
Taraz.aiman@mail.ru.
Ұйқым қашып кеткен сияқты. Түннің қай мезгілі, шамалай алмадым. Жұлдыздар
самсап тұр. Мүлгіген дүние. Тек шекшек шырылдайды. Әсіресе қазір бәрі қосыла
шырылдап, қандай бір зарға салған сияқты. Әлгі түстің әсерінен айыға алмадым. Бойым
тоңазыды. Ақбоз аттар жеккені жақсы. Бірақ аспанға ұшқаны қалай...
Үміт пен күдік арпалысында жатып, қайтадан ұйықтап кетіппін. Оянсам, күн сәске
болып қапты. Тура салып, канал сияқты үлкен арықтағы суға бір сүңгіп алып,
қауындықты араладым. Қауын гүлдеді. Ширатылып, шырмауықтай болып, желі тартыла
бастады. Бұйырса, енді түйнек тастайды. Қылаудай бір арамшӛп жоқ. Егістігім тап-таза.
Мақтау сӛзге сараңдау Мырзагелді жездем әнебір күні мені кӛкке кӛтере мақтап кеткен.
Арамшӛпті ертеден тұрып кешке дейін жұлып тазалағаннан алақандарым кӛк нілденіп,
қасаңданып, құммен ысқылап қанша жусам да кетпей, есіл еңбегімді растаушы мӛрдей
басылып қалды.
Сӛйтсем... бірде-бір арамшӛп жоқ деп жүрсем... Қауындықта миядай кӛкшіл, кӛк те
емес, сұр да емес, сол екеуінің арасынан жаратылған дүбәра сияқтанып, мен бұрын
кӛрмеген бір ӛсімдік түртиіп-түртиіп шығып келе жатты.
Оның залал екенін де, пайдалы екенін айыра алмай, жұларымды да, жұлмасымды да
білмей, аңтарылып қалдым. Кімнен сұрарымды да білмеймін. Айналада сұрайтын адам да
жоқ. Мен Робинзонмын ғой. Жалғызбын. Сонау аулақтағы қойшы қарашай Біләлдан
барып сұрайын деп бір оқталдым. Қойшы кісі диханшылық жағдайын қайдан білсін деп
бір ойладым.
Оның үстіне Мырзагелді жездем айтқан:
− Қауындықты бейсеубет, бӛтен адам араламасын, – деген.
Бӛтен кезден, әлдеқалай жайылып келген малдан сақтасын деп қауындықтың бұрыш-
бұрышына «қарауыл» қойып қойғанбыз. Онымыз орыстардың зират басындағы крештері
сияқты кәдімгі айқыш таяқ. Үстіне «шапан кигізіп», басына ескі-құсқы малақай кигізіп
қойғанбыз. Қалбайып-қалбайып тұрады. Соны да кәдімгідей қара тұтамын. Менің
үндемес, қимылсыз «достарым» солар.
Жездемнің тапсыруымен бір мезгіл пішен шабамын. Жүзіне күн шағылысып
жарқылдаған шалғы орағы да бар. Қайрақ тасым да бар. Оратыным нар қамыс емес, құрақ
қамыс, бидайық, жабайы жоңышқа, түйе жантақ.
Сӛйте-сӛйте кәдімгідей бір мая шӛп те тұрғыздым. Егер нар қамысты да жыға берсем,
бұл мая баяғы Мыңбұлақтағы Молдарайым атам жиған маядай үлкен болар еді. Бірақ нар
қамыс мал жеуге жарамайды. Әрі десе, оны бұзғым да келмейді. Ӛйткені арасында бірлі-
жарым қырғауыл жүреді. Қазір балапан басып шығарған да шығар. Олай дейтінім, алғаш
мен осында келгенде қырғауылдың қоразы мен мекіші түні бойы бірін-бірі іздеп, бірін-
бірі шақырып, зарлап шығатын. А, бәлкім, ол махаббат әні болар, оны мен қайдан білейін?
Қырғауыл екеш қырғауыл да менен гӛрі бақыттырақ, атасына нәлет. Жалғыз емес.
Енді балапандармен тіпті кӛбейеді. Әлбетте, біреу атып кетпесе. Дегенмен, қырғауылдың
да жауы коп. Әсіресе адамдар. Мыңбұлақта қазір шыбынсыз жаз. Маса дегенді білмейді.
А л мұнда масаға жем болған басым-ай десеңші. Қайран Мыңбұлақтың қадірін сонда
білесің. Маса талағанда бәрін де талақ тастап, шілдеде басында қар жататын Тәңіртауға
тартып кеткім келеді. Бірақ қол-аяғым байлаулы. Аяқ-қолымда кісен жоқ, шідер де жоқ.