11-ТАРАУ
520
#Сырғыту (Back-timing) – бекітулі хроно-
метраждан асып кетпес үшін сценарийді ба-
лама түрде аяқтауды талап етеді. Соған сәй-
кес музыка үстінен бастырмалатып қоштасу
да жатады.
#Сілтеме (Link) – компьютер арқылы
сайттағы түрлі материалдар мен құжаттарды
біріктіру тәсілі.
Т
#Талшықты-оптикалық кабель (Fiber
optic cable) – цифрлық сигналдармен кодтал-
ған лазер сәулесін тасымалдаушы кабель; се-
кундына миллиондаған биттерден құралған
мәліметтерді жібере алады.
#Тарату желісі (Feed) – қашық жерлер-
ден немесе желіден хабар тарату.
#Тәжірибелі интернет қолданушылар
(Digerati) – цифрлық медиа білгірлері, цифр-
лық технологияларды игерген, сәнге ілесетін
секілді көрінетін немесе, керісінше, бұдан
толық хабары бар адамдарға қатысты айты-
лады.
#Тег (Tag) – «тег» термині зат есім немесе
етістік ретінде де қызмет етеді. Зат есім ре-
тінде (HTML) интернет парақшаларын және
XML секілді ұқсас тілдер құруға қолданы-
латын тілдердің негізгі элементі мағынасын
береді. Тегтің басқа түрі ретінде оқырман құ-
растыратын терминді айтуға болады, мұнда
блогтар мен басқа контенттер (фото, музыка
және т.б. секілді) тегтелуі мүмкін, нәтиже-
сінде «саясаткерлер» немесе «бағбаншылық»
секілді негізгі сөздер ерекшелеп алуы мүмкін.
Мысалы, «босанғанға дейінгі күтім» деп тег-
телген соңғы аптадағы барлық блог жазба-
лардан қажетті ақпарды іздестіреді.
#Тексеру (Verification) – ақпарат көздері-
нің дәлдігін қайта тексеру.
#Телевизия титрі (Chyron) – электронды
символ генераторының атауы, кейде жалпы-
лама қолданылады, негізі электронды символ
генераторларын түгел сипаттауға арналған
термин.
#Терабайт (Terabyte) – 1000 гигабайттан
тұратын өлшеу бірлігі.
#Телеконференция (Teleconference) –
корпоративтік видеоның маңызды аспектісі,
бұл жеке адамдар немесе топтарға қашық-
тықтан кездесулер мен конференциялар
жүргізуге мүмкіндік жасайды.
#Телепьеса түсіру (Filmed teleplay) – те-
левизия немесе кабельдік телевизияда көрсе-
ту үшін таспаға түсірілген драма немесе ко-
медия.
#Терминал (Terminal) – басқа жердегі
компьютерге команда жіберуге мүмкіндік
жасайтын құрылғы. Негізі, бұл термин кла-
виатура мен экран және кейбір қарапайым
сызбаларды білдіреді. Әдетте бұл бағдарла-
малық жасақтаманы дербес компьютерде
қолдану қажет, себебі бағдарламалық жасақ-
тама физикалық терминал ретінде көрініп,
басқа жердегі компьютерге командаларды
енгізуге итермелеуі мүмкін.
#Титр (Titles) – теледидар экранындағы
түсірілім топ тізімі һәм басқа да жазбаша мә-
ліметтер.
#Тоғыспалы жанасу (Cross-fade) – бір
дыбыс екінші дыбысқа ауысқанда қойылатын
өткел.
#Толық баяндау парағы (Routine sheet) –
ішкі бағдарламалар немесе тақырыптар,
орындаушылар, орындар (егер қашықтықтан
таратылатын болса), уақыты және тағы басқа
бағдарлама сегменттерін толық сипаттау.
#Толық сервис станциясы (Full-service
station) – көбінде бір ғана сервисті (музыка-
ның немесе форматтың бір түрі) ұсынатын
мамандандырылған радиомен салыстырған-
да, екі немесе бірнеше форматты (музыка,
жаңалықтар, сұхбаттасу және басқа да мате-
риалдар) ұстанатын радиостанция.
#Ток-шоу (Talk) – сұхбат, пікірталас және
әңгіме-дүкен құратын тағы басқа түрлерге ба-
ғытталған термин.
#Торап (Node) – желіге қосылған кез кел-
ген компьютер.
#Трекинг кадр, рельс (Track, track up) –
камераның фигурамен немесе субъектімен
бірге жылжуы; дыбыс қарқынының үдей тү-
суі. Сонымен қатар алдын ала жазылған ау-
дионы жаңадан қосылатын таспаға шаптау-
ды білдіретін режиссер бұйрығы ретінде де
қолданылады. Режиссердің: «#1-таспаны ай-
налдыр, қос!» – деуі видео мен аудионың бір
тізбекте болатындығын көрсетеді.
#Тұрақты сілтеме (Permalink) – блогтағы
нақты бір жазбаға сілтеме. Аталмыш сілтеме
жазбаның түпнұсқасы жазылған парақшаны
емес (себебі жазбаларды көпке дейін сақта-
мауы мүмкін), алдымен арнайы блог жазба-
сын көрсететін URL адресі.
#Түйін сөз (Outro) – әр бағдарламаның
немесе ұзақ сериялы бағдарламаның белгі-
ленген сегментінің соңында қолданылатын
стандартты материал; сонымен қатар «stock
close» деп те аталады.
#Түсірілім топ титрі (Credits) – кейіп-
керлердің, өндірістік қызметкерлердің және
бағдарламаға жауапты өзге де адамдардың
тізімі, көбіне-көп хабар соңында, арагідік ба-
сында шығады.
#Тізбек үзілісі (Chain break) – мемлекеттік
және жергілікті жарнамалар кезіндегі үзіліс.