1962 жылы Жамбыл су мелоративті құрылыс институты құрылып, оның
кітапхана қоры Қазақстан ауылшаруашылық институты сыйға тартылған
кітаптармен 9000-нан асты. Кітапхананың алғашқы меңгерушісі Ольга
Кузьминичина Горшенина еді.
1963 жылы Қазақ химия - технологиялық институты филиалынан өз алдына
Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты болып
құрылды. Кітапхананы Ариадна Игоревна Жукова 1963 жылдан 1986
жылдар аралығында басқарды. Кітапханашылар саны 5 адамға көбейіп, кітап
қоры 22 866 данаға көбейді. Осы жылы 13 адамнан тұратын кітапхана кеңесі
құрылып, оның құрамына кітап сүйер қауым және ерікті кітапхана
көмекшілері енді.
1967 жылы сол кездегі Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық
институтының кітапханасында ақпараттық библиографиялық, кітап қорын
толықтыру және өңдеу бөлімдері ашылып, кітапхана ғылыми оқу жүйесінде
қызмет көрсетуін жалғастырды.
1968 жылы кітапхана жаңа оқу корпусына көшірілді де, кітап қоры 200 000
данаға жетіп, білімгерлерге көркем және саяси-қоғамдық әдебиеттер қорын
ашық пайдалануына мүмкіндік берілді.
1970 жылы Жамбыл су - мелиоративті құрылыс институтуының кітапханасы
жаңа жатақхана корпусына көшіріліп, онда 2 оқу залы, абонемент және
ғылыми кітаптар бөлімі ашылып, әртүрлі сала бойынша кітап қоры 213 271
данаға жетті.
1977 жылы кітапхана екі академиялық топта «Оқу үлгерімін және
кітапханадағы кітап оқу байланысын зерттеу» тақырыбында ғылыми
сараптама жүргізді.
1980 жылғы қыркүйек айында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі
технологиялық институтының кітапханасы Қазақ ССР жоғары және арнайы
орта білім министрлігінің бұйрығы бойынша Жамбыл қаласының жоғары
және орта арнайы оқу орындарының негізгі әдістемелік орталығы болып
тағайындалып, жоғары, орта арнайы оқу орындарының 11 кітапханасына
жетекшілік ететін екі секция жұмыс істеді.
1981 жылы ғылыми- әдістемелік бөлімі құрылып, Жамбыл қаласының
жоғары және орта арнайы оқу орындарының кітапханаларына әдістемелік
көмек көрсетуді, кітапханашылардың мамандығын жетілдіруді
ұйымдастырды.
1982 жылы Жамбыл су-мелиоративтік құрылыс институтының кітапханасы
жаңа соғылған «Ғылымдар үйі» кешеніне көшіріліп, кітапхананың қызметтік
каталогы ондық жүйеден «Кітапханалық-библиографиялық жүйеге» көшіріле
басталды. Осы жылдары оқу, көркем, ғылыми әдебиеттер абонементтері
ашылып, кітапханааралық абонемент және тәрбиелік секторлар жұмыс жасай
бастады.
1982-1994 жылдар аралығында Күлпаш Әлімғазықызы
Ибрайшина кітапхана меңгерушісі болды. Кітапхана ұжымы оқырмандарға
ақпараттық, көпшілік жұмыстарды жетілдіру мақсатында білімгерлерге
топтық әдіспен «Басшылыққа саралап қызмет көрсету», «Ақпаратпен іріктеп
тарату» жүйелерінде қызмет етуді ұйымдастырды. Кітап қоры 379 000 данаға
көбейді.
1985 жылы кітапханааралық абонемент секторы құрылып, онда жылына 400-
500 оқырманға қызмет көрсетілді. Кітапханада кітап қорын «Кітапханалық-
библиографиялық жүйеде» орналастыру жұмысы басталды және кітапхана
қызметкерлері «Ақпарат, кітапхана және баспа ісі» бойынша стандарттар
жүйесін оқып үйреніп, стандарттарды ендіру мақсатында техникалық-
ұйымдастыру іс-шаралардың жоспарын жасады.
1986 жылы «Ғылымдар үйінен» институттың бас корпусына кітапхананың
оқулық және ғылыми әдебиеттер абонементтері, библиографиялық, кітап
қорын толықтыру және өңдеу бөлімдері көшіріліп, 120 орындық оқу залы
ашылды.
1986 1996 жылдар аралығында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі
технологиялық институтының кітапханасын Эмма Яковлевна Сидоренко
басқарды.
1987 жылы «Жас кітапханашылар мектебі» құрылып, «Жас
кітапханашылардың тәлімгер ұстазы» тақырыбында кітапханашылар
конкурсы ұйымдастырылды. Кітапхананың жалпы қоры 373 860 дананы
құрады.
1991 жылы кітапхана институттың профессор оқытушыларының 1970-1990
жылдардағы ғылыми жұмыстарына библиографиялық көрсеткіш шығарды.
1970 - 1997 жылдар аралығында кітапхананың кітап қорын толықтыру және
өңдеу бөлімінің меңгеруші қызметін София Салимовна
Нурсеитова атқарып, жемісті қызмет істеп, жас мамандарға үлгі-өнеге
көрсете білді. Осы жылдары кітап қоры 354 596 данаға жетті.
Кітапхана жұмысының қалыптасуына, кітап қорын толықтыруға, қолдағы бар
құндылықтарды жинақтап, жүйелеп, саралап әр жылдары оқырманға
жеткізуге өз үлестерін қосып, абыройлы еңбек еткен кітапханашылар:
А.А.Сагатилян, С.Б.Жанабаева, Т.Куренкеева, М.А.Берденова,
А.А.Абдрахманова, Р.А.Югай, Т.С.Измайлова және т.б.
Кітапхана дамуының шарықтау кезеңі
«Адам баласының қолымен жасалғанның бәрі
уақыт пен төзімнің жемісі!»
О.Бальзак
1998-2013 жылдар хроникасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы наурыз айының 24
жұлдызындағы №256 Қаулысымен облыс орталығындағы үш жоғары оқу
орны Жамбыл университеті, Жамбыл су - мелиоративті құрылыс институты,
Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты
кітапханаларының бірігуімен Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапханасы құрылып, 1998 2009
жылдар аралығында Фарида Мұқсынқызы Мырзаханова басқарды.
1998 жылы Ғылыми кітапхана Сорос-Қазақстан қорының бірінші грант
иегері, Қазақстан Республикасы кітапханалары Қауымдастығының мүшесі.
Фарида Мұқсынқызы «Кітапханалардағы тиімді өзгерістерге арналған
жобаларды басқару» атты халықаралық семинар-тренингте жеңімпаз деп
танылып, Республикалық кітапхана қызметкерлері II съезіне Жамбыл
облысының кітаханашыларының делегаты болып қатысты.
1999 жылы кітапханалық - библиографиялық үрдістерді автоматтандыруды
«Кітапхана 4.02» бағдарламасы бойынша бастап, кітап қорына
ретроконверсия жұмысын жүргізуді қолға алды. Осы жылы «Британ
Кеңесінен» грант жеңіп алынып, экономика, құқық саласы және ағылшын
тіліндегі көркем әдебиеттер алынып, кітап қорына мыңға жуық әдебиет
қосылды. Кітапхананың кітап қорынан ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр
басында басылып шыққан құнды басылымдар энциклопедиялар, сөздіктер
мен анықтамалар және сирек кездесетін басылымдар жинақталған кітап қоры
ұйымдастырылды. «Кітапхананы бүгінгі күнге орай жабдықтау және
әрлендіру» атты облыстық кітапханашылар семинары өткізілді.
2000 жылы кітапхана Интернет желісіне қосылып, Қазақстан Республикасы
жоғары білім орда кітапханалары Қауымдастығының мүшесі болды. Осы
жылы профессор, мемлекеттік сыйлық иегері «Абайтанушы» ғалым
Мекемтас Мырзахметұлының 5305 дана жеке кітапхана қорынан, филология
факультетінің жанынан «М.Мырзахметұлы кітапханасы» ашылды.
Оқырмандардың сұранысы бойынша №3 жатаққанадан 36 орындық түнгі
оқу залы ашылып, жұмыс істей бастады. «Шығармашылық ой-пікірлер
жәрмеңкесі» атты облыстық кітапханашылар семинары өткізілді.
2000-2003 жылдар аралығында кітапхана Сорос-Қазақстан қайырымдылық
қорының «Ашық ұйым» институтының «Пушкин кітапханасы»
мегажобасының жеңімпазы атанып, кітап қоры - 3550 данаға толықтырылды.
Оқырмандармен тәрбиелік іс-шаралар жүргізу мақсатында «Ой толқын»
және «Дидар» оқырман отаулары құрылып, студенттермен көпшілік
жұмыстар жүргізіле басталды.
2001 жылы 10 орындық электронды оқу залы ашылып, оқырмандардың
электронды тасымалдағыштағы кітап қорын пайдалануына және жедел
ақпарат алуына мүмкіндік берілді. «Қазіргі кезеңдегі кітапханалардың
дамуы: жаңа технологиялар мен жаңа түрлері» атты облыстық
кітапханашылар семинары өткізілді.
2002 жылы Ғылыми кітапхана ұжымы «Әйел басқаратын ең үздік ұжым»
атты республикалық конкурстың жеңімпазы болды. Осы жылыжас қыздарға
әлеуметтік жаңа бейне қалыптастыру, елге танымал белсенді, іскер
аруларымызбен кездестіру, сұхбаттастыру мақсатында «Сезім» қыздар отауы
ұйымдастырылды. «2002 жыл бастамалары» атты облыстық кітапханашылар
семинар-тренингі өткізілді.Үйлестіруші-әдістемелік орталығының веб-сайты
ашылды.
2002-2003 жылдар аралығында Жамбыл облысында бірінші болып
«Ақпараттық ресурстар Ғылыми кітапхана қорын толықтырудың тиімді көзі»
атты жоба жасалынып, халықаралық «Еуразия» қорынан грант жеңіп
алынды. Кітапхана жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталып, құқық
және экономика саласы бойынша 3000-ға жуық оқулықтармен
толықтырылды.
2003 жылы кітапханалық-библиографиялық үрдістерге жаңа ақпараттық
технологияны ендіру, жетілдіру және ақпараттандыру мақсатында
Библиография және электронды ресурстар орталығы құрылды. Осы жылы
Ф.М.Мырзаханова АҚШ Мемлекеттік Департаментінің білім және мәдениет
бағдарламасы Бюросы ұйымдастырған үш апталық «Кітапханалар
менеджменті» бағдарламасы бойынша Америка Құрама Штатындағы
көпшілік және университет кітапханалары, ақпарат орталықтарының
қызметімен танысты. «Кітапханалық-ақпараттық қызметтің жағдайы және
жетілдіру жолдары» атты облыстық кітапханашылар семинары өткізілді.
2004 жылы «Жаңа уақыт - жаңа мүмкіндіктер: жоо кітапханаларындағы
ғылыми және әлеуметтік зерттеулердің оқырмандарға қызмет көрсетудегі
көмегі» тақырыбында кітапханашылардың республикалық семинары болып,
оған еліміздегі 55 мемлекеттік ЖОО кітапханалары директорлары мен бас
мамандары қатысты. Кітапхана директоры Ф.М. Мырзаханова Судак
қаласында өткен ХІ Халықаралық «Крым-2004» конференциясына қатысып,
онда «Жоғары оқу орындары кітапханаларында ақпараттық ресурстардың
пайдалануы және оның даму болашағы» тақырыбында баяндама жасады.
«Кітапханалар және қазіргі заман ақпараттарына мүмкіндік» атты облыстық
кітапханашылар семинары өткізілді.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 09.06.2004 жылғы
№529 «Жоғары оқу орындары оқулықтарына сапалы түгендеу өткізу туралы»
бұйрығын орындау мақсатында Ғылыми кітапхана ұжымы оқулықтар
қорының сапалы толықтырылуын айқындау үшін түгендеу жұмысын өткізді.
Университеттің Индиана университетімен (Блумингтон) ұзақ мерзімді
жобасы негізінде Ғылыми кітапхана Сабре қорынан ағылшын тілінде 7671
дана, бағасы 363 664 $ тұратын әдебиеттер мен электронды тасымалдағыш /
CD-ROM, W/CD/ құжаттар, Сорос қоры қаржылайтын Гете институтынан
неміс тілінде оқу-әдістемелік әдебиеттер алынды. Осы әдебиеттермен
оқырманға пайдалану мүмкіндік беру мақсатында 20 орындық шетел
әдебиеттер оқу залы ашылды. 2004-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра»
мемлекеттік бағдарламасы аясында білімнің 15 саласы бойынша әлемдік
ғылыми ой-сананың мәдениет пен әдебиеттің таңдаулы 11142 дана
шығармалармен кітап қоры толықтырылды.
2005 жылы Университеттің Халықаралық ИСО 9000-2001 сапа
менеджментінің жүйесіне (СМЖ) көшуіне байланысты қаңтар айынан
бастап Ғылыми кітапхананың барлық құжаттары, атап айтқанда, Ғылыми
кітапхананың Қағидасы, пайдалану ережесі, бөлімдердің құжаттары осы
жүйеге сай қайта өңделіп, бекітілді. СМЖ талаптары бойынша бірінші рет
«Жұмыс нұсқаулары» мен «Үрдіс схемалары» жасалынды. «Кітап қорын
толықтыруда ақпараттық қамтамасыз ету» атты облыстық кітапханашылар
семинары өткізілді.
2006 жылы Ф.М. Мырзаханова Сеул қаласында өткен ИФЛА-ның
«Кітапхана: Әлемдік қауымдастықтың дамуының білім қозғаушы күші» атты
Дүниежүзілік кітапханашылар мен ақпарат қызметкерлерінің 72-ші
Конгресіне қатысты. «Кітапхананың ақпараттық-кітапханалық қызметінің
дәстүрлі және жаңа түрлері» атты облыстық кітапханашылар семинары
өткізілді.
2007 жылы Ғылыми кітапхананың 2007-2010 жылдарға арналған даму
Концепциясы жасалынды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі, Ұлттық академиялық кітапханасы және Кітапханашылар
Ассоциациясы бірлесіп елімізде алғашқы рет «Бір ел бір кітап» акциясын
жариялауынан кейін жалпы ұлт болып оқуға Абай Құнанбаевтың «Қара
сөздері» таңдалуына байланысты университеттің Ғылыми кітапханасында
өткен акцияға 5000-ға жуық оқырман қатысты. «Кітапхана қызметінің
әдістемелік қамтамасыз етілуі» атты облыстық форум өтті.
2008 жылы Кітапхана директоры Ф.М.Мырзаханова Канаданың Квебек
қаласында өткен ИФЛА-ның «Шексіз кітапханалар: жаһандық бірігу
бағыттары бойынша жетілдіру» атты 74-ші халықаралық конгресіне
қатысты. Елімізде екінші рет өткізілген «Бір ел бір кітап» акциясына
жалпы оқуға Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» повесі таңдалып алынуына
байланысты оқырман конференциялары өткізілді. Университеттің 50
жылдық мерейтойы қарсаңында кітапхана ұжымы кітап қорына жүргізілген
ретроконверсия жұмысын аяқтады. Ғылыми кітапхананың 50 жылдық
мерейтойына орай «Кітапхана білімнің биік белесі: М.Х.Дулати атындағы
ТарМУ Ғылыми кітапханасы» атты кітап, фильм шығарылды.Үйлестіруші-
әдістемелік орталыққа - 10 жыл толуына орай «Жоғары оқу орны
кітапханалары: жетістіктері мен жаңа мүмкіндіктері» атты облыстық
кітапханашылар семинары өткізілді, аталған семинардың материалдары
шығарылды.
2009 жылы кітапхана директоры Ф.Мырзаханова Италияның Милан
қаласында өткен ИФЛА-ның «Кітапханалар - білімге қол жеткізудегі
қозғаушы күш» атты 75-ші халықаралық конгресіне қатысты.
«Кітапханадағы ақпараттық-библиографиялық жұмыс» атты аймақтық
кітапханашылар семинары өткізілді. «Кітапхана 4.02» бағдарламасынан
«Kazakh Soft» компаниясы жобалаған «КАБИС» (Қазақтың
автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесі) бағдарламасына
көшті. Кітапхана қорындағы кітаптар мен өзге де құжаттарға тапсырыс беру,
оны жылдам іздестіруді жүзеге асыру http://ecat.tarsu.kz электрондық
каталогы арқылы орындалады. Жаңа түскен кітаптарға штрихкод қойыла
бастады. «Бір ел - бір кітап» ақциясына «Сезім» отауы Мағжан
Жұмабаевтың махаббат жырларына арналған поэзиялық кеш, «Батыр Баян»
атты патриоттық поэмасы бойынша оқырмандар конференциясын өткізді.
«Ой толқын» отауы «Мен жастарға сенемін» атты мәнерлеп оқудан байқау
ұйымдастырды. Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар институтында оқу залы
ашылды.
2010 жылдың 5 ақпанынан бастап, кітапхана директоры
Ф.М.Мырзаханованың құрметті демалысқа шығуына байланысты
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Үйлестіруші-
әдістемелік орталығының ылыми кітапхана) директоры
қызметіне Гүлжан Жеңісбекқызы Иржанова тағайындалды.
Тамыз айында Ғылыми кітапхана директоры Г.Ж.Иржанова Қорқыт ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жоғарғы оқу орны
кітапханаларына арналған «Жоғарғы оқу орны кітапханалары электронды
ақпараттық ортада» атты республикалық семинарына қатысып, «Жоғарғы
оқу орны кітапханаларының инновациялық қызметіне жаңа көзқарас»
тақырыбында баяндама жасады. Кітапханашылардың кәсіптік біліктілігін
жетілдіру мақсатында «Кітапханалар-электронды-ақпараттық ортада» атты
аймақтық ғылыми-тәжірибелік семинары болды. Төртінші рет өткізіліп
жатқан «Бір ел- бір кітап» ақциясына Жұбан Молдағалиевтың «Мен
қазақпын» атты патриоттық поэмасын жатқа айтудан байқау, «Шеті мен
шегі жоқ арман әлеміне мен мәңгілікке келдім» атты ақынға арналған әдеби
кеш ұйымдастырылды. Қазақ халқының ұлы перзенті, қаһарман жауынгер,
даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жазушы Бауыржан
Момышұлының 100 жылдық мерей тойына орай, кітапхананың «Ой толқын»
клубы мен университеттің тәрбие бөлімі бірлесе отырып, «Біртуар Бауыржан
Момышұлы» атты шығармашылық кездесу кешін өткізді. Бұл кешке
«Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері: ф.ғ.д.,
профессор М.Мырзахметұлы, М. Кәтімхан, «Знамя труда» газетінің бас
редакторының орынбасары, Бауыржан Момышұлының немере інісі Бекет
Момынқұл, «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалының төрағасының
орынбасары О. Қ. Есіркепов қатысты. Қазақстанның жоғары оқу
орындарының электронды ресурстарын біртұтас ақпараттық жүйеге
біріктіретін www.rmeb.kz Республикалық жоғары оқу орындары аралық
электрондық кітапханасының (РМЭБ) деректер қорына
және www.kazneb.kzҚазақстандық Ұлттық электронды кітапханасы
(ҚазҰЭК) қорын пайдалану мүмкіндігіне қол жеткізді.
2011 жылы Ғылыми кітапхана Қазақстан Республикасының білім және
ғылым Министрлігінің жастар саясаты Департаменті мен М.Әуезов атындағы
Оңтүстік Қазақстандық мемлекеттік университеті ұйымдастырған «Үздік
кітапхана - 2011» конкурсына қатысып, жоғарғы оқу орындарының
кітапханалары арасынан IV орынға ие болды. ҚР Тәуелсіздігінің 20-
жылдығына орай «Кітапханалардың біртұтас ақпараттық кеңістігіндегі
бірлескен өзара әрекеттесуі» тақырыбындағы аймақтық оқу орындарының
кітапхана мамандарына ғылыми-тәжірибелік семинары өткізілді.Тараз
мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кітапханасымен
келісімшарт жасалып, бірлескен мақалалардың электронды жиынтық
каталогын жүргізу жұмыстары ұйымдастырылды. Бесінші рет өткізілген
«Бір ел – бір кітап» акциясына жалпы оқуға қазақ әдебиетінің көрнекті
жазушысы Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы таңдалып алынуына
байланысты оқырман конференциясы өткізілді. «Кабис» бағдарламасының
барлық мүмкіндіктерін жетік игеру мақсатында «Электронды каталогтың
пәндік айдарының» жұмыс нұсқауы (орыс тілінде) әзірленді. Гидро
кешенінде орналасқан «Ғылым орталығында» жаңа оқу залдары ашылды,
жатақханада түнгі оқу залы ашылды.
2012 жылы «Кабис» бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін жетік игеру
мақсатында «КАБИС- оқырман картотекасы» модулі бойынша
оқырмандардың базасы құрыла бастады. Ғылыми кітапхана «Ғылыми-
техникалық ақпаратты ұлттық орталық» АҚ келісім-шарт
жасалып,Springerlink, The Web of Knowledge (Thomson Reuters), Elsevier
интерактивті дереккөздерін пайдалануға мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар
«Қазақстан патенттері. Өнертабыстар. Библиография» - ақпараттық іздеу
жүйесінің толық мәтінді дереккөзіне мүмкіндік алды. Кітапхана сайтында
аталған деректер көзінің баннерлері қойылды. Республикамызда 6-шы рет
өтікізілген «Бір ел бір кітап» акциясы аясында жазушы-драматург,
Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Н.Островский атындағы
бүкілодақтық әдеби сыйлықтың, Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының
лауреаты Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» повесі бойынша
оқырман конференциясы өтті. Кітапхана күніне орай Үйлестіруші-
әдістемелік орталығы аймақтық оқу орындарының кітапхана мамандарына
«Кітапханашының кәсіби құзыреттілік мектебі» атты семинар-жаттықтыру
сабағын өткізді. «Кабис» бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін жетік
игеру мақсатында «КАБИС» бағдарламасы бойынша жұмыс нұсқауы (орыс
тілінде) әзірленді. Кітапхана директоры Г.Ж.Иржанова ҚР ЖОО
кітапханаларының қауымдастығының төрайымы болып тағайындалды,
«М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті» шаруашылық
жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны «ҚР ЖОО
кітапханаларының қауымдастығына» мүше ретінде енуге келісім
жасалынды. Кітапхана сайтында «Кітап хит-парады» және «Оқып шығуға
кеңес береміз» айдарлары қосылды. 1 курс студенттеріне арналған
«Анықтамалық» деп аталатын жолсілтемеде кітапхана туралы толық ақпарат
әзірленді. Кітапхана ісіне өз үлестерін қосып, абыройлы еңбек еткен
ұжымның құрметті ардагерлерін атап өту қажет. Олар: Фарида Мұқсынқызы
Мырзаханова, Дариға Сарсенқызы Сарсенова, Жеміс Баръянқызы Тұрсынова,
Тамара Васильевна Гнатенко, Бүбосын Алтынбайқызы Даркембаева,
Ханымкүл Төлегенқызы Бесінбай, Батен Қалиқызы Мырзабаева, Тұмаркүл
Мизамбайқызы Серикпаева, Мира Владимировна Ли, Айсулу
Арыстанбекқызы Абишева.
2013 жылы «КАБИС» бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін жетік игеру
және электронды тасымалдағыштағы оқулық, оқу-әдістемелік және ғылыми
әдебиеттермен қамтамасыз етілуі мақсатында университет ішінде «Кабис»
бағдарламасында толық мәтінді электронды оқулықтары бар «Электронды
ресурстар» деп аталатын электронды каталог құрылды. Тараз мемлекеттік
педагогикалық институтының (ТАРМПИ) Ғылыми кітапханасы мен Тараз
инновациялық-гуманитарлық университетінің (ТИГУ) Ақпараттық
кітапханалық орталығымен келісімшарт жасалып, бірлескен мақалалардың
электронды жиынтық каталогын жүргізу жұмыстары ұйымдастырылды, бұл
On-line режимде библиографиялық мақалаларды ай сайын экспорттау,
импорттау үрдісі. Университеттің гидрокешенінде орналасқан №3 абонемент
пен №5 оқу залында күрделі жөндеу және оларды қайта құру жұмыстары
өтіп, жаңа үлгідегі кітапханалық жиһаздармен жабдықталды. Университеттің
құрылымын оңтайландыру, оқытушы-профессор құрамының потенциалын
тиімді пайдалану мақсатында, сонымен қатар «М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университетінің 2011-2020ж.ж. арналған даму стратегиясын»
іске асырудың оперативтік жоспарын орындау мақсатында М.Х.Дулати
атындағы ТарМУ ректорының 2013 жылдың 24 тамызындағы №286
бұйрығына сәйкес М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Үйлестіруші-әдістемелік
орталығы Кітапханалық-ақпараттық орталық болып өзгерді, құжаттары
жаңартылды, сонымен қатар «Кітапханалық-ақпараттық орталық (ғылыми
кітапхана) мамандарының қызметін бағалаудағы рейтингілік жүйесі туралы
Ережесі» мен «Кітапханалық-ақпараттық орталығының (ҒК) кітапхана
үрдістерін нормалау үлгілері» туралы жұмыс нұсқауы енгізілді. «Бір ел бір
кітап» акциясы аясында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты лирикалық жыр
жинағын оқуға байланысты көптеген іс-шаралармен қатар ақынның
жырларын жатқа оқудан байқау ұйымдастырылды.
17-19 қыркүйек күндері Тараз қаласында «Кітапханалар астанасы - 2013»
аясында «Жаңа қоғам кітапханаларындағы инновациялар» тақырыбында
республикалық конференция өтті. Конференцияның ЖОО кітапханаларына
арналған «Жоғары оқу орнындағы инновациялық-кітапханалық қызмет:
бүгінгі жағдайы және жаңа мүмкіндіктері» атты секциясы ҚР Білім және
Ғылым министрлігі мен Республикалық ғылыми-педагогикалық
кітапханасының жоспары бойынша М.Х.Дулати атындағы ТарМУ негізінде
болды. Конференцияға кітапхана ісіндегі тәжірибелерімен бөлісу мақсатында
республикамыздың барлық ведомстволық кітапханалары мен Ресей, Польша,
Түркия, Белоруссия, Литвадан келген шетелдік қонақтар қатысты. Аталған
ауқымды іс-шара М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің
М.Үркімбаев атындағы «Жастар сарайында» өтті, оған Қазақстанның 160-
тан аса ұлттық, облыстық, жоғары оқу орны кітапханалары келді.
14 қазанда М.Х.Дулати атындағы ТарМУ гидрокешенінде орналасқан
Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №5 оқу залында Қазақстандағы
кітапханашылар мерекесіне орай, жыл сайынғы дәстүр бойынша
«Университет кітапханасының жаңа форматы: бүгіні мен ертеңі»
тақырыбында КІТАПХАНА КҮНІ өткізді.Аталған іс-шараға М.Х.Дулати
атындағы ТарМУ ректоры, п.ғ.д., профессор М.Сарыбеков, бірінші
проректор, т.ғ.д. профессор А.Абдуалы, әкімшілік-шаруашылық мәселелер
жөніндегі проректор С.Мұсаев және әр факультет декандары, кафедра
ақпаратшылары мен Жамбыл облысы жоғарғы оқу орны кітапханаларының
директорлары мен мамандары қатысты.
Қазіргі таңда Кітапханалық-ақпараттық орталықта 20 жылдан астам жұмыс
атқарып жүрген, жас кітапханашыларға ұстаз, ұжымның мақтаныштары
Гүлжан Жеңісбекқызы Иржанова, Зинаш Тоқтамысқызы Бадырова, Балқия
Тұрсынәліқызы Маткулова, Ләйлікүл Жанғазықызы Ибрагимова, Тәттігүл
Қожатайқызы Сарсембаева, Рахия Айжарыққызы Көпбаева, Алтын
Сопбекқызы Бекбосынова, Ұлтай Амангелдіқызы Есенбаева, Разия
Баубекқызы Жолтаева, Зауре Ертайқызы Искаирова, Гүлмира Есенгелдіқызы
Қуандыкова және т.б.
2014 жыл
Электрондық кітапхана ресурстарын кеңейту және профессорлық-
оқытушылар құрамының (ПОҚ) еңбектерін насихаттау бағытында Жаңа
ақпараттық технологиялар орталығымен Университет репозиториін құру
жұмысы басталды: Кітапханалық ақпараттық-орталық директорының өкімі
бойынша осы репозиторийді ұйымдастырушы жұмыс тобы құрылып, осы
жылы оның сандық көрсеткіші 160 аталымды көрсетеді.
Ғылыми кітапхана атауының «Кітапханалық-ақпараттық орталыққа»
ауысуына байланысты СМЖ талаптарына сай өзінің ішкі құжаттарымен
қатар, кітапхана үрдістеріне қатысты формаларын жаңартып, жаңа құжат
«Кітапханалық-ақпараттық орталық ылыми кітапхана) мамандарының
қызметін бағалаудағы рейтингілік жүйе пилоттық режимде енгізілді.
Университет профессорларлық-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар
мен магистранттардың ғылыми ізденуін ақпаратпен қамсыздандыру
мақсатында ақпараттық-библиографиялық қызмет секторында және
гидрокешеніндегі кітапханада арнайы ғылыми басылымдар жинақталған оқу
залдары ұйымдастырылды. Кітапханалық-ақпараттық орталығының қызмет
көрсету сапасын арттыру, ақпараттық ресурстарды толықтыру мақсатында
университет және РЖООАЭК, ҚР ҰАК-ның ҚазҰЭК, Ұлттық ғылыми -
техникалық ақпарат орталықтары өз ара келісім-шарт жасалды. Осы келісім-
шарт негізінде университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен
студенттері, жалпы пайдаланушылары аталған кітапханалардың ресурстарын
пайдаланып, электронды жеткізу қызметі (служба ЭДД) арқылы тапсырыс
беруге мүмкіндік алды. 14 ақпанда Тараз мемлекеттік педагогикалық
институтының ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Тараз қаласы
ЖОО және колледж кітапханалары мамандарына арналған «Жаңа
форматтағы кітапхана жұмысы: проблемалары мен шешу
жолдары» тақырыбында кәсіби мамандардың сұхбат алаңы өтті. Осы
жылдың сәуір айында «Бүкіл дүниежүзілік кітап және авторлық құқық»
күніне арналған «Авторлық кітаптың апталығы» акциясы өткізілді.
Ақция барысында «Профессорлық оқытушылар құрамы еңбектерінің
репозиториіне» университеттен тыс жерде басылып шыққан өз еңбектері
қойылды. Репозиторийдің мақсаты «Сіздің еңбегіңізді ұрпақтан-ұрпаққа
мирас болатын ұлтымыздың рухани мұрасы ретінде насихаттау, жинақтау,
жүйелеу, сақтау болып табылады».
Маусымда «Library connect-2014: жоғарғы оқу орындарының
кітапханаларын жетілдірудегі заманауи халықаралық тенденциялар» атты
Жоғарғы Білім Көшбасшыларының Еуразиялық Форумы аясында өткізілетін
Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының кітапхана басшылары мен
жетекші мамандарына арналған екі күндік кәсіптік семинар болып өтті.
Шілде айында Астана күніне орай өткізілген жиында ТарМУ ректоры
М.Сарыбековтың Кітапханалық-ақпараттық орталық директоры, ЖОО
кітапханалары қауымдастығының төрайымы Иржанова Гүлжан
Жеңісбекқызына, қойылған міндеттерін адал орындағаны, үздік еңбек
жетістіктері, кәсіби іскерлігі мен өз ісіне берілгендігі үшін «2014 жыл
маманы» деп аталатын ұлттық сертификатын салтанатты жағдайда
тапсырды.
23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Прага қаласында EURASS-
те (Академиялық ұтқырлық және халықаралық ынтымақтастық Еуразиялық
Одағы) ҚР ЖОО кітапханаларының басшылары мен қызметкерлерінің
біліктілігін жетілдіру бағдарламасы бойынша «Халықаралық кітапханатану:
чех кітапханалық тәжірибесі. Оқырмандық және ақпараттық сауаттылық»
атты өткен оқытуға М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Кітапханалық-ақпараттық
орталық директоры Г.Иржанова қатысып, сертификат алды.
15 қазанда М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Кітапханалық-ақпараттық
орталығы Қазақстандағы кітапханашылар мерекесіне орай «Университет
кітапханасын пайдаланушылардың ақпараттық мәдениеттілігі» тақырыбында
«УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КІТАПХАНА КҮНІН» өткізіп, аталған іс-шараға
Жамбыл облысы жоғарғы және арнаулы орта оқу орны кітапханаларының
мамандары, университет ректоры, кафедра ақпаратшылары мен студенттер
қатысты. Кітапханалық-ақпараттық орталықтың қызметкерлері
А.Бекбосынова, М.Ердулдаева, Е.Помольцева университет ректорының
«Кітапхана қызметкерлерлерінің кәсіби мерекесіне орай руханият игілігі
жолындағы еңбегімен кітапхана ісінің дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін»
құрмет грамоталарын тапсырды. Ғ.Абенова «16 желтоқсан Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Білім және Ғылым
саласындағы жемісті еңбегі мен өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне қосқан
қомақты үлесі және университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысқаны
үшін» және З.Искаирова «8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне
орай білім беру саласындағы жемісті еңбегі, өскелең ұрпақты оқыту мен
тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін құрмет грамоталарымен марапатталды.
Сонымен қатар Ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету секторының
жетекшісі Е.Помольцева университет кітапханасының дамуына қосқан
елеулі еңбегі үшін «ҚҰРМЕТ ТАҚТАСЫНА» енді. Қазан айында
Кітапханалық-ақпараттық орталықтың және Астана қ. «Фолиант»
баспасының ұйымдастыруымен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университетінің «Математика» кафедрасының меңгерушісі, физика-
математика ғылымдарының кандидаты, доцент Әбиев Нұрлан Әбиұлының
Астана қ. «Фолиант» баспасынан шыққан «Тілдер және автоматтар
теориясының негіздері» оқу құралының тұсаукесері өткізілді.Тұсаукесерге
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры, п.ғ.д.,
профессор М.Н.Сарыбеков, «Фолиант» баспасының көркем-әдеби бөлімінің
жетекші редакторы З.Т.Кәрімхан қатысты.
20-21 қазан айында өткен Алматы қ. «Жоғарғы оқу орындарының
заманауи кітапханасы: даму тенденциялары және қызметтерін жетілдіру»
халықаралық конференциясына Кітапханалық-ақпараттық орталық
директоры Г.Иржанова мен инженер-бағдарламашы М.Хасанова Беларусь
ұлттық техникалық университетінің Ғылыми кітапханасының директоры
Алексей Скалабанның «Опыт создания репозитория университета»
тақырыбындағы шебер-сыныбына қатысты.
КАО-тың, республикалық және халықаралық деректер қорын дұрыс
пайдалану мақсатында профессорлық-оқытушылар құрамына,
университеттің құрылымдық бөлімшелерінің жауапты тұлғаларына арналған
«Пайдаланушылардың ақпараттық мәдениеттілігі» тақырыбында кітапхана
қызметкерлерімен 20 сағаттық курс ұйымдастырылды.
Пайдаланушыларға жаңалықтар мен ақпараттарды әлеуметтік желілер
арқылы (Twitter, Facebook және т.б.) тарату мүмкіндіктері жасалды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Ұлттық академиялық
кітапханасының ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін «Бір ел бір кітап»
акциясы аясында 2014 жыл кітабы болып халық жазушысы Сайын
Мұратбековтың «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның...» атты
шығармалары таңдалып алуына орай, кітапханалық-ақпараттық орталық
қызметкерлерімен «Жусан иісті дара талант» атты әдеби кеш, «Ұлтты
ұлықтаған жазушы» библиографиялық шолу, «Халық сүйген қаламгер»,
«Жусан иісті дара талант» кітап көрмелері, виртуалды кітап көрмесі,
«Басында Үшқараның...» атты әдеби-әңгімелер ұйымдастырылды.
Қазақстандағы ЭРАЗМУЗ+ Бағдарламасының Ұлттық кеңесі,
Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті және М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бірігіп ұйымдастыруымен
өткен «Болон үдерісі негізгі өлшемдерінің Қазақстан жоғары оқу
орындарына бейімделуі» атты семинарға Кітапханалық-ақпараттық орталық
директоры Гүлжан Жеңісбекқызы Иржанова қатысып сертификатқа иеленді.
26 маусым Springer (Шпрингер) компаниясының толықмәтінді
электронды ресурстар қорын пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбында
семинар-тренинг өтті.
2013 - 2014 жылдарында Кітапханалық-ақпараттық орталық өз
оқырмандарына 90 кітап көрмесін ұйымдастырып, 1 әдеби-әуенді кеш, 3
диспут, 1дөңгелек стол, 1 байқау, 35 библиографиялық шолу, 1 оқырман
конференциясы, 9 әңгіме өткізді.
2015 жыл
22-23 қаңтарында Алматы қ. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университетінде (ҚазЭУ) «Үздіксіз экономикалық білім беру: оқытуды
және әдістемелік қамтамасыз етуді модернизациялау» Х Республикалық
оқу-әдістемелік конференциясы аясында «Ақпараттық және кітапханалық
ресурстар ЖОО білім беру қызметін қаматамасыз етудің негізі ретінде»
тақырыбында өткен семинарға КАО-тың АБҚС жетекшісі Е.Помольцева
қатысып, «Повышение эффективности построения и развития
электронных библиотек новыми возможностями» баяндама жасады.
18-19 наурызында Астана қ. Л.Нумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінде өткен «Университет кітапханаларын дамытудың жаңа
бағыттары: әлемдік тәжірибелер, мәселелер мен жетістіктер-2015» атты IV-
ші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында кітапхана
директоры Г.Иржанованың «Приоритеты развития и проблемы вузовской
библиотеки Казахстана» тақырыптағы баяндамасы тыңдалды.
14 сәуірде «Білімді ел - Образованная страна» республикалық білім
беру қоғамдық-саяси газетінің №7 санында Сүлеймен Санияның М.Х.
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Кітапханалық-
ақпараттық орталығының директоры, «Қазақстан Республикасы жоғары оқу
орындары кітапханаларының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің
президенті Гүлжан Иржановамен болған «Гүлжан Иржанова: Кітап асыл
қазынаны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген ой кемесі» атты сыр-сұхбаты
жарияланды.
«А2ВЦ» сериялы ПланСкан ЭЛАР сканері алынынып 2155 басылым
сандық жүйеге көшірілді.
«Бір ел бір кітап» республикалық акциясын Ұйымдастыру
комитетінің шешімімен жыл кітабы ретінде, яғни бүкіл ел болып оқуға Ұлы
Отан соғысына қатысқан майдангер, қазақ совет қаламгерлерінің ішінде
алғашқылардың бірі болып тарихи романдар жазып, әлемге танымал болған
жазушы, драматург, ақын, сценарист Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер»
трилогиясы таңдалынып оқыту кітап сүйер оқырманның кітапқа деген қазақ
халқының тарихына деген құлшынысын арттыра түсті
Кітапханалық-ақпарттық орталықтың жүйесінің кітапханашылары қазақ
тарихының төрінен орын алатын ғажайып туынды І.Есенберлиннің
«Көшпенділер» трилогиясын оқырмандарға жеткізуде кітапхана
тәжірибесіндегі озық, инновациялық жұмыс түрлерін пайдаланып, бар күш-
жігерлерін сала отырып, кітап көрмелері, оқырмандар конференциясы, әдеби
кештер мен саяхаттар, әдеби клуб отырыстары, пікірталастар, оқу
марафондары мен «Көшпенділер трилогиясындағы хандар бейнесі» атты
портреттік кеш және т.б. көптеген мазмұнды әрі қызықты шаралар
ұйымдастырылды. Жеке тоқталып өтсек «Көшпенділер» қазақ
тарихының жыршысы әрі рухани айнасы» атты оқырман конференциясы
барысында «Филология» мамандығының 3-курс студенттері Дана
Рахимкулова, Айгүл Мәлік, Гауһар Нұрмахамбет, Салтанат Наметулаева
және Мақсат Сағынбаев жазушының тарихи тұлға бейнелерінің жасалуына,
шығармадағы Қасым ханның бейнесіне, халық ауыз әдебиетінің көрінісіне
кеңінен тоқталып, романды оқи отырып ізденгендерін көрсете білді.
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай Кітапханалық
ақпараттық орталықта «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы Қазақ
хандығы» атты ауқымды тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып.
(Әдебиеттер (180 аталым), электронды оқулықтар 150 аталым, 1935 дана;
мерзімді басылымдардағы мақалалар тізімі 299 аталым). кітаптар
қойылды. Көрмеде Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи-Рашиди»
еңбегімен басталып, қазіргі Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тарихы жайлы
жазылған кітаптар қойылды. «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы Қазақ
хандығы» атты әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мақалалар тізімінен
құрастырылған библиографиялық көрсеткіш ұсынылып, «Ұлы көштің
жолымен» атты тарихи - археологиялық экспедиция суреттерімен
таныстырылып өтті.
2015-2016 оқу жылында 1 ереже мен 2 жұмыс нұсқауы өңделіп, 2
ереже мемлекеттік тілге аударылды.
2015-2016 оқу жылында Кітапханалық-ақпараттық орталықтың
меншікті және иемденген деректер қорына Электрондық каталог -16586,
ҚазҰЭК – 3290, РЖООАЭК – 5254, Thomson Reuters -807, Springerlink
1463, Полпред - 52 пайдаланушылар жүктелді.
2015-2016 оқу жылында. кітап қорын толықтыру мемлекеттік сатып
алу арқылы, «Тараз университеті» баспасы арқылы, арнайы мемлекеттік
бағдарламалар бойынша (ҚР ЖОО Қауымдастығы, Жамбыл облыстық
әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы) және кітап авторларымен келісім-
шартқа отыру арқылы жүргізілді.
2015-2016 оқу жылына арналған біліктілікті жетілдіру жоспарына»
сәйкес кітапханалық-ақпараттық орталықтың қызметкерлері ішкі, аймақтық,
республикалық, сонымен қатар сырттан шақырылған лицензиялары бар
халықаралық жаттықтырушылармен ұйымдастырылған барлығы 17 іс-
шаралар мен 8 онлайн форматта өткен халықаралық семинар-тренингтерге
қатысып, 2 куәлікке және 71 сертификатқа ие болды.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің
Кітапханалық-ақпараттық орталығының ұжымына Білім беру ісінде нәтижелі
әріптестік қарым-қатынас көрсеткені және Республикалық жоғары оқу орны
аралық электрондық кітапхана қорын толықтыруға қосқан үлесі үшін ҚР
ЖОО қауымдастығының төрағасы Р.Алшанов АЛҒЫС жариялады.
15 қазанында кітапхана қызметкерлерлерінің кәсіби мерекесіне орай
Кітапханалық-ақпараттық орталықтың қызметкерлері З.Бадырова,
Т.Сарсембаева, Г.Қуандықова және А.Пірманова «Білім және ғылым
саласындағы еңбегі, өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіне қосқан
үлесі үшін» ТарМУ ректорының құрмет грамоталарымен марапатталды.
2014 -2015 жылдарында Кітапханалық-ақпараттық орталық өз
оқырмандарына 81 кітап, 4 виртуалды кітап көрмелерін ұйымдастырып, 51
библиографиялық шолу, 2 оқырман конференциясы, 9 әңгіме, 1 әдеби әуенді
кеш, , 1әдеби әңгіме өткізді.
2016 жыл
ТарМУ ректорының 2016 ж. 31-мамырдағы Ғылыми кеңесінің шешімімен
профессорлық-оқытушылар құрамының университеттен тыс шығарылған
ғылыми-әдістемелік еңбектерін кітапхана қорына өткізу міндеттелді, осыған
орай кітапхана қорына ПОҚ еңбектері өткізіле басталды. Бүгінгі күнге 72
аталым 282 дана өткізілді
Т. Рыскулов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «Участие
библиотеки в формировании информационной и медийной грамотности»-
атты республикалық семинарға қатысып, Кітапханалық-ақпараттық орталық
директоры Гүлжан Жеңісбекқызы Иржанова және сектор жетекшісі
Маткулова Балхия қатысып сертификатқа иеленді.
5 қазан «Кітап мерекесі» жайында көбірек білу мақсатымен 2016
жылы қазан айында М.Х. Дулати атындағы ТарМУ гидрокешенінде
орналасқан Кітапханалық-ақпараттық орталықтың оқу залында
Қазақстандағы кітапханашылар мерекесіне орай «Жас ұрпақты кітап оқуға
баулудағы жаңа технологиялар» тақырыбында «УНИВЕРСИТЕТТЕГІ
КІТАПХАНА КҮНІ» өткізілді. Мұндай «кітап мерекесі» жайында толық
мәлімет алу үшін тарихына тоқталар болсақ ағылшын тіліндегі
«буккроссинг» сөзі тура баламасында кітаптың азат етілуі деген мағынаны
береді, орысшасы «книговорот», қазақшаға аударылғанда «кітаптың
айналыста жүруі» болып шығады.
28-қараша «Жастар сарайы» кіші залда «Бір ел-бір кітап» акциясы
аясында, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай зарзаман ақындарының
арасындағы жарық жұлдызы Дулат Бабатайұлының «Еспенбет»,
«Шаштараз» поэмаларын кеңінен насихаттау мақсатында, «Елдік пен
еркіндік жаршысы-Дулат ақын» атты байқау өткізілді.
Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау
мақсатында Қазақтың ұлы ақыны Абайдың қара сөзінен бастау алып, биыл
зар заман ақындарының арасындағы жарық жұлдызы Дулат
Бабатайұлының шығармалары «Еспенбет», «Шаштараз»
поэмаларын жатқа айту мақсатында өткізіліп отырған байқауымызды
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің, бірінші
проректоры т.ғ. д., профессор Абдуалы Асқар Бегәділұлы ашып берді.
Байқаудың бірінші бөлімінде «Бір ел –бір кітап» акция аясында өткізілген
іс-шаралар және ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Елдік пен
еркіндіктің жаршысы- Дулат ақын» атты слайдттар көрсетіліп
шығармашылығымен кеңінен таныстырылып өтті.
Жүргізуші Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құтықтай отырып, «Елдік
пен еркіндік жаршысы – Дулат ақын» атты байқауға қатысушыларды
сахна төріне шақырып байқаудың ережесі мен әділ-қазылар алғасымен
таныстырып өтті. Байқауға ұсыныс берген 21 студенттің ішінен ақтық сынға
жолдама алған 12 қатысушы өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар,
қатысушыларға байқауды ұйымдастырушы кітапханалық-ақпараттық
орталықтың директоры Иржанова Гулжан Жеңісбекқызының атынан алғыс
хаттармен марапатталып, сыйлыққа кітаптар тапсырылды. Байқау барысында
әділқазы алқасы шешім шығарғанша байқауға қатысушы студенттер
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнап шығарған өздерінің жыр
шумақтарын оқып көрермендердің ықласына бөленді. Әділ қазылардың
шешімімен 1-орынға, байқаудың барлық ережелеріне сәйкес өнер көрсеткен,
геогеграфия мамандығының 1 курс студенті Кадыр Жібек ие болды.
Кітапханалық-ақпараттық орталықтың директоры Иржанова Гүлжан
Жеңісбекқызы, жеңімпаздарды құтықтай отырып байқауымызды
қорытындалады.
13 қазан Университетке IPRbooks электронды-кітапханалық
жүйесіне толық мәтінді пайдалану мүмкіндігі берілді. IPRbooks электронды-
кітапханалық жүйесі тұрақты толықтырылып отыратын лицензиялық
басылымдар, кең ауқымды пәндер - оқу, ғылыми журналдар мен мерзімді
басылымдар бойынша 600-ден астам федералдық, аймақтық және жоғарғы
оқу орны баспалармен, ғылыми-зерттеу институттары мен жетекші
авторларық ұжымдармен ұсынылған дерекқорымен жұмыс істеуге мүмкіндік
берді. Сонымен қатар «Ресей кітапханаларының қоры» (60000 аса
басылымдар) сирек басылымдар, ноталар, мерзімді басылымдар, тарихи,
өлкетану әдебиеттері және т.б қолжетімді.
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі кітапханасымен 2016
жылы кітап алмастыру жұмыстары жүргізілді. Даярлық топтарына және
колледж студенттеріне арналған «Мектеп» баспасынан шыққан 10-11
сыныпқа арналған 36 аталым, 180 дана оқулықтар алынды.
Наурыз айында Халықаралық ядроға қарсы «Невада-Семей»
қозғалысының іс- әрекетіне белсене қатысқаны үшін ядролық қару-
жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрған саяси-қоғам қайраткері Олжас
Омарұлы Сүлейменовтың құрмет грамотасымен Кітапханалық-ақпараттық
орталық директоры Гүлжан Жеңісбекқызы Иржанова марапатталды.
Наурыз айында Қазақстандағы ЭРАЗМУЗ+ Бағдарламасының Ұлттық
кеңесі, Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті және
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бірігіп
ұйымдастыруымен өткен «Университетті басқару»атты семинарға
Кітапханалық-ақпараттық орталық директоры Гүлжан Жеңісбекқызы
Иржанова қатысып сертификатқа иеленді.
Сәуір айында Кітапханалық-ақпараттық орталық директоры Гүлжан
Жеңісбекқызы Білім мен ғылымда үздік жетістіктері және университеттің
дамуына қосқан орасан зор үлестері үшін «Мухаммед Хайдар Дулати
Үздік табыстары үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Сәуір айының 18-19 жұлдызында Назарбаев университентінің
кітапхана Технологиялары мектебінде жоғары оқу орындарының
кітапханалар Ассоциациясының қолдауымен «Университеттегі ғылыми
зерттеу жұмыстарында кітапхананың рөлі» атты семинар болып, 15
қызметкер сертификат алды.
2016-2017 оқу жылына «Кітапханалық-ақпараттық орталықтың
қызметкерлері арналған біліктілікті жоғарылату жоспарына» сәйкес ішкі,
аймақтық және республика көлемінде ұйымдастырылған 9 іс-шаралар мен
қатар онлайн форматта өткен семинар-тренингтерге қатысып, 40 сертификат
иеленді.
2015-2016 жылдарында Кітапханалық-ақпараттық орталық 100 көрмесін
ұйымдастырып, 30 библиографиялық шолу, 3 оқырман конференциясы,
13 әңгіме, 4 әдеби кеш, 3 портреттік кеш, 1 пікір-сайыс, 1 талдау, 1
дөңгелек стол, 1 тарихи-танымдық ойын, 3 кездесу кешін өткізді.
2017 жыл
Кітапханалық-ақпараттық орталықтың медиа-жоспарына байланысты
осы жылы 2 мақала жергілікті «Университет тынысына», 2 мақала Назарбаев
Университетінің Ғылыми кітапханасы шығарған «Библиотечное
взаимодействие: современные мировые тенденции в развитии вузовской
библиотеки-2017» материалдар жиынтығында жарық көрді.
Кітапханалық-ақпараттық орталықтың «Техника безопасности
библиотечно-информационного центра» жұмыс нұсқауы мемлекеттік тілге
аударылды, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ПОҚ еңбектерінің репозиториі
туралы Ереже (орыс тілінде), Ғылыми-әдістемелік секторының Ережесі,
Кітапхана қорын толықтыру және әдебиеттерді ғылыми өңдеу бөлімінің
Ережесілері СМЖ-не өңделіп көшірілді. Осы жылдың сәуір айында КАО-
тың ғылыми-әдістемелік секторының ұйымдастыруымен
пайдаланушылардың ой-пікірлерін анықтап, қосымша ұсыныстарын білу
мақсатында,(кітапханалық-ақпараттық орталықтың технологиялық, гидро,
ГӘҒФ, Экономика және бизнес факультеті кешендеріндегі оқу залдарында)
оқытушылар, магистранттар мен студенттерге арналған «Кітапхананың
оқырман аудиториясы» атты сұрақ-жауап сауалнамасы ұйымдастырылды.
2017 жылдың 22 сәуір күні Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне
орай кітапты насихаттау, қызығушылықпен оқыту, оқырмандардың
интеллектуалды-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
мақсатында «Кітапты қызығушылықпен оқиық!» тақырыбында
мерекелік іс-шара өтті. Өмірде табысқа жету жолында кітаптың маңызы
жайында ашық дидарласып, жүздесуге келген қонағымыз Қазақстан
Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Жамбыл облыстық
«Ақжол» газетінің «Индустрия және инновация» бөлімінің меңгерушісі,
жерлес ақынымыз Баймаханбет Ахмет мерекемен құттықтап, кітапты
қызығушылықпен оқудың маңызы жайында өз ойын айтып берді. Аталған
іс-шара барысында студенттер жерлес ақынымыздың өлеңдерін жатқа
оқыды, ақынымызға өздерін қызықтыратын сауалдарын қойды, сонымен
қатар,ТарМУ белсенді студенттерінің «Мегабайтты кітаптар» атты
флешмобы, «Қазақстанның көркем жерлерін жырлаған ақындар» атты әдеби
вернисаж, «Фильмді көріп – кітабын оқы» атты слайд шолу, «Тапқырлар
алаңы» атты ойын және «Көркем әдебиет рухани байлық», «М.Х.Дулати
атындағы ТарМУ ПОҚ еңбектері» атты кітап көрмелерімен танысты.
Үш тілді білім беру негізінде таңдалған 13 мамандық пәні бойынша
оқулықтармен толықтырылды.
Заманауи талаптарға сай оқырмандарға қызмет көрсету сапасын арттыру
мақсатында университет басшылығының қолдауымен «Экономика және
бизнес» факультетінің 2.6 оқу кешенінде, 10000-ға жуық дана кітап қоры
мен 12 аталым мамандандырылған мерзімді басылымдары бар, толығымен
жаңа кітапханалық жиһаздармен жабдықталған № 3 оқу залы ашылды.
Электрондық кітапхана ресурстарын кеңейту және профессорлық-
оқытушылар құрамының (ПОҚ) еңбектерін насихаттау бағытында Жаңа
ақпараттық технологиялар орталығымен Университет репозиториін құру
жұмысы бойынша 1181 аталым сандық жүйеге көшірілді.
16 қазанда Қазақстандағы кітапханашылар мерекесіне орай «Цифрлы
ортадағы кітапхана және пайдаланушы» тақырыбында
«УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КІТАПХАНА КҮНІ» өтті.
27 наурызында «Электронды кітапхананы пайдалану және
қалыптастыру» мақсатында Жоғарғы оқу орындары кітапханаларының
корпоративті қарым-қатыстар туралы келісім шартқа отырды.
12 мамырында Білім және ғылымда үздік жетістіктері және
университеттің дамуына қосқан зор үлесі үшін Бадырова Зейнаш
Тоқтамысқызы «Мұхаммед Хайдар Дулати Үздік табыстары
үшін» белгісімен және сыйақымен марапатталды.
Қытай, Тайюань қаласында өткен CDPDL 2017 «Сандық кітапханалар
мен сандық басылымдарды енгізу және оларды дамыту» атты халықаралық
конференциясына Кітапханалық-ақпараттық орталықтың директоры Г.Ж.
Иржанова қатысып қайтты.
«Бір ел -бір кітап» -2017 Республикалық акциясы аясында жалпы
халықтық оқуға «Жыл кітабын» таңдау бойынша Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың шығарламалары таңдалған. Осыған орай жыл бойы кітап
көрмелері, портреттік кеш, әдеби кеш және С.Торайғыров өлеңдерін
мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
12 желтоқсанда 2017 жылдың желтоқсан айының 12 жұлдызында «Бір
ел бір кітап» акциясы аясында және Алашорда мемлекетінің 100
жылдығына орай «АЛАШ ТУЫ АСТЫНДА» атты көрнекті қазақ демократ
ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін жатқа айту байқауын
студенттер арасында өткізді.
«АЛАШ ТУЫ АСТЫНДА» атты Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін
жатқа айту байқауына «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар», «Су
шаруашылығы, экология және құрылыс», «Экономика және бизнес», «Заң»
факультеттерінің студенттері қатысты. Барлығы 24 қатысушы бақтарын
сынады.
Байқау қорытындысы бойынша, осы бәйгеде оза шапқан студенттер:
1 орын - Асқар Қожағұлов журналистика мамандығының 1-курс студенті
алды, 2 орынды экономика мамандығының 1-курс студенті Индира
Қабылжан мен құқықтану мамандығының 1-курс студенті Арайлым Жұман,
3 орынды география мамандығының 2-курс студенті Жібек Қадір және
филология мамандығының 1- курс студенті Тұрар Сағындық иеленді.
Сөз кезегінде Кітапханалық-ақпараттық орталық директоры Иржанова
Гүлжан Жеңісбекқызына берілгенде, ол «Бір ел бір кітап» республикалық
акцияның тарихына тоқталып, жақында іс-сапармен ақын Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың туған жері Павлодар өңіріне барып қайтқанын және
Павлодар облысы - көптеген тарихи тұлғалардың туған жері екенін,
Қазақстанға еңбегі сіңген көптеген ұлы адамдар, осы өңірден түлеп ұшқанын
айтты. Сонымен қатар оқырмандарға Павлодар мемлекеттік университетінен
әкелген ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары туралы әр
жылдары жарық көрген мақалалары, зерттеулері мен естеліктері
құрастырылған «Асау жүрек» атты VI томдық жинағымен таныстырды.