Сапарали
БЕГАЛИН
Повестер
«Балалар әдебиеті»
баспасы, 2009
Бала
Шоан
УДК 821.512.122
ББК 84 қаз 7-44
Б 34
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ,
ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛIГI АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ
КОМИТЕТI ӘЛЕУМЕТТIК МАҢЫЗДЫ ӘДЕБИЕТ ТҮРЛЕРIН
ШЫҒАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Бегалин С.
Б 34 Бала Шоқан. Повестер. /Көп томдық шығармалар
жинағы/Сапарғали Бегалин. – Алматы:
«Балалар әдебиетi» баспасы, 2009.
Т.4 – повестер. – 268 б. + 4 б. жапсырма.
ISBN 978-601-252-018-7
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі балалар жазушысы
Сапарғали Бегалиннің көп томдық шығармалар жинағының төртін ші
томына повестері еніп отыр.
Жинақ негізінен бұрын басылған повестері бойынша құрас-
тырылды.
Б
4702250201
00(05) – 09
ISBN 978-601-252-018-7
© «Жазушы» баспасы, 1996
© «Балалар әдебиеті»,
баспасы, 2009
Редакция алқасы:
Қ.Р. ҰҒА академигi, филология ғылымының докторы,
профессор Р. Нұрғали,
Филология ғылымының докторы, профессор Т. Жұртбай,
Пiкiр жазғандар:
ф.ғ.д., профессор М. Хамзин,
ф.ғ.д., профессор Б.Ш. Абылқасымов.
УДК 821.512.122
ББК 84 қаз 7-44
Сапарғали Бегалин 4 том
3
І бөлім
БАЛА ШОҚАН
Мүсінші Мысық
Қосқималы атанған Құсмұрын адырының солтүс тігін-
дегі төре аулының күзеу құдығы күзгі малға шөбі шүйгін
құйқалы қоныс. Бір жағы Құсмұрын саласына жалғаса тын
бетегелі кең тепсең: екінші жағы жағалай көктарлаулы қара
отты ащылауыт ой. Төре ауылының бұл күзегін ұшқан құс,
жүгірген аң болмаса, салт атты кісі баспайды. Қыста қы лаң
елсіз болып қар басса, жазда жалғыз үй күзетші оты рады.
Осы күзетшінің қара лашығы Қосқималының ық жа ғын да
қалың ши арасында қарақшы болып шоқияды да тұра ды.
Сол қара лашықтан шыққан арықтау шегір көз бала ның
екі түрлі ғана ермегі бар. Бірі – екі сиырдың бұзауын ба-
ғып, енесіне жамыратпай жаю, мезгілінде суару. Екін шісі
– тебіндегі саздан балшық алып, ойыншьқ жасау.
Шыңғыс Құсмұрын еліне аға сұлтан болып тағайын-
далысымен, осы күзекке екі бөлмелі кеңсе үйі салын-
ған. Оның жазғы, қысқы күзетшісі – сары баланың әке-
шешесі. Төре ауылы күзекке келгенде, сары бала сондай
қуанды. Ала жаздай зарыға жалғыз ойнағандағы ойынан
кет пейтін бір досы бар. Ол – төре баласы Шоқан. Сол
сағына күткен досы жолбарыстай шұбар құнанын елеңдете
аяңдатып жетіп келді. Ә, дегенде тосырқап қалған сары
бала балшықтан жасаған ойыншықтарын жия қойып ор ны-
нан ербиіп тұра келді.
– Ей, Мысық аман ба? Мына ойыншықты кім істеді?
– деп, Шоқан сары балаға жылы амандасып, күлімдеп
қарады.
– Өзімдікі, өзім істедім, – деп танауын бір тартып,
кішкене көкшіл көзі шегірейіп, Мысық ойыншықта рын
бауырына қарай икемдей берді.
– Сен, немене, мені жатырқап қалғансың ба? – деді
Шоқан Мысықты өзіне тарта сөйлеп. – Әкең қайда?
Сапарғали Бегалин 4 том
4
– Әкем үлкен төренің ауылына кеткен.
– Сен мына ойыншықтарыңды маған бересің бе?
– Жоқ, бермеймін, кешегі баладай сен алып қашасың,
– деп, ойыншықтарын шолақ критон көйлегінің етегіне
сала бастады.
– Қорықпа, мен тимеймін. Кәне, көрсетші, өзің ұстасың
ғой. Ақысына не аласың, маған ана балшық атыңды берші,
– деп, Шоқан зорлық емес, ықтиярымен алмақ болды.
– Не бересің, бауырсақ бересің бе, қант бересің бе? –
деп, Мысық икемге келе бастады.
– Берем, сен маған ойыншығыңды бер. Біздің үйге жүр,
апамнан көп қант, бауырсақ әперем, – деп, Шоқан сендіре
сөйледі.
– Иә, бармайым, қорқам, сіздің ауылдың балалары тен-
тек, иті қабаған, мені итке талатады, – деп, Мысық бұрын-
ғы көрген зорлықтарын айтып жолағысы келмеді.
– Жоқ, мен тигізбеймін, өзім ертіп барам.
– Иә, апаң ұрсады, қорқам, – деп түйе ғып жасаған бір
ойыншығын етегінен алып Шоқанға берді.
– Ей, кәдуілгі түйе. Өй, өзің қандай шеберсің. Жүр
менімен. Апама ұрыстырмаймын, – Шоқан осы сөзді
айтқанда, Мысық:
– Құнаныңа мінгестір. Барайын, – деп өз қолқасын да
айтты.
– Кел, мін! – деп, Шоқан құнанына мініп, үзеңгісін
босатты. Ойыншықтарын бір шидің түбіне тасалай тас-
тай беріп, Шоқанның құнанына жармасып міне берген де,
құнан мөңкіп кеп қалды. Міңгесіп орнықпаған Мысық жер-
ге топ ете түсті. Құнан атып кеп кетті. Алғашқы мөңкі ген де
арты босап қопаңдап қалған Шоқан, кейінгі үріккенде бір
жағына қисайып, тек ерінің қасынан ұстап аз ғана түспей
қалды.
Шоқан құнанын тоқтатып, қайта бұрылып келгенде,
Мысық кейін шегініп:
– Мінбейім, құнаныңның мінезі жаман. Тулайды, –
деп, ойыншығына қарай жөнелді. Шоқан құнанынан тү сіп,
Мысықтың қасына келіп:
– Немене, бір жерің ауырып қалды ма? – деп жаны
аши сұрады.
– Жоқ, ауырған жерім жоқ. Бірақ жығылғанда жа ман
қорықтым, сен де жығылады екен деп ойлап ем. Атқа мық-
ты екенсің, жығылмадың.
– Мен бұдан асау күнінде де бұл құнаннан жығылға ным
жоқ, – деп, Шоқан мақтанып қойды. – Сен екеуміз жаяу
Сапарғали Бегалин 4 том
5
барайық, жүр, – деп, құнанын жетектеп ауылға қарай
жүрді. Бұрынғыдай емес, Мысық тартынбай еріп келеді.
Шоқандар үйіне таянғанда, алдарынан Жақып жүгіре
шықты. Кесек денелі Жақып келе Шоқанға:
– Ей, мынау әлгі Мысық па? Қайдан тауып алдың? –
деп, шайпау мінезбен Мысықты бір нұқып қалды.
– Өй, жынды, әрі кет, мұнда нең бар? – деп Шоқан
тұра ұмтылып еді, қашып үйге кіріп кетті. Ерке, сотқар
Жақыптың ұрыншақ мінезінен қаймығып Мысық кейін
шегініп, орынсыз тиген қолға қорланып жылап та жіберді.
– Мысық, неге жылайсың?
Шоқан қасына келді. Інісінің ешбір кінәсіз ұрып кет кен
тентектігіне ішінен ыза болып тұр. Ол Мысықты қолынан
тартып үйіне қарай алып жүрді. Мысықтың тартынғаны на
қойған жоқ.
Үлкен ақ үйдің есігінен Шоқан өзі кіргенде, Мысық ты
қалдырмай ерте кірді. Бұрын мұндай үйге кіріп көрме ген
кішкене Мысық, аяғын ілгері басуға бата алмады.
Босағасынан төріне дейін кілем төселген, уықтың қарына
тірелте жасау жиналған үйге Мысық өзін сыйғыза алма ды.
Ол қайтадан атып шығып тұра қашуға, сыртта жатқан қос
қарала төбеттен қорқып босағаға жабыса қалды.
– Мысық, бері жүр, – деп, Шоқан оны қолынан тар тып
зорға жоғарылатты.
Үлде мен бүлдеге оранған үлкен ақсары әйелдің қасын-
да отырған әлгі тентек Жақып қолына шыбыртқы қамшы
ұстап, әлі де Мысыққа өшіге қарап:
– Өй, өзін қара, неге келдің, әйдә, шық, – деп, тұра
жүгірді. Әлгінде ұрып кеткенін сондай орынсыз, бассыздық
деп ойланып қалған Шоқан бұл жолы дәт қылмады. Ол
қолындағы қамшымен Жақыпты жасқантып, Мысықты
қорғаштай берді.
– Аулақ кет, мұнда нең бар? Қорқытпа, тиіспе, бұл менің
жолдасым, – деп апасына қарады.
Балалардың қағысып қалған сәттегі істеріне салмақпен
қараған сары бәйбіше Шоқанға бір, Мысыққа бір қарап:
– Шоқан-ау, мынауың әлгі бір былтырғы сары бала ма?
Үсті-басы немене, қасына жоламашы. Ойнауыңа бір жөнді
бала табылмады ма? – Сонан соң Мысыққа қарап, – Ей,
сен әлгі күзетшінің баласысың ба? Мұнда қайдан келдің?
– деді.
Мысық жерге кіріп кетердей қорықты. Шоқан ертіп кел-
ген жолдасын шешесінің қорлағанына қысылып қалып:
– Қорықпа, – деді Мысыққа.
Сапарғали Бегалин 4 том
6
– Иә, мен кетем. Бағана айтқаным қайда, ұрсады, сабай-
ды деп. – Осыны айтып Мысық артымен жылжып есікке
қарай сырғи берді. Кіріп келе жатқан Шоқанның әкесінің
тізесіне қағылып, етпетінен түсті. Байқамай қақтығып қап,
есі шығып тұрған бала ұрады деп ойлап, бақырып жіберді.
Шоқанның әкесінің әрі атқосшысы, әрі қаршығасын ұста-
ған Сыдық еңкейіп үйге кіре берген. Аяғының астынан
шыққан ащы дауыстан шошып қолындағы қаршыға дал-
пылдап кетті. Мысықтың басына құстың қанаты келіп
соғылды. Құсқа жегізгелі жатыр деп түсініп, ол онан сайын
бақырды.
– Өй, Мысық, түрегел, шошыма, – деп, Шоқан қасына
жетіп барды.
– Түге, тартшы қолыңды. Мына шіркінді қайдан келтіріп
жүр. Үні не деген жаман, әкетші әрі, – деп, семіз бәйбіше
сырттан кірген құсшы жігітке бұйыра сөйледі. Бәйбішенің
жарлығы құлағына тиер-тиместен:
– Өй, кет былай жолдан! – Сыдық аяғымен нұқып
қаламын деп босағада тұрған үлкен шылапшынды қаңғыр
еткізді. Шоқан онан бұрын Мысықты орнынан тұрғызып
алды. Шоқан қорғап тұрған соң, қаршыға ұстаған жігіт
қайта қол сермеген жоқ. Ол қаршығаның аяқ бауын кереге-
ден бір іліп жіберіп сырлы тұғырға қондырды.
Тұғырға қондырғаннан кейін көк қаршыға шегір көзін
төңкере шаңырақтан аспан әлеміне құмарта бір қарап,
тұғырға орныға қонып дүр сілкініп қойды. Бұрын мұндай
құсты адам қолына ұстағанын көрмеген Мысық, екі көзін
алмай әрі таңданып, әрі қорқып қарайды. Мысықтың
бағанадан бері көзі түспеген бір нәрсе тағы шыға келді. Ол
сонау балбырап отырған семіз бәйбішенің ар жағындағы
үлкен, биік төсектің бас жағында түрған тарғыл арлан еді.
Екі құлағының салбыраған шашағы төсіне түскен, күміс
қарғылы, тайдай тазы тұрып алып, алдыңғы екі аяғын көсіліп
жіберіп, төсін жерге тигізе керілді. Керіліп алып, дүр етіп
сілкініп қойды. Мойнындағы күміс қарғының сақиналары
сылдыр қағып, тазы есікке қарай бет алды. Қанталаған
үлкен көзі маған түспесе игі еді деп, Мысық Шоқанның ар-
тына қарай ығыстай берді.
– Қорықпа, тимейді, – деп, Шоқан Мысықты өзінің
қата рына қарай ығыстырды. – Әжеке, мына Мысыққа
бауыр сақ беріңізші, – деп, Шоқан шешесіне өтінішті ерке
тілек айтты. Ши жақта ыдыс-аяқ әзірлеп жүрген қара торы
әйел ге:
– Әй, Қанипа, ана балаға бауырсақ әперші, отырғызып
қымыз бер. Шоқанжан ертіп келіпті ғой, – деп, сары
Сапарғали Бегалин 4 том
7
бәйбіше бағанағыдай емес, Шоқанның ыңғайына иіліп,
жұмсақ сөйледі. Шоқаннан именіп қалған тентек Жақып,
әжесінің арғы жағынан Мысыққа жұдырығын көрсетіп,
кіжініп қойды.
Қара торы әйелдің табаққа салып қойған бауырсағын
бір-бірлеп жеп, қымызды жайлап жұтып отырған Мысыққа
Шоқан:
– Сен, немене, әлі де қорқып отырсың ба? Жеп қой,
қалғанын етегіңе салып ал, – деп қорымалдана сөйледі.
Шоқанның сөзі ширатқан Мысық бұйығыланып қысылудан
жадырап, қымызды жұтып салды. Аяқты жерге қойып,
бауырсақты етегіне төге бүктеп алып, есікке қарай жүрді.
Есікке таяп барып, сілейіп тұра қалды. Оның сырттағы ит-
терден қорқып тұрғанын сезген Шоқан қасына келіп:
– Сірә, қорқып тұрсың-ау, ә? Кәне, жүр, – деп, ертіп
үйден алысқа шығарып салып, – ертең мен барам, сонда
тағы ертіп келем, маған жақсылап түйе істеп қой!
– Жоқ, мен құс істеймін, – деді Мысық, кішкене шо-
лақ мұрнын тартып.
– Иә, иә, істе, тіпті жақсы, – деді Шоқан, оның ойын
құптап. Мысық ауылдың солтүстігіндегі шилеуітке жете
бере артына бір қарап, қабаған иттен, тентек Жақыптан
құтылып, бойы кеңіп, жүгіре басып үйіне тартты.
Ақын алдында
Мысықты шығарып салып үйге келгенде, Шыңғыс киі-
мін шешініп жеңілденіп, ат үстінен түскен шаң-тозаңнан
жуынып, дастарқан басына келген-ді. Қанипа жайған тор-
ғын дастарқанға Сыздық әкеліп күміс құлақты сары теге-
нені қойды. Күмістеген без ожаумен, қою сары қымыз дың
қышқылтым иісін бұрқырата сары бәйбіше өзі сапырды.
– Шоқанжан, ана бір балшықтарың не? – деп, әкесі
қалыпты мейірбан лебізімен Шоқанға тіл қатты. Шоқан
жаңағы Мысықтан қалап алған сиырдың, койдың балшық
мүсінін қызықтай қолына ұстап, әкесінің қасына алып келді.
Тобарсып кеуіп тұрған кішкене балшық мүсін онша лықты
көз тартарлық бұйым емес. Ал Шоқан оны сондай бір жаңа
ойыншық, Мысық қолдан жасаған жанды дүниедей көріп,
қызықтай ұстайды.
– Атеке, әлгі бала бар ғой, өзі шебер. Қараңызшы, мына
сиыры аумаған Қанипа жеңгенің қоңыр сиыры емес пе?
Бір мүйізі сынық, – деп балшық мүйіздің біреуін Шоқан
Сапарғали Бегалин 4 том
8
қалтасына салғанда омырып түскен екен, соны көрсе тіп
қойды. Бала қиялын қызықтай қараған ойлы сұлтан:
– Иә, дәл өзі. Бірақ мына қойының құлағы тұла бойы-
нан үлкен екен, – деуі-ақ мұң, Шоқаннан қорғанып отыр-
ған Жақып:
– Түк те қойға ұқсамайды, пәлі, құйрығын қара, тап иттің
құйрығы, – деп сықылықтады. Тентек інісінің Мысық қа
еркін қол жұмсай алмай ішінен өштесіп қалған мінезін сез-
ген Шоқан:
– Сен істей ғой, ондай шебер болсаң! – деді.
– Қой, Шоқан, бұл есерді желіктірме, балшыққа түсіп
әуре болады. Жақып ондай жаман балшықты ұстамайды, –
деп, апасы тентек баласын ерегістірмей тыйым салды.
– Немене, әкелген құстарың қайда? – деп жымиды
сары бәйбіше, Шыңғысқа әзілдей қарап.
– Көп құс кездеспеді, бір-екі үйрек алдырып ек, Есекең
ауылының ақсақалдары кездесіп, солар байланды.
Әңгіме аяқталмай сырттан кірген Бейсен:
– Хан аға, ақын келіп тұр, кіргізуге бола ма? – деді.
– Ә, Арыстан ақын шығар, кіргіз, – деген өзін Шыңғыс
қонақшыл жұмсақ кейіпте айтты.
– Ассалаумағалайкүм алдияр, – деп, алдынан кірген
Арыстан ақын, екі қолын кеудесіне ұстап, әдеп ишарасын
көрсетті.
– Уағалайкүмүссәләм, жоғарылатыңыз, – деп Шыңғыс
өзінің оң жағындағы төрді меңзеді. Әкесінің сырттан кел-
ген ұзын бойлы, селдір сақалды, сары сұр кісіні құрмет
тұта сәлемін қабылдап, «жоғарылатыңыз» деп өзінің қасын
меңзегеніне ойлана қалған Шоқан, Әубәкір молданың
үйретуінен дағдыланған үлкен кісіге сәлем беру әдетін істеді.
Ұяла «ассалаумағалайкум» деген әдепті балаға, жаңағы ұзын
бойлы кісі күлімдей қызықтап «әлейкүмүссәләм, төре бала»
деп, сүйсінген ықыласын көрсетті. Бейсеннің: «ақын келіп
тұр», деген өзінен мына кісінің өзгеше қасиетті қыры бар
жан деп ұғынған Шоқан, Арыстан ақыннан көз алмай, әрбір
қозғалысына пайымдай қарауда. Ақынның қасындағы екі
жолдасы төменгі жақта, тізерлей отырып қалды. Ал ақын
еркіндей басып Шыңғыс төренің қасынан жайлана отыр-
ды.
– Хан ордасы аман ба? Қарашысы түгел ме? Ханым
саулығы қалпында ма? – деп ақын, айырықша тақпақ
тәріздендіре мағыналы сөйледі. Мына сөздер де Шоқанға
жаңадан естілген мәнді лебіз болып ұғылды.
Сапарғали Бегалин 4 том
9
– Ақын, қалай ел-жұртыңыз? – деп, Шыңғыс асыға
қайталап айтатын әдетімен ақыннан ел жайын сұрады.
– Алдияр сұлтан, халқыңыз аман, ел шаруасы жайлы.
Хан ауылы жайлаудан күзекке келді деп естіп, ордаға сәлем
беріп, дидар көрсетейін деп келдім.
– Ақын, жақсы келдіңіз, сізді көптен бір тыңдармын де-
ген ойым болған еді, – дегенде, тосыннан айтылған сұлтан
өзін түсіне алмаған Арыстан қыпылықтап:
– Не жайлы еді, алдияр?.. – деді.
– Сіз Қозы Көрпеш – Баян жырын аса жақсы айтады
деп естіген едім. Соны өз аузыңыздан тыңдасам.
– Алдияр, бар қолқа сол болса, ақын тіліне тоқтау бар
ма. Шырағым, – деді де, еріп келген жолдасының біреуіне
қарап, – менің қобызымды әкелші, – деді.
– Қобызыңыз, мінеки. – Арықтау ақ сары жігіт жел-
бегей салған шекпенінің қойнынан суырып қолына берді.
Сыртқы кенеп шапанын жеңілтектеп, жүкке таяна жайла-
на отырды. Қобызын аяғының қоршауына ала, құлақ күйіне
сарнатып, жанарлы үлкен көзін төңкере айналаны шарлай
бір қарап, ә дегенде жарықшақтау күрілдеп басталатын да-
уыспен:
«Ассалаумағалайкүм, алтын орда,
Ат қағып келдім аңсап алыс жолда,
Алдында жас сұлтанның сөз сөйлейін,
Аруақ ата-бабам жар боп қолда», –
деп аңырата бір толғап алды. Ақын дастанды бастарда
ойланғандай үй аспанына бір қарап, қобыздың аңыраған
қоңыр үніне қосылып:
Жыр еттім бұл дастанды ертелі-кеш,
«Түйеден нар туады молтақ өркеш,
Кешегі Ноғайлының заманында
Баянға ғашық болған Қозы Көрпеш», –
деп жөнелді. Үй ішіндегі адамдардың бәрі ұйый тыңдап
қалған, Шоқан алғашқы бір ауыз өлеңді ішінен қайталады.
Жақып ақын болып көзін жұмып, екі иығын қомдап, қобыз
қылып бір шыбықшаны ысқылап отырғанын көріп Шоқан
жымиып қойды. Шоқанның жымиғанын көріп, Жақып
онан сайын екілене бұлғақтады. Шоқан қабағын түйіп қой
деген ишарат етсе, ол аузын қиқалақтатып әжуалап отыр.
Ақын ұзақ жырлай келіп бір жерде:
Сапарғали Бегалин 4 том
10
Қарабай, Сарыбаймен аңға шықты,
Екі бай аттанды деп даңға шықты.
Екі бай қатар жортып келе жатса,
Алдынан буаз марал аң қашыпты», –
деп, екі байдың құдалық ежеқабылы басталған жерді жыр-
лады. Осы араға келгенде, буаз аңға мейірімділік еткен екі
бай Шоқанға мейірбан адамдар болып елестеді.
Бір сәт үзіліс істеліп, ақын да, үйдегі үлкендер де сыртқа
шықты. Бұрынғы отырған жұртшылық үстіне тағы да бі рен-
сарандаған адамдар қосылды. Қайта келіп кісілер орынға
отырғанда, шай жасалып, дастарқан жайылды. Ыстық тан
пысынап, қымыздың бойға жайылған қызуынан балбы-
рап отырған жұртқа қозы күрең ыстық шай дәл кезінде
келді. Шоқан ақын қимылына қадағалай қарайды. Осы н ша
ұзақ жыр қай жеріне сыйып тұр екен дегендей өне-бойын
да үңіле шолиды. Әсіресе ақынның ойнақы үлкен көзі,
селдірлеу салалы сақалы ұзын жағын көсілте түскендей,
сірә, бар өнердің ұясы осы-ау дегендей болады.
Шай ішіліп болып, жұрт дастарқаннан кейін серпілді.
– Ал ақын, сіздің Безверховтармен Ұлытаудан Қарақұм-
ға дейін барғандағы жырлаған Қозы Көрпешіңіз осы ғой?
– деді Шыңғыс төре асығыс жеделдете айтатын әдетімен.
– Иә, алдияр, осылай басталады, әлі жыр өзегіне кірге-
міз жоқ қой, – деп, Арыстан қобызын зарлатып жырлай
жөнелді.
Ақын кейде баяулата, кейде көтеріле соқтырып, әрбір
уақиға тұсына кіргенде өлең ырғағына тербетілген дей
дөңгеленеді. Қозыкенің Баянды іздеп тазша бала болып
келетін, Баянның алдынан шығатын жерін сондай бір нәзік
дыбыспен жан сезіміне беріле аңыратты. Осы бір же ріне
келгенде Шоқан ақын әуеніне еріп, бір назды қоңыр ды быс
шығарғандай болды.
– Пәлі, иә, сен де ақынсың ба? – деген Жақып тың
дау сын естігенде, Шоқан өзінің дыбысы шыққанын сонда
абайлады.
– Ет піскен екен, ақын осы жерден тоқтатса, – деген
сары бәйбішенің хабарын Шыңғыстан бұрын естіп қал ған
Шоқан:
– Апеке, айта түссінші, қызық екен. Қандай жақсы ай-
тады, – деді.
– Жақсы көрсең, асықпа, жырын аяғына дейін айт қыз-
бай ақынды аттандырмаймыз, ет езіліп кетеді, – деп, бәй-
біше Шоқанның тілегіне жақсы ниет айтты.
Сапарғали Бегалин 4 том
11
– Иә, ас дайын болса, онда ақын қалғанын кейін ай тар,
– деп, Шыңғыс орнынан қозғалақтады.
– Иә, қазір бәрібір аяқталмайды, дем алалық, – деп
Арыстан ақын қобызын жүкке сүйеп қойып, жайлана от-
ырды.
Ет желініп, қол жуылып, жұрт далаға шығып, бой
көтерісті. Күн де еңкейіп, көлеңке ұзара бастаған кез.
Қотан сыртындағы қыратқа қарай Шыңғыс бастап ауыл
адамдары, ақын, қонақ бәрі жүрді. Шоқан бүгін ойын ды
ұмытып, әке айналасы, ақын қасынан ұзаған жоқ. Оның
құмары – дастанды аяғына дейін тыңдау. Қорғансыз жас
Қозы Көрпештің алдағы күні не болмақ?..
Дөң басына келіп жайлана отырысты. Сөзді Шыңғыс
бастады:
– Ақын, сіздің әкеңіз Толыбай, би болған кісі дейді.
Сірә, ол кісіде де ақындық болған ба екен?..
– Алдияр, тақсыр, әкеміз ақындық өнерін құнтта мапты.
Бірақ, қапелімде өз табатын, өткір тілді, өз әлінше әділ
болған дейді. – Арыстан осыны айтып, әке жайын есіне
түсіргендей аз кідіріп қалды.
– Толыбай бидің қандай әділдігі болған екен? – Шың-
ғыс қазақ ғұрпындағы әділ деп танылған билік түрлерінің
үлгісін аңғарғысы келіп сұрады.
– Алдияр, әкемнің билігін мен айтсам, өз әкемді
мақтаған боламын ғой. Мына жігіттің де аздаған ескі өзге
үйірлігі бар еді. Осы айтсын. – Арыстан, қасына еріп кел-
ген жолдасының үлкеніне сөз кезегін ұсынды.
– Сұлтан алдында, сұлтанды қоршаған топтың алдын-
да сөйлеу қиын да болса, ақынның әдейі сөйлеткісі келіп
ұсынғанын аңғарған жігіт:
– Иә, алдияр, естігенім бар еді. Рұқсат болса, айтып
көрейін, – деп жүгіне отырып, әңгіме бастады.
– Әкем марқұм айтатын: «Ертерек кез болар, Тәлекең-
нің жас кезі білем, бір жиынға кездесіпті. Ел екі жарыла от-
ырып айтысып жатыпты. Сырттан келіп тыңдаса, үш рудың
үш таған болып сайысқан ұлан-асыр дауы екен. Дау дың
өзегі – Қышпақ руының ұрылары Бағаналы елінен ба рып
жылқы алады. Ұрылар жылқы алған елден қашықтап келіп
бір бүйрек тауға бекінеді. Тазымен аң қуып жүрген Жап-
пас руының бір топ адамдары ұрылардың үстінен түсіп, екі
жақ соғысып, бір ат, бір биені Жаппас аңшылары айырып
қалады.
Бағаналының қуғыншылары мен алған ұрылардың өк-
ше-ізіне түсіп, шолғыншы сала отырып, Жаппас аңшыла-
Сапарғали Бегалин 4 том
12
рына кездесіп, ат пен биені таниды. «Тапқан қуанады,
таныған алады». Ағайын, алдырған малдың көзін көріп
тұрмыз, айырғандарыңа рақмет, малдың көзін өзімізге
бер», – дейді. Оған Жаппастың аңшылары: «Қан төгіп,
жаудан түсірген қанды ат. Бізге малыңды бақтырып қойып
па едің?»– деп бермейді. Сонан екі жақ жанжалдасып,
Жаппастың бір аңшысының көзіне найза тиеді.
Бағаналы елінің адамдары, Қыпшақ ұрыларын қуып
барып, малын шығарады. Бірақ жолда болған жанжалды
айтпайды. Сонан біраз өткенде Жаппас елінің адамда-
ры, Бағаналыға барып, ерінің көзіне құн сұрайды. Осыдан
үлкен дау қозғалып, үш ру ел бітімге келе алмай, кереғар
даумен керілдесіп отыр екен.
Топ үстіне кездесіп, ортасына келген Төлекеңе үш рудың
өз ұстаған билері:
– Шырағым, ара ағайынсың. «Бітер істің басына, білімді
келер қасына» деген еді. Атасы билік айтқан Атығайдың ба-
ласы екенсің, осы даудың төрелігін айтшы, – дейді.
– Айтқызып аяқсыз қалдыратьн төрелікке ие болмай-
мын. «Бұқа қарап жүріп, жасауылға тұрыпты» дегендей, жо-
лаушы жүріп билік айтып, атақ байланып ажуа болармын.
Ал шын берсеңіздер, тәңірі атын куә етіңдер. Жығылға ның
ауырламайтын, жыққаның мақтанбайтын болсаңдар ғана,
төрелігімді айтам депті. Сонда билер:
– Шырағым, өзіңде нәр бар екен. Әділдік алаңы жоқ ау-
ыздан шығады деген еді. Бұл ортаға бөгде ағайын көрінесің,
именбей-ақ айта бер, – десіпті.
– Онда басынан байыпты ауыздан дау жобасын тың-
далық, – деп билерге дауларын айтқызыпты. Алдымен
сөзді Жаппас даугері бастапты:
– Ағайын, жау алған малыңа шаптым. Қан төгіп, қанды
ат айырдым. Келе қол күш қылып, айырған малымды қолмен
алмақ болдың. Ара түскен азаматымның көзін шығардың.
Қол қолды табады. Мен ерімнің көзіп Бағаналы – сенен
сұраймын, – депті.
– Ағайын-ау, аттанып ауылыңа келдім бе, қосыңа кіріп
қомдыңа құрық салдым ба? Алдырған малымды астыңнан та-
ныдым. Ағайынсың, алдырған елміз, айғақ болар малымның
көзін бер, деп сауға сұрадық, бермедің. Адал малымыз үшін
найза сермеп, қол көтергенім рас. Қастықпен емес, қатеден
найза тиді. Көз жазым болды. Қыпшақ ұрысы қосымды
қопарып, жылқымды алмаса, сенің аңшыңда менің нем бар.
Найзам үйіме сүйеулі, атым кермеде байлаулы, азаматым
аулымда жатар емес пе еді? – дейді Бағаналы даугері.
Сапарғали Бегалин 4 том
13
– Сонда сенің қосыңа мен кірдім бе, аулыңа барып асыр
салдым ба? Тиген найза сенікі, мен қанды қол сені білем,
көзімнің құнын, Бағаналы, сенен сұраймын, – дейді өзін
толықтырып Жаппас даугері.
– Кеден болды, кеден неден болды. Қыпшақ ұзыннан
өксігің жоқ, қысқадан қарымжың жоқ, қосыма кіріп,
қорамды шаптың, мал ашуы – жан ашуы, арадағы
ағайынмен арандатқан сенің қанды жорығың. Құнды,
Қыпшақ, сен тартасың, Бұзық жосығыңа сен жауапкерсің,
– депті Бағаналы даугері.
– Апыр-ау, алсам, ертеден қол жетпей жүрген есем
үшін Бағаналыдан жылқы алдым. Өз қорасы, қосы аман,
көлденеңнен килігіп, олжа іздеп шауып, қан төгіп жылқы
айыратын Жаппастың қай қанының қызғаны? Ал ұры десін,
менен жылқы айырсын. Малын таныған саған өз малыңды
бермей жанжал шығарғаны қай бұзақылығы? Көзі шықса,
көкіректегеннен тартқан сазайы емес пе. Қол қолды тапса,
мен Бағаналының малына жауаптымын. Жаппастың көзіне
менің қатынасым жоқ. Тиген найза Бағаналынікі, шыққан
көз Жаппастікі, екі арада мен неге жығынды болам, бір той-
да екі жар жоқ, – деп, Қыпшақ даугері көз құнын маңына
дарытпайды.
Билердің сөзін тыңдап болып Төлекең:
– Иә, би ағалар, дау жобасы сіздер айтқан болса, билік
жобасын да өздеріңіз айтып отырсыздар ғой, – деп бастап-
ты. – Бағаналы даугері дұрыс айтып отыр ғой, жорықты
кім бастаса жосыққа сол жауапты ғой. Қыпшақ ұрысы
Бағаналыдан жылқы алмаса, Жаппастың аңшысы кімнен
жылқы айырды? Бағаналы жылқысын алдырмаса, жай
жатқан Жаппаспен жанжалдасар ма еді. Пәлені кім бастаса,
барлық ауыртпалыққа сол жауапты. Ердің құны жүз түйе,
көздің құны елу тайлақ. Қастандық емес, қатеден тиген
найза, жартысы жазым тигені үшін кешіледі. Жаппастың
көзінің құны жиырма бес тайлақ. Тірідей көзіне құн алу
арына ауыр болар, құдалықпен құдай атын айтысып, сүйек
болсын. Қыпшақ қыз беріп күнде бау сүйек болсын, – депті.
Билік жайын айтқан жігіт сөзін аңыра тыңдаған Шоқан, ер
құны, ел дауы деген бір үлкен сүрелі әңгіме барын білді.
Әрі жігіттің айтқыштығына разы болып әкесінің аузына
қарады.
– Немене, сол билікке бәрі пәтуа етіп пе? – деп сұрады
Шыңғыс.
– Иә, «айтқаным айтқан, билік бірлікті меңзейді,
шырағым, бұрын ағайын едік, енді сүйек болатын болды»
Сапарғали Бегалин 4 том
14
деп бәрі алғыс айтыпты. Сонда отырған Жаппастың биі ақ
сақал ды адам екен:
– Шырағым, елім Кіші жүз еді, аға баласы болсаң да
батамды берейін. Атыңа ат қосайын, бұдан былай атың би
Толыбай болсын, – депті. Сонан біздің Төлекемді ел би То-
лыбай атап кетіпті, – деп жігіт әңгімесін аяқтады. Отырған
жұрт: «әділ айтылған билік, ағайынды ашындырмай, қандай
есебін тапқан», – десті. Ұзын сүре даудың барлық екжей-
текжейін жете ұқпағанымен, ел ішінің дау-шарының бір
сала собасын аңғарған Шоқан, әжесіне осы әңгімені айтып,
ол кісінің де ойын тыңдамақ болды.
Қас қарая Шыңғыс қонақтарын ертіп үйіне оралды. Бұл
кезде қайтадан дастарқан жайылып, қымыз сапырылып,
тағы мәжіліс басталды.
– Ал, ақын, Қозы Көрпешіңді аяқта, – деді Шыңғыс
Арыстанға қарап.
– Иә, мына кішкене төренің құмары жадырасын.
Аяқтап көрелік, – деп, Арыстан қобызын алып, жырына
кірісті. Дөң басындағы мәжілісте болмаған тентек Жақып
Шоқанның қасына келіп отыра беріп:
– Өй, өзі бір шаршамайды екен. Тағы жетім баланы айта
ма? – деді.
– Иә, соны айтады. Тек отыр, құтырынбай, – деп Шоқан
інісіне тыйым айтты.
Ақын біраз кібіртіктеп отырып көтеріле жырлап, Қозыке
мен Қодардың алғашқы күш сынасқан жеріне келгенде:
«Астрахандай бұл жақта қала бар ма,
Қозыкенің көңілінде ала бар ма?
Қодар құлды атына қайта салды,
Қысып қойса сол жерде шара бар ма!»—
деген жерін айтқанда, «быдай қысса ғой» деп, Жақып
Шоқанның белінен қысып-қысып қойды. Шоқан үнсіз
тыңдап, жыр толқынына берілгендей ақынның әр өзіне
ұйый аңырая қарайды. Осы бір кезде сары бәйбіше
Шыңғысқа әдепті үнмен:– Енді ас ішіңіздер, – деді.
– Иә, иә, тамақ желік, ақын, осы жерден кідірте тұр.
Қызығы жаңа басталып келеді, – деп, Шыңғыс жұртты
тамаққа әзірленуге шақырды. Шоқан Жақыпты алып,
апасының арт жағынан барып, өздеріне жасалған еттерін
жеді. Әлі есіл-дерті Қозыке тағдыры. Әлсіз жан апат
сергелдеңнің ортасында жүр. Қайта-қайта соны ойлай-
ды. Ол осы жырға беріліп, әлгі Мысықтан алып келген
Сапарғали Бегалин 4 том
15
сиырдың, қойдың балшық мүсіндерінің де не болғанын
ескерген жоқ.
Шоқан әкесімен бірге дөң басына шығып кеткенде,
Жақып төсектің бас жағында жатқан балшық мүсіндерді
алып, біріне бірін соғып, сиыр қойды сүзді, жықты деп уа-
тып, быт-шытын шығарған-ды. Шоқан оны әлі көрмеген.
Ет желініп, жұрт сыртқа шықты. Үркер көтеріліп, күз
лебі қоңырлата бастаған. Арқа түнінің салқын желі баяу
ғана еседі. Құсмұрын алқабының көсілген кең даласы ай
сәулесіне бөленіп, буалдыр көгілдір жайқын болып мүлгиді.
Орда маңынан алшақ қарашы ауылда жусаған қой, сиырдың
ыңыранған, пысқырынған үндері түн тыныштығында ел-
гезектене естіледі. Анда-санда пысылдай пысқырынған
көкпекті соны күзекке еркін өрістеген түйе тобы, алуан
түрлі дыбыс аңдатады. Күндізгі абыр-күбір азайғанымен,
түн тіршілігі өз арнасында әсемдікпен ырғалады. Әлде қайда
қол бетіндегі құстардың да ыңыл-шыңыл үндері өмір дума-
нына бөленгендей, көл қауымы өз тілімен үн қатысады.
– Мәжілісті ертең аяқтарсыздар, сіздер бері, үйге жүрі-
ңіздер, төре дем алады, – деп, кісі күтіп жүрген Бейсен
ақынды жолдастарымен қонақ үйге алып жүрді. Шоқан
Жақыпты ертіп өздерінің үйіне барды. Ұйқы маужыратқан
Шоқан еш нәрсемен де ісі болған жоқ, төсегіне шешініп
жата кетті.
Шоқандардың сабағы тоқталып қалған. Құсмұрын
алқабына келгелі шақырған жерлерге барып Әубәкір
молданың қолы тимеген-ді. Кешегі ақын мәжілісінде де
Әубәкір молда жоқ еді. Ол кісі таяу ауылда бір дуа болып
сонда шақырылып кеткен. Осындай бір бостандық, мол-
да сабағы үзіліс жасаған күндерде ақын мәжілісі болған
Шоқанға сондай ұнаған-ды.
Таңертеңгі шайын ішіп, қонақтар Шыңғысқа сәлем бере
орда үйіне кіргенде, Шоқан мен Жақып әкелерінің қасында
еді.
– Ассалаумағалайкум, аға сұлтан,
Жақсы күн, жарқын өмір, қайырлы таң.
Болғайды хан ордаға қасиетті,
Туғызар елге бақыт, халқына қам, –
деп жырлай кірген Арыстанға Шыңғыс оң жақ қасын
меңзеді. Басқа қонақтар күндегі орындарына хан ишараты-
нан кейін жайлана отырысты. «Ақын тілі алыстан шолиды-
ау, сәлемінің ішінде арызы қабаттаса жүреді. Адам тілінің
Сапарғали Бегалин 4 том
16
айтпайтын өзі, ашпайтын сыры жоқ-ау. Тек бүкпелемей, ақ
ниетпен сөйлесе», – деп ойлады Шыңғыс.
– Алдияр, сізден рұқсат болса, біз ханымымызға сәлем
берсек, кешеден бері бармағанымыз да ағаттық болған
тәрізді, – деді Арыстан ақын Шыңғысқа.
– Иә, иә, ол жобалы, ханымға сәлем берелік, мен де ке-
шеден бері барғаным жоқ. Қозы Көрпештің аяғын да сонда
жырларсыз, – деп Шыңғыс ақын өзін құптады. – Онда, ат
қамдалсын, – деп Бейсенге қарады.
– Құп, алдияр, қазір дайын болады, – деп Бейсен есікке
қарай бара бергенде, Шоқан:
– Атеке, мен де барам, – деді. «Мен де барам», – деп
Жақып қосарлана кетті.
– Иә, иә, бұлардың да аттары әкелінсін! – Шыңғыс
сөзін аяқтағанша, сары бәйбіше:
– Біз де барамыз, жырдың аяғын тыңдаймыз. Апама
сәлем береміз. Балалар, біздің пәуескеге мінер, – деді.
– Алақай онда тіпті жақсы болды, – Жақып Шоқанның
мойнына асыла кетті.
– Кешегі менің ойыншықтарым қайда? – деген
Шоқанның сөзін ести сала қайтадан апасының ар жағына
барып тығылды. Кешегі қойған жерінен іздегенде тек сиыр
мүсін балшықтың бір сынығы ғана жатыр, өзгесі жоқ бол-
ды.
– Мынаны талқандап сындырған сен ғой, бүлік, – деп
Шоқан Жақыпқа қарай бет алып еді, апасы:
– Шоқанжан, оны мен бағана шығартып тастадым.
Қайтесің жаман балшықты қызықтап, өзі үгіліп кілемді
топырақ қылып тастапты, – деді.
– Апеке, ол жай балшық емес мүсін ғой. Өнер ғой, –
деп Шоқан қабағын түйіп, тұрып қалды. Апасы ара түскен
нәрсеге әдептілік істеп ішінен тынды да қойды.
Шыңғыстарға ат ерттеп жүрген Бейсенге келіп Шоқан:
– Бейсен аға, менің де құнанымды ерттетіңіз, мен салт
мінем, – деді.
– Иә, Бейсен аға, менің де құнанымды ерттетіп беріңіз,
мен Шоқанмен бірге жүрем, – деп Жақып таяй бергенде,
Шоқан:
– Жөнел, жаның барда. Менімен бірге жүрмейсің.
Апекеңнің жанына пәуескеге отыр, – деп қатты зеки
сөйледі.
Әлгінде апасының қорғауымен аман қалғанын сезген
Жақып, Шоқанның қазір ызғарлана «менімен жүрмейсің»
деген сөзінен тайқып үйге жөнелді.
Сапарғали Бегалин 4 том
17
Салт атпен жүрген Шыңғыстар тобы, Арыстан ақын бар,
ханым аулына қарай баратын төте тепсеңмен бұрыла үл кен
көл сағасына қарай ойыса бет алды. Әкелерімен қабат та са
атқа мінген Шоқан, кешегі Мысыққа айтқан уәдесі бойын-
ша кісілерден бөліне құдық басына тартты. Әңгімемен ал-
данып алғашында абайламай қалған Шыңғыс баласы ның
жалғыз кетіп бара жатқанын көріп шақырып алды.
– Сен, жалғыз қайда бара жатырсың? – деп бөліне
жүру себебін сұрады.
– Атеке, кеше Мысыққа, әлгі мүсінші балаға, келем деп
уәде бергем, соған барам.
– Кейін-ақ бармайсың ба, ол бір жаққа кетіп қалар деп
пе едің? – деген әке сөзіне:
– Уәде айтып, артынан алдасам ұят болады ғой. Бұдан
былай ол менің сөзіме сенбейді ғой, – деді.
Шыңғыс Шоқанға ойлана қарады да:
– Ә, жарайды, бар. Екі айтпаған жақсы, – деді.
Шыңғыстың өңінде баласына іштей разыланған ажар бар
еді.
– Төре баланың мына қылығы қандай жақсы тәртіп.
Өтірік айтып алдасам, ендігіде сенбейді ғой дейді. Болар
бала… деген-ау, – деп Арыстан бөліне жөнелген Шоқанға
сыртынан сүйсіне ықылас білдірді.
Шоқан құйғыта шауып құдық басына келгенде, Мысық
алдынан қарсы шықты. Ол қолына ұстаған жаңа мүсінде рін
жоғары көтере:
– Мә, Шоқан істеп қойдым. Мен сені келмей қалар деп
ем!
– Жоқ, мен айттым ғой келемін деп, неге келмеймін.
Уәде етпеу керек, уәде еттің орында. Міне, сен де кеше
уәде еттің, айттың, орындап тосып отырсың, – деп Шоқан
досына өзінің әдетін түсіндірді. Мысықтың бұл мүсіндері
Шоқан айтқан түйе емес, құстың (қаршығаның) тұлғасын
бейнелепті. Және пәуеске арбаның бейнесін жасапты.
Жаңадан көргенін, жаңа нәрсені тез танығыш Мысық тың
зеректігі Шоқанға сондай ұнады. Мына жасаған мүсіндері
әлі тобарсымаған, босаңдау екен. Қолына алып ұстап көрді
де:
– Сен мүсіндерді күн көзіне қойып тобарсыт, қазір алуға
әлі жас екен. Мен саған ертең келем, – деп Шоқан үйден
Мысыққа деп алып шыққан қант, бауырсақтарын берді.
– Жарайды, тағы да көп қылып істеп қоям, – деп
Мысық бауырсақтың бір-екеуін аузына тоғытып жіберіп,
жымыңдап қойды.
Сапарғали Бегалин 4 том
18
Шоқан құнанына міне салып, Айғаным аулына қарай
құйғыта жөнелді. Ендігі ойы Қозы Көрпеш жырының аяғын
тыңдаудан кешікпеу еді. Шоқан келіп жеткенде, ханым
үйінің айналасы абыржыған адамдар. Апасы да пәуеседен
жаңа ғана түсіп жатыр екен. «Кешікпеген екенмін» деп
ойлады, ол ішінен. Шыңғыстар тобының аттары кермеде,
қатарласа байланып олар үйге кіріп жайланып қалғаны
байқалды. Жалғыз кіріп баруды ретсіз көргендей, апасы-
ның үйге кіруін күтпелеп пәуеске қасында тұрып қалды.
– Ә, бәрібір бізден бұрын келген жоқсың, – деп Жа-
қып апасына ілесе Шоқанға қыр көрсетіп бағанағы тастап
кеткен кегін қайтармақшы болды.
– Әжесіне еркелене әдеппен келіп Шоқан бетінен
иіскеткенде, Жақып та еттілеу томпақ бетін төседі.
– Өй, тентек, – деп ханым оның қолынан тартып,
маңдайынан сипап қасына отырғызды. Ханым алдын-
да тағзыммен отырған жұрт әлі мәжіліске кіріскен жоқ
еді. Үнсіз отырысты, Айғаным өзі жандандырды. Күтуші
жігітке:
– Дастарқан жайғыз, қымыз әкелгіз. Мал қамдаңдар.
Ақынды кеше келді деп еді, жас сұлтанда арыздары болған
шығар. Заман осылардікі ғой, – деп бір ескертуін істеді.
– Иә, алдияр апеке, біз тоқтатып қалдық. Ақында кінә
жоқ. Мына балаларыңыз жыр айтқызып босатпады, – деп
Шыңғыс Шоқан мен Жақыпты алдына сала, жыр аяғының
айтылуына ескерту жасай өйледі.
– О не қылған жыр, балаларды таңсық еткен, – деп
өзімшіл өр мінезді ханым бізге жаңалық болған қандай жыр
дегендей, бір жайқап өтті.
– Апеке, бұл Арыстан ақын айтқан Қозы Көрпеш, Без-
верховтар тобы дәріптеген өте бір қызықты түрі. Бұл Орын-
бай айтуынан бөлегірек, – деді Шыңғыс, жыр жайындағы
өз болжауын түсіндіріп.
– Иә, Арыстан ақын ұзақ, қызықты жыр айтыпты, соған
разы болып бір орыс төресі үлкен сыйлық берді деп жүр еді
ғой ел. Онда дұрыс екен, балалардың естігені жақсы болған.
Тыңдалық, – деген кеңшілігін білдірді.
Жырды кешегі тоқтаған жерден бастай ма, жоқ тағы
басынан ханымға қайталай ма, сол арасын шеше алмай
қобызын алдырып, Арыстан құлақ күймен күйбеңдеп
бөгеліп қалды.
– Ақын, неге бөгеліп отырсың? Әлде, әлде қай жеріне
тоқтағаның есіңе түспей отыр ма? – деп, Шыңғыс ақын
бөгелісін анықтағысы келіп өзі бастады.
Сапарғали Бегалин 4 том
19
– Иә, алдияр, сол тоқталған жерден айта берелік пе? –
деп, Арыстан Шыңғысқа қарағанда:
– Апекем қалай дейді. Басынан айтсын ба, жоқ қалған
жағын айтсын ба? – деп Шыңғыс Айғаным ажарына
қарады.
– Бас жағын сендер тыңдапсыңдар ғой, аяғын-ақ
тыңдалық, тағы да аяқталмай, балаларды босқа шаршатар,
– деп Айғаным өз шешімін айтты.
«Айбас құл олай шапты, бұлай шапты,
Бәрін де тамам жолдың оймен тапты.
Әттең, айдың жарығы күндізгідей,
Ер жігіттің қадірін қыз білгендей», –
деген жерін айтқаңда, Шоқан әкесінен:
– Атеке, ол қай жер? – деп сұрап қалды.
Ол, ол нағашың аулының ар жағында Қарқаралы деген
тау бар, сол. Таудың аты осыдан қойылған білем.
__ Ол нағашымдар аулынан көріне ме?
– Алыстан бұлдырап көрінеді. Жарайды, өзім кейін
үғындырармын, жыр тыңдалық, – деп, Шыңғыс Шоқанды
тоқтатып тастады. Жұрт үнсіз жыр тыңдап, ақын аузына
үңіле отырысты.
Жыр ұзақ айтылып, күн еңкейе ақын Қозыке өліп,
Қодарды Баян алдап құдыққа түсіріп өлтірген жерін айтқан
кезде, үй ішіндегі біраз жандар Баянды аяп, көздеріне жас
алды. Әсіресе Шоқан ойында әсер қалдырған жері Баянның
ақылымен саудагер керуендерге бейіт салдырғаны болды.
Сол бейіт қандай екен деп іштей құмартып қойды. Әредікте
Арыстан ақынның қасына келіп:
– Ақын ата, Қозы Көрпеш – Баянның бейіті сондай
биік пе екен? – деп сұрады.
– Мен көргенім жоқ, бірақ көргендер айтқанда, сон-
дай биік, етегінен басына қараған кісінің басынан тақиясы
түседі, – дейді. Ақын осыны айтқанда Шоқан үндемей от-
ырып қалды.
Тұңғыш естелік
Әубәкір молдадан түркіше оқып хат тани бастаған
кезінде-ақ Шоқан әкесінің қойын дәптерлеріндегі жазулар-
ды оқып үйренді. Бірде ол сыртында «Орынбай айтуынан
«Ер Көкше» жыры» деген жазу бар дастанды оқыды. Осы-
Сапарғали Бегалин 4 том
20
ны оқығаннан кейін оның ойына анадағы Арыстан ақын
жырлаған Қозы Көрпеш жырының бір шумағы түсті.
«Қарабай Сарыбаймен аңға шықты,
Екі бай аттанды деп даңға шықты.
Екі бай бір жапанда келе жатса,
Алдынан буаз марал аң қашыпты», –
деген бір шумақ жырды ойына жаттап қалған-ды. Өзінің
жазу дәптеріне соны көшіріп, аяқ жағына Арыстан ақынның
бейнесін, сонда айтылған Қарқаралы тауын, Аякөз өзенін,
ондағы Қозы Көрпеш бейітін жазып қойды. Бүл Шоқанның
әке үлгісімен өзіне серік дәптер арнап, көңіліне ұнаған
нәрсені жазып қою әдетіне жол салды.
Әубәкір молда түркіше, арабша кітаптар оқытса да, дін
сабағын аса қадағалап мүлгіген сопылыққа үгіттей бермеді.
Баланың қандай нәрсеге бейімі бар, соны аңғарып, сол
жағына көп көңіл бөлетін ұстаз еді. Әсіресе ол кісі парсы,
араб ақындарының ғазалдарын, рубаяттарын оқып беріп,
Шоқанға мағынасын түсіндіретін. Шоқанның қиялшыл,
алғыр, ұғымдылығына қызығып, өзі білетін ақындар дың
шығармаларын сабақ ретінде оқытты. Кейбір қысқа ру-
баят тарды жаттатып тілін жаттықтырды.
Шыңғыс және келешек ғылым-білім өрісі өзі оқып білім
алған орыс мектебінде екенін біле тұрса да, балам шығыс
әдебиеті мен тарихынан хабардар болсын деп Әубәкір мол-
даны әдейілеп Орынбордан көшіріп алып келген-ді. Алды-
мен балаларын ана тілінде сауаттандыруда ниеті болған.
Сондықтан да ол кейде қалжыңдап:
– Шоқанға өзің білетін барлық оқуыңды үйрет. Бұлар ға
енді жеті жұрттың тілін білу керек, – дейтін.
Шыңғыстың бұл тапсырмасын Әубәкір бұлжытпай
қолға алды. Шығыстың атақты ақындары Әбілқасым
Фердоусидың «Шаһнамасын», Жәмидің, Омар Һайямның
рубаяттарын, Науаидың дастанын, Азербайжан ақын да-
ры Низами, Ғанжауи, Фзулилардың шығармаларымен та-
ныстырды. Шоқанның өте-мөте қызыға оқығаны Ләйлі –
Мәжнүн жыры, һаямның рубаяттары болды. Әсіресе Омар
һаямның іслам діні жөніндегі жансыз сопылық, жалған
мүлгушілікке қарсы жазылған өткір қияли рубаяттарын
ұнататын.
Бір күні Шоқан Айғаным әжесінің үйіне келді. Ерке ле не
келіп, әжесіне бетінен иіскетіп:
– Әже, мен сізге бүгін бір қисса ала келдім, өзіңе оқып
берем, – деп, Шоқан Әубәкір молдадан әдейі сұрап әкелген
Сапарғали Бегалин 4 том
21
«Боз жігіт» қиссасын оқып берді. Айғанымның Шоқан
оқуынан бірінші тыңдаған қиссасы осы еді. Салмақпен
асықпай, байыпты оқып, әрбір бөлімдерін орнымен баян-
дап бергеніне сыншыл да есті әже соншалық разы болып
батасын берді.
– Шоқанжан, бұл қиссаны мен бұрын естімеген едім.
Сондай қызық екен. Біздің қазақ ақындары айтатын
жырлар бұдан да қызықты, – деп Айғаным өзі әдеттегі
әңгімешіл шебер тілмен Шоқанға «Ер Тарғын» жырын
әңгімелеп берді. Әже әңгімесінің ұзын өзегіндегі Шоқанға
ең ұнағаны, Ақжүністің жалғыз атты Тарғынды сүйіп, соған
еріп, елінен қашқаны. Артынан қуып келе жатқан Қарт
Қожаққа, қыздың тапқыр өз айтып тоқтатқаны болды.
– Әже, бұл әңгімені маған неге бұрын айтпадыңыз? –
деп Шоқан шұғылынан сұрап қалды.
– Мен бұл жырды саған ұғынуға ертерек қой деп жүр
едім. Бүгін мына «Боз жігіт» қиссасын оқып бергеннен
кейін, мұндай үлкен жырды ұғатын болғаныңды біліп от-
ырмын. Тағы да ұзақ әңгімелерім бар. Кейін айтам, – деп
Айғаным оның бетінен сүйді.
Шоқанның әрбір жаңа кітапты оқыған сайын оқу
құмарлығы өрши берді. Әубәкір молданың Орынборға
кейінгі барып қайтқан жолы алып келген бір кішкене әңгіме
кітабын оқып көруге Шоқан сондай құмартуда. Бірақ мол-
да өзі «оқы» деп берген жоқ. Ал рұқсатсыз алып оқуға әдеп
сақтап жүр. Бір күні молданың үлкен қызы жаңа жүгіріп
жүрген Кәкима, сол кішкене кітапты қолына ұстап оқыған
кісі болып отырды. Шоқан кішкене ғана саршұнақ қыздың
тілін қызық көретін.
– Кәкима, мғңа бер әлі кітабыңны? – деді қыздың өз
тілімен өйлеп.
– Ей алла, әтиім ұрша, – кітапты кеудесіне қысып жы-
миып қойды да, – мғ, оқыңыз әлі, – деп бере қойды. Бұл
Ибраһим Әл Юныстың «Жігітке жетміш түрлі өнер аз» де-
ген хикая кітабы екен. Шоқанға бұл кітап сондай қызықты
болып көрінді. Бірақ баланың қолынан алып ұзақ оқи алма-
ды.
– Мә, әтиің келіп қалар, орнына қой, – деп өзі сабақ
кітаптарын оқып отыра берді. Онша діндар болмаса да,
ел көзіне бейнамаз болып көрінбеу үшін Әубәкір молда
дәретсіз отырмайтын әдетімен сырттан дәретін алып келді
де, көрпе салған орнына отырды. Шыңғыстың айтуымен
дөңгелек жер үстелдің аяғын еректеу жасатып, әр бала
астына қойып отыратын кішкене тағанша істеткен. Бұл
Сапарғали Бегалин 4 том
22
аспаптар, оқушы балалардың жерге талпайып отырмауы-
на, асты көтеріңкі отырып сабақ оқуына ыңғайлы болатын.
Көшпелі ауылда алып жүруге де, сыйымды еді. Шоқанның
қасында сабағын оқып отырған Жақып кішкене тағанын
сырғытып алып құлап кетіп, үстелді төңкеріп, балалардың
кітабын шашты. Молданың сиясын ақтарды.
– И-и, Жақып, сен бір дә тыныш отыра білмәйсің. Бик
ямсізсін, – деді Әубәкір қабағын түйіп. Өзі мазасызданып,
тағанынан жығылып ұятты болған, әрі молдадан өз естіген
Жақып үйден тұра жөнелді.
– Туқта, Жақып, ник шаярасын, – деген Әубәкір өзін
керек еткен Жақып жоқ. Ол тура желі басына жөнелді.
Оның бүгінгі мазасыздануында бір көмескі сыр бар еді.
Шоқан мініп жүрген жүйрік шұбар құнанның інісі шұбар
тай өзі жорғалай басатын, әрі үйретілмеген еді. Соны
жылқышы Жәмпейіске айтып, кешеден бері үйреттіріп
жүрген. Соған бір мініп, Шоқанмен қатарласа жүруге
құмартты. Өзі жаздай мінген жирен құнанды шапқылап
қолын түсіріп ақсатып қойған. Ендігі ойы ат жаңалау.
Сондықтан оған қазір сылтау тауып, желі басына кету ке-
рек болған-ды. Келесі жұмада ауылдары көтеріле бір үлкен
асқа жүрмек. Сол асқа жаңадан үйретілген, жолбарыстай
шұбар, су төгілмейтін жорға таймен, хан баласы киетін
қарқаралы бөркін киіп бір сәнденбек еді. Жақыптың өр
кеуде, бәсеке құмар, ожар мінездерін білетін Жәмпейіс
«Мына шұбар тай тек жорға ғана емес, жел жетпес жүйрік
болады» деп онан сайын желіктіріп қойған-ды.
Бұдан бұрын да Жақыптың Әубәкір молдаға бағынып
сабақ оқымай жүргенін Шыңғыс білетін. Бірақ «еркелік етіп
жүр ғой, басқа балаларды көріп оқып кетеді» деп сенетін.
Сол күні кешке дөң басына шығып отырыста Әубәкірден
Шыңғыс: «Балалардың оқуы қалай, мына күзекке қонғалы
салақсып кеткен жоқ па?»– деп сұрап қалды.
– Біз әлі салақланбадық, тик Жақып шул сабаққа от-
ырми. Аны ұршып болмайды, – деп Шыңғысқа баласының
жайын алғашқы рет хабарлады.
– Иә, ол өзі тентек, тентек. Сіз оны мақтап алдасаңыз,
бәрін істейді. Зекісеңіз, ерегісіп кетеді, – деп Шыңғыс
молдаға әдіс айтты. Бірақ Жақып сол күннен бастап оқуға
бармай қойды. Бұл күзде қағаз бетіне қарамай кетті. Сол бір
әредікте Казачий ставкеден хабар келіп, Шыңғыс сондағы
бір жұмыс жөніне жүріп кетті. Әлгі Жәмпейіске үйреттіріп
алған шұбар тай, ол айтқандай су төгілмейтін жорға да,
жел жетпес жүйрік те болып шықпады. Қитыңдаған
Сапарғали Бегалин 4 том
23
жол жорғасы әрі жайсыз, әрі бұзылмалы болды. Ал шап-
са, көрінген тайдан қалып қояды. Сонымен Жақыптың
Шоқанмен бәсекелесе мінбек шұбар тайы ойдағыдай бол-
май шықты.
Ауыл күзектен көшер алдында Шоқан Мысықты еркіне
қоймай үйіне ертіп келді. Онысының екі түрлі себебі бар
еді. Бірі – күзекке келгелі үйір болып өнеріне сүйсінген
шебер бала, бөлініп өзінің үйінде қалады. Екіншісі –
күздің салқын күнінде аяғында етігі жоқ, үстіндегі шапаны
далбаланған Мысық жағынан боздағы шығып тоңып жүр
екен. Жаны ашып кетті. Апасына еркелене:
– Мына Мысыққа менің ана қоңыр шапанымды, жеңіл
етігімді беріңізші, кисін, – деді.
– Ә, Шоқанжан, осы баланы өзіңе дос қылып алдың
ғой. Жарайды, көңілің түскен екен, алсын, – деп сары
бәйбіше жұмыскер әйелге айтып, Мысыққа Шоқан айтқан
киімдерін алғызып, сол жерде үстіне кигізді. Киерін кисе
де, өзінің ескі киімін қайтерін білмей, Мысық қыпылықтап
біраз тұрды. Шоқан бергізген қымызды ішіп, бауырсақты
жеді.
– Қағынды, Шоқанжан сені мүлде жарылқады-ау, –
деп, қызметкер келіншек те Мысықты иығынан нұқып
қойды.
– Кисін, Шоқанжанның садақасы ғой. Өзі осы бала-
ны тіпті жақсы көріп кетті. Қолы шебер бала көрінеді.
Көрдің бе, ана балшықтан жасаған ойыншықтарын, – деп
сары бәйбіше бала өнерін елеусіздеу аузына алды. Зәресі
ұша қорқатын сары бәйбішенің мына сөзі Мысыққа ат
мінгізгеннен кем болған жоқ. Ол ақырын ғана көзінің
астымен өзі жасаған балшық ойыншықтарға қарап қойды.
Мысықтың отырысына, өне бойына қайтадан көзі түскен
сары бәйбіше, оның ішкі көйлегінің жағасы дал-дал болып
жыртылып тұрғанын көрді, әлгі жұмыскер әйелге:
– Қанипа, мына балаға ана әбдіредегі кездемеден
көйлектік шыт жыртып берші, шешесі бар шығар, тіктіріп
кисін, – деді. Көйлектік кездемені қойнына тығып, ескі
киімдерін бүктеп қолына алған Мысықты Шоқан ертіп
үйден алып шықты. Қотан шетінде жатқан иттерден қорғап,
біраз жерге ұзатып салды.
– Біздің ауыл қыстауға көшеді. Сен осында қаласың
ғой, енді аман бол, – деп Шоқан Мысыққа үлкен кісіше
қош айтты. Мысық төмен қарап жылап жіберді.
– Жолың болсын, көп жаса, Шоқан, қош, – деді Мысық
кемсеңдеп, Шоқан бұрылып үйіне қарай жүріп кетті.
Сапарғали Бегалин 4 том
24
Сонаршылар тобында
Қысқы үйге кіргелі Шоқандардың оқуы құнтты жүрді.
Әубәкір молда да, бұрынғыдай ауыл арасының шақыруы-
нан босап, Шоқанға парсы тіліндегі кітаптардан уақиғалы
хикаяларды оқытып, білім өрісін кеңейте түсуде. Ана да ғы
әжесі айтқан: «Байлық та, бақыт та тиянақсыз, ең тиянақ-
ты қасиет – өнер-білім. Жеті жұрттың тілін білмеген адам
– шалағай» деген сөзді өзінің естелік дәптеріне Шоқан
жазып қойған-ды. Шоқанның күзден бергі оқуға деген
ыждаһатына Әубәкірдің өзі де іштей таңданатын. Ол тек
жай оқып қоймайды. Оқыған кітабының уақиғасын ба-
жайлап, түпкі мағынасын білуге ізденеді. Шоқанды аса
қызықтырған Жәми ақынның «Ескендірнамасы» болды.
Әубәкір өзі оқып, Шоқанға мағынасын түсіндіре, кейбір
жерлерін жаздырып отырды. Ескендір Зүлқарнайын ту-
ралы шығыс елдері аузындағы аңыз әңгімелерімен қа-
тар, Жәми жырлаған дастан да сондай қызықты екен.
Жас Ескендірді анасының үлкен данышпан ғалымға беріп
оқытқаны Айғаным әжесінің «білім – оқуда» деген наси хат
өзіне ұштасып жатты. Осыны оқығаннан кейін Шоқан бір
күні әжесіне келгенде:
– Әже, сіз Жәми ақынның «Ескендірнамасын» оқы ған
ба едіңіз? – деді.
– Қарағым, оны неге сұрадың?
Шоқан жымиып:
– Әже, Ескендірдің шешесі ақылды болған екен.
Ескендірді ең үлкен данышпан ғалымның қолына беріп
оқытыпты. Сол оқу-білімінің арқасында бар әлемді биле мек
болып үлкен жорық жасапты, – деп Шоқан әжесінің өңі не
қарады.
– Қарағым, ол дастанды мен оқығам. Сен де жақсы
түсініпсің. Білімділік жақсы, мансапқорлық жаман емес
пе. Ол әлемді аузыма қаратам деген озбырлықтан апат қа
ұшырады ғой, – деп әжесі сөзін аяқтады.
Шоқан ойланып қалды. Айғаным да сүйкімді немересіне
әдеттегі мейірбан ықыласынан басқа еш нәрсе айтқан жоқ.
Ханымға амандық айтуға ауыл арасының үлкен кісі лері
келген кезде, ол әжесіне қош айтып қайтып кетті.
Қырқабақтап қар жауып тұрған. Алғашқы жауған қар-
ды қызықтап, үстін қақпай үйіне кірген Шоқанды кө ріп
Жақып:
– Өй, өзің қарға аунадың ба? Немене, аңнан кел дің
бе? Сен білесің бе, атекем бүгін аттарын тағалатып, жол-
Сапарғали Бегалин 4 том
25
дастарына, құсбегі Қожбанға: «Құсың бабында ма?» –
деді. «Ертең бүркіт салуға шығады», – деп білген жаңалы-
ғын жеткізді. Жақыпты жүре тыңдаған Шоқан шешініп,
әкесінің үйіне барды. Әкесі жоқ екен. Онда отырған үлкен
кісілерге әдеппен сәлем берді де, бүркіт тұратын бөл меге
келді. Құсбегі Қожбан екеуі «Сарыбалапан» деген бүр кіт ті
қолдарына алып, томағасын сыпырып, әр жерін ұстап көріп
отыр.
– Атеке, аңға шығасыз ба? – деді Шоқан сыпайы ғана
күлімдеп.
– Иә, иә, бұйырса, ертең мына күн сонар болар деп от-
ырмыз. Шығамыз.
– Қандай аңға саласыңдар құсты?
– Түлкі, түлкіге саламыз.
– Онда, мен де барайыншы!?
– Оқу ше? Оқу қалады ғой.
– Бір күнді молдадан сұранам.
– Тоңбайсың ба? Аңшылар тауға шығады, оған жүре
аласың ба?
– Тоңбайым. Мен кішкене емеспін ғой. Әжем айт қан,
«сен ересейдің» деп.
– Ә-ә, әжең айтса, жарайды. Бірақ молдаңмен келіс,
жылы киін. Онда атыңды Бейсенге айтып тағалаттыр, –
деп Шыңғыс баласына рұқсатын да, тапсырмасын да берді.
Ел орынға отыра берген кезде, сәлем беріп Қанғожа кі-
ріп келді.
– Уа, сәлемшілер, жоғары шығыңдар, – деп Шыңғыс
інісіне ағалық ажар білдіре құрмет көрсетті. Төрелердің
кішісі үлкеніне «алла ярлай» қолын кеудесіне ұстап, иілетін
әдетін істеп, Қанғожа ағасына қолын беріп келіп отырды.
Қанғожаның жолдасы тарғыл арланға серіктестіре тағы бір
арлан тазы ұстаған жігітпен ауыз үйде қалып қойды.
– Иә, иә, ауыл амандық па? Әпекем сау ма? Қалай
кештетіп? – деп Шыңғыс жол болсын айтты.
– Бәрі де амандық. Әпекем жақсы. Біз осы жақтан
жылқыға бір-екі рет қасқыр шауып, мазалап жүр деген соң,
мына тазыларды алып шығып едік. Күн райы өзгеріп, қар
жауғансып, сіздер бүркіт салуға баратын болар деп әдейі
кештетіп келдік. Қысқы тымақ деген секілді, – деп Қанғожа
жымия күлді.
– Иә, иә, біз әзірленіп отырмыз. Қанша қасқыр
алдыңдар?
– Қара қатқақ болып, ізсіз қасқырға ит қоса алмадық Екі
күндей бос жүріс болды. Жаман адырдан бір қасқыр көрі-
Сапарғали Бегалин 4 том
26
ніп еді, көл сағасына түсіп маңайлатпады, – деді Қанғожа
жай сөйлеп.
– Ә, өздерің қасқыр қуалаудан қажып қалған екенсіңдер
ғой. Онда жақсы, иттеріңді ат тізесіне салып жүдетіп алған
жоқсыңдар ма? Бізбен аңға шығам десең жолдастарың
иттерін күтіп ауылда болар. Бүркіт пен иттің қабаттасуы
жазым болады, – деді Шыңғыс.
– Ол дұрыс. Сіздің Сарыбалапанның өнерін алаңсыз
көрелік, – деген сөзін Қанғожа әзілдей айтты.
Қонақтар тамағын жеп болып, ел жатуға қамданған кез-
де, таяудағы жылқы қосынан бір жылқышы асығыс келіп
хабар берді. «Әлгі қызыліңірде жылқыға қасқыр шауып,
бір жабағыны жаралап кетті. Түн болып, жылқыны тастап
қуа алмадық. Мына көмбе сонарда ұдықтасып, қуып, бетін
қайтармаса, сірә, қосқа маза бермес деп келіп тұрмын, –
деді.
– Ал сенің, сенің іздегенің табылды. Қасқырыңды
қу! Біздің ауылдан да, жылқышыдан да кісі ерт, аттарың
әлсіресе, жарау айғырлардан жаңалаңдар, – деп Шыңғыс
інісіне қысқасынан бұйрық берді.
– Күйші көкеме күй тартқызбадық, – деп Шоқан
Қанқожаның күйін тыңдауға құмартты.
– Иә, ол қасқырын соғып әкелсін, біз түлкі алдырайық,
сонан соң көкеңнің күйін күндіз-түні тарттырамыз, – деп
Шыңғыс баласының тілегін кейінге қалдырды.
Қар ел орынға отыра басылды. Қайта-қайта далаға кісі
шығарып, күн райын бақылатқан Шыңғыс:
– Сәті болса, нағыз қансонар болады. Жел лебі
күншығыстан білініп тұр ғой. Боран болмайды. Жер
бетінде тірі аң болса, ізі бадырайып жатады, – деп жатар-
да құсшысына да, атшы, асшыларға да таңға жеңіл ұйқы
қанғанда атқа мінетінін тапсырды. Шоқан әке бөлмесінде
әзірлікпен жатты.
Аңшылар атқа қонғанда, таң алдындағы алғашқы ақша
қардың ызғырығы, жылы үйден шыққан адамдарға тіксінте
суық тиді. Ат қызуымен бойларын жылыта, желе жортып,
«Күрке тіккен» адырына қарай тартып келеді. Шоқанға ар-
нап алып қалған мақпал қара бестіге Бейсен «Шоқанның
Қызқарасы» деп ат қойған. Ойнақтаған жеңіл жүрісті
Қызқара аңшылардың алды-артын орайды.
– Шоқан, ана адырға жеткен соң, қағушы етекте қалып,
Қожбанмен біз ең биікке шығып бүркіт ұстаймыз, ол кезде
атыңның басына ие бол. Даусыңды шығарма. Егерде көзіңе
түлкі көрінсе, ақырын сыбырлап айт, – деп Шыңғыс бала-
Сапарғали Бегалин 4 том
27
сына өзі білетін аңшылар әдісін үйретті. Жаздағы қаршыға,
тұйғын салу сияқты құс алдырғаны болмаса, қысқы бүркіт
салу тамашасына түңғыш шыққан Шоқан, әрбір аңшының
атқа отырысына дейін тамашалауда.
– Ал осы жерде айрыламыз. Біз төремен анау тұғырға
шығамыз. Күркетіккеннің жалғыз биік шоқысы бүркіт
ұстар сол. Біз бой көрсеткенше сендер мына балақтан із
кесіңдер, – деп, Қожбан ендігі билікті өзіне ала, ақырын
өйлеп барлық аңшыларға әмір берді.
– Ал, төре, кеттік, таң да ағарып қалды. Тезірек жүріп
тұғырға шығалық, – деп Қожбан жорта жөнелді. Шоқанның
қара бестісі басымен алысып ала-ала жөнеледі. Тізгінін
қымти ұстап, әке айтқан тәртіпті бұлжытпай орындауға ты-
рысып Шоқан да жортып келеді. Алғашқыдай емес, атының
басын өзіне бағындырып ширап алды.
Бүркітшілер тобы тұғырға келіп бүркіттің томағасын
сыпырған кезде, шығыс жақтан құланиектеп көтерілген таң
сәулесі айналаны айқындап қалып еді. Ойдағы қағушылар
да бұларды көре салып, сай-сайды көбелеп дыбыстай ба-
стады. Шоқанның екі көзі Қожбанның қолындағы бүркітте,
басынан Қожбан томағасын сыпырғанда, бір сілкініп алып,
шаншыла, бүкіл атырапқа құйқылжи қарады. Жүнін жыға
қалды. Сонша болмады, Қожбанның қолынан етпетінен
түсе лап қойды. Қожбан қолын көтеріп, сілтеп қалды. Қыран
атып аспанға шықты.
– Әне, көрдің бе, Қожбан, түлкі! – деп Шыңғыс
қолындағы дүрбісімен Күркетіккен адырының күншығыс
тепсеңіне үңіле қарап отыр.
– Иә, көрдім! Сарыбалапан да солай құйылды. Я, сәт,
қанды басың бері тарт! – деп Қожбан атын жамбасқа тар-
тып жіберіп, тура ойға қарай шаба жөнелді.
– Балам, байқа, шаппа. Біз жай баралық, – деп Шыңғыс
Қожбанмен ілесе жөнелем деген Шоқанды шақырып алды.
Адырды қырқалай, құстың ұшқан бетінен көз айырмай келе
жатқан Шыңғыс, бір қырқада атының басын тартып тұра
қалды. Қожбанның шауып жөнелген бетінен көз айырмай
біресе құсқа, біресе түлкі көрінді деген жобаға қарап келе
жатқан Шоқан әкесінің қасына келіп:
– Атеке, түлкі қайда, бүркіт алды ма түлкіні? – деді.
– Жо-о-ок, әлі түскен жоқ. Әй, түлкі ғой, қорымға
кірмесе жарар еді, – деп Шыңғыс дүрбісін қайта-қайта
жөндеп қадалып тұр. – Әні, түсті білем. Қап, ана қу
ілдірмей кетті ме, – деп Шыңғыс сасқалақтап, атының ба-
Сапарғали Бегалин 4 том
28
сын жіберіп, тура қырдың басына қарай шапты. Әкесінің
жобасымен жүгіріп келе жатқан Шоқан:
– Атеке, бүркіт қонған жоқ, әні, қайта айналып көкке
шықты, – деді.
– Иә, иә, көріп келем. Түйіліп барғанымен түсер жері
жайсыз болған ғой. Енді қайтер екен?
Сонша болмады, қайқаң етіп аспанға атып шыққан
бүркіт қайта құйылып жерге қарай ақты.
– Я сәт, қанды басың... – деп Шыңғыс атын тебініп
жіберіп, қырқаны жоталай жүгірте жөнелді. Қызқараның
тұқыра ұмтылған қарқынына жібермей Шоқан да шауып
келеді.
– Алды білем, – деп Шыңғыс бір тұрғыда тұра қалып
дүрбісін қолына алды.
– Атеке, әні, алды-алды! – деп Шоқан бүркіттің түлкіге
түскенін әкесінен бұрын көріп, тұра шаба жөнелді.
– Тоқта, Шоқан, байқа, жығыласың. Алдың терең құз,
– деп Шыңғыс айқайлап келеді.
Қызқараның ағындаған басына ие бола алмай, Шоқан
құйғытып барады.
– Өрге тарт, өрге тарт, – деп Шыңғыс түлкіден бұрын
баласының жайымен есі шықты.
Дес бергенде Шоқан Қызқараның басын қарсы бетке
бұрып әрең билеп алды. Құйысқандаған сайлы ер-тоқымы
мойнына кетпепті. Баласының қасына келе Шыңғыс, шыл-
бырынан іліп алып, өзімен қатарластыра сар желдіре, бүркіт
пен түлкі айқасқан өзектің қабағына шыға келді. Қожбан да
келіп, аттан түсіп, Сарыбалапан бүріп алған түлкінің белін
сындырып тастап, қыранға тілін суыртып отыр екен. Сол
жерде қағушылар да келіп қалды.
Будыраған аппақ қардың үстінде қызыл орман түлкіні,
жауырыны бүлкілдеп астына жұмарлай басқан қанды көз
қыранға Шоқан таңдана да, қызыға да, ойлана да қарауда.
Тілін суыртып, Қожбан бүркіттің аяғынан түлкіні босатып
алып, құйрығынан ұстап, қарға олай бір, былай бір ауна-
тып:
– Ішіміздегі ең жолы үлкен Шоқанжан ғой, бұрын аңға
шығып көрмеген. Ырым қылып қанжығасьна байлайыншы,
– деп алып келіп, Қызқараның басын қымти ұстап тұрып,
ақырын байлап, ырымын істеді.
– Әжеңе той істетеміз. Тырнақ алды аң байланып атқа
мінгенің, – деп Қожбан түлкіні өзінің қоржынына салды.
– Иә, иә, Қожекең дұрыс айтады. Әжесі мүшелің толады,
ересек болдың депті. Той сол кісінікі, – деген өзін Шыңғыс
Сапарғали Бегалин 4 том
29
қуана да, сүйсіне де айтты. Ол екі түрлі мақтан үстінде тұр.
Алғашқы сонарға алып шыққан бүркіті сәтті болып түлкі
алды. Оны өзінің тұңғышы Шоқан жолы үлкен болып бай-
ланып тұр.
– Ал, Қожеке, иә, тағы түлкі қараймыз ба? Жоқ, ауылға
ораламыз ба? – деген Шыңғыс сұрағына Қожбан құсты
қолына қондырып, томағасын кигізіп, жемсауын, санын
ұстап көріп:
– Сендерге осы түлкіден басқа із кездесті ме? – деп
қағушылардан сұрады.
– Бір із кездесіп еді, ол ана бір өзекте тышқан аңдыған
ба, біраз айналып жүріпті де, Қоянсоққанның жалына тар-
тып кетіпті. Басқа із кездескен жоқ.
– Әлі уақыт ерте, құстың тартқан қызылы көп емес,
тояттаған жоқ. Төре алыссынбаса, сол түлкінің ізіне түсіп
көрелік. Ізді байқадыңдар ма, таң алдында жортып па, жоқ
ерте жортып па? – деп Қожбан құсты қолына алып атына
мінді.
– Ол арасын анықтап қарамаппыз. Қазір анықталық,
сіздер солай қарай тарта беріңіздер, – деді кексе ұзын қара
сақалды Әжібай.
– Иә, солай болсын. Ал, төре, біз жүрелік. Бірақ ізді
анықтағаннан кейін сендер хабар беріңдер, беталды жүріс
болмасын. Егер із іңірдегі болса, онда түлкі Қоянсоққанға
жатпайды. Ол Қособаға тартады. Олай болса оған әуре бол-
май ауылға ораламыз, баланы тоңдырып алармыз. Тағы со-
нар болады ғой. Осы атыраптағы түлкі болса қайда кетер
дейсің. – Осыны айтты да, Қожбан Әжібайға, Шыңғысқа
қарады.
– Иә, ол дұрыс, дұрыс, – деп Шыңғыс Қожбанмен
қатарласа Қоянсоққан адырына бет алды. Қожбанның
қағушыларға сергек тәртіп беруін Шоқан үнсіз абайлап әке
қатарында жортып келеді. Бұлар Күркетіккен адырынан
жазыққа түскен кезде, қағушының бірі атой бере қолын
бұлғады.
– Немене, аналар тағы жаңа із көрді ме, неге атой берді
екен? – деп Қожбан да, Шыңғыс та тоқтала қалып қағушы
хабарына зер салды. Қолын бұлғай жүгіртіп келе жатқан
қағушыны тосып бір қабақшаға көтеріле берді. Сонша бол-
мады, таяудан келіп:
– Із іңірдегі көрінеді, анықтадық, – деді. Мына келген
жігіттің сөзін тыңдап болып, аз кідіріп тұрды да, Қожбанға:
– Онда әуре болмалық, ырымсыз емеспіз, Шоқанжан
тоңып қалар, қайталық, – деді Шыңғыс.
Сапарғали Бегалин 4 том
30
– Ә, жақсы онда, ауылға тарттық қой, алдияр, – де-
ген Қожбан дауысы шыққанда, Сарыбалапан шаңқылдап
шақырып-шақырып жіберді. Бүркіттің бұл дыбыстағаны
несі дегендей Шоқан Қожбанға қарады.
– Шоқан, құстың шақырғанына таңданып келесің бе?
Ол жаңағы біздің дыбысымызды естіп үн қатып келеді. Есің-
де болсын, Шоқанжан, бүркітпен түлкіге шыққан аңшы лар
сыбырлап қана сөйлеседі. Өйткені көзі томағалаулы құс
дыбыс беріп шақырып қояды. Ал бүркіттің даусын түлкі
көш жерден естиді, қашып кетеді,- деп Шоқанға Қожбан
аңшылық жайынан тәжрибе кеңес айтты.
* * *
Бүркітшілер келгенде, ауыл адамдары сыртта күтіп тұр
екен. Шоқанның алдынан шыққан сары бәйбіше – «ырым
болсын» деп уыстап бауырсақ шашты.
– Ханым шашуы – ырым, – деп жігіттер бауырсақты
терісіп алды да, үйге беттеді.
– Тойдың үлкенін әжесі істейді. Өзі айтыпты ғой
Шоқанға – « сен енді мүшеліңе толасың, ересейдің» деп.
Сол ересейген баласы аңға шықты, түлкі алдырды, – деген
Шыңғыстың сөзін жігіттер іліп алды. Қоржынмен үйге алып
кірген түлкіні сойып, терісін Қожбан кергі ағашқа кигізіп
ауыз үйге ілгізіп қойды.
– Әлгі қасқыр қуғандардан хабар жоқ па? – деп Шыңғыс
Қанғожа тобын сұрастырды.
– Ол жақтан ешкім келген жоқ. Кім білсін неғып бөгеліп
жатқандарын, – десті ауыл адамдары.
– Хабар жоқ қой. Егер олар қасқыр алдырса ауылға ха-
баршы келсе керек еді, – деген сары бәйбішенің сөзіне
Шыңғыс:
– Олар келсе, бәрі тұтас келеді ғой. Кешігулері жай емес
шығар, – деді.
Аңшылар шайға отырып, бүгінгі Сарыбалапанның түлкі
алған әдісі алуан түрлі сөз болып жатқанда – Қанғожа тобы
да қайтып келді. Сәлем беріп кірген Қанғожаға:
– Әликүмүссәлем. Қалай, майланды ма? – деді
Шыңғыс.
– Майланбады. Түлкіден де қағылып, қасқырды сорға
түсіріп, мүлде рәсуамыз шығып қайттық, – деп Қанғожа
әдеттегі жылдам сөйлейтін әдетімен бар жайды бір-ақ айт-
ты. – Айтпақшы, Шоқанжан түлкі алдырып, өзі байланып-
ты, тырнақ алдысы құтты болсын. Үйге түскен аты болады
Сапарғали Бегалин 4 том
31
ғой, өзі үлкен кісіге тымақ болатын бір жүндес түлкі екен,
– деп Қанғожа түлкіге шыбық сала сөйледі.
– Кім кисе де әйтеуір тымақ болады ғой. Кім алса да
әжесінің алдынан алады, – деді сары бәйбіше қайнысын
орағыта.
– Сендер толып жүріп қасқырды сорға қалай түсіріп
алдыңдар. Арыстандай алты жігіт, үш тазымен, ылғи жарау
атпен, – деген Шыңғыстың кінәлай сөйлеген сөзіне інісі
ішінен ренжісе де, қарсы сөз айтқан жоқ.
– Бір сәті болмаған жүріс болды, – деді де, шайға бас
қойып, үнсіз отырып қалды. Қанғожаның ренжіп қалғанын
байқаған сары бәйбіше:
– Түздің аңы түйе емес қой, бұйдалап алып еріп отыра-
тын. Қисыны болмаған шығар. Бүгін алынбаса, тағы күн бар,
алынар, – деп аға мен іні арасындағы сәттегі көңілсіздікті
жадырата сөйледі. Әңгімеші Әжібай Жәпекбайдың бір
ұшқырлығын айтып елді күлдіріп әзіл ойынға айналдырып
әкетті.
«Бүгін Қоянсоққанға шығамыз» деп гуілдесіп отырғанда
ел жата боран көтеріліп, сонарды бұзып, аңшылардың
ойлағаны болмай қалды. Бүркітші Қожбан құсына тоқ жем
беріп, шошаладан ас үйге әкеліп тұғырына қондырды.
Өрісті өнердің белгісі
Омбы қаласынан Шыңғыс бір айдай жатып оралды.
Оның қандай жұмыспен барғанын, неге ұзақ жатқанын
Шоқан біле қойған жоқ. Шыңғыс ауылға келгенде, өзімен
бірге бір орыс жігітін ала келді. Ол жер шенейтін, карта жа-
сайтын адам екен. Одан да бұрын бұл ауылға орыс төрелері
келіп қонақ болатын. Бірақ Шоқан олармен тілдесіп үйірлене
алмайтын. Ал, мына жер шенегіш Сотников деген кісінің
қазақ тілін жетік білуі Шоқанға сондай жақсы болды. Ол
кісі ауылға келген күні-ақ араласып кетті. Өзі де балаларға
үйірлене, әңгімелесе, олардан оқып жүрген сабақтарын
сұрай бастаған. Шоқанның арабша оқыған кітаптарына,
оның жазып, оқып үйренген сауатына айрықша мән берді.
Қазақ жерінің көбін аралапты, бәрін айтып отырады. Тағы
да бір жылтыр қағазға жердің, таудың суреттерін сызып,
сол қағаздың алаңына жылқының, қойдың суреттерін сала-
ды. Атқа мініп тауларды, көлдерді кезіп, өсімдіктер жинай-
ды. Көктем кезінде Шоқан да сол кісімен бірге атқа мініп
далада жүретін болды. Оның салған суреттеріне еліктеп,
Сапарғали Бегалин 4 том
32
таудың, көлдің бейнесін шимайлайды. Бойы үйреніп алған
Шоқан бір күні Мысықтың балшықтан жасаған күймесін
көрсетті.
– Мынаны кім жасады? – деп сұрады ол қолына алып
айналдырып көріп.
– Менің жолдасым, Мысық деген бала.
– Ол қайда?
– Ол анау алыста, ауылы бөлек.
– Оқыған ба?
– Жоқ, оқымаған.
– Мына бала өнерпаз болатын бала. Қара, мына жасаған
мүсінінде, алған тұлғасын ұға білгендік бар. Халық та-
ланты дегендер осылар-ау. Тек көзін ашатын білім керек.
Білім беру үшін мектеп ашу керек. Ондай заманға әлі көп
уақыт бар. Өйтсе де оқу керек, бұл баланы да оқыту керек.
Кедейдің баласы ма? – деп сұрады. Шоқан:
– Иә, кедейдің баласы. Тақыр кедей. Көйлегі де жоқ,
– деді. Мысықтың кедейлігін айтқандағы Шоқанның жан
күйін абайлаған Сотников:
– Өзің қалаға барып оқуың керек. Қырдан оқып көп
білім ала алмайсың. Оқып білімді болған соң, Мысық
сияқтыларды үйретесің, – деді. Шоқан үндемеген күйінде
алыс қырға қарап тұрып қалды.
Сотников пен Шоқан екеуі далада ұзақ жүріп оралды.
Құсмұрын көлінің солтүстік алқабындағы кең тарлауда
жайылып жатқан төре ауылының қалың жылқысының
ішімен жүрді. Көктемнің көк бурыл бозына қар суымен
өрістеген жылқылар шоқ-шоқ, үйір-үйір болып жайылуда.
Көктем лебімен үйір баураған жас айғыр, дөнен сәуріктер
үйірге таласып айқыш-ұйқыш асыр салуда. Әсіресе бір құла
жирен дөнен үйір баурап, ішін тартып, желігіп алған. Қалың
үйірлі құла айғырдың үйірінің шетінен екі байталды сауыр-
лап қуа жөнелді. Құла жиреннің мойнын салып екі байтал-
ды бастырып бара жатқанын көрген құла айғыр, құлағын
жымып, кекілін маңдайына жаба, жалы жалпағынан омы-
рауын жауып тұра ұмтылды. Құла жирен сәурік екі байтал-
ды да алдына сала Шоқан мен Сотниковтың алдын орағыта
өте берді. Құла айғыр дәл осылардың артын ала төтелей
ұмтылды. Құла айғырдың өздеріне қарай тура шауып келе
жатқанын көрген Сотников атынан жүгіре қарғып түсті:
– Шоқан, сақтан!
Жоқ, төре, ол ана үйірінен байтал қуған сәурікке бара
жатыр. Бізге тимейді. Бұл Байғұла деген өте бір жуас айғыр.
Жазда осының үйірі алдымен байланып сауылады.
Сапарғали Бегалин 4 том
33
– Япыр-ай, мына түрі қандай қорқынышты, Африка ның
арыстаны сияқты.
– Мен арыстан деген аңның болатынын оқығаным бар.
Көргенім жоқ. Ол қайда болатын аң? Африка деген қай
жақ? – деп Шоқан әрбір өзі түсінбеген өзін сұрап қадағалап
отыратын мінезін істеді.
– Шоқан, сен Омбыға барып оқуың керек. Сонда бәрін
де білесің. Мына өзіміз тұрған жердің беті бес бөлімнен
тұрады. Яки жердің өзі жалпақ тегістік емес, жұмыр. Мы-
салы, әлгіндегі көрген балшықшының жұмыртқасы тәрізді.
Сол жұмыр жердің бетіндегі құрғақшылығы: Азия, Еуропа,
Африка, Америка, Австралия деп аталады. Сол бес бөлім-
нің ішіндегі ғажайып жыртқыш аңдарының көбі – Афри-
ка. Африканың қалың ормандарында арыстан, қабылан
сияқты аңдар көп болады. Онда бұл жақта болмайтын піл
деген хайуандар үйірімен жүреді, – деп Шоқанға бұрын
естіп көрмеген тамаша жаңалық айтты.
– Сіз Африкада болдыңыз ба? – деп сұрады Шоқан
күнде көріп жүрген Сотниковтың өңіне ойлана қарап.
– Болғаным жоқ. Мен оны кітаптан оқығам. Және
арыстанның қолға үйретілгенін цирктерден, аңдар паркі-
нен көргенім бар.
– Оларды қалай ұстап алады?
– Дүниеде адамның айласы мен ақылына бағынбайтын
айуан болмайды, – деп Сотников темекісін тұтатты.
– Мен кеше естідім. Ертең біздің ауыл жылқы күзейді.
Қысырақ алады. Сонда сіз әжем үйінің жылқышысы Жүкен
ағайдың асау ұстағанын көріңіз. Олар асауды бұғалық пен
ұстағанда, қозыдай домалатады, – деп Шоқан жаңағы Сот-
ников айтқанына өз ойын қосты.
Шоқан мен Сотников осы бір күнгі серуендерінде өмірі
көрмеген баламен сыр алыспаған бөгде қонақ болып сы-
пайы ғана жүріспен қайтқан жоқ, олар жас баладай жаңа-
лық ашысқан дос адамдар болып оралды. Шоқанның Сот-
никовпен бірге шығып, дала серуенін жасауы Шыңғыстың
өз айтуымен істелген еді. Мынау көктемнің ұзақ күнде рінде
әрі мал төлдеп жатқан қызықты кезде бойын жазсын. Білім
іздеген өнерлі адамның аз да болса қолында болсын деп,
Әубәкір молдаға айтып, балаларды оқудан өзі босаттыр ған-
ды.
Шоқан кеше күні бойы көктемгі жұпар иісті далада көп
жүргендіктен, аса маужырап қайтқан. Сотниковпен бірге
отырып тамақ ішті де, ертерек жатып ұйқтап қалған-ды.
Ол оянғанда үйдің іші тұрып, бәрі далада жүргені
байқалды. Бүгінгі жылқы күзеу, қысырақ алу науқаны
Сапарғали Бегалин 4 том
34
ойында жатқан Шоқан орнынан әдеттегі қунақылықпен
ұшып тұрды. Алдымен қонақ үйдегі Сотниковті қарады.
Ол кісі күндегі әдетімен, қағазын жайып қойып, әлденені
сызып отырғанын көрді. Есікті ақырын ғана жаба берген
Шоқанды байқап қалған Сотников артына бұрылып:
– Шоқан, сәлем қайда? – деп жымиды.
– Сәлеметсіз бе? – деді Шоқан.
– Ә, онда, бері кел, амандасайық, – деп Шоқанды қасы-
на шақырып алып, қолын берді. – Менің атым Сергей.
Бұдан былай таңертеңгілікте Сергей ағай, деп амандаса-
тын бол. Сен, амандық болса Омбыға оқуға барғанда да осы
тәртіпті білуің керек болады, – деді. Шоқан өзінің амандық
тәртібін істей білмеген кемшілігін ойланып, ұялып қалды.
– Сергей ағай, жылқы күзеуді көрмейсіз бе?
– Көрем, қашан болады?
– Мен қазір білейін.
– Жарайды, маған хабарды сен айтарсың, – деп Сер-
гей үйде қалды. Шоқан алдымен жуынып, киімдерін киді.
Сонан апасының үйіне келді. Шай ішіп отырған апасы ның
оң жағында отырған Жақып:
– Е, серуенші, ұйқың қанды ма? Білесің бе, бүгін мен
құнаныма мініп жылқы иірісем. Маған Жәпелбек құрық
берем деді, мен тайларды ұстаймын, – деп Шоқанға ойына
алған жаңалықтарын заулатып шықты.
– Әліңе қарасайшы. Саған жылқы ұстау қайда. Жақып
анадағы бір тентектігін есіне алып үндемей қалды.
Сабырлы, балаларының әрбір өзін аужайынан аңғарып
отыратын сары бәйбіше:
– Сендер жылқы күзеуге барғанда, абайлаңдар! Асау
жылқыларға қақтығып жығылып қалмаңдар. Жақып, саған
асау тайды ұстауға әлі ерте, құр ожарланба! – деді.
Шоқан тамағын ішіп болып, далаға шыққанда, алыста
ханым ауылына қарай жөңкіле қайырылып келе жатқан
жылқы тобын көрді. Ел арасының бір сөзіне шақырылып
кеткен Шыңғыс ауылда жоқ болатын. Жүрерде балалардың
атқа мінуі, қонақты күтуді Бейсенге тапсырған-ды.
Шоқанның да осы сыртқа шыққандағы күткені сол Бей-
сен еді. Сәскелікке өрлеп көтерілген көктем күнінің майда
жылы лебі дене сүйсіндіреді. Күресін сыртындағы кішкене
қабақшаның кенересіндегі жас тарлаудың жасыл сабақтары
тарбия есіп, алақанын жая бастаған. Шоқанның көзі осы
балдыр көк сабақтарға түсті. Кешегі Сергей ағаймен бірге
жүріп қайтқаннан бері, әрбір өсімдікке қадағалай қарайтын
болған. Қыстай қар астында, мал тұяғы, адам табаны жан-
Сапарғали Бегалин 4 том
35
шып, таптап тастаған жерден көтерілген көк тарлау
қылтанақтары оған үлкен ой салды. Жер астынан тамыры
үзілмесе, үстінен басқанға өмірі өшпейді екен деп ойлады.
«Шоқанжан» деген Бейсеннің даусы шықты.
– Міне, аттарды әкелдім. Қазір ерттеліп дайын бола ды,
әлгі орысың қайда? Ал тез киініңдер! – деді.
– Сіз орыс демеңіз, ол Сергей ағай, мен қазір ертіп
шығайын, – деп Шоқан үйге жөнелді.
Сергей мен Шоқандар келгенде, жылқы көлдің солтүстік
ығындағы Айғаным ауылының арғы жағындағы тепсеңде
топталып иіріліп қалыпты. Жәпелбекке ілесіп Жақып та
жетіпті. Жылқының басында Шеген, Қанғожа тұр екен.
Шоқан келіп екі төреге аттан түсіп, сәлем берді. Шоқанның
аттан түскен тәртібін істеп Сергей:
– Ағайлар, саусыздар ма? – деп қолдарын алды. Ізетті
амандық артынан Қанғожа Шоқанға қарап:
– Мына қонақ ағайыңа жылқы күзеу, қысырақ алу
қызығын көрсеткелі әкелдің бе? Ол өзі мұндайды бұрын
көрген бе екен? – деп күлімсіреді.
– Бұрын көрмеген екен, менен естіген соң көруге әдейі
еріп келді.
Қолына үлкен сағалы пышақ ұстаған орта жастағы кісілер
жылқы күзеуге әзірленіп, қапшык көтерген, балаларын
ерткен әйелдер олардың қасына жиналды. Жалы тізесіне
түскен желқуық жарау айғырларға мінген жылқышылар,
тымақтарының құлағын ішіне қарай жымырып байлап
тастапты. Бір-екеуінің қолында құрыққа ілмек баулап
байлаған ұзын арқан. Кейбіреулерінің қолында баулаған
ұзын құрық.
– Кәні, әкеліңдер, алдымен Ардакөк айғырдың үйірін.
Соның жабағылары күзелсін, – деді Шеген.
– Иә, алдымен Ардакөктің үйірін, Шеген ағам тамаша
дұрыс айтты, – деп Қанғожа ағасына бірер қабат көпшік
те төсеп жіберді. Бірін-бірі көзінше сыйлағанда жорғалап
тұрған төрелер әдетін жете білетін Сал:
– Екі төре еріндерінің қыбырынан-ақ ұғысады-ау, құлын
күнінде байлау көрген Ардакөктің үйіріндегі жабағыларға
құрықтың керегі болмас. Оларды жылқы тобында тұрғанда
қолмен ұстау керек. Құрық көтерілсе, жуас тайлардың өзі
де желігіп ұстатпайды. Заты жылқы емес пе, – деді.
– Біз де осыны ойлап айтып тұрмыз, – деді Қанғожа.
Ардакөктің үйірі күзеушілер тобына ығыстырыла берді.
Жылпос жігіттер тайларды жалынан ала түсіп, шоқтығынан
басып қалып, құлағынан жымыра тұқыртып тұрып
Сапарғали Бегалин 4 том
36
күзеттіріп жатыр. Қолына құрығын алып қызығып жүрген
Жақып, бір құла тай күзеліп жүре бергенде құрығын сер-
меп кеп қалды. Жақыптың құрығы құла тайдың мойнына
тап ете түсті. Асау жабағы құрықты жұлып ала жөнелді.
Құйындатқан жабағыдан тамам жылқы үркіп, дүркіреп,
ойран-шу болды. Жан-жақтан мықты ат, айғырға мінген
жылқышылар үріккен топты әрең қайта иірді.
– Әй, Жақып-ай, бүлік шығармасаң тұра алмайсың-ау,
– деп Қанғожа Жақыпқа ренжи қарады. Тентектігін сезіп
ұялып тұрған соң, бөтен зілді өз айтқан жоқ. Жабағыларды
ұстап, күзеп жіберіп жатты.
– Шоқан, қарашы, мына тайлардың шашын алдырған
баладай әп-әдемі болып құнтиып шыға келгенін. Әрбір
хайуанның мезгіліне қарай өз көркемдігі бар, – деп
қызықтай сөйледі Сергей.
– Ал құнандарды күзегенде бұдан да сұлу болады, – деп
Шоқан өзі жақсы көретін құнан күзеуін Сергейге мақтап
өтті.
Осы арада қысырақ маталатын асау байтал, арда дөнен
айғырлар ұсталатын болып, ат ұстампаз жылқышылар
құрықтарын ыңғайлап жылқы тобына кіре бастады. Алды-
мен анадағы Сергей мен Шоқан үйірін аралап өткен құла
айғырдың үйіріндегі байталдарды ұстайтын болды.
– Құлжақұланың үйірінен төрт байтал ұсталды ғой, –
деп Қанғожа қысырақ тобын іріктейтін Жүкен жылқышыға
қарады.
– Төртеу емес, Құлжаның үйірінен алты байтал
ұсталады. Алдыңғы жылғы оның үйіріндегі биенің бәрінің
құлыны ұрғашы болатын. Қайта бір-екеуі былтыр енесі
қысыр болып, қайтармаға сойылып қалды ғой, – деді
– Онда Құлжаның үйірінен бір қысырақтың өзі бір-ақ
маталады екен ғой.
– Иә, тек ана күрең айғырдың үйірінен бір-екі байтал
қосамыз.
– Қысырақтың саны қанша болады? – деді Сергей
қасындағы Шоқанға. Шоқан тек тобын көргені болмаса,
оның саны нешеу болатынын біле бермейтін. Ол күмілжіп
Қанғожаға қарады.
– Қысырақтың саны әр қилы болатын. Кейде тоғыз
байтал, айғырымен он. Кейде сегіз, кейде жеті байталдан
да маталады. Көбінесе жылқының тобына қарай, – деп
түсіндірді Қанғожа.
Құлжақұланың үйіріндегі байталдарды жеңілтек екі
жас жылқышы құрықпен қаршығадай іліп әкеліп мататып
Сапарғали Бегалин 4 том
37
жатты. Ал күрең айғырдың үйіріндегі екі жирен байталды
ұстауға айрықша дайындалды. Өйткені күрең айғырдың
үйірі құлын күнінде байланбай, бойдақта болған, ноқта,
жүген көрмеген шүу асаулар екен. «Ол екі байталды ұстау,
мыналардай емес» десті тұрған жұрт.
– Жылқыны иірмектегеннен бері күрең өзі бастап ылғи
шетке тартып, үйірімен шыға жөнелгелі ойқастап жүр.
Оған құрықты екі сермемейтін, айғыры жүйрік те оңтайлы
жылқышы болмаса, бой жазып ұстатпай кетеді, – деп Ше-
ген Жүкеннің өзін атқа мінгізді.
Ашаңдау, балғын денелі, жар қабақ кең иықты Жүкен
жатаған теңбіл көк айғырға мініп, құрықты қымти ұстап,
күрең айғырдың үйіріне қарай бет алды. Елең алып тұрған
айғырдың үйірі тобымен жылқыдан тұра-ақ жөнелді. Ә де-
генде ұйлығып тобын жазбай ұйтқыған асау үйір, бірінен-
бірі оза құйрық атып сытыла жөнелді. Ұзын аяқ, күрең байтал
алдына түсіп құлындай құлдырады. Жүкеннің де алдымен
ұстамағы сол. Теңбіл айғырдың басын жібере артына түсіп
берді. Алғашқы бетте арқан бойы зырлап шыққан күрең
байтал, жылқының ар жағымен қайта оралғанда, аяғы бы-
тырап теңбіл айғырдың алқымына жақындай берді. Үйіріне
таяна бергенде, қалың топқа бұрыла, жалтара бұлталақтай
қашты. Қашаған ұстауда атаққа шыққан Жүкен мен теңбіл
айғыр күрең байталды бұлтарғанымен бойын жаздырған
жоқ. Жамбасынан бұрылатын оңтайлы айғыр еркін жетіп
баурап алды.Құлақ шекеден сермеп қалған Жүкеннің
құрығы тап ете түскенде, қыл мойыннан бұрап өзіне қарай
қисая тартып қалды. Күрең байталдың құйрық жағы шошаң
етіп, басы Жүкен құрығының толғауынан қайрылып, тыраң
асты. Қасында таяу келе жатқан екі жылқышы аттан қарғып
түсіп, құлақтап тұрып ноқталап алды.
Жылқыны иіріп тұрған жүйрік айғырлы жылқышылар
құрық атып бөліне жөнелген асау күреңнің үйірін қалың
топқа қайта қуып тықты. Екінші бір жирен төбел байталды
да Жүкен адымын ашырмай құрықтап ұстап ноқталады.
– Апекем үйінің бұл қысырағына ана құла жирен дөненді
үйірге салалық. Өзінің сүйегі де жақсы, құлжа-құланың ба-
ласы ғой, – деп Шеген қысырықтың айғырын белгіледі.
– Мен де соны лайықты көрем. Бірақ, өзі шүу асау, тағы
болып қолға тұрмай жүрмесе, – деді Жүкен.
– «Асауды құрық жуасытады, тентекті бұйрық жуа-
сытады» деген мақал бар ғой, бар қашаған қайда кетеді
дейсің. Бірыңғай құла жирен болып матастырылсын, – деді
Сапарғали Бегалин 4 том
38
Қанғожа. Ол осы сөздерді айтқанда, бағанадан қысырақ
матау қызығына таңдана да, ойлана қарап тұрған Сергей
Қанғожаға:
– Ана жылқышы Жүкеннің қашаған ұстауы, мына сіздің
мақалдай айтқан сөздеріңіз бірінен бірі өтетін поэзия-ау,
– деді. Поэзия деген сөзді бұрын естімеген Шоқан да ,
Қанғожа да өрескел дегені ме, қалай деп үндеспей қалды.
Бағанадан Жәпелбектің жанында тұрған Жақып, Шоқан
мен Сергейдің қасына келіп:
– Бәлем, Жүкен ағай, асау биені қалай ұстады. Сен үйтіп
ұстай алмайсың, – деді Шоқанға.
– Онда, сен ұстарсың.
– Бағана Қанғожа ағам ұрысқан соң, Жәпелбек құрық
бермей қойды ғой.
– Немене, құрық берсе өзің-ақ ұстайын деп пе едің?
– Мен ана жабағыларды ұстай алам, көрдің ғой құрықты
қалай салғанымды, – деп әлгі сермеген құрығы жабағыға
түсіп, жылқыны үркіткеніне мақтанып қойды.
– Малмен бірге өсіп, мінездес болған елдің баласы-
на ол қиын болмауы керек. Қандай жағдайда өссе, адам
сол ортаның күйіне, өнеріне жаттығады. Мына Жүкен
Африканың аңын үйретіп жаттықса, қолынан келмейтін аза-
мат емес қой. Қандай шапшаң, қандай әдісқой, – деп Сер-
гей өзінің бағанадан таңданып тұрған жайына тоқталды.
Шоқан мен Сергей ауылға оралғанда, Шыңғыс та келген
екен. Сергейдің Шыңғысқа айтқан жаңалықтары кеше-
ден бері Шоқанмен бірге жүріп көргендері болды. Әсіресе
бүгінгі жылқы күзеу, қашаған ұстау Сергейге ерекше бір
қызықты көрініс болған. Ол оны көргеніне сондай қуанып,
басшы болған Шоқанға разылығы мен алғысын айтты.,
– Шыңғыс Уәлиевич, сіз Шоқанды осы күзде Омбыға
оқуға беріңіз, біздің үй де сонда, ауылды өгейсітпеспіз.
Қазір дәл оқитын уақыты. Бұдан кейіндесе, кешігеді, – деп
Сергей тілек ете сөйледі.
– Әжесі де оқуға бер деп былтырдан айтып жүр. Биыл
амандық болса, Омбыға апарам. Былтыр апармағаным,
бұрынғы әскери училище Кадет корпусы болып үлкейіп
ашылатын болған соң, соған беремін деп тоқтап едім.
Өте дұрыс. Онда сабақ беретін оқытушылары жақсы
адамдар. Біразы бізбен таныс жолдастар. Корпусқа қалай
да түсуіне бар күшті саламыз, – деді Сергей достық
ықыласымен.
Сапарғали Бегалин 4 том
39
Нағашы аулына саяхат
Хан ауылы қыстаудан көтеріліп, жайлауға бет алды.
Сергей аттанғаннан бері Шоқан сонан көрген жобасы-
мен сурет салуға құлықтанып алған-ды. Әсіресе Сергейдің
Жүкеннің асау күрең байталды ұстаған суретін салғаны
Шоқанға қатты ұнаған-ды. Сергей сол суретінің алғашқы
жобасын беріп кеткен. Соған қарап ол жылқының желідегі
құлындардың, Құсмұрын қырқасындағы жартастың суретін
салып ермек етіп жүрді.
Осы көктемнен бері Шоқан Әубәкір молдадан сабақ алу-
ды тоқтатып, атқа міну, көктемдегі Қанғожаның қаршыға
салу серуендеріне ілесіп, түз өміріне бой ұрып, мүлде
сергектеніп алды.
Керей, Есеней елінде болған бір үлкен дауға шақырылып
кеткен Шыңғыс ел жайлауға келерде ғана оралды. Ондай
келелі үлкен жиынға барып қайтқанда алдымен ханымға
келіп сәлем беріп, шешіп қайтқан жұмысының жайын ай-
тып, ана ойын тыңдайтын. Сол әдетімен келіп Есеней елінің
ертеден келе жатқан дауының бітім тапқанын айтып өтті.
Ықыластана тыңдап, көпке дейін үнсіз отырып Айғаным:
– Апыр-ай, бұл бір көптен бері аяғы жерге тимеген, да-
уасыз дау еді, ақыры тынымы болған екен. Әрдайым жолың
осылай болғай, – деп баласының абыройына разы бола
күлімдеді.
– Ал, Шыңғысжан, мен былтырдан бері мына Шоқан-
жанға нағашыңа апарамын, жер көрсетем, ел көрсетем деп
уәде берген болатынмын. Мұның биыл мүшел жасы және
сәті болса қалаға оқуға жүргіземіз деп отырмыз. Зейнеп те
көптен ауылын көрген жоқ, саған айта алмай жүрген шы ғар.
Біз жүріс қамын істеп сол би ауылына бір барып қайталық.
Басқа жұмыстарыңды жайлау үстінде тоқтата тұр.
– Әпеке, мен өзім де осыны ойлап, асығып қайтып едім.
Онда жүріс қамын істетіңіз.
Әже мен әке келісімін естіген Шоқан қуанып сыртқа
шықты.
Жүру қамы ұзаққа созылған жоқ. Екі үйден әзірленген
екі пәуескені үш-үштен жегілген арнаулы жол аттары
ала жөнелді. Шоқанды өз қасына отырғызған Айғаным
күтуші әйелін ғана алып, Құсмұрыннан шығатын керу-
ен жолына түсіп тартып берді. Зейнеп пәуескенің ішінде
Жақып бастаған үш бала, және күтуші келіншек Қанипа
бар. Ханым пәуескесіне ілесе Зейнеп пәуескесі де жор-
та жөнелді. Шыңғыс бастатқан салт аттылар тобы оннан
Сапарғали Бегалин 4 том
40
аса адам болатын. Оның ішінде Қарауылдың қарынсау
қарасы атанған шешен би Ықылас, Шыңғыстың ауылдас,
үзеңгі серігінің бірі Сал, әңгімешіл Әжібай, әнші Нұрта,
тағы басқа кісілер бар-ды. Шыңғыстың астындағы Мамеке
ағасының үйінен сұратып мінген қарагер, иық қозғамайтын
майда жорғасымен жылмия сызып келеді. Желе-жортьп
тобын жазбай ілескен нөкерлер ауылдан шығардағы сән-
салтанаттарын бұзған жоқ. Алғашқы екпінімен жорта
жөнелген пәуескелілер де жүйткіп барады. Ыстық түспей
жетіп түстеніп, түс қайта жүрмек ауылдары Көлбастаудағы
Күзембай болатын. Төре ауылынан салт атқа қысқа күндік
жер болғанымен, одан бергі тоқтауды Шыңғыс лайықты
көрмеген. Былтырдан бері бас қосқан жерде:
– Төре, біздің де есігіміз бен төріміз бар, атыңның ба-
сын біз жаққа да бір бұрсаңшы, – деген Күзембайдың өзін
Шыңғыс осы жолы есіне сақтаған.
Алдыңғы пәуескенің делбесін ұстаған, әрі жол жобасы-
на жүйрік Дәрібекке Шыңғыс, ширақ жүріп, ханымды ба-
лалармен ыстыққа ұрындырмай жеткізуді тапсырған-ды.
Өзі болса жайлы жорғаның жүрісіне сеніп, шаршауды ой-
ламап еді. Қасындағы нөкерлері жайлы да ойына еш нәрсе
алған жоқ-ты. Аға сұлтанның саяхат жүрісіне аттанардағы
ойына бір алғаны жолшыбайғы елге салтанат көрсете, сәнді
жүру еді. Атшылыққа ертіп шыққан оңтайлы жас жігіт
Тулақбайдың астына қамшыкесті көбең жирен шобырды
мінгенін қайдан білсін. Қасындағы нөкерлерінің аты мен
жабдығында олқылық бар деп ойламаған. Артына бұрылмай
пәуеске сорабына төтелей тартқан Шыңғыс бастаған
топтың сәске көтеріле арты шұбала берді. Мінгендері жай
жүріске аяңшыл аттар еді. Әсіресе шабан жиреннің көзі-
басын тер жауып, Тулақбай кейінгі топқа тепеңдеп зорға
ілесіп келеді.
Кейінгі Ықылас маңындағы топ өзекке келіп түсіп
аттарының айылын босатып, өздері желпініп іркіліп қалды.
Шыңғыс тобы пәуеске қарасынан көз жазбай, біраз жерге
ұзап кетті.
– Шырақтарым, аттарыңның біраз ентігін басып, ты-
нымдап алыңдар. Жер жобасы белгілі, бізді тоспаса барып
түсе берер. «Басы ауырмағанның тәңірімен ісі жоқ» деген-
дей, Шыңғыстың өз атының жорғасы жайлы болған соң,
қасындағы қарашының қай күйіне күйзеледі. Ана Сал мен
Әжібай сорпасы шыққанша, төренің түп етегінен жабысып
бағады ғой, – деп, Ықылас қасындағы жұртты бір күлдіріп
алды.
Сапарғали Бегалин 4 том
41
– Жер ортасынан аудық, Көлбастаудағы Күзембай аулы
енді алыс емес. Осы жерде аттың демін басып алып, тартып
кетсек, жетіп барамыз. Апекемдер барып түсе берер, – деп
Шыңғыс жолдағы бір бұлақтың басына келіп ат басын тар-
тып тұра қалды. Сыр бермей шыдап келген Сал мен Әжібай
да еріндері кезеріп әрең дегенде демін алды. Шыңғыс
жолдасының жартысы кейін қалғанын жаңа көрді.
– Өй, басқаларың қайда? – деді ол Әжібайға қарап.
– Олар әлгібір әзірде кейіндеп қалып еді, әлі жете ал-
май келеді. Ықаңның айы-күні жетіп жүрген кісі ғой, жолда
толғатып қалмаса жарар еді, – деді күліп.
– Төре, біз бөлек-бөлек болып ұрысқан кісіше быты-
рап бармалық. Ханымдар бара берсін. Біз ана Ықаңдарды
күтіп алып тұтас жүрелік. Сіз аттан түсіңіз. Мына салқын
қайнардың суына ауыз шайып, кішкене салқындап алалық,
– деді Сал.
– Иә, иә, дұрыс-дұрыс, – деп Шыңғыс атынан түсіп,
сыртқы киімін тастап, әрі-бері жаяу жүріп, ат үстінде
құрысып қалған бойын жазды. Аттарының айылын бо-
сатып, желпіндіріп, қайнар суына қолы-бастарын жуып,
өздері де сергіді. Қайнар бастаудың мал ізі түспеген көк
шалғыны таңертеңгілік самалынан ырғалып жасыл жал-
тылмен құлпырып, алуан түрге бөленіп тұр. Әлі балдыры-
нан қайтпаған қырдың көк сүйрігі де көздің жауын алады.
Хош иісті Арқа самалы баяу майда еседі. Табиғаттың осын-
дай толықсып тұрған шағына құмарта айналаға көз тастаған
Шыңғыстың Ықаңдар тобына көзі түсті. Тепендеп топқа
кейде жетіп, кейде кейіндеп келе жатқан шобыр жирендегі
Тулақбайды алыстан тани қойған жоқ.
– «Төреге ерген ерін арқалар» деген қазақта мақал бар
еді. Алдияр төре, далада сол күйі қалып қойсақ та артыңызға
көз жіберер емессіз ғой, – деп Ықылас келе бір жағы әзіл
де, бір жағы наз тәріздендіре сөйледі. Тепеңдеп әрең жет-
кен Тулақбайды көрсетіп:– Мына атшы жігіттің мінген
шобыры ауылдан шықпай жатып болдырып келеді, – деді.
– Иә, солай, болдырып қалды ма? Бұған неге жөнді ат
бермеген, – деп Шыңғыс Әжібайға қарады.
– Әлгі Жүкеңнің істегені ғой. Бір дұрысырақ тұғыр бер-
се қайтеді екен. «Байдың малын байғұс қызғанады» деген
осы да, – деді Әжібай.
– Енді тобымызды жазбалық, мына Тулақбайдың аты
би аулына Қаракөлге жеткізе ме, қалай? – деп Шыңғыс
Салға қарады.
– Төре, сіз оған абыржымаңыз, бәрі өзіміздің ел ғой,
бір лажын табармыз, – деді Сал.
Сапарғали Бегалин 4 том
42
Шыңғыс тобы келіп Күзембай ауылына жеткенде,
алдарынан шыққан екі жігіт ханымдар түскен ақ үйге
Шыңғысты, Ықыласты, Салды кіргізді де, басқаларды ақ
үйдің қатарындағы жай қоңыр үйге әкеліп түсірді. Ханым
есігінің алдына әкеліп бата тілеген құла құлынның енесі ау-
ылды айнала шауып кісінеп жүр. Осы кезде далаға шыққан
Шоқанға Жақып та ере шықты. Бұлар үйді айнала бергенде,
анадай жерде екі-үш кісі құла құлынды бауыздағалы аяғын
буып жатыр еді. Дәрменсіз тыпырлап жатқан құлынға
Шоқанның жаны ашып кетті. Әсіресе құла биені аяды.
Шоқан өз ауылында да қонаққа сойған құлынды көргені бар-
ды. Бірақ оларға мұндай мән бермейтін. Ондайда көбінесе
ойынға алданып елең де етпейтін. Жақып болса:
– Өй, Шоқан, көрдің бе, ана құлынды бізге сояды,
бүйрек жейміз, – деді. Шоқан оған алара бір қарап, қайта
үйге беттеді, әжесіне келіп:
– Біз нағашым ауылына қашан жүреміз? – деді.
– Қарағым, неге асықтың, нағашың ауылы әлі алыста.
Ауылдан шықпай жатып жалығып қалдың ба, жүрістен,
жаным-ау, бұл қалай? – деп Айғаным Шоқанның басынан
сипады.
– Жоқ, әже, жүрістен жалыққаным жоқ, мына құлын-
ның енесіне жаным ашып тұр.
– Қарағым төре бала, сіздерге бұйырған құлынның ар-
маны не! Қасқыр құлынын жеп те талай биені шырқыратып
кетеді. Бұл қызыққа, құрметке сойылған құрмалдық қой, –
деп Күзембайдың бәйбішесі масаттана күлді.
– Әне, Шоқанжан, ана шешеңнің айтқанын ұғып ал.
Мал адам керегіне жаралады. Қызыққа ұстағанның қырсы-
ғы жоқ дейді. Қасқыр да жеп кететін құлын деп отыр, – де-
ген Айғаным өзі Шоқанның әлгібір балалық жан ашы ғыш
ойын сейілткендей болды.
Құлын етін жеп, күн қайта аттанған жолаушылар суыт
тартты. Кешкі салқынмен алыс жолдың біраз жерін еңсере
басуға жобаланған.
– Бүгін кешке Ажар апам ауылына жетеміз бе? – деді
Зейнеп Әжібайға Тереңжардағы Заманбек ауылынан атта-
нарда.
– Ат-көлік аман болса, түс ауа апаңыздың ақ дидарын
көресіз. Көптен бері көріспеген болсаңыз, ауыл сыртына
түсіп, сіңлі кәдесін істерсіз, – деп ағалық сыпайы әзіл айт-
ты.
– Әже, сіңлі кәдесі деген не? – деп Шоқан Айғанымнан
өзі білмейтін бір бөгде жайды сұрады.
Сапарғали Бегалин 4 том
43
– Шоқанжан, сен өзіңе таныс емес нәрсені білуге
ынтызарсың-ау. Ол жақсы ғой. Бірақ кейбір ұсақ-түйек
жайды сұрай берсең, түртіншек атанарсың, – деп күлді.
– Немене, әже, ол ұсақ нәрсе ме?
– Ол әйелдерде болатын ауыл салты. Мысалы, апаңның
өзінен үлкен Ажар деген апасының ауылына бүгін бара-
мыз. Олар екеуі екі елге ұзатылып кеткен бір үйдің қызы.
Бірін-бірі көптен көрмеген, сағынған. Сондай жағдайда
сіңлісі апасына келсе, ауыл сыртында көлігінен түсіп қа лып,
жаяулап алдынан шығар, амандасар апасын күтеді. Сөй тіп,
екеуі көрісіп, сағыныштарын айтып, мауқын басады, – деп
Айғаным Шоқанға ауыл салтының сирек болатын бір жай-
ын түсіндірді.
Шоқанның арбада зерігіп отырғанын көріп әкесі:
– Шоқанжан, ішің пысып қалды білем. Алдағы ауы лға
барғанша мына атқа мінші, – деп Шыңғыс Шоқанға атын
берді де, өзі Зейнептің пәуескесіне отырды. Еті қатып жа-
рап алған аттар, зырлата жөнелді. Шоқан қоңыр жорғаның
артқы аяғын жайқап басып, құйрығын толқыта жылжи-
тын майда жорғасына салып Ықылас би мен Әжібайдың
ортасында жүріп отырды. Күндегі Ықылас, Әжібай, Сал
үшеуі жолдағы елдің күндегі қонақасы құрметін айтысып,
кейбіреулерінің қандай мақсатпен төренің, ханым ның асты-
үстіне түскенін сөз етіп келе жатты. Әсіресе Күзембай дың
аз ғана айғыр үйірінен құлын сойғанын дарақылық десті.
– Тобынан ұстағансып, шолақ айғырының үйіріндегі
он шақты құлынның бірін сойып, мырза кісі болғансып
өлгенше дариды, – деп Ықылас тыжырынып айтты.
Күзембайдың шала бүлініп, төре алдында жайылып төсек,
иіліп жастық болуында үлкен сыр барын білетін Сал:
– Қонақасына қолқасы да олқы емес шығар. Мына аз
ғана ауыл Уақтың тізгінін қолына алғысы келетін көрінеді
ғой, – деді.
– Е, Салым, солай деші. Мен ол жағынан гөрі басқаны
ойлап едім, – деді Әжібай. Сонымен, бұл өз тоқталып, жай
әңгімеге көшті.
Қалың бозды, кер миық сары жазықта жайыла қонып
отырған елдердің ауылдарын сағым көтеріп, толқын үстінде
жүздіріп жүргендей бұлдыратады. Осындай ғажайып дала
көрінісіне елігіп келе жатқан Шоқан, өзі көп жайда өйлесе
жүретін Салға:
– Бағана Ажа ағаң «Зеренді көліндегі Жаңбырбай
аулына барамыз» деген-ді. Сонда Зерендісі не, сіз білесіз
бе? – деді.
Сапарғали Бегалин 4 том
44
– Иә, Шоқанжан, осы Зеренді деген сөзді сен түгілі мен
де анықтап білген нәрсем емес. Ел аузында айтылып жүрген
белгілі қоныс аты болғандықтан кім ойлапты. Тіпті жақсы
айттың-ау, осыны ауылға барған соң Етекеңнің өзінен
сұрап білейікші, – деді.
– Әй, Сал-ай, сенің де кейде тәлімситін әдетің бар. Ерте
кезде әйелдер мұрнының желбезегіне «Зерен» деген зер са-
лыпты ғой, сонан қойылған да, – деді Ықылас өзінің белгілі
мен білеміне салып.
– Онда көлдің желбезегінде зересі болған ба, – деп Сал
күлді. Әжібай да теріс айналып күліп жіберді. Шоқан мына
үш үлкен кісінің бір ауыз өзге ерегісіп қалғанын байқап,
әлемді тануға көңіл бөлмеген жұрттың ой өрісін көргендей
болды. Салдың кейінгі кекесінді қалжыңына орай өз айта
алмай, Ықылас қоңыр қасқа жорғасын селкектете тарта
жөнелді. Бұдан кейін әзіл тоқталып, аттылар тобы буын-
буын болып ширай жүрді. Олар аласалау кереге жалдың
көк бұйра қарағайға бөленген етегін ала тартып отырып
бір қабақша белестен аса берді. Иек астында Жаңбырбай
аулы отырған үлкен шалқар көлдің айдыны аспан әлеміне
төсін керіп жатыр. Иірілген толқын ойнағына кеудесін
төсегендей үлкен көл қанат жая кергиді. Көл иығындағы
ақ ауылға таяна бергенде, кейінгі пәуескеден түсіп жатқан
Зейнепті көріп Әжібай:
– Әне, Зейнеп ханым апасына жаяулап барып көрісуге
түсті. Кәрі қыздардың сыңсып көріскендерін тыңдасаң,
дүниенің қызығы, – деп Салға қарап күлді.
– Неше кәрі қыз көріскенде қасында болып едің? – деп
Сал тез жауап қайтарды. Әжібай тосылып қалды.
Салт аттылар келгенде, Етекбайдың үлкен баласы На-
зымбек бөлесі Шоқанды өзі қолтықтап атынан түсірді.
Назымбек Шоқаннан ересек, сыпайы жеткіншек екен.
Кісілерді ертіп үйге алып жүрді.
Шыңғыспен тізелесе отырған етжеңді Етекбайға
Ықылас, Әжібай, Сал қол беріп амандасты. Назымбекпен
қатар кірген Шоқан да айрықша сәлем беріп, Етекбайдың
қолын алды.
– Ә, ханымның Шоқаны осы ғой, шырағым, бақытты
бол, көп жаса, – деп Етекбай айрықша ықыласын айтты.
Сапырылған қымыз, сойылған мал. Бірін-бірі сағынып
көрген апалы-сіңлілі би қыздары мәре-сәре болып, әңгіме
думанға бөленуде. Шыңғыстар отырған Етекбай үйінде
ел жайы, шаруа жайы өз болуда. Бір әредікте Етекбай
ауылдарының жайлауы, қоныстары айналасы шоқ-шоқ
Сапарғали Бегалин 4 том
45
қарағайлы әсем шоқылар боп келетін Зеренді көлінің келіс-
ті бітімі сөз болды.
– Көлімізге көздерің түсіп кеткен екен. Босат, біз
қонамыз дегелі отырған жоқсыңдар ма? – деп тілмар Етек-
бай Әжібайға қарап күлді.
– Оныңыз рас, Етеке, «төренің көзі түсті дегенше,
түйенің иесі көшті деп біл» деген сөз бар. Бұл – бір.
Екіншіден, қоныс ауыссаңдар сөкеттігі бар ма, екеуіңіз
бір айдыннан сұқсыр ілген сұңқарсыңдар, – деп Әжібай
жайма-шуақ жүйріктікке салды. Етекбай мен Әжібай дың
осы бір қайымдасқан сөздерін үндемей тыңдап отыр ған
Шоқан ойына тоқып қалдырды. Қалтасына қарындаш, қа-
ғаз салмағанына іштей өкініп қойды.
– Етеке, мана Шоқанжан «Зеренді деген не нәрсе?» деп
сұрап еді, біз анықтап айтып бере алмадық – сіз біле тін
боларсыз? – Әжібай Зеренді көлі жайлы сөз бастаған да,
Ықылас қозғалақтап:
– Басқа сөз таусылғандай-ақ, Әжібай, сенің бүгін көл-
дің атын анықтаудан-ақ қолың тимеді-ау, – деп ыңғайсыз-
да нып еді.
– Білмегенді сұрағанның артықтығы жоқ. Ықа, сіз
Әжекеңді сөкпеңіз. Білім – сұрау, іздеумен молығады.
«Іздегенге алтын жолығады» деп бұрынғылар әншейін
айтпаған болар, – деді Шыңғыс Ықыластың орынсыз
өзімшіл намысына тоқтау салып.
– Шоқанжан дұрыс сұраған. Әкейлердің бір әңгімелесіп
отырғанда, осы көлдің қалай Зеренді аталғанын айтқандары
бар еді. Ол кісілердің айтуында қарағайлы, таулы жерде
жүретін зерен деген киік тектес бір қоңыр аң бар көрінеді.
Сол аң осы қарағайлы адырда көп болады екен. Мына
көлден су ішіп, қарағайды қоныстап жүрсе керек. Бертін
ел қоныстап, жазда жайлау, қыста қыстау еткен соң
қоныс іздеп басқа елі аз жерге ауып кетсе керек. Ертедегі
елдің әдетінде жерге, көлге ат қойғанда, сол жерді, суды
қоныстаған аңның, құстың, балықтың атына байланысты-
рып атай береді ғой. Ана Арқада Бұғылы, Тағылы деген
таулар бар. Аюлы, Аршалы, Балықтыкөл, Шортандыкөл
деген сияқты атаулар көп қой. Сол сияқты зерен көп
қоныстанғаннан Зеренді аталыпты дейтін еді, – деп Етек-
бай өте сенімді, орынды етіп айтып берді.
Зеренді жайындағы Етекбай өзін де Шоқан байыптай
ұғынып, жаттап отыр. Бір әредікте Шыңғыс:
– Етеке, сіздің ана Естек Ыбырайға айтқан бір сөзіңізді
ел аузынан естіп сүйсініп едім. Өзіңізден де бір сұрайыншы,
– деп Етекбайды сөйлеткісі келді.
Сапарғали Бегалин 4 том
46
– Аңдыспаса аға сұлтан бола ма. Әлдеқайда жүріп
бірінің мүдірген жерін екіншісі жерден жеміс тапқандай
ұшықтай жүреді-ау, – деп Етекбай ол әңгімені де баяндай
жөнелді. Жайықбайдың Ыбырайы жарым патшаның жа-
нында отыратын төре болыпты деп алып қашып жүрді. Бір
күні Ақмолаға бара жатып әдейі бұрыла жүріп келе қалғаны.
Қолдан келген сый-құрмет сияпатымызды істеп күттік. Сөз
арасында Ыбырай:
– Етеке, сізді тілмар, шешен кісі деп ел көтеріп жүрген
соң, үлгілі сөзін ести кетейін деп әдейі бұрылып едім. Ел
айтқандай үлгілі сөзді тыңдай алмай отырмын, іліп-тартпа
шотаяқ тілді ғана екенсіз ғой, – дегені.
– Шырағым Ыбырай-ай, біз от басындағы адамбыз ғой.
Біздің сөзіміз шотаяқ тәрізді іліп тартпа ұтымсыз екені
рас та шығар. Аға сұлтан ел иелерінің де ашалап-ашалап,
тастаған үлкен сөздерін ести алмай жүрміз-ау, дедім. Ыбы-
рай сазарып қалды, одан әрі сөз айтып арбаспадық. Салқын
ғана қош айтысып тарадық, – деп Етекбай Шыңғысқа
сұраған сөзін айтып берді.
– «Аңдамай өйлеген ауырмай өледі» деген-ау. Сізде
несі бар еді соқтығып, – деп Шыңғыс өзінің аз сөзде асыл
мағына жатқанын, аңғарғыш ойын көрсетті. Үнсіз тыңдаған
Шоқан, тағы бір асыл маржан тапқандай әсіресе «аға сұлтан
ел иелерінің де ашалап-ашалап тастаған үлкен сөздерін
көре алмай отырмыз» дегенін ішінен қайталап айтып, жат-
тап алды.
* * *
Таң салқынымен ерте аттанған жолаушылар, соқырлау
көш жолдарының сарынымен зырлата тартып жөнелді.
Ендігі жүрістері суыт, ширақ. Қалайда Қаракөлдегі
Қаржастың қалың елінің ортасына, би ауылына жету.
Былайғы жерде көп бөгеліс бола қойған жоқ. Сыпайы
қонақ асы, сыдырта жүріс. Төрт күн өтіп, бесінші күні
үдере тартқан жолаушылар Қаракөлдің қайқаңы аталатын
көлбеген белестен аса қалың ауылдың қарасына ауысты.
Топ-топ жылқылар көл сағасынан өріске беттеп барады.
Салт аттылар Шыңғыс жорғасының сыдырма жайқауына
ілесе салпақтай еріп желе шоқырақтатып келеді.
Ауылға таяна бере Зейнеп тағы да пәуескеден түсіп, ал-
дынан топталып шыққан сіңлі, жеңге, бауырларын күтіп
тұр. Айғаным пәуескесіне ілесе, Шыңғыстар тобы жағалай
отырған қалың ауылдардың ортасындағы айрықша сал-
Сапарғали Бегалин 4 том
47
танатты Мұса аулына келіп ат басын тіреді. Айғаным жо-
лын үлкен тұтқан Шорман ауылының жастары алдарынан
шығып қарсы алды. Зейнепті қаумалаған сіңлі, жеңгелері
бір топ ерекше сәнмен өздеріне арналған үйге кірді. Күтіп
отырған арнаулы қонақтарын би аулы асқан құрметпен
қабылдап, алуан сый көрсетіп жатыр.
Әсем ән, күндіз-түні күлкілі әңгімелер, әзіл-сықақтар да
жаңғыра, өсіре айтылуда. Шыңғыс, Мұса, Ықыластар тобы
көбінесе үкімет бұйрығы жайлы сөздерді айтып, ел билеу
жөнінде ойласа бірінен бірі сөз тартады.
Шоқан бүл ауылға келгелі үлкен кісілер қасынан
қашықтап кетті. Өйткені, құсбегі сауықшыл нағашы ағасы
Аужан бастаған жастар тобы, қадірменді жиен Шоқанға өз
елдерінде бар деген тамашаларын көрсетуде. Ауыл өмірі
қашан болсын бір қалыптас. Атқа міну, құс салу, ит жүгірту
– ең тамаша ойын осы ғана. Оның бәрі Шоқанның өз ауы-
лында көргендері. Және мына қырық күн шілдеде бүркіт
аңға салынбайды, тұғырда отырады. Тазыны да ыстықта
қызыл табан болады деп аңға қоспайды. Тек бұл жазда
обалсынбаса, балапан ергізген құсты аямаған құсбегілер,
қаршыға, тұйғынды ғана ата қаз, үйрекке салады. Деген-
мен өз ауылындағы қаршыға салу әдісіндегі ерекшелікті
көрсетуге ойланған Аужан:
– Біз Шоқанға даңғаза, дабылмен құс алдыруды
көрсетеміз, – деді Мұса ағасының үйіндегі аға қонақтарға
сәлем бере келіп.
Аужанның ондағы ойы қаршыға салудың даңғаза дабы-
лын үлкендер көрем десе жүрсін деген ойы еді. Өйткені оны
шығарып жүрген өзі болатын. Аужанның даңғаза дабылы
десіп Қаржас, Сүйіндік елдерінің қаршыға ұстағандары
әсіресе айналдырып алған-ды.
Шоқан келген күннің ертеңінде күміс ер-тоқым мен
жабдықтап мінгізген боз жорға дөнен аса бір әсем бола-
тын. Жақып та Мұстапа нағашысының үйінен бір қара
құнанды жабдықтатып мінген. Қаракөлдің жалпақ айды-
нынан қаршыға салуға болмайтын. Аужанның даң ғаза
дабы лына ыңғайлы көлі – Қазанкөл деген саумал көл ден
бөлінген, бір ойпатқа біткен шағын кемеш Қамыстыкөл бо-
латын. Бұл көлге қамысы қалың болғандықтан, қаз, үй рек
көп қоныстап, жаз бойына құс арылмайтын.
– Осы, Аужан, сенің даңғаза дабыл дегенің қандай
өзі. Аты жақсы емес екен. Даңғаза деген мағынасыз бос
даурық деген сөз ғой, – деді Шыңғыс балдызына күле
қалжыңдап.
Сапарғали Бегалин 4 том
48
– Жезде, сіз өзіңіз бірге жүрсеңіз көресіз, ол даңғаза да-
был дегеннің екі түрлі қызығы бар. Бірі – қаршыға ұстаған
құсбегінің барлық қаршығасы қатар ұшырылып, кімнің
құсының қыран екені анықталады. Ат жарысы сияқты бұл
қыран жарысы. Ал екінші бір тәуір жағы – аң тамашасын
көруге елдің бәрі қатысады. Жеке қаршыға салушылар
«сендер дыбыстап құс үркітесіңдер» деп қасына көп кісі
ертпейді. Мына даңғаза дабылда қызық көрем деген бала-
шағаға дейін тобымен барып жабыла дабыл қағып, өздері
құсты бірге салысады, – деп енді даңғаза дабылдың әдісін
әңгімелей жөнелді. – Егер сіздер жүреміз десеңіздер ертең
таң бозынан барамыз. Осы маңдағы барлық қаршығасы бар
құсбегілерге хабар айтып жиналамыз. Құсқа барған барлық
кісі тапса, дабыл алып барады, таппағаны тоқымын, етігінің
қонышын сабалап, көлді жағалай тұсынан келіп дыбыстай-
ды. Жан-жақтан дабыл қағылып, андыздаған қаршығаның
ұшқанын көрген қаз, үйрек ұйлығып, көл төбесінде шыр
айнала ұшады. Сол кезде қыран қаршыға қалаған құсын
қағып түсіре береді. Аужанның мынау айтқан әдісі көңіліне
қона кеткен Ықылас:
– Біз де барып көрелік, – деп, Шыңғысқа қарады.
– Жақсы, жақсы, баралық, – деді Шыңғыс сөз
бұзбайтын әдетімен.
Кеше кешке байлаған уәде бойынша Аужан жылқышыға
тапсырып атты ерте алдырып, таң бозынан аттанды. Ол ерте
жүрісті Шыңғыстарға да, барлық қаршығашыларға да айтып
қойған. Қаршығасын алып, Шоқанды өзімен қатарластыра
атқа мінген Аужан ауылынан шыға бере күрең дабылын
Шоқанға берді.
Бұлар Мұса ауылына келгенде мұндағылар да дайын
екен. Шыңғыстың қасында тұрған Жақып Шоқанның
қолындағы дабылды көріп:
– Атеке, мен де, маған да дабыл алып бер, – деп
қыңқылдап қоймаған соң, атшы Тулақбайды шақырып
алып, Шыңғыс:
– Мынаған да біреуден дабыл алып берші, – деді. Иса
ауылынан қаршыға ұстап келген үш-төрт жігіттің біреуі
ерінің алдыңғы қапталындағы анжымаға кішкене қара
торсықша байлап алыпты. Соны көріп Тулақбай:
– Жігітім, мынауың да дабыл ма, әлде сусын құйып
алғансың ба? – деп еді, әлгі жігіт күліп:– Даңғаза дабылға
барған кісі дабылсыз жүре ме, менікі дауылпаз деген ең
үлкен дабыл, – деді.
Сапарғали Бегалин 4 том
49
– Онда дауылпазыңды ана жиеніңе берші, дабыл тауып
бер деп төренің мазасын алып тұр!.
– Е, жарайды, жиеннің қалағаны торсық болса, – деп
ол жігіт шешіп берді. Тулақбай торсықты әкеліп Жақыпқа:
– Мынау дауылпаз деген дабылдың ең үлкені екен.
Мұның дыбысы шыққанда, аспаннан үйрек өзі жүрегі
ұшып жерге құлай беретін көрінеді, – деп ерінің алдыңғы
қапталындағы анжымаға байлап берді. Басында ыңғайсыз
көріп тұрса да «ең үлкен дабыл» дегенде танауы делдиіп
кетті. Шоқанға жетіп барып:
– Көрдің бе, мына менің дабылым дауылпаз, ең үлкен да-
был, – деп мақтанып, қайта әкесіне қарай шоқыта жөнелді.
Дауылпаз деген сөзді бірінші естіген Шоқан, қасындағы Ау-
жан нағашысынан:
– Нағашы аға, дауылпаз деген не? – деп сұрады.
– Ана тентек Жақыпты алдаған ғой, ол дауылпаз емес,
жай кішкене сусын құятын торсық қой. Қолында дабылы
жоқтар кейде шу көтеріп дыбысты жаңғырықтыруға он-
дай торсықты да алып шығады. Ол ана Иса нағашы ағаңның
балаларының шығарып жүрген қылжағы ғой. Дауылпаз де-
ген үлкен жорыққа қол аттанарда соғылатын дабыл. Оны
шеңберлеп иіп, ағаш кергіге керіп, жұқа серке терісінен
жасайды, – деді Аужан.
Қазанкөлге таяна бергенде әдеттегі әдістерін істеп
қаршығашылар топ-топ болып бөлініп, көлдің жан-жағынан
қаптай келіп, құстарын дайын ұстады. Сол кезде көлді жи-
ектеп қаптаған қалың кісілер дабылдай лап қойды. Көл беті-
нен ду етіп ұшқан қаз, үйрек дуылдан қорқып сапырылыса
бергенде, жан-жақтан аспанға атып шыққан қыран қар шы-
ғалар шапыр-шұпыр айқасып, бір-екеуі қаз ілді. Ал ғашқы
бетте аңырып қалған Жақып, бір әредікте торсықты тарс
еткізіп қағып қалғанда қара құнан атып кетіп, жерге топ ете
түсті. Ымқырулы Тулақбай тұра жөнелген қара құ нанды
ұстап әкелді.
– Ә дауылпаз, қалай, дабылыңның өзіңе әлі келді ме?
– деп Шыңғыс баласына қарап күлді. Ұялып қалған тен тек
Жақып үндеместен келіп құнанына мінді.
Алғашқы көтерілген құсқа жіберген бетінде бір ата қаз-
ды іліп түскен Аужанның көк қаршығасы, қайта ұшып тағы
бір үйректі қағып түсті. Басқа қаршығалар да бір-бірден қаз,
үйрек алды. Құс тамашасына қарық болған топ күн көтеріле
ауылға оралды.
Қайтып келе жатқанда Шыңғыс балдызының әдейі жа-
нына тие:
Сапарғали Бегалин 4 том
50
– Мына әдісің әсемдік емес, ту-тулақайлау екен. Қара
қарғаша үймелеп жүрген құсбегілікте онша қызық бола
бермейді ғой, – деді.
– Атеке, мұндай қызықты бір кісі көргеннен, көптің
көргені жақсы емес пе? – деді Аужанның қасында келе
жатқан Шоқан. Баласының нағашысына араша түскеніне
сүйсінген Шыңғыс үндеген жоқ, жымиып күле берді.
Осындай ойын-сауық, тамаша қызықпен бір жұмадай
жатқан Айғаным ханым Шыңғысқа қайталық деген ойын
айтып, жүру қамы істелді. Алдымен Мұса мырзаның ханым
құдағиына, қарындасына, жиендеріне арнап дайындаған
сыйлықтарын ұсынды. Би ауылының басқа отаулары да
қарап қалған жоқ. «Екі бай құда болса, арасында жорға
жүреді» дегендей, аға сұлтан ауылының жиендері, аға
сұлтан күйеу, ханым құдағи айта қаларлықтай сыйлыққа
бөленді.
Аттанар алдында Мұса ауылына жиналған би бала ла ры
қонақтарын ортаға ала отырып, өздерінің сән-салта нат-
тарын мадақтады. Құсбегілік, аңшылық, ат салтанаты сөз
болды. Мұстапаның Көкбесті атанған бәйгі атының өткен
жылғы бір ұлан-асыр аста жүз аттың алдынан келгені ай-
тылды.
– Осы Көкбестінің, сірә, қанаты бар ма деп қалдым, –
деді Мұстапаның қасында отырған атбапшы Жарқынбай
деген мақтаншақ көтермешісі.
– Жылқыда қанат болады дейсіз бе, ол әншейін
көтермелеп айтқан сөз ғой, – деді Шыңғыс Жарқынбайдың
Мұстапаға жағына айтқан орынсыз мақтауына.
– Төре күйеу, мен оны әншейін айтып отырғаным
жоқ. Алтай еліндегі былтырғы аста, мына Қаракесек,
Қуандықтан, Сүйіндік, Тарақты, Тамадан аяғының желі
бар не саңлақ келген ғой, жүзден аса атты айдап шыққанда
біздің мырзаның Көкбестісі, жай бір күйкі ғана шобыр
тәрізді болып көрінді. Ішімнен: «Я, бидің аруағы, өзің қолда»
деп Көкбестінің жанына келіп, қашан ат айдауға кеткенше
тұрдым. Сонда Көкбесті жануар ешбір желікпейді-ау! Тек
бір қалыпты салмақпен аяңдап, кейде төсін жерге тигізе
керіліп, созылып бойын жазады. Сонан бір мезгілде ат ал-
дынан келеші баратын болды. Келешіге мен өзім кеттім.
Көзіңіз жамандық көрмесін, біз келеге таянғанда үш ат
түйдек келеді екен. Қарасам біреуі Көкбесті, біреуі бір
қара ала ат, біреуі қанжырдай жирен ат. Сонан аруақтап
кеп шылбырына жанаса бердім. Үстіндегі бала да қу еді,
аттың басын аздап іркіп келеді екен. Мені көрген соң, о да
Сапарғали Бегалин 4 том
51
айқайлап, тақымын қысты білем, Көкбесті сытылып шыға
берді. Мен айқайды салып ұрандап келем. Көзіңіз жаман-
дык, көрмесін, Көкбесті құйындай ұйтқып ағып берді. Мен
ілесе алмай қалып қойдым. Сонда көрдім, Көкбестінің
тіпті аяғы жерге тимей, тура қалықтап ұшып барады. Тек
жануарға көз тимесін деп көзімді жұма бердім. Басқа аттан
бір шақырым бұрын келді. Мен дәлелсіз айтпаймын ғой.
Жарықтықтың қанаты бары бар, – деп, Жарқынбай өзін
аяқтады.
– Мына Мұстапа балдызымыз ол сияқты жүйрігінің
түрін де көрсетуге қызғанады, – деп Шыңғыс Мұсаға қарап
күлді.
– Иә, ол балдызыңның ондай мінездері болуы мүмкін,
– деп Мұса жымиып еді:
– Мен екеуіңдей шенге шіреніп жүрген төре емеспін.
Ат қызығы, құс қызығымен алданбағанда қайтемін. Мына
атымды көрдің бе, деп кімнің алдына жалбақтаймын, – деп
Мұстапа белгілі томырықтау мінезіне салды.
– Осы Мұстапа өзі сараң да ғой деймін. Бидің басқа бала-
лары ат жалына қолы жаңа жеткен жиендеріне қалағаның
бар ма, сұрағаның бар ма деп жатыр. Мұның аузынан соны
да естігеніміз жоқ, – деп Шыңғыс Көкбестіге көңілі ауай-
ын деген сырдың шетін шығарды.
– Жиендер әлі жас қой, ат баптар жасқа келгенде,
онысын да көрерміз, – деп Мұстапа Шыңғыстың алдын
орағытты.
– Бәсе, сараң дегенім дәл шықты ма. Көкбестіге жи-
ендер қолқа салар деп, ат баптар деген өздерді көлденең
тартып отырсың-ау, ә? – деп Шыңғыс күлді. Бағанадан
үндемей тыңдап отырған Шоқан:
– Атеке, өзімізде де жүйрік бар ғой. Бізге керек жүйрік
оған керек емес пе? – деғені ғой.
Шоқанның кісіден сұрау, біреудің дүниесіне қызығу
дегенді жек көретін мінез білдіргені Мұсаға сондай ұнады.
– Шоқанжан, бері келші, Мұстапаның атынан сенің
мына сөзің әлдеқайда жоғары шықты-ау. Бақытты бол.
Аман болсаң, қай жүйрік сенен құтылар дейсің. – Осыны
айтып Шоқанның маңдайынан иіскеді.
Қаракөл басынан түс ауа аттанған Айғаным пәуескесі
Құсмұрын қайдасың дегендей кешкі салқынмен тартып
кетті. Айдын көл алқабында, алшақ-алшақ қонып, қанат
жайған Қаржас елінің қауымы қала берді. Мұса үйінен өзіне
арнап мінгізген жорға құнанына мінген Шоқан әкесімен
бірге салт аттылар тобында бара жатты.
Сапарғали Бегалин 4 том
52
Ұядан ұлы жолға
Төре ауылы жайлаудан қайтқалы, Шоқанның ойын-
да Омбы қаласына деген жүріс жолы елестеп, асығу да
бар. Әсіресе Сергей ағайдың қала жайынан қызықтырып
айтқан әңгімелері есіне түседі. Ал қалаға жүрсе мына ауыл
өмірінен бөлінеді. Ойыны бір құрдастан, тентек те болса
бауырлас Жақыптан бөлінеді. Ыржия күліп, қорғана тіл
қатып, балшықтан мүсін жасап ойынына талшық еткен
Мысықтан көз жазады. Қатар отырып жазу салыстырған,
ойын тобында үнемі қасында болып, мұрнын тартып
қойып, «Шоқа» дейтін құрдасы Әлібайдан бөлінеді. Осын-
дай ойларға оралған Шоқан күн санап анадағы бастаған
күнделік дәптеріне әрбір ойын жазып жүрді. Ол жаздағы
нағашы аулына барған сапарынан көрген-білгендерін –
Етекбай сөзін, Зеренді түсінігін жазды.
Ауыл Қосқимылға келген күні-ақ Шоқан белгілі күзек
құдықта отыратын жалғыз қара лашық Мысықтың үйіне
келді. Жаздай ел көрмей, елегізіп елсіз өмірде бұйығып
жүрген Мысықты, екі бұзауды қайырып келе жатқан
жерінен, қорық ішінде кездестірді. Ыржиып, құлағы
делдиіп тұра қалған Мысыққа Шоқан құнанынан түсіп,
қасына келді де:
– Немене, Мысық, аман ба!? – деді. Мысық үндемеді,
тек күле берді.
– Сен, немене, сөзді ұмытып қалғансың ба?
– Жоқ, сөзді білем. Аман ба, Шоқан!
– Иә, аман. Өзің, немене, қандай мүсін жасадың?
– Түк те жасағаным жоқ.
– Неге?
– Бұзауымды бағып, апамды күтем.
Мысықтың мына сөзі Шоқанға ерекше бір ой салды.
«Иә, алдымен тіршілік өмір жабдығы» деді ішінен.
– Мен енді қалаға оқуға жүрем. Сен ертең біздің, ауылға
кел. Және жаңа суретің болса, ала кел.
– Жаңа мүсінім жоқ. Жалғыз қалай барам, қорқам.
Апамды жалғыз қалдыра алмаймын.
– Неге?
– Апам орнынан тұра алмайды.
– Әкең қайда?
– Төре үйінің шөбін шауып жүр. Алыста, анау өзен
жақта.
Мысықтың мына кейінгі үй жайын айтқандағы мұңайған
түріне көзі түскен Шоқан оны аяп кетті. «Анасы ауру, әкесі
Сапарғали Бегалин 4 том
53
біреудің жұмысында, өзі жалғыз. Мына бұзаулар оның әрі
көрер азығы, әрі ермегі. Қандай қиын».
– Онда ертең мен өзім келейін, жарай ма?
Мысық басын изеді.
Шыңғыс өзінде қонақта жатқан Дабашинский мен
Шоқанды ертіп Айғаным аулына келгенде, Қанғожа, Ма-
меке – бәрі де ханым үйінде еді. Шоқанды Омбыға оқу ға
апарады деген өз осы күзекке қонысымен-ақ төре ауылы на
хабарланған. Бүгін ханым үйінде болатындықтары да олар-
ға айтылғанды. Сүйікті немересін қасына алып, қайта-қай-
та маңдайынан иіскеп, ойлана алысқа қараған Айғаным:
– Мына Шоқанжанның тоқым қағарын өзім істейін
деп әдейі мына аға, аталарын шақыртып алдым. Батала-
рын берсін. Ана ауыл ақсақалдары да келеді. Шыңғыс ты
орысша оқуға бергенімде, төре, қара болып – «Айғаным
енді өзі шоқынғанымен қоймай, баласын да орыс оқуына
шоқындыруға беріпті. Аталары орысша оқымай-ақ Үш
жүзді билеп еді ғой. Бұл қай бұзылғаны», – деп айтпаған
өсегі бар ма еді. Сол шоқындыруға берді деген Шыңғыс,
міне орталарыңда. Дінін бұзып па? Халқының қағидасын
бұзып па? Білім алды, білімді елдің адамымен тізелесе
отыруға, өз ойын басқаға тәуелсіз-ақ орысша жеткізу ге
жетті. Ал Шоқанжан енді одан да үлкен оқуға барады. Жаңа
заманның білімін алады, – деді Айғаным.
Әрқайсысы Айғаным сөзін өзінше түсінген туысқан-
дар үнсіз тыңдап, әдеппен ана алдындағы құрметтерін іс-
теді. Айғанымның әлгі айтқан сөзін тыңдап отырған Да ба-
шинский:
– Төрелер, ханым аналарыңыз өте дұрыс айтады.
Сіздердің бағынған үкіметтеріңіз орыс патшалығы, оның
тілін біліп, заңын ұғу сіздерге парыз. Егер оны білмесеңіз-
дер, мен сияқты тілмашқа тәуелді болып отырасың дар.
Сіздің қазақтың мақалы бар ғой: «Шайнап берген ба ла ға
ас болмайды» деген. Сондай-ақ біреу арқылы тілдескен ел
басшысы ұлыққа қай ойын жеткізеді. Ал мына Шыңғыс
Уәлиханович патшаның өзімен де сөйлесе алады. Шоқан
корпусқа түсіп оқыса, Шыңғыстан да оқымысты бола ды.
Енді сіздің елдің жастарына оқу керек, – деп өте бір дос-
тық ойлар айтты. Бұл сөзге риза болған Айғаным:
– Шырағым, Шоқанымды өз қолыңа береміз. Үйіңде
ұста, зеріктірме, оқуын жақсылап оқыт. Сен де дос-жар
баламның бірі бол, – деді.
– Ханым апай, сеніміңізді ақтармын. Шоқаныңызды өз
балам етіп тәрбиелермін.
Сапарғали Бегалин 4 том
54
– Жолың болсын, шырағым, – деп Айғаным қасында-
ғы Шоқанға, – сен ана ағаңның айтқанын тыңда. Оқуыңды
жақсы оқы, – деді. Шоқан үндемей басын изеді.
Осы кезде Айғаным хабарлаған ауыл ақсақалда-
ры: Ықылас, Сал, Әжібайлар, тағы басқалары келді.
Мәжіліс қызды. Қанғожаның қобызы да, Нұртайдың әні
де шырқалды. Түс ауа ханым ауылынан аттанған топтың
ішінде келе жатқан Шоқан, өз ауылдарына таянғанда:
– Атеке, мен кеше Мысыққа келем дегем, соған барып
келейін, – деді.
– Е, досың ғой, әлгі шебер бала ғой, бар, бар, – деп
Шыңғыс рұқсат етті.
Шоқан Тақырбас бар қасында, Мысыққа келгенде,
күркесінің қасында от жағып жүр екен. Ол Шоқанды кө ріп,
ыржия күліп алдынан шықты.
– Ал, Мысық, жүр, біздің ауылға жур.
– Апам жалғыз қалады ғой.
– Көп болмайсың, апаңа айт.
– Жарайды, қазір, – Мысық апасы жатқан қара
лашыққа жүгіріп кетті. Біраздан соң үстіне анада Шоқан
берген көнетоз шапанын киіп шықты.
– Кәні, менің артыма мін, – деп Тақырбас оны қолынан
тартып, артына мінгестіріп алды. Мысықты өзіне ілестіре
үйге кірген Шоқанға Зейнеп:
– Шоқанжан-ау, мына сары сұңқарды тағы тауып
алғансың ба? – деді таңданып.
– Иә, апеке, шешесі ауру екен. Жазда сурет жасай ал-
мапты. Әкесі атам үйінің шөбін шауып, үйінде жоқ. Сондай
аянышты, – деді.
– Шешесі не ауру екен? – деп Зейнеп ежіктей сұрады.
Оны байқап тұрған Мысық қорқып көзін жыпылықта тып,
төмен қарап кетті.
– Апа, сіз ұрыспаңыз, оның жазығы жоқ. Мен ертең
қалаға оқуға жүремін ғой, ана менің қазақы кемзал, шалба-
рымды Мысыққа берші, түк киімі жоқ. Өзіне тамақ бер гіз-
ші. Шешесіне де тамақ беріп жібер, – деді өтініш етіп.
– Иә, жол садақаң болсын, берейін, – деп Зейнеп
Қанипаға, – Шоқанжанның кемзал, шалбарын ана балаға
берші. Өзіне тамақ бер. Шешесі ауру болса, шай, қант түйіп
берші, – деді, Қанипа жымия күліп:
– Осы бір сары шегір жүгірмекке Шоқанжанның мүл де
ықыласы түсті-ау. Мына кемзал, шалбарын қалаға жүрер де
өзім сұрап алып, бауырыма кигізейін деп жүр едім.
Сапарғали Бегалин 4 том
55
– Қанипа, оған ренжімей-ақ қой. Сенің бауырыңа
да Шоқанның бір көнесі табылар, – деп Зейнеп Қанипа
көңілін де жұбатып қойды. Киім киіп шай, қант алып, олжа-
лы болған Мысық қуанышы қойнына сыймай, үйіне жетуге
асығып Шоқанның қасына келіп, не айтарын білмей, ыржи-
ып танауын тартып тұрып қалды.
– Немене, үйіңе қайтасың ба? – Мысық басын изеді. –
Тақа, Мысықты үйіне апарып тастаңыз, иттен қорқады, –
деп Шоқан Мысықпен хош айтысты. Тақырбастың артына
мінгесіп жүре берген Мысыққа:
– Мысық, мүсін жасауыңды ұмытпа. Маған жақсылап
көп мүсін істеп қой.
Мысық Тақырбастың белбеуінен ұстап, тырмысып бара
жатып, артына бұрылып:
– Жарайды, істеп қоям, – деді.
Шоқан Тақырбастың артына мінгесіп бара жатқан
Мысыққа қарап біраз тұрып қалды. Тек, артынан келіп
Жақыптың:
– Өй, анау әлгі мияу Мысық па? – деген сөзіне
бұрылып:
– Иә, сотқар, бір айқасатын едің, көре алмай қалдың-ау,
– деді.
Жақып Шоқанның қалаға жүретін хабарын естігелі бері
бұрынғыдай соқтықпай, өзінше бір ойға түскендей болып
жүрген. Бұл жерде де сол мінезін істеді.
Дабашинский Шыңғыс ауылына келісімен-ақ Шоқанның
жаңа досы болып алды. Шекарашылар мекемесінің
тілмашы, қазақ даласын көп аралаған, тапқыр да ділмар Да-
башинский Шыңғыстың көптен бергі досы еді. Шоқанды
оқуға алып жүрердегі қаладағы Шоқанға сайлаған пәтер
үйі де осы Дабашинскийдікі болатын. Сондықтан көктем
кезіндегі қалаға қатынасқанында, Дабашинскийді қонаққа
шақыра келген. Дабашинскийдің бұл келуіндегі себептер
де осы болатын. Дабашинский Шыңғыстан бір-екі жас
үлкен болғандықтан, Шыңғыс оны Уәсіл ағай деп өзімсіне
сөйлейтін. Шыңғыстың өзін қазақсына атағанына Даба-
шинский аса разы болып, көңілденіп қалушы еді. Әкесінің
атауымен Шоқан да оны Уәсіл ағай деп атайтын болды.
– Корпусқа бала қабылдау кезі болып қалды. Алдын ала
барғанымыз жақсы, – деп Дабашинский Шыңғысқа жүру
жайын бір ескертіп қойды.
– Иә, иә, ол рас. Ертең ерте аттанамыз, – деп Шыңғыс
жол аттарын, қасына алар жолдасын әзірлетті. Тұңғыш
баласын бауырынан шығарып, алыс жолға, шәһәрлі
Сапарғали Бегалин 4 том
56
жерге жіберуге әзірленген Зейнеп әлденеден бір ауыр
ойда. Ананың көз алдына кішкене Шоқанның жат үйде
жалтаңдап отырған түрі елестейді. Қаланың қамау көшесі,
өзі тілін түсінбейтін жұрттың ішінде баласының жабығып
тұрған бейнесі келеді. Іші елжірегенімен бір сенімді медеу
бар. Ол анада келіп жатқан Сергей, мына Уәсіл ағайлар
көңіліне тиянақ тәрізденіп кетеді. Білімге, оқуға аттанады,
ол бір мерей ғой, деген жақсылық ойдың жарқын сәулесі
жігер туғызып тұрғандай болады. Осыны ойлайды да бойын
ширатады.
Үш ат жегілген пәуескенің күймесін шалқалата ашып,
Бейсен көлденең тартқанда, Айғаным бастаған аналар тобы
Шоқанды кезекпе-кезек бетінен сүйіп, асыл ниеттерін ай-
туда.
Алдымен пәуескеге келіп отырған Шыңғыс:
– Кәні, Уәсіл ағай, келіңіз, – деп өз қасын нұсқады.
Тентек Жақып жыламсырап Шоқанды құшақтап,
бауырлық жылы мінез көрсетіп тұр. Жақыптың сырт
жағында Әлібай, Мұқандар тұр. Бұлар ыржия күліп,
«Шоқан, қош, аман бол» десіп, жолдастық қимас достық
лебіз білдіруде. Бейсеннің делбе ұстаған қолы қозғалғанда,
пәуеске үзеңгілігіне аяғын салған Шоқанды ұстап,
қолтығынан алып, Зейнеп өз қолынан аттандырып жіберді.
Шоқанның пәуеске тұтқасына жармасқан қолынан ұстап,
Уәсіл ағай көтеріп алды. Жан-жүйесі босап, көзіне жас
алған Зейнеп: «Жолың болсын, құлыным», – деп орама-
лын көтеріп қала берді. Пәуескенің артынан көзі жасаурап
қарап тұрған Айғанымға:
– Апасы, үйге жүріңіз, Шоқаныңыздың жол шашуына
батаңызды беріңіз, – деді Зейнеп.
– Жарайды, Зейнепжан, Шоқанымнан аяр тілегім бар
ма, – деп Айғаным қасындағы күтушілерімен үйге кірді.
Ауылдан шыға бере тақта жолға түскен пәуескені,
ерігіп тұрған үш күрең ат зырлата ұшырып келеді. Артына
жалтақтай қараған Шоқанға:
– Шоқанжан, енді артыңа емес, алдыңа қара. Өміріңнің
өрі алдыңда, – деді Шыңғыс.
– Иә, Шоқан, Шыңғыс Уәлиханович өте дұрыс айтады.
Алдыңа қара. Қызық та, білім де, өнер де алдыңда, – деді
Дабашинский, Шоқанның ауылға қиыла қараған ойын
бөліп. Құсмұрын жазығынан созыла құлаш ұрған жіңішке
қара жол, тобыл бойын кемерлей тартып келеді. Анда-
санда күзекте отырған киіз үйлі азақ ауылдары, кей жерде
некен-саяқ қысқы қора елесі көрінеді. Солтүстіктен ескен
Сапарғали Бегалин 4 том
57
қоңыр жел лебі әрі салқын, әрі бір көңілсіздікті сүйретіп
жүргендей, бір ызғар сездіреді. Аспан әлеміндегі бұлттың
түрі де, қоңыр күңгірт тартқан күн жылуы да ауылдан алыс
жолға аттанған Шоқанның бала көңіліне солғын болып
сезіледі.
Шоқанның осы сияқты көңілсіз күйін сезген Дабашин-
ский әдейі әңгімеге алдандырғысы келіп:
– Шоқан, сен орыстың ұлы оқымыстысы әрі ақыны
Ломоносов жайында естімеген боларсың. Білімді іздеген
адамға оның өмірі үлгі, мен саған соны айтып берейін, –
деді.
– Иә, Уәсіл ағай, Шоқанға айтыңыз. Ломоносовты
Пушкиннің: «Ломоносов біздің бірінші университетіміз»,
дегені әншейін айтылмаған. Ұлы ақын оны өте жоғары
бағалаған, – деп Шыңғыс Ломоносов жайындағы көңілінде
қалған Пушкин сөзін есіне алды.
– Шоқан, сен әлі орысша оқып хат таныған
кезіңде Пушкиннің де, Ломоносовтың да өмірбаянын,
шығармаларын оқып танысасың. Мен саған тек
Ломоносовтың оқуды қалай ізденіп, ұлы ғалым болғанын
айтып берейін.
Пәуескеге отырғызардағы Зейнептің елжірей бетінен
сүйіп, аналық махаббатпен қараған жанары; тентек
Жақыптың пәуеске қозғалған сәттегі қолын бұлғап аңыра
тұрып қалғаны көз алдына елестеп мұңая ойланып отырған
Шоқан Уәсіл ағайдың жылы лебізінен ойы сергіп:
– Уәсіл аға, ол қандай адам, айтыңыз, тыңдайын, – деп
көңілі жадырай Дабашинскийге, әкесіне жалтақтай кезек
қарап көтеріле отырды.
– Михаил Васильевич Ломоносов Россияның шет
жағындағы Архангель губерниясындағы бір қара шаруаның
баласы. 1711 жылы туған. Ол кезде орыс қалалары мен дерев-
няларында оқу аса өріс алмаған кез ғой. Деревнядағы баста-
уыш мектепте оқығанымен онша өнімді білім ала алмаған.
Жиырма жасқа келген кезінде талапты жас оқу іздеп жаяу,
жалғыз Москваға жүріп кеткен. Азықсыз, көліксіз алыс
жол жүріп, ашып-арып Москваға жетіп, іздеген оқуына
тұяғын іледі. Бір жағынан еңбек етіп және оқып жоғары
дәрежелі білім алады. Ломоносовтың зеректігіне сүйсінген
ұстаздары оны Германияға үлкен оқуға жібереді. Ол Герма-
нияда университетті бітіріп, үлкен ғалым болып қайтады.
Әрі ғалым, ірі ақын данышпан Ломоносов біздің орыс
елінің ардақты ұлы, тұңғыш ғалымдарының бірі болған.
Шоқан, көрдің бе, ұлы адамдар білімді қалай іздеп табады.
Сапарғали Бегалин 4 том
58
Сен мына сияқты салтанатпен оқуға аттанып келе жатып,
аулыңды қимай мұңаясың. Асықпа, әлі-ақ қала тұрмысына
үйреніп кетесің, – деді.
– Ұқтың ба, Шоқан, Уәсіл ағайдың айтқанын өзіңе ақыл
деп біл. Ендігі сенің ақылшың осы кісі болады, – деген сөзін
Шыңғыс Шоқанның кұлағына қайталап айтты.
Арада бірнеше күн жүріп Омбы қаласына да таянып
қалды. Алдымен ұзыннан қарауыта тоғайға бөленген Ертіс
өзенінің арнасы көрінді. Жазық даланы қақ жара белдеу-
ленген өзен өлкесіне көз тастаған Шоқан Дабашинскийге
бұрылып:
– Уәсіл аға, анау қарауытқан немене? – деп сұрады.
– Ол қарауытқан үлкен Ертіс деген өзеннің бойы. Өзен
жағасын кемерлей өскен тал, қайың ағаштар ғой қарауы-
тып тұрған. Ертіс аса үлкен өзен, әлі қасына барғанда көре-
сің. Омбы қаласы осы Ертіс өзенінің жағасында.
– Немене, біз қалаға жақындадық па?
– Енді қала жақын, біз қонаға барамыз, – деді бала-
сының жол жүруден жалыққанын сезіп отырған Шыңғыс.
Аттардың үздіксіз жүрістен салмақтана жортқан баяу
қимылына ыңылдай теңселе ғана қолын қозғап отырған
Бейсен, Шыңғыстың «бүгін қонаға қарай қалаға бара-
мыз» дегенін естігеннен кейін қозғалақтап аттарға қам шы
үйіріп қойды. Делбені жұлқи жортқан үш күрең дала апшы-
сын қуыра жүйткіді. Ойнақшыған ат жүрісі көңілдендіріп
Шоқан, алға ұмтыла, Бейсеннің иығына асыла айналаға көз
тастайды. Ол әне көрініп, міне көрініп қалады дегендей қала
елесін көздейді. Әлден уақытта қарауытқан өзен өлке сінің
арғы жағынан биік мұнараларды көрді. Кешкі батар күн-
нің шапағына шағылысқан шіркеу крестерінің алтындаған
бояулары жалтылдап көз тартады.
– Атеке, анау көрінген не? – деп Шоқан үнсіз қала
елесіне көз тастап келе жатқан Шыңғысқа қарады.
– Ол, ол қаланың шіркеулерінің мұнарасы. Анау қа-
рауы тып көлбеген қаланың өзі. Әне көрдің бе, ағараңда-
ған үйлер, жылтыңдаған оттар да көріне бастады, – деп
Шыңғыс баласына қала көрінісінен байыпты хабар берді.
Шіркеу деген сөзді бұрын естімеген Шоқан, ол ерекше
мұнара орнатқан қандай үй дегендей ойланса да, қуа лап
сұрай қойған жоқ. Осындай әңгіме сұраумен алданып келе
жатқанда Ертістің қалаға қатарласқан қабағына да жетіп
қалды. Біразда қала ап-айқын үлкен-үлкен үйлерімен, сәнді
көшелерімен саңлақтанып көрінді. Сонша болмады, Бейсен
Сапарғали Бегалин 4 том
59
желдірте айдап аттарын екпіндете, Ертістен өтетін үлкен
қайықтың аузына да келіп тоқтады.
– Мына өзеннен біз қалай өтеміз? Ана арғы жаққа ба-
рамыз ба? – деп Шоқан өзі түсінбеген жайларды сұрай ба-
стады.
Қайық аузына келісімен пәуеске күймесінен жерге
түсіп, бой жазып жүрген қала тұрғыны Дабашинский:
– Ал, Шоқан, қала деген осы, ана су жиегінен көтеріле
салынған биік үйлер – кеңселер. Солардың бірінде сен
оқисың, – деп қала жайынан түсінік айтып тұрды. Арғы
жаққа кеткен паром қайық көп кешігіп тұрып қалды. Қала
көрінісіне қызыққан Шоқан:
– Атеке, сіздің жол дәптеріңіз қайда, маған бере
тұрыңызшы? – деп сұрап алды. Шыңғыс та жерге түсіп бой
жазып жүрген. Шоқан дәптерге қыстырулы қарындашты
алып, қала көрінісінен бір үш сурет салды. Әсіресе шіркеудің
бейнесін, биік үйлердің Ертіс қабағынан көрінісін салды.
Бұлар паром тосып тұрғанда, Ертістің бас жағынан суды
қақ жара жүзіп бір пароход келді. Атой беріп айқайлап
суды кешіп жүрген кемеге Шоқан таңдана қарап қалды.
Бұрын ондай су кемесі – пароходты көрмеген оған сондай
жаңалық болды. Шоқанның таңданып отырғанын көрген
Дабашинский:
– Шоқан, мына кемені көрдің бе, бұл осы Ертіс
өзенімен жоғары өрлеп, төмен құлдилап басқа қалаларға
барып кісі мінгізіп жүретін, жүк таситын пароход. Бұл
будың күшімен жүреді. Әлі осыған да мінесің, – деп паро-
ход жайын түсіндірді. Біздің паромның арғы жақта бөгеліп
тұрғаны да осының келетінін біліп, көлденең жүруге рұқсат
болмағандықтан екен ғой, қазір келеді, – деп оның да
тәртібін айтып қойды. Шоқан алдыңғы салған суреттеріне
қоса қарындашпен сызғылап әлгі пароходтың да бейнесін
жазды.
Біразда паром да келді. Шоқандардың пәуескесі келіп
үлкен қайыққа түсті. Дабашинский мен Шыңғыс та күймеге
жайлана отырысты. Шоқанның жол дәптерін қолына алған
Шыңғыс жаңа ғана салған суреттерді көрді.
– Уәсіл ағай, Шоқанжанның қаланы көргенде салған
суретін қара. Бала деген еліктегіш, әуесқой болады-ау. Мы-
насы қала көрінісіне ұқсайды, – деп дәптерді Дабашин-
скийге ұсынды.
– Сіз қаланы айтасыз, мына әлгі өткен пароход-
ты қараңыз, Шыңғыс Уәлиханович, – деп Шоқанның
шимайлаған пароход бейнесін көрсетті. – Пароходтың
Сапарғали Бегалин 4 том
60
өзінен түтіні үлкен болып кетіпті, – деп Шоқанға қарап
қызықтай күлді. Шоқан қысылғаннан төмен қарап, аяғының
басымен жер шұқи берді.
– Сен, Шоқан, ұялма, бұл тамаша талап. Орыс тілінде
мынадай сурет салушыларды художник дейді. Бұл тамаша
өнер, – деп Дабашинский қайық үстінде суретшілік жай-
ында біраз әңгіме айтты. «Оқыған білімді елдің аты білімпаз,
осы Уәсіл ағайдың тіпті білмейтіні жоқ» деп ойлады Шоқан
өзіне ерекше болып көрінген Дабашинскийге разылана.
Бұлар қаланың орта шеніңдегі аласа ғана шатырлы
үйге келіп тоқтады. Ат, арба қораға кірді. Әлі көзі үйреніп
болмаған Шоқан үйге, айналаға жатырқай қарайды. Қала үйі
біріне бірі тіркеле салынған, ұзыннан-ұзақ құймалар. «Ал,
үйге кірелік» деген Уәсіл ағайдың шақыруымен Шыңғыс
бастап, бәрі үйге кірді. Орта жастағы жалаң бас сары
әйел Шыңғысқа таныс үйір адамша қол беріп: «Шыңғыс
Уәлиханович», – деп амандасты. Олардың қасында тұрған
кішкене Шоқанды көріп:
– Шыңғыс Уәлиханович, бұл жігіт сіздің бала ма? Аты
кім, танысуға бола ма? – деп күліп Шоқанның қолынан
ұстап, – мені Мария Михайловна дейді. Сені кім деп атай-
ын? – деді. Шоқан ақырын ғана:
– Шоқан, – деді.
– Ә, Шоқан Шыңғысович екен ғой. Жас қонақ, жоғары
төрлетіңіз, – деп қазақша жатық тілмен үйіріле сөйледі.
– Мария Михайловна, Шоқанды сіздің балаңыз бол-
сын деп алып келдім. Ендігі билігі сіздерде, оқытыңыз,
тәрбиелеңіз, – деп Шыңғыс осы сәтте өзінің ойын да ай-
тып салды.
– Тіпті жақсы, Шыңғыс Уәлиханович, маған мына
сияқты жақсы баланы сыйлағаныңызға рақмет айтам.
Онда, Шоқан, бері кел, мына жерге шешін, – деп Мария
Михайловна Шоқанға сол сәтте-ақ өзінің орнын көрсетіп
тәртіптей бастады.
Алыс жол жүріп келген Шыңғыс, Василий Дабашинский
қала тәртібімен жақсылап демалыс етті. Тамақ, артынан
жолдан шаршап келген Шоқан Мария Михайловна арнап
көрсеткен кереуетке жатып ұйқтап қалды. Шоқанның қала
қақпасын ашқан күні осылай басталды.
Таңертең Шоқан оянғанда әкесі де, Уәсіл ағай да үйде
жоқ еді. Тек Мария Михайловна мен Бейсен үшеуі отырып
шай ішті. Шай артынан қора ішіне шығып, Бейсенмен бірге
аттарды күтісіп, Ертіске суаруға апарысты. Түс кезінде
Шыңғыс пен Василий келді.
Сапарғали Бегалин 4 том
61
– Ал, Шоқан Шыңғысович, сен енді Кадет корпусының
оқушысы боласың. Жолың болсын, үлкен адам бол, – деп
Дабашинский Шоқанның қолын алды.
– Иә, Шоқанжан, мына Уәсіл ағаң екеуміз сенің оқитын
мектебіңе барып, сөйлесіп қайттық. Сені ертеңнен бастап
қабылдайтын болды. Сәті түскенде, Сергей Сотников сон-
да кездесті. Барлық жұмысты өз қолына алып, өзі ие болып
кетті. – Сергей Сотниковтың атын айтқанда, құрбысын
атағандай Шоқан сергектеніп:
– Атеке, Сергей ағай қайда, ол неге мұнда келмеді? –
деді.
– Сергей ағайың қызметінде. Ертең соның кеңсесіне
барасың, – деп Шыңғыс Шоқанның көңілін жұбатып
қойды. Келер күні Шыңғыс, Уәсіл ағай екеуі Шоқанды
пәуескемен корпус үйіне алып келді. Күлімдеп алдарынан
шыққан Сергей Сотников:
– Ә, Шоқан Шыңғысович, оқуға келдің бе, қазақша
айтқанда, жолың болсын, – деп Шоқанды құшақтап аман-
дасты. Мектеп кеңсесіне өзі ертіп келіп, оқу бөлімінің
бастығына:
– Менің сізге айтып жүрген шәкіртім осы бала, – деп
Шоқанды таныстырды. Шоқанға жылы жүзді шенді киім
киген ұлық кісінің жымия қарағаны сондай ұнады. Шенді
ұлықтар ызғарлы, түсі суық болады деп еститін еді. Ал мына
кісі ондай емес, қазіргі Шоқан ойындағы бар топшылау
осы ғана. Біраз орысша сөйлескеннен кейін Шыңғыс, Уәсіл
ағай, Сергей үшеуі оқу бөлімінің үйінен шығып, пәуескеге
отырды.
– Енді Шоқанды Кадет корпусының оқушысы дей бе-
руге болады. Әлгі кісі айтты ғой, қағазын дайында деп.
Өзімен бірге оқитын балалармен қазыналық үйде жатады.
Тіл үйренуіне, сабақ, дайындауына да жақсы, – деп Сергей
Сотников алдағы тәртіпті де түсіндіріп өтті.
– Әзірше Шоқан біздің үйде болар. Балалардың жатақ
үйі әбден тәртіпке келтірілсін. Мен өзім Шоқанды жақсы
серік тауып орналастырам. Сіз алаң болмай қайта беріңіз,
– деп Дабашинский Шыңғысқа қайтуына кеңес берді.
– Ол да дұрыс, біздің бос жата беруіміздің мәні
жоқ. Ертең ерте жүріп кетерміз. Мұндағы жолығатын
кісілерге тегіс жолықтым, – деп Шыңғыс Шоқанға жайын
түсіндірді.
– Жарайды, атеке, қайтыңыз. Ендігі жұмысты Уәсіл
ағай орындайды ғой, – деп Шоқан ризалығын білдірді.
Сапарғали Бегалин 4 том
62
Осы әзірде сырттан кірген жас балаға Мария Михай-
ловна:
– Ә, Гришамысың? Жақсы келдің. Бері жүр. Мен
сені бір жақсы баламен таныстырайын, – деп Шоқандар
отырған бөлмеге ертіп келді. Өткір үлкен көк көзді Гриша
батыл басып келіп, орысша сәлемдесті.
– Ә, Григорий екен ғой. Кәне, сен мына Шоқанмен таны-
сып қой. Екеуің бірге оқисың, – деп Дабашинский Шоқан
мен Григорий Потанинді қол алыстырып амандастырды.
– Шоқан, мынау бала Григорий Потанин деген, сен
түсетін Кадет корпусына былтыр келіп түскен. Өзі қазақша
біледі. Бүл баланың әкесі Потанин сенің нағашы атаң Мұса
Шормановтың досы, мұның үй-ішінің бәрі де қазақша біле-
ді, – деп Шоқанды жаңа дос құрбы баламен таныстырды.
Таң сібірлей Шыңғыс орнынан тұрғанда, Бейсен аттар-
ды жемдеп, пәуескеге жегіп, әзір тұрған болатын. Көңілшек
әке ІІІоқанның ұйқыда жатқан кезінде оятпай жүріп кетуді
ойлап еді. Ол жуынып, киініп, ұйқтап жатқан Шоқанның
қасына келді. Ойлана, қимай біраз тұрып, еңкейіп келіп,
маңдайынан иіскеді.
– Ә, Шыңғыс Уәлиханович, Шоқаныңды қимай тұрсың-
ау. Сен енді елжірегенді қой. Бұл бала біздікі. Оянса, тағы
босаңсисың. Өзің жуырда қайта келем деп отырсың, ал,
аттан! – деді Дабашинский баласын қия алмай тұрған
Шыңғысқа.
– Ал, Уәсіл аға, өзіңе тапсырдым. Дұрыс айтасыз, бала
сіздікі. Әншейін, әншейін, – деп сөзін қайталап Шыңғыс
далаға шықты. Ол пәуескеге отырып, қорадан жөнелгенде,
Дабашинскийдің өзі Шыңғысты қимай, көпке дейін арты-
нан қарап тұрды.
Жаңа достар арасында
Шоқанның ауылдағы әдетімен таңертеңгі ұйқыға мау-
жырап жатқанын көріп, Уәсіл ағай оятуға қимай сәл бөгеліп
қалды.
– Шоқан, Шоқан, – деп дыбыстады. Өзі де оқу ойын-
да болып, сергек жатқан Шоқан басын жастықтан жұлып
алды.
– Шоқан, сен енді тұр, жуын, киін. Тамақтанайық, оқуға
бару керек, – деп Васил ағай жұмсақ қана жымия сөйледі.
Шоқан мектепке баратыны есіне түсіп, сергектене орны-
нан тұрып, киініп, сыртқа шықты. Алғашқы оянған бойын-
Сапарғали Бегалин 4 том
63
да сыртқа шыққанша әкесін де, Бейсенді де есіне түсіріп
ойланбаған еді. Күнде қораның ішінде тұратын пәуеске,
пысқырынып лапас астында тұратын үш күрең ат бір де
бірі жоқ. Қора іші қоңылтақсып босап қалыпты. Шоқанның
жүрегі аузына тығыла, әлденеден көңілсіздене қалды. Ол
жан-жағына жалтақтай қарап, үйге кірді де, Васил ағайына
ойлана қарап:
– Васил аға, атекемдер қайда? – деді.
– Ә, олар таң елең-алаңда жүріп кеткен. Сен енді кор-
пус оқушысы боласың. Сенің ендігі жолдасың, серігің қала
жұртшылығы, – деді. Шоқан кешегі әкесі алып берген кор-
пус балаларының формасын киіп, Васил ағайына еріп кор-
пус үйіне келді.
Алдарынан күліп қарсы алған Сергей ағай Шоқанмен
анада өзі үйреткен тәртіппен амандасып, жылы туысқандық
шыраймен қарсы алды.
Біраз уақытта Сергей Сотников:
– Василий Иванович, сіз енді қайта беріңіз. Қазір бала-
ларды класқа бөледі. Оны өзім басқарысамын. Шоқан Ка-
дет корпусының оқушысы ғой, – деп көтермелеп қойды.
– Иә, онда мен қайттым. Шоқан, үйді өзің табасың
ғой. Оқуыңа орналас, – деген өзін айтып Дабашинский
қызметіне кетті. Балалар да жинала бастады.
– Ә, Шоқан, аман ба, – деп Григорий Потанин де келді.
Кешегі танысуынан бері үйірленіп алған Шоқан өзінің
ауылдағы төл жолдасы келгендей Григориймен үйірлесе
түсті. Қазақ тілін жетік білмегенмен, айтқанды түсініп ша-
малы өйлей білетін Григорий Шоқанға бірден бір табылмас
серік болып сезіледі. Өзіндей, өзінен де кіші біраз бала кор-
пус үйінің алдында топтала жиналып біріне бірі тосырқай
қарап тұрысты. Анадай шет жақтан басына тақия киген,
қамыт аяқтау, секпіл бет бір бала ақырындап Григорий мен
Шоқанның қасына келді. Ол біраз қипақтап тұрды да:
– Сіз қырғыз тугіл мә? – деді Шоқанға.
– Жоқ, мен қазақпын, – деген өзді Шоқан ажарлана
айтты да, – Сен өзің кімсің?
– Мен татар баласымын.
– Атың кім?
– Исмім Ғазиз Мұзаппаров. Немене, сен мұнда оқуға
келдің бе? – деді Ғазиз.
– Иә, оқуға келдім.
– Мұнда военныйларның балаларын ала ғой. Нишік сен
мұнда түшмәксің? – Ғазиздің мына сөзіне Шоқан анықтап
жауап айта алған жоқ.
Сапарғали Бегалин 4 том
64
– Ал, балалар, корпусқа кіріңдер, – деген кезекші
әскери адамның айтуымен балалар корпус ішіне кірді.
Шоқанды Сергей ағай ертіп өзімен бірге оқитын балалар
тобына қосты. Балалар қалай топталды, кімнің баласы қай
бөлімде оқиды, оны Шоқан ұғынып біле алған жоқ. Тек
Ғазиздің «нишік сен мұнда түшмәксің?» деген өзі көңіліне
түйткіл болып қала берді. Оқуға топтағанда Григорий
өткен жылғы оқыған тәртібімен екінші группа балаларына
қосылып кетті. Ғазиз ғана өзімен бірге топталған бірінші
группа балаларының ішінде қалды. Орысша бір ауыз өз
білмейтін Шоқанға Ғазиз көмектесті. Әжесі Айғанымның
бір кісілермен сөйлесіп отырғанда айтқаны бар-ды: «Адам
сөйлескенше, жылқы кісінегенше» деген. Алғашқы кезде-
скенде «сен қырғыз тугіл мә?» деген өзінен көңіліне дық
алып қалған Шоқан Ғазизді іштей ұнатпаса да, өз тілінде
сөйлесіп ұғынысқаннан бастап үйірлене берді.
Григорий тек сабақ әредігіндегі демалыста ғана кез-
деседі. Бар маңындағы тіл қатысары Ғазиз. Бұл екеуі
өздерінің жан-күйлерін айтысып, әңғімелесіп жүретін бол-
ды.
Алғашқыда Дабашинскийдің үйіне келіп жүрді де, ар-
тынан Шоқанды Сергей ағайы балалардың жатақхана сына
орналастырды. Енді Шоқанның Ғазизбен төсегі де қатар
қойылып, мүлде жақындасып кетті.
Ә, дегенде тілін ұқпай, оқуды жобамен, кейде Ғазиз дің,
көмегімен байыптап ұғынған Шоқан, жаңа жыл қарса-
ңын да ойын сөздерін, сабақ жайын еркін түсінетін болды.
Бұрынғы тіл білмей шеткері тұратын тұйықтық жады рап,
өзімен сабағы бір балалармен ойыны үйлесіп еркіндей ба-
стады.
Алғашқыда Шоқанды жексенбі күні Сергей өзі келіп
үйіне ертіп кетіп жүрді. Тегіс қазақша білетін Сотниковтың
үйі Шоқанға қырдағы ауылындай аса бір жылы болып
сезіледі. Әсіресе Сергей ағайдың әзілшіл жайдары мінезі,
қазақуар әңгімелері сондай көңілін көтеріп тастайды.
Ғазиз де жексенбі күні өзінің сол қаладағы ағайы ның
үйіне кетеді. Бұл күн корпус балаларының асыға күтер мей-
рамы болатын.
Жаңа жыл қарсаңындағы демалыста Васил ағай өзі
келіп, Шоқанды үйіне алып кетті. Сергей Сотников бұл
демалыста Дабашинскийдің үйінде болуына қарсы болған
жоқ. Оның себебі жаңа жыл қарсаңында Шыңғыс қалаға
келіп қайтамын деп хат жазған болатын.
Сапарғали Бегалин 4 том
65
Шыңғыстың анадағы айтуы бойынша тез келмеуінде
есебі болды. Қалаға, корпус тұрмысына еті үйренгенше
көзіне көрінсем, қайтамын деп балалық істер. Мектебіне,
балаларға да әбден бойы үйренсін деп, әдейі кешігіп
келді. Және Дабашинский мен Сотниковке хат жазып,
Шоқан жайын үнемі сұрастырып, жатақхана тұрмысына
Шоқанның бойы үйренгенін де осы жаңа жыл қарсаңында
білді. Бұл келісінде ол қаланы жатырқап тұрған қыр баласын
көруге келген жоқ, корпустың оқушысын көруге келді.
Шоқан Дабашинскийдің үйіне келгенде, атекесі Бейсен
екеуі алдынан шықты.
Шыңғыстың құштарлана сүйіп, қыса бауырына басқан
жылы құшағынан босаған Шоқан тура барып Бейсенді
өзі құшақтай алды. Бейсен де Шоқанды көтере құшақтап:
«Әжең, апаң, Жақып, Әлібай – бәрі сәлем айтты», – деді.
– Мысық ше? – деді Шоқан жұлып алғандай.
– Мысықты көргенім жоқ, – деп Бейсен жай елеусіз
жауап берді. Бейсеннің «Мысықты көргенім жоқ» дегені
Шоқанға сондай ауыр тиді. Неге ауыр тиді? Себебі не? Оны
Шоқан ажыратып қорытынды ойламады.
Қораның ішінде үш бірдей жарау аттар омыраула-
ры қырауытып, бүгіліп тұр. Күймелеген жеңіл шананың
жетегін Бейсен қаңтара көтеріп тастапты. Анадағы әкесі
мен Бейсен кетіп қалған күнгі таңертеңгілік көңілсіздік
жаңа ғана орнына келгендей Шоқан тура аттардың қасына
барып біраз тұрды. Шеткері тұрған кер аттың жалынан
ұстап, омырауынан сипады.
– Малмен үйреніп өскен ауыл баласы, қараңыз, малын
сағынып қалған. Біздің үйдің ішімен сәлемдескен де жоқ.
Барып атына сәлем берді, – деп Васил ағай анадай жерде
тұрып әзілдеді.
– Иә, иә, ол солай, оның ауылдан келгеніне көп болған
жоқ қой, сағынады ғой. Ауылда да атты жақсы көретін, –
деп Шыңғыс Дабашинскийдің өзін қоштады.
Шоқан бірнеше күндей әкесімен бірге болып, шанамен
Ертіс бойына шығып серуен де жасады. Жатақхана, мектеп
ішінің өмірі бұйықтырып қалған Шоқан, сонау кең даласы-
на шыққандай еркін жүріп, біраз сейіл құрды.
Қысқы жаңа жыл демалысы аяқталып, Шоқан қайта ба-
рып жатақ үйіне орналасты. Шыңғыс та баласын апарып
салып қайтып кетті. Шоқанның аз уақытта қала, жатақхана
тұрмысына бойы үйреніп, аздап та болса орысша тілге
жаттыға бастағаны Шыңғысқа үлкен қуаныш болды.
Сапарғали Бегалин 4 том
66
Дала сұңқары қиырға қарайды
Жазғы салымғы Сібір өлкесінің ұзақ жылмық күндері
басталды. Сабақ ерте бітеді. Балалар далаға шығып, кор-
пус қасындағы үлкен алаңда доп ұрып ойнайды. Тапқыр,
ықшамды Шоқан балалардың ішіндегі ең жатық, шебер ой-
найтыны болып алды. Ойын үстіндегі айтыс-тартыс сөздер
Шоқанның тілін бұрынғысынан әлдеқайда жаттықтырып,
жолдасын да молықтырды. Көп ұзаған жоқ, көктем жылуы
басталып, Ертіс үстінен қызыл су жүріп, жаз лебі есті. Неге
екені мәлімсіз, Шоқан бұл жексенбіде Сергей ағайдың да,
Васил ағайдың да үйіне бармай, Ертіс бойына баруды ойла-
ды.
Өткен күзде ғана Омбыға келіп оқуға түскен кішкене
Шоқан, дегенмен қаланың қамау көше, тар үйіне әлі жете
үйрене қоймап еді. Оның есіл-дерті кең дала, еркін жүріс,
сахара ауасы. Ол көктем басталғалы сабақтан босаған
сағатында Ертіс бойына келеді. Алыс қырға көз салып көп
отырады. Бүгін де Шоқан ешбір баламен сөйлеспестен Ертіс
бойына жөнелді.
Күн жылыныңқырап, қала жұртшылығы қыс киімінен
жеңілдеп өзен бойына шыққан. Кешеден бері Ертіс өзенінің
мұзы босап, қызыл су көтеріліп кетті. Ертіс бойындағы
қала жұртшылығына жылдың екі мезгілі ерекше қызықты
әңгіме болып қалады. Оның бірі осы көктемдегі Ертістің
мұзы бұзылып, сең жүрген аласапыран кезі. Екіншісі, күзгі
күн суып, Ертістің мұзы қатар кезі. Әсіресе сең жүрген
кез, көктем лебімен мұнартқан дала сәулетін көтеріп, аса
көңілді болады.
Кеше кешкілікте «ертең сең жүреді» деген елдің лақап
сөзін естіген Шоқан түнімен елегізіп аз ұйқтаған.
Шоқанның әрдайым келгенде отыратын бір ғана орны
бар. Ол Ертіс қабағының бір биік мұрыншақ жарының үсті.
Тағы да сол жеріне келіп отырды. Өзен қабағы қаптаған
көп адам. Бәрінің таңданары асау өзеннің бұлқынып, сең
дөңгелетіп аспан атқан сағаты. Қыстай бетін басып ше-
гендеген темірдей мұзды быт-шытын шығарып, асау ағын
көтеріп, әлдеқайда әкетіп барады.
Уақыты жетіп заман жылуы келгенде, қандай күш бол-
сын, осы өзен мұзындай қопарылады. Ағынға түсіп жыл-
жып жөнеледі.
Күтірлеп сынған қалың мұздар бірін бірі қаға жылжып,
бірі шетке қағылып, бірі ағынға түсіп, ойран-топыры шығып
жатыр. Шапан жамылып, шәлісін төгілткен татар ханымда-
Сапарғали Бегалин 4 том
67
ры, асыл киініп алқына басқан қала нәндерінің бәйбішелері
ішін тартып, таңданып, өзен ғажайыбына үңіледі. Су
бұрынғысынан әлдеқайда көтеріліп, жардың ернеуіне шы-
пылдап келіп, қалаға лап қоярдай лепіріп жатыр.
– Шоқан Уәлиханов, сен мұнда неге томсарып отырсың?
– деді корпус дәрігері Василий Матвеевич.
Шоқан қапылыста қасына келіп, шұғылынан сұрақ
қойған үлкен кісіден ұяла орнынан тұрып, алдымен әдеппен
сәлем берді.
– Кешірім етіңіз, сіздің келгеніңізді байқамай қалдым.
– Оқасы жоқ. Рақмет, қыран балапаны, – деді Ко-
шелевский. – Сен еркін өскен сахара баласысың. Сонау
кең далаңды, аулыңды сағынып отырсың, ә? Түсінемін. Сен
мына қалада торға түскен сұңқардың балапаны тәріз ді сің.
Сенің жаның сонау көгерген алыс қырға талпынады. Шір-
кін, еркіндік қиял қандай әдемі, – деп дәрігер Шоқан ның
өзіне түсініксіз ой толқынын қозғап жіберді.
– Иә, Василий Матвеевич, дәл айтасыз. Сонау көгеріп
мұнартқан далада менің ауылым – елім бар. Қазір біздің
ауыл қандай қызықты. Малы төлдеген, өмір думаны сонда
ғой. Жаңа сіз сұңқар құсты айттыңыз. Осы көктемде ме нің
әкем қаршыға салады. Ой шіркін, қыран қаршығаның қаз
ілгені қандай қызық, – деп Шоқан аса бір өңіне келіп, на-
саттанып кетті.
– Иә, иә, – деді ойлана дем алып Кошелевский. – Дала
баласы, түз қыраны еркіндікті, кең даланы қайда болсын
көксемей тұра ма. Ұшқыр қиялды, өр көкірек дала сұңқары,
– деді ақырын күбірлеп.
Аңсаған ауылға оралғанда
Оқу аяқталған кезде ауылдан ат алып келген Бейсенді
Шоқан Васил ағайдың үйінде жолықтырды. Қыстай қала
ішінде іші пысып ерігіп қалған бала, далаға қарай қанат сер-
меген түз құсындай ынтықты. Корпус оқуына қыс ортасына
дейін жаттыға алмай келген Шоқан оқу жылының аяғындағы
сынауда алдыңғы балалар қатарында болды. Алыстағы қыр
қазағы ауылдан келіп, алдыңғы қатарға талпынған сергек
Шоқанның ерекше алғырлығы оқытушыларын аса разылан-
дырып еді. Ауылға қайтарында рұқсат ала барған Шоқанға
мектеп директоры:
– Қымбатты Уәлиханов, ауылыңды қимай оқудан қа лып
қойма! – деді.
Сапарғали Бегалин 4 том
68
– Келуіме, кешікпеуіме сеніңіз, – деді Шоқан ширақ
жауап қататын әдетімен.
Шоқан ауылға келгенде, жайлауға көтерілер өлке бойына
көшіп қонған ел басын қоса, жаз қызығына кірісе бастаған
еді. Алдынан жүгіріп шыққан тентек Жақып, Әлібай, тағы
бірнеше балаларға Шоқан арбадан түсіп құшақтасып аман-
дасты. Алдынан құшақ жая күткен апасы:
– Келші, Шоқаным, келші, құлыным, – деген сөзді
даусы дірілдеп, көзіне жас алып айтты. Апасының көз жа-
сын көрген Шоқан өзі де анасының құшағына кіре қатты
құшақтады. Үйге кіріп аз дем алғаннан кейін:
– Әжеңе бар, сәлем бер. Атекең де ертеңдер келіп қалар,
ел арасындағы бір жұмысқа шақырып кеткен, – деп апасы
Шоқанды әжесіне жұмсады. Өзі де әжесіне баруға құмар
бала, ерттеп қойған былтырғы нағашы аулынан келген боз
жорғаға мінді. Жақып, Әлібай бірге жүрді. Ауыл аралары
мал жайымен біраз алшақтай қонған еді. Екі орта белес-
белес жазық болатын. Ауылдан шыға бере-ақ Жақып:
– Ал кеттік, Шоқан, – деп жарап алған ұшқыр қарагер
құнанмен жүгірте жөнеле беріп, Шоқанның боз жорғасын
сауырынан қамшымен сипай соғып өтті. Семізден жаңа
ұсталып мінілген боз жорға қамшы тиісімен Шоқанды ала
жөнелді. Әлібай да құла төбел құнанымен бұлардан қалмай
тұра шапты. Жақыпты желіктіріп ым қағып жіберген
Жәпекбай өзі де қиқуды салып бірге жүгіртіп келеді. Ә,
дегенде құйындай ұшып жөнелген Жақыптың қарагер
құнаны бір белестен асып, келесі қайқаңға көтерілгенде
тырбақтап жайыла берді. Алғашқыда тығыла тұтқырлау
жүгірген боз жорға тоқтығынан көп шаппай, өзінің жатық
жорғасымен сыдыртты. Алға шыққан бетінде басқа-көзге
төпелей құнанын барлықтырып алған Жақып Әлібайдың
құла төбел құнанынан да қалып, тепкілеп келді. Астындағы
жарау жирен биенің басын тартып Жәпекбай Жақыптың
құнанын тақымға салып тартып, ұрандап даланы басына
көтерді. Жәпекбай мен Жақыптың даңғойлығына Шоқан
қарық болып:
– Е, екі даңғой, біріңді бірің сүйреп жығылғанша
мүдірмеңдер, – деп боз жорғасымен сыдыртып жүре
берді. Алдыңғы қабақтың астында отырған ханым аулының
қарасы көріне бастағанда аттарының басын іркіп, балалар
жай жүріске салды.
– Мен сені үйдегі балалардың үлкені болып есейген
екен десем, есерлігің елегізе түскен екен, – деп Шоқан
әлгінде ғана сағынып көрген інісіне, байсалды, мектеп
Сапарғали Бегалин 4 том
69
көрген баланың сөзін айтты. Жақып Шоқанға сөз қайырған
жоқ. Шоқанның корпус формасын кигенін алғаш көрген
Жәпекбай көз алмай біресе фуражкесіне, біресе кемзал-
шалбарына қарап әуестеніп келеді.
– Мен сенімен оқуға барам, маған да мынадай киім бере
ме? – деді Жақып атының басын жайлана тартып, ақырын
жорғалатқан Шоқанға жете беріп.
– Жынданбай дұрыстап оқысаң, саған да береді.
Жақып «жынданбай дұрыстап оқысаң» деген Шоқан өзіне
жасаңсып, көзін жыпылықтатып тоқталып қалды. Баға-
надан үндемей келе жатқан Әлібай:
– Шоқан, онда қазақ балалары бар ма? – деді.
– Қазақ балалары жоқ. Ноғай баласы бар.
– Ана молдекеңнің туысқандары ма? – деп Әлібай өзі
білетін ноғай молданы айтты. Шоқан күліп:
– Саған ноғай болсақ-ақ біздің молданың туысы болады
ғой дейсің бе? Ноғай көп қой.
– Ноғайлар көп бола ма? Мына біздің молдекең жалғыз
ғой, – деп Әлібай әлі де дүние тануға шорқақтығын көрсетті.
Бұл кезде балалар әже аулына да келіп жеткен еді. Ханым
үйіне таяна бергенде алдынан шыққан Қанғожа ағасы:
– Шоқанжан, келіп қалдың ба? Аман-саумысың, – деп
Шоқанның сәлемін алып, ханым үйіне ертіп кірді.
– Қүлыным, Шоқаным, қызығым, – деген Айғаным өзі
елжіреген бір үлкен үнмен айтылды. Әжесінің бауырына
кіре Шоқан да мауқын баса біраз отырып қалды. Тентек
Жақып та келіп әжесіне сәлемдесіп, маңдайынан иіскетті.
Үйіне түсе салып сәлем беруге шауып келген Шоқанға
Айғаным аналық үлкен ықыласын айтып, аса разы болды.
– Аға, қыстай сіздің қобызыңыздың үнін сағындым, –
деп Шоқан Қанғожа ағасына күй тартқызып, кешкетұрым
ауылдарына қайтты. Қанғожа өзі де ағасының аулына
келді. Шоқанның тұңғыш қала қыстап оқудан оралған
күні аса бір қызықты болды. Ауылды сағынған, ауыл ойы-
нын сағынған Шоқан таң атқанша ұйықтамай Әлібай,
Жақып, Мұқандармен ойын салды. «Ақсүйек», «Қара бие»,
«Тоқтышақ» ойындарының бәрін де ойнады.
Ат қызығы, ауыл қызығының бірінен біріне алданып
Шоқан қаладан әдейі ала келген добын да кітап жәшігінің
ішінен біразға дейін алмай ұмытып кетті. Атекесі келгеннен
кейін аға сұлтан ауылы келген-кеткен кісімен абыр-сабыры
көбейіп, ойынға да орын болмай қалды. Шоқан бір әредікте
Мысықты есіне түсіріп, Бейсеннен:
– Бейсен аға, Мысықтың үйі қайда? – деп сұрады.
Сапарғали Бегалин 4 том
70
– Мысықтың үйінің қайда екенін кім білсін. Есітпеп пе
едің, оның шешесі өлген, әкесі мен екеуі ауылдарына көшіп
кетіп қалған, – деді.
– Олардың ауылдары атамдармен бірге емес пе?
– Жоқ, ол атаңдарға қарашы, малшы, күзетші болып
отырған ғой, – деп Бейсен жай үйреншікті елеусіз етіп
айта салды. «Қарашы, күзетші, малшы» деген сөздер жай-
ына Шоқан ойлана қарап, әкесінің ауылында мал бағып,
бие сауып, жылқы бағып, үй жұмысын істеп жүрген то-
лып жатқан адамдарды көз алдына келтірді. Олар жалаң
аяқ жар кешіп жұмыс істейді. Әуе айналып жерге түсетін
ыстықта ана Жұлдызбай ерні тобарсып қой бағады. Май-
бас бие сауады. Сол қымыздан өз бетімен бір аяқ құйып
ішпейді. Ана Жайлыбек, Жазықбайлар жазы, қысы жылқы
бағады. Бірақ малға да ие емес, бастарына да еркі жоқ. Ол
неге олай?..
Былтыр күзде қалаға жүрерде Шоқан Мысықпен
қоштасқанда, жыламсыраған Мысықтың ойлы аяныш
ұшқынын көрсетіп тұрған жанарын бүгін көз алдына
келтірді.
Шоқанның ауыл балаларына қаладан ала келген бір
жаңалығы резеңке допты ұрып ойнау болды. Алдымен
ол басқаларға қаладан көрген тәртібімен допты ойнауды
үйретті. Әсіресе оларға қиын тигені таяқпен ұрған допты
қағып алу және қашқан баланы доппен көздеп қалу қиын
болды. Біраздан кейін бәрі де жаттығып, допты маңайласа
қағып алады. Бірақ ұзаққа барған жоқ, жалғыз резеңке доп
Мұқанның шоқпарбас таяқпен қатты ұрғанынан жарылып,
ойынға жарамай қалды.
Шоқан бұл жазда ара-тұра болмаса әкесінің қасына көп
ілескен жоқ. Оның бір себебі әкесі осы жазда үйде отырма-
ды. Ел арасында дау-шар және қалаға да шақырылып ылғи
түзде болды. Шоқанға бүл жазда кездескен бір көңілсіз жай,
Шеген аулының жылқышыларының егіншілерге істеген
өрескел бір үстемдігі болды.
Ауыл жайлаудан қайта көшіп күзекке бет алды. Жайла-
удан алыстай қонып, мал өрісінің жайымен қоныс іргесін
кең сала отырған төре ауылдары Соналы өзенінің бойына
қанаттаса қонды. Бұл өлкенің иесі кім екенін, оған жайлау-
дан қайтқан елдің неге жабыла қонып жеп кететінін Шоқан
бұрын ойлап көрмеген.
Соналы өлкесі онша кең де көлемді сала емес, жері адыр-
лау қалың бұйраттың ортасынан ағатын шағын өзен-сымақ.
Осы өзенге сағалай салынған анда-санда жалғыз-жарым
Сапарғали Бегалин 4 том
71
қора көрінді. Шыңғыс аулының жылқысымен қанаттаса
Шеген аулының жылқысы да осы өлкеге қаптай құлады.
Қалың жылқылардың алдынан шығып, айқай салып, екі
атты кісі қырға қарай жылқыны қуа бастады. Мұны көрген
жылқышылар да айқайлап тұра шапты. Шоқан да солармен
ілесе жүгіріп келеді. Жылқышылар келе:
– Неге қайырасың жылқының бетін?! – деп ақырды.
– Неге қайырмаймын, шабындығымды жапырып, аз
ғана егінімізді таптап, бұл қай қорлықтарың, – деп аласа
бойлы, орта жастағы адам өршелене айқайлады. Жазықбай
жылқышы:
– Көзінді ашып қара, кімнің малының алдынан шығып
тұрғаныңды білемісің. Хан қосына қай сорың түртіп
қолыңды көтертті. Өшір үніңді. Тоқтат ана жынды ініңді.
Жоны қышымаса, қысқартсын, – деп зілденді.
– Хан қосы болса, қарашысын қанға бояп өрістей ме?
Құдайдың жері жетпегендей біздің жан сақтап отырған
жаялықтай шабынды, уысты құлақ егінімізді таптай ма! –
деп даусы бәсеңдеп жалынышты сөйлегендей болды. Сон-
ша болмады, Шеген жылқысының қалың тобын дүркірете,
өзен бойынан үркіте айдаған жер қорушыға екі жылқышы
жабылып айқай-шу шықты. Мына жер қорушы да айқай
сала солай қарай шапты. Жазықбай да, басқа жылқышылар
да, Шоқан да солай шауып келеді. Бұлар келгенде жер
қорушы жігіттің басынан қан ағып, үстіндегі көйлегі өрім-
өрім болып аттан түсіп отыр екен. Әлгіндегі сақалды кісі:
– Уа, төре ауылының ұр да жық малшылары, шалғынымды
жапырып, егінімді таптап, қорлағаныңмен қоймай, өзімізді
қанға боядыңдар ма? Сеңдерге де тыйым айтар ұлық бар
шығар. Кісі өлімі керек болмаса, мына малдарыңды өзен
бойынан шығарыңдар. Қазір біреуіңнің қаныңды ішем, не
өз қанымды төгем, – деп Шегеннің жылқышыларына тұра
ұмтылып еді, олар тайсалмай:
– Мына төбеттің де жоны қышыған екен, – деп қамшы
сілтей бергенде, Шоқан ілгері ұмтылып:
– Тоқтаңдар, не деген сотқарлық, адамшылық емес қой,
– деп ара түсті. Шоқанның даусын естіген жер қорушы:
– Шырағым, төре бала, әкеңе арыз айтқанда куә бол.
Мына қодар құлдардың бізге істейтіні осы, әттең, аға
сұлтанның өзі таяуда емес, – деп Шоқан өзін арқаланып,
жылқыны өлкеден айдай бастады. Шоқанның жаңағы өзі
жылқышылардың бәріне де тыйым салғандай болды. Олар
ожарланған өктемдігін қойып, жылқыны өзен шалғынынан
қабаққа серпіп, қонатын жерге беттетті. Таяқ жеп, қанға
Сапарғали Бегалин 4 том
72
боялған жігіт атына мініп, өлбірейіп өзен бойына тартты.
Мынау қандай өктемдік дегендей Шоқан жалтаңдай, әлгі
жігітті аяп қарай берді.
Өлкені қабақтай ел жайланып қонғаннан кейін кешке
жақын Шыңғыс бір жақтан аулына келді. Кешкі салқынмен
ойынға шыққан Шоқан, тобылғыдан садақ иіп алып торғай
атып жүрген Жақып пен Мұқанға жолықты. Ол кезде
Әлібай Мұқан мен Жақыптың қолындағысын көре салып,
таяудағы сайдан тобылғы жұлып алып келе жатыр еді.
– Мына тобылғыдан істеген садақ арқар атуға да жарай-
ды, – деп Жақыптарға балғындау тобылғыны көрсетті.
Сол тобылғыны Шоқан қолына алып көріп тұрғанда,
Жақып жүгіріп келіп алып кеп қашты. Әлібай қуайын деп
еді, Мұқан оны ұстай алды.
– Әй, жынды, тоқта! – деп айқайлады Шоқан. Жақып
оған бөгелместен тура үйге қарай жөнелді. Шоқан үнсіз
тұрып қалды. Оның інісіне ыза болып қалғанын байқаған
Әлібай:
– Мына тобылғым одан да мықты, – деп тағы бір балғын
тобылғыны қолына алды. Қолындағысын тартып алады,
қарсылық етер қайрат жоқ. Бағанағы көргені әлі ойын-
да сақталып қалған Шоқан, балалардың қасынан бөлініп
ауылға келді. Әлгінде өзін еркелетіп, қасына отырғызып
мейірбандық еткен әкесінің қасына қайта келіп, қабағы
түсіңкі бір оймен:
– Атеке, – деді.
– Ә-ә, Шоқанжан, – деп Шыңғыс баласына бұрылды.
– Бүгін бар ғой, біз жылқы айдап келе жатқанда, атам
ауылының жылқышылары бір жер қорушыны жаман саба-
ды, басын қанатты, – деді.
– Ол кім, кім? – деп Шыңғыс дыбырлаңқырап
Шоқаннан талдап сұрай бастап еді, ол:
– Атеке, Жазықбай ағадан сұраңыз, айтады, – деді.
Шыңғыс шақыртып алып, Жазықбайдан бәрін ұғында, Бей-
сенге:
– Сен барып ана егін иесін ертіп кел. Және бір жігіт
жіберіп, Шегеннің жылқышыларын осында шақырт. Біздің
абыройымызға ит қосатын осылар. Ана нашарлардың ша-
руасын бүлдірген ғой, – деп бұйырды.
Аға сұлтан айтты, бөгет бар ма. Біразда жері иесі екі ке-
дей, шеткі бір қарашы үйге түсіп, орда үйіне көздерін тігіп
отырды. Шегеннің жылқышылары шақыра барған жігіт
көп кешігіп оралды. Жылқышыларын аулына қалдырып,
Шегеннің өзі келді. Шегенге Шыңғыс түрегеліп сәлем беріп,
Сапарғали Бегалин 4 том
73
құрмет көрсетті. Шоқан да әкесінің қасында бірге болып,
әдеттегі сәлемін беріп, ата қолын алды.
– Аға сұлтан шақыртты деген соң келдік. Сен алды мен
әкімшілігіңді бізден бастайын дедің бе? – деген өзін Шеген
ентіге, долдана өйледі.
– Шеке аға, ашуыңызды басыңыз, мен сізді шақырт қа-
ным жоқ еді, ана содырлы жылқышыңды шақыртып едім.
Сіздің жылқыны бақтым деп олар қағусыз қан төге бере ме,
– деп Шыңғыс та ағасының алдын орай, адамын кінә лай
сөйледі.
– Кімнің қанын төгіпті. Немене, менің жылқым жер дің
үстімен жүрмей, ұшып өтпек пе қонатын жерге. Қырық күн
шілдеде жер қорып желігіп жүрген иттердің өзімен мені
жазаламақсың ба? Менің жылқышымды жазғырға ның,
мені жазғырғаның емес пе... – деп Шеген әлгіден гөрі де
көтеріле салмақ сала өйледі.
– Біз тентекті тыямыз, патша әмірін орындаймыз
дейміз. Сіздер тентекке қорғаныш болып, ара түсіп ағалық
сатасыздар. Жарайды, қойдық, – деп Шыңғыс ағасының
өңіне өкпелі пішінмен қарады.
– Шақыртқаның осы болса, мен кеттім, – деп Шеген
ызғарлана үйден шыға жөнелді.
– Кісі өз қолын өзі кесе алмайды екен. Жаңағы кісіге
не айтармыз. Әлгі егіншілер қайда, шақыр, – деп Бейсенге
Шыңғыс бұйрық етті.
– Ол кісілер ана қойшының үйінде отыр, қазір
шақырайын, – деп Бейсен лып етіп барып екі егіншіні ертіп
келді. «Алдияр аға, сұлтандап» қорғана басып әрең кірген
екі мүсәпір босаға жаққа отыра кетті.
– Сіздер именбеңіздер, мына Шоқанжан сіздерге
жаны ашып, Шекең жылқышыларының тентектігін айтқан
соң шақыртып едім. Шекең өзі келіп, сіздер түгілі бізге
ағалығын істеп кетті. Қазақта бір қағида бар ғой, аға ал-
дынан шықпайтын. Ол кісінің арыны тоқтағанша, айы бын
біз тартамыз. Артынан сабасына түседі ғой, бірақ сендер
күйзелмей аттаныңдар. Егіндеріңіз көп бүлінді ме? – деп
Шыңғыс жылы да жұмсақ өйледі.
– Егін бүлінді, бар күн көреміз деп отырған уысты құлақ
еді. Өзі де осындай бір апатқа бола өссе керек, аса бітік
шығып, қуанып жүр едік. Ең аз болғанда бір қырық-елу пұт
астық алармыз деп ойлаушы едік, алдияр, – деп сақалды
кісі көзінің жасын қолымен сүрткендей болды.
– Сіз жасымаңыз, егініңіздің шығынын мен өзім
берейін. Шоқанжанның мейірімінен садаға кетсін. Бейсен,
Сапарғали Бегалин 4 том
74
мына кісілерге сауыншыға айтып бір бұзаулы сиыр бергіз.
Ана жігітке бір тай беріңдер, ат қылып мінсін. Сонда Шеген
жылқышыларымен не айтар екен, – деп Шыңғыс долдана
тоқтады.
– Алдияр тақсыр, мәртебеңіз өсе берсін. Төре
балаңыздың әмісе жолы болсын, тәңірісі пана болсын, –
деп үлкен жер қорушы қолын жайып, батасын берді.
– Мен аты-жөніңді де сұрамаппын, өзің мына Уақсың
ғой, – деді Шыңғыс.
– Иә, алдияр, дәл тауып отырсыз, осы жердегі аз ғана
Уақ боламыз. Атым – Мүсәпір, інімнің аты – Мұсағүл, –
деп жөнін айтты.
– Ал енді, Бейсенмен барып айтқан малды алыңыз, –
деген Шыңғыс бұйрығын алып, Мүсәпір алғысын айта ор-
дадан шықты.
Көңілсіз көріністен кейін
Осы бір күні көрген барлық жайды Шоқан өзінің
күнделік дәптеріне жазып, «Мүсәпір мен Мұсағүлдың бір
күні» деп қойды. Шеген атасының зорлығы, оның өзі түгіл
жылқышыларының маңайдағы кедей көпшілікке істейтін
өктемдігі, Шоқан ойынан ұмытылмайтын орын алды.
Ауыл күзекке қонысымен Шоқан қалаға оқуға жүруге
әзірленді. Ол күзекке қонған күні былтырғы Мысық үйі
отырған қорық ішіне барып қайтты. Бейсеннің айтқаны
рас. Мысық көшіп кетіпті. «Шеше өлген, әке жалшы, қандай
күйде екен» деген ой Шоқанның көкірегінде біраз уай-
ымдай болып сезілді. Бірақ Мысықты іздеп табуды ойлана
қойған жоқ. Ол ауылға келісімен Әлібайға, Мұқанға, тағы
бірнеше ойыны бірге балаларға:
– Бүгін кешке алтыбақан, әткеншек теуіп ойнаймыз,
соны құратын аспапты – бақан, арқандарды әзірлеңдер, –
деп тапсырды. Өзі Қанипаға айтып Әлібайдың қолына екі
мықты арқан және екі бақан алып берді. Ел орынға отыра
екі ауылдың аралығынан алтыбақан әткеншек құрған ба-
лалар шуылы күзек даласының кең алқабына жаңғырыға
сыңғырлап кетіп жатты. Іңірде туған ай сәулесі де жер бетіне
көгілдір аспаннан жарығын мол жайып, аса көңілдендіріп
жіберді. Тек балалар ғана емес, әткеншек басына қыз,
келіншектер де, жас өспірім бозбалалар да жиналды.
Сапарғали Бегалин 4 том
75
Ауыл арасындағы шілдехана, қынаменде қызықтарында
әйел жағынан ойын бастап өлең айтатын Бәтіш бүгін
алтыбақан басына бірнеше жас қыздарды ертіп келді. Келе
әндетіп:
«Әттең, айдың жарығы күндізгідей,
Ер жігіттің қадірін қыз білгендей,
Қыз байғұстың еркіне қоя берсе,
Есік ашып үйіне кіргізгендей», –
деп мөлдіреген ай сәулесі шаттана өзінің сергек сауықшыл
мінезін істеп әндете келді. Жігіттер де бірін бірі түртіп:
«Ана Бәтішке жауап айталық, ол тағы басымыздан асыра
шырқап кетеді», – десіп жатты.
– Ал әткеншек дайын болды. Кәні, кім отырады? – деп
алтыбақанды құрған ересек жігіттер айқай салды.
– Алдымен Шоқанжан отырсын, бүгін әдейі ойнаймын
деп құрғызған сол, – деді Жәпекбай. – Кәні, отыр мына
жағына, – деп, ол бір басына Шоқанды отырғызып, екінші
жағына Бәтішті отырғызды.
Ән шырқасам шырқаймын әнім аз ба,
Айтылмаған қандай ән мынау жазда.
Кел шырқалық, жігіттер, неге тұрсың,
Желікпей ме көңілің айтқан назға.
деп келіп:
Алтыбақан әткеншек,
Әндетіп жібер тұрма тек.
Әткеншекте ән салмасаң,
Сүмірейіп тұрсың неге кеп, –
деп Бәтіш әткеншек арқанын сермеп тұрған бір жігітке
қолын сермей сөз тастады. Сонан жігіттер өлең бастады.
Ауылдың қара өлең мен қайым айтысы біразға созылды.
Шоқан біраздан кейін алты бақаннан түсіп, басқа жастар
отырды.
– Өркенің өскір, Шоқанжан-ай, көптен бері үлкен дер-
ден бата алмай жүрген ойынымызды бастап бердің-ау, –
деп Бәтіш барынша ашық көңілді мінезімен сауықты ажар-
лай түсті. Шоқан аса бір ықыласпен қызықтап, таң ата келіп
төсегіне жатты.
Ертеңіне Шоқан әжесіне барып қош айтысты.
Сапарғали Бегалин 4 том
76
– Шоқанжаным, жолың болсын. Кеше осында ауыл
адамдары айтып келді, ана тентек атаңның шығынын әкеңе
төлетіп Уақтың бір нашарларына болысыпсың. Оның жа-
райды. Шеген ит көзіме көрінбей отыр, жазасын тартты-
рармын. Оның қазан бұзар қылығы өзге түгіл саған да ерсі
болды-ау,- деп Айғаным аз ойланып отырып, – әрқашан
әділдік жағында болғайсың, – деді. Шоқан үнсіз тыңдап,
әже ықыласына бас иді.
Келер күні Шоқанды қалаға жүргізді. Бұл жолы
Тақырбас Атығайұлы алып жүрді. Бейсеннен жасы көп
кіші, өте бір сергек, әңгімешіл жігіт еді. Бейсенді Шыңғыс
бір жүріске дайындалып қасына ертетін болғандықтан
Шоқанға Тақырбасты өзі қосты. Тақырбаспен бұрын сыр-
лас болмаған Шоқан алғашқы күні біраз жай тілдесіп отыр-
ды. Бейсенге үйір болып қалғандықтан ба, Тақырбасқа аса
ашыла қоймады.
Ауылдан шыққан күні Тақырбас аттарды аса қыстамай,
жайырақ жүріп суытты. Ертеңіне қонған ауылдан шығып
жолға түсе бере, ортадағы ақ кекіл қарагерге делбе қағып,
оң жақтағы қарынсау, қырсау қарагерді қамшымен
қабырғадан шықпытып жіберіп:
– Уақтың май құйрық старшыны құсап қыртыңдамай
желсеңші, – деді. Тақырбастың мына сөзін естігенде
Шоқан жымиып:
– Тақа, сіз әлгі бір аласа бойлы, қалың қара сақалды,
семіз кісіні айтасыз ба ? – деді.
Иә, мына қырсау қарагер тап сол сияқты, ылғи
постромкені іркіп, аяғын баспайды.
– Шоқан дәл оқу басталғанша, Васил ағайдың үйінде
болды. Тақырбас қаладан керек-жарағын алып тапсырылған
жұмыстарын орындап, қайтып кетті.
Екінші қыста
Көп ұзаған жоқ корпус балалары жатақ үйлеріне орна-
ласып оқу басталды. Шоқан корпус тәртібіне түсінген, оқу
жайына да жаттыққан бала қатарында, класс ішінде көзге
көріне бастады.
Әрбір класта бір бала староста болып белгіленіп,
балалардың бостандық алуын, мезгілімен қайтып сабағын
әзірлеуіне жауаптылықты істейді. Шоқандардың класы-
на Леонид деген бала староста болып белгіленген. Леонид
Сапарғали Бегалин 4 том
77
бойшаң, сөлекеттеу, сабақта топастау болатын. Оның үстіне
өзі мейлінше дүниеқор еді. Үйі қалада болмағандықтан, ол
демалыс күні көп ешқайда шыға қоймайтын, сондықтан
да старосталыққа ұсынылған еді. Леонид қалаға баратын
балаларға алым салатын болды. Үйіне босап барған бала,
корпусқа келерде Леонидқа кәмпит әкеп береді. Егер
кәмпитсіз келсе, келер демалыста сылтау тауып жібермей
қояды. Сондықтан Леонидке балалардың жалыныштылығы
үдеп, ол кейбір демалыста бір сауыт кәмпит жинап алатын
болды. Леонид ол кәмпитті демалыс арасындағы күндерде
балалардың өздеріне дәптерге, қарындашқа, қаламсапқа
сатып, сәудегерлік істей бастады. Қаламынан айрылған,
қарындаштан айрылған балалар сабақтарын жазар құралы
болмай, сабақтан ақсайтын болды. Осының салдарынан
класс ішіндегі Гена, Сережа дейтін екі кішірек бала мүлде
сабақтарын нашарлатып алды.
Леонидтің осы сияқты мінезін әшкерелеп Шоқан:
– Лена Протоков, жәшігінде кәмпит көп, дүниеқор, ши
мойын, – деп мазақтады. Бұл балалар арасына жайылып
кетті. Протоков Шоқанмен төбелеспек болып еді, бірақ
басқалар ара түсіп, оны шетқақпай қылды. Класс жетекшісі
тексеріп, Протоковтың қобдиынан бірнеше баланың
қарындаш, қаламы табылып, ол масқара болды. Мұнан кейін
Протоковты старосталықтан түсіріп, Шоқан белгіленді.
Протоков жыл аяғы болмай-ақ оқудан шығып кетті.
Шоқан старосталыққа белгіленгеннен кейін біраз уақыт
өткенде бір күні рота балаларының біреуі Шоқандардың
класындағы бір баланы ұрып кетіпті. Ол жылап класс
старостасы Шоқанға келді. Рота балаларының үстемдігін
көтермейтін Шоқан сол кезде келе қалған, жатақ үйдің
тәртібін қарап жүретін офицерге айтты. Офицер Шоқанның
өзіне зекіп, «офицерлердің балалары тәртіпті, сендер
өздерің тәртіпсізсіңдер», – деп таяқ жеген баланың өзін
жазалап, түскі тамаққа жібермей қойды.
Шынында да, Шоқандардың класында тентектік, андай-
мұндай тәртіпсіздік бар болатын. Бірақ мына баланың бұл
жолғы көрген зорлығы рота балаларының үстемдік етуінен
болған еді. Соған ыза болған Шоқан: « Мына жирен қоразға
арыз айтқаннан да, артына топырақ шашу керек еді», – де-
ген. Шоқанның мына сөзін естіген балалар ду күліп, «тамаша
теңеу, өзі бір шіп-шикіл сары екен» десіп мәз болды. Кейде
бірін-бірі «жирен қораз құсап қоқайма» деп ажуалайтын.
Сапарғали Бегалин 4 том
78
Бір күні сабақтан қайтып тамақтарын ішіп, жатақ үйде бала-
лар шуласып отырғанда, сырттан атой болды. Мұндай атой
тәртіпкер офицер келе жатқанда болатын. Шоқандардың
бөлмесіндегі балалар жым-жырт бола қалды.
Сонша болмады кезекші тәртіпкер жирен офицер бөл-
меге кіріп келді. Анадағы серіктерін орынсыз жазалағаннан
бері өшігіп қалған балалар біріне бірі ым қағып, офицердің
көзін тасалай беріп қораз болып қоқырайып, сыр бермей
тынышталған болды. Балалар монтиып өз бөлмелерінде тәп-
тәртіпті бола қалысты. Офицер кейбір ұқыпсыз балалардың
төсек орнын көріп, жөндеңдер дегеннен басқа өрескел
мін таппай шығып кетті. Офицердің артынан Анатолий
деген тентек бала ере барып, есікті жауып, бер жағынан
жұдырықпен періп-періп жіберді. Ол жүгіріп келіп орнына
отыра бергенде, есік ашылып, офицер үйге қайта кіріп:
– Менің артымнан есікті ұрған кім? – деп тепсінді.
– Жоқ, тақсыр, біз көргеніміз жоқ. Ондай дыбыс
естімедік.
Офицер қанша ызбарланғанымен балалар қайысып
қорықпады. Ешкім мойнына алмады. Офицер ызаланып
корпустың бастығы Ждан-Пушкинге келіп, рапорт жа-
зып, Шоқандардың класын жазалауды, тәртіпке шақыруды
өтінді. Келесі күні Ждан-Пушкин өзі келіп, балаларды
тексеріп, кластың бастаушысы Шоқаннан қысып сұрады.
Шоқан да басқа балалар да айтпады. Содан Шоқандардың
класы қыс ортасына дейін жексенбіде бірде-бір бала үйіне
босамады, үлкен қысымға ұшырады.
Алғашқы Ждан-Пушкин келіп тексергенде Шоқан:
– Тентектікті кім істесе сол айтуы керек. Мен өзім көр-
генім жоқ, – деп қайыспаған. Басқа балалар да Шоқанның
осы сөзін айтып сыр бермеген. Ал Анатолийдің тентектік-
ке қолы барғанымен, істегенін мойнына алуға батылы бар-
мады. Балалар бірнеше жексембіде үйлеріне бара алмай
зарығып кейбір балалар «айтамыз» дегенде:
– Батылы барса, өзі айтып, жолдастарын жазадан
құтқарсын. Егер оған батылы бармаса, біз ондай қорқаққа
куә болмаймыз, – деп Шоқан балаларға айтқызбады. Со-
нан қыс ортасы ауған кезде Ждан-Пушкин балалардан
қажығандық таба алмады. Ақыры жазалау бұйрығын
өзгертіп, Шоқандардың класы ел қатарлы демалыс алды.
Бірақ Анатолийға балалардың арасында «қорқақ» деген
ат тағылды. Балалар оны Анатолий деген атымен атамай
«қорқақ» деп шақыратын болды. Ол осы атқа намыстанып,
келер жылы оқуға келмей қойды.
Сапарғали Бегалин 4 том
79
Аға достар арасында
Қыс ортасынан былай Шоқан орыс тіліндегі әдебиет
кітаптарын құныға оқитын болып алды. Бірақ, ондай
кітаптар Шоқан қолына көп түсе бермейді. Әсіресе кор-
пус кітапханасында әдебиет кітаптары жоқтың қасы. Ал
аздаған кітаптар рота балаларының қолынан босамайды.
Кітапханада корпус балаларына көбірек ұсынылатын кітап-
тар патша генералдарының өмірінен жазылған шығарма-
лар болатын. Ондай кітаптар Шоқан, Григорий сияқты ой-
шаң балаларды қызықтырмайды. Шоқанның, Григорийдің
қызығып оқыған кітаптары Палластың және Рычков тың
жаһангез өмірлерінен жазылған күнделіктері болды. Оның
өзін де кезек күтіп әрең дегенде қолдарына түсірді. Осы
кітаптардың әсерінен болар, Шоқан мен Григорий екеуі
Азияны аралап, жер сырын ел жайын білгілері келеді.
Екеуі қиялдап көп әңгімелеседі.
Шоқан мен Григорийдің ізденгіш ойшыл мінездері
өздерінің кластарындағы көп балаларға әсерін тигізіп,
кітап оқу, ілім іздену балалар арасына жақсы өрістеді. Со-
ның арқасында Шоқан бастаған кластың балалары озық,
тәртіпті класқа, үлгілі оқушылар атына ие бола берді.
Шоқанның суретшіл талабы сурет сабағының оқы-
тушысы Померанцев деген жас офицерге қатты ұнай ды.
Ол Шоқанды ерекше сүйіп, қызыға үйретеді. Әде биет саба-
ғын жүргізетін оқытушы Гонсевский де Шоқанның ал ғыр,
дүние тануға, әдебиет тануға сезімділігін ерекше ұна тып,
үлкен ілтипат етеді.
Сергей ағайының үйіне демалысқа бір келгенде Шоқан
өзіне сурет сабағын беретін Померанцевқа кездесті. Сергей
Сотников Шоқанды Померанцевқа айрықша танысты рып,
оның суретшілік өнерін өз етті. Сонан Сергей бір әре дікте
қазақ елінің таланты жайынан сөз қозғап кетті.
– Мен қазақ елінің ауыз әдебиеті жайынан Костылец-
кийден естігенім бар. Бұл халық сондай қиялы қанатты
халық көрінеді ғой, – деді Померанцев.
– Мен сізге бір кішкене қазақ баласының өнерін
көрсетейін, – деп Сергей Померанцевқа Шоқаннан алған
Мысықтың балшықтан жасаған түйесінің мүсінін көрсетті.
– Мынаны жасаған қай жастағы адам? – деген
Померанцевтің сұрағына:
– Ол кішкене бала. Өзі бір кедей жалшының баласы
екен, – деп Сотников Мысық жайындағы естігенін айтып
берді.
Сапарғали Бегалин 4 том
80
– Мына баланы, шіркін, ана интернатқа әкеліп бе-
рер ме еді. Мынау мүсінші болатын бала ғой, – деген сөз
Померанцевтің аузынан шыққанда, Шоқан:
– Ол қандай интернат? – деп мұғалімінен әдеппен
сұрады.
– Ол қазыналық мектеп, онда өз бетімен оқуға қаржысы
жоқ кедейлердің балалары оқиды. Барлық өнерге үйретеді.
Бір жағынан жұмыс істейді, бір жағынан оқу оқиды, қандай
өнерге білімі бар, соны үйренеді, – деп Померанцев толық
түсінік айтты.
– Ол мектепке Мысықты ала ма? – деп сұрады Шоқан
тағы да мүғалімінен.
– Оған Шыңғыс Уәлиханович сияқты беделді адам
ұсынса алады. Ал жай балаларды ала бермейді.
– Сіз ол мектептің бастығын білесіз бе? – деген Шоқан
сұрағына, Померанцевтан бұрын Сергей:
– Сол мектепте де бұл кісі сабақ береді, – деді.
– Онда мен жазда елге барғанда Мысықты алып келем,
оны сол мектепке сіз алғызасыз ба? – деп Шоқан аса қуана
да, асыға да тілек айтты.
– Егер Шыңғыс Уәлиханович қатынас жазып өтінсе,
алдыруға болады, – деді Померанцев алдыңғы өзін
қайталап, Шоқан қуанып кетті.
Шоқанның бұл қыстағы бір ренжіген жайы Сергей
ағайдың Омбы қаласынан еріксіз түрде жер ауып кеткені
болды. Оның не себепті жер ауғанын Шоқан талдап білген
жоқ-ты. Жалғыз-ақ Сергей ағай көптен көрінбей жүріп
бір демалыс күні корпус үйіне келіп, Шоқанды сұрап алып
үйіне апарған. Сол күні Сергей ағайдың үйінде Померан-
цев та болды. Сергей Сотников Померанцевқа Шоқанды
айрықша тапсырып:
– Мен бұл қаладан кететін болдым. Мына Шоқанды
үйіңе апарып, демалыстарда бойын сергіт, жақсы кітаптар
тауып бер. Қалғанын өздерің ұғыныса жатарсыңдар, – де-
ген.
Сергей ағайдың осы өзі Померанцев пен Шоқан ара сына
достық ілгегін қадағандай болды. Содан былай Померан-
цев Шоқанды демалыстарда үйіне алып барады. Шоқаннан
ауыл жайларын сұрап, сурет салу жайынан ұғыныстар бе-
ре тін болды. Әсіресе, өзінің үйіндегі көрнекті суретшілер-
дің шығармаларын көрсетіп, көптеген түсініктер айтып от-
ырды.
Бір күні Померанцев Сергей Сотников туралы сөз
қозғап, одан хат алғанын айтты. «Ол мұндағы жолдаста-
Сапарғали Бегалин 4 том
81
рын қатты өгейсиді. Саған сәлем айтыпты. Сергейдің өзі де
тентек қой. Ол өшіккен, жек көрген адамына тура мылтық
атып, қол жұмсайды. Мынау уақыт оны көтере ме», – деді.
Сотниковтың қандай қылмыспен Омбыдан айдалғанын
білмейтін Шоқан Померанцевтан Сергей ағайының не
себепті жер ауғанын сұрады.
– Сен оны білген жоқ па едің? Онда тыңда. Сотников
осындағы бір полковникпен бір жерде ерегісіп қалады.
Шені үлкен ұлық Сотниковке жаза бергізеді. Сотников
ондайды көтере алмайтын өр мінезді адам. Полковниктен
кек алуды ойлап, оны жолда аңдиды. Аңдығанда Сотников
өзіне таныс қыр қазағының атын сұрап мініп, оның барлық
сыртқы киімін киіп, жуан қамшысын алып тосып тұрады.
Полковник жолдастарынан бөлініп пәтер үйіне бұрыла
бергенде, аттың бауырынан өткізіп, қамшының астына ала-
ды. Полковник айқайлап қашып, оның даусынан көшедегі
адамдар көріне бастағанда, Сотников құйғытып жөнеледі.
Сонан бұл іс тексеріліп, Сотниковтың істегені мойнына
қойылып, сотталған. Ол қазір жазалы адам ретінде жер
ауып кеткен, – деді.
Шоқан мынаны естігенде, Сергей ағайының мінезіне
қайран қалды. Қандай өжеттік деп ойлады.
– Бірақ ол айласыз. Тура қамалға қарсы шабады. Ондай-
ды білдіртпей істеу керек. Қазір өзі жазаға душар болды, –
деді өзін аяқтап Померанцев.
Сол екінші жылдың өзінде-ақ корпус оқытушылары
Шоқанның зерек алғырлығын, алған бетінен қайтпайтын
қайсар тапқырлығьн қадыр тұтатын болған-ды. Әсіресе
Костылецкий деген оқытушы Шоқанға ерекше назар ау-
дарды. Оның себебі Костылецкий арабша, парсыша, ол
кездегі Азия елдерінің тілінде шығатын әдебиеттерді оқи
білетін. Ол қазак, жерлерінде болып, қазақ ертегі, жырла-
рын да жинаған, дала сырынан хабардар адам екен. Кей
сабақтарында халықтың ауыз әдебиетіне көшіп, қазақ
дастандарының жайын айтып, балаларға түсінік беретін.
Ондай сабақ жүргізгендегі Костылецкийдің көмекші серігі
Шоқан болады. Шоқанға қазақтың ертегі, жырларын
айтқызып, басқа балаларға өзі орысшалап, мазмұндап ай-
тып береді. Бір күнгі сабақта әңгіме «Қозы Көрпеш – Баян
сұлу» жырына арналып, Шоқанның Арыстан ақыннан
естіген түрін айтқызып, Костылецкий өзі де құмарта
тыңдады. Бір әредікте:
– Сен Қозы Көрпеш боласың, – деді Шоқанның қасына
келіп Костылецкий.
Сапарғали Бегалин 4 том
82
– Ол батыр ғой, – деді Шоқан.
– Несі бар, сен де батыр боласың. Батырлық білекте,
күште емес, ойға алғанын орындайтын қайыспас қажырда.
Есею жылдары
Шоқан осы қыста аға достар тауып, арналы білім жолына
түсіп есейіп алған. Жылдағы мерзімінде ауылдан Тақырбас
та пар жегілген екі қарагерді ауыздығымен алыстырып, Ва-
сил ағайдың үйінен күтіп алды. Шоқан ауылға қайтардан
бір-екі күн бұрын Костылецкий арқылы танысқан Карл
Казимирович Гутковскийдің үйіне барып, жазда оқитын
кітап сұрап алды. Онысы Лермонтовтың, Гогольдің
бірнеше шығармалары еді. Әредік оқығаны болмаса, бұл
жазушылардың мына сияқты жинақталып басылған белгілі
шығармалары қолына бұрын тимеген.
Ауылға ертең жүремін деп отырғанда Григорий мен Ға-
зиз екеуі келді. Шоқанмен қырға жүрер алдында әңгімелес-
пек. Шоқан оларға өзінің жазда қалай дем ала-тынын,
ауыл да істейтін жұмыстарын айтты. Өйтіп, Гутковскийдің
үйі нен алған кітаптарын көрсетті.
– Шоқан, сен мына кітабыңның біреуін маған бер, мен-
де мұндай кітаптан ештеңе жоқ, – деп Григорий жабыса
кетті.
– Жарайды, өле оқығанша, бөле оқылық. Бірақ күтіп
ұста, ұятты кісінің кітабы, – деп досына Гогольдің әңгіме-
лерін берді. Ғазиз кітап сұраған жоқ. Ол бір әредікте:
– Менің нағашы ағайым жазда қырғызлар арасына
шығып сауда ішли, мен сонымен бірге шығып даланы курәм,
абыйыма болышам, – деді.
– Немене, сауданы үйрене алмай қалармын деп
асығасың ба? Егер қырға шығып, ауыл көрем десең, жүр
менімен, бірге боламыз, – деді Шоқан.
– Абыйым рүхсат итми, мен аның саудасьна булышырға
кирәк, – деп Ғазиз Шоқанға ергісі келмеді.
Достар ол күні Ертіс бойына барды. Қаланы аралады.
Кешке жақын қош айтысты.
– Ал, Шоқан төре, атты қазақша айдайын ба, жоқ
орысша айдайын ба? – деп Тақырбас паромнан шыға екі
қарагерге делбе қақты.
– Қаладан ұзағанша орысшала, ел арасына кіре бер-
генде қазақшыла, – деп Тақырбастың қылжақ сұрағына
Шоқан да әзілмен жауап айтты. Даланы сағынып қалған
Сапарғали Бегалин 4 том
83
Шоқан қаладан шығысымен формаларын шешіп, желпіне,
жайлана отырды.
Тақырбастан жазған хатында Шыңғыс: «Шоқанжан, сен
бұл жолы қаладан қайтқанда Құсмұрынға емес, Сырымбет-
ке – әжең ауылының қонысына келесің. Осы көктемде біз
де сонда көшіп келдік. Тақырбасқа жүретін жолдың жоба-
сын, қайда түсіп, қайда тоқталуды жазып бердім», – депті.
Әкесінің хатын алғаннан бері Шоқан Сырымбет өлкесінің
жайын, тауын, көлін көз алдына келтіріп, ой жүгіртуде. Ол
бір әредікте:
– Тақа, Сырымбетке біздің ауылдың, орда маңындағы
елдің бәрі де келді ме? – деп сұрады.
– Хан аулының өздері ғана көшіп келді. Басқа жергілікті
елдер өз қоныстарынан көшкен жоқ.
– Әлібайдың үйі қайда?
– Олар сол Құсмұрында қалды.
– Мұқандікі ше?
– Мұқандікі Сырымбетке көшіп келді. Олардың төре
ауылынан басқа туысы бар ма, – деп Тақырбас өзі білген
жайын біртіндей айтып отырды.
Шоқан Сырымбетке келгенде, төре ауылы бір алқапта
түгелге таяу отыр еді. Өйткені, Шыңғыстың Көкшетау
округіне аға сұлтан болып тағайындалуына байланысты
Сырымбеттегі Айғаным қонысынан жаңа орда үйі салына
бастаған. Төре аулының әзір жайлауға көтерілмей бір жер-
де жиі отыруының түйіні де осы үй салу жұмысына байла-
нысты еді.
Қаладан алдырған ұсталар, үй іргесін қалайтын
жұмысшылар қызу қимыл үстінде екен. Шоқанды апа-
сы да, әжесі де қыстай көрмей сағынғанымен, есейген
оқушы бейнесінде құрметтей қарсы алды. Шоқанның өзі
де бұрынғы ойын баласы емес, әрбір жағдайға мән бере
қарайтын ой баласы болып алған. Жүріс-тұрысы да қала
тәртібіне бейнеленіп есейген.
Шоқанға биылғы жазға арнап жеке үй тігіп, өзіне
еркімен жатып, кітабын оқитын жағдай жасалған. Оған се-
беп: Васил ағай мен Гутковскийдің Шыңғысқа Шоқанның
оқытушыларға ұнамды ой салған ерекше талабын,
алғырлығын мақтана айтуларынан болған.
Шоқан қаладан келгеннен кейін Қанғожа ағасының
қасында болып, Сырымбет тауының әдемі жаратылы-
сын, айнадай көлдерін, әсем бұлақтарын суретке салды.
Сол бір тауды аралап қайтқан бетінде Шоқан қасындағы
Тақырбасқа: «Орда үйінің салынып жатқан жеріне бара
Сапарғали Бегалин 4 том
84
жүрелік», – деді. Ондайда бір қылжақ өз таба қоятын
Тақырбас:
– Жұмысшылар балшық беріп жіберсе, апекеңнің бір
қой, бір қос қазысын шығын қыласың ғой, – деді.
– Ол қайдағы кәде? – деп сұраған Шоқанға:
– Шоқанжан, сен қазақтың көп ырымын, жол-жобасын
біле бермейсің-ау. Мысалы, қырықтықшылар қасына барған
балаға бір уыс жүн беріп шешесінен құрт, май алғызады.
Құдық қазғандар қасына келген баланың тақиясына құдық
суын құйып беріп үйіне жіберіп, қымыз, сары май, ірімшік
алдырады. Сол сияқты мына жұмысшылар сені көрген соң,
ырым істемей қоймайды. Оларға жас ет, сүр қазы күнде
асылып отыр дейсің бе? – деді.
– Жарайды, олай болса барып ырымын алайық, – деп
Шоқан тура тартты.
Шоқан келгенде күн батуға таянып қалған. Жұмысшылар
кешкі тамаққа отырып, үйді-үйінде екен. Бір қара күркенің
ішінен көзі шегірейіп Мысық шыға келді. Ә дегенде Шоқан
тосырқап қалған қалыпта:
– Өй, сен Мысықпысың? – деді.
– Шоқан, – деп ол ат үстіндегі Шоқанға тұра жүгірді.
Шоқан Мысықпен атынан түсіп амандасты.
– Сен бұл жерге қайдан келдің?
– Біз әкеміз екеуміз мына үйді салуға келгеміз.
– Немене, мүсін жасайсың ба?
– Жоқ, мына үй салуға балшық, илеймін, тасимын. Әкем
үй қалайды. Былтыр осы жаққа әкемнің ағайындарына
көшіп келгеміз. Содан осында едік. Жұмысқа әкем мені де
ала келді.
– Сен менің қаладан келгенімді естідің бе?
– Естігенім жоқ. Анада сіздің ауылға барайын, өзіңді
сұрайын деп бір ойладым да, тағы бата алмадым.
– Сен менімен бірге қалаға барасың ба? Оқуға түсесің.
Суретшілікке үйренесің.
– Әкем жібермейді ғой және қаладан қорқам.
– Қалада саған кім тиеді. Мен де барып оқып жүрмін,
ешкім тимейді.
– Шоқан, сен үлкенсің. Өзің бірге боласың ба?
– Бірге болам. Әкеңнен өзім сұрап алам.
– Жарайды, онда барам, – Бұдан әрі олар көп сөйлескен
жоқ.
– Ертең өзім келем, ауылға апарам, – деп ІІІоқан жүріп
кетті.
Әке алды кісіден босамайды. Бір жағынан үкімет тара-
Сапарғали Бегалин 4 том
85
пынан тапсырмалар келіп жатады. Анадағы Гутковскийдің
үйінен алған кітабын оқып, өзінің сурет салу, күнделік
жаңалық жазу ісімен алданып, Шоқан әке маңына да бара
бермейді.
Үй салу жұмысына белгіленген үйшілер, қалаушылар
өздерінің азығымен, күтушілермен жұмыс басында қалды
да, төре ауылы жайлауға көтерілді. Айғаным бұл жылдарда
бұрынғыдай емес, жүріс-тұрысы ауырлап, баяуланып шөге
бастаған тәрізді. Сол кісінің жағдайымен төре ауылы биыл
аса алыс жайлауға тартпай, Сырымбет маңының көлдеріне
көтеріле қонды. ІІІоқан ауыл көшер алдында Мысыққа
жолығып, күздігүні өзі қалаға жүрерде ала кететінін айтты.
Бір күні күтпеген жерден бір топ жолдасымен Мұса келді.
Төре ауылы сый қонақты құрметпен қарсы алды. Шыңғыс
жездесінің жаңа округке аға сұлтан болуына құтты болсын
айта келіпті. Бір жұмыспен барып Омбыдан оралған жолын-
да әдейі бұрыла жүрген Баянауыл округінің аға сұлтаны аса
бір ерекше сәнмен келді. Өзге қазақ жолдастарынан бөлек
Мұсаның қасында Григорийдің әкесі Николай Потанин бар.
Бұл кісі қазақ тілін мүлтіксіз өйлейтін, қазақ әғдет-ғұрпын
өзіндей білетін аса бір жатық адам еді. Сонымен қатар қазақ
әңгімелерін, ертегі, жыр, ән мен күй шежірелеріне айрықша
көңіл бөлген адам екен. Ол Шоқанға өзі бұрын көрмеген
қазақ даласының көп жайынан әңгімелер айтты. Өз ара-
сында өткен жылы Қарқаралы қаласынан елу шақырымдай
жерден ашылған Қоянды жәрмеңкесінің қызықты базары,
ән мерекесі болғанын әдемілеп айтып берді.
– Ол жәрмеңке нағашым ауылынан алыс па? – деп
сұрады Шоқан.
– Онша алыс емес, нағашың ауылының адамдары
сол жәрмеңкеге мал апарады. Көп ел бас қосады, – деді
Мұсаның қасындағы бір жолдасы.
– Немене, барып көргің келе ме, бір ауылдан келіп, бір
ауылдан қалаға оралу көңілсіз де болар. Онда бізбен жүр.
Өзім апарып жәрмеңкені, Қарқаралыны көрсетем, – деді
Мұса Шоқан ойын қабағынан ұғынып.
– Нағашы аға, атекеме айтыңыз, мен сізбен барамын,
– деді Шоқан.
Бірнеше күннен кейін Мұса анадағы уәдесін орын-
дап Шыңғысқа, Айғанымға айтып, Шоқанды өзімен алып
кететін болды. Шоқанға күтуші болуға Тақырбастың өзін
ертті.
– Мұса мырза жиеніне жер көрсетіп, ел көрсетіп, бір
мырзалық істейін деген болар, барсын. Бірақ, шырағым,
Сапарғали Бегалин 4 том
86
сабағыңнан кешігіп қалып жүрме, – деп Шыңғыс балды-
зына әзіл, баласына ескерту айтты.
– Мұстапаның сараңдығын көлденең тарта бердің-
ау, өзгеге жол айтпасақ та, өз жобамызды білерміз, – деп
Мұса жездесінің сөзіндегі астарды шеше сөйледі. Арада
бірнеше күн жүріп, Мұса Қаракөлде отырған өз ауылдары-
на келді. Шоқанның құрметіне Баян елінің жұртшылығы
аз жиналған жоқ. Бәрі де жөнін сұрап, оқып жүрген жайы-
мен танысып, қуаныш етуде. Шоқанның үлкен кісілердің
кейбір сұрақтарына толығымен жауап айтып, кейбір жай-
ларда олардың өзі түсінбейтін жайын ажырата айтқанына
іштей таңдану да жоқ емес. Әлде сынағысы келді ме екен,
жоқ, өзінің аңғырт айтқыш әдеті ме екен, Сәттібай деген
Шорман ауылының белгілі қожасы:
– Мырза ауылы қаншалық өзімсінгенімен, ата тегі басқа
ғой. Қазақта мақал бар емес пе, «Жиен ел болмайды, жел-
ке ас болмайды» деген. Бұрынғылар білмей айтты дейсіз бе,
– деді. Қожа сөзін аяқтап, қасындағы бір ақсақалды адамға
бұрыла бергенде:
– Қожеке, «Жиен неге ел болмасын, малы болса, жел-
ке неге ас болмасын, майы болса» дегені де бар емес пе сол
айтқыштардың, – деді Шоқан байыпты қабақпен.
– Қожеке, сіз біздің Шоқанның үстіндегі кемзалы-
на қарап қазақша өзге шорқақ екен деп ойлап қалдыңыз
білем. Сірә, сол бала қазақ сөзін аңғарса керек, – деді Мұса
Шоқанның тауып айтқан жауабына разы болып.
Нағашы аулында біраз күн болып, Мұса жол жабдығын
қамдатып, Қоянды жәрмеңкесіне жүретін болды. Мұсамен
бірге келген Николай Потанин бір-екі күннен кейін өзінің
баратын жұмысына жүріп кетіпті. Салтанатпен жүруді
әдеттенген аға сұлтан Мұса Қаракөлден аттанарда ерек-
ше жабдықтатып, жол шатырын тиетіп, бірнеше нөкермен
жүрді. Жолдағы елдің сый-құрмет қонағасысына бөленіп,
жәрмеңке басына таяна келіп, шатырын тіккізді. Арқа
белдеуінің көк майса Балқашты өлкесі айдын шалқар қара
сор көлі, Қояндының қой бұйрат жатық белестері Шоқанға
жаңа көріністер елесін сездіреді. Әлі көшелі үлкен үйлер
салынбаған, ұйымдасқанына бір-екі-ақ жыл болған Қоянды
жәрмеңкесі қатарластыра тігілген қазақ үйлер тізбегімен
көше тартыпты. Сонау Ақмоланың, Қарқаралының сан
сұлулары ақ отауларда қымыз сапырып, қонақ аттандырып,
қала кәсібіне кіріскен елестер бар. Бірнеше жерде мал ба-
зары бар екен. Мыңғырған қойлар базары бір бөлек. Не
саңлақтарды ноқталап әкеліп тұрған дала шаруалары жыл қы
Сапарғали Бегалин 4 том
87
базарында дуылдатып жүр. Ала тақиялы өзбек саудагер ле рі,
қара хатипа киген ноғай абзилары балаған тізбегін құрып,
ұсақ-түйек саудасын жасап жатыр. Кең алапты көлең ке-
лі кенеп жаппамен шатырлап тастап, неше түрлі заттар ды
жайып салған орыс байларының шай, қант, кездемелері
де телегей теңіз. Мінеки, базар қызығы. Бұл сияқты базар
көрінісі Шоқанға алғашқыда думан болып көрінгенімен
тез зеріктірді. Ол, тек сонау қатарласа тігілген қазақ үйле-
рінен күмбірлеген дауыстар, шырқалып айтылған әндер,
өлеңдер жағына құлақ қойып, әрбір сарынын аңғарғысы
келеді. Бірақ олар арнаулы мәжіліс жыршысы емес, қымыз
қызуындағы ел арасының мырзасымақтарының шаш бауын
көтерген мадақшылар тәрізді сезілді.
– Нағашы аға, біз Қарқаралы қаласына қашан барамыз?
– деді Шоқан екі-үш күн өткеннен кейін.
– Немене, жәрмеңке думаны ұнамады ма, жалықтың
ба? – деді Мұса Шоқанға жымия қарап.
– Сауда істемеймін, сатар малым жоқ, ел билігінде
қатынасым жоқ, жалықпай қайтемін, – деді Шоқан.
– Иә, Шоқанжан, саған мына дуылдақ көңілсіз-ақ болар.
Енді бір күнге шыда. Осында бір Семейден келетін ұлықтың
бас қосуын күтіп отырмыз. Сол келісімен округтер шека-
расы жайлы сөзді шешіп алып, жүріп кетеміз, – деп Мұса
Шоқанға жүріс жайын ұғындырды.
Айтқанындай екі күннен кейін Мұса күткен ұлығына
жолығып, тосқан мәселесін шешті де, жүруге әзірленді.
Ертеңіне Мұса Қарқаралыға жүрді. Бұрынғы жолдас-
тарының үстіне Қарқаралы елінің кісілерінен бірнеше
адам ере шықты. Арыстаннан естуінен бері құмартқан
Қарқаралы тауының сұлу жаратылысына сүй сіне қара ға-
ны болмаса, Шоқан әлі тау жайынан ешбір әңгіме естіген
жоқ. Қарқаралының қаласы да ондай үлкен қала емес екен.
Ша ғын ағаш үйлерден бірнеше көше тарт қан округ орта лы-
ғы ғана. Сонау Қоянды басынан Мұсаға еріп шықққан бір
бай саудагер ноғай өз үйіне әкеліп түсіріп, барынша құр-
мет етіп жатыр. Тек сол ноғайдың айтуынан тау үстіндегі
«Шай танды көл» жайындағы аңыз ертегіні естіп, Шоқан со-
ны көруге құмартты.
Тауға шығуға бой сақтап Мұса бармады. Басшы алып
салт атпен Шоқан, Тақырбас екеуі барып қайтты. Жатық
жер дегі қаншама көлді көргенімен, мына сияқты тау жота-
сын дағы сыңсыған қарағай алқабына біткен мөлдір көлді
көргені жоқ еді. Әсіресе батыс оңтүстігіндегі тұңғиық қа
үңіле біткен жартас көл тұңғиығымен сырласып тұрған дай
Сапарғали Бегалин 4 том
88
аса бір ерекше жаратылыс сымбаты болып көрінді. Шығыс
солтүстік бетіндегі кішкене қуыстағы орысша жазулар,
аса ілгеріде жазылмаған. Тек кейбір тақтай тастар бетін де
ескіше таңбалар бар. Оларды Шоқан ажыратып тани алған
жоқ. Шоқан ойындағы Баян Қарқарасынан белгілі аңыз
болған еш нәрсе кездеспеді. Мүмкін, бұл күнде оны білетін
кісі де жоқ шығар.
Суыт жүріп елге оралған Мұса Шоқанды өзінің
пәуескесімен ауылына қайтарды. Бұрын көрмеген біраз
жерлерді аралап, бейтаныс елдерді көрген Шоқан өз ауы-
лына бірнеше жаңа ойлармен оралды.
Ол ауылға келісімен Қарқаралы тауының, тау басындағы
әсем көлдің көрінісінен бірнеше суреттер салды. Бірақ ол
суреттері өзіне ұнаған жок. Арада бірнеше күн өткендік тен
бе, кейбір көрініс елестері көмескіленіп қалыпты.
Шоқан келгеннен кейін, ауыл күзек қонысқа келіп қон-
ды. Шоқанның оқуға жүрер кезі де таянған. Өзіне арна лып
тігілген ақ үйде оңаша жататын әдетімен сәске түс кезін де
тұрып, далаға шықты. Ауылдың күндегі өмірі, біреулер ке-
ліп, біреулер кетіп жатады. Шоқанның бүгінгі көзіне түс ке-
ні – бір топ жаяу-жұлба киімді адамдар. Олар күндегі к е ліп
кететін салтанатты жұртқа ұқсамайды. Олардың ешкім нің
үйіне кірмей ұйлыға отырысы да өзгеше. Бірақ Шоқан ол
топқа айрықша көңіл бөле қойған жоқ.
Шоқан тамағын ішіп, әке үйіне сәлем бере кірді. Шың-
ғыстың қасында отырған қарынсау Ықылас биді көріп
сәлем берді. Ықылас белгілі жорғалығына салып:
– О, бәрекелді, «Атадан бала туса игі, ата жолын қуса
игі» деген, қандай жақсы айтылған. Шыңғысжан, мына
Шоқаныңыз, дәл өзіңнің Омбыда оқығандағы түрің бо-
лыпты да қалыпты. Тек өмірлі бол, шырағым, төре бала,
біз сияқты шал атаңа сәлем бере жүрсең болғаны, – деп
Шоқанға өзін тапсыра өйледі. Ықылас бидің неге осынша
жорғалай сөйлегенін Шоқан ажырата қойған жоқ. Ол өзінің
белгілі жорғалығы деп ойлады.
Қымыз сапырылып, мәжіліс біраз жай өздермен, әзіл
қалжыңмен аяқтала бергенінде, Шыңғыс:
– Ықа, сіз бір қарбаластау кезде келіп қалдыңыз.
Шоқанжан оқуына жүруіне әзірленіп, соның жол жабдығы
дегендей... – деп тоқтала бергенде:
– Иә, хан ие, балақтағы бит басқа өрмелеп, мына бір
Уақтың қара сирақ қаныпезерлері тапа тал түсте көліме
қолын салып, басынғандық істеп, мезгілсіз атқа мінгізді.
Тіпті келе қоямын деген ойым жоқ еді, сіз, әне бір балалар-
ды шақыртты деген соң, қой, «Бет көрсе жүз ұялады» де-
Сапарғали Бегалин 4 том
89
ген, өзім барайын деп келе қалғаным. Атамыз қазақ «істің
түйінін шешудегі кемшілік төрешіден болмайды. Айтушы өзі
аяқсытып алады» деуші еді ғой. Ана балалар шалалық етіп,
өзін жеткізіп айта алмас деп келдім,- деп Ықылас өзін үнсіз
тыңдап отырған Шоқан әлгі бір сыртта отырған жалаңаш-
жалпы топтың осы өзге байланысты екенін аңғарды.
– Иә, Ықа, тексере көреміз ғой. Қазан бұзар тентектерді
бетімен жібермейміз, – деп Шыңғыс өзінің баяу ойлы
көзімен Ықыласқа қарады. Ықыластың барбиған жалпақ
бетінде жағымпаздана мөлтеңдеген көз құбылысында сай-
рап тұрған сұрқиялық бар еді.
– Онда біз кеңсе үйіне барайық. Әлгі ұры балықшылар
сонда әкелінсін, – деп Шыңғыс ишарат білдіргенде-ақ,
Бейсен үйден шыға жөнелді.
Шыңғыс бастап кеңсе үйіне келген кісілермен Шоқан да
бірге келді. Аға сұлтан өзіне арналған орындыққа отырып,
іс тексеруге кірісті. Бағанағы топтанып отырған жыртық
киімділердің бір-екеуін ғана үйге кіргізді. Қалғандары
іркіліп кеңсе сыртында қалып қойды.
– Мына Ықаңды білесің бе? – деп бастады өзін Шың-
ғыс жаңағы кедейлердің ортасынан келген сиректеу көк
бурыл сақалды, арықтау ақ сары кісіге қарап.
– Иә, алдияр, бұл кісіні танымағанда кімді танимыз.
Арқамызда қамшысы ойнаса, аулымызға екі күннің бірінде
ақыр заман орнатса, – деп үлкен отты көзі қанталай ширыға
сөйледі әлгі адам.
– Қара, көліме басып қонып, бал татыған балығымды
жалмауыздай жалмап отырып, – деп Ықылас бетімен кие
жөнеліп еді, Шыңғыс:
– Ықа, аз сабыр етіңіз. Ол кісі жауабын айтып болсын,
– деді де:
– Сіздің атыңыз кім? – деді.
– Иә, алдияр, менің атым Әбіл болады. Мына Бұқпа ның
солтүстігіндегі аз ауыл Алшын боламыз, – деп елін де айта
кетті.
– Сіздердің біреудің көліне келіп сүзекті салатын қан-
дай еншілестіктеріңіз бар?
– Иә, алдияр, бас кеспек бар, бірақ тіл кеспек жоқ қой.
Өзіңіздің алдыңызды көріп, арманымды бір айтсақ деп
жүруші едік, бұған қолымыз жетті. Айыпқа бұйырма ңыз,
мен өз ауылымның мұңын айтайын.
– Айтыңыз, айтыңыз, – деп Шыңғыс жауап күтіп
қозғалып қойды. Шыңғыстың «айтыңыз» деген өзінің өзі
көңіліндегі бар есесін алып беретіндей болған Әбіл:
Сапарғали Бегалин 4 том
90
– Тақсыр, өзіңіз рұқсат еттіңіз, ұрыс-жанжалдың не-
ден туғанын түгел айтып көрейін. Мына сіздің оң тізеңізді
басып отырған Ықылас бидің аталары, Қарауылдың қара
көк қасқа жайсаңы ғой. Біздің атамыз, өзіңізге мәлім, хан
панасына келген көп төленгіттің бірі. Бізде ата қоныс, ар-
наулы жер еншіміз болмайды. Сонан сіздің қасиетті атаңыз
Уәлихан төренің рақымы түсіп, Ақсұраң биігіне Ақкөлді
қосып белгілеп берген екен. Суы балық, қыры биік біз
сияқты жарлы-жақыбайға күнелтер қоныс болыпты. Жазы-
қысы Ақкөлдің балығымен жан сақтап жүруші едік. Мына
Ықылас би сіз бұйырып берді деп, біздің көлімізді өзімізге
билетпей, екі жылдан бері басымызға сырық, малымызға
құрық ойнатып, күн көрсетпей қойды. Кедей жұрт, басқа
кәсібі жоқ, Ақкөлдің балығына сүзекі салып, ара-тұра
балық алушы едік. Осы жуырда екі балықшымызды соққыға
жығып, сүзекімізді тартып алып, зорлық етіп отыр. Сізге
айтқан арызымызбен шақыртқан соң, шұбай келіп отыр-
мыз. Қызыл қарын жас баланың қамы үшін күйзеліп келіп
отырмыз. Ендігі мархабат өзіңізде, – деп Әбіл қарт жылам-
сырап тоқтады. Шыңғыстың «Сөз тосыңыз» деген тыйы-
мынан кейін тырсиып отырып қалған Ықылас Әбілдің арғы
түбінен ала сөйлеген өзіне терісіне сыймай отырған-ды. Сіз
не дейсіз дегендей Шыңғыс енді Ықыласқа бұрылды.
– Алдияр аға сұлтан, сіз тыйым салған соң ауыз ба ғып
отырмыз. Мына Алшынның қу жақ даугері менен тағы
қоныс даулайтын түрі бар ғой, – деп ызғарлана сөз баста-
ды. – Ақсұраң, Ақкөл біздің ата қонысымыз болатын.
Сіздің атаңыз Уәлиекең біздің аталарымызға: «Маған аз
ғана ауыл Алшынды қайда қаңғыртамыз. Сендерге еншілес
етем. Көлдеріңнен балық аулап, күн көрсін», – деп қоңсы-
лық қа берген екен. Сонан біздің маңымызда қарақшы бо-
лып отыратын. Кедей көріп көліміздің балығын ау лауға
бетін қақпай жүретін едік. Кейінгі жылдары өз жеріміз-
ді өзімізден қорып, бауыр басып сөз көтерді. Атам ба ласы
өсіп, әлденеше ауыл болды, бәріне де қоныс керек. Енді
жөніңді тап дегеніміз рас. Жай айтқанға қаныпезер леніп
көнбеген соң, қол жұмсап, сүзекісін балалар алса ке рек.
Әсіресе би Бұзаубақ деген ақсақалға тілдері тигені өтіп
кетті, – деп, дау десе, даусы сембейтін қарынсау Ықылас
бәрін мөлдіретті де берді.
Шыңғыс біраз ойланып отырды да:
– Иә, Алшынның ақсақалы, сіздерге атекем біржо лата
жер белгілеп бермепті ғой. Мына ЬІқаңдардың атасы на
еншілес қарашы қылып беріпті. Жер иесі, көл иесі Қарауыл
Сапарғали Бегалин 4 том
91
атаңның баласы ғой. Рұқсат етсе, ағайындық етсе, сыйы-
сып отырасыздар. Егер іш тарлық етсе, бұл кісілердің ата
қонысына кім зорлық етеді, – деп өзін аяқтады. Алшынның
Әбіл қарты жер шұқып, көзінен жас сорғалап отырып
қалды. Әбілге ере келген екі-үш кісі де жер болып орында-
рынан әрең тұрды.
Екі жағының өзін де, әке кесімін де тыңдап отырған
Шоқан қайта-қайта Әбіл қартқа жалтаңдап қарап, әкесіне
наразылана көз тастады. Бірақ әке үкіміне қарсы келу-
дің, көпе-көрнеу Әбілдердің, анау жаяу-жалпылы шұбап
келген кедейлердің көріп отырған теңсіздігіне ара түсудің
есебін таба алмады. Оның бар ойы «мынау жерсіз,сусыз,
қоныссыз кедейлер қайда барып күн көреді, бұларға кім
көмектеседі?!»– деу болды. Ол осындай өзі шеше алма ған
жұмбақ ойымен сыртқа шықты. Сүйретіліп өздерінің жаяу-
жалаңаш тобына барған Әбіл қарт пен жолдастарының сан-
дала басқан аяқ алыстарына Шоқан сырттай бақылап қа рап
тұрды.
Шоқанның қалаға оралар кезі таянған.
Анадағы Мысыққа айтқан уәдесі есіне түсті. Шоқан
әкесіне сол туралы бұрын да бір айтқанды. Онда Шыңғыс:
– Мысықтың әкесі көнсе, тіпті жақсы болар еді. Ол бала
өнерлі, – деп Шоқан ойын қуаттаған. Сол ойын келіп тағы
да әкесіне айтты.
– Мен Мысықтың әкесіне шақыртып алып айтқа мын.
Ол баласын сенімен жіберуге ықтияр болған. Бірақ өзіңе
бір әурелік болмай ма. Оны орналастыру керек. Бұ рын-
ғыдай Сергей ағайың да жоқ, – деп Шыңғыс аса көңілді
бола қоймады.
– Қандай әурелігі болса да, өзім көрем, тек маған өзіңіз
қағазын жөндеп, әкесінен сұрап алып беріңіз, – деді Шоқан
батылдана сөйлеп.
– Жарайды, Шоқанжан, – деп Шыңғыс Бейсенді
жіберіп, Мысықтың әкесін де, өзін де аулына алғызды.
– Шоқанжан Омбыдағы ұстаздарымен сөйлесіп,
балаңды интернатқа орналастыруға келісіп келіпті. Шоқанға
серік болсын, әрі оқысын, қалай дейсің? – деді Мысықтың
әкесіне. Батылы барып, бірден жауап айта алмай:
– Алдияр, мен не айтайын. Шоқанжан қасына алам
десе, қидым. Мұнда жүргенде не көреді, – деп көзінің жа-
сын сүртті.
– Сен, сен өзің жыламай айт. Балаң оқу оқиды, білім
алады, адам болады. Мен балаңның барлық қағазын жазды-
рам. Кейін бір нәрсе деп жүрме, – деді.
– Алдияр, ықтиярыңыз, мен сөз етпеймін, – деді.
Сапарғали Бегалин 4 том
92
ІІ бөлім
ҒАЛЫМ ШОҚАН
Жетісу сапары
І
Генерал-губернаторды шығарып салуға келген жұрт-
шылық шағын пристань басына сыймайды. Мәрте-
белі ұлықтарының ұзақ та тосын сапарға шығуы қала
жұртшылығына аса бір ірі жаңалық болып танылған. Олар-
дың кейбір жағымпаздары: «Уа, жасаған ием, мәртебелі
мырзамыздың сапарын оң ет. Бұл өте қауіпті жол. Генерал-
губернатордың бүл жолға аттануы – асқан ерлік. Пат ша
ағзамға қызмет көрсетудің бұл бір ерекше үлгісі», – десіп
шу-шу етеді. Генерал-губернатордың алдынан бүрынырақ
келіп, өздерімен жүретін қошеметшілер тобына Шоқан да
келіп қосылған.
– Шоқан Шыңғысович, сіз келіп те үлгерген екенсіз. Біз
үлкен кісілердің ырғатылып үйден шығуын күтіп аз кешігіп
жеттік, – деп Вера мен Елизавета Шоқанға келіп «жол
болсын» деген жақсы ниеттерін айтып үлгерді. Қашан да
қауқалақтай бар ықыласымен Шоқанды сүйе амандасатын
Карл Казимирович, Екатерина Ивановналар да келіп жақсы
ықыластарын айтып жатыр. Оларға жалғаса Яков Петро-
вич, Екатерина Ивановна, Сергей Дуров, Ивановтардың үй
іші де келген. Олардың жылы, достық лебіздері бірінен бірі
асыра айтылады.
Біраздан соң ойқастаған үш арғымақ жегілген генерал-
губернатордың солқылдақ пәуескесі де келіп жетті. Алды-
нан тосып алған қошеметші топ тілектерін айтып, шуласып
жатыр. Көппен бірге Шоқан да өзі қолғанат болып еріп ба-
ратын бастығын әскери әдеппен қарсы алды. Фридрихс,
Корейериус, Кури сияқты чиновниктері өздерінің қара
қауым, алдындағы кісілікті айбаттарын мейлінше көтере
үстап, генерал-губернаторды қошеметтеп шығарып салуға
келді.
Сапарғали Бегалин 4 том
93
Өзіне арналған сәнді пароходтың жасаулы каютасы-
на Гасфорттың бәйбішесі кіріп, көріп шыққанша, паро-
ход жүру хабарын жарияламады. Осы бір саябыр кезде
Шоқанды шығара келген достар бөлек топтана өздерінің
достық ықыластарын, кейбір ойларын айтысып жатты.
Бір әредікте Сергей Дуров: «Мен Федор Михайло-
вичтен хат алдым. Ол Семейде ғой. Егер уақыт тапсаңыз,
жолығыңыз. Мұндағы жағдайларға ол ынтызар ғой, бәрін
айтарсыз. Және сізді көріп мәжілістессе, бір жасап қалады,»
– деп тансырма айтты. Гутковскийлердің, Капустиндердің
үй іштері: «Хат күтеміз. Ұмытпаңыз!» деген достық тапсыр-
маларын айтысты. Пароход гудогі беріліп, «жолаушылар
орындарына отырсын» деген хабар болған кезде. Шоқан
тағы да достарымен қайталай қол алысты. Үлкендерден
имене әдеп сақтай келіп хош айтысқан Вера қолын беріп.
Шоқанға қоңыр ұялы көзі мөлдірей қарап:
– Елизавета Карловна қарындасыңыз ғой. Оған хатты
жиі жазарсыз. Бізді де ұмытпаңыз, – деді. Вераның осы
бір назды үні Шоқанның құлағында көпке дейін сүйкімді
лебімен келіп тұратындай сезілді. Шоқан өз ойындағы сы-
рын ашып айта алмай, үнемі жүрегімен алысып жүретін
шыдамды қалпын бұл жерде де айнытпады. Бірақ Вераның
аз дірілмен созған қолын батылырақ қысып:
– Хатты сізге де жиі жазам, Вера Яковлевна. Ол жағы-
нан жәбірленбессіз, – деп жүрек толқынын зорға билеп
жымиды.
Пароход Ертістің ағынын өрлей жылжып жүзе баста-
ғанда, Шоқан орамалын бұлғап тұрған Вера мен Елизаветаға
өзгелерден бөлекше көз салды. Ол көпке дейін Вераның
жаудыраған үлкен қой көзінің жалынды жанарын көз ал-
дынан кетіре алмады. Пароход Ертіс өзенінің ағынын қақ
жарып, ақ айдар толқындарды шұбалтып біраздан соң
қаланың қарасынан көз жазды.
Ертіс бойын аздап көзі шалғанымен, ұзын арнасын
жүріп көрмеген Шоқан өз каютасына кірмей қойды. Мау-
сым айының бұлтсыз аспанынан тамылжыған ыстық күн
бар жылуын жерге мейірлене төгіп түр. Бірақ мол сулы
өзеннің арнасында пароход үстінен сондай бір майда қоңыр
жел лебі еседі. Оның үстіне арнасы кең асау ағынға еміне
өскен өзен жағасындағы жасыл тоғайлар, көк торын желек-
тей жапырақ шоқтарының суға көлеңкесін шомылдырып
созылып қалып жатыр. Өзеннің кей жерінде тоғай үзіліп,
биік аңсағайланған құзар жарлауыт едірейе пароходқа
жоғарыдан үңіледі. Ертіс бойына әлі ел көп қоныс теппе-
Сапарғали Бегалин 4 том
94
ген. Анда-санда казак-орыс селениелері көрініс береді.
Кей жеріндегі тырбықай тоғай ішінен мыжырайған қазақ
қыстауы да көрініп қалады. Осы көріністердің бәрі өзіне
алуан түрлі ой салған Шоқан күн еңкейе каютаға кірді.
Оның алдымен қолына алғаны жол дәптері болды. Бүгін
үлкен сапарға аттанған күнін, мына Ертіс бойын, бағанағы
достар бейнесін тегіс жазып қойды.
Семейге жеткенге дейінгі пароход үстінің тіршілік
көрінісі бір қалыпты. Тек кейбір елді аялдамаларға
тоқталады. Пароходқа отын алады. Пароход үстінің жүкші,
пеш жаққыш отшылары қызыл танау болып машинамен
арпалысады. Сондай бөгеліс кезінде жағаға келіп паро-
ходты тамашалаған жұпыны жүртты көреді. Су бойының
жұртшылығы пароходтағы жолаушыларға азық-түлік
базарлауға да жөнді жаттықпаған. Бірлі-жарым айран, сүт,
май әкелгендерінің бағасын айтуға да зорға батылы бара-
ды.
Шоқанға бұл жолдың бойындағы біраз әсер қалдырған
Семейге таянғандағы бір ерекше көріністер болды. Ертіс
жағасының тізеден келіп малтығып жатқан қызыл құмын
кешіп жаяу шұбаған орыс адамдарының жігі үзілмейді.
Олардың еркектері ұзын қара шекиенді сүйретіле киіп,
үлкен темір кресті мойындарына шынжырлап іліп төстеріне
салбыратып қойған. Ал әйелдері шаштарын тұмшалай ақ
жаулық салып, ұзын қара көйлек киіп, бөтелкеге құйған
суларын мойындарына аса шұбырып, үздік-создық, ерсілі-
қарсылы жүріп жатты.
Осы бір көрініске таңданған Шоқан, жол бойынан хабар-
дар кексе жүкшінің біреуінен сұрап еді, ол жымия күліп:
– Офицер мырза, сіз әулие судан хабарсыз екенсіз
ғой. Бүл осы күнгі Семей қаласынан жаяу сопыларға бір
күндік жерде, Ертіс жағасында, әулие су бар. Мына жаяу
шұбырғандар Семейдегі шіркеудің сопылары. Соған келіп
түнеп, су алып қайтады, – деп барлық білгенін айтып берді.
Осы көріністі Шоқан өзінің күнделік дәптеріне жазып
қойды. Мүмкін, ол минералды су шығар деп ерекше белгі
жасады...
Пароход Семейге келгенде генерал-губернатордың па-
роходпен келе жатқан хабарын алған, жаңа үйымдасқан
Семей облысының чиновниктері көтеріле келіп қарсы
алды. Алдын ала губернатордың жүрісін хабарлаған да,
оның көтермешілері: «Бүл кісі жай ғана губернатор емес,
ақ патшаның Сібір өлкесіндегі оң қолы, қалаларыңызға
кірерде шіркеулеріңізден ғибадат қоңырауын соғып құрмет
Сапарғали Бегалин 4 том
95
етіңдер», – деп арнайы ескерткен. Сол тәртіппен Семейдегі
тұңғыш шіркеуден соғылған қоңырау үні бүкіл пристань
бойын жаңғырықтырып, қаланы ғибадат азанына бөледі.
Мына сияқты құрметке көңілдене пароходтан шыққан
губернаторға: «Қош келдіңіз, мәртебелі ұлығымыз генерал-
губернатор мырза!» деп ұран тастады. Бас киімдерін алып,
бастарын тізесіне жеткенше иіп құрмет көрсетуде. Онсыз
да кеудесін жоғары ұстауға әдеттеніп алған мақтаншақ
Гасфорт кекірейе ернін әрең қозғап, аяғын аса маңызды
салмақпен басып, қошеметшілердің дегбірсіз сүйемелімен
сыртқа су жиегіне шықты. Семей пристаны өте қораш екен,
Гасфорт танауын көтере қарады.
Генерал-губернатордың қабағын бағып түрған Семей
облысының бастығы полковник Хоментовский генералды
қарсы алу құрметіне арналған өзін бастап:
– Генерал-губернатор мырза, кешірім етіңіз. Біздің
қаламыз жас, азды-көпті құрылысын жаңа ғана қолға
алған. Әзір көзге түсер көлемді сарайдан шоламыз. Мына
сіз көріп тұрған пароход тоқтар жеріміз өте жабайы, бұған
да дұрыстап үй орнатуға қысқа жіп күрмеуге жетпей жа-
тыр, – деп бір тоқтап, тағы да сөзін жалғады. – Сіздің
мына біздің қаламызды көріп, жай-күйімен танысуға мар-
хабат еткеніңізге біз аса қуаныштымыз. Осы бір жетімсіз
жайларымызға рахымды көзбен қарап, қамқорлык етер,
мырзаның қолын созар деп тұрмыз, – деп тоқтады.
Пароходтан түспей жатып алдынан жәрдемге алақанын
жайған Хоментовскийдің өзінен көңіліне полковниктің өзі
сұрамсақтыққа әдеттенген бе деген түсінік келсе де, «өзінен
үміт етеміз» деген сөзді есіне алып, мақтаншақ генерал-
губернатор бойын кеңге сала:
– Полковник Хоментовский мырза, құрметтеріңізге
рақмет, тілектеріңіз де ескерілер, – деп тоқтады.
Семейдің чйновниктерімен бірге генералдың құрметіне
қазақ, ноғай саудагерлерінен де келген аздаған адамдар
бар-ды. Соларға генерал-губернатордың айтқан алғысын
әрі бас жәрдемшісі, әрі тілмашы Шоқан қазақшалады.
– Семей шаһарының қадірлі ақсақалдары, генерал-
губернатор Гасфорт мырза, сіздердің алдынан шыққан
құрметтеріңізге аса разы болып алғыс айтып түр. Және
сіздерге мырзальқ қолын созуға лебіз көрсетіп түр, – деп
жеткізді. Татар, қазақ байлары да тақия, бөріктерін алып,
генерал-губернаторға разылықтарын көрсетті. Қонақтарды
әзірлеген қонақ үйге жеткізді. Шоқанға да бір бөлме
әзірлеген еді, өз үйіне ол да кіріп жайғасты. Ол күні арна-
Сапарғали Бегалин 4 том
96
улы қонақасыларына шақырған Семей чиновниктерінің
мәжілісінде болып, кешкілікте демалыс өтті. Келер күні
Гасфорт мырзаның ұсынысымен қаланың ішін аралап,
әрбір белгілі жерлерінде болды. Семей қаласы аумағы
тұтасып қалыңдамаған үйірім-үйірім бөлек топтар. Мыса-
лы күншығыс жақ шеті ноғай, шала қазақ бөлімдері. Батыс-
солтүстіктегі казак-орыс бөлімі. Ал облыстық мекеме нің
ай наласы – ұсақ дүкендер, школ, шіркеу сияқты көрнекті
үй лері бар. Сол тұсы өсіп келе жатқан тәрізді. Әсіресе әзір ше
көз ге түсер құбылысы абақты үйі екен. Сыртқы қорға нын
зәулім биік етіп, орта жерінен сығырайған тор көз кіш кене
терезелер қалдырыпты. Осы маңға жақын ескіден қал ған
үлкен тас қақпа тұр. Бір кезде бұл тас қақпа үлкен бал шық
дуалдан салынған көне қорғанның аузы болғанға ұқсай-
ды. Өйткені қақпаның айналасында ескі дуал іргелерінің
ізі байқалады. Сол сияқты көне қорғанның қоршауы ның
ішінде қайдағы бір құлаған үйлер орны, көне топырақ тары
дөңестеліп үйіліп жатыр.
Шоқанның бір зерттей қарағаны осы тас қақпа және
оның айналасындағы көне жұрт белгісі болды. Қаланың
Семей аталуының өзі – осы қорған ішінегі жеті шатыр-
лы балшық үйлер болғандығынан делінген дерек тапты.
Ол жеті шатыр бір кездегі көшпелі қазақ жоңғар елдерінің
бекініс етіп тұрғанын дәлелдейді екен. Шоқан күнделігіне
жазып қойды.
Шоқан генерал-губернатордың бас қолғанаты және
мына сияқты шығыс халқының уәкілдері көрінген жер-
де бастығының қасынан ұзай алмайды. Өйткені әрбір
сағат сайын қасында керек болады. Сондықтан ол Ду-
ров айтқан Федор Михайлович жайынан хабар ала алма-
ды. Ол үшін қаланы өз бетімен еркін аралауы керек, оған
мүмкіндік жоқ.
Бірер күн аралап қала жайымен танысқан генерал-
губернатор енді Жетісуға жүруге дайындалды. Күні бұрын
берілген тапсырма бойынша жаңа бекеттерге ат байла-
нып, жол бойының елі дүрліге хабарланып жатты. Қызыл
каймалы фуражкаларын қоқырайта киіп, қылыштарын
салақтатып, самай шашын будыратып ерсілі-қарсылы шап-
қылаған казак-орыс ұрдажықтары, жолдағы елді бөрікті-
ре құйындатуда еді. Мұндай кезде дала мүлде даурығып
кететін әдеті ғой. Әсіресе жаңадан ғана бағынған анайы,
бұйығы елге казак-орыстың қалпағы көрінгенде үрейлері
ұшып, естері шығатын.
Сапарғали Бегалин 4 том
97
ІІ
Генерал-губернатор мінетін пәуескеге жегілген аттар
үлкен паром қайықпен Ертістің «Заречной слабодка» ата-
латын оңтүстігіне өткізілді. Губернатордың өзін ерекше
жабдықталған желкенді қайықпен таңдаулы қайықшылар
алып шықты. Осы қайыққа Гасфортпен бірге мінген
Шоқан, тағы басқа чиновниктер де өзен қабағына шықты.
Жаңада орналаса бастаган слободка жатақтарының қайық
аузындағы жер үйлері мен шоқайтқан бөрене үйлеріне
Шоқан көз тастады. Мыналарды көргенде ол «Нағыз жарлы
жатақ осылар. Не қала болып кәсібі жоқ, не қыр болып малы
жоқ. Әйтеуір, бір күнелтуде» деген қорытынды түйіндеді.
Көп кешіккен жоқ, пәуескені көлденең тартты. Семей
чиновниктері жолға жетік басшыларын қосып, сол жер-
де хош айтысты. Шағыл қырқасының етегінен бөктерлей
түскен жам жолмен пәуеске және бірнеше тарантас арбалар
шұбатыла жортты. Тозаңытып есіліп жатқан боз топырақ
ат тұяғы, арба дөңгелегінен көтеріліп, будақ-будақ болып
шұбатылып, жолаушыларды біріне-бірін жақындатпады.
Жол бойындағы жаңа орналасқан бекеттерде ат жаңарта
отырып, генералдың көші Шар өзенін жағалай жортып
келеді. Алыстан белес берген Семейтау, Көкентауларының
тізбегін артқа қалдырып, ілгері баса берді. Генералдың
өзіне арналып жабдықтап алып шыққан жол шатыры, сулы
көгалды жерлерде тігіліп, даланың кіршіксіз таза ауасында
да демалыстар жасалды.
Мұндай демалыс кездерінде Гасфорт генералдың
тілдесер адамы – тек қана Шоқан. Ол көбінесе жер жай-
ына, ел жайына, қазақ ауылдарының көшпелі өмірлерінің
жайына әуестенеді. Сол кездегі тілхат боларлық жалғыз
жәрдемшісі – Шоқан. Гасфорттың мына сияқты саха-
ра өмірімен хабарсыздығы Шоқанға да өте тиімді. Ол
губернатордың кейбір сұрағын тереңдете талдап, біліп,
түсіндірме айту арқылы өзі де ел өмірімен кеңірек таныса
түсуде. Әсіресе әрбір белгілі бекет атырабындағы елдің ата
тегі, бұл тұсқа қай кезде келіп орналасқаны жайынан дәлсіз
де болса мағлұмат алады.
Сол тұстағы ел адамы дегендерді сұрап біледі. Ел
ішіне шыққан ұлықтардың зәбір-зорлықтарын қадағалап
ұғынады. Ол сияқты оған қиянатты жайды естігенде,
Гасфорттың құлағына сіңіре, би сала жеткізеді.
Шоқанға ұнаған таудың бірі – жол үстіндегі Арқат бол-
ды. Бүл таудың жаратылысы сондай қызықты. Шап-шағын
екі бөлек шың жартастан іргелескен Арқат тауы, әсіресе
Сапарғали Бегалин 4 том
98
«Күйме тас» сияқты сыпырық секие біткені, жинаған
жүктей жартасқа таңдана, қызыға қарады. Осы таудың
солтүстік сыртын ала шөгіп жатқан Орда тауы, онан әрі
ұзыннан желі тартып биік қырқаларын елестетіп Шыңғыс
тауының кенересі жатыр.
Алыстан белдеуленіп ақар-шақар шоқыларымен көлбеп
жатқан Шыңғыс тауын көргенде, ол өздерін бастап алып
жүрген адамдардан таудың неден Шыңғыс атанғанын
сұрады. Ол туралы ел аузындағы аңыз әңгімелерді
тыңдады.
Шыңғыс тауының биік қырқаларынан ереуілдеп
көрінген «Хан биігі» жайлы аңыз әңгімені айтқан кісі:
«Бұл шоқының хан биігі аталғаны, ерте кезде Шыңғыс хан
деген дүние жүзін алған үлкен хан болыпты. Ол кісінің өз
тегі монғол екен. Шығыс жақтағы елдерді жаулап боп, осы
көшпелі қазақ елдерін шабуға келіпті. Қара көпір үлкен
даңқпен келген Шыңғыс ханның, қолына көшпелі ел
қарсы тұра ала ма, соғыспай бағынып, алдарынан сыйлық
алып шығып, мына Орда тауына Шыңғыс ханның ордасын
тіккізіп құрмет көрсетіпті. «Біздің сізді ұлы хан тұтып бас
игеніміздің белгісі болсын», – деп, ел ағалары Шыңғыс
ханның өзін анау биіктің басына алып шығып, ақ кигізге
орап төбелеріне хан көтеріпті. Сонан сол биік «Хан биігі»
бүкіл тау сілемі «Шыңғыс тауы» атаныпты. Мына орда
биігі Шыңғыс ордасын тіккеннен «Орда» атаныпты», –
деп, өз білгенінше айтып шықты. Мұны да Шоқан өзінің
күнделігіне жазып алды.
Жол үстіндегі бұлақ бойына шатыр тігіліп, аққан су,
көкорай шалғын, таза ауада көңілдене бой жазып серуен-
деген Гасфорт Шоқанды өз қасына шақырды:
– Мен ана Омбы қаласынан келіп, Сібір атанатын
өлкенің жайын тек кабинетте отырып қана түсініп едім. Ал
жазылған географиялық мәліметтен болмаса, мына сіздің
елдің жерінен, тұрмысынан хабарсыз едім. Маған даланың
жаратылыстары, ауасы қатты ұнап келеді. Бүл жерлерде
бір кезде отырықшы елдер болды ма екен. Бізге әзірше он-
дай шаһар орны тұрған белгілер кездесе қойған жоқ. Осы
жағын сіз ана басшы қазақтардан сұрастырдыңыз ба?
Біздің экспедицияның мақсатының өзі осы бір жайларды
зерттеу ғой, – деп Шоқанға жүріс мақсатын ескертті.
Менмен, өзімшіл генерал-губернатордың мақтаншақ
мінезін әбден түсініп алған Шоқан елгезек қолғанат екенін
сездіргісі келіп:
– Ұлы дәрежелі генерал-губернатор мырза, мен
өз түсінігімше сіздің осы сияқты үлы мақсатпен
Сапарғали Бегалин 4 том
99
аттанғаныңызды ұғынғам. Және мен сияқты дала перзентін
бағынышты қызметкеріңіз етіп өз жаныңызға мархабат
етіп не үшін ерткеніңізді де ұғынғам. Сондықтан да мына
жол бойындағы әрбір қырқаның түбін қоныстаған ел жай-
ын, жер аттарына байланысты жағдайларды сұрастырып
келем. Сонау Еуропаның мәдениетті шаһарларының
қызығына бөленіп өскен сіздер сияқты ақсүйектерге мына
сияқты елі көшпелі, жабыраңқы даланың басынан өткені де
әуес қой. Сізге мына бір кешегі жолбасшы қазақтан сұрап
білген жайды айтайын, – деп Шоқан әрдайым қойнында
жүретін жол дәптерін алып, Шыңғыс, Орда таулары неден
атанғанын айтып өтті.
Шоқанның мына сияқты әр нәрседен көп мәлімет
туғызып, мән бере жазып келе жатқан ізденгіш жайына
разылана генерал-губернатор:
– Шоқан Шыңғысович, мен сізді жәрдемші етіп алу-
да адаспаған екенмін. Мына бір екі таудың атынан үлкен
тарихтың ізін аңғарғансың. Біздің жүріп келе жатқан жолы-
мыз Шыңғыс сияқты ұлы жауынгердің қанды соқпағының
ізі қалған жерлер екен ғой, – деп өзінің осы жолға кездесуін
де үлкен ізденгіштікке бағалап көтеріліп қойды. Генералдың
көкейіне жылт етіп кіре қалған мақтанды қабағынан сезген
Шоқан:
– Ұлы дәрежелі генерал-губернатор мырза, сіз осы
жолда сонау дүниежүзін жаулап қан жосылтып өткен
Шыңғыс ханның соқпағының сорабын жаңа көктеп өскен
шалғынды шөп басқанда, соны мекендеген елге, ұлы Рос-
сия патшалығының мейірбан достық кеңшілік мархаба-
тын алып, аралап келесіз, – деп бір жағы ажуа, бір жағы
көтерме сөзін айтты. Жас қазақ жігіті өзіме қолғанат етіп
ерткеніме мүлде қуанышты деп ұғынған Гасфорт Шоқан
сөзінің тереңдегі төркінін түсіне қойған жоқ. Ол қайта
мақтанып:
– Иә, Шоқан Шыңғысович, біздің жүрісіміз ұлы
кеңшіліктің лебін елге жеткізу ғой, – деп тоқтады.
Губернатор мырзаның тобы бөгетсіз жүріп отырып
Сергиополь деп атанатын Аякөз бекінісіне келіп жетті.
Көк шалғынға бөленген өзеннің бойына орналасқан
шағын бекіністе аз да болса қала тіршілігінің белгілері бар.
Әсіресе татар, қашқарлық саудагерлер селениесі көзге
түседі. Сонымен қатар казак-орыс атты әскер бөлімінің
тұрақты сақшылары да бар. Олар ұлы дәрежелі генерал-
губерна-торды барлық құлшылығымен қарсы алды. Осы
жерде біраз бөгеліп, бекіннің ішкі жайынан керекті ха-
Сапарғали Бегалин 4 том
100
барларды ұғынды. «Бұл тұстағы елдер ақ патшаның қол
астына қарағанға қуанышты, ешбір бұйрық, жарлыққа
кедергі жоқ», – деген бекініс басшыларының хабар-
лауын қабылдады. Бұл бекіндегі бөгеліс үзаққа созылған
жоқ. Әредікте Гасфорт Шоқаннан: «Аякөз өзенінің аты
неден қойылған және мағынасы қандай?»– деп сұрады.
Генерал-губернатордың сұрағына бұрыннан өзен жайымен
таныстығы жоқ Шоқан бірден айта алмады. Генералдың
сұрағы ой салған ол, жергілікті адамдардан сұрастырғанда
– «Ертеден келе жатқан атау ғой. Сірә, «Аякөз» дегені –
«аяулы, мол, құнарлы» деген өз болса керек» деп түсіндірме
алды. Оған өзі қанағаттанбаса да, губернаторға бір әре-
дікте түсіндірді. Осы қазақ даласына шыкқаннан бері бір
иесіз тәртіпсіз жатқан өлке көріп, менменсіген дарақы гу-
бернатор: «Не деген келісімсіз атау. Осындай ат бола ма
екен, ешбір оқиғаға байланыссыз. Осыған бір дұрыс ат ой-
лану керек екен» деп өзінің осы жүрген жолына ескерткіш
жасай жүруді ойлағанын аңғартты. Губернатордың ондай
өрескел ойын бұлтарыссыз түсінетін Шоқан:
– Сіздер сияқты үлы адамдардың аяғы баспаған жер
ғой. Жабайы халық өз түсінігінше атай береді де, – деп
жайма-шуақтады. Бұдан әрі өзен аты сөз болған жоқ.
Бұл атыраптың жайымен танысқан соң, тағы ілгері
жол тартты. Сонау бір бала күнінде Арыстан ақыннан
естіген «Қозы Көрпеш – Баян» жырындағы Аякөз өзені
осы екенін, осыдан салт аттыға ара күндік жерде «Қозы
Көрпеш – Баян» бейіті дейтін ескерткіш барын да сол
жердегі тұрғын адамдардан Шоқан сұрап ұғынды. Бірақ
генерал-губернатордың жүрісі аса суыт, ондай жолдан қия
баса бұрылар жайға мүмкіндік жоқ. Ол жерге соға жүргісі
келген ойын Шоқан сырлас бола қоймаған бастығына
айта алмады. Сөйтіп, көптен ойында жүрген аңыз жайын
қарастырар реті келмеді. Жолда Лепсі, Ақсу өзендерінен
өтіп, Матай қүмдарын, егін, су жазығын басып, бекет жо-
лымен жүрген генералдың көшімен Балқаш көлінің ай-
дыны қалыспай жарысты да отырды. Екі күн бойына
өздерімен жарысып шалқыған Балқаш айдынын жолаушы-
лар қызыға, ерекше тамашалады. Ол туралы талай ойлар
шертті. Қапал бекінісіне қанаттас «Тас» бекетіне жеткен
соң, Ақсудан алдан шығып қарсы алған Абакумов бастаған
әскери күтушілер осы жерде біраз аялдауды өтінді. Өйткені
енді Жоңғар тауының сілемі басталады. Осы «Тас» бекет-
тен Қапалға тура тартқан жол тек төтелігі болмаса қиын дау.
Алдымен бұл бір жол тосарларға бекін болған «Соркезең»
Сапарғали Бегалин 4 том
101
атанған, жай жүргіншіге қауіпті жер. Өйткені жол тар
ауыз, қыспақ шатқалды өрлеп жүреді. Екі жағы аспанмен
тілдескен зәулім жартас, ойында аз сулы бұлақша. Жол
сол бұлақшаны жағалап отырады. Сондықтан біз губерна-
тор мырзадан кешірім сұраймыз, бұдан жатық жолымыз
жоқ», – деп өтініш айтты. «Басқа жүрер жол жоқ болса,
онымен жүрмегенде қайтеміз. Оны да керіп өтелік» деген
генералдың разылығымен жолаушылар «Соркезең мен»
өрледі.
Айтса айтқандай, нағыз қатерлі жол екен. Алдынан тосса
да, артынан қуып жетсе де, жалтарар қалтарыс жоқ. Сына-
дай қысылып қана ат, арба жүретін бір ауыз жол. Әсіресе
жол тосар қарақшылардың деген қанды қақпаны.
Қыспақтан өтіп кезең үстіне шыққанда генерал делбе-
шілерге атты тоқтаттырып, пәуескеден шығып «Сор-
кезеңнің» айналасын шолып қарады. Осы жерде ерте-
де болған уақиғаларды сұрады. Тіпті арғы кезі былай
түрсын, осы жол түскелі болған бірнеше уақиға сөз болды.
Бекетшілердің өзін сан рет тонағаны, бірнеше казак-орыс
әскер адамына шабуыл жасап, жоқ етіп жібергені сөз бол-
ды. Осыларды естіген генерал-губернатор ойланып:
– Мына қыспақты бекітіп тастаса деп тұрмын. Аты да
келісімсіз екен. Анау шың басына жеткізе тасты құлатып
бітеп жіберсе, бұл бір жаңа қамал болар еді, – деп тоқтады.
Мына таудың шатқалын тасты құлатып бекіту, әзір ше
қолдан келмейтін қиындық. Және мына шатқалдан тура
аспай, жаңадан жол тауып, бекет салу да оңай емес. Осы-
ларды ойламастан бекін қорғаушыларына үлкен жұмысты
жүктеп тұрғанын сезген Шоқан:
– Густав Христианович, мұныңыз аса қырағы лық. Жол
қауіпсіздігін, халық қамын ойлағандық. Егер мы на бағы-
ныштыларыңыздың күші жетіп оны істей алса, қор ған
сіздің атыңызбен аталса деп ұсынар едім, – деп Гасфорт-
тың ақылға сыймас ұсынысын кекесінмен қостады. Оны
шынымен айтып тұр деп түсінген генерал:
– Ұсыныс кімдікі болса, атақ сонікі. Оған талас болуға
тиісті емес, – деп ажарлана қуаттады.
Аз бөгелістен көйін «Соркезеңнен» қозғалған жолау-
шылар Арасанның жылы сулы қаптарын басып, Қапал
бекінісіне келді. Алдын ала берілген тәртіп бойынша Қапал
бекінісінің жанындағы тапал ғана ғибадат үйінің жаны нан
орнатылған қоңыраулар қаңғыр-күңгір соғылып, құрметті
ұлы қонақтарын қарсы алды.
Сапарғали Бегалин 4 том
102
Жан-жағы зәулім биік шыңдардың қоршауында, сыл-
дыр қаққан күмістей таза сулы шағын өзеннің бойынан
келіп орнаған Қапал бекінісі нағыз әскери бекін болып
орныққан. Күйдірген қызыл кірпіштен көтеріңкі етіп дуал-
дарын биіктете салып, үлкен ңалалардың үлгісімен жасал-
ған. Қарауыл мұнаралары да келісімді орнатылған.
Бекініс бастығы, әғскери лауазымы орта дәрежелі
шенді, Абакумовтың өзі бастап, генерал-губернатордың
алдынан сонау Лепсі бекетінен қарсы шыққан. Сонан бергі
жол бойынан ұйымдастырылған салтанатты конақжай
құрметпен әсем сыйға бөлеп жатыр. Жаңадан ғана пат-
ша елшілері арқылы келісімге келіп, бағынуға бой ұрған
Жетісу өлкесінің де ақсақал, атқа мінерлері келіп, ел аты-
нан амандық айтысып жатты. Генерал-губернаторға та-
ныса келген ел адамдары «жарым патша» деп дәріптей
атап, адал ықыластарын білдіріп жатыр. Сонымен қатар
Қоқан хандығының бектері әлі де тиіп-қашқан шабуылын
тоқтатпай жүргенін айтып, оған осы бекіндердің үлкен ай-
бын болып тұрғанын да өз етеді.
Шоқан генерал-губернатор сәлемдесіп достық құрмет
көрсеткен қазақ адамдарының өздерін жеткізіп, оларға
губернатор мырзаның айтқан заңды лебіздерін аса жатық
тілмен жеткізіп отырды. Осындай танысу, пікір алы-
су сияқты арнаулы сәттер саябырлаған кезде, Шоқан
ел ақсақалдарынан осы атырапты мекендеген елдердің
ата тектерін, шежірелерін, қай заманнан мекендеп келе
жатқанын, негізгі кәсіптерін, ауа райына дейін сұрастырып
жазып алды. Бір әредікте жер жайына, тау, су аттарына
көшіп, «Қапал» деген таудың қайдан шыққанын сұрады.
Ақсақалдардың ішіндегі әрбір сұраққа түсінікті жауап тау-
ып отырған Байғозы Тіленші баласы дейтін шешен кісі:
– Шырағым Шоқан, өзіміздің ханымыздың нәсілі
екенсің. Қазақ өзінің мәнісін толық түсінер жас көрінесің.
Қазақ сөзінде «Қапал» деген жеке атау жоқ болар. Өйткені
қазақ өзінде қапа болу бар – қайғылы деген мағынада. Ол
жер атына қойылмайды ғой. Бұл жердің аты жер жаралып
су аққаннан «Қопалы» болатын. Оның аталу себебі – мы-
нау жатқан алқап қопа, ши, бір құнарлы қоныс қой, со-
нан айтылған болар. Мынадай сырттан келген төрелердің
тілі келмей Қапал деп атап, ылғи солай жазатын көрінеді,
– деп түсіндірді. Шоқан Байғозы қарттың ең аяғы жер,
су қанының жайы неден туатынына дейін жете түсіндіре
айтқанына разыланып:
Сапарғали Бегалин 4 том
103
– Қария, сіздің түсініктеріңізді жазып қойдым.
Айтуыңыз өте орынды, – деп тоқтады.
– Шырағым, төре сұлтан, біз ақ патшаға қалтқысыз
бағынамыз деп басымызды иіп отырмыз. Көпшелі болсақ
та, біз де көптен өмір сүріп келе жатқан халықпыз. Біз дің
өз тәртібіміз, елдік салтымыз бар. Мына жарым патшаңа
айтып, құлағына сал. Біздің елдік заңымызға, тіршілік
тұрмысымызға, жер, суымызға атты әскерін баса-көктетіп
ат ойнаттырып, еркіндігімізді тарылттырмасын. Және біз
ұлы халық деп бас иіп отырмыз ғой, тентек-тебізіне әділ
тәртібін айтып, әмір берсін, – деп тоқтады. Шоқанды жа-
қын тартып бар көкейдегі ел қамын шола айтқан Байғозы
өзін ел ақсақалдары мақұлдап: «Шырағым, бәріміздің де
тілегіміз сол» десті. Байғозы ақсақалдың сөзін де Шоқан
Гасфорт мырзаға толық жеткізді. Генерал-губернатор жа-
байы деп ойлап отырған қазақ адамдарының бұл сияқ ты
аталы сөз айтып, алыстан шолған тілегіне ойлана отырып:
– Біздің ақ патшаның кеңшілігі мол. Сіздерден бар лық
рақымын аямайды. Соны ауыз екі жеткізуге бізді әдейілеп
жіберіп отыр. Сіздердің ішкі халықтық жайларыңызға
ешкім зорлық етпейді, – деп тоқтады.
III
Қопалы бекінісінде бірнеше күн болып, атақты Жоңғар
тауының біраз жерін аралап, жер байлығын. тамашалап,
генерал-губернатор Верный бекінісін көруге аттанды. Жол
үстінде Ақешкі, Қарамола бекеттерін, Қаратал өзенше лерін
басып генерал тобы тынымсыз жүрді. Жол үстіндегі кез-
дескен мол сулы Қаратал, Іле өзендерін генерал-губерна-
тор айрықша тамашалап, олардың су байлығын жергі лікті
халық қалай пайдаланатындығын сұрастырды. Шоқан оған
арық салып, егін алатын кәсіп ретінде емес, әуес жайын да
балығын алатынын түсіндірді.
Жер жайынан хабардар адамдар осы өлкенің Жетісу
атануы жайлы түсіндірді. Балқаш көліне құятын: Лепсі,
Ақсу, Қаратал, Іле, Көксу және Тентек, Аякөз – жеті өзенді
тұрғын елдер «Жетісу» деп атайтынын айтысты. Алыстан
айдынын ғана көріп өткен Гасфорт Балқаш көлі көзінің
байлығының да осы жақта жатқанын аңғарып Шоқанға:
– Сол Балқаш көлін қай ел мекендейді? Онда паро ход,
су кемесі жүре ме екен? – деген жайды сұрауды тапсыр-
ды.
Балқаш көлін мекендеген халық көшпелі қазақ рула-
ры екендігін білетін Шоқан ол көлде пароход жоғын және
Сапарғали Бегалин 4 том
104
оның балық байлығын пайдаланып отырған кәсіпшінің де
жоқ екенін естіген. Өйткені көшпелі қазақ елінің негізгі
сүйенері – мал. Өзенді жерді қоныстағандары аздаған
дәнді астық егеді. Әрине, ол өз ойындағы топшылануын
Гасфортқа айтқан жоқ. Анықтап білуге уәде берді.
Генерал-губернатордың пәуескесі Іле өткеліне жеткен-
де, «Верный» бекінісінен келіп күтіп тұрған шен иелері
де алдарынан шықты. Солардың іріктеп дайындаған сәнді
жабдықты қайық жүргізушілері бастықтары орыс халқының
ырымын істеп нан, тұз алып шықты. Қазақтардан бір топ
адам келіп Диқанбай, Жайнақ сияқты ел ақсақалдары аттан
түсіп, қазақша қол қусырып сәлемдесті. Сусар бөркін ше-
кей киген бір жас жігіт ерекше сәнмен келіп сәлемдесті де,
Шоқанға жанаса беріп:
– Естуімізше, ханымыздың ұрпағы екенсіз. Сіздің мына
бастап жүрген ұлығыңыз – жарым патшаның алдына қазақ
дәстүрімен алып келген бір көк қасқамыз бар еді. Соны
көлденең тартып, ақ тілек айтуға рұқсат сұрап тұрмын, –
деді. Шоқан бұл жігіттің аты-жөнін сұрап алып, генерал-
губернаторға қазақ халқының жоғарғы орыннан келген сый
қонаққа көрсетер құрметінің үлкені жылқыдан көк қасқа,
қойдан ақ сарыбас айтып құрмалдық ететінін түсіндірді.
Сол ырымды істеуге рұқсат сұрайтынын жеткізді.
«Губернатор рұқсат етті» деген сөз құлағына тигенде,
әлгі рұқсат сұрап келген Шапырашты Сыпатай мырза өзі
бастап қос ноқтамен жұлқындырып жетектеген көк қасқа
дөненді губернатордың алдынан көлденең тартып ниет
сұрады. Гасфорт тамашалап қарағаны болмаса, ол ырымнан
хабарсыз ғой, келіп түрған ел ақсақалдарына Шоқан:
– Мына кісі мұндайды бұрын көрмеген адам. Сіздер
өз ырымдарыңызды істей беріңіздер, – деді. Шоқанның
айтқан тәртібін естіген ақсақалдар ішіндегі ең үлкен
ақсақалды кісіге бата істетіп, көк қасқаларын алып
жөнелді. Ел адамдары ақсақалының батасына қолдарын
жайып қауқылдай «қабыл болсын» деп шу етісті. Кейінгі
тұрған жиын жүрттың бәрі де шу етіп «қабыл болсын»
деген сөзді үн қосып айтқанын аңғарып қалған Гасфорт
Шоқаннан сол сөздің мәнісін сұрады. «Олар халық болып
сіздің ғұмырыңызға, бақытыңызға тілек білдіріп, тәңірісіне
құлшылық еткені» деп түсіндірді.
Осы сияқты ел адамдарының қарсы алған құрметіне
бөленіп, өзен бойының масасынан алыстатып қырға шығара
бір көгалға тігіп қойған сәнді үйлеріне түсіп қонақ болды.
Бір әредікте қырға шығып сейілдеген генерал-губернатор
Сапарғали Бегалин 4 том
105
Шоқан арқылы ел адамдарынан мына Іле өзенінің басы
қайдан басталатынын сұрады. Жер жайынан, осы тұстағы
елдің ата тегі жайынан көп әңгімелер айтқан Диқанбай деген
кісі Іле өзенінің басы Қытаймен шектес Алатау сілемдерінен
шығып, жолшыбайғы – Шарын, Шелек сияқты әлденеше
ондаған өзен бұлақтардың суымен молығып, Балқаш
көліне құятынын айтып берді. Диқанбай ақсақалдың мына
сияқты бір өзен арқылы бүкіл Қытаймен шектесіп жатқан
жер жайының шектерін, жаратылыс байлықтарын айтып
бергені Шоқанға үлкен табыс болды.
Осындай бір көңілді жағдайда Шоқан генералына:
– Генерал-губернатор мырза, сіздің әрбір елеулі нәрсені
тереңдей сұрастырып, оған үлкен мән беретініңіздің өзі,
біздің отанымыздың келешек шаруашылығына қандай
мүмкіндік боларын сабақтайды. Сіздің сұрауыңыз бойын-
ша жаңағы ақсақал қазақтан ұғынған мына өзен жайындағы
суреттемеден маған бір ой келіп тұр. Соны айтуыма рұқсат
етіңіз, – деп өтінді.
– Иә, Шоқан Шыңғысович, сіз ойыңызға келген сұра-
ғыңызды әрдайым қорғанбай сұраңыз, – деді.
– Мүмкін, менің бұл ойым қазір ертерек те болар. Бірақ
біздің Шығыс Түркістанға қатынасымызды жеңілдетер
еді. Мысалы, Балқаш көлінен жеңіл пароход жүргізіп Ілені
өрлесе, тура барып Шығыс Түркістан шегінен шығады.
Сонда ең төте жол осы болар еді. Біздің қазіргі Шәуешек
арқылы жүретін сауда қатынасы қауіпте тұр ғой. Құлжа,
Жәркент қалаларына қатынасымыз қыр жолымен сан қия
асулармен аса ұзақ жол кешеді. Ал мына су жолы әрі төте,
әрі жеңіл, жайлы пароходпен сауда мүлкі мол жеткізіледі.
Әрі арзанға түсетін жол, – деп тоқтады.
– Шоқан Шыңғысович, сіз менің ойлаған жобамды қалай
сездіңіз. Бұл бір тамаша жаңалықтың жобасы. Біздің бұл
жобамыз Россия патшалығының ұлы Азияның тың жатқан
Шығыс Түркістан сияқты өлкесіне сауда қатынасымызды
күшейтеді. Тура қатынас болады. Мұны Омбыға барысымен
қолға аламыз. Менің осы жолғы жүрісімдегі басты мақсат
осы сияқты жол табуымыз ғой, – деп сөзін түйді.
Генерал-губернатор Гасфорт аспанмен тілдескен Ала-
тау асқарының қойнауына жол тартты. Сол күні генерал-
губернатордың тобы жаңадан салына бастаған «Верный»
бекінісінің атырабына келіп, ат басын тіреді. Бекініс ба-
сындағы әскери қауым да генерал-губернаторды үлкен
құрметпен қарсы алып, әскери ізет көрсетті. Жаңа салына
бастаған қала бөлімдерінен ең таңдаулы деген үйді әзірлеп,
сый қонақты көмекшілерімен сонда түсірді.
Сапарғали Бегалин 4 том
106
«Кіші Алмалық» деп атанатын шағын өзеннің күншығыс
жақ қабағынан ірге тепкен бекініс орны генерал-
губернаторга ұнады. Әсіресе осы өзен бойын өрлеп барып
биікке көтерілер жердегі – «Шыбынды сай», «Көңілді
сай» және «Таз қара» қырқаларын аралап, үстіртте қарлы
асқардың белдеуінде отырған жайлау елдерін көрді. Әсіресе
осы өлкелердің белдеулерінде қаптай өсіп, сыныса біткен
балапан қарағайлар, онан төмен балақ сайлардың қабақша
қырқаларындағы жабайы алма ағаштарға губернатор тобы
аса таңдана танысты. Губернатор тобын осы қоныстармен
таныстырып жүрген қазақ Диқанбай деген кісі болды. Ол
Верный бекінісіндегі әскери басшыларға көп достық еткен
аса сенімді адам екен. Осы өлкенің жері, елі жайынан көп
мәлімет айтты.
– Мына Верный бекінісі салынғанға дейінгі бұл жердің
аты «Алмалық» еді. Өйткені осы бір алқапта жабайы алма,
өрік, шие, алмұрт деген жемістер аса қалың өседі. Сондықтан
жергілікті елдер «Алмалық» дейді. Бәрін аралауға сіздердің
уақыттарыңыз бола бермес. Теріскей Алатау атанатын осы
алқаптың әрбір бұтасы жемістің желісін тартып тұрады.
Тіпті жабайы алма ағашынан сау сайы жоқ, – деп тоқтады.
– Шоқан осы бір басшы болып, жер жайын шежірелеп
ұғындырған Диқанбай деген кісіден:
– Сіздің өзіңіздің қонысыңыз қай түста? – деп
сұрады.
– Біздің ата қонысымыз осы маң болатын. Мына бекін
түскелі азырақ ірге ауыстырдық, – деп тоқтады.
– Сіз мына шекарашыларға көптен араласасыз ба? –
деген Шоқан сұрағына:
– Осы бекін басталғалы істеп келем. Сіздер сияқты ел
көре, жер көре келгендерге басшы болып жүрмін. Өткен
жылы осында сонау Петремпордан Семенов Петр деген
орыс келді. Сонымен Ыстықкөлге дейін бардым, – деді.
Шоқан бұрын бұл жаққа орыс ғалымы келгенін естімеген.
Диқанбайдан ести сала ол кісінің қандай жағдаймен бұл
жақты аралап жүргенін Бутаков деген тілмаштан анықтап
сұрап, күнделігіне жазып алды.
«Верный» бекінісіне ұрымтал жақын айналаны, Алатау
атырабын біраз аралап, жер жайы ел жағдайымен танысқан
генерал-губернатор, енді Күңгей Алатау жағына шығып та-
нысуды ойлап: «соған баруға бола ма?» деген сұрақ қойды.
Тілмаш Бутаков:
– Баруға әбден болады. Өзім бастап алып жүрем, –
деді.
Сапарғали Бегалин 4 том
107
Генерал-губернатор Верный бекінісінен әрі басшы, әрі
көтермеші болып ерген әскери топтарымен Талғар, Есік,
Түрген өзендерін өтіп, Шелек өзенінің бойына келіп жетті.
Осы жерде губернатор тобы біраз тоқтап дем алыс етті.
Сол жерден Сөгеті жазығына шығып, Шарынға кететін
салаларға біраз сейілдеп, сонан Көртоғай өзегіне келді. Осы
жерлердің атынан, мекендеген елдерінің жайынан керекті
мәліметтерді алып, Кеген өзенінің бойына келді. Осы тұсқа
келгенде ізі қалған қорған орны, тоғандар кездесті. Кеген,
Қарқара, Сарыжаз бойларын мекендеген Ұлы жүздің Ал-
бан аталатын руының адамдары құрмет көрсетіп алдары-
нан шықты. Бұл елдердің ел билеуші сұлтандарын Сек төре
бастап әкелді. Қарқара өзенінің бойындағы тігілген үйлерге
түсіріп, сый қонаққа дәстүрлі құрмет көрсетілді.
Қарқара өзенінің бойындағы қалың елді, олардың
шаруашылығын сұрастырып танысқан генерал-губернатор,
аспанмен тілдескен Хантәңірі биігін де алыстан көрді.
Жолдағы көрген таулары мынау асқарға қарағанда
төбешік болып көрінді. Мына сияқты ғажайып жара-
тылыс шыңын мекендеген елдің барлық жай, күйіне әлі
түсініп жете алмаған Гасфорт бір әредікте Шоқанға: «осы
жерлердің бейнесін қағазға түсірсе, әдет-ғұрыптарын, дін,
кәсіп әрекеттерін ұқыптай жазып алса» дегенді тағы бір
қайталады.
Ол жағын өзі де аса құмартып жазып, кейбір жерлерді
қағазға бейнелеп отыратын Шоқан онан сайын шұғылдана
түсті. Бір әредікте Шоқан Кеген бойындағы Албан руының
бір ақсақалынан «Кеген» деген таудың қайдан шыққанын
сұрады.
– «Кеген» деген сөз қазақ сөзі емес. Бізден бұрын осы
жерлерді Жоңғар хандығы мекендепті ғой. Олардың елін
қазақтар қалмақ деп атайды. Сол елдің атауынан қалған
көрінеді. Ол қалмақ жұрты бұтқа табынатын яки суретке
сыйынып, соны тәңірі көретін көрінеді. Олардың тәңірісінің
суреті, мүсіні сақталатын, өздері құлшылық ғибадат ететін
үйлері болады екен. Ол үйде дінбасы молдалары тұратын
көрінеді. Ол молдаларының үлкенін «Геген» деп атайды
екен. Осы өзен бойында солардың «Гегені» тұрыпты. Сонан
өзен аты «Кеген» атанып кетсе керек, – деп түсіндірді.
Шоқан осы кісінің түсіндіруін толығырақ жа з ып алып,
Гасфортқа айтып берді. Шоқан Гасфортқа осы әңгі мені
айтқанда өзен бойында серуендеп жүрген кез еді. Қонақ-
тарға тігілген үйлердің сыртындағы көгалда бір топ қазақ
аңсақалдары күнбатысқа қарап намаз оқып жат қан-ды.
Сапарғали Бегалин 4 том
108
Жығылып тұрып, жерге маңдайларын тигізе сәжде етіп
жатқандарға таңдана қараған Гасфорт:
– Шоқан Шыңғысович, мына кісілер не істеп жатыр? –
деп сұрады. Шоқан өзінің түсінігімен:
– Густав Христианович, біздің қазақ елі мұсылман дінін
жаңада қабылдай бастаған ел. Олар күніне бес мезгіл намаз
оқиды. Мына оқып жатқандары түскі намаздары, – деп
түсіндірді.
– Бүл дінді олар қайдан қабылдаған? Кімдер таратып на-
сихаттайды? – деген Гасфорттың сұрағына:
– Бұл дінді таратушы, Бұхар, Хиуа, Ташкент жағынан
жіберілетін молда, қожалар. Және анада өзіңіз көрдіңіз
– Семей қаласында қазірдің өзінде жеті мешіт салынып,
айшықтар күнге шағылысады. Сондағы татар молдала-
ры арқылы тарайды, – деп діннің қазақ даласына тарала
бастаған салаларын айтып берді.
– Ал мына Бұхар, Хиуа, Ташкенттерге қатынасы жоқ
кезде, Семей қалаларына татарлар мешіт салмаған кез-
дерде қазақтар қандай дін тұтынған? – деген Гасфорттың
сүрағына Шоқан көп ойланып барып:
– Ислам діні таралмай тұрған кездегі Азия халық-
тары ның діні өте анайы болса керек. Біреулері отқа табы-
нып, біреу лері суретке – Будданың бейнесіне яки мына
қалмақтардың діні тәрізді бақсы құшнашқа сенген болса
керек. Көшпелі қазақ елі күні осы уақытқа дейін көп ші-
лігі намаз сабағын біле бермейді. Тек, қожа, молдалардың
үйретуімен дәрет алып, намазға жығылуды машықта нады.
Оның барлық шарттарын да біле бермейді. Ислам діні әлі
қазақ даласына мықтап орныққан дін емес, – деп тоқтады.
Шоқанның осы бір «ислам діні қазақ даласына әлі мықтап
орныққан дін емес» деген сөзі қанаттандырған Гасфорт:
– Шоқан Шыңғысович, сіз осы мұсылман дінінің
барлық шарттарын бір білетін кісіден анықтаңқырап біліп
алыңызшы, – деді.
– Густав Христианович, мен оны сізге қазір-ақ айтып
берейін, – деп өзінің ауылда Әбубәкір молдадан оқығанда
ұққаны бар және былай да қарастырғаны бар, бажайлап
айтып берді. Шоқанның айтуынан ислам дінінің тәртібін
әсіресе әйелдерге деген кіштімтайлы ережесін сөге
сөйлеп:
– Шоқан Шыңғысович, сіздің айтқаныңыздай болса,
бұл қолайсыз дін екен. Осындай қолайсыз дін өзінің уытын
жаймаған шағына кездескен екенбіз. Осы елге мына хри-
стиан діні мен мұсылман дінінің аралығынан тұрмыста ры-
Сапарғали Бегалин 4 том
109
на үйлесімді бір дін ойлап тауып берсе қандай жақсы болар
еді, – деп өзінің дін ойлап шығармақ пікірін сездірді. Гене-
рал-губернатордың басқан-тұрған жерінен өзіне ескерт кіш
қалдырып, жүрген ізін тарихтың белгілі соқпағы етпек бо-
латын шерменде қиялын ұғынған Шоқан:
– Густав Христианович, сіздің жаңалық ойлағыш, ізден-
гіштігіңіз – басқа шен иесі ұлықтардан өзгешелігіңіз. Егер
тұрмысына жеңіл де үйлесімді дін тауып берсеңіз, халық
қуана қабылдайды ғой. Мен сіздің осы ойыңызға байла-
нысты өзім оқыған бір жайды айтайын. Сіз өзіңіз де оны
жақсы білерсіз. Ақсақ Темір хан Үндістанды барып жаулап
алғаннан кейін онда өзінің әскербасы адамын сол елге сұл-
тан етіп қалдырған. Кейіннен Темірдің бір шөбересі Үндіні
қайта жаулап алып билеп түрған. Ол шөбересі мұсылман-
ша оқыған, мұсылман дініне жетік адам болатын. Сол кісі
Индия елінің бір тайпасына мұсылман дінін орнатып, атақ-
ты мешіт салдырған. Ол Бабұр-Әкбәр деген кісі. Оның аты
тарихқа әйгілі ғой. Қашан болсын ұлы адамдар ашады ғой,
жаңалықты. Бізде әлі күнге қара халықты сендіріп келген
бір аңыздар бар. Олар тәңірінің досы пайғамбарлар: мыса-
лы христиан дініндегілер Ғайсаны тәңірінің баласы да табы-
нады. Мұсылмандар Мұхаммедті тәңірінің досы деп соған
сеніп, соның дінін ұстанады. Еврейлер Мұсаны пайғам бар
етіп, соның дінін ұстанады. Сол пайғамбар дегендер де осы
сіздер сияқты есті адамдардағы. Тек қараңғы қауым алдын-
да өзінше жаңалық жасап, дін жобасын ойлап шығарған, –
деп тоқтады.
Шоқанның бүкіл дін тарихын әшкерелей айтып бергеніне
мүлде елірген Гасфорт, қазақ еліне жаңадан дін тәртібін ой-
лап табуға белін байлай, ұзақ сөйледі. Осы әңгіменің үстінде
қастарына келген әскери көтермешілер де «қандай тамаша
жаңалық болар еді», – десті. Мына көтермелеу онан сайын
желіктірген генерал:
– Шоқан Шыңғысович, сіз жас та болсаңыз қандай
көп зерттегенсіз. Шынында да, дін шығарушылар да осы
біз сияқты адамдар ғой. Бұл бір ойланып жобасын жасар
алдағы ісім болар, – деді. Шоқан мұндай сәті келіп біреуді
ажуа еткенде сұрғылт өңі жайнап, тек көзі ғана күлімдейтін.
Сол әдетін істеп, ешбір сыр бермей губернатордың ойын
қуаттаған болды.
Қарқара өзенінің бойына тігілген үйлерде болып, Ал-
бан руларының әрбір ата топтарынан келген адамдар-
мен сәлемдесіп генерал-губернатор екі күндей сол жерде
бөгеліс етті. Бұл кезде Шоқан сол рулардың шаруа жайы,
Сапарғали Бегалин 4 том
110
ру, тектерін анықтады. Сонымен қатар осы Албан рулары-
мен көршілес қырғыз елдерінің жайынан да біраз мәлімет
алды. Құлжа, Қашғарға мал апарып, ол жақтан керек-
жарақ әкеліп, саудамен ел аралайтындарға кездесті. Алты
шаһармен сауда қатынасын айрықша зерттеді. Олай қарай
асып баратын жол жайын да сұрастырды. Қырғыз елінің
«Ыстықкөлі» жайынан да осы елден сұрап, көптеген хабар-
лар естіді. Верный бекінісінен бері басшы болып ерген Бу-
таков әңгімелері де Шоқанға көп жаңа хабар берді. Әсіре-
се кадетті өзінен бір жыл бұрын бітіріп, шекара әскери
бөліміне кеткен досы Григорий Потаниннің хабарын да
осы кісіден естіді. Григорий Жетісу бойына келіп, шекара
әскери бөлімінде болыпты. Бұл кісінің айтуынша Григорий,
Қоқан бектерімен бірлесіп, Верный бекінісіне бірнеше рет
шабуыл жасаған Тойшыбек жасағымен айқаста болған. Со-
нан Шу өзеніне дейін барып қайтыпты.
Сонау Омбы қаласынан арнайы ұйымдастырылған
генерал-губернатордың экспедициясы – жаңада ғана
«бағынамыз» деп елші жіберіп, бас иіп отырған елмен жан-
жақты танысты. Азияның орталық қалаларымен қатынасар
жаңа сауда жолының долбарларын белгіледі. Осындай
мақсатпен аттанған генерал-губернатор дурмегі осы жерде
өз жүрістерінен біраз қорытындылар ойласты. Әлі де бұл
жақты көбірек қарастыру керектігін сөз етісті. Бұдан былай
қырғыз жеріне баруды губернатордың жол бастаушылары
лайықты көрмеді. «Ол жақты зерттеуге басқаша экспеди-
ция ұйымдастырылуы керек» десті.
Генерал-губернатор тобы Қарқарадан қайтарда қыр
жолымен Алтын Емелге, Сек төренің аулына дейін келді.
Осы жерден Гасфорт Қапал бекініне барып, өз атына
үлкен бекініс қорған жасатпақ болған «Соркезеңді» асып
Семейге қайтты. Шоқан Алтынемелде генералдан бөлінді.
Ол Жоңғар тауының «Демікпе» дейтін атақты Жоңғар
қақпасында болды. Алакөл, Тарбағатай тауларына соғып,
Жетісу өлкесінің Алтай жаққа созылған сілемдерімен та-
нысты. Генерал-губернатордан бөлінгенде Шоқанмен бірге
Жоңғар тауын, Тарбағатай, Алакөл бойларын аралауға Аба-
кумов бастаған бірнеше адам ерді.
Гасфорт сияқты «жарым патша» деп жаңғырықтыра
келген ұлықты көрмеген Жетісу елінің ішінде губерна-
тор жайында көптеген аңыз әңгімелер қалды. Әсіресе екі
таудың аңғарын бекітіп, қорған бекініс жасатпақ болғаны
генералдың өзі кетпей-ақ шекара әскерлерінің арасына
күлкі болып тарала бастаған-ды. Оның үстіне қазақ еліне
Сапарғали Бегалин 4 том
111
жаңадан дін шығармақ болған «данышпандығы да» ажуа
ретінде елге жайылды. Оны әскери ажуашылдар: «Гасфорт
дінінің» жобасы қандай болар екен деп күлісетін болды.
Шоқан Қапал бекінісінен ерген Абакумов баста ған
әскери басшыларды Лепсіден қайтарып, өзінің серігі мен
Аякөзге соқты. Содан орталық қазақ даласын – Қарқара-
лы, Баян, Көкшетау жерлерін аралап, ел ішінен көптеген ер-
тегі, аңыз әңгімелер, шежірелер жинады. Әсіресе қазақтың
бұрынғы көне билік жобалары, қалың мал, жесір дауы
сияқты ел ішінің көптеген әдет-ғұрып салтының тәртібін
аса тәптіштеп жазып алды. Сонау бала күнінен ойына орна-
ған қазақ даласын аралап танысуының бір саласын аяқта-
ған Шоқан күз түсе Омбы қаласына келді.
IV
Омбы қаласына келіп, өзінің қолжазбаларын біраз
тәртіпке келтіріп, сонау Алтын Емелде қош айтысқан гене-
рал-губернаторына сәлемдесуге келген, Шоқанды кең седегі
достары аса қуанышпен қарсы алды. Жалғыз-ақ:
– Сіз немене, генерал-губернатордан бөлініп, өз беті-
ңіз бен экспедиция құрдыңыз ба? – деп кекесінмен қар сы
ал ған Фридрихс генерал болды. Оған Шоқан қысылмай-ақ:
– Фридрихс мырза, мен өз алдыма экспедиция құрға-
ным жоқ. Генерал-губернатордың айрықша тапсырмасын
орындап, қазақ даласынан, сол елдің діні жайынан мәлімет-
тер жинап келдім. Сіз өзіңіз Гасфорт мырзаның жаңа лы-
ғынан хабарсыз екенсіз ғой. Ол кісі қазақ еліне жаңа дін ой-
лап шығаруға сөз байлап қайтқан. Соған сол барған Жетісу
елімен мына орталық қазақ даласын мекендеген елдің көне
дінінің айырмасы аса қажет қой. Біз соны жинап кешік тік.
Сіз генерал-губернатордың «ұлы идеясына» жеңіл қарай ды
екенсіз, – деп өзін састырды.
– Шоқан Шыңғысович, сіздің мына бір хабарыңыз
ерекше жаңалық қой, оны біз естіген жоқ едік. Мен сізді
жай өз бетімен жүріп қалды ма деп ойлаған едім, – деп
жайма-шуақтады.
– Естімесеңіз, хабардар болыңыз. Густав Христианович
сияқты ұлы адамдар жүрген жерінде ұлы із қалдырмаса, аты
мәңгі жасай ала ма. Ол кісі алыстан ойлайтын адам ғой, осы
жолдың өзінде бірнеше жаңалықтардың ізін қалдырды, –
деп Гасфорттың мақтауын күпсітіп қойды.
Гасфорт өзі Омбыға келіп біраз тыныққаннан кейін,
қол астындағы шен иесі көмекшілерінің қызмет тәртібі мен
танысқан. Сол мәжілісте чиновниктердің:
Сапарғали Бегалин 4 том
112
– Жүрісіңіз ойдағыдай сәтті болғанын естіп жатыр едік,
табысыңызбен құттықтаймыз. Бақытыңыз өсе беруіне
тілектеспіз, – деген жағымпаз лебіздеріне:
– Жақсы лебіздеріңізге алғыс айтамын. Шүкір, бұл ба-
рып танысып қайтуымыз өте сәтті болды. Тіпті ойда жоқ сан
түрлі жағдайлармен таныстық. Біз барып қайтқан Семей об-
лысы, одан арғы Жетісу өлкесі, әлі анайы қалыпта жатқан
елдер екен. Ана жас корнет Шоқан Шыңғысовичтің бірге
болғаны сондай жақсы болды. Ол өзінің туып өскен елінің
өмірін, тілін жақсы біледі. Сонымен қатар ол мына корпу-
сты бітіріп, үлгілі білім алған адам. Бізге сол елдің жайы нан
көп сыр ашты. Өте бір талантты офицер, – деп Шоқан-
ды ерекше мақтаған-ды. Әлі еңбегі сіңіп жаттықпаған қа-
зақ баласын генерал-губернатордың осынша көтерме-
лей мақтағаны күншіл Фридрихс сияқты чиновниктерге
ұнамаған. Фридрихстың Шоқанды кекете қарсы алуының
да себебі сол бір қызғаншақ күншілдіктің алапаты еді.
Шоқан Гасфорттың алдына әскери тәртібімен келіп
амандық айтып, қызметіне оралғанын хабарлады. Шоқанды
аса бір жылы қабақпен қабылдаған генерал-губернатор:
– Шоқан Шыңғыcович, қалай, жақсы жүрдіңіз бе?
Қандай жаңа мәліметтер жинадыңыз? Біздің осы жолғы ба-
рып қайтқан жолымыздың хабарын Петербург ұлықтары
да қызыға сұрастыруда.
– Густав Христианович, сіздің осы жолғы сапарыңыз ел
ішінде де үлкен жаңалық қалдырып отырды ғой. Сол сияқты
енді Россия патшалығының Шығыс Түркістан елімен сауда
қатынасының жаңадан төте жолын ашуы сөзсіз. Сондықтан
Петербург мырзалары да асыға күтетін болар.
Шоқанның мына сияқты өз ойын дәл басқан лебізі мақ-
тандырып жіберген Гасфорт онан сайын шал ыңқырап:
– Шоқан Шыңғысович, енді сіз мына кеңсенің ұсақ
жұмысын қойыңыз. Ана жақтан жинаған мәліметтер-
ді ғылыми тұрғыдан салалап жазыңыз. Жаңа бағынып
мойынсұнып отырған елдің жағдайына сәйкесті жаңа тәр-
тіп жобасын да ұмытпаңыз. Тағы бір есте боларлық нәрсе,
енді осы бастан ісімізді жемісті аяқтау мақсатымен әсіре се
нобайы байқалған Алтышәрмен сауда жолы қатынасы ның
әлі де зерттеле түсер жайын кеңірек түсіндіре жазыңыз. Ел
жөнінен бұрыннан айтылып жүрген жобалардың кемші-
лігін айқындай түсіңіз, – деді.
Генерал-губернатордың ақылшы болып айтқан уаси-
ятнамаларын Шоқан тереңнен түсінді. Гасфорттың өзін-
ше жаңалық ашқан болып, бұлардан бұрын ол жақты шо-
Сапарғали Бегалин 4 том
113
лып ғылыми ойлар жариялап жүрген адамдардың еңбегін
мансұқ етпек ниетін де байқады. Бірақ материалдарды
қалай қорытады, ол өз қолында. Еңбек өзінікі екені айқын.
Атын кім байланады, ол жағы белгісіз.
Генерал-губернатордың тапсырмасын алып, еркіндей
шыққан Шоқан Фридрихс мырзаға Гасфорт тапсырмала-
рын хабарлады.
– Генерал-губернатор өзі тапсырса, біз не дейміз.
Істеңіз. Бірақ ұсақ-түйек кемшілікті тізбектеп, ұлы жолдан
алған әсерді қоқсытпаңыз. Білесіз ғой, бұл өте жауапты іс,
– деп, бұл да ескертуін шымырлай айтты.
Шоқан осындай әмірлі тапсырмаларды алып, пәтер
үйіне келіп біраз тынықты. Ол Гасфорттың тапсырма-
сынан да, Фридрихстың: «ұсақ-түйекті тізбектеп» деп
ескерту істегенін қатты ауырлады. Фридрихстың оны
айрықша ескертіп отырғаны әншейін емес. Осы Батыс-
Сібір өлкесіне қарасты қазақ болыстарының жұмысын өзі
басқаратын Фридрихс, анау барып қайтқан елден есті ген
қиянат хабарың болса, оны аузыңнан шығарма деп отыр.
Ал Шоқан, елдің ішінен қырға шыққан патша чиновник-
те рінің қиянатын қылға тізіп, аса күйзеліп келген. Әсі ресе
ел есебін, шаруа есебін алуға шыққан экспедициялардың
қиянатын естігенде, төбе шашы тік тұрған.
Шоқан пәтеріне өзі жоқта жиналған журнал, газеттерді
қарап алды. Сонан кейін сонау Омбыдан аттанғалы тек
хат жазып қана амандық білдіріп отырған достарымен
дидарласуға кірісті. Ол алдымен Карл Казимировичтің үйі-
не келді. Алдынан есік ашып қарсы кездескен Екате рина
Ивановна Шоқанды өз баласындай мейірлене сүйіп аман-
дасып, Карл Казимировичке:
– Шоқан Шыңғысович келді. Мүлде сағынып қалып едік,
– деп сүйінішін айтты. Карл Казимирович қауқалақтап о
да құшағын жая әкелік жүрекпен амандасты. Тек Елизавета
ғана үйде болмады. Шоқанды қонақ бөлмесіне алып кірген
Карл Казимирович:
– Петр Петрович, танысыңыз, менің сізге айтқан азама-
тым осы еді, сәтімен жақсы кездестіңіз, – деді.
– Өте көңілді, – деп кең маңдайлы, шықшыт сақалы
желбіреген ақ сары кісі. – Петр Петрович Семенов, – деп
қолын берді. Семенов деген фамилияны естігенде, Шоқан
Верный бекінісіндегі Диқанбай мен Бутаков айтқан фами-
лияны есіне түсірді. Анық сол ма, жоқ па деген оймен:
– Петр Петрович, ғафу етіңіз, сіз Жетісуда, Ыстықкөлде
болдыңыз ба? – деді.
Сапарғали Бегалин 4 том
114
– Мен сізден сұрағалы отыр едім, жас офицер, Карл
Казимировичтің айтуына қарағанда сіз де сол жаққа барған
болсаңыз керек. Онда біз сапарлас болған кісілер екенбіз,
мен ол жаққа бір емес, екі рет бардым, – деп күлімдей
тоқтады.
– Е-е, Карл Казимирович, сізге айтып қойған екен ғой.
Мен сол Жетісу өлкесінен жуырда оралдым. Сіздің Верный
бекінісіне соғып, қырғыз Ыстықкөліне дейін барғаныңызды
өзіңізді бастап алып жүрген Диқанбай деген қазақ та, Бута-
ков та айтты.
– Олар өте дұрыс айтқан. Мен Петербургтан әдейі
арнайы экспедиция үйымдастырып бардым. Ол жақтың
жағдайы біздің елімізге өте қажетті болып отыр. Әсіресе
жағрафиялық ғылымға көп жаңалық табылатын өлке. Со-
нымен қатар қырғыз Алатауы, Ыстықкөл жайлы алып
қашты көп қауесеттер бар. Мына біздің батыс елінің
ғалымдары ол өлкеге ауыздарынан суы аға ұмтылады. Бірақ
оларға тереңдей кіріп кетуге мүмкіндік аз. Өйткені Хиуа
хандығы Шығыс Түркістанға христиан дініндегі елдің ада-
мын өткізбейді. Бір кездегі Қытайдан Шығыс Түркістанды,
Жетісу өлкесін басып Батысқа баратын жібек жолы бұл
кезде топырақ басып, соқыр сүрлеуге айналған. Әсіресе
Батыс елдерінің Азияға істеген озбырлық қылықтары да
халық арасын жауластырып, пәле себуде. Сонымен қатар
дін қоршауы да аз кедергі емес, – деп Семенов біраз ойла-
нып қалды.
Ол кісінің өзін байыпты тыңдап, әр алуан ой жүгіртіп
отырған Шоқан:
– Петр Петрович, сіз тау қырғыздарының қай-қай
жерлерінде болдыңыз? Алтышар жаққа соққан жоқсыз ба?
– деп сұрап қалды.
– Шоқан Шыңғысович, мен қырғыз Алатауының
біраз жерін араладым. Әсіресе менің көп қарастырғаным
Ыстықкөл маңы болды. Өйткені атақты ғалым Алек-
сандр Гумбольд деген кісі Ыстықкөл маңында, Құлжа
қаласына жақын жерде жанар тау бар деп, соны бүкіл ба-
тыс ғалымдары болып іздестірген еді. Мен көбінесе соны
анықтауға көңіл бөлдім. Ол маңда жанар тау жоқ. Тек,
аспанмен тілдескен Тянь-Шань тауының үстіртінде атақты
Ыстықкөл бар. Ол көлді жан-жақты қарастырдым. Деген-
мен тілін білмеген, әдет-ғұрыптарына бейтаныс елді тілмаш
арқылы тілдесіп зерттеу аса қиын. Және біз барған тау
қырғыздары екі жарылған өзара бітімсіз жау. Бір жағы Рос-
сия патшалығының қол астына кіруді мақұлдайды. Сіздің
Сапарғали Бегалин 4 том
115
туыстарға үн қосады. Ал бір жағы Хиуа хандығымен қол
ұстасып, Россия уәкілдеріне қолдан келген қастығын ая-
майды. Сондықтан ондай алысып отырған елдің ішінде
басқа ұлттың адамының жүруі аса қауіпті. Біз тек Верный
бекінісінен алған шекаршылардың қорғауымен аралап
отырдық, – деп сөзін аяқтады.
– Петр Петрович, сіздің айтып отырған ғалымыңыз
Гумбольд қазір бар адам ба? – деген Шоқан сұрағына:
– Бар адам. Қазір қартайған. Ол кісімен мен екі рет
кездестім. Неміс ғалымдарының ішіндегі әлем сырына, жа-
ратылыс ғылымына аса жүйрік адам. Араламаған жері аз.
Оңтүстік Америкада да болған. Орал, Алтай атырабында да
болған. Сіздің қазақ даласын да аралаған. Каспий теңізінде
де болған адам. Бара алмаған жері – алып қашты сөзден
естіген аспанмен тілдескен Алатау алқабындағы жанар тау.
Бірақ ол кісі бармағанмен біз бардық. Онда жанар тау жоқ,
– деп тоқтады.
– Сіз, Қашғармен сауда араластыруға біздің Россия
елінің төте жолы қай бағытпен жобаланса дұрыс болады,
осыны байқадыңыз ба? – деген Шоқан сұрағына:
– Мен, әрине, Алтышар, Қашғар қатынасы жайында
қарастырдым. Бірақ оның нағыз сенімді қауіпсіз жолын дәл
айту қиын-ақ. Тек, сол Азияның өз адамдары арқылы бол-
маса, басқа ұлттың адамына аса қауіпті, – деп тағы да өз
қорытындысына келді. Шоқанның мұны сұраудағы мақсаты,
өздерінің жинап қайтқан материалдарына қатынасты
ойластырған жобаларына қандай тиімді ой айтар екен де-
ген пікір еді. Оған Петр Петрович Семенов айрықша бағыт
нұсқаған жоқ.
Шоқан Гутковскийлердің үйінде атақты ғалым Се-
меновпен кездесіп танысқаннан кейін, ғылым жолына
бұрынғыдан да құштарлана түсті. Өзінің экспедициядан
жинап қайтқан мәліметтерін қорыта, түйіндеген ойларын
тереңдете түсті. Сонымен қатар Гумбольдтің тағы басқа
сол сияқты жиһангез әлем сырын зерттеген ғалымдардың
еңбегін іздестіріп, біразын қолына түсіріп те алды. Сол
Гутковскийдің үйінде кездесіп, шын ықыласпен танысқан
Семенов өзі Омбыдан аттанғанша Шоқаңды көзінен таса
етпеді. Үнемі байланыс жасап, ғылыми ақылшы болып
алды.
Шоқан жұмысын біраз ыңғайлағаннан кейін
Капустиндердің үйіне келді. Олар да сағына көрісіп
мейірлене мәжілістесті. Тек бұл үйдің ішінен Шоқанның
кездестірмеген адамы Вера Яковлевна болды. Әрине,
Сапарғали Бегалин 4 том
116
Шоқан бірден Вера Яковлевна қайда деп сұрап, жеңілтектік
істемеді. Алдымен салмақты амандасып, өзінің ұзақ жүріп
қалған жайларын айтып, сабырлы отырды. Вера жөніндегі
сөзді Екатерина Ивановна өзі бастады.
– Шоқан Шыңғысович, сізге Вераның кейінгі хаты
барған жоқ па? Ол Петербургқа жүрерде хат жазып еді ғой.
Менің байқауымша ол хатты алмаған сияқтысыз.
– Ғафу етіңіз, Екатерина Ивановна, Вера Петербургқа
жүріп кетті ме? Онда оқуға барды ма? – деген Шоқан
сұрағына:
– Шоқан Шыңғысович, сізге Вера айтқан жоқ па? Пи-
тербургта Вераның нағашы ағасы бар ғой. Сол кісі «Вера-
ны Петербургта оқыталық, маған жіберіңдер», – деп сұрап
жүрген. Сол нағашы ағасы: «Вераны түсіретін оқу орнына
келісіп қойдым, тез жіберіңдер», – деп телеграмма беріп,
жіті шақырып алды. Оқуға түскен хатын күтіп отырмыз, –
деп Екатерина Ивановна Вераның Петербургқа аттанған
жайын айтып берді.
– Кешірім сұраймын, Екатерина Ивановна, ол Вераның
нағашы ағасы сіздің ініңіз бе, ағаңыз ба? – деген Шоқан
сұрағына:
– Ол менің інім. Дмитрий Иванович Менделеев. Ол кісі
ғылыммен шұғылданатын адам, – деді.
Шоқан Менделеевтің атын бүрыннан естігені бар-
ды. Бірақ қандай ғылыммен шұғылданады, оны анық тап
білмеген-ді. Әсіресе Верамен сан рет әңгімелесіп жүр ген де,
бұл туыстары жайынан сұрастырып білмеген-ді.
Омбыдағы достарының біразымен кездесіп, жүріп
қайтқан жағының жайын, әсіресе Гасфорт мырзаның
жүрген жеріне өзіне ескерткіш белгі орнатқысы келетін
даңғой қылықтарын кейде күйіне, кейде ажуалай әңгімеледі.
Бұл жағынан оның көп әңгімелескен досы Сергей Дуров.
Ол Шоқанға осы жолға аттанарда-ақ:
– Сіздің генерал-губернаторыңыз тек қана есерсоқ
емес, орыс патшалығының барлық есуастық зұлматының
айнасы. Ол бір ғана Гасфорт бойындағы өрескелдік емес,
бүкіл мемлекеттік тәртібіміздің жүйесі, – деп сипаттап еді.
Шоқан осы сапарында, Дуров досының айтқан пікірінің
айна-қатесіз бейнелерін көріп қайтты.
Шоқан жүрген жолынан жинаған мәліметтерді жан-
жақты ғылыми тұрғыдан жазып жинақтады. Оның ішінде
Гасфорт арнап тапсырған қыр халқының әдеті, діні жайы-
нан көп нәрселерді талдап қағазға түсірді. Осы жазу үстінде
Шоқанның ақылшы жетекшісі Петр Петрович Семенов
Сапарғали Бегалин 4 том
117
болды. Ол Шоқанға өзі орыс тіліне аударған Риттердің Азия
халқының жер байлығын пайдалану жайындағы еңбегін, со-
нымен бірге Гумбольдтің жиһанкездік еңбектерін беріп та-
ныстырды. Осы сияқты тамаша дос тапқан ІІІоқан ғылымға
көзі ашылып ынтыға түсті.
Шоқанның жүріп қайтқан сапарынан алған ғылыми
деректеріне Петр Петрович Семеновтың мына берген
кітаптары қосымша ұйтқы болды. Шоқан жинап қайтқан
мәліметтерді жазып бергенде, танысып шыққан генерал-
губернатор сондай қуанды. Гасфорттың өзі ойлаған топ-
шылауынан әлдеқайда терең екен. Өздері естіп бара алмай
қайтқан тау қырғызының өмірі, Ыстықкөл сияқты ерекше
жаратылыс ғажайыбын тездетіп анықтап білу өте қажеттігін
айқындай түсіпті. Шоқанның өзімен бірге жүргендегі
алғыр да білімді қызметіне разыланған және мына жазып
берген еңбегінің ерекше құндылығына сүйсінген генерал-
губернатор оның қызмет орнын жоғарылатып, поручик
атағын бергізді. Сонымен қатар Шоқанды Петербургтағы
осы экспедицияны ұйымдастыруға басшылық еткен ме-
кемеге де мақтап хабарлады. Солардың сұрауымен Гас-
форт экспедицияның хабарламасын және бұрынғы
баяндаманың да көшірмесін жібертті. Бір жағынан Шоқан
жазған, жинаған мәлімдемелер арқылы өзін де жоғарғы
жерге мақтана жеткізе, Шоқанды да көтермелеп қамқоршы
болып алды.
Жүріп қайтқан жолы жемісті болып Сібір өлкесінің
билеушісіне сенімі артқан Шоқан еркіндей ғылымға керекті
жайларға көп көңіл бөлді. Сол жылдарда Орынбордың
губерниялық ведомствосында басылған В.В.Вильяминов-
Зерновтың «Қырғыз-қайсақ халқының Қоқан хандығы
кезіндегі тарихи мәліметі» атты еңбегін жаздырып алды. Со-
нымен қатар бурят азаматы Доржи Банзаровтың еңбегімен
де осы кезде танысты. Ол осы бір кезде Азия елінің жайынан
жазылған еңбектердің қандайын болсын тауып, танысып
отырды. Фин халқының жас ғалымы Кастронаның «Россия
қол астындағы Азия халқының тіршілігі» деген еңбегімен
де танысып өтті. Сол сияқты Шоқан якут халқының өмірін
зерттеп, ауыз әдебиетін жинаған Николай Чижовтың
еңбегімен танысып, якут тілінің қазақ тілімен тұқымдас көп
ұқсастығы барлығын да кездестірді.
Әсіресе өзінің туған елінің, онымен қанаттас тілі,
әдеті-ғұрпы тұқымдас елдің тіршілігіне деген ынтыза-
ры күшейді. Олардың бәрін салалап тереңдей жазуға
қолындағы дәлелдемелер әлі аз. Көбінесе танысқан жайла-
Сапарғали Бегалин 4 том
118
ры біреулердің жазғаны. Өз көзімен көріп, анығырақ жете
танысуға құштар-ақ. Осындай терең ойға қанат қақтырған
Петр Петрович Семенов еді. Барнаулға жүрерде Шоқанға
ерекше бір ой салды:
– Мен мына генерал-губернаторыңа бір жайды
тапсырғалы отырмын. Ол – ана Алатаудың күнгейін ме-
кендеген қырғыз елінің жай-күйімен жете танысу. Және
олардың біздің Россияның қол астына қосылуға ынтала-
нып отырған руларынан қол үзбей қатынасты күшейту.
Сен сияқты сол елдің тілін, әдет-ғұрпын білетін адам-
дардан ғылыми экспедиция жіберу. Егер ол кісі осыны
ұйымдастырса, сен дайын бол. Өте қажет. Онда бізбен де
байланысың күшейеді, – деп ақыл айтты.
– Ондай ұсыныс болса, мен дайынмын. Ал, сіз, осы
ойыңызды аяқсытпаңыз, – деп Шоқан Семеновтың қолын
алды.
Шоқан Карл Казимировичпен екеуі Гасфорттың өзіне
сөйлесіп, жаз шыға Дуровтың қырға шығып дем алуына
рұқсат алды. Әрине, Дуровтың қырда танысы жоқ. Жүдеу
досын Көкшетау жайлауына таза ауа, қымызға жіберуге,
аулына Шоқан өзі хат жазып, хат күтіп отырғанды.
Қолжазба қағаздарының әрқайсысына үңіліп отырған
Шоқанның есігін біреу қақты. Есікті ашып жіберіп «Гри-
ша!» деп бас салған Шоқанды әскери киімімен о да қаусыра
құшақтап: «Шоқан досым!» деп біраз қысып түрды. Екеуі
құшақтарын жазып, амандық сұрасты.
– Григорий Николаевич, мүлде жауынгер офицер болып
алыпсың ғой. Қайда жүрген жайыңнан хат та жазбадың, –
деген Шоқан кінәсына Григорий:
– Менің жүрген жерімде жүрсең, сен де хат жазбайсың.
Сен генерал-губрнатордың кеңсесінің бұрышынан орын
алып, китәбия чиновник болып отырсың, – деп о да өзінің
достық әзілін айтып жығынды болар емес.
Шоқанмен алғашқы әңгімелесе бастағанда әлдеқалай
ғылыми қиялдар естіп, Григорий Николаевич өз құла ғына
өзі сенбегендей боп отырды. Ол Шоқанның шағын бөлме сін-
дегі кітаптарын көріп, аз уақыттың ішінде мұншалық құнды
кітап жинап алғанына таңданды. Әсіресе оның таңдан ға ны
Сергей Дуровтың Шоқанға сыйлай берген кітаптары бол-
ды. Ол кітаптар жайлы Григорий хабарсыз еді.
Атақты петрашевтардың қолжазба еңбектері өз алдына
бір ерекше дүние.
– Шоқан, сен патшалы Россияның бүкіл Сібір өлкесін
билеп отырған бас мекемесінде чиновник болып істеп
Сапарғали Бегалин 4 том
119
отырып, мына сияқты әдебиеттерді қолжазбадан жинап
табынасың, – деді. Мұны Григорий Шоқанды кінәлай
айтқан жоқ. Бір жағы әзілі, бір жағы кітаптардың мазмұнына
әлі мойындамаған атүсті қарағандығы да бар еді.
– Григорий, кешірім ет, сен анау анайы, қарусыз ба-
сын иіп, мойнын төсеп отырған бейкүнә қазақтарға қамшы
үйірген шекарашылардың даңғаза айқайына әбден құны-
ғып алып, әдебиет, ғылым дүниесінеи тосаңсып қалған сың
ғой. Мына сияқты халық қамының қайраткерлерінің асыл
ой-пікіріне әлі де үрке қарайсың ба?
Әй, білмеймін, әзірше ондай зар заман пікірден гөрі,
мына езілген халықтың бүгінгі тіршілігін дұрыстау жолы-
на қызмет істеу керек. Сіздің ел сияқты екі оттың ортасын-
да талан-таражға ұшырап отырған елді ана Азия түнегінен
аршып алып жарыққа сүйреу керек, – деп өзінің шека-
ра шылар тобында жүргендегі қоқандықтармен айқа сын
Жетісу елін жарыққа сүйреу деп санайтынын айтты.
– Григорий, сенің бүл пікірің өте дұрыс. Бірақ Азия
хандықтарымен бүгінгі Россия қанаушыларының халық-
қа істер зәбірінің айырмасы аз. Тек, Россия, мына сияқты
зиялы қауымының халық қамын алыстан ойлап жүргізіп
отырған күресі игілікті жол. Оған сен атүсті қарама!..
Шоқанның кейінгі сөзіне Григорий қарсы дау айтпай,
екеуі басқа әңгімеге көшті. Олар сонау корпуста оқып
жүргендегі жиһангездік жүрісті аңсайтын жайларын тағы
қозғады. Ол жөнінен екеуі де ұлы мақсаттарының баста-
масын қолдарына алған тәрізді. Әсіресе екеуі екі түрлі жай-
мен болса да аспанмен тілдескен Алатау өлкесін, бір кездегі
жұмбақтай көрінген қазақ даласының біраз жерін көріп
танысқан. Ұлы мақсаттары алда, осыны ойласты.
– Григорий, Омбы қауымының кейінгі жылдардағы
өмірінен хабарың аз шығар. Сенің ана Жетісудағы ат үс-
тінде құйғыта шапқан екпінің қаланың қамау көшесіне иліге
алмай отыр ғой. Онда сені мен кейінгі жылдарда тапқан жа-
ңа достарыммен таныстырайын, – деп Шоқан Григорийді
Дуровтың үйіне ертіп келді. Шоқанның сұрауымен кеңсе
қызметінен босап, Көкшетауға жүруге әзір отырған Сер гей
Дуров Шоқан досын қуана қарсы алды. Шоқан таныстыр-
ған Григорий Николаевич Потанинмен танысып әңгі меге
кірісіп кетті. Сергейдің Григорийден қызыға сұрағаны ше-
карашылар өмірі, ондағы халық жайы болды. Әсіресе Гри-
горий Потаниннің Құлжа қаласындағы Россия консулы
Иван Захаровқа Қапал бекінісінің бастығы Абакумов тың
тапсыруымен күміс ақша қорын апарып берген жолын дағы
Сапарғали Бегалин 4 том
120
көрген-білгені. Құлжа қаласының бекіндері, ондағы Қытай
мемлекеті уәкілдерінің қылығынан көп жайларды айтты.
Сергей Дуровтың Достоевскиймен бірге айдалған азап-
ты сапарын айтқаны, петрашевшілдердің күресі жайынан
сөйлегені Григорийді мүлде жаңа бір дүниеге алып кел-
гендей болды. Оның Шоқанмен алғашқы кездескендегі
кейбір таңырқаған ойларының бәрі атүсті екенін енді әбден
түсінді. Ол өзінің біраз тосаңсып қалғанын іштей мойын-
дап, Шоқанға мүлде бас иіп алды.
Омбыда болған күндерінде Григорий Шоқансыз бір күн
уақыт өткізген жоқ. Ол өзінің Алтай тауынан, Шарын бой-
ынан жинаған өсімдік гүлдерін, ол жақтан әкелген сирек
кездесетін құстардың, аңдардың терілерін Шоқанға сый-
лап, олардың жайынан ғажап жаңалықтар айтты.
Осы бір күндерде Шоқанды Гасфорттың өзі шақырып
қабылдады.
– Шоқан Шыңғысович, сізді шақыртқаным, мен Пе-
тербургтан мынадай тапсырма алдым. Біздің былтырғы
барып қайтқан сапарымыз Петербургтегі ұлықтарға қатты
ұнаған. Соны әлі де толықтыра түсу үшін ана тау қырғызы,
Ыстықкөл атырабын жете тексеріп танысуға экспедиция
ұйымдастыруды ұсынған едім. Соны дұрыс деп тауып, маған
толық билік беріп отыр. Оның үстіне мына бір қағазды
қырғыздың Боранбай Бекмұрадов деген манабы жазады.
Әрине, мен аударма арқылы аздап таныстым. Сіз өзіңіз де
оқыңыз, оның да сұрайтыны – біздің Россия патшалығының
қол астына қарап, көршілес ана сіздің Жетісу елімен бірге
болғысы келетінін айтады. Сонымен бірге: «бізге сенімді
уәкілдеріңізді жіберіп, барлық жай-күйге таныссаңыздар»,
– деп сұрайды. Маған осы ойды салған Петербургтың
жаһангез ғалымы Петр Петрович Семенов еді. Мен енді
сол қырғыз Алатауына баратын «Ыстықкөл экспедиция-
сын» үйымдастыруды шешіп отырмын. Ол экспедицияны
Семейдегі полковник Хоментовский басқарады. Бұл жер-
ден баруға сізді лайықтап отырмын. Бұған қалай қарайсыз?
– деді.
– Густав Христианович, сіздің ол сияқты сенім
көрсеткеніңізге шын жүректен алғыс айтам. Мен сіздің
әрдайым қызметіңізге әзірмін. Бүгін жүр десеңіз де дайын-
мын, – деп Шоқан тәртіптілік көрсетті.
– Өзім де сіз осылай қабылдар деп ойлап едім. Сенімімді
ақтадыңыз. Онда мен сіздің жүруіңізге бүйрық жаздырам.
Хоментовскийге дайындық істеуіне бүгін бұйрық жіберем.
Сапарғали Бегалин 4 том
121
Ал мына Боранбай манаптың хаты сізде болсын. Кейін
архивке бересіз, – деп Гасфорт Шоқанға үлкен сенім
көрсеткен ықыласын айтты.
Шоқан Гасфорттың тапсырмаларын алып үйіне қайтты.
Оның қазіргі ең бір алаң жайы Дуровты аулына аттанды-
ру, сонымен қатар Петр Петрович Семеновқа хат жазып,
жүруін хабарлау болды. Шоқанның жаңа экспеди цияға
жүретін болғанына Карл Казимирович, Яков Петровичтер
аса қуанышты еді. Олардың Шоқанға:
– Шекарадағы әкімдер ана момын халықты жәбі р ле-
месін, осы жағына айрықша көз сал. Сенің мына сияқты жа-
уапты сапардағы міндетіңнің ең бастысы да сол халықтар-
ды Россияға дос етіп жақындату ғой, – десті.
Шоқанның күткен хаты да сәтіменен келіп, Сергей до-
сын аулына аттандырды. Омбыда біраз бірге болып, Гри-
горий де өзінің қызметіне кетті. Шоқан достарының ендігі
тілегі «еңбегің жемістене берсін» болды. Өзі де осы жүрісті
аңсай күткен, асқан ынтамен аттанбақ.
Ыстықкөл сапары
І
Шоқан Омбыдан аттанар алдында Гасфорт өзі тағы да
қабылдап:
– Шоқан Шыңғысович, сізді Хоментовский асыға
күтуде. Бұл жолғы экспедиция – әскери үлкен маңызы бар
экспедиция. Бірнеше топографтар, жер шенеушілер бола-
ды. Әсіресе қырғыз манабы Боранбай тілегіне Петербург
басшылары үлкен мән беруде. Атақты Ыстықкөл атыра-
бын, Қоқан, Хиуа хандықтарының арандату әрекеттеріне
соққы беретін түйін де сол қырғыз жерінде болуы дұрыс.
Ал, есіңізде болатын бір нәрсе, өткен жылы тапсырманы
Абакумов қалай қолға алған екен, бақылау істерсің. Ана дін
жағындағы тау қырғыздарының қандай өзгешеліктері бар,
оны да ұмытпа, – деп осындай өз тапсырмаларын тағы да
қадағалап шықты.
– Густав Христианович, сіздің ұлы қамқорлық көрсеткен
ақыл-нұсқауыңызға үлкен алғыс айтам. Тапсырмаңызды
күш-қуатым жеткенше орындауға тырысам. Және бұл
жолғы жүрісіміз де жемісті болады деп сенем, – деп Шоқан
әскери тәртіппен қабылдап сенім көрсетті.
Шоқан тездете жүріп, Семей қаласына жетті. Бұл
жолы почта жүретін қыр жолымен суыт жүрді. Семей
Сапарғали Бегалин 4 том
122
қаласына келісімен Шоқанның іздестіргені Достоевский
болды. Өткен жылы кездесе алмай кеткен досына қалай да
жолығып, көптеген сырлар шертпекке ынтығады.
Семейдің әскери казармасының бір бұрышындағы
үстелде қағаз тіркеу, көшірме жұмыстарында отырған до-
сына Шоқан ойда жоқта келді. Сағыныса көріскен достар
ұзақ амандасты. Қатардағы жүдеу әскер киімін киген арық
денелі Федор Михайлович ауыр аңдуыл үстінде де өзінің
алған бетінен қайтпаған. Қайта ашына түскен. Ол өзінің Се-
мей қаласында отырып, сонау алыстағы достарынан алған
жаңа хабарларын Шоқанға жайып салды. Шоқан да өзінің
омбылық достарынан әкелген сәлемдемелерін, жаңалығын
тегіс ақтарып шықты.
Шоқан Семейге келгенде экспедиция бастығы пол-
ковник Жетісуға барып, экспедицияның жол жабдығын,
Қапал, Верный бекінісіндегі әскери бөлімнен керекті
адамдарды іріктеп жатқан-ды. Сондықтан да Шоқан Се-
мейге көп бөгелген жоқ. Ол тездеп бекет жолымен Қапал
бекінісіне тартты. Өткен жылғы жүріп өткен жолы көзіне
оттай басылып, әрбір тау, тас, өзендердің жай-күйі қайта
жаңарып ойына түседі. Шоқан бөгетсіз суыт жүрді.
Генерал-губернатордың тапсыруы да, Хоментовскийдің
күтіп жатқаны да оның көз алдына елестейді. Алайда ол
осы жолында Аякөзде болып, Қозы Көрпеш – Баян бейітін
қалай да көруі керек болды.
Шоқан Семейден шыққанда май айының алғашқы бір
әсем күндері еді. Қазақ даласы, әсіресе Арқат, Еңірекей
тауларының алабы ғажайып балауса гүлге бөленген.
Өзінің достары Сергей Дуровтың, Григорий Потанин ның
өсімдіктер жайынан айтқан тамаша әңгімелері қы зық-
тырып, жол-жөнекей ол көптеген сақара гүлінен алуан
түрлі жапырақтар жинап, айрықша баптап, арнап алған
ыдыстарына салып отырды.
Әсіресе Аякөз маңы, онан өте Қозы Көрпеш – Баян
зираттары тұрған Айғыз, Таңсық өзендерінің бойы-
нан көп жаңа өсімдіктер жинады. Ол Аякөзден шыққан
күннің ертеңіне құмартқан «Қозы Көрпеш» күмбезіне де
жетті. Сонау Арыстан ақыннан естіген, онан кейін әкесі
Шыңғыс жинаған қазақ халқының ғажайып дастанының
туған жеріне келді. Ай өзенінің қабағындағы қырқашықта,
сыртын заман іздері айғыздап қожырландырған жалғыз
күмбез сырға бөгіп, мұңға бөленіп түр. Ол бір кезде
әлдеқандай шеберлердің қолымен соғылып, әсем ескерткіш
Сапарғали Бегалин 4 том
123
болған. Қазір көнере көркі өзгеріп, сұрынан айрылған,
Күмбездің сырты көнергенімен, арманда кеткен арыстай
жігіт Қозы мен ару қыз Баян әулеттен әулетке жаңарып
жетеді. Күмбездің ішіне кіріп тамашалаған Шоқанның
адам суреттері ойылған бірнеше сын тастарға көзі түсті.
Олардың оң жақ шеттегісінің иығынан төменгі ұлы денесі
бар, басы жоқ. Ал оған таяу қыз киімін киген мұңлы ару.
Оның қасында тізерлей отырған екі әйел адам. Шоқан
қарындашпен осы суреттерді қағазға түсірді.
Осы суретті салып болып Шоқан: «Біздің халқымыздың
ертеде сурет өнеріне шеберлігі болған. Бірақ елімізге
мұсылман дінінің әкелген бір кертартпасы осы сурет өнерін
тыйған», – деп жазып қойды.
Шоқанның қасында Семейден ере шыққан серігі бұрын
бұл жақта болмаған казак-орыс азаматы еді. Ол жігіт сы-
пайы түрде:
– Шоқан Шыңғысович, сіз осынша құнттап, өте ынтала-
на суретке салып жатқан қандай мұра? – деп сұрап қалды.
– Уа, жігітім, сізге мен бұл ескерткіштің уақиғасын ай-
тайын. Бұл қазақ халқының ер жігіт, ару қызының арманды
өмірі ғой.
– Адам баласының өмір жолы әр қиян алыста өтсе де, ар-
маны кейбір жағдайларда біріне бірі үқсас болып, тағдыры
бір жайда шендеседі, – деп Шоқан осындай кезде ойла-
нып қиялға бойлайтын әдетіне салып отырып қалды. Әлден
уақытта жайлана сөз бастап: өзі сонау Арыстан ақыннан
естігенін, әкесінің жинаған қолжазбасынан көргенін айтып
берді.
– Шоқан Шыңғысович, сіздің халық сияқты көшпелі
анайы елде де, мүндай керемет аңыз бар екен-ау! – деп
жол серігі өзінің дүние танудағы сауатының аз екенін
аңғартты.
– Ғафу етерсіз, жол серігім, әрине, сіздердің
ұғымдарыңызда біздің халқымыз сезімсіз, анайы болып
көрінеді ғой. Бірақ сезім жағынан, жыр, күй, шешендік
жағынан ешбір халықтан кем емес. Мен сізге әлгі ғашықтық
жырының тек қысқа қаңқасын ғана айттым. Оны біздің
халық жыраулары бір жұма бойы жырлайды. Оның көп
жерінде тыңдаушылар жылап отырады. Біздің елдің бұл
сияқты ұлы дастандары бір бұл ғана емес, бұл жүзден бірі.
Біздің халқымыздың мекені шалқып тұрған ән мен күй,
әсем жыр емес пе! – деп тоқтады.
Сапарғали Бегалин 4 том
124
II
Алдында күтіп отырған Хоментовскийдің тобына жетуге
Шоқан асыға тартты. Май айының балбыраған әсем күн-
дері, әсіресе қоңыр самал, көкорайға бөленген Жетісу өлке-
сінің әсем табиғаты жанын сергіткен Шоқан үздіксіз жүрді.
Ол Қапал бекінісіне келетін күні былтырғы Гасфорттың
бекіттірмек болған «Соркезеңінен» өтті. Әзірше түйір тасы-
на түрткі түспеген зәулім жартас, баяғы тәкаппар қалпын-
да. Омбыдан жүрердегі Гасфорттың осы кезеңді бекітуді
тапсырғаны есіне түскен Шоқан қасындағы серігіне:
– Сіз мына екі жағынан зәулім жартас мінбелеп тұрған
кезеңнен өткенде жан-жағыңызға тамашалай қарадыңыз.
Бірақ бұл асудың жайынан хабарсыз шығарсыз. Былтыр
Гасфорт мырза осы жерден өткенде, бір үлкен ойға келген.
Мына алдымыздағы Қапал бекінісінің бастығы Абакумов-
қа: «Осы кезеңді бекіттіру жобасын жаса, бұл біздің жүріп
қайтқан жолымыздың белгісіне арналсын», – деген еді.
Содан былай бұл кезеңді «Гасфорт бекінісі» деп атауға сөз
байлағанбыз, – деді.
– Шоқан Шыңғысович, тауды қопарып, мына кезеңді
бекіту шекарашының кішкене тобының қолынан келе ме?
– деп ойына сыйғыза алмаған серігі қайталап сұрады.
– Ол арасын генерал-губернатор өзі ойлап сыйғызған
болар. Біздікі көзімізбен көргенді айтқан ғой, – деп өзінің
ажуасын айтардағы күлімдеген ажарымен сөзін түйді.
Хоментовскийдің тобына Шоқан Шелек өзенінің бой-
ында келіп қосылды. Ыстықкөлге қырғыз еліне аттан ған
бұл экспедицияның ең басты міндеттері тау қырғызы-
ның ішкі-сыртқы тұрмыс жайымен жете танысу, әдет-
ғұрпын зерттеу. Сонымен қатар Боранбай манаптың
өтінішін орындап, орыс патшалығының ел билеу тәртібін
ұғындыру. Және мына өзімен іргелес отырған қазақ ру-
ларымен көршілестік жағдайға келісім жасау. Әсіресе сол
Бұғы қырғыздарының «Сарбағыс», «Солты» рулары ның
арасындағы дау-шарларын тыныштандыру болатын. Осы
жағдайларға басшылық етуге ел жайына жетік, тіл мен
әдетін жете ұғынатын сұлтан Шоқан Уәлихановқа Батыс-
Сібір өлкесінің генерал-губернаторынан айрықша уәкіл дік
берілген.
Шоқан келер алдында Хоментовскийге генерал-
губернатор Гасфорттың «Уәлихановты күтіп, бірге атта-
ныңдар!» деп жазған хатымен қатар өзі де Алатау округінің
бірнеше ел ағасы ақсақалдарын экспедиция құрамына
Сапарғали Бегалин 4 том
125
қосып ала жүруді тапсырған-ды. Шоқанның осы тапсыр-
масын орындап Хоментовский Албан, Дулат, Жалайыр
руларының ел ағасы адамдарын ертіп алып шыққан. Ұлы
жүздің аға сұлтаны Тезектің ағасы Тазабек, Әбілез, Бұлан
Сасыбаев, Байғозы Тіленшин, Жайнақ Терімбеков сияқты
ел жайына, әдет-ғұрпына жетік адамдар бар. Сонымен
қатар экспедиция құрамында: жер шенеуші топографтар-
дың бастығы Яновский, тілмаш Бардашов, шекарашылар
отряды бар, жиыны жүз шамалы адам болған.
Шелек бойында бас қосқан экспедиция адамдары
бірнеше күн кеңінен отырып жүріс жолын, алдағы істе-
летін жұмыстар жайын кеңесіп, соны жобалады. Осы
сияқты жол жобаларын ретке келтіріп Ыстықкөлге бет
алған топ асығыссыз жылжыды. Әсіресе өткен жылы ат
үсті жүріп өткен жерлерге айрықша тоқталып, жер ше неу-
шілер барлық керекті істерін орындап отырды. Шоқан да
өзіне керекті деректерін жазып, жер жайы, ел жайындағы
көптеген аңыздардың ізін тапты.
Экспедицияның бір тоқталған жері Шалкөде жай-
лауы болды. Бүл жайлау басы Көгершінді бұлағынан ба-
сталып, аяғы Кегенге құятын Шалкөде өзенінің бойы. Екі
жағы самырсын қарағайға бөленген аласа таулар алқабы.
Жапырылған шалғын, ортасынан жарып аққан мол сулы
мөлдір өзен. Әсем қоныс. Экспедиция осы өлкеге шаты-
рын тігіп, екі күн демалыс етті. Шоқан өзен бойын салт ат-
пен аралап, сан алуан көне мекендердің жұртына кездесті.
Әсіресе Шоқанға қызықты болған өзен бойындағы ерте-
де салынған бекін орны. Бұл күнде тек іргелерінде құлап,
жал-жал болып үйінді қалған. Бір кездегі сыртқы жаудан
қорғанып бекініс жасаған жер екені айқын. Кім жа сады,
қай заманда, қалай жасалды, қалай талқандалды – оған
белгі таппады. Осы жерден Сарыжазға қарай көшіп, Са-
рыбұлақ бойына келіп қонды. Бұл жерде де Шоқан Бұлан
ақсақал мен Байғозыны ертіп, Шартас алқабына барды.
Бұл елдің орны Шартас деп атайтын себебі, шаһар болған
жердегі хандардың, әмірлердің сарайына ұқсаған, жақпар
жалпақ тастардан жасалған үңгір үй бар. Ол үңгірдің кірер
қақпасының екі жағындағы жақтау жалпақ тастың бет інде
біріне бірі қарсыласа салынған екі жолбарыстың суреті
түр. Ал қақпаның маңдайша көлденең тақтай тасына то ты
құстың суретін салған. Үңгірдің іші де осындай неше түрлі
аң, құстардың бейнесін ойып жасаған суреттерге толы.
Шартастың айналасында да бірнеше аңызға өзек
боларлық суреттер тасқа ойып салынған. Үңгіртастың
Сапарғали Бегалин 4 том
126
солтүстік-шығысына таман жалпақ-жалпақ тастар қата-
рынан созылған. Солардың бірнешеуінде бұғының, еліктің
суреттері ойылып салынған. Үңгірге кіре берісте, оңтүстік-
шығысқа таман, дөңгелек қора сияқты шағын алаң бар екен.
Осы алаңның іргелігі құсаған жалпақ таста астау сияқты
ұзынша ойық тұр. Сол өзекше ойықтың оңтүстік шетінде
жүдырық сиятындай тесік бар. Оның сыртында екі ортасы
текшеленіп ойылған екі сым тас тұр. Осылар дың бәрін та-
машалап көріп Шоқан жол дәптеріне жазып алды.
– Мына «Жартас» деген әншейін айтылмаған болар. Бүл
жерде ерте заманда бір халық орталық жасап тұрған ғой.
Анау қуыстың алдындағы суреттер қандай шебер ойылған.
Өзі өнерлі халык, болған, – деп Шоқан тоқтаған кезде,
Байғозы ақсақал өз бастап:
– Шоқан шырағым, біз сіздер сияқты оқып-тоқыған
емес, естумен ел аузынан ұққанды әңгімелей береміз ғой.
Осы «Шартас» жайында біздің елде мынадай бір аңыз ай-
тылады: Мына бізбен көршілес қырғыз елінің Манас де-
ген батыры – манабы болыпты. Ол кезде қырғыз, қазақ
деп бөлінбейді екен. Қазақтан шыққан Ер Көкше деген
батырмен екеуі қол бастап, ел қорғап осы Алатау маңында
қалмақтармен соғысыпты. Сол Манастың Ер Көкшемен
тізе қоса жаумен алысқандағы бір бекінісі осы жер боп-
ты. Дөңгелек алаңда Манастың құла аты жібек арқанмен
арқандаулы тұрады екен. Сондағы жібек арқанның бір
ұшы тесік тасқа байлаулы болады екен. Ал мына сыртқы
екі сәкі тастағы ойықтың бірінде арпа, бірінде тұз, астау-
да су тұрады деседі. Қырғыз елінде Манасты ұзақ жыр етіп
жырлайды, – деп тоқтады. Шоқан Байғозы қарттың мына
әңгімесін жол дәптеріне – «бұл бір анықтай түсер аңыз
екен» деп жазып қойды.
Экспедиция жол бойы жүрген жерлерін топографиялық
қағазға түсіріп, жер, су жайының, өсімдік өзгешеліктерін
де үңіле қарастырып, Ыстықкөл атырабына да келіп жетті.
Хат жазып күтіп отырған Боранбай манап құрметтей қарсы
алды. Манапқа алдымен танысып, амандасқан Шоқан:
– Қырғыз халқының дәрежелі манабы, Боранбай мыр-
за, сіздің жазған қатынас хатыңыз бойынша Сібір өлкесінің
ұлық губернатор генералы Гасфорт мырза арнаулы экспеди-
ция жіберді. Оны біз бастап келдік. Мына көрші ағайындас
еліңіз Албан, Үйсін, Дулаттың қадірлі ақсақалдарын ертіп
келдік. Біз сізге қонақпыз, еліңіздің жайын, өз мүддеңізді
іркілмей айта беріңіз, – деп жатық та есті сөзін сөйледі.
Сапарғали Бегалин 4 том
127
Жап-жас Шоқанның үстінде орыс офицерінің шенді киімі,
аузында аталы қазақ сөзі, аңырып қалған манап:
– Шырағым, өзіңе қарасам – бассың, түріңе қарасам –
жассың, алдымен өз жөніңді айтшы, танып алайын, – деп
Шоқанға қарады.
– Менің арғы атам – Абылай, бергі атам – Уәлихан.
Атым – Шоқан. Батыс-Сібір өлкесінің мекемесінде қызмет
істеймін, – деп аты-жөнін қысқа түсіндірді. Шоқанның кім
екенін ұғынған Боранбай, іркілместен барлық жайды ашып
сөз бастады:
– Біз Алатау қырқасын қоныстаған қырғыз деген
елміз. Еліміз бірнеше руға бөлінеді. Мына біздің руы-
мыз – Бұғы атанады. Бізбен қанаттас отыратын бір руы-
мыз – Сарыбағыс, оның Орман деген манабын біздің
рудың жігіттері ажалға ұшыратты. Сонан біздің еліміздің
іші мазасыз, атыс-шабыс. Өздеріңізге мәлім, біз екі оттың
арасында отырған елміз. Қанаттас отырған Хиуа, Қоқан
хандықтары шапқыншысын жіберіп, еліміздің бір жағын
айдап алып, қол күш істейді. Әсіресе Сарыбағыс манапта-
ры соларға арқа сүйеп, бізге ылғи күш көрсетеді. Біз осы
зорлықтан құтылсақ екен. Ол үшін мына көршілес қазақ
туысқандарымыз Албан, Дулат елімен бірлесіп, ұлы орыс
патшалығының қол астына бағынсақ, соның қорғауында
болсақ дейміз, – деп барлық мүддесін айтып шықты.
Экспедиция бастығы полковник Хоментовскийге
тілмашы Бардашов өз білгенінше айтып отырды. Өзін аса
тәртіпті ұстайтын Хоментовский ұғына тыңдап, бәріне
түсінді. Бірақ қырғыз елінің мына сияқты ру аралық айтыс-
тартысы жайына кіріскен жоқ. Бұл жөніндегі барлық билікті
бастапқы тәртіп бойынша Шоқанға жүктеді. Қырғыз елінің
барлық жайын білетін Ұлы жүз ақсақалдары Байғозы,
Жайнақ, Бұландарға, сұлтан Тазабекке сөз сала отырып
Шоқан екі ру қырғыз манаптарының басын қосып, келісім
мәселесін қарады.
Ұзақ кінәласқан қырғыз манаптары көптен шемен бол ған
шерлерін айтыса отырып, татулыққа бет алды. Сарыбағыс
манаптары да өздерінің руларын Бұғы руларымен ата жо-
лымен ақылдастырып, туысқандық тілін тапты. Барлық
қыр ғыз рулары болып ұрандасып орыс патшалығының қол
асты на қарап, қазақ ағайындарымен тағдырын біріктіруге
сөз байласты. Көптен көнек жара болып шешілмеген түйін-
ді ше шіп, қырғыз, қазақ елінің ағайындығын табуға бас-
шылық еткен Шоқанға қырғыз, қазақ ақсақалдары үл кен
алғыс айтты. Өздерінің өтінішін ескеріп, арнаулы экспеди-
Сапарғали Бегалин 4 том
128
ция жібе ріп, Россия патшалығының кең қолтығына тартып,
қамқорлық еткеніне айрықша алғысты хатын қырғыз ма-
наптары Батыс Сібір өлкесінің басшыларына жолдады.
Алдымен қырғыз руларының өзара алауыз айтыс-
тартысын тыныштандырып, енді осы жаңадан Россия қол
астына ерікті түрде бағынуға мойындаған халықтың шаруа
және ішкі тәртібі жайында бірер ереже жобасын жасау
қажет болды. Осы кезде өзінің ғылыми жұмысын жүргізе
Жетісу өлкесіне, Ыстықкөлге келген Петр Петрович Семе-
нов та келіп Шоқандарға қосылды. Сүйікті дос ағасының
келгеніне Шоқан сондай қуанды. Семенов Шоқаннан да
қуанышты ықыласпен қарсы алды. Бұрын келіп қайтқа-
нында қырғыз руларының арасындағы алауыздығынан
ғылыми зерттеуінің олқы қалған жерлерімен Семенов енді
еркін танысатын болды. Сонымен бірге осы қырғыз елі
жайында өзі көзімен көрген кейбір жолсыздықтарды ай-
тып, бұл ішкі тәртіпке өзінің көптеген ойын қосты.
Экспедицияның жер шенеушілері өздерінің ғылыми
істеріне кірісіп, Ыстықкөлдің оңтүстік, солтүстігін, айна-
ласын барынша топографиялық картаға түсірді. Шоқан да
қырғыз елінің ішін аралап, әдет-ғұрыптарын, діни сенім
жайындағы ертелі-кеш өзгерістерін жазып алды. Әсіресе
қырғыз елінің билік ережелері, ер дауы, жер дауы, ұрлық-
зорлық жайларын барынша қағазға түсірді. Шоқан арқылы
қырғыз елінің барлық ішкі тұрмысы жайынан толық мәлі-
мет алған Петр Петрович Семенов өзінің мына қырғыз Ала-
тауында, Тянь-Шань қырқасында Шоқанмен кездеске ніне
сондай қуанышты болды.
Шоқан анадағы Шартаста Байғозы қарттан естіген Ма-
нас батыр жайындағы әңгімені есіне алып, қырғыз елінің ән,
күй, аңыз әңгімелерімен танысты. Шоқаңды таңдандырған
бүкіл қырғыз елі болып мақтана жырлайтын Манас жыры
болды. Қырғыздың пернесіз тартылатын домбырасының
(қомыз) өзгешелігін, манасшының дене, бет, көз құбы лыс-
тарын қарындашпен суретке түсіріп алды. Манасшының ай-
туына қарағанда бұл жыр атадан балаға, ағадан ініге қалып
үздіксіз үзақ жырланады екен. Оны қағазға тегіс түсі руге
мүмкін болмады. Тек шығыс елінің ауыз әдебиетіндегі ұлы
шығарма екенін жазып, кейбір шумақтарын орыс тіліне ау-
дарып қойды.
Экспедиция үш айдай қырғыз елінде, Ыстықкөл аты-
рабын тегіс зерттеп, қағаз бетіне бейнелерін түсіріп алды.
Шоқанды ерекше бір қызықтырған нәрсе Ыстықкөл
маңындағы көне қалалардың қалдықтары, арық, канал
Сапарғали Бегалин 4 том
129
жүргізген суландыру жолдары, сол сияқты күмбездеп
салынған ескерткіштері болды. Сонымен қатар Ыстық-
көлді мекендейтін құстар, сол биік тау қиясында өсіп-өніп
мекендейтін аң, тіпті құрт-құмырсқаға дейін зерттеп жа зып
отырды.
Экспедицияның қарастырғаны бір кездегі жібек жолы
атанған Батыс Қытай елімен қатынас, сондағы Алатау аты-
рабын басып өтетін керуен жолы болды. Осындай жан-жақ-
ты ғылыми да, мемлекеттік тұрғыдан қарастырылған үл кен
істің басы қайырылып, көптеген жаңалық жинастырылды.
III
Шоқан Ыстықкөл бойында ғылыми жұмыстарын жүргізіп,
әрі қырғыз елінің өзара татулық келісімін ұйымдастырып
жатқан кезде, Петербургта тағы бір ірі мәселе қолға алын-
ды. Ол мәселенің шұғыл көтерілуі, Қытай мемлекеті мен
Россия патшалығының сауда қатынасын қалпына келтіру
жайлы еді. Бұдан бұрын Шәуешек арқылы жүргізіліп тұр-
ған сауда жолы, Қытай елінің өз ішіндегі келісімсіздіктен
тоқталып қалған-ды. Енді Құлжа қаласы арқылы Шығыс
Түркістанға, Батыс Қытай еліне қатынасар төте сауда жо-
лын ашу өте қажет. Соған келісім жасау үшін ерекше жау-
апты уәкіл жіберілу керек. Оған жіберетін уәкілді белгілеу
Батыс-Сібір өлкесінің генерал-губернаторы Гасфортқа тап-
сырылды. Шығыс елдерінің тілі мен әдет-ғұрпына жетік,
Еуропаша жоғары білімді Шоқан Гасфорттың ойына алды-
мен түсті. Қарастыра келгенде Шоқаннан қолайлы уәкілді
табуға қисыны жоқ. Фридрихс сияқты Шоқан күндес-
тері: «Сіз осы бір қазақтың албырт, жеңілтек баласын өте
көтермелеп жібердіңіз. Мына сияқты ұлы уәкілдікке ол
жігітіңіздің қарымы жете ме?» дегенде:
– Кешірім етіңіздер, мен сіздердің біреуіңізді-ақ уәкіл
етіп жіберер едім, бірақ Уәлихановтың дала елінің ішіндегі
абыройы мен білімі сіздерде жоқ қой. Құр қазақ деп кеміту
өркөкіректік болар. Ол тапсырманы ойдағыдай орындай-
ды деп сенем. – Гасфорт мына чиновниктерінің күндестік
көңіліне осылай сыпайы соққы берді. Бір сеніп алғанда
бетінен қайтпайтын генерал-губернатордың мінезін білетін
чиновниктер іштерінен тынып қала берді.
Ыстықкөл экспедициясының бастығы Хоментовский-
ге шұғылынан жеткізілген Гасфорт бұйрығы экспедиция
адамдарын тезінен Верный бекінісіне оралтты. Гасфорттың
Шоқанға арнап жазған уәкілдік хаты мен айрықша тап-
сырмасы да осы жерде қолына берілді. Қапал бекінісіне
Сапарғали Бегалин 4 том
130
келіп тосып жатқан халықаралық уәкілдіктің адамдарына
Шоқан да келіп қосылды. Уәкілдік тақырыбына берілген
нұсқау жол-жобаларымен уәкілдіктің басқа адамдарымен
де айрықша танысып, Шоқан Құлжа сапарына қамданды.
Шоқандар Ыстықкөлдің оңтүстігіне бет алғанда, бөлініп
солтүстік Алатау алқабын аралауға кеткен Петр Петрович
Семенов та Қапалға оралды. Шоқандардың жаңа тапсыр-
ма алғанын естіп, уәкілдік жайымен танысып, ол ерекше
қуанды.
– Шоқан, мынау саған үлкен сенім. Именбей орындау
сенің қолыңнан келеді. Батыл қимылда! – деп көптеген
кеңесін беріп, жас досын ерлендіріп, осы жерде ол
Тарбағатайға жүріп кетті.
Құлжа қаласындағы Қытай елінің консулынан
«қабылдауға әзірміз» деген хабарды алысымен Шоқан жол
тартты. Өзінің ертеде ойында жүрген тамаша жерлерді
көрді. Әсіресе Қытай мемлекетінің Россиямен шека-
радағы әлденеше бекіністерінен өтті. Олардың шекаралық
тәртіптерін, бекініс құрылыстарын көріп танысып, көне
елдің көне жайларынан көп мәлімет алды. Халықаралық
сыпайы тәртіппен қабылдаған Қытай елінің Құлжадағы
әкімдерімен танысты. Өзіне шетелдер министрлігінің
берген нұсқау хатын қолдана отырып, олармен екі елдің
достығы жайындағы үлкен мәселені кеңесті. Сонымен
қатар бұрыннан жүргізіліп келген сауда қатынасы жай-
лы да жаңа келісім жобасын кеңесті. Батыс Қытай елінің
жұмысына қашғарлық, құлжалық, Шығыс Түркістандағы
елдердің беделді ақсақалдары араласты. Әсіресе сол жақта
сауда кәсібімен беделі өскен татар, ұйғыр адамдарымен өз
тілдерінде сөйлесіп, келісім жайын кеңесу өте орынды бо-
лып шықты.
Жергілікті әкімдері қытай адамдары болғанмен, ішкі
тәртібі Түркістан өлкесінің басым жұртшылығы мұсылман
қауымының қолында екен. Байлық, сауда қоры қолында
отырған қашғарлық байлар, өзбек, татар саудагерлері,
сауда жолының бұрынғы қалпына келуіне өте ынталы
қимылдады. Оның үстіне екі ұлы елдің аралығында отырған
шағын аймақ халықаралық тыныштықты да аса қуаттады.
Осы сияқты тыныштық тілеп отырған елге Тыныштық-
достық уәкілдігін алып келген Шоқан халықтың ерекше
қамқоры болып танылды.
Екі елдің келісім шартын, сауда жолының тәртібін
келісумен қатар Құлжа қаласына жаңадан Россия елінің
консулын тағайындау туралы жобасын ұсынды. Осы
Сапарғали Бегалин 4 том
131
сияқты мемлекетаралық жауапты жұмыстың жобасын жа-
сап, соған келісім болғанша Шоқан үш айдай Құлжада бол-
ды. Осы жұмыстарға байланысты Қытай елімен шекара жо-
басын да қайта қарап, оның да жаңа межесіне келісті.
Шоқан мемлекеттік осы бір күрделі істің келісімін тауып,
елге оралды. Ол алдымен Верный бекінісіне соқты. Онда
да бөгелместен былтырғы Гасфорт генерал-губернатор
бекіттірмек болған «Соркезеңді» асып, Семейге жетті. Се-
мейге келіп қонақ үйде аз тынығып, аға досы Достоевскийді
іздеді. Бірақ досын кездестіре алмады. Білетіндердің айту-
ынша, Достоевский Семейден Барнаулға ауысып кетіпті.
Николай І-патшаның өлімі Россия зиялыларына біраз
кеңшілік бергізген. «Әр басшының өз мархабаты бар» де-
ген емес пе. Александр ІІ-ші патша өзінің тахытқа отыру
құрметіне бірнеше буынды кеңшілік шығарыпты. Соның
бір буынында Николай І-патшаның тұсында жер ауған
кінәлыларға еркіндік бергізген. Солардың көбін айдау-
дан босатып, ерікті еңбек істеуге кеңшілік еткен. Сібірге
жер ауған саяси кінәлылар сол кеңшілік арқылы орталық
Россияға қайтуға рүқсат алған. Соның себебі ме, әйтеуір, аға
досы еріксіз әскерліктен босап, Барнаулға ерікті қызметке
кетіпті. Шоқан Достоевокийдің бір дос адамын тауып, сол
кісі арқылы оған хат жазды.
«Аса, құрметті Федор Михайлович!
Сізге осы хатты жазу үшін қолайлы сәтті пайдаланып
қалуға асығып отырмын. Сіз жүріп кеткеннен кейін, Сіздің
шаһарыңызда бір түнедім де, келесі күні таңертеңгісін
жолға шықтым. Сол кеш мен үшін өте көңілсіз болды. Жа-
ныммен сүйген және шапағатын көрген адамдармен айры-
лысу маған аса ауыр тиді.
Сізбен бірге Семейде өткізген азды-көпті күндердің
көңіліме ізгі әсер қалдырғаны сондай, қайткенде Сізге
тағы да барып қайтсам деп армандап жүрмін. Мен біреуге
бағышталған ықыласым мен сезімімді жазуға шорқақпын,
оның керегі де болмас деп ойлаймын. Өйткені менің Сізге
қандай ықыласты екенімді және сізді қалай сүйетінімді
өзіңіз білесіз.
Омбыға келгеннен кейін ең жақсы досым Александр
Николаевич Цуриковпен қоштасып, қамығып қалдым, ол
қазір Сізге – Семейге кетіп бара жатыр. Қайырымды Фе-
дор Михайлович, мен Сізден сол мейірбан адамды қабыл
алуыңызды сұраймын. Сіз оны көрген сайын көруге құштар
болып сүйіп кетуіңіз хақ. Омбы деген өзінің өсек-аяңымен
және тынымсыз қаскөйлігімен маған әбден жиіркенішті
Сапарғали Бегалин 4 том
132
болғаны сондай, тіпті бұдан мүлде кетсем бе деп жүрмін. Сіз
бүған қалай қарайсыз? Жайымды қайткенде жақсартуым
жөнінде кеңес беріңіз, Федор Михайлович. Дуров
науқастау. Сірә, бұл туралы Сізге Цуриков тәптіштеп баян-
дап бере алады.
Барнаулда терең ақылды, ойшыл... адаммен уақытты
қалай өткіздіңіз? Менің атымнан көзімнің нұры, көңілімнің
ынтасы, құпия қызметкер Василий Петровичке тағзым
етіңіз. Ештеңе жазбайды деп Ковригин оған өкпелі. Ра-
сында, жетім адамды ренжіту қиын емес қой. Айтпақшы,
жетімдер туралы, соңғы кешті мен, өзіңіздің кеңесіңіз
бойынша, С. қасында өткіздім. Өзінен сұрап көріңіз, кеш
көңілді өтті ғой деймін.
Әзірге хош болыңыз, Федор Михайлович. Көп ұзамай
хатты толық және ұзақ етіп жазармын. Сіздің жауабыңызды
күтемін. Анна Андреевнаға Сіздің хатыңызды табыс еттім:
оның өте разы болып қалған жайы бар.
Сіздің шын берілген қызметшіңіз Шоқан Уәлиханов».
Шоқан Омбы қаласына жеткенде, Сібірдің салқын
кезі басталып қалған-ды. Екі үлкен жұмысты орны-
на келтіріп, ғылыми да мемлекеттік істі басқарып, абы-
роймен қайтқан Шоқанды достары аса қуана құрметтей
қарсы алды. Өзімшіл менмен Гасфорт өзінің бастауымен
ұйымдастырған жұмысын асыра орындап, сенімін ақтаған
Шоқанды мадақтай құрмет етті. Шоқанның осы жолғы
бітіріп қайтқан жұмыстарының ерекше маңызды екенін
Петербургтегі шетелдер министрлігіне мақтана жаздырды.
Өзінің басшылық нұсқаумен болғанын баса айтып, әрбір
жол сайын өзін ататып отырды.
Шоқан алып келген Жетісу, Ыстықкөл аймағының
топографиялық мәліметтерімен танысу мәжілісінде Гас-
форт қол астындағы чиновниктерін қатыстырды. Ондағы
ойы да өзінің бітірген бір үлкен ісінің мәдіхын тарату еді.
Мәжіліс ашылып, істеп қайтқан жұмыстардың өзекті жай-
ларынан хабарлау айтқан Шоқанға өзінің бурыл тартқан
шықшыт сақалын бір сипап, аспандай қараған Гасфорт:
– Осы былтырдан бергі біздің экспедициялар шенеп,
танысып қайтқан өлкеміз қанша шақырым көлемінде бо-
лар еді, осыны топшылаған жоқсыздар ма? – деп паңдана
сұрады.
– Густав Христианович, шақырымға шағып жобалауға
уақыт та болмай жатыр. Бірақ былтырдан бергі аралап
қайтқан өлкеміз Еуропаның кішігірім өлкесінен аз бола
қоймас, – деп Шоқан жымия жауап берді. Гасфорттың
Сапарғали Бегалин 4 том
133
ойда жоқ сұрақты қойған жағдайын байқап отырған чинов-
никтер, әсіресе Карл Казимирович Шоқанның бөгелместен
айтқан тапқыр жауабына разыланып қалысты. Өзара
күңкілдесіп «кіші-гірім мемлекет аумағы» деп жатты. Осы
сәтте көңілін мақтан лебі билеп кеткен Гасфорт:
– Россия патшалығына бір мемлекеттік өлкені елімен,
байлығымен қостым ғой деймін, мырзалар, – деп чинов-
никтерге паңдана қарады.
– Иә, иә, Густав Христианович, сіздің бұл табысыңыз
тек Россия патшалығы ғана емес, бүкіл Еуропа елінің
ғылымына, көлеміне қосқан ұлы табысыңыз, – десіп шу
ете түсті. Әсіресе көтеріле сөйлеген Сібір казактарының
басқармасын меңгеруші сұрқия Ивашкеевич болды. Ба-
тыс Сібір өлкесінің бас мекемесіне қызметке кіргеннен
бергі Шоқанның аса жек көретін чиновнигінің бірі осы
Ивашкеевич болатын. Оның өзі бір парақор, қазына жегіш
арам ниеттілігімен қатар нағыз екі жүзді сұрқия болатын.
Біреудің істеген еңбегін өзіне байланып, әулігіп отырған
есерсоқ генерал-губернатордың шашпауын ерекше көтеріп
отырғаны, Шоқан еңбегін жоққа шығарып осы жерде
Гасфортқа көрініп қалу еді. Оны Шоқан алыстан-ақ сезген
Баяндамасын аяқтап келіп Шоқан:
– Густав Христианович, менің сізге айтар қосымша бір
тілегім – азды-көпті істеп келген жұмысты өзіңіз бағалап,
тиісті орынға жеткізерсіз. Жаңағы сіздің сұрағыныз жаңа
облыстардың жер көлемінің тиянақты есебін керек ететін
сұрақ болды. Оны біз істей алмағанымыз үшін кешірім
сұраймын. Енді сол жаңадан танысқан еліміздің есебін
жасауды мына Ивашкеевич мырзаға тапсырған дұрыс па
деймін. Өйткені бүл кісі алдымен есепке жүйрік, екінші,
сол жаңа облыстар да осы кісінің мекемесіне бағынышты
болады. Ол қыр елінің жайына таныс, осы кісі жүргізгені
орынды деп ойлаймын. Шақырымдап өлшей ме, аршын-
дап өлшей ме, тұтамдап өлшей ме, оны өзі біледі, – деп
тоқтады.
Шоқанның қорытынды сөзіндегі ащы кекесінде Иваш-
кеевич түсінгенмен, Гасфорт абайлаған жоқ:
– Ол орынды, ондай есеп бізге өте керек. Бұл өлкенің
әрбір есебі келешекте дәлді көрсетіліп жазылып тұруы ке-
рек, – деп, сөз қорытты.
Шоқанның баяндауы тыңдалып, барлығын дүрыс деп
тапқан генерал-губернатор өзінің қуаттаған пікірін қо сып
Петербургқа жөнелтті.
Шоқанның ұсынуымен қабылданған Қытай мемле-
кетімен сауда келісімі, Құлжа, Шәуешек қалаларында кон-
Сапарғали Бегалин 4 том
134
сул тағайындалуы, шекара жобасы жақсы қабылдан ды.
Петербургтағы шетелдер министрлігі қадағалай таны сып,
бұл жобаларды халықаралық келісім дәптеріне ерек ше
құрметпен «Тарбағатай келісімі» деген атпен тіркеді.
Жүріп қайтқан жолының есебін атқарып генерал-
губернатордың тапсырмасын жазып беріп, Шоқан доста-
рымен бас қосар, еркіндей әңгімелесер уақытқа ойысты.
Алдымен өзі жолға жүрерде аулына аттандырған Сергей
Дуровтың саулығы қандай, қалай дем алып қайтқанымен
танысты. Сонымен бірге өзі істеп қайтқан жұмысының
жайынан хабарлады.
– Менің бітіре алмағаным, ол өлкенің жерінің қанша
шақырым, неше аршын болатынын есептемеппін. Гасфорт
соны сұрағанда қысылып қалғаным. Бірақ мақтануға жаны
қүмар Гасфортты желіктіре түсейін деп, «кіші-гірім бір
мемлекет көлеміндей болар» дегенім. Соны айтуым-ақ мұң
екен, байғұсың бөсіп берді. «Россияға бүкіл бір мемлекетті
қаратып бердім» деп жосыды. Гасфорттың осыны айтуы
мұң екен, Ивашкеевич бастаған жағымпаз жаламырлар
шуласа жөнелді. Мен бұл жерде Ивашкеевичті де құр ауыз
қалдырғаным жоқ, сөзімнің соңында Гасфортқа ол жақтың
ендігі жер, су, елінің есебін Ивашкеевич мырзаға тапсыр ған
қолайлы болар. Бұл кісі суын сүт ететін есепдан ғой дедім.
Менің айтып тұрған кекесінді сөзімді Ивашкеевич залым
сезгенмен, саудырлақ генерал-губернатор ұға қойған жоқ.
«Дұрыс» деп қабылдады. Ивашкеевич ол есепті жүргізу
үшін аңқау бейуаз елге өзінің қанды тырнақ қара құста-
рын тобымен аттандырады ғой. Қанша елді зарлатарын кім
білсін. Бірақ Хоментовский, Абакумовтар, Петр Петрович
Семеновтар аман болса, оның қара құстары бетімен ел то-
най алмас, – деп тоқтады.
Шоқанның істеп қайтқан ісі мен мына есеп жөнін дегі
тапқырлығына қуанған Дуров:
– Сен сияқты ұл туғызып өсірген мына сахарауи
халқыңыз ешкімге жем болмайды. Мен бұрын да өзіңе
айтқан едім. Көкшетау бекінісінде болып, сіздің жердің
қызығын көрдім. Мен сауығып та, сергіп те қайттым. Рақмет
сізге, Шоқан Шыңғысович. Бір сізге емес, халқыңызға
рақмет. Қандай кең пейілді қонақжай ел. Сіздің ауылдың
қымызының дәмі аузымнан өле-өлгенше кете қоймас.
Әттең, анау кең даладағы еркін ойлаған дана қауымға,
шіркін-ай, білім сәулесін жеткізсе, талай данышпан аспан
әлеміне қанат қағар еді, – деп, Сергей көп ойланып
отырып қалды.
Сапарғали Бегалин 4 том
135
IV
Шоқан баяндамасын жасап, жинап қайтқан ғылымдық
еңбектерін аздап тәртіпке келтіріп, біраз сергіп алды.
Енді сол әкелген еңбектерін толықтыра түсу үшін Омбы
қаласындағы архивті ақтаруға кіріссе, достарының үйле-
ріне баруды ұзатып алады. Сондықтан жұмысына алаң сыз
отыру үшін достарымен сәлемдесіп алуға кірісті. Қырдан
келген бетінде ат үсті бір кіріп шыққаны болмаса, ұзақ әңгі-
мелесе алмаған Карл Казимирович, Екатерина Иванов наға
келіп достық шайға отырды. Қауқалақтай қарсы алған Карл
Казимирович:
– Шоқан Шыңғысович, Елизаветадан кешірім сұра-
масаң, сені қатты жазалайды. Өйткені: «Шоқан келді ме?»–
деп күнде сұрайды. Ол қарындасыңның мінезін білесің ғой,
– деп күлдіре сөйледі. Карл Казимирович өзін тағы қайта
жалғап: – Шоқан Шыңғысович, Ивашкеевич сұр қияны
Гасфорт мәжілісіндегі сөзіңде жаман қатырдың-ау. Ол бір
нөсерде үстіне тамшы жұқпайтын соғынды ғой. Бірақ өте
сақ бол. Мына біздің ғенерал-губернатор Гасфорт мырза
бір қызық адам. Ана Орынбордың генерал-губерна торы
Перовскиймен күндес болып алған. Оның қуған бұзақы
адамдарын қызметке алып, төбесіне көтереді. Мынау
Ивашкеевич парақор, қазына жеген қылығы үшін Орын-
бордан қызметінен қуылған. Осы біздің мекемеге қызметке
отырғалы істеген зұлымдығы адам айтқысыз. Өзгені былай
қойғанда ана Жетісу облысына, Іленің ар жағындағы елге
деген астықты берудегі істеген озбырлығын айтып Гутков-
ский жыр етті.
Достар Сібір өлкесінің осы бір мекемесіне кіріп алған
бір топ қара жүректер жайлы күйіне сөз етіп отырғанда,
Барнаулдан оралған Петр Петрович Семенов та келе қалды.
Достар сағыныса шүйіркелесіп, жаңалықтармен таны сып
қарық болды. Шоқанның Құлжа сапарынан үлкен абырой-
мен оралғанын естіген Семенов сондай қуанышқа бө ленді.
– Шоқан Шыңғысович, сіз Россия мемлекетіне бір үл-
кен елдің бөгеліп тұрған қатынасын қалпына келтіргенсіз.
Мұны Петербург қауымы өте жоғары бағалар. Құлжа
қала сында үш ай бөгелгенде, ғылыми зерттеу жұмысын да
қарас тыр ған боларсыз, – деп Семенов өзінің жұмысына
да Шоқан қолғабысын сұрастыра отырды. Ықыласты
достықпен әзілдесе де отыратын Шоқан:
– Петр Петрович, қазақтың бір мақалы бар, мен соны
айтсам ренжімессіз. «Құл тапқаны – қожасы үшін» дейді.
Сапарғали Бегалин 4 том
136
Біз қолымыздан келгенше жауапты тапсырманы істеген
болып келдік қой. Оның азды-көпті атақ-абыройы генерал-
губернатор Гасфорт мырзаның атағына байланып жатыр.
Ал Құлжа атырабындағы халық жайы, шаруа жайы, жара-
тылыс ғажаптарын қарастырып, жазып әкелдім. Ол жақта
көне өмірдің ізі көп қой, қарастыруға уақыт аз болды. Бұл
жағын сізге берсем, жоғарыдағы қазақтың мақалынан
басқа менің қолымда не қалады? – деп күлді. Шоқанның
мына қалжыңынан қысылып қалған Семенов:
– Шоқан Шыңғысович, мен сіздің бір түйір де еңбегі-
ңізді өз қанжығама байламаймын. Және сіздің еңбегіңіз
«ешбір генерал-губернатордың олжалауында кетпейді.
Бәрі өзіңіздікі болады. Сіз Бүкіл Россиялық білім қоғамы-
ның ғылыми жұмысына кесек жаңалық қосып отырсыз.
Оны біз әлдеқашан жеткізіп, сізді таныстырып қойғанбыз.
Сіздің осы жолғы жинап қайтқан деректеріңізді Петер-
бург ғалымдары асыға күтулі. Енді жатпай-тұрмай жинап
қайт қан еңбектеріңіздің бір данасын маған беріңіз. Ол өте
қажет. Генерал-губернатор Омбыда жағымпаз чиновник те-
рінің алдында мақтанып бөсе берсін. Петербург ғалым дары
ешкімнің еңбегін қанжығасына байламайды, – деп осы бір
сөзін аса ірі жігермен құшырлана батыл айтты. Сонан соң
сөзін жалғап:
– Карл Казимирович, мен Шоқан Шыңғысовичтің
сөзінің қалжың да болса шындықтан туғанын байқап, өз
жауабымды айттым ғой. Уәлихановтың еңбегін ешкім ол-
жаланбайды. Тек, Шоқан Шыңғысович, өзінің осы бастаған
үлкен болып жатқан Шығыс Түркістан мен Батыс-Қытай
елінің ісін өркендете беруі керек. Мына бүкіл Еуропа еліне
жұмбақ барлық жай-күй, жаратылыс байлығын, салт-
санасын, тек, Шоқан Шыңғысович қана анықтап, барлық
сырын ашады. Өйткені Шоқан біздің Россия ғалымдары
үшін шығыстан туған жарық жұлдыз, – деп сөзін аяқтады.
Достар ұзақ отырып әңгімелесті. Петр Петрович Семе-
нов өзінің осы жуырда Петербурға жүретін жайын да ай-
тып, Шоқанға бағанағы сөзін тағы қайталап:
– Шоқан Шыңғысович, мен жуық арада жүріп кетем.
Жаңағы менің сұрағымды тез орындап бер. Егер көшіру
жұмысына көмекші керек болса, менің жүйрік жазатын
жәрдемшім бар. Өзіңе қосып берем, – деп аса қадағалады.
Аға досының не үшін осынша тездеткенін әдепті, сабырлы
Шоқан шұқылап сұрамады. Оның үстіне Семенов оны арам
оймен сұрамайтынына сеніп, Шоқан архив жұмысын қоя
тұрып, соған кірісуге сөз берді.
Сапарғали Бегалин 4 том
137
Петр Петрович Семеновтың айтқан тапсырмасын
бұлжытпай орындаған Шоқан уәделі күнге дайын етті.
Шоқанның алып келуін күтпестен Семенов бір күні та ңер-
тең ертесімен Шоқанның пәтеріне өзі келді. Оның келуін де
екі түрлі мән бар еді. Бірінші, жас жолдасы тапсырма сын
қалай орындады екен. Екінші, Шоқанға оңаша оты рып,
өзінің ойындағы бір ұсынысын айтпақ еді. Алдынан қуа-
ныш пен қарсы алған жас досын құшырлана құшақтап:
– Шоқан Шыңғысович, мен сізге анада Петербургқа
оқуға бар деп ұсыныс жасап едім. Оны сіз дұрыс көріп,
оқуға уәде беріп едіңіз. Енді бір жаңа тілегім болғалы тұр.
Анау өзің аралап танысқан Жетісу, Ыстықкөл өлкелері,
Қоқан, Хиуа хандықтарымен бір жағынан Шығыс Түркістан
өлкесі Алтышәр мен Қытай мемлекетінің шетімен шектесіп
жатыр. Ана Құлжада өзің келісім жасасып қайтқан Қытай
мемлекетінің уәкілдері Алтышәр уәкілдері, біздің Рос-
сия еліне жақындасуға бой тартпайды деп өзің айтып
келдің. Енді сол елмен сауда қатынасын жандандыру мен
бірге, елдің жай-күйіне, табиғатына, халқының ішкі сы-
рына мына Еуропа халқы құмар. Оған христиан дініндегі
елдердің уәкілдері аяқ баса алмайды. Ал біздің Россия
ғалымдары мен мемлекетіміз үшін Шығыс Түркістанның
жайы ғылыми жағынан да, саяси жағынан да өте қажет.
Ол менің ұйғаруымда сіздің қолыңыздан келеді. Мен бол-
сам Алатаудың қырқасына шықтым, арғы алқабына аса
алғаным жоқ. Сол арғы жақ – дүние жүзіне жұмбақ болып
келген түйінді сіз ғана шешесіз. Осыған баруға қалай қарар
едіңіз? – деп Шоқанға ойлана қарап жауап күтті.
– Петр Петровичтың маған ағалық қамқорлықтан бас қа
айтары бар деп ойламаймын. Онда оқуды бастай алмай мын
ғой, сол жағы болмаса Алтышәрға баруға қарсы емеспін, –
деді. Жас досының ғылым жолына жалтақтай қарамай тын
батыл мінезін байқаған Семенов:
– Иә, Шоқан Шыңғысович, сіздің жігерлі, батыл жара-
тылысыңызға менің көзім әбден жеткен. Оқуға әлі уақытың
бар. Ал мына бір аса жауапты жолға бел байласаңыз, бұл
ғажайып жаңалық болар еді, – деді.
– Петр Петрович, бұл жөнінде ана Гасфортпен өзіңіз
сөйлесіңіз. Егер ол кісі лайықты көрсе, мен баруға дайын-
мын. – Шоқан осыны айтқанда:
– Ол жағына мен иемін ғой. Бұл әңгімені Петербург тан
бастаймыз. Гасфортқа өзім әдейілеп сөйлесем, – деді.
Сапарғали Бегалин 4 том
138
Шоқанның қолжазбаларын алып, ерекше қуанды. Көп
уақыт өткен жоқ. Петр Петрович Шоқан үйіне тағы да өзі
келіп, жаңалықтарын хабарлады.
– Мен сіздің ана генерал-губернаторыңызға әдейі
жолықтым. Әсіресе өзің туралы пікірімді Алтышәрға жіберу
жөнінде айтып айрықша тапсырдым. Сенің Алтышәрға
баруыңа, ғылыми жұмысыңмен шұғылдануыңа барлық
мүмкіндікті жасайды. Сонымен бірге, мен өз көзіммен
көріп қайтқан ел билеушілер тарапынан істелетін көптеген
әділетсіздік бар екенін ұғындырдым. Оның түпкі тамы-
ры осы өзіне бағынышты мекеменің чиновник те рінде
екенін баса айттым. Әсіресе шекарашылар, елге шық-
қан чиновниктердің атарман-шабармандарының оспа дар
істерінен бірнеше дәлел келтірдім. Оларға қатты тыйым
салуды ұсындым. Жаңа-жаңа мойынұсынып отырған елді
үркітпей, тәртіптілік істеу керегін айттым. Мен Петер-
бург қа тез жетуім керек. Біздің орыс халқының тір шілігі
ауыр. Сол халықты мына қара түнектен құтқармай ты ным
таба алмаймыз. Бостандық күні алыс емес, – деп Семе нов
Шоқанға мейірлене қарады.
– Петр Петрович, бостандық болары анық па, анау
айдаудағы орыс зиялылары темір құрсаудан босана ма? –
деп Семеновқа қуана, жақындай түсті.
– Шоқан Шыңғысович, бостандық сәулесі көріне
бастаған. Мен Петербургқа тез жетіп өзгеріс дайынды ғын
істесуім керек қой. Шоқан, менің тапсырмамды орын дауға
дайындал. Сен соны орындап қайтқанда, достарың ның
еркіндік алған қуанышын бірге тойлаймыз, – деп Шоқанды
бауырына қысты. Достар: «қайта көріскенше амандыққа,
саулыққа» деген жақсы ниеттерін айтып қоштасты.
Шоқан аға досының тапсырмасын орындап, өзіңің
еңбегіне кірісті. Алтай, Тарбағатай бойларынан оралған Гри-
горий Потанин де Омбыға келді. Анада Шоқанмен бірге ба-
рып, аз танысып, құмарланып қалған Григорий, Сергей Ду-
ровпен қайтадан жолығып, кеңірек танысуға асығатын еді.
Шоқаннан алдымен сұрағаны сол Дуров болды. Екі дос бір
күнгі кешкілігін бос етіп, Дуровтың жұпыны пәтеріне келді.
Май шаммен журнал жаңалықтарын ақтарып отырған ақын
екі досын қуана қарсы алды. Шоқанның Ыстықкөл сапа-
рынан, Құлжа келісімінен алып қайтқан жаңалықтарымен
таныса отырып, достар ұзақ әңгімеге кірісті. Бұрын Шоқан
айтуымен жете түсіне алмаған Григорий, Сергеймен өзі
әңгімелескен сайын ынталана, оның ұстанған жолының
асыл негізін ұғына бас иді. Өз арасында:
Сапарғали Бегалин 4 том
139
– Мен енді мына әскери сауытты шешіп, ғылым жолына
көшетін болып бекіндім. Өтініш жазып қызметтен босанам,
оқуға барам. Бұл жүріс менің қолым емес екен, – деп Гри-
горий өзінің ойын айтты. Григорийдің шешімін қуаттаған
екі дос қуана мақұлдады.
Шоқанның осы жолғы еңбегінің маңызын сөз ете оты-
рып, Сергей Дуров:
– Шоқан Шыңғысович, мен саған мына журналды тауып
қойдым. Бұл біздің атақты жиһанкез Егор Ковалевскийдің
Пекинге барып қайтқан, сол сен барған Құлжада болған,
Азияны аралағандағы жинаған, көрген-білгені, бұл саған
өте керек, – деп сырты көнеріңкіреген журналды берді.
Шоқан Ковалевский жайында, оның қасында тілмашы
болған Дабашинский жайында Жетісуда Тезек төреден де,
Абакумовтан да естіген-ді. Бірақ айрықша мән бермеген еді.
Мына досы Дуров ол кісінің еңбегімен танысуды тапсырды.
Өзін Омбыға алғашқы әкесімен бірге оқуға әкелген Шығыс
елдерінің тіліне жетік Дабашинскийдің ол жақта жүріп
қайтқанын Шоқан білмейтін еді. Ол тіпті қуанып кетті.
Шоқан архивке кіріп, бүкіл шығыс елі жайынан жазылған
қолжазбаларды ақтара отырып, Ковалевский жөнінде
Николай патшаның жазалауға жіберген бұйрығымен де
танысты. Бір әредікте өзінің қарт досы, әрі оқытушысьг
Дабашинскийді көріп амандаса барды. Осы барысында ол
Дабашинскийден Ковалевскиймен Азияны аралағаны жай-
ынан әңгімелер сұрады.
Аға досы, әрі қазақ баласының сырына жетік, тілі мен
түсінігіне таныс Дабашинский Шоқанға Ковалевскиймен
бірге болғандағы көп әңгімелерін айтты. Ковалевскийдің
Африкадан алып келген қара көмірдей күтушісі жайында
бір тамаша жайды сөйледі.
– Мына Батыс елдерінің бай-мырзалары аз елді
қорлауға, кемітуге құмар келеді ғой. Анау Африканың қара
түсті адамдарын күні бүтінге дейін мал есебінде жұмсайды.
Тіпті құл ғып сатады. Ковалевский Африкаға барғанда өзіне
бір африка жігітін серік етіп ертіп қайтқан болатын. Содан
келген бетінде Ковалевский Семей арқылы Құлжаны басып
Пекинге баратын болды. Осы сапарында мен тілмаш болып
ердім. Африкадан алып қайтқан әлгі күтушісі бірге болды.
Сол серігін Петербурда ертіп жүргенде біреулер:
– Мына қара жігітті құлдануға сатып алдың ба? – деп
сұрапты. Ковалевский:
– Құлдайтын кісіге біз зәру емеспіз ғой. Мына Россия-
ның өзінде де құлдық өмірде жүргендер аз емес қой, –
Сапарғали Бегалин 4 том
140
депті. Соны тыңшылар патшаға жеткізіп қойыпты. Патша
ағзам қаһарына мініп: «Ондай бейпіл ауыз адамды жазалап,
түрмеге отырғызу керек», – деп бұйрық береді. Ол кезде
Ковалевский Пекинде жүргендіктен бұйрық орындалмай
қалады, – деп тоқтады.
Шоқанның анау архивте кездестірген қағазы осы бұйрық
екен. Шоқан дос ағасына осы қағазды өзі оқығанын айтты.
Дабашинский әңгімесін тағы қайта жалғап:
– Шоқан Шыңғысович, Ковалевский деген адам Аф-
рика, Азия елдерін тегіс аралаған, ол елдердің жайы нан
тіпті көп білетін адам еді. Өзі мына петрашевшілдермен
пікірлес болды деп кейіннен қатты бақылауға алынды,
оның шығармалары саған өте пайдалы. Тағы бір қызығын
айтайын. Біздің батыс елдерінің ғалымдары қызық адам дар
ғой. Олардың мына сіздің қыр елінің жайынан түк ха бары
болмайды екен. Карл Риттер деген жиһанкез ғалым Кова-
левскиймен Петербургта кездесіп әңгімелеседі. Әрине,
олардың әңгімесі ғылым жайында болады ғой. Әңгіме
үстінде араб елдеріндегі түйенің жүк және әскери көлік
екенін айта келіп Риттер: «Түйе хұрма ағашы жоқ жерде
болмайтын хайуан» деп жазған еңбегін көрсетеді. Оған Ко-
валевский:
– Ғафу етіңіз, Риттер мырза, түйе деген хайуан қазақ
даласында, Жетісу өлкесінде мыңдап саналады. Және сол
елдердің көш көлігінің ең бастысы – түйе, – дейді. Риттер
өз сөзін қуаттап:
– Түйе ана мойнымен хұрма ағашы жоқ жерде азық ты
қайдан алады? Оның мойны жерге жетпейді, – деп тала-
сады. Таластарының шешімін Хиуа хандығынан уәкіл болып
келіп, Петербурда қонақтап жатқан саудагер сонау жібек
жолы атанатын тарихи керуеннің көлігі түйе болғанын ай-
тып ұғындырады. Риттер өзінің ұғымының қате екенін сон-
да ғана мойындайды.
– Мен Петр Петрович Семенов ғалымның айтуы мен
және сол оқуға берген шығармалары арқылы реттермен
танысып, ол кісінің жиһанкездік ғылымына бас иген едім.
Түйе жайындағы күлкі екен. Ана Африкадағы жираф ты
көріп, түйе де соның бір науғысы (тұқымы) деп ойла ған
ғой, – деп Шоқан Дабашинский ағайына Риттермен де
таныстығы барлығын айтты.
– Шоқан Шыңғысович, сен бұл адамдардың шығар ма-
сын қай кезде оқып танысып жүрсің? Бұлар ірі ғалым дар
ғой. Тек, біле бер, Шоқанжан, – деп өзі Айғанымның айт-
қа нын естіген, Шоқанның аулындағы бала кезіндегі ерке
Сапарғали Бегалин 4 том
141
атын бір айтып қалды. Шоқан мен Дабашинский екеуі осы
сөзден сөз қозғалып, асыл ана Айғанымды біраз естеріне
алды.
Шоқан мен Григорий екеуі Омбы қаласының Ордо-
нансгаузе атанатын архив қоймасын құныға ақтарды.
Анада ғы айтқан ойын орындап, Григорий Потанин
қызметтен босанып, біржолата ғылым жолына ауысты.
Бала күннен бірге қиялдап, сырлас болған жан досы ның
өзінің жолы на түскеніне қуанған Шоқан Григорийді өз
достарымен еркін таныстырды. Және ғылым жолына бар
ынтасын, халық қамқорларының пікіріне ұйытты. Григо-
рий Потанин нің «Жоңғарлық Бұхараның сауда керуені»
дейтін шығармасы осы қыстағы еңбегінен туған еді. Бұл
еңбегі тұсында Шоқанның да, Петр Петрович Семенов тың
да көптеген кеңесі болғаны айқын.
Шоқан архивке кіріп ғылыми жұмысына аралас қан
кезінде, анада бір таныс арқылы хат жазған аға досы До-
стоевскийден хат алды. Аға досы Шоқанның хатын алғанын
айтып, өзінің дос ықыласынан ерекше бір жүрек лебізін
жолдапты.
Ш. Уәлихановқа хат
«Сіздің хатыңызды маған менің мейірбан досым, Алек-
сандр Николаевич табыс етті. Әдепті әрі әдемі жазғаныңыз
сондай, мен Сізді қайтадан өз көзіммен көргендей бол-
дам. Мені сүйемін депсіз. Ал өзім ұялмай-ақ айтайын...
Мен Сізге тура ғашықпын. Мен ешқашан және ешкімге
дәл» Сізге секілді ықыластанбаған шығармын. Бұл қалай
болғанын құдайым өзі білсін. Әйткенмен бұған көптеген
түсіндірме беруге де болар еді, Сізге мақтаудың қажеті
жоқ қой! Өйткені Сіз менің адал көңіліме айтпай-ақ ақиқат
сенетініңізді білемін, қымбаттым менің Уәлиханым. Және
бұл туралы он кітап жазылса да жартымды ештеңе айтып
болмас еді: сезім мен ықылас деген нәрселерді түсіндіру
өте қиын. Біз Өзіңізбен қоштасып жүріп кеткеннен кейін
күні бойы қам көңіл болдық. Жол үстінде Сізді ылғи еске
алып, мақтау сөз айттым. Егер Сіз бізбен бірге кеткеніңізде
тіпті ғажап болатын еді. Сіз Барнаулда зор әсер қалдырған
болар едіңіз. Кузнецкіде (жалғыз болған кезімде) (В. бұл
құпия сыр) – Сізді мен өзімнің ең жақын досым саналатын
ақылды, жан-жүрегі пәк бір әйелге әңгіме етіп таныстыр-
дым. Оған Сіз туралы көп айтқаным сондай, ол Сізге көрмей-
Сапарғали Бегалин 4 том
142
ақ ғашық болды. Мұны ол Сізді өте жақсы суреттегенімнен
деп түсіндірді. Бұл тамаша әйелді сіз бір кездері көрерсіз де,
оның жақсы достарының санатында боларсыз. Мен өзім
сондай болуыңызды тілер едім. Сондықтан да Сізге осыны
жазып отырмын. Барнаулды пәлендей аралай алғаным жоқ.
Тек балда ғана болып, танысатын адамдармен танысып ал-
дым. Көбінесе Кузнецкіде тұрдым (бес күн). Сонан соң Зми-
ев пе Локтада болдым. Демченский әдеттегісінше жұртты
ылғи күлдіріп жүрді. Семенов дегеніңіз тамаша адам ғой.
Мен онымен жете жақындасып кеттім. Сізге көп нәрсе
айтуға болар еді, хатқа жазу мүмкін емес. Алайда бір уақытта
кейбір жайттарды есітіп білерсіз, ал тап қазір дүниедегі ең
қымбаттым туралы үрей, қайғы мен қамқорлық жүрегіме
кенет толған шақта (мұны өзім күттім де, күтпедім де),
жападан-жалғыз қалған кезімде (ал әрекет жасау керек-ақ)
– Сізге ең негізгі мақсат-мұратымды, екі жыл бойы жаным-
ды езген жағдаяттарды толық ашып айтпағаныма өкінемін.
Ашып айтқаным жақсы болатын еді. Аяулы досым, сүйікті
Шоқан Шыңғысұлы, мен өзімді жұмбақтап кеттім білем.
Бірақ оны шешемін демей-ақ қойыңыз, тек маған табыс
тілеңіз. Мүмкін барша жайды көп ұзамай өзімнен естірсіз.
Қолыңыз тисе, бізге тезірек келе көріңіз, әйтеуір, апрель-
ден қалмаңыз. Айнып қалып жүрмеңіз. Сізді сондай көргім
келеді, келсеңіз Сіз де зерікпес едіңіз. Омбыдан зерігіп
кеттім депсіз – өйтпегенде қайтесіз! Кеңес беруді өтініпсіз:
қызметіңіздің жайын, сосын жалпы жағдайды, не істеу
керектігін сұрапсыз. Менің ойымша былай: еңбектенуді
қоймаңыз. Сіздің материалыңыз бай. Дала жөнінде мақала
жазыңыз. Ол сөзсіз басылады (ол хақында әңгімелесіп едік
қой, есіңізде болар). Өз жазбаларыңыз тұрғысынан дала
салты, өз өміріңіз, тағы басқа нәрселер туралы жазғаныңыз
тіпті жақсы болар еді. Ол жұрт қызығатындай жаңалық са-
налар еді. Тың нәрсе болатын себебі Сіз не жазғаныңызды
білесіз ғой (мәселең, есіңізде болар, Пушкин аударған
Джон Теннер шығармалары тұрғысында). Сіз сонда Омбы-
да да, Петербургта да жұрт назарына түсесіз. Қолыңыздағы
бар материалдар арқылы географиялық қоғамға таныла-
сыз. Қысқасы, Омбының өзінде-ақ жұрт Сізге басқаша
қарай бастайды. Сонда Сіз өмір жолыңыздың басқаша болу
мүмкіндігіне тіпті өз тума-туысқандарыңыздың көңілін ау-
дара алар едіңіз. Келер жазды қырда өткізбек болсаңыз,
уақыт көп қой. Ал ендігі жылдың 1 сентябрінен бастап
Россияға бір жылдық демалысқа келуіңізге болар еді. Онда
бір жыл тұрсаңыз, не істейтініңізді білер едіңіз. Бір жыл-
Сапарғали Бегалин 4 том
143
дық қаражат табатыныңыз хақ. Маған сеніңіз, оншама көп
қаржы да қажет емес. Ең негізгісі бұл іске жаңаша көзқарас
және белгілі бір есеппен өмір сүре білу керек. Мұның бәрі
біршама болжаммен шартты нәрсе ғой. Сіз осы бір жыл
ішінде өз өміріңізде жаңа қадам жасауға шешім қабыл дар
едіңіз. Өз нысанаңызды өзіңіз көре алар едіңіз, яғни одан
әрі не істейтініңізді білер едіңіз. Содан соң Сібірге оралып,
өз туысқандарыңызға пайда болатын ой айтып, ұсыныс
жасаңыз (не ойлап табуға болмайды, не армандауға болмай-
ды!), олар Сізді тіпті шетелге яғни Еуропаға бір-екі жыл дық
саяхатқа жіберуі де ықтимал ғой. Содан 7-8 жылдан кейін
Сіз өміріңізді Отаныңызға зор пайда келтірердей етіп орай-
ластырар едіңіз. Мәселен, даланың жай-жапсарын, оның
маңызын және өз халқыңыздың Россияға қандай қатысы
барын өз әулетіңізде бірінші болып Россия жұртшылы-
ғына таныстыру, сонымен бірге өз халқыңыздың орыстар
ішіндегі сауатты мүддегері ретінде туған еліңізге еңбек
ету ұлы мақсат, игілікті іс емес пе? Сіз өзіңіздің еуропа-
ша толық білім алған тұңғыш қазақ екеніңізді ұмытпа ңыз.
Оның үстіне тағдыр Сізге үлкен жүрек пен кереметтей жан
беріп, ғажап бір адам етіп жаратқан. Еш нәрседен кенже
қалмаңыз, қалуға болмайды; дәлелдеңіз, тырысыңыз, тіпті
реті келсе қулық істеңіз. Бәрінің де жүзеге асуы мүмкін,
тек табанды болыңыз. Сіздің тағдырыңыз хақындағы
утопиялық ұғымдарыммен бал ашқанымды мазақ етпеңіз,
менің қымбаттым Уәлиханым. Мен Сізді сүйетіндігім сон-
дай, Сіз туралы және Сіздің тағдырыңыз туралы күні бойы
толғандым. Әрине, өз ойымша Сізге жақсылық тіледім. Сол
ой-арман арасында бір шындық бар. Сіз әулетіңіз ішінде
еуропалық білім алған ең алғашқы адамсыз. Осының өзі
– керемет нәрсе және ол Сізге көптеген міндет жүктейді.
Алғашқы қадамыңыздың қандай болуы керектігін анықтау
қиын. Бірақ бір кеңес берейін, асылында аз болжап, аз
қиялдаңыз да, көп қимылдаңыз, бірдеңеден болса да,
бастаңыз, өз карьераңыз үшін бірдеңе болса да істеңіз.
Ештеңе істемегеннен гөрі бірдеңе болса да тындырған
жақсы. Алла жар болсын Сізге.
Хош болыңыз, қымбаттым менің. Сізді 10 рет құшып,
сүюіме рұқсат етіңіз. Мені ұмытпаңыз, жиі-жиі жазып
тұрыңыз. Цуриков маған ұнайды, ойын жасырмайды, бірақ
мен оны әлі аз білемін. Семеновпен кездесіп, Семейге
бірге келесіздер ме? Онда біз бір қауым жұрт болар едік.
Мүмкін, сонда менің өмірімде де өзгеріс болып қалар. Тәңір
жарылқаса болғаны. Сізге Демчинский тағзым етіп, сәлем
Сапарғали Бегалин 4 том
144
айтты. Хатты соның үйінде, өзіміз таңертең тамақтанатын
немесе сорлы жетімдерді күтіп, шай ішетін стол басында
жазып отырмын.
Менің қарсы алдымда Цуриков отыр. Ол да Сізге хат жа-
зу үстінде. Демчинский қорылдап ұйқтап жатыр. Қазір сағат
кешкі 10. Оның неге шаршап-шалдыққанын түсінбей мін.
Сізге Семей туралы бірдеңелер жазайын деп едім, қызық
жайттар бар. Бірақ шынтуайттап келгенде, оннан бірін де
жазу мүмкін емес. Хош болыңыз, менің мейірбан досым.
Жиі жазып тұрыңыз. Мен де Сізге әрқашан жауап қайы-
ратын боламын. Мүмкін, реті келгенде өз жұмысым жайын
жазуға да батылдық жасап көрермін. Мен болып Дуров-
қа тағзым етіңіз, мен болып оған жақсылық тілеңіз. Оны
сүйетінімді және шын берілгендігімді айтып сендіріңіз.
В.С. Сізге тағзым етеді. Сіздің, өзін Омбыға әкетуге
тырысқаныңызды әңгімеледі. Ол Сізді ұмытпапты және Сіз
туралы қызыға сөз етеді. Ф. М. Достоевский.»
Аға досының елжірей жазған хатын қайталай оқып,
өзіне-өзі: «Дос болсаң, осындай адаммен бол. Қандай нәзік
сезімнің адамдары. Анау Петр Петрович Семенов, Сергей
Дуров, міне, Россия халқының нағыз асыл адамдары», –
деп өзінің күнделігіне жазып қойды.
Шоқан Сібір өлкесінің қақаған аяз, бұрқыраған бо-
ранды күндерінде пеші кейде жағылып, кейде жағылмай
ала қоңыр болып тұратын салқын архив қоймасында та-
ңертеңнен кешке дейін қолжазбаларды ақтарумен бол ды.
Осы архивте оның көп іздеген дерегі – Сібір өлкесін Рос-
сия патшалығының алғашқы иемдене бастаған кезі. Сібір
өлкесіндегі халықтардың қонысы, шаруа жайы, олар мен
Россия патшалығының қарым-қатынасы жайлы болды. Бұл
жағынан Шоқанның тапқаны көбі бұрыннан өзіне тан ыс
жайлар. Шоқанның бір қуанған табысы – қырғыз елінің
шежіресіне байланысты қолжазбаға кездесті.
Екі жылдай ойды-қырды аралап, ел көнелері мен
сөйлесіп, қырғыз елінің шежіресіне көп үңілген еді. Қыр-
ғыз қарияларының айтуына қарағанда – «ата-баба-
мыз дың туып өскен жері Әндіжан өлкесі екен» деседі.
Ал жиһанкез ғалымдардың, шежірешілердің жазғанда-
рында қырғыздардың «Енисей», «Том», «Абақан» өзені-
нің бойында болып, Алатауға кейінірек көшіп барғанын
айта тын. Біріне бірі қайшы дәлелдемелерді салғас ты-
рып, қайсы сы сенімді екенін шеше алмайтын. Көңіліне
көбірек алып архив туындыларын ақтарғандағы баса
қарастырғаны осы еді.
Сапарғали Бегалин 4 том
145
Бірде Шоқанның қолына Ұранхай елінің «Алтын ханы»
деген қолжазба кездесті. Осы қолжазбаны қарап, барлық
жазылу тарихымен танысты. Бірақ мұның ішінен де өзінің
іздеген жұмбағына шешім таба қоймады. Сол буддалардың
тобынан он сегізінші ғасырдың орта кезінде жазылған бір
қолжазбаға кездесті. Бұл қолжазбада он сегізінші ғасырдың
орта кезінде Өскемен бекінісіне қырғыз-қалмақтың он екі
үйлі адамдары келіп, жергілікті әкімдерге: «Біз бұрын Том
мен Енисейдің аралығында тұрушы едік. Біздің басшы-
мыз Танбын батыр Танджи еді. Онда Ресей қазынасына
аң терісінен алым төлеп тұрушы едік. Сонан он сегізінші
ғасырдың бас кезінде Ғалден Сореннің үш қолбасы баты-
ры бес жүз жауынгер тобымен келіп шауып, қырғыздарды
Жоңғар тауына көшіріп жіберді. Үш мың үй қырғыз,
қалмақ қолының сайланып келген қаһарына қарсы тұра
алмай, қонысынан ауды. Сонан қырғыздар Ғалден Соренге
алым төлеп тұрды. Сонымен қатар біздің тағы бір тобымыз,
Соғай даласында тұрады. Олар да кейіннен Жоңғардағы
туыстарын тапты. Біз де өз туысымызға қосылуды тілейміз»
депті. Бұған қарағанда қырғыздардың Енисей бойы-
нан ауып келуі анық. Оған қосымша жоғарыда аталған
жиһанкез ғалым Риттер де (Карл Риттер)– «қырғыз,
қазақ түбі бір халық, бұлар бір кезде Сібір өлкелерінде
болып, кейіннен Алатау атырабына көшіп келген», – деп
түйіндейді. Шоқан осы сияқты құмарта зерттеген ғылым-
дық еңбегімен шұғылданып ешқайда мойын бұра алған
жоқ. Өйткені, әдет-ғұрпы, тілі түбірлес қырғыз-қазак, елі-
нің шежіресін қарастырып, анығын ашуға құмарланды.
Шо қан шағатай тілінде жазылған «Тарих рашиди» кітабын
тауып алып, соны оқыды. Бұл кітапта он алтыншы ғасыр-
дағы түрік шежірешісінің жазуына қарағанда қырғыздар-
дың Әндіжан мен Ыстықкөл жағасының аралығында жүр-
ген мәліметі бар.. Оған қарағанда қырғыз қариялары ның
– «ата-бабамыздың қонысы Әндіжан алқабы» деге нінің
жаны бар тәрізді. Ал он сегізінші ғасырда Енисей бойын-
да қырғыз елі болғанына қарағанда, бір кезде қырғыз-
қазақ бір тұтас тайпалар болып, Сырдариядан Енисейге
дейінгі екі аралықта көшіп мекендеп жүргені байқалады.
Өзінің Ыстықкөлде қырғыз жыршысынан естіп жазып
алған «Манас» жырындағы қырғыз-қазақ батырлары ның
бірге аттанған жорықтары да осыны бейнелейді. Қоны сы
басқа, туыстық түбірі басқа ел бір майданда қатар жүріп
қан төге ме. Және сондағы қырғыз-қазақ батырлары ның
жауы құба қалмак, болып келеді. Сөйтіп өзінің тұңғыш
Сапарғали Бегалин 4 том
146
қырғыз елінен тапқан үлкен дастанының халық шежіресіне
қосылған құнды жаңалық екені айқындала түсті. Ана дағы
он екі үйлі қырғыз-қазақ адамдарының айтуындай Жоң ғар
қолы келіп килігіп, қырғыз руларын екіге бөліп тастағанға
ұқсайды. Сыр бойындағылар Әндіжан алқабында қалып,
Енисей бойындағылар осында бөлініп қалған болуы ке рек.
Ал Енисейдегілер Жоңғар тозғындаған кезде Алатаудағы
елімен қайтадан табысқан болар деп түйді. Осындай көп
іздене отырып қазақ-қырғыз даласын жаңадан зерттей
бастаған Россия ғалымдарына ой салар, жол сілтер ізін
түсіргендей болды.
Шоқан мен Потанин екеуінің тағы бір ерекше
қарастырғандары, Қашғарияға тура тартар сауда керуе нінің
жолы болды. Қоқан хандықтарының Россия пат ша лы ғына
қырын қарайтын жайын еске алғанда, Ыстық көл арқылы,
Алтышәрге тау жолымен өту қолайлы тәрізді. Екеуі осы
жолдың жобасын топшылады. Сонан екі дос қыстың көп
уақытын архив ақтарып, алдағы істелер ғылыми зерттеу
жұмыстарының жобасын ойластырумен өткізді.
V
Қыс ортасы ауа берген кезде Шоқан Петр Петрович Се-
меновтан хат алды. Осы хатпен бірге Петербургтағы «Орыс
географиялық қоғамының» толық мүшесі Уәлиханов» де-
ген сенім қағаз бірге келді. Сенім қағазға қоса «Орыс гео-
графия қоғамының» 1857 жылғы 27-ақпандағы мәжіліс ха-
тынан көшірме де бірге келген. Шоқан өз оқығанына өзі
сенбегендей досы Григорий Потанинге берді.
– Шоқан Шыңғысович, құттықтаймын, бауырым, –
деп Григорий Шоқанды бас салып сүйді. – Міне, еңбегің
жанды. Ғалым атағы ардақты бағамен арналған саған.
Бұл қуаныш – бәріміздің қуанышымыз, – деп Григо-
рий Шоқанды қайта-қайта сүйді. Екеуі География қоғамы
басқармасының мәжіліс хатын қайта отырып оқыды.
«Батыс-Сібір өлкесінің қырғыз-қазақ өлкелерін зерттейтін
бөлімінің қызметкері, әскери шенді Шоқан Шыңғысович
Уәлихановтың Жетісу өлкесін, Ыстықкөл атырабын зерт-
теуде, Құлжа қаласындағы келісімді ғылыми тұрғыдан
жобалауда істеген еңбегі – Россия ғылымының халық
зерттеу саласына қосқан зор үлесі. Осы жөнінде ғылыми
баяндама жасап Уәлихановтың еңбегін жан-жақты дәлел-
деп жеткізген Петр Петрович Семенов-Тянышанский дің
ұсынысы бір ауыздан қабылдансын! Шоқан Шыңғысо-
вич Уәлиханов «Россия Географиялық қоғамының» толық
Сапарғали Бегалин 4 том
147
мүшесі етіп алынсын» делінген. Екі дос Петр Петровичтың
жаңадан тіркеп алған қосалқы фамилиясын қайталап,
«Семенов-Тянышанский» деп жарыса айтысты.
Петр Петрович анада Петербурға жүрерде Шоқанның
қолжазбаларын қояр да қоймай алып кеткендегі сырын
Шоқан түсіне де, сұрай да алмаған. Аға досының оны не
үшін керек еткенін мына қаулыны алғанда ғана түсінді.
Қандай адал жанды асыл адам.
Бұлар халық үшін, ғылым үшін туған жандар гой, деп
ойлады Шоқан ішінен.
Петр Петрович Семенов Омбыдан Петербургқа келген
бетінде Шоқанды География қоғамына мүшелікке ұсынды.
Ұсынар алдында Шоқанның жаңа еңбектерін ғалымдарға
беріп таныстырды. Алдымен әрі жиһанкез, әрі географ ғалым
Ковалевскийге берді. Ковалевскийге Шоқанның еңбектерін
бере отырып, «Шоқан біздің география қоғамына жаңадан
қосылған кесек тұлға. Ол бізге жұмбақ болып жатқан Азия
елінің тілін, әдет-ғұрпын, тіршілік салтын негізінен жақсы
біледі. Оның үстіне ғылымдык, жағынан қандай тапсырма
болсын асыра орындай алатын ерекше қабілетті жас ғалым»
деді. Ковалевский Шоқанның мына жаңа еңбектерімен та-
нысып, қолжазбаның бір бұрышына: «Жас, дана ғалым»
деп қуана жазып қойды.
Шоқанның аты География қоғамына әйгілі бола
бастағаннан-ақ үкімет адамдарының құлағына да
шалынған болатын. Әсіресе оның Құлжаға барып бітіріп
қайтқан мемлекеттік жұмысы Шоқан есімін бұрынғыдан
да айқындай түскен. Шығыс Түркістан елі туралы көп
уақыттан бері қолға алып, өзі де ол жақтарда болып, осы
өлкемен қарым-қатынастың жолын табуға ынталанған Ко-
валевский Шоқанға ерекше назар аударды.
Осы жылдың көктемінде Ковалевский – «Шығыс
Түркістанға, Алтышәрге яки Қашғарияға ғылыми экспе-
диция жіберу қазіргі жағдайда өте қажет» деп шетел дер
министрі Горчаковтың атына ұсыныс хат жазды. Осы
ғылымға негізделген хатында Қашғар шәһәрінің, Шығыс
Түркістан уәлаятының географиялық жағдайын айрық ша
суреттемеге түсіріп көрсетті. Әсіресе Шығыс Түркістан
өлкесімен, Уәлиханов бастап барып анықтап қайтқан тау
қырғызы, Ыстықкөлмен шекарасының ұштасып жатқ а нын
баса айтты.
Осы бір ғылыми да саяси мәні зор экспедицияны
ұйымдастыруға География қоғамының ғалымдары ерек-
ше назар аударды. Оның үстіне Россияның Құлжадағы
Сапарғали Бегалин 4 том
148
консулы Захаров: «Ташкент-Қоқан саудагерлері Құлжаға
келуін, сауда араласын тоқтатты. Қашғариямен де олардың
қатынасы мүлде тоқталған» деп хабарлады. Осындай
Шығыс Түркістанның басқа көршілерімен қатынасы
бөгеліп тұрған кезде сауда қатынасын ұйымдастырып, со ған
жапсарлап ғылыми экспедиция адамдарын жіберу қажет.
Ол экспедицияға сол елдің салт-санасын, тілін білетін аса
сенімді, беделді адам табу керек» десіп іздестірді.
Ковалевскийдің ұсыныс хатын орынды деп тапқан ше-
телдер жұмысының министрлігі, өздерінің халықаралық
жұмыстарды басқару бөлімі арқылы мәселе көтеріп, пат-
ша ағзамның рұқсатын сұрады. Александр І-патша «қар сы
емеспін» деп қол қойып рұқсат етті. Осы рұқсат қағазды
алысымен шетелдер жұмысының министрлігі және әске-
ри министр Сухазанет Омбының генерал-губернаторы
Гасфортқа: «Қашғария экспедициясын үйымдастыруға
кірісіңіз. Оған саудагер түрінде татардан яки өзіміздін,
қол астымызға қараған ташкенттіктерден сенімді адамдар
жіберілсін. Сонымен қатар ғылыми жұмыстарды жүргізе-
тін өзіміздің жігіттерден приказчик түрінде адам қосыл-
сын» деп тапсырды.
Өздерінің ұсыныстары қабылданған География қоға-
мының ғалымдары асқан қуаныпшен экспедиция ның
ғылыми жұмысының жобасын жасады. Сонымен қатар
Гасфортқа Семенов-Тянышанский, Ковалевский баста ған
ғалымдар қол қойып хат жазды. Ол экспедицияны тезде туді
қатты өтінді.
Қашғария сапары
I
Әскери министрліктен және шетелдер жұмысы
жөніндегі министрліктен Алтышәрге экспедиция
ұйымдастыру жөнінде қатынас қағаз келгенде, Гасфорт
үлкен ой үстінде болатын. Қоқан, Хиуа хандықтарының
Қашғарияға соқтығып, Уәлихан қожаның Алтышәрге кіріп
кеткен хабарын алып отырған. Тау қырғыздарының арғы
шеткі руларының да сол дүрбелеңге қатынасы болды.
Қырғыз рулары қобалжуда деген хабарды алып Гасфорт
Шоқанды тығыз түрде Жетісуға аттандырған еді. Вер-
ный, Қапал бекінісіндегі шекарашылардан қарулы жасақ
қосып, Ыстықкөл маңында болып, арғы елдегі бүліншілікті
бақылауды тапсырған болатын.
Сапарғали Бегалин 4 том
149
«Осы бір дүрбелең кезде арадан сыналай кіріп кетіп,
Шығыс Түркістанды басып алуға болар еді. Қытай
патшалығының Шығыс Түркістандағы қолы ондай күшті
емес. Ал мына Алтышәрге кіріп Қытаймен жауласып жат-
қан Уәлихан қожа біздің әскери күшті қарсы алады. Сонда
біз Хиуа, Қоқан хандықтарынан дос табамыз. Алтышәрді
Қытайдан бөліп, Россия мемлекетін ұлғайтамыз» деп Гас-
форт өзінше Азияны оп-оңай жаулап алмақ ерлік жоба сын
ойлап, дайындықтар жасап еді. Бірақ оны әскери министр
мен шетелдер жұмысының министрлігі «дұрыс емес, Қы-
тай сияқты тыныш отырған елмен соғыс ашылып кетеді»
деп тоқтатып тастаған.
Осындай алуан толқынды ойдың үстінде отырған
генерал-губернатор экспедиция жұмысын солғындау мой-
ындады. Әсіресе сауда қатынасы түрінде жіберілетін экспе-
диция адамдары барлығы шығыс елі текті татар, қашғарлық,
өзбек, ұйғырлар болуы керек. Ондай топтың құрамы на
сенімді адамдар табыла ма? Осы жұмысты ұйымдастырып,
адам табуды Карл Казимирович Гутковскийге жүк теді.
Карл Казимирович генерал-губернатордың әрі тығыз, әрі
өте жауапты бұйрығын алып, Семейге суыт жүріп кетті.
Аса жауапты жұмыспен келген генерал Гутковскийді
Семейдің губернаторы және әскери полковник Хомен-
товский құрметтей қарсы алды. Карл Казимирович Семей
қаласында экспедицияның адамдарын табу ісіне кірісіп,
қаланың татар, шала қазақ бөліміне әлденеше барып Боқаш
Аупаевтың үйінде болды. Семей қаласындағы татар, шала
қазақ қашғарлықтарға аса абыройлы Аупаев Гутковскийді
құрмет тұтты. Ол кісінің тапсыруымен экспедицияға сауда-
герлерден сегіз адамды тапты. Олардың ішінде қашғар лық
Мұсабай Тоқтыбаевты керуен басшысы етіп лайықтады.
Боқаш Аупаев өзінің қарттығын айтып, алыс жолға жүру-
ден бой тартты. Мұсабайдың Қашғарияда туған-туыстары
бар, оның керуен басы болуы экспедицияның мақсатына
да өте қолайлы. Ол елдің ішкі жайынан хабар алып отыруға
жағдайлы. Бұл жағына иланған Карл Казимирович баста ған
үкімет адамдары соған келісім істеді. Ендігі жағдай ол жаққа
апаратын сауда-саттық жабдығы сегіз адам орталарынан өз
қаржыларына алып баратын болды. Бір ғана шарт, олар дың
сауда қаржылары талан-таражға ұшыраса, шығынды үкі-
мет көтеретін болып шарт жасалды.
Осындай келісім жасалып жатқанда, Алатауда қырғыз
ішінде жүрген Шоқаннан Гасфорттың атына жазылған хат
келді. Ол хатта Шоқан: «Мен қырғыз еліне қатынасқан Таш-
Сапарғали Бегалин 4 том
150
кент және Қоқан адамдарымен сөйлесіп, Қашғариядағы
жанжалдың жайын білдім. Қашғарға Қоқаннан ұрланып
барған Уәлихан деген қожа шәһәрдің қақпашыларын
алдап қорған ішіне кіріп кетіпті. Сөйтіп алдымен күзет
бастығының бейқуат отырған жерінде басын шауып,
қорған күзетшілерін тегіс қырыпты. Қалаға кіріп мұсылман
ұранын «ғазауат» шақырып, Қытай әкімдеріне қарсы
көтеріп, қаланы басып алыпты. Сол жерден Алтышәрдің
әкімдерін қырып, қаланы басып алуға қарақшыларын
аттандырған. Қапелімде шәһәрдің ішіне бандыны кіргізіп
алып, қырғынға ұшыраған қытай мемлекетінің адамдары
шұғыл шара қолданып, әскер төгеді, бандылардың басқа
шәһәрға барғандары қолға түсіп, Уәлихан қожа қашып
шығыпты. Қазір сол мұсылман қауымы мен қытайлықтар
арасындағы ұғыныспағандық тексерілуде. Қалғанын тағы
хабарлаймын» деп жазыпты.
Шоқанның осы хабарлауын Петербургқа жеткізіп, Гас-
форт бір данасын Семейдегі Гутковскийге жібереді. Оны
жібере отырып, экспедицияны ұйымдастыру жұмысын
тездетуді тапсырды. Шоқанның жазған хабарлауын
оқып танысқан Карл Казимирович Шоқанға іле хат жаз-
ды. «Шоқан, сен ана Қашғарияға барам деуші болма.
Мына сияқты бүлініп жатқан ел сенің кім екеніңді біліп
қойса, тірі жібермейді. Және олар сені білмей қоймайды.
Қытайдың Құлжадағы әкімдері сенің кім екеніңді
Семейдегі ташкенттіктерден-ақ біліп алады. Олар біздің
елдің барлық сырын жеткізіп отырады. Ал өзің жүрген Ала-
тау қырғызының Алтышәр жақтағы көшпелілері Қашғарға
хабарлайды. Сен өзің сол қырғыздың шетінде сенімді жер-
де қал да, Қашғарияға Мұхаммедякуп Жанғұловты жібер.
Ол сенің керекті мәліметтеріңді жазып әкеліп береді» деп
жазды. Карл Казимировичтің мұны жазып отырғаны осы
экспедицияны ұйымдастыру жайы сөз болғанда ол жаққа
үкімет тарапынан жіберілетін құпия уәкіл етуге Шоқанды
ұйғарған-ды. Әскери министр Сухозанетке Гасфорт: «Бұл
экспедицияға менің қол астымдағы қызметкерлердің ішінде
бір ғана сенімді адам бар. Ол – поручик Уәлиханов. Бізге
бағынышты мына қырғыз елінің сенімді сұлтаны полков-
ник Шыңғыс Уәлихановтың баласы. Өзі Кадет корпусын
бітірген. Және мына Азия елінің әдетін, тілін жақсы білетін,
сенімді офицер» деп жазған. Петербурдағы департаменттен
Гасфорттың жазғанына қосылған келісім қағазды алысы-
мен экспедицияға жіберілетін адамы сөз болғанда, Гасфорт
алдымен Шоқанды сол уәкілдікке тағайындаған. Оған қоса
Сапарғали Бегалин 4 том
151
Гасфортқа География ғылым қоғамынан Ковалевский мен
Семенов-Тянышанский екеуі Шоқанды жіберуді ұсынған
қағаз келген. Және Шоқан өзі өткен күзде Семенов-
Тянышанскийге Қашғарияға баруға уәде бергенін де білетін.
Осылардың бәрін қорытып, аталық қамқорлық көзбен жан
аши қарайтын Гутковский шын жүрегінен басалқа ақылын
айтып сақтандырып жазды.
Семейде Гутковский Гасфорттан тағы да хат алды. Бұл ха-
тында: «Семейдегі сауда керуеніне деген адамдарды тапқан
болсаңыз, олармен келісім жағын тез бітіріп, Жетісуға,
Алатау округіне жетіңіз. Ол жердегі бекін бастығы Премы-
шельскиймен ар жағынан Уәлихановты шақыртып алып,
Жетісудан Қашғарияға жүретін керуен жолының кестесін
жасаңдар. Сонымен қатар, Уәлиханов арқылы қырғыздың
бас манабы Боранбайға біздің сыйлығымызды жеткізіңдер»,
– деп жазған.
Генерал-губернатордың бұйрығын ала салып Верный
бекінісіне құйғытқан Гутковский лезде-ақ жетті. Ол келе
Шоқанға хат жазып, төтенше кісі жіберіп, шақырып алды.
Осы жерде Гасфорттың Шоқанға арнап жазған нұсқау
хаты да, сонымен қатар экспедицияға дайындалған тапсыр-
масы да келді. Гутковский, Перемышельский, Шоқан бәрі
бірлесе отырып, экспедиция керуенінің қай жолмен баруы
жайында ұзақ кеңесті. Гасфорттың Шоқанға жазған ха-
тында Құлжа арқылы барса деген ойын білдірген. Ондағы
генерал-губернатордың тиянақ ететіні өткен жылғы
Шоқан барып келісім жасап қайтқан таныс әкімдер керу-
енге қауіпсіз жолбасшылық етер ме еді деген ой болатын.
Ал мына кісілер ақылдасқанда қырғыздың Бұғы руының
ішімен Ыстықкөлдің оңтүстік-шығысын басып, Мұзарт
асуымен өтуді лайық көреді. Бұл жолдың ерекшелігі –
керуеннің жүк көлігі мен малдарына көш жолы жайлы.
Осындай жол жобасы қаралып жатқанда қырғыз Боран-
бай манаптың қайтыс болған қайғылы хабары Омбыға да,
Верныйға да келіп жетті.
Аса бір жауапты да қиын жолға бет алғанда шекарадағы
ең бір сенімді ру басының қаза болуы экспедиция адамда-
рына үлкен ой туғызды. Әсіресе Бұғы руының басты ма-
набы өлуі, Сарыбағыстың аламан бұзықтарына үлкен жол
береді. Олар Боранбаймен достасып, Бұғы қырғызымен қол
жалғап, жол тартпақ керуенге қалай да кедергі жасайды.
Осындай толқын үстінде отырғанда Семейден тығыз по-
чта көңілсіз хабар алып келді. Боранбай манаптың өлгенін
естіген Семей саудагерлері: «Сарыбағыс руы жолда тонап
Сапарғали Бегалин 4 том
152
алады. Олардан бізді қорғайтын Бұғы руының басшысы
өліп қалды. Біз қарап отырып қанталауға түспейміз», – деп
дайындығын тоқтата бастаған.
Комиссия басқа жұмысты тоқтата тұрып, Гутковский
Семейге тығыз почта атымен қайта жөнелді. Гутков-
ский Семейге келіп, Аупаев Боқашпен сөйлесіп, анадағы
саудагерлерді қайта жинап, жүруге әзер дегенде көндірді.
Қапал, Верный бекінісінен керуеннің жолын қорғап от-
ыратын жүздеген атты әскер жіберуге келісім істеді.
Жолдарының қауіпсіздігі қамтамасыз етілген саудагерлер
дайындығына кірісті. Гутковский Верный бекінісіне қайта
жүрерде Аупаев Боқашты өзімен бірге ала жүрді. Өйткені
керуен Жетісуға келгенше Боқаштың қатарында болуы өте
қажет. Орта Азияның көп жерін аралап, ол жақтың сырын,
жайын жақсы білетін Боқаш керуенді осы жерден аттанды-
рып қайтатын болды.
Гутковский мен Боқаш келгенде, Шоқан Ақсу бекетін-
дегі Керей деген қазақтың ауылында еді. Алдарынан то-
сып алды. Шоқан мүлде іші пысып, зерігіп қалған-ды. Карл
Казимировичті қуана қарсы алды. Көпті көрген, елдің
жайы-күйі, сырына жетік Боқаш бір тамаша ойын ұсынды.
«Осыдан жиырма жыл шамасы бұрын Қашғардан кішкене
баласымен бір саудагер Семей арқылы Орал жағына
барған болатын. Баласының аты Әлімбай еді. Ол қашғарльқ
сол барған бетінен қайтып Қашғарға оралған жоқ. Менің
естуімше, ол қашғарлық Саратовқа барып дүкен ашып
тұрыпты. Сонан қайтыс болып, ана жас баласы қалған. Ол
Қашқарияға баруға жолын да білмейтін болар. Ал олардың
Қашғарда жақын туыстары бар, олармен де хат-хабары кем
шығар. Сондықтан Шоқан сұлтанның аты бүгіннен бастап
Әлімбай болсын. Және ол жай бір керуенші яки саудагер
болып бармасын, керуен басы болсын. Өйткені Қашғардағы
туыстары Әлімбайдың азамат болып ер жетіп, керуен басы
болып келгенін қатты қуаныш етеді. Онда жүріс-тұрысы
қауіпсіз болады. Керек деген қаланы ондағы туыстары
өздері ертіп аралатады» деп ұсыныс жасады. Боқаштың бұл
ұсынысы Гутковскийге де Шоқанға да аса ұнады. Шоқан сол
күні сонау Кадет корпусын бітірген жылдан бастап сылап-
сипай, кербез бөліп, қайыра тарап қастерлейтін шашын
ұстарамен қырғызды. Үстіндегі офицер киімін шешіп, Азия
елінің ұзын шапан, шолақ жең камзолын киді. Аяғына жыл-
тыр қара мәсі мен кебіс киді. Сөйтіп Шоқан шығыс елінің
саудагер байбатшасы болып шыға келді.
Аупаев Боқаштың айтуымен Мұсабай Тоқтыбайұлы
Сапарғали Бегалин 4 том
153
барлық сауда-саттық жұмысын басқаратын керуен басы,
ал арнаулы уәкілдікке керуен басы – Шоқан. Сол сияқты
тек, Аупаев пен Мұсабай, Шоқан, Гутковскийлердің ара-
сына мәлім бір сыр – Шоқан – Әлімбай, Мұсабайдың
жақын туысы. Өйткені бұлармен бірге баратын керуен
адамдары Шоқанның кім екенін яки офицер екенін білмеуі
керек. Осындай жан-жақты сақтықты қарастырып, Шоқан
керуенді Қарамола бекетінде күтіп алды. Барлық жол жай-
ын, Верный, Қапал бекіністерінен керуен жолын бақылап
отыратын отряд әзір отырған-ды.
Керуеннің құрамында отыздан аса қолғанат
қызметкерлер, сегіз приказчик бар. Олар тек керуен ба-
сына бағынады. Керуеннің бас-аяғы жиналып, жүріске
бет алуын күтіп жатқан Боқаш, барлық адамдардың басын
қосып, жол ашар құрмалдығын сойғызып, бір бас, бір тас
болып, не көрсе бәріне ортақ болуға бәрінен ант алды. Со-
нымен қатар ешбір адамға өздерінің жөн-жосығын, қалай
ұйымдасқанын да айтпауға да анттасты. Шоқанды барлық
керуен адамдарына айрықша тапсырып, жататын қосын
ерекше жабдықтатып қолынан аттандырды. Жүз түйе, ал-
пыс атпен, қашғарлықтарға өте қажетті деген асыл кездеме
тиеп, керуен алыс жолға аттанады.
ІІ
Оңтүстіктің тамылжыған ыстық шілдесі басталды. «Түні
салқын, күні ыстық, суы салқын, сайы мүк» деп жырлана-
тын Жетісудың Жоңғар сілемін бөктерлей, салқар-салқар
көшін тартып, керуен мамырлап басып жол тартты. Көш
Алтын Емел алқабына келіп, Шоқандар қосы қонғанда,
өткен жылғы Ыстықкөлге дейін бірге барған Әбілез төре
алдарынан шықты. Әрі аталас туысы, әрі жолы да, жасы
да үлкен ағаны Шоқан құрмет етіп, өз шатырына түсіріп
қонақ етті. Қос басы Мұсабай Шоқанмен бірге болып, Се-
мейден алып шыққан тәтті, дәмді жемістерді төгіп сый-
лады. Шоқандардың жүрісінен хабар алған Жалайыр
руының төресі Жанғазы, өзінің көтермешілерімен келіп
Шоқандарға сәлемдесті. Аласа бойлы, қарынсау Жанғазы
Шоқанның шатырына кіріп отырар-отырмастан:
«Атам Әділ Абылайдан тараған,
Сол атама Абақ, Тарақ қараған.
Жалайырдай жалпақ жатқан ауылым
Қай қамалға қарсы қойсам жараған», –
Сапарғали Бегалин 4 том
154
деп жырлай бастап, өзін Шоқанмен таныстырды. «Шы-
рағым, Шоқан, естуімде бастағаның ақ патшаның көші
көрінеді. Әкелгенің мына жатқан Ұлы жүздің жалпақ еліне
ұлы патшалықтың жақындық достығы көрінеді. Сол Ұлы
жүздің бір қалың руы – Жалайыр, ол – біздің ауылымыз.
Ауылымыздың деңгейінен бірнеше рет өттің, бізді елеп ат
басын бұрмадың. Жасың кіші болса да, жолың үлкен ғой,
сыртыңнан естігенше дидарыңды көрейін деп келдім, –
деп бір тоқтап, – Шырағым, Шоқан, сөкпе, Жалайыр дың
қойы көп, Жанғазының ойы көп. Мынау сауда-саттык қа
алып шыққан көшіңнің бір шатырын біздің ауылға жібер.
Мына Ташкент, Қоқаннан келетін саудагерлердің жолы
бөгеліп, Жалайыр аулы жалаңаш отыр. Соларға сауда лат,
– деп тоқтады.
Сайрай кірген төре ағасының сөзін әбден тыңдап бо лып,
Шоқан сауда жайының билігі керуен басы Мұсабай мыр-
зада екенін айтты, Мұсабай да қазақтың әдет-ғұрпына жүй-
рік әдетімен:
– Жанғазы төре, біздің қос Қытай патшалығы ның
келісімімен мына кездемені Алтышәрге арнап алып
шыққан еді. Онда жолда жырымдасақ, екі мемлекеттің
келісіміне қайшы болады. Біз сіздің еліңізге амандық бол-
са, алдымыздағы көктемде арнайы сауда керуенін келтіре-
міз. Оған дейін бізге рұқсат етіңіз, – деп аса сыпайы ті л мен
жеткізді.
Керуен Алтын Емелде екі күндей болып, Тезек аулынан,
Әбілезден бірнеше жол білетін адамнан басшы алып, ілгері
тартты. Алдын ала жіберілген даяшылар ұйымдастыр ған
Албан-Суанның, ұйғыр ағайындардың қайық тілін білетін
адамдары алдарынан әзір болды. Солар дайындаған жел
қайықпен аттарды, түйелерді шұбырта жетектеп, Іледен екі
күн дегенде зорға өтіп болды. Керуен Іледен өтіп, Алатау-
дың оңтүстік саласын бойлай отырып Қарқара жайлауы на,
Кеген төріне келіп қонды. Сонау Семейден ұзақ жол жүріп,
арықтап-шалдығып келген көліктерін жайлауда біраз күн
тынықтырып және қырғыздың Бұғы руына барып қай туға
қосшы алып Шоқан жүріп кетті.
Шоқан өзінің досы тұтқан манабы дүниеден қайтқанда
осы маңда еді. Естісімен орнына барып қазақша қайғы
бөліскен болатын. Бұл жолы Омбыдан генерал-губерна тор
Гасфорттың Боранбайға арнайы жіберген сыйлығын әкеліп
тапсырды. Бұғының ру басы манаптары Шоқанды және аға
манапқа генерал-губернатордың сыйлық жіберіп құр мет
көрсеткенін ерекше бағалады.
Сапарғали Бегалин 4 том
155
Шоқан Боранбай ауылына барғанда осы Бұғы елінің
ішіне келіп, сауда істеп жатқан бір-екі қос қашғарлық са-
удагерге кездесіп, олармен танысты. Және Қоқан, Хиуа
шекарасының жайын, Қашғар қатынасын барлап біраз
құпия зерттеу жүргізді.
Шоқанның алып қайтқан бір жаңалығы – Қытай
үкіметі Алтышәрге, Азия елдерінің қай қаласынан келіп
сауда істеймін деушілерге бөгет болмасын деп жарлық
шығарыпты. Осыны алысымен керуен Ыстықкөл
алқабына жетуге, тезірек Қашғарияға асуға асықты. Қытай
үкіметінің жоғарыдағы кеңшілігін алысымен Қоқан бас-
шылары Алтышәрге өтетін керуеннен алым алып отыру-
ды ұйымдастырған. Сол үшін Қашғарға өтетін керуенді тек
Ферғана жазығымен бір-ақ жолмен өткізетін болған.
Шоқандардың көші Ыстықкөл алқабына келісі мен
анадағы Шоқан жолығып, сөз байласып қайтқан Қаш ғар
саудагерлерін тауып алды. Бұл қашғарлықтар қырғыз елі нен
мал жиған саудагерлер екен. Олар Шоқандардың көші мен
өз малдарын қатарластыра көшіріп бірге жүретін болды.
Өйткені қырғыздардың жол тосып, керуен тонап отыра тын
қарақшыларынан қорықты.
Екі жылдан бері келіп офицер шенімен елін ойлы-
қырлы аралаған Шоқанды қырғыз адамдары танып қа луы
да мүмкін. Егер олардың бір қара жүрегі танып қа лып,
мына қашғарлықтарға сыбыр етсе, Шоқан өмірі қа терге
ұшырайды. Осындай сақтық оймен Шоқан Ыстық көл
алқабына келісімен «сырқатпын» деп өзінің үйінен шық пай
жатып алды.
Керуен үздіксіз көшіп Заукен шатқалына келіп,
Алатаудың Алтышәрге қарап асар асуына өрлеуге бет алды.
Шоқан осы жерден өздерін қорғай ере шыққан казак-орыс
тобын кері қайтарды. Өйткені ана кезеңнен казак-орыс тың
төбесін көрсе-ақ, жол күзетшілері Қашғарға да, Қоқанға да
қолма-қол хабарлап шу көтереді.
Енді ол танымаған ел, табаны тимеген жат жерге жеке-
дара қадам басты.
Заукен шатқалынан өрлеп, Алатаудың ең бір биікте қиын
кезеңіне көтерілді. Әлі қары бекіп, қапсағайы бітелмесе де,
Үстірттің түтегі адамды да, көлікті де тұншықтыра бас тады.
Теңіз деңгейінен бірнеше шақырым биіктіктің сиреген ауа-
сы өкпені өшіріп, діңкені ұйлықтыра түседі.
Асудың арғы белесіне шығар белдеуге келіп керуен
қос тікті. Осы жерге түйенің жүгін түсіріп, қосты көте ріп
ыстық ішуге кіріскенде, керуенге бір топ ұры келіп ат-
Сапарғали Бегалин 4 том
156
тарды ала жөнелді. Керуеннің байлаудағы аттарға мінген
жігіттері мылтық атып, жауға жете араласып үлкен төбелес
болды. Бірнеше ұры қолға түсті. Оның ішінде қырғыздың
атақты қарақшысы Би Жанеттің інісі бар. «Бізден қателік
болды, қашғарлық деп ойлап қалып едік. Сіздерге ешбір
тиеміз деген ниетіміз жоқ» деп ант-су ішті. Бұлармен
ұстасып, Жанеттің інісін байлап алып жүргенде қайда апа-
рады? Мына сияқты байлағанда бау кесетін қашқындарды
бағып отыру о да бір қиын жағдай. Осыны ойлап Шоқан
мен Мұсабай қарақшылардан ант алып босатты. Керу-
ен осы белдеудің жазық, жайлауында бір-екі күн көлік
тынықтырып еруледі.
Асуға таяп тағы бір көшіп қонды. Алдыңғы жол тосар
қарақшының шабуылынан сезіктеніп сақтанып қалған ке-
руен, мылтығынан оқ алмай, аттарын арқанмен ұстап сақ
күзет қойып отырды. Жүзге тарта қол тағы да келіп шабуыл
жасады. Бірақ сақ отырған керуен жаппай мылтық атып,
қарақшыларды жолатпады.
Мылтықтан жүректері шайлыққан болса керек,
қарақшылар қайталап шабуыл жасай алмады. Керуен Алатау
асқарының асуынан асып, Шығыс Түркістан жазығына бет
алды. Еңіске қарай жылжыған көштің алдынан оза жүріп,
Шоқан бір қырқаға шықты. Ол артында аспанмен тілдесіп
қалып бара жатқан ақ бас Алатауды тамашалай қарады.
Алдында шексіз көсілген жазыққа көз жүгіртті. «Петр Пе-
трович Семенов-Тянышанский аса алмаған асқарлы асу
артымда қалды. Неміс ғалымдары: Гумбольдт, Риттерлер
аяғын баса алмаған Шығыс Түркістанның Алтышәрі мы нау.
Бұрын ғылым адамы аяғын баспаған ақ тақта алыс ай мақ,
сәтті сағатқа алқабыңды аш! Әуестігім – жаратылы сың,
халқың мен қасиетті шежіреңді сайра, пердеңді аш!»– деп
ойға батып біраз тұрды.
III
Мұсабай мен Шоқан сақтық етіп, Қашғардың ақсақа лы на
шапқыншы жіберіп, қырғыз жол тосарларынан қорғайтын
қарауыл көмек сұраған. Керуен Алатаудың етегіне түсіп,
Қашғар жазығына жеткенде, алдарынан сұраған қорғау
тобы келіп жетті. Олар Қашғар ақсақалының хатын, достық
белгісіне жіберген Мұсабай, Шоқан және приказчик-
терге сыйлық шапандарын әкеліп жапты. Және Уәлихан
қожаның қаныпезер тобы қолға түсіп, өзі қашып кеткенін,
Қытай үкіметінің Қашғарға тыныштық орнатқанын ай-
тып, жақсы хабар жеткізді. Керуеннің өте қауіптеніп келе
Сапарғали Бегалин 4 том
157
жатқан бір қорқынышы сол Уәлихан қожаның бұзық тобы
еді. Ол жағының тынышталғаны керуен басыларды ерекше
көңілдендірді.
Келесі күні керуен Қытай елінің шекарадағы шағын
бекінісіне келді. Балшық дуалмен қоршалған шағын
бекіністің төрт бұрышында төрт қарауыл мұнарашық бар.
Бұл ауыз үлкен қақпа арқылы ғана тексеріп өткізеді.
Бекініс бастығы Қытай офицері орнында болмай, керу-
ен бекін қасында түнеп қалды. Бұл күнгі түн Шоқан үшін
сондай ұзақ болды. Өйткені алда баратын шәрі – бүкіл
еуропаның ғашық болып жете алмаған Қашғар шәрі. Шы-
ғыс Түркістанның бай тахыты. Ал көретін қауымы – Азия-
ның көне мәдениетінің жиынтығы сақталған тарих қоймасы
тәрізді. Оның үстіне күні кеше дүрбелеңге ұшырап, бө рігіп
отырған жұрт. Осындай ойлар кешіп дұрыстап көз іле ал-
мады. Шоқан жол дәптеріне – «Шығыс Түркістан шека ра-
сына жеттік, 27 қыркүйек 1858 жыл» деп жазып қойды.
Күн көтеріле керуен қауымы оянып, тіршілігіне кірісе
бастағанда, бекіннен хабаршы да келді, «қытай офицері
келді, керуен басыны шақырады» деп хабарлады. Мұсабай
мен Шоқан тәртіппен келіп бекін бастығы офицермен та-
нысты. Жол қағаз, екі елдің келісім хатын көрсетті. Бас
киімінің шекесіне алтындаған домалақ түйме қадаған қы тай
чиновнигі салмақты, баяу ызбармен қабылдап, қағазбен та-
нысып, Мұсабай ұсынған сыйлықты алып, қорғанға кі руге
рұқсат етті.
Рұқсат болысымен, асығып отырған керуен бекін
қақпасынан ағыла, Қытай мемлекетінің ішіне кіре бер-
ді. Алдындағы Қашғардың ынтықтырған көне қаласы на
Шоқан асыға жүріп келеді. Бұл жақтың адамдарының тәр-
ті бінен ІІІоқан бейтаныс. Ол жағынан Шоқанның сене тіні
– Мұсабай көпес.
Қашғар қаласына таянған жерде алдан бір топ қару-
жарақты әскерімен қытай төресі, Қашғар бегі шықты. Олар
келіп танысып, Мұсабай, Шоқан тағы басқаларының бас
белгі қағаздарын тексеріп, ерекше сақтық етті. Қаланың
ішінде де әскери сақтық тәртібі орнай қалған. Шекара-
дан жайбарақат өтіп, еркіндей бет алған керуен адамдары
алдарынан мына сияқты тексеру шыққанына абыржың-
қырап қалды. Бірақ ол тексерудің неден шыққанын тексе-
ру ден күдіксіз өтіп, қалаға кірген соң білді. Алғашқы бекін-
нен өткенде Мұсабай тілмашқа сыйлық беруді ұмы тып
ке тіпті. Бастығына сыйлық беріп, өзін елемеген Россия
мыр заларына өкпелеген тілмаш Қашғарияға құпия хат жа-
Сапарғали Бегалин 4 том
158
зыпты. «Мына Россия керуенінің ішінде татар бар, өздері
қару-жарақты. Бұлар ұрланып кіріп бүлік көтеруге келген
болуы керек, сақтанбаса болмайды», – деп. Сондықтан
да қала ішіне әскери тәртіп қойылып, қадағалай тексе-
ру осыдан болыпты. Бірақ тексеруде татар адамын және
қару-жарақ таппаған Қытай, Қашғар адамдары керуенге
бейбітшілік тәртіппен кіруге рұқсат етті.
Қалаға кірместен бұрын Мұсабай қасына өзімен
бұрын да осы қалада болған жолдасын ертіп, Насред-
дин ақсақалға барып сәлем берді. Бұрыннан таныс қала
ақсақалы Мұсабайды өте сенімді ықыласпен қарсы алды.
Анау тілмаштың өсегімен үрпиісіп қалған қала халқының
сезігін мүлде жадыратып, керуеннің алаңсыз орналасуына
басшылық етті. Насреддин ақсақал Мұсабайға қайта рын-
да өзінің зекетшісін қосыпты. Шариғат бойынша Мұса-
бай өздерінің сауда қазынасынан мешіт пайдасына зекетін
беріп қайтарды. Зекетші кетісімен, Қашғар қаласы ның
бастығынан арнаулы тексеруші чиновниктері келді.
Ол да өзінің тәртібімен тексеріп, сезікті еш нәрсе тап пай
қалаға қайтты.
Барлық тексеруден өтіп, керуен малдарын, көліктерін
жайылымға қала сыртына қалдырып, саудалық жүкте рін
алып қалаға кірді. Қашғардың шаңы көпіріп жатқан тар
көшесімен, Тумень өзеніне салынған ағаш көпірден өтіп
қаланың ортасына тартты. Мұсабаймен қатарласа Шоқан
керуен алдынан қаланы тамашалай жүріп отырды.
– Шоқан сұлтан, енді мына қалада сайран саламыз. Ша-
рап ішеміз, қыздардың биін көреміз, ән тыңдаймыз, – деп
сабырлы, діндар Мұсабай мүлде желіге сөйледі. Мұсыл-
ман дінінің ұйып түрған орталығында мына сияқты дін жо-
лына қайшы нәрселерді істейміз деп, Мұсабайдың желіге
сөйлегеніне Шоқан таңданып:
– Мұсеке, бүгін шығыс пірәдәрларына келіспейтін ай-
дағы бір шарап, ойын-күлкіні ауызға алдыңыз, әлде ана бір
қалада тұрып сондай көңіл көтеріс жайлар да болды ғой, деп
мені әзілдеп келесіз бе?—деп жымиды.
– Жоқ, Шоқан сұлтан, мен сізді ажуалап айтқаным
жоқ. Қашғарияда ғиш-ғишраттың бәріне жол ашық. Оның
тамашасын аман болсаң ертең-ақ көрсетем, – деп қарқыл-
дай күлді. Шоқандар жүріп келе жатқан ұзын көшенің
екі жағында қатарластыра қадаған биік сырық қада лар
тұр. Олардың жоғарғы жағына тор көз жәшіктер ілініп
қойылған. Әрбір жәшікте адам басы.
Сапарғали Бегалин 4 том
159
– Мұсеке, мына қадалар, мына тор көз жәшіктер, онда
тұрған адам басы неге ілініп қойылған? – деп Шоқан
таңдана сұрады.
Бұл анада өзіміз естіген Уәлихан қожаның нөкерлерінің
басы. Олардың қолға түскенінің басын кесіп әдейі мына жол
бойына ілген ғой, көрген елдің жүрегін шайлықтыруға, –
деп Мұсабай басын шайқап, сұры қашып, өзінше әлденені
күбірлеп өтті. Шоқанда үн жоқ.
Сырттан келген керуенді әдейі осы көшемен жүргізеді
екен. Бұл көшені «ажал дарасы» дейді екен. Шоқандар да
осы көшемен жүріп қонақ сарайға жетті. Оларды «Әндіжан»
деп атайтын қонақжайға түсірді.
Насреддин ақсақал өзінің сенімді адамдарын жіберіп,
Мұсабай, Шоқандардың түскен қонақжайларын
қарастырып, құрмет көрсетті. Қонақ үйге орнығып бірер күн
дем алғаннан кейін, Қытай ұлықтарының Қашғариядағы ең
үлкені Доргабек керуен басшыларын өзіне шақыртып алды.
Тілмаш арқылы сөйлескен Қытай ұлығы бұлардан жүріп
келген жолы, алып келген сауда-саттық жабдығы, қан ша
адам, олар кімдер – бәрін қайталап тексере сұрады. Қытай
ұлықтарының мына сияқты бірінің артынан бірі сұрау,
тексеруінен сезіктене үйлеріне келді. Келесі күні Қытай-
дың тағы бір ұлығы шақырып танысты. Бұл өте бір байсал-
ды, есті адам екен. Онымен қатар қашғарлық Хакімбек те
қайталап тексерді. Аяғында Қытай ұлығы өз тілінде: «Бұ лар
орыстар емес, татар да емес, нағыз әндіжандықтар ғой. Ен ді
мазалау керек емес, еркін саудаларын істей берсін», – деді.
Мұсабай, Шоқандар сонда еркін дем алып, күдіктерінен
жеңілденді. Осы уақытқа дейінгі тексерудің бәрі олардың
із-өкшесіне түсіп аңдушы өсекші барын аңғартты.
ІV
Екі-үш күндей мазалаған тексеру тоқталып, Шоқан
қаланың ішін аралап, Шығыс Түркістанның мәдениет
орталығы болған шәрдің сән-салтанатымен таныса ба-
стады.. Мұсабай да, Шоқан да дүкен ашып сауда жүргізді.
Керек-жарақ ала келіп әңгіме шертетін адамдар да кез десіп,
Шоқан олардан халықтың тұрмысы, шаруасы, көне та рихы
сияқты жайларды да сұрастыра отырды.
Бұхара, Хиуа шаһарларындағы мұсылмандықтың қа-
тал қалыптасқан қысымы бұл шаһарда жоқ екен. Мыса-
лы, Бұхара, Хиуадағы азан айтылғаннан кейін көше дегі
адамдарды мешітке полициялардың қамшымен айдап апа-
рып намазға ұйытуы мұнда мүлде жоқ. Әйелдер пәрән жа-
Сапарғали Бегалин 4 том
160
жамылмай-ақ жүреді екен. Бұхара, Хиуадағы мұсылман
молдалары көшеде қасына жендет ертіп жүріп, көрінген
адамды ұстап, құран аятын оқытып, дұрыс оқи алмаса
дүре соғу сияқты зомбылық та жоқ. Алыстан естілгенде
мұсылман дінінің ең бір мықты жері деген Қашғария дін ба-
сылары мұсылмандықпеп қатар адамдық тәртіп, мәдениет
ұшқынынан хабардар екен.
Қашғарияда неке жағынан да көп кеңшілік бар екен. Мы-
салы, некелі адамдар бірі мен бірі бірге өмір сүруге-көңіл-
сіз болса, ерікті түрде айрылысып, басқа адаммен некелі
болуға ерікті екен. Сондықтан да бұл шаһарда көп әйел-
ділік жоқ екен. Осындай адам еркіне аз да болса кеңшілік
бары Шоқанға, мына Бұхара, Хиуа діндарларының тәрті-
біне қарағанда әлдеқайда оңды болып көрінді. Осы сияқты
өзі анықтаған жайларды күнделік дәптеріне жазып, еңбек
ескертуін толықтыра берді.
Қашғариядағы айнымас бір тәртіп, шеттен келген әрбір
адам уақытша үйленуге міндетті. Ондай үйлену бұл қалада
тәртіпке қойылған. Қаланың бір бөлімінде сондай уақытша
әйелдікке арналған жас қыз-келіншектер тобы тұра ды
екен. Бір-екі күн өтіп, сауда-саттықты жолға қойып алған
Мұсабай:
– Шоқан сұлтан, біз енді үйленуге баруымыз керек.
Әйтпесе бұл қалада тұруға болмайды, – деді. Мұсабайдың,
сөзін әзіл ме дегендей Шоқан нанарын да, нанбасын да
білмей, аңыра бетіне қарап жымиды.
– Әлімбай мырза, мен қалжыңдап тұрғаным жоқ, – деді
Мұсабай Шоқанның қосалқы атын атап. – Бұл шаһарда
шеттен келген адам үйленіп қана тұра алады. Егер ол тәртіпті
мойындамаса, жазалайды, – деп Мұсабай өзінің шын ай-
тып тұрғанын түсіндірді. Мұсабай сөзінің шын екеніне көзі
жеткен Шоқан:
– Ол жағын, Мұсеке, өзіңіз билеңіз, тәртіп бұзып
талқанымыз шықпасын, – деп күлді.
– Онда біз қазір сол арнаулы жерге барамыз, – деп
Мұсабай өзі бастап жүрді. Өзіне бағына артына ерген
Шоқанға ой жүгірте қарап Мұсабай толғанып та келеді.
«Еуропаның мәдениетінде тәрбиеленіп білім алған жас
досы мына тәртіпке шоши қарап келе жатқан тәрізді. Бірақ
міндетіне алып шыққан мақсаты, осы бір тың жұмбақ бо-
лып жатқан өлкенің сырын ашып, сипатын түю. Оны анау
өзіне сеніп жіберіп отырған үкіметіне жеткізу. Сол үшін
еріксіз мойындап келеді», – деп бір түйді.
Сапарғали Бегалин 4 том
161
Олар қаланың шәукендер тұратын бөліміне жетіп, қыз-
келіншектер тұратын үйге келді. Үлде мен бүлдеге бөленген,
қасы, кірпігін, көзін сүрмелеп тастаған қиғаш қас қыздар ал-
дарынан есік ашты. Пәрәнжі жамылмаған, ешбір қысылып-
қымтырылмай, өздеріне келген жігіттерді сүйкімді кейіпте
қарсы алды. Шоқан олардың ешқайсымен сөйлесіп, бой
көрсеткен жоқ. Тек, Мұсабайдың ұйғаруымен сүйкімді он
сегіз жасар бір қызбен тәуелді болды.
– Әлімбай мырза, именіп бой сақтаудың енді керегі
жоқ. Сіздің үйдегі келін осы, енді үйірлесіңіз, ерлі-зайыпты
адамдарсыз, – деп Мұсабай Шоқан мен оның шәукенін
құттықтады. Мұсылман тәртібі шариғат шартымен неке
оқылды. Ертеңіне Шоқанның тұңғыш үйлену тойы болды.
Ол тойға Мұсабай хабарлап, Шоқанның яки Әлімбайдың
Қашғардагы туыстарын шақырды. Олар «өліп тірілген,
жоғалып табылған» туыстарын қызықтап, қымбатты бай-
ғазы әкеліп, тойын жақсылап өткізісті. Шоқан – Әлімбай-
дың бұл тойдан алған үлкен әсері Шығыс Түркістанның өзіне
тән мың бұралып, жүз құйқылжып орындаған қыздар дың
биі. Әлденеше түрлі аспаптардың үнінен сызылып төгіл ген
ән саздары. Той үстінде масайып заман жайын, көңіл күйін
айтқан үндерге де Шоқан ерекше құлақ асты.
Той тарап, Шоқан – Әлімбай өзінің шәукенімен оңаша
әңгімелесті. Біріне бірі өмір жолындағы бастарынан кеш-
кен жайларды сөз етіп, сыр тартып бой бағысты. Шоқан ның
топшылауынша, оған кездескен шәукен сондай бір тәрбие-
лі үйде туып, тәртіпті өскен жан екен. Кейінгі уақытта әке,
шеше бірдей өліп, жан ашыр жақыны болмай, осы халге ду-
шар болыпты. Әйел осы мұңын Шоқанға үлкен арма нмен
айтты. Бірнеше күн бірге өмір сүріп сыралғы болғандай
уақытша жары шәукен қыздан кейінгі әңгімелерді сұрап
ұғынды.
Мұсабай көпестің тобы алып келген сауда жабдығын
он екі дүкенге салып, сауда жүргізді. Бұлардың алып кел-
ген заттары өте өтімді болды. Аз күннің ішінде-ақ нәрселе-
рінің көбі өтіп кетті. Бірақ сонау Семейден осы жерге дейін
жүк артып жол жүріп келген көліктерін екі-үш айдай да-
лада бағып қоңдандырмаса, қайта жүріске жара майды.
Сондықтан, Мұсабай көпестің, Әлімбайдың топ тары
Алтышәрдің бір кезде пайтахты (орталығы) болған Жар-
кент қаласына барып көріп, онда да аздап сауда істеп таны-
сулары керек болды.
Әкелген сауда мүліктерінен қолдарында көбірек қал-
ғаны сапиян етік екен. Бұл етікті өте жұмсақ былғарыдан
Сапарғали Бегалин 4 том
162
әшекейлеп тігілетіндіктен шығыс әйелдері сәнге киеді.
Сондықтан оның бағасы көтеріңкі еді. Содан қалғанын алып,
бұхаралық Мұхсин Сағытов деген саудагерді басшыға алып
сол Жаркентке жүрді. Әсіресе Шоқан Жаңа-Ғисар, Өртеңгі
алқаптарын басып, Құмшайданның құмайт жалығынан өтіп
Жәркент шаһарына жүрген жолының табиғатын, өсімдігін,
географиялық жағдайын қағазға түсірумен шұғылданды.
Құмшайдан Жәркент өзенінің бір алқабындағы шағын
құм жазық екен. Оның маржандай қиыршық құмы күздің
шаңытқан шағырмақ күні ыстық аспаннан желсіз қырда
тамылжиды. Осы бір күн қызуын Шоқан айрықша ьнтыға
жазды. Содан жүріп Жаркент дариясының бір үлкен
алқабы атақты Такламакан құмына келді. Бұл – Шығыс
Түркістан жеріндегі атақты құм. Ұйғыр халқының басы-
нан кешкен сан ғасырдағы уақиғалардың куәсі болған құм.
Ұйғыр елінің осы құмда болған бір ғажайып соғысы жайын-
да Әбубәкір молданың кітабынан оқығаны да бар-ды.
Шоқан Такламакан тұсына келгенде осы бір оқыған
кітабын, сонау бір кітап құмар балалық шағын есіне алды.
Алаңсыз шығыс құмдары мен даласын қызыға ара-
лап жүріп келе жатқан Шоқанды Қашғариядан Мұсабай
жіберген шабарман қуып жетті. Мұсабайдың жазған ха-
тында: «Шоқан – Әлімбай, тез Қашғарға қайт. Қоқанда
Хұдаяр ханның інісі Малыбек көтеріліс жасап, Хұдаярды
орнынан алып, өзі хан болыпты. Ал анада Қашғариядан
қашып шыққан Уәлихан қожа аласапыранды пайдаланып,
бандыларымен тағы да осы жаққа аттаныпты. Алтышәр
атырабы қауіпте. Сондықтан тез қайт» депті.
Шоқан Мұсабайдың хатын алысымен құмартқан
Жәркент жеріне жете алмай, амалсыз Қашғарияға қайта
оралды.
Шоқан аттанған аз күннің ішінде Қашғарияда бірне ше
елеулі уақиғалар болғанды. Оның ішіндегі ең елеулісі –
Шоқандарды Қашғарияға келгенде аса жақсы ықыласпен
қарсы алған Насреддин ақсақалды балаларымен Ма-
лыбек хан тұтқындатып, оның орнына жаңа ақсақал
Нұрмағамбетті жіберіпті. Бұл ақсақал жайынан Мұсабай
айрықша еш нәрсе жазбаған. Тек, ақсақал өзгерісі, кейбір
тәртіптер өзгерісі болғанын айтқан. Жаңа бастық, жаңа
тәртіп дегендей, тағы да тексеру, тағы да аңдуыл, өсек-
өтірік өрістей ме деп, Шоқан сан алуан қауіпті ойлана қалаға
кірді. Жаңа келген ақсақал танысу үшін шетелден келген
адамдарды шақырып, айрықша мәжілістесті. Нұрмағамбет
Шоқан қауіптенгендей зәрлі адам емес екен. Танысып
Сапарғали Бегалин 4 том
163
пікір алысқан соң, үйірлене түсті. Әсіресе мәжілістесіп
көңіл көтеру жағына да жақсы қарайды екен. Ол жағы да
оңынан келгендей болды. Нұрмағамбет ақсақалдың Се-
мей көпестеріне ықыласты қарап, қонаққа жиі шақырып
мәжілістес болуы Қашғардың басқа ұлықтарына да сенімді
арттыра түсті.
Қашғарияның қалың қарлы бораны болмаса да, қар жа-
уатын қалыптасқан қысы басталды. Кәдуілгідей қар түсіп,
Шоқанның бала күнінен үйренген Сібір қысының салқы-
ны бойын шымырлатып, денесін ширатты. Қашғариядағы
бір әдет қар көріне пәңгі маусымы басталады екен. Бұл
өздерінше еркіндік мерзімі екен. Жер емшегін еміп, бақ
өсіріп, егін шығарып, күріш, жүгері даласын жаздай бағып
қалаға оралған қашғарлықтар, сауық думанын бастайды
екен. Олар наша тартып, мастанып, көшеде қосылып ән са-
лып, би билеп, сайрандайды екен.
Бір қиын жері шаһар үйлері қыс суығына арналмаған
ашық-тесік, наша тартқан, апиын жеген уланған адам-
дар қар үстінде қылжиып мұздап, көптеген күйзеуші-
лікке ұшырайды. Осы сияқты қала салтын, ішкі-сыртқы
тәртіптерін Шоқан қадағалай жазып жинастыра берді.
«Шығыс елінің осы наша тартып есіруі, оны ғиш деп
мадақтап, апиын жеп бас көтермей мас болуы барып түрған
қасіретті» деп ойлады Шоқан. Сонымен қатар Қашғар
халқының өте-мөте ауыр халі, еселеген алым-салық: біресе
Қытай чиновниктері алым жинайды, оған қоса ақсақал-
дар салығы, зекет-ғұшыр салығы, Қоқан хандықтарының
ар наулы салығы, еңбекші бұқарасына дем алғызбайды
екен. Егер Қашғар еңбекшілері, диқандары, халқы болып
өздерінің өндірістік табысын халық пайдасына бір беткей
жұмсап, бір ғана мемлекетке бағынып тәртіпті болып отыр-
са, нағыз бай өлке болар еді» деп бір ойын толғады.
Шоқан Семенов-Тяньшанский досынан естіген атақ-
ты Гумбольт ғалымның шәкірті Адольф Шлагинтвейт тің
тағдырын білуге іздестіру салды. Бірақ жете анықтарлық
жайды аша алмады. Шығыс Түркістанның дүниежүзі
ғалымдарына жұмбақ болған жайттың бір құпиясы осы
Шлагинтвейттің тағдыры болатын. Осыны ашуды ең
бір үлкен мақсаты еткен Шоқан бір күні кешке өзі нің
шәукенімен әңгімелесе отырып, сол туралы сөз қозғады.
– Әлімбай мырза, оны сіз анадан бері менен неге сұра-
мадыңыз. Ол кісінің қалай ұсталғанын, қандай жа заға
ұшырағанын мен, өз көзіммен көргенмін, – деп әңгіме-
сін бастады. – Өткен жылы жаз айында (онда Қашғарда
Сапарғали Бегалин 4 том
164
Уәлихан қожа әмір жүргізіп тұрған болатын) бір күні жен-
деттер көшеден ақ шашты, ұзын бойлы, ақ сары шет жерлік
адамды алып жүрді. Әлгі шетелдік адамның қолы артына
байлаулы, шапанының етегі екі жағына жайыла адымдай
басып жүріп бара жатты. Қала халқы шетелдік адамның
өлім дарасына кетіп бара жатқанына таңдана қарасып
қалды. Жендеттер оны қаланың қақпасынан шығарып
алып кетті. Онан кейін оны ешкім көрген жоқ. – Шоқан
өзінің шәукенінен мына сияқты хабарды естіген соң,
Шлагинтвейттің күнделік дәптерін табуға кірісті. Бірақ
күнделікті таба алмады. Сұрастыра жүріп Шлагинтвейттің
жазаға ұшырап жоқ болуының түйінін іздестірді. Шлагинт-
вейт атақты неміс ғалымы, жиһангез, географ Гумбольттің
таңдаулы шәкірті болған. Гумбольттің Петербургта Петр
Петрович Семеновқа: «Мен Азияның анау асқар биігін,
аспанмен тілдескен Алатауының қырқасындағы жанар
тауының ертеңнен шыққан томарларын көрмей өлмеймін»
дегенде сенгені осы шәкірті Шлагинтвейттің аттанған са-
пары еді. «Осы ғалымдардың аузында аңыз болған Шығыс
Түркістанның Алтышәріне Алатаудың асқарынан асып
келдім. Ал менің алдымда қатерге басын байлап келген
өзіммен әріптес ғалымның тағдырын қалай анықтамай
аттанам», – деп Шоқан бар ынта-жігерін сала іздестірді.
Ақырында ол уақиғаның барлық егжей-тегжейін тапты.
Уәлихан қожа аз күн әмір жүргізіп тұрғанда, қала халқы-
ның көрген ғаламаттарының ішіндегі елеулісінің бірі осы
неміс ғалымының тағдыры болған. Оны әңгімелеп айтар
бір адамға тап болған Шоқан: үлкен сияпат жасап қонақ
ете отырып, бажайлай ұғынды. Шлагинтвейт Бұхараға
келіп, ағылшын елшілігінде болып, солардың жәрдемімен
осы Алтышәрге жолдама рұқсат алады. Ол жолдамада Шла-
гинтвейт ағылшын ғалымы болып жазылады. Сол Бұха рада
Шығыс Түркістандағы Алтышәрдің қаласымен, халқымен
таныс саудагер Нәменбай деген ұйғыр саудагерін бас-
шы етіп серіктеседі. Сол Нәменбайдың басшылы ғы-
мен Алтышәрдің орталығы Қашғарияға келіп, шетел ден
келетіндердің тәртібімен орналасады. Бұл кезде Қоқаннан
ұрланып аттанған ғазауатшы Уәлихан қожа Қашғарияға
ұрланып кіріп, қала билігін қолына алады.
Уәлихан қожаға сыйлық апарып және танысып,
жөнін айтып, ғылыми жұмысына кірісуге Шлагинтвейт
Нәменбайға – «қожаға сыйлық етуге Индияның алтын
арқау ақ жібегі кашимир-жібек шәлісін тауып бер» дейді.
Нәменбай Шлагинтвейт тапсырмасын орындағанша, Қы-
Сапарғали Бегалин 4 том
165
тай патшалығының әскері келіп, Қашғар қаласын қамап
алады. Қамауда қалған Уәлихан қожа шеттен келген сезікті
қонақты шақырып алады. Оның себебі, мына сияқты
жиһанкез оқымысты адам соғыс әдісіне жүйрік болуы
мүмкін. Егер бұл ана сырттан қамаған Қытай әскерімен
тілдесіп қалса өзі дінсіз қауымның адамы сол жаққа кетіп
қалуы мүмкін. Сондықтан, мұның қолындағы барлық жол
қағаздарын алу керек деп ұйғарады.
Нашаға улап көзі бұлдырап отырған Уәлихан қожа
Шлагинтвейттен «Қоқан хандығына арнап жазылған
барлық бойыңдағы қағазды бер» деп сұрайды. Шлагинт-
вейт бойындағы жолдама қағаздарын беруден бас тарта-
ды. Өзі масайып отырған Уәлихан бағынбаған шетелдіктің
басын алуға бұйырады. Өзі мас, өзі жау қамауында қаны-
на қарайып отырған қожадан еш нәрсе шықпас деп, рақым
сұрамайды. Қайсар да, қара жүрек қожа қаһарына қапыда
ұшыраған Шлагинтвейт сонау Шоқан Қашғар шаһары на
кірердегі жол бойындағы қадаларға ілінген бастардың бірі
болып қаза табады.
Шлагинтвейттің басынан кешкен уақиғаны тұңғыш
анықтаған да, қайғыра жаны аши күнделігіне бірінші
рет жазған да Шоқан болды. Шлагинтвейттің халін есту
Шоқанның өзіне де аз толғаныс болған жоқ. Егер Қоқан ның
жаңа ханы Уәлиханға жәрдем етіп жетегіне жүрсе, ол мына
Қашғар еліне тағы қантөгіс жасап ойран салуы ғажап емес.
Сондықтан – «басың сауда еліңді тап, аяғың сауда жеріңді
тап» деген қазақ халқының мақалын есіне алып:
– Мұсабай мырза, қайтуды ойлансақ, – деп Шоқан өз
пікірін айтты. Өзі де қайтуды есіне алып, жан-жақты жол
жайын қарастырып жүрген Мұсабай:
– Әлімбай мырза, мен қайтуды ойламай жүргенім жоқ.
Біз қазір қозғалсақ, онда Қоқанды басып жүреміз. Ол біз
үшін, сіз үшін өте қауіпті. Ал мына өзіміз келген жолдың
асуларын әлі қар басып жатыр. Сондықтан біраз күнге са-
быр етелік, – деп өз ойын түсіндірді.
Шоқан Қашғар қаласынан көптеген көне қолжазба
кітаптар сатып алды. Сол сияқты шығыс елінің алтын,
күмістен нақыстап жасаған асыл бұйымдарын, піл сүйегі,
бамбук, асыл тастан, асыл шыныдан жасалған ойыншық
ғажайыптарды балаша жинастырды. Әсіресе Қытай, Ин-
дия шеберлерінің қолдан жасаған кейіп, алуан жәндіктер
түріндегі мүсіндер. Суретшілердің жаратылыс бейне ле рін
түсірген суреттерінің аса қызықтыларын тауып алды. Осы
сияқты мүліктерге қоса өзінің бірнеше ай бойы түнде май
Сапарғали Бегалин 4 том
166
шам сәулесімен отырып, құмарта жазған ғылыми да әсерлі
күнделігін жол жәшіктеріне елеусіздеу етіп салып, жаппа-
ларын мықтап бекітіп қойды.
Шығыс Түркістанда көктем басталып, қар еріп, арықтарда
сарқырап су аға бастады. Қашғар айналасындағы өзен
көлшіктерде жыл құсы жылжып, үйрек, қаз тізбегі андыз-
дады. Осы бір жол бойының қар басқан асу алқаптарының
босауын көптен күткен Мұсабай, Әлімбай керуені де жолға
шықты. Әлденеше ай мекен етіп тұрып қалған жаңа ұядан
Әлімбай – Шоқан да сыйлас болған дос-жарларымен қош
айтысты. Ол өзінің күнделігіне «7 наурыз, 1859 жыл» деп
жазып қойды.
Шоқандардың Қашғарияға алып барған мүліктерін бара
жатқанда неше рет жолын тосып, еркінше тиіп ала алмаған
қырғыз қарақшылары қайтар жолын да тосты. Олар бұл
керуеннің көп пұлмен барып, Россия кездемелерін сау-
далап, енді Қытай, Индия шеберлерінің қолынан шыққан
асыл бұйымды тиеп қайтқан хабарын жансыздар, арқылы
біліп те отырған болса керек. Ыстықкөл тұсына келген-
де қырғыздың Төрегелді деген ру басы батыры Мұсабай
керуенінің алдынан кісі жіберіп қонаққа шақырды. Соқпай
өтер басқа жол жоқ, Шоқандар Төрегелді ауылына келіп
түсті. Бірақ өздерінің шатырларын тігіп, көлігіне өріс,
өздеріне демалыс етер қонысқа тоқтады. Төрегелді өзінің
жасақты қарақшыларымен келіп, қонақасы деп бір-екі қой
әкелгізіп беріп, сыйлық күтті.
«Сыйға сый, сыраға бал» дегендей, Төрегелді бастаған
қарақшыларға Мұсабай орта қолды сыйлық ұсынды.
Бай керуеннің Қашғариядан алып қайтқан асыл мүлкіне
құмартқан озбыр қарақшы Төрегелді Мұсабайдың ұсынған
сыйлығын сапысымен өзіне серпіп тастады.
Немене, мені ит жауырын сарт шапанымен алдап көз
боямақсың ба? Орыстың мына офицерін жасырын апа-
рып не істеп келесің. Оны біз танымайды дейсің бе? –
деп әңгімені Шоқаннан бастады. Шоқан өткен жылы
Ыстықкөлде болғанда көрген қырғыздың бір қуы танып
қалған екен, мөлдірете бәрін айтып мойын бұрғызбады.
– Егер сыйлықты аясаң, мына қашқын орыс офицерін
Қоқанға ұстап апарып беремін, – деп Төрегелді ат ойнат-
ты. Лажы құрып қысылған Мұсабай, бір күнге мұрсат сұрап
отырғанда, Верный бекінісінен керуеннің алдынан шық-
қан бір топ атты әскер жетіп-ақ келгені. Атты әскердің тө-
бесі көрінісімен, жауыз аранына құм құйылған қаныпе зер
Төрегелді қарақшыларымен жоқ болды.
Сапарғали Бегалин 4 том
167
Ең ақырғы қыспақтан аман құтылып, керуен Ыстықкөл
асуынан асып, Жетісу өлкесінің бір кең алқабына келіп
қонды. Неше айдан бері үнемі қауіп пен қатердің қамауында
үздіксіз үрейлене өмір кешкен Шоқан көкірегін кере дем
алып, алаңсыз ұйықтап тынықты.
Керуен ертеңінде өздерінің анадағы келген ізімен Вер-
ный бекінісіне жол тартты. Айдыны шалқыған, сан шаһар ды
көк үйірім тереңіне батырған Ыстықкөл, ақ басты мәңгі мұз
жастанған асқар Алатау, аспанмен тілдескен шыңдарымен
мелшиіп қала берді. Сол асқардың ар жағында күні кеше
өзі көріп қайтқан Азияның әлемге әйгілі қалалары қалып
қойды.
Шоқан Верный бекінісінде де көп бөгелген жок. Омбы-
дағы генерал-губернатор Гасфорттың да экспедицияның
хабарын асыға күткен қатынасын Хоментовскийден алды.
Керуеннің артын күтіп, Іле бойында кездесіп, Мұсабай
екеуі почта атымен Семейге суыт тартты. Қиын-қыс тау
жүрістен аман оралып, өз елінің кең сахарасына шығып
еркіндеген Шоқан жаратылысындағы ащы ажуасын да
ағыта, қасындағы Мұсабайды көңілдендіре отырды.
Олар Семей шаһарына да жетті. Өздерінен ұйым-
да сып жөнелген сауда керуенінің аман-есен ора лып,
сауда ларының күсет болып қайтқанына Мұсабай да өте
қуанышты болды. Әсіресе Семейдің губернаторы Пере-
мышельский Шоқандарды құрметпен қарсы алды.
Шоқанның Қашғариядан қайтып, Омбыға келген ха-
бары Петербургқа да барып жетті. Оны хабарлаған
генерал-губернатор Гасфорттың өзі болды. Ол өзінің
әскери министрі Сухозонетке: «Өткен жылы май айында
Қашғарияға жіберген керуеніміз аман-есен тапсыр ма ны
көңілдегідей орындап оралды. Сол керуенде айрықша тап-
сырмамен барған поручик сұлтан Уәлиханов та Омбыға
келді. Уәлихановтың үнемі қауіп-қатер үстінде және
күтімсіз жағдайда ұзақ жол жүруі оны мейлінше жүдет-
кен. Ол біраз дем алып, бойын жинамаса, саулығы нашар-
лап кетерлік жағдайда. Сондықтан Уәлиханов алып қайтқан
ғылыми да саяси деректер біраз уақыт күте тұруды керек
етеді», – деп жазды.
Шоқан біраз дем алып тынықты да, алып қайтқан
мәліметтерін реттеп бір жүйеге түсіруге кірісті. Бәрі мен
болмаса да Шоқан еңбегінің беталысымен танысқан Гас-
форт Петербург басшыларына мақтана жеткізіп жазып от-
ырды. «Уәлиханов алып қайтқан мына мәліметке қарағанда,
біз дің Шығыс Түркістан жайлы қолданып жүрген гео гра-
Сапарғали Бегалин 4 том
168
фиялық мәліметіміз мүлде жаңылыс екен. Уәлихановтың
жаңа мәлімдемесі сондай құнды да ғажап жаңалықтар.
Азияның шығыс шоқтығындағы құпия дүниенің қақпасын
ашып қайтқан» деп жер-көкке сыйғызбай мақтап жазды.
Петербургтағы достарымен қатар үкімет адамдары –
ғылым кемеңгерлері де Шоқанның Петербургқа келуін
асыға күтті. Ең болмағанда алып қайтқан мәліметтерінің
алдын ала жазылғандарынан жіберуді өтініп маза бермеді.
Әсіресе Егор Ковалевский Шоқанға арнап өзі хат жазып
тездетуді сұрады. Шоқан өзінің қолжазбаларын әлі де бір
жүйеге келтіргенше бөлшектегісі келмей, достарын тек
хат жазып уәде берумен алдандыра тұрды. Август айының
аяқ кезінде Тверь қаласына қайтар жолында Достоевский
Омбыға келіп Шоқанға жолықты.
Екі дос сағыныса көрісіп сыр шертісті.
– Мені Петербургқа шақырып жатыр. Амандық болса
Петербургқа шана жолымен бармақпын. Оған дейін мына
алып қайтқан дүниемді қағазға түсіріп үлгерсем деп ойлай-
мын, – деген Шоқан пікірін аға досы қуана қуаттап:
Мен саған әлдеқашан айтқам, сен Петербургқа тез жет.
Мүмкіндік тап, оқы. Саған оқу керек. Сен мынау еліңе білім
сәулесін жеткіз. Ол сенің қолыңнан келеді, – деп ағалық
ақылын тағы да қайталап айтты. Екі дос құшырлана сүйісіп,
хош айтысты. Ендігі кездесу – Петербург қаласы десті.
Шоқан жолдан алып қайтқан деректерін қағазға
түсірісімен Петербургқа почтамен жеткізілді. Шоқанның
қолжазбасымен танысқан Петербург қауымы ауызда-
рынан суы аға оқыды. Бірінен бірі алып, қолдан-қолға
тигізбей таласа танысты. Шоқанның қолжазбасы шетел-
дер ісінің министрі канцлер Горчаковқа ғажап ұнады.
Азия департаментінің директоры Егор Ковалевский қуана
оқып, аса жоғары бағалады. Министр Горчаков Шоқан
қолжазбасының бұрышына: «Мен сізге аса үлкен алғыс ай-
тар едім. Егер мына қолжазбаңыздан біраз лайықты дегенін
География қоғамына берсеңіз», – деп жазды.
Шоқан өзінің Петербургқа жүрер алдында қолжазба-
дан мойны босап, омбылық достарымен бас қосты. Алды-
мен Карл Казимировичтің үйінен, сонау Верный бекіні-
сінде қолына берген офицер киімдерін алып, Омбы дағы
әскери төре қалпына кіріп еркелей амандасты. Ақ көңіл,
ата жүректі Карл Казимирович, Екатерина Ивановна ана-
лық ықыласпен аса қуанышты құрмет көрсетті. Әрқашан
да қарындастық ерке мінезімен наздана, бұлдана сөйлейтін
Елизавета да Шоқанмен қуанышты амандасты. Алтышәр
Сапарғали Бегалин 4 том
169
әңгімесі бір күн түгіл, бірнеше айға азық болатын, бірінен
бірі өткен қиянкескі уақиға ғой. Оның бәрін қайтадан
қайтіп сарқиды. Тек, алыстан естіп таңдана тыңдайтын
Азия халқының кейбір тұрмыс салттарынан қызықты жай-
ларды айтып таныс тырды. Дос үй-іштеріне Қашғария дан
алып келген базарлық та Елизаветаның есін шығарды.
Шоқан келгенде Дуров досы еркіндік алып, өзі қалаған
Севастополь қаласына жүріп кеткен. Ол досы өзінің
сағынған, құмартқан хатын жазған. Әсіресе Қашғариядан
алып қайтқан естелік жайында құмарлығын айрықша
жазған. Шоқан осындай достарымен, қаладағы қызметтес
достарымен біраз уақыт мәжілістесіп, жол жүруге дайын-
далды. Ол Қашғариядан келісімен ауылына хат жазып, әкесі
жіберген адамнан ауылының, туыстарының амандығынан
хабарланды. Өзі Петербургқа жүрер алдында ауылына
қайтқан әкесінің шабарманынан Қашғардан анасына арнап
алған аз да болса асыл бұйым сәлемдемесін жіберді. Осын-
дай атүсті үздіксіз еңбекке мойындап алған Шоқан шана
жолы түсе Петербургқа аттанған күнін ол өзінің күнделік
дәптеріне – «1859 жылдың қараша айы» деп жазып қойды.
Петербург сапары
I
Көптен құмартқан аса бір жауапты жорығын аяқ-
таған Шоқан Петербург қаласына жетті. Шоқанның
қолжазбаларын алып танысып, өзін құмарта күтіп отыр-
ған Петербург жұртшылығы, ғалымдар, шетелдер ісінің
министрлігі құрметпен қарсы алды. Әсіресе Семенов-
Тянышанский өзінің құмарта ізденіп, аяғы жетпеген жеріне
барып, барлық жай-күйді жан-жақты зерттеп қайтқан жас
досын сүйсіне көтермеледі.
Шоқанды сырттан естіп, өзін көруге құмартқан Игорь
Ковалевский Петербургқа келісімен өзі шақырып мәжі-
ліс тесті. Шоқанның алдын ала жіберген қолжазбасымен
таныса салып, құрметтей өте жоғары бағалап, бұрыштама
жаз ған Горчаков министр де жүздесіп өте жақсы әңгіме-
лесті. Шоқанның еңбектерін талдай отырып, әрбір салаға
лайықтап қолжазба күйінде қолдануға ұсынылды. Әсіресе
Қашғариямен мәдениет байланысын күшейтіп, сауда фак-
ториясын ашу жайлы ұсыныстарға жетекші жазба етіп,
сонымен қатар Батыс Қытай елінің мәдениет байланы сын
тәртіптеуге де соны қолданатын етті.
Сапарғали Бегалин 4 том
170
Шоқанның алып қайтқан дәлелдемелерін өте жоғары
бағалаған әскери министрлік оған әскери атағын үлкейтіп,
штабс ротмистер атағын берді, сонымен қатар еңбегін
ерекше бағалап (св.Владимир) әулие Владимир атындағы
4-дәрежелі орденмен наградталды. Оған қоса ақшадай бес
жүз сом сыйлық айрықша берілді.
Шоқан үкімет тарапынан өзіне көрсетілген үлкен
сыйлықтарды ала, алғысын да айта, өз тұсынан өзімен бірге
осы жолда еңбектес болған достарына да награда беруді
өтінді. Шоқанның ұсынуымен керуен басы Мұсабай,
Семейдің көпесі Боқаш Тоқтыбайұлы, полковник Гутков-
ский бар, жиырма үш кісі үкімет наградаларын алды.
Осы сияқты алыс жолдан аса құнды еңбектер әкеліп,
сыйлыққа, атаққа ие болған Шоқанның аты бір ғана Пе-
тербург емес, бүкіл Россия мәдениет жұртшылығына кең
тарады. Ол өзінің көкіректе жүрген көп арманының бірі,
жоғары оқуға түсуге бой ұрды. Петр Петрович Семенов-
Тянышанский досы, оның денсаулығына жаны аши оты-
рып, оқуға түсуіне басшылық етті. Шоқан бір жағынан оқуға
ынталы, екінші жағынан әскери жұмыстан гөрі ғылымға
арналған ерекше талант. Осыны анық ажырата таныған
шетелдер ісінің министрі Горчаков әскери министрлікке
өзінің пікірін және Шоқан жайлы мінездеме жазды. «Өткен
жылы Қашғарияға барып, сол бір әлемге жұмбақ болып ала-
көлеңке күйінде тұрған Азия өлкесінің бір саласын көріп,
ғылымға жаңалық ашып, танысып қайтты. Түрік нәсілді,
тілі де тектес елдің бәрінің дерлік тіліне жетік әрі халқының
әдет-ғұрпынан толық мағлұматы бар жас ғалым штабс-
ротмистр Шоқан Уәлиханов Азия департаментіне өте пай-
далы қызмет көрсетер еді. Мен бұдан бұрын да әскери
министрлікпен осы кісінің қызметі жайлы сөйлесіп келіскен
едім. Сол келісім бойынша осы кісіні Азия департаментіне
қызметке ауыстыруды ұйғарам», – деп жазды.
Горчаков пен Азия департаментінің директоры
Ковалевскийдің ұсынысы бірлесіп, Александр ІІ-патшаның
бекітуіне барды. Шоқанның Қашғариядан алып қайтқан
ғылыми да халықаралық жағдайға байланысты еңбегінің
құндылығына құлағы қанығып, біразына танысып та
үлгерген патша ағзам ұсынысты бекітіп, «1860 жыл, шілде
айы» деп қол қойды. Сонымеп қатар Александр ІІ-патша
өзінің бас көмекшісіне: «Сірә, маған сол бір Азияның бала-
сын жолықтырарсың», – деп ескертті.
Шоқанның өз талабы орындалып, Азия департаментіне
қызметке ауысып, ғылыми да, халықаралық жағдайдағы
Сапарғали Бегалин 4 том
171
жұмысқа бірыңғай кірісті. Әсіресе Азия елінің жағдайына
байланысты жұмыспен шұғылдануды қиялдаған мақсаты
орындалды. Алдымен сол Азия елінің бір үлкен саласында,
өзінің туған елі жатыр. Ол әлі ешбір мәдениетке бірыңғай
беті бұрылған жоқ. Әсіресе өзі көзімен көріп қайтқан ана дін
тұманына булыққан елдің ауыр халі көз алдына елестейді.
Шоқан үкімет орындарына саяси да ғылымдық мән бере
жазып берген «Қашғария сапарынан» атты суреттемелерін
әлі де толықтыра түсетін көп қолжазбасын тәртіпке салуға
кірісті. Шоқанның бір бұл жолғы ғана емес, сонау Жетісу,
Ыстықкөл жорығы, Құлжа сапары сияқты жүрістерін де
жинастырған қолжазбаларының бір тәртіпке келтірілетін
күні туды.
Кейінгі екі-үш жылдан бергі үздіксіз жүрісте, ылғи
қыспақты қауіп-қатерде болғаны Шоқанның діңкесіне
тигенді. Ол туралы генерал-губернатор Гасфорттың Петер-
бург басшыларына жазған хаттарында Шоқан денсаулығын
ерекше ескерте жазуы тегін емес еді. Ол тез шаршағыш
және өте жүдеген болатын. Оның үстіне Петербургтың
үнемі түнеріп тұратын дымқыл ауасы, күн көзі шықпайтын
ақ түні мүлде иықтан баса түсті. Анау Сарыарқаның құрғақ
та, самал ауасында туып-өскен, Сібірдің жазғы ыстығы,
жайдары қысқы суығы, шымыр да ширақ, құрғақ қоңыр
желіне жаны бөленіп шыныққан адам, мына түнерген
тұманды ауа райына бойы үйрене алмады. Жалынды, өр
көкірек Шоқан елегісі келмегенімен бойы ауырлай берді.
Бірақ мына еңбегіне патша ағзамға дейін құлақтанып
құрмет тұтып отырғанда, оны қоймаға бүркей беруге жігері
көтермей, жұмыс істей берді.
Қашғариядан алып қайтқан «Сұлтан Сұтек Богдахан-
ның «Тазкирайі» деп аталатын шежіренамасы, Тоғұлық
Темірханның «Тазкирайі» шежіренамасы, қожалар та-
рихнамасы «Әбу Мүслим Маурузи» атты өте қымбатты
қолжазба кітаптарды бірыңғай тәртіптеп, өзі ұқыптай оқып
танысуға кірісті. Сонымен бірге Алтышәр атырабынан
жинастырған тау, дала өсімдіктерінің түрлерін де арнаулы
ыдыстарға салып, түсіндірмелер жазды. Әсіресе Азия тау-
ларынан, далаларынан, қазбалардан табылған минералдық
яки асыл тас тектес заттарды тәртіпке келтірді. Елеусіз
жағдайларды тауып, қарындашпен түсіріп алған өзі салған
суреттерін бір бөлек жинастырып қойды. Оның ішінде
Азия елінің, әсіресе Қашғария әйелдерінің киім-кешек,
сән-салтанатын бейнелейтін бір суретті өзі ерекше өңдей
түсті. Бұл – Шоқанның өзі уақытша үйленген шәукеннің
Сапарғали Бегалин 4 том
172
суреті еді. Ашаң да ақ құба, сұрғылт көзі күлімдеген, қара
қас, қыр мұрынды, қолаң шашынң шұбырта талдап өрген
келіншектің көркі сүйкімді еді. Шоқан осы бір өзі уақытша
үйленген келіншекті ұмытпас үшін ынтыға қимастықтан
суретін салып еді. Алыстағы еуропа халқына киім-кешек
мәнері таныс емес елдің әйелінің киім түрлерін, сәнділік
әдеттерін жеткізу еді. Оны түсіріп алуға бейтаныс әйелдер
суретке салуына келісім де бермес еді. Және мұсылман
қауымында суретті күнә деп санайды. Сондықтан ол сезікті
де болар еді. Ал өзінің уақытша үйленген жары Шоқан
тілегіне қарсы болмай, бірнеше уақыт Шоқан айтуымен
суретін салғызды. Бұл сурет Шоқанға ғана ескерткіш емес,
Азия елінің киім киісі, әйелдерінің салт бейнесіне таңдана
қарайтын ұйымға үлкен бір жаңалық болды. Шоқанның
Қашғариядан алып қайтқан шығыс шеберлері әсемдеген
мүліктерінің ішінде осы бір суретті салып әкелген қол-қобди
бөлекше еді. Бамбук ағашынан қиюластырып, піл сүйегімен
безеп жасаған қол-қобди бірінің ішінен бірі алынатын
бірнешеу еді. Соның ең кішірегінің ішіне ақ торғынға орап
салған сол сурет өте құрметпен салынған. Осы қобдиды
да, ана ақ торғын орамалды Шоқанға сыйлаған өзінің
шәукені еді.
Енді сіз бұл жаққа ораласыз ба, жоқ па, ол мәлімсіз.
Аз күн жолдас болдық. Шариғат шартымен некелі болып,
енді сол шартпен ажырастық. Таңла – махшарда қосылуға
нәсіп болсын, – деп ғазиз әйел майысып келіп Шоқанды
ұзақ құшып еді. Шоқанның шариғат жолымен ұсынған уа-
зифасын (еншісі деген сөз) алып тұрып, осы қол-қобдиды
беріп еді. Енді қобди, мына сурет ғылым мүлкіне айналды.
Шоқанның бұл қаладағы ең дос та үйір адамы Петр
Петрович Семенов-Тянышанский ғана. Әзірше жадырай
кеңесер достардың тобына араласа қойған жоқ-ты.
II
Осындай біраз демалыстан кейін Петр Петрович өзі
келіп:
– Шоқан Шыңғысович, мен сені біраз дем алсын
деп қыстамадым. Қалай, бойыңды жинадың ба? Бүгінгі
келуімдегі бір басты тапсырмама, сіз мына Қашғариядан
алып қайтқан мәліметтеріңізді бір ретке келтіріп, осы-
дан жинақтап «Жол дәптерінен» дейтін очерк жазыңыз.
Және тез жазыңыз. Оны мына География қоғамының
шығармалары ретімен бастыру қажет. Ал сіздің мына
бөлек-бөлек әрбір мекемеге берген қысқа хабарларыңыз
Сапарғали Бегалин 4 том
173
бытыранды болып біразда аяқсып қалады. Бұл өте құнды
ғылыми мәлімет. Мүмкін, сенің өзіңе жай бір жеңіл-желпі
көрген-білген болып көрінер. Ал үкіметімізге, ғылымға
тамаша жаңалық, – деп Шоқанға ағалық әрі ғылымдық
кеңесін айтты.
– Петр Петрович, мен әлі ойымды жинақтап, тұтас бір
шығарма яки жол әсерін жазармын деп ойлаған жоқ едім.
Сіз маған жаңа ой туғыздыңыз. Алғыс айтам. Бастыруды сіз
басқарасыз, мен жазуға отырам. Сізге менің әлі айтпа ған
бір жаңалығым бар, – деп Шоқан Семенов-Тянышанскийге
жымия қарады.
– Шоқан Шыңғысович, сенен мен әрдайым жаңалық
күтем. Алдыңғы жылы Ыстықкөл жақта Диқанбай деген
кісі мені бастап жүрді. Сол кісі бір жерде мынадай бір
қазақ мақалын айтты. Мен тілмаш арқылы жазып алдым.
«Қой асығы демеңіз, қолайыңа жақса сақа ғой, жасы кіші
демеңіз, ақылы асса аға ғой» деген. Мен сіздің халықтың
тілін білмеймін ғой, ақылды айтылған сөз бен білімді сіздің
халқыңыз жоғары бағалайды екен. Сондай-ақ біздер гео-
графия ғалымдары мына біз сізді жассынбаймыз. Сізді
үлкен болашақ ғалым деп бағалаймыз. Біздің халқымыздың
да мынадай бір мақалы бар ғой. «Кімге көп берілсе, содан
көп дәметеді» деген. Сізге талант та, ақыл да мол беріл ген.
Сондықтан сізден анау халқыңыздың дәметері көп. Ол
халық былай тұрсын, ғылым қоғамы мен біздің сізден әлі
дәметеріміздің ұшы-қиыры жоқ, – деп тоқтады. Шоқан-
ның бір ауыл «Менің тағы бір жаңалығым бар», – деген
сөздерінен Семенов-Тянышанский ақ көңіл, әділ ойынан
Шоқанға деген мейірбан ықыласын төге салғандай болды.
Ал енді Шоқан Шыңғысович, мен тыңдауға әзірмін, – деп
Семенов трубкасын тартып, салмақтана отырды.
– Сіз анада маған неміс ғалымы жиһанкез Гумбольт
деген кісінің жайын әңгімелеп, ол кісінің шығармала рын
маған танысуға берген едіңіз. Сол кісінің шәкірті Адольф
Шлагинтвейттің Қашғарияда қатерге ұшыраған уақиға сын
анықтап естіп қайттым, – деп аяқтағанша Семенов-
Тянышанский Шоқанды тура құшақтап, жүйесі босап
сүйді де:
– Шоқан Шыңғысович, тәңірім саған ұзақ ғұмыр,
қажы мас қайрат берсін. Бұл бір бүкіл еуропа ғалымдары на,
тіпті барлық еуропа мемлекетіне жұмбақ та, арман бол ған
жайт еді. Ол бір өр талант, асқан келешегі мол ғалым еді.
Оның тағдыры жөнінде әкелген хабарың бүкіл Еуро паны
күңірентеді, – деп өзін-өзі әрең басты. Шоқан Адольф
Сапарғали Бегалин 4 том
174
Шлагинтвейттің тағдыры жайында өзінің шәукенінен
естіген және сол хабардың ізімен өзі анықтап жазып алған
жайтты айтып шықты. Шлагинтвейт жайындағы Шоқан
айтқан уақиғаны тыңдап болып, Семенов-Тянышанский:
– Шоқан Шыңғысович, сіз осы Шлагинтвейт жөнінен
анықтап қайтқан хабарыңызды бүгіннен бастап отырып
жазыңыз. Мен оны газетке бастырамын. Бұған Германия,
Англия ғалымдары жылап көріседі. Оның тағдырынан олар
ешбір хабар ала алмай қапалықта, – деп Семенов-
Тянышанский Шоқанға әрі шұғыл, әрі жауапты міндет
тапсырды.
– Петр Петрович, сіз тапсырған нәрсе міндетті түрде
орындалады. Сондықтан да жазып, өзім қолыңызға берем,
– деген уәдені Шоқан күлімдей айтты.
– Шоқан, мен сіздің басыңызға бүгін біраз міндеттер
арттым. Бұлар менен гөрі өзіңіз үшін керек. Бірақ істеледі,
оған сенем, тек, кешіктіре көрме. Тағы бір ұсынысым бар,
менің осы Петербургтағы біраз әдебиетші достарым маған
бір қолқа салып жүр. Олар ақын да, халықшыл зиялы лар.
Сізбен таныстыр деп өтінеді. Мына бір алдыңғы хабарды
жазсаң, ол газетке шығысымен олар мені тағы мазалай ды.
Мен оларға өзіңмен келіспей, уәде бере алмадым. Олар мен
кездесуді қалай қарайсыз? – деп тоқтады.
– Петр Петрович сізге дос кісі, маған да жат емес.
Мен Петербургтың зиялы қауымымен қалай танысам,
солардың ортасына қалай кірем, деп келген адаммын. Мен
қуанышпен танысам, – деп Шоқан қуанып кетті. Семе нов-
Тянышанский көп отырған жоқ:
– Шоқан Шыңғысович, мен сізді үйден күтем. Кешік тіре
көрме. Және бір ескертерім – аузың мен айналаңа сақ бол,
сонау Омбыдағы Фридрихс сияқты «достарыңның» мұн да
да үндестері аз емес, – деп қош айтысты.
Шоқан жазып берген Шлагинтвейт жайындағы ха-
бар Петербург газетіне шыққан күні Шоқанды шетелдер
департаментіне бірнеше шетел журналистері, ғалым да-
ры іздеп келді. Олар Шоқанның қабылдауын сұрап, Петр
Петрович Семеновтың мазасын алды. Бәрімен болмаса
да Семенов-Тянышанский өзіне сенімді бірлі-жарымына
жолықтырды. Әрине Шлатинтвейттің басынан кешкен
қайғылы хал, бір ғана Шоқан біліп қайтқан хабармен тын-
бады. Бірақ бұл хабар жұмбақ болып үні өшіп жатқан бір
зор уақиғаның жүлгесін тапты. Оның қымбаттылығы
да сонда. Әрине, Шлагинтвейттің күнделігі де ізделер,
Сапарғали Бегалин 4 том
175
ғылымға қос қан жаңалығы да мүмкін табылар. Бірақ
соны іздестірер жол осы Шоқан алып қайтқан хабар ға-
на. Семенов-Тянышанскийдің тапсыруымен Шоқан өзінің
«Жол дәптерінен» деген очеркін жинақтауға шұғыл кіріс ті.
Соны жазып жүрген кезінде Петр Петрович анадағы ес кер-
туін қайталап:
– Шоқан Шыңғысович, сен ертең демалыс ет. Біз дің
үйге кел. Достармен таныс, – деп арнайы шақырды.
Шоқанның Петербургқа келгелі құмарта күткені Пе-
тербург зиялыларымен кездесіп, пікір алысу. Сол мақса-
ты ның бастамасы болар деген сәтті ынталана қарсы алды.
Шоқан Семенов-Тянышанскийдің үйінде бұрын тек атын
еститін екі ақын – Аполлон Николаевич Май ков, Я. П.
Полон ский лермен танысты. Бұлар халықшыл, өте мәдениет-
ті, сол кездегі Петербург жұртшылығының сүйіп оқи тын
ақындары еді. Петр Петрович Семенов-Тянышанский
Шоқанды ақын достарына таныстырып:
– Қымбатты ақын достар, таныс болыңыздар, сұлтан
Шоқан Шыңғысович Уәлиханов. Біздің Россия ғылымы ның
Шығыс Азиядағы жас та, талантты да қайраткері, – деп бір
тоқтап. – Шоқан, Шыңғысович, танысыңыз, анада өзіңе
айтып едім, біздің Россия халқының көкейіндегі көрік ті
сырын шертер ақындары – Аполлон Николаевич Майков,
Яков Петрович Полонский, – деп екеуінің аты-жөнін ай-
тып ұғындырды. Бұдан кейін сөзді Майков бастап:
– Сіздің әріптесіңіз өте талантты ғалымды сырты нан
естіп ынтызар едік. Сізге рақмет, таныстырдыңыз. Біздің
Россия халқына күңгірт жатқан Шығыс Азияның шалғай
өлкесінің шымылдығын ашып келгені ерекше батыл дық.
Ол біздің Россия ғана емес, бүкіл Еуропа үшін зор жаңа-
лық, – деп тоқтады. Ақындар ағытыла, әсіресе Шлагинт-
вейт жайында әңгіме қозғап, ынталана тыңдасты. Шы ғыс
Түркістанның Алтышәрі жайынан, әсіресе мемлекет тік
тәртіптерінен сұрап танысты. Шоқанның Қашға рия-
да Жаркент өзенінің бойындағы құм аймақтарда өсетін
өсімдіктермен онда мекендейтін жәндіктер жайынан сұрап
танысты.
– Егер рұқсат етсеңіз, тұрған үйіңізге біраз уақытқа кі-
ріп шығар едім. Мен сіздің асқар Алатаудың мұзды қырқа-
сы нан, Жаркент алқабындағы құба құмнан жинап қайт қан
өсім дік түрлерімен танысар едім. Есту мен ұғу бір бас қа,
көзбен көріп сезім алу өзгеше ғой, – деп Майков ақын бір
тілек айтты.
Сапарғали Бегалин 4 том
176
– Мен сізді қазір ертіп баруға дайынмын. Құрметпен
күтем, – деп Шоқан екі ақынның екеуін де пәтер үйіне
шақырды.
Достар халық жайында, әсіресе Николай І-патшаның
қатал да қайырымсыз жазалаған кезіндегі жер ауған зия-
лылар жайында пікір алысу болды. Олардың біразы Нико-
лай І-патшаның өлімінен кейін еркіндік алып, мекендеріне
оралғаны айтылды. Пікірлес достарының Александр ІІ-нің
алдына тілек қойып, оларды қызметке отырғызу, еңбекке
еркіндік алуларын іздестірген жайлары өз болды. Осы рет-
те Федор Михайлович Достоевскийдің Петербургқа келуі
жайында пікірлесті.
Шоқан мемлекеттік департаментте бір мезгіл істейтін
қызметінде Петербург қауымының ашық пікірлі адамда-
рымен танысып, достар тобын молайта түсті. Вильяминов-
Зернов сияқты ірі ғалыммен, Чернышевскийдің пікір-
лес достары – В. және Р. Курочкиндермен танысып өте
жақын достасты. «Орыс география қоғамы жазбасы» атты
журналдың редакторы профессор А. Н. Бекетовпен таны-
сып, пікірлес болды.
Шоқанның сонау Омбыда оқыған кезінде аса үйірлес-
кен үйінің бірі Капустиндердің үй-іші болатын. Яков
Капустинның, Екатерина Ивановнаның қызы Вера Яков-
левна осы Петербургта нағашы ағасы Менделеевтің қолында
оқуда. Шоқан Петербургқа жүрерде Капустиндердің
үйінде болып, Вера Яковлевнаның адресін алған. Бірақ
Петербургқа келгелі Вераны іздеуге мұршасы болмаған-
ды. Осы біразда өз жұмысының басы қайрылғандай болған
соң, Шоқан Вераны тауып амандасты. Сонау бір паро ход-
қа шығарып салғаннан кейін дидарласпаған замандас тар
қуаныса амандасып, туыстарша шүйіркелесті. Вера өзін
іздеп келген дос-жар құрбысы Шоқанды нағашы ағасымен
де таныстырды. Бұрын атын естігені болмаса, таныс паған
талантты ғалыммен де жақсы сөйлесіп, көп пікір алысты.
Вера ой тоқтатып, білім өрісіне бой ұрып, бұрынғысынан
әлдеқайда өсіп кеткен. Екеуі де біріне бірі бір кездегі
әзілдестік жайдан сөз қозғаған жоқ.
– Вера Яковлевна, мен сізді үйімді көруге шақырамын.
Алдағы демалыста күтем, – деп Шоқан шығарып салған за-
мандасына өтініш айтты.
– Шоқан Шыңғысович, сіздің достарыңыз да көп,
жұмысыңыз да көп. Мен көп нәрсеге бөгет жасаймын ғой,
– деп Вера көкірегінде көптен ойлаған назының лебін осы
жерде шығарды.
Сапарғали Бегалин 4 том
177
– Вера Яковлевна, ол сылтауыңызға мен жол бермеймін.
Күтемін. Келіңіз, – деп Шоқан ширай да, өтіне де айтты.
– Күтіңіз, барайын. Ренжитін қабақ көрсеттіңіз ғой, –
деп Вера Яковлевна жымиып Шоқанмен қош айтысты.
Шоқанның Петербургқа бет алғандағы бір жолығар мын
деген қымбатты адамы осы Вера еді. Вера алдында кешірім
сұрар жолы бар. Вера келеді, сонда Шоқан әңгімені не-
ден бастамақ? Шоқанның бір қиналған ойы осы. Бірақ ол
өзін өзі ширатып: «Жоқ, мен еш нәрсені жасырмаймын.
Мен бүкіл мемлекеттік ұлы тапсырмамен бардым. Ал ол
барған елімнің тәртібіне мойынұсындым. Шынын айтам.
Оған бағынбасам, менің де көрер тағдырым анау Адольф
Шлагинтвейттің тағдырындай болмақ. Ал ол жағы бір бол-
ған күнде Вера екеуміздің еліміз екі қиырда, біріне бірі
еркін қойындаспаған, іргелес тату ғана көрші. Вераның елі
болса мынау, патшалы Россия, менің елім анау көшерін жел,
қонарын сай біліп жүрген дала қауымы. Вераның айтқа нын
істесем, маған үмітпен қараған елімнен қол үзем. Пат ша-
лы Россияның шенді төресымағы болам. Жоқ, мен ол бол-
маймын. Мен Вераға шынымды айтам».
Шоқан осындай толғаныс күндерін өткізіп,ғылы ми
еңбегін де, міндетті қызметін де істеп жатты. Бір күні Петр
Петрович Семенов-Тянышанский өзі келіп, Шоқан мен
амандасып, біраздан бері әдейі хабарласпағанына себеп
болған бір жайсыз хабар айтты.
– Мен кеше шетелдер министрлігінің құпия бөлі-
мінде болдым. Мені шақырып сұраған хабары, Шоқан
Шыңғысович, сіз туралы болды. «Уәлиханов сол Шлагин-
твейттің күнделігін тауып алып, сонымен мақтанып жүр.
Және өзі Қашғарияда үйленіп, сол елге азамат болуға сенім
беріп келген болуы ықтимал. Уәлихановқа онша сене бер-
мей, сақ болыңыздар. Ол кісінің Омбыдағы жағдайы да
бізге мәлім. Қай-қайдағы патша үкіметіне сенімсіз жер
ауған адамдармен үнемі байланыс жасап отырады» депті.
Мен бұл туралы Игорь Ковалевскийге айтып, Омбыдағы
Ивашкеевич Фридрихстердің жайын түсіндірдім. Ол кісі
Горчаковпен өзі сөйлеспек. Сіз оған күдіктенбеңіз.
Бірақ әлі де ескертерім – аса сақ болыңыз. Қазір сіз айрық-
ша аңдуылдасыз, – деп Петр Петрович өзінің достық
ақылын айтты. – Сонымен қатар бір қуанарлық жай,
Федор Михайловичтің інісіне жолықтым. Ол ағасының
Петербургқа келуін ізденіп жүр екен. «Жуырда рұқсат бо-
лады» деп қуантты.
Сапарғали Бегалин 4 том
178
Семенов-Тянышанскийдің мына әкелген хабарлары
қауіпті-қатерімен бірге қуанышты. «Еңбегімнің адалды-
ғына, барған міндетімді мүлтіксіз орындағаныма зиялы әділ
қауымның көзі жетеді. Қорықпаймын» деп Шоқан әдет тегі
тәуекелшіл қажырына мінді.
Анадағы айтқан уәдесі есінде болған Аполлон Майков
Шоқанның үйіне келіп, мәжілістесті. Майковке Шоқан
Алатау, Ыстықкөл және Қашғария жерлерінен жинаған
өсімдіктер түрлерін көрсетті. Майков ақынға әсіресе
ұнағаны Алатау қиясындағы мұз белдеу өсімдіктері болды.
Қытай, Индия, Азия шеберлерінің қолынан шыққан аса
нәзік өрнекпен жасалған бұйымдар да ерекше ұнады. Май-
ков ұзақ әңгімелесіп отырып, қайтар шағында Шоқанға өз
қалауын айтты.
– Шоқан Шыңғысович, сіз маған мына асыл бұйым-
дарды жайып салып, – қалаңыз, сүйгенін алыңыз, – деп
отырсыз. Мен бұйымнан гөрі, сезім жинаған жанмын ғой.
Маған мына бір мұз белдеуде өскен гүлдің жапырағын
сыйлаңыз. Ой салып, қалам тебірентер сыйлық болсын, –
деді.
– Аполлон Николаевич, бар ықыласыммен сыйлаймын.
Менен сізге сезім оятар дүние табылса, еңбегім жанғаны
ғой, – деп Шоқан Майковтың қалаған гүлін кішкене
әшекейлі сауытқа салып ұсынды.
– Рақмет сізге, Шоқан Шыңғысович, амандық болса
лирикалық бір-екі шумақ өлең күте беріңіз, – деп күле қош
айтысты.
Аполлон досын жөнелтіп, Шоқан Манас жайынан
жинаған қолжазбаларын аударыстыра бір қарап өтті.
«Көкетай асы» дейтін бөлімінен «Қанікей көші» дейтін
тарауды орыс тіліне қара сөзбен аударып көрді. «Шіркін,
ақын болсам, мына Қанікейдің сипатын қандай суреттер
едім» деп қиялдады.
Уәделі демалысында күткен Шоқанды Вера Яковлев-
на көп зарықтырмады. Айтқан сағатында әзілшіл сыпайы
мінезін істеп қалжыңдай кірді.
– Шоқан Шыңғысович, сіз туралы өсек бар көрінеді.
Менен несін жасырасыз. Қашғарияда үйленіпсіз. Мүм-
кін, осында алып келген боларсыз. Егер Азия әйелдері нің
әдетімен паранжы жамылса, оны да жасырмаңыз, – деп
күлді.
– Вера Яковлевна, жасырынбақ ойнап көрген жан
емеспін. Оны өзіңіз де білесіз. Барлығын ашып өзім ай-
тайын. Қашғарияға қандай мақсатпен барғаным сізге
Сапарғали Бегалин 4 том
179
айқын. Мен өзімнің еркімнен халқым мен үкімет тапсыр-
масын жоғары санайтын жанмын. Сондықтан мен барған
мемлекеттің тәртібін бұза алмадым, – деп Шоқан ойлана
төмен қарады.
– Шоқан Шыңғысович, сіз ол жағынан менен кешірім
сұрамай-ақ қойыңыз. Оны мен ұғам. Енді жай достықпен
әңгімелеселік. Менің нағашы ағам сізге сондай құмартып
қалыпты. Менен сіз туралы көп жайларды сұрады. Сірә,
екеуіңіз дос болатын шығарсыздар. Оны өмір көрсетер. Енді
сіздің алып қайтқан мүліктеріңізбен танысалық, – деп Вера
Шоқанның бір сөре етіп жинап қойған дүниелерімен таны-
сты. Онан соң Шоқанның қолжазбаларын, жер бейнесінен,
адам түрінен салып алған суреттерін көрді. Шоқан бір әсем
қобдиды бірден аша қоймай, басқаларын көрсетіп еді, Вера
көңіл бөле ішін аштырды.
Бұл – Қытай шеберлерінің бамбук ағашынан піл сүйе-
гімен оймыштап нақыстаған аса әдемі мүлік еді. Ол мүліктің
сыры сыртындағы әшекейінде ғана емес, оның ішінде ақ
торғынға ораулы жатқан Қашғардың қара көз сұлуының
суретінде еді. Осы суретті көре салып:
– Мына сурет сіздің жарыңыздың суреті болар.
Жасырмаңыз, – деп Вера қадала түсті.
– Иә, Вера Яковлевна, сол уақытша тәуелді болған ада-
мым осы. Оны мен ұмытпас үшін салғаным жоқ. Қашғар
қыздарының киім киісі, жалпы бейнелері мына Еуропалық
халықтарға танылсын деп салдым, – деп өзінің шын сырын
сөйледі. Шоқан көрсеткен әйелдің суретіне Вера үңіле от-
ырып:
– Біздің естуімізіше, Азия әйелдері сиықсыз болады,
шаштары білтеленген, сойдақ тіс, тапал денелі деуші еді.
Мына сіздің тәуелдіңіз көрікті екен, – деп тоқтағанда,
Шоқан іле сергіп:
– Азия жайында алыстан естігенде әр алуан сөз айты-
лады ғой. Сол азиялықтар еуропа әйелдерінің сипатына
жиіркене қарайды. Әр халық өзін мадақтайды. Ол да адам
баласындағы қалыптасып қалған ұлт айырмашылығынан
шыққан солақай көзқарас, – деді.
Ұсынған базарлығынан Вераның еш нәрсе алмағаны
Шоқанға ауыр тиді. Бірақ ықтиярынан аттап Вераға еш
нәрсені ұстата алмады. Тек ішінен: «Мынадан бір нәрсе
алсам, соны көрген сайын Шоқан көз алдыма келер, тез
ұмытуыма сыйлағанын алмағаным дұрыс деп ұқты ғой»
– деп топшылады. Вераны шығарып салып, Шоқан өзінің
жұмыстарына кірісті.
Сапарғали Бегалин 4 том
180
Біраз уақыт өтті. Шоқанның қолжазбалары «География
қоғамының жазбасы» атты мерзімдік жинаққа дайындал-
ды. Осы бір жұмыс аяқталып қалған кезде, бір күні Аполлон
Майков күлімдеп жетіп келді:
– Шоқан Шыңғысович, мен сізге сезім ұшқынынан бір
нәрсе туса, әкеліп берермін деп едім ғой. Мына бір кішкене
нәрсені жазған болдым. Құр уәде болғанша, жарты түйір
болса да жазба болсын, – деп өлеңін оқыды.
Өлеңімнің аты: «Мұз белдеуде».
Қараңғы, дымқыл қуыста
Көлбеңдер жансыз құр елес
Ұялшақ жандай жас тұста
Мұз таңы қалғыр ерте, кеш.
Мені де желпір жаңа өмір
Мұзды асқар сол бір шыңында.
Жайнаған сол бір қарлы өңір
Нұр төккендей, шынында,
Білемін ол жер қорқыныш,
Адамның онда жоқ ізі,
Үн қатар жүрек шүйлеп күш,
Шақырар онда жан өзі.
– Рақмет сізге, Аполлон Николаевич. Тамаша лирика.
Мінеки, сезім өлеңі, – деп Шоқан қайта-қайта, алып оқып:
– Ең болмағанда сіздің осы өлеңіңіз менің жер кезген
жүрісімнің бір белгісі болар. Мен көшіріп алайын, – деп
Шоқан жазып алды. Ақын қиялы жүйрік қой, бір мұз белде-
уге өскен бір бозғылт гүлдің қураған жапырағынан сыршыл
өлең жазды. Шіркін, шын ақынның қиялы қандай көреген.
Будалап зорлықпен ұйқастырып, өз айтарын өзі ұқпаған
ақындардың жыры мен сырынан кейде адам мезі де бола-
ды ғой. Шын ақын шіміркене шырын төгеді. Жан жүйеңді
тебірентіп, жүрегіңді шымшиды-ау, – деп толғанды.
Шоқанның осы бір кейінгі күндердегі қуанышы сонау
Омбыдан аттанарында өзіне соғып Тверь қаласына жүріп
кеткен досының інісі М. М. Достоевский айтқан Федор
Михайлович Достоевскийдің Петербургқа келетін хаба-
ры болды. Сонау Одессаға барып, еркіндік алып, ақындық
еңбегіне кіріскен Сергей Дуров досынан да жиі-жиі хат
алып хабарласып отырды. Осындай көңілді болар шағында
іштей денесін әлсіретіп, мазасын алған сырқат шырмауына
ұшырады. Амал не, өмірде бәрі тегіс берілмек емес.
Сапарғали Бегалин 4 том
181
III
Шоқан Петербургта татар ғалымы Хұсайын Файызха-
новпен танысты. Хұсайын Шоқанмен ана тілінде сөйлесіп,
шығыс елінің ертегі, дастандары жайында пікірлес бол-
ды. Сонау Ыстықкөл сапарында жинап қайтқан Алатау
қырғыздарынан Манас жырымен Хұсайын құштарлана та-
нысып, кейбір жағдайда пікір қорытысты. Хұсайын татар,
башқұрт, қазақ елдерінің түбірлес жыры, ауыз әдебиеті
жайлы көп ізденген тәжірибелі адам еді. Оның Шоқанға
серіктесе үн қосуы өзін тағы бір қанаттас досқа душарла-
стырды. Хұсайын досына «Манас» дәптерін бере отырып
Шоқан:
– Сіз Хұсайын мырза, татар халқының ертеректен жазба
қоры бар, қолжазбасы бар дүниесіне жастай қанықсыз ғой.
Бірақ қазақ-қырғыз сияқты көшпелі елдің ауыз әдебиетімен
әлі көп таныспаған боларсыз. Мен, әрине, қазақ халқының
күні бүгін әлденеше дастандарды ауыз-екі ұғып, мүлтіксіз
айтып шығатын өрен ақындарын көрдім де, білемін. Оның
біразын әкемнің алдында ағыта үздіксіз айтқандарынан
тыңдағам. Ал мына қырғыз елінің Манасты жырлайтын
ақындарын «Жұмоқшы» деп атайды екен. Олар осы «Ма-
нас» жырын жұмалап емес, айлап жырлайды екен. Және
бүкіл шығыс көшпелі елінің көне өмірін тегіс қамти, шіге-
бүгесіне дейін мүлтіксіз айтады. Әрине, кей жерлерінде
қайталау да болады. Жазылмаған ауыз әдебиетте ол болмай
қоймайды. Қырғыз ақындарында тек қана «жұмоқшы» емес,
ғажап бір дарынды ақынына кездестім. Ол ақынды Қашғар
сапарына бет алғанда шекараға дейін ертіп бардым. Өзі
бір адал жанды, асқан төкпе ақын еді, – деп қазақ, қырғыз
ауыз әдебиеті, ақындық дарындары жайында Хұсайынға
қызықтыра сөйлеп кетті.
– Шоқан мырза, сол ақын бұл күнде бар ғой. Аты-жөнін
жазып алған боларсыз? – деп Хұсайын ол ақынның аты-
жөнін білгісі келді.
– Иә, жазып алғам. Тіпті жазып алмасам да Борсық пен
Телтайды ұмытпаған болар едім. Шіркін, сол Телтайлар,
анау Боранбай манаптар, оқыса, қырғыз елінің атақ, абы-
ройын талай жерге апарар еді, – деп көшпелі, сауатсыз
елдің жайына күйіне тоқтады.
Шоқанның сырқатқа шалдыққан жайынан хабар алған
Шыңғыс, баласына аталық мейірбан ықыласымен хат жа-
зып, анасының, бауырларының сәлемдерін жеткізді.
Сапарғали Бегалин 4 том
182
«Шоқан, сені анаң Зейнеп, інілерің, қарындасың бәрі де
сағынулы. Ал халық та сенің абыройлы қызмет етіп шетел-
ге барып қайтқаныңды естіп, өзіңді көріп, лебізіңді естуге
құштар. Жаз ауылға кел. Мына даланың таза ауасы, қымыз,
ат үсті сені сауықтырады. Қатты сағынудамыз» деп жаз-
ды. Шоқан да сол туған жер, өз аулына барып дем алсам,
сауығып кетермін деп ойлайтын еді.
Шоқан сырқатқа шалдыққалы өзінің достары арқылы
қаралып, ем алып жүрген ғалым дәрігері бар-ды. Ол кісі де:
– Сіз сахара баласысыз. Мына Петербургтың күн
сәулесі аз түсетін дымқыл ауасы сізге ауыр. Мүмкін болса
еліңізге барып, қымыз бен таза ауада емделіңіз. Жазылып
кетесіз. Саулығыңызды сақтаңыз, – деп қамқорлық кеңес
берді.
Семенов-Тянышанский, Достоевский сияқты абзал до-
стары «ауылыңа барғаның оңды, саулығыңды сақта» дейді.
Осы жуырда ғана Сергей Дуровтан да хат алды.
«Шоқан досым, мен сенің тек ғылыми еңбектерің
емес, суретшіл өнеріңді де «Суреттеу» журналынан көріп
қуандым. Достардан алған хатқа қарағанда, сен мейлінше
шаршап, сырқатқа шалдыққан көрінесің. Ауылыңа бар.
Біраз уақытқа демалыс істе. Өзің жіберіп, сіздің ауылда
болған бір жазғы дем алысым, маған міне әлденеше жылға
күш-қуат болды. Анау сіздің Көкшетау алқабы қай аурудың
болсын дауасы ғой», – деп жазды.
Шоқаннан бір жыл бұрын жай тыңдаушы болып Петер-
бург университетіне оқуға келіп түскен Григорий Потанин
де Шоқанға:
Шоқан Шыңғысович, сіз жүдеп барасыз. Тезірек ауылға
қайтыңыз. Мұндағы еңбегіңіздің жарық көруіне қолдан
келгенді аямаспыз, – деп үлкен өтініш айтты.
– Мен өзім де қайтуға бел байлап отырмын. Жалғыз
қайтпаймын, өзіммен пікірлес бірнеше жас достар бар,
соларды ала барамын. Олар біздің елдің жайы-күйімен
таныспақ. Бір кісінің үні қаншаға жетеді, бірнеше үн
қосылса біраз жерді жаңғырықтырмай ма. Ең болмағанда
олар біздің еліміздің төбесіне қамшы үйірген қаныпезер
чиновниктердің иттігін көздерімен көріп көпке жайса деп
ойлап отырмын, – деді. Шоқанның мына кейінгі ойын Гри-
горий қуана қоштады.
Шоқан елге қайтуға қамданып жүрер алдында Федор
Михайлович Достоевскийдің үйіне келіп, біраз кеңес тер
шертті.
Сапарғали Бегалин 4 том
183
– Шоқан досым, мен сізді қалай жақсы көретінімді
айтқам, әлі де айтарым – алдымен саулығыңды сақта.
Халыққа деген жақсылықты кісіден сұрап жарымай мыз.
Халық оянса, өзі еріксіз тартып алады. Тек, сол халық тың
санасын ояту ертелі-кешкі еңбектің арқауы болсын, – деп
тоқтады.
Шоқан аға досының осы бір орынды айтқан кеңесін
көкейіне сақтай, өзінің де алдағы мақсаты сол екенін тағы
да қайталады.
Достар ұзақ сүйісіп, қош айтысты.
Петербургтен ауылға
I
Шоқан Петербургтен қайтарында өзімен универси тет те
бір курста оқитын бір орыс жігіті мен ғылыми досы та тар
ғалымы Файызханов, шығыс департаментінде бірге істей тін
Ибрагимов (татар жігіті) бірге жүретін болды. Орыс жігіті
Москваның белгілі бір байының баласы. Петербургтың ауа
райын көтере алмай, қаны азайып, сырқатқа шалдық қан.
Дәрігерлер оған да «сахараға шық, қымыз іш, қойдың жас
етін же» деп кеңес берген. Шоқанды тауып тапсырған да
солар болған.
Файызхановты Шоқанның өзі үгіттеп, қазақ дала-
сын көріп, ауыз әдебиетін, тұрмыс жайын жаз деп елі мен
таныстыруға әдейі алып шыққан. Осындай дос жолда-
старымен Шоқан Омбыға келіп, онда бірнеше күн достар
мәжілісінде болып, Көкшетауға аттанады.
Шоқан Көкшетауда бірнеше күн бөгелді. Жергілік ті
мекемелердің адамдарымен, қызмет тәртібімен танысты.
Сонан әкесі жіберген үш тарантаспен ауылына тартты.
Шоқанның Көкшетаудан аттанып, ауылына қарай
шыққанын естіген ел адамдары жүретін жолын тосып,
амандасып жүргізбей, қайсыбірі қонаққа шақырып, ая ғы на
оралды.
Шоқан әкесінің ауылына таянғанда алдынан топ-
тобымен ел адамдары шығып, қарсы алып, өзіне арнап
тігілген үйге әкеліп түсірді. Ақ үй маңында да құжына-
ған көп халық бірін-бірі кимелеп, Шоқанның қолын алып
дидарласуға құштар.
Шоқан алдымен әкесінің құшағына барып кірді. Шың ғыс
баласын қапсыра құшақтап, маңдайынан иіскеді. Шоқа нын
Сапарғали Бегалин 4 том
184
құшып, емірене сүйгелі шыдамсызданып отырған ана сы
Зейнеп Шоқан өзіне қарай бұрыла бергенде:
– Келші жаным, Шоқаным, тұла бойы тұңғышым,
жан сәулем, – деп зарыға құштарлана құшақтап көзінен
мөлтілдете жас төгіп, маңдайынан, бетінен кезекпе-кезек
сүйіп әрең дегенде мауқын басты. Шолжың сөйлейтін май-
да, нәзік үнімен:
– Шоқанжан, зайықтидың ғой, неге жүдеушің? – деп
өкси сөйледі.
– Апеке, келдім ғой, енді сіздерді зарықтырмаймын,
– деп, Шоқан біраз отырып, Петербургтен ертіп келген
жолдастарымен ауылын таныстырды. Сонан кейін әке-
шешесінен рұқсат алып, өзіне тігілген үйге барды. Шоқан
өз үйіне келгенде, үй сыртында күтіп отырған жұрт өре
түрегеліп, әлгінде кезек тимегендері амандасты. Шоқанның
қасына Петербургтен күтуші болып еріп шыққан татар
жігіті анталаған қауымға:
– Төре жолдан қатты шаршап келді. Сіздер біраз
іркіліңіздер, мен ол кісіні шешіндірем, киімін жаңалаймын.
Менен хабарсыз үйге кірмеңіздер, – деп жариялады.
Келген қонақты реттеп түсіріп жүрген Жақып бола-
тын. Ол біраздан кейін күтушісінің сөзін тыңдамай, Шоқан
жатқан ақ үйге кіріп:
– Шоқан аға, сіз шешініп жайлансаңыз, сыртта Орын-
бай ақын бастаған өнерпаз жас қауым күтіп отыр. Олар
амандық айтып, бүгін әнмен, күймен ойын-күлкі жасамақ,
– деп өтініш айтты.
– Ол дұрыс болған, келтір, – деп Шоқан рұқсат етті.
Қолына домбырасын ұстай кірген Кермағының Орын-
байы өлеңді нөсерлете жөнелді. Шоқанның шақыруымен
Петербург қонақтары да ақ үйге келген-ді. Олар бұрын
мына сияқты домбырамен құбылта өлең төккен ақын
өнерін көрмеген, таңырқай, сүйсіне тыңдауда. Әсіресе
қазақ халқының ақындық өнерін алыстан естіп, ауызша
тыңдауға мүмкіндігі болмаған Файызхановқа жаңа бір
әсем өнер алдынан атой берді. Ақын үйреншікті жаттама
өлең емес, Шоқанның аман-есен әке ауылына, ұлы орда-
сына оралғанын, сонау Қашғар сияқты шалғай ғаламды
аралап көргенін әсем теңеулермен құбылта ағызды. Орын-
бай бірсыпыра құттықтау, шежірелеу өлеңдерін төгіп,
тоқталып:
Ендігі кезекті әншіге берелік. Мына жас әнші
Төлепберген үнін естілік, – деді.
Иә, ол дұрыс. Әнші үнін де естілік, – деп Шоқан бұрын
Сапарғали Бегалин 4 том
185
таныспаған талдырмаш, сұңғақ бойлы, ақ құба жітітке көз
тастады. Аз бөгеліңкіреп қобызын сарната ән шырқады.
Қобыз үнінің қоңыраулап бастап, әуелете шырқалып
кететін жеріне үнін қосқанда, бір ішектен шыққандай егіз
әсем үн құбылады. Қазақ әнін көптен естімей сағынған
Шоқан Төлепбергенге сүйсіне қарап:
– Құсайын мырза, сіздер қазақ, қырғыз әндері анайы,
мәнерсіз деп ойлайтын сияқты едіңіздер. Қалай ұнай ма?
Мынау нағыз адамның жан-жүйесін балқытатын ән емес
пе? – деп күлді.
– Шоқан мырза, мен ешқашан сіздің халықниың өнерін
суккән емеспін. Бұл бір ғажайып саз, тұла бойны тербәтә,
– деп шын сүйсінгенін айтты. Төлепберген әні аз тоқталып,
Шоқан Орынбай ақыннан Төлепбергеннің жөнін сұрады.
– Шоқан сұлтан, бұл әншінің әкесін өзіңіз біліп те
қаларсыз, атақты Тулақ қобызшы. Бұлар бірнеше ата-
дан үзілмеген әнші, күйші. Сырымбеттен қозыкөш жерде
«Тораңғұл» деген көл бар. Тулақ қобызшылардың қонысы
сонда. Ән мен күйдің қоныстаған шаңырағынан шыққан, –
деп Орымбай Төлепбергенді біраз таныстырып өтті.
Шоқан ертеңінде Айғаным ордасына барды. Айғаным
шаңырағындағы Ханқожа төренің кешегі шұбырған елдің
ішінде болмағаны – Шоқанның өзінің келуін тосқандық
еді. Асыл ана, әже орнына келгенде Шоқан халық дәстүрін
істеп, анадай жерден жаяулай келіп, есікті өзі ашып кірді.
Ерекше жақсы көріп, сүйсіне құрмет тұтатын Ханқожа
Шоқанды құшағына алып, құштарлана сүйді. Ана орнының
үңірейіп тұрған мұңын да айтты. Шоқанды жолдастарымен
қонақ етіп, Шыңғысты, да шақыртып алып әже орнында
жақсы мәжіліс жасады. Қобызының үнін, сыбызғысының
сазын сағынған Шоқан басқа ешкімге домбыра тартқызбай,
тек Ханқожа күйлерін тыңдады. «Қорқыт» күйін, «Балбы-
рауын» күйін, Соймақтың «Сарыөзенін» тыңдап, қазақ
елінің көкірегі мен көңілінде сыр мен жыр болып қалған
әсем аңызға мейірленді. Әсіресе Ханқожа күйлері Хұсайын
Файызхановқа ғажап ұнады. Хұсайын бір әредікте:
– Сізнің тұқымлар бек өнерлі заттан болған. Әрбір
адамдарыңызның өзіне хас өнер өзгешелігі бар. Мына
сізнің әткәңіз сахаруи халық ішінде бек мәдениетлі икән,
– деп тоқтады.
Осы топта отырған Сал ақсақал:
– Бұл тұқымға бәрі қонған. Батыры да бар, өнерпазы да
бар, – деп қарқылдай күлді. Осы бір өзге жауап қайтарып
Шыңғыс:
Сапарғали Бегалин 4 том
186
– Иә, біздің Сал ақсақал дұрыс айтады. Батырымыз да
бар, тентегіміз де бар. Өнер Ханқожада. Азды-көпті бақ
бізде. Ата орнын күңірентпей жүріп жатырмыз, – деп
күлді.
II
Шоқандар біраз дем алып тынықты. Петербургтен саха-
ра сайранын сағынып келген Шоқан жолдастарымен салт
ат мініп, күндіз ылғи дала серуенінде болады. Бірақ, сапы-
рылысып келіп кеткен елдің аясы үзілмей, көбінесе босат-
пады.
Шоқан сапырылған қымыз, сайраған ақын, әнші
мәжілісінде отырып, петербургтық қонақтарына:
– Қонақ мырзалар, ертең ұйқыларыңыз ерте бұзы ла-
ды. Ауыл көшеді. Жаңа жерге қонады. Үй тігесіңдер, – деп
күлді.
– Үйні тіккені қалай? Біз ни ішләйміз, Шоқан Шың-
ғысович, бізге үйрәт. – Тағы да біраз отырып, үйдің
шаңырағына, керегелеріне қарап:– Мына үйні қалай
куәрәләр? – деді Файызханов.
– Бәрін де ертең көресіңдер. Тек жігіттер, қыз-
келіншектер көрсеткен жұмысқа дайын болыңдар! – деп
Шоқан қонақтарының сұрағын дауалатты.
Шоқанның ұйқысы қануын күттіріп, Шыңғыс алдымен
өзінің ауылын көшірді. Өздері барып жайланғаннан кейін
Шоқанға тігілген ақ үйді көшіретін адамдарды жіберді. Он
қанат ақ үйдің ішіне ұсталған жібек кілем, қалы баулар-
ды босатып, жылпың жігіттер, жинақы сылаң келін шек,
қыздар ойнақы қимылдайды. Тізерлей шөгерілген атпа-
лы атандарға үйдің туырлық, үзіктерін, түндігіп қомдап,
қызылды-жасылды боялған жүнмен шымдап оралған
әдемі шилерді бүктеп, шиыршықтап әкеліп артып, қыз-
келіншектердің қолдары қолдарына жұқпайды. Көшпелі
елдің жастарының мына қимылдарына петербургтықтар
таңдана қарайды. Бір ғажап болғаны – ақ үйдің сырлы есігін
шешіп, алып алшайған керегенің кең ашылған аңғар ы нан
салт атпен қолына бақан алған екі жігіт кіріп, шаңырақтың
күлдіреуішінен тіреп, екі жерден ерсілі-қарсылы тұра қал-
ды. Осы сәтте дайын тұрған қыз-келіншектер уықтың бау-
ларын сыпылдата шешіп, шаңырақтан ағытып алып, жер ге
қатарлап жинай бастады. Бір-ақ сәтте тіреп тұрған уық-
тар топ-топ болып буылды да, шаңырақ баяу төмендетіліп,
жаяу тосып тұрған жігіттердің қолына берілді. Кере гелер
таңғыш, шандуынан шешіліп, олар да тарбиған қанат та рын
Сапарғали Бегалин 4 том
187
жинап, жалпақ, тақтайға ұқсап ыңғайлана қалды. Осы бір
үйді жыққан тамашасын көріп таңданып тұрған Файызха-
нов:
– Шоқан Шыңғысович, мен ойлаған едім, нишік жи-
найлар деп мынау кибиткәні, алай исә бик шибәр жиялар,
– деп осыны отыра қалып қойын дәптеріне жаза бастады.
– Инді, аның тіккәнін дә курәбіз, – деп Файызханов
үйінің жығу, тігу тетігін қадағалап білгісі келді.
Шоқандар өздеріне ерттеліп қойған аттарына мініп,
жаңа жұртқа тартты. Ақ үйді артқан салтанатты көш осы-
лармен қатарласа жүрді. Алдыңғы ақ бас сары атанға
отырғызған Шоқан үйінің орындық, столдарының үстінен
асыра жапқан түрлі түсті жібек кілемнің шашақтары жер-
ге жете шұбатылады. Анадайдан қарағанда әлдебір әсем
дүние иіріле сорайған түйенің мойнымен жылжып бара
жатқан тәрізденеді. Алдыңғы нар бас атанның бұйдасын
қолына алып, сүліктей қара жорғаның үстінде, күмістеген
ер-тоқымның жүген-құйысқанын, үзеңгі-таралғысын
жарқылдата толықси отырған ақ құба келіншектің реңі күн
көзінде бал-бұл жанады. Сол сұлудың ақ торғын желегінің
шашағы желбірей үйілгенде, бар әлем сұлулығы қара
жорғаның томағадай сауырында дөңгелегендей болады.
Орда үйінен біраз жер оңашалай шөгерілген көш
түйелерінен ақ үйдің сүйегі, жүгі түсіріліп, бағанағы жыл-
пос қауым үй тігуге кірісті. Алдымен он қанат керегенің
қоспасын біріне бірін қиюластыра таңғышпен шандып
жіберіп, шаңырақты көтеруге кірісті. Бұл жолы кере-
ге ішіне бағанағыдай атпен кірген жоқ. Екі жігіт жайған
керегенің ортасынан екі жүк аяқ қойып, соған шығып
шаңырақты ұзын қайың бақанға отырғызып алып, аспанда-
та көтерді. Осы сәтте төрт жігіт белсене келіп, келіншектер
қолдарынан берген уықты шаңыраққа ат үстінен шаншып,
қыз-келіншектердің кереге басына байлауына тастап сы-
пылдатты. Уықтар лезде қатарлана шаншылып, шаңырақ
орныққан кезде келіншектер уықты өздері шаншып бай-
лай бастады. Осы бір кейінгі үй тігу жайын Файызханов
Тақырбастан қайталап сұрап жазды.
Жаңа жұртқа қонып, ауыл еру-жайға ауысқаннан кейін,
Шоқанды жолдастарымен Шыңғыс өз ордасына шақырып:
– Шоқанжан, әжеңнің салдырған мешітін көрген де
жоқсың. Ол кісі бізге үлкен мұра, өсиет қалдырды. Мына
өзің сәлем беріп танысып отырған ақсүйек пайғамбар
әулеті Қожа. Осы кісі – қазіргі имамымыз. Бүрсігүні
құрман айты, сол мешітке барып намаз оқылады. Халықты
Сапарғали Бегалин 4 том
188
мешітке жиналсын деп хабарладық. Сол айт күні әжең
басына да, мешітіне де баруың керек. Халық сыйлауға
қарсы болмассың, болмассың, – деп Шыңғыс өзін ара-
тұра қайталап дыбдырлата айтатын әдетімен Шоқанға көп
көзінше өз хабарын айтты. Көптің көзінше баласына ата-
лық әмірмен ана аруағын көлденең тарта айтқан Шыңғыс-
тың өзіне Шоқан құптағаннан басқа сөз айтқан жоқ.
Ауыл отырған жайлаудан Сырымбеттегі хан ордасы
мешіт тұрған жер қозы-көштей ғана еді. Шыңғыстың тап-
сыруымен мешіт басындағы күзетші үйіне барлық жабдық
жеткізіліп, ертеңгі айт дастарқанына ерекше дайындық тар
істелді. Имам Қожа, Шыңғыс, Зейнептер қонаға, шәк күні
кешке, мешіт басында болды. Хан үйінің құрмалдыққа ша-
латын алты жасар құр өгізі де сол кеште мешіт күзетші сінің
үйіне әкеліп байланған.
Айт намазына жиналған жұрттан кешікпе деп тапсырған
Шыңғыс өзі бойынша Шоқандар да ерте аттанып ордаға
келді. Қара нөпір жиналған қалың жұрт, кірлеген жыртық
сәлдесін көкіте ораған соқыр сопылар да көбейіп кет-
кен. Имам хұтбасын аяқтап қалған екен. Шоқандар келіп
шеткерірек тұрып тыңдасты. Мына ұйый тыңдап тұрған
қалың қауымнан бір пенде ұқпайтын араб тілінде сыдырта
оқыған хұтбасын аяқтап, имам Қожа мінбеден түсті. Со нан
келіп имамдық істеп халықты екі рәкәғат намазға жықты.
Ел намаздан шығып мешіт айналасында, бұлақ басына
қарай тарай берген мезгілде бажылдаған бір ащы зарлы
дауыс естілді. Жолдастарымен қалың топтан шеттей тұр-
ған Шоқандарға қарай басынан қан аққан, үсті-басы алба-
жалба, қара сақалды бір адам келе бере етпетінен түсті. Осы
сәтте «әкет ананы былай. Не қыл деп масқара болып жүр»
деген Жақып даусы да шықты. Жақыптың жанындағы бір
жылпос жігіт келе әлгі жығылып, өкіріп жатқан адам ды
жұлмалай бастап еді:
– Кет былай, – деп жігітке ақырып, – ананы тұрғы-
зып алып кел, – деп Шоқан қасындағы күтуші жігітіне әмір
етті. Барып қолынан сүйемелдеп, Шоқанның алдына жете
бергенде, әлгі қара сақалды адам, бетінен қан жосы ған
қалпында: «Алдияр, жас сұлтан» деп тізерлеп отыра кетті.
Шоқан қасына таяп келіп:
– Көтер басыңды. Мына айт күні неге мұнша қанға боя-
лып жүрсің? – деп жай салмақпен сұрады.
– Алдияр тақсыр, жас сұлтан, сіздің алдыңызды көріп
өлсем арманым жоқ, – деп едім. – Енді арманым жоқ.
Сапарғали Бегалин 4 том
189
– Мына үсті-басыңды қан жауып, қан жылап жүріп
арманың жоғы қалай! Кімнен осынша қорлық көрдің,
айт именбе, – деп еді, әлгі адам еңкілдеп тағы да жылап
жіберді.
– Айтсам да өлем, тақсыр, айтпасам да өлем. Маған осы
қорлықты көрсеткен сіздің бөтеніңіз емес...
– Әкем болса да айтшы, не істеді? – деп Шоқан қадала
сұрады.
– Айтсам, ана Шепе батыр, жалғыз дөнен өгізім бар еді,
соны құрбандыққа шалам деп даладан айдатып алып, айтқа
шалып тастады. Артынан іле қуып келіп едім, «өзің де бір
өгізге мінгесетін сегіз кісінің бірі боласың, сен құдайдың
құлы емессің бе, Қожекем айтқан, саған да құрбан шалу па-
рыз. Бізде жасы құрбанға шалуға толған семіз өгіз жоқ екен.
Ортамыздан шаламыз, – деді. Мен бермеймін дедім. Өгізге
таласып алып кетпек болып едім, өзімді көкала қойдай етіп
сойды. Өгізді өз көзімше құрбанға шалды. Көпке топырақ
шашам ба, күштіге амалым бар ма. Базарға апарып пұл етем
бе деген жалғыз қарам еді, бар қуат қылғаным. Өзіңе осы
арызымды айта келдім, – деп солқылдап жылап жіберді.
Шепеге әкесінің әмірі жүрмейтінін білетін Шоқан
Шыңғысқа сабағат салмастан, қасына Жақыпты шақырып
алып:
– Бар, ана Шепе атайдың үлкен баласын ертіп кел, –
деді. Жақып барып Шепенің үлкен баласын ертіп келді.
Оның жасы Шоқаннан үлкен болатын. Шоқан оған сәлем
берді де:
– Менің сізді шақыртқаным, мына бір кедей кірме
төленгіттің жалғыз өгізін ана атай айдатып алып, құрбанға
шалып тастапты. Өгізіне таласқан бұл сорлыны таяқтап көк
ала қойдай етіп сойған. Мына сіздерше мұсылман қауымның
ұлы күні мына сияқты үстемдік істеу бір емес, он есе күнә
болатын шығар. Оны ана тұрған пайғамбар әғулетінен
сұрап біліңіздер. Мен сізге Уәлихан тұқымы төре атынан
айтпаймын, анау Петербургтағы Азия департаментінің
бөлім бастығы қызметім атынан айтам. Мына кісінің
өгізінің орнына – ат мінгіз! Үстіндегі жыртылған киімін
бүтінде, шапан кигіз! Сақалынан қорық! – деп әмір ете
айтты. Шоқанның кейінгі айтқан сөздері аса зілді екенін
ұққан төре баласы:
– Құп, ақ патша офицері. Қазір орындалады. Енді бұл
кісі сіздің алдыңызға жылап келмейді, – деп Петербургтан
келген азаматтардың көзінше Шоқанды патша чиновнигі
ретімен сыйлап, әміріне бас иді.
Сапарғали Бегалин 4 том
190
– Ал тұр, мына кісімен еріп бар. Разы етеді. Егер айтқан
уәдесін орындамаса, өзіме кел, именбе! – деп Шоқан
мөлиіп отырған адамға қайрат бере орнынан тұрғызды.
Ішінен: «Мінеки, мешіт пен пайғамбар әулетінің қазақ да-
ласына әкеліп орнатқан әділеттігі мен діні, иманы», – деп
налыды.
III
Мешіт басындағы құрбандық тамақтарына Шоқан
қараған жоқ. Жолдастарын ертіп, жайлаудағы ауылы на
келді. Шоқанның бағанағы тапсырмасын алған Шеп е нің
баласы, әкесіне соқпастан өгіз иесін ертіп барып ат мінгізіп,
шапан кигізіп разылығын алды. Шоқанның әміріне Шепе
тұқымының бас игені сол атырапқа лезде-ақ тарап: «Ойбай,
Шоқан төреге патша үлкен шен беріпті. Және оның айт қа-
нын патшаның сөзінен басқа кісі бұза алмайтын көрі неді!
Өзге былай тұрсын, анау аға сұлтан Шыңғысыңызды кісі
құрлы көрмейтін Шепенің өзіне әмірін жүргізіпті» де сіп,
неше түрлі алып-қашты қауесет таратып жатты.
Баласына Шоқанның әмір беріп, өгіз иесіне ат бер-
гізіп, шапан жапқызғанын естіп, Шепе жатып долданды.
Шыңғысқа кісі жібермек болып еді:
– Әке, сіз ағалығыңызды Шыңғыс ағаға істеген мен,
Шоқанға ол кісінің әмірі жүрмейді. Өйткені Шоқан бала ңыз
маған әмір айтқанда, Петербург патшасының атынан айт-
ты. Патша Шоқанға үлкен ерік берген көрінеді. Және ана
мұсылман еліне барып қайтқандықтан, шариғат жолын да
бізден гөрі көбірек білетін сияқты. Ақы иесінің рұқ са тын-
сыз біреудің малын құрбандыққа шалу он есе ауыр күнә, –
деді. – Сіздің құдай жолына шалған құрбандығы ңыз қабыл
болсын деп ақы иесінің разылығын алдым, – деп ба ласы
Шепені әрең дегенде тоқтатты.
Шоқан үйінің маңы арыз айта келген адамнан мүлде
босамайтын болды. Біреу байдан, жуаннан көрген зорлы-
ғын айтады. Біреу адал ақысына қолы жетпеген кемшілігін
айтады. Біреу қонысынан айрылып, көрген жапасын ай-
тады. Біреулер патша чиновниктерінің елге шыққандары-
нан көрген қиянат, жеген таяғын айтады. Ең аяғы шаңы-
рақ басы түтіннен алатын шығынның әділетсіз бөлінеті нін,
атқамінерлердің зұлымдығын арыздайды.
Шоқанның оқу бітіріп, Батыс-Сібір өлкесінің меке-
месіне қызметке орналасқаннан бергі қолға алып таныс-
қаны қазақ-қырғыз елдерінің ішкі тәртібі жайында болатын.
Сол тәртіптің жайын нақтылы бір жобаға келтіру мақсаты-
Сапарғали Бегалин 4 том
191
мен анау Гасфортпен бірге Жетісу өлкесіне барғанда да,
Ыстықкөл қырғыздарына барғанда да осы жайдан естіген,
білгендерін жинақтап, көп көңіл бөлетін.
Әсіресе Россия қол астына қарамай тұрғандағы, қазақ
халқының атақты билерінің, хандарының билік жоба-
ларымен де танысып көп сұрастырған. Өзінің әкесі,
аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың ел ішіндегі айтыс-
тартысқа қолданатын жобасын да сұрап, қадағалап талдап
отыратын. Нағашы ағасы Мұса Шормановтан да ертедегі
халық билерінің билік жобасын сұрап жазып алған еді.
Осылардың бәрін қарастырып келгенде қорытары – әлі
тәртіпке қойылған дәлді жоба жоқ. Кейбір жағдайда қазақ
халқының көне билік жолын қолданса, кей жерде жаңа-
дан кіре бастаған, қожа, молдалар таратып жүрген шариғат
жолы қолданылады. Онымен қатар патша үкіметі тара-
пынан жүргізілетін әкімдік жолы тағы бар. Осы сияқты сан
сипатты ел билеу, дау-шар шешу жолы, үнемі күшті, беделді
жандардың қолшоқпары, қалай бұрам десе, солай қи сайта
салады. Осы бір түйінді таратып бір ізге түсірер жол табар
ма? Мына әділетсіз, жолсыздықтың сойқанынан момын
қауым серпілер ме, осыны ойлады.
Шоқан ана Петербургтан елге келгенде, демалыс етіп,
әлсіреген саулығын түзетпек еді. Сағынған даласына
сайрандамақ еді. Ешкімге әкімшілік жүргізіп, ел ары зып
тексермек емес еді. Амал жоқ, жылауқор елдің тілегіне
құлақ аспауға тағы болмайды. Сондықтан ол осы бір
тәртіпке келтіруді өте керек етіп отырған жағдайды қағазға
түсірді. Батыс-Сібір өлкесінің қазақ-қырғыз елдерінің
ішкі тәртібін басқарып отыратын бөліміне өзінің ойын то-
лық етіп жазып жіберді. Әсіресе қырға шыққан әкімдердің
тәртіпсіздік істейтінін, заңсыз үкім жүргізіп, патшалы Рос-
сия заң-законының бұрмаланатынын көп дәлелдер мен
келтіріп жазды. Сонымен қатар, жоғарыда айтылған үш
тармақ жобаның жайсыз екенін, бір дұрыс жоба алынып,
тиянақты жол салыну керектігін ұсынды.
Ана Петербургтан еріп келген бай баласы бірер айда-
ақ саулығы түзеліп, құлындай ойнады. Шоқанға арнап
шағын қара сабаға жекелеп ашытып, құты қара торсық-
қа құйылып қоятын қымыздан бірге ішті. Күнде таңер тең
қазының уілдірігін салып, бір жігітті салт атқа мінгізіп,
құты торсықты қанжығасына байлап шайқалтып түсі рген
қымыздан құныға ішкен жас жігіт лезде семіріп, сауығып
кетті. Ол Шоқанға, оның ата-анасына алғысын айта, әкесіне
хат жазып, алдырған асыл сыйлықтарын беріп қайтатын
болды.
Сапарғали Бегалин 4 том
192
Файызханов та өзінің ерекше ізденген мақсаттары ның
көп жағдайларын тауып, ауыз әдебиеті, халық, өнері де-
геннен құшағы толғанша алып, ол да Петербургқа қайтты.
Шоқан әлі де болса саулығына сене алмай, қысқа шейін
аулында болуға шешті..
Әкесінің надан елдің ықпалына түсіп, мына негізсіз
дін жолына берілген жайы қатты күйзелтті. Осындай бір
күйзеліс кезінде Шоқан өзінің аса сүйікті көретін досы
Аполлон Николаевич Майковке хат жазды.
«Аса сүйікті көретін Аполлон Николаевич, мен сізге
әлдеқашан хат жазбақ едім. Алдымен сіздің үй-ішіңізге бас
иіп құрмет етемін. Сонау бір танысқан күннен бастап ерек-
ше сүйкімділік көрсеткендеріңіз өмірі естен кетер емес.
Кеш те болса осы хатты жазып отырмын. Әсіресе сіздер
арқылы танысқан Петербургтық жолдастар қандай асыл
жандар еді. Мен қазір өзімнің туған елімнің, дос, ағайын
туыстың ортасындамын. Бірақ олармен өткізген осы бір
күндерімді, қонысы бөлек, туысы басқа асыл жандармен
достасып өткізген сағаттарыма теңемеймін. Өз туған-
тұқымдасыммен ұғыныса алмай-ақ қоятын түрім бар. Менің
әке-шеше, туыстарым есті де, білімді де жандар. Бірақ
туған-өскен ортасы – мынау анайы өмірден қорек алған
қазақ ортасы. Олар сонау-сонау ата тегінен тұқым қуалаған
орынсыз өз шамасынан тысқары кісілік арқалап жүретін
тоң мойын қара сенім шырмауындағы жандар. Әсіресе
Орта Азияның қанат жайған фанатик мұсылмандық, анау
атам заманнан бойына сіңген шамандық, дін қара түнегімен
ұштасуда. Осы бір түйін сонау ата салтын қуған таңмойын
көнімсіздіктің бір тірегі. Менің «жарлы жақыбайға жәрдем
көрсетем, еңбегін қанамаңдар, ол да адам баласы» деп
«құл-құтан» атанатын қауымға ара түскенім өз үй-ішіме
де ұнамайтын болды. Осындай ұғыныспаған қауым орта-
сында жалғызсырайсың. Пікірлес достарды сағынасың.
Менің өз әке-шешемнің маған деген бір үлкен наразылығы
– мені үйлендірмек болды. Оған мен ырық бермедім.
Әрине, мен өз ұлтымнан әйел алуға қарсы емеспін, ол
кісілердің ойынша мен ақсүйек – хан тұқымымын ғой.
Қалайда, мен ақсүйек тұқымына үйленуім керек. Ол
кісілердің өздерінше құдаласып маған әпермек қыздары,
мына Орынбор даласындағы бір сұлтанның қызы екен. Ал
ол қызбен менің тетелес інім танысып, көңіл қосқан жайы
бар екен. Оны екеуінің жазысқан хаттарынан көріп білдім.
Оған мен қалай үйленбекпін. Содан бас тартқаныма әке-
шешем қатты өкпелеп, көргісіз болып алды. «Оқуға бердік,
Сапарғали Бегалин 4 том
193
тәрбиелеп өсірдік, еңбегіміз далаға кеткен екен. Бұл орыс
болып бұзылып кеткен. Бізге елдігі жоқ» деп мүлде түңіліп
қалды. Шешем «емшегімді көкке сауам, сол қызды алмасаң,
ақ сүтімді кешпеймін» деп өлердегі өзін айтты. Қайтейін,
қыз сырын біле отыра, өз арым көтермейтін орайсыз жайға
бара алмадым. Әрине, менің бұл қылығым біздің мына қазақ
ішінде мейлінше дінсіздік. Соның бәріне шыдап жүріп жа-
тырмын. Қалай, біздің достар, Достоевскийлер жақсы жай-
да ма? Олардан көптен хат алғаным жоқ. Оған мен өзім
кінәлімін. Өйткені салақсып хат жазу арасын ұзатып алдым.
Менің Сібір өлкесінің үкімет басшыларымен қандай жайда
екенімді Федор Михайлович жақсы біледі. Мен ол кісіге бір
жағдайды жазғанмын. Сібір өлкесінің чиновниктері, біздің
халқымызды жан деп санамайды. Бұратана бір нәрсе деп
бағалайды. Оған қайдан шыдарсың. Аполлон Николаевич,
менің хал-жайым осындай. Менің еңбектерімнен Петер-
бург баспа орындарында басылары бар ма, қарастырсаңыз,
мен сізге үлкен алғыс айтар едім. Менің қазақ ертегілерінен,
шаман дінінің жайынан жазғандарымды «Отечественных
записок» баспасы қабылдамас па екен. Мен сізді өзімсініп,
көп міндет тапсыра, бар сырымды ақтара жазып отырмын.
Асыра көп айтып мезі етсем, кешірім етерсіз. Сіздің үйдің
адамдарына, әсіресе менің кішкене досыма сәлем айтыңыз.
Сізді ерекше құрмет тұтушы Уәлиханов».
«Менің адресім – Батыс-Сібір, Петропавл қаласы
арқылы, Көкшетау станциясы».
Шоқан осы бір хатты Петербургтық ақын досына ашы-
на жазған. Бұл хатта Шоқанның халық қасіретіне уланған
сыры айқын суреттелген. Шоқанның осындай өз ауылы,
өз үй-ішімен ұғыныса алмай жүрген шағында Батыс-Сібір
өлкесінен бір хат келді. Ол хатта:
«Құрметті Шоқан Шыңғысович, сіздің мына қазақ
даласының ішкі тәртібі жайлы ұсынысыңызды алғанбыз.
Сол ұсынысты қарастырып, көшпелі дала халқының
әкімшілік тғртібі, заң-закон билік жобасы жөнінде ойласу-
ды, соның жобасын жазуды ұйғарып отырмыз. Соған қазақ
елінің бұрынғы билерінің билік жобасы жөнінде кеңесші
ретінде сізді шақырамыз, мүмкін болса Омбыға келіңіз»
деп жазыпты. Мекеме қатынасымен қатар Карл Казимиро-
вич те Шоқанның Омбыға келуін, мына келелі істе кеңесші
болуын қалап хат жазыпты. Шоқан осы хатты алысымен,
кешікпей Омбыға жүріп кетті.
25 мамыр, 1967 жыл.
Сапарғали Бегалин 4 том
194
КӨКСЕГЕННІҢ КӨРГЕНДЕРІ
I
Ымырт жабылып, айнала қараңғы тартты. Суылдап жел
еседі. Қатарласа өскен қол саласындай самырсындарды іңір
қараңғылығы тұнжыратты. Балқарағайдың көк бұйра бүрлі
ұзын бойын Көксеген күндіз көргенде қызықтай куана тын.
Сол қарағайдың ұзын бойын өрлеп басына шығып, бүріне
шорлана біткен шекілдеуікті сілкіп қалғанда, жерге то-
пылдап түскені қандай қызық. Зәулім қарағайдың бұтағы-
нан Көксеген өрмелеп тиынша басына шыққанда, жерден
аспанға өрмелегендей қанаттанып келетін. Бірақ сол қа ра-
ғай қазір түнерген, бір жүндес құбыжық тәрізді. Елсіз тау,
үнсіз орман қараңғы түнде қорқыныш тәрізді. Бірақ бірі не-
бірі сыр білдірмей қимылдаған балалар ештеңені еске рер
емес.
Өтеш қу бұталарды сындырып отын жинастырып жа тыр,
Зарқұмар беліндегі балтасын алып балқарағайдың шайыр-
лы жерін бұтап, тамызық әкелді. Көксеген от жағатын орын
әзірлеп жатыр.
Бір-жарымдап түсіп тұрған жаңбыр тамшылары
бағанағыдай емес, жиілене түсті. Балқарағай іздеп Бітеу
жотасының осынша биігіне шығып кеткенін балалар күн
батып кеткенде білді. Аспанға бұрқырай жататын Ақбұлақ
өзені де тіпті төменде қалыпты. Оның тау жаңғырықтырып
жататын асау гүрілі – әрең-әрең естіледі. Бірақ биыл Ал-
тай саласының бәрі толқып, дария тасығандай айнала орғи
аққан асау бұлақтар біріне-бірі үн қосады. Асқар шың кей
кезде тебіренгендей дүрлігіп кеп кетеді. Тау қияларынан,
ну қарағай арасынан гулеп ескен жел, кей кезде тау ала-
бы шуға бөленгендей, елсіз атырап әлдеқандай бір долы
үн қатады. Қалталарындағы сіреңке су болып от алмады.
Сақтыққа ала шыққан Зарқүмардың шақпағы жарқ-жұрқ
етіп шағылғанда, Көксеген тау қиясындағы қара бұлттың
бөлінген жай отының жарқылын көргендей болды. Түнерген
қараңғылық ішінен жарқылдаған от өмір сәулесіндей
елестеді. Зарқұмардың қасына келіп отты тұтатып қаулата
Сапарғали Бегалин 4 том
195
жағып жіберді. От жанса өмір қанаттанады, шекілдеуік
пісіреді, әрі су болған киімі кебеді, әрі жылынады. Және
мына елсіз таудың жыртқыш аңдары, әсіресе, аю отқа жо-
ламайды. Аю есіне түскенде Көксегенді бір қорқыныш би-
леп кеткендей, әлденеден үрейлегендей болды. Ол ағасы
Жәнгүдейдің осы Бітеу жақтағы Күршім жоталарынан
бері өткен аю жайында айтқан әңгімелерін есіткен-ді. Оған
құрған қақпаны да бар еді. Егер қақпанға түсіп, ызаланған
аюдың жолына кездессе, қайрат істеп кісіге шабады дегені
есіне түсті. Зарқүмар отты ду еткізіп жағып жіберіп:
– Ал, Көксеген, шекілдеуік томарларын мына оттың
қоламталанған жеріне көміп жібер. Әлде қоркып отырсың
ба? – деп қасақана Көксегеннен сұрады. Үйткені, Өтештің
бір-екі рет жалтақтап қорқақтап жүргенін байқаған бола-
тын.
– Жоқ, қорықпайым. Кімнен қорқам? Балта бар, мылтық
бар! Аю келсе атамыз, – деп Көксеген Өтешке қарады.
Көксеген қорықпайды. Бұл тауда біз қорқатын не бар.
Бұл жерде аю жүрмейді. Еліктің өзі бізден қорқады. Құны
болса келіп көрсін, соғып алып, терісінен Көксегенге төсек
кылып берейік, – деп Өтеш өзі бір батырымсынып койды.
– Ей, Өтеш, құны дегенің әлгі – бір кер жағал ма? Ол өзі
түнде ғана ұрлап қораға кіретін бір қу көрінеді ғой. Былтыр
біздің колхоздың қорасына кіріп, бір қойдың құйрығына
жабысқан жерінен Асылбек атам ұрып алыпты.
– Ол онша қорқынышты емес, борсық тектес аң ғой,
кісіден жаман қорқады, – деп Зарқұмар жай сөз ғып,
жолдастарының жүрегін жауландыра, отты лаулата жақ ты.
ІІІекілдеуік томарларының бырсылдап піскендерін шет ке
отырғызып, шетінен алып шаға бастады. Біразда ше кіл-
деуік томарының сыртындағы қара шайыры ерінде ріне,
қолдарына жабысып, үшеуі де біріне-бірі мұртты кісі бо-
лып көрініп, бірін-бірі мазақтап күлісіп алды. Самыр сын
саясының жаңбыр тиіп көрмеген құрғақ мүгі құс төсек тей
былқылдайды.
Орындары жайлы, шекілдеуік соқтасын көп қып
пісіріп, өздері де тамақтанды. Түнере жауған салқын
жаңбырдан бұларға бір тамшы да түспейді. Бойы жылы-
нып, тамақтанғаннан кейін үшеуі де көңілденіп, әңгіме
соқты. Әлде неден Көксеген елең еткендей болды. Сон-
ша болмады, Өтеш те елеңдеп қымсына Зарқұмарға қарай
таяй түсті. Мына жолдастарының елеңдеуінен секем алған
Зарқұмар өзі де құлағын жел суылына, қарағай сыбды рына
төсей, айналаны көзімен шолды, бірақ түнгі от сәулесіне
Сапарғали Бегалин 4 том
196
шағылысқан кезіне түк көрінбеді. От әлі лаулап жанып
жатыр. Тау кенересіне кешке жақын оралған жер тұман
көтерілген жоқ. Өздерін қостарынан адастырғанда сол
жер тұман. Әлден уақытта азнаған бір үн тап-таяу жер-
ден шыққандай болды. Сол үнді үшеуі де ап-анық естіді.
Зарқұмар естиярымсып, сыр білдіргісі келмеді, Өтеш пен
Көксеген екеуі үрейлене, Зарқұмарға тығыла түсті.
Үн үзіліп барып, қайтадан тағы естілді. Жел ызыңынан
әлсіреп естілген үн әлденеше түрлі дауысқа ұқсады. Бірде
арсылдаған қасқыр үні тәрізденіп, бірде арылдаған аю үні
тәрізденеді. Булыққан адам үніне де ұқсайды. Бұлардың еш
қайсысы да аю үнін естіп көрген жоқ-ты. Тек Жәнгүдей
мергеннің өзі аю болып ақырғанын ғана Көксеген еститін.
«Егер қақпанын сүйретіп жүрген ызалы аю болса, онда бізге
шабады», деген-ой бұлардың әрқайсысын үрейлендіріп ба-
рады. Бірақ, біріне-бірі айтуға да бата алмады.
Көксеген де, Өтеш те, Зарқұмарды естияр адам ретінде
есептейтін. Зарқүмар бұлардың арасында естияр, Жәнгү-
деймін бірге бірнеше рет аңға да барған болатын.
Тап-таяу жерден әлгі үн әлсіреп тағы есітілді. Әлде ненің
арсаң-құрсең қимылын жел лебі таяу жерден жеткізіп
тұрғандай болды.
– Осы жерге жатпалық, ілгері баралық деп ем, бол-
мадың, – деп Көксеген Зарқұмарға наразылық білдіре, өзі
Өтештің қасында жатқан мылтықты алып, сақтана жан-
жаққа қарады.
– Е, бұл жерде не тұр? Мына түнде қайда бармақпыз?
– Бақырып жүрген күдір шығар, содан да қорқамыз
ба? – деп Зарқұмар қолын ішіне ала жантая бергенде,
ышқынып бақырған бір үн тап өкпе тұстарынан саңқ ете
түсті. Үшеуі де орнынан ұшып тұрды.
Қанша естиярсынғанмен осы сәтте Зарқұмардың да
буыны босап, жүрегі аузына тығылып кетті. Бұлар жатқан
үлкен самырсынның жоғарғы жағында шаншыла біткен
зәулім жартас үстеріне құлап келе жатқандай, Зарқұмардың
қараңғылыққа қадала қараған көзіне әлденелер елестеді. Ол
әлгі дыбысты осы жартастан шықты деп ойлады. «Мүмкін,
мұнда біз абайламаған аюдың үңгірі бар шығар. Бірақ,
жаздыгүні аю інде болмайды. Тек қысқа керекті жемін ғана
сонда тасиды. Әлде ініне келіп біздің иісті сезді ме. Үйдеуге
жел жартас жақтан соғып тур»... Сонша болмады, әлде не
бір жәндік жартас кенересіне ербең етіп, зу ете түскендей
болды. Зарқұмар жартас қиясынан елең еткен жәндіктен
сескеніп, селт етіп қалғанда оған тығылып тұрған Көксеген
Сапарғали Бегалин 4 том
197
қалтырап, қатты қысып құшақтай берді. Өтеш етпетінен
жата қалды.
Екі жолдасының жүрегін басып, Зарқүмар қайраттана:
– Біз әншейін елегізіп босқа үрейлендік, түк те жоқ.
Қорыққанға қос көрінеді деген, мына желдің екпінінен
сыбдырлаған қарағай бұтағы, – деп екі жолдасына сыбыр-
лады. Бірақ, өзі әлгі зу еткен жәндіктің не екенін абайлай ал-
май, дел-сал боп біраз тұрды. Қайтадан дыбыс шыққан жоқ.
Біраздан кейін жел тынды. Аздап жылы жаңбыр себелеп ба-
рып о да көтерілді. Ала бұлттанып аспан өзінің меруерттей
жылтылдаған әдемі жұлдыздарын көрсете бастады. Алыс
аспандағы әдемі жұлдыздардың көрінуі, бар қорқынышты
серпілткендей, балалар сергіп кетті. Балалардың бойын
басқан қараңғылық, үрей, қорқыныш серпіліп, маужыраған
ұйқыға кірісті.
Зарқұмар басын көтеріп аз отырды. Түнгі қорқыныштан
түк із қалмай серпілген. Алтай асқарының көк меңзеген
кенерелерін таңертеңгі күн шапағы шомылдырған, зәулім
самырсындардың көкжасыл бояқтай бүрлерінде жаңбыр
тамшылары меруерттей мөлтілдеп, тізіліп тұр. Түнімен
қорқыныш елесін төндірген зәулім жартас, алапатты алып
денесімен күн шұғыласына малынып, әсем сыйпатқа кірген.
Қолдарын ішіне алып, ұйықтаған екі жолдасын Зарқұмар
оятпай, ақырын орнына тұрды. Самырсын саясында
мамықтай бұрқырап жатқан жұмсақ мүк төсек былқылдап,
борсылдап қана Зарқұмардың салмағынан ойылады.
Қөксегеннің кішкене танауы пысылдап, ұзын кірпіктері сәл
ашылыңқырап жазық қана дөңгелек маңдайы жарқырап,
демін ішіне тартты. Тартқанда, әлденеден өксігендей қатты
тартты. «Көксегеннің түндегі қорыққаны-ау мына өксігені»
деп Зарқұмар ілгері қарай баса бергенде, жартас иығынан
өзіне ұмтыла қарап тұрған үлкен қара қоңыр аюдың ба-
сын көрді. Буыны қалтырап, есі шығып кетті. Ақырындап
қана екі жолдасына қарай шегінді. Шегінгенде шошып,
сасқалақтап шегініп, Өтештің аяғына сүрініп шалқасынан
түсті. Үстіне құлаған Зарқұмардың салмағынан Өтеш шо-
шына басын көтеріп алғанда, Көксеген шошына орнынан
атып тұрды. Біріне-бірі әлі үн қатқан жоқ. Тек үрпие шошы-
нып қарағайға қарай ығыса берді.
Зарқұмардың үрейленген қалпынан, босқа қорыққаны
болмаса, Өтеш пен Көксеген әлі ешнәрсені біле қойған жоқ.
Зарқұмардан сұрауға да мұрша жоқ. Зарқұмар самырсынға
тырмыса келіп:
– Ал екеуің мына бұтақтан жоғары өрмеле, мен көтеpiп,
Сапарғали Бегалин 4 том
198
жіберейін, – деп екеуін кезекпен кезек бұтаққа шығарды.
– Өзің де шық, – деп Көксеген бұтақтың үстінен
Зарқұмарға қолын созды. Ағаш бұтағына тиынша қарғитын
Көксеген самырсынның басына қарай өрлеп кетті. Зар-
құмар да бұтақтан ұстап ырғып шығып жоғары ерледі. Үшеуі
де ілезде-ақ жоғары көтерілді. Карағайдың орта жеріне
келіп бір жуан жалпақ бұтаққа Зарқүмар орныға оты рып,
енді аюға қарады. Аю әлі сол ойға үңіле қараған қал пында
орнынан қозғалмаған тәрізді. Тек жартастың үстін дегі
тырбиған аласа самырсынның түбіне ұзынынан түсе, ойға
қарап жатқан тәрізденеді.
Зарқұмардың бағанағыдай емес, жүрегі орнына түсті,
бойын жыяиын деді. Аюдың мына жартасқа келіп бұлай
жатуы тегін емес деп ойлады. Енді шошынбай екі серігіне
айтпақшы болды. Аю деп айтсам, шошып құлап кете ме
деп жолдастарынан сақтанып, аз тоқталды. Бірақ айтпауға
болмайды. Бағанадан бері, ағаш басынан айналаны аптыға
қарап, әлі көзіне түк көрінбеген Көксеген әлде нені көріп
қалғандай жан-жағына алақтап қарап, сасқалақтай баста-
ды. Оның үлкен көзі бадырайып ұзын кірпігі шанжаулап
көзіне жас та іркілгендей болды.
– Көксеген, сен саспа, ана аюды көрдің бе? Ұйықтап
жатыр, қазір ұрып аламыз, – деп Зарқұмар қолымен жар-
тастан ойға қарай үңіле жатқан аюды нұсқады.
– О не, кәне? – деп Өтеш те қабаттаса, бұтақтан бой-
лай жартастың өне бойына көзін жүгіртті. Басын төмен
сала жатқан аюдың басын Көксеген, Өтеш екеуі де анық
көрді. Бірақ, бұлар да Зарқұмардың орнықты салмақпен
шошынбай отыруына иек сүйегендей, аса абыржымай ғана
қарасып отырды.
Өзі неткен үлкен аю. Анадағы Жәнгүдей ағам кақпан
құрып аңдып жүрген аю осы болмаса игі еді. Ол болса кісіге
шабады деген. Күршім жақтан келіпті. Аққабаның басын-
да ұялаған, кісіге шабатын кер аюдың ізін көрдім. Оған
үш жерден қақпан тастадым, – деп айтып жүрген, – деп
Көксеген өзінің аң дегенде кұмарта сөйлейтін ұққыштығын
істеп сөйлеп отыр.
– Осы-ақ қай-қайдағыны естіп жүреді, – деп Өтеш
Көксегеннің сөзін ере бастырғысы келмеді. Көксегеннің
айтқан сөзінен Зарқұмардың ойына мына аю қақпанға
түскен екен, мүмкін қақпаны не тасқа, не ағашқа оралған
шығар, деген сенім сап ете түсті. Әйтпесе неге жатады.
Және Жәнгүдей айтқанда аю таңсәріден еріп жайлымға
кетеді дейтін, әлі күнге сау болса жатпайды.
Сапарғали Бегалин 4 том
199
Осы ойына бекініп не де болса түсіп байқайын деп бір
ойланды да, жоқ, осы жерден мына бытырамен атып кө-
рейін, ұйықтап жатқан аю болса не қашсын, не қай рат
істесін, – деп Зарқұмар Көксегеннің мылтығын сұрап еді,
Көксеген бермеді.
– Өзім атам, сен тигізе алмайсын, – деп өзі аюдың ба-
сын көздеп басып салды.
– Мынаның мылтығын тыңдаған аю көргенім жоқ, –
деп Өтеш Көксегенді тәлкектей бастады.
Енді сырыңды білдім дегендей Зарқұмар ақырындап
бұтақтан сырғып жерге түсті.
– Неге түстің, аюға барасың ба? Мен де барам, – деп
Көксеген де бұтақтан сырғып түсуге айналды.
– Козғалма, аюды мен өзім жалғыз ұрып алам, ол
арқандаулы аю, – деп Зарқүмар күлді.
– Қой, ұрғызбайды, бармаңдар, – деп Өтеш бұтақта оты-
рып тыпырлады. Зарқұмар мен Көксеген мылтықты қолына
алып жартасты қиялап аюдың сыртқы жағына қарай айнал-
ды. Олар жартастың бір тегістеу жерін алыстан орап аюдың
сырт жағынан келіп шықты. Алыстау бір тұрғыдан келіп
аюдың жатқан жерін қарады. Аңның жатқан жерін қия жар-
тастын кенересінен шаншыла біткен жалғыз самырсын та-
салап, анықтап көрсетпеді. Зарқұмар одан ілгері жүруге сәл
жүрексінейін деді. Көксеген Зарқұмардан оза тағы ілгері
жылжып, таяу жерден келіп қарады. Бұл жерден анығырақ
көрінді. Зарқұмарды шақырып алды. Аюдың жартастан
асыла жатқан басы әрі салбырай ойға төне, әлде неге ілініп
тұр. Ал ұлы денесі қызылала, додасы шығып желініп қалған
тәрізді. Көксеген мен Зарқұмар өз көздеріне сенбегендей
таңырқап, біраз тұрды. Біраздан соң көздері үйреніп, бәрін
анықтады. «Бұл аю тірі емес, тек жемтігі жатыр, баралық»
деп Көксеген Зарқұмарды жүр-жүрлеп қуанып кетті. Өзі
орнынан атып тұрды. Тұра жүгіріп барғысы келсе де сәл
жүрексінгендей болып:
– Кәне, жүр! – деп кейін тұрған Зарқұмарға бұрыл ды.
Көксеген де сыр білдіргісі келмей ілгері жүрді.
– Пәлі, айтам ғой, мына аю Жәкем құрған қақпан ға
түскен екен. Мына қара, бір аяғы қақпанда. Өзі самыр-
сынға қақпанымен оралып қалыпты, – деп Көксеген Зарқұ-
мардан бұрынырақ келіп, аюдың терісін, басын қозғап, –
рас айтам, бәсе, бұл Жәнгүдей ағамның қақпанына түс кен
аю ғой. Апырай, мұны қай аң жеді екен. Не деген көк жал
Сапарғали Бегалин 4 том
200
аң аюға батып жайратып жүрген? – деп Зарқұмар ойла на
қалғандай.
– Қасқыр шығар, одан басқа қай аң жейді, – деп
Көксеген бір аңсақ білгір кісімсіп жай сөз қылды.
– Қой, қасқыр аюға ненің батсын, – деген Өтештің
сөзіне Көксеген:
– Енді қасқыр болмағанда, осы араға жолбарыс келді
ғой деп тұрсың ба?
– Сілеусін шығар.
– Я, мүмкін, – деп Зарқұмар, өзінің жолдасы Уәлидің
сілеусін жөніндегі бір айтқан әңгімесін есіне алды.
– Алтайдың бұл кенересінде жолбарыс та, сілеусін
де жоқ дейтіні қайда, Жәнгүдей ағаның? – деп Көксеген
аң жайында екі жолдасынан кері қабары көбірек екенін
білдіргісі келді.
– Жолбарыс пен сілеусін Жәнгүдеймен ақылдасып
келе ме, келсе келе береді де. Мына Алтайдын кай қарағай,
қай биігін Жәнгүдей қолымен орнатыпты, – деп Зарқұмар
бұл жерге келгенде Көксегенге қосылмады. Зарқұмар
Жәнгүдейдің мергендігін жақсы көрсе де оның барлық аң
тілін өзі ғана біліп, есіп отыратын мінезін ұнатпайтын.
Үшеуі құрғақ таласты қойып, аюдың қалған терісін,
қақпанды алмақ болды:
– Жоқ, мұны қозғамайық, мүмкін, осы жерге бір әдісті
жасап аюды жеген аңды қолға түсірер, онанда ауылға ба-
рып Жәнгүдейдің өзіне айталық, – деді Көксеген.
– Ол дұрыс екен, я қозғамайық, – деп әлі де сескеніп
тұрған Өтеш қостай кетті.
– Ол өзі томырық, қызғаншақтау кісі еді. Аюды аң же ге-
нін бізден көріп жүрер, – деп Зарқұмар да тоқталып қалды.
Көрсе көре берсін. Қай-қайдағыны сен-ақ ойлай
бересің. Сонда біз аюды тірідей жеді деп ойлар деймісін? –
деп Көксеген екі жолдасын күлдірді.
Бұлты айығып, айнадай жарқыраған аспанға шілде күні
ысып көтерілді. Жаңбыр суын бойына тартып, балбырап
түрған тау белдеуінің балаусалы шалғыны аяққа оралады.
Шекілдеуік толтырған қаптарын арқалаған Көксегендер
қостарына қарай еңкейгенде, қостан шығып «әне, келе жа-
тыр» деген жолдастарының даусы да бұларға естілді.
– Сірә, бізді іздеген ғой, – деп Өтеш алға қарай асыға
жүрді.
– Сен бұрын жетіп, көрген-білгендеріңді дабырлатып
айтып, сүйінші алмақсын ба? Неге састың? – деп Зарқұмар
Өтештің асықканына мін таға сейледі.
Сапарғали Бегалин 4 том
201
– Ішіне сыймай келеді ғой, деп Көксеген өзі бір сабыр-
лы кісімсіп калды.
– Айтпағанда, айтамын, – деп Өтеш ұмтыла басып,
шапшаң аттап жүре бергенде сүрініп кетті. Қабы қолынан
шығып, аузы ашылып шекілдеуік томары төгіліп те қалды.
Зарқұмар мен Көксеген жарыса:
– Ал, айт, – деп, шекілдеуігін жинап салысып жатып,
Өтешті ызаландыра күлді.
– Я, айтам деп қашан... – деп жасып, жығылғанына на-
мыстанып, Өтеш ыза болған күйінде қабын арқалай тағы
оза жөнелді.
II
Бұлар қосқа келгенде, жолдастары шөп шабуға әзір ле ніп
жатқан еді.
– Сендер адасқаннан саумысыңдар? Әне келеді, міне
келеді деп түнімен алаңдап ұйықтамадық, – деп Оралтай
алдымен қолды қойып жіберіп, қаптағы шекілдеуік томар-
ларын алып, өзі пісуге айналып қалыпты деп жанып жатқан
отқа көме бастады.
– Біз адасқанымыз жоқ. Аңшылық істедік. Көксегеннің
бытыра мылтығымен бір аю атып алдық, – деп Өтеш ке-
кете күлді. Өтірік айтып көрмеген Өтештің жаңағы сөзді
жолдас тарына қуланып айтса да, соның өзіне қызарып,
қысылып, тұрған түріне көзі түскен Оралтай:
– Өтірігіңе береке берсін, мына бытыраға өлсе, онда
Алтайдың аюы көртышқан болған шығар? – деп сықақтай
бастады.
– Жүріндер нанбасаңдар, көрсетейін, – деп Көксеген
батырлана сөйлеп еді.
– Аюды қоя түрып, шөпті шабалық. Екі күннен бері
босқа жаттық, – деп ересектеу біреуі басалқа айтқан
болды.
– Шөптің аздап суы көтерілсін, бәрібір азырақ
дегдімесе шабылғанмен бөкесте шіриді, – деп Зарқұмар
мылтықты жайлап орнына қойып, шалғыны алып жүзін
көріп, жұмысына қамданды. Өздерінен көрі шаруа жәйін
жақсы білетін естияр Зарқұмардың мына сөзі жолдаста-
рына да орынды көрінді. Бәрі де от қоламтасына көмген
шекілдеуіктерін алып шаға бастады.
– Мына келе жатқан Жәкемнің өзі емес пе, сірә
қақпанына келе жатыр-ау, – деп Көксеген, таудың бала-
ғынан көтеріліп келе жатқан бір аттыны көрсетті.
Сапарғали Бегалин 4 том
202
– Я, тап өзі. Бұл енді келе бізді бидайықтай қуырады.
Шөпті неге шаппайсындар деп ығыртады, – деп Зарқұмар
Жәнгүдейдің кейбір орынсыз зейілситін мінезін де айтып
қойды.
– Шапқан пішендерің қайда? Мұнша неге көп
ұйықтайсыңдар? – деп Жәнгүдей келе жастарды тексере
бастады.
– Кеше күнімен, бүгін түн ортасына дейін жауын бол-
ды. Шөп су, дымы кішкене бойына тартылсын деп отыр-
мыз. Өзіңіз сүйінші беріңіз, – дей берген Зарқұмардың
сөзін кие Көксеген де:
– Аға, сүйінші! Сүйінші, – деп Өтеш те өндіркелей
сөйлей бастады. Барлық балалар да таңдана Көксегендердің
сөзін күтіп анталай қараса қалды.
– Я, неткен сүйінші? – деп салқын үнмен Жәнгүдей
түсін жылыта қоймай хабар күтті.
– Аға, қақпаныңа аю түсіпті, біз көрдік, – деп Көксеген
бұрынырақ айтып қалды. Жәнгүдейдің салқындау тың-
дағанына кежірленіп қалған Зарқұмар таласа сөй лемеді.
– Қай жерден көрдіндер? Тірі ме екен? – деген сұраққа
Көксеген Зарқұмарға жалтақтап бөгеліп қалды.
– Қақпанға түсуін түскен екен. Бірақ аюыңызды басқа
бір аң талқанын шығарып жеп кетіпті. Өзі бір келіскен
аса үлкен аю екен, – деп Зарқұмар сөзінің аяғында әдейі
Жәнгүдейдің қышуына тие сөйледі.
– Қай жерде екенін айтпайсыңдар? Мен әдейі сол
қақпанымды көргелі келе жатыр едім. Және сендерге
соғып, шөптің жайын біл деп бастық тапсырып еді, – деп
Жәнгүдей, басқа аң жеп кетіпті деген қосымшаға нанар-
нанбас болып: – Шын-ақ бір нәрсе жеген бе екен? Бұл бір
қызық екен, – деп аз отырды.
– Өзі де қайдағы қиынға барған екен. Сендер оған қай-
дан бардыңдар?
– Біз балқарағай іздеп барып кездестік.
– Өздерің шөп шабады десе, балқарағай іздеп, тау кезіп
жүрсіңдер ме?
– Күн жауын, босқа отырғанша барып қайттык. Бұдан
кейін Жәнгүдей басқа сөз сұраған жоқ. Ол аз отырып аты-
на мінді де, Бітеу биігінің қия бетіне өрлеп жүріп кетті. Әлі
де Зарқұмардың әңгімесін жете айтқызбаған жолдастары
иіріле қалып, бұлардан бар көргендерін сұрап білді.
Екі күндей дем алып, тынығып қалған балалар пішен
шабуға құлшына түсті. Жаңбыр суын бойына тартып бал-
бырап алған балаусалы көк шалғын асыл орақтардың ал-
Сапарғали Бегалин 4 том
203
мас жүзі сыдырғанда, шумақтанған жасыл жібектей ши-
ратыла, орала түскен бокестер жол-жол болып жосылып
жатты. Көкбұзау белдеуінің жалпақ шабындысын бір жұ-
мада шауып, үйіп-жайып қайтуға міндет алып аттанған жа-
стар жауыннан тоқталған күнін еселегілері келіп, ымырт
жабылғанша тоқталмады.
Жалпақ шабындысын жосытып салған балалар өзде-
рінің бүгінгі қимылдарына сүйсінгендей аса көңілді еді.
Күлісе, әзілдесе, әндете ымырт жабыла қостарына келді.
Ертең күн ашық болса шабылуы бітер еді, бірақ дегді-
генін жинауға бірнеше баланы бөлу керек, – деп Орал тай
ертеңгі жұмыстың жайын да сөз етті.
– Бәрі де істеледі, барысымен тамақты ішіп, демалу ке-
рек. Күндегідей ойынды қойыңдар. Ертең ерте тұрамыз, –
деп Зарқұмар тұжыра тәртіп айтты.
Бұлар қосқа келіп отырған кезде, бағанағы кеткен
жағынан Жәнгүдей де оралды. Аюдың қалған терісін сой-
ып, артына бөктеріп, ала келіпті. Жерге түсірісімен ба ла лар
жабыла келіп көріп, әсіресе бас терісін өлшеп, біреуі «үл-
кен екен» біреуі «орта ғана аю екен» деп өзара сөз талас-
тырып жатты.
– Аға, орнына не істедін, қақпанды құрдың ба? – деген
Көксегеннің сұрауына Жәнгүдей:
– Бір емес үш қақпан құрдым, – деп дүңк еткізіп бір-
ақ айтты. «Үш қақпаны қалай? – деген пішінмен, балалар
аңыра қалды да мәнісін сұрауға батпады. Тағы да Көксеген
еркелене:
– Неге үш қақпан құрдыңыз? Аюдың өзін жеген қан-
дай аң екен таптыңыз ба? – деп аюдың терісінде келген
май табаны мен тырнақтарын көріп Жәнгүдейге қарады.
Жәнгүдей тұйықтанып біраз отырды да, сөйлерде бас
киімін алып, басын бір сипап қалатын әдетін істеп:
– Ғажап бір қызық нәрсе, мен сан аюды алдым, сан қия-
ны кездім, аюды қасқырдың жегенін көргенім осы. Өзі де
бір керсендей үлкен айғыр аю екен. Және біздің бұл Кене-
ренің аюы емес, мына Аққабадан асып келген, Күршім
аюы. Анада осы Бітеудің басынан қар арылмай турғанда екі
аюдың ізін көріп, Күршімнен бері қарай аю өткені қалай
деп ой лап ем. Өйткені, іздері бөлек еді. Ал, мынау қақпанға
түс кен, сол аюдың біреуі ғой деймін. Анадағы «Қызыл жұл-
дыз» колхозының сиырына шауып бұқасын жеп кеткен,
«Қызыл шығыс» колхозының жылқысына шауып, айғырын
жаралап өлтірген де осылар болар деймін. Біздің бұл Кене-
ренің аюы малға шаппайды. Егінге, балға барғаны болмаса
Сапарғали Бегалин 4 том
204
және саусақтары қысқа, денелері дөңгелек келеді. Мына
аюдың саусақтары салалы, өздері ұзын жарау, жүндері де
бөлек.
Жәнгүдейдін, аюдың ата тегін таратып, ұзаққа созған
әңгімесін Зарқұмар ықлассыздау тыңдап:
– Ағай, аюдың бізге ата тегінен гөрі, сол аюдың өзін же-
ген қандай аң екен, сол қызықты болып тұр, – деп әңгіменің
аяғын соған бұрды.
– Өздерің жатқан жеріңнен есік пен төрдей жерде
қасқырдың мүкте жатқан ізін көрмедің бе? Мұны жеген
қасқыр, – деп құмарлана айтып отырған әңгімесін бөлген
Зарқұмарды ұнатпай, Жәнгүдей қыжырта жауап берді.
Кеше өздері самырсын түбіне паналап отырғанда, арсыл-
күрсіл етіп шыққан дыбыс, бақырған үн қақпандағы аюды
қасқырдың жеп жатқан кезі екен-ау, деген ой Зарқұмарға
жаңа келді. Өзі шақпақ шағып от жағып, шекілдеуік пісіріп
отырған кезде қастарынан зу етіп ете шыққан, сол қасқыр
екенін де ол жаңа топшылады.
Атын отқа жіберіп, ер-тоқымын қосқа әкелген Өтештің
үлкенді сыйлағыш ықшамдылығына көнілденді ме, қалай,
Жәнгүдей бағанағыдан гөрі жадырап әңгімесін аяқтап:
– Аюдың етіне ол қасқыр қалайда бір соғады, –
бұлғын да келуі мүмкін, олар қандай иісшіл. Бәріне де ар-
нап кақпан кұрып кеттім. Аю қақпанды ол жерден алып,
Кемпірқалған шыңына апарып құрдым. Өкше ізіне кара-
ған да, мына аю сол жақтан келген тәрізді. Ана қалған біреуі
де сол Шабанбай жайлауында, осы жақта ғой, деп ойлай-
мын, – деп Жәнгүдей күні бойғы жүрісінің, аңшылық
әдісінің бәрін де біртіндеп айтып өтті. Аузын аша құмарта
тыңдап отырған Көксеген, әңгіме біткеннен кейін де
ақырын күтіп біраз отырды.
Біраздан кейін балалар кешкі тамақтарын ішіп, дем-
алысқа жатты.
– Таңертең бізді оятып жіберіңіз, сіз біздей емес, сер-
гексіз ғой, – деп Оралтай, Жәнгүдейге өтініш айтты.
Пішенші жастардың ауыз үйінің дәл төрінен төсек са-
лып алып орныққан Жәнгүдей бірсыпыраға дейін ұйықтай
алмады. Онын күндізгі жүріс-тұрысы қақпанға түскен аю,
онын шың жартастың қырына біткен жалғыз самырсынға
қақпанмен келіп оралуы, оны арт жағынан келіп қасқырдың
жеуі, бірінен соң бірі шұбырып ұйқысы ашылып кетті.
Ауыз үйдің күншығыс жақтан салынған әрі есік, әрі
терезесінен сығалаған ай сәулесі, ұйқылы-ояу жатқан Жән-
гүдейдің бетіне түскенде, тегіс тынығып ұйықтап қалған
Сапарғали Бегалин 4 том
205
балалардың еркіндей жарыса алған демдері, бір тыныш тық
рахат демалыстың белгісі болып байқалды. Күнімен пішен
шапқан түлектердің таза ауада соншалық рахаттана ұйқтап
жатқан тыныштығы Жәнгүдейге өте қызықты тәрізденді.
Тазқара шыңынан асыла көтерілген ай табағы тау алқабын
жап-жарық қылып жайнатып жіберген. Аспан меңзеген
асқар шыңдар буалдыр көкшіл мұнарға бөленіп, үнсіз мау-
жырайды. Тау белдеуіне сыңси өскен жасыл карағай қара
барқын тартып, әлде қандай бір сыр шерткендей болады.
Алтай тағылары осы шыңда да, анау орманға қоныстай
өседі, өрбиді. «Ол бізге жұмбақ тәрізді, ал аңдар үшін жай-
лы қоныс. Тау мен орманда жаратылыстың бір тұрпаты. Ол
ешкім үшін өсіп-өнбейді. Бірақ оны есебін тапқан жәндік
пайдаланады» деп Жәнгүдей Алтай тауының жарық айлы
түндегі үнсіз сипатына сырласқандай көп ойларды кезді.
Әлден уақытта оның көзі ілініп ұйықтап кетті.
Оралтай тапсыруы ойында болғандықтан ба, Жәнгүдей
оянып көзін ашып алғанда, таң атып қалыпты.
– Кәне, тұрыңдар, таң атып, күн шығуға таяныпты, – деп
Жәнгүдей жастарды ду көтере оятып жіберді. Казармадан
дабылға оянған жауынгерлердей жастүлектер орындары-
нан тегіс түрегелді. Ауыз үйдің сыртқы кенересінде сүйеулі
тұрған шалғыларын алып, жастар шабындыққа жөнелгенде,
Жәнгүдей де далаға шықты. Түнгі шықпен балбырап тұрған
көк шалғынды жастар бара сыдыра бастады. Атын көздеп,
ауыз үйге келе бере, Жәнгүдей есік алдына өзінен өзі
кідіріп қалды. Уыздай кілең жасөспірімдер мынау қысқа
таңда ұйқысы ашылып алакөлеңкеден шабуға жөнелгенде,
өзінің жалғыз келіп қоста жатуын ерсі көргендей, үйге кіре
алмады. Екі жеңін киіп пішеншілерге келді.
– Балалар, әлге қуат, – деген Жәнгүдейдің ырымшыл мә-
тел сөзін жас шалғышылар ықыластана тыңдағанмен, жау-
ап айтқан жоқ. – Мен де қоста жата алмадым, орақтарыңды
жанып берсем де қастарыңда болайын деп келдім. Маған
басы артық орақ бар ма? Жоқ болмаса, кезек шабармын, –
деп Жәнгүдей есіліп түскен бөкестің үстіне келіп отырды.
Түн дымқылын бойына тартқан тау белдеуінің көк шалғын
исі кеудені жарады. Алуан гүлдер мен ұйыса өскен сарбас
жоңышқалы, жасыл миялар жапырыла түсіп сұлағанда,
әлдеқандай бір әдемі иіс бұрқырап аспанға ұшады.
Шалғыларының жүздері жарқ-жұрқ етіп, қатарласа жа-
рыс салған жастар бөгелер емес, лезде-ақ бірсыпыра жерді
жосылтып салды.
Сапарғали Бегалин 4 том
206
«Менің келгенім, мына жастарды қозғады-ау деймін.
Пішен шаппай, балқарағай теруге тау қыдырып жүрсіңдер
ме? дегенім қамшы болған шығар», деп Жәнгүдей жас тар-
дың мына жұмысын өзінің келуімен байланыстырғысы да
келді. Бірақ жұмыстан көрі аңшылық жағына көп салын ған
өзі нің бұл сияқты жұмысқа тік аяқтау екенін де есіне алып,
мы на жастардың елгезек, еңбек сүйгіш қылықтарына сүй-
сініп отыр.
– Аға, орағымды жанып берші, – деген Өтештің
сылтауратқан сөзін сезе қойған Жәнгүдей:
– Сен аз дем ал, мен бір-екі жол қайырайын, – деп
шалғыны алып, пішенге келіп түсті.
– Ал, Жәке, жүріп көріңіз, бізге пішеннің шабуын
үйретсеңізші, – деп Зарқұмар келіп Жәнгүдейдің арты нан
түсті. Алған бетінде ілестірмей кеткісі келген Жәнгүдей,
«міне, былай шабу керек» деп оң қолының шынтағын
көтере, сол қолының шынтағын сырт айналдыра сермеп,
шалғыны әжептәуір-ақ құлаштап тартып керді. Бірақ,
Зарқұмар бір қалыпта салмақпен сермеп жылжи басып
құтқарар емес. Қайта келіп түскенде, «кәне, жүріңіз» деп
тақымдап, Жәнгүдейдің аяғына өзінің бөкесінен түсірген
шөбін будырата төңкеріп Зарқұмар қысайын деді.
– Пәлі, аға, Зарқұмар әдейі сіздің артыңызға түсіп жүр.
Ол шыдатпайды, еркіңізбен қысылмай тартыңыз шалғыны,
– деп Көксеген ағасына, жолдасының сырын айтты.
– Ұзаққа болмаса да бір-екі жолға кісіге шаңымды
көрсетпеуші едім, мына Зарқұмар қояр емес, – деп
Жәнгүдей де Зарқұмардың жалынды жас қайратына жол
бере, жеңілгенін мойындады.
ІІІ
Тау белдеуіндегі, машина бара алмайтын жерді жа-
стар шауып үйіп-жинап тындырып қайтты. Ойдағы, өзен
бойындағы пішен де шабылып, маяға үйілгеннен басқасы
аяқталды. Қау пісіп келе жатқан егін даласы алыстан көк бу-
рыл тартты. «Берель» колхозының, жаңа тұқыммен салған
егіні судың арғы бетінде лықып түр. Нүрила агроном ның
бастауымен биыл ғана салынған егін, колхоз жұртшы-
лығын әлі де күдікті ойға шырмаулы еді. Әсіресе, осыған аса
ерлене кіріскен колхоз бастығы Садуақас көп күдік те неді.
Өйткені: «мұның несі кетіп барады, өлсе біздің еңбегіміз
өледі, залалды – ортаның қоры кереді» деген, Құсайын,
Құрман сияқты ұзын ауыз адамдардың сөзін Садуақас естіп
жүрген.
Сапарғали Бегалин 4 том
207
Шынында да, үлкен іс қауіптенерлік еді. Бұл кенереде би-
дай шығып, мезгілімен пісіп, орылып көрген жоқ. Жаз бойы
шығы арылмай, жауыны ашылмай тұрып, боз қырауы бір-
ақ күнде түсе салатын Алтай белдеуі, өте қауіпті. Әсіресе,
жауыны көп биылғыдай жылы қорқыныш. Әрине, бұ рын-
ғы cap тепсеңге тұқым тасып, сайман сүйретіп тасы мал
болатын сарпалдаң биыл жоқ, егін үйдің қасынан салын-
ды. Тек арада өткелі қиын өзен бар. Бірақ қортындысы не
болмақ, ол мәлімсіз. Оның үстіне, жаздайғы мол жауынмен
көтеріліп алған Ақбұлақ суы әлі қайтқан жок. Жазғытұрғы
салған көпірді, күн қыза су қатты тасып мүлде бұзып ағы-
зып әкеткен. Одан бері көпір орната қоюға басқа жұмыс тан
мұрша келмей жатыр.
Ақбұлақ бұлқына ағып, бұрқырай құйылған, өр
Алтай дың асау өзенінің бірі. Қарайрық, Қарабұлақ бас
жағынан қосылып Жалғызтау, Кемпірқалған шыңдары-
нан құйылатын бірнеше бұлақтар аяқ жағынан қосы лып
Ақбұлақ барған сайын молая береді. Ол әсіресе, Бұқтар мен
қосылар жерде мүлде арнасынан аса өрекпи құйы лады.
Ақеркеш толқындары тастан-тасқа ұрып, аппақ көкшіл бо-
лып атой береді. Ақбұлақ деген аттың өзі де, осы сипатынан
қойылған өте көне аты.
Оңтүстік шығысынан Бұқтарма бұрқырап, солтүстік ба-
тысынан Ақбұлақ асыр салып, екеуінің түйісер түбегінен
асқар тауды іргелей келіп, «Берель» колхозының қаласы
орнаған. Түбектің атырабы күндіз-түні ағын судың атой
бере құйылған шуына бөленіп, тынымсыз тіл қатады. Өзен
тілі – өмір тілі, өлкесінде жайқалған егін жалпақ шабын-
дық өсіп, елін еңбекке, еңбектен туған дәулетке бөлеген:
суы толған балық пен құндыз, тауы толған бұғы-марал, жер
шүйгіні әсем өлке. Тауды қоршап, тағыны өргізіп Алтайдың
алтын қойнына орнаған «Берель» колхозы ерекше сұлу,
өмір дастанының өзегі тәрізді.
Биылғы егінді жинау кезі, «Берель» колхозының ең бір
қамытшылық кезі болғалы тұр. Өйткені, сырмінез болмаған
жаңа астықты орып, жинап алу және орталықтан егіс да-
ласын өзен бөледі. Өзенде көпір жоқ, барлық жұмыс та-
сымалмен істеледі. Ертелі-кеш ерсілі-қарсылы судан өту,
арпалысқан апатпен алысу сияқты үлкен қауіп-қатермен
аяқтайды.
Ақбұлақтың тасқыны әлі қайтқан жоқ, қазірдің өзінде
жолында тау тұрса да бір-ақ аунататындай долы. Ағаштан
орнатқан көпір түгіл, тау етегін үңгіп талай құз биіктің
Сапарғали Бегалин 4 том
208
кесек-кесек тастарын да айдап әкетеді. Кейде жағасына
үйіп, кейде арнасының өзінен тас арал жасап кетеді.
Күнде сумен алысып атпен өту, қайықпен қалықтау
жұмысты өндіртпейді. Қалайда көпір орнату керек. Ертелі-
кеш, күні-түні демей, егін орағына жұмыла дайын тұралық,
– деп колхоз бастығы басқарма мәжілісінде кесіп айтты.
– Ылғи сушыл жігіттерді іріктеп алып, бұл жұмысқа мен
кірісейін, өзің «Үкектен» әкелінетін ағаштардың жетуін
тездет, – деді Плотников Садуақасқа.
– Бұл дұрыс-ақ ұсыныс, ағашты мен жеткіздіртейін,
сен дайындық жұмысын карқындат. Бір жұмада көпір
дайын болсын, екеумізге сын осы. Әйтпесе егінді кешік-
тіреміз, – деп Садуақас тоқтағанда, отырған ел бір ауыздан
дұрыс-ақ десті.
– Таңдаулы жігіт, қарулы атты ал, керекті кісілерің
басқа жұмыстан босатылады, енді қандай айтарың бар? Біз
ағаш жеткізуге жүреміз, – деп Садуақас көпір тағандарын
орнатып жатқан Плотниковке келді.
– Әлі де бізге керекті бір ат, бір кісі жүмысынан босап
келмей жатыр.
– Ол қайсысы?
– Ол – Көкжортақ пен Көксеген.
– Көкжортақты сен алсаң, жаңа машинаны Мұса қай
атпен жүргізеді. Көксеген екеуін Мұса бере қоймас. Ол
пісіп тұрған егінді орғалы аңдып отыр емес пе?
– Машинаға басқа ат та жарайды. Мына суға, бөренені
Көкжортақтан басқа атпен сеніп кісі алып түсе ала ма?
Ал Көксеген сияқты Ақбұлаққа қарсы жүзетін бала бізге
су білмейтін бес жігіттен артық. Қалайда бізге бергіз. Сөз
соған байлансын, – деп Плотников қатты айтты.
Көк атпен, Көксегенді көпір жұмысына бер деген
Садуақастың тапсыруын Мұса жалқаулау тыңдап, біраз
үндемей отырды. Ұнатпаған ісіне, қып-қызыл болып тығыла
қалатын Мұсаның оралымсыз мінезін білетін Садуақас:
– Пішендегі сары ат пен Оралтайды сен ал, шеп еңсе-
ріліп қалды ғой, деп көңілдендіре қойды.
Мұса қынжыла отырып көк ат пен Көксегенді көпірге
қайырды. Жаны судағы балықтай, Ақбұлақ ағынында
балықша оршығанын өзіне демалыс көретін Көксеген
әндете жөнелді. Үстіне кісі мінгенде ойнақтап, басымен
алысатын көк тарлан лыпылдап аяңдап Көксегеннің та қы-
мында ойнады. Егінде жүрсін, пішенде жүрсін, суға түссін
– Көксегеннің айтатын бір ғана әні бар. Ол мектепте
үйренген «Көңілді балалар әні». Көксеген ол әнді айтқанда,
Сапарғали Бегалин 4 том
209
Көкжортақ кербездене шекесінен қарап алшаңдай аяң-
дайды. Көксеген биыл он беске ғана шығады. Екі жылдан
бері оқудан тыс кезде машинаны өзі жүргізіп, көк атпен әб-
ден сырлас болып алған. Елгезек, алғыр Көксегеннің бетін
қайырмай, көк атты колхоз бастықтары үнемі соған беріп
қойған.
Ақбұлақ суы бүгін күндегісінен де көтеріле тасыған
тәрізді. Үйткені, екі сөтке үздіксіз жауған жаңбыр кеше
түс ауа ғана ашылды. Алтай тауларының қарлы кұздары,
жалбыр жүнді қарағайларын бұлт сүтіне шомылдыратын-
дай қара барқыттанып, үйіріле төнген қалың бұлттарды
үдерте түнетіп, үздіксіз жаудырып, саласынан сан бұлақты
сарқыратты. Сол бұлақтардың бәрі келіп Ақбұлақты ай-
малай ақтарылған, ақтарылғанда ағынды күшейткен, суды
тасытқан.
– Ал, Көксеген, сен тезірек кел. Қазір мына бөрене лерді
ортадағы тағанға жеткізуің керек, – деп көпіршілер бер
жақтан айқай салды. Судың екі жақ жиегі нен орнатылған
таған ағаштары су тасқынына ерегісе қа быр ғасын төсе-
гендей берік отырған қалпында сіреге орны ғыпты. Ал қала
жақ басынан үстіне салар бөренелер жа рыстыра салы нып,
оны да шегелеп байлап жатқан еді. Орта жерінен қойыл ған
екі таған әлі нық отырмаған тәрізді. Екеуі де шеткі таған
ағаштардан көрі сәл көтеріңкі. Жоны шыға сіресіп тұр. Асты
ауыр бөренемен шегенделіп, төрт т аға ны су арнасының та-
банына сұғына отырғызған ауыр таған мызғымастай берік
еді. Сан көпірді жасап, сан тағанды орнатып әдіс алған
«Берель» колхозшылары бұл жолы қапысыз істедік деп
мейлінше бар шеберлікті салған.
Көпірдің қала жақ басынан үстіңгі бөренелерді са-
лып болып, тағы бір тағанына көпіршілер бөрене салуға
бет алды. Қабақтағы бөренелерден төрт кісі бір бөренені
алып ағынға түсті. Ең алдында бөрененің басын иығына
көлденеңдете салып Мәнеш ұмтыла аяғын ілгері сала
бергенде, бұрқыраған үлкен ақ толқын келіп ұйтқи ұрып
жіберді. Мәнешке жалғаса бөрененің басын иығына қатар
қойып келе жатқан Жақи екеуі де басынан толқын жалы
асып суға көміліп кетті.
– Қап, ормаға түсті, бөренені жіберме, – деп Сәлім
бастаған арттағылар суға қарғып-қарғып түсе қалды. Жабы-
ла ұстаған бөрене артқы екі жігітпен жүгіріп келгендердің
қолында қалып, Мәнеш пен Жақи сүңгіп барып анадай
жерден су бетіне малтып шыға келді. Екеуі де ширақ,
шапшандықпен қарсы жүріп, судың жиегіне шықты. Осы
Сапарғали Бегалин 4 том
210
сәттегі барлық жанталасты көріп, атымен малтып жете
ал май келе жаткан Көксеген көк атты тебініп ұмтыла
жүздірді.
– Тез жет, неғып жүре алмай келесің, – деген Сәлімнің
даусы кұлағына естілер-естілмес еміс-еміс шалынған Көк-
сеген көк аттың шоқтығына қаршығаша кұнтиып көпір-
шілерге қарсы малтыды. Ақ бұйра толқын аңдаған, ап тық-
қан екпінмен ұрылып артқы жағын бұрса да, басын жоға ры
ұстап көк ат өрге қарай жантая, ыққа қарай көлбеп, толқын-
ға қарсы малтып, көпірдің жоғарғы жағымен тура салды.
– Өрге тарт көпір ығына түспе, онда ормаға түсесің,
толқын тіпті жаман соғады, – деп Сәлім Көксегенге бе-
зек қақты. Сонша болмады, көк атпен Көксеген малтып
отырып көпірдің жоғарғы жағынан келіп бөрене ұстап
тұрғандардың қасынан шықты.
– Кәне, Көксеген, бері тая, – десіп жігіттер көк атпен
екеуін асығып тосады.
Жаңағы өздерің түскен жер орма, мен ол жермен
бармаймын, қиястай берейін, бөренені маған бір беріп
көріңдер, жетегін мықтап тақтындар ма? – деп Көксеген
қиыстай жүздірді.
– Рас мына жерден сақтан, оның дұрыс. Біз иыққа са-
лып саумалап тұрамыз. Жетек арқаны мықты – деп жігіт-
тер бөренені дайындап, Көксегеннің жетуін күтіп тұр.
– Ендеше, беріңдер басын, – деп Көксеген жетекке
ұмтылды.
Ортадағы тағаннын үстінде отырған Әбіл мен Қожаш: –
тез әкеліңдер, су мына тағанның астын орлап бара жатқан
тәрізді, – деп айқайлады.
– Міне, әдіс жаңа табылды, – деп Сәлім өзі бөренені
көтерісіп Көксегеннің қолына жетекті мықтап ұстатты.
Көк атпен омыраулап келе бөренеге жанаса беріп, арқанды
алып Көксеген тағанға қарай жүздіре жөнелді. Алдыңғы
аяғы Мәнештер түскен ормаға лық етіп түсіп кеткен көк
ат суға күп етіп көміліп барып, малти бастады. Арқаннан
айрылмай атының басын көтере қамти ұстаған Көксеген
ағынға қарсы жүзбек болды. Ондағы ойы тағанның ығына
түспей сырт жағынан келіп, Қожаштарға арқанды беру еді.
Көксегеннің осы ойын тақымынан сезгендей көк ат басын
жоғары алып ағынға қарсы малтыды. Лып етіп жетіп қалған
Көксегеннің қол айқасар жерден қиыстатпай арқанды іліп
алуға Қожаш та таған үстінде бар күшін жинап күтіп түр.
Бір қолында аттың тізгіні, бір қолында арқан тақымын көк
аттың орнықты шоқтығына қамти қысып Көксеген:
Сапарғали Бегалин 4 том
211
– Ал, Қожаш аға, – деп арқанды сермегенше көк
атты аптығып келген бір үлкен толқын тағанға әкеліп
ұрып жіберді. Аттың басынан су асып, тағанның асты-
на кіре суға көміліп кетті. Осы сәтте Көксеген мысықтай
епті шапшаңдықпен тағанның үстіне ырғып кеп қалды.
Көксегеннің алғашқы сермегенде қолынан арқан ұшын іліп
алған Қожаш сәтте болған уақиғаны ажырата алмай, тек
«Көксеген!» дегеннен басқа түк айта алған жоқ. Тек тағанға
жармаса тырмысып шыға келген Көксегенді ғана көрді.
– Көк ат көрінбей кетті, жазым болмаса игі еді, – де-
ген Әбілдің үні шыққанда, тағанның ық жағынан едәуір
жерде барып көк аттың су астында бұлқынғандай бір аяғы,
қабырғалығы қылт етті. Бөренені көтеріп саумалап беріп
тұрған жігіттерден Мәнеш қарғып түсіп көк атқа қарай мал-
ти жөнелді.
– Ана ат тізгініне оралды, басын көтере алмады, жану-
ар суға кетті-ау, – деген дауыстар шыққан кезде Көксеген
де таған үстінен суға лып етіп түсіп, су ағынына домалана
малти жөнелді. Толқынмен дөңбекшігендей көк ат жөнделе
алмай ағып барады. Мәнеш келіп көк аттың қасына жана-
са беріп, басынан жүгенін сыпырмақ болды. Аттың жан
таласқан серпінінен қорғанып кейін серпілді. Көксеген де
толқынмен алыса жанқиярлык еткендей дөңбекшіген көк
аттың жанына жете бергенде Мәнеш:– «кейін шегін, өзің
суға кетесің» деп айқай салды. Сәті түскенде жүгеннің
желкелігі үзіліп, ат басын көтеріп алды.
Көк аттың басы судың бетіне қылт етіп шыға келді.
Өлім шырмауынан өмір аспанына ыршып шыққандай
желбезегімен суды қақ жара дем алып, ат түзеле қырға
қарай малтыды. Аттың кұйрығына қолы тиген Мәнеш:
– Ал, Көксеген, қырға қарай қиыста, менен ұста, – деп,
дыбыс берді. Көксеген де Мәнештен жабыса ұстап малтып
қырға шықты.
– Апырмай, Көксеген! Көк атқа шын жолдастық
істедің. Өзің судан қорықпайсың-ау, тіпті. Аттан бұрын се-
нен шошындық, – деп Сәлім судан шыққан Көксеген мен
Мәнешке жүгіріп келді. Көксеген жеткізіп берген арқанмен
бөренені тағанға жеткізіп төсеген Қожаштар, қалған
бөренені қатарластыра жетектеп көпірдің екі тағанын
жалғастырып орнатып жатты,
Сапарғали Бегалин 4 том
212
IV
Көпір орнатып, өткел жұмысы бірыңғайланды. Егін
жалпағынан буырылданып, пісіп қалды. Машинаны, орақ
жабдығын күн-түн демей әзірлеп жатқан жұртшылық, аса
бір қуанышты күнін күткендей бәрі жарыса қимыл дайды.
Әсіресе, колхоз бастығы Садуақас, агроном Нұрила, егін
бригадирі Қобай қырманды дайындатып, стан басынан
кетпейді.
Бұл жерге комбайн келе алмайды, жері Алтайдың
биік белдеуі. Осының қиындығынан әлі электр станциясын
да салып болғанымыз жоқ. Шеткеріліктің аты шеткерілік,
орталықтан өте алыс. Барлық іс қиынға түседі, – деп
Садуақас, егін басу машинасын көріп жүргізіп байқап
жатқан Қобайдың қасына келді.
– Мына егінді аман-есен орып алып, бір бел асалық-
шы. Осы айтып тұрғаныңның бәрі тап осы жерге орнай-
ды. Комбайнмен оратын егін саған қашан бітіп еді. Үйіңнің
іргесінен шыққан егінді көрсең, биыл ғана көріп отырсың.
Онда да Нұриланың еңбегі. Комбайнды мына сияқты өлке
бойы түгіл, ана тауға да жүргізетін етіп жасайды, біздің ше-
берлер, – деген Қобайдың сөзін есіткенде, Көксеген, бәрі
қазір орнағандай қуанып кетті.
– Аға, олар қашан келеді? – деп Қобайға таяна
жымыңдап қасына келді.
– Я, ертең келеді. Бұларға бәрі қолма-қол орнай қоятын-
дай болады, – деп Садуақас әлденеден терісі тарылып,
күйгелектеніп тұр. Нұрила ұнатса мен ертең егінге ма-
шина жүргізсек деймін, – деп Садуақас, темекісін орап
қомағайлана тартып біраз үнсіз тұрды.
– Нұрила бағана көріп әлі де бір-екі күн күтеміз, жауын-
нан ба, әлі дәні шираған жок, – деп кетті. Ал өзінің жазуы-
на қарағанда, есепті күні толыпты, – деген Қобайдың сөзін
Садуақас іле тұра қалып:
– Өзі дәл неше күн деп еді, жетпіс екі ме, жоқ жетпіс
төрт пе, – деп өз қойнындағы дәптерін алып қарай баста-
ды.
– Мына егіндерін тек аман алғызсын, өзі оруға
келіп қалған тәрізді, – деп Жәнгүдей артына бөктерген
қасқырының терісін шұбалта келіп, машинаның қасына
тұра қалды.
– Е, мерген майланған екен. Мынау анадағы аю
жемтігіне құрған қақпаныңа түскен бе? – деп Қобай мен
Садуақас жарыса сұрай келе, қасқырдың терісін қарасып
жатты.
Сапарғали Бегалин 4 том
213
Оқусыз адам аяғының астындағы асылды көрмейді екен
ғой. «Осы өлкеге бидай шықпайды, шықса піспейді» деп
бұрын бұл жерге бір дән сеппейтін еді. Нұриланың бидайы
әсем-ақ болып шығыпты. Естуім осы бидайдың тұқымын
өзі өсіріпті ғой. Әйтеуір мақтанбаса әкесі айтып еді. Бұл
өзі бірнеше жыл Қалба жақта агроном болыпты ғой, сонда
жүргенде осы Алтай өріне өсетін бидай тұқымын іздестіріп,
өзі іріктеп алыпты. Жылдағы егіннен ерте пісіп шыққан
бастарын теріп масақтап сонан жинаған дейді. Агрономың
бидайды малша түстейтін, тұқым-тұқымға бөлетін көрінеді
ғой, – деп Жәнгүдей егінге көңілі тола қуанышын да, егін
жайында естіп-білгенін де айтып жатты.
– Ол рас, ана жылдар әкесі барып қайтып, үйге келе
қоймады деп жүргенде осы бидайдың тұқымын іріктеп,
«ауылға барсам, құр қол бармаймын деп осы тұқымды ала
келем деп жүріпті ғой, – деп Садуақас Жәнгүдейдің сөзін
қостай, Нұрила жөніндегі өз білгенін о да айтты.
– Аға, мына алғаның сол аюды жеген қасқырдың өзі ме
екен? – деп Көксеген аюды жеген аңның анығын білгісі
келіп, сұрай кетті.
– Балалық-ай, Жәнгүдей қай қасқырға аюын қолдан
қызылға байлапты. Қақпанға түскен қан түрткен қасқыр да,
– деп Садуақас, елеусіздеу сөйлеп қоя салды.
Алған қасқырын жәй қасқыр емес, аю жеген сырт-
тан дегісі келіп, аң жайы сөз болғанда көтеріліп кететін
Жәнгүдей:
– Садуақас, сен ит пен қасқырды бірінен бірін ажы ра-
та аласың ба? Мына көріп түрғаның ненің терісі? Бұл суыр
жеп ұйпалақтанып жүрген, Шабанбайдың көк сүме легі
емес, бір керемет қызыл шолақ. Мына жонын байка, құй-
рығын көр, – деп атынан түсіп қасқырын шеше бастады.
– Немене, сенің қақпаныңа түскен аю да басқа жер ден
келген сырттан, қасқыр да сырттан. Ылғи сырттанның бәрі
сенің қақпаныңды іздеп шыққан ба екен, қоныстарынан, –
деп Садуақас, Жәнгүдейдің әлгі сөзіне шамданайын деді.
– Іздеп шықпайды, ізін тапсаң, кездеседі. Құруын
білсең, қақпаныңды басады.
– Мерген-ау, сен Бітеуге шығып қақпан құрып, түн
қатып жүрсің. Мына Ойсудың басындағы біздің араға аю-
лар күнде келетін көрінеді. Құсайынның бес шелек балын
жеп кетіпті. Аю да Құсайынның қартайғанын білсе керек.
Баяғы жас күні болса Қоқаң пышағымен айқасып көрер еді.
Жәнгүдей келсін деп сәлем айтыпты, – деп Қобай екеуінің
сөзін бөліп, әңгімені басқа жаққа аударды.
Сапарғали Бегалин 4 том
214
– Балға бір дәндесе, ол енді шықпайды. Оған мына
бастық өзі барады да. Бал сыраны осы ішеді. Ең болмаса аю-
дан қорғап ішсін, – деп Жангүдей бағанағыдай емес, өзін
шақырыпты дегенге өңі жылып, қалжыңдай сөйледі.
– Тәйір-ай, кісі құнттап артына түспейді ғой, әйтпесе
аюдың алуын бір сенен басқа кісінің қолынан келмейтіндей
сөйлейсің. Қақпанға түскен бір-екі аюды алғанда, жолба-
рыс соққандай боласың, – деп Садуақас өзін кеміттіргісі
келмей, Жәнгүдей сөзін баса жастап, Қобайға қарады.
– Жолбарыс аюдан мықты емес. Бірақ, жүректі ғой.
Және қандай шапшаң, біз Қиыр Шығыста жолбарыстың
талайына кездестік. Жолбарыс адамға аюдан әлде қайда
қауіпті. Ол адамды әрі епті аңдиды, – деп Қобай өзінің
әскерде болған өмірін есіне ала, алыс атырапқа қарады.
Батқан күннің ақтаңдағы батыс жақтағы Алтай тауларын
аспандатып, жоталарынан атой берген батырдай ереуілдеп
тұратын қарағайларын аңдатып іңір жарығы жер бауыр-
лады. Көз байлана жұмыстарын тоқтатып, стан басындағы
үйге қарай бет алып келе жатқан кісілерді көріп, Садуақас,
Қобай, Жәнгүдейлер де солай қарай жүре сөйлесіп келеді.
Жәнгүдейдің жуан жарық қарын көк атына мініп алған
Көксеген, өзін бір қасқыр бөктерген үлкен кісімсініп жан-
жағына қарап қояды. Ондағысы, қос жақтан Өтештер
көрінсе, мақтанбақ. Бірақ кұрбыларынан ешқайсысы
кездеспеді.
Стан үйінің алдындағы бөренелердің үстінде отыр-
ған Мәнеш, Мұса, Нұрилалар жабырлай амандасып,
Жәнгүдейдің қасқырын сөз қыла тұрып, ұстап көрісіп,
біреуі «өзі бір көкжал екен», біреуі «деген қызыл шолақ»
десіп жатты.
Аң жайынан сөз қозғалғанда Қобай шығыстағы өзі
көрген бір әңгімесін бастап кетті. Қобай өзі әскерде жеті
жыл жүріп, былтыр ғана қайтқан. Басында әскерге алынған
жылы Қиыр Шығыстағы шекара әскерінде болып, одан
Батыстағы майданда болып, Берлинге дейін барып қайт қан
офицер. Қазірде «Берель» колхозының егін бригадирі. Өзі
сабырлы, көрген-білгенін ұмытпай, әдемілеп айтатын, тілі
де орамды болатын.
Сыртынан қарағанда, Қобайдың сүйегі аласалау
тәрізденетін, бірақ иықты, жұлын тұтасы тұтасып кел-
ген кеуделі, қабағы шығыңқы, қой көзі кісіге қарағанда,
аржақ-бержағыңнан өтіп кететіндей ажарлы еді. Ал, әңгіме
айтарда алдындағы кісіге қадала қарап, ойланып сөйлей
Сапарғали Бегалин 4 том
215
жөнелетін. Әңгімені таяу отырып, тыңдағысы келіп қарсы
алдынан отырған Қөксеген өзіне Қобайдың көзі түскенде,
қозғалып қайта қырындап отырды.
– Я, Шығыс орманы, адам мен азулы аңдардың тек
сырттандары ғана жортатын ерлер ұясы тәрізді. Оның дүм
қарағайының алаңдарында атан түйенің табанындай ба-
дырайта басылған із жатады. Ол орман алаңында алаңсыз
жортатын такаббар арлан жолбарыстың ізі болады. Бұл із
орман жортушыларын аңдыған жауынгерлерге, адам сырт-
таны алыптарға таныс із. Олар ондай алаңдарға кездескен-
де, ізді қарап жіберіп, қашан басылғанын, қанша жастағы
жолбарыс екенін біле қояды. Іле аңдиды. Жолбарысты ал-
дынан емес, артынан тосады. Әйтпесе жолбарыс өздерін
мерт қылады.
Шығыс ормандарда біз тұрғалы жылдан асып кетті.
Талай жыныс орманды аралап із кестік. Талай жолбарыс
сырттанының табаны тиген құмайт алаңда отырып, жол-
барыспен кездесуді киялдадық. Біз, әрине, аң қуған мерген
емеспіз, бірақ аңдар ғана жортатын жұмбақ алаңды, бекініс
түбектерді тінту біздің міндетіміз.
– Дүлей, үнсіз орманның ішіне түскен із бізге сыр-
лас тәрізді. Біздің аңдитынымыз, жолбарыс емес, адам
жыртқышының ізін кесеміз. Біз бір жазда маневрге шығып
дүлей орманның ішінде жаттық. Онда бұрыннан салынған
жалғыз үй бар. Ол шекарашылардың маневрде жататын
орны. Бұл үйдің жан-жағын қоршаған, аспанмен тілдескен
қарағай мен кәрі емендер. Үйден біраз жерде ағыны астына
тартып, шырайланып жататын тұңғиық терең көл. Айнала-
сы түйе көрінбейтін самсаған биік қамыс.
Біздің ол жерге келіп ойнап жатқанымызға бірнеше күн
болды. Күндіз-түні кезекпен күзетте тұрып, ойын кезінде
қай-қайдағы дүмге кіріп кетеміз, кейде орман ішінен із
кесеміз. Танкымен жыныс орманды бытырлатып қақ жара
жүріп етеміз. Бірнеше күндей жауын бас алдырмай, Шығыс
орманын басқан қалың бұлт ашылмай қойды.
– Мына жауын енді октябрь бітпей тоқталмайды, өстіп
түнеріп құяды да тұрады. Жолбарыстың азық аңдып көп
жортатын кезі де осы айлар болады, – деп Сызов бізге ай-
тып қояды. Шығыс орманының сырын жаттаған жігіт еді.
Жауын ашылып бір күні тағы жүріске шықтық. Үш танк-
пен дүм қарағайдың ішін қақ жара жүріп келеміз, аспан
зәулім кәрі қарағайлар, кей жерде қартайып кұлап күл бо-
лып кеткен бойлары үгіліп ұнтақ болып та жатады.
Сапарғали Бегалин 4 том
216
Үш танкының үшеуі де бірінің артынан бірі тізіле жүріп,
келе жаттық. Біраз жүрген соң командир тоқтату хабарын
берді.
– Мына алдымыз қалың қопалы көл, мынау жар лау-
ланған қалың қамыс, мына жатқан жолбарыс ізі. Ал сол
жолбарыс қазір осында болуға мүмкін. Танкілеріңді қамыс-
пен бүркеңдер, – деді.
Жолдасыммен екеуміз танкімізді қамыспен бүркеп
қойып, люктен қарап отырдық. Біздің күткеніміз,
жолбарыстың қамыстан шыға келген суық көрінісі және
істер қайраты. Әлден уақытта биік қамыс жел үйірген дей
теңселіп, бұлан-талан болды. Бір жерде емес, бірнеше жер-
ден қамыс іші теңселіп, үйіріліп бүлқынып кеткендей.
Жолдасым екеуміз демімізді шығармай өзімізді танкіге
ұрлап тығып отырған тәріздіміз. Екі көзімізді қамыс
ішіндегі қозғалыстан алмай бағып отырмыз. Сонша болма-
ды, тебінгідей екі құлағы салбаңдап бір ұзын тұмсык қамыс
арасынан оқысынан ербең етіп шыға бергендей болып
еді, таяқтай екі азуы ақсиып, көзіне қарай қарсы сорайған
қара сұр қабанның өзі де шыға келді. Оның бүйірінен жо-
сыған қан шапшып, жан-жағына атқылап келеді. Қабан-
ның басы-аяғына көз жүгіртіп болмай-ак, таяқтай ұзын
мұрт тары тікірейген, оттай жайнаған екі үлкен көзі жалын-
дап қамыс ішінен оқтай атылып бір жолбарыс қабанның
оң жақ бүйірінен ыршып түсті. Қабан тоңқалаңдап тұра
ұмтылғанша жолбарыс тағы оқтай атылып қабанның үстіне
міне түсіп, желкеден қос аяқтап басып жібергенде, қа бан
сүрініп те кетті, шыңғырып та жіберді. Қас қаққан ша қып-
қызыл ала қанға боялған қабан қозғалуға шамасы жоқ,
шыңғыруы әлсірей бастады.
Алысқан жауын қанға батырып, жылы қан соқтасына
тұмсығы ілінген жолбарыс қабанның бүлкілдек сүбе сінен
ауызды салып жіберіп, бір жұлып алып, қылғып тағы да
ауызды үңғи салып жатты. Ол қызыл тұмсық болған кезде:
– «ал, атыңдар!» деген команданы естідік. Бәріміз қата-
рынан басып салғанда, жолбарыс оқтың екпінімен жарыса
ұшқандай есік пен төрдей жерге барып мұрттай ұшты...
Аузын ашып, ақырайып отырған Көксеген:
– Қобай аға, қабан өліп қалды ма? – деп ұғынып отыр-
ған әңгімесін әлі де құмарлана қайталай сұрады.
– Қайтсын, жолбарыс жайратып тастаған бетінде тал-
қаны шығып жатты, – деп Қобай әңгімесін аяқтата берді.
Қобайдың көзі күлімдеп, әңгімесі елге ұнағандай бол-
ғанына көңілденіп аз отырды. – Мен өзім тап сол сиякты
Сапарғали Бегалин 4 том
217
үлкен аңды көргенім жоқ. Шіркінді қос өкпесінен мыл-
тықтың қарауылына дәл қойып қапысыз атып жібер-
генім әлі есімде. Өз қолыма сол жерде өзім бір сүйсін дім,
бірақ жалғыз менің оғым емес-ті, қатарынан атылған төрт
мылтықтың оғынан бой берместен әудем жерге барып
жығылған жолбарыс қайраты мені одан да сүйсіндірді.
Жолбарыс барып жығылған жерінен бірнеше рет ба-
сын көтеріп сүйретіле ұмтылды. Бірақ төрт жерден тиген
оқ одан әpi қайрат етуіне мұршасын келтірмеді. Коман дир
танкіден қарғып түсіп, қабанның азуын ұстап жүзін көріп,
«Қабанның денесі суынбай тұрып мына тіспен сақал қырып
алуға болады, көріңдерші» деп күліп, екі азуын екі жауын-
герге суыртып алғызды.
Жолбарыс пен қабанды қатарынан танкіге салып алып,
бекін үйге келгенде сәске көтеріліп, орман ішінің салқын
ауасы аздап жылынайын деді.
«Шіркін шығыс орманындағы жолбарыс адамды аңды-
ғанда қараңғы түнде ториды. Есебін тапса көзге түспей сыр-
тынан алып қашады. Ал көзге көзі түссе батпайды, адам нан
именеді», – деп Қобай өзі көрген батыр аңның жайын ай-
тып шықты.
Қобай әңгімесін айтып болып, жан-жағына қарағанда,
аңыра қарап қалған жұрттың ішінде, Жәнгүдей күлімдеп:
– Шіркін-ай, танкі деймісің, сол машинамен аю аңдыр
ма еді. Аю ондай нәрсені көрсе қашпайды, өрбиіп алдыңғы
екі аяғын көтеріп түрекеледі. Жекпе-жекке шыққандай
қасқиып тұрады ғой, сонда танкімен кеудесінен қаға басып
өтсе. Аю бұрылу, айла қылу дегенді біле ме, қандай олақ, –
деп өзі білетін аю сырын айтып қалады.
Өзі әлі бетпе-бет кездесіп көрмеген аю, жолбарыс си-
якты ірі, азулы аңдардың қайратын, әдісін есітіп Көксеген,
таңдана Жәнгүдей мен Қобайдың бетіне кезекпе-кезек
қарап, ойланып отыр.
– Ал, сонымен, карындасым, егінге машинаны қашан
жүргіземіз. Аман-есен бір орып алғанша жаным жай таба-
тын емес, – деп Садуақас Нұрилаға қарады.
Мен әкемнен сұрағанымда, бұл белдеуге боз қырау ең
ерте түскені былтыр екен ғой. Сонда ескіше августың үші
күні қалың бозқырау болды дейді. Бұған қарағанда, біздің
бидайымыз, бозқырауға ілікпес деймін. Бүгін, мына Сақаты
жақ шеттегі он гектарға тұқым шашылғанға жетпіс үш күн.
Әлі де дәні уыздау екен, оны жауыннан көрем. Ең соңғы ек-
кен мына Құйғанға түсер жердегі аңыз. Оған да алпыс тоғыз
күн болды. Ертеңгі күнді бидайдын сабақта тұруына беріп,
Сапарғали Бегалин 4 том
218
бүрсігүні бастарсыздар. Машина, көлік, кісілер дайын ба?
– деп Нұрила Садуақасқа қарап жауап күтті.
– Егіннің ору машинасы түгіл, басу машинасын да дай-
ындап қойдық. Мына отырған Көксегендерге ал, маши на-
ға мін! – десе, қазірде дайын, – деп ол Көксегенге қарап
күлді.
– Ағай, осы менің көк атым анада суға жығылғанда, бір
жері ауырсынса керек, оң жақ алдыңғы аяғын, аз қолтау лап
басады. Егер бүрсігүнге дейін жазылмаса, маши на ны тар та
алмас, онда маған сары атты бер, жарай ма? Әйт песе Өтеш
менен озып кетеді. Оның қос қоңыр аты мықты-ақ, – деп
Көксеген өзін ауызға алғанға көңіліндегі бір тілегін айта
қойды.
Бұл іңірдегі кішкене бас қосу осымен аяқталып,
Садуақас, Нұрила, Мәнеш, Қобай, Жәнгүдейлер ауылға
қарай жүрді.
– Аю күнде келетін болып алыпты, колхоздың аңға
қойған мергені – сіз, Құсайынның омартасына барып,
аңдып көрсеңіз дұрыс болар, – деп Садуақас Жәнгүдейге
қарады.
– Ол жерден қақпан құруға болмайды, мылтықпен
тура жекпе-жекке сайланып бару керек, – деп Жәнгүдей,
баруға мойындап, үйіне қарай бұрылды.
V
Пішен орағы басталысымен, Көкбұзау өлкесіне
шөпке кеткен баласын Келгембай көптен бері көрген
жоқ-ты. Жалғыз баласын сағынған ата мейірімі ағыл-
тегіл ақтарылғандай, баласының үстіне түсе, қайта-қайта
айналып-толғанып отыр.
– Сенің енді азамат болғаның, күнім, ер қара болып ел
қатарында, еңбекте болдың, – деп баласын мақтан еткен-
дей жымыңдап аз отырды.
Әкесінің мейірбан, ақкөңіл мінезіне еркелене балқыса
да, Көксеген өзін аса кішкене бала көріп «ел қатарында ер
қара» деген сөзіне іштей намыс еткендей болды. Мен осын-
ша әлі бұғанам бекімеген, тіпті нашармын ба, деп өзіне өзі
көз жіберді. «Жоқ, мен өзім қатарлы баланың бәрінен де
қайраттымын» деп өзін бір алып күштің иесі етіп мақтан
еткісі келеді.
Баласына сақтаған ірімшік, қаймақ, тәтті-дәмді
тамақтарын мол-мол әкеліп, Дүрия жеңгей мырза қолын
бұрынғыдан да баса жұмсады. Үй ішінің мәре-сәре қуаны-
шы іңір бойына созылып бірсыпыра отырды. Көксеген өзі
Сапарғали Бегалин 4 том
219
пішенде жүргендегі үйіне келген газеттерді, пионер журна-
лын қарап біраз әңгімелерін әкесіне де оқып берді. «Құлын,
бұзау, лақ» деген қысқа әңгімелерге Көксеген қызыға оқып
отырып:
– Осы, әке, менің қоңыр қодығым әбден жазылды ма,
өзі үйіріне еріп кетті ме, әлі де жеке жайыла ма? – деп
сұрады.
Сенің қоңыр қодығың көбінесе жекерек жүреді. Қазір
көрсең танымайсың, мүйізі тамаша болып өсіп келеді.
Ал аяғы әбден жазылды. Басқалардай ол өте тағы емес,
мен кейде атымнан түсіп қасына барып, қол көтерсем
тұрады. Арқасын қасып, аяғын көріп анада бір тұяғын жо-
нып жібердім. Өзі күбідей болып тойып семірді, – деген
Келгембайдың сөзі аяқталғанда Көксеген қуанып кетті,
– Өзі ұстата ма?
– Ұстатады.
– Қай өрісте?
– Найзатас өрісінде. Өзі әзір қолға үйір, бақташыны
қара тартады. Осы таяу өрістен әрі кетпейді. Ал енесі
Қосқоңырдағы тобында, оған жоламайды. Қыстай қолда
тұрды ғой, енесін ұмытқан да шығар, – деп Келгембай
қоңыр қодықтың барлық жайын айтты.
– Онда, мен ертең барып оны ұстаймын, мүйізін қасып,
қолға үйретем, – деп Көксеген қоңыр қодықтың келешек
өмірін қолға жақындатқысы келгендей болды.
– Қолға үйреткенде қайтесің? Оны үйретіп мінесің
бе? Жегесің бе? – деп Келгембай баласын бір жағынан
қызықтай, аздап мысқылдап та күлді.
– Несі бар, мінсем, үйретіп мінем. Әке, сіз білмейсіз ғой,
мен кітаптан оқығам. Терістік тундырада тұратын ел, бұғы,
маралды мінеді, жегеді, сауын да етеді.
– Ол бұғылар бұдан тұқымы бөлек шығар, мен тіпті бұл
тұстағы елден бұғы, маралды мінді, жекті дегенді естіген
емеспін. Біз түгіл, жеті жұрттың тілін білген Полтовский де
бұғыны жегіп, сауып көрген жок, – деп Келгембай, бала-
сына мойындай қойғысы келмеді.
– Ендеше, мен сізге суретіне дейін көрсетейін. Сіздің
Полтовскийіңіз жеті жұрттың тілі түгіл, хат та танымайды
екен ғой, селсоветтегі архивтен қойған қолын көрдім –
деп, Көксеген бұғының тобымен шанаға жегілген суретін
салған кітабын көрсетті. – Коми, Турухан өлкелерінде,
Камчатка, Якутияда ылғи ғана бұғы, маралды өсіріп, етін
жеп, сүтін ішеді, өзін жегіп, терісін киім етеді. Керек бол-
са күркелерін де бұғының терісімен жауып баспана етеді.
Сапарғали Бегалин 4 том
220
Біздің жерде мал көп болғандықтан бұғының тек мүйізін
пайдаланып, басқа ешбір пайдасын көрмейіз, – деп әкесін
бұғы жайында көп нәрсеге түсіндірді,
– Кәрі қойдың жасы үлкен, ісек қойдың басы үлкен –
деген осы-ay, жасы үлкен-үлкен емес, заманы үлкен-ау!
Оқымаған адамның аты оқымаған. Біз соқыр адам тәріз-
діміз, – деп бір қойып, Келгембай аз сөйлейтін тоқтағыш
әдетін істеп, мойындап қалды.
Әкесінің сөзіне Көксеген мақтанып, өзі бір көп білген
кісімсіп, жан-жағына қарады. Баласының, әкесіне білмеген
нәрсесін айтып отырғанын мақтан етіп, Дүрия да жымыңдап
отырған болатын. «Қарағым, өмірлі бол!» деп күбірлеп қана
қойды, шешесі...
Ерте тұрған Келгембайдың дыбысынан сергек жатқан
Көксеген де орнынан ұшып тұрды. Көксеген далаға
шыққанда, жаңа көтеріліп келе жатқан күн жер бетіне
нұр сәулесін шашырата, Алтай алабының қалғып тұрған
табиғатын оятып жіберген еді. Айналасы ат шаптырымға
созылған биік қашалар, әлде қайда созылып, тізбегін, жаз-
бай қабақшаларды асып бой жасырады. Жасыл шыққа
боялған көк бұйра бүрлі қарағайлар, бар сырын ішіне
жинаған жанша, үнсіз ғана жалбыраған бүрлерін төгілтеді.
Көк меңзеген найза тас биігі тігінен шаншылған асқар жар-
тасын ереуілдетіп тұңғиық ауыр көлеңкесін әлі бауы рына
тартқан жоқ. Көксегеннің ойы өзі қыстай бағып еңбек ет-
кен сонау қоңыр қодығында. Әкесі айтқаннан бері оны
көруге құмарланып еді.
Ол жүгірген бетімен әкесіне келді. Қаша ішіндегі көк
шалғында жайылып тұрған атын Келгембай жаңа ғана ұс-
тап ерттегелі жатқан еді. Оның әдеті, ала кебеден атқа мініп,
қашаны шалады, бұзылған жері жоқ па, суық із, сұғанақ ау-
ыздан аман ба – шолып қайтады, тағылардың тау қиялай
өрген топтарын сырттан шөлкемдеп қарасыға есептейді.
Қасына келіп баласына таңдана қарап:
– Таң атпай неге тұрдың! – деді.
– Өзіңмен бірге барып қодығымды көрем...
– Оны қайдан табасың? Ол көбінесе сорғыштай жай-
ылып, қайдағы жыныс қалыңда жүреді, – деп Келгембай
үйінде қалдырғысы келді.
– Маған жүретін жерінің жобасын көрсет, өзім тауып
алам, – деп Көксеген тоқтамады.
Найзатастың қалың қарағайлы теріскей бетіне қарай аз
жүріп, бір қалың ағашты қолатты меңзеді де:
Сапарғали Бегалин 4 том
221
– Көбінесе осы қалыңда жүретін, суды ана бір сай-
дан түсетін сарқырамадан ішеді. Өзін мен көрмегелі де
бірсыпыра уақыт болды, – деп Келгембай, Найзатас
бөктерін балақтай орнатылған қашаларды іргелей, Тазқара
биігіне бет алды.
Әкесінен бөлінісімен Көксеген бұта-бұтаның ішімен, із
шала жоғары өрледі. Ағаш ішінің көк шалғынына түскен
шық әлі көтерілген жоқ. Жосылып түскен ізді көріп: «бұл
манада бар болса, ізімен тауып алам, ендігі жусауынан ер-
ген шығар», деп іздеп келеді. Сыбдыр еткен бұта, шыр еткен
орман құстарының дыбысына құлағы елеңдеп, жан-жағы на
жалтақтап қарайды.
Алуан үнмен шырлаған тоғай жыршылары, орман
құстары біріне-бірі үн жалғағандай үздіксіз сайрайды. Кей-
де балқарағайдың бүрін аңдып шуылдаған шау қарғалар да
тобымен ұшып, қарағайдан қарағайға жапырлай қонады.
Кейбір жерден самырсын бұталарын теңселтіп, әлденелер
ыршып-ыршып кетеді. Көксеген оған аса таңданбайды, ол
қыста қалай аңдып атып алған қара қоңыр, ұзын құйрығын
арқасына төңкеріп, үрейлене секіріп жүрген әдемі тиын-
ды сыбдырынан таниды. Өсе бер, жетіле бер, шекілдеуік
дәндерін шекіп алып сайранда, мен де бір кезде сенімен
ойын салармын дегендей көңіліне тоқ санауда. Көксеген
біраз жер жүрді, әкесі айтқан тұйықтан қоңыр қодық түгіл
басқа бұғылар да кездеспеді. Тіпті ізі де жоқ. Найзатастың
шың жартасын кеуделеп келіп қайтты. Тастың қиясына
келіп аз отырды. Осы жерден ол айналасына көз жіберді.
Бірақ қалың қарағайдың иін тіресе өскен қалың салалары
ешнәрсені болжатпады. Біраздан кейін тағы жүрді, енді
жартасты өрмелемей, бауырлай көлденең тартты. Бұлтсыз
ашық аспанға көтерілген тамыз күнінің ыстық лебі шықты
көтеріп, шөпті құрғата бастады. Енді із болмайды, тек үстінен
шығып қалмасам деп Көксеген, әрбір дыбысқа құлақ қойып,
аяғың аңдап басады. Қарсы алдынан кездескен кішкене
қабақша, аржағындағы қолатты, шымылдықтай жалтарт-
ты. «Осы қабақтың аржағында жатқан шығар, не жайылып
жүрген шығар» деп Көксеген қабақшаға еппен өрледі.
Ол айналасына жалтақтай қарап, алдына аса берген-
де, өзіне таяу жерден бір бұтаны сыбдырлата жөнелген
ірі аңның жүрісін байқады. Бірақ қарасын көзі шалмады.
Қалың ағаштың қай жерінен жып беріп кеткенін аңғара
алмады. Енді жүгіре басып аңның жүріп кеткен жеріне
келгенде құрғақ шөпті сындыра жосылта жөнелген із жа-
тыр. Ол отыра қалып ізді қарады. Торпақтың ізіндей ғана
Сапарғали Бегалин 4 том
222
түскен бедер, бір кішкене мүктен ғана анық көрінді, басқа
жерден тек сорабы болмаса, ненің ізі екені абайлатпады.
Іздің маңдай жағына қарай жүгіре отырып бір кішкене
алаңға шыға келгенде, жайылып тұрған кішірек бұғыны
көрді. Көксеген қозғалмай тұра қалды. Өзін далдалаған, ба-
лапан қарағайға сүйеніп, аңның тұла бойына көз жіберді.
Өзі асыраған қодығын, Көксеген көргеннен-ақ тани кетті.
Әсіресе, өзі белгі болсын деп құйрығының ұшындагы қара
қылын шорт кесіп жіберген еді. Оның үстіне, қыста өскен
оң жақ мүйізінің бір бұтағы сыртына қарай шалқая теріс
өскен болатын. Ол осы белгілерін анықтасымен, қарағайдан
шыға: «Қоңыр, қоңыр» деп дыбыстап тура жүрді. Ойда-
жоқта шыға келген адамнан үркіп қалған аң атып кетіп ба-
рып, дыбысты ескергендей тұра қалды. Қөксеген осы сәтте
қолын көтеріп, өзінің қысты күнгі әдетін істеп, дыбыстай
тағы жүрді. Аң аса безерленбей азырақ қозғалақтап тұрып,
ырғып таяудағы бір тасқа шықты. Көксеген қолын көтерген
бетімен қасына келді.
Қыстай қолынан жем беріп үйреткен Көксегеннің ды-
бысын танығандай екі құлағын алдына қарай тігіп, екі көзін
Көксегеннен алмай біраз тұрды. Қанша айтқанмен заты
тағы емес пе, тастан түсіп, жүре беріп, артына қарады.
Көксеген осы кезде жерден жұлып алып, бір уыс әдемі
шөпті ұсынып «Қоңыр» деп дыбыстады. Қолынан же-
ген шөп пен жемі есіне түскен аң, қайрыла жеген шөп
пен жемі есіне түскен соң, қайырыла қарап тұрып қалды.
Көксеген ақырын басып қасына келді. Қолындағы шөбін
аузына беріп, үйреншікті арқасын сипап мүйізінін түбін
қасып, мойнынан құшақтады. Бағанағыдай емес, үріккенді
қойып, қышына арқасын төсеп, Қоңыр қодық тұра берді.
Көксеген оның қыста жараланып жазылған аяғын сипап
көрді. «Қоңырым, қоңырым» деп әукесіне қағып, мойны-
нан құшақтады. Осымен екеуі біраз тұрды. Әкесі айтса
айтқандай, Қоңыр қодық кыстыгүнгідей әлде кайда өскен.
Семірген, ақсақ аяғы жетіліп, шорланбай қалпына келіпті.
Әсіресе, жаңа бұтақтанып өсіп келе жатқан үшінші сала
мүйізі сонша әдемі. Ол әлі қатайған, піскен мүйіз емес,
жұмсақ, былқылдақ, қалың қыртыс тәрізді.
Көксеген өзін жатырқамай ұстатқан Қоңыр қодыққа
сонша қызықтап қуанды. Ол өткен қыста Қоңыр қодықты
алғашқыда әкесі өңгеріп әкелген түрін есіне түсірді.
Алтай қысы, сұрапылдана бірсыпыра уақыт қа созыла-
ды. Мынау тұрған зәулім таулар жел үрлеген қа лын қардың
Сапарғали Бегалин 4 том
223
ойнағындай, түтек басып көрінбей кетеді. Ондай кезде
қаша ішіндегі бұғылар, ықтасын сайлап, үюлі мая шөптердің
ығында тұрып жан сақтайды, бірақ алай-түлей боран-
да кейбір топ бұғылар желдің өтіне кездесіп, күйсіздікке
ұшырайды. Келгембайдың боран кезінде аңдитыны осын-
дай, оппа қарлы жартас, жел өтіндегі болады. Адасқан
бұғылар болса не ықтасынға, үюлі шөпке қайырып панала-
тады. Қақпатасқа ілінген оппада қалған да рын аршып алып,
үйіріне қосады.
Осындай бір боранда, Келгембай мына Найзатастың жел
бетін қарап, ықтаған бұғыларды шөпке қайырып жеткізіп
жүрді, күн кешкіріп, үйге қайтар мезгілде, шеткергі бір
жартасты шала шаңғысымен сырғытып келе жатқанда,
кардан кішкене мүйізі ғана шығып бүк түскен кішкене
бұғы қодығына кездесті. Тұра қалып, қарды аршығанмен,
аяғы тасқа ілініп қалыпты. Үйірінен бөлініп қалуы да со-
дан болған, қарды тазалап аяғын шығарып алғанмен, жүре
алар емес, аяғы қатты ақсаған, өзі де ұшып қалыпты. Кел-
гембай дереу қодықты ішкі шолақ тонына бөлеп жіберіп,
шаңғының артқы жағына таңып алып, үйіне тартты.
Осы кештен бастап Көксеген Коңыр қодықтың күтімін
өз қолына алды. Оған жегізбеген тамағы жок. Аяғын емдеп
өзі жазды. Жаз шыққанша қолда болып, Қоңыр қодық әбден
жазылып үйіріне қосылды. Орнынан қозғалмай жатқан
бірнеше уақытта Көксеген, қолынан су, шөп беріп, арпа,
сұлы жаншып беріп күтті. Біразда Қоңыр қодық, Көксеген
келе жатқанда дыбыс беріп, тамақ дәметіп тұратын бол-
ды. Арқасын тосып сыйпа, мүйізін төсеп қасы деп, еркелік
мінез шығарды. Міне, сол үйірлік әлі де ұмытылмаған. Заты
аң болғанмен, момын бұғының жас қодығы, күткен қол, же-
ген жемін ұмытпаған, құлқын сезімі арқылы, Көксегенге
сонша үйірленген еді.
Көксегеннің осы қодықты күтіп мал еткені, колхоз ба-
лалары, мектеп пионерлері арасында көп үлгі болып ай-
тылды. Ендігі ойы осы қодықты қолға үйретіп, қыста жегіп
байқау, бірақ ол сырын Қөксеген әлі ешкімге айтқан емес.
Әлден уақытта оралып Келгембай да Көксегеннің жаны-
на келді. Қодығын тауып, құмарынан шыққан баласын
қуаныштап, қасына келіп, аттан түсіп біраз отырды.
– Мынау өзі әбден қолға үйір болған, әлі ұмытпай
жүргенін қара, – деп Келгембай таң еткендей, Қоңыр
қодықтың жүре жайылып бара жатқан тұлғасына көз
жүгіртті. Осы кезде сәскелікке көтерілген күннің ыстық
Сапарғали Бегалин 4 том
224
лебі жалын атып, қарағай ішінің шайыр исін бұрқыратып
жіберді. Ішінен: «Міне, саулықтың емі» деп Келгембай таза
шайыр исін жұтып біраз отырды. Біраздан кейін баласын
ертіп үйлеріне кайтты.
VI
Алғашқы қар түскенде-ақ Берель мергендері тиын атуға
шығады. Егін, пішен жиналып, мал қора сияқты қыс қамы
аяқтасымен Қобай, Плотников Иван, Мұса сияқты аң
құмарлардың қолы босайды. Үкек тауының балқарағайына
арадай ұялаған қалың тиын алғашқы қарда мергендердің
шабуылына ұшырайды. Көксеген де осы алғашқы қарда
Жәнгүдей ағасымен бірге оқудан тыс кезде тиын атуға екі
жылдан бері үзбей барып жүретін. Биыл да барармын де-
ген талаппен, өзінің шаңғысын дайындап, мылтығының
оғын көбейтіп, оқтап қоюға ойланды. Әкесінің етікшілік
аспабы тұратын кішкене үйдің кіре берісіне сүйеулі
тұрған шаңғысын, қар кете сүйеп койғаннан бері Көксеген
қозғаған жоқ-ты. Мылтығын да сонау пішенге шығарда
үйдің қабырғасына іліп кеткен-ді. Көксегеннің мылтығын
да, шаңғысын да ешкім орнынан қозғамапты.
Көксеген алдымен мылтыған алып ішін көріп,
қайырмасын алып қарап, шаңын сүртті. Мылтығының
үстінен аздап тамшы ағып тат алыпты, оны сүртіп кетірді.
Оқтарын көріп, бытырасы азайып қалғаны жаңа есіне түсіп,
әкесіне бытыра істетпек болды. Ескі кенеп патронтаж да,
бір-екі жерінен қиылып буынуға келмей қалыпты. Оны өзі
тігіп алуға кірісті.
Қара құламен қаптаған келте ғана шаңғысы оның қысқы
көлігі. Ол үнемі бабында тұратын. Неден олай болғанын
кім білсін, әйтеуір, шаңғы жылдағы тамшы тимейтін жер-
ге қойылмай, жағдайсыз жерде тұрып қалыпты. Көксеген
шаңғысын қолына алғанда, сыртындағы қара құланың жүні
будырап түсе бастады. Ол не екенін ұкпай шаңғысын алып
далаға шықты. Жаңа ғана шарбақтарды аралап қайтқан
Келгембай атынан түсе бере, баласының қасына келіп:
– Мынаны жылдағы құрғақ тұратын орынға қой май,
күйе жепті ғой. Енді бұл тебуге келмейді, – деп шаңғы сын
қолына алып қаптаған терісін сыпырып тастады.
– Енді мен аңға қалай барам, – деп Көксеген ренжи ба-
стады.
– Сен шаңғымен барасың, бүгінше шыда, ертең өзім
қаптап берем, – деп Келгембай баласын лезде қуанды ра
қойды.
Сапарғали Бегалин 4 том
225
– Үкектің жонына кар түскелі бір жұмадай болып қа-
лып ты. Және «Аршаты», «Орлы» колхоздарының мерген-
дері қаптамай тұрған соны кезінде барамын, – деп Жән гү-
дей Келгембай үйіне келгенде, Көксеген де оқуынан келгені
сол еді.
Менің биыл тізем шаңғы тептіретін емес, өзім барма-
ғанмен, Көксеген барады, – деп Келгембай, Жәнгүдейге
өзінің жайын айтты.
– Аға, қашан жүресің, демалыс ертең, – деп Көксеген,
Жәнгүдейдің жүрісін сұрады.
– Мына қар қалыңырақ түсіп, шаңғымен жүруге іліксе,
ертең ерте шығам, баратын болсаң ертең Үкекте тиын ата-
мыз, дүйсембіге қарсы үйде боламыз, – деп Жәнгүдей,
жүріс жобасын ұғындырды.
Көксеген жүру қамына кірісе бастады.
– Шаңғысын, мылтығын кешеден бері білгендей дай-
ындап жүргені ғой, құлыным, – деп Дария баласының
қутыңдап жүрген дайындығын қызықтап, қуанып қойды.
Сондайда көп сөзді ұнатпайтын Келгембай, баласының
мылтығын, оқтаулы патрондарын, шаңғысын әкеліп көріп,
Дарияның ауызша сөз қуанышына өзінің іспен қызықтаған
шеберлігін көрсетті.
– Құр үйде отырып «құлыным, пәленім» деген бос сөз
сөйлегенше шаңғысын күйеге жегізбесең етті, – деп Да-
рияны бір сүріндірді.
Таң ата Жәнгүдейдің есік қағуымен Дария бала-
сын оятты. Өзі де сергек жатқан Көксеген лезде киініп,
Жәнгүдеймен мергендік сапарға аттанды.
Қара құламен жаңадан жаба қаптаған шолақтау жал-
пақ шаңғысын киіп алған Көксеген ауылдан шыға, Жәнгү-
дей ағасымен жарыса жөнелді. Танауын жиі-жиі тартып
Көксеген алға түсуге ұмтыла сырғанайды. Өрге қарсы
өршелене басып, мосқал, әдісқой Жәнгүдей оздырар емес.
Жәнгүдейдің жасы жер ортадан асып, Көксегенге шал
сияқтанып көрінгенмен, ол шаңғы тебуде жастардың кө-
біне ілестірмейді. Келгембай екеуінің шаңғыға аяғы тигенде
Алтай таулары аяқ астында қалады. Кішкене бала күнінен
әдеттенген жүйрік шаңғышылардың бірі болған Жәнгүдей
Көксегенді ілестірер емес. Алтай кенересінің бұл тұсында
тұратын елдің кәрі-жасы демей, шаңғы тебуге әдет тенеді.
Өйткені аң қуады. Елік, марал, тау теке, күдір сияқты қоңыр
аңдар қай-қайдағы қиын тауда болады. Шаңғымен бар маса
аңду қиын-ақ.
Сапарғали Бегалин 4 том
226
Жалғыз таудың шаншыла біткен шаршы өрі,
шаңғышыларға шалқая түскендей, барған сайын алыстай
береді. Күн көтерілгенше қырқаға ілінсе, арғы жер алыс
болмас еді. Бірақ, қыр қиясы жеткізер емес.
Қар басып тұнжыраған Алтай шыңдары меңіреу ұйқыға
бөленгендей. Салалы биік самырсын қарағайлар, шудалы
атандай, айқара жамылған бүрін селт еткізбейді. Жел жоқ,
тымық тау ішінің жаңа түскен ұлпа қарына жаңа жортқан
аң ізі әлде қайдан көрініп, олар да жосылып жатыр.
Бір қырқаға шыға бере Жәнгүдей, айналасына көз
жіберді. Өрге қарсы ентіге келіп тұра қалған Көксеген көзі
бұлдырап тер жауып, ешнәрсені абайламады.
– Мынау көлденең өткен іздер күдірдікі ғой деймін. Өзі
тіпті жаңа жүріпті, аса ұзамаған болар, – деп Жәнгүдей
арғы бетке қарай жосыла түскен ізге көз жіберді. Күдірдікі
дегенге құмарлана Көксеген ізге үңіле қарап, ағасына жа-
наса берді. Оның әлі де басынан шыққан тері бұрқырап,
құлақшынын қолына алып, бұлдыраған көзін бір сүртіп,
ізге қайта-қайта үңіле қарайды.
– Бұл күдірдің үйірі онша алысқа ұзамайды. Аңдып
көрейік, сәті түссе атып алармыз, – деп Жәнгүдей ізге түсе
жылжып сырғанай бастады.
– Аға, осының өзі анық күдірдің ізі ме, еліктікі емес
пе? – деп Қөксеген, жолдан кездескен көлденең ізге
бұрылғанды ыңғайсыздау көріп тіл қатты.
– Жоқ, еліктің ізі мұндай болмайды. Ол ашалы, адымы
алыс, мынау қысқа аяқты кішкене күдірдің ізі. Бұл саған
керек, анықтап ұғып ал. Күдір аса ұзағыш аң емес. Мына
қалың самырсынның мүгіне жайылымға шыққан ғой, –
деп Жәнгүдей өзінің із жөніндегі аңдар жайынан білетін
тәжірибесін Көксегенге айтып түсіндірді. Елік пен күдірдің
ізін айырмай аңғал айтып қалған олақтығына ұялғандай
Көксеген үндемей қалды. Ап-айқын жатқан күдір ізін
қалай абайламады. Тіпті, ойланбай айта салған өзінің
жаңғалақтығына ішінен намыстанғандай, тұқыра о да ілгері
сырғыды.
Жалғызтау биігінің Ойсуға қараған қиясын қырқалап,
ізге түсе екеуі ағып отырып қарсы бетке келіп шықты. Құ-
жырты қырқаларына жаңа көтерілген күн сәулесі тау қия-
ла рын алтын сәулеге бөледі. Жаңада түскен мамықтай ақ
қарды жамылған жалбыр бүрлі самырсындар, күн шұ-
ғы ласына бөленіп, қызғылт рең киінді. Жаңа көтерілген
күннің тау қиясына себілген сәулесін тамашалағандай екі
шаңғышы біраз іркіліп тұрды. Олар іркілейін деп тұр ған жоқ,
Сапарғали Бегалин 4 том
227
ізді аңғарып тұр. Із осылардың алдында көлденең жатқан
құзды шатқалды құлдылдай Ойсу өлкесіне түре жөнелді.
Еңіске зулап аққан шаңғының сырғуына ыңғайланып өне
бойларын ықшамдап, белбеулерін, арқадағы алған жол
жабдықтарын бекіне байлап алды.
Алдына түскен Жәнгүдей зырқыратып жөнелді. Делбең-
деген кішкене танауын бір тартып Көксеген де зырлатты.
Ойға қарай аңқытқан шаңғы жұлдыздай ақты. Алдынан
кездескен бір көлденең жартастан Жәнгүдей аққан бетімен
асып әлде қайда бір бұтаның ішіне барып дік ете түсті.
Сәл қиыстау келе жатқан Көксеген Жәнгүдейден
қалыспай ағызып кезікенде, бір қалың қарға көміліп кетті.
Өзінің қайда түсіп кеткенін ажырата алмады. Көксеген
малтыға, тұншыға, түзелмек болғанмен жөнделе алар емес.
Бір аяғындағы шаңғы айналып көлденеңдеп кеткен тәрізді.
Тұрайын десе жығылады, малтығады. Ұмтылса домалап кеп
кетеді.
Аласұра тыпыршып бір қарманғанда оның қолына бір
бұта ілінгендей болды. Бар қайратын жиып орнынан тұрмақ
болды. Аяғы тірелмейді, жылжып барады. Әлі басын көтере
алған жоқ.
Бірақ бұтадан айрылмады.
– Не болды саған, аңдамайсың ба, суға түсіп кете
жаздадың ғой, – деп Жәнгүдей келіп Көксегенді қолынан
тартып, орнынан тұрғызды. Басы қар-қар болып Көксеген
түрегелді. Кішкене танауының ішіне дейін қар кіріп кетіпті.
Басындағы құлақшыны бауы үзіліп, қардың астында қалып
қойыпты. Бет-аузына жабысқан қарды жеңімен бір сүртіп
жіберіп, Көксеген аяғының астына қарады. Өздері тұрған
жартас кемерінің ойы қарауытып әрең көрінді. Тастан
тасқа ұрып ыршып жатқан су осы жартастың бауырын кеу-
леп кетіп жатыр.
Көксеген жаңа ғана түсінді. Әлгі жанталаста қолы на
ілінген бір түп тасжарған, өзін ажалдан алып қалған. Мы на
қабақта бір сырғып кетсе, анау ағынға түседі. Не бо лады?
Өмірдің қауіпті жағынан гөрі қызықты жағын ойлау ды
жақсы көретін Көксеген әлгі бір сәтте болған қатерді ойы-
на түсіргісі келмеді.
Жемісі жок, өне бойы өткір тікенек, түрі көріксіз
тасжарғанды, Көксеген бұрын таста тұрғанын көріп жек
көретін. Жүрген-тұрған кісінің үстін жыртып, босқа өсіп
тұрған бір пайдасыз өсімдік деп ойлайтын. Тап осы сәтте,
әрбір өсімдік өмірге пайдалы, тетігін білсе керекті, деді
ішінен. Өзі үшін өспегенмен, бір қатерлі сәтте қолына
Сапарғали Бегалин 4 том
228
ілініп, өзін қатерден алып қалған бір түп тасжарған оған
мына кұламаға біткен өмір тиянағы тәрізденді.
– Енді ұзамайды, жан-жағыңа қарай отыр, – деді
Жәнгүдей Көксегенге. Өзі күдір ізінің бір бұтадан өтер
жеріне келіп тұра қалады. – Кел, Көксеген, мына иісті
қарашы, жаңа ғана сарыпты, – деп Жәнгүдей бөгеліп тұра
қалды.
– Аға, өзі жұпар аңқиды ғой, неткен тамаша иіс.
– Күдірдің бар қасиеті осы жұпары. Мынау еркегінін
тоқтап сарыған жері. Бұл иіс, тек еркек күдірде болады.
Ал, осы ізден айрылмайык, – деп Жәнгүдей ізбен айдай
жөнелді. Әлгі иіс мұрнынан кеткенше Көксеген сан алуан
ойларға түсіп, о да Жәнгүдейден қалмай сырғытып келеді.
Жәнгүдей бір топ қарағайдың ішіне кіре Көксегенге
қолын сермеп тұра қалып, мойнынан мылтығын жұлып
алды. Көксеген де мылтығын алып ыңғайланды, бірақ
ешнәрсені көрген жоқ. Осы сәтте қолымен үнсіз белгі беріп
Жәнгүдей, бір жуан қарағайға жабыса, мылтығымен оқтала
берді. Көксеген де бір қарағайға жабыса Жәнгүдейдің
қимылын бағып, ентігін баса алмай алқынып тұр.
Қадала көздеп тұрған бетінен қолын түсіріп Жәнгүдей
Көксегенге қолын сермеп ым қақты. Аға әмірін күтіп әлі
ешнәрсені ұқпаған жас аңшы лып етіп сырғып қасына
келді.
– Сен көрдің бе, екі күдір дәл әне бір шоқ балапан
қарағайдың түбінен атып тұрып әрі кетті. Сірә, бізді байқап
қалды білем. Атуға ілінбегені, енді ол аса ұзамайды, екеуіміз
екі бөлінелік. Сен мына бір жылғамен ана қалың қарағайға
барып, арғы қабақшаға шық. Мына күдірдің өрген ізімен,
қарағайдың ішін аралай, артына түсейін, – деп Жәнгүдей
жүруге ыңғайланды.
– Аға, кездесіп қалса, атайын ба? – деп Көксеген
ағасынан ақыл күтті.
– Байқап ат, босқа алыстан атып шошытпа, – деп
Жәнгүдей қысқа ғана тіл қатып, тез жөнел деп қолын
сермеді.
Көксеген Жәнгүдей айтқан қабақшаға шыққан кезде,
Жәнгүдей кеткен қалың қарағайдың ішінен бұрқ еткен көк
түтінмен аралас мылтық үні тарс етті. Бір емес, екі атылды.
Сонша болмады, өзінің арт жағынан, кер жағал бір аң зу
етіп өте шықты. Бас-аяғын абайлауға Көксегеннің шамасы
келмеді, тек зу ете түскен қарасын ғана көзі шалды. Сонша
болмады «Көксеген!» деген ағасынын зор даусы айналаны
Сапарғали Бегалин 4 том
229
жаңғырықтыра саңқ ете түсті. Аға дыбысы шыққан жаққа
қарап еді, сырғытып бауыздалып жатқан тіп-тік қана,
жұмыр кішкене қоңыр мүйізді кер жағал тағыны көрді.
Міне, күдіріңіз, жануар аңқау болады, шошынып тұрса
да орындарынан ұзамапты, ұзамай-ақ алдымнан кез бола
кеткені, – деп Жәнгүдей көңілі жадырап, Көксегенге
мақтана қарап. – Саған мен қызык керсетейін, бері кел,
– деп күдірдің бұртиып тұрған баурындағы үрпін көрсетті.
Үрпінен аңқып тұрған жұпар иісі айналаға хош иіс жайып,
мұрынды жарады.
Жаңа саған көрсетіп едім ғой, күдірдің сарыған жерін,
сол иіс осы үріптен шығады. Бұл күдір тек осы Алтай
кенересінде ғана бар. Мына жұпары өте қадырлы, бұдан
дәрі де жасайды, – деп Жәнгүдей күдірдін терісін іреп,
үрпін ойып алуға кірісті. Жон жүні елікке ұқсас қылшық
жүн, қоңыр жағал аяғы жіңішке сыйда ғана аң. Көксеген
қадала қарап кеп тұрды.
– Аға, мұның етін алмаймыз ба, әлде жеуге болмай
ма, өзін кайтесің, осылай тастайсың ба? – деп Көксеген
түсінбеген жайларын сұрай бастады.
– Етін жеуге болады. Әйтпесе мен бауыздаймын ба,
бұл айыр бақайлы қоңыр аң, шөптен басқа жері жоқ. Ешкі
тұқымдас. Тек жануардың қасиеті мына жұпары. Мұны
қазір ойып алып, иісін далаға шығармай түйіп, сонан
азырақ майда тұз салып тобарсыту керек. Сонан иісі өмірі
кетпейді. Қашан болсын аңқиды да тұрады, – деп Жәнгүдей
ұғындырып отырып, күдірдің еті мен терісін ақтармалап
қарға көмді. Жерін белгілеп, Үкекті бетке ала тартты.
Жаратылыс ғажап, бір аңның қасиеті мүйізінде, мыса-
лы, бұғының мүйізіндегі қан сан ауруға дәрі. Мына күдірдің
кіндігіндегі жұпар да сондай қымбат. Ал аюдың еті сан
жараға ем, – «міне, ғажаптар» деген ойлар Көксегеннің өзі
білетін аңдарынан аңдаған сырларын қозғап, Жәнгүдей дің
ізімен зулата сырғып жүріп кетті.
Сапарғали Бегалин 4 том
230
СӘТЖАН
«Таңбалы таста»
«Таңбалы тас» жайында Сәтжан талай әңгімелер
еститін. Бірақ, олардың бәрін елемейтін. Тек өзінің шешесі
Зейненің айтқан бір әңгімесін үмытпаушы еді. Жанай екеуі
күндегісінше ертемен бұзауын өргізіп «Таңбалы тастың»
бір үлкен саласына алып барды. Сәтжанның қасынан екі
елі қалмайтын «Бөрібасары» бұзаулардың алдын шолып
сайдың кабағына шықты. Қырда шоқиып отырып қарауыл
қарады.
«Қоянқұлақ» бастаған марқа бұзаулар жүре жай-
ылып. сайдың төріндегі бастауға қарай өрледі. Оқу
аяқтағанда мұғалімнің жазғы демалыста оқуға жазып бер-
ген кітаптарынан Сәтжанның қолына түскені «Шығанақ»
жайындағы әңгіме. Бұл кітапты ол кешеден бері ғана ба-
стап оқыды. Шығанақтың оқымай сонша өнерлі болғаны,
әсіресе егіннің тілін біліп көп өнім алғаны Сәтжанды ке-
ремет таңдандырды. Бұзаулардың арты өз қатарынан өтіп
сайдың басына қарай қаптады. Бұзаулардың қыр жақ
шетінде жүрген Жанай алдыңғы бұзаулармен бірге ілгері
кетті. Сәтжан да кітабын жауып сайдың етегімен жоғары
өрледі.
Арқан бойы көтерілген шілденің ыстық күні әлден-ақ
қыздыра бастады. Өсіп жетілген көк сүйрік шөптердің
түн самалынан бойына тартқан салқын шіріні де бозарып
кебірсіген тәрізді. Осы кең саланың бас жағындағы кереге
жартастың көлеңкесі де күн көтеріле қысқара бастады. Қою
көлеңкеден босап шоқтары күн шұғыласына шомылған
бұталар еңсесі көтерілгендей, алуан түсті гүлдерін жайна-
тып түрленді.
Сайдың бас жағындағы қалың бұтаның түбінен шығатын
кішкене қайнардың суы жылжып ағып ойдағы арнаға жет-
пей сарқылады. Бұзаулардың алды осы бастауға барғанда
Сәтжан да сол жерге жетті. Күн ысығанша сай қабағынан
түспей үнемі ит-құс қарауылдап отырған Бөрібасар да
Сапарғали Бегалин 4 том
231
Сәтжанның қасына келді. Алдыңғы бұзауларды қайыр-
малап өзі көлеңкелеп отырған Жанай Сәтжанды қасына
шақырды. Балбырап тұнып тұрған көк өлеңге түскен
бірыңғай қасқа бұзаулар танауы пысылдап, өлеңді ұзын
тілімен орай жұлып жапырласты.
Кейде тау сүзіп жем іздеген көк қыраны бүркіттер аспан
әлеміне қалықтап, әлдеқайда самғап барып көзден ғайып
болады. Сайдың бас жағында ойға төне біткен жартас,
қиясынан қыран ұшырған, тәкаппар өр тұлғасын көкке
меңзеп көлеңкесін әлі бауырына тартқан жоқ. Оның құзар
қиясынан бір құстың шарылдаған дауысы естілді, Сәтжан
көп тыңдады. Ол біресе қаршыға, біресе қырғи үні деді.
Бұл жерге текті құс ұя сала ма? Күйкентай шығар, деп
Жанай әр нәрсеге елеусіз қарайтын әдетін істеді. Бірақ,
Сәтжан Жанаймен бұл жерде сөз таластырған жоқ. Аңшы
атасы Серікбай «Қаршыға тасқа ұя салмайды, қаршыға
шырылдап шақырмайды, тек, балапан ителгі ғана шырыл-
дап шақырады» дейтін. Ал, мына дауыс Жанай айтқан
күйкентай дауысы емес. Олай болса бұл тастағы ителгі ұясы
болуы керек, деп ойлады.
«Таңбалы тас» саласының бір артықша қасиеті – күн
қанша ыстық болса да сиырға сәйгел тимейді, жылқыға
бүгелек жабыспайды. Ал, мынадай ыстық күнде бұзауларын
сәйгел қуса, Сәтжан мен Жанай көп бұзаудың біріне де ие
болар ма. Құйрығын шаншып, бет-бетімен кетпес пе еді.
Ертемен жайылып оты қанған бұзаулардың алды үйір-
үйіріне топталып, бұталарды көлеңкелеп жусай баста-
ды. Сәтжан мен Жанайдың құлағына шарылдаған ителгі
балапандарының даусы тіпті таяудан естілді.
Түз қырандарын ұстап баулуға Сәтжан аса кұмар бо-
латын. Ол Серікбай атасының бүркітін қолына алып жем
бергенін, аңға алып кеткенін көргенде, мен де құс салам,
деп аса құмарланатын. Ителгі балапанының даусы шыққан
жерін аңдып көп отырды. Жанай көлеңкеге жантайып жа-
тып әндетіп құстың даусын елең де қылған жоқ. Сонша бол-
мады, жартастың сайға үңілген қия бетіне екі ителгі ұшып
келіп конды. Біреуі жартастың басында отырып, біреуі
қияның бетіндегі бір қуысқа кіріп, әлден уақытта қайта
ұшып шықты. Ителгі ұясы бар, – деген ойын Сәтжан әбден
анықтады.
– Ителгіні қара, айтқаным келді ме? – деді Сәтжан
Жанайды түртіп. Жанай ителгіні көріп, Сәтжанға сөз
қайырған жоқ. Енді екеуі жартастың жан-жағына тегіс көз
жіберіп ұяға баратын жол іздеді. Оған жартастың солтүстік
Сапарғали Бегалин 4 том
232
қиясынан ғана өрмелеп шығуға болатын тәрізді. Қолына
бұтадан шыбықша кесіп алып, Сәтжан ұяға бармақ болды.
Жанай мен де барамын, деп еді:
– Бұзау иесіз қалады – деген Сәтжанның сөзіне түсі ніп
ол тоқталып қалды.
Сәтжанның қасынан екі елі айрылмайтын Бөрібасар
жартасқа өрмелеген Сәтжанға еруге о да орнынан
тұрды. Қасына ерткісі келмей зекірерде қарайтын суык
бейнесімен «кет» деп ақырды Сәтжан. Мұндай зекуді
Бөрібасар Сәтжаннан өте сирек еститін. Естігенде қатты
елеп қорқып қалатын. Сол әдетімен Сәтжанға ере түскен
жеріне шөкесінен түсіп қала берді.
Сәтжан жартастың басына қарай көтерілгенде,
маңдайлары жарқырап етектегі көгалда жусап жаткан
бұзаулар аса әдемі болып көрінді. Жартастың орта бел-
деуіне барғанша секірмелі, оңай да еді. Ителгі балапан да ры-
ның дауысы шыққан ұя әлі жоғары. Сәтжан бірде тік жүріп,
бірде тасқа жабыса өрмелеп жартастың кеудесіне та ман
келді. Бірақ, ұясы бар қуысқа бара алар емес. Қатарынан
біткен аспан зәулім екі жартастың орта жерінде сәл ғана
жарықшақ қуыс бар. Ұя тап сол қуыста. Бағанағы екі ителгі
де сол жерден ұшты. Ұяға жете алмай, қияда дем алып, әрі
балапандардың дыбысын аңдып Сәтжан біраз отырды.
Жем іздеп, енелерін шақырып шарылдаған балапан дар дың
үні тіпті анық естілді.
– Сәтжан-ау, неғып отырсың, «таушыл, сушыл,
жүрісқор» едің ғой, – деп Жанай етектен айқай салды.
– Е, оңай болса, келіп шыға ғой, – деп Сәтжан Жанайға
жартастың тіп-тік жалтыр текшесін көрсетті.
Сәтжан ұя іздеудің қызығына түсіп, тіпті жан-жағына
да қараған жоқ-ты. Енді ол қияда отырып жан-жаққа көз
жіберді.
Өрістен оралып қайтқан сиырды сауып жатқан ауыл
табан астынан ап-айқын болып көрінді. Екінші бір салада
бойдақ сиыр бағатын Ахметтердің ауылы тұр. Ол сиырдың
көбі былтыр ғана осы уақытта Сәтжанның өзі бағып жүрген
қызыл қасқа бұзаулар.
«Мына жатқан бұзаулар да ендігі жылы сол бойдаққа
қосылады. Мына бұзауларды жаздай аман-есен өсіріп, күз
Ахмет баққан сиырға былтырғыдан жиырма бұзау артық
өсіріп берем. Анау бойдақтың ішіндегі құнажындар тегіс
қашқан шығар. Оны да біздің ферма бұзаулатады. Сонда
арғы жылы бұзаулы сиырымыз неше есе өседі. Сиыр бұдан
да көбейіп өсе береді. Біз өсіре береміз» деп Сәтжан қуанып
Сапарғали Бегалин 4 том
233
кетті ішінен. «Осылай өсіргенде бес жылда біз қанша бұзау
өсіреді екеміз, соны бір есептейін» деп ол қалтасындағы
кішкене ақ бормен өзі сүйеніп отырған кереге жартастың
бетіне жаза бастады.
Ойында басқа ешнәрсе жоқ Сәтжан сандарды тізе
бастағанда, оның көзіне тас бетінен айырықша бір бей-
нелер көрінді. Ол жазуын қоя тұрып тастың бетіне үңілді.
Анықтап қарай бастады. Тастың беті алуан сурет. Жылқы,
түйе, сиыр, қой, ешкі бәрінің де суреті бар. Тастың бетінде
сау жер жок.
Апасының «Таңбалы тас» жайында айтатын аңызы осы
жерде Сәтжанның есіне түсті. Әсіресе өзіне бір таяу тастың
бетіндегі бүркіт ұстаған кісінің суретіне үңіліп көп отырды.
Сәтжан суреттерді ойып салды ма екен, деп қолымен сипап
көрді. Ешбір бедер жок. Қызғылтым келген теп-тегіс тастың
бетіне қара-қоңыр бояумен салған сияқты. Апасы айтқанда
да солай дейтін.
«Ертеде елді қалмақ шауыпты» деп бастайтын, апа-
сы әңгімесін. Сонда ел үркіп көшкенде, бір бала атынан
жығылып жұртта қалып қойыпты. Жаудан қашқан ел
жақын жерге қона ма, бала таба алмай, көштің сүрлеуімен
мына өзен бойына жетіп, сонан осы «Таңбалы тасқа» келіп
шыққан екен. Елден үміт үзген бала бүлдірген, жуа теріп
жеп, бауырындағы бір бастаудан су ішіп күнелтіпті. Бала
аса бір сыршы ұстаның баласы екен. Әкесінің жазғы тұ-
рым неше түрлі шөптің тамырын қазып, сонан бояу жасай-
тынын біледі екен. Сол өзі көрген шөптің түбірін жинап,
бояу жасап, үлкен кереге жартастың бетіне сурет салған
екен дейтін.
Апасы айтқан «Таңбалы тас» әңгімесінің үстінен
түскеніне Сәтжан аса қуанды. Ол барлық суретті көргісі
келді. Бірақ, жалғыз өзі бара алатын емес. Жанайды
шақырғанмен де қазір ол жерге бару қиын. Және бұзау
иесіз қалады. Балапанды алуға, суретті көруге әдейі бір күні
керек-жарақты алып сайланып келу керек, деді ішінен.
Сәтжан жартастан түсіп келгенде:
– «Не таптың, құсың қайда?»– деп Жанай алдынан
шықты. Бұл кезде бұзаулардың алды өре бастап еді. Әсіре се
«Қоянқұлақ», «Бөдене», «Майқарындар» соналағыш әде тін
істеп, жотаны қабақтай қаптай жөнелді.
Бұзаудың алды қайда беттесе соның алдыңғы жағында
болып қарауылдап отыратын Бөрібасар да бұзаулардың
алдындағы қабақтан көрініс берді. «Кеңқарын», «Үлкен-
қасқалар» бастаған бұзауларды Сәтжан өзі өргізіп жіберді.
Сапарғали Бегалин 4 том
234
– Сен олай кекеме. Мен саған қазіргі көргенімді айтсам
не бересің? – деп Сәтжаи Жанайға қкарады. Әлденеден
ойланғандай Жанай:
– Не көрдің, ақысыз-ақ айтшы, айтшы, – деп Сәтжанға
таяна ынтыға түсті.
Сәтжан көрген суреттерін айтқанда:
– Кәні, маған көрсет, әлгінде неге айтпадың? – деп
ренжи бастады.
– Саспа досым, әдейі арнап келеміз, өзім көрсетем.
Балапанды да аламыз, – деп Сәтжан сеніммен айтатын
салмақты мінезімен Жанайды жұбатты.
Қиясына қыран ұялатқан, қыналы бетінде ертедегі бір
қиын күндердің ізін сақтаған зәулім жартас Сәтжанға
терең сыр, үлкен құпиясымен аса ыстық көрінді. Ол жар-
тастан ұзаған сайын қайта-қайта тастың сонау қиясынан
көз алмай қарап келеді. Сонау балапанды алып құмары
тарқағанша Сәтжан онан қол үзер емес.
Түскі сүт тартылып, майы алынған сүттің салқындаған
кезін бұзаулар да жаңылар емес. Бұзаулардың алды сүт
құйған астауларына қарап шұбыра бастады.
Сиыр фермасының үлкен қорасы аса әдемі салынған
болатын. Он сиырға бір қора, он бұзау бір үйде асыралып,
қашан жайлауға шыққанша осылай күтіледі. Бұзауларды
туғаннан бастап күтетін Сәтжан әр үйдегі бұзауларға ар-
нап ат қойып алады. Отығып жайлауға шыққанда бір үйде
болған бұзаулар тобын жазбайды. Сүт бергенде болсын,
қайырып қамағанда болсын, бұзаулар тобын өзі қойған аты-
мен шақырып, сол ретпен бөледі. Әбден отыққан бұзаулар
Сәтжанның дыбысы шыққанда шоқталып бөліне де
бастайды.
Бұзаулар өрістен келерде, орға түсіріп салқындатып
қойған сүтін астауға құйғызып Зейне күндегі дайындығын
істеді. Ауылға алдымен шұбырып түскен «Қоянқұлақ»
бастаған жүрдек топты астауға жіберіп тұрған Зейнеге
Сәтжан күндегіден де еркелей қуана келді. Жалғыз ұлы
Сәтжанның еркелігін емірене қарсы алған ана, баласының
бүгінгі куанышында айрықша сыр барын сезді. Анасынын
мейірімді ажарына ақтарыла айтар қуанышын Сәтжан ірке
алмады.
Жартастан ителгі ұясын көргенін, анасының өзі айта-
тын тастағы. суреттерді тапқанын асқан қуанышпен айта
бастады.
– Қуатым, өмірлі бол, тірі болсаң талай тамашаны көре-
сің, – деп Зейне баласын бауырына кысып бетінен сүйді.
Сапарғали Бегалин 4 том
235
– Апа, сол балапанды ұядан алып асыраймын, қоян, шіл
алдырамын. Ұрыспайсың ба, – деп Сәтжан шешесіне ерке-
лей қарады. Зейне:
– Ал, қарағым. Бірақ, әзір қозғама, әлі ерте. Балапан осы
күнде ақ үрпік, ерте алсаң жатақ болып өліп қалады. Қара
қанат болған кезде атаңды ертіп бар, өзі алып береді, –
деді.
Сәтжан бұған қуанып апасының айтқанын Жанайға
жеткізуге шапқылап жүгіріп кетті.
Балапан ұясында
Апасының айтқан уәдесін күтіп Сәтжан балапанды
алу ды әлі ойлаған жоқ. Зейне де әзір балапан жайынан ба-
ла сына ешбір сөз айтқан жоқ. Сәтжан мен Жанай көбінесе
бұ зау
ды сол ұялы жартастың бауырындағы өзекке өріс те-
теді. Екеуі үнемі балапанның ұясын аңдиды. Олар көбіне-
се бала пан қанаттанып ұшып кетеді, айрылып қаламыз деп
асығады.
– Ей, Сәтжан, сен екеуміз өстіп жүргенде балапан ұшып
кетеді де, айрылып қаламыз ғой. Ол анадағы өзіміз барып
басына шыққан Бүркіттінің тасынан қиын емес. Ешкімге
айтпай алып қояйық, – деді Жанай.
Жанайдың мына сөзі Сәтжанға ой салып, балапан-
ды тезірек алуды дұрыс көрді. Шынында балапан ұясы
Бүркіттің тасынан киын емес еді. Бірақ, онда бұлар көп
бала еді. Экскурсияға апарып, мұғалімдері өздері бастап,
ақыл айтып отырып еді. Сәтжан осыларды ойласа да, ал-
бырт бала мінезі бойын билеп асықтырып «Жанаш қашан
барамыз?» деді.
– Тезірек барғанымыз жақсы, – деді Жанай.
– Онда ешкімге айтпайық, жібермей қояды. Тек керекті
жабдықты әзірлейік, – деп Сәтжан Жанайдың сөзін
қостады.
Өзен бойынан көшердегі кесіп алған ұзын тал
құрықшаларын, бір мықты арқан, жіңішке жіп, қайыс,
пышақ сияқты жабдықтарды буып-түйіп алдын ала бір
өзекке апарып қойды. Ел жатар кезде екеуі бұзаула-
рын қарастырған болып жүрістерін де ақылдасты. Егер
біліп қойса, шешелері жібермейді. Әсіресе Зейне «тастан
құлап жазым боласыңдар» деп аяғын бастырмайды. Ал,
бұзауда жүріп балапан алам, деп алдану қауіпті. Бұзаула-
рын иесіз тастауға болмайды. Не істеу керек? Неде болса
Сапарғали Бегалин 4 том
236
ел тұрмай, таң ата кетіп қалып алып келу керек, көп бол-
са таңертеңгілікте бұзауды біреуі өргізіп жая тұрар, – деп
сөзді осыған байлады.
– Үй ыстық, далаға ұйқтаймыз, – деп Сәтжан мен Жа-
най екеуі далаға жатты. Олардың баска ойы барын елеген
ешкім болған жоқ.
– Таңертең төсек-орынды үйге кіргізіп қой, – деп Зей-
не Сәтжанға соны ғана тапсырды.
– «Тау соғар» тұр, таң атып келеді. Ел оянбай кетейік!–
деген Жанайдың дыбысын өздерінің қасында жатқан
Бөрібасардан басқа ешбір жан естіген жоқ. Мезгілсіз
ерте оянған екі бұзаушыға таңданғандай Бөрібасар ба-
сын көтеріп барып қайта жатты. Екеуі сыбдыр шығармай
киініп, керек-жарақтарын тығып қойған өзекке қарай жы-
тып кетті. Екеуін аңдығандай арттарынан бұлаңдап еркеле-
не басып Бөрібасар да жүгіріп келеді.
Сәтжандар «Таңбалы тасқа» келгенде шығыс жақты
алқызыл нұрына бөлеп күн де шығуға айналып қалған еді.
Барлық нәрселерді арқаларына түйініп_ алған екі ұяшы
тастардың жігімен ұяның жоғарғы жағына қарай өрлеп
келеді. Бұлардан қалыспай Бөрібасар да із қуып, қиядан
қияға секіріп барады. Бұрыннан белгілеп жүрген өздері нің
орамды деген жерімен тырмысып келіп, екеуі ұяның үстінгі
жағына шыкты. Бұлар келгенде жартастың қиясынан ұшып
шыққан екі ителгі әлдеқайда көрінбей кетті. Ол екі ител-
гінің ұшқанын көргенде:
– Апырай, анау канаттанып ұшып кеткен балапандар
емес пе, – деп Жанай безек қақты.
– Жоқты айтады екенсің. Құстың балапанын арқардың
лағы дейсің бе, туа салып аяқтанып енесімен ілесіп кететін.
Әлі ұшуға жараған жоқ. Өзіміз-ақ аламыз, деп едің, кәні,
қалай аламыз? – деп Сәтжан Жанайға қарады.
– Несі бар, ана құрықшаларды біріне бірін жалғап, осы
арадан ұяға саламыз. Сөйтеміз де балапанды тұзақтап тар-
тып аламыз, – деді Жанай.
– Тұзақтап аламыз деймісің, балапанның мойны жұлы-
нып кетпей ме? Және осы жерден құрықша жете ме. Сен
де ойланбай сыйымсыз бір нәрсені айта саласың-ау, – деп
Сәтжан Жанайдың ойланбай айтқанын дәлелдеді.
Сәтжан үстіндегі бар киімін шешіп жалаңаш етіне тон-
ды киді. Арқанның бір ұшын ұяның дәл үстіңгі жағындағы
жартастың бір мұрыншақталған өркешіне мықтап байлады.
Бір ұшын өзінің өне бойына шандып орап:
Сапарғали Бегалин 4 том
237
– Мен мына арқанмен саумалап түсемін. Дәл ұяның
тұсында бір кемерленген бунақ бар, соған ілінсем қалғаны
оңай. Ал, сен мына бос арқанның бір ұшын ұстап отыр. Егер
жазым болып тас байлаған арқан қиылса, не үзілсе, онда
сен ұстаған арқанмен өрмелеп көрем. Бірақ, арқанды боса-
тып жіберіп, мені құлатып, не өзің тартып тұра алмай ұшып
кетіп жүрме, – деп Жанайға өз білген әдісін үйретті.
Әншейінде жай қимылдап сөзді сараң сөйлейтін
Сәтжанның мына сияқты әрі тез, әрі өте тапқыш қимылына
Жанай таңданғандай бетіне қарай берді. Сәтжан өзі
дайындаған құрықшаны қолына алып, арқаннан ұстап
жылжып түсе жөнелді. Бағанадан бері жартастың басында
шоқиып аңырып тұрған Бөрібасар әлденеден мазасызда-
нып қыңсылай бастады.
Ұяның тұсындағы мұрыншақ тасқа құрықшасын тіреп,
Сәтжан мысықша тырмысқан ептілікпен дік етіп түсе
қойды. Сол жерде тұрып балапандардың ұясына барудың
әдісін ойлады. Ұяға сол жерден біраз солға қарай жаға лап
қол созбаса, балапан алынбайды. Ал, жан-жағына тия нақ
етер бұдыр жоқ. Өзі тұрған тастың кемері тар. Әсіресе ұя
жақ шетінің кемері өте жіңішке. Осы жермен ұяға бару,
балапанды алу қиынның қиыны. Мына жерден қол да
жетпейді. Өрмелеп шығуға тиянақ тағы жоқ. Сәтжан аз
ғана ойланып тұрды. Қылыштың қыры сияқты кенере, тез
ойланып шешерлік қысылшаң жер. Құрықшаның жуан-
тық басына байлап қойған қармақ темірдің керек жері енді
болды.
«Мынаны не қыласың, балапанды осы қармақпен ала-
сың ба?» деген Жанайдың сұрағына Сәтжан: «Кере гін
кейін көресің, әзір айтқанмен ұғымсыз» деген болатын.
Рас, керек жері жаңа келді.
Сәтжан құрықшаның қармақты басын ұяның кеме-
ріндегі тастан қапсыра салып тартып көрді. Көтеріле тар-
тып салмағын салып та байқады. Сенімді тәрізді. Белде
ар қан, қолда қармақ. Тас ұяға талпынған жас қайрат қар-
мақтан тартып, ұяға баруға бел байлады. Қармағын қап-
сырта қадаған жерінен алмай, содан ұстап тұрып өрмеледі.
Ұяның кемеріне қолы ілінді. Тырмысып ұяға жетті.
Сәтжанды көргенде, бұйығып жатқан екі ақ үрпік бала-
пан одан шошына қозғалып шырылдай бастады. Тіршілік
дәрменімен ауыздарын ашып, карақаттай көздері мөлдіреп
жан қорғау лажын істегендей болды. Беліндегі балапанға
алған орауын шешіп Сәтжан екі балапанды ептеп қана
алып, мертікпейтін етіп орап мықтап байлады. Беліндегі
Сапарғали Бегалин 4 том
238
арқанның осыған арнап тағылған бос ұшына байлап,
Жанайға «тарт» деп дыбыс берді. Бағанағыдай емес, ба-
лапанды алғаннан кейін Сәтжаннан қорқу, сескену қаупі
қалып, мақсат орындалғандай тұла бойын куаныш биледі.
Ол өзінің әлі де қия жартастың бетіндегі жалғыз арқанның
тілінде тұрғанын ұмытқандай болды.
Сәтжанның дыбысымен балапанды тартып алған Жанай
Сәтжанға қайта дыбыс берді:
– Енді ерлеп, тырмыса бер, өзіңді де мен тартам, – де-
ген даусы бүкіл зәулім жартасты жаңғырықтырып жі берді.
Жаңа ғана екі балапанды аялап тұрған қия жартастың қиын
қуысындағы әдемі ұя бар асылынан айрылып, құлазып қала
берді. Арқаннан саумалай тартып Сәтжан жоғары өрмелеп
кетті.
Балапанды алып Сәтжандар ауылға келгенде күн
көтеріліп қалды. Күндегі уақытта өре қоймаған бұзаулар-
дың дыбысын сезген Зейне далаға шыққанда, бала пан
құшақ тап үйіне келе жатқан Сәтжанды көрді. Баласы-
ның күн шықпай кетіп, алып қайтқан олжасына Зейне бұл
жерде онша түсіне қойған жоқ. Ол бұзаулардың отынан
қалып, өруінен кешіккенін көріп баласына қатты ұрыс пақ
болды. Тап осы сәтте ойда жоктан жортып келіп калған
Серікбайдың балапан ұстаған Сәтжанды керіп дыбыстаған
үні киіп әкетті.
– Қарағым, мұны қайдан танып алып жүрсіңдер? Мы-
нау бір тәуір ителгінің тұқымы. Ителгінің тұқымы төртке
бөлінеді, оның асыл тұқымын қаражағал болады, мынау
мен танысам тап соның тұқымы. Түлей келе көрерміз, ақ
үрпік күнінің өзінде-ақ мына түскен қаражағал соның ізі.
«Таңбалы тастағы» ұя қиын еді ғой. Оған осал ителгі ұя
салмайды. Жазым болмай қалай барып алдыңдар? – деп
Серікбай таңдана сөйледі. Ондай ойдан хабарсыз тұрған
Зейнеге өзіне сезілген қатердің бейнесі енді елестеді. Ол
құзар қиын жартастың қиясынан алған баласының табы-
сына енді түсінді. Бала да, алған балапаны да олжа дегендей
ішінен ғана ризалық етті.
Әкелуін әкелді, баулуы атасынікі ғой, – деп Зейне
Сәтжанның еркелеп тұрған бетінен сүйді.
Зейненің тапсыруын тұспалдан ұққандай Серікбай
Сәтжанға:
Балапанның астына тобылғы төсеп қой, тұғырға
отыруға жарап, оған қонғанша жатақ болып қалмасын, –
деп ақыл үйретіп құс күйіне баули бастады.
Сапарғали Бегалин 4 том
239
Тырнақалды
Қанат, құйрығы жетіліп, көнектей болып толған қара
ителгі тоятты түзден тілейді. Ол ауыл маңына қонған таррақ,
бұлдырық сияқты кішкене құстарға қарай талпынады,
аспанға қарап шақырып, аяқ бауын тартып, тұғырдан түсіп
далпылдап, аспан әлеміне қанат қағуды тілейді. Қасына келіп,
қолына қондырып «па-па» деп сипап жем берген Сәтжанға
дөп-дөңгелек қарақаттай көзін қадап, жүнін жығып, кейде
айналаға қарап ұшқысы келеді. Құсбегі атасының қыранын
қолына алғандағы әдеттерін істеп Сәтжан да «қой, па-па,
қой!» деп ителгісін сылап-сипай сергітеді. Құсын қолына
алғанда Сәтжан алуан қиялмен шалқып, алдырмайтын аңы
аз болады. «Әттең, бұл жақта қарақұйрық жоқ. Әйтпесе,
соған салып үйретсем, мынау деген киік алатын кенек
қараның өзі» деп атасының айтқанын есінен шығармайды.
Ішінен ителгісі ең қыран деп сенеді.
Сиыр фермасы күзге қарай Байқошқар бойына кешіп
қонды. Бұзаулары марқайып, сүт ішуді қойып, ірі малдың
қатарына қосылуға айналды. Жаңа қонған соны өзеннің
бойы мол су, кең өрісімен сиыр малға өлеңді жұмсақ шөбі
өте жұғымды. Сәтжанның бұзаулары да торпақ деген есей-
ген атқа ие болып, мүйіздерінің тұқылы көрініп, күн санап
үлкейіп өсе берді.
Баққан бұзауы торпақ атына ие болған кезде Сәтжан ның
бір белеске шыққан кезі болды. Ол бұзауына торпақ аты
берілісімен-ақ, кешікпей қыста бөлек бағылатын бойдақ
сиыр тобына өткізеді. Қөктемде туған жас бұзауды торпак
атын алғанша аман бағып бойдаққа қосу, оның жылдық
еңбегінің есепті қорытындысы. Ол осы кезді тіпті асығып
күтіп жүр.
Жаңа жұртта Сәтжан бірнеше елеулі табыстарға ие
болмақ. Оның бірі бұзауларына торпақ деген атты беріп,
асыл тұқымды қасқа сиырдың жаңа төлдерін қатарға
қосады. Сол бұзауындай жайлау жартасынан алған ақ үрпік
балапаны жетілген көнектей ителгі болып тұғыр басты.
Оны осы өзен бойында аяқтандырып құс алдырады, қоянға
баулиды. Жаздай бірі егісте, бірі шөпте, бірі малда болған
кұрбыларымен бас қосып жазғы көрген жаңалықтарын ай-
тысады. Енді аз күнде мектептерінде оқу басталады. Жаңа
кітаптар, тың пәндер оқиды, білім алады. Осы ойлар бірінен
бірі қызықты болып алма-кезек көз алдына елестеген
Сәтжан торпақтарын түскі жусауына әкеліп, ауылға иірді.
Сапарғали Бегалин 4 том
240
– Сәтжан, сен ителгіңе кешеден бері жем бердің бе?
Кәне, бері әкелші көрейін. Бұл антұрғанның тұқымы
семіріп кетсе, құс қайтқан кезде қашқыш болады. Сен енді
жемді бұған сиретіп бер. Бүгін бір шырға тартып қызылға
шақырып байқайық, – деп Серікбай Сәтжанның ителгісін
қолына алды. Атасының осы сөзін жаңа жұртқа қонғалы
күтіп жүрген Сәтжан қуанып кетті. Ол ителгісіне екі күннен
бері жем берген жоқ-ты. Тоят тілеп шырылдап отырған ба-
лапан Серікбай қолына алғанда қомағайлана жем дәметті.
Ол қыңқыңдап Серікбайдың кондырған қолының айнала-
сынан жем іздеп жымырылды.
Е, өзі әбден ашыққан екен. Бұл иттің тұқымы қандай
қомағай, қазір қызылды қасқырдың жонынан тартқызсаң
да мынау таймайды. Ал мынаны мен ұстап отырайын,
ана жемді біздің үйдегі қоянның терісіне орап, бір шетін
қызартып шығар да, өзін жіпке тағып ана қырқадан сүйретіп
алып қаш, – деді Серікбай.
Атасының айтқанын бұлжытпастан орындап, Сәтжан
жемді тыққан қоян терісін қолына алып, ителгісін Серікбай
нұсқаған қырқадан барып шақырды. Ашығып отырған
комағай қыран қызылды көріп етпетінен түсті. Ителгі са-
балап ұшып жемге бет алғанда, Сәтжан арқанның ұшынан
ұстап қоянның терісіне байланған кызылды сүйрете қашты.
Түздегі ителгінің түйіп түсетін әдетін айнытпай істеп
жемнің үстіне келіп жеткенде, ителгі қайқаң етіп аспанға
көтеріліп, жарқ етіп келіп қоянның терісіне қалшылдаған
қыран мінезбен шүйіліп келіп түсті. Ителгінің мына түсісіне
аса paзы болған Серікбай ентелей басып о да келді. Жемнен
бір-екі тартқызып, көп бермей сол жерге қондырып тастап,
өзі Сәтжанды ертіп үй жаққа қайтты.
Жем басқан жерінде қойқандап біраз отырып ителгі
көтеріліп ұшып аспанға шықты. Серікбай қолындағы жемді
қайта көрсетіп, ителгіні енді өзіне шақырды. Қолдан жем
алып үйренген әдетті қыранша ителгі аққан бетімен келіп,
Серікбайдың қолындағы жемге қонды.
– Мұны бүгін аса тойғызба, ертең, мына жердегі қара
судағы үйрекке тағы бір салып көрелік. Үйрек ұшқыр құс,
алыстан көріп мына шабан шіркін жете алмай қалмаса, мы-
нау алады, – деп Серікбай Сәтжанды қуантып қойды.
Бүгінгі түн Сәтжанға жылдан кем болған жоқ. Ол
ителгісінің шырғаны басып жем алғанын, бүркітші
атасының мақтап үйрек алады дегенін апасына айтып, түн
ортасы ауғанша көзін ілмеді. Таң атып, бұзауын, бұзау емес-
Сапарғали Бегалин 4 том
241
ау торпақтарын өрістетіп қай ауылға әкеліп жеткізу сәтін
өте ұзақ көріп, әрең дегенде ұйықтады.
Сәтжанның әрбір талабына тағаты қалмай қызықтап
қарайтын Зейне де баласынан аз қуанған жоқ. Ол тек, бала-
сы аса әуейленіп кетпесін дегендей сыр бермей, салмақты
ақыл айтып, шаруа жағына ойыстырып ой сала берді. Бірақ
та, үйкүшік болмай түзшіл болуын, бұйығы болмай өршіл,
ізденгіш болуын өте ұнатады. Көбінесе баласына ой салып,
өнерге талпындыратын да Зейненің өзі. Ол баласына:
– Атаңнан мылтық атуды да үйрен, өзім мылтық алғызып
берем. «Қару алсаң – мылтық ал, қарның ашса тамағың,
талыққанда таяғың»– деген халық мақалын айтып, өнер
тандағанда үйрен дейтіні осындай нәрселер.
Сәтжан күндегі әдетімен уақытында тұрып, торпақтарын
өргізіп кетті. Ол атасы айтқан қара су бойына қарай
өрістетіп, үйрек қарады. Салқындай бастаған солтүстіктің
ызғырық желінен жиреніп, жылы жаққа бет алып,
оңтүстікке қарай серпілген үйректер де қара су бойында
жиналып қалған кез болатын. Ұйтқып ұшып, қоныстамай
су бетіне шимай салып жүрген топ-топ шүрегей салмақпен
ұшып, көгалы шөптесін, салынды бар жерді сағалай қонып,
бұқпантайлап жүрген қос көкала мойындар да көрінді.
Солардың бәрін бүгін ителгісіне қырғызатындай қызығып,
Сәтжан екі көзін үйректерден алмады. Өзім бүгін ителгімді
неге ала шықпадым. Мүмкін өз қолымнан-ақ алдырар едім,
деп өкінгендей де болады.
Оты қанған торпақтары түскі жусауына бой ұрып,
ауылға қарай шалқыды. Әлденеше топ үйректің қара суға
келіп қонғанын белгілеп, екі көзін су бойынан алмай,
Сәтжан да ауылға жеткенше асығып келеді. Егер атасы
алдынан ителгіні алып шығып, қазір жүр десе, ол тамақ
ішпей-ақ жүріп кетер еді. Бірақ, атасы оны істемеді. Малын
жайғастырып, алды-артын тиянақтап барып, алаңсыз кезді
ғана тауып, үйретер өнеріне сонда баулиды.
Сәтжанның асығып келген сырын апасы айтқызбай-ақ
ұқты. Атасының уәделі сәті жетіп, бала мақсаты орындалар
кез болып қалған тәрізді. Осыны түсінген Зейне:
– Атаңа бар, үйрекке апарам десе, бұзауды мен өзім
оралтып қайтам. Құсыңды аяқтандыр, – деді.
– Апа, мына қара суға үйрек сыймайды. Атамды ертіп
барам. Атам кеше өзі айтқан, барады, – деп Сәтжан қуанып
кетті. Сәтжанның қуанышын ұғып отырғандай тұғырда
тұрған ителгісі де, қолынан жем жеп үйренген иесін көріп,
шарылдап шақырып-шақырып жіберді.
Сапарғали Бегалин 4 том
242
Ителгіні алып Серікбай мен Сәтжан қара суға қарай
жөнелгенде:
«Қайырып салған көк кұсы
Қаз ілгенде жарқылдап»
деген Абайдың өлеңін есіне алып, Зейне торпақтарды
өргізіп, көпке дейін баласына қуана қарап тұрды.
Жасынан кұстың неше түрлі салу әдісін жадына жаттаған
Серікбай, қара суға таянған кезде ителгіні шақыртпай,
су жақтан көлеңкелеп өзінің ығына ұстап, үйректерден
ителгіні жасыра бастады.
Түйсігі түз құсына арналған қолбала ителгі де, осы сыр-
ды ұққандай шарылдағанын қойып жымып келеді. Даң-
ғайыр аңшы мен заты қыран құсының ілезде өзгеріп, басқа
мінез тапқан кұбылыстарына ойлана қарап Сәтжан да ата
ыңғайымен аңшылық әдіске көшіп, демін іштен алып, жан-
жағына жымиып қана қарайды.
Қара судың күнбатыс жағындағы қалың талдың таса сы-
на жеткен кезде Серікбай атын ентелете бастырып, қара су-
дың жарлауыттанған қабағына сып етіп жете беріп, ителгіні
көтере ұстап, ат үстінен ұмтылып кеп қалды. Серікбай келіп
тап берген жерде суда отырған бір топ шүрегей жарқ етіп
ұшып ойнап аспанға шыкты. Зу етіп көтерілген шүрегейдің
тобына ителгі араласпады. Атам соған жіберді ғой деп
күткен Сәтжан өзінің ителгісін аспаннан көре алмай, ата-
сынын қолында далпылдап ұмтылып бара жатқанын көрді.
Осы шақта онын лепіріп келген көңілі басылғандай, не
болды, деген күдік туып, өнебойы тітіркеніп кетті. Сонша
болмады, шүрегей ұшқан қара судың бас жағынан пыр етіп
ұшқан қос көкала мойын судан көтерілгенше, атасының
қолындағы ителгі де лып етіп ұшып аспанға шықты.
Шүрегейдей зулап ұшып, зырлап ақпай, шабандай ұшып
түзу жөнелген қос көкаланың үстіне ителгі сып етіп жетіп
барып, жарқ етіп жоғары көтерілді. Құсының осы сәттегі
бар қимылын бағып тұрған Сәтжанның көзіне жас толып,
бұлдырап кеткендей болды. Үйректің дәл үстіне жетіп
алып, жоғарылап қайта шүйіліп, ителгі үйректің біреуіне
түйіліп кеткенде, бір үйрек сылқ етіп құлдырап жерге ақты.
Ол үйректің қызығына қарап, ителгісінің одан кейін не
істегенінен Сәтжан көз жазды. Ителгісі үйректің бірін теуіп
түсіріп, екіншісіне шүйіліп қуып жәнелді. Сонша болмады,
сасқан үйрек бұлт беріп бір шоқ талға барып жоқ болды.
Талға кірген үйректі таба алмай, ағындаған бетімен ба-
рып, өзеннің қабағындағы бір жартасқа қонып отырып
қалды.
Сапарғали Бегалин 4 том
243
Ителгінің теуіп түсірген үйрегін іліп алып, Серікбай
да ителгінің қонған жартасына қарай жүгіртіп келді.
Құнанымен шапқылап Сәтжан да жетті. Қолындағы қы-
зылды көрсетіп, Серікбай ителгіні жемге шақырды. Дағды-
лы қыранша бөгелместен ителгі Серікбайдың қолына келіп
қонғанда, Сәтжан шектен тыс қуанып кетті. Түздің құсына
дәндесе ителгісі қолға кайтып келмей қояр, деп те қорқа тын
еді. Ителгісі оны істемеді, лып етіп қызылға қайтып кел ді.
Ителгі теуіп түсірген көнектей көкала үйректі Серікбай ба-
уыздап, Сәтжанның қанжығасына байлап берді.
– Құсың аяқтанды, мынау құсыңның тырнақалдысы,
сенің де тырнақалдың. Зейне үлкен той істейтін болды,
– деп күліп Серікбай қонышынан қара шақшасын алып,
қағып-қағып насыбайын ерніне тастап жіберді.
Атасының Сәтжанға жұмбақ болып тұрған әрекетінің
бірі ителгіні алғашкы бір топ шүрегей үйрекке жібермей,
ұстап қалғаны еді. Ол өз ішінен көп үйрекке жіберсе, кеп
алар еді, мына жекеленген екі ғана үйрекке жіберіп, біреуін
ғана алып қалдық деп азырқанып та қойды. Сүйтті де осы
сырды атасынан сұрағысы келіп оқталды. Бірақ батылы бар-
мады. Сәтжанның осы сырын қабағынан ұққандай, атасы
ауылға бет алғанда, әңгіме етіп ұшқыр шүрегейдің ителгіге
жеткізбейтінін, салған құсына жете алмаса ителгі беталды
ұзап ұшып кететінін ұғындырды.
Тырнақалды үйрегін алып ауылға келгенде, Сәтжанды
шашу шашып қарсы алған Зейне, төбесі көкке жеткендей
куанып, бар тілегін осы сәтте баласына арнап шүкірана
ойын айтып жатты.
Құс қуған бала
Сәтжанның ителгісі үйрек алғаннан бері, өзіне де
бұрынғысынан өзгеше тәрізді. Ерекше тұлғалы қыран
бейнесіне ұқсағандай. Тұғырда отырса, құм қайрақ қыз-
ғылт көзі жалын шашып, қызықты болып кетті. Апасы
да «Сәтжан, құсың өйтпесін, бүйтпесін» деген секілді ой
бөліп елеген мінез білдіреді. Аңшы атасы, күніне бір рет
қолына қондырып сылап-сипап, Сәтжанның берген жемін
өз көзімен көріп, ол да қадағалап жүр. Үй ішінде де, ауыл
арасында да Сәтжанның ителгісінін үйректі теуіп түсіргені
әжептәуір сөз болды. Осының барлығы Сәтжанның құс
құмарлығын бұрынғыдан да өсіре түсті,
– Ертең торпақтарыңды бойдаққа өткіз. Бәріміз көріп
аламыз, – деген колхоз бастығының сөзін есіткенде Сәт-
Сапарғали Бегалин 4 том
244
жан аса қуанды. Соны жерге қонғаннан бері жетіле ерже-
те түскен торпақтары, әсіресе, «Майғарын», «Қоянқұлақ»,
«Сидақасқалар» ірі көрініп, тіпті қызықты еді. Сол қызықты
малын өсіріп, өріс танытып колхоз дәулетіне қосатын күн
жетті.
Торпақтарды бойдаққа өткізіп алған Ахмет:
– Бұзаулардың биылғы күтімі ерекше болған тәрізді.
Торпақтар бұрынғы екі жылғыдан анағұрлым ірі. Ерекше
етті, – деп Серікбайға карады.
– Оның рас, Ахмет, – деді Серікбай. – Малмен біте
қайнаған адамсың ғой, абайлауың дұрыс. Сәтжан биыл
төлді өте жақсы бақты. Бұзауларын қашан есейгенше
күнсітпей, талдан шарбақ тоқып, көленкеге жатқызды.
Онан соң бұзауға беретін сүтті ор қазып, күн ыстықта соған
қойып, суытып беріп отырды. Бұл бұзаулар ыстық өтпей,
күнсіген жылы сүт жұтпай, көлеңкеде жусап, сүтті бабы-
мен ішіп майекті өсті.
– Бәсе, айттым ғой, әйтеуір бір айырықша күтім
болған. Бұл әдісті кімнен үйрендің? – деп Ахмет Сәтжанға
қарады.
– Жанай екеуміз, өзіміз ақылдасып істедік, – деп
Сәтжан кең танауын бір тартып Серікбай ақсақалға
қарады.
– Бұларға ешкім де үйреткен жок. Осы екеуінің өзі
ерінбей-жалықпай-ақ істеді, – деп Серікбай екі баланың
төл баққыш мінездерін көтермелеп қойды.
Сәтжанның бүгінгі бір асыға істеп отырған жұмысы,
ферманың айлық есебі. Ол ай сайын фермадан тапсырылған
сүттің, қаймақтың есебін және сауыншылардың еңбек
күнінің есебін жазып жіберіп отыратын. Ал, Байқошқарға
келгелі жинақталып жазылған жоқ-ты. Ол таңертеңнен
бері соны жазып, есеп дәптеріне қондырып жатыр.
– Сенің есеп қағазың келмегендіктен ауданға беретін
мәлімет бөгеліп қалды және май мен сүттің жоспарын
орындағаны туралы жазылатын хабарлау да сенің есебіне
байланысты, – деп жазған колхоз есепшісінің кағазы, бар
кінәні Сәтжанға аударып мойындатып қойғандай болды.
Осы есепті алып баруға Жанай белгіленісімен-ақ Сәтжанды
«бол-болдың» астына алып, ол да асықтырып отыр.
Тез бітіруге Сәтжанның, өзі де соншалық асық. Кеше
кешке Қанай сиыршы аңызда көп қаздың жүргенін ай-
тып, Сәтжанды мүлде қызықтырып қойды. Кешкі шабытта
ителгіні қазға бір жіберіп байқасам деп, іштен соны ойла-
нып, асығып та отыр.
Сапарғали Бегалин 4 том
245
Жанайға беретін қағазын бітіріп, Сәтжан далаға
шыққанда, ауыл үстінен шулап ұшқан бір топ қаз тура
егіндіктің орнына тартты. Қаз дыбысынан елең алғандай
ителгісі талпынып, тұғырынан жерге қонып, аяқ бауын
тартқылады. Далада отта тұрған кер құнанын Сәтжан алып
келгенше, су бойынан кешкі жайылымға егіндік орнына
қарай топ қаздардың тағы бірнешеуі ұшып өтті.
Сәтжанның бір қарайлап тосқаны қырман басындағы
ауылға кеткен Серікбай атасы еді. Ол кісі әлі көрінбейді.
Баласынын құнанын ерттеп қамданғанын көрген Зейне:
– Қарағым, күн кешкіргенде қайда барасың, өзен бойы-
на барма, – деп баласына әлденеден ой салды.
– Өзен бойына өзім де бармаймын, мына егіндік жаққа
барамын. Құсымды қазға саламын, – деп Сәтжан не дер
дегендей шешесінін бетіне қарады. Баласының кәнігі
құсбегілерше қазға салам, деп ширап айтқан сөзіне разы
болғандай, Зейне жаулығын қолымен иығына қарай бір
серпіп:
– Түгі, торғайдай шіркінің қазды қайдан алсын. Ана
жылғы бүркітін қасқырға салып өлтіріп алған аңшы атаң
құсап, құсыңды қаз өлтіріп кетіп жүрмесін, – деді.
– Апам кейде жоқты айтады, ителгінің қаз түгіл киік
алатынын естіген жоқ па едің. Өзің нанбасаң, аңшы атам-
нан сұрашы, – деп Сәтжан шынымен ренжіп қалды.
Сәтжан құнанына мініп, құсын алып егіндікке жөнел-
генде, Шақпақ жақтан соғып тұрған жел екпіндей түсті.
Шабытына түсіп ашыққан ителгі салқын желге ширық қан-
дай, алдынан пыр еткен торғайларға да лап қойғандай, қол-
ға тұрмай, қымыңдап келеді. Өзіне ере шыққан Бөрібасар-
ды Сәтжан ауылдан ұзаған сон ғана көрді. «Ерсең ер, серік
боларсың» дегендей Сәтжан оған жекіген жоқ.
Жаздай бұзау бағуға мінілген кер құнан қамшыға еті
үйреніп қырсаулау жүретін әдетімен аяғын керенау басады.
Егіндік бірсыпыра жер, күн де енкейіп барады. Сәтжан тез
жеткісі келіп кер құнанды тебініп те, қамшылап та қояды.
Бірақ жүрісі өнбей, егіндікке әлі жете алмай келеді.
Ойдағы үлкен егіндікке иек артпа жерден бармақ бо-
лып Сәтжан даламен жортты. Әлденеден сезік алып, алда
тұрған айқасқа әзірленгендей ителгі де жүнін жығып, екі
қанатын салбыратып жұмып келеді. Ителгісінің мына
мінезіне соншалық разы болған Сәтжан абайламай
егіндікке қашаңдау бір белестен шыға келді. Егін орнында
топ-тобымен бырдай болып жайылып жатқан қаздар ке-
неттен шыға келген Сәтжанды көре салып, топ-тобымен
Сапарғали Бегалин 4 том
246
каңқылдап көтеріле бастады. Қаздардың дауылдап ұшқан
қызығына таңдана қарап келе жатқанда Сәтжан құсының
сып етіп қолынан атып шығып кеткенін бір-ақ білді.
Ителгі қиқулап көтерілген бір топ қазға қарай зыта
жөнелді. Бірақ, қаздар жоғары көтеріліп кетті. Ителгіден
шошынды ма, жоқ өздерінің ұшуы солай ма, қаздар барған
сайын аспандап көтеріле берді. Біріне-бірін тіркеген
көштің түйесіндей қаздар тізбектеліп Бақанас бойын өрлей
оңтүстікке қарай тартты. Қаздардан әлдеқайда төменде
ителгі де кетіп барады. Барған сайын жел көтерді ме,
ителгі қаздарға жақындаған тәрізденді. Бірақ қаз тобына
айқасқкан белгісі білінбейді. Екі көзі аспанда, ителгісінің
қарасынап көз алмай Сәтжан шауып келеді. Кер құнаны
барлығып калды ма, жок өзінің жалқаулығы ма, шабысы
бәсеңдеп, қаздар тобы да, ителгі де ұзап кетті.
Сәтжан ителгісін шақырып алатын әдістерінін бәрін
істеді. Бірак ителгісі оған ойысар емес. Барған сайын аспан-
дап қазбен бірге бұлтқа кіріп қарасы әрең-әрең көрініп
ұзай берді.
Шығыс жақтан түннің кою қараңғылығы да көтеріле
батады. Барған сайын айнала елсіз тартып түсі суық сұр
бұлт қалыңдай түсті. Кер құнанның аяғы қоюлап, шоқы-
рақ таудан да қалды. Ешнәрсені ұқпаса да, Сәтжанның шап-
қан бетіне қарай далақтап Бөрібасар беталды жүгіріп, о да
қызыл танау.
Ителгісін шақыра-шақыра Сәтжанның даусы қарлықты;
жел кеулеп киімдерінің етегі далиып ашылып, құнанын
қамшылаймын, деп қамшысынын басы ұшып кетті. Қамшы
болмаған соң кер құнан мүлде басынып, жортақты да
қойып, тоқтауға таянып келеді. Байқошқардың Бақанасқа
құяр қоспасына таянғанда ымырт жабылып, қаздар тобы
да, ителгісі де көз ұшынан мүлде ғайып болды.
Өзен бойының тал бұталары түн көлеңкесін оранып,
мүлде түйілген қара көлеңке болып кетті. Әлі де қарлыққан
даусымен ителгісін шақырып Сәтжан ілгері тебінеді. Түн
болса мынау, ителгіден көз жазды. Енді неге айқайлайды,
неге ілгері қарай тебінеді, оны өзі де білмейді.
Солтүстіктің түсі суық сұр бұлты қалыңдап, қараңғылық
қоюланып кетті. Бір топ талдың тұсына келгенде кер
құнан мүлде аяғын баспай тұрып алды. Сәтжан құнаннан
түсті. Бірақ, әлі де құсынан үміт үзбей аспанға, айналасы-
на қарайды. Құнанына сүйеніп тұрған Сәтжанның аяғына
тұмсығын сүйей Бөрібасар да ентігін баса алмай келіп
Сапарғали Бегалин 4 том
247
шөкесінен жатты. Қою қара көлеңкеге шомылған шоқ тал
әлденелердің ұясындай өте жат көрінеді. Ызыңдаған кешкі
жел суылдатып үйірген тал бұталар, құрақ, шалғындар
әлденені күбірлегендей, алуан үн ырғалады. Мына түнерген
дүлей табиғаттың ортасында Сәтжан жалғыз болса қайтер
еді. Болдырса да кер құнаны, Бөрібасары кәдуілгідей
тиянақ.
Бағанадан аттың қызуымен абайламаған Сәтжан енді
байқады, өнебойы салқындап тоңып барады. Байпағымен
сыймаған соң қоңылтақ кие салған жұқа етік және шолақ
қамзол оншалықты пана болар емес, кешкі ызғар етін қари
бастады. Біраз демігін басқаннан кейін отшаң кер құнан
жайылғысы кеп жерге ұмтылды.
Бағанадан бері тек құсының жайын ойлап ешнәрсені
елемеген Сәтжан бас қамына енді ойысты. Айнала тастай
қараңғы. Ауыл алыста. Кер құнан болса болдырып жүруге
жарамай калды. Үстінде жөнді киім жоқ. Күздің мынау
ұзақ таңында, әсіресе, таңғы бозкырауға қалай шыдайды,
өзен бойының елсіз жынысында кандай аңның мекендеп
жүргенін кім біледі?
Сәтжан енді аздап сескенейін деді. Оның ойына келген
бір медеу өзен бойы ғой. Мұнда шабылған, үйілген шөп
болса тауып алып, соны паналасам және құнанымды да сол
шөпке қойып тойдырып алсам, деді ішінен, ол отыра қалып
жерді қолымен сипалап еді тұрған жері шабындының орны
екен. Ол қуанып кетті. Құнанын қоя салып жан-жаққа
жүгіріп, үйілген шөп іздеді, дес бергенде өзі тоқтаған шок
талдың жоғарғы жағында үйілген шөптің бейнесіндей бір
шоғыр көрінді. Қайтадан құнанына келіп жетектеп, сол
шоғырға қарай жүрді. Әлденелер үстінен зу-зу етіп өте
шығады. Ондайда Сәтжан шошып та қалады, үміттеніп те
қалады. Үйткені кейбір суыл ителгінің қолына қонарда су-
ылдап келе жатқан екпіні тәрізденіп кетеді. Шынында ол
Сәтжанның ителгісі емес, өзен бойын жобалап ұшып кай-
тып жатқан үйректер еді.
Сәтжанның келгені сол өзеннің бойынан шауып үйген
үлкен мая шөп болды. Ол бұған аулын тапқандай қуанды,
Шөптің ық жағына келіп, құнанының, ауыздығын алып
шөпке қойды. Өзі шөпті қуыстап жантайды. Сәтжанның
аяқ жағына келіп Бөрібасар да бұйыға жатты. Ол кейде
әлденелерге құлағын тігіп, дыбыс сезгендей Сәтжанға да
қарап қояды. Сәтжанның ойына бұл түнде ұры кездесіп,
құнанымды іліп әкетер деген қауіп келген жоқ. Ол тек
Сапарғали Бегалин 4 том
248
қасқырдан қауіптенді. Қасқырға Бөрібасар сенімді күзетші.
Құнаны шөпте, өзі шөптің жылы ықтасында. Алғашқыдай
емес, өзен бойының түнерген қараңғылығына бойы да
үйренді. Біраздан кейін маужырап, ұйқысы келіп, Сәтжан
қалғып та кетті.
Жанайдың жаңалықтары
Мезгілсіздеу уақытта құс сала кеткен баласы кешігіп кел-
мегенге Зейне түнімен көз ілмеді. Мұндайда жер жо басын
біліп іздерлік Серікбай құсбегі де үйде жоқ. Қанай сиыр шы
карагеріне мініп біраз жерді қарап таба алмай келді. Зей-
не түнімен далаға отты жағып, таң атқанша отын сөндір-
меді. Бірақ, ол от Қаранай адырының Бақанасқка ойыс -
қан мұрыншақ биігінің тасасына түсіп кеткен Сәтжанға
кө рі н ген жок. Зейне таң ата айналадағы қарауыл төбелерге
шы ғып, жан-жақты шолды. Бірақ, баласы бұл маңнан
да көрін бе ді. Ренжіп отырған Зейненің үйіне Бөрібасар
кіріп кел генде – «Жеңеше, Сәтжаның келе жатыр»–
деген Жанай дың шешесінің даусы саңқ ете түсті. Зейне
баласының ке луіне дәт қылмай алдынан қарсы жүгірді.
Қолында құсы жоқ, болдырған кер құнанды тебініп келе
жатқан Сәтжан ма ған ұрысқалы келеді деп, апасынан қатты
қорықты. Бірақ, апасы таяна бергенде:
– Қуатым, Сәтжан-ау, қайда болдың, аман барсың
ба? – деп ана лебізімен қарсы алды. Апасының мейірбан
жүрегіне еркелене, өзінің құсынан айрылған арманын
шаққандай Сәтжан жуасып төмен қарады. Баласының
мұңайып жасыған түрін көргенде Зейненің жаны ашып
кеткендей болды.
– Қуатым, құсың қайда, қайда болдың? – деген сұрағын
Зейне еріксіз тағы да айтты.
– Құсымды қашырып алдым, – деп Сәтжан ақырын
ғана үн қатты.
– Қарағым-ай, өзің де балалық істедің. Тап күн батарда
құс салған құсбегін естіген жоқ едім. Жарайды, өзің аман
бол, құс табылар, – деп Зейне баласының көңілін аулай
жылы сөз айтты.
– Біздің Жанай да әлі қайтқан жоқ. Соны колхоз
есепшісі аудан басына жібермесе игі еді, деп отырмын.
Әлде балалық етіп жолда тайынан айрылып қалды ма екен,
– деп Жанайдың шешесі сөйлеп кетті.
– Ауданға жіберсе бара келсін, жаңа газеттер әкеледі
және мектепке барып оқудың қашан басталатынын біліп
Сапарғали Бегалин 4 том
249
қайтады, – деп Сәтжан Жанайдың ауданға барып қайтуын
ұнатты.
Жанай колхоз басқармасына келгенде, күн еңкейіп
батуға барып қалған болатын. Есепші қағазды алып оқып:
– Атың қалай, жарамды ма? – деді Жанайдың бас-аяғына
көз жүгіртіп.
– Өзімнің тайым, – деді Жанай жауапты лып еткізіп
тез айтатын әдетімен.
– Тайың болса, атың мықты екен. Мына қағазды ауданға
жеткізіп бер – деп есепші Жанайға үзілді-кесілді бұйыра
сөйледі.
Тайын аяғанмен жұмыстын тығыздығын сезген Жанай
«жарайды» деді.
Жанай бірсыпыра жердегі ауданға баруға тайын да аяды.
Және күн кешкіріп қалды, күн батқанша жете ала ма, жет-
пей ме. Одан да қорқады. Бірақ, тапсырылған жұмыс өте
жауапты. Жанайдың осы ойын есепші біле қойды да:
– Сен бұл түнде ауданға жете алмайсың. Және барға-
ныңмен кеңседен ешкімді таппайсың. Бүгін жолдағы қой
фермасына барып қон. Таңертең ерте апарып бер. Жаңа
газеттер әкел, қолыңа берген почтаны қалдырма, – деп
есепші жүріс жайын ұғындырып берді.
Жанай қой фермасындағы ауылдан шығып өзен бойын
өрлей жүріп келеді. Кеше кештен бері түнерген сұр бұлт
таң ата серпілді, күннің көзі алыстан жүдеп жететін әлсіз
жылуын жерге сараң ғана жіберіп тұрған тәрізді. Аудан
орталығына таянған жердегі өзеннің қалың талдарын жи-
ектей жүретін жолмен келе жатқан Жанай, өзен бойынан
көз алмайды. Сәтжанның ителгісі үйрек алғаннан бері Жа-
най қайда жүрсе де үйрек, қаз сияқты су құстарын көргісі
келіп, оны өзінің құсы алатындай қиялдап ойлай беретін.
Бүгін де оған жол бойы ермек болып келе жатқан сол ой еді.
Өзен бойының иірім қара суларына топ-тобымен түнеген
шүрегей аралас сұқсұр үйректер ерсілі-қарсылы ұшып-
қонып дуылдап жүр.
Жанай кейде ән шырқап қояды. Ол ауданға жетуге асық.
Үйткені көптен көрмеген Нариманға жолығады. Одан жаңа
кітап, журнал алады. Жаздайғы көрген-білгенін айтады.
Көп ойлармен келе жатқан Жанай аудан орталығының
шет жағындағы Нариман үйінің қасына да келіп қалыпты.
Қораның сыртқы жағы өзеннің құрғақ арнасы. Арнада
жайылып жүрген бір топ тауық қырқылдап қораға қарай
зытты. Сол кезде аяқ баулы бір кішкене құс Жанайдың ал-
Сапарғали Бегалин 4 том
250
дынан зу ете түсті. Құс тауықтарға түйіліп келсе де Жанай-
дан қорғанғандай серпіліп барып қораның кемеріне қонды.
Көз алдында ойда жоқта пайда болған қыран қимылына
Жанай таңырқана қызығып атының басын бұрып тура
ұмтылды, құс ұшып барып басқа бір қораның төбесіне
қонды. Жанайдын көзіне құстың аяғында жүрген аяқбауы
жылы ұшырады. Ол құстан онан сайын көз жазғысы кел-
мей, оның барып қонған жеріне таяна жүрді. Құс Жанай
таянғанда сескеніп тағы ұшып қайтадан Нариман үйінің
сыртындағы биік талға барып конды.
Бұл құстың қолға үйренгені аяқбауынан да, айна-
ла ұшуынан да белгілі. Әлде осы арадағы біреудің кұсы
шығар, деп Жанай бір ойланды да, жоқ, осының аяқбауы
таныс тәрізді. Біздің Сәтжанның құсы болмасын, деп аты-
нан түсіп Нариманның үйіне құстан тасаланып келді. Сол
кораның ығынан кұсты бас бағып қарады. Құс ешқайда ке-
тер емес. Ол тайын сол жерге байлап, құсты қолын созып
шақырды. Бірақ құры қол шақырғанға құс келмеді. Осы
кезде үйінен шыға келген Нариман Жанайды көріп қуанып
тұра жүгірді.
– Қолыңды шошайтып бүркіт шақырып жүрсің бе? Ол
не – деп әзілқой мінезімен Жанайды келе иығынан тартып
ойнай бастады.
– Нариман, кішкене тұра тұр, мына кұсты ұсталық.
Көрдің бе, аякбауы бар, – деп Жанай Нариманға құсты
көрсетті. Екеуі құсты ұстамак болып шакырды.
– Сіздің үйде кішкене ет бар ма? Көрсетіп шақырсақ
ұстаймыз, – деп Жанай Нариманға құс тілін білетін кісіше
сөйледі.
– Ет табылады, – деп Нариман үйіне жүгіріп кіріп кетті
де, бір кішкене ет алып шықты. Екеуі құс қонған қораның
қасына барып, құсқа қызылды көрсетіп шақырды. Ашық-
қан ителгі қызыл көрісімен ұшып келіп Жанайдың қо лына
қонды. Аяқбауынан мықтап ұстап, Жанай құсты айналды-
ра қарады. Алдымен аяқбауын таныды. Сәтжан осы жаңа-
да ғана құсына аяқбауға Жанайдың ескі былғары бел беуін
сұрап алып таққан, Жанай сол белбеуін анық таныды.
Сен өзің құсбегі болыпсың ғой. Мына құсты таныдың
ба. Бұл кімнің құсы? Өзі күйкентай ма, немене, – деп На-
риман әзілдей бастады.
– Бүл Сәтжанның құсы. Анау күні үйрек алған, – деді
Жанай.
– Оның құсы бұл жерге қайдан келеді? Сен шын танып
тұрсың ба, жоқ әншейін беталды құсшылымсып тұрсың
Сапарғали Бегалин 4 том
251
ба? – деп Нариман Жанайдың өзін келеке ете түсті. Бірақ
бұрын құс ұстап көрмеген Нариман жем іздеп қылқыңдаған
ителгіден жасқанып қалды. Нариманның онысын сезе
қойған Жанай:
– Ал бәлем, сені алады. Сәтжанды жамандағаныңды
біліп тұр, – деп Нариманға өзі құс тілін білетінсіді.
Нариман қалжақтап айтқанымен, сонау Байқошқар
қойнауынан Сәтжан құсының келе қоюы көлденең
қарағанда қисынсыз еді. Бірақ, кеше кешке Сәтжанның
құсы Бақанас өзенін өрлей оңтүстікке тартқан қалың
қаздың соңынан кеп ұшты. Еті арықтау, қолбала ителгі
қаз дар дың үстіне шығып одан жоғары көтеріле алмады.
Бірақ, қаз қиқуымен аспандап алған ителгі желмен көтері-
ліп сырғып ұша берді. Әлден уақытта, қаздар қарасынан
көз жазып төмендеп қалың талға келіп қонды. Ол осы тал-
ды бірнеше рет айнала ұшып, үстінен сүзіп өзіне жем қа рап
өтті. Бірақ, жем де, жем боларлық кішігірім құс я басқа қоян
сияқты аң да кездеспеді.
Жер бетін тұншықтыра басқандай еркештенген қара
бұлт төмендеп, түн қоюлана берді. Осы түн қараңғылығында
тал бұтасын тұғыр еткен қолбала ителгі де таң атқанша
дем алды. Таң лебімен оянған табиғат сыбдыры қанат
қақтырғандай, мойнын ішіне алып бұтаққа түнеген ителгі
де дүр-дүр сілкінді. Әлден уақытта ұшып шарыққа шықты.
Бойын жазып аяқ астынан өзі үйренген ауыл бейнесін
көрді. Өзін ұстап жем беріп желпіндіргён жандардың
қарасы елестеді. Содан айналып шықпай, ашыққан қыран,
асыраған колдан қызыл дәметіп, сол айналадан көп ұзамады.
Осы айналсоқта ол Жанайға кездесті.
Жанай ителгіні Нариманның үйіне байлап қойып, почта
конторына барды. Қөптен көрмеген құрбысынан қалмай
Нариман еріп жүрді. Почта беретін жерде Нариманның
тәтесі қызмет істейтін, бауырымен бірге келген Жанайды
көріп, жылы ұшырай амандасты, қолындағы почталарды
алып, колхозға жіберілетін қағаздарды берді.
– Мына қағазды ауылдағы мұғалімге өз қолыңмен тап-
сыр. Ондағы орта мектепте оқитын балалардың тізімін де
тез берсін және өздерін де тез жіберсін, – деп қадағалап
тапсырды.
Жанай мен Нариман бір қап хат-хабарлар мен газет-
терді алып, Наримандікіне келді. Жанай тайының ер-тоқы-
мын жөндеп, тартпасын қайта байлады. Нариман екеуі
каптағы почтаны теңдеп ердің артына таңды. Содан соң
Наримандікінен бір ескі тері қолғап тауып алып, ителгіні
Сапарғали Бегалин 4 том
252
байсалды аңшыларша қолына отырғызып байқады. Нари-
ман Жанайды үлкен жолдың бойына дейін шығарып салып,
Сәтжанға сәлем айтып үйіне қайтты.
Сәтжан Жанайды асығып күтті. Ол құсымды Жанай
ұстап әкелер деп тіпті ойлаған да жок. Ол оны жаңа газет,
журнал әкеледі және оқудың жайын біліп келеді деп күтулі.
Құсынан айрылған, бұзауларын малға өткізген, жолдасы
жолаушы жүрген Сәтжанға осы бір күн өте ұзақ тәрізді бо-
лып көрінді.
Жанайды асығып күткен Сәтжан үйге кіргеніне аз-ак,
уақыт болған. Әлденеден жүрегі дүрсілдегендей ол үйде де
отыра алмай, тағы тысқа шыкты. Осы шығуында ол Жанай-
ды көрді. Жанай да ителгіні көтере ұстап Сәтжанға қарсы
масаттана жортты.
– Менің құсым, менің құсым, – деп Сәтжан тұра
жүгірді.
– Иә, сенің құсың емес, өзім ұстап алдым. Құс өзімдікі,
– деп Жанай біле тұрса да Сәтжанға құсты ұстатқысы
келмеді.
– Иә, саған аяқбаулап ұстатқан шығар. Кәне, ителгімді
берші өзіме, – деп Сәтжан Жанайға жабыса түсті.
«Қалаған сүйіншіңді ал» деп өзіне жалынышты пішінмен
сөйлеген Сәтжаннын сөзі жүйесін босатып, Жанай кенет-
тен жайдарыланып кетті.
– Сүйіншімді өзің біліп бер. Мына құсың ауданға менен
бұрын барған екен, сол жерде ұстадым. Оқу басталғалы жа-
тыр. Екеумізге де мектепке тез келіңдер, деп жатыр, – деп
барлық жаңа хабарын айтып салды.
Алғашқы сонарда
Сабак басталғалы бір ай уакыт болды. Колхоз фермала-
ры да жайлау өрістерінен оралып, өз орталықтарына келді.
Сәтжандардың ауылы да ауданға иек артпа жердегі қыскы
қораларына қонды, жылы үйге кірді. Содан бері Сәтжан
құсын қолына алған жоқ. Бір нәрсені құнттағанда соған
біржолата құмарта істейтін әдетімен сабағына алданып,
құсына көңіл бөлмеді. Оған оның қолы да тимеді. Мектеп
ішіндегі пионер ұйымының жұмысын басқарады. Оқумен
қабат ұйым жұмысын дұрыстап алғанша тыным таппады.
Ауыл сонау Бақанасқа қонғаннан бастап құсының етін
қайырып Серікбай құсбегі аңға шығуға ерте-ақ дайын-
далған. Ол алғашқы сонарды асығып күтеді, күн жылуы
ерте қайтып үздіксіз жауған жаңбыр, қара суық, құсын ерте
Сапарғали Бегалин 4 том
253
арықтатып аңға салар күйіне келгеніне бірсыпыра болды.
Бірак, қабатынан келген шаруа қамы Серікбайдың қарадай
аңға шығуға мұршасын да келтірмеді.
Октябрь мерекесі қарсаңында бірнеше күнге демалысқа
босап Сәтжан да үйіне қайтты.
Сәтжан мен Жанай үйге келгенде шешелері жоқ еді.
Өздері күтетін сауын сиырлар қорасына үйілетін шөпті
тасып, қораны жылылап, сиыр қыстату қамына ферма
әйелдері де тегіс жұмыла кіріскен. Мұндай кезде бел шеш-
пей, аса зейілденіп Зейне үйде отырмай, үнемі шаруа басын-
да болады. Ол колхоздың шөп тасуға босатып берген көлігін
үздіксіз жүргізіп, қар жауып қалмай жұмысын бітіріп алу
қамында еді, Сәтжан келісімен қағаз, кітаптарын үйге коя
салып, сиыр қораға барды. Шөп тасуға баратын көліктерді
алып Зейне жүргелі жатыр еді.
– Апа, қайда барғалы жатырсыз? – деді.
– Шөпке барам, – деп Зейне жүруге қамданды.
– Aпa, шөпке мен барам, сіз үйдегі шаруаңызды істеңіз.
– Шаршайсың ғой қарағым, өзім-ақ барамын, – деген-
ше болмай:
– Жас мен шаршағанда, ал, өзіңіз ше? – деді Сәтжан.
Баласының бұл сөзіне Зейне өткел айтқан жок. Жа-
найды ертіп Сәтжан шөп тартуға кетті. Шаруа камына
күйгелектеніп жүрген Зейнені Сәтжаннын орамдылығы
сергітіп жіберді.
Мысық тоғанының ойынан шауып үйілген шөпті тегіс
әкеліп үйіп Сәтжан күн бата үйіне келді. Дәл сол күні
жылқыдан атын әкеліп Серікбай сонар күтіп отырған-ды.
Іңір арасында Сәтжан Серікбай үйіне барып біраз отырды.
Құсынын етін көріп:
– Пәлі-ай, ертең бір қансонар бола қалса, – деп тоқтады
Серікбай.
– Сәтжан далаға шығып келші, қазір қар жауып тұр ғой
деймін. Онда күн тез ашылады. Сәті болса ертең аңға ке-
тем, сен де жүр, аң қағып үйрен, – деп Серікбай Сәтжанды
жұмсады. Сәтжан үйге келіп қардың хабарың айтқанда
Серікбай күлімдеп, – Зейнеге айт, атыңды қамда, – деді.
Сәтжан өз үйіне келгенде қуана, шешесіне еркелей
келді.
– Апа, аңшы атам ертең сонар болады, түлкіге ерте
шығам, деп отыр. Сіз жіберсеңіз атаммен бірге аңға барам,
– деп Сәтжан шешесінен жауап күтті.
– Қарағым, атаң апарса бар, жолың оңдалсын. Бірақ,
сабағыңнан кешігіп қалушы болма, – деді.
Сапарғали Бегалин 4 том
254
Осы сәтте ана мейрімінің арғы өзегін сезгендей Сәтжан
жымиып күлімсіреді. Ол апасынын рұхсатын алысымен
аңшылық қамын істеп, жүгіріп атасына кетті.
Түн ортасы ауа күн суытып, жапалақтап қар жауып,
ашылды. Серікбай күткендей-ак қансонар болып, қара
жердің бетіне көпірген ақ қар төселді. Таң алдында сонар-
шылар атқа мінуге қамданды. Ителгісін ала жүрмек болып
Сәтжан оны далаға алып шықты.
– Сәтжан, ителгіні апарып тұғырына қондырып
бақылап кел. Сәті болса екеумізге мына саршегірдің де
кызығы жетеді. Ителгің бүркітке бөгет болады, есіңде бол-
сын, ителгіні көрсе бүркіт аңға ұшпайды. Бүркіттің бар
қорқатын құсы ителгі ғой, – деп Серікбай ақыл айтты.
Атасының айтқанын істеп, ителгіні тұғырына қондырып,
Сәтжан да құнанына мінді. Жаңа түскен ақша қардың
ызғары шымыраткан таң салқыны өтімді еді. Күйіне келіп
аңсырап отырған кәнігі қыран ақша қардың ызғарына
шымырап бойын жинағандай дүр-дүр сілкінді. Қыранның
қанат-құйрығы жел үйірген шоқ құрақтай судыр-судыр
етті. Аңға шыққанда құсын шакырып дыбыс бермесін
деп, үндемей жортатын әдетімен Серікбай Ақшатау биігін
бетіне алып жорта жөнелді. Кер құнанын тебініп жіберіп
Сәтжан да атасына ілесті.
Жауыны тынып жылтырап ашылған айлы түн, жаңа
түскен ақша қар, ақ торғын жамылған сұлудай алыстан
бураңдап көрінген Ақшатау. Қабақ түйген қараңғы түн
құшағы емес, жер әлемін нұрға бөлегендей үлпілдеп түскен
тұңғыш қарға малынған Ақшатаудың қара жартасты зор
киялары еді. Таң белгісінен сұры қашып өлусірей бастаган
жұлдыздар кек торғын шатырға шашылған бриллианттай
алыста жылтылдайды.
«– Қара жерге қар жауып,
Қарды керген бір мұрат.
Қара жерден қар кетіп
Жерді көрген бір мұрат»
деген ел ойшылдығын Серікбай есіне алды. Жыл
мерзімдерінің құбылыстарына құмарлана сүйсінген қарт
құсбегі тұңғыш сонарға соншалық тойымсыз қома ғай-
лықпен қарайды. Ол бала күнінен құмартып қуған жан
серігінің серпініндей қыранын қиядан ұстап, алпыс екі
айлалы түлкіге жібереді. Жан-тәнімен аң құмарлығына
берілген кәрі аңшы көңіл шөлін қандырады. Ол «Өнер
өріне шығу өз мерейің, табысың халқың үшін» деген халык
нақылын да есінде ұстап келеді. Қыран құсты баптап, қыр
Сапарғали Бегалин 4 том
255
тағысын қырғызып еліне асыл аңнан табыс береді. Ол жаңа
бесжылдықтың табыс қорына осы қыста қосатын табысын
осы бүгінгі сонардан бастайды. Айтылған серт, алынған
міндет бар. Соны ақтаудың алғашкы адымы осы жортуыл.
Сұңғыла ізшіл кұсбегі Ақшатау түлкісінің түнде жор-
тар өрістерін бұрын да сан шарлаған. Қайда жортады, қай
қорымға шығып жатады, ізін қайдағы шиырға тастайды,
оған бәрі тайға таңба басқандай мәлім.
Күн шықпай қияға шығып үлкен қорымнын басынан
бүркітті ұстау керек. Кағушы баланы етекке қалдырып қай
жермен барады, қалай қағады, әлде із бар ма, міне соны
ұғындыру керек. Ептіліктің де, тапқырлықтың да барын-
ша сынға түсер сағаты келді. Қағушысы болса, – бұрын аң
қуу әдісіне жаттықпаған жас бала, мүлт кету, қапы қалу да
ғажап емес. Серікбай осы ойларды қорытып келеді.
Тау алқымына келген жерде бір өзектен өте бере Серік-
бай атының басын тартып тұра калды. Дыбыс шығар май,
ата қимылын аңдып келе жатқан жас аңшы да құнан ның
басын іркіп тартып алды. Серікбай аттан түсіп жердегі бір
ізді қарап жіберіп, құсын жерге қондырып Сәтжанға ым
қақты. Құсынан біраз жерге барып, Сәтжанға Ақшатау биі-
гінің бір терең сайын көрсетті.
– Мына жатқан із осы өлкенің бойын жортып қайтқан
түлкінің ізі, қазір ол сонау шатқалдың өріндегі қорымға
барып жатқан болар. Ана ағарған таң белгісі. Мен қазір
Ақшаның ана биігінің жалын қиялап, сонау қорымның ба-
сына шығам. Сол жерден барып құстың томағасын тарта-
мын. Мен сол тұрғыға таянғанда кұнаныңа мін. Осы ізбен
жүріп отырып анау сайды өрле. Қорымға таяна бере дабыл
қақ. Сол кезде құстан көзіңді алма, мен құсты жіберісімен
дабылды қойып, құс қай жерге түседі, соны аңды. Егер құс
етекке келіп түлкіге түссе, мен келгенше қасына таянба, –
деп Серікбай Сәтжанға құсбегі әдісінің осындай бір алуан
тосын сырын ұғындырды.
Желе жортып тұрғыға таңнан бұрын шығуға жөнелген
Серікбай Сәтжанға бұрынғысынан әлдеқайда өзгеріп кет-
кен сияқты болып көрінді. «Белім, тізем» деп ауыр қозғалып,
атқа әрең мінетін атасының жүріс-тұрысы жас жігіттей
жымырылып көз ілеспейді. Аң қызығы жел бергендей қол-
аяғы жерге тиер емес.
Сәтжан көзін алмай Серікбайдың қарасын қиядан күтеді.
Шығыс жақты қылаңдатып таң да көтеріліп қалды. Тау
қойнына тығылған түн қараңғылығы да біртіндеп ыдырап,
Ақшатау қойнаулары әсем көріністерімен айқындала түсті.
Сапарғали Бегалин 4 том
256
Ал, атыңа мін, мен де тұрғыға таяндым дегендей Серікбай
бір қиядан көрініс берді. Сәтжан да атасы айтқан жоба мен
ізді қуалай, қорымды сайға қарай өрлеп келеді. Біраз дан
кейін түлкі ізі бұлтарып басқа бір қолат сайға жалт берді.
Сәтжан ізді қойып қалың қорымның етегіне іліне да-
был қақты. Үнсіз тұнып тұрған терең шатқал селт еткендей
күңіреніп кетті.
Сәтжан дабылына ұшқандай шыңның құзар басынан
құйыла саршегір де ойнап аспанға шыға келді. Дабыл қа-
ғуды қоя салып, Сәтжан құйқылжи ұшқан қыранның қанат
қағу қимылын бағып көзі аспанда.
Қиядан оқтай ойнап ұшып шықкан қыран зыптай аққан
бетімен қалың қорымның дәл үстіне келді. Түнеріп тұрған
бұталы қойнауына қарай үңіле құйылып келіп, жарқ етіп
қайта аспанға шықты. Құстың түйілген жерінен бір сезік
алғандай Сәтжан да көзімен қалың қойнауды тінтті.
Құйылып келген қыраннан қаймықпастан жалтыр қияға
кере тұра қалған айлашыл алқызыл тағы шұбатылып же-
неле берді. Қайта серпіліп аспанға ұшқан қыранға жекпе-
жекке келсең кел дегендей қызыл күрең тағы көлең деп
кия бетке қарай құлаш ұрды. Керіп жайған ақ жібекке
маржан домалатқандай түлкі сырғып барады. Қорым ның
қыр жағындағы кер қайқаңның будырап түскен көбік қа-
рына ойындағы көлеңкелі қорымның күн тигізбей жетілт-
кен асыл мүлкін бұлаңдатты. Жарқ етіп аспанға шық қан
қанды көз қайта түйіліп, қанат-кұйрығын қомдап алып, түл-
кіге шаншыла келіп құйылды. Қашып құтылмасын білген
әдісқой түлкі қайқаңда тағы тұра қалды.
Құйрығын қоқайтып, ыржалақтап айбат шегіп керіп
тұрған түлкі көзін қан жауып, тоятын көріп түйілген қы-
ранға қаймығып қалар қайрат болып еленген жоқ. Қалшыл-
даған қанішер батылдықпен жарқ етіп таңнан бір сыпырып,
қас қаққанша түлкімен ұмар-жұмар болды да қалды. Ата-
сы айтқан ақылдың осы минутте қалай есінен шыққанын
кім білсін, Сәтжан алдындағы қия құзға қарамастан тұра
шапты.
«Қар аппақ, түлкі қызыл, бүркіт-қара
Және ұқсар қаса сұлу шомылғанға»
деген Абай өлеңі тап осы сәтте Сәтжанның көз алдында ақ
қарға алтын сиямен жазылып, мені оқы деп тұрғандай еді.
Өрден ылдиға қарай шапқан Серікбай құсымен түл кі нің
майдандасқан жеріне Сәтжаннан бұрын жетті. Құна нын та-
стап Сәтжан келгенде, ал-күрең түлкіні сұла тып салып, ата-
сы сол түлкінің бір санын шығарып алып, қыранына қы зыл
Сапарғали Бегалин 4 том
257
тартқызып отырды. Бір қаққан қабағы нан барлық атырап-
ты сүзіп көріп алғандай саршегір де ие сі не мақтанғандай
алыс төңірекке тәкаббар ерлікпен көз са лып құйқылжып
қарайды.
Жорға тауына жорық
Қар бекіп, суық түскелі, Сәтжандар сан рет шаңғы
жорығын жасады. Демалыс сайын жақын жердегі мал фер-
маларына барып, газет окып беріп, почта тасып, малдың
жайы-күйін де біліп отырды.
Сәтжан әлі құсын қоянға салып аяқтандырған жоқ.
Серікбай атасы сонау күнгі сонардан бастап: Қаранай,
Шақпақ, Шұбарайғыр, Жорға, Жауыртағы тауларына
кетіп құсын салып, ауылда болған емес. Ал, жалғыз өзі алып
шығуға құсының етіне де жетік емес және құсын тағы да
қашырып алам ба, деп қорғанады.
Көптен үйінде болмаған атасы, бір күні атын тынықтырып,
өзінің кір-қоңын жудырып, бір-екі күн дем алды. Және
күзден бері алған жиырмаға тарта түлкісін, қақпанмен алған
бір-екі қасқырын дайындау орнына өткізді. Атасының осы
бір көңілді кеші Сәтжанның қысқы демалысымен қатар
келді. Ол ителгісін қолына алып атасының үйіне келген-
де, құсбегі карт бүркітінің бөтегесін тазалауға кірісіп жа-
тыр еді. Кесек-кесек екі шақпақ қантты құсына жұтқызып
жіберіп, жем бермей, құсын тұғырына қондырып байлап
қойды. Құсқа қант берген дегенді Сәтжан көрмек түгілі
естіген де емес еді. Бұл Сәтжанға өте бір өзгеше жаңалық
болып көрінді.
Атасы Сәтжанның ителгісін қолына алып, етін көріп
біраз отырды. «Есейіп калыпты, мынау ертең алып
шыққанмен қоянға түсер ме екен? Сүйтсе де байқалық»,
– деп ителгіге кішірек-кішірек екі бөлек мұз жұтқызды.
«Енді апарып кілет үйге салқын жерге байлап қой, мынау
еті мен суықты елемейді» деп Серікбай Сәтжанның ител-
гісін қолына берді.
Таңертең Серікбай құсбегі Сәтжанның үйіне өзі келіп
ителгіні қолына алып етін керді. «Байқап көруге бола-
ды, сүйтсе де» деп ителгіге тағы бір бөлек мұз жұтқы зып
жіберді. Түске дейін мына жерден қоян көрсетіп қай -
тайық» деп Серікбай атын ерттеді. Сәтжан қуанып, ителгіні
атасының қолына беріп, өзі шаңғысын киіп алды. Сәтжан
үй ден шығуын аңдып тұрған Жанай да шаңғысын жылмаң
ет кізіп сырғытып жетіп келді.
Сапарғали Бегалин 4 том
258
– Балалар көп ұзамалық, мынау талдың ішінде бірлі-
жарым қоян болу керек, сендер сол талға қарай барыңдар.
Мен мына «Борша тастың» мұрыншағына шығып ителгіні
ұстап отырайын. Сендер қоянды айдап шығыңдар, – деді
Серікбай.
Екеуі мына сөз құлағына тиісімен айдап жарыса жөнелді.
Жортып барып Серікбай да мұрыншақ тасқа шықты. Атын
тасаға қоя салып, ителгіні алып тастың басына шыққан да,
Сәтжандар да талдың ішінен лақтай бір ақ қоянды үр кітіп
айдап шықты.
Көптен аң көрмеген ұрыншак ителгі етбетінен түсті.
Серікбай да қолын көтере сілтеп, ителгіні қарсы алдынан
көлденеңдеп өте берген қоянға жаба салды. Ителгі, әдеттегі
теуіп түсетін дағдысын істеп, қоянның дәл үстіне келе беріп
жарқ етіп аспанға көтерілді. Қорғалап, тығылар талдың
ішінде жаңағы өзін қуған шаңғышылар жүр, мына сырт-
та өзіне құс жіберіп тұрған аңшы, су жүрек, сасқан қоян
бой жасыра алмады, ителгінің көктен түйіп түсер темірдей
тегеурініне қара құсын тосқандай артқы екі аяғымен шоқая
калды. Дәл осы сәтте, жоғарыдан шаншыла құйылған ителгі
көктен түскен жайдай жарқ етіп қоянды желкеден түйіп
өтті. Түсе бергенде атып кетіп, ителгіні жер соқтырам деген
әдісіне қоян үлгіре алмады. Етбетінен түскен қоян тыпыр-
лап орнынан тұра алған жок. Тал ішінен ағызып Сәтжандар
да келіп жетті. Қеле қоянды ұстап аталарына алып келді.
Осы ителгі өте бір күйсіз қыран. Мынау етімен айны-
май қоянға түсуі түсу-ақ, – деп Серікбай тымағын басынан
алып бір сілкіп киді.
– Бұл қоян Жанайдікі, тағы қараңдар, – деп ителгіні
қызылға шақырып алып Серікбай қайтадан тастың басы-
на шықты. Талдан әлгіден басқа қоян табылмады. Бірақ
өзеннің аржақ кабағынан бір топ шіл ұшып келіп төбенің
күнгей бетіндегі бір кішкене қара сынға қонды.
Шілді көре салып ителгі тағы етбетінен түсті. Серік-
байдың қолынан шығысымен ителгі ойнап аспанға шығып
алып шілдердің дәл үстіне түйілді. Ителгіні көрген соң
бірде-бір шіл қонған жерден көтеріле алмай, жапырлай жер
бауырлап сайдағы көпсік қарға сүңгіп кеп кетті. Шіл дер дің
қарға кіргенін көріп тұрған Сәтжан мен Жанай ағы зып
келіп, қарға кірген шілдердің бірнешеуін ұстап алды.
Қысқы каникулға босар алдында шаңғышылар үйір-
месінде Сәтжан шаңғы жорығына шығуды ұсынды. «Жор-
ға тауындағы қой фермасына барып қайталық. Малды кө-
рейік, малшыларға газет апаралык,» – деді. Оның сөзіне
Сапарғали Бегалин 4 том
259
Нари ман қосылды. Оныншы кластың оқушысы Қапан:—
«Онда біз Сәтжан ителгісіне Кайрақты өзенінің құры мен
қоянын алдырамыз. Бұл бір тамаша серуен, демалыс бола-
ды», – деді.
Сөзді осыған байлап, жүріс әзірлігіне жұмыла қам істеді.
Шаңғышылардың бұл жүрісін аудандык комсомол комитеті
де ұнатты. Комсомол ұйымы бұларға арнаулы тапсырма
берді. Бұлардың бұл жүрісі «Жорға тауына жорық» деп жа-
рияланды.
Шаңғышылар алдымен ауданда, Жорға тауы мен Шұ-
бар айғыр тауларының картасын жасап алды. Кісі ба сы бір-
бірден құбыланама (компас) алды. Бұл жолдағы кезде с е тін
үлкен қауіптің бірі топтанған касқыр. Екін шісі, – тү тей
соғатын боран. Осылардан сақтану қамы еске ріліп, керек-
ті құралдар да алынды, Сәтжан өзінің ителгісін алып жү ру-
дің қамын істеді. Ителгісіне талдан иіп жіберіп бөлеу ағаш
жасады. Дәл жүрерде соған жатқызып орап бөледі де ар қа-
сына іліп алды.
Шаңғышыларды аудан орталығынан аттандырған ұйым-
дастырушылар ең шеткі «Еңбек» колхозына дейін шыға-
рып салды. Сол жерден шаңғышылар таң ата түнжыра ған
сырттың тұман басқан бұйратын бетке алып сызып берді.
Белес-белес бүктетілген Жайлау тауларының сілем-
дерін көктей өтіп, шаңғышылар ағызып келеді. Теңізге
жүзген балықтай жүйрік шаңғышылармен қар теңізіне жер
бауырлаған тұманға сүңгіп кетіп әлдеқайдан барып шы ғады.
Жүрген сайын балғын денелерінен күш қызуы бұрқы рап,
жастық жалыны аспанға атады. Бірақ тұман жер бауыр-
лап серпілер емес. Қапан тұра қалып сағатына қарады. Біз
шыққалы үш сағаттан асып кетті. Бір қыдыру жерге келіп
те қалдық. Тез дем алайык, деп шаңғышылар иріле қалды.
Қалталарындағы картаны алып жайып, құбыланама ны
койып, жүріс бағыттарын қарастырды. Әзір бетіміз дұрыс
тәрізді, деп аз демалыстан кейін тағы жүрді. Барған сайын
тұман белдеуленіп қоюланғандай. Күн көзінің бедері тұман
пердесіне малтығып ешбір сызат бермейді. Жүрістін ал дын
бастап келе жаткан Қапан:
– Егер бетіміз дұрыс болса, осы алдымызда бір арна
кездеседі. Сол арнамен құлдилап отырып Жауыртағы са-
ласына барамыз. Егер ол арна кездеспесе, онда біз бір
жағына бүйрек шығып кеттік, – деді. Шаңғышылар тағы
біраз жүрді. Қапан айтқан арна кездеспеді. Бір қалың миқы
адырдың ішіне түсіп, содан жуырда шыға алмады. Осы
адырдың бір үлкен сайына келгенде, алдарынан жаңа ғана
Сапарғали Бегалин 4 том
260
жорытқан бір топ қасқырдың ізі кездесті. Шаңғышылар
үлкенді-кішілі жеті қасқырдың ізін санап шықты.
Аңшы атамның айтуына қарағанда қасқырдың топтала-
тын айы бола қойған жоқ. Бұл бір ұялас қасқырдын ізі. Егер
ұялас тобы болса, олар көзіне көрінген қараға ұрынғыш
болады деуші еді. Енді бірімізден біріміз аса ұзамалық.
Және жан-жағымызды байқап отыралық, – деп Сәтжан
тұз тағыларының сырынан жолдастарына хабар білдіріп
қойды. Біраздан кейін миқы адырдан шығып құлаш ұрған
жазыққа түсті. Осы жазықта шаңғышылар бойларын жаза
шаңғыларын жұлдыздай ағызды. Бірақ әлі де мөлшерлі
жерден белгі тапқан жок.
Біраздан кейін солтүстіктен жел лебі шығып тұманды
сыпырып көтере бастады. Тым алыс атырап болмаса да
біраз жердің бұйрат шоқылары көрінеді. Булыққан дала,
тұншықтырған тұманнан серпілгендей болды.
– Біз жаңылыс жүріппіз, мынау Жауыртағы өзенінің
Шұбартау жақ қабағындағы кең жазық. Қазір Жорға,
Шұбар, Айғыр тауларының төбесі де көрінеді. Ал, басыңдар
жолдастар! – деп Қапан бойы жазылып құлаш ұрған
жүйріктей оза жөнелді.
Алғашқыда сонша құнақы болғанымен Жанайдың
балғындап қатаймаған әлсіз денесі шаршауға айналды. Ол
осы сыдыруда бірсыпыра жер кейіндеп қалды. Кішкене
белестен асқан жолдастары алыстап бара жатқан тәрізді.
Қапанмен тізе қағыса сілтеген Сәтжан да қалыспай ағызып
берді. Ерегіскен жүйріктей екеуі жүріс қызығына түсіп
жолдастарынан ұзап кетті.
Барған сайын жел көтеріліп, жақында жауған қырбақ
қарды айдап, жаяу борасын басталды. Екі қара саны
сырқырап шаңғыны сілтей сырғытуға келмей, Жанайдың
денесі ауыр тартты. Айқайлап жолдастарын шақыруға на-
мыстанып, ол әлі де болса күшін жинап куып жетпек болды.
Әсіресе оның қысылатыны Нариманның қылжағы. Егер
Нариман Жанайдың болдырғанын білсе өмірі мазақтап
иығынан түспейді.
Барған сайын денесі ауырлап, Жанайдың жүрісі өнбеді.
Әлде жолдастарының бәрі күшейіп көтеріліп кетті ме,
әйтеуір өз жүрісіне көңілі толмайды.
Көбіктеніп жатқан қарды қақпалап мініп жорғалатқан
ерке жел, ақ жорға жаяу борасынды үдетіп барады. Алы-
стан андағайлап Шұбарайғыр тауының найза шыңы көрінді.
Шаршап келе жатқан Жанай қуанып кетті. Ол шаңғысын
тұқырта басып сырғытып зулата жөнелмек болды. Сонша
Сапарғали Бегалин 4 том
261
болмады әлдеқайдан жел лебінде бір жат дыбыс талықсып
келіп естілді. Дыбыс әлде ышқынып соққан жел дыбысы,
әлде ұлыған қасқырдың дыбысы. Осы дыбыс құлағына
шалынғанда Жанайдың шаршаған салмақты денесі
түршігіп, әлденеден шошынғандай жеңілденіп кетті. Оның
көз алдына бағана кездескен көп қасқырдың ізі елестеді.
Дауыс барған сайын молайып анықтала түсті.
Ағызып барып-барып арттарына караған Сәтжан
мен Қапан жолдастарынан әлдеқайда ұзап кетіпті. Жел
серпіп, тұман сырылуы, алыстағы таулардың басы көрінуі,
бұлардың ойын сергітіп көңілдендіріп жіберді. Бірінің ар-
тынан бірі ілесе ағызып Нариман, тағы баска жолдастары
көрінді. Бірақ, бәрі түгел емес, тым кейіндеп қалды, қалай
қалды? Олар осыны ажыратып болғанша кейінгі жолдаста-
ры келіп жетті. Жанайдан басқасы түгел. Тек арттарын-
да қалған кішкене белес шымылдық болып Жанайды сол
жасырғандай, бәрі соның жолын көздеді. Жанай тез шыға
қоймады. Аз тосты, дыбыс күтті, Жанай жоқ.
– Ол жай бөлінген жоқ, не жазым болып шаңғысы сын-
ды, не өзі бір бөгетке ұшырады. Бармаса болмайды, кәні
менімен кім жүреді? – деді Сәтжан.
Сәтжаннын, сөзін Қапан қостады.
– Екеуміз барайық, жүр, – деп Қапан шаңғысын кейін
карай бұрып алды. Бағанағыдан гөрі жел көтеріліп, бо ран
үдей бастаған. Желге қарсы қасқая сырғытқан екі шаң-
ғышы омырауын желге төсеп, тұқыра шапқан жүйріктей
тізе кағыса құлаш ұрды.
Ұлыған дауыс барған сайын молайып, Жанайдың арт
жағынан өзіне әлденелер лап қойғандай өнебойын елес
биледі. Оның қорқу сезімі билеген денесі лез ширап, ке-
неттен дуылдаған бір қайрат қанат қақтырғандай шаң-
ғысын зулатып келеді. Дыбыс өшті. Жел екпінінен әлде-
кімнің шуылдаған серпіні естіледі. Бүктетіліп құлаштаған
жүйріктей алдына қарай сермеп келеді. Жанамалап өзі не
келіп қалған көкжал қасқырдың арандай ашылған аузы
әлі көзіне түскен жоқ. Бірақ өзімен жарыса өрекпіген қар
құйыны, әлденені қоршап алып ұшқандай, көзі жайнаған
сабалақ құйрық бір әппақ денені алдынан көлденең дете
берді.
Көзі жайнап, тілі салақтаған тайыншадай көкжал қар
топанын ұшырғандай алдын орай Жанайға тап бере өң-
мең деп таяна түскендей болды. Сол сияқты бір екпін сол
жа ғынан да зуылдап келіп қалды. Жүрегі аузына тығы лып,
тек жан ұшыра шаңғысын қысыла сырғытты. Артынан қуа-
Сапарғали Бегалин 4 том
262
лай соққан жел көбік қарды үйіріп әкеліп лап өткізіп атып
жібергендей бұрқ еткізіп лақтырды. Кірпігіне қырау тұ рып,
жасаураған көзіне жан-жағының бәрі қасқыр болып қамап
кеткендей болды. Сол сәтте қарсы алдынан ағараң даған
екі тұлға елең етті. Жүрегі қысылды, аузына тығылды, ол
бірақ іле сергіп есін жиып алды. Неге сонша қорқады?
Жол дастары қайда? Қасқырға алғызбайтын айла жоқ па?
Ол осы ойларға келгенде сергіп кетті. Қалтасында жүрген
жаңада ғана Нариманнан алған «күміс» оттығы бар. Қасқыр
отқа жоламайды. Қазір орамалын алып, тұтатып қасқырды
шошытады.
Сөйтеді де сырғып кетеді. Мүмкін сол сәтте жолдаста-
рына да жетер.
Бес бөлтірігін ертіп алып, Жанайдың алды артынан
орай қаптаған бір арлан, бір қаншық қасқыр, енді ғана бата
қимылдауға бет қойып, жас етке сілекейі шұбырып-ақ еді,
бірақ, ол үміттері орындалмады. Емін-еркін енді ортаға ала
бергенде Сәтжандар келіп қалды. Жалтарған қасқырларды
көре салып Қапан қолындағы оқтаулы бердеңкемен алды-
нан көлденеңдей басып салды, қасқыр каңқ етті. Сүйтті де
жел үйіріп айдаған қар топанына кіріп жоқ болды. Елсіз жай-
лауда азық іздеп аңдаған ашқарақ қанды ауыз қасқыр ларды
Арқаның сұрапылы қақпалап шаңғышыларға көрсетпей
түтей жөнелді.
Сәтжан жүгіріп келіп Жанайды құшақтай алды:
– Жазым бола жаздадың ғой, неғып кейіндеп қалдың,
– деп Жанайдан жай сұрай бастады. Жанайдың алқынған
жүрегі сонда барып орнықты. Қапан үшеуі аз ғана дем алып
алдағы шаңғышылар тобына келіп қосылды.
Шаңғышылар ызғытып келеді. Қүн еңкейіп қалды. Төбесі
ашық, белдеулене соққан боран, кей жерде түтек болып түк
көрсетпей, кей жерде алаң-бұлаң ашылып кетеді. Осындай
бір алаң-бұлаңда шаңғышылар жер жобасын анықтап бетін
түзетіп алды. Жорға тауының қой фермасы қыстаған кең
саласына көз байланбай-ақ ілінді. Бірақ, үлкен аңғардан
ағыза соққан боран бұл өлкеде ерекше түтеп кетті. Күн бата
боран қоюланып, жел де суыта бастады.
Жер жобасын, қой қыстауын бұрын көрген Қапан
құбыланамасына қарап алып желге қырындай тартты. Әлі
ауыл белгісі жоқ. Алда жүріп келе жатқан Қапан бір ды быс-
қа құлағын тосып тұра калды. Қалғандары да дыбыс шы-
ғармай бұрқыраған боран ішінен үн күтті. Бұлардың күт-
кені ферма қораларынан шығатын дыбыс. Бірақ, бұл дыбыс
оған ұқсамайды. Сәлден соң қарлыққан, шаршаған әлсіз
Сапарғали Бегалин 4 том
263
дыбыс естіледі. Біраз жерге келгенде, ұйлыға ығып келе
жатқан қалың қой кездесті. Қойды көргенде шаңғышылар
қауіптеніп те қалды. Қалай иесіз, неғып ықтырып алды?
Әлдеқандай бір уақиғаға кездесіп қой бөлінді ме? Міне, осы
сұрақтар шаңғышылардың ойында аңдап тұрғандай болды.
Әлгі естілген дыбыс таяу жерден тағы шықты. Шаң-
ғышылар қойдың алдын тоқтатып, ықтырмауға кірісті.
Қойдың алды аздап бөгеле бергенде тағы бір топ қой келіп
косылды. Осы топ қойдың ішінде дауысы барлығып, әб ден
қалжаураған қойшы да келді. Ойда жоқтан қойының ал-
дын тоқтатып өзін қарсы алған жастарға койшы қуанып та,
таңданып та қарады. Жорға тепсеңінің сұрапылдана соқ-
қан дүлей боранына қойын ықтырмаймын, деп күні бойы
алысып. Әбден қалжыраған қарт қойшы қайта ширағандай
сергіп кетті.
– Қарақтарым, жолдарың болсын! Мал да өздеріңдікі,
шал да өздеріңдікі. Ықтырмаймын деп алыса, алыса әбден
қалжырадым. Ауыл мына тұсымызда алыс емес. Қы-
рындата-қырындата бетін түзей алмай, жеткен жерім осы
еді. Әзір қойым түгел, енді айрылам ғой деп қорқып ем, –
деп қойшы шаңғышыларға барлық салмақты да, сенімді де
тастай берді.
– Қойға енді біз ие, ал, ата, бетті өзің түзе, – деп Қапан
жолдастарымен қойдың бас-аяғын ықшамдап меңге ріп
алды.
– Алда қарақтарым-ай, есімді енді жидым. Есіл малдан
айрыламын ба, әлде қасқыр киіп кете ме, деп шошып ем.
Жолым болды, – деп қуанғаннан көзіне жас алғандай бол-
ды. Әрі қойны-қонышын қар кернеп, әрі шаршап әлсіре ген
қойшы тек жобалап ауыл жөнін ғана айтып нұсқап отыр ды.
Шаңғышылар қойды топтап бытыратпай, қойшы айт қан
жобаға беттетіп алып жүрді.
Қойшы айтқандай ауыл да онша алыс емес еді. Аздан соң
барлық қойды түгендеп ферманың қорасына енгізді. Шо-
пандар аудан орталығынан әкелген жаңалық хабарға қа нык
болды.
Сәтжандар ферманың ең шеткі ауылы Қайрақтыны
қыстаған Ниязбай қорасына келді. Жорға саласынан
шығатын Қайрақты бұлағы жазғытұрым тасып, жаз орта-
сына жетпей аяқсып тартылып қалады. Сол тасуында
жайылған судын орнына тал аралас қалың бұта өседі. Қазір
ол түйе көрінбейтін тоғай болып кеткен. Сол тоғайдың іші
толған қоян, құр, қырғауыл неше түрлі ұсақ аңдар болады.
Бұл аңдарға Ниязбай шопанның қызыл тазысынан басқа
Сапарғали Бегалин 4 том
264
ешбір жәндік аяқ басып көрген емес. Ниязбай Кызыл тазы-
ны ілуде болмаса бұл тоғайға әкелмейді. Көбінесе қырдағы
түлкіге қосады. Аңы мен құсын төл өсірген Қайрақты бойы
аңқұмар Ниязбай, жас талап Сәтжан бастаған жастардың
аңсарын аударды. Әзілқой Нариман:
– Ал, Сәтжан, сенің қыраныңның қызығын қашан
көреміз? – деді Қайрақтыдағы ауылға келген күні.
– Аңға шығып қыран сынайтын жерге жаңа келдік.
– Таңертең шығамыз, – деп Сәтжан Ниязбай ақсақалға
қарады.
– Ондай ойларың болса тіпті жақсы. Өзім алып шығам,
– деді ол.
Ниязбай өзінің атына мініп, тазысын ертіп шыққанда,
ылғи жарау қылаңнан мінген жорықтың жігіттеріндей жас
шаңғышылар сып етіп олар да шықты. Бөлеуімен алған
ителгісін арқасына салып Сәтжан топты бастап сырғып
берді. Құс пен қоянның көп жүретін жерін сырттай бағатын
Ниязбай алдан түсіп жортып отырды. Ниязбай өзеннің өр
басына келе бергенде тоқтай тұрып:
– Сәтжан екеуміз ана қабақша тасқа шығамыз. Сендер
осы арада қалып, мына тоғайдан бізге қарай қоян қағып
қашырыңдар! Мүмкін, құр да бар шығар, – деді.
Сәтжан мен Ниязбай барып қабақшаға шыққан кез-
де шаңғышылар тұс-тұсынан тоғайға кірді. Бөлеуінен
шешіп алған ителгісін қолына алып Сәтжан да Ниязбаймен
қатарласа келді. Жан-жағынан асыр салып кірген сергек
жүрістен оянғандай тоғай іші үн қатты. Әлде не бір аңдар
орғи-орғи үрке жөнелді. Сәтжан мен Ниязбайдың тап ал-
дынан көлденеңдей жоғары қияға тартқан бір топ тағы
ешкі, таңы жарқылдап жөңкіліп берді. Бұрын ешкіні көріп
ит қосып көрмеген Ниязбай не дерін білмей сасып қалды.
Сәтжанның қолынан лып етіп атып шыққан ителгісі жер
бауырлап барып көтеріліп жосыған ешкі тобының үстіне
шықты. Ниязбайдың айтағын күтпей-ақ ешкіге қосыла
жөнелген қызыл тазы, о да тақымдап барады.
Көрмеген аңдары алдынан өрген, күтпеген жерден итін
қосып, құсын жіберген екі аңшы не қыларын білмей аңырып
қалғандай болды. Ешкі тобының үстіне шыға көтеріліп
алған ителгісі, құйқылжып келіп шаншыла бір ешкінің ба-
сына түйіліп қонып қалды. Сонша болмады, мөңки секірген
ешкі өзге тобынан бөлініп айнала орғып бөгеле берді. Ителгі
ешкінің басынан айрылмады.
Шаңғысымен сырғытып келе жатқан Сәтжан да осы
сәтте ителгі ұстаған ешкінің қасына зулатып жетті. Тоғай
Сапарғали Бегалин 4 том
265
ішінен көре салып аңыратқан Қапан да бір жағынан келіп
қалды. Бұлар келгенде екі көзінен қан ағып сорғалаған тағы
теке ешқайда жүре алмай, басына қонған ителгіден босай
алмай, айнала орғып жүрді. Естиярлау Қапан келе тағы
ешкінін аяғынан алып қарымды шапшаңдықпен жығып бас
салды. Ешкінің басынан айрылмай далбырлаған ителгісін
әрең босатып алып Сәтжан қолына қондырды.
Қияға қарай орғи жөнелген ешкілер тобының артынан
қуған Ниязбайдың қызыл тазысы ешкілерге жете алмай
үркітіп кайтқандай бір қиядан көрініс беріп шыға келді.
Өрге қарсы атын тебініп әрең жеткен Ниязбай: «Балалар,
майлансын!» деп таңданған пішінмен екі көзін ешкіден
алмай, атынан домалай түсіп, ешкіні бауыздап тастаған
Қапанның қасына келді.
Көптен бері жоқ болып кеткен жануар еді. Қайдан келді
екен? Анық ақбөкеннің өзі. Жер шала келген-ау, сірә.
Қырда қар қалың, тоғайдың қары бос, шөбі қалың, соған
келді ғой. Әйтпесе киік тоғайға кірмеуші еді, – деп Нияз-
бай ителгі өнерінен көрі киік жайына түсіп кетті.
– Ата, сіз киікті айтасыз, мына Сәтжан балаңыз дың
құсбегілігіне не айтасыз? – деді Қапан, жолдасының өне-
рін мақтан етіп.
– Қарақтарым, өнер сендерден шығады ғой, оған
таласымыз жоқ. Замандарың өнер заманы, өрлей бе-
ріңдер. Сәтжандікі өнер-ақ. Бірақ бұл ителгіні баулы ған,
аяқтандырған әлгі «саудайы сары ғой»– деп Серікбай
құрдасын Ниязбай да әзілдей отырып көтермеледі.
Онысы рас. Сонау бір кезде Сәтжанның ителгісіне қоян
терісінен шырға тартқызып, үйрек алғызғанның ар тынан
Серікбай тағы бір саятшылық істеген. Ол егіншілерге
азыққа әкелген көк серкенің басына өкпе байлап, ител-
гіні соған ұшырып қызыл тарттырған. Бір емес, бірне ше
рет жіберіп, ителгіні әбден жаттықтырып: «Шіркін-ай, бұл
жақта киік жоқ, егер киік болса, мынау киікті тобымен иі-
ріп тұрып алар еді»– деп қызыға сөйлеген еді.
МАЗМҰНЫ
Повестер
БАЛА ШОҚАН ...............................................................................................3
Мүсінші Мысық ......................................................................................3
Ақын алдында ..........................................................................................7
Тұңғыш естелік ......................................................................................19
Сонаршылар тобында ..........................................................................24
Өрісті өнердің белгісі ...........................................................................31
Нағашы аулына саяхат .........................................................................39
Ұядан ұлы жолға ....................................................................................52
Жаңа достар арасында ........................................................................62
Дала сұңқары қиырға қарайды ...........................................................66
Аңсаған ауылға оралғанда ...................................................................67
Көңілсіз көріністен кейін ....................................................................74
Екінші қыста ..........................................................................................76
Аға достар арасында .............................................................................79
Есею жылдары .......................................................................................82
ҒАЛЫМ ШОҚАН ........................................................................................92
Жетісу сапары .......................................................................................92
Ыстықкөл сапары ...............................................................................121
Ш. Уәлихановқа хат ............................................................................141
Қашғария сапары ................................................................................148
Петербург сапары ...............................................................................169
Петербургтен ауылға .........................................................................183
КӨКСЕГЕННІҢ КӨРГЕНДЕРІ ................................................................194
СӘТЖАН ....................................................................................................230
«Таңбалы таста» ..................................................................................230
Балапан ұясында .................................................................................235
Тырнақалды .........................................................................................239
Құс қуған бала .....................................................................................243
Жанайдың жаңалықтары ..................................................................248
Алғашқы сонарда ................................................................................252
Жорға тауына жорық ........................................................................257
Сапарғали БЕГАЛИН
Бала Шоқан
Повестер
IV том
(Көп томдық шығармалар жинағы)
Көркемдiк жобаның авторы Ш. Байкенова
Редактор Ш. Күмiсбайұлы
Көркемдеушi редактор В. Логинов
Компьютерде беттеген К.Кенебаев
ИБ №126
Теруге 12.10.2009 ж. жiберiлдi. Басуға 28.10.2009 ж. қол қойылды.
Пiшiмi 84х100
1
/
32
. Қағаз офсеттiк. Басылымы офсеттiк.
Көлемі 17.0 б.т. + жапсырма. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 258
«Балалар әдебиетi» баспасы,
050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143, тел/факс: 8 (727) 394-37-64
ЖШС «Полиграфсервис» баспаханасында басылды.
050005, Алматы қ-сы, Зеленая к-сі, 13 «А», тел.факс: 8(727) 233-32-53