қыстырған бір пенде болды ма?
Арғы жонға түйемен көшіруді қиынсынып, машинаның дөңгелегі жеткен
жерге әкелді де, төңкере салды.
Ағыбай бас жылқышы атанып жүрген баяғы жас кезінде, кейбір жөнсіз
пікірлерге құлақ аспай, өріс - қоныс жағын өзі басқара беруші еді. Қазір үйтіп
кеуделей беруге жағдайы көтермейді. Жасы алпыстан асқан соң, жұрт
қатарлы пенсияға кетуі керек еді, жылқының бір шетінен қалмай жабысып
жүрген өзі. Қазір бұл шеттен келген кірме іспетті. Лауазымы да тым төмен
жылқышы емес, жылқышының көмекшісі. Әйтеуір әлі де болса сақалын
сыйлап, жылқыдан біржола қуып жібермегеніне шүкіршілік етеді.
Осындай ойлардың жетегімен іштей ширыққан Ағыбай астындағы жирен
бестіні бусандырып, өзі білетін төте жолдармен Тайсойғанның бергі
бөктеріне де жетіп қалып еді.
Анау бір көлбей созылған қара жалдан асып түссе, ар жағында қырғыз
жайлауы тиіп тұр.
6
Әдеби KZ
Бірақ жылқы ол тұсқа жете қоймапты. Өзінің о баста мөлшерлегеніндей,
Ұзынбұлақтың кезеңіне шыққанда, сай табанында жайылып жатқан қалың
шоғырдың да қарасы көрінді.
Өзі іздеп шыққан сауын биелер мен мініс аттары да көп жылқыға қара
тартып, осылай таман ойысқан екен. Ағыбай бергі қапталда бөлек жүрген
шағын үйірді ауылға қарай беттетіп салды да, өрістегі өзге жылқыны да
түгендей кетпек болып, аттың басын кepi\sбұрды.
Қарт жылқышының оқ өтіп кететін осал жері жылқы еді. Өмірінде көрген
бейнеті де, рақаты да осы түліктің төңірегінде. Қапталдай жайылған қалың
жылқыны көрсе болғаны, өзге дүниені ұмытып, көңілі шалқып жүре береді.
Міне, қазір де өзен бойының балқашты жасыл балаусасына бас қойған
сәйгүліктер тобына ішкерлей түсіп, жаны жадыраған кездегі дағдысымен
қалтасындағы мүйіз шақшаға қол созды. Шақшаны ердің қасына бір - екі рет
тықылдатып ұрды да, алақан шұқырына түскен көк бұйра насыбайды
астыңғы ерінге басып жіберді... Ой, жалған дүние-ай! Құйрық-жалы
күлтеленіп көк жайлаудың сәнін кіргізген қайран жылқы - ай! Көңілдегі реніш
- мұңды да, өкпе-наланы да ұмыттырып жібересің - ау сен. Күлдір-күлдір
кісінеген құлын - тайдың күміс - қоңырау үнін тыңдап жасамыс аттар мен
мама биелердің дала акордындай үздіксіз пысқырғанын естудің өзі бір рақат
екен ғой. Бұрын білмейді екен, елу жыл бойы жылқы соңында жүрген
Ағыбай осы шындықты бертінде пайымдады. Өткен қыста қатты боранға
ұрынып, ай жарым ауруханада жатқанда, өзінің жылқыдан бөлек тірлігі жоқ
екенін, тіпті айқынырақ сезінген... Қазір қарттыққа мойынсұнған зауал
шағында да жатса-тұрса тәңірден тілейтіні қашан бұл өмірден көшкенше
ат арқасынан түспеу. Осы жылқының маңынан ұзамау үшін, ол қандай
қорлыққа болсын шыдауға әзір еді.
7
Әдеби KZ
Ағыбай жүрісін жеделдетіп, табынның бас-аяғын түгел шолып шықты. Құшақ
құйрық, қаба жал қазақы торылардың үйірі бір бөлек, шоқтығы биік, серке
сан, құбақан дончактардың үйірі бір бөлек жайылып жүр. Ара - арасында
ақалтеке шатыс қақпан бел қара керлер мен ағылшын қанды, жел аяқ
мақпал қаралар үйірі де ұшырасып қалады. Дон жылқысының Алатау өңіріне
келіп қоныс тепкеніне көп болды. Ал ақалтеке мен ағылшын қандылардың
келуі осы бертінде, он-он бес жылдың айналасында ғана. Ана бір жылдары
жылқы басын жеті мыңға дейін жеткізіп, ұшы - қиырсыз кең жерді алып
жатқан «Көктөбе» совхозы осыдан біраз жыл бұрын өз шаңырағынан тың
көтеруші екі бірдей шаруашылықты бөліп шығарып, жер жағынан
шағындалып қалды да, асыл тұқымды жылқы заводы делініп қайта
құрылған. Осыған байланысты төрт түлік санын күрт азайтып, қазір екі
мыңдай ғана жылқы ұстап отыр. Басшы - мамандардың сөз саптауына
қарағанда, бұл түлікті әлі де болса шағындап, санның есесін сапамен
қайырмақ. Ол үшін қазақы жабыны қысқартып, оның орнын кілең асыл
тұқымды, қымбат бағалы жылқылармен толтырмақ. «Екі есеп бір қисап,
одан совхоз бәрібір ұтылмайды» десіп жүр. Онысы рас та болар, өйткені
базар бағасы жөнінен бір дончак қазақы жылқының үшеуіне, ақалтеке
тұқымдасы бесеуіне, ал ағылшын қандысы онына татитын көрінеді.
Жылқының құны бұл күнде қандай қасиетіне қарап бағаланатынын кім
білсін, шаруашылықтарға да осы асыл тұқымды, қымбат жылқыларды сатып,
шаш-етектен пайда түсіріп отыр.
Алайда жылқы басынын қымбаттауы шаруашылық есебіне тиімді
болғанымен, былайғы жұртқа, әсіресе жылқышыларға жеңіл тиіп тұрған жоқ.
Егер ғайыптан тайып асыл тұқымды әлгі сетерлердің бірі себепсіз шығын
болып кетсе, орнын толтыра қоюдың өзі бір қиямет. Өткен жылы із - тозсыз
қолды боп кеткен ағылшын қанды қоңыр байталдың төлеміне осындағы бес
жылқышы бір-бір биесін қосып, зорға құтылды. Сондықтан жылқышылардың
8
Әдеби KZ
көзден таса қылмай, екі шоқып бір қарайтыны да осы алыстан келген асыл
тұқымды ардақтылар. Бір жаманы, бұларда өз үйірін шашау шығармай
қайырып жүретін айғыр болмайды екен. Айғырлары қазір ферма
орталығында, жылы қорада байлаулы тұр. Оларды тек үйірге түсетін кезде
ғана жылқыға әкеліп қосады да, басқа уақытта көк жоңышқа мен сұлыға
бөктіріп бөлек ұстайды. Баланы дүниеге әкелуін әкелгенімен, семья бағуға
құлқы жоқ, алименттен көз ашпайтын берекесіз еркек секілді бірдеңелер...
Ағыбай олардың, міне осы мінезін ұнатпайды. Өз үйірін бақпаған,
қайырмаған, қажет болса қасқырға қарсы шаппаған айғыр айғыр ма,
тәйірі? Айғыры жоқ үйірлер жетім-жесір, бала - шаға секілді бет-бетімен
шашырайды да жүреді. Шіркін, шын қормал айғырлардың даланы басына
көтере анда-санда азынап кісінегенінің өзі неге тұрады?! Соның өзі
жылқының айбары, алдырмас қорғаны тәрізді көрінбейтін бе еді... Ал мына
айғырлардың оқта - текте кеудесін көтеріп, биеге шапқаннан өзге міндеті
жоқ.
Әрқайсысына жемін - шөбін беріп, күніне бір уақыт шомылдырып тұратын
бір-бір күтуші керек. Бір есептен сонысы да дұрыс шығар, соларды бағып-
қағуға жылқышылар да құмар болып жүргені шамалы. Пәлесінен аулақ!
Өйткені әр айғырдың құны тым жоғары, он-он бес мың сомнан кем түспейді.
Жазатайым бірдеңеге ұшырай қалса, орнын толтыра қою да оңай болмас.
Түнгі күзетте болған жігіт жылқыдан таң алдында ғана оралған-ды. Дегенмен
сақтықта қорлық жоқ, дәл қазір тікелей міндетіне жатпаса да, Ағыбай жаңағы
дегдарлар үйірін жіті шолып, тез түгендеп шықты. Бәрі түгел, орнында
сияқты. Тек асыл тұкымды арғымақтар жайлауға келгелі оқырда тұрып
жейтін жемін өгейсіп жүр ме, жүндері үрпиіп, жүдеп бара жатқан секілді.
Таулы жер бұларға қол емес-ақ. Қия беттерде жерге мойын жеткізіп жайылу
9
Әдеби KZ
былай тұрсын, жүріп - тұруының өзі қиынға соғып жүр. Жауын-шашында
құлап кете ме деп зәрең ұшады.
Асыл тұқымды биелер мен құлын - тайлардың өз номерлері, тіркемеге
жазылған есімдері бар. «Араб», «Жұлдыз», «Юпитер», «Шолпан», «Космос»
толып жатыр. Мұндай сөздердің көпшілігіне Ағыбайдың тілі де келе
бермейді. Номерлерін еске сақтау да оңай емес-ті. Ондай жазу-сызудың бәрі
бас жылқышы Отарқұл мен мамандардың қолында.
Отарқұлдың қолына құрық ұстағанынан гөрі қағаз - қаламға жармасуы
көбірек. Кейде оның арақтан айыққан кездерінде қағазға шұқшиып, желкесін
қасып отырғанын көріп, «бұл байғұстың да жұмысы жылдан - жылға ауырлап
бара жатыр - ау» деп ойлайды Ағыбай. Сондықтан Отарқұлдың: «Жай
жылқышыға қарағанда, бас жылқышының басы артығырақ істейтін болар.
Басым істемесе, совхоз мені бұл жұмысқа қоймас еді» деп ақырғанын да кек
көрмей, тәртіп сақтап, жұмсаған жеріне үнсіз бой ұсынып жүре береді.
Жылқыны аралап шыққан соң, Ағыбай сауын биелерді алдына салып,
манағы келген ізімен ауылға қайтты. Бұл кезде күн едәуір көтеріліп, сағым
бұлаңдаған сай-сала мен бетегелі беттер неше алуан түске еніп, кілемдей
құлпыра түскен-ді. Киіз үйлердің алдынан шүйкеленген түтін көтеріліп,
малшы қауым күнделікті тірлігіне кірісе бастаған. Жылқылы ауыл аталатын
мойнақтағы төрт үйдің маңында да қара-құра көбейіп қалыпты. Ағыбай
қотанның ортасында тұрған «уазикті» көріп, бастықтардың бірі келген - ау
деп шамалады.
Бұл сауын биелерді ауылдың желке жағындағы бие бауға әкеліп иіргенде,
манадан есік алдында қарауылдап жүрген кемпірі осылай қарай емпеңдеді.
Күлайша екі-үш күннен бері белінен баса алмай, шойырылып жатыр еді, бүгін
қалқайып басын көтеріпті - ау, әйтеуір.
10
Әдеби KZ
Бие сауатын шелегі мен бес-алты құлынның ноқтасын қиралаңдап зорға
көтеріп келеді.
Қайтсын енді, қырық жылдан бергі тартқан азабы мен көрген бейнеті түбінде
белгі бермей қойсын ба, тілдігін басып, азуының бүрі тайған қақсап кәрі
биедей бұл байғұстың да күйі кетіп барады.
Найқалмай, бассайшы аяғыңды! деді Ағыбай кемпірінің күйін көре тұра
әлденеге қырыстанып. Қайда жүр әлгі осындағы жігіттер? Мына малдың
бір жағына шықса бірдемелері кете ме екен?
Келетін шығар... Көріп отыр ғой өздері де, Күлайша кінәлы адамдай
шалының жүзіне жапақтай қарады.
Ағыбай атынан түсіп, ен, алдымен енелері жуас, қолға тұратын екі-үш
құлынды ұстап, желіге әкеп байлады. Ал жаңадан қосылған қулық биелер
сусылдап желі басына тоқтайтын емес. Жаяу қуса жеткізбейді, атқа мініп
қайырып әкелсе, асау құлынды ұстап, ноқталап алуға Күлайшаның қауқары
жетпейді. Өнімсіз тірлік осылайша қайталана берген соң, Ағыбай шыдамай
кетіп, киіз үйлер жаққа барды да, ат үстінен айқай салды:
Уа, қайсың барсың? Мал келгенде үйде омалып отырмай, шықсаңдаршы,
түге!
Біреулерің келіп мына құлындарды байласып жіберіңдер.
Ауылдағы еркек атаулы ортадағы боз үйде, бас жылқышының маңына
жиналып отырса керек. Ағыбайдың дауысын естіп, іштен Сайлау деген жас
жігіт шықты. Аузындағы темекісін тастамай бұрқыратқан күйі желі басына
таман келді де, Күлайшаның қолындағы ноқтаны ала салып, асау
құлындардың біріне тап беріп еді, жас құлын шабақтай шоршып ұстатпады.
Енесімен бірге үркіп, желі басынан шыға қашты.
11
Әдеби KZ
Таста темекіңді, бар болғыр! Танауыңды құрт жеп бара жатса, сонан кейін-
ақ түтіндетерсің, — деді Ағыбай қашқан биені қайтадан қайырмақтап.
Сайлау ыржалақтай күліп, темекісін түкіріп тастады. Әкесі Ағыбаймен құрдас,
әрі көңілдес - тұғын. Сондықтан шалдың артық ауыз сөзін кек көрмей, көтере
береді... Үшеуі үш жақтап жүріп, айналдырған алты құлынды зорға байлады.
Ағыбай ат үстінде ширақ көрінгенімен, жерге түскенде сынық арбадай
қиқалаңдап, жасы құрғырдың келіп қалғаны біліне бастайтын. Жаңағы аз
қимылдың өзіне әжептәуір бусанып, алқынып қалды. Екі қолымен бірдей
жер таянып, көк шөптің үстіне сылқ етіп отыра кетті де, Сайлауға шұқшия
қарады.
Осы биені байлағанда, мен бір әкеме ас бергелі жүрген жоқпын ғой... Осы
елдің таңдайы ағарсын, мейірі қансын деп жүрмін. Ал, сендер болсаңдар
кемпір - шалды сынағандай, қол ұшын бергілерің де келмейді...
Неге? Көмектесеміз ғой... Жаңа ана кісілерге айналып байқамай
қалыппыз, — деді Сайлау қипақтап.
Оларың кім? Балға қонған шыбындай бәрің неге үймелеп отырсыңдар?
Завферма келді. Қасында газеттің тілшісі бар. Директор өз машинасын
беріпті.
Не керек екен оларға? Жай жүр ме?
Жылқыны көреміз дейді... Біз туралы газетке мақала жазбақ, суретке
түсіріп алмақ.
Ым - ым. Солай де... Онда жолыңнан қалма, шырағым. Суретіңе түсе бер.
Сіз ше? Өзіңіз бармайсыз ба? — деді Сайлау артына бұрылып.
Мені қайтесің... Біз кезінде талай суретке түскенбіз. Ендігі кезек сендердікі.
12
Әдеби KZ
Қарт кемпірі екеуі биенің алғашқы сауымын өткермек болып, желі басында
аялдап қалды.
Жайлауда бие байлап, қымыз ашыту қазір міндетті жұмыс емес. Жылқы түлігі
асыл тұқымға айналғаннан бері совхоз мемлекетке қымыз өткізу
жоспарынан босатылған.
Биенің сүтін жырымдамай, асыл құлындар арда емуге тиіс еді. Оған жас
жылқышылар қынжыла қойған жоқ, қайта артық жұмыстан құтылып,
мойындары босап қалды...
Жылқышылардың бірді-екілі меншік биесіне совхоздан тағы екі - үш бие
қосып байлап, қымыз ашытып, басына бейнет тілеп алып жүрген—
Ағыбайдың өзі. Қайтерсің, сүйекке сіңген әдет: жаз бойы жайлау үстінде
қымызсыз қалай отырады? Қолда жоқ болса бір сәрі, бір қос жылқыны
алдына салып айдап жүргенде, ауылыңның іргесіне желі тартылмай қаңсып
жатса, оның несі тірлік!? Тіпті өлі аруақты былай қойғанда, тірі ұрпақтан ұят
емес пе? Қымыздың бабын біле бермейтін, ата салтынан қарайып қалған жас
жылқышыларға ештеңе емес-ау, осы жылқымен бірге жасасып келе жатқан
Ағыбай не деп ақталады жұрт алдында? Осыдан кейін жылқылы ауылда не
абырой, не бедел қалады? Қара сабаны қаңсытып қойып, қасиетіңнен
айналайын Қамбар атаға қалай сиынады?! Жоқ. Ағыбай кеудесінде жаны
тұрғанда, ондай тексіздікке бара алмас. Баяғыдай бас - аяғына оқ шырқаса
жетпейтін желі тартуға шамасы келмегенімен, ауылдың іргесін үңірейтіп,
биебаусыз қалай отырмақ?!
Бірақ биыл қарт жылқышының жынына тиетін және бір жағдай болып тұр.
Мына үш үйдің бас жағын ала бөлегірек қонған, іргесінде автолавканың ақ
машинасы тұрған киіз үй дүкенші Әбікейдікі. Осындағы екі совхоздың
малшыларына бірдей қызмет көрсетуге міндетті сауда орны бұдан гөрі
13
Әдеби KZ
ішкерілеп, қойлы ауылдардың біріне барып қосылуға тиіс екен. Анада көшіп
келе жатқанда, дәл осы тұста машинасы бұзылып қалыпты да, одан ары
әуреге түсіп жатқысы келмей, жылқылы ауылдың қасына орнай салыпты.
Бұған қатын - қалаш, бала-шаға мәз, әрине. «Қант - кәмпит, шай - тұзымызды
іргеден алатын болдық» десіп қуанысып жүр. Бірақ соның бір ыңғайсыз жері
ауыл опыр - топырдың астында қалды. Не керек, Ағыбайдың қымызынан
гөрі Әбікейдің шөлмектері өтімдірек болып шықты ғой Дүкеншінің
белдеуінен күндіз-түні ат кетпейді. Арақ іздеп сандалған жұрт - ақ маза
беруді қойды. Кейде сол ащы судан ауыз тимесе үзіліп кетердей, бүкіл
ауылдың итін дүрліктіріп, түн ортасында келетінін қайтерсің. Бейне әл
үстінде жатқан зәрурет науқасқа дәрі іздеп шапқылаған адамдар тәрізді.
Отарқұлды қойшы, Отарқұл сол үйдің тұрақты қонағы... Не сиқыры барын
кім білсін, осындағы жас жылқышылар да Әбікеймен әмпей - ақ. Бір уақыт
бие сауғызуға мойны жар бермейтін сабаздарың, қашан көрсең дүкеншінің
арақтан босаған жәшіктерін көтерісіп, сол маңда айналсоқтап жүргені. Бірақ
оған қарап, алған бетінен айнитын Ағыбай тағы жоқ. Бір шеттен бұл да
беріспей, айналаға қымыз исін аңқытқан қазақы қара сабасын күмпілдетіп,
өршелене пісіп жатады...
Кемпірі мен екеуі биелердің алғашқы сауымын атқарып, ең шеткі қоңыр үйге
қарай бет алды. Ортадағы бас жылқышының боз үйінде дуылдаған еркек
дауыстары, көңілді күлкі естіледі. Отарқұлдың әйелі ішке самауыр енгізіп,
қазан-ошақ басына келгіштеп, қарбаласып жүр Жас жылқышылардың бірі
Әбікейдің дүкеніне қатынап қайтты. Ағыбай сол жаққа барып, қонақтармен
сәлемдесейін деп бір оқталды да, ол ойынан тез тыйылды.
Жастардың арасында не бар бұған? Өздері-ақ дуылдай берсін.
14
Әдеби KZ
Үй сыртындағы көлеңкеден артқы бір аяғы таңулы, ағаш аяқ ақсақ құлын
көтеріліп, бұған қарсы жүрді. Екі кезі жақұттай жаудыраған, маңдайында
танадай ағы бар, тор төбел ақсақ құлын таңулы аяғын сүйрете шоқаңдай
басып келді де, мұны иіскелеп, оқыранып жіберді.
Бірдеме дәметіп тұр. Ағыбай дереу ішке кіріп, кішкентай шелекпен жаңа
сауылған саумалдан бір тостағандай сүт алып шықты да, құлынның аузына
тосты. Ол да әбден дәнігіп алыпты, мақпалдай жұмсақ еріндерін
жыбырлатып, шелекке бірден бас қойды да, сүтті лезде сіміріп алды.
Бұл да Ағыбайдың өзі тілеп алған бейнетінің бірі. Осыдан он шақты күн
бұрын қалың жаңбыр кезінде қиядан құлап, байғұстың мінер жақ артқы
жіліншігі уатылып кеткен - ді.
Жылқышылар өрістен өңгеріп әкелгенде, сынған аяғы терісіне ғана ілініп,
былғақтап бос жатыр еді.
Бәрібір мал болмайды. Жанын қинамай бауыздап тастайық, десті
жігіттер. Бас жылқышы Отарқұл да осы пікірде еді.
Адал өлген малдың арманы жоқ. Акт жасайық та, мына суықта майлы
қуырдаққа бір тоялық, — деген пейілін кеңге салып.
Бірақ Ағыбай көнбеді Жас сәбидей жазықсыз жануарды көзін жәудіретіп
қалай ғана бауыздап тастарсың. Сынған аяқты сығымдап біраз отырды да.
Пышақтарыңды жалаңдатпай сәл сабыр етіңдерші, жігіттер. Мал төркініне
обал ғой, алдымен ем дом жасап көрейік те бұл байғұсқа, деді құлынға жаны
ашып. Онысын Отарқұл ұнатпай
Қойшы ары. «Бояушы - бояушы дегенге сақалын бояпты» дегендей, сен
шал да қайдағыны айтады екенсің. Қанша оташы болсаң да, тап мына құлын
мал болып қатарға қосылса, мұрнымды кесіп берейін, — деп теріс айналған.
15
Әдеби KZ
Бірақ Ағыбай оның сөзін тыңдаған жоқ. Сол күні түске дейін әлектеніп
құлынның аяғын таңатын қалып шапты. Жуантық қайыңды қақ жарып, ішін
қобылап қуыстады да, сынған сүйекті біртіндеп орнына түсіріп, киіз астарлы
жаңағы қалыпқа салды. Сонан соң сыртын сірімен қаптап, таспамен шандып
танып тастаған. Ақсақ пен жауырды жаңа көріп жүрген жоқ қой, талай істеген
кәсібі. Тор төбел құлын бір жұмадай үш аяқпен шоқаңдап жүрді де, ақырын
ағаш аяғын да демеп басатын дәрежеге жетті. Қолдан сүт ішіп, жем жеуге де
үйреніп алған. Енді балталасаң да өлетін емес, күн өткен сайынжал бітіп,
оңалып келеді.
Ақсақ құлынды жаңа көрдің бе, шайыңды ішсейші, деді Күлайша,
шалдарына бір мін тақпай қалмайтын кемпірлердің әдетімен.
Ағыбай табиғатынан шайшіл кісі емес-ті. Қымызға орын қалдырып, екі-үш
кеседей ғана шай ішті де, шынысын төңкеріп тастады. Онын есесіне Күлайша
ұзаққа сілтейді. Маңдайы жіпсіп терлей бастаған екен, сары самауырынның
қасынан жуық арада тұра қоймас.
Даладағы дабыр - дұбырды естіп, Ағыбай сыртқа шықты. Отарқұл үйінің
сыртында қауқылдасып бір топ адам тұр. Топтың жуан ортасында ұмақұрт
болған айғырдай талтақтай басып, ферма бастығы Пернебек жүрген секілді.
Қасында мал дәрігері Қырғызәлі, тағы басқа жылқышылар бар. Барлығы да
қара көзілдірік киген, сұр костюмді бейтаныс жігітті ортаға алып, шырқ
үйіріле береді. Ағыбай қастарына жақындап барды да, жасы үлкен болса да,
кейінгі кезде шыққан салт бойынша, иіліп сәлем берді... Жігіттер көңілді
екен: шай ішіп, қуырдақ жеп дегендей, ар жақтарына ел қондырып
алғандары байқалып тұр. Сөз тізгіні ауыл ағасы Отарқұлда:
Мана өрістен жылқы айдап келген Ағыбай деген бақырауық шал осы кісі,
деді ол, мұны қонағына таныстырып. Ауылда қонақ барын байқамаған
16
Әдеби KZ
ғой, орынсыз дауыс көтеріп, мазаңызды алғанын кешірерсіз... Ал, бұл азамат
сонау Алматыдан келген қадірлі қонақ, газеттің адамы, деді сонан соң
Ағыбайға түйіле қарап.
Жөн - жөн, шырақтарым, жолдарың болсын, деді Ағыбай да өңін
жылыта қоймай.
«Қонақ — ырыс» дейді аталарымыз. Қонақтың келгені жақсы.
Екеуінің арасынан ши шығып кетер деді ме, осы тұста әңгімеге Пернебек
араласқан:
Дегенмен, Ақа, бүгін өзіңіз ауылдың апшысын қуыра, бірдемеге тарылып
келдіңіз ғой?
Мал - бас аман ба, әйтеуір? деді мұның қабағындағы кірбеңді байқап
қалып.
Ағыбай сыр берген жоқ. Мұртының астынан жымиып қана күлді:
Е, шырағым - ай, баланың қай жылағаны есте қалады дегендей,
малшының да қай гөй - гөйін сұрап жатасың. Біз деген айқайсыз жүре
алмайтын халықпыз ғой, — деді баяу тіл қатып.
Қарттың ағынан жарыла қоймай, әлденені көмейінде іркіп қалғанын сезген
әккі Пернебек өзінің майда тілімен алды-артын орап, бұған да бір-екі көпшік
тастады.
Біздің бұл Ақаң деген ақсақал молодец болып тұр, деді тілшіге
бұрылып. Әсілі, біздің ауылда бие байланбайды ғой, оның себебін жана
өзіңізге айттым. Бұл күнде қымыздың бабын білетін адамдар да сиреп
барады. "Әзірше аузымызды аққа тигізіп отырған осы Ақаң. Бұл кісіден
қымыз үзілмейді. Әйтпесе, өздеріңіз сияқты сыйлы азаматтар келгенде,
17
Әдеби KZ
мүлде ұятқа қалғандай екенбіз, деп ауыр денесін сабадай іркілдетіп,
лекіте күлді.
Енді бұл шалды пенсияға шығып кеткеніне қарамастан, сол қымыз үшін
ұстап отырған жоқпыз ба, деді Отарқұл дүңк етіп. Бірақ оның сөзін ешкім
елей қоймады.
Жылқы баққаныңызға көп болды ма? деді тілші Ағыбайға енді ғана
назар аударып.
Қалай десем екен? Колхозға дейін байдың жылқысын бақтым. Колхоз
құрылғаннан кейін де, құрығым қолымнан түскен жоқ.
О, бұл Ақаң «Көктөбемен» бірге жасасып келе жатыр, деп қойды
Пернебек.
Демек, жылқы баққаныңызға жарты ғасырдай болып қалғаны ғой? деді
тілші. — Алған орден - медальдарыңыз бар ма?
Орден дейсіз бе? Ағыбай сөзінің аяғын жұтып күмілжіңкіреп қалған. Ол
үшін Пернебек жауап берді.
Ақаң ақсақалда орден жағы бола қоймас... Ал, әр жылдары алған
медальдарының бар екенін білемін, — деді кінәлы адамдай қипақтап.
Көзілдірікті жігіт: «Түсінікті» дегендей, басын изектетіп біраз тұрды. Қонақтың
бұған көңілі толмай, қарны ашып қалғанын Ағыбай да сезе қойды.
Ал, Ақа, бұл не тұрыс? Қонақты қымызға шақырмайсыз ба?—деді
Пернебек арадағы жайсыздықты жуып-шайғысы келіп.
Қымыз бар ғой... Жүріңіздер, — деді жылқышы қонақжайлық білдіріп.
Көзілдірікті жігіт әлсін-әлсін қозы қарнын сипалап, танауын самалға тосып
тұрған-ды.
18
Әдеби KZ
Дәл қазір жаңағы тамақтың үстіне қымыз бата қояр ма екен? деді
қынжыла тіл қатып. Таза ауа жұтып, тоқ басып дегендей, азырақ бой
жазып қайтпаймыз ба?
Соны айтып, қасына Пернебекті ертті де, ауылдың сыртындағы жыраға қарай
түсіп кетті.
Отарқұл осы оңашалықты пайдаланып, жігіттерге тапсырма бере бастады.
Қазір тегіс атқа қонып, осы тұрған бәріміз де жылқыға барамыз, деді ол
жүндестеу келген шомбал жұдырығын сермей сөйлеп. Газеттің адамы
өрістегі жылқыны аралап, сол жақта бәрімізді суретке түсірмек. Жұттан
шыққандай болмай, сақал - мұрттарыңды басып, бір киер тәуір киімдеріңді
киіп алыңдар. Ұқтыңдар ма?
Ұқтық! — десті жігіттер.
Ұқсаңдар, тағы бір тығыз шаруа шығып тұр. Ағылшын қанды он екі тайды
Алматы ипподромына жеткізу керек деген бұйрық келді. Ертең фермаға
қаладан арнайы машина келетін көрінеді. Сондықтан түстен кейін екі адам
шығып, сол тайларды орталыққа дейін айдап апаруы керек. Түсінікті ме?
Мұның түсінбейтін несі бар? Алайда бас жылқышыны құптай жөнелген де
ешкім бола қоймады. Соңғы жылдары қаладағы ипподром мен совхоз
аралығында осындай бір ауыс - күйіс болып тұратын. Асыл тұқымды тай -
құнандар топ-тобымен кезектесіп, қаладағы ғылыми зерттеу институты мен
ипподром қорасында айлап - жылдап тұрып қайтады.
Осында қаны - тегі тексеріліп, ат қойылып, айдар тағылып, бағасына дейін
белгіленіп бір - ақ шығады... Мұның бәрі дұрыс - ау, тек кеңседе
отырғандардың осы алыс-берісті қай кезде атқару керек екенін тереңдеп
ойламайтыны жаман.
19
Әдеби KZ
Осы ипподром дегені де бір қырсық болды-ау. Алатын малын ел жайлауға
шықпай тұрып, не жайлаудан түскеннен кейін алса, бірдемелері кете ма екен
солардың?—деді Сайлау ренішін жасырмай.
Соны айтпайсың ба. Жүген - ноқта көрмеген өңшең асау тайды ит өлген
жерге қалай жеткіземіз? Соны ойлаған пенде бар ма? Олары жетекке, не
айдауға көнетін жуас болса екен - ау!—деп оны тағы бір жылқышы қостады.
Жігіттер бір-біріне қарап дағдарысып тұр. Әншейінде Отарқұлдың: «Жай
жылқышыдан гөрі бас жылқышының басы тәуірірек істейтін болар» деп
өкірештеп шыға келетіні болушы еді, дәл қазір оның басы да түк бітірмей
тұрса керек, «былай істейік» деп, нақты ештеңе айта алмады.
Жігіттер, бұл бұйрық. Директордың бұйрығын өлсек те орындауымыз
керек, дей береді әлсін-әлі.
Осындай тығырыққа тірелгенде бұлардың Ағыбайға жүгінетін әдеті. Отарқұл
жігіттерге жағалай көз салып қарап шықты да, соңында бар назарын бұған
аударды.
Ақаң бір амалын таппаса, деді мүләйімсіп. Басқалар да жауап күтіп,
қарап қалысқан.
Ағыбайдың басы бұлар үшін бейне бір есеп машинасы секілді. Қиын есепті
соған салып қойып, енді тек жауабын күтіп отырғандай. Ал Ағыбай оған түк
қиналған жоқ, мана а дегенде - ақ басына келген бір ойды айта салды:
Мал сорлының тағы да бір артық жүрісі, арам тері ғой шығайын деп
тұрған, деді сақалын тарамдай түсіп. Әлгі тайларды енесімен бірге
үйірімен айдап апарып, қораға барған соң, бөліп алғаннан басқа амал жоқ.
Дұрыс - ақ!
Табылған ақыл!
20
Әдеби KZ
Апырай, осы нәрсе манадан бері біздің ойымызға не қып келмеген?!—
десіп жігіттер қуанысып қалды.
Бас жылқышы басымен осы әдісті өзі неге ойлап таппағанына Отарқұл да
ыңғайсызданып тұрған. Бірақ оған дәл қазір намыстан гөрі жұмыстың біткені
қажет еді.
Олай болса, Ақа, қасыңызға мына Сайлауды алыңыз да, осы шаруаны
өзіңіз тындырып қайтыңыз, деп үстінен ауыр жүк түскендей ойнақтап
шыға келді.
Сонымен бұл мәселе де шешіліп қалды. Жігіттер қымыз ішпек болып,
Ағыбайдың үйіне таман келді де, бірақ ішке кірмей, тілші мен Пернебекті
күтіп тұрған.
Басқа ермек болмаған соң, ақсақ құлынды қоршап алып, соны әңгіме қыла
бастады.
Ей, мына қасқаның өлетін түрі жоқ, аяғын басып қалған секілді, — деді жас
жылқышылардың бірі таңданып.
«Ақсақ мал жатып семіреді» деп, мынауың жалданып алған ба деймін.
Ақаң ақсақал ғой — мұның жанын алып қалған...
Отеке, осыны сіз әлдеқашан тізімнен шығарып тастаған жоқсыз ба? Бір
амалын тауып өзіміз жесек қайтеді? деп Омарбай деген егде жылқышы
Отарқұлға қолқа салды.
Е - е, қасқа құлын қайда қашар дейсің. Ел етекке түскеннен кейін де жас
сорпа қажет болар, Отарқұл мардамси күліп, мұртын сылады.
Көр де тұр, осыны өзімізден қызғанып жүргенде, қызығын бастықтар
көреді, деді алғаш сөз бастаған жігіт қызуланып.
21
Әдеби KZ
Мынаны қазір жығып алсаң да, қазы - қартасының сыртында, елу
килограмм етті еркін беріп тұр, деп Омарбай сілекейін жұтып, тамсанып
қойды.
Ағыбай жұрттың әңгімесін селқос тыңдап, қасына келген қасқа құлынның
жалын тарап тұрған-ды. Осы тұста шыдай алмай, шарт сынды:
Осы сендер малшысыңдар ма, әлде ет комбинатында жүрген
қасапшысыңдар ма? деді терісіне сыймай ашуланып. Іріген ауыздан
шіріген сөз шығады... О заманда бұ заман, қазақ баласы тірі малдың қасында
тұрып, ет туралы сөз қылатын ба еді?! Сендерді де жылқышы дейді-ау!
Жігіттер: «Қайран қараңғылық - ай» дегендей, бір-біріне көзін қысып,
өздерінше қарт жылқышыға жеңілдікпен қарағансып, күлісіп тұр.
Жарайды, қойдық, отағасы...
Осы Ақаңның - ақ ырым - жырымы таусылмайды, десіп, жуып-шайған
болысты.
Бұл кезде мана сайға түсіп кеткен Пернебек пен тілші де бұлардың қасына
жақындап қалған-ды. Пернебек қолын сермеп, тілшіге бірдемені түсіндіріп
келеді.
Біз енді аты жылқы екен деп, қыл құйрықтыны қаптата беруді қойдық.
Жылқы тұқымын түгел асылдандырмақпыз... Өзіңіз ойлаңызшы, бағасы бес
жүз сомнан аспайтын он жылқы баққан тиімді ме, әлде соның орнына бес
мың сомға қақпай әкететін бір жылқы ұстаған тиімді ме? Совхозға, әрине,
соңғысы пайдалы, — деген ақырғы сөзі ап - анық естілді.
Бұлар сол беттерінде Ағыбайдың үйіне кіріп, қымызға қанып алды да,
барлығы тегіс атқа қонып, жылқы өрісіне қарай бет түзеді.
22
Әдеби KZ
II
Ірілі - уақты бір үйір жылқыны дүркірете қуып, Көксаланың аңғарына түсірген
екі жылқышы жан-жағын жалама жартастар қоршаған сай табанындағы көш
жолына ілінген соң ғана, уһ деп тыныс алғандай болды. Жайлаудың салқын
жонынан беймезгіл кеткісі келмей, әр жаққа бытырай қашып, осқырына
үріккен асау немелер сауырларына солқылдақ сойыл тиіп, жылқышының
қаһарлы айқайын естігенде барып, бірте-бірте байырқалып, ырыққа көне
бастаған. Ал етекке таман еңкейіп, егіс алаңына жақындаған сайын,
танауларына көк сұлының исі келді ме екен, жемқор аттар мен сақа биелер
үйреншікті жолмен өздері-ақ жосып берді.
Орталыққа баратын он шақты тай үшін осыншама жылқыны сарсаңға
салғанына Ағыбай іштей қынжылып келеді. Ипподромы түскірі жүгенін ұстап
жаяу қалса да, жайлауда тыныш жайылып жүрген малдың обалына қалып,
қан сорпасын шығаратындай не бастарына күн туды екен? Жұрт амалын
таппай тұрғанда, «үйірімен айдап барайық» деп, аузынан қағынған өзі еді. Не
сайтан түрткенін кім білсін, әйтеуір «Ақан бір тәсілін табады» дегенге
әлдеқандай болып, жайылып түсті де қалды. «Құлды бәрекелді өлтіреді»
деген осы да... Әй, Ағыбай - ай, өзіңде де бар, килікпейтін жерге килігесің де
жүресің.
Қасындағы Сайлау көңілді, анда-санда темекісін тартып қойып, әлдебір әнді
ыңылдап айтып келеді. Жылқышылар тобына биыл келіп қосылған жас жігіт
жайлауға салт басы ғана шыққан-ды. Бүгін ойламаған жерден бала-шағасын
көріп қайтудың сәті түскеніне разы сияқты. Бірақ оның есесіне іштей
алабұртқан Ағыбайдың құрыс - тырысы жуыр маңда жазыла қоймады.
Сіркесі су көтермей, әлденеге қатуланып, аңдаусызда сүрініп кеткен
астындағы атын да үсті-үстіне шаужайлап, қамшымен бауырлата тартып
жіберді.
23
Әдеби KZ
Қарт жылқышы осы жасқа келгенше, өз көңіліне қонған, жанына жаққан
жұмыстан ешқашан жалыққан емес-ті. Ал бүгінгі сапарлары ешкімге қажетсіз,
артық жүріс сияқты көріне берген. Мезгілсіз уақытта шаруа тауып берген
қаладағы ипподромға да, солардың сөзіне тақ тұрып, ойланбастан
жайлаудан жылқы алдырған совхоз директорына да өкпесі қара қазандай
болып, іштей алысып келе жатыр.
Әсілі, бүкіл өмірін ат үстінде өткізген адамдардың ой-қиялы салт атпен
сапарға шыққан кезінде тіпті ұшқырланып кететін әдеті. Ат жүрісінің ырғағы
тереңде жатқан ой маржанын екшеп шығарғандай бола ма, мұндайда адам
өзін ақылдырақ сезінеді... Ағыбай да жол бойы ой арқауын үзбей, өзін-өзі
тербетіп, әлдиледі де отырды. Оның түсінігінде төрт түлік малды тар қапасқа
қамау, тас дуалдармен қоршау — барып тұрған сорақылық.
Әсіресе, жылқыны қамауға болмайды. Жылқының мекені қашанда жасыл
жайлау, шетсіз - шексіз байтақ дала. Шөп асылын талғап жеп, су тұнығын
жүзіп ішетін бұл жануарлар жал - құйрығын жел тарап, ашық аспан астында,
кең сақарада жүруге тиіс.
Оның етінің дәмділігі, сүтінің дәрілігі де осында. Өмірі дала көрмей байлауда
семірген жылқының сиырдан қай жері артық? Ағыбай өткен қыста біреудің
үйінде түстеніп отырып, қорадан шығармай қызылшаға семірткен жылқының
етін жеп көргені бар. Кесіп жерге қара жоқ, аппақ май екен. Бірақ, керегі не,
етінде дәм жоқ, танауыңды қытықтайтын хош иіс те білінбейді. Құдай
кепиетке жазбасын, аршыған картоптай ақ жоңқа бірдеңе.
Алайда соның бәрін тергеп-тексеріп, тегін айырып жатқан кім бар дейсің
қазір.
Тумысында татып көрмеген дәмді асты былайғы жұрт іздеп жата ма.
24
Әдеби KZ
Көпшілік қазір комбинаттан шығып, дүкенге келіп түсетін етті ғана біледі. Ал
ет комбинаты дегеніңіз мал соятын фабрика. Ағыбай оны қалаға мал
айдай барғанда бір - ақ рет көрді. Екінші рет баруға жүрегі дауаламаған.
Сұмдық қой ол. Айналасы сақылдаған көк темір... Күніне жүздеген ірі
қараны, мыңдаған қойды тірідей жалмап қоятын көрінеді.
Әй, ананың оқпанын толтыру да оңайға түсе қоймас. Машинамен астықты
қалай орса, шөпті қалай орса, малды да солай шабуға болады екен ғой...
Қашанда жандыны жансыз жеңеді. Көк темірге ештеңе де төтеп бере
алмайды. Мыңдаған малды жәукемдеуге жалғыз пышақтың да шамасы
жетіп жатыр.
Әрине, қаптаған қалың адамды етпен қамдау үшін, малды машинамен
союдан басқа амалдың жоқ екенін, ешкімде оның бас - басына бата жасап
отыра алмайтынын Ағыбай түсінбейді емес, түсінеді. Сөйте тұра, бүгінгі
адамдар тарапынан тірі хайуанға деген төтенше қаталдықты көргенде, бір
түрлі тіксініп қалады.
Әсілі, мал жарықтық адам үшін жаралған ғой: етін жейді, сүтін ішеді, терісі
мен жүнін киім қылады. Малда жазық жоқ, адамда азық жоқ. Бұл жағы атам
заманынан бері солай.
Алайда Ағыбайдың бір шошынатыны бұл күнде жұрт малды азық ету үшін
ғана емес, тек терісі үшін де қыратын болыпты... Түлкінің қызылдығы
өзінің соры. Ал, дүниедегі ең жуас хайуан қой байғұстың не жазығы бар?
Адамдар қойдың да тұқымын өзгертіп , қаракөл дегенді ойлап тапқан. Оның
да әр түрлісі: қарасы, көгі, күреңі, алтын түстес сарысы бар көрінеді. Өзі удай
қымбат, алтын орнына жүретін болса керек. Сол үшін жыл сайын мыңдаған,
миллиондаған жас қозы енесінен туа сала пышаққа ілінеді.
25
Әдеби KZ
Ағыбай бұл жағдайды бұрын біле бермейтін-ді. Осыдан екі-үш жыл бұрын
көрші облысқа құдалыққа барып, қаракөлдің не екенін сонда көрді.
Апрельдің басы, деген мал төлдеп жатқан кез болатын. Алғашқы сый-сияпат
өткен соң, ертеңінде бұл малшы ауылдың тірлігімен таныса бастаған.
Құдалары қаракөл сойып қарбаласып жатыр екен. Сол жолы жаңа ғана
аяқтанып, шаранасы кебер - кеппестен пышаққа түсіп жатқан жас қозыларды
көргенде, жағасын ұстады. Әлекедей жалаңдаған жігіттердің қолында бір-бір
пышақ.
Сойылатын қозыны бауыздап та әуреге түсіп жатпайды. Қой қырқатын станок
тәрізді тақтай сөренің үстіне бұп-бұйра жас қозыны алып ұрады да, өткір
шегеге тамағынан іле салып, терісін сыпырып ірей бастайды. Ағыбайдың тұла
бойы түршігіп кетті. Ал қасапшылардың қолдары қалт етер емес, әбден еттері
өліп, көндігіп алған. Өзара жарысқа түсіп, озып шыққандар сыйлық алатын
көрінеді. Сақманға келген оқушы балалар сойылатын қозыларды қорадан
тасып әкеліп, көмектесіп жүр. Олар да селт етпейді...
Ағыбай әлгі көрініске қарап тұруға дәті шыдамай, көзі қарауытып бара
жатқан соң, тәлтіректей басып далаға шығып кетті.
Терісі алынатын қозыларды кейде енесімен бірге жайылып жүрген кезінде
өрістен де теріп әкеледі екен. Жас қозыларды артқы аяғынан шап беріп
ұстайды да, бейне жансыз бірдеңені лақтырғандай машинаның не арбаның
үстіне атып ұрады Ал енді қозыларын әкетіп бара жатқанда, енелерінің
соңынан еріп жүгіргенін көрсең! Әлде бишаралар мал да болса бауырынан
тартып әкеткен қошақандарын енді қайтып көрмейтінін сезе ме екен, азан -
қазан маңырасып, машинаның соңынан талайға дейін қалмай еріп
отырады...
26
Әдеби KZ
Ағыбайдың түршіккені сонша, құдалардың ауылынан қайтқанша асықты.
Тәңірім - ай, мұндай сұмдықты кім көрген?! Малдың киесі, обалы бар екенін
ойламайды - ау шіркіндер.
Осы оқиға ауылға оралғаннан кейін де, Ағыбайдың есінен көпке дейін
шықпай жүрді.
Қанша ойланып-толғанса да ақылына сыйдыра алмаған. Бәрі де мұның
ұғымына сай келмейтін мүлде жат көріністер. Атам қазақ малдың бейнетін
де тартқан, игілігін де көрген. Бірақ теріден басқа киетін киімі болмаған
заманда да, малды терісіне бола соймаған ғой... Тек осы астамшылықтың
арты адамдарға жақсын де. Мал жарықтықтың киесіне жолығып, кепиетіне
ұшырап жүрмесек болғаны. «Иә, бұл күнде төрт түлікті әр түрлі мақсатпен
өсіретін болды ғой, деп ойлады ол, алдында шұбап бара жатқан жылқы
шоғырына қарап қойып. Біреуінің еті, біреуінің сүті, енді біреуінің терісі
керек. Бір ғана қойдан етті де, жүнді де мол алғымыз келеді. Ал мына кетіп
бара жатқан асыл тұқымды асау тайлар қалаға барып, өнер үйреніп, жұрттың
көңілін көтеруге тиіс».
Ағыбай ана жылдары қаладағы ат шабысқа осы совхоздың жүйріктерін
апарысып, ипподромда бір рет болғаны бар. Бәлкім, қала халқына қызық
болса қызық та шығар, бұған ондағы ат бәйгесі бәлендей ұнаған жоқ, жай
көпшіліктің ермегі үшін жасалған баланың ойыншығы секілді әсер қалдырды.
Ал былайғы жұртта ес қалмайды екен. Өмірі атқа мінбек түгіл, қыл
құйрықтының қасына барып көрмеген қаланың қалың жатағы алақандай
қоршаудың ішінде шаңға қақалып отырып-ақ, ат тұяғының дүбірін
естігендеріне мәз Қайтсын, пенде болған соң олар да жылқыны сағынатын
шығар.
27
Әдеби KZ
Соншама халыққа көңіл көтерерлік ермек тауып беру де оңай емес қой. Ат
шабысты былай қойып, жаяу доп қуғанның өзіне осы күнгі жастар есі шығып,
елеуреп отырады.
Қошқар сүзістіріп, қораз таластырып қызыққа бататын, сүзеген бұқамен
жекпе-жекке шығып, бұқаны найзамен шаншып өлтірген жігітке бәйге
беретін елдер де бар көрінеді...
Естімеген ел де көп деген осы, әрине. Еріккен жұрт не істемейді, ат
жарыстырып айыз қандыру былай тұрсын, жылқыны билетіп те жүлде алып
жүргендер көп деседі. Тегінде сахара жұрты малға би үйретпеген ғой. Сірә,
бұл да бұрыннан қала жағалаған, қызық құмар, озық елдерден шыққан өнер
болуға керек.
Бір сәт Ағыбайдың көз алдында мына кетіп бара жатқан асау тайлар алғаш
рет ата-ананың бауырынан бөлініп, оқуға, не әскерге шақырылған балаларға
ұқсап кетті. Осылардың күні ертең көк жайлау көздерінен бұлбұл ұшып, тар
қоршауда қамалып тұратынын ойлағанда, бір түрлі қабырғасы қайысып,
іштей аяныш сезімін тудырды. Құлағына ат жарыс десе ішкен асын жерге
қоятын желөкпе жұрттың жер тепкілеп ысқырғаны, ызың - қиқу айқайы
жеткендей болды...
Әлдебір іркілісті сезіп, ұйқыдан оянғандай басын көтеріп алған. Назар тіктеп
қараса, Сайлау атынан түсіп айылын тартып жатыр екен. Қамшысын аузына
көлденең тістеп тұрып, шап айылын шандырлап тартты да, ер үстіне лып етіп
қайта қонды.
Құлынсазға да келіп қалдық. Көш жолы бұрыстау ғой, ауылға ерте -
жарықта жету үшін, Суықтөбенің желкесінен тіке асып түссек қайтеді? деді
ол қарттың жүзіне барлай қарап.
28
Әдеби KZ
Мейлі, деді Ағыбай да оны қостап. Төте жүріп жолдан ұтқанымыз
теріс болмас.
Сайлау құрығын көтере, еңкейе шауып барып, сайды құлдай шұбырған
жылқының алдын сол жақтағы қабырға жолға қарай бұрды. «Жас та болса
жер жадысын жақсы біледі екен» деп Ағыбай серігіне разы боп қалды.
Өзінің атқа отырысы да мығым, қайсыбіреулерше өбектемей, таралғыға
тақымы жабыса қалыпты. Әкесі Орынбай марқұм көп жыл жылқы баққан,
малдың жайын білетін кісі еді.
Қанша дегенмен ұяда көргені бар емес пе, Сайлау жылқыға кейінірек келсе
де, жаңа кәсіпті жатырқамай, тез-ақ меңгеріп кетті.
Қалай ойлайсыз, Ақа? Манағы тілшінің тірлігі маған онша ұнамады, деді
ол, Ағыбай қатарласа бергенде. Өзінің цифрдан басқа сұрайтыны жоқ па
деп қалдым ғой.
Пернебектің аузынан не шықса, соны тұқшыңдап жаза береді.
Кім білсін, оның да бір көздегені бар шығар, деді Ағыбай шешіле
қоймай.
Жоға деймін - ау, «түйенің танығаны жапырақ» деп, әлсін-әлі Пернебек
пен Отарқұлды сыртылдатып суретке түсіре береді. Пернебектер не біледі?
Оның сиырдан ауысып, жылқыға келгеніне екі үш - ақ жыл... Цифр керек
болса кеңседен - ақ жазып алып, ауылға әдейі келгенде мына сіз сияқты
ақсақалдармен сөйлеспей ме?
Жас жігіт Ағыбай ойының үстінен түсіп, қышыған жерін дәл басып-ақ келеді.
Бұл жерде әңгіме ат шығарып, абырой табуда емес қой. Газеттен келген
адамдар жылқының мұң - мұқтажын жақсырақ ұғынып, жоғарыға дұрыс
жеткізсе деген тілек те баяғы... Ағыбай оған, шынында да, жылқының
29
Әдеби KZ
құлынындағы сақауынан құнанындағы тісеуіне дейін қалдырмай айтып
берер еді. Бірақ өйтіп қоян-қолтық сыр ашатындай болды ма, тілші жігіт
бұдан тым алыста, қара көзілдіріктің ар жағында тұрып алды ғой.
Е - е, тәйір - ай, солардың жазғанынан бірдеңе өзгеріп кетер дейсің бе,
деді ол сәл үнсіздіктен кейін. «Көктөбе» дүрілдеп тұрған кезінде осы жұрт
газеттің бетін бермейтін. Сонда не шықты? Ақыры шуылдап жүріп құрттық
емес пе жылқыны...
Иә, оныңыз, рас, деді Сайлау, Дегенмен манағы тілшіні айтам да...
Оқтау жұтып алғандай илікпей-ақ қойды. Қалам ұстап жүр дегені болмаса,
осы жазатындардың ішінде де небір «көкемдер» бар-ау деймін...
Ағыбай үндеген жоқ. Не десін? Тілшінің ұстанған шартына өзінің деңгейі
толмай қалғанын біледі. Демек оған керегі бұл емес орденді озаттар мен
осында іс басқарып жүрген білікті кісілер. Уақыт деген сол, әнеки. Әр нәрсе
өз кезегінде. Дәл қазір елеусіз қалып жүргені болмаса, Ағыбайдың да ел
аузынан түспей дүрілдеген кезі болған. Жұрттан алабөтен қара үзіп
кеткендіктен емес, кейде адамның бағы жанып, уақыт талабына үйлесе
кететін шағы болады. Мақтаудан мүйіз шығатын болса, бұған міне сол кезде
шықса керек еді...
Онда жылқы көп, әрі қадірінің де түспеген кезі. Өріс қандай кең еді. Сонау
«Көктерек», «Жартас» совхоздарының жеріне дейін (онда бұл
шаруашылықтар әлі бөлініп шықпаған) «Көктөбенің» жеті мың жылқысы
еркін жайлап жататын-ды. «Көктөбе» жылқысының данқы республика ғана
емес, бүкіл Одаққа мәлім еді. Әсіресе, соғыс кезінде Қызыл армияны сәйгүлік
аттармен жабдықтауда айрықша көзге түскен. Маршал Буденный бұларға
рақмет айтып, арнайы хат та жазған-ды. Сол есінде мықтап сақталса керек,
қырық жетінші жылы «Көктөбеге» Буденныйдің өзі келді. Атақты шабандоз,
30
Әдеби KZ
қызыл Армияның данқты командирі атқа мініп жүріп, жылқы үйірлерін
түгелге жуық көріп шықты. Үлкен адамды бұрын суреттен көргені болмаса,
кім бетпе-бет келді дейсің: ұзын мұртты, мұртының шалғысы тіпті сырт
жағынан да көрініп тұратын, орта бойлы, қоңырқай өңді, шойыннан
құйғандай шомбал кісі еді жарықтық. Аса ат құмар адам екені жылқының
шетіне ілінгенде - ақ байқалып тұрды. Жылқыға қарап ұшқын атқан көзінде
жай қызығу, тамашалау емес, жан-тәнімен ұғынған шынайы сүйіспеншілік
жатыр еді. Жақсыда жаттық жоқ деген сол ғой, маршал жылқышылармен
бірден шүйіркелесіп, сөйлесіп кетті. Ағыбай атақты адаммен бірге болған сол
аз уақыттың ішінде-ақ, оның бойынан өзіне деген бір жақындықты сезгендей
болды. Несін айтасың, ол да жақсы атты қапысыз таниды екен.
Атқа мінген кезінде оның да арқасы қозып, жас жігіттей желігіп кетеді екен.
Әйгілі ақалтеке айғырының біріне мініп ыратөмен құйындатып тұра
шапқанда, қасындағы қаптап жүрген нөкерлерінің ешқайсысы ілесе алмай,
Ағыбай ғана қасынан қалмай еріп отырды. Екеуі көз көрім жерге дейін
жарысып барды да, қайтарда аяңдап бірге қайтты.
Буденный жол-жөнекей мұның күй-жайын, қашаннан бері жылқы бағатынын
сұрастырды.
Шауып келе жатқанда атпен бірге қашалғандай жақсы отырады екенсің...
Міне, нағыз жылқышы деген осындай болуы керек! деп мақтап та қойды.
Сонан соң мұның жауырынынан ұстады да:—Өзің аударыспаққа
қалайсың?—деп өзіне қарай жұлқа тартып, бұл қозғала қоймаған соң,
қарқылдап күлді. Әй, бірақ даланың көкжал бөрісісің ғой, сенімен сайысу
қиын болар...
Иә, бұл бас нені көрмеген. Бір сәт болса да, маршал Буденныймен де үзеңгі
қағысып, бірге шауып көрген... Қазір айтсаң мақтан сияқты, біреу сенсе, біреу
31
Әдеби KZ
сенбейді. Айтпақшы, мұның ат үстінде Буденныймен қатар тұрып түскен
суреті де бар. Екеуі топқа келіп қосыла бергенде, манағыдай тілшілердің
біразы фотоаппараттарын сыртылдатып, жүгіріп жүрген-ді. Сол сурет көп
кешікпей газеттерде басылып шықты. Жоғалып кетпесе, сондағы газеттің бір
данасы әлі күнге дейін сандықтың түбінде жатқан болуы керек... Жақсының
шарапаты тимей тұра ма, маршалмен бірге суретке түсіп, аты-жөнімен
газетке басылып шығуы кезінде Ағыбайдың беделін көтеріп-ақ тастаған.
Содан бері атақты маршалды бұл сырттай мақтан тұтушы еді. Мұның өзі ғана
емес, басқа жылқышылар да Буденныйды өздерінің бір қорымал, жақын
туысындай жан тартып жақсы көріп кеткен. Жақсы көрген адамын кісі
қашанда өлімге қимайды ғой. Ана жылы атақты қолбасы дүние салып,
қарамен қоршалған суреті газетке шыққанда, Ағыбайдың көңілі босап, өзінің
бір ет жақынынан айрылғандай екі-үш күн мұңайып жүрді. Жылқы түлігін
шын сүйіп аялайтын, ат қадірін білетін ондай азамат қайда енді! Сол бір
үлкен адамның орны бұл үшін әлі күнге дейін толмай, қазір де үңірейіп
тұрған сияқтанады...
Күн еңкейіп, кіші бесінге таяған кезде, бұлар қабырға жолмен керлеп
отырып, тақтайдай керілген үстіртке көтерілді. Биік жонның үсті көз жетер
жерге дейін бұдырсыз кең жазық.
Бұл бұрынғы Құлынсаз жайлауы. «Бұрынғы» деп аталатын себебі, қазір
жайлау болудан қалған, мүлде істен шыққан жер... Шіркін - ай, «Құлынсаз»
десе, Құлынсаз еді-ау бір кезде! Сірік пен киіз бетеге ұйысып өскен көк текше
малшы ауылдардың арғы алыс жайлауға бет алған кезінде біраз күн еру
болып, бас-аяғын жинап алатын бір жайлы қоныс еді. Жайлау сары жұрт
болып, қозы бөлер тұста тоқты бағатын шопандар Құлынсазға қайта оралып,
етек - жеңі кең осы жонның үстін емін-еркін жайлайтын - ды. Сонда қалың
мал қанша қадалып жатса да, шүйгіні таусылып бермейтін, іңірде тастай
32
Әдеби KZ
салған құрығыңды таңертең шөп басып қалатын, аса бір райыс, ыстық мекен
еді.
Бірақ керегі не, қазір сол Құлынсаз жоқ, жер бетінен өшіп кетті. Осыдан бес-
алты жыл бұрын ауданда отырған «білгіштердің» бірі егістік жердің көлемін
арттырмақ болып, биік таудың үстіндегі екі жүз гектарға жуық осы көк жонды
трактормен қопартып тастаған.
Алатау жаратылғалы соқаның жүзі түгіл, тесе тиіп көрмеген көк шым
оңайшылықпен жыртыла қоя ма, білетіндердің айтуынша, осы жердің
қыртысын айыруға техника шақ келмей, бірнеше трактор істен шыққан
көрінеді Сондағы қираған тракторлардың бірі бертінге дейін сонау бір
қабақтың үстінде төңкиіп тұрушы еді, былтырлар есебін тауып алып кетіпті.
Құлансаздың қыртысын қопаруға бұйрық бергендер о баста мұнда арпа егуді
ойластырған екен, бірақ ол талаптарынан ештеңе шықпады Құждай күшті
тракторлар жер қыртысын бір қопаруға қопарғанымен, түйенің беліндей
болып төңкеріліп түскен көк шымды майдалауға ешқандай тырманың тісі
батпапты. Жыртылған жер дауылды күнгі теңіз бетіндей қара бұйра толқынға
айналып, айғыздалып қала берген. Сөйтіп, көрген адам тұсынан тамсанбай
өте алмайтын қайран Құлынсаз жер бетінен осылайша өшіп кетті.
Қыртысынан айрылып, қылтанақ шықпай қалған соң, жер байғұс та өледі
екен ғой, Құлынсаз да жарақатынан жазыла алмай, кісі қолынан мерт болды
Қазір қарасаң әр жер әр жерде шырмауық па, ермен қурай ма, қайдағы
бірдеңелер ербиіп өсіп тұр.
Көктемде жасалған бұл сорақылқыты малшы қауым жайлауға шығарда бір-
ақ көрген-ді.
Қор болған Құлынсаздың үстінен шыққанда, басын шайқамаған, жерге
түкірмеген, әй бір пенде қалмаған шығар - ау! Ал, Ағыбайдың тамағына өксік
33
Әдеби KZ
тығылып, не жыларын, не күлерін білмей, сілейіп тұрып қалғаны есінде.
Құлын сазды құртқан солақайлар қазір ауданнан ауысып кеткен көрінеді.
Бірақ төңкеріліп жатқан көк шым жер бетіне ғана емес, ел бетіне де түскен
таңба болып қала береді Қазір аудандағы азаматтар жоғарыдан сыйлы қонақ
келсе, бұл маңайға жолатпай, басқа жолмен алып жүруге тырысады.
Жол Батамойнақтың кезеңінен асқанда, қара топыраққа айналып, қатып
қалған кең жазық алақанға салғандай тіпті айқын көрінеді екен. Ағыбай
атының басын бұрып, сол бір тұсқа мұңды көзбен ұзақ қарап тұрды. Әттең,
дүние-ай! Құлын-тайдай ойнаған, балалық - жастық шағы өткен жерлер ғой
мұның бәрі. Көз алдынан көгілдір сәуле жарқ етіп, неше алуан суреттер
самсап қоя берді. Ақсүйек лақтырып, алтыбақан тепкен айлы түндер, сұлу -
сылаң ат мініп жылқы баққан, көкпар тартқан қойнаулар, қызды ауылға
үкілеген ат байлап, жылқышылардың серне жейтін күндері, бәрі-бәрі елес
бергендей... Сонау бір жотаның бауырында бір ұя қаздың жұмыртқасындай
болып, Тұрар байдың ауылы отырушы еді. Көзін жұмса болғаны, ақ үйлер сол
орнында әлі отырған сияқтанады. Бір белдің астынан маң төбеттер әупілдеп
үріп жатқандай, құлағына тау-тасты жаңғырықтырған бір таныс үн жетеді...
Дәл қасынан ат пысқырынды. Ағыбай селт етіп, көзін ашып алды. Сайлау
екен келіп тұрған. Қарт жылқышының себепсіз неге тоқтағанын түсінбей,
атының басын кері бұрғаны көрініп тұр.
Ақа, неге тоқтап қалдыңыз? Жүзіңіз сынық қой... Бір жеріңіз ауырып тұрған
жоқ па?
деді мұның қасына жақындай түсіп.
Жәй, әншейін... Бірдеңелер еске түсіп. Ағыбай атын тебініп қозғала
берді. Мына Құлынсаздың құлазыған жұртын көргенде, көңіл шіркіннің
алабұртып бұзылғаны да баяғы.
34
Әдеби KZ
Иә, Құлынсазды еске алсам, менің де өзегім өртеніп кетеді, деді Сайлау.
Оңбағандар - ай, көзі қиып қалай ғана жыртты екен?! Малға қоныс таба
алмай, жайлаудан тапшылық көріп жүргенде, көрдіңіз бе, істеп отырған
қастықтарын?!
Баяғыда біздің әкелеріміз бір түп көк шөпті де жұлдырмаушы еді. Шөп
жұлған баланы көрсе, ақырып ұрсып тастайтын. Ал, мыналар әй - шайға
қарамай, бүкіл бір өңірді төңкеріп тастады.
Қазір даланың аңы мен төрт түлік малға пана болатын екі-ақ орын қалды,
деді Сайлау қызулана тіл қатып. Ол егін егуге жарамайтын биік таулар
мен құмды далалар...
Егер осы екеуі болмаса, не істейтінімізді құдай білсін.
Малды бұдан кейін өріске шығармай қорада бағамыз. Малшының орнын
машина басады, десіп жүр ғой білетіндер.
Ой, Ақа - ай; соған кәдімгідей сеніп жүрсіз бе? Ертегі ғой оның бәрі, деді
Сайлау күйіп - пысып. Етке өткізетін малды арнаулы қорада бордақылап
семіртеміз десе бір жөн. Ал, мың-миллион өсім малын қалай қамап отырмақ.
Оған жем-шөпті қалай жеткізеді? Есіңізде болсын, мына даладан қол үзген
күні мал жарықтық мал болудан қалады. Мал құс емес қой инкубаторда
көбейте беретін.
Қайдан білейін, өткен жолы Пернебектің: «Бұдан былай техника тілін
білмеген малшының күні қараң. Мал қайырғаннан басқаны білмейтін шала
сауатты шал-шауқандар жастарға орын босатулары керек» дегенін өзің де
естіген жоқпысың?!
35
Әдеби KZ
Ой, тәйір - ай, Пернебектің сөзін сөз деп... Біздің ол ағамыздың өз басынан
шығаратын ештеңесі жоқ, біреуден естігенін жартасша жаңғырығып қайталай
береді.
Күн екіндіге еңкейе бере, бұлар етекке түсіп, таудың бөктеріне дейін
созылып жатқан егіс даласының тұсынан шықты. Жауын-шашынның аздығы
ма, егіннің шығымы нашар көрінді. Тақта бетін жасырар - жасырмастан
сабағы сарғайып, бас жара бастаған арпа егісінің ара - арасымен екеуі
жылқыны әзер айдап өтті. Сонау төменде «Көктөбенің» қалың талы қылаң
береді. Одан бергі сай табанында жылқы фермасының шашыраңқы шағын
үйлері ағараңдайды. Бұлар алдарындағы үйірдің бетін солай қарай бұрды.
Сайлаудың үйі осы фермада - тұғын. Жылқыны қораға кіргізген соң, екеуі
ертең сәскеде осы арада табысатын болып уәделесті де, Ағыбай орталықтағы
қызының үйін бетке алып жүріп кетті.
Ферма мен совхоз орталығының арасы бес - алты-ақ шақырым. Ағыбай
астындағы Кертөбелдің еті қызған кезде ғана шығатын китің жорғасымен
соқтыртып келе жатқан - ды. Жол ортасына жете бере, алдан есекке мінген
біреуді көзі шалды. Басында дағарадай сеңсең бөркі бар, аяғы жерге бір-ақ
сүйем жетпей тұрған алпамсадай адамды көк есек тірсегі майысып әрең
көтеріп келеді. Бұл елде не көп есек мінген шал көп. Солардың бірі шығар
деп басында мән бермеген. Жауырыны күжірейген әлгі жолаушыны қуып
жетіп, қатарласа бере зорға таныды: Асылбек кәдімгі Тұрардың Асылбегі.
Бұдан төрт - бес жас үлкендігі бар еді, тізгінін тежеп сәлем берді.
Ассалаумұғалайкум, Асеке!
Аликсалам, Асылбек бұған енді ғана назар аударды Ә,
Ағыбаймысың? Үй іші, бала-шаға аман ба?
Шүкір, аманшылық. Екі кештің арасында қайдан салдыртып келесің?
36
Әдеби KZ
Бір шаруамен мына Қарақыстаққа барып ем, содан келе жатқан бетім ғой.
Асылбектің көзі нашар көретін болса керек, бұған түс тоқтатып, сығырая
қарады. — Жүрісің суыт қой, қай жақтан келесің?
Жайлаудан.
Жайлау қалай? Орнында тұр ма, әйтеуір?
Е, тұрмай... Біреу көтеріп кетті деп естіп пе едің?
Жайлауға ат ізін салмағалы көп заман болды, сосын сұрағаным да...
Мына көк жорғаны қайдан тапқансың? Жер - суды баспайтын жүрдек қой өзі,
деді Ағыбай сәл езу тартып.
Асылбектің қара қайыс боп күнге күйіп кеткен бет әлпеті одан арман
қоңырайып, мұның жүзіне бажырая қарады.
Есекке міндің деп қомсынып келесің - ау, ә? Бір аяқ қымыздың екі аяқ желігі
бар.
Тойғаныңа көрінсін. Күліңдер... Күліп қалыңдар!
Қымыз керек болса, күші адал, сүті арам есекке мініп емінгенше, бір бие
ұстап, сауып ішіп отырмайсың ба?
Асылбек төмен қарап үндемей қалды Сөзден ұтылғаны деп ойлады Ағыбай.
Бұл оның жеке Асылбекке емес, осы төңіректің шалдарына тағып жүрген
кінәсы. Не үшін екен, есек мінген қазақты көрсе, тыжырынып, қаны қатып
қалады. Ауылда көп жасаған көне көз қарттар аз емес. Бірақ солардың
көпшілігі аппақ сақалдарымен жылқыдан гөрі есекке бауыр басып алған.
Қашан көрсең аяқтары жер сызып, есекпен келе жатқаны. Осы бір
салпанқұлақ, тексіз хайуанның көбейіп кеткені соншалық, солардың ақырған
дауысынан ертелі - кеш бүкіл ауыл азан-қазан, у да шу болады да жатады.
37
Әдеби KZ
«Салмай тапқан жігіттен салмай құлындаған бие артық» деп аталарымыз
тегін айтқан ба, деді Ағыбай сөзін одан ары жалғап. Есектің орнына бір-
бір бие ұстасаңдар, сүті сусынға жарап, әр жылғы төлі қыстық соғымдарыңды
айырмай ма. Сол арқылы мемлекет малының сыртында үйірге жүздеген -
мыңдаған жылқы қосылар еді... Одан да: тұяғымызды қимылдатқымыз
келмейді, әбден аянкес, жалқау болып алғанбыз демейсің дер ме?!
Соңғы сөз Асылбектің де шымбайына батып кетсе керек, басын көтеріп,
бұған бақырая қарады.
Жарайды, жылқы ұстадым дейін, сонда оны қайда апарып бағамын? Шөп
орнына сақалымды күзеп берейін бе? деді ауылды айналдыра жыртып
тастаған егісті иегімен нұсқап. Тым құрыса ат арқандайтын ашық алаң
қалдырмадыңдар ғой... Жеке меншік түгіл, мемлекет өз малын әрең асырап
отырғанда, маған жем - шөпті қайдан тауып береді?
Есен кісі есті, аман кісі ақылды. Сен маған өйтіп ақыл үйретпе, Ағыбай. Жорға
мен жүйрік менен қалған. Осы елге құт болып қонған да Тұрар
жылқысының тұқымы емес пе еді? Қазір есек мініп жүрсем, ол да құдайдың
уақтысы шығар. Жаңағы сөзді өзге айтса да, дәл сенің айтатын жөнің жоқ,
деді өңі өрт өшіргендей түтігіп.
Ағыбайдың ойында оны табалайын деген астамшылық жоқ еді. Мұның
бүкпесіз таза көңілін теріс қабылдағанына бір түрлі ренжіп қалды: «Әттең,
Асылбек - ай, әбден жүнің жығылып, ерің мойныңа кетіп бітіпсің ау мүлде.
Сені мына қалпыңда күні кеше мың жарым жылқы айдаған Тұрардың жалғыз
ұлы деп кім айтады?!»
Менікі жай жанашырлықтан туған әңгіме ғой, Асеке. Көңіліңе ауыр алма,
деді баяу тіл қатып. Бұл сөзді саған ғана емес, осындағы есек мінген
ағайынға түгел айтып жүрмін. Бір кезде Қамбар атаның құрығы шаншілген
38
Әдеби KZ
жер еді, бұл өлке, Көк ала жылқының орнын көк есек басып кетпесін дегенім
де.
Оның жөн ғой, Ағыбай. Мен де көңілімдегі қыжылды сенен басқа кімге
айтам? деп, Асылбек те жұмсарайын деді. Өзін әлі жылқыдасың ғой?
Тұракеңнің құрығын ұстап қалған мен емес, мына сен болдың. Әкенің дәулеті
маған қонбай, саған қонды. Дүние деген сол, әнеки... Бізде енді, жас
жетпістен асқанда, туған жерден топырақ бұйырсын дегеннен өзге не тілек
бар.
Бұл кезде екеуі шығыс жақтағы кезеңнен асып түсіп, ойпатта жатқан ауылдың
іргесіне ілініп те қалып еді. Жарқабақтың үстінде жапырлаған қалың зират
тұр. Ағыбайдың әкесі Жұмаханның да, ана жылы авариядан қайтыс болған
жалғыз ұлы Айдардың да сүйегі осы дөңнің басында жатыр. Ағыбай зираттың
тұсынан өтіп бара жатқанда, жүрісін баяулатып, іштей мүнәжат - дұғасын
бағыштап, бетін сипады. Оны Асылбек те сезіп келе жатыр екен, мұның
қимылын ол да қайталады.
Тие берсін! деді күбір етіп. Білем, сенің де өз қайғың өзіңе жетіп
жатыр. Бірақ қыршын кеткен ұлың болмаса, Жұмакеннің арманы жоқ қой:
асарын асады, жасарын жасады. Туған жерден топырақ бұйырып, тірілердің
қайыр - дұғасын қабылдаған ол да бір ғанибет... Мына бізді айтсайшы,
әкеміздің сүйегі қайда қалғанын да білмейміз. Заман асты-үстіне келіп
аударылып түсті ғой, артынан іздеп барып табатындай мұрша болды ма?
Өлі аруақ разы болмай, тірілер қайдан оңсын - ау?!
Асылбек бұдан елу жыл бұрын айдалып кеткен әкесін еске алып келеді.
Ағыбай үндеген жоқ. Бұдан ары әңгімелесетіндей уақыт та қалмаған-ды.
Екеуі ауылды қақ жарып өтетін жалғыз көшенің орта тұсына келгенде,
Асылбек тізгін тартты.
39
Әдеби KZ
Ал енді қайда барасың? Үйге жүр, Қайшаның қолынан дәм татып кет,
деді жығыла жабысып. Көп көрісе бермейміз. Өткен-кеткенді еске алып,
өзімізше бір шер тарқатайық.
Рақмет Шайды тағы бірде ішерміз, деп Ағыбай қоштаса бастады.
Осында қызым бар ғой... Атымды сонда барып бір-ақ суытайын.
Соны айтып көлденең көшеге қарай жүре берді де, есіне бірдеңе түскендей,
атының басын кілт бұрып алды.
Асеке, сәл тұра тұрыңызшы, деп шалды лезде қуып жетті. Артына
бөктерген ала қоржынның ішінде екі торсық қымызы бар еді, соның біреуін
алып Асылбекке ұсынды. Жайлаудың дәмі ғой... Кемпірің екеулерін, ауыз
тиіңдер.
Торсықты қолына ұстаған Асылбек күтпеген сыйға не айтарын білмей,
Ағыбай бұрыш айналып кеткенше соңынан қарап тұрды.
40
Әдеби KZ
III
Бәрі түгел тұрмағаны болмаса, Ағыбай құдайға бала бермедің деп
өкпелемейді. Күлайша байғұс баланы табудай - ақ тапты - ау, бірақ көшіп -
қонып жүргенде, соның біразы кішкентай кездерінде шетінеп кетті. Аман
қалғаны үлкен қызы Қайынжамал мен кенжесі Айдар тұғын. Жалғыз ұлы
әбден азамат болып, ат жалын тартып мінгенде, осыдан бес-алты жыл бұрын
машина апатынан қаза тапты. Ағыбайды қатты қажытып, қартайтып кеткен
де, сол ұлдың қайғысы. Адам баласы басқа түссе қандай қасіретке болсын
шыдайды екен ғой. Өлгеннің артынан өлмек жоқ деп, қу жаны кеудеден
шықпаған соң, арсыздықпен қалқақтап жүріп жатқан жайы бар...
Айдар әскерге барып келген соң, жылқы бағуға зауқы соқпай, совхозға
шофер болып орналасқан. Шоферлікті армияда жүргенде үйреніп қайтқан
екен, сол кәсібін өзгерткісі келмеді. Қаршадайынан жылқының арасында ат
құлағында ойнап өскен - ақ бала еді, құдай көк темірге құштар қып қойған
соң не шара! Ағыбайдың өзі де, осындағы басшылар да «жылқыда қал» деп
қанша қолқалады. Бірақ Айдар иліккен жоқ:
Қазір бұрынғыдай емес, жылқыда да, жылқышыда да қадір қалмай
барады. Неде болса өз несібемді осы төрт дөңгелектен іздеп көрем, деп
райынан қайтпай тұрып алды. «Шығасыға иесі басшы» деген сол, әнеки.
Әлде соның бәрі байғұс баланың дәм - тұзы таусылып, өмірінің тым ерте
үзілеріне көрініп тұрды ма кім білсін. Ағыбай кейде өзімен - өзі оңаша
қалғанда: «Егер Айдар сонда машинаға үйір болмай, өзіммен бірге жылқы
бағып жүрсе, өлмей тірі қалар ма еді, қайтер еді» деп те арман қылады.
Бұл күнде артымда қалған ұрпақ деп дәтке қуат етеpi тұңғыш қызы
Қайынжамал мен содан туған жиендері ғана. Қайынжамалдың өзі де бала
кезінде кемпір - шалдың бауырында өсіп, бұған қарындас есебінде
саналатын. Кейін ғой шындыққа көшіп жүргендері... Қазір ол да қырықтың
41
Әдеби KZ
жуан ішін аралап, самайына ақ түсіп, саркідір тартып қалды. Жасында бала
басты болып үйде отырды да, күйеуі өлген соң күнкөріс қамымен сиыр
фермасына жұмысқа тұрған-ды. Қазір әрі сауыншы, әрі күзетші ретінде, ауыл
шетіндегі сиыр базында жалғыз үй отыр.
Көптен көріспеген Ағыбайды қызы Қайынжамал да, жиендері де құрақ ұшып,
қуана қарсы алды. Ерқанат дейтін он екілер шамасындағы бала алдынан
шығып атын байлап, қалған кішкентайлары да етегіне оралып, жүргізер емес.
Биыл тоғызыншы бітірген Сайраш дейтін қыз да тайраңдай жүгіріп келіп,
мойнына асылып жатыр... Ағыбайдың қарап тұрып көңілі босап, ет - бауыры
елжіреді. Жайлаудан келген кісіде балаларға лайық қайбір базарлық болсын,
қанжығасындағы қоржынды шешіп, торсықтағы қымызын, Күлайша беріп
жіберген түйіншектерін үлестірді.
Үлкен-кішінің өрекпіген жүздеріне қарағанда, бұл үйде бұдан бұрын да бір
жаңалық болған сияқты. Кешікпей оған да көзі жетті: Бүгін түскі автобуспен
Алматыдан Қайынжамалдың үлкен ұлы Ержан келіпті. Ағыбай сәлем-
сауқатын таратып, аулада абыр - сабыр болып жатқанда, іштен қол-аяғы
серейген ақ құба арық жігіт шығып, дауыстай сәлем берді.
Ассалаумүғаликум, нағашы!
Аликсалам! —Ағыбай оның бетіне таңдана қарап, дауыстап жіберді.
Ержансың ба, ей? Мынау — сол ма, шынымен? Танымай қала жаздағанымды
қарашы. Шырағым-ау, өзің жүдеп кетіпсің ғой... Ауру - сырқаудан амансың
ба, әйтеуір?
Жас жігіт қан-сөлсіз қаймыжықтай ернін жиырып, салқын жымиды.
Ауру десеңіз де, сау десеңіз де бола береді, нағашы. Қазір ауру мен
саудың арасы бәлендей алшақ емес қой...
42
Әдеби KZ
Ағыбай оның жауабына қанағаттанбай, қасындағы Қайынжамалға қараған.
Қызы бұған мәністі көз тастап: «Оның әңгімесі көп, кейін жата-жастана біле
жатарсыз» дегенді ишарамен ұқтырды. Сонан соң сөз төркінін кілт өзгертіп,
кіші ұлы Ерқанатқа бұрылды да:
Ал, балам, неге тұрсың? Уәделескендей бүгін ойдан-қырдан жиналып
қалған екенбіз...
Қозыларыңның бірін алып келіп, атаңнан бата сұра, деді.
Ерқанат екі айтқызатын емес, ауылдың іргесінде жайылып жүрген он шақты
ұсақты әне- міне дегенше қораға тырқыратып қуып келді. Ағыбайдың «әуре
болып қайтесіңдер, кейін бір қажеттеріңе жарар» дегеніне Қайынжамал
қарамай, құйрығы шұбалаңдаған семіз ақ марқаға зорлап бата жасатты.
Ағыбай марқаның терісін сыпырып, боршалап, қызы ішек - қарын аршып,
екеуі жер - ошақ басында бір сәт оңаша қалған-ды. Қайынжамал әйелге тән
сөзуарлықпен үлкен ұлының жағдайын осы аралықта баяндап үлгерді.
Ержан ата-ананың тұла бойы тұңғышы, алақанға салып әлпештеп-ақ өсірген
баласы болатын. Әжесінің қолында шалдуарлау өскеніне қарамастан, оқуға
алғыр, зерек болды өзі. Орта мектепті бітірген соң, Алматыдағы
пединституттың сурет факультетіне түсіп, оны ойдағыдай аяқтап шықты.
Жақсы оқып көзге түскенінен болар, оқуын аяқтаған соң, сол институттың
өзіне мұғалім етіп қалдырған. Қазақтың қанына сіңбеген оқшау өнерді қуса
да алғашқы аяқ алысы жаман болған жоқ. Салған суреттері мақталып, газетке
де шығып жүрді... Алайда не қырсық жабысқанын кім білсін, осы бала аяқ
астынан бұзылды.
Араққа салынып ішіп кетті. Өзі сияқты бір суретші қызға үйленген тәрізді еді,
жыл уағына жетпей онымен де ажырасып тынды. Сөйтіп жүргенде
қызметтен босап қалды. Ақыры науқасқа шалдығып, өткен күзде
43
Әдеби KZ
маскүнемдерді емдеп - сауықтыратын жерден бір - ақ шыққан-ды... Сол
жақта жылға жуық емделіп, үйіне келген беті осы екен. Енді не істемек?
Байғұс баланы алда не күтіп тұр? Осыны ойлағанда, Қайынжамалдың ішкен
асы бойына тарамай, басы әбден қатып отырған көрінеді.
Туған жиені басында тәп-тәуір бастағанымен, ұшқыр аттай тез болдырып,
кейінгі жылдары жолы болынқырамай жүргенін Ағыбай да білетін-ді. Бірақ
оны дәл мына дәрежеде құлдырап кетті деп ойламаған. Қасында қадағалап
отырмаған соң, үлкен қалада кімнің не істеп жүргенін бұл қайдан білсін.
Соңғы рет, алғаш оқу бітірген жылы, сақалын қауғадай ғып өсіріп, жайлау
үстінде бір келіп қайтқаны бар. «Мұның не?» деп сұрағанда, жиені: «Біздің
суретшілерге сақалсыз жүруге болмайды, Сондай қаулы бар» деп түсіндірген.
Содан бері Ержанды көріп отырғаны осы... Құдайдың әдейілеп жіберген
ауруы болса бір сәрі, араққа салынып дертке шалдықты деген не пәле тағы?!
Ендігі жетпегені осы еді. Иә, бұл да қайбір жақсылық дейсің. «Сорлының
аузы аққа тисе, мұрны қанайды» дегеннің кері де баяғы. Ағыбай қызына
ештеңе айтпай, іштен тына терең бір күрсінді де, орнынан тұрып кетті.
Бұл кезде күн де ұясына кіріп, күндізгі аптаптың беті қайта бастаған.
Суықтөбе жақтан жанды жадыратар жібектей жұмсақ самал есіп тұр. Ағыбай
жаңағы бір жайсыз әңгіменің әсерінен арылғысы келгендей, үй іргесіндегі
төбешікке көтерілген. Сол жерде жасынан мал баққан адамның дағдысымен,
айналасына көз салып біраз тұрды Мына бір бұлақ бойындағы саздауыт көк
өзектен басқа төңіректің бәрі сап-сары ала егін. Таңдай - таңдай егіс алқабы
жоталардан бері асып түсіп, ауыл шетіне дейін сұғынып жатыр. Анда-санда
егін арасындағы айдау жолмен арттарына будақ-будақ шаң қалдырып,
машиналар зулап өтеді.
44
Әдеби KZ
Ағыбай енді ғана байқады: батыс белдеуден сұлудың қиғаш қасындай иіліп,
жаңа Ай туыпты Шілде артта қалып, сарша тамыздың да келіп қалғаны ғой.
Жарықтық тым шалқақ жатыр екен, бұл ай да жаңбырсыз өте ме, қалай?
Қазір егіннің болары болды, жиын - терін біткенше күннің ашық тұрғаны
жақсы. Ал малшыға аракідік жаңбыр жауып, шөп қурамай, жердің жасаң
тартқаны керек. Жалпы ауа райы жөнінде малшы мен егіншінің тілегі бір
жерден шыға бермейді... Кейде екі оттың арасында қалып, тәңірден қандай
тілек тілеріңді де білмейсің. Дегенмен Ағыбай ескі ғұрып бойынша қол
жайып, жаңа Айға қарап бата жасады.
Жаңа айдан жарылқа, ескі айдан есірке. Құдайым ел іргесін аман қылып,
не тілеген тілектің бәріне жеткізе бер. Аллауакбар!
Дәл осы сәтте желке тұсынан аяқ дыбысы білінгендей болған. Бұл бұрылып
үлгіргенше:
Нағашы, не істеп тұрсыз? Мына Айды да сояйын деп тұрған жоқсыз ба?
деген Ержанның дауысы естілді.
Жас жігіт ақсия күліп, жақындап келеді. Бұтына тыртиған тар шалбар киіп
алған екен, онысы етсіз ашаң бойын ұзартып, тіпті сырықтай қып көрсетеді.
Ержанның өрескел сөзіне Ағыбай тіксініп қалды.
Тәйт ары, қайдағыны айтпай!—деді жағасын ұстап Жердің бетін
тауысып, енді аспандағы Аймен қалжыңдасайын дедіңдер ме?
Әй, нағашы - ай, мамам екеулерің жоқтан өзгені ырым қыласыңдар да
жүресіңдер.
Сіздер үшін Ай да, жер де, өсіп тұрған шөп те, қыл аяғы төрт аяқты малға
дейін қасиетті.
45
Әдеби KZ
Айдың не нәрсе екенін айтайын ба сізге? Ол — бар болғаны үйіліп жатқан күл
төбе...
Қой, шырағым. Текке күнәға батпа.
Түк те күнә емес, нағашы. Ержан тырқылдап күліп алды. Сіз естіген
жоқсыз ба, американдықтар Айға әлдеқашан барып келген. Телевизордан
көріп отырдық: сіздердің аялап жүрген айларыңыздың үстінде астроновтар
толарсақтан тойтаңдап көшіп жүрді.
Қой дедім ғой мен саған. Осы сенің Айдан басқа сөзің құрып қалды ма?
деп Ағыбай зекіп тастады. Айда нең бар, онан да жердің әңгімесін
айтсайшы... Өзің не істеп жүрсің? Семья, қызмет жағдайың қалай? Соны айт.
Әне, кезекті тергеу басталды, деді Ержан әлі қызылы тарап болмаған
Көкжиекке қарап тұрып. — Соны білу соншалық қажет пе сізге?
Қажет... өте қажет.
Мен сізден не істеп жүргеніңізді, кемпіріңізбен қалай тұратындарыңызды
сұраған жоқпын ғой.
Қажет болса сұра. Неге сұрамайсың? Кәрі нағашыңның қалай күн көріп,
немен тіршілік етіп жүргенін білгің келмей ме?
Бәрі белгілі, несін сұраймын? деді Ержан қырыстанып. Еленбай
қалған ерлердің бірісіз... Жылқысыз жерде тұра алмайсыз. Даланың ең соңғы
серісі, көшпенділердің құрып бара жатқан сарқытысыз. Баладан жалғыз
қызыңыз, одан тараған жаман жиендеріңіз бар.
Өзіңіз қара қосыңызды жықпай, қысы-жазы жылқының соңында көшіп-
қонып жүресіз...
46
Әдеби KZ
Жә - жә, тілің мен жағына сүйенбей тұра тұр, деп Ағыбай оны бөліп
кетті. Естіп жатырмыз: әйеліңмен ажырасып, қызметтен қуылып, үйсіз-
күйсіз көшеде қаңғырып қалған көрінесің... Рас па осының бәрі?
Рас болғанда қандай! Дәл үстінен түсіп тұрсыз, деді Ержан жүзі жайнап.
Мені құттықтауыңызға болады, нағашы. Қазір жауапкершіліктің бәрінен
босап, нағыз еркіндікке шығып тұрған кезім. «Мынау шын айтып тұр ма?»
дегендей Ағыбай оның бетіне аңтарыла қарады.
Оу, шырағым-ау, адамда күнкөріс, кәсіп дейтін болмайтын ба еді? Ана
отырған шешеңді, шиеттей бауырларыңды кім асырайды? Әлде сомадай
болып солардың мойнына мініп отырмақсың ба? Өзің артыңа қарамай арақ
ішетін көрінесің... Сонда ақшаны кім дайындап тұрады саған? Ағыбай
манадан бері арақ жағына соқпай іркіліп тұр еді, жаны күйгенде оны да
айтып салды.
Ержан мұның бетіне бірінші рет бұрылып қарады.
А - а, арақты айтасыз ба? Ол жөнінде уайымдамай - ақ қойыңыз, арақты
тастадым, деді барынша байсалды болуға тырысып. Ал күн көріске
келетін болсақ, ешкімге алақан жая қоймаспын... Қорықпаңыз, нағашы,
сізден алатын қырық шұбар тайымды да дауламай-ақ қойдым. Егер дүниенің
кілті ақшада тұрса, ол жағы менде әлі-ақ жеткілікті болады.
Ойдойт дегенің! Көмулі жатқан қазынаң бар ма еді бір жерде? Бұл күнде
еңбексіз соқыр жармақ та түспейді қолыңа. Ұрлық қылсаң өлесің, шөп жесең
қақаласың...
Ұрлық та істемеймін, шөп те жемеймін, кәдімгі өзіңіз айтқан еңбекпен - ақ
шайқаймын дүниені!—деді Ержан екіленіп. Бірақ сіздерше емес, әрине.
Мен енді тірлікті мүлде басқаша құрамын. Ақымақ басым, әу баста мына
47
Әдеби KZ
сіздерге еліктеймін деп, өмірде де, өнерде де ескі жолмен кетіп шатастым
ғой мен. Көріп отырсыз, одан түк те шықпады...
Емделіп жатқан алты айда біраз шындыққа көзім жетті. Маған классика қол
емес екен, оның заманы өтіпті. Өнерді қастерлеу, талантқа табыну дегеніңіз
ескірген ұғым болып шықты... Ендеше маған өкпелемесін, май сұрасаң—
міне, құйрық! Мен енді бұл жұрттың өз бидайын өзіне қуырып беремін.
Ержан тоқтамай ұзақ сөйледі. Ағыбай оның өрекпіген сөзінен ештеңе түсіне
қойған жоқ.
Классикамен қош айтысқаны қалай? Талантты неге сыйламайды? Кімдердің
өз бидайын өзіне қуырып бермек? Байыбына бара алмады. «Осы бала әлі
есін толық жия алмай, шатысып тұр - ау, шамасы, деді ішінен. Араққа
қарсы неше түрлі дәрілер ішкізді ғой бұған. Сол дәрінің уыты оңайшылықпен
қайта қоя ма?»
Бірақ сырттай сыр берген жоқ:
Жарайды, тірі болсақ оны да көрерміз, деді әңгімені соза бергісі
келмей. — Әйтеуір, ел қатарынан қалмай, адам болып шықсаң болды да.
«Адам болу» жағы қалай болар екен?.. Ал енді қатардан қалмау, мал табу
дегенге келгенде қамшы салдыра қоймаспын, — деді Ержан.
Ақшам үйіріліп, айналаға кеугім түсе бастаған. Бейуақта төбе сақтағысы
келмей, Ағыбай үйге қарай бет алды. Ержанның сөзі таусылар емес, қасынан
екі елі қалмай сөйлеп келеді.
Мәселен, мына сізді алайық, деді ол үйге жақындай бергенде. Елу
жыл бойы етегіңіз далаңдап жылқы бақтыңыз. Қысы-жазы жаныңыз бір
рақат, тыным таппай, мал соңынан жүргеніңіз... Сонда, айтыңызшы, не пайда
көрдіңіз сол жүрістен? Ішкен қымызыңыз бен жеген етіңізді мақтан етесіз бе?
48
Әдеби KZ
Одан не шықты? Іштіңіз, жедіңіз — қалды. Қараңызшы өзіңіз: не мініп жүрген
машинаңыз жоқ, не жұрт қатарлы салып алған үйіңіз жоқ. Ертең жылқыдан
кеткенде, қайда барып паналайсыз? Көңіліңізге келмесін, көшеде қаңғырып
қалатын мен емес, мына сіз боласыз түбінде... «Қап, мына балаға ақыл айтам
деп, ақыры өзім пәлеге қалдым-ау, — деп ойлады Ағыбай.
Мынау әбден шатасқан екен... Сірә, осы баланың әлі де бір емдеуі кем
болар».
Маған ақыл үйретіп қайтесің? Біз осы бетімізбен кеткен адамдармыз,
деді үндемей қалуға төзімі жетпей. Жастар, енді сендер адаспай, түзу
жолға түссеңдер болғаны да...
Айтып отырмын ғой, сіз бәрінен де кеш қалған, тым ескілікті адамсыз,
деді Ержан сөзін онан ары сабақтап. Ғайыптың ісімен сақталып қалған
баяғы аңғал, ашық ауыз, ұзын етек, кең қоныш көшпендінің өзісіз... Қайта,
осы уақытқа дейін біреулерге жем болып кетпей, аман жүргеніңізге таң
қаламын да. Мына даланың бір қуысында, жылқымен бірге елеусіз қалып
қойғансыз ғой, сірә... Тарихшылар мен археологтарды айтам - ау. Көне
заманның көшпелі қазағын зерттеу үшін, жер қазып, архив ақтарып әуре
болмай - ақ, мына сізді келіп көрсе, жеткілікті емес пе?!
Ағыбай көзі көріп тұрып, науқас жігітпен сөз таластырып жатқысы келмеді.
Мазасыз жиенінің мылжыңынан құтылу үшін, аяғын жеделірек басып, үйге
кіріп кетті.
49
Әдеби KZ
IV
Үй іші тастай қараңғы. Оң жақ қабырғадағы шағын терезеден болар-болмас
қана бозамық сәуле түсіп тұр. Жаз маусымында өмірі там үйде түнеп
көрмеген Ағыбай көпке дейін көз іліндіре алмады. Төрт дуалдың ішінде
қапасқа қамап қойғандай тынысы тарылып, төр алдына жайылған төсекте екі
жамбасына кезек аунақшумен болды. Іргедегі темір кереуетке жайғасқан
Ержан әлдеқашан танауы пысылдап ұйықтап қалған-ды. Байғұс бала жайсыз
түс көріп, бастығырылып жатыр ма қалай, анда-санда тынысы ауырлап,
қинала ыңыранып, түсініксіз, үзік-үзік бірдеңелерді сөйлеп қалады.
Ағыбай мана Қайынжамалға айтып төсекті тысқа салдырмағанына енді өкініп
жатыр.
Мына там үйі түскір қыста болмаса, жаздың күні қол емес екен ғой кісіге.
Шіркін, көк жайлауда танауыңды іргеден соққан самалға төсеп қойып, емін-
еркін ұйықтайтын киіз үйге не жетсін бұл дүниеде?! Бірақ адам баласы қолда
бар нәрсенің қадірін білген бе?!.
Кейде кентті жерден келген кісілер «шіркін-ай, мына жердің ауасы - ай!» деп
тұмсықтарын желге тосып тұрғанда, бұл оларға бәлендей мән бермеуші еді.
Сөйтсе, таза ауаға тарығып жүреді екен ғой.
Ағыбайдың жасы алдағы күзде алпыс сегізге толады, Әй, соның кемінде
алпыс жылы киіз үйдің астында өткен шығар - ау. Алғаш көзін ашқанда
көргені — киіз үйдің шаңырағы...
Бертінде малшыларға қыстау салына бастағанда болмаса, бұл тіпті там үйдің
тар босағасын аттаған емес... Анасы марқұм айтып отырушы еді: Ағыбай ел
қыстауға көшіп келе жатқанда, борандатқан боқырау кезінде туыпты.
Дүниеге нәрестенің келуіне байланысты, көшпелі ауыл амалсыз жүгін түсіріп,
жолда бір - ақ күн еру болған. Қолма - қол қос тігіліп, қой сойылып, шағын
50
Әдеби KZ
шілдехана жасалынған. Ал жас босанған ана қалжаның етіне бір тойып алған
да, ертеңінде белін шарт байлап, баласын құндақтап алып жүріп кеткен...
Аттың жалы, түйенің қомында, кеш жөнекей туған бала өмір бойы көшіп
өтпегенде қайтушы еді. Тағдыр Ағыбайдың маңдайына да көшпенділікті
жазыпты. Заман өзгерді, заң да сан рет жаңаланды, бірақ бұл ата салтынан
айнымай, әлі күнге дейін көшіп, қонумен келеді. Тұрар байдың жылқы
қосына бақыршы бала болып барғанда, бұл он бес жаста еді, содан қайтып ат
арқасынан түскен жоқ.
Тәңірім-ау, содан бері де қанша ықылым замандар өтті десейші. Неткен ұзақ
өмір бұл?!
Былай қарасаң қас қағым сәттей. Ал, шынтуайтқа келгенде, артында бірнеше
адамның ғұмырына жетерлік бұралаңдаған ұзақ сары жол жатыр. Бейне бұл
әлмисақтан бері осы дүниемен бірге жасасып келе жатқандай. Бұл дәмдес
болған, қолынан талай ет асаған Тұрардың сүйегі баяғыда қурап қалды. Ал
оның маңдайға басқан кенже ұлы Асылбектің түрі анау, мана көрді ғой, оның
өзі де қаудыраған өлмелі шал болыпты. Қайта Ағыбайдың жаны сірі десейші:
соның бәрін көріп, аумалы-төкпелі небір кезеңді бастан өткеріп, әлі күнге
дейін аттан түспей тірі жүрудің өзі ілуде біреудің ғана пешенесіне жазылған
шығар - ау!
Осы ғасырдың бас кезінде әлдебір себеппен Арқадан ауып келгенде,
Ағыбайдың әкесі Жұмахан салт басты, сабау қамшылы, жап-жас жігіт екен.
Ол заманда шеттен келген кірме бір мықтының қолтығын паналамаса, жан
сақтай ала ма; Жұмахан да амалсыз Тұрар байға пенде болып, көп жыл
соның жылқысын бағады. Бертін келе басына шаңырақ көтеріп, өз алдына үй
болады. Көп кешікпей Ағыбай келеді дүниеге. «Біздің елден баяғыда
шұбыртпалы Ағыбай деген атақты батыр шыққан екен. Саған әдейі сол
атаңның атын қойдым» деп отыратын әкесі көңілденген кезде... Өз күшіне
51
Әдеби KZ
сенбеген осал біреу болса, ел жұртынан шығандап саяқ жүре ме,
Жұмаханның өзі де батыр тұлғалы, қамшыгер, қара сойыл, мықты кісі
болатын. Жылқы десе ішкен асын жерге қоюшы еді, жарықтық. Әлде
Тұрардың дәм тұзын, қиыншылықта пана болған жақсылығын өтегісі келді
ме, өз міндетіне аса адал, тыңғылықты қарайтын-ды. «Қайырымыңды байға
қылма, малға қыл. Сауап болады» деп отырушы еді екі сөзінің бірінде.
Ағыбай он беске толар - толмаста, әкесі: «Басқа жұмыста жүрсең жасып
кетерсің, балам.
Одан да жылқы бақ. Жылқы шіркіннің жігітке бітіретін желігі болады» деп,
жалғыз ұлын өз қасына ертіп алған. Алайда, Ағыбайдың ат құлағында
ойнаған жігіттік шағы ойпыл - тойпыл ұлы өзгерістер дәуіріне тұспа - тұс
келді. Бұл жылдары Жетісуда Совет өкіметі орнап, жарлы-жақыбайлар тап
күресіне аттанып, есе - теңдік ала бастаған кез еді.
Өз басы Тұрар байдың жылқысын бес-ақ жыл бақты. Сол кезде жасы
сексенге таяп қалған Тұрар кісілік қалпы, мінез-құлқы жағынан ешкімге
ұқсамайтын өзінше бір қызық адам еді.
Төрт түлік малдың жайын, әсіресе жылқының сыр-сипатын ондай жетік
білетін адамды Ағыбай кейін кезіктіре алмай кетті. Жер жадысы, өріс
қоныстың жайы қалай? Қай жерде қандай шөп еседі? Қай тұсқа қай түлікті
қондырған абзал? Жайлауға қай кезде көшіп, қыстауға қай кезде қону керек?
Осының бәрін Тұрар үйінде жатып-ақ бес саусақтай біліп отыратын. Алдағы
ауа райын қалай дәл болжайды десеңізші. Биылғы қыс қалай болмақ?
Құмға көшу керек пе, әлде Алатау атырабын паналаған жөн бе? Күн қашан
суытып, боран-шашын қай мезгілде соғады? Бәрі Тұрардың алақанында.
Қазақ мұндай кісілерді есепші дейді. Тұрар асқан есепші еді. Осы төңіректің
52
Әдеби KZ
шаруа баққан адамдары күншілік жерден келіп, Тұрардан ақыл - кеңес сұрап
қайтқанын Ағыбай талай рет көзімен көрді.
Әсілі, қай заманда болсын ақылсыз ақымақ пендеге мал бітпейді ғой. Бір
сөзбен айтқанда, Тұрар мал баққан көшпелі тірліктің нағыз білгірі болатын.
Тұрар шалдың тағы бір мінезіне Ағыбай әлі күнге дейін қайран қалады. Ол
қаннан қорқатын-ды. «Төрт түлікке қан көрсетпеңдер. Малды оңаша
қалтарысқа сойыңдар» деп отыратын. Ал өзі сойылып жатқан малдың
маңына жоламауға тырысушы еді. Тек соғым сойғанда ғана, онда да бас
соғымға өзі бата жасап, басы-қасында болатын. Соғымға бата жасағанда,
сақалынан алты тарам жас ағып, жылап отырар еді. Қолын жайып, көкке
қараған қалпында: «Сенде жазық жоқ, бізде азық жоқ. Қара қазан, сары
баланың қамы үшін қара пышақты қайрамасқа амалымыз тағы жоқ. О, мал
иесі, Қамбар ата, осы қатыгездігіміз үшін бізден сырт айналып, безініп кете
көрме!» деп, мал бауыздар алдында кәдімгідей кешірім сұрар еді...
Мұнысын біреулер сараңдыққа жоритын-ды. Бірақ оны тек қана сараңдыққа
жатқызу әділет болмас еді. Онда дүниеқорлықтан аулақ, мал киесіне
табынудан, жан иесіне деген мейірімнен туған өзгеше бірдеңенің жатқаны
анық.
Әлде жастық шақта бастан кешіргеннің бәрі алыстан қарағанда жалт - жұлт
етіп, әдемі боп көрінетін әдеті ме, Ағыбай сол бір қайраты қабындаған
бозбалалық кезін кейде сағына еске алады. Ол жылдары төрт түлік малдың
ішінде жылқы қандай беделді болса, үнемі жорға мен жүйрікті таңдап
мінетін жылқышылардың да иығы былайғы жұрттан асыңқырап тұратын.
Жылқыға табынған елде бұл түлікті ердің ері, жігіттің жігіті ғана барады деген
ұғым бар-ды. Соның әсері болар, қыз - қырқынға да, солар өтімді еді. Баяғы
еркелік, серіліктен қалған бір жұрнақ «серне жеу» деген салт та осы
жылқышыларда сақталған. Оның мәнісі былай: көңіліңе алған ауылыңа
53
Әдеби KZ
үкілеген ат жетектеп барып, белдеуіне байласаң болғаны, сол ауылда мал да
сойылып қалады. Жастардың басы құралып, «алтыбақан», «ақсүйек» тәрізді
ойын - сауық та қызып жүре береді.
Ағыбай аға жылқышыларға ілесіп жүріп, серненің де дәмін татып көрген. Осы
Күлайшамен де сондай отырыстардың бірінде табысып, уәде байласқандары
әлі есінде.
Келесі жылы жайлау үстінде Күлайшаны қос атпен алып қашып, Қордай
асырып әкетті.
Бұрынғы заманы болса, қыз әкесі оларды жердің тесігіне кірсе де тауып алар
ма еді, қайтер еді, бұлардың бағына жаңа өкімет орнап қалды да, ауқатты
кісілер асаулық көрсете алмады... Әттең, дүние-ай, ол кезде Күлайша қандай
еді, шіркін?! Судан тартқан сүйріктей тал бойында бір міні жоқ, тана көз,
талдырмаш сұлудың өзі емес пе еді. Білінбей өтіп бара жатқан өмір деген
сол, әнеки. Сол қайран Күлайша да бұл күнде аузы опырайған шүйке бас
кемпір болды...
Бұл ел Тұрар әулетімен жиырма сегізінші жылы қош айтысты. Ел жайлаудан
түскен қоңыр күздің кезі. Содан бір-екі ай бұрын «ірі байларға конфиска
жүреді екен» деген хабар дүмпілдеп тұрды да, ақыры сол дақпырт
шындыққа айналды. Айналасы бір-екі күннің ішінде Тұрардың үй іші, дүние-
мүлкі хатталып - шотталып тізімге алынды да, төрт түлік малы қораға иіріліп,
тал түсте талапайға түсті. Мыңнан астам жылқы бөліске түсіп, жарлы-
жақыбайға пышақ үстінен үлестіріліп берілді де, қалған алты жүздей жылқы
қатал күзетпен бөлек бағылатын болды. Ереуілдеп алған жұрттың еркіне
салса, Тұрар жылқысынан қыл құйрықты қалдырмай түгел талап әкетуге
болар еді. Жаңадан құрыла бастаған артельдерге бергісі келді ме, немесе
басқа бір ойы болды ма, әйтеуір қаладан келген өкіл үлкен бір қос жылқыны
54
Әдеби KZ
бөліске салмай, кейінге іркіп алып қалған. Тұрардың өзін он жылға соттап,
итжеккенге айдады да, үрім - бұтағын жер аударды.
Тұрар барған жерінде келесі көктемге жетпей - ақ қайтыс болыпты. Ал оның
үрім - бұтақ, бала-шағасы сол кеткеннен хабарсыз болатын. Біразы
қиыншылық жылдары қазаға ұшырап, аман қалғандары сол елге сіңіп кетсе
керек. Тек соғыс аяқталған соң, араға жиырма жыл салып, туған жеріне
Асылбек қана қайтып оралды...
Мұның әкесі Жұмаханның бірбеткей адалдығы да, заманның беталысын
пайымдай бермейтін аңғалдығы да көп болушы еді. Басқа жұрт Тұрардың
жылқысын ту - талақай бөліске салып үлесіп жатқанда, Жұмахан еңбегі бола
тұрып, өзіне деп бір тайды да ұстап алмады ғой... Жұрт қатарлы бүйірі қызып,
үлес алуға ұмтылған Ағыбайға:
Балам, дүниеге қызығып қайтесің. Соқтықпа. «Бүлінгеннен бүлдіргі алма»
деген аталарымыз... Бұл байлық Тұрарға опа бермегенде, бізге опа берер
дейсің бе? Құдай адал еңбегімізден жарылқасын,—деп тоқтатып тастағаны
әлі есінде.
Аумалы-төкпелі алмағайып заманда кейде ожар, өткірліктің де кәдеге асатын
кездері болады екен. Сол тұста Жұмаханның бір қыңырлығы ақыры
халықтың пайдасына шешілді. Ол былай болған еді.
Конфиска кезінде бөліске түспей, артылып қалған алты жүздей жылқыны
төрт-бес жігіт Қопа бойына апарып, бөлек бағып жатқан-ды. Әлі қар түсе
қоймаған, бірақ жауын-шашын молайып, күн суыта бастаған сүркейлеу кез -
тұғын. Ағыбайдың әлі көз алдында; бір жолы азық-түлік әкелмек болып
ауылға кеткен әкесі ертеңінде кісі өлтірген адамдай түнеріп оралды. Күні
бойы жөн - жосық сұрағандарға мардымды жауап бермей түйіліп жүрді де,
кешке таман жылқышылар қосқа түгел жиналғанда ғана тосын хабар айтты:
55
Әдеби KZ
Жігіттер, мен бір сұмдық естіп келдім. Біз мына алдымыздағы жылқыдан
айырылатын сияқтымыз...
Түкке түсінбеген жылқышылар аң-таң болып, оның сөзін неге жорырын
білмей, сілейіп отырып қалған. Тек әлден уақытта ғана:
Айырылғаны қалай?
Бұл өкіметтің өз қарауындағы мал емес пе?
Әлде, бандылардан бір тықыр естіп келдің бе? десіп, кейбіреуі сол
жылдар көбейіп кеткен ұрылардан қауіп ойлай бастаған.
Бірақ Жұмаханның жауабы бұлар күтпеген жерден шықты.
Жау шапса бір сәрі ғой. Оларға өліспей берісерміз бе,—деді
шарасыздықтан жыларман болып. Пәле өзімізден шығып отырған жоқ
па?! Жылқы қырылады... Бір - бірден атып тастайды.
Не дейді, жаным - ау?!
Атқаны несі?
Қайдағы сұмдықты қайдан шығарып отырсың, Жұмахан а? десіп
жылқышылар күңіреніп кетті.
Жоқ сұмдықты мен ойдан шығарып отыр дейсің бе? Бір қырсықтың
шалғаны рас, деді Жұмахан жұрт тыныштала берген кезде. Әнеукүні
тексергенде осы жылқының арасынан екі-үш маңқа шықпап па еді, сол пәле
боп жабысыпты. Малға да, адамға да, індет таратпау үшін, қалған жылқыны
түгел атып, өлексесін өртеп жіберуге бұйрық келіпті.
Опыр-ай, мынасы сұмдық екен!
Ауру шыққан малды қыра берсе, жер бетінде тігерге тұяқ қала ма?
56
Әдеби KZ
Осы дәу де болса, жаулардың салып жүрген лаңы. Әйтпесе өз малын өзі
қыратындай өкіметке не көрініпті?!—десіп, жылқышылар сенер - сенбесін
білмей, сенделіп қалды.
Қалай десеңдер де, осындай бір қатердің төніп тұрғаны анық, деді
Жұмахан, Мұның қастықтан туған түбі шикі нәрсе екенін менің де ішім
сезеді Бірақ оны табан астында немен дәлелдерсің? Ертең осында жылқыны
жою үшін арнаулы адамдар келмек..
Ал, не істейміз, жігіттер? Тұрар болса келмеске кетті. Артында қалған малда
не жазық бар? Күні кеше осы жылқының ыстығына күйіп, суығына тоңып,
бағып-қағып өсірген өзіміз емес пе едік? Табан ет, маңдай теріміз еді ғой.
Құлын күнінен қолымызда өскен жануарларды бұл апаттан қалай аман алып
қаламыз? Кәне, ақыл қосыңдар!
Жылқышы жігіттердің иіндері түсіп, төмен қарап отырып қалды. Күтпеген
хабар ес жиғызбай, төбелерінен жай түсіріп кеткені белгілі. Жұмахан жұрт
назарын тағы да өзіне аударды:
Сендер қалай қарайсыңдар, маған мынадай ой келіп тұр, деді ол
жолдастарына жағалай көз салып. Тәуекел ет те, тас жұт: Осы жылқыны
иен түзге айдап әкетіп, уақытша бой тасалай тұрсақ қайтеді? Кейін ап - сап
басылып, жаңағы бұйрық ескірген кезде қайтып оралармыз...
Жұмаханның бұл сөзіне жігіттер онша еліге қоймады Бұлай еткенде істің
арты насырға шауып, мүлде ушығып кетуі де мүмкін ғой Әрқайсысы
көңіліндегі күдіктерін бүкпей, ашық сыр беріп қалды.
Алты жүз жылқыны қайда апарып жасырасың, Жұмахан - ау? Сойдақталып
жатқан ізімізге түссе, лезде тауып алмай ма?—деп егде жылқышылардың
бірі қауіп айтып еді.
57
Әдеби KZ
Иә, осынша малды іздеусіз, сұраусыз қалдырар дейсің бе Біздің
мұнымызды біреулер басқаға жорып жүрмесін...
Қой, құрысын. Қарадан қарап жүріп банды атанып, басымызға пәле тілеп
алар жайымыз жоқ, десіп басқалар да ондай көзсіз тәуекелге бара
алмайтындарын білдірісті.
Егер жылқыны түгел айдап әкетуге жүректерің дауаламаса, онда бір
бөлігін жасыра тұрайық, деді амалы таусылған Жұмахан жалынғандай
болып Түбінде осы малдың иесі өзіміз ғой. Тым құрыса тұқым алып
қалайық та... Бәлкім, олар райларынан қайтып, жылқыға тиіспес. Біреулер
ақыл айтып, тоқтау салар.
Онда нұр үстіне нұр, жасырған жылқыны өз үйіріне әкеліп қоса салармыз. Ал
егер, жаман айтпай жақсы жоқ, әлгі мен естіген хабар рас болып шықса, онда
аман қалған үйірлерді біразға дейін ел көзіне түсірмей жасыра тұрамыз.
Жылқышылар ары ойласып, бері ойласып келіп, ақыры осы соңғы түйінге
тоқтады.
Жұмахан қасына бір кісі ертеді де, бүгін түнде-ақ екі жүздей жылқыны
алдына салып, құмға қарай бет алады. Содан күншілік жерге барып хабар
күтеді. Ел іші тыныш болса, көп кешікпей қайтып оралады да, керісінше
болған жағдайда, Балқаштың қалың қопасын бетке алып ұзай береді...
Жылқыны түгендеп, кемтігін жоқтаушыларға да айтатын жауаптары әзір:
Жұмахан бірер күн бұрын бөлініп қалған үйірлерді іздеп кеткен болып
шығады. Содан ары «жоғалған жылқы Сыматайдың ұрыларының қолына
түсіп кетті ме, белгісіз» деген екі ұшты болжам айтылуға тиіс.
Ағыбайдың да онда жасы жиырмаға келді дегенің болмаса, оң - солын әлі
танып үлгермеген, күн сайын құбылып тұрған дүниенің байыбына жете
қоймаған кезі ғой. Өзінің сондағы дәрменсіздігі, әкесіне не деп ақыл қосарын
58
Әдеби KZ
білмей, екі оттың арасында қалып қысылғаны әлі есінде. Әйтеуір, әкесінің
қалайда бір қатерге бас тіккенін аңғарып, не көрсе де қасында болайын
деген оймен, өзімен бірге ала кетуін өтінген. Алайда Жұмахан оның тілегін
қабылдамады. Әлде жалғыз ұлдың тағдырын шырғалаңға салғысы келмеді
ме, қасына басқа бір жігітті ертті де, Ағыбайды ел ішіне тастап кетті...
Өкінішке қарай, Жұмаханның естіп келген хабары расқа шықты. Арада бірер
күн өтпей - ақ, жылқы қосына қараулы адамдар cay ете түсті. Жүрістері суыт,
түстері тым суық еді.
Ауылдан ере келген белсенділер болмаса, олардың жоғалған жылқымен де,
жылқышылармен де жұмысы болған жоқ, көздеріне іліккен қыл құйрықтыны
қалдырмай, Талдыөзектің терең шатқалына әкеліп иірді. Сөз әлпеттері де бет
қаратпастай ызғарлы.
Ағыбайдың ұққаны: байдың малын аяп керегі жоқ екен. Байлардың өзі түгіл,
малына дейін зиянкес. Айналаға ауру таратып, індет жұқтыруы мүмкін...
Жылқы да, сән-салтанат, байлық та ескінің қалдығы. Жылқының көзі
құрыса, феодализмнің де құрып біткені...
Сол күнгі қанды қасап осы күнге дейін Ағыбайдың есінен кетпейді.
Талдыөзектің шатқалында құлын дауысы құраққа жетіп шұрқыраған қалың
жылқының үні әлі құлағында. Жосылып аққан қан, оқ тигенде көкке шапшып
барып, омақаса құлаған асау аттар мен ту биелер, тастан ұшып, тұяққа
тапталып жатқан құлын-тайлар көз алдында мәңгі қалып қойды. Тар
шатқалды қоршап, тұрғы - тұрғының басына шығып алған өзге жұрт сияқты,
бұл да өз тұсынан қашқан жылқыны жібермей қайырып тұруға тиіс еді.
Мүлде есі шығып, мәңгіріп қалғаны соншалық, өзіне жүктелген міндетті де
ұмытып кетіпті, Шыбын жаны шырқырап жанталасқан ат-айғырлар өзіне
қарай лап қойғанда, алдына көлденең тұрып қайыруға да дәті шыдамады.
59
Әдеби KZ
Кемінде бір айғыр үйіріндей жылқы Ағыбайдың қасынан бөгетсіз зулап өте
шықты да, сол үріккен бойы беті ауған жаққа жосып берді. Көзіне жас толып
кеткен Ағыбай ештеңені де көрмей сілейіп тұрған - ды.
Сол кезде ауылдастарының бірі қасына жетіп келіп:
Байдың құйыршығы!.. Неге жылап тұрсың, оңбаған неме? Жаудың малына
жаның ашып тұр-ау, шамасы?! — деп қамшымен тартып жібергенде ғана есін
жинады.
Бетін сипап қарап еді, қамшының ізінен қан сорғалап тұр екен. Сол арада
аттың жалын құша, екі иіні селкілдеп, ағыл-тегіл жылағаны есінде. Жаңағы
сұмдық көріністен жан - жүрегі үркіп қатты шошынған жас жігіт жазықсыз
жануарларға ара түсе алмаған дәрменсіздігіне күйініп, өзегі өртене ұзақ
жылады.
Ағыбай өзіне-өзі келіп, басын көтергенде Талдыөзектің іші өлексеге толып
қалған еді.
Небір томырылған ту биелер, құр аттар мен жалдас айғырлар, сауырынан бит
домалап түсетін жұнттай семіз тай - байталдар әр тұста үйме-жүйме болып,
теңкиіп - теңкиіп жатыр. Аспан әлемінде қара құс толып кеткен...
Талдыөзектегі қанды қырғын тез аяқталғанмен, жоғалған жылқы мен
Жұмаханның дауы біразға дейін басылмады. Ағыбайды да, қоста қалған өзге
жылқышыларды да дамыл - дамыл шақырып, жауап алумен болды. Бірақ
жігіттер «білмейміз» дегеннен басқа тіс жарып, тіл қатпады. Ақыры
Жұмаханды бандыға қосылып кетті деп тауып, құм жаққа бірнеше рет
қуғыншы жіберген. Алайда олар жапан түзді қанша шарласа да, ешбір дерек
таппай қайтты.
60
Әдеби KZ
Бұл оқиғаның аяғы әлі де ушыға түсер ме еді, қайтер еді, арада бір ай өтер -
өтпестен жағдай күрт өзгерді. Халықтың арызы бойынша, қаладан келген
комиссия атылған жылқыларды жазықсыз деп тапты. Тіпті мұның бәрі
жасырынып жүрген жаулардың қастандығы болып шықты. Жауыздар
еңбекші халықты жаяу қалдырғысы, аштан қырғысы келіп, әдейі
ұйымдастырған көрінеді. Жылқышылар Жұмахан туралы шындықты, міне,
осы кезде ғана ашып еді. Өкімет орнынан арнаулы адам ертіп апарып,
Балқаштың Топар жақ бетінде жатқан екі жүз жылқыны қыс ішінде алдарына
салып айдап қайтты.
Енді Ағыбайдың әкесі дүрілдесін. Ержүрек батыр да, ел қамын ойлаған ер-
азамат та сол Жұмахан болып шыға келді. Ауданға шақырып апарып,
арнайы алғыс жариялады.
Астына ат мінгізіп, бағалы сыйлықтар тартты. Бұрын ауыл белсенділерімен
арасы қырбайлау болып жүруші еді, мына оқиғадан кейін оның бетіне ешкім
келмейтін болды.
Әкесі марқұм бертінге дейін, соғыстың алдында өз ажалынан қайтыс
болғанша, осы абыройынан айрылған жоқ... Ал ғайыптың ісімен аман қалған
екі жүз жылқыны өкімет осы төңіректе тұңғыш шаңырақ көтерген бес
артельге қылдай қып бөліп берген. Қанша дегенмен осы жердің өз кіндігінен
жаралған мал емес пе, әлгі жылқылар артельдердің бойына құт болып,
қаулап тез өсіп кетті. Сондағы жылқының тұқымы осы өңірдегі
шаруашылықтарда әлі бар. Бір кезде «Көктөбенің» атын шығарып, көсегесін
көгерткен көп жылқы да сол сәйгүліктердің сарқыты болатын.
Иә, кезінде дүйім елді дүрліктірген Талдыөзек оқиғасы ақыры осылай
аяқталды. Кейін естуінше, жаулардың ұйымдастыруымен жасалған мұндай
қанды қасап қазақ даласының әр түкпірінде - ақ болған көрінеді. Олардың да
61
Әдеби KZ
малға жармасуы тегін емес. Көшпенді елдің қолындағы малды қырып
тастаса, өздері қоса қырылатынын білген ғой оңбағандар.
Ойлап отырса, содан бері де жарты ғасырға жуық уақыт өтіпті. «Елу жылда ел
жаңа» деген сол, әнеки. Қазір айтсаң, бүгінгі жастарға соның бәрі ертегі
сияқты. Біреу сенсе, біреу сенбейді. Сырттай сыр бермегенімен, «Әй, осы
шалдардың мақтаншағы - ай» дейді іштерінен. Ана жылдары құмға көшіп
бара жатқанда, Ағыбай өзінің сөзіне күмән келтірген біраз жігіттерді
Талдыөзекке әдейі ертіп барып көрсеткені бар. Терең сайдың қос
қапталында жылқының ақ сөңке болып қураған сүйектері әлі күнге дейін
шашылып жатқан-ды. Жастар соны көргенде жағаларын ұстап қатты түршікті.
Ағыбайдың айтқандарына шүбәсыз иланып, бұған енді құрметпен қарайтын
сияқтанды. Тегінде жеке адамның ұмытшақ болғаны ештеңе емес, одан
келіп - кетері шамалы. Тек халық ұмытшақ болып кетпесін де.
Өткенін оңай ұмытып қалған жұрт болашақты да дұрыс болжай алуы екі
талай...
Адамнан ұйқы қашқанда, ой иектеп алатын әдеті. Жамбасына тас кесек
батқандай түні бойы дөңбекшіп шыққан Ағыбай таң ағарып, там үйдің
сығырайған терезесінен бозамық сәуле түскенде ғана, көз іліндірді.
62
Әдеби KZ
V
Таңертең орнынан тұрып далаға шықса, Ерқанат мұның тұсаулы жүрген атын
әкеліп, алдына көк жоңышқа салып, байлап қойыпты. Енді ер-тоқымын
реттеп, қоржын - қолаңын шығарып, әлекке түсіп жүр. Оның да өз есебі бар -
тұғын. Бүгін қалайда атасымен бірге жайлауға кетпек. Кешеден бері
Ағыбайдың қасынан екі елі шықпай, «мамамнан мені сұрап ал» деп, дүркін-
дүркін құлағына сыбырлап жүргені де сол еді. Ағыбай оған келісімін беріп те
қойған. «Мектепке барғанға дейін Күлайшаға ермек болып, қасыңызда
жүрсін» деп ойлаған ішінен. Оның үстіне, басқа балалардан гөрі осы
Ерқанатқа бүйрегінің бұрып тұратыны тағы бар. Жеті жасқа толғанша,
бұлардың бауырында жүрген баланы Қайынжамал бертінде, оқуға баратын
жылы ғана қайтып алған-ды. Бірақ сол артықшылығын Ерқанат әлі күнге
дейін ұмытпайды. Өз үйінен әлдеқалай қысым көре қалса, «мен атамның
баласымын» деп, айқұлақтанып шыға келетін-ді. Несін айтасың, кешеден
бері тіпті дәрежесі өсіп, атасының қасында әбден саңмүйізденіп алып еді.
Алайда, таңертеңгі шай үстінде жағдай күрт өзгеріп кете жаздады.
Қайынжамал Ерқанаттың атасымен бірге жайлауға баратыны туралы әңгімені
сүлесоқ тыңдап отырды да, ойламаған жерден мүлде басқа ұсыныс жасады.
Ерқанатты қайтесіз, көке? Ол осында қалып, азын-аулақ малға ие болсын.
Одан да жайлауға мына Ержанды ертіп, кетіңіз. Түрін көрдіңіз ғой, құлағынан
күн көрінгендей...
Мұнда ыстыққа қамалып жатқанша, салқында біраз күн қымыз ішіп, тынығып
қайтсын , деген, үлкен ұлының жүдеу жүзіне барлай көз жіберіп.
Е, мейлі, барам десе бұл да барсын, — деді Ағыбай құлықсыздау тіл қатып.
Өзі іштей ойланып қалды. Қиқар жиенімен онда барғанда тіл табыса ала ма,
жоқ па?
63
Әдеби KZ
Орталықтан алыс дегенің болмаса, онда да Әбікейдің дүкені иек астында тиіп
тұр.
Қайтадан бөтелкеге үйірлесіп, бірдеңені бүлдіріп алып жүре ме, кім білсін?
Оның үстіне Ерқанатқа берген уәдесі бар... Қарттың назары сол сәт дөңгелек
столдың қарсы бетіндегі Ерқанатқа түскен. Алда айналайын - ай, ол да қара
көзі бал - бұл жанып, атам не айтар екен дегендей, мөлдіреп қарап отыр
екен. Соны көрген Ағыбай ерленіп кетті:
Несі бар, жайлауға осының екеуі де барып қайтсын, деді бұл жолы нық
сенімді үнмен. «Ерқанатымды сағындым» деп апасы да қоңқылдап
отырған, қара домалағын иіскеп, ол да бір мәз боп қалсын, деп емен -
жарқын кеңкілдеп күліп алды. Көлік жағынан қорықпаңдар, ферманың
қорасында бір үйір жылқы қамаулы тұр. Соның жуастауын ұстап мінесіңдер
де, тарта бересіңдер.
Қайынжамал қарсылық білдірген жоқ. Оның есесіне: «Қазір уақытым жоқ,
совхоз орталығында істейтін көп шаруаларым бар» деп, Ержан біраз кергіді.
Ақыры бірге кетуге ол да келісті. Тек бір ғана шарты бар, жол жүрер алдында
осындағы шаруашылық басшыларымен сөйлесіп, бір мәселенің басын ашып
алуы керек.
Мейлің, бірақ көп күттірме. Түстен қалмай жүріп кетейік, — деді Ағыбай.
Шайдан кейін өзі де атына мініп кеңсе жаққа қарай бет түзеген. Кемпірімен
екеуінің жайлауға шыққалы жиналып қалған пенсиясы бар, соны ала кетпек.
Берсе соңғы айлардың жалақысын да қақтырып алмақшы. Сол оймен,
«Көктөбенің» орталығындағы жалғыз көшені өрлеп отырып, жол-жөнекей
жолыққан таныс-білістерімен сәлемдесіп, кейбіреуімен насыбай атысып
дегендей, асықпай аяңдап кеңсеге келді. Айналасын тал - теректер қоршаған
64
Әдеби KZ
екі қабатты үйдің есігін көптен ашып отырғаны осы. Атын даладағы
ағаштардың біріне байлап, қамшысын сүйретіп ішке кірді.
Өзі ойлағанындай емес, Ағыбайдың шаруасы тіпті тез бітті. Пенсиясы да әзір
екен. Алыс жайлаудан келдім деген соң, бухгалтерлер де көп кергімей,
жалақысын да қолма - қол жазып берді... Енді Ержанды күтуі керек. Ол
жаңағы бір әзірде бергі жақтағы кіші бастықтарға бөгелмей, тұп-тура
директордың өзіне кіріп кеткен. Содан, не сөйлесіп жатқанын кім білсін, ет
асым уақыт болды, әлі шыққан жоқ. Мінезі шәлкем-шалыс, тым қиын бала
еді, біреулермен керісіп, жанжалдасып жатпаса болғаны.
Ағыбай аулаға шығып, алма ағаштың көлеңкесіндегі бос орындыққа келіп
жайғасты.
Кеңсе маңында топырлап жүрген бейсауат ешкім көрінбейді. Тек анда-санда
шофер ма, механизатор ма, киімдеріне май сіңген бейтаныс біреулер кіріп
шығады. «Дегенмен мына оқыған басшылар жұртты тәртіпке салып-ақ
тастаған екен, деп ойлады ол, совхоздың ыстыққа қақталып мелшиіп
тұрған жым-жырт үйіне көз жіберіп. Өздеріне кеңсені де қатырып салып
алған екен. Ана жылдары осы ауылдың жұмыскер қауымы да, кемпір - шалы,
қатын - қалашы да кеңсенің маңынан шықпай, басшыларға мұң - мұқтажын
айтып, шүпірлеп, қайнап жатушы еді, қазір соның бірі жоқ, пышақ кескендей
тыйылыпты.
Қаладағы секілді, мұнда да тәртіп орнай бастаған екен... Қазір басшылар
арнайы қабылдайтын күндері болмаса, басқа уақытта маңайына да
жолатпайды».
Ал Ағыбайдың тұрған бойы осы. Қайсыбіреулерше кеңсенің табалдырығын
тоздыру, бастықтарды жағалап, үйір - шүйір болу әу бастан әдетінде жоқ.
Бұрын алыс жайылымда жүргенде, директорға кіріп, жылқының жайы
65
Әдеби KZ
туралы өз ойын ортаға салып, бір сөйлессем - ау деп армандаушы еді, жеме-
жемге келгенде одан да айнып қалды.
Өйткені бүгін директордың қабылдамайтын күні екен. Қазір бұрынғыдай
емес, қалыптасқан тәртіп бар. Директорға жеткенге дейін екі арада қанша
басқыш жатыр?! Бұл егер бірер мұқтажы, не ұсынысы болса, алдымен бас
жылқышы Отарқұлға айтуы керек.
Отарқұл ферма бастығы Пернебекке жеткізеді. Пернебек келіп директормен
ақылдасатын болар. Қайда - а, арада талай өткел бар. Солардың бәрінің
басынан аттап, әй-шәй жоқ кіріп барғанда, ол мұны тыңдаса жақсы,
тыңдамай: «Малды иен тастап, сен мұнда не қып жүрсің?» деп өзіне дүрсе
қоя берсе, не істемек? Қой, аш құлақтан тыш құлақ. Мезгілсіз шақырған
тауықтай, өйтіп сүйкімін кетіргенше, қақ - соқсыз тыныш жүргеннің өзі
жақсы?!
Ағыбай отырған орындықтың қарсы бетінде совхоздың өндірістік
міндеттемесін сыпаттайтын неше алуан суреттер, диаграммалар, цифрлар
сызылған тақталар ілінген екен, уақыт өткізу үшін, соларды ежіктеп оқи
бастады. Бір тақтаның бас жағына сиырдың, қойдың, жылқының, тауықтың
суреттерін салып, аяқ жағына сол түліктердің әрқайсысынан қаншадан төл
алынатыны ап - анық жазылыпты. Екінші бір тақтада жыл сайын мемлекетке
өткізілетін ет, сүт, жүн, жұмыртқа, астық мөлшері көрсетіліпті. Бәрі де тайға
таңба басқандай, сайрап тұр. «Осылар қошқардың белінен саулықтың
құрсағына да түсіп үлгермеген қозыны, биенің жатырында жатқан құлынды,
сиырдың ішіндегі бұзау мен желініндегі сүтті күні бұрын қалай есептейді
екен?!—деп таңданды Ағыбай басын шайқап. — Есепке жүйрік оқымыстылар
көп - ақ, бірақ сол малды шын сүйетін, мән-жайын білетін адамдар азайып
барады. Осылар ақыры есептейтін болған соң, қыста түсетін қардың, жазда
66
Әдеби KZ
жауатын жаңбырдың, көктемде шығатын шөптің де есебін шығарса ғой,
шіркін!».
Үшінші бір тақтаға озат шопан, озат сауыншы, озат жылқышы, озат
тракторшылардың суретін қаз - қатар жапсырып қойыпты. Әлде суретке
түскенде адамның түрі өзгеріп кете ме, біразын шырамытып танығанмен,
енді бір қатарын тани алмады. Көзіне жылы ұшырағаны ортадағы тізбектің
бірінде бас жылқышы Отарқұлдың бейнесі қылаң береді. Неменеге жетісіп
тұрды екен, қасқа тісін ақсита күліп түсіпті...
Қасына келіп қақырынған біреуге қараса, мана ақша алатын қағазына қол
қойып берген бас бухгалтер екен. Темекісін үсті-үстіне сорып, түтінін
будақтатқан күйі қарсы беттегі орындықтардың біріне тізе бүкті. Осыдан он
шақты жыл бұрын бұл ауылға алғаш келгенде, қылшылдаған жас жігіт сияқты
еді, мұның да самайына қыpay ілініпті. Өне бойы қағазға үңілгеннен жанары
талған болар, көзілдіріктің ершігі батқан танауының үстін, көзінің алдын
анталай береді.
Оу, шал, мұнда не қып отырсың? Ақшаңды әлі алған жоқсың ба? деді
бұған енді ғана назар аударып. «Шал» дегенге шамданып қалған Ағыбай
жауап беруге асықпады. «Шалқаңнан түскірдің шал - шал деп шалқақтауын...
Ақсақал немесе отағасы десе, аузы қисайып кете ме екен?»
Жайлауға кетем деп, жаңа жан алқымнан алып асықтырып едің, алдаған
екенсің ғой.
Тұра тұр, шалым, алдыма тағы бір келерсің!
Е, сені алдап не көрініпті. Қазір жүрем. Атым, әне, ағашта байлаулы тұр.
Біреуді күтіп отырмын, — деді Ағыбай онымен тәжікелесіп жатқысы келмей.
Солай де... Өзің баюдың жолына әбден түсіп алған шалсың - ау, сірә?!
67
Әдеби KZ
Қалайша?
Пенсия былай... Жылқы баққаның үшін жалақыны былай аласың.
Қайтеміз енді, үйренген кәсіп...
Биыл жүз биеден қанша құлын қараттың?
Бұйырғанын алдық қой.
Как, так бұйырғаны? Алған құлыныңның санын білмейсің бе?
Бәрі өздерінде жазулы тұр емес пе... Жүзіне тоқсан екіден айналды десіп
жүр ғой жігіттер.
О - о, манадан бері осылай демейсің бе. Ендеше сол табысыңды ауыз
толтырып айтудың орнына неменеге күмілжіп отырсың?
Ағыбай үндемеді. Бір бұл емес, өмір бойы жылқы бағып жүріп: «Мен жүз
биеден пәлен құлын алам» деп кеуде қағып көріп пе екен. Онысы есеп
білмегендіктен емес, туатын малдың жатырындағы төлді санап, күні бұрын
тықақтағанды өз басы ұнатпайды.
Көктемде шаруаның бір тұяғы екеу болатыны былай да белгілі. Оның өзі
ұлы қуаныш, табиғат мерекесі. Көңілге үміт ұялатып, іште жатқан сол құпия
қуанышты көрінгенге жар салып айта беру күпірлік, мал киесін
сыйламағандық деп біледі. Мыңдаған жылдар мал баққан ата қазақтың
Ағыбай бойында сақталып қалған бір мінезі осы. Жиналыстарда жұрт төл
алудан міндеттеме қабылдап, бірінен бірі асып түсіп жатқанда, бұл өзінен-өзі
қысылып, «бұйырғаны болады да» деп күмілжіп отырғаны. Ал тіпті
сөйлемесіне қоймай, қағаз - қаламын жалаңдатып отырып алғандарға
«маған сеніңдер, жігіттер. Құлынды табатын мен емес, жылқының өзі ғой.
Қарауымдағы биелер қанша құлын туса, соның бірде-бірін шығынға
ұшыратпай, не бүгіп қалмай, өздеріне санап берейін» деп құтылатын
68
Әдеби KZ
- ды. Кейін Ағыбайдың мінезін білетіндер міндеттемені оның өзінен сұрап
әуре болмай - ақ, ең жоғары деген көрсеткішті сыртынан жаза салатын - ды.
Ал жеме-жемге келгенде, Ағыбайдың алған құлыны басқалардан асып
түспесе, кем қалып көрген жоқ. Тіпті біреулердің өсірген құлыны мөлшерлі
межеге жетпей қысылып тұрса, ондайлар сан рет кездесті ғой, өзінің артық
құлынын ауыстырып жазуға да бұл таршылық еткен емес.
Ағыбайға керегі жылқының өзі, биелердің аман құлындауы ғана. Ал есеп -
қисап дегенге бәлендей мәні бар нәрсе деп қарамайтын.
Еңбек еткен екенсің, оның нәтижесін жұрт алдында жарқыратып көрсете
білу керек, деді бухгалтер жігіт мұның ойын оқып қойғандай. Ал, сіз
болсаңыз алған құлыныңыздың санын да айтып бере алмайсыз... Әлі күнге
дейін ел аузына ілінбей, елеусіз қалып жүргеніңіз де, осы қылығыңыздан ғой,
ақсақал. «Е, бәсе, мынаның сөзі енді түзелді, деп ойлады Ағыбай. «Адам
сөйлескенше, жылқы кісінескенше» деген осы - ay. Дегенмен, өзі сөз
түсінетін тәуір жігіт тәрізді...»
Сол, есеп - қисап жағын дұрыстауға өздерің отырған жоқсыңдар ма, балам
- ау, деді ол насыбай шақшасына қолын созып. Біздің міндетіміз
еңбек ету, малды бағып-қағу.
Ал, есеп жүргізіп, еңбекті бағалау — сендердің жұмыстарын.
Ол айтқаныңыз дұрыс қой. Дегенмен бұл заманда, әр малшының өз есебі
болу керек, — деді бухгалтер. — Осында жүздеген шопан, ондаған жылқышы
бар Қайсысын қадағалап отырасың? Қазір бір шопандар шыға бастады.
Есепке келгенде өзіңді жаңылдырады... Олардың уайымы мал емес, күндіз -
түні ойлайтыны — есеп-қисап.
Сол есеп жағына мен шорқақпын, шырағым, деді Ағыбай, манағыдай
емес, бухгалтерге іштарта сөйлеп. Елу жылдан бері менің қанша жылқы
69
Әдеби KZ
бағып, қанша құлын есіргенім осы сендердің кіналарыңда жатыр, құдай
біледі. Ерінбесең соны бір есептеп, шотқа қағып берсең қайтеді?
Несі бар, есептеп шығаруға болады, деді бухгалтер жігітте түсін
жылытып. Тек ақысына бір құлын төлесеңіз болғаны... Күзге қарай маған
бір соғыңыз, бүкіл еңбегіңізді хатқа түсіріп, машинкаға басып, қолыңызға
ұстатайын. Сонан соң, аз-кем үнсіз отырды да, сөзін онан ары жалғады.
Менікі жай қалжың ғой, ақысыз - ақ есептеп берейін. Нағыз енбек адамы
деп—мына сіздерді айтса болады. Табан ет, маңдай терлеріңіз... Осы
сіздердің алғандарыңыз адал. Мәселен, мен сізге айтайын, осында бір жалаң
аяқ суретші жүр. Сол сүмелек не істеді дейсіз ғой? Кеңсе мен клубтың
айналасын көркемдеп бермекші болып, жаңа ғана біздің директормен үш
мың сомға шартқа отырды. Тіпті бес мыңнан төмендегісі келмей, шіренетінін
қайтерсің. Олар үшін не, тәйірі, бас-аяғы бір - ай айлық жұмыс. Көріп отырсыз
ба, ақшаның қайда кетіп жатқанын?!
Ағыбай оның кім туралы айтып отырғанын түсінген жоқ, әйтеуір, сыпайылық
үшін бас изей салған. Осы мезетте есік алдына сары шашты қыз шығып,
бухгалтерді бастық шақырып жатқанын хабарлады. Жігіт орнынан тұрып,
ішке қарай бет алды.
Сіздің фамилияңыз Жұмақанов қой? Ел жайлаудан түскен соң, маған соға
кетуді ұмытпаңыз, деді ол мұның қасынан өтіп бара жатып.
Рақмет, айналайын. Сау бол!—деді Ағыбай да разылық білдіріп. Бухгалтер
ішке кіріп кеткенше, көз жазбай қарап отырды.
Көп кешікпей есіктен Ержан көрінді. Өзі көңілді сияқты, сонадайдан ақсия
күліп келеді.
Сып-сида, ұзын аяқтарымен тайраңдай басып келді де, мұның, қасына сылқ
етіп отыра кетті.
70
Әдеби KZ
Көп күтіп қалдың ба, нағашы?
Иә, айналдың ғой... Директор бүгін ешкімді қабылдамайды деп еді, саған
не қып ықыласы түсті?
Әй, қойшы соларды, Ержан тыжырынып қолын сермеді. Өнерден
титтей хабарлары жоқ, дүниенің бәрін трактормен жер қопарғандай, оп-оңай
деп есептейді.
Соларға мән-жайды түсіндіргенше, сілем қатып болды.
Барған шаруаң бітті ме, әйтеуір?
Бітті ғой... Басында екеуміз екі таудың басында тұрғандай едік, ақыры
жақындастық.
Сізді соншама зарықтырғаным үшін, айыптымын, нағашы. Сол айыбымның
өтеуіне мынаны алыңыз, деп Ержан қалтасынан қаттауы бұзылмаған бір
бума бес теңгелікті шығарды да, Ағыбайдың қолына ұстата салды.
Мынауың не, жаным - ау?
Ақша ғой. Бес жүз сом... Жаман жиеніңіздің алғашқы табысы ғой, алыңыз.
Ал мынаны мамама апарып бергенім жөн шығар. Ол кісі де сіз сияқты, менің
мал табатыныма сенбейді деп, Ержан екінші қалтасынан бір бума он
сомдықты суырып алды да, қайтадан орнына салып қойды.
Ағыбай өз көзіне өзі сенбей, қолындағы ақшаға бір, қасындағы жиеніне бір
қарай береді.
Немене, сенбей отырсыз ба, нағашы? Күнкөріс жағына уайымдамаңыз
деп, кеше айтпадым ба. өзіңізге... Сенбесеңіз, барып сұраңыз, мен
мыналарға әр түрлі сызу сызып, жазу жазып бермек болып, шартқа отырдым.
Мынау — аванс, жартысы ғана.
71
Әдеби KZ
Ағыбайдың миына енді ғана бірдеме кірейін деді. Жаңағы бухгалтердің
«жалаң аяқ суретші» деп отырғаны осы Ержан болды ғой... Сонда бұлардың
қайсысы есектің миын жеген? Осынша соманы қорықпай қалтасына салып
алған Ержан ақымақ па? Әлде тентіреп жүрген көшедегі біреуге ақша ұстата
салған директордың есі ауысқан ба?
Ал жүрейік, нағашы. Жайлауда жарты айдай ғана демаламын да, қайтып
келісімен осы жұмысқа кірісемін, деді Ержан асықтырып.
Ағыбай қолындағы буманы олай-бұлай төңкеріп тағы біраз отырды. Түсінсе
бұйырмасын... Бұл ақша деген итті осылайша оп-оңай табуға да болады екен
- ау? Бір жігіттің жылдық табысын, мына жалбыр шаш жиені барды да, қас
пен көздің арасында қалтасына салып алып шықты... Бәсе, кеудесі тым
жоғары еді, өзінің өнеріне сеніп жүр екен ғой бұл да.
Ол ақшаны Ержанға қайырып берді.
Мә, алда разы болсын, қарағым. Маған осы ниетіңнің өзі жетеді...
Алғашқы табысым деп отырсың ғой, шып - шырғасын шығармай, шешеңе
апарып бер.
Сәлден соң екеуі аттылы-жаяу аяңдап, сиыр базына қарай беттеп бара жатты.
72
Әдеби KZ
VI
Жайлау тірлігі де өзінің үйреншікті арнасымен баяу жылжып етіп жатты.
Ержан мен Ерқанат келгелі, Ағыбайдың ортайып қалған отбасы қайта толып,
көңілінің кем-кетігі уақытша болса да бүтінделгендей еді. Кемпірімен екеуі
сонша жыл бір үйде қалай шошайып отырғандары белгісіз. Бұрын
Күлайшамен тәулік бойы тіл қатыспайтын кездері бола беретін. Шынында да,
елу жыл отасқан ерлі-зайыптының арасында нендей сөз болуы мүмкін?
Әңгіменің бәрі айтылып біткен, сарқылған. Тіпті бір-біріне әбден үйреніп,
сыралғы боп кеткені соншалық, үй ішінің ұсақ-түйек шаруасына сөз шығын
қылмай, қас қабақпен - ақ ұғыса беретін. Кемпіріне оқта - текте ғана тіл
қатады, Онда да көкірегіне жиналған запыранды төгу керек болғанда,
күшаладай божып тұрған ашуы кемерінен асып кеткенде, басқаға соқтыға
алмай, Күлайша байғұсқа дүрсе қоя беретіні бар. Кемпірі де соны түсінетін
тәрізді, шалының артық ауыс сөзін кек көрмей, тап бір соның өзі қажет
нәрседей-ақ, үн-түнсіз тыңдай береді.
Жиендері келгелі кемпір-шалдың бұйығы тірлігі күрт өзгеріп кетті. От басы
қаңғыр - құңғыр әңгімеге толып, бейне арт жақтан бір тайпа ел көшіп
келгендей, дүние көңілденіп сала берді. Балалар келген күннің ертеңінде
Ағыбай бір малын сойып, жылқышыларды түгел шақырған-ды. Содан бері
көршілердің де қас - қабағы түзеліп, жаңа бір жылы шырайлы қатынас орнай
бастаған.
Ағыбай, әсіресе, Ерқанатты ала келгеніне дән разы. Сол келгелі қолқанатқа
жарып, мойны босап қалды.
Баланың сүйек бітімі, мінез-құлқы түп-түгел нағашыларына Жұмахан
әулетіне тартқан.
Атқұмарлығы, жылқы десе жанын үзіп тұратыны аумаған Ағыбайдың өзі.
Таңертең ерте тұрып, сауын биелерді жиып келетін де, күн бойы апасына бие
73
Әдеби KZ
сауғызатын да сол Ерқанат. Үй маңынан ұзамайтын ақсақ құлынның да
күтімі соның мойнында. Ертелі-кеш сүтін берін, аузына жем тосып, бәйек
болып жүргені. Соны көргенде Ағыбайдың ет - бауыры елжірейді. Бөтен
біреудің баласы болса, айдаладағы кемпір-шалға бүйтіп желімдей жабысар
ма еді. Қанша дегенмен өз қаны, өз ұрпағы... «Ерқанатымның жаны жайсаң,
жүрегі тым мейірімді. Көр де тұр, осыдан түбі жылқышы шығады» деп те
қояды Ағыбай баланың қылығына көңілі толып. Егер Қайынжамал қарсылық
етпесе, Ерқанаттың бұдан кейінгі тәрбиесін қолыма алып, өзім баулысам деп
те армандайды. Әсілі, жөн білетін Жұмахан әулеті осы төрт түлік малдың
төңірегінен ұзамауы керек қой. Өйткені бұлардың маңдайларына жазылған
тағдырдың бұйрығы солай. Ал тағдыр тау өзені тәрізді, қарсы жүзуге
келтірмейді. Тағдырға қарсы жүзем деп талпынған мұнын ұлы Айдар не
тапты? Жеті атасы түгел жылқышы бола тұра, көк темірді таңдады. Темірден
не шығады деп ойлады екен? Не сойып жейтін еті жоқ, не сауып ішер сүті
жоқ... Ақыры сол Айдар да өз түбіне жетіп тынған жоқ па?!
Жайлаудың бір қалыпты тыныш тірлігі, дертке дауа салқын ауасы, Ержанның
денсаулығына да майдай жағатын түрі бар. Жас жігіт алғашқы екі-үш күнде
мезгіл - мезгіл қымызға қанып алып, күндіз-түні ұйқыдан бас көтермеген. Тек
төртінші күн дегенде бетінің ұшында қан ойнап, сәл қанталап тұратын көз
жанары тазарып, құр аттай сілкініп түрегелді.
Нағашы, мен сіздің өмір бойы мал соңынан қалмай, неге көшіп - қонып
жүретініңізді енді түсіндім, деді ол таңертеңгі шай үстінде. Жарықтық
аталарымыз өмір сүруді білген екен ғой... Мына тып-тыныш көгілдір
тауларға, кең сахараға үйренген адам басқа жерге көндікпей, құсадан өліп
кетуі де мүмкін ғой. Ал енді мына киіз үй дегеніңіз нағыз ғажайыптың өзі!
Шіркін, әу баста өзін қандай данышпан ойлап тапты екен?! Тұла бойы түгел
74
Әдеби KZ
дем алып тұратын, қалаған уақытта жинап, қалаған уақытта қондыра салатын
бұдан ыңғайлы баспананы іздеп табудың өзі қиын шығар.
Олай болса, жылқылы ауылда қалсайшы. Мен болсам қартайдым,
құрығыма ие болатын да бір кісі керек, деді Ағыбай мұртының астынан
күліп қойып.
Ондай уәде бере алмаймын, нағашы. Жылқы бағу да қолымнан келмес,
деді Ержан.—Дегенмен, тағдыр мені бұл жаққа он бастап келді ғой деп
отырмын. Амандық болса, түбі жайлау тақырыбына бүкіл бір цикл жазатын
шығармын. Жаман жиеніңіздің кім екенін сонда көресіз әлі...
Тілінің тіркістігі, мінезінің шәлкестігі болмаса, Ержанның өзі былайша ақ
жарқын, жайдары бала екен. Ертелі-кеш әр түрлі күлдіргі әңгімелер айтып,
Ағыбай мен Күлайшаның езуін жиғызбайды. Жатырқап жатсыну жоқ,
тілдескен адамының іші - бауырына еніп, жылдам үйіріп әкетеді. Келген
күннің ертеңінде - ақ жылқышылар ауылын аралап шығып, үлкен-кішіні тегіс
аузына қаратып алған-ды. Қазір бәрімен ескі таныстарша сөйлеседі. Бір-екі
мәрте Ағыбаймен бірге атқа қонып, жылқы өрісіне де барып қайтты. Ерге
тақымы жабыспай өбектеңкіреп отырса да, әйтеуір атқа мінгеніне мәз.
Күлайшаның бие сауғаны, саумалды сабаға құйып ашытқаны, киіз үйдің
жасау-жабдығы, бәрі-бәрі ол үшін үлкен жаңалық. Фотоаппаратын
сыртылдатып жүріп, ауылдың төңірегін түгел суретке түсіріп болды. Кейде
ауыл сыртындағы тепсеңге жайғасып, алып альбомына әлденелерді
шимайлап сызып жатады.
Ағыбайдың бір қорқынышы іргедегі Әбікейдің дүкені - тұғын. Көздің
жауын алатын көк ала шөлмектер жас жігіттің көңіліне құрт түсіріп, арпа
жеген аттай аңсатып жүре ме деп қауіптенген. Бір күні кешке таман
Ержанның автолавка маңында Әбікеймен сөйлесіп тұрғанын көріп,
75
Әдеби KZ
қастарына қалай барып қалғанын өзі де аңғармапты. Ыңғайын тауып ық
жағына шығып байқап еді, танауына бетен иіс сезіле қоймады. Әзірше аман
сияқты, әйтеуір. Екеуі қаннен қаперсіз қаладағы доп жарысының қалай
өткенін әңгімелеп тұр.
Дегенмен Ағыбай сақтық жасап, түк шаруасы болмаса да, Әбікейден оны-
мұны сұраған боп, сол маңнан кете қоймады. Кейін екеуі үйге қайтып келе
жатқанда, Ержан жүрісін сәл баяулатты да.
Сіз мені аңдып жүрсіз ғой, нағашы? Шыныңызды айтыңызшы, деді
мұның бетіне күле қарап.
Жоға... Оны кім айтты саған? Мен дүкеннен тұз алу үшін бардым ғой,
деп Ағыбай сасқалақтап қалды.
Бекер қауіптенесіз, нағашы. Жиеніңіз дәл сіз ойлағандай ақымақ емес.
Айттым - бітті, енді мені бұл жолдан ешкім де тайдыра алмайды. Мүйіз
шығатын болса, арақты да ішіп көрдік қой, енді бір басқан ізді қайта
шиырлағым келмейді. Соны айтып Ағыбайдың, иығынан құшақтады да:
менің қанымда да сізден ауысқан бірдеңе бар, қайсарлығым жетеді, деп,
балаша жауырынынан қағып қойды.
Ағыбай ыңғайсызданып қалған. Жиені, шынында да, бұл ойлағандай тым
ессіз жігіт емес сияқты.
Сәске түстің кезі. Биенің кезекті сауымынан кейін Күлайша мен Ерқанат
шелектерін көтеріп үйге қарай кетті де, Ағыбай желі басында, көк шөпке
қисайған күйі қалып қойды.
Осының алдында ғана ішкен сәскелік қымыз тұла бойына шымыр-шымыр
тарап, кәрі денесін сорпа бүріккен терідей балбырата түскен. Мұндайда
ұйықтап алса да теріс болмас еді. Айнала жым-жырт тыныштық. Оқта-текте
76
Әдеби KZ
үйездеген жылқының бүгелектеп пысқырғаны ғана естіледі. Сонау бір
шырқау биікте қанатын анда-санда бір толғап қойып, жалқы қыран қалықтап
жүр... Ағыбай біраздан кейін оң жамбасына аунап түсіп, желідегі құлындарға
қарап жатты. Биебаудың асты тозып, топырағы шығып қазылып бара жатқан
соң, бүгін таңертең желіні басқа жерге ауыстырып қағып еді. Көк шөптің
үстіне қоныс аударғанға құлындар да сергіп қалғандай.
Бір мезгілде аяқ дыбысы шыққан соң, бұрылып қараса, үй жақтан асай-
мүсейін көтеріп, Ержан келе жатыр екен. Мойнында фотоаппараты, жималы
қобдишасы, тағы бірдеңелері бар. Ағыбайдың қасына келіп, жамбастап
отыра кетті де, темекі тұтатты.
Сонау жалама жартастың үстіне шықса, Көксаланың төменгі аңғары түгел
көрінеді. Сол биікте отырып, сурет салып қайтпақ. Бұл жерде түбегейлі
ештеңе бітіре алмас. Бірақ эскизін түсіріп алса да үлкен олжа.
Жайлауға бұдан ертерек, баяғыда оқу бітіре салысымен-ақ келуім керек
екен, деді ол темекісін құшырлана сорып қойып. Байқайсыз ба, жер
бедері жылдан-жылға тозып барады. Менің бала күнде көргендерімнің бірі
жоқ қазір. Енді біраз жылдан кейін осы көріністің өзіне зар болуымыз да
мүмкін ғой. Сондықтан жайлаудың әсем көріністерін шама жеткенше қағазға
түсіріп қалу керек. Кім біледі бұл тауларға да егін салынар.
Біреулер таулы жерде тез пісетін дақылдарды ойлап табар... Айтпақшы,
Құлынсазды жыртып тастапты ғой. Сол жердің не майлы бояумен салынған
суреті, не кинолентасы қалмағаны өкінішті-ақ. Кейінгі ұрпақ Құлынсаздың
шын келбетін енді ешқашан көре алмайды.
Жас жігіт көкірегін көріктей керіп. терең күрсінді. Ағыбай қалтасын сипалап,
насыбайын іздей бастады. Бұрынғыдай емес, жиенінің айтқандары көңілге
қонатын сияқты.
77
Әдеби KZ
Өнердің оның ішінде бейнелеу өнерінің басты міндеті бір сәт болса да
уақытты кідірту, күні өтіп, келмеске кетіп бара жатқан көріністерді адамзат
жадында мәңгі қалдыру, деді Ержан ойын онан ары сабақтап. Нағыз
өнер туындысы көңілдегі мұңды қозғап, көкіректегі сағынышты оятуы керек.
Мәселен, сонау аспан төріндегі ақша бұлтқа қарасаңызшы, көңіліңді бір
жеңіл мұң торлайды. Неге? Өйткені енді бір сағаттан кейін әлгі бұлттың сол
жерде тұрмайтынын білесің. Мына киіз үйлер де солай... Киіз үйлер қашанда
өтмішті еске салады. Ана жайылып жатқан жылқылар, мына байлаулы тұрған
құлындар да адамның жанына соншалық жақын. Бәрі табиғи... Табиғаттың
бір бөлшегі. Тек табиғи дүниелер ғана адам көңіліндегі сағынышты оята
алады. Мәселен , мен самолеттің суретін салып қояйыншы: бір пенде
пысқырып қарамайды. Себебі, қолдан істелген жасанды нәрселер ешкімге
таңсық емес. Ал, мына желідегі құлындарды алсақ, оның әсері мүлде
басқаша. Бұл да көкіректен сағыныш құйынын туғызбай қоймайды.
Бәлкім, өтіп бара жатқан өмірдің бір белгісі ретінде, аяныш сезімін оятуы...
Бір сөзбен айтқанда, табиғаттың өзіне жетер суретші жоқ қой бұл әлемде.
Негізгі түпнұсқа — табиғат. Біз содан көшіріп алып қана күн көріп жүрміз.
Ол нағашы атасы біле жүрсін деді ме, немесе өзінің де байыбына кеш барып,
кейін ашқан жаңалықтарын қалайда біреумен бөлісуі керек болды ма, сәл
үнсіздіктен кейін өз өмірінің кейбір кезеңдерін баяндап кетті.
Ержан ауылда туып өскенмен, соңғы жылдары одан қол үзіп қалған, не
ауылдық болып қала алмай, не қалалық болып кете алмай, екі ортада әрі-
сәрі боп жүрген жастардың бірі екен. Сегіз класты бітірісімен қаладағы
суретшілер училищесіне барып оқуға түсті. Оны аяқтап шыққан соң,
пединституттың сурет факультетін бітірді... Оқып жүргенде қанша дегенмен
мойынға жүктелген жауапкершілік бар, студенттік өмір өз арнасынан шықпай
ел қатарлы дұрыс өткен сияқты еді. Оқуды қалай бітірді солай, үлкен
78
Әдеби KZ
қаланың шулы тіршілігі балаң жігітті жаңқадай іліп әкетті де, ес жыюға да
мұршасын келтірмей, өз ағысымен қақпақылдай жөнелді.
Жас жігіт тым ақ көңіл, әрі аңғырт еді. Оның бойында алғашқы кезде - ақ
дүниенің бәрін талантпен ұрып аламын деген бір желік пайда болды.
Абырой - атақ та, көл - көсір ақша да қол созым жерде, тым таяу тұрған
секілді еді... Институт бітірерде Қапшағай ГЭС - ін бейнелеген диплом
жұмысы аса үздік бағаланды. Арада бірер жыл өтпей-ақ, таңдаулы деген екі-
үш еңбегі жас суретшілердің көрмесіне қабылданды. Студент кезінен бастап -
ақ баспалардың кітап көркемдеу ісіне қатысып жүруші еді, сондай
жұмыстарының бірі бүкіл одақтық конкурста екінші бәйге алып кетті...
Осының бәрі кешегі ауыл баласының кеудесіне нан пісірмей қойсын ба,
болған-толған деген осы деп, бала қораздай мойын жүні үрпиіп шыға келген.
Басында қарлығаштың қанатындай қиылдырып, әдемі мұрт қойып жүрді де,
кейін әріптестерінен қалысқысы келмей, сақалды да жеткен жеріне дейін қоя
берді.
Қалта қалың, табыс мол, жұмыс жеңіл еді. Талантты адамның серілеу
болатын әдеті.
Талантты адамның төңірегіне жора - жолдастың көп жиналатын әдеті. Қыз -
қырқын, той - томалақ, кафе - ресторандарда өткен бас қосулар... Кейінгі үш-
төрт жылының қалай өтіп кеткені қазір тұман арасынан буалдырлау елес
береді... Пединституттағы оқытушылық қызметін тастап, киностудиясының
декоративтік бөлімінде жұмыс істеп жүргені есінде.
Мұның талантына табынушы алтын шашты, ақ құба қызбен тұрмыс құрғаны,
арада бір жыл өтпей ол әйелмен де ажырасып тынғаны есінде... Сонан
арғысының бәрі көрген түстей үзік-үзік бірдеңелер. Бұл кезде шөлмексіз
жүре алмайтындар іріктеліп те қалған - ды. Бұрынғыдай ресторан -
79
Әдеби KZ
кафелердегі ұлы дүрмек жоқ, бұлар енді жекелеген шеберханаларға, оңаша
үйлерге жиналып ішетін болған. Есінде қалғаны қарасы бар, жирені бар,
ербеңдеген неше түрлі сақалдар... Көгілдір түтін, гу-гу әңгіме. Жолы болмай
жүрген жігіттердің өкпе - наласы, қыжыл - ызасы. Ертеңінде біреу қорғасын
құйып кеткендей көтертпейтін зілдей ауыр бас. Ол басты жазу, қайта
жадырау, қайта, масаю...
Осылайша көп қайталанған көріністер ғана жадында қалыпты.
Бертінде әлгі дырду да сейілді. Дырду сейілген жоқ - ау, олардан бұл шеттеп
қалды. Қара бұйра шашты сыпыртып, қара сақалды күзетіп, бірінші Алматы
жақта он бес күн канализацияға op қазып қайтқаннан кейін, көп кешікпей - ақ
қызметтен қуылды. Жора - жолдас та сиреп кетті. Ержан енді көшедегі
танымайтын біреулермен табақтас болып жүрді. Бұл енді нағыз
құлдыраудың басы еді. Не керек, содан өткен жылдың аяғында қала
сыртындағы емдеу орнынан бір-ақ шықты ғой, әйтеуір. Әрбір күні жылға
татитын алты айы еркелікке көнбейтін, еркіндіктің не екенін мықтап
ұғындыратын жағдайда өтті... Бір есептен, Ержан таланттың «балалық
ауруына» ертерек шалдығып, ертерек айыққанына да шүкіршілік етеді. Әлі
де бүлінген ештеңе жоқ, әлі де кеш емес сияқты. Биыл жасы жиырма жетіге
толады. Рас, жиырма жеті жасында кейбір ұлы ақындар мен ұлы суретшілер
өз ісін жасап болып, дүниеден көшіп те кеткен. Бірақ бұл ондай ұлылармен
таласпайды. Бұдан кейін өз атының басын дұрыс алып жүрсе де, аштан өліп,
көштен қалмайтыны анық...
Ағыбай оның айтқандарын түп-түгел түсіне алған жоқ, әрине. Бірақ ұзын-
ырғасын шамалағандай болды. Көзі жеткен бір нәрсе: жиені сау сиырдың
тезегі емес. Бойын буып тұрған бір бақсылық жын бар, өнер бар... Сол жын
мұның басын тауға да ұрғызған, тасқа да сүздірген. Жас жігіт аяғын шалыс
басып, бір рет оңбай сүрінген екен, оған таңданатын не бар? Ат сүрінбей жер
80
Әдеби KZ
танымайды. Тегінде жас адамның өмірге бейімделуі, асау құнанға бас
білдіргенмен бірдей. Асаудың түбіңде қандай жылқы боп шығатыны көп
ретте үйретушіден. Қартайғанша бас асауы қалмайтын алып қашпа, үркек пе,
әлде астынан ел көшіп жатса да былқ етпейтін жуан тұғыр жуас па, бәрі де
алғаш рет ер салып, үйреткен адамға байланысты.
Басына осындай ойлар келген Ағыбай, Ержан ұзап кеткеннен кейін де, сол
орнынан қозғалмай отырып қалды. Жаңағы әңгіменің әсері ме, жүрегінің
басы кілкіп, көңілін бір жеңіл мұң торлағандай болады. Ішер ас, киер киім
уайым емес қазір. Жұрттың бәрі - ақ бақуат, тоқшылықта тұрады. Бірақ, соған
қарамастан, өмір сүру неге сонша күрделіленіп, қиындап кетті өзі?
Адамдардың мінезі де, қарым-қатынасы да сондай қат - қабат...
Баяғыдай жағаңды кеңге салып, жайбарақат жүру жоқ қазір. Балаң шофер
болса, жол - жөнекей машинасы соғылысып қалды ма деп, қалада оқып
жүрсе, арақ ішіп бірдемеге ұрынып қалды ма деп, қыл үстінде қыпылдап
отырғаның... Жаңағы Ержан да сондай аранның аузына барып қайтқан бала
ғой. Қайта, шыңырау құздың шетіне барып тұрып, құламай аман қалғанын
айтсайшы.
Ол ауыр ойдан арылу үшін, оң жақ қапталдағы қоңыр төбеге, соның
баурайында сөредегі құрттай үйездеп жатқан қоралы қойға көз жіберді. Сірә,
сол қойдың иесі болар, бір мезгілде төбенің басына жалғыз салт атты
көтерілді. Үйіп қойған обадай төбесі көк тіреп, тіпті сорайып көрінеді. Кенет
әлгіге жер астынан шыға келгендей тағы біреу қосылды.
Көп кешікпей аттылар үшеу болды. Сырт пошымдары қымыз аңдыған
қыдырмашыларға ұқсамайды, өрісте тоқайласқан шопандар тәрізді.
Аттарынан түсіп, алқа - қотан жайғасып жатыр. Әлгі үшеуі қастарына сымпыс
құйрық құлаға мінген төртінші біреу келгенше, жайбарақат сөйлесіп отырды
81
Әдеби KZ
да, кенет төртеуі біріккен соң, бас түйістіріп, үйме-жүйме боп қалысты.
«Мыналар карта ойнауға кірісті ме екен, әлде шөлмектің аузын ашып жатыр
ма? деп ойлады Ағыбай ішінен. Әй, карта ойнап отырған болар,
қопаңдаған түрлері соған келіңкірейді... Бірақ қаншаға дейін шыдар дейсің,
қазір - ақ біреуі Әбікейдің дүкеніне қарай шаппаса, маған кел!»
Дәл солай болды да шықты. Арада бес-он минут өтті ме, өтпеді ме, лекілдек
торыға мінген жастау біреуі бері қарай тұра шапты. Ыратөмен құйындатқан
күйі тізгін ұшымен Әбікейдің үйіне келді де, ұмар - жұмар аттан түсіп, ішке
кіріп кетті. Көп бөгелген жоқ, плащының қалтасын томпайтып бірдеңелерді
салып алды да, асығыс атқа қонып, сапқының тасындай қайта зырлады.
«Қызталақ - ай... Шіркіннің жұмысының қысталаңы - ай!—деді Ағыбай
мұртының астынан жымия түсіп. Бәтшағар басқа шаруаға да осылай
құлшынып тұрса ғой». Кеш батқанша төбедегі төртеу мен ауылдың арасына
бұл шабыс әлі талай қайталанатынын ол күні бұрын біліп отыр еді.
Есіне Отарқұл айтып жүретін, кейін осы төңірекке таралып кеткен бір әңгіме
оралды.
Пернебектің жылқы фермасына жаңадан бастық боп келген кезі. Алғашында
кім де болса айбатын сыртына салып, күшейіп келетін әдеті ғой. Пернебек те
солай келген. «Ойбай, қатал екен, бетіне жан келтіретін емес» десіп жүрді
осындағылар. Сондай сыр алыспаған алғашқы күндердің бірінде мал аралап
шыққан Пернебек жылқыда жүрген Отарқұлмен ұшыраса кетеді ғой, баяғы.
Күздің желемік, суық күндерінің бірі болса керек, бастық ат үстінде тұрып бас
жылқышыдан малдың жағдайын сұрап, нұсқау беріп дегендей бөгеліңкіреп
қалады. Бірақ, ең ғажабы, екеуі де бір орында тұрмай, бірін-бірі шыр көбелек
айнала беретін көрінеді. Отарқұлдың жағдайы өзіне белгілі, осының алдында
ғана қағып алған арақтың иісін сездірмеу үшін, үнемі ық жақта болғысы
82
Әдеби KZ
келеді. Ал ананың шыр айнала бергенін «бірдемені сезіп, әдейі бәле іздеп
тұр» деп онан арман шошынады.
Сөйтсе, Пернебектің жағдайы да бұдан артылып тұрмаса керек қой.
Жырынды Отарқұл соны сезе қойып:
Басеке - ау, мен болсам ішкен арағымды сезіп қалмасын деп ықтай
беремін. Ал сіздің атыңыз делбе болған жылқыдай айнала беретіні несі?
депті. Сонда Пернебек те шыдай алмай:
Ит - ай, манадан бері осылай демейсің бе. Жүрегім жаңа орнына түсті
ғой!—деп қарқылдап күліп жіберсе керек.
Білетіндердің айтуына қарағанда, екеуі сол күннен бастап араларынан қыл
өтпейтін, қатты дос болып кеткен көрінеді...
Осы бір ащы суға бұл елдің неге сонша құмартып алғанын Ағыбай түсінбей-ақ
қойды.
Тақа бір денсаулығынан айрылған біреулері болмаса, қымыздан бұрын
араққа қарай жүгіреді. Шіркін-ай, алдарына тегене толы қымыз әкеліп
қойсаң, екі-үш кесесін ашырқанып әрең ішетінін қайтерсің. Баяғыда той-
томалақта, не қонақ шақырғанда, әр ауыл алдымен қымыздың қорын
молайту үшін жанталасушы еді. Қазір олай емес. Қазір үйіңе келген қонаққа
қой сойып бер, аузынан ақ майды ағызып қой, бәрібір, кебеженің түбінен
шөлмек шығармасаң, көңілдері көншімей, қоңылтақсып отырады. Тамақ
ішер алдында бірдемелерін ұмыт қалдырғандай, бірінің бетіне - бірі
жалтақтап қарайтынын қайтерсің. Ішімдіксіз әңгіменің де қиюы келмей
жатады. Қонақасыларда үй толы адам «үндемес» ойнағандай тым-тырыс
отырады да, іштеріне бір-екі жүз грамм барған соң ғана, араның ұясындай
гулеп қоя береді.
83
Әдеби KZ
Осының бәрін көріп - біле жүрсе де, Ағыбай әлі өз үйіне арақ енгізген жоқ.
Сараңдықтан емес, екі түрлі «қымызды» қатар ұстағысы келмегендіктен,
алда - жалда жас жылқышылар ретін тауып қолқалай қалса, «мә, өздерің
алып ішіңдер» деп ақша беріп құтылатыны бар.
Бұл жағынан Күлайша да өзіне бап қосылған. Ол байғұс та осы күнге дейін
ішімдікті татып алмақ түгіл, «малдың желіні шошынып жүрер» деп, арақтың
ыдысына да қол тигізбейді... Бірақ мұндай тақуалықтың да екі жағы бірдей
екен: біреуге ұнаса, біреуге ұнамайды. Арақ құймайтын үйдің қонағы да
азайып кете ме, қалай? Атқа мінер пысықтар да, жас маман жігіттер де
мұның белдеуіне ат басын тірей қоймайды. Өздерінің қона түстеніп,
демалып жататын үйлері бар. Ауданнан, облыстан келетін сыйлы қонақты да
белдеуінен ат кетпейтін сондай үйлерге таман жетелейді.
Мұндайда жыпырлаған қалың елдің ішінде отырып - ақ, Ағыбай өзінің
жалғыздығын сезінеді. Малшылар арасында қадірін білетін қатар - құрбысы
да тым сиреп қалған. Осы жалғыздық Күлайшаның да жанына батып іш құса
боп жүрген болар, сол күні кешке таман бәрі бас қосқанда, шалына бір
тамаша ұсыныс айтты.
Жайлау да сары жұрт болуға айналды. Кешікпей балапан басына,
тұрымтай тұсына тарап - тарап кетеміз, ел іргесі алыстай түседі... Төреқұлдың
анада әдейі келіп, шақырып кеткені есіңде ме? Осы ауылда қамалып отыра
бергенше, мына балаларды ертіп, сол жаққа барып қайтпайсың ба? деген-
ді.
Кемпірінің мына сөзін естігенде, Ағыбай қатты серпіліп, қуанып кетті:
Алда, жазған басым - ай! Әнеугүннен бері не қып есіме келмеген?! Өне
бойы болмаса да, анда-санда сенің басыңның да осылай істеп кететіні бар -
ей, деп, Күлайшаны да мақтап қойды. Төреқұл биыл кіші баласына
84
Әдеби KZ
келіншек әперді. Шашуыңды, сый - сияпатыңды алып, сенің де барып
қайтқаның жөн болар. Бүгін - ертең қам жасап, бүрсігүндері, аттанып кетейік,
деді дегбірі қалмай.
Төреқұл деген кім еді, соншама? деді Ержан нағашы атасының аяқ
астынан неге желпілдеп кеткенін түсіне алмай.
Төреқұл ма? Ол менің бір қырғыз досым. Ол да жылқышы... Және
жылқышы болғанда қандай! Көптен дәм - тұзымыз араласып, туыстан да
артық болып кеткен кісі.
Барғанда көресің, ілуде бір кездесетін жампоз, жақсы адам.
Ойламаған жерден атқа мініп, қырғыз еліне қыдырып баратын
болғандарына Ержан мен Ерқанат та қатты көңілденіп, даурығысып кеткен.
Ағыбай жылқының кезегін алдын ала атқаратын болып, Күлайша әлсін-әлі
сандығын ақтарып, үй іші аяқ астынан әбігерге түсті де қалды.
85
Әдеби KZ
Vll
Бір ененің емшегін таласып емген егіз қозыдай қазақ пен қырғыз ежелден -
ақ Алатау бөктерін қанаттас отырып, қатар жайлап келген ел ғой. Айналайын
Алатау екі елдің де құт береке қонысы, асыраушы анасындай. Жаз
шығысымен екі жақтың да малшылары уәделескендей бір таудың екі
қапталында жарыса көшіп келеді де, жонға шыққан соң, тіпті жақындасып,
ауылы аралас, қойы қоралас дегендей, тым тақау отырады. Жайлаудағы
жұрттың «Қырғыз асып келдік» деп былайша дабырайтқандары болмаса,
барып қайтатын ауылдары бір-екі қырдың астында ғана болушы еді. Жаз
бойы көкпарды бірге тартысып, тойларын бірге тойласып жүріп, кейде қыз
алысып, қыз берісіп қалатын да жайлары бар.
Қазақтың талай қара көзі қырғыз жігітінің етегінен ұстаса, қырғыздың небір
Қызыл шырайлы қырмызысы қазақ ауылына келін боп түсіп отыр.
Төреқұлдың ауылы да онша алыс емес, Көксаладан шыққан атты кісіге бір-екі
сағаттық қана жол - тұғын. Бірақ ауыл арасы қанша жақын дегенмен, бөтен
ел, бөлек республика деген аты бар. Ағыбайлар бұл сапарларына ерекше
мән беріп, сайланып шықты. Жақсы аттарын мініп, тәуір киімдерін киіп алған.
Ағыбайдың астында есік пен төрдей, жалдас торы ат, Ержанның мінгені
ақалтеке шатыс, ойнақтаған қара кер бесті. Ерқанатқа да кейін үйретілген
жүрдек құнандардың бірін ерттеп берген. Бүгін Күлайша апайдың да сәні
бөлек: басына көптен ұсталмаған аппақ шатырдай кимешек - шаршысын
тартып, күміс бастырмалы қатипа шапанын киіп, қарынсау қоңыр аттың
үстінде нағыз бәйбішелерше қасқайып отыр.
Бұларды сырттай қызықтаған жылқышылар:
Сән - салтанаттарыңыз тіпті елден бөлек қой, Ақа. Қырғыздарға құда түсуге
бара жатқан жоқсыз ба? — деп іліп - қақпа әзіл айтысып жатты.
86
Әдеби KZ
Ағыбай оларға жауап қатқан жоқ, жалдас торының сағыздау, дөкпен
жүрісімен топтың алдына түсіп, ауылдан ұзай берді. Ерігіп тұрған қылжақбас
жігіттермен тәжікелесіп тұра ма, іш пікірі өзінде. Қазақ салтында қонаққа
тәуір киініп, жасанып бару сәнқойлық, немесе сыртқы жылтырақ емес,
өзіңді де, сол барған жеріңді де сыйлағандыққа жатады.
Ал Төреқұл мұның сыйлайтын адамы. Қырық жылдан бері дәм-тұзы
араласқан ата жолдас, қу кәр... Төреқұлдың өзін былай қойғанда, әкелері
қияметтік дос болған кісілер екеуінің. Бұл жайды ақпа құлақ ағайынның
қайсысына түсіндіріп жатарсың.
Ағыбай мен Төреқұлды табыстырған тағдырдың өзі жатқан бір тарих.
Сонау отызыншы жылдардың басында бұлар үй ішімен қырғыз асып барып,
күнгей бетте бір жыл қыстап қайтуға тура келген. Төреқұлдың әкесі Ералыны
мұның әкесі Жұмахан бұрын да сырттай біледі екен. Қиыншылық кезде қара
тартып барып, осылардың қолтығын паналаған. «Ашаршылықта жеген
құйқаның дәмі кетпес» деп, қырғыз ағайындардың сондағы істеген
жақсылығы естен, сірә, кетер ме? Ералының бұларға бір бөлмесін босатып
беріп, аздаған азық - түлігін бала - шағасының аузынан жырғандай етіп,
топты жанды бір қыс асырап шыққанын қалай ғана ұмытарсың?! Жұмахан
оны қашан дүниеден өткенше ұмытқан жоқ. Бірақ көзінің тірісінде Ералының
сол қарымтасын қайтаруға үлгірмей, өлерінің алдында Ағыбайға аманат етіп,
табыстап кетті. Әкелер арасындағы үрдісті кейін балалары жалғастырған. Әке
аманатын Ағыбайдың қаншалықты орындай алғанын кім білсін, әйтеуір
қырық жылдан бері Төреқұлмен қатынасы үзілген жоқ, заманына қарай
екеуінің арасында жорға ауысқан кездер де, дорба ауысқан кездер де болып
тұрды. Саған артық, маған кем кетті дегі, ешқайсысы есептескен де емес. Сол
Төреқұл ғой — іздеп бара жатқан адамы.
87
Әдеби KZ
Бұлар кенере жолмен қабырғалап отырып, қырғызға асатын биік жалдың
басына көтерілгенде, ар жағынан қазан шұңқыр кең жазық, тақта - тақта егіс
алқаптары көрініс берді. Сонау бір тұста күн көзіне шағылған күміс белдіктей
жарқырап, Шу өзені созылып жатыр. Соның бір иірімінде сағымға біткен
Тоқпақ қаласының қалың талы көгеріп шалынады. Ағыбай қыр басында сәл
аялдап, қасындағы Ержан мен Ерқанатқа көз жетер жерге дейін қамшымен
нұсқап көрсетіп шықты.
Міне, тастаған таяғың тал боп өсетін қасиетті қырғыз жерінің бір пұшпағы
осы деді аса бір мейірлі үнмен, Сонау көрінген Қордай асуының ар
жағында Пішпек қаласы да тиіп тұр.
Ата, Ыстықкөл қай жақта? Ыстықкөлді көрсетіңізші, деді Ерқанат, осы
қазір көре қоятындай ердің үстінен қопаңдай көтеріліп.
О, Ыстықкөл алыста ғой, балам. Ол сонау биік таулардың арасында.
Жолаушылар осы арада аз-кем аялдап, аттарының айылын қайта тартып
алды да, түстік жақта тізіліп отырған малшы ауылдарға қарай бет түзеді.
Төреқұл өзінің ежелгі жұртында, Ұзынбұлақтың басында отыр екен.
Желісінде он шақты құлын байланып, биебауында жылқы үйездеп тұрған
шағын ауыл Ағыбайдың көзіне сонадайдан - ақ жылы ұшырай кетті. Төр
жақтағы үлкен боз үйдің қасында жеңіл «уазик» тұр. Сол маңнан қараңдаған
адамдар байқалады. Бұлар дуылдың шетіне жақындап, бөгде жүргіншілерді
екі қарала төбет араға алып жатқанда, ақ қалпақ киген, еңселі бір адам
топтан бөлініп, бері қарай беттеді. Ағыбай өзінің досы Төреқұлды алыстан -
ақ шырамытып келе жатқан-ды. Жаңағы бурыл мұртты, қиық көз, қызыл
шырайлы кісі де алақанын көлегейлеп, бір-екі рет күн салып қарады да,
бұлар жақындай бергенде, дауыстап жіберді:
88
Әдеби KZ
Пәлі, мына қазақтарды қарай гөр!. Бәсе, Ағыбай кеудесінде жаны болса,
осы жайлауда бір соғатын шығар деп ойлап едім өзім де... Кәне, балалар,
қонақтардың аттарын ұстаңдар! деп, қасындағы жастарға жарлық бере,
өзі де қорбаңдап ұмтылып келеді.
Төреқұл ең алдымен Күлайшаның шылбырынан ұстап, аттан түсірді, қол
беріп амандасты.
Сонан соң Ағыбайды құшақтап, төсіне - төсін тигізді. Осы кезде үй жақтан ана
қаздай мамырлаған қартаң бәйбіше де етегіне сүрініп таяп қалған-ды. Келе -
ақ Күлайшаны құшақтап, бетінен сүйіп жатыр... Содан ары қырғыз бен
қазақтың жуыр маңда таусылмайтын ұзын сонар аман - сәлемі жалғасты да
кетті. Екі жақ сол қауқылдасып сөйлескен күйі үйге кіріп, қонақтар неше түрлі
көпшік - көрпелер төселген төрге келіп жайғасты.
Үйге кіргеннен кейін де мал-бастың, ауыл - аймақтың амандық - жаңалығын
сұрау тоқталған жоқ. Енді қонақтардың әрқайсысына жеке-жеке назар
аударып, денсаулық жағдайларын білісіп жатыр. Ағыбай үй иелерінің өз
қасындағы жастарға қарай бергенін сезіп, оларға Ержан мен Ерқанатты
таныстырды. Аттарын атап тұрып:
Бұлар менің жиендерім... Ұрпақтан қазір менде өздеріңіз білетін
жалғыз Қайынжамал ғана қалды ғой. Екеуі де соның балалары, мына үлкені
институт бітірген, суретші, деді Ержанды нұсқап.
Бұл сөзге үй иелері әрі қуанысып, әрі таңырқасып жатыр.
Қағылайын - ай, жұрағат екен ғой... Қайынжамалдың дені - қары сау ма?
Баяғыда біздің ауылға келгенде тұлымшағы желбіреген кішкентай ғана қыз
еді, деп, Төреқұлдың бәйбішесі Нұрбүбі төменірек отырған Ерқанатты
қасына шақырып, бетінен сүйді.
89
Әдеби KZ
Бүгінгі қуанышты үстей түсетін тағы бір жағдай, Төреқұлдың Фрунзеде
тұратын үлкен ұлы Болат та бала-шағасымен осының алдында ғана келіп
түскен екен. Ағыбайлар түр - тұлғасы әкесінен аумайтын, ақ бөрте, әдемі жігіт
Болатпен шүйіркелесіп жатқанда, ішке үйелмелі-сүйелмелі он үш - он
бестер шамасындағы екі ұл мен қолаң шашы иығына төгілген, талдырмаш,
жас бойжеткен кіріп, қонақтарға иіліп тағзым етті.
Пішпекте тұратын Ералиевтер ғой, деді Төреқұл Ағыбайға қулана көзін
қысып. Ал мынау Жанат деген бала, төл басы, немеренің үлкені, деп,
қасына келіп тізе бүккен жас қыздың маңдайынан иіскеді.
Төреқұл өзінің пейіліне қарай құдай бере салған, балалы-шағалы, қанат-
құйрығы бүтін адам еді. Балаларының бәрі ер жетіп, әр жерде жауапты
қызметтер атқарып жүр. Ата жолын қуып, әке құрығын ұстап қалғаны
ортаншы ұлы Атамқұл ғана. Оның өзі де қазір бас жылқышы, еңбегі жанып
дүрілдеп тұр.
Апыр-ай, тілеуіміз мұндай дұрыс болар ма? Уәделесіп қойғандай, жан-
жақтан жинала қалғанымызды қарашы! Төреқұл қуаныштан өңі бал-бұл
жанып, әлі басыла алмай отыр. Сонан соң Ағыбайға бұрылды да: осы екі-
үш күннің алдында ғана сені түсімде көрдім, деді сөзін онан ары сабақтап.
Мына Ұзынбұлақтың басында, Кеңсай жақта жүр екенсің деймін. Әлденеге
ренжіп жүрсің бе, қабағың қатулы. Көп жылқының ортасында құрығыңа
сүйеніп, ат үстінде ойланып тұрсың... Төсектен тұрған бетте-ақ Нұрбүбіге
айттым: «Қамдана бер, бәйбіше, Ағыбайлар да келіп қалар» дедім. Міне,
көрдің бе, айтқаным айна қатесіз келді де қойды...
Бұдан кейінгі жағдай белгілі: қазақ-қырғызға ортақ қонақжайлық салты
басталды да кетті.
90
Әдеби KZ
Қой сойылып жатыр, қымыз құйылып жатыр. Ауыз шіркін еселеніп келіп
жатқан ас пен сөзден бір босамайды. Үйде де әңгіме, түзде де әңгіме. Қай-
қайдағы еске алынып, қызыл тілдің тиегі ағытылды дейсің бір. Біреуі басын
айтса, екіншісі аяқ жағын қағып әкетіп, жалғастыра жөнеледі. Бұрын
қырғыздармен етене араласпаған Ержан таң-тамаша болып, Ағыбай мен
Төреқұлға кезек қарап, аузын ашты да қалды.
Ол ең алдымен екі халықтың ғажайып ұқсастығына таң қалған. Қырғыз
дегеніңіз кейбір әріптерді ғана бұзып айтатын қазақ қой аумаған! Немесе,
қазағыңыз сәл-пәл мұрнынан сөйлейтін қырғыздар... Екеуі кезек сөйлеп
отырғанда, біраз құлағың үйренген соң тіпті айыра алмай қалады екенсің.
Түр-түстерінде де көзге ұрып тұрған бәлендей өзгешелік болсашы. Тек
кішкентай ғана айырма, онда да Ержан сияқты суретшінің ғана көзіне
шалынатын болар-болмас айырмашылық қырғыздардың көздері сәл
қиықтау, беттері сәл жалпақтау ма, қалай? Оның өзі де жаппай емес,
кейбіреулерінен ғана байқалады. «Өздерін басқа жұрттар қазақпен
шатастырмауы үшін, бастарына ақ қалпақты әдейі киетін болуы керек» деп
ойлады Ержан ішінен... Ал жұрттың бәрі жабыла киген кезде, ақ қалпақ
дегеніңіз тіпті керемет болып көрінеді екен. Әрбір қырғыз ақбасты
Алатаудың бір - бір бөлшегі, кішкентай моделі іспетті. Адамдар күн өтпеу
үшін, Алатаудың мәңгілік қарынан бір-бір кесек қар алып, бастарына
қондырып алған секілді әсер қалдырды...
Ержан бұрын қырғыздың суретшілерін, сәулет өнерін жақсы білетін-ді.
Қырғыз киносынан да хабары бар. Айтматов шығармаларын түгелге жуық
оқыған. Алайда қырғыз ауылындағы қарапайым еңбек адамдарымен бетпе-
бет келіп, араласып отырғаны осы.
Алғашқы әсер алдамшы болуы да мүмкін. Дегенмен, ол мына жылқышы
қырғыздардан да бір көтеріңкі рухты сезінгендей болды. Бір кесектік,
91
Әдеби KZ
мықтылық бар өздерінде. Ол неден екен? Әлде бұл халықтың қайта
жаңғыратын ұлы өрлеу дәуірі енді басталды ма? Солай шығар. Ержан
ойланып қалды: «Таланттар халық рухының жемісі. Талантты перзенттерін
ел - ана ұзақ толғатып барып, анда-санда бір табатын болса, көк жүзіне
көтерілген жарық жұлдыздар да өз еліне шуағын түсірмей қоймайды» деген
өзінше бір байлам жасады.
Кешке таман үлкендер биебау басында әңгімелесіп отырғанда, Ержан мен
Жанат бұлақ бойындағы көгалда серуендеп жүр еді. Қыз мұны титтей де
жатырқаған жоқ, көптен білетін адамдай өзін тең ұстап, еркін сөйлесіп кетті.
Университеттің үшінші курсын бітірген, филолог. Биыл «жас манасшылар»
деген тақырыпта курс жұмысын жазған екен, түбі соны диплом жұмысына
айналдырмақ ойы бар. Қырғыз тарихы, әдебиеті сөз болғанда, өзін судағы
балықтай еркін сезінеді. Мұның бойында да манағы бір өскелең рух бар...
Үстінде джинси шалбар, қынама бел қызыл кофта. Құлын құйрық жібек
шашын желке түбінен бір шалып, бос жіберіпті. Батар күннің соңғы шапағына
қызыл кофтаның реңі шатылып, онсыз да қаны толық қыз шырайын
арайландыра түскен. Зипа бойынан жастық, тазалық лебі еседі. «Әдемі екен!
деп ойлады Ержан Жанаттың қолдан қашалғандай мінсіз тұлғасына
қызыға көз жіберіп. Кімнің бағына, кімдердің сорына жаралдың
екенсің?!» Алайда, әйел затына келгенде қашанда оппозицияда жүретін
Ержан мына қызды да сөзбен шымшымай қала алмады.
Сізге осыншама көп білудің қажеті не, Жанат? Сол үшін қаншама кітап
ақтарып, қара көзіңізді талдырып...
Алда кетіп бара жатқан қыз мойнын оқыс бұрып, сұлу аттай бұған таңдана
қарады.
Шын айтып келесіз бе? Түсінбедім.
92
Әдеби KZ
Шын айтам. Сіз сияқты сұлуларға тым білімді боп кету жараспайды. Онсыз
да жерде қалмайсыз ғой... ілім - білім жағын табиғаттан сараңдық көрген
басқа құрбыларыңызға - ақ қалдырмайсыз ба.
Сіздер, суретшілер, қызық адамсыздар, Жанат қыпша белі үзілердей
майыса басып барып, су жағасынан бір тал жалбызды үзіп алды. Сіздер
көбінше сыртқы сұлулыққа ғана табынасыздар. Сұлулық дегеніміз жай форма
емес пе? Оған ішкі мазмұн үйлесімі керек. «Мына қызды жеңу оңай болмас»
деп ойлады Ержан. Бірақ райынан қайтпай, әңгімесін жалғастыра берді.
Не десеңіз о деңіз, мен әйтеуір, сізді көзілдірік киіп алған оқымысты
қалпыңызда көргім келмейді, жігіт ыңғайлы сөз таппай сәл ойланып
қалды. Сонан соң сұлулықтың өзі жалаң форма ғана деп кім айтты сізге?
Сұлулық табиғаттың тартқан сыйы. Оның мазмұны да андағы жалбыздың
исі секілді өз бойынан аңқып тұрады.
Сұлулықты айырым біреулердің бауырына басып, меншіктеп алуына тағы
қақысы жоқ.
Мәселен, сіздің бейнеңіз көрме залдарында, өзіңіз экрандарда жүруіңіз
керек.
Жанат сыңғырай күлді. Қыз күлкісі бұлақ сылдырымен араласып, кешкі ауада
біразға дейін асылып тұрды.
Қойыңыз, қонақ жігіт. Мені өйтіп түзу жолдан тайдыра алмайсыз, деді
Жанат тез байсалды қалыпқа көшіп. Әдемі қыздар Алматыда да аз емес
шығар, соларға айтыңыз ақылыңызды... Мені тәлкек қыла бергенше, одан да
мына мәңгілік сұлулыққа назар салмайсыз ба, деп, айнала қоршаған
жасыл беттерге, батар күннің соңғы сәулесі сәукеледей киіліп тұрған биік
шоқы бастарына, биебау жақтан бытырай жайылып, өріске бет алған
жылқыларға көз жіберді. Айтыңызшы, ғажап емес пе? Өз басым суретші
93
Әдеби KZ
болып тумағаныма өкінемін. Егер суретші болсам, ауылдың осынау кешкі
көрінісін қайтсем де қағаз бетіне түсірер едім.
Екеуі әрнені әңгіме етіп ауылға қарай аяңдады. Қызыл тілді оңды-солды
безеп, қанша тұзақ құрып бақса да, жас қыз шеніне келтірер емес. Өзі де
әдептен озбай, басқаны да бойына тым үйір қылмай, белгілі бір ара
қашықтықты сақтап, өзін тым сыпайы ұстайды екен. Иә, осындай бір нәзік
жанды, көркіне білімі сай, бекзат әйелдер болады. Бірақ өкінішті жері, кейде
осындайлар өмірде өзінің теңін таппай етеді. Өз бойына сеніп жүреді, жүреді
де, ақыры бақыр басты біреуге пенде болады. Ержан күрсінді. Өзінен
әлдебір шарасыздықты сезініп, амал жоқ, қыз бейнесін көңіл галереясының
төріне апарып іліп қойды.
Бұл мезетте Ағыбай, Төреқұл бастатқан бір топ үй сыртындағы тепсеңге
текемет жайдырып, алқа-қотан әңгіме соғып отырған-ды. Ержан Жанаттан
бөлінген соң, үлкендер тобына келіп қосылды. Жылқышылар бас қосқан
жерде жылқыдан басқа әңгіме болмайтыны белгілі. Жүз аттан алдына қара
салмай озып келген жүйріктер, қырғыз беті қазақты бірдей тыйған атышулы
саңлақтар, ұялы қасқыр мен жалғыз шайқасып, үйірін қорғап қалатын шақар
айғырлар рет-ретімен аңыз боп айтылып жатыр. Және осыдан қырық-елу
жыл бұрын өткен оқиғаны күні кеше болғандай қалай жандырып, мөлдіретіп
жеткізеді десеңізші! Сөз тізгінін Төреқұл мен Ағыбай кезек ұстай отыр екен.
Қарттар көптен іш құса болып, сөз ұғатын кісіге әбден зарығып қалған ба,
қалай, екеуі де жас жігіттей қызуланып, өлеуреп алыпты. Біреуі әлдебір
әңгіменің басын айтса, екіншісі аяқ жағын қағып әкетіп, жалғастыра береді.
Сонан соң бірін-бірі ұйып тыңдап, бас шұлғысып отырғанын көрсең! Дәл
қазір екі шалды қазақ деп те, қырғыз деп те ажыратып жатпай, бұларды
кәдімгі жылқышылар, жылқы десе ішкен асын жерге қоятын кешегі
көшпенділер деген әлдеқайда дұрыс болар еді.
94
Әдеби KZ
Сөз желісі бірінен-бірі туындап, келесі бір сәтте жылқының қаны, тегі туралы,
таза қанды, текті жылқының жершілдігі, қандай алысқа ұзатып әкетсең де,
туған жерін аңсап қашып келетіні жайында әңгіме болды. Ал қаны араласқан
асыл тұқымды будандар ондай қасиеттен айрылып қалатын көрінеді. Асыл
тұқымды деп ардақтап жүрген арғымақтарды көрініп тұрған көрші ауданға
апарып тастасаң да, үйірін, жерін аңсап қашу деген жоқ, жем жеген жерінде
құлағы салпиып тұра береді екен...
Қайтсын байғұстар, оларға да сын жоқ қой, деді Атамқұл әкесі сөзін
аяқтай бергенде, әңгімеге араласып. Әрқайсысының бойында алуан
тұқымның қаны бар.
Әкесіне тартып ағылшын аралын аңсай ма, әлде шешесіне тартып
түрікпеннің құмын, немесе Донның даласын іздеп сандала ма? Бұл күнде
бәрі мидай былығып, шатасып кеткен жоқ па. Бізге қайта солардың қашпай,
осында тынышжүргені жақсы.
Атасының көрі, солардың ешқайсысы өзіміздің қазақ пен қырғыздың төл
жылқысына жетпейді, деді Төреқұл алған бетінен қайтпай. Қашанда
мал кіндігі жер кіндігімен тамырлас. Өз жерінің топырағынан жаралмаған
малдың басқа өлкеге келіп құтайғанын көрген емен.
Сонаң соң, Төке, сіз аңғардыңыз ба, жоқ па, бүгінгі жылқы малынан тағы
бір қызық нышандар байқалып жүр, деді Ағыбай досының ойын сабақтай
түсіп. Асылы, төрт түлік малдың ішіндегі ең сезімталы да, ақылдысы да
жылқы емес пе еді. Ертеректе ауа райы бұзылып, боран-шашын болатынын
жылқы жарықтық бірнеше күн бұрын сезбеуші ме еді? Сақа айғырлар мен
биелер мезгілсіз ішін тартып, уақ - уақ танауларын желге тосып, белгі
бермейтін бе еді... Сол маңға ит - құстың келіп жүргенін де көп жылқы көш
жерден сезіп шұрқырайтыны, ат-айғырлар өз үйірлерін шашау шығармай,
95
Әдеби KZ
шырқ үйіріп алатыны қайда? Құданың әмірі, қазір соның бірі жоқ. Мал екеш
мал да мінезінен айрылып, маубастанып барады, әйтеуір. Қазіргі аралас
қанды будан жылқылар ауа райын күні бұрын болжағанды былай қойып,
қасына жақындап келіп, тірсегінен тістегелі тұрған қасқырдың өзін сезбейді.
Ақа, бұл айтып отырғаныңыз рас енді, деп, Атамқұл мақұлдай күлді.
Әлде жылқының тілін жастар, біз біле бермей жүрміз бе десек, сіздерге де
осылай көрінген екен ғой.
Осы тұста манадан үлкендердің әңгімесін үнсіз тыңдап отырған биолог -
ғалым Болат сөзге араласып, ғылымдағы кейбір қызық фактілерді айтып
берді. Оның айтуынша, ондай жаңа нышандар жалғыз жылқыдан ғана емес,
жан-жануардың бәрінен - ақ байқалып жүрген көрінеді. Хайуанаттар мінез -
құлқының бұлайша өзгеруіне жоғарыда айтылған орын мен ортаның ауысуы,
генетикалық заңдылықтың бұзылуы, техникалық прогресс, тағы сол сияқты
жағдайлар себеп болады екен. Мәселен, кейде қораздардың мезгілсіз
шақыратын себебі, тауық тұқымының басқа жерден келгендігі екені
анықталған... Ал, инкубатордан бірнеше мәрте қайталап шыққан тауықтар
мен үйректер өздерінің балапан басып, ұрпақ қалдыру инстинктерінен
біртіндеп айырылып қалады екен. Ондайлар әлдеқалай күрік болып, балапан
басып шығарған күнде де, балапандарын бағу, қорғау былай тұрсын, өздері
шоқып өлтіріп, жұлып жеп қоятын көрінеді... Ғылымда әлі себебі ашылмаған
қызық құбылыстар қаншама! Қазір үрмейтін иттер, тышқан ауламайтын
мысықтар шыға бастаған. Бір ғылым докторы дачасында тышқан көбейіп
кеткен соң, қаладағы біреудің мысығын ат-түйедей қалап, сұрап апарыпты.
Бірақ ертеңінде қызық көріністің үстінен шығады: апарған мысығы тышқан
мұрнын қанатпақ түгіл, он шақты тірі тышқанмен қойындасып бірге
жатқанын көргенде, шошып кетіп, шалқасынан түсе жаздайды...
96
Әдеби KZ
Мына әңгімені естігенде жылқышылар қыран-топан күліп, мәз болысып
қалды. Біреулер жағаларын ұстап «о, тоба!» деп таңданысып жатыр.
Е - е, бұл дүние жылдан-жылға өзгеріп бара жатыр ғой, деді Төреқұл
күрсініп. Бұрын көз көріп, құлақ естімеген неше түрлі ықылым - өзгерістер
көбейіп келеді. Әлде адамдар жетіліп, ақылды болған сайын, мал байғұс
мақұлық тартып кете ме, немесе тұқымын асылдандырамыз деп жүріп,
өзіміз аздырып алдық па, әйтеуір, біз білетін баяғы есті, түсті жануарлар
азайып бара жатқан секілді... Қарап отырғанша әңгіме болсын, мен сендерге
баяғыда өз көзім көрген бір қызық оқиғаны айтып берейін, деп,
Ағыбайдың шақшасына қол созып, қара бұйра насыбайдың бір шөкімін
астыңғы ерінге тастап жіберді де, бойын тіктеп, ұзақ әңгімеге кірісер
адамның сыңайын танытты. Жылқышылар да алға қарай жамбас жылжытып
ұмсына түскен.
Мын, да тоғыз жүз қырық екінші жылдың жазы, Ұлы Отан соғысының теке
тіреске айналып, қызып тұрған кезі, деді Төреқұл әңгімесін баппен бастап.
Біз, он шақты кісі қырғыз елінен майданға ат апаратын болдық. Ішімізде
байырғы жылқышылар да, майдандағы жастардың орнына келген жай
қарттар да бар. Ат - айғыры аралас мыңдай сәйгүлікті қызыл вагондарға тиеп
алып, қазақ даласын қақ жара, батысқа қарай тартып бара жатырмыз.
Ілгерілеген сайын жүрісіміз мандымай, эшелонымыз әр жерде бөгеліңкіреп,
әскер мінген поездарға жол босатып дегендей, ілдалдалап жылжып келеміз.
Жем-шөбіміз өзімізде, тек күніне бір уақыт жылқыны суару ғана қолды
байлайды... Содан не керек, Орал қаласынан өткен соң жылқыны вагоннан
түсіріп, үйірлеп даламен айдауға тура келді. Бет алдымыз қалмақ даласы.
Еділден паром арқылы өтіп, Сталинград майданына төте жолмен жету
туралы бұйрық болыпты.
97
Әдеби KZ
Бірақ Еділ бойына жеткен соң, паром дайын болмады ма, әлде арғы жағаны
жау самолеттері бомбылап, тыным бермей қойды ма, әйтеуір, біз бергі бетте
бір аптаға жуық бөгеліп қалдық. Жол-жөнекей көрген - білгенімізді айта
берсем, әңгіме ұзарып кетеді.
Қысқасы, айтайын дегенім: айдалған жылқының ішінде, осы өзіміздің
«Қызыл байрақ» колхозынан алынған, сүліктей жирен айғыр болды. Менсіз,
қан жирен түсіне қарап, жылқышылар «Қозыкүрең» деп атап кеткенбіз.
Жаңылмасам, сол кезде жасы сегіз - ондардан аса қоймаған, толысқан, азулы
айғырлардың бірі - тұғын. Құданың құдіреті, Еділ бойына жетісімен, жаңағы
Қозыкүрең төтенше мінез таныта бастағаны. Жануар кешкі салқындарда ғана
ептеп жайылады да, күндіз басын жерге салмай, жылқының шетінде
қалшиып тұрады да қояды... Арамызда Саяқбай дейтін көпті көрген, қу мүйіз,
қарт жылқышы бар еді, Қозыкүреңдегі өзгерісті алдымен сол байқапты.
Жігіттер, мен бірдеңе білсем, сендер осы Қозыкүреңнен айрыласыңдар,—
деді ол бір күні бізді қасына шақырып алып. Қараңдаршы, жел жаққа
шығып алып самалдап тұрғанын көрдің бе, жануардың?! Біраздан бері оттан,
судан тыйылып, өзін - өзі мейіздей қатырып, жаратып жүр. Қашатын
жылқының сұрқы ғой мынау. Мына бабымен қашатын болса, әй төрт
аяқты малға шалдыра қоймас. Не істейміз? Ұстап алып өрелеп жіберсек
қайтеді?
Саяқбайдың сөзін жігіттер күле тыңдап, бәлендей мән бере қоймады.
Қойыңызшы, ақсақал. Сіз де қайдағыны айтады екенсіз. Екі мың шақырым
жерге поезбен келген мал түгіл, өзіңіз үйді тауып барсаңыз да жетер.
Батыс қайда, шығыс қайда екенін айырмай, өзіміздің басымыз қатып,
мәңгіріп жүргенде, жағы түкті жылқы айуан не білуші еді? Жай, Еділдің шөбі
98
Әдеби KZ
таңдайына татымай, өгейсіп жүргені болар, десіп, өздерінше тон пішіп
кетті.
Мейілдерің... Бірақ қашан айттың демеңдер, Қозыкүрең енді бірер күннен
кейін Алатау қайдасың деп тартып отырмаса, мұрнымды кесіп берейін,
деген Саяқбай да онша өршелене қоймады.
Бұл әнгіме сол арада аяқсыз қалған-ды. Ертеңіне дайындық жұмысы
аяқталып, жылқыны өзеннен өткізудің қамы басталды. Ол үшін аттарды үйір -
үйірімен жағалаудағы ағаштан жасалған шарбаққа қамап, содан ары паромға
тиеу қажет болды. Осы әдіспен алғашқы екі бөлек жылқы өзеннің арғы
жағасына шығып та үлгерді. Қозыкүрең соңғы үйірлердің ішінде - тұғын,
Қанша дегенмен, Саяқбайдың сөзі есімізде, бәріміз де содан көз алмай
қадағалап жүретінбіз. Қозыкүреңнің аман-есен қоршауға кіргенін көріп,
иығымыздан жүк түскендей, кеңіп қалдық.
Ағаш шарбақты бірте-бірте тарылтып, ығысқан жылқы паромға өзі шығып
кететіндей тәсіл қолданып жатқанбыз... Кенет дәл осы кезде күтпеген жағдай
болды. Айнала шөп жайып қиқулап жүрген біздер, әлдебір жылқының топты
жара - мара, кісі бойы шарбақтан серіппедей созылып, бір - ақ секіргенін
көріп қалдық.
Ойбай, кетті!
Қозыкүрең кетті, — десіп, шу ете қалды жылқышылар.
Құшақ құйрық, қаба жал, күрең айғыр осқыра ойнақтап шетке шыға берді де,
бір-екі рет азынай кісінеп жіберіп, шығысқа қарай шоқыта жөнелді.
Тез атқа қоныңдар, қайырыңдар! деп ақырды бізді бастап жүрген
кавалерист капитан.
99
Әдеби KZ
Соның бұйрығымен екі-үш жігіт атқа қонған. Бірақ қайыру берген қайда!
Қозыкүрең құйрықты тігіп алып, сапқының тасындай зырлап барады.
Қуғаннан пайда жоқ. Қозыкүрең бәрібір жылқы баласына шалдырмайды.
Әуре болмаңдар, деді Саяқбай. — Пай-пай, жануардың сілтеуін қарашы!
Оның бұл сөзінде Қозыкүреңге деген сүйініш те, өз болжамының дәл
шыққанына пенделік мақтаныш та жатыр еді.
Қап, маңайда машинаның да болмағанын қарашы! — капитан жан-жағына
алақтап сәл тұрды да, қасындағы солдаттың мылтығына жармасты. Мен
онда дизертирдің сазайын тартқызайын қазір!
Соны айтып, тізерлеп отыра қалған-ды... Тарс еткен мылтық дауысы естілді.
Бірақ Қозыкүреңге оқ дарымады. Ызалы капитан, кімге бағыштағаны белгісіз,
жақсылап тұрып бір сыбап алды да, екінші рет мылтығын шарбаққа сүйеп
қойып, ұзақ сығалады. Оқ бұл жолы да тимеді. Ұлы сәскенің кезі - тұғын.
Қозыкүрең лаулаған бір түйдек оттай болып, күн астында шығысқа қарай
заулап барады. Жылқышылар демдерін ішіне алып, сол тұрған орындарында
қалшиып қатып қалған-ды. Қозыкүреңнің қарасы көрінбей, қырдан асып
кеткен кезде ғана, «уһ» деп тыныс тартты...
Содан не керек, ұзын сөздің қысқасы, біз апарған жылқымызды тиісті жеріне
өткізіп беріп, міндетімізді өтедік те, Саратов маңынан поезға отырып, елге
қарай бет алдық. Әлгі оқиғадан кейін, біз ырғалып-жырғалып ауылға
жеткенше, арада тағы да жарты айдай уақыт өтті. Елге келіп әрқайсысымыз
өз жұмысымызға кірісіп кеттік. Қозыкүреңнен үмітімізді үзіп қойғанбыз.
Байғұс ит-құсқа жем болды ма, әлде жол-жөнекей біреулердің қолына түсті
ме деп, біраз күн еске алысып жүрдік те, ақыры ол да ұмытыла бастаған...
Ауыл әлі жайлауда, мына Ұзынбұлақтың басындағы Шұрықта отырған
кезіміз. Бір күні түн ішінде, ел шырт ұйқыда жатқанда, әлдеқайдан арқыраған
100
Әдеби KZ
саяқ жылқының дауысы естілді. Мен ояу жатыр едім, тың - тыңдап артын
күттім. Сәлден соң, әлгі жылқы тіпті таяу маңнан кісінегендей болды. Азынай,
аңсай кісінегеніне қарағанда, жай үй арасының үйір іздеген көп тұғырының
бірі емес, алыстан суыт келе жатқан мал екені белгілі. Бұл үнді көрші үйдегі
Саяқбай да естіп жатса керек, бір мезгілде сырт жақтан дыбыс берді.
Төреқұл, ояумысың? Далаға шығып тыңдашы, мына кісінеп келе жатқан
біздің Қозыкүрең емес пе? Әй, соның - ақ дауысы, деді үй сыртында
тұрып.
Шекпенімді иығыма іле-сала, мен де далаға атып шықтым. Екеуміз тың
тыңдап тағы біраз тұрдық. Арқырай кісінеген әлгі жылқы батыс жақтағы
қоңыр белден бері асып түсті де, ауылдың аяқ жағында жатқан сауын
биелерге келіп қосылғандай болды.
Жүр, барайық. Мынау дәуде болса, Қозыкүреңнің өзі! деді Саяқбай
тықыршып.
Мен сенер - сенбесімді білмей, соңынан ілестім. Екеуіміз өкпемізді
қолымызға алып, ыратөмен жүгіріп келеміз. Түнде жол ұзап кететін әдеті ғой,
қарға адым жер жеткізсеші.
Өлдім-талдым дегенде, сайдың ішінде жатқан жылқының шетіне де іліндік -
ау, әйтеуір.
Ай сүттей жарық. Алайда шеттен келіп қосылған жаңағы жануар бірден
көзімізге түсе қоймады. Істің анық - қанығына жеткенше сабырымыз қалмай
екеуіміз көрінген жылқының қасына бір барамыз. Сәлден соң Саяқбай менен
бөлініп кеткен-ді. Бір мезгілде марқұмның күңірене шыққан дауысы естілді.
Жануарым - ай, аман есен келген екенсің ғой! Айшылық жолды алты
аттап, Алатауыңа жеткен екенсің - ау!.. Боғыңды жейін, қасиетті тұлпарым -
101
Әдеби KZ
ай! Елсіз - сусыз шөлдерден, асу бермес белдерден өтіп, туған жерге қалай
жеттің екенсің?!
Қозыкүрең жылқының бір шетінде, жалдас торы биенің шоқтығына иегін
артқан күйі, екі бүйірін соғып, сенделіп тұр екен. Біз қасына жақындағанда
оқыранып жіберді. Құлағының түбі, сауыры сабындалып, өне бойын ақ көбік
басып кеткен. Қаншырдай қатып, оқтаудай жараған айғырдың ай астында
керіліп тұрған сондағы кейпі әлі көз алдымда.
Саяқбай жаңағы сөзді айтып еңіреп жіберді де, Қозыкүреңнің мойнынан
құшақтады, құлағының түбіндегі ащы көбікке тұмсығын тығып, құшырлана
иіскеді.
Жануарым - ай, саудыраған қу сүйегің ғана қалыпты - ау! деді арқа -
басын, жалын сипап көріп. Қысы - жазы қара етін бір жібермейтін, жуан
сіңір, көмпіс - ақ еді, қарашы, жалының алқындысы қолына әрең білінеді.
Мына түріне қарағанда, осы бүгін-ақ күншілік жерді басқан - ау, бұл жануар...
Жүр, Төреқұл, аяңдайық. Алыстан келген ардағымызды ауылға апарайық.
Бұл кезде шығыстан құлан иектеп таң да атып келе жатқан. Саяқбай белбеуін
ағытып алып, айғырдың мойнын салды да, ауылға қарай жетеледі. Түнде
ұзақ, суыт жүрістен кейін ісініп тұрған кезінде аңғармаған екенбіз. Таңертең
тұрып қарасақ, Қозыкүреңнің шынында да, ыңыршағы айналған құр сүлдері
ғана қалыпты. «Ер арыса аруақ, ат арыса тулақ» дегенді бұрынғылар
осындайда айтқан болар, есіл жануар жал - құйрығының өзін
ауырсынғандай, қабырғасы ырсиып, тірсегі майысып зорға тұр. Құндыздай
жылтырап тұратын қан жирен түсі де әбден күн қақты болып оңып, ұйпа-
тұйпа бірдеңеге айналып кеткен. Төрт аяғындағы болат тағалар тозып бітіп,
жұқанасы ғана қалған.
102
Әдеби KZ
Ертеңінде бұл хабарды естіген жайлаудағы жұрт, Қозыкүреңді көру үшін,
жан-жақтан ағылып келіп жатты. Соғыс әлі бітпеген, халықтың қамкөңіл кезі
ғой, бейне майданнан тағы бір жаралы жауынгер оралғандай, ғаріп күйге
түскен есіл жануарды көргенде, көздеріне жас алып, жыламаған ешкім
қалмады.
Бірақ әбден жілік майы үзіліп, тобақазығына тақалған Қозыкүрең оңалып
кете алмады.
Биебаудың басында аузына нәр салмай, бір-екі күн сұлық тұрды да, ақыры
табанаяқтанып жатып қалды. Ұзақ суыт жүрістен қызыл май болып
зорыққаны, төрт аяғына бірдей қан түскені белгілі еді. Саяқбай оны суық
сазға да байлап бақты, шашасынан қан алып та көрді. Ұн езіп ішкізіп, жылан
да жегізді. Бірақ соның бірде-бірі көмегін тигізе алмады.
Қайран Қозыкүрең орнынан тұрып кете алмай, бір аптадай жақұт көзі
жаудырап, көтерем боп жатты да, ақыры тірлікпен біржола қош айтысты.
Саяқбай оны терісін сыпырмастан, адамша арулап жерледі... Басын
Шұрықтағы ең биік жартастың үстіне шығарып қойған.
Сол бас сүйек осы бертінге дейін ары-бері өткенде ағараңдап көрініп тұрушы
еді, кейін жел құлатты ма, әлде көшкін шайып кетті ме, әйтеуір, із - тозсыз
жоғалды... Иә, әңгіме неден шығып еді, айтпақшы? Жылқының естілігі, мал
мен жердің байланысы туралы екен ғой. Кезінде біздің елге аңыз боп тараған
Қозыкүрең оқиғасы, міне, осылай тынды...
Төреқұлдың әңгімесін жиналғандар ақырына дейін селт етпей ұйып
тыңдаған. Ержанның да көз алдында неше түрлі суреттер оянып, қатты
толқып отырған-ды. Кенет нағашы атасына көзі түсіп, тіксініп қалды. Ағыбай
үнсіз егіліп жылап отыр екен. Төреқұл әңгімесін аяқтағанда, орамалын көзіне
апарды да: «Ой, шіркін, дүние - ай!» деп, көкірегін қарс айыра күрсінді.
103
Әдеби KZ
Жас жылқышылардың бірі сұрақ қойды:
Сонда Қозыкүрең сол екі аралықты қанша уақытта басты екен? Кезінде
есептеген ешкім болмады ма?
Болды ғой... Heгe есептемесін? Ол кезде де есепке жүйрік жігіттер бар -
тұғын, деді Төреқұл, қалтасынан күміс баулы сағатын шығарып.
Қозыкүрең Еділ бойынан Алатау бауырына тура бір ай он бес күн дегенде
келді. Әсілі, қашқан жылқы күндіз тасада бекініп, түнде ғана жортады ғой.
Бәлкім, жолда ес жинап, жайылған кездері де болған шығар. Соның өзіне
күніне жүз шақырымға жуық жер алып отырған десті ғой білетіндер.
Мәселе мұнда қашықтықта емес, мәселе жылқы жануардың бағытынан
жаңылмай, туған жерін тауып келгенінде ғой, балам.
Бұл кезде ымырт үйіріліп, айналаға кеугім түсе бастаған. Үлкендер
орындарынан тұрып, үйге қарай бет алды. Қонақасы да дайын боп қалған
екен, жылқышы ауылдың көлдей кең дастарқаны қайтадан жайылды.
Қырғыз салтында қонаққа бас ұсынбайды. Бірақ қазақ жөніне жүйрік Төреқұл
төрде отырған Ағыбайдың алдына әдейілеп бас тартты.
Ертеңінде сәске түс шамасында қонақтардың аттанатын көзі де жақындады.
Төреқұл: «Әлі де бірер күн қонақ болып жатыңдар, әңгімелесейік» деп
жығыла жабысып еді, Ағыбай уақытының тым тығыз екенін айтып, көнбеді.
Ендеше, қалаған - сұрағаныңды айт. Көптен ат ізін салып, келіп отырғанын
осы. Сен екеуіміз енді қанша жүре берерміз дейсің жер бетінде. Еңбекпен
табылған азғана дәулет көңіліңнің садағасы. Бұйымтайыңды бүкпей
айтып, қалағаныңды алып кет, деді Төреқұл сәскелік қымыздан кейін,
қонақтарымен оңаша қалғанда.
104
Әдеби KZ
Рақмет, Төке. Мен сенен бірдеме дәметіп келді дейсің бе? Осы
ықыласыңның өзіне рақмет! деді Ағыбай да ағынан жарылып. Дүние
қолдың кірі, ол шіркін кімге жолдас болған? Сен үш мың жылқы айдаған
Сейдалыны көрсең, мен екі мың жылқы біткен Тұрарды көрген кісімін. Сол
байлықты өздерімен бірге алып кеткен қайсысы бар?
Мен үшін осы алтын жүзіңді көріп қайтқанымның өзі үлкен олжа. Алда разы
болсын!
Осы сәтте үйге Атамқұл кірген. Әкесі оған сұраулы жүзбен қарап еді, ұлы
«орындадым» дегендей басын изеді.
Онда былай болсын, Ағыбай, деді Төреқұл қошамет - құрметі де,
өзімсінуі де аралас, аса бір жылы үнмен. Екеуімізді қойшы, сен екеуіміз
қырық жыл дәмдес болып, сыннан өткен адамдармыз ғой. Маған өкпе
артып, сын тақпайтыныңды да білем. Дегенмен бұл реткі келісіңнің жөні
бөлек: қасыңа екі бірдей жиеніңді ертіп келіп отырсың. Бұлар саған жұрағат
болғанда, маған да бөтен емес, «Жиеннің назары қатты болады» деген сөз
бар қырғыз бен қазақта. Біздің арамыздағы достықты осы балалар
жалғастыратын болсын... Мына Атамқұлдың үйірге салам ба деп жүрген
«Қоянкөк» деген бәсіре дөнені бар еді, соны мына балаларға мінгізгелі
отырмын. Азырқанбай жетелеп қайтыңдар.
Осы сөзден кейін бәрі жапа-тармағай орындарынан тұрып, далаға беттеді.
Сыртқа шығып қараса, шынында да, кермеде сүліктей қара көк дөнен
байлаулы тұр. «Қоянкөк» десе дегендей, әр жерінде теңгедей - теңгедей
теңбілі бар, темір қара көктің өзі. Төреқұл дөненді өзі шешіп әкеліп,
шылбырын Ағыбайдың қолына ұстатты.
Ақалтеке мен дончакқа қазақтар зәру емес шығар. Мынау қоспасы жоқ,
өзіміздің қырғыз жылдысы, баяғы Қозыкүреңнің әулеті, өзі жылмайтын
105
Әдеби KZ
жорға, деді досының бетіне күле қарап, Серіктің де, көліктің де
жайлысы кісіге қартайғанда керек қой.
Қолдан шығармай, көзімдей көріп мініп жүр.
Ағыбайдың қырағы көзі бір қарағанда - ақ, көк дөненнің қандай жылқы
екенін шалып қалған-ды. Ішкі талқыныстан көзіне жас үйіріліп, қапелімде
аузына ыңғайлы сөз түспей бөгеліп қалды да, тек атына мінген соң ғана
көңілін демдеп:
Мынауың баға жетпес сый болды-ау, Төреқұл! Сен екеуіміз үшін дүниеде
жылқыдан асыл не бар еді?! «Берген жомарт емес, алған жомарт» деген де
сөз бар қазақта.
Сыйлықтан қашқаным қолқадан қорыққаным болар. Рақмет! Тірі болсам
мен де бір кәдеңе жарармын. Қош бол!—деді де, Қаракөкті жетелеп алға
түсе берді.
Ауыл адамдары қош - қош айтып, қолдарын сермеп ұзатып салды. Сол
топтың арасында көп жұлдыздың ішінде айдай толықсып, Жанат та тұр еді.
Ержан әлдебір қимас асылы қалып бара жатқандай, әлсін-әлі артына
бұрылып, қыз жаққа жаутаңдап қарай берді.
106
Әдеби KZ
VIII
Ағыбайдың қырғыз елінен ат мініп қайтуы шалдың төмендеп жүрген беделін
бір көтеріп тастады. Және ат болғанда қандай: өзі жорға, өзі суреттей сұлу.
Бұл өңірде жорғаның тұқымы құрып кеткелі қашан. Шаруашылық
басшылары атқа салт мінуді қойып, машинаға ауысқалы, жылқының жүрісі,
өнері дегендер есепке алынбайтын болған.
Директордың да, завферманың да оқта-текте мал аралай шыққанда тиіп -
қашып мінетін аттары былайша сырты сұлу көрінгенімен, желгенде ішек -
қарныңды аузына түсіретін қарабайыр дончактар ғана еді. Ал бұл күнде
оңайшылықпен қолға түспейтін ақпа жорғаның басқа емес, өлмелі шал
Ағыбайдың белдеуіне келіп байлануы былайғы ағайынның қызғанышын
қоздырып, ішін өртемей қала алмады. Кейінгі көп кикілжің, әуре-сарсаң
оқиғалар осыған байланысты туып еді.
Жақында Ержан мен Ерқанат оқуымыз, жұмысымыз басталады деп,
орталыққа қайтып кетті де, Ағыбай кемпірімен екеуі жұпыны - жүдеу тірлігін
қайта тапқан-ды. Қарт жылқышының ендігі жалғыз ермегі Қоянкөк. Соған
қолынан жем беріп, мәпелеп күтіп, бойын үйретіп дегендей, сылап-сипап
жүргені. Қартайғанда құр алақан қалдырмай, құдайдың маған жіберген бұл
да бір сыйы шығар деп, Ағыбай соған да іштей шүкіршілік етеді.
Осындай күндердің бірінде ауылға ферма бастығы Пернебек келе қалды. Бар
жайды Отарқұлдан естіп алған болар, сәлден соң Ағыбайдың үйіне келіп,
белдеуде тұрған Қоянкөкке сұғын қадап, көп қарады. Өзінше ол да
атбегімсіп, көк дөненнің сағағынан, сауырынан ұстап көрді. Ақыры
Ағыбайдың тартынғанына қарамай ер салдырып, кезең астындағы қойлы
ауылға дейін жорғалатып барып келді. Өмірі жорғаның үстіне шыққаны осы
болса керек, аузының суы құрып, мақтауын жеткізіп жатыр:
107
Әдеби KZ
Міне, нағыз жылқы деп осыны айт! Мынаның қасында атқа міндік деп
жүргеніміз бекер екен ғой, Ақа. Үстінен су шайқалмас қара жердің кемесі
дерсің. Бүгінгінің «волгасы»— баяғының жорғасы екен ғой... Әй, мынаған
мінген кісі неше күншілік жол жүрсе де шаршамайтын шығар - ау. Не
қыласың, деген завферманың мінетін аты екен! деп өзін де көтермелеп,
біраз даурығып күліп алды.
Ағыбай үндеген жоқ. Осының артында бір пәлесі жатпаса жарады деп, іштей
сақтық ойлаған. Айтқандай - ақ, үйге кіріп қымыз ішіп отырғанда, Пернебек
орағытып келіп, манағы әңгімені қайта бастады.
Ақа, сізге салған бір қолқам болсын: осы дөненіңізді маған сатыңыз құдай
үшін!
Орнына не сұрайсыз? Қалағаныңызды алыңыз.
Ақаң жомарт кісі ғой. Бастығына бір тайды былай да сыйлайтын шығар,
деп мына жақтан Отарқұл қыстырылды.
Оу, сендерге ат не керек? Машиналарың бар емес пе? деді Ағыбай күле
тіл қатып.
Машина бар ғой. Бірақ ол құрғыр асфальтті жолда болмаса, мынадай
қырға шыққанда көлік бола ма? Кезінде талай жорғаны мініп, тісіңіз
сарғайды ғой, Ақа. Қоянкөкті маған қиыңыз, жекжат - тамыр болайық,
қолқаңызды соңынан сала жатарсыз, — деп Пернебек жат та кеп жабысты.
Ағыбай жауап беруге асықпай, бір жерін ауырсынған адамша қабағын
кіржитті.
Мыналардың көрсеқызар өзімшілдігіне, алуға келгенде жан таппай кететін
обырлығына іштей ыза болып, ширығып отыр еді. Иә, бұлар үшін қасиетті
ештеңе де жоқ, бәрін де сатуға, не сатып алуға болады.
108
Әдеби KZ
Пернебек шырағым-ау, сен өйтіп буынсыз жерге пышақ ұрмасайшы,
деді әлден уақытта баяу тіл қатып.—«Айрылысар тамыр ердің артқы қасын
сұрайды» деп, қартайғанда қолыма түскен бір жылқыға несіне қадала
қалдың? Қоянкөк Төреқұл досымның көзімдей көріп мініп жүр деп берген
сыйлығы. Есі бар кісі дос сыйлығын біреуге бермес болар.
Ойпыр-ай, Ақа, сізді мұндай қатты деп ойлаған жоқ едім, деп, Пернебек
теріс айналды. Саулық қойдың жасындай жасыңыз қалғанда, жорға мініп
теңселмесеңіз де болатын еді ғой...
Менің түсінбейтінім, сендерге аяқ астынан неге жорға керек бола қалды?
Жорғаның тұқымын құртқан осы өздерің емес пе едіңдер? деді Ағыбай да
күйіп кетіп. Ең соңғы жорға айғырды осыдан он жыл бұрын етке өткізіп
жібергенсіңдер... Жарайды, жорға мінгілерің келсе, мен Қоянкөкті аямай - ақ
қояйын, айғыр қып салыңдар ана қысырақтың үйіріне апарып. Сонда жорға
деген саған да, маған да, оған да жетеді.
Ақа, сіз қызықсыз, олай ету менің қолымдағы шаруа емес қой, деді
Пернебек екі алақанын бірдей жайып. Біздің шаруашылықтың асыл
тұқымды жылқы заводы екенін ұмыттыңыз ба? Жорға мінеді екенбіз деп,
жоғарыдан бекітіліп берілген жылқы тұқымын қалай бүлдірмекпіз? Жоқ,
ағасы, менің басым екеу емес. Көпе-көрінеу ондай нарушениеге бара
алмаймын.
Олай болса, сен де мені көп қинама, айналып кетейін. Қоянкөк саған тек
сән үшін керек шығар, мен үшін ол қалған өмірімнің мәні іспетті. Бұл әңгіме
осымен тынсын.
Жарайды ендеше, іші боқ, сырты түк бір тайды қимасаңыз, өзіңіз біліңіз.
Сонымен ел алдына түсіп кеткеніңізді біз де көрерміз, деп, Пернебек доң
айбатын сыртына салып, өзінше қырыстанып аттанған.
109
Әдеби KZ
Әлде соның дүмпуі ме екен, бүгін себепсізден - себепсіз Отарқұл келіп
соқтықты. Өзі күн ұзақ Әбікейдің дүкені жақта жүр еді, түскен кейін үйіне
масайып оралды. Одан төгіліп кетердей шайқалақтап, желі басына келді.
Шылымын аузына қисық тістеген күйі, Ағыбайға сүзеген бұқаша сүзіле
қарады. Ұрынуға қара таппай тұрғаны белгілі. Біреумен керісер алдында
осылайша мықтап ішіп алатын әдеті - тұғын. Бірақ бүгін мастыққа сүйеп,
айбарын әдейі асырып тұр ма деп ойлады Ағыбай. Өйткені сөзі тың, түйеден
түскендей.
Сен, шал, бұдан кейін ана құлындарды байлап - матап, азапқа салуыңды
қой, деді екі қолын мықынына тіреп теңселген күйі. Өзіңнің жалғыз
биеңді сойып алсаң да ерік өзіңде, ал совхоздың биелерін бүгіннен бастап
қоя бер.
Жарайды, қымыздан жерісеңдер ағытып-ақ жіберейін, деді Ағыбай
сөзге келместен.
Бие байласам осы елдің қамы да баяғы. Әйтпесе әкеме ас берейін деп
жүрген мен жоқ.
Елдің қамын сен ойламай-ақ қой, оны ойлайтын кісілер бар, Отарқұл
езуіндегі темекісінің тұқылын түкіріп тастап, қалтасынан «беломордың»
мыжылған қорабын шығарды да, екіншісін тамызды, Білесің ғой, мына
құлындардың әрқайсысы қанша тұратынын... Асыл тұқымды құлынның
біреуіне ернін ана әтуерлеп жүрген мәстегіңнің бесеуін алуға болды... Сенің
нен кетіп барады, пенсияда жүрген шалсың, ертең сол құлындардың біреуі
көтерем боп, қыстан шықпай қалса, мына мен жауап беремін.
Мемлекет менен сұрайды.
Ағыбай тіс жарған жоқ. Көк шөптің үстінде малдасын құрған күйі үнсіз отыра
берді.
110
Әдеби KZ
Сонан соң, Жұмаханов, саған осы бастан айтып қояйын, деді Отарқұл
оны тапап кетердей төне түсіп. Сірә, жайлаудан түскен соң, сенімен
біржола есеп айырысатын шығармыз...
«Есеп айырысқаны» қалай?
Кетесің жылқыдан... Жылқы бағу сен сияқты шалдарға енді қол емес. Оған
тепсе темір үзетін мына мен сияқты жігіттер керек, ұғып отырсың ба? Содай,
Жұмаханов... Ферма бастығының ұйғарымы солай:
Несі бар, егер көздеріне шыққан сүйел мен болсам, орнымды босатып-ақ
берейін.
Пернекеңнің беталысы тым қатты, деді Отарқұл жылқышының сөзіне
мән бермей.
Сірә, сені жылқыдан қумай тынбас. Өзіңде де бар, Жұмаханов, әнеукүні
бастықты бекер ренжіттің. Бір тайдың бетіне қарамауың керек еді. Өз басым
бастықпен ерегесіп береке тапқан кісіні көргенім жоқ. Сұраған екен бер де
құтыл... Дегенмен әлі де кеш емес, Қоянкөкті беретін ойың болса, Пернебекті
райынан қайтаруды мен - ақ мойныма алайын. Соны айтып, мұны
иығымен жапыра, қасына келіп отырды. «Шіркіндердің құрған тұзақтарының
түрін! деді қарт ішінен. Тығылыспақ ойнаған баладай бастарын
жасырса, құйрықтары көрініп жатады».
Ол үшін әуре болып қайтесің. Жетпіске келген жасымда бастыққа ат
мінгізіп жағынбай - ақ қойдым.
Танауына келген жат иісті сезініп, орнынан тұруға ыңғайланып еді, Отарқұл
етегінен тартып жібермеді.
Сөз тыңдамай қайда барасың? Отыр. Әнгіме бар... Мен саған бастықпын
ба, әлде сиырдың сирағымын ба?
111
Әдеби KZ
Күпәйкесінің ішкі қалтасында жартылай ішілген арағы бар екен, соңы алып
аузына таман апара берген. Оппаға тартылған судай құрқылдаған бір оқшау
дыбыс естілді. Сол-ақ мұң екен, сәл ыңғайға келіп қалған Отарқұлдың езуі
қисайып, жанары шапыраштанып сала берді. «Мынау жындарын қайта
шақыратын болды-ау» деп Ағыбай секем ала бастады.
Сен, шал, өзіңше қумын және қулығымды ешкім сезбейді деп ойлайсың
ғой, ә?
Қателесесің. Сенің секретің менің алақанымда, деді Отарқұл мұның бетіне
аунақшыған жанарын зорға тоқтатып. Көк дөненді қырғыз досымнан
алдым дегеніңе сеніп отыр ғой дейсің бе мені? Бекерден-бекер ат мінгізіп
жіберетін ақымақ адамды тапқан екенсің бұл күнде.... Барған жеріңнен ат
мініп қайтатындай сен кім едің соншалық? Ол қырғызға нең өтіп кетіп еді?
Өтіріктің де ептеген қисыны болуы керек қой,—деп басын шайқап, оқырана
күлді. Көк дөненді қайдан алып келгеніңді мен айтып берейін бе? Әлде
өзіңнің мойындағаның жөн бе? Мен білсем, өткен жылы жайлауда ұшты-
күйлі жоғалып кеткен Торытөбел биенің төлеуі бұл... Сен оны былтыр
түнделетіп өзіңнің қырғыз сыбайласыңа апарып бергенсің. Ол биыл соның
түсін өзгертіп, өзіңе қайтарып отыр... Қалай, төбесінен түстім бе? Білеміз ғой,
ұрылардың не істейтінін. Сен, Жұмаханов, мемлекеттің малын сіңіріп кетем
деп ойлама, біз ойы бәрібір желкеңнен сығып аламыз.
Шырағым, Отарқұл - ай, шиеттей бала-шаға бағып отырсың ғой, ақты қара
деуге қалай аузың барады? дегенде Ағыбайдың дауысы дірілдеп кетті.
Менің осы жасқа келгенше біреудің ала жібін аттамағанымды маңайдағы
жұрттың бәрі біледі. Ойларыңа бірден арамдық түсетіні несі осы сендердің?
Қоянкөктің шыққан жері белгілі, сенімді иесі бар. Төреқұлды өзің де сырттай
білесің, құдайшылығыңды айтшы, сол жамандыққа қиятын кісі ме?
112
Әдеби KZ
Білмеймін, білгім де келмейді сенің Төреқұлыңды, деп, Отарқұл
қолындағы құмыраны сарқып ішті де, иығынан асыра лақтырып жіберді.
Етегіне намаз оқып жүрген ешкім жоқ қазір. Тексереміз. Ертең - ақ кісі
жіберіп, сұрау салдырам. Қыдырып барған қазаққа жорға жетектетіп
жіберетін ол қайдан шыққан Атымтай жомарт екен, көреміз әлі...
Соны айтып, тұруға қам жасаған. Екі тізесі өзіне бағынбай, ауыр денесі
шайқалақтап, орнынан сиыршылап әрең көтерілді. Жаңа аяқтанған құлындай
тірсегі майысып, екі-үш қадам басты да, бірдеңесін ұмытқан адамша артына
бұрылды.
Шал, жаңағы айтқанымды ұмытқан жоқсың ғой, ә?
Нені айтасың?
Мына биебауды құрт дедім ғой мен саған. Есінде болсын, бұл — бұйрық.
Ағыбай бас жылқышының тәлтіректей басып үйіне қалай жеткенін, бірақ
онда да көп байырқаламай, Әбікейдің дүкеніне қарай бет алғанын сырттай
бақылап көріп отырды. «Осылардың қашан есінен танып жығылып қалғанша
тоқтамайтыны несі екен?» деп ойлады ішінен. Күн кіші бесінге тақап қалған-
ды. Үй маңында күйбеңдеп жүрген кемпірін көріп, дауыстап шақырып алды.
Қатын - ей, бие сауатын шелегіңді және желіге тамызатын бір аяқ, қымыз
ала кел, — деді орта жолға таяп қалған Күлайшаға.
Heгe, байғұс-ау? Әлі ерте емес пе?
Ерте ме, кеш пе, қайтесің оны сұрап... Ағытайық мына құлындарды.
Екеуміз енді бие байлап, сән түзеп, сауық құрмай - ақ қоялық... Бұйрық
солай... Жаңа «биебауды құртпасаң басыңды алам» деп кетті бас жылқышы.
Е, мейлі... сіңірімді созып бие саууға мен де құлшынып тұрғам жоқ. Өзін
ғой — жұмыс жоқта жұмыс тауып, басыңа бейнет тілеп алып жүрген...
113
Әдеби KZ
Ендеше құдай тілеуіңді берді. Араққа тойып ал да, көрпеге оранып жат
тырайып.
Күлайша шалының қабағындағы өзгерісті енді ғана аңғарғандай, кебісін
тырпылдатып үйге қарай жөнелген. Көп кешікпей бие сауатын қара шелек
пен торсыққа құйған қымызын алып қайта оралды. Сол бетінде бір ауыз тіл
қатпастан, әр биенің күпшек санын құшақтап отырып, көк тамыры
білеуленген арық қолдарына көз ілеспей бие саууға кірісті.
Ағыбай сауымнан өткен құлындардың ноқтасын сыпырып алып, сауырынан
бір қағып, өріске жіберіп жатыр. Әлден уақытта биебаудың басы қаңырап
бос қалды. Ағыбай қолындағы ноқталарды шумақтап, желі - арқанның үстіне
тастаған. Күлайша соны күтіп тұрғандай сырлы аяққа қымыз құйып алды да:
О, әулие ата Қамбар - ай, өзің жарылқай гөр! Қара қазан суалмасын, қара
саба қурамасын. Жылқышы ата, жирен сақал, өзің жар болып, жылқыны
жауға алдырма, жүгенді жұртта қалдырма... Құрығын сүйреткен ұрыңнан,
құйрығын сүйреткен бөріңнен сақта!—деп, аяқтағы қымызды биебауды
бойлата шашып жіберді.
Аумин!—деп Ағыбай да бетін сипаған. Қарттың көзінен сығылып шыққан
екі тамшы жас әжімді жүзін айғыздай сырғанап келіп, шоқша сақалының
ұшында мөлтілдеп сәл тұрды да, қара жерге қат-қат тамды.
Желіден босаған жылқылар бастарын жерге салмастан, өріске қарай беттеп
барады. Бұл күнде аяғы ақаусыз жазылып, қатарға қосылып кеткен Қасқа
құлын Ағыбайдың қасынан шықпай иіскелеп біраз тұрды да, ол да
жылқының соңынан ілесті. Қарт жылқышы желі - арқанды қазықтан шешіп
алып, шумақтап жерге тастады да, өзі буыны құрығандай көкмайсаға
шынтақтап отыра кетті.
114
Әдеби KZ
Кел, отыр... Тізеңді бүк, деді кемпіріне. Торсығыңда бірдеме қалды
ма? Құйшы.
Күлайша шара аяққа шүпілдетіп қымыз құйып берді.
Көз үйренбегенге қиын екен-ау. Тал түсте бие - баудың басы құлазып
қалғанын қарашы, деді ернін сылп еткізіп. Ағыбай қымызды екі бөліп
жұтты да, аяқты қайырып берді.
Мә, өзің де құйып іш... Бұдан кейін сен екеуіміз желі тартып, бие
байлаймыз ба, жоқ па, ішіп қал.
Байғұс - ау, саған не болды, дүниеден сонша түңіліп?
Солай, Күлеке. Бұл біздің соңғы жайлауымыз болар ма, кім білсін. Екеуміз
тым ұзақ көштік қой... Енді інге кіріп жататын мезгіл де жеткен сияқты.
Сол күні түстен кейін Қоянкөкке ер салып, біраз жерді шарлап қайтты. Ең
алдымен сауын биелерді айдап апарып жылқыға қосқан. Сонан соң еш
бұйымтайы болмаса да, бірнеше шопан ауылдарына соғып, өзімен тұрғылас
қарттарға аман - сәлем жасап, күй-жай білісті.
Олардың Қоянкөкке сүйсінген мақтау - мадақ сөздерін естіп, мұң басқан
көңілі сәл сергиін деді.
Талайдан бері атқа мініп, үйден ұзап шыққаны да осы еді. Ауыл - ауылдың
арасында Қоянкөктің тізгінін босатып, ағызып - ағызып алады. Көк дөнен
жорға болғанда, жай жол жорға, қой жорға емес, шапқан жорғаның өзі екен.
Мойнын алға соза ауыздығын сүзіп ағыза жөнелгенде, алдыңғы құйма
тұяқтары танауының тұсынан кезек жарқылдап, бойы мүлде аласарып, жер
тағандап жатып қалады. Қанша жортсаң да су төгілмес сұлу жүрістен бір
жаңылмайды - ау, жануар! Жылқының бабын бес саусақтай білетін
Төреқұлдай шебердің қолынан өткені көрініп-ақ тұр. Қоянкөкті құнанында
115
Әдеби KZ
бас білдіріп, жорғасың төселдірген кезде, басы-қасында өзі жүріп, бар өнерін
салған - ау, сабазың. Мың да бір рақмет саған, Төреқұл! Досыңның
жылқымен қош айтысар кезде басына жалғыздық түсерін сезіп, Қоянкөкті
әдейі сыйлаған екенсің - ау. Мынадай жорғаның үстінде жүргенде, кісінің
бай-кедейі біліне ме, тәйірі?! Бәсе, жүрісті жылқының адамға бітіретін
осындай бір желігі болатын сияқты ед. Ұзақ жыл дөкпек желіспен
шоқырақтап жүріп, Ағыбай оны да ұмытыпты - ау... Ту - у, көңілі көкке
көтеріліп, сарайының ашылып қоя бергенін қарашы! Міне, саған жылқының
билегені керек болса. Төрт аяқтыда бұдан өткен би бола ма?! Әлгі биші
жылқы деп, ауыздарының суы құрып жүргендері жорғаның қасында неге
тұрады, тәңірім-ау?! Олар, мүмкін, қаланың бишісі шығар. Ал даланың нағыз
бишісі —жорға емес пе?!
Ат үстінде көңілі өсіп келе жатып, әлдеқалай ойына оралған ескі бір әнді
ыңылдады:
Шабан ат, өтпес пышақ, шайпау қатын, Жігітті осы үшеуі қартайтады...
«Қайран қазекемнің уайым - қайғысының түрін көрдің бе?!—деп күлді
ішінен. Сонда олардың жүйкесін жұқартып, сағын сындыратын басты
қырсық жаңағы үшеу ғана болғаны ма? Сәби екен ғой Ағыбайдың аталары.
Кісіні қартайтатын небір кесапатты көрмей, таза күйінде өтіпті - ау,
жарықтықтар. Әйтпесе, бір Отарқұлдың өзі-ақ талайының шашын ағартуға
жарап қалар еді».
Дегенмен сөз қадірін білетін қазекең жаңағы өлеңді де жайдан-жай айта
салмаған болар.
Пышақтың өту - өтпеуі қазір өз мәнін жойды, әрине. Ал шабан ат пен шайпау
қатыннан құтылу қай заманда болсын оңайға түспейтін шығар - ау. Бір ғана
айырмашылығы: әйелдің шайпаулығы жұрттың бәріне бірдей ортақ
116
Әдеби KZ
бақытсыздық болса, шабан аттардың тақсіретін бұл күнде тек малшылар ғана
тартып жүр.
Бұл төңіректе жорғаның тұқымы үзілгелі он шақты жылдан асып барады.
Жылқы тұқымын асылдандыру науқаны көтерілгенде, бұл жұрт не үшін екен,
ауызды ең алдымен жорғаға салды. Сондағы жорға байғұстың бар жазығы
жергілікті қазақы тұқымнан шыққандығы. Қолдағы нәрсенің қор болып
көрінетін әдеті емес пе, аяқ астынан қазақы жылқының бағы тайып, үйір -
үйірімен етке өткізілді де, олардың орнын шеттен әкелінген асыл тұқымды
арғымақтар басты. Бұлардың көпшілігі бір көрмеге сүліктей сұлу
көрінгенімен, ұзақ мініс бермейтін, суыққа шыдамсыз, қыста қар астынан өз
тамағын тауып жей алмайтын, жемге бөгіп жылы қорада тұруға ғана
дағдыланған нәуетек нәзіктер еді. Малшы - қосшының астына, әйтеуір, төрт
аяқты, қыл құйрықты көлік тисе болғаны.
Олардан «атыңның жүрісі қандай?» деп, ешкім де сұрамайды. Бұл жұрт қазір
аттан гөрі машинаның жүрісін көбірек күйттейтін болды ғой. «Волгаға» қолы
жетпегендер «москвичтың» жүрісі жайсыздау деп, «жигулиге» аңсары
ауыңқырап жүр... Ал қазақ даласында мыңдаған, он мыңдаған адамның күн
ұзақ мал соңында, ат үстінде жүретіні, оларға да жүрісі жайлы көлік керек
екені еске алына бермейді. Солардың ішінде өмірі жорға дегеннің не екенін
білмей өтетіндері де. бар шығар - ау. Қамшымен салып қалсаң құйрығын
шипаң еткізіп, борт-борт желетін шабан торының жүрісінен әбден мезі
болып, жігері жасып жүргендер қаншама. Кейбір жастардың мал бағудан бой
тартып, қашқалақтауының бір себебі осы көлікке байланысты емес пе екен?!
«Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?!» дегенді бұрынғылар осындайда
айтқан болар.
Ағыбай да көңілін көк дөненмен жарыстырып, ой өлкесі мен жер өлкесін
біраз шарлап қайтты...
117
Әдеби KZ
Сол күні кеште таулы өлкеде көптен тамылжып тұрған ауа райы аяқ астынан
бұзылды.
Суықтөбе жақтан түйдектелген бұлт шоғыры шыға келді де, сілбілеген ақ
жауын тәулік бойы басылмай, жұртты көк иық етіп жауды да тұрды.
Ертеңінде сай-саланы соқыр тұман қаптап, тау іші бұрынғыдан ары суыта
түсті. Демек, бұл ашық күндердің азайып, жайлау қызығының тарқай
бастағаны. «Сендерді ала жаздай алақанға салып еркелеткенім де жетер;
Енді есін барда етекке түсіп, жылы мекендеріңе жетіп алыңдар» деген
табиғаттың ескертпесі.
Ағыбай белінің шойрылмасы ұстап, үйден шыға алмай жатып қалған. Ұзақ
жыл мал соңында қар жастанып, мұз төсеніп өткен күндердің зардабы енді
білініп жүр. Қоянкөкті жылқыға қостырып, көз қырын сала жүруді Сайлауға
тапсырды да, екі-үш күн бойы оранып - шымқанып, өзі білетін ем-домын
жасаумен болды... Тек бүгін, күй қабағы ашылған соң ғана, жылы киініп
далаға шыққан. Жаңбырдан кейін төңірек жасаң тартып, ажарынан айрылып
сарғайып кеткен жота-жондар қайтадан көгере бастапты. Аспан әлемі
бұлттан аршылып, күн көзі жер төсін қайта қыздырып, қотан ортасынан жеңіл
бу ұшып жатыр.
Қарт жылқышы: «Адамның жаманы болмаса, күн жаманы кетеді» деген
аталар сөзін іштей қайталап, іргеде жатқан ыңыршақтың үстінде күн шуақтап
отырған - ды. Кенет таяу бір маңнан дүсірлеген тұяқ дүбірі естілгендей
болды. Бұл айналасына құлақ түріп, дүбірдің қайдан шыққанын пайымдап
үлгіргенше, әлгі қиқу күшейіп, қарсыдағы қоңыр төбенің арғы қапталынан
шоқтай иірілген жылқы үйірі де көрініс берді. Екі атты кісі жиырма-отыз
қаралы жылқыны алдарына салып, жау тигендей тырқыратып қуып келеді.
118
Әдеби KZ
Күж-күж етіп дүниені көшіріп жүрген ана бір үйелмендей үлкені Отарқұл
болар, сойылын иығынан асыра білеп - білеп алып, ұрымтал жерге келгенде
әлдебір қылаң жылқыны сауырдан салып етеді.
Мына сүркілдің тегін емес екенін сезген Ағыбай қиралаңдап орнынан тұрды
да, алдарынан көлденеңдеп қарсы жүрді. Бірақ Отарқұл мұны елең құрлы
көрмей, жылқыны қуған күйі ауылдың тұсынан ағындап өте шықты да, едәуір
жерге барғанда алдын зорға қайырды. Ағыбай енді байқады. Отарқұлдың
манадан бері соңына түсіп, сойылдап ұрып жүргені Қоянкөк екен. Есіл
жануар - ай, қанша жәбір көріп, таяқ жеп жатса да, тайпалған жорғасынан бір
танбайды - ау! Жорғаның жұп - жұмыр сауырына сойыл соңғы рет сарт
еткенде, Ағыбай өз арқасына тигендей, айдалада тұрып қайқаң ете түсті.
Алда, мал көрмегір ит - ай! Тілсіз хайуанмен осыншама өштесетіндей несі
күйіп кетті екен?
Қоянкөктің жазығы не сонда? Бар жазығы жорғалығы, мына
жылқылардың бәрінен өнері асқандығы ма? Елден ерек жақсылығы, асыл
тектілігі үшін де жазалайды екен-ау жан иесін... Отарқұлдың жіберген
жансызы қырғыз жайлауына барып, күдіктенер ештеңе таппай қайтып еді,
әлде мынау соның қысасы ма? Қап, таяу маңда міне қоятын аттың да
болмағанын қарашы! Астында аты болса, дүние күйіп кетсе де айқаса кетіп,
нойыс немені қақ басқа қамшымен тартар еді, шіркін!
Отарқұл Қоянкөктің соңына түсіп, біразға дейін айналдыра қуып жүрді де,
әбден сілесі қатып шаршағанда ғана ауылға беттеді. Бүйірлерін қағып,
көздері шатынап, елеуреп алған топ жылқы бұрынғы биебаудың орнына
келіп зорға байырқалады. Ауылдың қатын-қалаш, бала-шағасына дейін
үрпиісіп далада тұрған. Онсыз да қара бұжыр бет әлпеті өрт өшірген кісідей
түтігіп кеткен Отарқұл сойылын ердің қасына көлденең салған күйі, есік
алдына таман келді де, Ағыбайға дүрсе қоя берді.
119
Әдеби KZ
Ей, қақпас, көрден шыққан аруақтай неге тұрсың сүмірейіп? Жан керек
болса жақында бері таман!
Мәселенің мәнісіне әлі де түсіне қоймаған Ағыбай аяғын санап басып,
қасына жақындады.
Бас жылқышының үскіні қатты:
Сен, қу қақбас, өзіңнің не істегеніңді білесің бе, ә? Тұрған жеріңде
сойылмен бір-ақ ұрып қатыра салайын ба, осы?—деді ат үстінен айбат шегіп.
Иә, не істеппін? Тым құрыса айтын өлтірсейші, жарықтығым.
Түк білмегенсіп мекерсуін! Мемлекет малына астыртын қастық
ұйымдастырып қойып, үйіңде өтірік ауырып жатырсың бүркеніп... Бұдан ары
не істейін деп едің?
Не боп қалды? Мал аман ба өзі?..
Аман болушы ма еді? Жау шапты жылқыға... Жау шаппаса, айғыр шауып
кетті! Отарқұл көзіне қан толып, құтырына айқайлады. Кәне, жауап
берші: Әлдеқайдан тауып әкелген сүмелек айғырыңды жылқыға қосуға кім
рұқсат етті саған? Жаныңды баға алмай жүpiп айғыр ұстаған не теңің ей,
сенің?! Оның бір дәрігердің қарауынан өткен, тізімдегі мал болса екен-ау.
Бәлкім, ауыруы бар неме шығар, оны қайдан білеміз?.. Ал сенің мәстегің
өзінше сәуірік болып, барған беті қысырақтың үйірін шырқ үйіріп алған.
Құдай білсін, үш-төрт күннің ішінде қаншасына шауып үлгіргенін... Бұрын
тоқтаған биелердің құлынын ағызып жіберсе, нағыз масқара сонда болады.
Айғайдың неден шыққанын енді ғана пайымдаған Ағыбай сәл кеңіп
қалғандай болды.
Қысырақтың үйірі айғыр қабылдап жатса, онда күйігінің басылмағаны.
Мал адам емес біріне-бірі зорлық жасамайды. Қоянкөк асыл тұқымды
120
Әдеби KZ
айғырлардың шала қалған шаруасын өтесе, оның несі жаман? — деді мұртын
бүлк еткізіп. — Дүниеге құлын келеді.
Және жай құлын емес, жорға құлындар туады. Пернебек екеулерің жорғаны
жек көрмейсіңдер ғой, одан неге қашып тұрсың?
Ей, мына шал шын айтып тұр ма? Отарқұл атын тебініп жақындай түсті.
Сен өзің асыл тұқымды бір құлынның қанша тұратынын білесің бе?
Шашың жетпейді. Түкірдім сенің мәстегіңе. Жорға дейді ғой... Бәлем, мына
тұрған байталдардың бірі ауырып, не болмаса келер жылы түсі бөлек құлын
тауып көрсін, сонда сөйлесемін сенімен!—деп, қалтасынан бір парақ қағаз
суырды. Міне, акт жасадық. Жылқышылар түгел куәлікке жүріп, қол
қойды. Мұнда сенің айғырыңның қай биеге қашан жанасқаны түр-түсімен
түгел жазылған. Менің де басым екеу емес, осы қазір жеткізем Орталыққа!..
Әзірге айтарым, ана азбаныңа не бол. Арқандап қоясың ба, байлап бағасың
ба, жұмысым жоқ.
Тек жылқыға жоламасын... Ойға түскен соң, сенің өзіңнен де, айғырыңнан да
құтыламыз, құдай бұйырса.
Ағыбай үндеген жоқ, бұрылды да жүре берді. Дәл қазір Отарқұлмен
тәжікелесіп жатудан мән шықпайтынын білді. Ат дорбасын апарып, Қоянкөкті
ұстап алды да, белдеуіне әкеліп байлап қойды. Денеңнің сауырына, екі
қапталына тиген сойылдан айғыз-айғыз із қалыпты. Қолын сыңғыр - ай, дәті
барып қалай ғана ұрды екен?! Мал төркініне обал болады деп ойламай ма
екен, шіркіндер? Осындай тас жүрек, қатыгез адамдарды төрт түліктің
маңына неге жібереді екен? Өзінің сөз естігенін қойшы, хайуанға обал ғой.
Өз басы бұл сияқты қорлау мен кемсітудің талайын көріп, әбден еті өліп
кеткен. «Әлі жетпеген ақыретшіл», ақымақтың өзі кім, сөзі кім деп, іштен
121
Әдеби KZ
тынып қоя салатын-ды. Енді ойлап отырса, бұлар мұны сүйеніші, үрім-бұтағы
жоқ, қубас шал деп басынады екен ғой.
Соңынан ерген тұяғы — Айдары тірі тұрса, бүйтіп кім көрінгеннен сөз естір ме
еді?!
Ағыбайдың қай - қайдағы қасіреті қозғалып, көңілі лайланды да кетті.
Қоянкөктен кешірім сұрағандай, мойнынан құшақтап, еңкілдеп жылап
жіберді: «Жануарым - ай, сені мал қадірін білмейтін өңкей кещенің ортасына
әкеліп, әбден қор еттім - ау!—деді денеңнің жалын құшып тұрып. Сенің
бұрынғы иеңдей бола алмадым-ау. Төреқұлдың тырнағына да тұрмаймын
ғой мен бейбақ... Жорғаға мініп жүру үшін де, мықты тақым, дүмді құйрық
керек екенін мен байғұс ойлаппын ба?! Сені әлпештеп күту былай тұрсын,
арашашы болуға да жарамай, көзіне көк шыбын үймелететін болдым - ау,
жануарым!»
Осы сәтте оның басына: «Қоянкөктің обалына қалмай, ауыл арасы жақын
отырғанда, Төреқұлға қайтарып берсем қайтеді» деген бір ой қылт ете
қалған. Бірақ ол ойынан тез қайтты. Олай етуге елдік, азаматтық намысы
жібермеді. Қанша айтқанмен, қазақтың қарт жылқышысы Ағыбай деген аты
бар. Ауылға келген бір тайға ие бола алмаса, ел - жұрттан ұят емес пе?!
122
Әдеби KZ
IX
Ел жайлаудан қайтып, етекке көшіп түскелі де едәуір уақыт болған. Күзеуде
де жылқы үшін бөлінген арнаулы қоныс жоқ, жылқышылар ферма
орталығына таяу бұлақ бойына киіз үйлерін тігіп, жақында жиналып алынған
егіс даласының ортасында сынадай қыстырылып әрең отыр. Жайлаудағы
секілді мұнда да қырғын бәсеке: қой қаптап кетпей тұрғанда, жылқыны
босаған аңыздарға өрістетіп жайып қалулары керек. Жылқы дегеніңіз
тәуліктің жиырма төрт сағатында аузы босамайтын түлік қой, күндіз ұсақ
малмен таласа-тармаса жайылады да, кешке қой қораланған соң, орылған
егіннің орны бұларға еркін тиеді.
Бірақ жапа-тармағай жайылған көп мал қойсын ба, айналасы он шақты
күннің ішінде егіннің масағын да, шет - пұшпақта комбайыннан қалып қойған
арпа мен сұлы бастарын да кекілдей қырқып, тып-типыл етті. Енді тек ауыл -
ауылдың арасындағы астық өскен алаңқайларды, жыра-сайларды сағалап,
боз жусан мен қараған - бұтаны талшық еткеннен басқа амал жоқ.
Кеше ферма бастығы Пернебек келіп, бұларға тосын жаңалық айтты: биыл
жылқышылар құмға көшпейді. Экономистердің есептеуі бойынша, алысқа
мал отарлату, мойны қашық жерге жем-шөп, азық - түлік тасу совхозға қып -
қызыл зиянға түсетін көрінеді. Оған қосымша асыл тұқымды арғымақтардың
қысқы тебінге төзімсіздігі де ескерілсе керек, жылқы малы бұдан кейін күндіз
ғана жайылымға шығып, түнде жылқы қораларда тұратын болыпты. Сол үшін
механикаландырылған арнаулы жаңа қоралар салыныпты. Совхоздың қысқа
дайындаған жем-шөп қоры да жеткілікті деседі.
Бұл хабарға жас жылқышылар қуанысып қалды. Жылдағыдай қыс бойы
жылқы қосында қоңторғай болып, салт бастары көшіп жүрмейді енді. Жұрт
қатарлы жылы үйде, бала - шағаларының қасында болады. Орталықта ел
123
Әдеби KZ
көріп жатқан қызықтан бұлар да құр қалмай, кешке қарай киноға барады,
немесе телевизордың түбінде отырады. Несін айтасың, рақат!
Тек жыл аяғына қарай жылқы басы шағындалатынын, қазақы жылқының
қалғанын түгел етке өткізіп, қымбат бағалы асылдарын ғана алып қалатынын,
соған байланысты жылқышылар қатарынын қысқаруы мүмкін екенін
естігенде, жеребенің кімге түсетінін ойлап, бәрі де үндемей қалысты...
Ағыбайдың да іші қылп ете түскен. Штат қысқаратындай болса, алдынғы
кезек өзіне келетінін, сөйтіп қайран жылқымен қоштасатын сәттің де
жақындағанын сезіп, іштен тына күрсінді.
Айтқанындай - ақ, ертеңінде совхоз басшылары мен мамандар бас қосып,
жылқыны сұрыптауға кірісті: етке өткізетіндерін бір бөлек, қымбат бағамен
басқа шаруашылықтарға сатылатын асыл тұқымды айғырлар мен биелерді
бір бөлек, ипподромға барып жаттығудан өтетін жүйріктерді бір бөлек
іріктей бастаған. Малшы - қосшының астында да жүздеген мініс аттары бар
екен, олардың да ақсақ - жауыр, кәрі - құртаңын жинап алып, етке кететін
үйірге қосты да, орнына кілең дон тұқымдас жылқыдан дөнен - бестілер
үлестірілді. Сөйтіп әрқайсысын әр жаққа таратып әкеткенде, ферманың
қарауында сегіз жүздей ғана жылқы қалды. Бірақ бәрі де асыл тұқымды,
бағасы жөнінен бір - біреуі жай жылқының бесеуіне татитын тектілер.
Әрине, Ағыбай жылқының іріктеу билігіне араласқан жоқ. Басшылардың
айдап кет дегенін айдап кетіп, қуып кел дегенін қуып келіп, астындағы
Қоянкөктің тайпалған жорғасымен ары-бері жүйткіді де жүрді. Ондағы ойы
Қоянкөкті қалайда бастықтар мен мамандардың назарына іліктіру. Егер
көк жорғаның жүрісіне көңіл аударып қызығушылар табылса, оларға айтып
көрем бе деген өтініші де бар еді. Соның бір орайлы сәтін күтіп жүрген.
Жылқы үйірлері іріктеліп, хатталып - шотталып біткен шамада, шынында да,
124
Әдеби KZ
совхоз басшылары мен мамандар Ағыбайды жан-жақтан қоршап алысты.
Алдымен көңіл аударған директордың өзі болды.
Ақсақал, мына көк жорғаны қайдан тапқансыз? Біздің жылқыда мұндай
жорға жоқ сияқты еді ғой? деген машинасына мінер алдында Қоянкөкке
көзі түсіп.
Бізде қайдан болсын, біз түгіл, бүкіл ауданда жорға жоқ, деді Ағыбай
мақтанышын жасырмай. Қырғызстанда Төреқұл деген досым бар еді,
соның мінгізгені ғой!
Келіскен жылқы екен!—деді директор Қоянкөктің алды-артына шығып.
Кәне, жорғасын тағы бір рет көрейік: сонау бір дөңге дейін барып
қайтыңызшы.
Ағыбайға керегінің өзі де осы еді. «А, құдай, бере гөр!» деп, Қоянкөктің де,
өзінің бар өнерін аямай, көз көрім жерге жұлдыздай ағып лезде барып
қайтты.
Мынауыңыз, расында да, су төгілмес жорғаның өзі екен!—деді директор
шын сүйсініп. Қырғыз жылқысы дедіңіз бе? Мұның қызығын жалғыз өзіңіз
ғана көресіз бе сонда? Біз де мініп, құмардан шықпаймыз ба?! Орнына бір
жарамды жылқы алып, совхозға берсеңіз қайтеді?
Бұл кезде мамандар да, басқа жылқышылар да сол маңға жиналып қалған-
ды. Пернебек бастаған топ директордың айтқанын қолма - қол қағып алып,
тұс - тұстан қолпаштай жөнелді.
Дұрыс айтасыз. Ақаң енді қартайғанда жорға мініп қайда барады? Сізге
сыйлайтын шығар.
Деген, директордың - ақ мінетін аты!
Қоянкөк шын иесін жаңа тапты...
125
Әдеби KZ
Тал бойында айғырлығынан басқа бір міні жоқ. Ол жынын қағып алу қиын
емес қой, — десіп бірі атып, бірі қағады.
Араларында ипподромнан келген орыс жігіттері де бар екен: олар да
бастарын шайқап, таңданысып тұр. Ағыбай енді не айтасыңдар дегендей
жұртқа жағалай көз салып өтті де, ақырында директорға келіп тоқтады.
Берейін. Сөзіңнен садаға... Тіпті бодауына ештеңе сұрамай, тегін - ақ
берейін, деді дауысын қаттырақ шығарып. Бірақ қоятын бір ғана
шартым бар. Қоянкөкті бергенде, оны тек сұлыға байлап қойып, анда - санда
мініп, көңіл көтеру үшін емес, үйірге салып, өсім алсаңдар ғана беремін. Егер
осыған шыдасаңдар, көк жорға қазірден бастап сендердікі.
Директор төмен қарап, қипалақтап қалды.
Оған біздің шаруашылықтың профилі келмейді ғой. Бізде тек асыл
тұқымды жылқылар қалғанын өзіңіз де көріп отырсыз, деді күле тіл қатып.
Үйірге салу жағы қиын болар... Сіз екеумізге осы Қоянкөктің қызығын
көрсек те жетіп жатыр емес пе?!
Е - е, олай болса қолқа салмай-ақ қойыңдар, жігіттер, деді аяқ астынан
Ағыбайдың тәкаппарлығы ұстап. Қартайғанда жүрісі жайлы бір жылқы
өзіме де керек. Сендер «Волга» мініп тайпалғанда, орталарындағы бір шал
жорға мініп жүрсін де тым құрыса.
Жарайды, ол жағын енді өзіңіз білесіз, деп, директор сырт айналып
машинасына қарай бет алды. Көздің жауын алатын сұлу сәйгүлікке былайша
қызыққаны болмаса, оның да бәлендей емешегі үзіліп тұрмағаны белгілі еді.
Әңгіменің соңы сиырқұйымшақтанып, жұрт жан-жаққа тарай бастаған.
Ағыбайдың әлгі қылығын әбестік санап, құптай қоймағандары жүздерінен
көрініп тұр. Топ адамның арасынан әлдекімнің:
126
Әдеби KZ
Мына шал қонайын деп тұрған бақытты басқа тепті - ау. Директормен
жақын болып алса, мұртын балта кесер ме еді, — дегенін ап-анық естіді...
Сонымен, қарттың Қоянкөкті занды түрде үйірге салам ба деген үміті біржола
үзілгендей болды. Кәрі кісіге арқыраған айғырды байлап-матап ұстап отыру
да оңай емес. Дегенмен ол райынан қайтқысы келмеді. Ғайыптың ісімен
қолға түсіп қалған осы өңірдегі жалғыз жорғадан тым құрыса бір тұяқ
қалдырмай із - тозсыз жіберсе, өмір бойы өкініші кетпес еді. Ағыбай енді,
мыналарға ерегескенде осындағы жекелердің бірлі-жарым биесіне
шаптырса да, Қоянкөктен тұқым алып қалуға бел байлады.
Сол күні жылқының түнгі күзетінде болып, таңертең бірер сағат көз іліндіріп
алды да, шайдан кейін атына мініп, ферманың орталығына қарай аяңдады.
Осында жылқыға арналып жаңа типті қоралар салынып жатқан. Бұрын
сыртынан жанап өтіп жүргені болмаса, ішіне кіріп көрмеген еді, соны аралап
көрудің сәті бүгін түсті ақыры.
Жаңа құрылыс маңында қараңдаған бірнеше адам жүр. Екі қораның
арасындағы алаңқайда көксау жылқыдай күрк-күрк жөтеліп, «Белорусь»
тракторы тұр. Ағыбай атын оңашарақ байлап, әлгілердің қасына жақындады.
Ордаңдай басып ортада тұрған Пернебектің өзі екен. Қасында желке
шашы үрпиген, балаңдау үш - төрт жігіт тұр. Ферма бастығы бүгін көңілді
екен. Өзі бастаған үлкен бір жұмыстың біткеніне мерейі тасып, марқайып
тұрған секілді. Ағыбайға сонадайдан сәлем беріп, даурыға қарсы алды.
О, Ақаң келе жатыр екен ғой. Келіңіз, төрлетіңіз, деді бет-аузы түгел
жайылып. Көріңіз біздің сәйгүліктерге арнап салған сәнді сарайымызды.
Құдай біледі бар ғой, сіздердің кездеріңізде мұндай ғажайып түстеріңізге де
кірген жоқ.
127
Әдеби KZ
Жөн - жөн, шырағым. Қайырлы болсын... Жақсыны көрмекке деп,
жаңалықтарыңды әдейі көрейін деп келдім.
Мына тұрған жігіттер болашақ жылқышылар, деді Пернебек қасында
тұрған жастарды нұсқап. Жаңа заманның жаңа жылқышылары... Бұл күнде
бар жұмыс техниканың қолына көшті ғой. Бұлар бесаспап жігіттер: әрі
механизатор, әрі веттехник, әрі жылқышы.
Ағыбай мұрттары енді тебіндеп келе жатқан, күпәйкелі, керзі етікті, жалбыр
шаш балаларға көз тоқтатып, сынай қарады. «Жылқышыға жарыған
екенсіңдер» деді ішінен.
Бірақ сырттай сыр берген жоқ.
Несі бар, жастардың келгені жақсы. Бұлар бұрын тірі жылқының үстіне
шығып көріп пе екен? Мен танымайтын балалар ғой.
Көрмесе, енді көреді. Механизаторлық курсты бітіріп келген беттері осы.
Айтып тұрмын ғой, бұлар малды техникамен бағады.
Жөн - жөн. Бәрі де тепсе темір үзетін жігіттер екен... Мен өзім он бес
жасымда қолыма құрық алғам. Жылқы бағу үшін асып бара жатқан күштің
керегі жоқ, тек малға жаны ашыса болғаны... Ал, маған қораңды
көрсетпейсің бе?
Мархамат, жүріңіз!— жаңалықты көрсетіп мақтануға Пернебектің өзі де
кет әрі емес секілді, сөзге келместен алға түсе берді. Ағыбай мен жас жігіттер
соңынан ілесіп келеді.
Обалы кәнеки, жылқы қорасы мақтанғандай - ақ бар екен: екі жағында жүкті
машина еркін сыйып кететіндей кең қақпа. Қаз - қатар тіреулер мен бөлінген
қораның іші, тіпті ат шаптырым. Ұзыннан-ұзақ созылған ағаш науалар, жеке-
жеке тұратын жылқы ұялары.
128
Әдеби KZ
Осындай төрт қатар науаны қақ жарып, екі жерден жол өтеді екен, малға
берілетін жем - шөп трактормен жеткізіліп, науаларға мезгіл-мезгіл құйып
кетіп отыратын көрінеді. Бір сөзбен айтқанда, мұндағы жылқылар суатқа
барғанда болмаса, күндіз-түні далаға шықпай тұра беруіне әбден болады. Ол
да уақыттық қана қиыншылық. Кейінірек бұлақтан су құбыры тартылса, ауыз
су дегеніңіз шүмектен өзі-ақ құйылып тұрады. Несін айтасың, жылқыны енді
тұяқ қимылдатпай, жамбастап жатып-ақ бағуға болады.
Пернебек те бүгін бабында екен. Осының бәрін майын тамыза түсіндіріп
келді де, бір мезет өткен өмір мен бүгінгіні салыстыра кетуді жөн көрді.
Қайран, Ақа, сіздерге кейде жаным ашиды, деді толқи тіл қатып.
Қарттар, сіздер не көрмедіңіздер?! Бала да болсақ шет жағасын көрдік қой,
қысы-жазы үй бетін көрмей, қар жастанып, мұз төсеніп, жылқының ішінде
жүретінсіздер. Бәрінен де сорақысы, қыстың қақаған аязында сонау құм
арасында киіз үймен отыратын едіңіздер - ау!.. Соны ойласам әлі күнге дейін
төбе шашым тік тұрады. Ол заман келмеске кетті, әрине. Қазір бәрі басқаша.
Космос дәуірі деген осы: қазіргі адамдар сіздердің кездеріңіздегідей
итжанды, көнтерілі, көмпіс емес, тіршіліктің мәнін жақсы біледі, жанға
жайлы, дұрыс жерде өмір сүргісі келеді. Ол үшін білімі де, өнері де жетіп тұр.
Техниканың көмегінсіз, тұяғын да қимылдатпайды... Бұл күнде адам түгіл,
жылқы екеш жылқының өзі баяғыша тебінге шығып тентіремей, биік ақырда
сұлы жеп тұрғанды ұнатады...
Оның бәрі жөн ғой, Пернебек шырағым. Менің бір түсінбей тұрғаным
сонда жылқы жарықтық бұдан кейін дала бетін көрмей, мәңгі қамауда
тұратын болғаны ма? деді Ағыбай, завферманың әңгімесі тым созылып
бара жатқан соң.
129
Әдеби KZ
Далаға шықса, тек жаз маусымында ғана шығатын болар, деді Пернебек
ойланбастан. Жазда екі - үш ай жайлауға апарып жаятын шығармыз. Ал
қыста далаға шыққанда не бітіреді? Маңайда бәрібір тіске шұқитын ештеңе
қалмай барады.
Қызық екен...
Несі қызық? Бұдан кейін малды адам емес, техника бағатын болады,
деді Пернебек қолын сермеп. Ертеден кешке дейін мал соңынан сандалу
дегеніңіз қазір ескіліктің қалдығы... Ақа, көңіліңізге келмесін, бұрын сізді
тәжірибелі жылқышы деп, пір тұтып келдік қой. Енді олай емес, сіздердің
тәжірибе деп жүргендеріңіз қазірдің өзінде ескіріп қалды. Айтыңызшы,
мәселен сіз мынадай жаңа комплексте жұмыс істей алар ма едіңіз?
Жоқ, істей алмайсыз. Өйткені техниканы меңгермегенсіз. Ал, мына болашақ
жылқышылар, деді Пернебек таяу тұрған жалбыр шаштың иығына қолын
артып, машинаның да, трактордың да құлағында ойнайды... Ертең - ақ
етке өткізілетін екі жүз жылқы осында әкелінбек. Көрерсіз, бір айдан кейін
солар майдан баса алмай қалады.
Бәрін оңайлатып жібердің - ау, шырағым, деді Ағыбай мұртын бүлк
еткізіп. Мен бірдеңе білсем, жылқы жарықтықтың тәулік бойы аузы
құрғамайтын сияқты еді. Сонда оларды күндіз-түні тығындап тұруға жем -
шөп жетісе ме?
Жетеді, деді Пернебек бөгелместен. Техника бәрін де орнына
келтіреді. Бұрынғы көктеу, күзеу деп жүрген жерлердің бәріне арпа мен
сұлы, жоңышқа мен жүгері егіп тастаймыз. Жем дегенің былай болады,
деп, сұқ саусағымен тамағын орып жіберді. Айтпақшы, сіз таяуда сатып
әкелген шөп тартатын тиірменді көрмей жүр екенсіз ғой? Ол бір ғажап: Оған
тал ма, терек пе, қараған - бұта ма, бәрібір, жер бетіне қылтиып шыққан
130
Әдеби KZ
дүниенің бәрін ұн қып уатып шығара береді. Ал соны жемге қосып бердіңіз
бар ғой, жұғымы тіпті керемет!.. Сонан соң бізге химия көмекке келеді,
деді Пернебек екіленіп.
Газеттен оқыдыңыз ба? Кәдімгі сабанды, талдың тамыры мен жапырағын
талқандай турап, оған химиялық тұздар, қышқылдар қосып, булап, ашытып
беретін болсаңыз, ол да малға таптырмайтын тамақ көрінеді... Ой, Ақа, несін
айтасыз, ғылым мен техника небір ғаламатты жасап жатыр ғой қазір. «Ағып
тұрған сөз ғой, тек сылдыр сөз!—деп ойлады Ағыбай өзінің бастығына қарап
тұрып. Жердегі қылайғанның бәрін талқандап тамаққа айналдырсаңдар,
жетісерсіңдер!
Қараған - бұтаны тауысып, енді тал мен терекке ауыз салдыңдар ма? Сонда
не қалады жер бетінде?»
Бірақ бұл ойын ашық айтпай, Пернебекпен сөз таластырып жатқысы келмеді.
Ағып тұрған сөз ғой, бәрібір тоқтата алмайсың. Қазанын қанша араластырсаң
да, шөмішіңе шеміршек те ілінбейді.
Ылайым, солай болсын, Ұзағынан сүйіндіргей! деді екеуі есік алдына
шыққан кезде. — Мен арызымды ертең-ақ әкеліп берермін.
Нені айтасыз?
Енді бұл жылқының айналасында мен істейтін не қалды, көзімді
құртпаймын ба?
А - а, жұмыс жайын айтып тұрсыз ба? Ол жағы өзіміздің де ойымызда бар,
деді Пернебек, маңайда ешкім жоқ болса да, мұны оңашалап. Сіз
туралы директормен сөйлескем. «Жарты ғасыр жылқы баққан адамды
далаға итеріп тастағанымыз болмас, жеңіл - желпі жұмыс берейік» дегем...
Беталысы жақсы еді. Кім білсін, кешегі жағдайдан кейін қалай өзгеріп
131
Әдеби KZ
қалғанын?—деді мүлде сыбырға көшіп. Жыл аяғына дейін жылқыңызды
баға берсеңізші. Жаңа жылдан бастап, осындағы ат қораға қарауыл боласыз
ба, бір мәнісін ойластырармыз...
Ағыбай үш ұмтылып атына әрең мінді. Екі иығынан зіл басып, өзін жан
баласына қажеті жоқ, артық адамдай сезініп келеді. Шынымен - ақ қартайып
қалғаны ма? Басқалардың көзіне лақса кәрі, өлмелі шал кейпінде көрінетін
болғаны ғой, шамасы? Ал өз көңілі баяғыдай. Жаяу жүргенде ептеп кібіртік
тартқаны болмаса, ат үстінде өзін әлі де мығым сезінеді... Пернебекті тыңдап
отырса, дүние дегенін мүлде өзгеріп кеткен тәрізді. Оның сөзіне қарағанда,
бұл бейне басқа бір әлемнен адасып келген адам... Уақыт көшіне ілесе
алмай, көзге күйік, қолға байлау болып жүрген тірі масыл біреу етіп көрсетті -
ау мұны!
Тек солар—дүниенің тұтқасын ұстап тұрған. Бірақ сол Пернебектің өзі
болашақта не болатынын жете біле ме екен, сірә? Соның айтқандарында
жаңсақтық жоқ па екен? «Дүмше молла дін бұзар» дегеннің кері келіп
жүрмесін. Әй, солай шығар. Жүрегі бірдеңені сезеді.
Шіркін, Ағыбайдың көңілінде де небір армандар болып еді-ау кезінде.
Осынау дала төсінде жылқы дегенің құландай жортып, қаптап жүрсе деп
қиялдайтын. Солай істеуге жағдай да, мүмкіндік те бар сияқты көрінуші еді.
Ана бір жылдары құмды өлкеден артезиан құдықтары қазылады екен
дегенде, бұл қандай масайрады десеңізші. Құмға егін салына қоймас,
жылқыға кең өріс ашылар деп қуанған. Егер құмда су мәселесі шешілсе, он
мыңдаған жылқыны мемлекеттен бір тиын шығармай - ақ, емін-еркін
қыстатуға болар еді. Бір жиналыста Ағыбай осылай деп сөйлеген де болатын.
Сонау Топардың құмында өздігінен өсіп, жайылып жүрген шу - асау
жылқыларды мысалға келтірген. Амал қанша, ол құдықтар қазылмай қалды
132
Әдеби KZ
ғой... Судан қиналмаса, жылқы қашанда өз тамағын өзі тауып жейтін мал.
Оған қалың қарың да, түтеген бораның да тоқтау бола алмайды.
Жүздеген шақырым жайылымдарға қоныс аудару да қиынға түспейді. Атам
заманнан бері қай қазақ жылқы үшін шөп шауып, жылы қора салып еді?
Амал не, аяқ жететін жерге дейін өзі айдалып жайылатын қайран түліктің осы
қасиетін ешкім бағаламады ғой.
Жылқыны көбейтіп, әрі арзандатудың орнына, санын азайтып, бағасының
қымбаттағанына мәз болып жүр кейбіреулер...
Ағыбайдың басына осы тәріздес шырма - шату ойлар келіп, ауылға көңілсіз
оралған-ды.
Атынан созалаңдай түсіп, белдеуге байлай бергені сол еді, үйден жарқылдай
күліп, Ержан шыға келді. Жаздағыдай емес, күнге күйіп, жел қағып,
толысқаны байқалады.
О, даламыздың соңғы серісі, хал-жағдайыңыз жақсы ма? деп келе - ақ
шылбырына жармасты. Қабағыңыз пәс қой өзіңіздің? Бір жеріңіз ауырып
жүрген жоқ па?
Тәнім сау... Бірақ жаныма түскен жара бар, деді Ағыбай жиенінен сыр
жасырмай.
Неге олай? Себебін білуге бола ма?
Жаңа жылдан бастап жылқыдан босатамыз деп жатыр...
Ой, тәйір - ай, сол-ақ па? Мен де төтенше бірдеңе болып қалған екен
десем, деді Ержан оның бетіне күле қарап. Орнынан түсіп қалған
президенттер де өліп қалмай, аман-есен жүріп жатыр ғой. Сіз де бірдеңе етіп
күн көрерсіз.
133
Әдеби KZ
Саған ойын керек - ау... Мен өзімді ойлап тұрғам жоқ, жылқының жағдайы
алаңдатады.
Екеуі үйге кіргенде, Күлайша күйбеңдеп шай жасап жатыр еді. Ағыбай
дастарқан басында бүгінгі көрген - білгені мен Пернебектен естігендерін
қысқаша баяндап берді.
Осылай боларын баяғыда-ақ білген ем, — деді Күлайша сөзге араласып. —
Кет деген сөзді айтқызбай-ақ, ертерек жолға түсуің керек еді. Өзің ғой
талақ боп жабысып жүрген... Бәлем, сауап болған екен!
Ендеше құдай тілеуіңді берді, деп Ағыбай кемпіріне түйіле қарады.
Есі-дертін көшіп - қонудан құтылып, орталыққа барып түсу еді, ол арманыңа
да жететін болдың.
Енді рақат: кешке қарай шалдармен қолтықтасып киноға барып тұрасың.
Орталықта салған үйің саңғырап тұр еді жаманнан қатты! Сонда кімнің
қолтығына барып тығылмақсың?
Ағыбай біразға дейін үндемей, кеседегі шайын сораптай түсіп, ойланып
отырды да:
Асылханның ескі тамы бос тұрған көрінеді. Биылша сонда қыстап
шығармыз,—деді күмілжіңкіреп. Екеуміздің қай дүниеміз сыймай барады,
басқалқа табылса болды да.
Байғұс-ау, қай Асылханды айтып отырсың?
Тұрардың Асылханы ше? Ұмытып қалдың ба?
Ойбу, енді не бетімді айтайын!—деп, Күлайша сұқ саусағымен оң жақ
бетін осқылады.
134
Әдеби KZ
Баяғыда сол Тұрардың босағасынан шықпап па едің!? Қырық жылдан
кейін сол есікке қайта айналып бармақсың ба?
Шіркіннің намысшылын!—деді Ағыбай мырс етіп. Асылхан кімнен кем
екен?
Тұрардың әулеті... Кеше көрдім сегіз бөлмелі саңғыраған үй салып
алыпты...
Далада қалсам қалармын-ау, бірақ бір құдай жетектеп, бір құдай
қамшылап айдаса да, Асылханның босағасына бармаспын!—деді Күлайша да
қасарысып. — Сенің - ақ осы бет моншағың төгіліп тұрады екен... Одан да ана
директорға барып үй сұрамайсың ба? Өмір бойы жылқы баққаның өтірік
емес. Қартайғанда дәніңді алып, сабаныңа ат қоймайтын шығар?!
Ағыбай тағы да үнсіз отырып қалды. Күлайшаның үндемей жүріп-жүріп келіп,
анда-санда осылайша сөзді жік - жігімен тастайтыны бар. Мұндайда оның
бетіне келу қиын. Және бұл рет айтып отырғаны қисынсыз да емес... Айтты -
айтпады, сонша жыл өткеннен кейін басқа барар жер, басар тау таппағандай,
Тұрар тұқымына барып аманатын артуы ыңғайсыздау екен. Бұл жағын
Ағыбай ескермепті. Тас түскен жеріне ауыр, не де болса совхоз басшыларына
деген өкпесін былай қоя тұрып, солармен жалғасып көреді де. Тіпті болмаса
ат қораға қарауыл болып - ақ қалар.
Ержан манадан бері атасы мен апасының әңгімесіне кезек құлақ түріп, анда-
санда жымиып қойып, үнсіз отырған-ды. Кенет орнынан қозғалақтап, сөзге
араласты.
Жарайды, нағашы, жағдайыңыз мәлім болды. Сіз де кемпіріңізден
қорқады екенсіз ғой, — деді жырқ-жырқ күліп. — Апа, сіз де, теңдік алғанның
жөні осы деп, шалыңыздың екі аяғын бір етікке тыға бермеңіз...
135
Әдеби KZ
Қоңырайысып отырған кемпір-шал мына сөзге еріксіз күліп жіберді. Күлайша
шәйнегін шоққа батырыңқырап, шайын қайта демдеді.
Е, осылай көңілді отырайық та, деді Ержан еркелеп. Үй жағын
уайымдамай-ақ қойыңыздар. Үй қажет болса, мен - ақ сатып әперейін.
Ондай соманы кім береді, құлыным - ау?—деді Күлайша ернін сылп
еткізіп.
Қазір ауылдағы ең тәуір үйлер екі-үш мың сомнан аспайды. Ол мен үшін,
шындасам, екі-ақ айлық жұмыс.
Сонан соң өзінің алдағы жоспарын айтып кетті. Жақында ғана осы совхоздан
көтеріп алған жұмысын аяқтап, есеп айырысыпты. Енді мына көршілес
«Көктерек» совхозы шақырып отырған көрінеді. Жаңа жылға дейін, амандық
болса, оны да бітіріп тастайтын ойы бар.
«Алтын басым аман қалса, алты - ақ күнде тірілем» деп жылан айтады
екен ғой. Сол айтқандай, мен де алтын қолым аман болса, сіздерді үй-күйсіз
қалдырмаспын, — деп жас жігіт шалқайыңқырап отырды.
О, түріңнен айналдым сенің! Жұмысбасты болып жүдеп кетіп жүрме,
құлыным, — деді Күлайша жадырай түсіп.
Ал сіз, нағашы, жылқыдан кететін болдым деп, андағы бурыл тартқан
сақал - шашыңызды текке ағарта бермеңіз, деді Ержан. Бұл жылқы енді
сізге опа бермейді, қайта ертерек құтылғаныңыз жөн.
Е, неге? деп Ағыбай еңсеріле бұрылды.
Сол. Жылқының заманы өтті. Жиырмасыншы ғасырдағы басты бір оқиға
машинаның жылқыны ығыстыруы. Армияда атты әскер жойылып, ырдуан
арбалар отқа жығылған кезде-ақ жылқының басынан бақ тайған... Миыңыз
136
Әдеби KZ
болса, Қоянкөкті сатып жіберіңіз де, тірнектеп жинаған ақшаңызды қосып,
машина алыңыз.
Машинаны қайтем? Соғымға соям ба, әлде сауып ішем бе?—деді Ағыбай
мырс етіп. — Темір тамақ болмайды тегінде... Бәлкім, бұдан кейін жылқының
күші қажет болмас, бірақ оның қазы - қартасы мен қымызы далада қалады
дегенге сенбеймін.
Әй, нағашы - ай, кейде бала сияқтысыз, деп Ержан біраз күліп алды.
Жылқы қасиетті болса, мына сізге, қазақтарға қасиетті: етін жейсіз, қымызын
ішесіз. Бірақ дүниеде жылқының етін де, сүтін де татып алмайтын халықтар
бар ғой. Мәселенки, сіз өзіңіз: «жеп еті, алып терісі жоқ» деп есекті керемет
жек көресіз. Кейбір халықтарға жылқы да сол есек тәрізді: күші адал, сүті
арам. Ал бізде мемлекеттік жоспар жалпы халыққа арналып жасалады.
Шіркіндер дәмін алмай жүр ғой. Әйтпесе, жылқы етіне жететін ет бар ма
дүниеде?!— Ағыбай шынысын төңкеріп, іргеде жатқан насыбай шақшаға
қолын созды.
Қайтесіз, нағашы, салт-дәстүр солай. Мың жылдан бері қалыптасып кеткен
кімнің дағдысын өзгерте аласыз? Мәселен, өзіңіз «доңыз» деген түліктің
маңынан жүргіңіз келмейді. Ал қоңдылық жағына келсек, одан семіз хайуан
жоқ...
Айтпашы құрып қалғырды. Дастарқан басында арам нәрсені ауызға
алғаның не?—деп, Күлайша танауын тыржитты.
Міне, көрдіңіз бе, өздеріңіз де бүкіл бір түлікті мойындамай отырсыздар.
Демек, әр халықтың ұғымында малдың қадір - қасиеті әр түрлі. Сіздер
жылқыға табынсаңыздар, біреулер сиыр мен шошқаны жоғары бағалайды.
137
Әдеби KZ
Ал егер жылқы керексіз болса, оның тұқымын асылдандырамыз деп неге
әлекке түсіп жүрміз? деді жиенінің сөзіне ден қоя бастаған Ағыбай.
Басқа түліктердің тұқымын жақсартқаны түсінікті: сиырдың еті мен сүті
молаяды, қойдың жүні көбейеді. Ал, жылқы тұқымын өзгертудегі мақсат не?
Жылдамдық үшін, деді Ержан ойланып жатпастан. Жылқы тұқымын
асылдандырғанда, оның еті мен сүті, не терісі үшін емес, көбінше спорттық
мақсаттар көзделіп отыр. Бұл ғасыр жылдамдық ғасыры екенін жаңа айттым
ғой, адамдар соның инерциясынан әлі арыла алмай келеді. Машина, поезд,
самолеттердің жылдамдығы өз алдына, енді жылқының шабысынан
рекордтар жасауымыз керек... Жылқы малының қазіргі замандағы үлкен бір
қызметі ипподромдар мен цирктерде өнер көрсетіп, адамдардың көңілін
көтеру... Өткен жылы бір журналдан оқығаным бар: Американың бір ғалымы
жылқы тұқымын кішірейте - кішірейте, ақыры мысықтай ғана қуыршақ
аттарды ойлап шығарған. Денесінің ергежейлі мәстектігі болмаса, өзінде
жылқының күллі белгілері сақталған деседі. Ол да жер тарпып оқыранатын
көрінеді, күлдір-күлдір кісінейтін көрінеді. Столдың үстіне шығып алып,
ортекеше билейтін өнері тағы бар дейді, деп Ержан өз сөзіне өзі мәз
болып, тырқылдап күліп алды. Ал, осы ойыншық жылқының бағасы қанша
дейсіз ғой? Жай жылқыдан әлденеше есе қымбат. Өйткені оған
ғалымдардың еңбегі, лабораториялардың шығыны қосылады. Билеп беріп,
көңіл көтеретін өнері тағы бар... Әсілі, батыс елдерінде биші жылқылар өте
жоғары бағаланады. Естуіңіз бар шығар, деді ол әлденені есіне
түсіргендей. Біздің Луговойдан шыққан Абсент деген ат болды. Өзі
сүліктей қара, ат біткеннің сұлуы - тұғын. Сол Абсент биші аттардың
жарысына түскенде, алдына жан салмай, талай рет әлем чемпионы атанды.
Кемемен, самолетпен саяхаттап, жер шарында бармаған жері жоқ.
Естуімізше, Америкаға барған сапарында бір капиталист Абсентке өлердей
138
Әдеби KZ
қызығып, «осы атты маған миллион долларға сатыңдар» деп жата кеп
жабысыпты. Бірақ біздің адамдар әлгіге сауырын да сипатпаған.
Өйткені намысты ақшаға айырбастауға болмайды ғой. Естіп отырсыз ба?
Миллион доллар! Мұның өзі ең бері айтқанда мың жылқының құны емес
пе?! Қазір кейбір адамдардың мың не жүз жылқы бағып азапқа түскенше,
Абсент сияқты бір-ақ ат баптағанды артық көретін себебі осы...
Сөзіңе болайын сенің!.. Сол мақтап отырған арғымағың шынтуайтқа
келгенде бір-ақ үйдің соғымы емес пе? Сонда қалған ел әлгі үйдің аузын
жалай ма? — деді Ағыбай жиенінің сөзіне илана қоймай.
Әй, нағашы - ай, аузыңызға соғымнан басқа сөз түспейді - ау... Ойбай-ау,
олар ешқашан сойылмайтын биші аттар емес пе. Соған қарағанда, спортқа
онша мән бермейсіз - ау деймін?
Бәрібір сенің айтқандарың көкейіме қонып тұрған жоқ. Менің білетінім
жер бетінде жылқы көп әрі арзан болуы керек. Жылқы көп болса, жүзден
жүйрік, мыңнан тұлпар шықпай қоймайды. Мал басын бірыңғай есепке,
ақшаға бағындыру қателік. Ақша тамақ болмайды, балам. Алдымен азық -
түлік жағын қамдап алып, ойын - сауықты сонан кейін іздеген дұрыс болар.
Жаңа айттым ғой: жылқы еті жұрттың бәріне бірдей азық бола алмайды
деп...
Азық болады... Болғанда қандай! Сол адамдардың тамағы тесік екені рас
болса, жылқының қазы - қартасы өзін әлі - ақ ақтап алады.
Жарайды, мен қойдым, нағашы. Бұл жолы мен - ақ жеңілейін, деді
Ержан екі қолын бірдей көтеріп. Менікі әншейін сізге қазіргі жұрттың
аңысын аңдату ғой баяғы.
139
Әдеби KZ
Әйтпесе, қазы-қартадан, сары қымыздан безіп жын қағып па мені! Соғым
сойған сайын апамның жасап беретін шұжығының дәмі әлі таңдайымда тұр,
деп тілін сорып, тамсанып қойды.
Осылайша қаңғыр - құңғыр әңгімесімен кемпір - шалдың көңілін аулап, біраз
сергітіп тастаған Ержан шайдан кейін қайтуға қамданып, қоштаса бастады.
Бұдан ары бөгелуге уақыты жоқ, бүгін қолы қалт еткенде, үлкендерге сәлем
беру үшін амалсыз бұрылыпты.
Ертеңдер қағаз-қаламын, бояуын толықтырып алып, «Көктерек» совхозына
жүріп кетпек.
Биыл қыс бойы осы ауданда көтерме жұмыстар істеп, біраз қаржы жинап
алады да, көңілдегі үлкен мақсатқа сонан кейін қол созады.
Айтпақшы, ұмытып бара жатыр екем - ау, деді ол есіктен шыға бере
артына бұрылып. Мен қазір Төреқұл екеулеріңіздің жайлаудағы
сәттеріңізден сурет салып жүрмін, эскизі бітуге жақын... Былайша жаман
шықпас деп ойлаймын: Ақ басты Алатау, төскейде қылаң берген қалың
жылқы. Төбенің басында насыбай атысып, сәлемдесіп тұрған қос жылқышы
қазақ пен қырғыз... Қалай, ұнай ма сізге? Мен жақында XV ғасырдағы
италиян суретшісі Леонардо До Винчидің жылқы туралы айтқан мынадай
сөзін оқыдым: «Дүниедегі жан - жануардың ішінде жылқыдан сұлу,
жылқыдан кемел жаратылған бірде-бір хайуан жоқ» депті ұлы суретші. Ғажап
емес пе?! Бұл сурет болашақта «жылқышылар» деп аталатын үлкен циклге
кіреді. Жаман жиеніңіздің қырсығын бір тарқатса, түбі осы цикл тарқататын
шығар, нағашы.
Жас жігіт нағашы атасы мен апасына қарап ақсия бір күлді де, жылдам басып
шығып кетті. Сол жарқын жастық шырайынан үй ішінде де бір жарық сәуле
қонақтап қалған сияқтанды.
140
Әдеби KZ
«Тентектің бір аяғы сегіз, бір аяғы тоғыз...» Ержан атының басын түзеп
алды қазір.
Осы бетінен таймаса, әлі-ақ адам боп кетеді, деді Ағыбай сүйінішін
жасырмай.
141
Әдеби KZ
X
Малшы қауымның жаз жайлауда көрген аз күндік рақатын желкелерінен
сығып алғысы келгендей, биылғы қыс қаһарына ерте мініп, тым жайсыз
басталды. Қараша туысымен сілбілеген ақ жауын апта бойы ашылмай,
жұртты әбден ығыр қып, бүркіп тұрып алды да, жылбысқа жылауық күздің
арты қылаулаған қарға айналды. Ауа іріген сүттей қоймалжың тартып, сай-
саланы тұмшалап алған соқыр тұман біразға дейін сейілмей қойды. Көктемде
сәуірдің сабалақ бұлты осы Алатау өңіріне келіп «құлындап» еді. Тек арты
қайырлы болғай.
Соңғы екі-үш күнде Ағыбай аттан түскен жоқ. Қарт жылқышы суық қысып
бара жатқан соң, Күлайшаны фермадағы босаған үйлердің біріне енгізіп,
«уһ» деп жан шақырғаны сол еді, міне, ойламаған жерден тағы бір қарбалас
жұмыс табылды. Мұндайда жамандықтың жалғыз жүрмейтін әдеті ғой,
осыдан бір апта бұрын Сайлаудың қарауындағы табыннан бес бірдей жылқы
кем болып шыққан: Екі құлынды бие, бір құнажын байтал бар қасында.
Жас жігіт тұманды күні байқамай қалған ба, әлгі бесеуі» үйірден бөлініп, бір
қалтарыста қалып қойыпты. Алғашқы күндері Сайлаудың өзі, тағы басқа
жігіттер кезектесіп іздеген болып еді, бәрі де ешбір дерек таппай, сандалып
бос қайтты. Тәртіп бойынша себепсіз жоғалған малды бақташы төлеуге тиіс
болатын. Бірлі-жарым бас болса ештеңе емес, бес бірдей асыл тұқымды
жылқының орнын толтыру оңай ма, Сайлау байғұстың жүні жығылып, бір-ақ
күнде еңсесі түсіп кетті.
Жас жылқышы жыларман болып, Ағыбайға келіп мұңын шақты.
Екі күні бойы бармаған жер, баспаған тауым жоқ. Әбден басым қатты, Ақа.
Жігіттер де сұрау салып көмектескен болып жүр. Бірақ біреудің жоғын біреу
өлең айтып жүріп іздемей ме қазір. Серіктеріме де сене алмай отырмын. Бұл
142
Әдеби KZ
өлкенің жер жадысын өзіңізден жақсы білетін кім бар. Тым құрыса көңілде
түйткіл қалмасын, осы төңіректі бір арылтып беріңіз.
Жас серігінің басына түскен тауқыметті көре тұрып, Ағыбай үйде шыдап
отыра алмаған.
Егер жоғалған жылқы қолды боп кетпей, өз аяғымен ауа жайылып жүрсе, бір
қалтарыстан табылып қалар деген үмітпен бұл да атқа қонып еді. Сайлау
екеуі ат басын бұрар жерлерді алдын ала бөлісіп алып, бұлар екі күн ішінде
осы маңайдың жылқы жайылады - ау деген жықпыл - жыра, ұры сайларын
түгелге жуық сүзіп шықты. Жалғыз-жарым қоныстанған шопан қыстауларына
да соғып, өрісте мал жайып жүрген малшы - қосшыдан, ары-бері өткен
жүргіншілерден сұрастырып көрді. Бірақ көрдік - білдік деген бір жан
табылмады.
Бес жылқы суға батқан тастай ізім - қайым жоқ болып шықты.
Осы жоқ қарау үстінде Ағыбайдың көзі жеткен бір нәрсе: бұл шынында да,
өмірдің шаңына ілесе алмай, қара үзіп, қалып қойған екен. Бұл білетін дала
жұртының жаратылысы, мінез - құлқы адам танығысыз өзгеріп кетіпті. Егер
өзіне қатысты болмаса, өрісте сөдегей - солпы жүрген үйірі басқа малға көз
тоқтатып, көңіл аудару, ен-таңбасын біліп, адресін анықтау дегенді бұл жұрт
қойған секілді... Баяғыда мұның жастау кезінде, тіпті осы бертінге дейін бәрі
басқаша еді ғой. Әлдеқалай ауа жайылып, көз жаздырып кеткен саяқ малды
іздеп тауып алу да қиынға соқпайтын. Мәселен, мінер жақ құлағының ойық
ені бар, тұмар таңбалы, құйрығын байталша күзеген қоңыр бие үйірінен
бөлініп, жоғалып кеткен екен делік. Бірақ сонын қай уақытта қалай қарай
беттеп бара жатқанын көрген - білген адамдар ауылдан ұзай бере-ақ
ұшыраса кетпейтін бе еді. Тіпті сенімен бірге ол да жоқ қарасып жүргендей,
іздеген жылқының түр-түсі, ен - таңбасына дейін мөлдіретіп айтып бермейтін
143
Әдеби KZ
бе еді. Қазекең осы үрдіспен сұрау сала жүріп, жол-жөнекей қона - түстене
жүріп, арада айлар өтіп кеткеннен кейін де, жоғалған малын тауып ала
беретін-ді.
Ал қазір ше? Қазір біреуден бір нәрсенің жөнін сұрап білудің өзі қиынға
айналып кетіпті.
Әлде «көрдім деген көп сөз» дегенге ден қойып алған ба, әйтеуір, жөн
сұраған адамыңнан дұрыс жауап ала алмайсың. Кілең бір ештеңені
көрмеген, ештеңені сезбеген, барған із бар да, қайтқан ізі жоқ, мылқау
жандар... Шіркін-ай, мұндайда жоғалған малыңның түсі - түгін, ерекше
белгілерін айтып қақсап тұрғанда, «жарайды, көз - құлақ бола жүрейік» деп,
пейіл білдірген де жақсы екен ғой. Кейбіреулері тіпті тіл қатуға ерініп,
бастарын шайқай салатынын қайтерсің.
Осы жай Ағыбайдың жүрегіне майдай тиіп, меселі қайтқаны соншалық, келе-
келе жолыққан кісілерден жөн сұрап, «мал жоғалтып жүр едім» деп айтуға
да ыңғайсызданатын болды. Біреулер жұрт шұбырып жатқан кешеде
ақшасын түсіріп алып, артынан соны іздеп жүрсе, халық қандай күлер еді?
Қазір жоғалған малды даладан іздеп, әркімнен сұрастыру да, соған
ұқсаңқырап кетіпті. Ағыбайға таңдана қарағандар да, күле қарағандар да көп
болды. Ақыры өрісте сиыр жайып жүрген, жасы елулер шамасындағы егде
азамат мұның мына жүрісі тым анайылық, аңқаулық екенін бетіне басып
айтты да:
Қазір жоғалған малды айдаладан іздеп, бүйтіп босқа шаршамайды ғой,
ақсақал, деді ол бұған шын жаны ашып. Бұл күнде баяғы кең сахара
жоқ, ауыл арасы тым тығыз, тарам-тарам тас жолыңыз мынау, ағылып
жатқан машинаңыз анау. Мұндай тар жерде ауа жайылып, адасып жүретін
мал болушы ма еді?! Әй, мен бірдеме білсем, қолды боп кетті ғой
144
Әдеби KZ
жылқыңыз... Мінеки, суық түсті, деген соғымның уақыты. Біреулер түн ішінде
машинаға тиеп апарып, жабық қораға бекітті де, бір-бірлеп сыбайластарына
таратып берген шығар - ау. Ендігі талай үйдің қазаны шұрқылдап қайнап
жатыр ма, кім білсін?
Ағыбай «ой, жағыңа жылан жұмыртқаласын!» дей жаздап, өзін әрең ұстап
қалды. Іріген ауыздан шіріген сөз шығады... О несі, ей, былжырап? Әлгі жігітті
жек көріп кеткені соншалық, көңіліне күдік ұялай қалды:
Сен өзің қай ауылдың малшысысың, шырағым? Қолмен қойғандай
мөлдіретуің жаман, сол жылқыны өзің сойып алғаннан амансың ба? деді
атын омыраулата жақындай түсіп.
Әй, ақсақал - ай, жылқыны жығып алған кісі сізге бүйтіп ақыл айтып
тұрмайды ғой, деп сиыршы жігіт жымиып күлді. —«Ауызы күйген үріп
ішеді», өз басымнан өткен соң айтып тұрмын. Анада бір өгізім ұшты - күйді
жоғалып, хабарсыз кетіп еді, ақыры біреулер көкбазарға апарып, етін
сатқалы жатқан жерінен қолға түсті... Сіз де қапы қалмаңыз, ақсақал,
жоғалған малыңызды ең алдымен милицияға хабарлағаныңыз жөн.
Ағыбай қайдағы сұмдықты шығарып тұрған қу ауыз сиыршыны ұнатпай, қош
айтпастан жүріп кеткен. Бірақ, ең ғажабы, сол жігіт бірдеңені білетін болып
шықты. Өзінің көріпкелі бар ма, айтқаны айнымай дәл келді. Ертеңінде
жылқы жоғалды деген хабарды естіп, фермаға совхоз басшылары жетті
шапқылап. Директор да сол сиыршының сөзін қайталап, Отарқұл бастатқан
жылқышыларды жерден алып, жерге салды. Ферма бастығы
Пернебекке де біраз кейіп алды:
Мұндай да ашық ауыз, бейқам боларсыңдар ма?' Бұл күнде жоғалған
малды кім ат сабылтып айдаладан іздеуші еді? Милицияға неге
хабарламадыңдар? Сомадай бастарыңмен заңды білмейсіңдер ме? Аяқты
145
Әдеби KZ
малды өрістен іздеп тауып алатын уақыт әлдеқашан келмеске кеткен...
Ойпыр-ай, неткен иіс алмас, топас едіңдер?! деп бұлқан - талқан
ашуланып, ферманың кеңсесінде отырып-ақ, аудандық милиция бөліміне
қолма - қол телефон соқты.
Ақыры директордың айтқаны келді. Арада тағы екі - үш күн өткенде,
Қапшағайдан хабар жетті. Бес жылқыны тиеп алып, түнделетіп безіп бара
жатқан бір машина жол бойында ұсталыпты.Табылған жылқының түр - түсі,
ен-таңбасы «Көктөбе» жылқысына дәлме-дәл келіп тұр. Сайлау байғұста ес
жоқ, қуанғанынан жылап жіберді. Келесі күні қасына бас зоотехникті ертіп
барып, жылқыны алып қайтты.
Кейде кісінің ақылы қартайған шағында да кіре беретін көрінеді ғой. Ағыбай
осы оқиғадан кейін өзінің бір ағаттығын айқын түсіне бастады. Бұрын ол
жылқы түлігіне қасқырдан өзге жау жоқ, бұл жануарларды иен жатқан құмды
өлкеге апарып; емін-еркін өсіре беруге болады деп ойлайтын. Енді қарап
отырса, ол жоспары баланың қиялындай бос бірдеңе екен. Қазір жылқы
байғұстың сары ізіне түсетін қасқырдан басқа да жаулары аз емес көрінеді.
Топар даласында тарпаңға айналып, жабайыланып кеткен жылқыларды аңға
шыққан адамдар машинамен қуып жүріп, мылтықпен атып алады екен
дегенді естігенде, әй бекер шығар деп илана қоймап еді. Соның растығына
күн өткен сайын көзі жетіп келеді. «Ет тәттілігін қойса, мен де ұрлығымды
қояр едім» депті ғой баяғыда бір ұры. Ағыбай жас кезінде жылқыны
жетектеп кететін, немесе үйірімен айдай жөнелетін барымташы - ұрылардың
шет-жағасын көрген-ді. Бірақ одан бері қаншама заман етті. Ондай дала
тентектерінің тұқымы тұздай құрығалы қашан. Енді, міне, жылқыны
машинаға тиеп алып, тапа тал түсте тас жолмен зымырайтындар шыға
бастапты... Ой, сұмдық - ай, өлмеген кісі мұны да көреді екен ғой. Ержан
жиені екі сөзінің бірінде: «Бұл ғасыр жылдамдық ғасыры» деп отырушы
146
Әдеби KZ
еді, соның сөзі рас шығар, сірә? Жылдамдық дегеніңіз адамдарды алаламай,
адалына да, ұры-қарыға да бірдей қызмет атқара беретін болғаны ғой...
Шынында, қазір машинаға жол алыс па, бүгін ұрланған жылқы ертеңінде
мың шақырым жерден табылып жатса, оған таңданатын не бар?!
Осы жағдайды неғұрлым айқынырақ сезінген сайын, Ағыбай өзінің ашық
ауыз аңқаулығын, өмірден, соншама сырт буын тартып қалғанын мойындай
бастады. Жоғалған жылқыны неше күн бойы ауыл арасынан іздеп
сандалғанын ойласа, кірерге тесік таппай ұялатын болды. Енді, міне, бұдан
басқа жұрттың бәрі білгіш, бәрі айтқыш — айнала гу-гу әңгіме. Сөйтсе, малшы
қауымның кейінгі кезде екі шоқып бір қарайтын басты қаупі бұл күнде
тұқымы құрып бара жатқан даланың бөрісі емес, түнделетіп келетін
машиналар екен ғой. Оны кім білген?! Жоқ, Пернебек дұрыс айтады, мал
бағу жөнінде Ағыбайдың заманы, шынында да, өтіп кеткен екен. Ендігі
уақытта сақалын сапситып, жастармен жағаласа берудің орны жоқ, шылбыр -
тізгінді соларға біржола беру керек екен. Заман — солардікі. Ағыбай елу жыл
бойы ат арқасынан түспей, осы өлкені тұлпар тұяғымен талай - талай
дүбірлетті. Халықтың ортақ игілігі үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей,
мыңдаған жылқы өсірді. Осы уақыттың ішінде атақ - абыройға белшесінен
батып кетпесе де, әй кәпір атанып, жаман аты шыққан жері жоқ. Тағдырдың
мұнысына да мың да бір шүкіршілік. Қамбар атаның аруағы кешіре жатар,
осы абыройының барында жылқымен қош айтысып, мұның да тыным
алатын кезі келген сияқты. Осы байламға берік бекіген Ағыбай жылқыны
күнде көріп көзге күйік қылғанша, жылқылы ауылдан іргесін бөліп, алысырақ
отыруды жөн көрген. Бірақ ол ойын іске асыруға үй жағдайы кедергі жасады.
Амал жоқ, биылша қарауылдық міндетті місе тұтып, осы ферманы қыстап
шығуға тура келеді. «Жылқы атаулыны жаңа типті жылы қорада ұстаймыз»
деп, Пернебек қанша желпілдеткенімен, жаңа тәртіпке бірден көше қою
147
Әдеби KZ
оңай болмады. Етке өткізетін екі жүз жылқыдан басқасы әзірше жайылымға
шығып жүр. Жылқышылардың тірлігіне де көп өзгеріс ене қойған жоқ, бәрі
де бұрынғы қалпында. Күндіз жылқыны сырттай бақылап, қайырмақтап
жүреді де, түнде кезектесіп күзетке шығады. Әнеугүнгі оқиғадан кейін тәртіп
қатайып, түн баласында табынды көзден таса етпейтін болған. Түн
қараңғылығында әлдеқайдан мотор үні естіліп, машина жарығы жылт ете
қалса, жылқышылардың жандары шығып, мылтық атып, әлекке түседі.
Жұрттың төндіріп айтуынша, кейбір машиналар фарын әдейі жақпай, мал
шетіне мысық табандап, тіпті ақырын жүріп келетін көрінеді. Ұсақ мал болса
тірідей олжалап, ірі қара болса атып алудан тайынбайды деседі.
Барымташылармен баяғыдай сойыл сілтесіп, айқасып қалсаң арман не,
мыналар малды жығып, машинаға салып үлгерсе болғаны, бір шеттен сен
айқайлап жеткенше, қарасын көрсетпей кетеді екен.
Қатардағы ұқыпты жылқышы болмағанымен, қарауыл деген ат бар,
жылқының түнгі күзетіне Ағыбай да шығып жүр. Кейде кезекпен де санасып
жатпай, әлдеқалай тығыз шаруасы шығып қалған жігіттердің орнына да бара
береді. Міне, бүгін де солай болды:
Бүгін бір табынның күзет кезегі Отарқұлдың өзіне келген екен, ол көрші
ауылға құдалыққа кетіпті. Содан әлі оралмаған. Амал жоқ, атқа жеңіл
телпекбай Ағыбай шықты орнына.
Қызыл іңірде кешкі асын ішіп, жылы киініп алды да, Көккемердегі жылқыға
қарай бет түзеді. Декабрь туғалы күн әжептәуір суыта бастаған-ды. Ауадан
бет шымшылаған шыңылтыр аяз білінеді. Бірақ Ағыбайдың киімі сайлы еді:
үстінде қаусырмалы қара тон, басында түлкі тымақ, аяғында ұзын қонышты
саптама етігі бар. Күзетке арналған нағыз жылқышының киімі. Мына
қалпында жай шағырмақ аяз түгіл, түтеген боранға да былқ ететін түрі жоқ.
Қыста ат үстінде жүрген адамның алдымен тізесі тоңатыны белгілі.
148
Әдеби KZ
Жылқышылар әсіресе, мұның қазір еш жерден таптырмайтын саптамасына
қызығады.
Қонышы қара саннан келетін, киіз байпақты қара саптаманы Ағыбай бұдан
он шақты жыл бұрын осы елдегі ең соңғы қазақ етікшісі Құмарға үлгісін өзі
пішіп беріп тіктіріп алған.
Онысын жазда аялап тығып қояды да, қыста осындай күзетке ғана киеді.
Жүрісі сағыздау жуан тұғыр, жалдас торының дөкпек желісімен шоқырақтап
отырып, ол бірер сағат шамасында Көккемерде жатқан жылқының шетіне де
ілініп еді. Жаз бойы қалың егіннің ортасында қаға беріс қалып, оты басылмай
соны тұрған кең қолаттың ішінде бір табын жылқы бытырай жайылып жатыр.
Ағыбай шеткері бөлініп жүрген үйірлерді қайырмақтап, сай табанына қарай
жапырды да, өзі қыр басында маңайын шолып тұрып қалды. Осы арадан
ойпатта жайылып жатқан көп жылқы да, сонау тау жол бойындағы оттары
жарқырап өтіп жатқан машиналар да ап-анық көрінеді. Оң жақ бүйірде қол
созым жерде атақты шопан Жүністің қыстауы тұр. Өздері әлі жата қоймаған
ба, терезесінен от жылтырап, ат үстінде тоңазып тұрған жылқышыны жылы
мекенге шақырғандай болады.
Біраздан бері Қоянкөк те өрістегі жылқының ішінде болатын. Ағыбай
маңдайға басқан жалғыз жорғасын көзінен таса еткісі келмей аз уақыт
қорада ұстап көріп еді, Пернебек пен Отарқұл бір аттың шөбін ауырсынып,
әлсін-әлі қыңқылдай берген соң амалсыз жылқыға қосып жіберген. Күзетке
жиі шыға беретіні де сол жануардың қамы. Қазір де Қоянкөкті көрмек
болып, үйірлерді аралап байқап еді, қараңғыда көзіне түсе қоймады. Сәурік
неменің әлі де жыны басылмай, шет жақтағы саяқтарды иектеп жүр ме, бүгін
әдетінен жаңылып, Ағыбай келгенде, оқыранып дыбыс та бермеді.
149
Әдеби KZ
Әлі де Ай туа қоймағанымен, ала шабыр қар жатқан дала төсінде бозамық
сәуле бар. Қара барқын түнгі аспанды алтынмен аптағандай сансыз
жұлдыздар жымыңдайды. Бұл ғұмырында Ағыбай қанша түнді ашық аспан
астында кірпік ілмей, жылқы күзетінде жүріп өткізді екен?! Қанша қыс, қанша
жаз қайталанды содан бері? Уақыт шіркін қалай зымырап тез өтеді. Ат
үстінде құрыққа сүйеніп тұрып қор ете түскен қас қағым сәттей тым келте
екен ғой өмір дегенің. Ал мына жаратылыс, күн мен түн, аспан мен жер сол
баяғы қалпында мизімей тұра береді. Мына бір қозданып жатқан
қоламтадай жұлдызды аспан мұның жас кезінде де дәл осылай төбеден төне
қарап тұрушы еді, сол күйінен бір өзгерсеші. Терістіктен тапжылмайтын
Темірқазық та, соның дәл түбінде «арқандаулы тұрған» Сары ат пен Көк ат та,
сол екеуін қалай ұрлаудың ретін таппай, Темірқазықты шыр айнала беретін
Жетіқарақшы да, бәрі-бәрі бұған етене таныс, ескі досындай сыралғы.
«Жерде сен көз ілмесең, көкте біз көз ілмейміз. Мұнымыз да, сырымыз да
бір» дегендей, әрқайсысы алыстан көз қысып тіл қатқандай болады... Міне,
үзіліп түскен бір уыс маржандай шоқтанып үркер де көтеріліп қалыпты. Енді
біраздан кейін қорғалап қалған Ай да қылаң беруге тиіс.
Ағыбай көзіне ұйқы тығыла берген соң, насыбай атпақшы болып, қалтасын
сипалап еді, таппады. Қап, мына қырсықты қарашы! Қылшаның күліне
үгітілген қара бұйра насыбайды мүйіз шақшаға толтырып, терезенің алдына
қойып еді, жүрерде тарс есінен шығып кетіпті.
Әлгі кемпірі түскір де етегіне сүрініп жүріп, еске салғанды білмейді... Қанша
ұмытқысы келіп өзін алдарқатып көргенімен, насыбайы құрғыр есіне жиі түce
берді. Ауылға баруға алыс, бірнеше белдің астында қалды. Әлде мына тұрған
Жүністің қыстауына соғып, насыбай атып қайтса ма екен? Жүніс құрдасының
насыбайға сараңдығы жоқ сияқты еді, бір таңға мұның ауыртпалығын
көтермес деймісің.
150
Әдеби KZ
Ол тебінде жатқан жылқыны көзімен шола, Көккемердің шығыс жағындағы
қырқаға көтерілген. Шопан қыстауы мына жерден тіпті тұспа - тұс, жақын
көрініп кетті. Қорасына жаққан шамдары самаладай самсап, сол маңнан
күркілдеген движок үні де еміс-еміс естіліп қалады. Ағыбай бұдан ары
шыдай алмай кетті. Торы аттың басын бұрып алды да, Жүніс қыстауына
қарай шоқыта жөнелді.
Бірақ түнгі жолдың алыстап кететін әдеті ғой, жаңағы көрініп тұрған от
жеткізсеші. Екі аралықта су орып кеткен жар бар екен, соны айналып өтіп,
қыстауға сүт пісірім шамасында әрең жетті. Беймезгіл жолаушыны шопан
ауылының иттері түтіп жеп қоярдай үзеңгіге секіріп, маңайды басына көтере,
дүрлігіп қарсы алды. «Шаруасы шалқып тұрған малшыны итінің үргеніне
қарап-ақ айыруға болады деуші еді, сірә, биыл Жүністің беталысы жаман
болмас» деп ойлады Ағыбай ішінен.
Үйден тонын желбегей жамылған жастау жігіт шықты. Жүністің ер жеткен
ұлдарының бірі екен; Ағыбайды танып, иттерін зорға тыныштандырды.
Әкең үйде ме?—деді жылқышы ат үстінде тұрған беті.
Бар ғой. Түсіңіз... Үйде қонақтар бар еді, жақсы келдіңіз.
Жоқ, рақмет. Бала-шағаны дүрліктірмей - ақ қояйын. Әкеңе айт, мойнын
бұрып кетсін.
Жас жігіт үйге кірген соң, көп кешікпей далаға Жүністің өзі шықты. Көңілденіп
алған ба, қалай, сонадайдан самбырлап сөйлеп келеді.
Ағыбаймысың ей? Баяғының белсенділері құсап ат үстінде неге тебініп
тұрсың?
Түспейсің бе?
151
Әдеби KZ
Алда разы болсын. Рақмет. Жылқыда жүр едім... Қара басып, бүгін
шақшамды үйге тастап кетіппін. Өлтірмесең маған екі-үш атым насыбай бер.
Сен жылқыны қойды деп еді, құрығыңды әлі тастамаған екенсің ғой?
Жүніс жақындап келіп, торы аттың шылбырынан ұстады. Насыбай
табылады. Алдымен үйге кіріп, бой жылытып алмайсың ба?
Ағыбай жылқының иен жатқанын, үйге кірсе отырып қалатынын айтып, аттан
түспеді.
Сен де қажымайсың - ау, құрдас. Жылқы десе ішкен асын жерге қоятын
сол баяғы қалпың. Сен екеуіміз кеткен соң, «Көктөбенің» күні не болар екен
осы? деп Жүніс қарқылдап күліп алды. Білем ғой, насыбайдың азабы
деген бір пәле. Қазір шылымды кім көрінгеннен сұрап тартуға болады. Ал
насыбайшыны жолықтыру өте қиын. Кішкене тұра тұр. Осы қазір-ақ сенің
көзіңді шырағдандай жандырайын.
Соны айтып үйге кіріп кетті де, көп айналмай қайта шықты.
Мынау бір дәріден босаған құты еді, соған сықап толтырдым, деді
кішкентай шишаны мұның қолына ұстата беріп. — Бір таңға жетіп қалар. Оған
дейін мынадан құмарыңды қандырып бір атып ал, деп, өзі шақшасын қоса
ұсынды.
Ағыбай мүйіз шақшаны ердің қасына тық-тық еткізіп бір-екі рет қақты да, көк
бұйра насыбайды алақан шұқырына толтыра, астыңғы ерінге тастап жіберді.
Па, нағыз шал жығардың өзі екен ғой!—деді бойды шымырлатқан ащы
уытты бірден сезініп.
Жүніс бүгін көңілді екен. Мына жеті қараңғы түнде аспан астынан тағы бір
насыбайшы табылып, өзін ат сабылтып іздеп келгеніне разы сияқты.
152
Әдеби KZ
Баяғыда насыбайдың тақыршылығы өткен сен сияқты біреу дарияның ар
жағынан тағы бір салт аттыны көріпті ғой, деді ол тың әңгіме бастап.
Әлгіден насыбай сұрап атайын десе, өзеннен өту қиын. Екеуі алыстан
айқайласып, зорға тіл қатысады. Сонда амалы таусылған әлгі байғұс: «Әй,
тым құрыса насыбайыңнан мен үшін бір атшы» депті ар жақтағы кісіге.
Анау да жағдайды түсіне қойса керек, шақшасын бұған көрсете шалқайып
тұрып қағып салады. Сонда әлгі сорлы: «Па, шіркіннің күші - ай!» деп,
шалқасынан құлап түскен екен. Соның кері болды-ау сенікі де.
Екеуі насыбайшылар жөнінде әр түрлі күлдіргі әңгімелер айтып, тағы біраз
тұрып қалды.
Насыбайшы мінген аттардың да әбден жаман үйреніп алатыны, жол үстінде
біреудің қарасы көрінсе - ақ, тұра қалатыны сөз болды. Қарашыл жылқыға
айтылатын «насыбайшының атындай» деген сөз содан қалыпты. Кейбір
сараң насыбайшылардың екі қалтасына екі шақша салып жүретіні, біреу
насыбай сұрай қалса, «бұйырмасын» деп, бос шақшасын көрсететіні де
айтылмай қалған жоқ.
Е - е, бұл насыбайға деген құмарлық мына дүниені қойып, о дүниеге
барғанда да басылмайтын көрінеді ғой, деді құрысы - тырысы жазылып,
маңдайы терши бастаған Ағыбай да қарыздар қалғысы келмей. Баяғыда
бір насыбайшы өліп, ел - жұрты жиналып жерлемей ме. Көпшілік қабір
басынан қырық қадам ұзаған соң, әлгіден жауап алу үшін, әңкүр - мәңкүр
аталатын екі періште келіпті. Екеуі келген бетте - ақ күрзілерін оңтайлап,
«рәббің кім?» деп қадала кетеді ғой, баяғы. Сонда бірнеше күннен бері
насыбай ата алмай, әбден зарығып жатқан әлгі марқұм періштелерге
алақанын жайып: «Әй, өзің рәббің - сірәббіңді қоя тұрып, былжырамай
насыбайыңнан әкелші» деген көрінеді...
153
Әдеби KZ
Ойда жоқта ұшырасқан екі насыбайшы осылайша күлкімен біраз көңіл
сергітіп, ақыры қоштаса бастады.
Айтпақшы, Жүке, сағатың қанша болды? деді Ағыбай атының басын
бұра беріп.
Жаңа мен шыққанда он екі жарымды көрсетіп тұрған.
Ағыбай шабан торыны бауырлай тартып жіберіп, жаңағы келген ізімен қайта
салды.
Шопанның тайыншадай төбеттері ат үстінен алып түсердей өршеленіп, біраз
жерге дейін апарып тастады. Келуі - қайтуы бар, Жүніспен әңгімелесіп
тұрғаны бар, бәрін қосқанда бөгелісі сағатқа тола қойған жоқ. Дегенмен,
жылқының жолға тым тақау, қараусыз қалғаны есіне түсіп, Көккемерге
жеткенше асығып келеді.
Жасының жетпіске таяғанына қарамастан, Ағыбайдың әлі күнге дейін көзінде
ақау, құлағында мүкіс жоқ еді. Жылқы жатқан сайға бір қырқа қалғанда,
кенет құлағына шып ете қалған бір жат дыбыс естілгендей болды. Біреу
қамшымен әлденені осып жібергендей, немесе ағаш бұтағын шарт
сындырған тәрізді ме, соған ұқсас бірдеңе. Кейде түнде атылған
малапульканың үні де осылай естілуші еді... Ағыбайдың онан арман тынышы
кетіп, торының барбаңдаған шабысымен манағы төбе басына қайта
көтерілді. «А, құдай, бәле-жалаңнан өзің сақтай гөр!» дей береді әлсін-әлі.
Бұл кезде Алатау заңғарынан жарты шеке ай сығалап, жота-жондарға
бозамық сәуле түсіре бастаған-ды. Тек жылқы жатқан аңғардың іші ғана
қоңыр көлеңкеге шып толып, қарауытып тұр. Ағыбай ат үстінен созыла
ұмсынып, қараңғылықты жанарымен тінтіп үңіле қарады. Бәлендей өзгеріс
байқалмайды.
154
Әдеби KZ
Маңайда жылт еткен жарық, не күдік тудырар дыбыс жоқ. Айнала тым-
тырыс. Алыстағы тас жол бойында да қозғалыс атаулы тоқтаған секілді. Тек
жылқы үйірлері манағы орнынан сәл әрге қарай сырылып, шоғырланып
қалған ба қалай? Ит - құс тиді ме дейін десе, оның да қисыны келіңкіремейді.
Олай болғанда көп жылқы шұрқырап белгі берер еді ғой. «Түнде жортқан
түлкіден бе, бірдеңеден секем алған - ау, шамасы» деп ойлады Ағыбай.
Сайдың төменгі аузында ескі қыстаудың орны жатушы еді, қырқаны қабақтап
солай таман барды да, сезік тудырар ештеңе білінбеген соң, кейін қайтты.
Төңірек құлаққа ұрған танадай. Оқта-текте жайылымдағы жылқының
пысқырғаны, жабағы - тайларын іздеген биелердің оқыранғаны естіледі.
Алайда қарт жылқышының жүрегі бір сұмдықты сезгендей ойнақшып,
қобалжуын қоймады. Енді ол сай табанына түсіп, жылқыны жақын жерден
барлағысы келді.
Қиялап төмен түсіп, үйірлерді көзімен шола, баяу аралап келеді. Құлын -
тайы аралас екі жүз қаралы жылқыны түн ішінде түстеп түгендеу де мүмкін
емес. Дегенмен көз мөлшерге қаралғысы толық, бөлініп - жарылғаны жоқ
сияқтанды. Көбік қармен жасаң тартқан ақтық пен таспа қияқты іскектей
жұлып, қадалып жатыр. Кейбір қартаң биелер мен жасамыс аттар
құлақтарын қайшылап, сайдың төменгі жағына осқырына қарап қояды.
Қалайда, сол жақта бір жат сыбыстың бары анық. Ағыбай жылқының арасын
баспалап, тықырын білдірмей, солай таман аяңдады. Ат жалына жабысып,
төңірегіне жиі құлақ түреді... Кенет манағы ескі қыстаудың орнынан еппен
шабылған балта дыбысы тәрізді бірдеңе естілгендей болды. Біреулер ескі
қораның қалған - құтқан ағашын бұзып алып жатыр ма екен? Бірақ сол үшін
түнделетіп, ұрланып келетіндей не бастарына күн туыпты? Әй, мынау тегін
емес. Әлде шынымен-ақ... Түнгі жорыққа шыққан жанкешті біреулер бір
жылқыны жығып салып, жәукемдеп жатпасын. «Қаупің неден болса
ажалың содан» дейді. Ақыры мұның басына да келді-ау бұл зауал.
155
Әдеби KZ
Манағы естіген дыбысы да тегін болмады, баспалап келіп, монопулькамен
атып алған - ау, иттер... Бәсе, солай болды. Кенет ескі қыстаудың қалқасынан
қол фонарьдың жарығы сумаң ете қалды. Сол маңнан біреулердің
қараңдаған сұлбасы көрінеді. Дәл қастарында үсті қорапты бітеу машина
тұр... Ағыбай жерге түсе қалды да, атын жанасалай жетектеп, жиырма-отыз
қадамдай жақын келді. Әлгілердің өз жұмысы өзінде, жанталас қимыл
үстінде мұны байқайтын емес. Анда-санда күбір-сыбыр тіл қатысып қалады.
Біреуі фонарьды бір өшіріп, бір жағып, жарық түсіріп тұр да, қалған екеуі
әлденені кесек – кесегімен көтеріп, машинаның артқы есігіне енгізіп жатыр.
Осы сәт жылқышының қаны басына теуіп, жүрегі тоқтап қала жаздады. Алда,
атаңа нәлет, иттер - ай! Мыналардың тиеп жатқаны ет қой, кәдімгі
жылқының еті... Оңбағандар - ай, сойған малының терісін де сыпырмастан,
қолын - қол, санын - сан күйінде балтамен шауып алып, машинаның үстіне
лақтырып жатыр. Қаралдысына қарағанда, бір емес, екі жылқының сорабы...
О, жасаған, мұндай да сұмдық болады екен-ау! Жауыздар - ай, жан иесін
тірідей балталауға қалай ғана дәттері барды екен?! Ата-анадан туып, бала-
шаға бағып жүр ме екен осылар да? Өз ұғымына мүлде симайтын өрескел
көріністен есі шығып, Ағыбайды бір сәт үрей билеп кетті.
Жөпелдемеде ойына түскен бір нәрсе, машинаның номерін біліп қалғысы
келген. Бірақ қаншама. ентелегенімен қараңғыда көзіне ештеңе іліге
қоймады.
Апыр-ай, екді не істесе екен? Мына оңбағандар екі бірдей жылқыны сойып
алып, әй-шәй жоқ кете бермек пе, сонда? Қап, мылтық ала шықпағанын
қарашы! Мылтық асыну әдетінде жоқ еді, сол шалағайлығына енді өкініп тұр.
Құр сойылмен не істей алады мыналарға? Әттең, ат үстіндегі айқас болса,
ақтық демі біткенше күш сынасып көрер еді.
156
Әдеби KZ
Жанкешті немелер дәл қазір мұны бір оқпен қатыра салудан да тайына
қоймас.
Дегенмен ол мыналарды ешбір кедергісіз жібере салуға да болмайтынын
ішкі бір сезіммен түйсінгендей болды. Ертең ел - жұртқа не бетін айтады?
Басшыларға не деп жауап береді? «Түн ішінде біреулер келді де, екі
жылқыны сойып, машинаға басып алып кетті» дей ме?
Оның бұл ертегісіне жұрт сенсе жақсы, сенбей жүрсе ше? Жоқ, мыналармен
бір айқасып қалмай, жібере салуға болмайды екен. Мейлі, атса атып-ақ
тастасын. Жаны арының садағасы. Жетпіске келгенде қара бет болып, жер
шұқып отырғанша, өліп кеткенінің өзі жақсы.
Осындай ойлар басында нажағайдай ойнап өткен Ағыбай атына мініп,
сойылын оңтайлап ұстады да, ұрыларға тұтқиылдан дүрсе қоя беруге бел
байлады. Бұл сәтте аналар да жүктерін тиеп болып, жүріп кетудің қамына
кірісіп жатқан. Біреуі машинаға от алдырып, қалған екеуі жердегі ұсақ-түйекті
жинастырып жүр. Қауіп - қатерді ұмытқан секілді, манағыдай емес еркін
сөйлесе бастады.
Мына бас пен ішек - қарынды қайтеміз, аламыз ба? деді біреуі
дауыстап.
Бастың керегі жоқ. Ішек - қарынды тастама, деді екіншісі. Жылы -
жұмсағының өзі сонда емес пе, ақымақ?!
Ағыбай шыдай алмай кетті. Атын тебініп:
Әй, иттің балалары, не істеп жатырсыңдар? Тастаңдар етті жандарыңның
барында!— деп, сойылын білеп тұра ұмтылды.
157
Әдеби KZ
Ұрылар да зыта жөнелуге әзір тұр екен. Біреуі жабық машинаның ішіне сүңгіп
кетті де, екіншісі кабинаға қарғып шықты. Соны күткендей машина да
орнынан қозғала берді.
Ағыбайдың бар қолынан келгені березентпен бе, әлде фанер тақтаймен
бе, қапталған бітеу машинаның қорабын сойылмен бір-ақ рет салып өтті. Жан
дәрмен алдын орамақ болып еді, үлгере алмады.
Сұмдығын ішіне бүккен бітеу машина сай табанындағы сүрлеу жолға түсті де,
біртіндеп ұзай берді. Ағыбай жанталаста не істерін білмей, атының басын
кері бұрып, жаңағы қанды қасаптың орнына келген. Олар да өлермен - ақ
екен, іске татитын ештеңе қалдырмапты.
Әр жерде тірсектен қиылған сирақтар қан-жыны аралас өкпе - бауыр, тістері
ақсиып, көздері жалтыраған екі бас жатыр. Бұл кезде қабақтан көтерілген
мұжық ай да сай табанына себіздеп жарық түсіре бастаған-ды. Ұрылардан
қалған ұзын сапты локет балтаның жүзі ай нұрына шағылып, жалт ете түсті.
Ағыбай ат үстінен еңкейіп, жерге қайта төнді. Жұртта қалған екі бастың бірі
көзіне жылы ұшырап кеткен-ді. Кенет жүрегі зулап қоя берді. О, жасаған,
Қоянкөк қой, мынау! Әр жерінде танадай - танадай теңбілі бар, op ауыз көк
жорғаның басы қара жерге иегін артқан күйі, көзі шарасынан шыға, көкке
қарап қатып қалыпты. «Есіл жануарым - ай!.. Құдай төбемнен қос қолдап
ұрған екен ғой!» деді, ат жалын құшқан Ағыбай бойын әрең тіктеп.
Ол енді бұдан ары ойланып жатпады. Дүние зіл-залаға айналып, төңкеріліп
түскендей болды да, есі ауысқан адамдай атын борбайға бір салып,
машинаның соңынан шаба жөнелді. Ұзын сайдың аяғы ирелеңдеп батысқа
қарай бұрылады да, содан жазыққа шыққан соң қайта қайқайып, үлкен күре
жолға барып қосылатын. Ағыбай машинаның соңынан тепеңдей берудің
пайдасыз екенін сезіп, жолдан ұту үшін, қырға қарай төте тартты. Ұрылармен
158
Әдеби KZ
енді бір айқасса, үлкен жолға қосылатын бұрылыста ғана айқаса алды...
Атына үсті-үстіне қамшы басып, төпеп келеді. Жуан торы қанша қысағанмен,
барлыққан балпаң шабыстан бір танар емес. Қарттың бетін жас жауып
кеткен. Өзегі оттай өртеніп, тамағына өксік тығылды. Басында кекті ашу мен
ызадан өзге бір түйір ой жоқ.
Ұрыларды қуып жеткен күнде де не істей қоятыны белгісіз. Есі-дерті
қалайда бір айқасып қалу.
Бір ғажабы, ол шынында да, үлкен жолға ұрылардан бұрын жетті. Жол
айрығына тақау, бұл күнде су ақпайтын құр өзекке салынған көпір бар екен,
сол тұсқа келгенде тізгін тартты. Осы арада көңіл түкпірінен тағы бір үміт
ұшқыны жылт етті. Егер тас жол бойынан жүргіншілер ұшыраса қалса,
тоқтатып, қылмыстыларды ұстауға көмек сұрармын деп дәмеленген. Бірақ
түн ортасынан ауған соң қозғалыс сиреп кететін болғаны ма, әншейінде
қайшыласып жататын машиналардың бірі жоқ. Тас жолдың екі басынан да
жылтыраған бір от көрінсеші.
Ағыбай осылайша жан-жағына алақтап тұрғанда, сонау сай бойынан бері
бұрылған манағы машина да жақындап қалып еді. Өздерінше, қуғыншыдан
құтылдық деп ойласа керек, фарын жағып алып, қасқайып тура тартып
келеді. Тақтақ жолға бір ілінсе, қара көрсетпесі белгілі. Ағыбай бірден көзге
түспеу үшін, көпірдің қалқасында баспалап тұрған-ды; ұрылар елу метрден
қалғанда, алдарынан атойлап қарсы шықты. Айдау жолдың екі жағы бірдей
күзде жыртылған .егіс алқабы, қазір қар суымен езіліп жатыр.
Ұры машинаның бұрыла қашатын жері де жоқ еді. Арт жақта қалып қойған
жалғыз жылқышы кенет алдымыздан шыға келер деп олар да ойламаса
керек, ағындаған күйі келді де, тас жолға бұрылатын қайқаңға таяғанда, кілт
тоқтай қалды. Өйткені жол үстінде айбат шегіп, манағы салт атты тұр еді.
159
Әдеби KZ
Ағыбайдың а дегенде байқағаны машинаның номеpi— «АТК - 13-88». Соны
қөңіліне мықтап түйіп алды. Ұрылар басында абыржып қалғанымен,
жылқышының жалғыз екенін және қолында құрықтан өзге қару жоғын көріп,
естерін тез жинап ала қойды. Машинадағы жарық атаулыны лып еткізіп
сөндірді де, біреу кабинадан басын шығарып, айқай салды:
Әй, шал, ажалыңнан бұрын өлгің келмесе, жолдан былай тұр. Әйтпесе
басып өте шығамыз, деді гүр-гүр еткен бір жуан дауыс. Тілін шайнап
сөйлейтіні Отарқұлға ұқсап кетті. Бірақ ол мыналарға қалай қосылуы
мүмкін?!
Боқты басарсың! Шық былай машинадан... Халықтың ақ малын қайда
әкетіп барасыңдар, оңбағандар?
Ағыбай арыстандай айбат шегіп, жол үстінде тапжылмай тұрып алды. Дәл
қазір басып өте шықса да орнынан қозғалмас еді. Түстік жақтан көз ұшында
жалғыз жарық көрінеді, сол машина келгенше ұстай тұру да жоқ емес
ойында... Ол жарықты, сөз жоқ, ұрылар да байқаған болар, кабинадағы екеу
күбір-күбір сөйлесе бастады.
Әй, кәрі төбет, сенімен кермалдасып тұруға уақытымыз жоқ. Тез жолды
босат! деді жаңағы жуан дауыс. Егер тіл алмайтын болсаң, өз обалың
өзіңе, атып тастаймыз да жүре береміз. Бізге енді бәрібір...
Кабинаның ашық әйнегінен мылтығын оңтайлап шақпағын қайырып жатқаны
байқалды.
Ағыбайдың жүрегі дір етіп, тұла бойынан бір суық ағын жүгіріп өтті.
Жылқыны атып алып, терісімен бірге балталаған тас жүрек немелерге дәл
қазір адам қаны да түк емес екенін іші сезіп тұр. Бірақ, не үшін екен, шегінгісі
келмеді. Өзегін өртеген ыза мен кектің әсері ме, әлде бүкіл өмірін бірге
өткізген жылқы малына деген жан пида аяныш па, әйтеуір, бір құдіретті күш
160
Әдеби KZ
тұла бойын құрсаулап, жібермей тұрып алды. Көз алдына Қоянкөк елестеп
кетті. Есіл жануардың тәуеттей сұлу тұрқы, мақпал майда жүрісі, жауһардай
жанып тұратын қос жанары есіне түсіп, ақыры осы өңірдегі ең соңғы
жорғаның да маңдайға сыймай, қарақшылардың қолынан мерт болғанын
ойлағанда, қаны басына теуіп, өзін-өзі билей алмай қалды.
Атыңдар, жауыздар! Аямаңдар... Асыл тектім Қоянкөгімнен жаным
артық емес.
Иттің балалары - ай, көздерің қиып қалай аттың екенсіңдер?! Жазықсыз
хайуанның қаны жібермес - ау сендерді де... Әлі-ақ желкелеріңнен шығар,
тоқтай тұр, бәлем! — деді қаһарлана айқай салып.
Бұдан ары не болғаны жадында жоқ. Өң мен түстің арасындай бұлдыр
тұман... Машина жарығының кенет лап етіп өзіне құйылғанын біледі. Тарс ете
қалған дыбыспен бір мезгілде кеудесінің оң жақ тұсы шоқ басқандай ду етіп,
сұмдық бір өрттің шарпығанын біледі. Сонан соң тас жол бойлап ала
жөнелген торы аттың үстінен құлап бара жатқанын ғана бал - бұл
түйсінгендей болды. Одан ары ештеңені сезген жоқ. Санасы сазға батқандай
ауырлап, бірте-бірте тұтқырлана түсті де, кенет төңірегін қап-қара түнек
жайлап алды.
161
Әдеби KZ
XI
Қарт жылқышы осылайша тіршілік бағдарынан айрылып, барлық пен
жоқтықтың, өлі мен тірінің арасында сандалып ұзақ жатты. Арада қанша
уақыт өткенінен де хабары жоқ. Бұл тірліктен қажып - шаршаған кәрі денесі
өмір мен өлімнің текетірес майданына айналып, бірін-бірі еркін еңсеріп кете
алмай, екі тәулік бойы итжығыс түсіп жатқанын да біліп жарытпады. Тек
үшінші күні ұлы сәске кезінде есі кіріп, әлдеқалай көзін ашқан. Көзін алғаш
ашып алғанда, жанарына сүттей аппақ бұдырсыз бірдеңе ілікті. Кешікпей әлгі
ағарған нәрсе үйдің әктелген төбесі екенін пайымдады. Бірақ өзінің қайда
жатқанын есіне түсіре алмады. Айналасының бәрі аппақ, ақша қар жауып
қалғандай... Келесі бір сәтте дәрі-дәрмектің өткір исін сезінгендей болды.
Сонан соң санасы жеткен бір нәрсе тілі аузына сыймай, сұмдық шөлдеп
жатқанын аңдады.
Ол өзінің ауруханада екенін енді ғана шамалай бастаған. Демек, өлмей тірі
қалғаны ғой...
Өзінің бір кезде жылқы бағып жүргені, түн ішінде әлдебір адамдармен
айқасқаны тіпті ертеде өткен оқиғадай еміс-еміс қана елес береді. Ал
сондағы сұмдық оқиға мен мына жатысының арасында нендей байланыс
бар екенін ойлауға шама-шарқы еркін жетіңкіремеді.
Әлден уақытта аяқ тықыры естіліп, палатаға біреу кіргендей болған. Бұл
қарысып қалған жағын әрең икемге келтіріп, «су» деген сезді зорға айтты.
Әлгі адам мұның қасына келіп, аузына қасықпен су тамыза бастады. Үстінде
ақ шалғайы бар, қазақтың мөлдіреген жап- жас қызы. Маржан тістерін
көрсете бұған қарап күлімдегендей болды. Қуанған адамның түрі... Су ішіп
таңдайын жібіткен соң, Ағыбай ептеп тілге келе бастады.
Мен қайда жатырмын, қызым?
162
Әдеби KZ
Сіз аудан орталығында, ауруханадасыз, деді қыз бұған жақындай түсіп.
Бүгін үш күн болды жатқаныңызға. Енді жазыласыз, көп қозғалмаңыз.
Қайдағы қозғалыс? Екі қолын ептеп икемге келтіргені болмаса, кеудесін
біреу қазандай таспен бастырып кеткендей, көтертпейді. Ағыбай енді
байқады, оң жақ иығы мен ұлы кеудесін дәкемен сірестіріп таңып тастапты.
Басы да таңулы сияқты... Тек аяқ-қолы сау, қимылдатып көріп еді, оғаш
ештеңе сезілмеді.
Жаңағы сестра қыз хабарлады ма, бір мезетте бөлмеге ақ киінген екі жігіт
кірді. Біреуі орыс, екіншісі қазақ. Ауру шал көзін ашты дегенге, жүгірісіп
келгені байқалады алқынып тұр.
Хал қалай, ақсақал? Мені естіп тұрсыз ба? деді қазақ дәрігер бұған
еңкейе түсіп.
Ағыбай «естідім» дегенді білдіріп, басын изеді.
Сіз кім боласыз? Қай жердің адамысыз?
Жылқышымын... «Көктөбе» совхозынан, — деді Ағыбай әлсіз үн қатып.
Сізді атқан кім сонда? Ел аман, жұрт тынышта кіммен соғысып жүрсіз?
Ұрылар ғой... Мені атып, екі жылқыны сойып әкетті.
Дәрігер ара-арасында мұның сөзін серігіне орысшалап аударып тұр.
Бір ажалдан аман қалдыңыз, ақсақал. Ештеңе етпейді, жазыласыз, деді
дәрігер күле қарап. Оқ көкірек қуысын аралап, жауырын сүйегіне барып
тоқтаған екен, алып тастадық... Сізді жол жиегінде жатқан жеріңізден
осындағы автобаздың шоферлары тауып алыпты. Солар қолма - қол
жеткізбегенде, жағдайыңыз қиын еді.
163
Әдеби KZ
Рақмет, шырақтарым!—жылы сөзге Ағыбайдың көңілі босады. Біздің
ауылдан іздеген ешкім болмады ма? Жылқыдан не хабар?
Енді жылқыны қойыңыз, ақсақал. Өз жағдайыңызды ойлаңыз, деді
дәрігер байсалды қалыпқа көшіп. Ауылыңызға бүгін хабарлаймыз...
Айтпақшы аты - жөніңіз кім?
Атым — Ағыбай... Ағыбай Жұмаханов.
Сол күні түстен кейін аудандық милиция бөлімінен де адамдар келді. Олар
Ағыбайдың жағдайынан бұрын да хабардар екен. Шалдың есі кірді дегенді
естіп, өз аузынан дерек алуға келіпті. Болған оқиғаны тәптіштей сұрап,
ұрылар мінген машинаның түрі - түсін, номерін жазып әкетісті.
Алғашқы күні көп сөйлеп, артығырақ қимылдағандікі ме, әлде денедегі
дәрінің уыты қайтты ма, кешке қарай Ағыбайдың ыстығы көтеріліп, қайтадан
ауырлай бастады. Өне бойы өртке шарпылғандай, күйіп-жанып, Кеуде тұсы
қан қақсап әкетіп барады. Бір жағынан шөл де қысып шыдатар емес. Қанша
жалынып сұраса да, бір-екі ұрттамнан артық сусын татырмайды. Ақыры
кезекші дәрігер келіп, білегіне, жамбасына ине шаншыған соң ғана, аздап
тынышталайын деді.
Жарасының удай ашып ауырғанын да сезіңкіремей, түні бойы өң мен түстің
арасында сандырақтап шатасты да жатты. Көзі сәл ілінсе - ақ болғаны, неше
түрлі қорқынышты түс көріп, шошып ояна береді. Өңі қайсы, түсі қайсы
белгісіз, көз алдына неше алуан көріністер көлбең қағып тұрып алады. Бәрі
жылқыға байланысты. Айналасы толған қан...
Жосыған, шапшыған қызыл ала қан. Қайда барса қанға бөгіп, қорқырап
жатқан жылқы шығады алдынан. Ара-арасында тарс-тұрс мылтық дауысы
естілгендей. Тар шатқалға қамап алған қалың жылқыны әлдебір адамдар тұс-
тұстан атқылап, қырып жатқандай...
164
Әдеби KZ
Енді бірде құлақ түбінен оқ тиіп, құлын дауысы шыға құлап бара жатқан
Қоянкөк елес береді. Келесі сәтте әлгі көрініс ғайып болады да, қалың тұман
арасынан көп жылқыны қатарынан салып қойып, балтамен мылжалап шауып
жатқан дию тектес қорқынышты біреулер шыға келеді. Балта... ақ балтаның
жүзі ай нұрына шағылып, кесек, бітеу сүйектерге қарш - қарш қадалғандай
бір өзгеше дыбыс келеді құлағына... Кенет әлгілердің балталап шауып
жатқаны жылқы емес, өзінің жалғыз ұлы Айдарға айналып кетеді.
Ағыбай жан ұшырып, арашаға ұмтылатын тәрізді, бірақ қара жерге шегелеп
тастағандай орнынан қозғала алмайды. «Айдарым, жалғызым... Қор болдың-
ау!» деп айқайлай беріп, тағы шошып оянады.
Содан мына көріп жатқаны түсі екені, Айдардың әлдеқашан өліп қалғаны
есіне түседі. Иә, Айдар өлгелі қашан... Осыдан тура жеті жыл бұрын егін
орағы кезінде машина апатынан қайтыс болған жоқ па еді? Дән тасып
жүргенде қарсы келе жатқан тағы бір машинаға соғылып, екі шофер да тіл
тартпай кеткен-ді. Қайғылы оқиға тас жол бойында, Ағыбай ұрылармен
айқасқан тұстан бес шақырымдай беріде болып еді. Бұл сұмдық хабарды
естіп, тізгін ұшымен шапқылап жеткенде, Айдардың сүйегін аудан
орталығына алып кетіпті. «Балаңыз тірі, ауруханаға әкетті» деп мұны
алдарқатқан болды, әрине. Бірақ жол шетінде ұйып қалған қып-қызыл қанды
көріп, сол арада өзін ұстай алмай, құлап қалғаны есінде...
Сөйтіп, әкелі-балалы екеуінің қандары төгілген қырсықты жердің екі арасы
бес - ақ шақырым. Бұл не сонда? Тағдыр ма? Әлде барған сайын апшысы
қуырылып бара жатқан мына дүниенің тарлығы ма? Айдардың ажалын көк
темірден көріп еді. Онысы бекершілік екен. Адамның басына зауал төнейін
десе, қайда жүрсең де бәрібір екен ғой. Уақыттың тұзағынан қайда қашып
құтыласың?!
165
Әдеби KZ
Ағыбай түні бойы азапқа түсіп арпалысып жатты да, тек таң алдында ғана көз
іліндірді.
Әлде дәрігерлер ұйқы дәрісін берді ме екен, сол бетінде қатып ұйықтап
қалыпты.
Ертеңінде түс әлетінде бір-ақ оянды. Онда да сестра қыз оятқан.
Ауылдан адамдар іздеп келіпті. Қасында совхоздың бас бухгалтері бар,
Пернебек аурухананың ақ халатын желбегей жамылып, мысықша басып ішке
кірді де, Ағыбайдың ояу жатқанын көріп, қуанып кетті.
О, Ақа, бар екенсіз - ау!.. Сізді бұлай тірі көреміз деп кім ойлаған?! деп,
келе - ақ тіл мен жақтың тиегін ағытып жіберді.—Міне, ерлік деп осыны айт!
Нағыз еңбек ардагері екеніңізді тағы бір рет дәлелдедіңіз... Мен осы пікірімді
директор жолдастың өзіне айттым. «Біздің жылқышылар мемлекет малы
үшін жанын қиюға да әзір. Медальға ұсыну керек» дедім...
Рақмет хал сұрай келгендеріңе, деді Ағыбай анау тым алысқа сілтеп
бара жатқан соң. — Ауыл аман ба? Ұрылар ұсталған жоқ па?
Ой, Ақа - ай, ұрылар қайда барады дейсіз. Қазір заңның құрығы ұзын, әлі-
ақ қолға түседі. деді Пернебек конфет сорғандай өз сөзінің дәмін ала
тамсанып. Милицияның дерегіне қарағанда, машина Шелек жақтікі
көрінеді. Бірақ адамдары жасырынып қалған.
Қайда қашып құтылады, ұсталады ғой... Сізді қазір өзіміздің аудан, аудан
емес-ау бүкіл облыс біледі, Ақа. Сіз жоғалған күннің ертеңінде - ақ тиісті
жерлерге сұрау салғанбыз.
Рас, басында есіміз шығып, қатты абыржыдық. Жігіттер ертеңінде жылқыға
барса, торы ат шылбырын сүйретіп ер-тоқыммен бос жүр дейді. Көккемердің
іші қызыл ала қан, шашылған ішек-қарын, екі жылқының басы жатқан
166
Әдеби KZ
көрінеді. Қоянкөктің басын жазбай таныпты... Содан шауып маған келсін.
Мен директор жолдасқа шабайын. Директор жолдас кабинетінде отырып,
телефонның құлағын бұрады ғой жан-жаққа...
Пернебек бұдан ары да соза түсер ме еді, қайтер еді, Ағыбай шаршағанын
сездіріп, көзін жұмды. Ферма бастығы талай әңгіменің реті келіп тұрса да,
амалсыз тоқтаған. Сонан соң ауданға қыруар жұмыспен келгенін, басқармаға
барып, айлық есеп тапсыру керек екенін, алдағы уақытта да келіп тұратынын
айтып, қоштаса бастады. Манадан үнсіз отырған бас бухгалтер осы тұста ғана
сөзге араласты.
Ақсақал, мен жақында совхоздың бүкіл архивін ақтарып қарап шықтым,
деді Ағыбайға жақындай түсіп.—«Көктөбе» совхозы құрылғалы сіздің бағып -
қаққан жылқыңыз өз алдына, тек жыл сайын санап өткізген
құлындарыңыздың мөлшері төрт жарым мыңнан асыпты. Бұл жағынан сіздің
алдыңызға түскен ешкім жоқ екен.
Ойбай-ау, манадан бері мен не айтып отырмын? деді Пернебек орта
жолдан киіп кетіп. — Айттым ғой, Ақаңды медальға ұсыну керек деп...
Рақмет, шырағым. Жалықпай - ақ есептеген екенсің, деді Ағыбай
бухгалтер жігітке мейірлене қарап. Біз өтерміз дүниеден... Бірақ
жылқыдан тұқым қалуға тиіс қой!
Олар қоштасып шығып кетті. Ағыбай сәл тыным алғысы келгендей көзін
жұмып, біразға дейін сұлық жатты. Кешегіден гөрі көңілі тетік, бетінің бері
қарай бастаған түрі бар. Түсте сестра қыз басын сүйеп отырып, аздаған сорпа,
сүт ішкізіп еді, сол бойына әжептәуір әл кіргізгендей болды. Енді қанша су
ішерлігі бар, әйтеуір, бұл жолы ажалдан қалғаны анық.
Адамнан шыдамды, адамнан итжанды нәрсе жоқ екен ғой бұл дүниеде.
Өзінің қалай өлмей қалғанына қуаныштан гөрі таңданысы басым еді.
167
Әдеби KZ
Сол күні кешке таман қасына Күлайша мен Қайынжамалды ертіп, Ержан
келді. Бір-біріне хабар айтып, одан бас құрап жеткен түрлері осы. Әйелдер
көздеріне жас алып, солқылдап жылағанда ғана, Ағыбай өзінің әлі де
біреулерге керек екенін сезіп, босаңси бастаған. Ал
Ержан атасына жаны ашып, ет жүрегі елжіреп тұрса да, өзінше сыр бермеген
түр байқатты.
Бәсе, менің нағашым анау-мынауға құлай кетпесе керек еді. Мынадан
кейін Жамбылдың жасына келмей тоқтамайсыз, деп, көзі жасаурап күле
береді. «Организмі сұмдық мықты екен!» деп, дәрігерлердің өзі
таңданып отыр ғой. «Жүрегінде титтей ақау жоқ. Өмір бойы таза ауада, ат
үстінде жүргеннің пайдасы» дейді.
Сонан соң атасының бетіне ойлана қарап сәл отырды да, бұрынғы ақ жарқын
қалпын қайта тауып, еркелей тіл қатты:
Жылқыны қимай, қоштаса алмай жүруші едіңіз, осының өзі бір есептен
дұрыс болды ма деймін, деді ойын-шыны аралас. Ағыбай атыңызбен
тышқан мұрнын қанатпай кеткеніңіз елден ұят емес пе? Енді, міне, бір
жұмысты тындырдым деп ұялмай айтуыңызға болады. Оқтың өзі де орден
тағатын оң жақ омырауыңызға тиген екен. Бұл сыйды енді сізден ешкім де
тартып ала алмайды...
Ауылдан келгендер қайтып кеткен соң да, Ағыбай еткен өміріне көз жіберіп,
ұзақ жатты.
Өзінің әбден қалжырап шаршағанын енді біліп жатыр. Тым ұзақ та, ауыр жол
жүріп келіп, әбден қара тұяқтан хал кеткенде жығылып түскен Қозыкүрең
тәрізді... Тәңірім-ау, осынау жарық дүниеде бұл жер басып, қыбырлап
жүргелі қай заман?! Бұралаң - бұлтарысы көп, діңкеге тиер неткен ұзақ жол?!
Бұл өмірдің қызығына да, шыжығына да тойып болып, тірлікке деген шөлі де
168
Әдеби KZ
қанған екен ойлап отырса. Мына жалған дүниеде енді бұл қимайтын, бұл
қызықтайтын ештеңе жоқтай. Әбден жетесіне жетіп, болдырғаны сонша, тұла
бойын жер тартып, тәтті бір ұйқыны, ұлы тыныштықты ғана тілейтіндей.
1982 жыл. Апрель — октябрь
Алматы