ТАРИХЫ
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты кітапханасының тарихы 1967 жылдың
күзінде Қазақ ССР білім министрлігінің және оқу орнының бастамасы бойынша
мамандықтарға байланысты қорында 12 мыңға жуық басқа кітапханалардан түскен дублетті
әдебиеттермен жинақталған, 20 орынды оқу залы мен абонемент бөлімі іске
қосылды. Ғылыми қор бірнеше сөздіктер мен орыс тілінің бір ғана энциклопедиясынан
құралды. Кітапхананың меңгерушісі Мазина Нина Сергеевна тағайындалып, алғашқы 300
оқырмандарға қызмет көрсеткен кітапханашылар М.С.Тұрарова, С.П.Пиунина, ал 70-80
жылдары кітапхана меңгерушісі А.В.Хабарова және 23 қызметкерден (Н.А.Халилова,
Н.Ф.Кадысева, Т.В.Гнатенко) тұрды. 1985 жылы кітап қоры 170 мың данаға ұлғайып,
кітапхана жаңа оқу ғимаратына көшіп, 3 оқу залы, абонемент бөлімі, 3 кафедралық кітапхана
ашылып, жылына 3 мыңнан аса оқырмандарға қызмет көрсетілді.
1998 жылдың наурыз айында 3 институттардың бірігуінің нәтижесінде
(Жамбыл педагогикалық институты, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық
институты, Жамбыл гидромелиоративті және құрылыс институты) М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы болып қызметін жалғастырды.
2004 жылдың сәуірінде Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жеке
бөлінуіне байланысты құрылымында 111 мың атаулы 343507 дана оқулықтар, ғылыми,
көркем әдебиеттермен қатар, монографиялар, ғылыми еңбектер мен мерзімді
басылымдардан тұратын әмбебап мазмұнды қоры бар ғылыми кітапхана ұйымдастырылды.
2004-2010жж. аралығында 4 оқу ғимаратында орналасқан кітапхана құрылымы ұлғайды: 4
сектор, 2 абонемент бөлімі, 5 оқу залдары, «Балауса» клубы, мерзімді басылымдар залы мен
5 комплект компьютер, 10 орындық саны бар электронды оқу залы оқырмандарға қызмет
көрсетті.
Бүгінгі күні Ғылыми-ақпараттық кітапхана университеттің 3 оқу ғимаратында
орналасқан, жалпы алаң көлемі 1576 ш.м. құрайды, құрылымында 4 қызметі бар. Оқу
залдарындағы орындықтар саны – 417, оқырмандарға ақпараттық-библиографиялық
қызмет 14 пункте көрсетіледі: оқырмандарға абонемент бөлімі, 2 ашық кітапхана,
мамандандырылған оқу залдары, электронды ресурстар залы, ғылыми қор залы мен
кафедралық кітапханаларда («Орыс филологиясы», «Шетел тілдері», «Қытай тілі» ресурс
орталықтары, «Бастапқы әскери дайындық», «Кәсіптік оқыту және дизайн», «Дене тәрбиесі
ілімі мен әдістемесі» кафедралары, «Жан сыры» психологиялық қызмет көрсету орталығы)
қызмет көрсетіледі және жеке жұмыс зонасы, топтық жұмыс және тренинг зонасы мен
демалу зоналары ұйымдастырылған.
5000-ға жуық оқырманы бар ғылыми-ақпараттық кітапхана жылына 14 мыңнан аса
оқырмандарға қызмет көрсетіп, 320 мыңнан аса құжаттарды қолға береді. Жылына 182
мыңға жуық оқырман келеді.
2019 жылдан бастап ашықтық, адалдық, креативтілік принципіне негізделген "оpen
space" форматында кедергісіз үлгіде жұмыс жасайтын заманауы «Адал кітапхана»
пайдалануға берілді. Мұнда әртүрлі форматтағы ресурстар (кітаптар, мерзімді басылымдар,
сандық ресурстар, электронды деректер базалары мен электронды кітапханалар) мен түрлі
техникаларды пайдалану мүмкіндігі "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастырылған.
Жаңа ашық кітапханада заманауи интерьер, ыңғайлы мобильді жиһаздар, жаңа компьютер,
бейне-техникаларымен жабдықталған, тегін интернет, Wi-Fi қосылған. Жеке, еркін және
топтық жұмыс жасауға арналған зоналар бар, жастардың тыныш отырып дайындалатын
кабиналары, еркін отырып демалатын кеңістігі, топпен жұмыс жасау және тренингтер
өткізуге болады. Бос уақыттын шахмат, шашка ойындарымен қызықты және тиімді өткізуге,
жұмсақ орында кітап оқуға және жүрегіне жақын әуен тыңдап демалуына жағдай жасалған.
Мұнда кітапханашылар қызметі дәстүрлі форматтан еркін кеңесші форматына көшті, яғни
студент өзі еркін қажет құралдарын таңдап еркін пайдалануына мүмкіндігі бар.