
244
Глоссарий
алдына бөлек шарт түрін білдіреді (мем-
лекет пен отандық не шетелдік заңды тұл-
ғалар арасындағы шарт). Кітап мәтінінде
жиі қолданылған бұл термин кейбір
тұстарда мағынасына, сипаттамасына
сай тәржімеленбей, сол «концессия»
(«концессия жасау») деген ықшам түрінде
қолданылған.
Құпия дипломатия (Private diplomacy) –
жабық есік жағдайында қоғам назарынан
тыс өтетін дипломатиялық кездесулер, ке-
ліссөздер, хат-хабар алмасу, дипломаттар
мен мемлекет басшыларының өз әріптес-
терімен оңаша тілдесуі, бір-біріне диплома-
тиялық байланыс арналары арқылы тиісті
сигналдар жіберуі (ниет-пиғылдарын, мүд-
делерін жеткізуі). Р.Трагердің пікірінше,
халықаралық қатынастарда мемлекеттер
бір-бірін жаңылыстыруға мүдделі болға-
нымен, сенуге тұрарлық тұжырымдардың
басым бөлігі – дипломаттардың жабық есік
жағдайындағы ақпарат алмасуының нәти-
жесі.
«Құпия жазбалар» (Confidential Print) –
Британия Сыртқы істер министрлігінің
үкімет мүшелеріне, министрліктің лауа-
зымды тұлғаларына, патша мен патшайым-
ға жолданған құжаттарының жинағы (тал-
даулар, елшілер жіберген есептер, басқа да
ресми лауазымды тұлғалардың түсінікте-
мелері, құпия хаттар). 1850 жылдан бастап
аталған жазбалар жинағына Сыртқы істер
министрлігінің барлық маңызды құжатта-
ры енгізіліп отырған.
Меморандум (Memorandum) – дипломат-
тардың өз үкіметіне жолдайтын ақпараттық
және сараптамалық сипаттағы қызметтік
жазбасы. Халықаралық жағдайға, екіжақ-
ты байланыстардың маңызды мәселеле-
ріне қатысты есте сақтау жазбасы немесе
жадынамалық жазба. Кітапта бұл термин
екі мемлекеттің қол қойған «түсіністік ме-
морандумы» мағынасында қолданылмаған.
Ниет, ниет-пиғыл (Intention) – бір елдің
басқа елге қатысты қалыптасқан мақсатты
ойы, түпкі мүддесі, жоспары. Автордың сө-
зімен айтқанда, мемлекеттік аппарат жос-
парлар құрады, сол жоспарлар кейде жеке
тұлғаның ниетін елестетеді, сондықтан
ниет (ниет-пиғыл) ұғымын шартты түрде
мемлекетке қатысты қолдану – қалыптас-
қан тәжірибе.
Нысана (Target) – қарсы тараптан сиг-
нал (хабар, ақпарат, белгі) алған мемлекет,
қауіп төнген мемлекет. Трагер екі не одан
да көп мемлекеттің арасындағы ықпалдас-
тықты (ресми, бейресми келіссөздер, дағ-
дарыс жағдайында хабар алмасу т.б.) ойын
теориясы шарттарына сай модельге салып
талдайды; Нысана – сол ойынның бір қаты-
сушысы.
Ойын теориясы (Game theory) – шешім
қабылдаушы тараптар арасындағы страте-
гиялық қарым-қатынасты зерттейтін мате-
матикалық модельдер. Трагер екі не одан
да көп мемлекеттің арасындағы ықпалдас-
тықты (ресми, бейресми келіссөздер, дағ-
дарыс жағдайында хабар алмасу т.б.) ойын
теориясы шарттарына сай модельге салып
талдайды.
Пайдалылық функциясы (Utility
function) – екі не одан да көп мемлекеттің
әрекеттерін ойын теориясы шарттарына
сай модельге салып талдағанда, пайдалы-
лықтың (қандай да бір игілікті тұтынудан
қанағаттану) ойыншы әрекетіне тәуелдігін
көрсететін функция. Мұндай функция-
да бірнеше ықтимал нәтиженің белгілі бір
сандық мәні айқындалады, оған сүйеніп
ойыншылар өздеріне қолайлы таңдау жа-
сай алады.
Протеже (Protégé) – өзге елдің (ұлы дер-
жаваның) қамқорлығындағы, жетегіндегі
ел, жақтас.
Ресурстарды сарқу (To drain resources) –
қарсыласты дәрменсіз, қауқарсыз ету.
Оның қарсы тұруына мүмкіндік бермеу
(мысалы, көңілін, ресурстарын басқа бір
аймақтағы дағдарысқа бұратындай айла-
амалдар жасау).
Сигнал беру (Signaling) – мемлекеттердің
өзара байланыс жасау, бір-біріне ықпал ету
құралдарының бірі (коммуникация меха-
низмі): жария немесе құпия түрде хабар