Кітапхана миссиясы жеке тұлғаның үйлесімді дамуын, қоғамның
қалыптасуына ықпал ететін ақпаратқа қолжетімділікті, теңмүмкінділіктілікті,
сапалы кітапханалық қызметті қамтамасыз ету.
Кітапхана мақсаттары: оқырмандардың қызығушылықтары мен
қажеттіліктерін ескере отырып, кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру;
пайдаланушылардың ақпаратқа, білімге, мәдениетке еркін қол жеткізуін қамтамасыз
ету; жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, кітапханалық қызметті
ұйымдастыру; пайдаланушылардың ғаламдық ақпараттық желіге қол жеткізуіне
мүмкіндік беру.
Кітапхана міндеттері: кітапхана жұмысының дәстүрлі, сондай-ақ
инновациялық әдістері мен формаларын қолдана отырып, анықтама-
библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру; кітапхана қорын
толықтыру және сақтауын қамтамасыз ету; оқырмандардың сұранысын тұрақты
зерттеу; кітапхананың материалды-техникалық базасын нығайту.
ТАРМПУ ҒЫЛЫМИ-АҚПАРАТТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯЛЫҚ
БАҒЫТТАРЫ
(2019-2021жж):
- ақпараттық ресурстар мен кітапханалық қорды еркін пайдалану мүмкіндігі
жасалған заманауи ашық кітапхананы құру;
- университеттегі білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламаларына сәйкес
құжаттар қорын қалыптастыру, қордың сақталуын қамтамасыз ету;
- кітапханалық кеңістікті трансформациялау, жабық қорларды оңтайландыру;
- RFID-технология негізінде кітапханалық қызмет көрсету жүйесін модернизациялау;
- университеттің цифрлық ақпараттық білім беру кеңістігіне интеграциялану;
- кітапхананың кадрлық потенциялын арттыру.
ҒЫЛЫМИ-АҚПАРАТТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ЖҰМЫС БАҒЫТТАРЫ:
I. ОҚЫРМАНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
II. ҚОРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ, КАТАЛОГТАНДЫРУ, САҚТАУ
III. КІТАПХАНА ҮРДІСТЕРІН АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ РЕСУРСТАРДЫ
БАСҚАРУ
IV. КІТАПХАНА WEB-ПОРТАЛЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
V. АҚПАРАТТЫҚ-БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
VI. КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГТЕУ ЖҰМЫС
VII. МӘДЕНИ-КӨПШІЛІК ІС-ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ