
334
IV БӨЛІМ Салыстырмалы құқықтық жүйелер, келісімшарт және сатып алу-сату құқығы
қажет және тараптар қол қоюы керек: «Осы франчай-
зингтік келісімді дайындау формасы, оған қоса берілген
барлық қосымшалар мен заттай айғақтар, осы келісімнің
мәні бойынша тараптар арасындағы толықтай келісімді
және өзара түсіністікті қамтиды және егер бар болса, та-
раптар арасындағы алдын ала жүргізілген келіссөз бен
ауызша түсіністіктердің орнын алмастырады. Осы келі-
сімде көзделген, берілген немесе сілтемелер жасалған
келісімдер, куәлік немесе кепілдіктерден басқа міндет-
темелер жоқ». [«Адвокат сөзі: келісімшарт ережесінен
бұл келісімшартқа, бұл келісімшарттан және бұл келі-
сімшартқа дегендерді алып-ақ тастаңыз, сондай-ақ оның
мәнінде ешқандай өзгеріс болмайтынын, керісінше,
оның анықтығының арта түсетінін ескеріңіз!] Гиллман-
ның жауабында ол Bojangles’ корпорациясының өкілі
Шупактан телефон арқылы: «Біз қол алыстық па?» – деп
сұраған. Шупактың жауабы, Гиллманның айтуынша, ке-
лесідей болды: «Иә, бізде бүгін және дәл қазір қол алыс-
қан келісім бар». Алайда келісімшартқа қол қойылмады.
1982 жылдың 14 желтоқсанында Шупак Гиллманға теле-
фон соғып, Bojangles’ корпорациясының франчайзингтік
комитеті Гиллманның тапсырған өтінішін қанағаттанды-
рудан бас тартқаны туралы хабарлады.
A. Келісімшарт болды ма?
Нью-Йорк штатының заңы бойынша, тараптар келі-
сім жазбаша түрге келтірілгенге дейін оның міндеттеме-
леріне жауапты болғылары келмесе, онда келісімшарт
жасалғанға дейін тараптар үшін ешқандай міндеттеме
туындамайды. Бұл ереже, тараптар келісімшарттың бар-
лық мәселесі бойынша ауызша келісіп қойса да, өз кү-
шін жоймайды. Екінші жағынан, тараптар арасындағы
келісім жазбаша және формалды түрге келтірілгенше
міндетті күшке ие емес деп келісілмесе және «келісімнің
барлық елеулі талаптары келісілген болып, келешекте
реттеуге ештеңе қалмаса», онда бейресми келісім, егер
тараптар өздерінің келісімшартын ресми жазбаша құжат-
қа келтіруге асықпаса да, міндетті. Бұл ережелердің мақ-
саты – тараптарға өздері қалаған түрде келіссөз жүргізу-
ге мүмкіндік беру. Мәселен, олар келісімшартты ауызша
немесе бейресми хаттармен алмасу арқылы жасай алады
немесе жазбаша келісім жасалғанға дейін «барлық мін-
деттемелерден қорғайтын толық иммунитетті» сақтап
қала алады. Бұл жерде келісімшарт формасына қатысты
қатаң және кесімді талаптардың болуы орынсыз.
Ауызша келісімдердің міндеттілігін қабылдамау
мүмкіндігі кәсіпкерлер мен корпорациялар үшін күрделі
мәмілелер жасасқанда өте маңызды. Мұндай жағдайлар
жазбаша түрге келтірілмесе, келісімшарт жасасудан бас
тартуға толықтай негіз бар. Жазбаша құжатты қалып-
тастыру кезінде келісімшарт жасасқанға дейін шешілуге
тиіс мәселелер, келіспеушіліктер, белгісіздіктер немесе
қателіктер анықталады. Ауызша пікірталастарда байқал-
маған немесе қабылданбаған жағдай, келісім жазбаша
түрге енген кезде көптеп табылып жатады. Бұл мәселе
ұсақ-түйекке жатпайды; шындығында да, инвестициялар
мен күрделі келісімшарттардың белгілі бір деңгейінен
жоғары келісімшарттарды жазбаша түрде жасау іскерлік
әлемінде таңдау мәселесі емес, міндет болуы мүмкін.
Алдымен жазбаша келісімге қол қойылған кезде ғана
келісімшарттық міндеттемелерге келісу туралы тарап-
тың нақты мәлімдемесі айтарлықтай маңызға ие болуы
таңғаларлық жайт емес. Екінші маңызды фактор – бір
тараптың келісімшартты ішінара орындап және келісім-
шартты қабылдамай отырған тарап ондай орындауды қа-
былдап алды ма, жоқ па, соны анықтау. Үшінші фактор –
келіссөзде талқыланатын жайттар түгел қамтылып, та-
раптардың келесі әрекеті тек толықтай келісілген шартқа
қол қою. Төртінші фактор – келісімшарттың жазбаша
түрде жасалуын талап ететін күрделі және елеулі іскер-
лік мәселеге қатысты, не болмаса қатысты емес екенін
анықтау. Жоғарыда айтылған іске қатысты бұл фактор-
лардың баршасы жөніндегі дәлелдемелер де Bojangles
корпорациясының позициясын біржолата қолдайды. Ең
алдымен, франчайзингтік келісімнің мазмұнына сәйкес
келісімшарт «тиісті түрде рәсімделген кезде» тараптар-
дың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Мұнда екі тарап жағынан да келісімшартты жарты-
лай немесе басқаша түрде орындау болған жоқ. Үшінші
фактор, яғни келісуден басқа ештеңе қалмаған жағдайда,
жауапкердің позициясын да қолдайды. R.G. Associates
компаниясының бас атқарушы директоры Уинарик мыр-
за жауап беру кезінде территорияға қатысты мәселе ше-
шілуі қажет маңызды мәселелердің бірі деп санайды.
Төртінші фактор іс жүзінде іскерлік мәселе ретіндегі ке-
лісімшарттың жазбаша түрде жасалуын қажет ететіндей
бұл келісім ауқымды инвестицияларды қамтуына және
күрделі болуына байланысты. Әрине, бұл келісім ауыз-
ша түрде жасалуы әдетке жатпайтын келісімдер қата-
рына кірген. Bojangles корпорациясының франчайзинг-
тік келісімшарты жиырма жыл бойы әрекет етеді және
франчайзи, жылжымайтын мүлікті сатып алу мен дамы-
ту, дүкендердің құрылысы, сауда құпиялары, құқықты
табыстау және келісімшартты тоқтату немесе міндетте-
мелерді орындамау құқығына арналған капитал құрылы-
мының егжей-тегжейлі мәселелерін қамтиды.
Ә. Алаяқтыққа тыйым салу туралы заң
Федералдық аудандық сот сондай-ақ ауызша келісім
болса да, Нью-Йорк штатының Алаяқтыққа тыйым салу
туралы заңына сәйкес ондай келісімнің күші жоқ болар еді
деп шешті. Бұл статуттың тиісті бөлігінде «кез келген келі-
сім немесе оған қатысты ескертпе немесе меморандум жаз-
баша түрде жасалмаса, егер де мұндай келісім, уәде неме-
се міндеттеме күшіне енген сәттен бастап бір жыл ішінде
орындалмаса, онда олар жарамсыз деп танылады» делін-
ген. Қажет меморандум бірнеше құжаттан тұруы мүмкін,
егер ол құжаттар сол транзакцияға нақты қатысты болған
жағдайда олардың кейбіреулеріне ғана қол қойылады.
Талап-арыз берушінің айтуынша, төрт құжатты бірге
алғанда, олар болжамды келісімшарттың барлық талап-
тарынан тұрады. Алайда талап-арыз берушілер ұсынған
жазбалар ауызша келісімге қайшы келеді. Талап-арыз
берушілер статуттың талаптарын қанағаттандыру үшін
франшиза келісімін дайындау жөніндегі стандарт форма-
ға ішінара сүйенсе де, бұл келісім бойынша ол тек қол қо-
йылған кезде ғана күшіне енеді, сондай-ақ оған қандай да
бір өзгерістер немесе түзетулер жазбаша түрде жасалуы
керек, келісімшарттың мәніне қатысты кез келген келісім
жазбаша түрде жасалып, қол қойылуы қажет. Сондықтан
біздің қорытындымыз мынадай: федералдық аудандық
соттың талап-арыз берушілердің алаяқтық туралы заңның
талаптарын сақтамауына қатысты сот ісін жүргізу үшін
нақты негіздемелер болмады деген пікірі дұрыс.