Ілияс
Есенберлин
КӨШПЕНДІЛЕР
Ілияс Есенберлин атындағы қор
Алматы қаласы, 1998 жыл
2
ББК 84Қаз7 – 44
Е 79
Есенберлин І.
Көшпенділер: Тарихи трилогия.— Алматы: «І. Есенберлин атындағы қоры», 1998.— 584 с., ил. 52 с.
Е 79 ІSBN 9965-01-152-4
Ілияс Есенберлиннің шығармашылығында атақты «Көшпенділер» трилогиясы негізгі орын алады ол эпикалық
құлаш-қарымыменоқиғалардың серпінділігіменқазақ тарихының жанды əрі қайталанбас тұлғалардың бейнесіментілінің
шынайлығымен жəне айқындылығымен ерекшеленеді.
Трилогиясы тарихта ешқандай «жоғалып кетулердің» болмағанын осы ғасырлардың бəрінде де қазақ халқы өзінің
ежелгі жерінде өмір сүріпеңбек еткенін сенімді түрде көрсетеді.
Е 4702250201—01 ББК 84қаз7 — 44
00(05) — 98
ІSBN 9965-01-152-4
© Безендіру — «І. Есенберлин атындағы қоры», 1998.
3
Оқырмандарға сөз
Қымбатты достар! Сіздер Ілияс Есенберлиннің атақты
«Көшпенділер» трилогиясын қолға алып отырсыздар. Кітап жалпы
таралымы үш миллион данамен елу реттен аса шығарылып,
қазірдің өзінде отыз тілге аударылса да, бұл жолғы басылымның
тəуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңінде алғаш рет жүзеге
асырылуы назар аударарлық оқиға болып отыр. Осы арқылы аса
көрнекті жазушының шығармашылығын қастерлеушілер мен
бағалаушыларға, біздің тарихымызды қымбат көретін барша
жұртшылыққа бұл шығармаға жаңашаежелден азаттыққа
ұмтылып, ұлттық тəуелсіздік үшін ерлікпен күрескен қазақ
халқының жүзеге асқан арманы тұрғысынан қарауға мүмкіндік
беріледі.
Бүгінгі таңда трилогияны қайта оқи отырып, егемендік алу ісіне
біздің бабаларымызƏбілқайыр, Абылай, Кенесары хандар,
Наурызбай, Қобланды, Бөгенбай батырлар, Төле би, Асанқайғы,
Бұқар жырау сынды даналар қаншалықты зор үлес қосқанын
ерекше түйсініп, пайымдайсың... Олар, олардың серіктері мен
ізбасарлары өз отанын шексіз сүйді, оның болашағына сенді,
осынау көкейкесті мұратқа жету үшін аянбай күш-қайрат жұмсады.
Трилогияның тағдырында да оны жаратушы, бірнеше мəрте
жала мен жазалауға душар етілген адамның тағдырына ұқсастық
бар. Идеологиялық жəне цензуралық талай кедергілерден өткен
соң, тек тəуелсіздік жылдарында ғана, бұл кітап шын мəнінде
қалың оқырман қауымның қолы жететін игілікке айналды. Атап
айтқанда, ол мектептердің оқу бағдарламасына енгізілді, ендігі
жерде жастар одан рухани мықтылықтың, адамгершілік пен
отаншылдықтың үлгісі мен тағылымына мөлдір бұлақтан су
ішкендей қана алады.
Ал енді аға ұрпаққа келетін болсақ, кітапты қайталап оқып
шыққаннан кейін олар өздері осыдан біраз ғана бұрын байыбына
бара алмастай көрінген көкейтесті сұрақтардың көпшілігіне жауап
таба алады. Олардың ең бастысы, менің ойымша, жеке жəне
ортақ мүдделері Үйлесім тауып біріккен халық, өзін түлетіп өсірген
жерге адал берілген халық тауды қопарып тастауға, ең қиын
проблемаларды шешуге қабілетті екендігін түйсінуде болса керек.
Кітап шығару ең қиын кезеңін бастан кешіріп отырған қазіргі
күнде, Ілияс Есенберлиннің шебер қатталып, талғампаздықпен
4
безендірілген трилогиясы жарық көруінің өзі тəнті етеді. Бұл көп
ретте «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясында, қазақтың
«Астана-моторс» компаниясында, «Эксон» компаниясының
Қазақстан өкілдігінде жұмыс істейтін адамдардың өнер мен
тарихқа немқұрайды қарай алмай, оған іңкəрлік білдіруінің
арқасында мүмкін болды.
Мен оларға шын жүректен ризалығымды айтамын.
Ал қымбатты оқырмандар, сіздерге болса, «Көшпенділердің»
беттерімен қызықты əрі пайдалы саяхат жасауға тілектестік
білдіремін.
Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев
5
БІРІНШІ КІТАП
АЛМАС ҚЫЛЫШ
6
БІРІНШІ БӨЛІМ
І
Ажалүстемдігіңді жүргізудің ең берік құралы емес пе?
Бабасы Шыңғысхан бүкіл əлемді осы ажал арқылы бағындырмақ болған жоқ па еді?
Қара бұқараны өліммен əлдилеуден Шыңғыс ұрпағынан шыққан қай хан тартынған
Əбілқайыр ірбіз 1 терісінің үстінде аунап түсті.
«Иə, өлім себуШыңғыс бабаның ұлы саясаты. Ол өзінің бүкіл əлемді жаулап алам
деп жинаған жау жүрек ератын 2 да осы өліммен қорқытып ұстаған жоқ па?.. Иə, иə, сөйткен
еді ғой. Қалай делінген еді сол бір тəртіп Ясысында
Əбілқайыр көзін жұмды. Жақында ғана фарсы тіліне аударылған. Шыңғыс бабасының
əмірі жүріп тұрған кезінде Қарақұрымда болған италиялық бір жиһанкез жолаушының
жазған кітабының əрбір əрпі бақандай боп көз алдында тұра қалды. Əбілқайыр ернін
жыбырлатып оқи бастады: «Монғол əскері жайында. Шыңғысхан он адам бір адамға
бағынсын деп бұйырған (біздіңше оны онбасы дейді), ал ол онбасы бір жүзбасыға бас иген.
Он жүзбасының үстінен бір адам қараған. Оны мыңбасы деген. Бар əскерінің басына үш
ноян қойған. Бұл үш ноян барып бір қолбасшыға тізе бүккен». Əбілқайыр сəл көзін ашты. Ең
қызығы ар жағы... Ол қайтадан оқи түсті:
«Егер ұрыс кезінде осы он адамның біреуі, не екеуі, үшеуі, тіпті одан көбі кейін қашар
болса, олар өлтіріледі, ал жүздіктің өзгелері қозғалмай, əлгі он адам бəрі бірдей кейін
шегінсе бəрі де жойылады: қысқасын айтқанда, бəрі бірге шегінбесе, өз бетімен шегінгеннің
бəрі тегіс өлтіріледі. Осы айтқандай, он адамның бір-екеуі жауға қарсы ұмтылып, өзгелері
тұрып қалса, тұрып қалғандар тегіс құртылады. Ал, осы онның біреуі, не одан көбі тұтқынға
түсіп, өзге жолдастары, оларды құтқармаса, құтқармағандардың бəрі де өлтіріледі».
Əбілқайыр қайтадан ойға кетті. «Шыңғыстың қай ұрпағын ойлаған мақсатынан басқаның
тағдыры тоқтатқаны бар? Тоқтатып көрген емес. Ондай оқиға панднамада да 3
келтірілмейді. Тақтағы хан да, алтын табақтағы жылан да бір. Тием дегенді шағып алуға
тиісті. Бабамыз салған қанды-жосықты жол бар. Сол жолдың сүреңі емес пе біз келе
жатқан? Қара қазақ түгіл, əлем қожасы Шыңғысханның ұрпағы бірін-бірі аяп көрмеген. Мөңке
ханның бір өзінің істегені неге тұрады?».
Шыңғысханның төрт ұлы болған. Жошы, Жағатай, Үгедей, Төле. Төртеуі əлем қожасы
Шыңғысхан жаулап алған жерді төрт ұлысқа бөліп, əрқайсысы бір-бір ұлыстан басқарған.
Шыңғысхан өлісімен əлем қожасының төрт ұлының арасында жанжал басталған.
Жанжал Шыңғыс ордасыҚарақұрым Ұлы тағын кім иеленедіден шығды да, аяғы ұлыс
арасындағы жер, атақ, бақ тартысына айналады. Жошы мен Төле ұрпағы бір жақ, Үгедей
мен Жағатай ұрпағы екінші жақ. Шыңғысхан өлгеннен кейін Қарақұрым тағына Үгедей
отырады. Үгедейден кейін ұлы хан оның баласы Күйік болады. Күйіктен кейін Жошының
екінші ұлыАлтын Орданың алғашқы ханы, атақты Батудың арқасында қазақтар Мөңке
деп атап кеткен, Төленің үлкен баласы Меңгу Қарақұрымға хан сайланады. Мөңкені хан
сайларда, өздерінің күшінің жетпейтінін білген Үгедей мен Жағатайдың балалары толып
жатқан сылтау тауып, ұлы құрылтайға келмей қалады.
Тек бір жыл өткеннен кейін, Мөңкенің ызбарынан сескеніп, Үгедей, Жағатайдан тараған
бір топ сұлтандар хан тағына құтты болсын айтқалы келеді. Хан оларды үлкен қошаметпен
қарсы алады, атағат көрсетеді, бірақ түбінде менің ұрпақтарыммен хан тағына таласатын
осылар болар деп, барлығын бір түнде қырғызып тастайды.
Бір мың үш жүз қырық екінші жылы Батудың ұрпағы Алтын Орданы іслəм дініне
бағындырған Өзбек хан өлді. Содан кейін Дəшті Қыпшақ жеріндегі осы ханның атымен
атала бастаған Өзбек ордасының тағына бір мың төрт жүз жиырма жетінші жылы Əбілқайыр
ие болды. Бұл Жошының бесінші ұлы Сайбаннан тараған Дəулет-Шайхы сұлтанның
баласы. Қазір оның Мөңке жолы деп отырғаны жоғарғы айтылған Мөңке ханның қанды
оқиғасы. Расында да бұл қанды оқиға Шыңғыс ұрпақтарына белгілі сара жолға айналған.
1 І р б і зескі түркі тілілеопард.
2 Е р а тескі түркі тіліəскер деген мағынада.
3 П а н д н а м ахандарға, ел басқаратын сұлтандарға арналған насихат кітабы (ескі түркі тілі).
7
Əбілқайыр теріс бұрылып түсті. «Мөңкеден кейін де бұл қанды жанжал өршелене түскен
жоқ па еді? Иə, сөйтті ғой».
Мөңке өлгеннен кейін Шыңғыстан туған төрт ұл ұрпағы төрт дара болып кетеді. «Талас
тек Шыңғыстан туған төрт ұл ұрпақтарының арасында болып қойды ма? Жошыдан туған
балаларының арасының өзі де сан алуан қанды оқиғаларға айналған жоқ па Əбілқайыр
ауыр күрсінді. «Иə, Шыңғысханнан кейін бүкіл əлемге аты шыққан Жошының ұлы Батухан
мен Төленің балалары Құбылай мен Құлағу болды...
Батухан мен Құлағу бірігіп, Үгедей мен Жағатайдың ұрпақтарына қарсы шықты. Бірақ
өздерінің арасы немен бітті? Екі қошқардың басы бір қазанға сыя ма? Егер əлем тоқты
болса, бұл екеуі көкжал қасқырлар еді ғой, таласпай-тартыспай қос арлан қалай қисын
орталарындағы жылы-жұмсақ бағланды? Түбі екеуінің жолы екі бөлінуге тура келді емес
пе...»
Əбілқайыр тағы күрсінді. Кенет оның көз алдында, дəл бүгінгідей, сонау бір бабалар жыр
қылған қанды оқиғалар елестей жөнелді.
Бір мың екі жүз отыз бесінші жылы, яғни Мешін жылы, Қарақұрымға бағынышты елге
жар салып Үгедей бүкіл Шыңғыс ұрпағын жиды. Осы құрылтайда бүкіл Батысты жаулап алу
мəселесі шешілді.
Міне, Батысқа қарай лек-лек боп монғол əскері аттанып бара жатыр. Бұны елу жылдық
жаугершілік өмірінде жеңілуді білмеген Сүбітай баһадур мен жиырма сегіз жасар Батухан
басқарып келеді... Бұлардың мінгендері кəкір-шүкір тай-тұяқ емес, он күн желіске шыдай
алар аласа бойлы, тоқпақ жалды, құшақ құйрықты, кілең сайгүлік шабысты жылқы.
Үстерінде сауытты, жалпақ бет, сығыр көз ноян, баһадурлар. Аттарына да тізелеріне дейін
сауыт жабылған. Екі жағында жебеге толған екі-үш қорамса, белдерінде қисық жүзді қылыш
пен ұзын сапты айбалта, қамал бұзатын тас атқыштарды сүйреу үшін ер қасына байлап
алған жуандығы білектей қыл арқан. Əрқайсысында кем дегенде екі садақтан. Кейбір көрікті
киінгендердің тақымдарында бір жақ ұшы пышақтай өткір найза. Жеберлерінің ұшы екі жүзді
қанжардай өткір, сүйір. Ысылдап келіп қадалса, егер тəнің тастан жаралмаса, ар жағынан
бір-ақ өтері хақ. Белге байланған қорамсалар, қазақ батырларыныкіндей емес, талдан иіп
тоқылған. Жауынгерлерінің басына киген темір, қола дулығалары анадайдан күнге
шағылысып жарқ-жұрқ етеді.
Лек-лек боп, борт-борт желген қалың қосынның будақтатқан шаңы алыстан жер бетінен
көтерілген бұлт тəрізді.
Батысты алуға бұл жолы аттанған əскер үш жүз мың! Үш лек қол! Айбарлы да, сұсты да!
Кім, оған шыдай алар! Иə, шыдай алған жоқ.
Сол бір жыл күн тұтылған бір мың екі жүз отыз алтыншы жылы еді ғой. Батухан бастаған
қалың қол жаздың аяқ кезінде Еділ бойындағы бұлғарлардың астанасын алды. Үш жылдың
ішінде Бату əскері Рязань, Владимир, Суздаль, Киевті шауып Батысқа жол ашылды. Қан
судай ақты. Жанған қала, жылаған бала. «Шыңғысхан!», «Батухан!», «Сүбітай баһадур
аттары əлемді түршіктірді. Бату əскерінің алдында Европа мемлекеттерінің бай өлкелері
қалды. Монғолдың ақтангер тапал жылқысының тұяғы енді Польша, чехтар мен
мадиярлардың жерін басты. Алдарынан Адриат теңізінің жағасын жайлаған тағы славян
елдері көрінді.
Батухан ол араларға да жетер ме еді, қайтер еді, дəл осы кезде яғни бір мың екі жүз
қырық бірінші, Доңыз жылы ұлы хан Үгедей өлді деген хабар келді. Бату кейін қайтты. Бөтен
елдерді алу қуанышынан Қарақұрымдағы Шыңғыс тағына кімнің отыру қаупі күшті болды.
Ұлы таққа Күйік отырды. Енді біріне-бірі қас қос бөрінің арасы алыстай берді. Бірі «Ұлы
Орданың ханымын» деп көкірек көрсеткісі келсе, екіншісі туы аспанда желбіреген Алтын
Орданың айбынын алдынан кес-кестей тартты. Батухан Күйіктің бұйрықтарын жалпы
тыңдағанмен, кейде сылтау тауып орындамай қоюды да шығарған.
Бұндай жағдайда үш жыл шыдаған Күйік төртінші жылы қалың қосынмен Тарбағатай
тауынан түсіп, Алтын Ордаға қарай бет алған. Осындай жанжалды күтіп отырған Бату да су
жүректік көрсетпеген.
Еділ өзенінің сағасындағы Алтын Орда астанасы Сарай қаласынан «Сары-
арқадағы елімді көремін» деген сылтаумен он түмен қолмен Күйікке қарсы жүрген.
Қалың қол екі жақтан таяй берді. Күйік пен Бату алыстан айбат көрсетіп, аяқтарымен
жер қопарып сүзісуге келе жатқан екі бұқа тəрізді. «Қайсысының мүйізі сынбақ? Ал сынбаса
қайсысының мүйізі мұқалып, намысқа шыдай алмай қан қақсап сырқырамақ?».
8
Бүкіл Шыңғыс əулеті болып демін ішіне тарта күтті. Бірақ заңғар мүйіздер сарт-сұрт
ұрысқан жоқ. Күтпеген жерден жол-жөнекей Күйік екі күн ауырып қаза тапты...
Əбілқайыр езу тартып күлімсіреді. «Иə, Күйік жоқ жерден о дүниеге сапар салды. Бірақ
қандай аурудан кеткенін əлі күнге дейін тірі жан айта алмайды. Əлде... О да ғажап емес.
Егерде жауыңды жеңер найзаның ұшынан басқа да жол таба алсаң, несі айып? Жоқ, жоқ,
Шыңғыс бөрілері кісі өлімінен сескеніп көрген емес. Ал сонда өзінікі не? Бір қара қазақты
өлім жазасына қия салуға неге осыншама қиналады? Бұл не, қорқақтығы ма, əлде кəріліктің
алды боп, табанының бүрі кете бастағаны ма? Жоқ, жоқ, екеуі де емес, бұл жағдайды оңай
шешуге болмайды. Мұнда ойланатын кəп көп...»
«Өлім! Керек жерінде, Жошы тұқымы да екі қолын қанға бояп шыға келері хақ. Оған
сонау Бату ұрпағының істері куə».
«Иə, иə, Күйік өлгеннен төрт жылдан кейін, Батуханның өзі де дүние салды. Бірақ Ұлы
Орда ханы етіп Төленің үлкен ұлы, өзінің үзеңгілес серігі Мөңкені отырғызып кетті. Ал Бату
өлгеннің ертеңіне-ақ Алтын Орда тағына талас басталған жоқ па еді... Бұл талас та қандай
қанды оқиғаларға апарып соқпады! Ақыры қайыңды құртқан түнгі ағаш жегі көбелектей
Батудың бар ұрпағын жойып тынды».
Шыңғысхан заңы бойынша хан өлсе оның орнын үлкен ұлы басуы керек. Батудың төрт
ұлы болған-ды. Сартақ, Тұхухан, Аюхан, Ұлақшы. Алтын Ордаға Сартақ ие болуға тиісті еді.
Насрани 1 дініне кіргені болмаса, өткір, от жүректі жас екен. Жəне оны Мөңке хан да ұнатқан
көрінеді. Бірақ Алтын Орданы оған Жошының үшінші баласы Берке қиғысы келмейді. Берке
Батудың тірі күнінде көзге түскен хан ұрпағы. Мұсылман дініне кіріп, Бағдаттағы Аббасид
халифатының осы кездегі халифы Мµстасимнан шапан киіп, тартуға құран алған адам.
Мөңкеден Алтын Орда тағына отыруға рұқсат алуға Сартақ Қарақұрымға жүріп кеткенде,
осы Берке мойнына бұршақ салып «Уə, алла, бар болсаң Сартақты Қарақұрымға жеткізбей
алдеп көзінен жасы сорғалап, нəр татпай, екі күн бойы құдайдан тілейді. Сартақ сұлтан
жол үстінде іш ауруға ұшырап, қаза табады. Сартаққа келген құдай жіберген ажал ма, əлде
Беркенің тапсыруымен сұлтанды күзетіп бара жатқан кісілердің біреуінің берген уы ма, бұны
да осы күнге дейін білген жан жоқ...
Əбілқайыр миығынан күлді. Жайшылықта шыбын өлімі құрлы көрмейтін əлгі бір қара
қазаққа айтылмақ өлім үкімі миынан шықпай қойғанына күлді. «Жошы ұрпағына адам
тағдыры қашан хан шеше алмас жұмбақ болған? Жоқ, бір ғана Жошы ұрпағы емес, бір əке,
бір шешеден туған сұлтандар да бірін-бірі бауыздап жатпайтын ба еді
Иə, Берке хан болды... Ал бір мың екі жүз алпыс алтыншы жылы Берке дүние
салысыменен Алтын Орда тағы қайтадан Батуханның ұрпағына қайтқан. Бірақ Бату ұрпағы
Алтын Ордаға жеті атасынан асып хан бола алмады. Бір мың екі жүз тоқсан бесінші жылдан
бір мың үш жүз он екінші жылға дейін тақта отырған Тоқтағудан кейін Батудың немересі,
Аюханнан туған Өзбек хан өлгеннен соң Алтын Орда тағына Өзбектің баласы Жəнібек
отырды. Осы əз Жəнібек ханды қараңғы түнде туған баласы Бердібек өз қолынан бауыздап,
хан тағына жетті. Бірақ Бердібек құр əкесін өлтіріп қана қоймады. Алтын Орда тағынан
дəметер деп, бір жазда ат жалын тартып мінер аға-інісін тегіс өлтірді. Абат елді ала айран
етті. Əйтсе де меншіктенген алтын тақ оған да құтты болмады. Таққа отырғанына екі жыл
өтер-өтпестен, қастасқан туыстары оның өзін бауыздап өлтірді. Халық арасына тарап
кеткен «Нар мойны кесілген, Бердібек хан өлген кез» деген мəтелдің аңысы содан. Міне,
осы Бердібек ханның өлуімен бірге Бату ұрпағының Алтын Ордаға хан болуы да біткен
Əбілқайыр осы оқиғаларды біраз ойлап отырды да, орнынан түрегеліп терезе алдына
барды. Бірақ бірінен соң бірі тізбектелген ауыр ойлар, соңынан ерген жетім күшіктей,
қалмай қойды.
«Алтын Орда хандығына талас Батухан ұрпақтарының арасында біткенмен, Жошының
өзге балаларының үрім-бұтақтарының ішінде бітті ме Дəшті Қыпшақ ханы тағы да ауыр
күрсінді.
«Жошыдан қырық ұл, он жеті қыз туған екен. Əрқайсысы бір ұлыс, əттең ауыз бірліктері
болмады. Алтын Орда ханы боламыз деп қырық пышақ боп қырылысты ғой бəрі. Соның
ішінде тек Бату ұрпағы ғана үстем болып келді. Егерде Жошының үлкен баласы Орда
Батудай азулы жаратылғанда көкек əні басқа түрде айтылар еді. Əйткенмен Орда
1 Н а с р а н и д і н інесториан діні.
9
ұрпағының бозөкпе болғаны теріс тимеді. Міне енді, Бердібек сұмның қанды қолы арқылы
Бату ұрпағынан бақ құсы ұшып еді, Алтын Орда өзгемізге қалған жоқ па?
Рас, Алтын Ордадағы Сайбан ұрпағы кешірек хан бола бастады. Ал, Жошының он
үшінші баласы Тоқай Темір ұрпағы бесінші буынында, Ақсақ Темір көрегенмен алысып
өткен Орыс ханның кезінен-ақ бауыр басты.
Игіліктің ерте-кеші жоқ, тек арты қайырлы болсын.
Əбілқайыр қабағы қарс жабылып кетті. Оның сұлу мұртты ағайраң түрінде бір орасан
қобалжу сезілді. Ханның бүйтіп жан-жағына үрке қарап, көңіл күйінің өзгере қалуының
аужайы көп еді.
Қос қолы қызыл қанға боялғанына қарамай, он жеті жасар Əбілқайырды азулы
тілектестері Дəшті Қыпшаққа хан етіп ақ кигізге көтерді. Бақ құсы басына қонып, ақ түйенің
қарны жарылды. Бірақ адамның бағы көтерілген сайын, жауы да көбейеді. Бұған Жошының
өзге ұрпақтарының арасындағы көкіректерін ежелден жегідей жеп келе жатқан бақ
күндестік, ел билеуліктен туған талас кеселдерінен басқа бөтен де себептер қосылған.
Біз əңгіме етіп отырған бір мың төрт жүз елу алтыншы жылы осы талас жарға тіреліп
тасығалы тұрған өзендей шеңберіне əбден жеткен кезі еді. Əбілқайырдың сескенетін жауы
екеу: біріОрыс ханнан туған Құйыршық ханның баласы Барақ ұлы Жəнібек пен оның үш
аталас туысы Керей. Екіншісі өзінің аталасы Мақмүдек ханнан туған Ходжа Мұхамед ханның
баласы Абақ. Бұл да құр сұлтан емес, Алтын Орда мен Ақ Ордаға ие болған хан
тұқымдары. Əсіресе Орыс ханның ұрпақтары қауіпті. Жəнібек пен Керейдің құр өздері ғана
емес, арттарында əрқайсысы бір түменге қолбасшы бола алар қасқырдың бөлтірігіндей
сегізден ұлдары тұр. Əсіресе жас болса да Жəнібектің ұлы Қасымның, Керейдің баласы
Бұрындықтың аяқ алыстары бөлек. Бұлары да ештеңе емес, Жəнібек пен Керейден
сескенер басқа да қаупі бар. Көк Орда тірегі, Əбілқайырдың оң қолы Қыпшақ болса, Жəнібек
пен Керейдің сүйенері Арғын. Арғын жүрген жерде Қоңырат, Найман, Керей, Уақ, Тарақты
да үзеңгілесе кетеді.
Ал, ақиқатына келсек жанжал түбі əріде жатыр. Бұл мезгіл сонау Соғды жері мен Еділ
өзенінің жағасына дейін Ұлы Дəшті Қыпшақ даласын жайлаған түркі тұқымдас елдердің екіге
бөліне бастаған шағы еді. Шаруашылығына қарай, Мауреннахр деп аталатын Жейхұн 1 мен
Сейхұн 2 дарияларының ортасында тұратын түркі руларының көбі Күншығыс
Оңтүстігіндегі, түбі көшпелі ирандықтар, өзі тəрізді егіншілікпен шұғылданған отырықшы
Соғды елімен қауымдасып, өзбек халқының іргесін қалай бастаған. Ал Сейхұн дарияның
орта шенінен төмен қарай сонау Еділ, Жайықтың арғы бетіне дейін көшіп жүрген түркі
тұқымдас рулар өзі тəрізді мал бағатын, Жетісу бойындағы көне заманнан келе жат-
қан Үйсін, Дулат, Жалайыр, Қаңлы тəрізді көптеген салты мен дəстүрі бір рулармен бірігіп,
қазақ деген ел болсақ деп талпынған-ды. Осы кездегі бүкіл Дəшті Қыпшақтың ханы
Əбілқайыр өз ордасын қазақ даласына тіксе де, жаулап алған жерлері сол Мауреннахр,
Соғды, Қорасан жағы болғандықтан көңілін көбіне осы тұсқа аударған. Солардан қыз алып,
Орда салтын да көбіне Мауреннахр елінің əдет-ғұрпына қарай көшіре бастаған.
Қарамағындағы көшпелі елдерге алым-салықты көп салып, оны тек бөтен жұртты
шабатын əскерге жұмсап, халықтың күйін нашарлатып жіберген. Жəне өзі Дəшті Қыпшақтың
даласынан көрі Мауреннахр шаһарларының бірін хан Ордасы етуді дұрыс көрген. Бұның
бəрі көшпелі Дəшті Қыпшақтың асау жыл-
қы тəрізді, арда руларын ханнан шошытуға айналған. Өзінің шаруашылығын, дəстүрін, салт-
ғұрпын, бəрін түбі Мауреннахр тұрғын елінің дегеніне қарай айналдырғысы келетінін сезген
Дəшті Қыпшақ тайпалары енді Əбілқайырдан іргесін əрі салуды ойлаған. Осы тілектің туын
көтерген басты адамЖəнібек сұлтан. Əрине, Жəнібектің бұл қылығы Əбілқайырға
ұнамайтын. Орыс ханның ұрпақтарының ел арасын былай қобалжыта бастауы тек өздері
хан болғылары келуден деп қана түсінетін Дəшті Қыпшақ əміршісі алдымен Жəнібекті
құртуды көксеген. Ал бұл көкейкесті арманның түбі халықта жатқанын ол аңғармаған.
Халыққа тек импрам 3 деп қарайтын Əбілқайыр, сонау апай төс, жүнді балақ батырлардың
артында рулары барын, ал ел деген мағына осы руларда екенін есепке алмайтын. Ханның
ұғымы бойынша бұл импрамдарды сұлтандар басқарады. Тек сол сұлтандармен тіл тапса
болғаны. Сондықтан Əбілқайыр Орда маңына қазақтың Қаптағай, Бөрібай, Қарақожа секілді
1 Ж е й х ұ нАмудария.
2 С е й х ұ нСырдария.
3 И м п р а мкөне түркі тілі, тобыр.
10
ерлігі үшін əр ру аттарын ұран ғып көтерген аңғал батырлардан көрі, өзі тəрізді, дəулеті
шалқыған сұлтан, əмір, хакімдерді жинайтын.
Əбілқайырдың ойынша осылармен тіл тапса, болғаны. Ал, тіл табу үшін хан қандай тəсіл
қолданса да, Жəнібек пен Керей көнбей-ақ қойған. Бұл сұлтандар күннен-күнге араларын
ханнан алыстатып бара жатқан. Арғын мен Қыпшақтың да қазір екі бөлінуінің түп себебі де
осы екеуінің хан Ордасына деген ала көздігінен туған.
Ел билеу! Бұлмансапқор жанның ұлы тілегі. Кенет Əбілқайырдың есіне Шыңғыстың
ел билеу жөнінде балаларына айтыпты-мыс деген қағидасы түсті. Ұлы хан жаулап алған
жерін төрт ұлысқа бөліп, төрт баласына беріпті. Сол мəжілісте əкесінен өсиет естігісі келген
үлкен ұлы Жошы: «Ұлы мəртебелі, əлем əміршісі, хан қандай болу керек?» — деп сұрапты.
Шыңғыс: «Хан халқының көңілін табу үшін ақылды, ал халқы оның көңілін табу үшін
тақымды болуы керек», — деп жауап беріпті.
Шыңғыстың екінші баласы Жағатай: «Ханды қайткенде халқы сыйлайды?» — деп
сұрапты. Шыңғысхан: «Халқың сыйласын десең тағыңнан түспе», — деп жауап беріпті.
Шыңғысханның үшінші баласы Үгедей: «Хан қайткенде тағынан түспейді?» — деп
сұрапты. Шыңғысхан: «Маңына өзінен ақылы төмен, бірақ құлқы өзіндей адамдарды жинай
білсе, сол хан тағында ұзақ отырады», — деп жауап беріпті.
Шыңғыстың төртінші баласы Төле: «Қандай хан абыройлы болады?» — деп сұрапты.
Шыңғысхан: «Ойынан шықпаған туған баласын да бауыздай алар хан əрқашанда абыройлы
болады», — деп жауап береді.
Шыңғысханның осы төрт ақылын алған төрт баласы өле-өлгенше абыройлы хан болып
өтіпті-міс.
Əбілқайыр да осы төрт өсиетке бас иген адам. Сондықтан да ол маңайына тек Сайбан
ұрпағы емес, Шыңғысханның өзге балаларының да, Жошының өзге бұтағын да жинаған. Тек
бұлардың бірде-бірі өзінен ақылды болуға тиісті емес жəне үнемі оның ойынан шығып
отыруы керек. Солай болып та келген. Тек соңғы кезде ғана Орда маңындағы сұлтандар
арасындағы дау-жанжал күшейе түскен. Əсіресе, бұл алауыздыққа дем беріп жүрген
ақыл-айлалы Жəнібек сұлтан. Серіксіз жау болмайды, оған шөбере ағасы Керей қосылған.
Бұлардың бергі өкпесі Əбілқайырдың қазақ пен өзбек арасындағы саясаты болғанмен, хан
ойынша түпкі армандары бақ күндестік. Көк Орданы екіге бөліп, қазақ хандығын құрмақ.
Өздері соны билемек. Ал Əбілқайыр бауыр басып қалған Дəшті Қыпшаққа, ешкімді ортақ
етпек емес. Ортақ етпек түгіл, осынау қарамағындағы Мауреннахр, Дəшті Қыпшақ, Қорасан
жеріне шектес елдерді, əсіресе Моғолстан хандығын түгелдей қосып алмақ.
Барлық елді жеке өз басыңа табындыру қасіретіо да бір іштен жеген жегі құрт.
Мұндай кеселге душар болған адам тек өз мерейім өсе берсін дейді. Ол мұндай арманның,
əр нəрсеге дұрыс баға беріп, дұрыс қарайтын ақылын іштей жеп жатқан жегі құрт екенін
аңғармайды. Кесел бүкіл денесін қаулай алып болып, бір күні тек қауқиған сыртының өзінен
өзі опырылып түсетінін күні бұрын байқатпайды. Бұл кеселдің күші де, қауіптілігі де осында.
Көк Орда ел-жұртын жеке билеп келген Əбілқайыр мен қазақ Ордасын бөліп алам деген
Жəнібек сұлтанның таласы əлдеқашан-ақ басталған. Бұлар бір-бірін жан алқымнан ала
түсер көкжал қасқыр мен арлан тазы теңдес. Араларында бітім болуға тиісті емес. Бірақ əлі
қарсы шабар күн туған жоқ, тек қазір сол күнді күтіп жүрген жағдайлары бар.
Əбілқайыр бір рет Жəнібекті мүлдем құртып жібере де жаздады. Əттең, əттең, ойлаған
жеріне жете алмай қалды. Хан сол бір сəтті кез есіне түссе-ақ əлі күнге дейін бармағын
шайнайды. Шыңғысханның «ойынан шықпаған туған баласын да аямаған ханхан бола
алады» деген қағидасын жақсы ұққан Əбілқайыр, əрине Жəнібекті аяйын деген жоқ, бірақ
бұл жалғанда жазмыштан күшті не бар? Ажалсызаждаһаның аузынан құтылады.
Оқиға былай болған еді. Əбілқайырдың Маңғыт руынан алған бəйбішесінен туған он жеті
жасар, аппақ жұмыртқадай, жастық желікті ерте бастаған жеңіл мінезді, ерке қызы Ғайып-
Жамал-Сұлтан-Бегімнің сұлу жүзді, арыс тұлғалы Жəнібекке көңілі кеткен. Хан қызына қолы
жете алмай өліп жүрген өзге батыр, сұлтандарға көзі түспей, төрт əйелі бар Жəнібекке неге
сонша құмар бол-
ғанын кім білсін, əйтеуір қыздың өзі ортаға жеңгелерін салып, ұзатылғанша сұлтанмен көңіл
қосуға тілек білдірген. Бұл кезде Əбілқайырмен арасы іштей əбден суып болған Жəнібек:
«əкесінің кеудесіне міне алмасам да, қызын тоят етсем, о да ханнан бір өшімді қайтарғаным
емес пе» деп, алдымен хан қызымен жақындасады да, артынан қыздың оңашадағы сан
түрлі назды қылықтары ұнап, оған үйленбекші болады. Ханға қызын берсін деп, шөбере
11
ағасы Керейді салады. Жайшылықта қастарымен татуласу үшін қыз алып, қыз беруге оңай
баратын Шыңғыс тұқымы, бұл жолы қасара қалады. Жəнібекпен, түбі бірге от жағып, түтін
түтете алмайтынын сезген хан, қызын беруден үзілді-кесілді бас тартты. Бірақ жауабын
тікелей айтуға, Тоқай Темір ұрпағын біржолата шамдандырып алармын деп ойлайды да,
«Жақсы, ойланып көрелік, шешімін күз қыстауға қайтқанда естірсіңдер» дейді Керейге.
Ханның бергісі келмей отырғанын түсінген Керей намысқа шауып, Ғайып-Жамал-Сұлтан-
Бегімнің бетінің ашылып қалғанын алыстан тұспалдап сездіреді. Енді қызының абыройы
үшін Жəнібекке бергенің дұрыс деген сыңай білдіреді. Қызының мұндай күйге ұшырағанына
намыстанып қалған хан, сырттай сыр бермей:
Жақсы, жауабын күз қыстауға барған соң аларсыңдар, — дейді жаңағы сөзін
қайталап, сазарған қалпында, Керей кеткеннен кейін, дəйекші Инелікті жіберіп, шымшып
алар еті жоқ, қан-сөлсіз сұп-сұр боп қатып қалған Құрыбай жан алғышты шақыртып алады.
Менің қызым Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегім бабалары заңы бойынша «қан төгілмей»
өлуге тиісті! — деді оған.
«Қан төкпей» өлтіруақ кигізге орап, екі жағынан бұрап тұншықтырып, не аяғы мен
басын артына қайырып, бел омыртқасын сындырып өлтіру. Көне монғол ғұрпында бұл
жеңіл өлім.
Ертеңіне Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегімді бабасы Жошы ажал тапқан көне монғол əдісімен
емес, басқа тəсілмен: жүрегіне қанжар салып өлтіріп кетеді. Бұлай өлтіру кімнің ісі екенін
білсе де жұрт үндемейді. Хан жарлығы екенін сезіп, жұмған ауыздарын ашпайды.
Қызын құрметтеп қойып, жетісін бергеннен кейін, хан тағы Құрыбайды шақыртып алып:
Ертең аңға шығамыз. Жаныңа екі-үш сенімді адамыңды ерт. Жəнібек сұлтан да
Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегім ажалымен өлуге тиісті, — деп бұйы-рады.
Бұл жолы Құрыбай жан алғыш жалт береді. Жəнібекті өлтірсе жауапсыз кетпейтінінен
қорқады.
Менің қай уақытта аңға шығатынымды білетін сұлтандар сезіктеніп қалулары мүмкін,
деген ол, — бұ жолы аңға шықпауға, хан ием рұқсат етіңіз... Менің орныма туған інім
Сарыбай барсын...
Өз басын пəледен аман алып қалғысы кеп, туған інісін қауіпке қиып тұрған қасқыр
мінездес Құрыбайдың қылығына Əбілқайыр хан езу тартып күлген. Иə, хан маңайына өзіне
керек адамдарды тарта білген. Бабасы Шыңғысханның Жағатайға айтқан ақылын құрандай
бекер жаттап алмаған екен. Хан тағының амандығы, міне, осындай құлқы өзі тектес
жандармен сақталады. Бұлар барда, Əбілқайыр да бар.
Болсын, — деген ол, — тек не істейтінін Сарыбайға дұрыстап түсіндір.
Ал Жəнібек ханның мезгілсіз кезде, қызының мынандай жан түршігерлік айуандық
əдіспен қаза тапқан шағында, аңға шығуының болашақ бір қанды оқиғамен байланысты
екенін айтпай-ақ түсінген. Оның үстіне Əбілқайыр Жəнібек пен Керей сұлтанға «Менімен
бірге аңға шықпай ма екен?» — деп арнаулы кісі салған.
Хан аңға шығарда Орда маңындағы сұлтан, əмір, батыр, билерге хабар беру ежелгі
салт. Жəнібек бұдан күдіктенген жоқ. Оның күдіктенгені ханның аңға мезгілсіз уақытта
шығуы мен басқа бір себеп еді. Сұлтан астыртын тіл алып көрсе, соңғы кезде Əбілқайырға
қырғи қабақтана бастаған бекзадалардан ешкім хабарландырылмапты. Бұл жолғы
шақырылғандар кілең Əбілқайырдың өзіне дос адамдары жəне Жəнібек пен Керей ғана
екен.
Хандардың аңға шығуы ежелден бір үлкен мереке. Жұрттың жақсы ат, қыран құс,
салтанатты қару-жарақ, ер-тұрмандарын көрсететіні осы жер. Ердің ерлігі, ептілігі,
мергендігі де байқалатын осы жер... Жайшылықта мардамсып жүретін өр көңіл
батырсымақтардың күтпеген жерден, қамыс арасынан өзіне қарсы атыл-
ған ірбіз, барыс, арыстандардан үрейі ұшып кетіп, қолындағы алдаспанын көтеруге де
жарамай, жайрап қалатыны да осы ара. Той-думан, жарыста жамбыны бір атқаннан жарқ
еткізіп жерге түсіретін мергендердің, аяқ астынан зу етіп тұра қашқан қыр қоянынан сасып
қалып, қолындағы садақ жебесін құла жон-
ға жіберіп күлкі болатыны да осы ара... Бұрынды-соңды жұрт көзіне түспеген жас жігіттің,
қанжардай қос азу тісін жалақтатып, қылшық жалын тікірейтіп, тайшадай қара доңыз қарсы
ұмтылғанда, үзеңгісіне шірене тұрып сауыт бұзар жебесін қақ маңдайдан қарыс сүйем
кіргізіп, омақата құлатып, атаққа ілінетіні де, тағы сол саят базарында.
12
Жəнібек Керей сұлтанмен іштей жер танысып, ақылдасып алғаннан кейін, ханмен бірге
аңға шықпақ болды. «Тағдырдың жазғанын көріп алармын, — деді ол, — егер ажалың
келсе, алтын сандық ішінде тығылып жатсаң да табады. Ал ажалың жоқ болса, жаңбырдай
жауған оқтан да адам тірі қалады». Керей де бұны мақұлдады, тек «сақ болайық жəне
қасымызға сенімді жігіттерді көбірек ертелік, — деді ол, — егер біз аңға шықпай қалсақ,
Əбілқайыр хан ойын сезгенімізді бірден ұғады. Ондай жағдайда тастай түйініп алған хан,
шешінген судан тайынбас дегендей, ойлаған мақсатына жету үшін басқа шара қолданады.
Ажал қашан да болса ерте, егер дəміміз сол күні бітер болса, оған да тəуекел
Жəнібек енді аңға шығуға қамдана бастады. Сұлтанның жалғанда жақсы көрері жүйрік
ат, қыран құс. Ол Дəшті Қыпшақтағы атақты құсбегінің бірі болатын. Ақ Ордасының жанында
бүркіт, қаршыға, лашын, тұйғын, ителгілерге арнап тігілген қараша үйлері іргелес тұратын.
Өзге құсбегідей бүркітті ол балапан күнінен емес, əбден қанды балақ болған кезінде торға
түсіретін. Сосын үйрететін. Далада өскен қыран алғыр келеді дейтін. Тағы бүркіт көпке дейін
көндікпейтін, сөйтсе де əбден жыртқыш құсты баулуға машық болған сұлтан еркіне
қоймайтын. Кереге қанат қыранға томаға кигізіп, алтыбақанда əткеншек тепкізіп, ат үстіндегі
қимылға үйрететін. Содан кейін суға салып, ақ жем ғып ет беретін. Алғашқы кезде көндіге
алмаса да, ашыққан қыран бірте-бірте бұл ақ жемге де үйренетін. Осылай бірте-бірте асау
бүркіт жуасып, иесіне мойынсұна бастайтын. Содан кейін барып, бүркіттің томағасын алып,
қызыл жегізеді. Қанды көз жыртқыш қызыл етті көргенде, жанын қоярға жер таба алмай
асығады. Ием қашан жем береді деп шыдамсыздана күтеді. Қыранын мұндай жағдайға
жеткізген Жəнібек енді құсын қолға қондырып, атқа мініп, ұшырып байқайтын. Алыстап бара
жатса кейін шақырады. Иесінің даусына əбден үйренген құс, жаны сүйер қызылға қарайлап
қайта оралады. Осылай түз қыранын бірте-бірте сыннан өткізіп қолға мейлінше үйретіп
болғаннан кейін, бір күні оны алып шығып, қызыл түлкіге салатын. Қыран құс тұтқында боп,
қанша қолға үйренсе де, кенет өзінің ата салтына бағып сол баяғы тағы қалпына тез
көшетін. Көктен шүйіле түсіп қызыл түлкіні іледі. Ыстық етке тұмсығы тиіп дəніккен бүркіт,
ием тағы түлкіге салса екен деп шабыттана түседі.
Жəнібектің осылай үйреткен бірнеше кереге қанат, ақ иық қыраны болушы еді. Бірақ қыс
бойы аңға салған бүркіттерін ол жаз шыға түлетуге кіріскен. Күз таяп келе жатқан соң, кеше
ғана ақ жем беріп, қырандарын баптай бастаған. Бүркіт салуға ерте болған соң, Жəнібек бұ
жолы бүкіл Дəшті Қыпшаққа аты шыққан Сомбалақ атты қаршығасын алып шығуды жөн
көрді. Хан шақыруынан қатты сезіктенген Жəнібек, бешпетінің ішінен қорасан болатынан
жұқа етіп тоқыған шағын сауыт киді. Алдаспанын қамсыз қайрап, садақ жебесіне жаңадан
сұңқардың қауырсынын қадады.
Ханның аңға аттанатын күні жеткенде адыр басына керней-зурнайшылары шығып, бүкіл
даланы басына көтере, барылдата тартып, аңшыларға «жиналыңдар» деп белгі берді.
Оқшау төбелі мидай дала. Ат құлағы мен бұйра қымыздығы аралас біткен жасыл шалғын.
Əлжуаз сабақтары толығып ылдидағы қызғалдақ, сарғалдақтар көк майсадан жоғары
көтеріліп, өрекпіп жеткен... Тұс-тұстан төбе басына сұлтан, əмір, бектер ағыла бастады.
Кенет хан ордасы жағынан бір топ адам көрінді. Өзгеден сəл үздіктеу келе жатқан, жал-
құйрығын түйіп тастаған күрең қасқа жүйрік ат мінген, үстінде аң аулауға деп арнап тіккен
шолақ сауыт, зерлі күміс дулығасы бар Əбілқайыр ханның өзі. Соңынан ергендері үзеңгілес
батыр нөкерлері. Кілең жеңіл сауыт, ықшам киім киген. Аттарының бəрі жал-құйрығын түйіп
тастаған, ауыздығымен алысқан жүйріктер. Үстеріндегі сауыттары, асынған қару-жарақтары
күнмен шағылысқан осынау топтың ішінен үш-төрт əйел көзге түседі. Əсіресе, ортада келе
жатқан, бүкіл Дəшті Қыпшақ жеріне əйгілі, «Ортеке» деп ат қойылған күлсары сəйгүлік
мінген жас əйел таңғажайып салтанатымен анадайдан-ақ көздің жауын алады. Астындағы
сайгүлік жүйрігінің ат-əбзелі, жүген-құйысқаны, өмілдірігібəрі сары алтынмен апталған.
Əйелдің үстінде алтын жіппен зерлеген сарғылт, дүрия қысқа шапан, басында сүйір ұшты
құндыз бөрік. Шалбарының етегі де алтын оқамен əдіптелген. Кеудесіндегі гауһар таспен
безелген алқасы көзді шағылыстырып күн сəулесімен ойнайды. Алыстан-ақ бұл əйел қалың
көкпек арасындағы сарғалдақтай, көзді тартады. Өзі де мейлінше сұлу, жаңа туған ай
секілді жіңішке қасын сүрмелеп тастаған. Ұзын шаштарын жиырма-отыз сала етіп, ұп-ұсақ
етіп өрген. Бір өзінің түр-келбеті бүкіл əлемге сəн бергендей осынау салтанатты əйелді
көрген адам «бұ жалғанда мұндай жан жаратылмас» деп ойларлық. БұлƏбілқайыр
ханның төртінші əйелі, атақты ғалымСамарқант ханы Ұлықбек мырзаның қызы Рабиу-
Сұлтан-Бегім сұлу еді. Бұлар төбеге жеткен кезде солтүстіктегі ақ ордалардан тағы бір топ
13
салт атты көрінді. Алдарында қос қара көк жүйрік мінген Жəнібек пен Керей. Екеуі де аңға
шыққандарын əдейі аңғартқандай иықтарына қаршыға қондырған. Ерлеріне атпа найза
ілген. Киімдері де ықшамды. Құндыз жағалы, қысқа лұқпан шапан, бастарында қазақы
қимаш бөрік, сырттарынан қимылымызға жеңіл болсын деп кереге көз торлы сауыт киген.
Ерлерінің басына ешкі терісінен жасаған дабыл іліп алған. Бұл топтың арасында да үш-төрт
əйел. Бұл əйелдердің ішінен біреуі ерекше көзге түседі. Бұл Жəнібек сұлтанның екінші
əйелі. Алтын хан еліндегі монғолдармен аралас отырған көшпелі Керей руының қызы Жаған
бикем. Бұның астында аты шулы «Киік-аяқ» атанған ақбоз жүйрік, Рабиу-Сұлтан-Бегімнің
ер-тоқымындай ат-əбзелін алтын жаппаған, жүген-құйысқаны, ат кеудесіне түсіре салған
өмілдірігіне дейін бəрі қақтаған ақ күміс... Рабиу-Сұлтан-Бегімдей ерекше салтанатымен
емес, Жаған өз келбетімен, жасынан ат құлағында ойнап өскен көшпелі елдің қызы екенін
көрсетіп тұрған ерекше отырысымен, қамшыны сипай тартқан болмысымен көздің жауын
алады. Əсіресе Рабиу-Сұлтан-Бегімдей емес, қолына ұстаған найзасы, басына киген
меруертпен торлаған қызыл барқыт сəукелесі, астындағы ақ боз аттың кекіліне таққан үкісі,
бұның жауынгер елден шыққан əйел екенін көрсетеді. Дене келбеті де, астындағы атының
бітімі де Рабиу-Сұлтан-Бегім көркі мен мінген жүйрігінен анағұрлым асып түскендей. Жұрт
оған сүйсіне қарауда. Əбілқайыр да көз астымен Жағанды бір шолып өтті. Кенет оған бір
күпірлік ой келе қалды. «Сұлу-ақ екен. Хан əйелі болуға əдейі жаратылғандай. Егер Жəнібек
сұлтан осы жолы жазым болса, алтыншы əйелім етіп алармын-ақ!».
Хан бетінен көзін алмай тұрған Жəнібек, Əбілқайырдың зұлым ойын көз қарасынан
түсінгендей, теріс бұрылып кетті. Енді ол адыр басы мен етегіне жиналған бекзадаларға
бажайлап қарай бастады. «Қайсысы екен маған ажал əкелер Кенет көзі топтан сəл
оқшаулау тұрған үш қоңыр киімді жат адамға түсті. Бұрын аңға шығып жүргенде, бұл үш
қоңыр пішін болмайтын. «Осылар екен. Тек сақ болу керек» деді Жəнібек ішінен.
Аңшылар азығы деп түйеге саба-саба қымыз артқан, жеңіл шатырлар тиеген, алдарына
он бестей қой айдаған бір топ жігіт ауылдан шыққан кезде, хан жасағы да солтүстікке қарай
бет алды. Бұлар арада бір қонып, келесі күні Ұлытаудың солтүстігіндегі, Кішітаумен
жалғасып жатқан, Арғынаты құз-асуларына келіп, қостарын тікті.
Бұл ескі қиссада:
Ұрпақтан ұрпақ қуып бізге жеткен,
Ежелден Арғын атам қоныс еткен.
Көк шалғын, күміс бұлақ Арғынатым...
Шықпайтын арманымсың көкіректен, —
деп жыр еткен қазақтың көне мəдениет ошағыАрғынаты тауларының кең өңірі еді.
Солтүстіктен оңтүстікке қарай үзіле созылған жықпыл тасты құздар, түкті қабақты қайғылы
жартастар. Үстін қарақат, мойыл, көк шалғын басқан ұры сайлар, тағы қойнаулар. Жағасын
айбалдырған мен ақшуағы аралас белден келер көгал шөп көмген, жұлындай боп жер
астынан шығып жатқан, сылдыр қаққан жіңішке бұлақтар. Қуаңшылық жылдардан басқа
кезде, қаптаған малын суаратын Барақ көлден бөтен мол сулы айдыны болмағандықтан
бұл араға жаз ел сирек қонатын. Сондықтан да Арғынаты төңірегінде қырғауыл, дала қазы
секілді суы аз жерде үйреншікті құстар мен арқар, бөкен, киік көп кездесетін. Хан тобы үш
күн бірдей аң аулады. Дабыл қағылып, қаршығалар жерден жаңа көтерілген кездерінде
кекілік пен ұларды топырлатып ілді. Мерген жігіттер киіктерді садақпен қиядан қағып қырып
салды. Бірақ Сарыбай бастаған үш жігіт қанша аңдыса да, көз қиығын бұлардан
аудармаған Жəнібекті қолдарына оңаша түсіре алмады. Ажал алайын деп қанша
құлшынғанмен, жауыздықтың реті келмеді. Əбден ызаланған жігіттер не істерін білмей, хан
ертең елге қайтады деп тұрғандарында, Жəнібекті мерт етер бір жағдай кездейсоқ тап
болды. Аң аулау қызығына кіріп кетіп, əбден елеуреген Жəнібек бір мезет аужайын байқай
алмай қалды. Қастарынан жанай қашқан ақ бөкенді көре сала, атын борбайлап тұра қуды.
Күнімен аң соңынан шапқан серіктерінің аттары əбден болдырған-тын. Тек түске дейін
ұдайы шапса тері ғана шығатын Жəнібектің көкбуырылы ғана əлі тың еді. Атбегі əбден
жаратқан екен, қабақ қаққанша жолдастарынан ұзап кетті. Ол ақ бөкенді қуып келе жатып,
төтеден қосылған хан тобы мен əлгі үш қоңырды көрді. Хан атын жаңа ғана ауыстыр-
ған. Ал Сарыбай тек Жəнібекті аңдумен ғана жүріп астындағы жүйрігін тың ұстаған. Əрі-
беріден соң Жəнібек, хан, Сарыбай үшеуі өзгелерден қарасын үзіп, үздік кеткен. Бие
сауымдай жер шапқанда ғана бұл үшеуі қалжырауға айнал-
14
ған бөкенге бірдей таянған. Əбден дымы құрып етпетінен құлаған дала еркесінің үстіне
аңшылар бірдей жеткен. Аң құмар Жəнібек сойылын лақтырып жіберіп, бөкенді бірінші боп
бауыздайын деп, қынабынан кездігін ала атынан секіріп түскен. Дəл осы сəтте: «Жоқ, олжа
менікі деп Сарыбай да сойылын ыңғайлап бөкенді бауыздауға еңкейген Жəнібектің ту
сыртынан ұрмақ боп таяй берген. Бірақ Жəнібек барыстай атылып, Сарыбайды ат үстінен
жұлып алған, Жəнібектің тізесінің астына түсіп қалғанын бір-ақ білген Сарыбай ханға:
Ау, ұрсаңызшы көк желкеден! — деген, ханның қолындағы сойылға көзі түсіп.
Неге екені белгісіз, ханның бойы дірілдеп кетіп, Жəнібекті сойылмен ұруға қолы
көтерілмеген.
Дəл осы кезде шапқан ат дүбірі кенет естіліп, бір бүйірден Керей сұлтан шыға келген.
Тізесімен Сарыбайды бір-екі нығарлап жіберіп Жəнібек: «Бір жолға қастығыңды кештім,
екінші мəртебе қолыма түссең өзіңнен көр» деп түрегелген де, жатқан аңға қараған. Өкпесі
өшіп əбден орнынан тұра алмай қалған бейшара, сол мойнын созып етпетінен құлаған
қалпында əлі жатыр екен. Жəнібек оны аяп кеткен. «Жазықты жауыма тіршілігін қиғанда,
жазығың жоқ, ақбөкен, сені несіне өлтірем», деп анандай жерде жатқан сойылын алып
атына мінген. Осы сəтте Керей де жеткен. Болған оқиғаны айтпаса да түсінген Керей
сұлтан, інісін қасына ертіп, ханға бұрылып та қарамастан, шауып келе жатқан топқа қарсы
ақырын аяңдап жүре берген.
Бұл кезде тəлтіректеп орнынан Сарыбай да түрегелген. Атының үзеңгісіне аяғын салып
жатып:
Бекер сойылмен ұрмадыңыз, хан ием, — деген алқына сөйлеп, егер де жығылғанда
мойын омыртқасын бұрап үзіп алатын едім де, атынан құлап өлді дейтін едім. Қалай
өлгенін көзімен көрген ешкім жоқ... — деп келе жатты да, — тақсыр хан, кешіріңіз... — деп
басын қолымен қорғай берген.
Бірақ құлаштай сілтеген көк құрыш алдаспан оның мойнын қиғаштай кесіп, зəресі ұшып
көзі адырайған басын анадай жерге ұшырып түсірген.
Қайтып оралған Жəнібек пен Керей Сарыбайдың əлі де болса жаны шыға қоймай,
анадай жерде ақырын қимылдап жатқан басы мен қан-қан болып діріл қаққан денесін
көрген. Бұйрығын орындай алмаған құлы енді тірі куəге айналмас үшін, ханның əдейі
өлтіргенін екеуі бірдей ұққан. Бірақ Əбілқайыр:
Жəнібек сұлтанға қастық ойлағаны үшін басын алдым! — деген.
Ана екеуі оған жауап қайтармаған, үн-түнсіз аттарының басын бұрып, келе жатқан
адамдарға қарсы аяңдаған.
Хан қазір өзінің сол күнгі қылығын ойлауда. «Он алты жасымда Едігенің немересі Қазы
биді өз қолыммен бауыздағанда, он жеті жасымда аталас туысым Дəшті Қыпшақ ханы
Жұмадүкті туған баласындай боп қолында өскеніме қарамастан, жекпе-жекте шоқпармен
ұрып өлтіргенде шімірікпеген басым, қастасқан жауым Жəнібекті қара құстан сойылмен бір
салып өтуге қалай жарамадым? Кезі келгенде қандай құрбандыққа да болса бара алатын
жүрегім, сол жолы қалай дауаламады?
Иə, өзгелер айқай-сүрең салып жеткенше, сойылмен бір-ақ періп өлтіруім керек-ақ еді,
ар жағында аттан құлап ажал тапты деп көрсетуСарыбайдың шаруасы. Ал мен... Міне,
сондағы сəл бөгеліп қалғанымның күнəсін енді тартып жүрмін... Жауыңа деген сойылды дер
кезінде соқпауүлкен қылмыс! Енді міне Жəнібектің басын қалай алудың жолын таба
алмай, аңыс-аужайым азаптануда... Ашық кетуге болмайды, қазір олар жағындағы ел аз
емес. Əттең, əттең, сол бір сəт қайта оралар ма еді! Апырай, сол жолы қолымдағы
сойылымды бір сілтеуге жүрегім қалай дауаламады екен. Дауалатуым керек-ақ еді».
Əбілқайыр ойына өлім жазасына бұйырмақ жігіті қайтадан түсті. «Иə, бұл жолы тағы мен
үкім айтуым керек. Айтпасқа амалым жоқ. Орда маңына топталған Арғын, Қыпшақ
арасындағы дау-жанжал бүгінгі күні осы жігіт арқылы шешілмек. Егер бұл жігітті өлім
жазасына бұйырсам, Қыпшақ қуанады. Босатсам Арғын мəз болады... Қандай шешім алу
керек? Орда бүтіндігі осы бір жігіттің тағдырымен байланысты. Қастасқан Жəнібек, Керей,
Абақтардың да күтіп отырғандары менің шешімім, қандай үкім айту абзал Əбілқайыр
терлеп кетті. Бір қара қазақтың тағдырының өзіне осыншама салмақ салғанына таң қалды.
Ал өткен заман болса... «Иə, иə, Шыңғысхан бабамыз кезінде, бір адамның өмірі түгіл мың
адамның тіршілігі де ұлы ханның бір қабақ қаққанынан шешіліп жатпас па еді? Иə, сөйтер
еді-ау! Жоқ, Шыңғыс бабамды қойып, бертініректегі Мөңке ханның тұсында да, бір кісінің
тағдыры ешкімнің ойына ойран салмас еді!».
15
Оның есіне Мөңке ханды жерлеу жайындағы аңыз түсті.
Өзге жұртқа қарағанда монғол халқының өздерінің бекзадаларын жерлеуде екі айрықша
дəстүрі болған.
Біріқабірге өлген сұлтанымен бірге бекзаданың құлын салу дəстүрі. Терең зираттың
бір бүйірінен қуыс қазады. Оған өлікті түсіреді. Өліктің астына бекзаданың тірі кезінде ең
жақсы көрген құлын жатқызады. Құл бірнеше сағат өліктің астында жатып тұншыға
бастағанында оны бейіттен алып шығады. Есін жиғаннан кейін, құлды өліктің астына қайта
жатқызады. Осылай үш рет істейді. Егер құл тірі қалса, оның сұрағанын беріп, құлдықтан
біржолата босатады. Монғолдардың түсінігі бойынша құл бекзадаға шын берілген адам
болып шығады. Қожасы өліп, құлы тірі қалғанда ол өмір-бақи қожасының бар күнəсін
арқалап өтеді-міс. Сондықтан оны тірі қалдырады. Астоданға салынған өліктің денесін
қуысқа тығады. Зираттың ішіне қазан толы ет, құмыра толы сүт қояды. Садақа етіп көптеген
күміс, алтын білезік, сақина, алқа тəрізді қымбат заттар қалдырады. Бұндайда егер бекзада
бай адам болса, алтын, гауһарлар зиратқа аянбай салынады. Бекзаданың жанын қинауға
келген періштелер алтынды алып, өлікке тимей кетеді деп ойлайды монғолдар.
Екіншісіқойылған бекзаданың зиратын тірі жан білмеуі керек. Бекзада қойылғаннан
кейін оның көрін білетін адамдар тегіс өлтіріледі, қабір үстінен үйірлі жылқылар өткізіліп жер
бетін теп-тегіс етеді.
Мұндағы ойларықабірге салынған асыл мүлікке қызығып бекзаданың моласын қазып,
өлік сүйегін қорлаудан сақтау ғана емес, монғолдардың басқа да себептері бар. Римнің бір
императоры «тарих менен басталады» деп өзінен бұрын өткен, капитолияның астында
саркофагта жатқан жиырма тоғыз императордың бальзамдалған денелерін алып өртеп
жіберген. Тірі кездерінде өшіккен патшаларының сүйектерін өлгеннен кейін қазып алып
қорлау, бөтен елдерде де сан мəртебе кездескен. Мұндай сорақылық өткен замандарда жиі
болып келген. Ескі монғол заңы бұндайға орын бермеген. Тіріөлі жаннан өшін алуға
тиісті емес. Сондықтан оның зиратының қай жерде екенін тірі жауы білмеуі керек. Білетін
құл өлтіріледі, зират үстінен жылқы айдалып қабір беті жермен-жексен етіледі.
Бір мың екі жүз елу тоғызыншы жылы Қарақұрымдағы Шыңғыстың ұлы тағында отырған
Мөңке хан өлгенде, оның інілері Арық Бұғы, Құбылай Құлағулардың əмірі бойынша осы
ханды жерлеуге қатысқан он мың адам тегіс бауыздалған. Ондағы ойларытірісінде
қатігез болған ханның өлігінен Шың-
ғыстың өзге балаларының ұрпағы өшін алып жүрмесін деген жəне монғол хал-
қының отқа табынатын кездегі діни түсінігі бойынша бекзаданың жаны о дүние-
де тыныш серуен құруға тиісті-міс.
Інілерінің Мөңке ханды аталары Шыңғыстан да артық етіп былайша дəріптеулерінде бұл
екі салттан да басқа бір мақсат бар-ды. Ол мақсатбүкіл əлемге, қала берді өздерімен бақ
күндес жауларына, он мың адам қаза тапқан қанды қырғынмен сес көрсету болатын.
Сөйткен Шыңғысхан ұрпағынан шыққан Əбілқайыр хан болса, енді мынау, бір жігіттің
тағдырын шеше алмай жаураған торғайдай құты қашып тұр. «Бір Шыңғыстан тараған екі
ұрпақтың біреуі он мың адамды бауыздағанын мақтан етеді, ал екіншісі бір адамды ажалға
бере алмай, күні бойы əуре-сарсаң ойға берілуде. Бұл қалай? Расымен-ақ бір кезде бүкіл
дүниені тітіреткен айбынды «əлем иесі» тұқымдарының уақтап кеткені ме? Солай тəрізді.
Əбілқайыр тағы да ауыр күрсінді. Расында да бұл оған Төле балаларының он мың
адамды құрбанға шалғанынан шешуі қиын кесік еді. Пышақ кесті үкімін шығара алмай
қиналуы да содан туған.
Қара қазақ жерін жаулап алған Шыңғыс балаларының арасы қым-қиғаш бір тарих.
Əбілқайырдың дағдаруының өзі де осыдан еді.
Үгедей балалары монғолдың өз жеріне Ұлы Ордаға ие болып қалғанда, Жағатай
балалары мен Төленің кіші ұлы Арық Бұғы осы күнгі Орта Азия өлкесіЖейхұн мен
Сейхұн өзендерінің арасынМауреннахрдың бай алқабына ие болған-ды. Ал Төленің
екінші баласы Құбылай Қытай жерінің Солтүстігі мен Батыс жағын жаулап алып, енді дені
Дəшті Қыпшақ пен алан1 1 əскерлерінің күштерімен сол Қытайдың Оңтүстік жағын жаулауға
кіріскен. Үшінші баласы Құлағу осы күнгі Кавказ жерінің бүкіл Оңтүстік тұсын шауып, Иранды
алып, енді сонау Египетке қол соза бастаған-ды. Құлағуды жергілікті ел ықпалына түсіп
кетпес үшін, будда монахтарыұйғырлардан, тібіттіктерден, қытайлықтардан құрылған
1 Орыс пен Дəшті Қыпшақ жауынгерлерінен құрылған «əлен асы» атты əскер құрамасы.
16
кілең сенімді адамдармен қоршаған. Бұлардың бəрі ұлы хан Мөңкенің қарамағында
болатын.
Үгедей, Жағатай, Төле балаларының басшылық саясаты қан төгіспен, бағынған елді
қыру, талаумен аяқталатын-ды. Қорқыту, қорғансыз елді тек найзаның ұшымен, айбалтаның
күшімен бағындырубұлардың негізгі саясаты еді. Өртенген, қираған қала, құлазып бос
қалған егін даласы, тау-тау болып үйілген адам сүйегі, қашқан, босқан жұртміне, монғол
қанды балақтарының бір кездерде гүл-гүл жайнаған өлкелерге алып келген үлесі осы
болатын...
Ал қазақ жеріне келген Жошы да осы саясаттан танбаған. Тек ойын орындау тəсілі
өзгеше еді.
Қият руының батыры Есугейден туған Шыңғысхан Қоңырат Дай-ноянның қызы Бөртеден
бес қыз, төрт ұл көрген. Солардың бір қыздан кейінгі ең үлкені Жошы. Монғол ғұрпы
бойынша өз руынан əйел алуға болмайды. Жігіт қалыңдықты басқа рулардан, əсіресе
нағашы жұртынан іздеуі керек. Осы дəстүрге қарап, Жошы да өзінің заңды төрт қатынының
үшеуін Қоңырат руынан алған. Үлкен бəйбішесі Жүке-бегімнен үлкен баласы Орда, екінші
əйелі Үкі-бегімнен Бату туған. Бұлар да нағашы жұртынан бір-бір əйелден алған. Осылай
атадан əкеге, əкеден балаға ауысқан ғұрып бойынша Жошы ұрпағы Қоңырат руына күйеу
жұрт боп кеткен. Ал бір кезде Керулен, Онон, Орхон өзендерінің бойымен көшіп жүрген
Найман, Керей, Уақ рулары тəрізді монғол жеріндегі Қоңырат руы, енді бірінші боп Жошы
ұлысына кіреді. Бұның үстіне «Шыңғыс монғолда хандыққа таласып жүргенде, Бөрте
Керейдің бір батыр жігітімен көңілдес болған екен. Жошы содан туыпты» деген де қауесет
бар. Бұл қауесет қисынға да келетіндей. Оған дəлел: Шыңғысхан енді өлетініне көзі жетіп,
орнына Жошыны қоймақ боп бір мың екі жүз жиырма алтыншы жылы Ұлы құрылтайды
шақырғанында, монғол жыраулары хан алдында «Жошыны қойма, ол сенің нəсілің емес»,
деп жыр айтады.
Осындай себептерімен Жошы Қоңырат, Керей руларын іштей қанап жатса да, сырттай
жақын ұстаған болып көрінеді...
Жоқ, қарамағындағы жұртты Жошы қандас болдым деп аяған емес. Оған басқаратын,
əмірін жүргізетін ел керек. Ал Дəшті Қыпшақ Жошы хандығының туын тігетін негізгі жері
болуға тиісті еді.
Демек, қазақ шежірелері Жошыны Шыңғыстың өзге балаларындай қанішер атамайды.
Жыр, аңыздарда кейде қаһарымен бірге сөзге тоқтайтын, ашуын ақылға жеңгізе білетін
адам етіп көрсетеді. Бұған «Ақсақ құланЖошы хан» аңызы куə.
Қайткенмен де осы Жошы Жағатайдай басып алған елін құртып жіберуге құштар
болмаған. Оның бүйтпеске амалы да жоқ еді. Қазақ жерінде қалған монғол басқыншылары
сан жағынан жүздің біреуіндей-ақ аз-тұн. Шыңғысхан жаулап алған жерінде төрт басына
төрт ұлыс етіп бөлгенінде монғол əскерінен əрқайсысына он санадан 1 бар бергені төрт мың
əскер деген ақпар бар. Монғол нояндары да, бір шелек суға салынған бір уыс тұздай қалың
қазақтың арасына кіріп біржолата оның тілін, дінін алып өздері де қазақ болып кетеді. Тек
Шыңғыс ұрпағымыз, төре тұқымымыз дегенді өздерінің үстемдігін қорғауға ғана
пайдаланады.
Тағы бір еске алатын жағдай: қазақ жерінде, Хорезм, Киев тəрізді үлкен қалалар
болмағандықтан, Жошы тұқымы қан жоса етіп алатын бекіністер де аз еді. Дəшті Қыпшақ
рулары да монғол тəрізді көшпелі жұрт, қашып жүріп, босып жүріп соғысып өз теңдігін
оңайға бермеді. Жошы ұрпағына бұнымен де санасуға тура келді. Тиімді болса қазақтан қыз
алып, қыз беріп кетуден де тайынбайды. Осындай жағдайда Бату өзінің бір қызын Маңғыт
жігітіне береді. Одан Ноғай деген инал 2 туады. Ноғай асқан батыр, ақылды кісі болады. Хан
тағына отыруға хақы жоқ, əке жағынан Шыңғыс тұқымынан емес, бірақ Батухан өлген кезде
оның əскерін басқарады. Осы Ноғай қырық жылдай бүкіл Жошы тұқымына айтқанын істеді.
Алтын Орда хандарын өз қолымен отырғызып, өз қолымен алып тастай алатын əмірші
болады. Ақырында Алтын Ордаға Мөңке ханның бесінші баласы Тоқтағу (қазақтар оны
Тоқтайхан деп атаған) хан болады. Бұл кезде Ноғай батырдың қартайған шағы. Жас ханмен
кəрі тарлан айқаса кетеді. Дəшті Қыпшақ елінің ру-руға бөлінген алауыздығын пайдаланып,
Тоқтағу əскері Ноғайды жеңеді. Ноғай он жеті нөкерімен Башқұрт жеріне қашады. Жолай
1 Б і р с а н а д ажүз адам.
2 И н а лкөне түркі тілі, шешесі хан тұқымынан, əкесі қара қазақтан шыққан кісі. Бұның да хан тұқымынан
шыққан ақсүйек адам екенін білдіріп, арнаулы «инал» деген ат берген.
17
оны Алтын Орда қызметіндегі бір князьдің жауынгері ұстап алып өлтіреді. Басын Тоқтағуға
əкеп береді. Бірақ жауынгер қылығынан шошынған Тоқтағу «Қарапайым адам хан тұқымына
қол көтермес болар» деп өзінің басын алдыртады.
Хан атын алмағанмен, Ноғай Ұлы би аталған. Дəшті Қыпшақ жерінің батыс бөлегі
Ноғайлының хандығына айналады. Бұл хандықтың негізін қалаған Маңғыт руы.
Əбілқайырдың да өзінің қол астындағы Арғын, Қыпшақ руларының белді адамдарынан
сескенуінің де бір себебі осында. Ноғай батыр секілді Ақжол бидің де (бұл ел қойған аты,
шын аты Дайырқожа) артында тұрған қалың Арғын елі бар. Ал Майсара Қобыланды
батырдың соңынан ерген Қызыл бас елін шауып, қисса жырына айналған арғы бабасы
Қара Қыпшақ Қобыландыдан қалған жау жүрек бықыған айбарлы Қыпшақ жұрты тұр...
Қайсысының сөзін жақтау керек. Бұдан қиын хан басына сын бар ма?
«Жалғанда не қиын, қазақтың ру таласын шешу қиын. Бірақ оны шешудің қандай қажеті
бар? — Əбілқайыр хан мырс-мырс күлді. — Шыңғыс тұқымының хан тағына осыншама ұзақ
отыруының себебі де осында емес пе? Егер ру-ру боп бөлінген бар қазақ бірігіп кетсе не
болар еді? Жоқ-жоқ, бұл жұртабайлап ұстамасаң қолыңды алып түсер қылшылдаған
ұстара. Абайлап ұстаудың жалғыз жолыбіріне-бірін бақтырып қою. Сонда ғана бұл өткір
ұстара қауіпсіз».
БұлƏбілқайырдың ойы. Ал Жəнібек болса, осынау ру таласына өзгеше қарайды.
«Қазір Əбілқайыр қиын халде, — деп болжайды ол, — Ордасының да айбары бұрынғыдай
емес, жан-жағы түгел аш қасқырдай талауға əзір жаулары. Оңтүстік-күнбатыс жағынан
Қорасан қайтадан бас көтере бастады. Мауреннахр бұқарасының да өшпендігі күшеюде.
Ақсақ Темір ұрпақтары іштен тынып, сəтті күнін күтіп отыр. Солтүстік-батыс тұсы да жауар
күндей түнеріп тұр. Ал Еділ өзенінің арғы бетіндегі Ноғай Ордасы күннен-күнге іргесін əрі
салып бара жатыр, достықтан қастық тілеуі басым. Ежелден бəсекелес жаулары Қазан мен
Қырым хандықтары да бел алып кеткендей. Астрахань сұлтандары Əбілқайырдан көрі,
соларға қарай иек артпақ... Бұның бəрі құр доңайбат емес, бір хандықты жүн етер қаһар. Ал
Алтын Орданың өзінің іші қалай? Жиди бастаған теріге ұқсас. Хан салған алым-салықтың
зардабына шыдай алмай əбден ауаланып алған. Күні бүгін Əбілқайырдан бөлінгелі тұрған
қазақ рулары аз емес... Тек солардың санын көбейте түсу керек».
Жəнібек, қырға шыққан сайын, ел тауқыметін көріп, ордасына үнемі ренжіп қайтатын.
Əсіресе, өткен жылғы, бір оқиға сұлтанның көз алдынан кетпей-ақ қойған. Ол аңнан келе
жатып Əбілқайыр лашкерлері шауып кеткен бір ауылдың үстінен шыққан. Шаңырағы күйрей
жерге түскен үйлер... Ұлдары сойылға жығылып, ботасы өлген інгендей боздаған аналар...
Жəнібекті таныған ақсақал:
Шырағым, Жəнібек, — деген, — бөтен елдерді шабуға жігіттеріңді бермедіңдер,
мерзімінде алым-салықты төлемедіңдер деп ханның аш бөрілері аулымызды шауып кетті.
Еділ бойында да көрген күніміз осындай болатын. Құтқара көр енді бізді бұл қорлықтан!
Қалай құтқарам?! — деген Жəнібек.
Əбілқайырдан бізді бөліп ал, — деп жауап қайырған қарт. — Өзгенің жер-суына
қызықпайтын, өз елінен жат жұрттай ауыр алым-салық салмайтын жеке шаңырақ көтер.
Қытай мен Жоңғар жеріндегі рулар да осындай ой білдірген. Осының бəрінен Жəнібек
жеке хандық құрудың көптің арманы екенін жəне өз басының қамы мен ел-жұрттың тілегінің
сабақтаса бастағанын көптеп түсінген. Бұлмұрат-
қа жетудің даңғыл жолы. Бүгін болмаса ертең шаруашылығы, жер-суы, əдет-ғұрпы, тілі,
тілегі бір Дəшті Қыпшақ даласының көп руының бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып,
бір ел болып құралып, бір халыққа айналатынына шек келтірмеген.
Осы себептен де Əбілқайыр хандығыАлтын Ордаға бағынышты екі белді руАрғын
мен Қыпшақтың арасындағы дау, таластың өрши түсуінен қатты үміттенген. Əбілқайырдың
ойы, бұл рулардың бастарын біріктіртпей билеу болса, Жəнібектің ойы Əбілқайырдың
Ордасын құлату үшін сол рулардың арасындағы Алтын Ордаға деген өшпенділік өрши түсуі
керек. Ескі Орда таластан əлсіресе, жаңа Орда тігудің жеңілге түсетініне ол күмəн
келтірмеген. «Қазақтың көшпелі рулары алмас қылыш, — деп ойлаған сұлтан Жəнібек, —
егер жұмсай білсеңол жауыңа айбар, жер-суыңа қорған. Қара халық өз бетімен бірімен
бірі соғыспайды, тыныштықты, достықты тілейді. Бар пəле бізде, хан, сұлтандарда.
Қолыңдағы осындай күшті аужайлап пайдалана алсаң, ойыңдағыдай хандықты құруға
болады. Ноғай, Қазан, Қырым, Астрахань хандары мен сұлтандары таламасын десең, арғы
18
жағыңдағы ұлы жұрторыс елімен тіл тауып, одақтасқан жөн. Бірақ ондай күнге жету үшін
ең алдымен Əбілқайыр Ордасынан бөліну қажет».
Ал Əбілқайыр Дəшті Қыпшақ хандығын күшейтудегі алғашқы күрестерінде өзіне сенімді
құрал еткен көшпелі рулардың қазір теріс қарай бастағанын тек сұлтандардың
қастандығынан көретін. Орынсыз соғыс-жорықтан, басқа елдерді шабудан кешегі алмас
қылыштың жүзі қайтып, іске алғысыз боп мұқалатынын ұққысы келмейтін. «Жыланның үш
кессе де кесірткелік қауқары бар, — деп ойлайтын ол, — егер де сұлтандардың өшпенділігін
жойсам, Алтын Орда əлі де талай елді бағындыра алады. Тек соңыңнан ерген тобырды
өткір қайрап жауыңа сала біл! Аужарлық етпе!».
Əбілқайыр тағы ауыр күрсінді. «Тобыр! Бірақ сол тобырға ерік берсең, ол қожасының да
басын алатын қаһарлы күшке айналады... Ерік беріліп еді, Мысырға құлдыққа сатылған
Бейбарыс не істемеді? Атақты Құлағудың өзін Египет жерінен қуды...».
Шыңғыс шапқыншылығы тегеурінді екпінімен қазақ руларының быж-тыжын шығарды.
Көпшілігі өз жерінде қалғанменен, бірталайлары басқа елдерге қашып, жан сақтауға мəжбүр
болды. Бір мың екі жүз қырық бірінші жылы Қыпшақтың біраз ауылы бастығы Қотан хан
болып мадиярлар жеріне ауып кетті. Бұларды мадиярлардың королі қоныс беріп, алдарына
мал салып жақсы қарсы алды. Бұған ашуланған Бату венгер короліне хат жазды. Ол
хатында: «Оның үстіне менің Қыпшақ құлдарыма сен қорған болатын көрінесің. Мені өзіңе
қарсы қоймайын десең, бұдан былай қарай қарамағыңа Қыпшақтарды ұстама. Қыпшақтарға
менен қашу жеңіл, — олардың үйі-күйі жоқ, шатырда тұрады, ал сенің үйің бар, жерің бар,
қалаларың бар. Менен қалай қашып құтыласың» деп қорқытқан Бату.
Бір мың екі жүз жиырма тоғызыншы жылғы Лаврентьев шежіресінен қыпшақ-
қазақтардың монғолдардан ығып, өзі жау тепкісіне түскен Еділдегі бұлғарлар жеріне,
Россияға, Польша, Литваға барғандарын көреміз. Бір кездегі көшпелі жауынгер елді Құждай
мықты бекзада, ел билеген батырлары енді жат жерде бетегеден аласа, қойдан жуас күйге
ұшырайды.
Қазақтардың біразы Қиыр күншығысқа, Монғолия, Қытайға да апарылады. Шыңғысхан
мен Жошы кезінде қазақтардың бірнеше бекзада, батырлары Монғол императорының Ұлы
Ордасында қызметке əкетілген. Қысқасы бір кездегі айбынды елді дұшпандары талан-
таражын шығарып, ұлын ұрымға, қызын қы-
рымға шұбыртады. Қазақтың батыр жігіттерін топтап құлдыққа, мүсінді қыз-келіншектерін
үйіріп күңдікке сата бастайды.
Көп кешікпей монғолдар мен мұсылман саудагерлері Европа мен Сирия, Солтүстік-
батыс Африканы, əсіресе Египетті Дəшті Қыпшақ жерінен əкелінген құлдарға толтырады.
Осындай жағдайда Египеттің халифаттық гвардиясы он үшінші ғасырда дені Қыпшақ
жігіттерінен жиналған болатын. Ал Египетке ер жүрек, мықты əскер өте керек еді. Мұндай
əскерді мамлюктер 1 құра білді.
Бұл кезде Египетке Шығысынан монғол шапқыншылары төнсе, он екінші ғасырда
ұрыста жеңілгеніне қарамай, батыс жағынан Таяу Шығысты əлі де болса өзіне бағындырмақ
боп, Кресшілер шабуылға шыққан-ды. Енді бүкіл мұсылман қауымының кіндігі, оның
мəдениет, көркем өнер, ғылым-білім орталығы Египет пен Сирия басына шын қауіп-қатерлі
қара бұлт түнерген-ді.
Дəл осы сəтте бала кезінде Қыпшақ жерінен құлдыққа сатылып əкелінген Сирия
əскерінің қолбасшысы Бейбарыс баһадур соңынан мамлюктерден құрылған гвардиясын
ертіп, Бағдатты алып, енді сарқырамадай Сирияға құлаған Иран шахы Құлағу əскеріне
қарсы шықты. Құр ғана қарсы шыққан жоқ, Құлағуды жеңіп, екі жылдан кейін оны бүкіл
Египет жерінен қуды. Ал бір мың екі жүз тоқсан бірінші жылы Қыпшақ мамлюктері əбжіл
қимылдап Сириядан Крест ұстаушыларды бір жолата қуып, рыцарлардың Шығыстағы ең
ақырғы қорғаны Аққа қаласын алды.
Сөйтіп, өз жерінен қуылған, құлдыққа сатылған мамлюктер араб жауын-
герлерімен бірігіп, Египет пен Сирияны монғол басқыншыларының күйретуінен құтқарды.
Əлемге əйгілі өнер-ғылым ошақтары болған Отырар, Самарқант, Киевтердің халіне
жеткізбей, Каир, Алжир, Кордаваларды күл-талқан етуден аман сақтап қалды.
Енді қыпшақ бекзадаларының, əскер басшыларының қаны араб қанымен араласты.
Біріне-бірі қыз беріп, қыз алысты. Осы құл сату арқылы құр ғана Египетте емес, Солтүстік
1 Мамлюк мемлекет құлы деген сөз. Шығыс адамдары мемлекет сатып алып гвардия құрғандықтан солай аталған.
19
теңіз бен Жерорта теңізінің жағасындағы Европа халықтарының қанына орыс, татар, черкес,
түрік, африка ұлдарының қаны қосылды.
Жошын мамлюк сұлтандары басқарған Египет жерінде Қыпшақтар Алтын Орда мен
қазақ жерінің əдет-ғұрпын, тəртіп-дəстүрін енгізуге тырысты. Ата-бабасы Қыпшақтан шыққан
мамлюк сұлтандарының енді серуенге барар жолдарына күні бұрын сырнай, керней тартқан
жүздеген, қыпшақша киінген сəнді-салтанатты нөкерлерін шығарып Бағдат, Мысыр, Мекке,
Каир шаһарларының көшелерін басына көтерді. Қыпшақтың бай, манаптары өздерінің жас
кезінде бабалары мінген пəуескемен Ніл өзенінің жағасында серуендеуді шығарды.
Мамлюктер тіпті шариғатты былай қойып, сот ісін де Дəшті Қыпшақ жобасымен жүргізуге
тырысты.
Бұның бəрін істеген қара құлдардан шыққан батыр, əскер қолбасшылары. Осыдан кейін
қара қазаққа, құлдарға ерік беруге бола ма? Жоқ, болмайды. Əбілқайыр тағы қабағын қарс
жапты. «Қыпшақ жерінен сатылып барған құл Бейбарыс Құлағуды жеңді. Жоқ, қара
халықпен ойнауға болмайды». Оның есіне енді Ақсақ Темір көреген түсті. Əбілқайырдың
бойы суынып кетті. «Алтын Орданың түбіне жалғыз ғана орыс патшалары жетті ме? Хан
Мамай жеңілген бір мың үш жүз сексенінші жылғы Куликов қырғынынан кейін Тоқтамыс пен
Едіге Мəскеу түбіне қайтадан сан барған жоқ па еді? Рас, басы біріге бастаған орыс
князьдары да ай қарап отырмаған-ды, тозуға айналған Алтын Орданы, түбі, күл-талқанын
шығаратыны ақиқат еді ғой... Күл-талқаны шыға да бастаған еді-ау. Жұт жеті ағайынды,
айыр ағашпен сегіз. Жауынан сан опық жеген көне Дəшті Қыпшақтың күншығысына сонау
алабұртқан заманда тағы бір қабылан көрінді. Бұл Маңғыт руынан таралатын Барластан
шыққан Ақсақ Темір еді ғой. Сойқанның бір басы сонан өрбіді емес пе. Құжынаған лашкерін
құмырс-
қадай қаптатып, қанды ауыз қабылан Алтын Орданы қаппақ болды. Ол бір мың үш жүз
тоқсан екінші жылғы, Алаша ханның əмет пен Самет деген балаларын жолай өлтіретін
аттанысында-ақ Алтын Орданың босағасын бірден сол-
қылдатып кеткен жоқ па еді. Ал бір мың үш жүз тоқсан бесінші жылғы аттанысында Бату мен
Берке Еділ өзенінің сағасына салған Алтын Орданың астанасы ғажайып сұлу Сарай
шаһарын Кавказ жағынан, Дағыстан қойнауынан келіп басып алды ғой. Осы шабуыл біздің
бірлігіміздің де біржолата түбіне жеткен-ді. Орыстардан Мамай күйреді. Темірланнан
Тоқтамыс жеңілді. Осы екі жеңілу Алтын Орданы біржолата күйретті. Жоқ-жоқ, төре
тұқымдарына жатпайтын батыр, билердің соңында импрамы бар. Қиын-қыстақта бұл тобыр
заты Шыңғыс тұқымынан шыққан хандарды емес, өз көсемдерін қолдап кетеді. Мұны да
ойлау керек. Өз тобыры соңынан ермесе Ақсақ Темір бүкіл Мауреннахрды өзіне
бағындырып, Хорезм мен Алтын Орданы шауып, кейін Үндістанның астанасы Дели мен
Түркияның кіндік қаласы Анкараны ала алар ма еді? Осының бəрі импрамымен құрған
əскерін өзіне ерте білуінен. Жоқ-жоқ, соңында елі бар қолбасшы, билердің қашан да болса
қолдарында күші бар. Олармен санаспас-
қа болмады. Қобыланды мен Ақжол дауын тағы да ақыл таразысына салу керек. Бұл
таластан қазір басым ауырып, балтырым сыздап жатқан жоқ қой. Мүлт кетсеңдұрыс
жолдан адасқаның... Мұндай істе қашан да болса күдік пен үміт қатар тұрады.
Əбілқайыр шешетін тағдыр расында да қиын тағдыр еді. Қазақ даласына Шыңғыс
ұрпағының үстемдігі жүргенменен де, айыпты жанды өлім жазасына кесу үнемі ежелгі ел
дəстүрі бойынша халықтың өз билігінде қалған. Айыпты жанның күнəсін, əбестігін ақыл
таразысына салып, жазықты мен айыптаушылар жағынан жиналған би, ақсақалдар мəжілісі
аталы сөзге тоқтап, өзінің үкімін айтатын. Хан тек осы үкімді өз жендеттері арқылы іске
асыратын. Бұл жолы олай болмай шықты. Арғын, Қыпшақ би-ақсақалдары бір келісімге келе
алмады. Сондықтан да бұл дауды хан шешсін деп ұйғарды. Күнəкар деп табылған
Арғынның жиені Саян батырды Қыпшақ жағы өлім жазасына бұйырды. Жас батырды күнəсіз
деп тапқан Арғынның игі жақсылары оны ақтады. Екі жақ бірдей тоқтайтын би шықпады.
Дау аяғы қанды сойылды жанжалға айнала жаздап əзер басылды.
Расында бұл дауда хан тағына қауіп тудырардай астар бар-ды. Бату ханнан кейін, 1361
жылы Шыңғыс ұрпағы Болат Темір хан Еділ бұлғарларын екінші рет шапты. Бұлғар
мемлекетін жермен жексен етті. Осы жерге он бесінші ғасырдың басында Əбілқайыр
өлтірген Жұмадүк ханның əкесі Ұлығ Мұхамбет кеп Қазан қаласын салды. Өзін хан атады.
Он сан Ноғайлының ең ақырғы Ұлы биі Алтын Ордадан мүлдем қуылып, Орда тағдыры
Жошы ұрпақтарының қолына біржолата көшкен соң осы Қазан хандығының қол астына
20
Орманбет бидің ұрпақтарының біразы келіп қосылған-ды. Жəне Алтын Ордаға деген
қастығын тоқтатпаған-ды. Затымыз бір ел-жұртпыз деп кешегі үстемдігін зар еткен кей
билері астыртын қазақ руларына кісі салып, Əбілқайырдан бөлін деп демігуде еді. Ал кей
жау жүрек батыр ұлдары, қастарына саяқ жинап кейде хан тұқымының мыңдаған жылқысын
барымталап əкететін.
Осындай бір шабуылдан кейін, ызасы кеудесіне сыймаған Əбілқайыр, Қазан ханының
жеріндегі Орманбет бидің ұрпақтарының аулын шабуға үш түмен қосын мен бақан бойлы,
шоқпар қолды Қыпшақ Қобыландыны аттандырған. Бұл атақты Қажымұқан балуанның он
екінші атасы. Қазақ пен Ноғай бөлінгенде айтылған «жылау, жылау, жылау күй» жырындағы
«қара орманынан айрылған», Торғай мен Ор бойына Қаратау маңынан, Арыс пен Бадам
өзендерінің тоғысқан жеріндегі Қараспан тауынан көшіп келген, қазақтың атан жілік, арқар
мүйіз батырларының бірі.
Ол тыныш, ертелі-кеш күлкіні ермек етіп, қаннен-қаперсіз жатқан Ноғайлы ауылдарының
күлін көкке ұшырып, бар малын алдына салып айдап, мүсінді деген қыз-келіншектерін олжа
етіп, жақында ғана жорықтан қайтқан.
Ақ түтек борандай қаһарына жан шыдамаған Қобыланды батырдың бұл жеңісін бүкіл
Əбілқайыр қол астындағы ел, ол бір Стамбул мединасын шауып қайтқандай, үш күн
тойлаған. Той тарқар алдында, əкелінген қыз-келіншекті олжаға бөліп беру үшін, хан осы
жорықта қай батырдың қандай асыра ерлік көрсеткенін сұраған.
Асат, əсет 1 айларының аяқ шеніндегі ыстығы басылған ала көбеңденуге таяу кіші бесін
əлеті. Орда толы ала таяқты ақсақалдар, ат-жарақты батыр, сұлтандар... Қобыланды батыр
алақандай көзінің қиығымен ханға қарап, ерлік көрсеткен кеуде соғар батырлардың атын
атап келіп, кенет сəл кідірген. Аз уақыт үн-түнсіз тына қалып құлағына дейін жететін
білектей қара мұртының ұшын шиыршықтай түсіп:
Өзге батырларға олжа сұрасам, Арғынның жүз жігітін бастап барған жас бөрі,
Қотандай абыз қарттың жиені Саян батырға өлім жазасын талап етемін, хан ием, — деген.
Ордада отырған жұрт дір ете қалған.
Саянның нағашысы ханның оң жағында отырған маймене, асқан күш иесі, əрі шешен,
əрі əнші, екі иығына екі адам мінгендей, төртпақ келген қара сұр Қотан жыраудың баласы
Ақжол би қанын ішіне тартып сұп-сұр боп кеткен. Бірақ жүрек толқынын əдеттегі орнықты
мінезіне жеңгізіп ол:
Неге? — деген, Қобыланды батырды қырағы көзімен бір шолып, даусын өзгертпей.
Ұлы Шыңғысхан шартын бұзды. Орманбет бидің ұрпағы əділгерейдің қызы есірей 2
Қарашашты өз бетімен олжа етемін деп Керейдің Қарабатырымен таласты.
Олжаға таласқанғаөлім жазасын беру Шыңғысхан Ясысында жазылған.
Шапқыншылық заманда əскер арасы бұзылмасын деп бұны хан ұрпақтары мықты ұстаған,
қас батырға қойылған айып ауыр.
Оған қандай дəлелің бар? Керей Қарабатырдың өзі айтты ма, əлде көрген жан бар
ма? — деді Ақжол əлі де даусын өзгертпей.
Қарабатыр сол таласта қаза тапты. Көрген куəні де қызба қанды Саянның алдаспаны
алып түсіпті.
Əбілқайыр жұмсаған бір сұмның сөзіне аңғал Қобыланды күрт сеніп қалған. Осылай
болуын тілеген көңіл, Саянға тағылған кінəнің ақ, қарасына көз жеткіздірмей, өзін де
жаланың құрбаны етіп отыр.
Олжаға қалай таласқанын онда батыр Саянның өзі айтар?
Күнəсін мойынға алу үшін шын батыр болу керек.
Арғынның ардақты жиенін қатын демексің бе?
Олжа есірейге таласу қатын əрекеті.
Екі батыр алыса кететін қанды ауыз арлан төбеттердей алая қарады. Бірақ хан алдында
төзім сақтау керек, ендігі сөзді Орда иесінен күтіп үн-түнсіз отыр.
Қобыланды батырдың бұл жанжалды неге бастап отырғаны Əбілқайырға аян. Күйе жаға
айтылған сөздің астарында күйікті сыр жатқан. «əлде батыр Саянның қылығы рас па екен
Əбілқайыр хан үйде отырғандарды көз астымен бір шолып өтті. Хан кеңесіне келетіндер
қалай өзгеріп кеткен. Мешін жылы Дəшті Қыпшақ тағына отырғанында өзі он жеті жаста еді.
Ол кездерде əскер басшылары да, Орда тіректері де басқалар болатын. Мынау Арғын,
1 Асат, əсетиюнь, июль айлары.
2 Есірейқолға түскен тұтқын деген мағынада (ескі қыпшақ термині).
21
Қыпшақ жайсаңдары алған төрде Маңғыт, Дулат, Үйсін, Қоңырат, Найман, Тубай, Ұйғыр,
Қытай 1 руларының мықтылары отыратын. «Хиуаны шапқанында да сол топ қасымда еді.
Тек қалмақтармен айқасқанымда ойымнан шықпады. Иə, ол менің ең қарабет жеңілісім
болды. Əскерім Сырға дейін шегінді. Өзім Сығанаққа қаштым. Жауымнан көп құн төлеумен
əзер құтылдым. Сосын ғой Дəшті Қыпшақтың басты рулары Арғын мен Қыпшаққа арқа
сүйемек болғаным... Одан не шықты? Тікенектен шошып шоқ басты деген осы емес пе?
əттең жас кезім қайта оралар ма еді? Онда бүйтіп жан-жағыма қобалжи қарап отырмас едім-
ау! Шіркін жастық, дарияның алғашқы тасыған қарқынындай едің-ау, бұзбайтын бөгетің бар
ма еді? Екі жыл өтпей, Дəшті Қыпшақ хандығына қол созған Сайбанның ортаншы қатыны
Үкілімайдан тараған Қанбайдың ұлы Елбектен туған Махмед-Қожа ханмен Тобыл өзенінің
жағасында қалың əскерімен кездесіп жеңіп шығып едім ғой. Қандай қызық, қандай қайтып
келмес, əселдей тəтті күндер! Сол жолы еді ғой, өзге батырларымның біреуіне де қимай он
төртінде туған айдай толықсыған, адамзаттың сұлуы, Махмед-Қожаның жесірі, Арғынның
қызы Ағанақ-Бикені өзім алып едім. Ағанақ-Бике десе Ағанақ-Бике еді ғой. Адамзат нəпсісі
дегенді қойсайшы, жастай қосылған ерін өлтіріп, өзін қатындыққа алғанымда опа таптым
ба? Құшағында жатқанда төсегің нағыз бір жылан інінің қасына салынғандай сезінесің. Ін
ішінен бір улы жылан ысылдап шығып, жалаңаш денеңе айыр тілін сұғып алатындай! Мен
қанша жақсы көрсем де, бір иілмей өтті-ау, бейшара. Қайтсын, мен құр ғана ерін өлтіріп
қойдым ба, соңынан еріп келген үш жасар баласын да өлтірттім ғой. Өлтіртпеске
болмайтын еді. Хан тағы деген періште де қызығатын бір сиқырлы арман ғой. Өгей бала
түгіл, өз балаңа да сену қиын. Ал Махмед-Қожа баласы, жабылмаған ұстара тəрізді еді,
абайламасаң қолыңды алып түсуі оп-оңай. Оны мен əрине дұрыс өлтірттім. Бірақ одан не
таптым? Шешесі жылы шырайын бір көрсетпей кетті. Менен балалы болып қалмайын деп,
сан мəртебе күшəлə ішіп іш тастады. Жалғыз-ақ бұл ажалдардан пайда көрген Сарғыт-
Шиман Маңғыт болды ғой. Тапсырмамды адал орындадың деп мен оған қандай
тартутаралғы бермедім, қандай дəрежеге көтермедім. Дəшті Қыпшаққа өзімнен кейінгі адам
еттім. Əрине менің мұным өзгелерге ұнаған жоқ, əсіресе Баһрам, Алаш батырларға...
Хан Ордасындағы тартыс сол күннен бастап күшейе түсті. Содан бері отыз жылдай өмір
өтті, ал тартыс əлі бір толастамай келеді. Қайран, дүние! Қандай қайсар едім! Отыз жыл!
Отыз жылдың ішінде қандай жауымды жеңбедім! Демек адамның қасыарам шөп тəрізді
болады екен. Отаған сайын қаулай өсе түседі. Əйтсе де мен де аянып қалғаным жоқ. Қай
шаһарды алмадым? Хиуа, Самарқант, Икра-түп, Бұқар, Сығанақ, қазақтың жеке ұлысы
болып жүрген Махмед-Қожа хан, ағалы-інілі Ахмед-Махмұд, Мұстафа хандарды жеңіп, Есіл,
Тобыл, Нұра бойын өзіме қараттым... Бірақ сонда шыққан қандай мүйізім бар? Алғашқы хан
болған кезімде Найман, Маңғыт, Ұйғыр, Қоңырат руларынан қаймықсам, енді міне Арғын,
Қыпшақтан сескеніп отырмын. Бұрын жауым өзіммен аталас Сайбан тұқымдары еді десем,
енді міне, Жошының он үшінші баласы Тоқай Темірден тараған ұрпақтары болып отыр.
Əбілқайыр Арғынның би, батырларының алдыңғы жағында отырған сұлу мұртты
Жəнібек пен жалаңаш қанжардай түсі суық Керейге көз қиығын ау-дарды.
«Иə... иə... Абақ сұлтаннан бұлар қауіпті. Шыңғысхан нояндары күйреткен, соңынан
бабалары Орыс хан қайта жөндеген Ақ Орда астанасы Сығанақты жаулап алғанымды
бұлар мəңгі-бақи кешірмек емес. Жəне Ақсақ Темірдің баласы Шахрук сұлтаннан туған
Ұлықбектің қызын алғаныма да қырғи-қабақ. Менің Бұқар, Самарқант бектеріне бүйрегімнің
бұратынын көре алмайды. Шамалары келсе, тез-ақ жеке қазақ ханы болып оңаша отау
тікпек. Тек бөлініп кетуге əзірге күштері жеткіліксіз. Бастары қосылмай жүрген рулары
болмаса, соңынан тұтаса ерген елі жоқ. Ал ел деген не? Ойынан шықпасаң, сенен үрки
жөнелуге бар. Мына Ақжол бидің айтып отырғанын ескермей көрші, бүкіл Ар-
ғын, Найман, Қоңырат болып ши шығаруға дайын. Барақ баласы Жəнібектің, Болат баласы
Керейдің күткені де осы. Көптен бері Жəнібек пен Керей осы рулардың сөзін сөйлеп,
сойылын соғып өздеріне баурап жүр. Азғантай мүлт кетсең, оқыралаған өгіздей мөңки
тулап, жұртты бөліп əкеткелі тұр. Сонда не істеу керек? Арғыннан қорқып Қыпшақ
батырының сөзін аяқсыз тастау керек пе? Жоқ, өйтуге болмайды. Қазіргі арқа сүйерім,
бұрынғыдай Маңғыт емес, жошын Қыпшақ! Қыпшақ менің қазір қанды шоқпарым. Оны дұрыс
сілтей білсем, əлі де болса талай Жəнібек, Керейлердің басын домалата алам. Демек,
шешім қандай болуға тиісті? Екі жақ менен бірдей жауап күтуде ғой».
1 Қытай руы ол кездегі Жетісу маңындағы қазақ руларының бірі.
22
Əбілқайырдың іркіп отырған ойын кенет сықырлай ашылған есік үні бұзып кетті. Хан
төмен түсіп кеткен басын көтеріп есік жаққа қарады. Жақында қайтыс болған Шах-Будақ
сұлтаннан туған жеті жасар немересі Мұхамед-Шайбани екен. Атасы хан, нағашысы бүкіл
Алтын ханның бас батыры Домбалық батыр болғандықтан, Əбілқайырдың бұл немересі өз
балаларынан да анағұрлым ерке, тентек. Жəне хан да оны ерекше жақсы көретін. Бала есік
алдында тұрған пасбандарға 1, үй іші толған бек, сұлтан, əмір, хакім, батырларға
қарамастан үйге кірген бетімен өзгелерді баса-көктей алтын тақтың жанына бір-ақ жетті.
Атасы Əбілқайырға еркелей:
Тарланкөк тым асау екен, бие сауымдай мезгіл шаптым. Бірақ мені түсіріп кете
алмады, — деді мақтана, — бəрібір мен оны үйретіп аламын!
Кезің келгенде бұл дозақтың отына сен де күйерсің, əзірге ойнай бер. Бара ғой.
Қайдағы дозақ? — Бала атасына еркелей қарады. — Мен хан болғанда ол дозақты
жұмаққа айналдырам. Көр де тұр?
Хан күлімсіреді де қойды. Кенет оның көзі есікке таяу тұрған Керейдің он жеті жасар
баласы Бұрындыққа түсіп кетті! Жүрегі дір ете қалды. Ананың бет құбылысында жеті жасар
Мұхамед-Шайбаниға деген аязданған қар тəрізді бір алуан өшпендік ызғары байқалады.
Шүңет көздері шоқтай қадалып тұр.
Елуге таяған Əбілқайырдың тікелей хан тағына отырар мұрагері ең тұңғышы марқұм
Шах-Будақ сұлтан болатын. Одан кейінгі кезек екінші баласы Шайх-Хайдар мен осы
Мұхамед-Шайбанидікі... Ақылды хан жау садағының оғы, өзі өлгеннен кейін, Шайх-Хайдар
мен осы жеті жасар немересіне кезенетінін бірден ұқты. Хан тағына ие болудан туатын ұлы
таластан əлі түсінігі жоқ жеті жасар немересін қорғағысы келгендей Əбілқайыр кенет
Мұхамед-Шайбаниды аялай бауырына қысты. «Расымен-ақ біреу осы нəрестеге де қол
көтерер ме екен? Кімнің бұл шаңырағын қиратып, түндігін тіліп еді?» — деді ол ішінен. Бірақ
хан дəл бұл сəтте өзінің Махмед-Қожаның баласына істегенін есіне түсірмеді. Бəсе, үш
жасар нəресте Махмед-Қожаның ұлы Əбілқайыр ханның несін бүлдіріп еді? Қай шырағына
көлеңке болып еді!
Бірін-бірі қасқырша талаған, тек жеңгендері ғана өмір сүретін қатал заман.
Əбілқайырдың кенет немересін бауырына неге қысқанын бір-ақ адам ғана түсінді. Ол
Жəнібек сұлтан еді. «Дұрыс ойлап отырсың, хан ием, — деді ол ішінен, — сенің ошағыңды
маздататын ақырғы тобылғың осы Мұхамед-Шайбани немерең болар. Жеті жасар баладай
емес тым ересек, ақылды... Егер осы немерең қыршынынан қиылса, сенің де отыңның
мəңгі сөнгені».
Демек, бір мың төрт жүз алпыс сегізінші жылы Əбілқайыр хан өлгенде, он жетіде қалған
Мұхамед-Шайбани мен он екі жасар інісі Махмұт-Сұлтанның ерлік əрекеттері арқасында
Əбілқайыр ошағының көпке дейін сөнбейтінін дəл осы сəтте Жəнібек сұлтан білмеді. Ал
қазір ол Əбілқайыр ханның жеті жасар жанғалы тұрған шамшырағы жайында тек көмескі
қобалжу ойда ғана болды.
Хан əп-сəтте бойын жинап алды.
Бар, қалқам, Тарланкөкті жіберген болсаң, басқа асауды үйрет, — деді.
Енді шешім өзінен өзі келді. «Хан ақылықарамағындағы елді айқастырмай ұстауда
ғой. Айқаса қалған күнде де, хан бұл арада төреші болуы керек! Арғын, Қыпшақ бірін-бірі өзі
өлімге қисын. Мен тек солардың жоюшысы болайын».
Біздің атамыздың замандасы, Үйсін Майқы бидің кезінен келе жатқан «өлім жазасын
шешетін халықтың өзі» деген дəстүр бар емес пе еді. Бұл дəстүрді əлемді билеген ұлы
Шыңғысханның өзі де бұзған жоқ. Мен қалай бұзам? Арғын, Қыпшақ игі жақсылары мəжіліс
құрып, батыр Саян тағдырын өздерің шешіңдер. Өздеріңнің ұйғаруларың хан үкімі болсын,
деді іші қатпар-қатпар Əбілқайыр, кенет асасымен жерді бір ұрып.
Хан сөзібұзуға жатпайтын шешім. Жайшылықта бұйда бермес екі жақ бірдей басын
иді.
Құп, хан ием, сөйлесіп көрелік.
Міне, осы дау Арғын, Қыпшақ арасында үш күн сөз болған. Талай ділмарлар, сөзуарлар
суырылып шықты, талай қызыл өңеш, бұлбұл тілдер сайрады, бірақ еш шешімге келе
алмаған. Ашу, ыза, кек қуысқа ұйлыққан қар секілді оңай жібімеген. Бұл долы талас кейде
1 П а с б а н — (көне түркі тілі) күзетші деген сөз.
23
сойыл күшімен шешілуге де таяп қалған. Бірақ екі жақтың күші бірдей түскендіктен, жағаны
босқа жыртуды екі ру мықтылары мақұл таппаған. Ақырында Майқы би мен Ұлы хан
Шыңғыстың тастап кеткен дəстүрін бұзып, бұл таласты ханның өзі шешсін деп тарасқан.
Хан не айтса екі жағы бірдей соған көнбек болған.
Ал бұл дауға шешім таба алмай, Əбілқайыр іштей алай-түлей. Арғын мен Қыпшақтың
қазіргі таласы, ұйқы-тұйқы жұлысып жатқан арлан төбеттердің айқасына ұқсайды. Дəл қазір
бұларды айыру екіталай. Не болса да қолындағы темір сүңгіні біреуіне жіберуі керек.
Алысып-жұлысып жатқан қос арланның қайсысын қалайды? Арғынға деп сілтегенің
Қыпшаққа тиіп жүрсе қайтесің? Қыпшаққа тиюі өзіне тиюімен бірдей. Хан саясаты кейде
жазғытұрымғы желдей. Беталысы ел райына, хан Ордасының арманына қарай өзгеріп
тұрады. Ал бүгінгі таңда Қыпшақ пен Əбілқайыр ханның алар демі бір төбеден соғып тұр.
Кенет хан бұл дауды екі ру арасындағы саясатпен емес, əділетіне қарай шешпек болды.
«əділетті шешсеңимпрам риза болады. Ал импрам ризалығыдəл бүгін Қобыланды
мен Ақжол бидің мүддесінен жоғары». Бұны отыз жыл хандық құрған тіршілігінде Əбілқайыр
хан соңғы кезде жақсы ұға бастаған.
Ол ең алдымен оқиғаның қалай болғанын тұтқын жігіттің өзінен сұрауды жөн көрді. Тақ
жанында тұрған күміс қоңырауды алып ақырын қақты. Таза күмістен сыңғырлай шыққан
сұлу үн құлағына еркелей жетіп, қобалжыған көңілін сəл орнықтырғандай болды. Үйге ашаң
жүзінде қан жоқ, сөл жоқ, ұзын бойлы арықтау келген дəйекші Оспан-Қожа кірді. Ол лəм-мим
демей екі қолын кеудесіне ұстап, басын төмен түсіріп, əмір күтіп, қозғалмай тұра қалды.
Тұтқын жігітті алып келсін.
Қай тұтқын жігітті, хан ием?
«Бəсе, қай тұтқын жігітті? — Əбілқайыр мырс етіп күлдіЧинга Тұра 1 қаласынан
алғашқы хан тағына мінген күннен бастап, сонау Батудың əскерінің бас қосқан жері
Кеңгірдегі Орда Базарды өзінің астанасы етіп, артынан Бұқар, Самарқант, Сығанақтарды
алып, оларға өзінің ұрпақтарын не əйелдерінің жақындарын хакім ғып отырғызғанша
қаншама адамды тұтқын етпеді? Нелер жайсаң жігіттерді шынжыр кісен кигізіп, зынданға
тастамады. Қайсының аты есте? Ал бүгінгі тұтқын жігіттің аты кім едіƏбілқайыр ойлана
қалды. «əйтсе де осы дау болып жатқан жігіттің есімі кім еді? Аян ба, Шаян ба, Баян ба
Жігіттің аты кенет есіне түсті. «Иə, иə, Саян екен ғой. Бұл атты бұрын қайда естідім? Иə, иə,
солай екен-ау, маған оның атын Рабиу-Сұлтан-Бегім айтқан еді ғой. Бəсе, не деп еді?
Өзімнен туған екінші балам Сүйіншік сұлтанға көзінің тірісінде осы Саянды аталық 2 етіп
қой деп сұрады ғой? Неге олай өтініп еді? Жадымда жоқ. Бірақ мен: «əлі тірімін ғой» деп
ханымның өтінішін жорта орындамай қойғам. «Неге орындамадым Ханның қабағы тағы
түйіліп кетті. «Иə, иə, баяғы бір Орда өсегі себеп болған. Ханымның сүттен ақ, періштеден
таза екенін білсем де, сол бір өсек маған да əсер ете жаздаған. Тек, əйтеуір, жалған болып
шықты ғой... Бəсе, сол жігіттің де аты Саян еді... Со кез ол жорыққа аттанып, көре алмай
қалғанмын. Артынан бұл əңгіме тіпті есімнен шығып кеткен-ді. Ханым да өзінің өтінішін
қайталаған жоқ... Иə, ол əңгімеге де жеті жылдан асып кетті. Өтіп бара жатқан өмір!». Хан
есік алдында тұрған дəйекшіге кілт бұрылды.
əлгі Арғын, Қыпшақ арасында дау шығарған жігітті, — деді ол, атын атауға əлденеге
аузы бармай.
Құп, тақсыр, хан ием.
Əбілқайыр тағы да ойға шомды.
Он жеті жасында «Бату тағы», «Өзбек тағы» деп аталған Дəшті Қыпшақ тағына отырды.
Ол кезде хан ордасы сонау шығыстағы Ертіс өзенінің қойнауындағы Чинга Тұра қаласына ту
тіккен, майданды сол тұстан ашып, жеке-жеке ұлыс болып отырған қазақ хандарын жеңіп,
бірте-бірте Есіл, Тобыл, Нұра өзендерінің бойын тегіс өзіне қаратты. Сол қарқынмен ол бір
кезде, Жошының ордасы тігілген, Ұлытау бойына жетті. Енді өзінің астанасын Батуханның
əскері екі жүз жиырма жыл бұрын бас қосқан Кеңгір бойындағы Орда-Базар деп аталатын
қалаға көшірді. Ұлытау Дəшті Қыпшақ даласының кіндік ортасы. БатысыЕділ, Жайық,
солтүстігіЕсіл, Тобыл; шығысыЕртіс, оңтүстігіСыр бойы. Осы Дəшті Қыпшақ жеріне
тегіс ие болғаннан кейін, ол Мауреннахр жеріне көз сала бастады. Отыз жыл хандық құрған
өмірінде Үргеніш пен Самарқантты да шапты. Мауреннахрдан Сығанақ, Созақ, Отырар,
Ақрұқ, Ақ-Қорған тəрізді Дəшті Қыпшақ елінің көне шаһарларын қайтарып алды. Сөйте жүріп
1 Ч и н г а Т ұ р ақазіргі Тюмень қаласы.
2 А т а л ы қ, а т е к еəке орнына əке болып, баланы тəрбиелейтін адам.
24
ол бір жағынан Ақсақ Темір ұрпақтарына қыз беріп, қыз алып, əбден қандасып кетті.
Ақырында Əбілқайыр бұл кездерде түркі, иран елдері «Көк Орда» ал орыс шежірелерінде
«Ақ Орда» деп аталған кешегі Алтын Орданың кең байтақ алып даласына толық ие болды.
Тоқтамыс хан жеңіліп, Сарайдағы хандар сарайы Гүлстанды Ақсақ Темір біржолата
қиратқаннан бері бұрынғы күшті Алтын Орда мүлдем жойылған. Қазір Əбілқайыр өзін Сайын
ханымын десе, тек онысы Бату ханның орнында отырмын деп өзге елге сес беруі. Бір кезде
көне түркі елінен таралған, қазір өзбек, қазақ болып бөліне бастаған екі елдің, Əбілқайыр
шынында Өзбек ханы болуға айналған. Бұл оның қазір əлсіреген кезі. Демек, Шахрук
əмірдің ұлдары Қорасан, Иракқа көз тіксе, ал Əбілқайырдың əлі де болса, Дəшті Қыпшақ
жеріне қоса, Моғолстанды алмақ ойы бар.
Моғолстан! Бұл бір Əбілқайырдың əзірге тісі бата алмай келген, көлденеңі мен
ұзындығы жеті айлық кең алқап, күншығыс жағы қалмақ жерімен шектесіп, Барыс көл, Алтын
Емел, Ертіс өзендерімен бітеді. Солтүстігінде Көкше теңіз (осы күнгі Балқаш көлі) бен
Қаратал өзені жатыр. Күнбатысында Ташкент пен Түркістан, Оңтүстігі Қашқар, Ферғана,
уəлиеті мен шығыс Түркістандағы, Тұрфан қаласы. Билеп тұрғандар Иса Бұғы, Шир
Мұхамед, Уаис секілді Жағатай ұрпағынан шыққан хандар. Қарамағындағы елдердің
көпшілігі Үйсін, Жалайыр, Дулат, Қаңлы, Ұйғыр, Найман, Қоңырат.
Əбілқайыр ханның ордасындағы Арғын билерінің де көз тіккеніосы Моғолстан! Жеке
ел боламыз деп Орыс хан ұрпақтары Жəнібек пен Керей сұлтанның да көше қалса, барар
жері осы Моғолстан.
«Мұндай жағдайда, Иран ханы Смайылдың да бас көтеріп, Ақсақ Темір балаларының
тізгінін үзіп кетпек боп тұрған кезде, ел билігін мықты ұстау қажет. Қыпшақтың дегенін
істеймін деп өз ордамда бүлік шығарсам, өзгелердің ордасын қалай жаулап алам?..»
Дəл осы кезде дəйекші екі нөкермен тұтқын жігітті алып кірді.
Хан ием, бұйрығыңыз мүлтіксіз орындалды.
Əбілқайыр əлі де терезеге қарап тұрған-ды. Енді ол ақырын бұрылды. Тұтқын жігітке көз
қырын салар-салмастан сұп-сұр болып өзгеріп кетті. Батыр Саянды ол бұрын көрмеген-ді.
Ал мынау қарсы алдындағы жиырма бес жасар батыр... Өзінің Ұлықбектің қызы Рабиу-
Сұлтан-Бегім сұлудан туған үлкен баласы Сүйіншіктен аусайшы! Жоқ, Сүйіншік бұдан
аумайды. Алғашқы көзі түскенде Сүйіншік екен деп те қалды. Қалың қабақ, қыр мұрын
бозғыл түс, құмай көз... Өз баласындай еңселі. Қимылы да барыс тəрізді шапшаң, епті
болуы керек. Тек Сүйіншіктен айырмасықою қара мұрты бар...
Əбілқайыр хан Рабиу-Сұлтан-Бегім ханымның қабырғасы қайысып мұны неге «аталық»
етуін сұрағанын бірден түсінді. Бойын кенет орасан ашу билеп кетті. Шешім өзінен өзі келді.
«Бұл жігіт, өлуі керек! Бүгін! Қазір! Дəл осы арада!».
Əбілқайыр құндыз жағалы, алтын зерлі көк мақпал шапанының ішінен байлап алған
қорасан құрышынан жасалған болат қанжарының сабына қолының қалай барып қалғанын
өзі де аңғармады.
Ханның құбылған түр келбетінен, оқыс қимылынан, оның қандай қатал əрекет жасамақ
болғанын жас жігіт сезіп тұрса да, орнынан қозғалмады. Тіл қатып өтініш те айтпады. Тек екі
қолы артына кісенделген қалпында арыс кеудесін сəл шалқайта, Əбілқайырдан өткір көзін
аудармай тістене бекініп, қатты да қалды.
Хан түксие қарады. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» тұтқын жігітпен тіл қатысуды
жөн көрді.
Өзіңе қойылған айыпты мойныңа аласың ба? — деді ол тамағына келіп тығылған
ашуы мен күдік кірбеңін əзер басып, даусы дірілдеп кетіп.
Жігіт сол тұрған қалпынан титтей міз бақпады. Тек басын сəл иді.
Жоқ, өзге айыбым болғанменен, Қобыланды батыр айтқандай күнəм жоқ, иланыңыз,
хан ием...
«Өзге айыбым болғанменен» деген сөзден хан бұрынғысынан да бетер күйіп кетті.
«Өзге айыбыңның қандай айып екенін білемін. Жасырмай менің бетіме айтуға қалай тілің
барды? Сəл шыда, ол тіліңді де шоқ басылғандай күйдіргенімді көрерсің!..» Бірақ ханның
«өзге айыбың қандай айыпдеп сұрауға дəті бармады. Бойын билей жөнелген ашу, нағыз
бір аузы-мұрнын кигізбен қаптағандай тұншықтырып əкетіп барады. Ойды алып, жүректі
өртеген ызаны ықтай берді. Хан даусы шағатын жыландай енді ысылдай шықты.
Қара Қыпшақ Қобыланды жала жапқаны ма?
Жігіт қысталаң мінез көрсетпеді.
25
Қара Қыпшақ Қобыланды неге былай дейтіні менен көрі сізге мəлімірек болар, хан
ием.
Ол осы сөзімен бар жайды бір-ақ жайып салды.
«Бұл не дегені, ə Əбілқайыр, екі көзі қанталап сүзетін бұқадай, түйілген қабағының
астынан қарады. «Жоқ, бұл жігіт осал жігіт емес. Өзіне жабылған жаланың неден туып
тұрғанын біледі. Бұл білгенді бөтен Арғындар да біледі ғой. Бəленің бір ұшы өзімде жатқаны
өзге жұртқа да аян болар. Арғынға ала көз қарайтындығымнан Қобыланды батыр бұл
оқиғаны əдейі шығарғансыды. Əрине, содан соң бүкіл Арғын болып кеше мына жігітті өлімге
бермей қалған екен. Сірə, төбелеске түсуге де бар тəрізді ғой өздері. Сол екен ғой Жəнібек
пен Керейдің де миығынан күліп жүргендері. Жоқ, жоқ, ашу тасыған дария тəрізді, алғашқы
екпінімен жар бұзады, ал уақыт өткен сайын қарқыны бəсеңдей түседі. Шешімді бірден
алмау керек...»
Хан қолын қанжарынан босатты.
Қай рудансың?
Маңғыт, Барлас руынанмын.
Жігіт бетіне хан тағы да үңіле, байыздай қарады. Көзінде бір жан түсінбес ұшқын пайда
болды. О да мүмкін... Рабиу-Сұлтан-Бегім «Сүйіншік сұлтан нағашыларына тартқан» деуші
еді ғой... «Барлас руының жігіттерінің бəрі бірдей осындай қалың қабақ, арыс кеуде келеді.
Сонда бұл батырдың қандай айыбы бар? Жазығы қалың қабақты болғаны ма? Нағашы
жұртына жиенінің тартуы табиғи жүйе ғой. Мені де өзбек нағашыларына тартқан демей
ме Əбілқайыр хан өзінің ойының жалған екенін біледі. «Жел тұрмаса шөптің басы
қимылдамайды». Естіген өсегіне сонда-ақ сенген. Бірақ Сарғыт-Шиман Маңғыт уəзір:
«Қуаныштың теңізі, адамгершіліктің күні, Фаридундай қасиетті Əбілқайыр ханның əйелі,
Ақсақ Темір немересі Ұлықбек мырзаның қызы Рабиу-Сұлтан-Бегім ханым өсек-аяңнан тыс
тұруы фатиқа. Бұлай ету екі жұртқа бірдей тəлім. Əсіресе үлкен балаңыз Шах-Хайдарды
Самарқантқа хан еткелі тұрғаныңызда» дегеннен кейін ханымның қылығын қазбалай
бермеген-ді.
«Сол өсекті қазір қайта шығарғанда не таппақ? Ондағы күннен қазір Ақсақ Темір
немерелерімен арасы жақын тұр ма? Мен мұны өлім жазасына бұйырсам жұрт не дейді?
Күнəсі ашылмаған батырды өлімге қиды... Бұны хан баяғы өсектің салдарынан істеп отыр
демей ме? əрине, сөйдейді. Өсек те бір, күйе де бір. Көзіме айтпағанмен жұрт солай
жориды. Одан да өз басыма кір келтір-мегенім жөн емес пе? Иə, сол жөн. Бірақ мына
жігіттің күнəсін қалай кешем? Білмеген болып үндемей қалуым жөн бе? Қара қазаққа
намысымды таптатып қойсам, жұрт мені батылы бармады дейді ғой! Жоқ, жоқ бұл жігіт өлуі
керек!».
Бұл жігіттің тағдырын Шах-Будақ сұлтанның асы өткен соң шешеміз, — деді дəйекші
мен жігітті алып келген нөкерлеріне, — қайғылы ас алдында... қаһардан қайта тұралық.
Əкетіңдер!
Жігіт сəл басын иді де кілт бұрылды. Жендеттер оны тысқа қарай айдай жөнелді. Ең
соңынан шығып бара жатқан дəйекшіге естірте хан:
Сақ болыңдар. Көздеріңнің қарашығындай күзетіңдер, — деді.
Дəйекші басын иді.
Құп, тақсыр.
Ханның айтқаны шындық еді. Шығыс халқының əдеті бойынша «он бесте отау иесі».
Əбілқайырдың Маңғыт əйелінен туған тұңғышы Шах-Будақ өткен жылы дүние салған. Хан
осы сүйікті ұлының үш күннен кейін асын бермекші. Ас беружерлеу емес, Дəшті Қыпшақ
елінің дəстүрі бойынша үлкен той. Асқа Дəшті Қыпшақ пен Мауреннахрдың игі жақсылары
қатысады, сайысқа атақты батырлар түспек! Қыпшақтың от ауызды, орақ тісті, қарға бойлы
Қазтуған жырауы мен Арғынның ақсандақ жүйрігі, сексеннен асып кеткен, Ақжол бидің əкесі
Қотан жырау айтысады. Төрешіге Үйсін Майқы бидің алтыншы буыны ұлы сыншы, халық
ардагері, жүзден асып кеткен Асан Қайғының өзі келмекші.
Хан саясаты тынып жатқан көл секілді, қай жері тұңғиық, қай жері тайыз білмейсің. Тағы
да күміс қоңырау шылдырлады.
Ордаға əлгі қан-сөлсіз дəйекші кірді, үн-түнсіз басын иіп, тұра қалды.
Хан жайшылықтағы тапсырмаларының бірін бергендей жайбарақат сөйледі.
Ас біткен күннің ертеңіне əлгі жігітке үкім айтылады. Бірақ оған дейін...
Дəйекшінің жарғақтанған жұқа ерні ақырын ғана қимылдады.
26
Құп, тақсыр.
ІІ
Əбілқайыр Ордасы бұл кезде Кеңгір өзенінің жағасындағы Орда-Базар қаласында еді.
Ұлы асқа бүкіл Дəшті Қыпшақ пен Мауреннахрдың бек, сұлтандары тегіс келетінін білген
хан, асты кең жайлаудаҰлытаудың күнбатыс жағындағы Ақкөл жағасында өткізбек
болды. Шілденің бас кезі еді. Бір шеті мен бір шеті ат шаптырым күміс толқынды Ақкөлдің
кең алқап жазира даласы ат бауырынан келген көк шалғынға бөленген. Қыратты бауырлай
біткен хош иісті көде-көкпектің өзі тізеге жетеді. Алыстан мұнарлана Едіге батыр мен
Тоқтамыс ханның сүйектері қойылған Ұлытау мен Кішітаудың сүйір бастары көрінеді. Көк
шалғынның арасындағы бармақтай-бармақтай боп өскен бүлдірген мен жи-
дектен көз тұнады. Аласа бұталарға сыңси біткен қарақаттың да піскен
кезі... Көл үстінде күндіз-түні тынбаған құс қиқуы... Ортасындағы ақ айдында қанаттана
бастаған көгілдірлерін ертіп бір топ аққу сыбызғы үніндей қоңырқай дауыстарымен сыңсып
əн салады. Сабағы сояуланып қалған, қызғалдақ, лала жаушымылдық, раушан гүлдерінен
жұпар аңқиды. Осынау қызылды-жасылды өрнекпен безелген жасыл кілем ұшы-қиыры жоқ
кең даланың ортасында төңкерілген күміс кеседей жарқырап, ақ айдын Ақкөл жатыр. Жан-
жағы сонау көкжиекке дейін мидай дала. Ұшқан құстан, жүгірген аңнан бөтен тірі жан
көрінбейді. Тек көлдің батыс жағында көгілдір белес бар. Белестің үстінде сұрғыт оба тас
пен бірнеше балбала тұр. Оба тас мұрты салбыраған, оң қолына қымыз ішетін тостаған
тəрізді ыдыс ұстаған келсаптай шомбал бір ғажайып бейне...
Бұл тастар жөнінде халық арасында екі аңыз бар. Бірікөне Қыпшақтарда өлген
адамды жаназалағанда, не жетісін, қырқын, асын бергенде оның бейнесіне сəйкестей
ағаштан қуыршақ ойып, үстіне бұрынғы киімдерін кигізіп, өздерінің ортасына отырғызатын
дəстүр болған. Өйткені көне Қыпшақтардың түсінігінше, адам жаны өлмейді, үнемі туыс-
туғандарымен бірге жүреді. Жоқтауға жиналған кісілердің бəрінің де денесінде өз жаны
болғандықтан, өліктің жаны өзінің қуыршақ бейнесіне барып орналасуға тиіс. Қуыршақ боп
ол өзінің жерлеу тойына, жетісіне, асына қатынасуы керек. Ағайын-туыстарымен бірге
отырып, өз ажалын өзі тойлайды. Ал жақындары оған керемет құрмет көрсетуге борышты.
Қолына ыдыс беріп, қымыз құйып, алдына ас қойылу міндет. Өлген адамның дəрежесіне
қарай ақсарбас қошқардан бастап, үш тоғызға дейін оның құрметіне құрбан шалынған. Араб
жазушысы Абу əль-Фидің айтуынша, құрбандыққа Қыпшақтар кісі де бауыздаған. Мынау оба
тас пен балбалалар сол дəстүрдің ескерткіші-міс. Қолына ыдыс ұстаған оба тасас ішуге
ыңғайланған, сол өлген адамның өзі, ал қасындағы балбалалар жанында жерлеп отыр-
ған оның туыс-туғандары-мыс. Екінші аңыз бойынша, адамның тірісінде өлтірген жауы о
дүниеде соның құлы болады екен. Мына тас мүсіндер осы аңызды бейнелейді делінеді.
Мынау оба тасқожасына ас дайындап тұрған сол өзі өлтірген бас жауы, ал балбалалар
бас жаудың серіктері, ағайын-туыстары-мыс.
Осы тас бейнеден бөтен жасыл шалғынға оранған кең далада ешбір мола, зират,
қорған, бекініс жоқ. Желмен ойнап шулаған қалың көгал, күміс толқынын тынбай тербеткен
шалқар көл...
Көлдің солтүстік алқабына қонақтарға арнап ақ кигізден басылған он екі қанат үш жүз үй
тігілген. Іштері Самарқант пен Бұқарадан тоғыз керуенмен тасылған қырмызы қызыл кілем,
дүрия, торқа жібектен тысталған мамық жастық, түбіт көрпелермен безенген. Көлдің төрі
батыс жағында, қырқа өңіріндегі оба тас, балбалалардан сəл төмендеу. Алыстан көгілдір
тартып көрінген жасыл шалғында, көк теңіз үстінде ұшқан ақ шағаладай, сүттей аппақ кигіз
үйлерді үштен-төрттен қосарлап тіккен хан ордасы. Көлдің оңтүстік алқабында хан
ордасына жақын уəзір, Жошы ұрпақтарының ақ шатырлары мен ақбоз үйлері. Əсіресе
солардың ішінде ортадағы он екі қанат ақ боз үйдің басына ақ жалау орнатқан, қатарлас
тұрғызылған оюлы төрт кигіз үйЖəнібек пен Керей сұлтандардың ордасы. Бұлар өзінің
еңселі мүсіндерімен алыстан-ақ ерекше көзге түседі.
Көлдің күншығыс жағында Мауреннахрдан əкелінген аспазшыларға, Арғын, Қыпшақтан
келген той дəйекшілеріне, қаршыға, сұңқар-лашынға арнап тігілген жүз қоңыр кигіз үй... Осы
ауылдан қозы көшіндей жерде қонақтарға əдейілеп байланған үш мың биенің құлындарына
тартқан жиырма қатар қыл арқанды желі. Күніне үйірленіп сойылған семіздіктен мамырлаған
жылқы, құйрығын көтере алмай жатып қалған қотандаған қой... Хан ордасының ар жағында
27
бес шақырымдай жердегі тулай аққан мөлдір сулы кішкентай Мойылды өзенінің жағасында
Шах-Будақтың жесіріАлтын хан батыры Домбалықтың Аққозы қызының келіп қонған
ауылы.
Ас басталғалы жеті күн болған. Алғашқы күні осы арадан көшкен ел бір күн, бір түнде
жетер Арғынаты тауының ең шетіндегі Шойынды көлден жіберілген үш жүз сайгүлік
жүйріктен Əбілқайырдың Тарланкөгі озып келген. Атқа шапқан ханның жеті жасар немересі,
Шах-Будақ сұлтанның баласы Мұхамед-Шайбанидің өзі еді. Хан немересінің жүлде
алғанына арнап жеке той жасамақшы. Келесі күндері күрес, сайыс басталған. Күресте
Найман Қаптағай батырдың немересі, кереге жаурын, жалаң төс Қаражал батыр бар
балуандарды жығып, үстіне қырмызы фарсы кілемі жабылған араби қызыл аруананы бас
етіп, үш тоғыз бас бəйгесін алған.
Сайыста Қара Қыпшақ Қобыланды жан шыдатпаған. Екі бие сауымындай мезгіл оған тек
Арғын биі Ақжол ғана төтеп берген. Бірақ ошақ тұяқ Көксеңгірдің тегеурініне шыдай алмай
бір сайыста астындағы құшақ құйрық Ақжамбасы тізерлеп шөгіп қалып, сайыс төрешілері
бас бəйгіні Қобыландыға деп шешкен. Түйе жарыс, қатын күресбəрі аяқталып, бүгін
астың ең қызығы, талай жан өкінер, талай бидің намысқа шауып қабырғасы сөгілер
жыраулар айтысы басталған. Айтыс төрешісі жүзден асқан ұлы жырау Асан Қайғы. Ол бұл
жолы желмаясымен Көкше теңіз тұсын шолып келген-ді.
Асан ата, Көкше теңіз маңы қандай жер екен? Сайын ордасын көшіруге жарар ма? —
деген Əбілқайыр ханның сөзіне Асан Қайғы:
Қақ үстін жайлау етем десе ханның еркі ғой. Ал мен көрген Көкше теңіз маңы:
«Тас табаны төрт елі
Атан жүрер жер екен,
Төсегінен түңілген
Адам жүрер жер екен».
деп жауап берген.
Осы Асан Қайғы айтыс төрешісі. Төреші боларында ол Əбілқайыр ханға:
Атамыз Майқы биден бері бəйге хан ордасын кім асыра мақтай алса соған беріліп
келетін-ді. Бұл жолы ата жолын бұзбақпын. Егер соған көнсең төреші боламын, — деген.
Бүкіл ел-жұртты ардақтаған Асан өтінішіне хан да қарсы келе алмаған.
Құп, айтқаныңыз болсын, — деген Əбілқайыр.
Асан айтыс тəртібін өзінше құрған. Бас бəйге кім де кім жауға қарсы елдің ерлігін дұрыс
айтып бере алса, соған беріледі. Орта бəйге өз руының жер-суын қорғаудағы істерін дұрыс
суреттеп берген адамға тапсырылады. Ал аяқ бəйгеге Дəшті Қыпшақ елінің болашағын кім
дұрыс болжай алса, сол ие.. Жəне жеңіс тəртібі де өзгеше. Бір жырау өз руының ерлігін
паш етсе, қарсы жырау сол рудың айтылған ерлігінің кемшілігін, қатесін дат етеді.
Қайсысының жыры жұрт көкейіне қонар болса, сол жеңді деп саналмақ. Шыңғыс ұрпақтарын
мадақтайтын айтысқа да осы шарт. Бұл шарт үшінші айтыста да қолданылмақ: бір
жыраудың болжауын екінші жырау сынауы керек. Егер сынай алмаса жеңілген болып
саналады.
Бас бəйгеге Қыпшақтың ұлы жырауы Қазтуған мен Арғынның ақиығы Сыпыра жыраудың
ұрпағы Қотан тайшы түспек болды.
Қазтуған тапал, тоқты жілігінің қорғасын құйған асығындай шымыр адам. Сондықтан да
оны халық «қарға бойлы Қазтуған» деп атап кеткен. Бір тайпы елдің батыры жəне жырауы.
Əбілқайыр тұсында қазақ, ноғай қауымдары (ноғайдың біразы Қазан жеріне ауып кетсе де)
аралас-құралас көшіп жүрген. Хандар тұтатқан өшпенділікке қарамастан, тұтас бір рудың не
бір тайпы елдің бүгін ноғай құрамында болып, ертеңіне қазақ жағына шығып кетуі əдеттегі
жəйт саналған.
əйтседе, екі ел арасындағы жанжал кейде үлкен ұрысқа айналып, бір жағы ата мекен
қонысын тастап кететін кезеңдері де болған. Осындай бір айқаста Қыпшақ жағы жеңіліп,
Ноғайлы дəуірінің жырауы атанған Қазтуған:
«Салп-салпыншақ анау үш өзен
Салуалы менің ордам қонған жер,
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер,
Жатып қалған бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер», —
28
деп басталатын атақты Еділмен қоштасу толғауын айтқан.
Осы Қазтуған Қыпшақ руының ерлігін мадақтап, байлығын мақтамақ...
Бұнымен айтысатын ақын: «Ер Тарғын» қиссасында «бұлөз өмірінде толғау айтып
тоғыз ханды түзеткен кісі» деп келетін бүкіл қазақтың қамын ойлап өткен Сыпыра жыраудың
ұрпағы Арғынның ардагері сексеннен асқан қарт Қотан.
Ел қамын ойлаған, ұлы сыншы Асан Қайғының бұл жыраулардың қайсысынан болса да
еңсесі биік жатыр. Оның жыры қайғы тəрізді түпсіз терең, ел мұраты тəрізді мəңгі өшпес
арманды, ана жүрегіндей мейірімді келетін...
Хан ордасының алдына кілең би, батырлар алқа-қотан отырғаннан кейін Асан Қайғы
айтысты бастады. Ол алдымен өзі іштегі күйігін сыртқа шығара ел-жұртының қамын сөз етіп
біраз толғау айтты. Халыққа тарап кеткен:
«Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады» —
деп басталатын ұлы толғауын да осы жолы айтқан-ды. Бір бунап, бір босатқан науқастай,
бойын қысқан жырын бітіріп барып «уф» деп демін алды. Енді ол бида орамалымен күн
сүйіп, жел үріп, қатпарланған күсті маңдайынан сорғалаған терін сыпыра сүртті. Содан кейін
барып жыраулардың мына отырған қауымға өз руларының қайдан шыққанын, аттары неден
алынғанын таныстырып өтуін бұйырды.
Қазтуған жырау безілдеген домбырасымен бірге орнында байыздай алмай, арқасын
жыр қысып, астындағы тай терісінен шығып, жорғалақтап дөңгелей, ащы дауысын бір
шырқатып алды да:
Алаңда алаң, алаң бар,
Бата алмай жау алаңдар.
Сақтан шыққан Кейсақ бар,
КейсақҚайсақ, ҚыпсақҚыпшақ боп
Он екі атаға таралар, —
деп Мұхаммет пайғамбар тумастан мың жыл бұрын, Ескендір Зұлхарнайынды
Жиделібайсынның жеріне кіргізбей тоқтатқан Сақ елінің патшалары фарсы жұрты кей деп
атап, одан патшаның таңдаулы əскерінкейсақ (патша сағы деген мағынада) деп, одан
Қыпсақ туып, Қыпсақтың Қыпшаққа айналғанын бір толғап өтті. Содан кейін Жиделібайсын
жерін хұнулар 1 алғанда Қыпшақтардың солтүстік суық жаққа Ертіс, Есіл бойына шегінуге
мəжбүр болғаны, одан бес ғасыр өткеннен кейін түркі тұқымдас түркі, карлуктар-
қарақалпақтар жайлаған Еділ, Жайық бойына ауғанын шырқай толғады.
Сөзді Асан Қайғы енді Қотанға берді. Қарт жырау қара күйектеніп кеткен кəрі қобызын,
ботасы өлген іңгендей боздатып, қарлыққан кəрі даусымен:
Жусанды деме қараған,
Жұлдызды жарық ай деме,
Қытайдан шығып тараған,
Хұнуға қарсы қол шықса,
Жорықта болған маймене
А-лунь 2 Арғын руы,
Қыпшақпен қатар жаралған, —
деп көне заманда Солтүстік Қытайдан батысқа қарай хұнулар (гунндар) аттан-
ғанда Арғындар түркі тұқымдас елдерімен бірігіп бас көтергенін, ақыры əтиль күшіне шыдай
алмай, сонау Ертістен əрі Жоңғар тауына қарай көшіп, хұнулар өтіп кеткеннен кейін,
1 Х ұ н угунндардың қазақша аты.
2 А - л у н ьАрғын деген сөздің қытай транскрипциясы.
29
Жетісуға келгенін 1 асқақтата жыр етіп өтті.
Төреші Асан ұйықтап кеткен адамдай көзін жұмып ойға шома түскен. Ұлы сыншы ойын
ешкім бұзар емес, құлаққа ұрған танадай бəрі бірдей тына қал-
ған. Əлден уақытта Асан Қайғы көзін ашты.
Сұмырай, сұрқия, сұм заман,
Шаққалы тұрған сұр жылан.
Өткені емес халқымның
Болашағы шер-мұңым...
деп ел-жұртының келешегін ойлап сəл қайғырып отырды да, қос жырауға бұрылды.
Халықтың айтысты күтіп отырғаны есіне түсіп:
Қазтуған жырау, баста! — деді.
Қыпшақ елі, Орта Азия хұнуларычұмхуну ұрпақтарынан, біздің дəуірімізден бұрын
келе жатқан Европа халқы түстес, дінілі тайпасының күнбатыс бөлегі, көне сақтар
сарқындысы, Қыпсақ деп аталатын рудан жəне көне Қангуй елінің қалдығықаңғылардан
құрылған, түркі тұқымдас, Ертіс пен Тобыл өзендерінің арасындағы ағашты өңірді жайлаған,
жау жүрек қалың жұрт болатын. Оныншы ғасырдың бас кезінен бастап, гуздарды (осы күнгі
түрікмендер) оңтүстікке, печенгтерді (көне кенгерес елі) күнбатысқа, карлуктарды (қазіргі
қарақалпақтарды) оңтүстік-күншығысқа, углерді (карелофиндарды) солтүстіктегі қалың
орман арасына қуып, көне Қангуй жеріне келіп орналасқан. Сол күннен бастап сонау Еділ
мен Ертістің ортасын Дəшті Қыпшақ жері не Қыпшақ даласы деп атап кеткен. Қыпшақтар он
бірінші ғасырдың орта шенінде Днепр өзеніне келіп жеткен. Өзінің шекарасына келген елді
орыс жұрты шаштарының сар-
ғылттығына қарап «Половцы» деп атаған (Половакесілген сабан), ал батыс Европа елі
коман деген ат қойған. Бұл жау баққан көшпелі ел көршілес жұрттарына қырғидай тиді.
Жат соғыс əдістері бұларды өте қауіпті етті.
Ғасырлар бойы əдеттенген тəсілдері бойынша, жауына жоқ жерден тиіп, заматта ғайып
болып, үнемі ат үстінен түспей үйренген көшпелі елдің жігіттері соғысқа əбден үйренген,
ұзақ жорықтарға шыныққан жау жүрек жауынгерлер еді. Жасынан садақ атып, арқан тастап
баулынған, Қыпшақ сыпайлары ұшып бара жатқан құсты жақпен көздемей бір-ақ тартып
түсіретін шетінен мерген келетін. Бұлардың негізгі қаруы садақ, иықтарына ілгені жебеге
толған қорамсақ, қисық алдаспан жəне жау мойнына лақтыратын қыл арқан. Көпшілігі найза
ұстайтын. Үнемі ұшы-қиыры жоқ жазық далада көшіп жүретіндіктен, дала бүркіттеріндей
қырағы жаралған. Жауға бұлардан жасырынып қалу тіпті мүмкін емес-ті. Қас жағының
əскерін көрісімен-ақ бұлар жақтарынан жебені қардай боратып, ат қоятын. Қарсы жағы берік
болса, қорқып кеткендей жорта кейін шаба жөнелетін. Қашқан Қыпшақтарды жауы оп-оңай
қуып тастамақ боп тұра ұмтылса, бір жасырын қойнауда тығылып тұрған мергендері оларды
оқтың астына алатын. Күтпеген жерден мұндай жағдайға ұшыраған жау əскері сасып қалып
сəл кідірсе, жаңа ғана қашып келе жатқан Қыпшақтар кенет аттарының басын кейін бұрып,
қайтадан атой салатын. Мұндай тəсілге үйренбеген жау əскері быж-тыж болып қаша
жөнелетін. Оларды Қыпшақтар арттарынан қуып жүріп садақпен атып, не болмаса болат
алдаспандарын құлаштай сермеп қырып салатын.
Ал екі жақтың күші бірдей түсіп жаумен бетпе-бет кездесер жағдай туса, Қыпшақтар сап-
сап боп бірнеше қатарға бөлінетін. Əдет бойынша алдыңғы қатардағы атты жауынгерлер
саптарын сүйір ұшты етіп құратын. Бұл оларға жұмсақ жерге кірген қазықтай, жау шебін
оңай бұзуға керек-ті. Əр топтың ара-араларына жəне арт жағынан шабуылға шыққан жауды
кідірту үшін арбалар қоятын. Осы арбалардың артында керек кезінде ұрысқа түсуге дайын
тұрған тағы да əскері болатын. Ал егер жау жағының күші басым келіп, шабуылды олар
бастайтынына Қыпшақтардың көздері жетсе, соғысу тəсілін басқаша жүргізетін. Үстіне өгіз,
түйе терілерін жапқан арбалардан дөңгеленте бекініс жасайтын. Арбалардың шетінде
жағалай тұрып алып, шабуылға шыққан жауына оқ жаудыратын. Жау қай жағынан келсе де
дөңгелене құрылған бекіністегі Қыпшақтарды ала алмайды. Өздері оққа ұшады. Оның
үстіне Қыпшақтар əлгі арбадан жасалған дөңгелек бекіністерінің ара-араларында қисық-
қисық жол қалдырып, жау күшінің əлсірегенін білсе, өздеріне таныс қисық жолдарымен жау
1 Оңтүстік Венгрияда қазылып жатқан əтильдің астанасы Полонния қаласынан табылған өрнек, ескі мұра үлгілері
қазақ, əсіресе Арғын руының үлгілерімен іспеттес. Қайсысы қайсысынан алдыбелгісіз. Тек екі елдің бір мезгілде
өмір сүргенін дəлелдейді.
30
шебіне ат қояды. Ал шабуыл жасаған жау бұл жолдарды пайдалана алмайды. Шауып келіп
кіремін деген жауынгер екпінімен кеп алдындағы арбаны соғып, быт-шыты шығады. Ал
əлдеқайда кіре қалған етрат 1 бұраңдап жатқан жолмен бекініс ортасындағы шепке
жеткенше Қыпшақтың бірер жігітінің шірене тартқан садағының сауыт бұзар жебесіне душар
болады. Тіпті таяп қалса найзағайдай жарқылдаған наркескенінен қаза табады. Ал арба
арасындағы қисық жолдарды Қыпшақ жауынгерлері мейлінше еркін пайдаланатын. Жау
күтпеген жерден, тал арасынан шыққан жолбарыстай, лып етіп пайда болып, садақ оғын
жаудырып-жаудырып жіберіп, қайтадан кіріп жоқ болып кетеді. Басына жүген киіліп, үстіне
ер түскенінен бұл əдіске машық болып үйренген Қыпшақ жыл-
қылары еш уақытта əдет алған жолынан жаңылыспайды. Қамыс арасымен сусылдап өткен
жыландай, арбалар арасынан қалай болса солай өте шығатын. Мұндай əдіске
дағдыланбаған жау аттары екпінімен кеп, ең бірінші бұрылыста-ақ арбаға соғылып, арындап
барып шалқасынан түседі. Соңынан келе жатқан жауынгерлер жолы бөгеліп тоқтап
қалатын. Осы сəл аял Қыпшақ жігіттеріне жеткілікті. Құлаштап тартқан қайың садақтан
ысылдай атылған ажал жебелері кімді болса да ат үстінен ұшырып түсіреді.
Қыпшақтар бұл бекіністерін өздеріне қолайлы жерге орнататын. Егер таңдаған жерлері
алда-жалда қауіпті болса, бір қалтарыста, не ымырт үйіріле дағдыланған əдет бойынша
арба жетегін үзеңгілеріне іліп алып заматта бөтен жаққа көшіп кетеді. Жау орнын сипап
қалады.
Осындай жылжымалы бекініске орналасқан Қыпшақтарды жау ала қоям деп
дəметпейтін. Өгіз, түйе терілерімен жабылған арба қорғанына Қыпшақтардың бекінгенін
білсе, əдетте жау ұрыс ашпайтын, өз бетімен кейін шегінетін.
Бірақ Қыпшақтардың ашулы тасқыны орыс қалаларынан əрі аспады. Тек кейбір
толқындары ғана Еділ бойлары мен Византияға жетті. Бірақ одан аса алмады. Ұлы Россия
көшпелі елдің шабуылынан өз жерін кеудесімен қорғап, əдеті бойынша Европаны тағы бір
апаттан сақтап қалды.
Қыпшақтар осы жүз елу жыл жүргізген шапқыншылығында Киевтен бастап Россияның
көп қаласына қауіп туғызды. Ал орыс князьдарының бастары қосыла бастаған күндерден
кейін, кешегі қабыландай қайратты, жансебіл жандар, кенет құдайдың қарғысы ұрғандай,
бастарына сор нөсердей жауып, сан мəртебе мерт болды. Əсіресе бір мың елу үшінші
жылдан бір мың бір жүз жиырма бесінші жылға дейін өмір сүрген Переяславль мен Киевтің
ұлы князі Владимир Мономах бытырап жүрген өзге орыс князьдарының басын қосып,
Қыпшақтарға қарсы шабуыл ұйымдастыра алды.
Одан Қыпшақтар бір мың он бесінші жылы оңбай жеңілді. Содан бері бұл қаһарлы тайпа
орыс жеріне шын қауіп болудан қалған.
Міне, осы Қыпшақтарды қазір арқалы жырау қарға бойлы Қазтуған мақтауы керек.
Бейбітшілік пен тыныштықты, сұлулық пен ойшылдықты сүйетін ұлы сыншы Асан Қайғы
Қыпшақтардың тарихына қанық-ты. Қазір ол тыныш елдерге бүйідей тиген бұл шапқыншыл
елді жүйрік жырау қай жағынан мақтар екен деп мүлги күтіп отыр. Оған Қотан қарт не
айтпақ? Қыпшақтың ерлігіне қандай мін тақпақ? Шапқыншылықты, ерлікті мұрат көрген
мына қу заманда жұрт оның ойына түсінер ме?
Қазтуған, Асан Қайғы күткендей əйгілі арғы бабасы Қара Қыпшақ Қобыландыға бір
тоқтап, Қыпшақтың шапқыншыл ел екенінен бастады. Қарағай кəрі домбырасын лақтыра
безілдетіп, арқасы ұстап, Қазтуған жырау домбыраның күйімен өзі бірге шалқып малдас
құрған қалпында кенет ытқи алға бір ұмтылып, қайтадан отыра қап құйрығымен шыр
көбелек айнала тепеңдей жылжыды. Ханның сол жағында отырған қазіргі Қобыланды батыр
арғы бабасы Қара Қыпшақ Қобыландының атын естігенде, шоқтығы өзгелерден анағұрлым
жоғары көтеріліп, бір масайрап қалды. Қыпшақ жағының адамдары Қазтуғанның жырынан
делебелері қозып, нақ өздері жүз елу жыл ерлік еткендей у-шу жырауға қошемет көрсетті.
Асан Қайғы Қотан қартқа бетін бұрды.
Сөйле, жырау, — деді.
Қалың ойға шомып кетіп басын төмен салып үн-түнсіз отырған қарт жырау, шапқан
дүбірді естіп, тыпырши қалған кəрі тарландай, кенет басын көтеріп алды. Сол сəтте-ақ қыл
қобыздан күй аңырап қоя берді. Ақтарыла сарнаған қобыз үнімен бірге, бір кезде құлаққа
жағымды қоңырқай, қазір кəріліктен өңі бұзылған Қотан қарттың қарлыққан даусы да шықты.
1 Е т р а ткөне түркі тілі, жауынгер деген мағынада.
31
Ол: — Өлімнен қорықпау ерлік емес, ерлік өмірді қорғау, — деді. Жырау шын батырлық
біреудің жерін шауып, елін тонауда емес, өз жеріңді, өз еліңді жаудан қорғаудан туады дей
келіп, аз бола тұрып көпке шапқан, Қазтуған мақтаған Қыпшақтың көп бола тұрып аздан
қашқан кездерінің болғанын айтты. Жырау таққан кінəні естігенде бастығы Қобыланды
батыр болып елеуреп қопаңдай қалды.
Қашан? Қай жерде? —деген де шу шықты. Қарт тайшы оларға аяй қарап, Қыпшақтар
өздері ұмытқанмен өзге рулар сақтап қалған «Қыпшақ қашқан» хикаясын естеріне салды.
Қыпшақтар алты құлаш Шерухан бастаған бір аттанысында Чернигов қаласын алмақ
болған. Чернигов əскері қарсы шыққан. Бір мың алпыс сегізінші жылдың алтыншы айында
екі əскер Деснаның таралуы Синави өзенінің жағасында кездескен. Орыс əскерлері үлкен
ерлік пен табандылық көрсетіп, үш мың адамнан Қыпшақтың жиырма мың əскері жеңіліп,
кейін қашқан. Көбі əбден қатып болмаған өзеннің мұзы ойылып кетіп, ат-матымен суға кетіп,
бықпырт тигендей қырылған. Осы ұрыстан кейін іле-шала орыс жерінде ғажайып ақ түтек
боран тұрып, қалған нөпір топ жолдан адасып, елдеріне жете алмай үсіп өлген. Бұны
артынан қазақтың басқа рулары «Қыпшақ қашқан» ұрыс деп атаған.
Қыпшақ жағы енді басылып қалды. Арғын тобы, «Пəлі, кəрі тарланым, аяғын қалай-
қалай тастайды деп Қотанды қошаметтеп көтеріле түсті. Бірақ өр мінезді, жалын жанды
Қазтуған Қотан толғауынан мойымады. Қамшы тиіп, ырши түскен жүйріктей, енді тіпті
долданып кетті. Қарағай домбырасын аспанға лақтырып, аруағы ұстап, жыр дабылын үсті-
үстіне дақпырата ұрды.
Шерухан ханды жақсы қармадың, абыз жырау, — деп бастады ол жаңа толғау
ырғағын. «Алып бойлы Шерухан» деп орыс елінің өзі қыса еткен Шерухан ханның ерлігіне,
шапқыншылық ісіне бір қыдыру тоқтап өтті. Содан кейін қарға бойлы Қазтуған орыс
қалаларын шапқан Бонақ, Тұғырхан, Қотан, Шерухан, Кончак, Сүрбөрі, Құнама, Сүңгір,
Көбек, Торсық тағы басқа Қыпшақ хандарының əрқайсысының жауынгерлігін, ел аузында
аңыз болып жайылған жорықтарын дəріптей келіп, «өз елдері түгіл бөтен елдерге өлмес
аңыз қалдыр-
ған осындай хан мен батырлар тудырған Қыпшақты кім қор санар деп ожарлана жырын
тоқтатты.
Сөйле жырау, — деді Асан Қайғы Қотанға:
Бөтен елге бұл хандар аңызымен бірге, жаман аты мен сүйектерін де қалдырды, —
деп бастады бұл жолы толғауын Қотан қария ырық бермей. Жаңағы аты аталған хандардың
көбінің шапқалы барған жерінің князьдерінің қолынан өлгендігін айта келіп, Қотан жырау «Өз
жерінің топырағы тас болып па еді бұларға! Не жетпеді соншама бөтен елден ажал
іздерлікдеген сұрақ қойды. Жайшылықта салмақты қарт, бұ жолы біреу шабынан түртіп,
мазасын ала бергендей, қабағын кəрлене түйді. Енді ол өз сұрағына өзі жауап берді. —
Жоқ, зираттық екі құлаш жер оларға Қыпшақ даласынан да табылатын еді, — деді. Бірақ
хандардың іздегені басқа. Адамның дүниеге өзі тойғанмен көзі тоймайды. Байыған Қыпшақ
хандары байыған үстіне байи түсуді мақсұт етті. Тегін алтын, күмісті, асыл жиһаз дүниені,
ғасырлап жинаған бөтен жұрт қалаларының қазынасын тонап алғысы келді. Алдарына
салып айдаған мыңдаған малдан түсер пайда оларға аз көрінді. Ерлігі ішіне сыймағанынан
емес, қанағатсыздығы мазасын алып, ажал түрткілеп, жорыққа шықты. Ақырында дүниеге
тоймаған қос жанар, басқа елдің бір уыс қара топырағымен тойып тынышталды деп қарт
ақын күңірене күрсініп, «жауынгер туған, Қыпшағым» зираттары жат жұрттың даласында
қалған хандарыңның қылығын несіне дəріптейсің! — деп Қотан жырау жырын тоқтатты.
Қыпшақ жағында үн жоқ. Қобыландының екі беті түктеніп кеткен. Бірақ хан алдында
ұстамды, үн-түнсіз. Сондықтан да, теңіз тулап, дауыл соқса да мызғымас, су жағасындағы
жартастай, қозғалмай тұнып қалған. Тек Қазтуған жырау ғана сыр түйіп, бұрқ-сарқ тасығалы
кезегін күтіп, тыпыршып əзер отыр. Ал төреші Асан Қайғыда да үн жоқ. Ол сонау Қыпшақ
хандарының қанды жорықтарын ақыл таразысына салып ойға кеткен; əлден уақытта басын
көтеріп, баяу ғана:
Сөйле, жырау, — деді.
Қазтуған «Айт, шудеген бəйгі ұранын естіген қылаң құйрықтай, бірден аға жөнелді.
Бұ жолы ол домбырасын безектей ойнатып бір тізерлей отыра қап ащы айқайға салды.
Күре тамыры білеудей боп, кең тамағы торғай жұтқан жыландай ісініп ап, толғауына кірісті.
Ерлікежелгі салтым, — деді. — Алыс-жұлысқа жаратылған қанды балақ қыран құс,
құр ұясын күзетіп отыра алмайды. Қыпшақ та сол қыран құс. Ол ерлік үшін жаратылған, —
32
деп Қазтуған құлашын алысқа сермеді. Дəл осы сəтте қарсы алдында отырған жауықарт
жырауға қона түсуге дайын, өзі де сол қыран құстың бірі тəрізді. Екі көзі қанталап, қалың
қабағы жауар күндей түксиіп кеткен.
Даусын кеңнен алып, тағы да бір шырқап жіберді де «Осы ерлігінің арқасында Қыпшақ
əлемге аян болды. Батыр жұрт Қоламан 1 патшаның кезінде Стамбулды да жау тырнағынан
алып қалды» деп жырын бітірді.
Қотан мырс етіп езу тартты.
Сөйле, жырау, — деді Асан Қайғы Қазтуғанның ағат кеткенін аңғарып, ұнатпай
қалғанын жасырмай сəл қабағын түйіп.
Қотан қарттың күткен кезі осы мезгіл еді. Кəрі қыран енді Қазтуғанның құрыш денесіне
сояу-сояу тырнақтарын қырш-қырш кіргізді.
Орынсыз қан төккізгенді ерлікке кім санаған? — деп бастады ананы əжуа ете, қарт
жырау. Қазтуған ақын паш еткен Қыпшақтар қатынасқан Стамбул оқиғасын Қотан қария
жыр еткенде, қобыз үні құдды қан жылағандай аңырай шықты. Қарт жыраудың өзінің даусы
да дəл бір өксігін баса алмай отырған қаралы адамның үніндей. Бұл хикаяны естіген
жұрттың екі ұрты суалып, жақ жүндері үрпиісіп жүдеп кеткендей. Əбілқайыр хан көз қиығын
Қобыланды батырға аударып еді, оның да басы төмен салбырай түскен екен. Қарт
жыраудың сөзі жүректерін тырнап, көздерін жасқа толтыруға таяу тұрса да «Тоқтатыңыз
деп бұйыруға бірде-бір адамның аузы барар емес. Ханның да, батырлардың да көмейіне
құм құйылған.
Алтын күмбез мешіті, ақ мрамордан қаланған патша сарайларымен безенген, Босфор
теңізінің жағасындағы Византия астанасы Стамбулға он бірінші ғасырда аса бір сойқан күн
туды.
Еділ, Днепр бойларынан Қыпшақтар қуған торкі елі Дунай өзенінен өтіп Византияға
жақындады. Византияның солтүстігін бұдан бұрын печенегтер басып алып, талан-таражын
шығаруда еді. Ал Кіші Азияда Византияның қалаларын түрікмен сельджуктары мазалауда
болатын. Стамбулдың сау қалуына екіталай күн туды. Бұл аздай, енді Стамбулға төртінші
қас пайда болды. Ол қасДунай өзеніне жетіп қалған бөрте жылқы мінген Қыпшақтар еді.
Сасқан Византияның патшасы (императоры) Алексей Комнин Стамбулды қалай сақтап
қалуды білмей өзінің ежелгі жауы Крестшілер мен Рим папасына «Константинополь»
(Стамбул) торкілер мен печенегтердің қолына түскенше, сендер алыңдар» деп жəрдем
сұрап хат жазды. Расында Византияға безбүйрек көшпелі тағы елдердің шапқыншылығы
тым қорқынышты еді.
Византияның басына қан жауған осы бір қиын-қыстау кезеңде, печенегтер бірінші боп
Стамбулдың іргесіне кеп тоқтады. Император Комнин «Қыпшақтар не дер екен? Егер олар
печенегтерге қосылып кетсе, біржолата құрыдық» деп қан жұтып жүдеп жүргенінде, бір күні
Стамбулдың солтүстік жағынан қаһарынан жан түршігетін Бонақ пен қанқұмар Тұғырхан
қалың қолмен сау ете түсті. Олар «Жауды көрсет! Біз дайын деді. Алексей əлі де болса
Қыпшақтардың күшін пайдаланғысы келмей, оларды кең сарайында күндіз-түні күтіп, ұрыс
күнін айтпай кідірте берді.
Бірақ арақ-шараптан көрі, кісі қанын ішуді ұнататын Қыпшақ хандары императордың сəн-
салтанатты кең сарайында рақаттанып жатудан безіп, майданға шығып, қисық
наркескендерін оңды-солды сермеуге асықты. Олар императорға: «Біздің енді күтер
жағдайымыз жоқ. Ертең күн шыққаннан кейін, біз не қойдың етін, не қасқырдың етін жеуіміз
керек» деді. «Бұлары біз ұрыссыз бос жата алмаймыз, ертең күн шыға сендермен қосылып
печенегтермен соғысамыз» дегендері еді. Зəресі кеткен Алексей соғыс күнін айтты. Бұл
қанды айқас бір мың тоқсан бірінші жылдың Көкек айының жиырма тоғызы күні болды.
Қыпшақтар мен Стамбулдың əскері печенегтерді мықтап жеңді. Печенегтердің көп əскері
тұтқынға түсті. Түнімен Қыпшақтар жеңісті тойлады. Ал, таңертең тұрғандарында... Кешегі
тұтқынға түскен печенегтердің қырылып қалғанын көрді. Тұтқындар лагері қан сасиды.
Нағыз қой бауыздағандай гректер оларды шетінен бауыздай беріпті. Талай қанды
айқастарды бастарынан өткізген, қастасқан жауларын аяп көрмеген Қыпшақтардың да қолға
түскен қарусыз тұтқындарға гректердің істеген айуандығынан төбе шаштары тік тұрады.
Бөлісеміз деген олжаларына қарамастан, ертеңіне Қыпшақтар ат бетін кейін бұрған.
1 Қ о л а м а нКомнинВизантия патшасы.
33
Қазтуғанның Стамбулды да Қыпшақтар аман алып қалды деп мақтаныш еткені осы
оқиға еді.
Бұл оқиғаның қалай болғанын қарт Қотан айтып бергенде, отырған жұрттың үндей
алмай қалуы да осыдан еді. Қанша қатыгез келсе де қолға түскен тұтқынды қыратын
Қыпшақта дəстүр жоқ. Не болса да ұрыс үстінде, шабуыл үстінде болады. Ал мынау оқиға...
Өздері істемегенмен, ата-бабаларының қарусыз жұрттың қырылуына себепкер
болғандарын, айдалада жатқан Византия мен өздері жерін алып қуып жіберген түркі
тұқымдас елдің таласына барып кірісіп, осыншама қан төккендерін, жырау сөзін тыңдап
отырғандар рас қылмыс көрген. Қазтуған жырау да үндей алмай қалған. Тек Қобыланды
батыр ғана Қотан ақынның жеңіп бара жатқанын сезіп намыстана, түнере түскен.
Тыныштықты Асан Қайғының өзі бұзған. Ол аппақ ұзын сақалын баяу сипап, оңып кеткен
көздерін сəл жұмып отырды да қайта ашты.
Өз руыңның ерлігін енді, Қотан жырау, сен айт, — деді. — Қайсыңның жеңгеніңді жұрт
сосын естір...
Қотан қарт алдында тұрған сырлы аяқтан уыз сары қымызды бір жұтып орнына қайта
қойды. Қобызын асықпай қолына алды. Мұздаған жанды жылытар, қобалжыған көңілді
тыныштатар бір майда қоңыр күй тартты. Қарт жырау күйді ұзақ тартты. Жұрт ұйып тыңдай
берді. Бір мезгілде барып қарт жырау қобыз даусына өзінің үнін қосты. Қария даусы бұ жолы
қарлығып қажымады, жаңағы жұтқан уыз қымыздың дуасы ма, əлде айтайын деген
жырының қақ-соқтықсыздығынан ба, лебі биязы қоңырқай шықты.
Арғын да алуан ел болған, келген жерге көнбеген, онда да талай ер туған, қазір қисса
онда емес, — деді жырау ерекше, өзгеше сарынға салып, — қыран көкке қанатын қанша
биік қақса да тізіліп бірге ұша алмас. Шаңқылдап айбат атса да, аққудай сыңсып əн сала
алмас. Қыпшақ қыран болса, егер, Арғынаққу көл көркі... Сойылдан гөрі қолына домбыра
алуды паш санар. Ұран салып, жау іздегеннен əн шырқап жар сүйгенді ұнатар. Одан артық,
əлеумет, айтшы қандай арман бар. Ел айырар ұрыстан, бейбітшілік, елдікті мұрат еткен бұл
Арғын. Əн мен күйге орда боп қуантсам жұртты дейді бұл Арғын. Батыс түгіл, Қызылбас,
Үндіге де Қыпшақ талай аттанған. Арғын одан аз емес, ерлігі бірақ өзгеше... Арғы бабам
Басым елі 1 түркі тілдес жұртпенен тізе қосып, кептеле ту тігіп үш жүз жыл Танменен 2
алысқан. Анау асқар тауыңды, мынау шалқар көліңді сол қасыңа бермеген. Кілегей бұлттай
жау төнсе, сонда ғана бұл Арғын алдаспанын сермеген. Асан Қайғы, аға ұлы, ендігісін өзің
шеш. Ел болайық деген жұртымды адастың десең де айт. Кең болайық деген жұртыңды
қателестің десең өзің айт.
Арғын 3 тайпасы да, Үйсін руы тəрізді, Тянь-Шань сақтары мен аргиппейлер қалдығынан
құрылған, көне түркі қауымына кірген. Соңынан Жоңғар тауынан Жетісуға ауып, «қырық ру»
қатар көшіп, қытай династияларымен сан күрескен. Қытайлардың Арғынды хұнумен
шатастырулары да содан.
Қотан жырау осылай толғап, талықсып кеткен адамдай қобыз күйін бəсеңдете барып
бітірді.
Жұрт тағы да үн-түнсіз тына қалды.
Мың жаса, атажан, — деді кенет қайратты бір жас дауыс, — Дария тоқтаған бөгетті
бұзып, суды тасыту бір адамның қолынан келеді. Мүлгіп тұрған орманға шақпақ тастан от
беріп, телегей-теңіз өрт шығару о да бір адамның атқара алар ісі. Сол тасыған суды тоқтату
жүз адамның да қолынан келмейді. Тоғайды алған қалың өртті мың адам да сөндіре
алмайды. Ерлік көрсетіп ел-елдің арасын бүлдіру қай рудың қолынан болса да келеді.
Бүлінген жұрттың басын қосып, ел ету тек халқына жаны ашыған ұлдарының ғана
қолынан келеді. Олардың қолынан əзірге елді біріктіру келмесе де, сол елді біріктіру
арманы. Сол арманды мына қауым алдында жайып сал-
ғаныңыз үшін, Арғынның ардақты ұлы, жырау Қотан ата, сізге жас болсам да өз есімімнен
алғысымды білдіремін.
Жұрт осы сөздерді айтқан жігітке қарай қалды. Бұл жігіт Жəнібек сұлтанның баласы
Қасым еді. Ұзын бойлы, қошқар мұрын, ақ сұр жігіт өзіне қадала қалған самсаған жандардан
қайыспай, көзі шоқтай жайнаған қалпында, отырған орнынан қозғалмады. Үстіне бадана көз
кіреуке киген, хан алдында суырыла сөйлеген осынау жас батыр кенет жұртқа ұнай қалды.
1 Б а с ы м е л і — «қырық ру» Арғынның арғы атасы.
2 Т а нҚытайдың Тан династиясы (VІ—VІІ—VІІІ ғ.ғ)
3 А р ғ ы н (көне түркі тілінде Арғұн) — ұлы, көп санды деген сөз.
34
Ал ұнатпағандар Шыңғыс ұрпағына «өзіңнен үлкендер отырғанда, сенің сөйлеуің ерсі» деп
айта алмады.
Əбілқайыр оған бажайлай көз тастады. «Бұрын қалай назар аудармай келгенмін, —
деді ол ішінен, — Жəнібек сұлтанның мына баласы болайын деп-ақ тұр екен! — Ол ақырын
езу тартып жымиды. — əрине, оның дегеніне өзге сұлтандар жеткізсе».
Ойға шомып кеткен Асан Қайғы енді басын көтерді.
Бейбітшілік əрқашан халықтың көкейкесті мұраты, сен сол халық мұратын көксеп
отырсың, Қотан жырау, — деді. Бас бəйге сенікі, — енді ол Қазтуғанға қарады, — елдің
елдігін, ердің ерлігін мадақтау о да бір паш өнеге, бірақ ерлік ел шабуға бағышталса
езгілікке айналады. Демек, Жейхұн өзеніндей тасыған жырың үшін орта бəйгені саған
ұсынар едік, от ауызды, орақ тілді Қазтуған жырау, бірақ ақылгөй Қотан қарт Қыпшақтың
өзге елге еткен қиянатын бетіңе басып, тұсаған жылқыдай өрісіңді кеңіттірмеді. Сол
себептен əлі де айтылмаған жырың қалған іспеттес. Қыпшақ құр ғана басқа елдерді шауып
қойған жоқ қой, өз елін қорғағандағы ерлігін естісек дер едім...
Бас бəйгені алған Арғын жағы шат-шадыман боп тасыды. Аталы сөзге тоқ-
тап үйренген жұрт Асан Қайғы шешіміне риза екенін білдірді. Асан шешімін Қазтуған да
əділетті көрді. Жеңіліп қап пəрмене болдым демеді. Тек Ақжол бимен бақ күндес
Қобыланды батыр ғана намыс оты күйдіріп тақат ете алмай, іштей алай-дүлей.
Айтыс тізгінін қолына ұстаған Асан Қайғы əлі де қызу отырған Қазтуғанды тежегісі
келмей:
Сөйле, жырау, — деп домбырасын ұстаттырды.
əбден қызып алған Қазтуған күттірмеді. Əбілқайыр ханға қарап домбырасын қағып-қағып
жіберіп:
Қалған жырды тағы да тарих өзі жырласын, Қазтуған жырау аузынан əлеумет тек
тыңдасын. Құлаққа жағымсыз жай болса, кешіре көрсін, хан ием, — деп жырау өзінің айтар
сөзіне рұқсат сұрады ханнан.
Қарапайым ел қамын ойлаған, қызыл тілін қару еткен қазақ жыраулары əрқашанда өз
ойларын ашық айтқан.
Бірақ... «аталы сөзге арсыз тоқтамас», дəуірінде ханға да шындықты тыңдау бір ғанибет
іс еді. Сол салттан шыға алмай Əбілқайыр да:
Ақын ел еркесі, айта бер қорғанбай жырыңды, — деді салғырт, Қазтуғанның айтар
сөзінен күйінерін күн бұрын сезсе де кеңпейіл көрінбек боп.
Қазтуған жырау əсем көсілген жорғадай толғауын емін-еркін бастап кетті. Аздаған
үзіліспен бір ғасырға жуық жүргізілген Шыңғысхан жəне оның ұрпақтарының шапқыншылығы
бір мың екі жүз алтыншы жылы Монғол мемлекеті құрылысымен-ақ басталған. Осының
алдында ғана өзін Шыңғысхан деп атаған, əкесі қияттан, шешесі та-та 1 елінен шыққан
Темучин құр ғана монғолдардың өзара таласын басып қойған жоқ, ең алдымен монғол
елімен аралас Керулен, Аргун, Онон, Орхон өзендерінің бойында көшіп жүрген Керей,
Найман руларын жеңіп алды.
Бір мың екі жүз жетінші жылы монғолдар Енисей өзенінің жоғары жағы мен Селенгі
өзенінің солтүстік тұсын жайлаған ұсақ елдерді жаулауға кірісті. Осы аттаныстарының
арқасында Шыңғысхан əскерін қаруландыруға өте маңызы бар, темір өндіру өнеркəсібіне
бай өлкеге ие болды. Сол жылы-ақ Шыңғысхан Орталық Азиядағы Си-Си деп аталатын бір
кезде Қытайды тітіреткен тунгус мемлекетін өзіне қаратты. Жауынгер атты əскерін қосып
өзінің шебін көбейтті. Содан кейін олар, жер мойны қашық Шығыс Түркістандағы
ұйғырларды бағындырды. Осы кезде монғолдар қырғыз, бурят, ойрат секілді Оңтүстік жəне
Орталық Сібірді жайлаған бірталай елдеріне дүрк тиді. Бір мың екі жүз он бірінші жылы
Шыңғыс қалың қолмен Қытайға аттанды. Үш жыл соғысып ақырында Пекинді алды. Енді
Шыңғысхан екі жүз мың əскермен Орта Азияға бет бұрды. Хорезм шахы Мұхаммед
монғолдарға қарсы тұрарлықтай əскері болғанмен, бетпе-бет келіп айқасудан бас тартып,
бар күшін жеке қалаларын қорғауға бөлшектеді. Соның салдарынан Шыңғыс əскері Хорезм,
Самарқант, Мерв, Бұқарбəрін жеке-жеке шапты. Бұл оған Орта Азияның бар əскерімен
қан майданда бетпе-бет кездесуден жеңіл түсті. Бір мың екі жүз он тоғызыншы жылдан
бастап үш жылдың ішінде Шыңғысхан əскері бүкіл Орта Азияны өзіне бағындырды. Орта
1 Т а - т а (қытай тілі) — Монғолия мен Манчжурияның күншығыс жағындағы жауынгер ел. Нағашы жұрты болса
да Шыңғысхан жаулап алған, əйгілі татар деген сөз осыдан шыққан.
35
Азия халықтары басқыншыларға қарсы сан рет көтерілді, бірақ монғол хандары олардың
көтерілісін қан-жоса етіп, басып тастап отырды.
Осы жылдары Жошы əскері қазақтың көп жерін алып, Ертіс, Есіл, Тобыл, Нұра
өзендерінен өтіп Ұлытауға келіп туын тікті. Орта Азияны шауып болғаннан кейін, Шыңғысхан
Қыпшақ елімен шекаралас Шығыс Европаны жаулап алуға кірісті.
Жебе мен Сүбітай баһадурлар басқарған отыз мың əскер бір мың екі жүз жиырма екінші
жылы солтүстік Иран арқылы Азербайжанды қанға бояды. Енді кезек грузиндікі болды. Бес
миллионға жуық Грузия халқының жан аямай қарсыласуына қарамай, Жебенің құрған
айласының арқасында бір күннің ішінде отыз мың əскерін қырып, монғолдар солтүстік
жағынан Дербентке таяды. Бұл арадан өту оңай болмағандықтан монғолдар Ширван шахқа
«Сендермен бейбітшілік бітім істеуге бірнеше адам ғана келдік» деп кісі салды. Ширван шах
алдағанды білмей, басты он адамын жіберді. Монғолдар біреуін өлтіріп, қалған тоғызына:
«Егер де сендердің өлгілерің келмесе жолды көрсетіңдер» деді. Олар қорыққанынан
Дербенттің қиялы жартас, тұңғиық құзды, ыңғыл-жыңғылды ұры сайлары арасымен
монғолдарды аман-есен солтүстік Кавказға жеткізді. Солтүстік Кавказда тұратын алан
жұрты «монғолға бірігіп қарсы тұрайық» деп Қыпшақтарды болысуға шақырды. Қыпшақтың
қалың атты əскері аландарға келіп қосылды. Монғолдармен үлкен айқас болды. Екі жағы
тең түсті. Қайтадан ұрысқа дайындалды. Алан мен Қыпшақты жеңе алмайтынына көзі
жеткен монғолдар Қыпшақтарға көп тартумен «
сендер бізбен қандас елсіңдер, аландар
бөтен жұрт, біз сендермен бітімге келеміз, оларға болысушы болмаңдар» деп кісі салды.
Монғолдың алтын-күмісіне қызыққан Қыпшақ батырлары аландарды тастап кейін шегінді.
Жалғыз қалған аландарды монғолдар қан-жоса етіп қырды.
Ал Қыпшақтар «Бітімге келісетін болдық, бізге тимейді» екен деп əскерлерін үйді-үйіне
таратып, жайбарақат жата берді. Сол уақытта ала¦дарды жеңген монғолдар, сау етіп
бұлардың еліне жетіп келді. Əскерін таратып жіберген Қыпшақтар монғолдарға төтеп бере
алмады. Бірі Донға, бірі Қырымға қашты. Осы уақыттағы Қыпшақтардың ханы Қотан 1
орыстарға кеп «маған туған күн саған да туады, бірігіп монғолға қарсы шығайық» деп өтінді.
Орыс князьдары уəдесін береді. Сол күннен бастап Қыпшақ елінің басқыншылармен ауыр
айқасы басталды.
Бейбіт елдерді қан жылатқан Шыңғысханды суреттегенде, бір қара албасты құбыжық
келе жатқандай қобалжи, алан жұртын сатып кеткен Қыпшақ хандарының опасыздығын жыр
еткенде, қарабет болған жандай көзін жерден алмай қиналып зар шеккен Қазтуған жырау,
толғауының Шыңғысханға тиер жеріне жеткенінде тіпті зəрленіп кетті. Бауыры қызған бəйге
атындай серпіліп сала берді. Жауына қарсы шыққан орыс, Қыпшақ жауынгерлерінің дəл
ортасында өзі келе жатқандай, қарағай домбырасын дүбірлетіп, көзінен жалын атып, қаһар
төкті.
Орыс, Қыпшақ болып бірігіп, басып алғалы аттанған жауына қарсы шыққанын
жырлағанда ер көңілді батыр жыраудың үнінен мақтанған, қуанышты, адамды қанды кекке
шақырар бір құдіретті саз естілді. Осылай шалқи қалған Қазтуған Қалқа ұрысын айтқанда
кенет «əттең, əттеңдеп күңірене күбірледі.
Бір мың екі жүз жиырма үшінші жылы мамыр айында Днепр өзенінің жағасындағы
Олешья деген жерде орыс, Қыпшақ əскері жиналды. Бұған бар əскерімен Киев князі
Мстислав Романович, Галич Мстислав Мстиславович, Чернигов князі Владимир Рюрикович,
тағы басқа Чернигов князьдары мен Қыпшақ хандары тегіс келді. Бұдан басқа
Смоленскіден, Курскіден, тағы бөтен орыс жерлерінен көптеген жауынгерлер қосылды.
Мұндай нөпір əскер орыс жерінде бұрын бас қосып көрмеген-ді.
Калка ұрысы деп аталып кеткен монғол, орыс, Қыпшақ қырғынын тарихшы Рашид-ад-
Дин былай деп жазады: «Орыс пен Қыпшақтар дайындалып көп əскер жинады. Жауының
көп екенін көріп монғолдар кейін шегінді. Монғолдарды қорыққанынан шегінді деп ойлаған
Қыпшақтар мен орыстар оларды жиырма күн соңынан қуды. Кенет монғолдар аттарының
басын кейін бұрып алып, қуып келе жатқан əскерлердің қосылуына мүмкіндік бермей,
біразын қырып салды. Бір апта бойы ұрысты, ақырында Қыпшақ пен орыстар шыдай алмай
қашуға мəжбүр болды. Монғолдар соңдарынан қалмай өкшелеп, қалаларын қиратып,
жұртын бостырып жіберді».
1 Қотан ханорыс тарихында Котаян хан деп аталады.
36
Калка өзенінде орыс пен Қыпшақ əскерінің жеңілуінде анығында екі себеп болған-ды.
Днепрден өтіп сегіз күндей жауын қуған орыс пен Қыпшақ полктарының арасы тым алыстап
кеткен-ді. Осы жағдайдан отыз бірінші мамыр күні Калка өзенінде тобын жазбай қарсы атой
берген монғол əскеріне бұлар бас қосып қарсы шығатын мүмкіндіктері болмаған. Əйтсе де
Галич князі Мстислав Мстиславович өзімен ала көз Киев князі Мстислав Романовичты
хабарландырмай, Қыпшақтармен бірігіп қан төгіс айқас ашты. Монғолдардың алдыңғы
шебін жеңіп, бас күшіне шабуыл жасады. Ұрыс өте қатты болды. Қан судай ақты. Бірақ бұл
ғаламат айқасты ең алдымен Қыпшақтар бүлдірді, олар ежелгі тəсіліқашқан болып
жауды ертіп, арттарында күтіп тұрған əскерінің қолына түсіретін əдеттеріне салмақ боп кейін
шегіне бастады. Бір тобы шегініп еді, оған өзгесі асыға қосылды. Бұны көрген орыс полктері
де кейін тым-тырақай босты. Ақырында, соңынан түре тиген монғолдарға қарсылық істей
алмай қалды. Бұлорыс, Қыпшақ əскерінің жеңілуінің бір себебі. Екінші себебі орыс
князьдарының өздерінің ала ауыздығы еді. Галич князі Мстислав Мстиславович
Қыпшақтармен бірігіп қанды қақпаннан қалай құтыламыз деп монғолдармен қырылысып
жатқанда, Киев князі Мстислав Романович өзен жағасындағы биіктікте «менсіз сендердің
қалай соғысқандарыңды көрейін» дегендей, өзінің көп полкімен тұрып қалды. Ал жаулары
Галич полктары мен Қыпшақтарды жекелеп жеңіп, енді Киев полктарына келіп тиіскенде,
қаптаған монғолға Мстислав Романович төтеп бере алмады. Адырдың жан-жағынан қоршап
алып, өзіне төнген монғолдармен үш күн айқасқаннан кейін, олардың «өмірлеріңді сақтап
қаламыз» деген сөзіне сеніп екі баласымен жауына берілді. Əрине, монғолдар алдаған-ды,
қолға түсісімен князьді балаларымен бірге ай балтамен шауып өлтірген. Қазтуған
жыраудың: «əттең, əттең деп өкінуіне құр ғана Қыпшақтардың қашқаны емес, монғол
қандыбалақтыларының алдауына аңқау батырлардың талайының көніп, сан ұрыста
ұтқызған өкініші де бар еді.
Монғол нояндарының соғыс жүргізу əдісі де, жауын алдап түсіру айласы да өздеріндей
көшпелі ел Қыпшақтардікіне кейде ұқсағанмен, тегінде ерекше келетін. Монғол əскерінің
оннан тоғызы бөтен ұлттардан, өздері жеңген елдердің жігіттерінен, сатылған бұзық,
қарақшылардан құрылған. Бірақ бəрі бірдей темір тəртіпке бағынған. Темір тəртіп бұл жер
сілкінткен қалың əскердің тек өзіне ғана тəн ерекшелігі. Екінші ерекшелігі оның басқа елді
шабу, бағындыру, айла-əдістерінде. Монғолдар бір елді шабар болса, ең алдымен
ертөлелерін жібереді. Олар өрт салмайды, дүние-мүлік тонамайды, тек шабатын елдің
адамдарын өлтіреді, ең болмаса қорқытып қашырады. Сөйтіп, қанқұмарлықтарымен тыныш
жатқан елдің күні бұрын зəре-құтын алады. Содан кейін барып қалың қолмен шабады. Бұ
жолы ештеңені де аямайды. Қолға түскен қаланы өртеп, қиратып, дүние-мүлкін талайды, тек
құлдыққа сатуға, не мал бағуға, өйтпеген күнде өнер-өрнекке жарайтын шеберлері болмаса,
қатын-балаға қарамай қырады. Кешегі салтанатты қаланың орнына күйреген кірпіш, тас-
талқан болған құр сілімтірін қалдырады. Гүл-гүл жайнаған бау-бақша, жасыл егіні жайқалған
ну даланы құлазыған қу тақырға айналдырады. Содан кейін барып өздері шауып кеткен
жерлеріне жаршыларын жібереді. Олар тығылып қалған адамдар болса, жасырылған
қазына болса, бəрін тауып нояндарына жеткізеді. Əскер басы баһадурлар осы жаулап алған
қала, далаларына əкім етіп өздерінің адамдарын қалдырады.
Егер қала мықты қамалға айналып, өздігімен берілмесе, монғолдар бекініс алатын тас
атқыш катапульттерін салады. Қамал қабырғалары берік боп тас атқыштар ештеңе істей
алмаса, қалаға кіретін үңгір-ладыз қазады. Сөйтіп, күтпеген жерден түн ортасында, не таң
ата шаһардың ішінен, не бекіністің арғы бетінен шығады. Аянбай соғысады. Ал, қала халқы
тым сақ болып бұндай жағдайға жеткіздірмейтінін білсе, қаланың жанынан ағып жатқан
өзен, дарияларға бөгет сап, су арнасын өзгертіп, халықты суға тұншықтырады.
Мединаны алғаннан кейін оның белгілі бек, хакім, би, батыр, оқыған адамдарына рақым
етпейді. «Қарсыласпай өздерің берілсеңдер сендерге тимейміз» деп аналарды
қарсылықсыз қолға түсіріп ала қалса да шетінен бауыздайды, тірі қалдырмайды. Бұл
шауып алған елге Шыңғыс ханның орнатқан жалпы тəртібі. Ұлы қанішерлер ойынша «басып
алған жерде тыныштық болу үшін ол араның ең алдымен басты адамдарын құрту керек.
Олар қорыққанынан «бағындым» десе де ыңғайы бола қалса халықты қарсы қойғысы келіп
тұрады. Қоя алады да. Рушылық заманда қандай халық болмасын, өзінің басты
адамдарының соңынан ереді. «Ал ол басты адамдарын құртып жіберсең, бассыз тобыр
ештеңе істей алмайды, басы жоқ дене тірі дене емес, өлі дене».
37
Шыңғыстың бұл қатал заңын білмеген ел бастайтын хандар өз жандарын аман алып
қаламыз деген үмітпен күресер жерінде күреспеді, халық соңдарынан еріп, «жауыңызға
қарсы шығуға бармыз» дегенде, қорықты. Ақырында өздері қырылды, халықты да
қырғызды.
Осылай алданғанның бірі Киев князі Мстислав Романович еді.
* * *
Монғолдар қарсы жақтың қаласын алу үшін ештеңеден де тартынбайтын. Өлтірген
адамдарының майын шыжғырып алып жауы тығылған үйлерге құйып от салу (адам майы
ұзақ жанады) не бекініс қабырғасы берік шаһарлардың үстінен грек отынқұм аралас
мұнайдан істелген жанғыш затты лақтырып, адам көзі қимас ғажайып сұлу мешіт, шіркеу,
патша сарайын өртеу, жан түршігерлік зұлымдық, айуандық қаныпезерлік, алдау
дегендердің бəрі де қатар жүретін.
Шапқыншылар əскерлерінің тағы бір қасиеті жылдамдығы еді. Құлынынан бастап ұшы-
қиыры жоқ монғолдың құмайт даласында босып өскен жылқы мінген Шыңғыс атты əскерінің
бір тəулікте елу фарсат алуы тіпті таң қаларлық іс емес. Бар ұрыс саймандарын, қазан-
ошақ, жататын үйлерін тиеген арбалары мен бекіністерді алатын катапульті ауыр көшінің өзі
де күніне отыз-қырық фарсат жер жүретін. Бұның бəрі монғол жылқысының төзімділігі мен
жауынгерлерінің салт атқа жасынан дағдыланғанынан еді. Осы қасиеттерінің арқасында
монғол əскері күтпеген жерден жауының дəл қасынан пайда болып, не күндіз ұрысқан
қолының бір түнде басқа жағынан шығып, керек болса қаша жөнеліп, қара үзіп кете беретін.
Монғолдың бұл əдісіне тек Қыпшақ жігіттері ғана төтеп бере алатын. Бірақ олар аз, екі жүз
мың монғол əскеріне қырық мыңға жетер-жетпес Қыпшақтың салт атты сыпайлары не істей
алады?
əйтсе де сонысына қарамай, Қыпшақ, Керей, Найман тəрізді рулар мон-
ғолдарға оңайшылықпен көнбеді. Жерін, елін қорғап ұзақ күресті. Калка өзеніндегі айыбын
сан мəртебе ыстық қанымен жуды, асыл ұл-қызының үзіліп кеткен жүректерімен ақтады.
Қазтуған жырау осы монғол шапқыншыларымен алысқан Қыпшақ əскерлерінің ерлігін
толғағанда нағыз бір жүйрік атқа мінгендей, көңілі лепіріп, ұшып-қонып қансорпа боп бір
орнында отыра алмады. Бір мезет Бошман жырына келгенде тіпті аруақтанып кетті.
БошманҚыпшақ батыры еді. Иран тарихшысы Джувейни айтқандай: «Қисық қылыштан
тірі қалғанның бəрі тағдырдың дегеніне көніп, мойынсұнғанда да» Бошман батыр
монғолдардың ырқына көнбеді. Елінің тəуелсіздігін, жерін, суын қорғап шапқыншыларға
қарсы шықты. Өзі секілді монғол қолына түспей құтылып кеткен бірнеше батырларды
жинап, «Қанға қан! Кекке кек деп жауларының жеңіл-желпі жасақтарын құрта бастады.
Басқыншылардан кек алуға болатынын ұққан Қыпшақ жігіттері жүздеп келіп Бошманға
қосылды. Бұны көріп, Еділ бойындағы уақ ұлттар: башқұрт, алан, бұлғарлар да бас көтерді.
Бошманның үлгісінің өте қауіпті екенін түсінген Бату əскерінің қолбасшысының бірі Мөңке
Бошманды тез ұстауды бұйырды. Бірақ Бошман ұстатпады. Оның қатары күннен-күнге
көбейе түсті. Бошман қатары көбейген сайын, монғолдардан да береке кете бастады, жоқ
жерден шабылған көрен 1 , бүлінген жасақтар саны молайды. Бошманды ұстаймын деп енді
Мөңке қаһарына мінді, ал аяулы ер Еділ бойының қалың ағашының арасына кіріп ап,
басқыншылар шебіне тиісумен болды. Ақырында Мөңке інісі Бөшек екеуі əр кемеге жүз
қарулы жауынгер отырғызып, екі жүз желкенменен Еділ бойымен төмен ағып, өзеннің екі
жағын бірдей қарап шықты. Бошман бұған да ұстатпады. Еділдің ортасындағы ат көрінбес
анақурайлы бір аралға бекініп ап, жағасына жау желкендерін жуытпады. Мерген Қыпшақтар
желкен үстіндегілердің басын көтертпеді. Қарсы жағы Бошманды ала алмайтындарына
көздері жетіп, енді əрі қарай жүрмек боп тұрғандарында кенет адам айтқысыз қатты жел
тұрып, аралдың бір жағындағы суды қуып, біраз жерін қарайтып тастады. Мөңке осы
күтпеген қара қатқақ жол арқылы аралға бар əскерін төкті. Мың қаралы жауынгерлерімен
Бошман батыр қолға түсті. Монғолдың бір нояны Мөңкенің жарлығы бойынша Бошманды
балтамен қақ жарып өлтірді.
1 К ө р е нмонғолша, бекінген əскер, лагерь.
38
Елін шапқыншыларға көтере білген Бошман батыр өз ісін істеп кетті. Оның көтерілісі
біткенмен іле-шала Баян мен Жықу атты бұқарадан шыққан кісілерінің бастауымен Қыпшақ
жігіттері тағы күреске шықты.
Қазтуған жырау осы көтерілістің барлығын еміренте, бір жалынды үнмен жыр етіп
мақтана толғай берді.
Əбілқайыр жыр басталғалы алтын тағынан қозғалмай, қара сұр жүзі сəл қуқылданып үн-
түнсіз тыңдап отыр... Ашу қысып тына қалғанын хан сырын білетін дос-қасы тегіс түсінуде...
Тек Қазтуған жырау ғана өзгеріп кеткен хан келбетін аңғарар емес. Ел шапқаннан гөрі, елін
қорғаған Қыпшақтың ерлігін жыр еткенде дарыны енді шын ашылып, кісендеулі құлашы
жаңа ғана жайылғандай, толғауын аңқылдап соғып отыр...
Кезекті енді Қотан жырау алды.
Құс ұша түзеледі, бетің жаңа жөнделді, Қазтуғаным, —деді ол, — сен бастаған əуенді
мен ұлғайта түсейін...
Ашына сарнаған қобыз үніне қосылып, қарт жырау енді бір алуан уақиғаларды бастап
кетті...
Шыңғысхан тағына Күйік отырған кезде Батудың қарамағында монғолдың бар болғаны
төрт мың ғана жауынгері қалған. Бүкіл Шығыс Европаны жаулап алған айбынды əскері өзіне
бағынышты елдердің дені Дəшті Қыпшақ жігіттерінен құрылған-ды. Бұндай əскермен
қарамағындағы жұртты билеу де қиын жəне бұның өлімін күтіп отырған, жүз мың қолы бар
Күйікпен бетпе-бет келу де оңай емес. Сондықтан Бату сенімді одақтас іздеді. БұлАлтын
Орда ханының сол кездегі көкейтесті арманының бірі еді. Міне, осы тұста Новгород
князьдары Александр мен Андрейдің əкесі Ярослав, бұрыннан уəделесіп келген Күйіктің
ордасына келісім сөзге барған жерінде монғолдардың қолынан қаза табады. Батудың
көктен сұрағаны жерден табылады. Новгород князьдары Александр мен Андрей Күйіктен ат
құйрығын шарт кесіп бөлінеді де, Батумен бітімге келеді. Новгород князы Александр Батуға
алым-салық төлеп, оның баласы Сартақпен өле-өлгенше соғыспай өтуге ант береді. Осы
күннен бастап Алтын Орда хандары мен Новгородтың ұлы князьдарының арасында
ғасырға таяу созылған келісім басталады.
Ал он үшінші ғасырдың басынан бастап католик дініндегі Европа кресшілері православ
дініндегі гректер мен орыстарға қарсы шабуылға шыққан. Бір мың екі жүз төртінші жылы
олар Стамбулды алып, Византия патшалығын жойып, латын империясын құрған. Эсті мен
латыштарды жеңіп, өздерінің құлдарына айналдырған. Осындай қара түнекті орыс
жұртының басына да тудырмақ болған. Бірақ Шығыс жағынан жау күтпеген Александр
Невский оларды 1240 жылы Нева өзенінің, 1242 жылы Чуд көлінің үстінде жеңген. Демек,
соғыс əлі бітпеген-ді, əлі де орыс еліне əскери көмек керек еді. Бір мың екі жүз қырық бірінші
жылы Лигницеде Польша мен неміс рыцарьларының бірлестігінің күл-талқанын шығарған
Бату өзінің уəдесін бұзған жоқ. Бұл жағдай Алтын Орда хандары Бату, Сартақ өлгеннен
кейін де, Берке тұсында да сақталып келген. Ал 1269 жылы неміс кресшілері өздеріне қарсы
шығуға Новгородқа Алтын Орда қолының келгенін естіп, бұл кезде күшейіп алған орыс
князьдарынан бітім сұрады. Сөйтіп орыс жері кресшілердің шабуылынан мүлде құтылған.
Алтын Орда хандары Бату саясатынан хан Мамайға (1362 ж.) дейін айырылған жоқ. Оған
себеп Сарай шаһарында отырған хандар бір кезде өздері бағындырған орыс, болғар, Дəшті
Қыпшақ елдерінің қолдарына енді өздері қарап қалған-ды. Ал бұл ортада осыдан екі ғасыр
бұрын алты-ақ мың болған орыс елі əбден əлденіп, кемеліне жетіп үлгірген! Өйткені оның
бұл дəрежеге жетуіне Алтын Орда күншығысынан келетін жауына қалқан болды. Қотан
жырау достықтың қандай ұлы күш екенін, көршілес елдер тату тұрып, жерлерін бірге
қорғайтын болса қандай апаттан болса да құтыла алатынын білдірді.
Жырау сөзі Əбілқайырға ұнамағаны хақ, кезек енді Қазтуғанға беріліп, анау шырқай
жөнелгенде хан кенет қолын көтерді. Жырауды қошаметтеп «Уай, пəле деп лепіре
қызынған жұрт тына қалды. Қазтуған да шауып келе жатып аяң желіске түскен жүйріктей
даусын төмендете түсіп, қарқынын əзер басып, сөзін кібіртіктетіп барып тоқтады.
Намаз мезгілі болып қалды, — деді хан, — Қазтуған жырау толғауын содан кейін
тыңдалық.
Əбілқайыр мұсылман ханы болғанмен, Мұхаммет пайғамбардың жолын берік
ұстамайтын. Өзі намазды кейде оқып, кейде оқымайтын. Онысына қарамай хан орнынан
түрегелді. Ханмен бірге жұрт та апыр-топыр қозғалды. Осы кезде Найманның бас батыры
Қаптаған шеткі топтан сытылып шыға берді. Ол асыға басып Найман руына арнап тіккен
39
өртеңнің баурындағы ақ ордаға келді. Есік алдында тұрған, қолында найзасы бар, елтірі
тымақты, үстіне шекпен киген, күзетші сары жігіттен:
əлі келген жоқ па? — деп сұрады.
Келген жоқ.
Қаптағай қобалжи қалды.
Япырай, бірдеме болмаса игі еді. Келер уақыты асып кетті. Əлде өзің барып қайтасың
ба?
Құп. Барсам, барып қайтайын.
Найманның аты шулы бас батыры, атан жілік балуан, айдаһарға қарсы барар жүрек
жұтқан Қаптағай қара қасқа кедей болатын. Қарамағындағы он бес қараша үйді, жаудан
түскен олжа мен атып алған бұғы-маралымен асырайтын. Жау жоқ жылдары сауатын
сауын, көшер көлігін ауқатты ағайындарынан алатын. Осыдан екі жыл бұрын Ұлытауға
арқар атуға бара жатып жұтаң қыстың аяғы қатты боранға айналып, үш күн Тайкеткен
өзенінің бойындағы Айыртаудың ық жағындағы Əбілқайыр ханға жататын қысырақтың
үйірлерін бағып жатқан, маңайында тұлдыр жоқ қосқа аялдаған. Сонда, қос басы, он көкжал
қасқырды бір күнде жалғыз өзі түсіретін əйгілі аңшы жəне атпал батыр жылқышы Орақпен
кездескен. Айлас қатын мұңдас, хан мен биге бейнет етіп жүрген қос батыр біріне-бірі
ұнаған. Қаптағай елуден асып кетсе де, ал, Орақ жиырма беске жаңа жетсе де, өмір үндері
бір жерден шығып, екеуі достасып қалған. Осы Орақ мына болып жатқан асқа осыдан үш
күн бұрын келуге тиісті еді. Маңдайына басқан жалғыз аты Ақбақайын бəйгеге қоспақ
болатын.
Ақбақайдың қашқан қасқырды қалай қуып жететінін бір-екі рет көрген ат сыншысы
Қаптағай:
Жүйрігіңді сынап көр. Мен бірдеме білсем, Ақбақай ұятқа қалдырмайды, — деп
Ораққа өзі ақыл берген.
Орақ атын бəйгеге қоспақ болған, бірақ əлденеге:
Жақсы, асқа келейін, — деген, тек біреу-міреу қастық етіп жүрмесе...
Қаптағай бұл жолы жылқышының сөзіне көңіл аудармаған. Тек Орақ уəделескен
уақытында асқа келмегеннен кейін ғана «со шіркінге біреу-міреу қастық етіп жүрмесе еді
деп қобалжи бастаған. Сондықтан да шыдай алмай жылқыдағы Ораққа əдейі кісі жібергелі
тұр.
Жылқышының келуін тағы бір адам шыдамай күтуде еді. О да Орақтың жалғыз атын
бəйгеге салатынын білетін. Бұл күткенбүкіл Дəшті Қыпшақтың əміршісі қатігез хан
Əбілқайырдың келіні, басына қара жамылып сонау төбе басына шығып күншығыстан көзін
алмай телміре қалған, Шах-Будақ сұлтанның жесіріАққозы-Бегім. Құса болған ажарына
қарасаң, жүректегі жұлдызы өшкендей. Жоқ, Орақ пен бұның арасында құдай алдында
күнəлі дер, не ауыл арасында өсекке ілігер ештеңе болған жоқ. Тек, біраздан бері бір-біріне
құмартқан ыстық жүректер, көріскендерінше шыдай алмай алас ұруда. Осыдан төрт күн
бұрын асқа мінетін атын алуға келген Аққозыға Орақ тағы өзінің өлердегі сөзін айтқан.
Елінен бала жасынан еріп келген Ораққа Аққозы:
Құдай алдында күнəкар, жұрт алдында қарабет болғым келмейді. Ерімнің асы өтсін,
деген аққұба беті балбұл жанып, — содан кейін қайын атамнан рұқсат сұраймын, көнсе
шариғат алдында қосылам.
Көнбесе ше? — деген Орақ қобалжи. — Бар əлемнің тең жартысын билеп тұрған,
аузынан жалын атқан Əбілқайыр хан келінін есігінің алдында жүрген құлына береді дегенге
сену қиын...
О да адам емес пе? — деген жас сұлу қабағын сəл шытып. Сол сəтте көзінен ұшқын
атып жігітке қараған: — Көнбесе... Дүниеде екі тумақ жоқ. Бəрібір... Онда да қосыламын! —
деген.
Кенет құрыш денесіне қанат бітіп, көкке ұшар құстай көңілі шалқи жөнелген Орақ:
Қазір өліп кетсем арманым жоқ, — деген даусы қуанғанынан сыбырлай шығып. —
Асқа мен де барамын, Ақбақайымды бəйгеге қосып көрмекпін. Сонда көрісерміз!
Бірақ Орақ асқа келмеді. Егер тірі болса келері күмəнсіз еді. Оны Аққозы жақсы білетін.
Сол себептен өзге құрбы-құрдастары айтысқа кеткенде, ол шыдай алмай аулының
сыртындағы мың жусанды, тырбақай бетегелі қырқаға шығып, күншығысқа қарап Орақты
сарғая күтумен болған.
40
Хан жырау толғауын Қыпшақ руының Шыңғысханға қарсы шығып ерлік көрсеткені үшін
тоқтатқан жоқ. Бұндай толғауға Сайбан ұрпақтары түгіл, бүкіл Жошы үрім-бұтақтарының
құлақтары үйренген. Ал шыдай алмағандары кегін ішіне сақтап қалатын. Тікелей дау
шығаруға халықтың қаһарынан сескенетін.
Хан қанын ішіне тартып отырса, ол жырау сөздеріне шамданғандықтан емес, бөтен
жағдайдан Батуханның ұрпағы Бердібек ханды ағайын-туысы өлтіріп, Сайбан ұрпақтары
Сайын тағына отырғанға дейін Дəшті Қыпшақ Ордасы əркімнің қолында келген. Бұл кезде
болған ханның бəрі дұрысын айтқанда не Ноғай батырдың, не Ақсақ Темірдің дегенімен
жүрген. Тек Орыс хан, Тоқтамыс пен Едіге ғана көнбеген.
Сайбан ұрпақтары Көк Ордаға ие болғаннан соң да осы жағдай жойыла қоймаған.
Əбілқайыр хан тағында отырғанмен де оның қолынан халықтың басын қосып, Сайын
Ордасының қызыл туын бүкіл Дəшті Қыпшақ үстіне желбірете алмаған. Оған себеп бəз-
баяғы қазақ руларының өз батырларына, биіне ғана бағынуы. Рушыл халық хан үстемдігін
тек ру басшылары би, батырлар қабылдаса, сонда ғана мойынсұнған.
Тек өзінің дұшпандарын жеңіп, Əбілқайыр Көк Ордаға билігі өктеп жүре бастағаннан
кейін ғана бұл жағдай кілт өзгерді. Бірақ ол Орда төбесіне Сайын туын да емес, Ақ Орда
туын да емес, Өзбек ханның туын тікті. Өлеріне он жыл қалғанда Қыпшақ, Мауреннахр,
Қорасан жеріндегі «осыдан бір пəле келеді-ау» деген Жошының басқа ұрпақтарының басын
қостырмай тізе көрсетіп, құмдай бытыратып, əрқайсысын əр жаққа қуды. Тек Жошының бір
буыны Қасым сұлтанның Астрахань тағына отыруына жəрдемдесті. Онда да Əбілқайырдың
өзі ғана білетін себебі бар еді.
Əбілқайыр Шығыстың көп жерін алғанменен, бұл жеңіс өзіне қауіпті қатер туғызуға
айналды. Талан-тараж болған Жошының басқа ұрпақтары Əбілқайырды жеңу үшін жапа
шеккен руларды біріктіре бастады. Əсіресе Моғолстанды басқарып отырған Жағатай
ұрпақтарымен енді жаңа хандықты жанталаса көксеген Жəнібек пен Керей тіл табуға
тырысты. Егер бұлар тіл тапса, оңай күш емес. Оны бұл жалғанның қыбыр-тықырына
елеңдеп тұратын хан жақсы біледі.
Моғолстан мен қазақ руларының басын біріктірмей құрту керек! Ал құртудың екі жолы
бар, біріМоғолстанды шабу. ЕкіншісіЖəнібек пен Керейді көп кешіктірмей жою.
Үйелменді ел Моғолстанға аттануға əлі ертерек. Ол үшін Қорасанды өзіне тегіс
бағындырып, əбден күшейіп алған абзал. Қазір осыншама жерге қанат жайып кеткен
Жағатай ұрпақтары мен Моғол бекзадаларын аяқ астынан құрта алмайсың. Сонда екінші
жол қалады. Əбілқайыр хан ордасында туғалы тұрған бүлікті білмей жүрген жоқ, біледі жəне
сол бүліктің Барақ балаларынан шығатынына да шек келтірмейді. Сөйте тұрып, оларды
бірден, тіпті бір түнде нөкерлерін жіберіп, жоқ қылып жіберуге жүрегі дауаламайды.
Ханның дəл өткір қанжардай алып түсетін кезінде де алып түсе алмауының да үлкен
астарлары бар...
Шыңғысханның тұсынан-ақ ұрпақтарының көбі қарамағындағы қалалар мен қоныстанған
елдерді тек талау үшін керек деп қараған. Тек осы жағынан келіп, олар шауып алған
қалаларды, қоныстанған елді тонаумен болған.
Ал, қанды жорықтардың осынау тасқындары басыла бастағаннан кейін, Шыңғысхан
ұрпақтары Қарақұрым хандығының əкімшілік ісін басқаратын, Үгедейдің оң қолы Елуй
Чусайдың арқасында бұл істерінің дұрыс емес екенін ойлай бастаған. Елуй Чусай Үгедейге:
«Ұлы хандық ат үстінен түспей жаулап алынды. Оны енді ат үстінде отырып басқаруға
болмайды» деген. Ұлы қидам ақылшысының бұл сөзін көп ойлаған əсіресе Мөңке хан. Егер
əскерлер бұлай аты-жөні жоқ бар қалаларды шауып, қоныстасқан елді құрта берсе, көп
кешікпей тонайтын жердің де, елдің де қалмайтынына көзі жеткен. Сол себептен
Қарақұрымның ордасына ие болғаннан кейін, өзіне бағынышты қалалар мен қоныстасқан
елдің қанын сорудың басқа жолын іздеген. Жолын тапқан да, Шыңғыс ұрпақтары шауып
алынған қалалардың бəріне даруға (Орта Азияда) мен басқақтар (Иранда) белгіленген. Ең
алыс тұрған Иран жеріне бас басқақ боп Аргун батыр жіберілген.
Бұл даруға, басқақтар тікелей Қарақұрымға бағынған. Бұлардың міндеті қарамағындағы
жұртқа санақ жүргізіп, сауда жолдарын, ақша мəселелерін тексеріп, жұрттан дер кезінде
салық жинап, Қарақұрымға тікелей жіберіп
отыру.
Шыңғысхан заңы бойынша жаулап алынған көшпелі елдердің жері, суы хан ұрпақтарына
ұлыс-ұлысқа бөлініп, басыбайлы берілген. Бұл елдердің тағдырын, көшіп-қонуын, шаңырақ,
41
мал басынан жиналатын салығын осы хан ұрпақтары өздері шешетін. Ал отырықшы ел мен
қалалар Ұлы Орданың астанасы Қара-
құрымның өзі тікелей жіберген əкімдерге ғана бағынатын. Түскен пайда (егіншіліктен,
өнеркəсіп, салықтан) Қарақұрымдағы Шыңғысханның қазынасы мен оның толып жатқан
ұрпақтарына бөлінеді. Сөйтіп басқарып отырған жерінде қала, отырықшы жұрты бар хан,
бұлардан түскен салықты өзі жеке пайдалана алмайды. Бұл салықтардың бəрі Қарақұрым
қазынасына бір бағамен түсу үшін Мөңке хан бүкіл Алтын Орда, Жағатай, Иран жерінде
салмағы бір алтын ақшадинарлар шығартқан. Бұл динарлардың құнды болып, бүкіл
Монғолия патшалығында бірдей бағалануын, Мөңке хан саудагерлер арқылы жүргізіп
келген. Бұқар, Самарқант, Герат, Алмалық, Берке ханның кезіндегі Алтын Орда астанасы
Сарай əрқайсысы өзінің алтын ақшасын құйған. Бірақ бəрінің де салмағы бірдей болып
отырған.
Мөңке өліп, Шыңғыстың Ұлы Ордасын Қытайға көшіргеннен кейін, бұл Орданың
күйреуімен бірге ақша саясаты да бүлінген. Алтын Орда хандары алтын ақшаны өз
аттарынан құя бастаған. Бірақ Ақсақ Темір Сарайды шауып, Қыпшақ даласында бүліншілік
бастағаннан кейін бұл жағдай мүлдем тоқталған. Негізгі шаруашылығы мал бағу болған
қазақтың көп руы енді қала салудан біржолата бас тартып, өзінің кең байтақ даласында ру-
ру боп көшкен. Бұлардың бар байлығы малы мен жері ғана. Ал осы уақыттағы Дəшті
Қыпшақтың ханы Əбілқайыр бөтен саясатты ұстады. Ол Сейхұн мен Жейхұн дариялар
бойындағы Шыңғыс шауып кеткен шаһарларды қайта тұрғызып, бұл араларға қо-
ныстануға бейім елдерді орналастыра бастады. Əбілқайырдың бұл саясаты осы кездегі
қазақтың мал бағатын руларының бастылары Арғын, Қыпшақ, Үйсін, Найман, Алшын,
Керей, Қаңлы, Қоңыратқа ыңғайлы тимеген. Бұлардың араларындағы Маңғыт, Бүркіт,
Барлас руларының көп елі Əбілқайырға қыз беріп, қыз алып хан жағына ауып кеткен.
Осының арқасында Əбілқайырдың өзінде де қазақ руларына деген қырғи-қабақтық пайда
болған. Ал, қазақтың Найман, Қоңырат, Дулат, Жалайыр секілді руларының кей ауылдары
өздеріне жақсы қарайтын Моғолстан жеріне көшіп те үлгірген. Бұны да істеп жүрген сол
баяғы Жəнібек пен Керей деп ойлайды хан. Ал қазақтың көп рулары оларды Ақ Орданы
құрған Орыс ханның ұрпақтары деп, өз сұлтандары санайды. Мұндай жағдайда Жəнібек пен
Керейге тура бас салуға бола ма? əрине, болмайды.
Əбілқайырдың ойы бағанадан бері осы өзіне өш қос сұлтанның тағдырын қалай шешсем
деген дүрбелеңде еді. Жəне ұзаққа созбай осы ертең, күні бүгіннен қалмай шешу қажет.
Өйтпесе күннен-күнге маңына ел үйірілуден қалып барады. Қасына берген бір күн, көшінің
артыла түсуіне əдейі арнаған бір жылмен тең. «əрине осыншама жұрт жиналған, мына ұлы
тойда Жəнібек пен Керей көп би, батырлармен тіл тапты. Қазақ батырлары Қаптағай,
Бөрібай, Оңай, Бекет, Қарақожа босқа топтанып жүрген жоқ. Мен асықпағанмен олар
асығады. Сондықтан күні бұрын қимылдау керек. Ертең ас бітеді... Ас бітісімен ақ...»
Осындай ойда іштей, бұлқан-талқан болып отырған Əбілқайыр Қыпшақ ерлігін, тарихын
тыңдаудан көрі, тезірек осы кездегі өзінің бас уəзірі Бақты-Қожа ұйғырмен ақылдасқысы
келді.
Хан тағынан көтеріліп, нөкерлерін ертіп, өз Ордасының оң жағынан оқшау-
лау тігілген төртінші бəйбішесі Рабиу-Сұлтан-Бегімнің үйіне қарай жүре бергенде, Қыпшақ
ерліктерінің ең қызық жерінде тыңдамай тұрып кеткен Əбілқайыр мінезі ұнамай қалған Асан
Қайғы, отырған орнынан қозғалмастан:
«Көлге үйренген қоңыр қаз,
Шөл қадірін білмейді,
Шөлге үйренген дуадақ,
Көлге апарып қамасаң
Шөлін аңсап шөлдейді»,
Хан ием, халық өз тарихын көптен бері естімей, сағынып қалған екен, өзің намазыңа
асықсаң, өзгемізге айызымызды қандыруға рұқсат ет, — деді.
Азуы алты қарыс Бердібек ханға:
Қас-қабағыңнан таныдым,
Хан Бердібек боларсың,
Қауырт көштен таныдым.
Еділ барып қонарсың!
42
Қан жылатып халқыңды,
əлі-ақ сен де толарсың!
Өз əкеңді өлтіріп,
Қайда барып оңарсың? —
деген ел ардақтаған Асан Қайғы, Əбілқайырдың жырау толғауын тыңдамай кетуіне намаз
емес, басқа себеп бар екенін бірден сезді. Сондықтан да ол ханға қадала сөйледі.
Əбілқайыр Асан сөзінің маңызын ұққысы кеп, кенет тоқтай қалды.
Шабытына мінген жырау, ат сабылтып шауып келе жатқан аңшы тəрізді, бекер
тоқтаттың, хан ием, — деді Асан қалың қабағын түйіп, сөйтті де ар жағынан келіп қалған
ызасын ұстай алмай түксиген қабағынан қыраулы қыстай кəрін төгіп, көптен бері айтайын
деп жүрген өкпе-ашуын толғай кетті.
Сара жолдан жаңылған
Ханға зират қазылмас.
Сөгілгелі тұр қабырғам,
Кеселдімін жазылмас.
Тарқат, ханым, шерімді,
Намазыңа асықпа.
Құрыштан берік елімді
Ала ауыздықпен жасытпа!
Бітеу өскен қауынды
Тұрсың босқа жарғалы,
Досыңнан іздеп жауыңды
Тұрсың жалғыз қалғалы!
Ұмыттың қазақ даласын,
Ұлғайттың жаным жарасын,
Бір атаның баласын
Екіге бөліп барасың!
Жолын, ханым, таппасаң,
Бүлінеді барлық жұрт!
Таң боп қайта атпасаң,
Басқалы тұр қара бұлт!
Көптің көкейінде жүрген тілекті Асан Қайғы айтты. Хан ақын толғауының ар жағында өзіне
деген халықтың наразылығы жатқанын əбден ұқты.
Бұған қандай жауап беру керек? əділетке келсек, əрине жырау сұрағы жөн. Бірақ оған
хан қандай жауап бере алады? Өзі шетінеткен бөгетті қайта жамай алар ма? Жоқ, енді кеш.
Бөгеттің ернеуінде лықылдап асау толқын келіп тұр. Бүгін болмаса ертең ол бөгеттің быт-
шытын шығармақ. Ханның бар қолынан келері сол толқынның астында қалмау. Жолын
тауып жағаның бір жағына шығу. Ал Асанға жауап бермей кетуге тағы болмайды. Оның
сөзінің ар жағында қолында тобылғы сапты, бұзау тіс қамшы, күлге көміп солқылдатып
алған қайың сойылы бар Дəшті Қыпшақ елінің əбден ұшталып қалған мүддесі тұр...
Əбілқайыр жауап бергенше, кенет əлдекімнің үрейленген даусы шықты.
Бұл кім екен? — деді дауыс. — Орда аман болса жарар еді?
Жаугершілік заман, қандай мықты хан болса да өздері жоқта Орданы шабатын жау
жүрек қастары табылатын шақ. Жұрт та жігіт көрсеткен жаққа үрейлене қарады.
Алыстан ызғытып келе жатқан, жанында қосары бар салт атты көрінді. Жаңа ғана сағым
ойнап тыныш жатқан мидай жазық көгілдір дала да, маужырап тұрған көгілдір аспан да
кенет қобалжи қалған тəрізді...
Хан үндемегеннен кейін тірі жан аузын ашқан жоқ, барлық жұрт құлаққа ұрған танадай
үн-түнсіз.
Шапқыншы атын ұшқыртып кеп, Əбілқайыр тұрған топқа таяй беріп ер үстінен домалай
жерге түсті. Аяғын жедел басып хан алдына таяп келіп етпетінен құлады.
Хан ием, кессең тіл, алсаң бас мінекей, — деді ол кенет басын көтеріп, — айып менде,
көзімнен таса етіп алдым. Батыр Саян жанындағы екі пасбаныменен қашып кетті.
Бұл келген Əбілқайырдың өзі «Батыр Саянның той біткенше көзін құрт» деп тапсырма
берген Оспан-Қожа деген дəйекшісі еді.
Хан алқымына келген ашу толқынын əзер басып, сəл аялдап тұрды да:
Күзетшілері кімдер еді? — деді.
Арғын жігіттері.
43
«Батыр Саян қашып кетті» дегенді естігеннен бері түксиіп қатып қалған Қобыланды бір
иығын сəл сілкіп жіберіп, беліндегі наркескеніне қол салды да, ханның ар жағында
жайбарақат тұрған Ақжол биге түйіле қарады.
Ақжол би айылын жиған жоқ, Қобыландыға кекете көз тастады да, сабырлы қимылдап,
тек кейіндеу сырғып кеткен беліндегі қисық сап алдаспанын жөндеді де қойды.
Екі батырдың қимылдарын Əбілқайыр да, Асан Қайғы да, тұрған жұрт та аңғарып қалды.
Дəл осы кезде кенет жерді жара күн күркіреді. Жап-жаңа ғана айнадай ашық көгілдір
аспанды қара бұлт торлап түнере қапты. Заматта аспан бетінде жіңішке найзағай
қылыштар жарқ-жұрқ ойнай жөнелді. Долы жел шығып, шөп бастары жерге жығыла
шуылдай түсті. Əбілқайыр енді қап-қара боп кеткен аспанға қобалжи бір қарады да, Асан
Қайғыға көз қиығын аудармастан нөкерлерін соңынан ерте, Рабиу-Сұлтан-Бегім ордасына
қарай асыға жүре берді.
Хан кетісімен жұрт та тым-тырақай тарай бастады.
Кейбіреуі өредегі атына жүгірді, бағзы біреуі Ордаға қарай беттеді.
Тек екі жағынан екі адам қолтықтай тұрғызған Асан Қайғының ғана түнере қалған аспан
мен шартылдай ойнаған найзағайларда шаруасы болған жоқ, жаңа ғана наркескендеріне
қол жүгірткен Арғын, Қыпшақ қос батырының қимылдары есіне түсті ме, ол:
Бүгінгі асқайғы асы еді, енді бүліншілік асына айналмаса нетсін, — деді ақырын
күрсініп.
Көпті көрген сыншы адасқан жоқ еді, расында да бұл ас қазақ жеріндегі тағы бір
бүліншіліктің басы болды.
Тек аяғы игілікпен бітсін де...
ІІІ
Сарыарқа деп аталатын Дəшті Қыпшақ жерінің дəл ортасында, Ұлытаудың күнгей
жағында, Қаракеңгір өзенінің сол жақ жағасында Əбілқайыр ханның ордасыОрда-Базар
қаласы тұр. Жан-жағы құлазыған жазық, Ұлытау, Кішітау, Арғынаты тауларынан бөтен
оңтүстігінде де, солтүстігінде де, күнбатыстағы сонау Мұғажар биіктіктеріне дейін, ал
күншығысындағы Шет, Құдайменді, Ақшатауға дейін құлан менен киік жортқан ұшы-қиыры
жоқ алып дала. Оңтүстігіндегі ең жақын қала Түркістан (Яссы) солтүстігінде ең таяуы Чинга
Тұра шаһарлары, бірі Орда-Базардан жүргіш атқа он күндік, екіншісі он бес күндік жер...
Орда-Базар бір кездерде Бату ханның құмырсқадай бықыған əскерінің Шығыс Европаға
аттанарда бас қосатын жері болған. Жүз мың жылқы жайылса да шөбі жапырылмайтын,
жусанды, қаулы, жасыл шалғынды егіз өзен Қаракеңгір мен Сарыкеңгірдің ұшы-қиыры жоқ
жазық даласы. Сол жазықтың ортасында Бату қорғаны.
Орда-Базар шағын қала. Əбілқайырдың негізгі басқаратыны көшпелі қазақ, өзбек елдері
болғандықтан, ел салтын бұза алмай, хан Ордасыбес ауылы жаз бойы Дəшті Қыпшақ
жерінде көшіп жүретін. Тек күз келе Орда-Базарға қыстау ретінде тоқтайды. Əбілқайыр көші
ерте кезде күнбатыстағы Жем, Ойыл өзендеріне дейін, солтүстігіндегі Тобыл, Есіл, Нұраға
дейін барған. Кейде жазы қоңыржай болса Сыр бойы мен Көкше теңіздің жағасын да
жайлайтын. Хан аулының жайлауға шығуы тек жаздың жақсы-жамандығынан, шөптің
шығым-шығымсыздығымен ғана байланысты емес-ті. Жаз шыға Орда қай жаққа қарай бет
бұруы толып жатқан хан саясатымен шиеленісіп жатар болар. Өзіндей мықтыменен құда
болып қанатын жая түсу, ырқына көнбей жүрген кей руларына жақындай қонып, бір түнде
быт-шытын шығарып шабубəрін де іші қатпалы ханның жаз шыға Ордасы көшпестен
бұрын ойланар ісі.
Осы себептен де болар, Əбілқайырға көп жағдайда бағынышты Самарқант, Бұқар, Герат
секілді Орда-Базардың үлкен шаһарға айналмай, шағын қала қалпында қалғаны. Шығыс
шеберлері күйген кірпіштен күмбездетіп салған бірнеше хан сарайларын санамасақ, қала
шымнан құйған, тастан қаланған екі жүздей ғана үйден тұрады. Стамбул үлгісімен
тұрғызылған алтын айлы, ақ тастан қалан-
ған зəулім биік мешіті. Түркістанда Ахмет Яссауи шайхқа арнап салған Ақсақ Темірдің
атақты мешітіне де, Феодосия қаласына жақын ескі Қырымға Өзбекхан салдырған мешітке
де ұқсамайды. Қазір аты естен шыққан ұлы шебердің ақауы жоқ өнері, ұзақ тоқыған қолдан
түлеткен өрнегі.
44
Қаланың тым өсіп кетпеуіне тағы бір себеп ол Əбілқайырдың алыстағы ойы. Хан өз
астанасын түбі əбден жаулап алған соң Гератқа, не Самарқантқа аудармақ. Ал Орда-Базар
уақытша мекені. Мауреннахрға біржолата көшіп кетуге, ұшы-қиыры жоқ кең далада тағы
құландай кезген қалың қазақты билей алмай қаламын ба деп қауіптенген. Хан ойынша қазақ
руларының арасындағы алауыздық түбі жойылуға тиісті. Оған дейін өрбіп, өсіп келе жатқан
балаларының алды ел билейтін қабілетке жетіп қалады. Сол кезде бүкіл Дəшті Қыпшақ
жерін бəйбішелерінен туған бір-екі ұлына билетіп, өзі Мауреннахрдың əшекейлі алтын
сарайлы бір шаһарына Ордасын көшірмек...
Осындай ойдағы хан Орда-Базардың өркендеуіне бəлендей көңіл бөлмеген. Тек соңғы
жылдары жайлауға алысқа бармайтын. Ұлытау маңындағы бір шұрайлы жерге бір-екі айдай
бой жазып, үй тігіп серуендеп жататын да жаз аяғы болмай Орда-Базарға қайта оралатын.
Биыл да хан осындай ойда еді.
əнеу күнгі сұрапыл дауылдың аяғы тынбай құйған бір жетілік ақ жауынға айналған. Асты
аяқтай алмай хан Орда-Базарға қайтуға мəжбүр болған. Ханмен бірге тізе айырмай Қыпшақ,
Арғынның игі жақсылары да, Шыңғыс ұрпағынан шыққан сұлтандар да Орда-Базарға таяу
көшіп келген.
Əбілқайыр жауар бұлттай ашулы қайтты. Мұнда келгеннен кейін батыр Саянның қалай
қашып кеткенін естіп бұрынғысынан бетер қара түнектей тұнжырай қалды.
Хан кезінде жұртқа сыр бермеген. Жұрт асқа жаңа дайындала бастаған шақта құлағына
«Орақ жылқышы да асқа Ақбақайын қоспақ екен» деген хабар тиген. Əрине, асқа қазақ
дəстүрі бойынша кім болса да қатысуға хақы бар. Бірақ хан баласының ұлы асына есікте
жүрген құлы ат қоспақшы деген сыбыс Əбілқайырды қатты қорлаған. Оның үстіне егер осы
құлдың Ақбақайы барлық ханзадалардың жүйрігінен озып келе қалса не болмақ? Бұдан
артық масқарашылық мүмкін бе? Бүкіл қара халық онда Əбілқайырды күлкі етуі даусыз.
Ханның бұлай ойлауға себебі де бар еді.
Осыдан екі жыл бұрын, Тарланкөгін жаратып жүрген кезінде, Əбілқайыр əлдеқалай
жылқысына барған. Ол сол жолы бір таңданарлық оқиғаға кездескен... Орақ малшының
былтыр жылқыға қосып жіберген Ақбақай деген бестісі үш күннен бері тірі жанға ұстатпай
қойыпты. Ұстатпайды емес-ау, талай асау-
ды бастыртпай қуып жететін жүйріктер, бұған таямақ түгіл, тіпті шаңына ілесе алмай қалады
екен. Хан қызып кетіп, ертең, бүгін қасқыр қуамын деп əбден жаратқан Тарланкөгімен
Ақбақайды қууға бұйрық берген. Асау қуып үйренген бір жылқышы қолына құрығын ап,
Тарланкөкке міне сап, шеттеу жайылып жүрген Ақбақайға лап қойған. Ат дүбірі шығысымен-
ақ елең ете қап, Ақбақай басын көтеріп алып, өзіне ұмтылған құрықшыны көзі шалып, ор
қояндай ата жөнелген. Бүкіл Дəшті Қыпшақта алдына жылқы салмаған Тарланкөктен
сытылып шыға берген. Тарланкөк талай жеткен, Ақбақай бесті талай құтылып кеткен. Осы
шабыс үш бие сауымындай мезгіл алған. Үш күн қуғында болған жас жылқыны қаншырдай
боп əбден жараған Тарланкөк қойсын ба, ақыры Ақбақайдың мойнына құрық түскен.
Бұл оқиға осыдан екі жыл бұрын болған. Үнемі жорықта, талас-тартыста жүрген
Əбілқайыр оны ұмытып та кеткен. Сөйткен Ақбақай қазір жетіде. Жыл-
қы баласының жал-құйрығы төгіліп, тұяғы əбден бекіп, кемеліне жететін кезі. Əбілқайыр
ұмытқанмен, Ақбақайдың Тарланкөкпен таласқа түсуге жарап қалғанын енді Орақ
жылқышының өзі есіне салды. Хан іштей шамдана бастады. Осы кезде тағы бір суық хабар
жетті. Бақты-Қожа уəзір өзінің толып жатқан көреген көз, сақ құлақ тыңшылары арқылы Орақ
жылқышымен келіні Аққозының бірер рет кездесіп қалғанын естірткен. Онсыз да қаһарына
мініп алған Əбілқайыр Орақтың тағдырын біржола шешкен.
Бақты-Қожа уəзір жіберген жеті қарақшы айсыз тастай қараңғы түнде кеп, бəйгеге
жаратып жүрген Ақбақайын қосының жанына қаңтарып қойып, көзінің шырымын алғалы
ұйықтап кеткен Орақтың дəл үстінен шыққан. Жатқан жерінен тұрғызбай қол-аяғын мықтап
таңып, Ақбақайдың құйрығына ұзын арқанмен байлап, «шудеп қамшымен бір тартып қоя
берген. Ақбақай қара түнді сілкіндіріп, құйрығына байланған құбыжықтан үркіп, бетінің ауған
жағына тасырлата шаба жөнелген. Жеті қарақшы уəзір əмірін орындадық деп мəз болып
күліп қала берген. Сол күні таңертең Орақтың қалай өлгенін Əбілқайыр естіген. «əлін
білмеген əлек. Хан келінінен дəмеленетін сабазсың ғой. Саған со керек» деп хан миығынан
күлген де қойған. Қара жер өлгенге де хабар береді, астан қайтқаннан кейін ұзынқұлақ бұл
оқиғаны Аққозыға да жеткізген. Нəсілі берік жас əйел, іші оттай күйіп, кеудесіне қайғысы
сыймай тұрса да сыртына еш сыр шығармаған. Бар ашуын жүрегіне түйіп сазара қалған.
45
Жасынан ерке-шора боп өскен келінінен «осы тағы бір сойқан шығарып жүрер» деп
күдіктенген Əбілқайыр Аққозыға кісі салған.
Құдай риза, біз риза, ұлымның атына шіркеу келтірмей жыл отырды, — деді, — жас
жан еді, обалына қалмайын, ерге шықсын. Аға өлсе, ініге мұра, Шах-Будақ ұлым қаза
болғанмен тірі əлі он ұлым бар, таңдағанының атын айтсын, қосамын.
«Жақсы, ойланып көрейін, ойымды үш күннен кейін қайын атамхан иемнің өзінің
алдында айтамын» деп Аққозы жауабын қайтарған.
Үш күннен кейін Əбілқайыр өзінің үзеңгілес серіктерін, батырлары мен билерін шақырып
алып, солардың көзінше:
Келін шырақ, ойланып болған шығарсың, қай қайныңды таңдадың, атын айт, — деді.
Жесір сұлудан дəмесі бар, ордада отырған ханның он ұлы бірдей Аққозыға көздерінің
жанарын төге қарады. Аққозы да оларды жайбарақат бір шолып өтті. Ақырын жымиды.
Он ұлыңыз да алмас кездіктей бірінен-бірі өткен асыл! Таңдау да қиын, — деді ол сол
жымиған қалпында, — əйтсе де хан ата, сізден бір тілегім бар...
Айт.
Орындайтын болсаңыз... айтайын.
Хан ойлана сөйледі.
Орындалмайтын тілекті Аққозы келіннің өзі де сұрамас деп жоримын. Егер Сайбан
шаңырағына кір келтірмейтін болса...
Жоқ, кір келтірмейді. Менің өтінішім абыройыңызға абырой қосады.
Тыңдалық онда. Айт.
Айтсам... — кенет Аққозы қойнынан қара құранды суырып алды. — Міне, құран, хан
ата, — деді ол. — Осы құранды басыма көтеріп тұрып өмір-бақи ерсіз өтуге ант етемін.
Сізден өтінемін, антымды бұздырып қарғысыма қалмаңыз.
Орақтың қалай өлгенін Аққозының естігенін хан бірден ұқты. Бір сəт он ұлын бір
жылқышы құрлы көрмеген тəкаппар келінін антын бұзғызып, еріксіз аттастырып өшін де
алмақшы болды. Əйткенменен, бұның бəрі хан үйіне кір келтіретінін ойлап Əбілқайыр:
Бердім тілегіңді, — деді басын жерден көтермей.
Жұмақ күнді дозаққа айналдырған, о сөлекет дүние! əттең, əттең, өмір-бақи ерсіз өтуді
ант еткен Аққозы Орақтың тірі қалғанын білген жоқ. Бұл адам сенгісіз ғажайып оқиға еді.
Тастай қараңғы түнде құйрығына байланған заттан үріккен Ақбақай тарсылдата жөңкіп
шауып келе жатып, алдында жатқан қара суға күмп берген. Артындағы заты су жағасында
өсіп тұрған жуан үйеңкі талдарға маталып, бөрте ат қорықты көл шетіндегі қалың шылға
шырмалып не əрі, не бері жүре алмай қалған. Таңертең жылқы суаруға келген жылқышылар
ұзын арқанға байланған, бет-аузының тамтығы жоқ, тек кеудесінде шығар-шықпас жаны бар
Орақты тауып алған. Болған оқиғаны айтпай түсінген серіктері көзден таса, Ұлытау
маңындағы бір үңгірге апарып баққан.
Бұл жайды Əбілқайыр хан да білмеген. Тек бес жыл өткеннен кейін ғана, соңынан
аламанын ертіп, əлсін-əлсін жылқысын шауып маза бермей жүрген жыртық бет, жалғыз көз
батыр осы Орақ екенін естіген.
Ал, ол күндері хан Орақты ат құйрығына байлатып біржолата жоқ еттім деп ойлаған.
Сондықтан да келіні құран алып ант еткенде, «Орақ болса да жоқ, мейлі» деп тілегін бере
салған. Хан қабағының ашылмауына, əрине, Саян да себеп болды.
Əбілқайырдың Бүркіт руынан алған əйелінен Шах-Будақ сұлтан мен Қожа Мұхамед,
Маңғыт бəйбішесінен Ахмет пен Мұхамет-сұлтан, Қоңырат руынан алған бəйбішесінен
Шайх-Хайдар, Санжар, Шайх-Ибрагім, төртінші бəйбішесі Ұлықбектің қызы Рабиу-Сұлтан-
Бегімнен Күшкінші мен Сүйіншік сұлтан туған-ды. Шабуылда тоқалдыққа Барлас руынан
алған əйелінен Ақ-Бұрық пен Саид-баба дүниеге келген. Осы он бір баладан ең тұңғыш
Шах-Будақ пен Рабину-Сұлтан-Бегімнен туған Сүйіншік сұлтан бір төбе де, өзге балалары
бір төбе болатын. Шах-Будақ о дүниеге аттанғаннан кейін, Əбілқайырдың үлкен баласына
деген махаббаты одан қалған екі ұлға ауған.
əсіресе екі баланың үлкені Мұхамед-Шайбаниды өте жақсы көретін (бұл атты да оған өзі
қойған). Ал балалық мінезінде де Шыңғыс ұрпағының қанына біткен қайсарлық, қағілездік
бар-ды.
Келіні Аққозыға деген ашуын да хан осы екі немересін жетім қалдырып, өксітпейін деп
əзер кешірген-ді.
46
Ал осы он бір бала, олардан туған толып жатқан немересінің ішінен Əбілқайыр
келешекте Ордамның тірегі болады деп нағашысы Ақсақ Темірге тартқан, кесіп алса қан
шықпас қатал, Сүйіншік сұлтан мен немересі Мұхамед-Шайбаниды ерекше көңіліне қуат
ететін. Əке балаға сыншы, өмір Əбілқайырдың болжауын дұрысқа шығарды. Бірақ болжауы
дұрыс болғанмен де, бұл екеуінен Сайын тағы əзірге тым алыс жатқан-ды. Шах-Будақтан
кейінгі кезек Шайх-Хайдардікі еді.
Бұрындықтың атасының тағының жанына келген Мұхамед-Шайбаниға шүңет көздерімен
аса бір өштене қарауынан, немересінің тағдыры жеңіл болмайтынын, басынан талай
ауыртпалық, қанды тартыс өтетініне хан шек келтірмеді. «Соның бəріне осы албырт
Мұхамед шыдай ала ма? Шыдай алса, жауына төтеп бере ала ма деген қобалжу сұрақ
осы тойдан кейін оның ойынан кетпей қойды. Қыран құс балапанын басып шығарарда, ең
алдымен өзінің ұясына жақын жерден туатын қауіпті ойлайды дейді. Егер ол қауіп жылан, не
болмаса басқа бір қорқынышты жыртқыш аң болса, сол жауларын жойып, ұясына туар
қатерден балапанын құтқармай, жем іздеп алысқа ұшпайтын көрінеді.
Мұхамед-Шайбаниге деген Бұрындықтың көзінде жарқ еткен өшпендік отты Əбілқайыр
есінен шығара алмай қойды. «Немереме жақын жау, сыбдырын білдірмей шағар улы жылан
осы Орыс ханның ұрпақтары, — деді ішінен Əбілқайыр, — егер ұрпағың қауіп-қатерсіз дүние
қызығын көрсін десең ең алдымен осы Бұрындықтардың көзін құрт!».
Ал екінші жақсы көрері Сүйіншікке келгенде Əбілқайыр бір орнында отыра алмайды.
Астынан сыз өткендей түрегеліп келіп, ерсілі-қарсылы ызалана жүре бастайды. Ханның
бүйтуі тек Рабиу-Сұлтан-Бегімге деген қызғаныштан ғана тумаған-ды. Жан күйінер,
намысына тиер басқа да бір қырсық пайда бола қалған.
Алдыңғы жылғы Қорасан жорығынан Əбілқайыр, жүзіктің көзінен өтердей үш
текежаумыт күрең бесті əкелген. Хан ордасына тиісті олжаны бөлгенде, əлгі бестілерді сый-
сияпат етіп сүйікті кіші бəйбішесі Рабиу-Сұлтан-Бегім сұлуға тартқан. «Аулың көшкенде, екі
балаңмен үш күреңді мін. Ақсақ Темірдің немере қызына сөйтсе, жарасады» деген. Осы бір
сөзімен бүкіл Азия мен Үндістанды тітіреткен ұлы əмірдің шаһарын шауып, немере қызын
тартып алып, əйел етіп отырса да, қанды көз Көрегеннің аруағына бас иетінін білдірген. Бұл
тарту, өзге бəйбішелерінің арасында кезінде күндестіктен туған жанжал да шығара
жаздаған. Сол бестілер биыл ауыздарымен құс тістейтін жеті жасар ат болған. Биылғы
тойда Əбілқайыр оларды да бəйгеге қосып көрмек боп, Рабиу-Сұлтан-Бегімге:
Ханым, үш күреңді тойға мінбей апарыңдар. Тарланкөкпен бірге бəйгеге салмақпын,
деген.
Сүрме қасты, аққудай аппақ, отыз беске, келіп қалса да, əлі де шаңқай түстей
жарқыраған сұлу Рабиу-Сұлтан-Бегім:
Үш күрең бəйгеден келсе бірге келеді, қалса бірге қалады, — деген, қарақаттай
мөлдіреген үлкен бота көздерін найзадай ұзын кірпіктерінің астынан хан тағындағы еріне
жаудырата қадай, — тізбектеліп ұшқан қоңыр қаздай үшеуінің қатар келгені жарасымды.
Бірақ бұ жолы бəйгеге салудың реті қалай болар екен, ортаншысының аяғына жем түсіп,
ақсап жүр. Қабылбай сынықшы кеше қарап кетті.
Олай болса, бұл жолы қоя тұрайық, — дей салған хан.
Батыр Саян жанындағы екі күзетшімен Сығанақ жаққа, дəл сол күні қораға əкелінген осы
үш күреңмен қашқан. «Бақытты жігіт жалғыз ғана ханның жас бəйбішесін құшып қоймапты,
əрқайсысы бір рудың жылқысына татитын үш сəйгүлік жүйрігін мініп кетіпті! Қандай қорлық,
ханның намысын аяққа таптар қылық Сыбырлағанды құдай естімей ме, құдай құлағына
жетер сөзді, жұрт қалай сақтанып сыбырласа да хан құлағына да жеткен. Əбілқайыр жұрт
өсегін ойына алса болғаны, шиырқап шабатын бурадай қаһарлана түседі. «Рабиу сұлу мен
батыр Саян арасындағы баяғы жел сөз бен үш күреңнің ауылда қалуы... Үш күреңді үш
кісінің мініп кетуібəрі бір түйін» дейді хан ішінен жəне бас уəзірі Бақты-Қожа арқылы үш
күреңді той алдында Қабылбай дəруіштің көрмегені анықталған. Сірə, ханым берген
сыйлыққа қызыққан болуы керек, Қабылбайдың өзі үш күреңді қарағам депті, ал оның бірге
еріп жүрген шəкірттері сынықшының бұл күндерде тіпті Орда-Базарда болмағанын
айтыпты. Ханда «Бақты-Қожа уəзірі бір жаман оймен шындықты бұрмалап жүр ме, əлде
сынықшы шəкірттерінің арасында күншілдік боп, Қабылбай қарттың сөзін əдейі бұрған жоқ
па екен» деген ой болмаған-ды.
Онсыз да жүрегіне тұнып жүрген бұл сөздер ханды өзінің тұңғиығына батыра берген.
Əбілқайырдың көкірегін Рабиу-Сұлтан-Бегімге деген өшпенділік уы жайлаған. Көзіне шөп
47
салған, арын, намысын қорлаған жігітпен арасындағы қаңқу сөзді былай қойғанда, бүкіл
елге əйгілі үш жүйрігіне мінгізіп, оны ажалдан құтқарып жіберген ерке бəйбішесінен енді хан
Ақсақ Темір тұқымына дақ салардай өш алуды ойлаған. Өш алуға келгенде Əбілқайыр,
қайын атасының кеше бүкіл əлемді тітіреткен аруағынан да, оның ұрпақтары билеп отырған
елдердің қаһарынан да қорықпаған. Рабиу-Сұлтан-Бегім Ақсақ Темір немересі болса, мен
ұлы Шыңғысханның əулетімін деген. Бұл ашудың үстіне Рабиу-Сұлтан-Бегімнің тағы бір
қылмысты қылығы жамалған-ды. Тағы сол Бақты-Қожа уəзірдің айтуы бойынша, батыр
Саянның жанына күзетке Арғын жігіттерін қойдырған ханның сүйікті кіші бəйбішесі Рабиу-
Сұлтан-Бегімнің өзі болып шықты. «Күзет бастығын да сатып алған секілді. Жəне жоғарғы
мəртебелі ханымның Арғын билерімен де байланысы бар тəрізді» деген сол баяғы Бақты-
Қожа уəзір. Арғын билерімен байланысы бар деген сөзата жауы, бақ күндестері өздерін
Арғын сұлтандары санап жүрген Жəнібек, Керейлермен тілегі бір деген сөз. «Бұдан артық
ханымда қандай күнə болуы керек? Мұндай күнə опасыз əйелі түгіл, пейіштегі қор қызын да
дарға асуға жеткілікті емес пе! Бірақ дарға асу аз жаза! Оған бүкіл төркінін, атақты Ақсақ
Темірдің ұрпағын бар əлем алдында қарабет ететін жаза қолдану мың да бір сауапХан
қабағын қарс жауып алтын мен күміске бөленген кең сарайын тағы кезе бастады.
Бірақ Ұлы ғалым Ұлықбектің қызы Рабиу-Сұлтан-Бегім Əбілқайыр мен оның уəзірі
ойлаған қылмыстардан мүлдем ада еді. Мұндай күнəға қасиетті ата-анасынан алған үлгі-
ілім, тəрбиесі де, өзінің мөлдір бұлақтай кірсіз таза жан сезімі де оны еш уақытта да
жуытпас болар. Батыр Саянды Сүйіншікке аталық етуге тырысқаны да, басына ажал
қылышы төнген сəтте жігіттің құтылып кетуіне жəрдем бергені де рас. Бірақ бұлардың бəрі
де басқа мүдделерден туған-ды.
Хан кенет тоқтай қалды. «Рабиу-Сұлтан-Бегім сұлудың қаны дəл осылай төгілсе, бұдан
сауапты жаза бар ма? Атасы Ақсақ Темірдің əділетті заңы енді өзінің немере қызының
басын алсын. Кек сөйтсе ғана қайтадыƏбілқайыр бүгінге алғашқы рет езу тартты.
Қазақ жеріне келген шапқыншылардың Шыңғысхан мен Батудан кейінгі «қылмыстыларға
деген заң-ережесі» қанқұйлы қатты болғаны Ақсақ Темірдікі еді.
Солардың ішінде əсіресе «Ана алдында қылмысты балаға, бала алдында күнəлі анаға»
деген жаза тəртібі ерекше сойқан болатын.
Бала алдындағы күнəлі ананың жазасын баласы айтуы керек. Іштен жарып шыққан, ақ
сүтін емізген, бауыр етіндей тəтті баласы айтқан жазадан ауыр, одан артық жанына батар
үкім бар ма? əсіресе, егер ана бала алдында жазықсыз боп, тек оны қанішер жаулары
ұйымдастырса бұдан асқан қиянат табылар ма?
Аяулы анаға, тіпті күнəсі болған күнде де, сол баланы өмірге əкелген, «құлыным» деп
түн ұйқысын төрт бөліп аялай сүйген сорлы анаға, дəл мұндай сұмдық жазаны Ақсақ Темір
қалай шығарған? Көреген 1 деген атақты оған неге берген?
Əбілқайыр дəл бұл сəтте қатал əмір-Темірдің шығарған жазасының қиянаттық жағын
ойлаған жоқ, ол тек кегінің қайтуын ғана көздеді. «Анасының күнəсіне көзі жеткен баласы
Сүйіншік өзі айтады Рабиу-Сұлтан-Бегімге өлім жазасын. Өзі болып бірінші тас атады...
Содан кейін діншіл, қанішер мүрит, мүзəйімдер қарабет ханымды «лағнет» тасымен
шөкелеп өлтіреді. Сонда ғана Рабиу-Сұлтан-Бегімнен қату боп байланған кегім қайтады.
Жоқ, жалғыз ғана Рабиу сұлудан емес, сондай қыз тəрбиелеген бүкіл Ақсақ Темір əулеті
қара жүз болады. Ақсақ Темір əулеті! Сол əулетке жиендік жағынан менің сүйікті ұлым
Сүйіншіктің өзі де жатпай ма?
Жатса мейлі! Шайбани тұқымы таза болу үшін, бұл арада таспейілдік жөн. Бастан құлақ
садаға! Иə Рабиу-Сұлтан-Бегім осылай өлуге тиісті! Бұлай өлу тек əмір-Темірдің заңына
ғана емес Мұхаммед пайғамбардың да шариғатына дəлме-дəл... Туған анасын Сүйіншік
сұлтан осылай жазаласа, осылай өлтірсе, түбі Сүйіншік сұлтан Көк Ордаға ие бола қалса,
мəңгі-бақи нағашы жұртының ықпалынан кетеді. Алдағы уақытта олардан мүлдем
алыстайды. Шайбани əулетінің Өзбек ордасындағы өмірі осылай таза сақталуы керек. Ал
туған анасына мұндай жаза айтуға Сүйіншік көнбесе? Онда Күшкінші сұлтан бар емес пе?
Жоқ, Сүйіншіктің үкімімен өлуі керек! Сүйіншік жалғыз менің ғана емес, Рабиу-Сұлтан-
Бегімнің де ең жақсы көрер кенжесі! Жақсы көрер адамның сілтеген таяғы жау таяғынан
анағұрлым ауыр тиеді».
1 К ө р е г е нКүрен деген сөзден алынған Шыңғыс титулы, қазақ бөтен мағына берген.
48
Əбілқайыр күміс қоңырауды қақты. Батыр Саяннан айрылып қалғаны үшін хан үкімін
күтіп Оспан-Қожа дəйекші зынданында жатқан. Үйге Бақты-Қожа уəзірдің өзі кірді.
Хан есік алдында əмір күтіп тұрған уəзірді жоғары жақтағы кілемнің үстіне апарып
отырғызды. Əбілқайыр енді бүкіл Дəшті Қыпшақтың əміршісі емес, түнде үй тонауға шыққан
ұрыдай сыбырлай сөйледі. Бақты-Қожа уəзір хан сөзін кейде естіп, кейде естімесе де, оның
жұқа ернінің қимылдауынан, көзінде кенет жарқ ете қалған рақымсыз оттан Əбілқайыр
ойының бəрін түсінгені көрініп тұр. «Дұрыс, хан ием, дұрысдеп кеудесінде тулай жөнелген
қуаныш толқынын баса алмай, кенет дауыстап жібере жаздайды да, дер кезінде өзін-өзі
əзер ұстап қалады. Жан-жағынан діншіл, есуас топтың таспен шөкелеп жатқан Рабиу
сұлудың қан-қан болған суретін бір мезет ол көз алдына елестетеді де, ішінен «Сол керек
саған Темірлан қаншығы. Мені уəзір еткізбеймін деп бекер жанталаспаған екенсің, енді
айыбыңның есесін өзім қайтарамын» дейді.
Анасының күнəкар екеніне баласының көзін жеткізу керек. Сөйткен күнде ғана өлім
жазасын Сүйіншік сұлтанға айтқызған лауазым, — деп Əбілқайыр хан сыбырлауын
тоқтатты.
Құп, тақсыр, əміріңіз орындалады, — деп уəзір басын иді. Сөйдеді де бұ да
сыбырлады. — Рабиу ханым жазасын айттыңыз, ал Ақжол биді қайтеміз? Батыр Саянды
қашыруда оның да күнəсі бар...
Күні-түні ақыл-ойын кіші бəйбішесіне деген өшпендік билеп кеткен хан, уəзір сөзін бірден
түсінбеді. Ұғып еді, көңілінде үнсіз жатқан күдік кенет шағатын жыландай жиырыла қалды.
Бақты-Қожа бұл сұрақты бекер бергенін артынан ұқты. Көңілге кірген түйткіл, қылаң
берген жаумен тең. Ақжол би де бұның бас уəзір болмауына көп ой салған. Бақты-Қожа:
«Ақжолға өш екені ханның өзіне аян, содан сескеніп Рабиу-Сұлтан-Бегім ханымға деген
ойымның беті ашылып қалмаса нетсін? Рабиу-Сұлтан-Бегімнің де мені бас уəзір еткіздіргісі
келмегені өзіне мəлім...» деді ішінен.
Əбілқайырдың сезіктеніп қалғаны да рас еді. Рабиу-Сұлтан-Бегім мен Ақжолды осы
уəзірге бекер тапсырдым ба, қалай? Өш аламын деп тым асығыс кетер ме екен? Бірақ
əлгіде ғана жыландай, ой түкпірінде шумақтала қалған күдік бұдан əрі жазылып енді
қимылдамады, сол жиырылған қалпында қала берді. Рабиу-Бикеге деген көптен көкірегінде
ұялаған сенімсіздік бұрынғысынан да күшейе түсті. Енді ол: «Бəсе, Ақжолдың тағдырын
қалай шешу керек деп бір ашуға бір ашуды қосты. «Батыр Саянды құтқарушының бірі
Ақжол би екені сөзсіз. Жəне Рабиу-Сұлтан-Бегім бəйбішеммен байланысуларына
қарағанда, Арғынның бұл жүйрігі дүбірді алыстан қозғаған секілді. Маған деген көрлерін
тереңнен қазайын деген бе, қалай? Иə, солай тəрізді. Мұндай жағдайда Ақжолды аяудың
қажеті бар ма? Ақжолды аямау деген сөз, Жəнібек пен Керейдің шаңырағын ортасына
түсірумен бірдей. Арғын биінен алынған өш, Керей мен Жəнібектен алынған өш!».
Орыс хан ұрпақтарының есімі аузына түсіп еді, Мұхамед-Шайбаниға қараған
Бұрындықтың кейпі қайтадан көз алдында елестей қалды. «Біз Жошы тұқымының
сұлтандары бəріміз де осындаймыз. Дəшті Қыпшақ тағына ие болу үшін мен Жошыдан
шыққан қай адамды аядым? Қолына күш тисе Бұрындық та соны істейді. Ал күш тиіп қалуы
да мүмкін. Қалың қазақ руларына олар текке иек сүйеп отырған жоқ. Рас, бұл руларды
Арғын бастағысы келгенмен өзгелерінің басы қосылмай жүр. Үйсін, Наймандар əлі де ауа
жайылуда. Алдағы бір айла бұлармен Жəнібек пен Керейді, қала берді олардың балалары
Қасым мен Бұрындықты біріктірмеу керек. Ал біріктірмеудің жалғыз жолы баяғы бір кəрі
амалажал... Түбірімен жұлынған шөп қана қайта өспейді. Құр үстін шабудың қажеті жоқ:
Өзбек ордасы Ақ Ордаға айналмасын десең, Жəнібек пен Керейді түп-тамырымен құрту
шарт, бірақ Арғындармен ымдас руларға сөзін өткізе алатын ДайырқожаАқжол би
тұрғанда ол мақсатқа жету қиын. Ақжол би Жəнібек пен Керей үшін отқа күйіп, суға батуға
бар. Иə, ең алдымен Ақжол бидің өзін...
Əбілқайыр хан Ақжол биді жоқ етужатқан жыланның құйрығын басу екенін дəл осы
сəтте есепке алған жоқ. Баяғы көкіректі жайлаған өшпендік уы, баяғы хан тағын қорғау қаупі
тағы жеңді. Бірақ уəзірге ол:
Ең алдымен Рабиу-Сұлтан-Бегім жайында айтылған əмірді орында, —деді, — Ақжол
бидің тағдырын сосын шешеміз.
Бақты-Қожа уəзір:
Құп, тақсыр, — деп орынсыз күмəнданғанына көзі жетіп, тəжім етіп үйден шығып кетті.
Бірақ ізін ала қайта кірді.
49
Қара Қыпшақ Қобыланды сіздің алдыңызда бас имекші, — деді шығыс ғұрпымен
орағыта сөйлеп.
Жақсы, кірсін, — деді Əбілқайыр, үре түрегелген иттердей өзіне тарпа бас салған
қалың ойды қуа беріп.
Иə, хан ойланатын іс қазір мол еді. «Өз əкесі Ұлықбекті өлтіріп, Самарқант əмірі болған
əбдуəли-Латиф мырзадан кейінгі əміршісі Ақсақ Темірдің екінші баласы Шахрух мырза өзінің
Əбілқайыр ханға бағынышты екеніне қарай, Үндістан мен Иракқа жорыққа шығыпты. Бұл қай
саясаты? Үндістан мен Иракты өзіне қаратса күшейемін дегені ме? Иə, солай болар. Шахрух
мырза күшейсе ең алдымен Əбілқайырдың құрығын үзуге тырысады. Жоқ, ол болмас.
Шахрух мырзаны біржолата құрту үшін Самарқант билігін өз ұлдарымның біреуіне беру
керек. Шахрухтың басын жоятын мезгіл жетті. Моғолстанның да қазір өрісі кеңіп алды...
Исан Бұғы хан Жəнібек пен Керей сұлтандарға көңілдес. Бізбен кереғар. Бұл ханды да
жөнге салар бір қайың құрық керек-ақ! Түбі Моғолстанмен бір айқасуым кəміл. Мүмкін қазір
айқасқан жөн бе? Бүкіл Дəшті Қыпшақ, Хорезм, Моғолстанның солтүстік-шығыс жағының
əжептəуір жері қолымда тұрғанда, ала ауыз Жағатай ұрпақтарына күшім жетуі ғажап іс
емес. Бірақ сондай байтақ елге жорыққа аттануға денсаушылығым көтере алар ма екен?
Ақсақ Темір Мауреннахрға бабаларын Кавказдан құл етіп айдап əкелген, қазір ұрпақтары
мұсылман болып кеткен, атақты балгер-дəруіш əбдіразақ Нахичевани кешке «хан ием,
буындарыңызға тұз ұялай бастапты. Сары ауруға шалдығып кетер қаупі бар. Бір-екі жыл
жорықты қоя тұрып, Мауреннахрға барып, ыстық бұлақ суларымен емделгеніңіз жөн болар»
деді ғой. Бұл ақылды еске алмасқа бола ма? Жаулап алған бүкіл əлемнен түбі саған тиері
екі құлаш қара жер ғана ғой, дүние жүзін билеймін деп жанталаса берудің қандай қызығы
бар? Ханның бұл өлімнен қорыққаны емес. Адамның өзіне тимей кетпейтін бір үлесі бар.
Ол бақыт та емес, тек өлім! Əбілқайыр бұны жақсы біледі, енді өз ойына өзі күлді. «Дүние
шіркін қандай тəтті! Оның өлімнен күштілігінің өзі сонда ғой, қара жерге кіргеніңше сол үшін
алысып өтесің! Үрім-бұтағым деп алысасың» кенет есіне Шыңғысханның ескі өсиеті түсті.
Шыңғысханның жер-жиһанға аты жаңа тарап, қырықтан асып бара жатқан кезі екен,
жанында бір топ нояны бар аң аулап келе жатыпты. Кенет жас ноян Сүбітай баһадур:
«Тақсыр хан, қараңызшыдеп оң жақтарындағы биік жартастың етегін көрсетіпті. Биік құз,
етегі қалың көгал шөп, ортасында селдір құрақты бұрала сылдырап аққан күміс бұлақ. Осы
бұлақтан су ішіп бір топ киік тұр. Жел қарсы жақтан болғандықтан киіктер Шыңғысхан
тобының сыбдырын естір емес. Ханның оң жағында келе жатқан ноян иығынан садағын
жұлып алып, киіктің шеткі марқа қошқарын іліп түспекші болып, көздей бастады. Бірақ
Шыңғысхан «тұра тұрдеп қолын көтеріп, садағын тартқызбай қойды. Ханның қырағы көзі
дəл осы сəтте басқа бір кереметті шалып қалған. Ол алдыңғы жағына ентелей қарады.
Сөйткенше болған жоқ, нояндар киіктердің ар жағындағы көлден шығып, шың түбімен
өрмелей келе жатқан ұзындығы бес құлаштай қара шұбар жыланды көрді. Əлгі ноян енді
садағын киіктерге қарай ақырын жылжи таяған əп жы-
ланға көздей бастап еді, Шыңғысхан қолын көтеріп тағы атқызбай қойды. Киіктер өздеріне
жақын қалған ажалды сезді ме, кенет құлақтарын едірейтіп жан-жақтарына елеңдей қарады
да, айдаһарды көріп ата жөнелді. Бірақ олар тым кеш қимылдады, əп жылан лақтырған
бүйендей кенет жуан шұбар денесін сопаң еткізіп бір ытқытты. Сол сəтте шеткі жас киік
«бақ» ете қалды. Жыланның орала түскен балуан денесінің бір сығуынан киік қалмады.
Екінші рет бақыруға да жарамады, жас сүйегі сытыр-сытыр сынып, заматта жан берді. Енді
жылан жазылған арқандай бес құлаш денесін созып жіберді де арандай аузын ашып, киікті
жұтпақ болып ыңғайлана берді. Жаңағы ноян үшінші рет садағын кезенді. Шыңғысхан бұ
жолы да оны тоқтатты. Жылан киіктің бас жағынан шығып енді жұта берем деген кезде,
кенет «шаңқ» еткен дауыс шықты. Қайдан келгені белгісіз, кереге қанат ақ иық қыран көктен
түскен тастай жарқ етіп айдаһардың үстіне құлады. Екі алып алай-түлей жұлысты да қалды.
Қайсысының қыран, қайсысының жылан екенін білу қиын, бірі қара шұбар, бірі тарғыл жүнді
таудың ақ иығы. Тек бірін-бірі құшақтай жұлқыласқан, жанта-
ласқан, жартас етегінде шыр-көбелек айналып домалаған, будақталған түйін ғана көрінеді.
Көктен түскен қыран, сірə, қанжардай тырнақтарын жыланның ең жанды жерлерінен салған
болуы керек, анау оны қанша орап алып сығып құртам десе де болмады. Сүт пісердей
алысқаннан кейін айдаһар иірілген денесін дірілдей созып, кенет сылқ етіп құлап түсті.
Бүркіт айдаһардың шу дегеннен-ақ бір аяғымен көк желкесінен ап, екінші аяғын омыртқа
тұсынан сап, артына қайырып өлтіргенін нояндар енді көрді. Адамның басы мен аяғын ұстап
50
артына қайырып, омыртқасын сындырып өлтіретін нағыз Шыңғыс жаналғышы дерсің! Қыран
жыланның басын денесіне дарытпапты. Ананың тек ирелеңдеген бөксе жағы ғана қыранға
жабыса беріпті. Қанжардай өткір сояу тырнақтар қойсын ба, көк желкеден түсіп, тамағына
дейін бүріп, айдаһарды əрі тұншықтырып, əрі арқа сүйегін күйретіп жіберіпті.
Ақ иық айдаһарды өлтіргеннен кейін, нояндар енді оны жас бағлан киіктің етімен
тояттанар деп ойлады. Жоқ, олай болмады. Бүркіт киік етіне көз де салмады. Əлі жаны
шығып бітпей, ақырын ғана діріл қағып жатқан əп жыланның денесіне қанжардай сояу
тырнақтарын салып жіберіп, əп-сəтте күлпаршасын шығарды да бөлшектенген етімен
қомағайлана тояттана бастады. Əбден тойып алғаннан кейін ғана барып, анандай жерде
жатқан киікті көтеріп алды да кереге қанаттарын жая, шаттана шың басындағы ұясына
қарай шырқай жөнелді.
əп жыланның бес құлаш ұзындыққа жетуі үшін ең аз дегенде жүз жыл өмір сүруі керек
екенін білетін бір нояны Шыңғысханнан:
Ұлы хан, əлгі қыран жас бағлан киіктің етімен емес, кəрі əп жыланның сіңір етімен
неге тояттанады? Сол жас бағлан еті үшін өзі əп жыланға түскен жоқ па еді? — деп сұрады.
Сонда Шыңғысхан:
Досыңнан қасыңның еті тəтті. Ал қасыңнан өзіңмен алысқан жауыңның еті тəтті, —
депті.
əңгіме бұнымен бітпеген. Шыңғысхан қартайып келе жатқан кезінде тағы да аңға
шығады. Баяғы өздері көрген шыңның жанынан өтіп бара жатқандарында қазір егде тартып
қалған Сүбітай баһадур тағы да:
Ұлы хан, қараңызшы! — деп шың жақты көрсетеді.
Нояндар жалт бұрылады. Бір жағын пышақпен кескендей баяғы қап-қара биік құз... Осы
құздың тұсынан ұзындығы үш құлаштай қара шұбар əп жылан жоғары өрмелеп бара жатыр.
Жартастың орта шеніне таяп қалған. Қырағы көздер көріп тұр, жартас түстес шұбар жылан
жоғары қарай ақырын қозғалады. Құлар болса өзінің де тамтығы қалар емес. Бұны
осыншама қауіпке салар қандай күш? Күшбіреу. Ол ата кегі, мынау шұбар аждаһа баяғы
қыран өлтірген аждаһаның ұрпағы екені сөзсіз. Сондағы жартас, сондағы ұя, атадан əкеге,
əкеден балаға қалған өшпенділік. Əр жылжығаны ажал, осынау қауіпті сапарға бұл жас
аждаһаны да аттандырған сол ежелгі өштік. Нояндар шың басына қарады. Ернеуіндегі
қуысқа жабыстыра салған қыран ұясы. Жаз ортасы, қыран балапандарының қанаттанып
ұшып кете қоймаған кезі. Өздеріне жылжып келе жатқан ажалды сезгендіктен бе, олардың
үрейлене шыққан шаң-
қылы еміс-еміс естіледі. Нояндар жылан сырын енді түсінді. Мынау əп жылан ата кегін енді
қарт қыранның балапандарынан алмақ!
Шыңғысханның оң жағындағы, қазір қартаң тартқан баяғы мерген бас ноян садағын
қолына тағы алды. Шыңғысхан осыдан жиырма бес жыл өткен əдетіне сай оны тағы
тоқтатты.
Жас жылан, келе жатқанымды көріп балапандардың күні бұрын зəресі ұшып өлсін
дегендей асықпай жылжиды. Ұяға міне, үш құлаш жер қалды. Тағы да жылан өрмелей түсті,
енді екі құлаштай ғана єалды. Жылан енді бір өрмелесе ұяға да жетеді. Қарт қыранның
балапандарының жас қанын ішіп, ол ата кегін қайтарады. Жылан енді ақырғы рет өрмелеп
ұя аузына да жетті. Қыран балапандарының шырылдаған дауыстары енді анық шықты.
Мерген ноян тағы да садағын қолына алды, Шыңғысхан тағы да тоқтатты. Жыланның басы
қыран ұясы салынған қуысқа кіре берді. Дəл осы кезде кереге қанаттары суылдап қыран да
жетті. Бұл сөзсіз баяғы қыран. Бірақ қанат серпісі баяғыдай дауыл тұрғызар екпінді емес,
қартайған... Əйтсе де жаратылысынан жасқануды білмеген жау жүрек қыран, қартайдым,
алысар қуатым жоқ деп жас жыланнан сескеніп шегінген жоқ, алыс жолдан талып келген
қанатын ең ақырғы рет пəрменінше сілтеп, жартастың дəл төбесінен бауырлай түсіп, бір
аяғымен жыланның құйрығынан іліп төмен қарай лақтырған тасша құлады. Жыланның басы
сопаң етіп шығып, шұбар денесі бір мезет жазыла көрінді де, əп-сəтте қайтадан жиырылды.
Енді оның лақа балық басындай жалпақ басы жоғары қарай көтеріле берді. Бірақ жылан
басы қыран денесіне тиіп үлгермеді. Сын айқаста тəжірибе алған қарт қыранның бос
аяғының мұқала бастаған, бірақ əлі де сояудай тарбиған тырнақтары жыланның тасырайған
қос көзіне барып қадалды. Екі алып осылай айқасқан қалпында жерге келіп құлады. Тағы да
баяғы жан аяспас жұлыс, орала жұмарланған денелер. Жастың аты жас, бұл жолы əп
жылан қыранды ортан белінен орап алған-ды. Күші қайтқан қыранның мұқалған тырнақтары
51
аждаһаның құйрық жағын босатып жіберді. Бұ жолы алыс ұзаққа созылған жоқ. Қыран бір
мезетте жылан құшағынан босап шыға берді. Ол енді бір қанатымен жерді сабалай, ілби
шоршып жанындағы кісі бойлы жартасқа шықты. Бұл кезде қыранды қоя берген əп жылан
құйрығымен жер сабап, иіріле дөңбекши, өзімен-өзі əуре боп жатты. Қыран қырындау
жағынан шығып тастың басына барып отырды да жерде тулап жатқан жыланнан көзін
алмай қатты да
қалды. Шыңғысхан тобынан да сескенбеді. Өз денесін өзі тауға да, тасқа да ұрып тулап
жатқан жылан əрі-беріден кейін əлсіреуге айналды. Қыран əлі қозғалған жоқ. Жылан өрім-
өрім болған денесін, ақырғы рет бір мəрте жиырды да кенет жазыла бастады. Тас басында
тапжылмай отырған қыран осы сəтте қуана шаңқ етті. Кереге қанаттарын жайып жіберіп
көкке қарай талпынды, бірақ түбінен опырылған бір қанаты екінші рет қағуына жарамай ол
төмен қарай жантая құлап, жаңа ғана өзі көтерілген жартастың сүйір ұшына кеп кеудесімен
ұрды да, шалқасынан түсті. Екінші рет көтерілуге жарамады. Ақырғы рет қанталаған
көздерімен көк аспанға қарады да, бір-екі рет сау қанатымен дірілдей жерді соғып, тына
қалды. Шыңғыс тобы шың етегіне таяды. Қыран бір аяғының тырнағымен жыланның қос
көзін ойып түсіріп, екінші аяғының тырнақтарымен кеңсірігін ет-метімен жұлып алыпты.
Жылан əлсіреп барып жан тапсырыпты. Бірақ бұ да өз есесін жібермепті, алып денесімен
орап қыранның бір қанатын топшысынан сындырыпты...
Жыланның өлгенін көргенде шаңқ етіп қуана шыққан қыран даусы əлі құлағында тұрған
Шыңғысхан:
Мына қыранның арманы жоқ, — деді. — Ол алғашқы жолы өзінің қайратты кезінде
тайталасқан жауын алысып жеңді. Бұ жолы өзі өлсе де балапандарын ажалдан құтқарып
өлді. Мына аждаһаның балалары өсіп, өшін алғанша, анау шың басындағы ұядағы
балапандар да қыран болады. Олардың өз тартыс-
тары басталады. Ал қарт қыран өз борышын атқарып ажал тапты. Өзі барда ұрпағына қауіп
тудырар жауын құртып кетті. Осылай ажал тапқан ақиық ақырғы рет көк аспанға қанат
жайып, өлер алдында қуана шаңқ етті. Сендер де осы қырандай болыңдар. Ажал сағаты
келгенше монғолдың ұлы тағына қауіп-қатер туғызатын жауларыңды құрта беріңдер.
Сөйтсеңдер бұл жалғаннан əлгі қырандай армансыз өтесіңдер, — деп сөзін бітірген.
Осы аңыз қазір Əбілқайырдың құлағында шыңылдап тұр. Оның ойынша дүние-жалған
маңызы арғы бабасы Шыңғысхан өсиетіндей ұрпақтарының мəңгі құлпыра беруінде. «Ерте
ме, кеш пе, бəрібір ажалдан құтыла алмайсың, ал сенің атыңның ұзақ не қысқа тұруы тек
ұрпақтарыңның өмірімен байланысты. Сол ұрпақтарыңның өмірін ұзартуға сен өз
борышыңды, əлгі қырандай, өтеп кетуге міндеттісің. Аурусың ба, ауру емессің бе, егер сенің
алтын тағыңа ие болар немере-шөберелеріңе Моғолстан, Самарқанттардан қауіп туар
болса сол қауіпті сен көзіңнің тірісінде құртып кет! Иə, солай»...
Хан сарайына кірісімен-ақ, Əбілқайырдың қалай ойға шомып кеткенін Қобыланды
айтпай-ақ білді. Амал жоқ, үн-түнсіз ұзақ күтуге тура келді. Жасы егде тарта бастағанмен де
ол əлі қызба, шыдамсыз мінезінен айырыла қоймаған-ды.
Хан ием, — деді ызбарлы жуан даусын шамасынша ақырын шығарып. Терезеге
қарап тұрған Əбілқайыр селк етіп жалт бұрылды. Дағдыланған оң қолы болат қанжарының
алтын сабына барып та қалды.
Мен сіздің қасыңыз емеспін...
«Иə, иə, бұл менің қасым емес. Ақжолдың қасы...» Əбілқайыр лып етпе сезімін
батырына оңай аңғартып алғанына жаман өкінді... «Осыншама жұртты өзіме қаратсам да,
осылай болмашы бірдемелерден елегізіп қаламын. Шіркін жаны құрғыр неткен тəтті едің...»
Жай ма, батырым?
Жай емес, хан ием, баяғы бір Ақжол би жайы да... Қобыланды мен Ақжол жанжалы ең
алдыменен Əбілқайыр ханға қайсымыз ықпалымызды көбірек жүргіземіз деген
бақталастықтан басталған. Иə, əрқайсысы өзін Яссауи мешітінің күмбезіндей зор санайтын
екі рудың екі батыры жанжалдасса, оның артында тұрған екі ру ел де қырғи-қабақ болады.
Араларына қылау түседі. Мұндай жанжалдар тек хандардың мүдделерінен шығуы керек-ті...
Əбілқайыр Ақжол мен Қобыланды арасын астыртын шоқ тастап шиеленістіре түскен.
Бірақ бұдан екі батырдың өшпенділігі екі рудың өшпенділігіне айнала қоймады. Демек,
Қобыланды мен Ақжол өшпенділігі күннен күнге өрши бергенмен де, жеке бастың
өшпенділігінен аса алмады. Бұрын мұндай батырлар таласы бірден ойран-асыр рулар
таласына айналып кететін-ді, бұ жолы ондай өрт шықпады. Тіпті айтыс, бəйге таластары да
52
екі топтың уақытша қызбаланғаны болмаса, кектесіп, қан төгісер күйге жетпей қойды. Бұның
себебі Арғын, Қыпшақтың басын қосып, өзіме қарсы салғылары келіп жүрген Жəнібек пен
Керей сұлтандарда-ау деп жорамалдады хан. Ал шын себебі басқа еді. Кең байтақ далада
бар күн көрісі мал бағу ғана болған қазақ рулары бірігіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас
шығарудың өте қажет екенін ұға бастаған. Жерінің шалғайлығы да, сол жердің шалғай
болуын тілеп отырған мал шаруашылығы да, бірлесіп бір жерде отыруға мүмкіндік
бермейтіні рас. Бірақ қазақ руларының түсіне бастаған тағы бір жағдайы бар. Ол жағдай
бастары қосылмағандықтан көрінгеннің жеңіл олжасына айналып кете беруі еді. Осыдан
барып бытыраған қазақ Жошы ұлдарынан да, Ақсақ Темір қосындарынан да жеңілген.
Шапқыншылық заманда тағы бөтен жақтан келген бір басқыншының жеміне айналып кетпес
үшін, бүкіл қазақ рулары бір жерде бас қоспағанмен де, əдет-ғұрпы, жайлау-қыстауына
қарай одақтас жұрт болу керек екенін ұққан. Оларда енді Үш жүзге бөлініп қауымдассақ
қайтер еді деген үміт туған. Үш жүз деп атқа бөлінбегенмен де үш сапқа ыңғайланып
бастарын біріктіруге кіріскен. Дəл осы кезде Арқада көшіп жүрген Арғын мен Қыпшақ
арасында да осындай одақтың лебі сезіліп қалған. Бұны жөн көрген осы екі рудың атақты
биі, ақылгөй ақсақалдары Қобыланды мен Ақжол арасындағы кикілжіңді рулар жанжалын
өршітпеуге тырысқан. Халық тұрғысынан дəстүрге айналған, əркім өз байлығын, ерлігін,
шешендігін дəріптейтін айтыстарға қатынасқанмен де, бұл бірігудің абзал екенін Асан
Қайғы, Қазтуған, Қотан секілді бүкіл қазақ қауымы ардақтаған жыршылар да қолдаған. Сол
себептен екі батырдың дауы өз араларының дауынан аспай қала берген.
Ал осы дауды түбі Жəнібек пен Керейдің дауына аударсам деген Əбілқайыр əлі де
болса Қобыланды мен Ақжолдың арасын оқта-текте бүлдіріп отыратын.
Ақжол жайында дейсің бе? Оның жайын маған несіне айтасың, — деді хан баяу
сөйлеп.
Қобыланды мен Ақжолдың арасындағы өшпенділіктің өзі білетін жайдан бөтен, біріне-
бірі кешпес жау боларлықтай тағы да бір сырдың барын Əбілқайыр білмейтін. Сондықтан екі
батырдың арасын тек өз тұрғысынан өршіте түскен. Түбін күтіп, өз басына тиер өсек-аяң
сөздерге де шыдаған.
Батыр Саянды Ақжол қашырып отыр ғой.
Білемін...
Білсеңіз... Кінəсі қолыңызда тұрғанда...
Əбілқайыр ақырын күлімсірегендей болды.
Өйтуге болмайды. Ақжол жақтағылардың күші мол...
Қобыланды кенет ашулана қалды.
Қандай күш?! əн мен сөз баққан Арғынның көп жігітін айтасыз ба? Рұқсат етіңіз, он
сойылмен Ақжол бидің аулын тал түсте шауып берейін.
Ақжол бидің аулы Жəнібек пен Керей сұлтанның ордаларымен қотандас отырған жоқ
па? Ақжолды шауып жатқанда олар үндемей қалар ма?
Қобыланды бұрынғысынан бетер күреңденіп:
Үндемей қалмаса тағы мейлі! Онда мен оларды Ақжолмен бірге шабамын.
Хан тұнжырап кетті. «Жоқ, жоқ, өйткізуге болмайды. Бүгін қара халық сұлтандардың
ауылын шауып дағдыланса, ертең ханның Ордасына да лап беруден тайынбайды. Қардың
басын қар алар, ханның басын хан алар. Қара халықты басқарудан туған таласымызды
Шыңғыс ұрпағы өзіміз шешуіміз керек. Мейлі бірімізді біріміз қан жоса етсек, о да біздің ғана
шаруамыз. Ал сұлтандар тағдырын бүгін қара халыққа шешкізсек, дағды алған бассыз
кеткен ноқай тобыр ертең ереуілдеп Орда тағдырын өзі сойылымен шешеді. Иə, сонда
Қобыландыға қандай жауап беру керек? əйтсе де, оның елу батпан 1 шоқпарын сілтетіп
қалған жөн-ақ».
Ақжол батырдың көзі жойылса, Жəнібек пен Керей ең жанашыр адамынан айрылады.
Олай болса, тек Ақжол бидің жалғыз өзін жоюға рұқсат етіңіз, хан ием!
Бір адамды өлтіру үшін, он адам боп ауылды шабудың қажеті бар ма? əлде жекпе-
жекке күшің жетпей ме?
Бұл сөз Қобыланды батырдың намысына тиді, бірақ ол хан алдында тұрғанын ұмытпай,
қинала жауап қайырды.
Жекпе-жекке Ақжол би шықпаса қайтемін, хан ием?..
1 Б а т п а нсалмақ өлшемі. Бір батпанда 200—300 грамм ауырлық бар.
53
Онда... Жекпе-жек жүз кездесер жолын торлау керек.
Қобыландының онсыз да күрең беті енді тіпті күреңденіп кетті. Хан сөзін ол дұрыс
түсінді. «Ақжолды қарақшыдай аңдып жүріп жалғыз жүрген кезінде өлтіруі керек. Жоқ,
Қобыланды батыр ондай қарақшы емес. Өлсе де, өлтірсе де қан майданда жаумен бетпе-
бет келеді».
Қара Қыпшақ жолбарысының намыстанып қалғанын хан да сезді. Енді ол бұйыра
сөйледі.
Ашық айқас ел арасын бүлдіреді. Арғын, Қыпшақтың тату болғаны жөн. Екі батырдың
оңаша айқасында кімнің дауы бар? Жүзбе-жүз айқаста күші жетпей қаза болған ердің құнын
ешкім жоқтамайды. Бұл ата-бабамыздың ескі салты.
Хан сөзінің жаны бар екенін Қобыланды батыр енді аңғарды. Əрине, ол Ақжолды
оңашада кездессе салған жерден өлтіреді. Жүректі жегідей жеп бара жатқан күйік тек соны
ғана арман етеді.
Қобыланды батыр басын төмен иді де:
Құп, тақсыр, ендігісін ақ білектің күші, ақ найзаның ұшы шешсін! — деп хан
сарайынан шығып кетті.
Əбілқайыр тағы да ойға шомды. «əрине, Жəнібек пен Керей Ақжолдың құнын сұрап хан
ордасына төнеді. Міне, сол кезде жекпе-жекте өлген батырдың дауы арқылы елге бүлік
салайын деп жүрсіңдер деп, біржолата көздерін құртып жіберу керек. Сөйтсем мен тобыр
көзінде Дəшті Қыпшақ бірлігін ойлаған хан боп қалам. Ал тобыр солай түсінсе қос сұлтанның
өлімдері де елеусіз өтеді». Сол күні ол өзінің Орда күзет əскерінің баһадуры Найман Қара
Оспанды шақырып алды. Оған ертеңнен бастап Орда-Базардағы хан əскерін ұрысқа дайын
ұстауын бұйырды. Соңғы кезде Жəнібек пен Керей жағына іш тарта бастаған Найман
баһадуры хан бұйрығын Жəнібек сұлтанға жеткізді. Кенет секем алған сұлтан өз жігіттеріне
аттарын белдеуде, найзаларын босағада ұстау-
ды ескертті.
Дəл осы кезде Ақжол би жанында үш аңшы серігі бар, қаршыға салмақ боп қазақтың
көне мəдениетінің кіндігі болған қарт Арғынаты тауларының бөктеріндегі бір кезде Барақ хан
Ордасы тұрған Барақкөл маңына саяхатқа шыққан. Жаз бойы құсбектері той-думанда жүріп,
тұғырларында ұзақ отырып қалған қанды балақ, қызыл көз қаршығалар аңшылардың əбден
айызын қандырған. Қырдың шоқтай қызыл түлкілері мен қара қылшықты қарсақтарын
қиядан іліп, Ақжол би мен серіктерінің көңілін көл-көсір ашқан. Қаршыға салу қызығына
мүлдем батқан саятшылардың ауылдан шыққандарына бір аптадан асып кеткен. Осы кезде
оларға Жəнібек сұлтаннан «Хан Ордасы қазір ұйқы-тұйқы қобалжуда. Аз адаммен аңда
жүріп ұқыпсыз боп бір қырсыққа ұшырап қалмасын, тезірек Ордаға қайтсын» деген
шабарман келген. Заты сабырлы Жəнібек сұлтанның босқа мазасызданбағанын Ақжол би
бірден сезіп, сол сəтте-ақ ауылдарына бет бұрған. Бірақ бұлар ойлаған кездерінде Орда-
Базарға жете алмаған. Ұлытаудан бері асып, күнгей беттегі тал түбекті құла су Жанғабыл
өзенінің бойындағы «Орда тіккен» деп аталатын, бір кезде Жошы ауылы қонған жерде ат
шалдырып жатқандарында, қасында он жасауылы бар, Көксеңгірін ойнақтатып Қобыланды
батыр үстеріне сау ете қалған. Түсі суық, кигені кереге көз сауыт. Күн сəулесімен
шағылысады. Жуандығы білектей, түбіріне жұмырықтай қорғасын құйған, үлкендігі баланың
басындай, зілдей қайың шоқпарын үйіріп, көк орай шалғында бір жамбастап жатқан Ақжол
биді көргеннен-ақ ақырған:
Қатын болмасаң шық қазір, өлер жерің осы! — деген.
Батыр-ау құба жонда бұныңыз не? Жекпе-жекке шығар болсаңыз қалың ел бар емес
пе? — деген Ақжол бидің қара мұртты жас серігіне:
əй, мына қара шоқпарым ең алдымен өзіңе тимесін десең, былай тұр! — деп зекіген.
Қобыланды батырдың өшпенділігі тым тереңде екенін білетін Ақжол би онымен сөз
таластырып əуре болмаған. «Құдайдың жазғаны осы болса оны да көрейін» деп шідерімен
оттап жүрген Ақжанбасын алдырған. Шарт киініп, бөтен қарулары болмағандықтан түлкі,
қасқыр соғуға деген қайың сойылын ұстап атына мінген. Сол-ақ екен долы мінезді
Қобыланды Көксеңгірге қамшыны басып жіберіп қарсы шапқан. Ақжол атын тебініп
үлгіргенше сала құлаш кеуделі Көңсеңгір арқырап жетіп келген. Ақжол сойылын да жөндеп
сілтей алмай қалды. Нардай биік тұлпардың үстіне қарай соққан сойылы сауыт киген
Қобыландының тек бүйір тұсынан барып тиді. Қара Қыпшақ батыры тұлпарының қарқынын
тоқтатпастан Ақжанбасты кеудесімен қақтыра ырғытып бұзау бас қара шоқпармен өзінен
54
сəл төмендеу Ақжол биді дəл төбесінен қос қолдап ұрды. Ақжол биі түбінен кескен теректей
дізерлей қалған Ақжанбасының үстінен күрс етіп құлап түсті. Дулығасыз түлкі тымақ киген,
мылжа-мылжа болған төртбақ денесі анандай жерге дейін домалап кетті.
Қобыланды батыр бұрылып артына қараған жоқ, нөкерлерін соңынан ертіп, Көксеңгірді
ойнақтатқан бойы, іп-лезде көзден ғайып болды.
Ойламаған оқиғадан шошып кеткен Ақжол серіктері дереу қалың Арғынға ат шаптырды.
Бас сүйегі күл-талқан боп, миы əр жерге шашырап жатқан аяулы бидің нардай денесін
алдарына өңгеріп Орда-Базарға қарай беттеді.
Əбілқайыр бұл кезде хан сарайында Бақты-Қожа уəзірмен оңаша отырған.
Уəзір хан тапсырмасының орындалып қалғаны жайында əңгіме шертуде.
Сүйіншік сұлтан туған шешесінің қылығын алғашқы естігенде сенбеген-мыс... Сен менің
анама қара жауып отырсың, жарып өлтірем деп қанжарын ала ұмтыл-
ған-мыс. Бірақ бұл оқиғаны «хан əкең де біледі. Сен айтпаған үкімді əкең айтады» дегеннен
кейін барып тоқтаған-мыс.
Шыңғысханның тас жүрек тұқымы емес пе, ақыры күнəлі анасын өлім жазасына кесуге
көнген...
Зұлым уəзір бұл жерде, біраз жағдайды жасырып қалған. Ол Сүйіншік сұлтанмен
əңгімесін бөтен түрде бастаған. Ханның өзге балаларындай емес, бұл сұлтан Бақты-Қожа
уəзірге жақын жүретін. Уəзір оны оңаша шақырып ойындағысын айта алмай ұзақ отырған.
Хан уəзірінің көмейінде бір өте күрделі сөздің тығылып тұрғанын сезген бала жігіт:
Сөйле, Бақты-Қожа уəзір, — деген. — Байқауымша айта алмай отырған бір құпия
сырың бар секілді.
Оның рас еді.
Егер құпия сыр маған арналған болса, екі құлағым сенде.
Тек өзіңе ғана арналған. Тек сенің болашағыңа керекті сыр...
Тумай жатып Хан Ордасының өзара қанды таластарына əбден қанық Сүйіншік: «Менің
басыма қауіп туып қалған екен» деп шошып кетті. Сұлтанның бұл жағдайын сезген қу уəзір:
Бүркіт балапаны жаратылғанда қыран болам деп жаратылады. Хан баласы туғанда
хан болу үшін туады. Сенің əкең Əбілқайыр он жетісінде бүкіл Дəшті Қыпшақты биледі. Ал
одан туған сен, əлі жорға мініп алтыбақан тебуден аса алмай жүрсің. Дер кезінде
қабыршағын жарып жарық дүние көрмеген балапан тұншығып өледі, дер кезінде алтын
таққа отыра алмаған хан ұлы, хан тағын арман етер кеселге айналады. О да өлгенмен тең...
«Хан тағы» деген сөзді естігеннен-ақ Сүйіншіктің екі көзі оттай жайнап сала берді. Уəзір
бала жігіттің ең осал жерінен ұстағанын сезді, енді ол бір терең ойға шомып кеткендей ұзақ
уақыт үндемей қалды. Уəзір сөзі жанына жаға бастаған Сүйіншік шыдай алмай:
Хан тағынан дəметер менен де бөтен аға-інілерім бар ғой, — деді бірден өзінің қаупін
ашып, — олар да хан баласы.
Қара қазақ баласыəкесінің баласы. Хан тағының баласыəкесінің ажалы.
Өйткені тақ біреу, отырамын деушілер көп.
Хан əкеміз əлі елуге жеткен жоқ қой...
Хан жасыбаласының жасымен байланысты. Баласы өзін нəресте санасахан
жас болады. Баласы ер жеттім десехан қартқа айналады.
Сүйіншік түксие қалған.
Сонда сен...
Уəзір ақырын жымиып күлген.
Шыдай тұр, ел билегің келсе, алдымен өзіңді өзің билей біл, — деген ол. — Мен сені
əкеңе қарсы салғалы отырғам жоқ. Қылшылдаған жас айғыр кезі келгенде кəрі-құртаңды
үйірінен өзі қуады. Хан иемізге қаншалық жаның ашитынын кезінде көрсетерсің. Ал қазір
айтарым: мүбаракті Əбілқайыр хан ауру жан. Бүгін болмаса ертең, ертең болмаса бүрсігүні,
оның төсек тартып жатып қалуы ғажап емес. Құдай өзі бергенін өзі алады. Бұған тірі пенде
араша түсе алмайды. Əбілқайыр ханның тек сырты ғана сау, іші күйе түскен кигіздей шұрық-
шұрық. Құдай тағала қымбатты хан иеме мың жыл тіршілік берсін. Ал алда-жалда... — уəзір
қиналғандай төмен қарады, — жаман айтпай жақсы жоқ, егер хан ием олай-былай бола
қалса, бір таққа он ие бар, қайсың отырасың мен соны айтайын деп едім.
Сүйіншік адуынды хан əкесінің көзі тірі екенін тіпті ұмытып кетті. Əлі өзі отырып көрмеген
алтын тақтың буы күні бұрын жүрегін тулата бастады. Ол енді қобалжи, толқи сөйледі.
Сонда өзіңіз қайсымызды лайық дейсіз?
55
Уəзірдің де күткені осы сұрақ еді. Енді ол асықпай, əңгімені тереңнен қозғады.
Хан иемнің өзге балалары бір төбе, сен де бір төбесің. Топ қарғаның ішінде қоңыр
қазымсың. Бірақ ханның ақылды баласының бас жауы өзінің əкесі деген. Ал сенің əкең
емес, анаң бас жауың...
Сүйіншік шошып кетті.
Ол мүмкін емес, — деді даусы дірілдей, — бір ана баласын жақсы көрсе, ол менің
анам!
Болар жігітке дүниеде анасының жақсы көруінен қиын бөгет жоқ, Рабиу-Сұлтан-Бегім
ханым сенен аналық махаббатын аямайды, сені көзінің қарашығындай сақтағысы келеді.
Сол үшін алтын таққа Күшкінші сұлтанды отырғызуға бар.
Сүйіншік сұлтанның екі көзі шатынап, ерні кезеріп кетті.
Алтын тақты қимаған ананың махаббаты маған неге керек? Жақсы көремін дегені бос
сөз екен ғой, түсіндім, шын жақсы көрері Күшкіншік болды!
Осы сəтте Бақты-Қожа уəзір шын сырын ашты.
Хан тағына жетем деген адамда туыс та, туған да болмайды. Кейде ата-ананың, бір
туған бауырларының өлігінің үстінен аттап, хан тағына жетуге тура келеді. Өйтпесең сенің
өлігіңнің үстінен көп бауырларыңның біреуі аттап өтеді. Хан тағы тек тастай берік, жан
аямас мықтының орны. Қажырсыз адамның ел билегені, өгізге мініп жылқы баққанмен
бірдей. Егер осы жолда қажырлы бола аламын десең мен сенімен бірмін, — деп бір
тоқтаған уəзір.
«Бола аламындеп уəдесін берген Сүйіншік. Осы сөзден кейін жатса-тұрса да хан тағы
оның көз алдынан кетпей қойған. Мансапқор, ақылға бай емес бала жігітті зəр ішкендей
жағдайға жеткізіп ап, зұлымдығына найза бойламас уəзір, хан тапсырмасын орындауға
кіріскен. «Саған алтын тақты қиғысы келмейтін анаңның мынандай да күнəсі бар, егер хан
тағына жеткің келсе осы күнəсін дақ етіп, ең алдымен Рабиу-Сұлтан-Бегімнен құтыл» деген.
Бақты-Қожа уəзір қателеспеді. Қасқырдың қаншығы тек күшігі қасқыр бол-
ғанша ғана ана, ал күшігі қасқыр болғаннан кейін, анасы да оған қасқыр. Ақылды уəзір
Сүйіншікке «Ханға əке де, шеше де, аға-іні детек алтын тақ» деп бекер айтпаған еді.
Уəзір ханға Сүйіншіктің тілін осылайша тапқанын ашпады. «Ханға бəрі бір емес пе,
баласы анасының басын қалай алғаны. Тек бұйрығы орындалса бол-
ғаны ғой».
Жақсы, Бақты-Қожа уəзір, — деді хан, анау басын төмен иді.
Осы сəтте Ақжол бидің өлгенін естіртуге шабарман келді.
Əбілқайыр Тарланкөкке мініп, қалың нөкерлері мен «хан қорғаны» жауынгерлерін ертіп,
қазақтың көне дəстүрін сақтап, Ақжол аулына көңіл айтуға аттанды. Орда-Базарды қоршай
қонған қазақ ауылдарын аралай, Қаракеңгірдің етек жағына қаза болған Ақжол биге арнап
тіккен үйлерге беттеп келе жатты. Хан атының басын тежей тартып, əлсін-əлсін өзен, көл
бойларын жағалай жайлаған қалың елге қарап қояды. Қараған сайын сұрлана түседі. Арғын,
Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ ауылдарының маңайында өреде ерттеулі ат,
белдікте шошайған найза сойыл. Жайшылықтағы тыныш жататын бейбіт елде жауға шығар,
не жау күтер алдында осындай бір сұсты түр пайда болатын. Мынау жорыққа дайындалған,
дүрліккен ауылдар. Тек Маңғыт, Бүркіт, Барлас, Қарашын, Қосшы рулары мен төлеңгіт
ауылдары жайбарақат. Əбілқайыр қазақ руларының түрін көріп сескенейін деді.
Қобыландыға Ақжолды өлтір деп бекер ақыл бердім бе, қалай деп ойлайды ол бір мезет.
Жаздың жарқыраған əдемі күнінде жауар бұлттай қаһарлана қалған, мынау, қалың елдің
осыншама кəр көрсетуіне себеп болғанына, Əбілқайыр енді өкінді. Ақжолдың құнын жоқтап
Жəнібек пен Керей құр қол келе қалады деген жорамалының да бұрысқа шыққанын ұқты.
«Ақжол ажалын Жəнібек пен Керей өз мұраттарына пайдалана білген екен. Енді тек
айқастың күндерін күтіп отыр-ау деді ол ішінен. Ханның қайсарлылығы ұстап кетті. —
Айқасса Əбілқайыр дайын. Қазірдің өзінде биылғы жылдай бейбітшілік жылдың өзінде, тек
осы Орда-Базардың төңірегінде жиырма мың салт атты əскері бар. Əбілқайыр тағы да
осынау қару-жарағын сайлап, қаптаған Арғын, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ, Тарақты
ауылдарына көз тастады. Бірақ сол жиырма шыңның тең жартысы қазақтың осы руларынан
емес пе? əрине солай. Қалғаны ғана СогдиялықМауреннахрлықтар, ұйғыр, кірме монғол,
шағатай, моғол, қалмақ, қырғыз елдерінен. Егер айқас туа қалса, қазақ рулары əскерінің
менің шебімде болмайтыны хақ. Мынау, дайындық соны көрсетеді ғой. Қобыланды батырды
қорғап, Қыпшақ жауынгерлерінің де Ар-
56
ғынды шабуы екіталай. Күш тең түсіп қалған екен. Жəнібек пен Керейдің де соңғы кезде тым
суырыла шығып жүргені да осыдан... Мауреннахр мен Қорасаннан əскер алдыруға уақыт
тығыз... Не істеу керек».
Бұлар Ақжол бидің қазасына арнап тіккен ауылға таяп қалды. Кеңгірдің жазғытұрым
тасығанынан пайда болатын қара қамысты Қарасуды жағалай, қарабастырық пен ат
құйрығын найзаға байлап босағаға іліп қойған бұл ауылдың қаралы жағдайын көрсеткен
жүзге таяу ақбоз үй тұр. Сол ақ боз үйлердің төрінде, топ аққудың ортасына ұшып келген
қара бүркіттей он алты қанат, шымқай қара қой жүнінен бастырған сұсты қара орда ерекше
көзге түседі. Шаңырағына байланған Арғын руының көз таңбасы салынған сала құлаш
құйрықты қара жалау... Қара орданың түрі тым сұсты, бүкіл Арғын руының айбары тəрізді.
Əрине, Ақжол өліміне бүкіл елдің осыншама көңілін аударған Жəнібек пен Керей сұлтандар.
Қолының қанжар сабына қалай барғанын Əбілқайыр білмей қалды. Бірақ сол сəтте-ақ қолын
кейін тартып алды. «Менің өзімнен өзім қобалжып келе жатқанымды ешкім байқай қоймады
ма екен?» — деп енді ол түріне жайбарақат пішін беріп жан-жағына көз тастады. Жоқ ешкім
көрмеген екен, жұрттың бəрінің көзі қаһарлы қаралы үйде... дегенмен, не істеу керек?
Бұндай айқаста қандай тəсіл, қандай дұрыс жол бар? Баяғы бір күпті сұрақ оның ойына
қайта келді. Хан ойына жауап іздеп тұнжырай берген кезде кенет, «Ой бауырымдап
ауылға қарай ат қойған топ жігіттің даусы селк еткізіп, ойын бөліп жіберді.
Қазалы ауылға таяғанда «Ой, бауырымдап ат қою қазақ руларының сан заманнан
келе жатқан көне дəстүрі. Бұл дəстүрді тек Шыңғыс тұқымы ғана қолданбайтын. Сонау
Монғол жерінен келген Шыңғыстың бар ұрпағын, нөкер, нояндарын өзі тіліне, өз ғұрпына
көшіріп алған қазақ елі сұлтан тұқымының бұл əдеттен бас тартуын дұрыс-бұрыс деп көңіл
қоймайтын. Ал, Шыңғыс тұқымы хан басымен, жай қазақтай өлік шыққан үйге «ой,
бауырымдап далбақтай шаба жөнелуді өздеріне лайық көрмеген. Осы себептен де
Əбілқайыр тобы қаралы ауылға үрдіс аяңмен таяп келе жатқан. Кенет «Ой, бауырымдаған
дауыс шықты, хан соңындағы жауынгерлер мен нөкерлерінің бір қанаты опырыла шапты.
Бұлар Арғын, Найман тəрізді қазақ руларының жігіттері еді. Хан оларға «кейін қайт деп
ақырмағанмен, тобының рұқсатсыз бұлай бөлінуін жақсы ырымға санаған жоқ. Түйілген
қабағы түйіле түсті. «Хан Ордасына бір қауіп жақындап келе жатқан тəрізді. Өзіңді безенген
садақтай дайын ұстаған жөн». Əбілқайыр тобы қара орданың сыртына келіп түсті.
Сұлтандарға арнап тартылған кермеге аттарын байлады.
Басында қошқар мүйіз етіп ойған алтын тəжі, тор көз жеңіл қорасан сауыт сыртынан
киген алтын зерлі, Герат шеберлері тоқыған қызғылт торқа шапаны күн сəулесіне малынып,
Əбілқайыр қара орданың есігін ашты. Төр алдында басына қара құндыз бөрік, үстіне
жағасын қара құндызбен көмкерген қара мақпал қаралы шапан киген, алтын белбеулі Керей
мен Жəнібек сұлтан отыр. Қастарында қазақ руларының он бестей атақты би, батыр,
жыраулары. Орданың сол жағында өлік. Өліктің бас жағында баласы қаза болғаннан бері
ша-
былған қурай тəрізді кеуіп, қаусап қалған Қотан жырау, қобызын күңіренте көзінен жасы
парлап, даусы шығар-шықпас боп сарнайды. Үйге кірген ханды көріп, қайғылы қабақтарын
ашпай, Жəнібек пен Керей баяу жылжып орталарынан орын берді. Хан нөкерлері де
үйдегілермен үнсіз амандасты да, дəрежелеріне қарай тиісті орындарына отырды. Хан
келді деп жалғызынан айрылып тұл қалған Қотан жырау толғауын тоқтатқан жоқ. Көрші
үйлерден əйелдердің зарлы жоқтаулары да адамның жүрегін тырнап естіліп жатты.
Хан жайласып отырғаннан кейін ғана қара орданың ішіне көз сала бастады. Орданың
сырты қандай қара болса, іші де сондай қан жылаған қара екен. Алтын, күміспен зерлеген
қара сырлы уық, кереге, бақан. Абажадай қара шаңырақтан жерге салбыраған қара шуда
жіптен өрген шашақты тұжырма. Үй іші адамның зəресін алып, құтын қашырғандай...
Əбілқайыр енді сол жақта, қара мақпалдан оюлап өрнек салынған ақ кигіздің үстінде жатқан
өлікке қарады. Ақжолдың денесіне көзі түсер-түспестен селк етіп шошып кетті. Табытта
қопарылған түйе тастай боп дөңкиіп Ақжолдың денесі жатыр, басы жоқ. Алып денеден қан
ұйып қара күреңденіп кеткен, тек мойын омыртқасы көрінеді. Тас жүрек мызғымас ер болсаң
да мына суреттен жан түршігерлік? Мына жырда басы болған, ал мына тұсы тымақ киетін
жері еді дегендей, өліктің мойынынан бір жарым қарыс-
тай жоғары Ақжолдың көк тысты құндыз тымағын қойыпты. Бүкіл қара бояу-
лы үй ішінде тек түсі өзгеше осы тымақ қана. Жайшылықта жігіттің көркі болар əдемі қымбат
тымақ, мойынмен екеуінің арасында бұрын бас болғанын əдейі көрсетіп, адам құтын
57
бұрынғысынан да ала түскен. Əбілқайырдың бойы дірілдеп кетті. Хан əбігерін Жəнібек пен
Керей бірдей сезді, бірақ оны басып тіс жармады. Əбілқайыр көзін өліктен аударып кереге
тұсына қарады. Өліктің бас жағында керегеде ілулі, өлер күні кимеген, Ақжолдың болат
сауыты мен іші қалың кигізбен əдіптенген кіші-гірім қара қазандай көк құрыш дулығасы
ілінген. Кеуде тұсына бидің той-думанға деген қара камшат ішігі мен қайқы бас саптама
үргеніш етігі. Аяқ жағында өлер күні тағы үйде қалған батпан қара шоқпары мен бидің өзінен
басқа тірі жан алмайтын қайың садағы. «Осы заттары сол күні Ақжол бимен бірге болса,
Қобыланды батыр бұны өлтіре алмас еді» деп ескертіп өлік басына əдейі қойғандай.
Жырау сыбырлай зарлайды:
«Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!
Сексен асып таяғанда тоқсанға
Тұра алмастай үзілді ме жұлының!
Адасқанын жолға салдың бұл ноғайлы ұлының!
Аққан бұлақ, жанған шырақ жалғыз күнде құрыдың,
Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным
Жалғыз ұлынан айрылған қарт жырау ұзақ сарнады. Біресе өзі тоқтап, кəрі қобызын
аңыратты. Əлден уақытта қарт жырау «Аһ» ұрып əзер тоқтады.
Сол уақытта барып сыбызғыдан шыққан, құлаққа жағымды қоңыр күйдей қоңырқай
дауыспен əбдіразақ Нахичевани-дəруіш құран оқи жөнелді. Аятын бұ да ұзақ оқыды.
Құран оқылып біткеннен кейін, Əбілқайыр талғамды сөзбен көңіл айтты.
Хан сөзі бітісімен, Қыпшақтың сүбе биінің бірі, топ жарған шешен Құба би:
Қара бетпін, ағайын, — деді. — Ат үстінде аяулы ұлыңды өлтіріп, елге қарар емес,
жерге қарар жайым бар. Кессең бас, алсаң жан мінекей, құнын беруге дайынмын. Құн
алынғанмен Дайырқожа би қайтып келер ме? — деді Керей күрсініп.
Ардақтымызды ақ орап қоялық, сөз сосын болсын! — деді байсалды дауыспен
Жəнібек.
Əбілқайыр хан бұлардың үнінен бір ауыр зіл сезді.
Осымен хан тобы қаралы ордадан шықты. Орда-Базарға қайтып келе жатып, Əбілқайыр
екі жағдайды есіне алды. БіріҚара Қыпшақ Қобыланды Ақжол биді өлтірсе де, оның
қадірін құрта алмауы еді. Бұл жазықсыз ажал Ақжол бидің атын тірідегісінен де ұлғайта
түскендей. Кейде тарих адам атымен осылай ойнайды. Тірісінде жоқ даңқты өлгеннен кейін
береді. Ақжол би де осындай даңққа ие бола бастаған-ды. Қара Қыпшақ Қобыланды бидің
басын алғанмен, оның ұрпақтарға кететін даңқын жоя алмаған. Əбілқайыр хан бұны анық
түсінді. Екіншісіосы Ақжол бидің өлімі өзі ойлағандай Жəнібек пен Керейді құртатын жол
болмай шықты. Хан өз қатесін өзі мойындады, бұл өлімнің аяғы үлкен насырға, ел бүлінер
дау-жанжалға шабатынына шек келтірмеді. Хан мұны есіне ұстауға тиісті екенін мықтап
түйді.
Ақжол бидің жетісін бергеннен кейін Жəнібек пен Керей қазақ руларының сойыл ұстар
жігіттерін, Орда-Базар сыртына сапқа тұрғызып қойып, хан сарайына келді. Қазалы ерінің
құнын сұрады. Əбілқайыр: «Қыпшақтың үш жігітінің басын ал, бір бидің жоқтауы осы үш
адамның қанымен бітсін» деді.
Жайшылықта ақ жарқын Жəнібек қараңғы түндей түнере:
Бізге жазықсыз жандардың қаны керек емес. Жазықты Қобыландының басы керек, —
деді.
Хан көнбеді. Бұл айқас тек Қобыландының басымен тынбайтынын білетін-ді.
Қобыландыдан айрылса бар Қыпшақтан мүлдем қол үзетінін есепке алды. Сондықтан «жоқ,
Қобыландыны бермеймін» деді.
Жəнібек пен Керей орындарынан түрегелді.
Олай болса, біз кеттік, — деді қос сұлтан.
Бұлар келместен бұрын Əбілқайыр хан сарайының мұнарасынан Кеңгірді бойлай, Орда-
Базардың күнгей бетінде құмырсқадай қаптаған əскерді көрген Жəнібек пен Керей
қоштаспай, өктемдей адымдап есікке таянғанда «ұстаңдар мыналарды дей алмады
нөкерлеріне. Жер шұқыған қалпымен үн-түнсіз қала берді.
Күн бата Арғын, Тарақты, Керей, Найман, Қоңырат, Уақ руларының біраз ауылы Жəнібек
пен Керейге еріп, Моғолстанға қарай көтерілді.
Қалың əскері қорғаған қазақ рулары түні бойы көшті.
58
Таң атып, күн шыққанда кешегі ақшағала қалың ел сыңсып отырған шалғын шөпті жазық
даланың біраз жері құлазып бос қалғанын Орда-Базар халқы тегіс көрді. Осылай боларын
білген Əбілқайыр, хан сарайынан шықпай жатып алды.
Қыпшақ батыры Қобыланды да хан ордасының қасында қала алмады. Қыпшақтың
қарамағындағы бес мың үйін ертіп, Торғай бойына кетуге бел буды. Қайсар батырдың бұлай
көшуіне бір жағдай үлкен себеп болды. Жəнібек пен Керейге еріп қазақ рулары Моғолстан
жеріне көтерілуден үш күн бұрын, қазақтың сол кездегі ардақты санайтын бір топ батыры
мен билері Қобыланды батырдың аулына келген. Бұлар келсе Қобыланды он екі қанат ақ
ордасының ішінде бүк түсіп теріс қарап жатыр екен. Сары қарын болып қалған бəйбішесі:
«үйге қадірлі кісілер келді, тұрсайшы, батырым», — десе де Қобыланды тұрмады. «Ах»
ұрып, өзге жұрт білмейтін, тек өзіне ғана аян жан азабына өртеніп жата берді.
Сонда батырларды бастап келген Арғын би:
Уа, жарқыным, Əбілқайырға ердіңжол бермедің, ұлымды өлтірдіңқұн бермедің.
Бар жынымызды қоссақ біздің де бір Қобыландылық бақсылығымыз бар. Ел қамын ойлап
келіп отырмыз. Келін-кепшігіне өкпелеген қариядай, теріс айналып, тоңқайып жатып
алғаның не қылғаның? Тұр, сөйлеселік! — деген даусын көтеріп.
Арғын бидің өктем сөйлеуінен, бұл келгендер, ел аузындағы өзімен үзеңгілес батырлар
екенін біліп, Қобыланды басын көтеріп, сəлем беріп, түрегеліп отырған.
Сырттағы жалшыларына қонақтарға арнап ту бие сойдырған Торғынай бəйбішесі үйге
кіріп, бес тайдың терісінен тіккен сабаны қара піспекпен күрпілдете пісіп, тегенедей-
тегенедей ағаш аяқтарға қымыз құя бастаған.
Ұзақ жүріп шөлдеп қалған Арғын сапты аяқты орталай бір сіміріп алған да, сөзіне
кіріскен.
Күнбатысында Еділді, күншығысында Орхон, Ертісті, солтүстігінде Тобыл, Есілді,
оңтүстігінде сонау Қытай Шым қабырғасына дейін жалпақ даланы ежелден ен жайлаған ел
едік. Көне заманнан тіліміз де, ойымыз да, шаруашылығымыз, салтымыз да бір еді. Қыпшақ,
Алшын батысымды, Найман, Керей шығысымды, Үйсін, Дулат, Қоңырат оңтүстігімді қорғап
келдің. Атам заманнан орталары¦да мен бар едім. Сендерден күші асып, жер ортама жау
жеткенде, аянып қалған кезім жоқ. Қандай өкпең бар, ағайын? Ерлігім кімнен кем еді?
Долданған теңізге желкен қайық не істей алады, хұнуға да қарсы шаптым, Қытайға да қарсы
шықтым, бірақ күшім жетпеді. Ағайын деп Керей, Найман, Қоңырат жеріне ығыстым. Қоныс
берді бұл ағайын. Арғын деп өзеніне ат қойдым. Соққан құйындай боп жерімді, елімді талап
хұну өтті батысқа. Ата қонысыма қайта келдім. Қайтадан Арғынаты тауына қазық қақтым.
Жауласар еліммен шекаралас Қыпшақ, Керей, Найман, Алшын, Үйсін, Дулат, Жалайыр,
сендер болдыңдар. Ортаңда көз оймақтай мен қалдым. Сонау бір арғы заманда хан көтеріп
ел болмасақ та, көшкен жерімізді жаудан сақтадыңдар, құрымадық. Ал бүгін не болғалы
тұрмыз? Ойладың ба осыны, ағайын, өзара? Ойламасаң ойлайық, — Қобыланды сөйлемек
боп тамағын қырынып ыңғайлана беріп еді, Арғын би оны тоқтатып тастады. — Шаңырақ
өзіңдікі, кезегің келер, айтарсың. Алдыменен ағайынның сөзін ұғып ал. Сөйле Қарақожа
батыр! — деді жолы үлкен болмағанмен осы отырғандардың жасы үлкені Керей Қарақожа
батырға сөз тастап.
Дұрыс айтты Арғын би, — деді, ел арасында «бес құлаш» деп аталатын еңгезердей,
қошқыл өңді Қарақожа батыр, — анадан ер болып жалғыз Қыпшақ туған жоқ, батырлыққа,
ерлікке бəріміз де ортақпыз. Ежелден біздің қонысымыз Орхон, Онон өзендерінің бойы мен
қарт Алтай, Тарбағатай таулары екені бəріңе аян. Арғы аталарымыз кəпір дінінде болыпты
деседі. О заманда қазақ қандай дін ұстағанын кім білген. Мүмкін кəпір де болған шығар.
Бірақ Керей Керей болғалы, Ертіске көшіп қонғалы Үйсін, Дулат, Арғын, Қыпшақ, Найман,
Уақ сендермен бір шығысып келеді бұл Керей. Рас, ерте кезде монғол елімен де біз дос
болғанбыз. Қыз алысып, қыз беріскенбіз. Бірақ Темучин Шыңғысхан аталысымен-ақ, өзімен
көршілес Керейдің ел болып отырғанын көргісі келмеді. Татар қауымынан кейін, ауызды
бізге салды. Қылышынан қан тамған Шыңғысханмен он жыл айқастық. Керейдің ардагерлері
Марғыз Бұйрық хан, Қожатұр хан, Уан ханбəрі Шыңғыс қолынан қаза тапты. Осыншама
біз не үшін алыстық, неге ардақты ұлдарымызды құрбан етіп қан-жоса болдық? Көк
Орданың ханы Əбілқайырдың құлы болуға ма?
Сөйле, Қаптағай батыр, — деді Қарақожадан жасы сəл кіші, Найманның ақ иығы
Қаптағайға сөз беріп, Арғын би.
59
Мен сөзімді мына Қарақожа батыр тоқтаған жерден бастайын, — деді Қаптағай батыр
Қобыландыға бір қарап қойып. — Керейді жеңген Шыңғыс, əбден тояттанып алған соң, бар
əскерін бізге жапты емес пе? Ежелден дініміз де бір, тіліміз де бір, қатар көшіп жүрген
Керейді енді бізге айдап салды. Найман оңай көнді ме? əттең одақтас Хорезм-шах
Мұхамед, Жажират тайпасының ханы Жамуха шешеннің опасыздығының салдарынан Даян
хан бастаған Найман жеңілді. Ханның өзі қан майданда қаза тапты. Бірақ Найман бұдан
кейін де мойын ұсынбаған. Даян ханның баласын атақты Құшлық батыр Шың-
ғысханға қарсы жиырма жыл алысты. Шыңғысханның əйгілі баһадурлары Жебе-ноян мен
Құбылайдың бізге істемегені бар ма? Тек көршілес қарлұқтардың əлсіздігінен ғана олардың
бізге қуаты жетті. Шыңғыс нояндары Найманның бас көтерер бір адамын қалдырмай қырды.
Ұлын құл етті, əйелін күң етті. Бірақ бостандықты көксеген Найман қандай ауыртпалық
болса да жеңгізбеді, тасқын суда сең үстінде қалған адамдай қайтадан қарманып жағаға
шықты. Қазақтың өзге руларымен қосылып ел болуды ойлады. Сонау біз үшін қанын төккен,
қырылған ата-бабаның аруағын сыйлап, өз жерін, өз елін өле-өлгенше қорғады. Шыңғысхан
ұрпағы қанша қанқұйлы болғанымен, олар бізді емес, біз оларды жеңдік. Монғол тілі емес,
монғол дəстүрі емес, қазақ тілі, қазақ дəстүрі қалды. Осының бəрі неліктен болды? Қазақ
атын Еділ, Жайықта, Қыпшақ, Алшын, сендер қорғасаңдар, Тарбағатай, Алтайда Керей,
Найман біз қорғадық. Бас қоссаң тірі пенде жеңе алмайтын ел болдық. Бірақ басымыз
қосылмады. Тағы бізді Барлас Ақсақ Темір жеңді. Бұл да бірімізді бірімізге айдап салып,
бірімізден соң бірімізді бағындырып қойдай қырды. Тарамыстай жаны сірі халық бұдан да
аман қалдық. Аман қалдық, бірақ одан не пайда? Быт-шыт болып əр ханның қолында
жүрміз. Бізге Көк Орда қожа, Астрахань сұлтандары да қожа, Қырым мен Ноғайлы
хандарының қарамағында жүрген ел де аз емес. Бүгін біз бірігіп ел болмасақ, ертең
жерімізге күші басым жау келсе, не өзара бүліншілік күн туса, көрінгеннің тепкісінде кетеміз.
Бүгін бірігіп өз хандығымызды, өз Ордамызды тұрғызуға əл-қуатымыз бар. Ал осы
мүмкіншілікті пайдаланбасақ, қазақ деген ел болудан қаламыз. Осыны неге ойламайсың, уа,
Қыпшақ Қобыланды?
Сөйле, Жалайыр Бөрібай, — деді Арғын би Жалайыр батыры атан жілік, жалаң төс,
орта жастан асып бара жатқан Бөрібайға жол беріп:
Осы отырған рулардың Үйсіннен кейін жасы үлкені Жалайыр болар. Біз көргенді
сендердің көбің көрген жоқсыңдар. Қытаймен де, қалмақпен де, грекпен де бетпе-бет
алысқанбыз. Сол айқастың бəрінен де аман қалып, бауырым қазақ деп құшағымды жайып
келгенімде, Қыпшақ, сен бүйректен сирақ шығарып отырсың. Бізді тастап Əбілқайырға
қосылып, қандай ел болмақсың? Одан да есің барда жөніңді тап!
Енді сөзді осы келген батырлардың ең кішісі, Тамадан шыққан Қарабура батыр алған.
Қырық бір жақ, қыңыр бір жақ, Қобыланды батыр. Сен қазір қыңырсың. Бірақ
қырықтың аты қырық. Қандай қыңыр болса да түзетеді. Бұны ұмытпа, басымыз бірігуге
айналғанда іріткі салма! Бұл саған ағайындық сөзіміз.
Қобыланды батыр шарт жүгініп алды.
Бұларың не қорқыту ма? Қыпшақтың арысы Қобыланды батыр талай қоқан-лоқыны
көрген, бірақ тірі жаннан қорқып көрмеген.
Көрмесең көресің! — деді Арғын би даусын көтермей, — байқа, батыр, сен Арғын ұлы
Ақжолды өлтірдім деп тым саңғи берме. Ат қазығынан кетпейді, саған да өз үйіріңнен кетпе
дейміз. Кетеді екенсің, өз обалың өзіңе! Біз көппіз, бүкіл қазақ жиналып, Көк Ордаға əлі
жетпесе де, Қобыландыға əлі жетеді. Мұны да жадыңда ұста. Бұларың не, қорқытпақсыңдар
ма дейсің. Қорқыту жалғыз сенің ғана қолыңнан келеді деп ойлайсың ба? Жоқ, батырым,
сен туған анадан біз де туғанбыз. Сен басып жүрген жерді, біз де басып жүрміз. Ақжолға сен
сілтеген шоқпарды, Қыпшақтан шыққан Қобыланды, саған да біз де сілтей аламыз. Бұны да
жадыңа тұт. Бұрын Жəнібек пен Керей ғана Ақжолдың құнын жоқтаса, енді бүкіл қазақ
жоқтап жүрмесін. Егер бар қазақ Ақжолдың құнын сенен сұрар болса, өзің түгіл бүкіл Көк
Орданың мал-мүлкі жетпес. Бұны да ұмытпа. Қорытып айтарымыз, — Арғын би сəл
саябырлады, — айыптысың, бізге ер демейміз. Ал ел бірлігін ойласаң ертең біз көшкен күні,
сонау Торғайдағы ата мекен қонысыңа сен де көшесің. Басымыз жаңа бірігіп келе жатқанда,
сөкет үлгі көрсетпе өзге елге. Алда-жалда осы айтқанымызды орындамасаң, кінə тақпа.
Бар қазақтан бес мың сойыл табылар. Онда жауымыз Əбілқайыр емес, өзің боласың.
Дұрыс айтасың, Арғын би, — деді отырғандар.
60
Айтарымызды айттық, ендігісін қабырғаңа кеңесіп өзің шеш! — деп Арғын би мен топ
батыр дəмге қарамай үйден шығып кеткен.
Ызадан жанып-күйген Қобыланды бір мезет əлгілердің соңынан қуып жетіп, жалғыз өзі
айқаспақ болған. Бірақ бірте-бірте сабасына түскен. Бүкіл қазақ біріккелі жатқанда, үйірден
бөлінген саяқ секілді, Қыпшақ руын, Əбілқайырдың қасында алып қалуды өзі де жөн
көрмеген.
Халқы ардақтаған аңғал батыр, Əбілқайырдың сөзіне еріп, ашу сезімін билей алмай,
жұртына қара бет бола бастағанын кеш аңғарған. Өткен ісіне күңірене өкініп, енді ел-
жұртынан алыс кетпеске бел буған. Бірақ бірден бұл арманын орындауға көңілі
дауаламаған. Қазақ рулары Моғолстанға бет алғанда, бұның Торғай өзенінің бойына қарай
көшу себебі осыдан еді.
Ал, көшкен елдің ең ақырғы қарасы үзілген кезде, Орда-Базардың күнгей жағындағы
ойпаттан Көксеңгірін сабылтып терлеткен Қобыланды батыр көрінді. Хан ақылын алып, өзі
жасаған дүрбелеңінің аяғына дейін шыдай алмай, біраз ел Əбілқайырдан бөлініп кетіпті
дегенді естіп, кеше кешке хан Ордасына қарай шапқан. Сол шапқан күйі жеткен беті. Өзен
бойында бұрын сыңсып отыратын ауылдардың сиреп қалғанынан бұл маңдағы рулардың
көшіп кеткенін түсінген. Күйік үстінде өзінің не істегенін енді ғана ұққан. Бірақ өкінішін сыртқа
шығармады. Бір мінезді, қайсар батыр əлденеге үміттене жан-жағына қарады. Төбе
басында тұрған жалғыз салт аттыны көрді. Түйілген қабағы ашылып, талмаусыраған көзінде
бір ұшқын пайда болды. Енді ол Көксеңгірін тебініп қап, төбе басында тұрған салт аттыға
беттеді. Таяу келіп аттан түсті. Одан артық жақындауға батылы бармады. Төбе басында
тұрған салт атты арт жағында таяп қалған ат дүбірін естіп, бетін сəл бұрды. Бұл он бес-он
алты жасар қыз еді. Аққұба бетін күн сəулесіне шомылдырған, үлкен жаудыраған бота
көздері қарақаттай қап-қара, оймақ ауыз, бүлдіршін еріндері тек лəззатқа ғана жаралғандай
сүйкімді, қор қызынан кем емес бір сұлу...
Қыз жүзінде кенет бір қайғылы саз пайда болды.
Не айтасыз, батыр? — деді ол қайтадан теріс бұрылып кетіп.
Мен айтарымды айтып болдым ғой, бикеш, — деді Қобыланды! — Ақжол биді де сен
үшін өлтірдім, батыр Саянды да сен үшін өлтіртпек болдым. Бір сен үшін жолымда жалғыз
көз дəу кездессе де күресуге бар едім. Ал қазір... Арыстанның жүрегіндей жүрегім қоянның
жүрегіндей болғанда, алпауыттай көңілім алақандай болғанда, қорлама енді сен мені,
тағдырымды өзің шеш.
Қыз бетін қайта бұрды.
Ақжол биге тоқалдыққа анамның бермек ойы болғаны рас. Бірақ Ақжол бидің қандай
жазығы бар еді? Батыр Саянды менің сүйгенім рас. Бірақ батыр Саянның қандай жазығы
бар еді? Жоқ, Қыпшақ жолбарысы Қобыланды, қара жерге кірмей мен саған қатын
болмаймын.
Намысқой батыр ызалана қалды.
əкең берсе қайтесің?
Онда менің қызығымды сен емес, мына алмас кездік көреді, — деді алтын белбеуінің
қынынан кішкентай қылшылдаған кездікті суырып.
Сөйтті де жас сұлу «Осы ақырғы кездесуіміз болсын деп, атын бұрып алып, Орда-
Базарға қарай шаба жөнелді.
Қыз қалаға кіріп жоқ болғанша, Қобыланды батыр соңынан көз алмай қарап тұрды. Оның
сонау шүңірейген отты көзінде кенет бір қасірет тұманы пайда болды.
Иə, жанымды жалынға салған бар арманым күйреді, — деді Қобыланды жанының
қатты ауырып тұрғанын жасыра алмай. Айдалада жараланып жалғыз қалған жолбарыстай
ыңырана күрсінді.
Қобыланды батыр бұл қызды күшпен көндіріп, не ата-анасын батырлығымен
қызықтырып сатып ала алмайтынын бұрын да білетін. Қыздың бұған жоқ екенін естуімен,
енді бар арманының күйрегеніне көзі жетті. Өйткені бұл қыз Гүлбаһрам-Патшайым атты,
Əбілқайыр ханның Маңғыт əйелінен туған кіші қызы еді.
ІV
Жасы ұлғайған сайын бұл дүниенің қызығы түспен тең екеніне Əбілқайыр ханның көзі
жетуге айналған. Тағы бір он жыл өмір сүрсе оның ар жағында бүкіл Дəшті Қыпшақ,
61
Мауреннахр, Қорасан бас иген мынау алтын тақ, бір күнгідей болмай, адыра қалатынына
шек келтірмеген. Қызық дəурен, сəн-салтанат бəрі де өткіншек жалған емес. Өткіншек емес,
тек ажал. Бір күні бұ да сол опасыз дүниемен қоштасып, мəңгі мекені қара жердің құшағына
кіреді... Əйтсе де, тірінің тіршілігі бар, бұл жалғанда орындай алсам деген тілегі, арманы
болады. Армансыз адам ескексіз қайықпен тең, тағдыртолқын, қалай қарай ұрса, солай
қарай ағады. Ал Əбілқайыр сол толқынды өз ықпалымен ағызам деген адам.
əйтседе Əбілқайыр күні өтіп өлімге таяған сайын, өзінің əлі көп арманының аяқсыз
қалып бара жатқанына көзі жетті. Сол армандарының бірі: көзінің тірісінде он баласын, ер
жете бастаған немерелерін, хандығының жер-жерлеріне, шаһарларына əмір, сұлтан, даруға
етіп таратып, бүкіл өз хандығын сенімді қолдарға тапсырып кету еді. Ал бұл тілегі əлі
бəлендей түлектеніп жатқан жоқ, балаларының алды отызға келіп қалса да, көбі жорықтарға
қатынасып, ерлік көрсетіп жүрсе де, əлі жеке ел билеп, не ел жаулап алып əкесінің атағын
ұлғайта түскен бірде-бірі жоқ.
əке балаға сыншы, бұ жағынан Əбілқайыр Маңғыт руынан алған бəйбішесінен туған
Шах-Будақтың балалары Мұхамед-Шайбани, Махмуд-Сұлтан мен Рабиу-Сұлтан-Бегімнен
туған Сүйіншік оғыланнан зор үмітті. Түбі Көк Ордаға осылар ие болар деп қатты сенеді.
Үшеуі де болайын деп тұр, құр қол ұстай алмайсың, жыланның баласы тəрізді əлден-ақ
ысқырына қалған. Үшеуінің жастары шамалас, тек Сүйіншік қана ана екеуінен төрт жас
үлкен. Əттең жас-
тықтары ғана ханға бөгет, əйтпесе ауыр да, қызғылықты да хан істеріне қатынастыра бастар
еді, амал жоқ, тағы бір жеті-сегіз жыл күтуге тура келеді.
Асылдан асыл туады. Əсіресе нағашысы Ақсақ Темір тұқымы Сүйіншіктен көп жақсылық
күткен. Бақты-Қожа уəзірі келіп, «Сүйіншік сұлтанда жастығына қарамай хан ұлына керек
қасиет бар екен, айтқан сөзді ұға қойды. Рабиу-Сұлтан-Бегім анасы болса да, істеген күнəсі
үшін өлім жазасына қиятыны даусыз» дегеннен бері бұл баласына мерейін көбірек аудара
түсті. «Тамырында Шыңғысхан мен нағашысы Ақсақ Темірдің қаны бар екен, Көк Ордаға
осы ие болуы мүмкін» деп ойлады.
Бірақ кеше əбдіразақ дəруіш келіп:
Тақсыр хан, Сүйіншік оғылан кеселге шалдыққан, тезірек емдету керек, — деген.
Қандай кеселге ұшырапты? — деп Əбілқайыр дəруішке сезіктене қараған.
Бұл ауруды өзі таппаған, біреу жұқтырған. Он үш жасар баланың мұндай кеселге
шалдығуы қауіпті іс. Кеше сөйлесіп көріп едім, есі-дерті Сайын тағы... «Шешем менің
күнəкар, оны таспен шөкелетіп өлтіртем, мені құр жақсы көрген болады, ал бар ойы əкем
тағын Күшкінші ағама алып беру» дейді.
Хан Сүйіншіктің шешесін неге таспен шөкелетіп өлтіртем деуінің себебінің қайда
жатқанын біле тұрса да, кенет арманы əке тағы бола қалғанына таң қалды...
Дəруіш: «Алтын тақты үлкен баласына алып бермек болғаны үшін, бүгін шешесін
өлтіртем десе, ертең он үш жасар Сүйіншік, ер жеткен күні «тағыңды маған бер» деп өзіңе
бас салудан тайынбайды. Жоқ, Сүйіншік науқас, əлі ақыл кірмеген жасты мұндай ауруға
біреу шалдықтырып жүр, тезірек емдету керек», деген.
Бұл сөзден кейін хан ойланып қалған. Бақты-Қожа уəзірдің айтуынша екі-үш күннің
ішінде Рабиу-Сұлтан-Бегімге хан соты болуға тиісті. Сол сотта Бақты-Қожа уəзір ханымның
қылмысын ашып, халық атынан үкім шығартпақ. Сол үкім бойынша Рабиу-Сұлтан-Бегім
жұрт көзінше таспен шөкеленіп өлтірілу керек. Бұл үкімді іске асыруға туған баласы
Сүйіншіктің тек «дұрыс» деп басын изеуі ғана қажет. Бақты-Қожа уəзір айтуынша
Сүйіншіктің бұны істейтініне күмəн келтіруге болмайды. Бұндай қанды оқиға хан Ордасына
таңсық емес. Оған хан қинала қоймаған-ды. Ал əбдіразақ дəруіштің мына айтып тұрғандары
басқа бір қауіпті аңғартады. «Иə, солай. Демек, ең алдымен Сүйіншік қолымен Рабиу-
Сұлтан-Бегімнен өш алу жөн. Ал содан кейін барып, егер менің көзім тірі тұрғанда əке
тағынан үміткер ойы болса онда...».
Хан ойын əбдіразақ бөліп жіберген:
Егер Сүйіншік сұлтан өз анасына күнəкар деп пəле тағатын жағдайға жетсе, мен
араша түсем. Ауру баланың сөзіне сенуге болмайды. Ал оның нау-
қас екені даусыз.
Ақылды дəруіш бұрын анасын жанындай жақсы көретін сұлтанның кенет «менің анам
күнəкар, ол алтын таққа Күшкінші отырсын дейді» дегенінен хан Ордасына бір суық жылан
бүліншіліктің бас сұққанын аңғарған. Шығыс тарихында мұндай жағдай бəлендей таң
62
қаларлық оқиға емес. Əбдіразақ осыны ойлап, «қылмысқа жол берме» деп ханға əдейі ашық
айтқан. Хан дəруіш ойын ұққан. Ал «сен менің шешкен ісімді бұзғалы тұрсың, Рабиу-Сұлтан-
Бегімді өлтірту менің бұйрығым, жайыңа жүр» дей алмаған. Деуге осы бір əділетті сүйгіш,
бір беткей адал дəрігер ханға өте керекті адам еді. Онсыз Əбілқайыр бір күн өмір сүре
алмасы даусыз.
Əбілқайыр хан көптен тұншықпа 1 ауру болатын. Осы аурудан құтылам деп
қарамағындағы талай білгіш емшілерге қаралған. Тіпті Тибеттен, Қытайдан, Қорасаннан,
Мысырдан да бақсы-балгер алдырып көрінген. Бірақ бұлардың бірінің қолынан ханды жазу
келмеген. Дерт ұлғаю үстіне ұлғая түскен. Ақырында отыздан асар-аспасында əлсін-əлсін
төсек тартып жатып қалатынды шығарды. Өзгенің өмірі өзіне шыбын құрлы көрінбейтін
қатігез хан, енді ұзақ ұстайтын осынау көкжөтелдің бірінде тұншығып өліп кетеді екем деп
зəресі қалмаған. Адам неғұрлым дəрежесі жоғарылаған сайын, соғұрлым жаны тəтті бола
түседі. Бір шеті Қорасан, екінші шеті Жайық өзенінен асып далиып жатқан алып
хандығының түкпір-түкпіріне «білгір дəрігер» іздетіп ат шаптырған. Осы кезде нөкерлері
Мерв қаласынан əбдіразақты алып келген. Оған міне, он жылдан асып барады. Əбдіразақ
келгелі көзі ашылды. Тұншықтырғыш дерттен мүлдем жазып жібермесе де, «кенет өліп
қалады екенмін» деген қауіптен құтқарды. Оның үстіне адамның жасы үлкейген сайын
жабыса кететін дерттерден ханды кəдімгі үшкіріп жазғандай жазады. Денсаулығы
жаратылысынан нашар Əбілқайыр енді ұзақ жыл өмір сүреді екенмін деп үміттеніп қалды.
Ал үміт өмір серігі, енді ол кейде, көңілі қош кездерде, «əбдіразақ өлмей мен өлмеймін» деп
жымыңдауды шығарды. Осындай бар өмірі қолында тұрған əбдіразақпен хан санаспасқа
амалы жоқ-ты. Сол себептен де ол дəруіштің аузынан қақпады. Əбдіразақ кеткеннен кейін
Бақты-Қожа уəзірді шақыртып алып Рабиу сұлуды айыптауды əзірге тоқтата тұруын
бұйырды. Ол кенет Сүйіншік баласының хан тағына құмар бола қалуынан бұл арада тағы да
бір суық ойдың салқыны соға бастағанын аңғарған. Бұл суық ой кімнен шықты? Бақты-
Қожадан ба, басқадан бахан білгісі келген.
«Жауыз ханнан құтылғың келсе, оның жауыз баласына сені хан етем де дейді
монғолдың көне қағидасы. Ал расына келсек əбдіразақ Нахичеванидың айтқаны шындық
еді.
Сонымен айлакер уəзір он үш жасар баланың ішінде бұйығып тыныш жатқан
мансапқорлық жыланын оятты. Ол жылан енді жас баланың бар сезімін бұлқан-талқан
еткен, ақыл-ойын арбаған, еркін алған кеселге айналдырды. Бейбақ бүлдіршіннің басынан
«хан болсам» деген бір қияли ой шықпай қойды. Осылай ойлаған сайын, көзінде ағайын-
туысына, бауырларына деген бір қор-
қыныш суық ызғар пайда болды. Түрі де өзгеріп, бұрын қаны тамып тұратын ақшыл беті,
енді жаққа ұрғандай құп-қу боп кетті. Кеше ғана анасының жанынан шықпайтын ерке
кенжесінің кенет былай құбылуынан, кейде тіпті өзіне рақымсыз ишаратпен қарауынан
шошыған Рабиу-Сұлтан-Бегім ханым дəруіш əбдіразаққа өз ойын айтты. Баласына қандай
пəленің келгенін біліп беруін өтінді. Он жылдан астам хан сарайында өткен өмірінде
əбдіразақ дəруіш мұндай сырдың талайына қанық еді. Сүйіншікпен үш-төрт кездескеннен-ақ
оның қандай кеселге душар болғанын ұққан. Жəне бұл кеселдің асқынуына Əбілқайыр мен
Бақты-Қожаның да үлесі барын түсінген. Бірақ ханға бұ жағынан емес, пұшайман ғарып
баланың қасіреті жағынан келген. Көзін қулық-сұмдықпен ашқан Əбілқайыр, бұл істе өзінің
де қатынасы бар екенін əбдіразақ дəруіш аңғарып қалды ма деп сезіктенген. Əйтсе де «хан
сырын білгеннің қаны төгілсін» дейтін ежелгі əдетке баспаған. Өмірінен көрі жақындаған
сайын, хан жаны үшін əбдіразақты көзінің қарашығындай сақтауға бар. Сол себептен
дəруішін «айтқаныңның бəрі ақылға салынады» деп қоя берген.
Бұл кеше еді. Ал бүгін ше? Бүгін Əбілқайыр кешегісінен де қатты толқуда отырған.
Батыр Саян қашқаннан бері ол Оспан-Қожаны зынданға салып қой-
ған. Ұзақ жылғы сенімді дəйекшісінің тағдырын өзі шешкен-ді. Бірақ бер жағында Қобыланды
батырдың Ақжол биді өлтіруінен туған Жəнібек пен Керейдің ел бөлген əлегі ортаға түсіп
кетіп, Оспан-Қожа ғарып ісін тіпті естен шығарған. Сол Оспан-Қожа ретін тауып, үлкен
бəйбішесі Айбаһарам-Сүнейден Əбілқайырға «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Өзім де
көп кешікпей зынданда шіріп өлермін. Бірақ өлер алдында хан ием бірер ауыз сөзімді
тыңдасын» деп өтініш еткен.
1 Т ұ н ш ы қ п аастма.
63
Зынданға өзі салдырып қойса да, Əбілқайыр Оспан-Қожаның сөзін тыңдамаймын дей
алмады. Өйткені бұл кісі оған тым жақын, тым берілген адам еді.
Оспан-Қожаның Əбілқайыр сан достығын, өзіне деген өмір-бақи ұмыта алмас талай
жақсылығын көрген. Соның бірі Самарқантты алатын жолы болған.
Оспан-Қожа тұқымымен сонау ескі заманнан Сайбан ұрпағына қызмет істеп келе
жатқан жан еді. Атасы əбілтас Ақсақ Темір шабуылында Барластардың қолына түскен.
Ежелден хан Ордасына берілген тұқымнан болғандықтан əмір-Темір оны өзінің сарайына
дəйекшілік қызметке алған. Осы атасынан бастап Оспан-Қожа өзімен үшінші буын болып,
бүкіл дүниені тітіренткен сайыпқыран Көреханның Самарқант сарайындағы дəйекші
қызметін атқарып келген. Бірақ жетім баланы қанша асырасаң да, өз əке-шешесін
жоқтайды. Самарқант Ордасында қаншама жақсы атты боп жүрсе де, атасын құл етіп
əкелген Ақсақ Темір немерелеріне Оспан-Қожаның жүрегі жібімеді. Мауреннахрға еліне қас
жер, жау жер деп қарады. Есі-дерті сонау Арқадағы хан Ордасы болды да тұрды. Осындай
ісігі қайтып, сынығы бітпеген Оспан-Қожа Күнбатыс пен Солтүстік жағына əлсін-əлсін қарай
берді. Дəйекшінің мұндай күйін пайдаланып, Əбілқайыр жігіттері онымен байланыс жасай
қалды да, екі жақты шешімге келді. Оспан-Қожа Əбілқайырдың Самарқанттағы сыбыршысы
болуға қолма-қол көнді.
Əбілқайыр Есіл, Нұра бойын өзіне қаратып, Орда-Базарда ат шаптырып, балуан
күрестіріп, батырларына олжаны бөліп, ұлан-асыр той жасап жатқанында, осы дəйекші
Оспан-Қожадан арнаулы кісі келген. Онымен бие сауымындай сөйлескеннен кейін
Əбілқайыр, бар қолбасшыларын жинап алып: «Самарқант қазір бос тұр. Ұлықбек мырза
Қорасан мен Иракқа сапар шеккен шағында, алла-тағала өзі сақтап тұрған Самарқантқа
тəуекелдің тізгінін бұрғым келеді» деді.
«Хан борышыжорыққа ту көтерту,
Құл борышытуға еріп, жанын беру» — деп ескі шежіреде айтқандай, хан айтса
қарамағындағы батыр, нөкерлері қоштайтын дəуір, қалың қолмен Əбілқайыр Самарқантты
басып алуға шыққан. Өзбек Ордасының абыройын ойлаған хан, Шираз деген қалада:
«Бірде-бір əскер егінші жұрт пен көшпелі елге өз бетімен тимесін. Егілген егін, салынған
бау-бақша сол қалпында сақталсын. Кімде-кім бұл жарлықты бұзса дарға асылады» деп
əскеріне бұйрық берген.
Ханның бұл қамқорлығына риза болған диқандар, көшпелі шаруалар, тарту-таралғысын,
сыйлығын, хан əскерінің азық-түлігін өздері əкеп беріп, бағыныштылығын білдірген.
Самарқантты қоршап алғаннан кейін, қаланың хакімі Джалалитдин Баязит өзі шығып тізе
бүгіп, қол қусырған. «Тірі жанға қиянат көрсетуді білмеген Ұлықбек мырза, сіз секілді ұлы
ханға, яки сіздің ел басқарып отырған адамдарыңызға еш уақыт қастық ойлап көрген жоқ.
Егер шаһарымызды шауып бүліншілік етпей, Ордаңызға қайтсаңыз, біз сіздің айтқаныңызға
көніп, айдауыңызға шыдар едік» деген. Сөйтіп Əбілқайыр хан Самарқант əмірлігін бəлендей
қан жоса етіп бүлдірмей, көп олжамен ұлы қаланы оп-оңай өзіне қаратып, Ордасына
қайтқан. Осының бəрі Оспан-Қожа дəйекшінің дер кезінде хабарландыруынан еді.
Осы күннен бастап Əбілқайыр Самарқант, Бұқар əмірліктерінің ісіне жиі кірісіп тұратын
болған. Өзіне ұнамаған əмір, сұлтандардың билігін тартып алып, басқаға беру Əбілқайырға
үйреншікті əдетке айналған. Бұл істерде Оспан-Қожаның қолқабысы аз тимеген. Жалғыз
жақсылығы бұл ғана ма?
Бір мың төрт жүз қырық тоғызыншы жылы, Хаджри есебі ойынша сегіз жүз елу бесінші
жылы Самарқанттың əмірі, өз əкесі ұлы дана Ұлықбекті өлтірген əбді Латиф мырзаның өзі
де алты ай өтпей қастарынан қаза тапқан. Бұл кезде Ақсақ Темірдің екінші ұлы Махамедтен
туған Мираншах мырзаның баласы əбусейіт қуғында жүрген. Осындай жағдайда Бұқар,
Мерв, Үргеніш əмірі Шахрухтың баласы Ирбагимнен туған əбділлах мырза Самарқантқа ие
болған.
əбусейіт осы мезгілде бүлік шығарып Бұқарды алды. Бірақ Бұқар уəлиеті оған аз көрініп,
Самарқантты да өзіне бағындырмақ болды. Əбілқайырға Оспан-Қожа мұндағы жағдайды
тағы хабарлады. Əбділлахтан көрі, Көк Ордаға əбусейіттің тиімді екенін айтты.
Көп кешікпей əбусейіт əбділлахқа қарсы соғыс ашты. Бірақ жеңіліп қалды. Мүйіз
сұраймын деп, құлағынан айрылған тоқал ешкідей Самарқантты жаулап аламын деп жүріп,
Бұқарынан айрылды. Енді ол қалған қолымен Түркістанға қашады. Мұнда да тыныш жүрмей
Ақсақ Темірдің тұқымы екенін пайдаланып, Түркістанға əмір болады. Содан кейін барып,
əбділлахқа өзінің күшінің жетпейтініне көзі жетіп, көп сыйлықпен Əбілқайырға келіп бас иеді.
64
Самар-
қантты əбділлахтан тартып əперсең, өле-өлгенше құлыңыз болып өтемін деп ант етеді.
Əбілқайыр бұған өзінің бір қызын береді. Көп қолмен Самарқантқа Бақтияр сұлтанды
аттандырады. Əскер соңынан көп кешікпей өзі де жолға шығады. Хаджридың сегіз жүз елу
бесінші жылы, яғни жаңаша бір мың төрт жүз қырық тоғызыншы жылы Самарқанттың
күнбатыс жағында екі əскер кездеседі. Қырғын соғыс болады, таққа таласқан екі оғлан үшін
көп адам қырылады, қан судай ағады. Ақырында əбділлах жеңіліп қашады. Оны қуып жетіп
ұстап алып, Əбілқайырдың əмірі бойынша бауыздап өлтіреді. Самарқантқа əбусейіт əмір
етіледі. Əбділлах əскеріндегі Жағатайдың көп батырлары мен пахлевандары (сыпайлары)
есірей боп қолға түсіп, Əбілқайырға қосылады. Жоғары айтқан уақиғаның бəрі бір жылдың
ішінде, яғни бір мың төрт жүз қырық тоғызыншы жылы болады. Міне, осы сергелдең
жылдары Оспан-Қожаның Əбілқайырға тағы пайдасы тиген. Ол Самарқанттағы Ақсақ Темір
тағының маңайында болып жатқан оқиғаның бəрін Əбілқайырға дер кезінде жеткізіп тұрған.
Одан кейін Əбілқайыр мен əбусейіт Самарқантты алғаннан соң да, тағы бір мейіршапқат
ақыл берген.
Ұлықбектің Жошының тұқымынан алған Шахарбек атты бəйбішесінен өзі өлгенде Рабиу-
Сұлтан-Бегім есімді он бес жасар қызы қалған. Адамзаттан емес, көктегі періштеден
туғандай, гүлін жарған қызғалдақтай жадыраған сұлу жəне Шығыстың əйелге деген
қыспағына қарамай əкесі Ұлықбек жеті жасынан медресеге беріп, парсы, түрік, араб тілін
үйреттірген. Рабиу-Сұлтан-Бегім əйелден шыққан өз заманының ақылдысы да, бір мінезді,
табандысы да болған. Оспан-Қожа дəйекші Əбілқайырға «Егер Самарқанттан еліңе алтын
əкететін болсаң, алтынның шынайы қызылы жəне ең тазасы осы Рабиу-Сұлтан-Бегімді
əкет» деген. Қырыққа таяп қалған, жас иіс құмар хан қызды бір көргеннен ұйқы-күлкісінен
айырылған. Есіл-дерті Рабиу-Сұлтан-Бегім болған да тұрған. Ақыры төртінші əйелі етіп
алып, көңілі тынған. Самарқант бекзадалары қызды ырғалтып-жырғалтып, үстіне дүрия мен
қамқадан тартылған балдахин орнатылған ақ пілді бас етіп, асыл қазына жасаумен қырық
құл, қырық күң беріп ұзатқан. Бұл қырық күң мен қырық құлдың тең жартысы, жас ағашта
өсіп тұрған əлі құрт түспеген өріктей, кілең балбыраған албырт жастар еді. Рабиу-Сұлтан-
Бегіммен бірге Оспан-Қожа дəйекшінің өзі де ере жүрген.
Осы кездегі астанасы Сығанаққа келгеннен кейін, Əбілқайыр оны өзіне дəйекші етіп
алған.
Міне, содан бері он төрт жыл өтті. Сол он төрт жылдың ішінде Оспан-Қожа пақыр ханды
бір рет алдап, не тілегін теріс орындап көрген жоқ. Хан басына туар қауіпті ол өзгеден
бұрын сезетін, хан көңілі қалар істі де ол алдын ала болжайтын. Хан абыройын төгер
жамандықты сезсе оны ханның құлағына тезірек жеткізетін. Əбілқайырдың оң иығында
отырған Жəбірайыл періштедей, бұрыс жолдан əрдайым сақтап қалатын. Ал Рабиу-Сұлтан-
Бегім болса ханға арыстай екі ұл тауып берген. Өзінің ақылымен, парасаттылығымен,
көркіменен Əбілқайырдың ең сүйікті əйелі болып алған. Сөйткен Оспан-Қожа мен Рабиу-
Сұлтан-Бегім ханды көк мұзға отырғызып кетті. Бірі ханның көзіне шөп салды-мыс, екіншісі
сол көзіне шөп салған ханның қас жауын аңқаулық істеп қашырып жіберді. Расыменен-ақ
Оспан-Қожа аңдамай қалды ма? Оспан-Қожа тəрізді өмір-бақи хан қызметінде жүрген
адамның мұндай өз басына қауіп туғызар істе салақтық етуі мүмкін бе? Мүмкін емес. Ұрыны
аңдыған алады, не аналар Оспан-Қожадан қулықтарын шын асырып алдап соқты. Не сақ
құлақ дəйекшінің өзі солармен бірге... Бірақ неге бірге болады? əлде бір жағдайда маған
ренжіп қалды ма? əлде ақшаға сатылды ма? Жоқ, сатылуы мүмкін емес. Оспан-Қожаның
алтынға қызыққанын көрген жоқ. Сан рет көңілім түсіп кетіп, көп олжадан үлесін молырақ
етіп бергенімде өзіне тиістісінен артығын алмайтын. «Хан қызметінде жүрген кісі дүние
шіркінге құмар болмауы керек. «Адам болғалы опасыздықтың бəрі де осы
дүниеқоңыздықтан туған» дейтін. Сөйткен Оспан-Қожа... Демек, мұнда бір гəп бар... Сол
үшін де оны зынданға салғызарымда күнəсін өзім тексерем деп едім ғой, қалай ұмытып
кеткенмін?... Ұмытпасқа мұрша болды ма... Жəнібек пен Керей ойраны басқа іске көңіл
бөлдірді ме
Үйге Бақты-Қожа уəзір кірді.
Хан ием, Оспан-Қожа жүзіқараны алып келдік.
Əбілқайыр сəл ойланып қалды. «Жүзіқара! Оның жүзінің қара екенін бұл қайдан біледі?
Хан солай қараған соң, бұл да солай қарап тұр ғой... Əйтсе де осы менің шешімім дұрыс па?
Тұтқыннан абайсызда айрылып қалғаны үшін кешегі серігіме бүгін мұндай қарғы тағуым жөн
65
бе? Опасыз дүние! Опасыз адам баласы! Қолыңда күшің болса сені ардақтайды,
мадақтайды. Күшің кетсінші... Бүгін ханым десе, ертең харам дейді... Бірақ бұған өкпелеуге
болмайды. Адам баласы осылай жаратылған, осылай өледі» Əбілқайыр басын иді.
Кіргізіңдер.
Үйге екі адам екі жағынан қолтықтап Оспан-Қожаны алып кірді. Дəйекші бұрын да шыр
бітпеген арық болатын. Сол себептен кейде оны жұрт Инелік деп атайтын. Он жылдан бері
тарамыс денелі Инелікке хан көзі қанша үйренгенмен, мына алдында тұрған селеуіттен
шошып кетті. Иə, бұл адам емес, адамның селеуіті еді. Арса-арса сүйегіне құр терісі
жабысқан, көзін біреу ойып алғандай шүңірейіп кеткен. Құдық түбінде жылтыраған су тəрізді,
сонау көз түбіндегі тереңде бірдеме жылтырайды. Екі ұрты ұзақ аурудан қайтыс болған
адамның ұртындай қушиып біткен. Жағы жағына тиіп жатыр... Тозығы жетіп, бүрісе қалған
кəрі беті тиіп кетсең жыртылғалы тұр. Ал бұдан көп жыл бұрын... жоқ, жоқ. Əбілқайыр хан
өткен күндерде өзіне жақсылық істеген адамдардың қызметін есіне түсіргісі келмейді. Əр
нəрсе өз кезінде. Өткеннің бəрін есіңе түсіре берсең... бүгінгіге не қалады? Кеше жақсылық
істесе, бүгін жамандыққа барып отыр. Əр іс өзінің мезгілінде деп бағалануы керек. Өткен
жақсылықпен қазіргі жамандықты жапсам хан бола алар ма едім? Иə, он жеті жасар
Əбілқайыр Орда-Базарда хандық құрып отырған Жұмадүктің қолында тəлім-тəрбие алып,
əскер басқаруды, ел билеуді үйренді ғой. Он алты жасқа келгенде сол кездегі бүкіл Дəшті
Қыпшақ руларын басқарып, Жұмадүк ханның оң қолы болған, Маңғыт руынан шыққан
атақты Едіге батырдың баласы, Ақсақ Темір ұрпақтарына бүйідей тиген Қазы биді өлтірді.
Əрине оны бұл жалғыз өзі өлтірген жоқ, Қазыға қарсы əмірлер мен сұлтандарды жинап,
солармен бірге бауыздады. Жұмадүк ханның қаһарынан қорқып соңынан ерген Дəшті
Қыпшақтың біраз əскерімен өзінің туған шаһары Тараға қашты. Артынан жетпіс мың
əскермен қуып шыққан Жұмадүк ханмен қан майданда бетпе-бет кездесіп, оның басын
алды. Содан бері Əбілқайыр өзіне жақсылық істеген, талай қиын-қыстау қатерлі
өткелдерден алып шыққан, бірақ артынан сəл мүлт басқан талай серіктерін оп-оңай су
түбіне жіберді емес пе? Осындай қанқұйлы болмасаң, хан тағында отыра алмайсың. Өзгеге
аяушылық еткен Ұлықбек не болды? Ақырында өз баласының қолынан ажал тапты. Жоқ,
алтын таққа ие болғың келсе, жолыңды кесіп өтерін білсең, туған балаң болса да аяма.
Айдаладағы бір дəйекші сөз бе екен? Алтын тақ пен аяушылықтың бірі бар жерде, екіншісі
өмір сүре алмайды.
Оспан-Қожаның бір жақсылығы ұмытылған тарих. «Ал, қазір сенің білетінің оның жаңа
тарихыістеген қастығы. Жақсылығы үшін дер кезінде сен де оған жақсы қарағансың, ал
жамандығы үшін сен енді оған жаман қарауға тиістісің! Бұл өмір заңы
Өзімен-өзі болып кеткен ханның ойын кенет Оспан-Қожа бөліп жіберді.
Хан ием, — деді ол тұншыға қырылдай сөйлеп, — егер сен қазір мені босатсаң,
бəрібір мен саған рақметімді айтпаймын. Енді менің күнім біткен. Алла-тағаланың жазғанын
ешбір хан бұза алмайды, ал менің көп болса бір жұмалық тіршілігім қалды. Сенен сол бір
апталық тіршілікті сұрап алғым келмейді, сен хан болсаң да... қалған күнімді одан артық
ұзарта алмайсың... Қысқартам десеңеркің... Бірақ сенен сұрарым басқа...
Не сұрамақсың?
Сұрарымменің сөзімді тыңдап шық.
Жақсы.
Алдымен саған неге адал қызмет істеп келдім, соны біл. Есі дұрыс адам Ұлықбек
мырза тəрізді əділетті жанды өзің тəрізді қатыгез ханға айырбастамас болар. Мен
айырбастадым. Соның себебін есті.
Жарайды, естиін.
Жошының бесінші баласы Сайбаннан Бəниел баһадур туады, одан Иіс-Бұғы, Иіс-
Бұғы ұрпағы Абдол оғлан, одан Мөңке Темір хан, одан Фулат оғлан, Фулат оғланнан
Ибрагим оғлан, одан Дəулет-Шайхы оғлан, Дəулет-Шайхы оғланынан өзіңƏбілқайыр хан
тудың... Сенің он атаңдай менің де он атам болған... Бірақ олардың аттарын ешкім білмейді.
Білудің де қажеті жоқ. Сендер хансыңдар да, біз құлмыз. Мен ата таластырып тұрғаным жоқ,
айтарым басқа. Ұлы Шыңғыс хан тұқымымыз десеңдер де, сендердің де іштеріңде құлдарды
да адам санағандары болған. Соның бірі сенің жетінші атаң Иіс-Бұғы сұлтан. О кісі хан
тағына жеткен жоқ, бірақ жауынгер адам екен. Осы Иіс-Бұғының құлы менің жетінші атам
Қара Нар деседі. Шамасына қарамай көжеге де қаймақ тұрады. Құл екенін місе тұтпай бұ
кісі де орасан батыр болыпты. Бір қанды айқаста өзінің төресінИіс-Бұғыны жау
66
қоршауынан құтқарам деп жүріп, қолға түсіпті. Бұл ұрыста жалғыз менің бабам Қара Нар
ғана емес, одан нəсілі де атақ-бағы да жоғары талай бекзадалар тұтқын бопты. Ұрыс бітіп,
екі жақ бітімге келіпті. Жеңген жау қолға түскендерді бəлен қара төлеуін беріп, сатып
аласыңдар дейді. Кей сыпайылардың құны он жылқы болса, бір сұлтанның бағасы жүз
жылқыға бағаланыпты. Ал сол айқаста аса ерлік көрсеткен үш батырдың əрқайсысының
құны үш сұлтанның құны депті. Соның бірі менің жетінші атам Қара Нар екен. Қазақтың
белгілі руларынан шыққан ана екі батырды, жау жағының сұрағанын беріп елдері тез-ақ
босатып алыпты. Ал менің жетінші атам құлды кім үш жүз жылқы төлеп қайтарсын? Руы жоқ
сорлы, қатын-баласын қия алмай қан жылайды. Бірақ шабыншылыққа іліккен ел
орталарынан мал шығарып құнын төлей алмайды. Құлдардың аяқтарына кісен салып,
жаулары Қытайға апарып сатпақ боп ыңғайланады. Дəл осы сəтте Иіс-Бұғы сұлтан келеді.
Сөз айтпай үш жүз мақпал қара асыл жылқысын айдап беріп, өзін ажалдан алып қалған
құлды босатып алады. Қатын-баласына қосылып көзайым боған Қара Нар Иіс-Бұғының
аяғына жығылады. Жеті атаңның жеті ұрпағым құлы болып өтсін дейді. Жеті атаң үрім-
бұтағымды қойдай бауыздап жатса, қыңқ етіп үн шығармауын, өзімнің ұрпағыма өсиет етіп
кетем деп ант береді. Міне, сол Қара Нардың жетінші ұрпағы мен боламын. Менімен сенің
атаңа берген Қара Нардың ұрпағының анты бітеді. Құлдың намысы хандікінен кем емес.
Атамның антына кір келтірмейін деп, бар қиянатыңа көне бергем.
Əбілқайыр мырс-мырс күлді.
Сенің үкіміңді Қара Нар бабаң атам заманда айтқан болса, менің үкімім тек сол үкімді
орындау болып шығады екен ғой.
Ол солай. Мені өз қолыңмен бауыздасаң да, құдай алдында сұрауым жоқ. Оның
үстіне күнəм бар.
Қандай күнəң бар?
Батыр Саянды қашырып жіберген менмін.
Сенсің бе? — Əбілқайыр кенет түксие қалды. — Онда өміріңді жүз аптаға ұзарттырам.
Өлтіртпеймін. Күніне нəр беріп, кəріліктен өлгенше зынданда ұстаймын.
Қанша күн өмірің болса, сонша мəртебе өл дейсің ғой? Мейлің. Егер хан əмірі алла-
тағаланың жазғанынан күшті келер болса, оған да көндік. Ал менің айтам дегенім бұ да
емес.
Енді не?
Хан, мен батыр Саянды неге қашырып жібердім, соны неге сұрамайсың?
Алтын көрсе періште жолдан таяды.
Жоқ, алтын періштеге де, құлға да керек емес. Алтын хандарға керек. Мен оны
босатқан себебім басқа. Батыр Саян Ұлықбек мырзаның Арғын күңінен туған ең кенже
баласы. Рабиу-Сұлтан-Бегім бəйбішеңнің бір əкеден туған інісі. Бұны тек Рабиу-Сұлтан-
Бегім мен мен ғана білетінмін. Өзіне тиген қырық құлдың бірі етіп ханым батыр Саянды да
алып келген. Ұлықбек мырзаның күңінен туған ұлы бар екенін əбді Латиф, əбусейіт,
əбділлах сұлтандар да, Шахарбек ханым да білмейтін... Олар біле қалса хан тағына тағы
бір таласкердің пайда болғанын ұната ма? əрине ұнатпайды. Көзін жас күнінде-ақ құртқан
болар еді. Ұлықбек мырза өз басына ауыртпалық туа бастағанын сезіп, өлер жылы, ақылы,
ойы ерте жетіккен Рабиу-Сұлтан-Бегім қызы мен осы жеті жасар ұлын көзінің қарашығындай
сақтауымды тапсырған. Ал мен ұлы данышпан əміршіге өле-өлгенше жас Саянды
жауларынан қорғап өтуге ант бергенмін. Міне, сол үшін оны қашырдым. Үш күреңді де
Рабиу-Сұлтан-Бегім менің ақылыммен алып қалды. Менің ақылыммен Жəнібек сұлтан да
күзетші Арғын жігіттеріне батыр Саянмен қашуға бұйырды. Ендігісін өзің біл, қазір өліп
кетсем өкінбеймін, Қара Нар бабамның өсиетін де, өзімнің Ұлықбек мырзаның алдындағы
антымды да адал орындадым.
Əбілқайыр соңғы кезде тек Рабиу-Сұлтан-Бегімге ғана емес, бүкіл Ақсақ Темір ұрпағына
ашулы еді. Самарқант əміршісі, өзінің күйеу баласы əбусейіт əбділлахтан майданда жеңіліп,
Əбілқайырға кеп паналап, хан күшімен əбділлахты өлтіріп, Самарқантты тартып алғаннан
кейінгі қылығы кешегі күндегідей емес, басқаша еді. Ол кезде Əбілқайырды хан тұтып,
Гератта оған арнап сарай салдырған. Халықтан жинаған қаржы-қаражаты мен зекетінің тең
жартысын уəделескен уақытында Орда-Базарға жіберіп, өзінің рухани бағынышты екенін
əрдайым білдіріп тұрған. Сол əбусейіт соңғы кезде кілт өзгерді. Бұқар, Самарқант
уəлиеттеріне Қорасан мен Иранның біраз жерін қосып алып, өз əмірлігін күшейткеннен бері
Əбілқайырға қырын қарауды шығарған. Əбусейіттің бұл қылығын Əбілқайырдың туған қызы
67
Күнайжамал да қолдайды-мыс деп естіген хан. Жəнібек пен Керей қарамағындағы елін
бөліп əкетіп, сəл əлсіреп қалған Əбілқайыр, бір ыңғайсыз кезде əбусейіттің өзіне жұдырығын
түйе бастағанын көрген. Хан іштей қатты ызаланған. «Егер қарамағындағы сұлтан, əмір,
көрехандар бүйте берсе айбарлы Дəшті Қыпшақ хандығында не қалады? Жығылған
Орданың біреу шаңырағын, біреу уық, бақанын, біреу керегесін бөліп-бөліп əкететініне сөз
бар ма! Жоқ, өйткізіп қоюға болмайды. Сайыпқыран Əбілқайыр хан да сояудай қанды
тырнақтарын көрсетуі керек! Ал əбусейітпен майданда кездесуге əлі мезгіл туған жоқ. Қазір
Самарқантты шабар əл-қуат жеткіліксіз. Əттең Жəнібек, Керей, əбусейіт күннен күнге
күшейіп бара жатыр. Амал жоқ, шыдаған жөн. Жағатай ұрпақтары, əңгіме сендермен сосын
болсын Осындай күйініп жүрген шағында Рабиу-Сұлтан-Бегім оқиғасы оған дəтке қуат
болған. Ақсақ Темір ұрпақтарына аз да болса қара жағылып, өшім қайта берсіндеген.
Ал Инеліктің мына сөзі тағы бұны кенет сескендіріп тастады. «Сонда қалай?.. Саянның
кіші інісі екенін маған Рабиу-Сұлтан-Бегім неге айтпайды? Мұнда қандай гəп бар? Арғындар
өзіне Саянның жиен екенін біледі. Бұ да əрине Рабиу-Сұлтан-Бегім арқылы... Мен ештеңе
де білмеймін... Əрине бəйбішем мен Арғындар арасында да бір құпия сыр бар... Кім біледі,
олар маған қарсы одақ құрып жүрген шығар
Əбілқайырдың қабағы кенет қайтадан түксие қалды. Бұл жалғанда адам баласының
жан тыныштығын бұзуға бостан-бос сезіктенуден, өзгенің бəрін өзіңе жау көруден қауіпті
күш жоқ. Əбілқайыр жас кезінен-ақ қарадай жел сөзге майысқақ, орынсыз сақ құлақ жан еді.
Жасы ұлғайған сайын бұл ауруы да күшейе түскен. Бұл жолы да солай болды. Көңілінде
кішкентай ғана күдік туып еді, ол күдік кенет басын алғалы келе жатқан қорқынышқа
айналды. «Жоқ, жоқ бұлар бəрі бірігіп мені құртқалы жүр. Алдымен Рабиу-Сұлтан-Бегімнің
көзін жою керек».
Хан ойын болжап білгендей Оспан-Қожа:
Арғындар батыр Саянның өздеріне жиен екенін мен арқылы білді. Осыдан бес жыл
бұрын оларға мен айтқам.
Неге?
Жетім бала теңізге шыққан жалғыз қайық секілді. Оған мықты рулардың бірі қорған
болсын дедім.
Арғынсыз қорғаны осал ма еді. Саянды Сүйіншікке атеке етем деп Рабиу-Сұлтан-
Бегім осында жанталасқан жоқ па еді?
Оған өзің көнбей қойдың ғой.
«Бекер көнбеген екенмін. Көнсем ғой, өсек сөзден өзім де, Рабиу-Сұлтан-Бегім де ада
болады екен-ау! Жəне Ұлықбектің туған баласы жиеніне атеке болып менің қолымда тұрса,
қандай күш! Темірлан алтын тағы Орда-Базарға қауіптене қарай жүрер еді ғой. Əбусейіт
тəрізді бұра тартарларды ауыздықтағаным, тобыр алдында кінəсіз көрінер еді. Қалай
жаулап алсаң да, тобырдың көкейіне қонбаған үстемдігің, тысырайып тұрған тар киім
тəрізді, бір жерінен болмаса бір жерінен сөгіліп кетеді». Əбілқайыр хан бұл қағиданы ұзақ
жылғы ел билеген тəжірибесінен біледі.
Хан ойын Оспан-Қожа тағы бөліп жіберді.
Батыр Саянды өлтірсеңіз ерке-шора Гүлбаһрам-Патшайымды да өлтірген болар
едіңіз...
Неге?
Гүлбаһрам-Патшайым қызыңыз батыр Саянға ғашық...
Оны сенен басқа кім біледі?!
Ханның бұл сұрақты текке бермегенін Оспан-Қожа бірден ұқты. Ол сəл ойланып қалды
да:
Рабиу-Сұлтан-Бегім ханым, — деді қырылдай сөйлеп. — Ол екі жастың түбі
қосылуына жан-тəнімен тілектес...
«Жоқ, Рабиу-Сұлтан-Бегім батыр Саяннан адал екен, əйтпесе жиырма тоғыздағы жас
сұлу оны күндесінің қызына қимас болар... бірақ бұны тағы менен неге жасырды? Мұнда
қандай сыр бар? Саянның Ұлықбек мырзаның баласы екенін білсем, мүмкін мен оны
Сүйіншікке атеке етер едім ғой. Мұндай аңырақай, соқпақты, қиын жағдайларда ең бөктер
жол сол болатын еді-ау!».
68
Рабиу-Сұлтан-Бегім алдымен сізден Саянды Сүйіншікке көкілташ 1 етуді өтінбек
болған. Бірақ жастайынан біріне-бірі ұнаған Гүлбаһрам-Патшайым мен Саяндай екі жасты
аяды. Егер Саян Сүйіншікке көкілташ болғанда Гүлбаһрам-Патшайымнан мəңгі күдер үзер
еді. Өз қарындасын өзі алуға Мұхаммет пай-
ғамбардың діні рұқсат етпес еді. Сол себептен сізден ханым оны атеке етуіңізді өтінді. Сен
көнбедің ғой. Ал батыр Саянның кім екенін сізге айтуға қорықтық. Өйткені Қыпшақ батыры
Қобыланды да сенің қызыңа ғашық... Бəрібір Қобыланды тұрғанда қайдағы бір келімсекке
Гүлбаһрам-Патшайымды бермейтінің айдан анық қой.
Тоғыз торап жол бір жерге келіп түйіседі. Сондай-ақ сан адамның тағдыры кейде
осындай бір тұстан табысады. Хан өз Ордасында тарам-тарам қан тамырларындай түйісіп,
қайтадан тарасып жатқан құпия сырларға таң қалды. Қан тамырының бəрі келіп бір жүрекке
құйып, қайта тарайды. Ордадағы сол жүрек Əбілқайырдың өзі ғой. Бірақ сол Орда тынысын,
қан тамырларының қалай соғып жатқанын неге сезбей келген? «Халықты билеместен
бұрын, ең алдымен Ордаңды билей біл. Ордаңды жұмған жұдырықтай берік ұстай алсаң,
халықты да берік ұстай аласың» деп əлем құдіретшісі ұлы Шыңғысхан бабамыз бекер
айтпаған екен, «өз Ордамда не болып жатқанын сезбегенде де Жəнібек пен Керейдің
халқымды қалай бүлдіріп жүргенін қайдан білейін. Жоқ, жоқ, мен алдыменен маңымды берік
ұстауым керек».
Хан енді басын көтеріп алды, қоңырау орнына алақанын шапалақтады. Үйге Бақты-Қожа
уəзір кірді.
Қазір менің қызым Гүлбаһрам-Патшайым мен Қобыланды батырды алып келіңдер.
«əрине, Гүлбаһрам-Патшайымды Қобыландыға қосамын. Жазықты ма, жазықсыз ба
бəрібір батыр Саян кінəлі. Тыныш жатқан арыстанхан ашуын өзі оятты... Демек, Рабиу-
Сұлтан-Бегім күнəсіз... Оның кесімін кейінге қалдырғаным жөн болған...»
Хан ием, тағы да айтатын бір ақылым бар.
Ол қандай ақыл?
Уəзіріне сырын білдіріп алған хан қақпанға түскен аңмен бірдей. Тағдырың уəзіріңнің
қолында. Достық ойласа қақпанынан құтқарып жібереді, қастық ойласа ұрып алады. Əйтеуір
қақпанынан оңай босатпайды.
Бұны сен маған неге айтып тұрсың?
Бақты-Қожа уəзірден сақтан. Жұрт сенен емес одан қорқа бастапты. Мұндай айбар
тек ханды өз уысында ұстаған уəзірдің қолынан ғана келеді.
«Мына сөзінде де жан бар секілді. Иə, Бақты-Қожа бір сырымды біледі. Жəне сыр
болғанда қандай сыр! əрине сол сырымды өзіме қарсы пайдалануға тырысады. Кім біледі
пайдаланып та жүрген шығар?.. Тұра тұр Əбілқайыр тағы да өзінің сезіктенгіш қылығына
ауды. Оның көз алдында, кенет, құпия сыбырласып отырған Рабиу-Сұлтан-Бегім мен Бақты-
Қожа уəзір елестеп кетті. Одан кейін бəйбішесінің кешегі бір өзіне деген жылы шырайы есіне
түсті. Əдетінше түс мезгілінде хан Рабиу-Сұлтан-Бегім үйіне барған. Жас сұлу бəйбішесі ақ
тотыдай таранып отырған. Əбілқайыр үйреншікті əдеті бойынша шымылдықтың қасына
келіп шешіне бастағанында, Рабиу-Сұлтан-Бегім ақ мамықтың үстінен еркелеп түрегеліп,
аяғын ырғала басып алтын кесеге шербет құйып əкелген.
Гераттан жіберіпті. Бұғы мүйізінің нəрі қоса қайнатылған, аяғына дейін ішіңіз, хан ием,
деген.
Хан ішкен. Жəне денесі аппақ қардай, қарақат көз сұлу бəйбішесінің жанында
əдеттегісінен анағұрлым ұзақ жатқан. Сол бір шатты сəтте əлі де он жеті жасар уылжыған
қызға бергісіз осы бір періштедей сүйкімді əйелін Бақты-Қожа уəзірге өлтір деп тапсырғаны
ойынан шығып кеткен. Бар ынтасы сол бір тамаша мезеттің қуанышын мейлінше соза
түсуде болған. Өткіншек дүниенің қызығы да оған дəл осы сəтте марал мүйізінің сөлі
қосылған шербеттің тəтті уытындай көрінген. Тек осы қызық тез өтіп кетпегей деп тілеген.
Ал сол сурет оның көз алдына басқаша елестеп кетті. Шербет құйылған алтын кесені
қолына алды. Жанындағы Рабиу-Сұлтан-Бегім мөлдір көзіне қарай тұрып кесені түбіне
дейін жұтып салды. Сөйтті де жүрегі өртеніп домалай барып құлады... «Марал мүйізі сөлінің
орнына кішкентай ғана күшəланың уы қосылса не істеймін?! Жоқ, жоқ бұдан былай қарай
тым сақ болған жөн. Япырмай, бір ажалдан аман қалған екем. Өзім де сезімге берілгішпін.
Шербетті алдыменен Рабиу-Сұлтан-Бегімнің өзіне неге іштіріп алмадым? Екіншідей бұл
1 К ө к і л т а шбірге туыспаса да, хан шешімі бойынша жас балаға аға болып саналу. Кей көкілташтар өзіне іні
еткен хан баласына туған ағасындай болып кеткен.
69
естен шықпасын. Жалғыз Рабиу-Сұлтан-Бегім ғана емес, қай қатыным болса да берер асын,
ішкізер сусынын ең алдыменен өздеріне таттырып көруім керек-ақ
Хан сырын көп білетін уəзір тірі қалуға тиісті емес...
Ойда тұрған Əбілқайырға дəйекші сөзі алыстан талмаусырап жетті. «Иə, хан
сарайларында бар өмірі өткен қарт дəйекші дұрыс айтады. Бақты-Қожа уəзір менің ең
қылмысты сырымды біледі. Сондықтан...»
Үйге кірген шабарман кенет хан ойын бөліп жіберді.
Тақсыр хан, үлкен бəйбішеңіз сізге айтуға бата алмай отыр екен. Гүлбаһрам-
Патшайым ханша кешеден жоқ... Бір жетіден бері төмендегі елдің бəйгесіне екі қылаңды
мініп кеткен секілді.
Мұндай хабарға еті үйреніп кеткен хан, қабағын да шытқан жоқ.
Қобыланды батыр қайда екен?
Тақсыр, Қобыланды батыр бар Қыпшағын соңынан ертіп ата мекен ескі қонысы
Торғай өзенінің бойына көшіп бара жатыр.
Неге?
Онысын білмеймін. Қас-қабағы жабыңқы. Жігіттері де қалың қол боп тастай түйініп
алған. Қайт деуге бата алмадық. Жəнібек пен Керей ауылдары ауған Жағатай жұртына
қарай қашқан Гүлбаһрам-Патшайым ханшаның соңынан қуып жете алмай қалыпты деседі
жұрт. Ұзын-құлақ. Мүмкін бұл өсек болар.
«əрине бұл өсек емес. Қыпшақ батыр Қобыландының шынымен-ақ менің қызымда үміті
болған екен. Қыз көнбей қашып кеткен соң, ызадан көшкен екен. Маған қолқа салуға
қаймыққан ғой. Ажалға бермей, алып қалғанымды тағлым тұтқан да. Шіркін, лəззат, сен
кəріні де, жасты да отқа саласың-ау. Оспан дұрыс айтады. Қобыландының Ақжол мен
Саянға өшігуі де осыдан. Бірақ бір қатын қолыма түспеді деп, осыншама бүлінетін не бар
еді, ақымақ! Осының ызасына əлде соңынан бар əскерімді жұмсап, қан жоса етейін бе?
Жоқ, өйтудің керегі болмас. Торғай өзенінің бойы да менің қарамағымда ғой. Кетсе өз
жеріне кетті, Жəнібек пен Керей тəрізді жеке хандықты көксеп, жат жаққа қаша жөнелген жоқ
қой. Əлі-ақ сабасына түсер, қайта оралар...»
Əбілқайыр ақыл-сезімін астаң-кестең еткен бұл ойларын ешкімге сездірген жоқ. Тек:
Қырық күншілік жерді бір күнде алатын Көксеңгірмен Гүлбаһрам-Патшайымға жете
алмай қалса, шын таусылған екен! — дей салды теріс бұрылып кетіп.
Иə, солай, тақсыр.
Хан сол теріс бұрылған қалпында «бəрің де кетіңдер деген ишарат білдіріп қолын
сілтей салды. Уəзір, шабарман тұтқынды ала жөнелді.
Қош бол, хан ием...
Əбілқайыр кешегі өзінің жақсы көретін ақылшысының бірі Оспан-Қожаға бұрылып та
қараған жоқ. Ол дəл осы сəтте Оспан-Қожаны да, оның тағдырын да, бағанадан бері айтып
тұрған су астында жатқан інжу-маржандай сырларын да есінен шығарған. Иə, ол өзгенің
қастығы болмаса, жақсылығын тез ұмытатын. Бүкіл Дəшті Қыпшақ, Қорасанды билеп тұрған
Əбілқайырға Оспан-Қожа деген құл кім? Жақын етсе өзі етті. Өлтірсе өзі өлтіреді. Ал
дəйекші сорлы қайтадан зынданында ажалы жеткенше, іріп-шіріп жата бермек боп кете
барды. Ханды енді басқа ой мазалай жөнелді.
«Жəнібек пен Керей Жағатай ұрпақтарының қол астына ауды. Қыпшақ Қобыланды көшті
өз жайына. Самарқанттағы əбусейіттің теріс бұрылып бара жатқаны анау... Еділ бойындағы
өзіне тəн Қыпшақтарын ертіп қарға бойлы Қазтуған да Жəнібек пен Керейге қосылғалы
қонысынан көтеріліпті деген сөзді кеше естідім. Жəне Қазтуған жырау:
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас,
Бақасы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас,
Сөйткен менің Еділім,
Сен салмадың, мен салдым.
Қайырлы болсын сендерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт, —
деп Еділ бойында қалған Алшын, Ноғайлы руларына батасын беріп көтеріліпті дейді. Өзге
рулар да Жəнібек пен Керейдің соңынан ерді деген сөздерді жиі ести бастадым. Бұның бəрі
70
неліктен? Отыз жылдай ат үстінен түспей көтерген Көк Ордам қайтадан құлағалы тұр ма?
Егер менің көзімнің тірісінде мықтап шетінесе, он ұлым, он бес қызым, елуге тарта
немерелерім, əрқайсысы ол Орданы өзіне қарай тартып пара-парасын шығармасына кім
кепіл? Иə, сөйтулері мүмкін. Жоқ, ондай жағдайға жеткізуге болмайды. Ел тізгінін қайтадан
қатты тартуым ақыл. Ең алдымен Мауреннахр мен Қорасанның биліктері қолындағы
өзіммен тілектес хакім, сұлтандармен одақтасып алып, Жəнібек пен Керейдің қолтығына су
бүркіп, жеке хандық етеміз деп отырған Моғолстанға ойранды салуым борыш...»
Əбілқайыр енді Ордасының ішіндегі жағдайға көз жіберді. «Алғашқы келісімді Ақсақ
Темірдің ұрпақтары меңгеріп отырған Самарқант пен Бұқардан бастайтын болсам, Ұлықбек
мырзаның қызы Рабиу-Сұлтан-Бегім жайындағы ой-пікірімді тез өзгертуім қажет. Заты əйел
болғанмен Рабиу-Сұлтан-Бегім Ақсақ Темір ұрпақтары мен Мауреннахрдың бек, əмірлерінің
алдында қадірлі. Тартыс-
та бұл қасиетін де есте тұтқан жөн. Əскер басқа елді басып алуға керек, ал жауыңның
ақылды адамдары, бек-сұлтандары сол елді билеуіңе құрал». Əбілқайыр езу тартып күлді.
Оспан-Қожа: «хан сырын білетін уəзір өмір сүруге тиісті емес» дейді. Дұрыс айтады. Бұл
данышпан ақылыңды Бақты-Қожаны құрту үшін ғана емес, өзіңнің көзіңді де тезірек құрту
үшін жұмсармын... Сен жеті қабат жер астындағы зынданда жатсаң да, білетін сырың жер
астында жатпайды, бəрібір сыртқа шығады... Мұндайда қара жерге де тіл бітеді...»
Ертеңіне Оспан-Қожаға ас түсірілу тоқтатылды. Ал сол күні төрт нөкерімен хан
Ордасына келе жатқан Бақты-Қожа уəзір үшті-күйлі жоқ болды да кетті... Хан
шабармандары іздеп жан-жаққа қанша шапқыласа да оны таба алмай-ақ қойды, хан
Ордасының маңайындағы Үйсіннің атышулы батыр, билері «бұл қалайдеп күңкіл шығара
бастады. Дəл осы кезде «Бақты-Қожа нөкерлерімен Моғолстанға өтіп кетіпті» деген лақап
дүңк ете қалды. Өзі шығарған бұл лақапты ең алдымен Əбілқайыр пайдаланды, «Мені
сатып кеткен əкесінің айыбы» деп, хан көптен бері көзін тігіп жүрген, ерніне əлі тірі жанның
ерні тиіп көрмеген, кеудесіндегі қос алмасы тығыршықтай, дала киігіндей тағы, қамшының
таспасындай тастай етіп өрілген қолаң шашы жерге түскен Бақты-Қожаның он төрт жасар
сұлу қызыТоқтар-Бикені тоқалдыққа алды. Қандас уəзірдің кесірі тие ме деп, хан
қаһарынан қорқып қалған Үйсін батырларының сыбырлары су сепкендей басылды.
Əбілқайыр жас тоқал алып ашуын басып, енді жорыққа дайындалуға кірісті.
Демек, Рабиу-Сұлтан-Бегім атақты Ақсақ Темірдің данышпан немересі Ұлықбектің қызы.
Ол өзінің ақыл-парасатымен жұрт алдында ерекше көзге түскен. Сүлеймен пайғамбардың
кезіндегі əйел патша Балқыз замандастарына қандай құрметті болса, бұған да өз
замандастары біздің уақытымыздың Балқызы деген ат берген.
Жас иіс сұлу тоқалы Тоқтар-Бике Əбілқайырға тек өзінің сұлулығы мен жастығын берді.
Өзгесін хан Рабиу-Сұлтан-Бегімнен тапты. Рабиу-Сұлтан-Бегім де өзіне хан ықыласының
қайта түскенін көріп, жас иіске аз күн ауғанын кек тұтпай, енді бұрынғыдай емес, хан істеріне
біртіндеп араласа бастады. Осы кезде Орда-Базарға əбду-Латифтың туған баласы
Мұқамет-Жөкі келе жатыр деген хабар жетті.
Рабиу-Сұлтан-Бегім оны алдынан ат шаптыртып қарсы алды. Үстінде көк құрыш
шынжыр сауыт, ер-тоқым, жүген-құйысқандарын алтынмен аптатқан он шақты жігіт Орда
тұсына кеп түсе қалды. Хан Ордасына қарай жаяу жүрді. Қару-жарақтарын сыртқа
қалдырып, бұлар иіліп сəлем беріп үйге кіріп келгендерінде, Əбілқайыр елең етіп шошып
кетті. Ордада ханмен бірге тұрған Рабиу-Сұлтан-Бегім езу тартып күлімсіреді.
Хан ием, бұл кіші балдызыңыз, əбду-Латиф мырзаның туған баласы Мұқамет-Жөкі, —
деп басын иді.
Ал Жөкіге:
Жалғыз бауырым Мұқамет-Жөкі, сау-саламат келдің бе? Мына кісі ұлы мəртебелі
Сүлеймен пайғамбардай ақылды, Ескендір Зұлхарнайын патшадай айбарлы, бүкіл Дəшті
Қыпшақ ханы Мауреннахр мен Қорасанның сырттай əміршісі Əбілқайыр жездең, — деді. Өзі
барып, бірінші боп құшаққа құшақ тигізіп амандасып, бауырын қолтықтап ханға таяды.
Хан созылған қолды аларда тағы дір ете қалды. Сəл кейін шегініп те кетті. Бірақ құшаққа
құшақ, кеудеге кеуде тигізіп амандасуға батылы бармады, тек қол алысып амандасты да
қойды.
Əбілқайырдың расында сескенетін де реті бар еді. Мұқамет-Жөкі алғашқы үйге кіріп
келгенде, оны батыр Саян екен деп қалған еді хан. Бірінен бірі аусайшы! Бір шыны аяқтағы
екі тамшы судай ұқсас. Сол қалың қабақ, өткір көз, сопақтау келген сұрша бет. Бойлары да,
71
дене құрылыстары да дəлме-дəл. Сұңғақ бой, арыс кеуде, жіңішке бел. Жас жолбарыстың
аяқтарындай, аяқ-қолдары сомдала біткен. Жалпы қимылында, дене бітімінде секіруге
дайындалған жолбарыс тəрізді бір қауіпті сұс бар...
Əбілқайыр қол алысып амандасып, Мұқамет-Жөкіден ел жайын, Мауреннахрдың күйін
сұрап отырғанында да іштей сезіктенумен болды. Ханның мұндай жағдайын байқаған
Рабиу-Сұлтан-Бегім енді Əбілқайырдан қонағын өз Ордасына алып баруға рұқсат сұрады.
Бойын билеп алған əбігерден айырыла алмай отырған Əбілқайыр бірден көнді.
Рабиу-Сұлтан-Бегім сескенуден де, «əкең əкемді өлтірген» деп Мұқамет-Жөкіге кек
тұтудан да аулақ еді. Əбду-Латиф Ұлықбек мырзаны, менің жəне өзінің əкесін өлтірді, ал өзі
басқалардан ажал тапты. Ақырында екеуінің қастары əкесі мен баласынан бірдей құтылды.
Бұған қарап Ұлықбектің қызы мен əбду-Латифтың ұлы қырық пышақ болуға тиістіміз бе?
Жоқ, тиісті емеспіз. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Ұлықбек тұқымынан тірі
қалғандардың ішіндегі ең жақыны біз екеуміз. Егер біз екеуміз жау болсақ, бұдан тек
қастарымыздың бағы жанады.
Рабиу-Сұлтан-Бегімнің Мұқамет-Жөкіні өзіне жақын тартуының тағы да бір себебі
екеуінің Ұлықбек сарайында тетелес өсуі еді. Мұқамет-Жөкі Рабиу-Сұлтан-Бегімнен үш жас
кіші. Сондықтан Рабиу-Сұлтан-Бегім одан өзін үлкен санап, кішкентайынан оған апалық
қамқорлық көрсетіп келген.
Сұлтан тұқымдарына тəн аяусыз қатты мінездеріне қарамай, екеуіне де жастайынан жат
емес, осы бауырмалдық сезім, қазіргі тілектерінің жақындай түсуіне жол ашты.
Рабиу-Сұлтан-Бегім Мұқамет-Жөкінің келуіне арнай қыз-келіншек, бозбалалар жинап,
ұлан-асыр той істеді. Ат шаптырылды, балуан күрестірілді. Жігіттер жамбы атып, сайысқа
түсті. Шырқалған əн, тербелген алтыбақан... Айлы түндерде, бетегелі құрақты сай ішінде
хан қонағы талай сұлуды құшып, күндіз сұңқар, қаршыға салып, Арқаның қызыл түлкісі мен
кіші-гірім лақтай қыр қоянын алдырды.
Осылай бір апта ойын-сауық құрғаннан кейін, Мұқамет-Жөкі хан алдына келді. Алыс
жерден сапар шеккен мұң-мұқтажын айтты. Жігіттің сауытсыз, қару-жарақсыз екенін көріп,
хан көңілі күптенбеді. Ол енді Мұқамет-Жөкімен ақжарқын, шын көңілмен ұзақ əңгімелесті.
Бұл əңгімеге тек Рабиу-Сұлтан-Бегім ғана қатынасты.
Самарқант, Бұқар, Герат, Мервте қазір қанша əскер барын, халықтың əбусейітпен өш
екенін баяндай келіп, Мұқамет-Жөкі сөзінің аяғында:
Əбілқайыр хан, Ақсақ Темір тағына менің атам Ұлықбек, одан кейін оның баласы,
менің əкем əбду-Латиф отырған, ендігі кезек менікі, — деді, — əбусейіт қазір Қорасан мен
Иракты тегіс жаулап алам деп жорықта жүргенінде, Самарқант билігін қолыма түсіруге
жəрдем беріңіз. Мұндай ыңғайлы сəт екінші мəртебе кездесе ме, онысын білмеймін. Ал
қазір ең қолайлы шақ...
Əбілқайыр баяу езу тартты.
əбусейіт те əбділлахтан əмірлікті алар жолы, дəл сен тəрізді ішке кіре келген...
Ақсақ Темір ұрпағының бəрі əбусейіттей опасыз бола бермес. Егер Самарқант
əмірінің тағына отырғызсаңыз, өмір-бақи сізді əке етіп, айтқаныңызды екі етпей өтуге
қолыма құран алып ант етуге бармын.
əке еткеніңнің маған керегі жоқ. Əкесі болар балаларым жетеді. Алда-жалда
Самарқант тағына отыра қалсаң əмірімді екі етпеймін деп серт берсең құба-құп.
əміріңізді екі етпеске міне құран, міне нан.
Əбілқайыр үндемей қалды. Ол ұзақ уақыт тілсіз отырды да, бір мезетте:
Самарқант уəлиетінің жерінде ұрысқа жарайтын қанша жауынгер пілдер қалды? —
деп қарсы отырған жігітке тесіле қарады.
Бұрын Дəшті Қыпшақ, Мауреннахр жерлерінде соғыста піл қолданылмайтын. Ақсақ
Темір Иран мен Үндістанның шетін алғаннан кейін барып, пілді кей жағдайларда Орта Азия
хандары жауын қорқытуға аздап пайдалана бастаған. Бір кезде Самарқант, Бұқар
уəлиеттерінде піл əжептəуір қоқан-лоққы күшке айналған. Ал Əбілқайыр үнемі Мауреннахр
жеріне шабуылға шыққанда, қойға шапқан қасқырдай, ол əдетте хандарының бөтен елге
жорыққа кеткен кезін аңдып тұратын. Қалаларын жау алған соң, пілдер де ештеңе істей
алмайтын. Демек, Самарқант, Бұқарда дəл біз айтып тұрған шақта жауынгер пілдер бітуге
айналған-ды. Бірақ əзірге өлмеген азғантай пілдердің өзінен де, бұрын мұндай ашулы алып
хайуандармен айқасып көрмеген көшпелі ел сыпайларының зəре-құты қалмайтын.
Самарқантты бағындырам деп аттанған баяғы алғашқы ұрысында өздеріне қарай дүрсе қоя
72
берген үш пілден бүкіл Қыпшақ жігіттері жөңки қашқан. Əскердің арт жағында келе жатқан
Əбілқайыр, ұзын тұмсығын оңды-солды сілтеп, кіші-гірім үйдей боп өзіне қарай тап берген
алып пілді көргенде, не істерін білмей, қолындағы найзасын жерге түсіріп алған. Тек
ажалдан астындағы жүйрік ақ боз аты құтқарған. Содан бері Ақсақ Темір əміратына жататын
қаланы шаппақ болса, ең алдымен «жауынгер пілдері жоқ па екендеп сұрайтын. Жылан
шаққан адам ала жіпті аттауға қорқады. Бір рет өлердей боп шошып қалған Əбілқайыр бұ
жолы да сол дағдысына салып, піл жайын тəптіштеп сұрап отырған-ды.
Бүкіл Самарқант, Бұқар, Гератта үш-ақ піл бар, — деді Мұқамет-Жөкі, — о да жорыққа
шыққанда Көреханның шатыры мен гаремін алып жүреді.
Өзге пілдері қайда?
Пілді соғысқа пайдалану үшін оларды жұмсай алатын адамдар керек... Бұрын бұл
қызметті Иран мен Үндістаннан алып келген есірейлер атқаратын. Олардың өлгені өлді,
өлмегені ебін тауып өз жеріне қашып кетті. Иесіз қалған пілдерді əбділлах қастары у беріп
өлтірді.
Бұлары дұрыс болған екен! — Əбілқайыр Ордасының əшекейлеп сыр-
ланған қабырғасына қарады. «Қан төкпей істейтін ісіңді қан төкпей істе. Қан төгіп істер ісің
болса алла-тағала өзі жəрдем берсін» деген қабырғаның жоғар-
ғы ернеуіне оюлап жазылған хадистің төменгі жағына көз жіберді. Қабырғада самсаған қару-
жарақ ілулі тұр. Болат наркескен, қисық алдаспан, көк құрыш сүйір ұшты найза, шойын
басты шоқпар, жақтың бірнеше түрі... Əне, анау Исфаған қылышымен Жұмадық ханның
басын алған. Əне, анау болат сүйір найзаны Əбілқайыр өз қолымен Мұстафа ханның
жүрегіне қадаған... Хан езу тартып күлді. Хадис «əділеттік үшін қан төгіп істер ісің болса,
алла-тағала өзі жəрдем берсін» дейді. Қандай жəрдем? Қан төгуге жаралған осы қаруларды
қолыма ұстатқанының өзі алла-тағаланың берген жəрдемі емес пе? Иə, солай, жəрдемі.
Самарқант əмірінің бар пілін улатып өлтірткеніо да жəрдем! Алла-тағала менен
жəрдемін аяп көрген бе, тек сол жəрдемдерді дұрыс пайдалана білсем болғаны ғой.
Пайғамбар аузынан шыққан мына хадис та соны айтып тұрған жоқ па? Дəл солай. Берген
сертін бұзған əбусейіттің өз обалы өзіне. «Қан төкпей істейтін ісіңді қан төкпей істе» дейді.
Мұхаммед пайғамбарым. Мен қан төгейін деген жоқ едім, əбусейіттің өзі қанымды төк деп
тілеп тұр ғой. Сұрағаны болсын
Əбілқайыр Мұқамет-Жөкіге тесіле қарады.
Жақыныңа жəрдем ет дейді құран, мен саған жəрдем беруге дайынмын. Бірақ, қояр
екі шартым бар.
Мұқамет-Жөкі басын иді.
Бірінші шартымƏбілқайыр бұл шарттың Мұқамет-Жөкіден гөрі Рабиу-Сұлтан-
Бегімге қатынасы бар екенін əдейі білдіргісі келгендей, кіші бəйбішесіне қарады, — əбусейіт
менің қызымды алған, бірақ антында тұрмады. Антын бұзғаны үшін мен одан кегімді қалай
қайтаруым керек?
Рабиу-Сұлтан-Бегім жымия күлді.
əрине, кегің қызыңды қайтарып алумен бітпейді.
Қызың орнына əбусейіттің бірінші əйелінен туған, он үш жасар сұлу Ғибадат-Сұлтан-Бегімін
тоқалдыққа алуың керек.
Əбілқайыр қайтадан Мұқамет-Жөкіге бұрылды.
Бірінші шартымҒибадат-Сұлтан-Бегім сұлуды сол қауыздай жарылмаған,
шыныдай сынбаған күйінде менің қойныма саласың.
Уəде, тақсыр жезде.
Екінші шартымəбусейіт бұзған антты сен орындайтын боласың.
Бұнысы əбусейіттей емес, сен мені алдамайсың, өле-өлгенше бағынышты боп өтесің
дегені еді.
Құп, тақсыр.
Сол күні Əбілқайыр Мұқамет-Жөкіге ертіп, Самарқантқа Бүреке-Сұлтан мен Бішкенді
оғланның басқаруымен он мың санды қол аттандырды. Атышулы батырларының да біразын
жіберді.
Хан əбусейіттің Қорасанда жүргенде Самарқантты басып қалудың бəлендей қиындыққа
түспейтінін жорамалдады.
Екі апта өткеннен кейін жиырма мың қолымен Əбілқайыр өзі Мауреннахр жеріне қарай
беттеді.
73
Көк Орда ханы отыз жылдан астам хандық өмірінде астанасын бірнеше жерге
көшірген... Сығанаққа да ту байлаған. Қай өлкені бағындырса, сол өлкеге Ордасын алып
барған. Асан Қайғының Дəшті Қыпшақтың жеріне, не Ұлытауда, не Еділ, Жайық жағасының
бірінде хан Ордасын тікпедің деп ренжуі де осыдан еді. Демек, ол қай жерге хан Ордасын
көшірсе де, өзінің алғашқы туын тіккен Орда-Базарға қайтып орала беретін. Орда-Базар
оның түпкілікті астанасына айналған. Əйтсе де көптен бері осы астанасын мүлдем тастамақ
ойға бекіген.
Орда-Базар, еш теңізге құймайтын, суы мол болғанымен өрісі тар Қаракеңгір өзенінің
бойында тұр. Батысындағы кеме жүретін Еділ өзені екі мың шақырымнан астам жерде.
Солтүстігіндегі ұлы өзен Ертіс пен Есіл олар да сондай жырақта... Оңтүстігіндегі қос алып
Жейхун мен Сейхун да тым қашықта жатыр... Шығысындағы Көкше теңіз сəл таяуырақ, бірақ
жол ортасы аңырақай, шөлейт... Əбілқайыр астанасын көп уақыт Сығанақта ұстаған. Кейін
Қырымдағы Өзбекхан мешіті мен гаремі тұрған Қара теңіз жағасындағы Қара-Даг тауынан
отыз шақырымдай жердегі Ескі Қырымға да көшірмек болған. Бертін келе Еділ жағасындағы
Ақсақ Темір бұзған Алтын Орда астанасы Сарай шаһарына апаруды да ойлаған. Солтүстік
тұсына да, тіпті Жем, Ойыл, Ақ Жайық өзендерінің бойына да орнатсам деген. Бірақ мұның
біріне де тұрақтай алмаған. Өйткені неғұрлым Дəшті Қыпшақтың батыс шекарасына қарай
беттеген сайын соғұрлым Мауреннахр шаһарларынан алыстап кететін болған. Бұлай
істеудің жөн емес екенін Əбілқайыр жақсы түсінетін. Батыс мемлекеттері бұл уақытта
əжептəуір күшейіп алған. Оларға түбі күшінің келмейтініне Əбілқайырдың көзі жете
бастаған. Көк Орданың бел алуы енді тек Шығыс шаһарларына ықпалын жүргізуде деп
білген... Сондықтан оның көзі Батысқа емес, Шығысқа тігулі болатын-ды. Сол себептен де
Шығысқа жақын Орда-Базарға əлсін-əлсін қайта орала беретін. Ал соңғы кезде бұл Орда-
Базардың өзі де Əбілқайырға қуат бола алмайтындай күйге жеткен. Ол заманда көмір,
мұнай, құрыш, темір өнеркəсіптері тіпті өркендеген кезі, ал қалалардың үлкейіп, гүлденіп
кетуіне екі түрлі жағдай керек-ті. Біріқала дегенің үлкен сауда жолының үстінде тұруы
қажетті. Əйтпесе кеме жүретін, бір ел мен бір ел қатынасатын, суы мол өзен, не теңіз
жағасына салынуы керек. Ал Орда-Базарда бұл қасиеттің бірі де жоқ. Міне, осы жағдай
Əбілқайырды бөтен астана іздеуге мəжбүр етті. Жаңа астана іздемеске болмайтын тағы бір
себебі бар. Қазақ руларының біразы Моғолстанға көшіп кеткеннен бері Ұлытау маңы хан
Ордасына жайсыз тие бастады. Қойға шабатын бөрі де, малын айдай қашатын ұры да
көбейді. Əсіресе «Жалғыз көз» деген батыр пайда болып, хан қостарына маза бермейтін бір
қырсыққа айналды. Астында желдей жүйрік ат, жанында өзіндей кілең батыр жігіт. Хан
əскері бірнеше рет соңдарынан түссе де, Қарақұмға сіңіп кетіп ұстатпай қойды.
Ал бұл «Жалғыз көз» батырбаяғы жылқышы Орақ еді. Үңгірде бір жыл жатып,
балгердің емдеуімен төсектен тұрған. Бір көзден айырылып, беті адам көргісіз тыртық боп
біткен. Аққозыға қайта жолығуға өзінің мына мүсəпір түрінен қорланып, одан біржолата
күдер үзген. Өзі тəрізді кедейлердің өшін Əбілқайырдан алмақ боп атқа мінген. Бірақ əзірге
соңынан ерген халқы аз болғандықтан, бар қолынан келері аш қасқырдай хан малына тию
болған. Əрине, хан бұның Орақ екенін білген жоқ. Демек, бұл арадан көшіп, көбейіп кеткен
өзіне қас адамдардан да құтылуды жөн тапқан. Ойлап-ойлап ақырында астанасын Үргеніш
шаһарына көшіруді ұйғарды. «Жейхун дариясының жағасында, Сұлтан-Уайз-Даг қамалынан
жетпіс шақырымдай төмен тұратын Үзбой арнасы арқылы жүзіп отырып Хивас 1 теңізіне
жетуге болады. Бұл теңізге шығуымызТүркімен, Дəшті Қыпшақ, Хива өлкелерін
уысымызға қысып ұстауымыз ғой. Ортада бір кезде Еділ, Дон, Днепр бойынан көшіп келген
қарақалпақтар бар. Қай жағыма қарасам да көз алдымда өзіме бағынышты елдер тұрады.
Ал тілі де, діні де бір қарақалпақтарды өз Ордама қоса салу қиынға түспейді. Күншығыс
пен оңды-солды жағыңМауреннахр жері, солтүстік батысыңМоғолстан, онымен
шектесіп жатқан тағы Дəшті Қыпшақ... Тек Моғолстан өлкесін өзіңе бағындырсаң, болғаны.
Көк Орда хандығы батысыЕділ, Қара теңіз, оңтүстігіХивас, Иран, Ауған, солтүстігі
Тара, Орал ойпаты, шығысыҮндістан, Қытай мемлекетіне дейін созылған ұлы хандыққа
айналады. Мұндай жерді Ескендір Зұлхарнайын əтиль, Шыңғысхан, Ақсақ Темірден бөтен
ешкім билеп көрген жоқ. Бесінші ұлы хан боп мен билеймін, жалғанда бұдан артық жетер
арман бар ма? Бұл опасыз дүниеде бəрі де бір күнгідей болмайды, байлығың да, бақытың
да өтеді де кетеді... Тек атағың ғана өшпейді. Ал осыншама жерді, елді билесең сенің
1 Х и в а с т е ң і з іКаспий теңізінің аты.
74
атағың ұрпақтан ұрпаққа кетеді. Бүкіл əлемді топан су қаптар күн туса, Нұқ пайғамбардай
адамзатқа өлмес атың қалады. Өзің өлсең де, тарихта есімің өлмесе, одан артық қандай
мəңгі тіршілік бар? Бұдан асып тірі пенде не істей алады
Бұл ханның орындалмас қиялы. Демек, Үргенішті алуды арман еткен Əбілқайыр Дəшті
Қыпшақтың оңтүстік құмайтты жағын қиғаштай жүріп, бір аптадан кейін Отырардың солтүстік
тұсынан өтетін Сейхун дарияның қамыс, жиде, қарағашты жағасына келіп жетті.
Құмырсқадай быжынаған қалың қол, белдері босаңсыған аттарын тынықтырмақ боп, бір
жетіге қостарын тікті. Хан ойынша бұлар тынығып болғанша əскерге азық-түлікке он
мыңдаған қойды айдап, соңдарынан көше қонып келе жатқан көп қараша ауылдары да
жетпек-ті. Ал қосын келіп қостарын тіккен Сейхун дарияның тұсы өркеш-өркеш асау сұрғылт
толқындары жұдырықтай тастарды жаңқа құрлы көрмей жұлып ала жөнелетін долы еді. Екі
жағы бірдей түйелі адам көрінбейтін қалың қамыс, анақурай. Бұлардан əрі кигіздей боп
тұтасып кеткен тапал бойлы тораңғыл мен жиде ағашы. Іші толған сан түрлі аң, құс. Анда-
санда бүкіл Дария бойын тітіреткен жолбарыстың ақырған ашулы үні естіледі. Сөйткенше
«бақ» ете қалған ақбөкеннің даусы шығады.
Əбілқайыр əскері осы арада бір жеті болмақ. Аттың белін көтергеннен кейін арғы бетке
өтпек. Сейхун секілді долы тасқыннан өту оңай шаруа емес.
Шыңғысхан заманында мұндай өзеннен өтудің басқа жолы болған. Əрбір монғол
жауынгері ерінің басына байлап алған өгіз терісін дастарқан секілді дөңгелетіп ойып,
шетінен қыл шылбыр өткізетін тесік істейтін. Бар киім-кешегін, кейде тіпті қару-жарағын да,
осы терінің ортасына салып, шетіндегі тесіктерден өткізілген шылбырмен аузын бүріп
байлайтын. Осылай қолдан жасалған, суда батпайтын тері қапшықты ат құйрығына
байлайтын. Өзі атының жалынан ұстап қатарласа жүзеді. Не атты бос қоя беріп əлгі
қапшықтың үстіне отырады. Орхон, Онон, Керулен, Енисей, Ертіс секілді ағысы қатты мол
судың жағасында өскен монғол жылқылары, толқыны екпінді қандай өзендер болса да арғы
бетке алып шығады. Дəл осылай олар бір кезде Жейхун, Сейхун, Жайық, Еділдерден де
өткен. Ал Қыпшақтардың тəсілі бөтен-ді. Олар жылқыларын өзеннен бос жүзгізетін. Ағыс
жағына күштілерін салатын да, олардың ық жағымен тай-құлындарын тоғытатын. Өздері
қамыстан, не талдан сал тоқып, сонымен өтетін. Тек кейбір өжет жігіттері ғана үрген қос
қарынды байлаған жіптерді қолтықтарының астынан өткізіп, арқасына киімі мен қару-
жарағын таңып, жүзіп арғы бетке шығады. Ал, Сейхун, Жейхун жағасының жауынгерлері
көбіне кепкен асқабақтарды байлап жүзіп өтеді.
Жігіттері бір күн дем алғаннан кейін, Əбілқайыр қамыс шауып сал дайындауға бұйырды.
Өзі нөкерлерімен əскері қос тіккен жерден əрірек барып аң ауламақ болды. Хан аңға шыққан
жер Сейхунның ойпаттау сағасы болатын. Дария жазғытұрымғы тасыған кезде осы арадағы
кең алқапты алып, қайтадан есесіне түскен шағында ойдым-ойдым қарасулар қалдыратын.
Тым қуаңшылық жылдары бұл араға сонау Қазықұрт тауынан жайлауға көшіп келген
ауылдар, тартылып қалған қарасулардың балшықтарынан құлаш-құлаш мекре, лақа
балықтарды қазып алатын.
Ауылдар жайлауға келмеген жылдары бұл араны бұғы мен марал жайлайды. Көл
аралары жазық дала, көк шалғын. Сейхун жағасы қалың қамыс, тұтас-
қан жиде ағашы. Бұғы мен маралға бұдан артық қандай қоныс керек?
Əбілқайыр осы араға шатырларын тікті де, қасына кернейші-дабылшы екі-үш жігіті мен
ежелгі серігі Бахтияр-баһадурды ертіп жан-жақтарын шолып келуге шықты. Астында жол-
жөнекей ер салынбай, тың, жетекте келген Тарланкөк. Ауыздығымен алысады. Өзгелердің
де мінгендері қосаяқтай жүйріктер. Əйтсе де олардың аттары қамыс құлақтарын қиғаштап,
жіті басқанмен де, Тарланкөктей емес, ауыздығымен алысып келе жатқан жоқ. Сірə,
Сейхунның лайлы суы мен шігір араласқан сұрғылт бетегелері жер-су талғайтын
сəйгүліктерге тақа жəйлі тимеген тəрізді.
Хан тобы əңгімелесе жүріп, бір жазық далаға шықты. Кенет Тарланкөк осқырына, танауы
делдиіп, құлағын тіге қалды. Бұлар «не болды» деп жан-жақтарына қарап та үлгерген жоқ,
дəл алдарынан шаңырақ мүйіздерін арқаларына сұлата жатқызып, көгал шөптің үстімен
бауырлай ұшқан құстар тəрізді, ұзын аяқтарын көсілте жазып, теңбіл жүнді бір топ арқар
зуылдай өте берді... Үлкен-кішісі аралас. Шабыстарына көз ілеспейді, нағыз бір селдірлей
аққан сағым-сынды, «Бұлар бізден үрікті ме деп хан ойланып та үлгермеді, кенет
арқардың соңынан шұбалана қуған бір ұя қасқырды көрді. Қамысты жердің нағыз қара
қылшықтары, құлынжал арландары. Топтанбай созыла шапқанмен аралары жиі кетіп
75
барады. Хан тобы бұларды шөптің қалыңдығынан бірден көре алмаған екен, арқарларды
өкшелеп жетуге жақын. Сірə, қасқырлар өздерінің ежелгі əдеттеріне салып, кезектесіп қуған
болуы керек, қарқындарына қарағанда мына көкжалдар төтеден қосылған тəрізді, əйтпесе
жазық жердің жел ере алмас құдіретті жүйріктеріарқарлары бұларға шаңдарын да
көрсетпесе керек-ті.
Хан тобы шыдап тұра алмады, елегізген жүйріктерінің тізгінін босатып жіберіп,
сойылдарын ыңғайлап, айқай сап қасқырлардың соңынан тұра шапты. Тарланкөк өзге
аттардан бірден суырылып сала берді. Көп кешікпей хан серіктерінен озғындай шығып
қарасын үзді. Əбілқайыр жас кезінде ұрыстарға тікелей қатысып келсе де, алтын тақтың
қызығын көрген сайын ажалдан қорқа түскен. Жиырма бестен асысымен-ақ хан ұрысқа
қатысуды қойған. Таластың тағдыры шешілетін қан майданға ол өзінің батырлары мен
əскерін айдап салатын. Тек жау жеңілген кезде ғана жеңіс қуанышын қарсы алуға жұрт
алдына шығатын. Өзі тікелей ұрысқа қатыспайтындығынан хан көптен бері сойыл, найзаны
жұмсауды ұмытқан. Бірақ өзін аңдыған жаудың көптігінен сескеніп, Ордада жүргенінде
наркескенін, атқа қонғанда садағын тастамайтын. Бұл екі қаруды жұмсауда аса шеберленіп
алған. Əсіресе жақ тартуға келгенде, жебесін құралайдың көзіне дəл қадайтын мерген. Міне,
осы қасиеті қазір де өзіне үлкен жəрдем берді.
Тобылғылы, қурайлы, бозаңы белден келетін жазық дала... Алдарында көгілдір тоғайлы
Сейхун дария... Оңды-солды қамысты шалшық көлдер... Аспан айнадай ашық, шаңқай түс.
Алыста, көгілдір белестердің үстінде тек буалдыр сағым ойнайды. Сағым-сынды ағып келе
жатқан арқарлар. Оларға енді-енді жетеміз деп ауыздарын ырсита ашып, секіре самғаған
кілең қара қылшық арлан қасқырлар.
Тарланкөк əне-міне дегенше қасқырлар тобына жетіп қалды. Əбілқайыр енді олармен
жанаса шауып келеді. Есіл-дерттері алдарындағы арқарлар боп, əбден көздері қанталап
қызып алған қасқырлар, ық жақтарымен жанаса жүз қадамдай жерде шауып келе жатқан
салт аттыны аңғарар емес. Тек ат дүбірі құлағына анық жеткенде ғана соңғы көкжал
Əбілқайыр жаққа жалт бұрылды. Бірақ дəл осы сəтте ат үстінен тартып қалған хан жебесінің
болат ұшы дəл жүрек тұсынан кеп қадалды. Қасқыр қыңсылай барып, сылқ етіп бір бүйіріне
қарай құлай кетті. Əбілқайыр оған бұрылып та қараған жоқ, енді екінші қасқырдың тұсына
жете беріп, оны да омақата құлатты. Осылай заматта үш қасқырды сұлатты. Алдында əлі
де екі-үш көкжал бар. Бірақ ханның қорамсағында жал-
ғыз жебе қалды. Ол енді соңғы арқарға таяу келе жатқан, биіктігі тайыншадай, көкжал
арланды түсірмек болды. Бойы бусанып, қызып алған Тарланкөк ой-
қастай таяй бергенде, үзеңгісіне шіреніп, ерінен көтеріле түсіп, кейін қарай сəл қисая, «иə,
сəтдеп қайың садағын тартып қалды. Өкпе тұсынан жарым қарыс кірген жебе өз қайратын
көрсетті, қасқыр ышқынып бір секірді де, домалап-домалап барып сұлап түсті.
Алдыңғысының қалай құлағанын көрген соңғы екеуі ық жақтарында кенет пайда болған
қауіпті салт аттыны аңғарып, жалт бұрылып желге қарай салды. Əбілқайыр оларға бұрылған
жоқ, шаңырақ мүйіз ар-
қарлардың ең болмаса біреуін алып қалайын деп,ат қарқынын бəсеңдетпей садағын иығына
іліп жіберіп, беліндегі жарты құлаш көк құрыш алдаспанын суы-
рып алды. Бірақ дəл осы кезде жануарлар жұбын жазбаған қалпында жардай болып
тұтасып тұрған қамысты жапыра қиратып арасына кіріп жоқ болды. Хан қамысты жанай
шауып, Тарланкөгін əзер дегенде барып тоқтатты. Бірақ дəл осы сəтте Тарланкөк үрейлене
шыңғырып жіберіп, көкке шапшиды. Атының үстінен жерге құлай жаздап, жалына жабыса
қалған Əбілқайырдың көргені қарсы алдында, он бес қадамдай жерде, қан-жоса етіп күл-
талқанын шығарған бұғының етінің жанында өзіне қарай шөге түсіп жатқан есік пен төрдей
тарғыл жүнді жолбарыс болды. Көзі тасырайып, мұрты жыбырлап, шабар алдындағы
əдетіне салып, ұзын құйрығымен жерді бұлаңдата ұрады. Тарланкөк арындап кеп, алдыңғы
аяғын жерге тигізе бергенде, жолбарыс та атылды. Əбілқайырдың бар қолынан келгені
жалаңаш алдаспанымен басын қорғай берді. Бірақ аппақ үлпе бауырын жаза атылған
жолбарыс Əбілқайырға қанжар тістерін сала алмады, кенет гүрс етіп жерге құлады. Көзін
ашып алған ханның көргені, бағанағы көкжал қасқырдың өкпесіне өзі қадаған жақ оғындай
алып жолбарыстың дəл жүрек тұсынан кірген садақ жебесі болды. Жолбарыстың құр дір-дір
етіп қозғала алмай жатқанына қарағанда жебе ар жағынан бір-ақ шыққан тəрізді. Бұны садақ
оғының бер жағында шошайған екі қарыстай сабы көрсетіп тұр. Алып жолбарысты жалғыз
оқпен жайрату үшін алып күш керек. Бұл кімнің қолынан келеді?
76
Əбілқайыр енді садақ атылған жаққа қарады. Жақында «осы Сейхун бойында Саян
батыр бастаған бір топ аламан жігіттер пайда бопты, істейтіндері бекзадалардың малын
талау, əсіресе, Көк Ордаға өшігулі деп естіген. Əбілқайыр жиде қойнауынан шыққан көк
сауытты, мұздай боп қару-жарақ асынған жүзге тарта кілең жас жігіттерді көрді. Алдарында
үш күреңнің біреуіне мінген батыр Саян, жанында екінші күреңге мінген өзінің туған қызы
Гүлбаһрам-Патшайым... Хан жолбарыс көргеннен бетер, не істерін білмей сасып қалды.
Саянның қолындағы садақтың жебесіз екенін көріп, өзін құтқарған қас батыр осы екенін
білді. Енді біржолата абыржыды. «Ханды ажалдан алып қалған жас батырға алғыс айтып
басын ию керек пе, əлде өзі өлім жазасына бұйырған, рұқсатсыз қызын қатын қылған қас
жауына жалаңаш қылышын жарқылдата қарсы шабуы керек пе
Хан осылай шешім таба алмай абыржып тұрғанында, қызы Гүлбаһрам садағын алып,
қорамсақтан қозы жаурын жебені əкесіне қарай кезей бастады. Əбілқайырдың жүрегі дір ете
қалды. Өзіне шапқалы жатқан жолбарысқа ең болмаса бетін қорғай жалаңаш алдаспанын
қарсы көтеруге жараса, бұ жолы өйтуге де күші жетпеді. Бүкіл денесіне қорғасын құйғандай
қозғала алмады. Жанының тəттілігі де, дүниенің қымбаттылығы да, аңға сауыт киіп
шықпағаны дабəрі осы көзді ашып-жұмғандай мезетте, жүрегін удай ашытып өкіндіре
санасында жарқ етті де, кенет сөне қалды. Шыңғыс тұқымының мейірімсіз келетіні өзіне
мəлім, көзін жұма берді. Бірақ жүрегіне көк құрыш сүйір ұшты жебе қадалмады. Аздан кейін
жанынан өтіп бара жатқан ат дүбірі мен Гүлбаһрамның даусын естіді.
Бекер қолымды ұстап қалдың, — деді қызы əкесінің тұсынан өтіп бара жатып. — Егер,
біз қолына түссек, бірден басымызды алар еді.
Оған қоңырқай дауыс жауап берді.
Өз əкесін өзі өлтірген əйелмен, қанша жақсы көрсем де, бір төсекте жата алмас едім.
Онда өзің өлтіруің керек еді.
əкесін өлтірген адамды қандай əйел шын көңілімен ерім дейді?
əрине ғой, — қызы күрсінді, — садағымды тартуға менің де дəтім бармас еді... Тек
ыза... — сөздің ар жағы естілмеді.
Əбілқайыр аздан кейін көзін ашып жан-жағына қарады. Бірақ ешкімді көрмеді.
Аламандар оң жақтағы қалың қарағаш арасына кіріп кетіпті. Кенет Əбілқайырға хабар
берген керней үні шықты. Жорық дабылына үйренген Тарланкөк арқырай кісінеп қоя берді.
Көп кешікпей серіктері де жетті. Өліп жатқан жолбарыс пен жолай жайрап қалған
қасқырларды көрген Бахтияр-баһадур мен нөкерлері хан ерлігін мадақтай жөнелді. Бірақ
оған Əбілқайыр лəм-мим деп тіл қатпады, қабағы түксиіп сазарды да қалды. Ол қазір алай-
түлей өкініште еді. «Отыз жыл хан болсам да, осы мезгілге дейін өзіме керек адамды
таңдай білмеймін. Əлгі жігітпен ғой тіл тапсам əскеріме қандай қолбасшы болар еді. Сондай
адамдармен ғана əлемді бағындыра аласың! Қап! Қап!
Хан батырлығының куəсі етіп нөкерлері жолбарыс пен арлан қасқырлардың терісін
сойып алып, алдарына бөктеріп, кейін қайтты. Əбілқайырда əлі үн жоқ, сол қабағын қарс
жапқан қалпында. Тек нөкерлері ханның жеңісті екенін күні бұрын бар əлемге дабырлата
білдіріп, сырнай-кернейлерін барылдата тартып келеді. Шатырларына таяғандарында ғана
Əбілқайыр қасындағы Бахтияр-баһадурға:
Егер мен жоқ жерде батыр Саян мен менің қызым Гүлбаһрам-Патшайым қолдарыңа
түсе қалса, — деді өзгелерге естіртпей, — менің қызымның басын алыңдар. Ал батыр
Саянды сый-құрмет көрсетіп босатып жіберіңдер.
Құп, тақсыр!
Бахтияр, баһадур осы бір болмашы сөзден ханның неге үндемей келе жатқанын ұқты.
Жолбарысты батыр Саян өлтірді-ау деп жорамалдады. «Бəсе, жолбарыс жүрегінен
суырылған жебе хан жебесіне ұқсамайтын еді-ау». Батыр жігіттің тек жолбарысты ғана
өлтірмей, ханды да ажалдан алып қалғанына шек келтірмеді. «əйтпесе кекшіл Əбілқайыр
оны қолға түссе босатып жібер демесе керек еді». Осының бəрін сезсе де Бахтияр-баһадур
тіс жарып ештеңе демеді. Ханның көңілін көтерейін дегендей ол, құйрығы мен бас терісі
жерге сүйретіліп бір нөкердің ерінің алдына бөктеріліп келе жатқан жолбарыс терісін
көрсетіп:
Қандай үлкен жолбарыс, — деді сəл езу тартып күлімсіреп, — егер қарсы шапқан
кезінде қолыңыз дірілдеп кетіп садақты тарта алмай қалсаңыз ғой, жарып тастауы кəміл еді.
Бір ажалдан батырлығыңыз құтқарды. Бұл ажалдан аман қалғаныңызға зор қуаныштымын.
Сіз көрінбей кеткеннен-ақ «Ақсарбассадақаны айтумен болдым.
77
Қарсы шапқан жолбарысқа оқ кеудесінен, не басынан, əйтеуір қарсы жағынан тиер еді,
ал өлген жолбарыстың жебе өкпе тұсынан қадалған-ды. «Қарсы шапқан жолбарыстың»
деген сөзінен Бахтияр-баһадурдың жолбарысты мұның өзі өлтірмегенін сезіп қалғанын хан
бірден ұқты. Бірақ мыңдаған жауынгерлердің жеңісін өз жеңісі санап əдеттенген хан,
«жолбарысты батыр Саян өлтірді» деу-
ге аузы бармады. Əйтсе де баһадурдың сөзін түсінгендігін білдіре, ол қай-тадан:
Егер батыр Саян қолға түссе босатып жіберіңдер, — деді.
Құп тақсыр. Ал екінші мəртебе қолға түссе ше?
Онда басын алыңдар.
Бахтияр-баһадур езу тартты да қойды. Батыр Саянның ханды жолбарыстан
құтқарғанына енді ол тіпті күмəнданбады. «Ажалдан аман алып қалғаны үшін, хан да оны
бір рет өлімнен құтқаруын борыш санайды. Ал екінші рет қолға түссе. Істеген жақсылығы
үшін қастық. Жақсылық та, жамандық та саудаға түскен, шіркін, қу заман Дегенмен,
аламан жігіттерден сескенген Əбілқайыр бұдан былай қарай бұл маңға аңға шықпады. Бір
апта өткеннен кейін, мыңдаған салмен сау-саламат Сейхун дариясының оңтүстік жағасына
жүзіп шықты. Су киімдерін кептіріп тынығып жатқандарында, үш күн бұрын осы арадан
Жəнібек пен Керейге қосыламыз деп Андижан маңайындағы қазақ руларының өтіп кеткенін
естіді. Хан қашқан елдің соңынан түре қуып, қырып тастауға əскеріне атқа қонуға бұйрық
берді. Əскері əбігерленіп, дайындалып жатқанда Самарқантты алған Мұқамет-Жөкінің
сыйлыққа жіберген көші жетті. (əттең не керек, əбусейіт Қорасаннан қайтқан соң, бөтен
əмірлердің күшімен өз тағын қайтадан Жөкіден тартып алды). Жүз қызыл нарға
Самарқанттың бар қазынасын арттырып жібергендей Мұқамет-Жөкі. Ал бұл керуенде жүз
нарға тиелген алтын ыдыс, парша, манат, шағи, дүрия, қамқа. Самарқант кілемдерінен де
қымбат Əбілқайырға арналған ерекше қазына бар болып шықты. Ол əбусейіттің үлкен
бəйбішесінен туған Ғибадат-Сұлтан-Бегім еді. Қос анары жаңа пісіп келе жатқан алмадай
қап-қатты, үлкен қарақат көздері қолға түскен құралайдың көзіндей жаудыраған, жаңа қыз
болып қалыптасып келе жатқан сұңғақ бойлы жас сұлудың мысы жеңді. Əбілқайыр қашқан
елдің көшін шабуды ертеңге қалдырды. Сол күні түнде күміс бағаналы көк жібек шатырдың
ішінде əлі тұғырынан тая қоймаған кəрі көкжал он үш жасар уылжыған ақ тотының аппақ
төсінен шөлі қана тояттанды. Кешеден бері Ғибадат-Сұлтан-Бегімді көргеннен бүкіл денесін
билеп кеткен қызуын баса алмаған Əбілқайыр, енді көңілі бір саябырлап қалың қолына
көтерілуге бұйырды. Бірақ жіберілген ертөлелерден қашқан көш түнде Сейхун дариядан
кейін, Қараталға қарай өтіп кеткенін естіді. Кешегі салдарды суға ағызып жіберген хан,
қайтадан бір жеті сал тоқытып, кейін шегінгенше қыруар ел мекендеріне жетіп, бекініп
алатынын түсінді. «Үргенішке туымды тігіп, əбден күшейіп алып Моғолстанды шапсам, əр
жерге бір көшіп жүрген қазақтың қаңғыған рулары қайда кетер дейсің деп ойлап
Əбілқайыр бетін қайтадан Жейхун дариясының жағасына бұрды. Бір түннің қызығына хан
Ордасының болашағын айырбастаған қатесін ол бұ жолы аңғармады. Тек жиырма жыл
өткеннен кейін бұл қатенің ауыртпалығын балалары көтерді. Өйткені осы қалың көшті Көкше
теңізге құятын Қаратал өзеніне бастап бара жатқанқазақ елінің болашақ ұлы ханы,
Жəнібектің баласы Қасым сұлтан еді. Əбілқайырға бір түнде түсетін жеңіс, артынан барып
оның балаларына отыз жылдық күйреуге айналды.
Хан қалың қолымен құмайтты, сорлы сұрғылт даланы басып үш күннен кейін, Жейхун
дарияның сол жақ жағасына жетті. Енді осы дарияның бойымен жоғары қарай жүріп
отырып, Үргеніштің тұсынан шықты. Бұрын, отызға толмай тұрған шағында ол қан-жоса
қырғыннан кейін екі аптаның ішінде Үргенішті алған-ды. Шаһарға көк Орданың көкшіл жібек
туын тіккен. Орда-Базардан хан Ордасын мүлдем көшіруді ол кезде ойлаған жоқ еді. Сол
күннен бастап Əбілқайыр тағы шығыс патшаларының ең күштілерінің біріне айналды.
Үргеніштің жазық даласында алтын айлы, көк күмбезді мешіт салдырды. Стамбул, Пекин,
Рум, Мəскеуден шеберлер алдырып, ақ тастардан, күйдірген қызыл кірпіштерден хан
сарайларын тұрғызған. Əйтсе де жат жерді ұзақ қоныс ете алмаған. Ал қазір Үргенішті
қапелімде қолға түсіріп, мүлдем басып қалуға күші жетпеді. Енді, амал жоқ, атының басын
кейін бұруға тура келді. Бұ жолы Əбілқайырдың көздеген ескі қонысыСығанақ болды...
Əбілқайырдың сырты бүтін, іші түтін еді. Бет келбеті де қара күреңденіп кеткен. Жəнібек
пен Керейдің жəне оларға ерген рулардың ішіне қан қатқанына, ашу, араздықтың
оңайшылықпен тарқай қоймайтынына анық көзі жеткенімен, олар өзінен бүйтіп ат құйрығын
кесісіп, мүлде бөлініп кетер деп ойламаған. Бөлінген күнде де адымы кең болмас, қайта
78
оралар деген. Бүйтіп атадан балаға мирас қалар жаулыққа шыдамас, өйтуге батылдары
бармас деп көңілін жұбатқан. Енді міне... Олар біржолата оралмай келмеске кеткен екен...
Жорық кезінде аздап басылған ыза, Сығанаққа келгеннен кейін қайта өршіді. Туын
тігісімен Əбілқайыр шыдай алмады.
Бас əскербасы қайда? — деді Əбілқайыр үй тола отырған батыр, сұлтандарға сүзіле
қарап.
Қол қусырып сырттан кірген жасауыл сол еңкейген бетте шегіншектеп шығып кетті.
Сыртта бір құлтекінің аузынан екінші құлтекінің аузына көшкен «əскербасы Бахтияр
сұлтанды алдияр тақсыр шақырып жатыр» деген дауыс бірте-бірте əлсіреп, əлдеқайда көше
қуалай ұзап барып мүлде өшті.
Көп ұзамай-ақ хан сарайына қыран қабақ, нар денелі, апай төс, орта жастан асқан бас
əскербасы Бахтияр сұлтан келіп кірді. Жақсылық хабармен шақырылмағанын біліп еді, бірақ
əміршісінің қанын ішіне тарта, сұрланып алған түрін көргенде көп сұмдықты басынан кешкен
жүрегі зырқ ете түсті. Дегенмен сыр бермеді, ханның оң жағынан кеп орын алды.
Бахтияр баһадур! — деді Əбілқайыр. — Күн нұрынан жаратылған қасиетті бабам
сайыпқыран Шыңғысханды ауызға алмай-ақ қояйын. Бүкіл Дəшті Қыпшақты билеген
Жошының тұсында елдің бір бөлігі ханнан безіп, түп көтеріле көшу деген болушы ма еді.
Жоқ, алдияр, — деді əскербасы.
Ал, сол Жошының атының тұяғы тиген жерге мен де тегіс билік жүргіздім. Жошы əкесі
Шыңғыстың арқасында жетіп еді ғой ол билікке. Дəшті Қыпшақты дүрілдетіп қайтадан ел
қатарына қосқанда мен тек күшіме, өз ақылыма ғана сүйенгем...
Иə, алдияр, қияға тек қыран бүркіт қана жете алады, — деді əккі əскербасы, мұндай
сəтте хан иесінің мақтан сүйетінін есіне алып.
Бірақ қыранға да серік керек, — деді Əбілқайыр.— Жошы бабамыз жанына кімді
ертерін білген... — Сол себептен де жеңілмей келген... Ал мен... — хан айтайын деген сөзін
бүгіп қалды, — соның арқасы болуы керек, қарамағымдағы елімнің тең жартысынан
айрылдым...
Əбілқайыр ашуға булығып, демігіп, сөйлей алмай қалды. Бахтияр сұлтанда да үн жоқ,
орданың ішінде шыбынның ызыңы естілердей ауыр тыныштық орнады. Ақыры үнсіздікті
Əбілқайырдың өзі бұзды.
Ханның əмірінен бас тартып, Моғолстанға қашқан қарашылардың жазасы қандай
болмақ?
Өлім... — деді Бахтияр даусын қатты шығаруға қорыққандай күбір етіп.
Сол-ақ екен. Ордада тұрған жұрт бірауыздан ду ете түсті.
Өлім, алдияр.
Өлімнен басқа кесім болмауға тиіс.
Өлім.
Айтарын айтып қалғанмен, бəрі де өз сөздерінен өздері қорыққандай жамырай барып
қалт тынды.
Үкімдеріңе разымын, игі жақсылардеді Əбілқайыр зорлана жымиып. — Оны
орындау өздеріңе жүктеледі. Қолда бар əскер түгел ертең таңнан қалмай осы Орданың
түбінен табылсын. Жаудың қорғанын қырып, қалғанын құлақ кесті құл етіп өз деңгейіме бас
ұрғызбасам, Əбілқайыр атым құрысын!
Қанша ашуланса да, дауыс көтермейтін Əбілқайырдың мұншама ерен сөйлеуінің себебі
ызадан екенін жұрт бірден ұқты. Қарсыласып ешкім тіл қатпады.
Бұйрықты беру оңай да, оның орындалуы қиын. Мұны Əбілқайыр жақсы білетін. Əсіресе
бұ жолы. Сөйтсе де тəуекел деп ойлаған. Егер қарауында қалған елдің бас көтерер, қару
ұстар ер-азаматтары түбімен қопарыла аттанса, əлі орналасып болмаған Керей мен
Жəнібек көшін талқан етіп шауып, ел-жұртын шулатып, алдына сап малша айдап қайту оған
мүмкін-ақ көрінген.
Бектер мен батырлар, «игі жақсылар» Ордадан шығысымен-ақ əрқайсысы өз
қарауындағы руларына шапқан. Елдің елеңдеп отырған уағы, бір күннің ішінде əскер жиып
алу əбден мүмкін іс еді. Басқаны былай қойғанда, хан Ордасының төңірегінде отырған,
Əбілқайырға əбден берілген, сенімді деген сарбаздың өзі қаншама.
Бас əскербасы Бахтияр хабаршы, шапқыншыларды аттандырып болысымен, осы өз
қарауындағы сарбаздарды жорыққа қамдауға кіріспек болды.
79
Үргеніштен қайтқалы жамбастарың сарғайып аз жатқан жоқсыңдар, — деді ол Ордаға
өңшең «жақсылардың» тегіннен-тегін жиналмағанын аңдап, əлдебір сұмдықты күтіп топ-топ
боп, үдірейісіп тұрған сарбаздарға келген бойда. — Қылыштарың да қынабында жатып
қалып, тот басуға айналған шығар. Құдай тілеулеріңді берді. Олжаға да қарық
боларсыңдар.
Уə, пəлі! — деді бір жас сарбаз ыржалақтап. Қынабынан қылышын суыра түсіп,
жөткірініп қойды. Əйткенмен, қалған жұрт бұл құсап алақайлап кеткен жоқ. Сөздің артын
тосып тұр.
Бұл жолғы жаубасы шоқты қалмақ та, жылмағай жүзді шүршіт те емес. Алынуы
оңай жау. Ел болып басын қоса алмай жатқан əлгі Керей мен Жəнібектің қашқындары. Ал
қашқан жауға қатын ер...
Ой-дой!
əскербасы көп ішінен күңк ете түскен дауысты құлағы шалып қалса да, құр доңайбат
жасаумен болды.
Қашқан жауға қатын ер, — деді ол сөзін қайталап, жан-жағына көз тастап. Кəне,
батыр болсаң шығып көрші дегендей, əскеріне түксие қарап біраз тұрды. Бірақ бұл жолы тірі
жан қыбыр етпеген соң, сөзін қайта жалғастырды. — Ал сендер сайыпқыран ерлер
емессіңдер ме?! Тентек Жəнібек пен ақылынан адаса бастаған Керейді ат құйрығына
байлап, ал оларға еріп, ханымыздың қасиетті Ордасынан безген жалаңаяқтарды қойдай
маңыратып, қозыдай шулатып айдап келусендер үшін түк емес.
Сайыпқырандық қолдан келсе! — Бұлмана алғаш үн шығарған кісі еді. Жасы отыз
бес-қырықтардағы көк көз сары жігіт Орысбай болатын. — Шаруадан босай алсам жақсы
ғой...
Менде сылтауратар ешқандай шаруа жоқ, бірақ... бұл сапарға қинамасаңыз... — Бұл
сөзді айтқан бетінде қылыш таңбасы бар, елулер шамасындағы кəрі жауынгер Қоқыш деген
еді. Бар өмірін Əбілқайыр есігінде өткізген кедей төлеңгіт...
Сол-ақ екен, күңкіл-сүңкіл көбейіп кетті.
Шаруа жайы қиын ғой, жорықтан қажып қайттық...
Мал бар, бала-шаға бар...
Уақыттың өзінің тар боп тұрғанын көрмеймісіз...
Тоқтат, өңшең шуылдақ! əскербасы ақырып жіберді. — Бұрын соғыс көрмеп пе
едіңдер? Жорық көрмеп пе едіңдер? Сонда үйде шаруам қалды, қатыным қалды деп қайсың
айтушы едің?! əлде ел шетінде шұбырып көшіп жүрген аз ғана тобырдан қорқамысыңдар?
Атаға тартпай туған өңшең су жүрек!
Тақсыр, — деді Орысбай иығын қомданып, алға шығыңқырап. — əрине, біліп, сезіп
отырсыз, шаруа дегеніміз тілге тиек қана. Шынымды айтсам, мен жазықсыздан-жазықсыз өз
бауырларыма қарсы қылыш көтеріп, адам алдында бір, құдай алдында екі күнəкар болғым
келмейді. Онсыз да төгілген қан аз емес. Дəрежең кем демесең, мен де ата мен анадан
туған ұлмын. Ешкімнің де басыбайлы құлы емеспін. Өз еркім өзімде. Бұл жорыққа бара
алмаймын.
Қинамаңыз, мырза.
Тақсыр-ау, ел бетіне қалай қараймыз...
Хан мен сұлтандар жанжалдасты деп екі ортада шаруа неге қырылуы керек...
Өзара жауласудың қанша қажеті бар...
Жұрт дабырласып, дүрлігісіп кетті.
əй, Қоқыш, əй, Такежан, əй, Күйгенбай, — деді əскербасы қарашы халықтың мына
райын аңдаған соң, Əбілқайырдың басыбайлы төлеңгіттерінің атын арнайы атап. — Хан
иемнің бауырында өскен күшік емеc пе едіңдер, дəмін ақтамай, құдайды ұмытқандарың
қалай?!
Топ ішінен біреудің кеңкілдеп күлген даусы естілді. Бірақ төлеңгіттердің көбі не айтарын
білмей тосылып қалған еді, көп атынан Қоқыш сөз алды.
Дəм ақтайтындай, ешкімнің хақысын жеген жан емен, — деді ол əскербасыға тура
қарауға қаймыққандай, көзімен жер шұқып. — Бірақ хан бұйырса қай жорыққа болмасын
барам. Əйткенмен, тақсыр, сүйреп қосқан тазы түлкі алмайды деуші еді, құр қара көбейтсін
демесеңіз, қан төгуге ар-ожданым шыдамас.
Өңшең ез! Сендер жау түсірмек түгіл, өздерің олжаға кетерсіңдер! —деді күйіп кеткен
əскербасы булыға.
80
Бұдан əрі күш көрсетуге Бахтияр сұлтан бара алмады. Əскер дені көшкен елмен
тілектес екенін сезгендіктен не айтарын білмей тұрып қалды.
Кешке қарай əр тараптан хабаршылар да жете бастады. Елегізіп отырған ел хан
жарлығын қуанышпен қарсы алмапты. Тіпті, кейбір рулар хан ием біздің Жəнібекке ермей,
өз қарауында қалғанымызға неге шүкіршілік айтпайды десіпті. Ал енді бірталайы игілікті іс
үшін хан өлімге жұмсаса да барар едік, бірақ бұ жолғысы қиянат, өз бауырларымызбен
соғысуға аталарымыздың аруағынан қорқамыз деген көрінеді. Жарлыққа мойын ұсынғандар
аз еді. Осының нəтижесінде Əбілқайыр жасағы ханның өз ойлағанынан екі-үш есе кем боп
шықты. Бұл жиналған жұрттың өзінің қаншалық сенімді екені күмəнды.
Ақыры хан, үстіне жан адамды кіргізбей, көз шырымын алмай, дəм татпай ақ орданың
ішінде бір күн, бір түн бойы ерсілі-қарсылы сенделіп жүрген де қойған. Əбілқайыр бұ жолы,
шынтуайтқа келгенде ел тағдырын хан мен сұлтандар емес, халықтың өзі шешетінін ұқты.
Қазір Дəшті Қыпшақтың қалың бұқарасы өзінен опа шегіп, қазақтың жеке хандығын құрамыз
деген рулар жағына мүлдем шығып кеткеніне шек келтірмеді. Енді ол Жəнібек пен
Керейлерді хандық құрмай тұрғанында басып алу үшін жорыққа аттану жайлы ойынан бас
тартты. Өйтпеске шарасы да жоқ-ты. Жаралы арыстан сияқты ызалы хан іші қазандай
қайнағанмен күресуге дəрмені жоқ, істің ақырын күтіп, аңысын аңдуға көшті.
81
ЕКІНШІ БӨЛІМ
І
Ұлы Шыңғысханның екінші баласы Жағатайдың бесінші буыны Мұхамед ханның
шөбересі, атақты Уайс ханнан туған, Моғолстанның қазіргі ханы Исан-Бұғы бүгін өте қапалы
еді.
Жайшылықта бір қарағаннан көңілін көтеріп жіберетін Алмалықтың жасыл төккен бау-
бақшасы да, Алатаудың бұлт қонған қаһарлы биіктері де, көшеде қыз күлкісіндей үнемі
сыңғырлап ағып жатқан арықтардың күміс сылдыры да, бүгін жүдеу жанын жұбата алмаған.
Ол кездегі мол сулы Алтын Емел өзенінен Жалайыр жігіттері жаз бойы құм жуып, ханға
тарту етіп алып келген жарты қапшық ұсақ алтын да, тіпті бұның көңілін ашпаған. Жігіттердің
ықыласын аяқсыз тастағысы келмей, бесеуіне бірдей сол Алтын Емел бойынан
əрқайсысына бір тепе 1 басыбайлы жер берілсін деп бұйрық алған да өз қолымен
иықтарына зерлі шапан жауып, қайтадан төргі бөлмесіне кіріп кеткен. Əрқайсысы бір тепе
алтын жуатын жерге ие болып, кенет байып қалған жігіттердің қуанышты кетіп бара
жатқанын терезеден көріп, сəл езу тартып, күлген. Бірақ кенет қайтадан қабағы түйіле
қалған. Кешегі естіген хабары қайтадан қойнына біреу суық жылан салып жібергендей
бойын тітіркенте түскен.
Хан кеңесі жиылғанша жанын қоярға жер таппаған. Сосын екі жүз елу жыл бұрын
Жағатай бабасы мекен еткен, бір кезде Үйсін, Жалайыр, Ұйғыр диқандары салған, бірақ
қазір құлап біткен көне Алмалықтың ескі жұртына барған. Бұл ескі жұрт Исан-Бұғыға қымбат
дүние еді. Осы ескі жұртта ол алғашқы рет махаббаттың не екенін білді, осы ескі жұртта ол
əкесі Уайс ханның қалай қан төккенін көрді.
əкесі Уайс сұлтанның алғашқы жігіт кезінде бұлардың ұлысы Жейхун дариясының оң
жағында болатын. Дарияның сол жағында ат шаптырымдай жерде Ақсақ Темір уақытында
салынған Қаңғыт руының дихасыМаңғыт, одан əрі бір күндік жерде Үргеніш шаһары
жатқан. Ал Жейхунның оң жағысұрғыл төбелі, тек жусан мен баялыш қана өсетін,
түйіршік тасты ұшы-қиыры жоқ дала, Қарақалпақ тұсыСұлтан Уайстың ұлысы еді. Көк
Орда мен осы Жағатай ұрпағының меншікті жерін екіге бөліп, екпіні Сейхуннан екі есе күшті,
сұрғылт толқынын үйірілте бұлқынған, адамның бір қарағаннан қарадай зəресі ұшатын, мол
сулы Жейхун ағатын. Осы Жейхун дарияның күнбатыс жағасында биіктігі қырық, қалыңдығы
он құлаштай сұрғылт топырақты шымнан құйған бекініс бар. Бекіністің ішінде сұрғылт
кірпіштен қалаған бірнеше кең сарайлар салынған. Міне, осы бекініс, соңынан Сұлтан-Уайс-
Даг деп аталған жер, Уайс сұлтанның атамекен қонысы болатын.
Исан-Бұғының балалық шағы осы жерде өтті. Əкесі ұзақ жыл Моғолстан əскерін
басқарып, басынан сан жорықты өткізіп ақырында өзінің қастарын жеңіп, ақ кигізге көтеріліп
хан болған. Содан кейін барып Исан-Бұғы Моғолстанның астанасы, бау-бақшалы Алмалық
шаһарын көрді. Жейхунның жағасындағы жан-жағын биік бекініспен қоршаған, айдалада
жападан-жалғыз тұрған сұлтан Ордасында өскен жас балаға, бұл шаһар бір керемет
салтанатты боп елестеді. Қаланың жасыл бағында сыңсыған алма, өрік, жүзім, алмұрт...
Көшесіне шықса, диқан аспаптарын, жауынгер қару-жарағын, қыз-келіншектер алқа-жүзік,
білезіктерін соғып жатқан шеберлердің көк құрыш төсті құлаштай кеп ұрған балғаларының
шаңқылынан құлақ тұнады. Алғашқы рет ол осы қалада намаз оқуға көк күмбезді мешітке
кірді. Осы қалада ол алғашқы рет кəпірлер шоқынатын насрани дініндегі келімсектер салған
шіркеуді көрді. Сол бір ғажайып балалық шағындағы көріністер əлі күнге дейін көз алдынан
кетпейтін. Əкесі Уайс хан өте діншіл еді. Бір күні ол таңғы намазын оқып болды да əлі шырт
ұйқыда жатқан ер жете бастаған балаларыЖұныс пен Исан-Бұғыны оятты. Өзімен бірге
ертіп жүрді. Соңдарында нөкерлері. Көп кешікпей бұлар көне Алмалыққа келді. Тісі түсіп
опырайған кəрі адамның аузы тəрізді, келісімсіз кілең құлап жатқан шым үйлер, зəулім үлкен
кірпіш қоралар... Осы жан шошырлық күйреген қаланың ортасында тек басында сары
жезден крес орнатқан жасыл күмбезді мəнерлеп салған ағаш үй көрінеді. Үйдің жанында
бау-бақша. Бақша толы кілең ишан, қожа, ақ сəлделі, көк сəлделі молда, мəзін, кəри,
1 К ө н е ж е р ө л ш е у м ө л ш е р ібір тепеде екі шаршы шақырымдай.
82
мүриттер. Хан келісімен ортада тұрған мінбеге ақ сəлделі молда шықты. Таңертеңгі
салқыннан əбден мұздап қалған екі бала енді əлгі мінбенің жанындағы дарды көрді. Дар
қасында екі қолы артына байланған, шашы өсіп кеткен, ақ сақалы бүкіл кеудесін жапқан,
үстінде тізесіне түсетін ақ кенеп көйлегі бар келісті біреу тұр. Сырт пішіні, түр келбеті
мұсылманға ұқсамайды. Ат жақты, көк көзді, ақ сары адам.
Мінбеге шыққан əлгі молда екі қолын жоғары көтеріп, Уайс ханға қарап:
Іслəм дінінің қорғаны, ұлы мəртебелі Уайс хан сіздің мүбəрəк қолыңыз қойылып,
алтын мөріңіз басылған əділетті жарлығыңызды орындауға рұқсат етіңіз! — деген.
Хан басын изеген:
Рұқсат!..
Қызыл шырайлы молда енді қолы байлаулы кісіге қараған:
Мұхаммед пайғамбардың үмбеті, ұлы Моғолстанның ұл-қызын өз дініне өткізіп,
дозаққа түсірмек əрекетімен шіркеу ұстап, күнəкар болғаның үшін Сүлеймен пайғамбардай
əділетті, Ғазірет Ғалидай айбарлы, ұлы мəртебелі Уайс хан, аллатағаланың кəпір пендесі
Дəниел, сені дарға асып өлтіру жазасына бұйырды. Ажал алдында қандай өтінішің бар?
Ұзын сақалды, дудар шашты адам басын шайқаған.
Діні басқа пұсырмандардан еш өтінішім жоқ. Дінім үшін құрбан болуға бармын!
Тезірек дарларыңа тарта беріңдер!
Молда ханға қараған. Хан басын тағы изеген. Қолы байлаулы адамның жанындағы екі
жендетке молда:
Аллатағаланың жазмышы осылай. Құдайдың шоқынды құлы Дəниелді дарға асыңдар!
деген.
Екі жендет қолы байлаулы адамның мойнына қыл арқанды ілмешектеп түйіп, екінші
ұшын өздеріне қарай тарта бастаған. Сақалды адам серейе, жоғары көтеріле берген. Тек
дары белағашының тұсына таяғанда ғана бір рет жұлқына түсіп, екі қолын салбырата,
басын бір жағына қисайтып тына қалған. Екі жендет арқанның қолдағы басын жердегі
қазыққа апарып байлаған.
əлгі молда қайтадан Уайс ханға қараған:
Ұлы мəртебелі тақсыр хан ғибаратты жерімізде тоқсан жыл бойы əзəзілдің ошағы боп
келген мына шіркеудің күл-талқанын шығаруға рұқсат етіңіз! — деді.
Хан тағы да басын изеп, «рұқсат» деген ишарат көрсеткен.
Білектерін сыбанған қожа, молда, мəзін, кəри, мүриттер «тфа, тфа, пəлекет деп қыл
арқанды шіркеудің биік басындағы кресіне байлап, бəрі жабыла тартып жерге жұлып
түсірген. Содан кейін үлкендігі тай қазандай мыс қоңырауын жерге құлатқан. Екі бие
сауымдай уақытқа жеткізбей, бір шеге шашпай, Алатаудың аршасынан қиыстырып, жонып
салған шағын, салтанатты шіркеуді күл-талқан еткен. Сүниет дінін берік ұстаған,
Арабстаннан, Ираннан келген қожа, муфти, ишандардың кеу-кеуімен, кілең қызба əфенді,
мүрит, шейхтер шіркеуді біржолата жермен-жексен етіп жоқ қылған.
Исан-Бұғыға бұның бəрі ойыншық боп көрінген. Тек бертін келе, өзі хан тағының ісіне
араласа бастағанда ғана Византия епископы Джавани Мариньолли, Флоренциядан Жетісу
мен Гоби құмы арқылы Ханбалыққа 1 бара жатып, бұл шіркеуді Алмалықта 1340 жылы
салдырғанын білген. Уайс ханнан бұрын-
ғы Алмалықтың хандары мен хакімдері, бұзыла бастаған шаһардағы ешкімге керегі жоқ
шіркеудің бар-жоғына көңіл бөлмеген. Рим папасының мұсылман жеріне жіберген тыңшы-
діни адамдары шіркеудің мұндай жағдайын астыртын пайдаланып жүрген. Талай
мұсылмандарды насрани дініне кіргізіп алған. Тек өте діншіл Уайс хан ғана Жағатай тағына
отырғаннан кейін, бұл шіркеуді мұсылман дініндегі адамдарды ақ жолынан адастырмасын
деп біржолата құртуға жарлық берген.
Исан-Бұғы бұл күнгі көрген көрінісінен жас жанын деміктіріп күйзелмеген. Қарт адам
Дəниелдің ажалы да, жасыл күмбезді əдемі шіркеудің қирауы да көңілінде бəлендей із
тастамаған. Бірақ бұл жалғанда ұмытпас əсерді оған бас-
қа жағдай қалдырған. Ер жетіп келе жатқан хан балалары, қираған шіркеу тұрған жердегі
тамаша бау-бақшаға келіп, сан түрлі ойынға берілетін. Бір күні осындай жағдайда Исан-
Бұғы жасыл емен түбіне сүйегі жерленген Дəниелдің төмпешік зиратының басында булыға
жылап отырған қыз баланы көрді. Үстіне қара киген, қолында бір шоқ гүлі бар, шамасы он
1 Х а н б а л ы қосы күнгі Пекин.
83
екі-он үш жасар. «Бұл не қылған қыз? Қайдан келді Исан-Бұғы таяй түсті. Дəл осы кезде
қыз бала да орнынан түрегелді. Исан-Бұғы беліндегі қанжарын шап беріп, ұстай алды.
«Жоқ, бұл адам емес, перінің қызы! Мұндай адам баласы жаратылуы мүмкін емес
Расында да қыз хан баласының жайшылықта көріп жүрген қыздарына тіпті ұқсамайтын еді.
Үлкен көгілдір көзі тұнып жатқан Көкше теңіз суындай көкпеңбек, ақсары жүзді, қыр мұрын,
сұңғақ бойлы. Исан-Бұғыны таң қалдырған əсіресе шашы болды. Ол мұндай шашты
жаратылғалы көрген емес. Жерге шұбатылып жатқан қос бұрымы, нағыз бір төбесінен
етегіне дейін толқындала төгілген қызыл алтын тəрізді... Жоқ, Исан-Бұғы мұндай қызғылт
шашты еш уақытта да көрген жоқ. Мұндай шаш адамзатқа бітуі мүмкін емес. Мұндай шаш
тек су перілерінде болады деп еститін. «Өзі де су перісіндей сұлу екен. Сірə, мені,
сиқырлап алуға су астынан шыққан ғой». Пісмилла! Пісмилла! Мен бұнымен тіл қатысуға
тиісті емеспін. Егер тілдессем біткенім... Жоқ, жоқ егер маған таяйтын болса, қанжарымды
жіберуім керек... Бұл су перісінің қызын өзіме жуытпауым керек... Астапыралла,
астапыралла!..»
Бірақ қыздың өзі де таямады. Ол Исан-Бұғының бетіне азапты пішінмен жасқана
қарады. Көзі күздің бұлыңғыр күніндей тұманды жасқа толы.
Ғапу етіңіз, хан оғлы, жолыңыздан кездесіп қалғаныма! — деді ол басын иіп, — бұл
ара сіздің ойнайтын жеріңіз емес еді...
«Бəсе айттым ғой, бұл перінің қызы деп, əйтпесе менің хан баласы екенімді қайдан
біледі? Пісмилла! Пісмилла!..» əйтсе де қызға жауап бермеу мүмкін емес еді. Егер адам
айдалада келе жатып, жол үстінде жайнап жатқан гауһар тасты көрсе бір бұрылмай кете
алар ма, қыз да осы ғажайып гауһар тастың дəл өзі болатын. Исан-Бұғы оған тіл қатпай
қала алмады.
Таяма! — деді ол даусы дірілдеп. — Өзің кімсің? Адамсың ба? Жынсың ба?
Қыз Исан-Бұғының шошып қалғанын енді сезді. Ол мұңая езу тартты.
Қорықпа, адаммын, — деді ол. Сөйдеді де ананың қанжарынан қолын алмай
тұрғанын аңғарып, тағы да мұңая езу тартты. — əкең əкемді өлтіріп еді, енді сен мені
өлтірмексің бе? Жазығым не? — Қыз ақырын күрсінді. — Бұл күні жазыққа қарайтын заман
ба? Мейлі өлтіргің келсе, өлтіре бер...
«Бəсе, былтырғы дарға асылған кəпір де осы қыз секілді көк көз, ақсары еді ғой. Көп
болса қызы шығар... Бірақ əлі сенбей тұрған Исан-Бұғы:
Расымен адамсың ба? — деді əлі де қанжарынан қолын алмай. — Онда «оллаги,
биллаги, Мұхаммедтің үмбетімін, жалған айтсам құдайтағала кəрі соқ-
сын» деші.
Қыз сəл жымиды.
Рас айтам, адам баласымын. Егер өтірік айтсам құдайтағала кəрі соқсын. Ал
Мұхаммед пайғамбардың үмбетімін дей алмаймын, мен насрани дінінің үмбетімін.
Ол не? Кəпірсің бе?
Сендерше кəпір... Біздерше ең əділетті діннің құлымыз...
«Жын-пері болмағаныңа мың да бір шүкір. Ал кəпірлігіңді тастап, мұсылман дініне
ауысуың тақа қиын болмас... Оны соңынан көрерміз...»
Исан-Бұғы қыз сөзіне сенді. Сенбеске амалы жоқ еді. Өйткені қыздың кəпірлік күнəсын
сұлулығы жеңіп кеткен. Оның жын-пері еместігін біліп қуанған бала жігіт дəл қазір өзін осы
кəпір қызы үшін дозақ отына күюге дайын тəрізді сезінді. Исан-Бұғы тек бар болғаны
пісмилла, пісмилла деп қызға таяй берді...
Қыз шынында да былтырғы дарға асылған шалдың қызы болып шықты. Əкесі өлген
кезде Мұхаммед пайғамбардың дінін тастап, Иса пайғамбардың дініне көшкен бір ұйғыр
диқаны бұны үйіне жасырып тірі алып қалыпты. Қазір сол ұйғыр үйінде тұрады екен.
Флоренцияға баратын керуенді күтіп жүрген көрінеді. Əкесінің зиратына гүл қоюға
келгенінде Исан-Бұғыға кездесіп қалыпты.
Екі жас бірін-бірі, шу деп кездескенінен ұнатты. Балалық мөлдір сезім бірте-бірте
лаулаған жалындай, жүректерін балқытқан алғашқы махаббатқа айналды. Бірін-бірі көре
алмаса тұра алмайтындай күйге жетті. Бірақ кішкентайынан күндес өскен туған ағасы
Жұныс, інісінің ойынды тастап, тез өзгерген мінезінен сезіктеніп, аңдып жүріп бұлардың
құпиясын ашты. Ашып та қоймады, əкесіне барып: «Балаң кəпірдің қызын алайын деп жүр»
деп шағыстырды. Өзі өлсе тағына Қыпшақ əйелінен туған үлкен баласы Жұныстан гөрі,
шешесі Моғол хандарының қызы, Исан-Бұғының отыратынын тілейтін Уайс хан шошып
84
кетті. «Егер Исан-Бұғы кəпірден қатын алар болса, түбі насрани дініне бір бүйірінің
тартпасын кім біледі? Мұсылман дініндегі адамдарға да қиянат етуі мүмкін ғой. Жағатай 1
тағының құруы да осындайдан басталуы ықтимал. Əйел жүрген жердеқашан да болса
қауіп жүреді. Шыңғыс бабамыздың төртінші ұлы Төленің үш баласы бірдейҚытайды
басқарған Құбылай, Иран мен Египетті алған Құлағу, ақырында Қарақұрымдағы үлкен
Орданың ханы МөңкеАрғын руынан əйел алғанынан не шықты? Көп істерді жасырын осы
əйелдері басқарды. Құбылай Арғын қызы Жауһар ханымның айтқанын екі етпеді, тіпті Қытай
мемлекетінің көп істеріне де Арғындар қатынасты. Құлағу Арғын əйелінің айт-
қанын орындап, қарамағындағы бүкіл Қара теңіз маңындағы елге бас басқақ етіп Арғұн
батырды отырғызды. Ал сол Арғұн басқақ бір кездегі Жағатай ұлысына Жетісу арқылы
жүргізілген Батыс пен Шығыстың ұлы жолын өзінше бұрмақ болды. Қара теңіз бен Азов
теңізінің жағасындағы қалалардың Күншығысқа баратын сауда керуендерін ол енді Дəшті
Қыпшақ жерін қақ жарып, Арал теңіз даласы арқылы өткізуге кірісті. Жолдың бұлай өзгеруі
Шығыс пен Батыстың керуен сарайы боп тұрған Алмалыққа қанша зиян келтірді. Ал, Мөңке
хан өзі Қарақұрымда отырса да, қытай мен ұйғыр қызына үйленді. Ақылгөйлерінің көбін
қытай, ұйғырлардан алды. Осының бəрі ұлы Шыңғысхан ұрпақтарының өз тілін, өз
хандығын жоғалтуға аз себеп болған жоқ. Жоқ, жоқ ақымақ балаңның сүйеріөз тілегіндегі
қатын болмаса, оның зияны аз тимейді. Сондықтан да Исан-Бұғы жақсы көрген насрани
қызы тірі қалуға тиісті емес. Ол өлуі керек».
Хан уəдесінде тұрған. Жазығы жоқ, уылжыған жас сұлуды Орданың екі нөкері Исан-
Бұғының көз алдында бауыздаған. Бұл оқиға Исан-Бұғының жүрегіне бітпес жара салған. Ол
өзінің сүйген адамының көз алдында қалай ажал тапқанын көргеннен кейін, жас жаны енді
аяушылықты мүлдем ұмытып, тірі пендеге рақымсыз, тасбауыр болып алған. Соңынан
алғашқы махаббатының өшін талай қас-жауынан қайтарған. Осы өштің ең алғашқы құрбаны
əкесі бір, шешесі басқа, өзінің ағасы Жұныс еді. Исан-Бұғы əлгі оқиғадан жеті жыл кейін
əкесі Уайстың орнына Моғолстан тағына отырған күні, ағасы Жұнысты ұстауға əмір берді.
Ондағы ойы тек «түбі осы менімен хандыққа таласады» деген қауіп қана емес, баяғы кəпір
қыздан айыртқан өшін алуы да еді. «Таста тамыр, ханда бауыр жоқ» деген міне, осылай
келетін. Бірақ Жұныс қолға түспей қашып кетеді.
Исан-Бұғы өзі хан болғаннан кейін, осы кəпір қыздың өлген жеріне құлпытас
орнатқызып, ескерткіш қойдырған. Əлдеқалай қайғырса, не жол таба алмай қиналса, хан
үнемі осы араға келетін. Сүйген адамының сол күнгі көз алдында бауыздалған суретін
елестетіп, сөйтіп босай бастаған көңілін қайтадан қатуландыратын. Хан жолының мейрімсіз
жол екенін есіне түсіріп, толқуын тоқтататын.
Соңғы кезде Моғолстан шекараларының тыныштығы тым бұзыла бастаған-ды. Осыдан
бір апта бұрын жеткен хабарға қарағанда, Қашқар, Құлжа қалаларына Қытайдың көп əскері
шабуыл жасамақ тəрізді. Үйсін Арқалық батырдың жіберген шапқыншысының жеткізуі
бойынша, шабуылға шықпақ Қытай əскері тым көп көрінеді. Егер хан тағынан жəрдем
келмесе, Қашқар, Қырғыз сыпайлары ұзақ ұрысқа төтеп бере алмайды депті жиені, Қашқар
ханы Сетəлі. Сондай-ақ Қара Ертіс бойындағы Найман, Керейлерден де арғы жақтарындағы
ойраттар қазақ жеріне аттанбақ болып жатыр деген хабар жеткен. Ойраттар жеңіл жау
емес, оның үстіне қолтығына су бүркіп, оларды құтыртып отырған тағы да сол Қытай
богдахандары. Қытай Қытай болғалы, осыдан мың жарым жыл бұрын өткен Қошан
патшалығы кезінде де Орта Азияға, қала берді осы күнгі Моғолстан жеріне көз тігумен
келген. Бірақ осы күнгі Орта Азия, Ауғанстан, Күншығыс Дəшті Қыпшақ жəне Иранның
шығыс жағын жайлаған Жүзші, Үйсін, Сақ, Қыпшақ, Басмалы, Ұйғыр тəрізді көшпелі
елдердің бірігуінен, соңынан Үнді, Ауған, Иран халықтарының бас қосуынан туған ұлы
қауым қытайдың ықпалына түспек түгіл, өз ықпалын жүргізген. Будда діні осы жердегі Қошан
патшалығынан Қытай, Жапон, Кореяға тараған. Бірақ құмырсқадай қаптап өскен Қытай
халқы сол кездің өзінде-ақ өз жеріне сыймай бара жатқан соң, богдахандары көне Қытай
қабырғасынан шығып, əлсін-əлсін жан-жақтағы елге ауыз сала берген. Əсіресе, олардың
көздегені Көкше теңізге дейін осы күнгі Жетісу болған. Жерін қорғаған Үйсін, Дулат,
Жалайыр, Басмалы 2 , Ұйғыр жұрты мен Қытай богдахандары арасында сан түрлі ұрыс, қан
төгіс айқастар өткен Қара Ертіс, Құлжа, Қашқар бойларында Қытай əскері талай жеңілген...
Демек, бұдан олар сабақ алмаған, қарапайым халқының өлімін шыбын өлімі құрлы
1 Жағатайды қазақтар Шағатай деп те атайды.
2 Б а с м а л ыкейде Басым елі деп аталады.
85
көрмейтін Қытай богдахандары кей кезде өз шекарасынан өтіп, Көкше теңізге дейін жеткен.
Бірақ айбынды, Сақ, Қыпшақ атты əскерлері оларды өздерінің «Қытай қабырғасына» қайта
қуып тыққан. Соған қарамай міне, тағы Моғолстан жеріне шабуыл жасамақ. Əрине Қытай
шабуылы үйреншікті ауру. Ол басынан ұрылып, таяқ жеп, əбден əккі болған жылқы тəрізді,
қанша көптігін мес тұтып, қоқан-лоқы көрсеткенмен де, Жоңғар қақпасынан бері өтуге
батылы бармайды. Жоңғар қақпасына келіп, шүлдірлеп азан-қазан болып жатқандарында,
бер жағынан біз де жетеміз... Кілең атты қазақ, сойылға қарсы келе алмайтын өңшең жаяу
қытай əскерін қайтадан өз жеріне қуып тығады. Бұл оларға да, бізге де үйреншікті əдет.
Сондықтан да бəлен ғасырдан бері Қытай богдахандары біздің жерімізге ең болмаса бір
қаласын тұрғыза алмай келе жатқан жоқ па? əрине бұның бəрі күші жетпегендіктен. Əйтпесе
қазақты аяйын деп отырған Қытай богдахандары жоқ. Қасқырға бата алмаған бұралқы,
үреген, сабалақ майлыаяқтар тəрізді, құр байбаламымен қорқытпақ. «Құлжа, Қашқарға
аттанамыз деп күні бұрын дабыл қағып мазаны алмақ...»
«
Расымен бұ жолы да олардікі құр байбалам ба? Жоқ, бұ жолы құр қор-
қыту емес тəрізді... Моғолстанның бір күшсіз, қамсыз кезін дəл басып отыр. Моғолстанның
шығыс жағын билейтін Моғол хандары мен солтүстік жағын бас-
қаратын Жағатай ұрпақтарының арасындағы өзара алауыздықтың аса бір қатты
шиеленіскен уақытында бас салмақ. Ел басқаратын хандар арасында бірлік жоқ кезде,
сырттағы жау əдеттегісінен анағұрлым қауіпті...»
əйтсе де Исан-Бұғының құтын қашырып тұрған бұл жəйт емес. Басқа.
Ақсақ Темір ұрпағы мен Жағатай ұлысының хандары бабалары өлгеннен бері жан
аяспас қас. Бұл қастық əсіресе Самарқант тағына əбусейіт отырғаннан кейін күшейе түскен.
Көк Орда ханының жəрдемімен таққа отырғанын əбусейіт тез ұмытқан. Енді ол өзін-өзі бір
ұлы сайыпқыран патша санап, жан-жағына алабұртып қарай бастаған. Моғолстан жеріне де
көз жіберіп, бір-екі рет Түркістан өлкесінің оңтүстік жағына да бас сұғып көрген, бірақ соғыс
ісіне шебер, Уайс пен Исан-Бұғы хан оның дегеніне бола қоймаған. Бұл жағдай Самарқант
əміршісін Жағатай ұрпағына тіпті өшіктіре түскен.
Жағатай, Моғол хандарымен күресетін бөтен жолын таба алмаған əбусейіт, ақырында
Уайс хан балаларын бірін-біріне айдап салмақ болған. Ол Иранда жүрген Жұныс сұлтанды
шақырған. Кеше осы əбусейіт Ордасынан Исан-Бұғыға жасырын кісі келген. Осы құпия
адамның айтуына қарағанда, əбусейіт Жұныс сұлтанға көп қол беріпті-міс. Жұныс сұлтан
көп кешікпей Яссы, Сауран, Сығанақ қалаларынан бері қарай Шу, Талас өзендерін қуалай
отырып. Алмалыққа аттанбақшы-мыс.
Жайшылықта «ел шетіне жау тигелі жатыр» дейтін хабарлардан айылын да жимайтын
Исан-Бұғы бұ жолы шошып қалған. Өйтпеске амалы жоқ. Еліне сырттан келер жаудың қаупі
бір бөлек те, өз ішінен шыққан жаудың қаупі басқаша. Сырттан келер жауға жұртыңды қарсы
қоюға, ұран сап халқыңды біріктіруге болады. Ал өз ішіңнен шыққан жау, ол халқыңның
жауы емес, тағыңның жауы. Мұндайда «отаным, елім деп ұран салу да қиын. Жұныс
сұлтанның əбусейіт əскерімен Исан-Бұғыға қарсы шығуы, əкесінің тағы үшін күресуі Жағатай
ұрпақтарын екіге бөлу еді. Ал жалғанда үйіңнен өрт шыққаннан асар жамандық жоқ. Өрт
шығатыны тағы белгілі.
Исан-Бұғының мазасын алған осы ойлар еді. Ол бүгін құмсағаттың үшінші аударылуына
хан кеңесін шақырған. Сол хан кеңесі жиналғанша жанын қоярға жер таппады. Нөкерлерін
ертіп көне Алмалыққа барды. Алтын Емелден əкелінген құм алтынды уыстап біраз отырды.
Бірақ көңіл тұманы бірде-бір селт етпеген. Тұнған желімдей жан сезіміне жабысып алып
тұрған да қойған. Жайшылықта алтын көрсе рақаттанып қалатын көңілі бұ жолы Исан-
Бұғыны шошыта берген. Бұдан өз басына төнген қатердің қаншалық қауіпті екенін түсінген.
Бату ұрпақтары Алтын Орда тағынан айырылғаннан бері қазақ рулары Жағатай
хандарына достық ілтифат көрсетіп баққан. Бұл екі жағдайдан туған. Бірі Жағатай, Моғол
хандарына қазақтың Үйсін, Жалайыр, Найман, Керей, Қаңлы секілді басты руларымен тізе
қосып үнемі Қытай, Ойрат секілді көршілерін тонауды мақсат еткен сырт жаумен көбірек
алысуға тура келген. Бұл қазақ пен Жағатай, Моғол хандарының бір ойдан шығуына себеп
болған. ЕкіншісіЖағатай, Моғол хандары да қазақ рулары тəрізді көбінесе көшпелі өмір
сүрген. Мал қамы кейде жер қамына айналып, амалсыз бірлесулеріне мəжбүр еткен.
Ал Ақсақ Темір мен Көк Орда хандарының басқа жұртқа үстемдіктерін жүргізу
əрекеттері, өздеріне қорқыныш тудыратын елдерден емес, өздері қор-
қыта алатын елдерді жаулап алудан басталған. Осы екі жақтың ортақ құрбаны ең алдымен
86
Дəшті Қыпшақ болған. Ақсақ Темір де өзінің Алтын Ордаға қарсы жорығында, ең алдымен
жолай қазақтың алғашқы ханы Алашаның балалары Мəмет пен Сəметтің ұлыстарын
шапқан, өздерін өлтірген. Бертін келе қыз алып, қыз берісіп кеткен Ақсақ Темір ұрпақтары
мен Дəшті Қыпшақ ханы Əбілқайырдың саясаты екеуара бірігіп қатар тұрған Моғолстанды
шабу болған. Қасыңның досыо да қасың. Қазақтың көп рулары Моғол, Жағатай
ұлыстары жағына шығып кеткендіктен, бұл рулар Əбілқайыр хандығы мен Самарқант
əмірлігіне қас саналатын. Реті келсе оларды ел етіп біріктірмей, бағынышты жағдайда ұстау
үшін, əлсін-əлсін шабуды саясат еткен.
Осы саясат əсіресе соңғы кезде Əбілқайыр мен оның күйеу баласыСамарқанттың
əмірі əбусейіттің кезінде өрши түскен. Бұл мезгілде Моғолстан мен Дəшті Қыпшақтың
ортасындағы бүкіл Түркістан өлкесі Əбілқайырдың қолында тұрған. Моғолстанға жаны қас
əбусейіт Əбілқайырдың арқасында осы өлкенің Яссы, Сауран, Сайрам, Сығанақ секілді
мединелеріне арқа сүйеуге толық мүмкіншілік алған-ды. Оның үстіне əбусейіт Жағатай
Ордасының ішіне суық қолын бөтен жолмен де кіргізуді ойлаған. Жұныс сұлтанның фарсы
əйелінен туған қызы Сұлтан-Нигар-Бегімді баласы Омар-Шейх мырзаға алып бермек-тін.
Мұнда тағы саясат бар. Исан-Бұғының орнына өзінің туған құдасы Жұныс сұлтанды
отырғызу үшін, əрине əбусейіт əскерін аямайды. Жұныстың күшеюі жəне оның əбусейіт
жағында болуыСамарқант əмірінің айбарының ұлғая түсуіне көп жəрдем. Соңғы кездері
əбусейіттің Əбілқайырдан алыстауы Ақсақ Темір ұрпағы мен Жағатай тұқымдарының тізе
қоса бастауынан шыққан. Семіздікті тек қой көтереді. Атасы Ақсақ Темірдің ауыр тəжінің
салмағын ұрпағы əбусейіт көтере алмай жүр.
Жоқ, олай емес. Əбілқайырға Самарқант əмірлігі құлақ сала берсе, түбі Ақсақ Темір
хандығынан дым да қалмайды. Бұны əбусейіт жақсы біледі. Осыдан барып ол
жанталасады. Уайс ханның баласы Жұныспен бірігіп Моғолстанды алып, түбі Əбілқайырға
қарсы Темурлан хандығын күшейтпек. Ал өзге сұлтандарға не керек? Олар тек «Ұр-рит соқ,
соқ!, Ұр-рит соқ, соқƏбілқайыр мен əбусейіт секілді екі азбан қошқар сүзіссе екен дейді.
Тек сонда ғана Моғолстанды алып күшеймек түгіл, өз хандықтарын сақтап қалулары да
бұлардың екіталай болар еді деп ойлайды мықты біткеннің бəрі-бəрі.
Моғолстан! Бір кезде қандай күшті тайпа еді! Батысындағы Тоқай-Темір ұрпағы
Астрахань хандарына, күншығысындағыҚытай богдахандарына, солтүстігіндегіОйрат
қонтайшыларына, оңтүстігіндегіАқсақ Темір мен Сайбанның қанды балақ əмір,
сұлтандарына бой бермей келген. Ал қазір ше? Қазір де жаралы жолбарыстай бір шабатын
күші бар. Бірақ сол күші ұзаққа жетер ме? Ай, жетуі екіталай. Оны жаралаған сыртқы
жаулары емес, ішкі жаулары. Жете 1 мен Қарбанас 2 хандарының өмір-бақи бітпес өзара
таласы. Моғолстанды ішінен жегі құрттай жеп, əлсіретіп келе жатқан осы бірікпестік.
Исан-Бұғы тағы ойға шомды.
Мұндай жағдайда өзінің Моғолстанға хан болуы оңайға түсті ме? Екі көз бірін-бірі
шұқымас үшін, алла-тағала ортасына мұрын жаратыпты. Ал бұдан отыз жыл бұрын, бір мың
төрт жүз жиырма сегізінші жылы əкелері атақты Уайс хан өліп, артында қалған ағайынды екі
жігіт Жұныс пен Исан-Бұғы Моғолстан тағына таласар күн туа жаздағанында кім араша
тұрды? Ешкім де тұрған жоқ. Қайта ағалы-інілі сұлтандарды өшіктірумен болды. Əсіресе
бұны бұрын Уайс ханға бағынып келген Моғол əмірлері істеді. Осы əмірлердің ар-
қасында Исан-Бұғы Жұныстан Жағатай хандығын тартып алды. Бірақ артынан жастығы ма,
мастығы ма, хан болғаннан кейін өзін хан тағына жеткізген осы əмірлерге қиянат істей
бастады. Ең алдымен бас наип 3 етіп Тұрфан қаласынан шыққан Темір деген ұйғырды
белгіледі. Бұл ұйғыр ханға жаға білді де, өзгелердің қаққанда қанын, соққанда сөлін
шығарды. Өзі қарадан туа əсіресе Моғол əмірлеріне жайсыз тиді. Қарадан наип еткен хан
ісіне наразы Моғол əмірлері, Темірдің қорлығы əбден асқан кезде, бір күні түнде жиналып
кеп оның басын шауып, бүкіл денесін кескілеп өлтірді. Өздері де енді хан қарамағынан
шығып жан-жаққа тарап кетті. Дулат руынан шыққан əмір Мір Кəрімберді Моғолстан мен
Ферғана, Андижан шекарасына бекініс салып, маңындағы Мауреннахр диқандарын шабуға
кірісті. Қоншы руынан шыққан Мір Хақберді бек Ыссықкөл жағасындағы Қой Сойды деген
аралға бекініс тұрғызып, жүздеген қарақшы жігіттерімен Түркістан мен Сайрамды тонауға
аттанды. Моғолдың Шорас пен Барын руларының əмірлері түбі бір елден шыққандары есіне
1 Ж е т е, я ғ н и ш е т еқарақшы деген мағынада. Моғолдарды шағатайлықтар осылай атаған.
2 Қ а р б а н а сқырық рудан жаратылған деген мағынада, моғолдықтар шағатайлықты осылай атаған.
3 Е с к і ш а ғ а т а й т і л іуəзір деген мағынада.
87
түсіп, Уайс хан мен əкесі Исан-Тайшы сан айқасқан ойраттардың қонтайшысы Амансанджи
жағына ауып кетті. Қалушы, Бұлғашы руларының əмірлері Əбілқайыр қарамағына, Дəшті
Қыпшаққа көшті. Ал, моғолдардың ең негізгі көп руы Қоңшының бек, əмірлері еш жаққа
кетпегенмен де Моғолстанның кең даласында бүліншілік ұйымдастырумен болды. Темір
наиптың өлімінен шошып қалған Исан-Бұғының өзі де Алмалықтан қашты. Бірақ бұны бір
кезде Исан-Бұғының əкесі Уайс ханның күшімен Қашқарды қолына алған Сейтəлі əмір Іле
өзенінің жағасындағы Аққұйын деген жерден тауып алып, Ақсу қаласына əкеп хан етті. Осы
бүлінуден бастап Моғолстан бір ханға бағынудан қалды. Толып жатқан əмірлер, бектер,
хакімдер бір тайпы мемлекетті быт-шыт қып бөліп алды. Тек ел шетіне жау келсе ғана бас
қосатын күйге жетті.
Исан-Бұғы Ақсуда əбден орнығып алғаннан кейін, көп қол жинап хаджири есебі бойынша
сегіз жүз елу бесінші, жаңа есеппен бір мың төрт жүз елу бірінші жылы Ташкент, Яссы,
Сайрам шаһарларын шапты. Аямай тонап, қайтадан Ақсуға қайтты. Алдыңғы жылы екінші
рет Исан-Бұғы тағы Мауреннахр жеріне аттанды. Бірақ бұ жолы жауды өз жерінде күтіп
алған əбусейіт жеңістік бермеді. Исан-Бұғы əскерін бетпе-бет келіп, ұрыста тойтарып, Талас
өзенінің бойындағы Тараз-Жаңғы қаласына дейін қуып салды. Исан-Бұғы дəл осы жолы
астанасын қайтадан Алмалыққа көшірді. Ондағысы Қытай мен Жоңғар қаупінен мединесі
алыстау болсын дегені еді. Сөйтіп жүргенінде қауіп енді кенет оңтүстік өкпе тұсынан туды.
Сырт естуіне қарағанда, Мір Кəрімберді, Мір Хақберді əмірлер Жұныс сұлтанға барып
қосылған тəрізді. Бұ да Исан-Бұғының қобалжуын күшейте түсті. Өз жағында табжылмай
жиеніМір Сейтəлі мен Мір Мұхамед-Шейх əмірлер ғана қалды. Қысқасын айтқанда, Исан-
Бұғы енді өз үйінде өрт шыққанын анық ұқты. Бұл қиындықтан құтылатын қандай жол бар?
Мединесін қайтадан Ақсуға көшіру керек пе? Одан не табады? Алмалыққа жетер Жұныс пен
əбусейіт мырза Ақсуға жете алмай ма? əрине жете алады. Бірақ Ақсуда Мір Мұхамед-Шейх
пен ар жағындағы Қашқардағы жиені Мір Сейтəлі əмірлер бар емес пе, Исан-Бұғының
басына шын қауіп туса, бұлардың үндемей қалмайтыны кімге болса да аян. Содан сескеніп
Жұныс атының басын кейін тартар? О да мүмкін. Бірақ бір əкеден туса да, бір анадан
тумаған, өзі Жұныспен қан майданда бетпе-бет бір кездеспей, күні бұрын қашқаны қалай
болады? Жұныс осы Моғолстаннан кеткелі жиырма жылдың ішінде Исан-Бұғыға қарсы екі
рет қол жиып майданға шыққан. Бірақ екеуінде де жеңіліп кейін шегінген. Бұл жолы да
сөйтер? əй, оған сену қиын. Бұ жолы күш Жұныс жағында. Жұныс жағында емей немене,
оны жақтап Дəшті Қыпшақтың айбынды ханы Əбілқайырдың туған күйеу баласы, Жұнысқа
ең жақын бел құда болып Ақсақ Темірдің алтын тағындағы əбусейіт отыр. Жоқ, іштей іри
бастаған Моғолстан оған дəл қазір қарсы тұра алмайды. Сонда не істеу керек? əлде
торғауыттың қонтайшысы Амансанджидың өзінен жəрдем сұраса ма екен?
Исан-Бұғы екі қолын артына ұстап гүлі төгілген, түгі екі елі жібек фарсының қырмызы
қызыл кілемін көк шалғынды басқандай аяғымен жайпай аттап, ерсілі-қарсылы жүре
бастады. Оның қалмақ қонтайшысынан жəрдем сұрасам қайтер еді деген үмітінің де сыры
бар еді.
Жағатайдың бесінші буыны, Мұхамедтің шөбересі Уайс сұлтан ер жеткен кезде,
Моғолстан тағында əкесі Мірəлі оғыланның інісі Мір Мұхамед отыр-
ған-ды.
Мір Мұхамед хан мен Уайс сұлтанның арасы өте нашар болды. Уайс сұлтан өзі секілді
кілең от жүрек жігіттерді жинап алып, Моғолстанның шетінде, Қашқарияда біраз уақыт
аламандық құрып жүрді де, Түркістанға келген. Бұл кезде Түркістанның хакімі Ақсақ
Темірдің атақты серігінің бірі Қыпшақтан шыққан Сар-Бұғы əмірдің баласы, Шайх-Нұридин
болатын. Ол Мір Мұхамед ханмен өте араз еді. Шайх-Нұридин əмір Уайс сұлтанды құшағын
жайып қарсы алды. Өзінің қызы Дəулет-Сұлтан-Сақынажды қосты. Одан Уайстың тұңғышы
Жұныс сұлтан туды. Шайх-Нұридин əмір Уайсқа əскери жəрдем беріп, сан мəртебелі Мір
Мұхамед ханға қарсы салды. Бірақ қандай айқас болса да күші мол Мір Мұхамед жеңе
берді. Тек осы хан өз ажалынан өлгеннен кейін барып, Уайс бір мың төрт жүз жиырма
бесінші жылы ғана Моғолстан тағына отырды. Бірақ оның хандық өмірі өте аз болды.
Моғолстан тағын бар болғаны үш-ақ жыл биледі. Қашқар ханы Қарахан ұрпағы Сатуқ-
Бограның қолынан майданда қаза тапты. Бірақ осы аз өмірінде Уайс хан көп іс істеді. Ең
алдымен ол мұсылман дініндегі елдермен жауласуды тоқтатты. Бар күшін Қытай мен Ойрат
қонтайшыларымен күреске жұмсады. Осы кездегі Ойрат қонтайшысы Исан-Тайшымен
майданда сан мəртебе кездесті. Қытай богдаханынан үнемі əскери жəрдем алып отырған
88
Исан-Тайшы оған жеңгізбеді. Бір-екі рет тұтқын да етті. Бірақ Шыңғысханның ұрпағы деп
босатып жібере берді. Уайс сұлтан ең ақырғы мəртебе Тұрфан қаласының жанындағы
ұрыста тағы Исан-Тайшаның қолына түсті. Бұл жолы торғауыт əміршісі оны текке босатқысы
келмеді. «Егер қарындасың Мақтұм ханымды маған əйелдікке берсең босатам» деді. Амал
жоқ, Мақтұм ханымды Исан-Тайшыға беруге тура келді. Одан ойраттың осы күнгі
қонтайшысы Амансандж туды. Қасқырдың бөлтірігі өсе келе енесіне шабады. Амансандж
Исан-Тайшы секілді көкжалдан туған арлан бөрі еді. Ол шешесінің ақ сүтінен əкесінің алтын
тағын артық көрді. Сол тақты күшейту жолында «Моғолстанды нағашы жұртым» демеді.
Кере қарыс аузын қазақ руларының қанына толтыра ұрттады. Көршілес Найман, Керей
ауылдарына маза беруді қойды. Тек бұл руларды ойраттың қисық қылышынан қазақтың
қара сойылы мен қайыспас ерлігі, табан тіреп қарсы тұрар қайсарлығы ғана құтқарып жүрді.
Исан-Бұғының Амансанджидан жəрдем сұрасам қайтеді дегенісасқан ханның «түбі
жиенім ғой» деген құр далбасасы еді. Бірақ сасқан ханға жəрдем басқа жақтан келді.
Хан осылай ерсілі-қарсылы қалың ойда жүргенінде үйге бас найыбы Үйсін Қастек кірді.
Ұлы мəртебелі тақсыр хан, хан кеңесі тегіс жиналды.
Мір Сейтəлі əмір де келді ме?
Иə, тақсыр хан, кеше оған ат шаптырылған.
Мір Мұхамед хан ше?
О да.
Хан сүреде тұрған гауһар тас орнатылған алтын тəжін киді де, қолына асыл тастардан
безелген күміс асасын ұстап кеңес сарайына қарай беттеді. Бас найп Қастек би мен ауыз
үйде күтіп тұрған басқа паруалар 1 үн-түнсіз соңынан ере берді.
Хан кеңес сарайына кіріп келгенде, үйдегі əмір, сұлтан, бек, хакімдер тегіс түрегеліп,
иіліп сəлем берді.
Арсыңдар ма, бек-задалар? — деп хан есік алдында сəл кідірді.
Барсыз ба, хан иеміз? — деп үйдегілер басын бұрынғыдан да ие түсті.
Құп келіпсіздер, асыл бауырлар, — деді хан төрдегі өз орнына бара жатып, —
отырыңыздар.
Хан алтын зерлі барқытпен безенген кеңес сарайының төргі жағындағы күміс сəкіге
барып отырды. Хан отырғаннан кейін, өзге жұрт та дəрежесіне қарай орналаса бастады. Үй
іші толған ақ сəлделі, көк шапанды, көк сəлделі, ақ шапанды софы, хакім, əмір, даруғалар
мен күміс, алтын кіселі, кең қоныш етікті, бұлғын тымақты, сусар бөрікті Дулат, Үйсін,
Жалайыр, Найман билерімен лық толы. Жағатай ордасында Маймене, Майсары дəстүрі
жоқ. Хан жеке отырады. Одан төмендеу тек бас наип қана орналасады. Өзге жұрт өзінің
шен-шекпеніне қарай орын алады. Алдыңғы жағында ханға жақын, Қашқар, Ақсу, Тұрфан,
Жаңғы секілді үлкен əмірліктің хакімдері, олардан сəл кейініректеу Моғолстан хандығының
тірегі Үйсін, Жалайыр, Дулат, Найман, Керей, Қаңлы тəрізді қазақ руларының белгілі ру
бастықтары, билері, батырлары, бұлардан соң барып, Шолақ, Қорған, Жаркент тəрізді шет
қалалардың əкімдері, діни адамдар, софы, ишан, мүриттер...
Исан-Бұғы бірден сөзге кірісті. Ол Моғолстанның солтүстігінен Ойрат, күншығысынан
Қытай, оңтүстігінен əбусейіт пен Жұныс сұлтанның шабуылға шықпақ боп жатқанын айта
келіп, хан кеңесінің шешіміне екі жарғы қойды.
Бірінші айтарым, — деді ол, — бүкіл Моғолстан боп əскер жинап жауға қарсы
шығамыз ба? əлде əр хакім, əр əмір өз қаласын, өз ұлысын қорғай ма? Осыны шешіңдер.
Екінші айтарым, қазіргі жағдайда Моғолстан мединесін бекінісі нашар Алмалыққа
қалдырамыз ба, əлде жау қолы оңай жете алмас Ақсу шаһарына қайта көшіреміз бе, соны
шешіңдер.
Түскелі тұрған ауыртпалық иықтарынан жаншып жібергендей, үйде отыр-
ғандар мықшия жерге қарай қалды. Бəрінде де үн жоқ. Уайс ханнан бері əрқайсысы өзіне
жеке отау тігіп, бүкіл Моғолстанды талан-тараж етіп меншіктеніп алған Моғол əмірлері енді
қалың ойға кетті. Бастарын біріктіріп жауға қарсы шығар болса қандай пайда-зиянға
қаларларын есепке алды. Хан қойған сұрақтарға тікелей жауап беруге əрқайсысы өз
жағдайын ойлап қиналды. Егер бастары қосылмаса, бүкіл хандықтарынан айрылатыны бұл
сəтте ешқайсының жанын күйдірер емес. Қазаны басқаның жаны басқа, бəрінің де ойлағаны
өз пайдасы, өз қамы. Бұлар түбі əскер жиналатын болса, қайтсем өз ұлысымды, өз қаламды
1 П а р у акөне түркі тілі, хан соңындағы адамдар.
89
күшті қалпында сақтаймын, қайтсем кісіні аз берем, əскерге керек қаржы-қаражатты аз
төлеймін деп толғануда... «Ал өз қаламды, өз ұлысымды жеке қорғаймын десем, одан
қандай зиян көремін? Жұныс пен əбусейітке қарсыласуға күшім жетпей-ақ қойсын, Уайстың
қай баласына бағынсам да маған бəрібір емес пе? Мүмкін жауласпай-ақ Жұныс жағына
шыға салғаным тиімді боларҚытай мен Ойраттан бəлендей қауіптің дəл бүгінгі күні жоқ
екенін бұлар да жақсы біледі. Өйткені оларға қарсы қазақтың жауынгер рулары тұр. Осы
себептен «ортақ өгізден, оңаша бұзау артық» деп əдеттеніп қалған Моғол əмірлері əлі үн-
түнсіз... Ел қамын ойлап қиналып отырғандай құр жерді шұқи береді. Қайтсек
хандығымызды жаудан аман алып қаламыз деп ешкім мүнəзараға 1 барар емес.
Исан-Бұғы түбі өздері оралар деп Моғол əмірлерін беттеріне қоя берген қатесін енді
ұқты. Ел басқарам деген адамға ең алдымен ел бірлігін ұстай білу керек. Ел бірлігі деген
ұғым сол елді басқаратын сұлтан, хакім, əмір, би, батырлар бірлігі деген ұғым. Бұны бабасы
Шыңғысхан өзінің атақты Ясысында жақсы айтқан. Сол Шыңғыстың ақылын неге алмаған?
Жиырма бес жыл хан асасы қолында тұрғанда, бірігуге көнбеген əмірлерді неге түйреп-
түйреп тастамаған? Енді міне, қиын кезең туып еді, артына қарай жүзген шаян тəрізді, біреуі
алға шығатын емес. Мұндай жұртпен Моғолстанды қалай жаудан қорғап қаларсың!
Жұрт үні жуырда шықпаған соң, Мір Сейтəлі əмір қабағын шытты.
Хан ием, — деді ол сəл ашулы үнмен тыныштықты бұзып, — айтқан сөзіңіз мына
пенделеріңізге əзірейілдің гүрзісіндей қатты тиіп отыр. Ақылға салуға аз уақыт мұршат
беріңіз.
Болсын.
Дəл осы сəтте үйге қияқ мұртты, шоқша сақалды, ұйғырша киінген дəйекші кірді.
Хан ием, теріскей жақтан шабарман келіп тұр. Асығыспын дейді. Түнімен тұтғақ 2
бастығы сізге жібермепті.
Айтары құпия ма екен?
Жоқ, хабарым хан кеңесінің де құлағына жетсе екен дейді.
Кірсін.
Үйге «ассалаумағалейком» деп басын иіп, тобылғы қамшысын кеудесіне ұстап, қоңыр
жүзін жел сорған қаба сақалды, түйе жүн шекпенді, белінде күміс кіселі жалпақ белбеуі бар,
кең қоныш етікті, орта бойлы адам енді. Ол сəлем беріп, есік алдында ханға кішіпейілдік
ишарат көрсетіп, бір тізерлеп отыра қалды. Шаң шалған жүзінен алыстан келген жолаушы
екені бірден көрініп тұр.
Қай рудансың? — деді хан ананың сəлемін алып болғаннан кейін.
Дулатпын. Жаңғы қаласының хакімі Сүйіндік мырзаның шабарманымын.
Сөйле! Не айтайын деп едің?
Сүйіндік хакім хабарымды ұлы мəртебелі Исан-Бұғы ханға тез жеткіз деді. Байтақ
жеріңіздің теріскей шетіне Барақ хан мен Болат сұлтанның балалары Жəнібек пен Керей
ерткен қалың ел келіп тұр. Дені Арғын, Уақ, Найман, Керей, аздаған Қоңырат, Алшын да
бар. Əбілқайыр ханмен келісе алмай көшіпті. Қоныс сұрайды. Жəнібек пен Керей сұлтан
өзге жұртын Талас өзенінің арғы бетіне қалдырып, өздері бес жүз сойылды салт атты
нөкерлерімен төте жолмен сіздің мединеңізге келе жатыр. Мен күні бұрын хабар бергелі
жеттім.
Хан көзінде кенет қуаныш ұшқыны жарқ етіп тұтанды да, сол сəтте ғайып болды.
Жəнібек пен Керей сұлтан қай мезгілдерде жетер екен?
əрі кетсе ертең күн шыға.
Өздері қанша жұрт?
Қыруар ел. Алды келіп өзеннің кең алқабында қазан көтеріп жатқанда, көштерінің
соңы түйелерінің қомын алып та үлгерген жоқ. Оның үстіне жан-жақтағы қазақ жерінен, тіпті
алыстағы ауылдардан соңдарынан іздеп келіп қосылып жатқан елде есеп жоқ. Сірə,
Əбілқайыр хан шеңбері сорлы халықтың жан етін жұлып алуға айналған болуы керек...
Исан-Бұғының қабағы қарс жабыла қалды. Шабарман хан алдында хандардың халыққа
істеген қиянатын тəптіштеудің үлкен қылмыс екенін тез ұқты. «Қарға қарғаның көзін
шұқымас деген міне, осы екен», — деді ол ішінен. Қарапайым адамның тілі тым ұзын болса,
хан əмірі қалай қысқарта қоятынын бұрыннан да білетін шабарман, тым қысылып қалды,
бірақ сол сəтте жол тауып кетті.
1 М ү н ə з а р акөне түркі тілі, талас, өзара шешім табу.
2 Т ұ т ғ ақкөне түркі тілі, түнгі күзетші тобы.
90
Кешіріңіз, хан ием, — деді ол тағы басын төмен иіп, екі қолын кеудесіне қойып. —
Сүйіндік хакім, бүкіл Моғолстан халқының қамқоры əділетті Исан-Бұғы ханға Дəшті
Қыпшақтың көп руларының көшу себебі Əбілқайыр ханның қиянатынан деген жайды айт деп
еді.
Шабарманның қулығын ұққан кей хакім, əмірлер кекете езу тартты. Бірақ өзін «ел
қамқоры» деген сөз құлағына жылы тиген Исан-Бұғы қабағын қайта ашып:
Жақсы. Қонақ үйге барып тынық. Хакім Сүйіндікке біздің айтарымызды ертең естисің...
Басын аман алып қалғанына қуанған шабарман «құп, тақсыр», деп үйден ата жөнелді.
Далаға шығып «Уф» деп демін алды. «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген міне, осы.
Егер басыңды аман алып жүргің келсе, аузыңа ие бол. Тым ақылси берме».
Шабарманның Исан-Бұғыға: «Қыруар ел, оның үстіне жан-жақтарынан көшіп келіп
қосылып жатқан жұрт та ығы-жығы» дегені бірде-бір жалған емес еді.
Жəнібек пен Керей Қаракеңгір мен Сарыкеңгірді кейін тастап, Қарақұмнан үш күнде
жедел көшіп өткен соң, соңдарынан ерген елдердің ақсақал, батыр, билерін жинап кеңес
құрған. Барар жеріміз алыс жəне жат жер. Ағайын жоқ болсаң бере алмайды, бар болсаң
көре алмайды. Моғолстан елі бізді қалай қабылдайтыны белгісіз. Сондықтан түйенің қомын,
аттың жалын алдырмай, ағайынға сорлылығымызды көрсетпей жетелік. Күшті екенімізді
көрсе сыйлар, күшсіз екенімізді көрсе аяр, «кет кейін» дей қоймас, туыстығымызды қимас...
деп шешкен.
Осы күннен бастап сыңсыған қалың ел, малдың күйіне қарай, асықпай көшіп отырған.
Бір аптадай өткен шақта Жəнібек пен Керей өздерінің он бес ұл, жеті немере, көптеген, аға-
інілерін жинаған. Жəнібек, жолай «Қызыл жыңғылдан» өтіп бара жатқанда жігіттеріне
кестіріп алған жуандығы қамшы сабындай бір құшақ қызыл күрең тобылғыны алдына қойып,
үлкен баласы əдік төре мен Керейдің тұңғышы Бұрындыққа:
Алдарыңдағы тобылғыдан бір-бірден алыңдар, — деген.
Аналар алған.
Енді сындырыңдар, — деген.
Аналар қолдарындағы тобылғыларын шытыр-шытыр сындырған.
Енді үшеуден алып сындырыңдар, — деген Жəнібек.
Аналар үш тобылғыдан алып бəлендей күш жұмсамай бұ жолы да сындыр-
ған.
Енді бесеуден алып сындырыңдар, — деген Жəнібек сұлтан.
Аналар бес-бестен тобылғыны алып, əжептəуір күш жұмсап сындырған.
Енді сегізден алып сындырып көріңдер, — деген Жəнібек.
əдік пен Бұрындық тобылғыны сегізден алған. Тізелеріне де салған, табандарына да
салған, маңдайларынан сорғалап тер де аққан, əйтеуір қиналып барып, балуан тұлғалы қос
арлан əзер дегенде сындырған.
Енді оннан алып сындырып көріңдер, — деген Жəнібек сəл күлімсіреп.
Сындыра алмайтындарын білсе де, əдік пен Бұрындық тобылғыны оннан алған.
Сындырмақ боп əрі-бері мықшыңдап көрген. Күштерінің жетпейтінін білген соң «құрып
қалғыр, болатын емес» деп тобылғыларын лақтырып жіберген.
Жəнібек үндемей сəл ойланып отырған да:
Міне, ел бірлігі деген осы, — деп сөзін бастаған, — жалғыз адамды жау алады. Ал
көп біріксе ешкім де жеңе алмайды. Көп қорқытады.Терең батырады. Егер екі қолдың он
саусағындай қазақтың бар рулары қос жұдырық боп түйілсе, қандай жауына болса да қауіпті
күш...
Жəнібек пен Керейдің өзге балаларынан жасы үлкен жəне өзін өзгелеріне қарағанда
еркіндеу ұстайтын, ұр да жық мінезі бар Бұрындық:
Басқа рулар қайда қалады? — деген. — Мысалы, найзасының ұшы алтын Алшын...
Алыстағы ағайын өзі шешсін өз тағдырын...
Еш уақытта да хан мен билердің бірігуімен ғана хандық құрылмаған. Орда шаңырағын
халық көтерген. Қазақ елі егін еккен отырықшы жұрт емес. Бар шаруашылығы мал өсіру.
Мұндай көшпелі елдің халқырулары. Олардың көсемдерібатыр, билері болғанменен,
дені жай шаруа, кедейлер.
Жəнібектің ойы, ісін сəтті ету үшін, осы қара халықты өз жағына көбірек тарту. Қазір ол
соның жолын іздеп отыр.
Жақсы, — деді Бұрындық, — Алшынды қоя тұралық. Сонда борышымыз не болмақ?
91
Жəнібек Бұрындыққа ойлана қарады.
Түсінсең борышыңды өзің айт. Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмайды.
Білмеймін, — деді Бұрындық. — Бізге ергісі келмейтін руларды шабамыз ба,
қайтеміз...
Тұңғышының ойланбай айтқан сөзінен намыстанып қалса да, оның тез шамданатын
мінезін еске алып, сөзге сараң Керей:
Ұлым, ел шабуға асықпа, — дей салды.
Өзгелеріңде қандай ой бар? — деді Жəнібек.
Аға тұрғанда іні сөйлеу сөкет іс қазақ дəстүрінде. Тіл ұшына келіп тұрған айтары болса
да осы дəстүрден шыға алмай, Жəнібектің ортаншы ұлы Қасым сұлтан төмен қарап
тыпырши берді.
Қасымжан, сен бірдеме демексің бе? — деді Жəнібек баласының сөйлегісі келіп
отырғанын сезіп.
Иə, көке, рұқсат етсеңіз, бірер ауыз кеңесімді мен де берейін деп едім.
Айт, рұқсат...
Өзіміз əне шабыламыз, міне шабыламыз деп келе жатып, біреуді шабамыз деуіміз
ағаттық болар... Жəне көке, өзіңіз айттыңыз ғой, ағайын күшіңді көрсе сыйлайды деп...
Сөйле, сөйле.
Сөйлесем, біз Моғолстан мен Түркістан шекарасына қашқан ел тəрізді емес, көшкен
ел тəрізді болып баруымыз керек. Жағатай ұрпақтары да, Сайбан, Ақсақ Темір ұрпақтары
да ел екенімізді көрсін. Жəне қалай болса солай шұбыра көшкен ел екенімізді емес, дос
болса дос бола алатын, қас болса қас бола алатын, қоныс бермесе күшпен тартып ала
алатын жау жүрек қауым екенімізді байқасын. Қазір осы отырғандарымыздың ес
білетіндеріміз, сойыл соғып сөз сөйлей алатындарымыз, қасымызға бес-алты қазақтың ер
жігіттерін ертіп, ермей қалған, не еру-ермеуін білмей отырған жұртқа тарауымыз абзал.
«Бізге еріңдер, бірігіп ел болып, қазақтың Ақ Ордасының туын қайта көтерелік» деуіміз
орынды. Ерген жұрт ерер, ермеген жұрт ойға қалар. Қара халық соңымыздан неғұрлым көп
ерсе, соғұрлым ісіміздің сəтті болары айқын.
Жəнібек жасөспірім ұлының сөзін бірден іліп əкетті.
Дұрыс айтасың балам, — деді ол, іштей түбі Қасымнан ұлы адам шығар деген
бұрынғы үмітінің бұ жолы бір дерек тастағанына қуанып, — біздің бүгінгі аттанысымыз құр
Əбілқайырға өкпелеуден туған аттаныс емес, бұдан жүз жыл бұрын бабамыз Орысхан
тіккен Ақ Орданы қайта тұрғызып, Қазақ деген жеке ел болу аттанысы. Ал Орысхан
бабамыздың ақ туын тігетін бізде екі-ақ жер бар. БіріАлтын Орда жұрты, Еділ мен
Жайықтың ортасы. Бірақ ол жақтың жері малға жайлы болса да, елі бізге жайлы емес.
Түкпірінде Қазан хандығы мен Түркияға көз тіккен Қырым сұлтандары бар. Бұған Еділ мен
Жайыққа бізді жолатқысы келмейтін Қасым сұлтанды, Темір биді қос. Олар кімді ел еткізеді?
əрине, ар жағындағы орыс жұртына арқа сүйеп көрер едік, бірақ ол жұрттың өзі де қазір
əбден қанаттанып жетпеген қыран балапаны тəрізді. Екінші жерол Орысхан бабамыз
кеше туын тіккен Сығанақ шаһарының маңайы. Бұл ара бізге қолайлы. Ар жағында Үйсін,
Жалайыр, Дулат, Қоңырат, Қаңлы мен Найманның, Керейдің біраз елі жатыр. Бұ жақта да
аздаған Арғын, Қыпшақ бар. Сығанақ бұл күнде Əбілқайырдың қолында. Түбін көрерміз. Ал
əзірге барар жеріміз Жағатай ұрпағының Түркістанмен шектескен тұсы. Ағайын сыйласын
десек, ол араға біз ел болып баруымыз керек. Қасым баһадур жөн айтады. Қазір əрқайсың
қастарыңа бес-алты жігіттен ертіп алып, қозғалмай отыр-
ған ауылдарға аттаныңдар. Соңымыздан жұрт көп ерсе, халықтың тілегіне біздің тілегіміз
сай келгені. Онда ісіміздің игілікті болуы хақ, — деген.
Жəнібек пен Керей балалары жан-жаққа тараған. Солардың айтуымен Əбілқайырға
наразы біраз рулар Моғолстан жеріне көшіп бара жатқан қалың көшке келіп қосылған.
Əбілқайыр əскерінің Сейхун дарияның арғы бетіндегі көрген көш орны да, шабарманның
айтқан Талас өзенінің бергі бетіндегі қонып жатқан қалың ел де бəрі бір осы Жəнібек пен
Керейге келіп қосылып жатқан қазақ рулары болатын.
Шабарман шығысымен Исан-Бұғы хан кеңесін таратты да, Мір Мұхамед-Шайх, Мір
Сейтəлі əмірлерімен, бас найыбы Үйсін Қастек бимен өзі оңаша қалды. Қазақ руларының
Моғолстан шекарасына көшіп келуі, егер оларды Моғолстан жерінің шетіндегі Шу, Сарысу
өзендерінің бойы мен Талас өзенінің арғы бетіне орналастырса, өздерін Əбілқайыр мен
Ақсақ Темір хандықтарының шабуылынан қорғайтын қалқан жасайтындарын бұл төртеуі
92
бірден ұғысты. Жəне қазақтардың күштерін Қытай мен Қалмаққа да қарсы пайдаланбақ
болды. Исан-Бұғы Жəнібек пен Керейдің алдынан ат шаптырды. Ақ Орда хандарының
ұрпақтарын, олармен бірге келген қазақтың басты руларының игі жақсыларын құшағын
жайып қарсы алды.
Жəнібек пен Керей Моғолстан ханымен бір ай бірге болып, бір ыдыстан ас ішісіп, бір
ауыздан сөз шығарысып, тату-тəтті бітімге келді. Исан-Бұғы көшіп келген қазақ руларына
бүкіл Шу, Сарысу, Талас, Бадам өзендерінің бойы мен Қозыбас, Қаратаудың Моғолстанға
қарайтын теріскей жағын тегіс қонысқа береді. Бұл қоныстың шеті Қаратал өзенімен,
Əбілқайыр қарамағындағы Түркістан өлкесімен бітеді. Жақсылыққа жақсылық, осыншама
қоныс алған қазақ рулары, екі елдің бірдей жауы, Моғолстанды шабуға дайындалып жатқан
Қытай богдаханы мен Ойрат қонтайшысына қарсы бір мың жақсы жарақтанған салт атты
жауынгер шығарады.
Жəнібек пен Керей Исан-Бұғының шартын қабыл етті. «Түпкі арманымыз қазақ хандығын
құрып ел болу ғой, біздің қорған екенімізді Қытай, Ойратпен шекаралас қазақ рулары біле
берсін. Күшіміздің мол екеніне көздері жетсе, өздерінің де бізге тез қосылуларына себеп
болар» деп ойлады олар. Бұл ойларының дұрыс болғанына бес-алты жыл өтпей өздерінің
де көздері жетті.
Жəнібек пен Керей нөкерлерін ертіп, күтіп отырған жұртына қайтты. Қос сұлтанның
бұйрығы бойынша, көшіп келген ел ру-ру боп, адамының, малының санына қарай өздеріне
берілген жерге орналаса бастады. Бір ай өткеннен кейін кілең майданға салар бөрте жүйрік
мінген бес жүз Арқаның батыр жігіттерін басқарған əдікті Қытай шекарасына, Қашқар жеріне
жүргізді. Тағы бір ай өткенде екінші ұлы, соңынан ерлігімен қазақ аузында аңызға айналған
Қамбар батырды бес жүз кілең қайың сойыл ұстаған салт атты жауынгерімен Тарбағатай
тауын жайлаған Керей, Найманды Ойрат қонтайшысы Амансанджидан қорғауға
аттандырды. Қос сұлтан өздері енді Шу, Сарысу, Қаратал, Бадам, Талас өзендерінің бойына
жайғасқан елдерін басқару əрекетіне кірісті.
Осы кезде Жұныстың аулына Күншығыс Қашқардың ханы, Жағатай ұрпағы Сант-
Сұлтаннан туған əбдірашит сұлтан келді. Ол бір көргеннен Жұныстың кіші қызы ерке шора
Нигер-Сұлтан-Бегімге ғашық болып, сұлу қызын тоқалдыққа сұрады. Самарқант əміршісі
əбусейітпен жақындаспақ ойы бар Жұныс, Нигер-Сұлтан-Бегімнің өзі білсін деді. Əбдірашит
қызға кісі салды. Ерке шора Нигер-Сұлтан-Бегім құда түспек жігітті өзі іздеп келді. Келбетті,
бірақ тым семіз əбдірашит, хан ұлы болса да, қызға ұнамады. Нигер-Сұлтан-Бегім əкесіне:
«Анаған күйеуге шықпақ түгіл жанынан жүруге адам жеркенер», — деп жауап берді. Қыз
жауабын естіген əбдірашит енді Жұныспен сөйлеспеді. «Бəлем, осы сөзіңді ұмытпа, түбі
бүкіл малымды саған төксем де, мес қарнымның астына бір салармын» деп ашуланып жүріп
кетті.
əбдірашит сөзін естіген сұлу Нигер-Сұлтан-Бегім: «Сенің астыңа түскенше, өлгенім
артық», — деп күліп қала береді. Өмірдің есігін əлі дұрыс ашып көрмеген жас сұлу, бұл
жалғанда тек өлі жандар ғана кездеспейтінін, өмір деген сұрқияда адамның түсіне кірмейтін
ғажайыптар болып жататынын қайдан білсін! Адамды қақпақыл етіп ойнайтын тағдырдың
асау сырын жас сұлу еске ал-мады.
Қашқар ханының ұлы əбдірашит кеткеннен кейін, Жұнысты балаларымен Бұқарда
саяхаттап жүрген Самарқанттың əміршісі əбусейіт қонаққа шақырды. Жұныс азамат
ұлдарын ертіп, үлкен салтанатпен Бұқарға аттанды.
əдейі осы мезетті аңдып тұрғандай Жəнібек Ферғана өңірінде жатқан Жұ-
ныстың үш мың жылқысын айдап əкелуге бір топ жігіттерімен ортаншы баласы Қасымды
аттандырды.
Қасым тайлы-таяғына дейін қалдырмай Ферғана өңірінде жайылып жатқан Жұныстың
жылқысын тегіс айдап əкетеді. Бүкіл ауылдан жылқыны қуып барып алып қалар жан
шықпады. Сонда атқа он бес жасар ерке-шора Нигер-Сұлтан-Бегімнің өзі мінеді. Бар
жылқысынан айырылса əкесінің тақыр кедей болып қалатынын білетін саналы қыз, тəуекел
деп еркекше киініп, қолына найза алып шапқыншыларды қуып береді. Жылқы Талас өзеніне
таяған жерде, Нигер-Сұлтан-Бегім орағыта Қасымның алдынан шығады. Жылқыны айдап
келе жатқан қол, алдарынан шыққан найза ұстаған жалғыз жігітті көріп, садақпен тартып
қалып жайратып кетудің орнына, оны ұстап алып мазақ еткілері келеді. Жақындай келіп
олар жігіт дегендері еркекше киінген қыз екенін аңғарды. Жау жылқысын алып, көңілдері
судай тасыған кілең жас қыршындар енді «жігіттері тығылып қалып, қыздарын жауға
93
аттандыратын бұл неткен батыр ауыл деп күлкі етеді. Сонда Қасым сұлтан қызды
сықақтай бір ауыз өлең айтады:
Мен сұрасам жөніңді сен айтарсың,
Жөн айтпасаң ізіңмен тез қайтарсың.
Қай айғырдың үйірінен қашып шыққан,
Мен көрмеген бұл маңнан қай байталсың?
дейді.
Сонда қыз:
Сөз тұрғыңнан, сұлтаным, қалдым біліп,
Жан екенсің үйренген байтал мініп.
Құлынымын Жұныстың, өңім түгіл
Түсіме де көрмеген айғыр кіріп.
Туғандарым кезінде Бұқар кеткен.
Жай оғындай жарқ еттің түскен көктен.
Еркегі жоқ ауылды шабатұғын
Кəсібің бе, сұлтаным, əдет еткен?
Сол жылқымның соңынан келдім іздеп,
əке үшін бар қорлыққа қызы төзбек,
Табалатпай қасына малын қайтар.
Өз басымды кетсең де келемеждеп...
дейді.
Сонда Қасым сұлтан айдап келе жатқан жылқысын тоқтатып, су жағасына жібек шатыр
тігіп, Нигер-Сұлтан-Бегімді көтеріп аттан түсіріп, аппақ айлы түнде ақ шатырға кіргізді. Аппақ
айлы түнде ақ шатырға төселген ақ кигіздің үстінде əлі жан сипап көрмеген қыздың ақ
төсінен Қасым сұлтан тоят алды. Таңертең ел басқаратын адам мал санын емес, ел санын
арман етеді. «Ел өссе ер өседі. Ер өссе шер өшеді», деген əке сөзін өсиет тұтқан ер көңіл
батыр жігіт қыздың үш мың жылқысын қайтарып берді. Бұдан өзінің даңқы өсетініне сұлтан
күмəнданбайды. Қасымның қылығына риза болған Нигер-Сұлтан-Бегім ат үстінде тұрып,
жарылған жұмыртқа тəрізді құны түсіп кететінін айтып, түндегі болған оқиғаны мақтан етіп
бөтенге жарияламауын өтінді.
Қасым: «Бұ жалғанда, амал жоқ, көп нəрсені құпия ұстауға тура келеді» деп қыздың
өтінішін орындауға уəдесін берді.
Осылай Қасым сұлтан, олжадан қағылған серіктерін ертіп еліне беттеді. Не қыз жоқ, не
олжа мал жоқ, іштей күйінген жігіттер Қасымға өкпелерін айта алмай, қалжың-əзіл өлең
шығарады.
Шақпақ тас о да мүлік от жаққанға,
Қоймен тең қотыр ешкі мал баққанға.
Төледі үш мың жылқы қалай ғана
Қасекең қыз қойнына бір жатқанға?
Дүние алдап кетер қызыл түлкі
Қызығы бұл жалғанның ойын-күлкі.
əйтсе де сол қыздікі алтын ба екен,
Төлейтін бір түніне үш мың жылқы?,
Бір қу жігіт ат шалдырып отырғандарында осы өлеңді сұлтанға айтып береді. Қасым күледі
де қояды. Бірақ жолай ғажайып ерлік көрсетіп, Қаратау жайлауында жатқан Мұхамед-
Сұлтан-Мазиттің бір топ жылқысын шауып алады. Жігіттеріне үлестіреді. Нигер сұлумен
болған оқиғаны айтпауларын сұрайды. Жігіттер уəде береді. Бірақ əзіл сөз қолға тұрмайтын
сынап қой, бертінде əлгі өлең жұрт арасына тарап кетеді.
Жыл өте, Жұныс қызын əбусейіт мырзаның баласы Андижанның əміршісі Шайх-Омарға
берді. Əбілқайыр рұқсатымен Мауреннахрға төркіндеп келген Рабиу-Сұлтан-Бегім, Шайх-
Омар сырқаттанып қалған соң, Нигер-Сұлтан-Бегімді алып кетуге бір топ нөкерімен Яссыға
өзі керуен салды. Бұл жайды естіген Жəнібек Қасымның үш мың жылқыдан қалай
айырылып қалғанынан хабардар бола тұрса да, баласын тағы шақырады. «Нигер-Сұлтан-
Бегімді қалай босатып жібересің, онда менің шаруам жоқ, бірақ көшін аңдып тұрып
Əбілқайырдың ерке бəйбішесі Рабиу-Сұлтан-Бегімді ұстап алып келесің» деді. Бұ да жау
жағын мұқатудың бір жолы еді.
94
Қасым жігіттерімен жолда аңдып жатқанында əбдірашит сұлтанның да Нигер-Сұлтан-
Бегім көшін өздеріндей күтуде екенін естіді. Жағатай ұрпағымен дос болғанмен де, Жұныс
қызы мен көзі көрген, қолынан жас кезінде сан мəртебе дəм татқан Рабиу-Сұлтан-Бегімді
оларға қимады. Аналар көшке шапқан кезде қарсы шығуға тура келді. Бір абырой болған
жері, бұл айқаста əбдірашиттің өзі қатынаспады. Ол тек жігіттерін жіберген боп шықты.
Жағатайдың бейбастақ, нəпсіқұмар қарақшыларынан аман алып қалып, тағы да өзі Нигер-
Сұлтан-Бегімнің құшағында бір күн түнеп, ертеңіне қос сұлуды елдеріне қоя берді. Жау
олжасынан құтқарған Қасым сұлтанды Рабиу-Сұлтан-Бегім өле-өлгенше сыйлап өтті. Екі
жақтың бір-бірімен татуласуына да сан мəртебе қызу кірісті. Бірақ ел намысына айналған
жанжалды басу оның қолынан келмеді. əйтсе де Қасым алдында борышты болып қалмады.
Бертін келе Мұхамед-Шайбани əбден күшейіп, Яссы əміршісібаласы Сүйіншік қаннен-
қаперсіз күйдегі Қасым ханның əскерін түнде басып алмақ болып дайындалып жатқанда, ар-
наулы кісі жіберіп, Қасымды бір ажалдан құтқарды. Сөйтіп өзіне істелген жақсылықты
ақтады. Ал, Нигер-Сұлтан-Бегім болса Қасым ханды он жыл аңсап күтті. Он жылдан кейін
барып ең алғашқы ақ төсінен тоят алған қыран бүркіттің құшағына қайта кірді.
Бос қол қайтқан себебін сұраған əкесіне сұлтан: «Итаяқтағы жуындыдан бұралқы төбетті
қуып жіберіп өзі жалай бастаған арлан тазыдай, біреудің бауыр баспақ аруын əбдірашит
сұлтаннан тартып алып өзім иемденгім келмеді» деді.
Ал, Рабиу-Сұлтан-Бегімді неге босаттың? — деді Жəнібек.
Ұлықбек мырзаның аруағын сыйладым.
«Түсіп қалған мұзалимның 1 биігі жаман. Тоят ала алмай қалған əйелдің күйігі жаман»
деп қарайтын сорақы заманның Жəнібек те бас иген перзенті. Бірақ баласының жауабы
миына қона кетті.
Дұрыс еткен екенсің, адам қартая бастағанда жауымнан кегім қайтпай қалады-ау деп
көп ойлайды екен. Менікі де сол болар... — дей салды. Сөйтті де Қасымға тағы қарады. —
Көзім тірісінде өмір деген өткелдің қыл көпірдей сынынан өте бер... Істеп жүргендерің теріс
болса да өзің пішіп, өзің сөккенің ұнайды... Оқасы жоқ, құс ұша түзеледі.
Құс дұрыс қанаттана алса, түзу ұша алады.
Дұрыс айтасың, — Жəнібек баласына тағы тесіле қарады да қойды.
Осылай талас-тартыста тағы төрт жыл өтті. Қазақ елі Шу, Сарысу бойын əбден мекен
етіп алды. Əдеттегідей жұрт жайлауға көшкелі жатқанда, бір күні Жəнібек Қасымды тағы
шақырды.
Мүмкін Мұхамед-əкім эль Таразидың тойына Бұрындық ағаңмен сен барарсың? —
деді ол.
Барсам барайын.
Мұхамед-əкім эль Тарази Жаңғы шаһарында тұратын аты-шулы саудагер. Түбі араб. Бір
шеті Үнді, Қытай, Монғолия, Тибет, екінші шеті Византия, Түркия, Мəскеу, Киевке дейін
жүздеген түйемен жылда екі-үш рет керуен жүргізетін, қытай жібегі, манат, шағиы, үнді
шайы, жемісі, Киев кендірі, қызыл бидайы, Дəшті Қыпшақ малы, тері-терсек, жүн-жұрқасы,
Стамбулдың қолөнершілері істеген білезік, жүзік, күміс ыдыс, алтын жалатқан құман, зер
жүргізген жайнамазына дейін сатып, сауда арқылы күншығыс пен күнбатысты
байланыстырып тұратын. Əр ханның өзіне бағынатын хандығы болса, бұның сол
хандықтарды да өзіне бағындырар байлығы бар адам. Жеке сауда патшалығы бар. Алтын
ақшаны сандықтап жинаған саудагер, Əбілқайыр ханнан кезінде ишік-ата атағын алған. Осы
мал-мүлкі бықыған байдың бар тілегі жалғыз ғана бала болатын. Бірақ жаратылыс
осыншама байлықты мұрагерсіз қалдырайын дегендей, оған бала бермей қойды. Сөйтіп
жүргенінде отызыншы əйелі былтыр екі қабат болып, биыл бір ұл тапқан. Жиырма тоғыз
əйелінің қағанағын қарық ете алмаған саудагер, отызыншысына келгенде ұрық берер
қуатты қайдан тапқанын кім білсін, əйтеуір қайқы төс, саулық құйрық жас тоқалынан аппақ
сазандай ұл көрген. Кейбіреулердің «япырмай, Мұхамед-əкім эль Таразидың мына баласы
інісі Махмуд-Рақым эль Таразидан қалай аумаған. Туған əкесі өзі болса мұндай ұқсас
тумас» деген күңкіл сөзіне қарамай, Мұхамед-əкім эль Тарази бүкіл Тибет, Қорасан,
Мауреннахр, Дəшті Қыпшақ, Қырым, Қазан жерлеріне жар салып, ұлан-асыр той істемек
болған. Мұндағысы оның атақты саудагер Көк Орда ишік-атасыМұхамед-əкім эль
Таразидың мұрагері бар екен деп жер-жиһанға дəріптеп, айды аспанға шығарған той жасау.
1 М ұ з а л и мкөне түркі тілі, қызмет дəрежесі деген мағынада.
95
Тойға жүлде етіп, Стамбулда сом алтыннан құйылған үш алтын құс белгіледі. Əрқайсысы
сегіз батпаннан. Жүлде тиген адам егер бұл алтын құсты алғысы келмесе, бағасы содан
артық емес, тілеген затын беремін деп жариялады. Жүлде беретін шарты да таңғажайып.
Бірінші жүлдекімде-кім жаяу жарыста он фарсат жерден озып келсе, соған беріледі деді.
Мұнысы жиһанкез саудагердің рум халқынан алған өнегесі. Екінші жүлдекімде-кімнің
түйесі жиырма фарсат жерден озып келсе соған беріледі деді... Мұнысы сонау Мысыр
арабтарынан алған үлгісі. Үшінші жүлденікімде-кімнің аты отыз фарсат жерден озып
келсе, сол алады деді. Бұл Дəшті Қыпшақтың ежелден келе жатқан көне салты.
Жəнібек сұлтанның айтып отырғаны осы той еді.
Барар болсаң, жаяу жарыс сұлтандарға лайықсыз, ат жарысы мен түйе жарысына
дайындалу жөн, — деді Жəнібек, — Қырым менен Қорасаннан да кісілер келуі ғажап емес.
Жəнібектің айтқаны оң келді. Той болар күні бір шеті Қорасаннан, екінші шеті Қырымнан
қадірлі қонақтар, бұл жалғанның тетігін қолына ұстап тұрған сан алуан саудагерлер
жиналды. Талас өзенінің жағасында тігілген жүз ақ боз үй кісіге лық толды.
Жаяу бəйгеден Египеттен қашып келген ғалым, жараған арғымақ аттай сидиған ұзын
бойлы, күйген кірпіштей қара қошқыл отыз бес жасар араб жігіті эль Мүлік ибн Зархум келді.
Бұл бəйгеге сұлтан, бек, шынжыр балақ, шұбар төс қазақтың мырза жігіттері қорланып
қатыспады.
Екінші бəйгені қарасына бірде-бір түйе ілестірмей, Бұрындықтың қара бурасы алды.
Үшінші бəйге Əбілқайырдың Тарланкөгінің тұқымы, он бес жасар Мұхамед-Шайбанидың
əзірге маңдайына басқан жүйрігі Ақтанкерге тиді.
Бірақ бұл үшеуі де салмағы сегіз батпан тартатын сом алтын самырұқ құсты жүлдеге
алудан бас тартты.
Эль Мүлік ибн Зархум:
Алтын құс тек мені ғана байытадыдеді, — Мұхамед-əкім мырза, егер қарсы
болмасаңыз, бұл алтын құстың орнына Мауреннахр диқандары мен Дəшті Қыпшақ
малшыларының тұрмыстарына жəрдем беретін жəне екі елдің қарым-қатынасын жөндейтін
Сейхун дарияның үстінен көпір салайын. Бұл көптен бері ойлап жүрген арманым. Ніл
өзеніне осындай көпір саламын деп үлгісін істегенімде өздеріне пайдасы жоқ болған соң
фараондар мені қуып жіберді. Ал Сейхун дарияға бұл өте қажет. Осыны салуға қаражат
беріңіз.
Мұхамед-əкім эль Тарази сəл ойланды да:
Жақсы, — деді, — бұл сұраған қаражатыңды берейін. Тек менің ғалым есепшілерім
қанша пұл керек, соны санасын.
Бірақ сол күні түнде Мұхамед-əкім эль Таразидың жігіттері «сен халық қамын ойлап,
Сейхун дарияға көпір салмақ сабазсың ғой, олай болса сол Дарияның қызығын алдымен
өзің көр» деп қосында ұйықтап жатқан жерінен эль Мүлік ибн Зархум ғалымды ұстап алды
да, түнімен жедел жүріп отырып, мойнына тас байлап, Сейхун дарияның сарғылт толқынды
суына лақтырып жіберді.
Байлығым өз басыма жетеді. Алтын құсты басыма қоямын ба, маған алтын құсыңдай
қымбат ұл тауып берген тоқалыңның өзін бер, — деді Бұрындық өзінің қиқар мінезіне салып.
Ондағы ойы «бəлем, бермесіңді сұрайын, қалай-қалай ыршыр екенсіңдеген қияңқылығы
еді. Бірақ «Баласы інісі Мұхамед-Рақымға тым ұқсас екен» деген сөзді ішіне түйіп алған
саудагер қуана-қуана Бұрындықтың тілегіне көне кетті.
Айтқан сөзімді қайтып алмайын, қатын бүгіннен бастап сенікі, бірақ балам емшектен
шыққанша менің үйімде тұра тұрсын, — деді.
Бұндай шешімді күтпеген Бұрындық сасып қалды. Бірақ бұ да сөзін қайтып алмады.
Болсын, — деді.
Со күні ымырт үйіріле ол Мұхамед-əкімнің жас тоқалын өзінің шатырына алып келді.
Отыз қатынның бірі болып, ебін тапқанда ғана бөтен еркек көріп, гаремде сары қазыдай
сақталып, əбден жас денесі күйіп-піскен жас тоқал, кəрі Мұхамед-əкімнен құтылғанына
өкінген жоқ. Жаңа қожасының көңілін табуға тырысты.
Ал үшінші жүлде тиісті Мұхамед-Шайбани тіпті басқа тілек етті.
Алтын құсыңыз ханға лайық. Мен хан емеспін, тек хан тағындағы атама жəрдемші
жауынгермін, — деді, — маған алтын құстың орнына бес жүз адамыма сауыт-сайман, қару-
жарақ бер...
Мұхамед-əкім сұлтанның бетіне ұзақ үңіле қарады. Əлден уақытта барып:
96
Сіз тілесеңіз, мың адамға да сауыт-сайман, қару-жарақ беруге бармын, — деп басын
төмен иді...
Əбілқайыр Ордасының сайыпқыран ханды жоқтатпас бəлендей мұрагері жоқ деп ойлап
жүрген қастары, бұл тойда атасының туын құлатпас артында ұрпағы бар екенін бірден
көрді. Əбілқайыр ханға көкілташ болған, қазір Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтанның
атакесі Дарвиш-Хұсайын батыр күзеткен, ақылға бай, бой-тұрпаты бірден адамның
ықыласын аударар Мұхамед-Шайбани осы күннен-ақ көзге түсті.
Сол күні қастар Ордасына Айбақ оғлан, Береке сұлтан, Аббас бек, Мұса бектер
жиналып, Мұхамед-Шайбаниды ұйықтап жатқан жерінде түнде шауып өлтіруге кісі жібермек
боп келісті. Бұл мəжіліске Бұрындық пен Қасым сұлтан да шақырылды. Бұрындық көнсе де,
Қасым:
Хан тағын сақтар жанды қан майданда өлтіру керек. Ұйықтап жатқан жерінде шауып
тастау бұл ұры, қарақшылардың ісі. Біз хан тұқымымыз, мұндай қылмысқа баруымыз күнə!
деп көнбей қойды.
Оның көнбегеніне қараған жоқ. Əбілқайыр Ордасына өш сұлтан, бектер басына алтын
орда тұрғызбақ боп, аты-шулы жан алғыш Құрыбайды жіберді.
Бірақ сұлтан жатқан үйге жыландай сыбыр шығармай кірген Құрыбайды, Қасым
сұлтанның кісі жіберуімен күні бұрын хабардар болып, өтірік ұйықтап жатқан Мұхамед-
Шайбани, алдаспанын жарқ еткізіп, құлаштай сермеп қақ бөлді.
Жазмыш деген қызық. Халық үшін көпір салам деп арман еткен эль Мүлік ибн Зархум,
халықтың өз арасынан шыққан жендет жігіттердің қолынан қаза тапты. Ал, төрт жылдан
кейін бұқара халықты қанға бояп, бүкіл Орта Азияны жаулап ала бастаған, атақты
Мұхамед-Шайбани хан бір ғана сұлтанның ерлікті көксеген адал көңілінің арқасында аман
қалды.
Еліне қайтып келіп, Қасым сұлтан əкесіне тойда болған оқиғаның, көрген-білгенін бəрін
айтып болғанында Жəнібек ұзақ ойланып отырды да, ауыр күрсінді.
Түбі біз Əбілқайырдың орнына отырар Шайх-Хайдарды емес, Мұхамед-Шайбани
сұлтанды көзімізден таса етпеуіміз керек, — деді.
Бұл сөзімен Жəнібек егер Əбілқайыр тағына Мұхамед-Шайбаниға отырар күн туса, аса
бір қиын күрес басталатынын білдірген еді.
Мұхамед-əкім эль Таразидың тойында тағы екі оқиға болған. Балаларының бұл тойға
қатынасатынын білген соң, алтындатқан ер-тоқымды, жүген-құйыс-
қанды қос күлсары жорға мініп Рабиу-Сұлтан-Бегім мен келіні Аққозы келген. Жаңғы
саудагері бұларға арнап қос орда тіккен.
Бəйгеден Тарланкөктің баласы Ақтанкер озып келіп, Мұхамед-Шайбаниға жұрт көңілі
ауа бастағаннан-ақ бақ құмар Сүйіншік сұлтан жанын қоярға жер таппаған. Бірақ баяғы он
үш жасар күніндегі қылығы есте қалған Рабиу-Сұлтан-Бегім сол күні Сүйіншікті оңаша
шығарып ап ұзақ сөйлескен. Ақылы да, ерлігі де Мұхамед-Шайбанидың өз теңдестерінен
артық екенін бүкіл ел біліп қалған тəрізді жəне оны қостайтын Дарвиш-Хұсайын Қарашың
батыр мен Бахтияр сұлтан тəрізді Көк Ордаға тірек болған, бүкіл Дəшті Қыпшаққа əйгілі
адамдар бар, қандай бақытқа, таққа жетсең де Мұхамед-Шайбанимен бірге жетесің деген.
Əкесін өлтірген нағашың əбді-Латиф əмірге ұқсама, қызғаншақтың жолы күнə жол, онымен
адам мұратына жете алмайды, ағаң Шах-Будақтың балаларына кең пейіл келіп, солардың
соңынан еруін сұраған. Өздері быт-шыт боп қырылысып жүрген нағашысы Темір тұқымының
бұған əке тағына отыруға жəрдем бере алмайтынына көзі жете бастаған Сүйіншік, əлі де
Самарқант əмірлігіне қадірі бар шешесінің ақылын алған, өн бойын қанша мансапқұмарлық
билегенмен, аталы сөзден шыға тартпаған. Бұл Əбілқайыр балаларының əр жаққа
бұрылмай, бір одақтас болуының басы еді.
Екінші оқиға тіпті адам күтпеген жерден кездесті. Түйе бəйгесі біткен күні іңірде Аққозы
бике өз ордасында жалғыз отырған кезінде, үйге бет-аузын көшпелі елдің бұзауындай
тұмшалап алған, жалғыз көз, еңгезердей қара жігіт кіріп келді.
Тойдан шаршап келіп қисайып жатқан Аққозы, осынау кірген адамның дене
құрылысынан, қимылынан өзінің Орағын көргендей шошып кетіп, дауыстап жібере
жаздады.
Қорықпа, — деді кірген кісі, — мен Орақпын. Өлді дегендері бекер, тірімін. Бірақ өлген
адамнан да қорқыныштымын. Егер менің бетімді көрсең, қазір талып құлар едің. — Ол
асыға өзінің қалай тірі қалған оқиғасын айтып берді деқолыңа құран алып, «өмір-бақи
97
ерге шықпаймын» депсің, соныңды естіп келдім, — деді, — маған деген жүрегіңді адал
сақтағаның үшін рақмет, бұл құрметіңді қара жерге кіргенше ұмытпаспын. Ал енді айтарым:
өлген адам үшін өлмек жоқ. Мен патша, хандарға ғана тірі адаммын. Саған өлікпін. Ерге
шық, қызық көр. Құран ұстап құдайға берген антыңды мен алдым. Ал енді қош бол. — Ол
үйден шыға берген.
Тоқтай тұр... — деді Аққозы.
Бірақ Орақ тоқтамады. Шығып кетті. Аққозы көзі қарауытып, жанындағы төсекке ақырын
қисая беріп, жылап қоя берді.
Келесі күні түнде Орақ қырық жігітімен Мұхамед-əкім эль Таразидың Талас өзенінің
етегінде жатқан көп жылқысын «өзің өлтірген эль Мүлік ибн Зархум шебердің құны» деп
айдап əкетті. Оны Сырдың төменгі жағындағы кедей ауылдарға апарып бөліп берді. Осы
күннен бастап «Жалғыз көз» батыр кедей жұрттың қорғаны» деген лақап бүкіл Дəшті
Қыпшаққа тарады. Орақ кедей жұрттың қорғаны екенін сан айқаста көрсете алды.
Ал бұл кезде Исан-Бұғы мединесін қайтадан Ақсуға көшірген. «Сыртқы жауынан
қазақтар қорғайды, ал олардың күші жетпей қалса, өз қалаларыңды, ұлыстарыңды өздерің
қорғаңдар» деп хан кеңесін мүлдем таратқан. Осылай əмірлерінің ойынан шыққанына ол
өте қуанышты еді. Өйткені айтқандарын істеп отырған ханға енді ешқайсысы қарсы бүлік
шығармайды деп ойлаған. Қой да аман, қасқыр да тоқ. Бірақ Исан-Бұғы өз қолымен өзі
Моғолстанның болашақ көрін қазып қойғанын білмеді. Моғолстан əмірлерінің өз ұлыстарын
жеке-жеке қорғауы, ал қазақ руларының бірігіп сыртқы жауларына қарсы шығуы, бұл елдің
мемлекет болуының алғашқы адымдарына айналатынын ол ойламады. Исан-Бұғы тағы
екінші жағдайды аңғармады. Ол мединесін Ақсуға көшіргенде енді Əбілқайыр, əбусейіт,
Жұныстың шабуылынан біржолата құтылдым, олар маған қылышын ала ұмтылса, жолында
найзасын төсеп тұрған қазақ елі бар деп сенген. Жоқ жерден Түркістанның күнбатыс күнгей
жағынан пайда болған жауынгер қазақ руларынан расында да əбусейіт пен Жұныс қатты
сескеніп қалған. Енді бұл елдерді басып Моғолстанға өте алмайтындарын бірден ұққан.
Сондықтан олар Исан-Бұғыға тікелей апаратын жол іздеген. Желісі алыс, қиын да болса сол
жолды тапқан. Жұныс пен Омар-Шейх сұлтан Түркістан өлкесінің күншығыс жағымен
құмайтты, шөлді, кісі түгіл керуен жүрмеген, тек сініш құсы 1 ғана ұшып өтетін сахараларды
басып отырып, Іле өзеніне шыққан. Сол Іле өзенінің бойымен Алтын Емел тауларын
бөктерлей отырып, Жаркент қаласына жеткен. Ал Жаркенттен төте жолмен Ақсуға əрі
дегенде үш күнде барады. Жауының Жаркентке келіп қалғанын Исан-Бұғы білген де жоқ. Ол
кенет төсек тартып ауырып қалып, дүние оған енді қайта оралмас түске айналған. Тілі
күрмеліп бар əлем су қараңғы бола бастаған. Тек көз алдына жарық сəуле болып, баяғы бір
су перісі тəрізді, кəпір қыз елестей берген. Отыз жылдай екеуін бөлген арасындағы тамұқ
өмірден енді құтылып, жаныңа барам деп кəпір қызға төсегінен əлсін-əлсін қолын жая
ұмтылып, тек аузына «Федосья» деген соның ғана аты түсе берген. Тілі күрмеліп, құр ерні
ғана жыбырлап жатқан ханның қасында отырған наип, муфти, ишан, қожа-молдалар, хан
даусын естімесе де кімнің атын атап жатқанын түсініп іштерінен «астапыралла,
астапыралла, хан иеміздің «күнəсынан аулақ ет» деп құдайтағалаға жалбарынумен болған.
Алтын таққа отырып ел билегелі көрінген əмірден, хан, сұлтаннан қауіптеніп құса
тартқан Исан-Бұғының кəрі жүрегі, қас жауы Жұныстың келіп жетуіне шыдай алмады. Бір
күндерде бүкіл Моғолстанға қожа болған Исан-Бұғы, төсегіне құлағанына бір апта өткен
шақта жеті қатыны мен он бес ұл-қызының біреуінің де атын атай алмай, тек «Федосья» деп
ерні жыбырлап дүние салды.
Ақсуды шабуға Жаркентте дайындалып жатқан Жұныс сұлтан бұл хабарды естісімен
кейін шегінуге бел буды. Күйеу баласы Омар-Шейх мырзаның «келіп қалдық қой, қазір олар
ұрысқа дайын емес, хан тағын алуыңызға бұдан артық мезгіл болмайды, шабайық» дегеніне
көнбеді. Ханы өліп, қаралы болып жатқан елді шапса, түбі бар халық қарғыс айтып, хан
сайламай қоюынан қорықты. Өмір бойы арман еткен тағын енді бөтен жолмен алу керек
екенін ұқты. Ол атының басын кейін бұрды. Демек, бұнысы дұрыс болды. Моғол, Жағатай
əмірлерінің шешуімен Исан-Бұғының қырқы өтпей, Жұныс сұлтан Моғолстан ханы тағына
отырды.
Бүкіл Нарын, Қашқар, Құмнат, Қастек, Сары ұйғыр маңындағы Үйсін, Жалайыр, Ұйғыр,
Албан елдерінен өзінің бес жүз атты əскеріне бес мың салт атты сойылгерлерін қосып,
1 С і н і ш қ ұ с ышөл құсы.
98
Қытайдың қалың жаяу əскерімен қан майданда үш мəртебе кездесіп, ақырында өздерінің
шыққан жері — «Қытай қабырғасынан» əрі асыра қуып тастап, Шу бойынан əдік Моғолстан
шекарасына екі рет барып қайтты. Сондай-ақ Ойрат қонтайшысы Амансанджиға «байқа, бұл
араның Керей, Найманының қорғанышы бар» деп ығай мен сығайдан құрылған бес мың
əскерімен қыр көрсетіп еріксіз бітімге көндіріп, Қамбар батыр да Ойрат жерінде екі рет
болған. Осындай жағдайда тек Əбілқайыр жағына сескене қараған Жəнібек пен Керей, қазақ
хандығының туын көтеріп, енді еркін қимылдай бас-
тады.
ІІ
Сырдарияның орта шенінде сол жағасындағы тар алқап пен оң жағасындағы өркештене
созылған қарт Қаратауды, оңтүстік-күншығысындағы Бадам, Шыршық өзендерімен шектесіп
жатқан сұрғылт өлкені көне заманнан Түркістан деп атаған. Бір жағында Моғолстан, екінші
тұсында Мауреннахр, сыртында Дəшті Қыпшақ жері. Кейде арпаған, қияқ, қау шөпті, кейде
тек сарған ғана өскен құмайт, ал, кейде тіпті аппақ сор, тақыр дала болып келетін осы өлкені
басар 1, қараған, тобылғы жапқан ат тағасындай иіріле созылып жатқан қылыш тасты нұра,
қыз емшекті адыр, төбе, ұшы-қиыры жоқ белестер тілгілеп өткен. Бұл белестер негізінде
Тарбағатай, Тянь-Шань, Памир, Алтай, Копет-Даг, Гиндукуш тауларынан басталды.
Осы құмды, құмайтты, қылыш тасты, түкті қабақ жартасты, қияқ шөпті, бозаңды далада
көне заманнан, тіпті Шыңғысхан шабуылынан бұрын көп жылдан бері келе жатқан Сығанақ,
Сауран, Отырар, Яссы, Сайрам, Ақрұқ атты көне шаһарлар бар. Бұл мединелердің қасына
бірнеше уақ қалалар салынған. Мысалы Яссы шаһарының қасына Мысырдан келген
қожалар туған елдерінің үлгісімен Сунақ, Жүйнек, қазақ жерінде алғашқы қорғасын
қорытылған, тай еті түгелімен сыятын қырық құлағы бар атақты Мысқазан құйылған, дін
кіндігі Қарнақ тұрғызылған. Сондай-ақ Созақтың жанында Шолақ, Саудакент, Сүткент, Едіге
мен Жиренше шешен туған Құмкент дихтары орын алған. Бұл қалалар шеті сонау Еділ,
Жайық, Қара теңіз, Орал тауларына дейін созылған атам заманнан Дəшті Қыпшақ деп
атаған алып қазақ даласының мəдениет, ғылым, дін ошағы жəне сауда-саттық кіндіктері
болған.
Түркістан мен Дəшті Қыпшақ даласының түйіскен алқабын бауырлай, Мойынқұмның
күншығыс жағын орап, басын Тянь-Шань тауының құшағындағы Ыстықкөл мен Соң көлден
алған, мың шақырымдай құмайт шөлді, тақырлы, биік жартасты сайларды көктей өтіп,
қазақтың атақты арналарының біріШу өзені ағады. Оңтүстіктен келетін ең алғашқы
тармақтары Теріскей Алатау-
дың оңтүстік жақтағы мұзды қойнауынан шығатын Қарақожыр мен Түлін деген ағысы қатты
кішкентай тау өзендері. Бұл екі өзен Долан асуынан аса Берік, Нарын ойпатының жоғарғы
жағынан құятын. Оттық арнасымен қосылып, мыл-
қау құз, пышақ кесті биік шыңдарды қақ жарып, Жуанарық деген атпенен Теріскей
Алатаудан өтіп, солтүстікке қарай айбарлана гүрілдеп бет алады. Жуанарық тұсы бір ғажап
жер, арасы тар, күңгірт биік жартастар. Ортасында ақ көбік атқан, қазандай-қазандай
тастарды түйіршіктей домалатқан арқыраған долы өзен. Суық, ызғарлы сұлулығымен тек
ертегілерде ғана кездесетіндей адам баласын таң қалдырарлық бір ғажайып сурет. Осы
жал-жал құздар арасынан солтүстік-күншығысқа қарай беттеген Қошқар деген өзенді қосып,
Шу Ыстықкөл мен Күтемалды өзені арқылы ұлғайып, етегін жая Күнгей Алатаудың
қойнауынан бұрқырай өтіп, солтүстік-күнбатысқа бұрылады. Бұдан кейін Шу Алатауды
бөктерлей отырып, қырғыз жерін баса жолай Үлкен Кебін, Кіші Кебін секілді бірнеше
өзендерді өзіне қоса, ақырында Мойынқұмның күншығыс жағынан барып шығады. Шу құмға
жетісімен күнбатысқа қарай бұрылады. Енді бұрынғыдай емес, ағысы саябырлана түседі.
Бөлшектене бастайды. Жағасын қалың қамыс басып, кей жері сорға айналады.
Ақырында Сейхун дариядан бір көш жерде тұратын Саумалкөлге барып құяды. Бұл
көлдің күнбатыс жағында бірімен-бірі ұсақ өзендер арқылы жалғасып жатқан бірнеше суы
ащылы, тұщылы көлдер бар. Солардың ең үлкені Телікөл. Телікөлге қазақ даласын аралай
кеп Сарысу құяды. Кей қарсыз жылдары Сарысу Телікөлге жете алмай, орта жолда
Қызылжыңғыл маңайына барып құмға сіңіп жоқ болады.
1 Б а с а ркөне түркі тілі, тау жуасы.
99
Шу өзенінің Мойынқұмды көмкере күнбатысқа бұрылатын сағасынан ауыл бес күн
көшерлік жерде Көкше теңізБалқаш көлі бар. Телікөл айналасы желген атқа бір күндік
жер болса, Көкше теңіз аумағын, ұшқан құс екі-үш рет қонбай айналып шыға алмайды. Ұшы-
қиыры жоқ дала... Балқаш көліне үлкен бес өзен құяды: Іле, Лепсі, Ақсу, Қаратал, Аякөз.
Іле, Лепсі, Ақсу, Қаратал өзендері басын Жоңғар Алатауынан алады да, Аякөз Тарбағатай
қойнауынан шығады.
Көне заманда, Қошан патшалығы кезінде, Шу өзені Сырдарияға құйған. Шуға сол
жағынан Сарысу, оң жағынан Талас өзені келіп қосылған. Сол заманның өзінде Шудың
Сырға құятын сағасында, Талас өзенінің бойында Сығанақ, Тараз; Яссен өзенінің
жағасында Отырар қалалары болған.
Исан-Бұғы хан Жəнібек пен Керейге қонысқа Моғолстан мен Түркістанның шекарасында
жатқан Шу, Сарысу, Талас өзендерінің жағалауы мен Балқаш көліне келіп құятын Қаратал
өзенінің бойын берді. Сөйтіп қазақ рулары бірден Моғолстанның солтүстік, солтүстік-батыс
шеті мен Көкше теңіздің Шумен қатарлас тұсына ие болды.
Қарашаның суық желі тұрмай, Жəнібек пен Керейге еріп көшіп келген екі жүз мың жанды
қалың ел осы Шу, Сарысу, Таластың Жуанарықтан төменгі солтүстік-батысына қарай
созылған жағасына орналасты. Тек Жəнібек сұлтан мен оның балаларының ауылдары,
қастарына мың шаңырақ төлеңгіттерін қосып, мұз қата Көкше теңіздің үстімен оңтүстік
жағындағы Қаратал өзенінің бойына өтіп, сол тұсқа қыстау салды. Жəнібек сұлтанның
бұнысы жер жетпегендіктен емес, əдейі көшу еді. Қаратал өзенінің ар жағында Аякөз өзені
бойымен сонау Тарбағатай тауларының Қытай жеріне дейін созылған аймағын тегіс
Найман, Керей, Уақ рулары жайлайтын. Қазақ руларының басын қосып жеке хан көтеріп, ел
болуды арман еткен Жəнібек сұлтан Найман, Керей, Уақ руларымен іргелес отыруды жөн
көрді. Бұнысы дұрыс та боп шықты. Ортаншы ұлы Қамбар батыр алғашқы аттанысында
Тарбағатай тауының бойындағы қазақтарға барып қайтқанынан-ақ, Жəнібек сұлтанның
қадірі бұл маңайға өсе түскен. Найман, Керей, Уақ рулары Жəнібекке өздерін бағынышты
санай бастады. Сөйтіп ел боламыз деген қазақ рулары, осы алғашқы жылы-ақ, бір шеті
Телікөлдің төменгі етегі болса, екінші шеті Тарбағатай тауының биік басына дейін құлаш
созды. Қазақ елі осы жылы-ақ қанатын екі жаққа кере жайған алып қыранға ұқсай түсті.
Жылқысы тебінге, түйесі қарағанға, сарығанға үйренген қазақ ауылдарына қыста қамысы
қалың, қары жұқа Шу, Сарысу, Талас, Қаратал өзендері мен Балқаш Саумалкөл, Телікөлден
артық қоныс керек емес-ті. Тек қамысында қаптаған қабаны, тым көп болмаса да ара-тұра
кездесетін ала шұбар жолбарысы, тарғыл барысы ғана малға қауіпті еді. Бірақ көп кешікпей,
аң тəсіліне еті үйренген қазақ жігіттері, бұл қауіптерді де жеңіп алды. Ақыра шапқан
жолбарыс, сегіз қырлы сауыт бұзар жебенің көкірегінен барып қадалған қанжар ұшына
шыдай алмай жер қаба құлады. Енді қамыстан адам емес аңның өзі қашты.
Бұл қамысты өлкенің тағы да бір ғажайып ерекшелігі болатын. Қазақ руларының ежелгі
кəсібі мал шаруашылығы. Көшсекөлігі, сойсасоғымы. Еті мен сүтінас, терісі мен
жүнін киім етеді. Малы неғұрлым көп болса, соғұрлым тіршілігі жақсы. Сондықтан да қазақ
«мал ашуыжан ашуы» деп келеді. Ал малға керегі жер, жайылым. Қамысты Шу, Сарысу,
Талас бойлары мен қар суынан жаратылған жүздеген тұнық, борықты тұщы көлдердің кең
өңірлері қыстың күні жайлы болғанмен, малға жаз тым мазасыз, азабы тамұқтан кем
тимейтін. Мал түгіл, адамға да қолайсыз. Көкек шыға бұл өлкені тұмандай қаптаған
быжынаған сона, маса, бөгелек басады. Жан-жануарға жанын қоярға жер тапқызбайды.
Осындай жағдай Қыркүйектің басына дейін созылады. Көне заманнан бастап бұл арада
сонау Кіші Кебін өзенінің сағасынан төменгі Мойынқұмға дейін жаз бойы ешбір ел тұрмайды.
«Қазақ қай бір сүтті қызын береді» дегендей, Исан-Бұғының да көшіп келген ағайынға бұл
жерді бере салуының бір себебі осында еді. Бос жатқан жерді «жауың емес, досыңмын»
деген қазақ руларынан аясын ба, мырзалық ете салған.
Жəнібек пен Керей үш-төрт жыл өтпей-ақ жазғы жайлауын ойлай бастады. Қыруар елді
өсіп келе жатқан бықыған малымен қайда апармақ? Рас, біраз жұрт осы уақытқа дейін Шу
мен Таластың жоғарғы бойын өрлей Қошқар, Жуанарық өңіріне көшіп келді. Кей ауылдар
Көкше теңіздің маңына да барды. Енді бүйте беруге болмайды. Сонда жайлауды қайдан
табады? Наурыз бітпей биыл Көкше теңіз үстімен солтүстікке шығып алған Жəнібек
ауылдары, көп ұзамай Мойындықұм маңайында қалған қалың елге келіп қосылған. Бұл
кезде Жəнібек пен Керейдің қарамағындағы ел үш жүз мың үйге жеткен. Əбілқайырдың
құрығы бұрын да мойнына түсе қоймаған Көкше теңіз маңындағы ел Жəнібекке тегіс
100
бағынған. Əулиеата, Мерке маңайындағы Дулат пен Қоңыраттар да қос сұлтанның
жарлығына мойын ұсынған.
Міне, осы кезде жазғы қамын ойлаған елдің ақсақал, би, батырлары жиналып екі
мəселені шешті. Біріжасының үлкендігін сыйлап Рабиуыл айының басында ақ кигізге
көтеріп, Керейді қазақтың ханы сайлады. Екіншісіжазғы жайлауы етіп Қара Кеңгір, Сары
Кеңгір өзендерінен бастап Ұлытау, Арғынаты тауларының бойын қуалай, ортадағы
Шойындыкөл, Ақкөл, Барақ көлді ала отырып, сонау, Есіл, Нұра өзендеріне дейін көшпек
болды. Малына жайылым, өзіне пана керек жұрт «Əбілқайыр берсе қолынан, бермесе
жолынан аламыз» деп атқа қонды. Қазақ руларының бұнысы көк шалғынды, саумал көлді
ежелгі қонысын ел болып қайтадан өзі билеп, өзі төстеудегі алғашқы адымы еді. Бұған
Əбілқайыр қарсы тұра алмады. «Қазақ елін құмға қашырып, қырып тастаңдар» деп жіберген
он мың лашкарларының қолынан ханның бұйрығын орындау келмеді. Лашкарларды
бастаған Бахтияр-баһадурдан кейінгі ханның ең сенімді адамы, қара аюдай алпақ-салпақ
мол денесі мен бойына біткен алып күші үшін, руының атын өз атына айналдырып
«Қарашың» деп аталған əскер қолбасшысы Дарвиш-Хұсайын батыр, көшкен елдің соңынан
қуып жетсе де, ештеңе істей алмады. Отыз мың сойылды əскерімен көш соңынан қорған
боп келе жатқан Жəнібек сұлтан да бұларға назар аударып кейін бұрылмады. Қыр
бөктерлей жортқан көкжал қасқырға тап беруге бата алмаса да, кейін қалып қоюға
намыстанған ауыл төбеттері тəрізді, Əбілқайыр ханның лашкарлары алыстан садақ атып
құр мазасын алып, соңдарынан жүріп отырды. Қарашыңның бұл тəсіліне Жəнібек таң қалды.
«Сірə, менің əскерімнің аттан түсіп, бір жайбарақат қалар кезін күте ме? Олай болса...»
Жəнібек кенет отыз мың əскерінің атының басын кейін бұрдырып алды да, Қарашыңның
лашкарларына лап қойды. Арқаның жазық даласында бауырын жаза шапқан кілең тоқпақ
жал, қамыс құлақ, бөрте мінген қалың қол заматта жау жасақтарын жан-жағынан қоршап
алды. Бұл Қыпшақ шабуылшыларының ежелгі тəсілі. Алдында жайбарақат келе жатқан
қалың қолдан мұндай жылдамдықты күтпеген Қарашың баһадур кенет туған қауіпті көріп
жаман састы. Отыз мың сыпай отыз мың садағын бір рет қана тартса орталарында
қотандағы қойдай қоршалған он мың лашкардан не қалады? Бір адамға үш жебеден.
Батырға да жан керек, Қарашың бітім сұрады. Бұл оқиға Даираяқтың тақыры, Шотшөт
көлінің тұсында болған. Кешегі бауырлас рулардың қанын төгуді Жəнібек лайық көрмей
бітімге келген. Бітім біреу-ақ; «бізге қосылғысы келген лашкарлар бізге қосылсын, ал бізге
қосылғысы келмегендері екеу ара бір ат мініп, қалған аттарын тастап елдеріне қайт-
сын. Босаған аттардың бəрі бізге қалсын». Қарашың лашкарларының үштен бірі Жəнібек
жағына шықты. Қалғандарының елдеріне қайтқысы келді. Бірақ екінің бірі аттарынан
айырылды. Сөйтіп алты мыңдай адам екі-екіден атқа мінгесе мініп кейін жүрді. Телікөл-тата
тасығанда барып құятын Сегізсай Сарыаланың жанындағы сол кезде «Атмінгескен» деп
аталатын қия жол содан қалған. Əскерінің қалай жеңілгенін естіген Əбілқайыр, бір кезде
бүкіл Дəшті Қыпшақты, Мауреннахр, Қорасанды бағындырған лашкарларының енді масқара
боп, мінгесіп қайтқанына жаман қорланды. Ашудан бір орнында отыра алмады. «Тірі
жүрсем, Жəнібек сұлтан, осы істегеніңді алдыңа келтірмесем, Əбілқайыр атым құрысын»
деп ант берді. Бірақ антын орындай алмай өтті. Қарашыңның қолын жеңуіжас арыстан
қазақ елінің жауына айбарын алғашқы көрсетуі еді. Енді ол жылдан жылға есейе түсті. Тағы
үш жылдан кейін Керей қайтыс болып, Жəнібекті хан етіп ақ кигізге көтергенде, қазақ
рулары бастары бірігіп, Шу, Талас, Сарысу, бүкіл Көкше теңіз бойын, Дəшті Қыпшақтың
солтүстігіндегі Есіл, Нұра, Тобыл өзендеріне дейін тегіс алып болған еді. Осы жердің
оңтүстігін қыстауы, солтүстігін жайлауы етті. Елдің елдігін, ердің ерлігін көрсететін заман
енді туды. Тек осы шағын жерде көшіп жүре берсе, бір күні өзінен күшті Əбілқайыр секілді
бір ханның қалың қол шығарып, қайтадан басып алатынын Жəнібек жақсы ұқты. Өзің күшті
болсаң, өзгемен көшің қатарлассын. Ал күшті болу үшін, енді қазақ біржолата руға бөлініп
бытырап жүруді тыйып, айбынды мемлекетке айналуы керек. Ұшы-қиыры жоқ далада
малының əуенімен əр руы өз алдына көшіп, тарап жүрген қазақтың, Иран, Үндістан, тіпті
қала берді тұрғын ел Мауреннахрдай тастай берік мемлекет болуының қиын екенін Жəнібек
бұрыннан да жақсы түсінетін. Əйтсе де кəсібі бір, нəсілі бір, тілі бір бүкіл қазақ руының
басын бір жерге қоса алмаса да, сол өзінің мал шаруашылығына тəн көшпелі тіршілігіне
ыңғайлы хандық құруға болатынына ол сенетін. Бұл, қазақтың тарам-тарам боп əр ханның
қолында құрып кетпеуі үшін керек еді. Тіршілік тартысы, халықтың өзін сақтап қалу күресі
бəрі де бір ел болмай мүмкін емес-ті. Бұл арман халықты алысуға мəжбүр етті. Ал жеке
101
мемлекет болу үшін, ел бірлігінен басқа, жауың сескенетін əскерің мен халқыңның мұң-
мұқтажын, керегін қамтамасыз ететін, өзге жұртпен байланыс жасайтын кəсіпорындары,
сауда-саттық жүргізетін шаһарлар керек. Бұл шаһарлар Дəшті Қыпшақ жерімен шекаралас
Түркістан өлкесінде. Ал Түркістан Əбілқайыр ханның қолында. Бір кезде бұл шаһарлар
қазақтың алғашқы ханының бірі Орысханның қарамағында болған. Орысхан Ақ Орданың
туын көтергенде, Шыңғысхан мүлдем құртып жіберген Сығанақ, Сайрам, Яссыны қайтадан
тұрғызған. Сығанаққа астанасын көшірген. Қазақ руларына керек шай, қант, мата, ыдыс-аяқ,
қазан-ошақбəрін Үндістан, Қытай, Иран саудагерлерінен алып, Шығыспен сауда жүргізе
бастаған. Бұның бəрі Ақ Орданың құлауымен бірге біткен. Ал бұл жағдайға жету үшін, құлап
қалған Ақ Орданы қайта тұрғызу керек. Əрине Ақ Орданы қайта тұрғызу деген сөз, бүкіл
Дəшті Қыпшақ жерін, Түркістан уəлиетін өзіне қарату деген сөз. Бұнсыз қазақ күшті ел бола
алмайды, бұнсыз қазақ өз басын сыртқы жауынан қорғай алмайды. Осы ойдың бəрінел
бірлігін күшейтіп, ру-ру боп жүрген ағайындас жұртты қазақ деген бір ел етті, сол елді, жан-
жағындағы қанды көз жаулары бесігінде жатқанда қыршынынан қиып құртып кетпес үшін,
айбарлы атты əскер құруды Жəнібек көп ойлады. Əрине, ондай басы біріккен, мол əскерлі
елді мемлекетке айналдыру үшін, Ақ Орданы қайта тұрғызып, бүкіл Дəшті Қыпшақ жері мен
Түркістанды өз қарамағына алу өте қажет. Алғашқы екеуі қазақ руларының берекесімен,
ауыз бірлігімен байланысты болса, үшіншісі ұзақ тартыссыз, əсіресе Дəшті Қыпшақ ханы
Əбілқайырмен қан майданда кездесіп, аянбай қан төгіспей шешілмейтін тілек еді.
Түркістан Əбілқайырға да, Ақсақ Темір əмірлеріне де керек. Ал бастары жаңа қосылып
келе жатқан қазақ руларына Түркістан уəлиетіне жататын Сырдария жағасындағы
кенттердің маңызы ерекше зор болатын.
Бұл ерекшелік ең алдымен Сырдария шаһарларының шаруашылық жағдайымен
байланысты себептерден туған.
Дəшті Қыпшақтың көшпелі еліне қаланың өнеркəсіп заттары, отырықшы жұрттың егісінен
өнетін азық-түлігі қандай қажет болса, отырықшы елдер де көшпелі жұрттың өсіріп отырған
малының еті, жүні, терісіне сондай мұқтаж еді. Ал Сырдария шаһарлары Орта Азия мен
Дəшті Қыпшақтың ортасындағы сауда-саттық бекеті ғана болып қалмады. Өздері де сол
Дəшті Қыпшақ ауылдарына керек өнеркəсіп заттарын молынан өндіріп, екі жақтың сауда-
саттық ісіне қызу араласты. Мұндай жағдай бұл шаһарлардың қаулап өркендеулеріне себеп
болды. Əрине, бұл қалаларды қолына түсіруДəшті Қыпшақ хандарының да, Мауреннахр
əмірлерінің де көкейтесті арманы екені даусыз еді. Қазақ хандарының Сырдария
шаһарларына телміре қарауының екінші себебі қарамағындағы мал шаруашылығымен
шұғылданатын елді жайылыммен қамтамасыз етуден туған. Қары аз, қысы жылы Сырдария
жағасы көшпелі ауылдарға қысқы жағдайда таптырмайтын қоныс. Күннен күнге мал басы
өсіп, өркендеп келе жатқан көшпелі жұртқа Шу, Сарысу, Талас өзендерінің бойы енді
жеткіліксіз бола бастаған. Амал жоқ, қазақ еліне тағы жаңа қысқы қоныс іздеуге тура келді.
Ал бұл жағынан құйқалы Сырдария қойнауларынан артық жер табу қиын-ды. Жаз малын
Арқада бағып, қыс осы Сыр бойын жайлауды қазақ рулары көксей бастады. Осы арманы
орындалса, бүкіл Дəшті Қыпшақ халқының алдында абыройы көтеріле түсетінін Жəнібек хан
өте жақсы түсінді.
Үшінші жағынан бұл қалалар əскери бекініс ретінде де аса керекті еді. Моғолстан
хандары Шу, Сарысу, Талас бойларын Мауреннахр əмірлерінен сақтайтын қалқан көрсе,
Мауреннахр əмірлері Түркістан уəлиетін Мауреннахрды Дəшті Қыпшақтан қорғайтын бекініс
санады. Ал Əбілқайыр осы Түркістан шаһарларына сүйене отырып, бүкіл Дəшті Қыпшақты
уысымда ұстасам деді.
Əбілқайыр арманы да, Дəшті Қыпшақ елдерінің көкейкесті тілегі де осы Сыр бойына
келіп түйісті. Ал Жəнібек хан ұшы-қиыр шеті жоқ Дəшті Қыпшақ жерін ұстап тұру үшін мықты
бекініс осы Сырдария шаһарлары екенін өзгеден анағұрлым терең ұқты.
Сондықтан да оның қырағы көзі күндіз-түні Түркістан жағына тігулі. Ал Жəнібек ханның
жатса да, тұрса да ойлайтыны, əсіресе, Дəшті Қыпшақ жеріне ең жақын тұрған, кешегі
бабаларының, Ақ Орданың кіндігіСығанақ пен оған таяу Дəшті Қыпшақтың көне
шаһарлары Сауран, Созақ, Яссы, Сайрам...
Бұл қалалар өздерінің ұзақ өмірлерінде не көрмеді? Түркістан өлкесін қандай хан
билемесін, тек одан өз пайдасын көздеді. Жан-жағы егіндікке бай, Түркістан шаһарларының
михнатын диқаны тартса, қызығына бірінен соң бірі басқарған хакімдері батты. Еңбекші
бұқараларға салынған алым-салық, қаржы-қаражат тек қаланы билеген бекзадалардың ғана
102
дəулетін молайтты. Бай-манаптың үстемдігін асырды, қайда барса да тек кедейлер ғана
сорлады. Қала-мединелерді басқарып отырған хакім, даруғалар мемлекетке деген
көзқарастарын өздерінің жеке мүддесіне қарай белгіледі. Сол себептен де бұл шаһарларды
билеген мықтылар ойына келгенін істеді, қарамағындағы елді өзінің меншікті мүлкі санады.
Мединелерді билеген бекзадалардың асқандығы соншалық, қалаға таласып жатқан екі
жақтың қайсысының қарамағына көшкісі келсе, соған өз еркімен көше берді. Егер қала
мықтылары өз бастарына пайдалы көрсе, кешегі жауына бүгін өзі апарып қала қақпасының
кілтін ұстатты. Осындай жағдайларды ойлаған Түркістанды жаулап алған хандар, əрқашан
да бұл шаһарларға хакім етіп өздерінің сенімді жақындарын ғана қоюға тырысты. Бұл
əдетті Əбілқайыр хан да қатты қолданды. Түркістан уəлиетін өзіне қаратқаннан кейін, осы
уəлиетті жаулап алуда көп қаһар көрсеткені үшін, Сығанақтың хакімі етіп Манедан-оғланды,
ҮзкенткеМаңғыт руының биі Оқасты белгілеп, Созақ бекінісін немере ағасы
Хызырханның баласы Бахтияр сұлтанға тартты. Яссы, Сауран, Сайрамдарды да осылар
тəрізді Əбілқайырға өте сенімді не болмаса хан тұқымынан шыққан сұлтандар билеуде еді.
Ал бұл хакімдердің Жəнібек жағына шығуы үшін жалғыз-ақ жол бар. Ол жол: Жəнібек
Əбілқайырдан күшті болуы керек. Күшті болудың жолы биіктігі қырық құлаш, қаланы
қоршаған қорғандарды алу ғана емес. Тастай түйінген бұл шаһарларға шабуыл жасап,
орынсыз қырылудан гөрі, алдыменен Дəшті Қыпшақтағы рулардың басын біріктіріп, мықты
əскер құра білу шарт. Егер халықты өзіне бағындыра алса, мықты қол жинау да қиынға
түспейді. Ал, азғантай ғана шұрайлы жайылым үшін бірінің малын бірі барымталап,
жігіттерін сойылға жығуға дейін баратын қазақ руларын өзіңе бағындыру оңайға түскен бе!
əрқайсысы өзін-өзі дөй санайтын, өзім дегенде өгіз қара күші бар əр рудың би, батырларын
бір ханға бағындыру оңай болып па? Тағы бір қиындығы Əбілқайырмен айырылысар кезде
намысқа шауып, бір жұдырықтай жұмыла қалған қазақтың басты рулары тынысы кеңіген
сайын, жұмылған жұдырығы жазылып, біріктік деп тартқан айылы босай түскен. Өзінің
ежелгі дəстүріне салып, малының əуеніне қарай бытырай көше бастаған. Жəнібектің де ең
қорыққаны халықтың жібі босап кететін осы кез еді. Əбілқайыр ханның да күткені осы.
Бытыраған руларды біртіндеп жаулап алып, Түркістан қалаларын да босағасын берік ұстап,
бүкіл Дəшті Қыпшақты қайтадан өзіне бағындырады. Ал Жəнібек Арғын, Қыпшақ қос
шоқпарын қолына мықтап ұстап, жаңа ұйып келе жатқан ел бірлігіне іріткі салдырмайды.
Көнгісі келген руларды ақылмен көндіреді, ал көнгісі келмегендерін қан-жоса етіп күшпен
дегеніне бақыл еткізеді. Осылай шешкен Жəнібек аулы Қара Кеңгір жағасына келіп
жайлауға қонған шақта, Тауық жылы, екінші айдың орта шенінде Арғынның ақсақалы Қотан
тайшы мен Қыпшақтың əрі биі, əрі батыры, əрі сөзуар желауызды шешен-ақыны қарға
бойлы Қазтуғанды кеңеске шақырды. Бұл кезде Арғын руының көсемі Арғын би еді. Ал
Қыпшақтың билігі əлі тұғырынан түсе қоймаған Қара Қыпшақ Қобыланды батырда болатын.
Қазақтың ең көп жəне батыр руларының көсемдерін шақырмай, ханның жырауларды
шақыруында да көп мəн бар. Жəнібек ел билеген жақсыдан, ел аралаған ақын сыншы
екенін білетін. Ақын ел құлағы, ел көзі, ел жүрегі. Жұртының тамырының қалай соғатынын
жəне оның көңіл күйін, мұң-мұқтажын бұлардан артық айтып беретін тірі пенде жоқ. Сан
ақын-жыраулар халқының ауыр халін хандарына жыр етіп беремін деп, қуғынға ұшыраған,
құрбан да болған.
Жəнібек Қотан мен қарға бойлы Қазтуғанды шақырғанда халқының көңілінің қандай
күйде екенін білгісі келген-ді. Қос жырау бір күні жетті. Өздеріне арналып тігілген қос ақ боз
үйге атқосшы жігіттерімен жайғасып жатқандарында: «Асан ата, кəдімгі ел құлағы, ел көзі
Асан Қайғы келе жатыр» деген хабар дүңк ете қалды. Сөйткенше болған жоқ «Түгел сөздің
түбі бір, түп атасы Майқы бидің» алтыншы ұрпағы, ел кезген Асан ата ауыл сыртына кеп,
Ақсирақ жүрдегінің үстінен түсті. Бұл шақ күн батып бара жатқан мезгіл еді. Хан аулы
маңында мал болмағанмен, төменгі елдің қайтқан қойының маңырағаны, құрақтағы
жылқысының кісінегені, аусыл аруаналардың боздағаны, зеңгі баба шаңырақ мүйіз
сиырлардың мөңірегені алыстан естіліп жатты. Кəрі төбеттің балпылдай үрген дүңкілдек
даусы, əлдекімнің «Қозыжан, Қозыжан деп баласын еркелете шақырған айқайы шығады.
Күндізгі аңызақ жел де тоқтап, кешкі таманғы тына қалған таза ауада малы өрістен қайтып
абыр-сабыр болған, төменде жат-
қан төлеңгіт ауылдарының у-шуы хан Ордасына анық естіліп тұрады. Қара Кеңгірдің көк
балауса жасыл шалғынды арғы жағасында, сонау ойпаттағы қа-
мысты көлге дейін быжынаған ел көрінеді. Сүт пісіруге, ас қамдауға кіріскен қатындардың
103
жаққан оттарының көгілдір түтіні ауыл үстінен көкке көлбей ұшып барады. Қамысты көлден
белеске қарай көтерілген көп жылқы күңгірттене бұлдырап көзге түседі. Бергі ауылдың
қырқа жағындағы жазықта, қолында құрығы бар, ақ боз жүйрік мінген жігіт, асау қуып келеді.
Хан Ордасында қарт Қотан мен қарға бойлы Қазтуғанның келіп сəлем беруін күтіп
отырған Жəнібек, «Асан Қайғы келіп ауыл сыртында түсіп жатыр» деген хабарды естісімен,
бүкіл Дəшті Қыпшақ ардақтайтын, қазағы үшін қайғылы жырауды өзі шығып қарсы алмақ
болды. Жəнібек нөкерлерін ертіп, Ордадан шығып есік алдында сəл кідірді. Өзеннің арғы
бетіндегі ауылға қарады. Түйсік қабақты ханның сұрғылт сынық жүзінде кенет бір
күлімсірегендей шырай елең берді. Шынында да ауылдың кешкі суреті адамның көңілін
көтерерліктей орасан сұлу еді. Жəнібек енді осыншама жан тербетер сұлу суретке көз
салып рахаттанбай, бағанадан бері Орда ішінде отыра бергеніне өкінді. «Дүние деген міне
осы, мұның хан екенінде де, халқының қамын ойлап күні бойы Ордадан шықпағанымен де
ісі жоқ, өз қызығымен, қуанышымен өте береді». Дəл осы кезде ақ боз жүйрік мінген бала
жігіт бағанадан бері ұстамақ асауын хан тұсындағы өзеннің жағасымен жанастыра қуып,
алдындағы асау жалт бұрылып алдынан өте берем дегенде, қолындағы құрығын мойнына
жып еткізіп сала қойды. Асау, бала жігітті атматымен сүйрей жөнелді. Бірақ жігіт жібермеді.
Үзеңгісін шірене арт жағына қарай қисая, қолындағы құрығын қос қолдап бұрай тартып
жанаса жабысып келеді. Күндікке шапқан жүйрік шаршады ма, əлде мойнына түскен
құрықтың қыл арқаны батты ма, екі бүйірін солқылдата демін алып, үстінен тері көпсіп
бұрқырап, қамыс құлағын қайшылай теңселе барып тоқтады. Құрықшының қимылына риза
болған хан «Жігітім-ақ екенсің! Кімнің баласы екен өзідеді. Хан сұрағына жауап тапқалы
бір нөкері ауыл сыртындағы сайдағы атына жөнелді. Жəнібек енді хан Ордасына қарай
беттеген Асан Қайғы тобына қарсы жүрді. Ханнан бұрын, қайғылы жырауды қошеметпен
қарт Қотан мен Қазтуған қарсы алған. Асанды екеуі екі жағынан қолтықтап, топ адамды
соңдарынан ертіп келе жатыр екен. Жəнібек хан нөкерлерімен таяу келіп, қол қусырып иіліп
сəлем берді.
Арсың ба, Асан ата?
Барсың ба, жарқыным?
Хан енді қазақ əдетімен алдымен құшағын айқастыра, кеудесіне кеудесін тигізіп, əуелі
Асан Қайғымен сəлемдесті, содан соң барып Қотан жыраумен, Қазтуғанмен амандасты.
Қазтуғанның орнына енді Жəнібек ханның өзі Асан Қайғының қолтығынан ұстады. Бəрі
бірдей хан Ордасына беттеді. Ақ Ордаға тəжім етіп кіргеннен кейін үш жырау хан тағының
оң жағындағы шайы көрпенің үстіне барып отырды. Асан Қайғы төрде. Одан сəл төмендеу
Қотан қарт, сосын барып Қазтуған тайшы жайғасты. Хан нөкерлері аяқтарының ұшымен
дыбыс шығармай жүріп, шынтақтарына үлпілдеген мамық жастық салды. Сөйтсе де Жəнібек
ханды сыйлаған қарттар, аяқтарын көсіліп жастыққа жантаймады, сол малдастарын құрып
отырған қалыптарынан қозғалмады.
Жол болсын, қария, — деді Жəнібек, Асан Қайғыдан жөн сұрап, — алыстан келесіз
бе?
Ақсираққа жақын, ақсақалға алыс жерден келемін, жарқыным. Бабам Майқы би көш
салған Алатаудың қойнауындағы, гүл-бақшасы жайнаған, бұлбұл құсы сайраған
Алмалықтан шыққан бетім бар...
ə-ə... құтты қоныстан аттанған екенсіз ғой.
Құтты дейсіз бе?.. — Асан атаның қабағы қарс жабылып кетті. — Бізден де бұрын
насрани діні шіркеуі салынған екен...
Батыс қонысы тым алыс қой.
Қызыл түлкіге қызыққан қыранға алты күндік атырап əудем жерден жақын.
Рас, Жетісу өңірі жердің қызыл түлкісі.
Айыбыажары. Сол себептен де Сойқын Сайдан Шығыстың əп жыланы əлсін-əлсін
басын сумаңдай көрсетіп жатқан жоқ па?
Тірі қалғың келсе елің күшті болсын.
Елім қайтсе күшті болады?
Арманына жеткен ел күшті болады.
Қандай арманды айтасыз?
Жерүйек деген халқыңның арманын айтамын. Бұ жалғанның жерүйегі Жетісу екен.
Алтын Ордаңды сол Жетісудағы Алмалыққа тіккеніңде қой үстінде боз торғай жұмыртқалар
заман орнайды. Біз жетпегенмен оған біздің ұрпағымыз жетеді.
104
Жəнібек езу тартты.
Бірақ оған шейін Əбілқайырдың көк бөрілері бізді талап қан етпек қой.
Дұрыс айтасың, жарқыным, қазіргі заман əлі жеткеннің заманы. Жолай Ахмет
қожаның мешітіне құран оқып шығайын деп Яссыға бұрылып едім, Əбілқайыр ханның
əмірімен істелген бір қиянатты көрдім...
Қандай қиянат?
Хакім Мұхамед-Мазид тархан Яссыға керуен тартып келген қазақ саудагерлерінің
малын тартып алып, өздерін құмға қуып салыпты.
Бұнысы Əбілқайырдың Түркістан жеріне қазақ саудагерлері келмесін дегені ғой.
Иə...
Бағанадан бері үндемей отырған қарға бойлы Қазтуған оқыс қимылдап ханға қарады.
Сонда қара қазақ жейделік қарбас 1 пен кебіндік бөзді қайдан алады?
Жайшылықта сырға тұйық Жəнібек, қазақ саудагерлеріне істеген Əбілқайыр қорлығы
жанына батып кетті ме, өзін-өзі ұстай алмай қалды.
Түркістаннан аламыз, — деді ол Қазтуғанға қарап, — алдымен Түркістанның өзін
аламыз.
Асан Қайғы Жəнібекке ойлана көз тастады.
Шырағым, Жəнібек, бабаң Орысханның ақылы саған қонды ма деп едім, адаспаған
екенмін. Əбілқайырдан айырылғаныңа қарсы болмасам да, Шуға көшемін дегеніңді
ұнатпағам. Енді қанып отырмын, ойың алыста жатыр екен... Əрине қазақ енді шаһарсыз күн
көре алмайды. Бұқардың мейізі мен Ташкенттің науаты қазақ сорлының да аузының дəмін
енгізгендей. Бірақ Əбілқайыр саған оп-оңай Түркістанды бере ме? Күшің жетіп тұрып қан
төккеннен, күшің жетпей жатып қан төккеннің күнəсі ауыр.
Мен қан төгейін деп отырмын ба? Түркістан ата қонысым. Түбі қан төкпей бітіспейтін
болсақ, амалымыз не? Биыл күшім аз, ал келесі жылы...
Енді сөзге Қотан қарт кірісті.
Оған көзің жете ме? əрі-бері көшіп жүдеген жұрт жаңа тойына бастады ғой. Ар жағына
ел қонған адамды оңай орнынан тұрғыза алмайсың...
Жау шапқалы тұрса да ма?
Қотан жырау ойлана жауап қайырды.
Тоқ бала аш болам деп ойлай ма?
Халқының жайын ақындарымнан білермін, деген үмітінің ақталғанына Жəнібек іштей
риза болды.
Сендерді босқа шақырмаған екенмін, — деді ол, — жақсы бұл жайды жата-жастана
кеңеселік...
Асан Қайғыға ақ үй тігіліп, үш жырауға арнап қазысы кере қарыс қысыр бие сойылды.
Сапырылған уыздай сары қымыз судай ақты. Өздерінің ардақты жырауларын қолдан қолға
түсірмей, бір үйден соң бір үй шақырып, ауыл қазақтары бір апта əңгіме-дүкен құрумен өтті.
Дəл осы кезде қазақтың алғашқы өз ханы Жəнібекке сəлем беремін деп сонау Еділ бойынан
Едігенің немересі Темір бидің жиені, көмекейінен бұлбұлша сайраған он бес жасар Шалкиіз
жырау келді. Алыстан сапар шеккен аяулы қонақты хан ауылының қыз-бозбаласы ат үстінен
жерге түсірмей көтеріп əкеп, арнап тігілген ақ боз үйге кіргізді. Шаттық үстіне шаттық
ұласты.
Бір апта өткеннен кейін хан өзінің үлкен ұлдары əдік, Қамбар, Қасым, Керейдің баласы
Бұрындықты шақырып, қазақтың сол замандағы ең атақты төрт жырауымен бас қосты. Ел
болам деген жұртқа қазір ең ыңғайлы кез екенін, бұл кезді пайдалана алмай қалса, тағы да
ұзақ жылдар бастарының бірікпейтінін, тіпті жан-жағынан талағалы тұрған жат елдердің хан,
патшаларының қолында талан-тараж болып кетулерінің мүмкін екенін айтысты. Көп жайды
таразыға салып, ақылмен салмақтады. Ақырында кеп биыл Күзтоқсанның басында бүкіл
қазақ руларының игі жақсыларын Бетпақ пен Жетіқоңыр құмының арасындағы Нұраның
Қаратұзы деп аталатын жерге жимақ болды. Бұл ара қазақ жерінің діңгек ортасы.
Тарбағатайдан Найман мен Керейдің, Жетісудан Үйсін, Дулаттың, Еділ, Жайық бойынан
Алшын, Ноғайлының, Есіл, Нұра, Торғай бойынан ең алыстағы Арғын, Қыпшақ билерінің де
келуіне қолайлы. Жəне Күзтоқсанның басында бұл маңай майда қоңыр, жылы, жауын-
шашынсыз болады. Қысы-жазы гуілдеп соғып тұратын азынаған ашулы желі де басылады,
1 Қарбаскөне түркі тілі, мата деген мағынада (сəтен).
105
əсіресе хан аулына тиімді. Қара Кеңгірден Шу, Таласқа қарай көшкен кезінде де бұрыс емес.
Осы мəжілісте Жəнібек алдын ала үш жарғы жəйтті қарамақ боп шешімге келді. Бірінші
жарғы, қазақ рулары бұдан былай қарай бір ханға бағынып, келесі жылы адам санына қарай
Түркістанды жаулап алатын сыпайлар бермек. Екінші жарғы, Дəшті Қыпшақ жерінің
шалғайлығымен қазақтың көп руларының Моғолстан, Қытай, Жоңғар шекарасындағы
тайпаларда тұратынын еске алып, əр рудың жайлаған жеріне, рулық тілектестігіне,
шаруашылығына қарай үш жүзге бөліну сөз болмақ. Жеріне, əдет-ғұрпына, ескіден келе
жатқан туысқандық белгілеріне қарай үш жүз болып аталу мəселесі өткен ғасырдан келе
жатқан əңгіме еді. Соны тағы сөз етпек. Егер жұрт көнсе, əр жүздің өзінің басты биі, батыры,
қала берсе ханы болмақ. Сол үш жүзді билеушілер, басқарушылар сайып келгенде, бүкіл
қазаққа деген жалғыз ханға бағынуға тиісті. Сонда ғана хан Ордасы ұшы-қиыры жоқ далада
көшіп жүрген қазақтың толып жатқан руларын, үш жүздің басты адамдары арқылы
бағындырып отыра алады. Бұнысы Шыңғысханның жаулап алған əлемін төрт ұлысқа бөліп,
төрт ұлы арқылы Қарақұрым Үлкен Ордасына бағындырғаны тəрізді еді. Қала берді, Ақсақ
Темірдің қарамағындағы жерлерді бірнеше уəлиетке бөліп билегеніне де ұқсайтын-ды. Онда
тек жерді ғана бөлсе, мұнда жайлап отырған жалпы жеріне қарай, рулар үш жүзге бөлінбек!
Үшінші жарғы, осы мəжілісте əр ру өзінің рулық белгісінтаңбасын белгілемек. Бұл осынау
барымталы, бір ру мен бір ру күнде сойылдасып, қырқысып жатқан заманда өте керекті
шара болатын. Болашақ халық кеңесінде осындай үш күрделі мəселе қарамақ боп,
жыраулар мен хан мəжілісі жабылды. Енді хан бұйрығын жеткізуге жан-жаққа шабармандар
шапты. Бұл жарғылардың халыққа керек екенін түсіндірмек боп, төрт жырау да аттарына
қонды.
əне-міне дегенше жаз да өте шықты. Күзтоқсанға екі апта қалғанда хан аулы, қаптаған
төлеңгіт, қарашасымен Саумалкөлдің тұсына келіп үйлерін тікті. Осы арадан Нұраның
Қаратұзы желісті атқа жарты күндік жер.
Жетіқоңыр құмы мен Бетпақ даланың арасында қатқыл атырап бар. Жел тұрса құм
сырғақтап жаяу борасындай бастайды. Ал ашық күндерде жарқырап жатады. Бұл
бабаларымыз іслəм дініне кірмей тұрған кезде отқа, суға табынған дəуірде, көк тəңірісіне,
жер тəңірісіне арналып адамнан құрбан шалынатын жер. Ежелден сұсты, жұмбақ атырап.
Жетіқоңырдың өркеш-өркеш құмынан өтіп, жазыққа шығысыменен, сонау қу заманның
белгісі боп, тақыр дала шетіндегі екі адамның бас сүйегі сонадайдан көзге түседі.
Бастардың қасында атам заманда қадалған жуан діңгек қада бар. Күн күйдіріп, жел сүйіп,
əбден қара-
қошқыл тас болып қатып қалған. Ол қадаға əлеміштер байланған. Бұл белгілеріне
қарағанда, сонау арғы дəуірде осы арадан көшіп жүрген елдер бұл атырапты əулиелі жер
санаған тəрізді. Əлгі қаданың теріскей жағында құлынжалданып, ұзыннан созылған түйелі
кісі бойындай жарнұра бар. Етек тұсынан жер астындағы көзден жылап шыққан, мөлдір
сулы шағын өзен ағады. Бұл өзен қарлы жылдары қатты тасиды. Тасығанда бір кезде телі
емген бұзаудай, қос өзен құйғандықтан Телікөл деп атанған Телікөл-татаға құйып, бұл
арадағы басқа арадағы басқа уақ қарасуларды қосып жатады. Сөйтіп сары ала сегіз сайға
барып қосылады. Ал егер қысы қалың қарлы, жазы жаңбырлы жылы Нұраның Қаратұзынан
шығатын сай суы жіңішке СарыөзенСары Кеңгір мен Қара Кеңгір барып құятын
Боқтықарын көліне дейін жетіп қалады. Бұндай тасу он жылда, жиырма жылда бір болады.
Өзге жылдары Нұраның Қаратұз сайы сəл көпіріне көтеріліп, жаз шықпай-ақ құмға сіңіп
жоғалып кетеді.
Осы көпке беймəлім, жұмбақ атырапта Жетіқоңыр құмы мен Сарысудың ортасынан
өтетін қоба жол бар. Қоба жолды көк қияқ басып жатады. Адам тек салт атпен ғана бара
алады.
Жəнібек хан осы Нұраның Қаратұзына əдейі арнап керуен жүргізді. Жазтоқсан болмай,
басына елу үй тіккізіп, құмнан құдық қаздырып көнекпен су тартқызды. Сай бойына желі
кердіріп, бие байлатты. Келетін қонақтарға деп əдейі қысырақтардың үйірін айдатты. Өзі
əдік, Қамбар, Қасым, Бұрындықты ертіп, алдын ала келіп хан шатырын тіктіртті. Көп ұзамай
адам түгел аң білмейтін жолдарды тауып, құла дүзге көшіп үйренген ру басшылары
билері, батырлары Нұраның Қаратұзының жан-жағынан ағыла бастады. Үйсіннен
Əбілқайыр Үргенішке кетер алдында бөлінген Қылышбай, Қара Оспан батырлар,
ЖалайырданБөрібай батыр, ДулаттанБахтияр би, Арғыннанбір топ батырларын
ерткен Арғын би мен Қотан жырау, ҚыпшақтанҚара Қыпшақ Қобыланды мен Қазтуған
106
жырау, НайманнанҚаптағай батыр мен Тұңғашық батыр, Хақұлы би, Керейден
Қарақожа батыр, ҚоңыраттанБағалы қожа мен Орыс батыр, АлшыннанТемір бидің өзі
мен Шалкиіз, Уақ пен Тарақтыдан Жаубасар, Асылкерей батырлар мен Борық би келді.
Бұлардың əрқайсысы ру басы, Қаптағайдан басқасы мыңды айдаған шонжарлар. Əр ру
басының қасында, өзінің қарамағындағы кіші тарамдарының ондаған би, батырлары бар.
Үйсін Қылышбай, Қара Оспан батырлардың жанында Албан, Суаннан шыққан бірнеше
заржақ ділмар, шешен, көсемдер келген.
əр халықтың тарихында сан түрлі кезеңі болады: өсу, өркендеу, күйікке ұшырау,
күйреу... Осының бəрін басынан өткізген, заманының жақсылығын да, жамандығын да
көрген, келешегі үшін жан аямай күресе білген, ауыр күндерін, басына төнген қауіп-қатерді
жеңе білген халықтар ғана тарихта қалады. Өзінен күшті шығып, Майя, Қошан секілді елдер
құрып кетуге мəжбүр болса да, ондай елдер адамзаттың мəдени өркендеуіне үлесін қосып
кетеді.
Он бесінші ғасыр қазақ рулары үшін ең ауыр ғасырлардың бірі еді. Осы ғасырда өзара
қырылысып, сырт жауын кейде жеңіп, кейде жеңіліп, тайталас түсіп жүрген қазақ рулары ел
болып бастарын қосу үшін күресуге бел буды. Бірақ үйірлі құландардай шексіз даласында
ру-ру боп көшіп жүрген елдің басы оңай қосылмады. Бұл жеңіс ұлы айқастар арқылы келді.
Қазақ руларының басын біріктіріп, қазақ хандығын құруда, мейлі күрес бақталастықтан-ақ
басталсын, қайткен күнде де, Жəнібек пен Керейдің алатын орны ерекше. Əрине, халық өзі
қаламаса екі адамның қолынан не келеді? Тегі ел болудың негізі халықтың көкейкесті
арманында жатыр. Бұл кезең халық рухының лаулаған кезеңі.
əліпті таяқ деп білмейтін асау елдің кенет ұлттық, жауынгерлік тілегінің бұлай өрби
түскенін сезген кейбір ру бастықтары жұртты өз дегендеріне тарта алмай қалды.
Бұрынғыдай халықты бөліп ұстауға шамалары жетпеді, енді көпшілік ерген Жəнібек ханның
соңынан еруге мəжбүр болды. Тек Темір би ғана бүлік шығара жаздады.
Бірнеше жыл кейін Тіленші ұлы Шалкиіз жырау:
Алп-алп басқан, алп басқан
Арабы торым өзіңсің.
Жазылы, алтын, қол кескен
Алдаспаным өзіңсің!
Сен алтынсыңмен пұлмын,
Сен сұлтансыңмен құлмын, —
деп мадақтаған Темір би бұл. ЕділЖайықты бауыр басып алған, Алшын руларының көбі
бағынған, Астраханьды билеген Қасым сұлтанның оң қолыэмир-эль-умра яғни əскери
басы болған би бұл. Жəнібек секілді адуынды хан-
ға біржолата мойын ұсынса, Алшын жерінде өз үстемдігінің төмендеп кететінін ол бірден
ұққан. Көп қаздың арасында мəз болғанша, көп қарғаның арасында қаз болған дұрыс деп
тауып, Кіші жүз болып қалыптасып келе жатқан Алшынның өркөкірек руларын жеке билегісі
келді. Астраханьды өзіне қаратып тұрған Қасым сұлтан ЕділЖайыққа шын əмірші емес.
Шын əмірші қазақтан шыққан, Едіге батырдың шөбересі, Ноғайлы хандығы кезінен би
дəрежесінде келе жатқан шынжыр балақ, шұбар төс Темір. Дəл қазір шығысы мен
батысындағы елдің өз билігіне қол сұғады деп сескенетін дымы жоқ. Əбілқайыр алыста.
Қасым сұлтан тек Астрахань маңын ғана қамтиды. Орыс князьдары болса өздері əлі əбден
біріге алмай жатыр... Ал шынтуайтқа келсек Темір бидің ойы Жəнібекке бағыну емес, Түрік
патшалығына иек тіреу... Алыстағы ел, ол сенің ішкі жұмысыңда ісі болмайды, қай румен
жақсысың, қай румен жамансың, қарамағыңдағы елді қалай билеп-төстеп жатырсың, бұның
бəріне де қол сұқпайды, сырттай бағынғаныңмен қанағаттанады, ал өзің айтқаныңды еліңе
қалай істетіп жатырсыңонда шаруасы жоқ. Жəнібекке бағынсаң бұл еркіншіліктен бірден
айрыласың. Ол ішкі ісіңе өзіңмен бірдей қатысады. Жоқ, діні бір, тілі бір, нəсілі бір ханға
бағынухалқыңның тіршілігі көңілін селт еткізбейтін басқа халықтың патшасына
бағынудан əлдеқайда қорқынышты. Осындай ойдағы Темір Россия мен Түркияның бір
шайқасуын күтіп іштей алысуда еді. Түрік патшалығының күшінің кеми бастағанын есепке
жатқызбаған. Түбі ол осы ойынан шықпақ. ЕділЖайыққа əбден əмірші болып алғаннан
кейін, Қырымды шауып, Мəскеу князьдарын алдай тұрып, Түркияға иек тіремек. Осыдан
барып Темір шу дегеннен-ақ Жəнібектен іргесін аулақ сала бастаған. Жəнібекке қосылғысы
келмеген кей ру бастықтары өзара қыңқылдаса, бұл ойын ішіне сақтап қала алмаған.
Темірдің бұлай еркінси қимылдауының да төркіні белгілі еді.
107
əке жағынан аты шулы Едігенің шөбересі. Атасының айбынынан қорықпайтын қазақ жоқ.
Нағыз аш қасқыр. Өзі де осал емес. Қазан хандарынан қыз алып, қыз берген. Осы биыл
ғана он бес жасар кенже қызы Нұр-Сұлтанды Қазан ханы Ибрагимге ұзатқан. Сүйенерлері
де бар. Өзі де өзгеге сүйеніш бола алатын жау жүрек батыр. Бауыр басып қалған Еділ мен
Ақ Жайық бойын ешкімге ортақ еткізгісі келер емес. Жиналған би, батырлардың көпшілігі
бірігіп бір ханға бағынайық деп отырғанда, бұл өзгеше кетті. Алайда Темір би де ноқта үзіп,
айдалаға лаққан жоқ. Тек қосылғысы келмегенін астарлап білдірді.
Ел болып бірігіп, əскер жинап, Əбілқайырдан ата мекен Түркістан жерін қайтып
аламыз дегендерің құба-құп, табылған ақыл. Оған Еділ, Жайық, Хиуас теңіз бойындағы
Алшынға жататын бар ру қол қояды. Сұраған уақыттарында бес түмен қол беруге бар. Бірақ
Сығанақтағы ханға біздің бағынуымыздың жобасы келер ме екен? Жер арасы шалғай...
Өзгелерден жасы үлкен Үйсін Қара Оспан кеңк-кеңк күлді.
Темір бидің аты жеткен жерге, Жəнібек ханның аты жете алмайды деп қорқасың ба?
Бұнысы осы араға сенің атың жетіп келгенде, сенің жеріңе Жəнібектің де аты жетеді
дегені еді.
Сөз астарын түсінген қызба мінезділеу Темір би сөз таластырғысы келіп кетіп, ежелгі
дəстүр бойынша, айыр тісті, алтын сыммен оралған тобылғы сапты қамшысын алдына
тастай салды.
Ат тұяғы басқан жердің бəрі бірдей шөптей жапырылып жата қалмайды, — деді ол
қара сұр беті күреңденіп, — Əбілқайыр ханның да мүйізі шаңырақтай кей батырлары Еділдің
ар жағына өткен. Бірақ одан не ұтты? Мойындары ырғайдай, биттері торғайдай боп
елдеріне əзер жеткен.
Қамшысын енді Қара Оспан алдына тастады.
Атыңның жүйріктігіне тым сене берме. Талай жүйріктердің де мойнына бұғау
салынған. Байқа, Темір би, Жəнібек ханның құрығы Əбілқайырдікінен ұзын болып жүрмесін!
Əбілқайыр Дəшті Қыпшақты билегенмен, Еділ өзені бойындағы Алшынның көптеген
ауылдарына өктемдігін еркін жүргізе алмаған. Жау жүрек бұл рулар бағындық деп кейде
уəде бергенмен де, нақтылы дізе бүге қоймаған. Бұған ызаланған Əбілқайыр Дəшті
Қыпшақтың осы рулар жайлап жатқан шетіне сан рет қол шығарған. Соның бірі осыдан он
жыл бұрын жіберген он мың əскері еді. Бұ жолғы жауынгерлерді осы Қара Оспан батыр
басқарып барған.
Ол күндерде Қазының баласы, Темірдің əкесі Теңізбай би тірі болатын. Атасы Едігедей,
əкесі Қазыдай ел шулатқан ер болмағанмен, жатып атар қулығы, жаудан қашып құтылар
ақылы бар кісі еді.
Көк Орда ханынан əскер шығыпты дегенді естігеннен-ақ, ел билігі ауып бара жатқан
баласы Темірге ақыл айтқан. «Əбілқайырдың қалың əскерін соғыспен жеңе алмайсың, оны
айламен алу керек. Жəне өшіктірмес үшін қарсы ниет көрсетпеген жөн» деген. Темір аталы
сөзге тоқтаған. Осы сөзден кейін бүкіл Алшын жағы Қара теңіз жағасы Қырымға қарай
көшкен. Темір бес мың атты əскермен, қаптаған қоспен жұртында қалған. Ұзақ жер жүріп,
аттың арқасын алдырып келген Қара Оспан Еділдің ар жағында тұрып, Əбілқайырға
бағынбай жүрген елді көрген. Ат жалдап, сал салып бір түнде бергі жағаға өткен. Бірақ бос
жатқан жұртқа кездескен. Бұлар арғы бетке шыққандарында Алшын, Жағалбайлы
ауылдарының бергі бетке өтіп кеткенін білген. Ызаланған Қара Оспан ат сауырын құрғатпай
қайтадан Еділге салған. Бірақ бұлар бергі бетке шыққандарында көшкен ел Жайыққа қарай
бет алғанын аңғарды. Жайықтан өтіп қашқындардың соңына тағы түсті. Тек осы арада ғана
Қара Оспан батыр алдарында ел емес, əскер екенін білді. Өзінің алданғанын ұққан
Əбілқайыр қолы енді бұрынғысынан да қызулана қуды. Бірақ Темір əскері жеткізбеді,
ақырында олар Нарын құмына қарай бұрылды. Сонда ғана Қара Оспан бұл қуғаннан дым
шықпайтынын түсінді. Амал жоқ кейін қайтуға мəжбүр болды. Жолдағы кедей ауылдардан
азын-аулақ жəрдем алып, азып-тозып өз жерлеріне жетті.
Темірдің «мүйізі шаңырақтай Əбілқайыр ханның кей батырлары Еділ, Жайықты көрген.
Одан не ұтты деп кекетіп жатқаны да Қара Оспанның осы сəтсіз жорығы еді. Қара
Оспанның: «Атыңның жүйріктігіне тым сене берме! Байқа, Темір би, Жəнібек ханның құрығы
Əбілқайырдікінен ұзын болып жүрмесін дегені Темір биге «Əбілқайырдан қашып
құтылғаныңдай, Жəнібектен қашып құтыла алмайсың» деп күні бұрын сес көрсетуі еді.
108
Темір би бұл ызғарды жақсы сезінді. Сөйтсе де өркөкірек кер мінезге салып оп-оңай
жеңіле қалғысы келмеді. «Талас əлі біткен жоқ» деген ишарат көрсетіп, алдындағы
қамшыны бір қозғап қойды.
Əбілқайыр ханның кезінде Үйсіннің аты қуғанына жете алмайтын арық еді, енді хан
Жəнібектің тұсында жал бітейін дегені ғой.
Темір бидің удай ащы тілі Қара Оспанның өңменінен өтіп кетті. «Бұнысы Əбілқайырға
қызмет істеп ештеңе өндіре алмап едің, Үйсін, енді Жəнібекке жағынып құтырып отырсың
дегені ғой
Қара Оспан шарт жүгініп отыра қалды. Қамшысын қозғауды да ұмытып кетті.
əй, сен не малтаңды езіп отырсың. Маңғыт! Елінің ойын айтар Алшыннан бір ұл
тумағаны ма?
Мұнысы Темір биге «сенің бабаң Едіге Көк Ордадағы Маңғыт руынан шыққан,
Алшынның жоғын жоқтайтын сенің құқың жоқ» дегені.
Жəнібек қабағын түйіп тұнжырай қалды. «Сөз жоқ, Темір би өз үстемдігінен айырылып,
Жəнібекке Алшын руларын қосқысы келмейді. Күшің асып басып алмасаң, жуытпайды. Ел
болып бір ханға бағынудан, өз қарамағындағы жұртты өзі билеп, ақ дегенін алғыс, қара
дегенін қарғыс еткізіп отыруТемір бидің арманы. Бұл біздің ең осал жеріміз. Əсіресе,
алыста жатқан рулар ырқымызға оңай көнбейді, сондықтан да ананы, мынаны сылтау етіп
Темір би де бірігуге қарсы ірткі салып отыр. Біріккің келмесе «құдай алдыңнан
жарылқасын деп қуып шықсам ба екен? Жоқ, өйтуге болмайды. Қайткен күнде де
Алшынның бүгінгі күні ауа жайылғаны жөн емес. Бұлар көнбей қалса, сынықтан бөтеннің
бəрі жұғады, өзге рулар да олардан үлгі алуы мүмкін. Дауды ақылға салып сабырлылықпен
шешкен абзал».
Кенет ол басын көтеріп алды. Темірге тесіле қарады.
Бабаң Едіге бүкіл Алтын Орданың тағдырын ойлап еді. Сен бір Ноғайлылықтан аса
алмай отырсың. Алшын елін қарамағыңнан шығаруға жоқсың... Бірақ соныңа Алшын көне
қояр ма екен? Өз тағдырын өзі шешкісі келсе, жолын табар. Алшын қайда болады, оны
болашақ көрсетер. Жə, менің айтайын дегенім бұл емес. Басқа. Біздің жауымыз сен емессің
Əбілқайыр! Атаң Қазыны бауыздаған сол Əбілқайырмен соғысуға келесі жаз бес сан
жауынгер бересің бе?
Беремін!
Қалғанын кезінде көрерміз.
Темір би Жəнібектің бұл салмақты айтқан сөзінің ар жағында қандай зіл жатқанын жақсы
ұқты.
Бойын кенет бір қауіп билеп кетті. «Иə, Жəнібек хан түбі дегеніне жетпей тоқтамайды.
Сонда не болғаны, бар қазақты билемек те, біз бұның құлы болмақпыз ба? Жоқ, Жəнібек, ол
ойыңның сəті келмес. Қарамағымыздағы елді біз де оп-оңай бере қоймаспыз. Саған үлкен
хандық керек болса, бізге кіші хандық керек! əлі алдымызда талай шайқас та, айқас та
болар!».
Дəл осы кезде күншығыс жақтан құйындата шапқан салт атты көрінді. Жұрт елегізе со
жаққа қарады. Сөйткенше болған жоқ, қара терге малынған, сүліктей жаралған астындағы
баран жүйрігін Нұра етегінде отырған Жəнібек тобына тікелей салған шапқыншы жігіттің
«Аттан! Аттан! Жау келіп қалды!» — деген айқайы шықты. Отырғандар орындарынан
үрпиісіп түрегелді.
Қайдағы жау?!
Кім келіп қалды?!
Шапқыншыұзын бойлы, мұрты жаңа тебіндеп келе жатқан, қара торы бала жігіт,
ентелей шауып келіп, астындағы атын əзер тоқтатты. Екі бүйірінен демін алып:
Тақсыр хан, — деді, — Көк Жыңғыл тұсынан қалың əскер көрінді. Беті осы Нұраның
Қаратұзы. Басқарып келе жатқан Əбілқайырдың үлкен ұлы Шайх-Хайдар мен Қарашың
баһадур. Мінгендері кілең ақалтеке, текежаумыт. Бастарындағы сеңсең бөріктері қазандай,
мойындарында кілең көк темір алдаспан, қолдарында көк темір найза. Мұздай қаруланған,
түстері де суық, жүрістері де суыт. Бие сауымындай мезгілде бұл араға да жетіп қалар.
Жəнібектің түрі де, даусы да өзгерген жоқ, əдеттегі байсалды қалпымен:
Шамасы қанша адам екен? — деді.
Мың қаралы.
109
Көк Жыңғылдың арғы қабағында Керей мен Найманның түйелі қолы бар емес пе еді,
төтеп бере алмады ма екен? əлде аналар аңғармай қалды ма?
Сөйткен тəрізді. Бұлар Көк Жыңғылдың теріскей жағындағы құм арасындағы қоба
жолмен өтіп кеткендей. Найман мен Керейдің қалқаны күнгейлеу жатыр.
Оларға хабар бердіңдер ме?
Менің серігім соларға шапты.
Жəнібек Ордасындағы өзіне тəн адамдарынан «Күзтоқсанның басында қазақ руларының
басшылары жиналып, бас қосып, бір ханға бағынып, əскер жинап, Түркістанды басып алмақ
болып жатыр» деген хабарды естіген Əбілқайыр хан. Қазақ рулары бас қосатын кезде, бір
түнде тек өзіне ғана бағынатын, кілең шаш ал десе, бас алатын қырағы сұлжық Түрікмен,
Барлас, Маңғыт руларынан құрылған он сан жігітін, бастығы үлкен баласы Шайх-Хайдар
мен ең сенімді, ер жүрек батыры Дарвиш-Хусаин Қарашыңды Нұраның Қаратұзына
аттандырған. Тек түрікмен ақалтекесі мен текежаумыт аттары ғана өте алатын құмды
жолдармен дабырсыз барып «Жəнібек ханның күлін көкке ұшырып, кеңесін шап» деген.
Қазақ ру бастықтары хан кеңесіне жиналып жатқанын естісе, жауларының бос
қалмайтынынан Жəнібек те күдіктенген. Сол себепті Нұра қатқылының төрт жағынан елу
шақырымдай жерде мың жауынгерден шепқалған құрған. Шағын жауға бұл төтеп бере
алатын күш.
Нұраның қатқылына Көкшіл теңіз жағынан келетін жолда құдықтардан бөтен мал
суаратын жер болмаған соң Найман мен Керей жігіттерін əдейі шөлге шыдамды, ұрысқа
жарайтын қос өркешті желмаяларға мінгізген. Найман, Керей жігіттеріне о кезде түйеге мініп
жауға шығу үйреншікті əдет.
Жəнібек бұл əскерлерін, кеңес болар жерден əдейі тысқары орналастырды. Алда-жалда
жау келіп қалар болса, майданды алғашқы үлкен хан кеңесінің үстінен ашқысы келмеді.
Жігіттерінің жауды жол-жөнекей, оңашада қарсы алғанын жөн көрді. Бірақ Əбілқайыр Шайх-
Хайдар мен Қарашыңға: «шамаларың келсе жолдарыңды тосқауылдап жатқан əскерлерден
(тосқауыл əскер болатынына ол шек келтірмеген) жансыз өтуге тырысыңдар. Содан кейін
хан кеңесін ойламаған жерден барып шабыңдар. Бірде бір бас көтерер адамы қалмасын,
бассыз ел қайда барар екендеген.
Осындай жарлық алған Шайх-Хайдар мен Қарашың қалың құм мен тақырдың арасынан
басқа жол тауып, Найман мен Керей жігіттері күтіп жатқан тұсқа соқпай, Нұра Қаратұзына
тікелей өтіп кеткен.
Хан кеңесіне төнген қатер өте зор еді. Əбілқайырдың бұл «хан əскері» шынында да тек
кілең жанынан безген, дені Византия, Египетті талай шапқан атақты батыр тұқым сұлжық
түрікмендерінің ұрпақтарынан құрылатын-ды. Қазандай-қазандай бастарындағы сең-сең
бөріктерін селкілдете, қолдарындағы көк найзаларын күнге ойната, жау шебіне садақ оғы
жетер жерге жеткенше жұбын бұзбай, кіші-гірім тайлақтай астарындағы текежаумыт,
ақалтеке сəйгүліктерін желе шоқытып, жауар бұлттай тұтаса келе жатқанда қандай жау
жүрек əскер болса да бір əбігерленіп қалатыны айдан анық. «Хан лашкерлері» тұтқын
алуды білмейтін, жауласқан елін кəрі-жасына қарамай тып-типыл етіп қайтуға құмар.
Əбілқайыр хан бұларды өзге əскерінен ерекше ұстайтын. Жорықта олжа еткен қыз-
келіншектеріне, талаған мүлік-қазыналарына қол сұқпайтын. Ортақ олжа деп хан
тұқымдарының бөлісіне салдырмайтын. Осындай еркіндіктің арқасында бұлардың көбінде
жеті-сегіз қатыннан болатын жəне əбден байып та алған жауынгерлер. Өздеріне тиетін
мұндай пайданы білген соң, əбден қанға құнығып кеткен бұл жан аларлар ұрыста шегінуді
білмейтін, жан аямай соғысатын.
Хан кеңесін шабуға келе жатқан міне, осы əскер еді. Бұл хабарды естіген қазақтың
Қобыланды, Қамбар, Қара Оспан секілді аты шулы батырлары үстеріне сауыттарын киіп,
қамыс құлақ, бөкен сан, жал-құйрығы жерге төгілген тұлпарларын ойнатып, өзгелерден
сытылып шыға берді.
əсіресе бұлардың көзге түсері батыр Қобыланды мен астында есік пен төрдей қара
сирақ тұлпары бар Жəнібектің екінші баласы Қамбар болатын. Қобыланды бұл кезде
алпысқа таяп қалса да, Қазанға аттанғандағы қара шоқпарын əлі де бір қолымен ұршықтай
үйіреді. Ал Қамбар батыр құдыққа құлаған нар түйені қос өркешінен ұстап суырып алатын
алып күш. Екі иығына екі кісі мінгендей құлаш жауырын, бура сан, тартылуға дайын тұрған
садақтай, дене құрылысынан күш иесі екені бірден сезіледі. Бұл Жəнібек Ордасының
жауына жібергелі қайраған болат жебесі, кеудесінде жүрек емес, қатып қалған мүйіз бар
110
тəрізді, бала жастан қорқудың не екенін білмеген жалын жан. Он сегізге шыққанда арлан
жолбарыспен жекпе-жек алысып, құр қолымен ұрып алған. Əке балаға сыншыл, Жəнібек
бұл баласының батырларға біткен мінез-құлқын ертеден сезіп, үнемі оны соғыс ісіне
үйретуде болатын. Өзге ұлдарына əдемі киім, салтанатты ертұрман істетсе, бұған арнап
найза, жақ, алдаспан жасататын. Осындай батырлығына қарамай, Қамбар Жəнібектің басқа
балаларынан гөрі анағұрлым кең пейіл, іздегені ерлік.
«Жау келе жатыр дегенді естісімен-ақ Қамбар сауытын кие салып, бел-
деуде тұрған қара қасқа тұлпарына мініп-ақ алды. Оң қолына қанжар ұшты, қайың безеулі
найзасын ап, жау келетін күншығыс жақты қырындай берді. Бұл атақты үш батырдың жауды
қарсы алуға шықпақ боп ыңғайланғанын көріп, өзге батырлар да атқа қонды. Тек сай
табанында төселген ақ кигіздің үстінде жасы келіп қалған Арғын би, Қотан жырау секілді он
шақты қарт адам қалды. Ұрыс батырлар ісі дегендей Жəнібек хан да орнынан қозғалмады.
Жау келсе жауабын алар, қазақтың қазір ел-жұртын қорғайтын ұлдары бар ғой. — Ол
саптай тізіліп жауға қарсы Нұраның Қаратұзының биігінде тұрған батырларға сүйсіне көз
тастады да Қотан жырауға бұрылды. — Ана ер-азаматтар жауды қуып кейін қайтқанша
уақыт босқа өтпесін, Қотан ата, көптен бері тыңдауға құмар боп жүр едім, сізді жақсы біледі
дейді. Жошы өлімін естіртуді айтып беріңізші.
Болайын деп жатқан ұрыс бұларға еш қатынасы жоқтай, өзгелер де қарт жырауды
қолқалай бастады.
Иə, балалар қайтқанша ермек болсын, — деді Арғын би.
Көңіл шіркін бір көтеріліп қалсын, — деді Үйсіннің қарт батыры Қылышбай.
Қотан жырау көп күттірмеді. Өмір-бақи жанында жүретін кəрі қара қобызын қолына алып,
қарлыққан қарт даусын аңырата жөнелді.
Шыңғысхан өзге балаларынан тұңғышы Жошыны анағұрлым жақсы көрген. Сөйтсе де
айтқанына көне қоймайтын Жошыны жоюға Ұлытау бойына əдейі арнап кісілер жіберген:
Жошы аң аулап жүргенде қастары монғол əдісімен отыз жеті жасында омыртқасын үзіп
өлтіреді. Бұл хабар Ұлы Ордаға жетеді. Шыңғыстың Жошыны жақсы көретінін білетін хан
төңірегіндегі адамдар бұл хабарды естіртуге бата алмайды. Жəне оның үстіне өзі арнап кісі
жібергендіктен Жошының қаза табатынына шек келтірмеген əлем əміршісінің өзі де «кімде-
кім Жошының қаза тапқанын естіртсе, соның басын аламын» дейді. Хан жақсы көретін
баласының ажалына өзі себепкер болып отырса да, оның өлгенін естімей өткісі келеді.
Мұндай жағдайда жұрт дағдарады. Ақырында бұл хабарды жыр арқылы естіртуді Ұлы
Жыршыға тапсырады. Ханның салтанатты көңіл көтеретін кешінде «ал, Ұлы Жыршы, жыр
бастадеген əмірді естігенде, қарт жырау түркі жырын аңыратып қоя береді.
Ол:
«Теңіз башынан бұлғанды
Кім тұндыра, а ханым?
Терек түптен жығылды
Кім тұрғызар, а ханым
дейді. Сонда Шыңғысхан:
«Теңіз баштан бұлғанса,
Тұндырар олым Жошы дұр
Терек түптен жығылса,
Тұрғызар олым Жошы дұр».
дейді. Сонда Ұлы Жыршы алғашқы өлеңін тағы қайталайды, бірақ бұл жолы көзінен жасы
парлап ағады. Ананың жылап отырғанын көрген Шыңғысхан:
«Көзің жасын төгілтер,
Көңілің шерлі болғай ма?
Жырың көңіл үркітер
Жошы өлген болғай ма?
деп сұрайды. Сонда Ұлы Жыршы түркі жырымен:
«Сөйлемеске еркім жоқ,
Сен сөйледің, а ханым
Өз жарлығың өзіңе
111
Жөн ойладың, а ханым
деп Жошының өлгенін естіртеді. Сонда жаратылғалы көзінен жас шықпаған Шыңғысхан
еңкілдеп жылап:
Құлын алған құландай
Құлынымнан айрылдым!
Айырылышқан аққудай
Ер ұлымнан айрылдым
деп теріс қарап, бүк түсіп жатып алады.
Қарт Қотан бұл жырды сонау Ұлы Жыршы мен əлем əміршісі Шыңғысханның дəл сол
күндегі күйін отырғандардың көз алдына елестеттіргендей, кəрі қобызын боздата, кəрі
даусын қарлықтыра шығарып, зар жылап отырып айтты. Жырау өнері жұрттың көңілін
бөлгені соншалық, отырған адамдар ана жақта болғалы тұрған ұрысты ұмытып та кетті.
Қотан қарт енді жыр үстіне жырды тоғытты. Ол бір мезет Орақ толғауын бастады.
«Артуда арту тау келсе,
Атан да тартар бүгіліп.
Алыстан қара көрінсе,
Қарақұла жатар үңіліп...»
Орақ толғауының адамның құйқа тамырын шымырлатып, өн бойыңды дірілдетіп алып
кететін қасқырдың ұлығаны тəрізді өзіне дербес бір ескі əуені бар. Осы əуенге сай Қотан
жырау қобызын осып-осып аңыратып кенет жас күндегідей жігерлене толғады.
«... Уа, жігітлəр, жігітлəр,
Жалаңғаш жерде жауға шап.
Осынау жалған дүниеде
Ажал житмай өлмек жоқ».
Жырау даусы, шаба келе қызған жүйріктей, енді шарықтай түсті. Ұйып тыңдаған ақсақалдар
қазір қан майданда шешілгелі тұрған қазақ хандығының тағдыры естерінен тіпті шығып
кеткендей, бастарын жерден алмай, тапжылмай тыңдауда. Жоқ, бұлар жаңа ел болып келе
жатқан халқының тағдырын ұмытқан жоқ. «Сонау айқас немен тынар екен деп іштері
алай-түлей. Əрқайсысы бір тайпа елдің қалың қолын басқара алатын сонау қалың қабақты,
түкті білекті батырларға сену өте орынды. Қыран балапандарын өмір арпалысына
дайындағанда, ең алдымен қоянға емес, қасқырдың бөлтірігіне түсіріп үйретеді екен.
Жəнібек те сол қыран. Қанатының астындағы батырларын бірден ең ауыр сын-
ға шынықтырмақ. Ел болғылары келсе, өздерін-өздері қорғай білсін!.. Бүгін бастары бірігіп,
жауына қарсы тұра алмай, ала ауыздық не қорқақтық көрсетсе, ертең быт-шыт боп,
көрінгеннің табанының астында кетеді. Ал бүгін ел намысынер намысын қорғай алса,
ертең тастан берік бірлескен жұрт болады. Құрыш отта асылданады, халық күресте
шынығады.
Жəнібек қанша қобалжыса да сабыр тұтты. Ол ру бастықтары батыр, билердің хан
əмірін орындау үшін емес, ауыз бірліктерін айғақ етіп, жауына өз беттерімен қарсы
шыққанын көргісі келді. Хан ақылы емес, халық ақылы шешсін деді халқымыздың болашақ
тағдырын.
Жəнібек қазақ хандығының тағдыры шешілетін мұндай қысылтаяң мезетте сап алдында
болмай, кəрі-құртаң ақсақалдар қасында қалуын кейбіреулердің қылмыс санайтынын да, не
қорқақтыққа балайтынын да біледі. Бірақ ертең қазақтың бытыраған руларының басын
қосып, мықтап ұстар хан болу үшін, мызғымас беріктік те керек. Өзіңді шабуға жау келе
жатқанда бір сайдың жағасында қарт жыраудың толғауын тыңдап отырукөрінген ханның
қолынан келмейтін қасиет. Халық алдында мұндай адам аңызға айналады. Өзінің
абыржымас тастай мінезімен өзгелердің де үмітіне əл беруқолына қылыш алып жауға
шабудан анағұрлым артық ерлік. Хан əбігер болмаған жерде, халық та əбігер болмайды.
Бұлжеңістің ең бір керекті шарты. Ханның келе жатқан жаудан құты қашпай, жайбарақат
отырғанынан өзгелері де үлгі алды. Олар да келе жатқан жауына берекелері кетпей,
сабырлы салқын қанмен дайындала бастады.
Қотан жырау Орақ толғауын бітіріп əлдеқашан Едіге жырына көшкен. Жұрт сол ұйыған
қалпында тыңдауда. Бұған Жəнібек іштей қуанышты. Өзінің де қобалжуы басылғандай.
112
«Жоқ, мұндай жұртты жау жеңе алмайды. Мұндай мызғымас елмен түбі Ұлы хандық құруға
болады. Қан-жоса етіп қырып-жоям деп жауы келе жатқанда, мынау қарт би, батырлардың
осыншама сабырлылық көрсетуіжақсы ырым. Бұ тəрізді жұрт болашақта басына қандай
ауыр сын түссе де шыдайды, қандай жаумен болса да табан тіреп алысуға жарайды. Ал
келе жатқан мына жауға анау Нұра үстіндегі кілең батыр жігіттер жауап бере алады.
Мұндайда ер қимылын арман шешеді. Ал ер арманыел болу. Бұл арман үшін анау
ерлердің аянбай айқасатынына күмəн келтіру күнə болар еді...»
Жəнібек ханның құлағына қарт жыраудың даусы еміс-еміс келеді. Құлағы жырда, көңілі
көп кешікпей басталатын қанды айқаста.
Қарт жыраудың даусы əлі болдырмаған жүйріктің шабысы тəрізді. Біркелкі дүбір, біркелкі
ұйтқу...
Қарт ақын қарлыға толғайды. Ол қазір тоғыз батыр Едігені қуып келіп, Кен-Жанбайдың
Едігеге арнап айтқан жырын толғап отыр:
«əй, Едіге, сен енді қайт сана!
Қайтып Еділ өт сана!
Еңсесі биік боз Орда
Еңкейіп сəлем бер сана!
Ерні жұқа сар аяқ
Ер сарқытын іш сана.
Жауырындары жақталы,
Түйме бауы тартпалы
Ал қара киім үстіңе
Тон береді, ки сана.
Көк ала жорға ат мініп,
Көк дабылпаз байланып,
Тұтам бауы сом алтын
Ақ сұңқар құс береді,
Көл айналып шүй сана
Бұл кезде Нұра беткейіндегі батырлар қара шоғырланып топтанып қалған. Қос күзетудегі
Қыпшақтың жүзге таяу жігіттерін ертіп Қобыландыға Қазтуған қосыл-
ған. Ел басына күн туғанда жеке қалудың лажын таба алмай, Шалкиіз жырау-
ды бас етіп, екі жүздей қасындағы нөкер, сойылшы, малшы жігіттерімен Темір би де келген.
Жəнібектің өзге балалары, бастығы Қасым мен Керейдің батыр ұлдары, ең үлкені Бұрындық
боп, хан аулының маңайындағы төлеңгіт, сарбаздарын жинап, бұлар да төбе басына
шыққан. Қысқасы, хан кеңесін қорғамақ боп Нұраның Қаратұзы беткейінде бес жүзге таяу
заматта қол жиналды. Енді бұлар шеп құрып жауды қалай қарсы алуды кеңесті. Барлығы
Қамбар батырдың айтқанына көнетін болды. Мұндайда батыр сөзіне бағыну ежелгі салт,
Қамбар батыр Майсары 1 етіп Қыпшақ, Арғын жігіттерін, Маймене етіп Алшын, Дулат жəне
өзге ру сойылшыларын тұрғызды. Өздері Шыңғыс ұрпақтары төлеңгіттерімен орта шепті
алды. Келе жатқан жауға осылай үш мүйіз боп қарсы шабуды ұйғарды.
Дəл осы сəтте солтүстік пен шығыстың нақ орта шенінен аспанға бұрқылдай көтерілген
шаң шықты. Тағы бір сүт пісірімдей кез өткенде шаң астынан қалың қол көрінді. Енді аздан
кейін жау селеуті де анықтала бастады. Желкілдеген кілең ақ сең сең бөрік, күнге
шағылысқан көк құрыш найза суыт келеді. Қарқындары тау бұзардай. Олар, таяған сайын
қиғаштай шаба, əскердің қос қанатын екі жаққа жая түсті. Əбілқайырдың атты əскерінің
ежелгі тəсілі. Құшағын жайып кеп, жауын ортаға ап жан-жағынан кенет ат қояды. Жау
əскерін қоршауға алады. Бұл темір қышқаштан құтылу екіталай. Əскердің қолбасшысы
бастаған бір тобы кейін қалады. Ол өзіне ың¬айлы жерде тұрып ұрыс болып жатқан
майданнан көзін алмайды. Қай тұста əскері азая бастаса, не күші құлдырап жеңілуге
айналса, сол тұсқа қасында тың тұрған əскерден көмек жібереді. Бұл жолы да сол
əдістеріне салмақ тəрізді! Шайх-Хайдар əскері қазақ батырлары тұрған жерге тағалана
қоршай таяп келеді. Дəл осы кезде, Нұра беткейінде тұрған батырлар, келе жатқан жау
əскерінің күншығыс жəне солтүстік бүйірінен бұларға қиғаштай тиіспек боп құйындай шапқан
екі қолды көрді. Батырлар бірден түсінді. Мынау астындағы қос өркеш желмаялары
бастарын төмен түсіріп жіберіп, күншығыс жақтан тайрақтай шапқан қолбұл жауын
аңдамай өткізіп алған, қалқан етіп шығыс жақтағы жолға қойылған Керей, Найман
1 М а й с а р ы, М а й м е н еханның оң жағында жəне сол жағында отыратын кеңесшілері. Ұрыс кезінде
əскердің оң қолы, сол қолы.
113
жауынгерлері. Ал солтүстік тұстан шұбатыла жөңкігеналдында əрқашанда ер жүрек
батыры оқшау келетінбұл солтүстіктегі қалқаАрғын, Қыпшақ қолы. «Жау келе жатыр
деген хабарды естігеннен-ақ Қасым: «Хан кеңесі болып жатқан жерге тез жетсін» деп ат
шаптырған. Жау жүрек екі қолдың тез жеткеніне беткейде тұрған батырлар қуанып қалды.
Əлдекімдер «Уа, сəт!», «Ақсарбас, ақсарбас деп өзінің көтерілген көңіл күйін жасырмай
ашық айтып жатыр. Күтпеген жерінен, арттарын ала, екі бүйірлерінен екі қолды көрген
Шайх-Хайдар əскері «өзіміз қоршауға түсіп қалмайық» деген қауіппен кенет екі жаққа
жайыла түскен қанаттарын жия қойды. Енді олар шашау шығармай, тобын жазбай, садақ
оғы жететін жерге кеп, аттарының қарқынын басып сəл аяңдай жүріп шоғырлана тоқтады.
Бұл кезде Шайх-Хайдар əскерін, бүйірлей қоршап Найман, Керей мен Арғын, Қыпшақ
қолдары да батырлар тұрған төбеге жетті. Екі жақ əудем жерге кеп қарама-қарсы тұрды.
Енді қазақ батырларының тобы емес, Шайх-Хайдар əскері қоршауда қалатын тəрізді. Күш
қазақ жағында басым. Бірақ бірде-бір рет жауынан беті қайтып, тауы шағылып көрмеген
«Хан əскері» кейін шегінетін түрі жоқ. Көк найзаларын қазақ жігіттерінің кеуделеріне бір
сұқпай мауқы басылар емес.
Кенет Шайх-Хайдар шебінен жал-құйрығы жерге төгілген, нардай ақал-теке арғымақ
мінген, үстінде қара сауыты бар Қарашың батыр ойқастап ортаға шыға берді. Ол күндерде
соғыс жүргізу тəсілі екі түрде болатын. Бірі жауын қапыда бас салу да, екіншісі қан
майданда бетпе-бет кеп ашық ұрысу. Мұндай жағдайда ең алдымен жер белгіленіп, майдан
ортасына батырлар жекпе-жек шығып ұрысады. Екі жақтан жекпе-жекке шыққан батырларға
ешкім болыспайды. Қайсысының күші басым болса, сол жеңеді. Кейде жекпе-жек айқас екі
жақтан батырлар табылғанша созылады. Кейде жекпе-жекке шыдай алмай, жаудың бір
жағы ат қойып, ұрыс ашып жібереді. Бұл үлкен айып болып саналады. Артынан бітімге
келгенде бұл кінə еске алынады.
Қарашың батыр қара арғымағының үстіне анандайдан қара шыңдай боп майдан
ортасына кеп, айбарлы үнмен айқай салды.
Шық бері жекпе-жекке! Жаныңнан безген қайсың барсың!
Мен бармын! деді Қамбар батыр астындағы қара сирақ тұлпарын тебіне түсіп,
алға қарай ұмтыла беріп.
Тоқта! — деп ақырып жіберді дəл осы сəтте шудалары жерге түскен аппақ бураның
үстінде отырған Бұрындық. — Жол менікі! Аға тұрғанда іні алға шықпас болар!
Аға бұйрығына іні көнуқазақтың көне салты. Қамбар батыр атын кенет тежеп тоқтай
қалды.
Бұрындық көлденеңі мен ұзындығы бірдей төртпақ келген, қолдары кескен томардай,
шойын денелі балуан жігіт. Басы шарадай, қара сұр, жуан қара мұртын Ғазірет Ғалидай екі
құлағына апарып іліп қоятын. Түнде көрген адамның жүрегі жарылатындай түсі суық. Бала
жасынан сотқар, соғыс құмар. Оның жауымен ұрысқанда ең жақсы көретініақ бурасына
мініп алып жеке шығу. Ақ бураны ол бота күнінен жауға салып үйреткен. Өзі де өзге
буралардан анағұрлым биік. Шапқанда жылқы баласының ілуде біреуі ғана ілесе алады.
Бұрындықтың көркі осы ақ бурамен. Əсіресе атты адамды көрсе жыны бар. Ат үстінен
аузымен жұлып алып, табанының астына салып, тарпып тастауға мықтап төселген. Кейде
жерге құлаған батырдың үстіне шөге қалады да астындағы адамның сүйегін бытырлата
сындырып, мылжа-мылжасын шығармай үстінен тұрмайды. Жекпе-жек шыққан батырдың
үстінен Бұрындық екі құлаш қайың шоқпарымен қос қолдап ұрса, бұл жерге құлаған
батырды жаныштап тарпып өлтіреді. Мұндай астындағы бурасы мен үстіндегі батыры қатар
қимылдайтын жаудан жекпе-жек шыққан адамның күні бұрын зəре-құты қалмайтын. Оның
үстіне ақ бура Бұрындықтың жауына қандай тəсіл құратынын алдын ала ақылдасып
қойғандай, жауға шапқаннан-ақ үстіндегі батыр ыңғайына қарай көшетін. Тарпитын жерінде
тарпитын, тістейтін жерінде тістейтін. Ал Бұрындық егер жауын құр аттан түсіріп кететін ойы
болса, ақ бура ашуға мінбейтін, тек үстіндегі батырдың əуеніне қарай қимылдап, дегеніне
көне беретін. Бұрындық ақ бурасына мініп жауға қарсы шықса жұрт «Тентек қара жынына
мінді, енді жолымыз болар» дейтін.
Бұрындық міне осы ақ бурасына мініп, Қарашыңға жекпе-жекке шықпақ! Ал Қарашыңның
қандай батыр екені жұртқа аян. Оң қолымен өзіне қарсы сілтенген сойыл шоқпардан
қорғана білсе, сол қолындағы жүзі ұстарадай сала құлаш алдаспанымен жауының
астындағы тұлпардың мойнын қағып тастайтын əдеті. Бұған тек ұрысқанда дəл осындай
тəсілі бар, қара сирақ атты Қамбар батыр ғана төтеп береді. Жəне қара сирақ тұлпардың
114
мойын тұсы кереге көз шынжыр сауытпен торланған. Ал ақ бура қанша айбарлы болғанмен
де, сауыт жабылған тұлпар емес, сілтегені мүлт кетпейтін Қарашың батыр оның сидиған
мойынынан басын бір-ақ қағып түсіруі мүмкін. Жоқ, бұл жекпе-жек айқасқа Қамбар батыр
жөн еді.
Бұрындықтың Қарашың батырға қарсы шықпасқа лажы жоқ-ты. Оған деген елінің
кегінен де бөтен, өзінің де кешпес өшпендігі бар.
Қарашыңның Тоқтар-Бегім деген қарындасы болатын. Көгал шөптің арасында жалғыз
өскен қызғалдақтай, басқа қыздармен келе жатса анандайдан көзге түсер көркем. Оның
үстіне ағасы Қарашың Əбілқайырдың аса бір ардақты батыры болғандықтан, анау-мынау
адамды менсінбейтін тəкаппар, өр мінезді де, Бұрындық осы қызға Əбілқайыр қол астында
жүрген кезінде ғашық болған. Қыз онда он үш жасар-ды. Бұрындық оған көңіл қосайық деп
жеңгетай салған. Қыз: «Кескен томар секілді Бұрындық менің теңім емес», — деп жауап
берген. Намысқа шапқан Бұрындық əкесі Керей сұлтан арқылы «қарындасын маған
тоқалдыққа берсін» деп Қарашыңға құдалар жіберген. Əбілқайыр хан мен Жəнібек, Керей
сұлтандардың арасының нашар екенін білетін Қарашың: «Қарындасымды Ташкенттің бір
бекзадасы айттырып қойған» деп бермеген. Артынан, Жəнібек пен Керей Əбілқайырдан
бөлініп көшіп кеткеннен кейін, осы Тоқтар-Бегімді өзінің қарамағындағы қыз ұнатқан бір жас
батырға қосқан.
Осыған өшіккен Бұрындық: «Қап, бəлем Қарашың, қан майданда бір кездесерсіңдеп
жүргенінде мына айқас дөп келді. Бұрындықтың көктен сұрағаны жерден табылды. Кекшіл
батыр мұндайда өш алмай бұғып қала алар ма! Қамбар батырды тоқтата сап, өзі ақ бураны
тебініп қап «шудеді.
Сала құлаш мойнын төмен тастап жіберіп, шудалары желкілдеп, аузынан көбік атып ақ
бура тайраңдай шаба жөнелді. Өзіне қарсы түйелі Бұрындықтың шыққанын көріп Қарашың
да ұмтылды. Бұл алыптардың айқасы еді. Бір жағында қара жартастай қара арғымақ мінген
Қарашың. Екінші жағында көбік шашқан ақ бура мінген, айдалаға отырғызып қойған балбала
тəрізді абажадай Бұрындық. Жұрт мұндай алып денелі батырлардың айқасының немен
тынарын білмей, демдерін іштерінен алып жым-жырт тына қалған.
Астындағы қара арғымағын құйындата шауып келе жатқан Қарашың батыр оң
қолындағы шоқпарын ыңғайлай үйіріп, жауына таяй беріп, шоқпарын сілтейтін Бұрындықтың
қолынан еш қару көре алмай, сəл абыржи қалды. Ананың қолында əдеттегідей не шоқпар,
не сойыл жоқ екен. «Бұ қалай деді ол ішінен, сөйтті де сол қолындағы ақ алмас
алдаспанын көтере берді. Ақ бура қылыш сілтеу жерге таяса болғаны, ирелеңдеген мойнын
ұшырып түсірмек! Бірақ бұл ойына жете алмады. Ақ бурасын еңкілдете шауып келе жатқан
Бұрындық, он қадамдай жерге таянғанда, түйенің тасасында оң қолында ұстаған қыл
арқанын сумаң еткізіп Қарашыңға қарай лақтырып жіберді де, сол шапқан бойы
тоқталмастан орағыта бұрылып, өз тобына қарай ананы ат-матымен сүйрете жөнелді.
Қарашың мойнына түскен қыл арқанды алдаспанмен шауып түсіруге де үлгермей қалды.
Алдаспанын сілтегенше шауып келе жатқан екпінімен Қарашыңды кейін тартқан қыл арқан
заматта тынысын тарылтып, аттың артына қарай аударып əкетті. Бірақ ер үстінен сырғып
кетпес үшін, қарасанынан мықтап шырмаған қыл шылбыр жібермеді. Үзеңгіден аяғын
суырып ала алмады. Кенет кейін қарай кілт тартқан күшке шыдай алмай барып жерге күрс
етті. Қыл арқанды тақымынан өткізіп, ақ бураның алдыңғы өркешіне байлаған Бұрындық ай-
шайға қарамай, орағыта, өз тобына көкпар алған адамдай «Аруақ! Аруақ деп айқайлай
шапты. Басына киген тор дулығасының етегі алқымына түскен қыл арқанның мойнын жұлып
əкетпеуіне себеп болған Қарашың батыр, екі қолымен жанталасып жерді сыйпай, ат-
матымен сүйретіле жөнелді. Осының бəрі көзді ашып-жұмғандай уақытта өтті. Алып күш
алыптығын көрсетті. Шап-қан бойы Бұрындық өз шебіне жеткенде, үзіліп кеткен ер-мерімен
шұбатыла сүйретіліп келе жатқан Қарашыңның жаны аузына келіп, енді шығуға таяу еді.
Қарашың құлаған жерге таяу тұрған Қасым атынан секіріп түсіп, қыл арқанды наркескенімен
орып жіберді.
Бұрыннан да қазақ жағының күші басым екенін байқап, жүрегі дауаламай тұрған Шайх-
Хайдар, бас батыры Қарашыңның мұндай апатқа ұшырағанын көріп, енді шыдай алмады,
атының басын бұрып алып кейін қарай шапты. Құбыжықтан машайық қашқан,
қолбасшыларының өзі атын кейін бұрғасын, жауынгерлері де соңынан ерді. Қарашыңның
əлегімен сəл көңілдері басқа жаққа ауған қазақ батырлары, жауының жапа-тармағай кейін
шегініп бара жатқанын көріп, лап қойды. Бірақ ақ бөкенге екі ырғып жететін ақал-теке, теке
115
жаумыттар бұларды қарасына да ілдірмеді. Қобыланды, Қамбар батыр секілді шапқанда
аузымен құс ілетін тұлпарлары бар он шақты батырлар ғана соңдарынан қуып жетіп, жүзге
таяу адамын сойылға жығып түсірді. Қалғаны ұзай берді. Бұдан əрі қуу қажет емес деп
түсінген өзге батырлар атының басын тартқанмен, қызып алған алуан күштің иесі
Қобыланды батыр тоқтай алмады. Жеткен жігіттерін тірсектен сойылмен бір ұрып, жерге
құлатып, жау соңынан қуа түсті. Қобыландының жалғыз шауып келе жатқанын көрген
сұлжық түрікменнің елу шақты сойылкер батыр жігіттері кенет аттарының басын кейін бұрып
Қобыландыға қарай ат қойды. Жан-жағынан қоршап, ортаға ап қыса бастады. Көкжал
қасқыр қанша арлан болғанменен, жан-жағынан жұлқылай түскен өзіндей кілең көк бөріге не
істей алады? Қобыландының да халі осы көкжал қасқырдай еді. Қанша алысқанмен де
көпке топырақ шаша ала ма, күші де баяғы жас кезіндегідей емес. Енді ажалдың таяу
қалғанына көзі жетті. Дегенмен күші азая бастаса да, ол сойылын оңды-солды сілтеп,
қасына жауын тақа жуытпай тұр. Бірақ бұл алыс ұзаққа бара ма? Ол анда-санда арт жағына
қарап қояды. «Көп кешікпей өзі оралар» деп ойлаған серіктері мұны іздеп келе қоймады.
Хал мүшкілге айналды. Қарашыңды жауына түсіртіп алған сұлжықтар, оның орнына
Қобыландыны байлап əкетпек болды. Олар асау ұстаған жігіттердей, жан-жақтарынан
қоршап, арқандарын Қобыландының мойнына лақтыруға ыңғайлана берді. Қалжырауға
айналған Қобыланды енді өзінен дəрмен кетіп бара жатқанын түсінді. Намыстан да жан
тəтті. Қобыланды батыр бір мезет атының басын кейін бұрып, қоршауды бұзып шығып,
қашып құтылмақ болды. Көксеңгірдің ұрпағы Киіккетпес тұлпарын тебініп қап, жау шебін
үзбек боп кейін шапты. Қобыландының айбарынан сескенген жігіттер қақ айырылды.
Қобыланды орталарынан зырғытып өте берді. Бірақ өте алмады, екі жағынан лақтырған
арқан мойнынан бірдей түсті. Ырғи жөнелген Киіккетпестің үстінен сыпырып жерге дүңк
еткізді. Аспан-көк шыр айналып кетті. Құлап бара жат-
қанында құлағына жеткені ат дүбірлері мен «Ақжол! Ақжол деген айқай ғана еді. Ар
жағында не болғанын өзі де білмеді. Тек көзін ашып, есін жиып, орнынан ақырын
түрегелгенінде, алдында күлімсіреп қарап тұрған жас жігіт пен алтын зерлі жұмсақ сауыт
киген, құралай көз сұлу келіншекті көрді. Арада сегіз жыл өтсе де, бұл екеуін Қобыланды
бірден таныды. Шатыраштанып жасыл төккен мырза қарағай тəрізді сұңғақ бойлы сымбатты
жігіт батыр Саян болатын. Ал қасындағы келіншек, оның жұбайы Əбілқайырдың туған қызы
Гүлбаһрам-Сұлтан-Бегім еді.
Батыр Саян баяғы Сейхун дарияның жағасында Əбілқайырды жолбарыстан аман алып
қалғаннан кейін, өзі секілді күштілерден қорлық көрген жүзге тарта батыр жігіттерді жинап,
аламан болып кеткен. Сейхун мен Жейхунның арасында қасқырдай жортқан. Талай
шонжарлардың малын шауып, Мауреннахр мен Түркістан арасында көшкен сан
саудагерлердің керуенін тонаған. Ақырында Жетіқоңыр маңайында қазақ рулары бас қосып
жатыр дегенді естіген. Енді аламандықты тастап, бір кезде өзін өлімнен құтқарған нағашы
жұртына қосылмақ боп, қасындағы жүзге таяу серіктерімен, бес жасар баласын алдына
отырғызып, Гүлбаһрам-Сұлтан-Бегім сұлуын ертіп жолға шыққан. Құмға өскен қалың
сексеуіл арасында келе жатып, Қобыланды батырды қоршаған сұлжық түрікмендердің
жігіттерін көрген. Қобыландыны аналар аттан құлатып, байлап жатқан кездерінде Арғынның
ұраны «Ақжолдап айқайлап, шабуыл салған. Қазақтың көп сыпайлары жетіп қалған екен
деп ойлаған сұлжықтар, қарсыласуға батылдары бармай, Қобыландыны тастап қашқан.
Өздері жолаушылап алыстан талып келе жатқан батыр Саян жігіттері оларды қумаған.
Гүлбаһрамды көріп кəрі жүрек тағы толқып кетсе де, Қобыланды батыр өзін-өзі ақылмен
тоқтатты. Бір кезде өзі өлімге қиған батыры, енді бұны ажалдан алып қалғанын түсініп, күрт
өзгерді. «Қояндықамыс, ерді намыс өлтірер» болса, да батырдың аңғал бір ұрт мінезіне
салып Қобыланды намысын жеңді.
Қарағым, батыр Саян, ер шекіспей бекіспейді. Сен екеуміз шекістік. Айып менен, —
деді. — Егер сен кешірсең, арамызда болған оқиғаны мен кешірдім.
Мен де кешірдім, — деді батыр Саян күлімсіреп бірінші боп қол беріп.
Қобыланды батыр Саянның топ аламанын ертіп Хан Ордасына қайта келгеннен кейін
Жəнібек ханның жарлығы бойынша, хан кеңесінің аз күнге мəжілісі тоқталып, жігіттердің жау
қашырған құрметіне үш күн, үш түн той істеді. Дəл осы кезде Қырымды аралап Асан Қайғы
жырау оралды. Бастығы Жəнібек боп бүкіл қазақтың ардақты батыр, биі қарт ақынды
кілемге көтеріп қарсы алды. Өзіне арналып ақ орда тігіп, ту бие сойылды. Той үстіне той
болды.
116
Осы тойдың нағыз қызып жатқан шағында, бір өліп тірілген, қараша күркеде сирағы
сыртқа шығып шынжырлаулы жатқан Қарашың батырға Бұрындық келді.
Қарашың батыр, — деді ол айтайын деген сөзіне бірден кірісіп. — Егер жаныңды
сауға етіп, еліңе жіберсін десең менің шартымды орында.
Қандай шарт?
Тоқтар-Бегім сұлуыңды маған тоқалдыққа бересің. Сонда босатам.
Ау, оның байы бар емес пе? Жəне былтыр бөпелі болған.
Байынан айыр. Баласын байына қалдыр, не өзің асыра. Шешесін маған бер.
Бұл мұсылманның сөзі емес.
Сенің қарындасыңа мен мұсылман емеспін. Өзінің қылығына қарай кəпірмін.
Жоқ, Мұқамет пайғамбардың дініне қарсы болар күнəға мен бара алмаймын. Одан да
менің басымды ал.
Маған сенің басың емес, қарындасың керек.
Бұрындық ертеңінде де, арғы күні де келді. Есіл-дерті кеше өзін менсінбеген Тоқтар-
Бегімді қатын етіп, өшін алу болды. Қарашыңның «Тоқтар-Бегімнен де сұлу тағы бір
қарындасым, екі қызым бар. Соның бірін ал» дегеніне көнбей қойды. «Не өзіңнің қаныңды
ішем, не Тоқтар-Бегімді қатын қылам деді, қаныңды бірақ асықпай ішем, күніне бір қасықтан
ғана ұрттаймын».
Түбі құтыла алмайтынын білген Қарашың ақырында еліне, аға-інілеріне кісі жіберді.
Тоқтар-Бегімді Бұрындыққа тоқалдыққа беріп, өзін құтқаруды сұрады. «Құдыс батыр Тоқтар-
Бегімнің сіңлісі Ажар бике мен өзімнің екі қызымның таңдағанын алсын», — деді.
Шайх-Хайдардың жорығы тек Бұрындық сұлтанның ғана мұратына жеткізіп қойған жоқ,
бүкіл қазақ руларының мұратына жетуіне себепкер болды. Жи-налған батыр, билер енді
қазақ руларының сөзсіз бірігуі керек екенін, егер бірікпесе Əбілқайыр хан, не басқа бір хан
оп-оңай құл ететінін ұқты. Хан кеңесі қайтадан мəжіліске отырды. Барлығы келешекте үш
жүзге бөлініп, бір ханға бағынуды мақұлдасты. Іштей наразы болғанмен де, Темір би де
бұған сырттай қарсы болмады. Ұлы жүзгеаға рулар Үйсін, Дулат, Жалайыр, Орта жүзге
жер ыңғайына, əдет-ғұрпы, салтына қарай Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ,
Тарақты. Кіші жүзге Еділ мен Жайық бойын жайлаған Алшын, Байұлы, əлімұлы, Жетіру
кірсін десті. Бірақ бұл үш жүзге бөліну мəселесі бұ жолы аяқталмады. Арада талай толқу
болды. Тек осы мəжілістен алпыс жыл өткеннен кейін, Қасым ханның баласы Хақназар
ханның кезінде ғана бүкіл қазақ рулары ақырғы бітімге келді. Үш жүз боп үш орда тікті. Ал,
ол жолы күрделі басқа бір мəселе шешілді. Халық ақсақалы Асан Қайғы əр рудың белгісі
етіп таңба үлестірді.
Үйсіннен шыққан бабамыз Майқы би Шыңғысханның кезінде-ақдеді саудыраған
жағын жібек орамалмен таңып алған қарт жырау. — Қазақ деген атты ту етіп көтерген екен,
Үйсін руының таңбасы жалау болсын.
Отырғандар бір ауыздан дұрыс деп мақұлдасты. Хан төлеңгітінің бір зергер жігіті қолына
балға мен тескіш алып Қаратұздың күңгірт нұрасына жалау белгісін түсірді.
Жер аймағының айналасы алты айлық, — деді Асан Қайғы сəл жұмылып кеткен көзін
ашып. — От ортасында қалың Арғын елі... Арғынатаның белгісі көздесем көңілім көншігер.
Отырғандар бір дауыстан тағы да дұрыс деді. Шебер тағы да қолына бал-
ғасы мен тескішін алды.
Халқымызға жау тисе ең алдыменен атқа қонған жау жүрек Қыпшаққа айбалтаны таңба
етелікдеді қарт жырау.
Осылай дəлелдермен Асан Қайғы қазақтың сол кездегі басты қырық руына таңба
үлестірді. Бұл қырық таңба сол күні Нұраның Қаратұзының жарына түсірілді. Халық бұл
жерді сол күннен бастап Нұраның таңбалығы деп атады. Асан Қайғы батасын беріп,
ертеңіне Жəнібекті боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ кигізге көтеріп, қайтадан бар қазаққа
хан сайлады. Содан кейін барып келесі жаз шыға, қалың қол жинап Орысханның кезінде Ақ
Орданың астанасы болған Сығанақтан бастап бүкіл Түркістан жерін жаулап алмақ болып,
уəделесіп, ру бастықтары тарасты. «Басымыз бірігіп ел болдық, хан көтердік» деген ру
біткеннің игі жақсылары, қараша адамдары мəз-мейрам еді. Тек Алшын адамдарын
басқарып келген Темір би ғана қабағын ашпады. Оның қабағы өле-өлгенше ашылмай кетті.
Ол соңынан Жəнібектің үшінші баласы Қасым хан бүкіл Дəшті Қыпшақ жерін алып, Еділ,
Жайық бойындағы Кіші жүздің бар руларын өзіне ақылмен бағындырғанын көзімен көре
117
алмады. Бұл кезде Темір би дүние салған. Бірақ тірісінде де қарсы күресуге дəрмені
жетпеді, өйткені бар қазақ ел болып бас қосуды тілеген.
Үш күннен кейін Хан Ордасы Шу, Сарысу бойындағы қыстауына қарай көшті. Бұрындық
сұлтан Талас етегіндегі қыстауына келіп қонған күні, Тоқтар-Бегімді алып Қарашың
батырдың аға-інілері келді.
Қарындасын баласы мен ерінен айырып Бұрындыққа тоқалдыққа беріп, өз басына
еркіндік алып, Қарашың батыр еліне қайтты. Бірақ Бұрындыққа деген өле-өлгенше өшпейтін
кегін жүрегінде ала кетті.
Сол күні кешке Бұрындық жас тоқалы Тоқтар-Бегімге арнап тігілген ақ отауға келді. Үй
ішіне шұлғауының шуаш иісін мүңкіте, жуан қоныш саптама етігін шешіп жатып, түрулі
шымылдықтың ішінде, ақ мамық құс төсектің үстінде отырған, сазды жердің сары
ағашындай, нəзік денелі жас тоқалына көз қиығын аударды.
Оның сұп-сұр болып қатуланып кеткен жүзінен, өзін жек көретінін жасырмай жалын
атқан ашулы көз қарасынан, сүйіп қосылған байы мен бауыр етінен де тəтті екі жасар
баласынан айырған Бұрындықтың күнəсін еш уақытта кешірмейтінін білді. Сұлтан лəм-мим
демей, қолын созып, күміс бақан жанында отырған үкідей тарғыл мысықты ұстай алды.
Кенет мысықтың «шар» еткізіп мойнын бұрап үзіп жіберді де, заматта қолын қол, бұтын бұт
етіп, жұлып-жұлып быт-шытын шығарып, түндіктен сыртқа лақтырып жіберді. «Егер айт-
қаныма көнбесең, сені де өстем дегендей ол Тоқтар-Бегімге қайта қарады. Жаңа ғана
шатынап отырған тоқалы «түсіндім» дегендей, Бұрындықтың бетіне көзін тоқтата алмай,
төмен түсірді. Сұлтан езу тартып сəл күлімсіреді.
Сырт киімін шешіп тастап, бір төбе тастай боп ақ мамықтың үстіне барып отырды.
Талдырмаш денесінің бір жерін ауыртып алармын деп қорықпай, добалдай қолдарымен жас
тоқалының үзіліп кетуге таяу тұрған аш белінен ай-қара құшақтап, бауырына алып қысып,
сəл уақыт үнсіз тына қалды.
Егер жақсы қатын бола алсаң, өткен күнəңнің бəрін де кешірем, — деді ол, сөйтті де
жас тоқалын құшақтаған қалпында ақ мамықтың үстіне жантая берді.
Бір жыл өткен соң осы тоқалынан, кейін Қасым ханнан қашып барғанында пана берген,
Самарқант ханы Мұхамед-Шайбанидың кіші інісі Мұхамед-Темірханның əйелі болған
Жауһар-Бике деген қыз туды.
ІІІ
Келесі жазда Жəнібек уəделескен əскерлердің келуін күтіп Арқаға көшпей қалды. Бірақ
күткен əскері келмеді. Жайық, Еділ, Жем бойын жайлаған Кіші жүздің ойы жаңа құрылған
қазақ хандығына өз үлесін қосу болса да, оның осы жазда ар жағындағы Ноғай Ордасы мен
Қазан хандығының дүрбелеңі көбейіп кетіп, өз жер-суын қорғаудан қолы босамай, небары
бес жүз жігіт жіберген. Бірақ бұл келгендер садақ таңбалы Адайдың батыр жігіттері еді.
Торғай, Ор өзендерін жайлаған Қыпшақтар да жарытып жасақ жібере алмады. Қобыланды
батыр қыс бойы төсек тартып науқастанып, қарамағындағы елді басқара алмады. Соның
салдарынан жұрт өзі қызығын көрмеген хандықтың болашағына жөнді мəн бермеді.
Расында сонау дүниенің бір шетіндегі Еділ, Жайық, Торғай бойында жатқан қазақ руларын
Шу мен Сарысуға келіп, Түркістанды жаулауға шық деу үстірт қараған адамға қиын тілек еді.
Алайда таяу тұрған Қазан, Ноғай, Қырым хандарына бағынудан гөрі, Еділ, Жайық бойын
жайлаған рулар, алыс болса да, ғасырлар бойы жауларына бірге аттанған, тілі, тағдыры,
шаруашылығы бір қазақ хандығына қосылуды таңдаған.
Жалғыз алыстағы Кіші жүзден ғана емес, өзіне тəн Арғын, Найман да бұл жолы мол
əскер шығарған жоқ. Мұндай жағдай Арғын, Найман билерінің өзара ала ауыздығынан
туған-ды. Сол жылы көктемде тоқсанға келіп отырған Арғын би дүние салған. Арғынның
ардақты көсемін қоюға бұл рудың игі жақсылары жиналған. Қаралы қазаға көңіл айтуға,
сонау Қорасаннан бірнеше күн жол шегіп, Хорезм уəлиетінің əмірі Сұлтан Хусаин мырза
келген. Сұлтан Хусаин əмір ол күндегі Арғын руынан шыққан атақты адамның бірі болатын.
Аталары Иранның шахы Құлағудың бас басқақтары болып бүкіл Шығысқа аты шықса, өзі
Қаракөлдің əмірі тағына отырып, Хорезм уəлиетін басқарды. Сұлтан Хусаин əмір Арғын би
еліне тарту-таралғысымен бірге, ел бірлігін бұзар арам ойын да ала келді. «Жəнібек хан
үшін Арғын руының Түркістанды аламын деп қырылуының қажеті жоқ. Егер қысы-жазы
малдарыңа жайылым болатын жер іздесеңдер, Қорасанға көшіңдер, кең өріс, мол қоныс
118
берем. Сауда-саттығыңа да қолайлы. Ар жағында Ирак, Иран, Ауғанстан да алыс емес»
деді ол қырқын беруге жиналған Арғынның би, батырларына. Арғын руы Арғынаты тауынан
асып көшпегенімен де ел басыАрғын биінен айырылған жұрт судай тол-
қып, сеңдей соғылысты. Осындай бəтуасыздықтың арқасында Есіл, Тобыл бойындағы түпкі
Арғын руы жартымды бəлендей жасақ бере алмады. Ал, Найман, Керей болса, бұ жылы
өзіне Амансанджи тайшының кезекті шабуылына қарсы шығудан қолы босамады. Бұл
шабуылға қатыспайтын Мауреннахр жеріндегі Керей, Наймандар Əбілқайырдың сенімді
адамдарының бірі Қожа-Уали бектің айтқанынан асып кетпеді.
Міне, осындай халге ұшыраған Найман мен Керейдің де Жəнібекке ойдағыдай көмек
көрсету қолынан келмеді.
Ақырында Жəнібек хан өзіне еріп көшіп жүрген үш жүз мың шаңырақ Арғын, Қыпшақ,
Қоңырат, Үйсін, Уақ жəне Бестаңбалы руларынан отыз мыңдай ғана əскер жинай алды.
Мұндай əскермен кімді шабады? Бұл кезде бір Əбілқайырдың өзінде жүз мың атты əскер
бар. Ал, елінің шетіне күнде тиіп отырған Қытайда, Торғауытта қанша күш бар екені кімге
мəлім? Күншығысы мен оңтүстігі мұндай ауыр жағдайда болғанда, күнбатысы мен терістігі
жетісіп тұр ма? Құбыласында Жошы ханның бір бұтағы Астрахань мен Ноғайлы хандарында
қанша қол бар? Ар жағында Қырым ханы атақты Меңдігерей мен Қазан ханы Ибрагимның
елі тұр. Бұлардың бəрі де Дəшті Қыпшаққа дос емес. Ал Жəнібек болса отыз мың əскермен
аузынан жалыны атқан Əбілқайырдан Түркістанды тартып алмақ. Жоқ, Жəнібек, сен өзіңнен
күшті арыстанмен алыс-
қың келсе, ең алдыменен бел омыртқаңның үзіліп мерт болмайтын жағыңды ойлауың ақыл.
Ал мұратқа жетудің екі жолы бар. Бірікүшің қазір шағын екен, онда өзің секілді
Əбілқайырға қастардың басын қосып, майданға солармен бірге шық. Əрине бұл оңайға
түспейді, бірақ қайткенмен де құм жиылып тас болуға тиісті. Ал екінші жолы
Əбілқайырмен алыспастан бұрын əбден күшейіп алуың шарт. Мұның да жалғыз жолы бар.
Ол бүкіл Дəшті Қыпшақты өзіңе бағындырып, жылқыдай жусатып, қойдай өргізуің керек. Бұл
екеуінсіз Көк Орда ханының жерін тартып алу қолыңнан келмейді.
Ал қас дегенде Əбілқайырға қас кім бар? əрине ең алдыменен өз тұқымы Сайбаннан
тараған Қожа-Мұхамед ханның немересі, Махмудек ханның баласы Айбақ хан. Жатса-тұрса
ойы Əбілқайырдың орнын басу. Содан кейін Əбілқайырға еріксіз көнген Маңғыт руынан
шыққан Ақсақ Темір Ордасының əмірлері Аббас бек, Мұса бек, Жаңбыршы бек, Моғол
Сұлтан-Махмуд хан, Жақия, Хайдар бектер.
əрине, осы күштің бəрі жиналса, оған Жағатай ұрпағы Сұлтан-Махмұд ханның інісі, Кішік
Мұхамедтің баласы Ахмет ханның əскерін қосса бір Əбілқайырға күштерінің жететінінде сөз
жоқ. Бірақ бұлардың бірде-біреуіне сенуге болмайды. Өз пайдасына қарай, оп-оңай сатып
кетулері даусыз. Күшті болғың келсе баяғы бар Дəшті Қыпшақты тегіс қолыңа алуың мақсат.
Өз іргең сөгілмей, берік отыра алатын күйге жетсең, қандай жаумен болса да алыса аласың.
Осындай шешімге келген Жəнібек енді бүкіл қазақ руларын өзіне бағындыру əрекетіне
кіріскен.
Қарамағындағы қазақ руларын хан Ордасы шығыны мен əскер ұстау үшін алым-салық,
қаржы-қаражат төлейтін етіп əбден бағындырғанша тағы жыл жарым өтті. Бірақ осы жыл-
жарым қандай қиыншылыққа түсті! Дастарқанға төгілген бауырсақтай жайылып, жапан түзде
біресе солтүстікке, біресе оңтүстікке бытырап көшіп жүрген қазақты ел етіп біріктіру үшін
қаншама тəсіл, қаншама күш қолданылмады! Кейбір ауа жайылған, тек өз дегеніне болмаса
ештеңеге көнбейтін кесір, тоң мойын ру бастықтарын ат құйрығына байлап құрбан етуге де
барған жоқ па! Бері көш десе, əрі көшкен ауылдардың басына хан нөкерлері сырық
ойнатып, сырмағын жүндей түтті емес пе? Қаншама мал барымталанып алынды! Қаншама
ел ата мекен жерін тастап, жаңа қонысқа қонды!
Жəнібек осының бəрін неге істеді. Бұлай ету оған оңайға түсті ме? Сол үшін де Қотан
қарт өлер алдында:
«Жəнібектің сырты ғана күлкі-əзілді паш еткен.
Мезгілі көп оңаша қап жас төккен» —
деп бекер айтқан ба? Ал сонда өз елін өзі қанға бояғаны жөн бе? Бұл Жəнібекке қатты
батты. Кей күні құса боп, төсек тартып жатып та қалады. Өз бетімен тағы болып өскен
руларды айтқанына көндіре алмай, кейде тарығатын да, тіпті бағзы бір жағдайда соңынан
ерген аяулы адамдардың орынсыз қылығына жаны күйіп, оңашада қалың қайғыға беріледі.
119
Бірақ хан Жəнібек бір хадисті жақсы түсінетін. Тоғай арасында өскен күйкі шөп малға ас
болмайды. Ал қыршын, қопа арасындағы шытыр, көкпек малды тек апатқа ұшыратады. Сол
себепті ел бірлігіне кесірі тиетін жанды Жəнібек өз аузынан үкім айтып, дарға астырса
өкінбейді, мұндайда ол табансыздық көрсетпейді. Өйткені үлкен арман құрбандықсыз
орындалмайдыбұл ханға да белгілі қағида. Осындай қатаң саясаттың арқасында
Жəнібек далиып жатқан Дəшті Қыпшақ даласын тегіс өзіне қаратпақ болды. Содан кейін
барып ол қазақ хандығына Түркістан өлкесі мен Еділ өзенінің бойындағы Кіші жүздің асау
руларын бағындырсам деген ізгі мұратына кірісуді ойлады.
Мұндай шешімге келген Жəнібек, ең алдымен өз ойын ағасы Керей балалары мен өз
балаларының таразысына салмақ. «Бар ауыр қанды жорықты қай тұстан бастау керек?
Күншығыстан ба, күнбатыстан ба
Жошы ұрпағы, Бадықтан туған Орыс ханның жеті ұлы болған; Тоқты-Қия, Құтлық-Бұғы,
Тұғылық-Болат, Құйыршық, Тоқта-Болат, Сейдахмет, Сейтəлі.
Тоқты-ҚияданБолат, БолаттанКерей.
ҚұйыршықтанБарақ хан, Барақ ханнанЖəнібек.
Сөйтіп Жəнібек пен Керей бір атадан шөбере туыс.
Керейдің төрт баласы бар: Бұрындық, Шайхым, Санджор-Жақан, Жақан-Бахты.
Жəнібек ханнан тоғыз бала: Жиренше, Махмұт, Қасым, əдік, Жаныш, Қамбар, Тыныш,
Ұснақ, Жəдік.
Шөбере туыс Керей мен Жəнібектен тараған осыншама баладан ата жолын қуып жауға
шабар əке жолын қуып баққа таласары алтау. КерейденБұрындық, Жəнібектен
Махмұт, Қасым, Қамбар, əдік, Жəдік.
Қазақ ханының тағына ие болар деп Жəнібектің əсіресе үміттенері Қасым. Қасым қазір
жиырма алтыда. Ұзын бойлы, кең жаурын, қара торы пішінді жігіт. Қалың қабағының
астынан үлкен қоңыр көзі адамға əрқашан да ойлана қарайды. Он бесінен көкпарға, күреске
түскен. Əзірге жамбасы жерге тимеген балуан. Жау жүректігі мен ақылдылығына қарап, хан
болуға лайық, əрқашанда сабырлы деп ойлайтын Жəнібек. Қасымды ханның өзге
балаларынан артық көрер тағы бір себебі бар. Қасымның шешесі Жаған-бике Жəнібектің
жеті қатынының ішінде ең жақсы көрер бəйбішесі. Одан туған бала да ханға ерекше ыстық.
Жағанды Жəнібек құр ғана жақсы көрмейді, оныменен санасады, ерекше сыйлайды. Ал
Əбілқайыр ханның келіні, Шах-Будақтың əйелі Аққозы-бике Жағанның туған апасы. Аққозы
мен Жаған Алтын ханда 1 көшпелі Керей руының белгілі батыры Домбалықтың апалы-
сіңлілі қызы. Жағаннан Қасым туса, Аққозыдан Əбілқайыр ханның ең жақсы көрер
немерелері, соңынан бүкіл Орта Азияны жаулап алған Мұхамед-Шайбани хан мен Махмуд-
Сұлтан туған.
Əбілқайыр мен Жəнібектің арасындағы қанды ұрысты өшпендікке қарамай, кезінде бүкіл
Шығысқа аттары шыққан қос сұлу Жаған мен Аққозы біріне-бірі тарту, таралғы, кісі жіберіп
сыйласып тұрған. Аралары балдан тəтті тату. Оның үстіне Қасым да, Мұхамед-Шайбани
мен Махмуд-Сұлтан да Шыңғыс əулетіне жатпайтын, шешелерінің айтқандарын екі етпейтін
мінез көрсеткен. Бұл əрине балаларын жастайынан өздерін сыйлайтын етіп өсірген
аналарының қасиеттерінен туған ерекшелік.
Қасымның осындай жағдайын білетін Жəнібек, баласымен əңгімелескенде əрқашанда
бəйбішесі Жағанды ала отыратын. Ал Жəнібек соңғы кезде Қасыммен жиі кездесетін болды.
Оған себепханның өзге ақылгөй үзеңгілес би, батыр серіктерінен гөрі, Қасымның қиын
мəселелерде əкесіне анағұрлым дұрыс кеңес беруінен еді.
Күндегі əдеті бойынша, шаңқай түс шамасында хан Ордадан шығып, бəйбішесі
Жағанның оқшаулау тігілген, шағаладай аппақ екі кигіз үйден кіндіктесе көтерілген ақ
ордасына беттеді. Бұл кез көктем бітіп, жаз жадырай бастаған мезгіл еді. Хан Ордасы
Сарысудан Ұлытау етегіне көшіп келген. Əлем сандықтан күн көзіне алып шыққан жанат
ішіктей құлпырады. Жаңа көтерілген көк балауса жасыл шалғын көкірегіңді жарғандай жұпар
аңқиды. Тау қойнауынан төмен қарай сарылдай аққан мұздай бұлақтардың мөлдір суы күн
сəулесімен шағылысып, жерге тастаған күміс белбеудей жалт-жұлт етеді. Бұлақ
жағаларында бұйралана өскен құба талдың басына қонып алып, бұлбұл құстар не бір тəтті
əуенге сап əн шырқайды. Жəнібек əлемнің осынау бір ғажайып суретіне сұстана қарап сəл
кідірді де, ақ орданың есігін ашты. Ханның келетінін күтіп, үйдің ортасындағы қызғалдақтай
1 Алтын хан деп көне заманда Қытайдың солтүстігіндегі негізгі көшпелі елдерден құрылған хандықты айтқан.
120
кілем үстінде алтын шарадағы уыз қымызды сапырып отырған Жаған түрегеліп, иіліп сəлем
етті.
Арсың ба, Жаған бикем?
Барсың ба, хан ием.
Есік алдына күмістенген кебісін тастап жатып, хан əйеліне сұқтана қарады. Жаған қара
торының сұлуы еді. Сұңғақ бойлы, оймақ ауыз, көген көз. Екі бала тапса да қыпша белі əлі
де жіп-жіңішке. Қақтаған алтыннан жасалған ауыр шолпысы жерге тартып тұрғандай,
білектей етіп өрген қос бұрымының ұшы шұбатылып кілем үстінде жатыр. Меруертпен
шытырмалап, гауһар таспен безеген қызыл мауыты сəукелесі, аш белін қынаған алтын
оқалы қызыл бар-
қыт камзолының түсін ашқандай жарасып тұр. Жаған иген басын əлі жоғары көтерген жоқ.
Сонау бота көзін жауып тұрған ұзын кірпіктері найзадай Жəнібектің кеудесіне келіп
қадалғандай. Жəнібектің қырықтан асқанға дейін сан айқаста мызғымаған тас жүрегі, кенет
қолға түскен торғайдай тыпырши қалды. Хан көз алдында осы Жағанмен алғашқы кездескен
шағы елестеп кетті.
Жəнібек жиырмадан жаңа асқан тұсында. Жазтоқсанның нағыз сарша тамыз ыстық
кезінде Шах-Будақ сұлтанның серігі боп қырық жігіт құдаларды басқарып Алтын хан
патшалығына барған. Əбілқайыр ханның баласының жанына ерген əнші, күйші, батыр,
балуан, мерген, құсбегікілең өнерлері тасыған өрендер. Домбалық батыр сол маңда
көшіп жүрген ең беделді руларҚытай, Найман, Керейдің бас батыры еді. Оныменен
Цзинь богдаханы да, көршілес Ойрат қонтайшысы Исентайшы да мықтап санасады екен.
Жəнібек бастаған Шах-Будақ тобы Теріскей Тарбағатайды жағалап Зайсан көлінен өтіп,
Алтай тауының күнгей жағына шықты. Қалың Найман, Қытай, Керей тайпа елін көктей
басып, үшінші тəулікте Домбалық аулына жетті. Бұл ауыл Қыдыркөл жағасына кеше ғана
келіп қонған екен. Қамысты көлді жағалай кілең ақ шағаладай кигіз үй тігіліпті. Көк майса,
жасыл шалғын белуардан келеді. Арғы қабағы қарауытып қана көрінген шалқар дария,
көгілдір көлдің ақ айдынында сыңсыған қаз-үйрек, сыбызғыдай сызылған қоңырқай аққу əні
алыстан талып естіледі. Көлдің қамысы аз күншығыс жағынан, сонау алыстағы белеске
қарай өріп бара жатқан қарақұрым жылқы көрінеді. Шах-Будақ сұлтанның келе жатқанынан
күні бұрын хабардар ауылдың қыз-келіншек, бозбалалары құдаларды көш жерден қарсы
алды. Жəнібек Шах-Будақтың қалыңдығы Аққозыны бірден таныды. Қарсы алған ауыл қыз-
келіншегін қырағы көзімен бір шолып өтіп еді, дəл осы ауылға бұл жалғанның бар сұлу қыз-
келіншегін жинағандай екен. Ал Аққозы солардың ішінде топ қоңыр қаздың арасындағы аққу
тəрізді. Сұңғақ бойлы, аққұба мөлдір көз бір керемет. Басындағы алтай құндызынан тіккен
шоқ үкілі камшат бөркі де, үстіндегі дүрия шəйі қос етекті көйлегі де, белін қынай киген қамқа
ішігі де, гауһармен безенген алқасы мен аяғын басқан сайын қоңыраудай сылдыр қаққан
қақтаған алтын шолпысы да басқалардікінен анағұрлым қымбат, өзгеше. Қыздың сырт
бейнесін көргеннен-ақ Жəнібек Домбалықтың атақты сұлуы Аққозы осы екеніне шек
келтірмеді. Енді ол қалған қыз-келіншек арасынан Аққозының сіңлісі Жаған бикені іздей
бастады. Былтыр Аққозыға құда түсе келген Əбілқайыр адамдарынан Жағанды Аққозыдан
сұлу болмаса, кем емес деген лақапты естіген. Қарсы алдында тұрған қыз-келіншектің
ішінде Аққозыға көркемдігімен пара-пар келетін ешкім көзіне түсе қоймаған соң, «Жаған
мұнда жоқ екен деген. Неге екені белгісіз, Жаған Аққозыдан да асқан сұлу болуға тиісті
деген ойдан ол арыла алмаған. Қайткенмен де Жағанды тезірек көруге құмарлана асыққан.
Бірақ Жаған көзге түспеді. Тек қонақтарға ауыл кəдесін істеп, кешкі ойын-сауыққа кірісер
алдында ғана Домбалық батырдың екінші қызының жылқы бағуға кеткенін білді. Қазақ
руларының ғұрпы бойынша көне заманда жылқы бағу тек жылқышылардың ғана борышы
емес, қыз-бозбаланың да шаруасы. Жасыл шалғынды ми далада, жаздың жылы айлы
түнінде қыз-бозбала болып жылқы күзетуқазақтың ескі салтының бір қызық дəстүрі. Кең
алқапта үйір-үйір боп бытырай жайылған қалың жылқы. Сол қара-құрым жылқыны екеу-
екеуден серік боп, əн шырқап айнала жүрген қыз-бозбала. Қос жанында тай қазанда
былқылдай қайнаған құлынның уыз еті. Үйірінен бөлініп кеткен саяқты іздеген боп сайға
түсіп бара жатқан, сойылын сүйреткен бозбала. Арғы беттен астындағы жорғасын
жанындағы серік қызына ұстатып, төмен қарай асыға аяңдаған үкілі бөрікті, былқ-сылқ
басқан жас сұлу... Бұ да бір қызық заман! Жақсы көрсең де келмейтін, жек көрсең де
оралмайтын, біржолата мəңгі өшкен алтын дəурен!
121
Жолдан шаршап келгендеріне қарамастан жігіттер түнімен алтыбақан теуіп, əн салып
көңіл көтерісті. Əзіл-қалжың, айтыс, қазақтың көне заманындағы сауықтары «Түн қату»,
«Түйе жығу» секілді сан алуан ойындарын ойнап, таң шапақтап ата бастары жастыққа тиді.
Ойын-сауық ертеңіне тағы басталады. Күрес, сайыс, көкпардан кейін кезек жамбы атуға
келді. Міне, осы ойын кезінде Жəнібек сұлтан Жаған бикені көрді. Келген қонақтар мен ауыл
жастары бəсекелесіп жамбы атып жатқан. Бақан басындағы қадаға ілген күміс жамбыны бір
жүз қадам жерден екі жақтың бірде-бір мергені тигізе алмай-ақ қойған-ды. Жайшылықта
құралайды көзінен ататын жігіттер бұ жолы қолдарын шайтан қағып тұрғандай, алыстан
еміс-еміс ағараңдап көрінген жамбыға садақ оғын қанша көздесе де дөп қадай алмады.
Біресе үстінен мүлт кетеді, біресе астындағы бақанға барып сарт етеді. Алақанның
аумағындай күміс жамбының нағыз бір оқ қағары бардай, байлаған жерінен бірде-бір
қозғалмай-ақ қойды.
Дəл осы кезде шоғырланған топ қыз-бозбала кенет шуылдап қоя берді:
Жаған келе жатыр!
Жол беріңдер! Жол беріңдер!
Жаған жамбыны көздемей түсіреді.
əй, Оқас, Жаған бикеге жамбы атып жатқанымызды айт!
Аққозы бикенің шабарманы «Бикем не бұйырады деп анадай жерде атын шідерлеп
күтіп отырған қара торы бала жігіт, жанындағы көкбестіге міне сала, əн шырқатып қырқадан
төмен түсіп келе жатқан бір топ қыз-бозбалаға қарсы шапты. Шабарман жетер-жетпестен
аттан домалай түсіп, топ басында күміс ер-тоқымды ақ боз ат үстінде жантая отырған,
басына нарттай қызыл түлкі бөрік киген қызға əлденені айтып жатыр. Түлкі бөрікті қыз
жамбы жанында шоғырланған топқа қарап бірдемені сұрады да, қолындағы сойылын
қасында тұрған жігітке ұстата беріп, оның садағын алды. Жігіт қорамсағынан екі-үш оқты
суырып, таңдап біреуін берді. Қыз садақтың бауын, домбыраның шегін шерткендей,
қолымен қатты тартып көрді де, сол қолымен жақты жоғары көтеріп, жебесін қойып кезенді.
Сөйтті де, астындағы ақ боз жорғаны тебініп қалды. Жорға шоғырланған топқа қарай ырғала
жөнелді. Жұлдыздай ағып келеді. Жамбы атып тұрған қыз-бозбала: «Жол беріңдер! Жол
беріңдер!» «Иə, аруақ, қолдай көр!», «Қарақожа!», «Ойшыбайдеп Керей руының ұранын
айтып кейін шегіне берді. Жəнібек сұлтан қыз абыройын құрбы-құрдасының осыншама
тілеуінен Жағанның осал бике емес екенін аңғарып қалды. Сөйткенше болған жоқ, ақ боз
жорғаны теңселте ағызып, қыз да бұлар тұрған жерге таяй түсті. Ұзын қос бұрымын беліне
қыстырып алған, ат үстінен бір жағына қарай жантая, садағын кезене ыңғайланып келе
жатқан ерке сұлу, Жəнібек сұлтанның қасынан өте беріп, садағын тартып жіберді. Сол сəтте
жұрт шу ете түсті. Шуда жіппен қадаға іліп қойған күміс жамбының кенет көкке атылғанын
Жəнібектің өзі де көрді.
Шулаған жұрт жорғасын əзер тоқтатып кейін оралған Жағанға қарсы ұм-
тылды.
Мың жаса, Жаған мерген!
Қыз емес, қыран ғой!
Сені тапқан анаңнан айналып кетейін.
Қарақожа атаңның аруағын бір көтеріп тастадың ғой!
Ел намысын жібермеген ер қызым, мың жаса!
Дабырлаған топ қызды ат үстінен көтеріп ап, сұлтандарға қарай жүрді. Олар Жəнібектер
тұрған маңға таянғанда ғана қызды қолдарынан түсірді. Өздерінің тобына жақындап келіп,
иіліп сəлем берген Жаған адамзаттың баласы емес, көктен түскен қор қызы боп көрінді. Қос
бұрымы жерге тиіп шұбалып, құралайдың көзіндей танадай қара көздері Жəнібекке
жайбарақат, мөлдірей қарады. Осы бір күнəсіз көзқараста жігіттің асау жүрегін тайдай
тулатқан бір ғажа-
йып сиқырлы күш бар еді. Өн бойы қорғасындай балқып, Жəнібек өзін-өзі əзер ұстап қалды.
Арсыздар ма, құда жігіттер? — деген Жаған сонда ұзын кірпіктерін Жəнібектің
жүрегіне, дəл осы қазіргісіндей қадап.
Барсыз ба, мерген құдаша? — деген жігіттер шулай жауап беріп.
Осыншама шудың ішінен тек Жəнібектің даусын естігендей Жаған сұлтан-
ға тағы да бір мəністі көз тастады. Сұлтан енді бұрынғыдан да бетер өртеніп кете жаздады.
Сол күні түні бойы көз ілінбей шықты. Ертеңіне Жəнібек Жаған қыздың қалай асау
үйреткенін көрді. Бойды алған жалын, ойды өртеген арман бұрынғыдан да өрши түсті.
122
Ұлытауға қайтып келісімен сұлтан сонау Алтын хан еліне құдалыққа кісі жіберді. Келесі
Жазтоқсанның басында он төрт жасар Жаған сұлуды үшінші бəйбішесі етіп ақ отауға кіргізді.
Баяғы алғашқы жолы кездескенде «Барсың ба, ару қарындас деп амандасқаннан кейін,
ол Жағанмен бірінші мəртебе осы ақ мамықжар төсегінің үстінде сөйлесті. Төсектің ірге
жағында көйлекшең отырған Жағанның жерге шұбатылып жатқан қос бұрымын оң білегіне
орап, сол қолымен тастай қатты сүйір ұшты қос анарын кезек-кезек сəл ауырта қысып,
ұяттан күйіп-жанып не істерін білмей жанта-
ласқан жас аруды бауырына тартты. Бетіне бетін таяп:
Мен сені Жаған, жақсы көріп алдым, — деді.
əйел жынысын ол уақытта тек мүлік деп қарайтын еркектің бұлай дегеніне жас сұлу таң
қалды. Сөйтсе де көңілдегі өкпесін айтты:
Өткен жылы менімен ең болмаса бір мəртебе сөйлесуіңіз керек еді ғой. Мəжнүнді
жақсы көрген Лəйлідей менің бөтен біреуді ұнатып қалмағанымды қайдан білдіңіз?
Қыз сөзі Жəнібектің еркектік намысына тиді. Ол кенет алқымына тығыла қалған ашуын
əзер басып:
Оны қазір көрерміз, — дедіит тиген арам аста қадір бола ма? Келген жеріңде
ауылың бар...
Үй іші тастай қараңғы болса да, Жəнібек қыздың езу тартып күлгенін сезіп қалды.
Егер анамның ақ сүтіндей адал болсам, — деді қыз кенет даусы қалтырап шығып, —
бір тілегім бар, орындайсыз ба?
Қандай тілек?
Егер ұл тапсам, оған атеке етіп біздің ауылдың Хасен деген бір жас жігіті бар, соны
алдыр. Маған садақ тартып, асауды жуасытуды сол үйретіп еді.
Жəнібек бойын өртеп бара жатқан жалынды күшпен басып енді отыра алмады, қыз
өтінішіне жауап берудің орнына, оны аш белінен құшақтай өзіне тартты, жаңа піскен
мəуедей əбден дер кезіне жеткен жас сұлу да, бауырын жазып жігіт əуеніне қарай икемделе
берді.
Тірі жан қол тигізбеген сырлы тобатайды алғашқы сындырған Жəнібек қатты ұйықтап
кетті. Тек таң бозарып атып келе жатқанында, бойын тағы бір күш билеп қайта оянды.
Құшағында жатқан, таң алдында ғана маужырап ұйқыға шомған жас жарының бетіне
қарады. Бозғыл таңмен қара торы жүзі сəл ақшыл тартып, шие ерні сəл ашылып, дем алған
тынысы сəл естілер-естілмес боп білініп, тəтті ұйқыда жатыр екен. Жəнібек өзін-өзі ұстай
алмай, аш белінен қысып, жас аруын өзіне қарай икемдей берді. Ақ білегін мойнына салып,
ұзын кірпіктері астынан еріне еркелей қараған Жаған:
Кешегі өтінішіме жауап бермедің ғой, сұлтаным, — деді.
Жағанның адалдығына риза болған Жəнібек, дəл осы сəтте бойын билеп кеткен
қуанышын баса алмай:
Жарайды, айтқаныңды орындайын, — деген, келіншегін белінен құшырлана қысып.
Сөйткен Жаған сұлу осы. Сондағы тілек еткен Хасен деген жігіті анау... Жəнібек қабағын
түйіп есік алдында сəл кідірді. Өмірінің ең алғашқы қуаныш сағатында Жаған тумай жатқан
баласына Хасенді атеке ет деп бекер өтінді ме? Расымен... Жоқ, жоқ, ол мүмкін емес. Жан
сезімі қалай туласа да, Жаған оны баса алады. Былтыр өзі айтқан жоқ па еді, «мінез деген
бір асау байтал ғой, талай асауды үйреткенде өз сезімімді өзім үйрете алмаймын ба» деп.
Ол өз сезіміне өзі ие бола алады. «Ал ие бола алмай жүрсе қайтем? Ақылдан басқа жүрек
бар ғой. Ал жүрек деген құрық көрмеген шын тағы жылқы тəрізді емес пе? Басына түскен
құрықты үзіп кеткен жүйріктер аз ба? Онда... онда... жоқ, жоқ, қазір əңгіме бұл жайында
емес. Əңгіме бір қатынның тағдырынан көрі үлкен іс хақында. Халқымның тағдыры туралы...
Ең алдымен соны шешу керек».
Жəнібек қабағы қайта ашылды. Ол кебісін тастап, қызыл сафьян мəсісімен төрге шығып
төрт қабат шəйі көрпенің үстіне, ақ мамық жастықты шынтақтай отырды.
Жаған қымыз құйылған күміс шара мен алтын кесені əкеп, төменірек тізе бүкті. Иісі
аңқыған сары қымызды күміс ожаумен сапыруға кірісті.
Хан ием, жақсы жатып жайлы тұрдыңыз ба? — деді ол көзінің қиығын күйеуіне
аударып. Ханымның бұлай деп сұрауының əзіл астары бар еді. Өткен түн хан Ақжол бидің
кіші қарындасы Жанбике арудың ордасына түнеп шыққан. Жанбикені Жəнібек былтыр
алған. Оның жас иістігі есіне түсіп, хан кейде əйелдерінің кезегін бұзатын. Жас тоқалының
ордасында өзге əйелдерінің үйінен гөрі жиірек болатын. Өткен түн кезегі Жағандікі еді.
123
Жəнібек өзге əйелдеріне істеген тұрақсыздығын бұған əлі істеп көрмеген-ді. Намысқой
Жаған күйеуінің сол қылығына қарай, бұл сөзді əдейі тигізіп айтып отыр. Ол қабағын да
шытпай күлімсіреген қалпында сөзін жалғай түсті.
Жанбике тоқал өзгемізден гөрі төсекті жұмсақ төсей біледі дейді ғой.
Бүкіл Дəшті Қыпшақтың жиырма сегіз басты руының басын қосамын деп талпынған
Жəнібек хан, ешуақытта да жеті қатынын тату-тəтті ұстаймын деп ойлаған емес. Жиырма
сегіз руға əлі жеткенмен, жеті қатынына əлі жетпейтінін ол жақсы білетін. Өйткені əр
қатынының дауы бір тайпы елдің дауынан кем түспейтін. Солардың ішінде мұндай ошақ
басы жанжалға араласа қоймайтыны осы Жаған еді. «Бұ да кірісе бастаған екен» деді ол
ішінен. Қазір оған қандай жауап берсе де, қыңыр сөзге душар болады. Бəрібір жеңе
алмайсың. Қатынның аты қатын, басы алтын, арты күміс болса да, өз дегенінен шыға
алмайды. Ал қатынның кішкентай өзімдік жан дүниесі бүкіл əлемге бергісіз. Одан да
үндемей құтылайын деді Жəнібек. Осындай ойдағы хан Жағанның көңілін бөтен сөзге
аударғысы келгендей, бəйбішесі ұсынған алтын кесені алып жатып:
Қасымды шақыртшы, — деді сөйлесетін сөз бар...
Жаған көзін ойнақшыта қарады.
Хасан атекесін де шақыртайын ба, үнемі бірге жүреді?
Жағанның бұнысы да əлгі қыңыр сөздің жалғасы.
Жəнібектің жүрегін мысық тырнап алғандай ашып кетті, сөйтсе де сыр бермей:
Шақырт, — деді.
Жаған түрегеліп, талдырмаш мықынын ырғалта, сұлу денесін ойната, аяғын былқ-сылқ
басып барып есікті ашты.
əбен! — деді сырттағы нөкеріне дауыстап. — Қасымжан мен атекесі Хасенді
шақыртшы! Хан əкесі сөйлесем дейді.
«əйелдің аты əйел, — деді тағы да Жəнібек ішінен ойлап, Жағанның есікті қалай барып
ашқанына сүйсіне, — қашан да болса еркектің көзіне ұнамды жерін түсіргісі келіп тұрады».
Жаған орнына келіп отырғаннан кейін Жəнібек босаған алтын кесесін
ұсынды.
Қымызың балдан тəтті екен, тағы да құйшы.
Жаған жадырап сала берді.
Сабасын Керейлерше ыстатқам. Əдейі өзіңе арнап...
Жəнібек риза боп күлімсіреді.
Менің бабымды өзің ғана табасың...
Осымен арадағы кірбің бітті. Енді олар бір-біріне жадырай қарасты. Осы уақытта үйге
Қасым кірді. Сəлем беріп, əкесінің оң жағына барып отырды. Жəнібек баласына көз қиығын
аударды да, Жағанға қарады. «Айнымаған шешесі тəрізді. Тек мұрны мен иегі, қоюланып
өсіп қалған мұрты да өзімдікі».
əкең атекеңмен бірге келсін деп еді ғой, — деді Жаған баласына алтын кесеге қымыз
құйып беріп жатып, — Хасен қайда?
Екі аптадай болып қалды-ау деймін, қайын-жұртына кеткен.
ə-ə!
Жəнібек мырс етіп күліп жіберді. «Жаңа Қасымды атекесімен жұбын жазбайды» деп,
Хасенді де шақыртқанда, əдейі менің жаныма тисін дегені екен ғой. Өткен түннің өшін менен
осылай алмағанда қалай алсын, бейшара... Намысына тиген ерін шымшыған түрі де... Жоқ,
жоқ, Хасеннің қайда жүргенін де білмейді. Демек, бұның онымен еш байланысы болмаса
керек-ті...
Көке, мені жай шақырттыңыз ба? — деді Қасым əкесінің ойын бөліп.
Жай емес, Қасым жігіт, — Жəнібек қолындағы кесесін жерге қойды, — үйді дауыл
кезінде емес, бұрын тігеді, ақылдасатын жай бар...
Дұрыс айтасың, көке. Кигіз жамылған су болмас, ақылдасқан жөн...
Өзің де байқап жүрген шығарсың, бір қияпат айқас таяп келеді. Бұны қазір қайта
күшейе түскен Көк Орда, Моғолстан дайындығынан аңғаруға болады. Бүгінгі күні біз де осал
емеспіз. Осының бəрі арамыздағы көптен бері келе жатқан жанжалдың үлкен жанжалсыз
бітпейтінін көрсетеді.
Дұрыс айтасыз, хан ием. Күз келері көктемнен мəлім, Көк Ордадан іргеңді бөлек
салғаннан-ақ, түбі бір ұлы айқастың болары хақ ғой.
124
Бірақ бұл айқас тек Көк Орда жағынан ғана көрініп тұрған жоқ тəрізді. Батысың да,
шығысың да қауіпті. Батысыңнан сенің жеріңе көзін тіккен Қазан, Астрахань, Қырым,
Ноғайлы хандары бар. Олардың ар жағында, алыстан тулап жатқан дарияданТүрік пен
Стамбул сүлесі көрінеді. Екі жағың да жетісіп түрған жоқ. Бірі болмаса бірі бас салатыны
аян. Ал, ондай халге жетпес үшін, біз өзіміз ерте қимылдауымыз керек.
Дұрыс айтасыз, хан ием. Кім садақты алдымен тартса, сол жауын бұрын жаралайды.
Міне осы жай еді менің сенімен ақылдасайын дегенім, Қасым сұлтан. Не айтасың?
Қасым көп ойланған жоқ.
Ақылмен арыстанды да ұстауға болады, — деді ол. — Ақылға салған іс қашанда
жеңісті келеді. Дұрыс істегенсің, көке, жалғыз менімен ғана емес, Бұрындықпен де,
Қамбармен де ақылдасқан жөн...
Олардың да кезегі келер, өзің не шертесің?
Менің дерім бір-ақ ой. Жатсам-тұрсам көз алдымнан Əбілқайырдың сұрғылт жүзі
кетпейді. Ол текке жатпаса керек.
əрине ғой. Қауіп Көк Орда жағынан. Диірменде туған тышқан дүрсілден қорықпас.
Бізбен алысып үйреніп қалған жау қаймығуды білмейді, бүгін болмаса ертең Əбілқайыр хан
Ақ Ордаға қарсы жорыққа шығады.
Дұрыс айтасың. Қазір ол Моғолстанға қарсы қол жинап жатыр деген сыбыс бар.
Моғолстанға аттанғаныбізге аттанғаны. Андыз барда ат өлмес, қолымызда күш
тұрғанда бізге бос жатуға болмайды. Əбілқайыр Үргеніш жақта Моғолстанға қарсы қол
жинап жатқанында, біз Түркістан уəлиетін басып алуымыз керек. Сығанақ, Сайрам, Яссы,
Созақ, Отырар тəрізді мықты бекіністері бар қалаларды қолға түсірсең, Əбілқайырдың көк
желкесіне мінеміз. Оны Дəшті Қыпшақ жеріне жібермек түгіл, бүкіл Мауреннахрдың өзіне
қауіп туғызамыз.
Өзім де солай топшылап едім, болжауымыз бір жерден шықты.
Түркістан уəлиетін қайтаруДəшті Қыпшақ елінің сауда-саттық жолын ашу ғана
емес, əділеттік үшін күресу. Өз жерімізді, өз қалаларымызды өзімізге алутілектес
Моғолстанды қанды көз Əбілқайырдан қорғау.
Бағанадан бері əкесі мен баласының сөзін құр тыңдап отырған Жаған сөзге кірісті.
Сонда сендер Көк Ордаға қарсы соғыс ашпақсыңдар ма.
əкесі үшін Қасым жауап берді.
Жоқ, апа, біздің елімізге, жерімізге қарсы жүз жыл бұрын Ақсақ Темір ашқан соғысты
аяқтамақпыз.
Ақсақ Темірдің жерінің өзін Аққозының хан атасы жаулап алған жоқ па?
Жаулап алды. Жаулап алды да, Ақсақ Темір əулетімен бірігіп кетті. Қазақ руларының
байырғы қонысы Түркістан өлкесін кеше Ақсақ Темір билесе, бүгін Əбілқайыр билеуде.
Əділеттік іздесе, ол жерді бүгін біз қайтарып алуымыз керек.
Тағы да қырғын қан төгіс болады екен ғой?
Иə, апа.
Аққозының балалары саған қарсы, сен оған қарсы шығады екенсіңдер ғой.
Иə, апа.
Жаған кенет қабағын шыта қалды.
Жоқ, оларың болмайды!
Неге, апа?
Аққозы марқұм екеуміз бір ана, бір əкеден тудық. Апалы-сіңлілі екі адамның
балаларына бірін-бірі кескілердей не жетпейді? Атақ па, бақ па?
Жоқ, апа, мен атақ, бақ үшін қан майданға шықпаймын. Мені ажалға айдап салар
халқымның жағдайы, болашағы. Біздің заман қасқырлар заманы. Кімде-кім өзгеге үлесін
жібермесе, тартып-жұлып өзінің тиесісін ала алса, соның қолында бұ жалғанның тірегі.
Соның ғана сұм дүниеде тіршілік сүруге қақы бар. Егер біз өзімізді Əбілқайырға талауға
берсек, ертең құл боламыз, жерімізден, елімізден айрылып, тарих бетінде мəңгі жоғалып
кетеміз. Ал жаныңды құрбан етіп алыспасаң, болашақ ұлы айқастарда құрып кету оңай.
Құрымаудың жалғыз жолы тек майдандасу ма? Жылы-жылы сөйлесе жылан інінен
шығады. Сойыл ала жүгіргенше, жылы сөйлесіп, марқұм Аққозы бикенің атасымен де,
балаларымен де тіл табуға болмай ма?
Анасы мен баласының сөзін үнсіз тыңдап отырған Жəнібек басын көтерді.
125
Əбілқайырмен жəне оның ұрпақтарымен тіл табуолардың айтқанына көну деген
сөз. Айтқанына көнсең сол күні қаныңды ішеді.
Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтан Қасымжанның қанын ішпейді. Былтыр
аналары Аққозы қайтыс боларда екеуінің де берген анттары бар...
Былтыр Күзтоқсанның басында Жаған Аққозы хал үстінде жатыр деген хабар алып,
Қараталға көшіп бара жатқан бетінде Яссыға бұрылған. О кезде қандай өшпенділік
болмасын, мұндай қайғылы жағдайда ресми қатынасқа жол берілетін. Бірінің адамына бірі
тимейтін. Аққозы ханым Мұхамед-əкім эль Таразидың тойынан кейін, екі баласының
даңқына көз тимесін деп, пітір беріп құран оқытуға Яссы қаласындағы Қожа Ахмет
Яссауидың мешітіне əдейі арнап келген-ді. Атақты қари 1 Қожа Мүлкім Аққозы ханымның
атынан екі бие сауымдай мезгіл құран оқып батасын берген. Ханым садақаға молда, мүрит,
қари, бейшараларға он топ жібек, барқыт, екі арба өрік, мейіз үлестіріп, құрбандыққа қырық
қой, бес ту бие сойғызып, өзінің жібек шатырына қайта оралған. Шатырға кіре қалпақтай
түскен. Жиналған бақсы-балгерлер ханымның қандай кеселменен ауырғанын таба алмаған.
Сасып қалған Яссының хакімі Мұхамед-Мазит тархан Аққозының атасы Əбілқайырға,
Аққозының сіңлісін алып отырған Жəнібекке ат шаптырған. Өзі сырқаттанып жүргендіктен
Əбілқайыр кіші бəйбішесі Рабиу-Сұлтан-Бегімді жіберген. Жаған өзі келген. Қасымды
Жəнібек біреу болмаса біреу қастық істеп жүрер деп алып қалған. Жаған жеткенде сұлу
Аққозы хал үстінде жатқан. Əлі де аққудың көгілдіріндей сұлу Аққозының бір аптаның ішінде
табытқа айналғанын көріп Жаған солқылдай жылап, апасын құшақтап ағыл-тегіл болған.
Осы кезде барып Аққозы ең ақырғы күшін жиып, Жағанға өзінің енді бұл дүниенікі емес
екенін айтып:
Бауырым, Жаған, — деген, — о дүниеге өз күнəмды арқалап кеткім келмейді. Тек
өзіңе ғана айтатын құпия сырым бар. Егер бұл сырымды иманыңдай сақтайтын болсаң...
Аққозы-ау, о не дегенің? Сенің сырың менің иманым емес пе? — деп Жаған
солқылдап жылап қоя берген.
Менің ажалыма ешкім де айыпты емес, өзім ғана күнəлімін...
Қалайша?
Өсек сөздің шеті өзіңе де жеткен шығар. Орақ өлді дегеннен кейін ерге шықпаймын
деп құран ұстап ант еткенімді өзің де білесің. Сол Орақ тірі болып шықты. Махаббат
шариғаттан да күшті екен, сол Орақпен биыл екі рет кездестім... Екі ұлымның бетіне салық
болмасын деп, іштегі күнəмды көрсетпеу үшін, бір балгерден іш тастатар дəрі алып іштім...
Аққозы сөйдеген де, Мұхамед пен Махмудты шақыртқан.
Құлындарым, — деген жанына келген балаларының маңдайларынан иіскеп, — мен
енді сендерге жоқпын... Сендердің алдарыңда күнəм бар еді, ол күнəмды өзіммен бірге
əкетіп бара жатырмын, — деген қысыла сөйлеп. — Ал енді ажал алдында сендерге жалғыз
ғана тілегім бар, орындайсыңдар ма?
Екі бала бірден:
Орындаймыз, — деп тізелерін бүккен.
Орындасаңдар... Менің тілегімді тыңдаңдар... Міне Жаған екеуміз сонау жат жерге
келін боп түсіп едік. Мүмкін сол жат жерде екеуден-екеу болғандығымыздан ба, өмір бақи
тату-тəтті өттік. Əкелерің қандай қастасып жүрсін, біріміздің біріміз титтей де көңілімізді
қалдырған жоқпыз. Сендерден де тілейтінімсол. Мына нағашы апаларың Жағанның
баласы Қасыммен тату-тəтті болыңдар... Адам баласын аяуды білмеген ұлы бабаларың
Тыңболаттың 2 сендер де тұқымысыңдар, түбі нəсілдеріңе тартып кетулеріңе күмəнім жоқ,
бірақ мені зиратында тыныш жатсын десеңдер, Қасымға қол көтермейсіңдер! Құран ұстап
осыған ант беріңдер.
Аққозы келін боп түскеннен кейін сегіз жыл сарғайып барып тұңғышын көрген. Содан
шығар, анасы мен балалары арасындағы махаббат орасан берік болатын.
Міне, құран, міне, антымыз, — деп екі жігіт Қасымды қан етпеске ант берген. Жаған да
Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтанға Қасым жағынан қастық жасатпаймын деп апасы
Аққозыны сендірген.
Сол күні Аққозы қайтыс болған. Ел болып, хан ұрпақтары оны құрметпен Ахмет Яссауи
мешітінің іргесіне жерлеген. Шешесі Аққозы өлгенде ер жетіп қалған екі баласы бірдей жас
1 Қ а р иқұранды жатқа білетін діни адам.
2 Шыңғысханды бертін келгенше, Шыңғыс ұрпақтарының қазақтан алған əйелдері, қазақ дəстүрі бойынша,
Шыңғысхан деп атын атамай, Тыңболат деп келген.
126
нəрестелердей, жер бауырлап ағыл-тегіл боп жылаған. Сондықтан да оларға деген
жүрегінде бір үлкен жылы сезім сақтап, Жаған еліне қайтқан. Қазіргі айтып тұрғаны осы
жəйт.
Жарайды, — деді Жəнібек, Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтан Қасым сұлтанмен
тату-тəтті болсын. Түбі осы қос бөрінің бірі Əбілқайырдың тағына отыруы хақ. Ал Қасым
менің тағымның түпкі иесі. Апалы-сіңлілі екі адамның хан тақтарында отырар балаларының
жауласпауы керек-ақ тілек. Бірақ ол мүмкін бе? Хан тағындағы адам айдаһардың үстінде
отырған адаммен бірдей. Өзін айдаһар жұтып жібермес үшін, ол сол айдаһарға туған əкесін,
жалғыз баласын құрбан етуге бар. Хан тағын қорғау қашан да болса қымбатқа түскен. Екінің
бірі бұл кеселден аман құтыла алмаған. Осы ауыртпалықтың бəріне шыдап Қасым сұлтан
жерін, тағын аламын деп ұмтылған Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтанға қарсы сойыл
ұрмай отыра ала ма?
Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтан Қасымжанның тағын аламын деп, сойыл
соғып соғысқа шықпайды. Қолына құран алып аналарына берген серті бар.
Серт тек арманға жету үшін ғана керек. Жарайды, Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-
Сұлтан Қасым сұлтанға тимесін, ал егер сол қос бөрінің бірі Қасымның туған ағасы
Қамбарға, не əдікке найза салса, Қасым сұлтан не істейді? Ал Əбілқайыр болса ауру... Түбі
оның тағына Шах-Будақтың қос бөрісінен ыңғайлы Əбілқайырдың басқа ұрпағы жоқ.
Жаған ерінің өзіне қойған сұрағының қаншалық ауыр екенін енді ұқты. Жауап қайтара
алмай сəл кідіріп қалды. Кенет басын көтеріп алды.
Онда ма? Онда... — Жағанның даусынан нəсілі Керейге біткен қайсарлық естілді. —
Онда кеккекек! Қанғақан! Қасым сұлтан əкесі мен ағасының өшін қайтарады.
Əбілқайырдың өзін өлтіреді. Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтанның толып жатқан
ағаларының басын алады. Бірақ өздері антын бұзбай екеуіне де қылышын көтермейді. Егер
мені ана дейтін болса, тұңғышым Қасымжаннан осыны тілеймін. Мұхамед-Шайбани мен
Махмуд-Сұлтанға бірінші боп шоқпар сілтемеймін, — деп екеуміздің алдымызда ант беруін
өтінем. Егер бұл арманымды орындамаса ақ сүтімді көкке сауып өтем.
Ана тілегі Қасымның жүрегіне қанжардай қадалды. Дəл осы мезетте шешесі Жағанның
апасы Аққозыға берген уəдесінің қаншалық қымбат екенін түсінді. Кенет ол орнынан атып
тұрып, бір тізерлеп шешесінің алдына отыра қалды да, беліндегі наркескенін қынабынан
суырып ап, екі жағынан ұстап маңдайына тигізді де, қылшылдаған жүзінен сүйді.
Асыл болат наркескен, қос бауырым Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтанға сені
бірінші боп қынабымнан суырмасқа ант етем, — деді ол. — Егер антымды бұзып қос
бауырыма бірінші боп қастық етсем, мына тұрған асыл анам Жаған бикенің ақ сүті ұрсын!
Жаған бике орнынан түрегеліп баласының қолындағы жалаңаш ақ семсерді алды да
ерніне тигізді.
Асыл болат ақ семсер, егер қансырар болсаң, жалғыз ұлым Қасымға емес, ең
алдымен менің жүрегіме қадал. Ана тілегін қабыл алғаны үшін, оның құрбаны болсам
арманым жоқ деп күні бұрын ант етем!
Анасы мен баласының бұл қылықтарын өз көзімен көрген хан Жəнібек іштей екі сырды
қатты түйді. БіріҚасымның анасы Жағанды аса жақсы көретінін. Екіншісі өткен түнде
Жанбике тоқалдың үйіне кезексіз бардың деп əйелдік мінез көрсетіп, Жəнібекті өзіне дене
сұлулығымен тартпақ боп отырған Жаған бикенің кенет шын ар-намысын қорғайтын іске
келгенде, қандай табандылыққа болса да бара алатынын білді. «Сұлу əйел егер ақылды
болса, еркекке тек өзінің сұлулығымен ғана емес, терең ойлылығымен де, табандылығымен
де қымбатты болып көріне алады екен» деді ол ішінен. Ол осы сəтте үлкен жүректі əйелдің
уақ əйелдік сезімінен де алыс тұрмайтынын қатеріне алды. Мұндай əйелдің намысымен
ойнаудың қаншалық қауіпті екенін түсінді.
Ертеңіне Жəнібек жарлық беріп, хан кеңесін шақыртты. Бұл кеңеске Орда маңындағы
сұлтан, батырлар, ерлік істерімен көзге көріне бастаған өз балалары мен Керейдің баласы
Бұрындық сұлтан қатынасты. Екі күн кеңесіп, ақырында Күзтоқсанның басында Түркістан
уəлиетіне шабуылға шықпақ боп ұйғарысты. Дəшті Қыпшақ əскерін екіге бөлмек болды.
Жəнібек хан балаларымен өзі бас-
қаратын топ Созаққа, Керей ханның баласы Бұрындық сұлтан мен Найман батыры
Қаптағай, Қоңырат батыры Сарыбалақ, Керей батыры Ойшыбай, Уақ батыры Жаубасар,
Жалайыр батыры Бөрібай бастаған қалың қол Сығанаққа шабуыл салсын делінді. Өзінің
ежелгі салты бойынша Арғын, Қыпшақ, Тарақты жасақтары Жəнібек ханныңхан
127
Ордасының қасында қалды. Бұған Жайықтың бергі беті, Атырау теңізі мен Сырдың төмегі
саласын жайлаған Кіші жүзден келген Адай руынан Теген батыр, Табын руынан Серке би,
Шөмекей руынан Ақтаңдақ батыр, Тама руынан Қарабура батырлар басқарып келген
жасақтар мен Ұлы жүзден Қаңлы, Ысты руынан Бахтияр би, Шапырашты руынан Қарасай
батыр, Жаныс руынан Жанатай батыр басқарған шағын қолдар келіп қосылсын делінді. Хан
Ордасынан осы əскерлер жиналып жатқан Саумалкөл, Телікөл, Жуанарық, Көкше теңіз
Атырау жағасына ат шаптырылды. Бар қол Күзтоқсанның басында Сейхун дарияның
төменгі шеніндегі Қараөзек қойнауында шоғырланбақ болды. Бұнымен қатар бұл
шаһарлардың хакім, бектеріне жасырын кісілер жіберілді. «Біздің күшіміз қазір Əбілқайыр
ханның күшінен артық, қазақ еліне ежелден жататын шаһарларымызды қан төгіспей
өзімізге қайтарыңдар. Егерде бұл тілегімізді орындамасаңдар өз обалдарың өздеріңе» деп
хат жазды. Бірақ бұған Əбілқайыр хан «арзани дашті» ретінде басыбайлы Созақты берген
өзінің немересі Қызыр ханнан туған Бахтияр сұлтан да, Сығанақ хакиматының белағасы
Манеден-оғлан да кекете: «Əбілқайыр ханнан күшті болса, ең алдымен сайыпқыран ханды
жеңіп алсын. Содан кейін қалаларымызды қан төкпей бостан-босқа береміз» деп жауап
берді. Жəнібек пен Бұрындық Ордаларын Телікөл мен Боқтықарынның бойына тастап,
желтоқсан түспей-ақ Қараөзекке келді.
Осы араға көп кешікпей жүз мыңға таяу қазақ сыпайлары жиналды. Ортада азғантай
қолмен Жəнібектің өзі, ал Маймене жағын Бұрындық сұлтан, Майсары жағын Жəнібектің
үлкен балалары Жиренше мен Махмұд басқарып (Қамбар мен Қасым екінші шепте болған),
жыланның айырма тіліндей екі бұтақ боп, Түркістанға қарай аттанған. Осы күнгі Шиелі
жеріне келгенде екі бөлінген. Бұрындық Сығанаққа, Жиренше мен Махмұд Созаққа
беттеген. Жəнібек өзі Арғын, Қыпшақтың таңдамалы жігіттерінен қалқан құрып, Шиелі
қамысы Сейхун дарияның жағасына бекінген.
Қазақтардың айтып жүргендері құр қоқан-лоқы қорқыту деп ойлаған Сығанақ қожасы
Манеден-оғлан мен Созақ билеушісі Бахтияр сұлтан жауын көрген жыландай кенет
жиырыла қалды. Басын көтеріп, ысқырынып айбат шақырды. Қаланы қоршаған қамалдың
дарбазаларын дереу бекітіп, қала жатақтарын лаш-
қарға алды. Бірақ бұл дайындықтың бəрі тығыз-таяң, асығыс болды. Қазақ əскерінің тым көп
екенін естіген қала ақсақалдары, «жұртты босқа қырғызып, қан төгудің не қажеті бар, қаланы
əзірге қазақтарға беру керек. Əбілқайыр ханнан көмек келгенде қайтып алу оңай ғой» деп
күңкіл шығара бастады. Ел басы ақсақалдардың, керуенсарай ұстаған саудагерлердің көбі
Маңғыт, Қаңлы, Жалайыр, Дулат руларынан шыққан қазақ қанды адамдар еді. Қала басы
сұлтандар болғанмен, бекіністердің шын тағдыры осылардың қолында тұрған. Ежелден
келе жатқан дəстүр бойынша егер, қала билеушілеріақсақал, сау-
дагер, қожа-молдалар ұйғарса, қаланы көңілдеріне ұнаған адамға тапсырар əдет бар.
Сығанақ қожасы Манеден-оғлан жұрттың мұндай жағдайын көріп, Самарқант, Ташкент,
Яссыдан жуыр арада көмек келе қоймайтынына көзі жеткен соң, «есің барда еліңді тап» деп
Бұрындықтың əскерінің қарасы көріне бастағаннан-ақ бүкіл үй ішін, өзіне деген нөкер-
құлдарын алып, Самарқантқа қашқан. Сөйтіп Бұрындық сұлтан Сығанаққа бір садақ оғын
жібермей, сырнайлатып-кернейлетіп тал түсте кірген.
Ал Созақтың билеушісі Бахтияр сұлтан бүйтпеді. Əбілқайырдың аты шулы
батырларының бірі, Көк Орда ханына ұнай білген, бүкіл Созақ уəлиетін қойдай өргізген
қажырлы сұлтан, «Қаланы қан төкпей беруді ойласаң қайтеді деп келген ақсақал,
саудагерлер тобын нөкерлеріне қоршатып алып, «жұрт арасына іріткі салады» деп, қараңғы
тас сарайға қаматып қойды. Созақ мидай жазық далаға салынған шаһар. Жан-жағындағы
қамалы да Сайрам мен Саурандай биік емес. Түйелі кісінің ернеуіне қолы жетеді. Бүкіл
уəлиетінен отыз мыңға таяу лашкер жинап, қалада тығылып жатпай ашық далада жауына
қарсы бетпе-бет майданға шықты. Бірақ бала жасынан ат құлағында ойнап өскен, ал ер
жете бастағаннан-ақ сойыл соғып, садақ атуды өнер көрген қазақтың жау жүрек жігіттері
қойсын ба, құмырысқадай қаптап: «Ақжол!», «Уайс!», «Жауқашар!», «Бахтиярлап ат
қойғанда, алғашқы қарқынында-ақ Бахтияр сұлтанның алдыңғы шебін күл-талқан етті.
Қазақтан дəл мұндай өнер күтпеген Бахтияр сұлтан əбден састы. Халық күші жазғытұрымғы
жүздеген, мыңдаған сай, жыралардан қосылып аққан сумен тең екенін, олар бір жерге
жиналып, ернеуінен асып тасыса, алдында қандай қамал, бөгет болса да быт-шытын
шығаратын алып күш екенін Бахтияр сұлтан сонда білді. Расында да қазақ елі көнтерілі, сан
қорлыққа шыдаған қауым еді. Ашына келіп, ақырында ернеуінен асып төгілген дариядай,
128
атқа мініп, қолына сойыл алуға мəжбүр болды. Жалғанда қиянатқа көнтерілі халықтың
долданғанынан асатын ұлы күш жоқ. Көнтерілі халық жəй күнде, бөлтіріктері үстіне шығып
ойнап маза бермеген арлан қасқыр тəрізді. Ал ызаланғанда ештеңеге қарамайды, бөлтірігім
демейді, бөтенім демейді, үстіндегінің бірде-бірін қалдырмай, қанды ауызын салып қап, жан-
жағына аямай лақтырып-лақтырып жібереді. Қазақ та дəл осы арлан қасқыр тəрізді шамасы
келгенше шыдап бақты. Шыдамы таусылып еді, өлген-тірілгеніне қарамай, желке жүнін
күдірейтіп, жауына ақыра тап берді. Қазақ жауынгерлерінің мұндай қаһарлы түрін көріп,
Бахтияр сұлтан «жеңілдім деп алдына кеп қол қусырып Жиренше мен Қамбардан бітім
сұрады. Бұлар қаланың кілтін алып, бітімге келісті.
Хан ордасын уақытша Сығанаққа көшірген Жəнібек, Созақ уəлиетін екінші баласы
Махмұдқа, Сығанақ уəлиетінің билігін Керейдің баласы Бұрындық сұл-
танға берді.
Сығанақ пен Созақты алып, көңілі көтеріліп қалған қазақ Ордасының ханы Жəнібек енді
«өз еріктеріңмен беріліңдер» деп Яссы мен Отырар қаласының əміршісі Мұхамед-Мазид
тарханға, Сауранды билеп отырған оның баласы Құлмұқамет тарханға, Үзкенттің хакімі
Уақас биге, Сайрамның хакімі Мыржық төреге кісі жіберіп, хат жазды.
Дəл осы кезде яғни Хаджри есебі бойынша сегіз жүз жетпіс төртінші, Тыш-
қан жылы, жаңаша бір мың төрт жүз алпыс сегізінші жылы, елу жеті жасар Əбілқайыр
ханның өзі ақұрығын алып, жүз мың атты əскерімен Моғолстанды шаппақ болып Үргеніш
тұсынан шығыпты деген хабар жетті. Жүз мың əскер! Бұл қолына құр сойыл мен садақ алған
қазақтың əскері емес. Бұл Исфаған болатынан алдаспан, ұзын қылыш тағынған, Қорасан
құрышынан сауыт-дулыға киген, мұздай боп қару-жарақ асынған, өз заманының əскери
өнер-ғылымымен əбден суарылған, Əбілқайыр ханның бүкіл шығыс əлеміне белгілі атақты
атты əскері! Хан əскерін ұрысқа өзі үйреткен! Жауын аямастай етіп өзі баулыған! Көк Орда
Көк Орда болғалы ұлы ханның əскері жетпіс бес мыңнан асып көрген емес, ал бұл жолы...
жүз мың! Бұл хабарды естігенде Жəнібектің де жүрегі дір ете қалды. Ол бүкіл Сығанақ,
Созақ уəлиеттерінің ұста, шеберлерін жинатып, көрік қыздыртып, əскеріне хакім
қоймаларынан табылған көк болат құрыштан қару-жарақ соқтыра бастады.
Бірақ Жəнібектің бұл қызу əрекеттері ұзаққа созылмады. Кенет тағы бір хабар жетті.
Қырық жылдай бүкіл Дəшті Қыпшақ, Мауреннахр, Қорасанды тітіреткен Əбілқайыр хан о
дүниеге сапар шегіпті! Бүкіл атақ, алтын тақ, Шығыс елінің тең жартысын жылатып жинаған
дүние-қазына ұлы ханның өмірін ең болмаса бір күнге созуға жарамапты! Атақты дəруіші
əбдіразақ Нахичеванидің өзі тапқан мың да бір кеселге шипа болар, ебелек тікенегінен
жасағансырыншан шурнəсі де қонбапты. Есіл ер Жейхун мен Сейхун дарияның
ортасындағы етрақ 1 далада жеті күн кезікпен күйіп-жанып, ақыры қайтыс болыпты! Зірік
талдай сарғая бастаған денесін ыстық күнге бұзылып кетпесін деп, Бахтияр баһадур мен
Қарашың батыр, бал толтырған алты құлаш астауға сап, Созақ мединасына алып келіпті.
Бұл шаһар қазақтардың қолында болса да, өлімге дауа бар ма, алтын сырмен атын жазып,
арнаулы қара мəрмəр тасынан мазар ойып, құрметтеп жерлепті. Бұл хабарды естігенде қас
жаулары, əсіресе, Əбілқайыр жерін алып, суын алып, қиянаты көп өткен кейбір қазақ
ауылдары көкала жылқы құрбан шалып, қуанышқа кенелді. Тек Жəнібек хан ғана дүние
шіркіннің өткіншектігіне қамығып, үш күн орнынан тұрмай жатып алды. Жоқ, Жəнібек
Əбілқайыр ханда кеткен кегіне өкінген жоқ. О заманда хан кегіқолға ұстаған алдаспан
тəрізді, ыңғайы келсе жауына жұмсалады, ал өзіне тиімді болса қынабына қайта салынады.
Кейбіреуі сол қынабында жатып тот басып, əбден шіриді. Ал енді біреуі анда-санда
қынабынан суырылып жауының үстінен жарқ-жұрқ ойнап, сес көрсетіп, қайта орнына барып
жатар болар. Тек зардабы асып кеткенде ғана сол кек-алдаспан қызыл қанға малынуға
тиісті. Жəнібек пен Əбілқайырдың да кегі осындай кекке айналған. Екі жақтың халқы бірдей
қызыл қанға малынғанымен, өздері бірін-бірі ажалға қиюдан аулақ еді. Тек хандығын тартып
алып, жауын тақырға отырғызу ғанаармандары болатын. Жоқ, Жəнібек Əбілқайырда
кегім кетті деп өкінбеді. Дүние шіркіннің жалған екеніне өкінді. Бар өмірін жиһангерлікпен,
алыс, жұлыс, ұрыспен өткізген азуы алты қарыс, мүйізі шаңырақтай, атақты хан Əбілқайыр
ақырында не тапты? Бар тапқаны Созақтың қасынан қазылған екі құлаш жер болды! Енді
оған үстіне қойған мəрмəр тастан, басына жазылған алтын жазудан не пайда?
1 Е т р а қсары етрақ дала, сары дала деген мағынада. (Ескі түркі тілі).
129
«Өлдің, Мамай, қор болдың деген міне, осы!.. Қайсымыздың болса да бұл жалған
дүниеден ақырғы алар еншімізосы екі құлаш жер! Атақ, бақ ше? — Жəнібек ауыр
күрсінді. — Атақ, бақ та қолға салған алтын сақина тəрізді, қанша асыл болғанмен түбі
тозады. Əбілқайыр түгіл, кеше бүкіл Шығыс еліне үлгі болған Қошан патшалығының ұлы
патшасы Қанышқаны кім біледі? Ал кезінде бұдан атақты, бұдан абыройлы қандай патша
болып еді? Жоқ, атақ, бақ дегенқолға салған алтын сақина. Тек тірі кезімізде ғана
өзгелер көрсін, қызықсын деп саусағымыздан алмауға тырысамыз. Ал өлгесін ше? Қай
ұрпақты көрдіңбабамның мұрасы деп атам заманғы сақинаны көзінің қарашығындай
сақтаған? Сақтаудың қажеті жоқ шығар. Əр заманның үлгісі өзіне қымбат қой. Атағың да
сондай. Қара да тұр, Алтын Орданы тік тұрғызған Əбілқайырға бүкіл үрім-бұтағының
орнатқан ескерткіші «Осы жерде Əбілқайыр хан жатыр» деп үстіне қойған сонау қара таспен
бітеді. Жыл өтер, ғасыр өтер, Əбілқайырдың да даңқы, бүгінгі күнгі қадірі ұмытылар. Бұным
не, Əбілқайырды табалап жатырмын ба? Жоқ, бұным табалағаным емес, ақиқатым.
Əбілқайыр соңынан ерген жұрттың сенімін сақтай алмады. Елді ел ету қолынан келмеді. Ал
біз ше? Біз оны көгерте аламыз ба? Көгерткен күнде келешек жұрт ісімізге қандай баға
береді?
Япырмау, менің бұным не? Болашақ ұрпағымыз не айтады екен деп өз борышымызды
атқармай өтпекпіз бе? Жоқ, келешектің бағасы үшін емес, солардың алдында өзіміздің ар-
ұятымыз таза болу үшін, ел-жұртымызға деген өз борышымызды адал атқарып өтуіміз
керек. Қорғай алмаса өз обалы өзіне, біз халқымыздың алғашқы мемлекеттік отауын тіктік!
Тігу үшін қан майданда жан құрбан дедік
Жəнібек төсектен басын көтеріп алған. Сол күні Сауранды билеп тұрған хакім
Құлмұқамет-тархан «Күшің жетсежеңіп ал» деп Жəнібектің хатына жауап берген. Ал
Жəнібек те сол сағатта Сауран шаһарын шабуға əскеріне жарлық шығарған:
Бүкіл Сыр бойын алып жатқан қалың əскер қайтадан жасаққа бөлініп, шабуылға
дайындала бастады. Хат жіберілген өзге шаһарлардан жауап келгенше екі аптадай уақыт
өтті. Жəнібек бар уəлиеттен жауап алмай тұрып, Сығанаққа таяу Сауранды шабудан əзірге
бас тартқан. Əбілқайырдың өлгенін естіген жұрт, хакімдеріне қан төгіспей қалалардың
қақпаларын аштыртар деп үміттенген. Бірақ бұл ойы ақталмады. «Əбілқайыр хан өлгеннен
кейін не болар екен деп күткен хакімдер тез жауап бере қоймады. Жұрт осындай
дағдарыс халде жүрген шақта, тағы бір хабар келді. Əбілқайыр ханның тағына үлкен
баласы Шайх-Хайдар отырыпты деген лақапты құс қанатты ұзынқұлақ бүкіл Дəшті Қыпшақ
жеріне бір-ақ күнде таратты.
Жəнібек тағы ойға қалды. «Əбілқайыр жорыққа бастап шыққан жүз мың əскерді Шайх-
Хайдар дəл қазір таратып жібермейді. Əрине, Шайх-Хайдар Көк Ордаға хан болып
жарытпайды. Бірақ оның нағашы жұртыөзбек Қоңыраттары қазір бел алып тұр.
Сондықтан да Шайх-Хайдарды хан көтерді. Ал, Шайх-Хайдар қанша табанының бүрі жоқ,
осал болғанмен де, əкесі құрған мынау жүз мың əскерді пайдаланып, абырой алып қалуға
тырысады. Бұны Əбілқайырдың серіктеріəскер қолбасшы батырлар да қолдайды.
Қайткен күнде де тастай түйілген əскерді жорыққа жұмсайды. Тек қай елді шабу керек, соған
қарай əскерінің бетін бұрады. Əрине, Көк Ордаға қазір Моғолстаннан қазақ елі қауіпті. Оның
үстіне біз Сығанақ уəлиетін алып қойдық. Өз елінің де, өзге елдің де көз алдында қадірін
түсірмес үшін, Шайх-Хайдар Сығанақ пен Созақты қайтаруға барын салады. Сөз жоқ,
əскерінің бетін ол Түркістан өлкесіне бұрады. Ал Шайх-Хайдардың əкесі Əбілқайырдың
бабына келтірген жүз мың əскеріне, бар қару-жарағы сойыл мен көне Қыпшақ кезінен келе
жатқан қайың садақтарын саптаған қазақ жігіттері қарсы тұра алмайды. Бұндай соғыста
жеңіп шығу үшін тек жазды күні жиналатын ер жүрек жігіттері ғана емес, қан майданда
əбден шыныққан, соғыс тəсілін мейлінше үйреніп алған қару-жарағы мұздай, тұрғылықты
əскер керек. Ол əскер қазір тек Шайх-Хайдарда ғана бар. Сонда қалай, Шайх-Хайдардың
əскері күшті екен деп ұрыстан күні бұрын тайып кету керек пе? Жоқ, өйтуге болмайды.
Шайх-Хайдардың мұздай қару-жарақтанған əскеріне қарсы бөтен күшті пайдалану керек. Ол
күшКөк Орда хандығына қарсы батырлардың басын біріктіру, солардың əскерін Шайх-
Хайдардың жан-жағынан қаптату, бүйідей тигізу. Мүйізі қарағайдай алып өгізді жан-жағынан
тиген он бүгелек қызыл танау етіп шапқылатып, жанын қоярға жер тапқызбайды. Бүкіл
қастар жиналсақ бір Шайх-Хайдарға əліміз жетпей ме? əрине жетеді.
Осындай ойға келген Жəнібек, Моғол, Жағатай хандары Қажы-Мұхамед баласы Сайдан-
Айбақ ханға, Керей-Арабидің баласы Бүреке сұлтанға, Маңғыт əмірлері Аббас бек, Мұса
130
бек, Жаңбыршы бекке, «бəріміз бірігіп Шайх-Хай-
дарға қарсы шығайық» деп кісі салды.
Ежелден Əбілқайырға қарсы хан, сұлтан, бектер əскерімен тез-ақ жиналды. Киік лағын
өргізген қара суықтың алдында Яссы мен Сауранның ортасындағы етрақ далада жүз
мыңдаған қалың қол кездесті. Жəнібек əскерінің саны артық болғанымен, Қарашың батыр
бастаған Көк Орда əскері алғызбады. Жəнібек, Айбақ, Мұса, Жаңбыршы бірнеше мəртебе
қарсы шапты, бірақ сауыт бұзар болат ұшты жебе жаудырған Шайх-Хайдар əскері
маңайына жолатпады. Бірнеше рет өздері қарсы шабуылға шықты. Нұраның Қаратұзындағы
айқастан бері қазақ хандарына тісін қайрап жүрген Қарашың батыр, күйеу баласы екеніне
қарамай, Бұрындық сұлтанның əскеріне өзгеден көбірек өшіге ұмтылды. Бұрындықтың
баяғы өзіне істегенін алдына келтірмек боп, қолына арқанын алып қырғын ұрыстың ішінен
талай аңдыды. Бірақ сұлтанды қоршаған кілең сайгүлік мінген қарулы ер жігіттер жуытпады.
Кейде өздері қолға түсе жаздап əзер құтылды. Қарашың нұсқауымен сұлжық түрікмендерінің
атақты жасағы Жəнібекке де сан ұмтылды. Бірақ баяғы Нұраның Қаратұзындағы оқиғадан
кейін Жəнібек ханның өзін қорғайтын екі жүз алдаспанды арнаулы қосынын басқаратын
батыр Саян, хан үстіне түйілген қылышты сан рет найзасымен қағып, ханды жəбірейілдей
қорғап, майдан ортасынан аман алып шыға берді. Осылай екі аптадай салғыласқан қазақ
əскері ақырында, күздің қара суығы келе Сығанаққа кейін шегінді. Жау жағының қайтқанын
көрген Шайх-Хайдар хан енді өз əскерін тарата бастады.
Əбілқайыр Ордасы қастарының да күткені осы еді. Шайх-Хайдар хан жауынгерлерін
таратып болып, қалған бес мың қолмен ертең Самарқантқа қайт-
қалы тұрғанында, кенет Əбілқайырдың ескі жауы сұлтан Ахмет ханның жиырма мың жақсы
қару-жарақты əскерін ертіп, Айбақ хан бір бүйірден сау ете қалды. Шайх-Хайдар тарап
кеткен қолына жиналсын деп бұйрық беріп, ат шаптырғанмен, жөнді əскер жиналып
үлгермеді. Амал жоқ, жиырма мың əскерге бес мың қолмен қарсы шығуға тура келді. Шайх-
Хайдар жайшылықтағы жүрексіздігін қойып, осы айқаста Қарашыңмен қатар тұрып, жан
аямай ұрысты. Суға кетер бала дариядан шегінбейді, əлде ажалына көрінді ме, не баяғыдан
бері қорқып келгенінің ызасын қайтарайын деді ме, ол астындағы құла қасқа текежаумыт
тұлпарын ойнақтатып, жау шебінің ортасына қарсы шапты. Таяу жерден жіберген бірнеше
жебе үстіндегі кереге көз шынжыр сауыттың быт-шытын шығарып, ақырында ат үстінен
құлатты. Құлаған ханның денесін аламыз деп, екі жақ бірдей жан аяспай қырылысып
жатқанда, сан жағынан жараланған Шайх-Хайдар хан қансырап, қиналып барып, ақырғы
рет жарық дүниеге бір қарады да, көзін мəңгі жұмды. Бұл жолы да ұтылғанын білген
Қарашың батыр, соғысқа ең алғашқы рет қатынаспақ боп Шайх-Хайдар қолына ерген он
жеті жасар Мұхамед-Шайбани мен он бес жасар Махмуд-Сұлтанды қан сасыған қырғыннан
аман-есен алып шығып, қалың ши арасына кіріп жоқ болды.
Шайх-Хайдар қаза болғаннан кейін, оған ерген əмір, сұлтандар елді-елдеріне тарап
кетті. Көбі өздерінің қасқырға жеке шабатын арлан тазы емес, тек қора күзетуге жарайтын
бұралқы төбеттер екендіктерін көрсетті. Бұрын топтанып арсылдап үріп, сырт адамға айбар
шексе, онысы айтақтайтын, бастарын қосатын əміршілері болғандықтан екен. Əміршілері
ажал тауып еді, енді олар өз қалаларының қақпасының алдында отырып алып, тек жат
адамды жуытпай құр сырттай қыр көрсетіп абалауға ғана жарады.
Мұндай жағдай қазақ, моғол, Жағатай хандары мен Əбілқайыр ұрпағына қарсы Ақсақ
Темір əмірлеріне жаман тиген жоқ, Көк Ордаға бағынатын қалаларды жеке-жеке жаулап,
біртіндеп талан-тараж етіп ала бастады. Əбілқайырдың кезіндегі айбарлы Ордадан «əне-
міне» дегенше құр бөлшектенген уəлиеттер ғана қалды. Бұл Ақсақ Темірден кейін, қайта
лаулап көтерілген Өзбек хандығының тағы да бір құлдырап құлауы еді.
Жəнібек бас жауы Əбілқайыр ордасын жеңгеннен кейін көңілі азырақ сая тапты.
Сөйткенше қыс та түсті. Қалың қол қасына ұстайтын ол кезде хан қоры бəлендей бай емес,
сыпайлардың өзіне ас керек болса, аттарына шөп керек. Қазақ ол уақытта шөп шауып,
қыстық қорын дайындап көрмеген. Дайындағанмен де соншама бықыған малды қамтамасыз
ету тіпті мүмкін емес. Жаз болса бір сəрі, сыпай аттары да жайылымда болады. Осындай
жағдаймен хан жылда, қыс бола бас əскерін елді-еліне тарататын.
Биыл да сөйтті. Жəне осы жылы Дəшті Қыпшақ хан Ордасын Сығанаққа көшірді. Тек осы
Сығанақты қорғауға бес мың атты əскер алып қалды да, өзге сыпайларын ауылдарына
қайтарды. «Қару-жарақтарың, жауға мінер аттарың ер-тұрмандарымен дайын тұрсын, керек
болып қалсаңдар жаршы хабар береді» деді. Биыл жылдағысындай «жаз шыға бəлен жерге
131
жиналыңдар» демеді. Жəнібектің ондағы ойы, бір жағынан əрқайсы өз бетіне қамалға
айналған Түркістан уəлиетінің қалаларын бұрынғыдай жүз мыңдаған қол жинамай-ақ,
қарамағындағы бар күшпен аламын деген үміті болса, екінші жағынан бұл қалалардың
хакім, ақсақалдарымен тіл тауып, бейбіт келісімге келіп, соғыс ашпай-ақ өзіме
бағындырармын деген сенімі бар еді.
Жəнібек осы ойын орындауға кірісті. Өзінің қоқан-лоқы күшін көрсете отырып, Түркістан
уəлиетінің Сығанақ пен Созақтан бөтен қалаларына «қан төгіспей бағыныңдар» деп үшінші
рет хат жазып, уəкілдер жіберді. Бұ жолы Жəнібек, сөзінің салмағы болатынына шек
келтірмеген. Сөйтсе Яссы, Сайрам, Сауран, Отырар, Ақруқ, Үзгент секілді мықты бекініске
айналған шаһарлардың оңай қолға түсе қоймайтынын да түсінетін. Əсіресе Яссы, Сауран
қалаларын басқарып отырған Мұхамед-Мазит-тархан, Құлмұхамед-тархан секілді
Əбілқайыр кезінде де биліктерін ешкімге ойыншық ете қоймаған хакімдері бар жəне
қорғайтын əскері бар қалалардың тағдырын оңай шеше алмайтыны оған хақ еді. Жəнібек
бұл мединелермен жеке алыспай тағы да өзіне серік іздеуге кірісті. Оған енді бұрынғы Абақ
хан, Ахмет хан, Аббас, Мұса, Жаңбыршы бектерден күштірек серік керек болды. Мұндай
адам Исан-Бұғы өлгеннен кейін, Моғолстан тағына отырған Жұныс хан еді.
Ежелден қазақ рулары жағатай, моғол хандарымен достасып келген. Моғолстанда бір
тірегім болса, мұртымды балта кеспейді деп ойлады Жəнібек. Оның үстіне Жұныс хан
Мауреннахрдағы Ақсақ Темір əмірлерімен байланысты. Самарқант əміршісі əбусейіттің
баласы Омар шайқы бұның қызын алып отыр. Түбі Түркістан уəлиетін қан төгіп жаулап
алатындай күн туса Самар-
қант, Бұқар күштерінің сырт қалғаны жөн. Қашан да болса топтанған қасыңнан, жекеленген
жауыңды жеңу оңай. Ал қазір сондай əдіске жол бар. Əбілқайыр дүние салғаннан бері,
Темірлан тағына қарайтын уəлиеттер жеке-жеке бөлініп кеткен. «Ортақ өгізден оңаша
бұзау» деп қарайтын сұлтандарға, əмірлерге жалғыз əміршіге бағынғаннан гөрі, əр уəлиетті
бөліп билеу тиімді көрінген. Жауың өзі осындай халде тұрғанда, неге оның осал жерін
пайдаланбасқа? Жəнібек өз ойын іске асыруға осы кездің дəл екенін еске алып, қыз беріп,
қыз алысайық деп Жұнысқа кісі салды.
Жаңа іргесін қалап келе жатқан қазақ хандығының Түркістан өлкесін қайтып алудан да
бөтен толып жатқан істері бар. Əскер құру, хан тəртібін орнату, мемлекет заңынжаңа
«хан жарғысын» шығару, отырықшы аймақтар мен көшпелі тайпалардан хан қорына, əскер
ұстауға, мешітке, мемлекет ісін жүргізетін адамдарға арналған салық, ғараж, ұшыр, зекет
жинау. Сығанақ пен Созақты алғаннан бері Қыпшақ даласы мен Моғолстан, Алтын хан,
Қара теңіз жағасындағы қалалармен сауда-саттық жұмысын күшейтухан əсіресе көңіл
бөлетін мəселелер еді. Бұрынды-соңды Дəшті Қыпшақта қалыпқа түспеген осындай тың
істермен шұғылданып жүргенінде, Жəнібек қыс өтіп жаз шыққанын білмей қалды.
Жаз шыға Жəнібек өзінің көшпелі ел ұлы екенін есіне ұстап, қазақ елінің дəстүрі
бойынша, хан Ордасын Сығанақтан Сырдарияның сағасына көшірді.
Бұл ара шым үйлі, күндіз-түні шулаған базарлы, көшесіне адамы сыймай жатқан
қаладай емес, көк шалғын, ауасы да жеңіл, өрісі де кең, қамысты алқап.
Сырдария жағасына келіп қонғалы. Жəнібектің шаруасы бұрынғысынан да көбейіп кетті.
Сайрам хакімі Қатта бектен, Моғолстан ханы Жұныстан хабар келген. Бұл екеуі де
Жəнібектің ұсынысына бірден құлап түспегенмен де, тақа «кет əрі» еместігін білдірген.
Сондай-ақ Сауран хакімі Құлмұхамед те кісі жіберген. Хан ұсынысына ол терісқақпай жауап
берген.
Жəнібек осы мəселелерді Хан Кеңесіне салмақ болды. О кезде күрделі істің бəрін Хан
Кеңесі шешеді. Хан ұсынысын егер Хан Кеңесі қабылдаса ғана іске асады. Абылай ханға
дейін бүкіл қазақ тарихында осылай болып келген. Ал Жəнібек тұсында Хан Кеңесі екі түрге
бөлінетін. Бірін «Тағанақ кеңесі» деп атайтын, екіншісін «Тұрымтай кеңесі» дейтін. Біріншісі
үлкен Хан Кеңесі деген мағынада, екіншісі кіші Хан Кеңесі деген түсінікте. Біріншісіне елеулі
рудың басты адамдары тегіс жиналады. Онда хан сайлау, соғыс ашу тəрізді күрделі істер
ғана қаралуға тиісті. Сондықтан бұл кеңесті кейде үш жүзге бөлінерде бас қосқан жерінің
атымен «Қаратұз кеңесі» деп те атаған. Ал Тұрымтай кеңесінде басқа жұртқа елші жіберу,
қонысқа жер бөлу тəрізді жеңілдеу мəселелер шешілген. Бұл кеңеске Маймене мен
Майсарыдан бөтен, Орда маңындағы əскери қолбасшылар, хан балалары қатынаса алады.
Бірінші Кеңес жылына бір мəртебе, екінші Кеңес апта сайын бас қосқан.
132
Жəнібек өзінің дүдəмалданған ісін, Хан Кеңесіне қоймай тұрып, көбіне Қасым сұлтанмен
ақылдасатын. Бұ жолы да осы əдетіне сап баласын, өзі отырған Жаған бəйбішесінің
ордасына шақырттырды.
Күн жаңа батып, төменгі ауылдың малы келіп азан-қазан болып жатқанда, кешке
таманғы аласапыран əлеті еді. Күндіз ыстық боп, күн бата ғана самал жел тұрған. Орда іші
салқындай түссін деп хан есікті əдейі ашып қойған. Баласымен сөйлесер сөзін жат құлақ
естімеске күзет жігіттерін де «əрірек барып күзетіңдер» деп, Орда маңынан алыстау жерге
қуып жіберген.
Ымырт үйіріле Қасым да келді. Əкесі оның сəлемін алып оң жағына отырғызды да:
Пешпентіңді шешіп таста, денеңді жел аймаласын, — деді, сөйтті де қымыз құйып
отырған бəйбішесіне, — шам жағасың ба, қайтесің, — деп көз қиығын аударды.
Сонау Жанбике оқиғасынан кейін үш жыл өтсе де, Жаған бəлендей өзгере қоймаған-ды.
Сəл толығайын деген тəрізді, əйтпесе сол баяғы көл жағасына шығып таранған аққу-қаздай
сəнді қалпы. Жасы қырықтан асып кеткенін есіне тұтып, баласының көзінше орнынан
ілтипатпен тұрып, жайшылықтағы еріне деген қылтың-сылтың мінез көрсетпей, əдеппен
сəндене майыса, керегеге ілулі қытай шамын жағуға кірісті.
Жəнібек аспай-саспай, алдындағы алтын кеседен уыз қымызды бір ұрттап қойып
əңгімесін бастады:
Бүгін Алмалықтан Жұныс ханнан кісі келді, — деді ол. — Кеше Сауран хакімі
Құлмұхамед-тархан мен Сайрам хакімі Қатта бектен жеткен хабарды естіген шығарсың?...
Еміс-еміс қана...
Құлмұхамед-тархан əлі өр көкіректігіне салып, — деп келе жатты да, кенет тоқтай
қалды. Дəл осы сəтте есік жанындағы қоржыннан шақпақ тас алуға бара жатқан Жаған
Қасымды əлденеден қорғай «алла» деп дауыстап жіберді де, жерге шалқалай келіп гүрс
құлады. Жəнібектің көргені ашық есік алдында қараң етіп пайда болған қара далбағайлы
жат кісінің кенет найзағайдай жарқ еткізіп лақтырған болат қанжары болды.
Жəнібек атып тұрып есік алдына барғанша, қоюланып келе жатқан түн қараңғысынан
аруақтай пайда болған түсі суық адам, сып етіп үйді айнала беріп, сиқыршы жандай
жоғалып кетті.
Жəнібек тек:
Ұстаңдар! — деуге ғана шамасы келді.
Сірə есік алдында кенет елең еткен жат бейнені күзетшілердің де көзі шалып қалған
тəрізді, енді олардың су жағасындағы қамысқа қарай жүгіріп бара жатқан дүбірлері естілді.
Əлден уақытта: «Қап, əттеген-ай, ұстатпай кетті-аудеген əлдекімнің өкінішті даусы шықты.
əкесінің сөзін тыңдап бетіне қарап отырған Қасым, шешесінің даусы шыққан шақта
ештеңе түсінбей қалды, тек Жаған шалқалай түсіп құлағанда бір-ақ ырғып қасына барды.
Қара көлеңкеленіп кеткен бейуақта үн-түнсіз жатқан анасының дəл көкірегіне қадалған
қанжардың сабын көрді. Жанталасып мүйіз сапты қанжарды кеудесінен жұлып алды.
Атылған ыстық қан бетіне шапшып жуып кетті. Анасы «құлыным» деп ышқына бір бұлқынды
да тына қалды. Осы кезде үйге басқа адамдар да келіп, шам жағылды. Енді жұрт қызыл
қанға батып өліп жатқан ханымды көрді.
Бүкіл хан аулы түнімен Жағанды өлтірген адамды іздеді. Таба алмады. Тек таң ата ғана
оның Сейхун дарияның жағасында жатқан қара жүн далбағайы мен жеңіл пұшпақ ішігін,
түйе терісінен илеген көн етігін тауып əкелді. Шамасы арғы бетке жүзіп өтіп кеткен тəрізді.
Ағысы қатты, кімді болса да оп-оңай алып кететін бұл кездегі Сейхун дариядан əлгі
адамның қалай жүзіп өткеніне жұрт жағасын ұстап таң қалды. «Адам емес, хан Ордасына
арнап келген бұл бір албасты болар» деді ішінен ғаламатқа сенгіш кейбір кемпірлер. Ал
тастап кеткен киімдерінен бұл келген жын да, албасты да емес, нағыз адам, адам болғанда
Дəшті Қыпшақтың өзінен шыққан, тіпті сонау Жайықтың арғы бетінен келген жау екеніне
ешкім де шек келтірмеді. Бұған киім үлгісі, көмкеруі, оюы куə еді.
Жағанды бүкіл ел-жұрт боп арулап қойып, жетісін бергеннен кейін, Жəнібек тағы
Қасымды өз ордасына шақырды. Қасым келгеннен соң, оның беліндегі қанжарды алды да,
қолына ұстап тұрған, Жағанның кеудесінен суырылған қанжармен екеуін баласының
алдына қойды.
Көрдің бе, екеуі бірдей, — деді Жəнібек, — саған осы екі қанжар қандай сыр айтып
тұр?
Бір шебердің жасағаны ма?
133
Одан бөтен?
Есіңізде ме, анам марқұмға Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтанға тимеймін деп
ант бергенімде менің қолымнан мынау қанжарды алып, «саған қадалар қанжар менің
жүрегіме қадалсын» деп еді ғой? Анамның сол тілегі орындалған тəрізді.
Рас, анаң адал жан еді. Адал жүрегінен тілеген тілегі орындалды. Топырағы торқа
болсын. Ал бұдан басқа бұл қанжардың лақтырылуынан не ұқтың?
Қанжар не сізге, не маған арналып лақтырылған.
Дұрыс айтасың. Бұл қанжарларды Мекеге барған Ноғайлы хандығының бір биі
Стамбулдан алып келген. Маған біреуін берген еді. Сен жеті жасқа толғаныңда əдейі беліңе
байлағам. Ал қалғандары сол Ноғайлы елінде болатын. Мына қанжарды лақтырған адам не
саған, не маған арнап лақтырды. Жəне өзі со жақтан келді. Бұдан не ұқтың?
Еділ бойындағы ағайындар да тек жатпайтын тəрізді ғой.
Дұрыс айтасың. Дəшті Қыпшақ жерітүйенің терісі тəрізді мол дүние. Əркім-ақ одан
бір ұлтандық жұлып алып қалуға құмар. Тегі Түркістанға тым көңіл бөліп кеткен тəріздіміз.
Біз бұ жақта əуре болып жүргенде, Еділ бойындағы Ноғайлы Темір би мен Астрахань
Ордасының əміршісі Қасым сұлтан да бос жатпағаны көрініп тұр... Қазан мен Қырым
хандарымен тіл табысқандай ма, қалай. Төрт жұрттың төртеуі де бізге дос емес.
Түркістанды аламыз деп жүргенде, олар Дəшті Қыпшақтың бүкіл батысын басып қалуға
дайындалып жатпағанын кім білсін. Жоқ, артыңды бекітпей тұрып алдыңды қармай берудің
жөні болмас... Қандай ақылың бар?
Ақылым өзіңіз ойлағандай: жау екі жақтан. Астананы екі жағыңа бірдей қарай алатын
жерге көшіру керек.
Оның Ұлытау ма?
Жоқ, Ұлытау екі жақтың дүбірінен де алыс. Бізге тегі қауіпті тұстан тақа алыс кетпеу
жөн. Дəшті Қыпшақ хандығы бұл жақтағы шекарасын қазір əжептəуір бекітіп алды. Енді
Сауранды жаулап алсаңыз өздері бүлініп жатқан Əбілқайыр мен Темірлан тақтарынан
бəлендей қауіп əзірге туа қоймас... Қауіп дүмпуі Ноғайлы жақтан. Дəл Ноғайлы хандығы
болмаған күнде де, ар жағында Түрік патшалығы бар. Біз о жақтан тым алыстап кеттік.
СығанақтыБұрындық сұлтанға қалдырып, хан Ордасын Жайық бойындағы көне қала
Сарайшыққа көшірген жөн.
Өзім де осылай болжап едім. Дəшті Қыпшақ хандығы болу үшін қарамағымызда Еділ,
Жайық, Жем, Торғай өзендерін жайлаған туыстардың бір бол-
ғаны жақсы. Ал олар біздің құрығымыздың мойындарына түсуіне тым шалғай жатқанын місе
тұтып, бөліне жайылып жүрген түрі бар... Оның үстіне ар жағында тағы қас жауларымыз
тұр...
Күзтоқсанның бас кезінде хан «Тағанақ кеңесін» шақырды. Бұл кеңес хан ұсынысын
дұрыс деп тапты жəне қыс түсе Сауранды қайтарып алуды мақұл деп шешті.
Жəнібек қыс түсе Сауранды басып алды да, келесі жылы жаз шыға Сығанақты
Бұрындыққа, СозақтыМахмұдқа, Сауранды үлкен баласы Жиреншеге тастап, өзі Жайық
бойындағы Дəшті Қыпшақтың көне қаласы Сарайшыққа көшті.
Баласы Қасым жөн айтқан сынды, егер тағы бір бес жылдай бұ жаққа көңіл бөлмегенде,
бүкіл Еділ, Жайық бойы Мұғажар тауына дейін Ноғайлы, Астрахань, Қазан, Башқұрт
хандарының үлесіне кетуі мүмкін екен. Оның үстіне Жəнібекті «бар қазақтың ханы» деп құр
атағаны болмаса, бұл арадағы рулар оның ықпалынан тым алыс жатқан-ды. Хан өзінің
тегеурінді мінезіне басып, тағы қауіп-қатерлі, кейде қан төгіссіз бітпейтін жаңа айқастарға
кірісіп те кетті. Енді ол өзіне арналған қанжардың неге батыстан лақтырылғанын ұқты.
Оңаша отау, жеке хан болуды арман еткен басшыларының азғыруы салдарынан Еділ,
Жайық, Елек, Жем, Торғай, Ор өзенінің бойындағы рулар Жəнібекке бағынудан айни
бастаған. Жəнібек өзінің он мың атты əскерін ерсілі-қарсылы дүбірлетіп, көк құрыш
алдаспанын найзағайдай жарқылдатып, енді оларды ойлануға мəжбүр етті. Осылай бұ
жақтағы қазақ руларының басын біріктіріп, Дəшті Қыпшақ хандығына күшпен бағындырам
деп жүргенінде балаларына тастап кеткен Дəшті Қыпшақтың күншығыс жағына Əбілқайыр
ханның кезінен де зор қауіп туғанын білмей қалды.
Əбілқайыр өзі өлместен бұрын Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтанды өзінің
бұрынғы атекесі Бай-Шайх ұйғырға тапсырған. Жəне оларға атеке етіп бұрынғы күкілташы
қосшы руынан шыққан Дəулет-Қожа бектің баласы Дарвиш-Хұсайын-Қарашыңды
тағайындаған. Бұл екеуі де Əбілқайырмен бірге Көк Орданы тігіскен ер жүрек, сенімді
134
адамдар болатын. Шайх-Хайдар өлгеннен кейін Əбілқайыр тағына отыру Мұхамед-
Шайбанидың кезегі еді. Өйткені оның əкесі Шах-Будақ сұлтан Əбілқайырдың үлкен баласы.
Ал өзі Шах-Будақтың Аққозыдан туған тұңғышы. Екі жылдан кейін, Махмуд-Сұлтан туған.
Екеуі де түрге келбетті, алып күшті, жас жолбарыс тəрізді ер жүрек жандар. Оның үстіне
екеуі де оқуға зирек, өнер-білімге жақын. Хан маңындағы адамдар түбі əлемге Сайбан
тұқымының атын шығарар осы екеуінің бірі болар деп жоритын. Бар үміттерін олар
Мұхамед-əкім эль Тарази тойында ақтағандай да еді. Осындай үміт күткен екі ханзаданы
Əбілқайыр қайтыс болысымен, əмірлер кеңесі «көзіңнің қарашығындай сақта» деп
Əбілқайырдың ең сенімді, ең ер жүрек батыры Қарашыңға тапсырған. Сол себептен бұл
батыр өзін осы екі ханзаданың өміріне жауапты санайтын. Жалғыз жанын құрбан етіп
оларды қауіп-қатерден сақтауға ант еткен.
Осы екі ханзаданы Шайх-Хайдар қаза болған ұрыстан алып шығысымен Қарашың
батыр Хаджитархандағы, яғни Астраханьдағы Жошының үшінші ұлы Құтлық-Темірдің
ұрпағы, Қасым ханға бірден тартқан. Мауреннахр жерінде жүрсе, тірі қалуларынан Қарашың
батыр күдіктенген. Астрахань тағына отыруға кезінде Əбілқайыр үлкен жəрдем берген
Қасым хан, қашып келген ханзадаларды құшағын жая қарсы алған. Қарашың батырмен
ақылдасып, Қасым хан Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтанды жаудан жасырып бағуды
Маңғыт руынан шыққан Темірбекке жүктеген.
Темірбек ханзадаларға тамаша құрмет көрсетіп, қызмет істей бастаған. Бұл жағдай
Əбілқайыр əулетіне жаны қас жауы, қай жерден қос бөрі шыға қалар екен деп құлағын түріп
отырған Айбақ ханға, моғол Ахмед хан мен Аббас бекке жеткен. Бұлар көп əскермен
Хаджитарханға қарай шыққан. Соғысуға күші жеткіліксіз Қасым хан Темірбек пен
Қарашыңды шақырып алып, екі ханзаданы Хаджитарханнан Мауреннахрға қашырған.
Жолай бұларға Əбілқайыр тағына берілген бірнеше сұлтандар, батырлар қосылып,
өздерін қоршап алған Айбақ ханның əскерімен соғысады. Осы айқас-
та Мұхамед-Шайбани, Махмуд-Сұлтан, Қарашың үшеуі ханның інісі мен бір баласын өлтіріп
қоршаудан шығады. Соңынан қуып жеткен Ахмед ханның қолбасшыларының бірі Қоныш-
Қыпшақ батыр басқарған мың адаммен айқасып, олардан тағы құтылып кетеді. Бұл айқаста
əсіресе Мұхамед-Шайбанидің інісі Махмуд-Сұлтан, Бахтияр сұлтанның балалары əлік пен
Хамзе, Əбілқайырдың баласы Сүйіншік аса ерлік көрсетеді.
Осы адамдармен ол Түркістан уəлиетіне келеді. Бұл мезгілдегі Түркістан уəлиетінің
əміршісі Ұлықбектен туған Мираншох-мырзаның немересі, Сұлтан Ахмед, Яссы қаласының
хакімі моғол Мұхамед-Мазит-тархан, Отырардың хакімі оның баласы Құлмұхамет-тархан,
Ташкент уəлиетінің əміршісі Сұлтан Махмуд-тархан көптен көп Көк Ордаға мейлінше дос-
жар адамдар. Бəрінде де қазақ хандары жеңіп, билігімізден айырылып қаламыз ба деп зəре
жоқ. Бұларға хакімі əмір əбдуəли-тархан, қосшы əміршісі Ақсофы батыр қосылып, Мұхамед-
Шайбани мен Махмуд-Сұлтанды ту қылып көтеріп, құрып кеткен Көк Орданың шаңырағын
қайта көтеруді ойлаған. Бұлар Мұхамед-Шайбаниды Дəшті Қыпшаққа хан етіп көтеріп,
өздерінің қастары қазақ пен Жағатай хандарына қарсы күш етіп пайдаланбақ болды.
Осындай саясаттың арқасында осыдан екі-үш жыл бұрын қашқын боп жүрген ханзадалар
Дəшті Қыпшаққа қауіпті күшке айналды. Оның үстінде Мұхамед-Шайбанидың өзінің жеке
басының қасиетін, ер жүректігін, ақылдылығын, оқығандығын қоссақ, шынында да, Дəшті
Қыпшаққа бүгін болмаса ертең нағыз қатерлі күн тууы сөзсіз еді. Осы қауіп іс жүзінде
айқындала бастады. Бұрындық Сарайшық жағына серуендеп кеткенде, Мұхамед-Шайбани
Сығанақты басып алды. Мұхамед-Шайбани жаққа шыққан қала ақсақалдары көмегімен,
осының алдында ғана Яссыға жорық салып, ештеңе өндіре алмай келген Жиренше сұлтанға
да Саураннан айрылу қаупі туды. Көп кешікпей ол да Саураннан айырылды.
Ақ Орданыңқазақ Ордасының екі бірдей бұрынғы астанасын жоғалтуы Жəнібек пен
Бұрындыққа, Жəнібектің баласы Махмұд-Қамбар, Қасымдарға Дəшті Қыпшақтың
күншығысында қандай қауіптің туғанын анық көрсетті.
Бұл əрекеттердің бəрі де, тоқ етерін айтқанда, күшейіп келе жатқан қазақ елін қайтадан
басқа ұрып, кейін шегіндіру еді. Түркістан өлкесін кім алса, Дəшті Қыпшаққа сол үстемдігін
жүргізеді. Осы себептен Түркістан қалаларының маңайында тағы төрт хандық түйісіп,
қырғын басталуға жақын қалды.
Қазақтар Түркістан өлкесі арқылы өзінің ежелгі жері мен қалаларын қор-
ғап, хандық дəрежесін жоғалтпағысы келсе, Моғолдар бұл өлкені өздері басып қалып,
Жетісудан қазақ елін тайдыруды ойлады. Ал Темірдің быт-шыт бола бастаған əмірлері
135
Түркістан арқылы өздерінің бұрынғы Ақсақ Темір кезіндегі патшалығын сақтап, Дəшті
Қыпшақты қарамағында ұстап, сауда-саттығын өркендетуді арман етсе, Əбілқайыр
тұқымдары бұл өлкені қолына алып, бүкіл Дəшті Қыпшақты қайтадан басқармақ болды.
Осындай қарама-қарсы келген төрт ниеттің тағдыры осы Түркістан өлкесіне кеп тірелді.
Мұндай жағдайда Жəнібек Жайық бойында қала алар ма? Кеше ғана өзі қожа бола бастаған
Түркістаннан айрылғысы келмеді. Түркістаннан айырылуы қайтадан қазақ хандығын
жоғалтуы еді. Сондықтан Жəнібек Сарайшықты тастап, қайтадан бұрын-
ғы қонысына көшуді ойлады. Түркістанды жаулап алу үшін құр ғана əскер емес, ол жерді
жайлайтын, бауыр басып қалатын ел керек. Сол себептен де ұлы жырау Асан Қайғының:
«Қырыңды киік жайлаған,
Суында балық ойнаған.
Оймауыттай тоғай егіннің
Ойына келген асын жейтұғын
Жемде кеңес қылмадың.
Жемнен де елді көшірдің
Ойыл деген ойыңды
Отын тапсаң тойынды
Ойыл көздің жасы еді,
Ойылда кеңес қылмадың,
Ойылдан елді көшірдің»,
деп толғай ұрысуына қарамай, хандығының келешегін ойлаған Жəнібек бұл жолы да өз
айтқанынан қайтпады.
Жəнібек жорық үшін қайтадан қоныс етпек болған Шу, Сарысу бойын Асан Қайғы
жамандап: Мына шіркіннің екі жағы борбас екен; баланың іші қуырылмайтұғын, пышағы
қынынан суырылмайтұғын, еркегі ат болатын, ұрғашысы жат болатын жер екен» деп, не
болмаса Жəнібектің көп елі жайлай бастаған Қаратауды көріп: «Көкектен басқа құсы жоқ,
көк шөптен басқа ісі жоқ, жер азғыны мұнда екен, қатыны семіз, ері арық ел азғыны мұнда
екен, аты бестісінде қартаятұғын, жігіті жиырма бесінде қартаятұғын жер екен» деп Еділ мен
Жайық бойын тастамауды айтса да, Жəнібек көнбеді. Түркістаннан айрылса, Дəшті
Қыпшақтан айрылатынын, Ордасы жоқ, ошағы жоқ, азық-түлік, сауда-саттығы жоқ, бөтен
жұртпен байланыс жасай алмайтын көшпелі елді күншығысындағы Əбілқайыр ұрпағы мен
Темірлан тағы, күнбатысындағы Ноғайлы, Астрахань, Қазан хандықтары бөлшектеп жұтып
жіберетініне көзі жеткендіктен өз дегенінен таймады. Ол енді ештеңеге қарамады. Өз
жолының жөн екенін біліп тұрғандықтан, Асан Қайғының дегеніне көнбеді. Бүкіл жұртты
шұбырта тағы көшті. Келе сала Сығанақ үшін Мұхамед-Шайбанимен соғысуға дайындалды.
Бірақ бұл кезде Мұхамед-Шайбани əжептəуір күшейіп алған-ды.
Екі жақ Сауран мен Яссының ортасындағы кең жазық далада кездесті. Бұ жолы ешкім де
жекпе-жекке шықпады. Жəнібек бастаған қалың əскер екінді кезінде Мұхамед-Шайбанидың
шебіне ат қойды. Жау жағы да қарсы шапты. Бірақ Мұхамед-Шайбани қулығын асырды.
Қазақ əскерінің мақсаты қан майданда жауын жалпы жеңу болса, Əбілқайыр Ордасының
ойлағаны хан Жəнібекті құрту еді. Бетпе-бет кеп тұра қашқан бір топ əскерді қуа түскен
Жəнібек пен батыр Саян кенет өздерінің Мұхамед-Шайбани мен Ақсофы батыр басқарған
қосшы омағының ер жүрек он сан жауынгерлерінің ортасына қалай түскендерін білмей
қалды. Алпыстан асқан Жəнібек қанша айбын көрсеткенімен, Мұхамед-Шайбанидың
қасындағы алып күшті жас батырға қарсы тұра алмады. Бетпе-бет келіп қалғанда, ананың
қос қолдап ұрған шоқпарының салмағымен омырт-
қасы үзіліп ат-матымен жер құша омақата құлады. Осы кезде сəл соңынан келе жатқан
батыр Саянның да жігіттері жолындағы жау шебін қамыстай бытырлатып жетіп үлгерді.
Жолбарыстай ақырып бір тобы Мұхамед-Шайбаниға ұмтылды. Бірақ бір арманына жеткенін
көзімен көрген хан баласы ұпайым түгел дегендей, бұларға бұрылып та қарамастан
астындағы жел жетпес күрең атына қамшыны үсті-үстіне басып, өз тобына қарай құйындата
жөнелді. Ал батыр Саян жерде жатқан хан денесін алдына өңгеріп алып, екінші жағынан
келіп қалған жау тобынан сытылып шыға берді. Сөйткенше түн болып қараңғылық түсті.
Ұрыс тоқталды. Ай туа əскері ойсырап қалған Мұхамед-Шайбани, таңертеңгі ұрысқа төтеп
бере аламайтынына көзі жетіп, Яссы қаласына барып бекінбекші боп кейін шегінді.
Ханы өлген қазақ əскері жауының соңынан қумады. Жəнібектің денесін ақ кигізге орап,
ақ түйеге артып, екінші баласы Махмұт билеп тұрған Созаққа беттеді. Қайғылы ел күңірене
күрсініп, алғашқы ханның бірі Жəнібекті ардақтап ақырғы сапарына шығарып салды.
136
Əбілқайыр жатқан Жуантөбедегі көк күмбезді мазардың жанында тағы бір салтанатты
алтын айлы мазар пайда болды. Тірі жүргендерінде бүкіл Дəшті Қыпшақтың кең даласына
сыймаған қос тарлан, енді он шаршы құлаш жерге қатарласа көмілді. Өмір татуластыра
алмаған екі ханды, енді өлім татуластырды.
Жəнібектің қырқын берісімен ел жиылып, кезегіне қарай Керейдің өзге ұлдарынан батыр
туған Бұрындықты ақ кигізге көтеріп хан сайлады. Бұрындық хан болысымен Əбілқайырға
еліктеп жұртты отырықшылыққа бейімдей бастады. Бөген мен Шілік өзенінің түйіскен жеріне
өзінің астанасы Бұрындық деген қала салуға кірісті. Екі жағында екі өзен, түйіскен жерінің
алдыңғы жағынан қамал жүргізді. Бірақ бұл қаланы салып бітіре алмады. Самарқантқа
қашқанында əдейі кісілер жіберіп өртеп кетті. Бұл арада осы күнге дейін жұрт Бұзық деп
атап кеткен қорғанды қала орны əлі тұр. Бұрындық хан болған дəл осы күндері Ташкент,
Яссы, Отырар шаһарларын билеп отырған моғол хакімдері мен Темірлан əмірлерінің жинап
берген əскерлерін басқарып Мұхамед-Шайбанидің інісі Махмуд-Сұлтан Созаққа аттанды. Бұ
жолы да қырғын ұрыс болды. Қан судай ақты. Тағы да Əбілқайыр балалары жеңіліп кейін
шегінді. Бірақ Махмуд-Сұлтан Созақ билеушісі, Жəнібектің ортаншы ұлы Махмұт-Сұлтанмен
жекпе-жекке шығып, найзамен үстіңгі ерні мен мұрынын алып түсті. «Шайбани-намеде»
айтқандай, «тағдыр басындағы бар ақылын мұрнынан қан етіп ағызды». Бірақ аттан құлап
түскен Махмұт сұлтанды қазақ жауынгерлері жау қолына қалдырмай бірден ат қойып аман
құтқарды.
Бір халықты өзбек, қазақ деген екі елге бөліп алған хандар тартысы шиеленісе түсті.
«Бұл тартыстың аяғы немен тынбақ?» — Өзгеден гөрі Қасым сұлтан көбірек ойланды.
Күрестің алғашқы кезеңі аяқталған тəрізді. Анасының анты орындалып, өзін Қасым үшін
құрбан етті. Ал əкесі Жəнібек, он жыл бұрын айтқанындай, Мұхамед-Шайбанидың өзінен
болмаса да, оның жауынгер батырынан қаза тапты, туған ағасы Мұхамед-Шайбанидың інісі
Махмуд-Сұлтаннан бет-аузы адам қарағысыз боп жараланды... Бəрі осыдан он жыл бұрын
анасына ант берген күніндегі əңгімедей болып шықты. Осындай тартыс қанды кекке
айналып бара жатқан жағдайда, енді өзі сондағы анасына берген антын орындай алар ма?
Қасым ауыр күрсінді. «Жоқ, жоқ қайткен күнде де антты орындауы керек. Анаға берген
сөзін бұзса қарғыс атады...»
əрине Бұрындық ханның əскери басшысы болып жүргенде бұл антын бұзбайды, ал егер
ертең алтын тақ-айдаһардың үстіне отыруға тура келсе қайтеді? Апалы-сіңлілінің балалары
түгіл, бір анадан, бір əкеден туған егізді айыратын, бірін-бірі бауыздататын қанқұмар алтын
тақ-айдаһар Қасым сұлтанды бүгінгідей өз еркіне қояр ма?
əй, қоймас. Алтын таққа отыруөз басыңның айдаһарға айналуымен тең емес пе?
Тең, сөз жоқ тең.
Биылғы жыл Қасым сұлтанға ауыр тиді. Бұрындықтың орынсыз жұмсауымен
дайындықсыз тиісіп бір-екі рет Мұхамед-Шайбаниден жеңіліп қалды. Оның үстіне хан
тұқымын қанаушы санаған «Жалғыз көз» батыр, əлділерден опық жеген малшы-
жалшыларды жинап, Қасымның да екі қос жылқысын айдап əкетті. Сыр бойының төменгі
жағындағы балықшы ауылдарға апарып үлестіріпті деген сыбыс та құлағына жеткен. Бірақ
Қасым жылқысын іздеп ол ауылдарға аттанбады. Өйткені, дəл осы кезде ең жақсы көрер
əйелі Ханық-Сұлтан Ханша ұл тапты. Атын Қасымның өзі Хақназар қойды.
Көп қатын алатын хан тұқымы балаға зар болмайды. Бірақ Қасым осы Хақназарға өте
қуанды. Өзінің ізін басар қазақтың əйгілі ханының бірі боларын білді ме, күндік жерден ат
шаптырып ұлан-асыр той істеді. Орақ барымталап алған көп жылқысын енді ол сонау
балықшы кедей ауылдарға ұлым үшін берген садақам деді.
ІV
«Екі көз бірін-бірі шұқымасқа аллатағала ортасына мұрынды жаратқан» деп қазақ босқа
айтпаған. Бұрындық таққа отырып, Қасым сұлтан əскербасы, яғни əмір-эль-умера болғаннан
кейін, көп кешікпей-ақ араларында қайшылықтар туа бастады. Негізгі ала ауыздық
Бұрындық пен Қасымның қазақ хандығының келешек саясатының қандай болуы керек,
деген мəселедегі екеуінің көзқарасынан туған. Оның үстіне Əбілқайыр Ордасын қайта
тұрғызуды көздеген Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтан жайындағы араларындағы
алалығы қосылды.
137
Аңғал батыр, қысқа томыратын морт мінезді Бұрындық қазақ хандығының келешегі тек
соғыста деп ойлаған. Жасынан жауынгершілікті мұрат еткен, тоң мойын, өз дегенін дүниенің
тетігі көретін қайсар хан қазақ хандығының күшею жолы тек көрші елдерді шабуда деп
ұққан. Сондықтан ол өзі де үнемі ат үстінде болып, өзгеден де соны тілеген. Ал Қасым
бөтен пікірдің адамы. Оның ойынша қалың қол, соғыс тек жаудан өз жеріңді қайтарып алу
үшін ғана керек. Қазақ хандығының күшею жолы үнемі соғысуда емес, алдымен өзіңе
ешкімнің тісі бата алмайтын айбарлы, қой үстінде боз торғай жұмыртқалататын бейбітшілікті
арман еткен ел болуда деп түсінген. Осындай ойдағы Қасым үнемі жорық, үнемі
шапқыншылық халықты жүдетеді десе, Бұрындық «жоқ, олай емес, жаудың жер, суын
тартып алып, дүниесін тонау ер жүректі қазақ жігіттерін байытады, ал жорық, ұрыс тек
халықты шынықтырады, сақылдаған аяз бен бұрқыраған боранда өскен көкжал қасқырдай
қайтпас қайсар етеді. Бұндай елге ешкім де беттей алмайды. Ал жауы қорыққан елдің
хандығы да берік, айбынды келеді. Сол себепті қазақ елінің ең мықты саясаты соғыс болу
керек» деп тұжырған. Хан билігіне бағынбауға қақы жоқ əскербасы Қасым лажсыз
Бұрындықтың бұйрығын орындап, жұмсаған жорықтарына баруға мəжбүр болған. Осындай
орынсыз жорықтардың кейбіреулерінде жауына күші жетпей жеңіліп те қалатын. Əрине,
Бұрындықтың мұндай қылықтары Қасымның көңілінде оған деген наразылық тудырды. Ал
Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтанға келгенде, Бұрындық екеуін тезірек құртуды тілесе,
Қасым қос бөрінің бетін Түркістан өлкесінен қайтарып, Ақсақ Темір хандығына қарсы
жұмсауды көздеді. Əбілқайырдың көптеген əмір, сұлтан, мырзалары Мұхамед-Шайбани мен
Махмуд-Сұлтанды жақтайтынын түсінетін Қасым, қазақ елінің айбынды жауы Ақсақ Темір
Ордасын құлату үшін, іріткіні жау тобының өзінде шығарсақ деген тілекті құптады.
Мауреннахрдағы Моғол, Жағатай тархан, мырза, əмірлерін күшейтуден көрі, Мұхамед-
Шайбани мен Махмуд-Сұлтанды өз жағына шығарып, аналарға қарсы пайдалануды дұрыс
көрген.
Бұл мəселеде хан мен оның əскер басының арасында оңай өте алмас тұңғиық пайда
болды. Егер бұлар тіл тауып, бір шешімге келмесе, бұл тұңғиық екеуін бірдей батырып
кететіні сөзсіз еді. Өйткені қас жауыңа достық көзбен қарауеліңді сатумен тең қылмыс.
Бұрындық ойынша Қасым сол қылмысқа таяу жүр. Əрине, мұндай жағдайда арасындағы
ала ауыздық екеуіне бірдей қатер.
əйткенмен бұл түйінді қос бөрінің өздері шешті.
Мұхамед-Шайбани Ташкент билеушісі жағатайлық Сұлтан-Махмуд хан мен Самарқант
əміршісі əбусейіт ханның арқасында Сығанақ, Ақрұқ, Үзгентті алғаннан кейін, бұл
жеңістеріне қанағат тұтпай Хорезмге аттанды. Жолай Тырсақ бекінісін шауып, өзінің
ағрұғын1 осы арада қалдырып, Хорезмді қоршады. Хорезмді əне аламын, міне аламын деп
тұрғанында, кенет қалаға Қорасан əміршісі жағатайлық Сұлтан-Хұсайын мырза жіберген
жиырма мың əскер көмекке келді. Мұхамед-Шайбани амалсыз кейін қайтты. Дəл осы кезде
Ташкент билеушісі Сұлтан-Махмуд хан кеп Отырар уəлиетін басып алды. Ол үлкен той
жасап, мəңгілік одақтас боламыз деп достасып, Отырарды Мұхамед-Шайбаниға басыбайлы
беріп, өзі əскерімен Ташкентке қайтып кетті.
Түркістанның Сығанақ, Отырар, Ақрұқ, Үзгент секілді негізгі қалаларын қолына оңай
түсірген Мұхамед-Шайбани, енді əскер жинап Сауранды басып алмақ болды. Бұны естіген
Яссы мен Отырардың əкімі Мұхамед-Мазит тарханның баласы Құлмұхамет-тархан қарсы
тұруға күшінің жетпейтінін біліп, үй ішін, нөкерлерін, өзіне берілген адамдарын алып Яссыға
қашты. Қала бос қалды. Сауранның ақсақал, бек, саудагер бас адамдары жиналып қаланы
енді Мұхамед-Шайбанидың інісі Махмуд-Сұлтанға бермек болды. Олар «Шайбани
намеде» айтқандай: «Келіңіз, бұл үйде ешкім жоқ» деп хат жазып, кісі жіберді. Махмуд-
Сұлтан бос жатқан қала билігін өз қолына алды. Мұны естіген Мұхамед-Шайбани
Отырардан інісін құттықтауға Сауранға келді. Бірнеше күнін той-думанда өткізіп, Отырарға
қайтпақ болды. Бірақ інісі Махмудқа: «Саған қаланың басты адамдары Сауранды лажсыз
берді. Егер бұл шаһарға шын қожа болғың келсе, қаладан оларды тезірек қу» деп ақыл
берді. Махмуд-Сұлтан ағасының дұрыс ақылына көнбегенінің сазайын тек артынан тартты.
Мұхамед-Шайбанидың бағы күннен-күнге көтеріле түсті. Шайх-Хайдар қаза тауып,
Əбілқайыр Ордасы құлаған кезде əрқайсы өз ұлыстарына, шаһарларына, уəлиеттеріне
тарап кеткен баһадурлар, əмірлер, бек, мырза, сұлтандар қайтадан Мұхамед-Шайбани
1 А ғ р ұ қкөне түркі тілі, əскер соңындағы көш. Азық-түлік артқан керуен, кейде жорыққа бірге ала жүретін
гарем, хан қызметкерлері.
138
маңына жинала бастады. Мұны көрген Яссы қаласының хакімі Мұхамед-Мазит-тарханның
зəресі енді шын ұшты. Айбақ хан мен Ахмед ханнан қорқып, сонау Астраханьнан қашып
келген Мұхамед-Шайбаниға құшағын жайып құрмет көрсеткенінде, ол қойнына қандай
шұбар жыланды салып алғанын енді түсінді. Мұхамед-Мазит-тархан қойнына өзі салған осы
жылан қанша кішкентай, əлсіз болғанмен де, өзінің қан құмарлығын істеді. Он-он бес
жылдың ішінде қауырт өсіп, кəдімгі он кез қара шұбар айдаһарға айналды. Енді Мұхамед-
Мазит-тарханның қойнына сыймақ түгіл, өзін жұтуға ыңғайланған жайы бар. Айдаһардың
алғашқы ысқырынуынан зəре-құты қалмаған тархан жанымды қайтсем сақтап қаламын деп,
жедел шара қолдана бастады. Егер дер кезінде Мұхамед-Шайбаниды тоқтатпаса, бір күні,
əбден күшейіп алғаннан кейін, Яссыны да тартып алатынына шек келтірмеді. Ол ең
алдыменен жанындай жақсы көретін он төрт жасар кенже қызы Ғибадат-Бегімді, қасына
бірнеше батыр нөкерлерін қосып, баласы Күлмұхамед-тарханмен бірге, Самарқантқа
жүргізеді. Бұл көшпен бірге бар қымбатты дүние-мүлкін де жіберді. Түркістан уəлиеті
бұрынғы дəстүрі бойынша əлі де Темір Ордасына бағынды. Ал Самарқант болса, бұл
Орданың астанасы. Тархан Самарқантты күшті санайтын. Қызы мен баласы, дүние-мүлкі
Самарқантта тұрса, Мұхамед-Шайбанидың қолы жетпейді деген пікірге келген. Сол себепті
де көшті тезірек жүргізуге асыққан. Бірақ бұл көштің шыққанын Мұхамед-Шайбани жағының
адамы Маңғыт Орыс бек естіп қалады. Жиырма батыр, екі жүз сыпаймен келіп шабуыл
жасайды. Күлмұхамед-тархан қасындағы серіктерімен жан аямай жауымен ұрысады.
Бірнеше адамды найзалап өлтіреді. Бірақ ақырында жеңіліп, өзі қашып құтылады.
Орыс бек Мұхамед-Мазит-тарханның қызы мен дүние-мүлкін Мұхамед-Шайбаниға əкеп
тапсырады. Жауының дүние-мүлкін хан бұл ұрысқа қатынасқан Орыс бектің жігіттеріне бөліп
береді. Ал Мұхамед-Мазит-тарханның бар мал-мүлкінен қымбатты, ең асыл қазынасы əлі
құрық көрмеген құлындай асау қызын, түкті кеудесінің астына салып, бесінші қатыны етеді.
Бұл қорлыққа шыдай алмаған Мұхамед-Мазит-тархан Бұрындық хан мен Жəнібектің
балаларына бірігіп Мұхамед-Шайбаниды шабайық деп кісі салды. Бұрындық пен Қасым бұл
тілекті қабыл алды. Мұхамед-Мазит-тархан
үшеуі кеуделеріне құран басып, күшейіп келе жатқан Мұхамед-Шайбаниға қарсы тұрып,
Түркістан уəлиетінен қумақ боп ант берісті. Содан кейін олар қалың қолмен келіп Сауранды
қоршады. Жақында ғана бұл қалаға əмірші болған Махмуд-Сұлтан қала бекінісін жедел
күшейтуге кірісті. Бірақ бұл кезде Қасым сұлтанның ақылы бойынша Мұхамед-Мазит-тархан
кешегі өзінің баласы Күлмұхамед-тархан билеген Сауранның қала басшыларыақсақал,
бек, рабат ұстайтын белгілі адамдарына, қаланы бүлдірмей, қан төгіспей берсе, көп
жақсылық істейтінін айтып хат жазды. Ақсақалдар жасырын жиналып, Сауран бұрын қазақ
хандарынікі еді ғой. Бұрындық ханға берейік деп шешеді. Бұндай құпия сырдан хабары жоқ
Махмуд-Сұлтан қамал басында шаруа істетіп жүргенінде, ақсақалдар бірнеше сыпайлармен
келіп, тал түсте оны тұтқын етеді де, қала қақпасының кілтімен бірге Сауранды шапқалы
келген Қасым сұлтанның қолына тапсырады. Бұрындық хан мен Қасым сұлтанның
арасындағы қырғи қабақтық міне осы Махмуд-Сұлтанның қолға түсуінен бастап
бұрынғысынан да шиеленісе түседі.
Қасым сұлтан мен Мұхамед-Мазит-тархан Сауранға кіргеннен кейін, Ақ Орданың бір
кездегі екінші астанасын қайтып алғандарына шаттанып, жеңіс тойын тойламақ болды. Бұл
тойға Бұрындық хан да келді. Қырмызы кілемге бөленген Махмуд-Сұлтанның диван
сарайына орналасып, ақ мамық жастықты шынтақтай, күміс тай кесемен кестамды 1 сіміріп
отырып, өзінің өр мінезіне салып, ол нөкерлеріне лепіре:
Махмуд-Сұлтанды алып келіңдер, — деп бұйырды.
Махмуд-Сұлтанның орнына əмір-эль-умера Қасымның өзі келді.
Махмуд-Сұлтанды неге əкел дедіңіз, тақсыр хан? — деді Қасым, ханға диван
дəстүрімен тəжім етіп болғаннан кейін.
Тыныш жатқан қазақ елін шапқан да Махмуд-Сұлтан батыр ғой, — деді Бұрындық
Қасымға жауар бұлттай түйіле қарап. — Батырлық əлде қатындық мінез көрсетер ме екен,
көз алдымда оның басын алдыртайын деп едім.
Қасым даусын көтермей салмақты үнмен жауап берді.
1 К е с т а мкөне түркі елі дайындаған ішімдік.
139
Басыбайлы сатып алған құл, не болмаса құнсыз кетер қан майданда кездескен ұл
емес қой Махмуд-Сұлтан... Ол Əбілқайыр ханның немересі, Махмуд-Шайбанидың жалғыз
інісі. Оның басын алу үшін Тағанақ кеңесі жиналмаса да, Тұрымтай кеңесі жиналуы керек.
Құлаған тезек қаптай боп, дөңкиіп ақ мамық жастықты шынтақтай жатқан төртбақ
Бұрындық, кенет тез қимылдап шарт жүгініп отыра қалды. Қалың қабағы түксиіп, қанды көзі
шатынап:
Махмуд-Сұлтан үшін Тағанақ кеңесі де, Тұрымтай кеңесі де мына мен өзіммін, — деді
ол.
Қасым əлі де болса ашуын баса, өзін-өзі тежей сөйледі.
Олай болса, марқабатты тақсыр хан, менің де əмір-эль-умера екенімді есіңізге
алсаңыз деймін. Махмуд-Сұлтан менің олжам жəне менің шешем Жағанның апасы Аққозы-
Бегімнен туған бөлем. Білгіңіз келсе, менің екі туып бір қалғаным...
«Иə, солай екен ғой» дегендей Бұрындық төмен қарады. Енді оның даусы сəл
сылбырлау шықты.
Сонда не қыл дейсің? Мойнында қазақ батырларының талай қаны бар Махмуд-
Сұлтанды босатып жібер демексің бе!
Босатып жібер деп отырғам жоқ. Бірақ Махмуд-Сұлтанның тағдырын шешу үшін Хан
Кеңесі керек демекпін. Ал қазір Хан Кеңесін шақыратын мезгіл емес! Менің ертөлелерім
əкелген хабарлар бойынша, Мұхамед-Шайбани қазір Яссы шаһарын қоршап алған көрінеді.
Мұхамед-Мазит-тархан дер кезінде қаласына қайтқан. Яссы шаһары мықты бекініс.
Мұхамед-Шайбани оны оңай ала алмайды. Хан о жақта əуре боп жатқанда, біз қан төкпей
Отырарды басып қалуымыз керек. Ертең аттанғанымыз жөн.
Қасымның оп-оңай тағы бір мединаны аламыз дегені Бұрындыққа ұнады. Бірақ өзінің
қайсар мінезіне салып:
Жақсы, Отырарға аттануға дабыл қақ, — деді. — Демек есіңде болсын, Махмуд-
Сұлтан мойынына түскелі тұрған қыл шылбырдан бəрібір құтыла алмайды.
Оны дер кезінде көрерміз.
Қасым сұлтан басын иіп ханға құрмет көрсетті де шығып кетті. Бұрындық өз дегені
болмаса, бөтеннің айтқанына көне бермейтін. Ал Қасымның сөзіне тіпті көнгісі келмеді. Енді
бір ыңғайы түскенде ол əскер басы етіп өзінің екі ағасы мен бір інісінің біреуін қоюды ойлай
қалды. Түбі Қасыммен тату-тəтті бола алмайтынын да білетін. Қазір Бұрындық «Қасымнан
қалай тез құтылам» деп бір тұңғиық қайғыға бата берді.
Қасым өз сарайына келгеннен кейін батыр Саянды шақырып алды. Жəнібек өлгеннен
бері батыр Саян сұлтанның ең сенер досы, жақын адамы болып ал-
ған. Қауіпті, құпиялы іске Қасым тек батыр Саянды ғана жұмсайтын. Қандай қиын тапсырма
болса да, анау оны бұлжытпай орындап келген.
Жиен аға, — деді сұлтан өзінің дəрежесіне қарамай, ананың төрт-бес жас үлкендігін
есіне ұстап, — тағы бір қауіпті істі тапсырғалы тұрмын.
Туғалы қауіпсіз бір күнім өтіп көрген жоқ, тапсыра бер.
Тапсырсам... — Қасым сəл күмілжи сөйледі, — бұл ара Махмуд-Сұлтан-
ға қатерлі... Оны Созаққа апарып, біз Отырардан қайтып келгенше тұтқын етіп ұстау керек...
Енді батыр Саян күмілжи сөйледі.
Қиын іс екен... Махмуд-Сұлтанды Созаққа апаруажалына апарумен тең ғой. Созақ
ағаңыз Махмұт-Сұлтанның қолында ғой. О кісі бетін Махмуд-Сұлтанның қалай жаралағанын
ұмыта қойды ма екен?
Жекпе-жекте болған іс кекке айналмауы керек.
Ет жарасы біткенмен, ер жарасы оңай біте ме?..
Егер Махмуд-Сұлтанды сақтай алмай қалсам қайтем?
Сақтау керек. Нағашы апам Аққозыдан туған Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-
Сұлтанға өздері маған бірінші боп ажал ойлағанша, менен жамандық болмайды деп анама
берген антым бар.
Жақсы. Антыңды адал сақтауға қолымнан келгенімді аямаспын. Бірақ шеше жағынан
сендерге жиен болғанмен, əке жағынан Рабиу-Сұлтан-Бегімнің інісі екенімді білмейсің бе?
Білемін. Оны неге сұрадың ?
Рабиу-Сұлтан-Бегімнен Сүйіншік сұлтан туған жоқ па?
Иə, туған.
Сүйіншік сұлтан Мұхамед-Шайбани жағында екенін ұмыттың ба?
140
Ұмытқам жоқ. Иə, сосын?
Сосын дейсің бе? Сосыны қиын боп тұр ғой. Егер алда-жалда Махмуд-Сұлтан қашып
кетсе, мен сендердің қас жағыңның адамы болып шықпай-
мын ба?
Сен Махмуд-Сұлтанды қашыр-қашырма, Мұхамед-Шайбанидан адал екеніңді білемін.
Сол адалдығыңа кір келтірмес үшін, бар қолыңнан келеріңді аямайтыныңа да сенемін. Соны
білгендіктен осы қиын істі əдейі өзіңе тапсырып отырмын.
Менің ерлігімді, адалдығымды бөтен іспен сына... Əлі де болса бұны басқа адамға
тапсыр.
Басқа адамның ыңғайы жоқ. Ең сенерім өзіңсің. Сенің жақын адам екенің тұтқынға
аян. Кесірлік істемейді, айтқаныңа көнеді. Көнбесе көндір. Түбі біз оны ажалдан алып қалып,
еліне қайтаруымыз керек.
Онда неге қашырып жібермеймін?
Қашыруға болмайды. Бұрындық оны менен көреді. Махмуд-Сұлтанның тағдырын Хан
Кеңесі шешсін, Хан Кеңесі ажалға қимас...
əрине, мұндай жағдайда күні бұрын Махмуд-Сұлтанға да сыр бермеуім керек болар...
Хан Кеңесінің аты Хан Кеңесі, сен құтқарғың келгенмен, ол қалай шешеді. Бұрындықтың да
айтқаны өтіп кетуі ғажап емес қой!
Иə, ал өзіңнің бар борышыңбіз Отырардан қайтқанша Махмуд-Сұлтанды аман
сақтау.
Саян жымиып күлді.
Оңай борыш екен! Жақсы, қолдан келгенін аямаспын. Қашан жүрейін.
Бүгін. Сақтықта қорлық жоқ, Махмуд-Сұлтанды кісендеулі ұстарсың.
Жақсы.
Сол күні түнде қол-аяғы кісендеулі Махмуд-Сұлтанды Созаққа жүргізіп жіберді де,
ертеңіне Бұрындық пен Қасым қалың əскерін соңдарынан ертіп Отырарға аттанды. Бұдан
екі тəулік бұрын Мұхамед-Шайбани тыңшылары арқылы Бұрындық ханның Отырарға
аттанғалы жатқанын естіген. «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлағынан айырылыпты»
дегендей, Яссыны аламын деп жүргенде өз бекінісімнен айырылып қалармын деп, жедел
жүріп Отырарға жетіп үлгірген. Отырардың бекінісі Яссыдан да берік соғылған. Қаланы
қоршаған биік қамал, етегінде терең қазылған жалпақ ор. Қамал шеттері, жоғарыдан садақ
атуға ыңғайланып істелген үзеңгі тесік. Төмендегі жау садақ оғын қанша атса да ар
жағындағы адамға тигізе алмайды. Үзеңгі тесікке дəл тиген күнде де, жуан қиғаш
қабырғаның не төменгі, не жоғарғы жағына барып қадалады. Ал қамалды бұзу тіпті мүмкін
емес. Биіктігі қырық, жуандығы жиырма құлаш, қаттылығы тастан кем емес сұр балшық
шымнан құйылған... Бір жыл қаладан ешкімді шығармасаң да ішіндегі азық-түлігі жұртқа
жетеді. Отын-суы да мол. Үй ара қазылған шыңырау құдық. Қамал тұрғындарына қарағанда
сырттағы жаулап алуға келген Бұрындық пен Қасым əскерінің халі анағұрлым нашар.
Қылтаңы жоқ құба жон. Көктен күйдірген күн, көріктей үрген ыстық жел. Дариядан бұрылған
су да лайлы, ішсең таңдайыңа топырақ дəмі тұрып қалады. Шай қайнатсаң ғана сусынға
жарайды. Оның үстіне осыншама əскерді ұстау үшін қаншама азық-түлік керек. Бір ай
өткесін-ақ жұрттың елдеріне қайтқысы келе бастады. Бірақ бір беткей Бұрындық көнбеді.
Қала ішіндегі жасырын адамдары арқылы Мұхамед-Шайбанидың əскерінің аз екенін
бұрыннан да білетін. Ол енді қамалдың астын қазып, қалаға кіретін үңгір-жол жасатуға
кіріскен. Бүгін-ертең бітіп те қалар. Ал қалаға бір кірсе болды, Мұхамед-Шайбаниды қолға
түсті дей бер. Махмуд-Сұлтан тұтқында, енді Мұхамед-Шайбаниға қолы бір жетсе болғаны,
қос бөрінің ыстық қанын бірден ішіп, жауынан кегін алмақ. Оларды өлтірсе жері кеңімек.
Бірақ Бұрындықтың бұл ойы болмай қалды. Қазақ əскері жер астын үңгірлеп, өзімен өзі əлек
болып жатқанда, Отырарға жəрдемге Ташкенттің əміршісі Сұлтан-Махмұд хан жіберген үш
мың əскер келді. Бұл əскердің таң ата қаланың солтүстік қақпасынан кіріп кеткенін
Бұрындық пен Қасым ертеңіне бір-ақ білді. Енді қамал астын қазудың бос əуре екенін екеуі
де түсінді. Жер астымен кірген əскерді мына үш мың қол үңгір алдында тұрып алып
шыдатпайды, қанды босқа төгуден бөтен қазақ жауынгерлерінің табар пайдасы жоқ.
Бұрындық бес мың қолмен сол күні Созаққа қайтып кетті. Бір жетіден кейін бар əскерін
жинап Қасым да қозғалды. Созаққа таяғанда алдарынан шапқыншы көрінді. Бөрік астынан
бөрі шыққан дүрбелең заман, «тағы не болып қалды деп, əскер басында келе жатқан
Қасым мен серіктері құйындата шапқан салт аттыға қобалжи қарады. Сөйткенше болған
141
жоқ, астындағы құладын бестісін терге сабылта шапқыншы да келіп жетті. Қасымның кіші
інісі Жəдік екен.
Ассалаумағаликом, — деп ентіге сəлемдесті ол, астындағы атын тыпыршыта
ойнатып.
Уағаликумассалам, — Қасым сəлем алды, — жарқыным, шабысың тым суыт екен,
ауыл-аймағың аман ба?
Бəрі де аман... Тек бір болмашы жаман хабар жеткізгелі келіп тұрмын.
Қандай хабар?
Тас үйшіктен Махмуд-Сұлтан қашып кетті. Қасында бір күзетші серігі бар.
Батыр Саян қайда еді?
Жандарында ұйықтап кеткен батыр Саянды бауыздап қашқан.
Жəдіктің айтуынша оқиға былай болып шықты. Тас үйге қамалған қол-аяғы кісендеулі
Махмуд-Сұлтанды Саян көзінің қарашығындай сақтайды. Сырт-
тағы күзетті былай қойғанда, біреу-міреу сұлтанды жазым етіп жүрмесін деп өзі үнемі, бір
Маңғыт жігітімен бірге, тас үйдің ішінде қонып жүреді. Махмуд-Сұлтан батыр Саян жоқ
кезде, сірə «сені жетістірем» деп Маңғыт жігітімен тіл тапқан болуы керек, бір күні түнде
батыр Саян ұйықтап кеткен кезінде, қатар жатқан Маңғыт жігіті ананың тамағынан
қанжарымен орып жіберіп өлтіреді. Сөйтет те тас үйдің іргесін кісі сыятындай тесік етіп
қазып, Махмуд-Сұлтан екеуі қашады. Сыртқы күзетшілер үй іргесінің үңірейіп жатқанын тек
таң ат-
қасын көреді. Жан-жаққа ат шаптырып, іздеу салады, бірақ қашқындар жер астына кіріп
кеткендей, үшті-күйлі табылмайды.
Қасым бала жасынан, ерлігі аңызға айналған батыр Саянды өте жақсы көретін-ді. Бұл
сұмдық хабарды естігенде, ол теңселіп ат үстінде əзер отырды. Жерге түсіп, бүкіл əскер боп
батыр Саянға арнап құран оқығанда да, ол біреу шекесінен сойылмен ұрып кеткендей
есеңгірей əзер шыдады. «Ақкөз ер, бір сұмдықтың боларын сезгендей-ақ барғысы келмеп
еді. Бекер жіберген екемдеп өкініп, жүрегі күйіп, не істерін білмеді.
Есіл ер... — деді кенет ол қабағын қарс түйіп, — құныңды он есе етіп қайтарармын, —
ол енді ернін сəл қимылдатып күбірлей сөйледі, — қымбатты ана... саған берген сертімді
орындаймын деп, халқым хан көтерген туған əкемнен айырылдым, анам бір болмаса да,
əкем бір, қадірлі ағам Махмұт-Сұлтанды жұрт көзіне түсе алмастай кемтар еткіздім. Енді
міне, ең жақын серігімді қан етіп тұрмын. Кеш, қымбатты анам саған берген сертімді қайтып
алдым... Кезім келсе əкемнің де, серігімнің де құнын қайтарармын қанішер қос бөріден!
Қасымның бұлай сөйлейтін реті де бар еді. Ол өзін əкесінің өліміне айыпты санайтын.
Сонау қан судай аққан айқаста Мұхамед-Шайбанимен кездеспеймін деп, таңдаулы жиырма
мың əскерін майданның сол қанатына алып кеткен. Егер анасына серт бермегенде, бұл
əскер Жəнібектің қасында болатын еді. Жуып көрсінші сонда оның жанына қара атты
жауынгер! əттең, əттең! От жүрек, алғыр ойлы, көреген əке, ел басын толық қоса алмай
кетті. Енді міне, топас ойлы Бұрындықтың қол шоқпары болып жүргені. Оның үстіне, міне,
тағы бір аяулы ердің ажалы мойнында. Қызу сезім үстінде анаға берген бір ауыз сөздің
салдарынан екі қымбатты адам бірдей қаза тапты! Бүйте берсем, əлі де ажал табар кісі аз
болмас. «Жоқ, жоқ, өйтуге болмайды. Кешір, анам, антымды қайтып алдым. Өлгенге берген
сөз үшін, тірінің өмірін құрбан ету күнə».
Қасымның анасына берген сертін қайтып алуына тағы да бір сылтауы бар еді. Қолына
түскен Махмуд-Сұлтанға оны өлімге бермейтінін, əлі-ақ босатып еліне қайтаратынын
сездірген. Жəне тым қапа болмай, сабырлылық көрсетуін өтінген. Соған қарамай Махмуд-
Сұлтан шыдамсыздық етті. Қасымның адал ойын қылмысқа айналдырды. Бұл Жəнібек
баласының ұғымы бойынша кешірмес айып. Ондай адамға жақсылық етуге болмайды.
Осы кезде Жəдіктің сөзі Қасымның ойын тағы бөліп кетті.
Он шақты күн болды, Созаққа Темір би келген.
Төсек тартқан ауру деуші еді ғой жұрт.
Ауру... Бірақ атқа өзі мініп, өзі түседі.
ə... Ə...
Махмуд-Сұлтанның қашып кеткенін, Бұрындық көкем батыр Саяннан көреді...
Ау, өзі ажал тапқан адамды қалай кінəлауға болады?
Бəрібір, өзін де қорғай алмаған, Махмуд-Сұлтанды да қашырып алған батыр Саян
кінəлы дейді.
142
Естімеген сұмдық елде көп. Иə, сосын?
Сосын... Гүлбаһрам-Сұлтан-Бегімді зар жылатып, балаларынан айырып, Темір биге
беріп жібермек боп жатыр. Əкең Əбілқайыр мен байың батыр Саянның жазығы үшін дейді.
Ау, Темір би өзі ауру. Өзі пайғамбар жасына таяп қалған кəрі емес пе еді? əлі
уытынан қайтпаған Гүлбаһрам-Патшайым сұлуды қайтеді?
Келгенде Темір би ат үстінен əзер түскен қаусаған шал көрінген, Гүлбаһрам-
Патшайымды береміз дегеннен бері жасарып кеткендей аяғын алшаң-алшаң басады...
Атасы Қазы биді Əбілқайыр өлтірген, енді қызын алып, кегін қайырмақ деседі жұрт...
Алғашқы кезде жұрттан қаймығып, бас тартқандай еді. Ашуға мінген хан көкем «жесір
сенікі» деп қоймаған соң əбден малданып алғандай. Батыр Саянның тұңғышы, ер жетіп
қалған Аян шешесін еріксіз Темір биге береді дегенді естігенде, «мен оны жарып өлтірейін»
деп қолына қанжарын ала ұмтылып еді, хан бұйрығымен бес күннен бері зынданға
жатқызып қойды. Қалың Алшынның ардагері Темір биге қол көтердің деп, кеше хан-көкем
оны дарға асып өлтіруге үкім шығарды. Жаңа мен кеткенде дарға дайындап жатқан...
Сіздерге соны хабарлайын деп шаптым... Хан-көкем тірі жанның тілін алар емес.
Қасым ар жағын тыңдаған жоқ. Астындағы Ақсаңдағын тебініп қап, Созаққа қарай шаба
жөнелді. Қабағы қарс жабылып кеткен. Шабуға келе жатқан қара бура тəрізді. Тек екі көзі
қанталай Созаққа қарай ұмтыла түседі. Қалың қол соңынан созыла шұбырып шауып келеді.
Ат тұяғы көк шөпті шытырлата үзіп, етрақ даланың шаңын аспанға бір-ақ шығарды. Қасым
сұлтан Созақтың қақпасына таянғанда ғана атының басын тежеп қатты аяңға салды.
Қақпадан өтісімен сəл тоқтап, қасына Найман руынан Қаптағай батырды, Керейден
Қарақожаны, Алшын руынан шыққан Оңай батырды, Жалайыр Бөрібай батырды, Қаңлы-
Ыстыдан қосылған атақты мерген Сыпырасадақты бөліп алды да, соңынан тағы екі жүз
сыпай ертіп, Хан Ордасына қарай бұрылды. Өзге қолына қала шетіндегі əскерге арнап
салынған рабаттарға барып орналаса беруді бұйырды. Бұлар хан сарайының жанына
келгенде бүкіл алаң иін тірескен халық екен. Топ сыпаймен келе жатқан Қасымды көріп,
жұрт:
Жолдан былай тұр! — десіп, қақ жарылып арасын аша берді.
Қасым аттан түспей, серіктерімен хан сарайының дəл есігінің алдына келіп тоқтады.
Енді ғана ол жан-жағына көз тастады. Есік алдында жартастай боп бір топ нөкерлерінің
қоршауында Бұрындық тұр. Анандай жерде жолға шыққалы ыңғайланған салт аттылар. Ең
алдында кəрі тарлан атқа мінген, сəл бүкірейген, кереге көз темір далбағай киген əлі сұсты
Темір би. Көштің ең соңында бір жас жігіттің атының артына теріс қарап отырғызылған
Гүлбаһрам-Патшайым сұлу... Екі қолын алдына байлаған. Даусын жұрт естімесін деп аузын
ақ жібек орамалмен тұмшалаған. Аттан секіріп түсем деп əрекет істемес үшін, көмірдей
қара, жұп-жуан ұзын қос бұрымын ат үстіндегі жігіттің тақымының астынан өткізіп, аттың
омыраулығынан мықтап ілмешектеп қойған. Бұлжауласқан елінің қыз-келіншегіне
істейтін қалмақтан қалған үлгі... Аяушылықты білмейтін заманның айуандық дəстүрі!
Бұрындықтың бұнысы Əбілқайыр қызы Гүлбаһрам-Патшайымның інілері Мұхамед-Шайбани
мен Махмуд-Сұлтан үшін кек қайтарған болмысы. Қасым енді көзін оңға қарай бұрып еді,
жүз мың санды жауынан қорқып көрмеген жүрегі дір ете қалды.
Хан сарайының дəл алдына əкеп орнатылған дарының астында мойынына қыл
арқанның ілмешек ұшы салынған, батыр Саянның аузынан түскендей айнымаған, ер жетіп
қалған баласы Аян тұр. Қыл арқанның бір жақ ұшын ұстап, екі білегін сыбанған, еңгезердей
хан əмірін орындаушыжан алғыш. Қанды көз Темір биге күңдікке берілген Гүлбаһрам-
Патшайымның көзінше Аянды дарға асуды Бұрындық əдейі бұйырған. Бұл орынсыз
қиянатты істерінде, түбі Аян өсіп ат үстіне мінер болса, Бұрындықтың анасына істеген
қиянатын кешпейтінін есіне алған. «Маған қосар болсаңыз, жалғыз баласын көзінше қан етіп
не қыласыз, істемеңіз бұл қылмысты» деп өтінген Темір биге Бұрындық: «Көзбен көрген
қайғы тез ұмытылады. Бала керек болса Алшынның ақ иығынан тағы табар» деп жауап
берген. Ат жалын тартып мінгелі өмір бойы ажал мен қиянаттың ортасында өскен Темір би,
бұдан əрі өтініп қиналмаған. Ескі кектің салдарынан өш көңілдің арманы болған Гүлбаһрам-
Патшайымға қолын жеткізген Бұрындыққа енді қарсы келмеген.
Қасымның Аянға көзі түскенін əдейі күтіп тұрғандай, жан алғыш арқанның бір ұшын өзіне
қарай тарта берді. Дəл осы сəтте Қасым ақырып:
Босат! — деді.
143
Ерлігі елге аңыз бола бастаған айбарлы əскер басының бұйрығын естіп, сұмырай жан
алғыш кенет сасып қалды. Арқанның ұшын босатса да қоя бермеді.
Хан əмірі! — деді ол есін жиып, даусы жауар күндей күркіреп.
Босат! — деді Қасым бұрынғысынан да даусы ызғарлы шығып. Мойынындағы
садағын қолына ала бастады. Жан алғыш енді арқанды жерге лақтырып жіберді. Бұрындық
та жартастай боп кілт бұрылды да, жанындағы дəйекшісінің алдаспанын алды. Нөкерінің
бірі анандай жерде ұстап тұрған жал-құйрығы жерге төгілген теңбіл көгін алдына тарта
берді. Хан аяғын аттай түсті де, кілт тоқтай қалды. Оның көзі кілең тоқпақ жал, құшақ құйрық
желаяқ тұлпар мінген, үсті-бастары күн сəулесі шағылысқан көк темір сауыт, қолдарына
сойыл, шоқпар ұстаған Қасым сұлтанның жанында тұрған Дəшті Қыпшақтың атақты
батырларына ауды. Атына қарай ұмтылғанда, солардың ішінен кенет қолындағы қозыбас
қара шойын шоқпарын ыңғайлай түсіп, оқыс қимылдаған Бөрібай батырды көзі шалып
қалды. Оның ызғарлы түрі енді аяғыңды атыңа қарай аттасаң, мына шоқпар көк желкеңнен
тиеді дегенді сездірді. Өзге батырлардың да аяйтын түрі жоқ. Көп қорқытады, терең
батырады, қанша алып күшті, жау жүрек болғанмен Бұрындық Қасым сұлтанның қасында
тұрған кілең ұзын мұрт, түксиген қабақ батырларға жалғыз өзі қарсы шығуға бата алмады.
Гүлбаһрам-Патшайым жесірді аттан түсіріп, алып келіңдер, — деді Қасым сұлтан,
жанында тұрған батырларға қарап. Бұл тұрғандардың ең кішісі Оңай батыр атынан секіріп
түсіп, Гүлбаһрам-Патшайымның қасына барды. Ұзын шашының ұшын ат омыраулығынан
шешіп алды да, қайғыдан талықсып отырған жесірді көтеріп жерге түсірді, Қолындағы қыл
шылбырды наркескенімен кесіп жіберіп, аузындағы орамалын жұлып тастады. Гүлбаһрам-
Патшайым солқылдап жылап қоя берді.
Жылама, ару, — деді Оңай батыр сыбырлай зекіп, — жауың көзінше өзіңді жасытпа.
Гүлбаһрам-Патшайымды бір қолымен, екінші қолымен дар қасында тұрған Аянды
жетектеп Оңай батыр Қасым сұлтанның қасына алып келді.
Бұйрығыңыз орындалды, Қасым сұлтан, — деді ол.
Осы екі байғұстың жау қастығынан аман болуы, өзіңе тапсырылады, Оңай батыр, —
деді Қасым сұлтан.
Құп, — деп Оңай батыр басын иді.
Дəл осы кезде Темір би де атын тебініп қап Қасымның қарсы алдына келді. Қарлыққан
кəрі даусыменен ызадан тұтыға:
Ақ иық қыран қартайса, қызыл шақа жас жағалтайдан таяқ жейді деген осы екен!
əттең жиырма бес жасым қайта оралса, ат көтіне бір салар едім! — деді. — əкең Жəнібек
бізді бағындыра алмай кетіп еді, соның кегін сен алдың, Қасым сұлтан! Өлген жерім осы
болды. — Ол кенет атының басын бұрып алып, өз тобын соңынан шұбырта, жұрттан
сытылып шыға берді, — қош бол, Бұрындық хан. Сақтанатын жауың Мұхамед-Шайбани
емес, Қасым сұлтан екен. Соны ұмытпа!
Өмір қызығынан əлі үміті бар ауру Темір би осы сапарында, Ақтөбе жерінен өтіп бара
жатып, жүрегі қабынып кенет қайтыс болатынын білген жоқ. Арманына жете алмаған əйгілі
бидің бұл ақырғы өкініші еді.
Ал Қасым тобы да атының басын кейін бұрды. Жұрт арасынан өте беріп сұлтан
əлдекімдердің:
Көп жаса, Қасым батыр! — деген алғыс сөздерін естіді.
Бұл түні Бұрындық ханның да, Қасым сұлтанның да көздері ілінбей шықты.
Бар қасиеті батырлық болған Бұрындық, қанша шабан ойласа да бүгінгі оқиғаның қайда
апарып соққанын жаңа ұқты. Сонау қазақтың əйгілі батырларының Қасыммен үзеңгілесе
қатар тұра қалуынан, Гүлбаһрам мен Аянды құтқар-
ған сұлтанға жиналған жұрттың «көп жаса, Қасым батыр» деген үнінен қазақ руларының
Жəнібек баласына ауа бастағанын аңғарды. Мұндайда өз қатесін өзі көріп, «Елімді қайтсем
қайтадан өзіме тартам» деп қынжылатын, ақылға салатын Бұрындық жоқ. Басына келе
жатқан қиындықтан жол іздеудің орнына, ол өзінің қайсар мінезіне салып, ерегісе түсті.
«Бəлем, Қаптағай, оңбаған Қарақожа, шірік Оңай, тұра тұрдеп кіжіне тісін қайрады. Бүгінгі
оқиғаға өзін емес Қасымды күнəкар көрді. Қайтсем одан өшімді алам деп түнімен басы
қатты. Көзі ілігіп бара жатса Темір бидің: «Сенің жауың Мұхамед-Шайбани емес, Қасым
сұлтан екен! Соны ұмытпа деген даусы əлсін-əлсін құлағына келіп, көзге тығылған
ұйқысын шайдай аша берді. Ежелден келе жатқан ескі салт бар: «Жаңа жауыңды құртам
десең, етің үйренген ескі жауыңмен достас» деген. Бұрындық халқының, елінің алдында
144
жоғалғалы тұрған абыройын қорғаудың орнына, Қасымды жою жолын іздеп ойға шомды.
Бұл тілегін орындау үшін ескі жауы Мұхамед-Шайбани, Махмуд-Сұлтандармен достасса,
теріс болмас еді деген тұжырымға келді. Сөйтіп таң ата əзер дегенде қор ете қалды. Ал
Қасым тіпті бөтен ойда еді. Бүгінгі оқиға оны қатты ренжітті. Жəнібек пен Керей кезіндегі
Қазақ Ордасындағы ауыз бірліктің енді Бұрындық пен Қасым кезінде қатты шытынай
бастағанына көзі жетті. Себебі неде? Себебі Бұрындықтың тайыз саясатында. «Ел бірлігін
ақылмен сақтап халықтың мұң-мұқтажын, шаруа жайын ойлай отырып, күреске шақырудың
орнына, ол жұртты қаһарымен соңынан ергізбек. Егер əділетті болсаң ғана, соңыңнан
жұртты ертесің. Ал орынсыз қаттылықзор қылмыс. Бұрындықтың бүгінгі істегенітек
жұртты өзінен шошыттыру. Егер бұл бүйте берсе, Керей мен Жəнібектің өлдім-талдым деп
құрған қазақ хандығының абыройын да, өзінің абыройын да бір күні айрандай төгеді. Қазақ
хандығының абыройы төгілмегені керек-ақ! Ал ел бірлігін сақтау үшін Бұрындықтың
абыройлы болғаны керек пе? Халқымыз үшін, ел бірлігін сақтап қалу үшін қажет. Қазіргі
жағдайда ханның мықты көрінуі өте орынды саясат. Мұхамед-Шайбани болса анау, бүкіл
Түркістан уəлиетін басып қалуға таяу... Енді ол Ташкент əміршісі Сұлтан-Мұхамед хан мен
Яссы хакімі Мұхамед-Мазит-тарханның ала ауыздығын пайдаланып Яссыны жаулап алады.
Содан соң Ташкентті қолына түсіргеннен кейін, бар күшін Самарқант, Бұқар, Андижан
қалаларынаяғни Ақсақ Темір хандығына жұмсайды. Сөз жоқ, ол бұл қалаларды да
алады, өйткені бұл мединелерде қазір Мұхамед-Шайбаниға қарсы тұрар күш, ауыз бірлік
жоқ. Түркістан өлкесі мен Ақсақ Темір хандығын бауырына басып əбден күшейіп болғаннан
кейін, ол бетін Хорезм мен Қорасанға бұра ма, əлде Дəшті Қыпшаққа бұра ма белгісіз.
Əрине қай хандықта ауыз бірлік жоқ, əлсіз деп тапса, соған шабуыл жасайды. Əлді
елдермен ай-
қасып мүйізін сындырғанша, əлсіз елдерді өзіне бағындырып əлдене түсуқай жаһанкер
патшаның болса да негізгі тəсілі. Ақылды, айлакер Мұхамед-Шайбани да соны қолданады.
Егер қазақ жеріне шабуылға шықса, ол əрине ең алдымен Созақ пен Ұлытауды шабуға
тырысады. Дəшті Қыпшақ сандық болса, бұл екеуі соның кілті. Торғай, Ақ Жайық, Еділ, Есіл,
Тобылдарыңның бойы сол сандықтың түбінде жатқан қазына. Аузы ашылған сандықтың
ішіндегі мүлікті біртіндеп ала беру кімнің болса да қолынан келеді. Сондықтан бізге қайткен
күнде де Созақ пен Ұлытауды сақтап қалуымыз шарт. Бұл бекіністерді күшейтудің орнына,
Бұрындық екеуміз қырқысып жатсақ не болғанымыз? Онда Мұхамед-Шайбани шабақты
жұтқан алабұғадай екі бірдей майбалықты қылқыта салады. Оған жібермеу керек,
тамағынан тікенек боп қадалу жөн-ақ. Əрине соғысқұмар Бұрындық, бос жатқандай,
Мұхамед-Шайбанидың бір шаһарын басып қалайық деп ойлайды. Ертең-ақ жорыққа
шығыңдар деп бұйрық береді. Шықпасаңтағы ала ауыздық туады. Шықсаңқұр босқа
əбігерленесің. Қазір біздің əскердің саны бар да, сапасы жоқ. Бекінісі мықты шаһарды алуға
жарамайды. Ең алдыменен əскерді күшейту керек. Бұрындықтың айтқанына қарсы келмей-
ақ, əр жорықты, əр шабуылды əскердің соғысу əдісін, тəртібін жоғарылатуға пайдаланған
ақыл.
Қасымның ойы дəл шықты. Ертеңіне таңғы шайын ішіп отырғанда Бұрындықтың
шабарманы келді.
Хан сізді шақырып жатыр, — деді ол.
Қасым шайын шала-пұла ішіп орнынан түрегелді. Киініп жатып сəл кідіріп қалды. «Қолда
билік барда ақылдың керегі жоқ. Ханның неге шақырғанын кім білсін...» Қасым жайшылықта
пешпентінің сыртында жүретін көк құрыш сүңгі наркескенін шешіп, пешпентінің ішінен тақты.
Сырт адамға білініп тұрмай ма екен дегендей, қабырғадағы жылтыр қара тас күзгіге бойын
түзеп бір қарады да үйден шығып кетті.
Қасым келгеннен кейін Бұрындық тағы да Мұхамед-Шайбаниға қарсы жорыққа шығудың
қажет екенін білдірді.
Ер шекіспей бекіспейді, — деді Бұрындық сөзінің аяғында. — Не біз Мұхамед-
Шайбаниды жеңуіміз керек, не онымен бітімге келіп достасуымыз керек...
Қасым ақырын езу тартты.
Мұхамед-Мазит-тархан шекіспей-ақ Мұхамед-Шайбанимен достасқан. Бірақ одан не
тапты?
Мұхамед-МазитМұхамед-Мазит те, БұрындықБұрындық қой.
Қасым тағы езу тартты. «əркім өз лағын текешік қояды, қорқақ ит үреген келеді. Жұрт
айтпай, өзіңді өзгеден жоғарымын деуадамның тек осалдығын көрсетеді». Бұрындықтың
145
«ер шекіспейбекіспейді. Мұхамед-Шайбаниді жеңуіміз керек, не достасуымыз керек»
деген сөзіне Қасым қайтарып ештеңе деген жоқ. Бұл сөз өзіне қарсы, «байқа, Қасым, егер
сен кешегідей қарсы келе берсең, жауыңменен достасып кетуім ғажап емес» деген
мағынада айтылғанын түсініп тұрса да, үндемеді.
Бірақ Бұрындық:
Махмуд-Сұлтанды əнеукүнгі қорғауыңа қарағанда, Қасымжан, Əбілқайыр
балаларымен татуласуға сен де қарсы емессің-ау деймін, — деді, «Мұхамед-Шайбанимен
достасам» деген сөзіне екеуміздің ойымыз бір жерден шығып жатыр ғой деген мағына
берген болып, рабайсыз кекете күліп.
Жеңіп тұрып «достасайық» деу мен жеңіліп қалып «достасайық» деу бір емес, хан
ием. Қайткен күнде де жеңілмеу жағымызды ойлауымыз керек, — деді Қасым сабырлы
үнмен, сөйтті де ханға кенет түйіле қарады. — Жорыққа аттануға мен дайынмын. Қашан, қай
шаһарға шығамыз?
Оны ойлану керек.
Тез ойланған жөн.
Неге?
Біз бұ жақта жүргенде Мұхамед-Шайбанидың Яссыға қайтадан шабуыл салуы
даусыз. Егер бір қаласына барып тиіссек, əнеукүнгі Отырарға барғанымыздай, Мұхамед-
Шайбаниға Яссыны алуға бөгет етеміз. Амалы жоқ, біз барған қаланы қорғаймын деп
Мұхамед-Шайбани Яссыдан қайтып келеді. Бұнымыз Мұхамед-Мазит-тарханға өте
пайдалы. Моғол мен Жағатайдың өзге хакім тархандарымен тіл тауып бірігіп, Мұхамед-
Шайбаниға қарсы тұруына мүмкіндік береміз.
Бұл ойланатын жай екен...
Қасымның болжауы дұрыс еді.
Бұрындық Отырардан шегінерде Мұхамед-Шайбанимен бітімге келген. Сол бітімнің бір
шарты Бұрындық хан Отырарды алуға бірге келген Мұхамед-Мазитты ұстап бермек болған.
Қасым бұл шартқа көнбеген. Сол күні күндіз, хан араларында болған оқиғаны құпия жолмен
Мұхамед-Мазитке жеткізген. Мұхамед-Мазит ымырт үйіріле бар əскерін ертіп Яссыға
қашқан.
Бұрындық пен Қасым Отырардан кеткеннен кейін Мұхамед-Шайбани көп сыйлық беріп,
Жақия бек басқарып келген Сұлтан-Махмұд ханның үш мың əскерін Ташкентке қайтарып
жіберді. Өзі Яссыға шабуылға шықпақ болады. Осы кезде оған Созақтан қашып шығып,
Хантағы тауында тығылып жатқан Махмуд-Сұлтаннан хабар жеткен. Мұхамед-Шайбани
қолындағы бар əскерімен Хантағыдағы Махмуд-Сұлтанға барып, екеуі құшақтаса табысқан.
Содан кейін екеуі қосылып Сауранды шапқан. Қаланы алған соң Қасым сұлтанға Махмуд-
Сұлтанды ұстап берген адамдарды қатты жазалаған. Біразын дарға асып өлтірген.
Қалғандарын дүние-мүліктерін тартып алып, өздерін дүрелеп, қатын-балаларын құлдыққа
сатқан.
Осыдан кейін барып ағайынды екеуі Яссыны шапты. Қаланы алып, Мұхамед-Мазит-
тарханды қолға түсірді. Мұхамед-Шайбани оның қызы Ғибадат-Бегімге үйленіп
отырғандықтан, қайын атасын өлім жазасына үкім етуден бас тартып, қол-аяғын кісендеп
Отырарға алып келген. Мұхамед-Шайбанидың жеңісін естіген Ташкенттің əміршісі Сұлтан-
Махмұт хан, Мұхамед-Шайбаниды құттықтамақ боп Отырарға жеткен. Өзінің көптен бері
Мұхамед-Мазит-тарханның інісі Сұлтан-Ахмет ханның қызы Айпатша-Бегімге құштар екенін,
Сұлтан-Ахмет ханның көнбей жүргенін Мұхамед-Шайбаниға айтып, сол қызды маған
бермей, Мұхамед-Мазит-тарханды тұтқыннан босатпа деп өтінді. Бұған Мұхамед-Шайбани
көнді. Ақырында Мұхамед-Мазит-тархан інісінің қызы Айпатша-Бегімді Сұлтан-Махмұт ханға
бергіздіріп, өзі тұтқыннан босанды.
Алдын ойламайтын адамның ақылы өкінішімен бір жүреді. Мұхамед-Шайбани ханның
қандай адам екенін, жолбарысты темір тордан шығарып алғанын Мұхамед-Мазит-тархан
кеш түсінді. Ал жолбарысты қайтадан темір торға кіргізу үшін қаншама күш керек, айла
керек! Мұхамед-Шайбани Яссыны алғаннан кейін ендігі кезек Ташкенттікі екенін Сұлтан-
Махмұт хан да жаңа сезді. Ол жанталасып моғол əмірлерін жинауға кірісті. «Бұл қалпымен
Мұхамед-Шайбани бəрімізді де бағындырады, əлі күш алып кетпей тұрғанында құртайық»
деп жан-жағына ат шаптырды. Əмірлер ақылға салып «бұл іске қазақ сұлтандарын көмекке
шақыру керек, оларсыз Мұхамед-Шайбаниға біздің күшіміз жетпейді» деді.
146
«Бəріміз бірігіп Мұхамед-Шайбаниға қарсы шығайық» деп Бұрындық пен Жəнібек
балаларына Сұлтан-Махмұт хат жазып кісі жіберді. Бұрындық бұл хабарға қуанып қалды.
Біз моғолдармен бірміз деп қолына түкіріп шыға келді. Құран көтеріп, төс ұрысып уəделесіп
Мұхамед-Шайбаниға көше бастаған Түркістан уəлиетін шаппақ болды. Ең алдымен Яссыны
алсақ десе де, онда Мұхамед-Шайбанидың өзі отырғандықтан беттерін Отырарға бұрды.
Бірақ бұлардың қолына Отырар да оңай түсе қоймайды. Осы кездегі қаланың билеушісі,
Əбілқайыр ханның кіші баласы Мұхамед-Темір сұлтан өзгелерден жас болғанмен, соғыс
тəсіліне ешкімнен кем соқпады. Ұялы қасқырдың бөлтірігіөнерді ұяластарынан үйренеді.
Жауынгер ордада өскенін білдірді, Бұрындық пен Сұлтан-Махмұтқа алдырмады. Олар енді
əскерлерін Ташкент уəлиетіне жататын Сайрам қаласына көшіріп, күндіз-түні Түркістан
уəлиетінің қышлақтарын, егінші, малшы, кіші-гірім дихтарын шаба бастады. Бұны көрген
Мұхамед-Шайбани хан «сендер үйтсеңдер, мен бүйтем» деп қалың əскерін Дəшті Қыпшаққа
жіберіп, қазақ ауылдарын қырғынға ұшыратты. Екі жақтан да халықтың көз жасы қан боп
ақты. Өрт алған қалалар, малдарынан айрылып құр жер шұқып қалған ауылдар, құлдыққа
күңдікке айдалған қыршын жастар. Ел басына шын тозақ енді орнады. Мұндай күйге
ұшыраған қазақ ауылдары жаппай атқа мінді. Бір кезде жауға дес бермеген кəрі шалдар,
қайтадан қолына найза ұстады. Бұрын тек əн-күйді ғана паш еткен қазақтың жас арулары
аға орнына садақ тартып жауға шықты. Бүкіл қазақ намысына шауып, ең аяғы алыстағы
Алшын руларынан да топ-топ жігіттер келді. Осы кезде соңғы уақытта ұмытыла бастаған
«Жалғыз көз» батырдың аты жерді жара қайтадан даланы тітіретті. Халық көтерілісінің
басында енді Бұрындық та, Қасым да емес, осы халық ұлы «Жалғыз көз» батыр болды. Өзі
жұрт көзіне көрінбесе де, оның құрған жасақтары жау шебіне қырғидай тиді. Халық жаралы
жолбарыстай ақырып осылай жауына қарсы шыққан кезде, тағы бір суық хабар жетті.
«Мұхамед-Шайбани хан мен Бұрындық хан ауыз жаласып бітімге келіпті. Соғысты тоқтатып
қыз алысып, қыз берісетін болыпты» деген лақап бүкіл Дəшті Қыпшақ жерін алып кетті.
Бұл рас хабар еді.
Мұхамед-Шайбанидың Бұрындықпен бітімге келуі тəсіл еді. Түркістан мен
Мауреннахрды əбден өзіне бағындырып алғанша қазақтармен жауласу Мұхамед-
Шайбаниға тиімді емес-ті. Бір моғолдардың жаулығының өзі оған жететін. Ал Түркістан мен
Мауреннахрды билеуМұхамед-Шайбанидың бер жағындағы ғана арманы. Айлакер
ханның түпкі тілегі тіпті əрменде жатқан. Алдымен Түркістан мен Мауреннахрды алса, сосын
Дəшті Қыпшақ пен Қорасанға қол созбақ. Бұларды бітіргеннен кейін Моғолстан, айдаһардың
аузына өзі түскен көжектей, өзінен өзі келеді. Бүкіл шығысты билегенмен, атасы
Əбілқайырдың Көк Ордасын қайта тұрғызуоның шын көкейкесті мақсаты. Ал бұл арманға
жетудің жалғыз ғана жолы баржауыңның басын қостырмай, біріне бірін айдап салып,
шетінен біртіндеп бағындыру. Міне осы себептен қазір Түркістан мен Мауреннахрды
бауырына əбден басып алғанша Дəшті Қыпшақпен жауласпау керек. Асықпаса оның да
кезегі келеді. Шарттың қаншалық құны бар екенін Бұрындық хан сонда көрсін! əзірге
тұлыпқа мөңіреген сиырдай, «Мұхамед-Шайбанимен татуластым, ол маған тимейді» деп
жүре берсін. Мұхамед-Шайбани сыры осы. Ал Бұрындық болса, басқаша ойлайды. Қазір бұл
арада күшті екі хан бар, бірі Бұрындықтың өзі, екіншісіМұхамет-Шайбани. Біз екеуміз
тату-тəтті тұрсақ, өзге хандар қарамыздан қорқатын болады. Оның үстіне Мұхамед-
Шайбани тəрізді арыстан іспеттес ханмен жақындассам, қазақтың батырларының көмейіне
құм құйылады. Əнеугідей Қасым жағына шықпайды. Қазақ рулары тек қорыққанын
сыйлайды. Мұхамед-Шайбани секілді одақтасы бар ханнан қорықпай көрсінші! Керек десе,
осы Мұхамед-Шайбанимен төс соғыстырған құда боламын. Сонда не істер екен Қасым мен
оның серіктері! Осындай далбаса ойға келген Бұрындыққа шынында Мұхамед-Шайбани
құда түсті.
Ол əлі ешкімге айттырылмаған екі қызының бірінқара көз Күлбаршын-Сұлтан-Бикені
Махмуд-Сұлтанға, Жауһар-Сұлтан-Бикені Мұхамед-Шайбанидың шешесі бөлек кіші інісі
Мұхамед-Темір сұлтанға берді. Отыз күн ойынын, қырық күн тойын өткізіп, қалың көшпен бір
қызын, Мұхамед-Шайбани өзінен тартып алған Сауранға, екіншісін Отырарға ұзатты. Бірақ
бұл қуаныш кейін Бұрындыққа қайғыға айналды.
Екі елді осыншама қан-жоса етіп бүлікке салып, мал-мүлкін талан-тараж етіп, ұл-қызын
құлдық пен күңдікке айдатып, кеше қан майдан ашып ұрысқан екі ханның, бүгін елдің
төгілген қанына, жерге тапталған ар-намысына қарамай оп-оңай ауыз жаласып кеткені
халыққа қорлау сынды көрінді. Əсіресе қазақ рулары бұлқан-талқан боп ашуланды. Жұрт
147
кəрі-жасы қалмай жерін, суын, малын қорғап атқа мінгенінде, Бұрындық хан оларды алдап
кеткендей болды. Сонау талан-таражға түскен дүние-мүлік, төгілген көз жасы, — бəрі бірдей
тек Бұрындықтың қыздарын Əбілқайыр ханның ұрпақтарына қатынға беру үшін істелгендей
тəрізденді. Өздерінің көкейкесті тілегін, ата жауына сатып кеткені үшін халық Бұрындыққа
түйіле қарады. Оның қаһарынан қорықпай, бізге бұндай адам хан болуға тиісті емес деп
өктем-өктем сөйледі. Лепірген, қорланған, намыстанған жұрт, ақырында өзінің сүйікті
батырлары Найман Қаптағай мен Алшын Оңайды Қасымға жіберді. «Не Бұрындықты
елімізді шапқан, ұл-қызымызды құлдыққа, күңдікке тартып əкеткен қас-жауымызбен ауыз
жаласуын тоқтатсын. Не хандығын тастатып өз жайына кеткізсін» деді. Халық ашуы
қарғыстан да жаман... Дəшті Қыпшақ Ордасына түйілген бүліншіліктің тағы да бір қара
бұлты шоғырлана түсті.
Қазақтың көп аулын шауып, мал-мүлкін талап, бүкіл Дəшті Қыпшақ елін өзіне қарсы
қойған Мұхамед-Шайбанимен дəл бүгін құда бола қалудың қауіпті екенін айтып Бұрындықты
көндіре алмаған Қасым, келген батырларды тік тұрып қарсы алды.
Ел-жұртымызды шауып, мал-мүлкімізді талап, бүкіл Дəшті Қыпшақ елін қорлаған
Мұхамед-Шайбанимен Бұрындық ханның құда түскені бізді қорлағаны. Хан не қыздарын
бермесін, не бізден кетсін, — деді халықтың сөзін сөйлеп қарт Қаптағай батыр.
Сонда сіздер ханның қыздарын бергеніне қарсысыздар ма, əлде бітім жасағанына
қарсысыздар ма?
Екеуіне де қарсымыз. Хан халықтың көзі. Олай болса хан қыздарын ежелгі
жауымызға бере алмаса керек-ті. Ал бітім жасайтын болса, Мұхамед-Шайбани хан талаған
мал-мүлкімізді, құлдыққа, күңдікке əкеткен ұл-қызымызды қайтарсын. Хан лашкарларының
сойыл-шоқпарынан күнəсізден күнəсіз қаза тапқан мейірбан ерлеріміздің құнын төлесін.
Сонда бітімге отырамыз. Ал қыздарын Мұхамед-Шайбанидың інілеріне қосып, бітімге келдім
деп бізді қорламасын. Бұндай бітім бізге керек емес. Егер біз тілеген бітімге Мұхамед-
Шайбаниды көндіре алмаса ерікті өзімізге берсін. Ақ найзаның ұшымен, қас батырдың
күшімен ол кəззапты өзіміз көндіреміз.
Сонда тағы соғыспақсыңдар ма?
Жаратылғалы соғысып келе жатқан жоқпыз ба? Бұрын ханға еріп соғыссақ, енді халық
болып соғысамыз. Жеріміз, суымыз, намысымыз үшін бүкіл қазақ болып көтерілуге бармыз.
Хан бұл тілектеріңді қабылдамайды.
Онда ханды біз де қабылдамаймыз. Көшсін бұл арадан.
Қайда көшеді?
Құдасы Мұхамед-Шайбани жеріне.
Ел абыройына нұқсан келтіріп қайтесіңдер. Хан адасса да халық адаспау керек.
Қыздарыңды бердің деп Бұрындықты елден қусаңдар, Мұхамед-Шайбанимен жасасқан
бітім-шартын бұзған боламыз. Айып Мұхамед-Шайбанидың өзінен болсын. Шартты өзі
бұзғанша шыдауымыз керек. Ал шартты Əбілқайыр бөлтіріктері алдымен бұзатынына дау
жоқ. Оларға бұл шарт Түркістан мен Мауреннахрды алғанша ғана керек. Содан кейін қанды
аузын бізге салмақ. Аталары Əбілқайыр билеген Дəшті Қыпшақты қайтарып алмай көңілдері
көншімейтіні хақ.
Біз де солай ойлаймыз. Мұхамед-Шайбанимен арамыз тым алшақ жатыр. Бір мықтап
қан төгіспей екі жақтың дауының бітуі мүмкін емес. Хан бұны неге түсінбейді?
Хан бұл арада шолақ ойлап отыр. Ал біздің борышымыз сонау келешек айқасқа осы
бастан дайындалу. Қапы қалмауымыз керек.
Сонда Бұрындықты қайтеміз?
Екі бірдей қызын беріп отырған құдасымен алысуға Бұрындық қазір бара алмайды.
Ол бұл тартыстан шығуы абзал. Майданға өзіміз дайындаламыз. Ал Бұрындық өз қатесін
өзі түсініп, халқымен бір болғысы келсе, хан абыройын сақтап Арқа жеріне, не Сарайшыққа
көшеді.
Дұрыс айтасың. Ал Бұрындық көшпеймін десе?
Көп қорқытады. Егер өзіне пайдалы шешімнен бас тартса, өз обалы өзіне!
Ертеңіне Қасым сұлтан басқарған бір топ ру бастықтары хан аулына келді. Бұрындыққа
хан абыройын сақтап қалу үшін өздерінің шартын айтты.
Бұрындық хан шу дегенде бұлқан-талқан боп ашуланды. Бұл бүлікті шығарып жүрген
сенсің деп Қасым аулын шауып алмақ та болды. Əйтсе де əрі тулап, бері тулап, қазақ
батырларының темір тегеурініне шыдай алмай, Сарайшыққа көшпек боп пəтуаға келді.
148
Міне, осы кезде Бұрындық ханның қылығына ызаланған «Жалғыз көз» батыр бір топ
серіктерімен ханның қалың жылқысын қуып əкетті. Кілең көк аланы айдап апарып ол,
Мұхамед-Шайбани жасақтарынан жер шұқып қалған кедей ауылдарға бөліп берді. «Жалғыз
көз» батырдың бұл қылығына сүйсінген қалың бұқара қайтадан дүрлікті. Бірақ ол бір түнде
жоғалып кетті. Басшыларынан айырылған кілең жыртық тымақ, жаман шекпен кедейлер ру
батырларының айтқанынан шыға алмай тартыс іркіліп қалды, тұтаса жауыққан жұрт қатары
жүдеп, халық қозғалысы енді лажсыз кібіртіктей бастады.
Екі апта өткеннен кейін Бұрындық хан жеті қатыны жеті ауыл болып, ырғалып-жырғалып
Сарайшыққа көшті. Бірақ ол бос көшпеді. Малын шапқан «Жалғыз көз» батырды хан
алтынына сатылған екі арамза серігі Бұрындыққа ұстап берген. Жұртқа таралып кеткен
малын қайтара алмайтынын білетін хан «малымның өшін өзіңнен алармын» деп сырт
көзден тасалап «Жалғыз көз» батырды қол-аяғын шынжырлап, тулаққа орап өзімен бірге
ала көшті.
Бұрындықтан іргесін алыс сала бастаған Жəнібек балалары хан Ордасынан алыс
отырайын деп Шу бойында қалды. Күз əкелерінің ескі қонысы Қараталға көшіп келді.
Қыстауына жеткен күннен бастап Қасым сұлтан бұл арадағы қазақ руларының басын қосып,
сонау болашақ айқасқа қамдану əрекетіне кірісті...
Қасым сұлтанның болжағаны дұрысқа шықты. Мұхамед-Шайбани хан аз жылдың ішінде
дегеніне жетті. Самарқант, Бұқар, Андижанды билеп отырған əбусейіт ұрпақтары мен
Ташкент, Сайрам уəлиеттерін билеп келген моғол Сұлтан-Махмұт ханның араларындағы
наразылықты пайдаланып, Сұлтан-Махмұт хан берген бес мың əскерді өз əскерімен қосып,
ең алдыменен Самарқант, Бұқар, Андижанды алды. Содан кейін барып, Жағатай əскерін өз
əскеріне қосып күшейтіп, Ташкент уəлиетіне ауыз салды. Ташкент, Түркістан, Самарқант,
Бұқар, Андижан уəлиеттерін əбден өзіне бағындырғаннан кейін, Дəшті Қыпшақ жерімен
шекаралас Хорезмді шапты. Сөйтіп Мауреннахр, Түркістан өлкесін тегіс жеңіп болып, енді
Дəшті Қыпшақты жаулауды ойлана бастады.
Мұхамед-Шайбанидың жиһанкерлік əрекеті мінекей осылай, Қасым сұлтан ойлағандай
боп шықты. Мұхамед-Шайбани хан елу мың атты əскерімен Созақ пен Ұлытауға аттануға
дайындалып жатқанын естіп, Қасым сұлтан Қаратаудан қайтадан Шу бойына көшіп келді.
Бұл кезде Бұрындық хан Сарайшықта болатын, абыройын айрандай төгіп алған ханның құр
«хан» деген аты ғана қалған, бүкіл билік əскер басы Қасымға көшкен.
Қасым Шу бойына көшіп келісімен, «бəлем, сені ме!» — деп Мұхамед-Шайбаниға əбден
өшігіп алған қазақ халқына дабыл қақты. Мұхамед-Шайбанидың достық шартын бұзып
Ұлытау мен Созақты шапқалы жатқанын хабарлады. Егер Созақ пен Ұлытаудан айрылса
Дəшті Қыпшақтың басқа жерлерін қорғап отыра алмайтындарын түсіндірді. Мұхамед-
Шайбани хан Мауреннахр мен Түркістан өлкесіне аттанып, Моғол, Жағатай, Ақсақ Темір
əмірлерімен қан-жоса болып қырылысып жатқанда, ешкіммен жөнді соғыспай əжептəуір
тынығып қалған Дəшті Қыпшақ жауынгерлері қайтадан атқа қонды. Ұран салып топтанып,
ру-ру боп өздерінің батырларының жанына жинала бастады. Дəл осы кезде Мұхамед-
Шайбани елу мың атты əскермен Қорасанға аттанды. Ташкент уəлиетін билеп тұрған
Сүйіншік сұлтанды жиырма бес мың адаммен Ұлытауға жүргізді. Рабиу-Бегімнің екінші
баласы, Түркістан уəлиетінің осы кездегі əміршісі Күшкінші сұлтанды отыз мың əскермен
Созақты алуға жіберді. Мұхамед-Шайбани бұл уақытта əбден күшейіп алған. Ол енді
бұрынғыдай қалаларды біртіндеп алу саясатынан бас тартқан. Өз күшіне өзі сенген
əміршінің ғұрпыменен оңтүстігі мен солтүстігіндегі екі елді бірден жаулап алуға кіріскен.
Бірақ Мұхамед-Шайбани хан Қорасанда жеңіске жеткенмен, Созақ пен Ұлытауда сəтсіздікке
ұшырады.
Ұлытау мен Созаққа келген Қасым мен Қамбар сұлтанның қалың əскері Сүйіншік пен
Күшкінші сұлтанның лашкарларының быт-шытын шығарды. Елу мың əскердің тең
жартысына таяуын қырып, қалғанын сонау Дəшті Қыпшақтың шекарасында жатқан құмайт,
тақыр құмды далалармен Түркістан мен Ташкентке дейін қуды. Бұл жеңіліс бүкіл Орта
Азияны өзіне бағындырып, енді Дəшті Қыпшақ пен Иранға ауыз сала бастаған,
айбындарымен талай елді тітіреткен Əбілқайыр бөлтіріктерінің көптен бергі елеулі жеңілісі
еді. Ал Дəшті Қыпшақ халқының рухын көтеріп тастады. Енді қазақ рулары Қасым төңірегіне
жинала бастады. Дəл осы кезде Сарайшықтан Бұрындық хан бар балаларының аулымен
көшіп келді. Құр ғана көшіп келген жоқ, өзімен бірге бір тайпа елге бақытсыздық ала келеді.
Өткен қыс өте қатты болған. Əсіресе Тянь-Шань тауының теріскей жағында отырған
149
көптеген қырғыз, қазақ ұлыстары жұттан бар малын қырып алған. Қатты күйзеліске
ұшыраған. Сол себепті Дулат руының біраз ауылы өзінің жылдағы əдеті бойынша Шудың
Жуанарықтан жоғарғы жағына жайлауға шыға алмай, Жаңғы қаласына таяу жердегі Талас
өзенінің жағасындағы көкорай шалғынды жайылымға жылжып көше салған. Елдің ат жалын
тартып мінер бар жігіті Қасым мен Қамбар батырға еріп, Ұлытау мен Созақты жаудан
арашалауға кеткен. Міне, осы кезде тыныш жатқан Дулат аулына кенет жау тиді. Ел жаңа
түнгі асын ішіп жатқан кез еді. «Бұрындық!», «Бұрындық!», «Керей!», «Керей деп салған
ұраннан, шапқан ат, айқайлаған дауыстан ауыл үсті азан-қазан болды да қалды. Кəп
мынадан шықты. Дулат руының осы қонған Талас өзенінің көгал шөпті, қамысты жағасы,
Бұрындық ханның қыс ерте шыққан жылғы Дəшті Қыпшақ даласына көшкенше тұрақтайтын
көктемгі жайылымы екен. Бұрындық Сарайшық жағында көшіп жүріп бұл жайылымға көптен
бері соқпай қойған. Бұл ара биыл бос жатқан соң, қыстан күйзеліп шыққан Дулат ауылдары
хан келе қоймас деген үмітпен осы жерге қонған. Бірақ Жайық жағасы да биыл қысы қарсыз,
көктемі жаңбырсыздау боп Бұрындық бері қарай көшкен. Талас өзеніне таянған кезде көп
жылдан бері көктемде қоныс ететін Дулат ауылдары отырғанын білген. Соңғы кезде ел
қонбай, даласы да жайылымының оты басылмай тұрған шығар деп келе жат-
қан Бұрындық жерінің бос емес екенін естігенде, ашудан ат үстінде отыра алмаған. Соңғы
жылдары қазақ рулары Қасым сұлтанға ауып кеткен. Сыныққа сылтау, соған іштей əбден
ызаланып жүрген Бұрындық «бұл қай қорлаулары деп бұлқан-талқан болған да қалған.
«Көрсетейін мен бұларға басынуды деп қолына темір табанды сойылын алған.
Қарамағындағы бес жүз сарбазын ертіп, асқа дайындалып жатқан ауылдың, қойға шапқан
қасқырдай, бір шетінен тиген. Шоқпарымен ұрып сан үйдің шаңырағын ортасына түсірген.
Ауылдың заматта əлек-шəлегін шығарған. «Хан тақсыр, бос жатқан соң қонып едік»,
«Қарамағыңыздағы қазағыңбыз ғой, дəкпірімізді алмай, таң атқанша шыдаңыз, өзіміз де
көшейік» деп жалынған ауыл ақсақалдарын долы мінезді Бұрындық ештеңеге қарамай «көш
деген соң көш! Қарсыласайын деген екенсің деп табанда сойылға жыққан. Ойбайлаған
қатын, жылаған бала, үрген ит, маңыраған қой-ешкі, ауыл үсті азан-қазан болған. Көптен
бері алысатын жау шықпай, жынын алған бақсыдай, əбден қансырап қалған Бұрындық, жоқ
жерден сойыл соғар қос тауып, баурын бір жазды. Ат ойнатып, ақырып рақаттанды да
қалды. Хан өз елін жауынан қатты шапты. Таң атқанша Талас өзенінің осы арадағы бес-
алты кедей ауылын бала-шағасын шұбыртып, өліктерін арқалатып құмға айдап салды. Бұл
оқиғаны жорықтан қайтқан ел азаматтары естіп, қандары қызды, қаһарларына мінді, хан
аулын күлін көкке шығарып тал түсте шаппақ болды. Жұрт дүрлігіп қол жиналды. Тек Дулат
елінің ағасы, Бөрібай батырдың баласы Қасқалдақ би жұртқа ақыл айтып, аз уақытқа халық
ашуын саябырлатты.
Ел деген атымыз бар, хан ақымақтық істеді деп біз ақымақ болмайық. Бұрындық
ханның бұл қылығын Қасым сұлтанға жеткізелік, аға да, хан да өзінікі ғой, əділетін өзі
шешсін, — деді.
Жұрт осы сөзге тоқтады.
Бұл хикаяны естісімен қасына бір топ батырларын ертіп Қасым Бұрындық хан Ордасына
аттанды. Хан бұлардың келетінін күні бұрын естігендей ауыл сыртында қарсы алды.
Астында аты шулы, сүліктей жараған, жалқұйрығы жерге төгілген мұндайда жауға мінер
қара айғыры, үстінде оба тастай боп дөңкиіп өзі отыр. Арт жағында оба тасының жанындағы
балбалалардай төрт баласы. Бəрінің де мінгені осы қара айғырдың тұқымы, кілең тоқпақ
жал нардай дүлдүлдер. Үстерінде кеуде тұсы тұтасқан қалқан темір, келте сауыт, жеңдері
мен шалбарлары ғана шынжырдан тоқыған... Бəрінің қолдарында шойын шоқпар, ер басына
іле салған темір табанды қайың сойыл. Жақындап келе жатқан батырларды олар сол
түнерген қалыптарында, мызғымай күтіп тұр. Жайшылықта түсі суық, долы Бұрындық
ашуланғанда, қаһары бетіне жан қаратпайтын аяздай тіпті ызбарлана қалатын. Бұ жолы да
бет-əлпеті сондай еді. Екі бетінің түгі шығып, қара күреңденіп, ісініп, көзі қанталап кеткен.
Бұрындықтың осынау ызбарлы сұсы жеңді ме, батырлар тақа таямай сойыл жетпес
жерге келіп тоқтады.
Ассалаумағаликом, Бұрындық хан, — деді олар жамыраса амандасып.
Балалары «аликомассалам» деп еріндерін жыбырлатты. Бұрындық сəлемді алған жоқ.
Бері тая, Қасым, — деді ол оң қолына ұстап тұрған шоқпарын сəл оңтайлап, —
айтатын құпиям бар.
150
Түр-келбетіҚасым таяса, қара шойын шоқпарымен салып қалатындай. Егер бұзау
бас қара шоқпарды Бұрындық секілді алып күш ұрса, адамның несі қалады. Темір балғамен
тақтайға шегені соққандай біржолата жерге кіргізіп жіберері хақ. Ал Бұрындықтан мұндай
қылықты күтуге болады. Ол ашу үстінде қандай қылмыстан болса да бас тартпайды.
Ойындағысы орындалса бітті, өліп кетуге бар. Бұ жағынан Бұрындық ашу үстінде өзін-өзі
шағып өлтіретін бүйі тəрізді, алды-артына қарамайды. Ханның мұндай мінезіне қанық қазақ
батырлары аттарын тебініп қап, Қасымды қорғай алға шыға берді. Бұны көрген Бұрындық
ақырып жіберді.
Қайт кейін, кілең қарашы! Хандар арасында қара қазақ тұрмас! Тая бері, Қасым,
сөйлесетін сөзім бар!
Бұрындықтың даусы тым қаһарлы шықты, батырлар іркіліп қалды. Қасым оларға:
Кейін шегініңдер, — деді. — Өзім сөйлесейін.
Қасым өзгелерден суырылып шығып, Бұрындықтың қасына барды. Ананың түрі түтігіп
кеткен екен. Екі көзінен қара күреңденген бетін жуа, бармақтай-бармақтай жас тамшылап
тұр. Ызаланған бураның көзінен жас шығатынын Қасым бұрын көргені бар. Денесі мұздап
кетті. Шіркін, жан деген тəтті ғой, амалсыз ханның қолындағы қара шоқпарға қарады.
Бұрындық бұған көңіл бөлген жоқ. Жəне көзімнен жас шығып тұр-ау деп қымсынбады.
Сорғалаған жасын да сүртпей Қасымға алар бүркіттей түксие сестеніп, сəл қарлыққан
даусын көтере сөйлеп кетті.
Қарамағыңдағы елің теріс қарап кетсе, хан деген ит қорлық екен. Оны мен Əбілқайыр
ұрпағына қыздарымды бергелі білдім. Қонысымды жайладың деп қамсыз жатқан елді
шапсам, сынықтан сылтау іздегенім. Айып менен. Бірақ айыптымын деп қарашыға бас иер
жайым жоқ. Оны жақсы білесің, Қасым. Жазылмас кеселдің еміөлім. Ал менің кеселімнің
жазасы өлімнен де ауыр. Бұл жазаны өзіме өзім таңдап алдым. Жазам сол! Ертең күйеу
балам Мұхамед-Темір сұлтанның қолына, Самарқантқа көшемін. Сен жеңген жоқсың, мен
жеңілгем жоқпын. Жұртымды басқара алмаған өз күнəмды өзім осылай жумақпын. Дəшті
Қыпшақты билеген Бұрындық Мұхамед-Темір сұлтанды күшік күйеу етіп өз ордасына
кіргізудің орнына, ата жауы Əбілқайырдың ордасына өзі күшік ата болып кірмек. Бұдан
артық жаза, бұдан артық өлім бар ма? Сөз осымен бітсін, ана қабыландарыңды ертіп енді
кейін қайт. Ақыл айтамын деп, хан болуға жеткізген сонау ақылды басыңа мына қара
шоқпарымды жұмсатып алып жүрме!
Бұрындық осылай деді де, атының басын бұрып, аулына қарай жүре берді. Қасым оған
тоқта демеді. Өйткені мұндай жағдайда Бұрындық шешімі бірден-бір дұрыс шешім еді.
Халқын басқара алмаса да қайғысын жасыра білді.
Екі апта өтпей бүкіл Дəшті Қыпшақ əулетіне Бұрындық хан Самарқанттағы кіші қызы
Жауһар-Бикенің қолына көшіп кетпек екен деген хабары тағы естілді. Біреу ер екен деді,
біреу ез екен деді. Тегі ешкім бəлендей өкінбеді. Бірақ Бұрындық көшерінде тағы бір үлкен
жамандық істеді. Қара түнде жүз жігітін жіберіп бір кезде өзі салдырған Бұрындық қаласын
«өзіме де жоқ, бөтенге де қалмасын» деп күл-талқан етіп өртетті.
Сөйтіп ол уақытында көше алмай қалды. Ал көшем дегенінде халық оны көшірмеді.
Қасым сұлтанға енді ру басшылары, би, батырлар емес, кеше найза ұстап, жауына қарсы
шыққан, жаман далбағайлы, көн шалбарлы қара қазақ келді. Бірақ бұлардың келісі ел
жақсыларының келісіндей емес, ашулы келіс еді. Аспанды қап-қара боп жауып алған қара
бұлт тəрізді, түрлерінен адам шошынарлық, түнеріп кеткен. Қолдарындағы алдаспандарын,
жай оғындай жарқ-жұрқ ойнатып, Қасым сұлтанға күндей күркіреп тілектерін айтты.
Жоғалып кеткен «Жалғыз көз» батыр табылды! Бұрындықтың үйінде екен! Сары ала
төбетімен бірге шынжырлап, бір итаяқтан ас береді екен! Аяулы батырымызды қазір
босатып бер! Босатып бермейді екенсің, бізге өкпелеме! — деді.
Халықтың мұндай ашуланған түрін бұрын көрмеген Қасым сұлтан шошып кетті. Ашынған
халықтың өкілі етіп Қаптағай батырды ертті де, ол көшкелі жатқан Бұрындық аулына өзі
келді.
Анау сойылды жұртты көріп тұрсың ба, Бұрындық хан? — деді Қасым ауылды
қоршаған қалың жұртты көрсетіп.
Көріп тұрмын. Талағалы жиналған сабалақ иттер тəрізді.
Егер таламасын десең, қазір Орақ батырды босат!
Босатпасам ше?
Қасым найзалы жұртты көрсетті.
151
Қазір бүкіл аулыңның күл-талқанын шығарады.
əттең, əттең! — деп барып Бұрындық əлі жығылмаған қараша үйдің есігін ашты.
Ашылған есіктен Қаптағай бүкіл Дəшті Қыпшаққа əйгілі, Бұрындықтың жолбарыс алар
сары ала төбетімен қатар, шынжырлаулы отырған, бет-аузында адам кейпі жоқ кісіні көрді.
Орақ екенін танып, Қаптағай ызалана қалды. Беліндегі қанжарына қолының қалай барғанын
білмей қалды.
Сабырлық, сабырлық! — деді қасындағы Қасым, шыдамдық көрсетіп.
əлсіреп қалған Орақты атқа отырғызып жатып, Қаптағай:
Егер мына жұрт күліңді көкке ұшырмасын десең, қазір көш! — деді Бұрындыққа, сөйтті
де өзі бұрылып жүре берді.
Бір ай өтпей осы Талас, Шу маңындағы қазақ руларының басшылары жиналып,
Бұрындықтың орнына боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ кигізге көтеріп, Қасымды хан
сайлады.
Келесі көктемде Қасым хан жайлауға Ұлытау маңына көшпек боп тұрғанда, Сайрам
хакімі Қаттыбектің бір топ арбабы 1 мен ресми уəкілі келді. Бұлар Қаттыбектің Сайрамды
басқарсын деген сəлемін əкелді. Қасым хан көп қолменен Сайрамға беттеді. Қаттыбек
қаланың кілтін беріп, өзі Қасым ханның қарамағында қызметте қалды. Бір аптадан кейін
Қаттыбектің ақылымен бұлар Сүйіншік сұлтан басқарып отырған Ташкентті шабу
дайындығына кірісті.
Осы кезеңнен қазақ халқының ежелгі қонысының біріТүркістан өлкесін өзінің
қарамағына қайтарып алуы үшін жаңа күрес дəуірі басталды. Бұл дəуір ұзаққа созылды.
Бірақ жеңісті болып аяқталды. Оған себеп Қасымның сол дəуірдегі ел билеу саясаты ғана
емес, халықтың асқан ерлігі, өз жерін, өз елдігін қорғауға деген сүйіспеншілігі,
қажырлылығы, табандылығы еді.
Қасым хан Мұхамед-Шайбани Ордасынан Түркістан өлкесін қайтарып алу үшін, Дəшті
Қыпшақпен шекаралас бөтен хандармен тату-тəтті саясат ұстауды ойлады. Өзге жұртпенен
араз бола тұрып, Мұхамед-Шайбанимен күресудің қиынға түсетініне шек келтірмеді. Əсіресе
Қасым хан Дəшті Қыпшақтың жерімен шекаралас Моғолстанмен, əкесі Жəнібектің өсиетін
орындап, үнемі бірге тізе қосып отыруды есінен шығармады. Əбусейіт мырзаның баласы
Омар-Шайх көгаршын ұшырам деп мұнарадан құлап өлгеннен кейін, Жұныс ханның қызы
баяғы Нигер-Сұлтан-Бегім Андижанда жесір қалған. Жəнібек осы Нигер-Сұлтан-Бегімді
өзінің ортаншы баласы əдікке алып берген. Əкесі Омар-Шайх қайтыс болғаннан кейін
Андижан дийары 2 Омар-Шайхтың үлкен баласы Бабур мырзаға қалған. Бұл кезде
Самарқант, Бұқар уəлиеттерін əбусейіттің үлкен баласы Сұлтан-Ахмет мырза басқаратын.
Əдік сұлтан осы Сұлтан-Ахмет мырзаның сенімді адамының бірі болып Самарқантта
мұзалимдық қызмет ететін. Сұлтан-Ахмет мырза өлгеннен кейін, артынан оның кіші баласы
жас Байсұңқар мырза билік құрған. Одан Самарқант, Бұқар, Андижан уəлиеттерін тартып
аламын деп Сұлтан-Махмұт хан соғыс ашты. Бірақ жеңіліп қалып, амалсыз Дəшті Қыпшақ
жеріне қашты. Онымен Дəшті Қыпшақ жеріне Сұлтан-Махмұт ханмен тілектес болған əдік
сұлтан да бірге кеткен. Бірақ қазақ жеріне жеткен кезінде қайтыс болды. Соңынан қуып
келген Нигер-Сұлтан-Бегім қайтадан Мұхамед-Шайбанидің жеріндегі өгей балаларының
қолына барғысы келмеді. Көңілі ескі дос Қасым ханға ауды. Əрине бұл күндерде Нигер-
Сұлтан-ханым бұдан он бес жыл өткен соң, Қасым хан өліп, Қашқардың ханыағасы
Сұлтан-Сейіттің қолына барып, өзі бір кезде иттің етінен жек көрген əбдірашид сұлтанның
гареміне жалғыз қызын беретінін білген жоқ. Ал қазір қарақат көз, оймақ ауыз сұлу Нигер-
Сұлтан ханым өмір бойы арман еткен, ең бірінші бетін ашқан Қасым ханға қосылғанына өте-
мөте қуанышты еді. Ағасы өлсе жесірі ініге мұракөне қазақ дəстүрі, Қасым хан алтыншы
қатыны етіп Нигер-Сұлтан ханымды алды. Сайрамның қақпасын ашқанда, өзінің ақрұғында
осы Нигер-Сұлтан ханым да болды. Жастағы арманы орындалғанына Қасым бұрынғысынан
да қатты рухтанып, енді хандық іске алаңсыз кірісті...
Хандық ісол кезде əскер ісі, кім де кімнің əскері күшті болса, солхан жəне күшті
хан. Қасымның жас кезінен ұстаған жалғыз сара жолы бар. Ол жолбейбітшілік жолы
өз жеріңді ешкімге берме, өзгенің жерін тартып алма. Өзгенің жерін тартып алмау оңайға
түскенмен, күштілер жеңген опасыз сұрқия заманда, өз жеріңді бермеу оңай іс емес еді.
Бұны жақсы түсінген Қасым Сайрамға келісіменен тек өз ықпалын Сарысу, Шу, Талас
1 А р б а бқаланың белгілі адамдары деген мағынада.
2 Д и й а роблыc (Парсы тілінде).
152
бойындағы қазақ еліне ғана жүргізуді ойламай, бүкіл Дəшті Қыпшақ жеріне құлаш ұрды.
Əкесі Жəнібектей бұл да қазақтың бар руына «бірігіп ел болайық» деп кісі жіберді. Өзі əзірге
бір өлкенің ғана ханы бола тұрып, енді бүкіл қазақты билейтін ұлы хандық құруды ойлады.
Кімді хан етеді? Оны халық өзі шешсін деп, өз атын атаудан бас тартты. «Хан ақылы қырық
кісілік, халық ақылы қырық мың кісілік: көппен кеңесіп пішкен тон келте болмайды» деп бұл
мəселені халықтың шешіміне қалдырды. Əкесі Жəнібектің диван 1 заңы етіп кеткен
«Тағанақ кеңесі» мен «Тұрымтай кеңесін» қайтадан күшіне енгізді. Хан болдым деп бірден
шабуылға кіріспей, алдымен өзін басқа біреу шауып алмас үшін, Созақ, Ұлытау, Сайрам,
Сарайшық бекіністерін жөндеп, мықты əскер құруды арман етті.
Осы кезде тағы бір ұлы уақиға болды. Бүкіл Түркістан, Самарқант, Бұқар, Андижан,
Шахия, Хизар, Хорезм, Құндыз, Бадахшанды жаулап алған Мұхамед-Шайбани хан енді
Қорасанға аттанды. Адамның тасы өрге домалап тұрған кезде, қандай қиын істің болса да
қиюы келе қалады. Мұхамед-Шайбани да қисынын тауып, Қорасанды жаулап алды. Адам
баққа, атаққа тойған ба, Мұхамед-Шайбани бұған да қанағаттанбады. Өлер бала бейітке
жүгіреді, ол енді сонау қарлы Памирды жайлаған Хазар еліне аттанды. Бірақ хазарлар
жықпыл-жықпыл Гиндықұштың арасына тығылып алып, оған таптырмады. Амал жоқ, кейін
қайтуға тура келді Ауған жеріндегі Тілман өзенінің жағасымен төмен түсті. Бірақ бұл өзен
бірімен бірі жалғасып жатқан ұшы-қиыры жоқ шың құз тастардың арасымен өтеді. Сонау
бұлт сүйген биіктегі жіңішке қоба жолмен қайтып келе жатқан көп əскерге құлама
құздардан, пышақ кескендей жылтыр жартастардан төмен түсіп су алу, не аттарын суару
ғажайып михнатқа айналды. Су жетпей біраз адамдары қырылды, аттары зорығып өлді.
Осындай қиындықпен келе жатқандарында күз түсті. Кенет ақ жауын басталды. Енді
бұрынғыдан да қиын жағдай туды. Күндіз-түні тынбай жауған ақ жауын тау арасындағы тас
жолды жуып кетті. Аяқ басса тайғанап, адам, мал тұңғиық шыңырауларға қарай домалай
жөнелді... Қаншама əскер апатқа ұшырады. Өстіп, өлдім-талдым дегенде əйтеуір қыс түсе,
Мұхамед-Шайбани қалған əскерімен Қорасанға жетті. Азып-тозған, əбден жүдеген əскеріне
енді ол елдеріне қайтуға рұқсат етті. Аштықтан көздері үңірейген, үстеріндегі киімдерінің
жұлма-жұлмасы шыққан бір кездегі мұздай боп қару-жарақтанған айбарлы əскер, енді кенет
қайыршы секілденіп, сонау Иран мен Ирактың шекарасынан Түркістан өлкесіне дейін
шұбатыла босты.
Бұл бір ғажайып көрініс еді. Мұхамед-Шайбани лашкері келе жатыр десе, бұрын
жылаған бала уанатын қаһарлы, айбарлы əскер енді қатын ұрып алатындай тобырға
айналды. Олар өз елдеріне жеткенше күн көру үшін, топ-топқа бөлініп, жолдағы бейбіт
жатқан дихтарды тонай жүрді. Көптеген жұрт енді өз əскерінен өзі қашты. Халықты үрей
биледі.
Дəл осы кезде өзге хандардың демеуімен Иранның əміршісі Шах-Ысмайыл Қорасанға
жорық салды. Бұл кездегі өзінің астанасы Гератқа əскерсіз жеткен Мұхамед-Шайбани, енді
бұл арада қалуықұр үйде отырып өлуі екенін сезіп, «жауынгерлер Мервке жиналсын»
деп жан-жағына хабаршыларды шаптырды. Бірақ əбден азған-тозған, шаршаған əскер
жинала қоймады. Өзі Мервке келген шақта, соңынан Шах-Ысмайыл да қуып жетті. Амал
жоқ, жиналған бар əмір, баһадур, сұлтандарымен ұрысқа шығуға тура келді. «Тарихи
Рашидида»: «Кім де кім өзгеге ажал азабының шербетін қанша ішкізсе, өзі де сол удан
соншалық ішеді» деп айтқандай, оның да өлім ыдысы лықылдап толған еді. Осы айқаста
атасы Əбілқайырдың жасына жетпеген, бүкіл Орта Азияны жаулап алған, атақты Мұхамед-
Шайбани хан жекпе-жекте жас жолбарыс Шах-Ысмайылдың қолынан қаза тапты. Соңғы он
жылдың ішінде елінің шетіне сан келіп, талай рет тыныш жатқан жұртты қан қақсатқан ұлы
жиһангер батыр ханның бас сүйегінен Шах-Ысмайыл шарап ішетін ыдыс істетті.
Бұл уақытта Қасым хан ордасы əбден күшейіп алған-ды. Бүкіл Дəшті Қыпшақтың көп
рулары ер жүрек əміршісін ту етіп көтеріп, маңына жинала түскен.
Қасым хан бұның алдында Мұхамед-Шайбанимен бірнеше рет майданда кездескен.
Əбден кемеліне жеткен əккі əскер бірін-бірі жеңе алмай ит жығыс келе берген. Ал Қасым хан
қаншалық бейбітшілік өмірді сүйгенменен, енді Əбілқайыр ұрпақтарымен алыспасқа
мүмкіндігі қалмаған. Осыдан екі ай бұрын Мұхамед-Шайбани Түркістан жерінде қазақ
саудагерлері сауда-саттық жүргізбесін деп жарлық берген. Бұнысы бүкіл Дəшті Қыпшаққа
зорлық еді. Халыққа қаладан керек затыңды алма деу əрине, зор қиянат. Осындай жағдайда
1 Д и в а н (фарсыша) — бұл арада хан кеңесі деген мағынада.
153
жүргенде Қасым хан Мұхамед-Шайбанидың өлгенін есітті. Бұл күндерде Қасым хан
Түркістан өлкесін біржолата жаулап алуға дайын еді. Қазір оның қарамағында үш жүз
мыңдай боп қаруланған атты əскер бар. Осы бір кез бытырап жүрген қазақ руларының
басын қосып алтын тұғырына қонып, шын мемлекет бола бастаған кез еді. Қасым ханның да
абыройы əбден көтеріліп болған. Оның Дəшті Қыпшақтың елдік, жауынгерлік даңқын
«Тарихи Рашиди» айтқандай, Жошы ханнан кейін бүкіл Шығысқа жайған əлуетті шағы еді.
Күн айнадай ашық. Күзгі салқын жел сарғайып кеткен ен даланы аймалай сүйіп ақырын
еседі. Бір топ батырларымен Қасым хан Созақтағы хан сарайының алдында тұр. Осы
арадан қазақ жерін қайта шапқалы келе жатқан Қытай, Ойрат, Ақсақ Темір ұрпақтарының
қалың əскеріне қарсы ұлы айқас басталмақ. Қолдарындағы темір найзаларының сүйір
ұштары мен арқаларына таңып алған болат қалқандары күн көзімен шағылысып, хан
сарайының алдынан майданға бара жатқан кілең жүйрік мінген қалың əскер лек-лек боп өтіп
жатыр. Ұшы-қиыры жоқ, бүкіл даланы алып жарқ-жұрқ етеді.
Кенет Қасымның көзі əскерінің алдыңғы қатарында кетіп бара жатқан, бетін қара
далбағайымен жапқан көк сауытты батырды шалып қалды. Бұл Орақ еді. Хан ақырын езу
тартып күлімсіреді. «Халық қамын ойлаған батыр хан қолына келіп қосылса, бұл жақсы
ырым. Хан саясатының онда халық көкейіне қонғаны».
Қасымның көзі енді дəл қасынан ақбоз сəйгүлігін ойнатып өтіп бара жат-
қан, ақ берен сауыт киген жас батырға түсті. Атының сымбаттылығына, жас батырдың
отырысына сүйсінген хан көзін одан көпке дейін алмады. Бұл өзінің баласыХақназар еді.
Ұрысқа алғашқы аттануы.
Қасым үндемеді, тек баласы ұзап кеткенше оның ту сыртынан қарай берді...
ЭПИЛОГ
Қазақ хандары Түркістан өлкесі үшін сексен жылдай соғысты. Ақырында, осы Хақназар
хан болған кезінде ғана тегіс өз жерін өзіне қайтарып алды. Хан астанасын Яссыға көшірді.
Содан кейін барып оны Түркістан деп атап кетті. Жəне осы Хақназар хан кезінде үш жүз
жылдан көп əңгіме болып келген жайбүкіл қазақтың Үш жүзге бөлінуі аяқталды. Қасым
хан осы баласын көргенде өзінің алғашқы жорыққа аттанғаны есіне түсіп, ішінен баласына
«бақытты бол деп күбірледі. Иə, Сар даласында, сонау ұзақ тарихында қазақ халқы не
көрмеді. Суға да батты, отқа да жанды, бірақ тірі қалды, құрып кетпеді. Осының бəріне айғақ
халықтың ерлігі, тағдыры үшін күреседі.
Бағанадан бері əскерінен көзін алмай тұрған Қасым хан осыншама жауынгер ұл берген
халқына риза болып кетті.
Мына сұрапыл күшке қарап тұрып бір ойға келдім, — деді ол қайтадан жақында ғана
майсары болған Оңай батырға, — қазақ елі нағыз бір алмас қылыш қой, қарашы, алмас
қылыштан айни ма? Олжарқ-жұрқ етіп, байтақ даланы дүбірлеткен қалың əскерді
көрсетті.
Кəп осы алмас қылыш кімнің қолында болады, сонда ғой, — деді Оңай батыр ханға
сəл бұрылып, — кім оны қалай ұстайды, қандай арман үшін жауына салады.
Жөн айтасың, — деді Қасым, — бабын таппасаң қыран құс қасқыр ала алмайды, —
сөйтті де ол қалың қол аттанып бара жатқан күншығыс пен оңтүстікке қобалжи қарады. —
Ел шетіне жау келді, алмас қылыш тағы қынабынан суырылды... Арты немен тынбақ?
154
ЕКІНШІ КІТАП
ЖАНТАЛАС
155
ПРОЛОГ
Қазақтың ұлы даласын күнгей мен күншығыс жағынан алып тағадай иіле түсіп, мыңдаған
шақырымға созылған дүние жүзіндегі ең биік таулар қоршап жатыр. Осы ақ басты ғажайып
шың, құздар қазақ жерінің үстінен өтетін ескек желге, азынаған дауыл-боранға ғана
тосқауыл емес, бұл таулар көшкен елге де, басқыншы жаудың қалың қолына да асу бермес
берік қамал. Тек бір жерінде ғана бұл ғаламат қиялар, шөккен нардай, даланың бауырына
кіре, жатаған тартқан. Осы тұстан Азия мен Европаның түйіскен алқабына қарай,
жаратылыстың өзі жаратқан долы сұрапылымен бірге, араларына жүздеген жылдар салып
фангфур ұлы хандарының, Əтилланың, Шыңғыстың құмырсқадай құжынаған қосындары
төгілген. Бұл қанды жорықтар ең алдымен осы арада əлмисақтан бері егін егіп, мал бағып,
қала салып, бейбіт жатқан елдерді талқандады. Одан өтіп қазақтың көшпенді байтақ
даласын қызыл қанға бояп, лек-легімен күнбатысқа қарай лап қойды. Бұлар басып өткен
жерде тек күңіренген ел, күйзелген дала, күйреген қала ғана қалды.
Бұл жолғы шайқас тасоның бірі еді.
Жоңғар қақпасының етегіндегі Сойқан сайда Қытай мен қазақ əскерінің алысқанына міне
бір жеті болған. Бойлауық жылқы секілді бой бермей, екі жақ бірдей арандағанда, талай
қанды ауыз бөрілер пұшпағынан ілінді. Жүрегінің түгі бар талай батырлар қайқы қара
алдаспандардан қаза тапты. Талай албырт жас өмір сабағынан үзілген гүлдей семді. Бірақ
кісі қанын толарсақтан кешіп жүрсе де селт етпейтін қолбасшылар майданға жұртты төпеп
айдай берді. Сегізінші күні жасыл жібек шатырын қырық құлға көтертіп, майдан шебіне
Қытай боғдыханы Канси келді. Əскер басшыларын шақырып алып:
Ұрыс қалай жүріп жатыр? — деп сұраған.
Əйел өңдес, қу тамырдай қатып-семіп қалған, көсе қара əскер басы иіле тəжім етіп,
жауап берді.
Алдияр тақсыр, əлі итжығыс түсіп жатырмыз. Екі жақ бірдей қырғында. Біздің
шығынымыз көптеу.
Əскер басы өзек жарған шындығын айтқан. Боғдыхан шаршы топтың алдында өз əскер
басын мұқата сөйледі.
Ақымақ, — деді ол, — үш ғасыр бойы алысып Тан династиясы жеңе алмаған бұл
тайпаны сен жеңем деп ойлап па едің?
Алдияр тақсыр, соғыс деп бұйырған өзіңіз ғой.
Соғыс дегенде мен саған осылай соғыс деп пе едім? Бүйтіп сен оларға тізе көрсетіп,
бетін қайтара алмайсың. Одан да өзің былай тұр да, күнде шабуылдап мазаңды ала берген
ойрат тайпасын жап. Екі жұрт бірін-бірі ала алмай, əбден əлсіреп, енді тентіреп кетуге
айналғанда, сен бір бүйірден шыға кел де, екеуін екі бүктей салып, бос қалған жерін басып
ал...
Алдияр, — деді анау басын бұрынғысынан да төмен иіп, — қалжыраған ойратты
олжалау қиын болмас. Ал қазақ жұртын олай құртып, жерін оп-оңай басып ала аламыз ба?
Ар жағында бізден күші басым Луссия көршісі бар ғой. Ол бізге қазақ даласын көпе-көрнеу
талатып қоя ма?
Луссия үшін құса болма. Қазақ жері өгіздің талысындай мол, бəрімізге де жетеді. Біз
Ертістің жоғарғы тұсымен Жетісу, Түркістан уəлиетін, Шығыс Түркістанды тегіс баурымызға
басамыз... Қысқасы, Көкше теңіздің оңтүстік жағасына дейін біздікі, солтүстік жағасы
Луссиянікі болуы керек-ті.
Сонда қазақ елі қайда қалады?
Көкше теңіздің түбінде! Жоңғар тайпасын қалай құртсаң, қазақ жұртын да сондай етіп
құртасың!
Құп, тақсыр.
156
БІРІНШІ БӨЛІМ
І
Қазақ елі бұл кезде көкпарға тартуға дайындалған серке тəрізді еді. Жан-жағынан
анталаған қай жауының тақымында кетеді? əлде өзара қырылысқан хан, сұлтандар қанын
сорғалатып, біреуіаяғын, біреуіқолын, біреуібасын қанжығаларына байлап əкете
ме, кім білсін?
Ел басына төнгелі келе жатқан мұндай ауыр кезеңді дұрыс ұғып, терең болжап, болашақ
тарихы мен тағдырының төрт жағынан бірдей соққалы тұрған сұрапылдан халқын құтқарар
кімі бар?
Мұндай жанталаста халық алдыңғы шепке ең алдыменен өзінің тəжірибесін, ақыл-
парасатын, табандылығын салуға тиісті. Өйткені қазақ елін көкпар етіп ала қашуға
дайындалып жатқан ең бірінші қасы оған айқын еді.
Шыңғысхан құрған монғол хандығының ғұмыры екі жүз жылға жетпеді. Бір кездегі ұлы
көшпелі мемлекетҚарақұрым ордасы Құбылайдың тұсында Пекинге көшісімен-ақ монғол
хандығы делінуден қалды. Құбылайдан кейінгі Қытай боғдыхандары енді өздерін Шыңғыс
мұрагерлері санап, монғолдың атамекен көне қонысы түгіл, «Бар əлемді тітіретуші» жирен
сақалды ханның жаулап алған жерлерін де бауырларына басқысы келді. Бұлар енді бір
кезде ұлы Қытай империясын Шыңғысханның күшпен жаулап алғанын, оның көп
шаһарларын тып-типыл етіп қиратып, егістік даласын малға жайылым еткісі келгенін
ұмытты. Ал монғол жеріндегі ұлы Қарақұрым хандығы да бөлшектене бастады. Өзара
қырқыс, жанжал бір жағынан, күнгей үрдісінде пайда болған манчжур хандарының ұзақ
жылғы ұрыстары екінші жағынан берекесін алып, бұлардың бұрынғыдай іргелі ел болып
отыруына мүмкіндік бермеді. Оның үстіне негізгі кəсібі мал бағу болған, əр аулы əр бөлек
қонған монғол шонжарларына қысқыстау, жазжайлау жетпей, елге қоныс, малға өріс
тапшылығы тағы бір пəле болды. Əсіресе батыс монғол тайпаларыЧорас, Ойрат,
Торғауыт, Төлеуіт рулары Қытай боғдыхандарының тегеурініне шыдай алмай атамекен
қоныстарын тастап, жер іздеп босып кеткен. Бір бөлегі Сібір жеріне, қалғаны Ертіс бойына,
Тарбағатай тауына қарай ойысты. Қалмақ аталған бір бөлегі жер іздеп, көше-көше тіпті
Еділдің төменгі сағасына өтіп кетіп, Айдархан (Астрахань) маңайында көшпелі аймақ боп
тұрып қалды. Батысқа қарай ығысқан бұл елдерді Қытай боғдыхандары Сібірге, қазақ
жеріне жəне Орта Азияға өзінің ықпалын жүргізудегі алдыңғы шебі деп санады. Ал бұл
зұлымдық саясатқа көнгісі келмей, өздеріне қарсы шыққан кей қонтайшыларды ауыл-
аймағымен, бала-шағасына дейін қалдырмай қырып тастап отырды. Енді Қытай
зардабынан қорыққан жұрт ойысып кеп, Тарбағатай тауын, Іле өзенінің сағасын, Жайсан
(Зайсан) көлінің өңірін мекендеді.
Осы арада олар аман қалған руларын жинап көшпелі мемлекетЖоңғар хандығын
құрған. Бір мың алты жүз отыз төртінші жылы бұл хандықтың қонтайшысы боп Хара-Хұла
батырдың баласы Батур сайланған. Бұл қонтайшының маңына енді Енисей, Ертіс
өзендерінің жағасын жайлаған монғолдың басқа да ұсақ рулары жинала бастады. Өстіп
Жоңғар хандығы үлкен күшке айналған. Ол өзінің ордасын Зайсан көлінің жағасына
көшірген. Дəл қасында пайда бола қалған көшпелі жауынгер мемлекетке Қытай
саясатшылары енді қобалжи қарады...
Батур қонтайшы өзі өлгенше орыс патшаларымен тату бола отырып, Жоңғар хандығын
күшейтуді арман етті. Батур негізгі саясатын Қытай боғдыхандарының ақылымен Оңтүстік
Сібір мен қазақ жерін алуға құрды. Алдымен ол Тəуекел ханмен, соңынан Есім ханмен сан
айқасты, бірақ дегеніне жете алмады.
Батур өлгеннен кейін оның орнын үлкен ұлы Сэнгэ, содан кейін кіші баласы Қалден
басты. Қалден Қытай императорының жарлығы бойынша осы кезде бас көтеріп ереуілге
шыққан, өздерімен қандас Шығыс Монғолияның орта шарқы руларын аямай қырды. Бұл ара
енді құлазыған қу далаға айналды. Сөйтсе де, жоңғардың қарақұрым боп өсіп келе жатқан
мал басына жайылым тағы таршылық етті. Сонда барып Қалден Бошұқты Жоңғар хандығын
Қалқа өңірін қосып алып, кеңейтпек болды. Осы саясатпен ол қонтайшы ордасын Іле
өзенінің жағасына Тувадағы Хемчик өзенінің бойына, соңынан Қобда өзенінің төменгі
157
сағасына көшірді. Бұл кезде Жоңғар хандығына Тибет, Енисей өзенінің өңіріндегі қырғыз
рулары мен бүкіл Алтай тауының аймағы кірді. Осыншама жерге қожа болған Жоңғар
қонтайшысы енді Қалқаны да қосып аламын деп жорыққа аттанды. Бірақ Қытайдың
Манчжур (Цин) хандығынан жеңіліп қап, Қалқаны Қытай алды. Осы жорықтан тұрмастай
болып күйреген Қалден өзін-өзі бауыздап өлтірді. Қалден өзінің үстемдігін жүргізіп тұрған
кезінде, бақ күндесім болмасын деп ағайын-туыстарын да аяған жоқ. Бас көтергенін құртып
жіберіп отырды. Осындай құртам деген жақынының бірі, немересі Сыбан Раптан Турфанға
қашты. Қалден Қалқаны қосып аламын деп жорыққа аттанғанда, Сыбан Раптан өз еліне
қайтып келіп, Буратал өзенінің бойын жайлады. Бірте-бірте ол бүкіл Жоңғар елін өзіне
бағындырды. Қалден өзін-өзі өлтіргеннен кейін, бір мың алты жүз тоқсан жетінші жылы бүкіл
Жоңғар қонтайшысы осы Сыбан Раптан болды. Сыбан Раптан Қытай еліне əкесінің інісі
Қалденнен кем жау болған жоқ, Қытай императорымен сырт байланысы түзу саналғанмен,
көршілес қалаларына шабуылын тоқтатпады. Ал Сыбан Раптан, баласы Қалден Церенмен
қосылып, Халш дуанын тонаудан бастап Қытайға қарсы соғыс ашқанда, Джунгоның жаңа
Цин династиясының императоры Канси сол жылы Жоңғар жерін бүтіндей бұрынғы өздерінің
князьдарына қайтарып, Сыбан Раптанға Ертіс бойынан ғана шағын жайылым қалсын деп
«Фимен» (жарлық) берді. Бұл жарлық бойынша Сыбан Раптан Қытай боғдыханы өкілін
қатыстырып, Жоңғар елінің Құрылтайын шақыруға міндетті еді. Құрылтайдан кейін Қытай
еліне шабуыл жасай берген Жоңғар хандығы енді қазақ жеріне беттеуге тиісті. Сөйтіп Қытай
боғдыханы өзімен итжығыс түсіп жүрген қазақ халқын да мұқатпақ болды. Бұны істемесе,
Қытайдың қалың əскерін Сыбан Раптанға қарсы аттандырып, Жоңғар ордасын біржолата
күл-талқан етеміз деп қорқытты. Қытай мен Жоңғар хандығының арасында жойқын соғыс
басталатыны мүмкін боп қалғандай еді, бірақ Қытай шекарасындағы Жоңғар рулары
Кансидің қаһарынан ығып, енді Ілені құлдилай төмен көшіп, көбі Алтынемел тұсына келіп
орналасқан. Қонтайшы Сыбан Раптан Іле өзенінің күнгейі, Сарын шаһарының күншығыс
тұсына өзінің ордасын тікті.
Бірақ, сонау Қытай шекарасынан көшіп келген қалың Жоңғар елі бір Іленің бойына сияр
ма, əрине, сыймайды. Қалайда қоныс кеңіту керек... Осы кезде Канси қаза тапты. Бірақ
Канси өлгенмен, оның қалың əскері қалды. Жоңғардың Қытайға күш-қуаты жетпейді,
жармасары баяғы үйреніскен жауы, қазақ елі. Олардың жүз мың атты əскеріне қазір
қазақтың төтеп берер жайы жоқ. Əрине, бұл кездегі Жоңғар əскері Қалден кезіндегі шоқпар,
сойыл ұстаған жабайы, тағы əскер емес. Əскер сапын Европа тəртібімен құрған, соғыс
тəсілін европаша жүргізе алар зеңбірегі, білте мылтығы бар. Оған Жоңғар жауын-
герлерінің ғасырлар бойғы ұрыс-соғыс тəжірибесін, төзімділігін, жанкештілігін қоссаңыз
қандай күшке айналады.
Жоңғар əскерін мұндай мықтылыққа жеткізген Сыбан Раптан, оның жауынгер баласы
Қалден Церен мен жалдама Қытай əскери мамандары еді. Бұған швед офицері Иоганн
Густав Ренат та аз үлес қосқан жоқ. Ол Жоңғар жасағы Бухгольц экспедициясын құртқан
ұрыста Өскемен бекінісінің жанында қолға түскен кіші офицер еді. Осы унтер-офицер Сыбан
Раптан əскерін Европа тəртібімен құруды, соғысты Европа əскерлерінің əдісімен жүргізуді
үйретті. Ойрат ұсталарына зеңбірек құйдырды. Жоңғар елі білмейтін өнерлермен
таныстырды, тіпті баспахана да ашты. Осындай он қолынан өнері тамған, көп ғылымнан
хабары бар Ренат пен Қытайдың жалдама мамандары Жоңғар əскерін соғыстың жаңа
тəсілдерімен таныстырды. Енді олар Орта Азия, қазақ жауынгерлеріне жат, жан шыдаспас
айбарлы күшке айналды.
Бұл тұста «Үлкен Орда» ханы болып, Жəнібек ханның кенжесі Жəдек ұрпағы, Тəуке
ханның бəйбішесінен туған Болат отырған. Бірақ, бұл бозөкпе, ел басын біріктіріп жауға
қарсы қоюдың орнына, Орта жүздің азулы руларының таласынан аса алмай жүрген шөре-
шөре хан. Өзі көптен ауру, көп істі немере інісі Сəмеке атқарады. Кіші жүздің ханы
Абдолла сұлтанның баласы Əбілқайыр, Ұлы жүздің ханы ЖолбарысƏбілқайырмен əкесі
бір, шешелері бөлек. Бұ да расында қадірі бəлендей күшті кісі емес. Орта жүзге кіретін
қалың Найман, Жоңғар хандығымен іргелес, өз алдына жатқан бір тайпа ел. Бұлардың
басшыларыСібір хандарының ұрпағына жататын Бөкей ханның шөбересі Тұрсыннан
туған көкжал бөрі Барақ пен Күшік сұлтандар.
Бұның алдында Түркістанды астана етіп, Үлкен Орда ханы боп Есімнің немересі
Жəңгірден туған Тəуке отырған.
Тəуке!
158
Ол күшейіп келе жатқан Жоңғар хандығының қазақ еліне өте қауіпті екенін бірден
түсінді. Сондықтан да Тəуке Россиямен қарым-қатынасын жақсартып, оған арқа сүйемек
боп, бірнеше рет əрекет еткен. Бір мың жеті жүз екінші жылы-ақ Өскемен бекіністеріне қазақ
елшілерін жіберді. Бірақ оларды жолай ойраттар ұстап алып өлтірген. Содан он үш жыл
кейін Тəуке қарым-қатынасымызды жөндейік деп, орыс патшасының қарамағындағы Уфа
қаласына Тайқымұрын биді бас етіп елшілерін қайтадан аттандырды. Бірақ Уфадан хабар
келгенше, көп жылдардан бері сырқат Тəуке бір мың жеті жүз он бесінші жылдың аяғында
қайтыс болды.
Тəуке басынан талай айқасты өткізді. Түркістан Сайрамды аламын деп қалың қолмен
келген Бұхара, Қоқан, Хиуа хандарына төтеп бере алды. Əсіресе, Тəуке Жоңғар
нояндарымен көп алысты. Бұл айқастарында ол үнемі қырғыз елімен бірге болды. Қырғыз
манабы Тиес əрқашанда Жоңғарға қарсы Тəукемен бір сапта шықты. Қазақ, қырғыз
арасында Тəуке хан мен Тиес манапты бөлмей, екі халықтың достығының бейнесі етіп,
ТəукеТиес деп, қосақтай атады. Тəуке хан кезінде қырғыздың көп-көп ауылы қазақ
ауылдарымен аралас, əндижан маңайын, Шу, Шарын өзендерінің бойын жайлады.
Сол кездегі қазақтың алғыр билеріҚаракесек руынан шыққан, отыздардан жаңа асқан
қаз дауысты Қазыбек, Үйсін Төле билер, əз Тəукенің ордасына жиі келіп, ханның ел билеу
ісіне арналған атақты ережесі «Жеті жарғысының» жазылуына көмектесті. Сонау
Баянауланы жайлаған қалың Қаржасқа жататын Алтынторы руынан аты шулы Қалқаманұлы
ТемірғалиБұқар жырау жиырма бесінде əз Тəукенің ордасына кеп, сарай ақыны атанды.
Тəуке хан алпыстан аса беріп дүние салғанда, бар қазақ аза тұтып, ардақтап оны Қожа
Ахмет Яссауидың мазарының түбіне қойды.
Үлкен талас-тартыспен, қазақтың басты билерінің қолдауымен Орта жүз тағына
Есімханның екінші баласы, Жəңгірдің інісі, Сырдақтың немересі Керей сұлтаннан туған
Қайып отырды. Тəуке оқи алмай кеткен орыс əкімдерінің сəлем хатын бұл оқыды. Сол күні-
ақ ол Уфаға «Ұшпу хатларыңызды алып қуанып қалдық» деп жауап қайырды. Қайып немере
ағасы Тəукенің ұстаған жолын дұрыс деп тапты. Сол жылы жаз тоқсанның аяғында Тобыл
қаласындағы Сібір губернаторы Гагаринге Екешұлы Бекболат би мен Бөріұлы Байдəулет
ақсақалды бас етіп, елші жіберді. Губернатор ақ патша ағзамға жеткізсін деп арнаулы хат
жазылды. Бұл хатта орыс елі бізбен мəңгі-бақи тату болса екен, екі ел бірігіп, Жоңғар
қонтайшысына қарсы шығалық, оған біз жиырма-отыз мың атты əскер берер едік деген
қазақ елінің тəуелсіздігіне зор маңызы бар тілектермен бірге қазақ саудагерлерінің Тобыл
қаласына келіп сауда жасауына рұқсат сұрады.
Бекболат пен Байдəулет ақсақал губернаторға: «Қазақ жігіттері орыс қалаларына
тимейді. Ал тиер болса, оларға өлім жазасына дейін шара қолданылады. Керек десеңіздер,
ондай адамдарды ұстап алып, Тобыл қаласына жүргізуге бармыз», — деген ханның ауызша
сəлемін де жеткізді.
Мұндай хат Қазан мен Уфаға да жолданған. Гагарин Қайып ханның хатын Петербургке
жіберді. Сенат қазақ ханы мен халқының өтінішін шын ықыласпен қарсы алды. Бұған Бірінші
Петр патша да қосылды. Тек бірігіп Жоңғар қонтайшысымен соғысалық деген Қайып ханның
тілегін қабылдамады. «Қазақ жұрты бізбен дос елдермен соғыс ашпай, тату-тəтті тұру
керек», — деді. Ал Қайып хан қазақ халқының тəуелсіздігі мен жер-суын сақтап қалу үшін,
күншығысы мен оңтүстігінен қысып келе жатқан жауларына төтеп берудің жолы
Россияның көмегіне сүйену екенін есінен шығара алмады. Əсіресе, мұндай шешімге келуге
бір мың жеті жүз он жетінші жылғы Аякөз өзенінің жағасында өткен ұрыс себепкер болды.
Бұл ұрысқа Қайып пен Əбілқайыр бірігіп шыққан. Екі жақтан отыз мыңдай əскер қатысқан.
Қазақ қолы Сыбан Раптан əскерінің осы бір бөлігінің өзінен жеңіліп қала жаздаған. Бұл ұрыс
Сыбан Раптанның қазақ əскерінің қандай күйде екенін білудегі елеулі күш жұмсаған
алғашқы барлауы еді.
Қазақ елінің жағдайын дұрыстап түсіну үшін, Бірінші Петр патшаның бұйрығы бойынша,
Сібір губернаторы Гагарин қазақ жеріне Борис Брянцев басқарған арнаулы елшілер
шығарды. Бұл елшілер тобы 1728 жылы Көкек айының бесі күні Жайық жағасындағы Кіші
жүз ханы Əбілқайырмен, жаз тоқсанның алғашқы айының жиырма бесі күні Түркістандағы
Орта жүз ханы Қайыппен кездесті.
Қазақ жеріне жеткен елшілер ең алдымен, бұл арада сауда-саттықты молайтудың сан
жолы бар екенін ұқты. Қазақ даласы арқылы Азияның ұлы мемлекеттеріне, əсіресе, ар
жағында жатқан Үндістанға қол созуға болатынын көрді. Қиял қанатты Бірінші Петр
159
патшаның да күткені осы еді. Ол Азияның ұлы мемлекеттеріне жол ашуРоссияның дүние
жүзіндегі ең құдіретті патшалықтарының қатарына қосылуы деп ұғынған. Əбден күшейіп
алған жəне өзінің ұлы патшасы «аспанға шапшытқан» Россия бұл кезде Англия,
Франциялармен қатар басқа елдерін отарлау бəсекесіне молынан кіріскенді. Бірақ қазақ
даласы мен Орта Азияға Россияның келуіотаршылық саясатының толып жатқан
қиянатына қарамай шағын елдерге Қытай үстемдігінен көрі анағұрлым жеңіл зəбір еді. Бұл
қоғамдық əрекет тарих жүзінде өзінің маңызды орнын алды. «Шынында да шығыс елдерінде
Россия прогрессивтік міндет атқарып отыр... Россияның бұл үстемдігі Қара теңіз бен Каспий
теңізінің тұсында, Орталық Азияға мəдениет əкелді» деп жазды соңынан Энгельс.
Орыс елшілерінің тағы бір түйгеніол қазақ хандарының қазіргі күнде Жоңғар
қонтайшысына қарсы тұра алатын күшінің жоқтығы болды. Бұл жөнінде Брянцев
экспедициясы қазақ хандығына жəрдем беру саясатын қолдады. Сонда барып, Бірінші Петр
Жоңғар хандығына елші жіберуге бекінді. Бірақ жіберген елшісі Унковский қайтып келіп,
Петр патша тиісті қорытынды істегенше, жоңғар мен қазақ арасы əлем-тапырық болды да
кетті.
əрине, мұндай жағдайда қазақ елі Сыбан Раптан секілді пышақтың жүзіндей
қылшылдаған, қазірдің өзінде жетпіс мың əскері бар жауға қарсы тұра алар ма? Жəне жауы
жалғыз Жоңғар хандығы ғана ма? Мұндай қиындықта тек хан ордасының маңындағы
ағайын, туыс, төлеңгіт секілді аз ғана күшке сүйенген хандардың қолынан не келеді? Əр
жүздің ханы, сұлтанымын деп отырған Болат, Əбілқайыр, Сəмеке, Барақ, Күшіктердің өз
ордаларының іші толған жанжал, бақталастық, қым-қиғаш тартыс.
Ал патша үкіметі, болғалы тұрған қанды уақиғалардың екі жағымен де түбі тіл табу керек
екенін есіне ұстап, Орта Азия істеріне өте сақтықпен қарады. Қайып хан өлісіменен: «Арты
не болар екен?» — дегендей күту саясатына көшті.
Осының бəрі қазақ халқының басына бір жамандық əкелгелі тұрғандай еді.
Жоңғар қонтайшысы жорық алдындағы кеңесін шақырды. Осы кеңесте қазақ елін шабу
тəртібі шешілген. Ренат ақылы бойынша, ежелден шығыс жеріндегі жауды бір тұстан шабу
дəстүрі қолданылмай, бірден қос бүйірден ала бастамақ болды. Жоңғардың бар əскерінің
қолбасшысы етіліп Сыбан Раптанның інісі Шұна Дабо баһадур белгіленді. Бір жағы
Қаратауды басып, Шу мен Талас өзенінің бойына түйілсе, екінші жағы Шыршық қойнауына
шықпақ. Сол үшін Шұна Дабо əскерін жетіге бөлді. Əр қол енді тау бөктерлеріне, не жау
жеріне қарай ағатын өзен бастарына өзінің туын тігіп, əскерін жорыққа дайындады. Бірінші
қол Жетісу Алатауының етегіне, Балқаш көліне құятын төрт өзеннің басына жиналды. Бұл
қолға Сыбан Раптанның баласы Қалден Церен қолбасшы боп белгіленді. Екінші қол
Алтынемел тауларына таяу Іле өзенінің теріскей жағындағы Көктал мен Көктеректің
ортасына туын тікті. Бұған қолбасшылыққа Сыбан Раптанның інісі Қорен батыр бекітілді.
Үшінші қол Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағында жатқан
Кетпен тауының бауырына жиналды. Бұған қолбасшы Қалден Цереннің он жеті жасар
немересі Амурсана болды. Төртінші қол Шелек өзенінің басына туын тікті. Бұның
қолбасшысы етіп, он сегіз жасар жас батыр Сыбан Доржыны (Қалден Цереннің ортаншы
баласын) бекітті. Бесінші қол Түп өзенінің бойына, Ыстық көлдің жағалауларына қостарын
тікті. Бұл қолға қолбасшы боп, Қалден Цереннің үлкен баласы Лама Доржы тағайындалды.
Алтыншы қолды Шуға құятын Үлкен Кебен өзенінің алқабына жинады. Бұған қолбасшы етіп,
Меркиттен шыққан ақсүйек ноян Церен Доржыны тағайындады. Жетінші қол боп, Сыбан
Раптан қонтайшы өз туын (Жоңғар əскерінің бас туын), осы күнгі Құлжа қаласына таяу
Талқы асуының оңтүстік-батыс тұсына тікті.
Осылай, Алатау бөктерін жайлаған қалың елді қоршай, Сыбан Раптан əскері тұрды. Тек
қонтайшының «Алғадеген əмірі ғана қалған.
Сыбан Раптан көктем туысымен шабуылға шықпақ болды. Бұл көп жыл-
қылы қазақ елінің тай-жабағысы піштірілген, жаңа аяқтанған қозы-лағының көшке ере
алмайтын, ұрысуға ыңғайы жоқ кезі еді.
Бүгін күн бүкіл Түркістан уəлиеті мен Жетісудың күншығыс-солтүстігін айнала қоршап
тұрған қалың əскердің ызғары соққандай, бір түрлі сұсты еді. Дəл жер сілкінердің
алдындағыдай, өзінен-өзі тұншыға безерген дүние. Бұл қорқынышты адамнан басқа өзге
тірінің бəрі де күні бұрын сезеді-міс. Жылан інінен шығып, тышқан өзен жағасынан алыс
кетуге тырысады деседі... Дəл осындай бір ауыр жағдай бүгін де күннің ашықтығына
қарамай, адамның иығынан басып, бүкіл əлемді тұншықтырып бара жатты. Жоңғар
160
қақпасынан соғатын салқын жел, əдеттегідей жұпар аңқыған жасыл шөп иісінің орнына
төгілген адам қанының жылымшы иісін жеткізді.
Дəл осы күні түнде Түркістанда тағы бір оқшау оқиға болды. Хорезм, Хиуа елдерін
Сайбанның баласы Темір сұлтаннан тараған Жəдігер, Хаджім, Ақатай атты хандар билеген
— 1696—1697 жылдары Хиуа тағына осы хандардың соңғы ұрпақтарының бірі Уəли
отырған. Бірақ өзінің тентек, есерсоқ жəне сəл есуастау мінезімен жұртты басқара алмай,
қазақ жеріне қуылып келген. Осы кездегі Орта жүздің ханы Тəуке оны Яссыға даруға еткен.
Уəли Түркістан əмірі болысыменен үш айдан кейін дүние салған. Тəуке əмеңгершілік
салтыменен оның жесірі Нұрбикені өзі алған. Жеті айдан кейін ханым Абылай атты ұл
тапқан... Бұл бала, емшектен шықпай жатып, шешесімен бірге нағашы жұрты Алтын хан
еліне кеткен. Төркіндеп барған Нұрбике кенет ойламаған кеселге душар болып, сол Алтын
хан жерінде қаза болған. Жалғыз қызынан айрылған қайын атасы Тəуке ханға:
«Жалғызымыздан айрылдықаққан бұлағымыз суалды, жанған шырағымыз сөнді. Өзі
кетсе де көзіндей көріп бауырымызға салып өсірейік, бұдан да өзге балалары бар ғой,
Абылайжанды ат жалын тартып мінгенше бізге қисын. Есін білген соң елін өзі де табар» деп
елші салған. Тəуке жастары келіп қалған қайын ата, қайын енесінің көңілдерін қалдырмаған,
екі жасар Абылай солардың қолында қала берген. Сол Абылай он жетіге шыққанда Тəуке
хан өлерінің алдында сонау Алтын хан өлкесінен елін іздеп, өзі келген. Тəуке ұлан асыр той
жасап, «он бесінде отау иесі» деген дəстүрмен, сол жылы Абылайды өзінің үзеңгілес серігі,
қырғыз елінің шоң манабының бірі Тиестің кіші қызыон төрт жасар Зеренге үйлендірген.
Алдына қыруар мал салып, ақ отауын тігіп, оңаша ауыл еткен. Жыл өткеннен кейін Зерен
арудан егіз ұл туған. Бірінің атын Уəли, екіншісінің атын Балқы қойған. Тəуке хан екі елдің
қыз-бозбаласын, батыр-балуанын, игі жақсыларын шақырып, тағы ұлан-асыр той жасаған,
егіз немерелері болғанына жас баладай қуанып, шаттыққа бір кенелген.
Бірақ Тəуке Абылайды алғашқы көрген күні-ақ таң қалды. Қара сұр, ат жақты, үлкен сұр
көзді. Түсі орасан суық. Адамның бетіне қарағанда, екі көзі тасырайып, ең болмаса
кірпіктерінің ұшы да қимылдамай, өңменіңнен өтіп кете жаздайды... Оның үстіне, Күлмес хан
тəрізді, езу тартып күлімсіреуді білмейді. Тəукенің өзіне де, атасы Есім ханға да ұқсамаған.
Əлде арғы бабам Шағай ханға тартты ма екен, — деп ойлайтын кейде Тəуке, — со кісінің
түсі осындай суық болған деуші еді қариялар. Көп кешікпей, Тəуке Абылайдың тағы бір жан
шошырлық мінезін аңғарды. Ол өзге балаларындай емес, мал бауыздауға құмар боп
шықты. Бұны Тəуке Шыңғыс тұқымына тартқан қаттылығы шығар деп ойлады алғашқы
кезде, бірақ бертін келе бұның қанқұмарлығы мүлде шектен асып кетті. Жас жігіттің қанды
көрсе, жаны жай табатыны байқалды. Жұрт оған сырттай «қанішер» деген ат тақты.
Тəуке енді Абылайдан өзі шошына бастады. «Бұл қалай? — деді ішінен, — əлде Алтын
хан елі менің ұлымның орнына бөтен біреудің қанқұмар баласын жіберді ме? əлде менің
кейбіреуге істеген қиянатым үшін құдай маған жаза ретінде осындай баланы бергені ме? —
Тəуке аң-таң. Тек Тəуке бір-ақ адамды ұмытқан: Бұл қанды көз Уəли сұлтанның баласы еді.
Тəуке енді Абылайды көрген сайын, өз балаларының басына бір ажал қылышы төнгелі
тұрғандай, мазасыздана берді. Кенет ханның есіне көкек балапанының қылығы түсті.
Дүниеде көкек құстың жүз жиырма алты түрі бар. Солардың сексен екісі жұмыртқасын басқа
құстардың ұясына тастап кетеді. Ол құсты аңдып тұрып, жем іздеп кеткен кезінде, ұясына
ұшып келіп, басып отырған бір жұмыртқасын алып кетеді де, орнына өз жұмыртқасын
тастайды. Қайта ұшып келген құс көкек жұмыртқасын өзінікінен айыра алмайды, балапан
боп, аузын ашқанда да жем береді. Бұл құстың жейтін жемі де өзінің анасының жемімен
бірдей болғандықтан, көкек балапаны да өсе береді. Ал осы жұмыртқасын бас-
қа құстың ұясына салатын көкектердің балапаны да тасбауыр келеді. Ол жем-
қор, ашқарақ боп жаратылады. Қауызын жарып шығысымен-ақ жұмыртқадағы өзге
«бауырларынан» тез құтылуға тырысады. Мұндай көкек балапаны өзге балапандардан
қауызын бұрын жарады жəне қауызынан шығысымен-ақ ұядағы өзге жұмыртқаларды
біртіндеп ұяның шетіне апарып, жерге құлатады. Сөйтіп жемге ортақ болатын өзге
балапандардан жұмыртқа күнінде-ақ құтылады.
Тəуке Абылайды өле-өлгенше, көкектің балапанындай жат санап кетті. Бірақ əкенің бір
затқа көзі жетпеді. Қанішер Абылайдың баласы Уəлиден əбілмансұр деген ұл туып, ол он
сегіз жасында «Абылайлап жауға шауып, қанішер атасының атын əлемге жаятынын
білмеді. Қазақтың «Абылай» атаған əйгілі ханы осы əбілмансұр еді. Оған əйгілі Абылай
161
аталуға əлі көп уақыт бар. Ал əзірге атасы «Қанішер» Абылай қанқұмарлы құлқыменен
Түркістан маңын шошытумен болды.
Тəуке өлгеннен кейін Абылайдың ызғарынан ыққан іні-ағаларының бірі Сайрамға,
екіншісі Ташкентке қашты. Тек Түркістанда, көп нөкерінің қоршауында қала хакімі
Құдайберді баһадЇр қалды. Абылай нөкерлерін ертіп түн жамылып Құдайберді сарайына
келді, бірақ жанашыр адамдары хабар бергендіктен ол Сайрамға қашып құтылды.
Құдайберді баһадЇрдің қаша алмай қалған емшектегі жас баласы мен зайыбы
Айымбикені өз місетіне тиген үлес санап, қараңғы лабазға апарып тықты да, тірі жанға лəм-
мим деп тіл қатпай, таң əлетінде төсегіне кеп жатты.
Таңертең шайын ішіп болғаннан кейін, кешегі нөкерлерімен Құдайберді баһадЇрдің
сарайына кеп орналасты. Хакімнің бөлмесіндегі қырмызы қызыл кілемнің үстіне кеп
малдасын құрып отырды да:
Бүгіннен бастап, Түркістанға мен қожамын! — деді тұнжырап. Есікке таяу жақтағы
серіктері шуылдап қоя берді:
Иə, тақсыр, енді сіз қожасыз, — деді.
Сендер енді менің нөкерлерімсіңдер, — деді жаңа хакім.
Иə, тақсыр, біз сіздің нөкерлеріңізбіз.
Мен тұр десемтұрасыңдар, өл десемөлесіңдер.
Тұр десеңізтұрамыз, өл десеңізөлеміз!
Бұл содыр, сотқар бұзықтардың өздерінше берген анты еді. Абылай:
əрқайсыңа олжа тағайындадым. Оны кеш əлетінде естисіңдер. Ал бүгін менің
Түркістанға ие болған құрметіме үлкен той жасалсын! — деді.
Құп, тақсыр, той жасалсын!
Той Құдайберді баһадЇрді қолдайтын адамдарды бауыздаудан басталсын!
Бірақ бұл қан сасыған той басталмай қалды. Кенет қонақ үйдің есігі тарс ашылды да,
қолына найзасы бар, сауыт киген алып денелі жас жігіт кіріп келді. Бұл Найман батыры
Қаракерей Қабанбай еді.
Жау келе жатыр, Абылай сұлтан!
Қайдағы жау? Қанша?
Жоңғар қонтайшысы Сыбан Раптан! Жетпіс бес мың əскері бар!
Абылайдың беті бүлк еткен жоқ.
Тым көп екен! — Ол есігінің алдында отырған нөкеріне қарады. — Ал менің бар
жауынгерім жетпіс бес-ақ қылыш!
Өзгелері қайда? Хан ордасы көшкенмен, ел бар ғой! Мұнда бұрын ең аз дегенде он
мың əскер тұратын.
Бұрын он мың болса, қазір он жауынгері қалған жоқ. Бəрі қашып кеткен...
Кенет Қабанбай қолындағы найзасымен оны отырған жерінде жайратып тас-
тағысы келіп кетті. Бірақ, ел басына күн туғалы жатқанда төре тұқымын өлтіріп, тағы у-шу
шығару... Ол тамағына тығылған ашуын əзер басып:
Барлық əскеріңізден айрылып қалған болсаңыз, қаланы енді қалай қорғамақсыз? —
деді.
Қаланы қорғайды деп саған кім айтты? Жетпіс бес адаммен жетпіс бес мың əскерге
қалай қарсы тұрмақпын?
Сонда не істемексіз?
Қанды шелек адам қорқау қасқыр тəрізді өз басына шындап қауіп төнсе, су жүрек келеді.
Қара сұр бетінің қуарып кеткеніне қарап, бұның қорқып отыр-
ғанын Қабанбай енді білді... «Ел билеген төрелердің бəрі осындай болса, жетіскен екенбіз!
Жоқ, төрелерге сенуге болмайды. Жауға қарсы халықты көтеріп, қазір дабыл қағу керек.
Болат, Əбілқайыр, Сəмеке қарамағындағы руларға тезірек ат шаптырып хабар берейін», —
деді ішінен Қабанбай. Сөйткенше болған жоқ, Абылай орнынан тұра берді.
Қалаңызды кімге қалдырасыз?
Уəлиге! Сосын... Өздеріңе!
Абылай шығып кетті. Нөкері соңынан тұра жөнелді.
Қабанбай атына мініп, қала халқы жиналатын, кісі асатын дарғасы мен жұртқа хабар
жаятын жаршысы бар, Қожа Ахмет Яссауи мешітінің алдындағы алаңға қарай шапты.
Халық суық хабарды бұнсыз да естіген екен, алаң іші ығы-жығы жұрт. Кемпір-шал,
қатын-қалаш, бала-шағабəрі де жетіпті. Сойыл ұстауға жарайтын еркек кіндік түгел
162
аттарына мінген: қолдарында көптен бері сандық түбінде жатқан қылыштары, екі жүзді
айбалталары. Кейбіреулері жаяу. Бұл жиналған еркектер жауға шауып жүрген жауынгерлер
емес, қаланың тұрғын халқы, көптен бері қару ұстауды ұмытып кеткен ұста, диқан, шəкірт,
мүрит, қожа, молдалар. Қалаға жау келе жатыр дегенді естіп, ғасырлар бойы бойларына
сіңген əдеттеріне басып, бəрі қолдарына қару ұстап, қалаларын қорғамақ ниетпен алаңға
жиналған. Əрине іштерінде қалтырай қорыққандары да бар. Мешіт маңы ың-жың, даурыға
шыққан дауыстар.
Қала əміршісі Құдайберді баһадЇр қайда?
Түнде қашып кеткен!
Жаудан қорқып па?
Жоқ, інісі Абылайдан қорқып.
Ол інісі қайда?
Жаңа үй-ішімен атқа қонғалы жатқан.
Сонда бізді кім басқарады?!
Төресіз қолыңа найза ұстай алмайсың ба? Өзімізді өзіміз басқарамыз!
Жоқ, үлкен баласы Уəлиді қалдырып кетеді деген!
Онысы бір бозөкпе дейді ғой!
Несіне əбігерленесіңдер? Келе жатқан шүршіт көрінеді ғой. Үйреніскен жау алысуға
жақсы, содан қорқамыз ба, сыбағасын берерміз!
Бұ жолы сыбағасын бере алсаң жарар еді, өздері тым көп деседі.
Шүршіт емес, жоңғар деседі ғой.
Жоңғар болса тіпті жақсы болды. Ана жылы біздің ауылдың жылқысын айдап əкетіп
еді. Өзі келе жатыр екен қолыма!
Қалың жұрттың арасымен алаң ортасындағы жаршы мұнараға бара жатып, жаңа ғана
Абылайға өзі естірткен сөз халық құлағына қалай тез жеткеніне Қабанбай батыр аң-таң. Бір
жағынан, осыншама жұрттың іп-ілезде алаңға жиналғанына төбесі көкке тигендей қуанды.
«Мұндай халықты жоңғар түгіл, Қытай да жеңе алмайды. Тек басқаратын ер болсын Ол
атынан секіріп түсіп, иін тіресе тұрған жұртты қақ жара мінбе-мұнараға шықты.
Уа, халайық! Мен Қаракерей Қабанбай батырмын! — деді жуан даусын кең кернеп, —
ел-жұртымыздың басына қатерлі күн туғалы тұр. Күншығысың мен оңтүстігіңнен қаулап,
қалың Жоңғар келе жатыр. Қала иесі қанішерлерің шаһарларыңды тастап қашқалы жатыр.
Бастарыңды қосып, шепке тұрғызар еркек кіндік қайсың бар?!
Мен, мен бармын! — деді бір күндей күркіреген жуан дауыс.
Шық, мына мінбеге!
Жұртты қақ жарып, жолбарыс мүшелі, нар кеуделі, жиырма бестер шамасындағы
ақсары жігіт алға қарай ұмтылды. Бұл Шыршық өзені бойынан Түркістандағы нағашысының
үйіне келіп жатқан Сіргелі руының «бала балуан» атанған Елшібек атты батыр жігіті еді. Ол
мінбеге шығысыменен, Қабанбай батыр:
Ал, халайық! Келе жатқан осал жау емес, — деді. — Елімізді, жерімізді ақтап қалу
үшін бізден жүректілік табылар, тек бірлік керек. Түркістанды жауға берсеңдер, қазақ елінің
шаңырағы құлап жерге түскені. Жас деп қырын қарамаңдар, еріңдер мына Елшібек ердің
соңынан! Талаптының алдынан нұр жауар. Ел бастаймын деген батырдан қашанда
батылдық табылады!
Ереміз Елшібекке!
Бастасын бізді жауға.
Осы кезде мінбе жағынан тағы шу шықты.
Уа, жол беріңдер! Жол беріңдер!
Уəли сұлтанның өзі ғой!
Жұрт қақ жарылып жол берді. Мінбеге қияқ мұртты, ақсұр келген, құндыз бөрікті,
отыздар шамасындағы жігіт шықты.
Халайық! — деді ол қалың жұртқа қарап, — əкем он төрт жасар балам əбілмансұр
екеумізді осы Түркістанға ие болыңдар деп тастап кетті. Қабанбай батырдың сөзін тегіс
естідім. Елшібек балуан менен жас болса да, жорық көрген, топ көрген жігіт. Осы күнге дейін
қолыма найза ұстаған жан емеспін... Егер мен Елшібекке жəрдемші бола алсам, сендердің
деген жерлеріңнен шыққаным деп ойлаймын!
Уəли сөзін ұнатпаған əлдекім:
Уə, сұлтан болғаныңа болайын! Төреден шығып, қараға жол бере ме екен!
163
Қайтсін бейшара, соғыс көрмегенін айтып тұр ғой! — десіп жатыр. — Ел басына күн
туғалы тұрғанда, қазір төре-қара дейтін дым да жоқ, кім жұртты жауға қарсы бастай алса, біз
соның соңынан ереміз!
Дұрыс айтасың, шырағым, — деді сəлделі ақсақал. — Тілегің оң болсын! əумин!
əумин! — Жұрт қолдарын жайып, беттерін сипады.
Жауға шабуға жарайтын жұрт алаңда қалып, өзгелерің тараңдар! — деп дауыстады
Елшібек.
Жұрт тарап, қару ұстаған кісілер сапқа тұра бастады. Қабанбай енді Елшібекпен,
Уəлимен қоштасты.
Ендігі істі өздерің де білесіңдер ғой, — деді ол аналарға, — жан-жақтағы елге ат
шаптырыңдар. Əбілқайыр ханға тезірек хабар жеткізіңдер. Арқадағы елге қазір мен өзім
аттанам! Келе жатқан жау өте қауіпті. Бар қазақты көтеру керек!
Құп, Қабанбай батыр! Жолың болсын! — деді Елшібек пен Уəли қосарласа.
Алып денелі Қабанбай атына қарай аяңдады. Дəл осы кезде алаңдағы жалғыз ашада
байлаулы тұрған Қабанбайдың аты шулы «Көкдауыл» атанған қара көк атын жетелеп,
Қаратаудың сусар бөркін киген сұңғақ бойлы, бота көз аққұба бойжеткен алдынан көлденең
тарта берді.
Батырдың жолы болар ма екен, өзім аттандырайыншы, — деді маржандай аппақ тісін
көрсете күлімсіреп, сөйтті де тізгінді қолына алып, үзеңгісіне аяғын салған қас батырдың
қолтығынан ұстап, жоғары көтере бастады.
Қабанбай атына мінген соң ғана қыздың жүзіне дұрыстап қарады. Қыз екі көзі жаудырап,
Қабанбайды қимаған адамдай мөлдіреп тұр.
Рақмет, құрбым, — деді Қабанбай, жүрегі кенет дүрсілдеп, — айдын көлдің аққуы
аттандырды ғой, жолым болады екен! —
Қыз əлі жаудырай қарап тұр.
Айтқаныңыз келсін!
Қош бол, қарындасым!... — Қабанбай атының басын тежей қалды, — кездесе алмай
қалсам, ең болмаса біліп кетейін, атың кім, қарындасым?
Атым Гəуһар.. Бəсентин Малайсары батырдың қарындасымын, — қыз бұ жолы
сүйріктей əппақ саусақтарын ұсынды. — Алла сау-сəламат көрісуге жазсын!
Айтқаның келсін, қарындасым! Қош бол!
Қош болыңыз!
Қабанбай Көкдауылын тебініп қап, «Гəуһар... Гəуһар!...» деп күбірлей солтүстікке қарай
жөнеп берді. Ұзап бара жатып, артына бұрылып қарады. Қыз əлі орнында тұр екен. Ол ақ
орамалын алып, жігітке «сау қайтыңыздеп екі-үш рет бұлғады.
Гəуһар десе Гəуһар-ақ екен! — деді Қабанбай, атының борбайына қамшыны басып
жіберіп.
Бұл Түркістанның теріскей беткейіне шыққанда, алыстан қара-бұйраланып көрінген
Қаратаудың бөктеріне қарай шұбырып бара жатқан салт атты адамдарды көрді. «Қанішер
Абылай ғой, қашып барады» деді ол, сосын Көкдауылының тізгінін сəл босатып, қолындағы
ақ найзасын беліне қыстырып, ұзақ-сонар сар желіске салып, шаһардан ұзай берді.
Сыбан Раптан қонтайшы бастаған жоңғардың қалың қолының келе жатқанын екі-үш күн
өтпей-ақ бүкіл Арқа, Еділ, Ақ Жайық, Ертіс, Есіл бойындағы елдер де тегіс естіді. Бірақ
«Ақсарбас» айтып, бас құрап, елін, жерін жаудан қорғауға халықтың мұршасы болмай
қалды. Таудан құлаған тасқындай, төтеннен келіп қалған Сыбан Раптанның жеті салалы
жетпіс мың қолы Жетісудың оңтүстігі мен күншығыс жағын бір айдың ішінде басып алды.
Бұл апат қазақ ауылдары мен қалаларына көктен түскен жасылдан кем тиген жоқ. Ержүрек
азаматтар Ақсу, Тұрфан секілді шаһарларын қорғап та көрді, бірақ қолдарынан келмеді.
Ақыры отыз жылда жер үшін, су үшін бірімен-бірі таласып, барымталасып, əбден кəнігіп
қалған қазақ жігіттері шоқтанып жиналғанмен, əп-сəтте сап түзеп əскерге айнала алмады.
Кей жерде қарсылық еткен ауылдар болса, жоңғар жағы еркектерін қойдай бауыздап, қатын-
қызын байлап-матап күңдікке айдады. Тау жайлаған қырғыздармен көршілес отырған кейбір
қазақ ауылдары жау аяғы басылмайтын құз-қияларға қашып қана жан сақтады. Қазақ жері
енді жазықсыз жылаған жұрттың көз жасымен дымқылданды. Таланған мал-мүлкі, өрт алған
қалалар... Он бесінші ғасырдың отызыншы жылы қазақ елімен ұрысын бастап, екі ғасыр
бойы соғысып келе жатқан ойрат хандары енді ғана дегендеріне жетті. Сұлу қыз-
келіншектерді шаштарынан матастыра топтап, батырлары əйелдікке алды, найза ұстауға
164
жарайтын жігіттерін қойдай бауыздады, кəрі-құртаң шал-кемпірлерді айдалаға айдап
тастады. Жас балаларды, «түбі бұлар да бізге жау болады» деп, найзаларының басына іліп
алып, əке-шешелеріне көрсетіп қарқ-қарқ күлді. Жас қыздарын көзінше қатын еткен жоңғар
шапқыншыларының қиянатын көрген талай ата-ана қорланып шаштарын жұлып, беттерін
қан-жоса етіп тырнап, бүкіл сар даланы сарнауға, зарлы үнге толтырды. Небір азаматтар
ақыл-естерінен адасып, жынданып кетті.
«ҚалқаманМамыр» жырында Шыңғыстау төңірегінде болған бір ұрыс былай
суреттеледі:
Ол кезде жерге талас қазақ, қалмақ,
Атысып, ауыл шауып, жылқыны алмақ.
Қалмақты бір соғыста қазақ жеңіп,
Бəрі де Тобықтының тойға бармақ.
Той қылған Орта жүзде Сəмеке хан,
Жиылды той болған соң бірталай жан.
Бай, бəйбіше, үлкендер сонда кетіп,
Жас жігіт, қыз-келіншек үйде қалған»...
«əнет Бабаң Арғынның ел ағасы,
Өзі би, өзі молда, ғұламасы,
Үлгі айтқан Орта жүзге ғадыл екен,
Сол кезде тоқсан беске келген жасы» —
деп, Қалқаманға қол алдынан атпен шауып өтуге билік еткен əнет Бабаны таныстыра келіп,
оқиғаның аяғын ақын былай бітірген:
«Мың жеті жүз жиырма үшінші жыл,
Соғысқан қазақ, қалмақмұны да біл,
Қалмақтың бастаушысы Сыбан Раптан
Өзі батыр, соғысқа тым айлашыл...
Шеп құрып ұрысыпты қазақ, қалмақ,
Қорқаққа оңай емес шепке бармақ,
Бабаңның бес баласы садаққа ұшып,
Бұл соғыста қазаққа түсті салмақ.
Қазақты бұл соғыста қалмақ алды.
Бес шыңның бір үшеуін қырып салды.
Жеңілген соң тұра алмай Сыр бойына,
Арқаға қазақ ауып кетіп қалды.
Қалқаман сол қалғаннан қалды ізделмей,
Іздемейін деген жоқ, шама келмей,
Ол түгіл, əнет Бабаң көшке ере алмай,
Тірідей дөң басында қалған өлмей», —
деп ата жолын бұзған ҚалқаманМамырға үкім айтқан Арғынның биі əнет Бабаның осы
қырғында тірідей дөң басында көшке ере алмай қалғанын жыр етеді. «Қалқаман
Мамырда» айтылғандай қазақ елінің бестен үш бөлігі қырылды. Сыртқы жауынан қазақ елі
бұрынды-соңды мұндай апатқа ұрынған емес. Атақты Жошы ханның Арқаны, Сыр бойын
алатын ұрыстарының өзінде де қазақ даласында қырылған ел үштен бір бөлегінен аспаған.
Жошыға қазақ жерінде хан болу үшін ел керек болса, Сыбан Раптанға қазақ халқының жері
мен малы керек еді.
Кейбір тарихшыларының есебі бойынша, Жоңғар əскері атының тұяғы жеткен жеріне
дейін, сол кезде екі миллиондай қазақ халқы тұрған екен. Жоңғар шапқыншылары соның
бестен үшін өлтірген, яғни екі миллион адамның бір миллион екі жүз мыңдайын жоқ еткен.
Жан түршігерлік апат!
Ел қонысынан, мал-мүлкінен айрылды. Ата-ана ұл-қызынан айрылды. Алып қазақ
жерінің сонау күншығысы мен оңтүстігінен Сыр бойына қарай жаяу шұбырған жұрт
жоңғарды қойып, ит пен құсқа жем болды. Жалғыз əнет Бабаң емес, қазақтың талай аяулы
кемпір-шалы көшке ере алмай, төбе-төбенің басында қалды. Нелер ғибратты əйелдер, жас
келіншектер нəрестесіне емшектен берер сүті болмай, жау қолына өздері барып түсті.
Кешегі ақ майды аяғымен тепкен ел енді құлазыған қу даладан, жаужұмыр, алғыр, қозы-
құйрық секілді нəрі бар шөптермен қоректенді. Қайың ағаштың қабығын сыдырып, бетіндегі
желімін жеп, «қайың сауған» деген атқа ие болды. Осылай қазақ тарихында «Ақтабан
шұбырынды, алқа көл сұлама» деп аталған халықтың ұлы апаты басталды.
165
Сонда барып шұбырған елдің қанды жасынан туған, қайғысына жер жүзіндегі бірде-бір
əуен пар келмес атақты «Елім-ай» əні дүниеге келді.
«Қара таудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,
Ел-жұртынан айрылған жаман екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.
Мынау заман қай заманқысқан заман,
Басымыздан бақ құсы ұшқан заман.
Шұбырғанда ізіңнен қар борайды,
Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.
Мынау заман қай заманбағы заман,
Баяғыдай болар ма тағы заман!
Қарындас пен қара орман қалғаннан соң,
Көздің жасын көл етіп ағызамын.
Қабырғама қара жер батты, құдай,
Мұнша қысым қылдың ғой, қатты құдай!
Жаяу жүрсемтабаным ауырады,
Тым болмаса бермедің атты, құдай!
Мына заман қай заманқай-қай заман?
Ұл айрылған атадандай-дай заман.
Бауырыңнан айрылған жаман екен,
Күн бар ма екен көрісер, есен-аман
Тұяқ серпіп қарсылық етуге шамасы келмей қалған қазақ елі, жоңғар құлдығында
қалудан қаңғырып өлуді артық көріп, шұбыра берді. Кіші жүздің көп елі Сауран шаһарын
айнала қашып, Хиуа, Үргенішке, Бұхараға қарай жосыды. Самарқант пен Ходжентке қарай
шұбырған Ұлы жүз бен Орта жүздің кей рулары Сырдария жағасынан алты шақырым
жердегі Бетпақдалаға қарай кеткен Үлкен арықтың екі айырылған тұсындағы Алакөлге келіп
құлады. Енді «Ақтабан шұбырындыға» «Алқа көл сұлама» деген қанатты сөз қосылды. Тек
Ар-
қадағы Арғын руының дені өз жерінен қозғалмады; бұл румен іргелес отырған Қыпшақ,
Найман, Керейлердің біраз елі солтүстікке қарай ығысты. Жетісуда қазақ ауылдары
шамалы қалды. Жоңғар ханы қазаққа еткен ауыртпалығын қырғызға да көрсетті. Бірақ
Күнгей Алатауды жайлаған қырғыздың кей манаптары Сыбан Раптанмен тіл табуға
тырысты. Сыбан Раптан мұндайларды қазақ еліне қарсы қойып та көрді. Бірақ көптен бері
қаны мен жаны бір болып қалған екі елдің арасынан шоқ тастап жөнді өрт шығара алмады.
Сыр бойының ызғарлы қара суығы басталмас бұрын, Жоңғар шапқыншылары Түркістан
шаһарын қоршады, Елшібек басқарған қала халқы нартəуекелге бел буып қаланы қорғап
бақты.
... Сыбан Раптанның айбынды атты əскері қала қақпасына лапылдап келіп, қардай
жауған садақ оғынан сан рет кейін қайтты. Күн ара бие сауымындай ғана мезгіл көзінің
шырымын алуға мұршасы жеткен Елшібек, ат үстінен түсуге де уақыты болған жоқ. Егер
халық оққа кеудесін қарсы тосса, оны ешқашан ала алмайтынын Жоңғар əскері енді білді.
Сөйтсе де долы Шұна Дабо жасақ үстіне жасағын төкті. Қала қамалының қасында тау-тау
өліктерін қалдырып, олар тағы да кейін шегінді.
Ұрыс осылай қызып жатқан кезде, кенет құмды боран басталды. Ысқыра соққан желмен
бірге қала үстіне қара түнек құм төнді. Бұл дауыл жеті күн борады. Бүкіл құдық біткеннің
бəрін құм басты. Енді тұрғын жұрт пен əскер шөлден қырылуға айналды. Сонда ғана барып
Елшібек батыр қаланы беруге мəжбүр болды.
ІІ
«Қазақ халқы мұндай күйге қалай жетті? Осыдан екі ғасыр бұрынғы айбары қайда?» —
Бұл сұрақ осынау сұрапылда үлкен-кішінің көкірегіне үйелеген запыраннан кем болған жоқ.
Кім бұған жауап берер?
Міне, бүкіл қазақ даласына əйгілі, бұл күнде жасы қырықтарға келіп қалған шоқша
сақалды, кең маңдайлы Бұқар жырау да осындай толғаныс үстінде еді. Ол есікке таяу
отырған бала жігітке сезіктене көз тастады. Адамға тесіле қарайтын үлкен сұрғылт көзді, ат
166
жақты, ақсұр жігіттің топ жылқының ішіндегі ақалтеке, арғымағындай, бойшаң келген дене
бітіміне қарағанда, оны он төртон бес жастарда деу қиын еді. Тек осы шамада екенін
ұстараның жүзі тимеген бет əлпеті ғана аңғартады. Отырған отырысында, қозғалыс-
қимылында бір паңдық, тəкаппарлық байқалады. Ақынның қырағы көзі алдамаса керек-ті.
Бала жігіттің дəл қазіргі өздері отырған қараша үйдекедей шаруаның үйінде тумағаны
анық...
Үйде бұлардан басқа тағы екі кісі бар. Бірі төрде отырған қара сұр жүзді, қияқ мұртты,
жасы отыздарға жаңа жеткен Кіші жүздің ханы Əбілқайыр. Екіншісібосағада тері тулақ
үстіндегі алпамсадай қаба сақалды, қоңыр беті күн мен желге күйіп əбден тотығып кеткен
мосқал кісі. БұлОраз атты құл.
Түркістан қаласын қорғау кезінде сұлтан Уəлидің он үш жасар баласы əбілмансұр жау
қолына түскен-ді. Оны шынжырлап Хиуа базарына құлдыққа сатуға апарған жерінен бері
қарай осы Ораз құл алып қашып, құтқарып еді. Қазір əбілмансұр мен Ораз құлдың Ұлы жүз
Төле бидің түйесін бағып жүрген шақтары. Екеуінің де аты-жөнін ешкімге ашпай, құпия
ұстаған жайлары бар. Əбілмансұр өзінің қазіргі жағдайына намыстанып, сұлтан тұқымынан
екенін жасырса, құл қожасының дегенінен аса алмаған.
Барлауға шыққан Əбілқайыр мен Бұқар жырау бүгін серіктерінен көз жазып қалып, бір
сайда жеке отырған осы түйешілердің лашығына кеп аялдап еді.
Бұқар жырау Ораз құлмен бірге далаға шығып, қазанға ас салысып кірді. Қазір шұбат
ішіп, əңгіме-дүкен құрып, шүйіркелесіп отырған кездері. Əбілмансұр Төле бидің түйешісі
екенінен бөтен тіс жарып сыр ашпады. Бірақ қырағы жырау туысы бөлек бұл бала жігіттің
тіпті де қарапайым түйеші емес екенін іштей сезіп отыр. Ал бала жігіттің беті бүлк етпейді,
құпия сырын мүлдем терең тығып тастағандай. Кенет ол жырау ойын оқып қойғандай, есік
алдында отырған Ораз құлды иегімен нұсқап:
Бұл кісі маған əке орнына əке, шеше орнына шеше болған адамдеді. — Сан
ажалдан қағып келген періштем, Жəбірейілім...
Бұқар ағат сөздің аузынан қалай шығып кеткенін білмей қалды.
Ол қамқорлық қасиеті маған аян...
Қалайша?!
əбілмансұрдың өткір сұрғылт көздері, самай тамырға қадалған алмас қандауырдың
ұшындай, Бұқар жыраудың бетіне қадала қалды.
Бұқар жыраудың бойы шымырлап кетті.
«Бəтшағардың көзі қандай өткір еді... Шағатын жыланның көзіндей селт етер емес
қой...»
Ораз ас қамдасып жүрген адамы даңқы қазақ қауымына аян Бұқар жырау екенін білген
соң əбілмансұрдың ата-тегін толық ашпағанмен, өздерінің Хиуадан қалай қашып
шыққандарын айтқан-ды. Жыраудың «Ораз құлдың қамқорлық қасиеті маған аян» деуі
осыдан еді.
Бала жігіттің көзқарасынан шошынып қалған Бұқар енді іштей қобалжи бастады.
«Ауыздан шыққан сөзатылған оқпен тең, сорлының обалына қалмасам нетсін. Шыңғыс
ұрпағы өздеріне кір келтіретін, құпияны білетін адамдарды аямайтын еді, бейшараға зақым
келтіріп жүрмесе жарар еді».
Жырау əбілмансұрға жалтарма жауап бергенше, бұлардың сөзін Əбілқайыр бөліп
жіберді.
Сонымен бұл күйге біз қалай жеттік, Бұқар аға? — деді бұрын бастал-
ған əңгімені қайта сабақтап. — Қасым ханнан кейін халықтың басын қосып, бір шаңырақтың
астына жинайтын ұл тумағаны ма?..
Бұқар жырау ойлана жауап берді.
Неге тумасын, талай ұл туды ғой... Бірақ ел басын біріктіру оңай ма... Қасым хан
кезінде де Ақ Ордаға Ноғайлы елі, Жетісу бойы тегіс кірмеген-ді. Сыр бойының қалалары
біресе Мұхамед-Шайбани ордасына, біресе қазақ еліне алма-кезек ауысып, ел арасы талан-
тараж болуы біткен бе?.. Амал не, есіл ерлер арманына жете алмай кетті ғой.
Ел бірлігі үшін жанын құрбан етіп кім шықты?
Халықтың өзі.
Халық қашан да бар ғой. Хандардан кімді атар едіңіз?
Хақназар, Тəуекел...
167
Хақназар туралы əркім əр түрлі айтады. Анығын өзіңізден бір естиін деп едім, — деді
Əбілқайыр. — Сол аталарымыз жайында сөз қозғай отырыңыз.
«Ораз құлдың айыбын қалай жеңілдетемін» деп отырған Бұқар жырау бірден келісе
кетті.
Онда тыңдай бер. Хақназардың түбіне жеткен баяғы алауыздық пен Шайбани тұқымы
Абдолла болатын...
Қараша үйде отырғандардың көз алдында жырау əңгімесі ғажайып суреттерге айналып,
тізбектеліп өте бастады...
Жалғанда өкініштен ауыр қасірет бар ма екен? Күшің жетпей, жаудан жеңілсең, —
бұл өлім. Күшің жете тұрып жауыңды босатып жіберсеңбұл жомарттық. Ал артынан сол
жауыңнан қастық көрсеңбұл өкініш. Өлімнен де ауыр өкініш! — деп бастады жырау
əңгімесін...
Он екі қанат ақ боз үйді басына көтерген қыз-бозбаланың ду-ду сөздері де, дүркін-дүркін
күлкісі де Хақназар ханның көңілін бөлер емес. Оң тізесін баса шынтақтай отырған кіші
балдызы, ақ тотыдай сыланған ерке-шора Ақбаланың сыбырлай айтқан əзілі де құлағына
кірер емес. Тек босағада тұрған кісі бойындай құмыраға оқта-текте көзі түсіп кетеді де,
ондағы кестелі көне нақылды ойлана оқиды.
«Бұл құмыраға алтын құяр болар,
Бұл құмыраға күміс салар болар.
Бұл құмыраға шарап құяр болар,
Бұл құмыраға көздің жасы толар...»
Хан жезде, — деп Ақбала кенет Хақназардың қара санынан бұрай шымшып алды. —
Тіпті езу тартып, тіл қатар емессіз, нағыз Күлмес хан өзіңіз болдыңыз ғой.
Сан еті ду ете түссе де, қыздың сөзі бəрібір құлағына кірмеді. Балдыздың бұдан да
қияңқы еркелікке хақы бар... Хақназар сол қолымен жас сұлудың мықынынан қытықтай сəл
өзіне тартты, бірақ өзегі өртеніп, бар ойы осыдан бие сауымы бұрын келген шабарман
хабарынан ұзай алмады.
Ақбала тағы да сыңғырлай күлді.
Жауға шапқанда жолбарыстай батыл деуші еді, əлде Сарайшықтың қыз-қырқынынан
жүрексініп отырсыз ба? Жүрексінбеңіз... Кісі жейтін əдетіміз жоқ...
Қыз сөзін енді ғана еміс-еміс естіді. Енді ғана өзінің қай жерде отырғанын есіне түсірді.
əлсірей ыдырап құлаған Алтын орданың орнына қазір Қазан, Қырым, Астрахань
хандықтары пайда болған. Бір кезде Батый хандығының кіндігі санал-
ған, сан мемлекеттің сауда жолдары түйіскен, тас дарбазаларынан шығыс пен батысқа хан
əмірлері тараған Еділ өзенінің бойындағы Сарай қаласы мүлде күйреп, оның орнына осы
Сарайшық шаһары салынған. Бір кезде бұл да Каспий теңізі арқылы өтіп келіп, батыс пен
шығыс саудагерлерінің бас қосатын үлкен сауда кіндігіне айналып еді. Ал қазір бұл
Жайық жағасындағы Үйшіктен жиырма шақырымдай жерде жатқан шағын ғана жай шаһар.
Алтын Орда əлсіреп бітуге айналғанда, негізі Маңғыт руынан құрылған Ноғайлы қауымы
сол Сарайшықты өзіне астана етті. Ал қазіргі кезінде Ноғайлы хандығының бір бөлегі
Астраханьға, бірі Қазанға, бірі Өзбек Ордасына, қалғандары Ақ Ордаға ауып, бет-бетімен
ыдырауға айналған шағы. Тек Ноғайлы деген жалпы ел аты мен əлі де болса сауда-саттығы
мол Сарайшық шаһары қалған-ды.
Осы Сарайшық шаһарына екі сана қолмен бұдан бір апта бұрын Ақ Орда ханы Хақназар
келген. Сонау ит арқасы қияннан қалың əскермен сапар шегуге Ақ Орда ханы мəжбүр
болған.
əкесі Қасым Əбілқайыр мен Ақсақ Темір ұрпақтарынан Сейхұн дарияның төменгі жағы
мен Қаратал, Сайрам, Талас, Шу өзендерінің бойын ғана алып қойған жоқ, ол қазақ
хандығына Жетісу, Еділ, Ақ Жайық бойын да бағындырмақшы болды.
Осы саясатты көздеген Қасым мен Астрахань хандығына қарай бейімделе түскен
Ноғайлы елінің көп жұртын өз шеңберінен босатпаймын деген оймен, 1523 жылы
Сарайшыққа келіп, сондағы бір айқаста қаза тапқан. Содан кейін-ақ Бұхар ханы Абдолла
мен Моғолстан ханы əбдірашиттің бірігуі арқасында қазақ жері талан-таражға түсті.
Көптеген рулар Арқа жеріне қарай ойысты.
Міне, Хақназар Ақ Ордаға осы кезде хан болды. Көп жерін Бұхара, Моғол хандарының
басып алғаны аз болғандай, дəл осының алдында ғана Жəнібектің кенжесі Жəдіктен туған
168
Шағай сұлтан Абдолламен тіл тауып, Түркістан уəлиетінің күншығыс жағын бөліп алып,
Бұхара хандығына қарап кеткен.
Хақназар Ақ Ордаға ие болғаннан бері де он бес жылдай уақыт өткен. Бірақ осы он бес
жыл Хақназарға оңайға тимеді. Бөлшектеніп кеткен қазақ хандығын, əкесі Қасымдай, қайта
біріктіруге кірісті. Бұл істің сəтті болуына бір себеп қазақ елінің негізгі жауы Қытай
боғдыхандары өзара қырылысып, қазақ жерін шабуға қолы тимеді. Соны пайдаланып
Хақназар қырғыз бен қарақалпақ туыстарды да өз туының астына жинай бастады. Нелер
қан төгіс шайқас, арпалыс, қырғындар өтті халықтың басынан. Əсіресе, Сейхұн дария
бойындағы қазақ шаһарларын қайтарып алу, ғаламат ауыр тартыстарға айналды.
Бұдан бұрын əлсіреп қалған Шайбани ордасы, осы ұрпақтан шыққан Абдолла сұлтан
Бұхар əміршісі болғаннан бері қайтадан туы көкке өрлеп, күшейе түскен. Бірақ, Шайбани
ордасының тым дəуірлеп кетуіне арасындағы алауыздық көп қырсық етті. Алауыздықтың
негізіТашкент əміршісі Бабасұлтан мен Абдолла арасындағы таластан туған.
Бұл таласқа қазақ хандары да жан сала кіріскен-ді. Абдолла жағында Шағай,
Бабасұлтан жағында Хақназар. Абдолла мен Бабасұлтанның таласы, бір жағынан
Хақназардың қазақ хандығын күшейтуіне мүмкіндік берсе, екінші жағынан, Шағай сұлтанды
өзіне қарсы қойып, бүкіл қазақ елін біріктіруге үлкен зиянын тигізіп келді.
Бұның үстіне Хақназар қол астына енген қырғыз, қарақалпақ елдерінің арасындағы
өзара тартыс, дауы да Ақ Орданың күшеюіне əжептəуір кедергі болды. Оң қырғызға
жататын Сарбағыш, Солты, Бұғы, Саяқ, Черін, жер ыңғайына қарай қазақ ханына қосылса,
Сол қырғызға кіретін əдігене, Жəдігер, Базыс, Бағыш, Түнғатар, Сары тəрізді рулары біресе
Шығыс Түркістан ханы əбдірашитке, біресе Ақсақ Темір ұрпақтарының жағына шығып, бірігіп
ел болуға көп бөгет етті.
Мұндай жағдайда Хақназар ханға біржолата берілген сенімді күш керек болды. Бұл күш
Сырдария мен Қаратал бойларынан Ұлытау, Арғынаты өңірінен, Көкше теңіз, Есіл, Ертіс,
Тобыл, Нұра жағаларынан табылды. Бірақ қайтадан күшейіп келе жатқан Мұхамед-
Шайбанидың Ордасына қарсы тұруға бұл күш те аздық ететін еді. Шайбани Ордасына төтеп
берер еді-ау, Алтай жақтан Ойрат қолы төнгелі келе жатыр. Оңтүстігінен Қытай дүбірі
естіледі. Ақ Еділдің ар жағындабүгін болмасаң ертең тұғырына қонғалы тұрған Россия...
Жоқ, ту-талақай болып əркімнің қолында кетпес үшін жалғыз жолел болып бірігіп, Ақ
Орданың маңына шоғырлану керек. Арқа мен Жетісу өңіріндегі рулардың беті бері қарады.
Ендігі кезекəкесі Қасым да жөндеп көндіре алмай кеткен Еділ, Жайық өзендерінің арғы-
бергі жағындағы көп елді Ақ Ордаға қарату. Сонда ғана бұл ел сырт жауларға қаймықпай
қарсы тұра алады.
Осындай халдегі Ақ Орданың ханы Хақназар, Абдолла мен Бабасұлтан арасындағы
шиеленіскен тартысты пайдаланып, өзіне аз тыныс тауып, Ноғайлы елінің кіндігі
Сарайшық қаласына келіп еді.
Ноғайлы еліне аттану үшін Хақназар Сарайшық шаһарының түбіндегі əкесі Қасымның
зиратына барып құран оқып, басына қайтадан күмбезді мазар салуды сылтау еткен. Бірақ
сыбырлағанды құдай естімей ме дегендей, мұндай қолдың текке келе жатпағанын Еділ,
Жайық бойындағы Маңғыт, Алшын, Байұлы, əлімұлы, Жағалбайлы рулары бірден сезген.
Бұл елдердің қазіргі бас көтерер адамының біріатақты Шалкиіз жырау, қалың қолмен
Хақназар келе жатыр дегенді естіп, сойыл ұстап қарсы шықпақ болған желөкпе жігіттерін
басып, ханды құрметпен қарсы алуға кеңес берген. Қарт жыраудың ақылын ақсақалдар да
мақұл көрді. Ақыры, Хақназар ханды жұрт болып шын ықыласпен қарсы алған.
Келесі күні екі жақ келіссөзге кірісті. Шалкиіз жырау қартайған соң Ноғайлының түп қазық
биі болған Қойсары би толғауын бастап кетті.
Ойлай берсеңой да көп, уайым да көп. Ойнай берсеңой да жоқ, уайым да жоқ!
деп бастады сөзін Алшынның ақ саңлағы. — Бір жайлауда іргелес, бір керуенде тіркелес
ел едік, екі сана қол ертіп Ноғайлыға келуіңде, Хақназар хан, гəп болар. Əйткенмен сөздің
басын сұрақтан бастайын. Кəрі құлақ еміс сөзге де емексиді, əкең Қасым ханның зиратына
құран оқып, мазар сал-
ғалы келген сыңайың бар секілді... Қасым хан саған əке болса, Ноғайлыға хан еді,
мазарының басындағы алтын айына дақ түсірмей отырғанымызды кеше көзің көрді, — деп
Қойсары би ханға əскермен келуінің төркіні басқа-ау деген тұспалды бір аңғартып өтті де, —
169
иə, Қасым алдияр жігіттің сырттаны еді, маңдайымызға сыймады, қара жер оны да алды, —
деп аз бөгеліп отырып, ар жағын тақпақтап кетті: — Қара жер жалғыз Қасымды алды ма?
Өлмесе қайда кетті бұрынғының кəрісі. Жердің жүзін жұтса да бір тоймайды, қара жердің
талысы. Өлім дегенұзақ жолдың алысы.
Қойсары би тағы да тоқтап, кенет басын көтеріп алды:
Иə, өткеннің өкінішін айтып өзегіңді өртегенмен, алғанын құдай қайтарып бермес, бар
үміталдағы заманда... Алдағы күйді болжап, жол шеккендей түрлерің бар, сапарың оң
болсын, ағайын!
Сөзді Хақназар ордасының төбе биіАқсопы би алды.
Ну қарағай құласа, орнында қалған шыршасы жапырақ атып гүлденіп, бұтақ шығып
бүрленіп, қиядан ұшқан қыран құс қонақтап өтпес демеңіз. Айдын шалқар суалса, бұлақ
болып арқырап, теңіз толып жарқырап, аққу-қаздар үстіне тұрақтап өтпес демеңіз. Арғымақ
өлсе құлын бар, əкесі өлсе ұлы бар. Қасым хан қаза болғанмен, артында қалған Хақназар,
алтын тұғырға қонған ақ сұңқардай, əке тағына отырды. Ақ Орданың іргесі ыдырап, түндігін
дауыл көтеріп, ел басына күн туған кезеңде, сол Ақ Орданың шаңырағын құлатпаймын деп,
Хақназар оғлан атқа қонғанына міне он бес жыл! Сол он бес жылдың ішінде ыдырауға
айналған Ақ Орданың іргесін қайта бекітті, құлауға қалған шаңырағын қайта тіреді... Бірақ
арлан біреу... — қасқыр көп. Ақ Орданың күлін көкке ұшырып, уық-керегесін бұтарлай бөліп
алуға анталаған жау аз ба? Өзгені қойып, осы бес-алты жылдың ішінде Мұхамед-Шайбани
Ордасынан көз алартқан Абдолла баһадµрдың өзі де өкпе тұсына оқтай қадалды. Бір
Əбілқайыр ұрпағы емес, Ақсақ Темір əулеті де соған еруде. Олар түгіл мына өзімен қан-
жыны бір Шағай сұлтан да сонымен тілектес болып жүр.
Абдолла оңай жау емес... Бұған қарсы тұру үшін ойдағы, қырдағы қазақ тайпасының бас
бірлігі керек. Отыз жылдан бері шалғай қонып, шет жайлап кеткен Ноғайлы саңлақтары,
сендердің де қайтадан өз үйірлеріңе қосылғандарың абзал. Сөйтсек қана біз ен жайлап,
еркін көшкен елдігімізді сақтаймыз. Бұхар мен Хиуаның құлақ кесті құлы болудан
құтыламыз. Басымыз да, қосымыз да бір болсын, елдігіміз бен белдігімізді бір жерден
ойлайық, бізге қосылыңдар. Сырымыз да сыңайымыз да осы. Қолмен келсек,
қорқытқанымыз емес, жауға қарсы қайрат көрсетер күшіміз сендерге де көз қуаныш болсын
деп келіп отырмыз. Он сан Орманбеттің Еділ-Жайық бойында қалған ұрпақтары, ендігі сөз
сендерде, — деп Ақсопы би сөзін тамамдады.
Бұл баяғы Ақжол бидің Момын деген əйелінен туған Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы,
Арықсопы, Нəдірсопы атты бес ұлының үлкені. Арғынның аты шулы Қанжығалы, Тобықты
руларының ірге атасы. Жасы сексеннен асып кетсе де, əлі ат жалын өзі тартып мінетін
қуатты қарт. Оның аталы сөзі мен əділетті тоқтамын екі жақ бірдей ықыласпен тыңдады.
Қойсары, Ақсопы билер қайтадан сөйледі. Алуан-алуан ойлар, кесек-кесек ұшқыр
сөздер айтылды. Бұлардан кейін кезек Төле би, ұрымтал, ұшымды билерге берілді.
Олардан басқа ділмар, сөзуарлар қызыл тілдерімен сан өрнек тоқыды. Ел бірлігін тілге тиек
еткен нелер əшекейлі толғаулар ортаға салынды. Бір мезет Хақназар Ақ Орданың басына
төнгелі тұрған қилы-қилы кезеңдер бар екенін баяндай келіп, Ноғайлының Ақ Ордаға түгел
қосылуын талап етті.
Осылай үш күнге созылған шешендер талқысынан кейін, Ақ Орда мен Ноғайлы қауымы
ел арасын алыстатпайтын бітімге келді. Ноғайлы елі Хақназарға бағынып Абдолла ханның
бетін қайтарып, Сыр бойындағы қазақ қалаларын біржолата Ақ Орда қарамағына алып қалу
үшін, осы жаздың өзінде он мың атты əскер бермек болған тұжырымға тоқтады.
Мұндайда ру бірлігі, ел билігі құр сөзбен ғана бітпейтіндігі ежелден белгілі. Қазақ дəстүрі
бойынша сөз бірлігін сүйек бірлігімен нығайталық деп, Ноғайлы қауымы Хақназар ханға қыз
бермек болды. Ежелден Жағалбайлы елінің қыздары сұңғақ бойлы, алма мойын, оймақ
ауыз, көген көз, сұлу келетін. Əсіресе, Қарасай байдың Ақторғын, Ақбала атты қос аруы
бүкіл Ноғайлы еліне аты шыққан əйгілі сұлу, асқан көрікті жандар еді.
Билер құран ұстап бітімге келген Ноғайлы елінің бекзадалары хан көңілін біржола
өздеріне қаратуды ойлап, елінің ең аяулы сұлуының бірі Ақторғынды қалыңдыққа ұйғарды.
Хақназар мен Ақторғынның қосылу тойы бүгін таңертең басталған. Күншығысын қалың
əскер қаптап, үрейленіп қалған Сарайшық бір түнде түлеп шыға келді. Қыз-бозбалалар
жаңбыр жуған қызғалдақтай құлпыра қалған. Керуен сарайлар, қала аулалары əн-күйлі,
ойын-күлкілі думанға толып, екі жақтың əскерлері бейбіт бəсекеге шығып, əр жерде сайыс,
күрес, көкпар, жамбы ату ойындарына кіріскен.
170
Қырыққа таяп қалған Хақназардың түрулі шайы шымылдықтың астында ақ дүрия көйлек,
оқалы бешпент киген, басында үкісі бұлаңдаған, асыл тасты жағалбайлы шошақ тақиясы
бар қалыңдығын көргенде, жүрегі шымыр ете
қалды.
Ақторғын десе, ақ торғындай-ақ екен! Екі беті жаңа жауған ақша қардай, ұзын кірпіктерін
көтермей, төмен қарап отыр. Күйеу жігіттер кіріп келгенде, ханның мысы жеңіп,
шымылдықты жабуды ұмытып кеткен қыздың бір жеңгесі асыға қимылдап, шымылдықты
түсіре қойды.
Күйеужан, көрімдігіңді бермей жатып, аққуыма сонша сұқтанғаның не? — деді қыз
жеңгесі əзілдей күліп.
Дəл осы кезде күтпеген жағдай болды. Үйге асып-сасып үсті-басын шаң-тозаң басқан,
киім болмысы Сыр бойынан екені айтпай-ақ танырлық, шоқша сақалды біреу кіріп келді.
Бет-əлпетінен алыс жолдан арып-ашып жеткені көрініп тұр.
Хан ием, — деді ол есіктен аттай бере тізесін бүгіп. — Оңаша айтар жедел хабарым
бар.
Хан шабарманды енді таныды:
Ау, Қияқ батырсың ба?
Иə, тақсыр.
Хақназар дереу орнынан тұрып, сыртқа қарай бет алды. Сонау Қараталда қалған Ақ
Ордадан шабарман Қияқ қандай хабар əкелді? Оны ханнан басқа ешкім сезген жоқ. Көп
кешікпей, ол үйге қайта кірді. Қияқ ақ сабын болып көпсіп терлеген атын ауыстырып,
күншығысқа қарай қайтадан шаба жөнелді.
Үйге кірген хан, серіктерінің қобалжи қараған сұраулы кескіндеріне жауап бергендей,
жайбарақат:
Жай хабар. Той-думанды бəсеңдетпеңдер! — деді.
əңгіменің дəл осы тұсында Ораз құл сыртқа қазан қарауға шығып кетті. Бұқар жырау
ошақтағы тобылғы шоғын сəл көсеп, үй ішіне жарық берді де, «не ойлап отыр екен
дегендей əбілмансұрға сынай қарады. Жас түйешінің беті бүлк етер емес. Бір тұңғиық
қиялға шомып, үн-түнсіз қатып қалған. Əлден уақытта барып ол:
Хақназар хан шабарманға əскери тапсырмадан бөтен сыр айтты ма? — деді ол.
Бұқар жырау сəл қозғалды.
Айтса ше?
Қожасының құпиясын білген құлқойныңа салған жыланмен тең, бір күні болмаса
бір күні шағып алуы хақ.
Бұқар жыраудың бойы тағы шымырлап кетті.
«Япырмай, мынау бір сұмдықты айтып отыр ғой. Оразға бір қауіп төніп-ақ тұр екен...»
Əбілқайыр да түйешіге таңдана көз тастады. Осы кезде қолына шылапшыны мен
құманын ұстап Ораз да кірді. Үйдегілер қолдарын жуа бастады. «Жасым кіші жалшымын
ғой» деп, Əбілқайыр хан мен жырауға орамал ұсынып, бəйек қаққан жоқ, дəрежесі тең
адамдай өзі де барып құманға қолын тосты. Анау жасым үлкен ғой деп шамданбай,
ілтипатпен су құйды. Əбілмансұрдың тегін түйеші емес екеніне Бұқардың көзі енді əбден
жетті. Бұқар жырау: «Осы бейшара өзіне төніп тұрған қауіпті сезбей жүр ме дегендей
құлға да сынай қарады. Ананың жүзінен абыржығандық белгі барын сезді. Жырау аяп кетті.
Астан кейін Бұқар əңгімесін қайта бастады. Бірақ көңілінен: «Мына бəтшағар расымен-ақ
құлын өлтіріп тастамаса жарар еді» деген күдік кетпей-ақ
қойды.
Қияқ келіп кеткеннен бастап ханның қабағы ашылмады. Жаңа ғана Ақтор-
ғынды көргенде лаулап тұтана қалған жалыны да лып етіп қайта сөнгендей. Өзінің үйлену
тойында отырғаны да естен шыққан, көңілі əлдеқайда. Ханның жабырқаңқы жағдайын ұққан
балдызы Ақбала қасына келіп, тізесін шынтақтай отырғанда да селт етпеді. Айтылған
əзілге жай бір сүлесоқ күйде жауап бере салды. Ханның үлкен қобалжуда екенін сезген
серіктері ғана сыр бермегенсіп, үй іші толған қыз-бозбалалардың əзіл-күлкісіне белсене
араласып отыр.
Шағай бұдан көп жыл бұрын бір жорықтан келе жатып, Сайрам даласында бір кезде
Əбілқайырдың атақты жауынгері болған Қоңырат Ұршы батыр ұрпағының аулына түскен.
171
Бұл ауыл жұпыны киінген кісінің Шағай сұлтан екенін білмейді. Жолаушылар ауыл ақсақалы
Ұршы батырдың шөбересі əбілқасымның үйіне түнейді. Түнде Шағай əбілқасымның оң
жақта отырған Күнсана атты бойжеткен қызын оятады. Қырыққа келіп қалса да жастық оты
əлі сөнбеген сұсты Шағайға қыз беріліп қалады. Қыздың ашылмаған гүл, жарылмаған бүр
болып шыққанына риза болған Шағай, сол бір айлы түнде Күнсананы қалың малын төлеп
алмақ болып ант береді.
Сұлтан уəдесінде тұрады. Еліне барған соң əбілқасымның қызын сұратып кісі жібереді.
Əбілқасым аулы Хақназар ханға қарайды жəне Шағай сұлтанның Мұхамед-Шайбани
Ордасы жағына шығып, туған еліне опасыздық істегеніне риза емес болатын.
Шағайдың өтінішін қабылдамағаны былай тұрсын, ол сұлтанның адамдары кеткен күннің
ертеңіне, Күнсананы атастырған Созақ түбіндегі Дайыр қожаға кісі жіберіп: «Біздің
бақшаның миуасы пісіп тұр. Қызыққан жат көз көп. Қарға-құзғынға шұқыттырмай, алып
кетсін», — деп сəлем айтады.
Құда жағының күткені де осы еді. Бір аптаға жеткізбей келіндерін əкеткен. Шағай
бармағын шайнап қала берген-ді. Əбілқасым аулын шабуға Хақназардың қаһарынан
сескенген жəне Созақ түбіндегі «пайғамбар əулеті» қожалармен араздасуды да жөн
таппаған.
Бірақ сонау айлы түнде толықсыған сұлудың ыстық ернінен алған лəззаттың шырын
дəмі Шағайдың есінен кетпей қойған. Сусыны қанып ішпеген махаббат шəрбаты жүрегіне
сарсу болып ұйып, кетпес кеселге айналған.
Сөйтіп жүргенде жыл өтті. Шағай барған жерінде Күнсана тоғыз айға жетпей Тəуекел
деген ұл тапты дегенді естіді. Санай келіп, ол балаөзімдікі деген байламға бекіді.
Арада тағы да бес-алты жыл өтті. Күнсана махаббаты да тот басқан асылдай көңілден
көмескілене бастады. Дəл осындай мезгілде бір күні Шағай Созақтан келген керуеншіден
Дайыр қожаның баласы сүзектен қайтыс болып, жесір қалған Күнсананы «аға өлсе жеңге
мұра, іні өлсе келін мұра» деген қазақтың көне дəстүрі бойынша, қожаның үлкен баласына
бергелі жатыр деген хабарды естіді. Жүрегінде қоламта болып сөнуге айналған шоқ
қайтадан лап ете түсіп еді. Күнсананы бір кезде атастырған еріне қиғанмен, енді
əмеңгерлікке қимады. Ел билеген дəрежесіне қарамай, қасына сенімді он нөкерін ертіп өзі
жай адамша киініп, атқа қонды.
Түн ішінде қаннен-қаперсіз жатқан Дайыр қожаның аулына кеп, қарулы он жігітімен сау
етіп түсе қалды. Шырт ұйқыдағы үй адамдарының үнін шығартпай, шымылдық ішінде
жатқан Күнсананы жас Тəуекелмен атқа өңгеріп, ала жөнелді. Байлаудағы Дайыр қожа таң
атқасын ғана түндегі болған оқиғаны Созақ хакіміне жеткізді. Хакім қуғыншы жібермек боп
жатқанда, Созақтан əйел алып қашқан бір топ қарақшы Отырардан қайтып келе жатқан
Хақназар хан жасағының қолына түсіпті деген хабар келді. Жасақ бастығы қолға түскен
Шағайдың өзі екенін біліп, тұтқынды жанындағы адамдарымен қоса, Сығанақтағы Хақназар
ханның Ордасына алып барды.
Ағалы-інілі екі адамның баласы қапысын тауып бірінен бірі өш ала берсе, өзге ел не
демек? Хандар қаныпезерлік етіп жатқанда, екі дай қалың жұртқа не тосқауыл? Жоқ, ел
сүйсінер үлгі емес. Ер татулығыел татулығы...
Ат-көлігіңіз аман жеттіңіз бе, Шағай сұлтан? — дейді. Сосын нөкерлеріне қарап: —
Шағай сұлтанның қолын шешіңдер, — деп бұйырды.
Нөкерлер Шағайдың қыл шылбырмен байланған қолын босатты. Шағай ұйып қалған
қолдарын жазбақ боп сəл қимыл істеп еді, есік алдында тұрған күзетшілердің екеуі жалма-
жан жетіп келіп қарсы алдынан жалаңаш алдаспандарын айқастыра қойды. Онсыз да
абыржып сасқан тұтқын сескеніп қалып, кейін шегіне берді. Шағайдың бұл қылығына сəл
қабақ шытқан сұңғақ бойлы аққұба жас əйелді Хақназар енді аңғарды. Бұл Күнсана еді.
Жұқа батсайыдан мол қылып тіккен қос етек көйлегінен бөтен киімі жоқ. Өрімі тарқап кеткен
ұзын шашы жерге шұбатылып түсіп тұр. Етегіне тығыла түскен үлкен қара көзді
бүлдіршіндей баласы бар. Анасының да, баласының да кейпінде шошығандық, қорыққандық
белгі жоқ. Болып жатқан іске таң қалғандық қана байқалады. Шағайдың қандай себеппен
қолға түскеніне қанық Хақназар нөкерлеріне:
Мына кісіні баласымен бірге еліне апарып салыңдар, — деді Күнсананы көрсетіп.
Бірақ əйел орнынан қозғалмады.
172
Хан ием, мен енді қайын жұртыма бармаймын, — деді Күнсана Хақназарға жаутаңдай
қарап. — Шағай сұлтаннан айыра көрмеңіз. Бала сонікі, енді онымен мəңгі бірге болуға
бармын.
Хақназар да бір сырды аңғарып қалғандай.
Шағай сұлтанмен мəңгі бір болуға бармын дейсіз бе? — деді ол қабағын шытып. —
Егер Шағай сұлтанды ел-жұртымыздың бірлігін бұзған күнəсі үшін өлім жазасына бұйырсақ,
онда да бірге өлуге бармысыз?
Иə, бірге өлуге бармын!
Мына нəрестеңізді қайтесіз?
Жазмыш солай болса, қолдан келер не бар?
Хақназар ойланып қалды. Мынау келбетіне көз тоярлық сұлу əйел не қайын жұртынан
орасан қорлық көрген жан, не Шағайға өлердей құмар...
Сұлтан, — деген Хақназар қабағын шытып, — не өлесің, не бізбен біргесің! Ал енді Ақ
Ордамен бір боламын десең, қазір босатамын! Екі шешім жоқ, таңдағаныңды ал!
Үкіміңе ризамын, Хақназар хан! Жан сауға! Жан сауға! — деді қуанғанынан көзінен
жас ағып. — Айыбымды адал қаныммен жуамын! Өле-өлгенше сендермен бірмін!
Көрмегенім Абдолла болсын! Міне антым! Міне құран!
Мұндай күрт шешімді күтпеген Хақназар ханның өзі де абыржып қалды. Шағай туралы
бұрын да: «Қорқау қасқыр секілді бір тою үшін қандай өлімтіктен де бас тартпайды; оның
ойы ел-жұрт емес, қара басының қамы», — дегенді сан рет естіген. Бірақ дəл мұндай қорқақ
деп ойламайтын. Əлде ел-жұртынан бөлінгені жанына батып жүрді ме екен? Хақназар бетін
Шағайдың серіктеріне қарай бұрды: кілең баскесер, ұят-ар дегенді білмейтін, еңгезердей
қарақшы нөкерлері де, қожаларының мына қылығына ұялағандай, төмен қарап қалыпты.
Хақназар енді жүзін Күнсанаға аударды. Оның құп-қу түсінен ешбір сыр ұғуға болар
емес, бетін Шағайдан сəл бұрып, тас мүсін тəрізді қатып қапты. Тек көзінде ғана əлденеден
жиіркенгендей бір қиналыс ұшқыны бар... Дəл осы сəтте Хақназар Шағайдың құнсыз жау
екенін ұқты.
Бұл жолы Жəдік сұлтанның аруағы үшін босаттым, — деді Хақназар. — Егер бұдан
былай тағы да бабамыз Жəнібек ханның Ордасына опасыздық етер болсаң, бұл елге
өкпелеме!
Шағай сұлтан өз ордасына жеткен күні өзінің Хақназардан қорқып, жалған ант бергенін
көрген нөкерлерін бір түнде басқа жендеттеріне бауыздатып тастады. Жаңа ғана құшағынан
шыққан Күнсананы да өлтіруге бұйрық берді. Сұлтан ойын сезіп қалған Күнсана жендеттер
айдап бара жатқанда, хан есігінің алдынан өте беріп:
Төрем, еш жазығым жоқ қой, құлыным Тəуекел үшін мына жен-
деттеріңнен алып қал! — деп жалынды.
Бірақ Шағай Күнсананың сөзін естісе де естімеген боп, төсегінде теріс қарап жата берді.
Бұл қанды оқиғаны бөтен бөлмеде шырт ұйқыда жатқан жас Тəуекел білмеді.
Ертеңінде анасын іздеп зар жылады. Сұлтан оны ер жеткенше асыра деп, бір
бекзадасының үйіне беріп жібереді. Өзі Абдолладан жедел əскер алдырып, қарамағындағы
елді еріксіз көшіріп, Ташкент уəлиетіне өтіп кетеді.
Бұл оқиғаны бір шабарман дəл бүгінгідей бір той үстінде ханға жеткізген. Хақназар онда
тек:
Абдолла ханның жеріне қанша түтін көшті? — деп сұраған.
Он бес мыңдай...
Бұл алпыс мыңдай жан ғой, — деген күрсініп. — əйтеуір, шамасы келгенше қазақты
жырымдап жатыр-ау бекзадалар...
Сол күні де дəл бүгінгідей оның жан сезімін өкініш билеген. Он бес мың үйді Абдолла
ханның еріксіз айдап кеткеніне, жас Тəуекелді жетім қалмасын деп, қас жауына аяушылық
еткеніне өкінген. Көз алдынан «апалапшырқыраған жетім баланың бейнесі кетпей қойған.
Одан бері де талай уақыт өтті. Адамды аяғыш күйрек сезімдер қазір қу томардай
мұжылған. Қырғын соғыстар азалы жанына қаяу салып тасбауырлыққа үйреткен. Бұл кез Ақ
Орданың да, Хақназардың да бүкіл Дəшті Қыпшақ, Мауреннахр Жетісуға əбден əйгілі болған
кезі еді. Сөйтсе де шабарман Қияқтың бүгінгі əкелген хабары ауыр тиді.
Осы уақиғаның алдында ғана Абдолла ханның қол астында жүрген Баба-
сұлтан Ташкент шаһарына қалың қолмен аттанған Хақназардың қаһарынан қорқып, енді
173
қазақ ханымен одақтасуға уəде берген. Хақназар одан қантөгіс соғыссыз, Ташкент
уəлиетіне жататын Яссы, Сауран қалаларын сұраған.
Бұл кезде қазақтарға қарсы тұрар бəлендей əскері жоқ Бабасұлтан бір амалын таппақ
болып: «Сəл шыдаңдар, ақылға салайын» дейді. Абдолла ханға Дүстем биді аттандырады:
«Ұлы мəртебелі ханға берген антымызда тұрамыз, пендешілігімізді кешсін. Дəшті
Қыпшақтың ханы қарамағымыздағы уəлиеттен жер сұрайды. Қарсы тұрар бізде күш жоқ. Не
істеуіміз керекдеген сауал айтады.
Өзінің Абдолла жағында екенін бұлдағысы келгендей, əндижан əміршісі етуді өтінді. Бұл
кезде Чарджоу маңайында, Жейхундарияның жағасында аңда жүрген Абдолла
Бабасұлтанның бұл хабарын естіп, бұлқан-талқан ашуланады. Бабасұлтанға əндижанды
бермейтінін білдіреді. Бабасұлтаннан келген елші Дүстем биді ұстап қалып, оның əкесі
Бөлтірік биді Ташкенттің жағдайын анықтауға жібереді.
Бөлтірік би келіп, Абдолланың: «Қазақтарға жер беруші болма» деген бұйрығын
жеткізгенше, қазақтың қалың əскерінен қорыққан Бабасұлтан Хақназарға Яссы, Сауран
шаһарлары мен сол маңайдағы жерлерді соғыссыз беріп, онымен қоймай Абдоллаға қарсы
соғысуға уəде байласады.
Хақназар қайын атасы Жəлім сұлтан мен оның балаларына қосып өзінің он бес-он алты
жастағы екі ұлын Ташкентке жібереді. Ондағы ойыХақназар ханның Бабасұлтанмен шын
одақтас екенін сездіру еді. Ал қайын атасы Жəлім сұлтанға Бабасұлтанның тағы Абдолла
жағына шығып кетпеуі тапсырылады.
Рамазан айында Абдолланың соғысқа шықпайтынын жəне Абдолламен күресуге күшінің
əлі де жете қоймағанын білген Хақназар ЕділЖайық бойындағы қалың қазақтан қол
жинамақ болып, Сарайшыққа сапар шеккен.
Сөйтіп Ноғайлы елімен бітімге келіп, Ақторғын арумен бірге он мың қол алмақ боп көңілі
хош отырғанда, Қияқ шабарман суық хабар əкелген.
Шабарманның айтуы бойынша, Хақназар Сарайшыққа кеткен кезде елдегі жағдай кілт
өзгеріпті, — деді жырау.
Абдолла хан рамазан айы өтпей Бұхараға қайтып келе жатып, Бабасұлтанның қылығын
естиді. Дəл осы кезде Балқыда нағашы жұртына келген Бабасұл-
танның он бес жасар қызын Абдолланың адамдары ұстап алып, ханға əкеледі. Жас қыз
Абдолланы қанша қызықтырса да, хан өзін-өзі ұстайды. Бабасұлтанның қызын Қоңырат
Қосқұлақ бимен бірге аман-есен Ташкентке қайтарады жəне əкесіне сəлемін қоса айтып
жібереді: «Егер Бабасұлтан бізбен тату-тəтті тұрам десе, маңайына жиналған Самарқант
сұлтандарын қусын, қазақтардан да біржолата ат құйрығын кессін. Ал бұны істемесе өз
обалы өзіне!» — дейді.
əбден сасқан Бабасұлтан Ташкентке інісі Тахир сұлтанды бас-көз етіп қалдырады да, өзі
Түркістанға сапар шегеді. Ондағы ойы Хақназардың əскерімен бірігіп, Абдолла ханға шығу
еді...
Бабасұлтан кеткеннен кейін, Қосқұлақ би Ташкенттің билігі қолында қал-
ған Тахир сұлтанды азғырады: «Бар пəле Шах-Саид оғланда, ол Самарқант сұлтандарымен
байланысты, егер сен оны тұтқындап, Абдолла ханға жіберсең, хан күнəларыңды кешіп,
кейін қайтады», — дейді. Бұл сөзге сенген Тахир сұлтан ағасы Бабасұлтанға көп жыл еңбек
сіңірген, Бұхар ханымен күрестің бір басында жүрген Шах-Саид оғланды ұстап алып, қол-
аяғын байлап, Қосқұлақ биден беріп жібереді. Абдолла хан қас адамдарының ең
бастысының бірі оп-оңай қолға түскеніне қуанады, сөзге келмей бірден басын алдырып,
Түркістандағы Бабасұлтанға жолдайды.
Қияқ сөзін тыңдап тұрған Хақназарды мəлімсіз қорқыныш билеп кетті. Бабасұлтанға
кенет күдіктене қалған хан:
Ал, қазір жау əскері қай жерде, — деп сұрады.
Қияқ мүдірмей жауап берді.
Абдолланың негізгі əскері Ташкент түбінде. Кей қолы Яссы, Сайрам, Отырарға
беттеуде.
Жəлім отағасы Бабасұлтан сарайынан қайтып па еді?
Жоқ. Сіздің қос ханзадаңызХасен мен Құсайын да Бабасұлтан қосымен бірге...
174
Жəлім сұлтанның қызы Айгерімнен туған бұл егіз екі баласын хан өте жақсы көруші еді.
Екеуі де он беске биыл шыққан, ханның өзге балаларындай емес, момын, қатыгездік
қылықтары жоқ.
Сол екі баласының басына бір қауіп төнгенін Хақназар байқаған сияқты. Бірақ сыр
бермей, Қияқтан тағы да мəн-жайды сұрастырды.
Абдолла əмірдің өзі қайда?
Жезақта.
Ал əскерін кім бастап келеді.
Шағай сұлтанның баласы Тəуекел баһадµр.
Тағы Тəуекел! Егер күндердің күнінде Тəуекел өз еліне қарсы қол бастап шығарын білсе,
Хақназар оны сонау Шағайды босатқан күні басқа елге жібермеген болар еді-ау. Қайтсе де
өз қарамағына алып қалар еді... Тəуекелдің бұлай кетерін байқаса, Хақназар сол түндегі
аяушылығын істер ме еді? Жауын аяғанжаралы деген осы.
Енді міне, өз қолынан өмір берген сол екеуінен қанша қазақтың қаны төгілмек! Құр ғана
қара қазақтың қаны ма, өзінің екі баласының тағдыры қыл үстінде тұрған жоқ па?
Оның құлағына тағы да балдызы Ақбаланың сылқ-сылқ күлген даусы естілді.
Күлмес хан жездем, — деді ол əзілдеп. — Сізге не болған, əлде Ақтор-
ғын апамның жүзін көргеннен кейін, тіліңіз байланып қалды ма?
Қыз қалжыңы тағы құлағына кірмеді. Бабасұлтан қолындағы қос қозысы мылтық
аузында тұрғандай жүрегі сыздап, жанын қоярға жер таппай отыр. Əлденіп қалған Ордаға
қан майданнан тайсалып, Бабасұлтанның Яссы, Отырар дихтарын өз еркімен бергені
Хақназардың күштілігінің айғағы. Қазір бұның қарамағына, əкесі Қасым ханның соңғы
кезіндегідей, Созақ, Сайрам, Сауран шаһарлары тегіс кірген. Яссыны астана еткеннен бері
Хақназардың абыройы тіпті қарыштап кетті.
Иə, солай. Яссы маңайында қазақ жеріндегі дін ошағы болған Қарнақ, Сунақ дихтары да
мұсылман қауымына үлкен əсер етеді. Сол себептен де Астрахань хандарының қарамағына
біржола кіруге айналған Сарайшықтағы Ноғайлы қауымы да Құтлық Темір əулетінің
тегеурінді темір шоқпарынан жасқанбай, Хақназар жағына шығып отырған жоқ па? Ел
бірлігіжұмылған жұдырық. Сол жұдырық қазір шын ашылмастай болып жұмылып тұр ма?
Жоқ. Рас, қырғыз-қазақ бір одаққа бірігіп, Шайбани Ордасының тегеурініне ілініп қалмау
қамында. Бірақ Шағай секілді бүйректен сирақ шығарып Абдолла ханға жағынып жүргендер
аз ба? Ежелгі жау ел болмас, Шағай шіріген бір жұмыртқа... Бірақ оның артында қасқырдың
бөлтірігіндей бес баласы бар-ау! əсіресе жиырма жасар Тəуекел. Болғалы тұр, шіркін!
Тағдыр деген қызық, біреудің жолына өзінің жасыл жібек кілемін төсейді, ал енді басқа
біреудің барар жері, басар тауын қалақай мен тікенек етеді. Мысалды алыстан іздемей-ақ
қояйық. Дайыр қожаның ақ боз үйінде Күнсанадан Тəуекел туған күні, Хақназар Ордасының
есігінде жүрген Айқара құл мен Қойсана күңнен бағанағы шабарман Қияқ туған.
Ал енді бір күнде туған сол екі баланың тағдыры қандай қым-қиғаш? Тəуекел сұлтан
Абдолла ханның əскер басшыларының бірі. Ал Қияқ болса, ерлігі де, ақылы да Тəуекелден
кем болмаса да, шабарман ғана. Бұған кім айыпты? Жазығы құлдан туғаны ма?
Бұқар жырау əңгімесінің осы жеріне келгенде сəл кідірді.
Қожасының сырын білген құлқойныңдағы жыланмен тең деп мен бекер айтқан
жоқпын, — деді тағы да əбілмансұр. — Қияқ Тəуекелдің кімнен туғанын білсе, түбі сұлтанды
бір мықтап шағар-ақ...
Бұқар жыраудың жүрегі тағы мұздай боп суып кетті. «Бəтшағар, Ораз құлға арнап қанды
пышағын қайрап-ақ қойған екенсің ғой, тірі қалдырмассың» деді ішінен, сөйтсе де:
Бекер олай жорисың, — деді түйешіге, — Қияқ Тəуекелдің түбі өз үйіріне қосылуына
себепкер болады.
Жас түйешінің көзі қара көлеңкеде жарқ етті.
Құл ақылымен үйірін тапқан сұлтан тым ұзақ өмір сүрмес-ті...
Бұқар жырау басын көтеріп алды.
Неге үйдейсің? Хан халқымен ғана күшті.
Күндікке тұнжырап отырған Əбілқайыр мырс етіп күліп жіберді.
Бассыз дене қайда барады? — деді ол, сөйдеді де əңгімені бұзғысы келмей, —
жырау, шежіреңізді жалғай беріңіз! — деп бұйырды.
175
Бұқар жырау сөзін бастамастан бұрын көз қиығын Ораз құлға аударды. Сұп-сұр боп,
басы төмен салбырап кеткен екен, «Бейшара, бұл да сұмдықты сезіп қалған екен, енді
есебін тауып қашып кетер» деді іштей қуанып.
əңгіме қайта басталды. Қазақ елінің ғажайып тарихы үй ішіндегілердің көз алдынан тағы
да тізбектеліп өте берді.
Орда маңындағы қол бастар батырлардың санатына ілігу үшін, соңыңнан ерген руың,
елің болуы керек. Ал Қияқтың кімі бар? əлі де сол күң қалпындағы кəрі шешесіҚойсана
ғана. Тəуекел мен Қияқ талайының кереғар болуын тағдыр өзі күні бұрын шешкендей бірінің
анасының аты Күнсана, екіншісінің шешесінің аты Қойсана дегізуін қарашы! Мұнда да
жазмыштың бір ұйғарғаны бар тəрізді...
Бірақ жазмыш деген не? Қияқ секілді мыңның тағдыры бұл күнде хандар қолында емес
пе? əрине, солай. Қияқ секілді өжет жігітті Хақназар үзеңгілес етіп көтерсе, кімнің шаңырағы
құлап, жерге түседі? Жоқ, өйтуге болмайды. Құлдан шыққан жігіттің басына бақ құсын
қондырамын деп, бүкіл сұлтан, би, манаптарды наразы қылудың қанша керегі бар?
Ертеңіне Хақназар ақсақалдармен тағы ұзақ əгімелесті. Ақырында мынадай
тұжырымға келді. Аласапыран жаугершілік мезгіл, бұл жақта Хақназардың ұзақ аялдауына
болмайды. Ол ертең таң ата, өзінің екі сана əскерімен, Сарайшық маңындағы Ноғайлы
қауымының мыңға тарта атты əскерін ертіп, еліне қайтпақ. Ноғайлының қалған əскері бір
аптадан кейін Ақторғын сұлуды ырғалтып-жырғалтып көшіріп, Яссыға сапар шекпек. Ат
тұяғы жетпейтін жер жоқ, бұдан былай қарай екі елдің арасы жиі қатынасып тұрмақ. Əзірге
осындай байланыс арқылы Сарайшыққа жататын ел Хақназар ханға бағынышты екенін
бекем ұстамақ.
Ақсақалдар əңгімесі біткен кезде, бесін намазы да болып қалған екен. Жұрт дəрет алуға
тысқа шықты. Бір топ серіктерімен хан сарайының сыртында тұрған Хақназар шаһарға
қарай шауып келе жатқан шабарманды жұрттан бұрын көрді. Атқа отырысынан, хан
хабаршысының белгісіорамалдай ақ жалауды найза ұшына ілген нышанысынан бұл
келе жатқан Қияқтың тетелес інісі Тұяқ екенін хан бірден таныды. Шабарман шабысының
сыңайынан қарап, хан бір сұмдықтың болғанын сезді, көңілі алабұртып, серіктерін кейін
тастап, жолдың ернеуіне қарай таяды.
Астындағы құлагерін құйқылжыта жетіп, Тұяқ жеке тұрған ханды көріп, алысырақта ат
үстінен асыға түсті. Тізгінін тастай салды да, Хақназарға қарсы жүрді. Сұп-сұр боп кеткен
хан:
Жат елде жұрт көзіне түсетін қимыл жасама. Ауызша айта бер, не болып қалды,
жарқыным? — деді.
Тұяқ сол тізерлеген қалпында:
Қайғылы хабар, хан ием! — деді ерні кезеріп.
Айта бар.
Хасен мен Хұсайын... — Тұяқ айтуға аузы бармай, күмілжіп қалды.
Хақназар бұрынғысынан да сұрлана түсті.
Кімнің қолынан қаза болды?
Бабасұлтанның.
Қалайша?
Жігіт орнынан түрегеліп, болған оқиғаны бастан-аяқ айтып берді. Шах-Саидтың басын
өзіне жіберген Абдолланың қаһарынан, Бабасұлтан өлердей қорқады. Қайтадан Бұхар
жағына шығуды ойлайды. Абдолла құр сөзіме сенбес, деп атасы Жəлім мен қолындағы
Хақназардың егіз ұлын өлтірмек болады.
Өзіне құрылған қақпаннан қаннен-қаперсіз Жəлім Бабасұлтанмен тізе қосып, Абдоллаға
қарсы шығуға Шарабхана өзенінің жағасында атқа қонады. Жаңа ғана аллаға ақсарбас қой
айтып, жауға қарсы бірге аттанбақ боп бəтуаласқан Бабасұлтан бір топ əскер басы батыр
адамдарымен ешбір күмəнсіз тұрған Жəлім сұлтанның қасына келіп, атының шаужайынан
ұстай алады. Бір сұмдықты сезген сұлтан қынабынан қылышын суырғанша, оның арт
жағынан келген.
Жанқұла би алдаспанмен басын қағып түсіреді. Сол сəтте өзге батырлар, абайсыз
тұрған төрт бала жігітті найзалап өлтіреді. Ал күні бұрын дайындалған Бабасұлтан
лашкарлары бір сапта жауға аттанғалы шыққан өзге қазақ жігіттерін де заматта жан-
176
жағынан қоршап алып, қарсыласуға мұрша бермей, қойдай қырып салады. Бұл күтпеген
айқастан ілуде бір-екеуі ғана қашып құтылады. «Шарафнамейи-шахи» шежіресі айтқандай,
кең дала қызғалдақ гүлдерімен безенгендей, қызыл қанға боялады...
Көзінің ағы мен қарасындай көретін егіз ұлыХасен мен Хұсайынның қалай қаза
тапқанын естіген Хақназар, жүрегі у ішкендей өртеніп тұрса да сыр бермеді. Əлден уақытта
барып:
Абдолла хан Ташкентті шапты ма? — деп сұрады.
Жоқ, — деді Тұяқ кенет бойын жинап алып.
Шах-Саид оғланды Тахир-сұлтан ұстап бергеннен кейін, Абдолла хан оны өз жағына
шыққан екен деп, хат жазып, кісі жіберген. Хатында: «Сізге сенімім зор. Бас иіп, алдыма
келіңіз, не болмаса қаланы тастап, өз беттеріңмен кетіңдер» деген. Шах-Саид оғланды
босқа ұстап бергеніне енді өкінген Тахир сұлтан бұл бұйрыққа көнбеген. Жедел шара
қолданып, Ташкент шаһарын бекініске айналдыруға кіріскен. Осындай жағдайда оған
Бабасұлтанның қазақ сұлтандарын өлтірген хабары жеткен.
Хақназар Тұяқ сөзін бөліп жіберді.
Бабасұлтан қазақ жігіттерін қырып жатқанда Бұзахұр сұлтан қайда еді?
Оны Бабасұлтан көп əскермен сіздің жолыңызды аңдуға жіберіпті деседі... Қапелімде
сізді өлтіріп, əскеріңізді қырып тастауға бұйрық берген көрінеді.
Иə, сосын, қазақ жігіттері қырылғанын естігеннен кейін Абдолла хан не істепті? —
деді Хақназар.
Бабасұлтанға кісі салып «Қазақ сұлтандары сенің де, менің де ортақ жауымыз еді,
жақсы істепсің. Ал енді бізбен одақтас боп Ташкент уəлиетін өз қарамағыңа қалдырғың
келсе, екінші жауымыз Бұзахұр сұлтанды ұстап бер, не өзің өлтір. Егер мұны істемесең,
біздің тарапымыздан саған кешірім болмайды, қолымызға түскен сағатыңда басыңды
аламыз», — депті.
Бағанадан бері тас мүсіндей мызғымай тұрған Хақназар сəл алға қарай ұмтыла түсті.
Көзінде ашу ұшқыны жарқ етті.
Ал Бабасұлтан қандай жауап қайырыпты?
Ағайын, достығын ұмытып қорыққанынан Абдоллаға Бұзахұрды ұстап беремін деп
уəдесін беріпті. Жəне оны ұстап əкелуге бір топ лашкар мен Дүстем биді жіберіпті.
Ал бұл кезде Бұзахұр қайда еді?
Бұдан екі апта бұрын Талас бойындағы сіздің жылқыларыңыздың біразын айдап
əкеткен. Бабасұлтанның Абдолла жағына шыққанын естігеннен кейін Жетісуға қашыпты
деген сыбыс бар...
Қан иісі шыққанда қарап отыра алмайтын еді, қорқау қасқыр Шағай сұлтан қайда?..
Баба мен Бұзахұр арасының не боларын күтіп, қалың қолмен Талас маңында күтіп
жатыр деген хабар бар.
Бəсе, өзім де солай деп ойлап едім. Қандай зұлым еді Абдолла! Өзіне қас
сұлтандарын біріне-бірін айдап салып, оп-оңай жеңіске жетпек қой! Иə, бұл оның негізгі
айласы... Осылай ол Самарқант сұлтандарын да құртпақ... Айтпақшы, Тəуекел баһадур
қайда екен?
Шағай сұлтанның қолымен бір көрінеді.
Хақназар сəл үнсіз тұрды да, Тұяққа бұйыра сөйледі:
Маған əкелген хабарыңды тірі жан естімесін. Қазір арғы беттегі əскерлерге жет.
Жолға дайындалсын де! Күн бата қозғаламыз.
Құп, тақсыр!
Егіз ұлының өлгенін естірткенде, лəм-мим деп тіл қатпаған Хақназар туралы: «таста
тамыр, ханда бауыр жоқ» деген осы екен ғой, деді ол ішінен.
Хақназардың ұстамдылығын тас бауырлыққа жорыған аңқау батыр осыдан екі апта
өткеннен кейін, ханның көзге түрткісіз қараңғы түнде егіз ұлының зиратына келіп, жас
қабырды құшақтап, ағыл-тегіл жыларын қайдан білсін!
Хақназар Тұяқ ойын біліп тұрғандай:
Кімнің қас, кімнің жау екенін соңынан ұғарсың, ал қазір əскерге жет, бұйрықты
орында! — деді.
Ұрлығының үстінен шыққандай сасып қалған Тұяқ:
Құп, тақсыр! — деп, ентігі басылған құлагерін борбайлай өзеннің арғы бетіне қарай
шаба жөнелді.
177
Сол күні түнде, ай туа Хақназар Ноғайлы елінің жедел жинаған əскерімен бірге
қалыңдығы Ақторғынды алып, Түркістан жеріне қарай қауырт сапарға шықты. Бұлар
жорықтағы салтпенен еш жерге ұзақ тоқтамай, он үш тəулікте Яссыға жетті. Жолай
Хақназар ағалы-інілі екі сұлтанның кездескен хабарын алды. Екі жақта көп əскер қырылып,
Бұзахұрдың қолға түспей кеткенін, бірақ Абдолланың алдында «Бұзахұрдың басын əкеп
беремін» деп Бабаның уəде бергенін естіді. Бабасұлтанның өшпенділігін ұмытпаған
Абдолла, Ташкент əміршісінің осы бір əлсіреген тұсын пайдаланып, Шағай сұлтанға оны
өлтіруге келісім берді.
Екі əскер енді Талас бойында кездесті. Қан тағы судай ақты. Өмір үшін емес, өлім үшін
ұрысқа шыққан Бабасұлтан жараланған барыстай жан ашуымен қимылдап, Шағай əскерін
жеңді. Содан кейін барып, Бұзахұрды ұстап берген күнде де, Абдолламен бітімге келе
алмайтынына Бабасұлтанның көзі жетті. Енді ол Сайрамға қарай бет бұрды. Ондағы ойы
ар жақтағы Самарқант əскерімен қосылып, Абдоллаға тағы қарсы шығу еді.
Баба, Бұзахұр, Шағай сұлтандардың осы қым-қиғаш ұрыстары, аз уақыт болса да,
Абдоллаға Хақназар ханды ұмыттырды. Ал Хақназар қолымен Яссыға аман-есен жетті.
Яссыға келгеннен кейін Хақназар тағы қалың ойға шомды. Баба, Бұзахұр сұлтандар мен
өзіне қарсы Ақсақ Темір ұрпақтарыСамарқант əмірлерін біржола жеңіп алмай, Бұхар
əміршісі Абдолла қазақ хандығына қарсы қазір соғыс ашпайды.
Ал жау қай жақтан? Жау Бабасұлтан мен Бұзахұр жағынан. Бірақ бұлар да қазір
Абдолламен алысып жүріп, қазақ қауымына бет бұрар халде емес. Мейлі олар бет
бұрмағанмен, Хақназар бет бұрады. Алтын басы қара жерге кіргенше, сонау Шарабхана
жағасында жазықсыз төгілген қанды, күнəсіз бауыздалған қос боздағының кегін
Бабасұлтанға кешпейді! Ғазиз жандардың кегін қайтарады!
Күншығыс Қашқар əміршісі əбдірашиттің əкесіАқсу ханы Сұлтан-Саид қаза болғаннан
кейін, бұл таққа он екі ұлының үлкені əбді-Латиф сұлтанды отырғызған. Қазақ хандары мен
əбдірашит арасындағы Жетісу үшін талас енді əбді-Латифқа көшкен.
Бабасұлтан мен əбді-Латиф Абдолла мен қазақ хандарына қарсы жүргізген
саясаттарында үнемі одақтас болып келген. Бабасұлтанның жеңілуіəбді-Латифтың
жеңілуі. Ал əбді-Латифтың күйреуіБабасұлтанның күйреуі. Оның үстіне бұл кезде қазақ
елімен одақтас қырғыз қауымы да, Жасылкөл жанындағы жерлері үшін күресуге құлшынып
отырған.
Хақназар осы бір қым-қиғаш тартыс кезін пайдаланып, қырғыз, қазақ боп бірігіп, Ақсуды
шаппақ болды.
Хақназардың өртенген жүрегі енді сəл толастады. Бірақ ол, бұл шешім түбі өзінің
өлімімен тынатынын білмеді. Тұла бойын өшпенділік билеген Хақназар енді қара түнді
жамылып, қос перзентінің қабірінің басына барды. Ұзақ отырды. Өн бойын дерт басқан,
жаны жара, көңілі нала Хақназар, болашақ тартыс-
тың ауыр жүгін арқалап, той сарайына келді.
Бұл кезде тойға жұрт əбден жиналған екен. Осыдан бірнеше күн бұрын ғана Шарабхана
өзенінің бойында қаза тапқан аяулы ұлдарын жерлеп, қан жылап, қара жамылған жұрт аз
күннің ішінде бар қайғысын ұмыта қоймапты. Хан тойы болған соң амалсыз келген тəрізді...
Қыз күлкі-назы тұншығып, жігіт əзіл-оспағы сыбырлап шығады. Əйтсе де, қаралы ханның
көңілін көтергісі келгендей, Хақназар үйге кірісімен жұрт бір мезет жадырай түсіп, жиын-
думан сəл қызғандай болды.
Хақназар Ақторғынды тағы көрді. Тағы жүрегі алғашқы көргендегідей дір ете қалды. Енді
ол өзіне-өзі таңдана түсті. Жаңа ғана қос арланының жеке қабірін құшақтап, ұлыған аш
қасқырдай ішін тартып, өксігін баса алмай, ұзақ жылағанында тіршіліктің құны көк тиынға
татымай қалып еді. Ал қазір... жаңадан күн шыққандай, дүние қайтадан жарқырап сала
берді. Бұл қандай құдірет, тəңірім-ау. Дəл қазір лəззат іздейтін уақыт па?
Сол күнгі түн екеуінің ең соңғы түні болды...
əбді-Латиф Хақназар ханмен сан мəртебе кездескен. Қазақ əскерін сан мəртебе жеңген
де. Бірақ осы жолғы Алтын Емел тұсындағы кездесу өзгеше өтті. Хақназар басқарған қалың
қырғыз-қазақ əскері Ордасында ұйықтап жатқан əбді-Латифты түн ортасында шапты. Жар
құшағындағы ханды төсегінен тұрғызбай, айбалтамен шапқылап өлтірді. Ақсудың мал-
мүлкін талап, қазақ-қырғыз қолы Жасылкөлге қарай көтерілді.
178
Бұл лаңды естіген əбді-Латифтың ағасы, Қашқар ханы əбдірашит қасіреттен от басында
түнеріп ұзақ отырды. Айла-тəсілі таусылып, ақыры қарамағындағы елдің бар жігітін ертіп,
Жасылкөл жағасында Артыш деген жерде бекініп жат-
қан қазақ-қырғыз қолына кеп тиді. Қарсы жақтың бекінісін бұзып, қазақ-қырғыз əскерімен
тіктесе ұрысқа шықты. Екі жақтан қан көл-көсір ақты. Майдан екі аптаға созылды. Ақырында
əбдірашит жағы жеңді. Сойқан ұрыста қазақтың басты-басты бірнеше батыры мен Хақназар
хан қаза тапты. Бірақ өлер алдында Ақ Орда ханы, басында отырған Тұяқ батырға Тəуекел
сұлтанның тарихын ашып кетті.
Əбілқайыр мырза, — деді Бұқар жырау сөзін аяқтап, — сіз бұл күйге қалай жеттік
дейсіз?.. Ел бірлігі жоқ жерде бұдан да сорақы күйзеліске ұшырау таң емес. Мүйізі
шаңырақтай Хақназардың да қолынан келмеді бар қазақтың басын қосу. — Жырау ауыр
күрсінді. — Біріктіре білсеңдер, халық деген қара тастан да берік қой. Бірақ қазір оны іске
асыра алатын кім бар?
Қараша үйде жанған тобылғы шоғы əлдеқашан сөнген. Бұқар жырау əңгімесі де
əлдеқашан біткен. Ұйықтап кеткен адамдардың пысылдары мен үйді айнала қоршай шөккен
түйелердің анда-санда ұйқылы-ояу ыңыранғандары ғана естіледі. Тек Бұқар ғана ояу
жатыр. Шаңырақтан жыбырлаған көп жұлдыз көрінеді. Жырау ауыр ойда: «Қазақ елінің
басынан талай қиын-қыстау кезеңдер өтіп еді, бірақ ең қорқынышты қауіпке енді тап
болмаса не қылсын! Шығыс Түркістанды жұтар-жұтпастан, бері қарай Қытай айдаһары
жылжып келеді. Ал Қытайдан ығып, Алтай тауынан құлаған Жоңғар қауымы болса мынау.
Россия да бұрынғы бөлшектенген Россия емес. Əлемді шарлауға шыққан екі басты
самұрық құс тəрізді əбден бекініп алған. Қанатының серпіні сонау, жағасын балықшылар
жайлаған ұлы Мұхитқа да жетіп қалды. Сонда... қазақ елі қандай күйде? Жұрттың басын
біріктіріп, жауыңа қарсы шығар кім бар? Болат, Сəмеке, Барақтар ма елге тірек болар?...
Жоқ, оларға қарағанда осы Əбілқайырда бір үміт тұр ма, қалай? əй, білмеймін. Халықты
соңынан ерту үшін кемеңгердің ақылы керек қой адамға! əлде қара басының қамын ойлап,
бұл да бір бүйірге бұра тартып жүре ме, кім білсін? Жыраудың безек қаққан ұшқыр ойы
елінің тағдырын қолына алар жаңа қайраткерін іздеп шарқ ұрды. Неге екені белгісіз, оның
қиялы жанында шалқасынан түсіп, қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан əбілмансұрға қайта-
қайта орала берді.
Бітісі бөлек екен, ұл туса осындайлардан туар... — деді ол ақырын күбірлеп. — Хан
болса несі бар. Асыл тастан, ақыл жастан. Бірақ қаптаған Сəмеке, Барақ, Əбілқайырлар
бұған жол берер ме? Кім біледі, алғырлық, ерлік кейде өзіне-өзі жол салатын да кезі
болатын еді.
Жырау қалжырап жатып, таң ата ұйықтап кетті.
Күн шыға оянған Бұқар үй сыртындағы қыбырлап жүрген адамдардың Əбілқайыр
нөкерлері екенін білді. Жанында əбілмансұр сол қалпында ұйықтап жатыр. Тек көзіне Ораз
құл түсе қоймады. Жүрер алдында қолтығынан көтеріп атына мінгізген əбілмансұрдан:
Үлкен түйешіні көре алмадым-ау, ол қайда? — деп сұрады.
Қайда екенін мен айтпайын, сіз сұрамай-ақ қойыңыз.
Бұқар жырау ауыр күрсінді. «Иə, сұрқия, сұм бұл заманда құл бейшаралардың тағдыры,
міне, осылай шешіледі».
Ол сенің жауың емес еді ғой...
Жұрттың бəрі қазір менің жауым.
Олай болса, сенің өрісің де ұзаққа бармайды екен. — Бұқар жырау жас түйешіге
түксие қарады. — Біздің қазір екі-ақ жауымыз бар. Бірісыртқы жау. Екіншісі, жұрттың
басын қостыртпай, бөлшектеп билегелі жүрген би, сұлтандар. Ел қамқоры болам деген
адам бұны білсе керек. Қайратың тасып бара жатса, халықтың адал ұлдарының қанына
ортақ болғанша, қолыңа қару алып, жауға неге шаппайсың?
Кезегі келгенде жауға да шабамыз. Ал Ораз құлды мен өлтіргенімді қайдан білдіңіз?
Көзің айтып тұр.
Ендеше ешкімге тіс жарушы болмаңыз.
Неге?
əбілмансұр Бұқар жыраудан көзін алмай тесіле қарады.
179
Түбі Үш жүздің ханы мен боламын, Бұқар аға. Ал сіз қазақ халқының ел болғанын
тілейсіз ғой...
Бұқар жырау жүрмекші боп ыңғайлана берді.
Бүгіннен бастап мен енді əбілмансұр емеспін! — деді жас түйеші.
Бұқар жырау оған таңдана көз тастады.
Кімсің сонда?
Абылаймын!..
Абылай?.. Қанішер Абылай сенің атаң еді ғой! Қазақ елі бұл аттан қорқатын...
Менен де қорықсын!
Түркістанды жау қолына берунамысқор Елшібекке қазақ Ордасының шаңырағы
күйреп, жерге құлағандай көрінген. Бармағын шайнай-шайнай бұл ауыртпалыққа да көнуге
мəжбүр болды. Көзінде жасы, жүрегінде ашуы, сонау ең ақырғы сұрапыл дауылды қара
түнде амалы жоқ, шаһарды тастап, ең сенімді деген бір топ жігітімен қазақтың көне
астанасының бірі Сауранға беттеді. Жауынан Түркістанда ала алмаған кегін Сауранда
алмақ. Бұл қаланы кеудесінен жаны шыққанша қорғамақ...
Елшібекке ермеген жұрттың біразы Сауранды айналып өтіп, Ташкентке қарай шұбырды.
Біразы Түркістаннан ұзамай, Сырдарияның жағасындағы қалың қамыс-
қа барып тығылды.
Ертеңіне боран да тыйылды, бос қалған шаһарға күн шыға Шұно-Дабо əскері де кірді.
Түркістанда Сыбан Раптан қонтайшы кеңесін шақырды. Өзінің басты баһадЇрлері мен
нояндарының ақылы бойынша, бұлар енді Сырдария мен Амударияны жағалай отырып,
Жайық, Еділ өзендеріне дейін өтіп, сонау Айдархан (Астрахань) түбіндегі қалмақ аймағымен
ұштаспақ болды. Бұл жолды Ренат та мақұлдаған. Арқа жерінде Бетпақдала, Қарақұм
арқылы жүрудің қауіпті екенін еске алып, ол жаққа келесі жазда Ертіс бойындағы Төлеуіт (ақ
қырғыз), Телес, Мұндас, Енисей қырғызы, Құман Челкан сынды Ойрат тұқымдас Батыс
Сібірде тұратын ұсақ руларды қоса отырып қазақ жеріне Есіл, Тобыл өзендері жағынан
тиюді ойлады. Сөйтіп, сонау Қытай шекарасынан солтүстіктегі Тобыл, Есіл өзендеріне
дейін, күнбатыста Еділдің бергі жағасынан, күншығыста Ертістің арғы бетіне дейін жайлаған
қазақ елін біржолата өзіне бағындырып, Сыбан Раптан атасы Батурдың қолынан келмеген
ұлы Жоңғар хандығын құрмақ болды. Бұл бұл ма, қазақ жері тақиясына тар келгендей, ол
Россия патшалығына жататын Түмен, қазіргі Красноярск, Кузнецк қалаларын да Бірінші
Петр патша өз еркімен берсеқолынан, бермесежолынан соғысып тартып аламыз
десті.
Он бес кез анаконда деген əпжылан өзінен бес есе жуан бұқаны жұтады екен.
Осыншама жерді басып алған қазақ елінен халқы үш есе аз Сыбан Раптан, өзінен жүз есе
халқы көп Қытаймен соғысамын деп жүрген Сыбан Раптан, расында да осы анаконда
əпжыланы тəрізді еді. Қазақ елін дəл осы быт-шыт болып жүрген кезінде жұтып жіберуі де
ғажап емес-ті. Бірақ бұл «өгізді» қай жағынан жұту керек? Анаконданы ұстауға шыққан
адамдар өгізді қарсы жібермейді, жанынан қашырады. Қашып бара жатқан бұқаны анаконда
арт жағынан жұтады, бұқаның алпамсадай бүкіл денесін қылғытып жібергенмен тамағынан
шаңырақтай қос мүйізі өтпейді. Бұқаның денесін не құсып тастай алмай, не жұтып жібере
алмай, қақалып жатқан қомағай анаконданы айдаһар ұстаушылар, аузынан шығып тұрған
қос мүйізден сүйреп əкеп, темір торға бір-ақ кіргізеді. Сыбан Раптан да осынау қазақ жері
деген алып «өгізді» қай жағынан жұтқанын аңғармай қалды. Алып даланың қос мүйізі
тəріздес сонау Россиямен шектес Еділ мен Жайыққа жеткенінде, оны əрі қарай жұта алмай
қалатынын еске алған жоқ. Өйткені, осы қос мүйізге жетуін əдейі күтіп отырған Россия атты
алып күш жатқан-ды. Егер Сыбан Раптан осынау қалың қосынын Жайыққа қарай емес,
Үргенішке бұрғанында, кім біледі оның қанды семсеркөшпелі хандығы өз ашқарақтығына
өзі тұншықпас па еді, қайтер еді...
Бірақ адамды құдай адастырар алдында ең алдымен ақылынан айырады. Күзтоқсанның
ең ақырғы айында Сыбан Раптанның баласы Қалден Цереннің қолы Түркістаннан шығып,
Жаңақорғанға беттеді. Бұ жолы оның қарамағында қырық мың атты əскер бар-ды. Өзге
əскерін жаулаған жерін иемденуге қал-
дырған. Бірақ, Жаңақорғанға таяған кезде, бүкіл əскеріне кілт тоқтауға тура келді. Бір күн
бұрын алға жіберген қызы Хоча басқарған барлаушы топтан: «Алдымызда қаптаған қазақ
180
əскері келе жатыр» деген хабар жеткен. Сыбан Раптан таң қалды. Қайдағы əскер? Кім
басқарып келеді? Сонау Құлжадан аттанғалы алты айдан бері қарсы келер жөнді күшті
көрмей əбден асқынып алған Сыбан Раптан қызына кісі шаптырды... «Қайдағы əскер?
Ондай қалың əскер шығаратын қазақтың көбі қырылған. Сенің көргенің сірə көп малы болар.
Абайлап қара, егер көргенің шынында мал болса, онда айдап алуға қанша адам жіберейін,
тез хабарын бер», — деді. Өзі енді əскеріне тағы алға қарай жүруге бұйрық берді. Бірақ
Хочадан тағы хабар келді. «Алдымыздағы бізге қарсы келе жатқан қазақтың Кіші жүзінің
əскері екен. Басында Əбілқайыр хан... Аз дегенде отыз мыңдай... Осындай қалың қол оң
жағымыздан, Орта жүзден де бүгін-ертең келмек көрінеді. Оны Болат ханның інісі Сəмеке
басқарады дейді қолға түскен жігіт... Екі жақтың əскері Шиелі тұсында түйіспек. Əбілқайыр
əскері қазір осы Шиелі жағасына қостарын тікті. Шамасы, Сəмекенің қолын күтпек... Жау
қарасы əбден шоғырланғанша, сол жерде аялдау керек. Келе жатқан жауды күтпеген
жерден шабуылдасақ, жеңіс біздікі болатынына дау жоқ» депті қызы.
Сыбан Раптан алдында жау бар екенін енді ұқты. Бірақ қызының берген ақылына қарқ-
қарқ күлді. «Отыз мың əскерге келетін тағы отыз мың əскерді күт дейді. Сосын барып оларға
ойламаған жерден қарсы шыға кел дейді. Ақылыңа болайын! əйелдің шашы ұзын, ақылы
қысқа деген, міне осы! Егер Əбілқайырдың отыз мың əскері болса, менің қырық мың
жауынгерім бар. Жəне қандай көкжалдар! Кілең сен тұрмен атайын! Мұндай қырық мың
қолмен қашан да болса отыз мыңды жеңуге болады. Əбілқайырдың отыз мыңына Сəмекенің
отыз мыңы қосылуын мен неге күтемін? Одан да олар қосылмай тұрып, Əбілқайырдың
əскерін неге қырып тастамаймын? Мейлі, келе берсін, содан кейін Сəмекенің отыз мыңы.
Онымен де айқасуға күшім жетеді». Ол осыны баласы Қалден Церен мен Ренатқа айтты.
Ренат:
Егер біз барғанша, ар жағынан Сəмекенің əскері жетіп қалса қайтесіз? — деді.
Қайткен күнде де Əбілқайыр əскеріне Сəмекеден бұрын жетуіміз керек! Бар айла
осында.
Біз соғысып жатқанда Сəмеке əскері жетсе қайтесіз?
Сəмеке əскері жетпей тұрып Əбілқайырды жеңуіміз керек.
Бұл біздің ойымыз ғой. Ал Сəмеке əскері бізден бұрын жетіп, не болмаса біз алысып
жатқанда жетті делік?
Онда біз жеңілдік.
Сөзге Қалден Церен енді ғана кірісті.
Ондай қауіп туатын болса, осы арада кідіре тұрып, арт жағымыздан тағы жиырма мың
əскер алдырғанымыз ақыл емес пе? Алпыс мыңға алпыс мың, жеңіс əрқашан да біздің
жақта болады.
Онсыз да біз жеңілеміз.
Қалайша?
Сыбан Раптан қарқылдап күлді.
Қанша жер, қанша қала алғанымызды білесің бе? Сонда алған жеріңді алақаныңмен
басып отырасың ба? Бар əскерді мұнда алдырсақ, қорыққанынан бағынып отырған ел
үндемей отыра ма? Жоқ, Қалден ноян, қарсы келген он бес жауынгерден артыңнан аңдып
мылтық атқан бір адам қауіпті! Жиырма мыңалған жерімізді басып қалуға керек. Ал
ондағы əскеріміз қазір жиырма мыңнан сəл ғана асады... Алты айдың ішінде он мың қалмақ
оққа ұшты. Бес мыңдайы дала қазағы, тау қырғызымен айқаста қаза тапты. Олардың орнын
осы жорықтан қайтқан соң, қысты күні ғана толтырамыз. Ал қазір нартəуекел. Отызға
қырық! Біз жеңуіміз керек!
Ренат ақырын жымиды.
Оныңыз рас. Сəмекеден бұрын жетіп, жауды жеңубізге қалған жалғыз жол.
Ол іштей Сыбан Раптанның қолбасшылық дарынына таң қалды. Шығыстан шыққан ұлы
əскери қолбасшыларƏтилла, Шыңғысхан, Бату, Ақсақ Темірбəрі де хат танымаған,
өзінен бұрын өткен елдердің əскер құру, соғысу тəсілдерін де білмеген адамдар. Бəрі де өз
жолдарын өздері салған. Олар қашанда болса, жауын жеңуді білген. Бүкіл əлемге əйгілі
Шыңғыс ханның дүние жүзін билеймін деп талпынғанда небары екі жүз мың əскері болған.
Сонымен қанша елді, қанша жерді басып алды! Оған қарағанда, Сыбан Раптанның ісі
баланың ойыншығы тəрізді. Жоңғар хандығы əрі кетсе жүз мың əскер шығара білер. Сондай
əскермен, əрине, бір қазақ жерін өзіне қаратуСыбан Раптанның қолынан келеді. Қазіргі
ойлап тұрғаны да сол ұлы сенімнің қамы. Тек бұны қолдай білу керек.
181
Ал, бастық атқа қамшыны, — деді Сыбан Раптан енді бөтен сөзге келмей, — қараңғы
түсе біз де жау шебіне жетуіміз керек!
Қатты желіске салып, қырық мың қол шаңқай түстен бесінге дейін жүрді. Күн еңкейе
Сыбан Раптанның алдыңғы шебі Шиелі өзеніне жиырма шақырымдай жердегі бір қоғалы
көлге келіп жетті.
Осы арада қызы Хоча басқарып кеткен барлау тобына кездесті. Жоңғар
барлаушылары қалың қамыс арасындағы қостарынан шығып, ат үстіндегі қонтайшыға иіліп
тəжім етті. Хоча əкесін атынан түсіріп, өз шатырына қолтықтап алып кірді. Аздан кейін
Қалден Церен мен Ренат та келіп, есік жақтан бір тізерлеп орын алды. Қыз үн-түнсіз,
босағада тұрған торсықты пісіп-пісіп жіберіп, шара аяқпен алдыменен əкесіне, содан кейін
ағасы Қалден Церен мен Ренатқа қымыз құйып берді. Сыбан Раптан қымызды сусынын
қандыра ұзақ жұтты да, есік алдында үймелеп тұрған барлаушыларға көз жіберіп:
Шəңгерек ноян қайда? — деді.
Хоча əкесінің босаған шара аяғына толтыра қайтадан қымыз құйып, қолына ұстатты да:
Шəңгерек ноян қос сыртында өліп жатыр, — деді.
Сыбан Раптан қымыздан тағы бір жұтты.
Кім өлтірді?
Мен өлтірдім...
Сыбан Раптан қызынан «неге өлтірдің деп сұраған жоқ. Қымызын ішіп болды да,
сыртқа шықты.
Қайда? — деді ол қызына.
Хоча үн-түнсіз əкесінің алдына түсіп, елу қадамдай жер жүрді де, қамыс қоршаған
алаңда шалқасынан сұлап жатқан жігітті көрсетті.
Міне.
Жігіт сом денелі, жиырма бестер шамасында екен. Үстіндегі киімі де, қару-жарағы да бұл
жігіттің Жоңғардың белді руынан шыққанын көрсетеді. Оның дəл жүрек тұсынан қадалған
садақ оғы сол қадалған қалпында тұр. Суырып алмапты.
Иə? — деді Сыбан Раптан қызына қабағын түйе қарап.
Жазығы болды, өлім жазасына бұйырдым, — деді Хоча айылын да жимай.
Шəңгерек ноянды өлім жазасына бұйыру үшін тым үлкен айып керек. Не істеді ол?
Жиырма бес жасар Шəңгерек ноян Сыбан Раптанның үзеңгілес серігі, Жоң-
ғар хандығының ең бір бай адамы Меркіт руының баһадЇрі Дода Жорджидың жалғыз баласы
болатын. Былтыр əкесі Сыбан Раптанға кеп құда түскен. Хочаны Сыбан Раптан Шəңгерек
ноянға бермек болған. Екеуінің қосылу тойы қысқа белгіленген. Бірақ неге екені белгісіз,
Хоча Шəңгерекке күйеуге шыққысы келмейтінін əкесіне білдірген-ді. Қызының ерлігі, өжеттігі
үшін өте жақсы көретін Сыбан Раптан оның бұл сөзіне мəн бермей, жай əшейін «құлап
түсті» демесін деп айтып жүргені шығар деген де қойған. Расында да, Шəңгерек ноян ата
жағынан да, байлығы, ерлігі жағынан да Хочадан кем емес еді. Хочаның оны сүймеймін деуі
кімге болса да адам нанғысыз сөз еді. Расында, қызды Шəңгерек ноян ұната қойған жоқ.
Оның өмірден күткен жары мұндай емес. Бірақ, бүкіл Жоңғар елі қас-қабағына қарап
отырған қонтайшы Сыбан Раптанның қаһарынан қорқып, ол Хочаны алмаймын дей алмады.
Əрине, жігіттің өзін менсінбегенін ұққан Хоча қатты қорланған. Əкесіне мені ұнатпайды деуге
арланып, «мен оған күйеуге шыққым келмейді» деген. Əкесі алғашқы кезде бұл сөзге мəн
бермесе де, бертін келе «осылардың арасында бір пəле бар ма деген ойға келіп еді.
Қатар жүріп, бірін-бірі ұқсын, жаудан бірін-бірі қорғай білсе, ерлік арқылы тіл табысар деп,
Шəңгерек ноянмен бірге, Хочаны да барлауға жіберген, өз ойының ақталмағанына көзі
жеткен Сыбан Раптан бойын ала бастаған ашудан екі беті түктене түсіп:
Иə?! — деді қызына қарап. — Қандай айыбы болды?
Айыбы мына жігіттен басталды, — деді Хоча, сөйтті де аяғын жылдам басып барып,
Шəңгеректің ар жағындағы топ қамыстың арасын ашты. Сыбан Раптан, Қалден Церен,
Ренат үшеуі үсті-басы қан-қан боп өліп жатқан қазақ жігітін көрді.
Иə?! — деді Сыбан Раптан.
Кеше таңертең осы көлдің тұсынан Əбілқайыр əскеріне қарай шауып бара жатқан бір
қазақтың қызын көріп қалдық. Аты жүйрік екен, менің «Құмай төсім» зорға қуып жетті. Таяй
беріп, қыздың мойнына арқанымды лақтырып əзер ұстадым. Қыздың қару-жарағы жоқ...
Бірақ өзі тым келбетті екен. Оны бір көргеннен Шəңгерек ноян есінен айрылғандай күйге
жетті. — Хоча ашудан сөйлей алмай, тұтығып тұрып қалды.
182
Сосын? — деді əкесі қабағын қарс жауып.
Қыздың Əбілқайыр əскеріне біздің келе жатқанымызды хабарлауға бара жатқаны
сөзсіз. Бұндай ерлік қазақ қызының көбінен шығады. Мен одан жауап алғым келіп, бірнеше
сұрақ қойдым. Қыз бір айтқан сөзінен танбады. «Мен сендерге ештеңе айтпаймын,
өлтірсеңдерөлтіре беріңдер». Қайсарлығына ыза болып, оны өлім жазасына бұйырдым.
Бірақ, Шəңгерек ара түсті. «əзірге өлтіртпеңіз, бүгін айтпағанмен, сырын ертең айтады, қазір
ызадан көнбей тұр» деп маған жалынды. Мен Шəңгерекке қыздың өте ұнап қалғанын
түсіндім. Енді Шəңгеректің де жүрегін өртегім келді: «Қазір дəл осы арада қызды
өлтіріңдер!» — дедім жігіттерге. Шəңгерек «өлтірмеңдер!» — деп бұйырды. Мен:
«өлтіріңдердедім. Барлаушы жігіттердің көбі Меркіт руынан болғандықтан ба, əлде
қызды аяды ма, енді бəрі маған жалынды. «Қайтесіз қару-жарағы жоқ бір қыздың қанын
төгіп, одан да қонтайшыға тартуға апарайық» деді. Өтініштерін орындамасам, ызадан өзіме
зақым келтіріп жүрер деп айтқандарына көндім. Бір жағынан қызды Қалден Церенге алып
беріп, Шəңгеректің жүрегін біржолата күйді-рейін дедім. Өйткені қыз менің олжам ғой, кімге
берсем де еркім бар емес пе?
Иə, сосын?
Қыз шын əдемі еді. Оны өлтірудің өзі де сұлулыққа істелетін бір үлкен қиянат боп
көрінді маған. Бірақ, Шəңгеректі қызғандым. Неге екенін білмеймін, қызды өлтіртпек түгіл,
оның қол-аяғына кісен де салғызбадым. Енді күзетін басқа жігіттерге бұйырып, Шəңгерекке
тек қыздың атына ие болуды тапсырдым...
Сосын?!
Сосын... Көлдің арғы бетіндегі барлаушыларым тағы бір қазақтың жігітін ұстап
əкелді... Бұ да сұрағыма жауап бермеді. Мен енді жігіттің тақымына қыл арқан салғызып
бұраттым. Тұтқын қыздың сұлулығына күйіндім бе, «сен нəзік сұлусың ғой, бауырыңды
құлындай шыңғыртып жатқанда, сенің сұлу түрің қандай болады екен көрейін» деп жігітке
қыл бұрауды тұтқын қыздың көзінше салғыздым. Қыл шылбырды бір-екі рет бұрағанда-ақ
жігіттің құлындағы даусы құраққа жетті. Қыздың бетіне қарап едім, сұп-сұр боп ернін тістеп
қатып қалыпты. «Бəлем, солай ма екен дедім ішімнен. Енді оның көзінен аққан жасты
көргім келіп кетті. Жігіттерге «тағы бұраңдардедім. Сол кезде тұтқын жігіт шыдай алмады.
Сұрағандарыңның бəрін айтайын, — деді жалынып.
Қыздың бетіне қарап едім, оның анау тұтқын жігітке жеркенішпен, өшіге қарап тұрғанын
байқадым.
Мен жігіттен жауап ала бастадым.
Сен кімсің?
Əбілқайыр ханның барлаушысымын, — деді ол.
Əбілқайыр əскері қай жерде?
Шиелі түбінде...
Қанша қол?
Отыз сана...
Бері қарай қашан аттанбақ?
Орта жүз əскерінің келуін күтуде...
Сəмеке қанша қолмен келмек?
Отыз санадай.
Қашан келіп қосылмақ?
Жігіт жауап қайтарып үлгерген жоқ, жанымда тұрған қазақ қызы бір-ақ атылып
тұтқынның жанына барды, мен оның жоғары көтерілген қолынан жарқ еткен алмас кездікті
көріп қалдым. Жүгіріп жанына жеткенімше, ол қолындағы кездікті тұтқын жігітке сілтеп те
үлгірді. Жігіттің тақымына қыл бұрау салып тұрған менің жігіттерім не болғанын байқап та
үлгірген жоқ. Тұтқын жерге сұлқ құлады. Қыз кездігін дəл жүрек тұсынан қадапты.
Сосын?!
Сосын не болсын... Сəмеке əскерінің бұл араға қашан келетінін біз біле алмай
қалдық. Мен енді қызды өлтіргім келмеді. Елдің намысы үшін қандай қиындыққа болса да
шыдайтын қайсар сұлу елінің намысының қалай төгілгенін өз көзіменен көрсін деп, əдейі тірі
сақтағым келді. Қол-аяғын кісендеп, сендер жеткенше, түнімен күзетіп шығуды нөкерлерге
бұйырдым.
Сосын?! — Бұ жолы Сыбан Раптанның даусы темір тор ішінде тұрып ызаланған
жолбарыстың гүріліндей тым қатты шықты.
183
Сосын... Сосын Шəңгерек ноян мен барлауға кеткенде, күзеттегі Меркіт жігіттеріне
бұйрық беріп, қыздың қол-аяғындағы кісенін алдырып босатып жібереді... Шəңгерек ноянға
қыз: «Егер тірі кездессек, бұл жақсылығыңды өтеймін» деп рақметін айтып, атына мініп,
Əбілқайыр ханның əскеріне қарай бір-ақ тартыпты.
Демек, Əбілқайыр хан біздің келе жатқанымызды біледі екен ғой?
əрине.
Қап! Сосын?!
Сосын... мен Шəңгерек нояннан қызды неге босаттың деп сұрадым.
«Қызды мен босатпағанымда, сен оны бəрібір өлтіретін едің ғой» — деді ол. Мен:
«Өлтірсем ше?», — дедім. Ол «Одан өзімнің өлгенімді артық көрдім», — деді. Мен: «Қызды
өлтірмей-ақ өзімнің аға-інілерімнің біріне беретін едім ғой», — дедім. Ол: «Онда мен сені де,
өзімді де өлтіретін едім», — деді. Сонда ғана барып мен Шəңгерек ноянның ол қызға шын
ғашық болып қалғанын ұқтым. Өзімді-өзім ұстай алмай, оны өлім жазасына бұйырдым...
Бекер еткенсің... Əкең қонтайшының шешімін күту керек еді...
Бағанадан бері сазара сөйлеп тұрған Хоча:
əке, менде де жүрек, сезім, намыс бар емес пе? — деп, өкіріп қоя берді.
Тас жүрек Сыбан Раптан қызының Шəңгерек ноянды қаншалықты жақсы көріп келгенін
енді ғана түсінді.
Өзің емес пе едің оған шықпаймын деген? — деді ол кенет сəл босаңсып. — Жə,
болды, ондай жігіт сенің бір тамшы жасыңа тұрмайды! Бүкіл жоң-
ғар халқының тілегін бір қыздың сұлулығына сататын бала өсірген Дода Жорд-
жидың өз обалы өзіне!
Қонтайшы кілт бұрылып, жуан қамыт аяқтарының өкшесі біріне-бірі тиіп, атына қарай
жүре берді. Тек қаңтарып қойған ер басынан тізгінін алып, аяғын үзеңгіге сала беріп, баласы
Қалден Церенге:
Хоча қазақ қызын өлтіріңдер дегенде, өлтіртпей тірі алып қалған Меркіт жігіттері бірі
қалмай осы арада ажал тапсын! — деді.
Құп!
Қонтайшы алпыстан асып кеткеніне қарамай, бұлаң құйрық торы айғырына, үзеңгісіне
аяғы тиер-тиместен ырғып мінді де, батысқа қарай желе жортып жүре берді. Хоча мен
Ренат соңынан ерді. Бүгінге дейін Жоңғар елінің жеңісі үшін жан қиып келген жетпіс жігітті
бір сəт қана көңілшек болғандары үшін өлім жазасына бұйырған Сыбан Раптанның
қатыгездігінен жаны түршіксе де, Ренат өзінше тұжырым істеді: «Өзгеге əмірін жүргізем
деген адам осындай тас жүрек болуы керек. Бұндай болмаған күнде Шыңғысхан əлемнің
тең жартысын басып ала алмас еді» деп ойлады.
Хоча тобына кездесіп, Шəңгерек ноянның өліміне себепкер болғанерлігімен жұрт
көзіне түсе бастаған Бəсентин Малайсарының қарындасы Гəуһар еді. Арғын руының бір
тармағы Бəсентин ол кезде Ұлытау төңірегін жайлайтын. Маңайында сауда-саттық ететін
үлкен шаһар болмағандықтан, Ұлытау, Арғынаты маңайындағы қалың қазақ ауылдары
Түркістан, Ташкент қалаларына кіре тартып, жүн-жұрқасын, тері-терсегін, кейде үйірлеп
жылқысын, қотандап қойын айдай кеп, базарларына сатып, дүкендерінен қант-шайын, киім-
кешегін, қала берді, ақыреттік бөзіне дейін алып қайтатын. Кей жылдары бұндай қала
шыққан керуендер Бұхар, Хиуаға дейін де баратын. Биыл Малайсарының ауылы Түркістан
базарына керуен тартқан. Келер жылы Есіл бойындағы бір ауқатты адамның баласына
бермек боп отырған Гəуһарды əке-шешесі, құтты жеріне қонар алдында құрбыларымен
барып бой жазып қайтсын жəне өз көңіліне ұнаған жасауын алсын деп, керуенге ілесіп
саяхат құрып бара жатқан бір топ қыз-бозбалаларға қосып жіберген.
Керуен Түркістанға жеткеннен кейін екі бөлінген. Бір бөлегі, малдарын құндылау етіп
сатқылары келген ауқаттылау жағы Ташкент барып қайтпақ болған. Екінші жартысы
олардың қайта оралуын күтіп, Түркістанда қалып қойған. Сол Түркістанда қалған топта
Гəуһар да бар еді. Түркістан төңірегіндегі қазақ атаулы шаһарды қорғаймыз деп жатқанда,
Бəсентин жігіттері кемеден қашқан егеуқұйрық тышқандай, елге кетіп қалудың ретін таба
алмады. Түркістанды қорғаушыларға қосылды. Гəуһар да солармен бірге қалды. Амал жоқ,
Елшібек қаланы бергеннен кейін Арқа жігіттерімен бірге Гəуһар да Сырдарияның қалың
қамысының арасына тығылды. Дəл осы кезде бұларға Əбілқайыр əскерінің келе жатқаны,
оған жақында Арқадан Сəмеке бастаған қалың қол келіп қосылмақ деген хабар жетті. Іле-
шала «ұзын құлақ» Сыбан Раптан Əбілқайырға қарсы қырық мың жауынгермен аттанды
184
деген суық сөзді əкелді. Бұған қоса «Əбілқайыр əскері Сыбан Раптанның шыққанын
білмейді екен, олар Шиелі бойында Сəмеке əскерінің келуін күтіп жатқанда, Жоңғар
қонтайшысы аңдаусызда үстерінен түспек екен» деген тағы да суық сыбыс естілді.
Хабарсыз жатқан қазақ əскерінің, жаудың тұтқиыл шабуылынан қатты апатқа ұшырайтынын
білген нəзік сезімді, ер жүректі Гəуһар енді шыдай алмады. Əбілқайыр əскеріне хабар
бермек боп атқа қонды. Біз ерейік деген серіктерді ертпеді. Нашар киінген жалғыз аттыны
ешкім аңғара қоймас деген. Арқа жігіттерінің ең таң-
даулы жүйрігін мініп жолға шықты. Сыр бойын қуалай түні бойы шабыстан танбаған Гəуһар,
таң қылаң беріп келе жатқанда, Хочалар қос тіккен қоғалы көлдің жанынан өте беріп қолға
түскен. Жігіт деп ұстағаны қыз болып шыққанда Хоча таң қалды. Қыз болғанда қандай! Сан
айқастан өткен, сонау Қытайдың шекарасындағы Халқадан Түркістанға дейін адамзаттың
нелер сымбаттысын кездестірген қалмақ жауынгерлері Гəуһарды көргенде, мөлдір су
түбінде жатқан жарқыраған гəуһар тасты көргендей естері шықты. Шəңгерек ноянның бірден
Гəуһарды өлімге қимай араша түсуі де осыдан еді.
Гəуһар босанып шығысымен сол күні сəске көтерілмей-ақ Əбілқайыр қолына кеп жетті.
Ханға Сыбан Раптанның қырық мың əскері келе жатқанын айтты. Əбілқайыр дабыл қағып,
əскерін сапқа тұрғызды. Хан кеңесін шақырды. Тұтқын жігіт Хочаларға Əбілқайырдың отыз
мың əскері бар деп білмегендіктен айтқан. Əбілқайырдың бар əскері он бес мыңға да
жетпейтін. Мұндай шағын қолмен қырық мың жауынгері бар Сыбан Раптанға қайдан қарсы
тұра алады? Бұлардың бар сенгені қалың қазақ жайлаған Арқа қолы болатын. Сол қолға
сеніп жорыққа аттанған. Сол қолды күтіп, Шиелі бойына қос тіккен. Енді жау-
дың таяп қалғанын естіген жəне оған төтеп бере алмайтынына көзі жеткен Əбілқайыр бір
себептен кейін шегінуді де ойлады. Бірақ Адай мен Таманың батыр жігіттері оған көнбеді.
Олар Алшын руының алтын ұшты найзасын жоң-
ғар қанына малмай кейін қайтпаймыз деп кесіп айтты. Əбілқайыр, амал жоқ, əскері аз болса
да, Сыбан Раптанға қарсы шығуға бел буды. Тек өздерінің аз екенін айтып, «тезірек жетсін»
деп, келе жатқан Сəмеке ханның əскерінің алдынан тағы ат шаптырды.
Болат ханның Ордасына Қабанбай батыр жеткенде, хан жазғы жайлау Нұра бойында
болатын. Бірақ өзі төсек тартқан ауру екен. Бұл ел суық сөзден бұрын да хабардар боп
шықты. Хан Жоңғарға қарсы шығуды інісі Сəмекеге тапсырды. Ол бүкіл Арқа бойындағы
Орта жүз руларына кісі жүргізді. «Қазақ жеріне жау шапты, аттандеген хабарды естіген
қалың ел лезде дүрліге қалды. Қазақ деген атқа ие болып, Еділ мен Ертістің, Алатау мен
Есіл, Тобылдың арасын жайлаған елге ежелден соғыс деген сөз жат емес-ті. Ғасырлар
бойы бұл елдің соғыссыз өткен бірде-бір жылы жоқ. Соңғы екі жүз жылын Сырдария
бойындағы қалалары үшін Əбілқайыр, Мұхамед-Шайбани ордаларымен, Самарқант, Бұқар
əмірлерімен айқаста өткізген. Бұнымен қатар он бесінші ғасырдың басынан бастап, күні
бүгінге дейін Жоңғар, Қытай хандықтарымен алысып келеді. Əлі алдарында қанша қырғын
апат бар! Осының бəріне еті өліп көндіккен халық, бұ жолы да «жер шетіне жау келді
деген суық сөзді естігенде, елең ете түсті. Бірақ жерінің шалғайлығымен байланысты
заматта жинала қоймады. Қырда жатқан жылқыларынан жорыққа мінетін аттарын
алдыртып, босағада сүйеулі тұрған сойылдарын тақымдарына басқанша біраз уақыт өтіп
кетті. Тек бір ай мөлшерінде отыз мыңға жуық жігіт жиналды. Осы жігіттердің ішінде, бүкіл
қазақ еліне аттары мəлім, халқын жоңғар шапқынынан құтқаруға жан салған əйгілі
батырлары: Арғынның бір тармағы Қанжығалы руынан шыққан Бөгенбай, Бəсентин руынан
шыққан Сырымбет, Малайсары, Тарақты руынан шыққан Байғозы, Шақшақ руынан шыққан
Жəнібек, Ұлытау бойындағы Найманның бір тармағыБағаналы руынан Оразымбет
Имантай келді. Өздері жас болғанмен, кейбіреулері қастарындағы топ жігітке басшы болуға
жарағандай. Бұлардың үстіне Баянауыл мен Көкшетау даласындағы Обаған өзенін
жайлаған Уақ руларының жігіттерін ертіп, бұрын да Іле бойында жоңғарлармен сан алысқан,
Арқаның ардагері Батыр Баянның өзі де бүгін-ертең жетпек. Бұлар келе бастағаннан кейін,
сонау Ертіс бойындағы Қаракерейден өзіне серік жігіттерді жимақ болып, Қабанбай батыр
еліне қайтты.
əрқайсысы əр тауды мекендеген қазақ руларының əскерлері жиналғанша, жаз ортасы
да болып қалды. Жұт жеті ағайынды дегендей, Арқаның жауынды-шашынды мезгілі биыл
жылдағысынан ерте түсті. Сəмеке əскерінің тегіс жиналуын күтпей, Батыр Баян үш мың салт
атты ығай мен сығай ер жігіттерден құрылған жау жүрек қолмен Сыр бойына беттеді. Бұлар
сапарға шығар алдында ғана Сəмекенің сəлемін алып, Кіші жүздің ханы Əбілқайырға
185
шабарман жіберілген. Екі ханның уəдесі бойынша қазақ қолы қарашаның орта шенінен
қалмай Шиелі мен Жаңақорған арасындағы Сыр бойында бас қоспақ-ты. Осы арадан ел
болып бірігіп, жоңғарға қарсы аттанбақ еді. Жері шалғай Арқа жігіттері дəл бүгін-ертең
жинала алмайтындарына көзі жеткен Батыр Баян, Əбілқайырмен кездесетін мезгілдері таяп
қалғандықтан, «Арқаның əскерінің алды келе бастады» деп Кіші жүздің көңілін көтере тұру
үшін, өзі əдейі бұрынырақ шыққан. Бұл Көкше теңізді жағалай Қаратаудың теріскей тұсына
жеткен кезде, Сəмеке де жиырма бес мыңға жуық қолмен Нұрадан қозғалған.
Ақылымен, ерлігімен емес, байлығымен ер арасындағы тартыста өзін жақтайтын
шынжыр балақ шұбар төс шонжарлардың демеуімен көзге түскен Сəмеке, Болат хан
ауырғалы əбден лепіріп алған. Өткен жылы ғана кенжесі Құдаймендені Бөкей сұлтанның
ұрпағына үйлендіріп, Їш жүзді шақырған ұлан-асыр тойдың қызуы басылмай, əлі көкіп
жүрген Сəмеке ырғалып-жырғалып қалың қолмен жорыққа аттанғанша, қырдың боранды-
шашынды, желі өңменіңнен өтетін қара суық күзі де басталып қалған-ды. Көкше теңізге
жетіп, оның күнбатысы мен Сыр бойына қарай беттеген кезінде, бүкіл қазақ жерінің
Қарақұм, Қызылқұм, Сарықұмын дəл осы тұсқа əкеліп үйгісі келгендей, адам айтқысыз қара
дауыл соқты. Аспанға көтерілген құм, топырақ, қиыршық тас, түбірімен жұлынған баялыш,
жыңғыл, қаңбақтан дүние жүзі көрінбей кетті. Үйір-үйірлеп матастыр-
ған жылқының кей тобы жел өтіне шыдай алмай ығуға айналды. Тек өмір бойы жылқы бағып
өскен Арқа жігіттерінің ерекше ерлік қимылдарының арқа-
сында ғана аман қалды. Бұл қара сұрапыл екі күн дегенде əзер басылған. Азыққа деп айдап
шыққан қотан-қотан қойдың бəрі тегіс қырылды. Тек түйелерге артқан бидай, тары, құрт,
жент, май аман қалды. Қол қайтадан қозғалды. Бұрынғы тақыр дала енді аттың шашасына
дейін көмілген құмға айналып, жайылысқа үйренген жүйріктер жүдеп-жадап, сегізінші күн
дегенде Сырдың теріскей тұсына Ақмешіттен бір күндік жерге кеп тоқтады. Сəмеке осы
арада ер қажап тастаған аттардың жарасына май жағып, əбден қажыған жігіттерін
тынықтырып алу ойымен сəл аялдады. Осы арада сол Сыбан Раптанның əскері Əбілқайыр
қолымен Жаңақорған маңайында кездесіп, қатты қырғын соғыс бол-
ғанын, Əбілқайыр қолы жеңіліп кейін қайтқанын естіді.
Сыныққа сылтау іздеп келе жатқан Сəмеке енді жалт берді. «Қыс болса келіп қалды.
Жоңғар əскері де ұрысын тоқтатады. Арқа жаққа бəрібір беттемейді. Өзіміз барып тиісуіміз
шын ақылсыздық болар. Əбілқайырдың қолын жеңген Сыбан Раптан, біздің жадап-жүдеп
əзер жеткен əскеріміздің быт-шытын шығаруы даусыз. Текке құримыз. Одан да «есің барда
еліңді тап» деген, босқа қырылмай тұрғанда елімізге қайтайық. Құдай бұйырса,
жоңғармен келесі жазда кездесерміз. Оған дейін қалың қол жинап, əбден мықталайық» деді
Сəмеке. Шынжыр балақ, шұбар төс ру басшылары бұл кеңесті мақұлдады. Расында да
Сəмеке əскері, осы күйінде Сыбан Раптанға қарсы шығар болса, текке қан-жоса болатыны
айдан анық еді. Бір жағынан, Əбілқайыр қолының кейін қайтқаны Арқа жігіттерін рухани
əлсіретсе, екінші жағынан, алыс жолдан жадап-жүдеп келген əлсіз жұрт мұздай боп
дайындалған, өздерінен екі есе көп Жоңғар əскеріне төтеп бере алмайтыны да хақ. Күреске
түсуге дəрменің жетпесе құр жүректілік кімді мұратқа жеткізген. Арқа жауынгерлері Сыбан
Раптанмен кездеспей кейін қайтты.
Қырық мың қолмен Сыбан Раптанның келе жатқанын Гəуһардан естіген Əбілқайыр
дабыл қақтырып бар əскерін сапқа тұрғызып, «тəуекелдеп Сыбан Раптанға қарсы жүрген.
Бұл жолы Сыбан Раптан емес, оны Əбілқайыр ойламаған жерден шапты. Əскері шұбалаңқы
келе жатқан Жоңғар қонтайшысы күтпеген жерден тиген жаудан шүу дегенде сескеніп қап,
сəл кейін шегінсе де, қазақ қолының анағұрлым аз екенін көріп, тез-ақ есін жиған. Жоңғар
əскерінің соңғы шептері де жетіп, Кіші жүздің жігіттері қанша ерлік көрсетіп қарсыласқанмен
де, ерікке қоймай, қазақ əскерін кейін қарай ығыстыра түскен. Енді бұларды жеңуге
айналдым ғой деп, ақырғы қимылына кіріскен кезде, кенет «Қабанбай!», «Қабанбай деп
ұрандасып, қамыс арасынан Қабанбай батыр бастаған Найманның екі сан қолы Жоңғар
шебіне дəл өкпе тұсынан тиген. Əуелде Арқаның қалың əскері келіп қалған екен деп
абыржыған Сыбан Раптан, бүйірінен тиген жау жаңадан жеткен шағын жасақ екенін
түсінісімен, тез-ақ бойын жинап алған.
Жоңғар қолы қайтадан шабуылға шықты. Ұрыс шиеленісе түсті. Күн екіндіге таяп қалған
кез. Қазақтың бұдан басқа əскері жоқ екеніне көзі жеткен Сыбан Раптан, өзінің көптігін көріп,
əскеріне «бірде-бір қазақ жауынгері құтылушы болмасын, жан-жағынан қоршап алыңдар
деп бұйрық берді. Жоңғар əскері қонтайшысының бұйрығын орындаған. Ұрысқа қызу кіріскен
186
Əбілқайыр өздерінің қоршауда қалғанын күн батып бара жатқанда бір-ақ білді. Қандай
қақпанға түскендерін аңғарған Кіші жүздің жігіттері қашып құтыла алмайтындарын
түсінісімен-ақ, өлімге біржолата бел буған. Жастықтарын ала өлмек болды. Қазақ
жігіттерінің ерлігі, қайсарлығы бұрынғысынан он есе, жүз есе арта түсті. Жауының оңай
берілмейтініне көзі жеткен Жоңғар жауынгерлері де барын салды. Екі жақтан да бірдей
батыл қимыл, қан-жоса кескілесу басталды. Бірақ Əбілқайыр қолының жан-жағынан темір
қоршау бірте-бірте тарылып, қазақ жігіттерінің шеңберден шыға алмай қырылатыны
шындыққа айнала бастады. Сонда да əйгілі Адай, Тама, Найман жігіттерінің қоршауында,
маңына жан жуытпай жүрген Əбілқайыр «жеңілдім» деп қол көтермеді. Бұған ызаланған
Сыбан Раптан «қазақтың бірде-бір жауынгері тірі қалмасын деп тағы жарлық берген.
Қанды көрген қасқырдай, қазақты қыруға əбден құнығып алған Жоңғар қонтайшысының бұл
бұйрығын орындар ма едіқайтер еді, кенет солтүстік жақтан «Аруақ!», «Аруақ!»,
«Ақжол!», «Ақжолдаған айбарлы ұран шықты. Бұл кезде күн де батып бара жатқан-ды.
Ойламаған жерден айбарлы ұран естілгенде Сыбан Раптан шын сасып қалды. Сəмекенің
қолы жеткен екен деп ойлады. Ал бұл жеткенбар болғаны үш мың жауынгері бар Батыр
Баян еді. Ол Іле бойында бұрын да қалмақпен сан айқасқан, сан жеңген, жау жағына
бұрыннан белгілі батыр. Ақбоз атын қол алдында көсілдіре салып келе жатқан жігітті
көргенде, жоңғарлар «Батыр Баян деп шу ете түсті. Жау шебінің бір жағы шетіней
бастады. Сол шетінеген тұстан Əбілқайыр əскері қоршаудан босанып шыға берді. Бұл кезде
қас қараюға айналған. Заматта қараңғы түсіп кетті. Енді екі жақ та ұрыстарын тоқтатып кейін
шегінді. Осылай Батыр Баянның ойда жоқта пайда болуының арқасында бір қырғыннан сау
қалған Əбілқайыр əскері, майданда тең жартысын көмусіз тастап əрі шегіне берді. Батыр
Баянның əскерін қосқанның өзінде қолының саны бар болғаны он мыңға жетер-жетпес.
Мұндай шағын күшпен үш есе көп жоңғарға не істейсің?
Сəмекенің алыста жатқанын білмеген Сыбан Раптан Əбілқайыр қолын қумады.
Артымнан Сəмеке əскері түре соғар деп қорықты. Содан, екі əскер екі жаққа қарай шегінді.
Көп кешікпей жаңбыры жоқ, қары жоқ, күпілі адамның өкпесінен өтетін, бүкіл Сыр бойының
жұртына мəлім күзгі қара суығы да басталады.
Сауран қаласы Отырар, Сығанақпен қатар салынған қазақ елінің көне бекінісі. Бұл қамал
жағалай қазылған, ұзындығы жиырма бес, тереңдігі он бес кез, тіп-тік ормен қоршалған.
Ордың түбінен қамалдың жоғарғы ернеуіне дейінгі биіктігі елу гяздай 11. Оның үстіне əр əмір,
əр дəуірде бұл шаһардың қорғанын өзінше күшейте түскен. Сондықтан да қамалдың
ғасырлар бойы келе жатқан қабырғаларын Шыңғыс хан шабуылы кезінде де тас атқыш
машиналар бұза алмай қойған деген лақап бар. Аңызға қарағанда, Сауран шаһарына
Шыңғыс хан əскері кіре алмаған. Тек қаланы қорғаушылардың бірі қалмай аштан
қырылғаннан кейін барып, монғол басқыншылары ие болған.
Түркістанды тастап кеткен Елшібек батыр, түнде қамыс арасында тығылып жатып,
күндіз жүріп, үш күн дегенде серіктерімен осы Сауран бекініске əзер жеткен.
Қала хакімі Тұрсынбек жоңғарлардан қорқып əндижанға қашып кетіп, шаһар тұрғындары
əбігерде екен. Бұл маңайға əйгілі Елшібек батырдың келгеніне олар қуанып қалды. Бір
дауыстан бəрі шаһарды қорғау жұмысын Елшібекке тапсырды. Батыр бірден жауға
тойтарыс беру жабдығына кірісті.
Жер бетін əділетсіздік билеген сонау қу заманда, тарих қиянаты əлсін-əлсін қайталана
беретін. Осы сұрғылт балшықты ұлы бекініс сол қиянатты əр жүз елу жылдар арасында
үзбей көріп отырған. Ол қиянатты Шыңғысхан кезінде де, Ақсақ Темір, Əбілқайыр, Абдолла
шабуылдарында да бастарынан өткізген. Міне, бүгін жоңғар басқыншылары да сол
қиянатты тағы қайталамақ. Ал қала тұрғындары бірі қалмай қырылғандарынша,
шаһарларын жауға бермей қорғап келген. Бүгін де сүйтпек.
Бір кезде осы бекініс үстінде тас мүсін тəрізді күзетте Орақ батыр тұрған. Содан жүз елу
жыл кейін, құл мен күңнен туған, жалаң төс батырлар Қияқ пен Тұяққа кезек келген. Қазір
қорған үстінде осы қос батырдың ұрпағы, алпамсадай алып денелі, құрыштай берік Науан
ұста тұр.
1 Г я зкез деген сөзден шыққан.
187
Науан ұстаның бар күн көрісікөрігі мен балғасы. Арманыарғы бабасы Орақ пен
Қияқ, Тұяқ салған əділеттік пен ерлік жолын адал ұстау. Ал халқы үшін жан қиған ерлер
жайындағы ел аңызы оның ана сүтіменен қанына сіңген.
Аңыз? Жоқ, Қияқ пен Тұяқ ерлігі аңыз емес, шындық! Оны ұрпақтан ұрпаққа ертегі етіп
ел айтады, сол батырдың қаны тамған сұрғылт топырақты жер айтады. Бастарына
қойылған құлпы тас пен ерліктерін өткізген осынау берік қамалбекініс жыр етеді.
Ата-бабасының ерлігі ұмытпастай боп ұрпақтарының жүректерінде сақталып,
мойындарына тұмар болып тағылған.
Күзетте тұрған Науан ұстаның қасына Елшібек батыр мен Бұқар жырау келді.
Мұсылманша хат танитын Бұқар жырауқазақ тарихы қамтылған көне кітаптарды көп
оқыған əйгілі шежіре. Ұлы арманының бірі сол халқының ерлігін үлкен дастан ету еді. Ол
қазақ елінің басынан өткен күндерін ғана емес, бүгінгі күресін де, ерлігін де жырламақ. Үш
айдан бері Сауранның жауға берілмей тұрғанын естіп, кеше қара түнді жамылып, жау
шебінен өткен. Содан бері қаласын жаудан қорғаған, аштыққа да, ажалға да көнген қара
бұқара жұртын көріп, мұқалған көңілі бір жасарып қалған. Жыр шумағы бірінен соң бірі келіп,
қиялында дастан да туа бастап еді.
Арсыз ба, Бұқар-еке! — деді Науан ұста қос қолын кеудесіне қойып.
Бұқардың майдан басына келгенінен хабардар жұрт лезде жиналып қалды.
Барсыңдар ма, өрендерім! — Бұқар сүйсінгендей барлық жұртты көзімен бір шолып
өтті де, Науанға бұрылды. — Арғы аталарың Қияқ пен Тұяқ батырлардың ерлігіне қанық
едім, өз ерлігіңді көзіммен көргелі, шыбын жанымды шүберекке байлап, əдейі іздеп келдім,
арысым...
Халқыңыздың халі қыл үстінде тұрғанда келгеніңізбізге он сан қол қосылғаннан
кем болмас! — деді Науан ұста. — Ісіміз оң болар.
Айтқаның келсін! — кенет Бұқар жырау төңірегіне бұрыла қарады. — Бір кезде осы
Сауранды Абдолла əміршіден сенің бесінші аталарың Қияқ пен Тұяқ қорғап еді, қазір, Науан
ұста, жоңғардың жолында өзің тұрсың. Шапқан жаудың екпініне қарағанда біз əлдеқашан
құрып кетуге тиісті едік, ел болып əлі келе жатырмыз, құдайдың бұнысына да шүкіршілік!
Уа, жырау! — деп Науан ұста сəл алға аттады. — Жаңа өзіңіз айттыңыз ғой, менің
бабаларым осы Сауранды қорғаған деп. Бүгін жау жағы тыныш жатыр ғой, қажыған көңілге
қуат бере ме екен, солардың ерлігін айтсаңыз қайтер еді?
Жұрт шулап қоя берді.
Иə, жырау!..
Бабаларымыздың ерлігін үлгі етелік!..
Налыған көңілге нəр болсын!
Халқының өткен ерлігін бір айтатын кез осы екенін ұққан жырау, көп күттірмей, сөзін
бастап та кетті.
Қазақтың басынан қандай сорақы күндер өтпеген, — деді толғанып. — Соның бірі
осыдан жүз елу жылдай бұрын Тəуекел ханның тұсында болып еді.
Бұхар əміршісі Абдолла өз ордасында отыр. Кенет көзі күлімсіреп, сұлу мұрты тікірейе
қалды. Ойда-жоқта бірдемеге қуанып кеткендей. Бірақ əміршісі ашуланса кенет көзі
күлімсіреп, бетіне қан жүгіре бастайтынын көп жылдан бері білетін ақылшысы Хасен-єожа
тағы да жазықсыз біреудің қаны төгілгелі тұрғанын ұқты. Уəзір əміршісінің бұл қасиетіне
үйрене алмай-ақ қойған. Алдында тұрған көжекті жер алдында аждаһаның сілекейі көзінен
жас боп ағады дейді. Əміршінікі де сол тəрізді қылық... Сонда бұл жолы кімді жұтпақ? Қазір
хан сарайында Хасен-єожадан бөтен жан жоқ. Сонда... Мұның қандай жазығы бар? Бар
айыбыБабасұлтаннан Талас бойындағы ұрыста Шағайдың жеңіліп қалғанын естірткені
ме?
Абдолла кенет орнынан тұрып, терезе алдына барды. Мұнара биіктігінен хан сарайының
етегіндегі, қалың бау-бақшаға бөленген Бұқар шаһарының қиыр шетіне көз жіберді. Əр
жерде сыртын сан түрлі бояуларымен өрнектеген, ернеулері құран сүрелерімен безенген
күмбезді мешіттер, Калон, Чар, Минер мұнаралары, Ұлықбек салдырған салтанатты
медреселер көрінеді. Хан сарайының ауласы өрік, жүзім, алма, алмұрт, інжір ағаштарымен
сыңсыған жасыл бау... Ағаш арасы сылдырап аққан күміс қоңырау бұлақтар. Бұл өзбек
елінің Самарқанттан кейінгі үлкен шаһары. Бір кезде бұл шаһарды Самарқантпен бірге
Абдолланың бабасы Мұхамед-Шайбани Ақсақ Темір ұрпағынан тартып алған. Мұхамед-
Шайбани қаза тапқаннан кейін, Бұқар қайтадан Ақсақ Темір ұрпақтарына көшкен. 1557
188
жылы, яғни хаджри есебі бойынша 964 жылы, жиырма төрт жасар Абдолла екінші рет
жаулап алды. Содан кейін ол Бұхарды өзінің астанасы еткен. Осылай Бұқар хандығы туған.
Бұхар əміршісі Абдолла өзбек халқының қанын қандай сорса, Сырдарияның орта
шеніндегі қазақ елінің де қанын сондай сормақ болды. Бабалары Əбілқайыр мен Мұхамед-
Шайбанидың қазақ жерінен шыққанын сылтау етіп, Сыр бойындағы қалаларын өзіме
қаратамын деп талай рет шапты, — деді жырау.
Абдолла терезе алдынан кейін бұрылып, жан-жағына ойлана қарады. Бірақ оның кірпік
қақпай тесірейе қалған шегір көзінезəулім сарай еденіне төселген қырмызы қызыл
парсы кілемдері де, əшекейлі өрнекті сафьян орындықтар да, қабырғада ілулі тұрған болат
аспаптары мен алтын зерлі қылыш, қанжарлары да, бұрыштағы дөңгелек арша үстелінің
үстіне шəрбат ішуге қойылған фарфор кеселер де, имек мойын күміс құмыралар да
бірде-бірі көрінбеді. Оның шегір көзі хан сарайының мəрмəр қабырғаларын тесіп,
əлдеқайдағы көкжиекке шаншыла қарағандай.
Қожа, сенен ақыл сұрағым келіп тұр, — деді ол, тағы көзі күлімдеп. —Дос боламын
деп ант берген жауым, басқа жауларыма достық көрсетсе, мен қандай шара қолдануым
керек?
Ондай алдамшы достардың басын алған жөн, тақсыр хан.
Солай де... Біздің жаққа шыққан Шағай мен оның баласы Тəуекел, қас жауым
Бабасұлтан мен Бұзахұрдың бастарын маған əкеп бергілері келмеді. Ал, олардың басын
қазақ қалаларын жаулап алған соң мен кесуім керек...
Бабасұлтанның опасыздығын сылтау еткен Абдолла бір мың бес жүз сексен екінші
жылы, тамыздың сегізі күні Сауран бекінісінің етегіндегі қалың тоғайдың арасына кеп
шатырын тікті.
Таң атып келе жатқан мезгіл. Бір кездегі атақты Əбілқайыр бабасының лашкерлеріндей,
кілең көк темір құрсанған, төгілген жал, құлаш құйрық жүйрік мінген елу мың əскер лек-лек
боп, бекіністі қоршай сапқа тұра бастады. Шаһардың сол жағында ақ боз, қара көк сəйгүлік
мінген, бастарындағы болат дулығалары шығып келе жатқан күнмен шағылысқан
Ұбайдулла сұлтанның жауынгерлері. Теріскей жақта күн белгісі бар қара туды желбіретіп
ұстаған Абдолланың баласы əбді-Мумин сұлтанның лашкерлері. Түстері суық, қаһарлары
ызғарлы. Күнгей тұста Ұбайдулланың баласы Асфандияр сұлтанның, ірбіз басының суреті
салынған алқара көк туының астына Абдолла қарамағындағы Келдеш би, Жандəулет би,
Тұрсын би, Бике би секілді белгілі əмірлердің жігіттері тізілген. Дені қазақ руларынан шыққан
əмірлер болғандықтан, бұлардың əскерлерінің сырт бейнесі Дəшті Қыпшақ сыпайларына
ұқсайды. Найзаларының басына ту етіп тұтам қылшық байлап алған. Тақымдарының
астында бұзаубас шоқпарлары.
Сауран шаһарының құбыласындағы тоғайлы алаңында Абдолла əміршінің алқызыл
жібек шатыры көрінеді. Бұ жақта да қалың əскер. Бұл əскерлер өзгелердікінен гөрі
салтанатты. Жігіттерінің киген сауыттары да ерекше зерленген. Белдерінде кілең қорасан
болатынан соғылған Бұхардың ұзын қисық қылышы. Иықтарында ұзын мойын білтелі бұқар
мылтығы. Əскер кейпі сəнді де, сұсты да.
Шаһар бекінісінің үстіндегі кереге көз алаңдардағы қала қорғаншылары: қала хакімі əбді-
Саттар, Қияқ, Тұяқ батырлар... Кенет бүкіл əлемді басына көтере барылдаған керней үні
шықты. Оған шиқылдаған зұрнаның ащы даусы қосылды. Жүздеген дауылпаз қағылып,
заматта дүние біткен əлем-тапырық үнге толды да кетті.
... Енді Бұхар əміршісінің қызыл жібек шатырының ар жағындағы шағын тоғайдан бір топ
салт аттылар көрінді. Үстеріндегі болат сауыттары күнге шағылысып жалт-жұлт етеді.
Жалаңаш қылыштарын бастарына көтере ұстаған. Қорасан құрышының жүзінде күн сəулесі
емес, ажалдың суық ызғары ойнағандай. Ең алдында өн бойы күміс шынжырлы сауытпен
жабылған есік пен төрдей ақ боз ақалтеке арғымақ мінген, қырықтарға жаңа жеткен, сұлу
мұртты, тұлғалы адам келе жатыр. Өзгелерден бұның құр ғана айбарлы пішіні, атқа
тəкаппар отырысы, асыл қару-жарағы ғана емес, тағы да бір айырмасы бар. Астындағы
ақбоз тұлпарының тоқпақтай кекілінің үстіне көне заман ғұрпымен «бақ құсы» — аппақ
сүттей тұрымтайды отырғызып алған. Егер тұрымтай жау көргенде қорқып ұшып кетпесе,
батырдың жолының оң болары хақ. Ал жау қарасын көргеннен тұрымтай қаша жөнелсе,
онда батырға бұл айқас қауіпті. Бақсы-балгерлер заманында жаман ырымнан сескеніп
батырлар атының басын кейін бұрады.
189
Атты жасақ шеткі əскер алдына жете бергенде, қайта дабыл қағылып, керней, зұрналар
қайтадан ішегін тарта барылдап, шиқылдап, бүкіл əлемді азан-қазан етті.
Қамал басындағы жұрт бұл топ Бұхар əміршісі Абдолланың тобы екенін, бəрінің
алдында ақбоз ақалтекесін ойнақтатып келе жатқан айбынды баһадурдің өзі екенін біліп
сескене қалған.
əмірші тобы сол қылыштарын көтерген қалпында Абдолланың соңынан құрық тастам
жерде жұбын жазбай желе шауып, қорғанды қоршаған қалың əскердің алдынан тоқталмай
өтіп келеді. Жан-жақтарына қарар емес. Тек Абдолла топтың алдында тұрған сұлтандарын,
батырларын, билерін көргенде ғана соларға қарай мойнын бұрады. Əмір, сұлтандар:
«Мəртебелі болыңыз, ұлы баһадур деп бастарын иіп тəжім етеді. Əмірші атын
ойнақтатқан қалпында əскер алдынан өте берді. Соңынан еріп келе жатқан топтың үстінен
алтын ай бейнесі салынған Мұхаммед пайғамбардың жасыл туы бүкіл аспанды жапқысы
келгендей, желмен ойнап желпілдейді. Ақ боз арғымақтың кекіліндегі «бақ құсы» байлап
қойғандай тырп етер емес.
Біз жеңіліп, ол жеңеді екен, халайық, — дейді құстың ұшпағанын көрген біреу.
Енді Абдолла тобы əбді-Саттар тұрған қабырғаның тұсынан өтіп бара жатыр. Екі топтың
арасы садақ оғы жетер-жетпестей мөлшерде.
Ол бізді жеңгенше...
Қала хакіміне таяу тұрған Қияқ батыр сөзінің аяғын айтпай қайың садағына сауыт бұзар
жебесін салып жіберіп, Абдоллаға қарай шірене тарта бастады.
Атпа! — деді бір зор дауыс.
Қияқ батыр «əттең, əттеңдеп, жебесінің ұшын жерге қаратты.
Олай болса! — деді ағасының сол жағында тұрған Тұяқ батыр садағын көтере беріп,
тартып қалды.
Құладын қауырсынына байлаған қозы жаурын жебе зу етті. Көзді ашып-жұмғанша,
Бұхара əміршісінің астындағы ақ боз сəйгүліктің кекілінде отырған ақ тұрымтай жалп етіп
жерге ұшып түсті.
Мерген екен! — деді Абдолла жүзінен ешбір қобалжу белгісін көрсетпей. — Тұрымтай
өзі ұшқан жоқ атып құлатты ғой, бұл санаққа алынбайды. Басқасын отырғызыңдар.
Нөкер кейін шауып, заматта қайта оралды. Əмірші атымен қатарласа желіп, ақ боз
жүйріктің кекіліне басқа бір ақ тұрымтайды отырғызды.
Абдолла ертеңіне тағы майданға шықты.
Тағы күн шығып келе жатқан кез. Қамал үстінде баяғы адамдар... Тағы көк темір асынған
қалың əскер. Кенет дабыл қағылып, керней, зұрналар ішін тартып барылдап, бүкіл əлемді
азан-қазан етті. Тағы кешегідей сес көрсетіп, жалаң қылыштарын басынан жоғары көтере,
нөкерлерін соңынан ертіп жасыл туын желбірете, қамалды жанай ақ боз ақалтекесін
ойнатқан Абдолла əмірші... Бірақ бұ жолы кешегідей емес, алыс кетіп барады. Сірə, Тұяқ
мергеннің жебесінен қорыққандай.
Абдолланың ақ боз атының кекіліндегі ақ тұрымтай алыстан бір үн естігендей қанатын
қағып жіберді де кенет жоғары көтеріле берді. Қас қаққандай уақыт өткенше ол қамалға таяй
түсті де, кенет кілт бұрылып кейін ұшты. Шамасы, ат кекіліне қайта барып қонбақ. Бірақ ол
ойнағысы келгендей, ойламаған жерден бір бұтаға барып қонды.
Ұстап əкеліңдер, — деп бұйырды Абдолла.
Бір нөкері шапқан бойы, жерден теңге алғандай, бұта басындағы тұрымтайды қолымен
алып, қағып кейін қарай зымырады.
Лашкарға емес, құсқа обал болды-ау! — деп өкінген дауыс шықты. Сөйткенше болған
жоқ, Тұяқ қолындағы садағын көздемей тартып қалды. Абдоллаға жүз қадамдай қалған
лашкар қолындағы тұрымтаймен бірге жерге жалп етті. Абдолла қорған жаққа таңдана
қарады да, атының басын кейін бұра сала, шатырына қарай шаба жөнелді.
Жау тұрымтайының денесі біздің жерімізде қалды, жақсы ырым! — деді, бағанадан
бері болып жатқан оқиғаға үн-түнсіз қарап тұрған əбді-Саттар сұлтан. — əйтсе де, ат
кекілінде отырған тұрымтай кенет неге бізге қарай ұшты? — Ол Тұяққа сезіктене қарады.
Тұяқ сəл езу тартты да, қолын аузына апарып, нағыз бір бала күніндегі құс шақыратын
əдеті есіне түскендей, ақырын ысқырды.
Хакім езу тартып күлді.
Сенің құпияңды ешкім білмей-ақ қойсындеді ол, — құс денесі біздің жерде қалды.
Бұған халық та сенсін...
190
Жау қандай айла қолданғанмен, қамалды ала алмады, — деді Бұқар жырау. —
Басқыншылары қара түнде ұрланып келіп, қабырғаға баспалдақ қойса, қорғаушылар
үстерінен майлы от-дəрі лақтырды. Бекініс астынан жау ор да қазып көрген, бірақ Сауран
бекінісінің қабырғалары он бес кездей жер астынан қаланғандықтан, одан да ештеңе
шықпады. Терең жыра өткізіп, Сырдың суымен қаланы тұншықтыруды да ойлады. Қала
биікте тұрғандықтан, суы жоғары көтеріле алмай, ернеуінен асып, Абдолланың өз шатырын
су əкете жаздады. Осылай арпалыста үш ай өткенде, Сайрамнан азық-түлік келу
тоқтатылды. Абдолла тонаған жұрт Сайрамға жиналып, қала маңында бүлік көбейді. Енді
онсыз да тамаққа жарымай жүрген Бұхара əскерінің халі тіпті қиынға айналды. Азық-түліктен
ада бола бастаған əскердің арасында «осы соғыс кімге керекдеген күңкіл де туа бастады.
Көп кешікпей бар астық бітті. Əскер ашаршылыққа ұрынды. Енді жігіттер зеребе ұстасып,
ұтылған серіктерінің атын сойып жеуді шығарды.
Сауранды қоршап болған Абдолла қорғанды алудың жаңа жолын ойлай бастады. Ең
алдымен ол бір күні түнде Бұхар аймағының əмірі Камалиддин Хұсаиндиванға ат
шаптырды. Тезірек Сауранға азық-түлік пен Рухади ұста құйып жатқан «Қара бура» тас
атқыш қазанын жеткіз деп бұйырды.
Жер арасы шалғай, жəрдем тез келе қоймады. Абдолла əскерінің халі күннен-күнге
нашарлай түсті. Əскер арасында бүліншілік те шығуға таяды.
Бұл соғыстың қажеті жоқ екеніне көзі жеткен кей жігіттер қазақ даласына қашты. Сонау
Бұхара мен қазақ жерінің түйіскен тұсында, Сырдария мен Амударияның қамысты
жағаларында өзбек, қазақ, түркімен, қырғыз жігіттерінен құрылған бірнеше аламан жасағы
пайда болды. Олар тек қана бай мен манаптардың мал-мүлкін талап қоймады, Сауранды
қоршаған Абдолла əскеріне бара жатқан, азық-түлік тиелген керуендерді де шапты.
Абдолла əскерінің халі күннен-күнге қорқынышты бола бастады.
Бір күні əмірші үстіне жаман шапан киіп, түсін өзгертіп, əскер шебін аралады. Топ жігіттің
жанынан өтіп бара жатып, олардың не сөйлесіп тұрғанын естімек боп тоқтай қалды.
Қашан бітер екен бұл соғыс? — деді бір жас дауыс.
Сауранды ал, сосын бітеді, — деп жауап берді кəрі жауынгер.
Сауранды алсаң, «Сайрамды алдейді. Сонда менің табарым не? Соғыстан олжа
етіп алып барған азғантай матаң мен ақшаңды елге қайтысыменен, «соғысқа керек» деп
салық жинаушы тартып əкетеді.
Берме!
Бермей көр!
Бəрі алладан жəне өзіңнен...
Өзіңнен? Топ итті жолбарыс басқарса, біраздан кейін иттер жолбарысқа айналады.
Топ жолбарысты ит басқарса, жолбарыстар түбі ит боп кетеді. Бізден не шығады, ит боп
кеттік қой. Əйтсе де Мұрат балуан өз жолын өзі тауыпты... Аламан боп жүрген көрінеді.
Жақында хан керуенін тонапты. Енді ханның өзі кездессе екен дейтін көрінеді.
Неге?
Оған сақтап жүрген оғым бар депті...
Ақырын...
Абдолла əрі қарай жүре берді. Бір адамды жазалағанмен не шығады? Біреуінің басын
кессең, оны наразы болады. Онының басын кессең, жүзі бүлік шығарады. Қазір əскер арасы
қураған қурай секілді, болмашы ұшқын түссе болғаны лап ете қалғалы тұр.
Қиын жағдайдан əміршіні Бұхардан келген жəрдем құтқарды. Екінші Жұмаді айының оны
күні бірнеше «Қара бура» тас атқыш қазандары мен тоқсан түйеге тиелген азық-түлік жетті.
Абдолланың жарлығы бойынша, төрт қазан Сауранның сыртында төрт жерге орнатылған.
Əбден ыза болған əмірші «Қара бура» тас атқышы дайындалып бітісімен-ақ
радендазанларға (зеңбірекшілерге) «Атыңдар деп бұйрық берді. Дабыл қағып, зұрна,
кернейлер барылдай жөнелді. Ал «Қара бура» қазандары астынан көтерілген бу мен
жалыннан гүрсілдей ақырып, қойдай-қойдай тастарды ғасырлар бойы мызғымаған қамал
қабырғаларына дүңк-дүңк ұрды. Кенет ақырзаман орнағандай дүние жүзі əлемтапырық
болып кеткен. Енді «Қара буралар» қала ішіне атылып, əр жерде өрт шыға бастады. Сонда
да қала қорғаншылары «көндікдеп қол көтермеді. Қияқ пен Тұяқ басқарған екі жүз мерген
қорғанға таяу қойылған тас атқыш жанындағы сарбаздарға оқты қардай боратты.
Дүние осылай астан-кестең боп жатқан кезде Сауранға Яссыдан хат таситын көгаршын
ұшып келген. Көгаршынның мойнына байланған қағаздан Сауран тұрғындары өздерін
191
құтқарып алуға, Ноғайлы елінен жиналған қалың қолмен Бабасұлтан мен Бұзахұр келе
жатыр деген қуанышты сөзді оқыды. Бұл сөз қала қорғаушыларының рухын көтеріп тастады.
Енді олар «Бауырларымыз, сендер жеткенше қаланы бермейміз» деп, бүкірейген шалы мен
еңбектеген баласына дейін қайтадан қамал үстіне шықты. Бұлардың бағына қарай, кейінгі
күндерде «Қара буралар» да даусын сирек шығара бастаған. Өйткені, қазандарды
қыздыратын Бұхардан алып келген майлары таусылуға айналып еді.
Ал, Яссыдан келген хабар жалған хабар еді, — деді Бұқар жырау. — Оқиға былай
болған: Бабасұлтан мен Бұзахұр сұлтан Абдолладан қашып Мұғажар тауларын бөктерлей
отырып Сарайшыққа жеткен. Бірақ осының алдында ғана Ноғайлы елі бағынып отырған
Астрахань хандығы құлап, Астрахань қаласы бұл уақытта айбарлы орыс патшасы
жандаралдарының қолына көшкен. Астрахань хандығының билері орыс патшасының қол
астына енген. Бұларға көнгісі келмейтіндердің біразы Қырымға, Герей ханның жеріне
қашқан, ал кейбіреулері Ноғайлы елін паналаған.
Бұхар хандығына қарсы күресуге Түркістан сұлтандарына əскер беруге қарсы болған
осы Астрахань билері еді. Бұлардың сөзін Маңғыт руының беделді ақсақалдары,
шонжарлары қолдады.
Ноғайлы елінің жігіттері орыс патшасынан Астраханьды қайтарып алуға керек, — деді
Астрахань билері, — Ноғайлы жұртының мұң-мұқтажы осы жерде, күші мол Қырым ханына
жететін жолда. Біз Қырым ханымен бірігіп, Ноғайлы жерін сақтауымыз керек. Айдаладағы
Абдолламен соғысып біздің қандай шаруамыз бар?
Ақырында Ноғайлы еліне келіп көп əскер аламын деген Бабасұлтан, шағын қолмен ғана
үй ішін ертіп, өз басын өлімнен əзер құтқарып, Түркістанға қарай беттеген.
Сауран қорғаушыларына жеткен «Бабасұлтан келе жатыр» деген осы хабар еді. Бірақ
əлдекімнің дуалы аузыменен өзгеріп жетті. Қастығы ма, достығы ма, кім білсін?...
Бабасұлтанның келе жатқанын Абдолла да естіді, — деді Бұқар, анталаған жұртқа
қарап, — дереу Тəуекелді жұмсады.
Ол он күн өткеннен кейін Бабасұлтанды өлтіріп, қолға түскен баласы Латифты алдына
салып айдап Сауранға келді. Жібек шатырының алдында, хан тағында отырған Абдолла
əміршінің аяғының астына Бабасұлтан мен Жалмұхаммед аталықтың бастарын тастай
салды да, өзі бір тізерлеп тəжім етті.
Абдолла əмірші түрегеліп, аяғының астында жатқан жауларының бастарына көз жіберіп
сəл тұрды да, үстерінен аттап, анандай жерде тізе бүгіп отырған Тəуекелдің қасына келді.
Ең қас жауыңды өлтірген адам ең жақын туысқаныңнан да қымбат! — деді сұрлана
қарап. — Тəуекел сұлтан, сен енді маған бауырым Ұбайдолла мен Дүстем сұлтаннан кем
емессің. Осы еңбегің үшін өзімнің туған қалам Африкентті сыйладым.
Көп рахмет, мəртебелі əміршім, — деп Тəуекел орнынан түрегелді.
Абдолла жиди бастаған бастарды бұзылып кетпес үшін, балға толы күбіге салдырды.
Сол мезгілден бастап, Бұхар əміршісінің бас жауының құрығаны үшін үлкен той басталды.
Түні бойы Сауран қорғаншылары жау жағының у-шуын, шаттана шырқаған əн-күйін естіп
шықты. Шараптан əбден еліріп алған бір лашкар қамал етегіне кеп: «Бүгінгі түн сендердің
ақырғы түндерің! Ертең жан біткеннің бəрі жоқ боладыдеп айқай салды. Қамал басында
тұрған бір жігіт ашу қысып кетіп, оған қарай қолындағы қамыстан жасалған оқ-дəрісін
лақтырды. Мас лашкар үстіне түсіп, лап етіп жанған оқ-дəрімен бірге лапылдап өртеніп
шыр-көбелек айналды да қалды.
Кешеден бергі қанды оқиғадан хабары жоқ сұлу күн əдеттегісіндей тағы да əлем бетіне
алтын нұрын төге шықты. Дүние жүзін тағы да мерейлі шаттық биледі...
«Қара бура» гүрсілі сəл тоқтап, болмашы тыныс алған, шоғырланған то-
былғы, баялыш арасындағы қара торғайлар көтеріліп келе жатқан күнді құттықтағандай,
əлемді тəтті бір əуенге бөлей, əн шырқатты.
Жібек шатырынан Абдолла əмірші де шықты. Ол нөкерлеріне əмір берді.
Көп кешікпей қамалға қарай қара күбі қойылған ат-арба бара жатты. Арбамен қатарласа
қол-аяғы кісендеулі Латиф сұлтанды бір кісіге сүйретіп, бір кісіге айдатып қамал етегіне
Құлбаба көкілташ та жетті. Қамал үстінде əбді-Саттар мен Сауран биі Жанболат төре тұр.
Қастарында Сауран ақсақалдары, Қияқ пен Тұяқ... Аяқ-қолы кісендеулі сүйретіліп келе
жатқан туған інісін көргенде, əбді-Саттар бір мезет екі қолымен бетін басып тұрып қалды.
Уа, ағайын! Асқар тау, сенде бір мін бар, асуға жол бермейсің. Тасыған су, сенде мін
бар, өтуге өткел бермейсің. Сауран шаһарының жақсылары, сендерде де бір мін бар,
192
жеңілгеніңді көрмейсің! — деп бастады Құлбаба көкілташ, — жеңілгенің емей немене,
Ноғайлыдан əскер əкеледі деп сенгендерің Баба-
сұлтан болса, алдарыңда тұр...
Бабасұлтан қайда?
Денесі қайда дейсіңдер ме? Бəріміз баратын қара жерде... Ал алтын басы мына бал
салынған қара күбіде...
əбді-Саттар інісіне қарап:
Мына қақпастың айтып тұрғаны рас па, Латиф сұлтан? — деді дір-дір етіп.
Рас...
Естідіңдер ме, ағайын? — деді дауыстап Құлбаба көкілташ. — Енді сенетін кімдерің
қалды? Одан да тағдырдың дегеніне көніп, өз еріктеріңмен беріліңдер! Сонда ғана ұлы
мəртебелі Абдолла əмірші күнəларыңды кешеді.
Ал берілмесек не істейсіңдер? — деді Жанболат төре дауыстап.
Ең алдымен өз көзіңше мына тұрған бауырың Латиф сұлтанды бауыздаймыз, əбді-
Саттар мырза! Содан кейін барып зынданда құрт-құмырсқа жеп жатқан Тахир сұлтанның
басын аламыз.
əбді-Саттар сол сазарған қалпынан өзгермеді:
Сосын?
Сосын... Осы қамалды қоршап алып, бірің қалмай аштан өлгенше, той тойлап, би
билеуде боламыз.
Кенет Латиф сұлтан шынжырын сүйрете алға ұмтылды да, бар даусымен айқайлап
жіберді.
Біз үшін Сауранды бермеңдер! Абдолла Сауранды алғаннан кейін сендерді де
өлтіреді. Бəріміздің қанымызды ішпей тынбаймын деген анты бар?
əкет кейін, мына жолбарысты!
Екі жігіт Латиф сұлтанды орнынан қозғалта алмады. Еңгезердей лашкар оны тізесінен
таяқпен ұрып құлатты да, бəрі жабылып кейін сүйрей жөнелді. Ол сүйретіліп бара жатып:
Кешірім етеді деген сөздеріне сенбеңдер! — деді бар даусымен. — Шыдаңдар!
Берілмеңдер! Көп кешікпей сендерге жəрдемге Яссы, Сайрам, Отырар, Ақрұқ...Бүкіл қазақ
даласы келеді.
Бұқар жырау осы тұсқа келгенде, тыңдап тұрған жұрт толқып кетті:
Аруақтарыңнан айналайын бабаларым-ай?!
Өлтіріп жатса да шаһарды жауға бермепті ғой.
Біз де солардай болуымыз керек!
Жырау сөзін қайта бастап кетті.
Ертеңіне күн шыға тағы дабыл қағылып, зұрна, кернейлер барылдап, əдеттегідей, бар
əлемді басына көтерді.
Абдолла шатырынан шықты да, əлдекімге қолымен əмір етті. Сол сəтте ең үлкен «Қара
бура» гүрс етіп атылды. Бұ жолы оның аузынан қамалға тас орнына сірі қапшық ұшты.
Бұнда Бабасұлтан, Тахир, Латиф сұлтандар мен Жалмұхаммед аталықтың бастары бар еді.
Қапшық жарылып кетпесін деп сыртынан кигізбен қаптаған. Ішінде Абдолланың қолынан
жазылған «үлкен-кішілеріңе қарамай бəріңнің де бастарыңды дəл осылай кесермін» деген
хат бар екен. Сауран тұрғындары ақ кигізге сап, төрт басты əбді-Саттар мен Қияқ, Тұяқ
батырлардың алдына алып келді.
Денесі жоқ төрт басты қала тұрғындары қадірлеп, мұсылман ғұрпымен жерледі.
Бабасұлтан хикаясы осылай бітті.
Өліктерін жерлегеннен кейін, Ноғайлыдан күш келмейтініне көзі жеткен əбді-Саттар
кешке қарай Қияқ пен Тұяқты шақырды.
Жігіттер! — деді ол. — Сауранды көп болса екі аптадай ғана қорғауға күшіміз жетеді.
Ашаршылық жайлай бастады... Бірақ, жаудың да халі бізден артық емес. Күздің қара суығы,
жауын-шашын басталғалы тұр. Ар жағында қыс та таяу... Абдолланың əскерінің дені ыстық
жақтан. Бұл араның қара суығына шыдай алмайды. Жəне күзгі батпақты жолмен азық-түлік
жеткізу де оларға оңайға түспейді. Күзге дейін шыдасақ, Абдолла қоршаудан еріксіз
босатады.
Босатпай жүрсе қайтеміз? — деді Тұяқ.
193
Онда бəріміз де қырыламыз.
Үшеуі бір сəт үнсіз қалды. Қияқ бір ой түбіне шомып кеткендей, жерден көзін алмай
тұрып-тұрып, əлден уақытта басын көтерді.
Менің бір ойым бар.
Сөйле, батыр.
Бақанын алсаң, шаңырақ жерге құлайды...
Сонда... сен...
Анада бір ыңғайы кеп қалып еді...
Қалайша?
Менің жебем өзгелердікінен екі есе алысқа ұшады. Тек əлдекімнің «атпадегенінен
кідіріп қалдым. Бекер тыңдаған екем. Соған өзім де қатты өкінем... Ал қазір Абдолла бізге
аспандағы жұлдыздан да алыс... Қолымыз жетпейді. Оның шатырын жұмақты қорғағандай
қорғайды. Майданға үнемі қалқанмен шығады... Менің ойым Абдолла емес, басқа адам
жайында. О да Бұхар əскерінің бір тірегі...
Кімді айтып тұрсың, батыр?
Тəуекел сұлтанды... Хақназар ханды Жасылкөл жағасында өз қолымнан қойдым. Хан
өлер алдында маған Тəуекел туралы бір құпия сыр айтып еді...
Онда... Өзің білесің, батыр... Жастығына қарамай Тəуекел Абдолланың оң қолы екені
рас. Жəне Тəуекелдің соңынан ерген қазақтар да аз емес. Қыс түскенде, Абдолланың өзге
əскері шыдай алмағанмен, бұлар шыдайды. Мен Тəуекел жасақтарынан сол жағынан
қауіптенемін.
Рұқсат етіңіз, сұлтан, онда біз жолға шығайық.
Рұқсат, жолдарың болсын!
Сол күні түнде Абдолланың туған ағасы Ұбайдолланы, оның баласы Асфандиярды,
Абдолланың жалғыз ұлы əбді-Муминды, ақылшысы Хасенєожаны, егер ақылға көнбесе
Тəуекел сұлтанды да жансыз барып өлтіруге, Саураннан жұпыны киінген бес тас жүрек
жолға шықты. Бұлар кетісімен, бие сауымдай мезгіл өтпей əбді-Саттар сұлтанның əйелі
Айнар Сұлтан-Бике үйінің терезесінен жау жағына хат тасушы көгаршын ұшты.
Көгаршынның қауырсынына байланған қағаздан Айнар Сұлтан-Бикенің əкесі Ұбайдолла
өздеріне жіберілген бес жігіттің хабарын білді. Əбді-Муминды, Асфандиярды, Хасенєожаны
өлтіруге келген үш жігіт бірден қолға түсті. Сол сағатта бастары кесілді. Ал Ұбайдолланы
өлтіруге келген Тұяқ қауіпті дер кезінде сезіп қап, ұстауға шыққан лашкарлармен атысып,
қоршаудан əзер құтылды. Өлдім-талдым дегенде таң ата Сауран қамалына жетті. Ешкімнің
қолына түспей Тəуекелді аңдып, Яссы жағына тек Қияқ қана өтіп кетті. Бірақ бұ да алдынан
күтіп тұрған жасақтан құтыла алмады.
Тəуекел бұл күндерде Шағай сұлтанның қарамағындағы қосынмен Яссы бекінісін
шаппақ боп жатқан. Қол-аяғы байлаулы Қияқты Тəуекелдің алдына алып келді. Жаңа соққан
алдаспанын сынамақ боп, сұлтан шатырының алдында бір құшақ жас тобылғыны шапқылап
тұрған. Ол қылышын тастамай тұтқынның қасына келді. Жігіттің қандай қылмысы барынан
бұрыннан да хабардар еді. Енді тұтқынның сымбатты дене бітісіне, өткір көзді қайсар жүзіне
сұқтана қарады. «əбді-Саттар сұлтан менің басымды алдыруға кімді жіберуді білген екен.
Жеркене қараған келбеті қандай сұсты? Бұған мен не жаздым? Нəсілі, себебін білген жөн
болар... Бостан-бос мені өлтіруге шықпаған шығар... Жəне өзінің жасы да менімен теңдес
пе, қалай
Тəуекел сұлтан ызалана қараған Қияқтан көзін алмай біраз тұрды да:
Атың кім? — деді.
Қияқ та көзін тайдырмай:
Атым Қияқ, əкем Жаубасар батыр! — деді.
Тəуекел мырс етіп күлді.
«Жаман иттің атын бөрібасар қояды». Жаубасар деген батырды естісем құлағым
керең болсын. Қай рудансың?
Арғынның батыр руы Алтаймын.
Алтайдың қай биінің баласымын дедің?
Жаубасар деген құлының баласымын.
ə!.. Қаншаға келдің?
194
əкем марқұм Шағай сұлтанның өгей баласы Тəуекел туған күні сен де туғансың
дейтін...
«Өгей баласы» деген сөзді естігенде, біреу жүрегіне қанжар салып алғандай, Тəуекел
сұрланып кетті. Осындай жанына бататын бір суық сөзді ол бала кезінде де бір естігені
бар... Бірақ, одан бері көп жыл өтті ғой... Нағашы əкесі əбілқасымның үйінен əкесі Шағайдың
қолына қайтып келгелі, мұндай жанын күйдірер лебіз құлағына тиіп көрген жоқ... Ал мынау
құлдың айтып тұрғаны не сандырақ?
Ол қылышымен Қияқтың қол-аяғын байлаған шылбырды қиып жіберді.
Отыр! — деді бұйырып. — Ал сөйле білгеніңді!
Мына жат көздерің кетсін...
Жақсы, олай болса шатырға кір, — деді Тəуекел Қияққа, сосын күзетші жігіттерге
бұрылды. — Сендер сыртта қалыңдар.
Сұлтанның айтқанын орындап күзетші лашкарлар сыртта қалды. Тек шеткі, қабағы
қатыңқы мосқал лашкар ғана, қылышын қынабынан суырып, есік алдына барып күзетке
тұрды. Іштегі сөз сыртқа тегіс жетпегенмен, жан күйігінен ашына шыққан кейбір үндер
талмаусырап күзетшіге естіліп жатты.
Тəуекел үйге Қияқты алып кіргеннен кейін, дереу сөзге кіріскен.
Ал айтшы, маған қастық ойлардай қай бауырыңды өлтірдім, қай қалыңдығыңды
қорладым?
Қазақ баласы деген бауырымды өлтірдің, қазақ қызы деген қалыңдығымды қорладың!
Абдолла əміршіге еріп туған еліңді қан-жоса еттің. Сол үшін мен сені өлтіруге тиісті едім.
Туған елімнің қанымен менің қолым боялған жоқ. Бабасұлтанды өлтірсем, о да сенің
ата жауың! Шарабхана оқиғасын ұмыттыңдар ма?
Иə, ол солай... Бірақ Бабасұлтан қазақ еліне Түркістан уəлиетін соғыссыз қайтарып
берді ғой, Абдолла оны соғыспен тартып алмақ. Сол ма сенің жаныңның ашығаны? Молда,
қожа басының сақинасы бар адамды «қаны тасып кетіпті» деп тамырынан қан ағызып
емдейді. Қазақтың қаны тасып кетті дегенің бе, халқыңның қанын судай ағызғаның? Қолым
қанды емес дейсің, Кендірлік, Кеңгір бойының ауылдарын шауып, ақырғы күн көріс малын
Абдолла əскеріне əкеп бергеніңде де қолың қанды болмады ма? Бабасұлтанға ерген
Түркістан уəлиетінің қазақ жігіттерін Жыланшық өзенінің бойында қан-жоса етіп қырғаныңда,
екі қолың бірдей өз бауырларыңның қанына боялған жоқ па еді? Яссыны шапқалы отырсың,
сонда кімді мұқатпақсың? Баяғы бір сорлы қазақ елі емес пе? Осының бəрін Жаубасар
құлдың баласы Қияқ түсінгенде, Шағай сұлтанның асыранды ұлы, Тəуекел, сен неге
түсінбейсің?
Қияқ батырдың жер-жебіріне жете айтқан сөздері жанына сегіз таспалы қамшының
осуындай батып тұрған Тəуекел, «Шағай сұлтанның асыранды ұлы» деген сөзді естігенде
жүрегі тағы қабынып кетті. Беліндегі қанжарына қолының қалай барғанын білмей қалды.
Əйтсе де ол өзін-өзі ұстап:
Жарайды, егер менің қолым туған елімнің қанымен былғанса, жауының қанымен
жуып ағартуға бармын, — деді даусы қырылдай шығып, — бұны соңынан ұғысалық. Ал сен
бір емес, екі емес менің бетіме «Шағай сұлтанның өгей баласы» деген ауыр сөзді кінə етіп
бастың. Бұл қай сөзің? Егер жалған айтып, жала жапсаң... — Тəуекел сөзін аяқтамай
тоқтады.
Жақсы, сен сұрадың, мен айтайын. Жалған болса халқы Хақназар деп атаған Ақназар
ханның аруағы атсын. Бұл сөзді сол ханның өз аузынан естідім. Менің анам аты күңге лайық
Қойсана болса, сенің анаңның аты ханшаға лайық Күнсана екен, — деп бастаған Қияқ, өзінің
Тəуекел жайында білгенін тегіс айтып берді. Анасы Күнсананы өгей əкесі Шағайдың қалай
өлтірген жерін естігенде, Тəуекел қанжарын суырып алып, ақырып жіберді.
Тоқтат! — деді ол. Тəуекел есік алдындағы күзетшінің тым таяу тұрғанын жаңа ғана
аңғарды. — Егер енді бір сөз айтар болсаң...
Қияқ кілт тоқтады. Тəуекел де сол жалаңаш қанжарын жоғары көтерген қалпында демін
əзер алып, мелшиді де қалды. Əлден уақытта барып қанжарын қынабына салды.
Осыншама құпияны білгенің үшін, тірі қалмауға тиісті едің... Əйтсе де, бір жолға
кештім. Ал сен айтқан сырды басқаның аузынан естір болсам, маған өкпелеме!
Тəуекел жедел басып барды да, «Садық» деп дауыстады. Үйге күзетшілердің басшысы
ұзын бойлы, ашаң жүзді лашкар кірді.
195
Садық, — деді Тəуекел, — мына жігітті ауқаттандыр да, астына ат беріп, қас қарая
барар жағына апарып сал. Өзіңнен бөтен тірі жан білмесін.
Құп!
Тəуекелдің көзі кенет есік алдындағы күзетшінің алыстау барып тұрғанын шалып қалды.
Енді ол сыбырлап сөйледі.
Ал мынау Жарқын сарбазды... бүгін түнде жоқ ет!
Құп!
Сұлтан сыбыры өзі жайында екенін күзетші де сезді. Іші мұздап кетті. Əйтсе де, сыр
бермеді. Қас қарая Садық тұтқынды шығарып салуға кеткен кезде, бұ да басқа жолмен
Сауранға қарай тартты. Садықтың қайтып келіп, өзін өлтіруін күткен жоқ. Ол атын анда-
санда сəл тынықтырып, түні бойы шауып отырып, таң ата Сауран түбіндегі Шағай сұлтанға
жетті. Естіген сөзінің бəрін айтып берді. Сұлтан лəм-мим демей, үн-түнсіз тыңдап шықты.
Қашқын бар білгенін жеткізіп болып, мұндайда айтылатын алғысты күтіп, басын төмен ие
бергенде дəл жүрек тұсынан кеп алмас қанжар қадалды. Қашқын сəл еңкейе берді де,
етпетінен құлап түсті. Жалғыз рет аунауға ғана мұршасы жетті, көзі шарасынан шыға
жаздап бір ышқынды да, созылып жүре берді. Шағай еңкейіп Жарқынның кеудесіне
қадалған қанжарын алды да, жанына жүгіріп келген дəйекші жігітке:
Мынаның өлімтігін шығарып тастаңдар! — деді. — «Біреуге ор қазба, өзің түсерсің»
деген осы.
Сəске көтеріле Шағай Абдолланың шатырына кірді. Ханға кəрі сұлтанның не айтқаны
белгісіз. Тек қаһарына мінген Абдолла Тəуекелге жендеттерін жіберіп, ұстап əкелуге
бұйырғанында, сұлтан өз шатырында болмай шықты. Хан үш түн өткесін барып, Тəуекелдің
Дəшті Қыпшақ жеріне қашқанын естіді.
Сөйткенше күздің қара суығы да келді. Сауранды ала алмайтынына көзі жеткен
Абдолла, əкесі Ескендірдің қатты науқас екенін сылтау етіп Бұхарға қайтты.
Халық табандылығы деген, міне, осы! — деді енді Бұқар жырау, — Бұхар ханының
көк темір құрсанған атақты əскері де азғантай қала тұрғынына ештеңе істей алмаған!
Табанды болсаң жоңғарлар да кейін шегінеді.
Халық тағы шулап қоя берді.
Табанды боламыз!
Біріміз қалғанша шаһарымызды бермейміз!
Жауға құл болғанша, өлгеніміз жақсы!
Шу басылған кезде бір жас жігіт:
Сосын не болды! — деп сұрады, — Қияқ, Тұяқ батырлар қайтадан Абдоллаға қарсы
соғысқа қатысты ма? Бабасұлтан ұрпақтары не істеді? Жауынан əкелерінің кегін қайтара
алды ма?
Бабасұлтан ұрпақтары емес, халық өз кегін Абдолладан сан рет қайтарды, — деді
Бұқар жырау. — Бабасұлтан хикаясы сонымен тынған. Құмкентке таяу, Үшбас пен Қарабас
өзендерінің тоғысқан қойнауында осы оқиғадан жиырма бес жыл өткеннен кейін, сұлтанның
кенжесі Ысқақ «əкемнің өлген жері» деп, мешіті мен медресесі бар «Баба» деген шағын
қала салдырған. Өз басының қамы үшін халқын қанды қырғынға ұшыратқан Бабасұлтанның
атын қазірдің өзінде ешкім білмейді. Ал Қияқ пен Тұяқтың аты халқының жүрегінде сақталып
келеді. Олардың ерлігі əсіресе соңынан хан болған Тəуекел тұсында ерекше көзге түсіп... —
деп келе жатты да Бұқар жырау кілт тоқтады.
Өйткені осы кезде, қамал үстін гүрсілдеп жарылған зеңбірек оттары қаптап кетті.
Тезірек тығылыңдар? — деуге ғана Елшібектің шамасы келді. Жұрт жапа-тармағай
бекіністің зеңбірек оғы өтпейтін, қалың шым қуыстарына жүгірді. Елшібек те біреуіне кіріп
үлгірді. — Бəсе, тым тып-тыныш бола қалып еді, біздерді алдап ұрғылары келген екен ғой!
Иə, тарих əділетсіздігі қайталап отырған. Бір кезде Сауран бекінісіне Шыңғысханның тас
атқыш қарулары, Абдолла ханның Рухади ұста жасаған «Қара бура» бу қазаны қойдай-
қойдай шойын тастарын лақтырса, бүгін жоңғар бас-
қыншыларының швед унтер офицері Ренат пен Қытай шеберлері құйған болат
зеңбіректерінің қорғасын оқтары жауып тұр. Сонау алыс кезеңде осы бекініске тоқпақ жалды
аласа жылқы мінген Жошының қанішер жауынгерлері сұр топырақты көкке көтеріп, «гу-
гулепатой салса, бүгін сол жылқының тұлпар тұяқты тұқымын мінген жоңғар жауынгерлері
шабуылға шықты! Бəрінің де мақсаты біреу-ақ: шаһардың күлін көкке шығарып, халқын
қырмақ, ұлынқұл, қызынкүң етпек! Осыншама өшігердей бұларға айдалада,
196
Түркістанның сұрғылт даласында, өзімен-өзі болып, тыныш жатқан осынау еңбекші жұрт не
істеді екен? Бар жазығы егінін егіп, бақшасын суарып, өз алдына өмір сүргісі келгені ме? Иə,
солай... Бұл күштілер заңы: адамды адам жеу керек. Адамды адам құл етуі керек. Күшті
күшсіздің жерін, малын тартып алып, əлсіздің ар-намысын аяғының астына таптауды арман
етеді. Сол үшін Сыбан Раптан да жорыққа шықты, сол үшін арлан қасқырдың соңынан ерген
аш бөлтіріктері де шамасы жеткенше қазақ елін қойдай қырып, ыстық қанына тойынуға
асығады.
Зеңбірек оқтары бекініс үстіне кеп, тынбай жарылып жатыр. Сыртқа шы-
ғарар емес.
Елшібек қамал саңылауынан қала сыртындағы далаға қарады. Ұран салып, қаптап келе
жатқан жау атты əскерін көрді. Кейбір тобы ұзын-ұзын басқыштарды көтеріп, қатарласа
шауып келеді. Елшібек жау ойын бірден түсінді. Зеңбірек оқтары бас көтертпей, қала
қорғаншылары қуыста тығылып тұрғандарында, жоңғар жауынгерлері басқыштарын
қабырғаға сүйей, атыс басылысымен бекініс үстіне шықпақ. Зеңбірек отын қалқан етіп,
шабуылға шығужоң-
ғарларға Ренат үйреткен Европа əдісі еді.
Сақ болыңдар! — деді Елшібек айқайлап. — Зеңбірек тоқтасымен, жау жоғары
өрмелейді! Аямаңдар! Бекініс үстіне бірде-бір жоңғар шықпасын!
Зеңбіректер кенет тына қалды. Қабырғаға басқыштарын сүйеп үлгірген жоң-
ғарлар, енді құмырсқадай қаптап, жоғары қарай тырмысып, көтеріле берді.
Тарих жамандығын ғана емес, жақсылығын да қайталауға тиіс.
Шыңғыс хан, Мұхамед-Шайбани, Абдолла кезіндегідей Сауран қорғаншылары тағы
ғажайып ерлік көрсетті. Жауға қарсы білтелі мылтық, шоқпар, сойыл, алдаспан, алмас
қылыштарымен қатар, қара тас, қазан-ошақ, қолға түскен қатты заттың бəрі жұмсалды.
Бірде-бірін қамал үстіне шығармады. Қорғаншылар ерлігіне шыдай алмаған жоңғарлар
қамал түбіне көптеген өліктерін қалдырып, кейін қашты. Сонда ғана барып Бұқар жырау,
өзіне таяу қамал шетінде, кіндік тұсына жау найзасы қадалған Науан ұстаны көрді. Жүгіріп
қасына барды. Найзасын суырып алайын деп еді, сұп-сұр боп кеткен ұста оның қолын кейін
итерді.
Тимей-ақ қой, — деді даусы əзер шығып, — бəрібір өлемін. Өкінбеймін... жоңғардың
құрығанда жиырмасын жайраттым білем. Əттең дүние, əңгімеңізді тегіс ести алмай кеттім...
Елшібекке қарады. — Ана артымда қалған жал-
ғызыма айт: Əкең бабаларының жолынан тайған жоқ де... — Соны айтты да, Науан ұста
сылқ етіп құлап түсті.
Жоңғарлар сол күні де, келесі күні де осы тəсілмен сан рет шабуылға шықты. Бірақ
бекіністі ала алмады. Ақыры күздің қара суығы басталған кезде, Сау-
ранды тастап, Яссыға қайтуға мəжбүр болды. Бұқар жырау да осы оқиғаға арналған «Тас
қамал» атты дастанын шығарып еліне қайтты. Əттең не керек, асыл мұрасын сақтап
əдеттенбеген көшпелі ел бұл асылын да бізге жеткізе алмады.
Келер жазды күткен Батыр Баян жігіттері де бұ жолы елдеріне қайта алмай, Қазалыдағы
Əбілқайыр Ордасына қыстап қалған.
Қабанбай батыр мен Гəуһар осы Кіші жүз жерінде қосылды. Бұлар неке қиярын
азынаған дауылды түнде жау малын айдап алудан бастады.
Қазақтың ежелгі ата мекен қонысы Жетісу мен Сырдария бойындағы сан қаласын, сар
даласын Жоңғар басып алған, бейбіт қазақ елі босып көшкен атақты «Ақтабан шұбырынды,
алқа көл сұламаның» аяғы ақ түтек боран, ақ жорға борасын, сары аяз, қызыл шұнақ үскірік
қысқа ұласты. Бүкіл дүние жүзінің айдаһары Сыр бойына жиналып, аузынан қар боратып,
ысқырынып жатқандай, қатты боран бірде-бір толастамады. Жау шауып сорлаған елге
сопақ астау тап болды. Жығылған үстіне жұдырықтың кері кеп, жеті ағайынды жұт жетті.
Арамнан жиналған ас болмайды. Халықты жылатып тартып алған қазақтың қыруар малы,
шөп жетпей, мың-мыңдап қырылды... Жоңғарлар бар табысынан айрылды. Ал қазақ елінің
бұл жылғы көргенін қағаз бетіне түсіру мүмкін емес еді. Тек сан айқасты басынан кешкен
батыр ел бұл апаттан да тегіс қырылмай, əупірімдеп аман қалды.
Жоңғар қырғынынан қазақ елі тек екі жыл өткен соң барып есін жиып, басқыншыларға
қарсы тұруға жарады.
197
Ең алғашқы жеңісті Кіші жүздің Тайлақ батыры мен оның жиеніҰлы жүздің Ошақты
руынан шыққан Саңырақ батыр əкелді. Бұлар Бұланты мен Бөленті өзенінің ортасындағы
«Қара сиыр» деген жерде Жоңғардың қалың қолын бетпе-бет айқаста ойсырата жеңді. Көп
жоңғар осы арада қаза тапты. Жоңғар мен қалмақты бір санайтын қазақ «Қара сиырды» енді
«Қалмақ қырылған» деп атады. Бұл жеңіс қазақ елінің рухын көтерді, қанды кекке шақырды.
Жыл өткеннен кейін, үлкен бір айқаста, ауыл адамдары «Сабалақ» деп ат қойған, он
сегіз жасар түйеші «Абылайлап ат қойып, жауын қашырып, бүкіл еліне «Абылай» деген
атпен əйгілі болды. Сонда барып, Əбілқайыр хан бұл Абылай баяғы Бұқар жырау екеуі
барлауда жүргенде кездестірген Төле бидің түйешісі əбілмансұр екенін білді.
Осы кезден бастап қазақ елі ел боп бірігіп, жоңғарға қарсы жаппай атқа қонды.
Үш жүздің əскері жауымен алғашқы рет Балқаш көлінің күнгейіндегі Алакөлдің
тұсындағы Хан тауы деген жерде кездесті. Үлкен Орда ханы Болат пен бар қазақ əскерін
басқарған Кіші жүздің ханы Əбілқайыр үлкен жеңіске жетті. Шұно-Дабо басқарған қалың
жоңғар жеңіліп, Іле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашты. Бұл жеңісті қазақ жұрты
артынан, жоңғарлар аңыраған «Аңырақай» жеңісі деп атады. Алакөл жағасындағы ұрыс
болған жерде қырқа, белес, асуларға «Əбілқайыр», «Сұмқайтты», соңынан «Сұңқайтты»
болып өзгерген ат қойды.
Бірақ қазақ елі бұл жеңісін ұлғайта алмады. Осы ұрыстан кейін Болат хан о дүниеге
сапар шегіп, Үлкен Орда ханын сайлайтын жағдай туды. Түрік-мон-
ғол дəстүрі бойынша «Үлкен Орда» ханы болуға тек бəйбішеден туған балалардың ғана
хақы бар. Қазақ елі бұл дəстүрді берік ұстап келген. Ал Əбілқайыр болса Жəнібек ханның
тоқал əйелдерінен тараған ұрпаққа жатады. Осы себепті жұрт Үлкен Орда ханы етіп,
Болаттың шаңыраққа ие баласы Əбілмəмбетті сайлады.
Бұған намысқой Əбілқайыр ашуланып, бар əскерімен майданнан кейін шегінді. Өзінің
Ордасын енді ол Қазалы қаласынан көшіріп, Торғай бойындағы арғын-қыпшақтың бас
батыры, туған жездесі Шақшақтан шыққан Қошқар ұлы Жəнібектің жеріне іргелес Ырғыз
өзенінің бойына əкеп тікті.
Болат қайтыс болғаннан бері өзін Орта жүздің ханы санаған, жетпіс бес мың жылқы
біткен Сəмеке де қалың əскерімен Арқа жеріне беттеді.
Кермиық сары дала өлік тəрізді үрейлі, моладай азынаған суық. Ашулы жел қырдың
құмды топырағын бетке əкеп ұрады. Ұшы-қиырына көз жетпес бозғылт шөлдің шетіндегі
тақырда жел қуып əкелген адамның бас сүйектері жатыр. Атамзаманда қырылғандардың
бастары, езу тұстары мен кеңсірік сүйектері мылжаланып қалған. Мүмкін, Шыңғысхан
нояндары, əлде Əбілқайыр лашкарлары шапқан сыпайлардың сүйектері шығар. Құмда
көшіп жүрген қазақ ауылдарын шүршіт жендеттері тұтқындағанда кескен бастар болуы да
ғажап емес. Əйтеуір көне заман қияпаттарының қалдығы.
Ал бұл бастардың қатарында тағы бөтен бастар көрінеді. Бұлар əлі күнге күйіп,
жаңбырға жуынып үлгірмеген. Күмəні жоқ, жоңғар қонтайшылары қырған адамдардікі. Əрі
кетсе алдыңғы жылы болған қанды оқиғалардың куəлары.
Өгей анадай түнерген аспанға Бұқар жырау түксие қарады. Ол бүгін де сапарға жалғыз
шыққан. Кейде осылай жалғыз жүру жыраудың əдетіне айнал-
ған, өзімен-өзі сырласатын оңаша сəттер өткен-кеткенге көз жіберуге де қолайлы, алдағыны
болжауға да ыңғайлы. Ал сар даласы болса, үстіндегі топырағын жел ұшырған адам
сүйектерін алдына жайып тастап, желмен бірге халықтың ұзақ шежіресін боздап, жырау
көңілін тыншытар емес.
Ымырт үйіріле бастады. Бұқар ай туғанша көзінің шырымын ала тұрмақ боп, атын тұсап
тастап, ерін жастық, тоқымын төсек етіп, сексеуілдің түбіне қисая кетті. Бірақ гуілдей соққан
кəрлі жел ұйқы бермеді. Жырау енді шал-
қасынан түсіп, дəл үстінен қара қазандай төңкерілген қап-қара аспанға қарап жатып, халқы
жайында мазасыз ойға шомды.
Көне заманда өткен арғы бабаларының жазу, сызу таңбалары əлдеқашан ұмытылған.
Тек ел көкейінде олардың қайғылы армандары ғана қалған. Кім біледі, халық мұны да
ұмытар ма еді, қайтер еді, тек зар жақ жыраулары ұмыттырмаған. Сөйтіп, ел шежіресі
ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған. Халықтың жырауларды төбесіне көтеріп құрмет
тұтатын себебі де, сірə, осыдан болса керек. Бұқар жырау да солардың бірі. Сауран
198
қорғанысы жайында жазған «Тас қамал» дастаны кейін сан ұрпаққа тарады. Осы дастаннан
ұрпақтардың тағы бір білгені: жоңғар шабуылы басталмастан бұрын орыс саудагерлерінің
əкеп сатқан мушкеттері мен оқ-дəрілері Сауран бекінісінің жауға берілмеуіне себепкер бол-
ғаны.
Егер сол бір мушкеттер мен оқ-дəрілер қазақ еліне дер кезінде көбірек сатылса, шүршіт
зеңбірегі тыныш жатқан елдің ойран-асырын шығара алмас еді. Əттең не керек, игілікті істің
көбімезгілі өткен соң барып істеледі.
Жоңғар шапқыншыларына тойтарыс беру үшін, ең алдымен бар халықтың басын қосу
керек. Ол үшін осы елді бөле-жарып жеке билеп жүрген, есіл-дерті хан тағына жету боп
келген қаптаған сұлтан, би, шынжыр балақ, шұбартөс мықтыларды біржолата тізгіндеу
арман. Мұндай қамал бұзарлық қасиет қандай ұлдан табылады? Бұқар жырау кенет басын
көтеріп алды. Оның көз алдына баяғы өзі көрген Төле бидің жас түйешісіжыртық
шекпенді əбілмансұр тұра қалды.
Жоқ, қазір бұл əбілмансұр емес, Абылай. Жəне бұл қазір түйеші емес, бар қазақ
даласына əйгілі жас сұлтан. Иə, оның алғашқы аяқ алысы да Шыңғыс тұқымына лайықты
аяқ алыс еді. Өзін құлдықтан құтқарған Ораз құлды бауыздап өлтірді. Содан кейін барып,
құлашын алысқа сермейтінін аңғартқысы келгендей, ана жылаған баласын уататын, қанішер
атасының атын алды.
Бұқар жырау тағы күрсінді. Осынау қатал заманда осы Абылай тəрізді қатыгез адамның
ел тізгінін ұстағаны, мүмкін, жөн де шығар?..
Құс ұшып өте алмас шексіз сар далада халықтың қаны телегей-теңіз боп тағы төгілгелі
тұр-ау! Қазақ халқының алдында бір ғана жол бар. Олқан майданда баяғы бабаларынша
аянбай шайқасу. Сол шайқаста жан беру, не ел болып, елдігін сақтап қалу. Басқа жол жоқ.
Ана жолы Əбілқайыр ханның өтінішімен Бұқар жырау Хақназар тұсындағы Ақ Орда
шежіресін айтып берген. Сонда бір аңғарғаныКіші жүз ханы қан майдандағы халықтың
ерлігінен көрі, хан тағының маңындағы тартысқа көбірек көңіл бөлген. Ал кеше жырау,
Науан ұстаның тілегі бойынша, Сауран бекінісін өткен заманда қалай қорғағанын жыр
еткенде, жұрт халықтан шыққан Қияқ пен Тұяқ батырлардың қимылын құныға тыңдаған.
Бұқар жыраудың бір тұжыр-
ғаны: хан, сұлтан, билерді қызықтыратын тарих бар да, халықты қызықтыратын тарих бар
екен. Ол халықтың өз тарихы, өзінің арасынан шыққан, елі мен жері үшін күрескен
қаһармандарының ерлігі.
199
ЕКІНШІ БӨЛІМ
І
Қазақ елінің батыс тұсында дəл қазір алып-жұлып бара жатқан бəлендей қорқыныш
болмағанмен, солтүстік жағы тағдырына елеулі əсер етердей уақиғаларға толы еді. Ұшы-
қиыры жоқ сұсты Сібір өлкесінде ежелден-ақ мал шаруашылығымен шұғылданатын,
балықшылық пен аңшылықты кəсіп ететін түрік жəне монғол тектес көшпелі халықтар мекен
ететін. Бірақ бұларда баяғы Түрік Қағанатынан кейін қалыптасқан мемлекет болмай келген.
Сол себептен о жаққа өзара ру таластарынан таяқ жеген қазақтың ер-азаматтары ғана
емес, өз елінде жапа шеккен Қазан, Астрахань хандықтарының, көне Еділ бойы мен
башқұрт, татар төрелерінің сан түрлі адамдары қашып барған. Со жақтан пана іздеген құл-
төлеңгіттер, ұлтын айырып білуге болмайтын не қилы босқын тұтқындар, боярлар мен
князьдардың қыспағына шыдай алмаған орыс жігіттері Сібір жерін атам заманнан əбден
бауыр басып алған-ды. Бұлар аздай, патша ағзамның қиянатына шыдамаған кейбір орыс
қара шекпендері ауыл-аймағымен Орал тауынан аса, тірі жан басып көрмеген Сібірдің
мылқау түкпірлеріне қарай шұбыруды шығарған. Соңғы кезде əсіресе бұ жаққа патшаның
əділетсіз заңы қыр соңына түскен, патша жандармдарының таяғы етінен өтіп, сүйегіне
жеткен жəбірленген соқа басты адамдар да көп қашқан. Бұлар əр түрлі ұлттан еді, бірақ тез
тіл табысып, заматта ұғысып кететін. Бəрі бірігіп, өздеріне казак деген ат қойып, тіршілік
етуге кіріскен. Бұлар көне қазақ елінің атын алғанда, өздерінің сол жауынгер көшпелі елдің
ешкімге бағынбайтын еркін салтымен өмір сүретіндерін аңғартқан. Олардың жасақтағы
бағыну тəртібі де қазақтың көне кездегі өз батырларына ғана бас иетін əдеттеріне ұқсас еді.
Осындай, əрқайсысының жеке атамандары бар ондаған, жүздеген жасақтар көшпелі
елдердің аламандары тəрізді көршілерінің малын барымталап, бай саудагерлердің
керуендерін тонап, тіпті болмаса бірімен бірі айқасып, ұшы-қиыры жоқ еркін далада
ойларына келгенін істеп жатты.
əйткенмен, бұлар ежелгі көшпелі елдермен араласып, біртіндеп отырықшы жұртқа
айнала бастаған. Сөйтіп Сібір жері ерте кезден-ақ ұлы Россияның бір бөлегіне айналды.
Бертін келе орыс патшасы бұдан түсер пайданы бірден ұқты. Ұшы-қиыры жоқ Сібір жерін
тек əскери күшпен билеудің қиындығын түсінген ақ патша, енді осынау бас кесер өжет казак
жасақтарын өз саясатына жұмсауды ойлады. Осылар арқылы бүкіл Сібірді өз қолына алмақ
болды. Енді оларды шекара күзету ісіне де пайдалануға кірісті.
Осы кезде, бүкіл Сібір жерінде Строган деген кісінің аты жер жарды. Бұл Сібір жерін ақ
патша қанауға берген Строганов саудагердің есімі еді. Ол бүкіл Сібірдің шетіне сауда
қалаларын, қоймаларын сала бастады. Сол қоймаларды жəне жан-жаққа жүргізе бастаған
сауда керуендерін қорғауға Строганов тек казак-орыс жасақтарын пайдаланып қойған жоқ,
көршілес қазақ ауылдарының көп жігіттерін де жалдады. Бұл қазақ жігіттері Сібір
саудагерлеріне қазақ елінің жылқысын, қойын, жүн-терісін бірінші сатушылары болды.
Əрине, орыс шекарасындағы саудагерлер қазақ елінің өлі затын тым арзан бағамен алды,
бірақ бұл сауда-саттық дала жұртына тек Бұхар, Хиуа, Үргеніштерге ғана емес, өзімен
шекаралас орыс еліне де өзінің артық малын, шикізатын сатуға мүмкіндік берді. Осындай
сауда жолы арқылы, қазақ халқының орыс елімен алғашқы қарым-қатынас əрекеттері
басталған.
Ал Жоңғар əскерінің қазақ жеріне енуі тек қазақ халқына ғана емес, онымен көршілес
елдерге де қиын тиді. Сібір қалаларында суық желдің лебі сезілді. Қырғыздар тау арасына
қашуға мəжбүр болды. Қарақалпақтар ығысып, қазақтың босқын ауылдарына қоныс берді.
Жоңғарларды енді Ташкенттен бері қарай аттанар деп қауіптенген өзбектердің де берекесі
күні бұрын кетті...
əсіресе бұл жағдай Еділ бойындағы қалмақтарға қиын тиді. Еділ мен Жайық бойындағы
қазақтардың жайылымын басып қалуды арман еткен қалмақтар, Жоңғар шабуылының
алғашқы кезінде қазақтардың ойраттардан жеңілуін тілеген-ақ еді. Бірақ бұл үміттері
ақталмады. Жоңғардан шегінген қазақтар малына жайылым іздеп, енді Еділ мен Жайық
200
өзенінің бойына қарай беттеуге шықты. Ал Россия саясатшылары күншығыс-оңтүстік
жағындағы қазақтың ұлы даласында болып жатқан уақиғаларды сырттай бақылаумен
болды. Россияның бұл кездегі əрекеттері өзге кездегісінен тіпті басқаша келді. Оның əр
қимылында енді сабырлылық, алыстың артын бағушылық байқалды.
əрине, қазақ елінің басына қара түнек туған қилы кезеңде, күншығысынан Жоңғар əскері,
күнбатысынанЕділ бойындағы қалмақ нояндары, солтүстігінен башқұрт бекзадалары,
оңтүстігінен Орта Азия хандары қазақ даласын борша-борша етіп бөліп алсаРоссия
секілді ұлы мемлекет өзінің қомақты үлесін, арыстан үлесін, өзгелерден əлдеқашан тартып
əкеткен болар еді. Сөйтудің қазір де кезі келіп тұр. Сөз жоқ, Бірінші Петрден бұрынғы
Россия патшаларының қайсысы болса да дəл осылай істер де еді. Ал, Бірінші Петр
патшадан бастап Шығыс істеріндегі Россия саясаты басқаша құрыла бастаған. Бұл терең де
жəне алысқа қол сермеген саясат еді. Оның көп шешімдері сонау төрт мұхиттың
жағаларына бірдей қанат жайған өзге ұлы мемлекеттердің саясаттарымен қат-қабат келіп
түйісіп жатқан. Сол себептен Россия, Азияның жүрегіОрта Азия-
дағы əрекеттерін əзірге достық қарым-қатынас пен сауда-саттықты жөндеуге жұмсап,
алдағы болашақ уақиғалардың табиғи шешімдерін күтуде еді.
Бірақ бұл саясат қазақ елін басып алуға шыққан жоңғар шабуылын тоқ-
татқан жоқ. Қазақ елі батысынан да, шығысынан да тікелей жəрдем ала алмады. Тек өз
күшіне сенуге тура келді.
Бөгенбай батыр қатты толқу үстінде еді. Ол ауыл сыртына шығып, көп жүрді. Қазір, міне,
төбе басында отыр. Ой-қиялы сан саққа жүгіріп, көз алдынан Жоңғар шабуылы
басталғаннан бергі талай шайқастар елестеп өтті, əсіресе Шұно-Дабо ноянмен екеуінің
арасындағы айқас есінен кетпеді.
... Құз басына біткен шынардай, мызғымас берік Бөгенбай атының басын кейін бұрып
алды. Астындағы омырауы есіктей биік күрең айғыр, орағыта бұрылды да, тұяғының
астындағы құмды ошақтай ойып, қайтадан шапты.
Нардай ақ боз текежаумыт мінген Шұно-Дабо ноян да атының басын бұрып үлгірген
екен. О да азынатып келе жатыр...
Бөгенбай мен Шұно-Дабо аттары үзеңгілесе тақалып кеп қалғанда, қолдарындағы
бұзаубас қара шоқпарларын біріне-бірі тағы сілтеді. Бұ жолы шоқпарлардың шойын
бастары біріне бірі дəл тиді, аямай ұрған қос батырдың алып күшіне шыдай алмай қыл
мойындарынан шорт сынып, екі жаққа ұшып түсті.
Аттарының басын қайта бұрып, екі батыр бір-біріне қарсы ұмтылғанда, бұлардың
қолдарында енді сала құлаш көк құрыш алдаспандары жарқ-жұрқ ойнады. Үзеңгілес келіп
екеуі алдаспандарын қатар сермеді. Бірақ қылшылдаған көк құрыш қанша қан
сағынғанымен, екі батырдың денелеріне дарымады. Бірінің жүзіне бірі тиіп, шақ етіп өте
берді. Батырлар аттарының басын бұрып алып қайта шапты. Бұл жолы олар ақ көбік атып,
қара терге малынған жүйріктерін бір орнында шыр көбелек ойнатып, ұзақ уақыт
қылыштасты... Ақырында алдаспандарының жүздері майырылып, екеуі де бұл алыс-
жұлыстан айнып шықты. Екі батыр ең алғашқы кездескен беттерінде-ақ садақ тартысып,
найза салысқан. Садақтарының жебелері шынжыр сауыттарын бұзып өте алмады. Ал
найзаларының сүмбіл ұштары болат қалқандарына шақ-шұқ тиіп, тез-ақ майы-
сып, істен шығып қалды.
Осындай бірін-бірі жеңе алмаған теке-тірес, биенің екі сауымындай уақытқа созылды.
Өздері де əбден əлсіреп, қара терге малынды, аттары да болдыруға айналды.
Енді бұлар аттарынан созыла түсіп, қылшылдаған ақ семсерлерін жалаңдата бір-біріне
қарсы жаяу ұмтылды. Тең күш бұ жолы да бірін-бірі жібермеді. Қарулы қолдардың сығуына
шыдаспай, алақандары жазылып, болат қанжарлар жерге сусып түсіп, ақыры бұлар қоян-
қолтық алыса кетті. Тобықтан келетін жұмсақ құмды кешіп жүріп, бірін-бірі жамбасқа да
алды, іштен де шалды, көтеріп ап жерге де ұрды. Бірақ бұдан да ештеңе шықпады. Пара-
пар келген алып күш бірін-біріне жеңдірмеген. Күн шыға алысқан қос арлан сəске ауған
уақытта ғана барып, əбден дымдары құрып, екеуі екі төбешік құмның үстіне əлсірей құлады.
Біріне-бірі алдырмайтынын сезген қос батыр майданға қайта шықпады. Орындарынан
тəлтіректей түрегеліп, анадай жерде тұрған аттарына кетіп бара жатып, уəделескендей
екеуі де бірдей кілт тоқтап, арттарына қарады.
201
Бөгенбай батыр, — деді Шұно-Дабо, — жекпе-жек алысып көрдік, екеуміздің де
арымыз таза. Ендігі жерде кімде-кім жолын табады, сол өлтіреді. Абайсыз жүріп, қапы
қалма!
Жарар. Сен де арманда кеттім деме!
Осыдан кейін екеуі аттарына мініп, бірі күншығысқа, екіншісі солтүстікке қарай желе
жортып кете барған.
Бұл екеуінің арасындағы өшпенділік, жас Шұно-Дабоның қазақ жеріне ең алғашқы
шабуылға шыққан кезінен басталған. Содан бері бұлар сан айқаста бетпе-бет кездесті.
Бірақ бірін-бірі жеңе алмай-ақ қойды. Бойға біткен алып қуат пен ызалы кек ақыры əкеп
жекпе-жекке шығарды. Бірақ бұ да ерегес бəсін шешпеді.
əйткенмен қастасқан қос батыр бес жылдан кейін қайта кездесті. Арыс пен Бадам
өзенінің арасындағы адырлы, бұйратты ойлы-қырлы кең дала Үш жүздің атты əскеріне лық
толған. Бадам өзенінен бес шақырым жердегі «Орда басы» деген биіктің үстінде қазақ
жасақтарының қолбасшысыақ боз атты Əбілқайыр тұр. Алды да, арты да, көз жеткен
жерге дейін, алақандағыдай айқын көрінеді. Күнгей жағында қара бұлттай тұтасқан жоңғар
əскері. Бəрінің алдында Шұно-Дабо ноянның өзі. Тау етегінде есік пен төрдей қара көк
сəйгүлік мінген Бөгенбай. Екі көзі əскерінің алдында жүрген Шұно-Дабода. Сəске көтеріле
дабыл ұрылды. Екі жақ бірдей лап қойды.
Бұ жолы ұрысқа отыз мыңдай жауынгер қатысты. Соғыс бесінге дейін созылды. Адам
қаны тағы да судай ақты. Тағы сан ана баласыз, сан бала əкесіз қалды. Бұл Аңырақайдан
кейінгі ең үлкен айқас еді. Қазақтар бұ жолы да жоңғар əскерін оңдырмай жеңді. Күн ұясына
қона жоңғар əскері Бадам өзенінің арғы бетіне қарай қашты. Міне, осы арада Бөгенбай мен
Шұно-Дабо тағы кездесті. Бұлардың бұ жолғы кездесуі ұзаққа созылмады. Əдісін тапқан
Бөгенбай, жоңғар ноянының дəл қолтығының астынан көк сүмбілі найзасын мықтап қадады.
Қолтық астының сауыты жұқалау еді, ұшы біздей көк құрыш Шұно-Дабоның өңменіне бір-ақ
жетті. Ноян ат жалын құшып қалды. Жерге құлап та түсетін еді, иесінің тізгінін босатып
жібергенінен бір сұмдықтың болғанын сезген қара айғыр мол сулы, көбік атқан Бадамға
күмп берді.
Қолтығынан шапшыған қызыл қаны ат жалын бояған Шұно-Дабо кенет есін жиды. Арғы
бетке таяп қалған екен. Бұның келуін күтіп жағада тұрған немере інісі Қалден Церенді көрді.
Қолында шойын басты шоқпары. Шұно-Дабо жанталасып атының басын кейін бұрғысы
келді. Бірақ сол сəтте есінен қайта танып кетті. Астындағы айғыры қос аяғын жар ернеуіне
зорға іліндіріп, арғы бетке шыға берді. Сол сəтте Қалден Церен де шойын шоқпарымен
Шұно-Дабоның дəл маңдайынан қос қолдап кеп ұрды. Миы бұрқырап, басы күл-талқан боп
ұшып кеткен ноянның денесі ат үстінен сырғып, сұрғылт толқынға күмп етті. Көбік атып
бұрқыраған асау ағыс тірісінде қолы жетпеген қазақ жеріне енді оның өлігін алып кетті.
Бар! Бар! — деді Қалден Церен, сұрғылт суды қызыл қанға бояп ағып бара жатқан
өліктің сыртынан шоқпарын білеп, — көр енді алтын тақтан дəметіп!
Сөйтті де күншығысқа қарай шаба жөнелді. Өзен жағасынан ұзай бере, оған басқа бір
ноян қарсы кездесті.
Шұно-Дабо баһадЇрді көрмедіңіз бе? — деді ол. — Аты əскер соңынан шауып
барады... Жау қолынан қаза таппаса игі еді.
Қаза тапса естілер еді ғой, — деді Қалден Церен. — Аты бос кетіп бара жатса, өзі
қазақ арасында қалған болар...
Қалден Церен артына бұрылып қарамастан, атын тебініп жүріп кетті.
«Шұно-Дабо қазақ жерінде қалып қойыпты» деген аңыз, міне, осылай туған.
Бөгенбай батыр халқын қан-жоса еткен қасынан, Қалден Церен өзінің Жоңғар тағына
бəсекелес туысынан осылай құтылған.
Төбе басында отырған Бөгенбайдың есіне енді Бұқар жырау айтқан бір əңгіме оралды.
«Осы біздің Бұқар шынында əулие ғой деп ойлады ішінен. Ол сонау «Ақтабан
шұбырынды» кезінің өзінде-ақ: «Біз жоңғарларды түбінде жеңеміз» деп еді. Сол айтқаны
дəл келді.
Шұно-Дабо өлген ұрыс шынында да, Жоңғар басқыншыларының қазақ қолдарынан
мықтап тойтарыс алуының басы еді.
Тəуке ханды өз көзімен көрген Бұқар жырау бірде жорықтан келе жатып, бұған:
202
Есіңде болсын, құртамын деп қылышын сүйретіп келген жау, əрқашан да өзіне сол
жерден ажал табады. Халқы қоштамаған əділетсіз соғыс, түбі, Жоңғар қонтайшысының
күйреуімен бітуге тиіс.
Сыбан Раптанның бұл шабуылын халқы қолдамай отыр ма?
Қолдаса, соғыстан олжа табам деп, бала-шағасын шұбыртып, бар жоң-
ғар осы маңға көшпес пе еді?.. Қазақ жеріне қонтайшыларының дүмпуімен тек əскері ғана
келді... Бірақ басқыншы əскер, қанша айбарлы болғанменен, жат жерде ұзақ орнығып отыра
алмайды. Халқы жақтамаған соғыс қашан да шапқыншылардың күйреуімен біткен. Бұл
тарих қағидасы. Əттең не керек, ел басқарушы күштілер сол тарихи сабақты естерінен
шығарып алады. Басқаны былай қойып, қазақ хандарының кейбіреуі бөтеннің жерін басып
алам деп жүріп, сол жат жерде қаза тапқан.
Сіз кімді айтып отырсыз? Сонау көне заманда болмаса, өзім ес білгелі қазақ əскері
бөтен елді шапты дегенді естігем жоқ.
Естімесең мен айтайын, тыңда.
Бөгенбай қоржынын шынтағының астына сап, ыңғайланып жатты. Бұл əңгіме Жоңғар
қолын аңдыған бір үлкен жорықта болған. Жырау Хақназар хан өлгеннен кейінгі хикаяны
бастап та кетті.
Ер азбай, ел азсаайдын көлдің суалғаны. Ел азбай, ер азсазор бəйтеректің
құлағаны, — деп бастады Бұқар жырау қазақ елінің ұлы шежіресінің бір тармағын. —
Бəйтерегің құласаағаш орнына ағаш өседі. Айдын көлің суалса немен толар есесі? Ер
бұзылса да ел бұзылмасын. Бұзылғанды түзетеді. Түзелмесін жер етеді.
Тəуекел сұлтан Абдолла ханнан қашқан бетімен, — деді ол сөзін жалғап, — Талас
өзенінің бойындағы Дулат еліне келген. Мұнда Есім сұлтанның шешесі, Шағайдың өзіне
ермей қалған бəйбішесі Балғайым Бикенің аулы бар еді. Содан кейін Тəуекел қайын жұрты
Қараспандағы Қыпшаққа барды. Одан Сарайшыққа сапар шекті. Мұнда əмеңгерлік
дəстүрімен, Хақназардан айрылса да, əлі де болса толықсып отырған Ақторғынды
тоқалдыққа алды. Ақыры, адуынды Балғайым Бикенің ықпалы жүретін Жетісудың теріскей
өңіріндегі Ұлы жүздің рулары мен Ноғайлы, Қыпшақ, Қоңырат билерінің қолдауы арқылы
арада үш жыл өткенде Үлкен Орда тағына хан боп көтерілді.
Қазақ елі Тəуекелдің өткен күнəсін кешіріп, Үлкен Орда төңірегіне шоғырлана
бастады, — деді Бұқар жырау. — Өйткені оған басын қосар ер керек еді. Ойпатты тасқын
басқанда, не орманды өрт алғанда қасқыр мен қоян, бұғы мен жолбарыс апаттан құтылмақ
боп бірге қашады. Қазақ елі ол кезде осындай жағдайда еді. Жан-жағынан қаптаған жаудан
құтылудың жолытағы да тек бас бірлігі. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір
ердің соңынан еру қажет болатын. Ондай адам Абдолла жағындағы əкесі Шағайдан
бөлінген бақ-дəулетке қарамаған ер азамат Тəуекел. Осылай деп бекзадалар халықты
ұғындырған. Осылай деп бүкіл туған-туысы, аға-інілері де дəріптейді. Жалғыз қауіп Шағай
болса, о да жақында дүние салған.
Бұл кезде, əрине, Бұхар ханы Абдолла да текке қарап жатпады.
Бұхарға қарсы көтерілген еңбекші жұртты қанға бояп, басты. Хандығының оңтүстігіндегі
Бадахшанды, батысындағы Қорасан, Гилян, Хорезмді өзіне біржолата бағындырып алды.
Шығыс Түркістанға аттанып, Қашқар мен Жаркентті аямай шауып, көп мал-мүліктерін
олжаланды. Енді алдында Сырдың орта жəне аяқ шеніндегі қалаларды бағындыру ғана
қалды.
Осы екі арада Абдолла хан мен оның баласы əбді-Мумин арасында бір хандықты екіге
бөлген араздық қаулап кетті. Абдолла хан болған күннен бастап, əбді-Мумин бүкіл Балхыны
меңгеріп келген. Оған енді бұл билік аз көрінді, бүкіл хандықты билегісі келді.
Сөйтіп Бұхара хандығының күші екіге бөлінді.
Осы жағдай енді қазақ хандығының күшеюіне, Түркістан саясатына тікелей
қатынасуына көп көмек берді.
Сөйткенмен де қазақ даласының халі қиындай бастады. Қытай боғдыханы айдап салған
Жоңғар əскері қазақ ауылдарын шабуды үдетті. Сан түрлі
жауыздық əдіс қолданып, Қытай саясаткерлері көшпелі халықтардың арасына от жағып,
біріне-бірін айдап салып, олардың шұрайлы жерлерін өзіне ала берді. Өзара айқаспен
қалжырауға айналған бұл халықтар Қытайдың тəртіпке қойыл-
203
ған əскерлеріне ұзақ қарсылық білдіре алмады. Қытай айдаһары созыла жылжып, қазақ
жеріне түсті.
Ал құбыласы мен теріскей жағынан дəл қазір төніп тұрған қауіпті Тəуекел хан көрмеді.
Түбі Қытай боғдыханымен, Жоңғар қонтайшысымен алыса қалар күн туса, бұл жақтағы
айбарлы көршісі Россияның керегі болар деп ойлады ол. Тіпті Абдолламен соғысқан кезде
де орыс патшасының тыныш жатқаны қажет-ақ. Осы жағдайларды есепке ап, ол Түменге
өзінің немере ағасы Оразмұхаммед батырды елшілікке жіберді. Бірақ Оразмұхаммед Түмен
қаласына барған соң, осы қаладағы Мəскеуге қарсы əрекет жасап жүрген Ноғайлы билерінің
тобына қосылып кетіп, қолға түскен. Орыс патшасы тұтқындарды айдап Мəскеуге алып
келіп, Ноғайлы елінің билерін өлім жазасына бұйырып, «Джамши əл-тарихиды» жазған
Жалайыр Қадір əлби мен Оразмұхаммедті тірі қалдырады. Оразмұхаммедтің əкесі Борис
Годуновтың қарамағында біраз жыл қызмет істеп, патшаға еңбегі сіңген адам еді. Сол
себептен оның баласына тимеген. Ал Тəуекел хан немере ағасы Оразмұхаммедті босатып
аламын деп көп əрекеттенді. Мəскеу патшалығымен келісім сөз де жүргізді. Елшілік те
жіберді. Бірақ патша Оразмұхаммедті босатпады да жəне өлтірмеді де. Ақырында орыс
жеріне қуылып барып, қызметімен ұнаған Тоқтамыс ханның немересі Қасым сұлтанның аты
берілген Касимовка (Кармек-Шахар) қаласына Оразмұхаммедті əмірші етті. Енді Тəуекел
хан тыныш жатқан жолбарыстың құйрығын басқысы келмей, Мəскеу патшасы Борис
Годуновпен тіл табуға тырысты. Бұған Оразмұхаммед те аз жəрдем берген жоқ. Құбыласы
тынышталған Тəуекел, əкесі мен баласының арасындағы өшпендікті пайдаланып,
Абдоллаға қарсы соғыс ашпақ болды. Əрине, соғыс ашуға хандарға қашан да болса себеп
табылады, түбі Сыр бойындағы қазақ шаһарларына туатын қауіп осы хан жағынан туады
деп сенген Тəуекел. Содан кейін барып, қазақ жеріне көзін тіккен Қытай, Ойрат
хандықтарымен алыспақ болды.
Яссы шаһары бұл кезде Түркістан шаһары деп аталған. Тəуекел ханның астанасы да
осы Түркістан. Хан сарайы Қожа Ахмет Яссауи мешітінің күншығыс жағында, қалың бау-
бақшаның арасына салынған. Күйген кірпішке сан түрлі бояумен əшекейлеп жазылған құран
сүрелері, сырлы əдемі өрнектер. Оңтүстіктің аңызақ ыстық желі еш əсер ете алмас, қалың
қабырғалы кең бөлмелер. Түркістан хан сарайы Самарқант пен Бұхар патша
сарайларындай алтын күмбезді, айбарлы болмағанмен, біркелкі сыпайы, салтанатты.
Ал қазір, жасыл төккен майдың сəулетіне қарамай, соғысқа дайындалған қала
əдеттегісінен бір түрлі суық, ызғарлы. Жасақ жалғыз Түркістан ішінде ғана емес, сонау
Қарнақ пен Сукенттен бастап, Түркістан маңындағы дих, қышлақтардың бəріне де лықылдап
толған. Ақ Жайық, Есіл, Нұрадан келген жуан қоныш батырлар, Жаркент, Ақсудан да келген
Қытайы қылыш безенген жауынгерлер.
Кеше хан кеңесі болған. Бұл кеңесте Тəуекелдің қарамағындағы қалың əскер үш сапқа
бөлініп, Абдоллаға күш жинауға мүмкіндік бере алдымен Ташкентке, онан кейін
Самарқантқа аттанылсын деп шешілген. Бұл қалаларды алғаннан кейін барып Бұхар
ханымен келісім сөз жүргізілсін делінген.
Түркістаннан шығатын əскердің басшылары əрине хан тұқымынан болмақ: оң қолын
Тəуекелдің інісі батыр Құджек, сол қолын қазір жиырмаға жеткен, жұрт: «Еңселі бойлы ер
Есім» деп атай бастаған Есім сұлтан басқармақ. Əскердің ортадағы кіндік қолының туын
Тəуекел хан өз шатырына тікпек. Осылай үш тісті өткір айырдай қалың қол Ташкентті
қоршамақ. Бұндай жағдайда қандай үлкен шаһар болмасын, тек өз күшімен ғана қарсыласа
алады. Оларға сырттан жəрдем келмейді. Ал Абдолла əскерінің дені жалдама əскер. Сан
түрлі ұлттың қанқұмар, бұзық, тентектерінен құрылған. Бұндай жалдама əскердің өзінен
күшті қолға қарсы жанқиярлық көрсете қоюы екіталай. Оның үстіне қала тұрғындары Бұхар
хандығының ауыр алым-салығынан əбден жадап-жүдеген. Бұған шыдай алмаған шаруалар
қатын, баласын шұбыртып қазақ даласына қарай қашатын. Абдоллаға бір кезде қызмет
істеп, Бұхар жұртшылығының қандай ауыр күйде екенімен жақсы таныс Тəуекел, Ташкент,
Самарқант жатақтарына: егер шаһарлары бұған көшетіндей күн туса, алым-салықтан
мүлдем босатамын деп уəде берді. Бұ да қала тұрғындарының бірігуіне ірткі салды.
Жеңіс өз жағында болатынына көзі жеткен Тəуекел ғибадат бөлмесіне кіріп,
Ақторғынның төсегінде ұйқысы қанып шыққан.
204
Бірақ таңертеңгі асқа отырар алдында оған тағы бір жаман хабар жетті. Ол өзіне серік
адамдардың бірде-бірін шақыртпай, хан сарайына Жиембет жырауды алғызды.
Таңертеңгі намазын оқып, шайын ішіп хан сарайына келсе, Жиембет жырау есік
алдындағы бауда күтіп отыр екен.
Тəуекел уəзіріне:
Жырау кірсін, — деді.
Бұл баяғы ұстай қалсаң шоқтай күйіп тұрған Жиембет емес. Түрі солғын, отыздан жаңа
асып бара жатса да қою қара сақалына ақ түсе бастаған. Басындағы бөркі де жас
кезіндегідей қып-қызыл қыр түлкісінің терісінен көмкерілмеген, сұрғылт жүнді Қаратау
қарсағының пұшпағынан жасалған. Үстіндегі шекпенінің де жағасы мен жеңдері қырқылған.
Тек үкілі домбырасы ғана жап-жаңа. Сірə, хан ордасына Қазықұрттан жол шегерінде
домбырасын əдейі жаңартқандай...
Жиембет сарай жырауы болғысы келмеген. Ол Індір маңынан Қаратау тұсына көшіп
келгенмен, хан ордасына анда-санда ғана қатынап тұратын. Келген сайын Тəуекел оған ат
мінгізіп, шапан жаптыратын. «Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» дегендей, Тəуекелдің өзі
қашқын болып жүрген кезінде жас Жиембет оның соңына ерді. Ноғайлы жерінде Тəуекелді
алғашқы мадақтаған да осы Жиембет. Жыраудың одан басқа да Тəуекелге керек жері бар.
Жиембет жырау қызық адам. Ол Тəуекел хан болған күннің ертеңіне жоқ болып кетті.
Соңынан хан жіберген қуғыншылар, жырауды əрі-бері іздеп таба алмай қайтқан. Сол
Жиембетті екі жыл өткеннен кейін əлдекімдер қол-аяғын қыл шылбырмен матап, Тəуекелдің
алдына алып келді. Тексерген уақытта оқиға былай болып шықты. Еліне қайтқан Жиембет
Байұлы руының атақты бір шонжарының он жеті жасар Есенбике атты қызымен көңіл
қосады. Астындағы жал-
ғыз аты, қолындағы екі шекті домбырасынан бөтен қалың мал төлер қайраты жоқ Жиембет
Індір тауына қызды алып қашады.
Қанша от ауызды, орақ тісті болғанменен, жырауды өзіне тең көрмей бай жігіттерін
жіберіп, қызы мен Жиембетті ұстап əкелдіреді. Бірақ жыраудың Тəуекел ханға жақындығы
барын естіген қыз əкесі ата ғұрпын бұзған ақынын өзі жазаласын деп, қол-аяғын байлап хан
алдына алып келген.
Иə, сөйле жырау! — деген, Тəуекел күрсініп Жиембетті көрісімен.
Қол-аяғы байлаулы жырау қалай сөйлейді? — деді Жиембет ханға тесіле қарап.
Тəуекел жігіттеріне «босат» деген ишарат білдірді.
Босанған Жиембет керегеге сүйеулі тұрған хан домбырасын алып, шырқай жөнелген:
«Үш ай тоқсан кезінде
Қақ көктемнің кезінде
Қошқар менен бура мас,
Айғыр менен бұқа мас.
Жас болжамы жеткенде
Қыздар менен жігіт мас
Сол мастықтың жөнімен
Алдыңа келген мен бір жас, —
Кессеңіз, ханым, міне бас
Сонда Тəуекел езу тартып:
Қыз бен жігіт екеуі де айыпты екен, екеуі де жастыққа мас болған екен, — деген қыз
əкесіне қарап, — екі балаңды бірдей дүрелеп, байеке, елге жақсы ат ала алмассыз, болған
іс болып қалған екен, бұларды айырғанмен, сынған тобатай қайта бүтінделмес. Бір жолға
күнəсін кешіріңіз.
Жазадан құтылғанмен байдың ашуынан сескенген Жиембет сүйген жары Есенбикемен
Індір жағына бармай, Қазықұрт маңындағы ел арасында қалып қойған. Ол той-думанда тек
жарлының жоғын жоқтап, халықтың сүйікті жырауына айналған. Кеше хан кеңесі кезінде
Үстірт жағынан Тəуекелге көмекке келген Кіші жүздің шағын қолының ішінде Жиембет
жырау да бар дегенді Тəуекел естіп қалған. Ел аралаған ақын, жыраудан қарамағындағы
жұрттың өзіне деген ойын, алғысын, қарғысын біліп тұру хандардың қашаннан бергі əдеті.
Осы дəстүр бойынша «халық құлағы, көзі» деп саналатын жырауды өзіне шақырып, жорық
алдында жұрт аңысын білгісі келді.
Амандасып болғаннан кейін Тəуекел:
Сөйле, жырау! Біздің жорығымыз жайында ел-жұртың не деп жатыр? — деді.
205
Қуанышты ел-жұртты көрмедім...
Айта бер, жырау.
Бізге бөтен елдің жері керек емес деп жатыр жұртың. Бұхар, Самар-
қантты аламыз депхалықтың қанын төгу қиянат, хан мен сұлтандардың бұл əділетсіз
жорығын қостамауымыз керек. Алда-жалда Ташкент, Самарқанттағы хан сарайлары керек
болса, сұлтандардың өзі барып соғыссын дейді хал-
қың. Расында да, Тəуекел хан, сен жақсылыққа бастап отырған жоқсың. Соңыңнан жұрт
ерсе, өз елін, өз жерін қорғаймын деп ерді. Ал сен... Бұл бүліншіліктің аяғы неге барып
соғатынын білесің бе? Енді өзбек қалалары ғана өртеніп қоймайды, қазақ даласын да өрт
алады!
Хан сұп-сұр боп кетті, бірақ сыр берген жоқ.
Айтарың болса тағы айт!
Қыс ұзаққа созылса мал қырылады, хан ием. Далада иін-тірескен шөпті шабудың
орнына, ер азаматтарың соғысқа аттанғалы жатыр. Бұдан жұртыңа қандай пайда бар?
Айт, айта түс, жырау!
Жиембет кілт тоқтады.
Жоқ, мен болдым, — деді. — Сен бұйырсаң да хан ием, бұл сөзді айтып жүрген
адамдардың атын мен саған естіртпеймін.
Естіртіп қажеті жоқ, — деді Тəуекел езу тартып, қазір оларды өз көзіңмен көресің...
Сөздерін өз құлағыңмен естисің...
Сосын!?
Олардың күмəндануы дұрыс па, төрелігін өзің айтасың...
Тəуекел есік алдындағы күзетшілерге ишарат етті. Сол сəтте есіктің ар жағынан
шынжырдың шылдырлаған үні естілді.
Аздан кейін он шақты күзетші қоршаған екі батыр үйге кірді. Аяқ, қолдары кісендеулі.
Жиембет жыраудың жүрегі ойнай жөнелді. Бұл атақты егіз жігіт Қияқ пен Тұяқ еді. Жақында
ғана хан екеуін мың басы еткен. Тəуекел Ақ Орданың қалдығын жинап, қазақ хандығын
қайта құрғанға дейін, екеуі де оған аянбай қызмет етіп келген. Тəуекел Қияқ батырға өмір
бойы борышты да еді. Сөйткен қос батыр, міне, енді хан алдында айыпты боп, кісендеулі
тұр.
Жорық алдында халық арасында сенімсіздік туғызып, əлгі сөзді айтып жүрген
ерлерің, міне, мыналар, — деді Тəуекел, — «Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас
болмас» деген де, міне осы! Қан майданда қан төгілсе тек құлдардың ғана қаны төгіле ме?
Айқаста ажал қарасың ба, төресің бе, таңдап жатпайды. Қан төгілмей хандық құруға болады
дегенді кім айтқан?!
Жиембет бар сырды бірден ұқты. Еңгезердей күзетшілердің ортасында шоқтығы
анағұрлым биік қос батыр тапжылмай тұр. Қол-аяқтары кісендеулі. Сонда да тəкаппар
бастарын төмен иер емес. Осындай ұлы жорықтың алдында Қияқ пен Тұяқ секілді халықтың
сүйікті батырларын біржолата құртып жіберуге Тəуекелдің де көңілі дауаламаған.
Хан ишарат етті. Күзетшілер үйден шығып кетті. Сонда ғана Тəуекел:
Егер сендерді бұрыннан білмесем, сөздеріңнен Абдолланың алтын ақшасының
сылдыры естіледі дер едім... — деді қос батырға ренжи қарап.
Біздің мына ақылсыз бастарымызды бірден алдырып тастамағаныңызға рақмет,
тақсыр хан, — деді Қияқ батыр. Оның даусынан мысқыл білінді.
Басымыз алынбай қалады деп қорықпаңдар! — деді Тəуекел кекесін сөзге кекесін
жауап қайтарып. — əйтсе де, Абдоллаға неге сонша жандарың аши қалды. Қияқ? Соны
айтшы?
Біз қазақпыз, хан ием.
Иə?
Қазақ болғанда жай қазақпыз. Бізге басқаның жерінің мүлде керегі жоқ.
Ал Абдоллаға ше?
Келіп көрсін. Біздің шаһарларымызды аламын деп екі рет келді емес пе, одан не
шықты? Оны өзің де білесің. Ал бізге басқа елдің қаласының керегі жоқ. Мұны жалғыз біз
емес, қарамағыңдағы барлық жұрт айтады.
Дəшті Қыпшақ елінің жорықтарын ұмыттың ба, Қияқ батыр? Еліміздің ерлігі көне
жырлардың бəрінде де айтылған. Ата-бабамыздың атын естігенде, сонау Стамбул, Рум
дірілдеген!
206
Ол хандардың жыры, хан ием.
Ал атағы ше?
Ол хандардың атағы, хан ием!
Бəрін бізге бергенде, өзіңе не қалды?
Ата мекен жерім қалады! Оған қоса сонау менің қараша үйімнің жанында жайылып
жүрген елу қой, төрт түйе, жауға шабар бір жүйрігім қалады! Со да жетеді маған. Ал егер
жұт келіп, сол күн көрісімнен айрылсам, менің үй ішімді еш ханның атағы аштықтан алып
қала алмайды. Тіпті қос мүйізді Ескендір Зұлхарнайынның атағы да!
Ал Тұяқ батыр, сен не дейсің?
Біздің бəріміздің тілегіміз бір. Өзбектің де, қазақтың да, қырғыздың да. Ташкентте
жақыны жоқ Түркістан тұрғындарын кездестіре алмайсың. Өз күнін өзі əзер көріп жүрген
Бұхар ұстасын жалғыз атты Тұяқ барып шапқанда не табады?
Тек Бұхар ұстасын ғана шабамысың? Қолыңды қышытып жүрген хан сарайын да
тонайсың ғой.
Одан маған не тиеді? Хан сарайының мүлкіхандардың үлесі...
Ханның жарылып кете жаздап ашуланғанын Жиембет жырау көріп тұр. Тəуекелдің
бетінен қаны қашып, отты көзі ұшқын атады.
Соғыс бола ма, болмай ма, оны сендер емес, хан шешеді, — деді. — Тек мынаған
ғана жауап беріңдерші. Ташкентте де туысымыз бар дедіңдер ғой жаңа. Ал сол Ташкенттен
қазақ жеріне жүздеген адам неге қашады?
Ол жақта бір кедейдің терісін екі рет сыпырады, ал мұнда...
Тоқтама, аяғына дейін айт!
Ал мұнда бір жарым рет қана! — деді Қияқ батыр, ханның бетіне тіке қарап.
Ұмытпаспын бұл сөзіңді, батыр, — деді Тəуекел ызадан тұншыға, — жарайды, бұл
жайында тағы да сөйлесерміз. Тек сендер маған мынаны айтыңдаршы... Ташкент жорығына
бармай-ақ қойыңдар. Сонда Бұхар əміршісінің құлдығынан құтыламыз деп бізді күтіп
отырған ағайын-туыстарыңның үмітін сатқандарың ба, қалай болғаны?..
Мұндай сұрақты күтпеген қос батыр бірден жауап таба алмай қысылып қалды.
əрине, біз оларға жəрдем беруге тиістіміз... — деді Қияқ күмілжи.
Бəсе, солай шығар! Ташкентті алсақ, Абдолла ханның шаһарларымызға шабуыл
салатын қаласы қалмайды. Көрдіңдер ме, бұл жорықтың не үшін керек екенін? Жə, болды
енді, батырлар... Барыңдар... Тезірек Ташкент жорығына дайындалыңдар.
Тəуекел күзетшілерді шақырып алып, екі батырдың аяқ-қолдарындағы кісендерді алуды
бұйырды. Қияқ пен Тұяқ ханға лəм-мим деп тіл қатпай, құр бастарын иіп тəжім етті де, үйден
шығып кетті.
«Қилы-қилы заман болар» деген міне, осыдеді Тəуекел Жиембет жырауға
бұрылып. — Бұрынғыдай емес, хан қарамағындағы адамдарына: «Жорыққа бірге жүріңдер»
деп өтінетін күйге жетті...
əйтсе де, əлгі екеуін дұрыс босаттың, хан ием.
Ташкент жорығына олар аттанады, — кенет, оның жүзі тағы сұрланып кетті, — содан
кейін жолыма бөгет болып көрсін! Абдолланың маған ойлаған қастығын өмір-бақи
ұмытпаспын. Самарқантын да, Бұхарын да аламын! Балқы мен Хиуаға да барамын!
Абдолланы үрім-бұтағымен бірге, табанымның астына саламын. Мойнына арқан байлап
Бұхардың о шеті мен бұ шетіне сүйретіп өтем. Ақсақ Темірдің туы желбіреген Самарқант
пен Бұхарда Ақ Орданың ақ туын желбіретем! Бар əлемге атағымды шығарам!
Екі иығын кере, орнынан қалай тұрып кеткенін Тəуекел өзі де сезбей қалды. Көзі сəл
жұмылып кеткен. Не айтып, не қойғанын білер емес. Аузы ақ көбіктеніп, бір қолын жоғары
көтеріп, тұншыға сөйлеп тұр! əлден уақытта өзіне тіксіне қараған жыраудың көзіне көзі түсіп
кетіп кілт тоқтады.
Ақ Орда ханы созыла барып орнына отырды.
Көкейкесті армандарымның аузымнан шыққаны шошытқан жоқ па сені, жырау?
Жиембет басын шайқады.
Жоқ. Тек бұл кеселді саған дəл осылай тым ерте келеді деп ойлаған жоқ едім.
Қандай кесел?
Хан кеселі... Тым ерте келді. Соңыра-ақ келсе төгілетін қан да аз болар еді, хан ием...
Екі жақ Ташкент шаһарының күнбатыс тұсында кездесті. Абдолла хан алпыстан
асқанына қарамай ақ боз атын ойнақтатып, қан майданға өзі шықты. Бұл айқаста əбді-
207
Мумин қатысқан жоқ. Ол өзінің əскерін Балқы шетінде ұстап қалды. Қазақ қолынан екі есе
кем Абдолла лашкарлары барынша ерлік көрсетті. Бұл кездегі олардың ең сенімді қарулары
Ташкент шаһарларының ең биік қамалының үстіне орнатқан «Қара бура» зеңбірегі, бықыған
қазақ қолына ажал тасын жаудыра бастады. Қазақ əскері шыдай алмай кейін шегінді. Дəл
осы мезгілде Ташкент шаһарындағы бұрынғы Бабасұлтан жағындағы көп тұрғындар
қаланың түкпіріндегі темір қақпаны ашты. Осы қақпадан кірген Қияқ пен Тұяқтың екі мың
əскері шаһар ішіндегі Абдолла қолын күл-талқан етіп, ескі қамал үстіндегі қатар тұрған төрт
«Қара бура» зеңбірегін қиратты. Кейін шегінуге айналған Тəуекел хан əскері қайтадан
шабуылға шықты. Есім мен Құджек сұлтанның екі бүйірін ала, қиялап шапқан
жауынгерлерінен қоршауға түсіп қалады екенбіз деп сескенген Абдолла əскеріне кейін
шегінуге бұйырды. Сол-ақ екен, «жау қашты» деп сойыл, шоқпар ұстаған қалың қазақ лап
қойды. Бұдан бұрын бетіне жан қаратпаған, қорасан құрышына бөленген Бұхардың атақты
лашкарлары, бүкіл Орта Азияға əйгілі Ұбайдолла, Асфандияр, əбді-Латиф, Ходжа-Кули-
құшбегі, Құдайберді жасауыл, Құлбаба-кЇкілташ секілді əскер қолбасшыларынан айрылып,
тым-тырақай шегіне бастады.
əлі де болса лашкарларын тоқтатам деп əуре болып, жасақтарының орта шенінде
жүрген Абдолла ханға кенет əлдекім сауыт бұзар жебесін жіберді, Аралары садақ оғы
жетердей жерде емес, алыс еді. Сөйтсе де ысқыра ұшқан жебе «жеттім бе саған да»
дегендей, екі қабат тор сауыттан өтіп Абдолла ханның қақ бүйірінен кеп қадалды. Ат үстінен
құлап бара жатқан ханды күзетші жігіттері қағып алып, жау қолына түсірмей əкетті. Енді
Абдолла əскерінің əлі де болса жауына төтеп беріп жүрген топтары қарсыласуын қойып,
аттарының басын Бұхарға қарай бұрды.
Маған оқ атқан сол жігіт. Тек соның ғана оғы менің сауытымды бұзып өте алады, —
деді қансырап жатқан Абдолла.
Иə, дəл Абдоллаға арнап көк құрыш сауыт бұзар оғын Сайрам айқасынан бері сақтап
келген Қияқ батыр еді. Бұ да ұзақ күткен арманына жетті.
Қазақ əскерлері осы қарқынымен, тасыған өзендей, жолдарында кездескен бөгеттердің
быт-шытын шығарып, Ақсақ Темірдің ордасы Самарқантты алды. Бұдан екі жүз жыл бұрын
бүкіл əлемді тітіреткен Ақсақ Темір көреген Алтын Орда астанасы Сарайға қандай
айбармен кірген болса, енді сол Алтын Орда хандарының ұрпағы Тəуекел хан, сары
алтынмен қақтаған ер-тұрманды сүліктей қара арғымағын ойнатып, сондай айбармен
Самарқантқа кірді. Қожа Ахмет Яссауи, Қожа Нахшбанди мешіттерін салдырған əлем
əміршісі Ақсақ Темір гүлдей жайнаған Сарай шаһарын, бір кезде Батый мен Берке тұрған
Гүлстан сарайларын жермен-жексен етіп қиратса, көшпелі елдердің əскерін басқарған
Тəуекел хан Самарқант шаһарының бірде-бір кірпіші бүлінбесін деп жарлық берді. Бұнысы
Тəуекелдің болашақ ұрпақтың қарғысынан қорыққаны емес-ті. Бұхар хандығына қарсы
шықса да, қазақ елі Самарқант, Бұхара, Хиуа, Хорезм шаһарларын пір тұтатын. Оның
салтанатты сарайларын көргенде, көріктеріне таң қалып, жас баладай қуанатын. Тəуекел
хан соңынан ерген осы халықтың рухани сезіміне қарсы шығып, оны өзіне өшіктіргісі
келмеді. Сол себептен Самарқанттың алтын күмбезді сарайлары аман қалды.
əлемді тітіренткен Ақсақ Темір əмірші зираты «Гөр əмірдің» қасында, өзімен бірге алып
жүрген сырлы хан тағында қазақ даласының əміршісі Тəуекел отыр. Күншығыс жағындағы
Ұлықбек мұнарасының үстінде жылқы құйрығының қос уыс қылы байланған Ақ Орданың ақ
туы желбірейді. Хан жанына Есім, Құджек, тағы солар секілді сұлтан, би, батыр, ақсақалдар
бірінен соң бірі келіп, тəжім етіп жатты. Хан көзі əлдекімдерді іздеп, ақыры қалың топ
мырзалардан шеттеу тұрған Қияқ пен Тұяқты тауып алды.
Жауды жеңуге тетік болған, міне мынау қос бөрі, — деп Тəуекел Қияқ пен Тұяқты
көрсетті. — Жауға бұлар аш бүркіттей шүйілді, көкжал қасқырдай шапты! Бұхар маралының
төсін қанжардай тырнағымен жыртқан қанды көз барыстай, жау шебін күл-талқан етті!
Хан ишаратымен бұл екеуіне уəзірлері олжаға түскен қазынадан Бұхардың екі асыл
қанжарын əкеп берді. Саптары сом алтыннан, бетіне ең қымбат гауһар тастар орнатқан.
Үстеріне жағасы бұлғын, алтын зерлі Бұхар шапандарын жапты. Алдарына бақтри тұқымдас
екі ақ боз арғымақ тартты.
Ақ Ордасендерден бұдан да зор ерлік күтеді! — деді Тəуекел. — Қандай тілектерің
бар, айтыңдар? Бəрін де беремін!
208
Сөзге жақындау Қияқ батыр сəл алға шығып тізесін бүкті.
Біздің қарамағымыздағы екі мың жігіттің көпшілігі малшы-егінші... Іштерінде темір
ұстасы, ағаш шеберлері де бар. Соларға елге қайтып, өз шаруаларына кірісуге рұқсат етіңіз,
тақсыр хан.
Қарадан туса да Қияқ батырдың даусы тегеурінді шықты, құлаққа ұрған танадай тына
қалған тыныштықта, жұрт ызалана қалған хан тісінің шықыр ете түскенін ап-анық естіді.
Бұхар ханы Абдолла бұл күндері оқ тиіп жараланған жолбарысқа ұқсайтын еді. Хан
Бұхар, Хиуа, Балқы, Қорасан түгіл, өзіне бағынышты жердің бəрінен əскер жинауды
бұйырған. Бір ай өтпей сан жетпес қалың əскер Самарқант пен Бұхардың ортасындағы
Зеравшан жағасына шатырларын тікті. Бір күні, жарасы əлі жазылмаған Абдоллаға бүлік
шығарып жүрген баласы əбді-Мумин келді. Шатырға кіре тізе бүгіп отыра қалды.
Сенің жүрегіңе жара салған менің бір білместігімді кешір, əке, — деді. — Бүгіннен
бастап ең адал ұлың боламын. Міне нан, міне құран, бұдан былай қарай сенің айтқаныңды
екі етпеймін!
Абдолла хан шын қартайған болуы керек, көзіне жас алды.
Қартайғанымда жалғызымды көрсетіп, қатесін кешіруге мүмкіндік бердің, алла тағала,
мұныңа да шүкіршілік, — деді ол шын жүректен. — Мұрагер жалғызым қасымда, бар тілегім
орындалды, қазір өліп кетсем де арманым жоқ!
Бұхар секілді қасиетті хандықты басқаруда қандай жолдар, қандай сырлар барын кəрі
хан ұлына ұзақ жыр етті. Құпия сырлар да аз емес екен. Содан кейін барып шаршап кеткен
хан ұлынан анандай жерде тұрған құмырадағы жүзім шырынын құйып беруді сұрады. Ұлы
əкесінің өтінішін орындады. Сəл бұрыла тұрып, жүзім шырынын кесеге құйып əкеп берді.
Алла тағала оның жаңа ғана «қазір өліп кетсем арманым жоқ» деген тілегін орындағысы
келген болуы керек, баласы берген шырынды ішісімен, Абдолла хан қырылдай беріп
жастыққа шалқасынан түсті. Əбді-Мумин əкесінің бетіне тесіле қарап, ұзын, жіңішке
саусақтарымен көзін жапты. Содан кейін кесенің түбінде қалған шырынды шатырдың бір
бұрышына құйып, орнына апарып қойды. Далаға шыққан соң «ұйықтап кеткен ханды
оятпаңдар» деп бұйрық берді де, əскеріне қарай аяңдады.
Тек кеш таянғанда ғана күзет бастығы хан шатырына кірді. Жастық үстінде шалқасынан
жатқан Абдолланың бетіне көзі түсіп кетісімен өн-бойы дір ете қалды. Бүкіл əлемге аян сəл
езу тартып күлімсірейтін ишараты езуінде. Тағы да біреуге өлім жазасын айтып жатқандай.
О дүниеге сапар шеккен əкесінің жанына əбді-Мумин бірінші боп келді. Сақалынан жасы
сорғалап отырып, ұзын саусақтарымен əкесінің езуіндегі күлкісін уқалап кетірді. Əмірдің
неден өлгенін білуге шақырған Бұхардың ғалым дəрігерлері «Патшаның патшасы Абдолла
жүрегінің кенет тоқтауынан қайтыс болған» деген қорытынды шығарды. Сөйткенмен, қалың
бұқара арасында «баласының ауру əкесіне берген жүзім шырыны» жайындағы қауесет
сөздер де тарап жатты.
Пəуескеге жегілген сегіз қара ат Абдолланың пырағын Бұхарға алып келді. Қасиетті діни
Бұхардың мыңдаған мешітінің қасындағы минареттерден мыңдаған ишан, молдалар алла
тағаладан Абдолланың күнəларын кешіруін сұрап, шаһарды азан-қазан етіп басына көтеріп
азан шақырды. Екі күннен кейін Абдолланың табыты Қожа Нахшбандидың атақты
мазарының тас еденіне қойылды. Бұл христиан есебі бойынша 1598 жылы, ал хаджири
есебі бойынша 1006 жылы болды. Ертеңіне Бұхар тағына Мұхаммед дінінің жаңа
қорғаншысы, мəртебелі əбді-Мумин əмір келіп отырды...
Самарқантты алған Тəуекел қаралы Бұхарды шабудан құдайдан қорқып бас тартқан
жоқ. Мұндай сылтауды сол кездегі тарихшылар ойлап тапқан-ды. Ханның Бұхарға
аттанбауына себеп болған Қияқ пен Тұяқ батырлардың жəне солардың соңынан ерген
жұрттың қылығы еді. Самарқант шаһарын алу тойы бітісімен, қос батыр өздерінің жігіттерін
ертіп кейін қайтқан. Өзге қазақ батырлары басқарған əскердің көбі бұлардың соңынан ерді.
Жауынгерлер жат елге барып қала тонағаннан гөрі, елдеріне қайтып, қатын-балаларын
асырағанын жөн тапқан. Ырқына көнбеген жандарды жазалауға Тəуекелдің батылы
бармады. Өйткені шегінушілер тым көп еді. Көпке топырақ шаша ала ма, ақыры Самар-
қанттан кетуге бұйрық берді.
Ташкентте де қазақ атты əскері көп кідірген жоқ. Бұлардың көпшілігі көшпелі рулардан
болғандықтан қыс қыстауға, жаз жайлауға шығу керек екенін жадыларына ұстап,
ауылдарына жеткенше асықты. Тəуекел ханға шаһардың қақпасын ашқан Ташкент
209
тұрғындарының арасында да күңкіл көбейе бастады. Хан уəдесін бұзып, жеңілген қалаға
салған салығы бұқараға ауыр тиген.
Ал салықсыз соғысты жүргізе алмайтынын білген Тəуекел осылай істеуге мəжбүр
болған. Тəуекелдің бұл əрекетіне қарсы топты басқаруға Абдолланың жақын туысы
Хазретсұлтан мүфти кіріскен. Əбді-Мумин де тыңшылары арқылы Ташкент тұрғындарына
алым-салықтан мүлде босатамын деп өтірік уəде беріп, жаңа бықсып жана бастаған халық
наразылығын үрлей түскен. Тəуекел əрі ойлап, бері ойлап Түркістанға қайтуды жөн көрді.
Өз ордасына келгеннен кейін Ташкент уəлиетінде не болып жатқанын тек алыстан бақылап
қана отырды. Кей жағдайларда болмаса, Ташкент ісіне көп кіріспеді.
Алты ай өтпей, төсегінде ұйықтап жатқан əбді-Муминді бұхарлықтар балтамен
шапқылап өлтірді. Əбді-Мумин Шайбани ұрпағынан шыққан ең ақырғы Бұхар ханы еді.
Осымен Бұхардағы Шайбани үрім-бұтағының хандық жолы аяқталды. Енді Бұхар ханының
алтын тағына Астраханнан қашқан хандардың бірінің тұқымы Жармұхаммед отырды...
Иə, əкесін өлтірген хандарды жазмыш оңдырған емес. Жəнібекті өлтірген Бердібекпен
Батый ұрпағының Алтын Ордадағы хандық дəуірі біткен. Ұлықбекті өлтірген Латиф пен
Ақсақ Темір ұрпағының Самарқанттағы хандығы аяқталды. Міне, енді сондай жағдай
Бұхардағы Шайбани ұрпағына да туды...
Тəуекел ханның да күткені осы кезең еді. Оған Жиембет жырау «хан кеселіне»
ұшыраған екенсің деп дұрыс айтқан. Бірақ Тəуекел мұндай соғыста халыққа сенудің қиын
екенін түсінген-ді. Халық өз жерін қорғағанда табанды да, күшті де. Ал басқа елдің жерін
тартып алу үшін соғысып көрші, ең ер жүрек деген батырдың өзі тірегінен айрылғандай,
босаңси қалады. Оның орнына жауың он есе күшейе түседі. Осындай жағдай Самарқанттан
табылған бір көне кітапта да айтылған. Өз жеріəскер күшінің мөлдір бұлағы.
Осыны біле тұрса да Тəуекел хан тағы жорыққа дайындалды. Оның қолындағы əскеріне
қырғыздан шыққан бай-манаптардың жасақтары мен оңтүстік Қашқардың ханы
əбдірашиттың жауынгерлері қосылды. Барлығы жүз мың əскер, Самарқант пен Бұхарға
аттанды. Бірақ енді бұларға ешкім шаһар қақпасын ашқан жоқ. Тұрғын ел келе жатқан
əскерден азық-түлікті, мінер атқа деген шөбін жасырды. Барлығын күшпен алуға тура келді.
Мұндай жағдай əскердің тəртібін бұзады, əлсіретеді.
əйтсе де құмырсқадай қаптаған қалың қол алғашқы қарқынымен Ташкентті,
Самарқантты алды. Енді Бұхардың өзін қоршады. Бетпе-бет ашық майданға шығуға күші
жетпейтінін сезген Жармұхаммед хан Бұхар шаһарының ескі бекінісіне кіріп алып, қарсылық
көрсетті.
Осындай бірін-бірі аңдыған ұрыс жиырма күнге созылды. Сөйткенше шілденің сарша
тамыз ыстығы келді. Сол жылғы жаз, Мауреннахр жерінде өте ыстық болды. Төбеден
күйдірген күн мен күнгей жақтан аңырап соққан аңызақ желден, онсыз да шөбі шамалы
Бұхардың жері күйген құйқадай тақырға айналды. Күннің ыстығынан қара жердің өзі
шатынап жарыла бастады. Тебінге үйренген қазақы жылқы қабырғалары ырсиып, əзер
жүретін халге жетті. Ақырғы екі жүз жылдың ішінде жат жерде соғысып, басқа елдің
қамалын алып үйренбеген, қазақ, қырғыз, ұйғыр сыпайлары, бұл соғыстың өздеріне тіпті
керек емес екенін енді түсініп, күңкілдей бастады. Оның үстіне күннің ыстықтығынан əскер
арасында іш ауру пайда болды. Енді қазақ сыпайлары Бұхарды алудан гөрі, өздерінің елі
қалған теріскей жаққа телміре қарауды шығарды. Баяғы Қияқ айтқан күйге жетті. Тəуекел
хан Бұхар маңындағы елді үнемі талап, осыншама əскерді қоректендірудің қисыны
болмайтынын ұғып, амал жоқ кейін шегінуге бұйрық берді. Қазақ əскері Самарқантқа келіп
бекінді. Бұл кезде Хиуадан қалың əскермен Жармұхаммед ханның інісі Бақимұхаммед
сұлтан келіп, Бұхар əскеріне қосылды. Енді екі жақтың күші теңдесіп қалды. Бірде
бұхарлықтар, бірде түркістандықтар жеңіп, Самарқант түбіндегі айқас бір айға созылды.
Осындай бір түнгі ұрыста Тəуекел хан қатты жараланды. Күні күйіп тұрған Мауреннахр
жерінде жаз бойы соғысып əбден жүдеген қазақ əскері амалсыз Самарқантты тастап,
Ташкентке келіп бекінді. Бұл арада да ұрыс саябырлаған жоқ.
Тəуекел ханның халі қиындай түсті. Жарының ауыр жаралы екенін естісімен, бір топ
нөкерімен Ақторғын ханым да жетті.
Күшті кезінде серік болған одақтастары енді мұны жалғыз тастап кетті. «Жалған дос
көлеңке тəрізді, күн ашықта жаныңнан қалмайды, аспанды бұлт торласа қасыңда
болмайды» дегеннің не екенін Тəуекел енді түсінді. Сонда ғана барып ол өзіне ермей қалған
қазақ батырларын есіне алды. Дегендеріне көнбегеніне өкінді. Бұл кезде Бұхар əскері
210
Ташкентті тастай етіп қоршап болған. Түркістанға баратын ең соңғы жол да үзілген. Ал
Тəуекел ханның жанында ең сенімді достары мен Ақторғын ғана қалды. Ісік уыты бүкіл
денесіне жайылып бара жатқан Тəуекел, кенет жастықтан басын көтерді.
Бұл не шу? — деді ол елегзи.
Жау əскері біз тұрған бекініске атой салып жатыр.
Бұхардың қалың əскері қаланы алып болып, Тəуекел хан мен оның серіктері бекінген ең
ақырғы қорғанды шабуға шыққан-ды. Қорғанның тақа биік емес қабырғаларына
баспалдақтар қойып, үстіне көтерілуге тырысып жатқан. Жау кей жерінің қабырғаларын бұза
бастаған. Ат үстіндегі ұрысқа үйренген қазақ жауынгерлері енді жаяу соғысуға мəжбүр
болды. Бұл оларға жеңіл тимеді. Жеңуге айналған жау əскері хан жатқан сарайға жақындай
берді. Сырттағы шу үдей түсті.
Не болды? Не боп қалды? — деді есі бір кіріп, бір шығып жатқан Тəуекел хан.
Дəл осы сəтте есік сарт етіп шалқасынан ашылды да, үйге еңгезердей бір батыр кіріп
келді. Үсті шаң басқан қан-қан.
Біз сені əкеткелі келдік, — деді кірген кісі.
Сөйдеді де батыр жігіт жерге сылқ етіп құлап кетті.
Орнынан сүйретіле тұрып, Тəуекел жігіттің бетіндегі шынжыр торды ашты. Қияқ батыр
екен.
Сені алып кетуге келдік, — деді ол кезеріп кеткен ернін əзер қимылдатып, — жат
жерден тезірек кетуің керек...
Басқа елге тиме, өз басыңа өзің жетесің деп едің, Қияқ батыр, айтқаның келді, — деді
Тəуекел. Сосын ол да Қияқ батырдың үстіне құлап түсті. Дəл осы сəтте Қияқ батыр да
ақырғы рет ышқынып, демін бір алды да, о дүниеге жүре берді.
Сөйтіп бір күні, бір мезетте туған екі батыр бір күнде, бір мезетте о дүниеге сапар шекті.
Сұлтан тұқымынан шыққан Тəуекел артына алты əйелі мен сегіз баласын қалдырды. Иран,
түрік, орыс əдебиеттерінде Тəуекел хан деген айбарлы атын қалдырды. Ал сол ханмен
бірге өмір сүрген, құлдан шыққан Қияқ батыр, елі-жері үшін үнемі жорықта жүріп, елуден
асқанша бұл дүниенің рахатын көре алмай кетті.
Осындай мыңдаған белгісіз батырлардың арқасында қазақ елі сан жанталаста жеңіп
шығып, ғасырлар бойы өзін аман сақтап келді...
Қазақ жерінен Тұяқ батыр мен Кіші жүзден шыққан Жолымбет батыр бас-
қарып келген қалың қол жетісімен, Бұхар əскері сəл кейін шегінді. Енді ұрыс бұрынғысынан
да қыза түсті. Есім сұлтан қаланың күнгей жағына, Құджек сұлтантеріскей тұсына шапты.
Құбыла жағындағы Қаңлы, Шанышқылы секілді рулардың əскерін Тұрсынмұхаммед əмір
басқарды. Бекіністің ең қауіпті жағы күншығысы еді. Бұл тұсты Жолымбет батыр қорғады.
Шабарман енді бұл батырдың да жараланған хабарын əкелді. Осы себептен қаланың
күншығысына Тұяқ батырға шабуға тура келді. Хан ордасы күншығыс жақтағы майданда
болатын. Кімде-кім осы майданды басқарса, сол жалпы əскердің қолбасшысы саналуға
тиісті еді.
Қазақтың іргелі руларынан шыққан батырлар мен Шыңғыс ұрпағынан тараған сұлтандар
Тəуекел ханның Қияқ пен Тұяқты мың басы еткеніне іштей наразы еді. Əрине, дəл қазір
бұлар Тұяқтың айтқанына бағына қоймаулары да мүмкін. Бұны түсінген Ақторғын, ерінің
сауытын кие бастады.
Атына қонғалы жатқан Тұяқ үйден бір жас батырдың жүгіре шығып, Тəуекелдің
Теңбілкөгіне асыға мінгеніне таң қалды.
Тұяқ батыр, мен де сізбен бірге барамын, — деді əлгі жас батыр.
«Бұл кім? Қайдан пайда болды бұл батырЖөн сұрасар уақыт емес, қатарласа шаба
жөнелді. Сонда ғана Тұяқ жанында келе жатқанТəуекел ханның кіші бəйбішесі Ақторғын
екенін білді. Тұяқ оған: «Қайт кейіндей алмады. Қазақтың батыр қыздарының жауға қарсы
шабуы жаңалық емес. Ақторғынның жанында болуы, хан атынан Тұяққа «қазір сен əскер
қолбасшысысың» дегенді ескерткендей еді.
Бұлар күншығыс қақпаға жеткенде, ең алдымен көргендері: қамалды қоршап не істерін
білмей үрпиісе қалған қазақтың қалың əскері мен осы қамалға ар жағынан тұтасқан қара
бұлттай, жұбын жазбай төніп келе жатқан жау лашкарлары болды. Тəуекел ханның қаза
тапқаны екі жаққа бірдей жеткен екен. Айбарлы қолбасшысынан айрылған қазақ əскері
211
қандай абыржыса, жау жағы сондай қатулана түскен. Күншығыс тұсты қазір басқара қоятын
батыры жоқ екенін сезген Жармұхаммед пен Бақимұхаммед сұлтандар əскерлерінің
көпшілігін де, білектісін де осы өңірге төккен.
Міне, олар қара бұлттай қаптап келе жатыр... Жаңадан күш қосылғанына қарамай қазақ
жауынгерлерінің құты қашқан. Əр жерден «Сап түзеңдер!», «Қашушы болмаңдар деп
айқайлаған мың басыларының жарлығын ешкім тыңдар емес, соғыс кезінде хан өлуі жаман
ырым! Мүмкін содан да болар, кешегі айбынды қазақ жігіттері, қазір қасқыр шапқалы тұрған
қойдай үрпиісе қалған.
Қорған мен жау арасы бір шақырымдай. Жау қазір лап қояды. Сонда бəрі де бітеді.
Қашқанға қатын да батыр, қазақ əскерін мынау келе жатқан алып күш көше-көшені қуалай
жүріп қырып салады. Қала ішіндегі ұрысқа үйренбеген қазақ жігіттері ең болмаса өз
бастарын да арашалай алмайды. Жаумен не болса да жазық далада кездесу керек.
Кенет қорған қақпасынан жауға қарай бір салт атты шаба жөнелді. Астында Тəуекелдің
Теңбілкөгі, үстінде Тəуекелдің сауыты, басында дулығасы... Абыржыған қол заматта тына
қалды. «Бұл кім? Бүгін ғана өздері қара жерге қойған Тəуекел тіріліп келгені ме? Япырмау,
ханмен қатарласа шауып бара жатқан Қияқ батырдың өзі ме? Оны да бүгін ханмен бірге
жерлеген жоқ па едік
Сөйткенше болған жоқ, бұлардың құлағына Ақторғын мен Тұяқ батырдың:
Аруақ! Аруақдеп айқай салған ұраны естілді.
Сол-ақ екен, жаңа ғана үрпиісіп тұрған қазақ жігіттері, аттарына қамшыны басып-басып
жіберіп, алға қарай қалай лап қойғандарын өздері де білмей қалды.
Ақжол! Ақжол!
Үйсін! Дулат! Шақабай!
Қарақожа! Қабанбай!
Бекет! Қаңлы! Бөрібай!
Қашан да болса бірінші боп атой салған жау қорқынышты. Қолбасшыларынан айрылған
əскерден мұндай қимылды күтпеген Бұхар лашкарлары дүрлігіп қалды. Кейбіреулері
аттарының басын кейін бұрып та алды. Тəуекел ханның өздеріне аян Теңбілкөгі мен алтын
жалатқан дулығасын көрген Бұхар əскері хан өлмеген екен деп ойлады. Өздеріне таяп келе
жатқан қаһарлы күшке қарсы тұра алмады. Тіріліп келген Тəуекел мен Қияқтың сұсы жеңді
ме, кейін қарай қаша жөнелген лашкарлар көрінді. Тек кейбір топтары ғана найзаларын
ыңғайлап қарсы шапты. Көптіктен гөрі ерлік жеңетін заман, қазақ əскерлері сол қаһарлы
беттерінен таймаған қалпында, алыстан кеп бар пəрменімен жағаны ұрған долы
толқындай, жұбын жазбай, Бұхар шебінің дəл ортасына кеп кірді. Қарқындары соншалық
екпінді болды, тынық суды қақ жарған сүйір тұмсық қайықтай, жау шебін қақ бөліп өте
шықты. Əне-міне дегенше көк найзалар қағысып, құрыш алдаспандар құлаштай сермеліп,
қоян-қолтық ұрыс басталып та кетті. Қабақ қаққанша талай жүйріктер шылбырларын
сүйретіп босап шыға берді, сан ерлер «əттеген-ай» деп қара жерді қаба құлады. Тұяқ өзінің
ежелгі серігі алты жігітімен қаптаған жаудан Ақторғынды қорғаумен болды.
Ұрыс қыза түсті. Жауларының аз екенін білген Бұхар лашкарлары қазақ жігіттерін
тықсыра бастады. Осы кезде «Есім! Есім батыр жеттідеген айқай шықты.
Сол сəтте бір бүйірден астындағы Ақтанкерін көсілдіре салған еңсегей бойлы Есім
көрінді. Соңынан шұбыра шапқан қалың қол. Бұл қаланың күнгей жағындағы Бұхар əскерін
жеңіп енді күншығыс тұсындағы майданға келе жат-
қан Есім жасақтары еді. Қазақ əскеріне жаңа күш қосылғанын көрген Бұхар қолы енді кейін
шегіне бастады.
əңгімесін айтып болып Бұқар жырау Бөгенбайға қараған:
Міне, көрдің бе? Қарамағындағы жұрттың тілін алмаған Тəуекел не тапты? Қаншама
халықтың қанын төгіп, ақырында өзі де жау қолынан дүние салды. Тарих əділеттілігі
осылай...
Иə, хан хандығына тартпай тұра ма? Қара халықтың қамын қайсысы ойлап жүр
дейсің? — деді Бөгенбай. — Мені қажытқан жоңғарлар емес, Əбілмəмбет пен Əбілқайырдың
алтыбақ алауыздығы.
Сен осы Əбілмəмбетпен əлі табыса алмай жүрсің бе?
Сірə, түсініспей-ақ өтетін шығармыз.
Жоңғар əскері Түркістанды алғаннан кейін, Орта жүздің ханы Əбілмəмбет ордасы Үш
жүздің түйіскен жеріТелікөлдің тұсына көшкен. Баянаулы жағынан келген Бөгенбай мен
212
Бұқар жырау Арқаның біраз жігітімен осы арада, хан ордасының жанында болатын. Бұл кез
жоңғарлармен үлкен ұрысқа бармай, уақ жорықтарда итжығыс түсіп, екі жақтың арасы бір
мезет қару күшінен көрі, тіл қуатына көшкен шақ. Түрлі-түрлі келісім сөздер, əділетті,
əділетсіз бітімдер жүріп жатқан. Дəл осы күндері Əбілмəмбет ордасына кенет бір суық хабар
жеткен. Қалден Цереннің қанқұмар інісі Лоло-Доржи, Қалден Цереннің келісімінсіз, өзінің бес
мың қолымен Сырдың төменгі етегіндегі Əбілқайыр хан-
ға қарайтын қарақалпақ пен Тама, Табын руларының біраз аулын аямай шауыпты.
Соғыстың алғашқы кезіндегідей, əлгі ауылдардың күлін көкке ұшырып, бар малын айдап
əкетіпті. Көп адамын қырып, іске татитын қыз, бозбала, сұлу əйел, қарулы жігіттерін
Хиуадағы күң мен құл сататын базарға əкетіп бара жатыр деген хабар жетті. Əбілмəмбет
шаптырған барлаушылар бəрін растап қайтқан. Жəне олар «Жоңғардың қолы екі бөлініпті.
Үш мыңы қыруар малды айдап, өздерінің ордасы тұрған Ілеге қарай қайтыпты. Ал Лоло-
Доржидың өзі екі мың сыпайымен сан жетпейтін тұтқынды матап Хиуаға беттепті.
Тұтқындардың ішінде Тама еліне серуенге келіп жатқан Əбілқайырдың туған қарындасы
Сақыпжамал бике де бар екен» деген хабар əкелді.
Орда маңындағы батырлар, жауынгерлер дүрліге қалған. Алдаспандарын қайрап,
найзаларын ұштап, Хиуа базарына айдалып бара жатқан қарақалпақ, қазақ бауырларын
құтқарып қалмақ боп, жорыққа дайындала бастаған. Сол дүрліккеннің бірі Арқадан бес жүз
сарбазбен келген Бөгенбай батыр еді. Бірақ Əбілқайырдың Үлкен Ордадан бөлініп кеткеніне
риза емес Əбілмəмбет Кіші жүз ханының қарындасы Сақыпжамалдың да күңдікке сатылуға
айдалып бара жат-
қанын естігенде, ішінен «шоқ-шоқ» айтып, қолын бір-ақ сермеді: «Шабылған жұрт
Əбілқайырдікі. Күшті болса адамдарын өзі алып қалсын» деген. Даурыққан жауынгерлер су
сепкендей тез басылды.
Əбілқайырдың бұл кезде сонау Жайық бойында жорықта жүргенінен хабардар Бөгенбай
ғана қызуын баса алмаған, «Əбілқайыр үлгіре алмайды, Хиуа жолына біз жақынбыз деп
Бөгенбай ханға келіп, жорыққа шығуын өтінген. Бірақ Əбілқайырға өкпелі хан көнбеген.
Ашуға мінген Бөгенбай өзінің бес жүз жігітіне атқа қонуға бұйырған.
Сонымен Бөгенбай қолындағы аз əскермен, бір төбенің бауырында, өзінен əлдеқайда
көп жауының жолын тосып жатты. Көп кешікпей-ақ алыстан талмаусырап бір қайғылы үн
естілді. Жауынгерлер тына қалды. Көп дауыс қосылып бір зарлы əн айтып келеді.
«Қара таудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
əн жоқтау тəрізді. Шерлі жүректен шыққан ащы запырандай. Бүкіл халықтың қайғысы
осы бір өкси айтылатын өлеңге сыйып кеткендей, адамның жүрегін тырнап əкетіп барады.
Бұл əнді көзінен жасы парлаған, елінен, жерінен айрыл-
ған көп əйел қосылып айтқанда жаныңды қоярға жер таппайсың. Жар тасалап жатқан
жігіттердің үстін ауыр зіл басып, жарық дүние қарауытып кеткендей болды. Жігіттер тістеніп,
қаруларының сабын қыса түсті.
Бұлар жатқан жер терең шатқалды, ұзыннан-ұзақ созылған тау арасы еді. Ирелеңдеген
көш жолы осы тау арасынан өтіп, алдындағы жазық алаңға шығады. Одан əрмен қарай
құмайт, тақыр дала басталады.
Көп кешікпей бір қойнаудан салт атты көрінді де, біртіндеп көбейе бастады. Енді сай ішін
қаптаған адам, күңіренген үн жауып кетті. Қан сасыған талай ұрысты басынан өткізген
Бөгенбай да көз алдындағы мына көріністен жаны түршігіп, бармағын тістей берді.
Топтың алдында күміс ер-тоқымды нардай қара айғыр мінген, басында қазандай қара
дулығасы, үстінде көк темір сауыты бар, қара мұртын құлағына апарып орап қойған, Лоло-
Доржидың өзі келе жатыр. Сырт бейнесінің өзі-ақ бұл ноянның қаншалық қанқұмар екенін
көрсеткендей. Оның соңынан жолдың екі ернеуін ала, кілең көк найзалы, шойын шоқпарлы,
ат үстіне оба тастай боп шөккен жоңғар басқыншылары. Ортада ұзыннан-ұзақ созылған
тұтқындар. Шаштары тұлымдалынып жұлынған қыздар, жалаң аяқ, жалаң бас əйелдер,
кейбіреуі жас нəресте бөпесін арқалап алған, ал қайсыбіреуі аяғын жаңа ғана апыл-тапыл
басқан баласын жетектеп əзер келеді. Бұлардың дəл ортасында ұзын қыл арқанмен
маталған кешегі жайсаң, жақсы жігіттер. Киімдері жыр-
тылған, денелері жарақаттанып ісінген, үстері қан-қан. Шыққан көз, жұлынған құлақ... Осы
сұмдық көрініске қосыла нан сұрап жылаған жас баланың ащы даусы, «қой-қойлап»
213
жалынған анасының күбір-сыбыры, жүре алмай қиналған ауру, жаралы жандардың ыңқыл-
сыңқылы, оларды боқтаған, балағаттаған, зірк-зірк еткен жоңғар нояндарының қаһарлы
айқайлары тұмандай тұтаса келіп, тау арасын бір сұмдық үрейлі үнге толтырып жіберді.
... Қарындастан айрылған жаман екен,
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді».
Жылау-сықтау арасынан аспанға əзер қалықтап көтерілген жаралы құстай, өкініш-
қайғыға толы күйікті əн талып жетеді.
Сорлы халқым-ай! — деп бір жас жауынгер еңкілдеп жылап жіберді.
Сабыр ет, жігітім! — деді Бөгенбай бұрылмастан тістене. — Қазір олар сыбағаларын
алады.
Бөгенбай бұл араны өзі таңдаған. Жоңғар əскері сонау алаңға шыға бере тиіспек.
Шұбырған топ өте бергенде, бір жастау əйел жол шетіне шығып, емшектегі баласын
құндақтай бастады. Бұны көрген еңгезердей қара ноян жарға қонғалы келе жатқан қара
құстай əйелге таяй берді. Кенет көк найзасын жарқ еткізіп жерде жатқан нəрестені
найзасының ұшыменен іліп алып, жолдың шетіне қарай лақтырды. Əйелдің жан даусы
шығып шар ете қалды. Нəресте лақтырған тымақтай, аспанға далбаңдай көтеріліп, қалың
бұтаның арасына барып түсті.
Ноян өзінің ісіне мəз болып, қарқылдап күлді. Оның баланы соншалық алыс-
қа лақтырғанына қошамет көрсете, өзге нояндар да күле бастады. Тау арасы бейне бір бос
күбідей күңгірлеген, сасық күзендей шақылдаған, сұмпайы күлкілерге толып кетті.
Баласынан айрылғанын жаңа түсінген əйел, жан ұшырып жаралы барыстай, əлгі ноянға
тап берді. Бұны көрген тұтқындар да шыдай алмай, жоңғарларға қарсы ұмтылды. Бірақ
байлаулы, матаулы топ не істей алады, қарулы жоңғарлар енді оларды қамшының астына
алады. Жарқылдай түскен жоңғардың қисық қылышы, бар күшімен сермелген шойын
шоқпарлар. Талай жас нəрестелер найза ұшына ілініп, көкке ұшты, қос қолдап ұрған
шоқпардың салмағынан талай қыршын жастың мойны үзіліп жерге түсті. Тау арасы іп-ілезде
қан-жоса болды.
Сабалып жатқан топ ішінен бір сəт қолаң шашы жерге төгілген, үстіндегі мақпал қара
пешпентінің өңірі дал-дал болған бір жас қыз жүгіріп Лоло-Доржидың алдына барды. «Мына
қырғынды тоқтат» деген болуы керек, ноянға бірдеме айтып жатыр. Ноян жауап қайырар
емес, кенет үзеңгісіне жабысқан қызға қарады да, сəл еңкейіп, қыздың шашын ұстап,
тақымының астына басты. Содан кейін қыздың бажылдап, бақырғанына бүлк етпей, қанды
қырғынға қарап, мелшиіп қатты да қалды.
Дəл осы сəтте:
Ағатай-ау, бұдан да өлгеніміз жақсы еді ғой! — деді Бөгенбайдың қасында ашуға
булыққан əлгі жас дауыс.
Бөгенбай жалт бұрылды. Қарсы алдында үріп ауызға салғандай бір жас жігіт тұр. Оның
көзінде тұнған мөлдір жасты көрді де:
Аттарыңа мініңдер! — деді.
Бұл жас жігіт Науан ұстаның жалғыз баласы, соңынан ерлігімен бүкіл қазақ еліне аян
болған Керей еді. Ол серіктеріне жүгіре жөнелді.
Аздан кейін:
Аттан! — деген Бөгенбайдың күшті даусы шықты.
Тау арасы ұранға толып кетті.
Ақжол! Ақжол!
Бөгенбай! Бөгенбай!
Кертөбелімен ойқастап шыққан Бөгенбай, ат қарқынын тоқтатпастан келіп, қара
шоқпарымен қос қолдай соғып, ə дегенде Лоло-Доржиды ұрды. Ол дүниенің не болып
кеткенін білмей ат жалын құшақтап шаба жөнелді. Жоңғарлар есін жиғанша қазақ жігіттері
біразын жайратып салды.
Жоңғардың қатыгездігінен жандары түршігіп, əбден ызаланған жігіттердің əрбіреуі он
кісінің қимылын істеді. Қолбасшылары жараланған, əрі күтпеген жерден тиген соққыдан
абыржып қалған жоңғарлар қаша жөнелді. Бірақ тау арасындағы тар шатқалдан жол тауып
құтыла алмай, көбі сойылға жығылды. Тек екі жүзге жетер-жетпесі ғана қашып құтылды.
214
Үшінші «қалмақ қырылған» ұрысы осылай аяқталып еді. Бағанағы Лоло-Доржиға барып,
өтініш айтқан қыз Əбілқайырдың қарындасы Сақыпжамал бикенің өзі екені.
Ұрыс біткеннен кейін, Бөгенбай жігіттерімен Кіші жүз еліне қонаққа бар-
ған, Бөгенбайдың батырлығына риза болған Əбілқайыр жəне бұл секілді батырды өз
жағында ұстауды жөн көріп, Сақыпжамалды Бөгенбайға қосты.
Бөгенбай сол бетімен осы жақта қалып қойған. Содан бері ол Ұлы жүз бен Кіші жүздің
түйіскен жерінен қоныс алып, осы арада бес жылдай отырды. Əбілмəмбетке өкпелі
Бөгенбай əлі де осы жақта қала берер ме еді қайтер еді, жақында Абылай сұлтаннан кісі
келген. «Қазақ елінің алдында əлі талай асу бар, батыр елге қайтса жөн болар еді» депті
Абылай. Оған Бұқар жырау да өтінішін қоса жолдапты. Бұл арада да Бөгенбай абыройсыз
болған жоқ. Сан ұрысқа қатынасты. Халқының алғысын алды. Əйтсе де, кіндік кесіп, кір
жуған жерін өзі де сағынып жүр еді. Əрі ойлап, бері ойлап, ақыры елге қайтуға келісім берді.
Осылай, əне-міне көшемін деп жүргенінде, кеше Əбілқайыр ханнан да шабарман жетіп,
«Ордаға келсін! деген хабар əкелді.
Бөгенбайдың бүгінгі толқуы осыдан еді. «Хан неге шақырды екен? Менің көшкелі
жатқанымды біреу жеткізген ғой шамасы. Енді ашық айтуға тура келеді...»
Ол не де болса хан ордасына барып қайтпақ болды.
ІІ
Орта жүз ханы Сəмеке Сарыарқаның түкпірі Нұра өзенінің арғы бетіне қарай ығысқанда,
Күші жүздің ханы Əбілқайыр ордасын Ырғыз өзенінің жағасына əкеп тіккен.
Бұл кезде қазақ елі жоңғарлармен тайталас түсіп, кейде жеңіп те жүрген. Осындай
жеңістің бірі Əбілқайыр хан мен Тайман батырдың басқаруымен Сарысуға құятын Бұланты
өзенінің жағасында, ал екіншісі тағы осы Əбілқайыр мен Бөгенбай батырдың басқаруымен
Қошқарата мен Боралды өзендерінің жоғарғы сағасында болған. Сол айқастардан кейін
Əбілқайыр хан тікелей жоңғар əскерімен соғысуды қойған. Оның көңілі енді басқа бір
күрестерге ауған.
Ал бірақ Əбілқайыр көшіп кеткенмен, қазақ елі Жоңғар шапқыншыларына қарсы шығуын
тоқтатпады. Күрес күннен-күнге үдей түсті. Əсіресе Іле мен Қаратал өзендерінің бойында
Қабанбай мен Баян батырлар бастаған халық жасақтары жоңғарларды сан рет жеңді, əйтсе
де бұның бəрі, негізі мықты құрыл-
ған жоңғар əскерін күйрететіндей күшке айнала алмады. Тек басқыншыларды тойтаруға
болатынын көрсететін, халықтың рухын көтерер айқастар өресінен аспады.
Жоңғарды жеңген күнде, ар жағында одан да күшті, өзіне көз тіккен Қытай
боғдыхандары бар екенін еске алмаған жұрт осылай, өз тағдыры үшін жан аямай күресе
берді.
Сөйтсе де, ел басына туған күннің тым қатерлі, қазақ жеріне қызыққан көршілерінің
қауіпті екенін ойлағандар да табылды. Соның бірі Кіші жүздің ханы Əбілқайыр болды. Ол
енді батыс жаққа үміттене қарады. Бірақ ханның Ырғызға көшіп келісімен қазақ пен
қарақалпақ елінің атынан «қарамағыңызға алыңыз» деп жазған хаты Петербургке жеткенде,
орыс əкімдері таң қалмады. Жоңғармен күресіп жатқан қазақ елінің түбі өзіне осылай келіп
пана сұрайтынын олар бұрыннан да білетін. Сол себептен аптықпай, қазақ елінің шын
жағдайын түсіну үшін, Россия патшалығы арнаулы елші жіберуді ұйғарды. Россия əкімдері
шығыс көршілеріне өз қарамағындағы мəдениеті, дəстүрі, тілі жақын кісілерден елші
жіберуді əдет етіп келген. Бұ жолы да со дағдысына салып, татар молдасы Мақсұт Юнус
оғлын аттандырды.
Кіші жүздің ханы бұл молдамен бір мың жеті жүз жиырма алтыншы жылы қарақалпақ
жерінде кездесті. Осы кездесуден кейін Əбілқайыр: «Еділ қалмақтары тəрізді бізді де
қарамағыңызға алыңыз» деп ақ патшаға хат жазып, Қойбағар Көбек ұлын бас етіп тағы
елшілер аттандырды. Бұл елшілерге: «Қайтсеңдер де патша ағзамнан башқұрт жері мен
Жайық өзенінің ортасында көшіп жүруге жəне Россия қалаларына барып сауда-саттық
істеуге рұқсат алуға тырысыңдар», — деп тапсырған. Бірақ шығыс жағында əлі əбден
бекініп болмаған Россия патшалығы, қазақ елін қарамағына алса, Жоңғар қонтайшысымен
бұрынғы қарым-қатынасын бұзуы мүмкін екенін еске ұстап, тоқ етер жауабын түрлі
сылтаумен соза берді. Россия патшалығының қолтығына кірген Еділ қалмақтары мен
башқұрт елінің «мұртын балта кеспей отырғанын» көрген Əбілқайыр Россия патшалығына
215
«қарамақтарыңа ал» деп, əлсін-əлсін хат жазып, елшілер жіберуді қоймады. Ақырында
қазақ елінің өзіне бағынышты бо-
луынан тек пайда түсетінін ұққан, Бірінші Петр патшадан кейін таққа отырған Анна
Иоанновна Əбілқайыр ханның бір мың жеті жүз отызыншы жылы нау-
рыздың сегізі күні «қорғандық» істеуін өтінген қағазына жауап ретінде, қыр-
ғыз-қайсақ жұртын қарамағына алғандығын білдіріп, бір мың жеті жүз отыз бірінші жылы
февральдың он тоғызыншы күні указ шығарды. Бұл указды бір мың жеті жүз отыз бірінші
жылы октябрьдің бесі күні Ырғыздағы Əбілқайыр Ордасына Сыртқы Істер коллегиясының
тіл машығыаударушысы Мұрза Тевкелев əкеп тапсырды. Россия патшасы Кіші жүзді өз
қол астына алғанын естіп, Ұлы жүздің атынан Қодар би, Төле би, Сатай батыр, Бұлақ батыр
қол қойған, «бізді де қол астыңызға алыңыз» деп Анна Иоанновнаға жазылған өтінішті
Петербургқа Қангелді батыр алып келген. Сөйтіп, қазақ елі мен Россия жұртшылығының
арасындағы жаңа дəуір басталды.
əйтсе де Əбілқайырға берілген указдан кейін де қазақ елінің Россия патшалығымен
қарым-қатынасы бірден жөнделіп кете алмады. Башқұрт пен Еділ қалмақтарының шабуылы
да тыйылмады. Ханның Россияға арқа сүйемек болғанына риза емес қазақтың өзге
сұлтандары, əсіресе, Əбілқайырдың бақ күндес қастары оның саясатына кедергі жасап,
кіжіне түсті. Осындай қамшысын білегеннің бірі Барақ сұлтан еді.
Жоғарғыдай жағдай туған кезде, патшаның өзі «миллион сомға дейін шығын шығарсаң
да, қазақ жерін Россияға заңды түрде бағындырудың жолын тап» деп бұйрық берген
Тевкелев қайтадан Əбілқайыр ордасына аттанды. Бұл хабарды «ұзынқұлақ» Кіші жүз
ханының Ордасына тез-ақ жеткізді. Сол күні-ақ Əбілқайыр Тевкелевпен кездесу қамына
кірісті. Ең алдымен үзеңгілес батырлары мен өзіне қарсы жақтың ойларын білгісі кеп,
Бараққа, Бөгенбайға, Тайман-
ға, бір тайпаның ақсақалыбиі Бөгенбайға ат шаптырды. Бөгенбайдан өзгесі хабар
алғаннан кейін, көп кешікпей хан ордасына жетті. Бөгенбай мен Тайман жайшылықтағы өз
серіктерімен келсе, Барақ сұлтан əжептəуір қарулы қолмен хан ордасына кеп түсті. Жəне
неге екені белгісіз, өзінің ежелгі қасы, қан майданда сан атысқан Қалден Цереннің елшісі
Церен-Доржиды ерте келіпті.
Бұл бір мың жеті жүз отыз төртінші жылы еді. Əбілқайыр Ордасы бүгінгі қонысы Ырғыз
өзенінің жағасында. Қазір хан ордасында бірнеше адам отыр: Қанжығалы Бөгенбай, оның
қарсы алдында Шекті руының аты-шулы батыры Тайман. Бұлардан жоғарырақ,
Əбілқайырдың оң жағында Найманның сұлтаны Барақ... Жұрт оны қайсарлығы, ержүректігі
үшін Көкжал Барақ атаған. Ханның сол жақ бүйірінде, Бөгенбайдан жоғарырақ, Жоңғар ханы
Қалден Цереннің елшісі, қара түндей түнерген Церен-Доржи...
Бөгенбайдың көзі əлдеқалай Тайманға түсіп кетіп еді, өткен бір жайлар есіне келді.
Онда бұл екеуі де қылшылдаған жас жігіт еді.
Сол жылдары Қанжығалы руы Қараөткел мен Керекудің түйіскен тұсындағы
Ерейментау, Қоржынкөл, Ақкөл, Қоянды-Қойтас, Шақша деген жерлерді жайлайтын-ды. Ал
Шекті руы Ақ Жайыққа құятын Жем өзенінің бойында көшіп жүретін. Жазы аңызақ, ыстық
келіп, қысы қатты болар жылы екі ел бірдей Сырдың қамысты жағасына қарай жылысатын.
Осындай Қанжығалы, Шекті рулары дария жағасында бастары қосылған жылы ұлан-асыр
бір үлкен той болған. Қоңырат руынан шыққан атақты бай саудагер Қисан жалғыз ұлын
сүндетке отырғызған. Осы тойда Арқадан келген Бөгенбай мен Шектінің жас жолбарысы
Тайман қатты керісіп қалған. Содан бері екі ақиықтың бетпе-бет ұшырасып отырғаны осы.
Ел басына күн туғанда жеке бастың кикілжіңі естерінен шығып кеткен-ді.
Күннің аңызақ ыстығына қарамай, тіркестіре тігілген хан ордасыақ боз үйдің есіктері
түгел жабық. Жайшылықта жел соқсын деп түріп қоятын іргелері де түсіріліп қойылған. Он
екі қанат ақ боз үйде осы бесеуінен басқа есік алдында жалаңаш қылыштарын кеуделеріне
таяй ұстаған, еңгезердей қос күзетші мен сырлы тегенедегі сары қымызды сапырып
отырған, ханның он сегіз жасар кенже ұлы Ералыдан басқа ешкім жоқ. Хан, сірə, кенжесі
мен есік алдындағы күзетшілеріне сенетін болар, қонақтарымен сыр жасырмай еркін
сөйлесіп отыр.
Иə, Əбілқайыр хан! — деп еңгезердей қара сұр Барақ сұлтан, ұшы құлағына дейін
жетіп тұрған, білеудей қара мұртын саусағымен сылап қойды. — Алысқа ат шаптырып, бізді
неге шақырып отырғаныңды ішім сезеді. Қатын патша біздің елге Теуіпкелді қайта жіберсе,
бұдан үш жыл бұрынғы «қарамағыңа кірдім» деген сенің сөзің жеткіліксіз болғаны ғой... —
216
Ол Əбілқайырға мысқылдай қарады. Қазақ жеріндеТевкелевті «Теуіпкел» деп атап
кеткендіктен, оның кім туралы сөйлеп отырғанын бəрі де түсінді.
Болжауың дөп тəрізді... Мырзаны қайта жіберуіне қарағанда бір менің уəдем əйел
патша ағзамға жеткіліксіз болғаны хақ... Бірақ, — Əбілқайыр сол жағында отырған Церен-
Доржиға көзінің қиығын аударды да тына қалды.
Иə, айта бер, не «бірағы» бар?
Əбілқайырдың жүзі қуқыл тартып үндемеді.
Айтамын деген сөзіңе, істеймін деген ісіңе іркілмейтін Əбілқайыр хан, неге үндемей
қалдың? əлде арамыздағы жат адамнан қысылып отырсың ба? Айта бер, Церен-Доржи
Қалден Цереннің елшісі болғанмен, менің жақыным...
Əбілқайыр езу тартты.
Қалден Цереннің елшісі жақының болуына қарағанда, Жоңғар қонтайшысының өзі де
досың боп шықпасына кім кепіл...
Кекетпе, Əбілқайыр! Церен-Доржи жай ғана жақыным, емес, сенімді серігім...
Хан оның сөзін мақұлдағандай басын изеді.
Иə, қонтайшы Ордасында да алауыздық бар екенін ол білетін. Бірін-бірі аямауда бұлар
арғы бабасы Шыңғысханның шын мұрагерлері еді.
Жоңғар тағының болашақ қонтайшысы, өзінің əкесінің туған інісі Шұно-Дабоны Қалден
Цереннің қалай жойғаны жұрт арасына мықтап тарай бастаған. Жел болмаса шөптің басы
қимылдамайтыны белгілі. Əсіресе, осы үйде отырған Бөгенбай батырға Шұно-Дабоның
өлімі Қалден Цереннен болғаны айдан анық еді.
Дүниеде құпия қалар ештеңе жоқ. Бəрі де естіледі. Əсіресе жау ордасында болып
жатқан оқиға, дұшпанына тез жетеді. Оған себеп: хан тағының бір құлағы бар. Ол
алтыны.
Жоңғар ордасының мықтылары екіге бөлінгенін Əбілқайыр бұрын да естіген. Алдын
болжай білетін тəжірибелі Сыбан Раптан мен оның баласы Қалден Церен бар əскерін жеті
сала етіп, ең алдымен қазақ жерін жаулап алу керек екенін жөн көрсе, ал жоңғар
нояндарының бір тобы əскердің бетін Ертістің төменгі саласына бұрып, Сібірді алуды
мақұлдаған. Бұл топосы Жоңғар хандығының негізін салған Чорас руынан шыққан Даян
ханның ұрпақтарыжас нояндар еді. Соның ішінде бағанадан бері бір ауыз сөз айтпай
түнеріп отырған Сыбан Раптанның ортаншы ұлы Церен-Доржи да бар. Бұлардың жатса-
тұрса көретіні сонау Сібірде қалған ата-бабаларының молалары. Солардың аруақтары
«сенің ата мекенің осы арабіз жатқан жер» деп шақырып жатқандай көрінетін оларға.
Сібірді жаулап алудың керектігін жас нояндардың құлағына кімдердің құятынын
Əбілқайыр Қалден Цереннен кем білмейді. Бұл кезде орыс əскерінің алдыңғы шебі
Манчжурияның шекарасына жеткен-ді. Ол аз болғандай, сонау Тынық мұхитта да орыс
кемелері жүзе бастаған. Міне, сондықтан да Қытай əміршілері жоңғар жолбарысының
тұмсығын Сібір жағына қарай бұрғысы келген. Осы жолбарыс өзінің болаттай өткір
тістерімен Тынық мұхитқа созылған қатын патша қолының күре тамырын орып түсуін арман
ететін.
«Қытайжер кіндігі болғанда, жер шарының шеттері де Қытайға жатуға тиісті!» —
боғдыхандар. Олар Сібір өңірін де қосып алып, қала салмақ болды. «əзірге бұл араны
жоңғар жолбарысы мекендей тұрсын, ал уақыты жеткен шақта оны əрі қарай, күнбатыс
жаққа қуып жіберіп, бар тайганы өзіміз жайлаймыз», — деп ойлаған.
Ал Қалден Церен, көмейі қанша кең болғанмен, орыс жерінің тамағынан өтпейтінін
түсінетін. Сібірді жұтамын деп қақалып жатқаннан гөрі, басы бірікпей жүрген қазақ елінің кең
байтақ даласын біртіндеп қарамағына алып, Ұлы Жоңғар мемлекетін құруды тиімді санаған.
Ондай мемлекет құру үшін қазақ елінің тең жартысын қырып тастап, қалған жартысын басқа
елдерді жаулап алуға пайдаланбақ болған. «Бүкіл əлемді сілкіндірген» жирен сақалды ұлы
бабасы да дəл осылай істеген...
Бірақ Қалден Цереннің бұл ойына Чорас руынан шыққан жас нояндар көнгісі келмеді.
Олар енді өздеріне серік іздей бастады. Бұндай бірен-саран серіктер қазақ сұлтандарының
арасынан табыла кетті. Соның бірі Барақ еді. Ол жақында өзінің кіші қызын осы Церен-
Доржиға берген. Бұны да Əбілқайыр білетін. Жəне ол бүлікшіл Церен-Доржиды қазақ жеріне
айдауға аттандырғандай, Қалден Цереннің əдейі жібергендігінен де хабардар еді. Қазақ
даласында ұзақ уақыт жүргендігін пайдаланып Церен-Доржи Орта жүздің кей сұлтандарын
өзімен одақтас етіп те үлгірген. Ал жоңғар нояндарына еріп, қазақ сұлтандарының Сібір
217
қалаларын шабуға шығуы қазақ еліне ажалмен тең түсетін апат екенін ұққан Əбілқайыр енді
екеуінен де сырын жасырмауға бел буды. Өйткені Барақ пен Церен-Доржидың одағы
қазақ елінің Россия қол астына кіруіне қарсы ұйымдастырылған қауіпті одақ еді.
Жақсы, — деді, қияқ мұртының ұшын бір ширатып қойып Əбілқайыр, — қазақта мақал
бар ғой «Сырыңды айтпа досыңа, досыңның да өз досы бар» деген. Бəрібір мен айтқан
сырды Барақ сұлтан өзінің досы Церен-Доржи мырзаға айтпай қоймас, ашық сөйлесейік.
Барақ сұлтан езу тартты. Кенет ол «қашаннан бері мені өзіңе дос санайтын бола
қалдыңдеп Əбілқайырдан сұрамақ болды да, сабыр сақтап, өзін-өзі баса қойды.
Жарайды, — деді сосын түксиген қабағын сəл жадыратып. — Теуіпкелдің келе
жатқанын естідік. Ол неге келе жатыр екен? Қайсымызды теуіп кетпек? Мені ме, Абылай
сұлтанды ма, Əбілмəмбет ханды ма, қай қасыңды? əлде Ор қаласын салғалы келе жатыр
ма?..
Мүмкін...
Қайдам, сен салдырмақ Ор қаласы, бəрімізге бірдей қазылған орға айналмаса
нетсін...
Əбілқайыр ханның Россия патшалығының қол астына кірумен қатар, патша үкіметі
алдына қойған екі негізгі мəселесі болатын. БіріКіші жүз еліне Еділ мен Жайық
өзендерінің аралығынан жайылым беру. Екіншісі Ор өзенінің Жайыққа құятын сағасынан Ор
қаласын салу, Əбілқайырдың ондағы ойықол астындағы орыс бекінісі арқылы өзінің
билігін күшейту, бекіністегі əскерді бақ күндес сұлтандарға қарсы пайдаланып, үстемдігін
арттыра түсу; бүкіл қазақ елін өз дегеніне көндіру. Бірақ бұл екі тілегінің екеуі де əзір
орындалмай тұр. Бар мəселе əзірге екі жақтан бірдей қағаз жазылумен ғана аяқтала берген.
Тек бір мың жеті жүз отыз төртінші жылы қазақ жерінің батыс жағын басқаратын Орынбор
экспедициясы құрылғаннан бері Ор өзенінің төменгі сағасына қала салудың мəселесі қайта
қозғалған. Барақ сұлтанның «əлде Ор қаласын салуға келе жатқан шығардеуі осыдан еді.
Хан жауабына шамданып қалған сұлтан кекесін сұрағын жалғай түсті.
əрине, Теуіпкелді ана жылғыдай құрметтеп, сырнай-кернейлетіп қарсы алатын
шығарсың?
əлбетте. Россия секілді дос елдің елшісі түгіл, қас еліміздің де елшісін қошаметтеп,
төрімізге шығарып отырмыз ғой... — Хан Церен-Доржиға қарап қойды.
Бірақ саған келе жатқан қонақ ата-бабасының дінін ұмытқан шоқынды ғой?
Сенің де қонағың жетісіп тұрған жоқ-ау, — деді Əбілқайыр Церен-Доржидың шүршіт
дінінің адамы екенін ескертіп, — кейін жиеніңді сүндетке отырғызарыңда, бізді де тойға
шақыратын шығарсың, Барақ сұлтан?
Барақ сұп-сұр боп кетті. Енді ол іштегі ашуын сыртқа шығарды.
Қатын патшаның Теуіпкел арқылы саған жіберген сыйлығы да, Теуіпкелге сенің
көрсеткен салтанат құрметің де таңғажайып болып еді ғой. Бірақ одан не шықты? Қазақ
жерінде түнерген баяғы қара бұлтсол қара бұлт... Төрт жағыңнан соққан ызғарлы
сұрапылсол сұрапыл... Россия қарамағына алды деп, Еділ бойын жайлаған қалмақ
мықтылары малыңа жайылым беріп отыр ма? Бұрынғыдан да өшігіп алды. Оларға тыйым
салған қатын патша жоқ. Ал Ор бекінісі саған тек бізбен күресу үшін ғана керек.
əрине, сол үшін керек!
Барақ не дерін білмей тоқтап қалды.
Сұлтанның айтып отырғаны шындық еді. Қазақ елінің Россия патшалығының
қарамағында болуына күрделі еңбек істеп жүрген Тевкелев осыдан бір жыл бұрын ғана
Сыртқы істер коллегиясына жолдаған хатында: «Қырғыз-қайсақ жұрты тəрізді қалмақ пен
башқұрт халықтарының да сана-сезімі төмен. Бəрі де тағы жəне терең ойламайтын елдер...
Егерде əлдеқалай біреуі Россия патшалығына қарсы бас көтерер болса, қалған екеуін оған
қарсы пайдалану керек. Мұндай жағдайда біз айыпты емеспіз, біздің ұят-арымыз қашан да
болса таза қалады» деген.
Россия патшалығы бұл елдерге қарсы өзінің отарлау саясатының бар əдісін пайдалана
білді. Соның ішінде атам заманнан келе жатқан көне əдісі «бір ұлтты бір ұлтқа айдап салып,
бөліп алып билеуді де» молынан қолданған. Демек, отаршылық саясатының осындай бір
қатал əдістеріне қарамай, бұл ұлттардың болашағы тек Россияға қосылуда ғана қалған еді.
Өзге жолдың бəрі, əсіресе Жоңғар хандығымен одақтасу тəрізді далбаса жолдар, қазақ елін
мүлдем күйреу-
ге апаратын...
218
Өз билігің өз қолыңнан кеткен соң, бізді орыс басқара ма, жоңғар бас-
қара ма, бəрібір емес пе? — деді Барақ сұлтан қайтадан сұрланып.
Қонтайшы басып алған жерінің адамдарын тегіс қырып-жойып, тек өлі жандарды ғана
басқарғысы келеді.
Орыстар ше?
Бүгінге дейін орыс саудагерлері біздің жерімізге тек керуендерімен ғана келіп жатыр.
Соңынан солдаттары келгенде не болмақ?..
Оны уақытында көрерміз. — Əбілқайыр тағы Церен-Доржиға қарады. — «Қорқау
қасқырдан гөрі арыстанға жем болған жақсы» деген мəтел бар.
Ендеше, ол арыстаның бізді неге қорғамайды?
Істеп отырған қастығымыз аз ба?
Қандай қастығымызды айтасың?
Қазақ жерінен Ташкент, Хиуа, Бұхарға қарай аттанған орыстың бір керуенін тонамай,
сау өткіздік пе? Сөйтіп отырып, орыс патшасына қалай қорған бол дей аламыз?..
Əбілқайыр ханның бұл айтып отырғаны да шындық еді. Бір мың жеті жүз отыз екінші
жылы, полковник Гарбер басқарған жүзге таяу жауынгер қорғаушысы бар, орыстың Хиуа
мен Бұхарға бара жатқан сауда керуені Астрахань атырабында тоналған-ды. Орыс
саудагерлерінен тек Гарбердің өзі мен бірнеше солдаты ғана аман-есен құтылған. Өткен
жылы, майор Миллер басқарған, Орынбордан Ташкентке бара жатқан дəл осындай орыс
керуені тағы тоналды. Мұндай жағдайлар Ертіс, Есіл бойларында да жиі кездесе бастаған.
Əбілқайыр осыларды Барақтың бетіне əдейі салық етіп отыр.
Орыс керуендерін өткізсең, елімізге бейбітшілік пен қуаныш орнайды дейсің ғой,
Əбілқайыр хан. — Барақ сөзі енді тұтыға шықты. — Бұның бекер. Айтайын дегенім көп еді,
бірақ орда сенікі...
Айт! Айт! — деді Əбілқайыр мысқылдай. — Айтарыңды айтып жүрсің ғой, бөтен жер
ме, менің ордам ба, саған бəрібір емес пе?
Онда тыңда! — деді күреңденіп кеткен Барақ. — Əбілқайыр хан, сен елімізге
тыныштық емес, бүліншілік əкелгелі отырсың!
Мен бүліншілік əкелмей тұрып-ақ, қазақ жері Жоңғар қонтайшысы қырған жұрттың
сүйегіне толған жоқ па?
Барақтың кенет ерні кезеріп, көзі ұшқын ата қалды.
Əбілқайыр хан, сен өзіңнің қамың емес, халқыңның қамын ойлайды екенсің ғой! —
Барақ Əбілқайырдың тамағынан ала түскісі келгендей шарт жүгініп отыра қалды. Церен-
Доржи да тайпы табан етігінің қонышындағы пышағына қолын созды. — Кəне айт, айтшы
шыныңды?!
Барақ сұлтанның оқыс қимылынан Əбілқайыр ханның беті бүлк еткен де жоқ. Сол
сазарған қалпында селт етпей отыра берді. Тек есік алдында тас мүсін секілді қозғалмай
тұрған қос күзетшіге көзінің қиығын аударып еді, екеуі бірдей қолдарындағы садақтарын
Барақ пен Церен-Доржиға кезеніп тұра
қалды.
Жоқ, Əбілқайыр хан, — деді Барақ сұлтан, ашудан күреңденіп кеткен бетінің ызғары
тарамай, — сен Ор бекінісін орыс патшасына бəрімізді матап беріп, тек өз басыңды
жоғарылату үшін салып отырсың!
Менің орнымда өзі¦ болсаң қайтер едің, Барақ сұлтан?
Жылан мен мысық арбасуындай, Ақ Орда ішін бір суық ызғар биледі. Ашулы Барақ тағы
сөйлемек болып келе жатыр еді, бағанадан бері жұмған аузын ашпай отырған Бөгенбай
батыр жартас үстіне қонған бүркіттей қомданып, саңқ ете қалды.
əй, Əбілқайыр хан! əй, Барақ сұлтан! — деді сол қолын жоғары көтеріп, — хан мен
сұлтан өзара қырқысып жатырсыңдар. Сонда қара халық бізді неге шақырдыңдар?
Соларыңды айтыңдаршы!
Иə, соны естілік, — деді Тайман батыр да сұрланып.
Иə, иə, сөйле! Сөйле! — деді Əбілқайыр өз айыбын мойнына алғандай, Бөгенбайдың
халық арасында қандай қадыры бар екені есіне енді түскен болуы керек, ол батыр сөзін бар
ықыласымен тыңдамақ сыңай көрсетті.
Бөгенбай ат арқасына ерте қонған батыр еді. Осыдан он бес жыл бұрын өзі Үргеніш
жақта жорықта жүргенде, жоңғардың бір аламан жасағы аулын шауып, қатын-баласын
найзалап өлтіріп кеткен. Содан бері Бөгенбай ер үстінен түскен емес. Елінің жат
219
жауларыменен сан айқасты. Жəне үнемі жеңіп жүрді. Бұл күнде атағы алты алашқа аян
болып, даңқының көтерілгені соншалық, тіпті бұл істемеген ерлікті де қазақ бұған таңды.
Бөгенбай аңызға айналды. Халқының осыншама құрметі мен өзінің жеке басының
батырлығы арқасында, ол жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ елінің жауына қарсы жалау
етіп көтерген көсемдерінің бірі болды. Қандай хан болсын, сұлтан болсын, Бөгенбаймен
ақылдаспай майданға шықпайтын күйге жеткен.
Иə, сөйле, Бөгенбай батыр! — деді Барақ сұлтан да.
Сөйле десеңдер, сөйлелік, — деді Бөгенбай ішке тұнған ызасы мен уайымын əзер
басып, — біз хан емеспіз халықты билейтін. Ал халықтың қаны төгілетін жерде жалғыз ғана
хандар сөйлеп қоймаса керек-ті. Маған салсаңдар, орыс бекіністерінің маңында жұртқа
қауіпсіздеу екені рас. Сол себептен де Жоңғар сойылынан пана іздеген көп ауыл, орыс
шекарасына таяу көшіп барды емес пе? əрине, ол арада қара халықтың басына бəлендей
жақсылық орнап жатқан жоқ. Сөйтсе де халық деген Сейхұн дариядағы балық тəрізді қаупі
аздау тереңдікті іздейді. Орыс шекарасына да сол үшін таяу қонып жатыр. — Ол енді
Бараққа қарады. — Ел мына сенің жақындарыңнан алыстау жерде түтінін түтетіп, малын
бағып, асын тыныш ішкісі келеді.
Дəл осы сəтте Ақ Орданың есігі ашылып, үйге бүкіл Кіші жүзге аты шыққан əйгілі сұлу,
Əбілқайырдың кіші тоқалы Нұрбике кербез кірді. Сұңғақ бойлы, тобылғы күрең, мөлдіреген
қарақат көздерінде адамның жүрегін шөлдетер ашымық бір ұшқын бар. Басына киген алтын
зерлі сəукелесі, үстіндегі белі қыналған алтын оқалы мауыты қамзолы көлеңкеде жанған
шоқ тəрізді. Ырғала басқан əр адымында, жұмырланып, тола бастаған сымбатты дене
бітімінде бір ерекше сиқыр ұялағандай, үйдегі еркектердің көзін бірден өзіне аударып əкетті.
Ашулы сөздер ызғарымен күңгірт тартқан ақ боз үйдің іші кенет күн сəулесі түскендей
жадырап сала берді.
Мырзалар, қонақ үйге жүріп дəм татыңыздар, — деді ол, құралай көзінен сəуле төге,
қоңыр даусын сəндене созып.
Нұрбикенің көген көздеріндегі қызығы мол бір құпия сыр жарқ етіп Барақтың бетіне
төгіле түсті де кенет біреу үрлеп жіберген шамдай сөне қалды. Енді ол көзін төменірек
отырған қос батырға аударған. Бөгенбай мен Тайман батырдың жүздері де тобылғының
қып-қызыл шоғына тосылғандай əлденеге балбырап, қызарып кетті. Нұрбике сұлу түнде
көрген тəтті түсі есіне түскендей ақырын жымың етті. Енді ол жаудыраған қарақат
көздерінен махаббат күн шуағындай əсем бір жылылық төгіп, сұлу тоқалдың кіргеніне мəн
бермей отырған Бараққа қайта бұрылды.
Сұлтан қайным, дəм татыңыздар деп тұрмын ғой, — деді еркелене үн қатып.
Бұйырған дəм болса татармыз, — деді Барақ, жасы отыз беске келіп қалса да əлі де
жас қыздай сылаңдаған тоқалдың ажарына немқұрайды көз тастап. — Алдыменен мына хан
тағындағы жұбайыңыздың ақылына қанып алуға мұрсат беріңіз.
Бүкіл алты алашты сұқтандырған көркіне Барақтың назар салмағанына Нұрбике ханым
шамданып қалды:
Ақылға шөлдеп келсеңіз, онда сусыныңызды əбден қандырып алыңыз, — деп
мысқылмен күлімсіреді де бұрала басып шығып кетті. Ерке тоқалының айтқанын екі етіп
көрмеген Əбілқайыр:
Астан үлкен емеспіз ғой, — деді, — жүріңіздер, дəм татып шығалық.
Иə, сөйтелік, — деді батырлар да қостап.
Əбілқайыр орнынан түрегелді. Барақ сұлтан да амалсыз қонақ үйге қарай беттеді.
«Ханға əмірін жүргізген бұл қатынның қандай құдіреті бар екен? Байқап көретін екен» деді
ішінен.
Нұрбике ханымның құр ғана сұлулығы емес, хан қадірлер қылығы да мол еді.
Бұл «Ақтабан шұбырындының» алдындағы бір тойда Бөгенбай мен Тайман
батырлардың қатты өштесуіне де осы Нұрбике себепкер болған. Ол той иесі Қойсан байдың
ерке-шора қызы еді. Тойға келген екі батыр жігіт он жеті жасар Нұрбикеге көрген жерден
ғашық болды. О кезде бəсекелес екі батыр сұлу қызды бірінен бірі қызғанып, өз көңілдерін
қатар білдірген.
Ерке-шора бай қызы бір жағы қалжыңбастық, еркелікпен, екінші жағынан жігіттердің
намыстарына тиіп, мазақ етпек оймен:
Екеуіңді де бірдей ұнатам, — деп еді, — тек кімнің өнері ассасол менің қалауым...
220
Қыз шешімін естіген қызба қанды қос батыр енді ашық бəсекеге түсті. Бірақ сайыста да,
жамбы атуда да, күресте де, жерден теңге алуда да жеңісе алмады.
Бірінен бірі оза алмаған батырлар қайтадан қызға келді. Нұрбике екеуін ажуалап, тағы
күлді.
Біріңе бірің қимаған өз обалдарың өздеріңе! Енді кеш қалдыңдар, — деді күлкісін
тыйып. Сосын өзіне кеше ғана Кіші жүздің ханы Əбілқайыр құда түскенін естіртті.
Таласып жүріп, қыздан айрылып қалғандарына өкінген екі батырдың іштері удай ашыды.
Екеуінің арасындағы жігіттік талас енді араздыққа айналған. Сөйтіп жүргендерінде Жоңғар
шабуылы басталды. Ел басына туған апат екі батырдың арасындағы араздықты
ұмыттырды. Жауларына бір майданда қатар тұрып қарсы шықпағанмен, екеуі ерліктері үшін
бірін-бірі сырттай сыйлайтын. Халық құрметіне бөленген қос батыр ақыры Əбілқайыр
ханның оң қолы мен сол қолына айналған.
Ал Нұрбике сұлуды алған Əбілқайыр дүниедегі бар арманына жеткендей болды. Тек
жанындай жақсы көрген сүйікті тоқалынан перзент көрмеді. Бірақ хан оған опық жеген жоқ.
Кербез тоқал өзінің нəзік қылықтарымен ханның көңілін көншітіп, бабын таба білді.
Əбілқайыр бəйбішелерінің үйінде түнеп шыққанда, қымыз орнына жылымшы айран
ішкендей, Нұрбикені аңсап тұратын күйге жетті. Ерінің жас тоқалынан суымайтынына
көздері жете бастаған ханның өзге əйелдері, Нұрбикені қаралай, өсек те айтып көрді. Бірақ
хан сонда да тоқалының өзіне деген махаббатына шек келтірмеді.
Нұрбике жайында өсек-аяң көбейіп жүрген бір жылы Əбілқайыр əлдеқалай жас тоқалын
ертіп Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мешітіне барған. Зəулім, əшекейлі мешіттің
салтанатты сарайларын аралап жүріп, бір жабық есіктің тұсына келгенде, олар ар жағынан
бір сүйкімсіз қарқылдаған үн естіді. Қожа Ахмет Яссауи мешітінде бұрын да талай рет
болған Əбілқайырға бұл есік бұзыла бастаған зəулім сарайдың есігі екені, ар жағындағы
жексұрын дауыстар сарай қабырғасының құлаған кірпіштерінің орнына ұя салған қара
қарғаның қарқылы екені мəлім болатын.
Бірақ əулие мешітінің ішінде қобалжып келе жатқан Нұрбике əлгі дыбыстан секем алып,
қасындағы ерінен:
Бұл ненің даусы? — деп сұраған.
Кенет Əбілқайырға бір ойнақы ой келе қалды.
Бұл дозақ құстарының шуы, — деді ол шімірікпестен. — Егер мынау сарайға кірген
əйел өмірінде ерінің көзіне неше рет шөп салса, сонша құс ұшып келіп, басы-көзін шоқи
бастайды... — Хан əйеліне сынай қараған. — Кіресің бе?
Нұрбике сұп-сұр боп кетті де, бойын тез жинап алды. «Егер аспандағы алла-тағалам
жердегі менің істеген күнəмді санап жүрген болса, қалай жазалаймын десе де өз қолында
ғой. Тəуекел, кірейін» деп ойлады ішінен. Сосын күйеуінің бетіне наздана қарап.
Менің күнəсіз екенімді білмейтін бе едіңіз, хан ием? Онда ашыңыз есікті. Бəрін
көзіңізбен көріп, көңіліңіз орнықсын...
Қуанып кеткен Əбілқайыр есікті аштырмаған. «Күнəлі болса, кіруге қорқар еді, адал
екен» деген ол. Жас тоқалын өте жақсы көретін хан өзін-өзі алдап, əйелінің күнəсіз екеніне
сенгісі келген. Бірақ бүгінгі Нұрбикенің Бараққа аудар-
ған көзқарасынан хан бір сұмдықты аңғарып қалғандай еді, əйтсе де сыр бермеді.
Қыз болып көзге түскелі өзін елемеген еркекті бірінші рет көріп, Нұрбике ақ боз үйде
ызаланып тұрғанда, хан қонақтарын бастап ішке кірді. Нұрбике жайнап сала берді. Бұлар
жас құлынның балбырап піскен, уыздай дəмді етін жеп, балдан тəтті сары қымызды
рақаттана сіміріп, ит жүгіртіп, құс салу жайын əңгіме етіп, бие сауымындай мезгіл отырды.
Содан кейін қайтадан хан сарайына келді. Тек хан Ордасының есігін аша бергенде, Барақ
сұлтан қонақ үйде шақшасының ұмыт қалғаны есіне түсіп кейін қайтты да көп ұзамай қайта
оралды. Басқа адам бұдан ештеңе аңғармағанмен, Əбілқайыр қас жауы Барақтың езуіндегі
болмашы ғана күлкіден оның олжасы тек «ұмыт қалған» шақша емес екенін ұқты.
Хан төрдегі орнына отырғаннан кейін, байсалды үнмен сөзін бастап кетті.
Россия қарамағына кіреміз дегеннен бері менің қасым көбеюде, — деді ол. — Қай
халыққа болса да басқа жұртқа бағынышты болу өте қиын. Бірақ біздің жағдайымызда басқа
жол жоқ. Жоңғарды жеңсең, ар жағында Қытай бар. Қытай боғдыханына бағынутіліңнен
де, дініңнен де бірдей айрылу деген сөз. Ал Россия оған қарағанда əділ де, адал да жұрт.
Жеріміз де, тағдырымыз да бір. — Кенет ол даусын көтере сөйледі. — Жоқ, не десеңіздер
де Россияға қосылубізге қалған жалғыз жол!
221
Күндікке үндемей отырған Церен-Доржи кенет шіңк ете қалды. Алпамсадай денесі мен
тұнжыраған түріне қарамай, үні қанден иттің даусындай жіңішке, ащы екен. Аузынан көбік
ата, сөйлеп қоя берді.
Тақсыр хан, қазақ еліне Россияға қосылудан бөтен жол жоқ дегенің бекер, — деді ол
астындағы атлас көрпе жамбасына батып отырғандай, қозғалақтап. — Батыр адамның
бəрін өзімізге қосып аламыз. Сені де! Сені де! Қатын патшасын ат құйрығына байлап
өлтіреміз! Сосын орыс жерінен де асып, əрі қарай барамыз! Арғы бабаларымыз жеткен
жерге біз де жетеміз! Одан да əрі кетеміз! Жолымыздағы қала біткеннің бəрін қиратып
жоңғар мен қазақ малына жайылым етеміз. Адам біткеннің бəрін қойдай көгендейміз! Саған
бұдан артық қандай жол керек?
Бөгенбай батырдың Церен-Доржиға жеркене қарағанын көзінің қиығымен шалып қалған
Əбілқайыр:
Сонда қазақ жерін қайтесіңдер, құрметті ноян? — деді ананың бар ойын білгісі келіп,
қазірдің өзінде жеріміздің тең жартысынан айрылдық... Ол жерді бізге кім қайтарып
береді?
Шын батырларды өзімізге қосып аламыз дедім ғой, — деді Церен-Доржи қайтадан
шіңкілдеп, — оларға жер береміз. Ал қара халыққа жер неге керек? Өлсін! Қырылсын!
Жарайды, сенің айтқаныңдай-ақ болсын, — деді Əбілқайыр. — Бірақ өзің орыс
зеңбіректерінің қалай атылатынын көрдің бе?
Көргем жоқ. Көргім де келмейді.
Жерін тартып алмақшы болып жатқаныңда, орыстар сенің «көргім келмейді» дегеніңе
көнер ме екен?
Мен одан қорықпаймын, — деді Церен-Доржи, — маған боғдыхан ондай зеңбіректің
мыңын береді.
Қызба қанды Жоңғар нояны, ашу үстінде бұл сөзді қалай айтып қалғанын өзі де білмеді.
Церен-Доржиға енді Барақ та тұнжырай қарады. Найман тайпасы жоңғарлармен
көршілес отырғандықтан, бұл екі елдің арасында ұрыс-керіс ғасырлар бойы тынбай келген.
Жоңғардың жеңіл-желпі шабуылдарына Найманның батыр ұлдары əрқашан да тойтарыс
бере алған. Сөйтсе де, көп жылдан бері қатар көшісіп жүргендіктен, бұл екі жұрт кейде қыз
беріп, қыз алысып та жататын. Əсіресе, мұндайда жоңғарлықтар қазақтың төре тұқымынан
шыққан адамдармен жақындасуға құмар келетін. Бірақ Наймандар қазақ еліне жоңғарлар
тиіссе болғаны, құдалығын да, көршілігін де ұмытып, қолына найзасын алып шыға келетін.
Найманның бүкіл қазақ еліне əйгілі осындай батырының бірі Қаракерей Қабанбай еді. Барақ
қызын Церен-Доржиға бергеніне Қабанбай батыр қатты ашулы дегенді де сұлтан естіген-ді.
Сол себеп болды ма, əлде Қытай боғдыхандарының мəңгі қастығы есіне түсті ме, ол Церен-
Доржиға:
Маған шүршіттің жəрдемін айтпа, — деді кейіп, — шүршіттің зеңбіректерінен гөрі бізге
орыс зеңбірегі жеңілдеу тиер... — сосын ол Əбілқайырға бұрылды. — Сонда не істейміз?
Жерімізге орыстардың қала салуына көніп отыра береміз бе?
Россияға бағынуқала салдыру ғана емес. Бұл үлкен саясат, — деді Əбілқайыр, —
жақында ғана маған Аралбай мен Оразкелді ақсақалдар келіп: «Қатын патшаға өтініп, Ұлы
жүзді де Россия қол астына алдыр» деп кетті. Ал, Жайық пен Ор өзенінің түйіскен жеріне
қала салуды сұраған менмін. Бұл қала жеке маған ғана емес, бəрімізге керек... Түбі, қазақ
елі толып жатқан ақымақтардың қолында бөлшектеніп жүргенше, бір ақылдының қолында
тұтас отыр-
ғаны жөн емес пе... Мұнымды кім теріс дейді?..
Мұндай қамқорлық Үлкен Орда ханы Əбілмəмбеттің ісі емес пе? — деді Барақ
тұнжырап.
Əбілқайыр тура жауап беруден жалтарды...
Мен Үш жүздің басын біріктіргім келеді. Сонда ғана өзге жұрт бізбен санасады, — деді
сөзін сабақтап. — Жаңа Бөгенбай батырдың сөзін естідіңдер ғой. Жұрттың көбі осылай
ойлайды.
Жерге қарап отырған Церен-Доржи басын көтеріп алды.
«Кірпікшешен ініне кіргенше ғана дос» деген біздің жоңғарда мақал бар, — деді ол, —
ініне кіріп алғаннан кейін инелерін сұға бастайды. Түбінде, қалап алған досыңнан қашып
құтыла алмай жүрме.
Жоңғар кірпікшешені жөнінде айтып отырған жоқсың ба, ноян? — деді Тайман батыр.
222
Иə, Церен-Доржи, орыс патшасы бізге нендей сый əкеледі, əзірге беймəлімдеді
Əбілқайыр. — Бірақ жоңғардың бұғауымен таныспыз. Ал шүршіттің зұлымдығын өздерің де
бізден кем білмейсіңдер...
Жарайды, Əбілқайыр хан, сенің бұл шешіміңді мен ұлы қонтайшыға күні ертең-ақ
жеткіземін, — деді Церен-Доржи ханды қорқытпақ боп, — Жоңғардың бар түмені Ырғыз
түбіне жеткенде сөйлесерміз.
Мейлі, Қалден Цереннің қанды қолын жаңа көріп жүр дейсің бе? Жіберсе, күтіп алуға
бармын!
Онда кешікпей Қалден Церенді де көріп қаларсың.
Жоңғар нояны орнынан түрегелді. Ханға əдет бойынша, сəл басын иіп тəжім етті де,
асыға басып шығып кетті. Оның соңынан Барақ сұлтан да тұра берген...
Отыра тұр, Барақ сұлтан, — деді Əбілқайыр қолымен ишара жасап. Барақ үн-түнсіз
қайта отырды. — Тевкелевтің келе жатқанын жаңа айттым ғой. Əрине босқа келе жатқан
жоқ. Бұл жолы қазақ елінің ақ патшаға біржола бағынуын талап етуі хақ. Оған қандай жауап
қайтарамыз?
Өзің қандай жауап қайтармақ ойдасың?
Мен жауабымды осыдан бес жыл бұрын бергем.
Мен де жауабымды сонда бергем. Сірə, екеуміздің жауабымыз бір жерден шыға
қоймас.
Сонда ат құйрығын кескен жеріміз осы болғаны ма?
Əбілқайыр мен Барақ арасындағы араздық өз алдына. Қазір бұлардың шешетіні тым
жауапты мəселе еді. Бірақ амал не, халық тағдыры бас араздықтың қанжығасында кете
барды. Найман тайпасы Жоңғар хандығымен қатар тұрғандықтан, Бараққа да
Əбілқайырдың айтқанына көне қою қиын еді, сондықтан да ол:
Ат құйрығын кестім десең өзің біл, Əбілқайыр хан! — деді де ордадан шығып кетті.
Күзетшілер сол тас мүсін қалпында тұрып қалды. Үй ішін тағы да тымырсық тыныштық
басты.
Хан ием, — деді Тайман батыр тыныштықты бұзып, — халайық қайда болса, хан
сонда болады деп сенеміз. Соңыңнан ердік, əзірге үмітімізді ақтап келесің. Бірақ бүгін бір
түсінбай қалған жайым бар.
Сөйле, Тайман батыр?
Бізге Жоңғарлардың істемегені бар ма? Елімізді қан-жоса етті, шалымызды кəрі деп
аяған жоқ, баламызды жас деп мүсіркемеді. Қыс қыстау етер, жаз жайлау етер бүкіл жылы
өңірімізді басып алды. Ал сондай ата жауымыздың жаңағы Церен-Доржи тəрізді
қандышелек батыры қолымызға өзі түсіп отырғанда, аман-есен қоя береміз. Ол аз
болғандай, оның көзінше ашпайтын құпия-
мызды ақтарамыз. Біздің бар ойымызды ол ертең-ақ Қалден Цереніне жеткізбей ме?
Білмеймін, жарқыным, неге бұлай бұның бəрі...
Құпиямызды айтсақ, ол құпияны Церен-Доржи ешкімге жеткізе алмайтынын білген
соң айттық.
Қалайша?
Церен-Доржи қасындағы жігіттерімен бүгін түнде Қанды жартас тұсында ажал
табулары керек!
Кім орындайды ол үкімді?
Батыр Тайман мен оның сайыпқыран жас бөрілері.
Тайман абыржып қалды.
əй, қалай болар екен?! Менің жігіттерім Көкжал Бараққа татымайды ғой. Оған қарсы
ұрыс ашуға кімнің батылы барады...
Церен-Доржиды қасында Барақ жоқ кезде өлтіреді.
«Барақ жоқ кездеңіз» қалай? Бəрі бірге аттанады ғой.
Барақ сұлтан ымырт үйіріле, осы біздің ауылдың тұсына қарай кейін қайтады.
Неге?
Əбілқайыр жүдеу ғана езу тартты.
Иə, Барақ кейін қайтқан соң, сендер Қанды жартас түбінде аңдып тұрып Церен-
Доржидың тобын басуларың керек. Бірде-бірін тірі жібермеңдер. Біздің ордадан аман
кеткені бүкіл жұртқа аян. Сонан кейін елшісінің қанынан Барақ сұлтанның өзі ақталып көрсін.
223
əңгіменің ар жағы күбір-сыбырға айналып кетті. Бұл кеңес біткеннен кейін, сүт пісірімдей
мезгіл өтер-өтпесте, қасында қару-жарақты елу жігіті бар Тайман батыр хан ауылынан
күншығыс жаққа қарай қиялап шыға берді.
Əбілқайыр үйде оңаша қалды. Бейуақта берілген əмірінен бөтен ешкімнің хабардар
еместігіне сенген хан енді тағына сүйеулі тұрған үкілі домбырасын алып, бір асау күйді
безілдетіп ойнай жөнелді. Осының алдында ғана ашу, ыза, əдіс, қулық секілді неше алуан
сезімді басынан өткізген ханның домбыраны осыншама құшырлана қағуыжүрегін өртеген
бар азапты ұмытып, бір мезет көңіл қобалжуын басуы еді...
Ал Барақ сұлтан болса, Əбілқайыр айтқандай, хан ордасынан əжептəуір ұзап барып,
ымырт үйіріле Церен-Доржи тобынан өзінің сенімді екі жігітін бөліп алып, кейін қайтқан. Қас
қарая хан ауылының тұсындағы терең сайға келіп, атын жігітіне беріп, өзі бергі жағаға
шықты да, көзін хан аулынан алмай етпетінен жатты да қойды.
Қара шапан жамылған Нұрбике тек ауыл ұйқыға қатты кеткен кезде ғана, уəделескен
жеріне жетті. Шыдамы таусылған Барақ сұлтан орнынан атып тұрды.
Баласыз əйел қанша сұлу, еріне қанша ыстық болмасын, ол тек жас кезінде ғана
жарына қымбат! Бұл қазақтың ескі дəстүрі. Əсіресе бұл заңды қартайғанша жас иіс құмар
төре тұқымы мықты ұстаған. Осыны білетін жеңгелері «Егер хан күйеуің суып кетпесін
десең, оған күлге аунасаң да бір перзент тап» деген ақылдарын жүрегіне мойнындағы
тұмардай сақтаған ерке тоқал қара мақпал шапаны бозаң үстіне қалай жайылғанын екеуі де
түсіндегідей ғана сезінді... Бие сауымындай өткен кезде, орнынан созыла түрегелген
Нұрбике Бараққа ерінің Церен-Доржиды өлтір деп əмір бергенін айтты.
Барақ атына қарай жүгірді. Əне-міне дегенше тыныш түнді үркіте оятып, жазық даланы
дүбірлете күншығысқа қарай шаба жөнелді. Ашу қысқаны сонша, ат дүбірінен ауыл оянып,
Нұрбикенің қылмысы ашылып қалар деп ойлаған да жоқ.
Бірақ бұл қылмысты Əбілқайыр онсыз да біледі. Сай жағасындағы қалың талды
жападан-жалғыз бағанадан бері аралап жүрген көлеңкебұл Əбілқайыр хан еді. Əттең,
дүние-ай, Барақты ол тек атына мінген кезде ғана көріп қалды.
Сол күні ол көрер таңды көзімен атқызып шықты. Тек таңертең ғана нөкерлеріне ең
жақсы көретін тоқалы Нұрбикені бар жасауымен Сыр бойындағы əкесі Қойсан байдың
аулына апарып салуды бұйырды. Нөкерлері де, Нұрбике де «негедеп сұраған жоқ.
Сəскеден ауа, Нұрбикенің көші ұзап, жаңа көтерілген сағыммен араласа, көкжиекте
бұлдыр тартып кеткен кезде ғана ол үйден шықты. Кетіп бара жат-
қан көштің сыртынан ұзақ қарап тұрды. Əлден уақытта барып, жүрегінің бір нəзік қылы үзіліп
кеткендей, қинала күрсінді. «Асықпа, Барақ сұлтан, күнім туса сені өз қолымнан
бауыздармын» деді тістене күбірлеп.
Осы мезетте күншығыс жақтан құйындата шапқан салт аттылар көрінді. Бұлар Тайман
батырдың жігіттері еді. Көп ұзамай олар аттарын ауыл сыртындағы кермеге байлап, бері
қарай жүрді.
Тайман батыр өзгелерден бөлініп кеп, Əбілқайырға сəлем берді.
Жолың болды ма, батырым? — деді хан.
Тайман батыр төмен қарады.
Сəті түспеді, хан ием.
Қалайша?
Біз Церен-Доржидың тобына жеткен кезде, Барақ сұлтан сіз айтқандай, олардың
арасында жоқ екен. Аттылы жаумен белес арасында кездесуді қауіп көріп, қара көрсетпей
Қанды жартасқа дейін еріп отырдық. Қанды жартасқа жеткен кезде олар аттарынан түсті.
Көліктерін отқа қойып, бастарына қоржындарын жастанып, көздері ұйқыға кетті-ау деген
кезде, біз де тидік. Ұйқылы-ояу сасқалақтаған жігіттерін бірден сойылға жықтық. Бірақ
Церен-Доржи атына мініп үлгіріп қалды. Талағы түскір əбден ұрысқа үйренген бе, біздің
дүбіріміз шығысыменен арқырай кісінеп иесіне жетіп келді. Ат үстідегі Церен-Доржи осал
жау болмай шықты. Маңына таяған екі-үш жігітімді айбалтасымен ұрып құлатты. Түн
қараңғы боп, өзім оған дəл кездесе алмадым. Енді қолыма түстің бе деп, бес-алты
жігітіммен қоршай бергенімде, Барақтың «Аруақ! Аруақ деген айбарлы даусы естілді.
Жігіттерім тым-тырақай қаша жөнелді.
Өзің ше?
224
Өзім де шегінуге мəжбүр болдым. Барақтан қорықпағанмен де, төре тұқымы ғой,
қарсы сойыл көтеруді жөн таппадым. Өзге қауым қалай көреді, ол əлі ашық жау болып
шыққан жоқ қой?
Дұрыс еткенсің: қардың басын қар алар, ханның басын хан алар, қарашаның төре
тұқымына сойыл соғуы лайықты емес.
Өзім де солай болжадым.
Əбілқайыр бұдан əрі қазбаламады.
Өңгерген өліктеріңді көрмедім. Сойылға жығылғандарың қайда?
Көрші ауылда.
Жөн еткенсің. Орда маңайы онсыз да қара түнек.
Əбілқайыр теріс бұрылып, ауыл сыртындағы белеске қарай жүре берді. Соңынан
нөкерлері емес, қасқыр алатын, хан жалғыз жүргенде жанына кісі жолатпайтын, күшігінен
асыраған қасқыр қандас қара қылшық, тайшадай арлан төбеті ерді.
Басқа сөз айтпай, зерлі шапанын иығына бос салып жалғыз кетіп бара жат-
қан Əбілқайырдың соңынан Тайман түнере қарап тұрды да, жанына келген серіктеріне:
Қаза болған жігіттердің үйлеріне хабар беріңдер, — деп бұйырды да, Бөгенбай
батырға арнап тігілген үйге қарай беттеді.
Аңызақ желге маңдайын сүйгізе Əбілқайыр хан жападан-жалғыз келе жатыр. Көзі
алыстағы көкжиекте. Жан дүниесі астан-кестен болып, қара торы жүзіне ыза теуіп,
сұрланып кеткен. Церен-Доржиды өлтіріп, оны Бараққа жаба алмағаны жанына қатты батып
келеді. Бұрынғыдай емес, Барақпен екеуінің арасындағы болмашы көпір біржолата құлаған.
Қалден Церен де бұған деген ақырғы сеніммен енді мəңгі қоштасады. Жоңғар қонтайшысы
Əбілқайыр ханды құртпай, Кіші жүз жеріне шабуылын тоқтатпайды. Бұның бəрін Əбілқайыр
ап-анық сезінді. Ақыл-ойын жайлаған сұрапыл ашу, өшпенділік тұла бойын өрттей күйдіріп
əкетіп барады. Əсіресе, Нұрбикеге ызалы. Кеше Барақтар кеткеннен кейін, кеңес құрып
отырғанда ауызғы бөлмеде шолпының сылдыры шыққандай болып еді. Енді міне... сол ауыз
үйде жүрген Нұрбике екен. Оның не айтқанын өз құлағымен естімесе де, Барақтың асыға
жүріп кетуінен бəрі де белгілі болды. Нұрбике сұлтанға құшағын ғана жайып қоймаған,
жұбайының құпиясын да ашқан. Қандай опасыз!
Енді оны бір сəт өкініш биледі. Түнде ашу қысып тұрған шақта хан əбес құлықты тоқалын
жендеттеріне өлтіртпек те болған, бірақ қанды жолдан бас тартып еді. Он жыл бойы балдан
тəтті лəззат сыйлаған қылықты əйелін өз қолынан өлтіруге қимаған. Опасыздығы үшін мəңгі
талақ етіп, еліне қайтуға бұйрық берген. Сол көңілшектігінің зардабынан енді, міне «Қап
«Қапдеп тістене аһ ұрады.
Жоқ, Əбілқайыр көңілшек жан емес. Кіші жүздің тағына отырған жиырма жылдың ішінде
досына да, қасына да көңілшектік істеп көрген жоқ. Мұның тамырында да ұлы бабасы
Шыңғыс ханның қаны бар-ды. Рас, Əбілқайыр Жəнібек ұрпағының кіші тармағына жатады.
Жəнібектің тоғыз баласының ішінде бір анадан Ұснақ пен Жəдік туған. Жəдіктің
балалары жеті атасынан хан болып келген. Ал Ұснақтан тараған Бұлақай Құяннан оның
баласы Айшуақ, Айшуақтан туған Нырыш, Нырыштың баласы өз əкесі Аджаға (Абдоллаға)
дейін, бірде-бір хан болып көрген жоқ. Бақ пен дарын жеті атадан кейін бір қонады деген
қазақта қауесет бар, мүмкін содан болар, Жəнібектің жетінші буыны өзі хан болды. Онда да
тек Кіші жүзге ғана. Рас, Үлкен Ордадан бұ да дəметкен. Əттең не керек, бақ күндес
туыстары мақсатына жеткізбеді. Ал Кіші жүз жеке отау тігіп, Əбілқайырды өзіне хан сайласа,
о да сонау Їш жүздің қара шаңырағыҮлкен Орда хандығы болжырап нашарлап кеткеннің
нəтижесі! Ал ел басына күн туып, Жоңғардың қалың əскері қаптағанда, қазақ жұртын
біріктіріп жауына қарсы тұруды басқарса, онысы өзінің ерлігінің, көрегендігінің арқасы.
Əбілқайырдың бұл қасиеттері жұрт алдында абыройын асырды, кейде исі қазақ елінің
көсемі дəрежесіне дейін көтерді. Орта жүздің кейбір ру басшысы, Жəнібек секілді батыры
бұның соңынан ерді, қарындасын алып, жекжат болды. Солардың демеуімен Əбілқайыр
өзін кейде бар қазақтың жоқтаушысы ретінде сезінді. Əрине, көпшіліктің көкейкесті арманы
тыныштық. Əбілқайыр халықтың сол тілегін пайдалана білді. Ұлы Россияға бізді
қарамағыңызға алыңыз деп ең бірінші боп хат жазды. Өзге хандардан гөрі Əбілқайыр Қытай,
Жоңғар боғдыхандарының қазақ елін мүлдем құртуға бел байлағанын жақсы түсінді.
Əбілқайырдың қылығы үлгі боп, Сəмеке хан да орыс патшалығының қол астына кіруді талап
етті.
225
Ал жоңғар дауылының қарқыны сəл басылып, қазақ елі кей жерде оларға төтеп беріп,
кəрі Сəмекенің орнына Орта жүзде Əбілмəмбет, Абылай, Барақ, Қазыбек секілді ел басқара
алатын адамдар шыға бастап еді, ел билеп отырған «игі жақсылар» екі бөлінуге айналды.
Россия патшалығының қолтығына кіріп алып, Əбілқайыр бəрімізге үстем болмақшы деп
қорыққандар да табылды. Олар енді Əбілқайырдың саясатын теріс көріп, кешегі жауы
жоңғарлықтармен келісімге келуге де бар екенін жасырмады. Соның бірі Барақ сұлтан, Ал
Əбілмəмбет пен Абылай...
Əбілқайыр беті ауған жаққа жүріп келеді. Тек құлағын қайшылап қара қылшық кəрі төбеті
ғана соңынан қалмайды. Расымен Əбілмəмбет, Абылай, Барақ жоңғарлардың жалған
дəлелдеріне сеніп, кешегі төгілген ағайын-туыстың қанын кешпек пе? Жоңғарлардың айтуы
бойынша, қазақтардың жерін, малын тартып алу үшін таламаған көрінеді. Қытай
боғдыхандары апатқа ұшыратып жатқан кезінде, Жоңғар елін қазақ батырлары үнемі
шауып, əбден зығырдандарына жеткен-мыс. «Ақтабан шұбырындыда» Жоңғарлардың қазақ
еліне істеген қиянаты, кəрі-жасына қарамай қырып, ен даласын қанға бояғаны соның ызасы-
мыс. Айыпты қазақ елінен алған кегі-мыс. Расында солай ма еді? Жоқ, бекер сөз! Ол
кездерде Қытай мен Жоңғар арасы қандай болса, қазақ пен жоңғар, Қытай мен қазақ арасы
да сондай еді ғой. Бықыған, өсіп келе жатқан малына жайылым іздеген жоңғарлар бос
жатпаған-ды. Ертістен бері қарай, таудан құлаған қорым талай рет жөңки қаптаған. Бүкіл
тарихында қазақ жауынгерлері Жоңғардың жерін тартып аламын деп, Ертістен асып соғыс
ашқан емес. Рас, өзі келген жаумен сан айқасқан, əрқашан да жеңіп, кейін шегіндіріп
отырған. Осының бəрін Əбілмəмбет, Абылай, Барақтар білмей ме? Білсе керек-ті. Онда
жоңғарлықтармен қалай бітімге келіп, қолтықтаса қалмақ? əлде айла ма? Менің орыс
патшалығының қол астына кіріп күшейіп кеткенімнен қауіптеніп, біз Жоңғар жағындамыз
деп, маған халықты қарсы қоймақ па? Олай болса өздері де орыс патшалығына бағынуға
бармыз деп, менімен жарысып неге бірнеше рет уəде берді? Бұл қандай ойын? əрине,
Барақтың ұстаған жолы ежелден басқа. Ал сонда Орта жүздің ханы мен басқа
сұлтандарынікі не? Жоңғар мен орысты өтірік бірін апа, бірін жезде еткен боп, өздеріне
дұрыс қаратып, қазақ еліне тек өз бастарының үстемдігін жүргізбек пе? əрине, содан барып
жұрт Орта жүз сұлтандары біздің жоғымызды жоқтайды екен деп əрі қарай ауып бара
жатқаны хақ. Ал Барақ секілді сұлтандары мені тіпті орыс патшалығына ел-жұртын сатқан
адам ғып көрсетпек. Түбі еліміздің де, келешек ұрпақтардың да көзі жетер, бүгінгі əрекетімді
ақтар; бізге қалған жалғыз жолол Россияның қол астына ену. Бүгін күшті болып
көрінгенмен, бар тірлігі құр мал өсіру, өзінен əлсіз елді шабу болған Жоңғар тайпасы да күні
ертең не Қытайға, не Россияға бағынады. Күні ертең бізге туған күн оларға да туады.
Өйткені, ұлы мемлекетке лайық қайнар бұлағы, көзі тайыз. Өнері, білімі, шығарып жатқан
қорғасыны, темірі, егіп жатқан егіні, өсіп жатқан бау-бақшасы, салынып жатқан қаласы,
бекінісі жоқ ел ұзақ өмір сүрген емес. Бір қатты боранда бар малынан айрылып қалатын,
елінің шетіне жау келсе құр сойылы мен отты жүрегін ала шабатын біз секілді ел жан-
жағыңнан қалың жау қаптап тұрғанда, өз алдына жеке жұрт болып тұру қайда?! Тұра
алмайды. Осыны неге түсінбейді олар? Жоқ, біз қайтсек те Россия мемлекетінің
қолтығының астына кіруіміз керек. Бұл қазақ еліне бірден-бір келешегі бар жол.
Əбілқайыр сəл кідіріп тұрып қалды. Оның сұрғылт көзі тұнжырап кетті. «Мені Ор қаласын
салдырмақсың» деп айыптайды. Ор қаласын салдырсам, қазақ елін Россияға бағындыру
үшін салдырам. Оны жасырып отырмын ба? Егер сөзіме көнбесе, айтқанымды күшпен
істетем. Күшпен бағындырам! Өз халқыма өзім осылай зорлық көрсетуім, біле білсе сол
халықтың өзі үшін емес пе? Бүгінгі ісіме, ертең болашақ ұрпақ алғыс айтады! Ал осы
арманым үшін, жолымда кім қарсы тұрса аяғымның астына сап таптаймын! Сол үшін маған
қазақ жеріне салынар Ор бекінісі керек! Ол бекіністе мұздай қару-жарақты, аузы түкті көп
солдат болуға тиісті! əрине, қастарым «осының бəрін Əбілқайыр өз басы үшін істейді, орыс
патшасының күшімен бəрімізге хан болғысы келеді дейді. Сөздерінде шындық бар, рас
мен орыс патшасына сүйенген хан болғым келеді. Күшті хан болғым келеді. Бір жағынан,
надан ел-жұртым, сенің қамыңды ойлайтын хан болғым келеді. Халқым, саған адал екенімді
кешегі қырғын ұрыстарда көрген жоқсың ба? Өз басымның қамын ойлап қай жерде бұғып
қалғаным бар? Алдағы уақыттарда да бұғып қалмаспын! Оған ар-ұятым куə!
Əбілқайыр кілт тоқтады. Көптен бері жүрек түбінде жатқан бір ауыр ой кеудесіне кенет
шаншудай қадала қалды. «Ал егер менің үмітім ақталмаса ше? Сонау салынғалы жатқан Ор
қаласы, Барақ сұлтан айтқандай, өзіміз құлайтын орға айналса, ел-жұртқа не деймін? Жоқ,
226
олай болуы мүмкін емес, егер ақ патша мені тек халқымның мүңкір-нəңкірі етіп пайдаланбақ
болса, онда... Онда... Мен де алысып өлем! Осылай етуді құр өз басым ғана емес, мына
əрқайсысы əр тайпа елді басқаруға жарап қалған ұл-қыздарыма да өсиет етіп тапсырып
кетем!
... Əбілқайыр ханды бағалай білмеген кейбір орыс пен қазақ тарихшылары оны қара
басының қамы үшін жұртын сатқан, бақ күндес жауларын табанының астына саламын деп
қазақ елін Россия патшалығына бағындыру саясатын қолдаған дейді. Сол бір қилы кезеңде
Əбілқайырдың түпкі ойы солай-ақ делік... Бірақ болашақ тарих, ұстаған жолының дұрыс
екенін айқындады. Қазақ елінің Россияға бағынуының қажеттігі Əбілқайырдың өз басының
қамынан көрі, əлеуметтік қасиетін жоғары сатыға қойды. Əбілқайыр ұстаған саясаты үшін
еш уақытта күрестен бұғып қалған емес. Оған куə қан майданда үнемі алғы шепте болуы,
қауіп-қатерді кезеңдерде өз басын қорғап тығылып қалмауы. Ұстаған жолы үшін өз басы
түгіл, туған балаларының ешқайсысын аямай кезек-кезек аманат ретінде патша қол астына
беруі. Демек, бұның бəрі Россияның қол астына кіру керек екеніне оның шын жүрегімен
берілгендігін көрсетеді.
Əбілқайыр қанша қатыгез болғанмен балаларының орыс қаласына аманат боп барып,
тəлім-тəрбие, өнер-білім алуын қуаттаған. Əрине орыс төрелерінің арасында ол өзіне деген
қастарының да көп екенін білді. Олар əйел патшаға бұны екі жүзді деп хат та жазды.
Келешек үлкен мақсаты үшін бұл оған да шыдап баққан.
Əбілқайырдың төрт заңды, үш заңсыз əйелінен он бестен астам ұл, қызы болған.
Ханның көзі тірісінде бəйбішесі Бопайдан туған Нұралы, Ералы, əділ, Айшуақ, Қожахмет
жəне қалмақ əйелінен туған Шыңғыс, Қаратай сұлтандар өзіменен үзеңгілес жауға шауып,
Орда ісіне кіріскен. Əбілқайыр бұларын орыс бекіністеріне аманат етіп қалдыру былай
тұрсын, оларды ең қауіпті жорықтар-
ға, тартыс-таластарға жіберіп отырған. Ханның сайдың тасындай, кілең «сен тұр, мен
атайын» осы жеті ұлы көп жағдайда өзіне сүйеніш, серік болған...
Əбілқайыр ұзақ жүрді. Ол ауылдан əжептəуір алыстап кеткенін аңғарған жоқ. Оның ойы
енді бастаған істерінің қаншалықты қиындыққа түсетініне ауды.
Ханның Россия патшасы Анна Иоанновнаға жазған хаты бойынша Тевкелев бір мың
жеті жүз отыз бірінші жылы Кіші жүз Ордасына келген шағында қандай қиындыққа
ұшырамады? Жыл өткенде еліне əзер қайтқан жоқ па? Əбілқайырдың Россия патшасына
басшыларымен тегіс ақылдаспай, бүкіл халық атынан хат жазғанын соңынан білген Кіші жүз
бен Орта жүздің шонжарлары не істемеді! Тевкелевті еліне қайтартпай қандай қорлық
көрсетпеді! «Бұл қазақ жеріне тыңшылықпен келген, біздің күшімізді біліп алып келесі жылы
соғыс ашпақ» деп, оны өлтірмек те болған. Дəл осы кезде башқұрт батырлары Торғай
бойындағы қазақ ауылдарының малын шауып, əлі Россияға бағынудың байыбына жете
түсінбеген халықтың наразылығын бұрынғысынан да өршіте түсті. Əрине, Бұғыбай батыр
мен оның күйеу баласы Есет батыр кіріспегенде, о жолы Тевкелев те, оған еріп келген
адамдардың бірде-бірі тірі қайтпаған болар еді. Рас, осы жолы Россиямен жақындасу
жөнінде көп іс істелді. Бұхара мен Хиуа хандарына уəкілдер жіберілді. Қарақалпақ елінің
ханы Қайыппен сөз жүргізіліп, оның Россия қол астына кіргісі келетіні анықталды. Əбілқайыр
менімен ақылдаспай қатын патшаға хат жазды деп өкпелеп қалған Орта жүздің ханы
Сəмеке де хат жолдап, Тевкелевпен кездеспек болды. Бірақ Арқа жеріне қарай осы кезде
Жоңғар қонтайшысы əскерінің бет алған қаупімен байланысты бұл кездесу болмай қалды.
Демек, өз басына төнген ажалға қарамай Тевкелев бұл жолы да қазақ елі мен Россияны
жақындастыру жолында көп шаруа істеп кетті. Ол Əбілқайыр, Əбілмəмбет, Сəмеке, Абылай,
Ұлы жүздің ханы Жолбарыс пен Қарақалпақ билеушісі Қайыптың Россия қол астына кіруге
бар екенін біліп қайтты.
Ал қазір қалай болмақ? Тевкелев қандай қауіп, қандай жақсылық, қандай жамандық
əкеле жатыр? Мырза не тілемек? Тілегін мен орындай аламын ба?
Кенет ол селк ете қалды. Хан ордасына таяу тігілген қараша төлеңгіт аулынан «ой,
бауырымдап бері қарай шапқан ері, əйелі аралас бір топ адамды көрді. Шұбалаңқы топ
дəл хан тұрған белесті бетке алып келеді. Бұл сойылға жығылған Тайман жігіттерінің
туыстары екенін Əбілқайыр жаңа ғана ұқты. Сөйткенше болған жоқ «ой, бауырымдаған
қаралы топ хан жанынан өте берді. Тек белес үстіндегі Əбілқайырды көріп екі-үшеуі бері
бұрылды. Алдыңғысы кəртең əйел екен, астындағы ұшқыр биесінің тізгінін бос қоя беріп, екі
қолымен шашын жұлып, бетін тырнап, ойбайлап келеді.
227
əйел Əбілқайырдың тұсына таяй беріп, қос қолымен биесінің тізгініне жабысты. Бие
тоқтамағанмен, шабысын сəл бəсеңдетті.
Жалғызымнан айрылдым, қарашығымнан айрылдым, — деді ол қу даланы басына
көтере қарлыққан сұмдық бір қайғылы айғаймен. — Алтын күнім батты, қара жыланың
шақты! Жалғызымды ажалға айдаған сенсің, Əбілқайыр хан! Құдай сені де жылатсын! Бала-
шағаңның қызығын көрме! Көріңде өкір, көріңде өкіргір тас бауыр хан!
Ашу қысқан хан қалш-қалш етті. Баласы өлсеел басына туған күйзелісте кімнің
баласы өлмей жатыр! Бүгін бұның жалғызы өлсе, ертең менің он ұлым бірдей қанды
айқаста қаза таппасына кім кепіл!
Əбілқайыр жалғызынан айрылған сорлы ананы тоқтатар жылы сөз таба алмады.
Тарт тіліңді, ей сорлы! — деді ол ақырып. — Балаң өлсе жалғыз сенің балаң өліп пе!..
Тартпаймын тілімді! — деді қайғыдан налыған бейбақ ана. — Қанішер, қара жүз!
Адыра қал! Сен! Сен өлтірдің менің баламды! Қайтарып бер ойбай, қайтарып бер, атаңа
нəлет, қанішер!
Туғалы мұндай сөз естімеген хан ашудан бұрынғысынан да бетер жарылып кете
жаздады. Ол дəл осы сəтте жалғыз баласынан айрылған мынау сорлы ананың ақылынан
адасып кеткенін де аңғармай қалды. Екі құлағын қасқырша тігіп, шолақ құйрығын
бұлаңдатып, иесінен бұйрық күтіп тұрған қара қылшық арланына:
Айт! — деуге ғана шамасы келді.
Қанды көз айбарлы қара төбет алқымынан ала түспек боп, екі орғып жанына жетті де,
келіп қалған салт атты əйелге қарсы атылды. Сол мезетте əйелдің соңынан тепеңдеп
жеткен күрең байталды қапсағай қара жігіт қолындағы құрығын итке қарай қос қолдап
сілтеді. Қайың құрық шекесінен тиген жолбарыс денелі ит бір-ақ рет қыңсылай шаңқ етті де,
кісі бойындай көтерілген қалпынан қара жерге гүрс етіп құлап түсті.
Сорлы, сорлы-ай, ханда не шаруаң бар еді! — деді ол, əйелдің шылбырына
жабысып, — сенің балаң өлді не, сенің өзің өлдің не, оған бəрі бір емес пе!
əйелдің көзі шарасынан шыға, аузынан көбік атып, бажылдағанына қарамай, биенің
тізгініне қолы тиісімен-ақ өліктер жатқан ауылға қарай тепеңдеп шаба жөнелді.
«Ой, бауырымдаған жұрттың қарасы өшкен кезде, Əбілқайыр жерде сұлық жатқан
итінің қасына келді. Қос қолдап ұрған қайың құрық арланның бас сүйегін опырып жіберіпті.
Қып-қызыл қан мен миы бұрқырап жерде шашылып жатыр. Бүйірі əзер ғана бүлк-бүлк
соғып, көзі тасырайып, кешегі топ қасқырға жалғыз шабатын қылшық жүндісі енді
талмаусырап өліп бара жатты. Күшігінен асыраған, сан қауіпті сапарларда өзіне серік
болған итін қимай Əбілқайыр ұзақ тұрды. Ақырғы рет тынысын тартып, төрт аяғын бірдей
жазып, тына қалғанда ғана, теріс бұрылып кетті.
Əбілқайыр ұзақ жүрді. Бағанағыдай емес, бойынан ашуы тарап, енді болған істі
басынан аяғына дейін көз алдына елестете бастады.
Ақырғы он жыл өмірінің ішінде үнемі қан жосыған сұмдықтардың арасында жүріп еті
үйреніп кеткендіктен бе, бойын тез-ақ жинап алды. Кенет баласынан айрылған жаңағы қарт
əйелдің «қанішер деген сөзі құлағына қайта келді. Сонда барып бұл əйелдің, итін ұрып
өлтірген жігіттің кім екенін есіне түсірді. Осы əйелді баяғыда қарақалпақ елінен олжалап
əкеліп, өзінің төлеңгітіне қосқаны ойына келді. Күйеуі өліп, жалғыз ұлы ер жетіп, Тайман
жасағында жүретін. Енді бүгін о да мерт болды. Иə, əйелдің Əбілқайырды «қанішер» деуге
шын хақысы бар екен. Енді итін өлтірген жігіттің де кінəсін кешкен тəрізді. Жігіт өзінің қарулы
жылқышысы, жаңағы əйелдің қайнысы Хұсайын деген. Қатты сүзек боп ауырып, төсектен
тұрғанына бір айдай болған. Бүгін-ертең жылқыға шықпақшы еді.
Бұл адамдардың өздері де, тағдырлары да таныс болғандықтан ба, хан енді əлгі оқиға
жайын естен шығаруға тырысты. Бірақ оның ойынан бір нəрсе кетпей-ақ қойды.
Ұрыста ер жігіт қаза тапты деп ешкім де ханды сөкпесе керек еді. Бұл ел салтында жоқ.
Ал бүгін неге бұлай болды? Ханды балағаттар, аяулы итін өлтіртер бұларға мұндай желік
қайдан бітті? Мұнда қандай себеп бар? Жалғыз қара халық емес, батыр, сұлтандар да
Əбілқайырға қарсы сөйлеуді жиілетіп жүр. Осылардың бəрінің түбірі неде? Жарайды, жұрт
ұрыстан, соғыстан қажыды делік. Мезі болған жұрттың тілі де шыға бастауы мүмкін. Бұл бір
ақиқаты болар. Екіншісі неде? Екіншісі... Əбілқайыр мойындағысы келмегенмен мойындауға
мəжбүр болды. Екіншісі — «Ақтабан шұбырындының» алғашқы жылдарындағыдай емес,
халық алдында қадірінің түсе бастағанында еді.
228
... Түн ортасы ауа хан өзінің ауыр ойларынан сергігендей сезінді. Қарсы алдындағы
ошақтың қызыл шоғы сөнуге айналған. Тынық түнде жас қи түтінінің болмашы күлімсі исі
келеді. Арғы беттен өгізшағаланың құлаққа жағымсыз айқайы естіледі.
Əбілқайыр отырған диірмен тасынан түрегелді. Кенет өн бойы дірілдеп кетті. Қарсы
алдында бүгін ғана жығылған ақ отаудың жапырылған орны жатыр екен. Иə, бұл бір кезде
ханның жанындай жақсы көрген тоқалы Нұрбикенің қымбат ақ отауының орны еді...
ІІІ
Қазақ даласының Россия қол астына кіруін бір куəлік қағазбен, не бір указ күнімен атау
мүмкін емес. Бұл ондаған жылға созылған ұзақ, қайшылығы мен қиындығы мол ауыр
қалыптасу кезі еді. Жəне қазақ елінің Россияға қосылуын бір ханның, қала берді бірнеше
қайраткердің есімдерімен ғана байланыстыруо да дұрыстыққа жатпайды. Бұл заңды
шешімі бар, саяси, экономикалық, əскери фактілер секілді көптеген себептермен
шиеленіскен дəуірінің тілегіне қарай тарихтың өзі жаратқан перзенті. Россияға қосылу
рулар арасындағы талас-тартыс, сол рулардың жағрафиялық жағдайытолып жатқан
қасын да, досын да тудырды. Бір жағынан, ұшы-қиырына құс жетпес кең даласында қазақ
қауымының қалыптасқан тұрақты экономикасының жоқтығы жəне негізгі кəсібі құбылмалы,
көшпелі, тұрмыспен байланысты болғандығы, екінші жағынан, Жоңғар шапқыншылығының
дүмпуі əсер етіп, ру басшылары өздерінің Россияға бағыну саясатын əрдайым өзгертіп
отырды. Мұндай жағдайда Россия қол астына кірудің кешегі қолдаушылары бүгін оған қарсы
шығып, ал кешегі қарсыларының бүгін оны жақтауытаңқаларлық іс емес-ті.
Бірақ келешекке керексіз, болашағы жоқтың бəрін өзінен əрі итеріп, тарих доңғалағы
алға қарай айнала берді. Осылай қазақ даласына аяуды білмес, орасан қатты жаңа
тарихтың дауылды көктемі келді.
Сондай-ақ Əбілқайыр ханның Анна Иоанновнаға 1730 жылы жазған хатындағы
«қорғаныңызға алуыңызды тілейміз» деген сөзді соңынан шыққан ресми қағазда «Россия
қол астына алуыңызды өтінеміз» деп өзгертуі жайындағы ғалымдардың таластарының да
керегі шамалы. Əрине, тарихи куəлік қағаздардың дұрыс аударылғаны жақсы-ақ, бірақ
бүгінгі күні «қорғаныңызға алыңыз», не болмаса «қарамағыңызға алыңыз» деген сөздердің
қандай айырмасы бар?
Тарихи деректерге қарағанда, Россия патшасы Анна Иоанновна Əбілқайыр ханға берген
грамотасында: «... Өздеріңнің өтініштерің бойынша жоғарғы көрсетілген тараулардың
негізінде, қырғыз-қайсақ ханы Əбілқайыр, сені жəне бар қырғыз-қайсақ əскерін қол
астымызға алдық... Сондықтан хан мен оның бар əскері біздің императорлық мəртебеміз
бен оның мұрагерлеріне мəңгі-бақи адалдығын сақтауы керек» делінген. Бұл грамотада:
«Адал жəне əділетті» патшаға қызмет істеу, соғыс кезінде Россия əскери басшыларының
қарамағына қару-жарақты қол болып келуі, Жайық єазає-орыстары, башқұрт, қалмақ секілді
Россияға бағынышты ұлттарды шаппауы, қазақ жері арқылы өтетін орыс-сауда керуендерін
тонамау, бұрын-соңды қолға түскен орыс тұтқындарын қайтару секілді қазақ хандарының
міндеттері көрсетілген. Сонда ғана Россия патшалығы қазақ елін өз қорғанына алмақ
болған.
Əбілқайыр хан да, одан кейін «Россия қол астына кіріп адал қызмет істеуге» ант берген
Орта жүздің ханы Əбілмəмбет пен Абылай сұлтан да, сол жылы Бұғыбай мен Есет батыр
бастаған Кіші жүздің үш жүз тоқсан тоғыз «игі жақсылары» да Россияға бағыну деген
ұғымды қорған болу деген мағынада түсінген.
Не дегенмен де бұл кезеңнің басты маңызықазақ елі осы шақтан бастап Россияға
арқа сүйей отырып, өзінің шаруашылығын, саясатын, енді сол Россияның көз-қарасымен
байланыстыра жүргізуінде болды. Бұл тарихи керек жағдай еді. Жəне бұл жағдай осы
кезден бастап, алдындағы бөгеттердің бəрінің күл-талқанын шығарып, əрі қарай дами түсті.
əрине, мұндай тарихи ауыр күрес-қимылдарда бағынышты қазақ елі мен патшалық
Россия секілді отаршылық саясатты ұстаған екі жұрттың арасында қайшылық, толып жатқан
қиындықтардың туатыны да мəлім. Бірақ соның бəріне қарамай, енді қазақ жеріне Жоңғар
шабуылы тоқталды. Жоңғар қонтайшысы тек өзі басып алған қазақ даласының оңтүстік
өңіріне ғана ие боп қалды.
229
Осындай «қол астына» кірген қазақ елін Россия патшалығы бір мың сегіз жүз қырқыншы
жылдары Үргеніш, Хиуа тұсынан төнген Иран патшасы Надир шахтың шабуылынан да
сақтай алды.
Ор қаласынан кейін Россия, Жайық, Елек, Жем өзендерінің бойына əскери бекіністер
сала бастады. Орыс патшалары бүкіл Россия шекараларына тұрғызылып жатқан бекіністер
мен əскери қорғандарды бірімен бірін байланыстырып, солдаттармен толықтырды.
Əскермен бірге қазақ даласына Россияның алыс түкпірлерінен қара шекпендер келді. Бұлар
үй салып, егін егіп, меншігіне берген жерді иеленуге кірісті. Мұндай жағдайда келімсек жұрт
пен жергілікті елдің арасында қырғи қабақтық, жанжал, сойыл ала жүгіру тəрізді келісімсіз
істердің де тууы сөзсіз еді. Бұқара халықты біріне-бірін айдап салып елді басқаруежелгі
саясаты болған орыс генералдары да, қазақ бай-манаптары да бұл алау-
ыздық, жанжалдарға астыртын дем беріп, өршіте түсті. Ұлт наразылығын тудыруда бұл
екеуі де үнемі бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып отырды. Халықтар достығының
неге апарып соғатынын əсіресе Пугачев көтерілісінен кейін бұлар өте жақсы түсінген-ді...
Қазақ елі Россияға қосылуының арқасында феодалдық ұйқысынан оянып, мəдениетке қол
соза бастады. Россия оны тарихтың алыс-жұлысына өзімен бірге алып кірді, қоғамдық жəне
саяси жағынан күшеюіне мүмкіндік берді. Отырықшылық пен егін салуға, сауда-саттықтың
жаңа үлгілері мен өнеркəсіптің өндірістік түрлеріне үйретті.
Бірақ бұл өрбу-өркендеу өзінің қоғамдық сатысында шүу дегеннен-ақ екі бағытта
дамыды. Бір жағынан осы екі ұлттың ең алдыменен зəбір көрген кедей топтары бірімен-бірі
белсене жақындай түсті: қазақ аулының кедейі мен малшылары, өз жеріне көшіп келген
қара шекпендермен тіл табысты, содан кейін патша ағзамның тұз кептіретін, кен шығаратын
кəсіпорындарында қазақ пен орыс бейнетқорлары достасты, ақырында барып, сауда
капитализмнің өркендеуінің арқасында күрделі өндірістерде екі ұлттың пролетариаттары
бірікті. Бұл бағытта революциялық сана-сезімі жоғары орыс пролетариатының соңына қазақ
елінің сезімі ояна бастаған алдыңғы қатарлы ұл-қызы ерді. Осы достасу күн сайын
тереңдей, дами берді. Қазақ жұртының алдыңғы қатарлы адамдарының революциялық
сана-сезімінің оянуына айдаудан келген декабристер мен олардың жолын қуушы орыс
интеллигенциясының жəрдемі көп тиді. Бұған қазақ жеріндегі орыс жұмысшылары қосылды.
Осылай тағдыры, келешегі бір екі халық күннен-күнге достаса түсіп, өздерінің алдағы
бақытты болашағына қол созды.
Екінші жағынан, қарамағындағы елді жеке билеп-төстеудегі феодалдық ықпалын
азайтқаны үшін, ақ патшаны қанша жек көргенімен, қазақтың кей ханы, сұлтаны өздері сол
патшаның өкілдері генерал-губернаторларымен ауыз жаласып, солардың қазақ
даласындағы шоқпарына айналды. Бұл оларға күннен-күнге айтқандарына көнбей бара
жатқан бұқараны ауыздықтап ұстап отыру жолы болып табылды. Россия патшасының
отаршылық саясаты мұндай адамдардың дегенінен шықты, тікелей жəрдем берді. Рас, орыс
генералдарының ішінде əділеттілікті сүйетіндері де, ақылдылары да болды. Олар билеп
отырған өлкелерінде қазақ балаларына арнап мектеп, аурухана ашты. Алым-салық
жинайтын шенеуніктері мен почта қызметкерлерінен жергілікті халықтың тілін білуді талап
етті. Кейбіреулері Петербургке барып қазақ секілді бұратана ұлт-
тарға аздаған теңдік те сұрады.
Бірақ мұндай губернатор, генералдар тым аз еді. Ал қазақ жеріне келген шын тарих
отаршылық тарихы аяуды білмес, қан шеңгелді, қатал тарих болатын.
Патшалы Россия бірте-бірте «халықтар түрмесіне» айналды. Декабристерді өз қолымен
дарға асып, ұлы орыс халқын табанының астында шірітуді ойлаған Бірінші Николай
патшадан қазақ секілді басқа ұлттар қандай жақсылық күте алатын еді? Бұндай жақсылықты
Екінші Николай патшадан да, оның генералдарынан да дəмеленудің орны жоқ-ты. Егерде
Россия жерінің өзінде қиянат, қазнаны ұрлау, пара секілді жексұрын қылмыстар орасан
өрістеніп жатқанда, қазақ даласы секілді отаршылық саясаты қаулаған өлкелерден не
күтерсің! Ондай сорақылық бұл жақта екі есе, үш есе арта түсуде еді! Егер Петербургте сот
əділетсіздік істесе, Қаратал не Іле бойында ондай əділетсіздік темір шынжырлы, қанды
апатқа айналған. Егер Петербургте əділетсіз сот бір кісінің басын алуға бұйырса, бұл арада
«кəрі қылыш» жасағы сотсыз жүз кісінің басын бірдей домалатқан.
1737 жылы Сəмеке дүние салды. Орта жүздің билігі енді біржолата Үлкен Орда ханы
Болат ханның баласы Əбілмəмбетке көшті. Бірақ ол алыстағы Орынбор əкімшілерінен көрі,
қасындағы Жоңғар қонтайшысына жалтақтап қарай бастады. Егер Қалден Церен оған ата
230
мекен Түркістан шаһарын қайтарып беруге көнсе, Жоңғар хандығына бағынышты боп,
аманатқа бір баласын жібермек ойға да келген. Əйтседе қонтайшымен біржолата
қолтықтасып кетуіне ел наразылығы көлденең түскен. Халық ойын Бұқар жырау:
Ежелгі дос жау болмас,
Шіркеуіште хаты бар.
Ежелгі жау ел болмас,
Көңілінде кірдің таты бар
деп ханға тікелей айтқан. Жұрт жырау сөзін мақұлдаған. Жəне Əбілмəмбеттің ойын сезген
Орынбор əкімі Неплюев те босқа жата алмаған. Орта жүз Жоң-
ғарға ауып кете ме деп қауіптеніп, онымен тіл табуды дұрыс көрген.
Бұндай жағдай Орға қала салдырып, орыс патшалығына арқа сүйей, бүкіл қазақ елін
қолыма алам деген Əбілқайырдың жігерін құм етті. Енді ол Əбілмəмбет пен Абылай,
Барақтардан орыс патшалығын қызғанды. Кіші жүз ханының бүйтіп зығырданы қайнауына
тағы бір себеп бар еді. Əбілқайыр: «Орыс патшасының қол астына кірсем, Жайық пен Еділ
өзендерінің екі ортасындағы жайылымдарға малымызды жаюға рұқсат береді» деп
үміттенген. Ал Орынбор əкімдері, патша ағзамның нұсқауы бойынша, жайылым бермек
түгіл, Кіші жүздің руларына Жайықтың ар жағына өтуге тыйым салды. Ол ол ма, арғы бетке
өтпес үшін, күз келе Жайықтың бергі бетінің он шақырымдай жерін өртеп тап-тақыр етуді
бұйырды. Күзгі жайылым, шұрайлы жерінен айрылған Кіші жүздің асау рулары «Орысқа
бағынсақ бізді жарылқаймын дегенің қайда» деп, енді ханды ашық келеке ете бастады. Ал
Ордан жетпіс-сексен шақырым бері тұратын, Торғай өзенінің бойын жайлаған
Əбілқайырдың қол астындағы Арғын мен Қыпшақ руларының кей ауылдары енді Кіші жүз
ханының қарамағынан шығуды ойлады. Өйткені, егінге қолайлы Торғай өзенінің кең
алқабының өзіне орыс отаршылары көз тіге түскен еді. Əсіресе, Орынбор бекінісінен екі жүз
елу шақырым жоғары жатқан Торғай өзенінің бойындағы Қарақоға, Доғал секілді малға
жайлы ойпаттарды егіске ыңғайлай бастаған. Жəне осы кезде сонау Жайық, Миас
өзендерінің бойымен созылған бекіністер Қорған, Омбы қалаларымен шектес келіп, Ертіс
өзенінің бойымен жоғары көтерілген. Одан əрі Бийск қаласының солтүстігін ала, Алтай
тауларының етегінен шығып, қазақ даласын қоршауға айналған. Бүгін болмаса ертең енді
қазақ жерінің ішіне де ақ патшаның ауыз салатыны белгілі болып қалған.
Бұл отарлау саясатының ызғарлы лебін ең алдымен əзер күн көріп отырған бұқара
халық сезінді. Жайылым жерінен айрылғалы тұрған жұрт енді орыс патшалығына ғана емес,
өздерін сол патшалықтың қол астына сүйреген Əбілқайыр, Сəмеке секілді хандарына үрке
қарай түсті. Оның үстіне алым-салық ауырлап жұрттың еңсесін баса берді. Қарамағына
кірген Орта жүз бен Кіші жүздің елдеріне Анна Иоанновнаның указы бойынша салынған
салық жоқтың қасы еді. Бар болғаны осы екі Жүздің жылына төлейтіні бір мыңнан үш
мыңға дейін түлкі мен қарсақтың терісі ғана болатын. Бұл болмашы салықтың өзін де ел
алғашқы он жыл бойы, кейде беріп, кейде бермей келген. Ал ақырғы кезде қазақ жерінің
шекарасына бекіністер салумен байланысты, жергілікті орыс əкімдері, бұл салықтарды
маңындағы ауылдарға азық-түлік, мал басына қарай айналдырған. Мұндай салықтың
салмағы көбіне Орынбор губернаторының қарауына жататын Кіші жүздің елдеріне түскен.
Бұрын жанынан еріксіз біреуге бірдеме беріп көрмеген жəне «мал ашуыжан ашуы» деп
қарайтын қазақ елі, төлеп жатқан мал бастары бəлендей болмағанмен: «Қалалары
салынбай жатып істеп отырғаны мынау, ертең бекінген кезінде неміз қалады», — деп күні
бұрын сары уайымға түсті.
Осындай жағдайлармен ел алдында қадірі кете бастаған Əбілқайыр, бір жағынан патша
үкіметінен күткені ақталмай, не істерін білмей, іштей əбігерленуде еді. Ол ақыры «үш жүздің
қамы» түгіл, өз хандығының не боларын білмей, əбден састы... Екі ұрты суалып, сопақ беті
бұрынғысынан да созыла түскендей, ақ сұр жүзінен қаны қашып, сүзектен тұрғандай
бозарып кеткен. Сұрғылт көздері де бұрынғыдай емес, нұры сөніп, қанталап, қызара қалған.
Мезгіл, заманның ағысы, тағдыр, басқа қонған бақ көтеріп, ұлы тілектерге қол созған
адамның сол заманның өзі тудырған дағдарысынан, қиындығынан күйреуі табиғи іс еді.
Ол қазір ауыл сыртындағы төбеде отыр. Қасында жақында ғана Арал маңындағы қазақ
пен қарақалпақтың ханы болып сайланған үлкен баласы Нұралы. Бозаңды төбенің басына
231
төселген текеметтің үстінде ақ жастыққа шынтақтай жатып, əкелі-баланың оңаша
əңгімелескеніне бие сауымынан артық мезгіл өтті. Қабақтары жабыңқы, түстері солғын.
Əкелі-балалы адамдардай емесарбаса қарайды. Бұл арбасу «Хан баласы туған əкесін,
өзі хан болуды ойлағанша ғана əке санайды» деген көне қағидадан туған тəрізді.
Сөйтіп сен, Неплюевтен іргеңді алыс салма дейсің ғой? — деді Əбілқайыр Нұралыға
көзінің қиығын аудара.
Іргеңді алыс салатын мезгілден өтіп кеттің, көке, шамаң келсе тіл табуға тырыс..
Сенің сөзің бүкіл Кіші жүздің сөзі...
Ал егер оның өзі тіл тапқысы келмесе ше?
Сол тіл тапқысы келгені үшін шақырып отырған болар.
Жалғыз мені ғана шақырып па? Неплюев Əбілмəмбет хан мен Абылай сұлтанды да
шақырып отырған жоқ па?.. Анна Иоанновна маған берген грамотасында мені бүкіл қырғыз-
қайсақ ханы деп бекіткен жоқ па еді? Қарамағымдағы елді де: Орта жүз бен Кіші жүз деп
атаған... Неплюев егер тіл тапқысы келсе, менің мəртебемді осы тұрғыдан неге қарамайды?
Көке, одан бері де он екі жыл өткен жоқ па? Сенің ондағы айбарың мен қазіргі
айбарың бір емес қой... Орта жүз қазір Сəмеке ханның кезіндегідей емес, қай жауыңа болса
да төтеп бере алатынын аңғартып отыр... Ақ патша губернаторлары олармен санаспасқа
амалы жоқ. Ал алда-жалда Əбілмəмбет пен Абылайға Неплюевты қарсы қойғың келсе,
оның жолын табу керек.
Қандай жол бар? Сірə, тапқандайсың ғой...
Көке, менің ақылыммен бəрібір жүрмейсің ғой.
Сен менің ақылыммен жүргелі тұрсың ба?
Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас...
Солай де...
əкесі мен баласы талайға дейін үн-түнсіз отырып қалды. Бұл екеуінің бүгінгі сырласуы
Ор қаласында болатын кеңеске дайындалудан туған. Орынбор губернаторы Неплюев қазақ
жеріне патша үстемдігін жүргізу ісі күннен-күнге қиынға түсе бастағанына көзі жеткеннен
кейін, Орта жүз, Кіші жүз жəне Орынбор губернаторына бірдей жер орталығы деп
саналатын Ор қаласындағы кеңеске Əбілмəмбет хан мен Абылай сұлтанды жəне Əбілқайыр
ханды шақырған-ды. Өзі де сол Орға келмек. Губернатор соңғы бес жылдың ішінде Кіші жүз
бен Орта жүздің арасында пайда болған қайшылықтармен жақсы таныс. Қазақ хандарының
Россия патшалығына адал қызмет істеуін талап етумен бірге, осы жолы екі ханның
арасындағы наразылықты да сөз етпек болған.
Əбілқайыр баласы Нұралы екеуінің арасы салқындап бара жатқанын бұрыннан да
сезетін. Бірақ Арал маңындағы елді Россия патшалығы Нұралыға беріп хан санап указ
шығармағанына, бұл жұрт əлі өз қарамағында екеніне тəубе етіп, баласымен бəлендей
ашық сөзге бармайтын. Əбілқайырдың ұққаны Нұралының орыс патшасы жағында екені.
Түбі қандай жолға түсері белгісіз, ал əзірге тағдырын да, болашағын да орыс патшасының
дегеніне бейімдеген. Баласының өзінен де өткен орысшыл болуына, оны ес білгелі осылай
тəрбиелеген Əбілқайырдың өзі себепкер еді. Енді ол Россия патшалығына деген өзінің
өкпесін, күдігін бұдан əрі Нұралыға ашпады.
Солай де... — деді Əбілқайыр қайтадан.
Солай...
Əбілқайырды кенет ашу қыса қалды. Өзімен іштей арбасып отырған баласы Нұралының
бір тайпа елдің ханы екенін ұмытып кетіп, жанында жатқан хан асасының астына алып,
сойып салмақшы да болды. Асасына қолының тез барып қалғанын өзі де сезген жоқ, бірақ
одан артық қимыл етпеді. Өйткені, Нұралының да ұзын тарамыс саусақтары беліндегі Хиуа
қанжарының сабын қыса түскенін көзі шалып қалған.
Солай де!..
Солай!
Дəл осы кезде ауыл жақтан үлкен бəйбішесінен туған қызы Жанат көрінді. Жанында
қалмақ тоқалы тапқан сегіз жасар ұлы Шыңғыс бар. Екеуі ұрысқан адамдай тымырайысып
отырған əкесі мен үлкен ағаларына əдеппен сəлем берді. Жанат сұңғақ бойлы, əкесіне
тартқан сұрша қыз. Түр-келбетінде сұлулықтан гөрі тəкаппарлық, қайсарлық басым. Киген
киімі де ауылдың қос етекті, камшат бөрікті, алтын сырға, күміс шолпылы бойжеткендеріне
ұқсамайды. Киімдері жауынгер көшпелі елдің ат үстінде өскен қыздарына лайық ықшам.
Белінде күміс сапты қанжар таққан жалпақ белбеу, үстінде белін қынаған қысқа жеңді
232
мауыты пешпент, балағын оюлаған кестелі шалбар. Аяғында биік өкшелі шоңқайма етік.
Басында құндызбен əдіптеген шошақ бөрік. Ұзын шашын бөгет болмауы үшін шашбауымен
қосып белбеуіне қыстырып қойған. Нықтап басқан аяғының ырғағына қарай, қыпша белі
болмашы бұраң тартқанмен, жазы өтіп, күзге қарай сояулана бастаған балқурайдай, дене
бітісінде буыны əбден қатқан егделік байқалады. Жанындағы қалмақ өңдес жалпақ бет,
тобылғы күрең бала жігіттің тұтас біткен төртбақ дене құрылысы алып күштің иесі боларын
көрсетіп тұр. Бұның кигені де хан баласына тақа лайық киімдер емес. Белінде қанжарлы
қалың қайыс белбеу. Үстінде ықшам, жағасын қара барқытпен көмкерген қызғылт шапан.
Аяғында кең қоныш былғары етік, басында елтірі бөрік.
Балаларының сəлемін алып, Əбілқайыр:
Жай жүрсіңдер ме, Жанатжан? — деді.
Жай емес. Бүгін таңертең Қарақыз жеңешеме «Шыңғыс қалаға жүреді, жолға
дайында» депсіз. Қашан жəне қанша уақытқа барады? Ұзаққа ма, əлде аз күнге ме? Соны
сұрағалы келдім.
Жанаттың «Қарақыз жеңеше» деп тұрғаныəкесінің қалмақтан алған тоқалы. Қалмақ
есімін дұрыс айта алмағаннан кейін, ауыл əйелдері қара күрең түсіне қарай Қарақыз ханым
деп атап кеткен. Бүгін түнде Əбілқайыр ортаншы бəйбішесі Үкілімайдың үйіне қонып
шыққан. Бұл Жағалбайлы руының бір атақты байының қызы болатын. Бақытсыз Нұрбикеден
кейінгі ең сұлу əйелі. Əбілқайырға аздаған ықпалы да бар. Түнде ханның көңілінің кеңіген бір
шағын тауып, бір жағы өкпе, бір жағы назы етіп: «Хан ием, Қожахмет ұлыңды қашан-
ғы орыс бекінісінде ұстайсың, сағындым ғой, қайтатын уақыты жеткен жоқ па? Орнына
тоқалдың баласын жіберсейші, о да сойталдай жігіт болып қалды ғой», — деген.
Əбілқайыр ортаншы ұлы Қожахметті өзі де жақсы көретін. Аманат ретінде Орынборда
тұрып жатқанына жеті жылдан асып кетті. Оның үстіне Ор өзенінің бойын жайлаған
Жағалбайлы руы Ор бекінісі салынғаннан бері өзге рулардан гөрі өздерінің күйеу баласы
Кіші жүз ханына анағұрлым ала көз. Əбілқайыр өзі де биыл Қожахметті Орынбордан алып
келіп, Жағалбайлы жұртынанағашы еліне жібермек еді. Жиендерін көріп, мүмкін
Жағалбайлы да жібір,
ағайынның араздығы басылар деген үміті де бар.
Осындай ойға бекіген хан Қарақыз тоқалына таңертең «Шыңғысты дайында, қалаға
жүреді» деп бұйырған. Ханым: «Не үшін, қанша уақытқа жүредідеп сұрауға бата алмаған.
Ханның сыры əйелдеріне мəлім, өз еркімен бірдеме демесе, сұрап одан ештеңе де біле
алмайсың. Сондай мінезіне қанық Қарақыз бике үндемей қала берген. Тек үйіне Жанат
келгенде ғана «Баламды қайда апармақ? Қанша уақытқа? Неге апармақ? Біліп бер» деп
жалынған. Ал Əбілқайыр болса, өзге балаларына қатал болғанымен, Жанатқа келгенде
жаны бөлек, оның айтқанын екі етпейді.
Шыңғыс ұзақ уақытқа барады. Мүмкін бірер жыл ауылға қайта қоймас, дұрыстап
дайындасын, — деді.
Шыңғыс сұп-сұр боп кетті. Баласының кенет өзгерген түрін көріп, Əбілқайыр сəл жібіді.
Жігіт болып қалдың, саған да шет жұртты көрген жөн. Тəлім-тəрбие, өнер үйренуің
керек, — деді.
Хан жанында тұрғандар бала жігітті аманатқа апара жатқанына шек келтірмеді.
Жақсы, — деді Шыңғыс басын иіп.
Əбілқайыр орнынан түрегелді. Ол бағанадан бері күншығыс жаққа əлсін-əлсін көз
жіберіп алаңдап отырған. Сол тұстан кенет үш салт атты көрінді.
Құдабайлар ғой, — деді Əбілқайыр, — сендер ордаға қайта беріңдер.
Жанат келе жатқан салт аттылардан көзін айырмай сəл тұрды. Қайтқысы келмеп еді,
бірақ əкесі мен аға-інісінен ұялды ма, бұрылып кетті. Нұралы, Шыңғыс үшеуі ауылға қарай
беттеді. Келе жатқан үш салт аттының бірі Құдабайəкесінің хатшысы əрі тілмашы.
Орынбор маңындағы қазақ ауылдарынан. Келбетті жəне тепсе темір үзетін жас жігіт. Осы
жігітпен былтырдан бері Жанат көңілдес. Көрмесе сағынып қалады. «Осыған барам» деуге
əкесінен жас-
қанады. Қарадан шыққанға төре тұқымы қыз бермейді. Еркін өскен хан қызы сол себептен
де үй ішіне білдірмей, бүгінге дейін жігітпен құпия кездесіп келген. Жақында Қазалы
қаласының маңындағы датқа құдалары келмек. Күйеу келетін мезгіл таяған сайын Жанат
Құдабайға елте түсуде. Ханның тапсырмасымен кеткен жігітті алты күн көрмей қалып еді,
жанын қоярға жер таппады...
233
Əбілқайыр сырға өте берік жан. Ал алда-жалда көңілінің бір күмəнін ашқысы келсе оны
тек Жанатқа ғана айтатын. Өйткені əке балаға сыншы, Жанат заты əйел болғаныменен,
өзіне тартқан қатыгез, сырға берік тұңғиық екенін білетін. Əбілқайыр Неплюевтен: Ор
қаласына келсін, онда Əбілмəмбет хан мен Абылай сұлтан болады деген хабарды
алысымен Орынборға жанына он бес жігіт нөкер ертіп осы Жанатты жіберген. Қызы арқылы
Неплюевке: «Əбілмəмбет Жоңғар қонтайшысы Қалден Церенмен жақындасқалы жүр.
Қалден Церен оған Түркістан шаһарын қайтарса, Жоңғарлармен қайтадан татуласпақ,
достықтың белгісі етіп аманатқа бір баласын жібермек. Егер Əбілмəмбет Ор қаласына келе
қалса, одан Жоңғар жағына шықпаймын жəне ақ патшаға адал қызмет істеймін деген антын
алу керек. Жəне Əбілмəмбет сөзінде тұруы үшін бір баласын аманатқа тапсырсын. Ал
аманат баласын əкеліп бергенше, өзін жібермей, тұтқын ете тұрсын» деген. Жанат
Неплюевке бұл сəлемді бұлжытпай жеткізді. Бірақ əкесі бұл сырды ешкімге айтпа дегеніне
қарамай, əлдеқалай Құдабайға айтып қойды.
Осы Құдабайды Əбілқайыр Ор қаласына келе жатқан Əбілмəмбеттің алдынан шығарған.
Күшігінен асыраған итіндей хатшысына екі-үш күн Əбілмəмбеттің қасында болып, бар
сырын біліп келуді тапсырған.
Əбілқайыр кешеден сол Құдабайды тыпырши күтуде еді. Белестен салт аттылар
көрінісімен, сабыры қалмай, əрі-бері жүре бастады.
Құдабай атынан түсіп, ханның қасына жаяулап келді.
Армысыз, хан ием?
Барсың ба, жарқыным? Қандай хабар əкелдің?
Кенет ханның көзі Құдабайдың беліндегі жарқыраған күміс белбеуге түсті. Кісесі де,
кішкентай қанжарлы қынабы да сом күмістен соғылған. Əттең не керек, бұл күміс белбеу
ненің төлеуі болғанын білер ме еді. Ханның өзіне сезіктене қарағанын бірден ұққан хатшы,
титтей де абыржымай бейқам тұр.
Хан күдігі тез тарады. Жанатқа тапсырылған құпиядан хатшым хабардар болып қалған
жоқ па екен деген сұрау оның ойына кірмеген. «Хатшыма мынадай бір қаралық белбеу
тартқаны, — Əбілмəмбет ханның менімен тіл табыс-
қысы келгені ғой» деп жақсылыққа жорыды.
Айта бер, не естіп, не көрдің?
Естігенім де, көргенім де аз. Тек бар түсінгенім, орыс патшасымен араздасар
Əбілмəмбет те, Абылай да жоқ... Ал Жоңғар қонтайшысымен келіссөз жүргізулері жай қулық
тəрізді..
Құдабай көрген-білгенін түгел айтты. Кенет Əбілқайыр əлденені ойлана қалды.
Қастарында ақылгөйі Бұқар жырау бар ма екен?
Жоқ... Көргем жоқ.
Сонда қалай болғаны?... Бұқар жырау ел көзі ғой. Келмеуіне қарағанда жұрты
хандарының ойын ұнатпағаны ма?
Білмедім. Губернатор жырауды шақырмаған шығар...
Енді олар Ордаға қарай аяңдады.
Үш күн өткен соң Əбілқайыр қасына Кіші жүздің қырықтан аса ақсақалдары мен батыр,
билерін ертіп Ор қаласына жүріп кетті.
... Бір мың жеті жүз қырық екінші жылы жиырмасыншы август күні Неплюев Ор бекінісіне
таяу Тасөткел деген жерде қазақ хандарымен кездесуге шатырларын тіккізді. Бұдан үш күн
бұрын жеткен Əбілқайыр Орынбор губернаторы кеңеске тек қана Əбілмəмбет пен Абылай,
Барақтарды шақырып қоймағанын білді. Жоңғар елшілері Кошка мен Бурун, олардың
серіктеріқарақалпақ батырлары Момор мен Құшақтың да губернатор шақыруымен
келгенін естіді. Екі күннен кейін Неплюевтің бұйрығы бойынша, Əбілқайырдың екі ұлы
Ералы мен Нұралы да өздеріне арнап тігілген үйге келіп түсті.
Шақырылған қонақтардың санына қарағанда бұл кеңеске орыс əкімдері үлкен маңыз
беретіні анықталды. Оған Кіші жүз ханының көзі көп кешікпей жетті де.
Неплюев жұпар аңқыған жанаргүл, қазоты аралас қалың шөпті Тасөткелдің талды
ойпатына елуге таяу ақ боз үй тіккізген. Өзімен бірге келген екі эскадрон атты, бір батальон
жаяу əскеріне арнап жиырма шақты шатыр тұрғызған. Аттарының ер-тоқымдары да,
солдаттарының киген киімдері де судай жаңа. Бəрі мұздай боп көк темірлі қару-жарақ
асынған. Қылыштарының сары жез саптары мен мылтықтарының жалаңаш ұштары күн
234
сəулесімен жарқ-жұрқ ойнайды. Қонақтарына Россия патшасының айбарлы күшін көрсеткісі
келген болу керек, Неплюев лагерь сыртына алты зеңбірек қойғызды.
Қонақтардың бəрі жиналғанмен, жиырмасында келуге тиіс Орта жүздің ханы мен
сұлтандары августың жиырма екісіне дейін келмеді. «Бұлар неге кешігіп жатыр деп
алдарынан жіберген кісісі: «Тасөткелге жарты күндік жердегі Қияқты сайына осыдан үш күн
бұрын Əбілмəмбет хан қосын тіккен екен, түнде кеңес құрып, таңертең кейін қайтып кетіпті»
деген хабар əкелді. «Қандай себеппен қайтты екен? Ешкім ештеңе демей медеп сұраған
Неплюевке, жіберген кісісі: «Жоқ себебін айтпапты. Сол араның бір байынан сұрап көріп
едім, ол: Орта жүз ханының алдынан Əбілқайырдың тілмашы шыққанын, сол тілмаш еліне
кеткен күнінің ертеңіне Əбілмəмбеттің де кейін шегінгенін айтты. Сірə, сол тілмаштан сіздің
Жоңғар елшісін де шақырғаныңызды естіген болуы керек. Əбілмəмбет өзі Жоңғар
қонтайшысымен келісім сөз жүргізіп жүргендіктен, сізбен ол ел елшілерінің көзінше
сөйлескісі келмеген шығар» деген жорамал айтты. Неплюев жирен мұртын сипап, түксиген
түкті қабағын қарс жауып сəл ойланып қалды. «Бұл сөздің қисыны бар. Жоңғар елшісінің
келгенін естісе, Əбілмəмбет атының басын кейін бұруы ғажап емес. Жоңғар əскері бұған
жақын тұр ғой. Бірақ оны қалай естиді? Осындай жағдай болмас үшін Жоңғар елшісінің
келетінін мен Əбілқайырға да білдірген жоқ едім ғой... Жоқ, мұнда басқа гəп бар».
Дереу ол Құдабайды шақыртты. Кіші жүз ханының хатшысы, Неплюевтің одыраң-
одыраң аттауынан, жирен мұртының едірейіп, көк көзінің шыныдай боп мызғымай қалуынан
губернатордың ашулы екенін айтпай түсінді.
Сау-саламатсыз ба, марқабатлы губернатор мырза, — деді Құдабай тілі сəл
күрмеліп. — Сіз шақырып жатыр деген соң...
Губернатор хатшының амандасуына жауап та қайырған жоқ.
Əбілмəмбеттің алдынан Əбілқайыр сені неге жіберді? — деп сұрады ызғарлы үнмен.
əккі тілмаш əңгіме Орта жүз ханының кеңеске келе жатып кейін қайтқаны жайында
екенін сезе қойды. Əбілмəмбет бүгін болмаса ертең келе қалса, өзінің не үшін кейін
қайтқанын түсіндіреді. Сонда хан алдында да, губернатор алдында да тілмаштың қара бет
ісі əшкереленеді. Əбілқайырдан гөрі, оған өзінің шын қожасы Неплюевтің ашуланбағаны
керек.
Əбілқайыр хан мені Əбілмəмбеттің алдынан жібергені рас, — деді ол басын иіп. —
Сізге жеткізуге ыңғайлы жағдай бола қоймады.
Қандай тапсырмамен?
Əбілмəмбеттің Жоңғар қонтайшысымен келісім сөз жүргізіп жүргенін Орынбор
губернаторы біледі. Егер бұл жолы Россия жағында екенін дəлелдеу үшін бір баласын
аманатқа қалдырмаса, сол баласын Орынборға əкелгенше Орта жүздің ханын еліне
қайтармайды деді. Соны Əбілмəмбетке жеткізуге жіберді.
Неплюев Құдабайдың сөзіне сенді. Ол жерге бір түкіріп, үйдің ішін кезіп жүр. «Маған
Россия жағында Орта жүздің болуы үшін, Əбілмəмбеттің бір баласын аманатқа ала тұрыңыз
деп ақыл үйреткен Əбілқайырдың өзі емес пе еді. Кіші жүз ханының бұл құпияны
Əбілмəмбетке жеткізуінің қандай себебі бар? əлде бəлені маған жапқаныƏбілмəмбеттен
қорыққаны ма? Жоқ, бұл арада басқа сыр бар... Əбілмəмбет пен менің арама от салғысы
келеді. Орта жүз ханының маған қарсы екенін сездіріп, өзі менің алдымда да жақсы
көрінбек. Россия патшалығы тек өзін ғана қолдасын дейді-ау шамасы. Бұ да айла. Бірақ
Орта жүз бен Россияның арасының алшақтай бергенінен оған қандай пайда түседі? əлде
Орта жүзді де өзі арқылы бағындырсын дей ме? Солай тəрізді. Демек, Əбілқайырдың бір
сыры ашылды ғой... Бұл ойыны немен бітер екен? Білмеген адам боп жүре тұрайын».
Құдабай мырза, — деді бір заматта. — Сіздің ақ патшаға адал еңбек еткіңіз келетінін
мен жақсы білемін. Бірақ сіз əлі біз риза боларлық қызмет көрсеткен жоқсыз...
Губернатор мырза, мен естігенімнің бəрін жеткізіп жүрмін ғой.
Неплюев қабағын сəл түйді.
Ойлаңыз, айтылмағаны да бар шығар.
Құдабай кідірместен жауап берді.
Білерім сол, алдыңызда құран ұстап ант беруге бармын...
Құран ұстап ант берудің құны қанша екенін сіз екеуміз де білеміз ғой, — деді кекетіп
күлген губернатор. — Ал Əбілқайырдың қалмаққа бермек қарындасы жайында не естідің?
Түсіне алмадым, тақсыр.
Кіші жүздің ханы бір қарындасын Қалден Церенге бермек көрінеді ғой.
235
Естімеген əңгімем.
Құдабай шынын айтқан. Əбілқайыр Орынбор губернаторына Жайықтың арғы бетінен
жайылым бермеді деп ренжігенінде, Хиуаға жүргелі тұрған Нұралыға «Хиуа ханы арқылы
Қалден Церен жағына қармақ салып көр. Əбілмəмбеттен гөрі бізге жөн қарайтын
мүмкіншілік тумас па екен... Мұндай жағдай туа қалса қарындасым Қарашашты беруге
бармын... Əрине, орыс патшасы рұқсат етсе...» деген. Нұралы бұл əңгімені аяқтай
алмаған... Надир шахтың Хиуа хандығын басқарып отырған адамына бұл өтінішті жеткізудің
орнына, Нұралы қастасып қайтқан. Бірақ оның есесіне Неплюевке жеткізген. Орынбор
губернаторының оспақтап сұрап отырғаны осы жəйт. Құдабайдың бұл хабардан ада екеніне
сенген Неплюев:
Əбілқайырдың Жоңғар қонтайшысына қарындасы Қарашашты берсем бе деген ойы
бар ма, жоқ па, соны біл, — деп тапсырды да қоя берді.
Неплюев шатырында болғанын білген соң Құдабайды енді Əбілқайыр шақырды:
Не сұрады? — деді ол хатшысынан.
Құдабай болған əңгімені жасырған жоқ, бəрін айтып салды.
Жоңғар ханымен сізді жақындаспақшы. Қалден Церенге қарындасы Қарашашты
бермек ойы бар көрінеді дейді... Соның анығын білуді бұйырды.
Əбілқайыр тұнжырай қалды. Құдабайдың Орынбор губернаторының тыңшысы екенін
хан білетін. Бірақ ол Əбілқайырға Неплюев не сұраса да айтып беремін деп уəдесін берген.
Оған қанша сенгенмен де кейбір құпия сырын жасырып қалуға тырысатын. Одан тіпті
қорқатын да. Хатшысын біржолата қуып жіберуге, Неплюевтің өзіне қандай қақпан құрып
жүргенін Құдабайсыз тағы біле алмайды. Бірақ Неплюев Əбілқайырдың сырын кім арқылы
білді? Бұл құпия ойын тек баласы Нұралыға ғана айтқан жоқ па еді? Сонда қалай болғаны?
Неплюев, əрине, хан сырын Нұралыдан естіді. Əлде Нұралы басқа біреуге айтып,
губернатор содан естуі де мүмкін ғой... Япырмай, солай болғай да!
Əбілқайыр ойлана түсті. Ол бірде көңілденіп отырып бəйбішесі, ақылды Бапайдан: «Мен
өлсем, қай ұлым хан болуға лайық» деп сұрағаны бар. Сонда Бапай тұрып: «Айшуақты
қойсаңат үстінен тұрып сиерсің; Ералыны қойсаңжауыңа күнде тиерсің, Нұралыны
қойсаңмауыты шапан киерсің», деп жауап берген. Расында, осы Бапайдың сөзі дұрыс-
ау... Бірақ Нұралы сол тақты əкеден өзі тартып алмақ па, қалай
Кіші жүздің ханы боп отыру үшін қазір ерліктен гөрі ептілік, ақылдан гөрі айла керек.
Бұны Əбілқайыр жақсы біледі. Сондықтан ол Нұралыны кінəлаудың орнына өзінің
айлакерлігін көрсетпек болды. Неплюевке Қалден Церен туралы ойын өзі айтады. Ал
Неплюевтің бұл сырды Нұралы арқылы біліп қалғанын сездірмес үшін, Орынбор
губернаторына бұрынғы өтініші өзі өлгеннен кейін Кіші жүз тағына Нұралыны отырғыз дейді.
Содан кейін Неплюев өзі шешсін, кімнің ақ патшаға адал екенін.
Сөйтіп Құдабайға Орынбор губернаторы Кіші жүз бен Орта жүздің арасындағы құпия
сырдың бəрі айқын болды. Үшеуі де Құдабайдан сезіктенсе де, бəрі де оған өз құпиясын
ашты.
«Сенсежарылқайды, сезіктенсеқорқады» көптен бері қызығып жүрген, қызыл етін
сыртқа теуіп, оқтаудай боп жараған көк жорғаны Əбілқайыр оған сыйға тартты.
Астындағы атыңның аяғына қан түскен екен, ертеңнен бастап ана көк жорғаны мін, —
деді хан.
Көңілі көтеріліп, құлпырып кеткен Құдабай «бұл сыйлық не үшін деп сұраған жоқ.
«Бағана Неплюев шатырының алдында судай жаңа қызыл сафьян былғары ер-тоқым жатыр
еді. Шіркін-ай, көкжорғаға қандай жарасар едідеді ішінен.
Орта жүз ханы мен сұлтандарының келмей кеткеніне іштей қатты ренжісе де, Нелюев
сыр бермей, ертеңіне яғни августың жиырма үші күні Əбілқайырға арналған үлкен қонақасы
берді. Бұған Тасөткел қойнауына жиналған қонақтардың бəрі шақырылды.
Неплюев айдалаға ұзын-ұзын столдар қойғызып дастарқанын соның үстіне жайды.
Россия байлығын көрсеткісі келгендей, столдарды қазақтың табақ-табақ семіз еттері мен
уылжыған сары қымызына, орыстың сан түрлі тағамына лық толтырды. Бұнда шошқа етінен
басқаның бəрі бар: құс еті, балық еті, жеміс, тұздаған капуста, помидор, қияр, ең аяғы
қабығымен бірге пісірілген картоп та қойылды. Мойындары ұзынды-қысқалы бөтелкелерге
құйылған орыстың ақ арағы, бенедиктин, ликер, тағы басқа шетелдің түрлі шараптары
самсап тұр.
236
Қонақтары асқа отырмастан бұрын Неплюев тағы бір керемет көрсетті. Бір батальон
солдатын ортадағы алаңға шығартып, жаяу əскер соғысының неше алуан тəсілін ойнатты.
Шабуыл, шегіну, қолма-қол ұрыс, мылтықтың сүйір ұшымен жауын түйреу. Одан кейін екі
эскадрон салт атты драгундар қонақтарды атты əскер ұрысының қыран-қырлы түрлерімен
таныстырды. Орыс əскерінің неше алуан ат ойнату, тал шабу, ордан секірту тəрізді
өнерлерін бұрын жақын жерден көрмеген қазақтың ақсақал, би, сұлтан, батырларының
естері шықты. «Ой, пəле!», «Жігітім-ақ екен!», «Па, шіркін, мына кертөбел қалай
ойқастайды деген қошемет дауыстар бүкіл өзен бойын алып кетті. Көріп отырғандары
əскер ойынынан гөрі соғысқа ұқсаңқырап, «Орынбор губернаторы осы араға бізді неге
жинап алды екен» деп, Неплюевқа күдікпен қарап отырған кейбір аңқау байлар ойын
біткенше, «Ей, алла тағала, өзің сақта!», «Құдай-ай, бекер-ақ келген екенмін!» — деп, ішінен
иманын айтып, құдайына жалбарынумен болды.
Бұл ойындар біткеннен кейін «бəлем, зəрелеріңді біржолата алайын дегендей, өзінің
солдаттарының өнеріне риза болған Неплюев қонақтарын лагерь сыртындағы төбеге
қойған алты зеңбіректің қасына алып барды. Зеңбіректің қалай атылатынын көрсетпек боп,
арт жағында үрейлене топырлап тұрған қалың топқа бір қарап қойды да, «от беріңдердеп
бұйырды.
Осыдан екі жыл бұрын Орынбор қаласында «орыс патшасының қол астына кірмек» боп
келген Əбілмəмбет пен Абылайға Орынбор комиссиясының бастығы бір зеңбіректен бір
минут ішінде он рет оқ атқызып жұртты таң қалдырған. Бұ жолы Неплюев алты зеңбіректен
бірдей екі минут оқ жаудыртты. Алты зеңбірек екі минуттың ішінде аузынан жалын төгіп, жүз
жиырма рет гүрс-гүрс етті. Аспан аударылып жерге түскендей болды. Бүкіл сар даланы
тітіреткен бір қорқынышты гүріл билеп кетті. Нағыз ақырзаман туғандай, бұрын мұндайды
естімеген қазақ жылқылары кісіней шыңғырып, шылбырларын үзіп, ер-тоқымын бауырына
ала, айдалаға шаба жөнеледі.
Мұндай гүрілдің қан базарын бұрын-соңды көрмеген қазақтың «игі жақсыларының» көбі-
ақ «астапыралла, астапыралла деп жағаларын ұстап, имандарын үйірумен болды. Атыс
бітісімен өзенге қарай жүгіргендері де бар...
Зеңбірек үнімен жұрттың зəресін алғанға мəз болған Неплюев «қазақтың жауынгері
Хиуаның білтелі мылтығын бір атып қайта тұтатқанша, бұл зеңбірек он рет оқ шығара
алады. Осы зеңбіректің атқан оғынан бес минуттың ішінде бір ауыл жоқ болады, ал бір
сағаттың ішінде он екі ауылды құртып жібере алады» деді.
Зеңбіректердің жалын атқан əлемді тітіреткен гүрілін естіген жұрт бұл сөзге күмəн
келтірмеді. Бұл алты зеңбірек түріктермен соғысып жатқан Россияның қазақ жерін
отарлауға əзер бөлген бар қаруы екенін білген жоқ. Неплюевтің де қазақ хандары мен
Жоңғар, Қарақалпақ уəкілдерін Ор бекінісінің ішінде емес, сыртында қабылдауының да бір
себебі осында еді. Əлі қару-жарағы шамалы Ор бекінісін қонақтарына көрсеткісі келмеді. Іші
толған пəле екен деп, құр сыртқы сұсынан шоши берсін деп ойлаған.
Осылай күні бұрын еңсесін басып алған қонақтарын ертіп, генерал енді дайындалған
стол басына келді. Неплюевтің оң жағында Əбілқайыр мен оның күйеу баласы, Орта жүздің
батыры Шақшақ руынан шыққан Жəнібек, сол жағында Жоңғар елшілері мен Қарақалпақ
батырлары отырды.
Өзге үш жүзге таяу қазақтың игі жақсылары мен Неплюевке еріп келген орыс
офицерлері, жаңа ғана «соғыс ойынына» қатысқан драгундер, гренадерлер, мушкетерлер
бастықтары өздерінің шен-шекпендеріне қарай стол бастарына орналасты.
Генерал Неплюев осынша жұрттың достық, бітім үшін жиналғанын, Россия елінің ең ұлы
мақсаты көршілес елдермен тату-тəтті тұру екенін айта келіп, шыныға құйылған шарапты ең
алдымен ұлы Россияның мəртебелі əйел патшасы Елизавета Петровнаның құрметіне
көтеруді ұсынды.
Кімде-кім өзінің алдындағы шынысына құйылған зəмзəм суын ішпесе, — деді күліп, —
ол біздің мəртебелі ақ патшамыздың қасы.
Бұл сөзге нанып қалған қазақтың кей аңқау батыр, ақсақалдары «тəуекелдеп алдында
тұрған кішкентай шыны ыдыстарға амалсыз қол созды.
Бірақ бұны ішсек кəпір болып кетеміз деп сазарып отырып қалғандар да бар. Осы кезде
Неплюевтің өзімен бірге еріп келген Орынбор мұсылмандарының муфтиі, ахун Нəсіполла
молда орнынан түрегеліп:
237
Патша үшін бұл шарафні ишпағанлар күнəға батады! — деп жариялады. Сөйтті де өзі
жұрт көзінше қолындағы арақ құйылған шыныны аузына апарып, көмейіне төңкере салды.
Бұдан кейін ешкім «ішпеймін» дей алмады. Барлығы да шыныларын қолдарына алды.
Біреулері бірден жұта салды, біреулері қақала-шашала ішті. Кейбіреулері аузына апарған
боп, білдірмей жерге төкті.
Ішіп болғандар жамыраса сөйлеп, күліп жатты.
Удай ғой!
Өңешімді өртеп жіберді ғой итің!
Қой, пəлесінен аулақ.
Молла-екең өзі рұқсат еткен соң ғана іштім.
Өле-өлгенше көргенім осы ғана болсын!
Қатын патша да, губернатор да риза шығар...
Жамырасқан бейшаралар өздері ауыздантқан осы арақ-шарапқа бір екі жүз жылдан
астам уақыт өткен кезде, үрім-бұтақтарының əбден қанығып алатынын қайдан білсін!
Қайран аңқау сорлылар! Енді олар асқа кірісті. Бұған келгенде қазекең ақ патшаның атын
ататқан жоқ. Екі білекті сыбанып жіберіп, сүбенің майлы етін асағанда қарап тұрған
адамның айызы қанғандай еді. Он екі мүшесі түгел астауға салынған құнанның семіз еті,
қабырғасы қабырға, төсі төс, жілігі жілік күйінде заматта жоқ болып жатыр. Астаулар мен
табақтар əне-міне дегенше дымы қалмай қайтып жатыр. «Ана бір домалағына қол жалғап
жіберші», «əлгі ботташық дегені осы болар», «тамақ емес қой мына жарықтығың», «мына
бір шөп жапырағының ащысы-ай», «бұл орыстар не болса соны тамақ етеді екен-ау»,
«пəле, балық болсаң осындай бол, əр қабырғасының өзі тебендей ғойдеген дауыстар да
шығып қалды. Ішілген қымыз, төгілген шарап.
Бір кезде Неплюев орнынан тағы көтерілді. Ол рюмкесін жоғары ұстап:
Ал, құрметті қонақтар, мына шарапты Россия елінің шын досы, Кіші жүздің ханы, ұлы
Əбілқайыр үшін алып қоялық, — деді.
Столдың бір жағында отырған бір топ «Ура деп шу ете қалды. Бұл драгун,
гренадерлер тобы еді.
Бұл жолы молла үгіт жүргізген жоқ. Біреулер ішті, біреулер шыныға қолын да тигізген
жоқ. Тек əр жерден естілер-естілмес күңкіл үндер шығады.
Мəртебең өсе берсін, Əбілқайыр!..
Əбілқайыр үшін шарап ішкенше, у ішкенім жақсы емес пе...
Бағы жоғарылай берсін хан иеміздің.
Шаңырағы күйреп ортасына түссін.
Көріңде өкір, көріңде өкіргір Əбілқайыр, сенің əлегіңнен күнəкəр боп кəпірдің қолынан
дəм таттық қой...
Байқап сөйлеңіз, қария біреу-міреу естіп қалар?
Естіп қалардай не айттым? Айыбым көрмегенімді көрсетті дегенім бе?.. Шырағым,
пəле жаппай отыр... Пайғамбар жасына келгенде маған Əбілқайыр ханнан бөтен кім
мұндай құрмет көрсеткен. Бұдан да абыройың аса берсін, Əбілқайыр хан.
Осы құрметтің бəрі Əбілқайыр үшін ғой.
Шіркіннің қадірі қалай күшті еді.
Күшті болмай, бар қазақты бір тоқтыдай көрмей арзанға сатып отырса...
Тек, жайыңа отыр! Жөн-терісін білмей...
əр жерден осындай күңкілдер естіліп жатты. Бірақ кімнің аузынан не шыққанын адам
аңғарар емес, гу-гу əңгіме. Əлдекім қолына домбыра ап патшаны, губернаторды,
Əбілқайырды мақтамақ боп шырқай жөнелді. Бірақ та оның үні қызып алған офицерлердің
«Ұзақ өмір берсін» деп қосыла салған əнінің астында қалды. Бұл əнге мас бола бастаған
бай мен билер де қосылды. Арасында мүфтидің жіңішке ащы даусы да естілді.
Қонақтары осылай өзді-өзі болуға айналғанда, Неплюев Əбілқайырды стол басынан
тұрғызып ап, қолтықтап, сай жағалай қыдырып кетті. Бұрын да мұндай қонақасында екі-үш
рет болған, шарапты да қанша ішуді білетін хан өзін жақсы ұстап келеді.
Неплюев сəл қызулау, көңілдегі сөзін айтып, ханмен ашық сөйлескісі бардай. Бірақ
губернатордың бұнысы қулық екенін Əбілқайыр жақсы біледі, сол себептен де ол артық
бірдеме айтып қалмайын деп сақтана түсті.
238
Əбілқайыр хан, — деді Неплюев жұрт шуынан алыстаған кезде, — ертең кеңесіміз
басталмақ. Сізге Жоңғар мен Қарақалпақ елшілерінің көзінше тілектеріңізді ашық айту қиын
да болар...
əсіресе, ол тілектеріміз өтпей қалып жүрсе...
Иə, ондай да жағдай болуы мүмкін... Сондықтан мен сізбен оңаша сөйлескім келіп
еді.
Менің де.
Онда тіпті жақсы. Қандай өтініштеріңіз бар? Айтыңыз.
Өтінішім үшеу. Алдыменен екеуін айтайын. Ол екеуі қабылдана қалса, үшіншісінің
қажеті де болмас.
Жақсы. Бірінші өтінішіңіз?
Бірден бұл өтінішімнің неден туғанын баяндап өтуге рұқсат етіңіз... Жасыратын түгі
жоқ, соңғы кезде менің қадірім Кіші жүз елінің алдында төмендеп барады. Бұған себеп Орта
жүз ханы Əбілмəмбеттің əрекеті...
Қалайша?
Əбілмəмбет хан: «Əбілқайырға орыс патшасының жəрдемі жоқ» дейді. Сөйтіп менің
жұртым алдында абыройымды түсіруде. Ал өзі Барақпен, басқа да сұлтандармен бірігіп,
Жоңғар қонтайшысының жағына шықпақ. Аманат та бермек. Тек менен қауіптеніп мұндай
іске бармай жүр. Біле білсеңіз, Əбілмəмбет хан, Абылай, Барақ сұлтандар Россия
патшалығына қарсы.
Олар сіздің де қасыңыз ғой?
Кімде-кім Россия патшасына қарсы болса, ол менің де жауым.
Солай делік. Бірақ бұл болжауға сену қиын. Өйткені Əбілмəмбет те, Абылай да,
Барақ сұлтан да осыдан екі жыл бұрын Урусов генералдың алдында бастарына құран
көтеріп «Россия патшасының қол астына кірдік» деп уəде берген жоқ па еді?
Бір мың жеті жүз қырқыншы жылы августың жиырма сегізі күні көп келісім сөздерден
кейін, Орынбор комиссиясының бастығы генерал-лейтенант Василий Алексеевич
Урусовтың алдында «Россия қол астына кірдік» деп Орта жүздің ханы Əбілмəмбет пен
Абылай сұлтан мұсылман дəстүрімен бастарына құран көтеріп ант берген. Генерал-
лейтенант со жолы əрқайсысына күміс қынапты қылыш тартқан. Сондай қылыш Кіші жүздің
батыры Бұғыбай мен Есетке де тапсырылған. Сол күні «Россия патшалығының қол астына
кірдік» деп Орта жүздің жүз жиырма сегіз старшынасы, ал келесі күні, Кіші жүздің жүз алпыс
бес старшынасы қолдарына құран ұстап келісімге келген.
Орта жүздің ханы мен сұлтандарының Россия патшалығының қарамағына кіруіне көп
еңбек еткен Урусов со жолы Петербургке бөтен қызметке шақырылып, келесі жылы оның
орнына Неплюев келген. Қазір Орынбор губернаторының айтып тұрғаны осы жағдай.
Біз көшпелі елміз ғой. Антты құр бос уəде деп қарайды қазақтың көп адамы.
Сіз олай қарамайсыз ғой!
Менің жолым бөлек.
Əбілмəмбет хан да антын бұзған жоқ қой...
Бұзбаса енді бұзады.
Оған қандай дəлеліңіз бар?
Дəлелім... Əбілмəмбет хан сіздің мəжілісіңізге неге келмей қалды?..
Бəсе, неге келмей қалды?
Жоңғар уəкілін шақырғаныңызды біліп, келмей қалды. Өзі Жоңғар жағына шыққалы
жүргендіктен ол елдің елшілерінің алдында сізге жолыққысы келмеді... Бұным дəлел емес
пе?..
Жарайды, Əбілмəмбет Россия патшалығына қарсы делік, — деді генерал салқын
үнмен, — сонда сіздің бірінші тілегіңіз неде болмақ?
Россия патшасының жауыменің жауым. Əбілмəмбет секілді жауды құртып, Россия
патшасының аяғының астына салу үшін, бірінші өтінішіммаған қарулы үш мың солдат
беріңіз. Мыңы орыс, қалған екі мыңы қалмақ пен башқұрт жауынгерлерінен.
Неплюев бұған тіпті қуанып қалды. Əбілқайыр мен Əбілмəмбет ханның арасының шын
жаман екеніне көзі анық жетті. Бұл Россия патшасының бір елді бір елге, бір ханды бір ханға
айдап сап, ортасынан пайда көздейтін ежелгі саясатына дəл келетін жəйт еді. Россия
əкімдері бір ханның ұпайынан екінші ханды күшейтуді дұрыс көрмейтін. Бірін-бірі жеңе
алмай, ит жығыс боп алысып-жұлысып жүргендері оларға тиімді еді. Оның үстіне
239
Əбілқайырға үш мың əскер беретін Орынбор губернаторының халі де жоқ. Орыс патшалығы
өзі үлкен соғыс жүргізіп жатқанда, қазақтың хандық таласына үш мың əскер қайдан берсін.
Бірақ ол шу дегеннен «бермеймін» демеді.
Ал екінші тілегіңіз не? — деді Неплюев, — не болса да екеуін де естиік...
Екінші тілегім: ортаншы ұлым Қожахмет сіздердің қолыңызда аманат болып тұрғалы
жеті жылдан асып барады. Шешесі сағындым деп əбден мазамды алып жүр. Енді
Қожахметті босатып, оның орнына кіші ұлым Шыңғысты аманатқа алсаңыздар.
Шыңғыс қай əйеліңізден туып еді?
Қарақыз ханымнан.
Е... е...
Əбілқайырдың ортаншы бəйбішесінен туған Қожахметті жақсы көретінін, оны өзіне қырғи
қабақ бола бастаған Жағалбайлы руына қарсы пайдаланғысы келетінін бұрын Нұралыдан
естіген-ді. Бəлендей баурына тартып өзіне жақын ұстап көрмеген, тоқалдан туған Шыңғысты
аманатқа бергеніненбермегенінің өзі жақсы емес пе?
Əбілқайырдың түпкі ойларын түсінген Неплюев енді оның өтініштеріне тікелей жауап
беруге кірісті.
Əбілқайыр хан, — деді ол жылы сөйлеген боп, — Сіздің Россия патшасының алдында
еңбегіңіз көп. Сіз бірінші боп қазақ елін Россияға бағындырам деп бірталай əрекет істедіңіз.
Сол еңбектеріңіз үшін, жай уақытта болса, екі тілегіңіздің екеуін де орындар едік. Ал қазір
бұл өтініштеріңді орындайтын мүмкіндігіміз жоқ...
Қалайша?
Қазір Россия үлкен соғыс үстінде. Əр солдат есепте. Мұндай жағдайда қазақтың екі
ханы бірін-бірі мұқату үшін Елизавета Петровна үш мың солдат бере алмайды. Əрине, қазақ
даласында Россияға жамандық келтірердей шын қиын жағдай туып тұрса, онда бір сəрі...
Үш мыңнан да көп солдат табуға болады...
Неплюев ақырғы сөзімен Əбілқайырдың қомақтап айтқан себептерін жоққа шығарды.
Бұны ұққан Əбілқайыр:
Бəрі түсінікті, — деді қабағын сəл шытып, — ал Қожахмет жайында не айтасыз?
Бұл ойланатын мəселе. Түбі мəртебелі Россия патшасы Елизавета Петровнаға хат
жазу қажет шығар. Аманатты ауыстыру үшін патша ағзамның указы керек...
Солай деңіз.
Ал енді үшінші тілегіңізді айтыңыз.
Əбілқайыр қаншама өзін-өзі ұстағысы келгенмен де, тамағына тығыла қалған ашуын
баса алмады.
Үшінші тілегім. Көптен бері Қалден Церен менің қарындасым Қарашашты сұрап жүр
еді, — деді даусы сəл қырылдап шығып. — Біздің ойымыз Қалден Церенді өшіктіре
бермеу... Артымда бəлендей сүйенер тірегім болмағандықтан, Жоңғар қонтайшысымен
үнемі жауласа беруден пайда шықпас деймін. Мəртебелі Елизавета Петровна бұған қарсы
болмас.
«əһе, — деді ішінен Неплюев, — тырнағыңды сен де көрсете бастадың ба? Бұның:
сендер мені қолдағыларың келмесе, мен былай шығам, — деген қоқан-лоқың ғой... Қарайық
бұдан не табар екенсің?».
Жоңғар тайпасымен Бірінші Петр патшаның кезінен достық бітіміміз бар. Бізбен дос
елмен достасамын дегенің теріс емес, — Əбілқайыр Неплюевтің кекетіп, не шынын айтып
тұрғанын түсінбейді. Жайбарақат пішінмен генералдың бетіне қарап еді, қатып қалған тас
мүсін тəрізді, шикіл сары бетінің бір тамыры бүлк еткен жоқ. Неплюев сөзін жалғай түсті, —
əйткенмен сəл қоя тұралық, арғы күнгі келіс сөзден не шығар екен, соны күтіңіз. Қыз болса
күйеу табылар...
Əбілқайыр бұл өтінішімен де ештеңе ұтпағанын сезді. Өкпелеймін деп бір сырын ашып
алғанына өзі де өкінді. Сөйтсе де бұл ойын Неплюев Нұралы арқылы бұрыннан да білетіні
есіне түсіп, «оқасы жоқ, ең болмаса менің бұлардан жасырын ісімнің жоқ екенін ұқты ғой,
бұған да шүкір» деп далбасалады.
Нұралы туралы сөзді енді Неплюевтің өзі қозғады.
Өзге балаларыңызға қарағанда, Нұралы қазіргі жағдайды анағұрлым жақсы түсінеді,
деді генерал. — Сіз ол туралы бұрынғы пікіріңіздемісіз?
Əбілқайырдың зығырданы қайнады. Нұралы туралы əкесінен бұрын Неплюевтің сөз
қозғауы оның күдігінің дұрыс екенін анықтады. Сонда да сыр бермей:
240
Нұралы менің тірегім, менің ісімнің жалғаушысы, — деді. — Ол туралы ойымды
өзгертпеймін.
Неплюев те Нұралының əкесі жайында ақпар беріп жүретінін Əбілқайырдың білетінін
түсінді. Бірақ оның сөзін бөлген жоқ. Хан сəл ойланды да:
Жаман айтпай жақсы жоқ, мен алда-жалда қаза таба қалсам, ақ патшадан жалғыз
тілегім: менің орныма Кіші жүздің ханы етіп Нұралыны бекітсін.
Бұл тілегіңізді патша ағзам мақұлдар деймін, — Неплюевтің лып етіп көне қалғанына
Əбілқайыр іштей қатты ренжіді. «Осы иттер менің тез өлгенімді күтіп жүр ме, қалай
Неплюев те өзінің тым тез жауап бергенін сезді. Ол күліп:
Бірақ, сіз əлі ұзақ жасайсыз. Нұралы қанша жақсы болғанымен сіздің жолыңыз бөлек.
Россия өзінің адал достарынан айрылғысы келмейді.
Неплюевтің бұл сөзді саясат үшін айтып келе жатқанын түсініп тұрса да, хан көңілі
көтеріліп қалды. Жылы сөзге кім жібімесін:
Иə, Нұралы жақсы хан болуы мүмкін...
Нұралының тағы бір артықшылығыол Қарақалпақ елімен жақсы. Тіпті бір рет
қарақалпақтарды өзіңіз шаппақшы болғаныңызда оларға араша түсіпті. Нұралыны
қарақалпақтар сыйлайды. Ал бізге қазір олардың Россия қол астына кіргені шарт. Өйткені,
Хиуаны Россияға қарату үшін, орта жолдағы Қарақалпақ жерінен өтуіміз керек.
Сөз жоқ, қарақалпақтарды Россияға қаратуда Нұралы таптырмайтын адам. Ал бірақ
Хиуа туралы оның өз ойы бар... Нұралы жақында Хиуадан қайтты. Ондағы бар жағдайды
көзімен көріп келді. Егер маған əскер берсеңдер, өзім барып Хиуаны Надир шахтың қойған
адамынан тартып аламын дейді.
«Əбілқайыр қулықпен орыс əскерлерін тағы қолына түсіргісі келіп тұр-ау» деп тұжырған
Неплюев;
Қандай əскерді айтады Нұралы сұлтан? — деді елең етіп.
əңгіме қазақ əскерлері жайында. Хиуаға орыс əскерін енгізудің керегі жоқ. Діншіл
жұрт, кəпір əскері келді деп, бүкіл халқы боп қарсы тұруы мүмкін. Ал қазақ жауынгерлері
оларға өз қосындарымен бірдей. Хиуаны біздің бабаларымыз бұрын да талай алған. Əрине,
басып кірген Қызылбас елінің патшасы Надир шахтан көрі қазақ сұлтаны Нұралыны
жергілікті ел құшағын жая қарсы алады.
Бұл еске алатын жəйт екен, — деді Неплюев ойлана, — бірақ дəл қазір Надир шахқа
қарсы соғыс ашу мүмкін бе? Россия жеті жылдан бері Түркиямен соғысып жатыр. Азов
төңірегінде жеңгенмен, Очаковоны алғанмен, біз əлі түріктерді мүлдем тізе бүктірген
жоқпыз. Оның үстіне Персиямен соғыс ашсақ...
Сіздер емес. Хиуадағы Надир шах əскерімен біз соғысамыз ғой. «Надир шах туралы
əңгімені бұл неге бастады, деп ойлады Неплюев, — бізді тағы бір үлкен соғысқа арандатпақ
қой. Сөйтіп лай суға қармақ сап, пайда таппақ...»
«Біз» дегеніңіз кім? Кіші жүз хандығын айтасыз ба? əлде сіз, Əбілқайыр мырза, Кіші
жүздің Россия қол астындағы ел екенін білмейсіз бе? Сіз білмегенмен мұны Надир шах
жақсы түсінеді ғой. Хиуа мен Үргенішті алған Надир шах енді қазақ жеріне кірмек болғанда,
кім тоқтатып еді оны? Сіз бе? əлде Ұлы Россия патшасы ма? Жоқ, мұндай елмен қазір соғыс
ашудың қажеті болмас. Ал соғыс аша қалар жағдай туса, бұған Петербургтың рұқсаты
керек. Онсыз қимылдауға қақымыз жоқ.
Əбілқайыр ақырын басын изеді, Россия қол астына еніп, Жоңғардан аман қалғаны үшін,
Əбілқайыр өзінің билігін құрбан етті. Енді ол бұрынғыдай қалаған уақытында сау етіп Хиуа
қақпасының алдына бара алмайды. Оған Россия патшасының рұқсаты керек! Иə, мұндай
бағыныштылыққа болашақ ұрпақтары қалай қарар екен?
Жөн екен айтқаныңыз, губернатор мырза, — деді Əбілқайыр сыр бермей
Петербург не айтады, соны күтейік. Надир шахтың əскері Хиуаны бүгін-ертең тастап кеткелі
тұрған жоқ қой. Əлі уақыт бар...
Неплюев Əбілқайырдың көңілі жүдеп қалғанын білсе де, оны жұбатқысы келмеді.
«Қанша дегенмен де бізге бағынышты адам ғой. Бəрібір, бүгін болмаса, ертең осылай
сөйлесуге тура келеді, еті үйрене берсін» деді генерал ішінен.
Бірімізбен біріміз ұғынысып алғанымыз қандай жақсы болды, — деді Неплюев,
қалтасынан шынжырлы алтын сағатын алып. — Біраз уақыт болып қалыпты. Қалған
шаруаны ертең кеңесте талқылармыз. Қайталық. Əлі маған Жəнібек мырзамен де ақылдасу
керек.
241
Əбілқайыр бұған елең ете қалды, бірақ үндеген жоқ.
Арғынның бір тарауы Шақшақтан шыққан Қошқарұлы Жəнібек «Ақтабан шұбырынды»
басталып, Абылайдың атағы үш жүзге тарағанға шейін, Орта жүздің ықпалды, ең əйгілі
адамының бірі еді. Əбілқайырдың қарындасына үйленгеннен бері, ол Кіші жүз ханының оң
қолына айналған, Кіші жүз ханына Орта жүздің де кей руларының бағынуына көптеген
себебі тиген. Егер Əбілқайырдан дабыл шықса, əскерін ертіп ең алдыменен хан ордасына
жетіп келетін осы Жəнібек. Сондай қылықтың бірі бір мың жеті жүз отыз сегізінші жылы
болған. «Ақтабан шұбырындыдан» бұрын-ақ Жайық пен Еділ арасындағы жер үшін таласып
келген Еділ қалмақтары Кіші жүздің Жоңғар əскерінен күйреп Россия патшалығының
қанатының астына əлі кіре алмай жүрген шағында, аулын шауып малдарын айдап əкетіп,
маза бермеген. Жайықтың арғы бетінен жайылым бер деген Əбілқайырға Еділ
қалмақтарының сол кездегі ханы Дондук Омба «əлі өз жеріңнен айырылып қалма» деп
жауап қайырған. Əбілқайыр «жыланның үш кессе де кесерткелік əлі бар, Қалден Церенге
күшім жетпесе де, дəл саған күшім жетер, Дондук Омба» деп жиырма екі мың сойылмен екі
қол болып Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы аттанған. Соның бір қолын, он мың
сарбаздан құрылған Орта жүз əскерін осы Жəнібек батыр басқарып барған. Əбілқайырдың
осы екі қолы Еділ жағасындағы Қызылжар деген жерде Қалмақ əскерімен кездескен.
Қазақтардың келе жатқанынан хабарсыз отырған Қалмақ əскерін Əбілқайыр мен Жəнібек
осы жолы қан-жоса етіп жеңген. Көп ауылдарын шауып, мал-мүлкін талап, екі мың
шаңырағын өздерімен бірге айдап əкелген. Бұл қорлыққа шыдай алмаған Дондук Омба іле-
шала қол жинап, бір мың жеті жүз қырқыншы жылы жиырма мың əскермен қазақ даласына
аттанбақ боп тұрғанда, Балдан Норбидың əкесіне істеген опасыздығының кесірінен бұл
жорық болмай қалған. Сонан кейін Орынбор экспедициясының бастығы генерал-лейтенант
Урусов екі елдің хандарын шақырып алып, кек алу мəселесін тоқтатқан, Бірақ
қарамағындағы елдердің тату-тəтті тұруын көздемейтін патша саясатын мықты ұстанған
Орынбор губернаторлары Кіші жүз бен Еділ бойындағы қалмақтардың хандарын түбегейлі
келісімге келтірмеген. Кейде араларына шоқ тастап та қоятын. Осындай жағдайда
Əбілқайыр үнемі Жəнібекке арқа сүйеуші еді.
Жəнібек батырдың қазақ руларының Россия патшалығының қол астына кіруінде де
еңбегі бар. Ол басқа хан, сұлтандар сияқты Россия мен Жоңғар арасында ауытқымай,
бастан аяқ Россияға қосылу жағында болған адам. Сондықтан Орынбор комиссиясының екі
бірдей бастығы, алдымен белгіленген Урусов та, кейін оның орнына келген Неплюев те
«Жəнібек батырдың абыройы қазақ еліне ешбір ханнан кем емес» деп, онымен үнемі
санасып отыратын. Екеуі де Анна Иоанновнадан Жəнібек батырға, Россия патшасының
бұратана ұлттардан шыққан еңбегі сіңген əскери адамдарына берілетін тархан атағын
сұраған. Бұны Əбілқайыр да қолдаған.
Жəнібектің көптен аңсап күткен сол атағы жайлы патша указы кеше ғана келіп еді. Бұны
əзірше Неплюевтен басқа жан білмейді. Ол бұл указды губернатор кеңесі біткеннен кейін
қонақтарын тағы жинап, солардың көзінше оқымақ, адал қызмет істейтін адамды Россия
патшасы қалай жоғары бағалайтынын айтып, мақтап өтпек.
Жəнібектің аты аталған шақта Əбілқайырдың əлденеге секем алғанын аңғарып қалған
Неплюев:
Жəнібек батырды мен сіздің жекжатыңыз ғана емес, одақтас досыңыз деп
қадірлеймін, — деді.
Оған шек келтірмеңіз.
Орта жүздің ханы Əбілмəмбет пен Абылай сұлтан келе жатып, кейін қайтып кетті. Ал
Орта жүзден келген басқа ақсақал би, батырлар көп. Біреу соларды басқармаса, біздің
кеңесіміз Орта жүздің пікірінсіз өтеді. Мұндай мəжіліске олардың қатысқаны жөн.
əлбетте.
Оның үстіне Жоңғар елшілері Орта жүз өз тағдырын Əбілмəмбет пен Абылайсыз да
шеше алатынын көрсін.
Дұрыс айтасыз, генерал мырза, — деді бұл шешімге қуанып қалған Əбілқайыр, —
менің де айтып жүргенім осы ғой. Орта жүздің тағдырын тек Əбілмəмбетке беріп қоюға
болмайды. Жас болса да қазір билік Абылайға көшіп бара жатқан секілді...
Бұл жолы Неплюев пен Əбілқайырдың ойы бір жерден шықты. Орта жүз елінің ішінен
Əбілмəмбет пен Абылайға қарсы қоюға жарайтын бір адам болсаол Шақшақ Қошқарұлы
Жəнібек батыр.
242
Əбілқайыр мен Неплюев стол басына қайта келгенде, жұрт азан-қазан екен. Хан мен
генерал жоқ деп, ешкім күтіп отырмапты. Арақ, шарапқа тойғаны мас боп, көгал үстінде
қорылдап ұйықтап жатыр. Көпшілігі арақ араластырған сары қымызға лықия тойып ап, шеке
тамырлары білеудей боп жапанды жалпағынан басып, гу-гу етеді. Орыс офицерлері де
есесін жібермеген тəрізді. Орыспын, қазақпын демей, бірін-бірі құшақтап, əлденені айтып,
қарқылдап күліседі...
Жұрттың мұндай күйін көрген Неплюев қонақтарын дастарқан басына бұдан ары ұстауға
қорықты. Мас болып қалған біреуі əлдеқалай шатақ шығармай тұрғанында, бұл жиынды дер
кезінде таратуды жөн көрді.
Ол арақ толы бокалын қолына алып:
Құрметті қонақтарым, мен соңғы тосты сіздердің құрметтеріңізге ішемін, — деді.
Сосын үлкен бокалдағы арақты аяғына дейін қағып салды. «Браво! Браво деген
офицерлердің айқайы естілді. — Келгендеріңе көп рақмет! Бүгінгі бас қосуымыз осымен
бітсін. Таңертең сағат онда ресми мəжілісіміз басталады.
Көп рақмет!
Көп жаса, генерал мырза!
Бір бас қосып қалдық қой... — деген сөздермен жұрт опыр-топыр түрегеліп, тарай
бастады...
Жиырма үшінші август күні басталған мəжіліс жетінші сентябрьге дейін созылды.
Жоңғар елшілері қатынасып отырғандықтан, ең күрделі мəселе Россия қол астына қазақ
елінің кіргендігін Жоңғар хандығының мойындауы еді. Сол себептен кеңестің біраз күні
Россия, Жоңғария жəне Қазақ елі арасында қандай байланыстар, келісімдер болатынын
анықтауға кетті. Россия патшасының өкілдері Жоңғар елшілерінің қазақ жеріне не үшін
келгендерін, қандай талап қоятындарын білгісі келді. Оған Кошка мен Бұрун:
Қазақ елі біздің Қытаймен ұзақ уақыттар бойы соғысып жатқанымызды пайдаланып,
талай шапты. Сол үшін біз олардың көп жерін басып алдық. Қазақ елі енді бізге салық
төлеуге, аманат беруге тиісті, — деген пікір айтты.
Оған Неплюев:
Біздің қол астымыздағы елдің бөтен жұртқа салық төлеуі не аманат беруі Россия
империясының заңына қайшы келеді, — деген жауап қайырды.
Біздің қастарымыз арамызға қандай от жақса да, қазақ елі қолына құран алып, Ұлы
Россия патшасына берген антында тұрады, — десті Орта жүз бен Кіші жүздің атынан
сөйлеген Əбілқайыр мен Жəнібек, — Россиямен мəңгі біргеміз. Ал Жоңғар елін шапсақ, ол
ғасырлар бойы бітпей келе жатқан арамыздағы ұрыстың жалғасы еді. Егер Жоңғар елі бізге
тыныштық беретін болса, біз де оларға қол көтермеуге, ұлы мəртебелі губернатордың
алдында уəде етеміз.
Қазақ хандары жаратылғалы уəделерін орындап көрген жоқ, — деді Жоңғар елшілері,
бұл біз талай естіген көкек əні, антын ертең-ақ бұзады.
Бұл жолы олардың антын бұзбайтынына біз кепілміз, — деді Неплюев.
Олай болса, біздің ұлы қонтайшымыз Қалден Церенге елші жіберіңдер, — деді Кошка
мен Бұрун, — қалған келісім сөзді сонда бітірелік...
Осылай келісті, бірақ Жоңғар елшілері бірден жүріп кетпеді. Олар үш жүздің ақсақал биі,
батыры қолдарына құран ұстап: «Россия қол астына кірдік» деп губернатор алдында ант
бергенін көздерімен көрді. «Игі жақсыларға» рақмет айтып, əсіресе Ұлы жүздің
басшыларына ризашылығын білдіріп сөйлеген Неплюевтің сөзін естіді. Бұл Жоңғарларға
қатты батты. Өйткені Жетісу олар үшін Жоңғар қонтайшысы басып алған өлке боп
саналатын. Ұлы жүз бұл кезге дейін қонтайшысына салық төлеп, аманатын беріп келген.
Орыс патшасының қазақ жеріне ішкерілеп кіре бастағанын көрген Жоңғар елшілері,
өздерімен одақтас Қарақалпақ батырларын ертіп, дым бітіре алмай, елдеріне қайтып кетті.
Бұлар кеткеннен кейін Неплюев тағы екі мəселе қарады, бірі Орта жүз бен Кіші жүз
хандарының арасындағы қайшылық болса, екінші Еділ қалмақтары мен қазақ елінің
арасындағы өшпей келе жатқан қастық еді.
Қазақ хандарының өзара жау болуы Россияға қаншама тиімді болғаныменен де,
Əбілқайырды біржолата шошытып алмайын деп, Неплюев оған «қандай қиын істі болса да
татулықпен шешуге тырыс» деп ақыл берді. Оның үстіне Əбілқайырға өз қарамағындағы
орыс қарашекпендерімен жақынырақ отыру үшін, Елек пен Берді өзендерінің бойында көшіп
жүруге рұқсат етті. Бұл соңынан қазақ еліне деген үлкен жақсылық боп табылды. Осы арада
243
Кіші жүздің ең алғашқы егінші жұрты пайда болды. Ал ханның өзіне «орыс бекіністерінің
қайсысына болса да кіріп жүруге еріктісің» деді. Сондай-ақ Кіші жүздің ханын қазынаның
астығымен қамтамасыз етуді орыс əкімшілігі өз міндетіне алды. Неплюев осы болмашы істің
бəрін патша ағзамның Əбілқайырға ерекше көрсеткен құрметі деп ұғындырды. Бұның бəрі
жылаған баланың қолына бір үзім нан ұстатқанмен бірдей, Орынбор губернаторының
шығарып салма саясаты екенін Əбілқайыр түсінсе де, қарсы ештеңе айта алмады.
Еділ қалмақтары мен қазақ елінің таласын да Неплюев оңай шешті. Дос-
тастырып, бірімен бірі қарым-қатынасын жөндеп, ел боп араласып тұратын келісімге
келтірудің орнына, «Еділ қалмақтары, сен Жайықтың бергі бетіне өтпе, ал қазақ елі, сен
Жайықтың арғы жағасына шықпа» деп үкім айтты. «Тұтқындарымызды қайтарып берсін»
деген Еділ қалмақтарының өтінішіне, Жəнібек: «оларды қайтару мүмкін емес, біз сол жылы-
ақ қалмақ тұтқындарын Хиуа, Бұхар базарларына сатып жібергенбіз» — дегеннен кейін,
Неплюев бұл мəселені соңынан қарамақ болды. Осылай тынымды ештеңе өндіре алмаған
Еділ қалмақтарының елшісі де іштей тынып еліне жүріп кетті.
Бұл мəжілісте тікелей өз басына олжа тапқан тек Жəнібек болды.
Келісім сөз қызу жүріп жатқан кезде, қалт еткен бір үзілісте Неплюев қонақтардың басты
адамдарын өзінің шатырына жинап, қазақтың, қалмақтың, баш-
құрттың сұлтандары мен батырларының алдында тамаша бір шабытты үнмен Елизавета
Петровнаның указын оқып шықты.
Бұл указда патша азғамға көрсеткен адал қызметі үшін Жəнібекке қырғыз-қазақ
халқының бірінші тарханы деген атақ берілді. (Бұл Россиядағы фельдмаршал дəрежесімен
тең еді). Егер патша ағзамға адал қызмет істесе, тархан атағы оның балаларына,
ұрпақтарына дейін мирас етіледі делінген.
Указды оқып шыққаннан кейін жаңа тарханның құрметіне барабан соғылып,
зеңбіректерден салют берілді.
Қошамет көрсеткен жұрт гуілдесіп кетті.
Уа, Шақшақ, атың бəйгеден келді!
Даңқың аса берсін, Жəнібек!
Тархан дегені хан дегені ме екен? Қарадан да хан шығады екен-ау!
Шап ауылға, сүйінші сұра!
Уа, Арғын атам, бір көтердің ғой аруағымды! — десіп, бүкіл дала шуға толып кетті.
Тархан? Бұл қай халықтың тіліндегі сөз. Дəрежесі қандай болмақ? Жəнібекке бұл атты
сұрағалы қашан! Патша ағзам указын əне берем, міне берем деп, Жəнібектің алдына оны
қызыл түлкінің құйрығындай бұлаңдатты да қойды. Ақыры берді-ау əйтеуір. Бұрын өзі
тілектес боп жүрген Əбілқайырдың қиялы қазір алай-түлей. Бұл не? Қызғаншақтық, əлде
көре алмастық па? Ағайынды екі адам бəйгеге ат қосып, ағасының аты келсе, қызғаншақ
болса, інісінің жаны күйінеді. Бұ да сондай бірдеңе... Əйтпесе Əбілқайырға Жəнібектен
жақын кім бар? Туған балалары да ханға бұдан артық жақсылық ойлаған емес.
Жəнібекке тархан аты берілгенде шаттанғандары көп, жанына қызғаныш шоғы түсіп,
күндестік сезім билегендер де аз емес. Ондайлар құр күлген, қуанған болады. Бірақ,
көздерінде ызғар, еріндерінде кекесін ізі байқалады.
Ал, Неплюевтің өз есебі өзінде, «Бала секілді, бұлардың қуануы да, ренжуі де оп-оңай.
Мұндай елді басқару қиынға түспейді. Егер біреуді мерт еткің келсе, өзгеден оның
дəрежесін жоғары көтере қойсаң болғаны».
... Жалпы келіссөздер бітіп, қонақтар тарқардан бір күн бұрын Неплюев Құдабайды тағы
шақырды.
Əбілқайыр хан көптен бері Сырдарияның етегіндегі құлап қалған көне қала Жанкентті
қайтадан жөндеуді сұрап жүргенін білесің бе? — деді.
Білем...
Не үшін екенін де білесің бе?
Мүмкін Жоңғарға таяу тұрғысы келетін шығар.
Қу тілмаш осылай деп губернатордың бетіне күлімсірей қарады. Губернатормен соңғы
кездерде жиі кездесіп жүрген тілмаш Неплюевтің ызғарлы түріне де, орынсыз айқайына да
үйреніп алған-ды.
Неплюев өз ойын онан ары сабақтады.
Ол күйреп қалған қаланы қайта тұрғызу үшін, қанша қаржы керек екенін білуге
геодезистер жіберуге тиістіміз. Жақында хан ордасына прапорщик-геодезист Илья Муравин
244
барады. — Неплюев Құдабайға түксие қарады. — Оның қызметі тек көне қаланың орнын
зерттеу ғана болмайды. Бар хабарды соған жеткізіп тұрасың...
Құп, тақсыр, сеніміңізді ақтауға бармын.
Əбілқайыр Муравинді өзіне патша үкіметінің атынан келген кеңесші деп санайды.
Солай деп онымен келісілген. — Генерал күлімсіреген болды. — Кеңесші тілмаш емес,
ханның ішінде не жатқанын да біліп тұруға міндетті. Ал осы прапорщик барғанша оның
міндеті саған жүктеледі...
Неплюевтің өзіне сенбей Муравинді жіберіп отырғанына іштей наразы болып қалған
Құдабай:
Ол міндетті мен бұрын да атқарып келе жатқан жоқ па едім? — деді төмен қарап. —
Жəне жаман да атқармаған секілді едім.
Неплюев өз тыңшысының көңілін тақа жүдеткісі келмеді.
Сен жаман жұмыс істеп жүрген жоқсың. Адал еңбегің үшін дəрежеден де құр
қалмассың... Прапорщиктен саған келер зиян жоқ. Бар!
Құп, тақсыр.
Жарты сағаттан кейін Құдабай Əбілқайырдан көптен бері қолы жетпей жүрген сусар
бөрік пен оқалы шапан киді. Бірақ хан одан жақында өзінің Ордасына Жанкентті тексеруге
прапорщик Муравин келетінін, ал оның негізгі қызметі ханды аңду екенін білді. Ал сол күні
түнде Неплюев Петербургке, сыртқы істер коллегиясына: «Əбілқайыр туған баласын
аманатқа беріп отырып, Россияға қарсы шыға алмайды, бірақ оған сенуге де болмайды,
өйткені ол екі жүзді жəне тəкаппар адам» деп хат жазды.
... Ал бұл кезде Əбілқайырдың орыс патшасының алдында тек өзім ғана адал болып
көрінсем деген саясатының арқасында, Россия əкімдеріне өкпелеген Орта жүз ханы
Əбілмəмбет Түркістан шаһары мен оның төңірегіндегі Қарнақ, Сукент, Сауран, Сығанақ
секілді тағы отыз екі қаланы қайтарып берем деген Жоңғар қонтайшысының сөзіне сеніп, бір
мың жеті жүз қырық екінші жылы Боқыраудың басында Қалден Церенге аманат етіп, өзінің
кіші баласы əбілфейізді жіберді. Кешегі жауына бас иген бұл қылығын ол бір жағынан, осы
кезде Жоңғар қонтайшысының қолына тұтқынға түскен Абылай сұлтанды босатып алу үшін
істеген боп көрінді.
Бұрын өзіне қарсы кеп, əр басқан адымын аңдып отырған Орта жүз ханының өз жағына
шығатын құлқынын сезген Қалден Церен қырық бесінші жылы орыс бекіністері мен қазақ
жерінің іргелеріне жиырма мың қарулы əскері мен жол салуға арналған жеті мыңдай
адамын əкеп қойды. Бұның бəрі бүгін болмаса, ертең қазақ жерінің дəл ортасына басып
кірудің дайындығы еді. Үлкен айқас басталғанша олар жақын тұрған қазақ ауылдарын
дүркін-дүркін шауып, мазасын ала берді.
Мұндай қиын жағдайда Орынбор əкімдерінің алдында екі түрлі міндет тұрды. Бірі, осы
уақытқа дейін қазақ даласынан жырып алған жерлерін, салған бекіністерін сақтап қалу
болса, екіншісі, қазақ даласына Жоңғар əскерін кіргізбеу.
Бұнымен қатар Орынбор губернаторы Кіші жүздің еліне Жайық өзенінің арғы бетіне мал
жаюды тоқтатуды бұйырды, Жайық пен Еділдің ортасында бұрыннан көшіп жүрген кейбір
рулар енді бұл араны тастап, Жайықтың бергі бетіне қуып шығарылсын деді. Ал бұған қазақ
ауылдары көнбейтіндей ниет көрсетсе, осы маңдағы казак-орыстардың қарулы күштерінің
бас қолбасшысы подполковник Ртищевке қалмақтың қарулы əскерлерін қазақтарға қарсы
қолдануына рұқсат етілді. Жəне қалмақтарға қазақтардан талап алған мал-мүлік, тартып
алған жерінің бəрі өздерінің қарамағында қалатынын айтты. Ал бұндай шараларға көнбей
қарсылық істейтін қазақ ауылдарының басшыларын, сенат өзінің бір мың жеті жүз қырық
төртінші жылғы бесінші марттағы указы бойынша «ұстап алып, Орынбордағы Роговик,
Сібірдегі Нерчинскийдің күміс шығаратын заводтарына жер аударылсын» деп жарлық етті.
Бұл шара аз болғандай, бір мың жеті жүз қырық жетінші жылы Сыртқы істер коллегиясы
қазақ елі Жайық өзенінің оң жағына малдарын айдамас үшін, бұл өзеннің сол жағасы Каспий
теңізіне дейін күзді күні өртелсін деп бұйырды. Бұнымен қатар орыс бекіністерін қазақ
ереуілшілерінен сақтау үшін қазақ жеріне қарулы əскер шығаруға указ берді. Бұл указ
бойынша, қарулы əскер қызметін Жайық бойының казак-орыстарына міндеттеді. Оларға
қазақтардың жылқыларын ғана айдап алу емес, өздерін де тұтқын етіп, жер аударуға рұқсат
етілді. «Шаш ал десе бас алатын» казак-орыстар енді ойларына келгенін істеуге еркіндік
алды.
245
Мұндай жағдай тек қана Жайық бойында емес, Сібір губернаторының қарамағындағы
қазақтарға да қарсы пайдалануға бұйырылды.
Бұл қысым жалғыз қазақ кедейлеріне ғана емес, жақында ғана кеп, жаңа жерге қоныс
тепкен орыс шаруаларына да түсті. Патша қанауына шыдай алмаған бұқара арасында
Пугачев бастаған көтеріліс белгі бере бастады. Бұған қазақ, башқұрт секілді ұлттардың
кедей тобы да қосылды.
Неплюев қазақ елі мен патша үкіметінің арасындағы қырғи-қабақтықты бəсеңдетудің бір
айласы бітім сөз жүргізумен қатар, қазақ даласымен сауда-саттықты кеңейте түсуде деп
ойлады. Ол, тіпті, бір мың жеті жүз қырық жетінші жылы Сыртқы істер коллегиясына берген
рапортында: «Бұл халықты құр қорқытумен ғана емес, көбірек сауда-саттық секілді
жақсылық істер арқылы да бағындыру жолын ойлауымыз керек» деп жазды. Егер бұған
қазақ елі көнбейтін болса, оларды күшпен бағындыру үшін, өзіне жəне Ойыл жолындағы
əскердің бастығы генерал-майор Штокманға Жайық қазақ-орыстарынан екі мың, Орынбор
мен Ор бекіністеріндегі əскерден бес мың солдат берілуін сұраған. Түбі бұл əскер аз бола
қалса, тағы қалмақ, башқұрт, шоқынған татарлар мен мешерлер секілді Россия
патшалығына бағынышты бұратана ұлттардан он мыңға тарта қарулы адам қосылсын
деген. Əрине, осыншама əскерді Неплюев неге сұрап отырғаны Сыртқы істер коллегиясына
да айқын еді.
Осындай жағдайда қазақ елінің өз тəуелсіздігін сақтап қалуы екіталай шаруа.
Бір жағынан жиырма мың əскерін жалақтатып жоңғар қонтайшысы Қалден Церен, екінші
жағынан дəл осындай əскерін қазақ жеріне кіргізе бастаған орыс патшасы. Жан алқымға
енді келді. Хан мен сұлтандар өздерінің жолын тауып жатты: бірі орыс патшасына қызметке
кірді, бірі Жоңғар қонтайшысымен ауыз жаласпақ болды. Ал қара халық ше? Жерінен,
бостандығынан айрылуға жақын қалғанын сезіп, жанталасты.
Орыс патшасы арқылы «жұмақ орнатам» деген Əбілқайырдан да, Жоңғар қонтайшысы
арқылы тыныштық əкелем, атамекен Түркістаныңды қайтып əперем деген Əбілмəмбеттен
де халық суий бастады. Білегін сыбанып жіберіп, ол енді батыр жігіттерінің соңына ерді.
Орыс патшасы салдырған бекіністерді шапты, керуендерін тонады, патша солдатының
қолынан бір шаруа өлсе, оның құнын екі есе қайтаруға тырысты. Осылай Кіші жүздің көп
рулары атқа қонса, Орта жүздің жігіттері де бос қалмады. Əбілмəмбет ханнан көрі, енді олар
өз араларынан шыққан Баян, Малайсары, Бөгенбай, Бұқарбай, Олжабай, Елшібек секілді
батырларының жасағы боп, тұс-тұстан Жоңғар қонтайшысының үстемдігіне қарсы шықты.
Орыс патшалығынан не əскер, не Жайықтың арғы бетінен жайлы қоныс, не аманатқа
берген баласы Қожахметті қайтып ала алмаған Əбілқайыр өзінің қадірінің шын түсе
бастағанын енді айқын сезінді. Бұл Əбілқайырдың емес, Орынбор губернаторы Неплюевтің
қатесі еді. Əбілқайыр қазақ елін Россияға қосу жолындағы алғашқы қайраткерлерінің ең
табандысы екені даусыз болатын, ел көзінде оның қадірін көтере білу керек еді.
Соңынан ерген жұртының өзінен алыстай бастағанын ұққан Əбілқайыр қатты састы.
Біресе қарамағындағы елді Орта Азия хандарының жеріне көшуге, не болмаса Иран
шахының қол астына кіруге үгіттеді. Ондағы ойы егер қазақ рулары солай қарай ауар
болса, орыс патшасы қарамағыма өзіме керек əскер беріп, қазақ елін біріктіруге тағы
шақырар деген үміт. Бұдан да ештеңе шықпады. Қазақ жұрты жат ел хандарына
жалынышты болғаннан гөрі, қандай қиындық көрсе де өз жерінде қалғанын артық көрді. Бұл
бір ерекше өкініш еді. Нəдір шах əскері келмей тұрып, 1744 жылы Əбілқайыр Хиуаны басып
алған. Соңынан тұрғын елдің бүліншілігі арқылы аз уақыт бұл араға Нұралы да хан болған.
Нəдір шах мұны да қуып жіберген. Хиуа хандығынан айрылып қалған Əбілқайырдың жүрегін
өкініш жегідей жеген. Халық болса жолын өзі тауып кете ме деп қорыққан Əбілқайыр,
сасқанынан орыс патшалығына қарсы қимыл көрсете бастады. Сондай əрекеттің бірі қырық
жетінші жылы болды. Əбілқайырдың ақылымен қазақтың екі мықты қолы Үйшіктің төменгі
жағындағы мұз боп қатып қалған Жайық өзенінің үстімен өтіп, Қызылжар деген жерде
қалмақтардың ұлысы мен орыс балықшыларының қалашықтарын шапты. Көп малын,
табын-табын жылқыларын айдап алды. Алты жүзден астам қалмақ пен орыс адамдарын
тұтқын етіп өздерімен бірге əкетті. Осы жылы тағы да қазақтың бес жүз адамнан құрылған
жасағы Үйшікті айнала өтіп, үстірт арқылы Еділдің жағасына шықты. Тағы тыныш жатқан
жұртты шауып, мал-мүліктерін олжа етті. Бірақ жолай өздерін аңдып жатқан казак-орыс
жасағына душар болып, əзер қашып құтылды. Əбілқайыр Россия бекіністеріне қарсы басқа
246
да жорықтар ұйымдастыра бастады. Əбілқайырдың бұндай қылығын көрген Кіші жүздің кей
рулары оның маңына қайтадан шоғырлана түсті.
Алайда Əбілқайыр Россия секілді ұлы мемлекетті аз қолмен қарсы шығып, мұқата
алмайтынын жақсы білетін. Сол себептен де ол баласы Қожахметті босатып аламын ба
деген үмітпен, тұтқынға түскен орыс адамдарын қайтарып бергізуге бірталай əрекет істеді.
Бірақ орыс əкімдері оның бұл ойын тағы теріс ұқты. «Бізге қарсы əрекеттерінен ештеңе
шықпайтынын білгендіктен, Əбілқайыр бұрынғысынан көрі жуасыды» деп жазды Неплюев
Сыртқы істер коллегиясына.
Ал бұл кезде Жоңғармен тіл табам деген Əбілмəмбеттің де басқыншы елмен дос бола
алмайтынына көзі жеткен. Қалден Цереннің бар көздегені қазақ елін бүтіндей өзіне
бағындыру екенін Орта жүздің ханы түсінді. Россия патшалығы алдында Əбілқайырдың
беделінің түсе бастағанын білген Əбілмəмбет енді орыс əкімдерімен тіл табуға тырысты.
Демек, орыс əкімдері Əбілмəмбеттің жəне оған ерген Абылай секілді сұлтандардың
мұндай ықыласын пайдаланғысы келді. Енді Орынбор губернаторы Неплюев өзінің ескі
əдетіқазақ хандарын, сұлтандарын бір-біріне айдап салатын əдісіне қайта көшті. Ол енді
Əбілқайырға қарсы Барақ сұлтанды пайдалануды ойлады. Бұл кезде Əбілқайыр мен
Барақтың арасы əбден шиеленісіп болған. Осыдан жарты жыл бұрын ғана Барақтың баласы
Ханбабайдың Созақты билеп тұрған əкесіне Хиуадан Сырдария арқылы жіберген жетпіс
түйелі керуенін Əбілқайырдың жасақтары талап алған, осы керуен жайында хабар берген
Неплюевтің өзі еді.
Бұл кезде Орта жүздің ханы Əбілмəмбет Түркістанды беремін деп алдаған Қалден
Цереннен мүлде ат құйрығын үзген. Жоңғар қонтайшысының шақыр-
ғанына, ақсақалдармен ақылдасып бармай қойған. Бұған ашуланған Қалден Церен
қолындағы Əбілмəмбеттің аманат баласы əбілфейізді, Барақтың ұлы, Шағайды өздеріне
қайтарып, қазақ даласындағы елшілерін, саудагерлерінің бəрін жинап алған. Бұнысы
Қалден Цереннің тағы соғысамын дегені еді. Бұндай жағдайда Орта жүздің ханы
Əбілмəмбет те, батырлары Барақ, Абылай, Жəнібек, Бөгенбай, Күшік те, Кіші жүздің белді
адамдары Бұғыбай, Бөкембай, Алтай, Тайман, тіпті хан балалары Нұралы, Ералы, Айшуақ
та Россия жағына шығып, соны паналауды ұйғарған. Бұны біреуі ел қамын ойлап істесе,
енді біреулері қорыққандығынан мақұлдады. Барақ секілділері Россия патшасына бағынуды
түпкі ойы ұнатпаса да, басқа лажы болмай, амалсыз көнді.
Бүкіл Орта жүз бен Кіші жүз басшыларының бұлай Россия жағына күрт құлауына тек
Жоңғар қонтайшысымен араларының қиындап кетуі ғана себеп болған жоқ. Халық бұл кезде
соғыстан, алыс-жұлыстан əбден шаршаған еді. Енді ол аз уақыт болса да тыныштық іздеп,
өзінің азып-тозып бара жатқан шаруасын жөндегісі келген. Мұндай аласапыран кезеңде
халық тыныштық тек орыс патшалығы арқылы ғана келеді деген сенімде еді. Өйткені
Россия патшалығы кеше қазақ жеріне бекініс ретінде салған: Орск, Елецк, Троицк, Үйшік,
Ямшенев, Семейпалат, Тобольскілердің бəрінде де сауда-саттық жүргізе бастаған. Қазақ
еліне керегі де осы. Енді олар бұл қалалардағы орыс саудагерлеріне малын, терісін, жүн-
жұрқасын сатса, өзіне керек астығын, матасын, қазан-ошақ, ыдыс-аяғын, кетпен-балтасын
алды. Орыс əкімдері қазақ еліне тек мылтық, күкірт секілді қауіпті заттарды көп сатуға
рұқсат етпеді.
Россияда сауда қалаларының күшейе бастағаны соншалық, ондағы болатын
жəрмеңкелерге қазақ жерін басып Орта Азия хандарының сауда керуендері де келді. Ал
қалың бұқара орыс қара шекпендерімен таяу танысып, олардан егін салу, балық аулау
секілді өнегелерді үйренуге кірісті. Көбі өзі секілді шаруалармен тамыр-таныс боп алды.
Орыс əкімдері де бос жатпады. Біресе Əбілмəмбетке, біресе Абылай, Барақ, Жəнібектерге
бір кезде Россия қол астына кіргендерін құлаққағыс етіп, кісі жіберумен болды.
Осы тұста Кіші жүз ханы Əбілқайырдың күйі бұрынғысынан да нашарлай түсті. Екі
жүзділік саясатының салдарынан ол не қазақ елінің, не орыс патшалығының сеніміне кіре
алмады. Ал Орынбор губернаторы Неплюев өз жұртының алдында қадірі кеткен
Əбілқайырдан мүлдем құтылуды қарастыра бастады. Бұл жолы ол Əбілқайырды сенат, не
Сыртқы істер коллегиясы арқылы емес, Кіші жүз ханының Орта жүз сұлтандарымен бəз
баяғы бас араздығын пайдалану арқылы-ақ құртпақ болды.
Ал Əбілқайыр енді тікелей Петербургпен тілдеспекке қол созды. Ол өзінің Неплюевпен
қырғи-қабақ екенін айтып, жəрдем сұрап Тевкелевке хат жазды. Орынборға бұл хатты алып
келген Құдабайды ертеңіне Неплюев шақырып алды.
247
Орынборға неге келдің? — деді амандықтан кейін.
Құдабай жасырған жоқ.
Əбілқайыр ханның генерал Тевкелевке жазған хатын əкелдім. Осы жерден
Петербургке баратын біреу арқылы беріп жібермекшімін.
Хат не жайында?
əрине, дворян тəрбиесімен өскен Неплюев бірудің хатын ашып оқудан аулақ еді. Ал
тілмаш, ханның өтінішімен өзі жазған хаттың дымын да жасырмай бəрін айтып берді.
Хаттың түпкі мəні Кіші жүздің ханын Орынбор губернаторымен татуластыру жайында жəне
Неплюевтің өзі сенатқа жазған Əбілқайыр екеуінің арасындағы қайшылықтар туралы
болғандықтан, Неплюев Əбілқайырдың аңқаулығына езу тартып күлді де:
Жақсы, хатыңды ертең біздің почта арқылы жібер, — деді. Сосын кетіп бара жатқан
Құдабайды тоқтатып, — Кіші жүз ханы мен Орта жүз сұлтандарының арасындағы бақ
таластықты, қайсымыз орыс патшасына көбірек жағынып, атақ-дəреже аламыз деуден туған
өшпендікті өзім де жақсы білемін. Бірақ мəселе қазір онда емес... Басқада. Россия
патшалығы енді Əбілқайырға арқа сүйей алмайды...
Құдабай сəл басын көтерді.
Əбілқайыр хан райынан мүлдем қайтып, біржола Россия патшалығына арқа сүйегісі
келсе де ме?
Бəрібір, — деді Неплюев. — Енді Əбілқайыр райынан қайта ма, қайтпай ма, маңызы
жоқ. Өзінен ақылды жас шықса, кəрінің оған жол беруі жаратылыс заңы...
«Ол жасың Əбілқайырдың баласы Нұралы ғой! — деді ішінен Құдабай. — Нұралы шу
бастан өзін дұрыс ұстап келеді. Бірақ Əбілқайыр тəрізді көкжалдар бір бұлқынғанында жоқ
қылғалы тұрған арыстан ашуланса, Нұралы секілді көжектің несін қалдырады
Сонда... Біздің ханымызды орнынан түсірмексіздер ме? — деді тəуекелге бел буған
Құдабай, — сенат ол туралы указ берді ме?..
Өйте қояр ма екен... — Неплюев енді Құдабайға ызғарлана қарады.— Патша
үкіметінің Əбілқайырда енді шаруасы жоқ. Қазақ сұлтандарын өзіне қарсы қойған екен,
жауабын да өзі берсін...
«Сонда Əбілқайырды о дүниеге қай сұлтан жөнелтуге тиісті? — Құдабай тіпті терлеп
кетті. — Губернаторы қайда бастап барады
Меніңше қазақ еліндегі оның қас жауы Орта жүздің ханы Əбілмəмбет, — деді
Құдабай. — Екеуінің арасындағы бақ таластық...
Жоқ, Орта жүздің ханы бұл іске жарамайды. Əбілмəмбет Əбілқайырды өлтіріп, бүкіл
Кіші жүзді өзіне қарсы қояр ақымақ емес. Басқа қайсысы бар?
Барақ сұлтан... Екеуінің арасындағы өшпенділік бірін-бірі нағыз өлімге қиярлық
жағдайда. Оның үстіне Барақ сұлтан орыс қалаларының қазақ жеріне салына бастауының
бас айыпкері Əбілқайыр хан деп санайды, Кек алуға ол тайынбас...
Иə, Барақ сұлтан бізге де дос емес, «қол астына кірдік» деген анты құр шығарып
салма сөз. Шын беріліп жүрген ол жоқ. Міне, осы Барақ сұлтанды пайдалану керек...
Сонда маған не бұйырмақсыз?
Барақтан жоңғар қонтайшысы құнын сұрамайды. Рақметін айтады, сенің міндетің
Бараққа біздің ойымызды сездіру... Жəне Россия патшалығының да қуғын
салмайтындығына сендіру.
Жоңғар мен орыс патшасы Əбілқайыр үшін, Барақты дарға асып, оққа байламайды
делік. Бірақ мұндайда жайшылықта жек көргенмен, хан құнын жоқтар Кіші жүздің рулары
бар емес пе? Барақ олардан сескенбей ме? Қанша көкжал дегенмен, оған да жан керек қой.
Кіші жүз руларын Нұралыға жібер. Болашақ хан өзіне бағынышты елімен тіл
табысар...
Ал өзім жайында...
Өзің жайында қам жеме... Россия империясы өз адамын қашан да қорғай білген.
Қанша сұм болғанмен, Құдабай осынау бір алыста жатқан сұмдықтың ыз-
ғарынан өзін тоңып кеткендей, бозара қалды. Тыңшысының мұндай халін ал-
ғашқы рет көрген Неплюев оның көңілін ашқысы келді.
Орынборға көптен бері келген жоқсың ғой, — деді сөзді басқа жаққа бұрып. —
Губернатор кассасында бірталай еңбек ақың жатыр. Соны ала кет.
Жаңа ғана салы суға кетіп тұрған Құдабайдың түрі енді жайнап сала берді.
248
Менің еңбегімді ұмытпағаныңызға мың да бір рақмет! — деді Құдабай басын иіп. —
Жаңағы тапсырғандарыңыз бұлжытпай орындалады.
Елге қайтқаннан кейін Құдабай Хиуа ханының қол астында жүрген Барақтың үлкен
баласы Ханбаба арқылы сұлтан Неплюевтің ойын жеткізді. Ханбабадан да шапан киіп, ат
мінді. Енді ол Əбілқайырға да Орынбор губернаторының бар сырын жайып салды. Тек
Ханбабамен сөйлескенін ашқан жоқ. Ханнан да камшат ішік киіп, жорға мінді.
Неплюевтің ойы бұнсыз да күтпеген жерден тез орындалды. Бір мың жеті жүз қырық
сегізінші жылы шілде айының аяғында Əбілқайырмен сөйлесуге Петербургтен генерал-
майор Тевкелев келді. Бұл хабарды естісімен бүкіл балаларын жəне Кіші жүздің басты
адамдарын ертіп Əбілқайыр Орға жетуге асықты. Он күндік жерге, ат ауыстырып отырып
бес күнде келді. Екі аптадай болған əңгімеде Əбілқайыр орыс патшалығына, əсіресе
Орынбор губернаторына деген бар өкпесін айтты. «Келіннің бетін кім бұрын ашса, сол
ыстық» дегендей, Кіші жүздің ханы «Россия қол астына кіруіне» себепкер болған
Тевкелевтен еш сырын жасырған жоқ, бар ой-құпиясын жайып салды. Өз заманының бір
ақылды, берік адамы жəне Россия мен қазақ даласының қосылуына көп еңбек сіңірген
Тевкелев бұ жолы да Россия патшасының отаршылық саясатын жүргізуші адал уəкілі екенін
ақтады. Тіл тауып, Əбілқайырдың ашуын тарата білді. Əбілқайыр шын жүректен бұдан
былай да ақ патшаға адал қызмет етуге уəдесін берді. Тевкелевпен келісіп, жеті жылдан
бері қайтара алмай жүрген Қожахметін қайтарды. Орнына ел ағаларының балаларымен
бірге өзінің ортаншы ұлы Айшуақ сұлтанды аманатқа қалдыратын болды. Бір жыл өткеннен
кейін Айшуақтың орнына ең кенжесі əбілді жіберетін боп уəделесті. Ал Неплюев пен
Əбілқайырдың арасын жөндеуді Тевкелев өз міндетіне алды.
Осылай ақ патшаға адал қызмет істемек боп, Əбілқайыр еліне қайтты. Құдабайдың
айтқан құпия сырынан қорқып, жолай Орынборға соғып Неплюевке жолықпай, тікелей
Ырғыз өзенінің бойында отырған Ордасына беттеді.
Əбілқайыр жоңғар жағына шығып кеттіңдер деп көршілес қарақалпақ елін оқта-текте
шабумен болатын. Əсіресе, Əбілқайырдың сойылы «Ақтабан шұбырынды» кезінде осы
қарақалпақ тайпасына келіп қосылған Ұлы жүздің бір бөлегі Жалайыр ауылдарына қатты
тиген. Бұл ел құрып кете ме деп қорыққан Жалайырдың басты адамдары, екі мың
шаңырағын жəне олармен араласып кеткен екі-үш қарақалпақ аулын Кіші жүздің
шекарасынан Торғай бойына көшірмек болған. Осы бір тайпа елі көшіп келе жатқанда
«Сендер Əбілқайыр ауылысыңдар» деп, жақында ғана өзін Орта жүздің біраз жұртына хан
көтерткен Көшек сұлтан екі жүз сойылымен қапыда кеп тиіскен. Көшектің қолына Барақ та
келіп қосылды. Олар қарусыз көшті басып қалғанда, тек жүз үй қарақалпақтар ғана қашып
құтылған. Осы құтылған жүз үйге Ор қаласынан қайтып келе жатқан Əбілқайыр кездесті.
Қарақалпақтар айыптарын мойындарына алып, Кіші жүз ханының қолына берілді. Енді
Əбілқайыр Барақтан анау екі мың шаңырақты тартып алмаққа бел байлады. «Өзіміз бар
болғаны жүз елу ғана сойылмыз, Бараққа төтеп бере алмаймыз» деген серіктеріне:
«Барақтан қорыққан сендерқатынсыңдар. Əйтпесе еркектен еркек қорқа ма екен» деп
болмай, сол жүз елу адамымен, ұзап кеткен көшті қуып берген. Мүмкін Кіші жүз ханы
жасағының жеткіліксіз екенін ойлаған да шығар, бірақ нартəуекел етті. Баяғы Нұрбике
оқиғасынан кейін Бараққа əбден өшігіп алған намысқой Əбілқайыр, бұл айқастың қауіпті
екенін ақылға сала алмады, бар арманы Барақты өз қолымен өлтіру болды да тұрды. Осы
жолы қас жауының қанын ішпесе, оған Барақ екінші рет кездеспейтіндей көрінді. Сол
себептен де атына қамшыны асыға басты. Екі қол Торғайдан бір күндік жердегі Улкаяқ
өзенінің жағасында кездесті.
Қарамағына енген Жалайыр жігіттерімен жасағы көбейіп қалған Барақ, Əбілқайырдың
жүз елу адамына бет бақтырмады. Тықсырып, қоршап алып, біреуін қалдырмай қыруға
айналды. Əбілқайырға əбден өшігіп алған Жалайыр мен қарақалпақ жігіттері енді Барақ
жағына шығып, жан аяспай соғысты. Бірақ жаратылысынан батыр Əбілқайыр «тағдырдың
жазғаны осы болса көріп алайын» деп, кейін шегінбеді. Бірінші адамды ат үстінен ұрып
түсірді. Өзі де Барақтың баласы Шағайдың қолынан ат жалын құшып құлады. Жерде сұлап
жат-
қан ханның жанына шапқылап жеткен Барақ беліндегі ұзын сапты, сүйір ұшты Хиуа
қанжарымен жүрек тұсынан сəл төмендеу жерден құлаштап ұрды. Əбілқайыр ышқынып
249
барып демін алды. Көгілдір аспан заматта қанға малын-
ғандай қып-қызыл боп, шыр көбелек айнала жөнелді.
Міне енді алыс-жұлыс, үміт-арман... бəрі-бəрі бітті, — деді ол үнсіз күбірлеп. Кенет
ғажайып бір ой ең ақырғы ақыл-сезімін шарпып өтті. — Қандай данышпан едің, байғұс
қазақ?! Сенен басқа бірде-бір халық дүние шіркінге «жалған» деген ат қоймаған болар.
Қалай тауып қойғансың. Қу дүние, шын жалған екенсің... Өттің де, кеттің ғой...
Барақ алабұртып қабындап кеткен жүрегін зорға басып:
Өз қолыммен өлтірдім! Өз қолыммен қаныңды іштім! — деді айдалада насаттана
дауыстап. — Енді арманым жоқ. Қолыммен істегенімді мойныммен көтеруге бармын.
Сонан кейін ол артына қарамастан, атына мініп, күншығыс жаққа қарай жорта жөнелді.
... Бір жылдан кейін Кіші жүздің ханы етіп, Елизавета Петровна Нұралыға указ берді.
Əбілқайыр өлгенде, оның артында көптеген ұлы-қызы, үрім-бұтақтары қалды. Олардың
ішінен патша үкіметінен шен-шекпен киген правительдер де, жұртын ағарту жұмысына ат
салысқан ғалымдар да шықты.
Əбілқайырдың өз аты да тарихтан орын алады. Бірақ ол хандық, жаугершілік, ерлік
істерімен емес, сан қиындықтары, қайшылықтары болса да, түбі тарих өзі ақтаған, қазақ
елінің Ұлы Россия қол астына кірсек деген ғасырлар бойы келе жатқан тілегін ресми түрде
мемлекеттік саясат сатысына көтерген алғашқы ханы болып танылды.
250
ҮШІНШІ БӨЛІМ
І
Қалампыр, миялы жұпар аңқыған көкорай шалғын белуардан келеді. Сырымбет
тауының күнгей жағында қаз-қатар қонған кілең ақ боз үй алыстан ақ шағаладай боп көз
тартады. БұлАбылай сұлтанның аулы. Сəл қашықтау тұстағы шағын қараша үйлер
төлеңгіт аулы. Төлеңгіт аулының да, сұлтан аулының да маңайы əбігер, қараң-құраң жұрт.
Сойылып жатқан мал, көтерілген қазан. Жас иіс толы жаздың басы. Таңертеңгі мезгіл. Түс
ауа үлкен той басталмақ. Қазір соған əзірленіп жатыр. Той Абылай сұлтан мен Қалден
Цереннің қарындасы Хочадан туған тұңғышы Қасымның жетіге толып, сүндеттелуіне
арналған. Абылай жоңғарлармен бір үлкен айқаста қолға түсіп, үш жыл қонтайшының
Ташкенттегі сарайында тұтқында болған. Ақыры немере ағасы Əбілмəмбет хан мен
Орынбор губернаторы Неплюевтің кірісуінің арқасында бір мың жеті жүз қырық үшінші жылы
тұтқыннан босанған. Қалден Церен бұның орнына аманат етіп Əбілмəмбет ханның кіші
баласы əбілфейіз бен Барақ сұлтанның ортаншы ұлы Шағайды алып қалған. Қалден Церен
Абылай сұлтанды құр босатпаған, түбі өзіме керек болар деп, оған сүйікті қарындасы, батыр
Хочаны жар етіп қосқан. Əрине, жоңғар қонтайшысы өзінің бұл ісінде ел басқаратын адамға
керек, Абылайдың батырлығын да, ақылдылығын да еске алған.
Абылай даңқы бұл кезде жер жаратын. Қарындасын берген қонтайшы қателескен жоқ
еді. Өзі хан болмағанмен немере ағасы Əбілмəмбет ханнан Орта жүзге бұның қадірі кем
түспейтін. Ел басқаратын ерекше қасиеттерінің арқасында оның даңқы үш жүзге бірдей
тарай бастаған. Кім болса да Абылай пікірімен санасатын күйге жеткен. Қарындасын берген
əккі қонтайшы қателесті: Абылай дегенін істемеді, өз саясатын жүргізді. Қандай жағдайда
болса да қазақ жерін Жоңғардан босатуды ойлады. Бірақ атағы жер жарғанмен, Абылайға
тікелей бағынған елКөкшетаудың жан-жағында сыңси қонған, өзіне жеті қызын беріп,
жеті отау тіккен, Атығай, Қарауыл тəрізді Арғынның белді рулары ғана еді. Бұл əлі оның үш
жүзге хан саналып, бетіне жан қаратпайтындай айбарлы кезі емес. Арғынның өр көкірек,
долы мінезді кей рулары Абылайға тақа бас ие қоймаған шағы. Жетідегі сотқар ұлын
сүндетке отырғызып, той істеудегі сұлтанның бір ойы, əзірге шет жайылып жүрген осы
руларды өзіне тарту еді.
Ел билеу?
Ел билеу оңай тисе, халық тізгіні қолында болған адамның бəрі де ел аузында қалмас
па еді? Қазақ тарихында жүздеген хан менен мыңдаған сұлтандар өтті. Солардың халық
жадында қалғаны саусақпен санап аларлықтай. Хан тағына жету кейде оңай болғанмен, хан
тағында отыру қиын. Өйткені оған тек қана күш емес, ақыл, айла, саясат керек. Бұл
қасиеттер сандықтағы дүниең тəрізді, біреуде бар, біреуде жоқ...
Абылай ел билеу ісінде Есім хан тəсіліне көңілін көбірек аударатын. Тікелей оның жолын
ұстамағанмен, кей əдістерін өз ісінде қолданып отыратын. Бұған да себепкер болған бəз
баяғы Бұқар жырау. Ол бір күні Есім ханның тарихын оған айтып берген:
Хан тағдырыхалық тағдыры емес, — деген Бұқар жырау, — кейде жауымен
тартысы бір болып, қан майданда бірге қаза тапса да жатар моласы бөлек. Тек тарихтағы
азды-көпті ісі халық ойынан шықса, сондай ханды қазақ елі есінде қалдырған. Соның бірі
Есім хан.
Хаджири есебі бойынша бір мың сегізінші жылы, яғни біздіңше, бір мың алты жүзінші
жылы, — деген Бұқар жырау Абылайға, — Тəуекел ханның орнына қазақ елі жиырма екі
жасар Есімді хан көтерді.
Есім қазақ хандығының тағына отырысымен, ағасы Тəуекел мен Қияқ секілді
Мауреннахр жерінде ұрыста қаза болған белгілі батыр, сұлтандардың пырағын Ташкент
жерінен əкеп, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мешітінің түбіне жерлеткізді.
Оның бұл кездегі ең күрделі саясаты: Шығыс Түркістанда болып жатқан Моғол бектері
мен Жағатай ұрпақтарының арасындағы жанжалдарға кірісуі еді. Өйткені дəл осы шақта
Қытай айдаһары Шығыс Түркістанға қарай созыла жылжып келе жатқан. Бұл қазақ еліне зор
қауіп туғызған. Сондықтан Қытай мен қазақ хандығы ортасындағы елдердің қандай күйде
екенін білу керек болды.
251
Ал Жетісу мен Шығыс Түркістанның біраз жеріне əмірлігін жүргізіп əбдірашит хан
өлгеннен кейін, балаларының арасында үлкен дау-жанжал басталған. Олар бұрын қазақ
хандарымен одақтас саналған қырғыз елінің де кей тұсын өздеріне қаратуды ойлаған.
Бұларға қырғыз руларының ала ауыздығы да өздерінің жерін, суын талан-тараж етуіне жол
ашты.
Есімнің хан болған кезінде əбдірашиттің ортаншы ұлы əбдірахман Шалыш пен
Тұрфанның билігін алған. Жетісу мен Шығыс Түркістанның қалған жері əбдірашиттың өзге
балаларының қолында қалған. Бірі Ақсуда хан болса, бірі Құсанды, бірі Құшты меңгерген.
Қысқасы, əбдірашит қайтыс болысымен оның ұрпақтары билікке, жерге таласып қырық
пышақ боп бүкіл Моғолстанды талан-тараж еткен.
Есім шақырған хан кеңесінде қазақ елі əбдірахманды қолдамақ болды. Əбдірахманның
шешесі Жетісу бойындағы Үйсін қызы еді. Жəне əбдірахманның да, өзіме жəрдем түбі осы
жақтан келеді-ау деп, бір бүйірі қазақ еліне тартып тұрды. Есімге бұл мəселе жөнінде
қырғыз манаптары да қосылды. Оған себеп, қырғыз еліне Жаркент, Ақсу, Қашқар
хандарынан гөрі ертеден одақтас болып келген қазақ елі қолайлы еді. Тағы бір жағдай: осы
тұста Жоңғар қонтайшысы күшейе бастаған. Ал олардың шапқыншылығынан құтылу
саясатында қырғыз бен қазақ тілегі ұштасып жатқан-ды. Сан мəртебе екеуі бірігіп,
Жоңғарларға тойтарыс та берген.
Есім əбдірахманға жəрдем ретінде бес мың қазақ əскерін жіберуді ұйғарды. Ол бұл
əскерді Тұяқ батырға басқартпақ болды.
Ертеңіне хан Тұяқты шақыртып алды. Тұяқ пен Есім екеуі де еңселі, зор денелі еді.
Сарайға тəжім беріп кіріп келген батырға, хан:
Жоғары шық! — деп қасындағы жастықты төрге қарай сырғытып тастады. Қарадан
шыққан адамға ханның өз қолымен жастық тастауы зор құрмет. Тұяқ жайғасып отырғаннан
кейін Есім оны неге шақырғанын айтып келіп:
Жетісу мен Түркістан маңайындағы Ұлы жүздің бар руларын біз өз қолтығымыздың
астына алуымыз керек, сол себептен Үйсіннің көп жұртын билеп отырған əбдірахман ханға
жəрдем беруді ұйғардым, — деп сөзін аяқтады.
Хан ойы халық тілегінен шықса, оған не жетсін! — деді Тұяқ сабырлы үнмен. —
Бəріміз де адамбыз ғой. Адам болған соң армансыз тіршілік ете алмайды екенсің.
Бұйрығыңызды орындамастан бұрын, менің де бір арманым бар еді, егер рұқсат етсеңіз,
соны айтайын...
Айт, батырым.
Үміт деген бір қайық. Ер жігітті жолы болса дүниенің қапасынан да, қайғысынан да
алып шығады, менікі сол бір үміт қой. Тағдыры өзіңнің қолыңда...
Тыңдайық, аяғына дейін айт...
Жарайды, құлдың баласы демей, батырым деп тыңдағың келіп тұрса, айтайын...
Алдымен мынаны білгім келеді. Хан ием, мен ақ сүйектен шыққан жоқпын, жан-тəніммен ел-
жұртыма қызмет істеп келем. Ерлігім, не қызметім көңіліңізге олқы соғып жүрген жоқ па?
Жоқ, өзге батырларым бір төбе де, сен бір төбесің ғой. — Шыны ма, кекесіні ме Тұяқ
айыра алмады. — əбдірахманға жұмсап отырғаным да содан емес пе...
Онда айтайын. Бас кеспек болса-дағы тіл кеспек жоқ. Қисаң жеңгең Ақторғынды
маған бер.
Біреу жағынан тартып жібергендей, Есімнің өңі қара күреңденіп кетті.
Ей, сен не малтаңды езіп отырсың?
Жаңа өзің айтқан жоқ па едің, өзге батырларым бір төбе де, сен бір төбесің деп...
Ханның ызадан қаны қашып, мойнына құрық түскен асаудай басы кекжең ете қалды.
Əрине, қазақ елінде хан мен əйелі бірге өлсін деген заң жоқ. Ағасы Тəуекелдің жұбайы да
өмір бақи жесір қалмайды. Біреуге шығуы керек қой. Бірақ ол ханның əйелі, ханның жеңгесі
емес пе? Есігінде жүрген құлға қалай шығады? Ол мүмкін емес...
Жеңгең Ақторғын да осыны тілейді, — деді Тұяқ батыр.
Сонда қалай болғаны? Тəуекел ханға жыл болмай жатып көңіл қосып қойғансыңдар
ма? Онда екеуің де айыптысың?
Жоқ, олай емес, хан ием!
Жə, тоқтат!
Қанына тартпағанның қары сынсын дегендей, Есім қазір қанына тартып отыр. Төреден
жаратылған ханның жесірін қарадан шыққан бір батырдың аламын дегеніне қорланып
252
қалған. Бұл да ештеңе етпес еді, егер құралай көз, оймақ ауыз жесір жеңгесіне жас ханның
өзінің көзі түспеген болса... Өзінен он жас үлкен болса да, Есімге ол он жеті жасар қыздай
көрінген. Қыпша бел, ақша маңдай, кербез жеңгесінің қасында өзге орда сұлулары аққудың
жанындағы қоңыр қаздардай ғана боп қалған. «Аға өлсе, іні мұра» деп қарайтын қазақ
дəстүрімен, Есім ағасының асынан кейін жесірін өзі алмақ ойда еді. Хан қанша əділеттімін
дегенмен де, өз нəпсісінің тілегінен аса алмаған.
Ол қолындағы күміс қоңырауын үсті-үстіне ашулана қақты. Үйге асыға кірген
күзетшілерге:
Қару-жарағын сыпырып алып, мынаны қазір зынданға тастаңдар! — деп бұйырды да
теріс бұрылып кетті.
Хан сарайының жанындағы қара алаңдағы зынданға атақты мыңбасы Тұяқ батырды
апарып салған хабар заматта бүкіл Түркістан шаһарын шарлап өтті.
«Қару-жарағын сыпырып алып Тұяқ батырды қара алаңға апара жатыр» деген хабарды
дəйекші балаларының бірі келіп жеткізгенде, Ақторғын жерге тиер ұзын қолаң шашып өргізіп
отырған-ды. Жүрегін ұстап, кенет аппақ бөздей боп шошып кетті.
Жолымбет батырды шақыр, — деді қасында тұрған əйелге.
Кіші жүздің таңдаулы қолын басқарып жүрген Жолымбет батыр Ақторғынның нағашы
атасы. Ханнан кешірім сұраудың керегі жоқтығын ханым бірден ұққан. Сұрағанмен де бұл
өтініші жақсылыққа апармайды. Қазақ дəстүрі: Есім өз жесіріне не істеймін десе де еркі бар.
Əрине, ақылға салса хан өзінің нəпсісі үшін Тұяқ секілді халықтың сүйікті батырын зынданға
тастап, қалың елді өзіне қырғи қабақ етпес еді. Жəне Ақторғынның Кіші жүздің қызы екенін
де естен шығармағаны жөн. Бір тайпа елдің намысына тиюдің қанша қажеті бар? Аз күнгі
лəззатынан басқа, он жас үлкен Ақторғын оған не бере алады? Алдымен өзі суынбай ма?
Ал Тұяқ болса бір сəрі. Қырық жас еркектің қылшылдаған кезі. Тұяқтың жасы да Ақторғынға
сай. Сол себептен де Ақторғынның кішкентай жүрегін ол өзінің үлкен алақанына сап
мəпелеп тұрғандай болып көрінеді жесір əйелге. Иə, Тұяқтың бұны өмір бақи мəпелеп
өтетіні хақ.
Ақторғынға мұндай сезім осыдан жарты жыл бұрын пайда болған. Тұяқ бұны бір күні
қолтығынан көтеріп атына мінгізген. Ағашты түбірімен жұлып алатын сонау бақандай күшті
қолы сонда Ақторғынның кеуде тұсына тіпті жұмсақ тиген. Неге екені белгісіз, сол сəтте
бұның кішкентай жүрегі алас ұрып ойнай жөнелді. Ақторғын сонда осы бір алып қолдың
жүрек тұсында ұзақ қалуын тілеген...
Хан тағында отырған қайнымнан еш жақсылық күтпеймін, — деді Ақтор-
ғын нағашы ағасына бар жайды айтып болып, — мен елге қайтуым керек. Сенің жігіттерің
қалада тұрғанда тез қашқаным жөн. Тұяқпен дос-жар секілді едің, хан соңымнан қуғын
жіберіп əбігер болып жатқанда, оны зынданнан құтқара көр, нағашы аға. Айыбымызды
Ноғайлы елі өзі айтсын...
Намысқор Жолымбет батыр жиенінің сөзін мақұлдады. «Ақторғынды берсе, Ақ Орданың
шаңырағын сыйлап Тəуекелге берген Кіші жүз, Есімге ойыншық еткізбейді. Төркін елімен
ақылдаспай, бұл қай қорлағаны! Ал Тұяқ батырға келсек, жиеннің бұл тілегін де орындауға
болар, — деді Жолымбет батыр, — жиен қарындасын құтқаруға көнгенде оның көңіл қосқан
жігітін зынданнан шығарудан неге қашсын. Тұяқ батыр бір елдің ардагері. Кеше Бұхарға
аттану керек пе, керек емес пе деген сұрақ туғанда, жұрт ханның сөзін емес, осы Қияқ пен
Тұяқтың сөзін тыңдаған жоқ па еді? Егер Тұяқты құтқарса, қара халықтың алғысын алады».
Жолымбет батыр осылай ойлады.
Тұяқ сол қара алаңдағы қара зынданда отыр. Анда-санда қозғалып қалса, шынжырлары
шылдырлайды. Шыңырау үстіндегі болмашы тесіктен сонау көгілдір аспан көгінде оқта-теке
ұшып бара жатқан құстар ғана көрінеді. Тек өткен күндер қиялдары ғана жан серігі.
Тұяқ жүрегінде Ақторғынға деген от сонау алғашқы кездескен күннен-ақ жанған. Осы
оттың да зардабы болуы керек, Ташкент түбіндегі ұрыста ол Ақтор-
ғынға арналған талай өткір найза ұшына өз кеудесін тосты. Ақторғынға төнген сан жауды
шойын басты келте шоқпарымен жайратты.
Түркістанға келгеннен кейін, Тəуекелдің қырқын бергенше Тұяқ Ақторғынды көрген емес.
Одан кейін де сирек кездесіп жүрді. Онда да жұрт көзінше ғана. Осы кезде бір-ақ рет
Ақторғынды өз қолымен атқа отырғызды. Соның ертеңіне дəйекші бала келіп:
Ханым сізді шақырып жатыр! — деді.
253
Тұяқ баланың соңынан ерді. Бұны сарай есігінің алдында қарсы алған Ақтор-
ғын:
Батыр, бір күннің ішінде асауымды үйретіп бере аласың ба? — деп сұрады.
Жарайды, — деді Тұяқ қуанғаннан жүрегі жарыла жаздап.
«Патша əйел сүйген жігітін ең алдымен асау жылқысын үйреткізіп сынайды екен» деген
бір аңызды Тұяқ жас кезінде естігені бар. Ханымның бетіне қарады. Жаудыраған көзінен
өзіне деген бір өзгеше сезімді байқады. Ақторғын бұған асау атын емес, асау жүрегін
сынатқалы тұрғандай көрінді.
Ақторғынның үйрет деген асауы төркініЖағалбайлы елі жіберген, құрық көрмеген
жеті жасар тағы жылқы боп шықты. Төрт жігіт арқандап əзер ұстап тұрған асаудың үстіне
Тұяқ секіріп мінді. Асау құйындата құба жонға ала жөнелді. Күн батып бара жатқан кезде
қара терге малынған, əбден жуасыған асауды батыр Ақторғынның босағасына əкеп
байлаған.
Мың жасаңыз, батырым, — деді жесір, көзі баяғысындай тағы ұшқын атып.
Сол күні ел жатардың алдында Тұяқтың шатырына дəйекші əйелдің бірі келді. Батыр
əйелдің соңынан ерді. Сарай есігінің алдында Ақторғынның өзі күтіп тұр екен. Үйге кіріп,
оңаша қалғаннан кейін ол:
Батыр, асауымды мініп көрдім, тамаша етіп үйретіпсің, ақысына не берейін? — деді
даусы дірілдеп.
Тілі күрмелген адамдай Тұяқ ештеңе айта алмай тұрып қалды. Қуаныштан жүрегі
лүпілдеп, демін əзер алды.
Жарайды, ақысы үшін... Өзім сүйейін, — деді күліп Ақторғын.
Қуаныштан есін жия алмай тұрған батырдың қасына келді. Аяғының ұшымен созылып
көріп еді, ерні тек Тұяқтың кеуде тұсына ғана жетті.
Түу... бойым жетпеді ғой, — деді ол еркелене, — көтерсейші өзің.
Тұяқ бақандай қолымен Ақторғынды тік көтеріп, жас баладай алдына алды. Жесір
əйелдің жұп-жұмыр аппақ білегі мойнын орай түсті. Дүние шыр көбелек айналып кетті. Тек
жүрегінің жан тамыры лүпілдей соғып, қуанышқа сыймай тұрған Ақторғын нұрға малынған ақ
жүзін Тұяқтың кезерген тастай қатты ерніне таяй берді.
Таң қараңғысы кезінде Тұяқ батыр Ақторғынның сарайынан шықты. Ханымның ақ
сазандай аппақ денесі құшағында тұрғандай екі қолымен əлденені əлдилей күлімсіреді.
Тəубе! Тəубе! — деді даусы қуанышқа сыймай, мұндай да тамаша түндер болады
екен-ау!
Ақторғын құрсақ көтеріп қалған еді. Бірақ Бұхардың кең жібек көйлегі оның тола бастаған
ішін өзгелерге аңғартпаған. Əйтсе де, хан сарайындағы тесіле қараған көп көзден ханым
қысыла бастаған. Бүгін болмаса, ертең құпия сырдың ашылуы айқын... Тұяқ батыр анадай
күйге ұшырағаннан кейін, оған қашудан бөтен жол жоқ-ты. Қашпаса бəрібір жұрт алдында
масқара болады. «Не Тұяқ батырға қосылуым керек деді нағашысы Жолымбет батырға
Ақторғын өзінің шын сырын ашпаса да, алыстан ұқтырып.
Бір сұмдықтың болып қалғанын іші сезген Жолымбет, енді бүкіл Кіші жүздің абыройын
сақтағысы келді. Бұрын көңілінде аздаған дүдəмал күдігі болса, осы мезгілден бастап
«нартəуекелдеп, Ақторғынды құтқаруға кірісті.
Сол күні түні Жолымбет батыр бастаған бір топ жауынгер қаланың күнбатыс жағында
қақпаның түбіне келді.
Қайда барасыңдар? Кім рұқсат етті! — деп алдарынан кес-кестей күзет бастығы тұра
қалды.
Мен рұқсат еттім! — деді Жолымбет атының басын сəл тежеп. Кіші жүз батырының ұр
да жықтау, сотқар мінезімен бұрыннан да таныс күзет бастығы «ə, сіз бе едіңіз» деп кейін
шегіне берді .
Бір топ жігіт қала қақпасынан шығып, батысқа қарай шаба жөнелді. Ортасында Тұяқ
батыр үйреткен есік пен төрдей шұбар айғырды мінген, бет-аузын тұмшалап жауып алған
біреу кете барды. Бұл Ақторғын еді.
Жесір жеңгесінің қашқанын ертеңіне білген Есім ашуланып, дереу қуғын жіберді. Бірақ
Ақторғынды ұстай алмай бар қаһарын Тұяққа аударды. Күзетін күшейтті. Жолымбет батыр
254
оны құтқарып үлгермеді: Есім хан Тұяқ батырды қара алаңдағы зынданнан шығарып, өз
сарайының іргесіндегі зынданға əкеп салдырды.
Есім Кіші жүзбен біржолата жанжалдасқысы келмеді. Өшін бөтен жолмен қайтаруды
ойлады. Тұяқ батырдың орнына Шығыс Түркістандағы болғалы жат-
қан ұрысқа ол енді Жолымбетті жіберді. Бір ажалға барып қайтсын, деді хан ішінен, тірі
келсе сонда көрерміз, хан ісіне қалай кірісудің керек екенін!
Жолымбет Қашқардан алты айдан кейін оралды. Жəне үлкен жеңіспен қайт-ты. Бұл
жеңісті ол əбдірахманның іні, ағаларымен соғысудан емес, сыртқы жауымен айқасудан
тапты.
Қытай боғдыханына тістері бата алмаған Жоңғар қалмақтары осы кезде Жетісу
бойындағы қазақ пен қырыз ауылдарына шабуылды үдеткен. Осындай үйреншікті бір
жорығынан қалмақтың қалың қолы қайтып келе жатты. Алдарында қыруар мал, түйе теңдері
толған дүние-мүлік. Арқанмен матастырған қырғыз-қазақ ауылдарының қыз-келіншегі.
Шатқал, құзды тауларының бір бөктерінде аңдып тұрып, жоңғар қолы жазық ойпатқа
шыққан кезде, Жолымбеттің бес мың жауынгері жан-жағынан атой салған. Жау əскерінің
саны көп болса да, ойламаған жерден тиген қазақ жауынгерлеріне төтеп бере алмаған.
Зəре-құты қашып, өз бастарын қорғаумен болды.
Жолымбет қалмақтардың күл-талқанын шығарып, бес жүздей жауынгерін қолға түсірді.
Шабылған қазақ, қырғыз ауылдарының адамдарын босатып, мал-мүлкін тегіс өздеріне
қайтарды. Ал Жоңғар қолынан түскен басқа көп олжаны «елдегі қатын-балаларыңның
несібі» деп ала жібіне дейін қалдырмай, алты айдан бері олжасыз жүрген əскеріне бөліп
берді. Оның ішінде «хан үлесі» саналатын қазына-мүлік те кеткен. Жолымбет Ордаға
қайтпай жатып, оның бұл қылығын (əрине, түскен олжаны он есе өсіріп) қастары Есімге
жеткізді. Ханға «олжамыз» деп, тек бес жүз тұтқын жау жауынгерін ғана алып келген.
Бұрыннан да өш Есім, енді бетінен түгі шыға ашуланды. Оның үстіне сол күні түнде
зынданнан Тұяқ батыр да қашып кеткенін естіген. Тексеріп келгенде Тұяқты қашыр-
ған Жолымбеттің адамдары болып шықты. Əбден ызаланған Есім Жолымбетті ұстауға
бұйырды. Жендеттер Тұяқтың орнына енді Жолымбеттің өзін зынданға апарып салды.
Сол күні түнде «Жолымбет дарға асылсын» деген хан үкімі жарияланған-ды. Ертеңінде
Қара алаңда дар дайындалды. Жолымбет секілді ел-жұртқа əйгілі батырды жазалап
жатқанда қара бұқара наразылық көрсетіп жүрер деп сескенген хан, алаңды қоршай əскер
қойды. Осы аласапыран күндердің алдында ғана Түркістанға Жиембет жырау келген.
Болайын деп жатқан сұмдықты естіп, ол хан сарайына беттеді.
Ағасы Тəуекел ханның досы болған атақты жырауды көргенде, Есім амалсыз күлімсіреп
қарсы жүрді.
Армысың, жырауым! Жүрісің тым асығыс екен, ел-жұртың аман ба?
Жиембет жауап орнына толғай жөнелді.
«Əмірің қатты Есім хан,
Бүлік салып бұйырдың,
Басын бер деп батырдың,
Қанын ішіп қанбаққа,
Жанын отқа салмаққа.
Атадан жалғыз ол емес,
Хан ие, ісің жол емес,
Жолбарыстай Жолымбет
Құрбандыққа қол емес.
Жол тосып алып кетіпті,
Қалмақтан алмақ сыйыңды,
Қаһарыңды басқалы
Қалың елім жиылды.
Бастап келген өзге емес,
Жиембет сынды биіңді.
Малын салып алдыңа
əр саладан құйылды.
Он екі ата Байұлы
Бір тəңірге сыйынды».
Жырау толғауының зілді толғау екенін түсінген Есім хан райынан тез
қайтты.
Жарқыным, ең алдымен амандасайық та! — деді.
255
Жиембет тізе бүкті.
Бұл айып бізден, арсың ба, хан ием!
Барсың ба, Жиембет жырау? Сен келгенде қимайтын қиындық бар ма? Бір ауыз
толғауың үшін қидым Жолымбет батырдың күнəсін. Босатыңдар батырды!
Есік алдында тұрған дəйекші үйден ата жөнелді.
Бір тілегімді орындадың, хан ием, — деді Жиембет басын иіп. — Бізді риза еткенің,
бүкіл халықты риза еткенің!
Есім ханның да ойлағаны осы еді.
Жолымбеттен айрылған Есім, енді əбдірахманға жəрдем беруге қалың қолмен өзі
аттанды.
Ол бұл өңірде əбдірахман хандығы қырғыз елімен одақтасып, Ақсу, Жаркент, Ош секілді
шаһарларды əбдірашиттің өзге балаларынан тартып алмақ боп сан мəртебе жорыққа
шықты. Тарбағатай тауын бөктерлей құлаған Батур қонтайшы басқарған жоңғар
қолдарымен де алысты. Ақырында аз уақытқа болса да Жоңғар шапқынын тоқтатты. Есім
дəкпіріне шыдай алмаған жоңғар əскері Жетісуды жаулап алудан бас тартты. Бұдан басқа
оның тағы бір жеңісіқырғыз елімен бауырласа білді. Ташкент тартысында өзімен
достасқан қырғыз манабы Көкеменге арнап Ташкентте «Көкеменнің көк күмбезі» атты
салтанатты мешіт салдырды. Жəне Шалыш пен Тұрфанның ханы əбдірахманмен достық,
жекжаттық одағын мықтап бекітті. Бұл достық əбдірахман өлгенше сақталды.
Есім жетпіске дейін өмір сүрді, — деген Бұқар жырау. — əрине, ол ел билеу ісінде
тегеуірінді, кəрлі əрекеттерді де көп қолданды. Əйтпесе Жиембет жырау оны босқа «əмірің
қатты Есім хан» демесе керек-ті. Бірақ ол керек жерінде батырларының да сөзін тыңдап
отырған.
Сөзінің аяғында жырау:
Саған берер тағы бір ақылым, — деген Абылайға. — Замана түлкі, адам қыран...
Бөктерде бүркітті көрген түлкі, етекке түсіп, жауымен кең жерде айқасудан тайсалса, сол
бөктердегі өзі түстес бір қызғылт тастың қия бетіне құйрығын шаншып тұрып қалады. Қыран
ондай түлкіні көруі керек. Ел билігі қолыңа тиген екен, көреген бол. Ақылың мен айлаң қатар
жүрсін.
Абылай Бұқар жыраудың осы сөздерін жадына мықтап тұтты. Басына қауіп-қатер туған
сан қатерлі күндерде де ол қара басынан гөрі, өзі таңдаған жолын жоғары ұстады. Сол
табандылық оны алыстағы армандарына да жеткізді.
Абылай қазір қырықтан жаңа асып бара жатыр. Ол сұңғақ бойлы, ат жақты, қара сұр, түсі
суық адам. Үлкен, ойлы сұрғылт көздері кісіге қарағанда өңменнен өткендей ызғарлы...
Күн ұясынан жаңа шығып келе жатқан мезгіл... Дүние жүзі сонау алтын күннің нұрына
шомыла жайнап, гауһар тастай құлпырады.
Абылай бұлғын жағалы қара мақпал шапанын иығына бос жауып, ақ ордадан шықты.
Қолына жез құман ұстаған, иығына шетін кестелеген хиуа сүлгісін жапқан бала жігіт
сұлтанның өзіне қарай жақындауын күтіп, анадай жерде үн-түнсіз тұр.
Абылай сонау бір ғажайып табиғаттың оянып келе жатқан бейкүнə көрінісіне сұқтана
қарап сəл тоқтады да, құман ұстаған бала жігітке қарап бірер аттап, тұра қалды. Дəл сол
сəтте Сырымбеттің ойпаңдау етегінен атой салып шауып келе жатқан екі салт атты көрінді.
Қатар шапқан қос күрең, көл бетін қанаттарымен сипай ұшқан қырғи құстар тəрізді.
Ауылға жақындай бере хабаршының;
Аттан! Аттан! Жау келіп қалды! — деген дауыстары да жетті.
Көзді ашып-жұмғандай мезгіл өткен жоқ, басына орамал байлап алған салт аттының
біреуі қараша ауылға қарай бұрылды да, ал далбағай киген, түйе жүн шекпенді мұрттысы
Абылайдың жанына келіп тоқтады.
Арғынның бес мейрамының бес мың əскері келе жатыр, — деді жігіт ентіге, —
Ботақанның құны үшін Абылайдың басын аламыз дейді.
Бастап келе жатқан кім?
Қаз дауысты Қазыбектің баласы Бекболат би.
Ұлы бидің өзі қайда екен?
Көктемнен бері сырқат деген. Арғынның елірген тентектерін баласы Бекболат ертіп
келеді.
Өздері қай тұста?..
Сəске көтеріле жетіп қалар. Əйтеуір түстері суық, біреудің қанын ішпей тоқтар емес.
256
Абылай сəл ойланып тұрды да, дереу шапанын киіп, артында тұрған бір нөкеріне
бұйрық берді.
Ұр дабылды! Қолына қару ұстайтын еркек кіндік тегіс жиналсын.
Сол-ақ екен, орда қасындағы кепкен қарынмен кернелген тай қазандай қос дабылды екі
жігіт оқтаудай жұмыр таяқпен қос қолдап ұра бастады. Жаугершілік заман, жауға шабатын
жігіттердің аттары белдеуде тұрған. Біразы жақын маңда шідерлеулі жайылып жүрген. Ауыл
үсті лезде опыр-топыр бола қалды. Əне-міне дегенше ер азаматтар аттарына да мініп, ауыл
сыртына жиналды. Үстіне сауыт-сайманын киіп, Абылай да ақ боз үйден шықты. Төлеңгіт
жігіттің біреуі Абылайдың атақты бəдəуи тұлпары Жалынқұйрығын алдынан тарта берді.
Ал жұртты əбігерге салған бұл оқиғаның тарихы мынадай еді. Бұдан екі жыл бұрын
Арғынның бір тармағы Қаракесек елінде бір үлкен ас болған. Үш жүздің баласы тегіс
шақырылған сол асқа өзінің төлеңгіттерімен Абылай да барған.
Бəйге, күрес, жамбы ату басталып, ас əбден қызған шақта, тамаша көруші жамағатты
аралап жүрген Шаншардың еріккен қуларының бір тобы Абылайдың үстінен шығып қалады.
Абылай теңге алуды тамашалап тұрған-ды. Сонда көп қудың ішіндегі тентектеу біреуі:
Сұлтанның басындағы қалпағын қағып түсірсе қайтер еді, — дейді.
Қасындағылар оны желіктіріп:
Абылайдың қалпағын қағып түсірсең, өзіңнің де басың кетеді, — дейді.
Сонда əлгі қу жан-жағына қарамастан сұлтан тобына кимелеп келеді де, аңдамаған
болып, қамшысының сабымен Абылайдың басына киген алтын зерлі айыр қалпағын
ұшырып түсіреді.
Сұлтан Шаншар қуының бұл қылығы жанына қатты батса да сыр бермеген:
«Ұлан асыр үлкен ас, жеген тоқ, ішкен мас деген осы екен-ау!» — деп күлген де, атының
басын бұрып жүре берген. Жерге түскен қалпаққа қайырылып та қарамаған.
Келесі, бір мың жеті жүз елу екінші жылы генерал Киндерман Қызылжар бекінісін салып
болып, осы бекіністің бітуіне Қызылжарда үлкен жəрмеңке ашылған. Оған Қаракесек ішінен
де біраз адамдар барады. Осы жəрмеңкеде Абылай өткен жылы өзін күлкі етпек болған
қулардың айыбы ретінде Қаракесектің Жанай, Ботақан деген екі белгілі адамын ұстатып
алып қалған-ды. Əлде сұлтаным деп сыйламай, тіл тигізді деді ме, əлде өткен жылы
қулардың қылығына масайрай күлген топтың ішінен осылар көзіне шалынып қалды ма екен,
əйтеуір, Абылай Жанайға онша көп қысым көрсетпейді де, Ботақанды тірідей көрге салады.
Шаншар жігіттерінікі жай қалжың еді ғой, — деп ақыл айтқысы келгендерге, Абылай:
Бағынышты елінің бүгін қылжағын кешірген сұлтан, ертең оның қылмысын көтеруге
мəжбүр болады! — деп жауап берген.
Көрге түскен Ботақан ас-су ішпей жатып алады. Бір-екі күн өткен соң, Абылайдың
бұйрығы бойынша, «енді көрден шық» деп келген жігіттерге ызалы Ботақан, «Көрге түскен
адам тірі шықпайды» деп, өзінің ішін өзі есіп жіберіп, жарылып өлген.
Бұл хабар елге жеткен соң Арғынға жататын Қуандық, Сүйіндік, Бөгендік, Шегендік,
ҚаракесекБалтақожа, Шұбыртпалы, Қаржас тегіс атқа қонған. Əскер саны үш мыңдай
адам.
Ат басы Абылай сұлтанның аулына қарай бұрылысымен-ақ, бұған жолай төре
тұқымынан қиянат көрген басқа рулардың кедей топтары да қосыла берген. Ақыры бес
мыңға жуық қол Ботақанның құнын жоқтап, алдында кім тұрса да быт-шыт етуге дайын долы
күшке айналған. Арғынның ұлы биі қаз дауысты Қазыбек осы кезде жетпіс жетіге кеп, төсек
тартып жатқандықтан, бұл топты Абылайдың басқа да астамшылық, қиянаттарын көріп əзер
шыдап жүрген Бекболат басқарып келе жатыр еді.
Бекболаттың өзіне өш екенін білетін Абылай, ауыл сыртына шыққан соң, жиналған
жігіттерін жіті шолып өтті. Бар болғаны үш жүздей ғана сойыл екен. Мұндай аз күшпен ашуға
мініп тасыған өзендей ереуілдеп келе жатқан қара қазаққа төтеп бере алмайтынын Абылай
бірден ұқты. Рас, Абылайдың жігіттері сан айқаста болған, біреуі жүзге татитын, мүйізі
шаңырақтай кілең марқасқалар, сөйтсе де сұлтан бос қан төгіске барғысы келмеді. Кенет
барлаушы жігітке бұрылып:
Келе жатқандардың ішінде кімдер бар екен? — деп сұрады.
Барлаушы кімнің барын айтуға аузы бармағандай күмілжіп қалды.
Айта бер, кімдер бар?
Айдабол Олжабай батыр да бар... Жанында бала жырау Көтеш...
257
Абылай басын көтеріп алды. «əділет сүйгіш Олжабайдың өзі ереуілшілерге қосылса,
бұл тегін аттаныс болмады». О кезде жыраудың батыр болуы, батырдың жырау болуы
таңқаларлық іс емес. Арғынның бір тармағы Қаржас руынан шыққан Олжабай əрі батыр, əрі
жырау еді. Қырыққа жасы келіп қалса да, қай өнерінің басым екенін өзі де білмейтін.
Жиырмасынан бастап батырлығы Орта жүзге əйгілі бола бастаған. Олжабай қатыспаған
қазақ пен жоңғар арасында бірде-бір белгілі ұрыс өтпеген шығар. Со кезде қазақ жерінде
айтылып жүрген қисса, дастаннан Олжабай білмейтін біреуі де жоқ еді. Əлдеқалай ол бəлен
ауылда өзіне таныс емес дастан не жыр бар дегенді естісе, қанша алыс жер болса да оған
аттың терін аямайтын... Естіген бір сөзін ұмытпайтын. Сондықтан да болуы керек. Олжабай
жырлағанда фарсы, араб, тіпті, кейде орыс тілінің де жеке сөздері кездесіп отыратын. Осы
Олжабай сан мəртебе домбырасын қолға алып, өзі дастан шығаруды да ойлады. Бірақ
бірде-бір реті келмей-ақ қойды. Ол домбырасын ұстаса болғаны, дəл сол сəтте «ел шетіне
жау келіп қалды деген жаршы айқайы естілетін. Жырау домбырасын тастай беріп, енді
қолына найзасын алатын. Осылайша ол Абылаймен бірге сан мəртебе жоңғарларға қарсы
жорыққа аттанған. Жас Абылай қолға түсер жолы, жоңғардың үш ноянын өлтіріп,
Олжабайдың өзі əзер құтылған...
Олжабай енді жорықты тастап, қолына домбыра ап, ел қыдырып, халқының мұң-зарын
жырлауды қаншалық арман етсе де, жаугершілік заман мұрша бермеді. Əзірге бар қолынан
келгені, өзі секілді əн мен күйді аңсаған, бірақ қолы оған жетпей жүрген, жас дарындарға
жəрдем беру ғана. Ондай жасты құр қасына ғана ертіп жүрмей, атсызына ат берді, үйсізіне
үй берді. Осындай жастың бірі ата-анасынан жетім қалған он жеті жасар Көтеш ақын еді.
Олжабай оны өзіне серік етті. Өзі жете алмаған өнер қиясына Көтештің жетуін тіледі.
Осы ақ жүрек, ескі досы Олжабай енді, міне, Абылайдың қанын ішуге аттанған топпен
бірге келе жатыр.
Жоқ, бұл жай ереуіл емес, халық наразылығы əбден шегіне жеткен қанды ереуіл.
Абылайдың кенет ешкімнің ойына келмеген оқыс шешім алуына осы жағдай себеп
болды.
Келе жатқан Арғын ереуілшілеріне қарсы шықпай-ақ, бой тасалай тұрайық, — деді ол.
Сонда біз қайтеміз? — деп ауылда қалатын қатын-қалаш, кəрі-құртаңдар шу етті. —
Бекболат жігіттерін біз қалай тоқтатамыз?
Арғын жігіттерін тойға дайындалған тағамдармен жақсылап қарсы алыңдар! Иілген
басты ешкім де шаппайды, — деді сұлтан.
Абылай соны айтты да жігіттерін ертіп, бел асып жүріп кетті. Үйі тігулі, жүгі жинаулы,
қазаны асулы қалды. Өрістегі малына да тимей, əдейі ауыл төңірегіне тастады. Келер
жауды қарсы алу күтуші жігіттер мен əйелдерге ғана міндеттелді.
Екпіндеп жеткен ереуілшілер мұны көрген соң, күрт басылды. БұлАбылайдың өз
айыбын түсініп, кешу сұрағаны деп, басалқы айтушылар да табылды. Өздері шаршап,
қарындары ашып келген жұрт мал сойып, қазан көтеріп жатқан ауыл адамдарымен əкей-
үкей табысып кетті. Аздан кейін қазандағы ас та пісіп, жігіттер қауқылдасып, кенелді де
қалды.
Дəл осы сəтте анадайдан аттан түсіп жаяулап келе жатқан Абылай сұлтанның өзі де
көрінді. Қасында бір-екі адамы мен талай жорыққа бірге аттанған Тұрсынбай батыр ғана
бар.
Ботақанның немере ағасы Қапан мерген қара шиті мылтығын оқтап жіберіп, Абылайды
атпақ боп тізерлей отыра қалып еді, Бекболат би ақырып жіберді:
Алдыңа келсе əкеңнің құнын кеш деген. Тоқтат!
Қапан мерген орнынан амалсыз түрегелді.
Абылай сəлем беріп, топ ортасына кіре берген. Сол уақта көлденең тұрған бір бозбала
жігіт оның алдына жетіп барып, үкілі домбырасын қағып-қағып жіберді де, шырқап қоя берді.
«Абылай, Ботақанды сен өлтірдің,
Есіл ер жазығы жоқ неге өлтірдің,
Сұлтаным, қарашыңмен дауыл болып,
Үстіне ақ орданың қол келтірдің.
Абылай, күйіп кетті салған қалаң,
Мейрамға не еді сенің жапқан жалаң?
Жанайды бүгінгі күн босатпасаң,
Болады ертең жесір қатын-балаң
258
Бұл жігітАрғынның ішіндегі Сүйіндік руынан шыққан Көтеш ақын еді.
Бұдан кейін билер дауы басталды.
Абылай өзін кінəлі санап, Ботақанның өлімі үшін үш кісінің құнынəрқайсысы атан
бастаған тоғыз қарадан, жиырма жеті бас мал, оған қоса ат-шапан айып төледі. Өзін атпақ
болған Қапан мергенге мылтығыңның қарымы қайтпасын деп, ал оны ұстап қалған Бекболат
биге, өлімге қимаған жақсылығың үшін деп, құндыз жағалы күзен ішік пен бір-бір жорға
мінгізді. Екі жақ бітімге келіп, жанжалдың аяғы тойға ұласты.
Арғынның бұл келген ереуілді тобынан Абылай сұлтан екі затты бүйіріне қатты түйді.
Біріқарамағыңдағы бұқара өзіңе қарсы шықса, онда төре ісінің қараң қалғаны. Ашуланған
халық жараланған арыстаннан кем емес, өзіңді жарақаттамай тынбайды. Төремін деп
басынба, жазамен ықтырам деме, шамаң келсе баурыңа тартып ашуын басуға тырыс.
Екінші түйгені, сырт жауың болса, оған ел болып қарсы шығасың, не басын аласың, не қан
сорпа етіп қуасың... Ал өз еліңнің қай тентегінің басын кесіп құртасың? Мұндай халықты
билеудің жолы бөлек. Арыстанды темір торда ұстасаң ғана қауіпсіз. Халықты да үнемі темір
торда ұстай біл. Мейлі ол саған ақырсын, айбат көрсетсін, бəрібір шаба алмайды, мерт ете
алмайды. Ал бар халыққа темір тор құру мүмкін бе? Жоқ, халқыңа деген темір торың, құр
ғана жалаңаш қылыш əскерің емес, ол ақылың, айлаң...
Абылай өле-өлгенше осы екі тұжырымын бұлжытпай орындауға тырысып өтті.
Қасымның сүндет тойы сол күні-ақ түс ауа басталған. Шабуылдан аман қалған сұлтан
аулы келген қонақтарын тік тұрып күтті. Күрес, көкпар, бəйге, айтыс, сайысбəрі болып,
тойға жиналған топ ертеңіне тарады.
Сұлтан ордасында енді тек осы Көкшетау, Қараөткел, Атбасар, Қызылжар маңайындағы
Орта жүздің басты адамдары мен Абылайдың үзеңгілес батырларыАрғын тайпасына
жататын Бəсентин руынан Сырымбет, Малайсары; Қаржас руынан Олжабай; Тарақты
руынан Байғозы; Ұлытаудағы Бағаналы руынан Оразымбет; Керей руынан Тұрсынбай
батырлар қалды. Бұл жиынға жер шал-ғай боп Арғынның аты шулы батырлары Шақшақ
Жəнібек, Қанжығалы Бөгенбай, Алтай руынан ағайынды үш бөрі Жанұзақ, Жолдыбай,
Сеңгірбай; Найманнан Қаракерей Қабанбай, Кіші жүздің батырлары Тайман мен Бұғыбай,
Абылай сұлтанның ең жақсы көретін батырының бірі Уақ руынан Батыр Баян келмей қалды.
Ханмен қадірі бірдей сұлтан өзге батырлардың келмегеніне бəлендей мəн бермегенмен
де, Батыр Баянды күткен-ақ еді.
əрине, Абылай баласының сүндетке отыруын сылтау етіп, бұл жиынға өзінің үзеңгілес
сенімді батырларын түгел-ақ шақырған. Оған себеп Əбілмəмбет ханмен арасы алшақтап
кеткен Жоңғар қонтайшысы қазақ жерін тағы шаппақ боп, қалың қол жинауда деген хабар
алған.
Жарандар, — деді Абылай, қонақтары отырып болғаннан кейін байсалды үнмен, —
менің қайын ағам Қалден Церен қазақ елін қайта шаппаққа Ертістің арғы бетіне жиырма бес
мың əскер дайындап отыр...
Үйдегі жұрт тегіс елең етті. Кеңеске шақырылған кісілердің жас мөлшері, дəрежелері де
əр түрлі еді. Бəрінің де денелерінің үстінен сұп-суық боп жылан жорғалап өткендей жан
түршігер бір сезім билеп кетті. «Ақтабан шұбырындының» қанды уақиғасын əлі ешқайсысы
да ұмытқан жоқ-ты. Тек о жолы жоңғар əскері қазақ даласының күнгей жағын шапса, енді
міне Орта жүздің негізгі қонысы Сарыарқаның шетіне кеп тұр.
Канси өлгеннен кейін таққа отырғанына он сегіз жыл толған Қытай боғдыханы Цзянь-Лун
Жоңғарға деген Қытай саясатын əлі де өзгертпеген. Солтүстік пен күнбатысқа қарай
сырғытып, шұрайлы жерлерін басып алумен болған. Қарсы келген ойрат жасақтарын,
басым күшпен, бірін қалдырмай қырып отырған. Ол күндегі Қытай əскері көшпелі ел
Жоңғар хандығының əскерінен, соғыс өнері тұрғысынан қарағанда, анағұрлым күшті еді.
Россия империясының қол астына кірген Орта жүздің жеріне Қалден Церен шабуылға
шығуды ойласымен-ақ, Жоңғардың қанқұмар нояндарына Цзинь-Лун қолдан келер жəрдемін
аямаған. Қару-жарағын да, азық-түлігін де берді. Аузынан жырып, күрішіне дейін төкті.
əрине, мұндайда боғдыхан өзінің алтынын да аяған жоқ. Жоңғардың қанды қол
түмендерін қалаған жағына жұмсай білетін нояндардың көбін алтынымен сатып алған. Сол
себепті де жоңғар əскері орыс бекіністерімен қатар жатқан Орта жүз жеріне қарай бет
бұрған.
Жоңғар қонтайшысының осылай дайындалып жатқанын, Ертістің бергі жағын жайлаған
УақКерей тайпасының батырлары да айтып келді. Қалден Цереннің енді тек ыңғайлы
259
кезді күтіп отырғаны мəлім болды. Əрине, Қалден Церен Орта жүзге Əбілмəмбеттен гөрі
Абылай ықпалының күшті екенін біледі. Егер шу дегеннен қазақ əскерінің күйрей бастағанын
көрсе, Абылай амалсыз менің жағыма шығады деп ойлады ол. Абылайдың Жоңғар жағына
шығуыжеңіспен тең. Егер Орта жүз Жоңғар жағына шықса орыс қалаларының іргесі
ашылады. Қытай саясатшыларының да көздегені осы.
Абылай бұл мəжіліске досын да, қасын да шақырып отыр. Əсіресе Жоңғармен көршілес
рулардың əйгілі адамдары тегіс хабарланған. Əттең, Батыр Баян келмей жатыр. Сұлтанды
азырақ ренжіткен осы.
Абылай жаңа ғана бастаған сөзін енді жалғай берем дегенде, сырттан дабырласқан
дауыстар шықты.
Бұқар жырау келді!
Ұлы жырау аттан түсіп жатыр!
Арқаның ардагерін қарсы алайық!
Қош келіпсіз, Арғынның майталманы!
Сөйткенше болған жоқ, бір топ адаммен ордаға Бұқар жыраудың өзі де кіріп келді.
Бұл ұзын бойлы, қапсағай денелі, ат жақты, шоқша сақалды, қошқар тұмсық, еңселі кісі
еді. Руы Баянауыл төңірегін жайлаған АлтынторыҚаржас. Əкесі Қалқаман батыр шешен
кісі болған. Алпыс жасында халқының тəуелсіздігін қорғаған Бөгенбай, Қабанбай секілді
батырлардың ерлігін көп жырлаған əйгілі жырау. Бұл кезде халық «көмекей əулие» деп
атап кеткен.
Мəжілісте келелі мəселе сөз болғалы тұрған соң, Бұқар жырауды Абылай əдейі
шақырған.
Бұқар кіріп келгенде, Абылай өзі түрегеліп, оң жағынан орын берді. Жырау бір
қарағаннан-ақ үйде көптен бері бастары қосылмай жүрген адамдардың жиналғанын байқап,
жүзі жадырап сала берді.
Арсыңдар ма, жарқындарым?
Барсың ба, Арғынның ақиығы!
Бармын, арысым... Сен той жасағалы жатыр деген соң, ой салғалы шығып едім.
Бұрын Баян мен Көкшенің арасы жақын-ақ еді...
Енді алыстап кетіп пе, Бұқар аға?
Жоқ, жақын. Бірақ жақын болса да алыс. Ортаңа салған орыс бекіністерін орағыта
жүремін деп кешеуілдеп қалдым. Ат-тон айыбым бар. Жырымды аласың ба, əлде шерімді
аласың ба?
Абылай езу тартты. Адуын жыраудың «ортаңдағы орыс бекіністерін орағытып» деген
сөзінен-ақ сезіктеніп, əңгімені бөтен жаққа бұрғысы келді.
«Жырыңыз» бен «шеріңізді» естіп, ат-тон айыпты біз төлеп жүрмесек нетсін, — деді
күліп, — сол ат-тон айыбымды берместен бұрын, басқа бір өтінішім бар.
Төренің қарадан өтініші болмас, өкініші болар. Шамам келсе өкіндірмейін, арысым
айта ғой.
Түнде түс көрдім. Табытта жатыр екенмін. Басыма ілінген Үш жүздің жалауын үш
тобыр жұрт жұлып əкеткелі тұр. Табытымның бір бүйірінде арыстан, екінші бүйірінде
айдаһар отыр. Аяқ жағымда бір топ үрім-бұтағым. Уəлиден тараған бір ұрпағым маған құран
оқып жатыр. Қасымымнан өрбіген бір тентегім қолына қанжарын ұстап мені қорғап тұр. Ал
мен өліп жатсам да, екі бүйірімде отырған арыстан мен айдаһарға кезек қарап, мыналардан
қалай құтылам деп жанталасудамын. Осы түсімді жорып берші, Бұқар аға?
Бұқар тұнжырап біраз отырды. Үй іші де тына қалды. Əлден уақытта барып жырау:
Түс жорутүлкі аулаумен тең, кейде ізіне дəл түсесің, кейде шет кетесің, сөйтсе де
жорып көрейін...
Сөйлеңіз, көмекей əулие...
Қырыққа келмей табытта жатсаңөмірің ұзақ болады екен. Басыңа жалау тігіліп,
оған үш бірдей топ таласып жатса, үш жүзге хан болады екенсің. Бірақ хан атына ие болсаң
да, халқыңа ие бола алмайды екенсің. Сен өлген күні үшеуі үш жаққа ыдырап кетеді екен.
Табытта жатып, екі бүйіріңдегі арыс-
тан мен айдаһардан қалай қашып құтылам деп қорықсаң, өле-өлгенше еліңнің екі бүйірінде
тұрған екі мемлекетке жалтақтаумен өтеді екенсің... Ал аяқ жағыңда тұрған үрім-бұтағыңның
ішінен бірі құран оқып, бірі қанжар қайраса, Уəлидің ұрпағынан шыққан бір тұқымың атын
қағазда, ал Қасымнан туған бір балаң атағын майданда қалдырады екен.
260
Абылай үндемеді.
Үндемей қалдың ғой, сұлтаным. Шешуім ұнамады ма?
Бір ұрпағым атын қағазда, екінші ұрпағым атағын майданда қалдырады екен. Сонда
мен өзім қайда қаламын?..
Басыңа үш жалау босқа тігілді ме? Ісіңді ел ұнатса үш жүздің жүрегінде қаласың!
Абылайдың қабағы жадырап сала берді. Қазақ: «еркектің ақылы қырықтан бастап
толады, алпыстан бастап солады» дейді. Абылай қазір қырықтан жаңа асып барады. Түсін
жорыған сыншы жырау оның түпкі сырын дұрыс болжады. Абылайқазақ елін ұлы елдер
қатарында көргісі келді, хан болса сол ұлы елге хан болуды арман етті. Сондықтан да ана
жылы тұтқында жатқан Абылайға Қалден Церен: «Дүниеде не жамандеп сұрағанда, ол:
«Дүниеде аз асқа бақауыл, аз елге хан болған жаман» деп жауап берген.
АбылайƏбілқайыр да, Əбілмəмбет те, Барақ та, Нұралы да емес еді. Ол бұл кезде
көп нəрсені түсінгенді. Өзінің əр əрекетін сол тұстағы көшпелі ел көсемінің қолынан келетін
мүмкіндігіне қарай құратын. Ал тек құдай алдында ғана жауапкер Бұқар жырау болса, күнде
өзгеріп жатқан дүние қайшылығын көріп, «дүние шіркін қайда бара жатырдеген аздаған
күмəнда болатын. Сүйері көк шалғыны толқынданып, жұпар иісі аңқыған қазақтың жасыл
даласы, тілегіхалқының қамы.
Бұқар жырау үнемі қасынан тастамайтын қарағай домбырасын қолына алды. Құлақ
күйіне келтіріп, біраз шертіп отырды да, алыстан күркіреп келе жатқан жауар бұлттай, əуені
қобалжыған бір термені бастап кетті.
«Ай заман, заман-ай,
Түсті мынау тұман-ай,
Істің бəрі күмəн-ай
Осылай ол бір толғап алды да, əрмен қарай нөсерлете жөнелді. Жырау салынып жатқан
бекіністер мен қазақ елінің болашағын толғады.
Ол əр сөз шумағын лақтырған сайын, алпыста емес, жиырма беске жаңа шыққан жас
жігіттей қызулана түсті. Қазақтың көсем ұлдарынан, əсіресе, Абылайдан ел қамын ойлауды
талап етті.
Жырау толғауы отырғандарға ұнады ма, жұрт енді домбыраның қағысымен бірге
қимылдап, қызулана «Уа, пəледеп қосыла теңселді.
Жырау бір мезет ел жайын емес, тек өз басының қамын ойлаған хандарды сөге келіп,
кенет сөзін бітірді де, қолындағы домбырасын ашулана есікке қарай лақтырып жіберді.
Шабыттанған шақтағы жыраудың мұндай əдетіне қанық есік алдында тұрған атқосшы жігіт
домбыраны жерге түсірмей қағып алды.
Бұқар жырау Абылайға түйіле қарады.
Бар сенгеніміз сенсің, Абылай! Оң жағыңдағы тұңғиықтан құтыламын деп, сол
жағыңдағы шыңырауға құлап кетіп жүрме. Шүршіттің ызғарынан қорқып, орыс патшасының
қолтығына кірдім деп ант-су іштің. Мүмкін, бұның дұрыс та шығар... Дегенмен, «көппен
кеңесіп пішкен тон келте болмас», жұртыңмен ақылдас.
Абылай үнсіз тыңдап отыр. Қазақ даласы қазір үлкен қобалжу үстінде...
Орынбор генерал-губернаторы Неплюев Ор, Елек, Жайық бойларында орыс бекіністерін
салып, қазақ жерін отарлау саясатын қолға алса, Сібір генерал-губернаторы князь Гагарин
де одан кейін қалмаған. Ол бір мың жеті жүз он үшінші жылдың өзінде-ақ Бірінші Петр
патшаға Ертіс бойына бекіністер салудың мүмкіншілігі барын айтып хат жазған. Осыдан
кейін бір мың жеті жүз он сегізінші жылы Семей бекінісі, бір мың жеті жүз жиырмасыншы
жылы Өскемен бекіністері салынған. Бұдан екі-үш жыл өткеннен кейін орыс солдаттары
Көкшетау маңын иемденіп, жиырмасыншы-отызыншы жылдары Ақмола, Баянауыл,
Қарқаралы бекіністері тұрғызылған. Бұл бекіністердің бəріне солдаттар əкелініп, Россияның
шалғай түкпірінен көшіп келген шаруаларға жер беріп, енді бұл араны біржолата қоныс ете
бастаған. Ал Сəмеке хан қайтыс болған бір мың жеті жүз отыз жетінші жылдан бастап,
патша үкіметі Ақмола мен Көкшетау арасына жол жүргізіп, бекеттер салуға кіріскен. Бұған
он мыңға таяу орыс жұмыскерін сонау орталық Россиядан əкеп төккен. Бұл жол
Көкшетаудың тау-
лы алқаптарының бойын қуалай он жыл ішінде əзер біткен. Əрине қазақ жерінің бұл
«бөлісінде» шонжарлар өз ұпайын жібермеген. Жерлеріне жер қосып ал-
ған. Сөйтіп, қазақ кедейі қиянатты орыс генерал-губернаторымен бірге өз би,
261
сұлтандарынан да көрген. Қатар қоныстануға мəжбүр болған қазақ, орыс кедейлері өмірдің
ауырлығын да, азабын да бірге тарта бастады. Осы қиындықта туған бауырмалдық қатынас
ақыры екеуін бірдей апарып Пугачев ереуіліне қосты. Əділетсіздікке көнгісі келмеген қазақ
аулына патша бекінісі мен хан ордасынан ел жылатқан «кəрі қылыш» жасағы шығып тұрды.
Бірақ қалың халық дəл бүгін ыңғайлы сағатын күтіп, Ертістің арғы бетінде қазақ жерін
шапқалы Қалден Цереннің жиырма мың əскері тұрғанын білмейтін. Бар ұғары жерінің
тарылып, малының азайып бара жатқаны. Жырау толғауы да осыны айтады, халық та сол
үшін оның сөзін ойлана тыңдайды.
Ал халық күйзелісін өз көзімен көріп отырған, ел қамын ойлайды деген Абылайдың көп
ісі Бұқар жырауға түсініксіз еді. Əбілмəмбет ханға еріп, бір мың жеті жүз қырқыншы жылы,
Қалден Церенге тұтқын болар алдында, Орынбор қаласына барып, қолдарына құран алып,
«Қол астыңызға кірдік» деп патшаға ант беруі, содан кейін Қалден Цереннің тұтқынынан
қайтып келісімен, арасында бір ай өтпей, Абылай сұлтанның Неплюевке немере ағасы
Жолбарысты жіберіп «Россияға қарсылық көрсетпей, онымен сауда-саттық жүргізуге
бармыз» деп хат жазып бас июіқарт жырауды ойға шомдырған. Бұл аз бол-
ғандай, Абылай бір мың жеті жүз қырық бесінші жылы Тобыл губернаторы
А. М. Сухаревке «Үйсін руын да патша ағзамның қол астына алуларыңызды сұраймын» деп
хат жолдаған. Бір мың жеті жүз елуінші жылдары Абылай қазақ жеріне салынған орыс
қалаларының жəрмеңкелеріне өзі қатынаса бастаған. Ал Барақ сұлтан Əбілқайыр ханды
өлтіргеннен кейін, оны қорғаудың орнына, Кіші жүздің ханының қазасына қиналып, Барақ
сұлтанды «жауыз» деп, Орынбор əкімдері Əбілқайырдың балалары Нұралы, Айшуақ,
Ералылармен көбірек ақылдасып тұруын өтініп Неплюевке тағы хат жіберген. Осының бəрі
қазақ халқының қамын ойлаған жырауға əзірге түсініксіз жəйттер.
«Абылай не айтар екендеп үйде отырғандар тына қалды. Бірақ осы жұртты басқарып
отырған Абылай өз ойын аша алар ма екен? Ел құлағы елу, аузынан шыққан сөз ертең
жіпке тізілгендей боп теп-тегіс Орынборға, Тобылға, тіпті Қалден Церен отырған Ташкентке
де ізін суытпай жетеді. Ол сөзді сəл кешігіңкіреп боғдыхан да естиді. Əйткенмен, жауап
бермей құтыла алмасын білген сұлтан, енді Бұқар жырауға қарай отырып сөйледі:
Ант-су іштің дейсің, ұлы жырау. Осындай антты «Жоңғарға қарсы қол көтермеймін»
деп, тұтқыннан босанар алдында қайын ағам Қалден Церен қонтайшыға да бергем.. Ал
бүгін оның əскерін өзінен бұрын шаппақшы болып отырмын. Өйткені мен шаппасам ол
шабады. Сонда қазаққа менің ант-суымнан қандай пайда?
Жөн делік... Ал батысың қалай?
Абылай басын шайқады:
Орыс елі Жоңғар хандығы емес қой.
Шүршіт елі де оңай емес. Бізге бəрінің де күші жетеді.
Сол себептен де даламызға бекініс салдырып жатқан жоқпыз ба? Россияға сүйенбей,
шүршіттерге төтеп бере алмаймыз. Шүршіттердің ойын қонтайшының өзі айтқан. Олардан
енді Жоңғардың өзі құтыла алмай отыр.
Шүршіт боғдыханы да біздің жерімізге бекініс салам десе қайтесің, — деді Бұқар
жырау.
Онда соғысамыз. Өйткені шүршіт біздің ішімізге кіріп, орыс патшасындай бекініс
салар болса, — деді Абылай, қазақ атаулысы құл болар еді.
Үй іші тағы тына қалды. Қытай боғдыхандарының жауыздығы қазақ еліне ежелден
таныс. Өрт алған жерде жуырда шөп шықпайтын, Қытай жауынгері өткен жақта тірі жан
қалмайтұғын. Талай уақ халықты жұтып жібергенде Қытай боғдыхандарының тамағы
аждаһаның тамағындай жалмауыз кең келетін.
Бұқар аға, жалғыз жолаушыға топ қасқыр шапса, жолаушы ең алдымен қайсысына
қылышын сермейді? — деп сұрады Абылай.
əрине, ең таяу қалғанына, сұлтан.
Бұқар жырау бұл жұмбақ адамның кім екенін енді түсінгендей Абылайға ойлана қарады.
Қазақ елін қан қақсатқан алдымен Қалден Церенді жеңбек. Өзге жауларын содан кейін
барып ойланбақ...
Абылай кенет жанында тұрған қоржынынан бұзау терісіне салынған картаны алды.
Міне, — мына жерде Қалден Цереннің əскері тұр, — деді, — бір күні болмаса бір күні
олар Ертістен бері өтеді. Сол уақытта үш жүздің əскері, міне, мына тұстан кеп үш жағынан
қоршайды. Көрсін сонда Қалден Церен осы қақпаннан құтылып! Даян ханнан бері
262
жоңғарлар үнемі біздің көк желкемізден шығып келген. Ал бұл жолы олардың көк желкесінен
біз шығамыз.
Ертіс жағасына келіп, Кіші жүздің батырлары соғысқа қатынасады дегенге сенгім
келмейді, — деді Бəсентиін батыры Сырымбет.
Неге? — деп елең ете қалды төртбақ келген, Тарақты батыры Байғозы. — Орта
жүздің батырлары сонау Еділ қалмақтарымен ұрсысып жүрген
жоқ па...
Кімің бар ол жақта ұрсысып жүрген?..
Жетім сары Шақшақ батыры Жəнібек ше?
Ойдөйт дегенің! — деді екі иығына екі кісі мінгендей жалпақ жаурын, алшақ кеуде
Сырымбет. — Жəнібек қалмақтармен ұрыссаөзінің қайын ағасы Əбілқайырдың жоғын
жоқтап отыр. Қала берді Жетім сары Шақшақтың қонысы хан аулымен аралас-құралас,
Ырғыз бен Торғай өзендерінің өңірінде отырған жоқ па? Жəнібектің аулы деген құр аты...
Əбілқайырмен жері де бір, суы да бір...
Абылай ұнатпаған рай байқатты: «Міне, үнемі осылай. Біздің жеріміз Ертіс, сенің жерің
Жайық деп, бар қазақ быж-тыж боп бөлініп шыға келеді. Жоқ, мұндай жұртпен жауды жеңу
қиын, ең алдымен өз еліңнің басын қосып ал. Сосын барып жауыңа тиіс. Сонда оның басын
қалай қосу керек? Қотанына қасқыр тимей ел ұйқысынан оянбайды. Қазіргі қазақ елі сондай.
Қотанына тигелі тұрған қасқыртағы Қалден Церен. Сен осыны пайдалан, бастарын
біріктіре бер. Майданға бірігіп шықса, артынан ыдырауы қиынға түседі... Елің бірікпей жауды
жеңем деп үміттенбе...»
Кенет жұрт назарын аударып, үйге Ертістің арғы бетіне жіберілген барлаушылар кіріп
келді. Олардың айтуы бойынша, Ертістің арғы жағындағы Жоңғар ұлыстарына əлі Қалден
Церен əскері келмеген көрінеді. Əркім əр түрлі жорамалдайды деді барлаушылар.
Абылай ойланып қалды. «Иə, əккі қонтайшы ойламаған жерден жау шаппасын деп
əскерінің жатқан ұясын жасырған екен. Мұндай жайда жоңғар жасағының шабуылды қай
тұстан бастайтынын ешкім біліп болмайды... Сірə, Қалден Церен жауынгерлерін əлі ел
түпкірінен қозғамаған болу керек. Əрине, Жоңғардың тоқпақ жалды мықыр жылқысы үш-төрт
күннің ішінде-ақ текіректей желе шауып отырып бұл араға жетіп үлгереді. Қонтайшы соған
сенеді. Шыныменен Қалден Церен Сарыарқаға аттанбақ па? əлде Түркістан майданын кең-
ейте түсіп, Арал арқылы Кіші жүзге қарай ойыспақ па? О да мүмкін. Екі жаққа екі қол
шығарады деген де сыбыс бар еді ғой, əлде солай ма екен? əттең не керек, Үш жүздің
əскері бірдей бағынса ғой бұған. Онда əр жүздің əскерін əр тұсқа қойып, Жоңғардың келуін
асықпай күтер едім-ау! Бір жетіде екі жүз мың атты əскер жинап алатын Қасым хан дəуірі
əлдеқашан өткен! Көрінген қара тасқа сала-сала, алмас қылыштың да жүзі майырылған!
Енді міне қасқыр қай үңгірден шығады деп, шиті мылтығыңа сүйеніп жан-жағыңа алақтап
қара да отыр...»
... Кеңес ақыры қазақ қолдарының жиналатын жерін Телікөл тұсы болсын деп ұйғарды.
Бұл ара Үш жүздің əскеріне бірдей жақын. Əрине, Əбілқайыр сарбаздары келмейді, бірақ
Жоңғарға өшіккен Кіші жүзде қазақ батырлары аз ба? Ең болмағанда Ырғыз, Торғай
бойындағы Қошқарұлы Жəнібекке бағынышты Орта жүздің жауынгерлері келіп қосылар. Ал
Ұлы жүз əскері жоқтың қасы.
Абылай аулы көктемнің алғашқы күндерінде-ақ Сырымбет беткейінен Бурабай көлінің
жағасына көшетін. Көл жағасының қызғалдақты, сарғалдақты көк балауса шөбі ерте
көтерілетін. Қарағай мен ақ қайың сыңси біткен Бурабай маңайы адам айтқысыз бір əсем
сурет. Осы жайлауында Абылай аулы жаз өткенше болатын.
Сұлтан кеңесі бітісіменен, Сарысу бойында отырған Орта жүз ханы Əбілмəмбетке
өздерінің шешімін айтып шабарман жіберді де, тамыздың бас шенінде Абылай аулы да
Көкшенің биік тұсы Бурабайға қарай көтерілді. Салтанатты көш, көшпен іргелес шоқтай
иіріп, шашау шығармай айдалған қалың көк ала жылқы. Жаугершілік заман; көшті, жылқыны
қоршай, астарындағы болат тұяқ бедеулері мен бəйгі күреңдері жіті басқан, сойыл ұстаған,
кілең шолақ сауыт киген батыр жігіттер... Көш ыңғайына қарай, соңынан шұбырған қара мал,
оттай жайылған қой-ешкі тіпті кейін. Ауыл-ауылдың арасында, жор-
ға салыстырған, сары даланы бастарына көтере əн салған топ-топ қыз, боз-
бала...
Аулын Бурабай көлінің жағасындағы «Абылай алаңы» аталатын көк майсалы, сыңсыған
марал отты, қызыл ағашты, ақ қайыңды, аршалы тау қойнауына қондырысымен, Абылай
263
Ұлытау арқылы, Бетпақдалалатып, Телікөлге қарай аттанды. Көкше теңіз арқылы емес,
алыс та болса осы жолды таңдады. Көкшетаудан Телікөлге дейін екі мың шақырымдай
дала. Ал осы далада сыңсып отырған Орта жүздің рулары. Көкшетау, Сандықтау, Атбасар,
одан əрі қарай Есілді жағалай, Терісаққан өзеніне жетеді, Қара қойын Қашырлыны басып,
Ұлытауды бөктерлей, Қара Кеңгір, Сары Кеңгір, Жезді өзендерінен асып, Сарысуға қарай
шығатын сүре жолмен Телікөлге беттейді. Осы жердің бəрінде Арғын, Қыпшақ, Найман,
Тарақты, Уақ, Керей. Ұлытаудың күнбатыс жағында Торғай алқабы қаншама ел. «Сонау
Көкшетаудан шығып, Абылай Жоңғарға аттанып бара жатыр екендеген лақап осы қалың
елге жетсе, бүкіл қазақ ауылдарының Жоңғар қонтайшысына қарсы тік көтерілетініне сұлтан
шек келтірмеген. Жолда бір жарым айдай жүріп, Телікөлге кеп шатырын тіккенде, Арқадан
жеткен жауынгерлерден көз тұнатын еді! Абылай өткен жерден қосылмаған қол жоқ.
Саумалкөл мен Телікөлдің арасы ығы-жығы, қара құрымдай қаптаған əскер. Ертеңіне
Абылайдың шатырына жігіттерімен келген əр рудың басты адамдары, батырлары тегіс
жиналды.
Анықтап есептегенде отыз мыңнан астам жауынгер басы көрініпті. Бұл «Ақтабан
шұбырынды» басталғалы, қазақтың ең алғашқы рет бірігіп, мол қол жинағаны. Əлі де келіп
жатқан топтар аз емес. Басы Жəнібек, қарт Бөгенбай, Арғынның аты шулы батырлары
Тайжігіт, Тасболат, Сырымбет, Жанатай, Жан-
ұзақ, Сеңгірбай, Олжабай, Малайсары, Оразымбет. Абылайдың қамқорлары: Толыбай би,
Қарауылдың шешені Қанай би, Жəпек батыр. Сырғалы Елшібек, Шекті Тайман, Табыннан
Алтай батыр. Əрқайсысының қасында мыңдаған, жүздеген жауынгерлер. Қазақ даласында
бұл кездерде атағы шыққан аты-шулы батырлардан Қаракерей Қабанбай, Кіші жүзден
Бұғыбай, Уақ руынан Батыр Баянның жоқ екенін Абылай іштен түйіп отыр. Əсіресе Баян
батырдың осы уақытқа дейін келмеуі өкінішті-ақ. Ерлігімен, ел-жұрты үшін жанқиярлық
ісімен танылған Батыр Баян Қанжығалы Бөгенбай мен Қаракерей Қабанбайдан кейінгі ең
сүйікті батыры еді. Анау екеуі болса қазір пайғамбар жасына келіп қалды, ендігі ең сүйеніші
со Батыр Баян мен өзімен бірге Қалден Церенде тұтқында болған Жəпек еді. Ел шетіне жау
келсе, ең алдымен жетіп, алдыңғы шепте жүретін Батыр Баянның осы уақытқа дейін
келмеуін Абылай жаман ырымға жорыды. «Оның өз басына бір қауіп туды, не ел-жұртының
қамына да қаратпайтын бір пəлеге душар болды» деп ойлады.
Арқада Обаған атты өзен бар. Бұл өзеннің бойын ежелден Уақ руы жайлайтын. Орта
жүздің жеті арысының бірі болып келетін Уақ руынан бүкіл қазақ даласына əйгілі Ер Көкше,
Ер Қосай атты батырлар шыққан.
Осы Уақ руына жасының қартайған шағында келіп сіңіп кеткен, Жəнібек ханның кезіндегі
атақты батырының бірі Саяннан туған Аян батырдың бір ұрпағы осы Батыр Баян еді.
Қарадан шықса да жеті атасынан əйгілі батыр тұқымы болғандықтан, ел басына күн
туғанда, осы Баян атқа ерте қонды. Өзінің асқан ерлігі, халқы үшін жан пида етерлік істері
арқасында ол көп кешікпей Уақ руының көсеміне айналған. Əке-шешесі қалмақ
шабуылының бір үлкен айқасында қаза тапқан. Өзімен бір туған, биыл он беске шыққан
Ноян атты інісі ғана бар. Ноян əлі қолына найза ұстап жауға шапқан жоқ, бірақ алақанына
түкіріп, бүгін-ертең менің де кезегім келер деп, бойына біткен қайратын жұмсайтын жер
таппай, аласұрып, ауылда əзер жүрген. Өрт мінезді бала жігіт бір-екі рет ағасына «жорыққа
мені де ала бар» деп жалынғанда, Баян оған: «Кезің келер, жорық сенен қашып құтыла
алмайды. Əзірге сойыл соғып, садақ атып, соғыс өнерін əбден үйрен!» — деп ертпей қойған.
Баянның да қазір қырыққа таяп қалған кезі. Сұңғақ бойлы, аққұба, сұлу мұртты, көрікті
жігіт. Жалғыз інісін жанындай жақсы көреді. Ағалық үлкен сезімнің əсерінен де ол өткен
жылғы Іле бойындағы жоңғарларға қарсы аттанған сапарында, Ноянның «мені де ала кет»
деп көзінен жасы мөлтілдеп тұрып өтінгеніне қарамай, ертпей кеткен.
Екі жақтың да қолы шығын болғанмен, бұл жолы қазақ жігіттерінің жоң-
ғарлармен айқасы қиынға түсті. Кескілескен, бірін-бірі аямаған қан төгіс үш күнге созылып,
ақырында саны сəл басым Баян жағы жеңді. Қазақтың бес жүз жарақты жігіттерінен үш күн
ұрыстан кейін тек екі-ақ жүзі қалды. Төртінші күні ұрысқа шыдар-шыдамасын білмей, Іле
бойының қалың тораңғыл, жиде тоғайының арасында жатқан осы екі жүз жігіт, таң ата, үш
күннен бері өздері соғысқан жоңғарлардың сегіз аулының бірден көтеріле, тайлы-таяғына
дейін қалмай, ұбырып-шұбырып, Қытай жағына қарай көшіп бара жатқанын көрді. Қазақ
қолы бұл оқиғаға алдымен таң қалды. Сөйтсе де, олар мал қайырлап жүрген бір жоңғар
шалынан ауылдардың неге үркіп қашып бара жатқанын білді. Жоңғар ауылдарына:
264
«Кешеден бері ұрысып жатқанымыз қазақтардың жəй əшейін ертөле топтары екен,
Бөгенбай мен Қабанбай басқарған бес мың қол бүгін түсте осы Іле жағасына жетеді екен»,
деген хабар кепті. Осы хабардан кейін Іле қойнауындағы жоңғарлардың мына сегіз аулы
қопарыла көтеріліпті. Бұл хабардың қалай шыққанын қазақ жігіттері артынан барып естіді.
Жоңғарлардың қолына түскен бір өжет сарбаздан: «Бəрібір өлесің, егер шыныңды айт-
саң қоя береміз» деп осы ұрыстағы жоңғар батыры жауап алады. Одан: «Осыншама елге
шағын қолмен қалай келіп тиістіңдер? Неменеге сендіңдердеп сұрапты. Жігіт: «Сендерді
жеңетінімізге сендікдепті. «Қалайша? Осыншама жоңғарды бес жүз сойылмен жеңбек пе
едіңдердеп мысқылдап күледі жоңғар батыры. Сонда өжет жігіт: «Бəрібір қырыласыңдар!
Артымызда Бөгенбай мен Қабанбай басқарып келе жатқан бес мың қол бар! Олар таң ата
жетеді! Біз тек Јртөлелер тобымыз дейді. «Өтірік айтасың! Шыныңды айт! əйтпесе
өлтіреміз! Ал егер айтып тұрғаның жалған болса, қазір босатамыз. Тек бізді алдамадеген
Жоңғар батырының қорқып тұрғанын білген қазақ жауынгері «бəрібір мені өлтіресің, онан да
зəреңді ала өлейін» — деп айтқанынан танбапты. Жоңғар батыры сенеді. Еліне сол түнде
қопарыла көшуге бұйрық береді. Əлгі сарбазды өз қолымен бауыздайды. Қазақтың қалың
қолы келе жатыр деген сөзді естіген жоңғар ауылдары алды-артына қарамай қаша
жөнеледі. Бұл оқиғаның неден болғанын соңынан естіген қазақ жігіттері, дəл осы сəтте жаңа
ғана үйлерін жығып, көштері енді қозғала берген соңғы жоңғар батырының аулына тоғайдан
шыға лап қояды. Батыр Баян бастаған екі жүз жігіт көшке екі жүз аш қасқырдай тиеді. Əбігері
кеткен көш жөнді қарсылық көрсете алмайды. Жоңғардың бас батыры Батыр Баянның
қолынан қаза табады.
Бірақ шабылған елден Батыр Баянның жігіттерінің қолына жөнді олжа ілікпеді. Тек шу
дегенде қоршауында қалған бір топ қыз-келіншек пен аздаған мал-мүлік қана қолдарына
түсті. Босқан елдің көп дүниесі Іле өзенінің суына кетті.
Ұрыс бітіп, болмашы олжаға көңілі толмай тұрған Батыр Баянның кенет екі бетіне қан
жүгіріп құлпырып сала берді:
Мынау адам баласы ма, əлде періште ме? — деді ол қасында тұрған Жəпек батырға,
қолға түскен бір топ қыз-келіншектің ортасындағы, үлбіреген жас сұлу қызды көрсетіп.
Бұл Қорен батырдың он бес жасар жалғыз қызы Құралай сұлу, — деді Жəпек.
Қай Қорен?
Кеше Жанатай батырды найзалаған, ал бүгін сенің қолыңнан қаза тапқан жоңғар
батыры Қорен...
Баян Тұлпаркөгін тебініп қап, қоршауда тұрған қыз-келіншекті бір шолып өтті. Құралай
десе құралай-ақ екен! Мөлдіреген екі көзі тостағандай, қара торы жүзі сəл қаны қашып
қуқыл тартқан, қолаң шашы шұбатылып үзеңгіден асып жатыр, басына киген сүйір төбелі
құндыз бөркі мен күміс зерлі қара мақпал қынама бешпент-шалбары күміс ер-тоқымымен
жарасып тұр. Осынау көрік, жарастық көзді еріксіз тартып, барады. Қызға тесіле қараған
Батыр Баян жүдей жаудыраған қарақат көздің қиығынан өзіне деген бір өшпендіктің
ұшқынын сезіп қалды.
Атың кім, Құралай ма? — деді ол қызға.
Атым Құралай, біліп тұрып несіне сұрайсыз? — Қыз теріс бұрылып кетті. Бірақ ол
қазақ батыры атын қалай біліп қалғанына таң қалды. Баянға сол сəтте бір тəуекел ой келді.
Жүрегін өртеп бара жатқан сезім жалынын баса алмай:
Мына қыз менің олжам! — деді Құралайды қамшысының сабымен
меңзеп.
Ат жалын тартып мінгелі Баянмен үзеңгілес болып келе жатқан Жəпек сан олжаны
бөлген кездерінде əйгілі батырдан бұрын-соңды мұндай сөзді естіп көрмеген-ді. Баян сөзіне
бұл да таңырқады. Жолдасының бетіне көз қырын сəл аударды да, батырды қандай сезім
билеп тұрғанын енді ұғып:
Болсын! — деді сосын күзетші топтың екі басты жігітін шақырып алды. — Құралай
сұлуды көздеріңнің қарашығындай сақтаңдар. Ақ бетін қарға-құзғын шоқып жүрмесін. Бұл
қыз Батыр Баянның олжасы. Ұқтыңдар ма?
Ұқтық.
Өзіне сұқтанған көрікті кісі қазақтың аты шулы ардагері Батыр Баян екенін Құралай да
қолға түсісіменен-ақ сұрап білген. Əкесі Қореннің сүбесіне көк найзасын бойлата бұлғап,
Батыр Баянның өлтіргенін өз көзімен көрген. Қолға түскен киіктің лағындай жаутаңдаған жас
сұлу, «мына қыз менің олжам» деген батырдың сөзін естігенде, жүрегі дір-дір қағып, өн
265
бойы қалшылдап кетті. «Олжа деген сөздің ар жағына не жататынын ес білгеннен-ақ
түсіне бастаған сұлу қыз дəл осы сəтте əкесін өлтірген адамның еркіне берілуөзі үшін
кешірілмес күнə деп есептеді. Өн бойын енді бір ызаның, қайтпас қайсар кектің оты билеп
əкетті. «Сенің олжаң болып қасыңа жатпасқа ант етемін, — деді кенет күбірлеп жоңғар
əйелдерінше екі қолымен көкірегін басып. Қыз дəл осы ашу үстінде, Батыр Баян əкесін
көзінше өлтіріп, өзін қандай жылатса, Батыр Баянның да дəл өзіндей боп жылауын арман
етті. Шамасы келсе кек алуға анасының ақ сүтімен серт берді.
Ат жалын тартып мініп, жорыққа аттанғалы Батыр Баян осы сапарын ең олжалы
сапарым деп есептеді. Бірақ өзге серіктерінің қабағы қатыңқы еді. Бұны Батыр Баян
байқаған жоқ, есіл-дерті жоңғардың тұтқын қызы болды да тұрды. Тезірек Обағанға жетіп,
некесін қиғызып, үшінші əйелі етіп алғанша асықты... Батыр Баянның өзіне деген ықыласын
іштей сезсе де, қыз көңілі селт етпеді, ол күзетші жігіттерден елде Батыр Баянның он бес
жасар інісі бар екенін естігенде, жүрегінің түбіне бір сұрқия сырды түйгендей болды.
Қол ұзақ жүріп, ақыры Обаған өзеніне де жетті. Ұрыста қаза тапқан балаларын жоқтаған
кемпір-шалдар мен ерлерінен айрылған қаралы əйелдер дауыс қып, бүкіл даланы басына
көтерді. Сөйтсе де жаудан олжалы қайтқан Батыр Баянның алдынан шығып оны жеңісімен
құттықтаған ел адамдары да көп еді. Батыр Баян серіктерін біртіндеп, таратып, жиырма
шақты жігіті мен Құралайды ғана жанына қалдырып, өз аулына таяған кезде, жанында он
шақты құрбысы бар, алдынан Ноян шықты. Астындағы ақ боз жорғасын ағызған қалпында:
«Көке! Көке деп ағасының қасына жетіп келгенде, қуанғанынан екі көзі жасаурап кеткен
Батыр Баян, інісін жас баладай атының үстінен көтеріп алды.
Көкетай, əбден сағындым ғой...
Жалғыз баурым. Сені көргенше өзім де өліп қала жаздадым ғой.
Ағасының құшағынан босанған Ноян енді өз атына қайта мініп, Баянның өзге
серіктерімен амандаса бастады. Кенет сəл кейінірек тұрған Құралайға көзі түсті. Сол-ақ
екен, жас жігіттің бойын бір ыстық леп шарпып əкеткендей, ат үстінен ауытқып барып, өзін
əзер ұстап қалды.
Көк...е, бұл кім? — деді тілі күрмеле сөйлеп.
«Жеңгең» деуге Батыр Баянның аузы бармады.
Тұтқын қыз ғой... — дей салды інісінің сөзіне мəн бермей. Бұл кезде Құралай да
жаудыраған қарақат көзін жас Ноянға қадап қалып еді. Кенет қыздың да екі бетінің ұшы
қызарып, бойын бір тəтті сезім өртеп кетті. Жас жігіт көз тоярлықтай сымбатты екен. Тіпті
түр-келбеті ағасынан да көрікті ме қалай. Қыз жүрегі алып-ұшып, жігіт бетіне тағы қарады.
Ноян да одан көзін алмай тұрған, екі жанар түйілісіп, бір-бірінен ажырамай сəл тұрды да,
екеуінің де ішіне от тастап барып тайқып кетті. Осы сəтте қыз да, жігіт те бірінсіз бірі өмір
сүре алмайтынын түсінгендей...
Сауға, көке! — деді Ноян ағасына жалына қарап. — Бір жолғы олжаңды маған қи!..
Баянның жүрегіне біреу қанжар сұғып алғандай болды. Жайшылықтағы əдетіне салып,
«ала қой» дей алмады. «Жоқ, бұл жолғы сұрағаныңды бере алмаймын» деуге інісінің көңілін
тағы қимады. Аузына сөз түспей көп тұрды.
Мұндай сауға тілеуге, Ноянжан, сен əлі баласың ғой, — деді бір уақытта даусы
қарлығып. — Ер жет, саған бұдан да сұлу қор қызын əкеп беремін.
Жоқ, көке, маған қор қызының керегі жоқ, осы сұрағанымды бер, — деді Ноян, жоңғар
қызының отты жанарының лебіне еріп бара жатқандай, екі беті бал-бұл жанып.
Дəл осы сəтте Құралай сұлу үн қосты.
Көкежан, — деді бұ да Батыр Баянның туған қарындасындай еркелеп, — менің əкем
жоқ қой, сізді бұдан кейін «Көке» деп атаймын. Беріңіз ініңіздің бір тілегін. Мен де сізден
соны қалаймын.
Өзіне Жоңғар лебізімен қазақша тіл қатқан сұлу қыздың сиқырлы сөзін естігенде, Батыр
Баянның жаны бұрынғысынан да күйіп кетті, не дерін білмей.
Жақсы, кейін көрерміз! — деп атына қамшыны басып қап, ауылға қарай шаба
жөнелді.
Осы күннен бастап, Ноян мен Құралай арасында махаббат оты өрши түсті. Қыз жігітті
қанша жақсы көрсе де қызыл ернінен сүйгізуден артыққа бармады. Ноянның махаббаттан
есі ауып, басы айналды. Қыз одан көрі естияр еді. Əкесінің Батыр Баян қолынан қалай
өлгенін көз алдына елестетсе-ақ болғаны, өз бойын жинап ала қояды. Өне бойын кек
кернеп, қатуланып кетеді.
266
Ал Батыр Баянның жүрегі қан жылауда еді. Екі жастың бірін-бірі шын сүйгенін көрген
сайын, өртене түседі. Ер жігіттің ғашықтық сезімнен арылуы, көк темірдің суарылып,
құрышқа айналуымен тең. Өз жүрегін қайта соқтыру үшін, оған енді басқа адам боп туу
керек. Бірақ ел-жұртының намысы, тəуелсіздігі үшін жанын қиюға дайын Батыр Баян, жақсы
көрген інісінің көңілі үшін, өзін-өзі қиянат жолынан ұстай білді. Жүрегі оттай өртенсе де,
Ноянға Құралай сұлуға үйленуге рұқсат етті.
Ағасының мұндай жомарттық еткенін естіген Ноян сол күні кештің батуын, аяғымен шоқ
басып тұрғандай шыдамсыздана күтті. Көшпелі елдің қыз бен жігітінің бірін-бірі жақсы көруі
таза, риясыз түсінікті келеді... Қой қораланып, сүт пісіріліп, қыз-қырқын алтыбақанға
шығатын мезгіл де жетті. Лақтырған ақ сүйекті іздеген боп өзгелерден бөлініп кеткен Ноян
мен Құралай сай жағасында оңаша кездесті. Жігіт жүрегі алабұртып, ағасының Құралайды
өзіне сауғаға қиғанын айтып берді. Қыз бұл сөзді естігенде жігіттің құшағына кіре солқылдап
жылап жіберді. Бірақ сол сəтте кенет оның көз алдына баяғы бір сурет тағы елестеп кетті.
Батыр Баян сүңгіте салған көк найзадан өліп бара жатқан əке, су жағасында жер құшақтап
боздаған ана... Соның бəрін кешіп, енді міне ата жауының інісінің құшағында тұр! Неткен
опасыздық!
Құралай бойын жинап алды.
Ноян, — деді ол ыстық жасы бетін жуып, — дүниедегі жалғыз арманым өзің болдың.
Сенші... Мен мəңгі сендікпін... Бірақ жалғыз ғана тілегім бар. Бер соны.
Бердім. Айт.
Көкең Батыр Баян шапқан елде жалғыз анам қалған еді. Мені əкетіп бара жатқанда,
жер бауырлап жатып: «Құлыным, менің ақ батамды алмай ерге шықпадеп еңіреп қалып
еді. Ана тілегін ақтауға ант беріп едім. Сол антымды орындауға мұрша бер, содан кейін мен
мəңгі сендікпін.
Жігіттің жүрегі дір ете қалды, қолындағы ақ құсының енді мəңгі ғайып болғалы тұрғанын
сезгендей:
Сонда мен не істеуім керек? — деді абыржып.
Жоқ, сен ештеңе де істеме. Сені мұнда тастап өзім де кете алмаймын. Кішкентай
жүрегімді білегіңе шынжырлап байлап қойғандайсың. Ол шынжырды үзетін менде құдірет
жоқ. Бар тілегім біреу-ақ: екі жүйрік ат əкел. Таңды күтпей біздің елге қашайық. Тірі болса
кəрі анамның батасын алайық, өлі болса басына барып əйбатмия қызыл гүл қояйық. Содан
кейін мен мəңгі сенікімін. Жарың етпей күңің етсең де өмір-бақи ризамын. Тек жүзіңді көріп,
маңайыңда жүрсем болғаны.
Құшағында тұрған жас сұлудың көзінен аққан ыстық жасы жігіттің албырт жүрегін
қорғасындай балқытып жіберді. Ерлікті, əділеттікті арман еткен бала жігітке дəл осы сəтте
қыздың қиыла айтқан бір сөзі дүниедегі ең əділетті, ең қасиетті сөз боп естілді. Құралайдың
ана тілегін орындауға рұқсат ет деген өтінішінен оның қаншалық пəк, адал, қасиетті жан
екенін бұрынғысынан да артық сезіне түсті. Дəл осы сəтте қызға еріп, туған елін тастап жау
жағына қашуел-жұрты кешпейтін қылмыс саналатыны есіне де келмеді. Тек сүйген
жарының адамгершілікке жататын күнəсіз тілегін тезірек орындауды борыш санады. Ол өзін
енді сонау мөлдір аспанда көз жетпес шыңға көтеріліп бара жатқан қырандай сезінді.
Тілегіңді тегіс қабылдадым, — деді құлшынып. — Темірқазық туа мені осы арада күт.
Ел жатқанша жылқыға барып қос күреңді ұстап əкелем.
Ноян уəдесінде тұрды. Батыр Баянның Тұлпаркөгінен осал соқпас қос күреңге мініп,
бұлар Темірқазық туа: «Уə, алла, жолымызды оң ете көр», — деп оңтүстікке қарай «шу
деп жөнеп берді.
Қос күреңді түнде Ноянның алып кеткенін, ауыл адамдары сəскеде көлге жылқы
келгенде бір-ақ білді. Ауылда Ноян да, Құралай да болмай шықты. Қос күреңге арналған
шоландағы күміс ер-тоқым да жоқ екені анықталды. Қарсаққа бүркіт салуға шыққан құсбегі
таң атып бара жатқанда, Іле жақтағы Жоңғар еліне қарай шауып бара жатқан екі салт
аттыны көріпті, Ноянның Құралайдың азғыруына еріп, Жоңғар еліне қашқанына енді ешкім
шек келтірмеді. Қанша қиналса да амалы жоқ, ауыл ақсақалы, бұл хабарды Батыр Баянға
барып жеткізді.
Ер Көкше, Ер Қосай, Батыр Баян, Уақтың аруағын көкке көтеріп едіңдер, — деді
қария, — сендер көкке көтерген жалауды Ноян бала жерге түсіріп тұр. Үкімін өзің айт,
амалын өзің тап!
267
Жоңғар қызының бір күле қарағанынан періште де жолынан таятынына шек келтірмеген
Батыр Баян қайтарып ештеңе сұраған жоқ. Кесел болып іште жат-
қан күйігі, елінің намысы, жалғыз інісінен айрылу қаупібəрі-бəрі жан-жағынан қабаған
иттей қамалап жан сезімін астан-кестең етті... Батыр Баян енді бір-ақ шешімге тоқтады. Бір
қыз үшін елін сатқан қара бетті қалайда қолға түсіріп, өзі жазаламақ болды. Сауыт-сайман
киместен, керегеде ілулі тұрған қыпшақ садағы мен сауыт бұзар қос жебе салынған
қорамсақты жалпақ күміс белдігіне байлай сап үйден атып шықты. Үнемі белдеуде тұратын
Тұлпаркөгіне міне сала, бұ да оңтүстікке қарай шаба жөнелді.
Ешкім тоқта деген жоқ.
Батыр Баян ұзақ шапты. Оқтаудай боп жаралған Тұлпаркөк тер шыққан сайын қарыштай
түсті. Түс ауа Жолдыөзек деген жерге таяғанда, алдындағы екі қараны көрді. БұлНоян
мен Құралай еді. Қос күрең қанша жүйрік болғанмен, тоқ күйінде ұзақ шабысқа шыдамай,
оптығып, болдыра бастаған. Қыз бен жігіт арттарынан құйғытып келе жатқан жалғызды
байқады. Батыр Баян екенін айтпай таныды. Атының шапқан екпініне қарап, батырдың
қатты ашулы екенін де ұқты.
А, құдай, құтқара көр! — деп, Құралай тебіне түсті.
Екеуі жарыса шауып, Жолдыөзекке таяп қалды. Бұл бір бақытсыз жер еді. Құнарсыз,
сортаң. Бұл арада бұрынды-соңды талай адамның қаны төгілген. Сол себептен де бұл
өзекті Асан Қайғы «Жолдыөзек» демей, «Қандыөзек» деп атаған. Осы жаман атынан
шошып Атығай руы соңғы кезде бұл араны жайламайтын болған.
Осы Қандыөзекке келіп қалғанын көрген жас Ноян бір сұмдыққа душар боларын сезді.
Қашқанмен құтылмасын байқады да, атының басын тежеп, тоқтай қалды.
Құралай, ең болмаса сен құтыл! — деді ол Жоңғар қызына. — Тоқтама, шаба бер, не
болса да өзім көрейін...
Ноян атынан секіріп түсіп, ағасына қарсы жүрді. Садағын кезене ананың шауып келе
жатқан түрінен шошынып, жас жігіт қалтырап кетті.
Көке, кешір! — деді көзі жаутаңдап, ағасы арқан бойы таяғанда.
Бірақ дəл осы сəтте атының басын тартпастан құйғытып жетіп келген ашулы Баян ызаға
шыдай алмай, қыпшақ садағын тартып қалды. Башқұрт тəсілімен істелген сүйір ұшты сауыт
бұзар қайың жебе жас Ноянның дəл жүрек тұсынан кеп қадалды, жас жігіт тіл қатуға да
шамасы келмей ұшып түсті.
Көкежан, не істедің? — деп, Құралай атының басын бұрып қайта
шапты.
Екі көзі қанталап кеткен Батыр Баян үзеңгісіне шірене беріп, садағын екінші рет тартты.
Ноянның тұсына жетіп қалған қыз ат үстінен қалпақтай ұшып сүйген жігітінің жанына сылқ
етті. Қызып алған Тұлпаркөкпен орағыта шауып əзер дегенде тоқтатып, Батыр Баян да кейін
бұрылды.
Күлімсіреген ишаратын жоғалтпай, боп-боз боп өліп кеткен інісін көргенде, ашумен не
істегенін енді түсініп, өкіре жылап Ноянның үстіне құлады. Екі бетінен аймалап сүйіп, əлден
уақытта барып басын көтерді. Екі көзден жасы сорғалап, інісінің басында тізерлеп ұзақ
отырды. Тек бір заматта ғана жанында ыңырсыған дауысқа бұрылды. Бұл Құралай еді.
Батыр Баянның өзіне қарағанын сезді ме, қыз ақырғы рет көзін ашты. Бір кезде берген анты
есіне түсті ме, Батыр Баянның егіліп жылап отырғанын көріп, қыздың көзінде бір ұшқын
жалт етті де сөне қалды. Ол енді ешбір кексіз, ашусыз, Баянға жалбарына қарады.
Көкежан, — деді үнін əзер-əзер шығарып, — жалғыз тілегім, Ноян екеуміздің
арамызға топырақ салмай, бірге көміп кетіңіз...
Осылай деді де, сонау талмаусырап батып бара жатқан күн көзімен таласқандай, қара
жерге көмуге қимайтын қайран сұлу Құралай көзін жұмып, о дүниеге жүре берді.
Өз қолымен өлтірген қос аяулысының басында солқылдай жылап Батыр Баян ұзақ
отырды. Тек таң сыз берген кезде ғана, беліндегі болат қанжарымен терең етіп көр қазып,
араларына бір уыс топырақ салмай, қос бағланын жер құшағына беріп атына қонды.
Батыр Баян аулына қайтып келіп, ешкімге лəм-мим деп тіл қатпай, аһ ұрып, үш күн бойы
жер бауырлап жатып алды. Тек төртінші күн дегенде орнынан тұрып, Уақ руының біраз
батыр жігіттерін ертіп, Абылай шақырған Телікөлге беттеді.
... Сағынып күткен батыры келгенде, Телікөл маңайында жатқан қалың қол мəз-мейрам
боп қуанды. Тек оның сүзектен тұрғандай сарғайып кеткен жүзін көріп таң қалды.
Неге кешіктің? — деп сұраған Абылайға ғана қанды оқиғаны бастан-аяқ баяндай кеп:
268
Ел намысы бір кешірмес ағаттық іс істетті, — деді.
Аяушылықты білмейтін Абылай:
Жоғалтқаның көп болса да үкімің адал екен. Халық намысы ер құнынан артық деді, —
қайғың тек өзіңдікі... Ал ата жолы бəріміздікі. Одан таймағаныңбұл бəріміздің
абыройымыз.
Абылай батырдың бетіне қарамай, алыстағы көкжиекке тесіле көз жіберіп, əлденеге
ойланып қалды.
Иə, Абылай сұлтан, сіз əділетін айтып тұрсыз, — деді Баян күрсініп, — бірақ менің
жүрегімде жазылмас жара қалды ғой. Оның емітек қан төгу ғана... Қанғақан!
Ондай ерлікке күн ертең-ақ туады, — деді Абылай. — Ер жігіт өз жарасын əрқашан да
жау қанымен жазар болар.
Абылай сол күні Əбілмəмбет ханмен ақылдасып алды да, Кіші жүз əскерлерінің келуін
күтпестен, Қалден Церен қолындағы Түркістан уəлиеті мен Сырдың сонау Аралға дейін
баратын төменгі жағындағы қалаларды Жоңғардан қайтып алу жорығына аттануға бұйрық
берді. Бұл үшінші жыл тоқсанның екінші айының бас шенінде, сəрсенбінің сəтті күні болды.
Қазақтың сол кездегі атақты батырлары мен Абылай бастаған қырық мыңға таяу қалың қол
теріскейден күнгейге лап қойды.
Бұл жолғы жорық үш жүздің басының бір мол қосылған жорығы еді. Осы сапар Абылайға
да үлкен абырой əперді. Қол үш салаға бөлініп, бір саласын жасы келіп қалса да əскери істе
қолбасшылық тəжірибесі мол Қанжығалы Бөгенбай батыр басқарды. Бұл атақты Үмбетай
жырау:
Баян аула, Қызыл Тау
Абыралы, Шыңғыс тау.
ҚозыМаңырақ, қойМаңырақ
Арасы толған көп қалмақ.
Қалмақты қуып қашырдың.
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай тауға асырдың.
Ауыр қол жиып алдырдың,
Ақ Шəуліге қос тиіп,
Қалмаққа ойран салдырдың,
Қабанбай мен Бөгенбай
Арғын менен Найманға
Қоныс қылып қалдырдың, —
деп жырлаған Бөгенбай мен Қабанбайдың ерлігі ерекше көрінген жорық еді. Бөгенбай он
мыңға жуық қолды басқарып, Түркістан уəлиетінің солтүстік жағына, Қалден Цереннің
Ұлытауға аттанбақ болған Созақ бекінісі тұсына қарай беттеді. Қолмен бірге атақты жырау
Үмбетай аттанды.
Екінші қолды Жəнібек тархан басқарды. Бұлар Сыр бойының төменгі саласына қарай
сапар шекті. Жəнібек əскеріне тек қана Торғай, Ырғыз бойын жайлаған Орта жүздің жігіттері
ғана емес, бұған Сырдария жағасындағы өздерінің атамекен қоныстарын қайтарып алмақ
болған Кіші жүздің Шекті, Табын, Тама, Адай секілді біраз руларының өжет жігіттері
қосылды. Бұл қолда сол Торғаймен шектес Сарыкеш маңындағы Уаққа жататын Тəтіқара
жырау бар.
Үшінші қолды (негізгі қолды) Абылайдың өзі басқарды. Бұл сап Шиелі, Жаңақорған
бойларымен кеп Түркістанның өзіне күнбатыс бүйірінен тимек болды. Бұнда қазақтың аты
шулы батырларынан: Баян, Сырымбет, Жанұзақ, Малайсары, Жəпек, сəл кейінірек келіп
қосылған Қабанбай болды.
Абылай қолының ас-суын дайындап, жауынгерлерінің кір-қоңын жуатын бір топ қатын-
қалаш, қыз-қырқынмен бірге, Қабанбайдың Гауһардан туған қызы Назым жорыққа шықты.
Бұл жолы Баянаулада Бұқар жырау сырқаттанып қалып қойды. Оның орнына жазда
Абылайдан Ботақан мен Жанайдың құнын өлеңмен сұраған он жеті жасар Көтеш ақын ерді.
Жазғытұрымғы сай-саланы қуалай аққан қар суындай қазақ қолдары тарамданып, жан-
жаққа қарай аттана бастады. Қазақ жауынгерлерінің жұмған жұдырықтай боп бір майдан
ашудың орнына үш тарам боп бөлінуінің де себебі бар еді. Қазақ қолдары қазір едəуір
күшейіп қалғанмен де, соғыс өнеріне келгенде, Жоңғар хандығының тұрақты əскерінен əлі
де болса төмен жатқан. Құр ерлік, жанқиярлық, өжеттік жеткіліксіз қасиет. Əбден
машықтанған өнер, əдет еткен соғыс тəсілдері керек-ті. Шиті мылтықтан басқа қаруы жоқ
269
қазақ жігіттерін топырлатып, аз да болса зеңбірегі бар, соғыста əбден шыныққан Қалден
Цереннің тəртіпті əскерлеріне қарсы қоюға Абылайдың көңілі дауаламады. Өз əскерін үшке
бөліп, Қалден Цереннің əскерін де үшке бөлшектеп, жеке-жеке құртпақ болды...
Бірақ қазақ тəрізді көшпелі елдің қонтайшысы Қалден Церен Абылай қулығын бірден
ұқты. Қазақтың бас күші Созақ тұсынан шығатын Бөгенбай бастаған, не болмаса Аралдың
жоғарғы сағасынан, — қарақалпақтың өкпе тұсынан кеп тиісетін Жəнібек сарбаздары емес
екенін айтпай түсінді. Бас күш Абылай маңайында деп ойлады ол. Бұны Түркістанның
күншығыс жағына жіберген ертөлелері де анықтап қайтты. Бұл кездегі жоңғар əскер
басшысы Қалден Цереннің ортаншы ұлы Цеван-Доржи Созақ пен Қазалыға көмекші
əскерлер жіберді де, өзі он бес мың қолымен Абылайға қарсы аттанды.
Абылай əскерінен бұрын келіп, ол Жаңақорған бекінісін қоршай шебін құрды. Ортада
жаяу жасағы. Екі бүйірінде жоңғардың жал құйрығын өріп тастаған тапал жылқысын мінген
атақты атты əскері. Цеван-Доржи бұ жолы түйе үстіне орнатылған он бес жеңіл зеңбірегін,
Абылайдың мың төлеңгітінен құрылған кілең ер жүрек атты əскері жүреді-ау деген жерге
орналастырды.
Алдында жау шебі барын білген Абылай, енді өз əскерін жая түсті. Жаңақорған бекінісін
алуды бес мергені бар Қабанбайға жүктеді, Сырымбетті оң жақ қанаты, Баянды əскерінің
сол жақ қанаты етті. Əрқайсысында үш мыңнан атты əскер. Олардың соңынан сойылды,
шиті мылтықты үш мыңнан сарбаздары бар Малайсары, Оразымбет батырлар. Өзі
Сағымбай, Қанан, Жанұзақ секілді ерлерімен, жорыққа алғашқы аттанған он жеті жасар
Жанай деген баласымен шептің дəл ортасында болды. Қарамағында аты шулы, ер жүрек
төлеңгіттерден құралған мың салт атты жауынгерлері бар. Бұны басқаратын «Алтайдың
ақбасы» аталған ер Сеңгірбай.
Жансыз жіберілген ертөлелері арқылы Абылай өзіне қарсы тұрған қайын ағасы Қалден
Церен өліп, енді Жоңғар қонтайшысы болған Цеван-Доржи екенін білді. Абылайдың бұл
əміршіге ерекше өштігі бар. Қалден Цереннен қазақ жеріне Ертіс жағынан тиюді талап
еткен деосы Чорас руымен көңілдес Цеван-Доржи. Абылай Қалден Цереннің қолына
түскенде, оған өлім жазасын сұраған даосы Цеван-Доржи. Барақ пен Əбілқайырдың
өштесуіне себепкердің бірі болған даосы Цеван-Доржи. Ал кейін Əбілқайырды өлтірген
Барақты қазақтарға бермей қалып, бірақ түбі өз елі жағына шығып кетуі ықтимал деген
қауіппен өткен жылы, яғни бір мың жеті жүз елу екінші жылы, у беріп өлтірткен де осы
Цеван-Доржи. Рас, Барақтың өлуімен байланысты, Абылайдың алдында бақ таластырып
кесе-көлденең тұрар ешкім қалмады. Сол күннен бастап Абылай Орта жүздің бірден-бір
билеушісі деп саналды. Ұлы жүздің біраз рулары да бұның жағына шықты. Бірақ соған
қарамастан Цеван-Доржи Абылайдың тісі көптен қайраулы еді. Ана бір жылы Əбілмəмбет
хан Қалден Церен бітімге келіп, баласы əбілфейізді аманатқа Ташкенттегі қонтайшы
Ордасына қалдырғанда, уəде бойынша қазақ еліне қайтаратын Түркістан мен Сыр
маңындағы отыз қаланы бергізбегендердің біріосы Цеван-Доржи. Егер сондағы бітім іске
асқан болса, бүгінгі қан төгілмес пе еді, қайтер еді. Цеван-Доржидің күткенінің өзі осы
майдан болса, сол майданды бүгін Абылай ашпақ!
Ұрыс сəрсенбі күні таң ата басталды. Абылай да, Цеван-Доржи да елшілер арқылы
уəделескен мезгілдерінде өз əскерлеріне «аттан» деп бұйрық берді. Көлденеңі он
шақырымдай жазық далада қан төгіс қырғын тез-ақ қызып кетті. Жер дүбірлете шапқан
аттар, таңғы мөлдір ауаны қақ жара ысылдай атылған садақ оғы, шиті мылтық шаңқылы,
гүрсілдеген зеңбіректер. Біріне бірі қарама-қарсы сермелген қисық қылыш, бүкір
алдаспандар, соғылған сойыл, батырлардың болат денесіне қырш-қырш кірген көк
найзалар. Оқ тиіп, жан ұшыра кісінеген жылқы, жан тапсыра алмай ыңыранған жаралы
жауынгерлер. Түс болмай-ақ майдан даласы қан сасыды. Аяғыңды басқан сайын аттан
құлап жат-
қан адам денелері көрінеді.
Алып майданның екі жақ шетіндегі Сырымбет пен Батыр Баян бастаған қазақ əскері
қиын да болса алға қарай жылжып бара жатқаны сезіледі. Тек екі жақтың екі бас
қолбасшысы тұрған майданның орта шебі мызғыған жоқ. Тағы:
Аттан! Аттан! — деген ұран шықты.
Сол сағатта-ақ Сеңгірбай, Сағымбай, Қанай бастаған сұлтанның мың жігіті зеңбірек оғы
жетпейтін қалың жыңғылды сайдан шыға сала Цеван-Доржидың тұрған төбесіне қарай лап
қойған. Бірақ бір шақырымдай шапқан кезде кенет гүрсілдей жөнелген зеңбіректерден
270
жауған жойқын оқтар дəл аттарының маңдай алдынан кеп гүрс-гүрс жарылған. Алдыңғы
шептегі жүз қаралы ер жүрек жігіттер ат-матымен омақаса жер қауып, заматта арттарында
келе жатқан жау-
ынгерлерге бөгет болды. Көп салт аттылар алдындағы аттар мен адамдардың өліктерінің
үстіне кеп құлады. Осы кезде зеңбіректер қайта гүрсілдеген. Амал жоқ, лапылдап келе
жатқан қалың қол еріксіз кейін шегінді. Абылай бұйрығымен жігіттер тағы шапқан. Бұл жолы
да жүзге таяуы қаза тауып, қалғаны кейін серпілді. Зеңбіректі Цеван-Доржиды бұлай ала
алмайтынын білген Абылай, енді шабуыл шебін басқаша құрды. Зеңбіректерге тікелей
шаппай, оны ат тағасындай қоршап, жан-жағынан анталауды бұйырды. Бірақ үш рет
шабуылға шығып, ең батыр деген үш жүзге тарта ер жігіттерінен айрылған əскер не істерін
білмей, тағы дағдарып қалды.
Бұған Абылай:
Япырмай, осыншама, қазақтан жауға шабар бір еркек кіндікті тумаған ба? — деді
қатты дауыстап. — Қайсың барсың?
Осы кезде топ ішінен «Абылайдеген дауыс шықты.
Бұл ұран салған Абылайдың он жеті жасар баласы Жанай еді. Ол тебініп қап,
зеңбіректерге қарай атой салды. Бірақ бұдан бұрын гүрсілдеген тажалдардан əбден үркіп
қалған астындағы басы қатты кертөбел, бала жігітті жау шебіне емес, бір бүйірдегі жиде
тоғайына қарай ала жөнелді. Жұрт тағы тына қалды.
Дəл осы кезде, Абылайдың зеңбіректерді қоршаған жігіттерінің оң жақ тұсынан Цеван-
Доржи тұрған төбеге қарай, басында үкілі камшат бөркі бар, ақбоз атты бір қыз бала
«Қабанбай! Қабанбай деп ұран тастап, суырылып шыға берді. Ақбоз ат көсіле сермеп
келеді. Қыздың қолында не сойыл, не найза жоқ, бар болғаны тобылғы сапты қамшы.
Осынау қарусыз қыздың ерлігін көрген қызба қалың топ, енді шыдай алмады, лап қойды.
Абылай!
Атығай!
Ақжол!
Қарақожа!
Қабанбай!
Абылай! Абылай!
«Қабанбай» аты аталған тұста Найман жігіттері гуілдей шапқан топтың алдарында
келеді. Зеңбіректер ортадағы топтың алдыңғы қатарына ғана оқтарын жіберіп үлгерді. Бірақ
екі бүйірдегі сойылгерлер сапы тез-ақ жетіп қалды. Ар жағындағы жоңғар атты əскері келіп
үлгергенше, түйелі зеңбіректерді түйе-мүйесімен таптап кетті.
Ақ болат сауыты жарқылдап, Жалынқұйрығын көсілте Абылайдың өзі де шапты. Төбе
басындағы қонтайшы көк шатырын жинай бастады. Сөйткенше болған жоқ, Жоңғардың
шаян құйрықты сары жібек жалауы шығысқа қарай шегіне берді...
Қазақ əскерлерінің тегеурініне шыдай алмай, жоңғарлардың тұтас құрған шебі бұзылып,
енді майдан үзілген жеке-жеке топтардың, қолдардың айқасына айналды. Осы кезде онсыз
да қызыл қанға боялған əлем бетін бұрынғысынан да қызарта түсіп, күн де батты. Екі жақ
өліктерін жинап көмуге ұрыстарын тоқтатты. Бүгінгі күнгі ұрыста Жоңғар жағынан қырылған
адам қазақтардан анағұрлым көп боп шықты. Осылай жоңғар мен қазақ арасындағы қанды
ай-
қастардың жаңа белесі ашылды. Бұл қазақ елінің жоңғар қонтайшыларын мүлдем жеңіп,
атамекен жерінен қуудың ең алғашқы айқасы еді.
Абылай өз шатырына келгеннен кейін, бағанағы қалмақ зеңбіректеріне жападан-жалғыз
қарсы шауып, бүгінгі жеңіске жол салған қызды іздетті. Бұл Қабанбай батыр мен қазақтың
батыр қызы Гауһардан туған жас Назым екен. Бүлдіршіндей жас қыздың осыншама ерлік
көрсеткеніне риза болған Абылай, беліндегі сом алтыннан соғылған жаңа белбеуін шешіп
берді.
Абылай басқарған осы соғыс екі айға созылды. Қазақ əскері Жаңақорғанды, Шымкентті
алып Түркістанға таяды. Солтүстіктегі Бөгенбайдан да Сайрам мен Созақты алдық деген
хабар келді. Батыр Баян қолы да Талас өзеніне таяй түсті. Жəнібек батырдың да қолы
Қарақалпақ жерінен жоңғарларды Сырдың жоғарғы сағасына қарай сырғыта бастады. Енді
амал жоқ, Цеван-Доржи Абылайдан бітім сұрауға мəжбүр болды. Абылайдың да бұл бітімге
көнбестік лажы жоқ-ты. Үш ай бойы, Арқадағы үйлерінен алыс жерде ұрысқан қазақ
жауынгерлері де əбден қажыған-ды. Жорыққа аттанған жауынгерлердің бестен екі бөлегі
271
қаза тапты. Бұл жаңадан басын қосып, ел болып келе жатқан қазақ жұртшылығына осал
соққы емес-ті. Оның үстіне Абылай бұл жолғы жеңістерін Жоңғар хандығын шын күйретудің
басы деп санамаған. Қазақ хандары түгіл, Қытай боғдыханымен алысуға жарап келген
жоңғар қонтайшыларының əлі де күші мол екенін ол жақсы білетін. Қысылып бара жатса
Цеван-Доржи Қытай боғдыханына бас иіп, сол шекарадағы көп əскерін кейін шақырып, қазақ
еліне төгеді. Тіпті єытайдан да жəрдем алады. Сонда Абылай оған ұрыстан əбден қажыған
жігіттерімен қалай төтеп береді? Тағы бір естен шығармайтын жайт, күз болса келіп қалды.
Ар жағында қылышын жалаңдатып қыс тұр. Шаруа жайын ойламаса да болмайды.
Абылай Цеван-Доржидың жіберген елшісін құрметпен қарсы алды. Ұзақ сөздерден кейін,
Орта жүздің ханы Əбілмəмбеттің қарамағына Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент секілді үш
ай ұрысып жоңғарлардан тартып алған бірнеше қалаларды қалдырып, Түркістан шаһары
мен оның уəлиетін қазақ еліне тегіс қайтарып беру мəселесі алдағы уақытта тағы қаралмақ
боп келісілді. Қазақ елінен жоңғар қонтайшысы алып тұратын алым-салық көлемі де
əжептəуір азайтылды. Қазақ хандарының қарамағына Сырдарияның төменгі жағы мен
Талас өзенінің Жаңғы қаласы тұрған жеріне дейін қайтарылмақ болды. Əрине,
жоңғарлардың бұрынғы жағдайы болса, Цеван-Доржи бұның біріне де көнбес еді, енді амал
жоқ көну керек. Өйткені оның арт жағында да қыс бойы ұйықтап, жаз шыға басын көтерген
айдаһар тəрізді, күшейіп келе жатқан Қытайдың боғдыханы Цзинь-Лун бар...
Осындай абыройға жеткен Абылай, жан-жақтағы батырларына:
Биылға соғыс осымен бітті. Енді аттың басын елге бұрамыз, — деп бұйрық берді.
Өзі Арқаға көшуге үлгірмей, Созақ төңірегінде қалып қойған Əбілмəмбет ханның
ордасында аз күн аялдамақ болды. Хан немере інісінің құрметіне үлкен той жасап, сый-
құрмет көрсетіп жатқанда, үйге асыға басып Көтеш ақын кірді, Ол үкілі домбырасын
еңкілдете жылатып қоя берді. Мəз-мейрам боп қуанышқа бөленіп отырған Абылай:
Жарқыным-ай, күйің қалай зарлы еді, сай-сүйегімді сырқыратып жіберді ғой, Жанай
ұлым аман ба? — деді.
Сонда Көтеш:
Алтын күн кім қуанар батқанына,
Аққуды кім қуанар атқанына.
Жанайың жау қолынан қаза тапты,
Еліне енді жүргелі жатқанында, —
деп, жоқ жерден он жеті жасар Жанайды жоңғардың бір қарақшысы өлтіріп кеткенін
хабарлайды.
Көрдей тұншығып тына қалған үй ішінде, кенет булығып өксіген дауыс шықты. Бұл
Жанаймен түйдей құрдас жəне осы жорықта онымен жан аяспастай достасқан бала жырау
Көтештің өксігі еді.
Ойын-той былай қалды. Абылай «аһ» ұрып, төсектен басын көтермей жатып алды.
Жанай өліміне Олжабай жазықтыдай, осы сапарда баласымен бірге болған батырға сұлтан
тіл қатпай қойды. Абылайға көңіл айтып, сонау Арқадан қаз дауысты Қазыбек би, Ұлы
жүзден Төле би, Кіші жүзден Бала би келді. Бұл үш бидің келуі Абылайды Үш жүздің елі
өзіне көсем ете бастағанының белгісі еді.
Сонда қаз дауысты Қазыбек:
Уа, Абылай, Үш жүзің үш аққан өзен еді, солардың табысқан жеріндегі сен бір
бəйтерек едің. Бəйтеректі дауыл ұрмас па, жапырағы оның түспес пе, бұтағы оның сынбас
па? Құдай ма едің тетігін ұстаған бұл жалғанның, бұның не, бір балам өлді деп жатып
алғаның? — десе, Тəтіқара жырау:
Үш жүздің баласы
Ақылдасып, сырласып,
Хан көтерсек деп еді.
Үш жүздің баласын
Бір баласындай көрмеді.
Ат құйрығын үзіңдер,
Аллалап атқа мініңдер,
Хан талау етіп алыңдар!
деген ашулы толғауын айтып еді.
Жөн айтасыңдар! — деп Абылай басын көтерді.
272
Міне, осындай Ордаға бір кезде Көтеш ақын тағы кірді. Бұ жолы ол күй тартқан жоқ.
Босағада бір тізерлеп отыра қалды да, көзінен жасы сорғалап, ащы дауыспен аңыратып қоя
берді:
Үш жүзге уа, Абылай, қайғың аян,
Кез жетті қара бұлттан енді оян.
Тағы да суық хабар əкеп тұрмын
Өлтірді Олжабайды қашқын ноян...
Абылай басын төсегінен жұлып алды.
Уа, жарқыным, жөніңді айтшы, не дейсің?
Көтеш ақын енді Олжабайдың қалай қаза болғанын айтып берді. Екеуі өз қостарына
қайтып бара жатып, жолай əдемі бір əуен естиді. Олжабай серігінің «қазақ əні емес, қалмақ
əні тəрізді. Сірə, қоршаудан шыққан тұтқындар болуы керек» дегеніне қарамай:
Жоңғарлар болса қайтеді, қазір бітіміміз бар емес пе? — деп болмайды.
Бұлар əн шыққан тұсқа таяп келгенде, жанған отты қоршай отырған Жоң-
ғардың қашқын жауынгерлерін көреді. Аттарының басын бұрып үлгірмейді. Қараңғы түнге
қарап атқан садақ оғы сауытсыз келе жатқан Олжабайдың дəл көкірегінен кеп қадалады.
Олжабайдың тек:
Дүниеге келген соң өлуге де тиістісің, — деуге шамасы келді. — Амал қанша,
арманда кетіп барам. Бірақ мен өлсем де менің арманым жетінші ұрпағымда бір
қайталанады. Бір əулетім өзім тəрізді батыр жəне асқан жырау болады, — деді де көзін
жұмды...
Иə, Олжабай өлеңді жақсы көретін еді, — деді Абылай. Содан кейін төсегінен
түрегеліп, сауыты мен қаруын əкелуді бұйырды.
Олжабайдың айтқаны келді. Жетінші ұрпағында тағы бір ұл туды. Халық оған арғы
бабасының атын берді. Ол жас еді, бірақ асқан дарынды, тамаша ақын болды...
ІІ
Манжурлардың атақты қолбасшысы Фу Де басқарған қара құрттай қайнаған Қытайдың
жаяу əскері Алтынемел қырқаларынан үшінші рет кейін асып түсті. Бүгін таң атқалы
Абылайдың қалың қолы үшінші мəртебе шабуылға шықты. Осы үш шабуылдың үшеуінде де
јытай əскері Іле өзені мен Алтынемел адырларының арасындағы ойпатқа жетіп, қазақ
жігіттерінің тегеурініне шыдай алмай кейін қашты. Майданда қыруар өліктері қалды. Абылай
«осы жолы жеңдім-ау, енді беттей алмас» деп ойлаған сайын тағы қарсы жақтағы белестен
шұбырып түсіп келе жатқан Қытай əскерін көреді. Қанша қырсаң да, бітпейтін құмырсқа
сынды. Оның үстіне Қытай əскерлерінің арғы жағына барып қайтқан ертөлелердің айтуы
бойынша, ішкері жақтан қаптап Қытайдың екінші қолбасшысы Чжао Хойдың əскері таяп
қалған көрінеді. Дені атты əскер деседі. Тұлғасы тұрымтайдай жылқы мінген Қытайдың атты
əскері қазақ жігіттеріне бəлендей қорқынышты да емес-ті. Жауынгерлері ат үсті ұрысына
шорқақ... Бірақ Қытайдың қаныпезер, қаттылықтарымен аты шыққан екі қолбасшысының
əскері түйісе қалса, əрине, қазақ қолы шегінуге мəжбүр болады. Бұндай жағдайда Қытай
əскерінен кейін шегіну деген сөзқазақ жеріне екінші «Ақтабан шұбырынды» келтірумен
бірдей. Сондықтан да Абылай төртінші шабуылға дайындалды. Қайткенмен де Фу Де мен
Чжао Хойдың əскерін ойсырата жеңсе, əлі де үміт бар. Жоқ, бұ жолы Абылай жауын жеңе
алмайды. Өйткені ақ түйесінің бүгінгі жатысы оған ұнамаған.
Ақ түйе кенжесі Жанай қаза тапқан жоңғар жорығынан қайтысыменен пайда болған.
Қайғыдан əлі сейіле қоймаған Абылай сол күні ерте тұрып, Ақ Ордадан шыққан. Күздің қара
суығы келіп қалған екен. Бір-екі күннен кейін аулы қысқы қонысы Көкшенің қойнауына
көшпек. Қысты қалай өткізудің қамын ойлап тұрған Абылай кенет ауыл сыртындағы ақ
түйеге көзі түсті. Мүше бітісі өзгеше, ірі, жүні сүттей аппақ, шудалары шұбатылып жерге
түскен. Абылай баяу басып қасына барды. Түйе үріккен жоқ. Мұрны тесілмеген, үстіне қом
салынбаған. Əр өркеші баладай. Абылай тағы таяй түсіп еді, ол тайраңдай шауып бел асып
кетті... Ертеңіне таң атып келе жатқанда Абылай тағы сыртқа шықты, тағы ақ түйені көрді.
Абылай жақындап еді, қашпады, үйіне қарай беттеп еді, соңынан ере жүрді. Сол қыс ақ түйе
Абылайдың түйелерімен бірге болды. Қыс қандай қатты болса да, Абылайдың бірде-бір
қотыр ешкісін қасқыр тартқан жоқ, қотыр тайы бораннан ығып, жылымға түсіп шығынға
273
ұшырамады. Жұрт бұл түйені Абылайдың ырысы, киесі деп жорысты. Бұл ақ түйенің шын
ғажап қасиеті кейін байқалды. Абылай жаз шыға күнгейі мен күншығысынан мазасын ала
берген жоңғар əскеріне тағы қарсы аттанбақ болды. Сұлтан кеңесі Ертіс жағасының
торғауытына ма, əлде Іле бойының ойратына ма, қайсысына жорыққа шығуды шеше алмай
тарасты. Абылайдың таңертең өзгеден ерте тұратын ежелгі əдеті. Далаға шықса, ақ түйе
орда сыртында жатыр екен. Басы күншығысқа қараған. Түйенің бұрын үнемі күнбатысқа
қарап жататынын білетін Абылай кенет бір ойға келді. «Жұрт бұл түйені менің кием деп
босқа айтпайтын тəрізді ғой, осы жолы ақ бураның көрсеткен жағына аттанайын». Ол осы
айтқанын орындады. Жолы болып қайтты. Сол күннен бастап ақ бураны жорыққа аттанса,
өзімен бірге ала шығатын болған. Ақ бура ертең ұрыс деген күні басын қай жаққа салып
жатса, Абылай сол жақтағы жауына аттанатын жəне үнемі жеңіп қайтатын.
Ал осы жолы Абылай Арқаның бар əйгілі батырларын ертіп, Іленің жоғарғы жағынан
баса-көктеп кірген Қытай əскеріне қарсы жорыққа аттанғанда, жолай ол «Абылай асуының»
үстіне түнеген. Таңертең өзгелерден ерте тұрып, əскерін аралап келе жатып, ақ бураның
Іленің оңтүстік бойына емес, солтүстікке қарап шөгіп жатқанын көрді.
Абылай енді жолым болмайды екен деп кейін қайтуды да ойлады, бірақ қаптап келе
жатқан Қытай əскері егер алдынан қарсылық көрмесе, қазақ жерін басып алар деп
қауіптеніп, «не болса да нартəуекелдеп, келе жатқан бетінен таймаған. Үш күннен бергі
ұрыста Фу Де əскерін бірнеше рет тойтарып кейін ығыстырғанмен де, жүрегінің күпті болып,
өз ісіне өзі сенбей əлсін-əлсін қауіптене беруі де сол ақ бураның теріс бұрылып жатуынан
еді.
əйтсе де үш күннен бері Фу Дені бет бақтырмай тұрған Абылай, Чжао Хой жетпей тұрып
тағы бір қимылдайын деп, өз əскеріне кезекті бұйрығын берді.
Батыр Баян қолын қазір кейін шегіндіріп, Іленің оң жағасындағы анау жиде тоғайына
барсын, Чжао Хой атты əскері бізге қарсы аттанса, бір бүйірінен тисін. Ал Сырымбет батыр
жауынгерлерін мына қырқаның арғы бетінде тасада ұстасын!
Абылайдың бұйрығын алысыменен қазақ жауынгерлері Іленің тұманды шат-
қалдары жұтқандай, өзен бойындағы жиде, тал, қамысты қойнауларға кіріп көзден ғайып
болды. Тек төбе бастарында барлаушылар ғана қалды. Олар Қытай əскерлерінің
дабылдарын ұрып, жаңа шабуылға дайындала бастағанын естіп жатты...
... Иə, қазір қазақ жеріне жоңғар жасақтары емес, Қытайдың көк темірмен құрсанған
қалың əскері келе жатыр. Қытай империясын жер шарының кіндігі деп санайтын, аспан
баласыбоғдыхандар шекара деген ұғымды тіпті білмейтін. Қытай жауынгері жеткен
жердің бəрі Қытайдікі деп ойлайтын. Сол себептен де Қытай боғдыханы қазақ деген көшпелі
елді өзінің дегеніне біржола көндірмек боп, тоқсан мың əскерінің бетін қазақ даласына қарай
бұрған.
Осының алдында ғана ұлы Жоңғар трагедиясы аяқталған. Көршілес жоңғар мен қазақты
біріне-бірін айдап салып келген Қытай мен Манчжурия билеушілері енді өздеріне аянбай
қимылдайтын мезгіл туды деп шешкен. Қазақ пен жоңғар бірін-бірі əбден қансыратып
болды деп ойлаған. Тек енді оларға жаралы қос жолбарысты ұрып алу ғана қалған. Жəне
тезірек ұрып алғысы да келген. Өйткені, өзінің ішкі бүліншілігін жоя алмай жатқан Россия
Орталық Азияның істеріне тікелей кірісуге əлі де дайын емес еді.
Бір мың жеті жүз қырық бесінші жылы Қалден Церен өлді. Ұлы қонтайшы өлісімен оның
балаларының арасында таққа таласу басталды. Бұл таласты жеңіп бір мың жеті жүз қырық
жетінші жылы таққа Қалден Цереннің ортаншы ұлы, нағашылары Чорас ақ сүйектеріне арқа
сүйеген Цеван-Доржи сайланды. Бір мың жеті жүз елу үшінші жылдың аяғында оны өзінің
туған ағасы Ламо Доржи өлтірді. Осы жылдан бастап Жоңғар мемлекетінің іші қым-ғуыт
таласқа айналды. Қонтайшы тағына енді Қалден Цереннің немересі Амурасана мен Ламо
Доржи қырылысты. Бұл таласты, əсіресе, Абылай жақсы пайдалана білді. Ол кейде шешесі
қазақ Амурасананың қолтығына су бүркіп, кейде Ламо Доржиға аздаған атты əскер беріп,
қазақ еліне əбден тізесі батқан Жоңғар мемлекетін біржола əлсіретуді көздеді. Ақырында
Қытай боғдыханының көмегімен Жоңғар қонтайшысы Амурасана болды. Бірақ бұл кезде
Жоңғар империясының тағдыры шешіліп те қалған-ды.
Қытай əбден жаулап алып, алтын таққа өзінің Цинь династиясын отырғызған Манчжурия
феодалдары Қытай боғдыхандарының басқыншылық саясатын қайтадан жандандырды.
Қытай мен Жоңғар арасындағы əдеттегі бір қантөгіс жанжалды сылтау етіп, Фу Де мен Чжао
Хой генералдар басқарған Қытайдың тоқсан мың əскері Жоңғар жеріне баса-көктеп кірді.
274
Бұл жолғы Қытай-манчжур əскерінің жорығы əдеттегі ұрысқа ұқсамады. Екі айдың ішінде
Қытай императоры Цзинь Лун жіберген тоқсан мың əскер өзінен үш есе кем жəне
бөлшектенген жоңғар жасақтарының күл-талқанын шығарды. Бір миллиондай халқын
қырды. Сөйтіп бір кездегі күшті көшпелі мемлекет біржолата құрыды. Амурасана бас
сауғалап қазақ жеріне қашты...
Кеше ғана өз қолымен бауыздамақ болған нағашы жұрты оны құрметпен қарсы алды.
Абылай үстіне үй тігіп, алдына үйірлей жылқы салды. Бірақ көп кешікпей Амурасана сол
жылы қазақ жеріне Қытайлар əкелген ұлы апатқара шешектен Тобылда қайтыс болды.
Сөйтіп шығыстағы бір айбынды мемлекет көрер көзге құрып кетті. Жоңғар қақпасынан
соққан жел қазақ даласына ұзақ уақытқа дейін жылымшы қан мен өліктің сасық иісін əкеп
тұрды. Құзғын қарғалар енді сол қан иісі шыққан жаққа қарай ұшты...
Мұны көрген қазақ елі шошып кетті. Қытай мен өз даласының арасында тұрған жоңғар
хандығының жоқ болып кетуінен қандай қауіп туғанын ол бірден ұқты. Енді шығысқа үрке
қарады. Қытай боғдыхандары мен қазақ батырлары бұрын да сан шайқасқан. Тіпті
Қытайдың Тан династиясы кезінде де қазақ елі үш жүз жыл күресіп, жеңгізбеген. Рас, Қытай
əскерінің кейбір кезеңдерде қазақтың көне жері Көкше теңізБалқашқа дейін жеткен шағы
болған. Бірақ тұрақтай алмаған. Соңдарына күйген қала, күйзелген даланы қалдырып
қайтып отырған. Ал бұл жолғы Қытай боғдыханының қанішерлік қылығы өзгеше көрінді. Енді
қазақ елі алыстағы аждаһаның ысқырғанын ғана емес, арандай ашқан аузынан қанжардай
тістері ақсиып, өзін жұтуға келе жатқанын білді. Сол себептен де, бұрын қазақ жерінде орыс
бекіністері салына бастағанына күмəнданып келген Бұқар жырау:
Шүршіт келеді деген сөз бар-ды,
Көктен түскен төрт кітап
«Енжіл» атты кəлəмда,
Егер шүршіт келмесін,
Егер шүршіт қаптаса,
Алып бір жейді ақтарып
Көмулі көрден денеңді, —
деп, Қытай əскерінің қорқау қасқырдан кем емес жауыздығын айтып, жұртты күні бұрын ұлы
айқасқа шақыра бастады. Қазақ елінің басына бұл кезде тағы бір қара бұлт төне түскен. Бұл
қара бұлт Қоқан хандығы жағынан келе жатты.
Ел бүлігі қашанда болса билеушілерден шыққан. Жоңғар мемлекетінің
жойылуымен байланысты, Сырдың жоғарғы жағында көшіп жүрген қыпшақтардың
əміршілері Нарбота би мен Ерден батыр Ташкент, Түркістан, Арыс секілді Сырдың орта
тұсындағы қалалардың Қоқан хандығына көшуіне көмектесе бас-
тады. Бұл қалалар жоңғар қонтайшысының қарамағынан босанса да, енді Қоқан хандығына
бағынышты болар қаупі туған. Қоқан хандығы да енді Ташкент пен Түркістан уəлиеттеріне
жататын шаһарларды біртіндеп басып алуға айналды. Қазақ еліне екі жаумен алысар ауыр
күн туды.
Жоңғария мен Қашқарияны оңай алған Қытай боғдыханы қазақ жеріне ғана емес, тіпті
Самарқант, Бұқар, Хиуа, Қоқанға да ауыз салуға баратынына Абылай шек келтірмеді. Өгізге
туған күн бұзауға да туатыны күмəнсіз. Сол себептен де Абылайды, көкжал қасқырдың бір
шабуынан қалмайтын Ерден мен Нарбота билердің əрекеті емес, қатерлі аждаһа Қытай
боғдыханы қобалжыта берді. Ал, Самарқант, Бұқар, Қоқан əміршілеріне ақыл кіріп, бұған
келіп қосылғанша, қазақ даласы айдаһардың өңешінен өтіп кетпесіне кім кепіл? Міне осыны
ойлаған Абылай жаз ортасы болмай Үш жүзге ұран салып, бар əйгілі батырларын жинап,
Көкше теңіз түбінен күншығысқа қарай қалың қолмен жорыққа аттанған. Ілемен жоғары
көтеріліп, құмырсқадай қаптап келе жатқан Чжао Хой мен Фу Денің əскеріне қарсы жүрген.
əрине, Абылай Қытай империясын жеңе қоям деп ойлаған жоқ. Онда басқа да ой бар
еді. Қазақ елінің басы қашанда сырттан жау келгенде ғана бірігетін, Абылай содан үміт етті.
Кешікпей сұлтан жорамалы шындыққа айнала бастаған. «Қара Қытай қозғалса
ақырзаман болады» деп бесіктегі баласына өсиет айтып қорқытып, қазақ рулары келе
жатқан жауының шын қауіпті екенін түсініп, бастары бірігуге айналды. Басқыншы жаудан
аман қалудың бірден-бір жолы Үш жүз боп одақтасуда ғана екені айқындалып қалған.
Сондықтан да Абылай саясатының жаршысы Бұқар жырау:
Шүршіт келсе, Сырға көш,
275
Ішетұғын суы бар
деп, жан сақтаудың жолын ғана айтып қоймай:
Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек,
Бұл үйректей болыңыз,
Судан суға шүйгумен,
Көлден көлге қоныңыз.
Айнала алмай ат өлсін,
Айыра алмай жат өлсін.
Жат бойынан түңілсін,
Бəріңіз бір енеден туғандай болыңыз, —
деп ел бірлігіне шақырды. Ел бірлігіжау бетіне ұстар қалқан. Қытай əскерінің қазақ
жеріне кіруі, қазақ ұғымындаордалы жыланның келуімен тең. Осындай жағдайда ақ
түйенің майдан ашылар жаққа қарамай қырындап жатуы жұртқа түсініксіз-ақ. Бұл қандай
ырым? Бұның сыры тек əзірше Абылайға ғана аян...
... Қыр басында тұрған Абылай енді Бұқар жырауға бұрылды.
Жырау, бүгін ақ түйенің қырын шөгіп жатқанын көрдіңіз бе? — деді ол, —
жамандықтың белгісі болмаса нетсін...
Бұқар жырау Қытай əскерлерінің төртінші рет шабуылға шыққанын қарауда еді. Қара
құрттай қаптап келеді. Бір қазаққа жиырма Қытай жабылғалы келе жатыр. Басым күшке
шыдай алмай, қазақ қолының бір жақ шеті жапырылып кейін шегіне түскенін Бұқар жырау
жаңа аңғарды. Бірте-бірте қазақ əскерінің халі қиындай берді. Өмір бойы ішер асқа жарымай
өткен, бірақ өз əміршілерінің зорлауымен соғысқа əкелінген Қытай əскері шабуылға
шыққанда өлген тірілгендерін білмейтін. Əлде қорлық өмірден өлгендерін артық көре ме,
қарсы жауған оққа кеуделерін тоса, үнемі алға ұмтылатын. Осыны көріп тұрған Бұқар жырау
Абылай сұрағына асықпай жауап қайтарды.
Қасқырдан қорыққан қойшыдан жақсы күзетші шыға қоймайды. Жауыңды жеңгің
келсе, ең алдымен өзіңе-өзің сен. Əйтпесе бəріміз бірдей апатқа ұшыраймыз.
Көңілімде бір күдік бар. Одан қалай құтылам?
Жеңетініне сенбей майданға шыққан қолбасшының өмірі ұзақ болмайды. Ондай
кеселдің бір ғана емі бар...
Ол қандай ем?
Ажал.
Ажал?
Иə, ажал. Ол қандай дауасыз кеселден де құтқарады, — деп Бұқар жырау қазақ
қолының жапырылып бара жатқан қанатын көрсетті. — Шап қазір ана тұсқа! Не ажал
табасың, не өзіңе-өзің сенбейтін аурудан айығасың.
Абылай бұған бір ауыз сөз айтқан жоқ. Жалынқұйрығын тебініп қап, жырау көрсеткен
майдан алаңына қарай шаба жөнелді.
Бұқар жырау атынан түсті. Мойнына белбеуін салып, бір тізерлей отырып, алласына
«ақсарбас» айтып, жалбарына бастады. Əрине Бұқар жыраудың құдайға бағыштаған сөзін
діни адамдардың біреуі естісе, «құран сөзін қор еттіңдеп сөгер еді, өйткені, оның аузынан
құдайға жалбарынудан гөрі, ұран шақыруға ұқсас, ереуілді жыр тізбегі ағытылып жатқан.
Абылайдың жалғыз шапқанын көрген қазақ жігіттері шегінуді тоқтатып, жауға қарай лап
қойды.
Абылай! Абылай!
Аруақ! Аруақ!
Таудан құлаған тастардай, өлген-тірілгендеріне қарамаған садақшы, найзагер қалың қол
алдарындағы шəрке табанды, қара қалпақ, қара шапанды жаяу əскерінің алдыңғы шебін
күл-талқанын шығарып, кейін қуа бастады.
Қайтып оралған Абылай Бұқар жырауға:
Қолбасшыға күптенудің серік емес екенін енді ұқтым! — деді.
Бүгінгі жеңістен рухтанған Абылай ертеңіне де шабуылды өзі басқармақ боп, сауытын
киіп, əскер алдына шыға беріп еді, Бұқар жырау:
276
Ажалмен ойнама, сұлтаным. Шөлмек күнде сынбайды, бір-ақ рет сынады. Бүгінгің
артық! — деді.
Ер жігіттің серігі тəуекел демеп пе едің, Бұқар аға?
Жүз тəуекелдің бір тəубесі болар. Кешегі тəуекеліңе бүгін тəубе ет.
Абылай бірдеме деп келе жатыр еді. Бұқар жырау:
Қазақта Абылай біреу-ақ, ал Қытайда Пуделер көп, — деді қолын жоғары көтеріп, —
құдай менің тілегімді күнде бере береді дейсің бе, жетер енді!
Жалпы көшпелі елдердің салты бойынша жырау, ақын дегендердің қадірі халық
алдында өте жоғары бағаланатын. Жырау арқылы ру көсемдері өздері бағынышты хан,
сұлтандарға өкпелерін де жеткізетін. Бүкіл ел-жұртының мұң-мұқтажын жоқтаған мұндай
жыраулармен ең тегеурінді хандардың өздері де санасатын.
... Бүгінгі ұрыс кешегіден де қиынға түсті. Өлген, тірілгеніне қарамай, Қытай сыпайлары
əміршілерінің бұйыруымен үсті-үстіне шабуылға шықты. Құлынжалды садақтарын шірене
тартқан қазақ жігіттерінің жебесінен алдыңғысы оққа ұшса, артындағылары өліктерін басып
өтіп, алға қарай ұмтыла берді. Қытай əскері қазақ жігіттерін тағы да ығыстыра бастады.
Осындай бір шабуылда, қызып кеткен Бұқар жырау:
Кеше құдай он тілегімді бергенде, бүгін бір тілегімді бермей ме? — деп жау шебіне
қарсы шаба жөнелген. Абылай «тоқта» деуге де үлгермей қалды. Бір заматта Бұқар оң
қолының қарынан оқ тиіп, өз кісілерінің жанына əзер жетті. Бұқарды Абылай елге қайтарып,
қасына енді Тəтіқара жырауды алды.
Абылай тұрған қыземшек биік шоқының басынан көз жететін адыр-қырқа беттері тегіс
көрінеді. Оның қасында қазір төрт-ақ адам бар: Қанай, Бекболат, Тəтіқара жəне Сырымбет
батыр. Өзге батырлардың бəрі де майдан даласында.
Қырағы көзді Абылай арғы белестен тағы бір лек Қытай əскерінің төмен түсіп келе
жатқанын көрді. Құдайға шүкір, əйтеуір əлі Чжао Хойдың көк найзалы атты əскерінің шаңы
шыққан жоқ.
«Бүгін кешегідей емес шабуылдары анағұрлым бəсең, сірə Чжао Хойдың атты əскерін
күтіп тұр-ау, — деді ішінен Абылай, — бəлендей қауіп туа қоймас».
Абылай күнбатыс жаққа бұрылды. Таң атқалы уақыт мөлшерін де байқамапты, күн
бесіндіден еңкейіп бара жатыр екен. Бірдеме айтпақ боп ол енді Қанайға қарай беріп еді,
кенет басындағы қалпағы анадай жерге ұшып түсті. Абылай жалт бұрылды. Қалпағы жерде
жатыр. Тазқараның тайлақ жүні қадал-
ған жеріне қағаз байланған қозы жаурын садақ оғы қалпақтың дəл айыр ұшына кеп
шаншылыпты. Абылай жылдамырақ қимылдап қалпағын жерден өзі көтерді. Қағазын жұлып
алды да, жебені лақтырып жіберіп, оқ тескен қалпағын айналдыра қарап шықты. Егер жебе
төрт елідей төмен тигенде, Абылай сұлтан бұл дүниеге жоқ екен.
Япырмай, қандай мерген еді! — деді ол кім болса да қалпағына дəл тигізгеніне таң
қалып. Сөйтті де қолындағы қағазға көз жүгіртті. Əдемі əріппен əлдекім: «Абылай, сақ бол,
бүгін түнде күзетші бір жақының сені өлтірмек. Қайсы екенін анық білмеймін» деп жазыпты.
«Оқ сол жағымнан атылғандай болып еді, кім де болса, өз əскерімнің ішіндегі бір дос-жар
кісі жазған болды», — деді Абылай ішінен, қағазды ұп-уақ етіп жыртты да лақтырып жіберді.
Абылайдың қағазды оқығанын көріп, сұп-сұр боп түсі қашып кеткен Бекболат би:
Жақсылық па, жарқыным? — деді.
Жəй əшейін... Жауды қашан жеңеміз деп сұрайды. Сірə ұрыстан шаршаған біреу
болар.
əрине, Бекболат Абылайдың сөзіне сенген жоқ, бірақ одан əрі қазбаламады.
Мерген-ақ жігіт екен...
Айтпаңыз.
Абылайдың бағы өскен сайын қасы да көбейген. Оған бүгінгідей садақ оғы жасырын
жерден талай рет атылған-ды. Түбі Абылай хан бола қалса, қарамағындағы елдеріне
биліктерінің бұрынғыдай жүрмейтінін сезетін бақ күндес төре тұқымдары да оған жамандық
ойлай бастаған. Бұны білетін Абылай жанына халыққа қадірі бар батыр, жырау, шешендерді
көбірек жинауға тырысқан.
Абылайға қарсы бидің бірі Бекболат еді. «Хатта не жазылыптыдеп ол босқа сұраған
жоқ-ты. Əкесі қаз дауысты Қазыбектей емес, Абылай дəрежесінің бұлай көтеріле беруін
ұнатпайтын. Жəне өзінің қарсы екенін жасырмайтын да. Тек ел шетіне жау келе жатыр
дегенді естігеннен бері ғана райынан қайтқан. Қазір қазақ елін тағы бір апаттан алып қалу
277
үшін Абылай секілді ер жүрек, табанды адамның соңынан еруді Бекболат мақұл көрген.
Қорқынышты хабар тараған күннің ертеңінде өз жігіттерімен Абылайдың жасағына келіп
қосылған. Ал сол Абылай Бекболаттан сырын жасырып тұр. «Ол қағазда не жазылды екен?
Сұлтан соншама неге сұрланып кетті Абылай батып бара жатқан күнге тағы бір қарап
қойды. Жау шебінен «бүгінгі ұрыс бітті» деген дабыл үні естілді.
Жарайды, — деді Абылай, — бұ жолы біз шүршіттердің дегеніне көнейік. Бүгінгі ұрыс
осымен аяқталсын...
Қазақ дауылпаздарының дүңкілі де кең даланың үстінде қалықтай жөнелді. Сол-ақ екен
екі жақтың əскері екі бөлініп, кейін қарай серпілді. Ай туа майданға ат-арбалы өлік
жинаушылар келді. Майдан шекарасында екі жақтың күзетші əскерлері бір-біріне көрінбей,
жыра-сайларды бүркеніп, түнгі шептерін құрды.
Абылай өз серіктерімен шатырына қайтты. Қазақ қолдарының тоқтаған жері Іле мен
Күркірек атты шағын өзеннің тоғысқан алқабы болатын. Ортада Абылайдың ақ ордасы.
Жан-жағында шашырай тігілген өзге қолбасшы батырлардың үйлері... Абылай аттан
түсісімен шатырына кіріп, үстіндегі сауыттарын тастап, жайшылықтағы киімімен өзін күтіп
отырған қолбасшылар кеңесіне келді. Сосын мəжілісін тез өткізіп, əдеттегісінен көрі кешкі
асын да ертерек ішіп, жатып қалды.
Абылайдың жорықта ерте тұру жалпы ғадеті еді. Жəне басы жастыққа тиісімен-ақ тез
ұйықтап кететін... Абылай бүгін де сөйтті. Тек жартылай шешініп төсегіне жатар алдында
керегеде ілулі тұрған қылышын қынабынан суырып алып, жалаңаш күйінде бас жағына
қойды. Сосын ұйқыға кетті. Əлден уақытта кенет көзін ашты. Бағанағы қағаз есіне түсті...
Оянып алғаннан кейін бүгін күзетте кімдер тұрғанын білгісі келді, бірақ бұл ойынан тез
қайтты. Алатын ажал болса алтын сандықтың ішінде жатсаң да, əзірейіл өзі табады деп
ойлады ішінен. «Егер бүгінгі түн менің ақырғы түнім болса, тəуекел, оны да көрелік...»
Абылай біраз жатып тағы ұйықтап кеткен еді. Қара киімді бір дəу адам кеудесінен баса,
үстіне кеп құлады. Үстінен қара бура басқандай, тыпыр еткізіп қозғалтар емес, демі бітіп
тұншығып өліп бара жатыр...
Абылай, Абылай! — деп əлдекім аяғынан жұлқылап тартқандай болды.
Абылай көзін ашты. Шалқасынан жатқан екен, бастырылып қалыпты. Үсті-басы қара
терге малынған.
Түс көрдіңіз бе? Дауысыңыз тым қорқынышты шықты ғой...
Абылай қолын жалаңаш қылышының сабына апара берді.
Бұл қайсың?
Мен ғой... Нұржанмын.
Абылай қылыш сабынан қолын кейін тартып алды. Бұл Қарауыл руынан алған ортаншы
əйелі Қамшаттың туған інісі еді.
Жалғызсың ба?..
Жалғызбын... Түн бүгін тым қараңғы. Орданы айнала күзет қойдық. Мүлік екеуміз
босағада тұрмыз.
Қазір қай мезгіл?
Түн ортасы ауып бара жатыр...
Жақсы, əлі бір ұйықтап тұрар уақыт бар екен.
Иə... Ұйықтаңыз...
Абылай үйде жалғыз қалды.
Ұйқысы кенет шайдай ашылды. Күні бойы болған ұрыстан əбден шаршаған еді, тынығып
қалыпты; бағанағы хат тағы есіне түсті. Хат сөзі бұ жолы жүрегіне бір түрлі суық, ызбарлы
тиді. «Кім екен бұл хатты жазған? Бір жақының өлтірмекші деді ғой... Қайсысы екен?
Жақының дейді?.. Күзетте бүгін Қарауыл мен Атығай руларының жігіттері тұр. Олар қастық
ойламаса керек-ті. Сонда қайсысы болды? Айтпақшы Нұржан есік алдында «Мүлікпен
екеуміз тұрмыз» деді ғой. Жоқ, ол башқұрт болғанмен, оны маған Қарасақалдың өзі жіберді
емес пе... Бірақ шынында солай ма екен? Расымен Қарасақалдан келді ме екен? Бұны мен
Қабанбай батырдан неге сұрамадым
Қарасақал бір мың жеті жүз қырқыншы жылы Россия патшалығының отаршылық
саясатына башқұрт халқын қарсы көтерген қайраткер еді. Патша əскері бұл көтерілісті
аямай басқан кезінде, қазақ даласына қашқан. Бұнымен бірге қазақ жеріне келген
башқұрттың өзге кедей, шаруа адамдары соңынан елдеріне қайтып, Салауат Юлаевтың
278
жасағымен бірге Пугачев көтерілісіне қосылған. Ал Қарасақал қазақ даласында қалып
қойған.
Қазақ даласы он жетінші ғасырдың аяғынан бастап-ақ патша үкіметі, жоңғар
қонтайшысы, јытай боғдыхандардың зəбіріне шыдай алмаған адамдардың панасына
айналып еді. Құлазыған ұшы-қиыры жоқ кең дала кімді болса да жасыра алады. Оның
үстіне қазақ халқының кең пейілділігі, жомарттығы, елінен айырылғандарға деген
аяушылығын қоссақ, қазақ даласы мұндай жандардың екінші Отанына тез-ақ айналып
кететін.
Қарасақалға да халық сондай құрмет көрсеткен. Ең алдымен Кіші жүз арасында, кейін
Қарқаралы маңындағы қаз дауысты Қазыбек биді сағалап жүрді. Қарасақал бір жағынан
орыс патшалығын алдамақ болса, екінші жағынан қазақ елінің Жоңғар мемлекетіне өштігін
пайдаланып, өзін Сыбан Раптан өлгеннен кейін, қонтайшылыққа таласып, Қалден Цереннің
қолынан қаза тапқан Шұно Дабомын деп лақап таратты. Алдымен Қазыбек, артынан
Қаракерей Қабанбай Қарасақалға сый-құрмет көрсетіп, өзіне жеке ұлыс билетіп қолдарында
ұстады. Кейін оның Қарасақал, Шұно деген аттарын өзгертіп, Қарахан деп атады.
Қараханның Қарасақал екенін білетін орыс патшалығына да, Шұно емес екенін білетін
жоңғар қонтайшысына да қазақ елі ұстап бермеді. Жоңғар қонтайшысынан зорлық
көргендер енді жазықсыз қуғынға түскен «Шұно Дабоның» қарамағына қашты. Бұл кезінде
Қалден Церенді қатты қауіптендірген...
Қазақ елінің өзіне көрсеткен жақсылығын Қарасақал да бос тастаған жоқ. Маңына
жиналған жоңғар, башқұрт, татар жігіттерінен жасақтар құрып, қазақ қолдарына қосты. Бұл
жасақтар қазақ елінің бостандығын, тəуелсіздігін қорғауға өзінің ержүректілігін, шын
берілген дос екенін жоңғар, Қытай басқыншыларына қарсы күресте сан мəртебе көрсеткен.
Көпшілігі жоңғар жігіттерінен құрылған Қарасақал жасақтарының қадірі, əсіресе, Жоңғар
мемлекеті құрылғаннан кейін арта түскен...
Абылаймен сыйлас осы Қарасақал жақында оған өзінің Мүлік деген жігітін жіберген.
Майданда Мүліктің ерлігін, мергендігін өз көзімен көрген Абылай, оны өзін күзететін жасаққа
көшірткен.
Шеттері жырымдалған тулақтай ала шабыр бұлт күміс айдың бетін қымтай жапты. Жаңа
ғана самаладай жарық дүние заматта қараңғылана қалды. Есік босағасында Нұржанмен
қатар тұрған Мүліктің тыпыршып күткені де осы кез еді. Ол қынабынан қанжарын суырып
алып, жалаңаш жүзін қолымен сəл сипап көрді. Дірілдеп кеткен жүрегін тоқтатып Ақ орда
есігіне таяй түсті. Дəл осы сəтте Абылайдың ыңыранған үні естілді. Мүліктен бұрын үйге
Нұржан кірді. Өзінің сəл кешігіп қалғанына өкінген Мүлік енді жалаңаш қанжарының сабын
ашулана қысып, үй ішіндегі дыбыстарға құлағын тосып тұра қалды.
Мүлікті Абылай ордасына Қарасақал емес, Қоқан əміршілері Ерден мен Нұрбота билер
жіберген. Жоңғар қаупінен құтылған Қоқан билері, орта жолда Абылай жасақтары
тұрғандықтан, Қытай шаубылын өздеріне қорқынышты санамаған, қайта Абылайдың қиын
жағдайын пайдаланып, Сырдария бойының шаһарларын басып қалуды ойлаған. Бұл ойына
бөгет тек Абылай. Ал қазіргі кезде қазақ даласының саяси жəне əскери билігі Абылай
қолында. Егер ол өле қалса, Үш жүз тағы бытырап, қазақ хандығының быт-шыты
шығатынына Нұрбота мен Ерден шек келтірмеген. Халық деген не? Олардың ойынша
басқаратын кемеңгері болмаса құр топыр. Енді олар Абылайдың көзін жоюға тырысты.
Міне, кісі өлтіргіш сұрқия Мүлік Абылайдың ордасына осындай құпия тапсырмамен келіп еді.
Егер Мүлік ойлағандарын орындап келсе, қос би оның басына жұмақ орнатпақ боп уəде
берген...
Мүлік бүгін жүйрік атының басына дорба кигізіп, төрт аяғына кигіз байлап, сайға тығып
қойып, іске кірісуге бел байлаған. Тек аңдығандай Нұржанның қасынан екі елі ажырамауы
мұны күдіктендіре бастады.
... Оның Қоқаннан келгенін бір-ақ адам білетін. Ол əрі мылқау, əрі меңіреу, өзінің
атқосшысы өзбек жігіті еді. Ол Хиуа ханы Қоқан əміршілеріне сатқан құл болатын. Қоқанда
екі баласы қалған. Мүліктің неге келгенін мылқау білмейтін. Тек бүгін таңертең Қоқаннан
келген шабарманның оған қағаз беріп жатқанын көріп қалған. Мүлік шабарманмен сөйлесіп
тұрғанда шатырды жинап жүрген мылқау қоржынға тығып қойған сол қағаздағы «тездет»
деген сөзді оқыған болар деген ой Мүліктің денесін кенет дірілдетіп жіберді. Бірақ сол сəтте
«қойшы, əрі мылқау, əрі саңырау құл қайдан хат танысын», деп өзін-өзі басты. Бірақ
қорыққанға қос көрінеді, күдік алған көңіл қайтадан қобалжи түсті...
279
Ол осылай не істерін білмей, мазасы кетіп, əбігерленіп тұрғанда Ақ ордадан Абылайдың
өзі шықты. Мүліктің жүрегі жиі-жиі соқты. Абылайдың бойшаң тұлғасы ай сəулесіне бөленіп,
бұрынғысынан да ұлғайып, айбарлана түскендей. Бірақ Мүліктің əккі көзі оның қарусыз
екенін бірден шалып қалды.
Азырақ ауа жұтқан жөн болар! — деді Абылай кетіп бара жатып, артына бұрылып
қарамастан.
Жақсы, соңыңыздан мен ерейін, — деді Мүлік, сосын Нұржанға бұрылды, — Нұреке,
Орда есігін сіз күзетіңіз... Біз жоқта үйге біреу-міреу кіріп кетіп жүрмесін...
Абылайдың езу тартып кекете күлімсірегенін Мүлік көрген жоқ. Ол қолындағы шиті
мылтығы мен беліндегі қанжарын шешіп алып, Орда қабырғасына сүйеді. Қарусыз
қолбасшы дəретке барарында соңынан еретін күзетшінің де қарусыз болуы ежелден келе
жатқан тəртіп.
Абылай таң қараңғысына көзін сəл үйретіп тұрды да, Ордасының оң жақ іргесінен екі жүз
қадамдай жердегі сайға қарай аяңдады. Арт жағында ілби басып Мүлік келе жатыр. Кенет
ол ышқырындағы алмас пышағын қынабынан суырып алды. Абылай сəл кідірді.
Мынау ағараңдаған не?
Өзіңіздің ақ бураңыз ғой...
Жарықтықты кешеден бері көрген жоқ едім, күндіз Орда маңында бол-
ды ма?
Иə, кешке таман бір көргенімде алдыңыздағы сай жағасында тұрған-ды...
Бұлар таяған кезде ақ бура орнынан түрегелді. Абылай оның қалай қарап жатқанын
аңғармай қалды.
Жарықтығым, барсың ба? — деп жанынан өте берді. Ол сайдың қабағындағы қалың
бұтаға қарай аяғын бірер басты да, арт жағынан «Алла деп бір-ақ рет бақырып қалған
дауысты естіп, жалт бұрылды. Дауыс адам айтқысыз үрейлі шықты. Абылайдың жалт
қарағанда көргеніөзінен бес қадамдай жерде Мүлікті желкесінен тістеп ап, жерге алып
ұрып, аяғымен тарпып-тарпып жіберіп, үстіне шөге берген ақ бурасы болды. Дауыс шыққан
жерге Нұржан да, өзге күзетшілер де жүгіріп келген.
Уа, не болды? — деді Нұржан даусы дірілдеп. — əйтеуір, өзіңіз аман-
сыз ба?
Абылай ақ бураны көрсетті.
Күзетші Мүлікті ақ бура басып қалды. Қазір астында жатыр.
Ойпырмай, не дейсіз. Ой, жануар... — Нұржан бураға қарай тұра ұм-
тылды.
Тиме! — деді Абылай ақырып. Нұржан кілт тоқтады. — Несі қалды дейсің.
Жұрт не істерін білмей тұрып қалды. Əлден уақытта ақ бура түрегелді де қара түнге кіріп
жоқ болды.
Бір жас жігіт шақпақ тасын ұрып, от тұтатқан. Лап етіп жанған кепкен қурайдың жарығы
қанды оқиға болған жерге түсті. Жұрт мылжа-мылжасы шыққан Мүліктің денесі мен қасында
жатқан түсі суық жалаңаш қанжарды көрді. Мүліктің тісі ақсиып кеткен. Сықылықтап күліп
жатқан адам тəрізді... Оның қылышы мен садағын тастап кеткенін көрген Нұржан бір
сұмдықтың бола жаздағанын енді түсінді.
Япырмай, ə... — дей берді. — Ақ бура болмағанда... мына сұм сізді өлтірмек екен
ғой..
Абылай үндеген жоқ. Аяғын саспай басып Ордасына кіріп кетті.
Аңыз бұл оқиғаны бізге осылай жеткізді. Тек ажалдан құтқарылған Абылай, Мүліктің
«соңыңыздан ерейін» деген сөзін естігенде, күлімсіреген жерін ғана аңыз айтпайды.
Ал сұлтан болса, Ақ ордаға кіріп бара жатып, кешегі хатты өзіне кім жаз-
ғанын ойлауда еді. Ол хаттың шетінде «Мүлік» деген, көзге көрінер-көрінбес сөз де бар-ды.
Дос адам шынын жазған екен. Оны ақ бура айқындады. Абылай Ордасының есігін аша беріп
тағы күлімсіреді. «Кісі алатын бір бура он күзетшіге татиды екен-ау».
... Күндегі уақытынан сəл кештеу оянған Абылайға таңертең күзетшілері мылқауды алып
келді. Абылай екеуі оңаша қалған. Өзбектің тұнжыраған бетіне ұзақ қарап отырды да,
қолына бор алып, жанындағы дөңгелек столдың бетіне араб əрпімен:
«Кеше менің басымдағы қалпақты атып түсірген сенсің бе, жігітім?» — деп сұрады.
Мылқау борды алып жазумен жауап қайырды.
«Менмін».
280
«Мергендігің үшін көп рахмет
«Рахметті ең алдымен жазмышыңа айт».
«Мүлікпен екеуің қайдан келдіңдер
«Қоқаннан...»
«Кім жіберді?».
«Ерден мен Нұрбота билер».
«Қандай шаруамен
«Қоқан билері сенен қорқады».
Абылай «жақсы» деп, басын изеді. Ол түрегеліп еңгезердей өзбек құлына өзінің
керегеде ілулі тұрған құндыз жағалы шапаны мен камшат бөркін кигізді. Серіктеріне құлды
өзінің қағаз көшіретін хатшысы етіп алатынын айтты. Көп кешікпей Қоқан жағына
Абылайдың бес жігіті жүріп кетті. Олар өздерімен тілектес саудагерлер арқылы, мылқаудың
құлдықта жүрген екі ұлын сатып алуға тиісті еді...
... Күн ұясынан көтеріліп те үлгірген жоқ, Жоңғар қақпасының бергі бетінен дүркін-дүркін
айқай-шу естілді. Қытай жағына жіберген Абылайдың ертөлелері, түнде Фу Де мен Чжао
Хойдың əскерінің қосылған хабарын алып келді.
Келген күштің негізі атты əскер, — деді барлаушылар. — Аттары да бұрынғыдай
емес, қазақы жылқы. Шамасы, Қашқария мен Ұлы жүз ауылдарынан тартып алған секілді...
Дегенмен жаяу əскері көп қой, — деді Абылай барлаушылар жасағының бастығы
Сеңгірбай батырға қарап, — дəл бүгін олар майданға шыға қояр ма екен, қалай ойлайсың...
Жоқ, бүгін олар ұрысқа шыға алмайды. Алыстан шаршап келді ғой. Ал кешегі соғысқа
қатынасқандары олардан да жаман шаршаған. Түнде екі мыңға жуық өлік жинапты, оңай
ма... Ал қазір олар қазан көтеріп, тары орнына, бүгін екі есе етіп күріш салып жатыр...
Бұнысына қарағанда Чжао Хойдың əскерінің аман-есен жеткенін тойламақ тəрізді. Бізге
қарсы тек шамалы қалқан қоймақ ойы бар.
Жақсы, — деді Абылай. — Менің Ордама мың басы батырларды тегіс шақырыңдар...
Сеңгірбай алдыңғы шепке кетті. Жан-жаққа қолбасшы батырларды жинауға
шабармандар жөнелді.
... Абылай Ордада жападан-жалғыз отырып, қалың ойға шомды. Ертең
таңертең не істеу қажет, соны бүгін шешуі керек. Абылай қалай шешсе,
таңертең ақ бура солай қарап жататын болады.
Қырғын ұрыс басталғалы, міне бірнеше күн өтті. Қырылған шүршіт бізден он есе көп
дейік, бірақ Фу Де ме Чжао Хойға ол дым да емес. Ал қазақ еліне келсек... «Ақтабан
шұбырындыдан» бері əлі бұрынғы санымызға жете алмай келеміз. Бізге əрбір жігіт қымбат.
Жарайды, Фу Де мен Чжао Хойдың осы екі қолын жеңсін-ақ, сонымен соғыс біте ме? Қытай
боғдыханы үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы қолын жібереді... Жоқ, қазір қазақ елінің
Қытайдың мың басты айдаһарына қарсы тұра алар дəрмені жоқ... Ол айдаһардың қолына
түскен қазақ рулары əзірге шыдай тұрсын...Тірі қалу үшін суыр болып жерге кіріп, таутеке
боп құзға шықсын, əйтеуір, құрып кетпеудің жолын іздесін... Ал, қазір біздің борышымыз
неде? Шүршітке қазақтың оңай жау емес екенін көрсетіп, əскерімізді аман-есен елімізге
қайтаруымыз керек. Шүршіт соңымыздан қумақ болса, сонда көрсін біздің күшімізді. Əрине,
ақылы су боп кетпесе бізді қумайды... Қумаса теңбе-тең түскен боп айрыламыз...
Ал əскерімізді қайткен күнде де аман сақтауымыз қажет. Қоқан билері Мүлікті босқа
жіберіп отырған жоқ қой. Олардың ойы ап-айқын: шүршіттер қазақ жауынгерлерін қырып
жатқанда, сұрқия Мүлік қазақтың болашақ ханын өлтіреді... сол кезде Қоқан əміршілеріне
кім қарсы тұра алады? Баз баяғы қазақ елін талан-тараж етіп, талап алмақ. Əрине, қоқан
билері өздеріне ең қолайлы жерлерді күні бұрын белгілеп қойғандары да мəлім, əйтпесе
Арал теңізі тұсында олардың жасақтары текке көрінбесе керек-ті. Шүршіт шапқыншылығы
олардың ойына да келер емес. Алла-тағала өзінен өзі сақтап қалатындай көреді. Шүршіт
пен Қоқан əмиратының ортасында қазақ қолдары тұр. Надир-шахтың Хиуадағы құлдары да
Қытай айдаһарының бар екенін естерінен шығарған. Бар айналдыратыны қазақ елі. Бізге
тиіспеген, көз алартпаған бір күндері жоқ. Қытай боғдыхандары алда-жалда қазақ əскерін
құрта алса, шүршіттен бұлар аман қала ма? Өгізге туған күн бұзауға да тумай ма? Иə,
сөйтеді. Ал, кенет олар бізбен біріккен күнде де, Қытай айдаһарына Қоқан мен Хиуа да
төтеп бере алмайды... Сондықтан əзірге...
Бүгін түнде біз кейін шегінеміз, — деді Абылай, батырлар əскери кеңеске жиналып
болған соң, — артымызда қуғыншыларға төтеп беретін болмашы қалқан ғана қалады.
281
Үй іші тына қалды. Ызыңдап ұшқан масаның дыбысы ғана естіледі. Батырларда үн жоқ...
Бұнымыз қашу ғой! — деді Қаракерей Қабанбай ұнатпаған пішінмен.
Иə, солай десе де болады, — деді Абылай саспай. — Бірақ бұл қазақ батырларының
ажалдан қорқып қашуы емес. Əскерін сақтаудың амалы.
Бұған біз түсінерміз-ау, — деді қанжығалы Бөгенбай, — соңымыздан ерген жұрт не
дейді?
Дер кезінде шегінбесек, енді жиырма күннен кейін, тек сіз бен біз ғана тірі қалармыз.
Оның өзі де неғайбыл, — деді Абылай, — өлік жинаушылар кешегі айқаста жеті жүз кісі өлді
деген хабар əкелді. Алдыңғы күні алты жүздей жігіт қаза болды... Күнде осындай шығын
етсек санаңдар, қанша күнге жетеміз?..
Абылай сұлтан жөн айтып отыр, — деді Жəнібек тархан қамшысын алдына тастап, —
шегіну керек. Бірақ қай тұсқа барып бекінеміз? Соны ақылдасайық.
Мысқылшыл Қанай мырс етті.
Торғайға тартамыз. Қытайдан қашсаң, ар жағында Орынбор бар.
Шүршітпен бетпе-бет кеп шайқасуды ғана білген кейбір қазақ батырларының бұл
оқиғаны тереңірек ойлауға өрелері жетпей жүрген-ді. Сұңғыла Қанай көп адамның ойын
айтып салған. Осы отырғандардың кейбіреуі Абылайдың Россиямен жақындасуын жөн
көрмейтін. Тіпті оны айыпты санайтын. Бұлар қалай десе олай десін, Абылайдың көз
алдынан жақында ғана болып өткен жоңғарлардың қанды қайғылы халі кетпейтін. Əттең не
керек, жаңа əйел патша өзінің империясында не болып жатқанын əлі ұға қойған жоқ. Соның
салдарынан Абылай да шүршіттің сазайын тартқыза алмай отыр.
Жə, жетер! — деді ол ақырғы кесімін айтып, — қазақ елінің тағдырын көкпарға
салатын заман емес. Көкше теңізге дейін шегінеміз. Одан əрі бармаймыз. Ал шегінген
əскерге қалқан боп, өз жігіттерімен бір батыр қалсын!
Абылайдан батырлар ұйғарымынсыз үзілді-кесілді жарлық естіп көрмеген қолбасшылар
не дерлерін білмей, абыржып қалды. Ешкімнен ақыл сұрамай, бұлай бұйыра сөйлеуі оның
ел тізгінін өз қолына біржола алғанын аңғартқандай еді. Мұндай қылық тек Үлкен Орда
ханына ғана лайықты болатын. Батырлар осылай абыржып отырғанда, Батыр Баян:
əскер соңында қалуға мен бармын! — деді.
Абылай орнынан түрегелді.
Онда сөз осымен бітті. Жарықтық ақ бура қалай шөгіп жатыр екен, енді соны көрелік...
Ақұрық шетінде жайылып жүрген ақ бура келе жатқан кісілерді көріп, бері беттеді.
Абылай «бурашым, бурашым» деп еді, бір тізерлей барып, Көкше теңізге қарай басын бере
шөге бастады...
... Екі жақтың негізгі күші түгіл қатынаспағанмен, бүгін тағы қырғын ұрыс болды. Тек
ымырт жабыла, Абылайдың бұйрығы бойынша, қазақтың қалың қолы кейін шегінді. Беттерін
Іленің төменгі сағасына бұрған қалың əскерді арт жағынан қорғап, өзінің таңдаулы мың атты
қолымен Батыр Баян қалды. Бұлар бос жатқан жұрттың əр жерінен от жағып, əскердің
шегінгенін жауға сездірмеу үшін алдамшы көрініс жасауға кірісті...
Негізгі қол Балқашқа қарай он бес шақырымдай өткенде ғана, жігіттер арасында күңкіл
шыға бастады.
Сірə, біз шегініп бара жатқан тəріздіміз ғой.
Түн ішінде осыншама жедел жүргенімізге қарағанда, шегіну былай тұрсын, қашып
бара жатпасақ нетсін.
Қашсақ, қашып бара жатқан да болармыз. Олар тым көп қой.
Көп деп жоңғардан қаш, Қытайдан қаш... Əбден су жүрек боп өлетін болдық қой тіпті.
Үндеме, шырағым. Біз шегінгенмен, шүршіттің қолында қалған ел ереуіл шығарып
жатыр деседі...
Оны Абылай біле ме екен? Қашқар, Құлжадағы ұйғыр мен қазақтар бас көтеріпті...
Бұны саған кім айтты?
Жұрттың бəрі айтып жүр ғой...
Бəрі дейсің бе?.. Иə, солай шығар. Жұртқа не бетімізбен қараймыз. Қытайдан қорқып
қаштық дейміз бе?
Шырағым, біздің тағдырымыз қазір батырлардың қолында. Ал батырлардың тағдыры
Абылайдың қолында. Шегінсек со кісінің ақылымен шегініп бара жатқан болармыз.
282
Шегінуге қанша ақыл керек? — деді, қабағы қатулы, бүгінгі ұрыста жалғыз ағасы оққа
ұшқан жас жігіт. — Абылай ақылды болса жауды жеңудің жолын таппай ма?.. Қашу
қатынның да қолынан келеді.
Алдыңғы жақта келе жатқан Тəтіқара жырау бұрылып кейін қарады. Ай жаңа туып, жер-
дүние сəл ақшыл тартқан. Жігіттің қатыңқы қабағынан өте күйінішті екенін ұқты.
Ауыл иті ортаға алса, көкжал қасқыр да қашып құтылуға тырысады, — деді ол жігітті
жұбатып. — Асықпа, иттер андыздап соңынан түскенде ғана, көкжал қасқыр біртіндеп
құртады...
Жігіт жауап қайырған жоқ. Енді біраз жүргеннен кейін қалың қол Іленің бір жалпақ өңіріне
келіп аттан түсті. Əскер кешкі асын ішіп, азырақ көз шырымын алсын деп бұйырды Абылай.
Заматта қостар тігіліп, əр жерде қазандар көтеріле бастады. Бірақ жауынгерлердің түрінде
рең жоқ. Қашқандарына қорланғандай мойындарына су кетіп, иықтары салбырап, əр жерде
топ-топ боп жиналып, күбір-күбір сөйлеседі. Абылайдан рұқсат алып, Тəтіқара мен Көтеш
жырау осы жүдеген топтардың арасына барып, көңілдерін көтермек болды.
Қазақтың шырқай салған əн шыққан жерге заматта жиналатын əдеті. Бір ошақтың
жанында отырып Тəтіқара «алты қырдың астынан естілетін» күшті даусымен бір айқайлап
ап, термені желдірте жөнелгенде, əр жерде шоғырланып астың пісуін күтіп жүрген жігіттер,
лезде сол маңға жинала қалды. Жырау осы ұрыста көзге түскен жігіттердің ерлігін айтып,
жұрттың жабыққан көңілін көтеріп-ақ тастады. Енді көп арасынан:
Уə пəле! Жігіт болсаң Малайсарыдай бол!
Япырай, Қаракесек Қапан қандай мерген еді!
Уа, Бөгенбай батырға кім жетсін! Алты алаштың айдары ғой!
Ойпырмай, шүршітті қырамыз деп жүріп, көп қызықты көрмей қалыппыз ғой, Тəте-еке,
əлгі жуан Қытай сыпайының қалай қашқанын қайтадан айтып беріңізші!
Тəтіқара жырау екі көзі оттай жайнап, термеге қайта басты.
Жуан қарны іркілдеп,
Қытай қашып келеді.
əзірейілдей зіркілдеп,
Жабай қуып береді.
О заман да бұ заман
Мұндай қызық кім көрген
Сан бəйгеде жүлде алған
Шабысы соққан желмен тең,
Аты шулы Кертөбел,
Қалды кейін жете алмай,
Жуан құрсақ, май басқан
Сыпай кетті құтылып,
Қашқан кезде, жігіттер,
Бұл шүршіттен кім асқан!
Осының алдында ғана иіндері түсіп, салбырап отырған жұрт мəз-мейрам боп,
дуылдасып қалды.
О, ерің-ай!
Шіркіннің жанының тəттісін қарашы, Кертөбелге де жеткізбей кеткен.
Ошақ басы ду-ду күлкі...
... Біраздан кейін жігіттер астарына тоқымын, бастарына ерін жастанып, тəтті ұйқының
құшағына енді. Бұдан мың жыл, екі мың жыл, үш мың жыл бұрын да ата-бабалары дəл
осылай ұйықтаған. Ежелден келе жатқан осы көне халықтың етін жеп, сүйегін мұрнынан
шығарып тастамақ боп, Қытай айдаһары қазақ даласына дəл осылай сан рет кірмек болған.
Бірақ əрқашан да басқыншы жаудың күрек тісі быт-шыт боп сынып, маңдайлары тасқа
соғылып, Жоңғар қақпасының тар шатқалынан əзер өтіп, талай рет кейін шегінген...
Жыраулар бүгін ата-бабаларының сол ерлігін жас ұрпаққа жыр ғып толғады. Жырау сөздері
миларына қонған жігіттердің түсіне айдаһарлар кіріп, кейбіреулері шошып оянып,
алдаспандарына жабысты...
Олар таң саз бере, əлемді тітірете күн күркіреп, шелектеп жауған жаңбырдан оянды.
Абылай бар қолын тез атқа қондырып, құйып тұрған қалың жауын-
ға қарамай, жолға шықты.
Күн шыға жаңбыр басылысымен қосын буырқана ақ көбік атып, долдана тасыған өзенге
кеп тірелді. Тасыған өзеннің түрі адам шошырлық, жұдырықтай тастарды шыр көбелек
283
айналдырып қақпақылша қағады. Алдарында өткел бермес долы өзен, арттарында
Қытайдың қалың əскері, жұрт дағдарып қалды. Осы кезде мың жауынгерімен Батыр Баян
кеп қосылды. Қазақ жігіттері таң ата Қытай шебіне тиіпті. Бұлардың аз екенін біліп қалған
Чжао Хойдың атты əскері қарсы шауыпты. Əйтеуір жер жағдайын жақсы білетін қазақ
жігіттері, жұбын жазбай ұрыса шегініп, құтылып кетіпті. Қытай қуғыншылары соңдарына
түсіп, тек қалың жауын басталған соң ғана кейін қайтқан көрінеді, Сөйтіп қазақтардың
қашқаны Қытайларға мəлім боп қапты. Бұларды Қытайдың көп əскері қайтадан қууы мүмкін.
Қауіп əр сағат сайын күшейе берді. Оның үстіне тасыған өзен қайтатын емес, арнасынан
асып, бұрынғысынан да бетер құтырына бастады. Жұрт бұл араны «Күркіреуік» деп бекер
атамаған екен, ақ көбік атқан толқындары гүрілдей өкіріп, адамның қарадай зəре-құтын
алады. Қалың қол долы өзен мен жау əскерінің арасында қалып, қатты қысылды. Міне осы
кезде Тəтіқара алға қарай суырыла шығып, домбырасын безектете, саңқылдап қоя берді.
Қамыстың басы майда, түбі сайда,
Жəнібек Шақшақ ұлы болат найза.
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,
Ер жігіттің ерлігі осындайда!
Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы,
Дербісəлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы,
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын.
Сары менен Баянды айт Уақтағы.
Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгенбайды айт,
Найзасының ұшына жау мінгізген
Еменалы Керейде ер Жабайды айт! —
деп батырлардың аруағын қозғап, өзенге түсіңдер деп ұран тастады.
Қоянды қамыс, ерді намыс өлтірген. Аты аталған батырлар тасып жатқан өзенге түсуге
ыңғайлана бастады. Бəрінен бұрын, үстіндегі ауыр киімін де шешпестен, долы ағысқа
бірінші боп Батыр Баян қойып кетті. Абылай оған қарап тұрып: Батыр Баянның кеше
шегінген əскерге қалқан боп өзі сұранып қалуынан, бүгін тасып жатқан өзенге жұрттан
бұрын түсуінен, аяулы батырды айдап салып жүргенжалғыз інісі Нояннан айрылып, əлі
жазылмаған қасіреті екенін ұқты.
Батыр Баянмен ілесе аты аталған батырлар суға түсе бастады. Оларға өзге жігіттер де
қосылды. Сөйтіп қалың қол аман-есен өзеннен өтті. Бұлар бергі бетке шығып, үстеріндегі
киімдерін кептіріп жатқан кезде, Күркіреуіктің арғы бетінде Чжао Хойдың атты əскерінің
барлаушылары да көрініп қалды.
Өзеннің бергі бетіне бірде-бір шүршіт шығушы болмаcын! — деп Абылай тағы да
Батыр Баянның мың жігітін тастап, өзі қалың қолмен алға қарай жүріп кетті.
Бірақ, бұлардың соңынан сол күні де, келесі күні де ешкім қуып келмеді. Арғы бетке
жіберілген барлаушылар: бұ жақта шағын қолмен қалқан қалыпты. Ал Қытайдың басқа бар
əскері өздері жақында ғана басып алған жаңа өлкеШыңжанға қайтыпты деген хабар
əкелді. Чжао Хой əскері бері қарай өтісіменен Шыңжандағы қазақ, ұйғыр қайтадан бас
көтерген. Қазақ қолдарын қумақ түгіл, «байтал түгіл бас қайғының» кебіне ұшырап,
көтерілісті басу үшін, Чжао Хой əскері кейін шегінген. Атты əскер қолбасшысымен
араздасып қалған генерал Фу Де де, ел талаудағы олжадан құр қалмаймын деп Чжао Хой
əскерінің соңынан кеткен. Сөйтіп қазақ даласы бұ жолы да Қытай басқыншыларының
қаһарынан аман құтылды.
Бір жетіден бері жауын күтіп тынығып қалған Батыр Баян жасағы енді бір күні түнде
Күркіреуіктен өтіп, Қытай шебіне қарай беттеді.
Батыр Баян ертеңіне-ақ, қас қарая өздерінің осыдан он күн бұрын тастап кеткен
бекіністерінің тұсына кеп жетті. Мың жігітін төменгі қойнауындағы адыр, асулардың арасына
тастап, өзі екі серігімен биіктеу бір төбенің басына шығып, арғы жақтағы ойпатта жатқан
Қытай жауынгерлерінің қостарына көз жібереді. Ымырт жаңа ғана түскен, əскерлер кешкі
асын дайындап жатса керек. Бүкіл алқап бойы быжынаған от... Санап көріп еді, мыңға таяй
беріп жаңылысып кетті. «əр ошақтың жанында жеті-сегіз адамнан болған күннің өзінде де
мынау ойпатта кемінде он мыңнан астам Қытай жауынгерлері бар-ау. Ал біз болсақ
мыңға əзер жетеміз» деді ол ішінен. Сөйтті де бір тəуекелге бел буды «ойламаған жерден
тиген қолдың бірі жүзге татиды, оған тыныш жатқан елін шап-
284
қан Қытай басқыншыларына деген қазақ жауынгерлерінің жүрегіндегі ашу-кегін қос!
Тəуекел
Батыр Баян сол күні түн ортасы ауа, Қытай əскерлері тегіс ұйқыға кеткен кезде жауын
шаппақ болды. Бірақ күзетшілер отырған бекініс-шепті оралып өтіп, ұйқыда жатқан
жауынгерлердің арғы түкпірінен тиюді дұрыс көрді. Сонда ғана бұлардың күлін көкке
ұшыруға болады. Батыр Баян өз ойын жігіттеріне жеткізді.
Сіздің бұл əрекетіңізді Абылай қостар ма екен? — деді əлдекім Батыр Баянның ту
сыртынан.
Бірақ Батыр Баян өз шешімін өзгерткен жоқ. Түн көзге түртсе көрінбейтін тым қараңғы
еді. Төгілетін қанды жасырғысы келгендей түксие түнерген. Қытай шебіне жіберілген
барлаушылар жау қостарының бер жағында терең сай бар екенін айтып келді.
Батыр Баян дереу қозғалуға əмір берді, сайдан өткенше үн шығармауға бұйырды. Іле
жағасының жиделі, тораңғыл тоғайын жағалай отырып, қазақ жігіттері сайдың арғы бетіне
шығып, қайтадан сап құрды. Алдарында бір шақырымдай жерде жау жатыр...
Уа, аруақ! Ақжол ата! — деп Батыр Баян тықыршып тұрған Тұлпаркөгіне бірінші боп
қамшы басты.
Абылай!
Қарақожа!
Қабанбай!
Ұрандасқан мың жігіт ұйықтап жатқан жау үстінен жөңкіліп келіп қалды. Екпіндері қауға
түскен өрттей жан шыдатар емес. Түнде шапқан жау қандай қорқынышты, үстеріне қазақ
жігіттері, жетіп келгенде, Қытай сыпайлары не істерін білмей, қостарынан шыға, беттері
ауған жаққа қашты. Көбі қара басып қарсылық көрсетпей, жан сауғалап жүргендерінде
сойылға жығылды, найзаға ілінді. Бүкіл дала Қытай, манжур əскерінің айқай-ұйқайына
толды.
Жер тартып аламыз деп келген Қытайдың көп жауынгерлері осы жат жерде қаза тапты.
Өліп бара жатқандарында ғана, сорлылардың көз алдарында сонау туған өлкелерінің көк
орманы, мөлдір аспаны, ақырын толықсып аққан мол сулы сұрғылт өзендері елестеді... Көбі
«əттеген-ай, бекер келген екенбіз, сол туған жерде неге өлмедім» деп өкінді... Бірақ көк
найзаның ұшыменен еріп келген ажал ешқайсысын мүсіркеген жоқ, тас құшағына ала
берді...
Бұл айқаста бір мыңға таяу кісі қаза тапты. Қытай қолбасшылары əскерін тəртіпке
келтіріп, қарсы тұрып үлгіргенше, қазақ жігіттері көзден ғайып болды. Бұларға тиген жын
емес, адам екенін Қытай сыпайларымен қатарласа жатқан қазақ жігіттерінің өліктері ғана
анықтады...
Көп кешікпей бозарып таң да атты. Жау қостарынан үш шақырымдай бүйірдегі қамысты
тоғай арасына кіріп үлгірген Батыр Баян жасағы шығындарын есептеп еді, қолға түскені,
жараланғаны, қаза болғаны бар, үш жүздей жауынгер жоқ боп шықты. Батыр Баянның түсі
қашып кетті. Енді Іле өзенінің арғы бетіне шығып, кейін қайтпақшы боп тұрған қолға, кенет
ол:
Жау қолына серіктерімізді тастап кеткеніміз болмас. Өлсе өлігін, өлмесе жаралысын
алып шығуымыз керек! — деді ызалы жүзі сұп-сұр боп, — Қытай қостарын қайтадан
шабамыз!..
Жұрт үндемеді. Тек бір қартаң жауынгер:
Осы шабуылды бізге қисаң қайтеді, Батыр Баян, — деді, — бір тəулік бойы
астымыздағы аттарымыз да тыным алған жоқ. Жəне өзіміз де əлсірейік дегендейміз бе,
қалай...
Сонда шынымен-ақ серіктеріңді жау қолына тастап кетпексіңдер ме?
Тірі қалғанын құдайға тапсырайық, ал өлгеніне жəрдем беру тек алла-тағаланың ғана
қолынан келеді...
Тағы бір-екі жауынгер күңкілдеді.
Құрылған қақпанға өзіміз барып түспекпіз бе?
Кешірер бізді, шіркін боздақтар...
285
Көп ішінен қара қасқа жүйрік мінген қара сұр жігіт суырылып алға шыға берді. Бұл
Тəтіқара жырау ең алғаш шегініп келе жатқандарында «Күйігіңнің кегі қайтар күн туар» деп
жұбатқан жауынгер еді.
Жігіттер, өлсек біз өлгендерден артықпыз ба? Серіктерімізді тастап кету жөн емес.
Баста, Батыр Баян. Мен ердім соңыңнан!
Анадан ұл боп туған жалғыз сенсің бе, мен де ердім!
Мен де!
Тəуекел, тағы бір шабалық!
Иə, сөйткен жөн... Аты құрғыр...
Менің атым да осы шабуылға жараса игі еді...
Жə, болды! — деді Батыр Баян. — Аттарың жарайтындарың бері шық.
Жарамайтындарың осы арада қалыңдар.
Жұрттың бəрі Батыр Баян тұрған жерге қарай шықты.
Бəсе, менің қырандарым осылай болса керек-ті!..
Уа, Батыр Баян, сенің бұл əрекетіңе Абылай сұлтан қалай қарар екен? — деді тағы
бағанағы дауыс.
Батыр Баян тағы жауап бермеді. Атын тебініп қап алға түсе берді.
Жасақ Қытай қостарына бір шақырымдай жер қалғанша, құрақты, тобыл-
ғылы ойпатпен аяңдай жүріп келді де, тізгінді қоя берді. Жер бетін ұран басып кетті.
Ақжол!
Абылай!
Қарақожа!
Бөрібай!
Саптыаяқ!
Батыр Баян мен жаңағы қарасұр, жауынгер өзіне қарсы ұмтылған Қытай сыпайларын
жайпай ұрыса бастаған кезде, аттары болдыруға айналған, ең соңғы жауынгерлері де жетті.
Бұл жолы Қытай сыпайлары білте мылтықтарымен қазақ жігіттерін көздеп атып, орасан
қарсылық көрсетті.
Дүние жүзі əлем-тапырық ұрысқа айналды. Қытайлар да қапы қалмады, қазақтар да
аянған жоқ. Кескілескен ет, жосылып аққан қан, ата жауына қарсы өшіге ұмтылған ерлер,
алдыңғы екі аяқтарын көкке көтере, найзаға кеудесін тосқан кер төбел, мақпал қара,
құлагерлер...
Ұрыс күн көтерілгенше созылды. Екі көзі оттай жанған Батыр Баян жан-жақтарын тұтаса
қоршаған Қытай қылыштарынан қазақ жігіттерінің екшеліп қалғанын аңғарды. Көптің аты
көп, күш тең түспеген еді. Бірақ қызыл қанға батып жер құшып жатқан Қытай жауынгерлері
де аз емес. «Аяулы қырандарым, өлсе де жастығын ала өлейін деген екен! — деді ол
ішінен. — Бұл айқас жауымыздың есінде мəңгі қалар. Қанша өлігі жатыр. Жоқ, біз текке
айқаспаған екенбіз. Біздің жерімізге шүршіттер енді аяғын байқап-байқап басар
Сол-ақ екен, өн бойын бір алып күш билеп, өзіне қарама-қарсы келіп қалған, есік пен
төрдей қара ат мінген Қытайдың бір жалпақ бет сыпайын қайқы бел қара алдаспанмен қақ
бөліп түсті. Дəл осы сəтте қолтығының астынан ұп-ұзын сүйір ұшты көк найза келіп қадалды.
Көк найзаны Қытай сыпайы тағы бір ырғағанда өкпе тұсынан өткендей болды. Батыр Баян
ат үстінен сырғып жерге құлай берді...
Батыр Баянның құлап бара жатқанын көрген қара сұр жігіт қолындағы алдаспанын жарқ
еткізіп көкке көтерді де, құлаштай сермеп, аяулы ерге найза салған жауының басын допша
қағып түсірді. Сөйтті де ат жалын құшып, арпалысып жатқан Батыр Баянды жерге түсірмей
көтеріп алып, жау қоршауынан өтпек боп атын тебініп қалды.
Бұлардың соңынан қазақтың сиреп қалған жауынгерлері найза, қылыштарын кезей
ұстап алға ұмтылды. Мұндай əрекетті күтпеген Қытай сыпайлары өздеріне қадалғалы келе
жатқан ажалдың суық ұштарынан сескеніп, жолды аша берді. Батыр Баянның денесін
алдына өңгерген қара сұр жігіт жау ортасын жарып өте шықты. Бұны көрген өзге қазақ
жігіттері де, алдаспандарын жар-
қылдата сермеп, жау шебін үзіп, қоршаудан өтіп үлгерді.
...Үлкен Орда ханы Əбілмəмбет пен Орта жүздің сұлтаны Абылай қатарласа отыр.
Əбілмəмбет сəл жоғарылау, Абылай сəл төмендеу. Жоңғар мен Қытайға қарсы айқастарда
сан жеңіске жетіп, Абылай бүкіл қазақ еліне əйгілі болғанменен, хан отырған жерде ол тек
286
сұлтан ғана. Ал жалпы халық ұғымында Əбілмəмбет қанша хан болғанмен Абылайдан
абыройы, даңқы төмен. Абылай халықты басқарады. ƏбілмəмбетОрданы.
əрине, Əбілмəмбет ханның сонау Хантағыдан жеті күн жүріп, Көкше теңіздегі сұлтан
ордасына текке келмегенін Абылай жақсы біледі. Ел ардақтағанды хан да мақтаған.
Абылайдың шүршітпен соғысып, əскерін қырып алмай, аман қайт-
қанын қошаметтеп, ұлы тойға Əбілмəмбеттің өзі келген. Хан басымен немере інісіне
алғысын айтып, батасын бермек.
Иə, бұл соғыс Абылайдың қастары ойлағандай боп бітпеді. Енді міне, алдағы уақытта
қазақ елі шүршітпен соғыса ма, əлде бейбітшілік бітімге келе ме, тек Абылай ғана шешетін
жағдай туды. Егер шүршітке қарсы тұрып соғыса бергенінде, бар əскерінен айрылатын еді.
Əскерсіз елге кім қорған бола алады. Ал бар жасақтарымен Шыңжандағы ұйғыр мен
қазақтарға барып болысып, Қытай əскерлерімен қайтадан айқасуға дəл қазір Абылайдың
мүмкіндігі жоқ. Жат жерде жүріп жауды жеңу қиын. Онда бəрі де қазір ауыл шетіндегі қаралы
үйде жат-
қан Батыр Баянның кебін киер еді. Жоқ, Абылай дер кезінде шегінді. Ертең «Үлкен Ордаға»
хан бола қалса, өзіне керек қалың қолын апаттан аман сақтап қалды. «Үлкен Орда» ханы?
Абылай тұнжырап кетті.
«Үлкен Орда» төңірегіндегі сұлтан, батыр, билердің ой-мақсаттары Абылайға
алақанында тұрғандай аян еді. Өздері хан болудан үміттенбесе де, Əбілмəмбет өлген күнде
хан көтерсек деген адамдары əлдеқашан белгіленген.
Бақ күндес жақындары қазір Абылайдың əр қадамын аңдуда, тілейтіндерісүрінуі.
Россия қол астына кіруді жақтағанында Абылайға олар қандай айып тақпады! Кейбіреулер
бұған қара халықты қарсы қоймақ та болды. Əне, анау бір тəспі тартып отырған қария «екі
көрші» туралы мысал да айтқан.
«Момын шаруаға ала аяқ көршісі келіп, татулық достық үшін өгіз терісіндей жер бер деп
сұрапты. «Ала ғой» депті момын шаруа. Сонда əлгі қу, өгіз терісінен таспа тіліп, момын
көршісінің бар жерін қоршап алып, «осындай жер маған ауысады» деп, момынның бар жерін
өзіне қалдырыпты. Сенің орыс жандаралдарың да əлгі қуға ұқсайды, — деген осы қария. —
Ең алдымен бекініс салуға болмашы жер сұрайды. Соңынан оған егін, бақша салатын жерді
өзі қосып алады. Артынан мұжық-төлеңгіттерін əкеп орналастырып, қазақты өз қонысынан
қуады...».
Ал қазір қазақ елін шүршіт кеп жан алқымнан алғанда, енді бірде-біреуі «сен бізді кəпірге
саттың, ханды да соған көндірдің» демейді. Шүршіт айдаһары жоңғардың тарғыл ырбызы
емес, анағұрлым күшті. Онымен артында орыс бекіністері тұрғанда ғана жөндеп сөйлесе
аласың...
Жоқ, Абылайдың қазір арқа сүйері төре тұқымы емес. Абылай жағындағылар, əне, анау
халықтан шыққан атақты батырлар. Өз аттарын ел-жұртына найзасымен əйгілі еткен ата-
бабасы белгісіз жаман тымақ, жыртық тон бұқара жұрт. Тілін таба білсең бұлар жетім лақтай
соңыңнан ере береді...
Міне, тізесіне тізесі тие отырған, кексе тартып қалған Бөгенбай, оған таяу Еменəлі мен
Жабай батыр, одан əрі Қыпшақ Дербісəлі мен Маңдай, Дулат Бөкей, Алтайдың ақбас атаны
Сеңгірбай, Уақтан шыққан Сары батыр... Бəрінің де даңқы жер жарады. Соңдарынан ерген
топтары да көп. Ешқайсысы Абылай берген бұйрыққа қарсы шыққан емес.
Егер Абылай «кейін шегін» демесе, осылар шүршітті жеңіп, оның табанының астында
жатқан Шығыс Түркістанның біраз елін құртар ма еді, қайтер еді? Бүкіл үш жүз болып атқа
қонуға əзір. Бірақ Шығыс Түркістан елі Арқа мен Сыр бойындағы бауырларынан жəрдем
күтіп отырғанда, Абылай өз əскеріне «кейін қайт» деді. Өйткені болашақ «Үлкен Орда»
ханына шүршітпен қазір соғысу тиімсіз болды. Ханға тиімсіз дүние, бүкіл қазақ даласына
тиімсіз болып саналуға тиіс.
Басындағы қалпағын мылқау атып түсірген күні Абылайдың Алтынемелдегі ордасында
екі бейшара дəруіштің болып шыққанын осы отырған адамдардың бірде-бірі білген жоқ,
Дəруіштер күзетшілер арқылы Абылайға, жалғыз ғана иероглифы бар, күміс теңге көрсетті.
Сұлтан дəруіштерді ордаға кіргізуді бұйырды. Ордаға кірген дəруіштердің бірі үстіндегі
шапанын шешіп, басындағы сəлдесін тартқанда, Абылайдың денесі мұздап кеткен.
Сұлтан жас кезінде Қалден Цереннің қолында тұтқында жатқанда, Таш-
кентке осы көсе дəруіш екі рет келген. Тəкаппар, адуынды Қалден Цереннің басын иіп
287
бұнымен ілтипатпен сөйлесіп отырғанын Абылай өз көзімен көрген. Соңынан, осы көзі
іріңдеп кеткен көсе шал ұлы Жоңғарияның құрып кетуіне себеп болған еді...
Ақ ордадағы əңгіме ұзаққа созылмады, қарт дəруіш есегіне мініп, белгісіз жаққа құрып
кетісіменен, Абылай Алтынемелден Көкше теңізге дейін шегінуге бұйырған. Ертеңіне ақ
бура да Көкше теңізге қарай шөккен...
Иə, Абылай сол күні-ақ осы жолды қалаған Алтынемелде шүршітті жеңу болашақ «Үлкен
Орда» ханына тиімсіз көрінді. Қытай жағынан қауіп азайды десең-ақ осы отырған төре,
билер басқа əнге басатыны хақ... Жау шабуылы алыстаса-ақ болғаны, саясатшыл, қызыл
өңеш ділмəрлар əрқайсысы өз ұлысын бөліп алмақ боп, шарт жүгініп сөзге кіріседі,
Мықтылары сойылына да жол беруге тырысады... Онда үш жүздің басын қосып, «Үлкен
Ордаға» бағынған ел болуы адыра қалады... Ал шүршіт гүрзісі қазақ елінің басына төніп
тұрғанда, Абылай да күшті. Мұндай жағдайда «Үлкен Ордаға» хан болуы айдан анық. Сонда
барып ол Алтынемелге қайта оралады... Оған дейін Абылай өз күшін жоғалтпай, қорқау
қасқырдай бұның өлігін күтіп отырған Қоқан билері Ерден мен Нұрботаға жонын көрсетіп
қойып, орыс арыстаны мен Қытай айдаһарының арасында ебін тауып жүре тұрады. Екі жақ
бірдей сені өзіне тартқысы келіп тұрса, тəуелсіздігіңді сақтау үшін, саған одан ұтымды
жағдай жоқ. Россияның қол астына кіруді ол əлдеқашан шешкен. Ал кей істе Қытай
боғдыханына да бағынышты екенін мойындаудан енді оның ештеңесі де кетпейді...
Абылайды іздеп келген шал бұдан артықты əзірге тілеген де жоқ.
Жоқ, бұл ірің көзді кəрі шүршіттің арғы ойын түсінбейтін Абылай милау емес. Мыстан
шүршіт қазақты¦ үш жүзін бірдей жоңғар қан жосығына ұшыратпақ. Жоңғар өлігіне тойынған
шүршіт айдаһары əлі тоғын басқан жоқ. Сонау Хуанхэ, Янцзи өзендерінің бойынан Қытай
шаруасын айдап əкеліп, оларды Жоңғардың тып-типыл боп күйген жұртына
орналастырғаннан кейін, араны қайта ашылады. Ол тағы жаңа жемтігін іздей бастайды.
Сонда ол жалмауыз аузын ашып, тағы да қазақ даласына қарай жылжиды. Сол уақытта
қазақ еліне өз даласына салуға рұқсат еткен орыс бекіністері де керек болады.
Оған дейін Абылай өз жолынан таймайды. Бұл жол қиын жол, бірақ тиімді жол. Түбі
Абылайды үш жүздің алтын тағына жеткізетін жол. Кімде-кім осы ұстаған жолына бөгет
болғысы келсе, өз обалы өзіне, ондайлардың басын Абылай алдаспанмен қағып түсіріп
отырады. Осы үйдегі ақсүйегі бар, қара сүйегі бар, ешқайсысы Абылайдың ойлаған ойына
бөгет болмауға тиіс. Өйтпесе... Өйтпесе бұлар да Батыр Баянның кебіне душар болады.
Абылай оны жау шебіне тегін қалдырған жоқ, өйткені Алтынемелден бұның неге шегініп
бара жатқанын Батыр Баянның түсініп қалғаны Абылайға да аян еді.
...Ханның «Тағанақ» кеңесі бұл жолы əдеттегі дəстүрден тыс, өзгеше бас-
талды. Басқа ақсақал, билер сөйлеп болып, Əбілмəмбет хан енді кезекті «маймене» қаз
дауысты Қазыбекке бере бергенде, сөзуарлығы жоқ, сабырлы Бөгенбай батыр бақандай екі
қолын алдына созды.
Уа, тақсыр хан, — деді ол əдеттегісіндей тұтыға сөйлепбүгін үш жүздің бетке
шығар жақсылары жиналып қалған екен, осы кеңесте менің Абылай сұлтанға қоятын бір
сұрағым бар.
Сөйле, Бөгенбай батыр!
Бөгенбай қамшысын алдына тастай салды да, енді Абылайға бұрылды.
Шүршіт көгенінде қан жылап жатқан Шығыс Түркістандағы бауырларымызды
құтқаруға біз неге аттанбадық, Абылай сұлтан? Соған жауап берші.
Он екі қанат орда іші тына қалды. Əлден уақытта Абылайдың қоңыр даусы естілді.
Шығыс Түркістандағы елдің бас көтергенін мен білген жоқпын! — деді, адамның
өңменінен өтетін өткір көзін жалт еткізіп.
«Бұл хабарды ең алдымен сен естуге тиіс емес пе едің дегенді əркім іштерінен
ойласа да, батылдары барып сыртқа шығара алмады.
«Тағанақ» кеңесінде қазақ елі Қытаймен соғыспайтын боп шешілді. Келісім сөз жүргізгелі
Қытайдың ресми елшілері келгенін Əбілмəмбет ханның өзі хабарлады. Бірақ, Əбілмəмбет
ханның айтып отырғаныАбылай сұлтанның ойы екеніне де жұрт шек келтірмеді.
Шүршітпен келісім сөздің басталуына қарамай көктем шыға үш жүздің жігіттерінен үлкен қол
жинау керек деген хан тұжырымы да Абылайдан шығып отырғаны белгілі еді.
Қалың қол шүршіттерді де тежеп отырады, — деді Абылай, — Қоқан билерінің де
тəубасын ұмыттырмайды. Естуімше, Ерден мен Нұрбота билер Ташкент түбіне көп
лашкарларын шоғырлап жатқан көрінеді... Келер жазға дейін біз дайын тұруымыз керек. Ет
288
бұзылса тұз себесің, тұз бұзылса не себесің? Жау жағадан алғанда кермек татып не
табасың? Қапылыста жинала қоюға, жер шалғай.
Үш жүздің «игі жақсылары» Абылайдың бұл ұсынысын əзер дегенде қабылдады. Өйткені
Абылайдың қол астында мұндай əскердің болуы қайда апарып соғатынын олар жақсы
түсінетін еді.
...Кеңес бітісімен жұрт елді-еліне тарады. Ең алдымен жері алыс Кіші жүздің сарбаздары
өз мекендеріне беттеді. Содан кейін Ұлы жүздің батырларын, Орта жүздің де Торғай, Ырғыз,
Баянауыл секілді алыстан келген жасақтарын қоныс-
тарына қайтарып болып, Абылай енді өзінің қарамағындағы Арғын жігіттерімен Көкшетауға
сапар шегуге дайындала бастады. Бұлар жүреміз деп атқа қонғалы тұрғанда, ордаға қос
атты шабарман келді. Ол Əбілмəмбет ханның алдына кеп тізе бүкті.
Хан ием, Лепсі өзенінің бойындағы он мың үй Садыр əндижан төңірегіндегі
ағайындарына көшпек боп жатыр!
Неге? Қандай себебі бар? — деді Абылай даусы қаттырақ шығып.
Найманға жататын Садыр руы Қытай басып алған бұрынғы жоңғар тайпасының жерімен
шектес тұратын. Шабарман Абылайға бұрылды.
Есің барда еліңді тап дейді Тасболат батыр. «Ақтабан шұбырындыда» қалмаққа жем
болғандай, бұл Садыр енді Қытайға жем бола алмайды дейді.
Лепсіге жеткен Қытай, əндижанға жете алмайды деп ойлай ма екен.
Онысын білмедім. Қоқан жағынан кісі келіпті. Сендерді Қытай құртпаса, Арғын
құртады деп, Нұрбота би кісі жіберіп азғырып жатқан көрінеді.
Арғын құртқаны қалай?
Əбілмəмбет ханды да, Абылай сұлтанды да Арғын елінің адамдары дейді.
Сондай сөзге Тасболат батыр құлақ қойды ма?
Құлақ қоймаса көшер ме еді? Жайшылықта салмақты Абылай күйіп кетті.
Солай де! Арғындағы өшін менен алмақ болса, көрсетейін мен Садырға Абылайдың
сойылын! — Ол есік алдында тұрған нөкердің біреуіне, — шақыр Бөгенбай мен Сырымбетті.
Қонсын атқа қалың қолымен! — деп бұйырды.
Ордада бағанадан бері үндемей отырған Бұқар жырау:
Сабыр ет, сұлтан, — деді. — Ел күйінсе де ер күйінбес болар. Бір жағы Қытайдан,
қала берді сендерден қорыққан Садырды шапқанда не таппақсың? Қол жіберудің қажеті
болмас, он жігіт қосып бер, ол құтырған Найманмен өзім барып сөйлесейін. Көнбесе амал
жоқ, сойылыңды сосын қолданарсың.
Жырау дұрыс айтады. — деді Əбілмəмбет хан. — Қоқан жеріне бір шаңырақты да
жіберуге болмайды.
Бұқар жырау қасына он жігіт ертіп, Қоқан хандығына көшкелі жатқан, Лепсі өзенінің
Балқашқа құятын сағасында отырған он мың үйлі Садыр руына жүріп кетті.
Найман тайпасының бір тармағы Садыр руы «Ақтабан шұбырындыдан» бұрын Талас
пен Арыс өзендерінің арасындағы Қаратау қойнауында көшіп жүретін. Əулиеатаға таяу
Келтеқара арығы, Бұрындай өзенінің арғы жағындағы Үшащы қойнауы бұлардың келіп-
кетімді қонысы. Бұрындай өзенінің бойында «Садыр-Мүрде» деп аталған жербұл рудың
аталары қойылған зират еді. Сыр бойының бір қуаңшылық жылы осы рудың атақты батыры
Жұмарт өзінің қарамағындағы тоғыз аулымен көшіп, жайлауға Арғын руының ата мекен жері
Арғынаты тауларына барады. Арғындар бұған ана Ұлытауды жайлаған Бағаналы
туыстарыңа көшіңдер деп, жер бермейді. Күшпен Ұлытаудың бергі қойнауына қуып салады.
Ашу үстінде Жұмарт батыр Арғын жасағының батыры Ақмырзаны өлтіреді. Содан кейін
Арқаға көшуін қойып, енді Бұрындай өзенінің бойындағы Үлкен тұра, Кіші тұра деген кіші-
гірім тауларды қыс қыстауы етіп, жаз əулие етегіндегі Талас өзенінің шұрайлы қойнауын
жайлайды.
«Ақтабан шұбырындыда» қалмақ қолынан тоғыз баласымен Жұмарт батыр өледі.
Қырық мың үйдің он бес мың шаңырағы шұбырып, əндижан жеріне өтіп кетеді, ал қалған он
мыңы Лепсі өзенінің бойындағы жоңғар Алатауының қойнауына көшеді. Сөйтіп жүргенде,
Жұмарттың əлдеқалай тірі қалған Тасболат деген баласы ер жетеді. Енді əке орнына,
мұнда қалған он мың шаңырақ Садырға сол ие болады. Тарбағатайдан Қытай əскері түсіп
келе жатқан дегенді естісе де, ол Абылай жинаған қолға қосылмаған. Бір кезде əкесіне
Арғынның жер бермегенін кек тұтып, өзін азғырып келген Ерден мен Нұрбота бидің
289
елшісінің сөзіне еріп, əндижанға көшпек болады. Бұл хабарды көршілес отырғанТобықты
руының шабарманы əкелген.
Серіктерімен Бұқар жырау Тасболат батырдың аулына жеткен кезде, күн бесіндіге таяп
қалып еді. Ел түйелерін қомдап, үйлерін жығып, көшкелі жат-қан-ды. Битке өкпелеп тонын
отқа салған Тасболатқа ашуланған Бұқар жырау аттан түспей, жанындағы серіктерімен
батырдың үйінің сыртынан кеп, кəрі домбырасын қағып-қағып жіберіп, айқайға басып еді.
«Садыр, қайда барасың,
Сарысуды көбелеп?
Сен қашсаң да мен қойман
Арғымағым жебелеп.
Енді алдыңнан шығайын
Қар, жаңбырдай себелеп,
Ақмырзамды өлтірдің
Ақ сойылмен төбелеп.
Уа, сен танымай кетіп барасың?
Мен Арғын деген арыспын,
Азуы кере қарыспын.
Сен бұзау терісі шөншіксің,
Мен өгіз терісі талыспын.
Абылай алдында сен бітсең
Құдандалы таныспын.
Абылай алдында бітпесең, —
Атасын білмес алыспын, —
деп Бұқар жырау, көшпе деп ақыл айтудың орнына Садыр қолынан өлген ерінің құнын сөзге
тиек етіп, жырын ызғарлы үнмен тоқтатты.
Үй сыртында келіп тұрған үш жүзге мəлім Бұқар жырау екенін біліп, əлі де болса көшерін
де, көшпесін де шеше алмай, үйін жықпай отырған Тасболат сыртқа шықты. Бұқардың құн
сұрап келгені жай сылтау екенін əрине, бұ да ұқты. Жырауды қолтықтап аттан түсірді, үйіне
алып кіріп, қошеметтеп көрпе төсеп, төрге отырғызды. Амандасып болғаннан кейін, Бұқар
жырау:
Жарқыным, бұл қай көшу? — деді əлі де сабасына түсе алмай.
Шүршіт келе жатыр дейді ғой, — деді Тасболат ойлана, — Қашқардан қашқандар
бар...
Шүршіт келе жатса, Абылай бар емес пе?
Арғы беттегі елді шүршіттер тып-типыл ғып өртеп жіберіпті. Құдіретті болса Абылай
сонда қайда қалған?
Арғы бетке шығып шүршіттермен соғысуға əлі ерте... Жұрт қашты деп, батыр қашпас
болар...
Қашпалық...Сонда не ұтамыз?
Батыр Баян мұндай сұрақ бермес еді. Əне, ол халқы үшін жанын пида еткен жоқ па?
Тасболат үндемей ұзақ отырды. Əлден уақытта барып:
Жарайды, ендеше, біз де көшпейміз, — деді.
Оның даусынан өзінің жеңілденіп қалғаны байқалды. Кім ата мекен жерін тастағысы
келеді. Оның үстіне Қоқан ханының қоластына барып, көгере қоюына Тасболат күмəнді еді...
Ал біздің жерімізге шүршіт келе жатса, Абылай бізге жəрдем қолын соза ма? — деді
Тасболат Бұқардан көзін алмай.
Бұдан былай исі қазақ Абылайдың туы астына жиналуы керек, — деді Бұқар жырау.
Абылай қол астындағы елін қорғауға тиіс. Ол қорғамаса Бөгенбай, Жабай, Сары-сынды
батырлар бар. Солар қорғайды... Бұл арада сендер əзірге қазақ жерінің барлаушылары
болып қала тұрасыңдар.
Бұқар бір қонып, ертеңінде еліне аттанды. Тасболат оның соңынан ұзақ қарап тұрды.
Жырау сөзін ойға салды. «Исі қазақ Абылай туының астына жиналуы керек» деп қайталады
ол ішінен. Жұрт Бұқар жырауды Абылайдың тіл мен көмейі деуші еді, сол есіне түсті.
ІІІ
Көкейтесті арманына жеткен Абылайдың көңілі ай-жай еді... Иə, Телікөлдің жағасына
жиналған үш жүздің «игі жақсылары» оны «Үлкен Орда» ханы етіп ақ кигізге көтерген. Рас,
бұл жиынға Ұлы жүз бен Кіші жүздің көп руларының басты адамдары келмей қалды.
290
Келмесе, өзі білсін! Абылайға қазір оның қандай маңызы бар? Бүгін келмегені, ертең келеді.
Бүгін көнбегені, ертең көнеді. Көнбегенін ат құйрығына байлап, ақ сойылдың астына алады!
Ал қазір айбарынан сескеніп тізе бүккен қалың ел! «Ханның қаһарынан сақта деп
жалбарынған ру басшылары...
Міне, бүгін, Абылайға осындай кіріптар болғанның біріҚоңыратқа жататын Божбан
руы. Түркістан уəлиетін жайлайтын бұл рудың басшы адамдары жерінің жақындығын
пайдаланып, Қоқан билерімен тіл табысып, Абылай қоластынан шықпақ болған.
Саққұлақтары арқылы бұны біліп қалған хан, тал түсте Божбан ауылдарын шауып, басты
адамдарын тұтқынға алған.
Далбасалаған ауыл ақсақалдары қайтсек Абылайдың көңілін жібітеміз деп, бар мал-
мүлкін алдына əкеп тартып, қойнына ең сұлу қызын салды.
Хан қазір осы жас қызбен оңаша тігілген ақ ордада жатыр... Қоңырат етекті ел. Ұлы-қызы
өлген-тірілгеніне қарамайтын намысқой келеді. Сөйтсе де қыз жеңгелерінің «Ханның көңілін
таба білсең, еліміздің бағы жанғаны, ағаларыңның ажалдан аман қалғаны» деген сөзінен
шыға алмаған. Жігіттердің анда-санда қалжыңдап, ақ төсіндегі тастай қатты қос анарына
қолы тигені болмаса, пəк денесін əлі тірі жанға сипатып көрмеген жас сұлу сүттей адал
абыройын ханға олжа етіп, елін апаттан, екі ағасын ажалдан алып қалмақ болған. Ол ұяттан
екі беті оттай жанып, жүрегі торға түскен торғайдай діріл қағып, жарылып кетуге дайын
тұрса да, ханның ыңғайына көне берді, денесіне хан салмағы қатты батса да, асау мінез
көрсетпеуге тырысқан.
Ал бұл кезде Абылай жарлығын орындауға Божбан руының бас көтерген адамдарын
хан нөкерлері алып келген. Олардың ішінде осы қыздың екі ағасы да бар. Қыз құшағында
лəззатқа кенелген Абылайдың ойына кенет осы екі батырды өлтіру туралы берген бұйрығы
түсіп кетті. Абылай езу тартты: «Жоқ бір қыздың қызығы үшін, ол бұйрығын бұзбайды, кімде-
кім бұған қарсы тұрса осылай өледі Көп кешікпей ол, бөкеннің етіне тойып алып,
маужырап ұйқыға кеткен жолбарыстай, тұла бойын бір рақат тыныштық билеп, көзі іліне
берді.
Абылайдың қасында құты қашып үн-түнсіз жатқан қыз кенет:
Хан ием, бауырларымның күнəсін кеше көріңіз... — деді жасқа булығып.
Көрерміз... — деді Абылай ұйқылы-ояу.
Қос батырды өлім жазасына бұйырғаны тағы есіне түсті. «Оқасы жоқ... күні ертең-ақ екі
ағаларының менің қолымнан өлгенін ұмытады. Тек хан қойнында жатқаны ғана есінде
қалады».
Абылай қайтадан көзін жұмды. Бірақ дəл осы сəтте:
Аттан! Аттан! — деген айқай шықты. Кенет қырқаны бауырлай шапқан аттардың
дүбірлері естілді. Тынық түндегі оқыс дауыстар құлаққа қандай құбыжық боп жетеді, онсыз
да елегізіп жатқан ауыл, үрпиісе төсектерінен атып тұрды. Үстеріне жыртқыш құс келіп
қалған балапандай, бала-шаға көздерін тырналай ашып, у-шу боп жылай бастаған.
Ауыл сыртында да, орда сыртында да, анау-мынау жаудан сақтап қалар қалқаны бар
екенін білсе де, Абылай да орнынан ұшып тұрды. Тақа əбігері кетіп саспаса да үнемі жоқ
жерден пайда болар соғысқа үйренген əдетпен жылдам киіне бастады. Шаңырақтан түскен
ай сəулесіне шомылып, нағыз бір түнгі періштедей қолаң шашы жерге түсіп не істерін
білмей, үй ортасында тұрған жас сұлуға сұқтана тағы бір қарады да:
Маған арналған өтінішің болса, күндіз айтарсың, — деді де адуындай басып, күміс
сапты қылышын сүйрете ақбоз үйден шығып кетті.
«Аттан» салған кімдер? Қайдағы жау? — деді ол орда алдында тұрған топ жігітке.
Күзет бастығы баяғы Батыр Баянның сүйегін алып шыққан қара сұр жігіт, қазір ақ түсе
бастаған қою келте сақалын бір сипады да:
əзір белгісіз, хан ием, — деді сəл алға шығып, — «Аттан» салған жігіттерді ауыл
сыртындағы күзет тоқтатқан тəрізді. Дəу де болса, мына келе жатқан солар-ақ шығар.
Дабырласа сөйлескен бір топ жігіт орда тұсына келіп те қалды. Күзетшілер жанында
тұрған Абылайды көріп, ұзын сары шабарман иіліп сəлем берді.
Алдияр тақсыр, жаман хабармен келіп тұрмыз, — деді.
Қандай хабар? Айт!
Орта жүз бен Кіші жүздің əскерлерін елдеріне қайтарып жібергеніңізді естіп, Қоқан
ханы əлім атқа қоныпты. Қоқан, əндижан, Маргелан, Наманған бойын қойып, Ташкент
291
маңындағы кешегі өзіңізді жақтаған Шанышқылы мен Қаңлы тайпалары тайлы-тайлағына
дейін қалмай, соларға еріп келеді.
Қанша найзасы бар?
Алпыс мыңнан асар...
Телікөлдің жағасында қазақ еліне хан сайланғаннан кейін үш жүздің елу мыңнан астам
əскерін бастап Абылай Қоқанға қарсы жорыққа аттанған. Он күн жан аяспас ұрыстан кейін
Нұрбота бидің баласы Қоқан əміршісі əлім ханның əскерін күйрете жеңген. «Ақтабан
шұбырындыдан» бастап, кеше ғана Қытай боғдыхандарымен соғысқан аласапыран
кездерде Қоқан хандығына қарап кеткен қазақ руларын бостан еткен. Осы жорықтың
нəтижесінде Сырдария бойындағы Түркістан, Сайрам, Шымкент, тағы басқа қалалар
қайтадан қазақтардың қолына өткен. Ташкент алым-салық төлеп тұруға мəжбүр болған.
Бұнымен қатар бұрын Ташкент хакіміне зекет, гараж төлеп тұратын Шу мен Талас
өзендерінің бойындағы жəне Қаратау қойнауындағы Қоңырат, Дулат, Жалайыр, Суан
рулары алым-салықтан мүлдем босатылған. Ал Ташкент пен əндижанның аралығында
көшіп жүретін Ұлы жүздің Шанышқылы, Қаңлы рулары көптен бері сол араларды
жайлайтындықтарынан өз қоныстарында, Ташкент құшбегінің қарамағында қалған.
Əйткенмен, Абылайдың қамшысы батып кеткен бұл елдердің арасында қазақ ханына деген
наразылық та басыла қоймаған. Сондай наразылықтың бірін Абылай кеше ғана осы арада
қан-жоса етіп басқан.
Ақыры өзіне тиімді бітімге қолы жеткен Абылай «енді ұрыс жоқ, ел іргесі қоныс тапты»,
деп əскерінің негізгі жауынгер күші болған Орта жүз жасағы мен Кіші жүзден келген қолды
тегіс елдерінеАрқа мен Жайыққа қайтарып жіберген. Абылайдың қасында ханның өз
гвардиясы есепті мың қаралы төлеңгіт пен Дулат, Жалайыр, Албан, Суан руларынан
құралған бір санға жуық əскерлері ғана қалған.
«Үлкен Орда» ханының тек өз əскерімен қалғанын білген жəне Ұлы жүздің жігіттері
Абылай жағына мүлдем шыға қоймас деп үміттенген Қоқанның жас ханы əлім дереу бас
көтерген. Ташкентті алып, содан кейін Түркістанды да өзіне қаратпақ боп жорыққа шыққан.
Жағатай ұлысына қараған үш жүз жылдан бері Жетісу өңіріне жан бастырмай келген,
ерлігі бүкіл Шығыс еліне аян Дулат, Жалайыр Қаңлы, Ша-
нышқылы, Албан, Бестаңбалы руларын да Абылай өзімен бір болады деп ойлаған. Сыр
бойын Қоңырат, Қыпшақ, Табындар қандай қорғаса, Ұлы жүздің жігіттері де өз ата мекен
жерін сондай қорғайды деп сенген. Ал кенет Қаңлы мен Шанышқылы руларының
қоқандықтардың азғырғанына ергені, оған Қоңыраттың да делебесі қоза бастағаны ханды
қатты ренжітті.
Ташкент төлейтін алым-салықты Қоқан ханы сол маңдағы Қаңлы мен Шанышқылының
мойнына салған. Жəне Ташкент құшбегі өз тарапынан бұл елдерге зекет, гараж мөлшерін
көбейткен. Жұртқа осының бəрі Абылайға бағынудың салдары деп түсіндірген. Халықтың
ереуілге шығуына осылар себеп.
Бүлікшілер қай тұста жиналып жатыр?
Шыршық өзенінің бергі қабағында.
Абылай ордасын жақында Бадам мен Арыс өзені түйіскен тұстағы Бөрітас деген жерге
қондырған. Қазықұрттан бұл ара елу, Түркістаннан жүз шақырымдай жерде. Мұнда келген
ойы Арыс бойын мекендеген Қоңырат пен Бадам өзенін жайлаған Шанышқылы, Қаңлы
руларымен белдесе жақындасу еді.
ə... Əлі көш жерде екен ғой, — деді хан, — Ташкенттен кейін олар Түркістанға қарай
шығады ғой, оған жеткенше, біз де етек-жеңімізді жиып болармыз. — Абылай уақыт
мөлшерін білу үшін аспанға қарады. Таң жұлдызы туып қалған екен. Аспандағы таң
жұлдызы, жаңа өзі шығып кеткенде есік алдында қалған екінші таң жұлдызын есіне түсірді.
Ол бұйыра сөйледі.
Қазір Сіргелі Елшібек батырға, Дулаттың қос бөрісі Бөкен мен Сағырға хабар
беріңдер. Бар қолдарымен осы Қазықұрттың етегіне тез жетсін. Албан менен Суанға да,
жақын жатқан Бестаңбалыға да, бергі етектегі Жалайыр батырларына ат шаптырыңдар.
Бəрі осы Қазықұрт маңына жиналсын!
Құп, болады! — деді бас шабарман.
Сəскеге дейін өзіміздің жігіттер де алдаспанын қайрап, дайын тұрсын! Жыланды үш
кессе де кесірткелік күші бар. Қазақ əскерінің үш бөлігінің бір бөлігімен-ақ, құдай бұйыртса,
Қоқанның қорқау қасқырының кеңірдегін жұлып алармыз!...
292
Ол қайтадан Ақ Ордаға кіріп кетті. Енді шешінген жоқ. Қылышын былай қойып, белбеуін
босатты да, жүкке сүйеніп, көзін жұмды. Оң жағындағы төсектен жас сұлудың өксігін баса
алмай, булыға жылағаны естілді... Жаны жай тапқандай, Абылай тағы езу тартты.
О, тағдыр!.. Расында да тағдырөзінің ақ бурасы шығар. Міне, қазіргі киесіекінші ақ
бура. Ең алғашқысы қартайып əбден жүдеп бір күні өзінен өзі мүлдем жоқ боп кетті, ал
мынау өзгесі... «Хан киесіосы ақ бура» бүгін тым көңілсіз еді... Мынау бүлік соған көрінді
ме екен?
Рас, Абылайды қатыгез, тас бауыр дейтіндер көп. Бірақ осы «қатыгез» Абылайдың
тұсында ешкім де қазақ елін кейін кетті дей алмайды. Қоқан хандығына желке жүнін
үдірейте көрсетіп, айдаһар мен арыстанның аузынан ебін тауып құтылып, көкжал Абылай
аман-есен өмір сүріп келе жатқан жоқ па? Ал бұның темір тегеурініне шыдай алмай, кей ру
беті ауған жағына қашқысы келсеоның да себебі бар. Абылайға бір тайпаның көрген
зəбірінен, бар қазақты шашау шығармай ұстау қымбат.
Алтынемел айқасынан кейін ол өзінің ағасы Жолбарысты Қытай боғдыханына жіберген.
Бұл кезде Қытай əміршілерінің арасында өзара қырғын, бақ таластық күрестер қатты жүріп
жатыр еді. Абылай келіссөзге дəл осы тұс дұрыс деп тапқан. Қытай императоры Хун Ли
өзіне қарсы бас көтеріп, күнде жанжал шығарып отырған Шыңжаң қазағы мен ұйғырына
қазақ елі қосылып кетпесін деп қауіптеніп, қазақ ханының елшісін сый-сияпатпен қарсы
алған. Абылайға князь деген ат беріп, құндыз ішік, жібек кілем тəрізді көптеген тарту-
таралғыларын жіберген. Осы берілген көп сыйлықтың ішінде сол жылғы Қытай календары
да бар еді. Бұны Қытай императоры, тек өздерінің мəдениетінің үлгісі ретінде ғана емес,
қазақ елі бұдан былай қарай күн, ай, жыл санаттарын шүршіт есебімен жүргізсін деп əдейі
жіберген. Бұ да басқа жұртқа өз əсерін тигізудің бір жолы...
Екі жыл өткеннен кейін, яғни бір мың жеті жүз елу сегізінші жылы Шыңжаңдағы ұйғыр
мен қазақ көтерілісін қан-жоса етіп басқаннан соң, Қытай əскері қазақ жеріне қайтадан
кірген. Бұ жолы олар Тарбағатай тауынан төмен түсіп, Көкше теңізге дейін жеткен. «Ақтабан
шұбырындыдағыдай» Қытай əскерінің жолындағы бүкіл қазақ ауылдары «шүршіт келе
жатыр» деп тағы босқан. Кешегі көкорай шалғын, бықыған малды ауылдардың орнына,
шегірткесіне дейін желінген, өртенген орман, құлазыған қу дала қалған...
Абылай шүршітке тағы қарсы шықты. Аякөз тұсында болған қырғын соғыс-та өлдім-
талдым деп жинаған əскерімді қырып алмайын деп, Қытайдың құрт-құмырсқадай қаптаған
қолынан ол тағы шегінген. Осы жолғы айқаста Малайсары батыр оққа ұшты. Шегініп келе
жатқан қазақ қолы оны қазір «Малайсары тауы» деп аталатын құмдауыт төбенің басына
əкеп қойды...
...Хун Ли қанша қаһарын төккенмен де, Абылай Россиядан қол үзбеді. Қол үзудің
орнына, жұмсақ жастықтардың үстіне қанжар тырнақты аяқтарын қо-
йып мүлги қалған айбарлы арыстанға ұқсас орыс бекіністеріне жақындай берді. Ал қазақ
жеріне кіре берген Қытай айдаһары, тұмсығын көкке көтеріп, күздің келіп қалғанын байқап,
қандай қауіпке бара жатқанын енді сезіп, тез жиырылып кейін бұрылды да алдындағы
Тарбағатай тауына қарай қайта өрмеледі...
Қытай айдаһары орыс бекіністері тізіліп қалған бұл өлкеден оңай олжаға кенеле
алмайтынын тез түсінген, Бірақ сол жылы ол қайтадан жүз сексен бес мың əскерін Шыңжаң
шекарасына əкеп төккен. Россияның бұған қарсы шығар дəлелінің де, мүмкіндігінің де
жоқтығын пайдаланып, енді ол бүкіл Орта Азияны жаулап алмақ болды. Қандай қауіп
туғанын ұққан Хиуа, Бұхар, Қоқан, Ауғанстан əміршілері өзара араздықтарын тастап, бүкіл
мұсылман қауымы боп шүршітке қарсы «газауат» соғысын ашуға ұран салды. Бұл ұраннан
мұсылман дініндегі Абылай да, Кіші жүздің ханы Нұралы да бас тартуға тиісті емес еді. Өзі
қол астына кірген Россияның Қытаймен тату-тəтті екенін сылтау етіп, Нұралы хан «газауат»
күресіне қосылмады. «Газауатқа» бірікпеуге Абылай да жол тапты. Бір жағынан бұ да
Россия қол астында бола тұрып, оның рұқсатынсыз Қытаймен үлкен соғысқа бара
алмайтынын ескертсе, екінші жағынан өзінің шүршіт боғдыханымен келісімге келгенін
айтты. Жақында ғана Абылай отыз ақ боз арғымақты тарту етіп, Ордашы биді бас етіп, Хун
Лиға отыз ақсақалын жіберген. Қытай боғдыханы бұны «бүкіл қазақ еліне бастық» жəне
кімде-кім Цин мемлекетіне қастық етсе, оған өлім жазасына дейін үкім қолдануға қақысы бар
деген «филин» — указ берген.
Ал шынында, Абылайға ата-бабасының дəстүрі бойынша мұндай келісімсөздердің құны
бес-ақ тиын еді. Қағаз бетіне түспеген уəделерін қазақ хандары, көңіліне жақпаса, оп-оңай
293
бұза беретін. Абылайдың газауатқа қосылмауына себеп болғанОрта Азия
мұсылмандарының бір қауым боп, Ауған ханы Ахметті бар əскеріне қолбасшы етуі еді. Қазір
Ахметтің қарамағында жетпіс бес мың əскер бар, егер шүршітпен соғыс ашпаған күнде, бұл
қалың қол қайда барады? Көп жылдан бері үнемі соғысып, əбден қалжыраған қазақ
жасақтары бұндай əскерге қарсы тұра алар ма? Одан да... Түркістан жерінен көңілі бар бұл
хандардың əскерлерінің қабырғаларын сындырып, шүршіттер ұйқы-тұйқысын шығарса бізге
пайда деген. Əрине, күнгей жағыңнан шүршіттің көрші бола қалуы да қазақ еліне тиімді
емес. Бірақ Россия бекіністері құр ғана қазақ жерінде ме, бір шеті шығыста, Қытай
қабырғасымен шектес, сонау ұлы Мұхитқа дейін созылып жатыр ғой... Бұл Қытай боғдыханы
санасатын жағдай.
Ал Абылай Шығыс мəселесін осылай түйіп қойып, Қызылжарда орыс тілін үйренген
баласы Тұғылды бас етіп, өзін үш жүздің тағына бекітуін өтініп Петербургке, Екінші
Екатерина əйел-патшаға елшілер жіберген. Үш жүздің «игі жақсылары» Абылайды ақ биенің
сүтіне шомылдырып, ақ кигізге көтеріп «Үлкен Ордаға» хан сайлағанмен, əйел-патшаның
қол астындағы бар қазақ еліне хансың деген указы шықпаған. Əрине, бар қазақ еліне
Абылай хан бола қалған күнде, осы мезгілді күтіп жең ішіне тығып келген қанды тырнағын ақ
патшаның өзіне де көрсете бастауы мүмкін. Ресми түрде бекітілмей жатып, бар қазақ оны
өзінің ханы деп танып, соңынан еруге бар. Ал бекітілген күнде... Жоқ, қатын патша ақымақ
емес. «Есеңгіреген елге есті бастық беруге болмайды, одан да есеңгіреген елге есеңгіреген
бастық берсеңқарамағыңдағы жұрт саған қарсы бас көтере алмайды».
...Абылай əдеттегісіндей ерте оянды. Таң селеуленіп атып қапты. Қыз көйлекшең
бүкшиіп аяқ жағында отыр. Тарқатылып кеткен қою қалың шашы иығын көме, бүкіл денесін
жауып, жерде шұбатылып жатыр. Тек боп-боз боп ақша жүзі ғана көрінеді.
Қандай тілегің бар? — деді Абылай, өзінің қыздарымен шамалас жас сұлуға. — Айт,
орындайын!
Тілегім біреу-ақ...
Қыз үнінен ренжігендік сезілмеді.
Бір қыздың құшағында бір тайпа елдің тағдыры тұрған жоқ, хан ием... Мұны мен де
ұғамын. Бірақ қатты дауылды күні тек қыран құс қана өз бағытынан адаспайды. Жұрттың
бəрі қыран емес. Аласапыран кездегі жұртымның бір табансыздық көрсеткенін кешіріңіз!
Қыз сөзі Абылайға ұнады.
Жақсы. Ал өз бауырларыңа қарсы садақ безеген ана екі ағаңды қайтеміз?
Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң...
Абылай езу тартты.
Біз олардың «үйірін тапқанын» қайдан білеміз?
Босатып көріңіз. Егер сізге ерсе, өз айыбын өздері жуғаны.
Ал ермесе ше? — деді Абылай.
Қыз қуанып кетті.
Онда, мейліңіз. Қандай жігіттің тағдыры болса да, өз елінің тағдырынан қымбат емес.
Абылай шаңырақтан көзін алмай бозарып келе жатқан таңға қарап ұзақ отырды. Иə, қол
астынан қашып кетпек болған Қоңыраттың бірнеше адамын аямай жазалады... Ал
қалғандарының көңілдері енді қалай қарай ауады? Үйсін, Жалайыр, Дулат, Албан, Суан
сияқты Ұлы жүздің белді рулары не демек? Бұлар Абылайдың ісін қош көре ме, жоқ па? Бұл
рулардың көп жігіті қазір хан жасақтарында. Ал ертең сол жігіттер қазақ елі Қоқан əскерімен
бетпе-бет айқасуға тура келгенде Абылайдың қаттылығына өкпелеп, Қоқан жағына шығып
кетсе қайтеді?
Хан қызға көз қиығын тағы бір аударды да лəм-мим деместен, орнынан тұрып, үйден үн-
түнсіз шығып кетті. Ол тағы бозғылт реңді аспанға қарады. «Аққу құсты көрмегелі не заман
деді əлденеге күйінгендей, бірақ сол сəтте-ақ бойын жинап алды. Анандай жерде тұрған
күзетшіні өзіне шақырды.
Шабармандардан хабар бар ма?
əлі ешкім оралмай жатыр.
Абылай Қазықұрт жаққа көз тастады. Тау етегінде көрінген салт аттылар хан ордасына
қарай келе жатыр. Кенет ат дүбірі естілді. Құйындата шапқан салт аттылар ауыл сыртына
кеп тоқтай қалғанда, Абылайдың жүзі жылып сала берді. Бұл келген Қыпшақ Маңдай батыр
мен Керей Жанай батырдың жасақтары еді. Олар осы Қаратау маңындағы ілік-
294
шатыстарында қонақтап жүріп, елдеріне əлі қайта қоймаған-ды. «Аттан деген айқайды
естісімен, Абылай ордасына жеткен беттері...
Бұқар жырауға кісі жібердіңдер ме? — деді Абылай.
Дəйекші жауап қайтара алмай қалды. Ханның қабағы түйіліп кетті. Бір кезде өзіне тірек
болған жырау мен ханның арасы күннен-күнге суйи бастаған. Қоңырат еліне істеген
рахымсыздығын көріп, Бұқар жырау ашуланып, кеше хан аулынан жүріп кеткен.
Қазықұрттың күншығыс жағынан тағы бір шаң көрінді. Құйғыта шапқан шабарман атынан
домалай түсіп, хан алдына тізе бүкті.
Алдияр, Жалайырдан бізге тек төрт-бес жүз ғана жігіт қосылатын түрі бар...
Қалғандары ше?
Қоқандықтардан қашпақ боп үйлерін жығып жатыр.
Осындай хабарды Ұлы жүздің басқа руларынан да алдық! — деді дəйекші жігіт.
Сонда қай жаққа қашпақ?
Алакөл тұсына.
Шүршіттің шоқпарының астына барып тығылмақ па?! — Даусының қалай қатты
шығып кеткенін Абылайдың өзі де сезбей қалды.
Бірақ, түс ауа, шабармандардың айтқанындай халінің тақа жаман емес екені
анықталды. Абылайға қанша наразы болғанменен шүршіт пен Қоқан озбырлығы түбі қатты
тиетініне шек келтірмеген Ұлы жүздің көп рулары көп кешікпей өздерінің жігіттерін
Абылайдың ақ туының астына тегіс əкелмек деген хабар естілді. Бұдан кейін, іле-шала
Бөкей мен Садыр батыр бастаған Дулаттың қалың қолы келе жатыр деген сөз де ауыл
шетінде дүңк ете қалды. Ал Сырғалы Елшібек батырдың дер кезінде жетуіне Абылайдың өзі
де күмəнданбаған...
Күнəкəр Божбан руынан жазаланбаған қанша адам қалды, — деп сұрады Абылай кəрі
қылыш жасағының бастығынан.
Алдияр, өзіңіз өлімге бұйырған көтеріліс басшыларының бесеуін ғана ат құйрығына
байлап үлгірдік... Қалғаны қол-аяғы байлаулы отыр...
Босатып жіберіңдер тірілерін!..
Тұтқыннан босанған Божбан жігіттері арқан батқан білектерін сипай, заматта үйді-үйіне
тарай бастады.
əділетті үкіміңнен айналайын-ай, құдіретті хан иеміз! — деп анандай жерде тұрған
Божбан ақсақалдары, маңыраған қойдай, шуласа баталарын берді.
«Бес адамын ат құйрығына байлағанымды көрген соң бұлар маған баталарын беріп
жатыр, — деді Абылай ішінен, — жазаламай бəрін бірдей кеше босатып жібергенімде, бүгін
бұл алғыс болмас еді!».
Кенет Абылай «Жаныбек! Қаныбек деген сыбырлай шыққан үн естіді. Бұрылып еді,
кетіп бара жатқан жігіттердің ішінен өзінің екі ағасын шақырып тұрған Қоңырат аруын көрді.
Екі ағасы қыздың жанына келді. Əлде нені сұрады. Содан кейін екеуі үйлеріне қарай жүгіре
жөнелді.
«Осы екеуін бекер босаттым-ау», — деп ойлады Абылай тағы да, бірақ сол сəтте-ақ
оларды есінен шығарды. Тек бір жеті өткеннен кейін ғана, біреуге істеген жамандықтың
жойылмайтынына, қанды кектің бəрібір жүрек түбінде сақталатынына көзі жетті.
Абылайдың газауат ұранына қосылмағанын пайдаланып, Қоқан əміршілері оны
біржолата құртпақ еді. Олар бүкіл мұсылман қауымына: «кімде-кім Абылайға жəрдем беруді
ойласа, оны алла тағаланың қарғысы атсын» деп жар салды. Бірақ діни дəстүрге онша берік
емес қазақ даласы бұған мəн берген жоқ, өйткені бұл ежелден келе жатқан өзінің əдет-
ғұрпы бар ел. Дінді қорғау-
дан көрі, жерін қорғау ата-бабадан қалған мирас. Осы дала заңына салып, Самарқант,
Хиуа, Бұхар, Қоқандардың мың сан минареттерінен қазақ ханына «лағнат» айтып
жатқандарына қарамай, Ұлы жүздің көп руларының жігіттері Абылайдың ақ туының астына
жиналды.
əй, Тұрымтай шабарман! — деді Абылай дауысын көтеріп.
Шабармандардың ішіндегі ең пысық, жарқын жүзді бала жігіт ханның жанына жетіп
келді.
Не айтасыз, алдияр?
295
Жалайыр ауылдарына қайтадан шап. Тезірек жетсін де. Егер дер кездерінде
келмесе, Қоқан ұрысынан кейін, Қоқанға туған кеп, Жалайыр билерінің де басына туып
жүрмесін! Соны ескерт!
Ал егер жауап қайырмаса ше?
Мə, менің қамшым... Жауап қайырмайтын болса алдарына таста да, өзің кейін шап!
Шабарман үйден ата жөнелді.
Кең дала сойыл ұстаған салт аттыларға тола бастады. Қазықұрт тауының басынан
кемінде он шақырымдай жер ап-айқын көрінеді. Абылай əлсін-əлсін батыс жаққа көз тастап
қояды. Біреуді сабырсыздана күткендей. Ханның неге осынша тыпыршып тұрғаны
жанындағы серіктеріне де аян. Хан Бұқар жыраудың келуін күткен еді. Бұл күнде əбден
қартайған Бұқар жырау бұрынды-соң-
ды қазақ көрмеген қызық адам еді. Өткір тілі, алғыр ойы үшін, оның иығына талай рет
мауыты шапандар жабылған. Бірақ жырау оларды жанындағы серіктеріне тартып, өзі
көнетоз шидем шекпенімен қалатын. Ал қыс болса киерітүйе жүн қалың күпі, тозығы
жетіп қалған қарсақ тымақ. Кейде жорыққа мінетін аты да болмай қалады. Сөйтсе де, Бұқар
жырау келіп түскен ауыл қызық-думанға бататын. Үлкені мен кішісі тік тұрып күтетін.
Осы кəрі бүркіттей тұғырда отырып қалған қарт жырау хан кемшілігін жұрт көзінше
батыра айтқанменен, Абылайдың негізгі істерін қолдайтын, оны жұртқа жеткізетін жаршысы
болатын! Бірақ, соңғы жылдары əйгілі жырау Абылайдың қатыгездік, жан шошырлық көп
ісінен көңілі қалып, хан қиянатын ашық айта бастаған. Бұрынғыдай емес, хан ордасына да
сирек көрінуге айналған. Жыраудың бұл қылықтары Абылайдың көңілін бөле беруші еді.
Бұқар кедей болғанменен, сол кедей қалың бұқараға жұмсайтын құралы екенін хан жақсы
түсінетін. Ал хан қанша айбарлы, қаһарлы көрінгенмен сол кедейлерсіз, «импрамсыз»
ойлаған ісінің бірде-бірін орындай алмайтыны тағы оған мəлім.
Бір кезде осы білгір жырау Абылайды Россиямен қол ұстаспақшысың деп айыптаған.
Соңынан, бұл одақтасуқазақ даласын шүршіттен аман алып қалуға керек екеніне көзі
жетіп, Абылайға бұрынғысынан да жақындай түскен. Енді оны бүкіл қазақ елінің басын қоса
алар бірден-бір ханы санаған. Бірақ, ойлаған мақсатына жету үшін қандай қатыгездікке де
болса дайын ханның кейбір қылығы кейінгі кезде Бұқарды шошытып, Абылайдан іргесін
аулақ сала бастап еді. Кеше ғана Абылай бұрынғыларынан да сорақы, жан шошырлық
қылмыс істеді. Ханға бағынғысы келмеген Қоңыраттың бес басты адамын ат құйрығына
байлатып, айуандықпен өлтірді. Бұл қылмысты хан ауылдан аулақ жерде жасырын
істеткенмен, жырау біліп қалған. Ашулы жырауды əлі де болса өз ордасына ұстамақ боп,
Абылай оның алдына өз жылқысынан айдатып əкеп атақты боз айғырдың үйірінен бір
жүйрігін сыйға тартқан. Мүмкін, сол сыйлығы теріс кетпеген болар, мінеки, үніне үш жүздің
баласы тегіс құлақ салған Бұқар жырау қасында бір топ адамы бар, хан ордасына қарай
келе жатыр...
Бірақ қырағы көз Абылай, Бұқар жыраудың астында өзінің бəз-баяғы топай торысы
екенін анадайдан-ақ көрді. Бұл хан тартуына илікпеудің белгісі еді. Əдетте жырау ауылдың
ту сыртынан домбырасын тартып, ел көңілін көтеретін көп толғауының бірін айта келуші еді.
Бұ жолы оның бірі де жоқ. Таяу кеп, даяшы жігіттердің көмегімен аттан түсті де жақындай
беріп ханға басын иді.
Арсың ба, Абылай хан!
Барсың ба, жырауым. Жолыңыз оң болсын!
Бүкіл дала жылаған жұрттың көз жасыменен саз балшыққа айналыпты... Ат тұяғын
əзер алып келді, алдияр!
Ханға қарсы шыққан бүлікшілер өз жазасын алуға тиіс.
Бүйте берсең, көп кешікпей, саған бүкіл қазақ даласы қарсы болып көрінер, хан ием...
Менің орнымда өзің болсаң не істер едің, əулием?!
Ата мекен жерінен су шығып па бұл жұрттың? Ең болмаса соны сұрамайсың ба,
алдияр? Шетінеген хандықты қан төгумен желімдей алмайсың, Абылай.
Астыңдағы атың жүрдек болса, қамшылаудың қажеті болмас еді... Тоз-тозы шыққан
тобырдың басын қоса алмай-ақ өтетін шығармыз бұл дүниеден!
Ханда қырық кісінің ақылы болмаушы ма еді?
Бұл жұрт əзəзілдің тіліне еріп, жат елге көшпекші... Аруанадай азынап, апшымды
қуыра бергенше, ақылың болса айтсаңшы, жырауым.
296
Он екі қанат ақ ордада кешке таман хан кеңесі басталды. Бұл шаққа дейін жағдай əбден
анықталған-ды. Жан-жаққа жіберілген барлаушылар тегіс оралған. Қоқан ханы Қытай
боғдыханына елші жіберіп, əскерінің негізгі бөлегін қазақ даласына қарай аттандырғаны
белгілі болды. Əрине, мұны Қоқанның жас ханы шүршіттердің ақылынсыз істемегені де
мəлім еді.
Қоқан əскері қазақ жасақтарынан анағұрлым көп. Бірақ сапа жағынан Абылайдың атты
сарбаздарынан көш төмен. Оның үстіне бұлардың ішінде өз
бауырларына қарсы соғысқысы келмейтін қазақ жауынгерлері де бар.
Хан кеңесі Бөкей, Сағыр, Жабай басқарған Ұлы жүздің қолдары Қоқан əскерін Бадам
мен Арыс өзендерінің бойында қарсы алсын деп шешті. Алғаш-қы айқастан кейін əскер
кейін шегініп, Қоқан қолын өзімен бірге қазақ даласына қарай ерте беруге тиісті. Бұл кезде
Елшібек сарбаздарымен толықтырылған Абылайдың өз гвардиясы Сауранды орағыта
Ташкентке барып тимек. Қысқасы, Қоқан ханы қазақ жерін аламын деп жүргенде, қазақ
əскері оның өз үйінде бүлік шығармақ. Ал Ташкентті қорғап, Абылай мен Елшібекке қарсы
тұра алар сол тұстағы Шанышқылы мен Қаңлы руларын қазақ жағына шығару үшін, бір топ
ақсақалмен Бұқар жырау аттансын делінді.
Абылай сауытын киюге ордаға кірді.
Қыз əлі кетпеген екен. Абылай оның жүзін қара көлеңке үй ішінде жөндеп көрмеген-ді.
Енді сұқтанып қалды. Қыздың сұлулығы соншалық, оны қиып тас-
тап кетудің өзі де қиын еді. Қыздың аты хан аузына өзінен-өзі түсті.
Сұршақыз, — деді Абылай, — айттырып қойған жерің бар ма еді?
Қыз ұзын кірпіктерін жоғары көтеріп, сопақтау келген үлкен көздерімен ханға жаудырап
қарады.
Үш жүздің ханына оның қандай бөгеті бар?
Қыз сөзі Абылайға тағы ұнады.
Жарайды, Сұршақыз, — деді ол, — жорықтан аман-есен қайтсам, əкеңе қырық
жетімді матап беріп, өзім құда түсем.
Қыздың сұрша беті ду етіп қызарып кетті, көзінде қуаныш сəулесі жарқ етті.
Абылайдың бойын бір орасан қуаныш билеп кетті. Осы жасқа келгенше талай ұзын
етектіні жолықтырды. Бірақ оған біреуі де мұндай ұнап көрмеген-ді. Жігіт болып ат жалын
тартып мінгелі, басынан өткізгені кілең жорық, ұрыс, талас. Алған əйелдерінің бəрімен де
тек төсек үстінде танысты. Сұршақызбен де солай кездесті. Бірақ ол қартайғанда кез болған
ең қымбатты қазынасы тəрізденді. Дəл осы сəтте «таңдаған қызымды ғана қатын етермін»
деген жас кезінде берген серті есіне түсті. Абылай болмашы езу тартты. «Пешенеңе
жазылса аспандағы аққу да аяғыңның астына түседі екен».
Сұршақыздың көзі тағы жарқ ете қалды. Жоқ, ол қазір түндегі Абылайдан зəресі ұшып
қорыққан жас өспірім қызға ұқсамайды. Бұл енді айбарлы ханның сүйікті əйелі! Қиянат
көрсеткен əлеммен атысуға бар сұлу!
Абылай сыртқа беттегенде, Сұршақыз бірге ере шықты. Қаптаған жұрттан ұялған жоқ,
Абылайдың алдынан көлденең тарта берген тұлпарына ханды қолтығынан көтеріп өзі
мінгізді.
Абылай еңкейіп Сұршақыздың маңдайынан сипады да, артына бұрылмастан, күтіп
тұрған қолға қарай желе жөнелді.
Қош бол, арысым, — деді күбірлеп, — сау барып, аман қайта гөр, қатерлі сапардан...
Сұршақыз кетіп бара жатқан қолдың соңынан көзін алмай ұзақ тұрды. «Ордадағы
киімдеріңді алып кет» деп айтқысы келген Абылай нөкерлерінің бірі өктемдей басып қыздың
жанына келді.
Бикеш, — деді ол кекете, — бүгін хан төсегінде ұйқыңыз əбден қанған шығар. Енді
үйіңізге қайта берсеңіз де болады.
Кім ақұрық бастығы?
Ақұрық бастығы Жамантай. Ал сізге бастық болуға мен де жараймын-ау деймін...
Шақыр Жамантайды!
Жігіт бірдеме айтпақшы болып келе жатты да кілт тоқтады. Ханның бір түндік «жас иіс»
қызметіне ғана жарап, сағы сынған қыздардың пішіндеріндей емес Сұршақыздың
тəкаппарлана қалған келбетінен ол қыз басына «бақ құсының» қонғанын аңғарып, шошып
кетті. «Осының өзі Абылайға ұнап қалғанның қай жағында, — деді ішінен, — көзі жəбір
297
көрген жан сияқты емес, бір мол қуанышқа кенелгендей жалын атып тұр екен, кəрі неме,
қатыны етіп алмаса нетсін».
Жамантайды шақыр дедім ғой, мен саған!
Қыздың үні бұрынғысынан да ызбарлы шықты.
Құп!
Нөкер Жамантайды тез-ақ алып келді. Сірə ол жолай өзінің ойын ақұрық бастығына
жеткізген болуы керек, балуан денелі Жамантай жуаси келді.
Не айтасыз, бикеш!
Айтарым екі сөз. — Бірімына бейпіл ауыз жігітке, денесінің ең майлы жерінен
қырық қамшы дүре соғыңыз.
Аңқау мінезді Жамантай шошып кетті.
Ойбай-ау, онда ол атқа отыра алмай қалады ғой.
Қыз жымия езу тартты.
Онда шалбарын шешіп, қалақаймен оңдап тұрып он рет ұрыңыз! Екінші бұйрығым:
отағасым жауын жеңіп жорықтан қайтқанда алдынан шығуға, жүген-құйысқаны, ер-тоқымы
ақ күмістен қақталған ақбоз жорға дайындаңыз!
Бұл сөздерді айтып тұрған Сұршақыз ханның ең сүйікті қосағы екенін түсінген
Жамантай...
Құп, айтқаныңыз орындалады, ханша... — деп басын иді.
...Үш күннен кейін Ұлы жүз əскерлерінің қоқандықтармен ұрысы Түркістан шаһарының
күншығыс жағында басталды. Қоқан əміршісі əлім хан жұртты өзі ерте білгенменен, соғыс
тəсіліне қанықпаған, əскери тəжірибесі аз жігіт еді. Божбан ауылдарына жіберген
тыңшылары арқылы Абылай ордасында болған оқиғаның бəрін білген. Өзіне қандай қолдың
қарсы шығатынын да естіген. Тек білмегеніАбылай мен Елшібек батырлардың төрт мың
қолмен бір бүйірінен Ташкент шаһарына қарай өтіп кеткені ғана еді. Артында жау бар деп
ойламаған əлім хан мен кəрі тарлан Ерден батыр бар əскерін Түркістан тұсына төккен.
Алпыс сана қолға ие болған жас хан Ұлы жүз əскерінің бетін қайтарысымен, олардың
соңынан қуып берді. Бөкей, Сағыр, Жабай басқарған жасақтар, көшпелі елдің ежелгі тəсілін
қолданып, ұстатпай, құр шегінген де отырған. Тəжірибелі Ерден батырдың «бос қуа берудің
қажеті болмас» дегеніне қарамай, жауынгерлерінің көптігіне сенген əлім қазақ жігіттерінің
соңынан қалмаған. Сөйтіп олар өздерінің артқы шебінен тіпті алыстап кеткен.
Бұл кезде Абылай мен Елшібек басқарған төрт мың қол Ташкентке кеп тиді. Ташкент
қорғаншылары қарсы тұра алмады. Бұлардың көбі хан əмірімен, күн көріс шаруасынан
амалсыз қол үзген қала жатағы, жалғыз атты диқан, не болмаса əлі сойыл сілтеуді жөндеп
үйренбеген, тек батырлардың кеу-кеуімен «шапқыншыларды қырып салмақ» болған бала
жігіттер еді. Бұлар қазақ атты əскерінің тегеурініне шыдай алмай, шаһар кілтін Абылайға
əкеп тапсырды.
Ал Түркістанды ала қоямыз деп лепіріп келген қоқандықтардың негізгі күші кенет
шегінуін тоқтатып, табан тіресіп тұрып алған қазақ əскеріне төтеп бере алмады. Жан-
жақтарынан жапа-тармағай сан рет ат қойса да, сай-салаға бекініп алған Дулат, Жалайыр,
Үйсін жігіттері жауды маңына жуытпады. Қардай бораған садақ жебесі мен пілтелі
мылтықтың оғына шыдай алмай, қоқандықтар жел үрлеген шөптей, кейін қарай сан рет
жапырылды. Кейде тіпті қазақтың салт атты жауынгерлері өздеріне қарсы дүрсе қоя беріп,
көп жігіттерін найзамен түйреп жер құштырды. Ұрыс осылай үшінші күнге созылды.
Өздерінің көптігіне сенген қоқандықтар, енді ақырғы айқасқа дайындалған. Дəл осы сəтте
«Ташкентті Абылай хан басып алыпты!» — деген хабар жетті. Бұған қоса «Бұқар жырау
барып азғырып, Ташкент маңындағы Қаңлы ауылдары тағы қазақ жағына шығып кетіпті.
Абылайға көмекке Арқадан көп əскер келе жатыр-мыс» деген суық сөз тарады.
əлім хан мен Ерден батыр Ташкентті Абылайдың алғанына көздері жеткеннен кейін,
енді өздері қашуға мəжбүр болды. Əлім мен Ерден Абылайға елші жіберіп бітімге келуін
сұрады. Абылай жұртты енді дүрліктіре берудің керек еместігін еске алып, тез-ақ бітімге
келді. Бұл бітім сол бұрынғы бітімді күшінде қалдырды. Тек қоқандықтар осы жолғы соғыс
шығындарын толық төлейтін боп келісілді. Жəне қарамағындағы қазақ руларынан алым-
салық алмайтын боп уəделесті.
Осылай өздеріне тиімді бітімге қол жеткізіп қазақ жауынгерлері Қаратауға қайтты.
Шат-шадыман қалың қол. Борт-борт желген кілең сəйгүлік қазақы жылқы. Абылайдың ақ
туын көтерген қалың қолдың алдында бір топ жас жігіттер.
298
Бұлардың мінгендері жал-құйрығы түйілген қамыс құлақ, бөкен сан жүйрік, не болмаса
құлан қандас бота тірсек сүліктен жаратылған будан. Олардан кейін Бұқар жырау, Елшібек,
Сағыр, Бөкей, Жабай батырлар қоршаған хан Абылай. Астында омырауы салақұлаш,
жотасы тақтайдай құйма тұяқ қара көк; қатты аяң майда желіспен əлде нені əңгіме етіп,
қарқ-қарқ күліседі. Бəрінің де жүзінде шаттық, қоржындары тоқ. Тек бір-ақ адамның қас-
қабағы жабыңқы. Əлсін-əлсін ұзын мұртының ұшын тістеп, əлдекімге азуын басып келе
жатқандай, алға қарай сабырсыздана ентелей жортады. Анда-санда Абылайды ту
сыртынан оқты көзімен ата қарайды. Бұлморт мінезді, ханға деген ашуы əлі тарқамаған
Қоңыраттың батыры Қаныбек еді. Қос батырдың біреуі жау қолынан жарақаттанып хал
үстінде елге қайтқан. Қоңырат жігіттерінің алдында Қаныбек жал-
ғыз өзі. Соңындағы жігіттер бір-біріне сыбырлап қана сөйлеседі.
Тұтқыннан босанғаннан кейін көкейлерінде тек ел намысы, қайнаған
ағайынды қос батыр дереу Қоңыраттың ер жүрек жігіттерін жинап, Сағыр қолына кеп
қосылған. Ал босануларына қарындасы Құндыздың себеп болғанын, оның Абылайдың
төсегінде түнеп шыққанын білмейтін. Қос батырдың морт мінездерінен хабардар ауыл
адамдары оларға Құндыз жайын айтуға қорыққан.
əлім ханмен кездескен ұрыста екеуі де ғажайып ерлік көрсетті. Бірі жараланып кейін
қайтқан да, екіншісікіші батыры Қаныбек, ағасы Жаныбектің орнын жоқтатпауға
тырысқан. Ерлігіне ерлік қосып, қан майданда жан аямай ұрысқан. Осындай қанқызу бір
шайқаста, Қоңыраттың батыр жігіттері қашып бара жатқан қоқандықтарды соңына түсіп
шоқпарымен көк желкеден дəлдей ұрып кезек түсіріп келе жатқан. Аты екпіндей жеткен
Қаныбек біреуін енді ұрам деп шоқпарын ыңғайлай бергенде əлгі атынан қарғып түсіп, тұра
қалған.
əй, сауға! Жан сауға! — деген анау бұған отты көзін қадай.
БұлЕрденнің інісі Ералы еді.
Ералының жаман атымен, бұрыннан да таныс Қаныбек енді орасан долдана түсті.
Көрсетейін мен саған жан сауғаны! — деді ол шоқпарын ыңғайлай түсіп. — Айта бер
иманыңды, қара жүз!
Жау қолында өзінің жалғыз қалғанын көрген Ералы Қаныбектің аямайтынын бірден
түсініп, енді жалынбай өлуге бел буды.
Сатылған! — деді ол Қаныбекке удай ащы тілмен. — Жалғыз қарындасың Құндыздың
абыройын сатып, Абылайдан жаның əрең қалып еді, мен сенен өткен қара жүз емеспін, мə,
өлтіре бер!
Қаныбек шоқпарды қос қолдай сілтеді. Ералының басы быт-шыт боп, миы шашырап,
денесі күрс етіп жерге құлап түсті. Қаныбек артына бұрылып қараған жоқ, Ералының жаңағы
сөздері құлағынан кетпей, біреу жүрегіне қанжар сұғып алғандай, боп-боз боп дірілдеп, өз
жігіттерінің жанына əзер жеткен.
Сол күні өзінің бір сенімді жігітінен ауыл ақсақалдарынан «ел жақсылары» Құндызды
Абылай төсегіне апарып салғанын, Құндыздың оған қарсы болмағанын, ертеңіне
Абылайдың бұларды босатыңдар деп бұйрық бергенін білді. Енді оның жүрегіне намыс, ашу
қорланубəрі жиналып, жыландай қадалды. Жұрт бетіне қарай алмай, сол күні түнде
жігіттерінен бөлініп жеке қонып шықты. Сол күннен бастап ешкіммен де сөйлеспей, ашуға
булығумен болды. Намыстанып, жаны күйінген Қаныбек бір мезет Абылайды жарып өлтіруді
ойлады. Бірақ онда мына жұрт жүндей түтіп, хан төсегіне барған ұятсыз Құндыздан кегімді
ала алмай қалармын деп сескенді. Абылайды өлтіруді ол енді соңына қал-
дырды.
Күн бата қалың қол Қазықұрттың етегіне таяды. Жігіттері жауды жеңіп келе жатқанына
қуанышты Қаратаудағы қалың елдің ақсақалдары мен қыз-бозбаласы алдынан шықты. Екі
жақ таяй бергенде, Қаныбек ауыл жастарының алдындағы ақбоз ат мінген қарындасы
Құндызды көрді. Ералының айтқан сөздері құлағының түбінен ап-анық естіліп, жүрегі тағы
да удай ашып кетті.
Абыройын сатып масқара болған азғын қарындасыма да өлім! Момын елді қан
қақсатқан, хан Абылай, саған да өлім! — деді Қаныбек іштей, қанды үкім айтып.
Көп ішінен тұрып атсам жазықсыз біреуге оғым тиіп кетер деп, ол жасақ шетінен бір
бүйірлеп оңаша шыға берді. Бұған ешкім бəлендей көңіл де бөлген жоқ. Желе жортып келе
жатқан екі топ біріне-бірі таяу кеп тоқтады. Ауыл тобынан ақ боз ат мінген Сұршақыз ғана
алға қарай қозғалды. Сірə, жеңіс иесі Абылайды құттықтамақ болуы керек. Бірақ ол аузын
299
ашып та үлгірмеді, ысылдай кеп қадалған қозы жауырын оқ оны ат үстінен жерге ұшырып
түсірді.
Ал енді екінші жебем, Абылай хан саған! — деді əскердің бір бүйірінде оңаша тұрған
Қаныбек қорамсақтан сауыт бұзар оғын алып. — Содан кейін, ақ семсер, сен малынарсың
өзімнің ыстық қаныма!
Қаныбек садағын оқшау тұрған Абылайға кезей берді. Бірақ тартып қалуға үлгірмеді.
Өзінің сол жақ қолтық тұсынан кеп қадалған сүйір ұшты қайың оқтан теңселіп барып ат
жалын құша құлап кетті.
Сұршақыздың оққа ұшқанын аңғарып қалған Абылай, жалт бұрылғанда, қыз ағасы
Қаныбектің де жерге құлағанын көрді. Атынан түсіп қыздың қасына барды. Бір тізерлеп
отырып, қыздың əлі нұры сөніп бітпеген қарақат көздерін жапты.
Кім атты Сұршақызды? — деді айналасына қарап.
Ағасы Қаныбек батыр, — деді күзет бастығы.
Неге атты?
Білмедім.
Хан құлап жатқан Қаныбекке қарады.
Ананы кім атты?
Бұл кезде жасы мосқалданып қалған Қапан мерген алға шықты.
Мен.
Неге аттың?
Егер мен оны атпағанда, ол сізді ататын еді. Садақ жебесін сізге қарай меңзеді.
Абылай бұл оқиғаның мəнісін енді түсіне бастағандай болды. Жүрегі алай-түлей боп
өртеніп, Сұршақыздан айрылып қалғанына қатты өкініп тұрса да, тіс жарып сыр бермеді. Тек
əлден уақытта барып:
Жер ортасына келгенде бір қуанышқа жеттім бе деп едім, құдай, оны да қимадың ғой,
деді күбірлеп.
Жұрт айбарлы Абылайдың сақал-шашы бозарып, мүлдем қартайып қалғанын жаңа
байқады. Кенет оның үлкен қанды көздері жарқ ете қалды.
Жігіттер, екеуін бірдей ардақтап қатар қойыңдар! — деді жігерлі үнмен. — Тағдыр
осылай шешкен тəрізді...
Ағалы-қарындасты екі жас бір зиратқа қатар жерленді... Осы уақытқа дейін Түркістанның
күншығыс жағында «Құндыз төбе» деген төмпешік бар. Бұл екі жастың қабірі.
...Ұлы жүздің басты рулары қатынасқан, жеңіске арналған атаулы той болды. Осыдан екі
жеті бұрын ат құйрығына байланған жігіттің туысы, кеше ғана қаза болған Жəнібек, Қаныбек
пен Құндыздың туған нағашы ағасы Қоңырат руының араларында ештеңе болмағандай,
ақсақалы Нұрғазыға Абылай қымыз құйылған күміс кесені өз қолымен ұсынды.
Сонан соң тоқсанға келсе де əлі тұғырдан таймаған Бұқар жырауға қарады.
Адам дегеннің қандай екенін ұқтың ба, жырау... Қан мен жасқа бөлесең ғана олар сені
жақсы көре бастайды!..
Көп кешікпей, тағы да жаман түс көреді екенсің, хан Абылай!
Хан мен ақынның арасында бұл əңгіме ұзақ жылдан бері келе жатқан таластары еді...
...Хан ордасы орнаған теріскейдегі Көкшетауға қарай қалың қол алдында хан мен
жыршысы келе жатыр. Көптен бері бұл екеуінің бір сапта қатар жолға шыққаны осы. Жасы
ұлғайған сайын Абылайдың мінезі қатулана түскен. Ханның мінезі қатуланған сайын Бұқар
жырау одан алыстай бастаған. Бір кезде ақылшым деп көкке көтерген Бұқар жыраудың
сөзіне, соңғы жылдары, хан құлақ қоймайтын болған. Сөз қасиетін жоғары бағалайтын
Бұқар жыраудың мінезі, кейде ханның қитығына тиіп, кейітіп те тастайтын. Жырауды əдейі
ашуландырғысы келгендей оның көзінше Абылай бұрынғыдан ары ширығып қатая беретін.
Иə, адам деген осындай, — деді Абылай, жаңа ғана үзіліп қалған ойын қайта жалғап.
Бір сомын тартып алып, он тиынын қайтарып берсең жұрт сені əділетті билеуші санайды!
Бұқар жырау ханға көз қиығын аударды да қойды.
Қартаяйын деген екенсің, Абылай.
Сенен кəрі емеспін ғой.
Мен ондай кəрілікті айтпаймын, алдияр... Адам деген ақ пейіл, сенімпаз келеді...
Оның бұл қасиетін күлкі етуге болмайды.
Бұл сөзіңе қарағанда, мен емес, өзің қартайып қапсың...
Жоқ, мен бұрынғымнан ақылды бола бастадым...
300
Мен де, жырауым!
Бұқар жырау бұрылып артына қарады. Біраз жұрт ауылдарының тұсына келгенде
бөлініп кетіп, соңдарында азғантай ғана жігіттер қалыпты.
Біздің сөзімізді ешкім естімейді, Абылай... Оңашада сұрамақшы едім, айтшы...
Божбандарды неге ат құйрығына байлауға бұйырдың? Оларды саған қарсы қоймақ болған
өзіңе жақын адамдары еді ғой. Жəне Божбандар Қоқан хандығына дəл бүгін көше қоямыз
демеген-ді. Ел арасы елегізи бастағаны рас. Жел сөзге еріп қопарыла көтерілуі де мүмкін
еді. Ал сен... Ақылшы жіберіп тоқтау айтудың орнына, қамыс арасына жігіттеріңді тығып
қойып, əлім ханға тілдесуге бара жатқан адамдарын ұстап алдың. Сосын Божбан
атаулының бəрі осындай деп, бықпырт тигендей еттің. Неге бүйттің?
Бұның бəрін сен қайдан білесің, жырауым?
Білмей... Елу жылдан бері мен сенің мінез-құлқыңа, айла-тəсіліңе қанықпын ғой,
алдияр.
Қанық болсаң... Жаңа өзің айттың ғой, ел арасы елегізи бастады деп... Бүгін елегізсе,
ертең ереуілге шығады. Өзгеге үлгі болсын деп жазаладым.
Жоқ, бұл үлгі емес, күйік... Күйіктен ел қартаяды, еңсесі түседі...
Екеуі біраз уақыт үндемей қалды. Абылайдың тұнып келе жатқан көздерін-
де кенет бір ұшқын пайда болды. Даусы да жас жігіттің даусындай мығым шықты.
Қу қатын-патша бекітпегенмен, айтшы, жырау, осы жұрт мені Үш жүздің ханы деп
санай ма?
Иə, сені «Үлкен Орда» ханы санайды! — деді жырау ханның бұл сұрақты неге
бергеніне түсінбей.
Онда мынаны түсінші... Мен ат жалын тартып мінгелі, ажалдан қорқып көрген жоқпын.
Досымды да, қасымды да аяуды білген емеспін. Біреуін ат құйрығына байлап өлтіріп,
біреуіне оқалы шапан жауып, мадақтай көтеріп, өзіме серік еттім. Соның бəрін тек хан болу
үшін істедім бе? Иə, солай-ақ делік... Ал сонда сол дəрежеге мен неге соншама құмарттым?
Бұқар жырау атының басын бұрып алды.
Иə, бəсе неге?
Өзгеге үстемдігіңді жүргізіп, мерейің жоғары болу үшін дейтін шығарсың. Жоқ, олай
емес. Оған жай хан болсаң да жетеді.
Абылай кенет тұнжырай қалды.
Жарайды, бұның жайын басқа күні, сыр пернесін тағы бір қайғы шерткен күні
айтармын. Ал қазір...
Иə, қазір?
Абылай езу тартты.
Баяғыдан бері менің сойылымды соғып, қартайғаныңда өз ісіңнен өзің қорқып қалдың
ба, жырауым?.. Өткен іске өзіңді өзің қинамай-ақ қой. Оданда менің мына сұрауыма жауап
берші... Бастары қосылмай кеп, «Ақтабан шұбырындыда» кеуегінен қашқан қояндай сасып,
жартысынан көбін жоғалтқан бұл елге қандай адамның хан болуы керек еді. Былбырап
аққан ыстық қан иісінен жүрегі айнымайтын, қатал басшысы болмаса, сұрқия заманда жан-
жағынан қаптаған жауы даласын аткөпір етіп, өздерін əр жотаның етегіне төбе-төбе қып үйіп
кетпесіне кім кепіл еді? Сонда қазақтан не қалар еді? Осы сұрағыма жауап бер, əулие
жырау...
Бұқар жыраудың да көңілі орныққандай. Ол тіпті Абылай жаққа мойнын да бұрмады.
Айдалаға сөйлегендей мылқау үнмен:
Иə, өзің айтқандай, керек кезінде қатал болмағаныңда, мен сенімен бүйтіп қатар келе
жатпас едім, — деді. — Рас, өмір бақи сенің ісіңді көтермелеп келдім. Ол шежіре ғой. Ал
əңгіме қазір шежіреде емес, басқада. Оны өзің де жақсы білесің.
Тоқтама, жырау, айта бер!
Жоңғар, Қытаймен соғысып, Қоқан хандарының бетін қайтарғанша, сен жұртты
бірімен бірін өшіктіріп, не орынсыз өлімге бұйырып көрген жоқсың... Ботақанды тірідей көрге
көмгеніңді де ұмытпаған шығарсың, Абылай. Жұрт ол қылмысыңды да кешірді ғой. Иə, сен
ол кезде бар болғаны сұлтан едің, бес мың адамның саған күші жететін еді. Əлде
алдарынан көтерілген қазаның мен сабадағы қымызың сені құтқарды деп ойлайсың ба?
Жоқ, Абылай. Жұрт қонтайшыға қарсы шығатыныңды түсінді. Сол заманның шындығы сенің
жағыңда екенін ұқты. Су тасығанда сең ұрған балықтай есеңгіреп қалған ел, өзінің көсемін
іздеді. Бəрінің басын қосатын ер-азаматын іздеді.
301
Сол ер-азамат, тар жол, тайғақ кешуде жұртын аман алып шығатын ер сен ғана боп
көріндің ол күндерде.
Ал содан кейін не болды?..
Содан кейін... Батыр Баян қаза тапты.
Иə, айта бер... не демексің, жырау?
Туған інісі Ноянды өлтіргені үшін, бұл жалғаннан кеткісі келген жоқ. — Бұқар жырау
алыстағы көкжиекке қарай сөйледі. — Батыр Баян саған қатты сенген-ді. Ал сен болсаң
Қашқар мен Құлжадағы қазақ, ұйғырдың ереуіліне көңіл бөлмей, Алтынемелді тастап, кейін
шегіндің. Батыр Баян бұны опасыздық деп санады. Өмір сүрудің оған енді еш маңызы
жоқтай көрінді. Көрер көзге өлім іздей бастады. Бұндай жағдайда ешкім еш нəрсені білмейді
деп ойлау əміршілердің əдеті ғой.
Қытайға қарсы соғысар бізде күш болмағанын білмейтін бе едің, жырау?
əйткенмен, ереуілге шыққан елдің біразын сақтап қалатын едік. Бізден қауіп
ойламаған Чжао Хой мен Фу Де бүкіл шығыс Түркістанды қан-жоса етті...
Абылай мысқылдай езу тартты.
Менің шегінгенімді жұртқа өзің дəріптеп едің ғой!
Бұл қу заманда менің еріксіз дəріптегендерім аз дейсің бе...
Тағы нең бар, айтып қал, жырау?
Ал сен Алтынемелден тек хан болу үшін шегіндің. Содан кейін-ақ жолың, соңыңнан
ерген елдің болашағынан екі айрылды, ханым!
«Болашақ?» — Абылай басын шайқады. — «Болашақ» деген не?.. «Ел» деген не?
Мұндай сөзді менің арғы бабам, жер шарының тең жартысын жаулап алған ұлы Шыңғысхан
білген емес.
Ал өзің ше?
Білмесем... Арманым мен өксігі мол елу жылымды ат үстінде өткіз-
бес ем.
Шыңғысхан да бар өмірін жорықта өткізген. Бірақ ол бабаңның жаулап алған жарты
əлемі қайда, Абылай? Бізге қалдырған мұрасытек жанталаса алысу ғана емеc пе...
«Болашақ» дегеннің не екеніне енді түсіндің бе? Ал ел ше?... «Ел» деген ешуақытта да еш
нəрсені ұмытпайды. Оны «алдадым» деп тек хандар ғана ойлайды, Абылай...
Мен еш уақытта халықты алдаған емеспін.
Соңғы жылдары сен халықты жиі алдай бастадың, Абылай. Сенің жасағың
бұрынғыдай өз жерін ғана қарап отырған жоқ, бөтен елдердің жерін тартып алу əрекетіне де
кірісіп жүр. Біресе қарақалпаққа, біресе қырғызға, өзбек қалаларына жорыққа шығасың.
Дегеніңе көнгісі келмеген қазақ руларын да шабасың...
Осының бəрін сол қазақ елі үшін істеп жүрген жоқпын ба?
Жоқ, халыққа одан келер пайда шамалы. Басқаны қойып, Жайық қырғынын ғана есіңе
салшы...
Сол қырғында қырылған қырғыз жігіттері көз алдарына елестеп, екеуі де бір мезет
үндей алмай қалды. Қырғыз манаптарының қазақ ауылдарын оқтын-оқтын шауып, малын
барымталап маза бермегенін сылтау етіп, Абылай қалың қолмен кеп, Туро өзенінің бойын
жайлаған қырғыздың Солты руының көп аулын шапқан. Күтпеген жерден жауға төтеп бере
алмай қырғыз ауылдары Шу бойы-
на қарай босқан. Шу қойнауындағы Қызылсу мен Шамси өзендерінің түйіскен сағасында
үлкен ұрыс болған. Осы қан төгісте қолға түскен қырғыз ауылдарын Абылай Сарыарқаға
айдап əкеп, Есіл мен Нұра бойына орналастырған. Осы күнгі қазақ жеріндегі «Бай қырғыз»
бен «Жаңа қырғыз» рулары солардан қалған-ды.
Содан кейін қырғыз барымташылары қазақ ауылдарына беттеуді қой-
ды ғой, — деді Абылай, — сол жолы Шату асуынан өтіп, қырғыз ауылдарын шапсам, оным
қырғызбен көршілес қазақ елінің тыныштығын ойлағаным емес пе?
Қарғыс атсын ол күнді! — деді Бұқар жырау екі қолын жоғары көтеріп. — Қайта
оралмасын, өшсін қарасы сол қалпымен!
Неге?
Жайыл ойпатында достық емес, қастық туды!
Біз біресе жоңғарлармен, біресе шүршіттермен қырылысып жатқанда, қазақ
ауылдарын əлсін-əлсін шауып маза бермеген сол манаптар емес пе еді?
302
Иə, қырғыздың манабы мен қазақтың ханына атақ, мал-мүлік, төлеңгіт, құл керек
болды. Бірақ одан кім зиян көрді? Қылшылдаған алдаспан жазығы жоқ қара бұқараның
басын қара жерге домалатты. Бұны да сендер сол жазығы жоқ жігіттердің қолымен
істедіңдер! Сол себептен де бауырлас екі елдің арасына қастықтың уын қандарына сіңіруге
тырыстыңдар. Құдай бұндай қырғынды өзге халықтардың басына бере көрмесін!
Өшпенділік уы енді ұрпақтан ұрпаққа кетсін дедіңдер, күштілер. Сөйтіп қастық өрши беруін
тілейсіңдер. Бізге ең жақын қырғыз халқы еді. Сол халыққа өнеге болар артыңа не
қалдырып барасың? ҚалдырғаныңЖайыл қырғыны ма?
Ол қырғын да ұмытылмас дейсің бе, жырау?
Ұмытылады, неге ұмытылмасын, ол үшін...
Сөйле жырау!
Ол үшін жер бетінде хандар мен манаптар болмауы керек.
Абылай езу тартты.
Ел еркесі жыраулардың тек болғанды ғана емес, болмайтын жайды да айтуға қақысы
бар. Сөйле! Маған тағы қандай айып тағасың!
Бес батырын ат құйрығына байлап өлтіргеніңді Қоңырат жігіттері кешеді деп
ойлайсың ба?
Мен өлмей тұрып, ешкім оған құн сұрай қоймас!
Сен де мəңгі-бақи тірі тұра алмайсың. Абылай? Кесілген теректей бір күні сен де
құлайсың. Сонда денең бұзылып бітпей-ақ қанмен желімдеп құрған хандығың ыдырай
бастайды. Со кезде бар айыбың, су жыланның басындай шошайып-шошайып шыға келеді.
Сенің сүйегің қурап қалса, заман осылай тұра берсе, Божбанның жетінші ұрпағы бес
батырының қалай өлгенін ұмытпайды. «Болашақ» дегенде менің айтарым осы, Абылай.
Төгілген қанды қалай жапсаң да бəрібір шүберектің бетіне шығады. Заманымыз дүрбелең
болды деп, дөрекі іске жол беру күнə. Қиянатты істеу жеңіл, жою қиын. Ал сол қиянатты
өрбітіп жүргендер кімдер? Мына сен, хан Абылай. Кіші жүздің ханы Нұралы, Қоқан əмірлері,
Қырғыз манаптары. Патша мен боғдыхандар!
Сонда мені мадақтаған толғауларың жалған болған ғой?
Ол толғаулардың бəрі сенің ұстаған жолыңа сенгендіктен туған. Бірақ менің сол
сенімімді ақтамадың, Абылай!
Екеуі тағы біраз уақыт үндемей қалды. Күн батуға айналғанда, Абылай атының басын
тартып, қолдың қонатын жерін көрсетті. Бұл бір құрақты қара судың жағасы еді. Жігіттерінің
хан шатырын қалай тігіп жатқанын Абылай бір мезет қарап тұрды да тағы Бұқар жыраудың
қасына келді.
Сен айтқан пəлсапаларды емес, басқа жəйттерді ойлаудамын, — деді ол бір түрлі
қажыған кейіппен, — қиянат пен əділеттік, зұлымдық пен жақсылық. Бұның бəрі мен
бастаған іс емес... Ойға қалдырған басқа дүние. Хандығың берік емес дедіңбұл сөзің
шындық. Бірақ менің хандығымның осалдығы қанмен желімделгенінен емес...
Сонда неде?
Орыстың Омбы тəрізді қалаларында талай рет болғанымды өзің де білесің. Сол
қалаларға келісімен күзетшілерімнен бөлініп, көшелерін жеке аралайтынмын... Жан-жағыма
қарап, көргенімді ойға сап ұзақ жүретінмін. Орыс қалалары біздің шығыс елінің көшелері
қыңыр-қисық Бұхар, Хиуа, Самарқант секілді емес... Көшелері түп-түзу, кең, бірі мен бірінің
арасы мөлшерленіп бөлінген.
Онда не тұр? — деді Бұқар жырау. — Самарқанттың көшелері тар, қисық
болғанменен Ақсақ Темір зиратының, Биби ханум мешітінің қайда екенін тауып баруға
болады ғой...
Жоқ, мəселе онда емес, басқада. Шыңғысхан əскері несімен күшті боп еді, есіңде бар
ма?.. Өзінің тəртібімен, іріктеліп құрылған санымен күшті емес пе еді. Əр түменде он мың
жауынгер болған. Əр жауынгер өзінің орнын білген. Бүкіл əскер сол қалпымен жүріп
отырған. Əр сыпай жанындағы көршісі жа-
йында жауапты еді. Осылай темір тордай боп қатып қалған қалың қол Шың-
ғысхан тірі кезінде шебін бұзбай шабуыл жасап, бүкіл əлемнің тең жартысын жаулап алған.
Ал ұлы хан өлісімен алдымен түмендер тəртібі бұзылды, біріне-бірі кесірін тигізе бастады...
Иə, сосын?
Шыңғысханның тəртіпті, мызғымас түмендерінен қорыққан басқа халықтар енді
өздерінің өмірін сол Шыңғысханның түмендеріндей қатал тəртіппен құра бастады. Тіпті
303
көшелерінің арасына дейін өлшеп қойғандай. Міне, бұл елдердің күштілігі қайда жатыр!
Болашақтары да осында! Барлығы белгіленген, мөлшерленген! Егін еккен, қала салған.
Қаласынан да, егінінен де ешкім қашып кете алмайды. Төрт тағандап жерге жабысып
қалған. Жердің үстін былай қо-
йып, астына да кіріп барады. Өскеменде көрдім, үстіндегі топырағын аршып, астынан темір
мен қорғасын алып жатыр. Сол темірден зеңбірек пен соқа құяды. Ал біз болсақ
малымыздың соңынан құла түзде қаңғып жүрміз. Даламыз үлкен деп мақтанамыз. Бірақ ол
да қаншаға барады дейсіз. Көршілеріміз бізді жан-жағымыздан қысып келе жатыр. Егер егін
егіп, қала салып, кен қорытып үйренбесек, түбі құрып кетуіміз де ғажап емес.
Ертегіге айналған сонау көне заманда қазақ жерінде де қала салынып, егін егілген, —
деді Бұқар жырау. — Сосын сенің бабаң Шыңғысхан келді, көш соңынан шұбатылған
шаңдай біз де соңынан ердік. Сол күннен бастап дүние əлем-тапырық боп, шатысып, кетті
ғой...
Ұлы бабам қиратқан қалаларды, мүмкін, маған қайтадан тұрғызу керек болар?
Орыс қалаларынан неге көзіңді алмайтыныңды енді түсіндім! — деді Бұқар жырау.
Оның көзқарасында əрі таңырқағандық, əрі қобалжығандық бар еді....
Үлкен Орда ханы Абылай, осы кезде Омбы генерал-губернаторы бұнымен келіспей хан
ауылының жазғы жайылымдарының бірі Зеренді көлі мен Сандықтау маңында жаңа
бекіністер салып жатқанын естіді. Жəне дəл осы кезде «Россия» империясының іші бұлқан-
талқан боп бүлінуде екен!» — деген хабар жеткен. «Өлді деген орыс патшасы Үшінші Петр
тірі боп шығыпты. Ол қазір Жайық қазақ-орыстарын бастап Петербургке қарсы шығыпты.
Петербургті алып, қайтадан таққа отырмақ екен. Оған башқұрт, мордва секілді бұратана
ұлттар да қосылыпты».
Ақ патша басына күн туғалы тұрған осы аласапыран мезгілді хан пайда-
ланғысы келді. Жаңа ғана ауыл-ауылдарына қайтарылған қазақ жігіттері қайтадан жиналсын
деп, жан-жаққа ат шаптырды. Қол жиналысымен Көкшетау, Қызылжар қалаларына аттанбақ
болды. Бұл хабарды естіген Орынбор гене-
рал-губернаторы да өз əскерін қазақ даласының шетіне əкеп, тойтарыс беруге
дайындалды. Бекіністердің қабырғаларына зеңбіректер орнатылды. Бұл зеңбіректердің
біразы қазақ жігіттері шабуыл жасайтын далаға қарай қойылса, қалғанын бүгін болмаса
ертең Пугачевтің барлаушылары келетін тұсқа бекітті. Ереуілге шыққан Пугачев жасақтары
Жайық бойындағы, Орынбордан басқа бекіністерді түгел алған хабары естілді. «Жаңа
патшаға башқұрт ауылдары да қосылып жатыр екен деген «ұзын құлақ» бүкіл қазақ
даласын шарлап кетті.
... Иə, орыс патшасына кеткен жерлері мен оның сол жерлерге салған қалаларын алуға
бұл бір ыңғайлы кез еді. Бекіністерінде шамалы ғана гарнизондары бар орыс қалаларының,
көп жылғы соғыста əбден шыныққан Абылайдың атты əскеріне төтеп беруі екіталай
болатын. Оның үстіне бұл гарнизондардағы солдаттардың өздері де «қатын патшаға» деген
наразылығын жасырмай, ашық айта бастаған. Күн сайын əскер арасынан Пугачев
жасақтарына қашушылар да көбейген.
Абылай, жорыққа шығу алдында хан кеңесін шақырмақ болды. Осы кеңесте өзін Үш
жүздің атынан қимылдауға рұқсат алуды басты мəселе етіп қоюды ойлаған.
Бірақ хан шешімі күрт өзгерді. Оған себеп болған Жайық жағасында бір төлеңгіттің
əкелген хаты еді. Бұл хатта Жайық бойының бір топ батырлары Арқа жігіттерін күреске
шақырған. «Орыс бекіністерін талқандап, жасақ боп құралып, Жайық бойындағы жаңа
патшаға келіп қосылыңдардеген бұл хатта. — Жаңа патша орыс, қазақ, башқұрт, татар
басыбайлы құл, хан төлеңгіті демейді, бəріңді бірдей бостан етеді».
Хан нөкерлері хатты таба алмаған, бірақ төлеңгітті ұстап Абылайға алып келген.
Кімсің? — деген хан оның бетіне тесіле қарап.
Төлеңгіт ханға басын да иген жоқ. Танау шеміршегі жұлынған, кең маңдайына
темірмен күйдіріп басқан «ұ» деген əріп бар. Бұл «Ұры» деген сөздің белгісі. Мұндай таңба
тəртіп бұзған, не қашуды ойлаған тұтқындарға патшаның кен шығаратын орындарында
салынатын.
Танымай қалдың ба мені, Абылай хан?!
Абылайға төлеңгіт даусы таныс секілді көрінді.
304
Өздерін өздері батыр деп атаған алаяқтардың хаты қайда?
Батыр деген ат əкесінің дəулетімен бірге келмейді, жігіт адам қан майданда ерлік
көрсетіп өзі алады! — деді төлеңгіт кекете күліп.
Абылай жігітті енді таныды.
Бұл баяғы жалғыз көз Орақтан тараған Қияқ пен Тұяқ құлдардың ұрпағы Науан ұстаның
жалғыз баласы Керей еді. Ол Бөгенбайдан кейін де талай қанды ұрыстарға қатысқан.
Еңіреген ер бола тұрса да, ақырында хандарға еріп, адам баласы бірін-бірі аямай қырған
жорықтардан жүрегі шайлыққан. Сөйтіп ол жылқы баққан ауылдың бостан жігіті боп отырып
қалған. Бірақ өмірдің қиянаты оны қайтадан қанды тартысқа алып келген. Бірақ бұл жолғы
тартыс өзгешелеу еді. Күндердің күнінде уақытында ханға деген гараж-қаражатын төлей
алмай, ол бір сұлтанға бес байталға төлеңгіттікке сатылған-ды. Бір күні бұның жасөспірім
қызын сұлтанның зорлап жатқан үстінен шығып, оны қанжарымен жарып өлтірген. Абылай
ісін қарап, кісі өлтіргені үшін, патша үкіметінің қолына берген. Ал патша соты күміс
шығаратын жерге каторгаға айдаған...
Иə, қайдан жүрсің, жылқышы Керей! —деді Абылай, — өзің секілді кісі өлтіргіштер
барып қосылып жатқан жаңа «орыс патшасы» кім?
Керей тісін ақсита күлді.
Жай кісіні өлтіру обал. Ал сұлтанды өлтірусауап. Алла тағаланың өзі ондай
күнəңнің тең жартысын кешеді.
Бүкіл күнəңді кешу үшін не істеу керек?
Ханды өлтіру керек! — деді Керей сабырлы үнмен.
Тақымына қыл бұрау сап қинағанмен, Керей Пугачев батырларының хатын кімге
бергенін айтпады. Келесі күні оны асау айғырдың құйрығына байлап, азаптап өлтірді. Сол
күні түнде хан төлеңгіт аулының жүз елу жігіті Пугачев ереуілшілеріне қосылмақ боп қашып
кетті. Олардың ішінде Керейдің ер жетіп қалған екі баласы да бар. Ертеңіне мың жарым
нөкерімен қашқындарды Абылайдың өзі бір кішкентай өзеннің жағасында қуып жетіп,
алдына сап айдап қайтуға қоршай бергенінде, кенет гүрсілдеген мылтық дауысы шықты.
Бірден он шақты нөкері оққа ұшқан Абылай амалсыз қамысты сайға барып тығылды. Жаңа
салынып, жатқан бекіністің бір рота солдаты офицерлерін өлтіріп, қазақ жігіттерімен бірге
Пугачев əскеріне қашқанын хан артынан естіді.
Амал жоқ, бұларға шегінуге тура келді. Абылай Ордасына қайтып келгеннен кейін, орыс
бекіністерімен шектесе отырған Қарауыл руынан жорыққа шақырылған жігіттердің тең
жартысы келмегенін білді. Ауыл билері мен ақсақалдары Абылайға «кедей біткеннің бəрі
орыс ереуілшілеріне қосылып кетті» деп хабар берді. Осы күннен бастап хан
төлеңгіттерінен де күніне екі-үш адам жоқ болып отырды. Кешегі «кəпір» деп өздері
қорқытқан орыс қара шекпендеріне ауыл жігіттерінің еркімен барып қосылып жатқанын
көрген сұлтандар енді зəре-құттары қашып сасайын деді. Жұрт қаһарынан қорыққан
кейбіреулері орыс бекіністеріне тығылды...
Бір жеті бойы Абылай хан ордасынан шықпай қойды. Бір нөкерін Омбы генерал-
губернаторына, екіншісін Орынборға шаптырды. Үш жетіден кейін Абылай мен Нұралы
Тобыл өзенінің жағасындағы бір шағын бекіністе кездесті. Бұл мəжіліске Орынбор мен
Омбыдан келген орыс офицерлері де қатынасты.
Осы мəжілістен кейін Абылай мен Нұралының жасақтары бүкіл қазақ даласын шарлап
өтті. Пугачев көтерілісшілеріне қосылмақ боп қашып бара жатқан қазақ жігіттері мен орыс
солдаттарын лек-легімен ұстады. Оларды мойындарына арқан байлап сүйретіп, орыс
бекіністеріндегі кəрі қылыш офицерлеріне апарып тапсырды. Жарты сағаттан кейін
бұлардың бастары кесіліп, «кімде-кім бүлікшілерге қосылғысы келсе, осылай өледі» деп
бекініс қабырғаларына қойылды.
Абылай мен Нұралы арнаулы жасақ шығарып, көтеріліске қосылған ауылдарды шапты.
Бұл жасаққа патша үкіметіне адал қызмет істеп келе жатқан қазақ мырзалары мен орыс
ұландары бірігіп, қазақпен көршілес башқұрт ауылдарын да ботадай боздатты. Сонда
тоқсан үштегі Бұқар жырау ашуланып, өзінің:
Абылай-ау, Абылай,
Момынға келіп бек болдың...
деп басталатын атақты толғауын айтып еді.
305
Өкпеңменен қабынба,
Өтіңменен жарылма,
Орыспенен соғысып,
Басыңа мұнша көтерген
Жұртыңа жаулық сағынба.
Күніңде мендей жырлайтын
Тоқсан үште қария
Енді де саған табылмас
деп бітетін, орыс халқымен достасуға шақырған жыры бүкіл қазақ еліне тарады. Бұл
толғауға құлақ қойған жайлаудағы жылқышы, күзеттегі жауынгер енді қашқын орыс
солдаттарын ұстап берудің орнына, Абылай нөкерлеріне «ел арасын бұзғалы жүрсіңдер» —
деп, өздеріне тап беруді шығарды.
Ел арасында Абылайға деген наразылық туа бастады. Хан жасағына келіп қосылудан
гөрі, қазақ жігіттері Жайықтың арғы бетіндегі Пугачевтің белгісіз батырларының қол астына
қашты. Бүкіл қазақ жерінде түнде жанған оттар көбейді. Ол отты қоршай отырған ереуілшіл
жігіттердің қосылып салған əндері жиі естіле бастады. Оларға Пугачев көтерілісінің хабарын
жеткізгелі асыға шапқан салт аттылардың дүбірі келіп ұласты.
Сондай күндердің бірінде Бұқар жырау Бурабай көлінің жағасында «Абылай алаңы»
атанған жердегі хан Ордасына келді. Жыраудың Абылайды білгеніне жарты ғасырдан асып
кеткен-ді. Жоңғар қолына «Абылайлап» жеке шапқан жас жігіт əлі күнге дейін жыраудың
есінде. Жігіт ағасы болып Қалден Церенге тұтқынға түскен Абылайды да жырау ұмытқан
жоқ. Бетінің тамыры бір бүлк етпей, адам қанын белшеден басып жүрген бүгінгі Абылай да
жыраудың көз алдында. Осының бəрін білетін жүзге келген жырау Абылайдың дəл
қазіргідей құты қашып, əбігерленген кезін көрген емес. Қартая бастаған хан, қарсы
алдындағы бір затқа көзі тұрақтамай, қолындағы қамшысын білеп жұрттың апшысын
қуырып жүр.
Хан аулының ақ үйлері əлдеқашан жығылған. Сары атан, қара інгендерге əлдеқашан
артылған. Көш алды қозғалып та кеткен. Күнгей жаққа қарай айдалған үйір-үйір жылқылар
мен қотан-қотан қойлары да əлдеқашан Көкшенің хош иісті қырқа белестерінен асып
үлгірген. Бұл əбігерхан аулының көшу əбігері. Осыдан үш күн бұрын Абылай хан
Ордасын елімнің көне астанасы Түркістанға көшірем деп жариялаған. Сол сағаттан бастап
хан ауылы əбігерге түскен. Төскейдегі жылқыға, жеке қонған ағайын-туысқа хабаршы
шапты-
рылған.
əрине, хан ордасының Түркістанға көшірілуі, қазақ елінің көне астанасын іздегендіктен
емес еді. Қазір қай астананың көне, көне еместігіне қарайтын Абылайда мұрша жоқ-тын...
Япырмай, жеттіңіз бе, жырауым? — деді Абылай, аттан түсіп жатқан Бұқарды көріп,
жолыңызда, əйтеуір, ешкім кедергі болған жоқ па?..
Қазір жол бойы толған адам ғой, — деді жырау ойын ашып айтпай.
Иə, қазір жол бойында тонаушы көп. Жұрт бұзылды ғой!
Бұқар жырау тағы бір ой тастады.
Қартайғанда дүние біткеннің бəрі жаман көрінетін əдеті.
Жоқ, одан емес! — деді Абылай.
Сөзімді ешкім тыңдап тұрған жоқ па дегендей, Абылай жан-жағына қа-
рады.
Мен бұл арада отырсам, мына жұрт хан етіп қалдырмайды!
Бұқар жырау жағдайға енді түсінді.
Орыс қалаларындай қала салам деген өзің емес пе едің...
Қарғыс атсын мұндай қалаларды! — деді Абылай қолын сермеп. — Бұл қалаларды
мен тек губернатор, жандаралдар ғана билейді деп ойлайтынмын. Астанасында қатын
патшаның тұратынын да білетінмін. Түбі олармен тіл табысармын деуші едім. Бірақ менің
ойлағанымдай болмай шықты. Бұл қалаларда бастықтарына бағынғысы келмейтін
бүлікшілер де тұрады екен. Келімсектерден үлгі алған құл-құтан, малшы-жалшы, кедей
тобыр індет келгендей əбден бүлініп барады.
Хан Абылай, енді міне шыныңды айтып тұрсың! — деді Бұқар күлімсіреп.
Неге жалғызсың, жырау? Үнемі қасыңа еріп жүретін серіктерің қайда? Қазір біз жолға
шығамыз ғой...
306
Жоқ, мен осы арада қаламын! — деді Бұқар жырау, əлдеқайдағы көк-
жиекке көз жіберіп.
...Алтын сəулесі бүлдіргенді, жидекті жасыл даланы нұрға бөлеп, күн жоғары көтеріле
берді. Көшкен жұрттың орнында қалған оттар сөнуге айналған. Төбе басындағы Бұқар
жырау күнгей жаққа қарап əлі тұр. Алыстағы белестен асып, хан көші біртіндеп жоғалып
барады. Көкжиектен көтерілген сағыммен ойнап, Абылайдың ақ туы бұлдыр қағады...
ЭПИЛОГ
Бір мың жеті жүз сексен бірінші, Ұлу жылы Түркістан өлкесіне өте ауыр жыл болды.
Гулей соққан ыстық жел шаһар маңының майда құмын көкке көтеріп, жан-жануардың
көзін аштырмай, тұтығып тұрды. Жаз шыққалы бір тамшы жаңбыр көрмеген сұр топырақты
тақыр дала арса-арса боп жарылып кеткен... Табиғаттың осынау қияпат қысымы жетпіске
келіп хал үстінде жатқан Абылайдың да тынысын тарылта берді. Бірақ ол бүкіл денесі
құрысып, жүрегі қабынып, ауыр науқас өкпесіне біздей қадалса да, дауыс шығарып сыр
беретін емес. Шоғы сөнген қоламтадай күннен-күнге бозара түсіп, сөніп бара жатты. Иə, бұл
ауру сонау Үмбетей жырау келіп, Бөгенбай батырының өлімін естірткен күннен бас-
талған-ды. Со күні Абылай бір түрлі қобалжуда еді. Үш жүздің ел-жұрты өзін Үлкен Орданың
ханы етіп боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ кигізге көтерген күнінен сегіз жыл өткен соң,
Абылай бүкіл қазақ ханы етіп бекітуін сұрап, баласы Тұғымды бас етіп, Петербургке елшілер
аттандырған. Бекерге қауіптенбеген екен, Екінші Екатерина қатын патша оны тек Орта
жүздің ғана ханы етіп тағайындады. Бұл хабарды естігенде Абылай бармағын шайнап,
теріс бұрылып кетті. Тұғымды Петербургке аттандырғанда, қанша қобалжығанмен де,
«Мүмкін, қатын патша бекітіп қалар» деп үлкен үміт күтіп еді. Со үміті орындалмай,
қапаланып отырғанында Арқадан, Баянаула жақтан бір топ жуан қоныш, түлкі тымақ, кіселі
күміс белбеулі ақсақалдар Ордаға кіріп келген. Ханға тəжім етіп сəлем берісіменен Үмбетей
жырау босағада бір тізерлей отыра қап, қарлыққан кəрі даусымен, өлім естіртетін əуенге
салып, бір термені шұбырта жөнеліп еді:
Ей, Абылай, Абылай,
Абылай ханым, бұл қалай?
Бұл қалайдан сескеніп,
Сөзімді қойма тыңдамай,
Талай істер басыңнан
Өтіп еді-ау жасыңнан
Қиын, қызық əрбір жай, —
деп Үмбетей жырын бастай бергенде-ақ сұлық отырған Абылай, бойын жиып алған. «Қай
батырым, не қай жан күйер ақсақалым қаза болды екен?» — деп шошына қарап еді. Бірақ
жырау тоқ етерін айтпай орағытып, алдыменен Абылайдың қасында қандай батырлар
болып, қандай ерлік істер істегенін біраз жыр етіп келді де, кенет оқ тиіп құлаған қоңыр
қаздай сұңқылдады:
Ей, Абылай, Абылай,
Сөзімді тыңда тағыда-ай!
Өзіңнен біраз жасы үлкен
Дөмпеш таудай басы үлкен,
Жасыңда болған сырласың,
Үлкен де болса құрдасың,
Сексеннен аса бергенде
Қайрылмас қаза келгенде
Батырың өлдіБөгенбай! —
дегенде Абылай жүрегі қабынып, не дерін білмей, сілейіп отырып қалған.
Бөгенбай-сынды батырдың
Береке берсін артына-ай,
Сабыр берсін халқына-ай,
Жасаған ие жар болып,
Бейіште нұры шалқығай
деген ең ақырғы жыр шумағын əзер тыңдады.
307
Баянаулада өлген батырдың құрметіне Абылай ел жинап, құран оқытып, қазасын осы
Түркістанда өткерді. Сол күннен бастап өз денесі құрысып, жүрегі қабынатын кесел пайда
болды. Бірақ, бұл дерт айында, жылында бір ұстап, Абылайдың əдейі тəубесін келтіргісі
келгендей, əрі-бері қысып, артынан тарқап кететін. Ал сол кесел, міне, үш айдан бері, ханды
тұрғызбай біржолата басып алды. Абылайдың есін жиюынан талықсуы көбейіп кетті. Бүгін
де сондай халде еді. Əлсін-əлсін ұстап жанында отырған Бұқар жыраумен өлер алдында
қоштасып, іштегі арманын сыртқа шығаруға да мұршасын келтірмей қойған. Сөйтіп қиналып
жатқан ханның, тек түс ауа ғана тілдесуге шамасы келді. Көңіліндегісін айтып қалайын
дегендей асыға тіл қатты.
Құдайдан жалғыз ғана тілегім бар еді, Бұқар аға, алар болсаң қан майданда
жүргенімде ал деуші едім, — деді ол ақырын көзін ашып. — Көрдің бе, міне, елу жыл оқ
дарымай келіп, ақыры бір шаншудан ажал таппақпын. Өмірде бар тілегімді бергенде, құдай
бұл тілегімді неге бермеді екен.
Бұқар жырау «өлмейсің» деп оның көңілін жұбатқан жоқ. Адамның өңменінен өтетін
үлкен өткір көздеріндегі нұрдың сөніп бара жатқанын көрді де ең болмаса сөйлесіп қалайын
дегендей, Абылайдың төсегіне жақындау отырды.
Иə, Абылай, — деді сөзді əріден толғап, — елу жылдан астам ат үстінде болдың.
Батыр да атандың, ақыры хан тағына да отырдың. Бірақ соның бəрінен не қалды?
Сенің осылай дейтініңді сезетін едім, — Абылай езу тартқандай болды, — рас, хан
тағына жету үшін мен ұзақ һəм бұралаң жол бастым... Бірақ сол хан тағы маған не үшін
керек еді? Осы сұраққа көңіл күйім тағы бір қасірет шеккен күні жауап берейін деп едім ғой.
Сол күн туған секілді... Адамға өлімнен артық қасірет бар ма? Ал тыңда... Иə, хандық құру,
тек мансапқорлықтан туды ма сол арман? Жоқ, Бұқар аға, онда сен мені білмегенің.
Қолыңда күшің болмаса, кімге айтқаныңды істете аласың? Ұлы хан тағына отырсам қазақ
елін өзімнің дегеніме жеткізсем деп ойлағам... Ал соңынан... Əділетті ұлы хан болсам халық
менің бұрынғы қиянаттарымды ұмытады ғой деп сенгенмін...
Бірақ сенің қолыңнан ондай хан болу келмеді ғой.
Хан бар жерде қиянат болмауы мүмкін емес екен. Бірақ мен сол қиянатымды да,
озбырлығымды да, халқымды уысымда ұстау үшін жұмсадым, ел бірлігін күшпен сақтамақ
болдым.
Бұқар үндемей отырып қалды. Бір кезде барып:
Иə, Абылай, сен қанды көз қара бүркіт едің!
Саған еліңді аққу құстай əдемі əніңмен басқармадың деу күнə болар... Олай басқаруды
мына замана көтермес те еді, — деп Абылайдың ұзын, арық саусақтарын сипады. — Ал
енді бұл жалғаннан өтіп барасың, артыңдағы ұл-қызыңа айтар қандай кеңесің бар?
Абылай бұл сұрақты күткен секілді. Сəл ойланып жатты да, Бұқарға көзінің қиығын
аударды.
Ұл-қыз дейсің бе?.. Менің кеңесіммен жүрер ұл-қыз болар ма екен? Сөйтсе де екі
айтарым бар. Біріқазақ аз ел ғой, азып-тозып кетпес үшін, қолдарынан келсе солардың
бірлігін сақтасын. Бірлігі бар елді басқару жеңіл. Екінші айтарыммен елу жылдан астам
соғыс жүргіздім. Жетпіске келген жасымда, мейлі айла құрайын, қолыма найза ұстап
майданға шығайын, əйтеуір шығыс жағымнан келген жауға, əсіресе, Қытайға қазақтың бір
тұтам жерін бергем жоқ. Ал батыстан келе жатқан орыс еліне, оның бекініс, қала салуына
қарсы шықпадым. Тіпті қара шекпендеріне егін-жай да бердім. Осыны неге істедім? Ақ
патшамен тіл тапқым келді. Рас, кейде оның қиянаты да аз болған жоқ. — Абылай өзін Їш
жүздің ханы етпеген өкпесін айтқысы келді де кенет қоя қойды. — Бірақ «битке өкпелеп
тоныңды отқа салма» деген, сол ақ патшамен найза арқылы емес, сөз арқылы тіл табуға
тырыссын. Бұлай ету өздеріне сүйеніш болады. Ақ патша тірі тұрса, Абылай ұрпағынан ел
билеу үстемдігі кетпейді...
Абылай, — деді Бұқар жырау, — өмірде қиындықты да, қызықты да көп көрдің, ал
сонда қандай өкінішің бар?
Өкінішім, — деді Абылай күрсініп. — Өз басымның өкініші... Үш жүздің басын қоса
алмадым; аз елге хан болдым. Қазаққа мал емшегін емізгенмен, жер емшегін емізе
алмадым. Орда Көкшетауда тұрғанда ақылшым болған Тимофей Егорұлының кеңесімен
Зеренді, Шортандыны жайлаған төлеңгіттеріме егін егуді үйретсін деп орыс мұжықтарын да
əкелдім. Бірақ мал баққан, найза ұстаған сорлы қазақ, тез көндіге қоймады. Жер деген
алтын қазына ғой. Екі тепе сулы жері бар өзбек, екі үйір жылқысы бар қазақтан бай тұрады.
308
Жəне жұттан да қуаңшылықтан да қорықпайды. Ал мен жаудан қазақтың жері біткенін
қорғаймын деп жүргенімде дүние құрғыр өтіп кетіпті ғой, білмей қалдым...
Абылай үндемей сəл жатты да, жұмылып кеткен көзін қайтадан ашты, дүние шіркінді
қимағандай салтанатты хан сарайына сұқтана бір қарады.
Жырау, егер айтарың бітсе, менің де сенен сұрарым бар, соған жауап берші.
Айтыңыз, хан ием.
Адамзатқа əрқашанда қуат беретін үміт деген ұлы күш бар. Ол ақылыңды
қанағаттандырып қияға самғатады. Жігеріңді қамсыз қайрай көк темірге салдыртады. Мен
де бұл дүниеден көп нəрседен үміттенген едім, жеткен жерім осы болды. — Абылай ауыр
күрсінді де тағы үндемей қалды. Аздан кейін қайта сөйлеп кетті. — Үмітсіз тек шайтан дейді
қазақ. Жоқ, ол бекер екен. Ең үмітсізкөктемі мен жазы өткен, терең тамырлары қайта
жасармастай боп семген кəрілік екен. — Ол тағы қинала күрсінді, — əрине, жетпіс екі жас
кəрілік пе? Бірақ басымнан өткен қилы-қилы кезеңдерге көз жіберсем, мың жыл
жасағандаймын. Жоқ, мазасыз ой, бітпес тартыстан, тəнім емес, жаным қартайыпты. Ал
жаныңның қартайғанышын кəріліктің келгені, алдағы үмітіңнің тегіс сөнгені... Үмітіңнің
сөнгеніол сенің өлгенің! Бұл аурудан жазылсам да, жаным шаршаған кəріліктен жазыла
алмайтыным кəміл. Жазылудың да керегі жоқ секілді, бірақ сөйтсе де өлгің келмейді екен,
əлі де жер басып, күн сүйіп жүре тұрсам дейсің...
Иə, хан Абылай, мың жасасаң да өлім əрқашанда ерте.
Солай екен! — Абылай ауыр күрсінді. Сосын өзін өзі кекеткендей езу тартты. —
Өлгелі жатып, өлім əуестей, неге осыншама қақсап кеттім. Менің айтайын дегенім басқа еді.
Ол енді сəл ширақ сөйлей бастады, — Хиуа тұтқынынан өзімді алып шыққан Ораз құлдан
бастап мен дүниеде аз адамның қанын төккен жоқпын. Майданда да өз қолыммен сан ер
жүрек, албырт жасты ат жалын құштырдым... Жазығы бар, жазығы жоқ, талай адамның
қаны мойнымда... Өмір бойы, қазақ тəрізді азғантай ел қасқыр тектес келсе, сол жөн деп
ойладым. Өйткені ол өз тіршілігі үшін алыса да, жұлыса да біледі. Қазақ елі де сол қасқыр
тəрізді өз тағдыры үшін күресе алса ғана, тірі қалады деп ұққам... Заман тек өзін де,
басқаны да аяуды білмейтін күштінің заманы... Мен елімді соған баулыдым. Өзімдей болуын
көкседім. Бірақ мұным, міне, өлер алдында ғана түсіндім, дұрыс емес екен... Ел болып жер
бетінде қалудың басқа да жолы бар сияқты... — Ол тағы шаршай сөйледі. Кенет тағы басын
сəл көтерді, — өзің көріп отырсың, маған енді бұның бəрінің қатысы жоқ... Тек енді сен
маған мынаны айтшы, осы менің құдай алдында күнəм көп пе? О дүниеге барғанда мүңкір-
нəңкір «сен күнəкарсың» деп гүрзісімен ұрып жүрмей ме, осы сұрағыма жауап берші, жаным
тынышталсын.
Елу жылдан астам майдандас болып жүріп, бір рет те Абылайдың ажалдан
қаймыққанын көрмеген Бұқар жырау, оның о дүниеге барғанда мүңкір-нəңкір гүрзісінен
қорыққанына таң қалды. Əйтсе де ол Абылайдың өлер алдында сонау өзі төккен көп қаннан
шошып жатқанын ұқты... Бұқар жырау жауап беріп үлгірген жоқ. Абылай ақырғы рет
ышқынып демін алды да, көзін мəңгі жұмды.
Бұқар жырау ұзақ уақыт құлпытастай шошиып отырып қалды. Бір мезетте ұйқыдан
оянғандай, алдында жатқан Абылайдың қан-сөлсіз сұсты бетіне қа-
рады.
Ол енді ақырын күбірлеп сөйлеп кетті.
Аза күнде қан жылап
Қайғыдан қара бұлт тұрар.
Қурай кенет жас құрақ
Ақ қайың сəтте морт сынар.
Ажал, сенде жан болса
Тілімді удай салар ем,
Бетіңді етіп қан-жоса.
Тоқтатар сөз табар ем!
Жеңілді Бұқар сөз таппай,
Құм бітеді көмейін.
Кешір, ханым Абылай,
Қара тасқа не дейін?
Білсең де өстіп өтерін,
Дүние саған болды тар.
Жалғыз тəубе етерім:
309
Артыңда қалған атың бар.
Бұқар созыла тұра келіп Абылайдың бетін жапты. Сосын аяғын ілбіп басып сыртқа шықты.
Уа, халайық, — деді дауыстап. — Шаңырағың құлап жерге түсті, хан Абылай дүние
салды!
Үш жүз аза тұтып Абылайды Қожа Ахмет Яссауидің мешітіне жерлегеннен кейін, Бұқар
жырау Сарыарқаға қайтты. Халқымен тағдыры бір қарт ақын артына бұрылып қарай-қарай,
терістікке ұзай берді...
* * *
Иə, қазақ даласына Россияның келуі, қайта оралмас тарихтың өктемді желісін
жылдамдата түсті. Бұл кезде хан, сұлтандардың, ру басы батыр, билердің кешегі
қолындағы алмас қылышы, басыбайлы құлы — «импрам» — қара бұқара, енді өзінің күшін
анық сезініп, қазақ деген айбарлы жұртқа айналған. Ұлы орыс халқымен бірігіп, бұл жұрт
өзін қанаушы тапқа, феодалдық қоғамының үстемдігін жүргізетін уəкілдері хан, сұлтан, бай-
манаптарға, олардың қорғаны Россия патшаларының отаршылық саясатына қарсы күрес
жолына шыға бастаған. Сана-сезімі ояна түскен, кешегі көшпелі ел, өздерін тағы да алмас
қылыш етіп қолдарына ұстап, өтіп кеткен хандар заманын қайта орнатпақ болған Абылай
ұрпақтарының жанталастарын да, қанды əрекеттерін де ұға түскен. Мұраттарына жету үшін
енді олар бұл жолдан басқа, жаңа жол іздеуге кіріскен.
310
ҮШІНШІ КІТАП
ҚАХАР
311
БІРІНШІ БӨЛІМ
І
Ай сəулесі жүдеп, қырқа үсті ақ шолаң тарта құлан иекте-
ніп атып келе жатқан таңмен бірге шашақты сасыр, түйе жапырағы аралас, ат құлағы
көрінбейтін көк шалғынды ылдидан қалың көш көрінді.
Аздан соң көгілдір аспанды алтын сəулесімен шарпи, қызарып күн де шықты. Төңірек
сандықтан суырған гауһар тастай жалт-жұлт ойнап ғажайып сəулетті түрге енді. Жаз ортасы
ауған шақ еді. Даланың сəнге бөленген кезі өтіп, сұлу ажары кеми бастағанымен, күн
сəулесіне бөккен жасыл шалғын семіз малдың түгіндей құлпырып тұр. Қалың шөп арасынан
сыңсыған қып-қызыл қой бүлдіргенінен, сиыр бүлдіргенінен көз тұнады. Əбден саумалданып
саяу бере бастаған қымыздық та шоғырлана кездеседі. Мезгілі өтіп бара жатқан қалың
балауса, көк шалғынның хош иісі таңғы кіршіксіз таза ауамен араласып мұрынды жарады.
Күн сəулесіне шомылған көштің беті күнгей тұс. Көш басында тең үстіне қызыл ала
масаты кілем жабылған күлсары атан жетектеген, солғын реңді кəрі шал. Астында тобылғы
күрең ат, үстінде қоңыр түйе жүн шекпен, басында төрт салалы пұшпақ бөрік. Оның соңынан
тізбектелген аттылы, түйелі қалың керуен. Кейбір қомды түйелерде ағараңдаған əйел
кимешектері көрінеді. Шаңырақ доңғалақты екі аяқ шиқылдақ арбаларда кемпір-шал, бала-
шаға... Қыз-келіншек, бозбала ат үстінде. Бірақ бұлар əдеттегідей əн шырқап, əзілдесе сөз
қағысып, бірін-бірі қуып жарыспайды. Үн-түнсіз тұнжырап қалған. Көштің оң жағында қалың
жылқы. Қырқаны бүйірлей тасыр-тұсыр жіті басып келе жатыр. Көш соңында қара мал, одан
əрі жүре жайылған қотан-қотан қой-ешкі.
Көш жүрісі шұғыл. Пысқырған жылқы, анда-санда боздаған түйе. Үстіне қауырт келіп
қалған мал тұяғынан сасып, қияқ пен ши түбінен пырылдай ұшқан бөдене мен жапалақ.
Асыға қимылдаған қыруар ел ылдидағы масағы кере қарыс қалың балқурай көмкерген
айдын көлге қарай беттеді... Таң əлетінен жау қуғандай жөңкіген жұрт бір жаманатты
аңғартқандай. Оларды қоршауға алып, суыт келе жатқан сойыл-шоқпар ұстаған жүзден
артық ер азаматтар тобы бар. Бəрінің де астында сүмбілдей сəйгүлік жүйрік, шайқала
ырғалған жорға. Түстері суық. Шекпен-шапандарының етек-жеңі түріңкі. Бұлардың ішінде
қайыңның безіндей берік, қазан тастай шомбал, төртпақ келген біреу ерекше көзге түседі.
Астында есік пен төрдей, ай табанды жайма жал қара көк айғыр. Тақымында келте шоқпар,
қарына темір бауырлы қайың сойыл ілген. Үлкен өткір қара көзді, ұзын, қою қара мұртты
адам. Таңмен бірге ашыла түскен қара сұр жүзі ақ сұпыдай. Бұл осы көштің басшысы,
Баянауылдағы Қаржастан шыққан Азнабай ұлы Сейтен. Қазіргі беті Балқаш көлінің
маңындағы кең алқап. Ал арғы мақсаты осыдан үш жыл бұрын Алтын, Алтай, Тоқа, Уақ
руларының қырық мың шаңырағын ертіп Қоқан хандығы қарауындағы Сыр бойына өтіп
кеткен Қасым төренің балалары Есенгелді, Саржанға қосылу.
Сейтенмен үзеңгілес түксиген қабақты, кескен томардай келте қара сұр жігіт келеді.
Сары ала қынапты қисық табан келте қылыш тағынған. Кісі өлтірген адамдай түсі зəрлі. Бұл
Қубет ұлы Ожар. Бір кездегі барымтаға да, жауға да қатар шапқан Сейтеннің үзеңгілес
досы. Соңғы үш-төрт жыл ішінде Ақмола аға сұлтаны Құдайменденің Қоңырқұлжасының
қасында болып, жақында ғана өз еліне қайтып келген.
Маңыраған қой, мөңіреген сиыр, кісінеген жылқы үніне дабырлай сөйлеген адам даусы
қосылып, таңертеңгі табиғаттың бейкүнə тамылжыған шырқын бұзып, кең даланы басына
көтерді. Жасыл құрақ арасында бұйығып жатқан топ елік орындарынан үрпиісе түрегеліп,
көл жағалай зыта жөнелді... Інінен жаңа ғана шығып, таң намазын оқыған молда тəрізді,
шоқиып отырып алып, шақылдай жөнелген семіз суыр дабырлаған үнге сəл құлағын түріп
тыңдай қалды да, кенет қалың ши арасына кіріп жоқ болды. Беймезгіл келген жұрттан
сескенген көл үстіндегі құс у-шу, абыр-сабыр.
Көл жағасына дамылдаған көш түйенің қомын алмай, қазан көтеріп ас ішпей, сəл
тыныстады да қайта көтерілді. Су маңайы бір əуенге түскен кезде шомбал қара Ожар
312
қайтадан Сейтеннің қасына келді. Астындағы төрт аяғы тең жорға қара көктің тізгінін тежей
түсіп, кеше тəмəмдай алмай қалған əңгімесіне қайта кірісті.
Ата мекен Көкшетауын тастап, Қасым төре неге Қоқан хандығына қарай көшті? —
деді ол сөзін алыстан қозғап. — Қазақта мақал бар емес пе «Бөтен елде сұлтан
болғаныңша, өз еліңде ұлтан бол» деген.
Қасым төре қай жерде жүрсе де сұлтан, — деді Сейтен жақтырмағандай алая қарап.
Бүлік басы бұзықта дегендей, пəле ақ патшаның Жылқы жылғы ұстабынан 1 басталған
жоқ па...
Иə?
Ұстап деген атының өзінен расында жан шошырлық... Ақ патшаның уысында ұстауға
шыққан заң екен соның өзі... Осы ұстап бойынша Орта жүз сегіз өкірге бөлінді емес пе... Əр
өкірге бір рулы елдің он бес-жиырма болысы кіреді. Əр болыста он-он екі ауыл. Əр ауыл
Арқа жерінде, өзіңе белгілі, жүз қаралы үй. Ауылды үш жылға жұрт сайлаған старшын, ал
болысты Шыңғыс тұқымынан шыққан сұлтандар басқарады. Өкірге үш жылға сұлтандар
сайлаған аға сұлтан ие...
Япырмай, ə, ақ патша өкірді қазақтың аға сұлтандарына басқартқандағы ойы: өз
қотырын өзі қасып жатсын дегені ме екен?
Сейтен ақырын мысқылдай күлді.
Ұшқалақтанбай тұра тұр. Ақ патша қазақ ісін екіге бөлген. Біріауыл арасындағы
жесір дауы, алыс-беріс секілді кəкір-шүкір. Мұны ақсақалдар мен билер өзі шешсін деген.
Екіншісікісі өлімі, барымта, үкіметке бағынбау тəрізді ауыр күнəлар. Мұны аға сұлтан
басқарған өкірлік пірказ қарайды. Өкірлік пірказ екі патша қызметкері жəне екі жылға
сайланған екі қазақ жəсиəтірден 2 құралады. Бұлардың шешімін гүбірналық сот бекітеді.
Онда бірде-бір қазақ жоқ. Сөйтіп біздің тағдырымыз бəрібір өз қолдарында...
Сейтен сəл үндемей қалды. Шұбырып келе жатқан көшке бұрыла бір көз тастап күрсінді
де, қайтадан сөйлеп кетті.
Сол ұстапта: «қазақ Мұхамбет пайғамбардың жолын берік ұстаған діншіл халық емес,
оны шоқындырып алу оңай, тек ауылға уəкілдер жіберілсін» делінген.
Ожар күлгендей боп тісін ақситты.
Жəне ол ұстапта ешкімді зорлау болмасын, əркім шоқынғысы келсе, өз еркімен
шоқынсын деген де сөз бар ғой...
Сейтен атының басын жедел тартып алды.
Сен оны қайдан білесің?
Ожар екіұшты жауап қайырды.
Ел құлағы елу...
Сейтен атын тебініп қап, кенет қызулана сөйлеп кетті.
Қасым төре біз секілді ақымақ емес еді. Арқа жерінде сегіз өкірігтің не үшін
құрылғанын бізден бұрын түсінді. Тоқа, Алтын, Алтай, Уақты ертіп патша құрығы жетпейтін
Бестаңбалы жеріне қарай көшті. Біз қалып қойдық. Қалғанымыздан не таптық? Он жылдың
ішінде Талды өзенінің сағасында Қарқаралы өкірігі, Қызылжар бекінісінің жанында Көкшетау
өкірігі, Семей бекінісінің тұсында Аякөз өкірігі, Омбы қаласынан төмендеу Ақмола өкірігі,
Жəміш бекінісінің қасынан Баянауыл өкірігі, Аманқарағайдан жоғары Құсмұрын өкірігі,
Омбының оңтүстік саласында Үшбұлақ өкірігі құрылды. Бүкіл Арқа жеріне темір тор
жабылды, енді тырп етіп көрші! Қарамағыңдағы елің түгіл, туған ініңнің баласын арашалауға
күшің жетпей қалды.
Сейтеннің соңғы сөзінің мəнісі бар еді.
Батыс Сібірдің тұрғын жұрты мен жер айдалып барған адамдардың арасында əйел
жынысының өте жеткіліксіздігін еске алып, Бірінші Николай патша 1825 жылы 11 февраль
күні қазақша Тауық жылғы ақпан айының он бірінде Сібір генерал-губернаторы мен
Орынбор соғыс губернаторына Сібірмен шектес қазақ секілді «бұратана» ұлттардың жас
қыз балаларын қолға түсіруге жарлық берген. Бұл жолда қандай амал болмасын қолдануға
рұқсат етілген. Сатып алуға да, алдап алуға да болады делінген.
Осы жарлық бойынша қолға түскен қыз балалар шоқындырылып, əйел жынысына
мұқтаж семьяларға тапсырылуға тиісті. Асырап алған адамдарға азық-түлік ретінде он бес
1 Ж ы л қ ы ж ы л ғ ы ұ с т а пРоссия патшасының Сібір қазақтарын басқару жөніндегі 1822 жылғы ережесі
(уставы).
2 Ж ə с и ə т і рзаседатель.
313
жасқа толғанға дейін көмек көрсетіліп, ал қыз балаларды əкелген кісіге қолма-қол он бес
сом сыйлық берілетін.
Міне осы жарлық Сейтеннің туған інісі Тайжанның жеті жасар қызы Алтыншашты да
қармаққа түсірген еді. Тайжан патшаға қарсы ереуіл ұйымдас-тырғаны үшін бес жыл бұрын
Омбы Орданс-Гаузе сотының үкімімен өлім
жазасына кесілген. Оның ер жетіп қалған үш ұлы Сібірге Туринскіге айдалған. Белгісіз
адамдар беймəлім жаққа əкетіп бара жатқан ағаларының соңынан қалмай шырылдап
жүгірген жеті жасар Алтыншашты қарауыл басы офицер иемденіп, Омбыдағы бір
сəудегерге сатқан-ды. Жас қыздың көркіне таң қалған Сібір корпусының штаб бастығы
генерал-майор Фондерсон оны əлгі сəудегерден қалап алады. Алтыншаштан көз жазып
қалған Сейтен, үш жыл өткеннен кейін оның əкесін өлтірушілердің бірі Фондерсонның
қолында үй сыпырушы болып жүргенін естиді. Іздеп Омбыға келеді. Генерал-майордың сақ
күзетшілері бөгет болып Алтыншашқа жолыға алмайды. Тəуекелге бел буып, түнде
Фондерсонның үйіне шабуыл жасап, тартып əкетем деп жүргенінде, генерал-губернатор
біліп қалып, өзі ажалдан əзер құтылады. Сейтеннің қазіргі айтып келе жатқаны осы бала
жайы. Бұл оның көңіліндегі ауыр жара. Егер алда-жалда осы жараға біреу-міреу тиіп кетсе,
Сейтен өзін өзі ұстай алмайды, бұлқан-талқан ашуға беріледі. Бірақ бұ жолы Сейтен
өйтпеді. Бір кезде қанжығалас серік болғанменен, ол Ожардан аздап күдіктенеді. «Адам
сырысандық ішіндегі қазына. Онда алтын жатыр ма, бақыр жатыр ма, бірден білу қиын.
Кілтін іздеу керек». Сондықтан да ол енді Ожардан сыр тарта сөйледі.
Сол ұстап бойынша біз қазынаға жүз қарадан бір қара жасақ төлеуге тиісті едік. Бірақ
сол заңның өзін кім дұрыс қолданып жүр? Аға сұлтандардың малы жұтқа іліксезекет
төле. Жанаралдың, пристаптың үйі өртенсеүлесіңді апар...
Ақ патшаның салық туралы қосымша əмірі шықты деп жүргендері қайда? — деді
Ожар түнере.
Иə, шыққаны рас. Бірақ одан қара қазаққа қандай пайда? Қоян жылы мамыр айында
патшаның салықтан босатқан бес жылы өткеннен кейін, жаңа жарлық шықты... Бұл жарлық
бойынша өкімет қызметінде жүргендерге, аға сұлтан, болыс, жəсиəтірлерге бірталай
жеңілдік берілді. Олардың біраз малдары салықтан босатылды. Тек өздеріне меншікті
төлеңгіттері үшін ғана салық төлейтін болды. Бұл жарлықтан ұтқан Сəмеке, Бөкей, Уəли
ханның тұқымдары ғана. Патша ағзамға жаққан қызметтері үшін төре тұқымының шаңырақ
ие сұлтандары мың жылқы, мың жарым қара мал, мың жарым сом ақшаға дейін өмір-бақи
жасақ төлеуден ада етілді.
Жоқ, мен патша ағзамның бұл жарлығын айтып келе жатқан жоқпын...
Енді қай жарлығын?
Жасақ төленетін мал саны үш жылда бір саналғанмен, жұт жылы жасақты тек қолда
қалған малға төлейді деп жүргендері қайда?..
Оның рас. Бірақ қазаққа он ірі қарадан бір тұсақ төледі не, жүз тұсақтан бір ірі қара
төледі не, бəрібір емес пе? Байқаймын көмейіңде бірдеме тұрған іспеттес. Онда сен ақ
патшаның бізге істеген жақсылығы болса соны айтшы?
Көмейімде қара халықтың мұқтажына қиналған запыран тұр, — деді Ожар қабағын
түкситіп. — Одан бөтен не болушы еді менде?!
Сейтен Ожарға жылы жүзбен қарады. «Мен осыдан бекер күмəнденіп келем-ау. Қанына
тартпағанның қары сынсын демей ме қазақ, қанына тартып-ақ келе жатыр-ау бейбақ. Əкесі
Қубет Қаржастың бел баласы еді...».
əйткенмен, қалауын тапса қар жанады, — деді Ожар қайтадан үн қатып. — Ає
патшаның да тілін таба білген жөн. Осыдан екі жыл бұрын көктемде Қараөткелдің аға
сұлтаны Құдайменденің Қоңырқұлжасы қазақтар балаларымызды сыпайғасолдатқа
алады деп сескенетінін арыз етіп Петрборға бар-
ғанында, патша ағзамның өзі қазақ жігіттері еш уақытта да сыпайға алынбайды деп, бұзау
терісіне мөрін басып, уағдасын жіберген жоқ па?
«Осының өзі қай соқпаққа апара жатыр?» — деп Сейтен тағы да сезіктене қалды.
Сөйтсе де:
Бұзау терісі емес, бұзау терісінен істелген қағаз десетін. Қап-қалың болатын, өзім
көргем, — деді ол жайбарақат. — Сол қағаздан кейін аға сұлтан Қоңырқұлжаның қадірі
ұлан-асыр өсті. Соның арқасы ғой бұ күні қалың Ар-
ғынды шашау шығармай ұстап отырғаны. Үйірін бермес осындай бір марғасқа айғырлар
314
болатын. — Сейтен сəл үндемей қалды да, күрсіне қайта сөйледі, — жиырма мың жылқы
айдаған Құдайменде баласы ондай қағазды алудың бір амалын тапқан шығар. Бірақ ақ
патша əділетті болса Қасым төренің арызын неге тыңдамады?
Қандай арызын?
Қасым төре қазақ жеріне бекініс салып, пірказ құруды тоқтатуын талап етіп осыдан он
жыл бұрын қағаз жазған жоқ па? Одан не шықты? Жауап берудің орнына жерімізге əскер
үстіне əскер төкті. Ақмола, Аякөз, Баянауыл өкірігінің кіндік ортасына Ақтау бекінісін сала
бастады. Бұнысы енді бүкіл Арқаны қанды шеңберіме аламын дегені емес пе? Осыны
сезген Қасым төре Қоқан хандығына қарай ауысты ғой. Ондағы ойы Сыр бойындағы қалың
қазақты Абылайдың ақ туының астына жинап, діні бір Қоқанмен тізе қосып жұртымызды
тыныш, алаңсыз ету емес пе еді.
Бірақ Қасым төренің ол ойынан не шықты? — Ожар мысқылдай күлген тəрізді. —
Ташкент құшбегінен Есенгелді мен Саржанның аман қайтуының өзі екіталай...
1824, яғни қазақша Мешін жылы Көкшетау приказы құрылды. Бұлақ патшаның
Абылай ұрпағының ата мекеніне ауыз салуы еді. Осы жылдан бастап Қасым төре баласы
Саржан сұлтан қол жинап патша əскері мен ұстапты жақтайтын Сəмеке, Бөкей, Уəли
хандардың ұрпақтарына, Көкшетаудың аға сұлтаны Қара Тоқаның Зілқарасына қарсы күрес
бастады. Кейде жеңіп, кейде жеңіліп, басынан сан айқасты өткізеді. Ақырында Қоқан
хандығының қол астына еніп, 1834, яғни Жылқы жылы осы хандықтың бас күші Ташкент
құшбегі, тəжіктің Қалпы руынан шыққан Мəмет əліммен тізе қосып, қазақ жерін Россия
империясынан бөліп алмақ болып, алты мың əскермен Ұлытау өңіріне келді. Осы өңірге
Қорған атты бекініс тұрғызып, бізге қосылыңдар деп жан-жағына жар салады, аға сұлтан, ел
билеген ақсақалдарға ат шаптырады. Бір жағынан шағын-шағын жасақ аттандырып,
Қараөткел, Көкшетау жеріндегі қалың Арғын елін шаба бастайды. Мұны естіген Сібір
губернаторы Ұлытауға генерал-майор Броневский басқарған алты зеңбіректі бір мың əскер
жібереді. Броневский көп кешікпей Ұлытауға таяйды. Жақын қалған патша əскерінен
қорыққан Ташкент құшбегі Қорғанға азғантай сарбаздарын қалдырып, Бетпақдалаға қарай
қашады. Ал Қорған бекінісі көп соғыспай Броневскийге беріледі. Ташкент құшбегі Мəмет
əлім қазақ жерін Россия патшалығынан оңай ала алмайтынына көзі жетіп, күресті бірден
тоқтатады. Одақтасының мұндай опасыздығын көрген Қасым төре балалары енді Сыр
бойындағы қазақтарды жинап, Қоқан хандығының ықпалынан құтылмақ болады. Бірақ
Ташкент құшбегі бұны сезбегенсиді, ақ патшамен күресуге қайта қол жиямыз, кеңеске
балаларыңды жібер дейді Қасым төреге. Ал ол құрылған қақпанды аңғармайды. Ташкентке
жиырма жігітпен қолбасшы балалары Есенгелді мен Саржанды, шұбыртпалы Ағыбай
батырды, Саржанның жиырма жасар баласы Ержанды жолға шығарады. Бұлардың
Ташкентке кеткені Арқаға да жетеді. Ожардың айтып келе жатқаны осы жəйт.
Сейтен бұл хабарды бұрын естісе де, мысқылдай сөйленген сөзден бір суық кекесін
аңғарып қалды. Ожарға сескене қарады. Кенет есіне осыдан үш күн бұрын қойнынан жұлып
алып тастаған шұбар жылан түсті.
Айдын көлді, жасыл белді, қарағай, қайың сыңсыған қатпар-қатпар жартасты
Баянауылдан аттанған Сейтен Қараменді тауы етегін басып, Балқаштың теріскей
тұмсығындағы Мың аралдың батыс жағына өтпек еді. Осыдан үш күн бұрын бұлар
Қараменді тауының шұрайлы етегіне жеткен. Бір жетіден бері ат үстінен түспеген Сейтен,
көш орнығысымен, жан-жағы анық көрінетін бір жартасты төбенің басына шығып, көз
шырымын алдырмақ болған. Ұйықтап кеткен екен. Үстінен бір суық леп өткендей сезінді.
Көзін ашып алды. Ештеңе де көрінбейді. Ел жым-жырт ұйқыда. Аспанда күміс ай ғана
ақырын жылжиды. Мұны оятқан не? Сейтен қозғалмай үн-түнсіз сəл жатты. Сол мезетте-ақ
кеуде тұсында бірдеме жыбырлаған сияқтанды. Алақанын сəл жұма, оң қолын кеудесіне
қойып ұйықтайтын əдеті бар еді. Кенет аш қарнына сұп-суық бірдеңе тиді. Сейтен жылан
екенін бірден сезді. Қозғалуға болмайды. Таулы жердің жыланы уытты келеді. Жылан
сырғып кеудесіне таман келе жатыр. Мұндай суық, мұндай ызғарлы болар ма! Талай ажалға
қарсы ұмтылған Сейтен батыр, жүрегі аттай тулап демін əзер алды. Баяу сырғыған жылан
бір кезде Сейтеннің сəл жұмулы алақанының арасына басын сұқты. Лақа бас, білектей
жуан, қайрақ тас түстес тау жыланының өзі. Егер саусағының бірі дір етсе бітті, улы тілін
салып алуы кəміл. Енді жылан басын алақан қуысынан өткізіп, əрі қарай жылжи берді. Сірə,
тамақ тұсына келіп оралмақ. Сейтен бала жасынан жылан-шаяннан қорқып көрген емес.
Мұндайдың талайын табанына басып улы тілін суырғаны бар. Əдет қылған қолдың білектей
315
жуан жыланның алқым тұсынан қышқаштай боп қалай жұмыла қалғанын Сейтен оны
қойнынан алып шыққанда бір-ақ білді. Жылан иретіле, бұлқына білегіне оралғанмен, күшті
қол алқымынан бір-екі рет мытып-мытып қысып жіберді де, бос бүйендей өлексесін солбаң
еткізіп анандай жерге топ еткізді.
«Мынау Ожар да қойнына кіргелі тұрған сондай шұбар жылан емес пе екен Ожар
қанша шомбал болғанмен Сейтеннің құрыштай қатты қарулы қолының бір мытығанынан
қалмайды. Бордай опырылып ат үстінен құлап түседі.
Ожар Сейтеннің ашулы қабағынан бір сұмдықты сезді ме, жаңағы аңғырт айтып қалған
сөздерін жуып-шайды.
Қоқан құшбегілеріне сену қиын. Жеңілтек əйел тəрізді, өздерінің көңіл ауған жағына
қарай жалт ете түсулері оп-оңай... Есіл ерлер аңғалдықпен мерт болып жүрмесе нетсін.
«Жоқ, Ожар баяғы Ожар. Мұнымен бірге бір қайыққа мінуге болады». Сейтен жан-
жағына ойлана көз тастады. Күн кешкіріп қалған екен. Дала құмайт топырақтанып, жаз
ортасы ауып сары балақтана түскен, таспа жоңышқа мен жатаған, шеңгел кездесе бастаған.
Əр тұста ойдым-ойдым қалың қарағай көрінеді.
Күн соңғы сəулесін адыр үстіне жайып салып, меңіреу даланы қызғылт сəулеге бөлеп,
батуға айналған.
Аздан соң көш қалың қопалы, көкпеңбек ойпатқа енді. Бұл ара Қаржас руының ең
шалғай жайлауы. Бұдан əрі Балқаш өлкесі, Сарысу алабы, Сыр бойы басталады. Самсай
көшкен жұрт арт жақтарында бұлдырай қарауытқан Арқа тауларына алаңдай бастады. Қазір
күн батады, жабылған ымыртпен бірге туған өлкенің ең соңғы селеуіті де өшпек. Арттарына
бұрылып қараған сайын жүрегіне суық семсер тигелі тұрғандай көңілге мұң, көзге жас келді.
Алда не күтіп тұр? Бақыт па? Михнат па?
Дəл осы сəтте батып бара жатқан күнменен бірге азалы, зарлы үн естілді. Ылдиға қарай
ентелей құлаған көштің бір бүйірінен, жал-құйрығы күзеулі тайға мінген, екі бүйірін таянып
алып, «Елім-ай» əнін салған он төрт-он бес жасар қара торы қыз бала көрінді. Табиғат
қинаған бейкүнə еліктің баласындай жылап келеді.
Көшке ерген жұрттың көңіл-күйін дəл шерткендігінен бе, тірі пенде оның əнін бұзар емес.
Төмен қарап уһлей береді. Сейтеннен «тоқтат» деген бұйрық болмаған соң, жұрт əнді мұңая
тыңдауда. Қыз бала шырылдай толқиды:
Туған жердің қия алмай тау мен тасын,
Біз келеміз тыя алмай көздің жасын,
Не жазып ек, жасаған, таптатардай,
Көрінгенге халқымның алтын басын.
Арман етіп жазылмас жан жарасын,
Ата-мекен тастадық кең даласын.
Өз жеріңе сыя алмай барғаныңда
Өгей елден, қайран жұрт, не табасың?
Шықпай жатып бесіктен қайғы торып,
Сарғалдақтай жаңбырсыз қалған солып,
Қайда барсаң алдыңда Қорқыт көрі,
Неге тудық бақытсыз халық болып.
Қыз баланың əні Сейтеннің көкірегін тырнап жатқан тəрізді, қабағы салбырап тұнжырай
түскен. Егер əн бұдан əрі созылса сонау артта қалып бара жат-
қан туған жеріне деген қасіреттен жүрегінен қан тамшылайтындай көрінді. Осы бір бұлқан-
талқан болып келген күйікке шыдай алмаған Сейтен «тоқтат деп қолын көтерді, қыз əні
пышақ кескендей үзілді.
Енді көш шұбалаңдамай, алды-артын жиып, көлді ығыстай таяп келеді... Алдарында
жазық алаң, одан өтсе, арада қол созым жерде өздері қашып бара жатқан өгей өлке.
Сейтен бірдемеден сескенгендей атының басын тартты. Алдынан көлмен қатарласа
созылған қалың қопа қамыстың өздері беттеген көз жетер-жетпес бір тұсынан, əлдене қараң
ете түскен тəрізденді. Көзі қанша қырағы болса да не екенін анық айыра алмады. Аң дейін
десе, кісі бойы қамыстан қалай көрінеді? Адам дейін десе елсіз қалың қопаның арасынан
не таппақшы? Ұры-қары дерлік, бұл ара қара жолдан шалғай... Əлде бұлардың ізін аңдыған
жау ма?
316
Сейтеннің көңіліне күмəн кірді. Бірақ Ожар оны бұл күдіктен ада етті. Сейтен көргенді бұ
да көрген екен.
Сейтеке, — деді ол атын тебініп таяй түсіп, — көшті жинақы ұстамаса болмас. Бұл
Мың арал қойнауы қорқынышты. Қабан да, жолбарыс та бар десетін. Жаңа байқадыңыз ба,
əне бір тұстан жүгірген қасқырды?..
Мен адам ба деп едім.
Бұл араға адам қайдан келсін. Мен анық көрдім. Қасқыр. Сірə қоян қуып жүрген болуы
керек, секіре жүгірген түрі сойқан.
Қасқыр болса қасқыр шығар. Жассың ғой, анық көрген болсаң...
Енді көш бұрынғысынан жинақы жүрді. Сойыл, шоқпар ұстаған қарулы жігіттер жан-
жағынан қоршап, мал біткенді ортаға ала, шашау шығармай, тұтаса түсті. Тек түн ортасы
ауған кезде, жағасы атты кісі көрінбес қалың анақурайлы Баскөлдің тұсына келгенде ғана:
Осы арада азырақ көз шырымын алдырсақ қайтер еді, Сейтеке, — деді Ожар. —
Қатын, бала əбден қалжырады, жігіттердің де кейбіреулерін ат соғып тастағанға ұқсайды.
əлі де жүре түссек... Қонуға бір қауіпсіз алаң таппасақ болмас.
Көшке бұл өңір мүлде бейтаныс. Жолды қан-сөлсіз сұр бетті, шілтиген Сəмен ғана
біледі. Жөн көрсетіп келе жатқан да сол.
Ол Ожарға бір көз тастап, Сейтенге қарады.
Мұндай жедел жүріске жұрт шыдар емес. Ат шалдыруға да осы ара дұрыс. Бұдан əрі
шалғын азаяды да қамыс-қурай көбейеді.
Айтқандарың болсын... — Сейтен өзі бірінші боп аттан түсті. — Жұрт таң сыз
бергенше көз шырымын алсын... Ал біз кезектесе күзетелік.
Мақұл.
Түйелер шөгеріліп, арбалар доғарылып, жұрт дабырлай орныға бастады.
Сейтен жанына топырлай жиналған серіктеріне:
əр қарауыл бір бие сауымдай уақыт көшті айнала жүреді. Алғашқы кезек өзімдікі, —
деді. — Менімен бірге қайсың қаласың?
Мен.
Мен.
Мен.
Зор денелі үш жігіт топтан бөлінді.
Сізден кейінгі кезек менікі, — деді Ожар.
Жата бер. Бір таңға шыдармын!
Сіздің əрқашан да тың болғаныңыз жөн. Біз секілді жастарға түнгі күзеттің өзі де бір
қызық дəурен ғой.
Сейтен жауап бермеді. Жұртқа:
Ал ұйықтаңдар! — деп, қарауыл жігіттерін ертіп, бөлініп шыға берді.
Аздан соң жол соғып қалжыраған жұрт қатты ұйыға кетті. Сайдың тасындай ер жігіттер
шоқпарларын бастарына жастанып, сойылдарын жандарына жатқызып, жүйріктерін
белбеулеріне байлап, көштің ішіне шашырай орын алды. Əрі-беріден соң əр жерден
қорылдаған, пысылдаған дыбыстар естілді.
Дала тып-тыныш, тек анда-санда лүп етіп соққан желмен ойнап үкілі қурай мен қамыс
бастары шуылдай жөнеледі де, лезде тына қалады. Оқтын-оқтын көл жағасындағы
əупілдектің күмпілдеген үні мен өгіз шағаланың өкірген айқайы естіледі. Кенет аш түлкінің
тырнағына іліккен жапалақ жерге құлаған баланың даусындай шар етеді... Тұяқ серіппей
тыным алған көш. Əр жерде ұйқы білмес сиырдың мүйізіндей қақырайған төрт күзетші...
Бұлар да жантайып азырақ демдерін алса ештеңе етпейтін сияқты. Туған жерінен шұбыра
безген бишара жұртқа Жетісу мен Арқа түйіскен елсіз аулақта кім тимек? Кім аңдиды оны?
əйтсе де, үнсіз түн құрылған қақпан тəрізді, елең болған жөн...
Ай сəулесі кеми, аспандағы жұлдыздар бірінен соң бірі сөніп, таң жақындағанда, Ожар
қасына Сəмен мен көш қозғалар алдында қосылған көршілес ауылдың екі бейтаныс жігітін
ертіп Сейтеннің қасына келді.
Сейтеке, таң да жақын... Азырақ көз іліндіріп алыңыздар, — деді ол.
«Сəл тынығып алған да теріс емес, тыныш секілді ғой. Ертеңгі жол да ауыр», — деп
ойлады Сейтен ішінен. Сөйтсе де:
317
Жарайды, ұйықтамасам да белбеуімді босатып, сəл тыным алайын. Жігіттер де
сөйтсін, — деді. Бірақ кетіп бара жатып тағы да тоқтап азырақ кідірді, — дегенмен сақ
болыңдар, көл маңының қамысы тым үрейлі екен, қасқыр, қабаннан ада емес шығар.
Өзі өзгелерден оқшаулау барып, екі қолын басына жастанып үн-түнсіз жата кетті...
Күзеттегі төрт жігіт бірінен бірі көз жазбай көшті айнала жүр. Сырт бейнелері сақ құлақ,
жіті көз қарауыл тəрізді.
Сейтеннің қобалжыған көңілі орнығайын деді. «Осылар секілді, «сен тұр, мен атайын»
ер азаматтары бар жұрт қор болар ма... Мұндай жайсаңдарыңның мол жаралғанына
құдайға шүкір...»
Алты күннен бері «қуғыншыға кездесіп, соңымнан ерген жұртты қырғынға ұшыратпасам
етті» деп қобалжи шаршаған көңілдің орныға бастағанынан ба əлде көптен бері ат үстінен
түспеген денесі талмаусырады ма, Сейтен аспанда ақырын жүзген айға қарап жатып
ұйықтап кетті.
Дəл осы кезде Ожар мен Сəмен көштің алдыңғы жағындағы қалың қамысты түбек
тұсынан айнала өтіп бара жатқан-ды. Олардың құлағына қамыс арасынан:
Ожар, біз дайын, — деген əлдекімнің дірілдей сыбырлаған үні естілді.
Ожар кілт тоқтай қалды. Бұрылмастан:
«Қақпанды қоя білмеген қасасын қалдырар», əкеңнің аузын... Бағана күн батарда
біреуің көзге түсіп, Сейтенге елең туғыздыңдар. Жаңа ғана жатты. Біз қазір оны байлаймыз.
«Аттандеген ұран шыққанда, қапы қалмаңдар!.. — деді ақырын ғана.
Ол көшті айнала жүре берді. Бүйірден қосылған Сəменге:
Қазір Сейтенді аламыз, — деді.
Ояу жатқанда ма?! — Сəменнің үнінен қорқыныш лебі аңғарылды.
Ендігі ұйықтап кеткен шығар. Ұйықтамаса да алу керек! Жақып, сен Сақыпқа бар,
шөккен түйелерді қалқалай аяқ жағынан келсін. Өзің құбыладан. Дыбысын шығартпай
басайық.
Құп.
Сейтен сергек ұйықтайтын. Үстінен құс өтсе де оянатын. Сыбырды сезіп, орнынан
атып тұрмақшы болды. Бірақ кенет үстін албастыдай басып алқымынан қышқаштай
жабысқан темір саусақтар үнін шығартпады. Кеудесіне мінген шойындай ауыр шомбал
дене мен екі қолын ұстаған екі балуан жігіт бұны тырп еткізбеді. Əні-міне дегенше екі қолы
артына қыл шылбырмен маталып, аузына орамал тығылды. Екі көзі су қараңғы болып
байланды. Сейтеннің көкейінде: «əттең! əттеңдеген арман ғана булыға тулады.
Бұның кебіні кигізілді, — деді өзіне таныс күңгірт дауыс, — Сəмен, сен осы арада бол.
Ал сендер сарбаздарға жетіңдер. Белдеріне байлаған аттардың шылбырларын кесіңдер,
ер-тоқымдарының оң үзеңгілерін шешіп алыңдар!
Сейтен қыл шылбырды білегіне батыра бұлқынып-бұлқынып түсті. «Япырмау, мынау
дауыс кімдікі? Ожар ғой! Сорлы жүрек, бекер сес бермеген екенсің? Қап! Қап Ол аздан
кейін өзінің жалғыз қалғанын аңғарды. «Жоқ жалғыз емес шығармын. Жаңа ғана Ожар
«Сəмен, осы арада бол» деген жоқ па еді? Сонда бұл да жау болғаны ма? Шыққыр көзім,
нені көргенсіңСейтен ауға түскен мекіредей жанталаса тулай берді.
Дегенмен, жау ниеті де өз дегенінен шыға қоймағандай. Ұйқыдағы сарбаздардың тең
жартысының аттары босатылып, кейбіреулерінің оң үзеңгілері алынып қалған кезде, түсінен
шошып оянған жас жігіттердің бірі сұмдықтың болғанын бірден аңғарды. Қараңдаған
кісілерді көріп:
Жау келді! Жау келді! Аттан! Аттан! Сейтен аға! — деп құлындағы даусы құраққа
шығып жар салды. Барымта, шабуылға үйренген жұрт орындарынан атып-атып тұрды. Таң
қылаң беріп қалған кез еді, қалың қамыстан қуғынға жіберілген қырық-отыз салт атты
сыпайлар да шыға келді. Шаңқ-шұңқ еткен білте мылтықтың даусы естілді. Үрген ит,
жылаған бала... Атылған мылтық... «А, құдай, өзің сақта» деп үріккен, қорыққан дауыстар
жан-жақтан үрейлене жамырай, жаңа ғана ұйқыда жатқан бейқам көш азан-қазан болды да
қалды. Кенет:
Алға, жігіттер! — деген қатты үн шықты, Сейтеннің есік пен төрдей тоқпақ жалды қара
көк айғырын ойната Ожар өзгеден бөліне берді. Басында орамал, білегін сыбанып алған.
Қолында жалаң қылыш, шабатын қасқырдай екі көзі оттай жайнайды.
Өлсек шəйітпіз, өлтірсек бəйітпіз, — деді ол тағы да күшті дауыспен, — кəне, еріңдер
соңымнан!
318
Ожар! Баста, Ожар! — деді аттарына мініп үлгірген кей жігіттер.
Ожардың қасына шоғырлана қалған, тастай түйілген шағын топ «А, құдай, «Аруақ!»,
«Айдабол!», «Қаржасдеп біріне бірі ұрандаса жел беріп, сойылдарын көтере, қарсы жаққа
лап қойды. Алдарында Ожар. Бірақ ол қарсы шепке жетер-жетпестен атының жалын құша
құлады.
Мылтықтың суық үніне үйрене қоймаған есіл ерлер, қолбасшыларынан айрылған соң
бөгетке келіп қарқыны басылған толқындай, жау шебіне таяй түсіп шашырана тоқтады.
Кейбіреулері аттарының басын бұрып алып, кейін қарай шапты. Қылышын көтеріп үстіне
төніп келген қуғыншы жағының екі жауынгеріне, жерде домалап жатқан Ожар зекіп:
Түсіңдер аттан, иттің балалары! — деді. — Байлаңдар тез менің қолымды!
Апарыңдар тез Сейтеннің қасына... Қалаға таянғанда босатарсыңдар, елден шыққанша
бірге ұстаңдар!
Ожардың қолын артына байлап, у-шу болған жұрттың қақ ортасымен, бір шетте тұрған
Сейтенге апара жатқанда ол əлдекімнің:
Арманда кеттіңдер-ау, қос арысым! — деген күңіренген даусын естіді.
Ожар аңқау елдің бетіне қарауға жүзі шыдамай, аяғын шалыс басып өте берді...
Таланған, шабылған көш, жүнін жұлған тырнадай боп бар сəнінен айы-рылды. Енді кейін
қайтарылмақ болды.
Суық мылтықты, кəрлі қылышты əскер жасағын басқарып келген есаул Лебедев ысқыра
қамшысын үйіріп, қасқыр шапқан қойдай ұйлығып қалған жұртты кең алаңға жинады да,
жанында тұрған Қоңырқұлжа аға сұлтанның кіші баласы сары ала түймелі Шыңғысқа жирен
мұртын тікірейте ежірейіп:
Қайда қашып құтылмақ? Сұра мына шалдан, — деді бағанағы көш бас-
қарған инабатты ақсақалды көрсетіп, — патша ағзам жарлығынан құтылу, ажалдан
құтылумен бірдей.
Біз айыпты емеспіз, — деп ақсақал жауап беріп, төмен қарады. — Үйірден саяқ қана
бөлек жайылады. Өзен қайда құйса, тамшысы да сонда құяды.
Тілмаш ашуланып қалды. Сөйтсе де сыр білдірмей:
Алтын, Алтай, Тоқа, Уақ босты деп сендер де босқыларың келді ме? Азғырғанға еріп
азайын дедіңдер ме? Саржан сұлтан ту көтергелі, жұрт та ат үстінен бір түскен жоқ. Қанша
ауыл қырғынға ұшырады. Тоқтайтын уақыттарың болған жоқ па, кілең есуас?
Шал ауыр күрсінді.
Жаңа өзің айттың ғой, Алтын, Алтай, Уақ, Тоқа ана жаққа кетті деп. Сынықтан
бөтеннің бəрі жұғады ғой. Олардың үлгісімен өзгелер де киімін пішпесін қайдан білесіңдер?
Сонда ақ патшаға, аға сұлтандарға қояр кінəларың қандай?
Шырағым, ел тыныштығын жоғалтқан бір аласапыран заман болып кетті емес пе, —
деді ақсақал уһілеп, — жылы-жылы сөйлесе жылан інінен шығады, қатты-қатты сөйлесе
мұсылман діннен шығады. Біз бір мал баққан момын елміз. Ауыл үстінен атылған мылтық
тек қана жылқыны үркітпейді...
Ол мылтықты атқыздырып жүрген өздерің емессіңдер ме?
Сонда бізге қой болып қырыл демексің бе?
Қолыңнан қой болудан бөтен келмесе, жаз жайылымыңды, қыс қыстауыңды біліп
жайыңа жүрмейсің бе!?
Жайыма жүруге қойып тұрсың ба? — Қария тілмашқа оқты көзімен қарады. Қотан
жанына қасқыр апанын қазса, қойда не ес қалады? Сыпайларының шошайған мылтықтары
жеріме салынып жатқан анау бекіністер сол қас-қырдың апандары емес пе?
Өздерің үндеріңді шығармасаңдар, олар да мылтықтарын шошайтпайды.
Ал үнімді шығарсам ше? Бауыздайын деп жатқанда ешкі екеш ешкі де бақырып өледі.
Сен бізге сол ешкі құрлы болма дегенің бе? Жоқ, шырағым, жерімізді жыртып, өзенімізден
балығын аулап жүрген мұжыққа қамшы көтерген бір де қазақ жоқ шығар. Ал қылышын
сүйретіп есіктен кіріп төр менікі дегендерге...
Иə, ондайларға не істей аласыңдар? Қолдарыңнан келері бүгінгідей бос-
қа қырылу ма?
Адал өлу деабырой. — Қария тілмашқа алар бүркіттей сұстана көз тастады. —
Шырағым, аяқ алысыңнан байқадым, сен өзің Əбілқайыр, не болмаса Уалиханның
ұрпақтарының біріне ұқсайсың... Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ деген, бір сұрайтын
сөзім бар...
319
Не сөз?
Əбілқайырға да, Уəлиге де патша ағзам хандықтарымен бірге құндыз ішік, оқалы
қоқыр, алтын балдақты алмас қылыш берді. Құндыз ішік пенен оқалы қоқырды беруі
түсінікті, бекзадалар кисін деген шығар. Ал қылышына жөн болсын? Оны кімнің басына
төндірсін деп сыйлады?
Патша ағзамның дегеніне көнбегендердің!
Дұрысыңды айттың, ер жігіт екенсің. Бірақ біз көппіз ғой. Қара да болсақ, қанымыз бір
қазақпыз. Уəли мен Əбілқайыр ұрпағының бəріміздің бірдей басымызды ала беруге қалай
жүрегі дауалайды?
Тілмаштың ақшыл жүзі күп-күрең боп кетті. Аталарың қазақ халқының қанішер қара ниет
жендеті деп тұрған осынау тіл тартпас шалды ат бауырына алуға да дайын. Бағанадан
есаул Лебедевке шалдың сөзін аудармай қойған. Енді шыдай алмай жіңішке еріндері дір-дір
етіп:
Есаул мырза, — деді ашуын баса алмай, орысшалап, — мына қара сақал, патша
ағзамды балағаттап тұр!..
Иттің баласы! — деді есаул қызғылт мұрты ашуланған қанден күшіктің құйрығындай
дір-дір етіп тікірейе қап. — Көрсетейін мен бұған патша ағзамға қалай тіл тигізуді! — Ол
атын ойнатып Абзал ақсақалдың қасына жетіп барды да мүсіндей қозғалмай тұрған ел
ағасын бұзау тісті, қорғасын бауырлы тобыл-
ғы қамшысымен, дəл басынан тартып, тартып жіберді, — Мə саған! Мə, саған! Патшаға тіл
тигізетін сабазсың ғой!
Құлаштай сілтеген қамшы ауаны кескілеп «ыс, ыс» етеді. Қарттың басынан қан жосып
аға жөнелді, бірақ Абзал жартастай болып, үн шығармастан қозғалмай тұр.
Бұл сұмдықты көрген жұрт шегін тартып үрпиісе қалды. Енді ұрыс кезінен де бетер
үрейленгендей. Бірақ қылыштарын жалаңдатып тұрған солдаттарды көріп, кейін
жапырылды.
Өлтірді ғой сорлыны! — деген əйелдің ащы даусы шықты.
Дала тағы да тына қалды. Ызалана соққан қалың жұрттың жүрегін теңіз толқып, қайық
қалқып тыңдағандай, бар əлем көрген сұмдығынан шошып бұлқан-талқан болуға таяу.
Мына едірейген мысық мұрттың ұрғанына өкінбеймін, — деді Абзал шал бетіндегі
қанын сүртпей, — сары ала түймелі сұлтан ұрпағы, қаным бір қазағым едің, сенің араша
түспегеніңе өкінемін.
Сөйдеді де Абзал ең ақырғы күшін жиғандай өздерінің келген жағына қарай аяғын ілби
басып жүре берді.
Жұрт тағы да соның соңынан ерді.
«Ел көзінше шалды бекер ұрды-ау мына есалаң жасаул» деді ішінен Ожар, көп тебінсе
жер сілкінеді, қиянатты көзімен көрген жұртты басу қиын. Бүгін Сейтенін ұстасаң, ертең
басқа біреуін табады. Ел болып бірігіп патшаға қарсы тұруға тек ата салты, ел дəстүрі бөгет
болып жүрген жоқ па. Əр рудың, əр болыстың өз көсемі бар. Біріне бірі көнбейді. Ал бəрінің
басын қосатын көсем табылса не болмақ? Қазақ асау жылқы тəрізді, кім үйрете білсе, соны
ғана ие тұтады. Сондай адамы табылса, мына жұрт соңынан шұбыра жөнелуге
дайын...»
Бір арқанмен байлаулы тұрған Сейтен мен Ожардың тұсынан «қош, қос арыс деп
шұбырған көштің ең соңғы шоғыры өте берді. Ожар тағы да ойлана қалды. Іштегі қуаныш
сыртқа шығуға дайын тұр.
«Менің бұлай қолға түскенім дұрыс болды. Аз уақыттың қорлығы əлі-ақ ұмытылар. Ал
қиянатымды білсе мына жұрт...»
Он шақты сыпай көшті айдап, Баянауыл жаққа кетті де, қалғандары байлаулы Сейтен
мен Ожарды алып Омбыға тіке тартты.
Бұлар үш күннен кейін, Баянауыл округінің Сібірмен шектес Төрткөл болысының жеріне
жетті. Қаз-үйрегі сыңсыған, əлі де шалғыны қурап сембеген бір ауылға келіп түнемек болды.
Бұл осы маңның ел ағасы Бектас баласы Таймастың аулы екен. Таймас ұзын бойлы, денелі
ақ сары кісі. Қаржас руына жиен. Айдалып келе жатқан Сейтен мен Ожарды көріп ауылдың
құты қашып, əбігер болды да қалды. Түстері суық, қисық қылышты, шошайған мылтықты
солдаттар ауыл үстінен ат ойнатып зəрелерін ала түсті. Бойын қорқыныш билегенмен жұрт
ебін тауып, Сейтенге келіп амандасып жатыр. Көптен бері ұйқы көрмегендігінен бе
Сейтеннің үлкен қоңыр көздерінде таусылмас қайғы-шер күлкілдеп тұр. Екі қолы артына
320
мықтап байлаулы, үстіндегі ақ жібек мол көйлегінің жағасы дал-дал, əр жерінде баттия
жабысқан қызыл қан... Қолға түскеннен кейін ұрған болулары керек, қомақты жұлынған
омырауының ашық жерінен кеудесінің көк ала еті көрінеді.
Кешегі ел-жұртының қамын жеп ақ патшаға қарсы шыққан адамның бүгін мұндай
сұмдыққа ұшырауы Таймастың жан сезімін өртеді. Оның мұндай күйге түсердей не жазығы
бар екенін білгісі келді. «Барлық айыбы жұртына қамқор болғаны ма? Ақ патшаның
тегеурініне көнгісі келмегені ме? Егер бар күнəсі сол болса онда мұндай мүсəпірлікке
ұшырайтын жалғыз Сейтен ғана ма? Аң да, құс та өз інін, ұясын қорғайды. Адам неге
өйтпеуі керек? Өз мекенін, өз жерін неге қорымасқа? Сондай бір əділ қылығың үшін де
айыптысың ба? Жоқ, айыпты емессің».
Таймас Сейтенмен қанша сөйлескісі келсе де реті түспеді. Тұтқынды қалт етпей
күзеткен сыпайлар жуытпады. Лебедев пен Шыңғыс екеуі ауыл төңірегіне де, Ожар мен
Сейтен жатқан үйге де сақшы қойды. Өзге сыпайларын да алыс-
қа ұзаттырмай сол маңайдағы көрші-қолаңдардың күрке, лашықтарына орналастырды.
Түн жылы еді. Лебедев Таймасқа өз үйінің іргесіне төсек салып жатуға рұқсат етті.
Түн тастай қараңғы. Үстіңнен түйе жүн қалың көрпе жауып қойғандай тымырсық ыстық
сезіледі. Қобалжи тынышталған ауыл мызғымас бір өлік тəрізді, тек анда-санда қаңтарып
суытып қойған сыпай аттарының пысқырғаны мен күзетшілердің еміс-еміс күбірі естіледі.
Басын шырмаған алуан ой, қанды ай-
қаста қолға түскен мынау Сейтен мен Ожардың аянышты халдері мазалап, Таймас көз
ілмей дөңбекшумен болды.
Кенет құлағына бір күйзелген, күңіренген қоңыр дауыс келді. Таймас тыңдай қалып еді,
бұл — «Елім-ай» əуенімен зар-өлең айтып жатқан Сейтен екенін білді. Таймас тына қалды.
Енді Сейтен салған əн сөздері айқын естілді.
Қош аман бол, кең жайлау, өскен жерім,
Қайтқан қаздай қалың ел көшкен жерім.
Есіл қазақ есейіп ел бола алмай,
Ит пен құсқа таланып өшкен жерім, —
деп күңіренеді ол.
Сейтен тағы да айтпақшы еді, Ожардың сəл ашулы даусы оны бөліп жіберді.
Сейтеке, ішке сыймай бара жатыр ма күйігіңіз?..
Сейтен қолға түсер сəтте көзі көрмесе де, даусын шырамытып, өзін байлағандардың
бірі Ожар деп ұққан. Бірақ оның да мұндай күйге түсіп, өзіменен бірге айдалынып келе
жатқанына таң қалып ол ойынан қайтқан. «Япырмау, бұған даусы ұқсас кім болды екен
деп басы қатқан. Əйткенмен күпті көңіл ырық бермеді, сөз тартып сыр ашқысы келді. Енді
ол алыстан орағытып сөзге кіріскен:
Ожар, айтылмаған өкпеіште жатқан Ескендірдің қос мүйізімен тең...
Шер тарқатар уақыт болар əлі.
Уақытымның бітуге айналғанын біле тұра, кекетесің ғой, — деп Сейтен сəл ашулана
күліп ақырын ғана күрсінді де сөйлеп кетті. — Боз торғайдай кішкентай болғанмен биік ұшар
халқым бар еді, сол сорлыны бір құзғын іліп кетпесін деп, ана жылы жалғыз бауырым
Тайжан ақ патшаға қарсы жасақ құрғанда сен де келіп қосылып едің...
Ожар жауап қайырмады. Тайжанның да қолға түсуіне Ожардың себепкер екенін Сейтен
білмейтін. Сондықтан «Жазықсыз болса ренжітпейін» деп ақтарыла сөйледі.
Жұртың үшін жан пида ете аларыңа сол кезде көзім жеткен тəрізді еді. Құмбелдегі
ауылдан бастап, кəрлі қылыштың қаһарынан талай елді аман алып қалдыңдар. Есіңде ме,
жау əскері сендерді Қаражал бұйратындағы жылғаға қуып тыққаны? Сендер онда Саржан
төлеңгіттерін арғы бетке шығарып келе жатқан едіңдер. Сен жүздігіңмен кəрлі қылышты екі
күндей бөгеген болатынсың.
Сейтен сонау бір алыс күнді есіне түсіргендей тағы ақырын күрсінді.
Басар жерің көк мұзға айналып, қатын біткен Баян тауының өрлеуіне киіз төсеген.
Сол жолы екі жүздей шаңырақты қорғап қалдыңдар... Əттең, дүние-ай, қияңқы қыс қаһарлы
келіп, баспанасыз жалаң жұрт сол жұт жылы ажал тапты...
Ожарда əлі үн жоқ. Сейтеннің шаршап-шалдыққан даусы енді тіпті анық естілген:
Сол жолы еді ғой, Тайжан қолға түсіп өлім жазасына бұйырылғаны... Сені де
сыпайлар ұстап алатын еді, ауылдың елуге таяу қыршын жасын жолыңа құрбан етіп мен
321
араша түстім... Аман алып қалдық. Кəрі тарлан қанша шабады, бізден соң жұртты сен
тəрізді жастар басқарады деп сенетін едім. Сондықтан да о жолы өзіңді көзіміздің
қарашығындай сақтап қалдық емес пе? — Сейтен сəл бөгелді де, Ожардың жауап
қайтармағанына қарамай тағы сөйлеп кетті:
Сен жас едің. Бірақ асыл тастан, ақыл жастан, жұрт білмегенді сен білетінсің. Бүкіл
Қаржас елу күн ертегі етіп бітіре алмас жəйтті, сен бір түнде айтып бере алатынсың... Бұрын
ділмəр едің. Қазір көшпелі елдің тұмшалаған бұзауындай үндемейтін болыпсың... Өлсем
шайт, өлтірсе қазы деген жанмын. Мойнымда шын қазақтың бір тамшы қаны жоқ. Өз
қолыңнан ажал тапсам, өкінбеймін, арым таза. Ал сенің ше?
Ожар аунап түсіп еріне жауап берген:
Менің де...
Сейтен үзіліп қалған ойына қайта оралды.
Иə, сол жолы мен тірі қалдым. Бірақ одан не таптым? Жалғыз бауырымнан
айырылдым. Ел-жұртымды талан-тараж еткіздім. Бар ұтқаным сол ма? Міне, соңымнан
ерген жұрт қалған жоқ па тағы тотиып?
Ожардың шапшаң қимылмен түрегеліп отырғанын Таймас байқап қалды.
Көрмес түйені де көрмес, — деген оның сəл ренжіген даусын естіді: — бар қазақты
өзіңе балама... Сен ақ патшаға қарсы шыққанмен, оны құшағын жайып қарсы алғандар аз
ба? Олардың ұпайы түгел.
Ау, сен не айтып отырсың?
Есітіп жатқан жоқсың ба? — Ожар кекете күлді. — əлін білмеген əлек деген... Айтшы
кəне, қолыңнан не келді?
Таймас қалшия тыңдап қалған. «Япырмау, мына Ожар не дейді? Жүрек соғысы бөлек
пе, қалай
Сейтен кенет күңірене үн қатты:
Жүрегім бір сұмдықты сезіп еді... Қателеспеген екенмін ғой...
Тағы да екеуі үн-түнсіз тына қалды. Енді сөздері бітті ғой деп Таймас жас-
тыққа басын қайта қоя бергенде, Ожардың ашулы даусы шықты:
Қазір жер қорғайтын заман емес, жан қорғайтын заман... Тағы құландай ру-ру боп
жалпақ даласында шұбырған қалың қазақ, ту тігіп ел болудан қалған. Осыны неге
түсінбейсіңдер.
Ел болуды ақ патша жендеттерінен үйренбексің ғой? — деген Сейтеннің ызалы
күлкісі ап-айқын жетті.
Үйренсе несі бар? Үйренем! Сен үйренбеймін десең де ол күшпен үйретеді.
Үйрен, үйрен... — деді Сейтен кекесін үнмен. — Сен секілділер барда оларға үйрету
жеңілге түседі. — Ол енді күлкісін тыя қойды. — Жоқ, Ожар, оның болмайды, — деді, — сен
құлан дейтін, мен қыран дейтін, екеумізге бірдей ортақ қазақ деген жұртың бар... Қарға
баласын аппағым деп сүйеді, кірпі баласын жұмсағым деп сүйеді. Сен қазағыңды неге жек
көресің? Ал мен...
Иə, сен? Айт, айт...
Мен оны халқым деп ардақтаймын. Сондықтан ол үшін ажалдан да қорықпаймын, —
деді Сейтен сөзін жалғай. — Ата-ананы таңдауға болмайды, туған халқыңды да таңдай
алмайсың! Оны əлжуаз де, тағы де, бірақ маңдайымызға жазылғаны сол халық, мен оны сен
айтқан əлжуаз қалпында да жақсы көрем. Кімде-кім сол қазақ деген қыранды қанатын кесіп,
жем-құсына айналдырғысы келсе, ол менің қас жауым, туған балам болса да аш тамағынан
ала түсіп, өз қолыммен бауыздауға бармын.
Ожар тағы да кекете сұраған:
Онда мені неге бауыздамадың?
Сейтен кенет демі таусылғандай əлсіз жауап берген:
əттең, дүние, кеш білдім ғой!
Жеңілген адам құсалы болатын əдеті. Өкіне бер, Сейтен. Бұл түнде екеумізден бөтен
сөзімізді естір жан жоқ, сондықтан анығын біліп өт. Мен сендер секілді тұлыпқа мөңіреп бос
жүрген жан емеспін...
Иə, енді түсіндім, мені байлап берген де өзің едің ғой...
Екеуі ұзақ уақыт үндемей қалды. Əлден кейін Сейтен:
322
Адамға мың жасаса да аз болатын шығар, өйткені адам баласында арман көп қой...
деп аунап түсті: — Ал мен ұзақ өмір сұрамаймын. Шіркін-ай, бір сəттік қана еркіндік берсе
!
Мені өлтіру үшін бе?
Иə, сені. Елін, жерін, бауырлас туғандарын сатқан сен секілді қанішерді өз қолыммен
бауыздасам бұл жалғаннан армансыз өтер едім!
Бірақ ол арманыңның орындалмайтынын өзің де білесің ғой, несіне таусыласың?
Бар өкініштің өзі сонда ғой! əттең, дүние-ай, сенің бізді ұстап бергеніңді бір қазақ
білсе!..
Үмітіңді үзе бер. Қараңғы түнге тіл бітпесе, менің сырым өзіммен бірге көріме кетер!..
Жоқ, Ожардың сыры ашылмай қалған жоқ. Оны күтпеген жерден Таймас естіді.
Таймас заты сабырлы жан. Сол түні қабыл-құбыл қимылдап Ожардан кек алуды жөн
көрмеді. Қаптаған солдат тұрғанда өзінің орынсыз мерт болатынын да ойлады. Жəне
жұртын тағы да бір қанды уақиғаға душар еткізермін деп қорықты. Бірақ Ожардың сонау жан
түршігер қылығы, бұның да шыңырау түбінде мүлгіп жатқан ұйқылы-ояу сезімін оятты.
Тыныш көңілін əлем-тапырық етті. Сейтен тəрізді ел-жұртының тілегін арман еткен аяулы
жанның тағдырын есінен шығармасқа өзіне өзі ант берді.
Таң ата көп сыпайлар Сейтен мен Ожарды бірге матап тағы да жолға шықты. Ожардың
Сейтенмен неге бірге байланып бара жатқанын Таймас əбден ұқса да, түндегі əңгімені
естімеген пішін көрсетіп, екеуіне бірдей:
Қош болыңдар! — деп теріс бұрылып кетті. Анандай жерге барып көзінен танадай боп
домалап-домалап кеткен жасты жеңімен сүртті.
Бұл Сейтенмен жау көзінше ашық қоштаса алмаған достың көкірегіндегі ыза жасы еді.
Таймас осы жасын өле-өлгенінше жүрегінде кек етіп сақтамақ.
ІІ
Шағын келген Елек өзені жыландай сумаң қағып тынбай ағып жатыр. Кейде қамысты,
кейде ұсақ талды болып көмкерілетін құмайт жағаға жас баладай былдырлап əлденені
айтып сылқ-сылқ күледі. Осы өзеннің сонар басына,
Қандыағаш тұсына қаптаған қалың көш келіп қонды. Бұл Тіленші баласы Жоламан батыр
бастаған Табын руының көші еді. Қатарлас қонғандар Жағалбайлы, Шөмекей, Шекті
ауылдары. Табын көші сонау Елек өзенінің Ақ Жайыққа құятын жағасынан шығысқа қарай
өрлеп келе жатыр. Өзге рулар бүйірден, немесе Жайықтың жоғарғы сағасынан келіп
қосылған.
Жоламан көші Сейтен көшіне мүлде ұқсамайды. Кигіз үйден бөтен, шоқшита тігілген
қараша лашықтар мен ақ шатырлар көрінеді. Малдың дені түйе мен қой. Үйір-үйір жылқы да
бар. Бұлардың да кейпі өзгеше. Алысқа талмай шабатын сүмбіл жалды қазақтың мықты
жылқысымен аралас қаз мойын, сидаң аяқты, көтеріңкі кеуделі түрікменнің ақалтеке,
текежаумыт тұқымдастары да көзге түседі. Көштің, малдың да сəні түйе. Шудалары сала
құлаш желкілдеген қос өркешті буралармен бірге, ор қояндай сидиған жаңа туған құлындай
тықыр жүнді, арабы қызғылт нарлармен аралас, үстіне сегіз қанат үй тиесең де мыңқ
етпейтін лөк тұқымдас аруаналар... Қой-ешкінің көпшілігі түбіт жүнді, арқар мүйізді теке,
емшектері көнектей, мол сақалды тұқыл ешкі, топтан əлсін-əлсін бөліне жайылған бөрте
лақ, жібек жүнді сек...
Адамдарының киімдері де Арқа өңірінікінен басқаша.
Бастарына кигендері кеуделеріне дейін жабатын түйе жүн далбағай, етек жағы
айбалтаның жүзіндей қайқиып келген əшекейлене кестеленген оқшима қалпақ... Тымақтары
да бөтен. Үстін барқытпен тыстап, етегін терімен көмкерген киіз. Шошайған төбесінің құлақ
тұсынан бастап жоғары қарай алты салалы етіп оқа ұстаған. Жарғақ шалбар, түйе жүн
шекпен, кең құлаш етік, ақ таңдақ, арша не болмаса тобылғы түстес етіп боялған жұмсақ
тонның, шолақ сəнді пешпенттердің етек, өңіріне оқалап зер салған...
Ал əйелдерінің киімі Арқа киімдерімен тектес. Оқалы қамзол, зерлі шапан. Кəмшат бөрік,
күміс тізген үкілі сəукеле. Оқамен зерлеген, күміс теңге қадаған жер сүзген мол қос етекті
барқыт, бəтес көйлек. Анда-санда шетіне ши барқыт тұтқан, белі қыналған, жібін жіңішке
етіп иірген шекпен қамзол, пешпент. Күміс шолпты, алтын жүзік, меруерт алқа, сом білезік,
323
сəнді сырғабəрі де бүкіл қазақ əйелдеріне жарасты дүние. Дегенмен, əйелдерінің де
киімінде өзгешеліктер бар. Кіші жүзде кимешек орнына күнгейлік киеді. Жас келіншектер
осы бір кестеленген сəнді жаулықтың кейде құлақ тұсына, төбесіне үкі де тағады. Ал
қыздары Орта жүздің қыздарындай аш белін қынар күміс белбеу, үкілі тақияға əуес емес.
Қалың ел бұл араға кеше кешке таман келіп қонған. Түйенің қомын алып, қос шатырлар
тігіп екі-үш күн тынығуды ұйғарған.
Алыс жолға түйеден гөрі қолайсызырақ жылқы малы, кешеден бері, өзен жағасындағы
қурай аралас көгал шөп пен қырқа бетіндегі жусанды бозға тойынып, тез-ақ белі көтеріліп
қалған.
Бұл көш те жайшылықтағыдай серуенді көш емес, дүрліккен, үрейленген, ата-мекен кең
жайлауынан босқан көш. Ойдым-ойдым болып қонған ауылдардың етек-жеңі жинақты.
Бұларды көшірген жаяу борсаң, жеңіл желкем дау-шар емес, бүкіл Жайық пен Елек, Жем
бойын дүрліктірген, елге келген зор апат. Ер азаматтары жау басар жүйріктерінің ер-
тоқымын алмай түнде қос маң-
айында оттатып отыр. Əлі жауға түспеген жігіттері де бейқам болмайық дегендей əлсін-
əлсін күнбатыс жаққа көздерін тігіп, семсерлерін қыса ұстап қояды. Ал кейбір жүрек жұтқан
батырлары күрке, лашықтардың қасында жіңішке найзағай меңзелдес көгілдір құрыш
алдаспандарын қамсыз қайрауда... Жас балаларда да рең жоқ. Олар əдеттегісіндей асыр
салып ойнамайды, топ-топ болып жиналып бұлар да əлденені өзара сыбырласа сөз етеді,
Тобылғы күрең сұлуларында да ақжарқын бейне жоқ, əдеттегідей сүлделері құрып бота
көздерін көңілдестеріне қадамайды. Қара су секілді тұнжыраған ауыл үстіне төнген ауыр
қайғыны тек анда-санда сылдырлаған қыз шолпысының үні мен көк аспанда тізбектеле
ұшқан қаз-үйректің сұңқылы ғана бұзады.
Расында бұл ауылдар сонау күнбатыс жақтан хабар күтіп тыпыршуда еді. Сондықтан ер
азаматтар құбыла жаққа жиі қарайды. Əсіресе ана төбе үстіне жиналған қарттардың ішіндегі
қапсағай денелі, қара сақалды, орта жасқа келіп қалған тұлғалы кісі дегбірсіз отыр. Құбыла
жаққа қадалып қалған. Оның үстінде темір торлы шолақ сауыт. Басында темір тор далбағай.
Сауытының жеңі шынтағына ғана жетеді. Білегін ішінен киген көк барқыт пешпентінің жеңі
жауып тұр. Оюланған көк барқыт кең балақ шалбар. Аяғында күмістеген кең қонышты
саптама етік. Сауытын ышқырланып алған. Күміс белбеуінде жез сағалы, қынына алтын
жалатқан көк семсер. Сол қолының шынтағына ілген болат қалқан. Қазір қауіпсіз бір
тыныштық шақ болғандықтан шетіне зер ұстаған көк барқыт шапанын иығына жамыла
салған... Осы бір сұсты адамның айбынды түрінде қазір бір үлкен қобалжу бар.
Бұлосы көптің қолбасшысы. Табын руының биі, мың жылқы айдаған сұлтан Тіленші
ұлы Жоламан батыр еді.
Ол кенет қиядан қызыл түлкі көрген бүркіттей, оқыс қимылмен алға ұмтылып барып
тоқтады. Ағына сəл қызғылт қан тараған үлкен қырағы көздерін көкжиекке қадап тырп етпей
мелшиді де қалды. Өзге жұрт та солай қарай көз жіберді. Енді олар да Батыс жақтағы ақ
шаңдақты көрді. Əрі-беріден кейін соңынан шаңға көме сызылта шауып келе жатқан салт
аттыны бəрінің де көзі шалды.
Бұл кезде алтын сəулесін адыр, төбенің басында жамыратып күн де батып кеткен еді.
Əйелдер шақпақ қудан от тұтатып қазан көтере бастаған. Көштің əр жеріне көк түтін көлбей
ұшып, жұрттың көбі кешкі жабдыққа кіріскен.
Төбедегі шағын топтың көзіне түскен салт аттыны енді бар ауыл көрді. Барлық назар
шаң шыққан жаққа ауды.
Көбінің жүзінде үміт нұры ойнап шыға келген. Кей көңілде күмəн да бар. Əр тұстан үміт,
жорамал аралас дауыстар естіле бастаған:
О құдай, жақсылыққа болса игі еді!
Ақсарбас, ақсарбас!
Тым күрт келе жатыр-ау!
Артынан жау қуғандай!
Жоқ, қуаныш əкеле жатқан жан тəрізді!
Аузыңа май!
Астындағы сүліктей жараған қылаң бедеуі қара терге малынған кісі Жоламандар тұрған
төбенің етегіне келіп тоқтады. Алыстан шапқан жүйрік екі бүйірі солқылдап, оқтын-оқтын
дем шығарып, екі танауы желп-желп етеді. Үстінен шыққан ақ таңдақ көбік жерге үлпілдеп,
үзіліп-үзіліп түседі. Ат үстіндегі қара торы, жас қайыңдай берік, шымыр денелі жігіт екі
324
иінінен демін алады. Ұзақ шабысқа шыдамды болу үшін қара санынан бастап кеудесіне
дейін бар денесін тұтастыра қыл арқанмен айқыш-ұйқыш шандып тастаған. Тек екі қолы
ғана бос. Ерні кезеріп, күн шалған қоңыр жүзін ақшаңдақ сор топырақ жапқан. Бірақ отты
көздері ұшқын атып жалт-жұлт етеді.
Жарқыным-ау, жақсылық па, жамандық па? — деп Жоламан елегізе таяды.
Жамандық, көке, жамандық! — деді жігіт тілі күрмеле əзер сөйлеп. — Бізді қуып
Орынбордан қалың əскер шығыпты!
О, тоба...
Не қылмайсың дейді сонда бізге?
Қай тұста екен шыққан қол?
Жоламан түнеріп кетті.
Біздің хатымыздан не хабар бар?
əзір еш хабар жоқ.
Тағы да баяғы əдеттеріне басқан екен ғой, — деп Жоламан жас жігітке қарады.
Сүмбідей сұлу бедеуінің үстінде қорғасын құйған құлжа асығындай берік отырған осынау
жас жігіттің сымбатына сүйсінгендей көзінде бір сəуле жалт етті де, кенет үрлеп сөндірілген
білте шам жарығындай жоқ болды. Ол əлгіндегідей емес, ішкі ахауалын сабырға
жеңдіргендей:
Жə, енді атыңнан түс, шаңыңды қақ, — деді, — сонсын бəрін тəптештеп айтып
берерсің. — Жоламан жанындағы ақсақалдарға бұрылды. Сірə, бұлар ел бастаған ақылгөй,
ізетті адамдары болуы керек. — Суық хабар сұрқымызды қашырар əлей болмай тұра
тұрсын, — деді ол. Енді оның үні шиыршық атқан қажырлы шықты, — кеңескен жөн.
Иə, мұндайда иек артпа жол табар ақыл керек.
Ана, Шекті, Жағалбайлы, Шөмекейлердің де жақсыларын шақырған абзал.
Дұрыс лебіз.
Көппен кеңесіп шешкен тон келте болмас
Қайрат, Қанат, сендер ана Мұқаметəлі, Тайман, Жүсіпқали ақсақалдар-ға хабар
беріңдер, Жетіқарақшы шөміштене осы арада табысайық.
Мақұл.
Егіз қозыдай томпиған екі бала жігіт жұрттан бөлініп шыға берді.
Сірə, Үркер тарар кезде көтерілерміз, — деді Жоламан қасындағыларға, — түн қатар
алдында жұрт көз шырымын алсын.
Жөн ғой.
Шай-суларыңды ішіп қайта оралыңдар. Қатын-қалаштың үрейі ұшар, суық хабарды
білдірмеңдер.
Табылған ақыл.
Ақсақалдар тарай бастады. Жоламан хабаршы жігітке:
Байтабын, əжеңнің көзіне көрін де менің қасыма қайтып кел. Əкелген хабарыңның
мəн-жəйін тегіс айтып берерсің, — деді.
Жарайды.
Жоламан жалғыз қалды. Ымырт жабылып түн қараңғысы қоюлана түсті. Алыстағы
көкжиек үстінен алабұртып табақтай боп қызыл жалқын ай көрінді. Жоламанның ішін өртеп
бара жатқан қып-қызыл ашу шоғындай. Сұмдық хабар, ел басына төнгелі тұрған бүліншілік
төмен тұқыртып жіберген Жоламан енді еңсесін басқан салмақты кейін серпіп тастағысы
келгендей кенет бойын жинап алды.
Ереуіл атқа тағы да ер салатын күн туды, — деді күйіне дауыстап, — халық кегіне
суарылған ақ семсер жүзі мұқалмай бетімнен қайтпаспын.
Жоламан батырдың бұлайша серт беруінің ерекше себебі бар. Табынаса бай ру
емес. Көп жылдан қонар көлі де, ұшар көгі де Електің Ақ Жайыққа құяр сағасынан бастап,
Рын құмы мен Үшөзеннің малға жайлы, бидайықты, бозды шалқар жағасы болатын. Бұл ара
ежелден-ақ қазақ жері саналатын. Россия патшасының ана жылдардағы рұқсаты бойынша
Кіші жүз Жайықтың арғы бетінде де мал жайып, шөп шабуға ерікті еді. Ал 1810 жылдан бері
қарай бұл жай бұзылып, патша үкіметінің отаршылық саясаты Табын руының ежелгі мекені
осы Елек бойына да қол сұғуға кіріскен. Елек сорындағы тұзды Россияға жеткізетін жаңа
жол салудан басталған əрекет Жаңа Елек пен Орынбордың арасына жиырма тоғыз бекініс
орнатуға дейін барды. Бірте-бірте Үшөзеннің бойы мен Рын құмының жағалығы да казак-
орыстарға берілді. Бұл араларға бекіністер, қалашықтар салынып, Табын руы біртіндеп
325
өзінің сегіз мың шаршы шақырымдай ең оңды мал жаятын жерінен айырылды. Міне, осы
оқиғалар Жоламан батырдың атқа қонып қалың Табынды соңынан ертуіне себеп болды.
Жоламан ең алдымен патша өкіметінен жерін қан төгіспей тату-тəтті келісіммен алуға
ниеттенді. Осы үмітпен ол 1822, яғни Жылқы жылы Орынбордың əскери губернаторы
Эссенге ата-мекенімізді қайтарып бер деп хат жазды. Бұған еш жауап келмеді. Эссен жауап
орнына қазақтарды құмға қарай сырғыта түсу үшін есаул Падуровты бас етіп арнаулы жасақ
шығарды.
Азғантай адаммен аттанған Падуров қолға түсті. Эссеннің қылығын қорлық санаған
Жоламан Петербургтағы Бірінші Александр патшаның өзіне əбілғазының əрінғазы сұлтаны
мен Сырым батырдың баласы Жүсіпті уəкіл етіп жіберді. Патша бұларды қабылдамады, əрі
Петербургтен қайта шығартпай қойды.
Бір жыл өткеннен кейін Жоламан Эссенге тағы хат жазды, өзінің ата-мекен жері
жайындағы өтінішін айта келіп, əрінғазы мен Жүсіпті, Орынбор түрмесінде жатқан Құндақ
баласы Төленбайды қоя берсе, есаул Падуровты босататынын білдірді. Бұл хат та
жауапсыз қалды. Бір ай өткеннен кейін əбден күйінген Жоламан Эссенге үшінші хатын
жолдады... Əскери губернатор бұл жолы да жөнді жауап бермеді, тек қолындағы
тұтқындардың төлеуі деп үш жүз жиырма жеті сом ақша жіберді «жəне бұдан былай қарай
арамыздағы келіссөз Серғазы хан арқылы жүргізілсін» деді сол сүлесоқ қалпында.
Бұл қорлыққа шыдай алмаған Жоламан ақырында атқа қонды. Соңынан сарбаздарын
ертіп, үш жыл бойы Елек маңайына салынған бекіністер мен жаңа орнап жатқан қалаларды
шабуылдаумен болды.
Бұған жауап ретінде патша үкіметі жасақ үстіне жасақ шығарды. Оқ-дəрілі мылтық пен
көк құрыш қылышқа шыдай алмай Жоламан əскері сан жеңілді. Бірақ туған жердің кең
даласы қорған болған жігіттер қашан да көп шығынға ұшырамай құтылып кете берді.
Жайықтың күншығыс жағына шеңгелді қолын мол сұғып желіккен патша үкіметі енді Ор
мен Троицк қаласының арасына жаңа жол салды. Осымен байланысты Арғын, Алшын,
Қыпшақ руларының он бес мың шаршы шақырымдай ең шұрайлы жерін басып алды. Бұл
рулар енді кешегі өз жерінен бүгін шөп шауып, мал оттатуға рұқсат алу үшін патша
қызметкерлеріне көп ақша төлейтін болды. Мал қайғысыжан қайғысы дейтін қазақ кең
жайлау, шалғынды даласынан айрылып, не істерін білмеді. Ақырында барып Ақ Жайық
өзені мен Қараөткел ортасын жайлаған Арғын, Қыпшақ, Алшын, Найман, Уақ, Керей рулары
ауық-ауық ақ патша отаршылық саясатына қарсы ереуілге шыға бастады. Əскер тұрған
бекіністерді шауып, ақ патшаға берілген, Россия империясының қол астына кіріп алған
Бөкей, Уəли, Сəмеке тұқымдарынан шыққан сұлтан-правительдердің ауылдарын талады.
Алайда өзара бақастық, бəсеке, алауыздық сияқты дерт жайлаған бұл рулардың қоқан-лоқы
ереуілдерін, қазақ даласының əр тұсына əскерлі бекініс орнатып үлгірген патша
губернаторлары басып тастап отырды. Жайық өзенінің күншығыс жағындағы Орта жүз бен
Кіші жүз рулары өткен жылы ғана жаппай бас көтерген еді. Бұл 1835, яғни Қой жылғы ереуіл
Қараөткел мен Жайық арасындағы ең үлкен ереуіл болды. Бірақ бұл көтеріліс те нəтижесіз
аяқталды. Алайда қол бастаған батырлар енді жауды жеке шауып жеңе алмайтындарына
көздері жетті. Бүкіл қазақтың бірігуі керек екенін түсінді. Бірақ үш жүздің қазағын тегіс кім
басқармақ? əр ру жеке отау тігіп өзі би, өзі қожа болғысы келді. Ортақ өгізденоңаша
бұзау. Бұл əр рудың басты адамдарына қолайлы. Сондықтан олар енді біріктіруден гөрі
бытыратуға құмар. Əрине, əр рудан шыққан алуан-алуан қол бастар батыр, топ жарар
шешен бар, бірақ бар рудың тақымы толар, ақылы мен ерлігіне бас ұрар бірде-бір көсемі
жоқ. Қала берді, əр жүздің бас иер батыры да жоқ. Батыр дегендері тек өз рулары үшін ғана.
Мұндай жағдайда бар қазақтың басын кім қосады? Кім тұлғасы болады?! Сондықтан да көп
жұрт Ақтабан шұбырындыдан соң қазақты ел етіп қайта көтерген Абылайханның
ұрпақтарына көздерін тігуде еді. Қалмақтардың бетін қайырған соң, ұзақ жылдар бойы, Орта
жүздің шын мəнісіндегі əміршісі болып келген Абылайды Үш жүздің бас көтерер адамдары
1770 жылы ақ кигізге көтеріп хан сайлады. Бірақ Екінші Екатерина патша өзінің 1778 жылы
24 майда берген Указында оны тек Орта жүздің ғана ханы етіп бекітті. Неге Абылайдың
өтінішін қабылдамағаны жайында осы Указды Орынбор губернаторына жолданған сол
жылғы жиырма бірінші сентябрьдегі сенат коллегиясының хатында көрсетілген. Онда бар
қазақты бір ханға билетіп, басын қосудың қауіпті екенін ашып айтқан. Тағы осы хатта
Абылайдың Россия императорына бағынғанына патша бекінісінің бірінде антын бергеннен
кейін ғана оған хандық грамотасы мен құндыз ішік, түлкі бөрік, күміс қылыш тапсырылсын
326
делінген. Бірақ Абылай патшаның бұл талабын орындамады. Указбен танысуға өзі келмей,
ағасы Жолбарысты жіберді. Ол сендерге бағынамын деп Россия мен Қытай
императорларын бірдей алдап, ал шын мəнісінде Үлкен Орда ханы болып жүре берді. Бірақ
бұл кезде Əбілқайыр, Нұрəлі ұрпақтары басқар-
ған елдердің көбі патшаға шын бағынған-ды. Ал Абылайхан өлгеннен кейін 1782 жылы
хандыққа оның үлкен баласы Уəли бекітілді. Ол бірден Россия патшасының отаршылық
саясатына мойын сұнды. Ал Абылайдың өзге ұрпақтары, əсіресе қалмақ əйелінен туған
баласы Қасым төре бұған көнбеген-ді. Абылайдың Үш жүзді бірдей аузына қаратқан хандық
мəртебесін көксеген Қасым төре, оның үлкен балалары Есенкелді, Саржан алыс-жұлыстан
бір күн тыйылмаған... Қалың бұқара Шыңғысхан ұрпақтарының мұндай шерменін қайдан
білсін, өзінің тəуелсіздік тілеген, жерін қорғаған күресіне Абылай ұрпақтарының ежелгі
арманы сəйкес келіп, басымызды осылар қосар деген үмітті көкейлеріне тұмардай таққан.
Бұл кезде патшаның отаршылық саясаты шегіне жетіп, қазақ елінің қай тұсында болса да
ереуілге шыққандар тобы көбейе түскен. Мың бұлақ қосылса өзен болады. Басқара білер
кісі болса мына ру-ру боп көтерілген, тəуелсіздігін аңсаған халық бір тудың астында біріксе,
дүлей толқынды теңіз тəрізді ғажайып күшке айналуы сөзсіз. Ал сол күшті кім басқарады?
Қасым төре балалары сонау Қаратау маңында. Жəне қазір олардың тасы өрге
домалайтындай халде емес екенін бүкіл Арқа, Жайық біледі. Қоқанмен тіл табысар күн бар
ма? Тіл табысқан күннің өзінде оның өрісі ұзақ боларына кім сенеді? Былтыр жаздағы
Ташкент құшбегінің қылығы тағы қайталанбасына кімнің көзі жеткен? Сауда адамында пəтуа
жоқ, қазақ елін садақа етіп, өз пайдасын көздеп отырған сонау алыстағы Қоқан ханына
сенгенмен не пайда? Сенбегенде не істеу керек? Россия патшалығымен біріктік дегенді
сылтау қылып, ел-жұртын қанап жатқан қарға-құзғын сұлтандардың жемі болуға көне
бересің бе? Көнбеске шара бар ма? Іш қазандай қайнайды, күресуге дəрмен жоқ. Орға
тірелген жеріміз осы шығар. Енді аяғыңды еппен баспасаң омақатқаның.
Жоламан батырдың бағанадан бері ойын шырмаған осылар. Өзі қатты сасқан күйде...
«Жоқ, бір жолын табу іс-ақ. Таппасқа болмайды. Өйткені соңымнан ерген мынау қалың
Табынның тағдыры үшін менен басқа кім жауап бермек? Жөн сілтей алмайды екем, о баста-
ақ жұртты жел көтерген толқындай ұйқы-тұйқы етпеуім керек еді».
Жоламан əрі ойлап, бері ойлап бір шешімге келді. «Көп қорқытады, терең батырады».
Бар қазақтың басының бірлігі бізге қорған бола алады. Бірақ ол оңайға түсе ме? Қазақ сонда
кімнің соңынан ереді? Елге тұтқа бастысы кім? Абылайдың туын көтеріп жиырма жылдан
бері Сібір губернаторымен, Қоңыр-
құлжа, Зілқара аға сұлтандармен алысқанда, Қасым төре, Есенкелді, Саржанның
соңдарынан бар ерте алғандары Алтын, Тоқа, Уақ, Алтай руларының ауылдары ғана! Ал
менің соңымнан ерген Табыннан басқа кім бар? Бар қазақтан жұртқа тұлға болар бір батыр
ұл шықпағаны ма? Неге батыр ұл? Ақылгөй шешен болса да жетпей ме? Жоқ, қазақ құр
ділмарға ермейді. Батырлықты сүйер жауынгер халық ел басқарар ақылдылығы мен жау
түсірер ерлігі болмаса, басын имейді. Алты алашқа аян ондай кім бар? Осындай бір ұл
табылса, намыс дегенді былай қоя тұрып, өзі де оның қол астына кіруден тартынбас еді.
Алдында қол бастаған əкесі мен ағалары болғандықтан Кенесарының бұл тұста
бəлендей аты шыға қоймаған. Қазақта ол кезде не көп, батыр көп, Кенесарының кейбір
ерлігі ағалары айбарының тасасында қала беретін. Сондықтан Жоламан оған тоқтамады.
«Кім бардеген арманды сұрағына жауап таба алмай басы əңкі-тəңкі болды.
Дəл осы сəтте оның жанына Байтабын келді. Байтабын үлкен апасынан туған Кіші
жүздің Есентемір руындағы жалғыз жиені еді. Жанындай жақсы көретін. Əйтсе де ел қамын
ойлаған Жоламан, қиын-қыстау қатерлі нартəуекел іске көбінесе Байтабынды жұмсайтын.
Өйткені Байтабын шексіз батыр, епті, айлакер. Тапсырған істі тап-тұйнақтай етіп орындап
қайтады. Бірақ өзгеге сыр бермегенмен, Жоламан да Байтабын оралғанша жанын қоярға
жер таппайтын. Тек жалғыз жиені қатерлі сапардан аман-есен келгенде ғана барып,
жаңбырдан кейін ашылған аспандай жадырап сала беретін. Бүгін де осындай халде еді.
Байтабынды көрісімен көңілі көтеріліп қуанып қалған. Міне, енді жанына келген жиенін
маңдайынан иіскеді.
Сен оралғанша мылтықтың аузында тұрғандай болдым ғой.
Жауынгер болып қалған жас жігіт нағашысының əлі де мұны бала көріп маңдайынан
иіскегенінен қысылып:
Түу, көке-ай... — деді күлімсірей қызарып.
327
Жоламан бойын тез жинап алды.
Шыққан əскер көп пе екен?
Екі топ. Біріжүзге таман кəрі қылыш 1 . Елек бойымен жоғары көтеріліп келеді.
Бəрінің мойынында бір-бір карабін мылтық. Басқарып келе жатқан қоржынды Қара Бураның
өзі.
Қазақ ат қоюға қандай шебер. Адамның бойындағы бір жақсылығын, не кемістігін тауып
алады да соған сəйкес не мазақтайтын, не кекесін, немесе мадақтайтын бір ат таба қояды.
Байтабынның қоржынды Қара Бура деп тұрғаны хорунжий Карпов. Бұл өзі зор денелі, кеуде,
білектерін жүн басқан ашушаң қара кісі. Əрине бұған Қара Бура деген ат дұрыс келеді. Ал
қоржынды деген сөздің хорунжийден шыққанын қазақ əлдеқашан ұмытқан. Сондықтан
қоржын артып жүрмейтін Қара Бураны неге қоржынды дейтіндерін өздері де білмейді. Сірə
бұлар да руға бөлінетін шығар. Шұбыртпалы Ағыбай деген тəрізді, бұның да қоржынды
делінуі содан болар дейтін де қоятын.
Карабин мылтықтың оқтауы жылдам болмағанмен, ол кездегі ең мықты қару. Жоламан
сарбаздарында бұл мылтық атымен жоқ. Жігіттердің қолында сойыл-шоқпар, садақ. Тек
кейбіреулерінде ғана Хиуа шеберлері істеген ұзын мойын білтелі мылтық. Сондықтан
сарбаздардың жаумен қоян қолтық келгенше ең көп пайдаланатындары садақ. Ер басына
ілген өрнекті кигіз жарғақ қорамсаларда бірнеше жебелер қатар тізілген. Сап жағы ғана
көрінеді. Бас жағы төменде. Олардың кейбіреулерінің ұштары жылан уымен немесе аусыл
болған сиырдың сілекейімен суарылған. Қолмен ұстауға болмайды. Бұл жебелер тиген
жаудың тірі қалуы екіталай. Ежелден садақ тартып үйренген қазақ, осы атамзаманғы
қарумен де зеңбірек пен карабинға қарсы шығуына қарағанда тəуелсіздік арманы ажалдан
күшті болғаны да əйтпесе...
Жоламан алдағы айқастың қаншалық қиынға түсетінін күні бұрын аңдап тұр. Ол
беліндегі Қорасанда жасалған көк семсерін сəл қозғап қойды да:
Зеңбіректері бар ма екен? — деді.
Жоқ, онысы жоқ.
Мұнысы жақсы екен.
Бірақ, күкірт оқ-дəрісі көп деседі. Өзім көре алмадым. Көрген жігіттер қос ат жегілген
артқы арбада қара кигізге оралған бір күбі оқ-дəрі бар дегенді айтады.
Бұны да еске алған жөн. Білтелі мылтықты бір сарбазға тапсырармыз. Атары тек сол
қара кигізді арба болсын. — Жоламан кенет бірдеме есіне түскендей Байтабынға бұрыла
қарады. — əлгі ақ көз Жəбірейілі мен маңқа əлексалдысы көзге түспеді ме?
Жоламанның ақ көз Жəбірейіл, маңқа əлексалды деп тұрғаны Елек бойындағы
бекеттердің Гаврилло, Александр деген урядниктері. Ашуланғанда көзі ағарып кететін
Гаврилло мен мұрнынан мыңқылдап сөйлейтін Александр, Елек бойының қазақтары
арасында белгілі қан ішер, тас мінез қатал урядниктер. Көптен бері қазақ ереуілшілерімен
айқасып əдеттенгендіктен, бұлар алаңғасарлау Карповтен гөрі дала ұрысының тəсілін
біледі. Елек маңымен əбден таныс. Айла, қулықтары да бар. Ереуілшілермен кейде
итжығыс түсіп жүретін сұмдар. Жоламан оларды сондықтан да сұрап тұр.
Екеуі де Серғазы ханның жасақтарымен бірге. Бұлар да жүзге таман кісі. Он шақты
іштесерлері 2 бар, өзгелерінде қисық қылыш, болат ұшты найза. Бұлар бізге Үшөзен
тоқырауынан кеп тимек.
Амалдары айқын. Қышқаштай екі бүйірден алмақ қой.
Солай тəрізді.
Дегендері болса игі ед-ті!.. — Жоламан кенет Байтабынға тесіле қарады. —
Ақбөкенді көре алдың ба?
Тегеурінді жігіт бұл сұрақтан иығын қара тас басқандай, əп-сəтте жүдей қалды.
Жж-жоқ...
Ақбөкен Табын руының бір момын адамының жалғыз қызы. Бесіктен шықпай жатып
нағашысы Жоламан оны Байтабынға айттырған-ды. Өзі аққудың көгілдіріндей əдемі болып
өсті. Мал баққан ата-ананың осы жалғызына бір үлкен аста Серғазы ханның көзі түседі.
Аста бəйгеден келген Табын руының аты шулы қара көк ақалтекесінен көрі, ханды осы атқа
шапқан сегіз жасар бүлдіршіндей ерке-шора қыз таң қалдырады. Қыздың бой тұлғасы
өзгеше еді. Анау-мынау бала жігіттер шыдай алмайтын алыс ат жарысына сегіз жасар
1 К ə р і қ ы л ы шкарательный отряд деген мағынада.
2 І ш т е с е рштюцер мылтықтың қазақша аты.
328
Ақбөкен шыдады. Қыз тани білетін Серғазының қырағы көзі осы сұлу пішінді балдырған
жасты бірден шалады. Түбі осы қыздан бір ғажайып көрікті, не өнері асқан əйел шығатынын
айтпай ұғады. Содан кейін барып... ас бітпей хан Ақбөкеннің əкесіне өзін төлеңгіт етіп
алатынын білдіріп «біздің ауылға көш» деді. Хан əмірі екі болған ба, үш-төрт күннен кейін
момын Жантемір Серғазы ауылына көшті. Ханға төлеңгіт болған адамның, өз бетімен қыз
беріп, қыз алуға құқы жоқ. Бəрін хан шешеді. Жантемір де осы салтты сақтап азын-аулақ
алған қалың малын Жоламанның туған апасы, Байтабынның жесір қалған шешесі Күнкейге
қайтып берген. Ауылдас болып, өзінің Байтабынға айттырылғанын білетін Ақбөкен оған
деген отты сезімі оянбаса да, біртүрлі жылы тартып, іштей оны өзіндік санап, жақсы көре
бастаған. Кенет тағдырының неге өзгергенін анық түсінбесе де əйтеуір бір сұмдықтың
болғанын сезіп, қимастықпенен жылай-жылай кете барған.
Бұл уақиға бір тайпы елдің биі, сұлтаны Жоламанға қатты батқан. Өр көңілді батыр,
намысқа шауып өте қорланған. Бірақ амал не, іш қазандай қайнағанмен, ер намысынан көрі
ел намысын жоқтар заманда ханға қол жинап қарсы шыға алмады. Əйткенмен іштегі ыза
өшпейтін кекке айналған. Жоламан батырдың Серғазы ханға өте-мөте өшігуінің де бір
себебі осы еді.
Сөйткен Ақбөкен үріп ауызға салардай асқан сұлу қыз болды. Жүйрік үйретер өжеттігі де
жұрт аузындағы жырға айнала бастаған. Өмір деген теңіз де, адам желкен қайық тəрізді,
тағдыр желі айдаса кездеспей тұрмайды. Кіші жүздің көп рулары кей жылдары бас қосып
қалған қан жайлауларда Байтабын мен Ақбөкен де үш-төрт рет ұшырасқан. Бір кездегі
балалық жылы сезім енді лапылдаған жалынға айналған. Бірақ жастар ашық қауышып кете
алмаған. Екеуі осындай қайғы шешілмеген өре-шөреде жүргендерінде, Ақбөкен он алтыға
жетті. Кəрі тарлан Серғазы алыстан болжаған екен. Бүкіл Жайық, Елек, Жем бойының
жігіттеріне арманға теңелген Ақбөкенді Серғазы ханның өзі тоқалдыққа алады екен деген
сыбыс бір күні елге жайылды. Ханның тоқал алуы жұртқа бəлендей қауесет хабар емес,
бірақ осы суық сөзден Байтабын біреу қойнына жылан салып жібергендей ыршып түсіп,
сенделіп барып жер бауырлап жатып алды. Бұл хабарды естіген Жоламан Байтабыннан
қатты қиналды. Ыза мен кек, қорлық бəрі жүрегіне біздей қадалып, жанын қоярға жер
тапқызбады. Үйінде жатқан жиенін шақырып алды да жұрт көзінше:
Бізге қарсы Орынбордан солдат шықты деген сыбыс бар. Серғазы төбеттің аулына
астыртын барып қайт, анығын біл. Жəне біздің губернаторға жазған хатымыздан не дерек
бар екен, соны да сұрастыра кел, — деді.
Жұрт кетіп, Байтабын екеуі оңаша қалғанда:
Қарашығым, бақыт деген бір қоңыр қаз, ер жігіт оған тұзақ сала ма, тор құра ма, ұстай
білуі керек, — деп күрсінген. — Сен қос қылаңды ал да, Сер-
ғазының аулына жет. Ақбөкен көнсе алып қаш, көнбейтін түрі болса... Серғазы сұмырай
қашан ұзатып алмақшы екен, соны біл, сегіз жүз жылқымды құрбан етсем де, ауылын
шауып, құдай қосқан қалыңдығыңды тал түсте тартып əперем.
Қос қылаңыЖоламанның ұшқан құспен жарысар бедеулері еді. Байтабын жұрт көзіне
түспес үшін, қасына жігіт ертпей, сол түнде-ақ жүріп кеткен. Серғазы аулына жақындағанда,
ханның бүгін-ертең Ақбөкенді алмақ болып жатқанын естіді. Оның үстіне Жоламан аулын
шабуға осыдан үш күн бұрын екі жасақ шыққанын білді. Бұл жақта енді аялдаса аулының
қан болатынын түсінді. Ақбөкен арманы қаншама жанын жегенмен, ел-жұртын апатқа
қимады. Қос қылаңды кезектете ауыстырып мініп, кейін шапты. Біреуін зорықтырып жолға
тастап, екіншісімен жеткен еді.
Қалай жолыға алмадың? — деді Жоламан жиенін жұбатайын деген ойменен.
Көке, ел қырғынға ұшырағалы тұрғанда, — деді Байтабын жүдей, — өз кеудеме
қадалған шөңгені ойлағым келмеді.
Айналайын құлыным, ел қамын ойлар азаматтың сөзін айтып тұрсың. Алайда өзіңе
бекем бол, жазылмайтын жара жоқ...
Жоқ, көке, бұл жара жазылмайды.
Жазылмайды, дейсің бе? Түсінбей келдім бе, жараң тым ауыр екен. Жарайды, осы
айқастан сау шықсақ, турармыз Серғазының түндігін!..
Жетіқарақшы шөміштене, жұрт қорғаны ақсақалдар да жиналды. Бəрі дөң басында
дөңгелене отырып кеңеске кірісті. Жоламан бар жайды айтып беріп, ақыл сұрады. Бие
сауымындай кеңесіп үлкендер қауымының шешкені мынау болды: Табын көшіне енді бұл
арада қалуға болмайды, бала-шағаны қырып алмас үшін, тоқ етер шешімге келгенше қалың
329
ел осыдан күншілік жердегі Мұғажар тауының батыс саласындағы ну жыңғылға көшіп, əзірге
бой тасалай тұрғаны жөн. Қазір найза ұстаған мың сарбаз бар. Бес жүзін саралап алып
жауды осы арада қарсы алу керек. Ал қалған бес жүзізаман қандай, заң қандай, — жау
жасағы торып алдарынан шығар болса, төтеп беру үшін көшпен бірге аттануға тиіс.
Жоламан ойынша солдаттар осы араға таң ата жетуге тиісті. Мүмкін ат ауыстырып отырса
түнделетіп те келіп қалулары ғажап емес. Сондықтан көш қозғалысымен жауды жаңылдыру
үшін, он шақты жігіт əр жерге көптеген от жағып. ауыл əзір қозғала қоймағанын аңғартар
жалған көрініс жасауға осы арада қалғаны дұрыс...
Осындай шешімге келген ақсақалдар өздерінің көштеріне қарай беттеді.
Жоламан мен Байтабын жігіттерін бөлуге кірісті. Найза ұстаған, білте мылтық асынған
сарбаздар алдарынан сап-сап болып өтіп жатты. Кейбіреулерінің арқаларына таңған
қалқандарының дөңгелек күміс шұғымдары ай сəулесімен ойнап жалт-жұлт етеді. Жоламан
оң қолын көтерген сап көшке бұрылып, сол қолын көтергені осы төбенің етегінде қалып
жатыр.
Бие сауымы өтпей, қалатын жауынгерлер таңдалып алынып, көштің алды қозғала
бастады. Үрейлі атүсті өмірге дағдыланған жұрт, үн-түнсіз шұбырып кете барды. Түйенің
боздағаны, анда-санда ұйқысынан шошып оянған балалардың жылағаны, жылқының ауық-
ауық пысқырғаны, оқыранғаны естілді...
Көш айлы түнде сырғып, бұлдыр белестен өтіп жоқ болып кетсе де, ауыл əлі де осы
арада тəрізді. Дəйекші жігіттер жаққан оттар жыпыр-жыпыр етеді. Қалың ауыл осы араға
жаңа келіп қонып ас-суын дайындап жатқанға ұқсайды.
Жоламан қалған жауынгерін екіге бөліп, бірін тапал қарағаш тоғайлы ойпаттау келген
сай бойына орналастырды. Екінші бөлегін қырқа тасасына қарай əкетпек болып тұрғанында
кенет белесті өрлей шапқан ат дүбірлері естілді. Сарбаздар елегізе қалды. Тынық түнде
шыққан дыбыс қандай үрейлі! əсіресе дəл қазіргідей жау күткен шақта.
Көп кешікпей күнгей жақтағы белесті бауырлай ай астынан бір топ салт атты көрінді.
Найза, сойылдарын көлденең ұстаған. Бұл Табын руының салты. Өздерінің арғы бетке
қойған ертəуіл1 жігіттері екен. Олар орталарындағы біреулерді қоршай шауып келеді. Əне-
міне дегенше түнгі даланы қақ жарып батырлар тұрған төбеге жетіп қалды. Иə, бұлардың
қоршап келе жатқандары үш салт атты. Түрлері де анық көріне бастады. Біреуі қыз тəрізді.
Ал қалған екеуінің киімдері тіпті өзгеше. Жайық қазақтарының киіміне ұқсамайды. Аласа
төбелі екі елідей-ақ тері ұстаған бөрік, үстерінде мұжықтардың киетіндері тəрізді тоқыма
қара шекпен. Аяқтарында мəсі ме, əлде жіңішке қоныш етік пе, айырып болмайды. Кім
болса да жат адамдар, үшеуінің де қару-жарағы жоқ. Аттары да əбден болдырған. Тек жан-
жағындағы жігіттердің сүйемелдеуінің ар-қасында ғана келе жатқан тəрізді. Шапты деген құр
атағы. Төбе етегіне жетер-жетпестен, дəл бір салы суға кеткен адамдардай, бастарын
жерге салбыратып, төрт тағандап тұра қалды. Гүрс етіп құлап түсуі де ғажап емес.
Ертəуілдер бастығы алып келгендерінің кім екенін түсіндіргенше Байтабын;
Япырмау, мынау Ақбөкен емес пе, — деп дауыстап жіберді.
Қыз да таныды.
Байтабынсың ба? — Ол енді өзгелерге иіле сəлем берді. — Армысыздар ағалар?
Жоламан жауап қайтарды.
Барсың ба, қарағым.
Расында да бұл Ақбөкен еді. Ақбөкен десе ақбөкендей əдемі екен! Ат жақтылау келген
ақшыл жүзінде ай сəулесі ойнап, тостағандай мөлдіреген бота көздері түпсіз тұңғиық қара
судай тұна қалған. Көтеріңкі қос алмалы кеудесі сұңғақ келген, аппақ жұмыр мойнымен
тұтаса көз тартады. Ақ маңдайына үкілі кəмшат бөркі, қыпша беліне мықынын оя тіккен
қызыл барқыт оқалы пешпенті жарасып-ақ тұр. Əсіресе көзге түсері, белдігіне байлаған
жібек жібі шешіліп кетіп, арқасынан төмен қарай жерге төгілген қою қара шашы. Мұндай да
ұзын шаш болады екен-ау! Тоқпақтай болып өріліп, үзеңгіден төмен ат тірсегіне дейін
төңкеріле түсіп тұр.
Қарағым, жол болсын, — деді Жоламан.
Қол бастаған кемеңгер аға, — деді Ақбөкен тағы да басын иіп, — біз бір қара
құзғыннан шошып ұясын тастап ұшқан əлсіз көгершін...
Жігіттер, аруды аттан түсіріңдер! — деп Жоламан əмір берді.
1 Е р т ə у і л, е р т ө л ебарлаушы.
330
Байтабын өзі барып, қазақтың көне салты ғұрпымен Ақбөкенді ат үстінен жас баладай
етіп бір қолымен мықынынан ұстап, бір қолымен шалбарлы қара санына тигізер-тигізбес
етіп көтеріп лып еткізіп жерге қойды.
Ақбөкеннің шашының кереметтігін жұрт енді көрді. Нағыз қара толқын тəрізді төгіліп
жерге тиіп жатыр. Қыз шашын бір қолымен ортан белінен ұстап, аш беліне орай салды. Ол
енді əдепті үнмен Жоламанға бастан кешкен хикаясын айта бастады.
Жанындағы серіктері патша қысымдарынан қашқан əшірап, Дəулетші деген башқұрт
жігіттері екен. Серғазының төлеңгіт аулында бас паналап жүреді. Осыдан үш күн бұрын
Серғазы күйеу жігіт ретінде ұрын келеді. Ханның нөкерлері ауылда тығылып жүрген əшірап
пен Дəулетшіні ұстап алып, таңертең Орынборға қарауылмен жүргізбек боп, Жантемірдің
үйінің жанындағы арбаға қыл шылбырмен байлап қояды. Бір-екі айдан бері бауырларындай
болып кеткен қашқын жастарды ауылдың қыз, бозбаласы жаман аяйды. Бірақ қолдарынан
ештеңе келмейді.
Түн ортасы ауған кезде қыздың жеңгелері Серғазыны Ақбөкеннің отауына алып келеді.
Қазақ дəстүрін мүлтіксіз орындап, «күйеу балаға» қалыңдығының қолын ұстатып, аларын
алып кетіп қалады. Ауру тазыдай имиген, қансыз-сөлсіз қатып қалған рабайсыз Серғазыдан
қалай құтыларын білмей аласұрып отырған Ақбөкенге, төсекке жатар алдында:
Қаным кеуіп барады, бір жұтым саумалың бар ма, бойжеткен, — деп Серғазы
əзілдеген болады.
Ақбөкен түрегеліп барып, көрші үйден сырлы аяққа құйып қымыз əкеледі. Келе жатып,
əнеукүні тісі ауырғанда басқан күшəланың бір бөлегі қалтасында екені есіне түседі.
Ойланбастан сол күшəланы алады да тостағанның ішіне тастай салады. Бүкіл халыққа
бүйідей тиетін, қатыгез Серғазыны ашу үстінде «өлмесе өлем қапсын» дейді.
əбден сусаған Серғазы қалыңдығының өзі оң қолымен берген қымызды жұта береді.
Сырлы аяқты босатып үф деп демін алып, екінші бір сырлы тостағанды сындырмақ ойымен
киімін шешпек болады. Бірақ қымызға еріген күшəла басын айналдырып құстыра бастады.
Қалыңдығына барған ханзаданың қызығын көруге ешкімге рұқсат етілмеген, нөкерлері
бірен-саран желіккен бала-шағаны отау маңынан бағана қуып жіберген. Өздері де əрірек
барып тұрған. Нөкерлер де тірі адам ғой, алпысқа таяп қалған қарт он алты жасар қызбен,
өрге қарай тас көтерген кісідей əуре боп жатқанда бұлар қалай шыдасын, күзетке саңырау,
дүлей біреуін тастап, өзгесі өз қамын ойлап төлеңгіттердің алтыбақаннан қайтқан қыз-
келіншектерін аңдып кетіп қалған.
Серғазының халінің қиындағанын көріп, Ақбөкен əшірап пен Дəулетшіні күзетіп отырған
екі нөкерге хабар берген. Сөйтіп Серғазы үй ішінде домалап, ал əлгі нөкерлер не істерін
білмей əбігер болып жатқанда, Ақбөкен арбаға байланған арқанды пышақпен кесіп екі
қашқынды босатып алып сайға түсіп кеткен. Сайда қыз аңдып жоғалған нөкерлердің
жайылып жүрген ерттеулі үш атын үшеуі мініп алып, қараңғы түнді пайдаланып Жоламан
көшінің соңынан зытып отырады. Ақбөкен Табын руының қалай қарай көшкенін бұрын
естіген. Бала жастан үйренген даласы емес пе, дұрыс тауыпты.
əттең не керек, күшəла аз болған секілді, — деді Ақбөкен сөзін аяқтап, — мен шығып
бара жатқанда Серғазы көзін ашты...
Жоламан ақырын басын шайқады.
Серғазы өшін əке-шешеңнен алады деп ойламадың ба?
Олардың қандай айыбы бар?
«Иə, олардың қандай айыбы бар? Бірақ бұл заман айыпсыз жанның айыпты болатын
заманы емес пе? əйтпесе соңымыздан қол шығарар біздің қандай айыбымыз бар?
Жерімізге, елімізге тиме дегеніміз бе Жоламан ауыр күрсінді. Енді ол қатар тұрған
дембелше, мығым башқұрт жігіттеріне бұрылды.
Сендер енді қайда бармақсыңдар? — деді.
Егер алсаңыз, сіздің сарбаздарыңыздың қатарында қалғымыз келеді, — деді қазақ
тілін əбден біліп алған ақ сары əшірап.
Жоламан екі жігіттің бетіне сынай қарады.
Қолдарыңнан не келеді?
Құрыш табылса зеңбірек құя аламыз, — деді бағанадан бері үндемей тұрған қалың
қабақты қара торы Дəулетші, — кенді топырақтан қорғасын қорытып оқ та жасай аламыз.
Рас айтасыңдар ма?
331
Рас болғанда қандай! Бұрын екеуміз де Оралдағы Димитриевтің қару-жарақ
заводында жұмыс істегенбіз.
Жақсы, — деді Жоламан ойын ашып айтпай, — əзірге біздің көшпен бірге болыңдар.
Өзге жағдайды соңынан сөйлесермізбір жігітке бұрылыпжігіттер, ана тұсаулы
аттарды алып, мыналарды біздің ауылдың көшіне жеткізіп сал, — деді. Енді ол Ақбөкенге
көз тастады, — қарағым, сен де əзірге біздің үйде бола тұр.
Мақұл, аға.
Байтабын сəл қозғалып:
Көке, бұл кісілерді мен апарып келейін, — деді.
Болады. Бірақ тез орал.
Құп.
Байтабын қайтып келгеннен кейін Жоламан сарбаздарының қалғанын ертіп, алдыңғы
жақтарында сұлай созылған белестің үстіне шығып бекінді. Арт жақтарында əр жерде
жылтылдаған от көрінеді, қалың ауыл қонып жатқан тəрізді. Ай сəулесі жүдей, күншығыстан
таң білініп келе жатқандай...
Жоламан сарбаздарын əбден жайғастырып болды. Күнгейден Терістікке қарай созылған
қатпар тасты, ойлы-қырлы қырқада екі жүздей сарбазы орналасқан. Жігіттердің бəрі жерде
жатыр, аттары қырқа тасасында... Бұл қырқадан күншығысқа қарай кең құшақты сай кетеді.
Жазғытұрым оны қуалай шалшымақ су ағады. Түбі құмайт, уақ тас, жағасы сирек ши. Осы
сай күншығыстағы бір шақырымдай жердегі тарам-тарам жылғалы, қараған, жыңғыл қалың
біткен, ойдым-ойдым талды ойпатқа барып тіреледі. Онда Жоламанның екі жүз жауынгері
тұр... Жоламанның ойы: ең алдымен қоржынды Қара Бура, ақкөз ЖəбірЎйіл, Маңқа
əлексалдыға қарсы үш жүз сарбазымен айқаспақ (оның жүзі ортадағы сай бойында), содан
кейін екі жақ əбден қалжырады-ау деген кезінде артында тығылулы ұшқыр атты екі жүз
жігітін жауып жібермек! Алдыңғы шепті өзі, артқы шепті Байтабын басқармақ. Өз тобының
сарбаздары дені садақпен, біразы хиуа мылтықпен қаруланған. Байтабын тобы кілең сойыл,
найза, шоқпармен сайланған. Бұл топ жауға атой беріп, қоян-қолтық шабуылға арналған. Екі
топ бағанағы Қанат, Қайрат деген егіз жігіттер арқылы байланыс жасап тұрмақ...
Сұңқарларым, — деді Жоламан бір тізерлеп отырып, — іштегі болмашы жара дертке
айналған заман болды ғой. Қара бастың қамын жесек, дəулетім де, шен-шекпенім де бар,
бір бүйірге жантая кетер едім. Өйткенде жерінен, елдік деген атынан айрылғалы тұрған
қыруар Табынның қамын кім жейді? Сол Табын деп атқа қондық, сол Табын деп жан
қиярмыз. Кеше Хиуа ханына сатылып хан деген атаққа ие болып, бүгін таулы жердің қу
түлкісіндей ақ патшаға құйрығын жылмаңдатып астына кіріп отырған Серғазы иттің жігіттері
мен Эссен жанаралдың солдаттарына кездескелі тұрмыз. Дауды ақыл жеңеді, жауды батыл
жеңеді.
Сөз бар ма! — деп жігіттер қозғалып қойды.
Мылтық даусы зор болса да бір-ақ адамға тиеді. Бұл зеңбірек емес. Ал келе жатқан
қолдың зеңбірегі жоқ көрінеді.
Онысы дұрыс болған екен.
Карабін мен іштесердің оқталуының өзі бір қауым уақыт. Ал садақ дегеніңіз...
Уа, бұл шіркіннің несін айтасың! Тек тарта біл.
Екі туып бір қалмақ жоқ, мылтықтың даусынан құттарың қашпасын, жауға садақпен
қан жұтқызып алайық та, содан кейін найза, сойылға жол берейік. Өздерің көріп тұрсыңдар,
олар тек бізге жазық жермен ғана келе алады. Ең мықтағанда ши түптерін қалқан етеді.
Садақ оғы əбден мазасын алған кезде, мен ақ орамалымды найза басына көтерермін.
Сонда бəрің бірдей атқа қоныңдар.
Құп, батыр.
Ал енді орындарыңа барыңдар. Анау ақ тастан бастап, мына шоқ тобыл-
ғыға дейін біріңнен бірің алыстамай қатарласа жатыңдар. Тəңірі жар болсын!
Айтқаныңыз келсін!.. Олар да біз секілді анадан туған, болар. Көрерміз!
Уа, алла, ақсарбас жолыңа!
Жігіттер орындарына жете бергенде, Жоламанның құлағы тағы бір дүбірді шалып
қалды. Ынтыға тыңдап еді, ат дүбірі алыстап бара жатқан секілді. Жəне екі жақтан шыққан
тəрізді ме, қалай. Бірі алдыңғы тұсынан, ал екіншісі солтүстіктен...
Расында да Жоламан қателескен жоқ-тын. Бағана көш көзден жоғалған кезде, Карпов
пен Серғазы жасақтарының ертəуілдері де жеткен. Олар ойпатта жылтыраған көп отты
332
көрді. Көш осы жерде екен, енді бізден құтылмайды, жарық түсе тиісеміз деп құр алыстан
бақылаумен болды. Жасақтарына да осылай хабар берді. Шұғыл жүріспен əбден қалжырап
келгендіктен жау таң ат-
қанша ылдидағы бұлақ жағасында аттарын шалдырып, бір мезет көз шырымын алдырып
алған соң, тыныш жатқан ауылды таң сəріден баспақ болды.
Жол соғып əбден қалжыраған ертəуілдері де кезектесе тыныға бастады. Енді біраздан
соң құланиектене таң сыз берді. Олар сонда ғана барып өздерінің алданғандарын білді.
Сарбаздар бұлар жатқан жерден бұрыстау орналасқандықтан, қара-күңгірт таңда қырқаның
бергі қойнауындағы тұсалған аттарды көрмеген еді.
Жоламан жаңағы дүбір жау барлаушыларының дүбірі екенін айтпай түсінді. Ол енді
қанын ішіне тартып қатты да қалды. Таң əбден атты. Күн де шығуға жақын екенін сезіп,
бозаңда бір топ қара торғай əнге сала жөнелді. Оған шөп арасында жүгірген бытпылдықтың
да бырылдай шыққан үні қосылды. Ақселеу-
лене көгеріп келе жатқан аспанда жем іздеп қалықтаған бірен-саран қара лашын, ақ тұйғын
да көрінді. Шығып келе жатқан күнді құттықтап құстар əн салып, оған шегірткелердің
шырылдағаны дем беріп, жер-жиһан біртүрлі ғажайып шаттық үніне бөленді... Бұл шаттық
қазіргі қан төгілгелі тұрған айқастан мүлде қаннен-қаперсіз, бар əлемді тек қана тыныштық,
бейбітшілік қуанышы əлди-
леген!
Аздан кейін қызғылт жалқынын көкке атып күн де шықты. Дəл осы мезетте Жоламанның
қырағы көзі төменгі жақтан топтанған салт аттыны шалды. Сірə көштен айырылып қалдық,
тез қуып жетейік деген ынта да болуы керек, олар үш бөлек боп жедел жүріп келеді.
Алдарында сарт етіп қапқалы тұрған қақпан бар екенін сезбеген тəрізді. Жоламанның да
күткені осы еді.
Жігіттер, садақтарыңды дайындаңдар, — деді Жоламан, — тек таямай атпаңдар!
Сыпайлардың жемге байланған аттары оңалып қалған тəрізді, ауыздықтарын керіп,
бастарын шұлғып тастап, алға қарай тарп-тарп ұмтылады. Көтеріле түскен күн сəулесімен
шағылысып сары ала қылыш, көк темір мылтық ұштары оқтын-оқтын жарқ ете түседі. Бұл
Карпов жасағы болып шықты. Шолақ құйрық күрең айғыр мінген хорунжий алдында келе
жатыр. Ат үстінде қопақ-қопақ етеді, шынында да ашулы қара бура тəрізді.
Қара Бурадан өзгесін көздеңдер, — деді Жоламан. — Ол менікі!
Долы, бір сөзге келмей тарпа бас салатын Карповке Жоламан аса кекті. Былтырғы бір
ұрыста ол жалаң қылышпен ұрып, оң қолын жаралап кеткен. Жазылғаны да жаңада.
Сондағы өшін қазір алмақ.
əскер садақ оғы жететін жерге келіп қалды. Жоламан білтелі мылтық пен семсер
жұмсауға үйренбеген. Ұрыс қаруының ішіндегі ең қолайлы көретіні шоқпар, сойыл. Найзаны
да сирек қолданатын. Ал садақ тарту қазақ батырларының үйреншікті өнері. Жоламан да
садақты жақсы тартады. Ол енді өзінің жас қайыңның бүртікті ағашынан иіліп жасалған,
адырнасы тоғыз қабат түйе таспадан өрілген, «Қайың ажал» дейтін садағын қолына алды.
Ұшы оқ жыланның уымен суарылған, біз тұмсық «Тау тесер» сегіз қарыс ақ жебесін салып,
сол қолымен садақ ағашының жебемен түйіскен жерінен айқара ұстап, адырнаны тарта
бастады.
Көздеген жері Қара Бураның өкпе тұсы. Жау жасағы үзеңгілерін сартылдата тебініп,
аттарын ауыздығымен алыстыра келіп қалды.
Атыңдар! — деп бұйрық берді де, Жоламан садағын шірене тартып жіберді. Бірақ сəл
кешіккен екен, жебе ентелей ұмтылып келе жатқан шолақ құйрық тор атымен Қара Бураның
алдын көлегейлей берген жай сыпайлардың бірін жер қаптырды.
əттеген-ай! — деді ызаланған Жоламан тепсініп қалып.
Дəл осы сəтте жау жасағына садақ оғы қардай жауды. Тура тартылған жебе кеудесіне
кірш еткен кейбіреулері аттың жалын құшты, енді біреулері əр жерден жеңіл жараланған
сияқты. Бірен-саран білте мылтықтың да шаңқ-шұңқ еткен даусы шықты, ана бір құлаған
солдат қорғасын пытырадан мерт болғандай, бозаң шөптің үстінде аунап-аунап түсті...
Ойда жоқта жасалған шабуыл əрқашан да қауіпті. Əп-сəтте Карпов жасағының быт-
шыты шықты. Бірақ соғысқа үйренген тəртіпті солдаттар Қара Бураның əмірін тез орындап,
он шақты өлігін далада қалдырып, кейін шегінді де, садақ оғы жетпейтін жерге келіп
аттарынан түсті. Енді олар қалың шиді қорғалай, қатар түзеп, мылтықтарын бытырлата
атып, жер бауырлай жылжып, алға ұмтылды.
333
Екі жақтан оқ қардай борады. Мылтықтың күшейе түскен гүрсілі жер жарып,
сарбаздардың құтын қашырып барады. Жоламан қатарынан талай қыршын жас оққа ұшты.
Бірақ ер жүректі жігіттер əрі-беріден соң мылтық дауыстарына да құлақтары үйреніп, табан
тіресіп атыса берді. Аңдысып атқан садақ пен мылтық қоя ма, екі жақтан да адам шығыны
көбейе түсті. Осындай қызу ұрыстың үстінде кенет Жоламанның оң қол жағынан;
Ойбай, келіп қалды! — деген қатты дауыс шықты. Батыр жалт қарағанында қия тасты
өрмелей, оқ жетер жерге жетіп қалған топ əскерді көрді. Бірден білді, бұл Серғазы
адамдарының жасағы. Ішінде солдаттары да бар, ана бір қақырайған қалпақты ақ көз
Жəбірəйіл, ана бір жатаған сарысы маңқа əлексалды. Жоламан бірден таныды, бəрі өзіне
таныс сұмырайлар.
Қара Бурамен атысып жатып, бүйірден келген жасақты аңғармай қалған Жоламан енді
тез қимылдады. «Келіп қалды деген сөзді естіп дір ете қалған жасағына «Тез атқа
қоныңдар деп, ақ жалау байланған сойылды басынан асыра əлсін-əлсін былғады. Бұл
Байтабынға берген əмірі еді. Сөйткенше болған жоқ, жыралы ойпаттан екі жүз əскер
жүйріктерін ойната шығып «Табын! Табын!», «Тіленші! Тіленшідеп ұрандай ат қойды.
Бұл кезде Серғазы жігіттері де бекінісіп үлгерген-ді. Ойпатта қаптап келе жатқан
сарбаздарға мылтық пен садақ аралас оқ жаудырды. Хорунжий Карповтың əскері шилерді
тасалап қырқа басына таяй түсті. Бірақ Жоламан тобы көп шығынға ұшырамай аттарына
қонып алды. Енді бұлар Байтабын жасағына қосылды. Қырқа төбенің басына бекініп алған
Серғазы жігіттері мен Карпов солдаттары шыдатар емес, амал жоқ Жоламан бытырай ат
қойған сарбаздарын жинап, сап түзеп шабуылға шығу үшін кейін шегінуге əмір берді.
Лапылдап шауып келе жатқан жігіттер көзді ашып-жұмғанша аттарын бұрып алып жыралы
ойпатқа кіріп жоқ болды.
Сарбаздарын сапқа тұрғызып, Жоламан тобы бірнеше рет жауға қарсы майданға
шықты. Бірақ сəл тыныстың арасында мылтықтарын қайта оқтауға мүмкіндік алған жау
жағы, қырқа төбелердің басында отырып алып, беттеттірмейді. Сойыл соғар жерге жете
алмай Табын жігіттері əлсін-əлсін кейін шегінді. Əр шегіністе бес-алты адамы оққа ұшты.
Сойылшылардың ұрысқа деген əдеттенген тəсілі бар. Лап берген сойылшылар жұбын
бұзбай жау шебіне тұтас кіріп, сойылдарын оңды-солды сілтеп, қарқындарын
бəсеңдетпестен, сол шапқан қалпында қарсы шепті жайпап өтеді де, тоқтамастан орағыта
шауып, жұбын жазбай тағы лап қояды. Мұндайда тасыған судай қалың қолға қандай жау
болса да төтеп бере алмайтын. Соққан құйындай шауып өткен топқа қарсы келе алмай
қалатын, ал жау кейін қарай орала шапқан жігіттерінің соңынан түре тиіскенше, Жоламан
сарбаздарының алдыңғы тобын ұрысқа қайта салатын.
Көп мылтықты жау жағы, биігірек бекіністе отырып алып, сол жағдайға бір жеткізбеді.
Бар қолдарынан келгендері, əлсін-əлсін шабуылдап, таяй түсіп садақ атып кейін шегіну
болды. Мұнда да бірен-саран жау оққа ұшады, бірақ шабуылшы жақтың тастап кететіндері
көбіректеу. Осындай бірнеше айқастан кейін, жау жағы өзінің күшінің басым екеніне көзі
жетті ме, тегіс атқа қонды. Бірақ, орын тепкен адыр, төбелерін тастамай, бөлектене
топталып, оқ жаудыра берді. Дəл осы сəтте Жоламанның есіне бағанағы Байтабын айтқан
арбадағы оқ-дəрі түсті. Сірə ол қырқаның арғы бетінде болуы керек. Егер сол күбіні көкке
ұшырса, оқ-дəрісіз қалған Қара Бура жасағының жеңілгені. Бетпе-бет сойылға түсуге
солдаттарда қайрат жоғы өзіне мəлім.
Байтабын, осы шабуылда бағанағы арбаның қайда екенін байқап қал, — деді
Жоламан жиеніне тағы да жау шебіне ат қоярында.
Жоламан аналардың да атқа қонғанын көріп тұр, егер бұлар енді атой салса олардың да
қарсы шабатынын біледі. Бұл ұрыс заңы. Осыны ескерген Жоламан қайтадан ұран тастап,
сарбаздарын бастап лап қойды. Бұ жолғы ойы таяп келіп, садақ тартып кейін шегіну емес,
қарсы топты бір жайпап өту. Лақылдап келе жатқан қалың сарбазға хорунжий Карповтың
атты əскерлері де қылыштарын жалаңдатып қарсы шыға шапты. Бірақ Жоламанның
əдісімен таныс Гаврилло мен Александр урядниктер өздерінің солдаттарын тырп еткізбей,
ат үстінен оқ жаудырып орындарында тұра берді. Жоламан сарбаздары Карпов əскерлерін
бір жайпап өтіп, қырқаны бауырлай орағыта кейін бұрылғанында, арбалы оқ-дəріні көремін
деп өздері тұрған төбешікке шапқылай көтерілген Байтабынды қоршап қалды.
Осы сəтте қайтадан сап түземек боп кейін шегініп бара жатқан Жоламанның құлағына
жау қоршауында қалған Байтабынның;
Көке, көке! — деп айқайлаған даусы жетті.
334
Сарбаздарының көбі жыңғылды ойпатқа кіріп те үлгірген еді. Сап түзеп қайта шапқанша
Байтабынның мерт болуы кəміл. Ал кейін шапса өзінің сау қайтары екіталай. Осы кезде
Байтабынның;
Қош, қош! — деген даусы тағы естілді.
Жоламан атының басын қалай кейін бұрып алғанын өзі де сезбей қалды. «Аруақ!
Аруақ!», «Тіленші! Тіленшідеп Байтабынның даусы шыққан жаққа астындағы қамыс құлақ,
бота тірсек талай-талай топ жарған атақты күреңін құйындата ұмтылды. Батырдың ұранын
естіген сарбаздары да аттарының басын бұрып алып «Жоламан! Жоламан деп кейін
ұмтылды.
Құстай ұшып қырқаға шыққанда, ең алдымен көзіне түскені астындағы күрең бестісін бір
орында шыр көбелек ойнатып, ұзын ырғақты қарағай шоқпарын жайпап сермеп тұрған тұла
бойы тегіс қан Байтабын болды. Одан кейін Байтабынды тірідей қолға түсірмек боп жалғыз
арланды қоршаған ұялы көкжалдардай жалаң қылыштарын ойнатып жиенінің жан-жағынан
төніп келген көп солдатты көрді.
Жоқ жерден пайда болған батырдың түрінен шошып, абыржып қалған солдаттардың
бір-екеуін сойылмен қағып түсіріп, Байтабынға «бас қамшыңды атыңа деп Жоламан топ
жарып қырды бөктерлей өте берді. Байтабынның да бедеуі ала жөнелді. Қалған солдаттар
мылтықтарын қайта оқтап атқанша бұлар сарбаздарын шұбырта жыңғыл арасына кіріп те
үлгірді.
Таңертеңгі ұрыстан бері жасағы əжептəуір сиреп қалғанын Жоламан енді ғана анық
аңғарды. Аттары да болдырғандай. Темірді темірге сала берсең, екеуінің де жүзі майыспай
ма, сол тəрізді ажалға қарсы шабуылға шыға-шыға сарбаздардың да беттері қайтып
қалғандай. Жауға енді салуға жасағының жарар емесін батыр анық түсінді. Бірақ сонда не
істеуі керек? Жалғыз жолкейін шегіну ме? Өйткен күнде қашқан жауға қатын да ер,
қандай береке қалады?
Енді шабуылға қарсы жағы дайындала бастады. Өздерінің əлі де тың екенін демеу етсе
керек. Сап түзеп, лек-легімен бері қарай қозғалды. Садақ оғы жетер жерге дейін ат қояр
емес. Əзірге құр сұс көрсетіп, дабылын қағып ақырын сырғып келеді... Кезеген мылтық,
жалаңаш қылыштың түсі қандай зəрлі, Жоламан тобындағы кейбіреулер сескенейін деді.
Бірақ амал бар ма, «қоянды қамыс, ерді намыс өлтірген», бұлар қарсы шығуға мəжбүр
болды.
Өштескен екі жақ енді бір-біріне қарсы тұрды. Жоламан іштей сезіп келеді, күш жүзден
астам мылтығы бар жау жағында. Олар сойыл ұруға жеткізбей жігіттердің көбін жайратады.
Əйтсе де мұндай ұрыста кім ажалдан қорықпаса сол жеңеді, əлі де болса сойыл соғар төрт
жүзге таяу сарбазы бар, тағы да бір рет айқасып көрген жөн, тек белдесуге жағдай туса
жарар еді.
Екі жақ садақ оғы жетер мөлшерге келген кезде кенет бір бүйірден ұрандаған дауыстар
шықты.
Қара Қыпшақ Қобыланды! Қобыланды!
Дулат! Дулат!
Жоламан жалт қарап еді, оң жақ қапталдан жауына қарсы ағызып келе жатқан самсаған
қолды көрді. Ең алдында есік пен төрдей ала аяқ күрең мінген батыр, үстіндегі сауыты
күнмен шағылысады, одан кейін боз атты біреу. Ал-
ғашқысының қолында сойыл, екіншісінің қолында шоқпар. Боз аттағысы сонау тоғыз батпан
шоқпарын таяқ сілтегендей үйірілтіп ойнап барады.
Ау, мынау Қыпшақ батыры Иман ғой! — деді Жоламан, — астындағы ала аяғы соныкі
тəрізді.
Иə, аяқ алысы соған ұқсайды.
Соңындағысы бағаналы Қараменді!
Бұлар қайдан жүр бұ жақта?!
Өздеріне қарай шапқан төтен қалың қолдан сескеніп патша жасағы жалт бұрылды. Бұны
көріп Жоламан тобы да лап қойды.
Қысқа айқаста жазым болғаны, жаралысы бар жүзге таяу солдатын шығын еткен патша
əскері жүзге жетер-жетпес солдатпен əзер қашып құтылды.
Ұрыс біткеннен кейін сарбаздар қаза болған солдаттарды құмайт ернеудің борпылдақ
топырағын опыра құлатып жардың етегіне көмді. Өздерінің жүруге жарамайтын жаралы
серіктері мен қаза болған жолдастарының сүйектерін төрт сойылды белбеулерімен торлап,
335
жайма жасап жатқызып, кеткен көштің соңынан ала жүрді. Ұзын бойлы, қапсағай денелі,
елуден асып кеткен Қыпшақ батыры Дулат ұлы Иманнан Жоламан өткен жылы ақ патшаға
қарсы Ор мен Ұлытау ортасындағы Арғын, Қыпшақ, Найман, Керей, Алшын руларының көп
аулының ереуіл көтергенін естіді. Ал биыл Торғай бойына көп əскер шығып, Иманның
уақытша Мұғажар тауының ішіне сарбаздарымен тығыла тұруға мəжбүр болғанын білді.
Қазір Арқаның көп жерінде ақ патшаға қарсы ереуілдер жиіленді, — деді Иман
əңгімесін тұжыра, — жақында жеріме бекініс салдың деп Баянауылдағы Азнабайдың
Тайжан, Сейтен атты балалары көтерілді. Əттең не керек, қос арлан мезгілсіз қолға түсті...
Ал қастарындағы балуан денелі, сом білекті, қара торы, қалың мұртты Құдайменді
батырдың бұл жақта қайдан жүргенін Жоламан сұрағанда, Иман:
Бағаналыдағы Жырықтың шонжары Сандыбайдың Ердені қалыңдығын тоқалдыққа
тартып алып, аулына Қара Кеңгір мен Сары Кеңгірден қоныс бермей, Сарысу жаққа қуған
соң, бізге келіп қосылды, — деді.
Содан кейін Иман өздерінің Мұғажар тауында арқар атып күн көріп жүріп Табын руына
солдат шығыпты деген лақапты естіп, бір кемеге мінгеннің тағдыры бір дегендей, бəрінің
арманы бір жерден түйіскен соң, ағайын басына күн туған шақта көмек беруге келгендерін
айтты.
Бүгінгі жақсылықтарыңды өмір-бақи ұмытпаспын, — деді Жоламан қалың қабағын дүр
көтеріп. — Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді, деген осы.
Үш батыр тізе қосып едік, көк темірге оранған жау шегінді.
Бүкіл Табын қан жылап, қара жамылып боздақтарын қойып, жетісін бергеннен кейін үш
батыр қайта кеңесті. Енді ру-ру болып ақ патшаға қарсы шыққанмен мұраттарына жете
алмайтындарын əңгіме етті. Елдігімізді сақтау үшін бүкіл қазақ бас қосып, бір туды көтеру ақ
патшаға берілген сұлтандармен шайқасып келген Қасым төре балаларынан шығу керек
деген тоқтамға келді. Осы тілекті білдіру үшін сонау Сыр бойындағы Қасым төре аулына
əзірге соқа бас, содыр таяқ Құдайменді батырдың сапар шегуін жөн тапты.
Осылай уəделескен Иман батыр Қыпшақ руының басын қосып ақ патшаға қарсы
дайындау үшін, Мұғажар тауында бас сауғалап жүрмей, енді сарбаздарымен өз еліне
қайтпақ болды.
əзірге жау бетін тойтарған Табын руы биылдыққа осы Елек бойының жо-
ғарғы жағын қыстап шықсын делінді. Егер тағы да солдат шығып, күресуге дəрмені
жетпейтіндей халге ұшыраса, Торғай, Ырғыз өзендерінің күншығыс өңіріне Қыпшақ жеріне
көшетін боп уəделесті.
Иман батыр Қыпшақ жеріне қарай Табын қозғалса, құшақ жайып қарсы алатынын айтты.
Үш батыр осылай серттесіп айырылды. Бірақ əр руы өзіне бір тайпы ел саналған, жерге
төгілген бидайдай шашыраған қалың қазақ, бір тудың астына жинала ма, жиналмай ма
бұған үшеуі де күпті еді.
ІІІ
Шым дуалды, күйген кірпіш мешітті, қалың жеміс ағашына бөленген Ташкент шаһары
бүгінде əдеттегідей ыстық. Ақырған есек, шиқылдаған шаңырақтай қос дөңгелекті арба,
шаң-шаң көшелерді қуалай аққан лай сулы арықтар да күндегідей. Науан базары да ежелгі
қалпында. Қатар-қатар тізілген күрке тəрізді кішкентай дүкендердің алдына жайып қойған
қызыл-жасылды жібектен, көк ала, сары ала, төгілдіре сан түрлі гүлмен, өрнекпен
əшекейленген матадан көз тұнады. Тау-тау болып үйілген, сатуға арналған өрік, мейіз, хиуа
мəуесі, ферғана алмасы, қытай жаңғағы... Ерте піскен əңгелек, қара көк күлəбі, сары ала
бұқар қауындарынан аяқ алып жүргісіз. Күміс жүзік, алтын білезік соққан ұста, қолында
тəспісі, алдында төселген жайнамазына төгілген жеміс тəрізді сүйек құмалақтары бар қожа-
молдалар. Отқа күйген семіз еттің иісі мүңкіген маңғал жанында бүк түскен нашар киімді
дəруіш пен кəлендəр. Тек осылардың ғана жүздері солғын. Ал өзге ала шапан киіп, ақ сəлде
ораған өзбектің қайсысының ишан екенін, қайсысының диқан екенін айырып болар емес.
Кімнің сатушы, кімнің алушы екенін де ажырату қиын. Мұнда бəрі де сатылады, байдың ары
да, жарлының малы да...
Бұл қалада бəрі де əдеттегідей, анау бөдене соғыстырған топ та, əне, анау қорқор
тартып, геджак тыңдап отырған мырзалар да... Бəрі де күндегі салтында. Науан базары да
гу-гу, Ташкент көшесі де шаң-шаң, аспан айналып жерге түсердей күн де ыстық, күйіп тұр.
336
Тек Мəмет əлім орнына болған Ташкент құшбегі Бегдербек рабатында ғана бүгін бір
ғажайып өзгеріс бар секілді. Бірақ құшбегінің бұлбұлдары сайраған, жұпар иісі аңқыған бау-
бақшасында, есік пен төріне дейін Иранның жібек кілемі төселген, немесе қабырғалары
Бұқардың гүлі төгілген сарғылт жібегімен көмкерілген салтанатты сарайларында ешқандай
өзгеріс жоқ, Қолдан жасаған күміс көлдерінде де сұңқылдап үн қосқан аққу. Шық моншақты
жасыл төккен бақшаларында да сайраған бұлбұлдар. Мөлдір фонтан суларында да
жуынған алқызыл қырмызы гүлдер...
Мұндағы өзгеріс тек салтанат сарайындағы мүрит, софы, уəзір, наиб бекзадалардың
жүріс-тұрыстарында, сөйлеген сөздерінде...
Жоқ, бұлар сөйлемейдісыбырлайды, жүрмейдіқыбырлайды, аяқтарының ұшымен
басып үнсіз қозғалады. Жүздерінде қобалжудан гөрі қорқыныш, бір-біріне ашық тілдесуден
гөрі, сыр сақтау басым. Онсыз да құпияға толы қонақ сарайырабаты бүгін бұрынғысынан
тылсым жұмбақ қапасқа айнал-
ған. Бір сəт жаңбыр алдында түнере түскен жəйтке ұқсайды. Қонақ сарайының мұндай күйге
түсуіне себеп болған не екен?
Бүгін түнде ай бойы əр күні айдай созылып, əбден сары жамбас болып құшбегінің рабат
сарайында күтіп жатқан Қасым төренің балалары Есенгелді, Саржан мен Шұбыртпалы
Ағыбай бастаған жиырма жігіттің тағдыры шешілмек...
Жəне бүгін Қоқан даруғасы Лəшкəрдің ақылы бойынша құшбегінің арнаулы шақыруымен
үш ақ пілге шатыр тігіп, кілең қара көк арғымақ мінген, қасында бір топ ешікаға, муəдзин,
наиб, геджағы бар Қоқан ханы Мəделіхан (Мұғамет əлім) келген. Бұлар қалаға кірген кезде
жұрт шырт ұйқыда еді. Сыз беріп келе жатқан таңмен бірге ұрылған дутар, ішін тарта
барылдай шыққан зурна, танбур үндері бүкіл Ташкентті азан-қазан етті. Жұрт жау келіп
қалған екен деп төсектерінен атып тұрды. Келген Қоқан ханы екенін білгенде жау шабардан
бетер жанталаса есіктерін тарс бекітіп үйді-үйінде үнсіз жатты.
Күн шыға қаланың Мəделіхан кірген шетінен сəл қиыстау қақпадан екінші көш көрінді.
Бұнда да тамаша салтанат бар. Жабық күймелі пəуескеге көсем салып үш ақбоз жеккен,
алды-артында найза ұстаған сегіз салт атты нөкері бар көрікті керуен. Бұ да Ташкент
құшбегінің арнаулы қонағы. Ұратөбе кентінде тұратын Омарханнан он алты жасында қалған,
қазір отызға келген, бүкіл Орта Азияға аты шыққан, алтын айдай толықсыған сұлу жесір
ханша Ханпадшайым, Мəделіханның өгей шешесі.
Ташкент он сегізінші ғасырдың екінші жартысында, белгілі əптуар шайқының кезінде
үлкен шаһарға айналған. Мұнда жібек тоқу, алтын-күміс зерлеу, былғары илеу, темір
қорыту, арақ-шарап қайнату тəрізді кəсіптер гүлденіп, қала бүкіл Орта Азияның Россия
империясымен, Қашқария, Индиямен қарым-қатынас сауда жасайтын кіндігі болған.
Ташкент кентінің гүлдеуімен қатар оны өзіне бағындырғысы келгендер де көбейеді.
Əсіресе оған көзін тігетіндер Бұхар, Хиуа, он сегізінші ғасырдың басында пайда болған
Қоқан хандары еді. Он тоғызыншы ғасырдың басында Омарханның ағасы қанішер əлімхан,
əптуар шайқының ұрпағы Жүсіп Қожаны соғысып жеңіп алады. Содан бастап Ташкент Қоқан
хандығының бағынышты бір уəлаяты болып қалады, бірақ бағынышты деген аты болмаса
оны ешкім баса-көктеп билемейді. Қоқан хандығына жататын Ұлы жүздің бір бөлек елі мен
Сырдарияның орта ағысындағы Шу, Сарысу өзендерінің бойындағы қазақ жеріне салынған
Ақмешіт, Жаңақорған, Жөлек, Қамысқорған, Шымқорған, Қосқорған секілді бекініс
шаһарлардың бəрі Ташкент құшбегінің қарамағында қалады. Тек Ташкент құшбегі Қоқан
ханына жылына екі жүз мың теңге салық төлеп тұрады.
Бұл салықты Ташкент құшбегі болған тəжік Мəмет əлім, өзбек, Лəшкəр, Бегдербек,
Қыпшақ Нұрмұхамед өздеріне бағынышты қазақтардан он есе артық етіп өндіріп алып
тұрды. Бұл жағына келгенде əсіресе осы кездегі құшбегі Бегдербектен асқан зұлымы аз-ақ.
Ақмешіт хакімі Жақыпбек арқылы Қоқан хандығына бағынышты қазақ ауылдарының
қаққанда қанын, сыққанда сөлін алды.
Есенгелді мен Саржан сұлтандар Ташкентке келген шақта оның Мəделіхан мен
Ханпадшайым тоқалды шақыруында да үлкен кəп бар. Бірақ мұны əзір өзінен бөтен ешкім
білмейді.
Құшбегі сыр сақтай алатын адам. Сондықтан да рабат, диуан сарайлары құпияға,
ызғары суық сырға толы еді.
Осы құпия сыр бүгін ең биік шегіне жеткендей. Саржандардың келгеніне ай болса да
құшбегі күнде бір сылтаумен оларды қабылдамады. Біресе аңға кетеді. Біресе үкім құрады.
337
Біресе сырқаттанып қалады. Мұндай қорлыққа наразы Қасым төре балалары қолды бір
сілтеп қайтып кетейін десе, аңдыған көз аяқтарын тыпыр еткізер емес. Бұлардың мұнда
өрік, мейіз жеп жатқан жатыстары, қонақтан көрі тұтқын салтына жақын. Қазақ сұлтандары
да аң-таң... Дос бүйтпесе керек еді, ал сонда Бегдербек қас па? Олай болса, өткен жолғы
уəде, берген серттері қайда? Қас деуге қиын. Сонда бұларды бүйтіп ұстауға қандай себеп
бар? Осылай жұмбаққа шешім таба алмай абыржыған, қобалжыған қыр бекзадалары
құшбегінің бір уəзірінен жақында ғана жағдайды білді. Құшбегі Қоқан ханының келуін күтуде
екен, бар шаруаны төрт көздері түгел отырып сөйлеспек көрінеді... Сол күткен Мəделіхан да
бүгін келіп жетті. Қоқаннан алысқа шығып үйренбеген хан, жол соғып əбден қалжырап
қалған екен, қазір əшекейлі диуан сарайының не бір салтанатты бөлмесінде дем алып
жатыр. Кешке құшбегімен дидарласпақ. Сондықтан да хан тыныштығын бұзбайық деп
демдерін ішіне жұтып жүрген бір жұрт... Құшбегі сарайында ұшқан шыбынның ызыңы
естілердей тыныштық. Əрі қауіпті, қатерлі тыныштық. Ал Бегдербек өзі кісі қабылдайтын
шатырында. Ханмен дидарласар алдында Қасым төре балаларының да ой-пікірлерін білу
керек. Бұларға деген шешімі Есенгелді мен Саржанды шақырмастан бұрын өзіне əйгілі
болғанмен, қазір өзін өзі басқаша ұстауда. Қайткенмен де сұлтандар əзір ештеңені сезбегені
жөн...
Сондықтан да Бегдербек күле қарап, жымия сөйлейді. Қазір ол сүпіге жабылған жібек
түгі бір елі, құс мамығындай жұмсақ, қырмызы қызыл Бұхар кілемінің үстіне төселген алты
қабат шайы көрпеде, аққудың түбіт жүнінен жасалған қос мамық жастықты шынтақтай
жатыр. Шеті жібек күлтелі мол дас-
тарқанның үсті толған тағам, шарап, шəрбəт...
Бегдербек алпысқа таяп қалған ат жақты, аққұба келген ұзын бойлы кісі. Қан-сөлсіз
еріндері жұқалаң, қалың қабақтары тұтасып біткен, сақалының ағы басым. Сүзіле қарайтын
сұрғылт көздері ысылдаған жылан іспеттес бір суықтық танытады. Беті күлсе де көзі
күлмейді. Алпысты алқымдағанмен бетінде əжім жоқ, тіп-тік таяқ жұтқандай сұңғақ денелі.
Қытай жібегіне малына киінген. Тек иығында өзбектің көк ала шəйі шапаны, басында ақ
маржанмен кестелеген қара барқыт ала тақиясы. Ақ жібек көйлегінің ашық омырауынан
кеудесінің көк буырыл түгі шығып тұр. Ұзын ақ саусақтары жыртқыш құстың тырнақтарындай
əлсін-əлсін бір бүрісе жұмылып, бір жазылып тұрады. Білектері де жүн-жүн... Қол əлуеті бір
түрлі сұсты. Оң саусағына салған қызыл алтын сом жүзігінің үстіндегі жалпита орнатқан
жылан басындай қызыл лағыл тасы ұйыған адам қанына ұқсайды. Аяқ жағында түкті
балтырларын сипап уыздай аппақ, қара көзді он бір-он екі жасар патша бала отыр. Бұл да
жібекке малына киінген. Қарсы, дастарқанның бергі жағында, малдастарын құрып құшбегіне
қарай қалған Есенгелді мен Саржан.
Есенгелді етжеңді келген, дөңгелек қара торы жүзді, қой көзді адам. Шиырылған сұлу
мұртты. Саржан сұңғақ бойлы, қызғылт сары, өткір көзді, бəйгеге жараған жылқы тəрізді,
қатып қалған, шапшаң қимылды кісі. Екеуі де елуді алқымдап тастаған. Есенгелді бірер жас
қана үлкен тəрізді. Екеуінің басында да үстін төрт салалы көгілдір барқытпен əдіптеген,
қырдың қызыл түлкісінің терісімен көмкерілген, қандай түрге болса да көрік берер Арқаның
сұлу бөркі. Үстеріндежағаларына қара барқыт ұстаған, жібін жіңішке етіп иірген аппақ
түйе жүн шекпен, аяқтарындажарғақ мəсі, бұттарындасала құлаш балақтары
оюланған көк барқыт шалбар. Белдеріндеалтын жалатқан қарыс сүйем кіселі, қақтаған
күміс белбеу. Саржанның беліндегі жез сақиналы күміс қында сабы сары мүйізден соғылған
сегіз қарыс ақ семсер. Есенгелдінің белбеуінде кішкентай ғана күміс кездік, ай мүйіз,
алтынмен зерлеген арқар шақша... Жанындағы ағасы Есенгелдіге қарағанда Саржанның
жауынгер жан екені бірден білінеді. Екеуінің де көзінен құшбегін сынай қараған ұшқын сөнер
емес. Отырғандарына əжептəуір мезгіл болса да қойылған тағамнан əлі татып алған жоқ.
Кісі сырына əккі болған Бегдербек те сұлтандардың бұл сыңайын байқап отыр.
Алыңыздар, алыңыздар, — деді ол езу тартып күлген болып, ана екеуінің ортасында
тұрған шыны тұрғауыштағы қыз емшектеніп сүйірлене піскен жүзімді меңзей. — Өзбектің
жүзімі сый-құрметтің басы.
Рақмет... — Саржан ернін жыбырлатты да қойды.
Сазарып отырған қонақтарының көңілін көтергісі келгендей құшбегі тағы да езу тартты.
Бұл жүзім туралы қазақ пен өзбектің арасындағы қалжыңды естіген боларсыңдар.
Ж... жоқ. — Бұ жолы Есенгелді ернін жыбырлатты.
338
Естімесеңдер айтып берейін, — Бегдербек əлдекімді мысқылдай күлді, — бір қазақ
пен бір өзбек дос болыпты. Аулына келген өзбекті қазақ қойын сойып, қымызын тосып
əбден сыйлапты. Жолы түсіп, қазақ шаһарға келсе, өзбек досы сый-құрмет көрсетіп алдына
бір тегене жүзім қойыпты. Бұрын жемісті жемеген қазақ, таңсық көріп асай бастапты.
Қомағай қазаққа не шыдасын, жүзімнің таусылып бара жатқанын аңғарған сараң өзбек:
Алдыңыздағының атын юзім дейді, оны бүйтіп бір-бірлеп үзіп жейді, — деп аздап
жеудің керек екенін ескертеді.
Сонда қазақ:
Иə, мұны бізде жүзім дейді, бір жегенде жүзін жейді, — деп саусақтарын сала түсіпті.
əңгіме ұнаған Есенгелді мен Саржан сыпайылық көрсетіп езу тартты.
Қонақтарымның көңілін көтеріп болдым ғой дегендей Бегдербек кенет қабағын сəл
түкситті де, сөзінің бетін бірден бұрып əкетті.
Иə, əңгіме бұзау емізер... дегендей, енді бітім-келісімге кіріскен жөн болар...
Əнеугіден бері сіздерді қабылдамай жатқанымыздың себебін естіген шығарсыздар.
Ханзаданы күтіп едік... Ол кісі бүгін келді, қазір саухат етіп, дем алып жатыр... Кешке
менімен сөйлеспек... Құрметті Мəделіханға барар алдында сіздердің де тілектеріңізді білгім
келіп еді.
Біздің тілегіміз Мəделіханда емес, өзіңізде ғой, — деді Есенгелді байсалды үнменен.
Иə, сіздердің тілектеріңіз менде, ал менің тілегім Қоқан ханында, сонда не болғаны?
Құшбегі аппақ тістерін көрсете күлді. — Аллатағала, дүниені домбыраның пернесіндей,
бір үнді бір үнмен байланыстыра жаратса амал не? Алдияр тақсырдың не айтатынын кім
біледі?
Саржан қабағын шытты.
Бұлбір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде күйсандықтың кебі ғой...
Иə, сол күй сандықтың кілті Қоқан ханының қолында емеc пе? — Бегдербек те
қабағын шытты. Оның қалың қабағы жабылып, қайта ашылды. — Қысыр сөзді қайтеміз,
одан да не тілейтініңізді айтыңдар.
Кімнен.
Мəделіханнан, менен.
Біздің тілек өзіңізде, алдияр тақсыр құшбегі, — деді Саржан тікелей, — тілек біреу-ақ:
сіздердің берген жауынгерлеріңіздің қандай ерлік іске бара алатынын біз ана жылы өз
көзімізбен көрдік қой. Əрине айдалада жатқан қазақ елі үшін өзбек ағайынға жан қию оңай
емес. Сондықтан қарамағыңыздағы Сыр бойын, Қаратау, Сайрам, Шу, бойын жайлаған
Қыпшақ, Қоңырат, Шымыр, Ысты, Сиқым, Сыбан, Жаныс ауылдарынан сарбаз жинап
елімізді, жерімізді қорғауға мүмкіндік беріңіз.
Жылқы жылы Арқаға Мəмет əлім құшбегі қалың əскерді бастап барып, ар жағынан
патша солдаттары шыққанда Ташкентке қарай қашқанын Саржанның сөз етіп тұрғаны
құшбегіне ұнамады. Сол себептен ол қалың қабағын қарс жауып Саржанға түйіліп отыр.
Сонда ол күш кімге қарсы шығады?
Ақ патшаға, алдияр тақсыр құшбегі.
Жалғыз ғана ақ патшаға ма?
«Жоқ, мұндай күш жиналса қазақтар ең алдымен Қоқан хандығына қарсы шығады. Оны
Бегдербек жақсы біледі. Өйткені Россия империясынан гөрі бұлар-
ға қазір Қоқан, Хиуа хандықтарының тегеуіріні батып отыр. Құшбегі мұны да біледі. Иə,
Россия империясы əзірге қазақ жеріне бекіністерін салып, өкіріктер арқылы біртіндеп өз
ықпалын таратып жатыр. Ал соңынан бүкіл қазақ жерін біржолата басып алмақ. Түбі өзінің
меншігіне тиетін ел болған соң, қазір бірден салық жағынан да қан қақсатып отырған жоқ.
Ол сондықтан да бір мың сегіз жүз жиырма екінші жылғы уставы бойынша Орта жүз
өкіріктерінен алатын мал салықтарын да жинауды кешіктіріп келді. Ал Қоқан, Хиуа
хандықтары болса, олар қазаққа қандай қиянат жасамады десеңші! Бір ғана Шымкент
уəлаятынан өзі өткен жылы сексен мың сом күміс ақшамен зекет алған жоқ па. Ал хараж
салығынан келетін пайданы қайда қоясың? Он бес, жиырма тақип жер бір қош болады. Бір
қоштан жылына орта есеппен елу бес пұт бидай хараж алынады. Сонда əр уəлаяттан ең
кем дегенде қырық мың күміс ақшадай пайда түседі. Бұлбұл ма, Мұхамбет
пайғамбардың діні бойынша əр қырық қойдан бір қой садақа алынатын болса, біз əр үйден
жылына алты қой садақа алмаймыз ба? Ал шөптен, көмірден, сексеуілден алынатын
хараждарды қайда қоясың! Хараж бен зекеттен басқа да пайда аз ба? Олар бекіністердің
339
қабырғаларын, қақпаларын жөндеулері керек. Қоқан бектерінің бау-бақшасын, салған
қауын-қарбыздарын қарап, ал соғыс бола қалса, өздерінің ат-көлігімен, қару-жарағымен
төлеусіз-құнсыз қызмет істеуге міндетті.
Осы салмақтың бəрін де қарамағымыздағы қазақ ауылдары көтеріп келе жатқан жоқ па?
Иə, көтеріп келеді... Бірақ үнін шығармай жүр ме?
Бұған:
Келі түбім деп алады,
Кеусенім деп алады.
Ұтыра зекет деп алады,
Қошақ зекет деп алады.
Арқадан келген сор Найман
Аң-таң болып қалады, —
деп Жанкісі жыраудың Қоқан ханы əлімге айтқаны айғақ емес пе?..
Осылардың бəрін Саржан да, Бегдербек те біледі. Сондай қорлықты бастан кешкен
қазақ əскер жинап басы қосылар жағдай туса ең алдымен ауызды Қоқанға салмағанда кімге
салады? Бүгінгі күнге дейін шыдап келсе, онысы Қоқан Россия патшасына қарсы жəрдем
берер деп сеніп келгені. Түбі ең күшті жауы Россия патшасы екенін Қасым төре балалары
біледі. Егер оның отарлығынан құтыла алса, Қоқан хандығынан құтылуды оңай деп ойлайды
бұлар. Сондықтан да жəрдем күтеді. Ал Қоқан хандығының берген жəрдемі ана жыл-
ғы... Мұндай жəрдемнен қазаққа келер пайда жоқ. Енді бұлар бізсіз бастарын қоспақ. Жоқ,
басын біріктіре алған дұшпаның қайралған қылышпен тең, абайлап ұстамасаң қолыңды
алып түседі. Іштегі шұбар жыланды асыраудың қажеті жоқ, одан дер кезінде арылған жөн».
Саржан сұраққа қарсы сұрақ қайтарды.
əлде сіз біздің Россия патшалығымен ұрысқанымызды ұнатпайсыз ба?
Бекер үйдейсіз, — деді сөзін соза құшбегі. — Егер мынау ақ сақалым орыстың
қанымен боялса арманым жоқ. Бірақ қазір мəселе онда емес...
Енді неде?
Бегдербек Саржанға күлімсірей қарады.
Қазақта мақал бар емеc пе... «Өзім асыраған күшігім өзімді қапты» деген?
Саржан тұнжырап кетті.
Қай күшік қай күшікті асырағанын анықтасақ нетті.
Құшбегі бұрынғысынан да күлімсірей түсті.
Қазақта тағы да бір мақал бар емес пе, дастарқан қасында отырып қонақ аяғын
алшақ көсілмес болар деген?
Иə, сөзіңіз дұрыс, кей қонақ аяғы сонау Созақ, Сайрам, Ақмешітке дейін көсіліп
жатқан жоқ па? Ондай масыл қонақ, масыл ағайынға аяғыңды тарт дейтін, əттең дүние-ай,
күштің жоғы-ай!..
Бегдербек Саржанды сөзінен ұстады.
Бас қосып, күш жинау дегендегі мақсатың сол екен ғо й.
Қызу қанды Саржан абайсызда от басып алғанын түсінді. Айтылған сөз, атылған оқпен
тең, қайтып алар дəрмен қайсы. Осы ағаттығынан іштей ызаланып, сазарды да қалды. Ал
Бегдербек болса жауының түпкі сырын оңай аш-
қанына мəз болып, енді шындап күлімсіреді. «Бас қосып күш алса, өзіңе тарпа бас салайын
деп тұрған жауды қалай босатып жіберуге болады? Жоқ, кешірілген жауең қауіпті жау».
Алдияр тақсыр, — деді енді Есенгелді сөзге кірісіп, — жерді шұқылай берсең шұңқыр
болады, денеңді шұқылай берсең жара түседі... Елімізден, жерімізден айырылып жүргенде
не етесіз біздің жанымызға жара салып? Россия патшасына қарсы шығамыз деп сізбен бірге
бір қайыққа мініп едік, сол қайықтың бір жағаға жетуі керек те еді. Айран сұрай келіп,
шелегіңді жасырма дегендей, шын ойымызды айтайық. Ташкенттік өзбек ағайынға сонау
Сарыарқаның жерін қорға деу қиын, ал ақ патшадан тартып əпер деу тіпті орынсыз.
Сыбырлап сөйлегенді құдай естімей ме, орыс солдатын жеңетін Қоқанда да күш жоғы
өзіңізге аян. Сондықтан біздің өтінішіміз...
Жаңағы Саржан мырза айтқан ғой?
Иə, мал ашуыжан ашуы, жер ашуыел ашуы. Қазақ ел болып бас қосса, кім
біледі, бір кемерге жетіп те қалар ма еді, қайтер еді... Алдияр тақсыр, жаралы жолбарыс
жарасыз жолбарыстан ер келеді. Біз қазір жаралы жолбарыспыз. Жауымызға аямай
шабуымыз заңды.
340
«Иə, мен де сендердің жаралы жолбарыстай пиғылдарыңнан қорқамын, — деді ішінен
Бегдербек, — сондықтан да сендерді темір шынжырда ұстау ең тиімді əдіс».
Бірақ Есенгелдіге өзгеше сұрақ берді.
Жарайды, Қаратау, Шу, Сыр бойының қазақтарының басын қосуға біз рұқсат берейік
делік. Сонда қолдарыңнан не келеді? Ол күш тым жеткіліксіз емес пе?
Орта Сыр, Шу, Сарысу қазақтарының басын қосуға сіздер мүмкіндік берсеңіздер, Аяқ
Сыр, Арал теңізі, Үстірт, Маңғыстау қазақтарының бізбен бірігуіне Хиуа ханы қарсы болмас
деген үмітіміз бар. Хиуа хандығының Россия империясынан қорғаныс ететін алдыңғы шебі
қазақтың жері емес пе?
Он тоғызыншы ғасырдың бас кезінде, Мұхамед Рахым ханның тұсында Хиуа хандығы
үлкен мемлекетке айналған. Солтүстікте Сырдарияның Аралға құятын сағасынан бастап
Оңтүстіктегі Ауғанстан шекарасына дейін осы хандыққа бағынышты болатын. Бұған
Мұхамед Рахым мен оның əкесі Елтезер қазақтың алауыздығын пайдаланып, Сырдарияның
Аралға құятын сағасын, Арал теңізінің маңайын, Үстірт, Маңғыстауды, сол жерлерде
паналайтын Кіші жүздің біраз руын өзіне бағындырып алған. Хиуа ханының қарамағындағы
қазақтардың көрген күні, Қоқан хандығындағы қазақтардікінен де сорақы еді. Қит етсе
қырып-жойып, байлап-матап Ауғанстанға апарып, қатынын күңдікке, еркегін құлдыққа
сататын. Бір ғана мың сегіз жүз жиырмасыншы Ұлу жылы Хиуа ханының əскері қазақ
ауылдарын шауып, жүздеген адамдарын өлтіріп, алпыс бес мың қойын он бес мың түйесін,
жеті мың жылқысын, мыңға жуық сұлу деген қыз-келіншектерін тартып алып кеткен. Кіші жүз
ауылдары Хиуа хандығына қарсы талай рет бас көтерген. Бірақ жігері құм болып,
дегендеріне жете алмаған.
Бір мың сегіз жүз жиырма бесінші, Тауық жылы Мұхамед Рахым өлгеннен кейін Хиуа
ханының тағына оның үлкен баласы Аллақұл отырды. Табынды басқарып келген Айшуақ
ұлы Серғазы сұлтан осы Аллақұлға жалғыз қызын беріп, Хиуаның қол астына кіріп, соның
арқасында Кіші жүздің ханы аталған.
Бірақ бұл кезде Россия патшалығы Хиуаға да көзін тіге бастап еді. Өз хандығына қауіп
төнгенін сезген Аллақұл екі мемлекеттің ортасында жатқан Үстірт, Маңғыстау, Арал теңізі,
Сырдарияның аяқ шенін жайлаған қазақ ауылдарын Россия патшалығына қарсы қойып,
өзіне қалқан етуді көздеген.
Есенгелдінің айтып отырғаны осы екенін құшбегі де түсінеді. Сөйтсе де сұлтандардың
түпкі сырын аша түсейін деген оймен:
Жарайды, Қоқан ханы мен Хиуа ханы қазақ ағайынның пайдасын жоқтап Ұлы жүз бен
Кіші жүзге өз бастарын қосып жасақ жинауға мүмкіндік берсін делік. Бірақ, бұ да аз күш қой.
Қазақта сан жағынан Орта жүз басым. Біздің есебімізде Қараөткел, Семей, Торғай,
Жайықтың солтүстік пен күншығыс шебінде, аздаған Кіші жүздің руларын қосқанда бір
миллион сегіз жүз мың жан бар. Тегіс Орта жүз десеңіздер болады. Ал сол Орта жүз қайда
қалады?
Кіші жүз бен Ұлы жүз басын біріктірсе Орта жүз орта жолда қалмайды. — Есенгелді
шын ойын айтты, — Абылай атамыздың үш жүздің басын қосып, ақ туын тіккен жер емес пе,
күреске дайын тұр.
Құшбегі жымия езу тартты.
«Дəмелерің алыста екен! əрине бар қазақтың басын қостырып қойсақ сендерге Қоқан
да, Хиуа да төтеп бере алмас. Россия айдаһары да оңайлықпен жұта алмас. Жоқ,
қымбатты сұлтандарым, біз сендер ойлағандай ақымақ емеспіз. Россия да, Қоқан да, Хиуа
да сендерді майшелпек етіп асай бергісі келеді. Оған қазақтың малы да, жері де жетеді.
Бізге сендердің бір болғаныңнан алауыз болғаның тиімді».
Алаяқ Бегдербек бұл ойын тағы да жасырып, күлімсіреген үстіне күлімсірей түсті.
Бұған Серғазы хан қалай қарайды? Ортақ өгізден оңаша бұзау артық демей ме? Бүкіл
қазақты біріктіргеннен гөрі Кіші жүзді өзінің бауырына басып отырғанын жақсы көрсе
қайтесіңдер? Онда Аллақұл хан қайын атасының сөзін жерге тастай ала ма? — Құшбегі
қиқылдай өтірік күлді. — Өзі жас тоқалын жақсы көреді дейді ғой. Кейде оймақтай дүниенің
алтын аймақтан да артық құны болатын əдеті...
Серғазы Кіші жүздің ханы емес. Аллақұл оған ондай ат бергенмен Сер-
ғазыға тек Табын мен Шекті рулары ғана бағынады. Бұның өзі екі ұшты жəйт. Табын руының
көпшілігі қазір Жоламан сұлтанның соңында...
341
«Бəсе, өзім де ойлап ем, өзі қазақ бола тұра бір тайпы ел қалай бір ханға бағынып жүр
деп... Жоламан дегендері де осы Қасым төре балалары секілді, өз алдымызға ел боламыз,
хан боламыз деп көксеген біреу шығар».
Бірақ құшбегі Жоламан жайын тез ұмытты. Ол сөзді кенет күлкі-сықақ арнаға бұрды.
əкесін бір тайпа елге хан етердей Серғазы мырзаның қызы қандай еді? Басы алтын,
арты күміс пе екен?
Мұндай сұраққа жауап беруді ар көріп Есенгелді де, Саржан да үндемеді. Бұлардың
ренжіп қалғанын аңғармағандай құшбегі күлімсіреген қалпында:
Қазақ сұлтандары хан болудың жеңіл əдісін тапқан екен, — деп қалжыңдай түсті. —
Мүмкін Қасым төренің де сұлу...
Саржан қолын семсер сабына қалай апарғанын аңғармай қалды. Есенгелді сабырлы
қимылмен Саржанның қарын қысты. Бегдербек сұрланып кетсе де, ештеңе сезбегендей
күлімсіреп сөзді бөтен жаққа бұрды. — Мүмкін Қасым төренің Серғазы секілді хандарды
жақтырмауының бөтен де себебі бар шығар. Қызын беріп, хандықты сатып алу
сұлтандарға ұнасымды іс емес қой.
«Жоқ, жоқ, деді бірақ, ол ішінен, кенет бойын алып кеткен дірілін əзер басып, бұлардың
көзін тез құрту керек... япырмай, кісі қабылдайтын үйге қарулы адамды кіргіздірмеуді бұрын
қалай ойламағанмын? Бұны бұдан былай қарай қатты еске алу керек екен. Кім біледі, ашу
үстінде Саржан секілді бір ноқай...»
Құшбегі өзінің ағат сөйлеп қалғанын бірден аңғарды. Намысқой Саржанның оқыс
қимылынан іштей жаман шошыды. Енді ол бұдан əрі сұлтандармен əңгімелесудің еш қажеті
жоқ деп тапты. Бəрі де айқын болды. Тек сұлтандар сес алып кетпесін деп бұрынғысынан
да бетер күлімсірей түсті.
Ел қамын ойлаған ер азаматтардың ашуын да, өкпесін де түсіне алмасақ қалай жұрт
билей аламыз? — деді ол ана екеуінің бетіне ашық жүзбен қарап, — Саржан мырза, сіздің
күйігіңізге де түсінем, сол себепті кейбір қызба сөздеріңізді де кешірем. Өзбек қазаққа дос
ел. Дос болмаса Мəмет əлім құшбегі алты мың əскерін ертіп Арқаға бара ма? — Ол енді
ұялғандай жерге қарады, — қолынан келмеген іске ол айыпты емес. Мəмет əлімнің күнəсін
кешіріңдер. Ал сіздердің тілектеріңізді бүгін кешке хан иеме жеткізем.
Егер ханзадасыз шешілмейтін болса, — деді абайлап сөйлеп Есенгелді, — біз өзіміз
де о кісімен дидарласамыз ба, қайтеміз? əрине, сіз рұқсат етсеңіз...
Бұл сөзге Бегдербек қуанып қалғандай ишарат көрсетті. «Өздерінің тілегін пайдалану
керек. Қайткенмен де бұлардың тағдырын бүгін түнде шешкен жөн».
Ал сұлтандарға:
Бұларың табылған ақыл, — деді. — Хан иеме сіздерді қабылдатуды өз міндетіме
алайын. Тек о кісі ертең Қоқанға қайта жүріп кетеді. Сондықтан бүгін жолығып қалғандарың
жөн. Мүмкін хан ием сіздерді кеш шақырып қалар, жігіттеріңіз жата берсін, ал өздеріңіз
ұйықтамай менен хабар күтіңіздер...
Ташкент құшбегінің дуан сарайы қонақтар жататын рабаттан əжептəуір қашық болатын.
Бұл екеуінің ортасында сыңсыған жеміс ағашы, гүлдер алаңы, тынбай аққан лайлы сулы
атжал жатыр.
Есенгелді мен Саржан Бегдербекпен əзірге қош айтысып диуан сарайдан шығып,
құшбегінің ішкі, сыртқы есіктердегі күзеттерінен өтіп, өздері жатқан рабатына беттей беріп
еді, оларды бір теректің жанында шұбыртпалы Ағыбай батыр мен Саржанның он тоғыз
жасар ұлы Ержан күтіп тұр екен. Ержан əкесіне тартқан ат жақты, ақсары, талдырмаш
келген бала жігіт. Əкесінен гөрі көзі шегірлеу, бойы шағындау. Арқа салдарынша киінген.
Басында үкілі құндыз бөрік, үстінде жібек белбеумен қыналған оқалы мол жеңді барқыт
шапан мен жарғақ шалбар, аяғында күміс зерлі биік өкше етік.
Шұбыртпалы Ағыбай Қасым төре балаларының соңынан ерген, кедейден шыққан батыр.
Биыл отыз төртте, зор денелі, түкті қабақ, қара сұр, шүңірек көз кісі. Қолдары бақандай
ұзын, саусақтары анау-мынау адамды маңдайынан бір шерткенде үнсіз қатыратындай
салалы, жұп-жуан. Сақал-мұрттан ада дерлік, тек иек астында селдір ғана сақалсымақ
бірдеңе бар. Құрдасы Кенесарыдан бастап үзеңгілес серіктерінің бəрі оны «көсе» деп
атайды. Сырт бейнесі ызбарлы, бір көргеннен-ақ күш иесі екені танылады.
Үстінде мол тігілген қара шекпен. Басында да түйе жүн қара далбағай, бұтында қара
құлын терісінен иленген жарғақ шалбар. Аяғында кең қоныш саптама етік. Белінде тізесіне
342
тиетін қайқы қара қылыш пен қап-қара болат семсер. Тек арқасына үнемі таңулы жүретін
болат қалқаны ғана бозғылт.
Ағыбайдың ең сүйікті қаруы тоғыз буынды, жез сақиналы жуан қайың найза. Атқа
мінгенде құлан терісінен бұзау тіс етіп өрілген қайыспен қанжығасына байлап алады. Ал
жай жүргенде қолына ұстайды. Бұл найзасын Ағыбайдың жақсы көретіні соншалық, ол
күндіз қолынан бір түсірмейді, түнде басына жас-танып жатады. Батырдың денелілігі
соншалық, биіктігі кіші-гірім түйедей, атақты Ақылағына мінгенде, есекке мінген өзбектей,
тізесі атының қолтық тұсын соғып тұрады.
Үсті-басы қара қоңыр, темір тор сауытты Ағыбайдың түсі орасан суық, сонау шүңет
көздер қайтпас қайсарлық, таусылмас қайрат отындай жанады. Қандай жүректі жан болса
да, Ағыбайды алғаш көргенінде алпамсадай ызбарлы түрінен сескенбай қалған емес. Ал
əлдеқалай түнде кездескен адам, ертегінің дəуін көргендей жүрегі жарылып кете
жаздайтын. Оның есінде батыр түн ұйқысынан шошып оятар бір құбыжық секілді өмірбақи
қалатын.
Қарқаралыдан шыққан Ағыбайдың əкесі Олжабай батырға бір боталы түйе, жауға мінер
бір ат, балаларына сүт болар жалғыз сиырдан бөтен мал бітіп көрген емес. Ал шешесі Есіл
бойындағы Тарақты руының қызы еді. Бұ да адуынды, батыр мінезді əйел болатын.
Олжабай балалары ер жетпей дүние салды. Шешесі Дəметкен Ағыбай, Манабай, Танабай,
Мыңбай атты төрт баламен жесір қалды. Ең үлкені Ағыбай ол кезде онға жаңа жеткен.
Балаларының аттары кілең «баймен» бітсе де Олжабай дүние салғанда бұлардың бар
малы боталы жалғыз қара інген болды. Жоқшылықтан бөтен серігі жоқ қайратты Дəметкен,
төрт баланың қамы үшін, ағайынның бермесін күшпен тартып алуға кірісті. Қолына сойыл
ұстап өзіндей кедей адамдарымен бірігіп қараңғы түнде бай ауылдардың сояр соғымын
барымта етті.
Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі, осындай өжет ананың баулуында
қанаттанған Ағыбай да батыр болып өсті. Он сегіз жасынан Қасым төре балаларының
соңынан ерді. Отыз төртке келгенше басынан талай айқасты өткізді. Қазір Ағыбайдың
суарылған көк темірдей əбден пісіп, мейлінше қайралған кезі.
Есенгелді мен Саржан асықпай аяңдап өздерін қобалжи күтіп тұрған Ағыбай мен
Ержанның қасына келді. Ағыбай гүл-бақшаның ортасында əлдеқалай тұра қалған қара
жартас тəрізді. Анандайдан дөңкие көзге түседі. Саржандар келе жатқан жаққа тесіле көз
тастауына қарағанда қобалжып тұрғаны айқын. Бірақ сырын сыртына шығармай, үн-түнсіз
қатып қалған. Бұлар жақындаған кезде Ержан Есенгелдіге қарап:
Көке, сөйлесе алдыңдар ма? — деді.
Есенгелді жүре жауап берді.
Сөйлестік, қалқам... Енді Мəделіханның өзімен дидарласпақпыз...
Бұдан артықты сұрауға болмайды. «Мəделіханның өзімен дидарласпақпыз» деулеріне
қарағанда құшбегімен жөнді бəтуəға келмеген ғой деді де қойды Ержан ішінен...
Рабатқа келгеннен кейін, өздерінің жатар бөлмелеріне кіріп алып, ағалы-інілі екі сұлтан
ұзақ кеңесті. Құшбегі қанша жылы сөйлеп шығарып салғанына қарамастан, екеуі де бір
сұмдықты сезген-ді. Кеңесе келіп, «есің барда еліңді тап» деген ақылды еске алып,
Мəделіханмен сөйлескеннен кейін, бір сəт те кешікпей елге жүріп кетуді ұйғарды. Жан
алайын деп тұрса да іші-бауырыңа кіріп жылы сөйлейтін өзбек бектерінің сайқал
ұстамдылығы бұларға да аян. Бегдербек жайылып төсек, жазылып жастық болған сайын,
ағайынды сұлтандар сескене түсті. Бірақ өзгелерді шошытпайық деп өздерінің күдіктерін
қастарына ерген төлеңгіттеріне ашпады. Тек Ағыбайды ғана шақырып ап:
Батыр, — деді Саржан неге екені белгісіз кенет толқып кетіп, — біз Мəделіханнан
оралғанша Ержанды қасыңнан тастама. Жəне аттарыңа сақ бол, өзбек бақташылары бөтен
жаққа əкетіп жүрмесін.
Жігіттер мініп келген аттар көршілес керуен сарайдың ауласына қойылған-ды, ал ер-
тоқымдары осы рабаттың шыға берісіндегі бір бөлмеге үйілген. Бағушылар өзбек
адамдары, тек төлеңгіттер анда-санда барып қарап тұратын.
Ағыбай Саржанның неге бүй дегенін саралап сұрамады. Жалғыз-ақ ішінен бір сырды
түйді де:
Құп болады, — деп шығып кетті.
Күн бесінге таяп қалған. Босқа сарылып отырмайын деп Есенгелді қалың ойға шома
қалтасынан тəспиғын шығарып, сыртылдатып тарта бастады. Ал Саржан анандай жерде
343
жатқан кілем боқшантайынан қол басындай қайрағын алып, белін шешті де, қынабынан ақ
семсерін суырып, қанды айқас алдындағыдай əдетімен өткірлеп қайрауға кірісті.
...Есенгелді мен Саржан кеткеннен кейін құшбегі ұзақ уақыт үн-түнсіз отырды. Қанша
ойланбайын десе де болмай-ақ қойды. Саржанның бағанағы семсеріне қолын салған
қимылы көз алдына елестей берді. Тіпті кенет сол ақ семсер қынабынан жарқ етіп
суырылып көкірегіне қадала түскелі тұрған тəрізденіп кетеді. Қанішер адамның тегі қорқақ
келеді. Бегдербек қанішер де, қорқақ та еді. Осы гүлдене түскен дəулетті кентке қолы
жетісімен Бегдербек Ақмешіттің хакімі Жақыпбекпен тізе қосып, ең алдымен Сыр, Созақ, Шу
бойындағы қазақ ауылдарын бұрынғыдан да бетер қысымның астына алды. Өзінің тас
жүректігімен Мəделіханға ұнап, Қоқан ханының бас қолбасшысы дəрежесіне дейін
көтерілмек ойы бар. Бүгінгі қимылдары сол көтерілудің алғашқы сатылары.
Ал бұлБұхар ханының да Ташкенге көзін тіккен кезі еді. Бегдербек болса Бұхар
елінен қатын алған. Оның үстіне болашақжер астынан жік шығарып, екі құлағы тік
шыққан Қоқанда емес, ежелгі көне Бұхар əмірлігінде тəрізді. Бегдербек мұны да еске алды.
Сондықтан сұм құшбегі Мəделіханды жар басына итере салуға дайын, өйткені Қоқан
ханының біраз мінезі оған аян... Əсіресе қызба, нəпсі құмарлық қасиеттері. Ал
Ханпадшайымəйел жыныстысының күн мен айы. Оны көрсе періштенің де ақ жолынан
таюы ықтимал. Адам Атаның жұмақтан қуылуына себепкер болған Хауананың көркі де
осындай-ақ шығар. Бір көрген адамның Ханпадшайымға қызықпауы екіталай. Аппақ қардай
ақшыл бетін аударып, тостағандай қарақат көзін күлімдетіп бір қарағанда, көңілдегі
қайғысын ұмытпас бірде-бір еркек дүниеден табылмас.
Бегдербек осы Ханпадшайымның Мəделіханға тоқал шеше екенін де еске алды. Бар
кəптің өзі осында еді. Нəпсіқұмар Мəделіхан осы сұлу тоқал шешесімен тіл тапса, екеу ара
күлкі-қуанышы жарасса... Əрине, олардың сырын жасырар тас қабырғалар бар. Бірақ осы
тас қабырғалар құшбегінің арқасында болған оқиғаны Бұхар əміріне жеткізсе... Құшбегінің
бар арманының өзі сол емес пе! Іслəм дінін аяққа басып, өз əкесінің тоқалымен көңіл қосқан
күнəліні кім қорғай алады? Мұхамед пайғамбардың салған жолы қатаң. Мұндай ханға бүкіл
Іслəм əулеті қарсы тұрады емес пе? əрине қарсы тұрады... Сөйтіп, Бегдербек Бұхараға
Қоқанды жығып бермей ме? Жығып береді. Осы еңбегі үшін Бұхар əмірі де оны ұмытпас.
Мүмкін бүкіл Қоқанды билетер?..
Бегдербектің Мəделіханның келуін асыға күткен тағы да бір себебі бар. Ол Қасым
балаларының тағдырымен байланысты. Əрине Қоқан ханының бұған тікелей қатынасы жоқ.
Бірақ болғалы тұрған қанды уақиғаны соның əмірі етіп көрсетсе қайтер еді? Сақтықта
қорлық жоқ, егер бұл істің өзінен шыққанын Абылайдың көкжал ұрпағы біліп қалса, əңгіменің
аяғы неге барып соғарын кім біледі? Есенгелді мен Саржанға қадалар ақ семсер өзіне
қадалмасына кім кепіл? Абылайдың отыз бір ұл, қырық қызынан тараған бықып жатқан бүкіл
ұрпағының қаһарынан қалай құтылып кете аласың? Көптен кім шықпайды, олардан да бір
Бегдербектің шықпасына кім куə? Ал егер күнəні Мəделіханға аударса, оған не істейді?
Ташкент құшбегіндей іргелес ел емес, тоғыз таудың ар жағындағы дəу үйі тəрізді, Қоқан
ханының салтанат сарайының тоғыз есігінен өтіп Мəделіге жеткенше кім бар, кім жоқ...
Бегдербек күлімсіреді. Оның есіне бағана Мəделіхан мен Ханпадшайымға арнап берген
таңертеңгі қонақасы түсті. Хан мен тоқал шешесі құшбегінің жомарт дастарқанының екі
жағынан қарама-қарсы орын алған.
Шайды Бегдербек өзі құйған. Құшбегі ұсынған көгілдір фарфор кесені алып
Ханпадшайым сыңғырлай күлді.
Мұхамед əлім еркем, сіз Қоқанға хан болғанмен маған баласыз ғой, — деді ол, —
пəренжемді алып отырсам сөкет көрмейсіз бе?..
Хан жауабын күтпей Ханпадшайым бетінен пəренжесін алды. Қара бұлттың астынан
жарқырап күн шыққандай, ел аузында ертегіге айналған Ханпадшайымның көркем ақ жүзі
көрінді. Тоқал шешесінің сұлулығына таң қалған Мəделіханның қолынан кесесі түсіп кетті.
Байқа, тентегім, — деді Ханпадшайым Мəделіханды еркелете күліп, — мүбəрəк
саусақтарыңызды күйдіріп алмаңыз...
Бұдан кейін Мəделіхан шай ішіп отыр ма, у ішіп отыр ма аңғармайтын күйге жеткен, екі
көзін алмай тоқал шешесіне қарай берген.
Шай құйып отырған құшбегі қайдағы жоқ бірдеңені сылтау етіп, далаға шығып кетіп,
қайта оралғанында оңашада қалған өгей баласы мен тоқал шешесінің арасындағы тек
қырағы көз ғана сезетін, бір тілсіз шаттықтың пайда болғанын аңғарған...
344
Бегдербек тағы күлімсіреді. Өзі құрған дұзаққа екі көгаршынның бірдей оп-оңай түскелі
тұрғанына ол іштей мəз-мейрам. «Бəсе, ақылды адам қашанда болса ақымақтан құтылу
жолын оңай таппас па! Бұхар əмірі бұған бүкіл Қоқанды билетпеген күнде де ұпайын түгел
етпей ме! Қоқан ханына жылына төлейтін жиырма мың күміс теңгені, өз пайдасына
қалдырса мұртын балта кесе ме? Жиырма мың жиырма сом емес қой, алты ұлына жаңадан
алты шаһар салмай ма...»
Бұл кезде күн де батып кетті. Құшбегі жасыл бақшасында шақырған көкек үні естілді.
Байғұс құс батқан күнмен бірге біреудің өшкелі тұрған бағын жоқтағандай тылсым білмей
ұзақ шақырды.
Құшбегі кəрі белін уқалауға аяқ жағында отырған паша балаға түн ортасы ауа келуін
əмір етті де, Мəделіханның дем алып жатқан бөлмесіне қарай аяң-
дады.
Мəделіхан əбден тынығып қапты. Келе жатқан түнмен бірге өзін зор қуаныш күтіп
тұрғандай екі көзі күлім-күлім етеді. Құшбегіні шақырғалы отыр екен, бұл келісімен-ақ екеуі
құпия əңгімеге кірісіп кетті.
Тентек төре бастаған ереуілден кейін қазақ ауылдары үнін өшірген тəрізді еді, — деді
Бегдербек өз қарамағына жататын қазақтардың жалпы жағдайын сөйлей келіп, — ал қазір
Ташкент уəлаятын тағы бір қауіпті қара бұлт қоршағалы тұр. Бұл бүлікті басқаруға
дайындалып жатқанҚасым төренің балалары. Қандай кесім айтасыз?
Мəделіханның əкесі Омархан кезінде де ауыр салық, орынсыз қиянатқа көнгісі келмеген
Сыр, Сарысу, Шу бойының қазақтары сан рет бас көтеріп ереуілге шыққан. Соның ең үлкені
Тентек төре атты кісі басқарған көтеріліс болды. Ол он екі мың атты сарбаз жинап алып,
Қоқан ханының қарамағына енетін бірнеше қалаларды алған. Тентек төре Сайрамды
босатып, сол жерге туын тіккен. Сайрамға Шымкент, əулиеата қалалары қосылған. Бұларға
қарсы Омархан қалың қол шығарған. Тентек төре əскерін екіге бөліп, Сайрам мен
Шымкентке бекініп алып ұзақ соғысқан. Ақырында азық-түліктері таусылып, амалсыз
қарсыласуларын доғарған. Омархан лəшкерлері жеңілген елді қанға бояп, мал-мүліктерін
талап, ойына келгендерін істеп, екі жүзге таяу адамды дарға тартқан. Сайрам жерін қан
сасытқан.
Хан ием, ауруын жасырған адам өледі. Шыққалы тұрған бүлік жайлы ашық
айтқанымды кешіріңіз, — деді құшбегі, ханның үндемей қалғанына ренжісе де сыр бермей.
Осы бүліктен құтылудың бір-ақ жолы бар. Олкүні бұрын қимылдап, ұшқын өртке
айналмай тұрғанда басу. Жəне аямай басу. Сіздің құрметті əкеңіз Омархан Тентек төрені
қалай үйретсе, біз де Қасым төренің тентек сойыл балаларын солай үйретуіміз керек.
Бегдербектің көз алдына Саржанның бағанағы семсерге ұмтылған оқыс қимылы тағы
елестеп кетті. Енді ол сол семсер суырылмай тұрып қимылдап қалайын дегендей тым жіті
сөйледі.
Есенгелді мен Саржанның басын алу өз қолымнан да келеді. Бірақ сіздің
рұқсатыңызсыз əрекет істеуге дəтім бармады. Бұзық болғанмен олар да сіздің
хандығыңызға жатады ғой.
Хан үндемеді.
Жоқ, хан жауап қайырудан қорқып отырған жоқ, оның ойы басқада. Құлағы анда-санда
шалып қалған Тентек төре, Қасым төре... Есенгелді, Саржан деген сөздер тіпті миына кіріп
те отырған жоқ. «Ол төрелерде менің қандай шаруам бар? Бəрінің құнын құшбегі жылда
беретін жиырма мың теңге күміс ақшамен күні бұрын төлеп қойған жоқ па? Мейлі не істесе о
істесін, тіпті сол төрелерді пісіріп жесін, қыңқ десем құдай соқсын»... Қазір Мəделіханның
қиялы да, ойы да басқада. Оның бар арманы, бар көңілі сонау жас тоқал, бедеу шеше
Ханпадшайымда!... «Денесі де ақ жүзіндей аппақ па екен? Қос анары да қолға қатты,
кеудеге жұмсақ па екен? Иə, солай шығар. Бала таппаған əйел ғой, əлі ең қымбатты жерінің
таңы айырылмағаны, анау ақ шəйі көйлек жасыра алмай тұрған жұмыр сандарынан-ақ
аңғарылмай ма? Япырмай, туған əкемнің кешегі жас тоқалы туралы былай ойлауым күнə
емеc пе? Жоқ жұрт көрмеген нəрсе күнə емес. Жұрт көрмейді деймін-ау, құшбегі ше? Бұл
сұм бəрін де сезіп отырған жоқ па? Иə, сезіп отыр. Бірақ мені осы үшін шақырды ғой? Сонда
қандай қулығы бар. Тоқал шешеме істегелі тұрған күнəм арқылы Есенгелді, Саржан
сұлтандардың қанын сатып алмақ па? Мейлі. Жаныңды өртеген лəззатқа қарағанда
айдаладағы түйе жүн шекпен киген қазақтардың басы неге тұрады? Бəрібір мен де өлемін.
345
Есенгелді мен Саржан да өледі. Өлім туралы емес, өмір туралы ойлаған жөн. Ал
Ханпадшайым шын өмір, шын арман...»
Бұлар сөйлескелі бірталай болған. Түн ортасы да таяу. Мəделіхан біресе Бегдербек
сөзін тыңдайды, біресе тəтті қиялға кетіп үндемей ұзақ отырады.
Хан ием, қандай шешім айтасыз? — деді құшбегі Мəделіханның тəтті ойын бұзғысы
келмегендей жəдігөйлене күлімсірей сөйлеп.
«Қандай шешім? Иə, Мəделіхан қандай шешімге тоқтауы керек? Жоқ, Мəделіхан о
дүниенің күнəсін бұ дүниенің қызығына айырбастауға міндетті. Жүрек соны аңсайды. Тоқал
шешенің ақ денесін бүгін түнде құшу керек. Күйіп-жанып бара жатқан нəпсі тек соны
тілейді... Ал таңертең Қоқанға қайтқаны дұрыс. Екі түнге қалуға болмайды. Сезіліп қалуы
мүмкін. Ханпадшайым құшағы қанша қымбат болғанмен, хан тағы одан да қымбат. Əрине
жүрегіңді өртеп бара жатқан сусыныңды тоқал шеше қандырса, оның көңілін мықтап риза
еткен жөн. Досы бар, дұшпаны бар, Ташкентке келген бос пəуескесін сый-құрмет, тарту-
таралғыға тиеп жіберу дұрыс. Бірақ сараң құшбегі қанша мүлік берер дейсің Кенет
Мəделіханның көзі күлімдеп кетті. «Арқа сұлтандары қашан да болса жомарт келеді.
Менімен жолығуға арнап шыққан болса, əкелген сый-құрметтері де бар шығар. Соның
барын Ханпадшайымға берген жөн. Хан тек құшақтауға ғана құмар емес екенін білсінОсы
ойға бекінген Мəделіхан енді Бегдербекке қарады.
Қасым төренің балалары Қоқан ханына бастарын сый ғып тарту үшін ғана келді ме?
деді.
Есенгелді мен Саржан қазақ елінің дəстүрі бойынша Ташкент құшбегіне ер-тоқымы,
жүген-құйысқаны күміс, жал-құйрығы төгілген, Арқадан келген тоғыз қара жорға, тоғыз боз
жорға, əр ер басына байланған тоғыз қара құндыз, тоғыз қоңыр бұлғын əкелген. Арқаның
аңқау батырлары қызыл тастап итті алдағандай, осы бір кəделі сый-құрметтерімен
өздерінің түпкі ойын өткізіп кетпек болған. Бұлары ақ майды бауыр қосып асаттырғандары.
Бірақ əккі тазы қызыл түлкінің қулығын алыстан сезеді, сұм құшбегі тарту-таралғыны қуана
алғанмен, оларға терең орды қаза берді. Сол оймен ханнан сұлтандардың əкелген
жорғаларын жасырып қалды.
Қасым төре балалары сый-құрмет көрсетпек тұрмақ, Қоқан ханының басын олжа
етуден үміті болмасын.
Тоқал шешеге Арқа сұлтандарының сыйлығынан ештеңе тарта алмайтынына ренжіп
қалған хан қолын бірақ сілтеді.
Өздерінің бастарын бағалай білмеген сұлтандардың құны жоқ, не істесең соны істе,
менен рұқсат.
Бұйрығыңызға бас ием, алдияр ханым.
Мəделіхан енді есіней керілді.
Түн ортасы ауып бара ма, қалай?... — Ол алдында тұрған тағамнан шұқылап бірер
түйір жеді де, көгілдір жүзім шəрбатынан бір кесесін жұтып салды, — бүгінгі əңгімеміз
осымен бітсін..
Құп, тақсыр, — хан бетіне Бегдербек бүгіндікке алғашқы рет тікелей қарады. — Хан
ием, Ханпадшайымның қонақ бөлмесі қасыңызда... Екі есік бір адызда... Күзетті екі есікке де
қояйын ба, əлде тек адыздың сыртқы жағына ғана қояйын ба?
Хан оған сынай қарады.
Өзіңіз қай жағына қойғыңыз келіп еді?
Құшбегі күлімсіреп төмен қарады.
Тек сыртына ғана...
Хан да күлімсіреді.
Онда... Сіздің айтқаныңыз болсын.
Құшбегі енді басын төмен иді.
Сеніміңізге рақмет.
Мəделіхан енді өзін ұстай алмады. Құшбегімен келіскеннен кейін, бұдан арғы сақтықтың
қажеті жоқ деп тапты. Ол бірден Ханпадшайым бөлмесіне қарай беттеді.
Сұлу тоқал шешесін көргенше асыққан Мəделіхан бұл сəтте өз ниетін ақыл елегінен
өткізбеді. Бұл желік алты жыл өткен соң қандай қанды уақиғаға апарып соғарын ойламады.
Аяғын асыға басып сырлы есікке қалай таяп қалғанын білмеді.
Ал Бегдербек болса Мəделіхан кетісімен, бөтен адыз арқылы жесір тоқал жатқан
бөлменің тұсына келді. Тек өзі ғана білетін жасырын тесік көзден ақ мамық төсектен ақ
346
қайран санын жарқ еткізіп атып тұрып Ханпадшайымның кіріп келген Мəделіханға құшағын
жая қарсы жүргенін, екеуінің ұмар-жұмар бола кеткенін көрді де, тесікті қайта жапты.
Ол дəл осы сəтте Есенгелді мен Саржанның өлімін Мəделіханға жауып, өзін Қасым
төренің алдында айыпсыз етіп көрсете алатынына сенді. Бірақ бұл қанды оқиға осы түнмен
ғана бітпеді. Лəшкəр мен Бегдербек құшбегі: «Сенің балаларыңның ажалына біз айыпты
емеспіз, Мəделіхан айыпты, кел өзара келісейік» деп Қасым төрені алдап шақырды.
Созақтағы Телікөл жағасында Лəшкəр өз қолымен басын кесіп Ташкентке алып келді. Бұл
қантөгіс бір жылдан кейін болды. Ал қазір... Мəделіхан мен Қасым төренің балаларының
бірдей қақпанына іліккелі тұрғанына құшбегі мейлінше шаттанды. Ол дым көрмеген
адамдай аяғын асықпай басып қонақ қабылдайтын үйге қайтып келді. Бегдербек өзін күтіп
отырған жендеттерге:
Есенгелді мен Саржан мырзаларды хан шақырып жатыр деп ертіп келіңдер, — деп
əмір етті. — Бірақ Саржанның беліндегі семсерді күні бұрын алыңдар. Ханмен кездесерде
қару тағып кіруге болмайды деңдер.
Жендеттер келгенде Есенгелді, Саржан, Ағыбай, Ержан төртеуінен бөтен жігіттердің
бəрі өздеріне берілген бөлмелерінде ұйықтап қалған-ды. Хан əмірін естіп, Есенгелді мен
Саржан киіне бастады. Белбеуіне семсерін тағып жатқан Саржанға ақ сəлделі, қатқан қара
ешік-аға:
Ханзадаға қарумен кіруге болмайды. Сондай тəртіп бар, — деді жайбарақат. —
Тастап кетіңіз... Қайтып келген соң тағарсыз.
Ешік-ағаның «қайтып келген соң...» деген сөзінен Саржанның көңілі сəл орнықса да,
іштей, семсерін шапанының астынан бағана байлай алмағанына жаман өкінді.
Сұлтандарды əрине ешкім де тінтпейтін еді ғой, ал алда-жалда қауіп туып қалғандай кез
болса, қанды жүзді алмас семсер ең жақын серік емес пе...
Саржан семсерін баласына ұсынып:
Беліңе тағып ал... — деді де бірдеңе айтуға оқталып барып кілт тоқтады.
Бұлар далаға шықса, аулада тағы алты адам тұр екен. Бəрі де қарулы. Бағанадан бері
үн-түнсіз жүрген Ағыбай кенет бірдемеден сескенгендей болды. Жау тиетінін жылқы
ішіндегі жорыққа мінетін ат ең алдымен сезеді дейді қазақ, үнемі айқаста өскен Ағыбай
бірдемеден сескенді ме, кетіп бара жатқан сұлтандарға:
Біз де еріп барайық, — деп соңдарынан жүре түсті.
Бірақ ешік-аға алдын кес-кестеп:
Хан ием, тек Есенгелді мен Саржан мырзаларды ғана қабылдайды, — деді тағы да
жайбарақат үнмен, — өзгелерің ұйықтай беріңдер.
əй, сен өзің... — деп Ағыбай ананы қолымен кейін сырғытып тастап, сұлтандардың
соңынан жүре берем дегенде, Ержан қарынан ұстай алды да:
Хан бұйрығы солай болса, жамандасып қайтесіз, Ағыбай аға, — деді қобалжып
тұрғандарын жендеттерге сездіргісі келмей, — одан да ат жақты шолып қайталық.
Ағыбай бөгеліп қалды. Аналар ұзап кете барды. Батыр тісін қайрап тұр. Неге екенін өзі
де білмейді, бір мезет анау Есенгелді мен Саржан мырзаларды қоршап кетіп бара жатқан ақ
сəлделі, қанжар асынған адамдарды қуып жетіп, семсерін оңды-солды сілтеп, бастарын
қағып алғысы келді.
Заты момын Ағыбайға мұндай ашу қайдан пайда болды, өзі де білмейді. Кенет көз
алдына баяғыда өткен бір алыс уақиға елестеді.
əкесі өлген жылы қыс қатты болды. Төрт баламен қалған Дəметкеннің бар күн көрері сүті
бұлақтай боталы інген. Бір күні, үскірік соғып тұрғанда, ол кездегі Қарқаралы аға сұлтаны
Тəуке ұлы Жамантайдың шабармандары келіп, Олжабай үш жылдан бері ақ патшаға
шаңырақ салығын төлемепті деп жалғыз інгенді ботасынан айырып тал түсте алып кетті.
Даладағы үскіріктен де жаман ақырған, қылыш асынған кілең қаныпезерлерге жесір
əйелмен төрт жетім бала не істей алады, жылай-сықтай қала берген.
Өмірде Ағыбайға деген ең ауыр сын содан кейін басталған. Енесінен айырылған жас
бота боздаса, ең үлкені сегізге келген Манабай, Танабай, Мыңбай үшеуі ботаның жанына
барып қоса боздайды.
Төрт бейшараның даусынан Ағыбайдың сай-сүйегі сырқырайды. Солардың көз жасын
көрмейін деп үйден далаға қашады.
Мұндайда азапқа шыдай алмаған Дəметкен бір күні Ағыбайға:
347
Қалқам, мына төртеуін бүйтіп еңіретіп қоймайық, — деді. — Ботаны сойып алайық,
балаларға аз күн қорек болсын, күзгі жалғыз тайыншаның еті таусылуға айналды.
Үш кішкентай баласы ұйықтаған кезде, Дəметкен ауыз үйге ботаны жығып, төрт аяғын
байлап, Ағыбайдың қолына үлкен лөк пышақты беріп:
Құлыным, обалы ақ патша мен Жамантайға бауыздай ғой, — деп, өз қолымен
бауыздатқан ботаның ажалын көргісі келмей үйден шығып кетті.
Ағыбай пышақты алып ботаның жанына барды. Бірақ ботаның мөлдіреген көзіне көзі
түсіп кетіп еді, ал кəні бауыздауға қолы барсайшы!
əлден уақытта «бауыздадың ба, құлынымдеп үйге кірген шешесіне ол:
Апа, ертең сояйықшы, бейшара бір күн болса да жүре тұрсын, — деді.
Жарайды, қалқам, — деп Дəметкен көзіне келіп қалған жасын қолының сыртымен
сүртті.
Ағыбай ботаны ертеңінде де бауыздай алмады.
Сөйткен Ағыбай, тіпті бейтаныс, жазықтары бары-жоғын білмейтін, сонау кетіп бара
жатқан жасауыл жігіттердің бастарын шауып тастамақ. Бұл қайдан келген қанқұмарлық,
жауыздық?
Жоқ, Ағыбай табиғатынан мұндай болып жаратылмаған. Оны жауды аямас-
тыққа да, ерлікке де үйреткен өзіне істеген қиянат.
Сол жалғыз түйелерін алып кеткен күннен бастап «шаңырақ салығын» сал-
ған ақ патша мен сол «шаңырақ салығы» үшін жалғыз түйелерін шабармандарына
алдыртып, жас ботасын боздатқан Жамантай сұлтанға деген өшпенділік он үш жасар бала
жігіттің жүрегіне қара қан боп қатқан. Сол өшпенділік Жамантай мен ақ патшаға қарсы
Саржан тобына əкеп қосты мұны. Сол өшпенділік сансыз айқастарға араластырып жауына
рақымсыз болуды үйретті. Міне бір кезде жас ботаны бауыздауға қолы көтерілмеген
Ағыбай, қазір сонау топ адамды қырып салуға бар. Олар өз елінің жауы. Ал елге жау
Ағыбайға да жау. Ондайларды бауыздауға Шұбыртпалыдан шыққан тас жүрек батырдың
қолы дірілдемейді.
Ержан ойға беріліп кеткен Ағыбайдың жеңінен ақырын тартып:
Ағыбай аға, аттарды бір шолып қайтайық, — деді.
Бұлар жылқы жаққа бұрылған кезде, сегіз жендеттің қамауындағы Есенгелді мен Саржан
қонақ қабылдайтын бөлмеге кіре берді. Төрде тəспі тартып тұрған құшбегіне бастарын ие
сəлем берді. Дəл осы сəтте сұлтандардың екі жағында тұрған екі жендеттің жалаңаш өткір
қылыштары жарқ етіп жоғары көтерілді де, сыр етіп төмен ақты. Төмен иілген екі бас
көтерілместен домалап жерге түсті. Бастарынан айырылған екі дене екі-үш аттап барып
сылқ құлады. Екі үш аттап барып, аунақшып барып тынды.
Ел болып бас қосуды көксеп жүргендеріңде, өз бастарыңнан айырылдыңдар ма,
сабаздарым, — деп құшбегі кекете күлді. Сөйтті де жерде жатқан Есенгелді мен Саржанның
бастары мен денелерін көрсетіп: — бір-екеуің мыналарын зынданға апарып тастаңдар! Ал
қалғандарың ұйықтап жатқан жігіттерін жайғастырыңдар, — деді.
Топ жендет əр бөлмеде алты адамнан жатқан үш бөлменің бірінен соң біріне кіріп он
сегіз жігітті қойша бауыздап шықты. Тек Ағыбай мен Ержан аман қалды. Олардың бағына
жендеттер ат қора жағына бармады. Ешік-аға сыртқы есікті күзетіп тұрған мосқалдау келген
жасауылды шақырып алып:
Сен барып əлгі екеуіне «сұлтандар келді» деп хабар бер деді.
Өздері есік алдында күтіп қалды. Қарулы Ағыбаймен кең аулада кездесуге жүрексінді.
Мосқал адам ерте кезде қазақ арасынан Қоқан хандығына сатылып келген құл болатын.
Ағыбайды бауыр тартып, жасырын бір-екі рет тілдесіп те қалған. Ол көрші аулаға
барысымен Ағыбайға болған уақиғаның бəрін айтты. «Алысқанмен құр қаза боласыңдар,
тез аттарыңа мініп қашыңдар» деді. Ендігі айқас-
тың орынсыз екенін түсінген батыр жендеттермен ұрыспақ боп қылышын су-
ырып алып жұлқынған Ержанды еркіне қоймай соңынан ертіп, аттарға жайдақ міне сап
ауладан шыға берді. Ұйқысынан шошып оянып, шылбырына жабыс-
қан күзетші жігітті, томардай аяғымен теуіп жеберіп, шалқасынан түсірді.
ІV
348
Күншығыс жақты сынық тағадай қоршай көмкерген кəрі Қаратау алыстан қара-
қошқылданып көрінеді. Кей тұстары ат жалды, түйе өркештеніп ирелеңдеп жатыр. Селдір
бу, жеңіл тұманнан ада, ашық аспанмен аймаласқан қатпар тасты қырқа, адыр үсті көгілдір
тартады. Кешкі зауал шақ. Ақырғы сəулесін жартас басында ойнатып, күн де батып барады.
Қаратаудың батыс жақ еңісінде иін тірескен қалың ауыл отыр. Аралары, ұрыс кезіндегідей,
жақын. Қыз емшектеніп қатар келген жақпар тасты қос адырдың қойнауынан бұлқып атып
мөлдір сулы жіңішке өзен ағып жатыр. Осы өзеннің сағасын құлдилай алқақотан қонған
ауылдың үстінен бықси жанған шала тезектің түтіні көкке көтеріледі. Көл жағасына өлең қуа
қонған көп ауылдың біреуі ғана кілең ақ үйден. Өзгелерінің дені көнетоз бозғылт, қараша үй,
тозығы жеткен лашық, күркелер... Сырт көріністеріне қарап бəлендей бай деп айту да қиын.
Кешкі жайылыстары бірімен бірі қосылып кеткен əр ауылдың тұсында ойдым-ойдым түйе,
қара мал. Тек көгілдір далаға бұраң-бұраң шимай салып аққан жіңішке өзен бойында сонау
төмендегі жалтыраған көл жағасында шашыраған тас тəрізді жамыратып жіберген қозылар
мен бірге бірталай қой-ешкі көрінеді. Одан əрі Қаратау қойнауына қарай бозаң, қылаң түсті
үйір-үйір жылқы ала-құла боп өріп барады. Көбі жарау, құлынды жылқы аз. Шамасы олар
алыстағы жайылымда тəрізді. Ал мынау құлын-тайлары ауық-ауық бүйірден бөліне шапқан
шағын жылқы сауынға арнай ауыл маңына ұсталған тəрізді. Сойыл, құрық ұстаған он шақты
жылқышының анда-санда құр-құрлаған айқайы тынық кеште сампылдап естіледі.
Бұл екі жыл бұрын ата-мекен Қаратау қойнауына, осы жақта қалған Қоңырат, Қыпшақ
рулары мен Бестаңбалы жеріне көшіп келген Қасым төре мен Алты, Тоқа, Алтай, Уақ
ауылдары еді. Сонау ортадағы бозаңынан ақшылы басым елу үй Қасым төренің ауылы.
Абылайханның бел баласының бірі болға-
нымен Қасым төре асқан шонжар емес, сондықтан бұл маңда өрген малдың да қарасы
оңай-ақ көзге түседі. Уақ, Тоқа, Алты да Арғынның өзге руларына қарағанда шағын ауқатты
рулар. Оның үстіне Арқаның көк шалғынына үйренген мал, Қаратаудың ши мен көкпек
араласқан бозаңын жерсінбей, бəлендей өрбіп, өсіп кете алмаған.
Осы ауылдардың Қазықұрт жағындағы бір биік төбе басында бір адам тұр. Қой-қозысы
маңырап, балалары жылап азан-қазан болып жатқан ылдидағы жұрттан қашып шыққандай.
Сонау көз ұшында ноқаттай болып көрінген көк тұйғындай қиялы əлдеқайда алыстап
кеткен.
Бұлорта бойлы, кең жаурын, арықтау тарамыс денелі, жатаған келген ат жақты сары
сұр кісі. Сəл қызғылт тартқан қыран көзді, жуан балуан мойынды. Ашық жүзіне жараса
біткен сəл келтелеу қыр мұрнының астында шағын ғана мұрты бар. Қою шоқша сақалы сүп-
сүйір. Сақал-мұрты күңгірт сары. Басында жарғақ тысты құндыз тымақ, қара мақпал жеңіл
құндыз ішігінің сыртынан бозғылт түйе жүн шекпен жамылған, Аяғында атқа мінуге
ыңғайланып тігілген орта қоныш көк салмен өрнектелген саптама етік. Отырған
отырысында, тұрған тұрысында ілтипаттық пен тəкаппарлық қатар аңғарылады. Сəл шегір
тартқан өткір қырағы көзі қарағанда адамның ту сыртынан өткендей. Сараң қимылы,
жұмыла біткен жіңішке еріндері, аз сөйлеп, көп тыңдайтын адамды сездіреді. Егер
тұлғасына, көңіл райына қарасаң ішінде тұнып жатқан үлкен ақыл, бұлқынып сыртқа
шыққысы келген жігер барын ұғасың.
Бұл Абылайханның немересі, Қасым төренің ортаншы ұлы Кенесары еді.
Кенесары осы төбеге шыққалы едəуір мезгіл өткен. Ол қазір қалың ойда. Есіне кешегі
Нысанбай жыршының сөзі түсе берді. Ел аралаған əрі сыншы, əрі жыршы Нысанбай ақын,
ақ кигізге малдасын құрып отырып ап, Қасым төренің алдында Шыңғыс шежіресінің біраз
жерін қисса етіп айтып берген.
Ол монғолдармен іргелес Керөлең, Онон өзендерінің бойында көшіп жүрген Керей
руының қалайша Шыңғысханның алғашқы жемі болғанын күңірене жыр етті. Бір мезет
Орхон, Ом, Ертіс өзендерінің жағасындағы Найман, одан төмен, осы күнгі Сарыарқаның
солтүстігі мен батыс өңірін жайлаған Алшын, Қыпшақ руларының Шыңғысханға қалай
бағынғанын желдірте өтті. Содан кейін Арғын, Найман, Керей, Қыпшақ, Қоңырат, Алшын
сияқты белді рулардың Шыңғысханның үлкен баласы Жошының Ұлысына бағынып,
Батуханның Алтын Ордасының негізін қаласқанын, Сарыарқа мен Еділ, Жайық бойын еркін
жайлағанын бір шолып кетті. Жетісудағы Үйсін, Дулат, Жалайыр руларының Жағатай
ұрпақтарының иелігіне қалғанын да жыр етіп өтті.
Енді Нысанбай жыршы қарағайлы кəрі домбырасын екпіндете ұрып Жағатай мен Жошы
ұрпақтары нешеме жүз жыл бойы осы ұшы-қиыры жоқ кең даланы билегенін мақтан етті.
349
Алайда бірімен бірі хандыққа, баққа, жерге таласып рəсуа боп, Алтын Орда ыдырағаннан
соң Жошыдан шыққан Керей, Жəнібек сұлтандар Шу бойында əлімсақтан бері келе жатқан
Арғын, Қыпшақ, Үйсін тəрізді, көне тайпаларға бірте-бірте Уақ, Тарақты, Керей, Найман,
Қоңырат, Дулат, Жалайыр, Бестаңбалы секілді түркі тілдес руларды қосып қазақ хандығын
құрғанын мадақ етті. Содан кейін Жəнібектің баласы Қасым ханның кезінде қазақтың
айбынды ел болғанын бір мақтаныш етіп берген. Нысанбай жыршы сəл дем алып шежіреге
қайта көшкен. Бұл жолы Қасым ханнан соң қазақтар аз уақ тағы да быж-тыж болып келіп,
тек Хақназар кезінде ғана қайтадан бас қосып, іргелі ел болғанын, Тəуекел, Есім, əз Тəуке
хандардың тұсында тасы өрге домалаған, сырт дұшпандар шеніне келе алмаған айбынды
мемлекетке айналғанын көзі от шаша отырып жырға қосты. Кең байтақ жерді алып жатқан
үш жүзден құралған елдің ауызбірлігі күшті болғанын, үнемі бір жағадан бас, бір жеңнен қол
шығарып отырғанын дəріптей келе:
Арғын болсаң Алтай бол,
Найман болсаң Матай бол,
Алшын болсаң Адай бол,
Бұл үшеуі болмасаң,
Қайсысы болсаң сонысы бол,
Мейлің құдай бол! —
деп қазақ елінің ең жауынгер руларын шашпауларын көкке көтере бір шыр-қап, осы
бірлестік Тəуке хан өлісімен тағы бұзылғанын, əр тайпа сұлтандары хандыққа таласып
елдің шырқын кетіргенін айтып берді.
Содан кейін Нысанбай жыршы қарағайлы кəрі домбырасын еңкілдете жылатып, іле-
шала Қаратау мен Шу, Сарысу мен Сыр бойын жайлаған қалың қазақты қалай Жоңғар ханы
Сыбан Раптан шауып, «Ақтабан шұбырындыалқа көл сұламаға» ұшырағанын мақам етті.
Ұлы жүз бен Кіші жүздің көп ауылдарының Арал мен Атырау теңізінің жағасына, ал Орта
жүздің Есіл, Нұра, Тобыл өзендерінің жоғарғы саласына көшкенін əдейі тоқтай айтып кетті.
Алдымен Кіші жүздің ханы Əбілқайырдың, бір жылдан кейін Орта жүздің ханы Сəмекенің
Россия патшасына бағынғанын, сонан «Ақтабан шұбырындыдан» отыз үш жыл өткеннен
кейін Қытай патшасы бір миллионға таяу қалмақты қырып Жоңғар хандығын құртқанын бір
мəлім етті. Осы шақта Найман, Керей рулары бұрын-
ғы өзінің ата-мекен жері Тарбағатай тауы мен Қара Ертіс бойына көшіп кеткенін мақұм
əуеніне сала зарлана қалды.
Осыдан соң Нысанбай жыршы əр жүздің əйгілі хандары əбілмəмбет, Барақ,
Нұралыларға қысқа-қысқа сөз тастап, үш жүздің басын қосу жолында күрескен, кейін
Абылай деген атпен хан болған əбілмансұрға тоқтаған.
əбілмансұрға келгенде Нысанбай жыршының екі көзі оттай жайнап, күре тамыры
білеудей боп, кең тамағы торғай жұтқан қурай жыланның көмейіндей ісініп кетті.
Домбырасын бəйге атына шапқандай сабалай ұрып, жыр шумағын құшақ-құшақ лақтырды.
Енді Нысанбай домбырасын лақтыра ойнатып, Абылайдың Қоқанға қарсы шыққанын,
Сайрам, əзірет, Шымкент, Созақ секілді жеті қаласын алып, Ташкентті қалай
бағындырғанын, өзіне сес көрсеткен қырғыздың қалың қолды манаптарын Қызылсу, Шəмсі
өзендерінің Шуға құятын сағасында кездесіп, «Жəйіл қырғыны» деп аталатын ұрыста қалай
жеңгенін айт-қанда екі көзі қанталап, қоянға түскен бүркіттей шаңқылдай серпіп, тіпті
долданып кетті. Əбілмəмбет сұлтанның есігінде жүргеннен бастап, торғауытқа көрсеткен
ерлігі мен ел басқарар ақылдылығы арқасында Орта жүзге хан атағына ие болғанын жыр
еткенінде шабар бурадай тіпті құтырынып алды. Ақын енді алпысқа келген Абылайды үш
жүзден шыққан өңшең қасқа мен жайсаңдарының шешімі бойынша Телікөлдің жағасында
жұрт ақ кигізге көтеріп Үлкен хан сайлағанын толғағанда төбесі көкке тигендей екі көзі
жайнап кетті. Бірақ Россия қатын патшасы қазақ елінің басын біріктірудің қауіпті екенін
ойлап тек өлерінен екі жыл бұрын ғана оны Орта жүзге хан етіп указ бергеніне бір тоқтап,
сол Абылайдың жетпіске келгенше ыңғайына қарай біресе Россия патшасына, біресе Қытай
боғдыханына икем көрсетіп, Түркістаннан бастап Есіл, Нұра бойына дейін көшкен қалың
қазақтың еркінділігін жоғалттырмай ел ғып сақтап өткенін тағы да бір алуан жыр ғып
шырқатты.
Бəйгеге шапқан жүйріктей, жыр желісінен маңдай тері бұршақтап аққан Нысанбай ақын,
бір мезет Абылайға АтығайҚарауыл рулары алты қызын беріп, оның үстіне Абылай
қарақалпақтан бір, қалмақтан бір қыз алып, олардан отыз бір ұл, қырық қыз көргенін аса бір
асқан жыр етіп толғатты.
350
Дауысы қарлығып болдыруға айналған Нысанбай тек ел жатарда ғана Абылайдың
қарақалпақ əйелінен туған Уəлидің Россияға қол шоқпар болып кеткенін, қалмақ қатынынан
туған Қасым төренің əке жолын қуып, қазақтың басын қосамын деп бəйек болып жүргенін
мадақтай келіп, кенет оқшау отырған Кенесарыға қарай:
Абылай жолы ауыр жол:
Батыр Кене, біліп қой.
Абылайдай берік бол,
Алам десең абырой, —
деп ұзақ жырын бітірген.
Үйдегі жұрт жетпіске жуықтаған Қасым төренің бетіне қарап тына қалған. Өйткені мұндай
сөз төре бар жерде дəстүр бойынша тек қолбасшыға ғана айтылатын. Ал Қасым төренің
соңынан ерген Ўскердің қолбасшысы Саржан сұлтан, Кенесарының ерлігі мен айлакерлігі
жұртқа қанша аян болса да, даңқымен əзірге о тек батыр деген атқа ғана ие еді. Алдында
ағалары болғандықтан өзі де «қолды мен басқарайын» деген ойдан аулақ-ты. Нысанбай
жұрттан асқан сыншы. Бұны осы отырғандардың бəрі де біледі, Нысанбай қасиеті Қасымға
да аян...
Қасым төре жолды əзірге Саржан мен Есенгелдіге бергенмен түбі Абылай жолын алып
жүрер ортаншы ұлы Кенесары мен кіші баласы Наурызбай болар деп те үміттенетін.
Нысанбай сөзінің өз ойынан шыққанына ол іштей «қателеспеген екем, мен аңғарғанды
сыншы ақын да аңғарған екен» деп ойлады. Бірақ өзіне самсай қараған көзді
байқамағандай, домбырасын қасына қойып терін сүртіп жатқан Нысанбайға:
Көп жаса, ақсаңдақ жүйрігім, — деді, — көңілімізді бір көтеріп тастадың ғой.
Қасым төре Есенгелді менен Саржаннан бір айдан бері хабар ала алмай іші бітеу
жараға толы еді. Суық хабар сумаңдап əп-сəтте-ақ тарайды ғой. Еш жаманаттың естілмеуі
Саржан мен Есенгелді сау дегендей жұбаныш беретін.
Қасым төренің оқыс аталған Кенесарының атын хош көргендей болуы ортаншы ұлына
үлкен сенім артатынын танытты. Жұрт та мұны аңғарса керек.
Қазір Кенесары осы жайларды əлсін-əлсін таразыға салуда. Əрине, қазір атасы Абылай
ханның заманы емес. Ол кезде Россия патшасының əскері де Ақ Жайықтың арғы бетінде
болатын. Қарт Қожақ шежірешінің бала күнінде, Абылай атаң хан болар жылы Қызылжар
қорғаны, одан жиырма бес жыл бұрын Ескі Семей, сол жылдары Қараөткел, Баянауыл,
Қарқаралы бекіністері салынды деп отыратыны əлі есінде.
Кенесары батыр қазақтардың өз тəуелсіздігінен айрылуының ең басты себебі — «ортақ
өгізден оңаша бұзау артық» деп қарайтын ел ағаларының ауыз бірлігі жоқтығынан деп
білетін. Сол қазақтың басын қосуға бола ма? деген сұраққа өзі де жауап бере алмайтын.
Тек соңғы кезде ғана бір жауаптың ұшығын тапқан тəрізді.
Ол ұшық Абылай атасының заманы мен қазіргі ел жағдайында жатқан секілді.
Абылайдың тұсында Россия патшасы Сарыарқаны төңіректеп бекініс салғаны болмаса,
бəлендей ішіне кіре қоймаған-ды. Сондықтан атасы Абылай біресе Россияны еміндіріп,
біресе Қытайды дəмелендіріп екі ортада бостандығын сақтап жүре берген. Ал қазір қазақта
ондай мүмкіншілік жоқ. Бір жағынан əбден орын теуіп алған патша əскері болса, екінші
жағынан қазақ жерінің бүкіл оңтүстігі мен Сыр бойын басып алған Қоқан мен Атырау, Арал
тұсынан Үстірт, Маңғыстауға дейін өкімін жүргізген Хиуа хандықтары тұр. Абылай
кезіндегіден қазір қазақ елінің басын қосудың қиындығы да, жеңілдігі де осында деп түсінеді
Кенесары.
Ашынған жолбарыс ажалдан шошынбайды. Қазір қазақтың қалың бұқарасы осы
ашынған жолбарыс тəрізді. Үш жақтан бірдей қадалған найза, қазақты да оятқандай. Кеше
сонау Ұлытаудан Құдайменді батыр келген. Ол Жоламан мен Иман батырдың
сəлемдемесін əкеліп, қазір Сарыарқаның қай қиырында болса да ақ патшаға қарсы
шығатын жұрттың көп екенін айтқан. Бастайтын жан болса еретін жұрт бар деген. Ал
Сарысу, Шу, Сыр бойы қазақтарының да күйі белгілі, ұран салып, ту көтерсең соңыңнан
еруге дайын. Хиуа ханының қиянатына шыдамаған Адай, Тама, Табын, Шөмекей, Жаппас,
Шекті рулары найзаларын жалаңдатып, қан жұтып ол отыр.
Қазір бас көтеруге ең бір қолайлы кез. Қиянат жанын жеген бұқара қураған шөп тəрізді,
от тисе болды-ақ лап етіп бүкіл Сарыарқаны, Сыр бойын, Жайық, Маңғыстау, Үстірт
даласын алып кетуі ғажап емес.
351
Абылай ханның қай қатынынан тараған ұрпағын алсаң да, тастай берік, ұйымшыл.
Əсіресе Қасым төре ұлы-қызы: Есенгелді, Саржан, Күшік, Мұса, Кенесары, Наурызбай,
əбілғазы, Кенесарының апасы батыр Бопай, олардың балалары Құдайменді, Ержан, Иса,
Қошқарбай, əбілпейіз. Қасымның інісі Дайырдың балалары Тəті, əті, Сатыбалды, оның
баласы Қалдыбай, бəрі өзен қайда құйса, тамшы да сонда құяды дегендей, үлкені қайда
бастаса, өзгесі соңынан еруге бар. Нағыз бір ұялы көкжал қасқырлар тобы дерсің. Тек
аталас Күшік қана бозөкпелеу. Əкесінің айтқанына тек қатігез бауырларынан қорыққанынан
ғана көнетіндей. Бір биеден ала да туады, құла да туады, бір шіріген жұмырт-
қа кімді бүлдірер дейсің дейді ішінен Кенесары.
Аға алдына түсу Қасым төре балаларының арасындағы дəстүр емес, сөйтсе де ағалары
Саржан мен Есенгелдінің қылығына Кенесары түсінбейді. «Несіне Ташкент құшбегісінің
алдына барып тізе бүкпек? Қас дұшпаннан тіленіп не табады олар? Қастың аты қас, сенің
дос емес екеніңді Ташкент құшбегі білмей ме, басыңды име. Одан да өз керегіңді өзің көк
найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен тартып ал. Сонда ғана жауың сеніменен санасады,
ал қолыңды жайып, тізе бүксең, сені ол құл санайды. Құлдың тілегін кім орындаған? Жоқ,
билік өзіме тиер болса, бұның бірін де істемеймін. Не болса да дұшпандарыммен алысып
өлемін. Ағаларыма да соны айтам... Тек өздері сау қайтса екен
Кенесары тағы да ойға шомды.
«Абылайдың жолын қуубүкіл қазақтың басын қосып, үш жүзді билеу деген сөз.
Үш жүзді билеусұлтан атаулыны аяғыңа жығылтып, Əбілқайыр, Сəмеке, Нұралы,
Бөкей, Серғазы, Уəли ұрпақтарын өзіңе табындырып, барлық қазақты аузыңа қарату. Үш
жүздің баласын қойдай өргізіп, қозыдай көгендеу. Сонда ғана Абылай ханның қалмақ əйелі
Хочадан өрбіген ұрпақтарының ежелгі арманы орындалады. Қазақ елінің жаудан жерін,
еркіндігін қорғау мен Үш жүзге Қасым төре балаларының үкімін жүргізуқазір бір тілек, бір
мақсат. Ал осы тілек, осы мақсаттың орындалуына ең қолайлы кезең бүгінгі кезең. Өзінің
тəуелсіздігін қорғауға көтерілгелі тұрған халық, егер бастай білсең хандықты, Үш жүзді
билеуді саған өзі алып бергелі тұрған жоқ па?!»
«Бұдан былай қарай мұндай сəтті кезең тумауы мүмкін. Россия патшасы, Қоқан, Хиуа
хандықтары тəрізді жауларымыз халықтың еңсесін мықтап тұрып бір түсіріп тастаса, қызба
қанды қазақ қайтадан бас көтере алмайды.
Жоқ, бүгінгі күнең қолайлы күн. Тəуекел не болса да айқасты бастау керек! Бірақ
айқасты қай тұстан бастаған жөн?! Үш дұшпанның қайсысының бізге салғалы тұрған
шырғысы берік, ең алдымен соны үзу керек!».
Кенесары енді қабағы қарс жабылып, өзінің қойған сұрағына шешім іздеп ой теңізіне
біржолата сүңгіді. «Қоқан мен Хиуа хандары мейлінше тас жүрек, жеңілсең қанға бояйды,
қарамағындағы азғантай қазақты түгелімен қырып тас-
таудан тайынбайды. Ал Россия патшасы ондай емес. Кейбір қанішер шенеунектері
болмаса, қалың бұқараны аты-жөні жоқ қыра бермейді. Оққа байлап, Сібір айдаса тек бетке
шығар жақсыларын ғана айдайды. Үлкен жұрт сөйтіп қашан да кең пейілін танытпай
қалмайды. Ал Қоқан, Хиуа хандықтары ше? Бұлар қорқау қасқыр тəрізді. Жан кетіп өлексеге
айналсаң, өлексеңді де талай береді. Тек қорыққандарын ғана сыйлайды. Оларға бой
көтеріп, күш жинағанда ғана тиісу керек. Егер əлдеқалай ондай күн туса аянып қалуға
болмайды. Қоқан мен Хиуа өздері қырған он мыңдай ер азамат үшін жауап берсін.
Ауғанстанға, Персияға күңдікке сатқан қазақтың қыз-қатындарының қарғысының азабын
тартсын.
Кенесарының соғысты ең алдымен Россия патшалығымен бастауды қалап алуына
басқа да себептері жоқ емес. Патша солдаттарының бекініс, зеңбірек, карабин штуцерлері
болса, қазақтың далиған жалпақ даласы бар. Егер тығылар жыңғыл, жықпыл сайы көп
болса, қыр қоянын арлан тазы да ұстай алмайды. Арқаның жері мол, бір шеті Қарқаралыдан
Ақ Жайыққа, екінші шеті Қызылжардан Бетпақдалаға дейін созылып жатыр. Қалай ойыссаң
да жер жетеді, тек үзеңгің берік, қайтпас қажырың болсын. Ал зеңбірек сүйреткен патша
əскерінің мұндай мүмкіншілігі жоқ. Оның үстіне Орта жүз көп ел. Бəрін бірдей көтере
алмасаң да, соңыңнан еретіндер табылады. Əлің жетпей қуғынға түсер күн туса,
батырлықты құрмет тұта білетін қазақ, кейбір ішіндегі əзəзілі болмаса көрер көзге ұстап
бермейді. Ең болмаса Абылай ханның аруағын сыйлайды. Ал Қоқан мен Хиуа жерінде
бұндай жағдай жоқ. Сыр бойы, Үстірт, Маңғыстау, Арал маңындағы көшіп жүрген
қазақтардың шынтуайтқа келгенде басын қосу оңай іс емес. Қоқан, Хиуа хандарын жеңу
352
үшін Жетісу, Алатау, Қарақалпақ өңіріндегі ағайындардың да бас көтеруі керек. Оған сену
қиын. Үйсін, Дулат, Алатауды жайлаған көп қырғыз, Арал бойын мекен еткен Қарақалпақ
сенің сөзіңді сөйлеп, жоғыңды жоқтай ма? Өз ошағының басы аман болса, сенің қан
төккеніңде несі бар. Қоқан, Хиуа хандарының да күштілігі осында жатқан жоқ па, олар кімнің
жүрегінің қалай соғатынын біледі. Қырғыз, қазақ, қарақалпақ бірігіп бас қоспайтынын сезеді.
Бүкіл Жетісуды алып жатқан Үйсін, Дулат та дұшпаныңмен шын белдесіп қалғаныңда сенен
бөлініп жауға тастап кетуі де мүмкін...
Жоқ, оларға сенуге болмайды. Үйсін, Дулат, Қырғыз, Қарақалпақ өз басына Орта жүз
бен Кіші жүздің ауыр жағдайы түссе ғана атқа қонады. Ал оның бер жағында олардан не
үміт, не қайыр!
Кенесарының Арқаға оралғысы келуіне тағы да бір себеп бар. Олкек. Сəмеке, Бөкей,
Уəли тұқымдарынан шыққан аға сұлтандарды Қасым балалары өртеп жіберуге бар. Бұл
ескіден келе жатқан ескі егес, ел билігіне таласудан шыққан бақастық. Əсіресе Қасым
балаларының өші Құдаймендінің Қоңырқұлжасында, Уəлидің баласы Шыңғыс пен оның
шешесі Айғанымда, Бөкей тұқымынан шыққан Тəукенің Жамантай, Құсбегі мен Жантөренің
Ахметі мен Арыс-танында. Бұл аға сұлтандар Кенесарының да ең аямас жаулары. Балық
басынан шіриді, қазақ жерін ақ патшаға беріп отырған осы аға сұлтандар деп кектенеді
Кенесары.
Егер Арқаға барса, ең алдымен осылардың ауылын шауып, ежелден келе жатқан
ерегестің бір түйінін шешпек. Қызын күң, баласын құл қылып, табанына бір салмақ. Онсыз
əбден қансырап алған көңіл жұбанар емес.
Бірақ олар Кенесарыға оңайлықпен бой бере ме? Олардың да соңынан ерген қыруар ел
бар. Қолдарында қару-жарақты жүздеген жасағы, сарбаздары тұр. Оның үстіне қол ұстасқан
ақ патша əскерлері де қастарында.
Кенесарының бір тірелгені ең алдымен осы аға сұлтандар мен патша əскерінің арасына
ши жүгіртіп көру. Шамасы келсе Сібір мен Орынбор губернаторларын өзімен санасатын етіп
алу.
Ол үшін Кенесары барысымен соғыс ашпайды. Алдымен губернаторлармен тіл табу
жолын іздейді. Өзінің бірнеше тілегін қағаз жүзінде алдарына қояды. Егер губернаторлар
сол тілектерді қабылдаса, Қоңырқұлжа, Ахмет, Жамантайлардың соңынан ерген жұрт та
бұнымен санасатын болады. Ондай жағдайда, алты басты айдаһар болса да Қоңырқұлжа,
Ахметтерден өш алу оңайға түседі.
əрине, онымен Кенесары сүйек тиген төбеттей ұпайым түгел деп өз бетіне кетпейді.
Абылай атасының жолын қуып үш жүздің ханы атанбай тоқтамайды. Ең болмаған күнде ата
тағын алып, Орта жүзді билейді. Сондықтан бір тілектен кейін бір тілек талап етіледі, бəрібір
өз дегеніне жетпей қоймайды.
Ал генерал-губернаторлар алғашқы қойған тілектерін қабыл етпесе не істейді? Онда
шешінген судан тайынбайды, соғыс ашады. Жəне ол соғысты ең қас жауы Қоңырқұлжаның
ауылын шабудан, Қоңырқұлжа приказы Қараөткел бекінісін алудан бастайды.
Абылайдың алдында ғана Орта жүз хан көтерген қырық мың жылқы айдаған Сəмекенің
ұрпақтары Құдайменді балалары десе, Кенесары ұйқысынан шошып оянады. Аға сұлтан
Қоңырқұлжа мен Кенесары арасында тек қана ежелден келе жатқан ел билеу, қоныс
тебуден туған ата дауы емес, бастары көрге кіргенше кешірілмейтін уыты қанға сіңген
өшпендік бар. Сол өшпендік, кешірілмес қастықтың енді ақ патша мен қазақ елінің
арасындағы үлкен саясатқа да ықпалы тимек. Кенесары орнынан түрегеліп, сəл ерсілі-
қарсылы жүрді де, қайтадан ой шумағын тізе берді.
«Хандыққа таласудың екі жолы бар. Оны сан айқастан өткен Кенесары жақсы біледі.
Бірі саған хан билігін əперем деген халықтың артында тұрып басқара білу. Екіншісі соңынан
ерген қолдың алдында жүріп ерлігіңмен өзіңе тартып алу.
Хандыққа жүз бен жүз, ру мен ру таласса, жұрттың арт жағында тұрып елді қырғынға
айдап салып, ақыл-айламен, зұлымдық-жауыздықпен мұратқа жетуге болады. Ал бүгінгі
таластай, қалың бұқараның тəуелсіздігін қорғау арманы мен сенің жұрт билігін қолға алам
деген көкейкесті тілегің ұштасып жат-
қанда, соңыңнан ерген қолдың артында емес, алдына шығу қажет. Сонда ғана саған қара
халық сенеді, соңыңнан ереді. Бұқара өз басыңның қамы үшін емес, халқың үшін алысып
жүргеніңді көзбен көргені жөн. Сөйткен күнде ғана, арманыңа жетесің. Халық өзі арманыңа
жеткізеді».
353
Осындай шешімге келген Кенесары, кенет тізесін бүгіп беліндегі Исфаған шебері соққан
наркескенін суырып алып, қылшылдаған суық жүзінен сүйді.
Анадан қорқақ болып тумап едім, — деді кенет даусы дірілдеп кетіп, —арманыма
жеткенше қорқақтық білдірсем өз қанымды өзім ішейін, осы сертіме, түсі суық наркескен,
сен куə бол!
Ол наркескенін қынына салып, енді көтеріле берем дегенде, арт жағынан сыңғырлай
шыққан əйел даусы естілді.
Төрем-ау, намаз оқып жатырсың ба?
Бəйбішесі Күнімжан екенін Кенесары қарамастан таныды. Түрегеліп, тізесін қақты да,
қарсы жүрді.
Жəй əшейін, семсерді тасқа салып дүзін сынап жатыр едім.
Қас болатты жау жүрегіне салып сынамас па?
Оның да жөн.
Кенесары əйелінің сөзіне риза болып қалды.
Күнімжан биыл жиырма алтыға шыққан. Оймақ ауыз, құмай көз, қара торының сұлуы. Екі
бала тапқанына қарамастан, сұңғақ бойына жарасқан тіп-тік қос жұмырықтай қос анары
алтын жамбылы алқасын тырсылдата керіп, аш белі үзіліп кетердей талып, мықынынан
төменгі бура санды бөксесін мейлінше айқындап тұр. Үстінде шытырма ақ жібек көйлек,
көгілдір торқа оқалы қамзол, оның сыртынан шетін құндызбен əдіптеген дүрия қызыл
шапан, басында ақ меруерт өрген, алтын теңгелері көзіне түсе салбыраған қызыл барқыт
сəукеле. Сыртынан ақ торғын шəліні көмілдіре жамылған. Құлағына таққан үш буынды
сырғалары мен арқасына төгіле түскен тоқпақтай қалың шашының ұшындағы төрт қатар
шолпысы патшаның кілең бір сомдық алтын ақшасынан қиыстырылған. Батырдың алдында
өзін-өзі қымсынбай ұстауы, былқ-сылқ басып қасына бұрала келуі, ерке бəйбіше екенін
аңғартады.
Расында да «жазығы қатын демесең, қыздан артық салдығы» деп Жүсіп қожа ақын
айтқандай, Күнімжан Кенесарыға ақылымен де, сұлулығымен де əбден ұнаған əйелі.
Шыққан төркіні де Қасым төреден салтанаты мен байлығы кем емес, арғынның
шонжарларының бірі əлке Байдалы тұқымы.
Мынау үстіндегі торқа, дүрия киімдері мен алтын білезік, алтын шолпы, алтын жүзіктің
бəрі де келіншек боп түскенде осы төркін берген жасауы.
Кенесары мен Қоңырқұлжаның бітіспес қас-жау болуларының да бір себебі осы
Күнімжанда...
Кенесарының батыр атанып, атағы Сарыарқаға жаңа жайыла бастаған кезі еді.
Ұлытауды жайлаған Жырық руының байы Сандыбайдың Ердені осы өңірге правитель
болып тағайындалып, ат шаптырылып, балуан белдескен үлкен той болған. Осы тойға бір
топ жігітпен Кенесары да келген. Ондағысы тар жол тайғақ күн туып, Көкшетауда бекініс
салынып, көңіл қобалжи бастаған соң, Ұлытау маңын бір шолып қайту еді. Алты алаштың
алғашқы басын қосқан хандарының бірі Алашахан да осы жерде қайтыс болған. Ұлы Жошы
хан да осы тұсқа қойылған, Ұлытаумен іргелес Кішітаудың басында Едіге батырдың да
қабірі бар, Ақмешіт əулие де осы арада жатыр. Ұлытау қазақ елінің атамекен кіндігі. Бұны
көруді Кенесары да өзіне парыз санайтын. Бəйгеде сойылға ат жығылып, көкпарда кісі өлген
ұлан-асыр осы тойдан қайтып келе жатып, Арғынның Алтай, Төртуыл рулары жайлап
отырған Терісаққан өзеніне келіп, азырақ ат шалдыруға аттарынан түсе-түсе қалған.
Астындағы сəйгүлік жүйрігін атқосшысына беріп, Кенесары қалың талды жағаға барған. Таң
алдында ғана жаңбыр жауып өткен-ді. Сыңсыған тал арасы тымырсық бүк екен. Кенесары
пысынап кетіп, азырақ салқындап алайын деп сылдырап жатқан суға таяғанында шағын
келген Терісаққанның бергі ағымында көк толқынмен ойнап жүзіп жүрген екі қызды көрді.
Ауыл көшіп жатқан кез, сірə, көшжөнекей шомылып алғысы келген тəрізді, киімдері мен
шідерлеп қаңтарып қойған аттары арғы бетте. Кенесары алғашқыда айдалада пайда болған
бұлар перінің қыздары шығар деп ойлап қалған. Əсіресе алдыңғы қыз бір адамның аузының
суы құрығандай сұлу көрінген. Қамшының тіліндей етіп өрілген қос бұрымы көк тол-
қынмен ойнап жыландай иреңдеп, сымбатты денесі, су астында ақ сазандай бұлықсып,
еріксіз көзін тартып əкеткен. Тек арғы беттегі аттары мен үюлі тұрған киімдерін көргенде
ғана Кенесары есін жинай бастаған.
Арсыңдар ма, арулар? — деген ол қыздардың арғы жағаға қарай бұрыл-
ғанын көріп, кетіп қалады екен деп қорқып.
354
Алдыңғы тана көз жапалақ сары қыз «Ойбай, көтекдеп дауыстап жіберіп, суды екі
аяғымен сабалай арғы бетке қарай жүзе жөнелді де, соңғы қара торысы мойнын бұрып
кейін қарап, жағада тұрған Кенесарыны көріп тоқтап қалған. Түрегеліп жүзіп, тек судан
басын шығарып:
Бар боларсыз, мырза, — деп сəлем берген.
Сөйткенше жағаға Кенесарының жолдастары да келген. Əдеттегі қалжың-əзіл
басталған. Аш денесін жігіттерге көрсетіп судан шығуға ұялып тұрған қыздар, жағадағы
Кенесары екенін естіп, не қыларын білмей сасқан. Кенесары тобы əзіл-қалжыңы аралас,
егер тілегімізді орындамасаңдар, қазір арғы бетке өтіп, киім-кешектеріңді алып кетеміз деп
қорқытқан.
Қыздар «ағатайлап» кетулерін сұрап жалынған. Қалжың құмар желөкпе жігіттер
өздерінің тілегін орындамай кетпейтіндерін айтып тұрып алған. Су сорып əбден жаураған
қыздар, бұлардың кетпейтініне əбден көздері жеткен соң, жігіттердің не тілейтіндерін білгісі
келген. Қара торы сұлуы Кенесарыға қарап:
Мырза, сонда сіз менен не қалайсыз? — деген.
Қалағаным қиын болса да сөзіңде тұрасың ба, қарындас?
Сөзімде тұрмайтын қатын емеспін, айта бер.
Қыз аузынан шыққан «қатын емеспін» деген сөзді Кенесары өз мағынасында түсінді.
Кенет жүрегі алып-ұшып, қолға түскен торғайдай тыпырши жөнелді..
Қатын болмасаң... Жарайды, біз кетейік. Тек соңымыздан қуып жетіңдер. Қалауымды
сосын айтайын. Уəде ме?
Уəде!
Кенесары тобы өзен жағалай кете барған. Аздан кейін қыздар бұларды қуып жеткен. Он
алты-он жеті жасар уыздай екі жас қыздың суық жүрісті бейтаныс топ жігіттің қастарына
қорықпай келгендеріне Кенесары таң қалған. Жəне берген уəделерінде тұрып алдап
кетпегендеріне разы болған. Осы кездесуден бастап Кенесары мен Күнімжан бірін-бірі
қатты ұнатқан. Жаңа туған айдай толықсыған арқаның жас сұлуы Кенесарыға бірден құлап
түскен. Шөлмек күнде сынбайды, бір-ақ сынады. Сол түнде бір шөлмек сынды. Жұрттан
аулақ дөңгеленген қараған түбінде даланың өжет қызы батырдың бір тілегін орындады.
Күнімжан өкінбеді, өйткені осыдан екі жыл бұрын қос қатынының үстіне тоқалдыққа
алмақ боп сасық ұрт, бұзау тұмсық Қоңырқұлжа құда түсіп, үш үйір қара көк жорғаны қалың
малына төлеп кеткен. Оның үстіне Қарақойын Қашырлыға ел жайлауға шыққан шақта ұрын
келем деп жақында хабар
берген.
Таңертеңіне Терісаққанның ойпаттау жағасына қонған Байболат ақсақалдың ауылына
Күнімжан мен жапалақ сары қызды ерткен Кенесары нөкерлерімен келіп түсті. Күнімжанның
осы түнде Кенесары батырмен көңіл қосып шыққанын ең алдымен жеңгелері, одан шешесі
естіп, суық хабар бірте-бірте жыландай жылжып Байболат ақсақалдың өзіне барып жеткен.
Абылайдың аруағынан, Қасым төренің қаһарынан сескеніп, не істеуді білмей, оның үстіне
абыройы айрандай төгілген қызының күйігі де арқасына аяздай батып отырған Байболат
ақсақалға Кенесары көп кешікпей «Күнімжанды маған берсін» деп кісі салған.
Байболат ақсақал бұл тілекті шұғыл ақылға сап, қолма-қол шешімін
айтқан:
Үш жүзге хан болған Абылай атасына Арғынның, Қарауыл, Атығай рулары алты
қызын бергенде, сол Абылайдың батыр немересіне біздің жалғыз қызды қимағанымыз
болмас, алсындеген.
Бір апта өткеннен кейін əлке Байдалы, Аққошқар Сайдалы боп үш бозды көсем жеккен
күмістеген қара пəуескемен, жасау артқан тоғыз нарды бір көш етіп Күнімжанды ырғалтып-
жырғалтып Көкшетаудағы Қасым төренің ауылына ұзатқан.
Мұны естіген Қоңырқұлжа намыстанып бұлқан-талқан болған. Жасақ жіберіп Байболат
ауылын шауып алуға да оқталған. Əйтсе де, байлығы өзінен артық Арғынның шонжар руы
əлке Байдалымен жанжалдасуға батпаған. О баста Күнімжанды тоқалдыққа сұрағанда да
Қоңырқұлжа тек қатын санын көбейтпек емес, Арқаның осы шынжыр балақ, шұбар төс
руымен жақындаспақ ойы да болатын, ал сол ойдың бұзылғанына қатты қынжылса да,
тайпа рулы елді өзіне жау етудің қатерлі екенін ұқты. Сондықтан Байболатқа берген қалың
малына үш тоғыз айыбын қосып алды да, ұпайым түгел дегендей, көкіректегі ызаны ішке
түйіп қала берді.
355
Бірақ Қоңырқұлжа енді Қасым балаларына əбден өшігіп алды. Ебін тауып, езуін қалай
жырам деп жүргенде Көкшеден Жабайы өзенінің сағасында отырған Тарақты еліне
ұзатылып бара жатқан Саржанның үлкен қызы Күнікейге жасағымен кездесіп, оны бір түн
иемденіп қоя берген. Аға сұлтан Қоңырқұлжа мен Қасым төре балаларының арасындағы
осы бір намыс ызасы енді бір-біріне мəңгі кешпес қанды кекке айналған. Бақ таласы, жер
таласы, ру таласы, ар таласы, қатын таласы бəрі келіп, əбден шиеленіскен қыл түйін болып
қатып қалған.
Мұны тек алмас семсер, өткір қылыш қана кесіп бере алатынын екі жақ та жақсы білуші
еді.
Осы таластың бас себепкері Күнімжан сұлу шыққан жері де, түскен жері де мықты
болған соң өзін-өзі тым еркін ұстайтын. Күйеуіне де айтқанын істететін, мейлінше ерке...
Күнімжан қазақ əйелдерінің салты бойынша Кенесарыны күйеуім, ерім демей тек
«төрем» деп қана атайды. Бұнысы бір жағы күйеуінің төре тұқымынан екенін дəріптеу болса,
екінші жағынан «төрем» деп өзіне билігінің мол екенін ескертіп еркелетуі еді. Сол əдеті
бойынша ол:
Төрем, сен Құдайменді батырдың атама естірткен сұмдығынан хабардарсың ба? —
деді сəл жүдей.
Жоқ, қандай сұмдық?..
Азнабайдың балаларын білесің ғой...
Қай Азнабай? Баянауылдағы Қаржас Азнабай ма, əлде өзіміздің Көкшедегі Ақсары
Азнабай ма?..
Қаржас Азнабай. Біз Арқадан көшпей тұрып Тайжан деген баласын патшаға қарсы
шықтың деп Омбыда атып өлтіріп еді ғой, соның ағасы Сейтен батырды да өлтіріпті...
Топырағы торқа болсын. Есіл ер ерте кеткен екен! Менің ажалым Қоңырқұлжадан
келеді деуші еді. Сол иттің өшпенділігінен мерт болды ма екен?...
Иə, солай көрінеді. Азнабай аулымен Балқашқа қарай көшіп келе жатқанда, Мың
Арал төңірегінде Қоңырқұлжаның əлгі шоқынған кіші баласы жол көрсетіп əкелген əскер
қарсы шығып ұстапты...
Кенесарының күлгінденген сарғыш түсі қара қоңырланып кетті.
Қырылғандары көп пе екен?
Қарсыласуға мүмкіндіктері болмапты. Ойда-жоқта қолға түскен көрінеді. Бір-екі жігіт
сойылға жығылыпты.
Топырақтарың торқа болсын, есіл азаматтар. Арқаға оралар күн туса алармыз əлі
өштерін.
Сейтенмен бірге Қубеттің Ожарын да ұстапты. Ол сол Омбыда абақтыда жатқан
көрінеді.
Қай Ожар? Ана Қоңырқұлжаның шабарманы Ожар ма? Ол Азнабай аулынан ат
құйрығын кескендей еді ғой?
Қоңырқұлжамен келісе алмай, Қараөткелден қайтып өз еліне барыпты. Қанына
тартпағанның қары сынсын дегендей, қанына тартқан ғой. Жер-суынан айырылған
Қаржастың қайғысы жеңіп Сейтенге қайта қосылған екен.
Бір көргем... Қайсар, иілімге келмейтін жігіт тəрізді еді. Қиянат оны да дұрыс жолға
салған екен. Əттеген-ай, ол бейшараны да ит жеккенге айдайды ғой.
Дəл осы кезде бұлардың жанына Наурызбай келді. Бұл жиырма екіге жаңа шыққан
келбетті жігіт. Бір əке, бір шешеден туса да, бітімі Кенесарыға мүлде ұқсамайды. Сұңғақ
бойлы, екі иығына екі кісі мінгендей құлаш жаурын, тіп-тік келген, ат жақты, екі бетінен қаны
тамған аққұба түсті. Мұрын, көз, қас-қабақтары қазақ жігіттерінікінен көрі мол пішілген,
танадай жалтыраған сопақтау келген үлкен қоңыр көздері адамға ілтипатпен қарайды.
Қызылды-жасылды меруерт өрілген айдары самай тұсынан салбырап түсіп тұр. Жаңа
тебіндеп келе жатқан қоңыр мұртты. Басында қызыл барқытпен тыстаған құндыз бөркі,
үстінде құйыршықтары мен тырнақты аяқтары салбыраған қара қасқа күзен ішік. Ішігінің
жағасына, жеңіне, шетіне қара қоңыр құндыз ұстаған. Беліндегі күміс белбеуіне былғары
қынды селебе таққан.
Наурызбай ұрысқа да осы киімімен шығатын. Білегіне дейін сыбанып түріп алған оң
қолында бауыры қорғасын, бес батпан зілдей ауыр қара найзасын тудай көтере ұстап,
астындағы сарғылт қылшықты ақбоз атын ойнақтата «Абылайлап шапқанда, жан қарсы
келе алмайтын. Жəне зілдей қара найзамен ешкімді қос қолдап шаншып көрген емес. Оң
356
қолында төрт жігіттің күші бар дейтін жұрт. Наурызбай асқан найзагер, заманында бұл соғыс
қаруынан өзіне пара-пар келетін жан кездестірмеген. Жəне жауға шапқанда қабағы қарс
жабылып, жүзінде ерекше қаһар пайда болатын. Ал жайшылықта Наурызбайдан ақ жарқын
жан жоқ. Ол мұндайда əрі əнші, əрі əзілқой. Ал қазір Наурызбайдың қалың қабағынан
қынжылған рең байқалады. Көзі тереңдей, қас-қабағы кіртие қалған.
Оған себебі де бар еді.
Наурызбай соңғы кезде өзі туып-өскен Көкшетау туралы көп ойлайтын бол-
ған. Мұндай кездерінде Арқаның жасыл шалғынды, көк майсалы даласы, жақпар-жақпар құз
тасты, өн бойы өрби біткен қалың қарағай басқан түйе өркеш шағын таулары, көк толқыны
жар кемерін тынбай соғып жатқан шалқар көлдері, мол сулы өзендері оның көз алдында
елестейтін. Кенет Бурабайдың көз жасындай көгілдір толқыны шулағандай, кереге қанат
қыран бүркіт қалықтай ұшқан Оқжетпестің басында ойнаған ерке жел жылағандай, дымқыл
иісі аңқыған Кенесары үңгірі күңіренгендей құлағына бір қайғылы үн келетін. Сол үн өзін
шақырғандай болатын. Наурызбай мұндай кезінде көктем сəнін, жұбайы əнін аңсаған жыл
құсындай, іші-бауыры елжірей, туып-өскен Көкшетауын сағынатын. Өйткені асыр салған
балалық шағы, жігіт болып махаббат дегеннің не екенін білген алғашқы бақытты түні, бəрі
де осы Көкшенің көгілдір құшағында өткен. Наурызбайға Көкше деген құр ғана туған жер
емес. Ол кейде өзінің жылқұсы болып жаратылмағанына өкінетін. Егер жылқұсы болса сол
Көкшені əр көктемде бір шарлап ұшпас па еді! Мұндайда Наурызбайдың жүрегі удай ашып,
жанын қоярға жер таба алмайды. Сол бақыттан, сол қуанышынан айыр-
ған сонау темір киген дұшпандарымен алыса түскісі келеді. Əттең не керек, Наурызбай да
бір, тұғырда тұрған бала бүркіт те бір, ұшарға қанаты бар, бірақ аяғындағы жібек бау
жібермейді, құр қайрат мезеп шаңқ-шаңқ шақыруға ғана дəрмені келеді.
Қаратаудың жыңғылы мен баялышы Көкшенің тобылғысы мен қарағанына жетпес, бозы
менен көдесі, жұпар аңқыған көк шалғынына пара-пар келмес. Сонда неге жүр бұлар
Сырдың сұрғылт даласында? Жан сақтау ма, əлде хандық па көксегендері? Егер жер кегі
болса, таласпай ма сол жер үшін сол туған жердің өзінде? Сырда жүріп Арқаны қалай
алмақ? Наурызбай осы жəйіттерді ойласа, ештеңеге түсінбейді. Əкесі Қасым төре, ағалары
Есенгелді, Саржанның бұл жөнінде ұстаған жолы оған жұмбақ.
Наурызбайға мың Қоқан хандығынан Сарыарқасының бір жайлауы артық. Осы қайғы
кеше Құдайменді батыр келгеннен бері тіпті үдей түсті. Қазіргі қабағының қатуына да себеп
осы. Аға, жеңгесінің төбе үстінде оңаша тұрғанын көріп, сөйлесуге əдейі келген.
Наурызбайдың реңінен көңілінің қапалы екенін аңғарған Күнімжан оған күле қарап:
Кіші төрем, неден жүдей қалғансың? — деді, — бір жерің ауырғаннан саумысың?
Наурызбай қапалана жауап қайырды.
Ауру екенім рас, жеңеше... Жаным ауырады, көкірегім ауырады, жүрегім ауырады...
Інісінің немен дертті екенін көптен бері сезетін Кенесары үндеген жоқ. Күнімжан енді
жігер бере сөйледі.
Қара бұлттан күн де шығар, бұл аурулардан айығар заманың да келер.
Қашан?!
Оны жүйрік аттың шабысы, ер жігіттің намысы біледі.
Намысқа шабар алысымыз болып тұр ма? Біз қазір апан-апанға келіп тығылған бөрі
тəріздіміз. Қанша бөрі болсаң да, тығылған жерің құр түкпір...
Кенесары кенет інісіне қарады.
Апаннан атылған бөрі жауына қауіпті екенін білмейтін бе едің? Қол-аяғыңды
бауырыңа жинап атылуға дайындала бер, Науанжан...
Жоқ, Кене аға, апанынан бөрі тек ажалына ғана атылады.
Кейде жауын да мерт етпей ме?
Маған ондай ит-жығыстың керегі жоқ, — Наурызбай ағасына кішілік мінез көрсете
ақырын сөйледі, — маған жауымды аңдып басар Көкшенің ыңғыл-жыңғыл жартасы,
соңымнан жел де қуып жете алмас ұшы-қиыры жоқ Арқаның кең даласы керек.
Кенесары інісінің өзімен пікірлес екенін бұрын да білетін, бұ жолы да ойлаған жерінен
шыққан соң іштей қуанып қалды. Сөйтсе де қатты мінезіне салып;
Ұясынан ерте ұшқан қыран тез қартаяды, — деді, — алдыңда ағаларың барда жол
таңдамай тұра тұр.
Наурызбай Кенесарыны өзге ағаларынан артық сыйлайтын, сондықтан қарсы сөзге
келмей:
357
Құба-құп, — деп төмен қарады.
Дəл осы кезде күншығыс тұстағы белестен ойдағы ауылға қарай көтерілген шаң көрінді.
Əрі-беріден соң тау ішінен екі салт атты сытылып шықты.
Қырағы көз Кенесары тесіле қарады да:
Ойпырмай, мынау Ағыбай болмаса етті, — деді кенет қобалжи, — астындағысы
Ақылақ тəрізді...
Наурызбай да тесіле қарады.
Иə, Ағыбай көкем! Ал жанындағысы кім? Ат жалына жабысқан түрі Ержанға ұқсайды.
Иə, солар.
Сөйткенше құйындата шапқан екі атты жетіп те қалды. Енді олардың «ой
бауырымдаған» айқайы да естілді.
Кенесары сазарған қалпынан қозғалған жоқ. Наурызбай мен Күнімжан шыдай алмай
келе жатқандарға қарсы жүгірді.
Ағыбай пұшпағына дейін терге батқан атынан қарғып түсіп, белбеуін мойнына салып,
қазақтың жамандықты естіртетін көне дəстүрі бойынша, екі қолын көкке көтере, тізерлей
отырып ағыл-тегіл жылаған қалпы суық хабарды естіртті.
Батыр Кене, қос боздағымыздан айырылдық, он сегіз асылдан айырылдық. Ташкент
құшбегі қолынан Есенгелді, Саржан ағаларың қаза тапты. Қыршын жігіттерімізді де тегіс
бауыздады.
Кенесарының түрі күреңітіп, ерні бозарып кетті.
Қашан? Қалайша?
Ағыбай бетінен сорғалаған жасын сүртпестен, ауызы кемсеңдей:
Осыдан екі күн бұрын. Жауыз құшбегі бізді алдап шақырған екен. Мəделіхан келген
күні түнде Есенгелді мен Саржан сұлтанды диуан сарайына шақыртып алды. Сендердің
Қоқан хандығына қарсы шығатын ойларың бар екен деп бастарын алдыртыпты. Ержан
екеуміз төрелердің жарлығы бойынша керуен сарай ауласындағы аттарды қарауға
кеткенімізде рабатта ұйықтап жатқан өзге жігіттерді жендеттері келіп бауыздапты. Біз əзер
құтылдық.
əлсіреп қалған Ержанды Наурызбай мен Күнімжан сүйеп тұрған. Суық хабарды естісімен
Күнімжан басындағы үкілі сəукелесі мен күлгін торғын шəлісін жұлып алып, қара шашын
жая, екі белін таянып жоқтау айта жөнелді.
Қапыда кетті қос арлан,
Жау сөзіне бос нанып.
Аямады қас дұшпан
Батырып қанға кек алып...
Жамандық хабар соққан желмен бірдей, іп-ілезде бұл сұмдықты барлық ауылдар да
естіді. Шаштарын жұлып, беттерін тырнап боздаған ана, егіл-тегіл еңіреген бала, үй-үйдің
қасында жоқтау айтып топтанған қатын-қалаш, көзінің жасын сүртіп күрсінген шалдар,
ашулы көздері оттай жайнап кіжінген жігіттер. Ойпатта отырған бар ауыл көл үстінде тып-
тыныш жүзіп жүрген қаз-үйрекке ителгі тигендей əп-сəтте азан-қазан болды да қалды.
Қанды уақиға əбігері тек ертеңіне таң атып келе жатқанда ғана басылды. Ағыбайдан
Есенгелді, Саржан қалай қаза тапқанын толық естіген Қасым төре бір түннің ішінде у
ішкендей боп жүдеп шықты. Үлкен мұрынды сарғылт жүзі көгілдір тартып, қою қызғылт
сақалы қырау басқандай бозарып, жайшылықта қанды балақ қасқырдың көзіндей білеулене
қызарып тұратын шегір көздері кенет жасып ағара түскен. Жетпіске келсе де, тіп-тік
қапсағай денесі айдалада жел өтінде өскен жалғыз ағаштай тез-ақ бүкірейе қалған. Бұл
кейін «НаурызбайХаншайым» қиссасында:
Қасым хан өзгелерден асып туған,
Көңілін дұшпандардың басып туған,
Қарнында анасының қан шеңгелдеп,
Қызарған екі көзін ашып туған,—
деп бесігінен қанқұмарлығы, аяусыздығы дəріптелген, аузынан жалыны шыққан сотқар,
ұрда-жық, қатігез Қасым төре емес. Иленген терідей жұмсарып, үстіндегі жүні уыс-уыс түсіп
қызыл шақа болған көтерем қойдай əлсіз кəрі-құртаң шал. Тек көзінде ғана ыза, ашу
қалдығы бар.
358
Ол сəске көтеріле Кенесары, Наурызбай, Ағыбайды жəне аулында қонып жатқан
Құдайменді батырды шақырып алды.
Аз уақыт үндемей отырып басын көтерді.
Жас кезімде, есер кезімде Көкшетауды мекендеген тағы ақ бураны садақпен атып
өлтіріп едім. Бұл қылығымды естіген аузы дуалы ақсақалдар «Шырағым, Абылайдың ақ
бурасы Көкшетаудың иесі еді, киесі ұрып жүрмесе нетсін!» — деп еді. Көкшетауымнан
айырылғанымды сол қылығымнан көруші едім. Есенгелдім мен Саржанымды да сол ақ
бураның киесі атты ма? Олай болса алла тағала жолыңа ақсарбас айтып, мойныма бұршақ
салып тілеймін: қаһарыңды, өзге балаларымнан аулақ ет!..
Қасым төре көкке көтерген қолын төмен түсіріп ұзақ уақыт отырып алды. Өзге жұртта да
үн жоқ. Тек «АқсарбасАқсарбасдеп іштерінен күбірлейді. Əлден уақытта барып Қасым
төре басын қайта көтерді. Кенет көзінде сөніп бара жатқан оттың қызылындай бір əлсіз
ұшқын пайда болды.
Қыран қартайып өлмейді, қайғырып өледі, — дейтін еді Бұқар жырау. Сол күй маған
да жеткен екен. Не болса соны айтып кеттім білем. — Кенет ол бойын жинап алды. — Ендігі
кезек сенікі, — деді ол Кенесарыға қарап, содан соң алақанын жайып батасын берді, —
əумин!
Қасым төре түрегеліп, күміс қынды сапысын белінен шешіп Кенесарының алдына қойды
да, керегеге сүйеулі тұрған киік мүйіз мосысы бар, білтелі құлдыр мамай түрке мылтықты
алып:
Бес жүз қадамнан жаңылмай тиетін əкем Абылай ханнан қалған мұра еді. Өзге ағаңа
бермей келіп едім, енді саған бердім. Ие бол, — деді.
Қасым төренің бұнысы ендігі билік сенде, қолды, Кенесары, сен басқар деге-ні еді.
Кенесары мылтықты жанында тұрған Наурызбайға беріп, бір тізерледі де, қынынан
қылшылдаған сапыны суырып алып маңдайына тигізді.
Осы сапының алмас жүзіндей дұшпандарымды аямасқа ант етемін.
Қасым төре тағы да бір тілегін айтты.
Екі ағаң мен он сегіз төлеңгіттің кегін қайтар. Бүкіл Қоқан хандығына шамаң
келмегенмен, Ташкентті алуға күшің жетеді. Ертең сарбаздарыңды жина. Арғы атаң Тəуекел
хандай Ташкенттің шаңырағын ортасына түсір. Сонда мен риза!
Кенесары басын төмен иді.
Ташкенттен алатын кекті Ташкенттен бастау керек пе, əлде бөтен жолы бар ма,
ақылға сап ертең жауабын берейік.
Мейлің.
Кенесары сол күні өзінің он екі қанат ақ ордасына Ағыбай, Наурызбай, Құдайменді
батырлар мен Нысанбай жыршыны шақырып алып ұзақ кеңесті. Ертеңіне жанына үш
батырды ертіп Қасым төреге келді.
«Ташкентті шап» деп ашу үстінде айтып қалдым ба, егер Сыр, Шу, Сарысу бойының ер
азаматтары ермесе, аз ғана Алтай, Тоқа, Алшын, Уақ руларының Ташкентті алуға күші жете
ме деп, Қасым төре де ақ мамық төсегінің үстінде түні бойы кірпік қақпай дөңбекшіп шыққан.
Кенесарылардың келгенін естіп, бүктүсіп жатқан жерінен басын көтерді.
Көке, — деді Кенесары əкесінің алдына тізесін бүгіп, басын иіп, — «Көппен кеңесіп
пішкен тон келте болмас» дегендей біз ақылға салып, Ташкентті шабуға əлі ерте деп
таптық.
Сонда не істемексіңдер?
Күз түспей Көкшетауға көшкенді жөн көрдік.
Қасым «Көкшетауға неге көшесіңдер деп сұрамады. Басын шайқап үндемей ұзақ
отырды да, əлден уақытта барып:
Бөлтіріктерін қалдырған қасқырдың апанына аңшылар əрдайым қақпан құрады.
Көкшетауда бізді күткен үлкен қатер бар, ол ара енді сендерге қоныс болмайды, — деді, —
Арқаға көшкен жөн, онда да Ұлытауға... Үш жүздің қақ ортасы, бірі болмаса біріне иек артуға
қолайлы.
ҰлытауБағаналы жері. Патшадан шен алған Сандыбайдың Ерден, Дүзені қоныс
бермесе қайтеміз? Келмей жатып тағы да сойыл, шоқпар қақтығыстырамыз ба?
Иə, өзің бүлініп келе жатып, тыныш жатқан елге бүлік салсаң, сені жұрт бүйіден кем
көрмейді, — Қасым ауыр күрсінді. — Сонда Абылайдың ақ туын көтерген Сарыарқадан енді
бізге барар тау, басар жер қалмағаны ма?
359
Үйге кіргеннен бері үндемей отырған Құдайменді батыр тізесін бүкті.
Сандыбай тұқымынан жақсылық күтуге болмайды, — деді ол. — Егер көшсе
Терісаққан бойына, Қарақойын Қашырлыға көшкен жөн. Бізге ерген ой Алтай азаматтары
болса, ол ара Жанайдар, Төлебай батырлар шыққан қыр Алтайының жері. Туыс туысты
табады. Жəне Арғынның ардагер руы Абылай ханның ұрпағына бір қысқа қоныс беруі
күмəнсіз. Ал жаз шыға Ұлытау төңірегінен орын тепкен келісімді. Сандыбайдың қос бөрісі
Ерден, Дүзенінен Ұлытау, Кішітау маңын, Қаракеңгір, Сарыкеңгір бойын берсе қолынан,
бермесе жолынан, алты қарыс азуларын көк құрышпен тілгілеп отырып тартып алу керек.
Бұл табылған ақыл, — деді Қасым, — Терісаққаннан Күнімжан келіннің төркін жұрты
да алыс емес.
Онда Қарақойын Қашырлыға күні бұрын шабарман жіберіп хабарласқан жөн болар, —
деді Кенесары.
Қасым иек қақты.
Бұ да табылған ақыл.
Қарақойын Қашырлыны жайлаған қыр Алтайы елімен сөйлесуге қос атпен Құдайменді
батырдың өзі жүрмек болды. Қалған жұрт Ташкент құшбегінің қолынан қаза тапқан
ұлдарының жетісін берісімен Арқаға қарай көшуді уəделесті. Ер азаматтар, шал-кемпір,
бала-шаға туып өскен сар даласын сағынып-ақ қалған екен. Бұл хабарларды қуана
мақұлдады. Кешеден бері елегізіп жүрген жастар енді белдерін бекем буып, ат құйрығын
түйіп алыс сапарға дайындала бастады. Қорамсақтарынан екі қырлы өткір ұшты сауыт
бұзар, төрт қырлы қозыжауырын жебелерін алып, тартылар жеріне жаңадан күшігеннің
қойлық жүні, тазқараның тайлақ жүні деп аталатын күшіген мен тазқараның қауырсындарын
қондырды. Ал кейбіреулері болат ұшты қос құлаш қайың найзаларының ұштарын өткір
қайрап, ат құйрығынан жасалған шашақ тағып жатыр. Бағзы біреулер беліндегі сүйек сапты
бұйда пышақтарын қылшылдата қайрап, бөтен қарулары болмағандықтан жуандығы
білектей сай бойына біткен тапал қарағайдың түзулерін тауып алып, жұмыр түбірімен
суырып, кеспелтек шоқпар жасауға кіріскен. Арқа жеріне қайткенмен де тыныштық
болмайды дегендей жауға арналып жөнделген қару-жарақ, алыс жолға деп дайындалған
ер-тоқым, жүген-құйысқан, мінер ат...
Қаратау қойнауындағы ауыл біткен қаза болған сұлтандардың жетісін берісімен бірден
көтерілді. Қайтқан қаздай тіркеліп, сыңсып көшіп бара жатқан жұрттың ту сыртынан қарап
дөң басында Кенесары тұр. Бір тілегінің орындал-
ғанына іштей қуанса да, алдымызда қандай күн бар деп қобалжығандай...
Қалың ел екі аптадан кейін Бетпақдаланы көктей өтіп, Сарысудың құмға сіңіп жоқ болар
етегіндегі Қызыл жыңғылда отырған Бəтеш ауылына жеткен кезде алдарынан Алтайдың
жүрек жұтқан батыры, аталары Сеңгірбай, Жанұзақ Абылайдың үзеңгілес серіктері болған.
Соңынан Жеке батыр атанған, Төлебай қарсы шықты. Қастарында ел билеуші екі-үш
ақсақалы мен он шақты сойыл көтерген жігіттері бар. Астарындағы жұпыны аттары мен
үстеріндегі елтірі тымақ, түйе шекпен, сірі етік, бұлардың кедей ауылдан екенін аңғартады.
Төлебай батырдың да кигені бəлендей мəз емес, əйтсе де ол ерекше көзге түседі.
Төлебай көлденеңі мен ұзындығы бірдей төртпақ келген, қою, қара мұрты құлағына
дейін жеткен үлкен қара көзді, қара сұр адам. Тақымындағы бұзау тіс шоқпары да өзіндей
шомбал, астындағы мінген қара көк аты да ұзақ шабысты, ошақ тұяқ, төрт таған, құлаш
кеуделі, жалпақ жаялы мықты қазақы жылқы.
Төлебай батыр Кенесары тобымен көштен ұрын кездесіп, Арқаға қайтқан ағайынды
құшақ жая қарсы алатындарын білдірді.
Көш қозғалғалы көңілі қобалжып келе жатқан Кенесарының енді еңсесі көтеріле
бастады.
360
ЕКІНШІ БӨЛІМ
І
Күн сəулесі түндіктен төгіле түссе де, Қараөткелдің аға сұлтаны Қоңырқұл-
жа əлі тұрған жоқ. Ақ мамық құс төсектің үстінде қос жастыққа көміліп қалың ойға кеткелі көп
болған. Бір мезет Қоңырқұлжа аунап түсіп шалқасынан жатты. Енді мойылдай қап-қара
кішкентай көздері дəл тұсындағы сырлы уыққа қадалып, мысықтың мұртындай түксиген
сирек қасы едірейе қалды. Қамшының алақанындай жалпақ келте мұрны пысылдап,
кебежедей жуан қарны дем алған сайын көтеріле түсіп ырқ-ырқ етеді. Салпы ерінді аузын
қисаңдата шайнағанда саршұнақтың құйрығындай жіңішке ұзын мұрты едірең-едірең ете
қалады. Бұл жатқаны кіші тоқалы Зейнептің жеті қанат ақ отауы. Үй іші салтанатты; жерге
төгілдіре төселген қырмызы қызыл түкті кілем, төрде қызылды-жасылды қаңылтырмен
өрнектелген əшекейлі қос сандықтың үстіне керегені сірестіре жинаған шəйі көрпе, құс
жастық... Есікке таман оюлы сырлы кебеже, екі жақ босағада сəндік үшін іліп қойған тоғыз
қара құндыз, тоғыз қара түлкі. Табалдырықта қара қылшықты екі қасқыр терісі жатыр...
Аға сұлтан қазір көйлек-дамбалшаң. Дамбалының кең балағы тізесіне дейін түрілген.
Ышқыры мен көйлегінің салпылдаған етегінің əр жерінде кеуіп қалған қан көрінеді. Оған
қымсынар Қоңырқұлжа жоқ, тышқан көзін кейде жұмып, кейде ашып қалың ойға шомуда.
Аға сұлтанның аяқ жанында оның бүйендей жуан жүнді жұп-жұмыр балтырын сипап,
былтыр ғана түскен, торқа мен жібекке малынған бүлдіршіндей жап-жас бөкселі, тығыршық
кеуделі, кіші тоқалы Зейнеп отыр. Ол күміс жүзік, алтын сақина салған мыртықтау
саусақтарымен байының борпыл бұлшық етті балтырын шымши уқалайды. Шымшиды деген
құр аты, бір жерін ауыртып алмайын дегендей, жəй əшейін бұрай сипайды. Бетінде не
қуаныш, не реніш белгісі жоқ, бір тамыры бүлк етпей тұнжырап қалған. Тек найзадай сүйір
ұзын кірпіктерін көтеріп, Қоңыр төренің етегі мен ышқырындағы қанға көген көзі түсіп
кеткенде ғана, барқыт қабағы сəл шытынап, піскен бүлдіргендей томпиған еріндері бұртия
қалады. Бірақ жас тоқалының қандай күйде отырғанына көңіл аударар Қоңырқұлжа жоқ,
шытырман ойға шомып кеткен.
«Абылай ұрпақтарынан менің нем кем, дейді ол ішінен, атағым ба, бағым ба, дəулетім
бе? Олар сияқты мен де Шыңғыс ханның əулетімін. Ұлы бабам Орта жүздің ханы Сəмекеге
қырық мың жылқы біткен. Бұдан жүз жылдан астам бұрын Кіші жүздің ханы Əбілқайыр
Россия патшасына бағынам деп хат жазғанда сол жылы Орта жүздің ханы менің атам
Сəмеке де хат жазған. Тек патшаның қарамағыма алдым деген Указы шыққанша дүние
салды... Орта жүз содан кейін барып Түркістаннан келген Сабалаққаəбілмансұрға ауған
жоқ па? Өз əкем Құдайменді сұлтанға да отыз мың қара көк пен күрең бітті емес пе...
Əбілмансұрмен хандыққа таласуға қуаты жетпесе оған ол айыпты ма? Менің əкем
Құдайменді қабылан болса, əбілмансұрАбылай айдаһар еді. Айдаһардың қабыланды
жеңуі ғажап па? Бірақ Абылай айдаһар болса да Құдайменді қабыланды жұта алмады.
Сəмеке ханның ұрпағы деп Омбы генерал-губернаторы үнемі араша түсті. Соның
арқасында ата мекен жерімізді де, қарамағындағы қалың арғынды да Құдайменді ешкімге
берген емес-ті.
Бақ деген күйкентай құспен пара-пар, қай жерде жем болса, соған қонады. əкеме
бітпеген дəреже маған бітті. Бүкіл Қараөткелге аға сұлтан боп Абылайдың балалары емес,
мына мен, Құдаймендінің Қоңырқұлжасы сайландым! Ал дəулет десең, менің дəулетім
кімнен кем? Жиырма мың қылаң мен бараным бар. Тек салықты аз төлеу үшін қағазға он екі
мың деп көрсеткем. Сегіз мың жылқымды жасырып қалдым. Бүкіл Россияның қазынасын
иемденген патша ағ-
замға сегіз мыңнан түсер пайда мақтағанда бір күнгі салтанатты қонағасына жетер. Ал
маған... Сексен жылқы сегіз ауылдың игі жақсысын сатып алуға жарайды».
«əңгіме сексен жылқыда емес, елді билей білуде ғой. Менің қызметіме ақ патша да,
Омбы генерал-губернаторы да риза. Ал халық ше? Халық деген бір кеще жас бала, оны
алдай алсаң болғаны, соңыңнан ере береді... Менің сол қасиетім ғой, осы уақытқа дейін
жұртты уысымнан шығармай келгенім
361
Қоңырқұлжа бұқара алдында өзінің қадірін көтеретін істерін ойына түсіргелі сықсита
жұмған көзін ашып алды. Жүзінде тəкаппарлық пайда болды. Кенет көзі аяқ жағында
отырған тоқалына түсіп кетті. «Қалай қызықпассың, деді ол ішінен, əбден піскен
бүлдіргендей ғой мына тоқалдың түрі... Бала таппағандықтан ба екен, дене бітімі əлі
былтырғы жаңа түскен қалпындағысындай. Тек бөксесі шығыңқырап, кеудесі
көтеріліңкіреген бе, қалай... Түнде менің кетіп қалғаныма өкпелегендей де кейіп бар ғой
өзінде... Ой, тəйірі, қатын өкпесі бие сауымға жете ме, бауырыңа басып, бір умаштасаң...
Əлде соны күтіп отыр ма?.. Онда..» Қоңырқұлжаның бойында қызу сезім кенет жарқ ете
түсті де, əп-сəтте сөне қалды. «Иə-иə, деді ол тағы да ішінен, мен жұртқа аз жақсылық
істедім бе? 1834, Жылқы жылы Мамыр айының он тоғызында ақ патшадан бұзау терісіне
мөр бастырып, қазақтан солдат алмаймын деген ант қағазын əкелгенімді былай қойғанда,
патша ағзамның менің өтінішім бойынша биылғы Тауық жылы Көкек айының бесінде
жіберген Указының өзі не тұрады?!»
Өткен Мешін жылғы қыс қатты болып, Балқаштың арғы бетінде малын айдауға көшіп
келе жатқан Кенесарыдан жасқанып, Арқада тебінге қалған Ақмола өкірігінің жүз қырық
мыңдай қарасы шөп жетпей жұтқа ұшыраған. Оның үстіне ақпанқаңтарда Ташкент
құшбегісінің қарақшылары жүдеп отырған біраз ауылды шауып, Есіл, Нұра қазақтарының
шаруашылығы əбден күйзелген.
Жаңа устав бойынша Ақмола өкірігі қазақтары осы биылғы Тауық жылынан бастап
жасақ төлеуге тиісті болатын. Жұрттың күйін көрген Қоңырқұлжа, салық жинау қиындығынан
қашып, бар халықтың атынан салықты Көкшетау, Қарқаралы өкіріктерімен қатарласа, екі
жылдан кейін төлеуді өтініп қағаз жаз-
ған. Бұл қағазбен қоса кешкі серуеніне мінсін деп Бірінші Николай патшаның өзіне арнап
мойны қудай иілген алты ақбоз арғымақ жіберген.
Арғымақтың сұлулығына риза болған патша, Ақмола өкірігінің қазақтары қырқыншы
жылға дейін салықтан босатылсын деген арнаулы Указын шығар-
ған. Бұл Указ жүдеп қалған жұрттың көңілін көтерумен қатар аға сұлтан Қо-
ңырқұлжаға өзге сұлтан, билердің алдында үлкен абырой əперген. Қоңырқұлжаның осал кісі
емес екенін өзге жұрт та түсінген. Бұрын қыңыр қарап жүрген кейбір ауылдар енді қара
суықтан ықтаған көтерем қозы-лақтай Қоңырқұлжаның қолтығына кіре түскен. Аға
сұлтанның міндет етіп отырғаны осы жайт.
«Япырмай, деді тағы да ішінен Қоңырқұлжа, өткен жылғы қыстың орасан қатты болғаны
есіне түсіп, қыстың осындай боларын есепші Жарқұлақ қарт айтқанда неге құлақ қоймадым?
Қара малды алысқа айдай алмағанмен, жылқыны Баянауыл жағына өткізіп жіберуге
болатын еді ғой. Есепші Жарқұлақ қарт алдына малта тəрізді өзен жағасының жылтыр сұр
тастарын жəйіп қойып: «Міне көрдіңіз бе, аға сұлтан, деп еді ғой, егерде Маусым мен
Қараша айларында Мерген Қауыс жұлдызы мен Егіз Зауза жұлдызы қатарласа көрінсе қыс
ауыр болады. Қазір Қараша, Маусымда Мерген мен Егіз қатар көрініп отыр. Сен Тұяқтың
қызы Қайнысаны алар жылы да осындай болған. Ол жылы Жылан еді ғой, қазір Мешін...
Мұндай ауыр қатаң қыс отыз жылда бір соғады. Қапы қалма деген еді ғой. Артынан
жауырыншы Дəкір білгір де меңсіз қара қойдың отқа күйдірген қу жауырынының
сызықтарына қарай отырып, «жеті халықтың тағдырын, сол жеті халықты басқаратын жеті
патшаның ажалын, күні бұрын болжай алатын қара басты қара қойдың қу жауырыны
айтуына қарағанда биылғы жыл Мешін жылы, Мешін жылы күні қаһарған, бораны ақырған
ауыр жыл, — биыл жұт жылы болар» деген.
Қоңырқұлжа мұртынан күлді. «Жарқұлақ есепші мен Дəкір жауырыншының тілін
алмағаным қандай дұрыс болды. Олардың дегенін істеп, жылқыны тау тасалаған
шығыстағы елге айдағанымда, ел мұндай апатқа ұшырап, патша Указы шығып, абыройым
көтерілмес еді ғой. Жаратқан алла бұныңа да шүкір, жүз қырық мың мал қырылса, биылғы
жылы жүз қырық мың төл туар. Ал жұрт көзінше қадірімді көтеретін мұндай патша ағзам
Указы əр жылда шыға бермес. Бұл атақменің абыройыма тағылған бір жаңа алтын теңге
емес пе».
Қоңырқұлжаның қабағы кенет тікірейе қалды. «Апат демекші, апат келе жатқан тəрізді
ғой, айлакер болсаң құтылып көрші енді осы апаттан?!»
«Иə, шешелерінің жатырынан найза ұстап туған, Абылайдың қанды балақ ұрпақтары бір
жағынан бастары алынып жатса да, тəубе етер емес.
362
Бегдербек құшбегі былтыр Есенгелді мен Саржанды өлтірсе, биыл Лəшкəр паруаншы
алдап шақырып Қасым төренің өзінің басын алды. Ал бірақ бұдан кейін тоқтаған қайсы бар?
Жараланған қасқырдай Қасымның Кенесары, Наурызбайы тіпті долданып алған жоқ па?
Былтыр бес жүз үй болып ел шетіне келгеннен бері кең даланы күңірентіп жатыр. Бұлардың
жеткені өзге елге қырсық болып тиді-ақ қой. Патшаға қарсы шығуды осы жұрт Қасым
балаларынан үйренеді, осы уақытқа дейін кейбір қоқан-лоқысы болмаса, негізінде тыныш
жатқан қалың Арғынның арасына да іріткі мықтап түскен секілді. Өзі де шығуға таяу тұрған
көз еді дегендей, Кенесарының қайтқаны кесір болды. Қазірдің өзінде Ақмола өкірігінің
Байдалы, ҚойлыбайШағыр, ЖанайҚалқаман, Темеш, Тыналы болыстары бас көтеріп
отырған жоқ па? Оған сонау Азнабай балалары шоқ салып кеткен Қаржас руын, Бектастың
Таймасы жел беріп отырған Төртқара ауылдарын, Қарқаралы өкірігінің атқа қона бастаған
ЖеңбайШаңшақ, ҚараАқтымбет, ҚорсынКерней, ҚояншыТағай болыстарын,
алты жүз отыз бес үй қырғызды, былтырдан бері ереуілдеп атқа мінген Кіші жүздің Табын,
Тама, Жағалбайлы, Алшын, Жаппас, Шекті, Төртқара руларын, Дулаттың Иманы желіктіріп
отырған Торғай бойының қалың Қыпшағын қоссаң не болды? Россия патшалығымен
шектескен жердің бəрі қазір лапылдап жанған өрт тəрізді. Бұған Ақмола өкірігінің Қыпшағы
мен Керейі де қосылады деген сыбыс бар. Сонда бұ жұрт қайда бармақ? Бүкіл Арқаны
қалың өртке айналдырмақ па? Сол өрттің көрігі биыл Ұлытау маңына, Қарақойын,
Қашырлыға көшіп келген Кенесары. Жер дауын, салық дауын пайдаланып қалың қазақты
патшаға қарсы өшіктіре түспек. Жұрттың өшігуі əсіресе мына Ақтау бекінісі салына
бастағаннан бері тым өрши түскен тəрізді. Ақтау бекінісінің салынуын да Кенесары өз
пайдасына жаратпақ, оған мүмкіндігі де бар: Ақтау, Қарқаралы, Ақмола, Аягөз өкіріктерінің
тоғысқан жерінде тұр. Жəне оның болашақта атқарар борышы да зор...»
Ақтау бекінісінің неге салынып жатқанын есіне түсірейін дегендей Қоңыр-
құлжа бас жағындағы кілем боқшантайына қолын созып қызыл сафьян мұқабадан
қалыңдығы бір елі, екі басты самұрық құстың суреті салынған қағаз алды. Бұл осы жылы он
бесінші Маусым күні Бірінші Николай патша қол қойған Ақтау бекінісін салу жөніндегі
жарлық еді. Қоңырқұлжа көз жүгіртіп оқи бастады:
«Омбы облысына жататын сырт округтердің Ақтау деген жерінде бекініс салынсын. Бұл
бекіністің бастығы-коменданты етіліп полковник не подполковник шеніндегі адам
тағайындалсын. Комендант мынандай міндеттер атқарсын:
Ақмола, Қарқаралы, Аягөз округтерінің ішкі тыныштығын бақыласын.
Осы үш округ ауылдары оңтүстіктегі Бетпақдалаға дейін көшкенінде, солардың
қорғаншысы болсын.
Шекараны үнемі бақылап тұрсын. Қазақтарды шекарадан əрі қарай бөтен жаққа
өткізбесін. Басқа жұртты да шекарадан бері қарай кіргізбесін.
Осы үш округтің жерімен көшкен керуенді ұры-қарыдан, шапқыншылардан қорғасын.
Осы төрт міндетті орындау үшін жоғарғы аты аталған үш округтің əскерлері Ақтау
комендантына бағынатын болсын. Жəне комендантқа біздің бекіністерімізге, не
қоластымыздағы қазақ ауылдарына шабуыл жасайтын қастар табылса, оны Шу өзенінің
бойына дейін қуып, қару қолданып тыйым салуға рұқсат етілсін».
Қоңырқұлжа Указды оқып шығып, оның маңызына жете түсінейін дегендей сəл үндемей
жатты. Аздан кейін ғана барып тағы да сəл күлімсіреді. «Асықпаңдар. Тек осы Ақтау бекінісі
салынып болсын. Сонда көрерміз қайсыңның қалай тырп еткендеріңді
Жанында отырған тоқалын Қоңырқұлжа адамға санар емес, Указға риза болып кетіп, қос
басты самұрық құс салынған жерін шөп еткізіп сүйіп алды да орнына қойды. Енді осы
Указбен бірге Омбы генерал-губернаторына жазған патшаның екінші жарлығын оқуға кірісті.
«Ақтау бекінісіне шіркеу салынсын. Шіркеуде бір поп, екі дьякон, бір күзетші ұстауға рұқсат
етілсін. Поптың жылдық жалақысы мың сом болсын, мүриттерге, дьякондарға алпыс
сомнан, күзетшігетоғыз сом елу тиын жылына жалақы берілсін. Ал попқа, Ақмола,
Қарқаралы Аягөз приказдары бойынша жолға шыққанында, заңға сəйкес жол құны төленсін
жəне одан бөтен арақ-шарап секілді керектеріне жылына тағы екі жүз елу сом ақша
қосылсын».
Қоңырқұлжаның мұрты ұйқыдан оянып керілген мысықтың құйрығындай тікірейе қалды.
«Бұл қалай, деді ол тағы да ішінен, Абылайхан Қалдан Сереннің Шарша деген баласын
өлтіріп, енді орыс патшалығына бағынам деп Тұғым деген баласын жібергенінде, қатын
патша оған хандық құрмет қағазымен, жылына үш жүз сом ақша, екі жүз пұт ұн төленіп
363
тұрсын деген жарлық берген еді ғой, ал мына попқа... Иə, сонда қалай болғаны? Патша
ағзамның қазір байығаны ма, əлде үш жүздің ханы саналған Абылайға жылына үш жүз сом
төлеп көңілін өзіне аудармақ болғанда, бар қазақтың бостандығын бір поптың жалақысы
құрлы көрмегені ме?»...
Қоңырқұлжа өз ойынан өзі шошып кетті. «Түфа, түфа» деді патша ағзам үш жүз сом
түгіл, бүкіл қазақты босқа неге алмайды? Қыңқ десем жаным шықсын. Тек Құдайменді
тұқымын көлеңкесімен қорғай жүрсе болғаны! Иə, иə, көлеңкеңнен айналайын ақ патша,
сенің жақсылығың аз тиді ме? Мен де сол жақсылығыңды ақтап жүрген жоқпын ба?
Қолымнан келгенін аяған жерім бар ма? Омбы облысының бастығы генерал Талызинның
бұйрығы бойынша, Кенесары жағына шықпақ болған руларға қасыма үш сұлтан ертіп өзім
бардым, көшпеңдер дедім. Талызинның жұртты қорқытқан, үркіткен, маңдайынан сипап
алдаған қағаздарын да тараттым, тіпті болмаған соң ереуілді елге Омбы облысының
мұсылман мешітінің басы Габдырахман ұғлы Мұхаммед Шариф имамды да шақырттым,
бірақ көтерілісті басу менің маңдайыма жазылмаса не істеймін. Ақ патшаға қарсы желіккен
қазақ Наурыздағы шабынған бура тəрізді, мауқын баспай, бетінен қайтпайды. Қой десең
өзіңе қарсы ұмтылады. Кенесары отырған елдің ортасына баруға, маған да жан керек,
бəлелі тесікке бармағымды тығып не жыным бар, бар қолдан келгенім сол болды.
Ал Кенесары дегеніңіз кекілікті ілуге əккі болған кезқұйрық тəрізді, сотқар əкесі мен
тентек ағаларының соңынан жүріп əбден шынығып алған, ұрысқа бірден кіріп кетпей,
Чириков есаул секілділер басқарған кішкентай жасақтарды қағып тастап, күш жинауда...
Омбы генерал-губернаторына, «Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық,
Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Қарқаралыдан Жайыққа дейін ата-бабамыздың жері
еді, сендер соларды тартып алып, бекініс салып жатырсыңдар. Мал бағып, күн көретін бізге
де жер керек», — деп əлсін-əлсін хат жазып, жұртты дүрліктіре түсуде. Ақтау бекінісі
салынады дегеннен бері тіпті өшігіп алды. Қан төгіспейік, Ақтау бекінісін салмаңдар дейді.
Ал атамекен Көкшетауы мен Қараөткелдің арасына орнатылған бекеттерге маза беруді
қойды...
Бірақ ақ патшаға Кенесары кім? Ай далада ұлыған бір аш қасқыр. Жазған хаттарына
жауап қайтармақ түгіл осы хатты əкелген адамдардың өзін ұстап алып шетінен Сібірге
айдауда. Ал сонда, Кенесары не істемек? Бізде жазық жоқ, өтіндік, құлаққа ілмеді, ал енді
атқа қонайық деп қалың бұқараны көтермек... Сондықтан да жерінен айырылып ақ
патшадан түңілген жұрт Кенесарыға қосылуда. Омбы генералдары мұны неге түсінбейді?
Көктемде көтерілген дария түгіл кішкентай өзен де бір күні шеңберінен шығып тасиды. Ал
Омбы бастықтары қалың қол шығарып, Кенесары күшеймей тұрғанда қырып салудың
орнына, біздің өзімізге ереуілді тоқтат, немесе тың тыңда деп бұйрық беруден басқаны
білмейді».
Қоңырқұлжа кілем боқшантайға тағы да қолын созды. Бір қағазды алып тесіле оқыды.
Бұл полковник Талызинның ең соңғы жарлығы еді. «Осы жарлықты алысымен көтерілген
ауылдардың мақсатын білу қажет, райларынан қайтпаса, қан жұтқызып басу үшін жиырма
төрт сағаттың ішінде сол ауылдар-
ға өзіңнің балаларыңды жіберуіңізді ақырғы рет бұйырамын. Бұл жарлықты сіз бұлжытпай
орындауға тиістісіз», — деген сөзді оқып шықты.
Қоңырқұлжаның онсыз да қара қоңыр жүзі енді тіпті қошқылданып кетті. Қараөткел
бекінісіндегі бəйбішесі Қайнисаның үйінен əдейілеп арнап тоқалының аулына да осы
жарлықтың əлегімен келген. Аға сұлтанның Омбыдағы кадет корпусында оқып жүрген
Жəнəділ, Шыңғыс деген екі баласы бар. Қоңырқұлжа бұларды патша қызметі үшін қауіп-
қатерлі Кенесары ауылдарына жібермек түгіл, аждаһаның апанына да жұмсауға
шімірікпейді, тек... балалары айтқанын орындай ма, гəп сонда. Жəнəділ үлкен бəйбішесі
Қайнисадан, Шыңғыс екінші əйелі, Уəлиханның немересі Аққағаздан туған. Жəнəділ ынжық,
қорқақ, бірдеңеге берілсе тез ат құйрығын кесе алмайтын босаң. Ал Шыңғыс шаш ал десе
бас алатын қатал, əрі өжет, əрі батыл. Жəнəділ салпы ауыз қара. Шыңғыс нағашы жұртына
тартқан ақсары, шегір көз. Төре тұқымының жанжалшыл, ұр да жық мінезінің бəрі де бойына
біткен. Жастығына қарамастан ел арасындағы дау-жанжалға да араласа бастаған. Былтыр
есаул Лебедев Балқаш көлінің тұсында көшіп бара жатқан Сейтенді қолға түсіргенде тілмаш
болып барған да осы Шыңғыс. Ал Жəнəділде бұл жігердің бірі де жоқ. Бір биеден ала да,
құла да туады деген міне осы. Аға сұлтан екі баласын да жек көреді. Өз қолымен ажалға
айдап салуға бар, бірақ төркіндері мықты, адуынды əйелдерінен ғана именіп жүр...
364
Қоңырқұлжаның көзі қайтадан жас тоқалына түсті. Бұл жолы бағанағыдай емес,
шүңірейген кішкентай көзінің түбінде бір қияпат ашу ойнай жөнелді. Жас тоқалының бетіне
тесіле қарап, ішіп-жеп барады. «Мынау тығыршық төс, бөлек бөксе кімді болса да
қызықтырар... Осы сұлу тоқалы баласы Шыңғыспен көңілдес дегенді бəйбішесі Қайниса
көптен бері құлақ-қағыс ететін. Аққағазды жек көретін, күндес қатынның шері ғой деп
Қоңырқұлжа бұл сөзге бəлендей көңіл қоймайтын. Алайда тоқалының қасына бір жансызын
тыңға қойған. Сол жансызы жақында мұның өсек емес, шын екенін айтқан. Бұл суық
хабарды естіген шақта қанша бұлқан-талқан болып ашуланғанмен, өш алуға келгенде
айлақор, үндемей бас салатын сабырлы аға сұлтан табанда шу шығармай «тұра тұр
бəлем деп іштен тынған да қойған. Сөйтіп ызаға үнсіз жанып жүргенінде екінші бір
сұмдықты тағы естіген. Үлкен баласы Жəнəділ осы кіші тоқалының аулындағы бір
төлеңгіттің қызына ғашық екен. Қыз да мұны жақсы көреді-міс. «Егер əкем айттырып
бермесе, осы қызды нағашым аулына, немесе Омбыға алып қашам», — дейтін көрінеді
Жəнəділ..
Бұл хабарды естігенде Қоңырқұлжа тіпті күйіп кетті. Аға сұлтанның баласы қарашының
қызын алмақ деген не сұмдық! Қоңырқұлжа кіші шешесінің қойнына барып жүрген Шыңғысқа
да мұндай ашуланып көрген жоқ, ал бұл жолы... Жəнəділді жедел шақыртып алдыртты да:
Сенің қарашының қызы, əбдіуақит төлеңгіттің Күмісін алам дегенің рас па? — деді екі
көзі қанталап.
Жайшылықтағы ынжық, қорқақ Жəнəділ сірə Күмісті шын жақсы көретін болуы керек,
күтпеген жерден табандылық көрсетті. Əкесіне тіке қарай алмаса да, қызға берген уəдесінен
таймады.
Рас.
Ал сен бүкіл Ұлытау, Қара Кеңгір, Сары Кеңгірдің қожасы Ерденнің кіші қызын саған
айттырғанымды білмейсің бе?
Білемін. Ол қызды Шыңғыс алсын...
Ей, не малтаңды езіп тұрсың өзің? «Шыңғыс алсының» қалай?! Қатынды саған
айттырамын да, алатын Шыңғыс болғаны ма?
Жəнəділ төмен қарап міңгірледі.
əкесінің жас тоқалына барғанда, ағасының қалыңдығын ала алмай ма?.. Алсын. Мен
Күмістен бөтен ешкімді алмаймын. Алдырмасаң бауыздалып өлемін.
Қоңырқұлжа күйіп кетті. Жəнəділді бас салып тепкілейін десе, Зейнеп пен Шыңғыстың
арасын жұртқа жаяр деп қорықты. Ашудан өзін өзі əзер ұстап:
Шық үйден! — деуге ғана мұршасы жетті.
Осыдан кейін төсек тартып үш күн жатып алды. Қалың ойға шомды. Шешімге де келді.
«Зейнеп пен Шыңғыстың арасы жұртқа тарамасын. Ағайын-туған естісе абыройымның
айрандай төгілгені. Бұл екеуінің тартар жазасын тек өзім ғана білуім керек. Ал Жəнəділді
қарашының қызы Күмістен алыстатқан ақыл. Сандыбайдың Ердені өзіммен терезесі тең
шонжар. Онымен құдандал болуон екі қанат ақ ордама тағы да бір жаңа тіреу қосылды
деген сөз. Нағашысы Тұяқбай қарадан шыққан қыңыр еді, көрдің бе жиенінің қалай қарай
тартқанын? Қайткен күнде де Күмістен ажырату əдісін табу қажет, нағашысы секілді тоң
мойын ит айтқанға көнбесе...»
Бүкіл Қараөткелді бір шыбықпен айдаған Қоңырқұлжа өз басына түскен ауыртпалықтан
осылай күбідей ісініп не, істерін білмей жүргенінде, Талызинның əлгі хаты келген.
Қоңырқұлжа қуанып қалды. «Ау, туған балаларыңды көрер көзге ажалға айдағаның ба,
деген іштей сұраққа: — үш жүз бірдей мадақтаған Абылай өзін Хиуа ханының құлдығынан
алып қашып, еліне аман-есен əкелген Ораз құлды ер жеткен кезінде «Басымнан өткен
қашқындық, құлдық қаралы күнімнің куəсі болады», — деп өз қолымен бауыздаған жоқ па
еді?! Жамандық ісіңнің айғағы болар адам тірі жүруге тиісті емес. Бұл салтты Абылай
балалары берік ұстағанда Сəмеке ханның ұрпағы неге қашады? Аға сұлтан Қоңырқұлжа
өзінің тоқал шешесінің қойнына барған баласы Шыңғысты ерлік көрсетер сын сапар-
ға жұмсауы күнə ма?» — деп мырс-мырс күлген.
Енді осы шешімін айтпақ боп іздеткенінде, Омбы кадет корпусынан жазғы
демалыстарына келген Жəнəділ де, Шыңғыс та аулында болмай шыққан. Кенет бойын
қызғаншақтық, ашу билеген Қоңырқұлжа оларды іздетіп шақыртып алуға шыдай алмай,
қасына он бес баскесер нөкерін ертіп, өзінің əлі түнейтін кезегі жетпеген жас тоқалының
аулына түсіп кеткен. Бірақ Жəнəділ мен Шың-
365
ғыс мұнда да болмай шыққан. Сірə əкелерінің келе жатқанын естіп, көрші ауылға кетіп
қалған тəрізді. Бір нөкеріне «тауып əкеліңдер» деп бұйырып, өзі тоқалының үйіне түскен.
Мезгілсіз келген байының түксиген қабағынан Зейнеп сескене қалса да сыр бермеген. Сұлу
денесінің еркектерге алдымен көзге түсетін ерекше жерлерін күзгі семірген тоқты қойдай
əдейі бұлтылдата, көзін жерден бір алмай, аяғын ұшынан басып қызмет істеген. Жас
бағланның тез піскен етін тұтасымен бір өзі жеп, бір шара қымыз ішіп ықылық ата бастаған
Қоңырқұлжа қырмызы қызыл түлкідей құлпырып өзінен əлденені дəметіп монтиып отырған
тоқалға сонда ғана қараған. Жеген еті мен ішкен қымызы бойға тарап, денесін кенет бір
алуан қызу сезім билей жөнелсе де, «тоқалым, сенің көңіліңді соңынан табармын» деп
далаға шыққан. Ел жата бастаған кез еді. Жəнəділ мен Шыңғыс əлі келмеген екен.
Қоңырқұлжаны бөтен ой билеген.
əбдіуақит төлеңгіттің үйі қайсы? — деді ол қасында тұрған нөкеріне.
Мынау шеткі қараша үй.
Қоңырқұлжа ешкімге тіл қатпай сол үйге қарай жүре берген. Аға сұлтанның ізін басып
оны күзетіп жүрген топ нөкері де соңынан ерген.
Қоңырқұлжа «Ассалаумағалайкүм» деп кіріп келгенде, ең алдымен қараша үйдің дəл
ортасында қып-қызыл боп жайнаған тобылғы шоғын көрді. Одан кейін қара көлеңке үйдің оң
жағында құрама көрпенің үстінде шашының ұшын өріп отырған бой жете бастаған жас қызға
көзі түсті. Бөтен жан жоқ. Бейсауат келген аға сұлтанды танып қыз не істерін білмей
тыпырлаған да қалған.
əбдіуақит қайда? — деді аға сұлтан, қыз бетіне сүйсіне қарап.
Қыз бұрынғыдан да саса түскен.
əлгі көрші ауылдағы нағашым үйі шақырып еді... Кіші баласын сүндеттетеді екен.
Апам екеуі соған кеткен... Көп кешікпей келіп қалар...
ə-ə... Атың кім?
Күміс...
Шешім табанда келген. Қоңырқұлжа мінезіне əккі болған нөкерлер үйден шығып кеткен.
Аға сұлтан қызға қайта қараған. Күміс десе күміс екен. Маңдайы қақтаған күмістей кең,
өзі жұмыртқадай аппақ, сазды жерге біткен сары ағаштай сұңғақ бойлы, уылжыған бір
керемет. «Жəнəділ де текке құмартып жүрген жоқ екен!» — деді ішінен кенет бойы балқып
кеткен Қоңырқұлжа, сөйтті де сыртына жамыла салған қара пұшпақ ішігін иығынан сілкіп
түсіріп, көйлекшең қалды да, сабадай кең жарғақ шалбарының ауын шешіп жатып, Күміске
қарап:
Балам, ана бір кеседегі сусынды бері əкелші, — деді.
Аңшы қуып жеткен еліктің лағындай зəресі ұшып, тостағандай көзі шарасынан шыға
жаздай жаутаңдаған Күміс бір сəтте далаға қаша жөнелгісі де келді, бірақ сыртынан есікті
ұстап тұрған жігіттерді аңғарып, «ештеңе ете қоймас. Сусын сұрап отыр ғой...» — деп
дірілдеген буынын əзер басып, майыса түрегеліп аяқ жағында тұрған саумал құйылған,
қаңылтыр сыммен шандыған ескі кесені ұстап, арбаған жыланға таяған торғайдай,
Қоңырқұлжаға жақындай берді.
Мінекейіңіз...
Сол-ақ екен Қоңырқұлжа Күмістің ақ білегінен шап беріп ұстай алды да, өзіне тартып
алды. Қыздың тек «ойбай» деген даусы ғана шықты. Ар жағында жағалтайды ілген қара
бүркіттей Қоңырқұлжа Күмісті қозғалтпастан балдыр-
ған жас денесін шөккен бураша алпамсадай кең бауырының астына алып, əлі əбден
қатпаған қабырғасын сындырардай қыса, умаштай жөнелді...
Қанша бұлқынғанмен аузын кеудесімен тұншықтырған алып күш қоя ма, аздан кейін
Күміс талықсып кетті. Бірақ аға сұлтан оған қараған жоқ. Елуге келсе де, əлі күші қайтпаған,
бағлан қозы еті мен уыз қымызға тойынған Қоңырқұлжа енді жас Күмістің абыройын қызыл
қан етіп ағызды.
Қоңырқұлжа мауқын басып, маңдай терін сүртіп жатқан кезінде сырттан:
Сұлтан, қайтесіз қызуланып, сізге кіруге болмайды, онда аға сұлтанның өзі бар, —
деген бас нөкерінің даусын есітті. Қоңырқұлжа баласы Жəнəділдің келгенін білді.
Дүлей күшке қарсы тұра алмай ақ жүзін мөлдір жасы жауып талмаусырап жатқан «жас
иісті» тағы да бие сауым мезгіл əурелей, аға сұлтан əлден уақытта орнынан тұрды.
əкесі қатын қылған қызға үйленсін енді Жəнəділ! — деп есіней күлді де, ішігін иығына
іліп, жарғақ шалбарын қолтықтай үйден шығып кеткен.
366
Тоқалының отауына жақындай беріп, анандай жерде, көген қасында екі бетін қолымен
басып, екі иығы бір көтеріліп, бір түсіп үнсіз жылап отырған Жəнəділді көрді. Қайырылып
қараған да жоқ. «əкеңнің тоқалына ініңнің барғанын бетіме салық ететін сабазсың ғой, ал
енді не айтар екенсің?» — деді ол күбірлеп, өзінің туған баласын табалай, сөйтті де ақ
отауға беттей берген.
Бір нөкері соңынан асыға қуып келіп:
Алдияр аға сұлтан, əке-шешесін қайтеміз, көрші ауылдан келе жатқан бетінде қол-
аяқтарын байлап сайда ұстап тұрмыз? — деп еді, Қоңырқұлжа:
Қоя беріңдер, — деді де ақ отауға кіріп жоқ болған.
Қоңырқұлжа шаңырақтан түскен күн сəулесінен бетін сəл əрірек қозғады да, қайтадан
тоқалына қарады. Одан бетін аударып босағаға көз тастады. Босағада керегеге жібек
бүлдіргісінен ілінген сегіз қарыс, өрімі қос саусақты ырғай сапты қамшы тұр.
Өз балаңмен ойнас болатын патшағарсың ғой, алсам қайтер еді ана қамшының астына,
деп ойлады ол бір сəтте. Бірақ ол ойынан тез қайтты. Зейнеп осал жердің қызы емес.
Қарқаралы аға сұлтаны Жамантайдың кенже қарындасы. Бұ да Тəуке сұлтанның қызы.
Сұлтан қызын ұруға дəстүр жоқ. Ұнамаса, немесе дəм-тұздары жараспастай кектессе
сұлтандар ғұрып бойынша ондай əйелді ұзатып əкелгеніндей, бір көш етіп ырғалтып-
жырғалтып төркініне апарып салуы керек. Күнəсін өз əкесі тартқызады. «Иə, бұл қамшы
саған емес, бөтендерге арналған, анау қорғасын сымды төрт таспа, осы Қоңырқұлжаның өз
қолымен-ақ талай құл мен күңнің арқасында ойнаған».
Аға сұлтан қайтадан тоқалының бетіне көз тастады. Таң ата Қоңырқұлжа үйге кіргенінде
Зейнеп, ұйықтамай күтіп жатыр екен. Тоқалға нəпсіқұмар сезіммен көңіл қосқан жүйрік
дөнендей Шыңғыстан гөрі азбан жылқыдай ауыр денелі Қоңырқұлжаның жөні бөлек тəрізді.
Аға сұлтан төрге келіп жантайып көзі ілегіп кеткенше, Зейнеп болыскей кереуетті
сақырлатып, «жаныма келсейші» деп шақырғандай əлсін-əлсін дөңбекши берген. Бір шапса
ұзақ шабатын əбден қалжыраған кəрі мəстек, жас байталдың ойнағысы келгенін білсе де,
шаршағандықтан жастыққа басы тиісімен қор ете қалған. Содан сəске кезінде көзін ашса,
аяқ жағында тоқалы отыр екен. Ызалы жастан бұлауланған екі көзі Күмістің абыройы қан
боп қатқан Қоңырқұлжа көйлегінің етегіне қадалған...
Қоңырқұлжа қымсынар емес. «Өзіңнің көп істегеніңнің бірі ғой менің түндегі
бозбалашылығым», — деп қанды етегінен именбестен жүнді балтырлы аяғын созып;
Уқала, — деген. Содан қайтып тіл қатқан жоқ. Ал Зейнеп сол сəскеден күн көтеріліп,
түске таяғанға дейін əлі қозғалмай отыр. Ұзын жібек кірпіктерін анда-санда бір көтеріп, қара
көздерін Қоңырқұлжаның кіндік тұсынан төмен бір қадап қояды да, қабағын сəл шыта
көйлегінің етегіне аударады. Ақырын ғана күрсінгендей боп демін алады да байының жүнді
жуан балтырын қайтадан уқалай түседі.
Қоңырқұлжа тынығып қалған екен. Əлі де болса бірдемені дəметіп мөлиіп отырған
тоқалды кенет аяп кетті.
Қамзолыңды шешіп, ана есіктің тиегін салып кел, — деді Қоңырқұлжа өзі ыңғайлана
беріп. Қуанып кеткен жас тоқал орнынан асыға тұрып ырғала басып барып есіктің тиегін
салды. Дəл осы кезде сырт жақтан біреу есікті тарт-
ты. Зейнеп босағадан сығалап жіберді де:
Сұлтаным, Шыңғыс пен Жəнəділ, — деді, — ашайын ба?
Жандары шығып кетпес, күте тұрар, өзің бері кел...
Тоқалдың ұпайы түгенделіп болғаннан кейін, əлден уақытта барып, есік ашылып, үйге
Шыңғыс пен Жəнəділ кірді. Түстері солғын. Əсіресе Жəнəділ. Екі ұрты суалып, көзі кіртиіп,
бір түннің ішінде сүзектен тұрғандай ілмиіп қалған. Күнəні əкесі емес, өзі істегендей,
Қоңырқұлжаның бетіне қарай алмады, басы төмен салбырап кеткен. «Бəсе, нағашыңа
тартқан бөз өкпе боларсың деуші едім, дауыс көтеруге жарар түрің жоқ қой. Күмістің де енді
маңайынан жүрмессің», — деді ішінен аға сұлтан. Жəнəділ расында да əкесінің
айтқанындай боз өкпе, босаң бел, жігерсіз жігіт еді. Бар махаббатын түнде жылап
тауысқандай Күмістен де күдер үзген, əкеге де қарсы сөз айтар дəрмені жоқ, қазіргі тұрысы
қажырсыз, салы суға кеткен адамның кейпі еді.
Ал Шыңғыс болса сусыны қана умашталған тоқал шешесінің жайраңдаған түрін көріп,
жанжалдың жеңіл біткенін түсінді. «Татуласқан екенсіңдер. Бəсе, қара ниетті кəрі қорқау,
жүзге істеген қиянатының өзіне қайтарылған бірін кешірсе керек етті. Енді əкеден келер
қауіп жоқ».
367
əкесінің сырын осы күнге дейін анық түсінбеген Шыңғыс, оның баласына өлмей кешпес
кек сақтап қалғанын қайдан білсін!
Қоңырқұлжа боқшантайынан Талызинның бұйрығын қайта алып, балаларына оқып берді
де:
Сендер ақ патшаның офицерлерісіңдер. Бұйрықты орындауборыштарың.
Əрқайсың жүз сыпайдан алып, ереуіл көтерген елдерге жүріңдер. Айтқандарыңа көнсе
көшкен жұртты кейін қайтарыңдар, көнбесе бастарына ақыр заман орнатыңдар, — деді.
Егер күшіміз жетпесе қайтеміз? — деді əкесінің сөз төркінін аңғарып қалған Шыңғыс,
Кенесары сұлтан осал жау емес.
Ақ патша офицерінің сөзі емес айтып тұрғаның, қарғам. Құдайменді ұрпағының атына
кір келтірмеңдер! — деді аға сұлтан келте қайырып.
Көрер көзге өлімге айдап салғанынан Шыңғыс қатігез əкенің өз күнəсін кешпегенін ұқты.
Аға сұлтанға енді сөз қайтармай екі баласы үн-түнсіз үйден шығып кетті.
Аздан кейін олардың Қараөткел бекінісіне қарай шауып бара жатқан дүбірі естілді.
Қоңырқұлжа сəл тыңдап тұрды да:
Қашанғы тоқал шешесінің етегіне жабыса береді, Шыңғысқа да өзін көрсетер мезгіл
жетті, — деді.
Зейнептің жүрегі мұздай боп кетті. «Бəрін де біледі екен. Мезгілсіз келгенінің де себебі
сол болды. Анау етегіне жабысқан қан да соның есебі екен. Қарамағында кісі жоқтай, туған
балаларын өлімге айдап салуы да соның өші. Көкжал болсаң осындай бол».
Кəрі тарлан Қоңырқұлжаға Зейнеп сүйсіне қарады. Айыпты екені есіне түсіп кетіп,
аяғына жығылып кешірім сұрағысы да келді. Бірақ оны істемеді, əйел болса да түбі
Бөкейханның ұрпағы екенін ұмытпады. Сол сазарған қалпында:
Ал Жəнəділдің жазығы не? — деп сұрады.
Жазығы баласы мен шешесінің қылмысын біледі. Жəне сұлтан басын қарашының
қызына қор етпек болды.
Бəріне де түсіндім. Енді мені төркініме қашан апарып тастайсың?
Баланы өзім таптырдым, өзім жазалаймын. Ал қатынды қырық тоғыз төлеп сатып
алғам, қалың малымның құны қайтпай бостан-босқа неге апарып саламын? — деді қабағын
түксите, сөйтті де сəл жібіп, — қымызың болса əкелші, шөлдеп кеттім, — деп теріс
бұрылды.
«Арам қолдан қалай адал қымыз ішуге дəті барады», — деп Зейнеп сəл таң қалып
тұрды да, өзін-өзі жұбатты. «Жарайды, хан тұқымында бұдан да сорақы күнəлар болған. Өзі
кешсе, маған не сор?».
Ол енді жорғалай басып, босағада тұрған күміс піспекті қара сабаға қарай беттеді.
Осы кезде үйге біреу кірді.
Ассалаумағалейкүм.
Қоңырқұлжа сəлем берген адамның бетіне бұрыла қарады да, кенет жүзі жылып сала
берді.
Ау, Ожар сабазсың ба?
Иə, аға, сұлтан, өзімін.
Жарқыным-ау, тірімісің, қайдан жүрсің? Жоғары шық.
Омбыдан. Жəне жалғыз емеспін, — деді Ожар төрге таман отырып жатып.
Қасыңда кім бар?
Қатыным.
Кімнің қызы?
Тайжанның.
Қай Тайжан? əлгі патшаға қарсы шығып атылған... Азнабайдың Тайжаны емес пе?
Иə, сол кісінің қызы...
Онда қыз бар ма еді?
Өзі ұсталғанда... Алтыншаш деген қызы қалған екен. Тайжанның үй-ішін Туринге
айдағанда Омбының бір бай саудагері сол Алтыншашты сатып алып, генерал Фондерсонға
тарту етіпті... Биыл он алтыға шықты.
əңгіме сенде екен ғой!.. Иə, сен оған қалай үйленіп жүрсің?.. Өзі қайда.. Үйге неге кір
демейсің...
Көрші ауылда... Қалай үйленгенім ұзақ жыр...
368
Ожар қымыз сапырып жатқан Зейнеп жаққа көз тастады да, сөзін тия қойды. Аға сұлтан
бірден түсініп əйеліне:
Тоқал-ай, сыртқа шығып қонаққа шай қойғыз, қой сойдыр... — деді.
Зейнеп: «Менен жасырасыңдар ғой сырларыңды», — дегендей кекете езу тартты да
үйден шығып кетті.
Ожар Сейтенмен қалай серік болғанын, оны қалай ұстап бергенін, өзінің тұтқын болып
неге бірге жүргенін бастан-аяқ баяндап берді де:
Омбыға барған соң да екі жетідей абақтыда жатуға тура келді. — Сейтенді бөлек,
мені бөлек «соттамақ» болды, — деп күлді. — Бір күні Фондерсонның өзі келді. Генерал
дегенді жақын жерден бұрын кім көрген, сары ала түймелі, қайқиған жирен мұртты, түсі суық
кісі екен. Сейтен мен Тайжанды ұстап бергеніме рақмет айтып, не тілегің бар, сұра деді...
Омбыға былтыр бір жəрмеңкеге келгенімде Алтыншашты көргенім бар... Сонда аузымнан
сілекейім ағып құмар боп кеткем. Тəуекел деп генералға: «Маған қатындыққа есігіңде
жүрген қырғыз қызын берсең болады», — дедім.
Жиырма бесінші жылғы заң бойынша қыздың кімге тием десе де өз еркі. Біздің
зорлауға хақымыз жоқ, — деді генерал. — Қыз көнсе...
«Байқаймын генералдың Алтыншашты маған берер түрі көрінбейді. Заңды өздері
қолдан жасап алып жүрген жоқ па... Темір торлы абақтысы бар қала түгіл, жалпақ жатқан
қазақ жерінің өзінде де қыздың еркін кім сұраған. Əйтсе де мен:
Қызды көндірудің міндетін өзім алайын, — дедім.
Генералдың көзі шарадай болып кетті.
əкесін ұстап берген адамға ол қалай көнеді? — деді.
О жағын өзіме жіберіңіз, — дедім.
Генерал айтқан сөзін қайтып ала алмады. «Жарайды» деді.
Бұрын бізде күзетте жүрген бір шоқынды татар уряднигінен естігем: «Фондерсон үйіндегі
малай қыз сізді екі-үш рет сұрады. Егер тамақ берсем тапсырасың ба?» — дейді деген.
əрине, əкесінің ағасымен бірге абақтыға түскен соң, мені солардың адамы екен деп
ойлап жүргенін бірден ұқтым. Жемін сезсе жиырылған кірпі бауырын жазады, азырақ ақша
беріп, əлгі урядниктен мені қызбен бір жолықтыруын сұрадым. Өз дінін сатқан урядник,
патша қызметін де сатты, бір кезекте тұрған күні Алтыншашты маған əкеп жолықтырды.
Қыз кісендеулі Сейтен екеумізді генерал үйінің жанынан абақтыға айдап апара жатқанда
көрген екен. Жаны ашып түнімен жылап шығыпты. Байқаймын, шет жақта өскенмен, өз
тумаластары десе үзіп жанын беретін түрі бар. Оның үстіне мен оған елінің азаттығы үшін
күресіп жүрген бір батыр жігіт боп көрінген тəріздімін. Қысқасы, біз шу дегеннен тіл таптық.
Сөйтіп, бір-екі кездескеннен кейін, екеуміз қол ұстасып елге қашпақ болдық.
«Біздің осылай уəделескенімізді Фондерсонға айтып едім, ол шу дегенде жаман
ашуланды. Бөлтірікті қанша асырасаң да тоғайын аңсайды» деген осы деп бір сəтте
Алтыншашты жазаламақ та болды. Дегенмен ақылды адам ғой, аздан кейін сабасына түсіп
«Сенің мұның дұрыс екен. Алтыншашты алып еліңе жет... Халқының азаттығы үшін
күрескен кісінің қызын алып қашып келсең, саған жұртың сөзсіз сенім көрсетеді. Ал бізге
қазақ арасында, əсіресе Кенесары жігіттерінің арасында сендей жансыз көз-құлағымыз
болғаны өте қажет», — деді. Сөйтіп мен қазір Алтыншашты қатын етіп алып, Кенесарының
аулына бара жатырмын, — деді сөзін аяқтап Ожар.
Қоңырқұлжа риза болып қарқ-қарқ күлді.
Жігіт болсаң міне осындай бол! Қой да аман, қасқыр да тоқ, қатын да бар.
Ожар төмен қарап күлімсірегендей езу тартты.
Заманың түлкі болса, тазы боп шал деген ғой біздікі.
Дегенмен екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді, сақ бол. Əсіресе Кенесары
аулында... Сұлтанның көзі қырағы, қате бассаң бірден сезеді. Жəне ол ауылда жалғыз ғана
Кенесары емес қой.
Қасымның ұрпағынан басқа қасында тағы кімдер бар екен, хабардарсыз ба?..
Қазір көп жұрт солай қарай бет бұруда ғой. Жақында сол жақтан бері өткен бір мəліш
сəудегерінен естідім, атақты батырлардан бүгін таңда Шұбырт-
палы Ағыбай, Алтай Төлебай, Бестаңбалы Бұқарбай, Бағаналы Құдайменді, Қыпшақ Иман
бар көрінеді, ал Табын руының батыры Тіленшінің Жоламаны біз де сендермен біргеміз деп
жақында Байтабын деген жас батыры мен Сер-
ғазы хан тоқалдыққа алайын деп жүрген Ақбөкен атты батыр қызды жіберіпті...
369
Қатын құтырған заман болды ғой осы кез... Сырымбет қырқасынан байын, малын
тастап алты баласымен Кенесарының қарындасы Бопай да барып қосылды деген де рас
па?
Рас. Қасымның ұлдары арлан қасқыр болса, қыздары қаншық бөрі емес пе. Бопай
қазір қолына найза алып бір топ жігіттерді басқарады деседі. Күйеу жұрты, Уəли ханның
ауылын шабамын деп тісін қайрап жүрген көрінеді.
Бопай келіп ағасының тобына қосылса Жанайдар батыр да со жерде десеңізші...
Неге?
Жанайдар мен Бопай жас кездерінде Қозы Көрпеш пен Баян сұлудай болған жоқ па
еді? Тек Қасым төре Жанайдарды қара қазақ деп Бопайды оған бермеген. Алты бала тапса
да Бопай Жанайдар десе ішкен асын жерге қояды деген өсек бар. Екеуінің басы Кенесары
ордасында қосылған болар.
Өзін ана жылы Байгөбектің асында көргенім бар, ағасы тəрізді көзінен қаһар шашқан ақ
сары қатын екен. Астына боз жорға мініп алып сайысқа түсті. Бірде-бір еркек шыдатпап
еді... — Ожар бірдеме ойына түскендей Қоңырқұлжаға бұрыла қарады, — жаңағы айтқан
батырларыңыздың бəрі, Жоламан сұлтаннан өзгесі кілең ашық кеуде, жалаң төс кедей
сарбаздар екен... Ел билеген бай, манаптан ешкімнің аты естілмей ме?
Малымды шауып алар деп қорыққан жүз-жүз елу шаңырақты Шорманның Мұсасы,
Жақыптың Елемесі, Асылғазының Бабатайы секілді мыңды айдаған азғантай байлар
болмаса, ел ағалары «түбі қалай болады» деп артын күтіп отырған тəрізді ғой. Əзірге
қосылғандар Қарқаралы өкірігінен Қазының Құдаймендісі мен Баянауыл өкірігінен Бектастың
Таймасы. Қазының Құдаймендісі патша үкіметіне бұрыннан наразы. Ана жылы оны
болыстықтан түсірген. Ал Бектастың Таймасы...
Бектастың Таймасы дейсіз бе? — деді Ожар сəл қобалжи. — Япырмай...
Неге шошыдың? Қастасқан жерің бар ма еді?
Жоқ... Дегенмен... — Ожар сырын айтар-айтпасын білмей сəл отырды да, сөзін
қайтадан бастады. — Таймастың Кенесары қасында болуы... Маған қауіп туғызып отыр, —
деді ол күбірлей, — былтыр Сейтен екеумізді ұстап Омбыға апара жатқанда біздің тоқтаған
аулымыз тек осы Таймас аулы ғана болды. Бірдемемді сезіп қалды ма деп күдіктенетін
едім...
Басқадан күдігің болмаса Таймастан əзірге қорықпай-ақ қой... Ол осыдан бір апта
бұрын Жоламан мен Иман ауылдарына жүріп кетіпті. Жұрт ыңғайына қарай Ырғыз бен
Торғайдан да əрі барады деседі. Шамасы Кенесары ереуіліне Ақ Жайық, Ор бойының
ауылдарын да қоспақ ниеттері бар тəрізді. Таймас о жақтан күзсіз қайта алмайды. Балта
көтерілгенше, ағаш жал табады дегендей, сен де тірі жансың ғой, оған дейін сенімге
кірерсің. — Қоңырқұлжа ырқылдай күлді. — Тақа болмай бара жатса «адасқанның айыбы
жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» деп қатыныңды алдыңа тартып, мойныңды ұсына берерсің.
Өзі ұсынған мойынды қылыш кеспейді.
Таймас алыста болса... жөн екен. Бөтен бəлендей қауіптенерім жоқ. Омбыға
жеткеннен кейін, Сейтенді атқанға шейін тірі жанға жолықтырған жоқ. Екеуміздің
арамыздағы сырды ол өзімен о дүниеге бірге алып кетті. Оған менің көзім кəміл жетеді. —
Ожардың қайтадан еңсесі көтерілді, — əзірге Кенесарының қасына тек ақ патша жерін
тартып алған рулар ғана шоғырланып жатқандай ғой. Мұндай жағдайда астындағы оты
күшті болса, қазан тез қайнағанмен тез суалатын еді...
əй, білмеймін, — деді Қоңырқұлжа, — бұл жолғы көтеріліс өзге уақыттағыдай лап етіп
жанып, сөне қалатын жалынға ұқсамайды. Кенесарының осыншама қол жинап үндемеуінен
сескенем. Жəне қасында жалғыз қазақ емес, басқа ұлттан шыққан ақылшылары да бар
дейді жұрт. Бұ да еске алатын жəйт.
Қойыңызшы?
Иə, жиырма шақты орыс пен башқұрт жігіттері бір топ деседі. Іштерінде зеңбірек ата
білетіндері, оқ-дəрі жасай алатындары да бар көрінеді... Бас ақылшыларының бірі деп
Бұқараға сыймаған Сидақ қожа мен өз елінде ереуіл істеп айдалып келген болыскей
офицер Жүсіп деген біреуді айтады тыңшылар. Кілең қарақшы бас қосқан тəрізді.
Япырмай ə... Жақсы, — деді кенет Ожар бір шешімге келгенін білдіріп, — не болса да
барған соң көрермін. Ал енді жұмыс тəртібін сөйлесейік. Омбы сізге Кенесары ордасында не
болып жатқанын хабарлап тұруды тапсырды.
Хабарды қалай бермексің?
370
Сейтенді ұстасқан Сəмен, Жақып, Сақып деген сенімді екі-үш жігітім бар. Олар қазір
Кенесары жасағында. Хабар солар арқылы болады.
Келген жігіттердің сенікі екенін қайдан білем? — Қоңырқұлжа тағы ырқылдай күлді, —
көп қойдың ішіндегі тартылған қошқар секілді көзге түсетін бір белгісі бола ма?
Белгі біреу-ақ, сізге келгенде мына белбеудің оң жағында тұратын құты, оқшантай,
қыны сол жағында тұрады.
Кісесі ше?
Белбеулерінде кісе болмайды. Жас жігіттерге келіспейді. Біреу болмаса біреу сезіп
қалуы мүмкін.
Ойпырмай, өзің мұндай іске əбден жорға болып алған екенсің. Жаңағыларың
адамның ойына келмейтін белгілер ғой. Ұмытып қалып жүрмесем нетсін...
Кенекең тірі тұрса, ұмыттыра қоймас, — Ожар күлімсіреді де сəлден соң орнынан
түрегелді. — Ал көріскенше бар болыңыз.
Ас ішіп кетпейсің бе?
Жұрт көзіне көп түсуге болмайды. Қатыныма осы ауылдағы бір қарашыға жолығатын
шаруам бар деп кетіп едім, енді оралғаным жөн болар...
Онда жолың болсын.
Қоңырқұлжа төрт күн емін-еркін жас тоқалын жайлап, бойы сергіп Ақмола бекінісіндегі
бəйбішелерінің үйіне қайтты. Бұл келгенде қорған қақпасының алаңында жасақтарымен
жаңа ғана оралған Шыңғыс пен Жəнəділ отыр екен. Талызинның жарлығын орындаймыз
деп бұлар ереуілге көтерілген Тыналы, Қарпық, Темеш болыстарына дейін барыпты, бұнда
ат құйрығын шарт түйіп, қолына түкіріп отырған қалың жұртты көріп, əрі қарай жүруге
қауіптеніп кейін қайтыпты.
Қоңырқұлжа балаларын көргенде, мыстан кемпірдің алдындағы алтын сақасын қотыр
тайымен алып келген тазша бала өгей шешесінен кем ренжіген жоқ. Əсіресе Кенесарыға
қараған елден Шыңғысының сау қайтқанын кешер емес. Екі беті дорбалана күреңітіп,
қамшысымен жылтыр етігінің қонышын сабалай, үн-түнсіз отырған екі баласының алдында
ерсілі-қарсылы жүре бастады. Бұларды тағы қандай «Барса келмеске» жіберуді ойлап іштей
əлем-тапырық.
Дəл осы кезде бекіністің күзет мұнарасында тұрған солдат:
Бір салт атты көрінеді. Жүрісі тым асығыс, қақпаны ашайын ба? — деп дауыстады.
Қоңырқұлжа бұрылмастан жауап берді.
Аш!
Ашылған қақпадан, қара терге малынған кер төбел қазақы аттан, көйлегінің оң иығы
жауырынына дейін қан боп қатқан, ұзын сары солдат «Беда! Бедадеп құлай-мұлай жерге
түсті. Жақын тұрған казарманың есігінен қылышын сүйрете, қазақ атаулысы «Қарапұшық
Иван» деп атайтын, келте мұрын, деңбелтек қара, көк көз, осы Қараөткел бекінісінің
коменданты войсковой старшина Иван Карбышев жүгіре шықты.
Не болып қалды? — деді ол солдатқа түйіле.
Беда, войсковой старшина, — деп солдат ауырған иығын бір қолымен баса,
ыңқылдай сөйледі, — біз хорунжий Котовтың басқаруымен елу солдат, он урядник
Петропавлдан Ташкентке бара жатқан Строганов купецтің керуенін шекараға дейін апарып
салмақ боп шығып едік. Салынып жатқан Ақтау бекінісінен өте бергенімізде кілең сойыл,
найза ұстаған Кенесары жігіттеріне кездестік. Солдаттардың байланыспайық дегеніне
қарамай, хорунжий Котовтың бұйрығы бойынша екі-үш есерсоқ мылтық атып, бір-екі адамын
оққа ұшырып еді, ылғи жүйрік мінген жігіттер лап қойып отрядтың быт-шытын шығарып, тегіс
сойылға жықты. Астымдағы жүйрік атым қуғандарға жеткізбей тек мен ғана құтылдым...
Бұл кезде солдаттар да жиналып қалған-ды, бəрінің де жүзінде қобалжу, қорқу...
Өздері қанша?
Бес жүз адамдай.
Кенесарының өзі ме басқарып жүрген?
Жоқ, інісі Наурызбай. Мен оны бұрын Көкшетауда көргем.
Солдаттардың қаншасы тірі қалды?
Білмеймін... Қолға түскен солдаттарды жəне керуенді бар мүлкімен өздерімен бірге
алып кетті. Қайта оралып кеп, сайдан көрдім...
Беттері қалай? Бізге бұрылған жоқ па?
Жоқ. Əрі қарай күнбатысқа кетті.
371
Солдаттың жарасын қарап болған жас фельдшер оған;
Ағай, лазаретке жүріңіз, — деді өзі жаралы болғандай аяншақтап.
Жаралыны қоршаған солдаттар енді гуілдей сөйлеп кетті.
Осылай айдалада жүріп қырыламыз да бір күні!
Айдалаң не? Бұ да Россия жері ғой...
Иə, саған осы далиған «Россия даласынан» өлгеніңде ғана екі метр жер бұйырар:
Онда да тереңдігі бір құлаш...
Бізді осы жаққа қандай сор айдап əкелді.
Өзі келгендей сөйлеуін қарашы! Менің еркіме салса, бұл желі азынаған қу даланы о
дүниеде де көрмес едім.
Қысқартыңдар сөзді! — деді кенет ақырып жіберіп Қарбышев, — Кенесары
қарақшылары бізге соқпай кетпейді. Ертеңнен бастап, бекіністің бар солдаты, жұмысқа
жарайтын еркек-əйелдері ор қазуға шығады! Таң сəріден!
Расында Кенесары ереуілшілері Қараөткел бекінісіне соқпай кетуі мүмкін емес еді,
өйткені қазақ даласына Россия патшасының отаршылық саясатын жүргізуінде Ақмола
бекініс қаласы ерекше қызмет атқарған.
Бұл түні Қоңырқұлжа ұйықтамай шықты. Кенесары əскері бекіністі алса, ең алдымен ат
құйрығына аға сұлтанды байлайды. Ежелден ала алмай жүрген кегі бар. «Ал Кенесарының
Қараөткелге келуі сөзсіз. Мынау Ақтау төңірегін шарлауыҚараөткел бекінісі есігінің қалай
жабулы екенін білгісі келіп тартып көруі... Əлде Кенесарыға кісі салсам қайтер еді? Бəріміз
де Шыңғыстың үлкен ұлы Жошыдан тарадық қой, мүмкін райынан қайтар?.. Жоқ, жоқ, өйтуге
болмайды. Ол өзгені кешкенмен мені кешпейді, Қасым балаларының атадан балаға мирас
болып келе жатқан кегі бар. Не болса да табан тіреп ұрысып көру керек. Ендігі менің сиынар
құдайым да, табынар аруағым да Омбы... Содан жəрдем сұрайын, қорға дейін. Ал мына
Қара пұшық Иваннан не қайыр, не үміт, өзі маған ала көздеу, мені жау қолына беріп,
бекіністі тастай қашудан да тайынбас.
Қоңырқұлжа таң сəріден түрегеліп Талызинге хат жазды. Хатын: «Қасым ұлы Кенесары
Россия империясына берілгенімді кек санап мені аяйтын түрі жоқ. Алдымен менің басымды
алып, бүкіл бала-шағамды, туған-туысқанымды құртпақ, Кенесарының бұл ойын маған қас
өзге рулар да қолдауда. Сондықтан осындай тар кезеңде қол ұшын жалғап, тезірек Ақмола
бекінісіне ереуілшілерге төтеп бере алатын əскер жіберуіңізді өтінем», — деп бітірді.
Хатты жазып болып, тез Омбыға жеткізуін Карбышевқа тапсырды да, өзінің басқа
шаруасына кірісті. Ең алдымен бекініс сыртына көкорайлы Есіл жағасында отырған екі
əйелінің ауылын көшіріп алмақшы болды. Бұл істі орындау-
ды Жəнəділ мен Шыңғысқа тапсырайын деп шақыртса, тағы да екеуі бірдей бекіністе
болмай шықты. Терісіне сыймай ашуланған Қоңырқұлжаға бəйбішесінің «жазғы
демалыстары бітуге айналды. Омбыға қайтар алдында ел қыдырып, бой көтерейін
дегендері шығар, несіне ренжисің», — деген сөзі ауру жарасының аузын тырнап алғандай
əсер етті. «Қандай бой көтеру екенін білмеймін бе? Түні бойы көзімді іліндіре алмай
шыққанымда, оңбаған ит Шыңғыс жатқан ғой Зейнептің торсықтай қос анарын құшып
əбден ашуына мінген Қоңырқұлжа тоқалының аулына нөкерлерімен өзі бармақ болып,
шарт киініп алды. Қолына тобылғы сапты қамшысын ұстай далаға шықты. Дəл осы сəтте
оның көзі бекініс қақпасына ойнақтай кірген қара жор-
ғасына түсті. Мойнында дорба секілді салақтаған бірдемесі бар. Қара жорға жемге үйренген
мал. Бекініс ішіндегі құдықтардан су ішпейді. Көк Есілдің көк толқынын жүзіп жүріп
сусындауды əдет еткен. Қорған сыртындағы өзенге өзі барып, өзі келеді. Қоңырқұлжадан
бөтен жанға ұстатпайды. Ол бекініс қақпасына оқырана кіріп, дағдылы жем жейтін астауына
қарай төрт аяғын шалыс тастап, ырғала ағып келе жатыр. Міне аға сұлтан есігінің
алдындағы жем астауға келіп тұра қалды. «Мойындағысы не сұмдық» деп Қоңырқұлжа ауыр
денесін іркілдете қозғап, қара жорғаның жанына жетіп барды. Кенет өн бойы дірілдеп кетті.
Атының мойнындағы үлкен кенеп дорбаның ішінде қарбыз секілді домаланған бірдеме бар,
қаны сыртынан сорғалап жерге тамып тұр...
Қоңырқұлжа беліндегі лөкет пышағын суырып алып, дорбаның жібін кесіп жіберді. Дорба
жерге гүрс етті. Денесі дірілдеп кеткен Қоңырқұлжа дорбаның бір бұрышынан ұстап сілкіп
жіберді. Топ етіп одан адамның басы түсті. Көзі шарасынан шыға аларып, тістері ақсия
қалған. Бір ұртынан қап-қара болып кеткен тілінің ұшы көрінеді. Сірə балтамен шапқан болу
керек, мойын омыртқасы шорт үзілген. Қызыл қан əр жерде бетін алып, жаңа туған қозының
372
елтірісіндей қара қошқыл бұп-бұйра шашына ұйыса жабысқан... Қоңырқұлжа аң-таң боп
тесіле қарап еді, тани кетті, баласы Шыңғыстың басы екен.
Болған уақиғаға енді ғана түсінген Қоңырқұлжа көзі қарауытып құлап бара жатып:
Тұра тұр, Кенесары, сенің Сыздығыңның басын дəл осылай алдыңа тарт-
пасам, атым Қоңырқұлжа болмасын! — деуге ғана тілі келді.
Жоқ, Шыңғыстың басын кескен Кенесары да емес, оның сарбаздары да емес, Күмістің
əкесі əбдіуақит шал еді. Қоңырқұлжа жалғыз қызын қор еткен түні, бар шоқпытын қара
лашығының ортасына үйіп, астынан от қойды да, таң ата Күмісі мен əйелі екеуінің қолынан
ұстап ауылдан беті ауған жаққа қашып шыққан. Іс бұлай бет алар деп күтпеген Қоңырқұлжа
нөкерлері соңдарынан қуғанша бұлар қамысты көл жағасына жетіп, таптырмай кеткен.
Əбдіуақит əйелі мен қызын Кенесары жасағына көшіп бара жатқан бір шағын ауылға қосып
жіберіп, өзі кейін қайтқан. Жүрегін удай ашытқан ашу, ыза, қорлану көзін қарауыттырып,
денесін оттай өртеген. Ақыл-ойын, бар сезімін тек «Кек! «Кек алу деген арман ғана
билеген. Шерменде жан осыдан бөтен шешім таба алмады. Ыза үстінде оған бұдан артық
əділетті, дұрыс шешім жоқ тəрізденді. Қоңырқұлжаны өлтіріп, өшін алса арманынан
шығатындай болды. Осындай тəуе-
келге бел буған əбдіуақит итіне шейін өзіне таныс Зейнеп тоқалдың аулы сыртын торлай
бастады. Бірақ күзеті мықты тоқал үйіне таяй алмаған. Бесінші күні, күзет кеткен түнітағы
аңдыған. Ойда жоқта ауыл сыртында екі салт атты пайда болған. Біреуі Шыңғыс еді.
Əбдіуақит бірден таныды. Жанындағы серігін Зейнептің отауына жіберіп, Шыңғыс өзі хабар
күтіп, сай түбінде жатып қалды. Сірə, əкесі кетісімен тоқалдың үйіне тікелей баруға
жүрексінген болуы керек... Бұның бəрін əбдіуақит көріп отырды. Бес күннен бері қолынан
дым келмей, ызадан əбден көзі қарауытқан, əкесі мен баласының, баласы мен тоқал
шешесінің арасындағы кəпті білмейтін сорлы, «Қоңырқұлжаның баласы менің баламнан
артық па, ол менің баламды қан қылғанда мен оның баласын неге аяймын» деп, көзі ілініп
кеткен Шыңғыстың қасына сыбдырын шығармай келіп айбалтамен мойын тұсынан қос
қолдап кеп ұрған.
Сол күні таңертең енесінен жетім қалып, құлынынан өзі еміздікпен асыраған қара
жорғаны Есілден су ішуге келген кезінде еппен құр-құрлап ұстап алып, Шыңғыстың басы
салынған дорбаны мойнына тағып қоя берген. Өзі Кенесары еліне қарай асыға жөнелген.
Қоңырқұлжа үш күн жер құшып жатып, баласының денесін ел-жұрты боп қабірлегеннен
кейін бір-ақ тұрды. Əйтсе де Шыңғыстағы өшін жауының алып бергеніне ол іштей риза еді,
бірақ ағайын-туғанға сыр бермей, қара жамылып кайғы тартқандай жетісін берді де,
Кенесары қолымен кездесу əрекетіне кірісіп кетті.
ІІ
Кенесары бір қиын мəселені шешерде қалың қабағын қарс жауып, бір қолымен исфаған
семсерінің сабынан ұстап, темір торға қамалған жолбарыстай ақ орданың ішін кезіп, ерсілі-
қарсы жүре, көп ойланатын. Мұндай кезінде сұлтанның сырт бейнесі шынында да
жолбарысқа ұқсас қаһарлы болатын, желкесі күдірейіп, өткір көздері əдеттегісінен гөрі
қызара түсіп, тірі жанға тіл қатпай, сұстана қалатын: Осындай ашулы-ойлы шағында оның
үстіне ешкім батып кіре алмайтын, өйткені ол бұл кезде жайшылықтағыдай емес, адам
көңіліне қарамайтын қатал келетін...
Кенесары бүгін де осындай жағдайда еді. Полковниктің погоны тағылған оқалы көгілдір
мауыты шапанын желбегей жамыла салып, екі сағаттан бері ақ орданың ішін адымдай
ерсілі-қарсылы кезіп жүр.
Кеше Сыр бойынан хабаршы келген. Ол «Мəделіхан өзі өгей шешесі Ханпадшайыммен
көңілдес екен, осыдан бір бəле тумаса нетсін» деген. Жəне Бегдербектің əулиеатаға
ауысып, уақытша Ташкент құшбегі боп Лəшкəрдің өзі тағайындалғаннан бері, о жақтағы
қазақтардың күйінің бұрынғыдан да нашарланып кеткенін айтқан. Кенесарыны толқытқан
осы хабарлар ма? Жоқ, олар емес. Бұл хабарлар сұлтанды қанша елеңдеткенмен, əзірге
тек шығып келе жатқан шиқан тəрізді. Жарылатын кезін шыдай күтуге бар. Оның бар ойы
осы арада, өзінің бүгін шешетін мəселесінде. Егер оны дұрыс шешсе, бағының жанғаны,
абыройы көтерілгені. Қазір соңынан ерген елу мың шаңырақтың үстіне, ертең тағы елу мың
тіпті жүз, жүз елу мың шаңырақтың қосылуы кəміл... Ал дұрыс шеше алмаса былтырдан бері
жанын салып жинаған жұртының көз алдында үмітін ақтамағаны... Онда ертеңнен бастап,
373
соңынан ерген елдің тарай бастамасына кім кепіл? Қазақ топырлап шауып келе жатқан
жылқы тəрізді, егер жау алдынан шығып үркіте қалса кейін қарай лап беруден тайынбайды.
Онда оны ақыл да, сойыл да тоқтата алмайды...
Сондықтан соңынан ерген жұртты ондай күйге ұшыратпау керек, айқай сап делебесін
қоздырып, шапқан үстіне шапқызып, кездескен ор, ойпаттан секіртіп өткізіп, қарсы келген
жауды жапыртып кеткізу керек.
Кенесары жігіттері осы уақытқа дейін, Ташкент пен Қараөткел, Қызылжар арасындағы
керуендерді талап, ырқына көнбеген кейбір сұлтандардың аулын шауып, Чириков пен
Карповтың жасақтары секілді патша əскерлерінің шағын топтарымен ғана қағысып келді. Ал
ертеңнен бастап үлкен айқасқа шықпақ, патша əскерлері мен Россияға берілген қазақ
сұлтандарына қарсы майдан ашпақ. Ол сөйтуге міндетті, өйткені соңынан ерген жұрттың
көкейкесті арманын, мүддесін еске алатын мезгіл жетті, əйтпесе жер-суымызды,
еркіндігімізді қор-
ғаймыз деп маңына топталған бұқара елдің көңілі суйи бастауы мүмкін. Қара қазақтың
бұдан күткені ел шабу, керуен тонау емес, үлкен іс, халықтық іс.
Кенесары бұл майданды ашпастан бұрын, патша əскерімен таласты соғыссыз шешпек
боп қолдан келген амалын аяған жоқ. Маңайына ақ патшадан зəбірлік жеген жұртты
жинаумен қатар, мүмкін, күннен-күнге көбейіп жатқанымызды көріп бізбен санасар деген
үмітте де болды, Омбы бастықтарына хат үстіне хат жолдады.
Ең ақырғы хатын ол Шу мен Сарысуды қыстап шығып, Сарыарқаның бел ортасы
Қарақойын Қашырлыға көшіп келген соң, Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков
князьға 1838, яғни қазақша Ит жылы, мамыр айының басында жазған. Оны Тоқтының
Табылдысы мен Қазанғаптың Көшінбайы деген өзінің екі сенімді адамы арқылы жолдаған.
Хаттың мазмұны мынадай еді:
«Мəртебелі ұлуғ господин жанарал-губернатор хазратлəріна 1
Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасым ұғылынан ғарызнама.
Сіздің ағзам хазрəтларыңызға мағлұм қыламыз, шунки менің тілегім екі
патшалықтың халқы да тыныштықта өмір сүру еді, бірақ та сіздің адамдарыңызды өз
жағыма шығарып алды деп сіз маған күмəнданатын көрінесіз. Менің айтып отырғаным
мынау: біздің бабамыз хан Абылайға тиісті жерлерде сіз дуан салдырдыңыз жəне қазақ
халқынан алым-салық аласыз, сөйтіп бізді қыспаққа салып отырсыз. Біз бұған риза емеспіз
жəне алым-салық төлеп сіздің қарауыңызда тұра алмаймыз. Біздің басымызға туған күн
Ресейдің басына туса сендер қандай күйде болар едіңдер? Сондықтан біздің жай-күйімізбен
санасуларың керек.
əрине, мен Баянауыл, Қарқаралы һəм Ақмола қазақтарын өзіме қосып алдым, əлі
де болса халқымды өз жағыма қоса берем деген ниетім бар; алайда қазақ халқы
бұрынғыша өз алдына ел болып өмір сүрсе тіпті жақсы болар еді, сонда ғана сіз де, біз де
тыныш өмір сүре алар едік.
Менің естуімше, сіздер бізді Қоқан һəм Бұқар хандығынан айыруды көздейтін
көрінесіздер. Бірақ олар мұсылман заңы бойынша бізді қорғауға міндетті.
Екі ел тыныш, бейбіт өмір сүрсе бəрінен де сол жақсы болар еді. Бірақ
дуанбасылары ел аралаған кезінде сиязға деп сылтауратып қазақтың жақсы ат, жақсы киім-
кешектерін алатын көрінеді. Біздің мүлкімізді талан-таражға салуға тыйым болсын деген
патша ағзамның заңы бола тұрса да, дуанбасылары қазақтардың айтқан арызын құлағына
да ілмейді. Жуырда ғана Төртуыл болысының қазағы Азнабай мырзаның əйелін, екі келінін,
қызын һəм бір жесір əйелді жаулап алып кетті. Бұлардың қайда екені əлі белгісіз.
Сізбен əрқашанда достық қатынаста тұруды көздеп мен мына төмендегілерді
талап етемін:
1) Ақтау қорғанысы жойылсын;
2) Ақмола дуаны жойылсын;
3) Біздің жерімізге салынған сондай мекеме орындары тегіс жойылсын;
4) Қамауға алынған біздің адамдар һəм Қоңырқұлжа сұлтанға жіберілген екі адам
босатылсын.
1 Қаз. ССР тарих архиві, фонд 82, опись 1, іс 169, 15—16-беттер.
374
ёшпуны иландырмає Їшін мен сµлтан
Кенесары јасым µ¬лы мЈрімді бастым».
Бұл хатта Кенесары Қоқан, Бұхар хандығымен еш уақытта да бірікпейтінін біле тұрса да,
генерал-губернаторға сұс көрсету үшін олар жəрдем береді деген сөзді əдейі көрсеткен.
Бұл хатына да Кенесары үш ай бойы еш жауап ала алмады. Хатты апара жатқан
Табылды мен Көшінбайды Қоңырқұлжа жағындағы Көшеннің балалары ұстап алып,
Омбыға жаяу айдап жеткізеді. Көп кешікпей оларды соттап Сібірге жүргізеді-міс деген хабар
Кенесарыға да келеді.
Өзінің бірнеше хатына жауап ала алмаған Кенесары енді əбден ызаланады.
Дұшпандарының қарулы айқассыз теңдік бермейтініне көзі жетеді. «Енді маған қалған жол
не патша үкіметіне, Қоңырқұлжа, Уəли балаларына бас иіп бағынып, қалың қолды тарату.
Не майдан ашып айқасып, күшпен өз айтқаныма көндіру», — деп ойлайды ол. Осының
екіншісін қалаған Кенесары бұл айқасты қазақ даласын өзіне бағындыруда Солтүстік пен
Шығыстағы Россия империясының ең мықты кіндігі болған Ақмола бекінісін алудан, онымен
қатар ата жауы Уəлиханның қатыны Айғанымның Сырымбет саласындағы ордасын
шабудан бастамақ болды. Кей батырларының «шабуылды Көкшетаудан бастасақ» дегеніне
сұлтан көнбеді. Өйткені Көкше жері ат баурын жазып шаба алатын жазық емес жəне ар
жағында Омбы жақын, патша əскері тез жетуі мүмкін. Оның үстіне əкесі Қасым Көкшенің
киесі ақ бураны атқан деген лақап бар, Кенесары ел қарғысынан да сескенеді.
Ал Ақмола бекінісін алып өзінің мықтылығын көрсетсе, абыройының өршігені. Біреуді
мақтаса айын аспанға шығарып, жер-көкке сыйғызбай көтермелейтін қазақ Кенесарының
даңқын алты алашқа таратады. Серкеге ерген қойдай соңынан ереді. Осылай болатынына
сұлтан кəміл сенеді. Оған тағы бір себебі бар. Кеше ғана хабар алған. Осы бүгін-ертеңдер
арқа өкіріктерінің қазақтарынан жаңа устав бойынша биылдан бастап салық жиналсын
деген патша жарлығы шықпақ. Бұл жарлық бойынша жүз қарадан бір қара салық алынып
егер ол ақшадай төленетін болса, жылқы басы 35 сомға, өгіз жиырма сомға, қой екі сомға
бағалансын делінбек. Бұл жарлық шықса, дəтке қуат, онсыз да патша үкіметінен қыспақ
көріп жүрген қазақ, Кенесары жағына қойдай тоғытылады...
Патшаның Көкшетау мен Қарқаралы өкірігінің қазақтары жайындағы бұл Указы
Кенесары көтерілісінің қызу шағында Қарашаның жиырма сегізі күні сол Ит жылы шықты.
Бірақ ұзынқұлақ бұны қазақ аулына екі ай бұрын жеткізді, Кенесарының да дəтке қуат көріп
отырғаны осы Указ...
«Ал Ақмола бекінісін ала алмаса? Соңындағы бес мың атты əскерін қыр-
ғынға ұшыратса? Онда Кенесарының артынан кім ереді? Бірден тауы шағылған жұрт, басқа
ұрған мал секілді шегіншектей бермек. Жауын жеңе алмайтын батырқұр батыр, ел
қорғаны емес.
Сондықтан осы ең алғашқы үлкен айқаста Кенесары өзінің қамал бұзар ер, ел бастай
алатын кемеңгер екенін жұрт көзіне көрсетуі керек. Өйтпесе ол жұртты соңынан ерте
алмайды, ойлаған мақсатыхан тағына да жете алмайды. Ал мұны істей алмаса?».
«Жоқ, жоқ, қайткен күнде де Ақмола бекінісін алу абзал. Бірақ бес жүзге таяу жасағы,
зеңбірек, карабин, іштесер қаруы бар, биіктігі бес сажын қорғанды, жан-жағын қоршай қазған
терең орлы бекіністі Қоңырқұлжа мен Қарапұшық Иван оп-оңай бере сала ма? Айлаң жетсе,
бермеймін дегеніне қоясың ба, аласың!.. Башқұрт əшірап айтқан бекіністі алу айласы
Кенесарының бұрынғы ойына ой қосты емес пе? Иə, сөйтті. Əттең, дүние-ай, əшірап екі күн
өтпей жоқ жерден мерт болды. Бірақ айтқан ақылы көкірегімде сайрап тұрған жоқ па? Ай,
Қараүлек-ай, қолың гүрзіден де ауыр-ау, сорлы башқұрттың мойын омыртқасын бірден үзіп
жіберіпсің. Сəл жеңіл қимылдасаң нетті, жазығы қамал алуды үйреткені ме? Нойыс неме,
менің ойымды дұрыс түсінбегенсің ғой. Саған əшірапты ертіп жібергендегі ойым қарамайды
дұрыс қайнатуды үйретсін дегенім еді ғой. Ал сен менің бұрынғы тəсілімнен шыға
алмапсың... Өлтіріп жіберіпсің. Өлуөмір заңы. Енді оқасы жоқ. Өлтіргенің дұрыс та.
Қарашының ақылымен қамал алғанымды жұрт білсе, менде қандай абырой қалады? Енді ол
əдісті... Жоқ, жоқ, ең алдымен бар батырымнан бекіністі қалай алу керек екенін сұраймын,
əрине əрқайсысы əрқилы жолға сілтейді... Ең соңында барып, өз ойымдай айтамын. Ел
бастайтын қаһарманның аузынан шығатын сөзді айтуым керек. Бұның өзі маған ерген
жұрттың бірден көңілін көтеруі сөзсіз. Содан кейін мен айтқан əдіспен Ақмола бекінісін
алсақ, одан артық абырой болар ма?! Соңымнан ерген жұрт құрмет тұтса, хан тағының да
жақындай түскені.
375
Осыдан үш күн бұрын Ақмола бекінісін қалай алуды ойлап, ордада жалғыз отырғанында
Кенесарының үстіне Жоламан батырдың жасағынан Байтабынмен бірге келген əшірап
деген башқұрт жігіті кірген. Дəулетші екеуі зеңбірек құя біледі дегеннен кейін, Кенесары осы
башқұрт жігіттерімен жиі кездесіп тұратын. Өзінің ордасына да əлсін-əлсін шақырып,
зеңбірек құю жайын əңгімелесетін. Сөйлесе келгенде зеңбірек құюды білетін Дəулетші, ал
əшірапСалауат Юлаевтың көтерілісіне қатынасқан, белгілі жауынгерлердің бірінің
баласы боп шыққан, əкесінің айтуы бойынша бекіністерді алудың əдісінен хабардар екенін
аңғартқан. Кенесары зеңбірек құйғызамын деп бірнеше ауылдың қазан-ошағын жинатып,
Дəулетшінің қасына қазақтың асқан шебер бес ұстасын қосып, Қорғасынды дейтін жерден
көрік ашқан. Ал əшірапты жанына алып қалған Кенесары оған Ақмола бекінісінің қандай
бекініс екенін айта келіп, осындай қамалдарды Салауат Юлай қалай алды екен деп сөз
тастаған.
Өздеріңіздің қандай ойларыңыз бар? — деген əшірап.
Кенесары жасырмаған.
Қалың əскер жүздік, мыңдық саппенен кəдімгі жарды ұруға келе жатқан толқындай
лек-лек боп, барынша айқайлап ұран сап, бірінің соңынан бірі қамал-ға шабады, — деген
ол. — Мұндай жағдайда гуілдеген, шуылдаған, атой қойған қалың топты көріп, қамал
қорғаншылары шыдай алмайды, қарадай зəре-құты қашып, қамалды қорғамақ түгіл, бекініс
үстінде де отыра алмай, көбіне-ақ қаша жөнеледі. Бұл əдісті ата-бабаларым ежелден
қолданып келеді.
Мұндай ескі əдіспен зеңбірегі бар, жақсы қаруланған əскерге толы Ақмола секілді
қазіргі заман бекінісі алынбайды, — деген əшірап.
Неге? — деп Кенесары оған тесіле қараған.
əшірап түсіндіре жауап берген.
Жаңа өзіңіз айттыңыз ғой, Ақмола бекінісін қоршап қазылған ор бар деп. Лақылдап
келе жатқан сарбаздарыңыз сол орға келгенде амалсыз тоқтайды. Алдыңғы қатарын
артындағы шауып келе жатқандары итеріп, кейбіреулері орға құлап, қалың қол іркіліп
қалады. Дəл осы кезде қорған үстіндегі жауларыңыз төрт зеңбіректі бірдей атып, мылтық
біткеннен жаппай оқ жаудырып, бар əскеріңізді жусатады да салады. Сондықтан бұл əдіс
қазіргі жағдайда бекініс алуға келмейді. Басқа жол табу керек...
Қандай жол?
Бекіністің ішінде ағаш үйлер көп... дедіңіз ғой. Салауат Юлай ұлы бір амалды осы
жағынан ойлаған болар еді..
əшірап мұндайда Салауат Юлай ұлы менің əкемнің айтуы бойынша былай істер еді деп
өзінің ойын айтып берген. Оның айтқаны Салауат Юлай ұлы ғана емес, көне сақтардың,
беріректегі қыпшақтар мен монғолдардың қамал алу əді-
сі еді.
Башқұрт жауынгерінің ақылы Кенесарыға өте ұнаған. Шындап қимылдаса Ақмола
бекінісінің алынатынына көзі анық жеткен. Еңсесі көтеріле бастаған. Бірақ көңілінде жанын
жегідей жеген бір күдік туған. «Сонда қалай болады, деген ол ішінен, Ақмоланы алуда... мен
қарашының ақылынан аса алмағаным ба
Үш күннен кейін дүлей, мылқау, алпамсадай зор денесіне қарап жұрт Қара-
үлек деп атап кеткен Кенесарының бас жендетімен бірге тоғай ішінде қарамай қайнатып
жатқан əшірап «ағаш құлап» ажал тапқан. Ел болып аққа орап əшірапты құрметтеп
жерлеген. Зират басында сұлтанның өзі де болған. Күйзеле «топырағың торқа болсын» деп
ең бірінші боп қашқын жігіттің жас қабіріне бір уыс топырақ тастаған. «Кешір, азаматым,
Қараүлекке ойымды анық түсіндірмегендіктен сенің ажалыңа мен айыптымын», — деген ол
ішінен. Əшірап ажалы жайында Кенесары одан əрі қынжылмаған. Қалай қынжылсын,
«қанішер Абылай» атанған қанды көйлек арғы атасы кісі ажалы мен қой бауыздағанды тең
көрген. Бергі атасы хан Абылай құлдық кезімнің куəсі болып, бетіме шіркеу келтіреді деп,
ажалдан аман алып шығып, ерлік жолға қайраған Ораз құлды өз қолымен бауыздаған. Өз
əкесі Қасым төре анасынан қолына қан шеңгелдеп туған. Осы үшеуінің ұрпағы Кенесары
кімді аяйды? Ел билеймін деген адамға кейде жазықсыз ажал жазықты ажалдан құнды.
«Адамды аяуəлсіздіктің белгісі» деп ұғады ол.
Қазір Кенесары əшірап туралы ойлап тұрған жоқ. Сол əшіраптың айтқанын қалай
пайдалануды ақылға салуда, оны толықтыра түсуде...
376
Кенет сықырлап есік ашылғандай болды. Кенесары жалт бұрылды. «Ойымды бұзған
қандай жүрек жұтқан жан?!» Бəйбішесі Күнімжан екен. «Бəсе, бөтен адам батып кіре алмаса
керек еді». Ой үстінде отырғанда өзі шақырмаса тірі пенденің Кенесары ордасына кіруге
қақы жоқ. Бұлəлі хан болмаған сұлтанның осы бастан өзін өзгеден ерекше ұстай
бастаған дəстүрі. Бұл салтты Күнімжан ғана бұза алады.
Ерінің түнерген қабағынан оның ашулы екенін аңғарған Күнімжан, еркелей күліп:
Төрем-ау, əлгі... қалай деп атап ең... — деді. — Кеңес деп пе ең батырлар бас
қосатын жиынды... Сол Кеңеске келген батырларыңның өзіңді күтіп отырғанына бие
сауымдай мезгіл болды... Бармайсың ба?
Кенесары ойын бөлместен басын изеді.
Барайық...
Кенесары мен Күнімжан тіркестіре тігілген «Ереуіл кеңес үйі» деп аталатын қос ақ боз
үйге кіргенде, сұлтанның батырлары мен ақылгөй серіктері тегіс жиналған екен. Мұнда
Наурызбай, Ағыбай, Құдайменді, Кіші жүздің Сыр бойындағы Табын тарауынан келіп
қосылған бойсапат тобылғы күрең ұзын мұртты Бұқарбай, Атығай руынан шыққан алшақ
кеуделі балуан Басықара, Алтай руының атақты батырлары Жанайдар мен Төлебай, Кіші
жүздің Есентемір руынан шыққан жас Байтабын батырлар бар. Олардан басқа қарындасы
Бопай, Кенесарының өзімен тетелес інісі əбілғазы сұлтан, Нысанбай ақынмен дізелес есікке
таман қойылған қазақы дөңгелек столдың жанында қолына қауырсын қалам ұстап бұқарлық
қожа, ұзын бойлы, арық, қошқар мұрын Сидақ Оспанұлы, Польшада ереуілге қатысып жер
аударылып келген, қазақтар Жүсіп деп атап кеткен ақсары, көгілдір көзді Иосиф Гербурт
деген ақын жігіт отыр. Соңғы екеуі Кенесарының хатшысы болып қызмет істейтін. Бұлардан
жоғарырақ тұрған кең маңдайлы, ақ құба келген ойлы көзді мыңбасы татар жігіті Ягуда ұлы
əлім. Босағада, төренің қырық адамнан құралған қарауыл жасағын басқаратын, ауыл
Батырмұрат деп ат қойған, қазақтан əйел алып қазақ болып кеткен башқұрт Мəлкет баласы
Кішік пен Наурызбайдың шабарманы қашқын орыс солдаты Николай Губин тұр. Үйдегі
адамдардың ішінен Ереуіл Кеңесінің мүшесі емес тек Жүсіп, Бопай, Батырмұрат, Николай.
Бірақ бұл төртеуі де ереуілге шын берілген адам болғандықтан Кенесары оларды мұндай
үлкен мəжілістің біреуінен де қалдырмайды.
Кенесары кіріп келген кезде үйде отырғандардың бəрі қол қусырып орындарынан
түрегелді. Сұлтан тəжім етіп амандасты да өзінің жасыл туының астында тұрған, үстіне
жібек түкті сəнді бұқар кілемі жабылған төрдегі үлкен сандыққа барып отырды. Өзгелер де
малдас құрып жастарына қарай алқа-қотан жайғаса бастады.
Үш жүздің ардагер батырлары, — дедіКенесары жұртты сынай көз тастап, —
қолымызға найза ұстап, атқа қонғаннан бері бір күн тыныштық көрген жоқпыз. Соңыңнан
ерген жұрт та сондай. Ал елім, жерім деп көтерілген біраз қазақ баласы қазір жазғытұрымғы
тасуға дайын дариядай кемеріне жетіп, дұш-
панға қарсы шабуға тұр. Бұлжаудан өш алуға ең қолайлы шақ. Енді соңымыздан ерген
жұртты уақ-түйек айқаспен əуре-сарсаңға сала берсек, абыройсыз қалатын түріміз бар.
«Жау қайда деп қолына түкірініп отырған ерлердің көңілін суытуымыз күмəнсіз.
Сондықтан халық мүддесінен шығу үшін біз Ақмола бекінісіне қарсы аттануды шештік.
Дұрыс, — деп отырғандар сəл қозғалып қойды.
Шабуылға шықпастан бұрын, бір-екі ауыз сөзбенен жалпы жағдайымыз-
ға үңіле өтелік. — Кенесары аспай-саспай мойнын Иосиф Гербуртқа бұрды, — Жүсіп, мына
батырларға жаудың биыл жазда бізге қандай қиянат жасағанын қысқаша ғана естіртіп өт, —
деді.
Жүсіп орнынан түрегеліп қолындағы қағазын оқи бастады.
Біздің бұл көтерілісімізді ақ патша генералдары бұзақылық, ел тонаушылық деп
есептейтін көрінеді. Омбы болысының бастығы генерал Талызин өзінің берген нұсқауында
шекарада тұртын басты бекіністердің бəріне де күрделі жасақтар шығарылсын дейді. Жəне
бұл нұсқауында: «Сендердің бар міндеттерің Кенесары қарақшыны құртып, көшіп кеткен
болыстарды кейін қайтару» деп бұйырады. Осы нұсқауды орындау үшін бізге қарсы бірнеше
арнаулы жасақтар шықты.
Олардың істеген басты-басты қылмыстарын айт, — деді Кенесары.
Атаман Лебедев бастаған бес жүз солдатты жасақ осы жылы маусым айында Торғай
өзені мен Жəнтөре-Керубе бойында көшіп жүрген Қарпық, Темеш руының ауылдары мен
377
Саржан сұлтанның ауылын шауып, төрт жүз адамды өлтіріп, жүз адамды ұстап əкетті. Оның
ішінде Баянды би бар.
Кенесарының көзі сұрғылттанып, қабағы түксиіп:
Тағы? — деді.
Аға сұлтан Қоңырқұлжа мен войсковой старшина Карбышев басқарған бес жүз кісілік
жасақ шілде айында Айырқұмда көшіп жүрген Күшік сұлтан мен Сидақ мырзаның
ауылдарын шауып, жиырма бес еркек, сегіз əйел, жиырма бір қыз баланы оққа ұшырып,
сексенге таяу адамды тұтқын етіп алып кетті. Оның ішінде...
Кенесары жауар бұлттай түнеріп кеткен.
Жетеді, — деді ол ашуын əзер басып, — ал біз қандай қайрат көрсеттік? — Сидақ
мырза, соны айтыңыз,
Сұлу мұртты, биязы қимылды Сидақ қожа орнынан асықпай тұрды да:
Біз де есемізді жіберіп жатқан жоқпыз, — деді қолындағы қағазына қарап тұрып: —
Ақтау коменданты войсковой старшина Симонов шығарған бірнеше уақ отрядтарын
құрттық, көптеген қару-жарақты қолға түсірдік! Войсковой старшина Симоновтың өзі бізбен
бір айқасқанында он тапанша, тоғыз мылтық, он үш қылыш, жеті, найза, төрт жүз тоқсан бес
мылтық оғын, төрт жүз тоқсан тапанша оғын тастап қашты. Қазір біздің қолымызда осындай
ұрыстан түскен жүз елу мылтық, тоқсан тапанша, екі жүз он қылыш бар. Кенесары батыр
бастаған қолдың қаһары əсіресе халқын сатқан сұлтан, билердің ауылдарына тігілулі.
Биылғы жылдың жеті айының ішінде орта есеппен мұндай жағдайда қолға бір миллион
сомнан астам мал-мүлік түсті.
Соның бəрі тек сұлтан ауылдарынан ғана тоналған ба?
Жоқ, бұның ішінде ұсталған керуендердің мүлкі мен патша қызметіндегі тілмəш,
пристав, урядник секілді шенеуніктердің жəне Ақтау бекінісіндегі адамдарының да мал-мүлкі
мол.
Орыс қарашекпендерінен қанша ақша кірді? — Кенесары тесіле қарады.
Азғантай. Бар болғаны жүз сомға жетер-жетпес, онда да Қарқаралы маңынан..
Дұрыс, — деді Ағыбай Кенесарымен құрдастығын пайдаланып, еркін сөйлеп, —
жазығы жоқ орыс мұжықтарын шабудың қажеті қанша. Бұдан бізге зияннан басқа түсері жоқ,
бұқараны босқа өшіктіріп аламыз.
Жөн, — деп екі-үш батыр басын изеді.
Кенесары үндеген жоқ.
Негізгі үлес халқын сатқан аға сұлтан, ел тонап жүрген саудагер, патша
қызметкерлерінікі, — деді сөзін қайта жалғап Сидақ қожа. — Бір ғана Құдайменді
балаларының аулынан жиырма мың жылқы қуып алдық. Қазір сəйгүлік жүйрік мінбеген
бірде-бір сарбаз қалмады.
Кенесарының иіні көтеріле түсті.
Қоңырқұлжа Омбыға жазған хатында бізден он екі мың жылқы алынды депті ғой...
Сидақ қожа мұртынан күлді.
Енді не десін? Қоңырқұлжа қазақтың қара бұқарасы түгіл, генерал-губернаторлардың
өздерін де алдап жүрген саудагер, патша єызметкерлерінікі, — деді сЈзін бес мыңнан асса
аға-сұлтандарға да салық салатын болған соң Құдайменді балалары барымыз он екі мың
жылқы деп көрсеткен. Ал біз тайлы-таяғына дейін айдап алдық десек, арғы түбекте əлі де
үш мыңдай кілең ақ шағала асаулары қалыпты. Ағыбай батыр сол жылқыны қуып əкелуге
Кенекеңнен қашан рұқсат болады деп күнде сұрайды...
Кенесары байсалды жауап берді.
Арғы түбек бізден шалғай... Əзірге оны қоя тұрыңдар, қазір басқа шаруалар да
жеткілікті. Тағдыр жазса алысқа кетпес.
Япырай, — деді шын таңданған жалғыз атты Бұқарбай батыр, — адам баласының да
Қоңырқұлжадай байы болады екен-ау!..
Ақ патшаға жағынып, жаны шығып жүргенінің өзі де сол емес пе? — деді Бопай сəл
қабағын шытып, — патша жанаралдары бекініс салып, келімсектеріне аздаған үлес бергені
болмаса, жердің шұрайлысы əлі де Сəмеке, Нұралы, Бөкей, Уəли хандардың ұрпақтарында
ғой. Мал үшін олар қазақтың жері түгіл, жанын берер. Бірі бүкіл Есіл, Нұра бойын жайласа,
бірі сонау Сырымбет тауының Құсмұрын мен Шұбарға дейінгі кең алқабын алып жатыр. Ал
өзгелері бір Уəли ханның ана Айғаным қаншығы жайлап отырған бөктерге үш болыстың
малы сыяды, — Бопай кенет ағасына ашулана қарады. — Қашанғы ол қаншықты басымызға
378
шығарып қоямыз? Қоңырқұлжадай оны да шабатын мезгіл жетті, жібермейсің бе бір
батырыңды.
Кенесары қасқыр көрген бүркіттей түйіле қалды.
Қатын аулын батыр шаппас. Қайын атам жұрты демесең, өзің шап!
Табылған сөзге үйдегілер шу ете қалды.
Жөн.
Тапқан ақыл.
Қатынды қатын шаппаса, батыр шапқаны ерсі.
Уəлиханның аулына жолай соғасың, — деді Кенесары аз сөйлей, — ең алдымен арғы
беттегі Аманқарағай приказының малын бері айдап өтесің.
Қуанғаннан Бопайдың екі көзі жарқ етті.
Мен дайын. Қарамағымдағы алты жүз адаммен мен бүгін түнде жүруге бармын.
Жөн, — деді Кенесары, сөйтті де Сидақ қожаға қарады, — солай деп жарлық берілсін.
Аманқарағай приказына жетуге бес күн керек. Бір күн төмендегі тоғайда тынығуға мұрсат
берілсін. Жетінші күні приказ шабылсын. — Сұлтан бірдеме ойланғандай сəл бөгеліп қалды
да, жұртқа бұрылды. — Аманқарағай приказы шабылғаннан іле-шала біз де Ақмола
бекінісіне ат қоямыз.
Дұрыс, — деді күндікке үндемей отырған келбетті, ақсары жүзді Жанайдар батыр, —
Аманқарағайды Кенесары əскері шауыпты деген лақапты естісімен Омбыдан Ақмолаға
шыққалы жатқан əскер солай қарай бұрылады. Дəл осы кезде, алла жазса, біз Қоңырқұлжа
мен Қарапұшық Иванның да сазайын тартқызармыз.
Менің де ойлағаным осы, — деді Кенесары.
Батырлар тағы да қошеметтеді.
Ақыл.
Жөн.
Құба-құп.
Кенесары енді Ереуіл Кеңесінің бүгінгі жиналған себебіне тікелей кірісті.
Ал Ақмола бекінісін алу оңайға түсе ме? — деді ол отырғандардың əрқайсысының
бетіне сəл тоқтай қарап, — қорғанының биіктігі əжептəуір, жəне оны жүз қадамдай жерден
қоршай қазылған ордың кеңдігі он құлаш, тереңдігі бес құлаш. Тек қорғанға кірер екі
қақпаның алдында ғана төрт салт атты қатар өте алар жіңішке жал бар...
Сол жал жетпей ме бізге? — деді Наурызбай, — жау өтер жерден біз де өтерміз.
Қоңырқұлжа мен Қарапұшықтың қарамағындағы бес жүз карабін мылтықты солдат
пен төрт зеңбірек бізге құр қарап тұрады дейсің бе, Науанжан? Олардың да аңдығаны осы
екі жіңішке жал менен ордың жағасы болар. Ордан өткенменен қорғаннан өте алмайсың.
Көптігімізге сеніп топырлап шапсақ құр қырғын боламыз. Сонда Ақмола бекінісін қалай
аламыз? Кімнің қандай ақылы бар? Бірден он адамның ақылы артық, кеңеселік.
Жиһазды, дүниелі ақбоз үйдің ішінде өлік жатқандай, жұртта үн жоқ. Бас-
тарын салбыратып, төмен қарап, көбі жер шұқылай береді. Əркімнің ойы əр тарапта. «Қол
болып жиналуына жиналдың ғой, ал енді жауды қалай жеңеміз? Бəсе, қалай жеңеміз?
Ақмола бекінісіалғашқы қамал. Ал бізге деген мұндай ондаған қамал бар... Төрт
зеңбіректі, бес жүз карабінді бекіністен осыншама абыржығанда, бұдан əрі күйіміз не
болмақ? Ал ақ патшада мыңдаған зеңбірек, жүз мыңдаған карабін бар... Осы біз көл
үстіндегі қаз-үйректей бір мылтықтың даусынан зəреміздің кетерін білмей тым босқа
еркінсініп жүрген жоқпыз ба
Жұрттың еңсесі түсіп кеткенін Кенесары көріп отыр. «Қамалға шабуыл жасамай жатып
қас батырлардың түрі мынау, ал қамалды ала алмасақ күйіміз не болмақ
Кенесары тұнжырай түсті.
əлде «жеткен жеріміз осы болды» деп Қараөткелден бас тартамыз ба? — деді ол сəл
қабағын шытып. — Сондай да күйлерің бар ма, қалай?
Жоқ, төре, — деді басын көтеріп алып Ағыбай, — бүйірден қадалған тікендей болып
отырған Ақмола бекінісін қалай да алуымыз керек.
Қалай «алу керек
Ел бастаған дана емеспін, қол бастаған батырмын. Демек, қыран жете алмас қия жоқ,
жаужүрек өте алмас мия жоқ, маған салсаңдар Ақмола бекінісін қоршап алып сыртқа, жан
шығармай аңду керек. Қорған үстінде көрінгеніне садақ оғы жалынсын...
379
Тағы қандай ой бар? — Кенесары қолын сəл көтерді, — көсе ақылы жақсы ақыл, бірақ
онымен Қарапұшық пен Қоңырқұлжаны жеңе алмайсың... Біз қоршағанмен, сырттан келер
көмек бар, тұзақ құрып ұзақ күтер жай жоқ. Бекіністі алар болсақ, шапшаң, тез алуымыз
керек. Ақмола маңында бір күннен артық аялдау күнə. Өзге бекіністерден жəрдем келулері
сөзсіз.
Бекініске түнде шапқан жөн бе деймін, — деді Бұқарбай батыр, — Тентек төре
Сайрам мен Созақты алғанда қалың қолмен түнде кірген екен.
Түн сөзсіз жау, екі жаққа бірдей, — деді Кенесары, — Созақ пен Сайрамда Тентек
төренің бекініс қақпасын ашқан адамдары болды. Ал біздің кіміміз бар? Қарапұшақ пен
Қоңырқұлжа тек өздерінің сенімді нөкерлері мен сыпайларын ғана қалдырып отыр. Қарасу
бойындағы балықшы мұжықтарға біздің тимейтінімізді біліп, бекініс ішіндегі аздаған келімсек
қатын-балаларды сонда жіберіпті деген сыбыс бар.
Төре, — деді есік жақта отырған өзгелерден анағұрлым шоқтығы биік, еңгезердей
Басықара батыр, — алдымен құдай, содан кейін өзің деп соңыңнан еріп едік, ақылын өзің
тап. Салған жеріңнен алып түспесек айып бізде, сала алмасаң кінə сенде! Сыбырлағанды
құдай естімей ме дегендей, Ақмола алынбайтын күйде болса, оны ашып айт!
Кенесары сəл кідіріп отырды да, алдына ақ дастарқан жайғызып, үстіне уыстап тəспінің
қара, ақ бұршақтарын төгіп салып, Ақмола бекінісін қалай алу керек екенін тəптіштеп айта
бастады. Кенесарының айтып отырған əдісі отырғандарға бірден ұнады. Бекіністі
алатындарына енді алдын ала көздері жеткендей, иықтары көтеріліп, жүздеріне жігер енді.
Мақұл десеңдер осы тəсілдерге тоқтайық, — деді Кенесары жайбарақат пішінмен
сөзін аяқтап.
Тоқтадық, — деді үйде отырғандар бір дауыспен, — еншалла, жолымыз болар.
Іске сəт!
Олай болса... — Кенесары сəл кідірді де тағы да Сидақ қожаға қарады. — Жаз. Бұл
біздің екінші жарлығымыз болсын. Ертеңнен бастап мың басылар, жүз басылар əлгі
айтқандарды бұлжытпай орындау үшін əскер ойынына кіріссін. Бір жетіден кейін аттанамыз.
Мақұл.
«Дана шешім, деді Ақмола бекінісін қалай алмақ болғанын айтқан Кенесарының
ойларына таң қалған Жүсіп, əліпті таяқ деп білмейтін қазақ... Қандай ақылды айла тауып
отыр. Заты сұлтан болса да, халық өзінің көсемін дұрыс тапқан екен».
Үйдегілер енді тарай бастаған кезде, кенет сырттан шу естілді. Батырмұрат пен Николай
беліндегі тапаншаларын суырып алып үйден ата жөнелді. Аздан кейін Батырмұрат қайта
кірді.
Арыстан ақын ұсталған екен. Қараүлек пен жаңа келген қашқын жігіт əкеп тұр. Қатын-
қалаш өшімізді өзіміз аламыз деп тап-тап береді. Шу соныкі екен.
Алып келіңдер! — деді Кенесары қысқа бұйырып.
Арыстан деген Атығай руынан шыққан кедей ақын. Бір кезде Саржанның жасағына да
ерген. Тілге шешен, сөзге бай, əсіресе қазақтың қисса, дастандарын жақсы білетін, түні
бойы жыр айтуға болдырмайтын қарадан шыққан дарын. Кенесарыға жоқ жерден өкпелеп,
аға сұлтан Қоңырқұлжа жағына шығып кеткен. Соңғы кездері қазақ ауылын шабатын патша
жасақтары мен қазақ жерін картаға түсіретін орыс саяхатшыларына жол көрсетіп əбден
байып алған. Өз арасынан шыққан опасызды өте жек көретін жұрт, Арыстанға əбден тісін
қайрауда еді. Шабылған ауылдардың обалы да, жылаған кемпір-шалдың, қатын-баланың
көз жасы да осының мойнында деп ойлайтын. Адамы оққа ұшқан кейбір ер жүректі жігіттер
Арыстаннан кек алатын күн болар ма екен деп кіжінетін. Бірақ үнемі патша жасағымен
бірге жүретін Арыстан олардың қолына түсе қоймайтын. Ал расында Арыстанда жер
көрсетуден басқа еш жазық жоқ еді. Ол бірде-бір адамның қанына ортақ емес-ті. Сондықтан
өзін бəлендей айыпты санамайтын. «Біреу малымен, біреу жеріменен күн көреді. Ал менің
күн көрер нем бар? Жалғыз атты кедеймін. Мейлі, жұрт қалай ойласа олай ойласын, есек
құйрығын жусаң да мал тап дегендей, земтемірлерге жол көрсетіп күнімді көрсем оның несі
айып. Мен істемесем мұны басқа біреу істейді» деп ойлайтын ол. Арыстанның мұндай
жолға түсуіне өзі кінəлі болса да, Кенесары оны сатылған санап, егер қолыма түссе басын
алармын, өзгелерге үлгі болсын деп əлдеқашан шешкен.
Үсті-басы қан-қан болған шоқша сақалды тұрымтайдай кішкентай қара кісіні екі адам екі
жағынан қолтықтап үйге алып кірді. Оң жағында ҚараүлекКенесарының бас жендеті. Бұл
əр саусағы жаңа туған баланың білегіндей, сала құлаш кеудесінің жүні көдедей, салпы ерін,
380
кірпік қақпайтын мысық көз, аяушылық дегенді білмейтін қатыгез, алпамсадай қара кісі.
Ұрлық істеп қолға түсіп, Созақтың бір байы дарға аспақ болып жатқан жерінен Кенесары
сатып алған. Құнына бір қарақшыдан тартып алған жетектеп келе жатқан қара үлегін
берген. Мылқау ұры аты-жөнін айта алмаған соң, жұрт оны өзінің құнына берілген түйенің
атымен байланыстырып Қараүлек деп атап кеткен. Үлек десе үлектей. Шуда көкіректі, түйе
тірсек бір алып. Атына денесі сай. Оның үстіне өзін ажалдан аман алып қалған Кенесарыға
жан-тəнімен берілген. Иесі шаш ал десе, бас алады. Айтқанын екі етпейді жəне сұлтанның
əмірі дұрыс па, бұрыс па ол жағында шаруасы жоқ, «қожам айтты мен дайын» бір ноқай.
Кенесарының ымынан ойын түсінеді.
Таяқтан аяғын əзер сүйреткен Арыстанның сол жағынан қолтықтаған Ожар. Бұл келгелі
де айға таяп қалған, Сейтеннің үзеңгілес серігі, Тайжанның жалғыз қызына үйленіп,
абақтыдан қашып шыққан Ожарды Кенесары құшағын жая қарсы алған. Отау тігіп, алдына
мал салып берген. Бұл жақсылықтың есесіне ол келгеннен соң күн өтпей жатып... жылпық
сары Сəмен арқылы Қоңырқұлжаға Кенесарының қарамағында қанша сарбаз барын
хабарландырған. Бүгін таң-
ертеңнен бері де Кенесары ордасында болып жатқан мəжілістің жайын біле алмай əбден
мазасы кеткен. Мың басы, жүз басы батырлардың тегіс келгенінен, бұл мəжілістің тегін
мəжіліс емес екенін іштей сезген. Қанша білгісі келгенмен, алыстан торлағаны болмаса,
жақын баруға біреу-міреу кім екенімді сезіп қалар деп көңілі дауаламаған. Осындай күйде
жүргенінде сойылға жығылып қолға түскен Арыстанды ауыл адамдары бір қараша үйге
қамап қойғанын естіді. Ол енді өшіктіре сөз тастап, жұртқа Арыстанды Кенесары ордасына
апарудың керек екенін айтады. Ондағы ойы Кененің көзіне түсумен қатар, ыңғайы келсе,
мəжіліс жайын аңдау. «Кім біледі, біреу болмаса біреу абайламай бір сөз айтып қалар.
Зирек жанға о да жеткілікті». Арыстан Кенесарыны көрісімен, ең соңғы күшін жинап, еңірей
аяғына жығылды.
Жаздым, жаңылдым, Кенесары. Күнім үшін жер зерттеуші земтемір орыс-
тарға жөн көрсеткенім рас. Бір жолға кешір. Өмір бақи құлың болып өтейін.
Кенесары сазарған қалпынан өзгерген жоқ. Қанын ішіне тартып, тіпті сұрланып алды. Ол
аяғына жығылып жатқан Арыстанға қарамастан:
Елін сатқан адам, жылқы ішіндегі маңқамен тең. Өзге жылқыны сау алып қалу үшін
оған аяу болмасқа тиісті. Үкім біреу-ақөлім!
«Халқыңның қамын ойлар болсаң, ең алдыменен оның бірлігін ойла» деп ішінен Жүсіп,
«опасызға Кенесары дұрыс үкім айтты».
«Қатал, əйтсе де əділетті».
Бірақ бұл не? Өзге батырлар əдеттегідей Кенесарының шашбауын көтеріп неге «дұрыс»
деп бастарын шұлғымайды? Бəрі бірдей неге төмен қарап қал-
ған? Ағасының айтқанын тұмар тұтатын Наурызбайдың өзі де неліктен тұнжырап кетті?
Жүсіп таңданғандай үйдегі адамдардың бетіне тағы бір көз тастады. Ешкім басын көтерер
емес. Өздері өлім жазасына бұйырылғандай қабақтары түсіп кеткен.
«Ғажап халық, деді ішінен тағы да Жүсіп, майданда кездессе жаудан қорқу, немесе оны
аяу дегенді білмейді. Ал айыбын мойнына алып аяғына жығылса, қанды кекті қасы болса да
кешіргісі келіп тұрады. Қандай үлкен, абзал жүректі жұрт. Бұрын атуға оғы жоқ боп жүрген
Арыстан қолдарына түсіп еді, оның сақалды басымен жасын сорғалатып кешірім сұраған
түрін, кенет аяп, ажалға қиғылары келмей тұр. Үкімін өзге жұрттың қостамағанын Кенесары
да сезген тəрізді. Енді не істер екен
Кенесары тұнжырай қалған батырларының бетіне көзін бір салып өтті де, қабағы
бұрынғысынан да түксие түсіп, қолымен Арыстанды меңзеп:
Қазір, осы арада ал мынаның басын, Қараүлек! — деді зілді үнмен.
Жұрт бұрынғысынан бетер тұнжырай қалды. Бірақ Кенесарыға үкімің дұрыс емес деуге
ешкімнің де батылы бармады. Қостамағандықтарын сазарған түрлерінен ғана аңғартып
отыр. Ал сұлтан серіктерінің ойына түсінсе де, бір айтып қалғаннан кейін, өзінің абыройын
сақтап, кесімінен қайтар емес.
«Дұрыс, — дұрыс, — дейді ішінен Жүсіп, осылай қатал болсаң қарамағыңдағыларың да
тəртіпке, əдепке үйренеді. Айтқанынан қайтпайтын қолбасшы қашанда жауынгерлері
алдында абыройлы».
381
Кенесарыдан үміт үзген Арыстан ақын енді басын көтеріп, тізесінен отырды. «Өлсем де
адамдығымды жоғалтпай өлейін» дегендей бойын жинап, үстіндегі киімін жөндеп
Кенесарыға қарады. Үлкен бұйда пышағын жалақтатып, тамағынан орып жіберейін деп,
жанына келіп, сақалынан ұстай берген Қараүлектің қолын қағып жіберіп:
Менің қаныма жерік болсаң ішерсің əлі-ақ, сəл шыдай тұр, — деді. Сөйтті де
Кенесарыға тағы да қарады. — Дат, тақсыр! Бас кеспек болғанмен, тіл кеспек жоқ деген.
Төре, бір ауыз сөзге мұрша бер.
Айт датыңды.
Қараүлек те түсініп кейін шегінді. Арыстан қанатын сілкіп қомданған ұшар құстай, сəл
бой түзеп алды да, екі көзі жаудырап Кенесарыға қарап əн шырқап қоя берді.
Кенеке, жақсы көрсең қарашыңмын,
Жек көрсең де өзіңнің алашыңмын.
Атаңа алты қатын алып берген
Атығай Қарауылдың баласымын.
Кенесары «болды» дегендей қолын көтерді.
Аталы сөзге арсыз тоқтамас. Абылай атама бабаларының істеген жақсылығын
алдыма тартты ғой, қоя беріңдер, — деді.
Бағанадан бері үндемей тұрған батырлар кенет жадырап, бір дауыстан:
Уа, пəле, міне аталы сөз! — десіп шулап қоя берді.
«Қандай ақылгөй жан еді, деді ішінен тағы Жүсіп, ел билейтін серіктерінің де көңілін
таба білген жөн. Ағылшындар «патшаны патша істейтін патша емес, жанындағылар» деп
тегін айтпаған ғой».
Бірақ Жүсіп Кенесарының мейлінше рақымсыз жан екенін білмейтін. Қазір босатылып
тұрған Арыстан ақын, сұлтанның бұйрығы бойынша, үш күннен кейін «ат теуіп өлтіріпті»
деген лақаппен Қараүлектің қолынан қаза табатыны дəл осы сəтте оның ойына мүлде
алмаған іс еді. Сондай-ақ Кенесарының қолға түскен солдаттарға да бірден қатты
келмейтіні өз жағына шығару саясаты екенін Жүсіп көп ай өткен соң барып бір-ақ түсінді. Ал
алғашқы кезде мұны сұлтанның кеңпейіл, ақ көңілдігінен деп ұққан-ды.
Төре шешіміне риза болған батырлар сыртқа шықты. Əрқайсысы өзінің атқосшысы ұстап
тұрған атына қарай беттеді.
Байтабын мен Ақбөкен сонау Елек пен Ырғыз өзенінің бойынан Қарақойын
Қашырлыдағы Кенесары əскеріне келіп қосылғалы, Байтабын Наурызбай жасағына, батыр
қыз Ақбөкен Бопай тобына берілген. Байтабын мен Ақбөкен қосылады екен деген сыбыс
болатын, бірақ неге екені белгісіз, бұл сыбыс сол сыбыс қалпында қала беретін. «Біз
қосыламыз», — деген сөз қыздың, немесе жігіттің аузынан шыққан емес, екеуі ағалы-
қарындастай сыпайы сөйлесіп қана тілдеседі. Мұндай мінездеріне қарап кейбір жұрт
«бұлары несі деп таңданса да, ақылға салған бағда біреулері «Бөтен елде жүрген соң
қымсынатын шығар, өз елдеріне барған соң да уақыт жетер», — дейтін де қоятын.
Наурызбай үйден шыққанда ең алдымен апасы Бопайдың атын ұстап тұрған шашақты
найзалы, еркекше киінген қызды көрді. Ақбөкен еді бұл. Ол батыр Бопайдың əрі қасындағы
серігі, əрі атқосшы нөкері. Наурызбайдың жүрегі кенет дүрсілдей соға жөнелді. Ақбөкенді
алғашқы кездестірген күннен бастап кіші сұлтан осындай бір ауруға шалдыққан-ды.
Наурызбай ауруының өрши түсуіне Ақбөкеннің өзі себеп болған. Патша əскері шабуылынан
ауылдың бір тыныш күні Көшек сұлтанның Айғанша атты тоқалы ұл тауып, жұрт ұлан-асыр
тойға жиналған. Жастар жүрген жерде көкпар, балуан күресі ежелгі салт. Осы қан базар
қырғын мерекеде Наурызбай мен Байтабынға күресуге тура келген. Өзінен екі жас үлкен
Наурызбайдың күші басым болды ма, əлде ел аузына ілінген жас батырдың мысы жеңді
ме, бие сауымындай мезгіл алысқаннан кейін Байтабын жығылған-ды. Наурызбай бас
бəйгіге тігілген сүліктей қара су жорғаны өзі алмай, бөтен елдің қызы еді, жанындағы
жолдасын жыққан айыбым деп, Ақбөкенге тартқан-ды.
Батыр, бұл айыбың ба, əлде құрметің бе? — деген Ақбөкен қара жор-
ғаның шылбырынан ұстап жатып.
Айыбым.
Бəсе, — деген Ақбөкен тостағандай көзі жарқ ете күліп, — ауылыңызға келген
бауырыңызға күш көрсететіндей өкпеңіз жоқ секілді еді...
Ол кезде əзілге əзіл қайтару жастық салты.
382
Өкпешіл үніңізге қарағанда, менің жығылғанымды тілегендейсіз ғой, қарындас, — деді
Наурызбай күлімсірей, — ондай тілегіңіз болса күні бұрын құлағыма неге сыбырлап
қоймадыңыз?..
Ақбөкеннің қарақаттай қара көзі күлімдей түскен.
Сыбырлағанды орындайтын болсаңыз, əлі де кезі келер.
Уəде,— деген Наурызбай қолын беріп.
Ақбөкен екі беті дуылдай қызара, ұзын ақ саусақтарын қымсына ұсынған. Неге екені
белгісіз Наурызбай оның қолын алып жатып, қыздың саусақтарының дірілдеп кеткенін
сезген.
Шынында Байтабын Наурызбайдан күші жетпей жығылған жоқ еді. Бие сауымындай
алысқанда Наурызбайдың күшінің оң жамбасы мен оң қолында екенін аңғарып қалған
Байтабын, егер шынтуайтқа келсе онымен пара-пар түсетініне көзі жеткен. Бірақ жоқ жерден
аяғы көде шөптің үстінен тайып кетіп, ерлік намысын сақтай алмай жығылған-ды. Бірақ
мұнысына ол пəлендей қорланған жоқ. «Наурызбайдан мендей көп батырдың бірі
жығылғанына жұрт күлді де қойды. Менен қолбасы Наурызбай жығылса, абыройы
айрандай төгілер еді», — деген ол ішінен.
Ал Ақбөкенге Байтабынның жығылуы үлкен əсер етті. «Ел мақтаған жігітті қыз
жақтаған», жиырмадан аспай жатып атағы алты алашқа жайылған, əрі əнші, əрі сал, өзі төре
Наурызбайды Ақбөкен жақын көруге құштар еді. Оны Байтабынды жыққан жеңіс үстінде
көрді, жəне Наурызбайдың өзінің шеттен келген жас балуанды жығуын «айып» санаған кең
пейіл мінезі, ерлікті, адамгершілікті дəстүр етіп өскен қазақ қызына үлкен ой салды.
Махаббат деген күн сəулесінен құрылған алтын тор секілді емес пе, Ақбөкеннің жүрегін сол
тор кенет шырмай бастады.
Бұл не сезім? — Ақбөкеннің өзі де бірден ұқпады. Ал Байтабынға деген жүрегі
бұрынғыдай лүпілдемей, күннен-күнге баяу соға түскендей. Мұны қыз анық түсінеді. Бірақ
бұл не? Бір кезде жақсы көрген Байтабынын ұмытуға айналғаны ма? Бір мінезді, уəдеден
айнымас қазақ қызына лайықты қылық па бұл? əрине, лайықты емес, əсіресе жас кезінде
көңілің шын кеткен болса... Бірақ соның өзі рас құлай берілу ме еді? əлдеқалай соққан
жастық желі емес пе екен? Кəрі Серғазыдан құтылудың жолын іздеп арпалысқан жас
көңілдің қолдан жасап алған махаббаты болып жүрмесе нетсін! Шын сүйген жүрек бөтенге
бұрылмаса керек еді, мұнысына қарағанда Байтабынға деген сезім махаббаттың шын
отынан тумаған жай əшейін балалық сезім тəрізді. Ақбөкен шын махаббатты енді ғана
түсінгендей, сондықтан да оның қиялы көкке шарықтап, жүрегі лүпілдеп, жиі-жиі соғады...
Осыдан бір ай бұрын Байтабын жорықта жүргенінде Наурызбай мен Ақбөкен бір
шілдеханада кездесіп қалған. Екеуі қарама-қарсы отырып шаршы топ алдында айтысқан...
Сол айтыстың аяғында бəсекелесіп тобық алысқан. Қазақ дəстүрінде қыз бен жігіттің тобық
алысуы құр ғана ойын емес, мұнда екі жас-
тың өздері ғана түсінетін бір терең сыр да бар...
Осының бəрін Байтабын біле ме? Білсе қорланбай қалай шыдап жүр? Бұндай іске
шыдау үшін қандай жүрек, қандай ұстамдылық керек? əрине, Байтабын өзіне төнген
жамандықты сезбей жүрген жоқ. Бірақ «ел басына бұлт түнеріп тұрғанда, бір қыз үшін əлек
болуымның реті келмес» деп өртенген жүрегін ақылмен басуда, Наурызбай мен Ақбөкеннің
арасында басталған ойынның аяғын күтіп, өзіне өзі сабырлық айтып шыдай беруде еді.
Ақбөкенге ордадан шыққан Байтабынның да көзі түскен. Бірақ кіші сұлтанның қызға
қарай беттегенін көріп орнында тұрып қалған.
Ал қызба көңілді Наурызбай өзін өзі ұстай алмай Ақбөкеннің жанына жетіп келді.
Арсың ба, қарындас?
Барсың ба, батыр?
Наурызбай қалжыңдай күлді.
Ақбөкеннің бір қапы кезіне кездескен-ақ шығармын, тобығымды бер!
Сіз секілді арыстандар Ақбөкеннің қапы кезін үнемі аңдиды. Бірақ Ақ-
бөкен оңай қолға түсе қойса жарар еді. — Қыз күлді де тілінің астынан тобықты алып берді,
мінекейіңіз...
Япырмай, тым берік жерге сақтайды екенсіз...
Қадірлі адам берген соң...
Осы кезде ақ ордадан Бопай шықты. Ол анандай жерде тұрған Байтабынға бірдеме
деді. Екеуі бұлардың қасына келді. Байтабын сыпайы ғана амандасты.
383
Арсың ба, Ақбөкен?..
Барсың ба, Байтабын...
Байтабын Бопайдың желдей жүйрік атақты кербестісінің айылын босатып, ер-тоқымын
жөндеп қайтадан ерттеді. Бопай Ақбөкенге көз қиығын тез аударды да Наурызбайға қарап:
Байтабын батырды менің жасағыма берсең қайтеді, Науанжан? — деді күлімсірей.
Наурызбай қабағын шыта қалды.
Неге?
Керегі бар.
Жақсы, — деді Наурызбай апасының өтінішін жерге тастаудың ретін таба алмай, —
Ақмола бекінісін алғаннан кейін Байтабынды сіздің жасағыңыз-
ға мүлдем берейін, оған дейін қинамаңыз. Байтабынның менің жасағымдағы орны бөлек...
Болады.
Қашан аттанбақ ойыңыз бар?
Бопай ері түзелген кер бестісіне еркектерше жеңіл мінді.
Бүгін түнде.
Жолдарың болсын.
Айтқаның келсін.
Бопай мен Ақбөкен жөнеле берді. Олардың соңынан анандай жерде тұрған төрт салт
атты қарауылы желе аяңдай ерді.
Наурызбай мен Байтабын:
Қош болыңдар, — деді кетіп бара жатқан əйелдердің соңынан дауыстап. Бірақ ана
екеуі жауап қайырмады. Шашақты найзаларын желкілдете, ауылдан шыға өздерінің
жасақтарына қарай құйындата шаба жөнелді.
Батыр, Ақтастағы қолға барсақ қайтеді? — деді кетіп бара жатқан əйелдердің
соңынан əлі қарап тұрған Наурызбайға Байтабын.
Наурызбай тез бұрылды.
Неге?
Алтайдың бір жас мергені келді. Екі жүз қадам жерден лақтырған тымақты садағымен
қағып түсіреді. Соны көрсетейін деп едім.
Жоқ, Байтабын, — деді Наурызбай, — мерген мен жүйрік ат, қыран бүркітті
тамашалап серуен құратын уақыт енді бізде жоқ. Бір жетіден кейін Қараөткелді алуға
аттанатынымызды өзің естідің. Қарамағымыздағы мыңды соған дайындауымыз қажет. Күні
ертеңнен бастап қамал алу тəсілін үйренуге кірісеміз.
Ұқтым.
Ал бүгін Миколай екеуің бар əскерді сасырлы ойпатқа көшіріңдер. Таң-
ертең қару-жарақтарымен дайын тұрсын.
Миколайдың өзі қайда?
əне келе жатыр.
Наурызбай мен Байтабын Николайға қарсы жүрді. Бірақ жетер-жетпестен бір қараша
үйдің есігінің алдында тұрған Алтыншашты көріп екеуі бірдей кілт тоқтай қалды. «Адам
баласының да мұндай əдемісі болады екендеді ішінен таңданған Байтабын. Ойламаған
жерден жүрегіне оқ тигендей аяғын баса алсайшы енді ол. Жуан қос бұрымы жерге
шұбатылған, аппақ бетінің ұшы сəл қызара үлбіреген, танадай көзі қарасудай қап-қара боп
тұна мөлдіреген Алтыншаш есік алдында сəл тұрды да бұлт астына қайта кірген күміс айдай
жоқ болып кетті. Ар жақтарынан Николай келіп жетті де үшеуі аттарына қарай аяңдады.
Байтабынның кенет өзгере қалған қалпын сезген Наурызбай езу тартып күл-
ді де:
Алтыншаш десе Алтыншаш екен əлгі келіншек! — деді Байтабынға қарап.
Байтабынның қабағы кенет салбырап кетті. Ол Алтыншашты басы бос қыз ғой деп
ойлап қалған еді.
Үш жігіт енді өзара сөйлесе ауылдың шетіне шыға берді.
... Бір жеті өтісімен алты жүз жасақ ерткен Бопай алдымен Аманқарағай приказын, содан
кейін Сырымбет тауындағы Уəлиханның бəйбішесі Айғанымның ауылын шапты. Кенесары
қолы Көкшетау жақты шауыпты деген хабар келесі күні-ақ бүкіл Сарыарқаға жамырай
тарады. Бұл хабармен бірге войсковой старшина Симонов басқарған Ақтау бекінісінен
шыққан екі жүз солдат Бопай алып келе жатқан малды алып қалмақ боп алдынан кетіпті
жəне Омбыдан Ақмола гарнизонына көмекке аттанған жүз солдат та Көкшетауға қарай
384
бұрылыпты деген хабар ұзын құлақтан дереу бар елге тарады. Кенесарының күткенінің өзі
де осы еді. Ақырғы екі-үш күннің ішінде ол суыт жүріп, əскерінің тең жартысын Қорғалжын
көлінің төменгі саласына əкеп қостатқан. Ал қалған жартысын Атбасар жақтан орағытып,
Есілді жағалата Қараөткелге иектете орналастырған. Күніне жүз жиырма-жүз отыз шақырым
жерді жай алатын қазақы жылқыға енді Ақмола бəлендей алыс емес-ті. Кенесары осы ат
тынықтырып жатқан жерінен тамыз айының алтысы күні сəскеде көтерілді де, ымырт үйіріле
Ақмоланың маңына шоғырланды. Қоңырқұлжа мен Қарапұшық ертеңіне таңертең
төсектерінен тұрғандарында кеше ғана тып-тыныш жатқан кең даланың, бүгін құжынаған қол
екенін көрді.
Кенесары Ақмола бекінісіне шабуылды осы тамыздың жетісі күні таңсəріден бастады.
Ең алдымен бекініс оңтүстіктен солтүстікке дейін иілген тағадай үш шақырымдай жерден
қоршалды. Бекіністің күншығыс жағы босжарты шақырымдай жерде Есіл өзені. Содан
кейін барып қолдың сегіз тұсында сегіз батыр тұрып алған. Оң жағында Кенесарының өзі,
одан кейін Ағыбай, Ағыбаймен үзеңгілес Бұқарбай. Қолдың шаңқай ортасында Басықара.
Басықарамен қатарлас Төлебай. Төлебаймен үзеңгілес Құдайменді. Құдаймендіден
солырақ Жанайдар. Сол қанатта Наурызбай. Таң құланиектеніп келе жатқанда бес мың
атты əскер «Абылайлап» бекініске лап берді. Бір ғажабы қалың қол үзеңгілесе ат қоймай,
дорбадан шашып жіберген бұршақ секілді, əр салт аттының аралары он-он бес құлаштай
тым-тырақай шауып келеді. Екінші ғажабы, шапқыншылардың алдыңғы қатары зеңбіректер
нысаналанған орға жақындамай, садақ оғы жетер жерден оқтарын ата сала кейін қарай
бұрылып шаба жөнеледі. Бекініске тіпті ұмтылмайды. Көкпар, сайысқа үйренген қазақ бірі
кейін шапса, бірі алға ұмтылып, оқты қардай боратты. Алдыңғы қатары орға жетпей кейін
шегінгенде, көк жиектен лықылдап көрінген артқы жағындағы бытырай шауып келе жатқан
қалың қол ұшы-қиыры жоқ құмырсқаның илеуі тəрізді. Мұның тағы бір кереметі,
қамалдағылар қол бастаған батырларды жекелеп нысанаға алайын десе, төгілген тарыдай
жер қайысқан жанның қайсысының басшы, қайсысының қосшы екенін ажырату қиын. Бəрі
бірдей киінген. Əр топ өз батырларын тек өздері ғана біледі. Қорған басында тұрған
Қоңырқұлжа мен Қарапұшыққа Ақмоланы қоршаған мынау қара нөпір қолбес мың емес
(солай деп Ожар күні бұрын хабар берген), бес жүз мың адамдай боп көрінді.
Япырмай, — деді таңданған Қоңырқұлжа, — мына Қасымның көкжалы үш жүздің бас
көтерер жігітін тегіс жиған ба?
Қарапұшық аға сұлтаннан да бетер сасуда еді. Оның ойынша Кенесары сарбаздары
лықылдап келіп алдыңғы қатары орға тірелгенде, артқы қатары оларды орға құлата-мұлата
өздері амалсыз топырлап тоқтауға тиісті еді. Сол сəтте төрт зеңбірек бірдей оқ жаудыруы
керек. Қарапұшық күні бұрын зеңбіректерді де əдейі осы ордың арғы қабағына көздетіп
қойған.
Ал Кенесары сарбаздары оның бұл ойынан шықпады. Орға келіп тірелмек түгіл, тіпті
оған жуымай, анандайдан садақтарынан жебе қарша боратқан қалыптары жалт береді. Бір
қызығы, сарбаздар оқты қанша атса да, бірлі-жарым солдатқа ғана тигені болмаса бəрі
бірде асып кетіп, бекіністің ішіне түсіп жатыр. Егер қолдарынан келері осы болса, мейлі,
оқтарын жаудыра берсін! əйтсе де Қарапұшық өте сасуда еді. Бұл оның көрмеген соғысы.
Ол қазақты зеңбіректің аузына байлап атып үйренген. Ал мына қу Кенесары оны істетер
емес. Зеңбіректі сонау тым-тырақай ерсілі-қарсылы шауып жатқан сарбаздарға
атқаныменен қаншасын қирата алады? əр салт аттының арасы он-он бес құлаш, көп болса
екі-үш адамды оққа ұшырады. Ал зеңбіректі оқтап, білтесіне от беріп атудың өзі қаншама
уақыт алар бір қияпат іс!
Қарапұшық Кенесарының сарбаздары осылай құр текке шауып жүрген жоқ-ау деген
ойдан да күдікті еді. Көп кешікпей бұл күдігі де анықталды. Кенет Қоңырқұлжаның:
Ойбай, үйлер жанып жатыр! — деген үрейлі даусы шықты. Осы сəтте Қарапұшықтың
дəл қасына кеп қорған ернеуіне бір садақ оғы шаншыла түсті. Қарапұшық қолын созып
суырып алды. Қауырсынына қара майлы білте шүберек байланған. Заматта білте
шүберектегі кіп-кішкентай қызыл шоқ пысылдай жана бастады. Қарапұшық енді түсінді!
Жүрегі бір сұмдықты текке сезбеген екен! Кенесары сарбаздары бағанадан бері садақты
босқа беземепті.
Олардың атқандары мынау оқ тəрізді, əдейі бекініс ішіндегі ағаш үйлерге өрт салуға
арналған оқ боп шықты. Қарапұшық бекініс ішіне қарап еді, əр жерден көкке лаулай
көтерілген өртті көрді. Халдерінің қиынға айнала бастағанын енді түсінді. Өрт молайса оқ-
385
дəрі, азық-түлік қоймасын да алады, онда бұлардың шаруасы біткені! «Зұлым Кенесары
қулығын асырды! Бірақ тұра тұр əлі, көресіңді көрсетермін!».
Қарапұшық бағанадан бері Кенесары сарбаздарына оқ жаудырып жатқан
солдаттарының қырыққа таяуын амалсыздан өрт сөндіруге жіберді. Қалғандарына
жолдастарын жоқтатпауды бұйырып, зеңбірекшілерге:
Зеңбіректеріңді ордың ернеуінен алып, анау қалың қолдың дəл ортасына меңзеңдер,
деп ақырды.
Бес минут өтпей зеңбірекшілердің:
Дайынбыз! — деген дауыстары естілді.
От! — деді ызаланған Қарапұшық қолын төмен сілтеп.
Аралары елу метрден қойылған төрт зеңбірек, бірден күндей күркіреп гүрс-гүрс етті.
Солай ма екен! — деді қуанып кеткен Қарапұшық.
Түс кезі болып қалған-ды. Ортадағы зеңбіректің оғы дəл тиген бір атты сарбаз ат-
матымен көкке ұшқанын Қарапұшық анық көрді. Екі-үш жігіт шет жақтан құлап түсті. Өз
тұсынан да екі жігіт ат-матымен омақата оққа ұшып қаза болды. Қарапұшық зеңбіректерді
тағы да аттырды. Бірақ бұ жолы оның оғы далаға кетті. Өзі де түсінбей қалды, бұ не ғажап!
Зеңбірек даусы шыққаннан кейін, сарбаздар қорқып кейін қашудың орнына, кенет бес қатар
боп бірінің соңынан бірі тізбектеліп, араларын тағы да он-он бес құлаштан салып, бекініске
лап қойды. Бұ жолы олар нағыз бір шыр көбелек айналған құйын тəрізді көпшілігі ордың
арғы қабағын қоршай шауып, қауырсын жебелерді тағы да қардай боратты. Жақын жерден
көзделген мерген оқтары қорған үстіндегілердің басын көтертер емес.
Ал Басықара, Төлебай басқарған əскердің бір тобы, зеңбіректерді солдаттар қайтадан
ордың қабағына меңзегенше, оңтүстік пен солтүстіктегі қақпа алдындағы жіңішке жолдардан
бері өтіп, қорғанның іргесін айнала шауып, бекіністің үстінде тұрған солдаттарға қыл арқан-
бұғау лақтырды. Қорғанның əр жерінен басын қылтың еткізіп көтерген бес-алты солдатты
лақтырған бұғау іліп те əкетті. Екі жақтан бірдей атылған мылтық, тартылған садақ, əлем-
тапырық бір қияпат. Дəл осы кезде айқай-шу, жан таласқан айқасты пайдаланып, бекіністің
солтүстік жақтағы шойын топсалы, шананың табан темірімен шандылған, шынжыр құлыпты
қарағай қақпаның сыртынан бір топ сарбаз шелектеп қара май жағып, түбіне қара маймен
ысталған қызыл тобылғыны үйіп, өрт қойып жатты. Бықси жан-
ған тобылғының үстіне бірнеше шелек қара май тағы құйылды. Жалын алғаш-
қы рет лап етіп көкке көтерілген кезінде, ор қабағына қайтадан меңзелген зеңбіректердің де
жер жарған гүрсілі естілді. Бұ жолы да жиырма шақты жауынгерді оққа алдыртып жарлық
бойынша Кенесары сарбаздары кейін шапты. Бірақ бұл кезде бекіністің іші қалың өртке
айналған еді. Қоңырқұлжа мен Қарапұшыққа енді бар əскерін екіге бөлуге тура келді. Өрт
сөндіруге жіберген жауынгерлерді қоспағанда, бекіністі қорғауға жарайтын не бары екі
жүздей ғана солдат қалды. Оның үстіне екі зеңбірекшіні Кенесары сарбаздары арқанмен
тартып əкетіп, бұлардың күші тіпті азая түсті. Қоңырқұлжа мен Қарапұшық халдарының
мүшкіл бола бастағанын сезіп не істерге білмей əбден сасып тұрған кездерінде солтүстік
қақпаның лапылдап жанып жатқанын көрді.
Бесіннен өте өртене бастаған қақпа ағашы екіндіге жетпей жанып болды. Енді темір
қоршаулар саудырап жерге түсіп, қорғанның солтүстік жағының жиырма құлаштай жері
үңірейе қалды. Қауіп қай жақта екенін көздері көрген Қоңырқұлжа мен Қарапұшық осы
қақпаның қарсысына дереу құм салған қаптардан кедергі істетіп, отыз карабін мылтықты
солдатты сол қаптардың тасасына отырғыздырды.
Бағанадан бері құр садақ тартып, мылтық атып, алыстан тиіп-қашып жүрген Кенесары
сарбаздары да, енді қамалға кірудің мүмкіншілігі барын көрді. Бəрі бірдей лап қоюға
қақпаның алдындағы жол жіңішке, жау бар зеңбіректерін, қаруын осы араға меңзер болса,
топырлап шапқан жұрт босқа қырылады. Осыны ойлаған Кенесары, ұрыстың түйіні
шешілетін жерге өзі келіп:
Қайсың барсың жүз адамменен бекініске кіретін? — деп айқай салды.
Атын ойнатып Басықара батыр шыға келді.
Жолың болсын! — деді Кенесары. Өзге батырларға да: жау көңілін бұру үшін, сендер
де бекіністің жан-жағынан оқ жаудырыңдар деп бұйырды.
Басықара батыр Кенесарының ризалығын алысымен өзінің мың əскерінен таңдап жүз
сарбазды бөліп алып, жау қамалына қарай лап қойды. Өзі ат жалын құшып, ер үстіне еңкейе
жатып алды. Астындағы кер төбелі қалың шөпті бауырлай ұшқан құс тəрізді. Соңынан
386
құйындата шұбырған жүз сарбазы. Басықараны мұндай шапшаң қимылдайды деп
солдаттар да ойламаған болуы керек, мылтықтарын оқтап кезенгенше, Басықара
сарбаздарын соңынан шұбырта, бекіністің ішіне кіріп те үлгірді. Қақпаның дəл қарсы
алдындағы үйілген қапшықтан кер төбелін секірте өтіп, қарама-қарсы келіп қалған бір-екі
солдатты кеспелтек сойылмен доптай қағып қайта оралғанында, ұзын бойлы қара бұжыр
солдат орнынан ұшып тұрды да, мылтығын шапшаң кезеп Басықараны дəл көкірек тұсынан
дəлдеп атты. Аңғал батыр сауытсыз еді, «қош бол елім» деп ат үстінен сүйретіле біраз жер
барды да, сылқ етіп құлап түсті.
Қол бастаған батырларының оққа ұшқанын көрген жүз жігіт кейін қарай шаба жөнелді.
Қашқан жауға қатын да ер, соңдарынан атылған оқ бұлардың да он шақтысын алып
қалды.
Шегінген тобырдың соңынан иесіз ойнақтап шыққан Басықараның кер төбелін көргенде
Кенесары шыдай алмай:
Тастамаңдар Басықара батырды жау қолына! — деп тұлғасы бөлек көк буырыл
бестісін ойната əмір беріп, ешкім шықпаса өзім шабайын деп ыңғай-
ланғанша, қамыс құлақ, бөкен сан, бүкіл Арқаға əйгілі «ортеке» аталған сəйгүлігімен
Төлебай батыр, жұрттан сытылып шығып жеке сала берді. Бұл кезде Кенесарының қасында
өзге батырлардың ешқайсысы да жоқ еді. Наурызбай да, Ағыбай да, Бұқарбай да бөтен
шепте болатын. Екі жүз қадамдай жерде жеке кетіп бара жатқан Төлебайды көргенде
Кенесарының өзі де шыдай алмады. Көкбурылдың үстіне тік түрегеліп тұра қалып
«Абылайлап» қамалға қарай құйындата жөнелді. Көкбурылдың үстінде ажалдан қорықпай
түрегеліп шауып бара жатқан Кенесарыны көргенде өзгелері де орындарында тұра алмады.
«Абылай!», «Ағыбай!», «Атығай!», «Қабанбай» деп ұрандап бекініске лап қойды. Айқай-
шудан жер сілкінеді. Күн батып қара көлеңкеленіп бара жатқан кез еді. Таң сəріден нəр
татпай күні бойы Кенесары сарбаздарымен екі жақтан алысқан ер жүрек солдаттар да, енді
шыдай алмады, біртіндеп шегініп үй-үйді тасалап атысуға мəжбүр болды. Əйтсе де белдесіп
келгенде қаптаған сойыл, сыңсыған найза қоя ма, түн ортасы аумай Ақмола бекінісінің
əскері жеңілді. Тек қара түнді пайдаланып азғантай əскерімен Қоңырқұлжа Қарапұшық
бекінісінің Есіл жақтағы қақпасынан қашып шықты.
Жеңіске мастанған қатігез жауынгерлер қорғансыз қалың қойға тиіп қанға құныққан аш
қасқырлардай, жұрттың жазықты-жазықсызына қарамай, түні бойы ойран салды.
Таланбаған мүлік, былғанбаған абырой қалмады. Қандай ұрыс болса да ең алдымен
бүліншілікке ұшырайтын халық. Бұ жолы да солай болды. Жыламаған бала, боздамаған ана
жоқ. Бұл қырғын тек таң ата ғана толас-
тады.
Сөйтіп Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісінің үйлерін тегіс өртеп, қорғанын құлатып,
жермен-жексен етіп, орларын топырақпен бітеп, кешегі Шығыс Сібірдің отаршылық қамалы
тұрған жерді тып-типыл етіп, ертеңіне қайтадан Ұлытауға қарай шегінді.
Осы жолы Ақмола бекінісін алуда еткен қаһармандық қайраты үшін Кенесары
Төлебайды Жеке батыр атады. Көп кешікпей Ағыбай, Наурызбай, Бұқарбай, Жеке батыр
бастаған Кенесары сарбаздары Ақтау, Ортау бекіністерін алды.
Зеңбірек пен карабинді, аға сұлтан мен старшинды жеңуге болатынын көрген, əзірге
үндемей келген кейбір рулар енді Кенесары ордасына қарай ағыла түсті. Кенесарының
абыройы да, қадірі де артты. Бірақ жан аямас қаталдығы көп елді өзінен үркітті. Алайда
соңынан ерген батырлары оны ұлт қаһарманына айналдыруға тырысты. Ал Кенесары өзі
болса «Аяз, əліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» дегендей, əлі де ақ патшамен шын белдесіп
күресуге күшінің жеткіліксіз екенін жақсы түсінді. Енді ол бұлаң құйрық түлкі қулыққа салып
патша солдаттарымен жата-жастана ұрысып, қазақтың ереуілге қосылмай жат-
қан басқа руларын өзіне тартуға кірісті.
ІІІ
Ақмола бекінісінен айырылған түні Қоңырқұлжа Қарқаралы өкірігімен шектес Есілдің
Ертіске қарай бұрылар түбегіндегі Зейнеп ауылына беттеген. Кенесарының көтерілісі дами
бастағаннан-ақ оған дəт беріп отырған жер-суынан айырылған қалың елдің қаһарынан
сескеніп шын көңілмен қосылған Азнабай балаларынан басқа да Едігенің Шоңы, Күшіктің
Шорманы, Шорманның Мұсасы, Сандыбайдың Ердені, Дүзені, Сайдалының Аққошқары
387
секілді Арқаның мыңды айдаған бірнеше шынжыр балақ, шұбар төс байлары Кенесарыға
«Біз сендер жағындамыз» деп жалған ниет білдірген. Тіпті сол патша отаршылығына мойын
ұсынып, шен алып, шекпен киген сұлтан тұқымдарының кейбіреулері Кенесарыға қосылып
кеткендей болды. Уəлиханның екінші баласы əбілмамбет (Мəмке) Кенесарыға еріп, жорықта
қаза тапты. Тұрсынханның Сарманы «Қара қазақтан шыққан Көшеннің Тұрлыбегін аға
сұлтан қойдың» деп ақ патшаға қарсы көтеріліп, Қасым балаларына келіп қосылған.
Абылайдың туған ағасы Жолбарыстың баласы Қошай, Уəлиханның туған інісі Шыңғыстың
баласы Сартай секілді Абылай тұқымынан шыққан бірнеше сұлтандар Кенесары жағына
бірден ауған... Осындай аласапыран кезде, артында сөзін тыңдар елі бар, Ар-
ғынның биі Шегеннің Мұсасы, Қыпшақтың биі Жаңбыршының Балғожасы секілді табанды
бай, би, сұлтандар болмаса, «Кенесары малымды айдап алады» деп қорыққандары,
уақытша болса да ереуілшілерді жақтағандай көрінген, Арқадан Ақмола аға сұлтаны
Қоңырқұлжаға сүйеніш болар тек Қарқаралы аға сұлтаны Жамантай, Аманқарағай аға
сұлтаны Уəлиханның Айғанымнан туған баласы Шыңғыс, Баянауыл аға сұлтаны
Абылайдың Маманы орнынан алынғаннан кейін, қарадан шығып осы Баянауылға аға
сұлтан болған Тұрсынбайдың Боштайы, Көкшетаудың аға сұлтаны Атығайдың Аңғал
руынан шыққан мыңды айдаған Қаратоқаның сотқар Зілқарасы мен Құсмұрын тұсындағы
Ашамайлы Керейдің баукеспе ұрылар ұстаған, бықыған бай Есеней.
Бұлардың ішінен əсіресе арқа сүйері, жері жақын жəне Қоңырқұлжаның қайын-жұрты
Тəукенің Құсбегі мен Жамантайы. Бұлардың түбіАрқаға сіңіп кеткен Орақ ханның баласы
Бөкей сұлтанның немере-шөберелері. Құсбек пен Жамантай жайылымға, билейтін елге, аға
сұлтандыққа таласып өзара күнде қырылысып жатқанмен азуы алты қарыс Қоңырқұлжаны
күйеу санап екеуі бірдей жақын тұтады. Жас тоқал Зейнеп Тəукенің ең кенже қызы. Ақмола
өкірігіне Қоңырқұлжаның қандай беделі жүрсе, Қарқаралы өкірігіне Тəуке балалары
Жамантай мен Құсбектің де сондай беделі бар. Сондықтан да Қоңырқұлжа Зейнеп пен
баласы Шыңғыстың арасындағы оқиға жанына қанша батса да төрелердің ескі дəстүріне
салып, жас тоқалын төркініне көшіре алмаған. Өз басына қауіп төнген осынау аласапыран
кезде Тəуке балаларымен шатысуды қажет деп таппаған. Қасым төре көкжалдарын жеңіп
алсам, со да менің тақияма тар келмес деп өзіне-өзі жұбату айтқан. Оның үстіне төре
тұқымы бір əке-шешеден туып, бір емшектен сүт ембесе, бірінің қызын, қарындасын бірі
алып, күйеуі өлсе оның əкесіне немесе ағасына тиіп шатысады да жатады. Қара қазақтай
əйел мəселесінде «ұят», «обал», «ата жолы» деп ар-намысты сылтаулап төрт тағандап
жатып алмайды, қашан да болса бос белбеу, көйлек етегі жеңіл, сыпырма, босаң келеді.
Сондықтан да қалың қазақ арасына Бұқар жырау айтқан:
Қатын алма төреден,
Қатын алсаң төреден:
Еркегі болар жау жанды,
Ұрғашысыер жанды, —
деп басталатын өлең кең тараған. Төре тұқымынан шыққан сұлу əйелдің «ер жанды»,
«еркек құмар» салтына еті үйреніп кеткен сұлтандар, егер ел билеу, мансап сақтау
тілектеріне шипасы тиер болса, қатын, қыздарының үй арасындағы бозбалашылығына мəн
бермейтін, көргенін көрмегендей боп, жауырды жаба тоқып жүре беретін.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», Қоңырқұлжа да тұқымының ауызданған
салтынан аса алмаған. «Мың жылқы суарылғанда лайланбайтын көз бір тентек баланың ыш
еткенінен бүліне қоймас», — деп, еркек жанды тоқалдың қылығын баласы Шыңғыс қаза
тапқаннан кейін, тіпті ұмытуға айналған. «Кенесарының ойы Ақмола бекінісін шабу секілді»,
деген Ожардың алғашқы хабары жеткен күні-ақ Қоңырқұлжа тоқалының аулын төркін
жұртының жерімен шектес Есіл өзенінің төменгі жағына көшірген. Өйткені Кенесары жалғыз
Қоңырқұлжаға ғана емес, Жамантайға да өшігулі, тек Қарқаралы шалғай болып, əзірге
сондықтан ойран сала алмай жүр, ал реті келсе жақын жердегі Тəукенің кіші қызының аулын
ең алдымен шабары анық. Осы жағдайды ойлаған аға сұлтан Зейнепті өзінің еншісіне тиетін
үш мың жылқымен төменгі түбекке көшіріп тастаған. Бұл жер Құдайменді балаларының
анда-санда көшетін тың жайылымы болатын.
əлі ыстығы толарси қоймаған Желтоқсанның аяқ кезі еді. Қызғалдақ, сарғалдақ, бақбақ,
лала, жаушымылдықтар гүлденіп бітіп, бетеге, көкпек сарғылт тартып, ит мұрын, жуа,
қарабауыр, жалбыз, қара қарақат, қызыл қарақаттар қата бастаған. Арқа жерінде сирек
388
кездесетін түйе тікеннің жапырақтары түсіп, сабы серейіп, басы домалана ербиіп, шытыр,
қарабауыр, шырғанақ тарамыстана түскен. Есіл өзенінің жағасында ойдым-ойдым боп
бітетін тал, шетен, сары-
ағаш, қайың, аршалардың жазғытұрымғы жасыл жапырақтары сарғылттанып, ал
кейбіреулері үнемі соққан желдің екпініне шыдай алмай сидия қалған. Соңғы екі жылдың
ішінде Құдайменді балалары Ақмола бекінісінен ұзап көшуден қорқып, бұл араға
қонбағандықтан күзгі шөп əлі тың. Оның үстіне Есіл өзені жазғытұрым тасығанда кіші-гірім
көл болып қалатын қамысты қарасулардың беті мен жағасы құсқа толы. Бұл арада
кішкентай көкторғай, бөдене, көксерке, жағалтай кекілік, балтатұмсық, шілден бастап,
үлкендігі анау-мынау қозы-лақтан кем емес, қарақаз, бірқазан, дуадақ, қарабай, қырғауыл
мол болатын. Қазақ даласының өзге жерінде сирек кездесетін жайра, тағанақ, сақалта,
алақұмай, көк қарға, қодас қоңылтырды да іздеген адам табатын. Көлдерінде қаз-үйрек,
аққу, қарақу тыным алмай сыңсып əн салатын.
Қазақ даласында жайшылықта мол кездесетін қоян, қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, суыр,
ақтиін, күзендерден басқа, бұл арада ақкіс, қарағанның қара түлкісі, қырдың қызыл түлкісі,
көл, өзендерінің жағасында сусар, құндыз, бұлғын да ұшырайды. Кейде əлдеқалай жем
іздеп келген сілеусін мен шиебөрі де кездеседі...
Осы араға Зейнептің аулы келіп қонған. Қоңырқұлжа ұры-қарыдан тоқалының мал-
мүлкін қорғау үшін, сойыл сүйреткен елу жігіт күзетші берген. Қарындасының көші
Қарқаралы шетіне келіп тоқтағанын естіген Жамантай «Кенесарының сарбаздары аш
қасқырдай жортқан мезгіл ғой, ел шетіне келіп қонған қарындасымды шауып кетсе,
Құдайменді тұқымының бетіне қарай алмаспын», — деп Зейнептің аулын күзетуге тағы да
жүз жігіт жіберген. Жамантайдың сескенетін де қисыны бар. Осының алдында ғана
Кенесарының көк бөрілері Есеней аулын шауып кетті деп естіген.
Осындай бір жағы қорған, бір жағы аңдушы жүз елу жігіті бар жас тоқал ойын-сауығын
құрып, көк Есілдің жағасында қаннен-қаперсіз жата берген. Оған жан-жағындағы екі елдің
қыз-бозбалалары да жиі қатынасуда еді. Зейнепке «Пəленшенің болыс баласы сені бір
көруге құмар екен», «Түгеншенің Бұқарға керуен айдатып жүрген мырзасы, бір түндік
ұйқыңды қиюың үшін төрт тай шəйі, бес бас қант жіберіпті», — деп бой жете бастағаннан-ақ
сөздерін жеңіл өткізіп үйренген жеңгелері де келіп-кетіп жатқан-ды. Бəрі де жас құлынның
етін жеп, сары қымыз бен қою шайын ішіп «Еркежан-ау, бөксең əбден толып, өзің
Төлегеннің қырық күн шапса болдырмайтын көк жорғасындай жалпақ жаурын болыпсың
ғой», — деп қалжыңдап, не болмаса «төрт түлігің түгел, тек енді аға сұлтан байыңа бір ұл
тауып беріп, оның дізгінін мүлде қолыңа ал», — деп ақыл айтып көңілін көтеретін.
Бұрынғыдай «Еркем-ау, бəленшенің аузының суы құрып жүр, бір түнге көңіл бөлсең
нетеді не болмаса: «Жас кезде қызық көргенге не жетеді, ағаңның көзіне шөп салмай,
етегіне намаз оқып жүр дейсің бе бізді. Сен де құр қалма», — деген секілді Зейнептің
жанына майдай жағар сөзді бірде-бірі айтпаған. Ал ауыл ішіндегі көз тоқтайтын төлеңгіт, не
болмаса өзін қорғауға берген сарбаздардың бірде-бірі не күндіз, не түнде Зейнептің ақ
отауының есігін ашпайды. Ал есігін ашар болса, іштерінде нелер боздақ, нелер саңдақ бар.
Оны Зейнеп сырттай аңғарып қалған. Кім біледі, ол жайсаңдардың ішінде де «шіркін-ай,
оңашада қолыма бір түсер ме еді!» — деп Зейнепке сыртынан құмартып өліп жүргендер де
аз емес шығар, бірақ Қоңырқұлжаның кəрінен қорқады. Жамантай да, Қоңырқұлжа да
жігіттеріне «ауыл ішіне кіруші болмаңдар, қостарыңды далаға тігіп, тыныштықтарын сырттан
барлаңдар» деген.
Бұл шартты бұзғысы келген, Зейнепке қызыққан кейбір өжет жігіттер, Қоңырқұлжаның
сақ құлақ тыңшыларынан сескенетін. Түн жасырғанды тыңшы көреді, жас тоқалдың ебін
табамын деп жүріп, кеудесіне қанжар қадауға кім құмар...
Ал күнде сан мезгіл жас қуырдақ пен балбыраған уыз етке тойынып, балқаймақ пен
сары қымызға ғана сусынын қандыратын Зейнеп, күйеуге шыққалы еркексіз үш күн жатып
көрмеген жас денесінің күйіп-жандырған қызуын баса алмай, құшырлай қысқан жүнді кеуде,
бура сан жігіттерді аңсап, өліп-өшіп барады... Оған мауқын басар еркек құшағы болмаса,
мынау үлде мен бүлдеге бөленген ақ қозы жүнінен бастырған алты қанат ақ отау, көл
жағалай жусаған үйір-үйір көк ала көп жылқы, құрметтеп бас иген қыз-келіншек,
төлеңгіттердің бірде-бірі қызық емес. Барлық ойы, тілегі, мейлі соқыр болсын, ақсақ болсын
тек құмарлық айызын қандырар еркекте ғана... Мауыққан мысықтай көзі тұманданып, ал
қызыл бүрте ерні кеуірсініп кеткен.
389
Ақмолада болып жатқан уақиғадан Зейнеп бейхабар. Шабарман ертең келмек. Əрине,
ол байы Қоңырқұлжаға тез жетсін деп əмір жібереді. Кəрі тарланның кей қимылы, жас
тұлпарға бергісіз. Сондықтан да Зейнеп оны аңсай түскендей. Бірақ Қоңырқұлжа келгенше
де шуда жіптей созылған ұзақ екі-үш күн бар алдында... Зейнеп ызадан құшақтап жатқан ақ
мамық жастығын түйгіштеп-түйгіштеп жіберді. Сəске болып қалған кез еді. Енді ол орнынан
тұрмақ боп аяқ жағындағы кебісін киіп көтеріле бергенде, кенет үй сыртынан ат дүбірі
естілді. Жүрістері өктем емес, баяу. Жай ауыл адамдары секілді. «Бұл кім болды екендеп
Зейнеп сəл ойланды да, əдеті бойынша есігінің сыртында отыратын күңді шақырды. Есікті
ақырын ашып үйге кексе қара бұжыр əйел кірді.
Төре қызы, — деді күң, — жиеніңіз келіп түсіп жатыр.
Қай жиенім?
Масан би ауылындағы.
Қойшы?!
Зейнеп орнынан атып тұрды. Масан Қарқаралыға аты шыққан би, Қаракесек қаз
дауысты Қазыбектің ұрпағы, Жамантайдың ақылшысы. Масанның аталас ағайыны, арғы
бабалары «жалғыз көз» Орақ, Қияқ, Тұяқ батырлардың жауынгері болған, Атығай Құсбектің
немере қарындасы Гүлбаршынды алған-ды. Осы келіп тұрған сол Атығайдың баласы
Есіркеген еді. Баянауылда орыс мектебінде оқып жүрген он алты-он жеті жасар бала жігіт.
Зейнептен төрт жас кіші.
Зейнептің Есіркеген атын естігенде төсектен атып тұрмасқа амалы жоқ. Зейнеп он беске
шығып, Қоңырқұлжа биыл ұрын келеді екен деп жүргенде Құсбек ауылына барған-ды. Сол
жылы Есіркеген де нағашысының ауылына келген. Үріп ауызға салғандай аппақ жүзді, үлкен
қой көзді он бір жасар баланы нағашы апалары қызық көріп, бірінен соң бірі үйлеріне
шақырып қондыратын. Ол кезде əлі əжетке жарамаған еркек баланы бой жеткен, немесе
бой жете бастаған қыз балалардың бір төсекте жанына алып жатуы ерсі емес. Тіпті əке-
шешелері бой жеткен қыздарына қорған болсын деп ондай баланы əдейі жатқызады.
Есіркегенге Құсбек нағашысының үйіне қонған күні оң жақтағы кең болыскей керуетте екі
апасының ортасына ұйықтауға тура келді. Бір апасы осы бой жетіп қалған Зейнеп. Екіншісі
Атбасар дуанының бір сұлтанына ұзатылған, енді төркіндеп келіп жатқан Құсбектің үлкен
қызы Қадиша деген сұлу келіншек. Қысты күні еді. Үйде сол күні қасқыр қуып, аттары
болдырып қонып қалған бір-екі бекзадалар да бар болатын. Құсбек төренің өзі үйде жоқ.
Бозбалашылықты басынан талай өткізген сарықарын бəйбішесі, үйінде жатқан
қонақтарынан қауіптенді ме, əйтеуір екі қызының ортасына жиен баласын жатқыз-
ған. Қыз ояту ол күнде дағдылы əдет. Шам сөнген соң біраздан кейін қара сақалды қонақтың
ертегісін тыңдап жатып Есіркеген ұйықтап кеткен. Қанша ұйықтағаны белгісіз Ўлден уақытта
оң жағындағы Зейнептің Есіркегенді «сен былай жат» деп құшақтай іргесіне салғанында
ғана оянып кетті. Болыскей керует ақырын қозғалып, түйіршік-шиыршықтарының күміс
қоңыраудай əлсін-əлсін шылдырлағандарына қарағанда төсектеріне үшеуінен бөтен тағы
біреу келген секілді. Мұның нендей мəні барын білетін бала кенет ызасы келіп,
қызғаншақтығы ұстап «бұл кім-ейдеп айқай салып жібермекші де болды. Өйткені бағана
төсекке жатқызар алдында үлкен нағашы апасы ойыны-шыны аралас «байқап ұйықта,
апаларыңды біреу-міреу ұрлап əкетіп бара жатса, айқай сал», — деп күлген. Бұнысы
«байқа, күзетшің бар», — деп қыздарын қорқытқаны еді. Осы сөз есіне түскен Есіркеген
бірден айқайлауды ерсі көріп «бұл кім-айдеп қолын созғанда, алақаны ертекші қонақтың
қара сақалына барып тиген. Баланың бір сойқан шығарарын сезіп қалған Зейнеп дереу
Есіркегенге бұрылып, тентек жиенін бауырына қысып, бетінен сүйе бастаған. Дəл қасында
жатқан келіншек апасының қуанышы қызықтырды ма, əлде ұзақ созылған кереует дірілі,
қауызын ашуға жаңа жеткен гүл жайнаған жас денесінің сезімін оятты ма, Зейнеп «біз де
сөйтейік» деп Есіркегенді бұрынғысынан да құшырлана бауырына қыса түскен. Нағашы
апасының сөзін жыққысы келмеді ме, əлде оның ыстық лебі өн бойын қытықтап, бұрын
білмеген бір ғажайып дүниеге бөледі ме, Есіркеген əйтеуір Зейнептің қолын қақпаған,
дегеніне көне берген.
Ертеңіне Есіркеген апаларынан ұялып үйден таң атпай зытып отырған. Тіпті аулына
кеткенше бұл үйге енді қайтып басын да сұқпаған. Содан бері нағашы апасы Зейнепті
көргелі келгені осы. Арада алты жыл уақыт өтіпті. Алты жыл жас баланың ер жетіп, ал ер
жеткен қыздың дүниенің нелер ыстық-суығын басынан өткізіп үлгіретін уақыты. Зейнеп тез
киініп, шымылдықты түрді. Сөйткенше болған жоқ, қамшысын бүктей ұстап Есіркеген
390
«Ассалаумағалейкүм» деп үйге кіріп келді. Бұл баяғы ешкінің асығындай кішкентай
Есіркеген емес. Булығып өскен денесі сұп-сұңғақ. Бозғылт беті сəл сопақтанып, ет жеңділеу
мұрны шеміршектеніп, қырланып, жоғарғы ернінің үстінде азырақ ұлпа жүнді мұрт та көріне
бастапты. Қалада оқып жүрсе де ауыл жігіттерінше киінген. Басындасырты көгілдір пайы,
қара көк елтірі бөрік, үстіндежағасы көгілдір барқытпен көмкерілген, ақ ботаның түбітінен
өрмектеп тоқылған қысқа етекті шапан, шалбары да осындай ақ бота түбітінің өрмегінен.
Кең балағына екі елідей, бөркінің тысы мен шапанының жағасы тəрізді, көгілдір барқыт
ұстаған. Белінде патсайыдан ызған шашақты белбеу, қисық жаға қара атлас көйлегінің
азғантай ғана өңірі көрінеді. Аяғында шоңқайма қара былғары етік. Есіркегеннің он жетіге
жаңа шықса да кəдімгідей қыз қызығар жігіт болып қалғанын Зейнептің ойнақы көзі бір
көргеннен-ақ таныды. Ол құшағын жайып қарсы жүрді. Жиенін бауырына қысып екі бетінен
кезек-кезек сүйді. Нағашы апасының ыстық ерні, апалық ылтипаттан гөрі ыстығырақ
тигенінен қысылып Есіркегеннің екі беті дуылдай жанып қызарып кетті. Əлде бұдан алты
жыл бұрын өткен оқиға есіне түсті ме, ол əйтеуір Зейнептің құшағынан қымсына қимылдап
тез босанды.
Ауыл-аймағың, əке-шешең аман ба? — деді Зейнеп жайраңдай, — өзің де үлкен жігіт
болып қалыпсың! — Сірə мұның да есіне баяғы түн түскен болу керек, ол сылқ-сылқ күлді,
оқуда деп еді, қала қыздары өздерінің өнегелеріне үйреткен шығар?
Нағашы апасының салған жерден əзілдесе сөйлегені Есіркегенге ұнаған жоқ. Сөйтсе де
жылы жауап қайырды.
Оқуда екенім рас, бірақ қыздардан емес, мұғалималардан өнеге алып жүрмін.
Қойшы? Олардың өнегесі біздердікінен өзгеше болады ма екен?
Қой сойылып, самауырын қойылды. Қыстан шыққан сүр қазы салынған, таң асқан уыз
қымыз ішілді. Ет пісер кезде ауылдың бір-екі ақсақалдары шақырылды. Ет жеп, қымыз ішіп,
аз уақыт əңгіме құрып олар да кетті.
Оңаша қалған жиенінен қаланың жайын сұрап нағашы апасы өліп барады. «Қатынды
қаладан аласың ба, даладан аласың ба?» — деп қояды сөз арасында. «Қала қыздары
біздей емес бапты келетін шығар, көрдің бе өздерін», — деп сылқ-сылқ күледі. Есіркеген
ұялғанынан жалтара жауап береді. Он жетіге келіп қалды деген аты болмаса, ол əлі де
қауызын жарып шашылмаған гүл тəрізді, қалжыңдаған боп көңіліне шоқ сала сөйлеген
нағашы апасына кейде ренжіп қалғандай өкпелей қарап, əзіліне көз жасындай таза мөлдір
бұлақ сезіммен жауап береді. Ал Зейнеп болса... бала жігіт ыңғайына көнбеген сайын,
бұрынғысынан да өршелене түседі. Төр алдында шəйі көрпе үстінде мамық жастықты
шынтақтай сұлаған оқыған жиеніне əлденені дəметкендей əлсін-əлсін телміре қарап, оны
отты көздерімен ішіп-жеп барады. Ірге жақта көлбей, ақ жастықты бауырына қысып
етпетінен жатқан күйі, кейде екі аяғын кезек-кезек көтеріп қояды. Аяғын көтерген сайын
тығыршық аппақ балтыры əлсін-əлсін жарқ етіп көрінеді. Əлденені сылтау етіп, ақ
саусақтарымен басына басы таяй түскен жиенінің біресе бетінен сипап, біресе ойнағансып
тамағынан қытықтайды.
Нағашы апасы мен жиенінің оңаша шүйіркелескенін қазақ қашан ерсі көрген, ешкім бұл
екеуінің күні бойы ақ отаудан шықпай əңгімелескеніне көңіл бөле қойған жоқ. «Бейшаралар
бауырлас емес пе, бірін-бірі сағынып қалған ғой», — деді де қойды. Ал ақ үйдің ішінде
əңгіме тіпті бөтен түрде. Еріккен жас келіншек, оқыған жас бала жігіт. Бірі арсыз нəпсі
қызығын ойласа, екіншісі бөтен ойдан мүлде аулақ. Зейнеп пен Есіркегеннің арасы ересек
қаншық иттің жас күшікпен ойнағанындай. Ойлары мен тілектері шалғай жиені мен нағашы
апасы ананы-мынаны əңгіме етіп, ит тартыста отырғандарында екінді əлеті де болып қалды.
Есіркеген атасы Масан бидің «Нағашы апаңа сəлем беріп қайт»деген ақылымен келген еді,
енді еліне жүрмек болды. Бірақ Зейнеп жібермеді. «Сағынып-сарғайып, күтіп жатқан
қатының жоқ, бір күн қонып кет», — деп өлердегі сөзін айтып жалынды. Есіркеген сыртқа
шығып, ағайын-туыстарының үйлеріндегі өзге серіктерімен ақылдасып еді жас шіркіндер
көңілдерін жықпас құрбы-құрдас тауып алған ба, тегіс осы ауылда бір түнеп кетуді
мақұлдады. Амал жоқ, бала жігіт те қонуға көнді. Зейнеп Есіркегеннің өзге серіктері мен бір-
екі ауыл кісіні үйіне шақырып кешкі қонақ асын берді. Олар біраз уақыт əңгіме-дүкен
құрысып, түн ортасы ауа тарқасты. Енді төсек салатын мезгіл де жетті. Нағашы апасы
жиенінің үстіне қызыл жібек түбіт көрпе жауып, астына ақ мамық жұмсақ бөстек жайып,
төрге жатқызды. Сегізінші шамды күндегісінен кеш сөндіріп, Зейнеп шымылдығының ішіне
кіріп шешіне бастады. Жалғанда нəпсісі қозған жас əйелге, қара тастай мызғымас еркекпен
391
бір үйде оңаша жатқаннан артық азап бар ма екен, Зейнепке де бұдан артық азап болмады.
«Ат соғып тастаған екен» деп ойласын деп басы жастыққа тиісімен жорта қорылдауға
айналған бала жігітке не дерін білмей, іші алай-түлей жанып барады. Неше бүгін қара бет
болса да «жаныма келіп жат» деп үйіне келген жиеніне қалай айтсын, қойнына өзі кіріп
баруға тағы да дəті шыдамады. Ал дəл қасындағы жігіт оған қолға түспес жұмақ ішіндегі
рахаттай, жүрегін удай өртеп маза берер емес. Үстіндегі көрпесін аяқ жағына сырып тастап,
ақ мамық төсегінде əрі аунады, бері аунады. Түн де бүгін əлдеқалай тымырсық ыстық бола
қалар ма, іштегі жалын мен сырттағы ыстық леп бірге қосылып жас əйелдің еркек құмар
денесін оттай өртеп қоярға жер таптырмады. «Бұл күшік еркек кіндікті емес педеп біресе
жиеніне ашуланады, бір ретте «жаныңда жатқан қуанышты көрмейді екенсің, несіне
еркекпін деп жүрсің», — деп оны үйінен де қуып шыққысы келді. Көз қиығын аударған жігіті
көңілдегі мүддесін орындап əбден дағдыланған жас қатын, Есіркегеннің мұны тіпті əйелге
санап былқ етпегеніне біресе намыстанды, біресе алдында тізесін бүгіп жалынбақшы
болды. Бірақ əйелдің мұндай жағдайына көңіл қояр жігіт жоқ, ол енді пысылдап шын
ұйықтауға кірісті.
Шешім ойда жоқтан өзі келді. «Бəлем тұра тұр, еркек болсаң мықтылығыңды көрейін
деді ішінен Зейнеп. Ол шапанын жамыла салып тысқа шықты. Теріс қарап, ұйықтап бара
жатқан Есіркеген «бұл не істеп жүр» деп аунап түсіп, көзін ашты да қайтадан ұйықтамақ
болды. Сол екі ортада ересек баланы шомылдыратын үлкен жез легенді көтерген күңді
ертіп Зейнеп үйге қайта кірді. Күң легенді үйдің ошақ тұратын орта тұсына қойды да, сыртқа
шығып, жез құман мен бір шелек су алып келді. «Не істер екен бұл?» — деп жігіт енді
таңдана бастады. Ұйықтаған боп көзінің астымен қарап жатыр. Зейнеп кенет иығындағы
қара мақпал шапанын жерге лақтырып тастады. Тырдай жалаңаш екен. Семізіне
жаратылған байталдай жұп-жұмыр аппақ денесі, шаңырақтан түсіп тұрған ай сəулесімен
шағылысып, жарқ ете қалды. Қою қара шашын толқындата жайып, бір тізерлей легеннің
ішіне барып отырды. Күңі жез құманмен үстінен су құя бастады. «Бəлем қалай екен? Енді де
қызықпайсың ба», — дегендей Зейнеп, көлге шомылған аққу қаздай, қолтығын, екі санының
арасын, мықынын, жұпар сабынның иісін бұрқырата баптай жуына бастады. Əдейі көр
дегендей баланың басындай толық, тып-тығыршық сүйір ұшты қос анарын біресе оңға,
біресе солға қарай сипай итеріп, немесе қолымен жоғары көтеріп-көтеріп қояды. јолаң
шашын біресе алдына, біресе артына түсіреді. «Бəрібір сен көрмейсің, ұйықтап жатырсың
ғой», — дегендей ернінде кекесін күлкі пайда болып, біресе теріс қарап жотасы мен бөксесін
қимылдата ойнатып, біресе бері қарап, аппақ қара санын балтырына дейін ақ көбікпен
сылап, қымсынар емес. Жалғанда əлі бала таппаған əйелдің жалаңаш денесінен сұлу не
бар, Есіркегенге де солай көрінді. Зейнептің аппақ денесі бір ғажайып сурет тəрізді,
балтыры да кеудесі де жұп-жұмыр.
Енді Есіркегеннің көзінен ұйқы біржола қашып, тамағына бір жылы, тəтті толқын келіп
тірелгендей болды. Жас əйелдің бағанағы азабы енді бала жігітке ауғандай. Ол өзінің қалай
ыңырсығанын білмей қалды. Оғының көздеген нысанасына дəл тигенін сезген Зейнеп,
дереу легеннен шығып, күңіне бəрін алып кет деп ишарат етті. Күң легенді көтеріп, заматта
далаға шығып жоқ болды.
Зейнеп жез құман мен шелекті табалдырықтың арғы жағына шығарды да, есіктің тиегін
салып қайта келді. Енді үй ортасында тұрып алып жалаңаш денесін үлкен түкті орамалмен
сүртуге кірісті. Бұрын мұндай суретті көрмеген Есіркеген аң-таң... «Бұл періште ме, əлде
басын айналдырғалы тұрған перінің қызы ма? Пісмілда, пісмілда, деді ол ішінен, адал
жолыңнан адастыра көрме, құдірет! Кет, шайтан, кет, шайтан Есіркегеннің жүрегінде екі
дай сезім тайталаса кетті, бірі Масан ақсақал баулыған əдептілік, ақ жүру сезімі, екіншісі
мынау жан дүниесін оятқан ғажайып көріністен туған жастық күш. Бұл екі сезімнің қайсысы
жеңерін бала жігіт дəл қазір өзі де білмейді, тек ақыл мен сезім жанталасып арпалысуда.
Есіркеген осылай не істерін білмей жатқанында кенет ауыл сыртынан ат дүбірі естілді. Кім
болса да жедел жүріп келе жатыр, ит біткен арсылдай үріп заматта ауыл іші дүрліге қалды.
Зейнеп сып беріп шымылдық ішіне кіріп кетті. Сөйткенше болған жоқ, көп салт атты тыныш
даланы дүрліктіре үй сыртына келіп те қалды. Дабырласа сөйлесе, аттарынан түсіп жатыр.
Аға сұлтан аулына жау болмаса, бүйтіп түн ортасында жұртты оятып ешкім келмесе керек
еді, шошынған Есіркеген үрпиіп төсегінен басын көтеріп алды, дəл осы сəтте сарт етіп
есіктің тиегін жұла-мұла үйге Қоңырқұлжаның өзі кіріп келді.
Тоқал, барсың ба, əй? — деді ол түтіге.
392
Келген байы екенін білген Зейнеп, шымылдықтан басын шығарып еркелей:
Бармын ғой, — деді. — Немене соншама түн ортасында жұртты үркітіп...
Ер өліп, Есіл бұзылып жатқанда, бұл қай ұйқы сенікі?
Байының ашулы үнінен шошып кеткен Зейнеп төсегінен ұшып тұрды.
Не боп қалды?
Қоңырқұлжа жауап берген жоқ. Иығында подполковник погоны бар сары ала оқалы
сүртігін шешіп жатып, не қыларын білмей төсегінің үстінде көйлекшең шошайып отырған
Есіркегенге көзі түсіп кетті. Дереу қабағы түксие
қалды.
Мынау үрпек басың кім? — деді. Оның даусында тағы бір қосымша ашулы дыбыс
пайда болды.
Масан би аулындағы жиен ғой...
əй, осы сенің жиен, нағашың-ақ, бітпейді екен... — деп тоқалының сыры өзіне
мəлімдігін бетіне басқалы келе жатты да кілт тоқтады, — əлгі Жамантайдың қарындасының
оқудағы баласы емес пе?..
Иə, сол Есіркеген ғой.
ə... онда жата бер. Таң атқасын сөйлесерміз. — Аға сұлтан төсегінің шетіне отырды
да, аяғындағы шпор тағылған қара хром етігін созды, — тоқал, мынаны тартып жібер...
Зейнеп байының етігін аяғынан суырып алды да, анандай жерге қойды. Содан кейін ғана
ананың қап-қара боп түтігіп кеткен түріне қарап:
Өзіңде өң жоқ қой. Не болды, айтсаңшы? — деді жаны ашығандай пішін көрсетіп:
Қоңырқұлжа қабатын төбеттей арс ете қалды.
əй, не болғанын қайтесің? Өзіңе керегіңнің аман келгеніне қуан! Саған со да жетпей
ме! Одан да қымызың болса бер...
Зейнеп үлкен сырлы аяқпен мөлтілдете тоңазыған сары қымызды төсегінің үстінде
көйлекшең отырған байына əкеп берді.
Қоңырқұлжа сырлы аяқты ала беріп:
Сыртқа шығып келші, — деді тоқалына, — жігіттер жайғасты ма екен?
Қоңырқұлжа қымызын ішіп бола берген кезде Зейнеп үйге қайта кірді.
Ауыл сыртындағы күзетшілерден бөтен ешкім көрінбейді.
Жұртты дүрліктірмей тез жайғасқандары дұрыс болған екен. Жə, біз де жаталық.
Қоңырқұлжа қисая беріп шымылдықты түсіріп, қасына таяған тоқалын білегінен ұстай
алып, бір жері ауырып қалар-ау деп аямастан, жанына құлата тартты. Үйде жатқан жиен-
миенге мəн бермей, көжекті бас салған арлан төбеттей, жұмыртқадай жұп-жұмыр жас
тоқалын алпамсадай бауырына қысып умаштай жөнелді.
Аға сұлтанның күні бойы қанды ұрыста боп, ажалдан тек қараңғы түсе ғана аман
құтылғанын тоқалы білмейді, тек ананың жайшылықтағысынан гөрі ашулы, екпінді
қимылына риза болып «бейшара-ай, əбден шөлдеп қалыпсың ғой» деуге ғана мұршасы
келді, əр жағында үніне үн қосып, байының бабын тауып аймалаумен болды.
Жұрт таңертең тұрғанында Ақмола бекінісін Кенесары əскері алғанын біле тұрды.
Қапаланған да, қайғырған да бар. Қуанғандары да жоқ емес. Бұл ауылдың жігіттерін
Қоңырқұлжа бекіністі қорғауға алмаған, тоқал тыныштығын күзетуге қалдырған. Қазаны
бөлектіңқайғысы бөлек. Өз жігіттері сау қалғандықтан, нелер жақсы менен жайсаң қаза
тапқан кешегі қанды ұрыс, сырт қараған адамға, бұл ауылға соқпай өткен сұрапыл дауыл
секілді көрінді. Қайғысы, қуанышы болса да жұрт сыртқа лақылдатып шығармай, іштен
тынды.
Қоңырқұлжа таңертеңгі шай үстінде тоқалына қарап:
Ақмола құлады деп қан жылар жайым жоқ, — деді. — Бекініс керек болса, ана
Қарапұшық кетті ғой қалған солдаттарымен Омбыға, Талызин өзі қайта салар, менің өз
шаруам да жетеді. — Сөйтті де Есіркегенге бұрылды. — Сен орысша оқи білесің бе?
Білем.
Менің қатшым кеше Ақмолада оққа ұшты. Патша адамдары Омбыға кетті. Кісі тауып
алғанымша сен осында бол.
Зейнеп жорта сөз тастады.
Оқуынан қалып қоймай ма? Одан да үлкен баланы шақыртсайшы.
Зейнептің «үлкен бала» деп отырғаны Жəнəділ еді.
393
Кіші балаңды құртып едің, енді үлкен балаңа ауыз салайын дедің бе? Жə, сөзді
бөлмей, артыңды қысып жайыңа отыр. Қатыныңның ақылымен қоңсы қонсаң, көршің жау
шығады. Жəнəділ де алысқа кетпес, оған да шаруа табылар. — Қоңырқұлжа қайтадан
Есіркегенге бұрылды, — қаласың ба?
Қалайын...
Онда мына қағазды оқып, не дейді екен аударып берші. Омбыдан алдыңғы күні келіп
еді, əлгі қанішер Кенесарының əуресіменен ашуға да қолым тимеді... Өзім оқуға түндегі
ұрыстан кейін көзім ауырып отыр...
Бар жылқысын Кенесары айдап əкеткеннен кейін Қоңырқұлжа жəрдем сұрап Омбы
облысының бастығы Талызинге хат жазған.
Бұл сол хатқа жауап екен. Бұл күндері өзінің Кенесары көтерілісін басу жайында үлкен
жоспар үстінде отырғанын айта келіп, ол хатының аяғында: «Қазір тартып алған малыңды
қайтартып беретін еш күш жоқ, болған шығынды қарамағыңдағы қазақтардан өндіріп алуға
рұқсат етемін», — депті.
Талызинның мұнысы қара қазаққа қосымша салық салып, Кенесарыға кеткен малыңды
солардан өндіріп ал деген сөз еді. Есіркеген хат сөзін аударып берді. Қоңырқұлжа тұнжырай
қалды. «Бір Кенесарыға күші жетпесе, Омбыда кілең сары ала түймелі жанаралдар не
бітіріп отыр? Салық сал дейді. Айтуға оңай. Биыл Көкшетау, Қарқаралы дуандары жиырма
екінші жылғы ереже бойынша жүз қарадан бір қара жасақ жинай бастап еді, мал ашуы
жан ашуы дейтін қазақ Кенесарыға қарай ағыла түскен жоқ па? Жау қолында кеткен он жеті
мың жылқыны қайтарып алу оңай ма? Оның үстіне ел биыл қыстан жүдеп шықты. Жұрт
маған малын оп-оңай бере қоя ма? Рас, Қараөткел қазағын қырқыншы жылға дейін патша
салығынан өзім құтқардым. Жақсылыққажақсылық дегендей мүмкін өздері түсінер, жауға
кеткен малымның орнын толтырар. Ал түсінбейді екен... Өз обалы өзіне, қолынан бермесе
жолынан алармын. Бірақ дəл қазір бүйтуіме бола ма? Неге болмайды? Қоңырқұлжа
жылқысын Кенесары алғанда, қара қазақтың жылқысын Қоңырқұлжа алмайтын не жыны
бар. Аламын. Алғанда шырылдатып отырып тартып аламын. Бермей көрсін. Кенесарыға
əлім жетпегенмен, қарамағымдағы бастары бірікпей талан-тараж болып жүрген қара қазаққа
əлім жетер!».
Қайда барса да сорлайтын халық. Айналып келгенде Кенесарының Қоңырқұлжадан
шапқан жылқысының ауыртпалығы тағы да қара халыққа түспек.
«Малымды тартып алды десе қазақ обалын Кенесарыдан көрсін! Оны қолпаштап, дем
беріп отырған өздері ғой, тартсын жазасын. Бұл шаруаны бір ыңғайлағаннан кейін Омбыға
өзім баруым керек. Жанарал-губернатор Горчаковпен ауызба-ауыз сөйлесуім қажет.
«Баянауылдың қазақтары Кенесарыға қосылмақ, мені қабылдаңыз, деп өтінгенде, аға
сұлтан мен түгіл қара қазақ Тұрсынбайдың Боштайын да қабылдап, керемет құрмет
көрсетіп, Баянауылға арнаулы кəрлі қылыш-жасақ шығарған жоқ па еді? Менің Боштай
құрлы бағам бар шығар. Горчаковтың өзімен сөйлеспесем, мына Талызин дегені, асықпай
ұшатын мамырлап қалған бірқазан секілді, арты ауыр бір сорлы көрінеді»...
Осындай шешімге келген Қоңырқұлжа шайдан кейін Есіркегенді оңаша алып Ақмола
өкірігінің он сегіз болысынан Кенесарыға ермей, аға сұлтанның қарамағында қалған тоғыз
болысқа он жеті мың жылқыны салық етіп бөлді. Жетеуіне екі мың жылқыдан қойды да,
Кенесарыға қарай иек көтеріп қобалжи бастаған Атбасар мен Қорғалжын болысына мың
жарым бастан белгіледі. Ол бұл салығын «Төтенше салық» деп атады. Жəне болыстарға
берген бұйрығында бұл малдар құлынды бие, үйірге салуға жарайтын айғырдан бастап, тек
құнажын дөненге дейін ғана алынсын. Жəне асыл тұқымнан болсын. Қыршаңқы, маңқа
жылқы алынбасын деп анықтай тапсырды.
Поштабайларын шақырып алып, мөрін басып қолын қойған осы бұйрықтарды тез
болыстарға жеткізуді міндеттеді де өзі кенет Омбыға жүрмек болып дайындала бастады.
Қоңырқұлжа Омбыға жүргенше он шақты күн өтіп кетті. Осы екі ортада үлкен баласы
Жəнəділ келіп, Қайниса мен Аққағаз бəйбішелердің де ауылдарын бері қарай, осы Есілдің
төменгі жағына көшіруге бұйрық алды. Қоңырқұл-
жа: «Омбыға жүремін. Маған жолығып кетсін», — деп Қарқаралының аға сұл-
таны Тəукенің Жамантайына, Көкшетаудың аға сұлтаны Қара Тоқаның Зілқарасына,
Аманқарағайдың аға сұлтаны Уəлидің Шыңғысына ат шаптырды. Ондағы ойы кілең мықты
394
қол қойып, Омбы генерал-губернаторынан қазақ даласына зеңбіректі мол əскер шығар деп
өтіну еді. Ал егер Омбы шын қол ұшын бермейтін болса, амалын тауып, уақытша
Кенесарымен келісімге келмек. Түбі жауласып өтетінін Қоңырқұлжа жақсы біледі, бірақ
басқа жол қалмаса қалай жол табады? Кенесары шыдатар емес. Бостан-бос қырылғанша,
беттің арын белге түйіп, бас иген боп, оны алдай тұрып жан сақтаған жөн. «Жаздым,
жаңылдым» десе, Кенесары тимейді. Қоңырқұлжа мұны да жақсы түсінеді. Өйткені
Кенесарының бар тілегі қазақтың басын қосып ақ патшаға қарсы шығу деп түсінеді. Ақмола
аға сұлтаны. Бұл тілектің ар жағында бақ құмар Қасым баласында қандай ой жатқанын
дөрекі Қоңырқұлжа қайдан сезсін. Ол тек мақсатына қарсы шықпасаң, Кенесары қандай
күнəң болса да кешеді деп болжайды. «Ер шекіспей бекіспейді деген, шекістімсен жеңдің
деймін, — дейді ішінен Қоңырқұлжа, — міне қолым». Ал реті келген күні Құдаймендінің
қанішер ұлы шімірікпестен Кенесарыны сол қолымен өзі бауыздамақ. «Аллатағала, — дейді
ол тағы да ішінен жалбарынып, — сол күнге жетер болсам, сол сəтте жанымды алсаң
арманым жоқ!».
Қоңырқұлжа жол дайындығын тез бітірсе де, аға сұлтандарды күтіп көп кідірді.
Ақырында олардан да хабар келді. «Ел арасы бүліншілік, қазір орыс солдаттары қорғап
тұрған приказдардан тыс шығу қауіпті. Келмеді деп өкпелемесін. Бізден жалғыз тілек:
«Омбы тез əскер шығарып Кенесарыны құртсын. Ал Кенесарыны құртуға ең ыңғайлы кез
қыс. Қыста ол жаздағыдай алысқа бара алмайды. Жəне бар сарбаздарын таратып, тек ең
жақын батырларымен, қарамағындағы үш жүз үй төлеңгітімен ғана қалады» депті.
Ауыздарына түкіріп қойғандай бəрі бірдей осы сөзді айтып жіберіпті. Патша солдаттарының
артына тығылып, приказдарынан шыға алмай отырған аға сұлтандардың сөздерін естігенде
Қоңырқұлжа Кенесарының қаншалық күш ала бастағанын анық сезінді. Енді шын қорқайын
деді. Сөйтсе де өзінің қайсарлық мінезіне салып:
Кілең қоян жүректер, — деді жанында қағаз жазып отырған Есіркегенге, — суыр
секілді інімізге кіріп алып, көзге түспей тығылып жатсақ, жанымыз қалады деп ойлайды ғой.
Мен білетін Кенесары болса, қасқыр соққан аңшыдай əрқайсысын жекелеп соқпаса қара да
тұр!
Кенесары батырларының ерлігі соңғы кезде жұрт арасында аңыз болып тарала
бастаған. Жас жігіт атаулысының батырлықты, ерлікті даңқ тұтатын əдеті емес пе, Есіркеген
де мұндай əңгіме-жырларды ұйып тыңдайтын. Оның үстіне үлкен атасы Масан ақсақалдың
да бір бүйірі Кенесарыға тартып тұратынын сезетін. Шүу дегенде Кенесарыға қарсы шыққан
аға сұлтан Жамантай осы кісінің ақылы арқасында соңғы кезде ереуілшілерге қарсы келмей,
бұғып қалуға көше бастаған. Масан ақсақал туған немересі жас Есіркегенге де осындай
тəлім-тəрбие беретін. «Не болсаң да жұртыңмен бол, егер жұртың Кенесарыға еріп кетсе,
айдалада қаңғып қалған жалғыз қаздай не қызық көресің? Одан да су ішсең де, суан ішсең
де өз үйіріңнен айрылма!» — дейтін. Осындай рухта тəлім-тəрбие алып жүрген бала жігітке
Қоңырқұлжаның аға сұлтандары «Кенесары аш қасқырдай біртіндеп соғады», — дегені өте
ұнап қалды. Бірақ сыр берген жоқ, жəй əшейін күлімсіреді де қойды.
Қоңырқұлжа да дəл осы сөзді айтып отырған кезінде екі жылдан бері ғана орысша оқи
бастаған Есіркегеннің өсе-өне келе қазақ деген елінің ұлттық туын көтеретін ең алғашқы
оқығандарының бірі болатынын білген жоқ. «Бұл неге күлімсірейді деп оның бетіне
ожырая қарады да, аға сұлтан бір шабарманын шақырып алып, өзімен бірге Омбыға жүретін
он жігіттің жолға дайындалуын бұйырды.
Күн түске аумай жүріп кетеміз, — деді ол.
Бұл таңертеңгі кез еді. Күн ашық, Сарыарқаның күзгі салқын желі тұра бастаған. Кейде
аспанды қалың сұрғылт бұлт та шырмайды. Бірақ күзгі қалың жаңбыр мезгілі əлі келе
қоймаған уақыт.
Шабарман шығып кетті де қайта оралды.
Аға сұлтан, сізге жолығам деп бір бейтаныс жігіт келіп тұр.
Қайдан екен?
Онысын айтпайды. Тек аға сұлтанның өзімен ғана сөйлесем дейді.
Кіргіз. Тек қару-жарағы болса алып қал...
Баласы Шыңғыс өлгеннен бері Қоңырқұлжа бейсауат адамнан қатты сескенетін. «Кім
біледі, — деп ойлайтын ол, — Кенесары бір жындысын жіберіп, ол қарныңа қара пышағын
сұғып алса не істейсің? Маған өшіккен адам аз ба Сондықтан да Қоңырқұлжа беймəлім
395
біреу-міреу жолықпақшы болса нөкерлеріне ең алдымен оның қару-жарағын алуды
тапсыратын.
Үйге шегір көз, бетінде қан жоқ, сөл жоқ, қатқан сары жігіт кірді. Түрі кісі өлтірген
адамдай сұсты екен. Есіркегеннің бойы əлденеге дірілдеп кетті.
Ассалаумағалайкүм, аға сұлтан.
Уағаликум ассалам. Сөйле, жігітім.
Қоңырқұлжа мен Есіркегеннің көзі бірдей жігіттің белбеуіне түсті. Киімі нашар
болғанымен, белбеуі əсем екен. Оның үстіне оң жақта тұратын құты, оқшантайы сол жағына
шығып кетіпті.
Өзі қайда? — деді Қоңырқұлжа кенет алдында тұрғанОжар жіберген адам екенін
түсініп.
Өзі Байтабынның жасағында. Келе алмады. Кенесары... — деп келе жатты да ол
«мынаның көзінше сөйлеуге бола ма» дегендей Есіркегенге қарады да, тына қалды.
Айта бер. Бұл бала өзіміздің адам.
Кенесары екі топ жасағын аттандырды. Бірін Ағыбай, екіншісін Байтабын бастап келеді.
Ағыбай тобы қазір Қаражар шатқалында. Ертең Қарқаралыға өтпек! Аға сұлтан
Жамантайдың ойдағы жылқысын айдап əкетпек! Кене оған ақ патша жағына шықты деп өте
ашулы.
Ал Байтабын қолы қайда? Оның беті қай тұс?
Мен Ағыбай жасағындамын. Батыр алдымызды барлап кел деп жіберді... Ал
Байтабын жасағы кейінірек. Шамасы бүгін түнделетіп жүріп, таң ата осы араға жетпек. Беті
сіздің ауыл. Кенекең оны Қоңырқұлжаның қалған малын айдап кел деп жіберді.
Қоңырқұлжа күп-күрең боп кетті.
Өздері қанша адам?
əрқайсысында жиырма бес сойылдан.
Бар болғаны сол ма? — Қоңырқұлжа қаһарлана қалды. — Басынған екен əбден!
Көкелерін танытамын мен əлі? Ағыбай жасағы Қаражар шатқалында дедің бе?
Иə, бүгін түнде сол арада ат тынықтырып алмақ. Ертең Қарқаралы аспақ...
Жарайды, — деді Қоңырқұлжа, сөйтті де сыртта тұрған шабарманына дауыстап, —
Асылкерейді шақыр, — деді. Ол қайтадан сары жігітке бұрылды. — Байтабын менің
жылқымның қайда екенін біле ме?
Есіркеген əңгіменің түп нұсқасын бірден түсінді. «Ана кісісі кім екен? Байтабын тобында
Қоңырқұлжаның көз-құлағы болған ғой». Əйтсе де, «ана кісілерің кім деп сұрауға бата
алмады. Үн-түнсіз тыңдай берді.
Сонда, менің жылқымды қай тұста деп жорамалдайды Байтабын? — Қоңырқұлжа
өзінің түбектегі тығулы жылқысын ешкім білмейді деп ойлаған болуы керек.
Есілдің Ертіске қарай бұрылатын жерінде деседі...
Алда əкеңнің аузын ұрайындар-ай, бəрін біліп отыр екен ғой!
Ана кісі өзі жасақтан бөліне алмайтын болған соң, маған сізге айт деген тағы бір
құпия сыры бар...
Оның тағы не сұмдық?
Осы ауыл маңайында сізді торып əбдіуақит деген Кенесарының бір кісісі жүр. Оған
сіздің басыңызды алу тапсырылған.
Қоңырқұлжа енді тіпті шошып кетті.
Қай əбдіуақит?
Бұрынғы өзіңіздің төлеңгітіңіз. Күміс деген қызын... — Сəмен ыржия күл-ді, —
бозбалашылық етіп... нетіп жіберген көрінесіз...
Ел құлағы елу, Күміске істеген Қоңырқұлжаның жауыздығын Есіркеген де естіген. Туған
қарындасын қорлағандай, іштей өте қынжылған. Өйткені ол былтыр оқуға бара жатып, мал
басында отырған əбдіуақиттың үйінен сусын ішкен. Сонда Күмісті де көрген. Жас қызбен
бір-екі ауыз сөзге де келіп, тіл қатысқан. Оның көркіне риза болып кеткен. Сол Күміске
Қоңырқұлжаның істеген қорлығын естігенде, Есіркеген аға сұлтан дəл сол сəтте қолына
түссе ішке тепкілейтіндей боп ашуланған. Сол Қоңырқұлжасы мынау. Оны ішке тепкілемек
түгіл, өзі оған хатшы болып жұртқа істемек қиянатына көмектесіп отыр. Есіркеген
Қоңырқұлжаны балағаттап жібере жаздап өзін-өзі əзер басты.
Қоңырқұлжа бірдеме айтпақшы болып келе жатыр еді, үйге аға сұлтанның жасағының
бастығы, ұзын бойлы, қара мұртты Асылкерей кіріп келді.
396
Аға сұлтан Сəменнің сөзін оған тегіс айтып берді де, ойын тұжыра бұйрық берді.
Ағыбайды Қарқаралыға өткізбей, жатқан жерінде күн бата басу керек. Біздің істеген
жақсылығымызды мына жігіт Жамантайға айта барар. Бұ да қазір жүріп кетеді. — Ол
Есіркегенді нұсқады. — Елінің шетіне жау жеткенін хабарлар. Сосын сен бар
сарбаздарыңмен Байтабынды түбектің аузында күт. Біреуін жібермей қырып сал. Оны
жайғастырған соң осы ауылдың маңын тегіс сілкіп шық. Мені өлтірмек боп торып жүрген
əбдіуақит құлды қайтып келгенімше ұстап алып, кісендеп қой. Жазасын келген соң өзім
берем.
Ел шетіне жау келіп жатқанда... — Асылкерей күмілжи сөйледі, — мүмкін сіз
жүрмессіз...
Жау ел шетіне бүгін келіп тұр ма? — Қоңырқұлжа жасақ бастығының сөзін жақтырмай
қалды. — Жиырма адамға күштерің жетпесе, несіне ат мініп, қару асынып жүрсіңдер? — Ол
«əбдіуақит аңдып жүр» деген сөзден сескеніп қалған-ды. «Мен келгенше ол итті жігіттерім
ұстап алар, оған дейін бой тасалай тұрған жөн болар», — деген ойға келген. Сол себепті аға
сұлтан Омбыға тез жүріп кетіп, қалың орыс арасына жетуді дұрыс көрді. — Біз Омбыға тез
баруымыз керек, — деді ол жасақ бастығына. — Онда бізді бұдан да зор іс күтіп тұр.
Барлық жауапкершілікті Асылкерейге жүктеп, Қоңырқұлжа аттанып кетті. Жол
бойындағы əлі Кенесары құрығы түсе қоймаған бай ауылдардан ат ауыстырып мініп, суыт
жүріп үшінші күні таң ата Омбыға жетті.
Қоңырқұлжа бұл қалада бірнеше рет болған. Бұрын мұнда нелер ақжарқын күндері
өткен. Патша ағзамның ең жоғарғы сатыда тұрған мəртебелі адамдарының талайымен
кездескен. Аға сұлтанның есінде осындай кездесулердің екеуі мəңгі ұмытылмастай
сақталған еді. Бірі 1829, яғни қазақша Сиыр жылы, осы Омбы қаласындағы тілмаштар
мектебінің қырық жылдық мерекесіне арналған салтанатты кеш. Онда Сібір қазақтары
жайындағы ережені шығарған патшаның оң көзі Сперанскийдің өзі бар. Кең залда ойнаған
оркестр, би, ойын-күлкі... Қоңырқұлжаға ең алғашқы рет орыс офицеріштабс-капитан аты
берілгені осы жолы еді. Содан бері тоғыз жыл өтіпті. Қазір ол подполковник. Екінші есте
қалған күналдыңғы жылғы күз. Бұл күні бір шеті мен бір шеті тай шаптырым төрт қабат ақ
үйде Омбының кадет копусы ашылды. Бұл тойға да қазақтың аға сұлтан, асқан байлары
шақырылды. Тойды князь Горчаковтың өзі бас-
қарған. Өзге аға сұлтандардан гөрі князь Қоңырқұлжаға ерекше көңіл бөлген. Тіпті би біткен
кезде, зəулім биік залда ерсілі-қарсылы əңгіме құрып жүрген аққу-қаздарша сылаңдаған
орыс дворяндарының əйелдері мен сыптай боп сəндене киінген орыс офицерлерінің
алдында Горчаков оны қолтықтап өткен. Өзге аға сұлтандар қызғанғаннан іштері жарыла
жаздаған. Сол жолы ғой Горчаков оған:
əрі кетсе бір жиырма бес жылда қазақтың ұл-қыздары да мыналардай болады, —
деген жан-жағындағы əйелдер мен офицерлерін көрсетіп.
Сары далада көшіп жүрген қазақтар жиырма бес жыл ішінде мыналардай болады деген
князь сөзіне Қоңырқұлжа таң қалған. Ол ойын жасырмай:
Егер қазақ бұлардай болғысы келмесе не істейсіз? — деп сұраған.
Онда, — деп Горчаков ойланбастан жауап берген. — Аюға ақыл үйреткен таяқ деген
мақалды естігенің бар ма? Жерінен, билігінен айрылған қазақ айтқанға көнбей қайда
барады? Күшпен көндіреміз. Арқасына қамшы ойнатып, соқа жегіп, жер жыртуды үйретеміз.
Қол-аяғын матап шіркеуге кіргізіп, Иисус Христосқа шоқынуға мəжбүр етеміз.
Горчаковтың осы бір адуынды тік жауабы Қоңырқұлжаға ұнаған. «Өз басымды хан етсе,
мейлі, қара қазақты пісіріп жесін. Одан менің нем кетеді? Ал сонда...» Аға сұлтан ойлана
қалды. «Сол күштеуден не шықты? Арқа қазақ атаулысының жартысына таяуы осы
күштеуге көнбей қарсы көтеріліп отырған жоқ па? Жақсы. Кенесарыны жоямыз, бірақ қазақ
Горчаковтардың айтқанына көніп, айдауына оп-оңай жүре қояр ма екен?».
Қоңырқұлжаның есіне тағы да бір уақиға түсіп кетті. Ол кезде Қоңырқұлжа жас. Тобыл
қаласында 1789 жылы тілмаштар дайындайтын мектеп ашылған. Он бесінде соған кеп
түскен. Оның алдына əкесі Құдайменді шоқынған бір татарды жалдап Қоңырқұлжаға əзер-
мəзер орысша хат танытқан. Сол шоқынған татар мұғалімі қызық адам болатын. Құдайменді
байдың баласынан кім шығатынын қайдан білсін, күйген томардай қара-қошқыл, дөрекі
Қоңырқұлжаның басынан сипап: «Оқы, оқы, қазақ малайы. Рус языкысыз жить булми. Қазір
пушкасы килсə, соңынан Пушкині килə, бізге күн рус культурасымен шыға», — дейтін.
397
əрине, Қоңырқұлжа ол кезде пушканың зеңбірек екенін ұқса да, Пушкиннің кім екенін
түсінбеген. Бес жыл өткеннен кейін ғана барып Пушкинді де білді. Бірақ бұл кезде ол қазақ
даласында өз үкімін жүргізу үшін оған Пушкин емес, пушка керек екенін ұқты. Сондықтан
да ол Горчаковтың «Аюға ақыл үйреткен таяқ, қазақ елін де күшпен көндіреміз», — деген
сөзіне намыстанбаған. Өзінің тілегі мен Горчаковтың тілегі бір екеніне көзі жеткендіктен
қазақ даласына пушканың көбірек келуін мақұл көрген.
«Міне қазір өзі де осы тілектің айдауымен келе жатқан жоқ па Аға сұлтан ауыр
күрсінді. «Иə, иə, Қараөткел бекінісіне сол пушкалардың көбірек жетуін тілек етпек. Ал сол
тілегін губернатор орындар ма екен? Орындауға тиісті. Өйткені екеуміздің де арманымыз
бір, жолымыз бір».
Расында да бұл кезең осы екі сұмырай тілектің аса бір ұштасқан кезеңі еді.
Қоңырқұлжаның есіне кенет əкесі айтқан бір ескі аңыз түсіп кетті. «Дүниеде не қызық
деп сұрапты Шыңғысхан бір күні өзінің нөкер, нояндарынан. Бір батыры: «Дүниеде бүркіт
салып, түлкі ілген қызық». Екіншісі, «ғашық бол-
ған сұлуыңды құшқан қызық». Ал үшіншісі, «алтын тақта отырып жұртқа əміріңді жүргізген
қызық», — депті. Сонда Шыңғысхан: «Жоқ, білмедіңдер. Қастасқан жауыңды алдыңа салып
айдап, қатын, қызын бауырыңа басып құшып, мал-мүлкін талан-тараж етіп тартып алғаннан
дүниеде қызық ештеңе жоқ», —деген екен. Осы аңыз есіне түсіп кеткен аға сұлтан атын
тебініп қалып кенет күбірлеп жіберді: «Ата жауым Кенесарыны табанымның астына салып,
Күнімжан бəйбішесін бауырыма бір бассам, бүгін өліп кетсем де арманым жоқ».
Екі жағы бірдей ұйыса ағаш өскен даңғыл жолмен Қоңырқұлжа қала шетіне жеткенде
қайда түсерін ойлап сəл кідірді. Қарсы алдында минарет, Омбы мұсылмандарының мешіті,
оның ар жағында Ғабдырахманұлы Мұхамед Шариф ахонның қызыл кірпіштен салған кең
сарай үйі. Жолдың кіре беріс сол жағында ғажайып салтанатты, төрт күмбезді, бастарында
алтын жалатқан кіресі бар зəулім шіркеу, одан солырақ, алаңның ар жағында қасына азырақ
тал еккен генерал-губернатордың екі қабат ақ үйісалтанат сарайы. Көк темір төбесінде
татар қыздарының басына киетін тақиясы тəрізді, жіңішке терезелері төрт жаққа бірдей
шыққан, төрт бұрышты, губернатордың жұмыс істейтін бөлмесі... Төменде бірнеше жұпыны
келген, ағаштан салған жатақ үйлері. Одан əрі шіркеумен жалғаса тастан, күйдірген
кірпіштен қалаған сəнді-салтанатты екі қабат, үш қабат үйлі үлкен қала жатыр...
Қоңырқұлжа ахондікіне түсуді ұйғарды. Мұхамед Шариф үйінде екен. Құшағын жая
қарсы алды. Сол күні-ақ Қоңырқұлжа ахоннан Омбы облысының бас-
тығы Талызинның ауырып жатқанын естіп, генерал-губернатормен жеке сөйлеседі екенмін
деп қуанып қалды.
Қоңырқұлжаны ертеңіне генерал-губернатордың өзі шақыртып алдырды. Ақмола
бекінісін Кенесарыдан қорғай алмағанын айып көрген аға сұлтан кенет жүрексініп,
губернатордың салтанат сарайына Мұхамед Шарифты ерте барды. Бірақ Горчаков тек
Қоңырқұлжаны қабылдады. Генералдың атұлтанты 1 ұзын бойлы корнет «кіріңіз»
дегеннен кейін, қабылдау бөлмесінің қара былғарымен қапталған есігін аға сұлтан қобалжи
ашты. Бөлме өзіне бұрыннан таныс. Қырық құлаш кең, биік зал. Сары сафьян былғарымен
тысталған, арқа ағаштары оюлан-
ған жұмсақ орындықтар. Ең түбінде, жасыл шұғамен жапқан, өрнекті, зілдей стол.
Қабырғасында Бірінші Николай патшаның полковниктік дəрежеде түрегеліп түскен суреті.
Əшекейленген төбеден төмен салбыраған жалтыраған жез баулы шам қоятын аспалар...
Стол үстінде алтын жұмыртқа тəрізді сия сауытын тұяғымен басып тұрған, қос қанатын кере
жайған қара мрамор тастан жасалған екі басты самұрық құс. Келген адамның сұсын алайын
дегендей генерал самұрықты есік жаққа қаратып қойыпты. Егер қарсылық етер болсаң,
тырнақтары қанжардай, қанқұйлы, айбынды қыран «шаңқ» етіп көтеріліп, бас салғалы
тұрғандай. Кең залдың іші қандай ызғарлы болса, құс түсі де сондай ызғарлы. Иесі осал кісі
емес. Россия патшалығының Сібірдегі аузынан от бүріккен қанды балақ жендеті.
Бөлме иесі князь ГорчаковБатыс Сібірдің генерал-губернаторы. Кірпідей тікірейген
қысқа шашты, едірейген жирен мұртты, ақ боз, түсі суық кісі. Ол Қоңырқұлжаны столының
ар жағындағы Бірінші Николай суретінің аясында тұрып қабылдады. Өзі де отырған жоқ,
Қоңырқұлжаға да отыр демеді. Басын изеді де қойды. Аға сұлтанға ол бірден «қазақ
даласында болып жатқан бүліншілікке сен де айыптысың», дегендей сұс көрсетті.
1 А т ұ л т а н тадъютант деген сөздің қазақша түрі.
398
Қоңырқұлжа іштей əбігерлене қалды. «Бəсе, мені келмей жатып неге іздетіп жатыр деп
едім-ау, ұрыспақ екен ғой, тек ұрсып қойса ғана жарады...».
Подполковник Құдаймендин, — деді Горчаков бірден ресми сөзге кірісіп, — Омбыға
жай келмегеніңді біліп əдейі шақырттым. Қазақ даласында болып жатқан бүліншіліктің жəйі
бізге əбден мəлім. Хорунжий Қарбышев Ақмола бекінісінен қалай айырылғандарыңды
баяндаған. Патша ағзам алдында борыштарыңды ақтай алмағандарың үшін сендерді сотқа
беру керек еді, бір жолға кешірдік. Енді бізден не тілейсің, соныңды айт. Жəне қысқа түрде.
Ұзақ жырды тыңдауға уақытым жоқ.
Князь дəл қазір шынында да асығуда еді. Генерал-губернатор ит құмар жан болатын.
Былтыр Лондоннан əдейі алдырған ағылшын сеттері тұқымдас қаншығы кешеден бері
ауырып қалған. Томскіден арнайы шақырған дəрігер Омбыға жаңа ғана жеткен еді. Оны
итіне өзі апарып көрсетпек. Князь соған асығулы. Сүйікті қаншығы ауырып жатқанда,
қазақтың бір аға сұлтанымен мылжыңдасып, уақыт өткізуді жөн көрмеді. Сондықтан
генерал-губернатор əңгімені тікесінен қойды. Мұндай келте қабылдауды күтпеген
Қоңырқұлжа сасып қалды. Горчаков тіпті сөйлеспей кетіп қалар деп қорқып:
Генерал-губернатор мырза, — деді аға сұлтан келген шаруасының тоқ етерін айтып!
Кенесары күннен-күнге күшеюде. Биыл қыс оны құртпасақ, келесі жаз бой бермей кетуі
мүмкін.
Қалайша?
Торғай бойын жайлаған қалың Қыпшақ пен Ырғыз, Елек, Ембі өзендерінің маңындағы
Кіші жүздің көп руларының оған қосылып кету қаупі туып тұр. Бүйте берсе бар қазақ
Кенесары туының астына жиналуы мүмкін.
Мұндай ақымақ халықты көрсемші, — деді Горчаков мысқылдай күліп, — Россия
патшалығы қазір қазақ жерінде мықтап тұрып орын теуіп алған жоқ па? Маңызды деген
аудандардың бəрінде де біз өзіміздің бекіністерімізді, форпостарымызды салып болдық.
Енді патша солдаттарын бұл арадан бір Кенесары түгіл, мың Кенесары да қуа алмайды.
Абылай кезіндегідей емес, қазір қазақ еліне деген Россия патшалығының саясаты өзгерген.
Осыны ақымақ қазақ білмей ме? Ал сенің Кенесарыңда ақыл болса, қазақ халқына емес,
Россия патшалығына қолайлы жол іздеп, бізге бас ұрмас па! «Россия патшалығына
протекторат ретінде бағынуға қарсылығымыз жоқ, бірақ біздің елдігімізді сақтап, саяси
бостандығымызға, жерімізге тимейтін болсаңдар екен» деп ол маған бірнеше мəрте хат
жазды. Бұндай есалаңды көрсем бұйырмасын! Патша ағзамға бағыну деген сөзсаяси
бостандығымды жоғалттым деген сөз емес пе?! Сондықтан да мен біздің тыныштығымызды
бұзған адаммен келісім сөз жүргізуді өзіме ұят көріп жəне патша ағзамға үн-түнсіз
бағынудан бөтен басқа шарт қоюына ешбір үміті қалмасын деп əдейі хаттарына жауап
бермей қойдым.
Дұрыс еткенсіз, губернатор мырза.
Горчаков алдында тұрған Қоңырқұлжаны адамға санар емес. Сүзетін бұқадай басын
төмен тұқыртып, өз ойын ашық айтып жатыр.
Біз қазақ елін тек отарымыз деп қана санаймыз. Кімде-кім бұған көнгісі келмесе, оны
қарудың күшімен көндіреміз. «Азаматтармен келісімге келудің ең дұрыс əдісіоларды
қорқытып ұстау». Бұл пікірді соғыс министрі Чернышев мырза да мақұлдайды.
Біздің де тілегіміз сол емес пе? Тек қарулы күшті тезірек шығарсаңыз дейміз.
Кенесары көтерілісін түп-тамырымен құрту жөнінде қазір арнаулы соғыс жоспары
жасалып жатыр, — деді Горчаков, — көп ұзамай қарулы күш те шығарылады. Қазақ даласы
Кенесары қарақшыларынан да тазартылады. — Кенет генерал-губернатордың есіне ауру
қаншығы түсіп кетті, ол енді асыға бастады. — Өзге шаруаңызды облыс бастығы Талызин
мырзамен сөйлесіңіз. Қош болыңыз.
Қоңырқұлжа салы суға кетіп үйден шықты. Ауырып жатқан Талызинның пəтеріне барып
жолығып, үш күннен кейін еліне қайтты.
Аға сұлтан бұ жолы Талызиннен көмекке небары жүз солдат алғанымен, келесі жаз
Кенесарыны біржолата құртатын қалың əскер шығатынын естіп, көңілі сəл орнығайын деді.
«Қыс болса келіп қалды, ал Кенесары қыста шабуылға шықпайды. Бірен-саран жасаққа
мына жүз солдат пен өз күшім де төтеп бере алады». Бірақ ол ел шетіне жетер-жетпестен-
ақ əнеукүнгі Ағыбай мен Байтабынның ауылды шауып, түбектегі бар малын айдап əкеткенін
естіді.
Оқиға былай болған еді.
399
Есіркеген жас та болса санасы ерте оянған жігіт еді. Қалада орысша оқып, хат танып,
көзі əжептəуір ашылып қалған. Өзімен бір мектептегі кей балалардың «жайлауымызға биыл
солдаттар бекініс салыпты, енді аулымыз əрі қарай құмға көшетін шығар», — деген сөздерін
естіп, түбі патша отаршылық саясаты еліне қолайлы тимейтінін түсіне бастаған. Оның үстіне
Кенесары мен оның батырлары жайында естіген ерлік əңгімелері де бала жігіттің көңілін
еліктіретін. Əсіресе Шұбыртпалы Ағыбай батыр жайындағы аңыздар кəдімгідей қанын
қыздырып, қиялына от тастайтын. Ағыбайдың сондай жау жүрек батырлығын мақтаныш
ететін, өйткені Шұбыртпалы оған аталас ру. Енді сол Ағыбайдың басына қауіп төнгенін біліп,
не істерін білмей, əбден күйінген-ді. Əйтсе де, нағашы апасының аулында бұдан əрі жата
берудің жөнсіз екенін біліп, Қоңырқұлжа Омбыға аттанысымен бұ да серіктерін ертіп, өз
еліне жүріп кеткен-ді. Бұлар ауыл шетіне шығар-шықпастан-ақ алдарынан бір қоян ойға
қарай зыта жөнелді. Кілең есерсоқтау жас жігіттер əлгі қоянды қуып берді. Есіркегеннің аты
өзгелерінің атынан ұшқырлау болғандықтан, серіктерінен озып кетіп, қоянды жеке қуды.
Ақырында қоян Есіл жағасындағы бір қалың талдың ішіне кіріп жоқ болды. Бірақ Есіркеген
қояннан айырылғанмен, шоғыр талдың түбінде түні бойы Қоңырқұлжаның аулын торып,
қазір тынығып ұйықтап жатқан əбдіуақиттың үстінен шықты... Тарсылдатып келіп қалған ат
дүбірінен əбдіуақит шошып оянып жанындағы шоқпарына жармасты. Кілт тоқтаған Есіркеген
сəлем беріп өзінің жау емес екенін айтты. Əбдіуақит жас жігітті шырамытып, танығандай
секілденді. «ə... Масан бидің ұрпағы тəріздісің... Асылдың сынығы, шұғаның қиқымы екенсің
ғой, алдамассың», — деді. Бұл кісінің кім екенін білген Есіркеген өзінің таңертеңгі жылпық
сарыдан естіген сөзін, Ағыбай тобын Қаражар шатқалында жатқан жерінде басыңдар деп
нөкерлеріне Қоңырқұлжаның бұйырғанын жасырмай айтып берді. Сөзінің аяғында:
«Жанымда жолдастарым бар. Маған бұрылуға болмайды, сіз Ағыбай батырға жетіңіз. Жəне
Байтабын жасағында Қоңырқұлжаның адамы бар, соны да құлағына салыңыз. Өзіңіз де сақ
болыңыз, ауыл торып жүргеніңізді Қоңырқұлжа жігіттері біледі», — деді. Есіркеген естігенін
айтып бола берген кезінде ойпаттан жолдастары да көрінді. Бала жігіт əбдіуақит аналардың
көзіне түспесін деп, серіктеріне қарай тұра шапты.
Қоңырқұлжаға барған жігіттің түсін сұрауға үлгірмегеніне өкініп, əбдіуақит, Есіркеген
кетісімен-ақ көп кешікпей, қалың тал ішіндегі байлаулы атына міне сала Қаражар
шатқалындағы Ағыбайға жөнелді. Ағыбай сол күні алды-артын барлауға төрт адам
жібергендіктен, қайсысының Қоңырқұлжамен хабардар екенін ажырата алмай, амалсыз
Қаражардан жедел көтеріліп, күн бата Байтабынның жасағына келіп қосылды.
Ат құлағында ойнаған елу жігіт таң сыз беріп келе жатқанда түбектегі аға сұлтанның
жылқысына тиді. Ақылағын ағызған Ағыбай мен Серкесанын секірткен Байтабынға кім
шыдасын, қос батыр алғашқы айқасқанда-ақ сойылды оңды-солды сілтеп, қарсы шапқан
Қоңырқұлжаның жүз нөкерінің он шақтысын бірден түсіріп кетті. Сөйткенше шұбатыла
артындағы елу жігіт те жетті. Тек суыр ініне аяғын сұғып алып, астындағы аты ақсап Ожар
ғана кейін қалды. Кенесарының ұрысқа əбден шыныққан жігіттеріне жеме-жемге келгенде
аға сұлтандардың нөкерлері шыдап көрген емес. Бұл жолы да солай болды. Бетпе-бет кеп
қарсы шапқанда Ағыбайдың мысы жеңді, Асылкерейдің бірнеше қайратты нөкерлері
сойылға жығылды. «ə» дегенше болған жоқ бірнеше ат ойнап шыға берді. Сұлтан
нөкерлерінің алыспай жатып-ақ берекесі кетті. Көп кешікпей олар тым-тырақай қаша
жөнелді.
Өз жасақтарынан тек он шақты сарбаз ғана жараланған Ағыбай мен Байтабын түбектегі
көк аланың тайлы-таяғын қалдырмай айдап елдеріне бет алды. Жасынан аға сұлтан
Жамантайға өшпенді Ағыбай бұ жолы Қарқаралыны шаба алмайтынын біліп, амалсыздан
Байтабын жасағымен бірге кейін қайтты.
Бар малынан айырылған Қоңырқұлжа жаман қиналды. Оңашада ат жалын құшып жылап
та алды. Малсыз аға сұлтан боп ұзақ отыра ала ма, əсіресе осы қауіп жүрегін удай ашытты.
Тек айқаста əбдіуақит төлеңгіттің сойылға жығылып қайтыс болғанын естіп, көңілі орнықты.
ІV
Ақмола, Ақтау, Ортау бекіністерін алғаннан бері Кенесарының көңілі көтеріңкі тəрізді еді.
Оның үстіне асығы алшысынан түсіп, Ағыбай мен Байтабын батырлар қас жауы
Қоңырқұлжаның ең соңғы үш мың жылқысын айдап əкелді. Ескі кек қайтқандай. Ал батыр
қарындасы Бопай Сырымбет саласындағы Уəлиханның жесірі Айғанымның кең сарай алты
400
ағаш үйінің күлін көкке ұшырып қоймасындағы басулы кигіз, иленген терісіне дейін
қалдырмай барын сыпырып əкеп, ата кекті бір қайтарды. Енді Кенесары көңілденбегенде
кім көңілденбек? Құдай абырой беріп Ақмола, Ақтау бекіністері де тез алынды. Осы
жеңістердің арқасы ғой, енді Қараөткел, Қарқаралы, Көкшетау, Баянауыл өкіріктерінің кей
ауылдары бірден Кенесары жағына шыға бастағаны. Əрине, осыдан. Кенесарыны əсіресе
қуантқан Кіші жүзден келген хабар. Жақында екі айдай уақыт жүріп Елек, Ембі, Ырғыз, Жем
бойын аралап Таймас қайтқан. Ұрыс десе жаны кіретін Кіші жүздің Жоламан батыры
бастаған Тама, Табын, Шөмекей, Шекті, Төртқара руларының көп ауылдарымен Иман,
Жəуке батырлар соңынан ерткен Торғай өзенінің жағасын жайлаған қалың Қыпшақтың
Кенесары көтерілісіне қосыламыз деп дайын отырғанын айтып келген. Жəне Орта жүз бен
Кіші жүзді біріктіріп ақ патшаға қарсы шығу үшін, Кенесарының бері қарай, Торғай өзенінің
бойына көшіп келуін өтінгендерін де жеткізген. «Егер Қоқан хандығына қарсы Сыр бойында
жеке алысып жүрген Нұрмұхамедтің Жан-қожасы басқарған Кіші жүздің бір қауым
қарашысын, Атыраудың күнгей қапталындағы Адайды, əлі де Шеген бидің қарамағынан
шыға алмай келе жатқан Арғынды өз жағыма тарта алсам, бар қазақтың басын қосқаным
емей немене», — деп ойлайтын Кенесары... Таймас жақсы хабар əкелгелі бұл ойынан өзі
де үміттене бастаған. Сол себепті ол соңғы кезде тас қабағы ашылып, дүниеге сəл
күлімсірей қарауды шығарған. Тек соңынан ерген рулардың кейде қонысқа, жайлауға, мал
өрісіне таласқан бірен-саран реніш-жанжалдары ғана көңіл күйін аздап бұзатын. Бірақ бұ да
ұзаққа бармайтын. Қысқасын айтқанда, қазіргі жағдайда Кенесары жабығардай ештеңе жоқ
секілді еді. Əйткенмен олай болмай шықты. Ел басы бір үлкен қауіп-қатерге тірелгендей,
соңғы кезде Кенесары түнере түсті. Оның бұлай өзгеру себебін хатшысы жəне ақылгөй
серігінің бірі Жүсіп-Иосиф Гербурт қанша ойласа да таба алмады. «əлде жақында өткен
Наурызбайдың тойында бір сыр жатыр ма деп ойлады ол. Осыдан бір жеті бұрын,
Байтабын Қоңырқұлжаны шабуға жүріп кеткен шақта Наурызбай мен Ақбөкеннің қосылу
тойы болған. Тойды Кенесарының өзі басқарған. Ақын айтысында да, балуан күресінде де
адал төрелік істеп, жұрттың көңілін өзіне бір аударып тастаған. Сөйткен жағасы жайлау, төсі
қыстау Кенесары күрт өзгерді. Төренің көңіл райының құбылғаны түрінен сезіліп тұр...
Өйткені сұлтан бірдемеге ренжісе, қапаланса, не шешім таба алмай қиналса, еш адаммен
сөйлеспей қабағын қарс жауып сыр шашпай қара судай тұна қалады, не болмаса қауіп-
қатер басына төнген қорқынышпен ойнай бастайды. Мұндайда ол ажал-сыннан тек өз
басын ғана емес, соңынан ерген қарашысын да, қасындағы батырларын да, ағайын-
туысқанын да сақтап қалмайды, ешқайсысын аямайды. Бұл Кенесарының жүрек
толқынының қобалжуының, жанына батқан ауыр сырдың шешуін таба алмай қиналуының
ең анық белгісі. Кенесарыда мұндай жағдайда мəймөңкелеу, біреудің көңіліне қарау деген
болмайды, тік кетеді. Ол бүгін де осы əдетіне көшті.
Күн батып бара жатқан кез еді. Малдың у-шуымен ауыл үсті күндегісіндей азан-қазан.
Ауыл сыртында тартқан қурай күйі, белестен аса күрсіне салған жылқышы əні, батып бара
жатқан алтын күнге жоқтау айтқандай біртүрлі мұңлы, қасіретті еді.
Жапар, Тайшық, Ахмет, Омар, Оспан, əубəкір, Сыздық, Жəкей атты сегіз ұлының бірі
бес жасар Сыздықты ертіп Кенесары ақ ордасынан шықты. Үстінде түйе жүн жеңіл шекпен,
кішкентай кездікті былғары қыналы белінде күміс белбеу. Сыздық тұрымтайдай шапшаң,
Кенесарының аузынан түскендей ақ сары бала. Əкесі бұны өзге ұлдарынан жақсы көреді.
Тентек, кішкентайынан жау жүрек, пышақ, таяққа үйір-ақ.
Есік алдында анандай жерде тұрған Жүсіпті көрді де:
Жүсеке, жүріңіз, ауыл сыртына шығып азырақ серуендеп қайтайық, — деді Кенесары
қой мініп ойнағысы келіп тұрған Сыздықтың білегінен ұстап жібермей.
Мақұл.
Жауға аттанғанда болмаса, Батырмұрат ауыл арасында Кенесарыны күзетпейтін,
мұндайда сұлтанды бақылаушы, күзетуші Қараүлек. Ол ауыл сыртына қарай кетіп бара
жатқан ана үшеуді көрді де, үн-түнсіз соңдарынан ерді.
Кенесарының баласының білегінен ұстап жібермей келе жатқанын аңғарған Жүсіп арт
жақтарындағы бас жендетті көріп кенет абыржи қалды, жүрегі аттай тулай жөнелді.
«Япырмай, мына жас баланың бір жазығы болмаса нетті?.. Қараүлек бостан-бос ермесе
керек еді...»
401
Бұл үшеуі қара шұғадай майлы топырақты сайдың жағасындағы бір адырдың үстіне кеп
тоқтады. Кенесары кейінірек қалған Қараүлекті қолын бұлғап шақырып алды да беліндегі
күміс кездігін суырып:
Ұшын жоғары қаратып мынаны ана жерге көм, — деді.
Құл айтқанындай етіп алмас кездіктің ұшын ғана қылқитып тегіс топыраққа көмді.
Кенесары енді баласына бұрылып:
Батыр болғың келе ме, Сыздық? — деді.
Баланың жүзі жайнап кетті.
Наурызбай көкемнен де асқан батыр болам.
Онда жүгіріп келіп, мына өткір кездіктің үстіне кеудеңді төсей құла! Егер қорықпасаң
батыр боласың.
Бала көзінде сəл сескенгендік бір сезім жарқ етті де, заматта сөне қалды.
Кеудеме кіріп кетпей ме кездік?
Батыр болар адам кеудеме кездік кіреді деп қорқа ма?
Сыздық теріс бұрылды да жүгіріп келетін жерге қарай жүре берді. Жүсіп терлеп кетті.
«Япырмай, мұндай да тас жүрек əке болады екен-ау! Бес жасар баланың батырлығын
жалаңаш кездікке құлатып сынай ма екен кісі? Жазым болса қайтеді?... Жоқ, баланың көңілі
дауаламас
Сыздықтың жүрісі сылбыр, əлі жерден басын бір көтерместен кетіп барады. Кенесары
кенет тез қимылдап кездікті суырып алды да, орнын кездік тұрғандай томпайта қойды. Жүсіп
енді ғана «үф» деп демін алды. «Бəсе, неше бүгін тас бауыр болса да əке деген көрер көзге
өз баласын пышаққа жығар ма! Енді түсінікті. Əйтсе де балаға бұл үлкен сын екен. Əкенің
қатігез мінезін біледі, расымен жүрегі дауалап кездікке құлар ма екен? Құламаса, əрине,
Кенесарыға бұл баланың еш қадірі қалмайды. Ондай баланы ол балам деп санамауы
мүмкін. Сұлтан тұқымы қасқыр тектес деп жұрт неге айтатынын енді ұқтым. Бұлар
қатарларында тек күштілерін ғана сақтайды екен...»
Жетеді, Сыздық, — деді дауыстап Кенесары. — Кəне жүгір!
Бала дереу бұрылды да, жүгіре жөнелді. Тоқтар емес, жайшылықта серіктерімен
жарысқандай ағып келеді. Жүсіп байқап тұр, тек таяй беріп, кездік шаншылған томпиған
жерді мөлшерлеп қараған кезде ғана көзінде сескенгендік бір сезім пайда болып сəл
жұмылып кетті де өзінің осы бір болмашы қорқақтығына ызаланғандай, екі көзі қайтадан
шоқтай жайнап алға қарай атыла түсті. Сол жүгірген бетінен тоқтамастан томпайған жердің
үстіне дəлме-дəл жетіп көкірегін төсей құлады. Құлағаны аз болғандай бір-екі рет аунап-
аунап жіберді де түрегелді. Кенесары баласының ерлігіне риза болғанын жасыра алмай,
жанына барды. Бірақ сүйген жоқ, тек ұзын саусақтарымен маңдайынан бір-екі мəрте сипап:
Апаңа бара ғой, — деді.
Сыздық нағыз бір желіден босанған құлындай ауылға қарай ойнақтай жүгіре жөнелді.
Кенесарының ымына түсінген Қараүлек те енді ауылға қарай беттеді. Төбе басында тек
сұлтан мен хатшысы ғана қалды. Жүсіп өзін-өзі ұстай алмай:
Нағыз көкжал болады! — деді зымырап жүгіріп бара жатқан Сыздықтың соңынан
қарап.
Кенесары мырс етіп күліп жіберді.
Неге күлдіңіз?
Өзім де Сыздықтан көп үміттімін. Өзге балаларым бір төбе де, Сыздығым бір төбе. Ал
күлген себебім: Абылай атамның түсін жорыған Бұқар жыраудың сөзі есіме түсіп кетті. Сенің
Сыздықты көкжал бөрі болады дегенің сол кісінің айтқанына дəл келіп тұр...
Жүсіп-Иосиф Гербурт қазақ арасындағы сан алуан ертегі, ұлағатты сөздің көп екенін
бұрыннан білетін. Жəне оларды құмарта тыңдайтын. Реті келсе жазып та алатын. Бұ жолы
да сондай бір жəйттің шеті көрініп қалғанына қуанып кетті. Төре тұқымы өздерінің құпиясын
басқа жұртқа көп айта қоймайтынын білсе де:
Қандай түсті айтасыз? Бұқар жырау не деген екен? — деді сұлтанды сөйлеткісі келіп.
Кенесары бəлсінген жоқ, əңгімесін бастап кетті.
Атамыз Абылайды үш жүздің игі жақсылары боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ
кигізге орап, хан ғып көтерген күнінің түнінде ол бір ғажайып түс көріп шығыпты. Бұқар
жыраудан жоруын сұрапты...
«Астымда Жалынқұйрық жүйрігім бар. Сарыарқада серуендеп келе жатыр едім, — депті
хан Абылай, — алдымнан бір арыстан тұра қашты, қуып жетіп, алдаспаныммен ішін жарып
402
жіберіп едім, арыстанның ішінен бір жолбарыс шықты да тұра жөнелді. Жолбарысты да
қуып жетіп аш бауырынан орып жіберіп едім, ішінен бір көкжал қасқыр шыға келді де тұра
қашты. Көкжал қасқырды да қуып жетіп, ішін тіліп жібергенімде, одан бір қызыл түлкі ата
жөнелді. Қызыл түлкіні де қуып жетіп қарнын осып қалғанымда ішінен құрт-құмырсқа, бақа-
шаян, жылан-кесіртке ақтарыла түсті... Бірақ бұлар менен қашпады, бəрі быжнай келіп,
атымның сауырына, жалына жабыса бастады. Шошынғанымнан айқайлап жіберіп, оянып
кеттім. Жоруын айтшы осы түсімнің, жырауым», — депті Абылай хан.
Сонда Бұқар жырау былай деп жорыған екен:
«Жалынқұйрыққа мінгеніңхан тағына мінгенің. Ал алдыңнан арыстан қашса, сенен
арыстандай айбарлы ұл туады екен. Одан туған бала да жолбарыстай қайратты, жүректі
болады екен. Жолбарыстан туған шөберең де көкжал қасқырдай жүректі жаратылады екен.
Ал көкжал қасқырдың баласы, төртінші ұрпағың, қызыл түлкідей заманына қарай қу,
тəсілқой келеді екен. Ал қызыл түлкіден əрі қарай тараған тұқымың бақа-шаян, құрт-
құмырсқа, жылан-кесіртке секілденіп уақтанып кетеді екен», — депті.
Егер Абылайдан туған арыстан менің əкем Қасым төре болса, одан туған жолбарысты
өзім десем, менен туған көкжал қасқыр əлгі Сыздық емес пе? Жаңағы қылығы Сыздықтың
көкжал бөрі болатынын көрсетпей ме? Өзің де соны аңғарып қалған жоқсың ба?
Кенесары əлденеге көңілі бөлініп кенет тоқтай қалды. «Ал көкжал қасқырдан түлкі тууға
тиісті ғой, түс жоруы дұрыс болса, солай тəрізді... Өзіңіз соған сенесіз бе?» — деп сұрауға
Жүсіптің батылы бармады. Ол əрине дəл осы минутте Сыздықтан туған Жүністің қызыл
түлкідей қу келетінін қайдан білсін, тек Бұқар жыраудың Абылай түсін əлгідей жорығанына
таң қалуда еді. «Түс жоруы дұрыс. Қасым төреарыстан, одан туған Кенесары жолбарыс,
ал бұл Жолбарыстан туған əлгі Сыздық шын көкжал болғалы тұр. Одан кім туады?
Шыныменен Бұқар жырау айтқандай күнін көру үшін заманына қарай бейімделген,
жалтарма бір қызыл түлкі дүниеге келер ме екен Жүсіптің ойын тағы Кенесары бұзып
жіберді.
Жə, Бұқар жыраудың əңгімесін қоя тұрайық, — деді ол кенет, көптен бері көңілінде
жүрген бір сырды қозғағысы келіп, төбе үстіне жантая жата беріп, — сен де отыр, Жүсіп, —
деді. Сөйтті де əңгімесіне қайта кірісіп кетті. — Сен бөтен жұрттың баласысың, Жүсіп...
Жасың кіші болғанмен көпті көрдің... Ақ патшаның таяғын Бөлше халқы қазақтан бұрын
жеген тəрізді. Сондықтан сендер бізден гөрі білгірсіңдер... Білгір болмасаң Россия патшасы
сені сонау ит өлген жерден мынау қу далаға айдар ма еді.
Күш қолында тұрғанда, өзіне қарсы адамды патша неге аясын...
Иə, ол солай ғой... Ал мен сенімен кеңескім келеді. Шын дос болсаң ойыңдағыны
жасырмай айт.
Сұраңыз. Жалған айтпауға ант етейін.
Жоқ, антыңның керегі жоқ. Мен саған онсыз да сенемін. Өйткені екеуміз де Россия
патшасынан қорлық көрген жандармыз. Тілегіміз бір, ниетіміз бір, бірімізді біріміз алдауға
тиісті емеспіз. Ал сұрайын дегенім... Өзің көріп жүрсің, Жүсіп, от сала білсең патшаға қарсы
қазір бүкіл Сарыарқа көтерілуге бар... Ереуіл жалыны бұдан да өршіп кетуі мүмкін...
Дұрыс айтасыз.
Ал біз де ширыға түсеміз. Егер Орта жүз тегіс көтеріліп, оған Кіші жүз қосылса...
Бұның өзі қыруар күш қой. Сөйтсе де... — Кенесары ойын айта алмай тағы да үндемей
қалды. Тек аздан кейін ғана барып қинала, — осынымыздың бəрі түбі босқа қан төгу болмай
ма? — деді, — жарайды бар қазақ бірлестік делік, сонда ақ патшаға айтқанымызды істете
аламыз ба?
«Кенесарының бұл күмəндануы бос күмəндану емес екенін Жүсіп бірден түсінді. Əрине
осы биылғы жаздағы жеңістерден кейін басқа адам болса, лепірген үстіне лепіре түсер еді.
Ал Кенесары... Жоқ, жоқ, бұл жай қазақ емес, бұнда бір елге аға боларлық ақыл бар. Əттең!
əттең! Елі кішкентай жұрттың ардақты ұлдарының даңқы да кішкентай. Дəл осы шоқша
сақалды, шегір көз қазақ, Европа елдерінің қолбасшыларының қайсысымен салыстырсаң да
батырлық, айлақорлық жағынан кем соқпас еді, бірақ кішкентай халықтың ұлы... Ал жері
көп... Сол көп жерді осынау аз ғана жұрттың басып отыра алмайтынын білмей ме бұл?
Бұлардың ажалдарының өзі де осы қорғап жүрген жерлерінде емеc пе? Бүгін үйтіп-бүйтіп
аман алып қалғанмен, ертең бəрібір сол жерден айырылады. Өйткені бұлар саны аз
халық... Осыны неге түсінбейді бейбақ? Дос жылата айтады, дұшпан күлдіре айтады. Шын
көңілден сұрап отыр ғой, не болса да шындықты алдына ашып салайын».
403
Ақ патшаға, — деді Жүсіп Кенесарының сөзіне жауап беріп, — бəрібір айтқандарыңды
істете алмайсыңдар.
Неге?
Қазіргі Россия бұдан жүз жыл бұрынғы Россия емес. Қазір ол қазақ жеріне əбден
бауыр басып алған. Қаруы да, əскері де көп. Қазақ халқы қанша ер жүрек халық
болғанменен, Россия патшалығына қарағанда аждаһа алдындағы көжек тəрізді, қалай
жұтам, қашан жұтам десе де қолынан келеді. Сенің ереуіліңе қарсы айына бес жүз солдат
шығарып, он жыл күресу де, əлде бір жолы он мың əскер шығарып бір айда құрту даоған
бəрібір. Сендер көгендеулі қойсыңдар, қай уақытта сойып жегісі келсе ақ патшаның еркі.
Дəл бүгін Россия патшасы сенің көтерілісіңе шын мəн беріп отырған жоқ, тентек бала əрі
ойнайды, бері ойнайды, сосын қояды деп ойлайды. Сені ол шын қауіпті жау санамайды.
Сондықтан хаттарыңа да жауап бермейді. Бəрібір түбі жеңетініне оның көзі анық жетеді.
Өзім де солай ойлаймын...
Онда неге ұрыс аштың?
Кенесарының көзі кенет жарқ етті.
Сонда сен маған бауыздағалы тұрған қой тəрізді үн-түнсіз өле ғой дейсің бе? Жоқ,
мен олай өле алмаймын. Жолбарыс қой емес. Ең болмаса жауына шауып ажал табады.
Егер мен Айшуақ, Құдайменді, Жантөре, Уəли балалары секілді үн-түнсіз Россия
патшасына мойын ұсынсам, ертең үрім-бұтағым не дейді? Мені де сатылған көп сұлтанның
бірі еді демей ме? — Кенесары кенет шаршап кеткендей көзін жұмды, — қазір жеңіліп ажал
табуға бармын, бірақ ұрпақтарым алдында атымды адал сақтағым келеді.
Жүсіп мырс-мырс күлді.
Үш жүздің басын қосып қазағымды жеке мемлекет етемін деген арманыңыз үшін
ұрпақтарыңыз алғыс айтады деп сенесіз бе?
Сенемін. Сол үшін жан беруге бармын. Əлде менің мұным қате ме?.. Менің ерлігіме
ұрпақтарым қарғыс айтады деп ойлайсың ба?
Жүсіп тіке жауап қайырмай ақырын күрсінді.
Меніңше Абылай ханның түсін Бұқар жырау дұрыс жорыған тəрізді.
Жоқ, — деді Кенесары кенет түнере түсіп, — Абылай атам Үш жүздің басын қосып,
қазақтың еркіндігін сақтап, жеке ел етемін деген хан. Оның түсіне де осы халық тұрғысынан
қарау керек.
Иə, сонда?
Абылай ханның алдынан қашқан арыстанол баласы Қасым төренің кезіндегі
халық. Оның ішінен шыққан жолбарысол мынау менің кезімдегі батыр жұрт. Бұл жұрттың
жолбарыстай жүректі екені бəріңізге де аян... Бұдан кейін, əлгі Сыздық тентегімнің ер жетіп,
жауымен алысқан кезінде де қазақ халқы елдігін де, ерлігін де жоғалта қоймайды... Көкжал
қасқырдай жауына талай шабады. Бірақ, қасқыр арыстан да, жолбарыс та емес, қанша
көкжал болса да ауыл-аймақтан ұзай алмайды... Одан кейінгі елім «сабасына қарай піспегі,
сақалына қарай іскегі» дегендей заманының ықпалына қарай түлкі болмасқа амалы бар ма?
Ал ол түлкі қулықты елімнен кейінгі ұрпақ бақа-шаян, құрт-құмырсқа, жылан-кесіртке тəрізді
кəкір-шүкірге айналады. Ол ол ма, Абылай ханның осы бесінші ұрпағы кезіндегі осы құрт-
құмырсқа, бақа-шаян, жылан-кесіртке секілді жұрт, ертең осы менің ісіме қарсы шабады.
Сондықтан қазір халқымның уақтанбай тұрған жолбарыстай қажырлы кезінде армансыз
қимылдап қалуым керек!
Кенесарының көзі қанталап, ақ сары жүзі күреңітіп кетті. Жүсіп баяу жауап қайырды.
Бұқар жырау Абылай ұрпағының бесінші буыны уақтанып кетеді десе, ол бір сəрі. Хан
ұрпағы десек те, ол болжау бір тұқымға ғана жатады... Ал бүкіл қазақты сондай болып
кетеді деуге қандай себебіңіз бар? Егер себебіңіз жоқ болса...
Кенесары өзіне қарсы келген қашқын сөзіне ашулана қалды.
Ал ашу үстінде Кенесарыға қан төгу оңай шаруа екенін Жүсіп жақсы біледі. Əйтсе де
Кенесарымен біраздан бері талай тар жол, тайғақ кешуді басынан бірге өткізген нəсілі ер
жүректі жігіт тақа саса қоймады. Сабырмен сөйлеп:
«Болғанда ашу пышақ, ақыл таяқ. Сол таяқ кеми берер жонған сайын», батыр ашуды
ақылға жеңгізіңіз! Мен тұтас бір халық уақтанып, ер жүректігі жойылып, илеген терідей
болбырап кетеді дегенге сенбеймін... Тікенек шыққан жерге тікенек шығады, гүл өскен жерге
гүл өседі.
Ал гүл жайылымын арам шөп басып кетер болса не істеу керек?
404
Онда... отау керек.
Дұрыс айтасың. Өзіме ермеген ауылдарды шапқанымда мен де сол арам шөптерді
отап жүрмін деген ойдамын. Бірақ өз саусағыңды өзің тегіс кесе аласың ба? Оның да бір
жауабы бар емес пе?
əрине.
Кенесары күрсінді.
Ал жауаптан қорықсаң, жеріңді арам шөп басып кетеді.
əйтседе, — деді Жүсіп. — Алмас наркескенді қанша бөлшектесең де əр бөлшегі сол
алмас қалпында қалады. Батыр елден батыр ер туады. Бірақ əңгіме онда емес, басқада.
Көп қорқытады, терең батырады. Сол көптің қорқытатынын алдын ала болжаған қарт Асан
Қайғы да түсінген. Қол бастаған ақылды, батыр Кенесарының қалай ұқпайтынына таң
қалам. Россия империясы қазір Қытай, Қоқан, Хиуа, Бұқардан анағұрлым күшті. Жəне қазақ
жерінің дені қолында. Түбі, əрі кетсе бір елу жылда бүкіл Сарыарқа, Сыр бойы, Маңғыстау,
Үстірт, Жетісудың бəрін бауырына басатыны сөзсіз. Сонда не дейсің? Кім күшті болса, жұрт
соның сөзін сөйлейді. Ал күшті кім? Ақ патша! Ол өзіне қарсы сойыл көтерген Кенесарыны
мақтай ала ма? əрине, мақтамайды, жамандайды. Патша жамандаған адамды Абылай
ұрпағының бесінші буыны да жамандауға мəжбүр болады. Өйткені кімнің қолында күш
болса, өзгенің соның сөзін сөйлеуі өмір заңы, қоғам заңы. Тек бұл қасіреттен құтылудың бір-
ақ жолы бар. Ол жолуақ халықты қанаушы патша үстемдігін Россияның өзінде жою. Ал
ол күн қашан келеді? Міне əңгіме қайда! Оған дейін Абылай хан атаң тəрізді патшаға
бағындым деген сөзбен көз бояп, қазақ елінің тəуелсіздігін сақтатып, жеке мемлекет етемін
деуің, құр бос қиял. Ондай еркелікті қазіргі заман көтермейді.
Кенесарының ашуы сəл тарағандай, бірақ əлі де қабағы қатыңқы.
Дегенімізге жете алмайтынымызды біледі екенсің, бізге неге қосылдың? Далаға
тастай алмай жүрген жаның бар ма?
əрине, тастай алмай жүрген жаным жоқ, — Жүсіп ақырын күрсінді, — тəуелсіздік үшін
күресудің не екенін мен жақсы түсінемін. Өз жұртымның басынан өткен қайғылы хал... Ал
сендерге жаным ашиды. Қолымнан келсе ақылымды айтып, жəрдемімді беремін бе деп
едім... Бірақ оным болар емес.
Неге? əлде біз дұрыс ақылыңды тыңдамадық па?
Жоқ, айып сендерде емес. Көтерілістеріңе қосылғандағы ойым, екі ұлттың
жақындасуына дəнекер болу еді. Жерінен, тəуелсіздігінен айырыла бастаған қазақ
халқының қанының босқа төгілмеуін арман етіп едім. Бірақ ол ойым қолға түспес сағым
екен. Батыс Сібір генерал-губернаторы князь Горчаков та, Омбы облысының бастығы граф
Талызин де сендермен бейбітшілік бітім жасар түрі жоқ. Олар қазақ даласын тек қана
мылтықтың күшімен алып, бейшара елді табанының астына салуды көксеп отыр. Мұндай
жағдайда талас қан төгіспей шешілмейді. Қазір қазақ халқының басына ең бір ауыр күн
туғалы тұр. Ал мұндай жағдайда мен сендерді қалай тастап кете аламын? Бір кемеге міндік,
өлсек бірге өлеміз.
Иосиф Гербурт Кенесарының сырын анық білмейтін. Оны сұлтан болса да ұлт
бостандығы қозғалысының қолбасшысы деп қана ұғынатын. Кенесарының жан аямас
қаттылығы, көзсіз ерлігі бəрі тек елінің еркіндігін аңсап патша отаршылық қиянатынан
құтылу тілегінен туған ерекше қасиеттері деп түсінетін. Осынау шоқша сақал, шегір көз, ақ
сары адамның ел мүддесінен шығу арқылы жетпек болған жеке басының мақсаты да бар
екенін аңғармаған. Ал Кенесары болса, тоқсан тілектің түйінінен жаралған адам. Оның
мінезі де, ішкі дүниесі де сала-сала, онда Абылайдың ақ туын құлатпай ұстайын деген
арман да бар, бір руды емес, бар қазақты билесем деген баққұмарлық та мол, атадан
əкеге, əкеден балаға мұра боп қалған өзге сұлтандардан алмақ кек те жүректе сақтаулы,
соңынан ерген жұрттың құрметіне бөленсем деген сезім де күшті. Осының бəрі бір
Кенесарының басында. Ал Иосиф Гербурт оны тек отаршылыққа қарсы күрестің
қолбасшысы деп қана ойлайды. Ол Кенесарының жүрегінің қалай соғатынын кейде мүлде
түсінбейді. Бұл түсінбестіктен Жүсіп-Иосиф Гербурт тек екі жыл өтіп, Кенесары өзін хан деп
атағаннан кейін арылды. Оған дейін... Ол Кенесарыға өзінің ойын ақтарыла айтып келді.
Қазір де сол адал көңілін ашып отыр. Ал Кенесары болса тек тыңдауда.
Жоқ, — деді Кенесары кенет басын жоғары көтеріп, Гербурт сөйлеп болған кезде, —
болашақ ұрпақ кімнің айыпты, кімнің айыпсыз екенін өзі тауып алар, ал біз өз
борышымызды ақтауымыз керек. Қазақта «Алпыс күн атан болғанша, алты күн бура бол»
405
деген мақал бар, зорлыққа мойын ұсынар жайым жоқ, өмірім жеткен жерге дейін алысып
өтем!
Сұлтанның алған жолынан қайтпасын Гербурт анық сезді. Ішінен аяп та кетті. «Халқы
үшін жан қиюға шешінген екен, күші жетпес аждаһамен алысып, елін де, өзін де қан етуге
бел буынған екен. Мұны апаттан аман алып қалар қандай жол бар
Батыр, бетіңізден қайтпауға белді бекем буынған екенсіз, алдыңыздан жарылқасын,
деді Жүсіп, бірақ тағы да айтар бір кеңесім бар. Батыс Сібір губернаторы сіздің тілегіңізді
орындамайды жəне өзіңізді жазым етпей тоқтамайды. Олармен арамыз тым əріге кетті.
Жоламан мен Иман батыр шақырып отыр ғой, мүмкін Торғай, Ырғыз өзендерінің бойына
ауысқан жөн болар?.. Соңғы кезде Орынбор мұжықтары қатты толқуда, бізге ақ патшамен
күресуге сол жақ қолайлы тəрізді. Оның үстіне өзімізге қаншама тың елді қосамыз. Арқа
қазақтары бір жағынан ру бастықтарының дегенінен шыға алмай жəне патша
солдаттарымен жиі алысып, қалжырап қалғандай.. Бұ да еске алатын жағдай.
Жүсіп Кенесарының ойлаған жерінен шықты. Сұлтанның соңғы кезде күрт өзгеруіне де
себеп болған осы бір тілектен туған ауыр ойлар еді. Наурызбай мен Ақбөкен қосылар кезде
Бопай Аманқарағай приказын шабуға тағы да кеткен-ді. О жақтан жақында олжалы болып
оралған. Сол күні Кенесарының ордасына келген. Қараөткелді алар кезде, Тамыздың
басында шабылған Шыңғыс, Кенесары сарбаздары енді жортуылға шыға қоймас деп
бейқам жатқан екен. Бопай жоқ жерден қойға шапқан бөрідей астан-кестеңін шығарыпты.
Қарындасы соны баяндап болды да «Науанжан мен Ақбөкенді бекер қосыпсыз. Ағаттық
еткен екенсіз», — деген. «Неге деп сұраған Кенесарыға Ақбөкеннің Байтабынға
кішкентайынан айттырған қалыңдығы екенін, біріне бірі кет əрі еместігін, тек осынау
аласапыран кезде жат жерде қосылудың ретін таба алмай жүргендерін айта келіп «жиенінің
қалыңдығын ініңізге алып бергеніңізді Жоламан батыр қалай көреді. Бір шүйкебас үшін бір
тайпы жұртты өкпелетіп алып жүрмесеңіз нетсін. Серғазы ханның зорлығынан қашып келген
Байтабын бұ жақтан да қиянат көріп, бізден безер болса, бұған өзге жұрт не айтады?
Жоламан батыр не айтадыдеп жауап қайырған тəкəппар Бопай.
Осы күннен бастап Кенесары күрт өзгерген. Орта жүз бен Кіші жүздің басын қосамын ба
деп қатты үміттеніп тұрғанында көңіліне күдік кірген. Қазақтың қай батыры намысқа
шаппаған? əрине, ел басқарған сұлтан Жоламанның да қорлануы табиғи жəйт. Егер
Байтабын Орта жүзден көрген қиянатын шағым етіп барса, бүкіл Табын болып Кенесарымен
жауласып кетуі ғажап емес. Қазақ мұндайда үлкен тілекті, зор арманды жеке бастың
мүддесіне де айырбастай салады. Сонда не істеуі керек? «Байтабынды əлдеқалай жазым
болды деп біржолата көзін жойып жіберсе қайтер еді? əрине, Қараүлек мұны оп-оңай
орындар еді. Бірақ жаманшылық жата ма, бір күні болмаса бір күні шындық шығып қалса не
айтам? Оның үстіне жесір дауы тағы бар. Бұл қазаққа ажалдан кем жоқтау емес».
Кенесары Жоламан бастаған Кіші жүздің белді руы Табыннан қол үзгісі келмеді, ал қол
үзбеймін деп бір анадан туған, жанындай жақсы көретін Науанының қойнынан сүйген жарын
тартып алуға көңілі дауаламады. Ел арасына бүлік салмау үшін Ақбөкеннің өзін бір түнде
жоқ етіп жіберуге тағы да дəті шыдамады. Ал Кенесарының ойынша бұл қиындықтан
құтқарар жалғыз жолосы екі жігіттің арасындағы Ақбөкеннен құтылу... Бірақ ағасының
сыры өзіне мəлім Науанын қалай жұбатады? Егер ол жұбанбай қойса не істейді? Наурызбай
Кенесарының оң қолы, оң көзіонсыз ол жарты жан емес пе? Ойлай-ойлай келіп
Кенесары Байтабынның көңілін табу, соның дегенін істеу керек деген шешімге тоқтады.
Сонда ғана екі ел бүлінбейді. Жоламан бастаған жұрт та Кенесарының жасыл туының
астына кіреді. Сұлтан осы шешімге тоқтасымен енді Байтабынның оралуын күтуде болды.
Жүсіптің мына ақылы да Кенесарының түпкі ойынан шығып тұр. Əрине бір қыз үшін екі елді
алыстатпау керек жəне соңынан ерген Арқа елі мақұл көрсе Торғай, Ырғыз өзендері бойына
қарай көшу жөн-ақ. Бүйту Кенесарының ақ патшамен алысу əдісіне де қолайлы. Бір жерде
ұзақ тұруға болмайды, Ұзақ тұрсаң патша əскерінің өзіңді қоршап алуына мүмкіндік
бересің... Ал қоршалдым дегенше шаруаңның біткені. Жоқ, жоқ, қайткен күнде де жеріңнің
кеңдігін пайдалану керек. Қыс Есілде болсаң, жаз Торғайда бол, қашқан түлкідей, аңдыған
жауға із тастап, əр жерден бір көрініп, қақпанына түспе...
Сібір генерал-губернаторының қолы жетер төңіректен кету керек, — деді Кенесары,
бізді енді бұл арада зорлықтан басқа ештеңе де күтпек емес. Ел болып бірігер күн туса,
түбі қайта бір соғармыз. Қоңырқұлжа, Шыңғыс, Зілқара, Жамантайларда қалған өшті сонда
алармыз.
406
Дұрыс.
Осы кезде бұлар ауыл жақтан өздеріне қарай беттеген үш-төрт кісіні көрді. Кенесары бір
қарағаннан-ақ тани кетті.
Байтабын батыр келген екен!
Көзінде қобалжығандай болмашы бір сəуле пайда болды да, кенет жоғалып кетті.
Иə, бұл Байтабын еді. Жанындағылары Жеке батыр, Құдайменді, Таймас. Бұлар қыр
басына жетіп те қалды. Өзі жоқта Ақбөкенді Наурызбайдың алғанын Байтабын естіген
тəрізді. Əзер жүріп келеді. Бетінде қан жоқ, сөл жоқ, тістеніп алған. Ал Кенесары жаққа
тесіле қараған көзінде бір ғажайып қайғы тұна қалған. Қарашықтары əдеттегісіндей ұшқын
атып селт етер емес. Қабағы тастай түйілген. Оң қолында садағы. Жақ ағашынан, ортан
белінен ұстап келеді. Бұлар Кенесарыға жете бергенде, кенет бір дүбір естілді. Жүсіп
бұрылып қарап еді, аң аулап қайтып келе жатқан Наурызбай тобы екен. Олар да
Кенесарыны көріп, тез аттарынан түсіп төбеге қарай беттеді. Алдарында Наурызбай, оның
оң иығында тұғырға қондырған «Қанды көз» аталған бүкіл елге əйгілі аппақ сүттей жібек
балдақты ақсұңқар...
Кенесары мен Жүсіптің қасына бұл топ та асыға жақындады. Наурызбай Байтабынды
көрді де кенет тоқтай қалды. Байтабын Кенесарыға жақын келіп қалған еді, тізе бүгіп сəлем
берді.
Батыр, барып қайтқан сапарымның қиындығын айтайын ба, əлде елімнен алыс жерде
жүргенімде көрген қиянатымды айтайын ба? — деді.
Кенесары жігіттің жүрек соғысын бірден түсінді. Бүркіт қанатындай жирен қастары көзінің
ортасына түйіліп:
Екеуін де тыңдайтын уақыт болар əлі. — деді ол жігіттің жүзіне тесіле қарай, —
алдымен бір өзара талас жəйді шешіп алалық... Байтабын, сені жұрт мерген деседі... Шын
мерген болсаң жүз қадам жерден ана Наурызбайдың қолындағы ақсұңқарды атып түсірші!..
Батыр, оқ ақымақ келеді, ақсұңқарға тимей... — Байтабын Наурызбайға жалт етіп бір
қарады да сөзін аяқтамай тоқтады.
Кенесары кесімін пышақ кескендей тұжыра айтты.
Ақымақ оққа сен айыпты емессің!
Наурызбай мен Байтабын арасындағы əңгімеге Жүсіп те қанық еді. Жəне Наурызбайды
Кенесарының жанындай жақсы көретінін де білетін. Сұлтан сөзінен туған інісін қанша жақсы
көрсе де, ел бірлігін одан жоғары бағалайтынын тағы да аңғарып қалды. «Ел бірлігі үшін
соңынан ерген батыр інісін оққа байлауқұр ғана қатігездік емес, одан да жоғары, одан да
биік қасиет. Байтабынға: «Ақбөкен үшін кеткен өшің болса, Наурызбайдан ал, кегіңді қайтар,
бірақ Жоламан екеуміздің арамыздағы жаңа бірлесіп келе жатқан одақты бұзба деп тұрған
жоқ па! Байтабын бұған не демек? Расымен Наурызбайды оққа қияр ма екен
Кенесарының ойын жалғыз Жүсіп емес, Байтабын да, Наурызбай да, қала берді, қоршап
тұрған жұрттың бəрі де түсінді. Осындай ерлік кесіммен шешілмесе, Наурызбай мен
Байтабын арасындағы жағдай екі елді жауластырар қанды жанжалға айналып кететінін
болжаған батырлар ара түсіп ештеңе демеді. Өзге жұрт не айтарын білмей қысылып үн-
түнсіз тұрған шақта Наурызбай кілт бұрылып, жүз қадамдай жерге барып «Қанды көзді»
тұғырымен иығынан сол қолына қондырды да қырындай қасқиып тұра қалды. Ажал дəл осы
сəтте тепкелі келе жатқан қанды тұяқтай ыңғайлана берсе де міз бақпады. Тек сұрғылт жүзі
атып келе жатқан таң бозындай қуқылданып кетті.
Байтабын да ұзақ күттірген жоқ, қабағын шытып сəл бөгелді де, бір шешімге келген
адамдай тез оң жақ белбеуіндегі түйе тері қорамсақтан қозыжаурын жебені алды да, оң
қолындағы жақты кеуде тұсына көтере беріп садағына асыға оқтап ойланбастан тартып
қалды. Сол сəтте... Наурызбайдың созылған қолының басында тұрған ақ сұңқар жалп етіп
жерге құлады.
Ақбөкенінен айырған Наурызбайға қанша ашулы болғанмен, Байтабын бақастықтан,
намыстан ел бірлігін жоғары көрді. Көкірегінің көзі ашық жас батырды Кенесары өзі келіп
құшақтап баурына қысты да:
Байтабыным, шын мерген екенсің! — деді. — Бүгінгі маған көрсеткен құрметің үшін
қарамағымдағы елдің өзің таңдаған ең сұлу қызын ал.
Қайғы, ашу жүрегіне шаншардай қадалып тұрса да бойды алған қам көңілдікті ақылға
билеткен Байтабын ілтипатпен басын иді де қойды.
407
Жаңа ғана кенет қара түн келіп, сұрапыл дауыл жерге ұрып кетердей қобалжыған
Наурызбай айыбын кешірген Байтабынға қатты риза болып, жақсы көрген сұңқарды бір
жігітіне сол өлген жеріне көмуді тапсырды да (соңынан осы төбе «Сұңқар өлген» төбе деп
аталып кетті) өзі қыр басына көтерілді. Байтабынмен қол алысып амандасты. Қастары түгіл,
достарының қатты сөзін кешірмейтін өркөкірек екі батыр жігіттің арасындағы махаббат
таласы мен намыс таласы осылай бітті.
Бірақ ел бірлігін сақтауды інісі Наурызбайдан артық ұғынған Байтабыннан Кенесары
іштей кенет сескене қалды. «Қарашыдан шықса да хан тұқымына бергісіз ақылы бар екен.
Бұл қасиетін еске алу керек. Жəне мұндай жанды өзіңе дос ете білген жөн. Ал алда-жалда
қарашылығы жеңіп, жолымыз екі айырылатын күн туса тағдырын Қараүлек шешсін...
Қасыңнан жау болып кеткен ақылды батыр шабайын деп тұрған қалың қолдан қауіпті».
əйтседе Кенесары қатар тұрған інісі мен Байтабынға сүйсіне қарап:
Байтабын батыр, — деді жылы шыраймен, — ал енді қиын-қыспақ, қауіп-қатерден
аман қайтқан алыс сапарың жайын баянда.
Байтабын бастан өткен оқиғасының бəрін тегіс айтып келді де:
Қоңырқұлжа жігіттерінен ұққаным, олар биылғы қысқа қатты дайындалуда: Омбыдан
да қалың əскер шығады деседі... Қыс түсе сарбаздар ауыл-ауылдарына тарап, сіз қыстауда
төлеңгіттеріңізбен қалған кезіңізде ордаңызды шаппақ көрінеді, — деп сөзін аяқтады.
Жылдағы əдеті бойынша ол қыс түсе бар əскерін елді-еліне таратып, жаз шыға қайта
жинайтын. Биыл да сондай ойда еді. Бес мыңнан асып кеткен салт атты жауынгерлерді
азық-түлікпен, аттарын шөппен қамтамасыз ету оңай ма? Қыс көзі қырауда, өздері де бұл
маңайға келіп орналасқалы жылдан асқан жоқ. Жау ереуілшілердің əлсіз кезін дəл тапқан
тəрізді. Егер Омбыдан солдат шығып бес жүзге жетер-жетпес төлеңгіті, батыры бар сұлтан
аулын қысты күні қоршар болса, құтылып кету қиын. Арлан қасқырды аңшылардың омбы
қарға қамап соғатынындай, патша генералдары да бұдан өш алар кезін дұрыс көздеген
екен. «Жоқ, жоқ, олай оп-оңай қолға түсуге болмайды. Батыс Сібір генерал-губернаторы
əскер шығарып қысты күні ұстаймын деп жүргенде біз Орынбор жаққа, Кіші жүз жеріне
ауысып кетуіміз керек. Ойламаған жерден пайда болған ереуілшілерге Орынбор соғыс
губернаторы не қылады? Ол қамданып бізбен айқасқанша қыс та өтер. Ар жағын тағы
көрерміз. Мүмкін тіл табармыз. Ұлық атаулының бəрі Горчаков секілді қанішер емес
шығар...»
Кенесары дəл осы арада жұртқа бұл ойын ашқан жоқ. Ол Байтабын шапқан малды
Ағыбай айдап келе жатқанын, Ожар екеуінің көштен бөлініп жақсы хабарды айтқалы бұрын
жүріп кеткенін естіп болды да, жадырай түсіп тас қабағын қайта ашып:
Біраз шаруа бітіріп қайтқан екенсің, көп-көп алғыс, — деді, — Ожар осында ма?
Жоқ, ол жолдағы бір Қарауыл аулына бұрылып кетті.
Неге?
Онысын айтқан жоқ. Маған жүре бер деді. Шамасы əлі де тың тыңдамақ тəрізді.
Ожардың атын естігеннен-ақ Таймас елере қалған.
Қай Ожар? — деді ол кенет сұрлана түсіп.
Қубеттің Ожары.
Ол сұм бұл жақта қайдан жүр еді?
Омбы абақтысынан қашып шығып, Тайжанның қызымен бірге бізге келіп қосылған, —
деді Кенесары.
Марқұм Тайжанның қызы бар ма еді?
Орыс қолында күңдікте жүрген қызы бар екен. Əкелерінің жолдасы деп Ожарға ерге
шығыпты.
ə-ə!
Ожарды неге сұм дедің?..
Бұл бір ұзақ оқиға... Кенеке, соңынан айтармын, — Таймас Наурызбайдың жігіттеріне
қарады. — Тайжанның қызы қайда?
Шеткерірек тұрған жатаған қара жігіт жауап берді.
Осы ауылда. Анау шеткі ақ отау соныкі.
Япырмай, ə?..
Бұл кезде күн де батып кеткен. Ымырт үйіріліп қараңғылық түсе бастаған. Кенесары
əлденені ойлап сəл тұнжырап тұрды да:
408
Байтабын мерген, алыс жолдан қайттың ғой, бір-екі күн демал, сосын маған соғарсың,
деді, — сөйлесетін шаруа бар.
Құп.
Кенесары ауылға қарай беттеді. Өзге жұрт соңынан ерді. Тек Байтабын ғана орнынан
қозғалмай тұрып қалды.
Кенесары ордасына келгеннен кейін Таймаспен екеуі оңаша отырып, ұзақ сөйлесті.
Тайжанның жалғыз қызының əкелерін жауға ұстап берген адамның қойнында жатуын екеуі
де сұмдық көрді. Кісі жіберіп Алтыншашты ордаға шақыртып алды. Таймас қинала отырып,
уылжыған жас бала мінезді Алтыншашқа күйеуі Ожардың кім екенін айтып берді. Бір
ғажабы, жас келіншек еңірей жыламады, «мені одан құтқара көріңдер» деп жалынбады. Тек
суықтан қалтырағандай дір-дір етіп, тостағандай мөлдір көзінен екі-үш тамшы жас домалап
кетті. Осылай қозғалмай ұзақ отырды да, əлден уақытта барып, керегеге көзін аудара
шиедей қызыл еріндерін сəл ашып:
Өзім де сондай бір сұмдықты сезіп жүр едім, — деді. — Ағажан, күмəніміздің бетін
аштыңыз. Ал əкем мен Сейтен көкем үшін Ожар əлі маған жауап береді. Оған кегімді
жібермеске алдарыңызда ант етемін!
Қарағым, — деді бағанадан бері Алтыншаштың сұлулығы мен ұстамдылығына таң
қалып отырған Кенесары. — Кек алуеркектің ісі, ақ саусақтарыңды қанға малма! Тайжан
мен Сейтеннің құнын өзіміз де аламыз.
Жоқ, — деді Алтыншаш тіл тартпай, — көкетайлар, бұл кекті өзіме қалдырыңыздар!
Талдырмаш жап-жас келіншектен Кенесары құр ғана қайсарлық емес, əкелеріне деген
бір мөлдір таза сезімді байқап қалды.
Мейлің, — деді кенет ол, — тек қапы қалып жүрме.
Ал Байтабын мана төбе басында үн-түнсіз отырып қалған-ды. Өткен-кеткенді елестетіп,
қиялы көк бетінде жүзген айдай ұзақ кезді. Сұлтан тұқымы қараға қыз бермейді екен,
Тіленшінің ерке қызы Дəметкенді Байтабынның əкесі Қожыға қалай бергенін кім білсін,
əйтеуір осы ел аузына іліккен жау жүрек əкенің арқасында Байтабын да бұлаң өсті. Сол
əкеден он жасында қалды. Содан бері не көрмеді? Он алтысында ат жалын тартып мініп,
нағашысы Жоламан батырдың соңынан ерді. Қазір жиырма үште. Осы жеті жылдың ішінде
ат үстінен бір түскен жоқ. Талай қанды ұрысқа қатысты. Сан мəрте ажал деген аш
арыстанның аузында болды. Сонда... Осыншама шыбын жанын жүлдеге тігердей бұған не
жоқ? əлде малын, дəулетін, бағын қорғаймын деп жан таласып жүр ме? Жоқ. Бар малы
астындағы жалғыз аты. Дүние-мүлік деген тіпті ныспысымен жоқ. Əкеден қалған қазына
шешесі Дəметкен паналап отырған жалғыз қараша үй. Сонда бұл əлділермен неге
жауласады? Байтабынды алыс-жұлысқа айдаған екі арман. Бірі бота көз, оймақ ауыз
Ақбөкен. Бүкіл Кіші жүзде ажарына жан тең келмес, айдай толықсыған сұлуды алу үшін
Байтабынға құр Жоламан батырдың жиені болу жеткіліксіз. Хор қызын тек періштелер ғана
құшады. Ал Ақбөкен секілді сұлуға қол созуға жұрттан асқан дəулетің, немесе көпке əйгілі
атағың болу керек. Дəулет оңай қолға түспейді, ал атақ... Ол ер жігіттің өзінің қолынан келер
іс. Бақ уысқа сыймағанмен, атақ уысқа сыяды. Жауыңнан жасқанбас батыр болсаң атақтың
өзі келеді. Тек дұшпаныңмен алыса біл. Байтабынның əйгілі жан болуын Ақбөкеннің өзі де
тілейтін тəрізді. Сол себептен емес пе, бұның қосылайық деген тілегіне Ақбөкен соңғы кезге
дейін «əлі ерте, сен ең болмаса жұрт аузына ілігетіндей халге жет», — деп келген жоқ па?
Қарадан шықса да Ақбөкеннің хан қыздарының арманын көксейтініне бұл жазықты ма? Бала
жаста жақсы көрген албырт жүрек қыз көзіне қадірлі болып көріну үшін оны кейде көзсіз
ерлікке де жетектеген жоқ па? əрине сөйтті. Тек соңғы кезде ғана Байтабын қайнардай
төңкерілген тұнық көзге көзі түсіп кеткендіктен туған бұл арманның орынсыз екенін, қыз үшін
ерлікке ұмтылуы уақ əрекет екенін түсінді. Сол себептен де өзі соңғы уақытта Ақбөкенге
өзгеше қарай бастаған жоқ па? Сүйген адамынан ерлік тілеген махаббаттың таза махаббат
емес екенін аңғарды емес пе? əрине сөйтті. Шын жақсы көрген адам бірін-бірі сол тұрған
қалпында жақсы көреді. Ақбөкендікі өзгеше арман, өзгеше тілек. Мүмкін бала кезінде
Ақбөкен мұны шын ұнатқан шығар. Серғазының ауылынан қашып шыққанында да Байтабын
есінде болған шығар, бірақ өзгермейтін жан бар ма, ерлікті, атақты қадір тұтатын қазақ
дəстүрі мұны да өзгерткен болар. Оны айыпқа санау қылмыс емес пе? Бұл жалған түсінік
кейде жұрт қадірлер есімді ардақтар Ақбөкен түгіл, өмір бақи құлдықта өскен, тек
жоқшылықпен ғана көзін ашқан адамдарды да өзгертіп жатады. Ал сұлу жанды Ақбөкеннің,
сүйген жарының əйгілі болуын жақсы көретін Ақбөкеннің бала жастағы сезімнен өзгеруі күнə
409
ма? Күнə деген күнде де оған ренжіп, оған ашуланып, өз өміріңді қор еткенде не түседі? Кім
ренжиді, кім жылайды? Қасың қуанып, досың өкпелейді. Тек сені тапқан анаң ғана көз
жасын көл етеді.
Ана! Атың қандай жақсы. Байтабынды батырлық жолға салған екінші себеп осы ананың
сөзі, ананың тілегі емес пе еді? əрине, солай.
Иə, сол адуынды қара кемпір еді ғой, бұл он алтыға жеткенде, Қожының кəрі кертөбелін
алдына тартып: «Қарағым, ел шетіне жау тиді, найза ұстар ер-азамат атқа қонып жатқанда
Қожы баласының шешесінің жанында отырғаны келіспес, əкеңнің атын жоқтатпай
нағашыңның аулына бар», — деген. Иə, осы сөзді айтқан сол қара кемпір. Байтабынға
осыдан кейін «ана», «ел», «туған жер» деген сөздер бір ұғымда болып кеткен. Оған туған
жерін қорғасаанасын қорғағанмен бірдей. Елінің тəуелсіздігін қорғағаныанасының
тілегін орындағанына пара-пар. Байтабын бертін келе, осы Кенесары тобына қосыл-
ғаннан бері ғана өзінің туған халқына, кір жуып, кіндік кесіп өскен жеріне қандай қауіп
төнгенін анық білді. Бұл қауіптен тек ел болып тізе қосса ғана құтыла алатынын да түсінді.
Ол енді осы ел біткен біріксек деген тілекке шыбындай жанын, бар тілегін бағындырды. Өзге
сезімнің бəрін былай тастады. Соның арқасында да Байтабын Наурызбай екеуін
жауықтыратын қиянатын кешті. Ер намысын ел намысына жеңгізді. «Қыз махаббаты деген
алдыңнан қаша жөнелген қызыл түлкі емес пе, жете алмай қалсаң оған кім айыпты? Халқың
зары жүрегіңе шаншудай қадалған шақта, өз ойымдағым орындалмады деп көңіліңді
сезімге булықтырғаннан не түседі!?»
Байтабын қиялы енді Ақбөкеннен біржолата сусып, Алтыншашқа ауды. Алтыншашты
екі-ақ рет көрген. Бірақ көз алдында пайда болған сурет қараңғы меңіреу түнде адасып
жүрген шағында көрінген от тəрізді көңілін серпілтіп тастады. Əйтсе де біреудің қосағы
туралы ойлаудың күнə екенін Байтабын жақсы біледі, сондықтан ойламайын деп
Алтыншаштың бейнесін өзінен сан қуды. Бірақ онысына ақылға бой бермес қиял деген асау
күш көнбей-ақ қойды. Жалғыз қалса-ақ Алтыншаш қасына жетіп келеді, сезімін еріксіз
оятып, өзімен бірге бір ғажайып жастық-шаттық дүниесіне ала жөнеледі...
Қазір де Байтабын осындай жағдайда еді. Өзі жерде, қиялы көкте. Ай бағана туған, ел
жата бастаған. Осы отырғаным жетер енді деп Байтабын орнынан түрегеле беріп еді, кенет
Алтыншаш бейнесі тағы да көз алдына тұра қалды. «Мен келдім ғой, қайда барасың?» —
деп күлкіге көмілген күміс тісін көрсете еркелей төбе басынан жібермеді. Байтабын кенет
бойын билеп ала жөнелген көңіл дауылын баса алмай, сезім кемесіне мініп, шаттық
теңізінде жүзе берді. Жас батыр осындай топ жарып ұлан-асыр қимыл етердей қуанышты
жағдайда отырғанда түнгі салқын жел əлдеқайдан көкірегін күйдірген арманына шипа болар
бір əдемі үнді жеткізді. Ынтыға тыңдай қалды. Қыз əні. Оқта-текте шыққан дауыстардан
төменгі тұста қыз-бозбала алтыбақан теуіп жатқанын Байтабын бағана аңғарған. Бірақ
қиялында пайда болған Алтыншашты айдалаға жалғыз тастап кетуге қимай, қыз-бозбала
қуанышына мəн бермей өзімен өзі болып отыра берген. Ал мынау əн, бұрынғы əндердей
емес, жас жігіттің онсыз да лепірген көңілін ушықтырып əкетіп барады. Бұл «Төбе басында
неге жалғыз отырсың, мен сені тастап кеттім ғой. Қазір алтыбақандамын, жет жылдам», —
деп бұйырған Алтыншаштың даусы тəрізді. Бұл үн май қарағай тастаған оттай, жүрегіне бір
жалын лап беріп, енді отырғызар емес. Ол Алтыншаштың даусын əлі күнге дейін бір рет те
естіген емес, ал мынау оған сол Алтыншаштың даусы секілді көрінді. Жүрек солай жорыды.
Естіп тұрғаны Алтыншаштың əні екеніне жас батыр енді күмəн келтірмеді. Соның үні деп
бар сезімі, жаны, тəні ырық бермей «жүр-жүрлей» бастады. Əйтсе де Байтабын орнынан
қозғалмай «тек əн бітіп қалмаса екен» деп тыңдаған үстіне құмарлана тыңдай түсті. Дауыс
шынында да ерекше еді. Əнші қыздың көмейіне тоқсан бұлбұл қонып алып, толықси
сайрағандай. Жалғыз шыққан əн қобыз, домбыра, қурай дыбыстарының бəрінің сұлу
ырғағын бір сазға түсіріп тынық түнді əлдилегендей... Қыз үнінен біресе өзінің қызық
дəуренімен қоштасқалы тұрғандай қайғы естіледі, біресе жаныңды алмас қылыштай кекке
қайрар жігер, ал кей шақта көңіліңе сая болар қуаныш толқиды... Бір адам бүкіл əлемнің бар
сұлулық бейнесін өз даусы арқылы өзгеге жеткізгісі келгендей... Əн бірде асқақтап, көкті
шарықтай, бір мезет жел құлпыртқан көгал шөптің басындай құлпыра түсіп, немесе жарды
ұрған теңіз толқынындай күшейе қарқындап, ал əлден уақытта барып, қара тасты əзер
жарып шыққан тас бұлақтай ақырын ғана сылдыр қағып əлсірей, мың бұралып жүз құбылды.
Байтабын енді шыдап отыра алмады, алтыбақан жаққа жүре берді. Əн салған шынында
да Алтыншаш еді. Ол бағанағы Кенесары ордасынан шыққаннан кейін, үйінде шыдап отыра
410
алмай, алтыбақанға келген. Жастық деген бір лаулаған жалын емес пе, жүректегі қайғыны
да, Ожарға деген кекті де, қорғасындай ерітіп, өзінің ыстық құшағына аймалай қысып, бөтен
дүниеге ала жөнелген. Алтыншаш дəл осы сəтте Ожарды ұмытып, құрбы-құрдастарының
қуанышына ере, алтыбақан тепті, əн салды. Қайғы көлкіген көңілді қызыл шоқ жастықтың
қызуына жеңгізді.
Байтабын қыз-бозбалалардың жиынына жеткен кезде, Алтыншаш алтыбақаннан түсті.
Айлы түнде айдаладан пайда болған жас батырды көріп Алтыншаш Байтабынның қасына
келді. Ожармен бірге кеткен жігітті бірден таныды. Қуанып қалғандай.
Сау-сəлемет қайттыңыз ба батыр? — деді ол Байтабынға жақындай.
Күле қараған Алтыншаш Байтабынға хор қызынан бірде-бір кем көрінген жоқ. Жастық
мерейін, сұлу көркін жас батырға əдейі арнап ашқандай, Алтыншаш та айлы түнде бозаңқы
тартқан ақ бетін тақай, үлкен қарақат көздері күлім-күлім етеді. Байтабынның жүрегі
лүпілдеп, бар денесі күйіп-жанып барады. Бойын билей жөнелген жалын сезімді əзер
басып:
Өзіңіз де амансыз ба, Алтыншаш, — деді, — Ожар аға бір шаруасы болып жолдағы
ауылда қалды.
Келіншек сылқ-сылқ күлді.
Ағаңыз туралы қам жемеңіз. Жолын тауып қайтар.... Мен сіздің сау-сəлемет
келгеніңізге қуаныштымын... Жүрегім тым алаңдаулы еді.
Неге? — деді Байтабын сөз астарына түсінбей.
Бұл кезде Байтабынды қоршаған қыз-келіншектер қайтадан алтыбақанға қарай беттеді.
Алтыншаш пен жас батыр аз уақыт оңаша қалды.
Неге деріңіз бар ма, — деді күрсініп Алтыншаш, — жаныңыздағы серіктеріңіз маған
қауіпті көрініп еді.
Япырмай, сіз де солай ойлап па едіңіз...
Алтыншаш пен Байтабын сөйлесе келіп бірін бірі енді шын танығандай.
Бойды билеген асау сезім қоя ма, таң сыз беріп келе жатқан шақта, ауылға қайтқан қыз-
бозбаладан ебін тауып бөлініп, бұлар кейін қалды.
Бір апта өте, шықтана бастаған қалың көденің арасында, екі жас бірін-бірі аймалай
құшақтап, жастық мауықтарын басты.
Күміс кеседей боп жарқырай туған Шолпан жұлдызы, сендер де мен тəрізді əлем
бетінде жарқырай түсіңдер дегендей, құмар құшағындағы екі жасқа алыс-
тан жымың қағып қарап тұрды.
Байтабын бұл қылығын жүрегімді өртеген лəззат қуанышының қалауы десе, Алтыншаш
қастасқан еріме деген кектің алғашқы қайтуы деп ұқты.
Осы бір бақыт түнгі кездескен екі албырт жүректің жібек жіптей нəзік сезімдері бірте-
бірте үлкен махаббатқа айналды.
Ертеңіне, ел жатқан кезде Байтабын мен Алтыншаш осы арада тағы кездесті. Арғы күнгі
түндері де осылай өтті. Ожар келе қоймады. Біріне бірі құмарта түскен екі жас, аңдыған көз
бар екенін аңғармады. Күнде ел жата Алтыншаштың қара шапанын жамылып қара түнде
сай бойына баратынын жəне оның таң сыз бере қайтатынын Ожардың оң көзі мен сол көзі
Сəмен байқап қалған. Лəззат қуанышына беріліп, тас қайнардай ыстық қандары бұлқысып
ойнаған екі жас мұны сезбеген. Күндегі кездесетін уақыттарын аңсай күтумен болған.
Сөйтіп жүргенде арада он шақты күн өтіп кетті. Байтабын бүгін де дағдылы əдетінше
сайға барып Алтыншашты күтті. Бірақ келіншек келмеді. Түн ортасы да ауып кетті. Ожардың
əлі қайтпағанын білетін Байтабын, таңға жуық қалғанда «Алтыншашқа не болды деп
шыдай алмай ұрлана келіншектің үйіне қарай беттеді. Үй маңында суытқан ат, не болмаса
түнде келген көлік көрінбейді. «Ожар əлі оралмаған екен» деп өз ойына сенген Байтабын ақ
отаудың іргесіне етпеттей жатып, үй ішіне құлақ салды. Аздан кейін ол əйелдің
талмаусыраған, қиналған даусын естіді. Бір сұмдықтың болғанын жүрегі бірден сезді. Атып
тұрып, есіктің ішінен ілген тиегін жұлып түсіріп, үйге кіріп келді. Байтабынның бірден көргені,
қара көлеңке үйдің ортасында теріс қарап тұрған Ожар болды. Білегіне дейін сыбанып
алған. Оң қолында жүзі суық ақ қанжар. Анандай жерде тобылғы сапты жуан өрімді қамшы...
Аяғының астында, үстіндегі көйлегі пара-пара болған, ұзын қолаң шашы үйдің тең ортасына
дейін жайылып, аппақ денесі қан-қан боп етпетінен Алтыншаш жатыр...
Ожар əнеукүні Байтабындардан əдейі бөлініп қалған. Ол Таймастың бүгін-ертең
келетінін білетін. Таймастың Сейтен екеуінің сөзін естіген-естімегеніне көзі анық жетпейтін-
411
ді. Сондықтан бір сыбыс білінгенше бой тасалағанды жөн көрген. Хабардар болып тұруды
Сəменге тапсырған. Көрші ауылдың қыстауында тығылып жатқан Ожарға сазды жердің
сары жыланындай сыбдырын білдірмей жүрген сары жігіт əнеукүні Кенесары мен
Таймастың Алтыншашты шақырғанын, Алтыншаштың олардан қатты жүдеп шыққанын, ал
қазір Байтабынмен көңіл қосып жүргенін жеткізген. Ожар өзінің əшкереленгенін түсінген.
Бірден Қоңырқұлжа аулына қайтып кетуге Алтыншашқа деген ашу тұсау бола берген.
Жансыз келіп оны өлтіріп, Кенесары жасағынан біржолата қашуды ойлаған. Сол тілегін
орындауға атын сайдың ар жағына тастап, ел əбден ұйқыға кіргенде ұрлана үйіне келген.
Бұл кезде Алтыншаш жаңа ғана Байтабынға жетпекші боп киініп жатқан-ды. Қатыны
оңашада қолға түскен Ожар, оған төсегінің ірге жағына тығып қойған қанжарын алуға мұрша
бермей, іштен теуіп бірден есінен тандырып тастаған. Содан кейін Алтыншаш көзін ашқан
кезде аузына орамал тығып үнін шығартпай, Тайжан мен Сейтенді қалай ұстап бергенін
естіртіп, «Байтабынмен ойнас болдың» деп қамшының астына алған. Ол Алтыншашты енді
қанжармен бауыздамақ боп тұрған мезгілінде үйге Байтабын кіріп келді. Мұны күтпеген
Ожар, артында тағы кісілер бар ма деп қауіптеніп сəл кідіріп қалды. Осы кідіру Байтабынға
жетті, ол атылған арыстандай секіріп барып, Ожардың қолындағы қанжарын жұлып алды.
Содан кейін екі батыр жігіт арыстан мен жолбарыстай айқаса кетті. Байтабынның қолы
Ожардың тамағына бұрын жетті. Ожар қанша бұлқынғанмен, құрыштай берік қарулы қол
босатпады. Қос қолымен Ожардың өңешін қысқан қалпында Байтабын қатты да қалды.
Тынысы тарылып, бойынан қуаты қашқан Ожар əлден уақытта Байтабынның кеудесінен
итерген қос қолын босатып жіберіп, опырылған томардай дүңк ете құлады. Байтабын
Ожардың өңешін сол қолымен қыса түсті де, оң қолымен жерде жатқан қанжарды алып, нақ
жүрек тұсынан құлаштай ұрып сабына дейін кіргізді. Ентіге демін алып аздан соң орнынан
түрегелді. Ол енді ұшып барып Алтыншаштың аузына тыққан орамалды жұлып тастап,
кеудесіне қолын салды. Талықсып жатқан келіншектің жүрегі баяу соғуда екен.
Осы кезде адыр басына қызғылт нұрын шашырата төгіп көкжиектен күн шеті көріне
бастады. Аздан соң өрісі кең, шалғыны мол дала тойға дайындалған қыз-келіншектей,
қызылды-жасылды жаз аяғының гүліне бөленіп, салтанатты сəнімен шыққан күнді қарсы
алды. Мөңіреген сиыр, маңыраған қой, оянған ауыл өзінің əдеттегі тіршілігімен жаңа ғана
тыныш жатқан даланы у-шуға бөледі.
Енді Байтабын ауылдың үрейленген қатын-қалашын, мал өргізуге ерте оянған кəрі-
құртаң кəрия-ақсақалдарын соңынан ерте, қанға боялған Алтыншашты жас балаша екі
қолымен бауырына қыса құшақтап ұзын қара шашын жерге шұбалта, Кенесарының
ордасының қасына келді.
Сергек ұйықтайтын сұлтан даладағы у-шуды естіп, сырттағы күзетшілердің хабарын
күтпей, иығына қара құндыз ішігін іле сала асыға үйден өзі шықты.
Батыр, — деді Байтабын тізе бүгіп, Алтыншашты қолынан түсірмей, — басымды
алсаң мінекей, мен жаңа өз қолыммен Ожарды өлтірдім. Жазығы болды.
Кенесары сəл ойланып қалды. «Ожардың бөтен де жазығы бар. Өлтіргенің дұрыс
болған. Бірақ сен де маған борыштар болуың керек».
Жақсы, Байтабын, кештім бір күнəңді, — деді сұлтан əлден уақытта.
Егер ол күнəмді кешсеңіз, — деді Кенесарының бетіне тіке қарап, қуанышын əзер
жасырып Байтабын, — Арқадан таңдаған қызыңды беремін деген уəдеңіз бар еді.
Таңдағаным осы Алтыншаш болсын, қиыңыз маған.
Қидық, Байтабын.
Адам баласының сан алуан қиын жағдайына еті үйренген Кенесары, Алтыншаштың
мұндай күйге қалай жеткенін сұраған жоқ, Байтабынның тілегін орындады да, қайтадан
ордасына кіріп кетті.
Алтыншаш екі жетіден кейін жараларынан айығып, төсегінен басын көтерді. Терісаққан
мен Ұлытау маңын жайлаған қалың Алтай, Қарауыл, Тарақты, Төртуыл, Қозған, Бағаналы
болып жиналып, Алтыншаш пен Байтабынды ұлан-асыр той жасап қосты. Ат шаптырылып,
балуан күрес те болды. Бұл тойға жорықтан қайтқан Ағыбай, Жекебатыр, Жанайдар,
Құдайменді, Бұқарбай қатынасты. Тойды Кенесары өзі басқарды.
Кенесары кей жағдайда «Көппен кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген ескі қағиданы
ұмытпайтын. Бұл оған тек дұрыс шешім табуға ғана емес, алда-жалда түскен жолдары
қауіп-қатерге апарып соға қалса, жалғыз өзі айыпты болмас үшін керекті еді. Бұл жолы да
сөйтті. Той біткен түні жасырын кеңеске үзеңгілес серіктерін, өзіне бағынышты ру
412
басшыларын шақырды. Оларға Кіші жүздің жеріне көшудің керектілігін айтты. Ақылдарын
сұрады. Жиналғандар, қара бұқараға туған жерден кетудің қиын екенін түсінсе де, бөтен
лаждары болмағандықтан, күз көшуге көнді.
Кенесары мəжілісті бітіріп далаға шыққанында таң құланиектеніп атып қалған екен. Бірақ
той əлі тарамапты. Төменгі сайдан қыз-келіншектердің, бозбалалардың алтыбақан теуіп
жатқан дабырлары, күлгендері, сөйлегендері тынық түнде сампылдап естіліп тұрды. Кенет
бір қажырлы дауыс ырғақты əнді шырқай жөнелді. Кенесары тыңдай қалды.
Ұшар көлің, сағынып, қонар көлің,
əрқашанда, ер жігіт, туған елің.
Соның ғана жүрегін тебірентер
Қуанышың, шаттығың, қайғы-шерің...
Оны тастап кеткенде алыс жаққа,
Созған қолың жетер ме атақ, баққа?
Қанша жүйрік болсаң да, өгей жердің
Өз шабысы саналар арғымаққа...
Өлең дəл өзіне арналғандай, Кенесары кенет тұнжырап кетті. «Иə, өз еліңде, өз жеріңде
сенің құның бөлек. Ал бөтен жақ бұны қалай бағалайды? Көсеміміз деп соңынан ере ме, жоқ
па? Шақыруын шақырса да, бұларды əлі Жоламан қалай қабылдайды? Өз елі, өз жері...»
Демек, «Тəуекел, не болса да барған соң көрерміз дегендей, Кенесары қолын бір-ақ
сермеді де, өз ордасына қарай беттеді.
Осы тойдан екі апта өткен соң, жапалақтап ең алғашқы қар жауа бастады. Дəл осы
кезде оңтүстікке құлағы тігулі сұлтан Қаратауда ата-мекен жеріне ие боп қалған азғантай
Қоңыраттан бір жылы хабар алды. «Мəделіхан өгей шешесі Ханпадшайым сұлуға үйленіпті.
Ташкентке көзін тігіп жүрген Бұхар əмірі Қоқан ханының бұл шариғатқа жатпайтын күнəкар
ісін шіркеу етіп Мəделіханға бүкіл мұсылман қауымын қарсы қоймақ əрекетіне кірісіпті. Сірə,
бұл айқас түбі соғыспен бітетін шығар» деген. «Үр-рит соқ, үр-р-рит соқ, соқ! — деді екі
өзбек төбелессе азбан қошқарлардай маңдайлары жарылмай тоқтамайтынын білетін
Кенесары ішінен, — егер Бұхар мен Қоқан соғысар болса бірін бірі əлсіретпей қоймайды.
Міне дəл сол кезде Қоқаннан бүкіл Сыр бойын бөліп алуға болады. Бірақ өйту үшін өзің де
күш жинауың керек. Ал күшті Кіші жүзсіз жинай алмайсың».
Кенесары осындай шешімге келді. Ол маңайына жиналған қалың əскерін жаз шыға
табысармыз деп ауылдарына таратты. Өзі үш жүз төлеңгіті мен қасына ерген бес батырын
алып, күздің қар аралас қара суығында Торғай мен Ырғыз бойындағы Кіші жүз бен
Қыпшақтың жеріне қарай көшті.
413
ҮШІНШІ БӨЛІМ
І
Орынбор əскери губернаторы граф Василий Алексеевич Перовский, жұмсақ орындыққа
шалқая түсіп, көгілдір көзін сəл жұмып, кең маңдайын ұзын саусақты сол қолымен сипай
тағы да ойға кетті. «Батыс Сібір губернаторының қарамағынан көшіп келіп Кіші жүз
ереуілшілеріне қосылған Кенесары сұлтанмен тіл табуға қалай мəжбүр болып еді?.. Иə, иə,
ол кезде помещиктердің тепкісіне шыдай алмаған Орынбор өлкесінің басыбайлы
қарашекпендері мен казак-орыстардың түгелдей патша үкіметіне қарсылық көрсеткен
қозғалысы бас-талған еді ғой. Ол аз болғандай Арқадан Кенесары келіп Елек, Ырғыз,
Торғай бойындағы қазақ ауылдары тегіс ереуілге шықты емес пе... Орынбор екі оттың
ортасында қалмады ма. Екі отты бірдей сөндіруге күш жетпеген соң, амал жоқ, қазақ
ереуілшілерімен тіл табуға мəжбүр болған жоқпыз ба?.. Онда да біз емес, алдыменен
Кенесары сұлтанның өзі бітім сұрады емес пе? Иə, иə, өзі сұраған. Қалай деп жазып еді ол
сонда хатында?» — Василий Алексеевич елуден асып кеткеніне қарамастан, жас
жігіттерше орнынан ұшып түрегеліп, сұңғақ бойын тіп-тік ұстап, аяғын сыптай басып
бұрышта тұрған темір шкафтан бір папканы алып ішіндегі қағаздарды қарай бастады...
«Міне, міне осы қағаз... Бір мың сегіз жүз отыз тоғызыншы жылы яғни қазақша Доңыз
жылының наурыз айы делінген» Перовский енді аузын жыбырлатып оқи бастады
«Атамыз Абылай ханнан бері біз орыс жұртшылығымен бір туысқан адамдай тату-тəтті өмір
сүріп келе жатыр едік, тек Сібір губернаторының адамдары маза бермегендіктен, амалсыз
соғысуға мəжбүр болдық... Ал сіздің жеріңізге келуімізбен еш уақытта да Россияға қас
болмағанымды айтқым келеді, жəне менің осы сөзімді жоғары жаққа жеткізуіңізді өтінемін»...
Граф қағазды былай қойып тағы ойлана қалды. «Россияға қазақтарды бағындыруда менің
саясатым əуел бастан-ақ князь Горчаковтікінен өзгеше болатын... Өлке бойынша көтерілген
орыс мұжықтарының қимылын еске алып, мен қазақтарды князь секілді қылыштың күшімен
емес, бейбіт жолмен бағындырған жөн деп білгем, сондықтан да Кенесарының өткен
күнəсына кешірім сұрап, жаңағы хатының көшірмесін Соғыс министрі Чернышев пен вице-
канцлер Нессельроде мырзаға жіберген едім ғой, — Перовский алдындағы папканы тағы
ақтара бастады. — Сол ресми хатым мына қағаз ғой. «Мəртебелі мырзалар, ереуіл
ұйымдастырып бас көтерген Қасым ұлы Кенесары сұлтанның осы жіберіп отырған хатынан,
егер патша ағзам оған кешірім істесе, оның бізге мойын ұсынып бағынатынын өздеріңіз де
көріп отырсыздар». Иə, осы хаттың аяғында бұдан былай қарай Орынбор жеріне көшіп
келген қазақтардың ісіне Сібір генерал-губернаторының кіріспеуін өтінген едім мен. Солай
деп князь Горчаковқа Соғыс министрі бұйрық та берген. Бірақ ол бұйрықты князь қалай
қарсы алды? Князь ашуға мініп маған хат жазған»... — Граф ақырын езу тартып күлімсіреді
де Горчаковтың хатын тауып алып оқи бастады. — «Орынборға жататын қырғыз-
қайсақтарды басқару осы уақытқа дейін менің ойламаған ісім. Бар мақсатым Кенесарының
қанқұйлы тобырынан өз генерал-губернаторлығымды аман сақтап қалу болатын. Қырғыз-
қайсақтарға көне замандағыдай бостандықтарыңды қайтарып əперем деп сендіріп, өзінің ел
тонаушылығын бүркей білген Кенесары бүліншілігінің қаупі күшті. Осы себептен, оңай мал
табудан гөрі, ескі замандағы еркіншіліктерін қайтарып алуды арман етіп, оның соңынан
ергендер көп».
Граф тағы ойлана қалды.
«Орынбор Омбы емес. Мұнда орыс оқығандарының демократшыл тобы бар. Көтерілген
халықты Горчаковтай қанға батырсам, сол өзім сыйласатын, кейде пікірімен санасатын
орыс оқығандары не айтады? Олардың да ойын еске алу керек. Түркістан тарихы жөніндегі
еңбектерімен əйгілі болған, өзіммен бірге жұмыс істеп жүрген В. В. Вельяминов-Зернов,
орыс түсінік сөздігін жасаушы В. Даль қазақтардың Россия империясының қол астына кіруі
түбі прогресшіл жол, сондықтан оларды қарудың күшімен емес, ақылмен бағындыру керек
деген пікірде емес пе... Бұл ойды осы Орынбор шекара Комиссиясының бастығы боп көп
жылдан бері қызмет істеп келе жатқан генерал-майор В. Ф. Генс те қолдайды. Əйтсе де осы
генерал-майор қызық адам, өзі Россия патшалығына бағынбадың деп қазақтарға қарсы
соғысады, сөйтіп жүріп олардың жетім балаларын үйіне жинап жетімхана ашады. Жəне
414
жұрттан жасырып қазақтардың тарихы мен этнографиясы жөнінде еңбек жазады. Бұлар аз
болғандай Орынборға айдалып келген поляктың белгілі азаматтары да халықты қырғаннан
гөрі ақылмен көндірген жөн дейді. Осындай ойларын Мицкевичтің жан аяспас досы,
Орынбор музейін ашқан Томаш Зан да, шекара комиссиясында қызмет істейтін дарынды
ақын И. В. Виткевич те өткен жылы өзіме келіп ашықтан-ашық айтты...
Қарамағымдағы қазақ елін қанға батырып, ереуілін басқанда көңілдес сырластарым,
Петербургтағы белгілі орыс əдебиетшілері не айтады? Өзімнің бауырым, белгілі жазушы
Антон Погорельскийдің бетіне қалай қараймын? Бəрі де қан төгуді жек көреді, менен бірден
безбей ме?».
Перовский тағы да тұнжырай қалды.
«əйтсе де мен өз ойлағаныма жеткен едім. Россия патшалығы мен қазақ елінің
арасындағы қайшылық қай түрде бітетінін Кенесары да, мен де анық білмегенмен, əзірге
қан төгіс шабуылды екі жақ бірдей тоқтатқан едік қой... Батыс Сібір шекарасындағы анда-
санда бұрқ ете қалатын жанжалды есепке алмасақ, Орынбор шекарасындағы бекіністер
мен казак-орыс станицаларын шабуын Кенесары біржола тоқтатты десе де болады... Оның
есесіне патша ағзам өткен қырқыншы жылы Кенесарының бар күнəсын кешіріп, амнистия
берді... Жəне айдалып, сотталып кеткен туған-туыстарын тегіс қайтарды...»
Граф бірдеме ойына түскендей орнынан түрегеліп темір шкафтан екінші бір папканы
алды.
«Иə, иə, патша ағзам менің тілегім үшін өзінің бұрынғы указын бұзған жоқ па еді? Ол
указда...»
Перовский Указға көз жүгіртіп оқи бастады. Бұл Бірінші Николай патшаның бір мың сегіз
жүз отыз сегізінші, қазақша Ит жылы мамыр айының бірінде берген Указы еді. Онда
«Қылмыстары үшін арестант роталарына жіберілген қазақтар, мерзімді уақыттары біткеннен
кейін де туған жерлеріне қайтарылмай, əскер қызметіне жарайтын сенімділері солдатқа
беріліп, ал өзгелері Иркут губерниясына жер аударылсын», — деген.
«Патша ағзам осы мейірімсіз Указына қарамай, — деді граф ішінен, — Кенесарының
ұсталып кеткен туыстарын, Уəлиханның үлкен баласы Ғұбайдолладан бастап босатып
берді... Бірақ Ғұбайдолла туған інісіҚұсмұрынның аға сұлтаны Шыңғыстың еліне бармай,
Кенесарыға келіп қосылды. Неліктен? Патша ағзамның жақсылығын білмегендігінен бе,
əлде өзінің тоқал шешесі, Шыңғыстың анасы Айғанымға деген өштігін ұмытпағаны ма?..
Айғаным демекші, оны осыдан жиырма бес жыл бұрын Петербургта көріп едім ғой.. Марқұм
Бірінші Александр патшаның туған күнгі тойында... Сол тойға арналған балда сұлулық
жағынан Айғанымнан еш əйелдің аспағаны əлі есімде... Оған өзім секілді орыс-
тың жас офицерінің бəрі ғашық болып қалған едік қой». Граф əлденені есіне түсіріп
күлімсіреді. «Иə, сөйткен сұлу Айғанымды қасқырдың қаншығындай тас жүрек деп кім
ойлаған. Хандыққа өзімен таласқан Уəлидің үлкен əйелінен туған Ғұбайдолланы да,
Уəлидің туған ағасы Сартайды да Сібірге жер аудартқан жоқ па? — Перовский тағы
күлімсіреді. — Алайда Бірінші Александр патшаның сол тойын өмір бақи ұмыта алмаспын...
Жетпіске таяп қалған Уəли өзі секілді кілең ақ шашты шалдармен патша сарайының бір
салонында карта ойнап отырғанда, бидің дəл қызу үстінде. Айғанымды өз үйіме алып кетіп
едім-ау! Ах, жастық шақ, жастық шақ, сен қазір алыстағы ай тəріздісің ғой, сəулең бар,
қызуың жоқ...
Ал сондағы марқұм Бірінші Александр туған күнгі балмен, қорғанышым Бірінші Николай
патшаның туған күніне арналған кешегі бал айырмасы қандай? Жер мен көктей! Алғашқы
балда қылыштың жүзіндей қылшылдаған офицер едім, алдымда мен асатын сан қызық
асқар белдер бар болатын, бар болашағым мені күтіп тұр еді ғой... Ал кешегі балда ше?..
Шын қызығы артында қалған кəрілікке бас ие бастаған жан секілді көрінген жоқпын ба,
салтанатты сарай бикештеріне... Айғаным тəрізді жас сұлуды оңашаға алып кетпек түгіл,
патша ағзамның көңілдесі жезөкше Нинаның əзіліне əзіл қайтара алмай қалдым ғой... Иə,
иə, бəленің бəрі осы əзілден басталған жоқ па?.. Сөйтті ғой».
Василий Алексеевич тұнжырай ойға кетті. Расында ол ойланатын жəйттер көп еді.
Перовский Қоқанға өзі басқарып барған Доңыз жылғы сəтсіз экспедициясының əуресінен
құтылған соң, биыл азырақ дем алып көңіл көтерейін деп жазғытұрым патша ағзамның
рұқсаты бойынша Петербургке келген. Жастық шақ өткен жердің ыстықтығы қандай, осы
тамаша астанада үш-төрт ай серуендеп қалған. Енді қайтам деп тұрған кезінде патша
ағзамның бір қызының туған күні болып, соның балына қатынасқан. Балда қыдырып жүріп
415
Бірінші Николай императоры мен оның көңілдес əйелі, Петербургтың соңғы кезде ауызға
іліне бастаған сұлуы Нина Макеевскаямен кездесіп қалған. Амандасып болғаннан кейін
сайқал Нина:
Ах, патша ағзам, сіздің маған берген уəдеңізді орындамауыңызға Василий
Алексеевич те кінəлі ғой деп ойлаймын, — деп күлген.
Патша сарайы əйелдерінің мұндай сөзді астарсыз айтпайтынын білетін Перовский
дереу:
Ғафу етіңіз. Егер мəртебелі патша ағзам уəде берген болса, ол уəдені орындау үшін
Орынбор өлкесінің əскери губернаторы граф Перовский өз жанын пида етуге бар, — деп
басын иген.
Онда қалай болғаны? — Сұлу Нина сиқырлана күлген, — патша ағзам маған осы
тойға көйлектікке бұхар дүриясын алдырам деп арнаулы керуен жібереді. Ал ол керуенді
Ташкент түбінде соғыс ашқан сіздің Кенесары сұлтаныңыз тонайды... Бұл айып емес пе?
Ол мүмкін емес. Кеше ғана хабар алдым. Бесінші сентябрь күні Кенесары сұлтан
өзінің Торғай өзенінің жағасындағы ордасында болатын.
Орынбордан Арал теңізінің жағасына дейін екі ай жүретін тек орыс генералдары ғана,
деген Николай патша кекете, сəл қабағын шытып. Бұнысы Перовскийдің Хиуа хандығына
қарсы отыз тоғызыншы жылы шығарған экспедициясының Арал теңізінің жағасына екі айда
əзер барғанын бетіне салық ету, — ал қырғыз сұлтандары Торғайдан төрт мың əскермен
жеті-ақ күнде Созаққа жетеді екен.
Ғафу етіңіз, патша ағзам, мен сіздің қалжыңыңызға түсініп тұрғам жоқ. — Перовский
басын ие түскен.
Қарамағындағы қырғыздардың не істеп жатқанын, патша генералдарынан емес,
генералдары патшасынан білетін болған екен бұл бақытсыз Россияда. — Николай патша
қабағын түйе түскен. — Білмесеңіз айтайын. Сіз қорған боп жүрген Кенесары сұлтан осы
жылы жетінші сентябрь күні өзін хан деп жария-
лап, соның құрметіне бір жетіден кейін Қоқан хандығына қарсы Ташкент түбінде соғыс
ашқан.
Бекер болар... — деген Перовский сенерін де, сенбесін де білмей. Өйткені жақында
ғана өзінің орнында қалған генерал-майор Генстен хат алған. Хатында ол адъютанты
Герннің Кенесары ордасынан бірінші сентябрьде қайтқанын жазып «Ол жақта бəрі тыныш,
Кенесары бітімнің ең соңғы шешімін күтіп жүр» деген.
Бекер! Ғафу етіңіз, қадірлі Василий Алексеевич, бүгін ғана Қоқан ханы Шерəліден
шабарман келді. — Николай патша соңғы кезге дейін өзінің сүйеп жүрген губернаторын
біржолата жермен-жексен еткісі келмеді. Енді ол жүзіне сəл шырай берді, — осы уақытқа
дейін князь Горчаковтан гөрі граф Перовскийді жақын санасақ онымыз Кенесарыны сіз хан
етсін дегеніміз екен деп түсінбеңіз. «Бір патшалықтың ішінде екінші патшалық болуға мүмкін
емес». Жəне Индия, Ауғанстан, Орта Азияда ағылшындар мен біздің тілегіміз қарама-қарсы
келіп отырғанда, Бұқар, Қоқан, Хиуа хандықтарымен сауда-саттықты, қарым-қатынасты бұзу
Россия империясының саясатына жатпайды. Мұны да ұғыңыз. Демек, Кенесары əңгімесін
бітіретін уақыт жетті. Əр губернатор өз бетінше саясат жүргізуден ештеңе өнетін емес.
Сондықтан мен бүгін Чернышев мырзаға Сібір мен Орынбор губернаторлары тізе қоса
отырып, биыл жазда Кенесары қозғалысын біржолата құртатын болсын деген бұйрық
бердім. Егер бұл міндетті орындай алмаймын десеңіз...
Бəрін де түсіндім, — деп Перовский басын ие түскен.
Түсінсеңіз, көп кешікпей Орынборға жүріп кетерсіз деп ойлаймын. — Патша ағзам
басын изеп қоштасты да, енді кідірмей, қасындағы сұлу келіншекті қолтықтап кете барған.
Нина Макеевская Соғыс министрі Чернышевтың Николай патшаға жақындастырған
əйелі екенін граф білетін. Ал сол Чернышевтың көптен бері Перовскийдің орнына
артиллерия генерал-майоры Обручевті қойғысы келіп жүргенін де сезетін. Тек патша
ағзамның өзі Перовскийді сүйейтін болғандықтан «ауыстырайық» деуге бата алмайтын.
«Чернышев ойлаған мақсатына жақындап қалған секілді-ау» деді граф ішінен, патша
ағзамның сөзінен өзіне көз қарастың өзгере бастағанын сезіп, «бір қатынға көйлекке деген
торқаның мезгілінде келмегені үшін бір елдің тағдыры өзгеше шешілуі керек».
Перовский сол түні таң ата-ақ Орынборға аттанған да суыт жүріп кеше жеткен. Келген
бетінде-ақ Генстен болған уақиғаның анығын білген. Бүгін қолданар шараны шешпек.
416
Кенесары қозғалысын басуды ақылдаспақ болған Перовский қарамағындағы аға
сұлтандарға «тез жетсін» деп ат шаптырған. Ал барлық жағдайды толық баяндауды генерал
Генске тапсырған. Əскери губернатор бұл баяндамаға бір тəулік қана уақыт берген. Қазір
сол генерал Генсті күтіп отырған жайы бар.
əскери губернатор мырза, — деді есікті ашып хатшы-адъютанты аққұба келген бала
жігіт, — генерал майор мырза келді.
Кірсін.
Ұзын бойлы, қошқар тұмсықты, ойлы, үлкен көзінде алтын пенснесі бар, əскери адамнан
гөрі оқымыстыларға көбірек ұқсас Генс үйге кірді.
Графтың кабинеті Горчактың кісі қабылдайтын бөлмесіндей далиып жатқан сұсты
болмаса да, төрт бұрышты əжептəуір кең зал. Стол тұсындағы патша ағзамның суретінен
бөтен əскери губернатор құрмет тұтатын Суворов, Кутузов секілді атақты орыс
қолбасшыларының ғана бір-екі тас мүсіндері бар. Жұмсақ орындықтар, дивандар бəрі алтын
түстес сары барқытпен тысталған. Қабырғада Орынбор өлкесінің үлкен картасы. Бөлме іші
толған кітап. Бұрыштағы шкаф ішінде де, стол үстінде де кілең былғары тысты жуан
шығармалар...
Жақсы жатып, жəйлі тұрдыңыз ба, Василий Алексеевич, — деді Генс қол беріп
амандасып, бұл екеуі көптен келе жатқан əріптес, серіктес адам бол-
ғандықтан араларында бəлендей ресми тəртіп сақтала қоймайтын, — жол соғып тастаған
жақ па екен?..
Жол соққанмен төсекте рахаттанып жататын кез болып тұр ма? — Перовский езу
тартып күлді де, тез орнынан түрегеліп, қабырғадағы картаның алдына барды. — Уақытты
босқа өткізбейік, генерал мырза, сіз маған алдымен Кенесары сұлтанның қарамағындағы
елдің қайсысы қай жерде, соны көрсетіңізші.
Генс бұрышта тұрған көрсеткіш таяқты алып сөйлей бастады.
Бұл жаққа Кенесарының соңынан көшіп келген Ақмола жəне Қарқаралы округтерінің
əлкеБайдалы, ТыналыҚарпық, АлшынЖағалбайлы, Қаракесек, Айтқожа
Қарпық, ТөбеТемеш болыстары Қарақұм мен Аққұмның төңірегіндегі мына жайылымдар
мен Жыланшық өзенінің Торғайға құятын сағасына орналасты. Ал Баянауыл округінен
келген Қозған, ҚойлыбайШағыр, Қаржас, МалайҚалқаман болыстары мен Ақмола
округінің ТыналыҚарпық, ТорайғырҚыпшақ болыстарының қалған ауылдары
Бағаналы руымен қосыла, мына Қара Торғай өзені бойына жайласты. Осы Қара Торғайдың
жоғарғы тұсында, жұрт «Орда тіккен» деп атай бастаған жерде Кенесарының өзінің аулы
тұр. Отыз сегізінші жылы Кенесарымен бірге көтерілген Орта жүздің Атбасар дуанына
жататын мына Арғынаты Ұлытау, Терісаққан, Қайрақты, Шойынды көл, Ақ көл маңын
жайлаған қалың Алтайəлке, АлтайБайдəлі, ТөбетТемеш, ТыналыҚарпық,
АйтқожаҚарпық, ҚойлыбайАлтай, АлшынЖағалбайлы рулары біздің жеріміздегі
Алшынмен бірігіп кетіп отыр. Міне көрдіңіз бе, қанша жер екенін? Генс картаның дəл
ортасын қомақты етіп бір ойып өтті, — бұған мына Жайықтың күншығыс жағындағы Жем,
Елек, Ырғыз өзендері мен Жыланды, Мұғажар тауларының бауырын қоныс еткен Кіші
жүздің Табын, Тама, Шықылық, Шөмекей, Шекті, Төртқара руларын қоссаңыз ереуілшіл
сұлтан қарамағында Франция мен Италияға пара-пар бір хандық ел болады.
Перовский картаға ойлана көз тастады.
Таң қалам, — деді ол сəл кідіре, — жайшылықта аулы бір қонып өтетін жерге
таласатын қазақ рулары, Сібірден қаптай көшкен осыншама елге қалай қоныс берді?
Расында, бұл таң қалатын жағдай, — Генс ойлана жауап қайырды. — Кенесарының
күші де осында емес пе? Ол Россия империясының отаршылық саясатын өмір бойы
бытырап жүрген қазақ руларының басын қосуға пайдалана біліп отыр.
Сондықтан да оны қазақтар хан сайлады демексің бе?
«Кенесарыны жетінші сентябрь күні хан көтеріпті» деген хабарды үш күннен кейін мен
де естідім. Сіздің атыңыздан арнаулы кісі жіберіп, «бұл рас хабар ма деп сұрақ
салғанымда Кенесары: «бекер» деп жауап қайырды. Бұл сөзге мен сендім. Өйткені «Үш
жүздің адамдары Кенесарыны ақ кигізге көтеріп хан сайлапты. Торғай бойында ұлан-асыр
той болып жатыр», — деп Қоқан бейқам отырғанда ол төрт мың əскермен бір жеті өтпей
Созақтан бір-ақ шықты. Сонысына қарағанда «Кенесары хан болыпты» деген сөз қулығы ма
деймін. Не болса да анығын Герн мырза біліп келеді, ол алдыңғы күні жүріп кетті.
Бар қазақтың басын қосатын ханың болдым демесе Созаққа неге барды?
417
Торғай правителі Ахмет Жантөрин: «Кенесары Созаққа өз бетімен барған жоқ.
Ташкент құшбегіне қарсы бас көтерген Сыр бойын жайлаған Шөмекей, Төртқара, Тама
рулары оны Қоқан хандығынан құтқаруды сұрап шақырып отыр» дейді. Ал Сібір Таможный
округінің бастығы: «Кенесары Қоқан жеріне соңғы аласапыран кезде көшіп кеткен Россияға
бағынатын қырғыз ауылдарын қайтарып əкелуге өтті» дейді. Егер бұл хабарларға туған
əкесі Қасым төрені Қоқан ханы мен Ташкент құшбегісінің өлтіргенін еске алсақ, Азия елінің
дəстүрі бойынша Кенесарының жау жұртын шабам деуі таң қаларлық іс емес.
Кенесарының туыстарын өлтірген Мəделіхан мен Ташкент құшбегі Бегдербек,
Лəшкəрлар қазір жоқ. Онда Мəделіханның інісі момын Шерəліхан. Ол бізге дос.
Мəделіхан баяғы Ташкенде тоқал шешесімен кездескеннен кейін, бір жыл өтпей
үйленген болатын. Бұнысын кəпір ісі деп «Қасапшы Нұрасулла» атанған Бұқар əмірі,
биылғы жылы көп əскерімен кеп Мəделіханды бауыздап, ал сұлу Ханпадшайымның
күнтимесіне қорғасын құйып өлтірген-ді. Граф соны айтып тұр.
Бұқар мен Қоқан хандығының арасындағы қастықты пайдаланып, Кенесары елін
босатып аламын десе осы кез ең ыңғайлы кез. Кенесарының қимылы осыны көрсетеді... Ал
ол Бұқар, Қоқан, Хиуа хандарының бірінің де қол астына кіргісі келмейді. Олардың қазақ
халқына жандары ашымайтынын, өзін «бізге кел» деп шақырса, хандықтарын Россиядан
қорғайтын алдыңғы шеп етіп пайдалануды ғана көздейтінін Кенесары жақсы біледі.
Сондықтан да алдыңғы жылы октябрь айында Мəделіхан көп сыйлықпен əдейі кісі жіберіп,
Қоқан хандығына көш дегенінде, Кенесарының көнбей қалғаны өзіңізге аян. Ол Хиуа ханы
Аллақұлға да көнбеген. Бұл жағдайлар туралы біз октябрь айында граф Нессельродеге
арнаулы хат жазғанбыз...
Бəрі дұрыс. Кенесарының Қоқан, Бұқар, Хиуа хандарының қарамағы түгіл, Россия
империясының да қол астына кіргісі келмейтінін білемін. Оның ойы Россия берген
тыныштықты пайдаланып, Қоқан қарамағындағы қазақтарды өзіне қосып алу. Сөйтіп барып
қазақ хандығын құру... Шамасы келсе Хиуа ханына қарсы шығып жүрген Көтібардың Есетін
де өзіне ерту. Бірақ Есет те, Сыр бойының батыры Жанғожа да Кенесарының қол астында
болғысы келмейді. Олар «Ортақ өгізден, оңаша бұзауды» жақсы көреді. Кенесарыға Кіші
жүздің бəрі бірдей қосылмай отыруына да осы себеп...
Жанғожа бұл жолы Кенесарымен тіл тауыпты. Əйтпесе бес мың əскері бар Созақ
секілді күшті бекіністі, Кенесары екі мың əскерімен қалай алсын...
Перовский Генстің сөзін бөліп жіберді.
Патша ағзам төрт мың əскермен аттаныпты дейді ғой Кенесарыны?
Онысы рас. Бірақ мынау Шұңқыр құдық түбіне ат шалдырған əскерінің арасында
дизентерия ауруы пайда болып екі мыңдай жауынгері ұрысқа қатынаса алмапты. Оның
орнына Жанғожа батыр екі мың əскерімен келіп қосылыпты.
Сөйтіп олар Созақты алып па?
Алуға таяу дейді. Бүгін ұрыс басталғанына он күн.
Ғажап, — деді Перовский, — зеңбіректі, бес мың əскері бар мықты бекіністі Кенесары
төрт мың атты əскерімен қалай алмақ?
Қиянат көріп қорланған жұрт қашан да болса тəуекелшіл келеді. Бірі онға татиды.
Оның үстіне Кенесары секілді тəжірибелі қолбасшысы болса... — Генс ойға шомғандай сəл
кідірді, — Кенесарының Созақты алатыны сөзсіз. Бекініс қабырғасына шығатын жүздеген
баспалдақ істетіпті. Ол баспалдақпен өрмелейтін батырлар қазақ жігіттерінің арасында
қашан да болса мыңдап табылады.
Сөз жоқ, батыр халық! — деді Перовский, — тек бастары бірікпейді. Ру-ру боп үнемі
таласады да жатады. Көрінгенге бағынуларының бас себебінің өзі де осында... — Василий
Алексеевич кенет картаға бұрылды. Есіне патша ағзамның Кенесары Созаққа бір жетінің
ішінде жетіпті, деген сөзі түсті. Ол картадан көзін алмай, — орта жолда Бетпақдала,
атпенен осынау жерді олар қалай бір жетіде алды? — деді.
Генс күлді.
Бір жеті емес, бес күннің ішінде, Кенесарының жетінші сентябрь күні Ұлытау маңында
болғаны хақ. Оны хан сайлады ма, сайламады ма білмеймін, сол күні Алашаханның
қабірінің жанында сұлтанды қолдайтын рудың бар ақсақал, билерінің жиналуы рас. Ал он
екінші сентябрь күні ол аурудан сау қалған əскерімен Созақтан бір-ақ шықты. Кенесарының
күшінің өзі осы шапшаңдығында, құлан, киік секілді туған даласының ой-шұқырын жақсы
білетіндігінде...
418
əйтсе де бес күнде... Перовский кенет картаға қайта бұрылды. — Сонда ол қай
жолмен жүрген? Бетпақдаладан құс болып ұшып өтті ме? Қазақтың Сырға баратын ескі
жолы мынау Балқаш көлі жағасы арқылы өтеді... Не болмаса Қарақұмды басып отырады.
Бірақ оған ат емес, түйе керек.
Кенесары бұ жолы Алашаханның бұдан төрт жүз жыл бұрын салған ескі сүрлеуімен
жүріпті. Оны маған кеше бізге хат əкелген бір сарбазы айтты. Егер білгіңіз келсе...
Перовскийдің есіне ақ патшаның өзінің Арал теңізіне екі айда жеткені жайындағы
кекесіні тағы түсті. Ол қабағын сəл шытты да, «көрсет» деп басын изеді.
Біріншіден, ол бұл жорыққа басшы етіп Арқаның батырларын емес, құм кешіп
үйренген Шөмекей, Табын, Төртқара руларының таңдаулы жігіттерін алған... — Генс
картаның жанына келіп, оны ұзын көрсеткішпен шұқылай, сол жорыққа дəл өзі
қатынасқандай тəптештеп сөйлеп кетті. — Олар мына Қара Кеңгірдегі Алашахан мазарынан
шығып, Ұлытаудан жүз отыз шақырымдай жердегі Қара Жарға келіп түнепті. Одан
Сарысудың құмайтты оң жағын жағалап отырып, жиырма екі шақырымдай жердегі Таймас
батырдың моласын басып, қырық бес шақырым тұратын мына Қыз моласы деп аталатын
тұсқа келіп азырақ ат шалдырыпты.
Бұл ара шөпке кедей, суға жарымаған жер секілді ғой?
Дұрыс айтасыз, — деді Генс, — қазақ жылқысы мұндай жерде де оттай алады...
Сосын жиырма жеті шақырымдай жердегі мына Сарт моласынан сəл төменірек, Сарысудың
Тасөткел деп аталатын тұсынан əскер арғы бетке өтіп бір түнепті... Таң ата қалың қол қайта
көтеріліп Сарысудың сол жақ жағасымен жүріп отырып, отыз шақырымдай жерде тұратын
Қара Қыпшақ бейітіне келіп тағы да ат шалдырыпты. Бұдан əрі көп кешікпей Көкжиде дейтін
өркеш-өркеш құмды өңір басталады. Бұл арада тақыр сордағыдай емес, өркеш-өркеш
шағылдардың арасындағы сай, ойпаттарда жүзген, жыңғыл, шеңгел, баялыш, сексеуіл
өседі. Кей жерлерінде биіктігі бес сажындай жиде ағаштары да шоғырлана кездеседі. Анда-
санда сұрғылт түстес кішкентай қояндар мен ирелеңдеген шағын сұр жыландар көзге
түседі. Оқта-текте үйірімен айдаланы басына көтеріп сатырлай шапқан қара құйрықты да
көруге болады. Осы шағылдардың арасындағы жерді құлаш бойы қазсаң, тұщы су шығады.
Осы арамен Көкжиде қойнауынан отыз шақырымдай жердегі Жаман қорғанға жетесің.
Бұл Қоқан хандарының қазақ жеріне салған алғашқы қорғаны ғой? — деді Перовский
ойлана.
Иə, — Генс əлденені есіне түсіргендей сəл кідірді де, қайта сөйлеп кетті. — Бұл
биіктігі төрт, қалыңдығы бір жарым кездей, төрт бұрышты шым дуал. Көлденеңі жиырма бес
сажындай, ұзындығы да сондай. Дуалды қоршай тереңдігі үш жарым, көлденеңі екі кездей
ор қазылған. Бір кезде Қоқан хандары бұл қорғанды қазақтардан керуен жолын қорғау үшін
салса, соңғы кезде қазақ ауылдарын шабу алдында тоқтайтын бекінісі еткен. Осы Жаман
қорғанда бір түнеп Кенесары қолы əрі қарай жүріпті. Бархандар бұдан əрі кішірейе түседі,
бірақ мал оты жоқтың қасы. Қазсаң əлі де тұщы су шығады. Жаман қорғаннан Сарысудың
сол жағын жағалай Қызыл жыңғыл арқылы отыз бес шақырымдай жер өткеннен кейін
Сандыбайға өштесіп Қара Кеңгірден көшіп кеткен Бəтеш батырдың Телікөлдегі қыстауының
үстінен шығасың. Осы қыстаудан кейін, жаз-ғы-тұрымғы қар суынан ғана пайда болатын,
Сарысуға құятын, Боқтықарын деген жылға кездеседі. Егер соның құмайтты жағасымен
жүріп отырсаң, қырық шақырымдай жердегі Айнамкөл деп аталатын көгал шөпті, қамысты
Қарасуға кездесесің. Одан əрі қарай Бетпақдала басталады.
Генс сəл тоқтап, картаға қарады да:
Ұмытып бара жатыр екенмін ғой. Жаман қорған мен Бəтеш қыстауының арасында
мынау Шұңқыр құдық деп аталатын үш құдық жатыр. Бұл құдықтардың суы тұщы, мөлдір,
бірақ ішінде шылау шөп көп. Оларда түрлі микробтар, инфузориялар бар. Байтабын батыр
бастап келе жатқан қол ыстыққа шыдай алмай осы құдықтарға тоқтап су ішкен екен, шетінен
ауырыпты... — Ауырған əскерінің көбін Қызыл жыңғыл бойына қыстауға келген Найманның
Бағаналы еліне Кенесары қалдырып кетіпті.
Генстің жас кезінде жағрафиялық экспедициямен осы араны сан кезгенін білетін
Перовский оның сөзін бөлген жоқ. Тек тыңдауда болды.
Бетпақдала алыстан қараған адамға, жан-жағынан он бес сажындай биіктене
көтеріліп бір тұтасқан қызыл күрең жар секілденіп көрінеді. Алғашқы көрген кісіге ол бір
түрлі суық, сұсты... — Тек ішіне кіргенде ғана аздап көңілің орныққандай болады. Сөйтсе де
ұшы-қиыры жоқ тақыр адамның зəресін алмай қоймайды, — деді Генс сөзін қайта бастап, —
419
осындай ешбір өсімдігі жоқ құм мен тақырды басып жүріп отырсаң жетпіс шақырымдай
өткенде Терісаққан деген суы құмға сіңіп кеткен сайға кездесесің. Одан жиырма
шақырымдай жерде алдыңда Айдарлы құм сайы жатады. Бұл арада ошаған, түйе жапырақ
секілді аздаған өсімдік кездеседі. Дəл осы жерде Шыңырау деп аталатын терең құдық бар.
Суы мол. Бірақ Кенесары əскері бұл араға кідірмей, болдыра бастаған аттарына
түркмендерше қойдың құйрығын жегізіп...
Қу далада құйрықты қайдан алып жүр? — деді Перовский, — əлде бұл арада ел бар
ма?
Жоқ. Олар жүз атқа жүз қой таңып алып жүріпті... Содан Бетпақдаланы көктей жүз
жиырма шақырымдай жер өткенде көлденеңдей кездесетін Шу өзенінің Бесқұлан деп
аталатын өткеліне келіп тоқтапты. Ар жағында Сырдария жері. Бірақ əлі де құм, əлі де
тақыр. Суы ащы, шөбі аз. Бесқұланнан он алты шақырымдай жерде Ақжайықтан көлі бар.
Бұ да ащы көл. Одан Иней мен Құлан қабақ адырларын басып отырып он жетіон сегіз
шақырымдай жердегі мына Қосқұдыққа келесің. Бұның да суы ащы, шөбі мардымсыз.
Қосқұдықтан отыз шақырым барханды құмды басып отырып, мына сусыз Шұбар деген
сайдың бойындағы Жаманқұдыққа жетесің. Бұның суы сəл тұщылау, бірақ түйе болмаса
жылқы ішуге келмейді. Бұдан жиырма бес шақырымдай жерде Берді би моласы бар. Бұл
арада тұщы сулы кішкентай сай бар. Жағасында азын-аулақ өсімдік те жоқ емес. Кенесары
қолы Бесқұлан өткелінен кейін кідірмей жүріп отырып, тоқсан шақырым құмды, шөлді жерді
күннің ыстығына қарамай бір-ақ күнде алған. Осы кейде Берді би моласы, кейде Құл деп
аталатын сайда ат шалдырып, өздері түні бойы тынығып, таң ата ар жағында жиырма бес
шақырым жердегі Созақтың түбінен бір-ақ шыққан. Күн шықпай бекіністі қоршап алыпты.
Созақ датқасы Бабажан тіпті қаннен-қаперсіз жатса керек, бір нөкері келіп «жау келіп
қалды, тұрыңыздесе, «Созаққа Кенесарыдан бөтен жан бата алмайды. Кенесары қайда,
Созақ қайда деп жауап беріпті. Нөкері: «Келген сол Кенесарының өзі!» — десе,
«Шырағым, жылағысы келген бала əкесінің сақалымен ойнайды. Ұлытауда хандығын
тойлап жатқан Кенесары құс болып ұшып келмесе, қайдан келеді, ойыныңды қой!» — деп
ақырыпты.
Перовский езу тартып күлді.
Ұлытаудан Созаққа дейін алты жүз шақырымдай құмды, шөлді жерді бес күнде өтіпті
деген сөзге Бабажан түгіл, мен де сенбес едім. Тек мұндай жүріске күніне жүз жиырма
шақырым жер алатын қазақ аты ғана жарайды.
Қазақ жігіттері ше? — Генс те күлді. — Алғашқы саяхатымда салт атқа мінемін деп
менің де артым ойылып қалған. — Генерал-майор қазір қазақ өлкесін отарлауға келген жан
секілді емес, қазақ жерін зерттеуге келген қарапайым ғалым тəрізді. — Бірақ сол жолы мен
бұл халықтың көп этнографиялық материалдарын, ертегі, дастандарын өте көп жазып
алдым... — Кенет ол Перовскийге күлімсірей қарады, — сіз Шу өзенінің мына өткелін
Бесқұлан, ал мына төбелерді Иней, Қабан деп неге атайтынын естігеніңіз бар ма?
Орынбор шекара басқармасының бастығы генерал-майор Генстің соғыстан көрі, тарихи,
этнографиялық жағдайды сүйе əңгіме ететінін білетін Перовский, іс жайында сөйлесуге
асығып тұрса да, оның көңілін қалдырғысы келмей:
Білмеймін, — деді, — бірақ білетін адамның сөзін тыңдауға бармын...
Қазір аңызын тыңдауға ықылас қойып тұрған осы жұмсақ мінезді көрінген граф
Перовскийдің, осыдан он екі жыл өткеннен кейін, қалың қолмен келіп, қазақ даласын қанға
батырып Ақмешітті алатынын кім білген! Генс жолдасының ықыласына риза болып
Бесқұлан туралы бұдан отыз жыл бұрын жазып алған аңызын айтып берді.
Алашаханның жақсы көретін баласын тағы құлан үйірі басып өлтіріпті, — деді Генс
аңызды есіне түсіре, — қатты қапаланған əрі мейлінше ашуланған хан, құлан біткенді
қыруды бұйырады. Кімде-кім оларды қырып бітірсе соған ғажайып көп сыйлық пен ең сұлу
кіші қызын бермекші болады. Домбылақ деген батыр ханның тілегін орындаймын деп уəде
береді. Өзінің Иней, Қабан деген жүйрік аттарын мініп құландарды қуады, қайда қашса да
қоймай бейшараларды қырады. Ақырында бес-ақ құлан қалады. Олар Шу өзенінен өтіп
құмға қашады. Осы құландардың Шудан өткен жерін Бесқұлан дейді. Құмға қуып шыққан
батырдың аттарының жете алмай зорығып өлген жерлерін Иней, Қабан деп атапты. Ханның
қызын алам деп құм арасында қаңғып өлген Домбылақ батырдың моласы деп қазақтар
Шудың теріскей жағындағы моланы көрсетеді... Расында да бұл мола тым көне... Оған
сенуге де болады.
420
Қазақ жерінде не көп, мола көп. Жəне бəрінің де аты бар. Жақсы көрген адамын
атаусыз тастамайды, — деді Перовский, — өлген соң бізге де жер атын қояр ма екен? —
Кенет ол қолын сілтеді, — мейлі, өлгеннен кейін не десе о десін... Ал əзірге... тірі жүрген
кезімізде патша ағзам алдындағы борышымызды дұрыс атқаралық. — Енді Перовский сөзін
тұжыра сөйледі, — ең алдымен Бұхар ханы мен Қоқан ханының арасындағы соғысқа неге
кірісті, сол жайында Кенесарыдан түсінік сұраңыз. Ал Кенесарының бұл ісі Россия
империясының оңтүстіктегі сауда-саттық жұмысына орасан зиян келтіреді. Сондықтан біздің
хатымызды алысымен Қоқан хандығына қарсы ұрысын тыйып, Россия жеріне тез қайтатын
болсын.
Бұған Кенесары сұлтан ренжімей ме? «Өз бетіммен қимылдауға мүмкіндік бергілері
келмейді екен», деп ойлап қалмай ма?
Ойласа ойласын. Бүйту ең алдымен Кенесарының өз басы үшін керек. Россия
патшалығына өз еркімен бағыну деген сөз, өз еркіменен жауларынан кек алу деген сөз
емес. Россия патшалығына бағыну, тек Россия мүддесін ғана көздеп қана өмір сүру. Мұны
Кенесары дұғадай жаттап алуға тиісті.
Жақсы.
Генс сəл ойланып тұрды да, стол үстінде жатқан өзінің папкасынан бір қағазды алып
Перовскийге ұсынды.
Бұл не?
Менің хатыма Кенесарының жауабы.
Перовский мен Кенесарының бітімге келгенін естісе де Батыс Сібір генерал-
губернаторы шекарадағы Кенесарыға жататын ауылдарды шабуын тоқтатпаған. «Қасым
төре қарақшылары Россияға бағындым деп құр алдап жүр, ал дұрысында патшаға қарсы
əрекетін күшейтуде», — деп соғыс министрі Чернышевке арыз да еткен. Əбден ызаланған
Горчаков өзінің бір хатында Перовскийге: «Кенесарыны Сібір шекаралығынан мүлдем алып
кет, не болмаса маған оны өзінің ұясында құртуға рұқсат ет», — деп жазған. Бұған
Перовский: «Сұлтанды кінəлі деген қорытындыға келе алмаймын, өйткені ол Орынборға
қарағаннан бері, қол астымдағы жұртты ашуландырар ешбір іс істеп жүрген жоқ. Оны ел
тонады деген сөз бір-екі казактың көрсетуіне ғана негізделген. Бұл дүдамал куəліктер
Кенесарының айыпты екенін дəлелдей алмайды» — деп жауап берген. Бірақ Орынбор
шекара комиссиясының председателі генерал Генс анығына жеткісі келіп, «Горчаковтың
сізге тағып отырған кінəсі рас па?» — деп Кенесарыға түсінік беруін сұрап арнаулы хат
жіберген.
Қазір Генстің Перовскийге берген қағазы сол хатқа қайтарған сұлтанның жауабы еді.
Перовский қағазды алып даусын шығара оқи бастады:
«Патша ағзам берген манифестен кейін мен Россияға қарсы қол көтерген емеспін. Бұ
жағынан адал екеніме бір құдайдың өзі куə. Жауларым мені сіздің алдыңызда
қаралағылары келеді. Егер керек десеңіздер, үкімет алдында өзімнің тіпті кінəсіз екенімді
дəлелдеп шығуға бармын. Жауларым мені өте жек көреді, менің сіздермен тату
болғанымды көргілері келмейді», — Перовский қағазды Генске қайтарып берді, Кенесары
шынын айтып тұрғаны сөзсіз. Бірақ жауы тым көп... Түбі оның жазығы болмаса да жазықты
етеді. Бұны тек князь Горчаков қана емес, ең алдымен қазақ сұлтандарының өздері-ақ
атқарып шығады.
Сондықтан да Кенесары сегіз адамды өзіне өте қас санайды. Алғашқы жазған
хаттарының бірінде солай деген..
Кім-кім сонда олар?
Батыс Сібір генерал-губернаторлығына жататын Құдайменді ұлы Қоңырқұлжа, Күшік
ұлы Құлжан, Кішкентай ұлы Аққошқар, Жауғашар, біздің Орынбор губерниясына жататын
Жантөре ұлы Ахмет, Жаппастың биі хорунжий Жанғабыл, Жағалбайлы биі Күкір, Созақ
датқасы Бабажан... Бұларды ол тек қазақты Россия мен Қоқанға сатты деп жек көрмейді, өз
бастарының қамы үшін елге тым қаталдықтарын да еске алады. Жəне өзге сұлтандардай,
байлардай бұл сегізі Кенесары жағына шығып көрген емес, көтерілісшілердің шЇу дегеннен-
ақ табан тірескен жаулары. Əсіресе Қоңырқұлжа мен Ахмет.
Бұл екеуінің жан аяспас жау болатындары да түсінікті, Кенесары Батыс Сібірдегі
ереуілін Қоңырқұлжа аға сұлтан болып отырған Ақмола приказын шабудан бастаса,
Орынбор жерінде сұлтан-правитель Ахмет Жантөриннің еншісіне тиген Торғай, Ырғыз
өзендерінің бойына туын тігіп отыр.
421
Кенесарының да тістескен жауы осы екеуі. Өзге сұлтандарды жек көрсе де, ел бірлігін
сақтаймын деп, немесе өз жағына тартуға тырысып онша тие қоймайды. Ал бұл екеуінің
атын естігенде... — Генс сəл езу тартты, — Кенесары өз ордасында отырғанның өзінде де,
қылышын қынабынан суырып алады деседі көрген жұрт.
Тым ашулы екен. Түбі Кенесары бұл екеуінің басын жұтпай тынбас!
Мүмкін бұл екеуі Кенесарының басын жұтар?
Ол мүмкін емес. Кенесары өлсе, біздің қолымыздан, не Қоқан, Хиуа хандығы секілді
бөтен жұрттың қолынан өледі. Қара қазақ қазақтың Россияға бағынғаны тиімді екенін, түбі
бұның прогрестік маңызы бар іс екенін қайдан білсін, тəуелсіздігімізді, елдігімізді құртты,
жерімізді алып жатыр деп қана ұғады. Кімде-кім оның сол тəуелсіздігін, жерін Россияға,
немесе Қоқан, Хиуаға əперуге көмектессе, солқара халықтың жауы. Қоңырқұлжа мен
Ахмет сол жауының ең бастылары, реті келсе қазақтың екі жігітінің бірі оларды бауыздай
салудан тайынбайды. Осы Ахметтің əкесі Жантөрені бір мың сегіз жүз он төртінші жылы
Көтібар батыр бастаған көтерілісте, өзінің артында келе жатқан қарадан шыққан күзетшісі
найзамен түйреп өлтірген. — Перовский сəл ойланды да қайта сөйледі, — ал Кенесары сол
қара халықтың көбінің түсінігінше елінің, жерінің қорғаны. Оны көзінің қарашығындай
сақтайды. Сондықтан да қашқын башқұрт Кенесары қарауылының бастығы...
Перовский оның атын есіне түсіре алмай сəл кідірді.
Батырмұратты айтасыз ба?
Иə. Сол Батырмұраттың сұлтанға төніп келген қылышты жалаңаш қолымен ұстай
алуынағыз ерлік емес пе?! Бұндай жанқиярлық тек шын берілген адамнан шығады. Ал
мылқау құлы Қараүлек Кенесарының жауырынына өрмелеп шығып қалған жыланды
жалаңаш қолымен лақтырып жіберем деп, күптей боп ісіп кетіп, бір жеті жатыпты. Бір білгір
балгердің емдеуінің арқасында əзер тірі қалыпты. — Перовский басын шайқады, — жоқ,
Кенесарыдай батыр, Махамбеттей ақын адамын халық сұлтандарына оп-оңай бере
қоймайды. Егер Кенесары жау қолынан қаза табар болса, оның ажалы басқа ұлттан келеді.
Осы кезде Перовскийдің адъютанты есіктен кіріп:
Сұлтан-правитель Ахмет Жантөрин, — деді, — сіздің шақыруыңызбен келіп тұр.
Орынбор əскери губернаторлығына жататын Жайықтың күншығыс жағын басқаратын
Жантөре ұлы Ахмет, Жантөре ұлы Арыстан, Айшуақ ұлы Баймұхамед сұлтан-правитель
Перовскиймен ауыз жаласқан дос. Олар «Кенесарыны Орынбор жерінен қуу керек, егер
өзіңіздің əскеріңіз жетпейтін болса, біз жəрдемдесейік» деп сан айтқан. Бірақ бұған
Перовский көнбеген. Орынбор маңындағы мұжықтар көтерілген аласапыран кезде,
қазақтармен қырылысуды дұрыс көрмеген. «Россия империясына қараған қазақтарды,
Ахмет пе, Арыстан ба, Кенесары ма, қай сұлтан басқарса да, бəрібір, тек бізге бағынып
тыныш жүрсе болғаны емес пе», — деп ойлаған.
Патша ағзам сөзінен кейін Перовский кеше үш сұлтан-правительді шақыруға мəжбүр
болды. Қандай генерал болғанмен патша ағзамның жарлығын орындамайтын құдіреті
қайсы, егер соғыс министрі Чернышев «Горчаковпен қосылып Кенесарыны құртыңдар» деп
шын бұйрық беріп қалса, қолында сол бұйрықты орындарлық қандай күш барын білгісі
келген. Сұлтан-правительдің шақырылған себептері де осы еді.
Арыстан мен Баймұхамед сұлтандар келген жоқ па?
əзір келген жоқ.
Онда Ахмет Жантөрин кірсін.
Үйге Ахмет кірді. Бұл бойшаңдау келген, кең танау, сүзеген бұқаның көзіндей шатынаған
үлкен көзді, қара сұр, орта жастан асыңқырап бара жат-
қан кісі. Иығында Россия əскерінің подполковниктік погоны бар. Орысша оқыған, кезінде
Орынбордағы Неплюевтың əскери училищесін бітірген. Ол əскерше амандасып, қолын
көтеріп есік алдында тұра қалды.
Подполковник Жантөрин сіздің шақыруыңызбен келді, генерал мырза.
Жоғары шығыңыз, сұлтан-правитель.
Бұлар қол алысып амандасқаннан кейін, Перовский бірден шақырған шар-уасына кірісті.
Сұлтан Ахмет, сіз Кенесарының қазір Қоқан жерінде соғысып жатқанын білесіз ғой?
əрине.
422
Кенесары Қоқан ханымен неге соғысып жатыр? Сіз бұл жайында не естідіңіз? Мүмкін,
Хиуа ханының өтінішін орындап, Бұхар ханын жеңіп бер-
мек пе?
Кенесары ондай ақымақ емес. Мəделіханды өлтіріп Нұрасулла Қоқанды өзіне
бағындырғаннан кейін Кенесары Хиуа ханымен Қоқандағы қазақ жерін саған алып беремін
деп астыртын сөз жүргізген. Ондағы ойы Бұхар ханы Нұрасулла тым күшейіп кетпес үшін
Бұхар мен Хиуа арасын шатыстыру. Кенесарыға тартуға күміс ер-тоқымды арғымақ пен он
бес мылтық жіберген Хиуа ханы Аллақұл, Кенесары менің жағымда болады екен деп
Бұхарға қарсы соғыс ашты. Бірақ бұл соғыстың қызығын Қоқан көрді, Хиуа мен Бұхар
қырылысып жатқанда, биыл Қоқан қаласының адамдары көтеріліске шығып, Қоқаннан
бұхарлықтарды қуып, Мəделіханның туысы Шерəліні хан етіп көтерді. Мұны көрген
Кенесары Қоқан хандығын қайтадан күшейіп кеткенше, Ташкент құшбегісінің қарамағындағы
жеті мың шаңырақ қазақ аулын өзіме қосып алайын деп, осы айдың он бесінде төрт мың
қолмен Ташкентке қарай аттанды. Менің хабаршымның айтуы бойынша, Кенесары қазірдің
өзінде-ақ Жаңақорған, Жөлек, Ақмешітті басып алған көрінеді. Бұ күнде ұрыс Созақта жүріп
жатыр деседі. Кенесары босатқан кей қазақ ауылдары бері қарай көше бастаған тəрізді.
Бұдан бізге келер қандай зиян бар? — деді Перовский Генске қарап, — бір мың сегіз
жүз отыз төртінші жылы Қасым төренің баласы Саржан Россия империясы қарамағынан
қырық мың үйлік қыруар елді алып қашса, бүгін Қасым төренің екінші баласы Кенесары
сұлтан сол қырық мыңнан Қоқан хандығының қарамағында қалған жеті мың үйді кейін
қайтарамын деп соғыс ашуда. Бұл Россия империясының жеңісі емес пе?
Жоқ, бұл Кенесары сұлтанның жеңісі, — деді кенет тұнжырап кеткен Ахмет, — қазір
оның қарамағында Найман, Бағаналы, Арғын, Табын, Тама, Шекті, Шөмекей, Байбақты,
Қыпшақ рулары бес мың ауыл, яки екі жүз елу мың шаңырақ болса, оған Қоқан хандығынан
жеті мың шаңырақ көшіп келіп тағы қосылса қанша күш жиналғаны? Ал, Кенесары тірі
тұрғанында Россияға дос болмайды.
Неге?
Оның көксегені Абылайдың заманы. Бар қазаққа өзі хан болмақ!...
Жарайды, — деді Генс, — Кенесары хандықты көксесін, ал сонда... — генерал-майор
қабағын сəл шытты, — жаңа өзің айттың ғой, оның қарамағында екі жүз елу мың үй бар деп,
əр үйде төрт адамнан болсын... Сонда бір миллиондай кісі бір Кенесарыны хан етеміз деп
бізбен күреске шығып жүр ме? Осыншама адамды қорқытып соңыңнан ергізе алмайсың.
Жоқ, Ахмет сұлтан, мұндағы əңгіме əлдеқайда тереңде. Əлгі миллион адамның ақ патшаға
қарсы наразылығы мен Кенесарының хан болсам деген арманы ұштасып жатыр. Мұндай
жағдайда біз Кенесарыны емес, əлде адасып, əлде шауып алады деп қорқып сол
сұлтанның соңынан еріп жүрген жұртты еске алуға тиістіміз. Кенесарыны құртамыз деп
миллион адамды құртуға болады ма?
Болады! Неге болмайды?! — деді кенет Ахмет қаттырақ дауыстап жіберіп.
Өзіңмен бір туған қазағың болса да ма?
Мейлі. Қазағым болсын, шүршітім болсын. Айтқаныма көніп, айдағаныма жүрмейді
екен, қырып тастау керек!.
Генс оған ренжи қарады. Алдында тұрған адам, кенет генералға адам емес, қан құмар
қорқау секілді болып көрініп кетті. «Халықты босқа қырмау керек» деп ұлтымыз бөлек біз
ара түскіміз келеді, ал мынау... Генс кенет Ахметке «Халық сендей сұлтандарды неге жек
көретіні енді түсінікті болды. Əкең Айшуақ ханның баласы Жантөрені халық өлтіріп еді.
Байқа, Ахмет, сенің де ажалың халық қаһарынан келмесін!» — дегісі келіп кетті. Бірақ
Перовский бұрынырақ:
Жарайды, біз мына генерал мырза екеуміз Кенесарыны өзімізге қан төкпей
бағындыруды жөн көріп едік, — деді. — Егер ондай мүмкіншілік болмайды екен, — күш
жұмсауға да бармыз. Сонда Кенесары жасағын талқандауға əлдерің жете ме?
Қуанғаннан Ахметтің көзі жарқ ете қалды.
əбден жетеді. Кенесарыда қазір сегіз мыңдай атты əскер болса, мына біз Жантөренің
сұлтан-правитель екі баласы Ахмет пен Арыстан үш мың жауынгер қарсы қоя аламыз.
Жантөренің інісі сұлтан-правитель Баймұхамед екі мың адам береді. Жаппас ұлы
Жанғабылдан, Кенесарыға қосылмай қалған Ор бойындағы Төртқара, Жағалбайлы
руларының биі Күкір, Биғажаннан мың адамнан шығады. Кенесарының қасы Қыпшақ биі
Жаңбыршының Балғожасы мың сыпай берсе... Сонда қанша болдық? Тоғыз мың ба? Бұған
423
Орынбор əскери губернаторы екі мың солдат қосса, құлшынып отырған Батыс Сібір
əскерісіз-ақ Кенесарыны биыл күзде жоқ етуге болады. Тек рұқсат етілсін.
Жақсы, — деді кенет Перовский, — өзге сұлтандар келсін. Кешке кеңеселік. Жолдан
шаршаған шығарсыз, əзірге тыныға тұрыңыз.
Ахмет шығып кеткеннен кейін Перовский:
Көрдің бе, мəртебелі досым, — деді Генске, — қазақ жерінде феодалдық, рулық
дəстүрдің қандай мықты екенін? əр сұлтан, би қарамағындағы руластарының жігітін өз
солдаттарындай жұмсай алады. Қазақ та бір, қой да бір, тек алдарына түсетін серкесі
болсын!
Жоқ, — деді Генс қабағын сəл шытып, — қазақ дарынды халық, батыр халық, əттең
бақытсыз халық.
Перовский жауап қайырғанша адъютант тағы үйге кірді.
Генерал мырза, — деді ол əлденеге сəл қызарып, — қазақтың тамаша екі сұлу қызы
келіп тұр. Кет десем, сізге кірмей кетпейміз дейді. Бірі орысша судай біледі.
Перовский мен Генс біріне-бірі қарады. Қазақ қызының орысша сөйлеуі екеуіне де таң
дүние.
Кірсін, — деді Василий Алексеевич.
«Қыз» деген сөз жас кезінде бозбалашылықты басынан көп өткізген Перовскийге жылы
тиді ме, ол еріксіз жағасын жөндеп, тікірейген сарғылт мұртының ұшын сəл шиыршықтай
əдеміледі. Генс пен Перовский біріне-бірі қарап күліп жіберді. Жүйрік ат шаппаса да
қырындайды деген.
Осы кезде үйге сəндене киінген екі қыз кірді. Бірінің басында сəукеле, сонысына
қарағанда жас түскен келіншек секілді. Үстеріндегі киімдері бай қыздарынікіндей торқа мен
дүрия болмаса да, көз тартарлықтай əдемі. Қызыл шибарқыт қамзол, аяқтарында қызғылт
кəкимə етік, ақ патсайы шытырман көйлек. Келіншектің қасындағы қыздың басында қызыл
түлкі үкілі бөрік, белдеріндегі күміс белбеу бұлардың Арқадан шыққандарын аңғартады.
Сау саламатсыздар ма, мəртебелі генерал мырзалар, — деді сəукелелі, шашы жерге
түскен келіншек. Қасындағы қыз орысша білмегендіктен ескі Арқа дəстүріменен екі қолын
кеудесіне апарып, басын иді.
Өздеріңіз де амансыздар ма, қарақтарым? — Генс бірінші болып аман-
дасты. — Қайдан жүрсіңдер! Аттарың кім?
Менің атымАлтыншаш, жанымдағы қыздың аты Күміс. Кенесары аулынанбыз, —
келіншек орыстың таза тілімен түсінік берді.
Қазақ қызының орысша осыншама əдемі сөйлегеніне таң қалған Генс:
Орысшаны қайдан үйрендің? — деді.
Алтыншаш əкесі Тайжанды атқаннан кейін қалай орыс арасына түскенінен бастап, ең
ақыры Кенесары батыры Байтабынға ерге шыққанына шейін жасырмай, бар өмірбаянын
əдемі орыс тілімен айтып берді. Орысша сөйлеп тұрған кімнің қызы екенін енді ұққан
Перовский;
Бізде қандай шаруаң бар? — деп сұрады.
Құрметті генерал, сізді əділетті жан деген соң келіп тұрмын, — деді ол кенет көзіне
келген жасын сүртіп, — өткен жылы Кенесары сұлтанның айдалып кеткен бар туыс-
жақынына патша ағзамның амнистиясын алып бердіңіз... Менің ондай үлкен тілекті сізден
талап етер қақым жоқ, тек аяңыз деп өтінемін... Ең болмаса Туринскіге жер аударылған аға-
інілерім мен апа-сіңлілерімнің амандығын білдіріп беріңіз...
Генс көзінен жасы сорғалап тұрған келіншекті аяп, теріс бұрылып кетті.
Ал Перовский:
Жаныңдағы баланың қандай шаруасы бар? — деді Алтыншаштың өтінішіне бірден
жауап бере қоймай, сылтауратып.
Алтыншаш Күмістің де басынан өткен уақиғаны жасырмай тегіс айтып кел-
ді де:
Бұ да сіздерді əделетті дегенге, Қоңырқұлжа аға сұлтанның үстінен шағым айтып
келіп тұр. Осындай озбырлық істеген адам ешбір жаза тартпай кете бере ме дейді. Əкесі
əбдіуақитты да сол Қоңырқұлжа сыпайлары өлтірді.
Қандай айуандық! — деді Генс Күмісті аяп кетіп француз тілінде.
Иə, дала заңы айуандықпен шектес келеді! — деді Перовский де французша жауап
қайырып.
424
Алтыншаш елең ете қалды. Ол французша да білетін. Алтыншашты қызметші қыз етіп
үйіне алған генерал-майор Фондерсон орыстың ақсүйектерінен болатын. Олар үй-іштері боп
көбінесе французша сөйлесетін. Жетім қыз Алтын-
шашқа бес жылдың ішінде амал жоқ, жат тілді де үйренуге тура келген.
Алтыншаштың елең еткенін аңғарып қалған Перовский:
Сен немене, француз тілін де білесің бе? — деді.
Алтыншаш генералдардың өзара сөздерінің куəсі болғысы келмеді.
Жоқ... — деп төмен қарады...
Онда неге елең ете қалдың?
Сөздеріңізге түсінбеген соң таңданғаным ғой...
ə...
Француз тілін білмеймін дегенінен Алтыншаш соңынан көп пайда көрді. Генералдардың
сан құпия сырларын естіп, Кенесарыға қарсы қолданылмақшы шараларды күні бұрын біліп
отырды.
Бұлардың өтінішіне қандай жауап беруге болады? — деді Генс Перовскийге тағы да
француз тілінде.
Мына келіншектің əкесі жөнінде патша ағзамға жазып, не болмаса соғыс министрі
Чернышев арқылы бірдеме білуге болар. Ал Қоңырқұлжаға не істейсің? Ол Горчаковтың
қарамағындағы адам ғой... Қысқасы, өтініштеріңді ақылдасып көрерміз деп шығарып салу
керек.
Бұлар екінші рет қайта келе ала ма?.. Біздерді де алдамшы жандар екен ғой деген
ойда өмір-бақи кетпей ме.
Алдамшы жандар екенімізді бірден білгеннен көрі, соңынан білгендері дұрыс емеc
пе? — Перовский езу тартып күлді. — Өйткені бізге де, оларға да жеңіл тиеді.
Жоқ, — деді Генс, — Бұлар екеумізді орыс генералдары деп сенім тұтып келіп тұр.
Мен бұларды сіз айтқандай алдап шығара сала алмаймын...
Сонда не істемексіз?
Азия ісі департаменті арқылы мына қыздың туыстарының қайда екенін білуге
тырысамын, ал Қоңырқұлжаны жауапқа тартуларын талап етем.
Перовский тағы да күлді.
Россия кеңселерінің мұндай істе асықпайтынына əлі көзің жеткен жоқ па еді? Бұл
қыздар сенен жауап келгенше ауылдарында қартайып та өлер...
Ауылға барғаннан кейін бұл қыздардың қайтып келуі екіталай... Көнсе осы жерде
қалуларын сұраймын. Жауабын тездетуге тырысамын. Оның үстіне бұл екеуі де менің
жетімханама керек.
Генс үйінде қазақтың жетім балаларына арналған баспана ашқан. Оларға орысша-
қазақша сөйлей білетін тəрбиеші алуды көптен бері ойлап жүр еді.
Генерал-майордың ойына түсінген Перовский:
Мейлің, өзің біл, — деп күлді.
Генс қыздарға қарап:
Өтініштерің туралы тиісті кісілермен хабарласалық. Жауап келгенше ыңғайлы
көрсеңдер менің үйімде болыңдар. Қазақ балаларына ашқан жетімхана бар, сонда қызмет
істеңдер, — деді.
Алтыншаш сəл ойланды да, бірдемеге бел буғандай бірден:
Жақсы, — деп жауап берді.
Келіншектің неге тез көне қалғанын Генс те, Перовский де түсіне қойған жоқ. Оның ойын
жанындағы Күміс те аңғармады. Бірақ ол біраздан бері сырлас болып алған құрбысының
көңілін жыққысы келмеді. Аз уақыт Орынборда бола тұруды теріс көрмеді.
Сол күні Генс қыздарды өз үйіне əкеп жетім балалармен таныстырды, кешке таман
бұлардың ісі жайында департаментке хат жазды. Жəне Перовскийдің тапсыруы бойынша
Кенесарыға да «Қоқан хандығына қарсы соғысты тоқтатып, Орынбор шекарасына қайтып
келіңдер» деген бұйрық жіберді.
Кенесары бұл хатты он сегіз күн соғысып Созаққа кірген күні алды. Ол келесі аптада
қалың қолымен Ташкентке аттанбақшы еді. Амал жоқ, айтқандарыңа көнем деген Орынбор
бастықтарына уəдесі бар сол себепті Қоқан хандығымен бітім жасап, кейін қайтуға мəжбүр
болды. Бірақ Кенесары кейін қайтуын қайтса да, өзінің енді ештеңеге еркінің жоқтығына
іштей күйініп, патша генералдарына кектене қалды.
425
ІІ
Зиректік, ойшылдық, сезімталдықана сүтімен бірге бітетін қасиеттер. Мұны адам
сатып ала алмайды, егер жүрегінде осы бір қасиеттердің ұшқындары болса ғана өмір,
қоршаған қоғам оны не ұлғайта түседі, не өшіреді.
Жасынан өнер мен ғылымды өнеге еткен Есіркеген төрт жыл Семейде орысша оқығанда
көп жағдайды түсінді... Əсіресе туған ел-жұрттың надандығы, қамқорсыздығы жүрегіне шоқ
тастап, мазасын ала берді. Бұл жəйттер Есіркегенді құр қайғы, шерге бөлеп қана қоймай,
еліне қамқорлық етерлік жол іздетті. Енді ол орыс халқының тарихына, мəдениетіне, өсу
жолына үңіле қарады. Өз елінің бұл халықтан қаншалық кейін қалғанын ойлана түсті.
Ойланған сайын, ортағасырлық мешеуліктен қол созуы қажетін, қыс қатты болған бір жұттан
соң-ақ дəулеті сарқылып шыға беретін, мал соңында өткен көшпенділік тұрмыс-тан гөрі егіс
салатын отырықшылық өмірге қарай икемденуі керектігіне көзі жете түсті.
Есіркеген өз сана-сезіміне азық болар тағы да бір сырлы дүние ашты. Ол сонау Орталық
Россиядан қазақ жеріне жаңа қонысқа көшіп келген орыстың қарашекпен мұжықтары мен ақ
патшаға қарсы қол көтергені үшін Семей секілді алыс бекініске жер аударылған декабристер
орыс офицерлері мен оқымысты адамдарының қазақ халқына деген жанашырлық,
достық көз қарастары еді. Халық пен халықтың еш уақытта жауласпайтынын, оларды
араздастыратын тек үстем таптың қанаушылық саясаты екенін түсініп, оның жүрегінің
түкпірінде орыс халқына деген бір əдемі жылы сезім туа бастаған. «Халық пен халық тату
болса, ақ патша не істейді? Ал Қытай, Қоқан, Хиуа, Бұхардан қорлық көріп басы қосылмай
жүрген қалың қазаққа түбі тағдыры да, қайғы, қуанышы да бір, сүйеніш болар ел керек. Оған
орыс жұртшылығынан жақын кім бар? əрі мəдениетті, əрі қуатты. Достасса қорған бола
алады? Бірақ сонда еліміздің тəуелсіздігі не күйге ұшырайды. Мүмкін ел тəуелсіздігі де
сақталар. Кенесары, Ағыбайлардың түсінбей жүргендері бар шығар. Жоқ, сан айқастан
өткен бұл батырларды ел күйін түсінбей жүр деуге менің қандай қақым бар?.. Бұл бір ақылға
салатын жағдай».
Осындай күйде жүргенде Есіркеген Семейдегі орыс мектебін бітіріп, қыс келе Петербург
кадет корпусына түсетін болды. Бұл бір мың сегіз жүз қырық бірінші, қазақша Сиыр жылы
еді. Оқуға қар жауа баратындықтан ол жаз шыға өз аулына келген. Жүрегін көкейкесті
арман торлаған, ел қамын ойлар жігітойпат үстінде ерте шығып, ерте солатын сарғалдақ
гүл тəрізді, ерте пісіп, ерте қартаяды. Сексеннен аттап селкілдей бастаған Масан қарт
жиырмаға жаңа ілінген немересінің ой сорған бозғылт жүзіне қарап, оның жанын жеген бір
кеселдің бар екенін бірден ұқты. Бірақ келген беттен тіс жарып бəлендей де-
меген.
Немересі туған жерінің жасыл шалғынына əбден аунап-қунап мауқын басып, құрбы-
достарымен біраз ойын-сауық құрып, бабына келгендей кезде ғана бір күні оңашада:
Қарағым, іште жатқан қайғы Ескендірдің қос мүйізі тəрізді, сыртыңа шығармасаң
кеселге айналдырады, — деді байсалды үнмен, — қабағыңның шырынан ішіңе бір сарсудың
байланғанын аңғарамын... Кəріге айтылатын сыр болса жасырма, қолымнан іс келмесе,
тілімнен ақыл келер... аянбан.
Көпті көрген қарт атамен өзінің де сөйлескісі келіп жүр еді. Есіркеген бірден ақтарыла
қалды.
Қайғым бар екені рас, ата. Өз қайғым емес, ел қайғысы.
Ел қайғысы! Лебізің жылы тиді. Ел қамын ойлар артымда тұяғым жоқ па деп
қынжылатын едім. Құдай тағала, мүсіркеген екен. Мұныңа да шүкір. Ал сөйле.
Төрт жыл қалада оқыдым, ата. Жас адамға төрт жыл төрт күнмен тең ғой... Ал
маған... Əлде мен сондай сарыуайымшыл болып тудым ба, төрт жылым төрт жүз жылдай
ұзақ соқты... Егер адам ойы теңізге айналар болса, менің ойымнан бүкіл дүниені қоршаған
тірі пенде жүзіп өте алмас мұхит пайда болар еді...
Иə, айта бер... сонша ұшан теңіз мұхитта жүзіп не көрдің...
Халқымның сол мұхит суына парапар көз жасын көрдім.
Халқыңның көз жасын көру ғажап іс емес. Мен оны ес білгелі көріп келе жатырмын.
Көру бар да, көмек беру бар. Сол көз жасты құрғатар не жол таптың?
Жол біреу-ақ тəрізді. Тіл мен діні бөлек болғанмен, жері мен тағдыры бір орыс
жұртшылығымен бірлеспей бізге жарық сəуле жоқ секілді. Сары далаға ие екенмін деп тағы
426
құландай қысы-жазы көшіп жүре бергенмен ештеңе оңар емес. Бүйте берсе түбі надандық
жеңеді. Біз де мəдениетке құлаш ұруымыз керек. Ал мəдениет орыс жұртшылығында.
Оларда құр ғана мəдениет емес, қиянат та бар ғой, ұлым... — Қарияның көзі кенет
жарқ етіп бір ұшқын көрсетті де, қайта сөне қалды. Ол енді жүдей, ойлана сөйледі, — əр
жыраның өзінің бір күйкентайы болады. Сұрқия заман бізді осылай сұрқия ойлы етіп
жаратқан шығар. Асыл тастан, ақыл жастан, мүмкін сенің айтып отырғаның дұрыс болар,
бірақ ел-жұртың не дейді? Кəрі қыран көре алмағанды, жас қыран іледі, тек айтарым:
қанына тартпағанның қары сынсын дейді қазақ. Аңшы қуған киіктей, сұм тағдырдан зəресі
ұшқан азғантай халқың бар, тек соның қарғысына қалма...
Халық кейде түсінбей де қарғамай ма? Кенесарыны біреу қарғайды, біреу
ардақтайды...
Дұрыс айтасың. Кенесарының жауы да көп, досы да аз емес. Кейде оның қылығына
мен де түсінбеймін. Ал саған түсіну тіпті қиын.
əйтсе де сол Кенесары ойына мен түсінгім келеді. — Есіркеген сəл үндемей қалды да
қайтадан сөйлеп кетті. — Жаз аяқталып келеді, қар түсе Петерборда болуым керек, — деді
ол жерді шұқылай отырып, — Петерборға Омбы арқылы баруға да болады... Орынбор
жағымен де жететін жол бар...
Сонда осы арадан Орынбор аттанбақсың ба?
Иə, Қараөткел дуанынан Атбасарға түсіп, ар жағында Қарақойын Қашырлы арқылы
Ырғыз құласам... Жолай Кенекеңе жататын елдерді басып, ондағы жұрттың қандай күйде
екенін өз көзіммен көрсем...
Ел күйінен ер арманын білу қиын емес. Бірақ бұл жолың тым қауіпті жол. Петерборға
оқуға бара жатқан Жамантай аға сұлтанның жігіті екеніңді сезіп қалса, Кенесары адамдары
сені тірі жіберері екіталай.
Ол қауіпті өзім де түсінемін, бірақ өз жолыңды таңдау үшін, əр тайпаның көңіл мұңын
анық білген жөн ғой деймін...
əлбетте.
Орынборға Кенесары ауылдары арқылы жүруді Есіркеген оқуға барам деген күннен-ақ
шешкен. Бұл жолды таңдауында ел күйін білуден өзге бір арманы бар. Ол арманыКүміс.
əбдіуақиттың үй ішінің ол Кенесары жағына шығып кеткенін сол жазда-ақ естіген. Бірақ олар
тірі ме, өлі ме хабардар емес-ті. Əсіресе Күміс жайын өте білгісі келетін. Қоңырқұлжаға ойда
жоқтан ойыншық болған осы бір аяулы замандасқа деген аяныш əйтеуір көңіліне маза
бермейтін. Кейде осы аяныш оны бір жылы тəтті сезімдерге де жетелейтін. Кенесары
ауылдары арқылы жүрсем, сол əбдіуақит үй іші туралы бір хабар естірмін деген үміт,
бүліншілікшілердің қолына түсіп қалармын-ау деген қауіпке бой бермеді. Кəрі атасымен ел
жайын, өзінің келешек арман жайын ұзақ əңгіме ете отырып, ақыры Петерборға Орынбор
арқылы жүрмек болып шешкен-ді.
Енді міне, мынау сар даланы кезіп келе жатқан үш салт аттының ортасындағы аққұба
жігіт осы Есіркеген. Астында оқтаудай боп жараған күзен күрең. Басын шұлғып тастап, жіті
басып аяңдағанда, екі жағындағышабдар байтал мен кəртаң тартқан қаракөк атжеле
түсіп, əзер еріп келеді.
Есіркеген ауыл жігіттерінше киінген. Басындағы пұшпақ бөркі мен үстіндегі бұлғын
жағалы лұқпан шапаны ауқатты үйден шыққанын аңғартқандай. Жанындағы пұшық сары
мен денелі ат жақты қара сұр жігіттің үстінде кедей қолы жұпыны киім. Кең жеңді көне
шекпен, қырқыла бастаған жеңіл елтірі тымақ пен көне далбағай. Екеуінің сырт бейнесі,
ортадағы ауқатты жігіттің жай атқосшы серіктері екенін сездіреді. Бұл үшеуі ауылдан
шықпай жатып, Кенесары жасағы кездесіп қалса, сонау Ұлытау бойындағы Найман
руындағы нағашыларына бара жатырмыз деп айтуды келіскен. Есіркегеннің жанындағы
жігіттердің сырт пішіндері бəлендей көзге түсер болмағанмен екеуі де өнері асқан жандар.
Пұшық сары даусы кернейдің үніндей созылған əнші, қара сұры жамбасы жерге тимеген
балуан. Екеуінің борышы біреу-ақ Есіркегенді сау-саламат Орынборға жеткізіп салып, қыс
түспей Қарқаралыға қайта оралу.
Қарқаралы жақтан шыққандарына бір аптадан асып кеткен. Қонақ десе құшағын жая
түсетін қазақ ауылдары, алыс жақтан «нағашылап» бара жатқан жігіттерден қонағасын аяр
емес, бір ауылға түстенсе, бір ауылға қонып, Арғынаты баурын да көмкерлеп қалды. Жол
енді осы арадан күнбатысқа кілт бұрылады. Енді жігіттерге «нағашыларымыз» Жем, Ырғыз
бойындағы Тама руы деуге тура келді. Тоқтаған ауылдары бұған сенеді. Өйткені түрлері де,
427
астарындағы аттары да ұры-қарыға ұқсамайды жəне ағайын қуып жүре беретін қазаққа
«Жем, Ырғызда нағашымыз бар еді», — деген сөз майдай жағады. «Пəле, жиен болсаңдар,
осындай алыстан іздейтін болыңдар», — деп оларды қошеметтей түседі.
Жол күнбатысқа қарай бұрылысымен-ақ бірден өзгере бастады, жаз аяқталып, сарғылт
тартып қалған. Арқаның көк шалғынының орнына қуаң тартқан бидайық пен бозаң шөп, ши
мен шілең жиі кездеседі. Күн райы да өзгеріп, енді жолаушылардың беттерін салқын жел
өбетін болды. Бірақ даусы қарлықпайтын пұшық сары жол қысқарсын дегендей жағы бір
тынбайды. Біресе күлдіргі өлең айтады, біресе қайғылы зар төгеді. Ал Есіркеген өлең айтқан
сайын атын
тоқтатып қойып, қалтасынан қойын дəптерін алып əр өлеңнің сөздерін, кім шығарғанын,
қандай жағдайда айтылғанын жазып алады.
Қайтесің пұшық сарының айтқанының бəрін қағазға түсіріп, — дейді оң жағындағы
қара сұр, — бұда не көп, өлең көп...
Үрім-бұтаққа керек, — дейді Есіркеген, — халық мұрасынан қымбат қазына жоқ, бəрі
қағаз бетіне түсірілуі қажет.
Пұшық сары Есіркегеннің сөзінен қанаттанып кетіп, кенет ер үстіне бір жамбастай
қоқилана отырып алды да, тағы да бір əнді шырқап кетті.
Бүлдірді ала ауыздық ел арасын,
Найза мен сойыл шешті дау таласын.
Соншама өштескенде, бауырларым,
Тозудан, айтшы, басқа не табасың?
Ат төбеліндей аз қазақ
Бір-біріңді қырғанда
Қай мұратқа жетесің?!
Мойныңа бұғау онсыз-ақ
Түсейін деп тұрғанда.
Кімге ерлік етесің?
Еcіркеген өлеңді естігенде түсі бір түрлі қуқылданып өзгере қалды.
Бұл кімнің өлеңі?
Атығай Ырым ақынның.
Қай жағдайда шығарған?
Ана жылы Атығай Қарауыл мен Алтын, Тоқа жерге таласып көп жігіттер сойылға
жығылғанда...
Есіркеген одан əрі ештеңе сұраған жоқ. Өлеңді жазып та алмады. Кенет қалың ойға
шомды. «Ырым ақын?.. Мен естімеген ақын екен... Сірə, бай мен батырды, би мен
сұлтанды, ру бастықтарын мақтап күн көрмейтін жан болуы керек. Ел арасында жүріп
айтысқа түсіп жүлде алудан да алыс болар... қазақтың ала ауыздық зиян екенін түсінетін
мұндай сөз шыққаны бір жақсы ырым екен... Осылай жұртты оята беру керек. Бар келешек
халқымыздың оянуында. Бар өнерді соған салу дұрыс жол. Ел бірлігіел теңдігі. Бірақ
«Мойныңа бұғау онсыз да түсейін деп тұрғанда...» деген сөзінде бір үлкен сыр жатыр-ау.
Бұл сөзімен нені айтпақ? Ел болып бірігіп Кенесарыға қосылып, Россия патшасына қарсы
шық демек пе?.. Иə, солай сынды. Бейшара, біздің келешегіміз Россияға қосылуда екенін
білмей ме
Сары пұшық кенет Есіркегеннің ойын бөліп жіберді.
Мінекей ауылға да жетіп қалдық, — деді ол дауыстап жіберіпбүгін осында түнеп
шығалық.
Ауыл дегендері ылдидағы көл жағасында отырған отыз шақты үй болып шықты. Табын
руының бір бөлегі екен. Жаз сонау Атырау теңізіне дейін көшіп, қыс осы маңды қыстайды
екен. Биыл алысқа көше алмай, Кіші жүз бен Орта жүз жерінің ортасындағы Қызыл діңгек
маңайын жайлап қалыпты. Себебін сұрағанда, қонып жатқан үйлерінің иесі қаба сақалды
қара шал:
Былтыр жаз құмда көшіп жүргенімізде малымыздың тең жартысын Хиуа ханының
сарбаздары барымталап əкетті. Қалған жартысын қыс түсе осы арадан Қоқан сыпайлары
шауып алды. Осы ауылда тіпті тігерге тұяқ қалмаған үйлер бар, алысқа көшуге бізде қазір
жағдай жоқ, — деді. Сөйтті де өзінің қонақтарына айран мен ірімшіктен басқа қонақасы бере
алмай отырғанына қысылғандай төмен қарап, — бұл үйде де бір сиыр мен үш ешкі ғана
қалды. Алыстан келе жатқан жолаушылар екенсіңдер, қой сою керек еді, — деп міңгірледі.
428
Есіркеген шалды аяп кетті.
Қысылмаңыз, отағасы, барға мəзір, жоққа əзір... Біз ықыласыңызға да ризамыз...
Иə, жоққа жүйрік жете ме, — деп шал ауыр күрсінді, — ренжімесеңдер болғаны...
Шабыншылықтан кейін бұл ауылдардың көтерілуі де оңай болмас... Амал не, басқа түскен
басбақшыл, құдай тəн бергенге дəн берем деген екен, бізді де өлтірмес.
Таңертең ертемен Есіркегендер жүрер алдында шал тағы да:
Дұрыстап қонақасы бере алмағандарымызға өкпелемеңдер, қарақтарым, заман
солай болған соң істерің бар ма, — деді мұңайып, — жедел жүріп отырсаңдар сəске болмай
Қаражыңғылдағы Алтай руының бай ауылдарының біріне жетіп қаларсыңдар, біз бере
алмаған қонақасыны сол ауылдан ішерсіңдер.
Есіркегендер жұпыны ауылды сырттай жүріп келеді. Кеше ымырт үйіріле жеткендіктен
байқамаған екен, көл жағасында отырған осынау отыз үйдің, ауыл деген құр аты екен. Бір-
екі түйе, он шақты сиыр болмаса, көзге түсер мал жоқ. Ауыл иттерінің құйрығы қайқы
болушы еді, бұлардың иттерінің де жүні жығылып, құйрықтары салбырап кеткен.
Есіркегеннің іші удай ашыды. «Сірə балық аулап күн көреді-ау бұл ауыл», — деді ол ойға
шома беріп.
Қарттың түндегі сөзін естігеннен кейін, ол түні бойы көз ілмей шыққан. Қазір де сол ой
шумағын жалғай түсті. «Жоқ, жоқ, қайткенмен де Россия қол астына тезірек кіру керек.
Сонда ғана бұл халықтың жаны қалады. Хиуа, Қоқан құр малын ғана талайды ғой, ал Қытай
ауына ілігер болсаң, еліңді біржолата құртып жібереді. Есіркеген енді тарихқа көз жібере
ойланды. — Бір мың жеті жүз елу алтыншы жылы еді ғой, өзіме қарсы бас көтердің деп
Қытай боғдыханы əрі айбынды, əрі айбарлы мемлекет құрып, бүкіл Жоңғар өлкесін билеп
отырған Торғауыттардың миллиондай халқын қырып, Жоңғар мемлекетін тарихтан мəңгі
құртып жіберген жоқ па еді. Сондай хал қазаққа келмесін кім біледі? Ежелден өштескен
Қытай боғдыхандары, өз елін аямағанда бізді аяр ма? Жоқ, жоқ, Россияға бас ию керек,
сонда ғана өзге ел жандары бізді тонауды қояды».
Бұл кезде күн де көкжиектен көтеріле бастады. Ұшы-қиыры жоқ қау жапқан кең далада
ұшқан құс, жүгірген аң көрінбейді, тек көде шөпті қуалай бірен-саран бөдене жорғалап, күн
шыққанға қуанғандай шегірткелер ғана шырылдайды.
Сəске кезінде құбыла жақтан жел тұрды. Жолаушылардың мұрындарына бір жылымшы
иіс келді.
Бұл не? — деді қара сұр жігіт, — мал қырып жатыр ма біреу? Қан иісі тəрізді ғой
мынау иіс...
Есіркеген жауап қайырған жоқ, атын тебініп қап, алдындағы адырға қарай шаба жөнелді.
Серіктері де аттарына қамшы басты.
Бұлар адыр басына шыға келді де, алдарында пайда болған көріністен шошып кетіп,
кілт тоқтай қалды. Дəл адырдың етегінде шие көмкерген тулай аққан жіңішке өзен
жағасында ақ боз үйі аралас қалың ауыл отыр екен... Бірақ ауылдың сиқынан жан
шошырлық. Дауыл соғып құлатқандай жапырая қалған лашық, күрке. Шаңырағы жерге
түскен ақ отау, қараша үйлер. Əр жерде сұлаған өлік, оны қоршап жоқтау салған топ-топ
əйелдер... Жылаған бала, ұлыған ит. Бір топтан екінші топқа қарай өліктің басына құран
оқуға бара жатқан бірді-екілі ақ сəлделі молдалар көзге түседі. Ауыл шетінде бір қауым топ
күрекпен зират қазып жатыр. Кəрі-жасы аралас. Қазақ аулына таянғаннан-ақ елдің көркі боп
көзге түсетін үкілі қыз, сəукелелі жас келіншектің бірде-бірі көрінбейді... Осыншама қалың
елдің маңында мал дейтін мал да жоқ. Бірен-саран күлге аунап шөгіп жатқан түйелер мен
бұзауларын ерткен он шақты сиыр жүр. Ері мойнына кеткен екі-үш шідерлі ат оттауға қарай
шоқаңдап барады. Ауылдың жалпы көрінісі түнде ғана жау шауып кеткенін аңғартады.
Япырмай, бұл не сұмдық, — деді пұшық сары ішегін тартып, — мына ауылды да жау
шапқандай ғой.
Иə, — деді қара сұр күрсініп, — бұл ауыл да босағасы босаған ауыл болды ғой.
Жоқ, шаңырағы құлап жерге түскен ауыл деңіз! — деді Есіркеген көзіне келіп қалған
жасын серіктерінен жасырмай алақанының сыртымен сүртіп, сөйтті де кенет атын тебініп
қап, қазақтың ескі дəстүрімен «ой, бауырымдапауылға қарай шаба жөнелді. Серіктері де
«ой, бауырымғабасып соңынан ерді.
Есіркегендер бұл ауылда бір күн болды. Өліктерін қойысып келесі күні жүріп кетті. Ауыл
ақсақалы қобызшы Кəрібай деген шал бұлар келісімен болған уақиғаны айтып берді. Бұл
Алтай руының Кенесарыға еріп Арқадан көшіп келген бір аулы боп шықты. Бұрын кəзіргі
429
Атбасар дуаны салынып жатқан Есілге құятын Жабайы өзенінің маңын қоныс етіп келген
екен. Ол араға бекініс салына бастағаннан кейін қоныс іздеп амалсыз Кенесарыға еріп,
осынау Қыпшақ жерінің шетіне көшіпті. Кенесарыға ерді деген аты болмаса оған бəлендей
жəрдем бермепті. Тек қол ұшынан жалғасып, əскеріне қыс соғымдарын, жаз қару-жараққа
деген салығын төлеп тұрыпты. Биыл ғана біраз жігіттері Кенесары сарбаздарына
қосылыпты. Соған өшіккен бе, əлде осы ауыл Кенесарының иек тірер тілектесі деп біреу-
міреу көрсетті ме, əйтеуір Ор қаласынан шыққан ақ патшаның бір топ «кəрі қылыш»
жендеттері кеше күн бата кеп ауылды шауыпты. Қаннен-қаперсіз жатқан ел, ауыл үстінен
гүрсілдей атылған мылтықтан шошып, қарсыласа алмай қалыпты. Жендеттердің өздері екі
жүздей адам екен, түні бойы істемегені болмапты. Əжетке жарайтын қыз балалардың бəрін
шетінен абыройын айрандай төгіп, осы ажарлы-ау деген жас əйел, келіншектердің бірде-
бірін сау тастамапты. Кеудесінде намысы бар арашаға түскен жігіттер мен «ау, бұларың
недеп ақылға салам деген ақсақал, қарасақал біткеннің бəрін бүкіл жұрттың көз алдында
оққа байлапты, кейбіреулерін қылышпен шауып өлтіріпті. Мұндай қаза болған жанның саны
отызға жуық көрінеді. Қан ішер жендеттер түні бойы дəрменсіз елге істерін істеп, тек бүгін
күн шыға ғана жүріп кетіпті. Бірақ құр кетпепті, ауылдың сұлу қыз-келіншегі мен түбекте
жатқан бар малын айдап əкетіпті. «Барлық Кенесары жағына шыққандардың көретін күні
осы. Бұл бұл ма, бүйте берсеңдер ендігі жолы біріңді қалдырмай қырып тастаймыз», — деп
кетіпті.
Бұл уақиғаны Кенесарыға естірте алдыңдар ма? — деді қара сұр қанын ішіне тартып.
Түнде ауылды шауып жатқанда кісі жібергенбіз. Жер арасы шалғай, егер
шабарманымыз қолға түсіп қалмаса сұлтан аулына таяп қалған шығар, — деді Кəрібай шал,
бірақ оның қолынан не келеді?.. «Кəрі қылыш» жендеттері Орға қарай беттеді ғой,
кездесе алмас... Тек Жантөре үрім-бұтағының ауылын бөктерлей қуса ұшырасулары мүмкін.
Шал тағы күрсінді, — ой, білмеймін, ұшыраса қояр ма екен... Тым қиыс жатыр ғой... Жəне
ол тұстағы ел Кенесарыға қарсы, жөн сілтемес.
Өліктерін қойысып ауылдан шығысымен, түні бойы ұйқы көрмеген Есіркегендер бір
сайға түсіп, аттарын тұсап отқа жіберіп, өздері қоржындарындағы азын-аулақ астарымен
өзек жалғап, күн түс болғанша ұйықтап тынығып алды. Енді олар Солтүстікке қарай бұрыла
түсіп Орынборға Кенесарының қарамағына жатпайтын ауылдардың үстімен жүрмек болды.
Есіркеген атқа қонысымен-ақ тағы сазара ойға шомды. Жанындағы серіктерінде де үн
жоқ. Қалай үндесін, бағанағы ауылдағы көрген көріністері екі иіндерінен сегіз батпан ауыр
жүктей жерге жанши түсіп, бастарын көтертер емес. Əсіресе Есіркегеннің қабағынан қан
жауған. «Россияға бағыну керек деймін. Ондағы ойым ұлы халық, мəдениетті халық, өзімен
бірге мұратқа жеткізеді деп сенуімнен шыққан арман. Ал бағанағы ауылға істегені не?
Мүмкін мен ештеңеге түсінбейтін болармын, ақ патшаның да, оның қарапайым
солдаттарының да арманы біреу-ақ шығар. Тезірек қазақты құртып, жерін емін-еркін
пайдалануға асығатын болар. Бірақ бір қолдағы бес саусағың да бірдей емес қой. Бір
Абылайдан шыққан екі ұрпақекі бөлек жол ұстаған жоқ па? Уəлиге қарсы Қасым шықса,
Уəлидің баласы Шыңғысқа Қасымның баласы Кенесары қарсы келіп отырған жоқ па? Сол
тəрізді бір Россия патшасына бағынатын жұртта екі түрлі ой болуы мүмкін ғой»...
əрине, Есіркеген өзінің осы ойынан кейін жиырма жылдай шамасында тарихқа келген
Шыңғыстың баласы Шоқан мен Кенесарының баласы Сыздықтың да біріне бірі қарсы
соғысатынын білмеді. Шоқанорыс генералы Черняев жағында, ал Сыздық Қоқан
хандығын қорғап шығатыны оның тіпті үш ұйықтаса түсіне де кірмейтін жəйт. Сондай-ақ өзі
секілді Шоқанның да Россия мəдениетіне қанат қағып, туған халқын сол Россияға
тартқанын, бірақ артынан генерал Черняевтің əскері сол халықты Россия патшасына отар
етемін деп қырғанда, не істерін білмей, қызметін тастап Тезек төренің аулына қашатынын
қайдан білсін.
Есіркеген қазір шым-шытырық жұмбақ ойдың шешуін таба алмай шатасуда еді.
«Расымен мен қателесіп жүрмін бе? Түбі жауынан құтыла алмайтынын білген жаралы
жолбарыс тəрізді не болса да айқасып өлем деген Кенесарыныкі дұрыс па? Мəдениет,
прогресс, Россиямен біріксек жарық күніміз шығады деп жүргенде, халқымыздың еркіндігі
түгіл, өзінен айырылып қалмаймыз ба? Егер қазақты өзіне қосу əдеті, үнемі əлгі ауылға
істегеніндей бола берсе өйткен мəдениеті де, келешегі де құрсын!.. Онда су ішсем де, суан
ішсем де халқыммен бірге боламын. Тек соның күні көкте жүзсін, соның ғана сəулесі
жарқырай түссін».
430
Осындай шым-шытырық ойда келе жатқан Есіркеген күннің екіндіге таяп қалғанын жаңа
аңғарды. Ол енді бұрылып жан-жағына қарады. Əлі ұшы-қиыры жоқ кең дала, қау басын
ақырын сипай ескен салқын жел, басты шырмаған сұмдық ой...
Күн еңкейіп кетті, осы бір тұста ауыл болса керек еді ғой, — деді сары пұшық сол
жақтарындағы көгілдір дөңестерден асыра нұсқап, — аттар да болдыруға айналды.
Құр ғана аттар ма, жаны құрғыр да болдырған секілді-ау.
Бұл Есіркегеннің жолдастарына атқа қонғалы айтқан ең алғашқы сөзі еді.
Серіктері тіл қатқан жоқ. Жас жігіттің жүрегінде қандай ауыр кеселдің жатқанын
түсінгендей ақырын күрсінді де қойды.
Бұлар енді солға, пұшық сары көрсеткен көгілдір дөңестерге қарай бұрылды? əрі-бері
жүрген соң күн бата, адыр-дөң қоршай біткен жазық далада, Қарасуды жағалай қонып
отырған ауылды көрді. Бұл ауылдың да сиқы таң қаларлық. Осы араға не жаңа келіп қонған,
не болмаса үйлерін жығып көшуге ыңғайланып жатқан тəрізді. Əйтеуір түйелі жүктің
жанында əбігерленген жұрт. Тек əлгі жығылмаған (əлде жаңа ғана тігіп үлгірген) үлкен үш
ақ орданың есігінің алдында бұл үйлерде өлік бар екенінің белгісі ат құйрығына жалау
байлаған сойылдар мен үй үстін айқыш-ұйқыш етіп таңған қара басқұрлар көрінеді (өлік бар
үйді бұлай білдіру кей руларының ежелгі дəстүрі). Үрген ит, өрген мал көзге түспейді. Тек
көшке арналған түйе мен бірен-саран ырдуан, пəуеске байқалады. Бірақ ауыл іші
жыпырлаған адам. Ауылды қоршай көп салт атты жəне тұр. Қолдарында найза, сойыл,
шоқпар...
Бұл ауылда да бір бүлік бар секілді, — деді қара сұр, — бұрылып кетелік.
Өз еліңнің бүлігінен бұрылғанда қайда барасың? — деді Есіркеген. —Тəуекел, не
болса да бара көрелік.
Бұлар ауылды қоршаған сыпайларға таяғанда алдарына еңгезердей қара мұртты жігіт
өзгелерден бөлініп шыға берді.
Ей, кімсіңдер? — деді ол астындағы ақбоз атын ұршықтай айналдыра ойнатып,
аналардың сəлемін алмай.
Өзіміз ғой, — деді Есіркеген, ананың кеудесіне таққан көк шұға белгісінен Кенесары
əскері екенін біліп. — Көрмей тұрсыз ба?
Көргеніме көрімдік берейін бе? — жігіт үні гүрілдей шықты, ашулы жан екенін бірден
сездіріп алды, — өзіміз дейтін менің екі туып бір қалғаным ба едің? Қамшы көргің келмесе,
одан да тезірек жөніңді айт.
Амандық жоқ, саулық жоқ, берген сəлемімізді алмай жатып, мұншама түйілгеніңіз не,
ағасы, — деді Есіркеген биязы үнмен, — Арқадан келе жатқан жолаушымыз, Ырғыз
бойындағы Табынға нағашылап барамыз.
Арқаның қай тұсынан боласыңдар?
Қарқаралы жағынан.
Қаракесексіңдер ме?
Иə...
Кесіп алсаң қан шықпас, ел билейтін жан шықпас дейтін Қаракесек екенсіңдер ғой.
Есіркеген, шамдана қалды, бірақ өзін өзі ұстап сыр бермей тағы да биязы үнмен:
Қаз дауысты Қазыбекті естімеген қазақта да жан болады екен-ау! — деді кекесін
күлкісін жасыра қалжыңдаған болып.
Қара мұрт бұл жолы Есіркегенге зілдене қарады.
Қаракесек ділмəр келетін еді, сен де ділмəр екенсің. Сірə, сол Қазыбек бидің ұрпағы
болмасаң нетсін...
Жоқ, Қазыбек бидің емес, Масан бидің немересімін.
əлгі Жамантай аға сұлтанның ақылгөйі Масан бидің бе?
Иə, дəл соның!
Қармақ салып ала алмай жүрген алабұғам, аузыма өзің келіп түскен екенсің, жүр олай
болса!
Мұрттының даусы бұл жолы өктем шықты. Кенесары елінің Жамантайға деген қастық
көз қарастың енді өзіне ауғанын Есіркеген бірден сезінді, бірақ қара мұртпен сөз
таластырмады.
Найзаларын қолдарына көлденең ұстаған он шақты салт атты жаяу үш жолаушыны
қоршай, ауыл ортасына қарай жүрді.
431
Бұлар ауылға кіре шеткі қараша үйден қарлыққан кəрі дауысты жоқтау естіді. Өлік бар
жерде бата оқымай өтпейтін қазақтың ескі дəстүрі, Есіркеген қараша үйге қарай беттеді.
Қасындағы жендеттері де қарсы болған жоқ, сыртта тұрып қалды. Ол үйге кіріп келгенде ең
алдымен көргені шоқпыт тымақ, жыртық шекпен, жылап-сықтап отырған кілең кедей болды.
Сол жақта сұлайып қыр мұрынды, мұрты жаңа тебіндей шығып келе жатқан жас жігіт жатыр.
Түрі өлген адам тəрізді емес жаңа ғана ұйықтап кеткен секілді. Басында екі бүйірін таянып,
ақ шашын жайып; кəрі шандыр бетін жоса-жоса қылып тырнап тастаған шүйкедей қара
кемпір:
Атаңа нəлет хан Кене,
Басыңа түссін ойран-ай,
Суалдырдың көзімнің,
Қарашығын, ойбай-ай! —
деп қарлыққан дауыспен зар еңірейді.
Өліктің кеуде тұсында қарындасы ма, əлде жұбайы ма, бір келіншек отыр. Жүзі ақ
шүберектей, жасқа толы тостағандай қара көзі шарасынан шығардай боп керегеге қарап
қатып қалған. Есіркеген бата оқыды да шығып кетті. Бірақ əлгі сурет көз алдында тұрды да
қойды.
Аздан кейін бұны қара мұрт ауыл ортасындағы алты қанат ақ үйге алып келді. Белдеуде
кіші-гірім атан түйедей ақбоз ат тұр. Бəрі үйге кірді. Төр алдында жатқан қоңыр киінген, зор
денелі кісі басын жастықтан сəл қозғады.
Ағыбай аға, — деді қара мұрт, — мына жігіттерді ауыл үстінен ұстап алдық.
Жамантай аға сұлтанның елінен көрінеді, Ырғыз маңындағы нағашыларымызға бара
жатырмыз дейді.
Қапсағай қоңыр елең етіп басын көтеріп алды. Үй ішінде көлбей жатуына да себеп бар
екен, енді ол малдас құрып отырып еді, басы керегенің ұшына тиер-тиместей зор денелі бір
алып екен. Адамнан гөрі, ертегіде кездесетін дəулер тəрізді. Тек жалғыз көзді емес, екі көзді
жəне сонау тас қабақты қоңырқай сұсты түсінде бір жылы шырайдың сазы білінеді. Бұл
Кенесарының бас батырының бірі Ағыбайдың өзі еді «Ағыбай бұл жақта қайдан жүр» деді
Есіркеген ішінен. Бұл маң Кенесарыға қарсы жақтың жері емес пе еді əйтсе де бала
жастан үлкенді құрметтеп өскен жас жігіт, сонау төрде отырған шүңірек көзді алыптың мысы
жеңгендей, иіліп сəлем берді.
Ассалаумағалейкүм.
Алликімассалам, балам. — Ағыбай жас жігітке тесіле қарады. — Қанды балақ сұм
Жамантайдың кімі боласың?
«ə, Ағыбайдың Жамантайға деген бітпес өші бар деуші еді, рас екен. Үнінде қаңтарда
қатқан мұздай бір мызғымас ызғар жатыр-ау
Жамантай аға сұлтанның қарамағындағы елдің жігіттеріміз. Өзім Масан бидің
немересімін, мына жігіттер ауылдан ертіп шыққан серіктерім.
ə-ə. Бағың бар бала екенсің. Жамантайдың жақыны болғаныңда бір жамандыққа
ұшырауың кəміл еді. — Ағыбай енді түксиген қабағын сəл ашты, — Масан қарт əлі тірі ме?
Ақ патшаның қолтығына кіріп алдыңдар ғой, ауыл-аймақтарың күйлі шығар?
Күйсіз емес. Атам əлі тірі.
Иə, солай болар, — Ағыбай əлденеге өкінгендей ауыр күрсінді, — отырған ел отырып
қалды ғой... Жем іздеген аш қасқырдай тек мына біздерміз ғой сар даланы сары бауыр етіп
кезіп жүрген...
Сіздерге де көшпеу керек еді.
Ағыбайдың қабағы жауар бұлттай жабыла қалды.
Сонда Жамантайша ақ патшаның құлы бол демексің бе? Масан қарттың немересімін
дегенге асылдың ұрпағы ма деп қалып едім, алысқа ұша алмайтын сауысқан боп шығайын
деп тұрсың ба, қалай? — Ағыбай тез ашуланса да, тез қайтты. — Жə, қышымаған жерімді
қасымай жайыңа отыр!.. Ал қотан аңдыған ұялы бөрідей, тізе қосып қайда бара
жатырсыңдар?
Масан атам Бөкей тұқымымен құдандал ғой. Ырғыз бойындағы нағашыларымызға
бара жатырмыз...
432
əрине, атаңның сұлтан тұқымымен ілік-шатыс болғанына сен кінəлі емессің, — деп
келе жатты да Ағыбай кенет сөзін басқа жаққа бұрып жіберді. — Жолай Кəрібай қарттың
аулына соқтың ба?
Соқтым.
Соқсаң, болған қанды уақиғаны көрген шығарсаң?
Көрдім.
Көрсең... Ол сенің Жамантайларың секілділердің ісі.
Қалайша? Ол ауылды шапқан Ордан шыққан «кəрі қылыш» тобы деп еді ғой.
Сонда жендеттерге жол сілтеген кім? Жамантай тəрізді елін сатқан Ахмет
правительдің адамдары. Осы ауылдың би, ақсақалдары.
Аздан кейін Ағыбай батырдың сөзінен Есіркегеннің түсінгені мынау болды: Кенесары Ор
қаласынан войсковой старшина Лебедев бір мың тоғыз жүз солдатпен Торғай бойына
шығуға дайындалып жатыр деген хабар алады. Көп кешікпей сұлтанға тыңшылары арқылы
Сібір мен Орынбор губернаторларының шекарасында отырған Кенесарыға тілектес
ауылдарға екі жүз солдат шықты деген суық сөз жетеді. Кенесары «солдаттар осы арадан
өтеді-ау» деген ауылдарға «егер олар көрінсе бізге хабар беріңдер», — деп кісілерін
шаптырады. Қазір өздері отырған ауыл, үстерінен Кəрібай қарттың жайлауларына қарай
өткен қол туралы Кенесарыға хабар бермек түгіл, көп солдат қайта оралып осы ауылда
тынығып жатқандарында «солдаттарды көрген жоқпыз» деп бұларды алдайды. Артынан
анығын естіген Кенесары қаһарына мініп, бес жүз сыпайын өзі бастап келіп, осы ауылды
шабады. «Бұларың не, əй?» — деп үйден жүгіріп шыққан əлгі бала жігіт, ат қағып кетіп
өледі. Ал Кенесары орасан қатігездік істейді. Ауылдың бас көтерер сегіз ақсақал билерін ат
бауырынан өткізіп ұрып өлтіреді. Бар малдары мен отызға таяу қыз-келіншектерін, елуге
жуық жігіттерін байлап-матап алып кеше өзінің ордасына жүріп кетеді. Кектескен сұлтан,
Ағыбай басқарған екі жүз сыпайына ауылдың қалған қатын-қалашын, шал-кемпірін тегіс осы
арадан көшіріп өзінің қарамағына айдап əкелуді бұйырады. Үйлерін жығып, жұрттың көшуге
ыңғайланып жатқаны осы бұйрықты орындау əрекеті болып шығады.
Есіркегеннің жүрегі тағы да удай ашып кетті. Оның көз алдына жаңағы қараша үйдегі
сурет елестей қалды. Хиуа, Қоқан хандарынан, патша жендеттерінен шабылып, қан
жылаған халқын көріп жүрегі бір өртенсе, қаны бір қазақтан қан қақсаған халқын тағы көріп,
жүрегі екі өртенді.
Кенекеңе хабар бермеген ел билеген ақсақалдар делік, — деді ол даусы кенет
дірілдеп кетіп, — оларды жазалау бір ретте дұрыс та шығар. Бірақ, осыншама зар жылатар
өзге қарапайым жұрттың қандай жазығы бар?..
Кенекең олай ойламайды, — деді Ағыбай төмен қарап. — Бауырлас қазағын қыруға
өтіп бара жатқан «кəрі қылышты» көре тұра бүкіл ауылдан хабар берер бір еркек кіндікті
шықпағанына сенгісі келмейді. Бүкіл ауылды өзіне қас көреді. Сондықтан Кəрібай қарттың
өшін Ахмет правительдің нағашы жұртынан алып отыр. Мен бұларды осылай шапсам, өзге
жұрт кəрімнен қор-
қып екіншілей мұндай іс істемейді дейді.
Сонда қайда барса да қырылатын бір қазақ екенін Кенекең ойламағаны ма? Бұл ел
қамын ақылға салар кемеңгердің ісі ме?
Кенекең жау қазақтың қырылғанын жау солдаттардың қырылғанымен тең көреді.
Өзіңіз де солай ойлайсыз ба?
Өз басым қан майданда бетпе-бет келмесе қарапайым елге қамшы көтеріп көргем
жоқ. Ал бай тұқымы мен төре тұқымына деген мəңгілік өшпес өшім бар.
Кенекең де төре тұқымы емес пе? Оған да өшіңіз бар ма?
Ж-оқ, — деді Ағыбай сөзін созып. — Кенекең ел қамын ойлаған адам, оны төре
тұқымы деп санауға болмайды. Ол жалпы қазақтың жоқтаушысы.
Жоқтаушысы болса мына жазығы жоқ жұртқа істеп отырған қиянатына жол болсын!
Есіркегеннің көз алдына тағы да қараша үйдегі сурет елестеп кетті.
Ағыбай тұнжырай қалды. Өзіне ермеген елге деген Кенесарының қаталдығы бұған да,
Байтабынға да бататын. Бірақ серіктікке опалы батыр «ісі қиындалып тұрғанында ала
ауыздық көрсетуім сөкет болар» деп сұлтанның қай қылығына болса да көніп баққан. Ал
Байтабын сырын білдіріп алған. Мұндайды кешпейтін Кенесарының қатыгездігі өзіне аян.
Ағыбай жас батыр үшін қобалжуда еді. Есіркегеннің сөзі бітеу жарасының дəл үстінен
басты.
433
Шырағым, — деді ол кенет күрсініп, — сен бір қиын сыр қозғадың ғой...
Баланың сөзі дұрыс, хабар бермедіңдер деп бұл ауылға біздің істегеніміз қатыгездік,
деді бір бүйірден сəл қоңырқай дауыс, — мүмкін хабар бергілері келген де болар, бірақ
қорыққан шығар? Кенекеңнен өлді не, өз билерінен өлді не, ажалдың аты ажал, кімге болса
да қорқынышты.
Есіркеген дауыс шыққан жаққа жалт қарады. Ол енді ғана сол жағындағы көгілдір көзді
ақ сары жігітті көрді. Киімі қазақша болғанмен түрі орысқа тым ұқсас. Бұл Жүсіп-Иосиф
Гербурт еді.
Есіркеген Кенесары əскерінде қазақтан басқа орыс, башқұрт, татар секілді бөтен ұлттың
адамдары да бар деген сөзге бұрыннан қанық болатын. Сондықтан ол:
Сіз орыссыз ба? — деп сұрады таза орыс тілімен.
Ауыл жігітінің орысша таза сөйлегеніне енді Иосиф Гербурт таңданды.
Орыспен бауырлас ұлттанмын, — деді ол күлімсірей.
Ғафу етіңіз, — деді Есіркеген өзін өзі ұстай алмай, — егер құпия болмаса, қазақ
арасында қайдан жүрсіз? əлде тұтқын болып қолға түстіңіз бе?
Гербурт жымия күлімсіреді.
Жоқ. Мені қазақ арасына өз ұлтымдағыдай ұлттық бостандық арманы əкелді.
Үй іші қазақ жігітінің Жүсіппен басқа тілде сөйлеп кеткеніне аң-таң. Ағыбай ішінен:
«Бəсе, Масан қарттың орысша оқып жатқан бір немересі бар деуші еді, мынау сол болды.
Дəу де болса тегін жүрген жоқ, ұстап алып өзін Кенекеңе алып барайын ба?» — деді ол бір
реттен, бірақ бұл ойынан тез қайт-
ты. «Жоқ, жоқ, өйтуім ағаттық болар. Жұрт сыйлайтын Масанның немересін ұстағаннан
жақсы ат алмаспын. Алдынан жарылқасын, қоя берейін», — деп шешті.
Ағыбай босатқанмен Есіркеген бірден жүріп кетпеді. Жаңағы орыс пішіндес жігітпен
тілдескісі келді. Иосиф Гербурт та мұнымен сөйлесуге құмар екен. Жолаушылар ас ішіп
отырғандарында өзі келіп Есіркегенді ертіп, ауыл сыртына шығып кетті. Ұзақ сөйлесті.
Бірімен бірі əбден танысты. Тек Иосиф Гербурт өзінің кім екенін айтқан жоқ, бірақ қазақ
елінің шын досы екенін жасырмады. Есіркегеннің жолай көргенін естігенде, оның қам көңілін
жұбатып:
Қазақ халқының өзін өзі сақтап қалуда жалғыз ғана жолы бар. Ол Россияға қосылу, —
деді. — Сенің көргенің Россия патшасының отаршылық саясатын жүзеге асыруға шыққан
генералдардың ісі. Россияда тек қана ақ патша генералдары емес, сол ақ патшадан зорлық,
зомбылық көрген қазақ халқы секілді ұлы орыс халқы бар. Түбі сол халықтың дегені болады.
Ал ол халық бостандыққа ұмтылуда. Сондықтан Россия жұртымен бірігу бұл үлкен
прогрестік жол.
Есіркеген кенет Гербуртке бұрыла қарады.
Осы айтқандарыңызды Кенесарыға айтып көрдіңіз бе? Ол не дейді?
Шет жағалап айтып көрдім. Мен оны алғашқыда шын ұлт күресінің көсемі ме деп ұғып
едім. Сондай ойда келіп қосылғам. Бірақ сұлтанның ісі де, өзі де маған күннен-күнге
жұмбаққа айналып барады... Шамам келсе тағы да бір рет сөйлесем, орынсыз қан төгудің
қате жол екенін түсіндірем.. Ал алда-жалда айтқанымды ұғар болмаса, амал не, жолымыз
екі айырылады....
Есіркегендер Ағыбай көші қозғалардан бұрын жүріп кетті.
Гербурт сөзі көкейіне қонғандай болғанмен де, көз алдынан Қоқан мен Хиуа
хандарының барымталаған, ақ патшаның жендеттері талаған, Кенесары шапқан үш
ауылдың қан жылаған суреттері кетпей қойды. Хиуа, Қоқан, Россия ақ патшасы, қазақ
сұлтанытөртеуі төрт жақтан қанды шоқпарларын басына ойнатқан сорлы халқының
құрып кетуге таяу тұрған тағдырын ойлағанда, өн бойы өртеніп, көкірегі қарс айрыла қайғы
билеп, өзін өзі ұстай алмай толықсып ат үстінен құлап кете жаздайды. «Бұл дағдарыстан
құтылар қандай жол бар? Кім қолын береді? Бағанағы жігіт орыс халқы дейді. Бірақ сол
орыс хал-
қы, сол жігіттің өзі айтқанындай, теңдікке жетіп қол ұшын бергенінше, көрінген жендет
топтар Кəрібай шалдың аулындай шаба берсе сорлы қазақтың несі қалады? Жарық күнге
жеткенше жалыны, түгіл, шоғы да сөніп бітпей ме
Осындай ауыр оймен Орынборға жеткен Есіркеген, Кенесарыға қосылып кеткен өз
руының бір жігітінен Күмістің генерал Генстің үйінде екенін естіді.
434
Бұл жанаралдың өзі қызық адам көрінеді, — деді əлгі жігіт, — солдаттары ауылды
шабады, ал өзі жетім қалған қазақ балаларын үйінде асырап тəрбиелейді. Күміс солардың
бақташысы.
Бұл жігіт Таймастың Алтыншашқа жіберген құпия адамы болатын, Генстің үйін жақсы
біледі екен, Есіркегенге жол сілтеп жіберді.
Есіркеген келгенде Күміс үйде жоқ екен. Алтыншаш екеуі жетім балаларды ертіп қала
шетіндегі орманға серуенге кетіпті. Жас жігітті генералдың өзі қарсы алды. Бұның
Петербургке оқуға бара жатқанын естіп, тіпті еркін, ашық сөйлесті.
Оқы. Білім алып тезірек қайт, — деді ол бір сөзінде Есіркегенге, — сендердей көзі
ашық азаматын күтіп отырған елдерің бар.
Петербург бізді кім етіп дайындайтынына кімнің көзі жеткен, — деді Есіркеген
генералдың жылы сөзі көңілін тебірентіп, — мүмкін менен де войсковой старшина Лебедев
секілді орыстың бір қаншелек офицерін істер...
Жоқ, сен ондай жолға түспе, — деді шын ойымен генерал Генс, — Петербургте
демократшыл, ақыл ой иесі кісілер көп. Соларға жақындай біл. Олар сені қанды жолға
салмайды...
Есіркеген аң-таң. Орыс генералы. Айтып отырғаны патша генералына жат ойлар. Оның
есіне бағанағы жігіттің «бұл жанаралдың өзі қызық адам...» деген сөзі түсті. «Рас қызық
адам болуы керек... Бір ретте шын ақ жүрек жан... Əлде менімен жай қалжыңдасып отыр
ма? Солай секілді... Ақ жүрек адам болса, Кəрібай шалдың аулын неге шаптырды? Сондағы
жазықсыз төгілген қанда мұның да үлесі бар емес пе?!»
Кəрібай шалдың аулындағы көрініс көз алдына елестеп кеткенде Есіркеген өзін өзі
ұстай алмады. Болған уақиғаны генералға тегіс айтып беріп, «бұған кім айыптыдегендей
Генстің бетіне қарады.
Генерал үн-түнсіз ұзақ отырды да, əлден уақытта барып:
Мексика, Перу жерлерін испандықтардың қалай билеп алғанын естігенің бар ма? —
деді. Конкистадорлар жергілікті жұрттың бірін қалдырмай қырмақ болған. Тіпті қазіргі
Америка, Англия отаршылдарының саясатын алсақ онда да сол қиянат. Бұлар да бір
индеец, бір негр қалдырмай дүниеден жоқ етуге дайын... Индеец пен негрді біржолата
құртып жіберуге тек қара жұмысқа, плантацияларға тегін пайдаланатын күш керек...
сондықтан ғана оларды құл ретінде резервацияларда амалсыз ұстауда... Егер орыстың
Горчаков, Скоблев секілді генералдарына салсаң осынау кең далада бірде-бір қазақ
қалдырмауға бар. Бірақ бұлар орыс халқы емес, орыс халқы түгіл саналы оқығандарына да
жатпайды, бұлар Николай Палкин секілді отаршыл патшаның ауыр күржілері. Қазақ басына
төнген осындай ауыр күржілерді біз шамамыз келгенше жеңілдетуге тырысудамыз. Бірақ
бірден бар ойыңды іске асыра алмайсың, — ол сəл тоқтап қайта сөйледі. — əзірге біз
азбыз, олар көп. Халық əлі оянбай жатыр. Сондықтан мұндай үлкен күресте жаңағы сен
айтқандай уақиғалар болып тұрады. Бірақ қазақта мақал бар ғой: «Битке өкпелеп, тоныңды
отқа салма» деген, ақ патшаға өкпелеймін деп орыстың демократшыл адамдарынан безуге
болмайды. Сен де безбе, өйткені олар қазақ секілді кішкентай ұлттың үлкен қайғысына
ортақ.
Есіркеген генерал сөзінен үлкен əсер алса да үндемеді, ауыр жарасына шипа
тапқандай, тыңдаған үстіне тыңдай бергісі келді.
Түбі, — деді генерал Генс, — қазақ халқы орыс халқымен достасады... Ал оған дейін
патша ағзамның дегені болады. Қазақ жерінде оның отаршылық саясаты əрі кеткенде енді
бір жиырма жылдың ішінде аяқталады. Күш қазір Россия патшасының жағында. Россия
отаршылық саясаты дегеніне жетпей тоқтамайды. Ал өз мақсатына жету үшін ақ патша
аянбай қан төгуге бар. Сондықтан осы жиырма жылдың ішінде қан неғұрлым аз төгілсе,
соғұрлым бұл қиянат қазақ халқына жеңіл түседі. Бірақ мұны басы Кенесары боп ұқпайды.
Олардың қимылы пілге үрген қанден күшікпен тең...
Дəл осы кезде Алтыншаш пен Күміс келіп сөз бөлініп кетті, бірақ Генстің айтқандары
Есіркегеннің жүрегінде құран сөзіндей жатталып қалды.
Күміс Есіркегенді туған ағасын көргендей көзінен жасы парлап, құшағын жая амандасты.
Амал не, ұзақ сөйлесуге мүмкіншіліктері болмады. Есіркеген ертеңіне Петебургке жедел
баратын жəмшіктермен бірге жүріп кетті. Тіл ұшында айтылмаған сыр, көңілде шешілмеген
жұмбақтар кете барды.
435
ІІІ
Бір мың сегіз жүз қырық бірінші, қазақша Сиыр жылы, қыркүйектің жетісі күні,
Алашаханның бейітінің басында үш жүздің ақсақал, билері жиналып Кенесарыны ақ кигізге
салып, хан көтерді. Бұл кезде Иосиф Гербурт-Жүсіп Тор-
ғайда еді. Кенесары хан болды дегенді естігеннен-ақ Жүсіп қатты ренжіді. Қазақ елінің
патша отаршылық саясатына қарсы күресін Кенесары өз арманына жетуге пайдаланғанын
енді түсініп, көтерілістің келешегіне қауіптене қарады. «Кенесарының хан болуы, оның өз
арманына жеткен жері, бірақ бұл халық ереуілінің біткен жері. Енді жұрт өзінің бостандығы,
жері үшін емес, Кенесары көтерген жасыл тулы хандықты қорғаймын деп алысуға мəжбүр
болады. Бұдан əрі соңынан ерген ел күннен-күнге азая түседі. Ақырында көкейкесті тілегіне
жете алмайтынын ұққан халық одан біржолата безеді. Бұқара жұртқа бұдан былай қарай
Кенесарыға еріп қырылғанша, жан сақтау үшін Россия империясының қол астына кірген
жөн. Бəрібір Россия империясы Кенесарыны хан етіп қоймайды. Ертең қалың қолмен
шабады. Халық мұны неғұрлым тез түсінсе, оған Россия патшалығына соғұрлым бағыну
тиімді. Бірақ осыны халық тез түсінер ме». Халық көтерілісінің түбі барып феодалдық,
хандық тартысқа айналғанын көрген Иосиф Гербурт-Жүсіп енді Кенесары ордасынан кетпек
болды. Бірақ он жыл өмірі өткен, жанындай жақсы көрген қазақ елін басына қатерлі күн
туған кезде тастап кетудің ретін таба алмады. «Хан болып шыққан биігіқұлаған құзы
екенін Кенесарының өзі түсінбеген күнде де оның жанында Таймас, Сидақ қожа секілді
ақылды адамдар бар емес пе, олар неге түсінбейді? Ең болмаса солармен сөйлесейін,
соңдарынан елін, жерін қорғап ерген қалың бұқара Кенесарының алдағанына көзі жеткенде
бұлардан қол үзетінін айтайын. Мүмкін ақыл айтар төреге», — деді ол ішінен.
Бірақ Жүсіп екі жағдайды еске алмады. Бірі Кенесары бес жыл ұрыс-айқастың ішінде, өз
маңына тар жол, тайғақ кешу күн туса тастап кетпейтін, əйгілі батырлардан, төре тұқымы
туған-туысқандарынан табанды серіктер жинап, оларды жұмылған жұмырықтай, тастай етіп
ұстай білді, Бұл батыр, сұлтан, билердің əрқайсысының соңында аз болсын, көп болсын
жеке ауылы, руы бар. Рушылық əбден қанына сіңген қазақ батыры, биі қайда бастаса сонда
барады. Кенесарының қасында мұндай серіктері бар деген сөзелі бар деген сөзбен
теңдес. Хандыққа, мансапқа, баққа таласатын адамдардың ең алдымен маңайына өзін
сатпайтын табанды кісілерді жинап алуы ежелгі əдеттері. Мұндай тіректерсіз қандай
ақылды қайраткер болса да ойлаған мақсатына жете алмайды. Кенесары да бұл əдісті
жақсы пайдалана білген адам. Оның бір мықтылығының өзі де осында еді. «Тек Байтабын
батыр ғана ши шығарғалы жүр ме, қалай дейді ішінен сұлтан, егер көзім шын жетсе...»
Екіншісі: бұрын басқа үлгіде мемлекет болып көрмеген, əлі де феодалдық, рушылық сатыда
жүрген қазақ еліне хандық деген ұғымжеке ел болып, өзінің жерін, еркіншілігін сақтау
деген ұғыммен бір. Қалың бұқараға хан сайлау деген ұғым, оның жеке ел болып көсемімізді
сайладық деген ұғыммен ұштасып жатады. Осындай түсініктегі қалың бұқара, алғашқы
кезде өзінің Россия патшасының отаршылық саясатына қарсы бас көтерген қимылын
ақырында кеп бостандықтары үшін емес, Кенесарының хандығы үшін күресіне айналып
кеткенін аңғармады. Шынында да Россия патшалығына бағындым деп бітім істей тұрып
Кенесарының өзін хан көтертуі, ел қамын емес, өз қамын ойлауы еді. Бұл баққұмар
сұлтанның ғана трагедиясы емес, бостандықты көксеп алданған халықтың да трагедиясы
еді. Осы трагедиясын түсінбеген ел Кенесарының соңына еріп тағы да бес жыл күресті,
ақырында қанға батып қырылды...
Кенесары қозғалысының енді халыққа қаншалық қауіпті екенін түсінген Гербурт-Жүсіп
Қасым баласының қандай күшті адам екенін де енді ғана ұқты. «Тарихтың əр сатысында,
халық арманының бір тоғысқан түйінді кездерінде осындай адамдар туады. Олар өздерінің
мақсаттарына жету үшін халықты да, тарихты да, бəрін де пайдалана біледі. Бұларда да құр
ғана қаныпезерлік, адамды аямастық қана емес, ақыл да, амал да мол келеді. Кенесары да
соның бірі. Егер осындай адам миллиондаған халқы бар үлкен елге жаратылса қайтер еді?
Азғантай қазақ халқын қанша қанға батырса, үлкен елді де сонша қанға батырар еді. Онда
Кенесары қозғалысы кішкентай ел емес, үлкен ел трагедиясы болар еді. Халқының
кішкентайлығынан бұл елдің үлкен трагедиясы өзге жұрттың көзіне кішкентай трагедия
болып көрінеді. Сондықтан да кейде «Европа хабаршысында» ғана қазақ қозғалысы туралы
қысқа-қысқа хабарлар шығады. Россияның шығыс бұрышында қандай айқастар болып
жатқанын Европа елдері тіпті білмейді. Ал түсінген адамға бұлкішкентай елдің
436
трагедиясы. Қазақ жеріне енді бұрынғыдан да үлкен қайғы келді. Ол қайғы көзден жас,
жүректен қан боп ағады. Кенесары жұртты Россия отаршылдық саясатына қарсы көтеріп,
ақырында өзі хан болды. Енді сол тағымнан түспеймін деп халықты ажалға қарсы айдап
салады. Ал оны əлі күнге дейін елінің қамын ойлаған кемеңгер деп түсінетін жұрт мұның
соңынан тағы ере түседі. Мұндай жағдайды тарихта жалғыз Кенесары пайдалана білген бе?
Жоқ, бұл талай қаһармандардың қайғылы үлесі. Наполеон да жаһанкездік ісін осылай
бастаған жоқ па еді. Франция халқының революциялық рухын пайдаланып, Бурбондарды
құртты, роялистерді Франция жерінен қуды. Бұдан артық сол кезде революциялық іс болар
ма? Бірақ артынан өзі император болды. Өзіне жол ашқан революцияны өз қолымен
тұншықтырды. Кенесары да сөйтеді. Ертең қазақ жеріне шын мағынада хан бола қалса,
Горчаков пен Қоңырқұлжаның қазақ халқына істегенін бұ да істейді. Сонда Кенесарының
қозғалысы қандай қозғалыс? Россиядан қазақты бөліп алып, феодалдық хандық құру үшін
күрескен халық тілегіне сəйкес емес кертартпа қозғалыс. Бұдан қазақ еліне келер пайда
жоқ. Одан да қазақ бұқарасына Россия империясының қол астына кіру керек. Россия қол
астына кіру деген сөзорыс халқымен бір болу деген сөз. Келешегі де, қайғысы да,
қуанышы да бір. Патша қысымшылығына да қарсы тізе қосып бірге күресе алады.
Мəдениетке де бірге жетеді. Ал Кенесары болса өзінің феодалдық-хандық бөлшектенуімен
қазақ елін орыс халқынан ұзақ уақытқа бөлгелі тұр. Жоқ, бұл жағдайда санасы бар
азаматтармен сөйлесу керек. Ел басына келгелі тұрған апатқа араша түсу керек».
Бірақ Гербурт-Жүсіп Таймаспен де, əбілғазымен де, Сидақ қожамен де тез кездесе
алмады. Жоқ жерден Кенесарының өзімен сөйлесуге мəжбүр болды. Бұлар бір мың сегіз
жүз қырық екінші, Барыс жылының көктемінде кездесті. Кенесары өткен жылғы қара суық
күзде Перовскийдің жарлығы бойынша Қоқан жерінен қайтып келген соң, жылдағы əдеті
бойынша қалың əскерін елді-еліне таратты. Өзі азғантай төлеңгіт аулы мен төрт жылдан
бері бауыр басқан Торғай өзенінің жоғарғы сағасындағы қыстауында қысты тыныш өткізіп
шықты. Перовский мен Генске өкпелегендіктен қыс ішінде олармен хабарласа қоюды да
жөн көрмеген. Бірақ осы Барыс жылының басында Орынборда Генстің үйінде жетім
балаларға тəрбиеші болып жүрген Алтыншашқа жолығып қайтқан Байтабын суық хабар
əкелді. Патша ағзам жақында Перовскийді орнынан алып Орынбор əскери губернаторы етіп
генерал Обручевті тағайындапты-мыс. Байтабын; «Сірə, Генсті де босататын көрінеді, ісін
тексеруге жіберіпті», — деп келген. Бұл хабарды естісімен қыстан тыныш шығуға айналған
Кенесары түсінен шошып оянған адамдай қобалжи бастаған. Қарамағындағы рулардың
басшыларына ат шаптырып «əскерлерін жылдағыдан гөрі ертерек, қар кетісімен, көк шығуға
қарамай-ақ, Қара Кеңгірдегі Алашахан моласының жанына жеткізсін», — деп
хабарландырған. Өзі де сұрапыл соғарын сезген шағаладай əлденеге мазасы кетіп, біртүрлі
тынышсыздана түскен. Өйткені бұлармен тіл тауып, бітімге келгелі отырған Перовскийді
патша ағзамның тегін түсірмегенін сезген... Жəне астыртын Орынборға жіберген кісі
арқылы, Генстің үйінде анда-санда бас қосатын офицерлердің сөздерінен «Обручевтің
Кенесарыға сенбейтінін» Алтыншаш та хабарлаған. Бұрын Перовскийдің тəк-тəгімен əзер
жүрген Горчаковтың енді бұған шабуыл жасайтынын Кенесары бірден ұққан.
Осындай қобалжуда көкек айы өте бастаған кезде, Кенесары азырақ бой сергітіп
қайтайын деп қасына өзінің батырларын ертіп Ақсақал төбедегі тоқал əйелі қыстауының
маңындағы қалың жыңғылды қыратқа аң аулауға шыққан. Бұлар жоқта, Батыс Сібір
генерал-губернаторы жіберген есауыл Сотников басқарған əскер Қара Торғайда отырған
Күнімжан аулын шабады. Біраз малы мен екі баласын қоса, Күнімжанның өзін бас етіп, он
адамды ұстап алып кетеді.
Бұны естіген сұлтан аңнан қайтып келіп, Күнімжанның аулын кім шапқанын біле алмай
əуре болып жүргенде, арасында он күн салмай, есауыл Сотников енді Ақсақал төбедегі
Кенесары тоқалы мен Есенгелді, Саржан ауылдарына тиеді. Абайсыз отырған елді қанға
бояп, жүзге таяу адамды шауып өлтіріп, мың түйе, үш мың бес жүз жылқы, он мың қоймен
бірге жиырма бес адамды тұтқын етіп айдап əкетеді.
Горчаковтың бұл қылығына Кенесары бұлқан-талқан болып ашуланады, өзіңе кісі қыру
керек болса, мен де көрсетейін деп атқа мінеді. Міне осылай ызаға əзер шыдап жүрген
күндердің бірінде, ордада қағаз жазып отырған Жүсіпке:
Ертең сарбаздарымыз бас қосамыз деп уəделескен Алашаханның моласына жүреміз,
барасың ба? — деді.
437
Барамын, — деп жауап берді қанды оқиғалардың таяп келе жатқанын онсыз да сезіп
жүрген Жүсіп ойланбастан.
Ертеңіне өзін қорғайтын Батырмұрат басқарған жасағымен Кенесары Алашахан зираты
тұрған Қара Кеңгірге бет алды. Өзге батырларына да тез жетсін деп хабар берді. Бұл көкек
айының аяқ кезі еді. Жер жаңа кеуіп, көгал шөп жылдағысынан ерте ду ете қалған.
Арқадағы əлі бекініс салынып, мылтық дауысы аң-құсын үркітпеген Арғынаты, Ұлытау,
Кішітау, Айыртаулар алыстан мұнарлана көрініп, қиялыңды тербеткендей. Оның үстіне кең
дала биыл өте-мөте көркем еді. Жел соқса құлпыра түскен шалғын. Иісі жұпардай аңқиды.
Бетіңнен сүйген көктем желі. Ойында да, қырында да, көлінде де, шөлінде де сыңсыған
құс... Табиғаттың осыншама сұлу суретін көріп мас болғандайсың. Қиялың көктем желіндей
сар далаңды шарлай кезеді.
Кенесары осы ғаламат жерден расымен айрылам ба дегендей жан-жағына қайғыра
қарап келе жатты. Екі баласы мен Күнімжаннан айырылғаннан бері тіпті өзгеріп кеткен.
Бөлтіріктерінен айрылған бөрідей əбден қанкөзденіп алған. Жұртпен де тіс жарып
сөйлеспейді. Бар зəрін ішіне сақтап бетінен қан-сөлі қашып, ақ сары жүзі сұрлана түскен.
Қимылы, жан-жағына қадала көз тастаған келбеті, қайғыдан гөрі Кенесарының жүрегін ашу-
ыза, кек билегендей.
Кенесарының жанындай жақсы көретін əйелі мен балаларынан айрылғанынан да басқа
жүрегін өртеген күйігі бар. Жүсіп оны да біледі. Ол күйіксұлтанның Арқа мен Кіші жүздің
ел билеген кейбір би, ақсақалдарын өзіне ерте алмағанынан туған күйік.
Орынбор əскери губернаторының қарамағындағы орыс станица, бекіністеріне
тимегенмен Кенесары ереуіліне қосылмаған ауылдарды шауып, малдарын айдап алуды
тоқтатпаған. Ондағы ойы ақылға көніп соңынан ермеген жұртты талаумен, сойылмен
қорқытып ергізу болатын. «Өз еркімен теңдігін, жерін бермеген қазақ ауылдарын орыс
генералдары солдат шығарып, қырып-жойып, қорқытып тартып алғанда, біз неге
сөйтпейміз», — деп ойлайтын ол. Кенесары осы қорқытуды өзінің ел билеудегі бір ыңғайлы
құралына айналдырған. «Қорқа-қорқа батыр болдық» дегендей, сойылы тым батқан
жұрттың түбі өзіне жауға айналатынын ол ескермейтін. Ескергісі де келмейтін .
Кенесарыға ермей жүрген ел билеген адамдардың бірі Орта жүздің биі Жаңбыршының
Балғожасы еді. Ол өзіне жақын жерде салынып жатқан Торғай бекінісіндегі солдаттарға
арқа сүйеп, сұлтанның бірігейік деген сөзіне тіпті құлақ ілмей қойған. Осыған ызаланған
Кенесары өткен жылы биді əдейі қорлағандай аулына қарындасы Бопай батырмен үш жүз
сыпай жіберіп, Балғожаның бар малын айдатып алған. Малын қайтарып берсем Балғожа
енді соңыма ерер деген Кенесары биыл оған кісі салған. Хатшысы Сидақ қожаны шақыртып
алып, бір жағы бұйрық, бір жағы өтініші етіп оған өлеңмен хат жаздырған.
Кенесары хатында Балғожаны мақтай, түбі жеріңді, еліңді орыс патшасы алады деп
қорқыта келіп:
...Арғын, Қыпшақ ағасы!
Жыртылмасын, жарқыным,
Еліміздің жағасы.
Қанғандай-ақ болды ғой
Бұл қазақтың таласы,
Ойда Қоқан, қырда орыс,
əкім болды қаласы.
Кімнен таяқ жегендей
Біздің қазақ баласы.
Быт-шыт болып жүргені
Аузының аласы.
Тізгін берсе Кенеге,
Қанат қосса жебеге,
Қырмақ түгіл жауыңды
Дал қылмасқа немене! —
деп өзіне қосылуға шақырған.
Бірақ күш Кенесарыда емес, мол əскерлі ақ патшада екенін білетін Балғожа Кенесарыға
қосылғысы келмейді. Аулын еркек емес, қатын Бопай шапқанына ызаланған би, тоналған
малын садақа қылып, Кенесарыға улы тілді өлеңмен ашулы жауап қайтарған. Ол
жауабының бір жерінде:
438
Қапияда кенеттен,
Орға түсер боларсың,
Қайтып шықпақ зор болар.
Сенің, сұлтан, дұшпаның
Жалғыз орыс емес-ті,
Қайда барсаң алдыңда
Құрулы тұрған тор болар.
Райыңнан қайтпасаң,
Түбінде əділ басың қор болар.
Былай барсаң Қоқан бар,
Қоқаңдаған əкең бар.
Былай барсаң Үйсін бар,
Үйсін толған байсын бар,
Жүрекке түскен түйсін бар.
Былай барсаң Бұқар бар,
Жайын болып жұтарлар,
Тау жайлаған қырғыз бар!
Жүрекке түскен бір мұз бар,
Артыңда қалған орыс бар,
Байғұс-ау, мұнда саған қайда қоныс бар!..
деп Кенесарыға сен түбінде қор болып өлесің деп қорқытқан.
Қатеңді досыңнан қасың көреген. Бұл хат Кенесарының ең жаралы жеріне тиген. Сұлтан
бар сұмдық салмағын салғалы тұрған жан-жағын қоршаған жауы барын Балғожа бисіз де
білетін. Кенесары бұған ашуланған жоқ. Жауының көп екеніне көне тұра, бəріне жалғыз өзі
қарсы шыққан жоқ па? «Не ойлаған арманға жету, немесе сол жолда құрбан болу!» —
Сұлтанда бөтен шешім жоқ. Оны ашуландырған, ызаландырғанел ағасы деген Балғожа
би сияқты адамдардың Кенесарының осындай қиын жағдайында, қол ұшын бермегені, Кене
ханға бас иіп, Абылайдың ақ туын көтерісудің орнына, іргесін мүлде аулақ салып, Россия
патшалығына бет бұрып кетуі.
«Жарайды, менің жанымды түбі орыс, Қоқан, қырғыз біреуі алады екен ғой. Балғожа би,
сен соны дəтке қуат етіп қуанады екенсің, оған дейін мен сенің жаныңды алайын деп
Кенесары сол күні түнде бидің аулын қайта шауып, өзін ат құйрығына байлап өлтіруге бес
жүз сарбазымен Жанайдар батырды аттандырды.
Бірақ Жанайдар батыр сұлтанның арманын орындай алмады. Жорыққа кетіп бара
жатып, жолай қыз күнінен көңілдес Бопай аулына бір түн түнеп, дер кезінде бидің аулына
жете алмады. Кенесары ордасымен жасырын хабардар болып отырған Балғожа аулына
Жанайдар батырдың шыққанын естіп, қарамағындағы бес жүз үйді ертіп көтеріле көшіп, Ор
қаласының ар жағына қашты. Бидің жұртын сипап қалған Жанайдар батыр өзіне қарсы
шыққан Ахмет сұлтан-правительдің солдаттарымен атысып, одан соң Сырға қарай көшіп
келе жатқан Күкір бидің аулын шауып, көп малын олжа етіп қайтты.
Балғожадан айрылып қалуының шын себебін білмейтін Кенесары Жанайдар батырдың
бұл олжасына да риза болды. Бірақ жазған хат Кенесарының есінен шықпай-ақ қойды.
Сұлтанның соңғы кезде тым тұнжырап кетуіне себеп болған осы хат екенін Жүсіп-
Гербурт те жақсы білетін.
Бұлар Алашахан моласы тұрған Кеңгір өзенінің жазық беткейіне жеткенде басқа жақтың
батырлары əлі келмеген екен. Кенесары шатырларын тігіп, сарбаздарды осы жерде күтпек
болды. Арада үш-төрт күн өтті. Азық-түлігін түйеге теңдеп, əскерлерін соңдарынан шұбатып
батырлар да келе бастады. Торғайдан Иман батыр, Елек пен Ырғыздың ортасын жайлаған
Табыннан Жоламан батыр, өзінің үзеңгілес серіктері Ағыбай, Бұқарбай, Жеке батыр,
Құдайменді батырлар алдымен жетті. Көп кешікпей Жанайдар мен Бопай да келді. Бірақ
Кенесары əлі ешкіммен тіс жарып сөйлескен емес. Жайшылықтағы ақылгөйлері, соғыс
ісінде кеңес беретін қанды көйлек серіктері Таймас пен əбілғазы да тіл қатпай қойды. Екі
көзі қанталап, жұқа ернін тістеніп, жалғыз сергелдеңге түсуіне қарағанда ол енді бір батыл
шешімге келген жан секілді. Сол шешімін орындауға тек ыңғайын күтіп іштен тынғандай.
Кенесары жасақтарының бас қосар жері Алашахан бейітінің жаны. Бұл ара, үш жүздің
қазақтарына тең орталық. Есіл, Нұра бойын жайлаған Орта жүзге де, Елек, Жайық
жағасындағы Кіші жүзге де, Балқаш пен Сыр, Жетісуды мекен еткен Ұлы жүзге де жер кіндігі.
Оның үстіне Алашаханды қазақ өзінің ең алғашқы ханы деп білетін. Сол себептен Кенесары
Абылай атасының сүйегі жатқан Түркістан көп руға қашық болғандықтан, еліміздің хандық
туын тіккен ортасы еді ғой деп ырым көріп əдейі осы араны қалап алған.
439
Алашаханның моласы қазақ елінің ең алғашқы хандық туын тіккен он төртінші ғасырдың
аса бір көрнекті ескерткіші. Жасыл төккен жазық далада көк отаудай алыстан көзге түседі.
Бұлтана көзденген өрнекті құмайт кірпіштен қаланған, биіктігі мен көлденеңі бірдей,
зəулім төртпақ мола. Үстінде көгілдір сырмен бояған үлкен күмбезі бар. Күмбездің төрт
жағында, моланың төрт бұрышына тұрғызылған ақ кірпіштен қаланған əшекейлі төрт шағын
мұнара... Күмбездің астына тас баспалдақпен көтеріліп баратын кең далыз. Ал моланың
өзінің іші кең бөлме. Ортасында Алашаханның қабірі. Томпиған қабір топырағының үстіне
ескі шүберектердің қиқымдары мен жылқының қуарған қу бастарын, аттың жал құйрығын
үйіп тастаған. Əр жерінде ағаш найзаның ұшы көрінеді. Топырақ үстінде де бірнеше атам-
заманғы қарағай найзалар жатыр.
Алашаханның жанында тағы екі мола бар. Бірі биіктігі он құлаштай, шым кірпіштен
құйған əмбұлақ ханның моласы, одан əріректе Алашаханның моласына ұқсаған, тек кішірек
Жошы мазары. Бұл үшеуі де қазақтың ең алғашқы хандық құрған дəуірінің мұралары. Үшеуі
жайында да сан түрлі аңыздар бар...
Кенесары қазір осы бейіттердің күнгей жағымен келе жатыр. Соңынан ерген ит тəрізді
анандай жерден Қараүлектің салбыр бейнесі көрінеді. Сұлтан ашулы. Қайда бара жатқанын
өзі де аңғармайтындай, қабағын қарс жауып сылбыр аяңдайды. Кенесарының қазіргі
ашуының себебі бар. Осыдан он күн бұрын «Кенесары көкиығы» деп аталатын биіктің
Қостанай жағындағы көл жағасындағы жайлауға көшкен Балғожа бидің аулына бір топ орыс
балықшылары шықты дегенді естіген. Орынбор губернаторын Балғожа биге өшіктіру үшін
жансыз барып балықшы орыстарды қырып келіңдер», — деп бір топ жігітпен Байтабынды
жіберген. Бүгін сол Байтабын қайтып келген.
Жарлықты орындадың ба? — деген Кенесарының сұрағына, Байтабын сазара тұрып
«жоқ» деп жауап қайырған.
Неге? — деп Кенесары қайта сұраған.
Хан ием, — деген Байтабын тізе бүгіп, — Балғожа биге жала жабу үшін жазықсыз
балықшыларды бостан-бос қыруға дəтім бармады, кешіріңіз.
Соңғы жылдары Байтабынның өзгере бастағанын Кенесары аңғарып қалған. Батырдың
өзі де мұнысын жасырмаған. Дегеніне көнбеген бір ауылды шапқаннан кейін сұлтанның
өзіне де орынсыз қан төгудің керексіздігін айтқан. Кенесары іштей кектенсе де «өз еліне
жаны ашығаны-ау» деген де қойған. «Ал бұл жолғысы не? Кімге жаны ашығаныБағана
көп жылдан бері еңбегі сіңген батырына «бұйрығымды орындамағаныңды бір жолға
кешірдім», — деп сыр бермесе де, қазір оңашада ашуға шыдай алмай келе жатыр. «Жоқ,
жоқ, — деді ол бір кезде, — тағы да бір сынап көрем. Егер Кіші жүзім деп жауымды
наркескендей алып түспесең өз обалың өзіңе». Осындай шешімге тоқтаған Кенесары сəл
басылайын деді. Ол енді жан-жағына ойлана қарады. «Бағана осы жаққа Жүсіп кетіп бара
жатыр еді ғой? Қайда екенСұлтан енді кілт бұрылып теріскей жаққа қарай аяңдады.
Ал Гербурт-Жүсіп қолы бос уақытта осы Алашаханның моласының жанына келіп
отыруды жақсы көретін. Оған осы айбарлы мола бір ғажайып асыл мүлік болып көрінетін.
Моланың оқ-дəрі бұза алмайтын кірпіштерінің қандай құм-топырақтан құйылғанын, бес жүз
жылдан бері алғашқы күндегісіндей түсін əлі жоғалтпай тұрған күмбез сырының неден
жасалғанын түсіне алмай таң қалатын. Көшпелі елдің жүздеген жылдар бойы сар даланың
желі мен жаңбырына шыдап келген осындай əсем ескерткіштер жасағанына мəз болатын.
Жүсіп бүгін де осы мазарға келген. Бір төбешіктің басына отырып алып, өлең жазуға
кірісті. Тағдыр жазып, сонау қадірлі Польшасына қайтар болса Алашахан моласы да есте
қалсын...
Көз жетпейтін жасыл дала,
Көргені азап, қиянат...
Ортасында ақ шағала,
Тұр күмбезді бір зират...
Өлең шумақтары асау өзеннің көк толқынындай бірінен соң бірі туып, бірін бірі баса-
көктей, жер кемеріне сыймаған дариядай Жүсіптің де тар кеудесіне сыяр емес. Біресе қиял
оны ұшқыр қанатына отырғызып ап ақша бұлттар жүзген көгілдір аспаннан да жоғары ала
жөнеледі. Біресе тынық су бетінде ақырын тербелген қайықтай жан сезімі сəл тыныштала
қалады да, кенет дауыл ұрғандай астан-кестен боп жүрегін ашу кернейді. Жүсіп бар əлемді
ұмытқан: өзінің қайғылы халін де, Кенесары ереуілін де, қымбатты Польшасын да тек өлең
440
дүниесіне, шабыт дүниесіне кіріп кеткен. Осындай халде отырғанында кенет біреу иығына
қолын салды. Жалт қараса Кенесары екен. Анандай жерде Қараүлек тұр. Жүсіп шошынайын
деді. «Не жазып қалдым Енді өлең дүниесі де, қиял, шабыт, əсем сəнді сезім əлемі де
бірден ғайып болды.
Қорықпай-ақ қой, — деді оның ойын түсіне қалған Кенесары, — сенің еш күнəң жоқ, —
сөйтті де Қараүлекке «кет» дегендей қолымен ишарат етті. Анау бөтен жаққа көңілі ауған
жайылып жүрген атан түйедей аспай-саспай бұрылып, шатырға қарай балпаң-балпаң басып
жүре берді. — Сені көрген соң əдейі бұрылдым. Сөйлесейін деп едім... Шыныңды айтшы,
туған еліңді сағындың ба?
Жүсіп шынын айтты.
Сағындым. Əттең алыс, қашып кетер едім...
Қашып кетер едім? Бұрын бұндай сөз айтпайтын едің ғой, əлде біздің көтерілісіміз
сені қызықтырмайын деді ме? Өзімнің туған жерімде қалған арманымды сендерден таптым
деп едің ғой. Сол сөзің əлі есімде.
Ол сөзді мен қазақ елі өзінің еркіндігі үшін күресіп жүрген кезде айт-
қам. Польша бұқарасы Россия патшасының отаршылық ісіне қандай қарсы болса, мен келіп
қосылған шақта қазақ халқы да сондай қарсы еді. Сендердің күрестерің маған ұнаған.
Польшада қалған арманымды, осында тапқандай болғам. Ал қазір...
Иə, қазір?.. Əлде сен бізді түскен жолымыздан адасты деп ойлайсың ба?
Жүсіп не болса да шынын айтуды мақұл көрді. «Мүмкін менің сөзім ой салар», — деді ол
ішінен.
Иə, Кенеке, — деді Жүсіп тікелей қарап, — сен өзіңді хан етіп ақ кигізге
көтерткізгеннен бері, ұстаған жолың да, алдағы мақсатың да басқаша... Сенің күресің енді
байлардың үстемдігін қорғайтын хандықты сақтау күресіне айналып барады. Бұдан қалың
бұқараға келер қандай пайда бар? Кедей жұртқа өз ханына бағынды не, орыс патшасына
бағынды не, бəрібір емес пе? Бұрын өзінің күн көрісі болған шұрайлы жерін, балықты көлін
орыстың князь, генерал, графтарынан қорғап, қолына сойыл алған ереуіл бір басқа да,
Абылай заманын көксеп, қазақты орыстан бөліп алып, қанын жеке сорамыз деген сұлтан,
би, ақсақал, хан үшін күресу бір басқа. Бұл күрес тіпті зиянды, ол орыс пен қазақ халқының
жақындасуына бөгет болады! Ал екі бейнетқор халықтың бірігуінде, жақындасуында
олардың бар болашағы, бар алдағы жарық күні тұр.
Жайшылықта сөзге сараң, ұстамды Кенесары кенет бұлқан-талқан боп ашулана қалды.
Қаны басқаныңжаны басқа деген осы. Абылай атамның жолын қуып арпалысқа
шыққанымда орыс пен қазақты біріктіру үшін шықты дейсің бе? Жоқ, Жүсіп, Россия
дария, біз кішкентай ғана мөлдір бұлақпыз. Мөлдір бұлақ суы дарияға құйғанда несі
қалады? Дария суы ащы болса, бұлақ суы да ащы болады, дария суы тұщы болса, бұлақ
суы да тұщы болады. Бұлақтың бар болашағы тек дарияның ғана еркінде қалады. Менің
күткенім сондай өмір ме? Жоқ, бұлақ дария болмай-ақ өз бетімен аға берсін дедім. Біз
Россия патшасына бағынсақ ел деген аттан айырыламыз. Жоқ, қазақ бұрын Абылайханға
бағынса, енді оның немересі Кене ханға бағынады. Өзім билеймін...
Қалай билейсің? Жерінен, суынан айырылған жұрт ертең қайтара алмайтынына көзі
анық жеткен күні, сенің соңыңнан еруді қояды, Кенесарының хандығын сақтаймын деп
бостан-бос қырыла бере ме?
Кенесары кенет шабатын барыстай жиырыла қалды, шегір көздері қанталап, оң қолы
беліндегі наркескеннің сабын кенет қыса ұстады.
Сенің дос екеніңді білмесем... — деді ол ентіге сөйлеп, сөйтті де қолын наркескеннің
сабынан қайта алды, — еліңді қалай билейсің дейсің бе? Россия патшасы бізді қалай
билемек болды? Зеңбіректің оғыменен, жалаңаш қылыштың жүзімен емес пе? Мен де
сөйтем. Дегеніме көнбеген елді аттың сауырына, қамшының бауырына аламын. Кімде-кім
айтқаныма көнбейді екен, Кенесарының жасыл туының астында жүргісі келмейді екенол
менің жауым. Россия губернаторы қандай қасым болса, о да менің сондай қасым. Не
оларды өз дегеніме жүргізем, не біржолата қырып, жоқ етем. Екі шешім болуы мүмкін емес.
Жауын өзі аяған өзі мерт болады. Бұрын жұртты жер-суыңды алып беремін деп ертсем, енді
хандығыңды қорғаймын деп ертемін. Күшпенен қорқытып ертемін! Дəл осы айтқанымды
ертең Жаппас руынан бастаймын. Бір үйін бос тастамай түндігін қылышпен турап, тайлы-
таяғына дейін қалдырмай айдап алам!
441
Қыс Сырды мекендеп, жаз Торғай бойын жайлап көшіп жүретін Жаппас руының билері
Көбектің Алтыбайы мен Төлегеннің Жаңғабылы көптен бері Кенесарыға екі жүзділік көрсетіп
келген. Қолдан келер қуат жоқ, іш қазандай қайнайды, сондықтан амалсыз жүрген. Доспыз
деп ауыздары айтқанмен, іс жүзінде қастықтарын көрсете берген. Ел басын біріктірем деген
Кенесары бұл билердің өз руларында ықпалды екенін еске алып жеңіл-желпі күнəлəрін
кеше салатын. Ал бұл билер ауылдары Сыр бойын жайлап, Торғайды қыстайтын.
Жылқысын Мұғажар тауының ығына тебінге айдап, қойларын Орынбор шекарасында казак-
орыс жерінде ұстайтын. Кенесары Торғайға көшіп келгелі, жайылымымыз тарылды деп
екеуі бірдей наразы болатын. Кейде зекет те төлемей қоятын. Осыдан барып Кенесары мен
билер арасында қырбайлық күшейе түскен еді. Оның үстіне биыл Торғайды қыстап қалған
Алтыбай аулының он шақты жігіті жер білмейтін Сотников жасағына жол көрсетіп, Күнімжан
мен Ақсақал төбедегі Кенесары ауылдарын шабуға қатынасқан. Бұны естіген Кенесары
билерге өшігуде. Сұлтанның қазіргі кіжінуі сол өштіктің салдары.
Жаппас ауылдарының қандай жазығы бар? — деді Жүсіп Кенесарыны тым
ашуландырып алмайын дегендей, қаймыға сөйлеп, — жазығы жазғы жайлауын Арқадан
көшіп келген елдердің жайлағаны ма?
Ал Арқа елдерінің қандай жазығы бар? Жерін орыс губернаторлары тартып алғаны
ма? Күнімжан ханша мен Ақсақал төбедегі аулымды шапқан Сотников жасауылдың əскерін
кім басқарып келді? Жаппас жігіттері екенін білмей-
сің бе?
Басқарып келген бір он шақты жігіт шығар. Ал қатын-қалаш, басқа жұрттың қандай
күнəсі бар?
Өзгесі күнəсіз болса күнəкарларын өздері неге жазаламайды? Бəрі Алтыбай бидің
адамдары. Серкесі қайда бастаса, жұрты соңынан ереді.
Онда Алтыбайдың көзін жой. Өзге жұртқа тиюдің қандай қажеті бар.
Алтыбайдың да Алтыбай болып отырғаны соңынан ерер елі болған соң емес пе?
Егер соңынан ерер жұрты жоқ болсыншы, көрейін мен оны!
Сондықтан жазықсыз елді құрту керек пе? Одан да Алтыбайдың өзінен алу керек
өшті.
Жоқ, елі де жазықты. Жазықсыз болмаса, Алтыбайдың соңынан неге ереді?
Мүмкін қорыққанынан еретін шығар? Айтқаныма көнгісі келмейтін елді дегеніме
қорқытып жүргізем деп сіз де айтып тұрған жоқсыз ба? Қайдан білесіз, Жаппас руының
қарашысы сізге ергісі келетін шығар, тек Алтыбайдан қорыққасын, амалсыз оның дегенінен
шықпай отырған болар.
Алтыбайдан қорқып Жаппас Кенесарыға қосылмай отыр дейсің бе? Сенің
айтқаныңды дұрыс делік... Шынында да қазақ қорыққанын сыйлайды. Бүгін Жаппас руын
шапсам, ертең Шекті өзі келіп қосылады.
Онда Жаңбыршы ұлы Балғожа би неге келіп қосылмады? Сіз ол ауылды бір емес, екі
рет шаптыңыз ғой.
Балғожа би қорқау қасқыр секілді қорқақ. Ол орыстан қорқып отыр, содан маған
қосылғысы келмейді. Жалпы алғанда қара қазаққорқақ жұрт, Балғожа би де қарадан
шыққан.
Кене хан, бұныңыз қате секілді. Мен көрген қазақ батыр халық. Қорқытып соңымнан
ертемін деп жүргеніңізде оларды өзіңізден қашырып алмаңыз.
Кенесары кенет тұнжырап кетті. Шықшыттағы күре тамыры бүлкілдей ойнап, демін əзер-
əзер алды.
Сен Таймастан да, əбілғазыдан да ақылды екенсің, — деді Кенесары сəл булыға
сөйлеп, — бірақ енді халықты қорқытып қосудан басқа қандай жол қалды? Биыл жиналатын
он мың əскермен Россия патшасы түгіл, Қоқан ханын жеңе алмайсың. Қоқанның өзіндегі
таңдаулы галабатыр əскерін былай қойғанда бір ғана Эрмазар қорғанында он екі мың
жауынгері бар... Оған На-
манған, Андижан, Ош, Тақты Сүлеймен, Шархия, Ангара, Құрама, Ходжент, Ұратөбе,
Ташкент əскерлерін қосып көр. Біздің Сыр бойындағы жұртпенен бас қосқандағы күшіміз
жетері бар болғаны Ташкент. Бұның өзіне де рұқсат беріп отыр ма, өзіңе белгілі. Орынбор
бастықтары мені Аллақұл ханнан он бес мылтық, бір арғымақ алды деп кінəлап еді. Ол өліп
еді оның баласы Рахманқұл ханнан ер-тоқымы алтындатқан үш арғымақ, үш қылыш, он екі
мылтық, екі бас қорғасын сыйлық келді. Маған жіберілген тарту-таралғыға қарап Орынбор
442
бастықтары мені Хиуа ханын жақтамақ болып жүр дейтін көрінеді. Хиуа мылтықтары жақсы,
үш жүз қадам жердегі құсты құтқармайды. Ал «Көктолғай» секілді ақалтеке арғымақтары тек
жауға мінуге жаратылған. Бірақ жұрт Кенесарының кім екенін білмейді. Мен Хиуа ханының
жұмсауына жүруден көрі, Хиуа ханының өзімнің жұмсауымда жүргенін жақсы көретін
адаммын. Хиуаға ұзын ырға сенім білдірген болсам, оның маған сеніп Бұқар ханымен
өштесе түссін дегенім. Қазаққа Бұқардың да, Хиуаның да, Қоқанның да күшейгені керек
емес. Үш қасқыр бірін бірі таласын, мүмкін үшеуі бірдей əлсіреген кезде бізге де пайда
түсер? Енді өзің ойлашы, он бес мың салт атты сарбазбен Россия патшасын да, Қоқан
ханын да жеңе алмайсың. Ал Орынбормен қан төгіспей бітімге келеміз деген ниеттің неге
апарып соққанын өзің де көріп отырсың. Күнімжан мен екі баламнан айырылғаннан басқа не
таптым? Енді не істеу керек? Қой секілді үн-түнсіз аяқ серіппей бауыздала бер дейсің бе?
Ең болмаса ешкі тəрізді бақырып өлген құрметті. — Кенесары кенет сұстана қалды. — Бірақ
мен ешкі де, қой да болмаймын. Ажал табар болсам батырларша ажал табам. Көшіп-қонар
жеріміз əлі де бар, əлі де алысам. Бұрын құр ғана ереуілшіл ел болсақ, енді хан билеген
елміз. Жауымыз бізбен санасуға мəжбүр болады. Ал мұны істей алмасаң...
Оны істей алмайтыныңызға көзіңіз əлі де жеткен жоқ па? — деді Жүсіп Кенесарыны
кенет аяп кетіп.
Көзім əлі əбден жеткен жоқ. — Ол кенет шаршап кеткендей болды. — Бірақ сен
дұрыс айтасың... Жерін алып бере алмайтынына көзі жеткен қазақ əлі-ақ ертең тарай
бастайды. Ал оларды таратпау керек.
Қалай таратпайсың?
Күшпен таратпаймын! — Кенесары кенет ызалана дауыстап жіберді. — Күшпен
басын қосамын! Көнбеген ауылды шабамын, қарсы келгенінің басын аламын. Көнбей көрсін!
Өйтіп жұртты қырып хандық құрудың қанша қажеті бар? Өз елің, өз жұртың емес пе...
Кенесарының жасыл туының астына кіргісі келмеген жұрт жұрт емес! — Ол
бұрынғысынан да сұрлана түсті. — Ондай елдің мейлі қаны судай ақсын, мейлі бəрі қойдай
бауыздалсын, егер оған қабағымды шытсам, Абылай атамның аруағы атсын!
Жүсіп Кенесарының мұндай түрін бұрын көрген емес. Жəне оның нағыз шын сырын дəл
қазіргідей шешіле айтуын алғашқы рет естуі. Кенесарының айтқанын орындайтынына Жүсіп
күмəнданған жоқ. Өйткені төре тұқымдарының халықты қоймен тең көретінін,
қаныпезерліктің арқасында қалың бұқара тағдырын ойыншық санайтынын бұрын да білетін.
Ал Кенесарының ойлаған мақсатына жету үшін қара халық түгіл, өзінің туған əкесін де
құрбан ете алатынына талай рет көзі жеткен. Мұндай жауыздық қаракетпен арманға жету
əдісі Шыңғысханнан, Ақсақ Темірден қалған. Шыңғысхан қанішерлікте болат қанжар болса,
Кенесары сол қанжардың кішкентай сынығы. Болат қанжардың қанға суарылған сынығы.
Араларында алты ғасыр өтсе де қанқұмарлық түбі бір. Одан қайда кетеді? Жүсіп енді əбден
ашынған Кенесарының ешкімді аямай, дегеніне көнбеген елді қанға бояйтынына шек
келтірмеді.
Өзі де солай болды. Бұрын тек өшіккен аға сұлтандардың, би, датқалардың аулын
шауып, малын айдап алатын болса, енді солардың қарамағындағы жазықсыз елдерді де
шабуға кірісті. Патша үкіметінің санағы бойынша Кенесары он жыл көтерілісінің ішінде жүз
жетпіс бес ауылды тонап, бес жүз жазығы жоқ кісі өлтіріпті. Соның бестен төрті ақырғы бес
жылына жатады.
Кенесарының шешімінен жаны түршігіп кеткен Жүсіп, ханды орынсыз қан төгуден
тоқтатқысы келді.
Алтыбай аулын шапсаңыз, өзіне берілген бидің өшін қайтарамыз деп патша үкіметі
қатты шара қолдануы мүмкін. Олардың қолында қазір екі балаңыз бен Күнімжан ханшаның
барын ұмытпаңыз. Егер Алтыбай аулында қан төгілсе...
Аршабоқ пенен Обыріш менің де қатын-баламды өлтіреді дейсің бе? — деді
Кенесары, ауыл қазақтарының қойған аты бойынша Горчаковты «Аршабоқ», Обручевті
«Обыріш» деп атап. — Жоқ оны істемейді. Онда мен қолымдағы есірей орыстарды өлтірем.
Жəне орыс жанаралдарына біздің бірімізді біріміз қыра бергеніміз тиімді емес пе? Жерлері
кеңиді. Ал алда-жалда...
Иə, алда-жалда?...
Саған айттым емеспін бе, өз дегенімді істеу үшін ештеңеден де тайынбаймын деп?..
Жүсіп шошып кетті. Кенесары оған бір аяу, мүсіркеу, қиналу дегенді білмейтін тас мүсін
тəрізді көрінді. «Иə, бұл тас мүсін, мұнда жүрек жоқ. Жүрегі болса өзінің жақсы көретін
443
қатын-балалары жайында бұлай дер ме еді?.. Мұндай адамды түсіну қиын. Жоқ, бұл адам
емес, қара тас. Ал мейірімсіз қара тасты қалай түсінерсің... Əлде осындай қара тас болуға
ашынғанынан барып отыр ма
Кенесары тағы да оның ойын бөліп жіберді.
Сен мені өз бөлтірігін аямас бір қорқау қасқыр екен деп тұрған шығарсың, — деді ол,
даусы кенет дірілдеп кетіп, — олай ойлама! Менің де жүрегім бар. Əйелім мен
балаларымды мен аясам да олар аямайды. Болар іске болаттай болу керек. Əйтпесе қайғы
деген қашан да болса адастырады. Адаспас үшін қайғы дегенді біржолата жүрегіңнен қуу
керек. Бүйі қысылғанда өзін өзі шағып өлтіреді. Мен сол бүйі құрлы жоқпын ба? Өзін
аямаған кісі аузын қан етеді. Қатын-баламды да құрбан ете алатынымды жауым көрсе,
менен бұрынғысынан да қорқады. Ал қорықпаған жерде сыйласу жоқ, хан деп санасу жоқ.
Ал егер хандығымды берік ұстағым келсе, елге де өз басыма да аяушылық етпеуім керек.
Қаталдық жеңістің ең керек шарты.
Жүсіп енді Кенесарыдан шын шошынды. Кенет оның алдына осыдан үш жыл бұрын
Сыздықты қалай сынағаны елестеп кетті. Жүсіп балажан болатын. Бірақ о жолы Сыздықты
пышаққа түседі деп аяған жоқ. Аяған болса бұлай сынамаңыз деп Кенесарыға жалынар еді.
Жүсіп оны істемеді ғой. Өзінің осы қылығын ол артынан сан рет ойлады. «Неге мен сонда
Сыздыққа ара түспедім? əлде Сыздықты мен бірдеңеден жек көрдім бе, немесе онда
адамның ішін жылытпас бір мінез бар ма еді?» — деп шешуін таба алмай сан басы қатқан.
Сол сұрағына кенет Жүсіп шешім тапқандай. «Ие, ие, дүниеде осы сұлтандар тəрізді қасқыр
тектес жандар аз емес шығар. Адам олардың тірі жүргенінен өлгенін тілейтін болар. Жұрт
тегі қасқырды немесе бөлтірігін өлтірдім деп опық жемейді. Менің де жүрегімді төре
тұқымына деген өзім əлі аңғара қоймаған сондай бір сезім билеген екен... Сол күні Сыздық
туралы соншалық қиналмау-
ыма əлгі жасырын сезім себепкер болғандай ғой. Ал қасқыр тектес тұқымының Кенесары
шын арланы. Арланы болмаса əлгі жан түршігерлік сөздерді айтар ма еді
Кенесарының əйелі мен балаларын қаншалық жақсы көретінін Жүсіп есіне түсіріп,
ызаланған сұлтанды орынсыз қан төгіске барғызбас үшін тағы ақыл берді.
Күнімжан ханшаны балаларымен қазір Ордан Орынборға əкелді деген сыбыс бар,
қолымыздағы тұтқын орыс офицерлерімен айырбастайық деп əскери губернаторға хат
жазсақ қайтеді?
Кенесары кенет елең ете қалды.
Бұл табылған ақыл. Барон Уйлер мен есауыл Лебедевті былай қойғанда біздің
қолымызда жиырмаға тарта есірей орыс офицерлері бар. Соның бəрін, Күнімжанды бас етіп
біздің ауылдан алып кеткен отыз бес адамға айырбастасын. Солай деп хат жаз. Жəне... —
Кенесары ойлана қалды.
Тағы не айтпақ едіңіз?..
Жанарал Обыріш келгелі арамыз шиеленіп бара жатыр-ау... Орынбор əскері
шықпағанмен Омбы солдаттары қояр емес. Əрине мұның бəрі Аршабоқ пен Обырішсіз
болып жатқан жоқ. Орынбор бізбен əзір жауласпай отырса, ол ана Кеністің шаруасы. Ертең
Кеніс кете қалса, басымызға əңгір-таяқ ойнайтыны даусыз. Сондықтан күні бұрын Обыріштің
өзіне тағы бір хат жазайық. Ақырғы рет алдынан өтейік...
Хатты не деп жазамыз?
«Алдыңғы жылы Орынбордың əскери губернаторы мен жанарал Кеніс құрметті патша
ағзамның атынан бізге мəнəпөс жариялап, бар күнəмізді кешкен. Мұндай қадірлі
адамдардың сөзіне сеніп біз ақ патшаға қарсы мылтық ату мен қылыш жұмсауды тоқтатқан
едік... Ал биыл наурыздың жиырма бірінде, өзіміз аңға шығып кеткенде, Омбы қаласынан
шыққан Сотников жасауыл басқарған жасақ аулымызды шауып, мал-мүлкімізді талап,
Күнімжан сұлтаншаны бас етіп, бірнеше адамды ұстап алып кетті... Бұндай жағдайда
жақсылықты бір құдайдан болмаса, орыс бастықтарынан күтуге болмайтынына көзімді
жеткізді» де. Жəне жалынған адам секілді көрінбей, əлі де болса тігім-бітімге келейік деген
көңіл білдір...
Мақұл.
Оған көнбесе өз обалы өзіне. Боса да бізді аямайды екен, біз де оларды аямаймыз.
Түсінікті.
444
Жəне осы уақытқа дейін бұлаң құйрыққа салып бізге қосылмай алдап жүрген
билердің бəріне де хат жазыңдар. Əсіресе Назар руының ақсақалдары Байтөре мен
Қаракүшікке..
Хатты не деп жазайық?
«Мені ханымыз деп ұқсын. Айтқаныма көнсін, айдауыма жүрсін. Сөйтсе біз де оған
қорғанбыз. Бұрынғы күнəларының бəрін кешеміз. Ал бұны істемесе... Отыз жыл жауабын
күтемін, жауап ала алмасам, қалған отыз жылда өздерін жазалаумен өтемін» де... Осындай
хатты бізге теріс қарап жүрген Жаппас руларының билері секілді өзге билерге де жазыңдар.
Жақсы.
Күн де батуға айналған екен. Сөніп бар жатқан алтын сəулесі Алашаханның көгілдір
күмбезінің үстінде ойнап, ерекше сəулеттендіріп тұр. Кенесары əлдекімнің аяғының
сыбдырын естіп артына бұрылды. Таймас екен.
Кенеке, Орынбордағы балалардан жасырын шапқыншы келді.
Жақсылық па, жамандық па?
Жамандық.
Кенесары сол түсін өзгертпеген қалпында сəл кідірді.
Қазір жақсылық күту қиын болар... Не дейді Алтыншаш келін?
Жіберген хабарына қарағанда жанарал Кеніс пен əскери губернатор Обыріштің арасы
нашар көрінеді...
Жаман хабарың осы ма?
Екі түйе сүйкенсе ортасында шыбын өледі. Екі жанаралдың келіспеуінен біздің қазақ
мəселесі күйрейді. Граф Перовский кеткеннен бері біздің бар сенеріміз Кеніс емес пе?
Қазақ мəселесі күйреп болған жоқ па? Енді олардан не күтесің?
Үмітсіз тек шайтан ғана, Кене хан. Əлі де болса Орынборменен тіл табу керек.
Мен тіл таппаймын деп жүрмін бе? Тіл тапқысы келмейтін өздері
емес пе?
Күштінің арты диірмен тартады, тіл табу біздің жақтан болу керек.
Сонда, Таймас, тымағыңды алып алдына барып жүгін дейсің бе? Жүгінер де едім,
тымағыммен бірге басымды қағып тастамасына көзің жете ме?
Жоқ, олай жүгінуге болмайды. Қазақ дене болса, сен бассың. Бастан айырылып дене
күн көре алмас. Мен тек қалауын тапса қар жанады, басқа жол іздеу керек деймін.
Сонда қандай жол бар?
Бұл ойдың түбіне өзім де жете алғам жоқ... Əбден піскенінде алдыңа салармын.
Жақсы, тағы қандай хабарың бар?
əскери губернатор бізді құртуға Петербордан тағы он төрт мың ақша сұрапты... Оның
үстіне тағы үш мың сом... Ол ақша... Кешіріңіз, Кенеке сіздің басыңызды əкелген адамға
сыйлыққа берілмек екен...
Кенесары езу тартып күлді.
Менің басымның төлеуін соншама арзан санағандары қалай? Өздері бір жылқыны
отыз бес сомға бағалағанда, ең болмаса мың жылқы тұрмағанымыз ба? Аршабоқ
Петерборға жазған қағазында Кенесары отыз жетінші, отыз сегізінші жылдары Россия
патшалығының саудасына екі жүз сексен мың зиян келтірді депті ғой! Осындай
жанаралдармен қалай тіл тап дейсің?
Тіл табу керек. Өйткені олар күшті, сенің басыңа баға қойып отырған солар ғой...
Күшті екен деп қорыққанымнан тізе бүгем бе? Таймас, əлде сен Кенесарының мінезін
білмейтін бе едің?
Білемін. Білгесін айтып тұрмын. Қиындықта жол таба алмайды десек, хан етіп
көтермес едік. «Ашужау, ақылдос». Бұны қазақ білмей айтқан ба? Көтерілісіміз
шаңқай түсіміз еді десек, хандығымыз екіндіміз тəрізді, енді біржолата жер астына күндей
батып кетіп жүрмейік, əлі де ойланалық...
Жарайды, ойланайық. Тағы нең бар?
Батырмұраттың жасағындағы Гаврилов деген қашқын сыпай... осында келіп жүрген
саудагерлер арқылы сенің басыңды алуға Орынборға уəде берген көрінеді. Мұны қысты күні
істеу жеңіл депті. Обыріш егер Гаврилов бұны істесе, оның солдаттықтан қашқан күнəсін
кешіртемін деп Петерборға қағаз жазыпты. Балалар осы сыпайдан сақ болсын депті.
Кенесары түнеріп кетті. Бағанадан бері үндемей тұрған Жүсіп:
445
Гавриловтың өзінің басын алу керек, — деді кенет қатуланып кетіп, — жəне өзгелерге
сабақ болсын, бұл үкімді осындағы қашқын солдаттардың көзінше орындаған дұрыс.
Кенесары ойлана жауап берді.
Алдымен тексерген жөн... Арам ойы анықталса Қараүлекке тапсырармыз... Жұрттың
бəріне сенбегендей, оның ажалын өзгелерге үлгі етудің керегі қанша?..
«Дегенмен бұл ақылды адам, деді Жүсіп ішінен, менікі ағаттық болды. Бір шіріген
жұмыртқа үшін, өзгелерге де байқа деп сенімсіздік көрсетудің, əрине, қажеті жоқ...»
Таймас тағы да бірдеме айтқысы келгендей Кенесарыға қарады. Сұлтан оның ойын
түсініп:
Айта бер, — деді енжар, — тағы қандай сұмдығың бар...
Дəулетші құйып болған зеңбірегін кеше сынаған екен... Заводтағыдай жасау қиын
ғой... Əлде салған оқ-дəрі артық болды ма, от қойып атқан шақта күл-талқан бопты.
Жанында тұрған Дəулетшінің өзін де мерт етіпті... — Кенесары тұнжырап кетті. Құйылып
жатқан зеңбіректерден үлкен үмітті еді. Бұл үміт те құр дəмелендірді де жоқ болды. Ол:
Топырағы торқа болсын, — деді күрсініп, — жақсы шебер еді, ардақтап көмілсін...
Бұдан кейін үн-түнсіз үшеуі қостарына қайтты.
Үш күн бойы батырлар, сұлтандар, ақсақал, билер жаңа хандықтың қандай болуын
талқылап, төрт мəселе қарап мынандай қортындыға келді:
Бірінші шешкендері əскер мəселесі. Бұрын Кенесарының қарамағында сегіз мың атты
əскер болатын. Жəне бұлар жаз жиналып, қыс тарқайтын. Сұлтан маңында қорған боп
қысты күні бес жүздей ғана сарбаз қалатын. Кеңес енді əскер санын жиырма мыңға жеткізуді
жөн деп тапты. Жəне бұл əскердің бес мыңы қысы-жазы хан ордасының маңында болады.
Əр жүзбасы, мыңбасы өздерінің қарамағындағы əскерін осы жаздан бастап орыс
əскерлерінің тəртібімен соғысу əдістерін үйретеді. Мылтық атуды, найза, сойыл
пайдалануды, жаяу соғысуды тегіс өтеді. Жүзбасылардан төменгі жауынгерлер кеудесіне
үш қатар жасыл жуан жіп іліп, иығына тілдей жіңішке жасыл шүберек тағатын болады.
Жүзбасылардан бастап одан жоғарғылары мұндай белгіні қызыл шұғадан етеді. Ал ең
жоғарғы қолбасшы Кенесарының өзі үстіне көгілдір шапан киіп, иығына орыс полковнигінің
эполетін тағады. Мыңбасына əйгілі батырлар мен атақты сұлтандар тағайындалады. Өзіне
сенімді адамдардан мыңбасылар тағайындау ханның өзіне тапсырылады. Бұлардан бөтен
жеке мың адамнан мергендер тобы құрылсын делінді. Оған мыңбасы етіп Байтабын
белгіленді.
əскерде бұдан былай қарай мықты тəртіп орналсын деп шешті жиналғандар. Тəртіп
бұзушыларға Кенесары «шық» деп аталатын жаңа жазаны қолдануға рұқсат етілді. «Шық»
тəртіп бұзған адамның бетіне қылышпен, не найзамен белгі салу. Мұндай белгісі бар
жауынгер өзінің айыбын ерлікпен, немесе адалдығымен ғана жууға тиісті. Екі рет «шық»
белгісі салынған адамбилер сотына түседі, малмен, не басқа ауыр шарамен
жазаланады (үй ішінен бір жыл бөлек ұстау, не болмаса қой бақтыру тəрізді). Үш рет «шық»
белгісін алған адам, Кенесары тобынан қуылады, ал жазығы ауыр болса, өлім жазасына
бұйырылады. Жаңа хандыққа осындай тəртібі күшті əскердің керектігін айта келіп Кенесары,
«қазақтың атақты ханының бірі Қасым соғысты жақсы көрмесе де, қарамағындағы бір
миллион жанның төрттен бірін атқа қондырып, найза ұстаттырған екен. Екі жүз елу мың
əскері бар Қасым ханның айбарынан сескеніп, еш жауы оған қарсы соғыс аша алмаған. Ал
біздің заман ондай заман емес, үш жағыңнан бірдей қаптаған жау. Оларға жем болмау үшін
бізге айбарлы қол керек. Қазір қарамағымызда бала-шағаны қосқанда бір миллиондай адам
бар. Бүгінгі бала ертең жауынгер. Миллионға таяу жаннан жиырма мың сарбаз шығар деп
сенемін, — деп сөзін бітірген. Ру басшылары, батырлары Кенесарының бұл ойын
мақұлдаған. Жəне уəделерінде де тұрды. Келесі жазда Кенесарының қарамағында жиырма
мың əскер болды.
Екінші қаралғанқалың əскер жинаумен байланысты оны жабдықтау мəселесі еді.
Кеңес бір ауыздан хандыққа жататын елден салық алынсын деп шешті. Салық екі түрлі
болсын делінді. Бірі мал салығы «зекет». Екіншісі «егін салығы «үшір». Зекеттің мөлшері:
қырық қараға дейін салық салынбасын, қырықтан жүзге дейін малы бар адам бір қара, ал
жүзден артық малы бар адам, жүзден артық əр қырық қарасынан бір бас беретін болды. Ал
«үшір» салығы жайында, осыншама əскерді асырау үшін əр егіншінің жылда алатын
бидайының оннан бірін хандықтың қоймасына құйылсын деп шешті жиналғандар. Егін
салығына келгенде кеңесте бірталай сөз көтерілді. Кенесары, қарамағындағы Торғай,
446
Ырғыз, Сырдаря, Іле өзендерінің бойы мен көптеген көлдердің жағасын жайлайтын
елдерден бұдан былай қарай егін шаруашылығымен қатты шұғылдануын талап етті.
Өйткені Орынбор əскери губернаторына қарайтын қазақ ауылдары көптен бері-ақ егін
салуға құмарланған-ды. Бірақ бұған Перовский де, одан бұрынғы Орынбор əскери
губернаторы граф Сухателен де қарсы болып келген. Екеуі де қазақтың тек мал
шаруашылығынан аумағанын жақсы көрген. Сухателен: «Қазақтар еш уақытта да астық
екпеулері керек, ешбір ғылым түгіл, тіпті бірде-бір кəсіп білмей, өмір-бақи мал бағып қана
көшіп жүрулерін бар жан-тəніммен тілер едім», — деген пікірді мақұлдаса, ал Перовский
егінді тек казак-орыстарға салдыртып, қазақтарды астықты солардан қымбат бағамен сатып
алып тұруға мəжбүр етуді дұрыс көрген. Бұл туралы генерал Обручев өзінің соғыс
министріне жазған баяндамасында: «Бұрын менің орнымда болған генерал-адъютант граф
Перовский, қазақтардың егін егіп, отырықшылыққа айналуына өте-мөте қарсы болып келген.
Оның бүйтуіне қазақтар өздері еккеннен гөрі, астықты бізден сатып алып, Россияға
байлаулы бұзаудай тырп ете алмасын деген ой себеп болған», — деп Перовскийдің ойын
дұрыс жазған.
Сондықтан Орынбор шекарасында отырықшы қазақ поселкелері пайда бола қалса,
оларды алдыменен граф Сухателен, одан кейін генерал-адъютант Перовский жойып
отырған.
Өшпес барымта, жұт, оның үстіне Россия солдаттары мен өзінің сарбаздарының
шабуылынан қарамағындағы елдің тіпті жүдеп кеткенін Кенесары жақсы білетін. Сол себепті
кей қазақ ауылдарының егін егумен шұғылдануы олардың өз шаруасын көтерумен қатар,
болашақ қалың əскерді астықпен қамтамасыз ететін ең тиімді жол деп тапты.
Бұл мəселені қарағанда тағы бір ойланатын жағдай туды. Олсалықтарды кім
жинайды жəне қалай жинайды деген мəселе еді. Бұрын патша салығы болсын, Қоқан
хандығы салығы болсын, əр рудың, əр ауылдың басты адамдары жинайтын. Кеңес
Кенесарының өтініші бойынша бұл тəртіпті де өзгертті. Зекет, үшір бұдан былай қарай əр
ауылдан, əр рудан Кенесары өзі белгілеген жасауыл арқылы жиналсын делінді.
Кенесарының бұндағы ойы, қазақ жеріндегі жоғарғы үкіметханның дəрежесін көтеру еді.
Жиналғандар бұған да көнді.
Үшінші əңгімеел билеу, əкімдік жүргізу, билік айту жайында болды. Бұрын ел
арасының дау-жанжалдарын, барымта, жесір дауын ру билері, ақсақалдары шешетін. Осы
кеңестен бастап мұның бəрін əр рудан Кенесарының өзі тағайындаған билер шешсін десті.
Бұндағы саясат тағы да хандықтың дəрежесін көтеру еді. Екі рудың болмашы таласы, жесір
ісі, яки шабындық дауы секілді жеңіл шешілер жанжалды да, осы Кенесары бекіткен билер
қарайды. Ал кісі өлімді барымта, ел шабу тəрізді ауыр қылмысты істі ханның өзі шешеді.
Кенесары қарамағындағы ел мен Россия империясына жататын рулар арасындағы таласты
аға сұлтандар қарайтын болады. Ал кейбір асқынып кеткен іс болса, Орынбор шекара
комиссиясына хат жазылып екі жақ бірдей шешімге келуді дұрыс тапты. Кенесары
қарамағына жатпайтын рулардың таласы, егер екі жақ бірдей келісіп ханға жүгінісе келсе,
хан жарлығымен тағайындалған билер кеңесіп үкім айтулары мүмкін деп табылды. Осы
мəжілісте Кенесары қазақ елінің бірлігін бұзады деп ру арасындағы барымтаны тыйдыру ісін
əдейілеп: «Бұрын есікте жүрген құл өлсе қожасы құн төлемейтін. Құл да ел қорғауға
жарайтын жан» деп өлген құлға құн төлететін еткізді.
Төртінші жəне ең ақырғы мəселесауда-саттық жайында еді. Бұрын Кенесары қазақ
жерін Россия патшасына Шығыспен сауда-саттық жүргізу үшін керек деп қана ойласа, енді
салынып жатқан бекіністерге, көшіп келіп орналасып жатқан казак-орыстарға қарап бұның
бəрі отарландыру саясаты екенін түсінген. Бұрын керуендерді тонап, Россия мен Орта Азия
хандықтарының сау-
да-саттық байланыстарын бұзып келсе, енді бұл саясатынан қайтты. Керуенді өткізбеудің
орнына салық салынсын делінді. Бұл салық əр түрлі болуға тиісті. Өзіне дұрыс қарай
бастаған елдерден, рулардан аз, ал теріс қарайтын жұрттан көп алынады. Мысалы, Жаппас
руының əр қосынан үш түйе, жиырма төрт зат, татар саудагерлерінің қосынан бір ат, сегіз
зат алса, бұқар саудагерлерінің қосынан тоғыз зат қана салық алынылып, ал арғын
руларының керуендері тіпті тегін өтетін болсын деп бекітті.
Бұнымен қатар мəжіліс шекара орыс поселкелерімен орынсыз жанжалды тоқтатып,
олардан астық сатып алу ісін жөнге қойсын деді. Сонымен қатар əскерге керек қару-жарақ,
447
қорғасын, оқ-дəрімен қамтамасыз ету үшін Хиуа, Бұқарлармен де сауда-саттық қарым-
қатынасының күшейтілуін талап етті.
Осындай шешімге келген ру бастары батыр, сұлтан, би ақсақалдардан Кенесары тағы
да бір өзіне өте керекті билік алды. Ол Хандық Кеңесі жайында еді. Əбілқайыр баласы
Нұралы кезінде Абылай тұсында жойылып кеткен хан жанындағы Хандық Кеңес қайтадан
құрылған. Бұрақ ол Хандық Кеңестің қақы үлкен болатын. Хан күрделі мəселені Хандық
Кеңессіз шешуге тиіс емес-ті. Егер Хандық Кеңес дұрыс көрмесе, хан қандай ойлаған іс
болса да бас тартуы керек-ті. Кенесары жанынан да осындай Хандық Кеңес құрылды. Бірақ
бұл Хандық Кеңес ақылшы ретінде ғана тағайындалып, барлық билік ханның өз қолында
қалды. Оның шешімі кімге болса да заң, Хандық Кеңесте қолбасшы батырлар да,
қарамағындағы ел де хан шешімін бұлжытпай орындауға тиісті делінді.
Көздеген арманына жеткен Кенесары, мəжіліс біткеннен кейін ең жақын серіктерімен
тағы да біраз ақылдасып, кейбір əскер тобының ойын-өнерін көріп, бір жетіден кейін Қара
Торғайдағы өз ордасына қайтты. Көп кешікпей хан төңірегіндегі жайылымға жасақтарын
ертіп өзге батырлары да жинала бастады. Жаңа алған тұжырым бойынша əскери ойын қыза
түсті.
Биліктің бəрін қолына алған Кенесары енді хандық əмірін жүргізіп, кектескен руларынан,
тіпті кейбір жеке адамдардан өшін алуға кірісті. Ол Орынбор əскери губернаторына жататын
орыс поселке, бекіністеріне тимей, бұл ісін Батыс Сібір генерал-губернаторының
шекарасындағы бекіністер мен өзіне бағынғысы келмеген қазақ ауылдарын шабуылдаудан
бастады... Енді екі жақтан бірдей қан төгіс күшейе түсті.
Кенесары жаздың ортасында Торғай бойына жаңа келіп жайлауына қонған Жаппас
ауылдарын шапты. Алтыбай сұлтанды ат бауырынан өткізіп жаралап, қос қызын бірдей ат
артына мінгізіп, аулына алып келді де осы айқаста көзге түскен екі сарбазына зорлап қосты.
Мұндай қорлыққа шыдай алмаған Алтыбай көп кешікпей қайтыс болды. Өлер алдында
немере інісі Жанғабылға «тірі жүрсе менің кегімді Қасым балаларынан алсын» деп аманат
айтты. Бұрыннан да өш Жанғабыл, енді бар ызасын ішіне түйіп Кенесарыны мұқататын жол
іздейді. Таба алмайды. Қол жинап аулын шабуға бата алмады. Бірнеше рет əскер сұрап
Орынбор бастықтарына барды. Кенесарының айтқаны келді, өз бекіністерінің мазасын
алмаған соң, Алтыбай үшін соғыс ашуды жөн көрмеген əскери губернатор «қоя тұр» деп
Жанғабылды тоқтатты. Кенесары хандығын біржолата құртпақ болып дайындала берді.
Тіпті Кенесары əзірге адаса тұрсын дегендей, Орынбордағы Күнімжанға бұрынғыдай қысым
көрсетпей, қасындағы кішкентай балаларын орысша оқытуға рұқсат етті.
Бұл кезде Орынбор əскери губернаторының қарамағына жататын солдаттан бір-ақ
адам өлді. Ол қашқын Гаврилов. О да өз ажалынан, немесе соғыста жүріп өлген жоқ, жақын
жердегі шұбарға Қараүлек екеуі ағаш əкелуге барған жерде дəл желкесінен «діңгек түсіп»
мойын омыртқасы үзіліп қаза болды. Гавриловтың өлімінен Орынбор бастықтары
ойымызды сезіп қалған екен деп сезіктенбесін деп Кенесары жерлеуіне өзі қатынасып,
қашқын сыпайды аққа орап, ардақтап көмгізді.
Сөйтіп жүргенде қанды қылышты қырық үшінші жыл келеді. Мұнымен бірге қыс өтер-
өтпестен Генс алынып, орнына генерал Ладыжинский тағайындалыпты деген сөз қазақ
жеріне тағы жетті. Бұл сөз шын болып шықты. Кене ханға мұны көптеген маңызды
хабарлармен бірге Генспен қоштасып айырылған Алтыншаштың өзі əкелді.
Тек Күміс қазақ жеріне қайта оралмады. Мінезімен, қызметімен Генске ұнаған қыз,
Қоңырқұлжа қылығынан қорланып, генералдың үй ішімен Петербургке жүріп кетті. Қазір өш
алуға қолынан ештеңе келмегенмен, төрт жыл өткеннен кейін осы Күміс Қоңырқұлжаның
Ақмола аға сұлтандығынан түсуіне себеп болды.
ІV
Бір мың сегіз жүз қырық үшінші, Қоян жылы, маусымның жиырма жетісі күні, Бірінші
Николай патша Орынбор əскери губернаторына Кенесарыға қарсы жасақ шығарып, оның
басын əкелген адамға берілетін үш мың сом сыйлық ақшаны шаңырақ салығынан төлеуге
рұқсат етті.
Осындай шешімге келетінін күні бұрын білетін Соғыс Министрімен тікелей байланысы
бар Орынбор əскери губернаторы Обручев Кенесарыға қарсы соғыс-қа қыс басынан
дайындалуда болатын. Ал Кенесарының қандай дайындығы барын білу үшін ол патша
448
рұқсатын алысыменен шілденің оны күні Қара Тор-
ғайға қарай войсковой старшина Лебедев басқарған үш жүз солдатты жасақ шығарды.
Кенесары бұл жасақпен Ырғыз өзенінің жоғарғы жағында кездесті. Күнде Батыс Сібір
губернаторы солдаттарымен шалысып жүргендіктен, екі жақты соғыстың қиынға түсетінін
ойлаған Кенесары бұ жолы да сабырлылық істеді. Лебедевке əбілғазы басқарған уəкіл
жіберіп өзінің соғыссыз да Орынбор əскери губернаторына бағынатынын, керек десе
шекараға жақын көшіп келіп қонатынын білдірді. Лебедев Обручевке ат шаптырады.
Орынбор əскери губернаторы оған əзірге соғыс ашпай, сол Ырғыз бойында жасағымен қала
тұруын бұйырады. Ал өзі бұрын патшаға Кенесарымен бітім жасаудың керек еместігін
дəлелдеп, майдан ашуға рұқсат сұрағандықтан, енді сол сөзінен қайтпай Ырғыз бойында
шағын қолмен тұрған Кенесарыны біржолата құртпақ болды. Сондықтан күні бұрын
құрылған жоспар бойынша, Ырғыз бойындағы Кенесарыны қоршап алыңдар деп өзге əскер
бастықтарына бұйрық берді.
Бұ жоспар бойынша Орынбор əскери губернаторына бағынатын сұлтан-правительдер
Ахмет, Арыстан, Баймұхамед əрқайсысы бір мың адамнан жасақ құрып күні бұрын дайын
тұруға тиісті еді. Əскери губернатордың бұйрығын алысыменен Ахмет Тобыл жағынан
шығып, ал Арыстан мен Баймұхамед Сахарный бекінісіндегі үш мың солдатты полковник
Бизановтың қарамағына еніп, Кенесарыны Оңтүстік пен Батыс жағынан қоршаулары керек
еді. Ал Кенесары Батыс Сібір губернаторына жататын Ұлытау, Арғынатыға қарап өтіп кетпес
үшін Омбы, Қызылжар, Қарқаралы бекіністерінен, ереуілшіл елдің күншығыс жағынан, көк
темірге мұздай бөленген ұзын саны мың мылтықты күшті жасақтар шықпақ болатын.
Ереуілшілердің тыңшылық жұмысын Таймас басқаратын. Ол Алтыншаш арқылы дəл
болмағанмен де осындай жоспар жасалып жатқанының ұзын ырға-
сын білетін. Оның үстіне Бизанов полкіне жіберген тыңшысы Төлебай деген жас жігіт
арқылы жəне сұлтан-правительдердің аулындағы қара құлақтарының жеткізуі бойынша бұл
жоспардың қалай орындалып жатқанын, сұлтан-правительдер қанша адам жинағанын, қай
кезде аттанысқа шықпағыбəрінен қанық отырған. Осындай мəліметі бар Кенесары бұл
айқасқа дайын еді. Войсковой старшина Лебедевтің əскеріне қарсы тек шағын қолмың
адаммен ғана шығуының себебі де осында болатын.
Кенесары бұ жолы соғыс əдісін тіпті өзгертті. Патша губернаторлары бұны енді
біржолата құртуға кіріскеніне көзі жеткен сұлтан оңай берілгісі келмеді. Ең алдыменен ол
əскерін бұрынғы əдеті бойынша бір жерде ұстамай, беске бөлді. Ондағы ойы, түбі жауына
төтеп бере алмай қалатындай күн туса бар күшін біржолата құртып алмай, шамасы
келгенше əскерін сақтау еді. Бизанов полкіне қарсы шығатын жасаққа мыңбасы етіп
Наурызбайды, ақылшы етіп Ағыбай батырды тағайындады. Ал Батыс Сібірден келетін үш
жасаққа қарсы мың адамнан құрылған үш жасақ шығармақшы болды. Біріне мыңбасы етіп
Жеке батырды, оған ақылшыға (штаб бастығы ретінде) Құдайменді батырды, екіншісіне
мыңбасы етіп Иман батырды, ақылшыға Жанайдарды, ал үшіншісіне Бұқарбай батыр мен
Жəуке батырды тағайындады. Өзі Жоламан екеуі болашақ соғыстың дəл ортасы осы болар-
ау деген Ырғыз өзенінің жағасында қалды. Бұл кезде он мың салт атты əскері бар Кенесары
Байтабын басқарған мерген тобы мен қалған жауынгерлерін Мұғажар тауының арасына
қарай көшкен ордасының төңірегінде ұстады. Бұл негізгі қолмен Кенесары əр жерге қойған
бекет тəрізді шұғырымдар арқылы байланыс жасап тұрды. Қысылтаяң күн туса бірігіп
кетерліктей жағдай сақтады. Кенесарының соғысқа былай дайындалуының екі себебі бар-
ды. Бірі, патша əскері Ырғыз бойында бастарын қоса алмаса, оларды жекелеп ұруға жеңіл.
Екіншісі, ұрысуға жері неғұрлым кең болса, Кенесары əскерінің тынысы солғұрлым кең,
өзінің негізгі əдісі атты əскерінің шапшаңдығын пайдалана алады. Бүгін бір жерде тұрса,
ертеңіне екінші жерге шығып, əр жерден із тастап, жауына ұстатпайды. Кенесарының бар
ойлағаны бар əскерімен өзі қоршауға түсіп, бар күшін харап етіп алмау. Ал мына қолданған
əдісі ұшы-қиыры жоқ қазақтың кең даласына ең лайықты əдіс. Бір жерде жеңілген күнде де
өзге жердегі əскері аман қалады. Əскерін сақтауыхандығын сақтауы. Кенесарының бір
ойлаған айласыкүші басым, зеңбіректі мылтықты жаумен бетпе-бет келіп ұрыспай, тиіп-
қашып, соңынан қудыра қалжыратып, шаршата ұрысу. Өз жерінде, өз елінде Кенесары
сарбаздарына бəрі дос, азық табу да, ат ауыстыру да жеңіл... Бұлай алысу қуған жауының
алдыңғы шебі Кенесары жасағына жетемін деп ентелей соңынан ергенде, бір топ сарбазы
шұбалып келе жатқан жаудың артынан тиіп, азық-түлігін, оқ-дəрісін артқан көшін бөліп
əкетуге де қолайлы! Патша əскері қуып, жете алмай қалжыраған сайын қазақ даласының
449
жаңбырлы, суық күзі жақындай түседі. Кей жерде ат толарсағына дейін бататын батпақты
сары дала патша əскерінің қолбасшыларына бораны қасқырша ұлыған ызбарлы қыстан кем
емес. Күзі ақ жауын. Күндіз-түні бір ашылмай, сіркіреп құя берсе ешбір əскер шыдай
алмайды. Айдалада қасқырша жортуларын амалсыз тоқтатып, бекіністеріне қайтуға мəжбүр
болады. Ал Кенесарының күні со кезде туады. Бекіністерге тимегенмен жасақтары арып-
ашып ауылдарына қайтқанда өштескен сұлтандарынан кегін қайтарады. Адамдарын шауып,
қырып-жойып, малын айдап əкетеді. Осындай жағдайды ойлаған Кенесары, биыл ұрысудың
жаңа əдісіне көшті. Жəне Лебедевпен шілде бойы берекесіз бітім сөз жүріп күннің өтіп бара
жатқанына ол өте қуанышты да еді. Патша əскері тамыз шыға аттанса, бір ай-бір жарым ай
айқасқа Кенесары жағы қайт-
се де шыдайды, ар жағында қазан айы келіп, жаңбыр басталады!..
Кенесарының есебі тура шықты. Сұлтан-правитель Ахмет войсковой старшина
Лебедевке шілденің аяғында əзер келіп жетті. Ал Арыстан бар болғаны бес жүз ғана жасақ
жинады. Баймұхамедтің де қаруланған жасағы осыдан сəл ғана асты. Мұндай жағдайды
көрген полковник Бизанов, Орынбордан қосымша əскер алдырып бес мың солдатпен
тамыздың басында ғана Сахарный бекінісінен шықты.
Кенесарыға ең қауіпті күш осы Бизановтың əскері. Бірақ оған қарсы көп қол шығармай,
қулық істегісі келді. Ол Бизановқа қарсы шағын жасақпен Нау-
рызбай мен Ағыбайды жіберді.
Ең алғашқы айқасты да осы екеуі бастады. Тамыздың жетісінде күн өте ыстық болды.
Бекіністен шыққандарына екі тəуліктен асқан бес мың əскер, ат соғып, күйіп тұрған күнге
əзер шыдап келе жатты. Қол басындай жуантық келген, қара мұртты Бизанов, оң жағында
подпұлқындық (подполковник) шеніндегі Ахмет сұлтан, сол жағында пұлқындық (полковник)
Баймұхамед. Арыстан бұл маңай өзіне жататын өңір болғандықтан, бүгін таңертең жүз
адаммен жолдарынан бұрыстау тұрған бір қазақ аулына бұрылған. Ондағы ойы осы
ауылдан қосымша жігіт алу. Бизанов əскерін күн бата қуып жетпек.
Бизанов əскері жазық даладағы бір қарасудың жағасына тоқтады. Көл маңайында
жақында қалың жаңбыр өтіп, қурап қалған шөбі қайта көгерген-ді. Көлдің суы да тұщы, мөп-
мөлдір. Қалжырап келе жатқан əскерге ат шалдырып, тынығуға қолайлы... Су бетінде жүзіп
жүрген қалың құс қаптаған адамнан үркіп, қанаттарын сымпылдай қағып көкке көтеріле
жөнелді. Бір-екі есерсоқ солдат мылтықтарын да атты. Құстар одан əрі үркіп, аздан кейін
тіпті көрінбей кетті.
Мидай жазық дала, тек сол жақтарында өркештене біткен бұйратты адыр ғана бар. Оң
жағы сағымдала қара құмға қарай созыла жоқ болады...
Бизанов осы көлдің жағасына қонуды дұрыс көріп, қалың қолға «аттан түсіңдер» деп
бұйрық берді. Жазық дала, жау келер болса алыстан көз түседі. Алдын ала жіберген
барлаушылар бұл араның қауіпсіз екенін айтып келді. Өйткені жан-жақтың бəрі бүдірі жоқ
мидай жазық... Тек сол жақтарында ғана ұйысқан талды, жыңғылды Мұғажар тауының етегі.
Бірақ əскер тоқтаған жерден ат шаптырым. Сондықтан барлаушылар ол жақты ат қинап
зерттеген жоқ. «Алда-жалда бұл жақтан жау келер болса, не тау етегі мен көл арасы қу
дала, көзге түсер, не болмаса келе жатқан қолдың дүбірі естілер жəне егер жанынан құтыла
алмай жүрмесе есі дұрыс қай қазақ осыншама қолға келіп тиіседі», — деп ойлады олар.
Расында да бұлар қауіптенетін ешбір себеп жоқ еді. Өйткені Кенесары бес мың мылтықты
əскер түгіл, бес жүз патша солдаттарымен де қаша жүріп соғысады. Орыс кəрлі қылышына
бетпе-бет келер оның құдіреті шамалы...
Қалың қол көл жағалай аттан түсіп, қос-қос боп шатырларын тікті. Жауынгерлер көл
жағасынан қоға қиып əкеп от жағып шай қайната бастады. Мылтықтарын күрке етіп
сүйестіріп, кейбіреулері су жағасына беті-қолын жууға кетті.
Сөйткенше күн батып, ымырт үйіріліп, қараңғылық та түсті. Əскерлер кешкі астарын ішіп
болды да, жағылған оттарды сөндіріп, ұйықтауға ыңғайланды... Тек қолды қоршай
барлаушылар мен шатырлар жанында күркеленіп қойылған мылтықтарды күзеткен
қарауылдар ғана қалды.
Бірақ жұрттың көзі енді ұйқыға кете берген кезде кенет «Аттан! Аттан», «Кенесары!
Кенесарыдеген ащы айқайлар шықты. Тып-тыныш боп мүлгіген далада бұл үн, қараңғы
түнде күн күркірегендей қатты естілді. Сөйткенше болған жоқ, тынығып жатқан əскер
шатырларының үстін мыңдаған салт аттылар басып кетті. Нағыз бір жер астынан қалың қол
шыққандай. Сатыр-сұтыр ұрыл-
450
ған сойыл, шоқпар, жалаңдаған қылыш, айқай-шу, өкірген адам, шыңғырған жылқы. Жаңа
ғана ұйқыға кетіп бара жатқан əскер үсті əлем-тапырық болды да кетті. Ақыры «Абылай!
Абылайдеп салған ұранға «Ағыбай! Ағыбайдеген күшті үндер қосылып, тынық түнді жер
жарғандай тітірентті. Шатырларынан атып-атып шыққан солдаттар мылтықтарын алып салт
аттылармен айқасқанша, қайың сойыл ысылдап кеп көк желкеден тиеді. Əйтеуір осынау жан
шошырлық айқас өткіншек сұрапыл секілді аз уақытқа ғана созылды. Солдаттар енді
аттарына мініп естерін жинаған кезде, салт атты сарбаздар, ауыл үстін жайпап өткен
құйындай, топтарын бұзбастан, сойылдарын оңды-солды сілтеп заматта жоқ болды.
Тыныш жатқан əскерге құйындай тиген бұл топ Ағыбай мен Наурызбайдың сарбаздары
еді. Олар Мұғажар тауының етегіне осыдан екі күн бұрын келіп бекінген. Төлебай тыңшы
арқылы Бизановтың əскерінің осы жолмен шыққанын күні бұрын біліп отырған.
Кенесарының үйреткен соңғы тəсілі бойынша, бұл жасақ Мұғажар етегінің жыра, жықпылын,
жыңғыл, тобылғы, қараған, талдарын бетке ұстай тығыла жайғасқан. Кенесары əскері
адамды жасыра алатын адыр, шатқал, тоғай, ши, қамыс тəрізді жаратылыстың өзі
бейімдеген жер бетінің ерекшелігін пайдалануда əбден машық болып алған. Кенесары
əскері ойда жоқтан, күтпеген жерден жауына шабуыл жасаса, көбінесе осындай бүдір, шилі
сайдан, не жыңғылды, талды шатқал, шұбардан жасайтын. Ит жылы Ақтау бекінісінің
қасындағы ТіленішШет бекетін алғанда да, Кенесары сарбаздары əжептəуір қаруы бар
патша жасағын қалың ши арасынан шыға келіп күл-талқан еткен. Мұны естіген генерал-
губернатор Горчаков соңынан штаб бастығы генерал-майор Фондерсонға ашуланып «Егер
қазақтар тығылып жатқан қамыс, қарағай, ши тəрізді кісі жасырынар жерлерді күні бұрын
саралап шыққан болсаңдар, олар бүйтіп аңдаусызда біздің солдаттарды бас сала алмас
еді», — деп жазған. Патша əскері Кенесарының осы əдісінен талай аузы күйсе де, ылғи
естен шығара берді. Бұ жолы да соның кебін киді. Алыстан қарайып көрінген Мұғажар
тауының етегіндегі жыңғыл, талды ерініп тексермегендіктерінің сазайын тартты.
Ағыбай мен Наурызбай жыңғылды шатқалдың ішінде тығылып жатты да, күн батып қара
көлеңкелене бастаған кезде сап түзеді. Əр сарбаз аттарының аяқтарына əдейі арнап кигіз
кебістерін кигізіп, жедел жүріп кетті. Аттардың анда-санда осқырынғаны, кісінегені болмаса,
келе жатқан дүбірлері тіпті естілмейді. Түн тастай қараңғы. Ал көл жағалай жұлдыздай
жыбырлаған қалың от «біз мұндалап» бұларды шақырды да отырды. Ең ақырғы шоқ
сөнгенде сарбаздар əскер жатқан маңға таяп кеп тоқтады. Ай шықпаған түн сол қалпында
көзге түртсе көрінбес соқыр... Бұлар аттарының аяғындағы кебістерін алып, қайтадан мінді...
Оң қолына тоғыз буынды шойын табанды найзасын ұстап, атақты Ақауызына мінген
Наурызбай мен Ақылақты ор қояндай секірткен Ағыбай мың сарбаздың алдына шықты.
Қараңғы түнде жаумен бірге өздері де бірін-бірі сойылға жықпас үшін бұлар əр жүз адамнан
он сапқа бөлінді. Осылай он тол-
қын болып бірінің соңынан бірі кідірмей, сойылдарын оңды-солды сілтеп жау үстінен өте
шығатын боп уəделесті. Бір сап пен екінші саптың арасы, жүз басы жүзге санап жеткенге
шейін ғана кідіреді. Осындай тəртіптен мың санды қол он толқын боп жау үстінен ат
ойнатып, сойыл соғып өте шығуы керек. Бірін бірі ұрып жықпас үшін ешкім кідіруге тиісті
емес. Сол қалыптарымен шауып, көлдің арғы сағасындағы құмайт алаңға жете қайта сап
дүзейді. Естерін жинаған солдаттар қуар болса тоқтамай, əрі Айыр құмға қарай бет түзейді.
Шабуылды дəл осылай өткізуді бұлар күні бұрын келіскен. Қараңғы түн екі жаққа бірдей.
Тиген жау алдарында қос бар ма, жер ошақ бар ма, əлде əдейі арнап қазылған ор бар ма,
білмейді. Сондықтан Ағыбай мен Наурызбай ұйықтап жатқан жау үстіне аялдамай, жайпап
өте шығуды жөн деп тапқан. Наурызбай бастаған алғашқы бес жүз бірінен соң бірі
«Абылайлап ат қойғанда, жер сілкініп тау қозғалған секілді. Оған Ағыбай басқарған бес
жүз «Ағыбайлап қосылғанда əскер жатқан жерде ақыр заман орнағандай болды. Соққан
құйындай Наурызбай мен Ағыбай жігіттері ұрандасып, көл жағалап, арғы бетке ауған шақта,
əр жерге қоға, қамыс жағып естерін жинай бастаған солдаттар да таң асырып қойған
аттарына мініп үлгірді. Дəл осы мезгілде бес жүз сыпай ертіп Арыстан да келіп жетті.
Полковник Бизанов Арыстанға жаңағы тиген жаудың соңынан қууды тапсырды. Өздерінің де
ай туа қозғалатынын айтты. Енді ол жауынгерлерін түгендей бастады.
Көл жағалай қос-қос боп шашырай орныққандықтан шығыны жоқтың қасы екен. Əлгі
шапқан жаудың айқай-шуы есті алғанмен бəлендей ештеңе істей алмапты. Дауылдай ойда
жоқтан пайда болған жаудың айбарынан зəресі ұшып кеткен полковник енді есін жинап,
шығын санауға кірісті. Жылқы баласы түнде де көреген келеді. Қоста жатқан солдаттарды
451
тіпті баспапты. Қостан шыққан бірді-екілі адам ғана ат астында қалыпты. Оның үстіне сойыл
да біреуге тиген, біреуге тимеген. Қысқасы, қаза болған солдат жүзге жетер-жетпес.
Жаралан-
ғаны екі жүзге таяу...
Өлген жауынгерлерді ор қазып көмгенше, ай да туды. Жер беті сұрғылттана көріне
бастады. Полковник өліктерді қойып болысымен, түн баласын үркіте аспанға мылтық
атқызып суық жер құшағына кірген жазықсыз жандармен ең соңғы қоштасу ресімін істетті.
Содан кейін атқа қонуға бұйырды. Қалың əскер лек-лек боп жаңағы өздерін жусатып кете
жаздаған жауларының соңынан қуа жөнелді. Аттары тынығып қалған екен, ауыздықтарымен
алысып, қарш-қарш шайнайды. Əлден уақытта барып таң да сыз берді. Сол мезгілде бұлар
Арыстан жасақтарына келіп қосылды. Беттері дұрыс екен, пұлқындық Арыстан Кенесары
əскерінің алда кетіп бара жатқанын айтты.
Бұлар енді алдарындағы жауы кейін қарай өтіп кетпесін деп балық сүзген аудай екі
жаққа қанаттарын жая түсіп, бес жүз адам қатарласа сап дүзеп қуды. Ең ортасында
полковник Бизанов, екі қанатында Жантөренің екі сұлтан-правитель балалары. Оң
қанатында Ахмет, сол қанатында Арыстан. Əскер соңында Баймұхамед. Қазақ даласында
шабуылды бір уақытта хуннулар да осылай ұйымдастырған. Сырттан қараған адамға қазір
əскер жер-көкті алғалы келе жатқан ұшы-қиыры жоқ теңіз тəрізді. Сұсты əм қорқынышты.
Керегедей қанаттарын жая бүкіл кең даланы алған бар болғаны бес мың адам, бұндай сап
түзеуде əлденеше бес мың боп елестейді...
Таң құланиектеніп атып қалған кезде алдарындағы Кенесары тобы да көрінеді. Бизанов
тез қуып жеткісі келіп алға қарай ұмтыла түсті. Бірақ алдағы жау жеткізер емес. Қарасына
көз жаздырмай зытып келеді. Тақа қара үзіп те кетпейді, тым жақындаттырмайды да.
Біркелкі сар желіс. Беттері Айырқұм.
Қуу қызығына түскен Бизанов «əне жетем, міне жетем» деп жан-жағына қарауды да
қойды, екі көзі алда боп, сол жағында қалып бара жатқан сайды өрлей біткен қалың шиді де
аңғармады. Үзеңгілер сартылдаған осындай жүріспен сəске түс те болып қалды. Кенесары
жігіттері жеткізбейді де, жоғалып та кетпейді. Аралықты біркелкі ұстайды да отырады.
Осындай жүріспен Бизанов əскері өздерінің азық-түлік, оқ-дəрі, артық қару-жарақтарын
салған пар аттан жеккен жүз жеңіл лəкшəңке-арбаларынан тым ұзап бара жатқандарын
байқамай қалды. Əлі де байқамас еді, тек бұларды арт жағынан талмаусырай шыққан
мылтық дауыстары тоқтатты. Қолдың соңында келе жатқан Баймұхамед жасағы кейін
шапты. Бұлар бие сауымындай мезгілде ғана азық-түлік тиеген арбаларға жетті. Алдарында
жау шапқан көш жатыр. Сойылға жығылған бірнеше арбакеш қазақ жігіттері... Жиырма
шақты солдат оққа ұшқан. Жер бетін алып кеткен шашылған ұн, тары. Қираған арбалар,
бауыздалған көлік..
Шауып келген Баймұхамедтің керуен бастығы жаралы мосқал адамнан білгені, бұларға
тиген Ағыбай тобы болды. Олар қалың ши арасында тығылып тұрып азық-түлікті керуенге
шабуыл жасапты, «Өздері екі жүз қаралы адам деді керуен бастығы, дайындалуға да мұрша
бермеді, мына қалың ши арасынан лап қойды. Қимылдары сонша жылдам болар ма,
күзетші солдаттар арбадан секіріп-секіріп түсіп мылтықтарын кезенгенше қаптады да кетті,
жауған сойылдан жан сақтаудың өзі қиынға түсті. Тек екі-үш-ақ солдат мылтық атуға
жарады, леп-лезде жосытты да салды. Кейбіреулері аттарынан түсе сала лөкет
пышақтарымен қаптарды тіліп жіберіп, ішіндегі ұн мен тарыны шаша бастады. Өздерін
құтырған қасқыр дерсің, «əу» дегенше бəрімізді қан-жоса ғып сабап, солдаттардың қару-
жарақтарын аттарының алдына өңгеріп алды да көзден ғайып болды».
Қалай қарай кетті өздері?
Сойыл тиіп, бір қолы сынып, жанын қоярға жер таба алмай тұрған керуен басы сау
қолын кейін сермеді.
Мына жаққа!..
Бұларды шапқан расында да Ағыбай тобы еді. Артта келе жатқан азық-түлікті көшке
тиіп, Бизанов əскерін кідірткеннен кейін Ағыбай қасындағы жігіттерімен кейін қайтып
Кенесары əскеріне жетуге тиісті. Ондағы мақсат: бұларды қууға Бизанов амал жоқ жасақ
бөледі, сөйтіп генерал полкін бөлшектеуге мəжбүр болады. Ал бөлшектенген əскермен
алысу əрқашан да жеңіл.
Бірақ Бизанов өйтпеді. Қайта оралған Баймұхамед жасағын қосып алып, алдындағы
жауын қуа беруді жөн көрді. Ол «алдымдағы Кенесары əскері, мынау болмашы қол тек бізді
452
алаңдатуға жіберілген» деп ойлады. Сөйтіп Бизанов алдындағы қарасы əлі үзіле қоймаған
жауын қуып жетуді ұйғарды. Аттары жараулы мың солдат алды да, өзге əскерін азық-түлік
тиелген көштен қол үзбей жедел жүріп отыруға бұйырып, жүріп кетті. Бұл кезде Наурызбай
бес жүз адаммен қалған. Мың сыпайдың екі жүзі бағана Ағыбаймен кеткен. Ал ұзақ шабысқа
жарамайтын үш жүзі, түнгі айқастан кейін бірден солға бұрылып, Бизанов əскерін орағыта
Мұғажарға беттеген. Ақырында кілең жүйрік мінген бес жүз ер жүрек сарбаздарымен өзі
қалған. Кенесарының бұл топқа тапсырған міндеті: Бизанов əскерімен қоян-қолтық алыспай,
қашқан түлкі тəрізді, алыстан қылаңдап, құмға қарай əкете беру. Бұл кезде Кенесары басқа
батырларымен бірге патша шығарған өзге жасақтарға қарсы аттанады. Алға қойылған
мақсат: шамасы келсе жеңіп, шамасы келмесіне көзі жетсе, қуғыншы жасақтарды соңынан
шұбыртып Қарақұм, Қызылжыңғыл секілді қазақ жерінің түкпіріне дейін апару, сөйтіп əбден
қалжыратып барып, күзгі жаңбырға соқ-
тыру?
Осы əдістің бір тарауын орындамақ Наурызбай Бизанов əскерін соңынан ертіп құмға
қарай жөнелді. Осы қуғынмен үш күн өтті.
Ал төртінші күні мүмкін соғысқұмар Наурызбай қаша беруді намыс көрді ме, əлде бөтен
бір себебі болды ма, ол өзінің азғантай қолымен Бизановқа бетпе-бет келіп айқаспақ болды.
Бірақ оның бұл көзсіз ерлігі өзінің түбіне жете жаздады.
Үш күн жүрістен əжептəуір қалжыраған Бизанов əскері төртінші күні жылап аққан
кішкентай өзеннің жанына кеп түнеді. Осы қалың қолға таң сазарып атып келе жатқан кезде,
қырқа белесті тасалай кеп, Наурызбай бес жүз жігітімен «Абылайлап ат қойды. Ақауыз
көкбестіні көсілте салған, зілдей найзасын оң қолымен ойната көтерген Наурызбай өзі
жігіттерінің алдында... Бұлар да жетті, гүрсілдеген мылтықтың да даусы шықты. Лагерь
үстіне келіп қалған сарбаздардың бірнешеуі оққа ұшып, аттары ойнап шыға берді. Мұны
көрген Наурызбай бір-екі солдатты найзасымен көтере лақтырып, жігіттерін соңынан ерте,
оң жақтағы ойпатқа бұрыла шапты. Бірақ Науызбайды нысанаға алған бірнеше мылтық
даусы шаңқ-шұңқ етті. Науырзбай кенет Ақауыздың жалын құшып қалды. Артында шауып
келе жатқан Николай Губин қатарласа келіп, оны құшақтай берді. Енді Ақауызбен үйірлес
кер төбел қатарласа құстай ұшты. Бизанов солдаттары жайылып жүрген тұсаулы аттарын
тауып мінгенше, құйындатқан қазақ жігіттері жүзге таяу жолдастарын оққа ұшырып,
бұйратты белес, өркешті адыр арасына кіріп көзден ғайып болып кетті.
Қасында ақылшы Ағыбай жоқ Наурызбай, бұл жолы қателескен еді. Бизанов əскерін
əнеукүнгі қоғалы көл жағасындағыдай күтпеген жерден шабуыл жасап, тағы да талан-тараж
етіп кетем деп ойлаған. Наурызбайда «көзсіз ер екен, бес жүз адаммен бес мың қолға
шапты» деген жұрт таң қалар сөзге ілігу ниеті де жоқ емес еді. Бірақ онысы болмай қалды.
Жүз жолдасын оққа ұшырып, ал өзі қара саны мен оң бүйірінен ауыр жараланып, ажал
қақпанынан əзер құтылды. Егер атұлтаны Николай Губин дер кезінде жанына жетпегенде,
көзі қарауытып есінен танып бара жатқан Наурызбайдың аттан түсіп қалуы анық еді. Ерлікті
мақсат, атақты арман ете бастаған Наурызбайға бұл айқас жеңіл тимеді, жауынан құтылса
да келесі жылға дейін аттанысқа шығуға жарамай, төсек тартып жатып алды.
Бизанов қоғалы көл оқиғасынан кейін, солдаттарына мылтықтарын қос етіп күзеттіріп
қоюды тыйған. Əр солдат түнде оқтаулы мылтығын жанына алып жататын болған.
«Абылайлаған алғашқы айқай естілгеннен-ақ, қостарынан жүгіре шыққан солдаттардың
келіп қалған жауға төтеп бере алуы да осыдан еді. Наурызбай тобынан өлгені, жаралысы
бар жүздей адам шығын болса, бұлардың сойылға жығылып, найзаға түйрелгені
жиырмадан аспайды. Бұдан артық қандай жеңіс болар!
Азғантай сарбазбен осыншама қолға шапқан жігіттердің ерлігіне таң қалған Бизанов,
қолға түскен бір жаралы жігіттен бұл шабуылды ұйымдастырған Наурызбай екенін білді.
Кенесарының өзге əскері қанша жерде? — деп сұрады полковник.
Жігіт расын айтты.
Кене хан бұл арада емес, өзінің ордасының маңында, біз тек сендерді адастыруға
жіберілген жасақпыз.
Полковник өзінің қателескенін енді ұқты. Ол бұдан əрі Наурызбай жасағын қуып құр əуре
болудың керегі жоқтығын түсініп, Ырғыз өзеніне қарай кейін шегінуді ұйғарды. Бостан-бос
өте керекті он шақты күнді жоғалтқанына қатты өкінді, бірақ амал қанша. Арып-ашып тағы
екі жеті дегенде войсковой старшина Лебедев пен Ахметтің əскеріне жете алмай, Ырғыз бен
Үлкенаяқ өзенінің жағасында тұрған Кенесары əскерінің оң жағынан шықты. Бірақ бірден
453
соғысып кетпей, Лебедевпен байланыс жасамақ боп жəне ар жағынан келе жатқан Омбы
генерал-губернаторының əскерін күтіп тағы бір жеті кідірді. Ақырында олармен тізе қоса
алмайтынына көзі жеткен Бизанов, Кенесары қолымен тек өздері ғана соғысуға мəжбүр
болды. Бірақ бұл кезде күздің ақ жауыны да бас-
талды. Жəне айлакер Кенесары Бизановпен бетпе-бет келмей тағы да қаша соғысуға кірісті.
Біресе Ырғыз өзенінің оң жағынан шығып, біресе Үлкенаяқтың сол жағасынан көрініп, оған
ұстатпай əбден əбігерін кетірді. Сөйтіп жүргенде қазан айының қалың жаңбыры басталды.
Ат үстінен екі айдан бері түспеген солдаттары түгіл, өзі əбден иттей боп қажыған Бизанов,
Мұғажарға қарай көшіп келе жатқан Кенесарының аулын қумай, Ор қаласына қарай шегінді.
Бизановтың кейін қайтқанын естіген Лебедев пен Ахмет енді амалсыз Тобылға беттеді.
Кенесарының күткені де осы кез еді. Ол аз уақыт аялдап, сарбаздарын сəл тынықтырып
алды да, қайтадан атқа қонды. Үш жүз елу жігітті өзі басқарып келіп, алғашқы қар түскен
қарасуықта, Үй өзенінің бойындағы қыстауына келіп орналасқан қорғансыз қалған сұлтан-
правитель Арыстанның аулын шапты. Кенесарының бұл шабуылы да сондай күтпеген
жерден болды, Арыстан аулының адамдары Орынбор шекарасындағы əскерлерге хабар
беруге де үлгіре алмай қалды. Кенесары Арыстанның үш жарым мың жылқысын, үш жарым
мың түйесін, жеті мың қойын, мыңға жуық қара малын тал түсте айдап əкетті.
Арыстанға тек үш күннен кейін ғана бес жүз солдат көмек келді. Жанталасқан сұлтан-
правитель Кенесары қолын Ор өзеніне дейін қуып барды да, ештеңе шықпайтынына көзі
жетіп кейін қайтты.
Сөйтіп полковник Бизанов басқарған Орынбор əскери губернаторының бір мың сегіз жүз
қырық үшінші яғни Қоян жылғы аттанысы нəтижесіз бітті. Сондай-ақ осы жыл Батыс Сібір
генерал-губернаторы бұйрығы бойынша Омбы, Қарқаралы, Қызылжардан шыққан
жасақтарға Кенесары батырлары бетпе-бет айқасқа келмей, қаша ұрысып, əбден
қалжыратып кейін шегінуге мəжбүр етті. Тек Иман батыр мен Жанайдар бастаған топ
есауыл Лебедевтің əскерімен ашық майданда кездесті. Бұл айқас Терісаққан өзенінің
төменгі сағасында өтті. Бұрын Кенесарыда тұтқын болған, Қарқаралыдан шыққан əскердің
бастығы есауыл Лебедев өте қорлануда еді. Кек алатын күн болар ма деп іші мыс қазандай
қайнауда болатын. Ол Қарқаралыдан Қараөткел келіп, одан жүз сексен шақырым Атбасарға
үстірт жүріп отырып, екі-ақ күнде жеткен. Атбасар қаласынан бастап Ұлытауға дейін бірде-
бір орыс поселкесі жоқ, мидай жазық көк шал-
ғынды кең далаАлашахан тұсынан-ақ қазақтың ата қонысы. Бұл араның дені Арғын,
Қыпшақ азын-аулақ Найман бар... Көпшілігі Кенесары жағына шыққан. Тек Сандыбайдың
Ерденіне жататын Найман руынан Жырық ауылдары мен Арғынаты, Қарақойын қашырлы
төңірегіндегі Кішкентайдың Аққошқарына бағынатын Орта жүздің біраз аулы ғана көтеріліске
қосылмай қарсы əрекет істеуде еді. Бай жəне белді рулар болғандықтан Кенесары да
бұларға бəлендей қаһар төге қоймайтын. Тек ыңғайлы кезін күтіп іштен тына жүре беретін.
Осы екі шонжарға иек тіреген Лебедев Атбасардан өтісімен-ақ Кенесарыға тілектес
ауылдарға қасқырдай тиді. «Мынау Кенесары жағында» деген адамдарын тал түсте жұрт
көзінше атып, түнде қазақтың сұлу қыз-келіншектерін қорлауға шықты. Соны естіген қызу
қанды Иман мен Алтай руының батыры Орынбайдың Жанайдары есауыл Лебедевпен
кездескенше асықты.
Ақырында Арғынаты етегімен терістікке қарай құлаған ИманЖанайдар тобы,
Атбасардан күнгейді беттей келе жатқан есауыл Лебедевпен Терісаққан өзенінің төменгі
сағасында бетпе-бет кездесті. ИманЖанайдар қарамағында сойылды-найзалы мың жігіт
болса, Лебедевте бес жүзге таяу əскер бар, бірақ олардың бəрінде аузында ажал ойнаған,
қорғасын оқты мылтық, мойындарында жүзінен қан тамған көк қылыш.
Егер Лебедев жасағы аттарынан түсіп, ыңғайлы жерге орналасып соғыс ашса, Иман мен
Жанайдар дым да істей алмас еді. Бірақ бұлар есауылды онда жағдайға жеткізген жоқ. Күн
батып бара жатқан шақта қалың талды сайда аңдып жатып, Лебедевтің барлаушыларын
алға қарай өткізіп жіберді де, қыр астынан шоғырланып шыға келген солдаттарға бір
бүйірден лап қойды. Лебедев əскерлері иықтарындағы мылтықтарын алғанша бытырай
шауып бұлар да жетіп үлгерді. Алдарында есік пен төрдей қара қасқа айғыр мінген, қисық
бұқар қылышын басынан аса үйірген Иман батыр... Заматта сапқа тұрып үлгерген
солдаттар мен қиқу сала жеткен қазақ жігіттері қоян-қолтық келіп қалды. Шақыр-шұқыр
қағысқан қылыш, пəрменінше сілтеген сойыл, шоқпар. Көксүңгі ұшы адам кеудесіне қарыс
кірген найза... Ат жалын құша құлаған қыршын жігіттер... Кəрі əке-шешенің жалғызы, қашан
454
қайтады деп майданға телміре көзін тіккен аяулы жардың сүйгені, еңбектеген жас баланың
əкесі, ардагер жанның інісі, ақкөңіл жастың ағасы.
Бұл қан төгіс жарты сағатқа созылды. Əйтсе де көздеп атқан мылтық, кезенген тапанша,
шүйірілген болат қылыш шыдатпады, ИманЖанайдар сарбаздары аздан соң «Кейін
деген Иманның күшті даусымен қатар біртіндеп шегінді. Шабуылда тым-тырақай шауып
келгенмен, шегінерінде топтарын жазбай, қоюланып келе жатқан түнді жамылып бірден жоқ
болды. Бұларды қууға Лебедев солдаттары да жүрексінді. Қуаты жетпеді. Үй төбесі құлап
түскендей, жоқ жерден пайда болған пəледен құтылғандарына қуанды. Екі жақтан да қаза
тапқан адам аз емес. Екі қол екі төбенің басына орналасып, уəкілдер жіберіп, майданда
қалған өліктерін алуға уəделесті. Түнімен əрқайсысы əр төбенің басына адамдарын
көмумен болды. Бүгінгі соғыстағыдай емес, қанша қастасса да о кезде мұндай уəделесу, əлі
де адамгершілік борышты ұмытпау тəрізді дəстүрлер мықты сақталатын. Қаралы жасақтар
түні бойы қаза тапқан жолдастарының алдарында өздерінің соңғы борышын атқарды да,
таң атысымен қайтадан жауласуға кірісті. Иман батыр енді Кенесарының жақсы көретін əдісі
қаша соғысу тəсілін пайдаланып Лебедевтің жасағын бір ай бойы Арғынаты
жоталарының арасымен соңынан ертті де жүрді. Ақырында үш жүздей ғана солдаты қалған
есауыл, күндіз-түнгі ат үстінде селкілдеуге шыдай алмай азып-тозып, күздің қалың жаңбыры
басталған кезде Қарқаралы бекінісіне қарай бұрылды. Иман батыр да Кенесары ордасы
бекінген Мұғажар тауына беттеді. Орта жолға таяғанда бұларға екі жүз адаммен Жанайдар
батыр келіп қосылды. Жанайдар батыр Лебедев жасағымен тағы бір айқасқан түні,
Кенесарының бұйрығы келген. Сол бұйрық бойынша ол қасына екі жүз сарбаз алып, жұрт бұ
жақта қырылысып жатқанда, Қоңырқұлжа аулын шаппақ болып Ақмолаға қарай аттанған.
Оның бұлай тығыз аттануына Қоңырқұлжа тоқалының аулымен Атбасар шекарасына көшіп
келіпті деген хабар себеп болған. Орынбай бидің жал-
ғыз баласы Жанайдар да Қоңырқұлжаға көптен бері өш. Аға сұлтан Қоңыр-
құлжа оның жаз жайлауыЕсілдің сағасындағы «Керегетас» деген жерді өзінің туысы
Жақыбайдың баласы Ыбырай сұлтанға алып берген. Соңынан Құсмұрын өкірігі жойылып,
бір мың сегіз жүз қырық бірінші, яғни Сиыр жылы Атбасар өкірігі ұйымдасқанда осы приказға
Ыбырайды аға сұлтан етіп сайлауға да мейлінше ат салысқан. Осындай өшпенділікпен
Қоңырқұлжадан кек алуға тісін қайрап жүрген Жанайдарға Кенесары бұйрығы майдай
жақты. Екі жақ бірдей қан төгістен кейін у-шу боп жатқанда, Алтай руының екі жүз жігітін
ертіп, Жанайдар Атбасарға қарай бір-ақ тартты. Жұрт айтқаны рас екен, тоқал аулы
Атбасардың күншығыс жағындағы Бидайықты деген жерде отыр екен. Кенесары жасағы
Торғай бойында патшаның қалың əскерімен соғысып жүр деп естіген ауыл, қаннен-қаперсіз
еді. Үш күннің ішінде Жанайдар батырдың бұл араға келе қалатынын қайдан білсін,
салынып бітуге айналған Қараөткел бекінісінің қасындағы қыстауына көшкелі дайындалып
жатқан-ды. Жанайдар жалақтаған екі жүз жігітімен ауылды тал түсте шапты. Əттең не керек,
Қоңырқұлжа бұл жолы да қолға түспеді. Ол кеше ғана Ақмолаға жүріп кеткен болатын.
Қоңырқұлжаның күзетке тастаған солдаттары бұларға тек бес-алты рет оқ атуға ғана
жарады. Сол оқтың бірі Жанайдардың балтырына тиді. Енді ол жараланған қасқырдай
ауылды аямады. Тек кісі өлтірген жоқ, одан бөтеннің бəрін істеді. Ақырында Қоңырқұлжаның
жас тоқалы Зейнепті бас етіп, ауылдың бар мал-мүлкі мен отыз қыз келіншегін олжа етіп
кейін қайтты. Осы олжалы көш еді Иман батырдың жасағына келіп қосылған.
Сұлтан-правитель Арыстан аулын шапқаннан кейін Кенесары Мұғажар тауына бекінген.
Жорықтан олжалы оралған батырларын ол масайрай қарсы алды. Жасақты бастап келе
жатқан Иман аттан түскенде, қазақтың ескі дəстүріменен құшақтарымен құшақтарын
айқастырып, төстеріне төс тигізіп амандасқан.
Сау қайттың ба, Айеке? — деді Кенесары. Сөйтті де жан-жағына қарап, — Жанайдар
сұңқар көрінбейді ғой... Қаралы хабар бермеген секілді едің... — деп қобалжи күмілжіді.
Кенесары ақырғы үш жылдың ішінде, отыз тоғызыншы, яғни Доңыз жылы Омбы мен
Орынборға бағынатын қазақ ауылдарының шекарасы етіп Телікөлге дейін қызыл діңгектер
қағылған Қарынсолды, Торғай өзендерінің бас жағындағы бірнеше Сібір бекіністерін шапқан.
Соның ішінде «Көкала жар» бекінісіне де тиген. Бірақ бұл бекіністі ереуілшілер көпке дейін
ала алмаған. Осындай қиын кезеңде Иман батыр азғантай жігітпен бір қараңғы түнде
бекіністің түкпір жағынан «Көкала жарға» кірген. Осы бір ерлігіне риза болған Кенесары
Иманды содан кейін «Аяу батыр» — «Аякең» деп атап кеткен. Кене хан қазір де Иманды сол
əдетіменен еркелете атап тұр.
455
Иман батыр келе жатқан көштің соңын көрсетіп:
Жанайдар батырың да сау, тек балтырынан оқ тиіп, ат үстінде жүре алмаған соң,
арбаға салып əкеле жатыр едім, — деді.
Кенесары хандығына қарамастан жүгіре басып Жанайдар жатқан арбаның жанына
барды.
Сұңқарым, қалайсың? — деді арба үстіндегі Жанайдардың бетіне үңіле.
Бірақ жауап қайтпады. Жанайдар бұл кезде ессіз еді. Күптей боп ісіп кеткен аяғының
зардабы жүрегіне шауып, өлім халінде жатқан. Батырының мұндай күйін көрген Кенесары
қасына келген Наурызбайға:
Олжаны əбілғазы мен Таймас жұртқа бөліп берсін, — деді де Жанайдарды тезірек
өзінің ордасына əкелуді бұйырды.
Сабырлы, сөзге шешен, ақылды Жанайдарды Кенесары ерекше жақсы көретін. Өлім
аузында жатқан батырын ажалдан қалай құтқарам деп түні бойы шақыртпаған бақсы-
балгері қалмады. Үшкіру, ұшықтау, ісіктен қан жіберу секілді қазақтардың жайшылықта
қолданатын емдерінің бірде-бірі қалған жоқ. Бірақ Жанайдардың халі нашарлай берді. Енді
батырын құтқара алмайтынына көзі жеткендей болған Кенесары қалың қабағы түксиіп
қайғыға енді. Ол қайғырса, не ашуланса адам баласына тіл қатпайтын, төмен қарап
тұнжырай отырып алатын. Сұлтанның мұндай халін көрген бір кəрі кемпір:
Кенежан, Жанайдар батырды «ақ жол» емімен емдеп көрсек қайтеді? — деді.
Бөтен амал қалмағанын білген Кенесары əлденеге күдіктенсе де:
Сөйтсек, сөйтіп көрелік, — деді.
«Ақ жол» емі төре тұқымының əйел жыныстысын бозбалашылықтан, ерлері-
нің көзіне шөп салушылықтан сақтау үшін Абылайдың өзі шығарған ем болатын. Бұл ем
бойынша сұлтан тұқымынан шыққан əйел жаралы адамның үстінен аттап өтеді. Егер əйел
ерінің көзіне шөп салмаған адал жан болса, жаралы жазылады. Ал əйел ақ жолды дұрыс
ұстамаған күнəкар болса, жаралы үстінен əйел аттаған мезгілге жетпей өледі. Бұл «ақ жол»
емі жаралы адамнан гөрі, төре тұқымынан шыққан қатындарға үлкен сын. Əйелдері заты
еркек жанды болып келетіндіктен сұлтандар бұл емді жұрт көзінше өздерінің қадірін
төккілері келмей, көп қолданбайтын. Кенесары көңілі күдіктенсе де, қайғы үстінде «сөйтсек
сөйтейік» деп қалған.
Ханның əмірі бойынша төре тұқымының біраз əйелі ордаға шақырылды. Бастығы Бопай
болып келді. Кəрі кемпір «ақ жол» емінің негізгі шарттарын айтып, күнəм жоқ деген əйелдің
Жанайдардың үстінен аттап өтуін сұрады. «Егер күнəң болса аттаған кезіңе жетпей
Жанайдар өледі», — деген сөзден қорыққан төре тұқымынан шыққан күнəлі əйелдердің
бірде-бірі «батыр өліп кетіп, мас-қарамыз шықса, Кене ханның кəріне ілінерміз» деп
Жанайдардың үстінен аттауға бата алмады. Орындарынан қозғалмай тұрып алды.
Кенесарының түксиген қабағы бұрынғысынан да қатты түксие түсті. Үй ішінде отырған
сұлтандарда жұртқа қарар бет жоқ. Бастарын төмен тұқыртып құр жер шұқи берді...
əттең Күнімжан келіннің жоғын-ай, — деді есік жақта отырған бір кəрі қатын.
Кенесары ауыр күрсінді. «Иə, Күнімжан болса... Ол сөзсіз аттар еді. Жоқ, кім білсін, екі
жылдан асып барады ғой жат жерде жүргеніне...» Қатыгез, тас жүрек Кенесарының жүрегі
кенет өртеніп кетті. Ол басын көтеріп алды. Орданың есік жағында тұрған жеңге,
келіндерінің бетіне тесіле қарады. «Жоқ, бұлар күнəсіз болуы мүмкін емес... Анау оймақ
ауыз дүниеде бір-ақ адамды сүю үшін ғана жаралмаған. Кəрі қақпастың «Ақ жолына» бекер
көнген екенмін. Ешқайсы шықпаса, Абылай атамның ұрпағын мына сайқалдар масқара
етеді-ау! Қалың қолға қарсы шапқанда мұндай қысылмаушы едім. Өлген жерім осы болды-
ау
Кенесарының ойын кенет күміс қоңыраудай сыңғырлай шыққан дауыс бөліп жіберді.
Рұқсат етсеңіздер, аға аяғын мен аттайын. — Бұны айтқан Ақбөкен еді. Кенесары
басын көтеріп алды. Ақбөкеннің сұлу жүзіне тесіле қарады. «Наурызбай білмей алмаған
екен. Бір адалдық шықса осыдан шығар». Бірақ Кенесарының қуанған көңілін қара кемпір
тез суытты.
Келін шырағым, саған болмайды, — деді ол жемтікті шоқып тұрып жан-жағына
қараған кəрі қарғадай басын шайқап, — сен төре келіні болғанмен, төре тұқымынан емессің!
Кенесары қара кемпірге түйіле қарады да қойды, «Абылай бабасы осылай шарт қойса,
Кенесары не істесін? Расымен-ақ ешкім шықпағаны ма
Бопай, өзің аттап көрсең қайтеді? — деді əлдекім есік жақтан міңгірлеп сөйлеп.
456
Бопай жұлып алғандай:
Былшылдамай жайыңа тұр, — деді, — күндіз-түні ат үстінде жүріп қалжырап, кейде
қатты ұйықтап қаласың... Ер жүрек біреу ойындағысын істеп кетіп, оң қолдай батырдың
ажалына себепкер болсам, жұртқа қай бетіммен қараймын?
Кенесарының басы енді тіпті салбырай түсті. «Бопай мен Жанайдар батырдың көңілдері
жақын» деген бір сыбысты əлдеқалай Күнімжаннан естіген. Ол кезде қатынының сөзіне мəн
бермей «қойшы, қайдағы жоқты айтпай» дей сал-
ған. «Сол сыбыс рас болды-ау деді ол ішінен. Əйтсе де Кенесары қарындасы Бопайға
риза. «Абылайдың ұрпағы емес пе, күнəсі бар екенін жұртқа аңғартпай сылтау тауып
құтылып кетті».
Артынан халық арасында:
«Жанайдар артық туды жатырынан,
Оқ тиді Жанайдардың балтырынан,
Бір айла өлмес жанға бола ма деп,
Аттайтын қатын іздеді ата ұлынан.
Аттайтын бір де қатын табылмады,
Төрелер түңіліп тұр қатынынан!» —
деп өлеңге айналған бұл оқиға Кенесарыны жаман ашулантты. «Мұндай қатындардан туған
ұл қайдан батыр болады? Кімді көтереді? Расымен төре тұқымы бақа-шаянға айналғалы
бара ма? Расыменен Абылай атамның түсі шын бол-
ғалы тұр ма? Бүкіл қазақ түгіл, өз ұрпағымды жөндеп түлете алмайды екенмін, қалай Үш
жүзге хан болмақпын
Кенесарының ойын тағы бір дауыс бөліп жіберді.
Кешегі алып келген тұтқын əйелдердің ішінде төре тұқымдас ешкім жоқ па екен?
Бар. Неге болмасын.
Жасауыл Зейнепті бас етіп екі-үш жас келіншектерді алып келді. Қара кемпір бұларды
неге шақырғанын айтты.
Мен аттайын, — деді Зейнеп ойланбастан, — əкем де, байым да төре тұқымы.
Қоңырқұлжаның жас тоқалының бозбалашылық қылығы жайынан біраз жұрт хабардар
еді. Бірақ көздерімен көріп, қолдарымен ұстамағаннан кейін «ел не айтпайды, мүмкін өсек
шығар», — деп үндемеді. Ал Зейнеп болса қара кемпірдің сөзін ойыншық көрді. «Күнəлі
қатын үстінен аттағанға батыр өлсеөле берсін. Мықтағаны Кенесары бір жайсаңының
ажал тапқаны ма, өз обалы өзіне, тыныш жатқан елді шауып несі бар... Ал алда-жалда...
Құдай менің артымды бағып жүр дейсің бе, сезбей, көрмей қалып, мына саңдағы жазылып
кетсе, жұрт қызықты сонда көрсін. Менің адал емес екенім алты алашқа аян, жұрт мақтаған
Абылай атамның да айлакер қатыннан ақылы аса алмағанын бүкіл халық білсін».
Дағдарған жұрт «аттасын, аттасын» деп Кенесарыға қарады. Хан мақұлдап басын изеді.
Бүйректей бұлтыңдаған Зейнеп, бүкіл қазақ дірілдеген Кенесарыдан қымсынбастан
шытырма көйлегінің етегін екі қолымен жоғары көтерді де, ақ жібек ыстанының кестелі
балағын көрсете, кешеден бері алғашқы рет өлімсірей көзін ашқан Жанайдардың үстінен
«ə, құдайдеп ойнақши күліп аттай берді...
Ал Жанайдардың əлгі көз ашуы есінің кіре бастағаны еді. Үш күннен бері ісікпен алысқан
алып дене, бір балгердің шөптен істеген шипалы дəрісінің арқасында кеселді жеңе
бастаған.
Осы сəт Зейнептің өжет қылығына дəл келді. Жанайдар ісігі қайтып, ертеңіне тіл қатуға
жарап қалды.
Бұны көрген Кенесары батырының сау қалғанына қанша қуанса, қарашылар көзінше
төре тұқымының абыройының сақталып қалғанына сонша қуанды. Зейнепке əбден риза боп
қалған сұлтан қас жауының тоқалы демей, бостандық бермек оймен, ертеңіне оны
Ордасына алдыртты. Үйде Таймас пен əбілғазыдан бөтен Ағыбай, Бұқарбай, Жеке батыр,
Иман бар еді.
Қоңырқұлжа қанды кекті жауымыз болса да əйеліне зəбір еткіміз келмеді, — деді
Кенесары бостандықты Зейнеп өзі сұрасын деген ниетпен, — қандай тілегің бар, айт,
береміз.
Хан болсын, қара болсын, еркек адамға тек еркектік жағынан ғана қарайтын Зейнеп,
Кенесарыдан хан екен деп қаймықпады, оған жайраңдай қарап:
Шын айтасың ба? — деді.
Шыным. Хан екі айтпайды.
457
Онда... Хан қайным, жалғыз ғана тілегім бар, — деді екі беті балбырап, қап-қара бота
көзі күлімдеп, — мені Қараүлектен айырмаңыз.
Түсінбей қалған Кенесары:
Не дейсің? — деді.
Мені Қараүлекке қосыңыз деймін.
Қай Қараүлек?
Өзіңіздің құлыңыз.
Таймас пен əбілғазы кеше Иман батыр мен Жанайдар Қоңырқұлжадан алып келген
олжа мал-мүлікті жұртқа бірдей етіп үлестіріп берген. Ал тұтқын қыз-келіншектерді екі үйге
бөліп, «бұларды кімге беруді ертең шешеміз» деп, бір үйді Батырмұрат жігіттеріне, екінші
үйді Қараүлекке күзеттіріп қойған. Қара-
үлекке күзеттірген үйдегі Зейнеп, ел жатқан кезде «сыртқа шығар» деп күзеттегі құлдың
мазасын алған. Мылқау Қараүлек «шаруасын бағана неге бітірмеді екен» деп ашуланса да,
піскен бауырсақтай томпиған жас тоқалдың көңілін қимай, сайға алып барған. Шаруасын
бітіріп болғаннан кейін Зейнеп, күздің суық түніне қарамай, үстіндегі мақпал шапанын жерге
тастап, артында жар жағасында тұрған құлды адамға санамай ыстанын аяғының ұшына
дейін түсіріп, жылып аққан бұлақтың мөлдір суына о жер, бұ жерін жуа бастаған.
Айлы түн, қарасанына дейін аппақ боп ашылған жас тоқалдың бөксе жағы... Қырыққа
келгенше əйел көрмей, алып денесі құрысып мазасын алған Қара-
үлек əзер шыдап тұр. Еркектің мінез-құлқына əбден əккі болған жас тоқал оның халіне
түсініп өзіне шақырып: «əй, құл, бері кел, мына кебісімді аяғыма кигіз» деген. Қараүлек көзі
қарауыта демін ентіге алып, əзер таяған. Ар жағында оны сезім жеңген. Талмаусырап кетіп,
тек бие сауымындай кезде көзін əзер ашқан Зейнеп, дел-сал боп ұялап қалған денесін
мақпал шапанының үстінен көтере алмай тағы біраз жатқан. Талай еркекті көрген Зейнеп
Қара-
үлекке аса риза болды. Бірақ бұдан əрі қуанышқа шыдай алмайтынын сезіп, аяқ жағында
үн-түнсіз тізерлеп отырған Қараүлектің бұқадай жуан мойнынан құшақтап өзіне тартты.
Содан кейін қолаңса сасыған бетін бетіне таяп: «мені үйге апарып таста» деді сыбырлай
сөйлеп. Көн боп қатып қалған денесін қорғасындай балқытқан жас тоқалды Қараүлек жас
қозыдай бауырына қыса құшақтап қараша үйдегі бөстекке апарып жатқызған.
Зейнептің нені тілеп тұрғанын жаңа ғана түсінген Кенесары ызадан қара күреңденіп
кетті, бірақ тіс жарып, тіл қатпай төмен қарай берді. Кеше ғана төре тұқымының абыройын
сақтап қалған Қоңырқұлжа тоқалына енді жеркене қарады. Төре тұқымынан шыққан əйелдің
тіпті, қарашы емес, төлеңгіт емес, есікте жүрген құлға шығамын деуінен артық масқара бар
ма! Хан Кененің ақсүйектік намысы жүрегін оттай өртеп, іштей апыр-топыр болды да қалды.
Бірақ ханның ашулы жағдайын Зейнеп түсінсе де айтқанынан қайтпады.
Хан екі сөйлемес болар, — деді Зейнеп енді екі көзі жалын атып, — мені Қараүлекке
байға берсең, Қоңырқұлжадан да өшіңді қайтарасың, есігіңде жүрген құлыңның да сауабын
аласың, айтқан уəдеңді де орындайсың.
Кенесары қанша намыстанғанмен, ашуын ақылға жеңдірді.
Болсын, — деді кенет басын жерден көтеріп.
Бұл шешімге біреу намыстанды, біреу масайрады. Сұлтандар тұқымы іштей ызаланса,
Кенесарының соңынан ерген қарашы, төлеңгіт, малы мен мүлкін баққан құлдар тек Кене хан
ғана бізді адамға санайды деп əлдеқандай болды. Енді оған мүлдем беріле түсті. Сол риза
болғандардың ішінде Зейнептің өзі де бар еді, бірақ ол əйелдік құмарын тарқатқан
Қараүлегінің Кенесарыға қанша берілген жан екенін білмейтін. Жəне бүгін өзінің өтінішін
орындаған хан Кененің бұның өшін қалай қайтаратынын ойламады. Ол Қараүлекті
жанындай жақсы көріп кетті.
Жақсылыққа жақсылық деген ниетпен Зейнеп Ожардың жіберуімен аулына келіп жүретін
тыңшы Сəмен мен оның екі серігі Жақып, Сақыпты ұстап берді. Кенесары бұл үшеуін бірден
дарға асып өлтіртті.
Бірақ Зейнептің қуанышы ұзаққа бармады. Екі ай өткеннен кейін ол күні бойы əлденеге
жылап жүрген Қараүлектің құшағында жатып «жастықтан тұншығып» өлді. Қыс бойы бұдан
басқа бəлендей айта қаларлық оқиға болған жоқ. Кенесары жазғы айқасқа дайындалумен
күндерін өткізді. Қолындағы жігіттерін жылдағыдай таратпай «
ақ қала» салып, шатыр тігіп,
күндіз-түні əскери ойынмен шынықтырды. Қарамағындағы елдің жауға қарсы тұра алар жас
жігіттерінің бəрін шапа-бұйрық беріп сарбаздар қатарына шақырды. Осыншама əскерді
458
ұстап тұру қиын болғандықтан, Кенесары өзіне бағынбайтын, бірақ іргелес отырған басқа
руларға да салық салып, зекет, үшір жинады. Ханның бұл ісі біреуге ұнады, біреуге
ұнамады, бірақ Кенесарының қаһарынан қорыққан жұрт оның əмірін бұлжытпай орындады.
Сөйтіп жүргенде бір мың сегіз жүз қырық төртінші, яғни Тышқан жылының жазы шықты.
Қарамағында жиырма мың əскері бар Кенесары енді соғысқа дайындала бастады.
Кең даласында соққан желдей қыдырған Кенесарыны жеке жасақ шығарып құрта
алмайтынына көзі жеткен патша үкіметі енді ереуілшілерді Торғай, Ырғыз өзендері бойында
үш қол жіберіп, үш жағынан бірдей қоршап құртпақ болды.
Кенесары Ұлытау, Арғынаты жағынан келіп бекіністеріне шабуыл жасап үнемі мазасын
ала берген соң, Горчаков өткен жылдың ортасында, Россия империясының канцлері
Нессельродеге қағаз жіберген. Ол қағазында Ұлытау мен Арғынатыны басып алып, сол
араға казак-орыстарды орналастырып, екінші Сібір полкынан арнаулы жасақ ұстауды
өтінген. Канцлер генерал-губернатордың ұсынысын қабылдаған. Бірақ қайнаған қазандай
бұрқыраған ереуілді қазақ жерінің тең орталығы Ұлытауға келіп орналасуға казак-орыстар
көнбеген. Əйтсе де жаңа салына бастаған Ұлытау станицасына патша үкіметінің бұйрығы
бойынша жеребемен үй-ішімен елуге тарта казак-орыс жəне бір рота солдат əкелінген.
Патша үкіметі жаз Торғай бойына жайлауға шығатын Кенесары ауылдарына осы Ұлытау
мен Ор қаласынан жəне Тобыл өзені бойынан үш қол шығарып, ереуілшілерді үш бүйірінен
қысып біржолата құртпақ болды. Бұдан басқа Орынбор əскери губернаторы сұлтан-
правитель Жантөренің Ахметіне сенімді қазақ жігіттерінен арнаулы əскер жинауға бұйырған.
Бұл əскерге өз еркімен кірген қазақ жауынгерлері егер майданда қаза болса оның үй ішіне
патша үкіметі тарапынан пенсия беріледі деп жариялаған. Əскер жиналып болғаннан кейін
Тобыл өзенінің жоғарғы жағында жарлық күтіп, тастай түйініп дайын тұруға тиісті делінген.
Күні бұрын құрылған жоспар бойынша войсковой старшина Лебедев бас-
қарған бес жүз солдат мамырдың бесі күні Ор қаласынан шығып, Камышовка бекінісіне
беттеуге тиісті. Одан кейін Ырғыз өзенінің төменгі сағасымен жүріп отырып, мамырдың
жиырмасында Кенесары ауылдарының жайлауы Торғай өзенінің жағасына жетуі керек. Ал
Тобыл бойына жиналған Ахмет сұлтанның жасағы Қабырға, Үлкенаяқ өзендерінің бойымен
түсіп, Тайпақ өткелінен өтіп, мамырдың осы жиырмасы күні войсковой старшина Лебедевтің
əскеріне қосылуға міндетті еді.
Батыс Сібір губернаторы жағынан да екі жасақ құрылды. Біріесауыл Лебедев
басқарған екі зеңбірегі бар екі жүз елу жауынгер. Екіншісісотник Фалилеев басқарған бір
зеңбіректі жүз елу солдат.
Есауыл Лебедев басқарған жасақ мамырдың бірінен қалмай Ұлытау жағынан шығып,
Кенесары ауылдарын бері қарай қуып Торғай бойында Орынбор жасақтарымен ұштасуға
тиісті. Ал Фалилеевтің жасағы Сарысу жағасында шеп ұстап, Кенесары əскері Орта Азия
хандарының жеріне, немесе Ұлы жүзге қарай шегінер болса жолды бөгеп əрі қарай
өткізбеулері керек. Өстіп Кенесары əскерін енді кең далада еркін қимылдауына мұрша
бермей жан-жағынан қоршап, патша генералдары Торғай тұсында тұншықтырмақ болды.
Бұл ойлары туралы князь Горчаков: «Егер Кенесары, Торғай, Үлкенаяқ, Телғара өзендерінің
бойындағы бекіністің ортасына түсер болса, екі жақтағы қамалдардан бір мезгілде соққы
беріп, қолдан келер шараның бəрін қолданып, бірден құртып жіберу керек», — деп жазды.
Осы əскерлердің бəрінің біріге қимылдауын басқару генерал-майор Жемчужниковке
тапсырылды. Ол өзінің штабымен мамыр айының басында жаңа салына бастаған Ұлытау
форпостысына келді. Войсковой старшина Лебедев бас-
қарған Орынбор жасағы мамырдың бесі күні Ор қаласынан шықты. Қияпат қиындықпен,
қалың жауынға қарамай, Ақкөл мен Жыланшық өзенінен өтіп, Ырғызға қарай беттеді.
Лебедев жасағына қосылмақ боп дəл осы кезде көп жауынгермен Ырғыз өзенінің жоғарғы
жағынан Ахмет сұлтан да қозғалды.
Кенесары ордасы бұл кезде Ырғыз өзенінің оң жақ беткейін жайлап отырған. Жау əскері
өткен жерлердегі өзінің қара құлақ тыңшылары арқылы ол Лебедев пен Ахметтің бет-
бағдарын күні бұрын біліп алды. Егер Орынбор мен Батыс Сібір жасақтары Торғай өңірінде
ұшырасар болса, өзінің қақпанға түсетінін ұқты. «Кенесары кейін шегініп кетіпті» деген
жалған сыбыс таратып, Лебедев пен Ахметті алдады. Ал Ұлытаудағы Жемчужниковке
«Кенесары Ұлытауға келе жатыр екен» деген өтірік хабар жеткізді. Келе жатқан Кенесарыны
Ұлытауда қарсы алмақ боп Жемчужников есауыл Лебедевке Торғайға емес, Ұлытауға қарай
459
беттеуін бұйырды. Сөйтіп генерал-майор Жемчужниковтың айтуымен Лебедев дер кезінде
Торғайға жете алмай қалды.
Бірақ войсковой старшина Лебедев Төртқара руының билерінен Кенесары Ордасының
Ырғыз төңірегінде екенін естіді. Ол жауының алдауына түспей, Ырғызға қарай жүрді.
Мамырдың жиырмасы күні Ахмет сұлтанның жасағымен Талды өткелінің аузында кездесті.
Енді бұлар Кенесары Қарақұмға өтіп кетпесін деп күні-түні тоқтамай Торғайға жетті. Сөйтіп
Кенесарының Қарақұм мен Борсық құмына баратын жолын кесті. Бірақ Торғай маңында
Сібір жасағымен кездесе алмады. Ашуланған войсковой старшина Орынбор əскери
губернаторы Обручевке ат шаптырып: «Мамыр айының отызы шенінде менің Торғай
өзенінің жағасында болатыным Сібір бастықтарына белгілі еді. Ал қазір маған Сібір
жасағының Ұлытау мен Торғай арасында жоқ екені мəлім болды. Егер Кенесары Ұлытауға
қарай шегінсе, оны Сібір жасағы тоқтата алмайтыны анық», — деп хат жазды. Генерал-
майор өзінің алданғанын енді түсініп, Омбыдан онсыз да кеш шығып Арғынатыға жаңа
таяған есауыл Лебедевтің əскеріне тез Тор-
ғайға бұрылуын бұйырды. Сөйтіп Ұлытаудың күнгей жағына баратын жол бос қалды.
Кенесары осы жолмен кейін шегінді.
Жаздың бас кезі өте жауынды болды. Батпағы толарсақтан келетін қара топырақты
сарғылт балшықты жерлерменен ауыр зеңбіректерін сүйреп есауыл Лебедевтің жасағы
Торғайға əзер жетті. Бірақ войсковой старшина Лебедевтің əскері бұл арада болмай шықты.
Ал бұл жасақ Ұлытаудың күнгей жағына қарай көше жөнелген Кенесары ауылдарын қуа
түсті де, алдарында жау көшін тоқтататын Сібір əскері жоқ екенін біліп, Ор қаласына қайтуға
мəжбүр болған. Жолай, Кенесары адамдарының «Кенесары жағында екен» деген əдейі
тарат-
қан жалған сыбысқа сеніп, Лебедев ақ патшаға берілген Байқадам бидің аулын тонады.
Ахмет болса енді өзінің Ордасына қарай шегінді.
Войсковой старшина Лебедевтің Ұлытау жағынан келе жатқан генерал-майор
Жемчужниковтің қолымен кездеспей, Кенесарыны қуа түсіп, дым бітірмей, тек жолындағы
Байқадам бидің аулын шауып, Орға бос қайтқанын Орынбор əскери губернаторы да естіді.
Енді ол терісіне сыймай, қаһарлана ашуланды. Обручев Лебедевті Орынборға шақырып
алды да, қызметтен босатып, сотқа берді. Лебедевтің орнына Орынбордың үшінші казак-
орыс полкінің командирі полковник Дидиковскийді тағайындады.
Ал пар ат сүйреген жеңіл зеңбіректі, малына қаруланған сотник Фалилеевтің жасағы
құмайтты тақыр Сарысу бойына белгіленген кезінде жетті. Кенесары əскері шегіне қалса
құмға өтіп кетпесін деп бұлар шеп құрып осы арада жата берді. Мұны естіген Кенесары түбі,
Ұлы жүздің жеріне қарай беттейтін күн туса, кедергі болмасын деп, бес жүз сарбаз беріп
Фалилеевке қарсы Саржанның баласы Ержан мен Таймасты жіберді. Бұларға Фалилеевпен
зеңбірек оғы жетпейтін жерден арбасып, қаша соғысып жауды қалжырату бұйырылған.
Бостан-бос құмайт далада зерігіп жатқан Фалилеев солдаттары оңай олжаға бата
қалғысы келіп Таймас тобын көрісімен қуа жөнелді. Сарысу маңына келгелі тынығып қалған
солдаттар қоя ма, екі күндей Кенесары жігіттерін өкшелей, соңдарынан қалмай-ақ қойды.
Сарбаздар құмға беттесе, солдаттар да құмға беттейді. Адасып кетеміз деп қорықпайды,
өйткені Фалилеевте бұл араны жақсы білетін Шөмекей руынан жалдап алған жол көрсететін
он жігіт бар. Қос атты солдаттардан құтыла алмайтынын түсінді ме, əлде басқа ойы болды
ма Таймас пен Ержан кенет Балқаш көлінің бергі құмды жағасына қарай беттеді. Кенесары
əскерінің алыста екеніне қанық сотник Фалилеев «мына шағын топты тез құрта қояйын»
деген оймен ереуілшілерді жалықпай қуып берді. Бірақ Шөмекей жігіттері жолды қанша
жақсы білгенменен де Кенесары жігіттерінен көз жазып қалады. Өйткені жат жердің ой-
шұқыры көп, бұл ара өздерінің үйреншікті Сыр бойы мен Сарысу алқабы тəрізді көш жолы
емес, өгей өңір, өгей өлке.
Бұндай жағдайды сезген Фалилеев ат-жөні жоқ, бос қуа беруді тоқтатып, кейін шегінбек
боп тұрғанда, өздері қуып келе жатқан жасақтан он жігіт түнде қашып шығып бұларға
қосылды. Сотник жасағының көзі ашылды, жол көрсетушілер енді осы жігіттер болып алды.
Алдағы топтың қайда түнеп, қалай қарай жүретінін күні бұрын біліп отырады. Өздері де
Кенесарыға сондай өшіккен екен. Кешегі жолдастарын бүгін су түбіне жіберуге бар...
Бұрынғы он жігітті бір-бірден серік етіп алған осы қашқын он жігіт Фалилеевке өте ұнады.
Сұрас-
тыра келсе бұрын бұлар Кенесарыға қорыққанынан ерген екен, егер ақысын төлер болса,
460
орыс солдаттарын Мекеге дейін апаруға дайынбыз дейді. Фалилеев жасағы қай жерде келе
жатыр, қай жаққа бара жатыр бірін де білмейді, тек сенері осы жиырма жігіт. Осылай тағы
да бір жеті өтті. Əбден қалжыраған солдаттардың енді торсықтағы сулары таусылуға
айналды. Фалилеев: «Қой, жетер енді, суы бар жерге қарай бастаңдар» деген күні соңғы он
жігіт: «Таймас пен Ержан енді алға қарай жүре алмайды. Алдарында тек сусыз құм. Олар
ертең кейін қайтады. Бұл арада бөтен жүрер жолдары жоқ. Əбден қалжыраған жігіттерді
кəдімгі балшыққа қонған үйректей шетінен аспай-саспай атып аламыз. Тек бүгін осы арада
əбден тынығып алалық. Су керек болса алыс емес. Осы арада мына теріскей жақта он
шақырымдай жерде суы мөп-мөлдір тас құдық бар», — деп ақырғы сырларын ашты.
«əнеугіден бері босқа қуып жүрміз бе бұл қарақшыларды, егер су жақын болса ертең-ақ
барармыз», — деп шешкен Фалилеев жігіттердің ақылын дұрыс көрді. Торсықта қалған
суларымен шай қайнатып ішіп алып, аттарын тұсап тастап ертеңгі айқасқа құлшынып
кіріспек боп ұйқыға кетті. Бір-екі-ақ күзетші солдаттар қалды. Əбден жол соғып қалжыраған
күзетшілер «сендер аз дем алыңдар, біз күзете тұрайық» деген тың қазақ жігіттеріне сеніп,
сəл көз іліктірмек боп ерлерінің қасына жантайды.
Оңтүстіктің жазғы түні қандай қысқа, əбден қалжыраған солдаттар бірер сағат ұйықтап
түрегелсе, таң да бозарып атып келе жатыр екен. Көкжиек ала-бұртып көп кешікпей күн де
шығуға жақын... Керней ойналып, солдаттар орындарынан атып-атып тұрды. Бұлар
түрегелгенде ең алдымен көргендері қан-қан боп бауыздалып қалған Шөмекейдің он жігіті
болды. Кенесары жасағынан қашып келген сыпайлардың бірде-бірі жоқ. Фалилеев
қашқындардың бүгінге дейін қастарына Шөмекей жігіттерін неге серік етіп жүргендерін енді
түсінді. «əттегене-ай деп санын ұрды. Расында да бұл қашып келген он жігіт Таймас
жіберген тыңшы-барлаушылар еді. Олар əбден сенімге еніп алып, жауларына жол
көрсететін қастарында жатқан серіктерін осы түні бауыздап, өздерінің жасағына тартып
отырған.
Аздан кейін алабұртып жарқырап күн шықты. Күн көтеріле бастағаннан-ақ көкжиекте
сағым да ойнай жөнелді. Əрі-беріден соң күн көк аспанда шатынай қызарып жерге
жалындай күйіп тұрған нұрын төкті. Ұшы-қиыры жоқ қазақ даласында күннің қай жақтан
шығып, қай жаққа барып бататынын бірде-бір солдат айыра алар емес. Қай жаққа қараса да
ұшы-қиыры жоқ құлазыған ақ сортаң тақыр. Құс та ұшпайды, аң да жүгірмейді, тек жалпақ
даланы қоршап сағым ғана ойнайды. Кең даланың қай жерінде жатқандарын ажыратып
болмайды, не су жоқ, не көлеңке жоқ, тек көріктен аңызақ леп үргендей бір тамұқ. Су
табатын, жол білетін бірде-бір жан жоқ. Мұндайда ақтұмсық құмырсқаның үймелеген
жерінен құдық қазып, екі-үш кезден кейін мұздай мөлдір суға жететін, ошаған бүршігінің
қалай қарай жантаюынан терістік пен күнгейді айыратын қазақ жігіттері бауыздаулы жатыр...
Аңқаулығынан қайғылы халға душар болған Фалилеев жылап жіберді. «Алыс деп
аулыңа бармайсың бадеп қазақ айтқандай, ол үрпие шошынған солдаттарын ертіп басы
ауған жаққа жүре берді. Алты аласы, бес бересі жоқ, айдалада қойын бағып көшіп жүрген
қазақты қырамын деп келген сотник, енді өз жанын сауғалап тірі қалуды арман етті. Сотник
Фалилеевтің жасағы осылай қырылды. Тек жершіл қазақы ат мінген құр сүлдері қалған он
шақты солдат қана, бес-алты күн өткеннен кейін Балқаш көлін жағалай көшкен Ысты
руының аулына келіп жетті. Таймас пен Ержан тобы он күн жүріп арып-ашып Кенесары
əскеріне келіп қосылды.
Лебедевтің орнына тағайындалған Дидиковский жасағын өзінше басқармақ болды. Ол
бірден войсковой старшинаның қазақтың кең даласына ыңғайланып істелген азық-түлік
тиейтін арбасын жойып, жүкті түйеге артты. Сөйтіп ақырын жылжитын ауыр керуенмен
шілденің бас кезінде Торғай өзенінің бойындағы генерал-майор Жемчужниковтың əскеріне
қосылуды ойлай жолға шықты. Шөмекей руындағы бір тыңшысы арқылы Дидиковскийдің
бет алысын, оның дала соғысында Лебедевтен тəжірибесіз екенін біліп отырған Кенесары
бұл полкке қарсы тағы да жеңіл жасақ шығаруды ұйғарды. Ол жасақты басқаруды қайтадан
ұрысуға жарап қалған Наурызбай мен Ағыбайға тапсырды. Бұл жасақтың бар міндеті баяғы
бір сара жол, жау əскерін соңына түсіріп, бетпе-бет ұрысқа жеткізбей, тиіп қашып əбден
қалжырату. Ал өзі Иман, Жоламан, Байтабын, Жеке батыр, Құдайменді, Бұқарбай бастаған
461
ауыр қолмен кенет жауының күтпеген жағынан келіп қатты соққы беруге бел буды. Шілденің
сегізі кезінде Ырғыз маңында жүрген Кенесары, екі күн өтпей кенет Тобылдың жоғарғы
жағындағы Жантөре Ахметінің əскерінің дəл қарсысынан шыға келді. Ол шілденің
жиырмасынан жиырма біріне ауысатын түні Ахмет шебіне шабуыл жасады. Осыдан екі-ақ
күн бұрын Дидиковский полкімен шайқасып жатқан Кенесары əскерінің найзағайдай жарқ
етіп дəл бұлай өзіне лап беретінін күтпеген сұлтан-правитель қорғануға да үлгірмеді.
Кенесары бұл сұлтанға аса кекті еді. Алдыңғы жылы осы Ахмет Ор қаласында
балаларымен тұтқында отырған Күнімжанға барып, сұлулығына қызығып; «Кенесарыға
бəйбіше болсаң, енді маған тоқал бол», — деген. Оған Күнімжан: «Саған тоқал болғанша,
Кене төремнің шұлғауы болайын», — деп кішкентай болат кездігін көрсеткен. Бұл оқиға
Кенесарыға жеткен. Содан бері хан өте өшігулі еді. Оның үстіне Ахмет те əлсін-əлсін қол
жинап Кенесарыға қарсы шығуын қоймады. Ахметтен көп қиянат көрген Иман да оған тісін
қайрауда болатын. Сұлтан-правитель əскеріне күтпеген жерден тиген кілең тас жүрек
жігіттер ешкімді аямады. Бір түнде бар жасақты қырып салды десек шындыққа жатар еді.
Ахмет жасағындағы қырық төрт сұлтанды сол түні өлтірді. Жаз ортасында тайыздана
бастайтын Үлкенаяқ өзені сол түнгі төгілген қаннан қып-қызыл боп ақты. Дидиковский
полкінің бір бөлігі бұл кезде осы Тобыл мен Үлкенаяқ өзенінің тоғысар сағасында жатқан.
Ахмет сұлтанның жасағына жау тиіп, соққыға жығылған кей адамның ойбайлаған даусы
құлақтарына келіп жетсе де «өзімізді қай тұстан Кенесары шабар екен деп қорқып,
орындарынан қозғалмады.
Кенесары қолы сұлтан-правитель жасағын жайратып, таң ата кейін шегініп кетті. Бір
түнде Кенесары қолынан қырық төрт сұлтан қаза тапқан бұл айқас-
ты естігенде дос қуанып, қас күйінді. Болған оқиғаны жеткізген Дидиковский рапортына
Орынбор əскери губернаторы генерал Обручев: «Масқара, жантүршігерлік хабар, мұндай
оқиғаның болғанына сенгің келмейді», — деп бұрыштама жазды.
əйтсе де Ахмет сұлтанның əскерінің қалдығымен Дидиковскийдің полкі Тор-
ғайға жақын Алакөл деген көлдің жағасында Сібір генерал-майоры Жемчужниковпен
кездесті. Бірақ бұл кезде Кенесары өзінің бар аулын Талды мен Шет-Ырғыз өзендерінің
маңайынан Мұғажар тауының күнбатыс етегіне өткізіп жіберген-ді. Сөйтіп Жемчужников
басқарған Сібір мен Орынбор əскерінің қоршауынан Кенесары тағы құтылып кетті. Енді ол
құр құтылып қоймады, жауға өзі шабуыл жасауға кірісті. Тамыз айының басында Кенесары
қолы Орынбор шекарасындағы өзімен өш қазақ ауылдарының көк желкесінен шыға келді.
Бұ жолы жаздың басында Кенесары ауылдарын Ырғыздың оң жақ өңірінде көшіп жүргенін
Лебедев пен Ахмет сұлтанға айтқан Төртқара мен Жағалбайлы руларын шапты... Қанға
құныққан хан Кене бұл жолы да, досы мен қасын, биі мен қарашысын айырмай, заты
Төртқара, Жағалбайлы деп қолдарына түскен ауылдардың үстіне ат ойнатып, көптеген
адамды қанға батырды. Ор өзенінің бойында көшіп жүрген бір ғана Жағалбайлы руынан
жеті жүз жылқы, үш мың қой, екі жүздей қара мал айдап əкетті.
Кенесары осылай жау шебінің желкесінде жүріп, көп кешікпай Наследница, Атаман
станицаларын алды. Содан кейін ол Орынбор мен Троицкінің өзіне шабуыл жасаймын деп
қазақ ауылдарының бəрінің өзіне қосылуын талап етіп жар салды. Біреулер Кенесарының
күшіне сеніп, біреулер қорыққанынан оған қосыла бастады. Тамыздың орта кезінде ол кенет
Екатерина станицасына ат қойды. Күтпеген жерден болған шабуылға тіпті станица
солдаттары қарсыласа да алмай қалды. Кенесары станицаны өртеп, форштатын қиратып,
жиырма шақты мылтықты олжа етіп, тағы да қазақтың кең даласының қойнына еніп жоғалып
кетті.
Ереуілшілердің патша əскерінің көк желкесінен шығып шабуыл жасауы үкіметті таң
қалдырды. «Еш жеңілуді білмес тас жүрек батырдай, соңынан аңыз-ертегілер қалдырып
Кенесары тағы да ұстатпай кетті»1 , — деп жазды артынан тарихшылар.
«Қайткен күнде де Кенесарының ауылдарын қуып жетіп, құрту керек», — деп патша
үкіметі оған қарсы шығарған жасақтарына қанша бұйырғанмен, осы жасақтарды басқарушы
генерал-майор Жемчужников сұлтанның өзі түгіл, ауылдарының қайда көшіп жүргенін
білмейтін еді. Сібір мен Орынбор əскеріне енді Торғай өзенінің бойына Ырғызға қарай
1 С и м а г и н В. — Оренбургский листок. 26, 1889 год.
462
жүруге бұйрық берілді. Тамыз айының аяқ кезінде Жемчужников өзінің тыңшылары арқылы
Кенесары ауылдарының оңтүстіккеМұғажар тауына қарай көшкенін естіді. Көп əскермен
ереуіл-
шілердің соңынан қуып отырудың қиын екенін түсінген генерал-майор Мұғажар тауының
арасында ұрысуға жарайтын арнаулы шағын жасақ бөлуді дұрыс көрді. Ол мұндай жасақты
Орынборға жататын əскерден екі жүз сексен казак-орыс, Сібірге жататын əскерден жүз
жетпіс таңдаулы солдаттан құрды. Бұл жасаққа екі зеңбірек берілді. Войсковой старшина
Дидиковскийге өзге əскермен Кенесары тағы да арттарынан шығып шабуыл жасап жүрмесін
деп Шет-Ырғыз бойына барып бекінуді бұйырды.
Генерал-майор Жемчужниковтың өзі басқарған арнаулы жасақ тамыздың жиырма екісі
күні Мұғажар тауына келіп жетті. Бірақ Кенесары көшінің дені Ембі өзенінің жоғарғы жағына
өтіп кеткенін, ал қалған азын-аулақ ауылдардың Мұғажар тауының арасына мықтап бекініп
алғанын білді. Бұдан кейін генерал-майор енді Кенесарыны қуудың пайдасыз екенін түсініп,
əскерімен кейін қайтуға мəжбүр болды. Осы кезде күздің суық жаңбыры да сіркірей бастады.
Күз тоқсанның бас кезінде Сібір жасағы Ұлытауға, Орынбор жасағы Ор бекінісіне қарай
шегінді. Сөйтіп патша үкіметінің Кенесарыға қарсы бір мың сегіз жүз қырық төртінші, яғни,
қазақша Ұлу жылғы генерал-майор Жемчужников басқарған аттанысы да ешбір нəтижесіз
бітті.
Кенесарының да күткені осы кез еді. Патша жасақтары қазақ жерінен кетісіменен, ол
қанды шеңберін жан-жағына қайта сала бастады. Жоламан, Иман, Жеке батыр, Жанайдар,
Наурызбай, Ержан басқарған шағын жасақтар Орынбор, Батыс Сібір губернаторлығы мен
Кенесары билеп отырған жердің шекарасындағы патша бекіністеріне, казак-орыс
станицаларына жоқ жерден тиіп тыныштық бермеді. Ал Бұқарбай, Ағыбай, Құдайменді
басқарған жасақтар Қоқан хандығының шекарасына барып өзбек қыстақтарын тонаумен
болды.
Кенесары осы жылы қараша айында Жаппас руынан зекет, үшір жинап қайтыңдар, егер
қарсылық етсе аулын шабыңдар деп Байтабын мен Наурызбайды жіберді. Ондағы ойы бір
жағынан Байтабынды тағы бір сынау еді. Кенесарының қанқұйлылығынан түңіліп, əне
кетем, міне кетем деп толқып жүрген Байтабын бұ жолы бас тартпады. Ел болып бірігуге
қарсы қыр көрсетіп жүрген Жаппас аулына құлшына аттанды. Жаңғабыл би бұларды
құшағын жая қарсы алды. Түн келе Кенесары жігіттеріне арнап ойын-сауық құрып,
қойындарына қыз салды. Ал таң алдында өзі басқарып ұйқыда жатқан Наурызбай жігіттерін
тегіс бауыздады. Осы түнде Байтабын батыр да өлді, Николай Губин қолға түсті. Тек
жанында жатқан қыздың сырттағы шуды естіп «сені өлтіргелі келе жатыр» деген сөзінен сес
алып далаға жүгіріп шыққан Наурызбай Николай Губин əкелген Ақауыз жүйрігіне мініп
үлгірді. Соңынан қуған Жаппас жігіттерінің жетеуін жəне əлмембет бидің баласы Көкір
батырды найзамен қағып өлтіріп жалғыз өзі қашып құтылды. «Сұңқар өлген» төбесіндегі
оқиғадан кейін алты жыл қызығын көрген Байтабынның асқан ерлікпен, жалғыз өзі көп
жігітпен атысып сорға қамалып өлгенін естігенде Кенесары қандай батырынан айрыл-
ғанын бір-ақ білді. Батырларымды қалай қадірлейтінімді көрсін деген сұлтан өзі жер
бауырлай қайғырып, бар жұртқа үш күн қара жамылтып жоқтау айтқызды. Жетісін бергеннен
кейін Байтабын өлген жерге барып басына құлпытас орнатып, бұл араға «Байтабын
даңызы» деген ат қойды. Осы «жасауыл қыр-
ғын» деп аталатын уақиғадан кейін Кенесары желтоқсанның басында сарбаздарын өзі
басқарып келіп Жаппас руын шапты. Жазықты-жазықсызына қарамай Жаппас руының көп
аулын қанға бояды. Сан кедей алдындағы күн көрісінен айрылып, сан бейшара қан жылады.
Тек осы қырғынның бас күнəкары Жаң-
ғабыл ғана қоймасындағы көп қомының арасына тығылып аман қалды. Сонымен бір мың
сегіз жүз қырық төртінші, яғни Ұлу жылы, Кенесары жауын тағы тойтарды. Бірақ ол іштей
жаралы еді. Тағы да осындай ауыр бір жыл келсе, тынымсыз алысып, ат үстінде жүріп
қажыған жұрт енді төтеп бере алмайтынын Кенесары жақсы түсінген-ді. Сол себептен де
таяу қалған жауын сезіп, қайда қашарын білмей сасқан жаралы арлан қасқырдай қатты
қиналуда еді. Қас пен досты айыра алмай, соңғы кезде бойын мейлінше билеп кеткен
қатыгездік, қаныпезерлігі де осыдан шыққан-ды.
БҮЛІНШІЛІК ЭПИЛОГІ
463
Қазақ жерінде не көп мола көп. Ал мына біреулерді мола деуге де, құлпытас деуге де,
серете деуге де келеді. Қазақ көбіне мұндайды оба дейді. Бұл тастан қашап істеген мүсін.
Шомбалдай тас дененің көбі əйелге ұқсас. Кейбіреуінің алақанында кеуде тұсына дейін
көтерген кесе-ыдыс, кейісінің қолында келте жуан таяқ тəрізді қару. Түрлері монғол кейіптес,
кейісінің жуан мұрты салбыраған. Осы мүсіннің жанында тасты қырынан қалап салған зират-
қа ұқсаған төрт қабырға бар. Ал бағда біреулерінің жанында кəдімгідей кіші-гірім тас қорған
тұрғызылған. Мүсіннен күншығысқа қарай жүз елу, екі жүз қадамнан кейін, сопақ төрт
бұрышты, биіктігі жарты құлаш тастар кездесіп отырады. Бұл тізілген тастар (балбалалар)
екінші оба тасқа апарады. Одан əрі тағы осындай балбала тастар созылып кете барады...
Осындай бір төбе басындағы тас обаның жанында үш адам отыр. Бірі Кенесары.
Қасындағылары Таймас пен əбілғазы.
Қасым хан дəуірінен бастап қазақ жерінде таққа отырудың өзінің ерекше дəстүрі болған.
Тақта отырған ханның оң жағындағы адамды Маймене, сол жағындағыны Майсара деп
атаған. Маймене мен Майсара ең беделді рулардан, ханның оң қолы мен сол қолы тəрізді
сенімді адамдардан сайланған. Қасым ханнан бастап Абылайға дейін қазақ хандарының
Маймене орнына арғын, Майсара орнына Қыпшақтан шыққан беделді би, бекзадалары
отырып келген.
Кенесары хан болғаннан бері, тек Абылайдың ала туын өзінің жасыл туына
айырбастағаны болмаса, көбіне ата дəстүрін берік ұстауға тырысқан. Сондықтан Маймене
мен Майсараны хандық, соғыс істерінде ең жақын, ең сенімді серіктері Таймас пен
əбілғазыға берген. Таймас арғын руынан болғандықтан оны Маймене, сұлтан тұқымынан
шыққан өзінің немере інісі əбілғазыны, нағашы жағынан Қыпшақ болғандықтан Майсара
еткен. Бұл екеуі қай жерде жүрмесін, осы тəртіпті бұзбайтын. Міне қазір де Таймас ханның
оң жағында, əбілғазы сол жағында отыр.
Тамыздың бас кезі болса да, бүгін күн шілдедей тым ыстық еді. Қазір күн батуға таяп
қалған кез. Кеш бола, төбе басында салқын жел соғып, оба қасындағы үш адам демдерін
еркін алғандай. Төменде Ырғыз өзенінің өреме тұсында жаудан тасаланған хан аулы
жатыр.
«Жалайырда қой көп, Жанғазыда ой көп» деп өзінің үндеместігіне сылтау тапқан
Жалайырдың Жанғазы деген байындай емес, Кенесары шынында да сөзге сараң, тұйық,
бірақ көп ойланатын-ды. Ал өткен жылғы жеңістерінен кейін тіпті аз сөйлейтін болып алған.
Хандықты басқаруда ең жақын деген бір табақтан ет жеп, бір дастарқаннан шай ішіп жүрген
Таймас пен əбілғазыға да ол ақырғы кезде анда-санда ғана сырын айтатын. Таймас пен
əбілғазы хандарының бұл қылығын «тұтқындағы бəйбішесі мен балаларын сағынған шығар.
Қайсар мінезіне салып бізге айтқысы келмей, құр іштен тынған түрі ғой», — деп ойлайтын.
Бірақ биылғы жылдың ортасында генерал Обручевпен жүргізілген келісім бойынша
тұтқындар айырбасталып, Күнімжан балаларымен үш жылға таяу Орынборда болып,
осыдан екі ай бұрын сау-саламат қайтып келген.
Алайда Кенесары бір-екі күн ақжарєын жүрген де, қайтадан қайғы теңізіне түсіп кеткен,
түнере бастаған. Ханның бұлай ұзақ тұнжырауын екі ақылгөй түсіне алмай-ақ қойған.
Кенесары қандай қайғы келсе де, үш күннен кейін ұмытатын. Ұмытпасқа өмірдің өзі де
қоймайтын, күнде аттаныс, шабуыл, бір қайғыны күн салмай басқа қайғы жеңіп жатқан кез.
Былтыр Байтабын батыр өлгенде де, ел арасын татуластырудың шешені əлім Ягудин мен
бүкіл кеңсе жұмысын, алым-салық істерін басқарып жүрген Оспанұлы Сидақ Қожа қолға
түскенде де үш-ақ күн қайғырған. Төртінші күні қайтадан көкбурылға мінген. Бұрынғысынан
да қатулана түскен. Биыл Кенесары онша күйзелердей апат ел басына туған жоқ. Тек
бұрынғы Елек өзенінің бойына көшіп барған руын иесіз тастамайын деп, жаз басында
Жоламан батыр хан қасынан көшіп кеткен. Кенесары құшақтаса қол алысып қош айтысқан.
Жоламанның еліне қайтуына өзі рұқсат берген. Ал жақында бөтен ұлттан жалғыз сырласы
Иосиф ГербуртЖүсіп үшті күйлі жоқ болып кеткенде, тұнжырай отырып: «Айдыныма келіп
қонған аққуым еді, сірə көлім тайызданайын деген екен, жолынан жарылқасын. Ұлтым бір
дейтін еді, тек Бесонтиінге барып қосылмаса болғаны», — деген де қойған. (Бесонтиін деп
қазақтар Сібір казактарының басқармасы бастығы, заты поляк, генерал-майор
Вишневскийді айтатын).
Осындай жағдайда жүрген Кенесары бүгін ең жанашыр екі серігін алып оба қасына
келген. Ертең осы араға Кенесарының қарамағындағы ел билеп отыр-
ған батырлары, билері жиналмақ. Алдағы уақытта не істеу керек, соны ақылдаспақ. Өздерін
464
хан шақырғанда Таймас пен əбілғазы сол мəжіліс туралы кеңеспек болар деп ойлаған. Бірақ
Кенесары сөзін тіпті бөтеннен бастады.
Мен кеше бір түс көрдім... Түс емес-ау, өзімнің ажалымды көрдім. Соның жоруын
сұрайын деп едім, — деді ол басын көтермей, жерді шұқылап.
əбілғазы жасы кіші болғандықтан Кенесары өзі сөйле демесе үндемейтін. Əдет бойынша
мұндай жағдайда сөз Таймасқа тиетін. Ол сол əдетіне салып:
Түс түлкінің боғы деген, хан ием, оны жорытып не қыласыз, — деді, Кенесарының
«ажалымды көрдім» дегенінен шошып.
Жоқ, түсім демеңдер, өңім деңдер...
Жақсы. Айтыңыз.
Біз, қалың қазақ осы арадан босып Балқаш барып, Қамал аралында қыс өткізіп, одан
Меркені алған екенбіз. Қырғыздың манаптары Сарбағыш Орман мен Жантайға: «Ағайынды
екі жұрт бірігіп, Қоқан ханын жойып, жеке ел болайық», — деп хат жазыппын.
Жөн ғой. Қырғыздар біздей Россия патшалығының қорлығын көрген жоқ қой əлі...
Қоқан ханының қиянаттары болмаса, елі де, жері де сау, ақ патшаға қарсы келмейді...
Орман өзі хан болғысы келеді екен, ол «сен маған бағын, сөйтсең бірігуім мүмкін,
əйтпесе өзіңді ұстап берем. Сенің басыңа Бесонтиін үш мың сом күміс ақша мен алтын
медаль бергелі тұр», — дейді. Мен не дегенімді білмеймін, осы арада шым-шытырық
бірдемелер басталды. Қалиғұл манап келіп, өзара татуласып, бір-бірімізге тимейтін болып
бітім істеген тəріздіміз, бірақ ол бітімді, менің басымды сатып шен алмақ болған манаптар
уəдесін бұза ма, келісім сұрап барған Саурық батырды өлтіріп, Күнімжанның інісі мен
Жанасты қолға түсіріп, көп төлеу сұрай ма, қалай, əйтеуір біз олармен соғысуға бел
байлаппыз...
Түсіңізге тағы соғыс кірсе қиын екен. Ел тым күйзелуде ғой.
Иə, бұл тек түс болсын де. Содан қан төгіс басталыпты. Екі жақтан бірдей жазықты,
жазықсыздар қырылып, жылаған бала, қатын-қалаштың ойбайынан жер түршіккендей...
Япырмай, ə... Онсыз да төгілген қан аз емес еді ғой...
Сайып келгенде біз Орман манаптың əскерімен бетпе-бет келіппіз. Екі жақ Шу өзенінің
бойындағы Қара Қоныс жазығының күншығыс шеті Кекілітау етегінде кездесіппіз. Кекілінің
«əулие шыңы» аталатын басында Орман қолы. Ежелден қан жосыған жер деп саналатын
Майтөбе адырының басында біз... Сол жағымызда қалың бұйратты Алмалысай жазығы.
Одан əрі Шу өзені... Олар биікте, біз төмен. «əулие шыңының» басындағы Пішпектің құшбегі
əлішер датқа мен Орман манапты өңімдегідей анық көріп тұрмын. Манаптар «бəлем, тұра
тұр деп жұдырықтарын түйеді. Күншығыс жағымыздан, атын білмеймін, тағы бір қарлы
биік шың елестейді. Оның басында Бесонтиін. Ол Орман мен əлішерге қол бұлғайды,
«Кенесарыны тез құрт. Жəрдемге бір атқанда мың адамды қыратын қаруы бар жүз əскерімді
жібердім», — дейді. Етекке қарасам Бесонтиіннің сөзі жөн секілді. Екі сыпайы самаурынға
ұқсас буы бұрқыраған бірдемеден оқты қардай боратып тұр.
Күндіз не ойласаң түсіңе сол кіреді деген, — деді бағанадан бері үндемей отырған
əбілғазыесіңізде ме Жүсіптің əнеугі сөзі.
Жүсіп Орынбордан келген бір қашқын солдаттан өз елінде шығатын бір журналды
сұрап алған. Сол журналда көп нəрсе жазылған екен. Оқты қарша боратып, бір атқанда мың
сан адамды жоқ ететін болашақта ғажайып қарулар шығады-мыс деп Жүсіп Кенесарыға
айтқан. Тыңдап отырған Кенесары «Шіркін-ай, сондай қарудың бір-екеуі менде болар ма
еді», — деп арман білдірген.
Мүмкін сондай бəле ме, əйтеуір жантүршігер бір ғаламат, — деді сөзін қайта жалғап
Кенесары, — соғыс əлі басталған жоқ, бірақ менің екі көзім Кекілітау жағында. Күндіз көзіме
түсері тау басына жыра, сайы, қойнау мен шаңын бұрқыратып ағылып келе жатқан қалың
қол. Түнде бүкіл Кекілітаудың бойын қаптай жанған оттар... Мен шошынып, əбілғазы, сенен:
«Кекілідегі қырғыз көп пе, аспандағы жұлдыз көп пе?» — деп сұраймын.
əбілғазы езу тартып күлді.
Кене аға, бұныңызға мен жауапты қазір берейін, Сіз манаптардың өздерін көрдіңіз бе,
əлде тек шаң мен отты ғана көрдіңіз бе?
Шаң мен отты ғана көрдім. Манаптардан көргенім тек Орман, əлішер, Қалиғұл.
Онда бұл ескі қулық. Ескендір Зұлхарнайынға қарсы соғысқанда сақ, қыпшақ,
үйсіндер осындай əдіс қолданыпты. Түнде қос басына емес, əр сыпайдың өзіне жеке от
жақтырып, ал күндіз екі сан қолды екі таудың арасымен шаңды аспанға шығара ерсілі-
465
қарсылы жүргізе беріпті. Қазақтарды бұрын білмейтін Ескендір Зұлхарнайын «бұл не қылған
көп қол еді» деп сескеніп, қазақ даласына аттанудан бас тартыпты. Қос мүйізді Ескендірдің
біздің жерге келмеуінің бір себебі осында көрінеді.
Бұл бір еске алатын қулық екен, — деді Кенесары. Сөйтті де түсіне қайта кірісті. —
Қырғызға бірге аттанған Сыпатай батыр мен Рүстем төре бізді тастап кетіп барады. Ар
жағында тағы да шым-шытырық бір пəлелер... Жекпе-жек шыққан батырлар, қарама-қарсы
беттесіп келген қолдар. Орманға мен: «Шық жекпе-жек!» — деймін. Ол маған борбайын
көрсетіп күледі. Қысқасы, бір кезде біздің қалың қол қоршауға түскен екен деймін. Бір
жағында патша солдаттары, екінші жағында қисық қылыш қоқандықтар, үшінші жағымызда
ала қалпақ манаптар. Жанталасып жан-жағыма қараймын. Қоршауды бұзам деп екі жүз
жігітпен жауға шапқан Наурызбай... Ар жағында тағы шым-шытырық... Дəл өңімдегідей:
«Япырмай, бұдан да қиын кезеңдерде жол тапқан ақылым қайда деймін. Патшаның
зеңбіректі бес мыңдаған əскеріне бой бермеген басым, мына тоғышар манапқа төтеп бере
алмағаның ба?» — деймін өзімді өзім қинап. Бірақ төтеп бере алатын емеспін. Əсіресе
сыпайларымның құтын алып, қырып бара жатқан екі бүйірімізден атылған əлгі самаурындай
буы бұрқыраған ғажайып қару... Əлден уақытта Ақауыздың жалын құшып Наурызбай
құлады. Тек қолды жарып Ақылағымен қамалай қуған жауға жеткізбей Ағыбай ғана құтылды.
Қоршау таяған сайын тынысым тарылып, Батырмұрат бастаған серіктеріммен иірімді
Қарасу өзеніне ат қойдым... Астымдағы атымды иірім ала жөнелді. Қай жағымнан келгенін
білмеймін, біресе Батырмұрат, біресе Қараүлек, біресе сен екеуің, біресе Арғын, Қыпшақтың
жас жігіттері суға жібермей мені жағаға алып келе жатыр...
Терлеп кеткен Таймас:
Япырмай, түстегі су өңіңізде көрер азабыңыз ғой, əйтеуір жар жағасына шықтыңыз
ба?
Шықтым ғой. Бірақ алдымда Төрегелді манап басқарған Қалиғұл жасағы тұр екен.
Қолға түстім... Ар жағында тағы шым-шытырық, біреу жылап, біреу күлген тəрізді. Бұл
уақытта қарасам сыңсыған жау ортасында тұрмын. Бұл бір үлкен той тəрізді. Ең ортада
Қалиғұл манап, «иманыңды айта бер, қазір басыңды аламыз» дейді. Мен иманымды айтып,
аллаға жалынғаннан гөрі, басымнан өткен өмірімді, ағайын-туысымды, қатын-баламды,
үзеңгілес серіктерімді, туып өскен Көкшенің көгілдір тауларын, Сарыарқаның айдын шалқар
көлдерін, жасыл орман, көк шалғын белдерін көз алдыма елестетіп əн салдым.
Кенесары бұл жолы да ел қамқоры ер болып көрініп отыр... Əбілғазы мен Таймастың
жүйесін босата сөйледі.
Сондағы қоштасуымның екі ауызы қазір де есімде:
Қош аман бол, Сарыарқа өскен жерім,
Қайтқан қаздай қалың ел, көшкен жерім,
Тізе қосып бар қазақ ел бола алмай,
Ит пен құсқа жем болып өшкен жерім.
Сен де аман бол, Сарысу, Қаратауым,
Жеңе алмадым, Қоқанда кетті дауым.
Қорқыт көрі алдымда қазулы екен.
Ақырында, мінекей, жеңді жауым!..
Осы қоштасуымды айтып басымды Қалиғұлдың қолындағы қылышқа тоса бердім. Сұп-суық
болат қылыш көк желкемнен кірш етіп кіріп, өндірімнен бір-ақ шықты, басым анадай жерге
домалап түсті..
Япырмай, — деді Таймас маңдайына шыққан суық терді орамалымен сүртіп, — қазақ
түсінде өлген адам ұзақ жасайды дейтін еді, ұзақ жасарсыз, Кенеке...
Қоя тұр, ұзақ жасар, құзғын құс кімге тұлға боп жүр? — деді Кенесары Таймасқа, —
қызығы артында...
Түс десе түс екен, əлгіден кейін де бірдеме көрдіңіз бе? — деді Таймас «өлгеннен
кейін» деген сөзді айтуға аузы бармай «əлгіден кейін» деп.
Кəптің бəрі осында боп тұр ғой. Соның жоруын сұрамақпын сендерден. Өзім өлсем
де, бəрін естіп, көріп жатырмын. «Кенесары өлді» деп соңымнан ерген бірқауым жұрт аза
тұтып, күңірене жөнелді. Құлағыма сол қайғының ішінен Нысанбайымның жоқтауы дара
466
естіледі. Тоқтай тұршы қалай деп жылап еді Нысанбай? Иə, бір-екі ауыз сөзін əлі ұмытқам
жоқ:
Тұлпардан сайлап ат мініп,
Дорбадан жемін жегізген.
Жем орнына бал беріп,
Қысырдың сүтін емізген.
Басуға қалың жау келсе,
Алып шығар дегізген
Кенекемді қалдырып,
Көк бурыл, саған не болды?!
Кенекем менің кеткен соң
Заманым қалды тарылып.
Халық иесі ханымнан
Екі бірдей қанатым,
Жетім қалдық айырылып!
Екі бірдей қанатым,
Топшыдан қалды қайырылып!
Балдағы алтын ақ берен
Тасқа тиді майырылып!
Кемшілік түсті басыма,
Көрінгеннен қаймығып!
Нысанбайдың жоқтауы бітер-бітпестен, Орман мен Жанай Қоқан ханына достықтың
белгісі етіп, екі арбаға тиеп көз алдымда сарбаздарымның бастарын ала жөнелді. Ішінде
Наурызбай қалқамның, Құдайменді, Жеке батыр, тағы осы айқаста қаза болған екі балам
мен он бес сұлтанның бастары бар... Бар басты Қоқан ханы «қырғыз манаптары
Кенесарыдан қалай өшін алып бергенін көрсін», — деп Ташкент базарының дəл ортасына
ағашқа кигізіп іліп қойды. Амалым не, бəрін көріп жатырмын. Ал өзімнің басымды Қалиғұл
манап қоржынға салып, Үйсін, Дулат рулары да заты қазақ қой, бүлік шығарып жүрер деп,
Жасыл көлдің сыртымен орағытып, Жаркент арқылы Қапалдағы Бесонтиінға алып келді.
Мұнда ең алдымен көргенім Кенесарының кегін аламыз деп манаптарға қарсы аттанып бара
жатқан қалың Албан, Сыбан жігіттері болды. Олардың не істегенін көргенім жоқ, бірақ
алыстан құлағыма келгені: мені өлтіруге қаты-
насқан кісілердің жазасын аямай тарттырыпты. Ал Төрегелді манаптың аулын шауып, өзін
ат құйрығына байлап өлтіріпті. Мұны көре алмаған себебім менің басымды Аякөз, Семей
арқылы Омбыға ала жөнелген. Омбыға келген соң Аршабоқ, шоқша сақалымнан ұстап
тұрып: «Он жыл ұстатпап едің, енді міне қолымда тұрсың. Не істесем де еркім бар...» деп
күлді. Мен де күлдім, — «Мықты болсаң тірімде неге кегіңді алмадың? Қу басқа қайрат істеп
не қыласың», — дедім. Ол «Кегімді тіріңде алған жоқпын ба? Саған Орман мен Жанай
манаптарды айдап салып, сенімен қырқыстырып, ақыры солардың қолыменен басыңды
кестірген мен емеспін бе?» — деді, сөйтті де жан-жағында тұрған кілең сары ала тонды
жандаралдарға: «Кенесарыны құртуға қатынасқан қыр-
ғыз манаптарын тегіс Омбыға қонаққа шақырайық. Ал мына басты жуан мойнынан айырған
əлібек ұлы Қалиғұлға, Россия империясына көрсеткен адал еңбегі үшін, патша ағзам
атынан, мойнына қарғы бау етіп тағып жүрсін, георгий лентасына байланған күміс медаль
берейік» деді. Сөйтті де менің бетіме қарап: «Міне, Кенесары, күштімен күрессең табарың
осы болады», — деп кекете күлді де, есік алдында күтіп тұрған шабармандарына басымды
ұстатып: «Тез Петербурға жеткізіңдер!» — деді. Олар мені қайтадан қоржынға салып ала
жөнелді. Неше күн, неше түн жүргенімді білмеймін, əйтеуір шірітпейтін бір дəрі жаққан ба,
күздің суығында кіші құдайпатша ағзамның өзі тұратын салтанатты қалаға жеттік. Менің
сорлы басымды шоқша сақалымнан ұстап неше түрлі жандаралдар сан рет көрді.
Ақырында бір күні миымды, бас терімді, кеңсірігімді сыпырып ап, маңдайыма күйдіріп
«Қырдың қарақшы сұлтаны Кенесары Қасым ұлының басы» деген таңба салып, өзім секілді
бастар, сан түрлі ғажайып суреттер, тас мүсіндер, патша ағзамдардың тамаша заттары
тұратын кең сарайға апарып қойды...»
Ойпырмай, Кенеке, қайдағы-жоқты айтып кеттіңіз ғой, — деді əбден абыржыған
əбілғазы, — түс деген сандырақ емес пе, қайтесіз соны еске түсіріп... Қалсын пəлекет сол
бетімен түс болып.
Лəйім айтқаның келсін... Бірақ қорыққанмен жан қала ма, түсімді аяқтайын, шешуін
сосын айтарсыңдар.
467
Аяқтаңыз.
Иə, менің қу басым əлгі жұрт тамашалайтын кең сарайда тұра берді. Орысша
білмеген соң атын да ұмытып қалдым, «өрім тəж» дей ме, «ерім тəж» дей ме əлгі үйді...
Əйтеуір əркім келіп қу басқа бір қарайды. «Япырмау, мынау қу бас əлгі дала сұлтаны
Кенесары дегеннің басы ма?» — дейді кейбіреулер, ал кейбіреуі: «Мұның Россия
патшасына көнбеймін деп істемегені бар ма, қанша жұрттың обалына қалды», — десе,
бағзы біреулер: «Елін отаршылықтан қорғаған ер еді, қас манаптары патшаға сатылып
өлтірді», — деп аяйды, ал енді біреулері: «Нағыз көзін шұқитын қанішер еді, қарашы, қандай
қадірлі жерде тұрғанын», — деп қу басыма кіжінеді. Тіріде бірін естімеген сөзімнің мыңын
естіп тұра бердім. Ал бір қызығы əлгі үйде... Біз секілді қу бастарды əр жылда сəкіден алып,
астыңғы үйге апарып, тым тез қурап қалмасын деп, дəрі жағып, азын-аулақ майлап қайта
əкеліп жүреді. Мен өлгеннен кейін сегіз жыл өткен соң, осындай астыңғы үйге тағы бір
апарғандарында сəкі үстінде тұрған Орман манаптың да басын көрдім. Қуанғанымнан ба,
ашуланғаннан ба, кəдімгі өңімдей еңіреп жылап жібердім... Бақсам Сарыбағыш қырғыз бен
Бұғы қырғыз жерге таласып Жасылкөл бойында өзді-өзі ұрысқанда, Бұғы қырғыз жағындағы
біреу; «Талайдың қанын ішкен, жұртыңа бүйідей тиген сұм едің, өлу қалай болады екен
көр», — деп айбалтамен көк желкесінен шауыпты. Ақ патшаға еңбегі сіңген қырғыз ханы еді
деп басын біз тұрған «ерім тəжге» əдейі əкеліпті. «Япырмай, тірімдегі қасымнан, өлгенімде
де құтыла алмадым-ау», — деп мен ыршып-ыршып түсіппін. Бірақ бір ақсақалды қарт адам
Орманның басын қолына ұстап тұрып, астындағы қағазға қарап: «Патшаға еңбегі
болғанмен, халқына еңбегі жоқ мұндай бастардың бұл үйде тұруының қанша қажеті бар?
Дүниеде не көп, мұндай бастар көп, əкетіңдер», — деді.
Таймас езу тартып күлді.
Бəсе, Кенекем тұрған жерде Орманға қалай орын болсын, ақсақал дұрысын айтқан.
Асықпа, тұра тұр... Осы түсімнің жоруын айтпастан бұрын, Таймас, сенен екі сұрағым
бар. Жауап бер, əрине, Жүсіп сенен гөрі тереңірек жауап берер еді, амалымыз қанша,
көктемде келген жыл құсы күзде тұра ма...
Айтыңыз, қандай сұрақ?
Бірінші сұрағым: ақ патша адамдары менің маңдайыма «қарақшы сұлтан басы» деп
таңба салды. Россия патшалығына көнбей өз жерімізде қазақ хандығын құрамын десем,
оным қарақшылығым ба?
Кім бұл іске қалай қарайды. Қоржынды қарабура сияқты жендеттердің көзімен
қарағанда, əрине, сіз қарақшы қанішерсіз...
Екінші сұрағым: ақ патшаға жағынып менің басымды алдырған Орман ханның басын
əлгі алтын сарайға қоймай, өмір бақи қас болып кеткен менің басымды неге қойды, соны
ойлашы?
Орыс ұлы халық. Ұлы халық қашанда болса ұлылығын істейді. Жаман достан, жақсы
қасты айыра біледі.
Ұлы халық. Ұлылығы қазақ секілді азғантай елді жəбірлегені ме?
Жəбірлеген ақ патша ғой... Ал ол жəбірлемесін десең, сенің халқың да сондай көп,
сондай ұлы болуы керек.
Азғана асқа бақауыл1 , азғана елге бек болма деген осы да!
Неге олай дейсіз, хан ием! Көктегі күнді күркірете алатын жайтасы едің, қазағыңның
басы құм секілді бірікпесе амалың не.
Иə, аз жұртты басқарсам да, көп жұртқа жараймын ба деуші едім, жаңа түсіндім: бұл
Абылай атам заманы емес екен. Хан болып қаталдығыммен жеңем бе деп едім, о да
алдануым тəрізді... Қазір қазақтың басын біріктіруден қасқырдың басын біріктіру жеңіл. Жə,
болды. Ендігі əлгі түсімнің жоруын айтыңдаршы. Түсім емес, өңім деп қараңдар. Егер
болашағым дəл осы түсімдей болса қандай ақыл бересіңдер?
Ақыл біреу-ақ: Арқа жерінен кетпеу керек. Не болса да Россия патшасының
айтқанына көнген жөн, — деді Таймас.
Кенесары ренжіген жоқ, Майсара жағына бұрылды.
Сен не айтасың, əбілғазы?
1 Б а қ а у ы лбөлуші деген мағынада.
468
Менің де айтарым Таймас ағаның сөзі. Абылай ханның ұрпағы, туысымыз десеңіз де,
Сүйік төре мен Рүстем сұлтанның келіңдер дегеніне сеніп, Ұлы жүздің жеріне көшуге
болмайды.
Неге?
Сүйік төренің қарауындағы елу бес мың жанды қол астыңызға алыңыз деп Қоян жылы
патшаға қағаз жазғаны өзіңізге мəлім. Ал Рүстем сұлтан өткен жылы біз мұнда қан төгісіп
жатқанда, Қапалға барып Бесонтиінға мəңгі сендерлік боламыз деп шен-шекпен кигенін
естідік емес пе... Сөйтіп отырып олар бізге қалай қоныс береді? Қоныс берсе де, ол қоныс
Арқаның көп қазағына жете ме, амал жоқ Қоқан хандығындағы жеріміз үшін күресуге тура
келді. Ал Хиуа мен Бұқар өзара қырылысып жатқанда, Қоқан қазір əлденіп алды. Жыланды
үш кессең де кесірткедей күші бар. Қазір оны жеңе қояр бізде қуат жоқ, Амалсыздан
қырғыздан жер сұрап, Қоқанға қарсы бірігейік деп өтінуге мəжбүр боламыз. Бірақ оған
қырғыз көне ме?
Көнбесе.. Қоқанға əлім жетпесе де, қырғызға əлім жетеді, күшпен көндірем.
Кене аға, өз жерімнен айырылдым деп, басқаның жерін тартып алу қиянат. Қазір бізге
күштен көрі ақыл керек. Жаңағы түсіңіз маған ой салды. Егер Қоқан, қырғыз, орыс үшеуі
бірігіп кетсе қайтесіз?..
Кенесары жауап қайырмай ойға кетті. Ай туғалы əлдеқашан. Əр жерден Кенесарыны
алыстан орағыта күзетіп жүрген Батырмұраттың атты жасақтарының селеуіттері көрінеді.
Қазақ Темірқазықтың екі жағындағы Ақбозат, Көкбозат деп атайтын жұлдыздардың қай
жерде тұрғандарынан жер тұсын айырады, жолды табады. Ал Жетіқарақшы мен Үркер
жұлдыздарына қарап түннің кезеңін, жылдың мезгілін біледі. Қазақ түсінігі бойынша
Жетіқарақшы Үркердің қызын ұрлапты-мыс. Үркер сол қызымды қалай қайтарып аламын
деп Жетіқарақшының осал жерін іздеп оны айнала аңдиды-мыс. Сол Жетіқарақшының қай
тұсына Үркер келіп тұрса, сол тұс түннің өзіне сəйкес белгілі мезгілді көрсетеді. Бағанадан
бері əңгімеде отырып, қанша уақыт өтіп кеткенін аңғармай қалған Таймас түннің қай кезі
болғанын білейін деп Жетіқарақшы мен Үркерге қарады. Дəл осы сəтте төбе тұсынан бір
жарық жұлдыз аға жөнелді.
Жұлдызым жоғары, — деді Таймас ақырын күбірлеп.
Қазақ түсінігінде жұлдыз ақса кісі өледі. Сондықтан жұлдыздың аққанын көрген адам өзі
өлмес үшін «жұлдызым жоғары» дейді.
Кенесары мен əбілғазы да ауыздарын жыбырлатты. Кенет əлдеқайдан тамылжыған əн
естілді. Əн əуені де, оны орындау салты да Арқа жағынікі. Көркем, ырғақты дауыс, біресе
шың басына қалықтай көтерілген бүркіт тəрізді, біртіндеп жоғарылап шырқай түседі де кенет
ойдағы ақкіске шүйілген ителгідей, төмендеп құлдырай жөнеледі. Кенесары мырс етіп күліп
жіберді. Оның есіне əн туралы айтқан Бұқарбайдың аңыз ертегісі түсіп кетті.
Заты Кіші жүз, Табын руынан шыққан, он бес үйлі кедей болғанменен, зор денелі
Бұқарбай батыр ат жалын тартып мінгелі бар өмірі жауынгершілікпен өткен. Ол əсіресе
Қоқан хандығының зекетші, барымташы сыпайларына ерекше қас. Өйтуіне себебі де бар.
Табын руы тəрізді, қыс Сырдария бойында көшіп жүрген Шөмекей аулының бір қызын азын-
аулақ қалың малын төлеп, «əне алам, міне алам» деп жүргенінде Ташкент құшбегі Мəмет
əлімнің шабармандары «мал санын жасырып, зекетті аз төледің» деп сылтауратып
Шөмекей аулын шауып жиырмаға тарта көрікті қыз-келіншектерін алып кеткен. Соның ішінде
Бұқарбайдың қалыңдығы да бар екен. Осыдан кейін Бұқарбай да Саржан мен Кенесарыға
еріп Қоқан шабарман сыпайларының талайын қырды, Мəмет əлімнің жігіттерінің де бері
шыққандарын есірей етті. Бірақ күштілерге деген кегі қайт-пады. Өз басының өшпендігіне
енді жер-суынан айырыла бастаған ел өшпендігі қосылды. Сол себептен Бұқарбай батыр
өз өмірін бүтіндей жауынгершілікке арнаған. Қоқан шапқыншылары айдап бара жатқан
малын соңынан қуып барып қайтарып беріп, Шекті руының Күреш деген байының қызын
алған. Қызын қалың малсыз бермеймін деген байға, айдай сұлу қызы «Бұқарбай
қайтармағанда Қоқанның бір бегінің күңі болып жүрер едім, осы батырға тием», — деп
безеріп отырып алған. Сараң əкесі қызын кедей батырға амалсыз берген. Жау десе қорқуды
білмеген осы Бұқарбай батыр, баладай аңғырт, ақ болатын, əсіресе ол өлең-жырды жақсы
көретін. Өзі де əрдайым, рабайсыз жуан даусымен əн салатын. Əсіресе құла дүзде келе
жатқанда Бұқарбайды тыңдау бір ғанибет қызық дəурен. Қандай жыр-қисса болсын бəрін
тек Ұлы жүз бен Сыр бойын мекендеген Кіші жүз елі айтатын «Бойым талдай» əуеніне
келтіріп айтатын, «Жырдың бұл əнге буыны жетпесе оны «əлеулəйлəй» не болмаса
469
«қалаулəйлəй» мен толықтырып, ал буыны артық болса, сөз ұйқасымын былай қойып, оны
екі бөліп, əйтеуір «бойым талдай» сарынына келтіріп соға беретін. «Ау, осы «бойым
талдыдан» бөтен əндерің жоқ па, бөтен бір əуенге салсайшы», — деп серігі Ағыбай əжуа
етсе, оған: «елімнің бар білген əні осы болса қайтейін», — деп қымсынбай жауап беретін.
Осы Бұқарбай бір күні Үйсін, Дулат, Алшында «Бойым талдыдан» бөтен əуен жоғы
жайында бір ел арасында тараған аңызды айтқан-ды...
«əн, деген Бұқарбай, құс тəрізді бүкіл жер-жаһанды кезіп ұшып жүріпті. Кей елдің үстіне
тоқтап, ұзақ уақыт қалықтай шырқап əнін үйретсе, кей жұрттың үстінен қасқырдай ұлып өте
шығып, ал кей ауылдардың төбесінен тіпті үндемей ұшыпты. Сол əн Жетісу, Сыр бойының
тұсынан өткенде, жұмған аузын ашпапты, тек Арқа жеріне жеткенде ғана сан түрлі əуенге
салып, ұзақ кідіріпті. Ұлы жүз бен Кіші жүз Орта жүздей əнші болмауының себебі əннің
орнына, тек еміс-еміс сарынын ғана естіпті. Сол сарын «бойым талдай» деседі. Сондықтан
да біздің білетініміз осы сарын. Əн ордасыАрқа. Ал бірақ əн қонған Арқадан үйреніп,
қазір біз де əжептəуір əнші болып қалдық», — деп Бұқарбай ыржия күлген. Сондағы «əнші
болып қалдық» дегені де баяғы бір «Бойым талдай».
Кенесарының да езу тартқан себебі де осы аңқау Бұқарбай сөзі еді. Кенесары кенет,
əнді де, Бұқарбайды да ұмытып, қайтадан ой теңізіне сүңги жөнелді. «Иə, Арқа жері құр əн
жері ғана ма? Бұл мың жылқы суарылса лайланбайтын айдын көлді, көк толқынды өзенді,
ұшы-қиыры жоқ жасыл шалғынды. Жерұйық... Сол Жерұйықпен қоштасуға тура келіп тұр.
Мүмкін бұл жолғы қоштасуымыз мəңгілік қоштасу болар». Хан Кене ауыр күрсінді.
Иə, Кенесары өткен қырық төртінші жылдың жеңісіне насаттанбаған еді. Алдағы күрестің
қаншалық қиынға түсетінін ол енді анық түсінген. Қарамағындағы үнемі жорық үстінде
жүрген елдің күйінің өте нашарлап кеткенін де білетін. Өзінің жайлауларының бəрінен
айырылып, енді мал бағатын қоныстың да қалмағандығынан, басар тауы, барар жері
тарыла түскен Қыпшақ, Арғын, Шекті, Шөмекей руларының басты би, ақсақалдарының
арасында да күңкіл сөз шыға бастаған. Кенесары бұған да қанық. Оның үстіне өткен қыс
қатты болып, Арқадан көшіп келген елдің көп малы жұтаған. Бұндай жағдайда соңынан
ерген елдің қайтадан атқа қонып, жауына қарсы шығуы екіталай.
əсіресе Кенесарының ұшар көлін, қонар көгін тарылтқан бір кесепат, олдəл хандық
жерінің ортасында, Торғай өзені мен Ұлытауда патша үкіметінің үлкен бекіністер сала
бастағаны еді. Бұл бекіністер салынып бітуіқыл ар-
қан аш тамақтан түсті дегенімен бірдей. Онда жаз жайлау, қыс қыстаудан айы-
рылғаның. «Қит етсең дəл тұмсығыңның астында жау əскері тұрады, барар жерің, басар
тауыңның біткені сонда болады». Оның үстіне Қоқан хандығы да биыл шабуылын үдете
түскен.
Осындай ауыртпалық халін ойлаған Кенесары ең жақын ақылгөйлері əбілғазы,
Таймаспен кеңесіп, Орынбор əскери губернаторынан бітім сұраған. Бұл бітімінде баяғы
Абылай атасының көксеген көкейкесті арманынан бас тарт-
қан. Ол арманның енді қолына қайтып қонбас бақ құс екеніне əбден көзі жеткен еді.
Сондықтан ол патша үкіметі иемденіп, бауыр басып алған қазақ жерлерінен дəметпей, тек
əлі əскер келіп бекініс салынып Россия қарамағына ене қоймаған бос жерлерді ғана өз
қарамағына қалдыруды өтінген. Жəне бұл арадағы қазақ руларын да патша қол астына
алуды сұрады. Кенесары Обручев пен Горчаковке жазған хаттарында, араларында жүрген
Асатұлы Шорман, Жаманшыұлы Баймұхамед, Тұрлыбек сұлтан, Герн, Долгов офицерлер
арқылы «Бізге Ақтау, Есіл, Нұрадан бастап Ақ Жайыққа дейін қалдырсын, осы күнгі көшіп
жүрген жеріміз Торғай, Ырғыз, Сарысу өзендері мен Ұлытау өлкесіне тимесін жəне
Ұлытауда маған арнап приказ орнатса, бұдан былай қарай Бүкіл Россия императоры
мəртебелі патша ағзам əскеріне өмір бақи қол көтермеске ант етемін», — деді.
Дидиковский мен Жемчужников басқарған аттаныстан жарытымды ештеңе шығара
алмағаннан кейін, орыс генералдарының ұшы-қиыры жоқ қазақ даласына жеке жасақ
шығарып мардымды табысқа жете алмайтындарына көздері жеткен Орынбор мен Омбы
бастықтары Кенесарымен бітім жайында сөз жүргізіп, араларындағы есірейлерді
айырбастауды мақұл көрген. Бірақ бұл кезде қазақ жеріне дендеп еніп алған Россия
патшалығы Кенесарының өтінішінің бірін де орындамауға бел буған-ды. Бұған бір емес, екі
себеп бар еді. Россия патшасының отаршылық саясаты бұл кезде қазақ жерін былай қойып,
470
енді Орта Азияға ауыз сала бастаған. Бұл саясат үшін қазақ даласын тегіс алу оған өте
керекті еді. Ал Орта Азия мен Россия арасында өзіне əбден бағынбаған елді сақтау
патшаның отаршылық саясатына тіпті қолайсыз жағдай болатын. Екінші себеп осы
отаршылық саясатты басқарып, жол сілтеп отырған ақ патшаНиколай Біріншінің өзінің
көзқарасынан туған. Осыдан бір жыл бұрын ішкі Бөкей ордасының халі жайында граф П. Д.
Киселевтің берген баяндамасына ол «Бір патшалықтың ішінде екінші патшалық болуы
мүмкін емес» деп қол қойған. Осы қол қоюда қазақ жерінің кіндік ортасында Россия
патшалығына бағынса да, əлі де болса елдің хандық бейнесін сақтағысы келген Кенесары
өтінішінің де тағдыры шешілген-ді. Оның үстіне, «онсыз да шығайын деп тұрған көз еді»
дегендей, арадағы жүріп жатқан бітімнің күрт тоқтатылып, Орынбор əскери губернаторы
Обручевтің Кенесарыға қатал ұсыныс етуіне тағы да бір қанды уақиға себеп болды.
Атбасар дуанынан Сырдарияға дейін, ортадағы Қарақойын, Қашырлы, Есіл, Терісаққан
өзендерімен Арғынаты, Ұлытау, Кішітау, Қара Кеңгір, Сары Кеңгір, Сарысу өзендері бойын
жайлаған қалың Арғын, Найманның патша үкіметіне жағынған атақты екі байы болған. Бірі
Бағаналы Жырық руынан шыққан Сандыбайдың Ердені, екіншісіАрғын, өр Алтай руының
шонжары Кішкентайдың Аққошқары.
Ерден өзге жұрттан төбесі шоқтанып биік тұратын зор денелі, семіз, томпақ бет ақ сары
адам болса, Аққошқар көнтек ерін, аузы-басын тырбиған келте сақал-мұрт жапқан, толық
денелі қара торы кісі екен. Жаз жайлауы мен қыс қонысы шектес қатар отырған екі елдің қос
шонжарының тілегі де, айласы да бір. Екеуі де бықып жатқан бай.
Халық Ерден туралы:
«Баласы Сандыбайдың, Ерден, Дүзен,
Кигені қызыл түлкі, қарсақ күзен.
Біртіндеп санай алмай біткен малын,
Толайым қылған есеп бірден жүзден», —
десе, Аққошқар жайында:
Өрісім өрдегі АлтайҚуандық-ты,
əркімге көрсетіпті жуандықты.
Аққошқар Сайдалының ауылынан
Бір көлден қырық мың жылқы суарылыпты.
Көлі бар Аққошқардың саумал атқан
Бір көлден қырық мың жылқы ішіп жатқан.
Байлығын Аққошқардың баян қылсам,
Бес жүз ат Орынборға бір күн сатқан», —
деп дəріптеген.
Осы екі бай Кенесары мен Обручев арасында бітім сөз жүріп жатқанда, егер Обручев
Кенесарының тілегін орындап оған Ұлытаудан приказ құрып беретін болса, бауыр басқан
жерімізден айрылады екенбіз деп қорқып Қоқанның құшбегі, Лəшкəрмен байланысып, мың
жылқылы қысырақтың үйірлерін айдап беріп, бір түнде салынып, бітуге айналған Ұлытау
бекінісін шаптырады. Əдейі «
Абылайлап тиген Ташкент қарақшылары ешкімді аямайды,
жақында ғана көшіп келген казак-орыстардың қатын-баласын, кемпір-шалын қырады.
Ұлытаудың көк орай шалғынды етегін қан сасытады.
Ырғыз бен Торғайда көшіп жүрген Кенесарыны жоқ жерден бұл араға келе қояды екен
деп күтпеген патша əскері қапыда қалады. Ал қоқандықтар бар істерлерін бір түнде істеп
тайып отырады. Бұл хабар Орынборға жетеді. Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан,
Кенесары бұл оқиға менің бұйрығыммен істелген жоқ дегенге Обручев пен былтыр Генстің
орнына келген генерал Лодыжинский нанбайды. Қалай нансын, бүгін қарсы алдарында
соғысып жүрген Кенесары ертеңіне желкесінен шығып бейсауат жатқан бекіністерінің
талайын дəл осылай шапқан. Ең соңғы шабуылға шыққан Ембі бекінісі де апатқа дəл
осылай душар болған. Бірақ Кенесары ешқашан дəл мұндай шектен шыққан қанішерлікті
көрсетпеген. Ал бұл жолы... «Жоқ, Кенесарының ауруы тым ас-
қынған екен. Құтырған қасқырға тек ажал мен темір тор ғана қорған». Обручев пен
Лодыжинский қаһарына мініп, жүріп жатқан бітім сөз бірден тыйылды. Көкек айының аяқ
471
кезінде бітім орнына бұйрық қағазды алып ортада қырық бес күн жүріп офицер Долгов
Кенесарының аулына келді.
Бұл бұйрықта былай делінген:
1) Қазақ даласында көшіп жүрген Орынборға қарайтын барлық қазақ ауылдары Россия
империясының бөлінбес меншігі деп саналады. Əр шаңырақтан күмістей бір сом елу тиын
салық алынылады.
2) Қазақ ауылдары патшаға салық төлейтін болғандықтан, олардан зекет жинауға сізге
рұқсат етілмейді.
3) Ауыр қылмысты істер Россия империясының заңыменен сотталады. Ал елу сомнан
асып түсетін алым-беріс істер шекара комиссиясында қаралады.
4) Орыс, татар, башқұрт қашқындарына пана беруге рұқсат етілмейді. Қазір күнде
Кенесары қарамағында жүрген мұндай адамдар тез Россияға қайтарылуға тиіс.
5) Россия ақ патшасының билігінде болғандықтан Кенесарының ақ патша өзіне қас
санайтын кісілермен яки мемлекеттермен ешбір қарым-қатынас жасауға қақысы жоқ.
6) «Сұлтан мырза, сізге, сіздің туыс, серіктеріңізге үкімет өзі бермеген дəреже, шенді өз
беттеріңізбен алуға бұдан былай қарай ешбір рұқсат етілмейді» делінген.
Кенесарының қонысқа сұраған Ырғыз, Торғай, Ұлытау, Сарысу, Есіл, Нұраның орнына
Орынбор шекара комиссиясының төрағасы генерал Лодыжинский: «Сізге, қоңсы-
қоныстарыңызбен жаз жайлау, қыс қыстауға мен Қара Қоға бойын белгілеймін», — деп
жауап берген. Бұл бұйрықты алып келген Долговке Лодыжинский: «Кенесары мен қоңсы-
қонысына берген жерімді ыңғайлы екенін түсіндірерсің, қыс ол бұл арадан сəл оңтүстік
жаққа, жаз бері қарай көшуіне болады. Бірақ Ырғыз бен Қарғау өзенінің сол жағасына
шығуға жəне Торғай мен Ырғыз өзенінің жоғары тұсын бойлай Шет-Ырғызға дейін көшуге
қақы жоқ», — деп арнап тапсырған.
Кенесары Орынбор бастықтарының бұл бұйрықтарын естігенде жүзі қуқылданып, бір
орында отыра алмаған. Қайтадан «Абылайлап атқа қонбақ та бол-
ған, бірақ бұл айқасқа ерер елінің жоқтығы есіне түсіп, үн-түнсіз тұнжырай қалған. «Іш
қазандай қайнайды, күресуге дəрмен жоқ» деген міне осы! Дəл қазір жол таба алмайтынын
түсініп «жауабын соңынан берермін» деп Долговты қайтарып жіберген.
Кенесары осы күндері тағы да қатты ойға кеткен. Орынбор бастықтарының айтқанына
көнусегіз жыл қан төгіп алысып, ақырында мойнын қыл арқан-
ға өзі əкеліп ұсынумен тең. Ал көнбейін десе барар жер, басар тауы тағы жоқ. Торғай мен
Ұлытауда салынып жатқан бекіністер бітуге айналған, Атбасарда Сиыр жылынан бері
приказ бар, жорықтан қажыған елдің еруі де екіталай. Жалғыз жол Россия патшасының
құрығы əзір жете қоймаған Ұлы жүздің жеріне көшу. Оның үстіне Наурызбай арқылы Сүйік
төренің «көшсін» деген сөзі де дем берді. Бірақ Кенесары Ұлы жүз жерінде дəл осы кезде
өзіне құрылып жатқан қақпан бар екенін білмеді. Қақпан мықтап құрулы еді. Перовский мен
Генс кезіндегідей емес, қазір Орынбор бастықтарының Кенесары ереуілін тек құртуға ғана
бет алғанынан хабардар Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков енді Кенесарымен ең
ақырғы айқасқа дайындалды. «Кенесары шын қабылан, жүрегіне қорғасын оқ қадалмай,
алған жолынан тайынбайды. Ол оқты Орынбор генералдары емес, мен атуым керек», —
деп ойлады Горчаков «жəне ол оқ Кенесарының жүрегіне менің қарамағыма жататын жерде
тиюі керек».
əрине Кенесарының генерал Лодыжинский ұсынған шарттарға көнбейтіні кімге болса да
айқын еді. «Сонда ол не істемек? Айқасуға күші жоқ. Əрине Ұлы жүздің жеріне көшеді».
Осындай шешімге келген Батыс Сібір генерал-губернаторы күні бұрын бар шарасын
қолданған. Бұл кезде Россия империясының отаршылық саясаты кең қанат алып, Ұлы
жүздің де жеріне ауыз салған. Қазір олардың алдыңғы қатарлы бекіністері Қапал, Лепсіге
келіп тоқтаған.
Горчаков əмірі бойынша осы Лепсі мен Қапалға арнап келген генерал-майор
Вишневский, жан-жағындағы Қарқаралы, Аякөз, Көкпекті өкіріктерінің аға сұлтандарымен
күнде мəжіліс, күнде үгіт жұмысын жүргізумен болды. Бұл жиындарға үш өкіріктің аға
сұлтандары мен шонжарлары Құсбек, Құнанбай, Барақ, Сүйік, Рүстембəрі тегіс
қатынасты. Қырғыз манаптары Орман, Жантай, Қалиғұл да Қапалға жиі шақырылды. Осы
сергелдең бітім сөздің қорытындысы ақырында Кенесарыға қоныс бермеу болып шықты. Бір
472
жыл өткеннен кейін олар бұл шешімдерін қағаз жүзіне түсірді. «Бір мың сегіз жүз қырық
алтыншы жылы жиырма үшінші июнь күні төменгі қол қоюшы Ұлы жүздің Дулат, Албан,
Сыбан, Шапырашты, Жалайыр руларының сұлтан билері, Қар-
қаралы, Аякөз, Көкпекті өкіріктерінің аға сұлтандарымен бірге отырып, осы мəжіліске
қатынасқан Сібір қазақтарының Шекара комиссиясының төрағасы генерал-майор жəне
кавалер Вишневскийдің алдында өзіміздің ант қағазымызға мөріміз бен таңбамызды басып,
біздің жерімізге келген ақ патшаға қарсы бас көтерген Қасым баласы Кенесары сұлтанды
қоғам тыныштығын бұзушы, өзіміздің қас жауымыз деп санап, онымен еш қарым-қатынас
істемеуге келістік. Жəне Кенесары мен оның серіктеріне өзіміз жайлап отырған
қонысымыздан жер бермеуге, ал егер бүгінді-соңды тіпті Кенесары біздің жерімізден
қуылған күнде де, оның Орта жүз, əсіресе бізге жақын тұратын өкірік қазақтарына істегелі
жатқан қастығын естісек күні бұрын үкімет орындарына хабар етуге уəделестік», — деп
жазды олар өздерінің актісінде.
Кенесары қазақ елін талан-тараж етіп бөліп алып жеке билеуге үйренген аға сұлтан
билердің, өзінің «
елді біріктірем» — деген ниетіне қарсы екенін білсе де дəл Ұлы жүз бен
қырғыз жерінде өзіне мұндай қақпан құрылып жатқанынан бейхабар еді. Ал хандығын
сақтаудың бөтен жолын таба алмаған соң, ол биыл ЫрғызТорғай жағасынан көтеріліп,
Шу мен Іле бойына көшіп баруды жөн көрді. Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан қауіп-
қатер төнетін болса, Ұлы жүздің шетін ала қыс Балқаш көліндегі ұзындығы жетпіс бес,
көлденеңі он бес шақырым, жан-жағын су қоршаған, тек өндірі ғана құрғақ, Қамал аралына
бекінуді ұйғарған. Келесі жылы жаз шыға, əулиеата, Мерке тұсына көшіп, Қоқан хандығынан
жəбір жеген қырғыз елін, Сайрам, Шу, Сыр бойының қазақтарымен біріктіріп, қайтадан
жауына қарсы шықпақ болған. Ол үшін Қоқан ханының тегеурінінен құтылып, Қытай
мемлекетіндегі қазақ руларыментіпті қиын болып бара жатса солай қарай өтіп кетуді де
сыр ғып түйген. Қол жалғаспақ-тын. Бірақ мұның бəрі əлі сыртқа шықпаған ой. Кенесары осы
ойын ақылдаспақ болып қарамағындағы батыр, билерін шақырған. Кешеден бері Тор-
ғай өзенінің бойындағы белгісіз оба анына шақырған адамдары жинала бастаған. Бұлардың
ішінде өзінің батыр серіктерінен бөтен Кенесарыға соңғы кезде қосылған Бегімбет руынан
Тəуке батыр, Арғынның Төлек руынан Жəуке батыр, Қарауыл руынан Баубек батыр, Керей
руынан Қошқарбай батыр, Төртқара руынан Бигелді мен əйгер батырлар, Берді руынан
Сүгірбай батырлар бар. Əрқайсысы Торғай өзенінің бойына қостарын тігіп мəжілісті күтіп
жатқан. Мəжіліс ертең басталмақ. Ал Кенесарының бүгінгі əңгімесі соның алдын ала ең
жақын ақылдас серіктерімен кеңесу еді. Көрген түсін ортаға салуы да оның алыстан
орағытқан айласы.
Сонымен қырғыз, қоқан, орыс бірігіп кетсе қайтеміз, дейсің ғой, əбілғазы? — деді
Кенесары кенет шырқай шыққан əнді де, миын шырмай жөнелген ойды да өзінен қуып,
манағы əңгімелеріне қайта оралып, — сонда Ұлы жүз бен Сыр бойында көшіп жүрген Кіші
жүздің қазақтарын есепке алмайсың ғой?
Алмаймын. Тұлыпқа мөңіреген аусыл қарадай болып жүрмесек нетсін...
Сондықтан да алыстан арбалағанша жақыннан дорбалаған жөн, — деді Таймас. —
Арқадан кетуіміз арманнан кетумен пара-пар...
Сонда... — Кенесарының түксиген қабақтары көзін жауып жіберді. Бұл оның
ашуланған белгісіақ патша қаһары арқамызға аяздай батса да шыдай бер демексіңдер
ме?
Шыдамасқа амалымыз болып тұр ма? — деді Таймас күрсініп, Кенесарының топ
қуғыншының ортасына түскен жаралы көкжал бөрідей қиын жағдайын жақсы түсінгендіктен,
сөзін батыра айтып, — бізге жеткен ақ патша, Қоқанға жетпей ме? Тескен тау өтіп кетпесең
қашып құтыла алмайсың...
Одан да...
Иə, одан да?
Үлкен халық қой, бəрі бірдей Аршабоқ, Обыріш, Бесонтиін секілді шетінен бұзық емес
шығар, еліне, жұртына сүйеніп тіл табу керек...
Ие... Бірақ қарашымен астарласқанда не өнеді дейсің. Құм жиылып тас болмас, құл
жиылып ел болмас дегенді білмейтін бе едің?!
Таймас бір ретте «Сұлтандар жиылып ел болғанын да көрдік қой, енді құлдарға да
кезек берейік», — деп қала жаздады да, Кенесарының салбырап кеткен қабағына қарап, дер
473
кезінде тоқтады. «Қанына тартпағанның қары сынсын» дейді ғой халық, бүкіл қазақ елін
əлде де хан тұқымының абыройынан төмен санап отырғанын қарашы, хан иемнің».
Таймас енді алыстан орағыта сөйледі.
Түс жоруына қарасам, алдымызда күткен тек ажал бар. Əлі де болса ойлансақ,
Кенеке...
Арманыма жету үшін орта жолда ажалым тұрса, одан қорқып, бас тарт-
пан. Он сегізімде найза ұстап, жауға шапқанымда, түбі жау қолынан өлетінімді білгем.
Несіне ойлан дейсің маған?
Артыңызда ерген жұртыңыз бар ғой. Оның тағдырын қайтесіз?
Мақсатына жете алмаған жұрт енді маған ермейді. Ал ере қалғаны мен не көрсем, о
да соны көреді. Бір қайыққа мінсек, енді ажалымыз да, амандығымыз да бір болады.
Таймастың іші мұздап кетті. «Япырмай, бар халық қырылып қалса да Кенекең жартастай
мызғымас. Мұндай да тастай қатты адам туады екенБірақ Кенесары өзінің сөзінен шықты.
Осыдан екі жылдай өткен соң, Кекілітау баурында бар қолын қырғыз, қоқан, орыс əскері
қоршап алып, құтылу жолы жал-
ғыз ғана қоршауды бұзып шығу болғанда, ол: «Аттарымыз мықты, біз қоршау-
ды бұзып шығармыз, ал аттары нашар өзге жұрт не істейді? Жоқ, соңымнан ерген
серіктерімді тастап, ажалдан құтылмағаным-ақ болсын!» — деп өзі қолға түскенше
əскерімен бір болды, оларды тастап бас сауғалап қашпады.
Дəл осы сəтте Таймас Кенесарыға көршілес елдерден де, соңынан ермеген қазақ
руларынан да рақым болмайтынын анық түсінді, Оған кенет хан Кене жан-жағын тасқын
қаптаған жалғыз бəйтерек тəрізді көрініп кетті. «Ұзаққа шыдай ала ма сол жалғыз бəйтерек?
Бұл сұраққа жауапты тек уақыт ғана бере алатын тəрізді. Таймас Кенесары басына төнген
қара бұлтты еш дауыл сырғытып əкете алмайтынын тағы анық сезінді. Ол жараланған
қасқырдай неден болса да тайынғысы келмей тұрған қолбасшысын аяп кетті. Ең болмаса
соңғы ақылын айтып жəрдем бергісі келді.
Егер жұрт, туған жерінен айырылғысы келмесе қайтеміз? — деді Таймас. — Оларды
сойылдың күшімен көшіре аламыз ба?
Ондай қаталдықтың енді керегі қанша? Ергені ерсін. Ергісі келмегені қалсын.
Халқымның жеткен жері сол болса, өкпелегеннен не табасың...
Ертеңіне мəжіліс ашылды. Кенесары бар жағдайды ашып беріп, Шу мен Іле бойына
көшуден бөтен жол жоқ деп сөзін бітіріп: «Ал енді қандай кеңестерің бар деп,
отырғандарға көз тастады. Отырғандар еш жауап бере алмай жерге қарады. Осылай
бірталай мезгіл өтті.
əлден уақытта барып Тəуке батыр:
Атта жал, адамда қам жоқ, — деді ауыр күрсініп, — біз қозғалып Шуға жеткенше қыс
болады... Қыс та бір, жау да бір, босып барып қырылғанша, ажалды ата-мекен жерімізде
тосып алған жөн. Ең болмаса көмусіз қалмайық. Көшудің қажеті жоқ.
Тағы да ешкім үндемеді. Тек от тісті, орақ ауызды қызу қанды Қыпшақ Иман батыр
орнынан атып тұрып:
Не малтаңды езіп отырсың. Тəуке батыр? — деді даусы дала қыранындай, шаңқ етіп,
жерінен, суынан айырылған халқына, Кенекең «əлі де болса жауыңа жеңгізбеймін,
соңымнан ер» деп отырғанда, ел басына бүгінгі туған ауыртпалықтан қорқып, кейін
шегінейін дедің бе? Атта жал, адамда қам жоқ, қыс көзі қырауда деп елдің қамын ойлаған
боласың, Тəуке! Айдаһардай жұтайын деп келе жатқан жауыңнан соңынан ерген аз елін
басқа жаққа əкетпек Кенекеңнің шешімі ел қамы емей, ненің қамы? Маған салсаң,
қарамағымдағы елу ауылды ертіп Шуға қарай бүгін көшуге бармын. Туған жерім деп ақ
патшаға кеткен қайырсыз қонысқа жабыса берер жайым жоқ.
Бұл мəжіліс екі күнге созылды.
Ақырында, қарамағындағы елдің азғанасы ғана Кенесарыға еріп, қалғандары өздерінің
тастап кеткен жеріне қайтпақ болды.
Күздің қара суығында бір тайпы ел екі бөлініп көшті. Қоштасқан найзагер достар, бірін-
бірі қимай əзер айырылысқан сүйіскен жүректер, жылаған бала, жоқтау айтқан əйел, қайғы-
қасіреттен адамның төбе шашы тік тұрарлық...
474
Ең алдымен Арқаға қайтпақшы елдер көтерілді. Бұларды қыстың аязымен бірге ақ
патша аға сұлтандарының қаһары қарсы алды. Əсіресе Қоңырқұлжа қарамағынан қоныс
алған жұрт қатыгез қанды балақ аға сұлтаннан зар жылады. Ол Кенесарыда кеткен өшін
қайтып келген елден алды. Бірақ оның да аға сұлтандық өмірі ұзаққа созылмады. Қиянаты
тыстан асқан кезде бұның қылмысын тексеруге Омбыдан комиссия шықты. Сол
комиссияның ішінде əділетті арман еткен жас офицер Есіркеген де бар болатын. Ол былтыр
ғана Петербург кадет корпусын бітірген-ді. Жəне өткен жылы сол қалада Күміске үйленген.
Қазақ елінің келешегі тек ұлы орыс халқымен ғана бірге болса көгеретініне əбден көзі
жеткен жас офицер Қоңырқұлжалардан құтылу керек екенін де ұққан. Сондықтан өзінің
демократшыл орыс офицерлері арасындағы қадірін пайдаланып, комиссияның сатылған
өзге мүшелерінің пікірін аяқсыз тастатып, Қоңырқұлжаны орнынан түсіртті. Сөйтіп аз да
болса елі-жұрты мен Күмістің өшін қайтарды.
Ал Кенесары соңынан қуғыншы шықпасын деп отырған жерінен қыс түсе көшті.
Кенесарының соңынан мың қаралы үй ерді. Қалған қалың бұқара қаны қарайған ханнан
іргесін аулақ салып, өз қоныстарына тарады.
Көш алды қара құрымданып ылдиға түсіп кеткенде, Кенесарымен бірге төбе басында
тұрған Досқожа ақын шыдай алмай, домбырасын қағып-қағып жіберіп, көзіндегі жасын іркіп
алды да, қарлыққан дауыспен жыр тоғытып қоя берді.
Қалдың деп қайран елім, кең қонысым,
Қамығып тұрды Кене жұртын ойлап.
Кене хан енді көшті «я, құдайлап
Тұрған соң хан қамығып, ел жабығып
Досқожа толғай берді кегін қайрап...
Көш ұзаған сайын, жыр да ұзай берді, Шыдай алмаған Кенесары алға қарай асыға шаба
жөнелді.
Ағыбай, Бұқарбай, Жеке батыр, Иман, Құдайменді, Наурызбай, Бопай, Таймас, əбілғазы,
тағы бір топ кісі аттарын борбайлай қамшылап соңынан ерді. Осыдан жеті жыл бұрын,
көтеріліс басталған сəтте-ақ Кенесарыға қосылған бұл батырлардың ішінде, ел билігін
қайтадан қолына алған Жоламан сұлтан ғана жоқ еді.
Кенесарының бұл асыға көтерілуі ажалына асығуы болды. Екі жыл өтпей биылғы көрген
түсі дəл өңіндегідей келіп, ол Кекілітауының бауырынан ажал тапты.
Ал мынау көш Шыңғысхан шабуылынан бастап, алты жүз жылдан астам өзінің жері, суы,
тəуелсіздігі үшін күрескен қазақ атты көшпенді көкжалдардың ең соңғы ұлы көші еді.
475
Ілияс Есенберлин оры шығаруды жоспарлап отырған кітаптар:
1. «Алтын орда» трилогиясының көркем безендірілген жаңа басылымы — 1999 ж.
2. «Ілияс Есенберлиннің белгісіз нақылдары, ойлары мен сөздері» жинағы — 2000 ж.
Ілияс Есенберлин кітаптарының шығарылуына жəне оларды алуға қа-
тысты барлық сұрақтар бойынша «І. Есенберлин атындағы қор» атты қоғамдық қорға, мына
мекен-жайға хабарлауды өтінеміз: 480091, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 67-үй.
Тел.: 69-45-29, 67-28-30.
Факс: 69-45-19.
Суретшілер: Сидоров Г., Бексµлтанов М.