«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»
жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен
«Рухани жаңғыру» мемлекеттік
бағдарламасы аясында
іске асырылды
Approaches to
Social Research
Sixth edition
Royce A. Singleton, Jr.
College of the Holy Cross
Bruce C. Straits
University of California, Santa Barbara
New York Oxford
OXFORD UNIVERSITY PRESS
Нұр-Сұлтан
2020
Әлеуметтік зерттеу
әдістері
Алтыншы басылым
Ройс А. Синглтон
ХолиКроссколледжі
Брюс С. Стрэйтс
Калифорнияуниверситеті,Санта-Барбара
Синглтон Ройс А., Стрэйтс Брюс С.
Әлеуметтік зерттеу әдістері. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020.
816 бет.
ISBN 978-601-7621-31-5
Ройс Синглтон мен Брюс Стрэйтстің «Əлеуметтік зерттеу əдістері» кітабы – əлеуметтік зерт-
теудің ғылыми жəне логикалық негіздерін жан-жақты сипаттайтын оқу құралы. Негізгі тəсілдер
мен ғылыми зерттеулердің логикасы арасындағы тепе-теңдікті ескере отырып, бұл кітап зерттеу-
дің төрт тəсілі – эксперимент, сауалнама зерттеуі, далалық зерттеулер жəне қолда бар деректерді
пайдаланудың сипаттамасын ұсынады. Эмпирикалық зерттеу мысалдарын ұсына отырып, зерт-
теу процесін егжей-тегжейлі баяндау студенттерге зерттеу барысын жақсы түсінуге мүмкіндік
береді. Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, ғалымдар мен оқытушыларға, статистика
саласында білімін арттырғысы келетін барша оқырман қауымға арналған.
ӘОЖ 316
КБЖ 60.5
© 2018 by Oxford University Press
ISBN 978-601-7621-31-5 © «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020
ƏОЖ 316
КБЖ 60.5
С 38
«Жаңа гуманитарлық білім.
Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»
жобасының редакциялық алқасы:
Редакция алқасы:
Төраға Көшербаев Қ.Е.
Төрағаның орынбасары Аймағамбетов А.Қ.
Жауапты хатшы Кенжеханұлы Р.
Редакция алқасының
мүшелері: Жаманбалаева Ш.Е.
Күреңкеева Г.
Қарин Е.Т.
Құлсариева А.Т.
Құрманбайұлы Ш.
Масалимова Ә.Р.
Мұтанов Ғ.М.
Нұрмұратов С.Е.
Нұрышева Г.Ж.
Раев Д.С.
Саңғылбаев О.С.
Сеңгірбай М.Ж.
Сыдықов Е.Б.
Бас редактор Исембердиева А.Б.
Аудармашылар Муминов Н.Ә.
Мәзен Д.Б.
Каниязов Ш.П.
Мұхаммеджанова Ә.
Қуанышбекова А.
Ғылыми редакторлар Мәуілшәріп М.
әлеуметтану ғылымдарының
кандидаты
Молдабекова А.Т.,
әлеуметтік ғылымдар магистрі,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
(PhD) докторанты
Жауапты шығарушы Алейдарова О.С.
Редакторлар Омарбек Н.
Байбол Ә.
Тұрсынбайұлы Б.
Жамбыл Б.
Икрамова Б.М.
Пікір жазғандар Сарыбаева И.С.,
әлеуметтану ғылымдарының
кандидаты;
Каримова Ж.К.,
әлеуметтанушы (PhD)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында
талқылаудан өтті
Кітапты басуға әзірлеген:
«Ұлттық аударма бюросы»
қоғамдық қоры
© 2018 by Oxford University Press
Approaches to Social Research, sixth edition was originally published in English in 2017. This translation
is published by arrangement with Oxford University Press. Public Foundation «Ұлттық Аударма Бюросы»
(«Ulttyk Audarma Burosy») is responsible for this translation from the original work and Oxford University
Press shall have no liability for any errors, omissions or inaccuracies or ambiguities in such translation or for
any losses caused by reliance thereon.
С 38
...Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол әлемдегі ең да-
мыған 30 елдің қатарына қосылу.
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан
бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыру-
ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.
Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыт тары
бо йынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілден қазақ тіліне
аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім
алуға мүмкіндік жасаймыз.
Жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелестікке қабілет
сияқ ты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнық-
тыратын басты күшке айналады. Осылайша болашақтың негізі білім ор-
даларының аудиторияларында қаланады...
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінен
7
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз ...............................................................................................................15
Бірінші тарау. Кіріспе ........................................................................................22
Зерттеу әдістерін неліктен зерделеу керек? .............................................24
Зерттеу нәтижесін қолдану ................................................................24
Зерттеу нәтижесін шығару .................................................................26
Әлеуметтік әлемге қатысты әдіснамалық тәсілдер ........................................27
Зерттеу алдындағы кейбір сұрақтар ...................................................28
Эксперименттің жауабы......................................................................30
Сауалнама зерттеуінің жауабы...........................................................31
Далалық зерттеудің жауабы ...............................................................32
Қолда бар деректерден алынған жауап ................................................34
Қорытынды ................................................................................................36
Кітапқа қысқаша шолу .........................................................................37
БІРІНШІ БӨЛІМ.
Әлеуметтік зерттеудің ғылыми және этикалық контексі ............................ 41
Екінші тарау. Ғылымның табиғаты .................................................................42
Ғылымның мақсаты ..................................................................................42
Ғылымның нәтижесі..................................................................................43
Ғылыми және ғылыми емес сұрақтар ..................................................43
Білім сипаттама ретінде ....................................................................44
Білім түсіндірме әрі болжам ретінде ...................................................46
Білім түсінік ретінде ............................................................................48
Өзгермелі білім ......................................................................................50
Білім процесс ретінде ................................................................................52
Дюркгеймнің суицид туралы зерттеуі ................................................55
Логикалық пайымдау ............................................................................58
Эмпиризм...............................................................................................61
Объективтік .........................................................................................62
Бақылау .................................................................................................64
Ғылыми зерттеуге сын ..............................................................................67
Ғылыми зерттеудің идеалы мен шындығы ..........................................68
Әлеуметтік ғылымның балама модельдері .........................................70
Түйін ..........................................................................................................74
Үшінші тарау. Зерттеу этикасы ........................................................................77
Деректерді жинау мен талдау ...................................................................79
Зерттеуге қатысушылармен қарым-қатынас орнату ...............................83
Зиян келтіру ..........................................................................................83
Ақпараттандырылған келісім .............................................................87
Алдау ......................................................................................................91
Жауап алу ..............................................................................................94
8
МАЗМҰНЫ
Этикалық шешім қабылдау ..................................................................... 100
Әлеуметтік зерттеудегі құндылықтар: ғылым және қоғам ............................ 108
Құндылықтың бейтараптығы туралы мәселе .................................108
Жеке құндылықтарды басқару............................................................110
Зерттеу нәтижелерін қолдану ..........................................................112
Түйін ........................................................................................................116
ЕКІНШІ БӨЛІМ. Зерттеу дизайны ..................................................................119
Төртінші тарау. Зерттеу дизайнының элементтері ..................................... 120
Зерттеу тақырыбының туындау себептері .............................................120
Талдау бірліктері .....................................................................................122
Жиынтық дерек ...................................................................................124
Экологиялық қателік .......................................................................... 125
Айнымалылар .......................................................................................... 127
Айнымалы түрлері ..............................................................................127
Байланыс .................................................................................................131
Сапалық айнымалылар арасындағы байланыс ..................................133
Сандық айнымалылар арасындағы байланыс ....................................135
Сапалық және сандық айнымалылар арасындағы байланыс .................138
Статистикалық елеулі байланыс ......................................................139
Себеп-салдарлық байланыс табиғаты ...............................................141
Сұрақтар мен гипотезалар қалыптастыру .............................................150
Зерттеу мақсаттары мен зерттеу дизайны .............................................154
Әлеуметтік зерттеу кезеңдері .................................................................156
1-кезең: зерттеу сұрақтарын қалыптастыру ..................................157
2-кезең: зерттеу дизайнына дайындық .............................................. 157
3-кезең: өлшеу ...................................................................................... 157
4-кезең: іріктеу .................................................................................... 158
5-кезең: деректерді жинақтау ...........................................................158
6-кезең: деректерді өңдеу ....................................................................158
7-кезең: деректерді талдау мен интерпретациялау ......................... 158
Түйін ........................................................................................................159
Бесінші тарау. Өлшеу .......................................................................................163
Өлшеу процесі .........................................................................................163
Концептуалдау .................................................................................... 164
Операционалдау ..................................................................................166
Әлеуметтік зерттеулердегі операционал анықтамалар ............................... 170
Ауызша баяндама ................................................................................ 171
Бақылау ...............................................................................................173
Архив жазбалары ................................................................................173
Операционал анықтамаларды сұрыптау ..........................................174
Өлшеу деңгейлері ....................................................................................176
Номинал өлшеу .................................................................................... 176
Реттік өлшеу ......................................................................................177
Интервал өлшеу ..................................................................................179
9
МАЗМҰНЫ
Қатынас өлшемі ................................................................................. 179
Талқылау .............................................................................................180
Сенімділік пен жарамдылық ..................................................................181
Қате көзі .............................................................................................182
Сенімділікті бағалау ...............................................................................186
Cенімділікті сынау мен қайта сынау ................................................186
Жартылай сплит және ішкі сәйкестік сенімділігі ...........................187
Интеркодтаушы сенімділік ............................................................... 188
Сенімділікті жақсарту ......................................................................189
Жарамдылықты бағалау ........................................................................190
Субъектив жарамдылықты тексеру ................................................190
Критерийге қатысты жарамдылықты тексеру..............................192
Құрылым жарамдылығын тексеру ....................................................193
Сенімділік пен жарамдылық жөніндегі соңғы ескертпе .......................199
Түйін .......................................................................................................199
Алтыншы тарау. Іріктеу .................................................................................204
Іріктеме не үшін керек? .........................................................................205
Негізгі жиынтық анықтамасы ...............................................................207
Іріктеу дизайндары ................................................................................214
Ықтимал іріктеу .....................................................................................215
Кездейсоқ сұрыптау ...........................................................................215
Қарапайым кездейсоқ іріктеу ............................................................216
Стратификацияланған кездейсоқ іріктеу ........................................ 222
Кластерлі іріктеу ..............................................................................225
Жүйелі іріктеу ....................................................................................230
Ықтимал емес іріктеу .............................................................................232
Ыңғайлы іріктеу ................................................................................233
Мақсатты іріктеу .............................................................................233
Квоталық іріктеу ..............................................................................234
Өзге іріктеу дизайндары ........................................................................236
Ықтимал және ықтимал емес комбинацияланған іріктеу .............237
Рефералды іріктеу ..............................................................................238
Іріктеу дизайнын таңдауға ықпал ететін факторлар ............................239
Зерттеу кезеңдері және деректі қолдану .......................................... 240
Қолда бар ресурстар ...........................................................................240
Дерек жинау әдісі ...............................................................................241
Іріктеме көлемін анықтайтын факторлар .............................................241
Жиынтықтың әртектілігі ...............................................................242
Қажетті нақтылық ..........................................................................242
Іріктеу дизайны .................................................................................245
Қолда бар ресурстар ...........................................................................246
Жоспарланған бөліністер саны ..........................................................246
Іріктеу қатесі мен жалпылау жөнінде соңғы ескертпе ..........................247
Түйін .......................................................................................................249
10
МАЗМҰНЫ
ҮШІНШІ БӨЛІМ. Деректерді жинақтау әдістері ..........................................257
Жетінші тарау. Эксперимент жүргізу ...........................................................258
Эксперимент жүргізу логикасы .............................................................258
Себеп-салдарлық байланысты сынау ................................................259
Сәйкестендіру мен кездейсоқ тағайындау ........................................261
Ішкі және сыртқы жарамдылық .......................................................263
Эксперименттердегі іріктеу .............................................................266
Эксперименттерді ұйымдастыру ...........................................................269
Мысал: кім араласады? ......................................................................270
Субъектілер жинағы мен ақпараттандырылған келісім .......................274
Экспериментке кіріспе .......................................................................274
Эксперименттік манипуляция ..........................................................275
Манипуляцияны тексеру ....................................................................275
Тәуелді айнымалыны өлшеу ...............................................................276
Дебрифинг ........................................................................................... 277
Претестілеу .......................................................................................278
Эксперименттік және күнделікті өмірдегі шынайылық .................279
Эксперимент әлеуметтік шара ретінде ..................................................280
Талап етілетін сипаттамалар ......................................................... 281
Бағалаудан имену ...............................................................................283
Эксперименттік субъектілерге өзге мотивтер ...............................284
Эксперимент жүргізушінің әсері ........................................................285
Эксперимент жүргізудің әлеуметтік сипатынан туындайтын
бұрмалауларды барынша азайту .....................................................286
Зертхана сыртында эксперимент жүргізу .............................................288
Далалық эксперименттер .................................................................289
Сауалнама зерттеуіндегі эксперименттік дизайндары ..................293
Жеке тұлғалардан өзге талдау бірліктері ........................................295
Түйін .......................................................................................................297
Сегізінші тарау. Эксперименттік дизайн .....................................................301
Ішкі жарамдылыққа төнген қауіп .......................................................... 302
Экспериментке дейінгі дизайндар ......................................................... 307
1-дизайн: бір реттік кейсті зерттеу ...............................................307
2-дизайн: бір топтық претест және посттест дизайны ...............308
3-дизайн: статикалық топты салыстыру ......................................309
Шынайы эксперименттік дизайндар .....................................................310
4-дизайн: претест және посттест бақылау тобы дизайны ...........311
5-дизайн: посттест – тек бақылау тобының дизайны ...................313
6-дизайн: Соломонның төрт топтық дизайны ...............................313
Субъектішілік дизайндар ..................................................................314
Шынайы эксперимент жүргізу дизайнына шолу ............................... 316
Факторлы эксперименттік дизайндар ...................................................318
Өзара байланысу әсері ........................................................................321
Квази-эксперименттік дизайндар ..........................................................325
1-мысал: нәсіларалық көзқарас пен жазғы лагерьдегі мінез-құлық ...... 329
11
МАЗМҰНЫ
2-мысал: Коннектикуттегі жылдамдықты арттырумен күрес ....332
Түйін .......................................................................................................335
Тоғызыншы тарау. Сауалнама зерттеуі........................................................ 339
Сауалнама зерттеуінің басты сипаты .................................................... 339
Кең ауқымды ықтимал іріктеме ....................................................... 340
Жүйелі процедуралар: сұхбаттар мен анкеталар ............................ 342
Құрылымдалмаған және құрылымдалған сұхбаттасу ..................... 342
Сандық деректерді талдау ................................................................ 344
Cауалнаманы екінші рет талдау ...................................................... 345
Сауалнама зерттеуі дизайны .................................................................. 347
Кросс-секциялық дизайндар ............................................................... 347
Ұзақмерзімді дизайндар ..................................................................... 349
Сауалнама зерттеуі кезеңдері: жоспарлау ............................................. 353
Бетпе-бет және телефон арқылы сұхбаттасу ......................................... 360
Бетпе-бет сұхбаттасу ...................................................................... 361
Телефон арқылы сұхбат алу ............................................................... 363
Қағазға жазып алынатын сауалнама ..................................................... 366
Компьютердің көмегімен телефон арқылы сұхбат алу ......................... 368
Аралас режим сауалнамасы ................................................................... 371
Далалық жұмыстарды басқару............................................................... 373
Сұхбат алушыны рекрутинг жасау және таңдау ............................ 373
Сұхбат алушыны оқыту .................................................................... 375
Претестілеу ....................................................................................... 376
Сұхбат алу.......................................................................................... 380
Супервизия және сапаны бақылау ..................................................... 387
Кейінгі іс-қимылдар ............................................................................ 388
Сауалнаманың артықшылығы және шектеулері ................................... 390
Түйін ....................................................................................................... 393
Оныншы тарау. Сауалнаманы құралмен жабдықтау ................................. 397
Сауалнамаға әлеуметтік жағдай ретінде қарау ..................................... 398
Сауалнама дизайнерлері қолдана алатын материалдар ....................... 402
Ашық сұрақтар және жабық сұрақтар ............................................. 402
Тура және жанама сұрақтар ............................................................. 406
Жауап форматтары .......................................................................... 409
Визуалды және медиа құралдар ......................................................... 413
Қалыптасқан сұрақтар ..................................................................... 414
Эскиздер не алдын ала дайындық ......................................................... 415
Кіріспе ................................................................................................. 416
Шетін және қалыпты сұрақтарды қою реті ................................... 417
Кезек, ағын және ойысу ...................................................................... 417
Эскизді толтыру: элементтерді енгізу .................................................... 420
Тілді тиімді қолдану .......................................................................... 420
«Адам көзқарасының шегі» проблемасы ............................................ 426
Себептерді талдау ............................................................................. 429
Есте сақтау мәселесі.......................................................................... 431
12
МАЗМҰНЫ
Жауап берудегі бұрмалау проблемалары ........................................... 434
Форматқа қатысты ұсыныстар ...................................................... 436
Аралас режимді құрал дизайны ......................................................... 438
Бағалау және претестілеу ....................................................................... 439
Когнитивтік зертханалық сұхбаттасу ........................................... 440
Далалық претестілеу ........................................................................ 442
Түйін ....................................................................................................... 446
Он бірінші тарау. Далалық зерттеу .............................................................. 452
Далалық зерттеудің жалпы ерекшеліктері ............................................ 454
Қарапайым және жылдам зерттеу дизайнын қалыптастыру ....... 454
Табиғи ортада тікелей бақылау жүргізу .......................................... 457
Құрылымдалмаған және жартылай құрылымдалған сұхбат .......... 464
Сапалық деректі талдау ................................................................... 467
Далалық зерттеудің кезеңдері ............................................................... 468
Үйсіз-күйсіздер туралы далалық зерттеу ......................................... 468
Зерттеу ортасын таңдау ................................................................. 471
Респонденттермен байланыс орнату ............................................... 474
Өзін таныстыру ................................................................................ 477
Ақпарат жинау .................................................................................. 482
Деректі талдау .................................................................................. 487
Далалық зерттеудің артықшылықтары мен шектеулері ....................... 492
Түйін ....................................................................................................... 496
Он екінші тарау. Қолда бар деректі пайдалана отырып зерттеу ..............502
Қолда бар дереккөздер ........................................................................... 502
Жалпыға ортақ құжаттар мен ресми есептер ................................ 503
Жеке құжаттар ................................................................................. 509
Масс-медиа ......................................................................................... 510
Физикалық, бейвербалды дәлел ......................................................... 513
Әлеуметтік ғылымдардың деректер архиві ..................................... 513
Big Data ............................................................................................... 514
Қолда бар деректі зерттеудегі әдіснаманың жалпы мәселелері ........... 517
Қолда бар деректі іздеу және рәсімдеу .............................................. 517
Негізгі тұжырымдамаларды өлшеу .................................................. 518
Деректі бағалау және түзету ........................................................... 519
Деректің толықтығын бағалау ........................................................ 522
Тарихи талдау ......................................................................................... 524
Дескриптив және аналитикалық тарих .......................................... 525
Құжат түріндегі дәлелдермен жұмыс істеу ...................................... 528
Тарихи интерпретация ..................................................................... 531
Контент-анализ ...................................................................................... 534
Контент категориясын таңдау мен анықтау ................................. 535
Талдау бірлігін анықтау .................................................................... 536
Есептеу жүйесі жөнінде шешім қабылдау ......................................... 536
Талдау жасау ...................................................................................... 539
13
МАЗМҰНЫ
Қолда бар деректермен зерттеу жүргізудің артықшылығы
мен кемшілігі .......................................................................................... 541
Түйін ....................................................................................................... 545
Он үшінші тарау. Көптік әдіс ......................................................................... 550
Триангуляция ......................................................................................... 550
Бір зерттеу аясындағы бірнеше тұжырымдаманың көптік өлшемі ...... 554
Құрама өлшемдер: индекстер мен шкалалар .................................... 555
Құрылымдық теңестіру арқылы модельдеу ...................................... 563
Әртүрлі зерттеулерде гипотезаларды көптік әдіспен тестілеу .............. 564
Бір зерттеу стратегиясын қолданып қайталау: әлеуметтік
шеттетілу және көмек ..................................................................... 565
Өзге зерттеу стратегияларын қолданған қайталаулар ................. 568
Әлеуметтік зерттеудегі негізгі төрт тәсілді салыстыру ......................... 572
Мета-талдау ............................................................................................ 576
Мәселені анықтау .............................................................................. 577
Дерек жинау ....................................................................................... 579
Деректерді бағалау ............................................................................ 580
Талдау мен интерпретация ............................................................... 581
Қоғамға таныстыру .......................................................................... 582
Түйін ....................................................................................................... 582
Он төртінші тарау. Бағалау зерттеуі ............................................................. 587
Зерттеу іріктемесі мен негізі .................................................................. 587
1-мысал: бостандыққа шыққан тұтқындарға көмек ....................... 590
2-мысал: мас күйде көлік жүргізуге тыйым салу .............................. 592
3-мысал: қылмыстық топқа мүше болу мен кәмелетке толмағандар
арасындағы бұзақылыққа қарсы тұру ................................................ 593
Бағалау зерттеуі түрлері ......................................................................... 596
Мәселені анықтау: концептуалдау және анықтау .......................... 597
Саяси амалдарды жоспарлау: қажеттіліктер мен әлеуметтік
ықпалды бағалау ................................................................................ 600
Бағдарламаны әзірлеу: формативті бағалау.................................... 602
Бағдарламаны жүзеге асыру: процесті бағалау ................................ 603
Бағдарламаны бағалау: әсер мен тиімділікті бағалау ..................... 605
Бағалау зерттеуіндегі әдіснамалық мәселелер ...................................... 608
Теория зерттеу нұсқаулығы ретінде ................................................. 609
Зерттеу дизайны және ішкі жарамдылық ....................................... 611
Өлшеу жарамдылығы ......................................................................... 622
Сыртқы жарамдылық ....................................................................... 624
Бағалау зерттеуінің әлеуметтік және саяси контексі ............................ 627
Түйін ....................................................................................................... 629
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ. Деректерді өңдеу, талдау және интерпретациялау ... 635
Он бесінші тарау. Деректерді өңдеу және қарапайым деректерді талдау ...636
14
МАЗМҰНЫ
Талдау кезеңдеріне алдын ала көз жүгірту ............................................ 636
Дерек өңдеу ............................................................................................ 638
Редакциялау........................................................................................ 638
Кодтау ................................................................................................ 640
Дерек енгізу ........................................................................................ 643
Тазарту .............................................................................................. 644
Дерек матрицасы мен құжаттама ......................................................... 646
Әлеуметтік зерттеудегі статистика функциялары ............................... 650
Деректерді тексеру және модификациялау .......................................... 652
Номинал және реттік шкала айнымалылары ................................ 652
Интервал және қатынас шкаласының айнымалылары ................. 656
Гипотезаны алдын ала сынау ................................................................ 664
Номинал және реттік шкала айнымалылары ................................ 664
Интервал және қатынас шкаласының айнымалылары ................. 673
Түйін ...................................................................................................... 678
Он алтыншы тарау. Мультивариатив талдау ............................................. 684
Айнымалылар арасындағы байланысты модельдеу ............................. 686
Нұсқар диаграмма ............................................................................. 686
Стохастикалық және жүйелі компоненттер ................................. 689
Модельдеу процесі .............................................................................. 690
Кестені әзірлеу: кестелер мен басқалар ............................................... 691
Көптік регрессия талдауы ..................................................................... 700
1-мысал: Америка қалаларының моральдық интеграциясы ........... 701
2-мысал: мектепаралық спорт және оқу үлгерімі ........................... 704
3-мысал: алкогольді ішімдік ішу, ұйқы және оқу үлгерімі ................ 717
Басқа модельдеу техникалары .............................................................. 720
Түйін ...................................................................................................... 721
Он жетінші тарау. Зерттеу есептерін жазу .................................................. 726
Әдебиеттерді іздеу ................................................................................. 726
Интернетті пайдалану .................................................................... 727
Кітапхананы пайдалану ................................................................... 728
Жоспарлау және жазуға дайындалу ...................................................... 734
Негізгі тақырып атаулары ..................................................................... 737
Аңдатпа ............................................................................................ 737
Кіріспе ................................................................................................ 738
Әдебиетке шолу ................................................................................ 739
Әдістер .............................................................................................. 739
Нәтижелер ........................................................................................ 740
Талқылау ............................................................................................ 741
Редакциялау және өзге де дүниелер ..................................................... 742
Көлемі ................................................................................................ 743
Плагиатқа жол бермеу ..................................................................... 743
Зерттеу жұмысын жариялау .................................................................. 744
Түйін ...................................................................................................... 747
Глоссарий ......................................................................................................... 749
Сілтемелер ....................................................................................................... 776
Кітаптың қазақ тіліндегі басылымын әзірлеген шығармашылық топ ........... 814
15
АЛҒЫ СӨЗ
Студентке
Біздің берген дәрісіміздің қай-қайсысы болсын зерттеу әдістерінен ма-
ңызды емес. Әдіснама – әлеуметтік ғылымдардың өзегі; ол әлеуметтік
ғылымдарды журналистика мен қоғамдық пікірден, гуманитарлық және
жаратылыстану ғылымдарынан ерекшелеп тұрады. Әлеуметтік зерттеу
әдістерін терең түсіну әлеуметтану мен осы салаға қатысты пәндер жө-
нінде, сондай-ақ әлеуметтік ғылымдардың немен айналысатынын түсіну-
ге сеп болады. Аталған кітап сізге ұғынықты болуы үшін әлеуметтік ғы-
лымдар саласын жан-жақты қамтыған ғылыми зерттеу жұмыстарын да
ұсынып отырмыз.
Әлеуметтік зерттеу туралы білім әлеуметтік ғылымдар туралы түсіні-
гіңізді кеңейтіп қана қоймайды, сонымен қатар күнделікті өмірде шешім
қабылдау үшін де аса қажет. Әлеуметтік ғылыми әдістер мен зерттеу нә-
тижелері бізге әрқалай әсер етеді. Мемлекет әлеуметтік бағдарламалар-
ды құрастырып, бағаларда әлеуметтік зерттеуге жүгінеді; кәсіпорындар
маркетинг пен менедж мент саласында маңызды шешім қабылдар алдын-
да үнемі тұтыну зерттеулеріне сүйенеді; бұқаралық баспасөз құралдары
альтруизмнен бастап халық санының өсімінің тежелуіне дейінгі зерттеу
нәтижелерін күнделікті хабарлап отырады. Қолыңыздағы кітаптың мақ-
сатының бірі – сізге әлеуметтік зерттеуді тиімді бағалай алуыңыз үшін
қажет зерттеу қисынын және оның осал тұстарын түсінуге көмектесу.
Сондай-ақ әлеуметтік зерттеу әдістерін үйрену сыни ойлау дағдыңыз-
ды жетілдіріп қана қоймай, саналы түрде ақпарат жинауыңызға жол аша-
ды. Әлеуметтік зерттеу кез келген адамның жиі және тиімді жасайтын
іс-әрекеттері мен ойлау тәсілдерінен тұрады. Оқырманның дені әлеумет-
танушы емес екенін ескере отырып, әлеуметтік зерттеудің қаншалықты
кең ауқымда қолданылатынын көрсету үшін тақырыптардың басым бө-
лігін күнделікті таныс мәселелер мен тұжырымдар төңірегінде құрдық.
Кітап төрт бөлімнен тұрады. I бөлімде әлеуметтік зерттеудің ғылыми
негізі (2-тарау) мен одан туындайтын этикалық мәселелер (3-тарау) тура-
лы баяндаймыз. Кітаптың құрылымы зерттеу жүргізу барысына сай құрас-
тырылған. II бөлімде әлеуметтік зерттеудің негізгі терминологиясымен
16
АЛҒЫ СӨЗ
таныс боласыз (4-тарау), одан кейін зерттеуді жоспарлау мен дизайнын
жасау барысында ескеретін басты екі фактор – өлшеу (5-тарау) мен іріктеу-
ге (6-тарау) тоқталамыз. Дерек жинау туралы III бөлімде әлеуметтік зерт-
теудегі басты төрт тәсіл – эксперимент, сауалнама, далалық зерттеу мен
қолда бар деректерді қалай пайдалану керегін қарастырамыз. Аталған бө-
лімнің негізгі төрт тарауында (7, 9, 11 және 12-тараулар) зерттеуді әртүрлі
тәсілмен жүргізу процесінің ерекшеліктері сипатталса, екі тарауында (8
және 10-тараулар) эксперимент пен сауалнаманың техникалық сипаттары
сөз болады; ал қалған екі тарауында зерттеу әдістері мен тәсілдерін қатар
қолдану (13-тарау) және зерттеу әдістерін әлеуметтік бағдарламалар мен
интервенцияларды бағалауға қолдану (14-тарау) стратегиялары жөнінде
айтатын боламыз. IV бөлімде зерттеудің интерпретация кезеңіне кеңінен
тоқталамыз. Бұл бөлімде деректерді өңдеу мен қарапайым деректерді тал-
дауды (15-тарау) және жетілдірілген мультивариатив талдау (16-тарау)
мен зерттеу есебін жазуды (17-тарау) пысықтайтын боламыз.
Қолыңыздағы кітаптың бірқатар ерекшеліктері бар. Мәтіндегі тірек
сөздер алғашқыда қалың қаріппен жазылып, әр тараудың соңында ті-
зімі беріледі. Мәтінді оқу барысында қандай да бір терминнің мағына-
сына күмәндансаңыз, кітаптың соңындағы кешенді глоссарийден қарай
аласыз. Басты идеялар екі тәсілмен берілген: тірек тұжырымдар мәтін-
нің сыртында қос сызықпен көрсетілген және әр тарау түйінмен аяқ-
талады. Түсінгеніңізді пысықтап, үйренгеніңізді тәжірибеде қолданып
көру үшін әр тарау соңында практикалық тапсырмалар берілген. Мәтін-
ді толықтырып, айшықтай түсетін қосымшалар да бар. Ол қосымшалар-
да қызықты зерттеу үлгілері көрсетілген, үйрену үшін қажет қосымша
көмек берілген және зерттеудің тарихи, әлеуметтік және саяси контексі
пысықталған.
Қосымша көмек ретінде білім деңгейлері әртүрлі студенттерге арнал-
ған осы оқулықтың уеб-сайтын жасадық (www.oup.com/us/singleton-
approaches). Сайттан терминдердің глоссарийін таба аласыз. Сондай-ақ
әр тарауға қатысты мынадай мәліметтер де бар:
Оқулықтағы кейбір тапсырмалардың жауабы
Дұрыс-қате тестілері мен бақылау жұмыстары
Уеб-ресурстардың аннотацияланған тізімі
Оқытушыға
Аталған еңбектің бірнеше ерекшелігі бар. Біріншіден, бұл кітап әлеу-
меттік зерттеудің нұсқаулығы я эпистемология туралы трактат емес.
Сондықтан оқулықта зерттеу әдістерін «қолданудың жолдары» (зерттеу
жүргізуге ақпарат беру) мен «тиісті машықтар» (оқыған мәтінді дербес
талдау машығы мен зерттеуді бағалауды үйрету) арасында тепе-тең-
дікті сақтауға тырыстық. Әр тараудың соңындағы тапсырмалар осы екі
17
АЛҒЫ СӨЗ
мақсатта құрастырылған. Кей тапсырмада студент зерттеу жүргізуі керек
болса, енді бір тапсырмада эмпирикалық зерттеу мақаласын оқып, дер-
бес ой түюге тиіс.
Екіншіден, бұл кітапта әлеуметтік зерттеу аудиториясы кең екенін мо-
йындай отырып, әлеуметтану, әлеуметтік психология, коммуникация, де-
мография, тарих, білім беру мен саясаттану саласындағы ондаған зерттеу
жұмыстарына талдау жасадық. Классикаға айналған зерттеу жұмыстары
мен бертінде ғана жүргізілген зерттеу жұмыстары туралы жаздық; мұның
барлығы – студенттің қызығушылығын арттыру үшін мұқият жасалған іс.
Үшіншіден, қазіргі әлеуметтануды ғылым ретінде қарастыратын таяу-
да жарық көрген оқулықтардағы постмодернистік сыни көзқарастарды
бұл еңбекке енгізбедік. 2-тарауда ХХ ғасырдың соңында «сапалық зерт-
теудің» қанат жайғаны жөнінде және оның әлеуметтану ғылымдарында-
ғы зерттеудің табиғи ғылыми моделіне төндіретін қаупі хақында әңгіме-
ледік. Басқа тарауда сапалық және сандық әдістерге жеке тоқталмадық.
Әлеуметтік зерттеулерді түсінуге жетелейтін, эпистемологиялық негіз-
ден жасалатын және сенімділік, жарамдылық пен жалпылау тұрғысын-
дағы әдіснамалық мәселелерге көңіл бөлдік. Зерттеу әдістеріндегі негізгі
айырмашылық жалпы зерттеу стратегияларында жатыр. Сондықтан бұл
кітапта әлеуметтік зерттеудегі негізгі төрт тәсілге (эксперимент, сауал-
нама зерттеуі, далалық зерттеу және қолда бар деректі пайдалану) назар
аудардық. Әр тәсілдің артықшылығы мен кемшілігін атап көрсетіп, тә-
сілдерді бірін-бірі ығыстырып тастайтындай емес, қайта толықтыра түсе-
тіндей жолмен талдап, көптік әдіс стратегиясын қолдайтынымызды анық
көрсеттік.
Әлеуметтік зерттеу жүргізудің жалпы тәсілдеріне баса мән берудің пе-
дагогикалық тұрғыда бірнеше артықшылығы бар. Біріншіден, оқырман
әр тәсілдің зерттеу дизайны мен талдауынан дербес дерек жинау әдісі
ғана емес, бүкіл зерттеу процесіне ықпал ететін түбегейлі таңдау екені-
не көз жеткізеді. Кітаптағы әдістер дизайн мен дерек жинау мәселелерін
жеке-жеке қарастырып, зерттеу дизайнындағы белгілі бір мәселелерді
нақты тәсілдерге қатысты талқылайды. Мысалы, іріктеу техникаларын
сауалнама әдісі ретінде сипаттадық, сондай-ақ өлшемді тек респондент
өзі толтыратын анкета элементі ретінде қарастырдық. Алайда өлшем мен
іріктеме барлық зерттеуде қарастырылуға тиіс болғандықтан, бұларды
әрбір негізгі тәсілге қатысты пысықтап жаздық. Екіншіден, оқырман әр
тәсілмен зерттеу жүргізудің бірегей процесін түсініп, зерттеудің логика-
сы мен қолданысын ұғынады. Кейбір оқулықтарда сауалнама зерттеуінің
далалық ұйымдастыру кезеңі ескерілмей, іріктеу не анкета дизайнын тал-
қылаумен шектеліп жатады. Сол сияқты кейбір кітаптар эксперименттің
негізгі бөліктері мен кезеңдерін сипаттамай, тек эксперименттік дизайн
тұрғысынан шолып өтеді. Негізгі тәсілдерге баса назар аудару оқырман-
ның әлеуметтік зерттеудің тұтастығын тереңірек түсініп, оның күшті
және осал тұстарын жақсырақ бағалауына жол ашады деген сенімдеміз.
18
АЛҒЫ СӨЗ
Зерттеу әдістерін оқыту – күрделі іс. Зерттеудің күрделілігін негіздеу,
оқырман зерттеуді пайыммен жүргізуі үшін әдістердің қаншалықты күр-
делі екенін түсіндіру, зерттеудің жекелеген кезеңдерін ғана емес, барлық
кезеңдерінің өзара байланысын түсінуіне жол ашу және ізденіс логикасы
мен зерттеу процестерінің тұтас логикасын жоғалтпай, зерттеудің бүге-
шігесін (мысалы, іріктеме жүргізу мен деректерді кодтаудың) анықтап
жазу оңай емес. Зерттеушінің әрекетінің басым бөлігі оның тұтастай
зерттеу процесін қаншалықты түсінгеніне сай жүзеге асады, сондықтан
зерттеу дизайнының элементтерін қалыптастыру дерек жинау мен тал-
дау жасау құралдарын қаншалықты білетініне байланысты. Яғни зерт-
теуші деректі өңдеуді жеңілдету үшін анкетаны алдын ала кодтайды, ал
көптік талдау үшін сол анкетаға зерттеу пәніне қатысы жоқ элементтерді
қосады. Студенттің бүкіл процесті терең түсінуіне көмектесу басты мін-
детіміз саналады. Мұны әлеуметтік зерттеудің негізгі тәсілдеріне назар
аудара отырып шешкен жөн деп санаймыз.
Басты төрт тәсілден бөлек, әдістер туралы басқа кітаптардың көбінде
кездесетін тақырыптарды шамамен дәл сол ретпен қарастырдық. Студент-
терге әлеуметтік зерттеуге ғылыми сипат беретін мән-жайларды көрсетіп,
этика мәселелерін талқылап, негізгі терминологияны таныстырған соң,
өлшемнің, іріктеменің, дерек жинаудың негізгі әдістері туралы (төрт тә-
сіл), деректерді талдау мен есеп жазу туралы тараулар қостық. Бұл кітап-
тың кейбір оқулықтан ерекшелігі – эксперименттік дизайндарға, сауална-
маны претестілеуге және далалық экспериментті ұйымдастыруға, көптік
әдіс (триангуляция) пен бағалау зерттеуіне жан-жақты тоқталдық.
Дерек жинау әдістерін төрт тәсіл тұрғысынан қарастырып, квази-
эксперименттік зерттеуге жеке тоқталмадық, оны эксперименттік ди-
зайн (8-тарау) мен бағалау зерттеуімен қатар (14-тарау) қарастырдық.
Сол сияқты бақылау әдістері туралы далалық зерттеуге тоқталдық (11-та-
рау), ал тарихи құжаттарды зерттеу мен контент-анализді қолда бар де-
ректі қолданудың жалпы стратегиясымен бірге қарастырдық (12-тарау).
Кітапта жиі аталатын материалға қайта-қайта тоқталмас үшін индекс
пен шкала құруға толық бір тарауды арнамауды жөн көрдік. Оның ор-
нына шкала құрудың техникалық қырын көптік әдіспен байланыстыра
отырып шолу жасадық (13-тарау). Жалпы, қазіргі әдіснаманы өлшем,
іріктеме және деректерді талдаудың заманауи статистикалық тәсілдерін
толықтыратындай жолмен ұсынуға тырыстық. Сондай-ақ деректерді тал-
дау барысын сипаттағанда статистикалық талдау жасаудан гөрі тұтыну
мен түсіну процесіне баса мән бердік.
Кітапты егжей-тегжейлі тарқату үшін жаңа тақырыптар да қосылды,
бірақ оларды қалдырып кетсе де, кітаптың мазмұнына еш нұқсан келмес
еді. Осы тақырыптардың арқасында оқулықты пайдалану ауқымы кеңе-
йе түсті. Оқытушы бұл тақырыптарды бакалавриаттың төмен не жоғары
курсындағы бір немесе екі семестрлік пәнге немесе магистратурадағы
19
АЛҒЫ СӨЗ
пәнге бейімдей алады. 1-тараудан кейін 2 және 3-тарауларды аттап өтіп,
бірден 4-тарауға өтуге болады. Эксперимент жүргізу мен сауалнама зерт-
теуінің техникалық дизайн мәселелері баяндалған 8 және 10-тараулар
да едәуір күрделі. Эксперименттік дизайн логикасын сынағысы келген
оқытушы 8-тараудан жарамсыздық көздері мен негізгі, факторлы және
квази-эксперименттік дизайн туралы материалдарды таба алады. Сауал-
нама зерттеуіне мән беріп, студенттерге дерек жинататын оқытушы үшін
10-тарау – таптырмас нұсқаулық, оның үстіне, студенттерді анкета жа-
сап шығаруға дайындауға сауалнама құралының көмегі тиетіні сөзсіз.
Бакалавриат курсына арналған тағы бір нұсқа – 8 бен 10-тараулар, бірақ
квази-эксперименттік дизайн мен сауалнаманы претестілеуге қатысты
техникалық мәлімет берілген бөлімдерге назар аудармауға да болады.
Көптік әдістер туралы 13-тарау, бағалау зерттеуі туралы 14-тарау, әсіресе
мультивариатив бағалау туралы 16-тарау анағұрлым жетілдірілген. Оқу-
лықты бір семестрге қолданатын оқытушы оқыту барысында күрделі та-
рауларды толықтай не бір бөлігін өткізіп жіберуіне болады.
Бұдан да көбірек материал іздеген оқытушы Ancillary Resource Center
at arc2.oup-arc.com/ сайтынан Ройс Синглтон даярлаған ресурстарды
таба алады. Онда (1) лекция, талқылау мен тапсырма идеялары, (2) уеб-
ресурстардың аннотацияланған тізімі (URL-мен), (3) оқулықтағы тап-
сырмалардың жауабы, (4) әр тарауға арналған тест элементтері беріл-
ген. Студент компаньоны уеб-сайтында да тестінің екі түрі бар. Кітапты
жақсарта түсу үшін және қажетіңізді табу үшін пікірлер мен ұсыныстар-
ды қабылдаймыз. Біздің электрондық поштамыздың біріне хат жазсаңыз
болғаны: rsinglet@holycross.edu немесе straits@soc.ucsb.edu.
Алтыншы басылым
«Әлеуметтік зерттеу әдістері» басылымына алдыңғы басылымдағы тарау-
лар мен педагогикалық тәсілдер енгенмен, оны кітап құнын арттыра түсу
үшін тағы біраз өңдедік. Қанша өзгеріс енгенін байқау үшін жетілдірген
тұстарымызды санмен көрсетейік. Алтыншы басылымда:
184 жаңа сілтеме бар, олардың жарияланған орташа мерзімі –
2007 жыл;
алдыңғы басылымдағы 75 сілтеме алынып тасталды, олардың жа-
рияланған орташа мерзімі – 1987 жыл;
22 жаңа зерттеу мысалын енгіздік, олардың 15-ін алдыңғы басы-
лымдағы ескірген мысалдармен алмастырдық;
10 кесте мен 1 сызбаның деректері жаңартылды және
11 жаңа кілт сөз қосылды.
Өзгеріс болмашы көрінгенмен, маңызы зор. Мәтіннің түсініктірек бо-
луы, бір ойдан келесі ойға ауысуы жеңіл болуы үшін тараулардың бәрін
қайта редакцияладық, ескі мысалдарды алмастырып, орынды жерінде
20
АЛҒЫ СӨЗ
кейінгі деректерді енгізіп, негізгі дереккөздердің соңғы басылымдарына
сілтеме бердік. Бұдан да басқа келелі өзгерістер бар. Үш тарау (3, 11 және
14-тараулар) мұқият қайта қаралды. 3-тарауға Таскиги сифилис зерттеуін
пысықтауды қосып, ақпараттандырылған келісім, алдау, құпиялық пен
әлеуметтік зерттеудің құндылығы туралы баяндауды жан-жақты кеңейте
түстік. 11-тарауды қайта құрастырып, далалық зерттеудің ерекшелікте-
рі жөнінде кеңірек әңгімелеуге тырыстық. 14-тарауда бағалау зерттеуін
пысықтау барысында интеграцияланып отырған жаңа түбегейлі зерттеу
мысалын қостық.
Өзге де келелі өзгерістер:
Тараудың жаңа бөлімдері мен шағын бөлімдер. 2-тарауда ғылымға
қатысты сыни талқылауды кеңейтіп, әлеуметтік «ғылымның» жараты-
лыстану ғылымдары моделіне қатысты сапалық зерттеушілердің эпис-
темологиялық мәселелерін қостық. 3-тарауға гомосексуал және гетеро-
сексуал ата-ана болу әсері туралы зерттеулер талдауы жазылған «Жеке құн-
дылықтарды басқару» қосалқы бөлімін қосу арқылы әлеуметтік ғылым-
дардағы құндылық туралы бөлімді кеңейттік. 12-тарауға «Big Data», 17-
тарауға «Зерттеу мақаласын жариялау» атты жаңа бөлімдер қостық.
Тарауларды қайта құру. Әлеуметтік зерттеудегі негізгі тәсілдерді жа-
зуда бірізділікті сақтау үшін сауалнама қолданысы мен шектеулері (9-
тарау), далалық зерттеу (11-тарау) және қолда бар деректі зерттеуді
(12-тарау) пысықтауды тиісті тарау соңына жылжыттық. Үш тарау да не-
гізгі ерекшеліктерді сипаттаудан басталып, тәсілді жүзеге асыру кезеңде-
ріне өтіп, күшті және осал тұстарын айқындаумен аяқталады.
Әлеуметтік зерттеудің жаңа қызықты да нақты мысалдары. Бірінші
басылымнан бері студент қызықты деп тауып, өз өміріне қатысты көре-
тін әлеуметтік зерттеудің нақты үлгісі ретінде мұқият таңдалған түрлі эм-
пирикалық зерттеу тәсілдердің маңызды бөлігі болып келеді. Сондықтан
әр басылымға жаңа зерттеулер қосып, уақыт көшінен қалып бара жатқан
немесе жас оқырманға бейтаныс тақырыптарды алмастырдық. Осы басы-
лымға енген жиырмаға жуық жаңа эмпирикалық зерттеу арасында гей-
лердің жұмыста дискриминацияға ұшырауын аудит зерттеу, балалардың
сурет кітабында ана мен әке рөлдерінің бейнелеуіндегі өзгерістердің кон-
тент-анализі, бастауыш мектептегі балалардың көмек сұрау мінез-құлқы
туралы далалық зерттеу, «Қылмыстық топқа қарсы тұруды оқыту және
үйрету» бағдарламасын бағалау зерттеуі, сондай-ақ алкоголь тұтыну мен
лекция барысында ұйықтап отыру әсерінің сандық (пат) талдауы бар.
Бұл өзгерістер әдіснамадағы соңғы жетістіктерді бұрынғыдан да түсі-
ніктірек тілмен жеткізіп, кітап мазмұнын жақсарта түскеніне сенеміз.
21
АЛҒЫ СӨЗ
Алғыс
«Әлеуметтік зерттеу әдістері» кітабы қырық жыл бұрын жазылып, үздіксіз
жаңартылып келеді. Сол аралықта кітапты жетілдіруге бірқатар тұлғалар-
дың көмегі тиді. Шын ниетпен көмектескен жандарды толық тізіп шығу
мүмкін емес, бірақ бірнеше адамды айрықша атап өткім келеді. Жобаны
бастаған және алғашқы авторларының бірі болған Элизабеттаун коллед-
жінің құрметті проректоры Рон Макалистер болды. Оның әріптестерінің
Маргарэт Миллер Кларк та бірінші басылымға зор үлес қосты. Холи Кросс
колледжі және Санта-Барбарадағы Калифорния университетіндегі әріп-
тестеріміз бен студенттерімізге идеялары мен қолдауы үшін алғыс айта-
мыз. «Әлеуметтік зерттеу процесі» кітабының тең авторы Холи Кросс кол-
леджінің ұстазы Джефф Диксонмен бірге жұмыс істеудің осы басылымға
тиген пайдасы орасан зор болды, ол «Әлеуметтік зерттеу әдістері» кіта-
бын жетілдіру идеясына біраз ой қосты.
Зерттеу әдістерін ұзақ уақыт бойы зерттеп жүрген ғалымдар мен оқы-
тушылар тарапынан пайдалы ұсыныстар көптеп түсті. Төртінші басы-
лымнан бері Жалпы әлеуметтік зерттеу тақырыбы Ұлттық пікірді зерт-
теу орталығының қызметкері Том Смиттің кері байланысы негізінде же-
тіліп келеді. Кітаптың төртінші басылымын үш оқытушы қарап шықты:
Аризона мемлекеттік университетінен Эд Хаккет, Лос-Анджелестегі
Калифорния университетінен Меган Суини және Шарлоттағы Солтүстік
Каролина университетінен Майкл Тернер. Бесінші басылымға төрт техни-
калық редактор атсалысты: Теннесси университетінен Стефани Бохон,
Пенсильвания университетінен Кристен Харкнетт, Виттенбург универ-
ситетінен Катлин Варберг және Оңтүстік Каролина университетінен
Кен Уоткинс.
Алтыншы басылымның техникалық редакторларына алғысымыз зор:
Эмили Барман, Бостон университеті
Кебба Дарбо, Манкейтодағы Миннесота мемлекеттік университеті;
Барбара Харт, Тайлердегі Техас университеті;
Линдси А. Харвелл, Джеймс Мэдисон университеті;
Терренс Д. Хилл, Аризона университеті;
Налин Жохри, Сетон-Холл университеті;
Хисако Матцуо, Сейнт-Луис универсиеті;
Джонатан Матусиц, Орталық Флорида университеті;
Закари Нил, Мичиган мемлекеттік университеті;
Джейсон Родригес, Бостондағы Массачусетс университеті;
Эрин Руел, Джорджия мемлекеттік университеті;
Ивон Виссинг, Салем мемлекеттік университеті.
22
Бірінші тарау
Кіріспе
Әлеуметтік зерттеу әлеуметтік әлем туралы сұрақтар тізімін топтастыру
мен оларға жауап іздеу процесінен тұрады. Осы кітапта баяндалған зерттеу
-
лерде талқыланған кейбір сұрақтарды қарастырайық.
Жақында жүргізілген зерттеу нәтижесі орта мектептегі спортпен
шұғылданатын оқушылар онымен айналыспайтындарға қарағанда
жоғары баға мен тест балын алатынын көрсетті. Беккет Брох (2002)
оның себебін төменде берілген сұрақтарды қою арқылы анықтауға
тырысады: Бұл нәтиже спортпен шұғылдану оқу үлгеріміне ықпал
ететін тәртіп, табандылық пен қатаң еңбек этикасына үйретеді деген
жалпы пікірді растай ма? Әлде ұдайы спортпен шұғылдану спортшы
-
ларды әлеуметтік байланыс орнатуға, оқу үлгерімі жоғары достары-
ның қатарына қосылуына не ата-ана мен мұғалім арасында жетістік-
ке жеткізетін жақсы қарым-қатынас орнатуына әсер ете ме?
Бибб Латане мен Джон Дарли (1970) Нью-Йорктің Куинс ауданында
бір әйелдің соққыға жығылып жатқанын отыз сегіз адам терезеден
көрсе де, оның өмірін сақтап қалу үшін неліктен дереу араша түспе
-
гендеріне жіті мән берді. Көптеген сарапшының алға тартатынындай,
бұл қазіргі қалалық ортаға тән жалпы селқостық па? Әлде адамдар
-
дың көмектесуіне осы жайтқа қатысты өзге бір нәрсе кедергі болды
ма? Куәгерлер неге кейде қиын жағдайда тұрған адамдарға дереу кө
-
мектеспейді?
Көптеген кампания жүргізушінің пікірінше, президент сайлауында
дауыс жинап, жеңіп шығу ең басым жергілікті ұйымдардың партия құ
-
рамында болуына яки аймақтағы дауыс берушілермен жұмыс істеуіне
байланысты. Алайда осы уақытқа дейін адамдардың жаппай дауыс бе
-
руін қалай ұйымдастыруға болатыны туралы мәлімет көп болған жоқ.
23
КІРІСПЕ
Содан кейін Дональд Грин мен Алан Гербер (2008) адамдардан дауыс
жинау, телефон соғу не тікелей пошта арқылы байланысудың қайсы
-
сы тиімді әрі үнемді екені туралы әңгіме қозғады.
1980 жылдардың басында АҚШ-та үйсіз-күйсіз адамдар саны арт
-
қандықтан, үйсіздік мәселесіне қызығушылық оянды. Питер Росси
(1989) мәселе қаншалықты ауқымды екенін, яғни қанша үйсіз-күйсіз
адам бар және 1980 жылдары олардың саны артуына қандай күштер
ықпал еткені жөнінде сауал тастаған. Дэвид Сноу мен Леон Андерсон
(1993) үйсіз-күйсіз адамдардың қалай тұрмыс кешетініне қызығушы
-
лық танытты. Олардың күні қалай өтеді? Тіршілігін жалғастыруына
қандай материалдық, тұлғааралық және психологиялық стратегия
-
лар ықпал етті?
1692 жылы Массачусетс штатының Салем қаласын жайлаған жәдігөй
-
лер оқиғасы көп жыл бойы жазушылар, тарихшылар және өзге әлеумет-
тік ғылым ғалымдардың сүйікті тақырыбына айналды. Кай Эриксон
(1966) қылмыстың өршуі әлеуметтанушы Эмиль Дюркгеймнің де-
вианттық пен әлеуметтік тәртіп арасындағы байланыс туралы тео-
риясына қаншалықты сәйкес келетіні жөнінде сұрақ қойды. Қауым-
дастықтың девианттыққа берген жауабы ортақ құндылықтарын көр-
сетіп, ынтымағын күшейтті ме?
ХХ ғасырдың соңынан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қа
-
тысты жеңіл қылмыстарға полицияның жете мән беруі керегі туралы
пікірталас жүріп жатыр: полиция екі жақтың бірінен үйден шығуын
сұрап, дауды тоқтатуы яки ұрыс-жанжалды азайту үшін ортада дә
-
некер болуға ұмтылуы керек пе? Әлде жанжал шығарғанын тұтқын-
дауы керек пе? Феминистер тұтқындауды талап етті. Бірақ Лоуренс
Шерман мен Ричард Берк (1984) мұның дұрыстығына шүбә келтірді.
Шынында, олар жазаның мінез-құлыққа тигізер салдарын ойлады.
Қамау сияқты жазаның түрі адамның қылмысты қайта жасауына жол
бермей ме? Әлде жаза адамдардың қылмыс жасау ықтималдығын өр
-
шіте түсе ме?
Осы сияқты сұрақтарға жауап іздеген әлеуметтік ғылым саласындағы
зерттеушілер негізгі нұсқаулықтар, принциптер мен техникаларды ойлап
тапты. Бұл кітаптың мақсаты – әлеуметтік ғылымдарда қолданылатын осы
«әдістермен» таныстыру. Алайда зерттеу процесі әлдеқайда кең ауқымда
қолданылады. Әлеуметтік зерттеу әдістерін кез келген өзіңізді қызықтыр
-
ған зерттеу жұмысында қолдануға болады. Әрі мұны түсіну арқасында
ақылды тұтынушыға, ақпаратқа қанық сайлаушыға, үлгілі студентке айна
-
ламыз. Зерттеу әдістерін зерделеуді және оның құндылығын қарастырудан
бастайық.
24
Зерттеу әдістерін неліктен зерделеу керек?
«Не себепті зерделеу керек?» деген сұрақ әлеуметтік ғылымдарды зерттеудің
өзге саласына қарағанда зерттеу әдістеріне қатысты жиі қойылуы мүмкін.
Студенттердің «Докторантурада оқығым келмейді», «Зерттеу де жүргізгім
келмейді» дегенін жиі есітеміз. «Неге (жанымды қинап) әдістерді зерделеуім
керек?» дегенін де естіп жатамыз. Мұндай мәлімдемеге жауап беруге бола
-
ды: зерттеу әдістері әлеуметтік ғылым саласындағы зерттеушілерге негізгі
білімді ғана ұсынып қоймай, кез келген өзге бір пәнге қарағанда жедел әрі
пайдалы ақпарат береді. Әдістерді білу қолданушы әрі ғылыми нәтиже шы
-
ғарушы ретінде де пайдалы болады.
Зерттеу нәтижесін қолдану
Зерттеу нәтижелерін қолданушы ретінде түрлі позицияда: өз қызығушы-
лығын қанағаттандыру немесе тапсырманы орындап, курстық жұмыс жазу
үшін зерттеу есебі мен мақалаларды оқитын студент ретінде; өз саласында
-
ғы соңғы зерттеулерді қадағалап отыратын әлеуметтік қызметкер, мұғалім,
кітапханашы, журналист, менеджер және шешім қабылдауда басшылыққа
алу үшін білімін арттыратын өзге сала маманы ретінде, яки зерттеуге негіз
-
делген түрлі тұжырымдарға зейін қоятын қарапайым азамат ретінде қол-
дануыңыз мүмкін. Күнделікті ақпаратқа қатысты саналы шешім қабылдау
үшін, оны түсініп, бағалай алу керек. Өкінішке қарай, салалық журнал, га
-
зет пен теледидарда көптеген зерттеу нәтижесі қате немесе бұрмаланып бе-
ріледі. Бәлкім, сіз хабардар болған жалған ақпараттың кейбір түрін қарас-
тырайық.
2009 жылдың сәуір айында Огайо мемлекеттік университетінің докторан
-
ты Арин Карпинский (2009a) ғылыми жиналыста Facebook-ті қолданатын
студенттердің орташа бағасы оны қолданбайтын студенттерге қарағанда
төмен болатынын көрсеткен зерттеуін таныстырды. Карпинскийдің зерт
-
теуі медиада «Өкінішті болса да, шындық сол: Facebook-ті қолдану GPA көр-
сеткішін төмендетуі мүмкін» және «Facebook кері тартады» деген тақырып-
тағы мақалалардың шығуына себеп болды. Назарға бірден ілігетін мұндай
жаңалықтар жұртты шатастырады. «Facebook-ке кіру бағаны төмендетеді»
деген қорытынды жасайтын осындай зерттеу түрі әлеуметтік зерттеулердің
ең басты принципін бұзады: екі құбылыс арасындағы байланыс бірінің екін
-
шісіне себеп болғанын білдірмейді. Шын мәнінде, Карпинскийдің (2009b)
өзі бұл шектеуге мұқият қарады: оның зерттеуі Facebook-ті қолдану мен
баға арасындағы ассоциация бар екенін көрсетті, бұл Facebook-ті қолдану
бағаның нашарлауына себеп болады дегенді білдірмеді. Осы сияқты интер-
претацияның бірі – нашар баға алу Facebook қолданушысына айналуыңыз-
ға себеп болуы мүмкін. Тағы бір ықтимал себеп – Facebook пен баға ара-
сында ешқандай себеп-салдарлық байланыстың болмауы. Facebook-ті қол-
дану прокрастинацияның бір белгісі болуы мүмкін. Яки бұл ассоциация
КІРІСПЕ
25
студенттің мамандығы сияқты ортақ фактордан туындауы мүмкін. Мысалы,
Карпинскийдің зерттеуін сынаушылар Facebook-ті көбірек қолданатын гумани-
тарлық және әлеуметтік ғылым саласында оқитын студенттеріне қарағанда, ғы-
лыми сала мамандықтарында оқитындарда баға төмен болуы ықтимал екенін,
оған қатаң бағалау стандарттары себеп болуы мүмкін екенін көрсетті (Pasek,
more, and Hargittai, 2009). Зерттеу әдістерін зерделеу осы пайымдауды қолдануға
және зерттеуде баяндалатын басқа шектеулерді анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеу әдістерін білу жарнама берушілердің зерттеу нәтижесін қан
-
шалықты қате қолданғанын түсінуге көмектеседі. Мысалы, «сауалнамаға
қатысқан дәрігерлердің 75%-ы артрит ауруын басу үшін Х дәрісін жазып
берген» деген теледидардағы хабарды қаншалықты шындық ретінде қабыл
-
дауымыз керек? Осы «фактіге» қатысты зерттеуші мынадай сұрақтар қоя
алады:
1. Қанша дәрігерден сұхбат алынды? (75% статистика төрт сұхбатқа сү
-
йенуі мүмкін).
2. Дәрігерлерге Х дәрісін жазып беру себебіне қатысты қандай сұрақ
қойылды? (Олардан «Х дәрісін бұрын жазып бердіңіз бе?» деп сұраса,
олар A, B, C және D дәрілерін де жазып бергенін айтуы мүмкін).
3. Дәрігерлерден кім сұхбат алды? (Сұхбатты Х дәрісін өндірушілер
алса, онда олар дәрігерлердің саналы немесе еріксіз түрде өз өнімде
-
рін таңдауына ықпал етуі мүмкін).
Шатастыратын ақпарат көзі жарнама берушілер ғана емес. Тағы бір се
-
беп – қоғамдық пікірге сүйене отырып жеке сұрыпталатын сауалнама. Ақша
табу, жаңа клиенттер тарту яки оқырмандар мен көрермендерді арттыру
үшін медиа көбіне почта және қоңырау шалу арқылы сауалнама жүргізеді
(Crossen, 1994: 123). Мысалы, 1993 жылдың сәуір айында Parade журналы
өз оқырмандарынан 900 нөміріне қоңырау шалу арқылы АҚШ-тағы қыл
-
мыс туралы пікірін білдіруге шақырды (Parade Magazine, 1993). Жалпы 15
028 оқырман қоңырау шалуға белгіленген ақшаны төлеп, шақыруды қа
-
былдады. Шамамен 38% (Parade журналы бойынша «америкалықтардың
үштен бірі») респонденттер үйлерінде өзін қауіпсіз сезінбейтінін, 35%-ы
полиция дұрыс жұмыс істемейді деген ойда екенін, 81%-ы құқықтық жүйе
-
ге сенбейтінін, ал 85%-ы өлім жазасын қолдайтынын айтқан. Parade жур-
налы нәтижелер қоңырау соғу арқылы жүргізілген сауалнамадан алынға-
нын айтқанымен, олар АҚШ-тың қоғамдық пікірін білдіретінін көрсетті.
Алайда бұл іріктеме қаншалықты репрезентатив бола алады? Бұл кездей
-
соқ сұрыпталмағандықтан, қоңырау соғылған 15 028 адам кез келген не-
гізгі жиынтыққа репрезентатив болмайды. Сондықтан қоғамдық пікірдің
ақпарат көзі ретінде еш құны жоқ. Әлеуметтанушылар өздігінен сұрып
-
талған тыңдаушы немесе оқырманның пікірі сауалнамасын сипаттау үшін
қысқартылған SLOP атауын алды. АҚШ-тың орташа тұрғындарына қара
-
ғанда, Parade журналына қоңырау соғушылар қоғамдағы қылмысқа көп
КІРІСПЕ
26
КІРІСПЕ
алаңдайтыны шындыққа жанасатын сияқты. Кем дегенде, екі мәселе бо-
йынша кездейсоқ іріктелген АҚШ-тың ересек жиынтығы берген дерек мына
тұжырымды растайды: Parade журналы жүргізген сауалнамамен салыстыр
-
ғанда, 1992 жылы 11% адам үйінде өзін қауіпсіз сезінбеген (Warr, 1995:
305); ал 1993 жылы 72% адам өлім жазасын қолдаған (T.W. Smith, Marsden
and Hout, 2016).
Әлеуметтік ғылымдар шығарған нәтиже медиада күн құрғатпай жария
-
ланып тұрғандықтан, қалай болса да әлеуметтік зерттеу деректерінің қолда-
нушысына айналамыз. Алайда жоғарыдағы мысалдар көрсетіп отырғандай,
ғылыми зерттеулердің статистикалық дәлелдерге сүйенетін тұжырымдары
сенімді деп айта алмаймыз. Сондықтан деректердің сапасы мен содан шыға
-
рылатын қорытындылар шегі туралы пайымдау маңызды. Зерттеу нәтиже-
лерінің аса ұқыппен интерпретацияланып, қолданылуы керек екені – әрбір
әлеуметтанушыларға белгілі жайт. Зерттеу нәтижесінің саяси салдарын бі
-
луге мүдделі маман я жай ғана хабардар болғысы келетін қарапайым адам
болса да, зерттеу әдістерін зерделеу әлеуметтік ғылыми білімнің жарамды
-
лығы мен шектеулерін түсіну мен бағалау қабілетін күшейтуге көмектеседі.
Зерттеу нәтижелерін шығару
Зерттеу нәтижесін қолданумен қатар, оларды жинап, шығарамыз. Әрда-
йым бір мәселе туралы адамдардың пікірін білгіміз келгенде, белгілі бір топ
ішінде қалыптасқан пікірге баға бергенде немесе адам мен оқиға туралы қо
-
рытынды жасағанда өз бақылауымызға сүйеніп, дәлел келтіреміз. Ақпарат
шығарушы ретінде осы әлеуметтік зерттеулерге кіріспеде кездейсоқ бақы
-
лаудан бастап шағын ғылыми жобаны жүргізуге дейінгі күрделі деңгейлерде
қолдануға болатын принциптер мен техникаларды табасыз.
Профессор Х немесе профессор Y-тің қайсысынан сабақ алған дұрыс еке
-
ні жөнінде ойланып жүрсіз дейік. Нақты шешім қабылдауға көмектесетін
деректер жинау үшін олар туралы курстастарыңыздың пікірін сұрайсыз.
Зерттеу принциптерін білу осы тәсілдегі шектеулер туралы ақпаратыңыз
-
ды молайтып қана қоймай, сенімді ақпарат жинауға көмектеседі. Зерттеу
принциптері бойынша, мысалы, ақпарат сенімділігі (1) пікір санына, (2)
пікірлердің бірізділігіне, (3) информанттардың пікірі бір-бірінен тәуелсіз
орнығып, сұралуына және (4) Х пен Ү профессорлары туралы пікір сұрау ке
-
зінде сұрақтың қалай қойылғанына байланысты.
Зерттеу әдістерін білу белгілі бір топ туралы сенімді ақпарат алуға міндетті
ғылымға қатысы жоқ адамдар үшін де маңызды. Бұл өзіміз ойлағаннан әл
-
деқайда жиі кездеседі. Мысалы, саясаткерлер көбінесе өз сайлаушыларының
маңызды заңнама туралы ойын анықтауы керек; корпорация басшыларына
клиенттерінің немесе қызметкерлерінің саяси өзгерістерге реакциясын білу
қажет болуы мүмкін; журналистер газет-журналдарды кімдер оқитынын біл
-
гісі келеді, не қоғамның белгілі бір қызметтерге немесе саясатқа деген көз-
қарасын өздері дайындаған мақаланың бір бөлігі ретінде жазғысы келеді;
27
КІРІСПЕ
студенттер курстық жобасына не студент газетіне студенттердің мінез-
құлқы туралы дерек немесе пікірлерін жинағысы келуі мүмкін. Бұл талпыныс-
тардың ешқайсысы тәжірибелі зерттеушілер мен статист мамандарға зәру ау-
қымды ғылыми-зерттеу жұмысына жатпайды. Дегенмен әрбір бастама сияқ-
ты, барлық зерттеу әдісі де жүйелі түрде ақпарат жинауды талап етеді.
Әлеуметтік әлемге қатысты әдіснамалық тәсілдер
Бастапқы сұрақтар жиынтығы көрсеткендей, әлеуметтік зерттеу тақы-
рыбының ауқымы кең. Шындығында, зерттеу тақырыбы немесе мәселесі
әлеуметтік зерттеудің заңды объекті болу-болмауы екі айқын критерийге
байланысты. Біріншіден, тақырып әлеуметтік құбылысқа қатысты болуы
қажет. Бұл зерттеу объекті адамдарға қатысты екенін, яғни олардың іс-
әрекеті, ойы, сезімі және бір-бірімен қарым-қатынасын қарастыруды білді-
реді. Сондай-ақ адамдар құрайтын топтарға (боулинг клубтарынан бастап
ұлттық лигаларға дейін), осындай топтардың арасындағы қатынастарға,
топтардың қоғамдағы өзгерістерге қалай бейімделетініне назар аударады.
Екіншіден, әлеуметтік зерттеу ғылым болғандықтан, тиісті бақылау жасай
отырып, тақырыпқа жүгіну немесе сұраққа жауап беру мүмкіндігі болуы
қажет. Ғылым табиғаты туралы 2-тарауда ғылыми зерттеудің барлық бағы
-
ты арасындағы ұқсастықты талқылай отырып, ғылыми сұрақтарды ғылыми
емес сұрақтардан ажыратамыз. Кітаптың кейінгі тарауларында антрополо
-
гия, коммуникация, экономика, білім, тарих, саясаттану, психология және
әлеуметтану сияқты салаларда қолданылатын зерттеумен танысамыз.
Осы пәндердің ішінде әлеуметтік өмірді түсінудің төрт негізгі зерттеу
стратегиясы бар, олар: эксперимент, сауалнама, далалық зерттеу және қол-
да бар деректерді қолдану. Әрбір пән белгілі бір стратегияны қолданады.
Мысалы, психологтар әдетте эксперимент жасайды, әлеуметтанушылар кө
-
бінесе сауалнама жүргізеді, антропологтарға далалық зерттеу жүргізу тән,
ал тарихшылар қолда бар деректерге жүгініп зерттеу жүргізеді. Алайда төрт
стратегия да әлеуметтік зерттеу саласы үшін маңызды, өйткені олардың
кез келгенін әлеуметтік ғылымдардағы тақырыптардың көбін зерттеу үшін
пайдалануға болады. Шын мәнінде, зерттеушілердің ең негізгі міндетінің
бірі – қандай тәсіл немесе тәсілдерді пайдалану керек екенін шешу.
Әлеуметтік зерттеудің төрт негізгі стратегиясы мен тәсілін талқылау –
осы кітаптың өзегі (7 мен 12-тарауды қараңыз). Әр стратегияны талқылау
кезінде олардың күшті және әлсіз тұстары бар екенін көресіз, мұның зерт
-
теушінің түрлі жағдайларға байланысты артықшылығын танытуда маңызы
зор. Кейде бір стратегия этикалық себептерге байланысты жарамсыз болуы
мүмкін (3-тарауды қараңыз). Ал кейде бұл тәсіл уақыттың, қызметкерлер
-
дің, кеңістіктің немесе өзге ресурстардың шектеулі болуына байланысты
қолданылмай қалуы мүмкін. 13-тарауда айтылғандай, зерттеушілердің
көбі бір мәселені түрлі әдістермен зерттеген дұрыс дейді. Сонда бір стра
-
тегияның әлсіз тұсын екінші бір стратегияның күшті тұсы толықтырады.
28
Алайда негізгі төрт зерттеу стратегиясының кез келгенін пайдаланып, әлеу-
меттік ғылымдағы тақырыптарды зерттеуге болады. Мұны көрсету үшін
альтруизм тақырыбын қарастырамыз.
Зерттеу алдындағы кейбір сұрақтар
Альтруизм тақырыбы соңғы 50 жылда қарқынды зерттеліп келе жатқаны-
мен, оны зерделеу әлеуметтану ғылымының өзіндей көне. «Әлеуметтану»
сөзін ойлап тапқан Огюст Конт 150 жыл бұрын «альтруизм» терминін енгіз
-
ді. Конт альтруизмді жеке мүдденің эгоистік мотивіне қарама-қарсы жана-
шырлық инстинкт немесе мотив деп ойлады. Қазір де бұл термин бастапқы
тұжырымдамасына ұқсас қолданылады. Мысалы, бір сөздіктегі анықтамасы
былай:
альтруизм (al’troo iz em), n:1. Өзгеге риясыз қызмет ету... эгоизм
-
ге қарама-қарсы (Webster’s New World College Dictionary, fourth
edition, 2008)
Альтруизм тақырыбына қызығасыз дейік. Әлеуметтанушы ретінде аль-
труизмді әлеуметтік құбылыс деп тану сізге қызықты болуы мүмкін: аль-
труизмнің паттерні қандай? Ол қашан, қайда және қалай пайда болады?
Адамдар неге альтруист болып келеді? Бұлар – барлық ғылыми зерттеуге
түрткі болатын ауқымды сұрақтар. Алайда альтруизмді зерттеуді бастау
үшін тақырып аясын қысқартатын сұрақтар түзіп, ауқымды сұрақтарды
икемге келетін пропорцияларға дейін қысқартып, тұжырымдап алу керек.
Мысалы, «Альтруизмді қалай түсіндіруге болады?» деген сұрақтың орнына
«Қаладағы шоғырлану адамдардың өзгелерге көмектесуге ықылас танытуы
-
на кедергі ме?» деп сұрадыңыз дейік. Адамдар көбіне өзіне ұқсас адамдарға
көмек бере ме? Алғашқы көмек көрсету жаттығуы төтенше жағдайда бі
-
реудің өзге біреуге көмектесу ықтималдығын күшейте ме? Адамның эмо-
ционалды көңіл-күйі оның көмектесу ниетіне қалай әсер етеді? Ісіне адал
альтруистердің шыққан тегі қандай? Бұлар – қысқа-нұсқа әрі жауап беруге
болатын зерттеу сұрақтары.
Зерттеуге болатын қызықты әрі пайдалы сұрақтардың шексіз түрі бар.
2 және 14-тарауларда ғылыми мәні бар сұрақтардың формасын қарасты
-
рамыз. Зерттеуге болатын сұрақтар зерттеушінің жеке құндылықтары мен
мақсатынан, түйсігінен, маңызды оқиғаларды бақылауынан және ғылыми
білімнің қазіргі жай-күйінен туындайды. Сайып келгенде, зерттеу сұрақта
-
ры әлеуметтік ғылымдар бойынша әдебиеттерді мұқият оқу негізінде нақ-
тыланады. Зерттеу сұрағының теориялық және практикалық маңызын дәл
осы тұста анықтай аласыз. Мұнда зерттеуіңізді құрайтын бірнеше бастапқы
әдіснамалық сұрақтарды түсіне бастайсыз.
Ең маңызды проблемалардың бірі анықтау процесіне байланысты. Сөздік
-
тегі анықтамалар зерттеу мақсатын қанағаттандырмайды. Альтруизм мен
КІРІСПЕ
29
«эмпатия» яки «көмектесу» сияқты ұқсас тұжырымдамалар арасындағы
айырмашылықты анықтауға сөздіктің себі тимейді, әрі альтруизм туралы
мысалдарды қалай және қайдан бақылауға болатынын көрсетпейді. Сон
-
дықтан әдебиеттерді шолып, өзге зерттеушілердің альтруизмге концептуал-
дық және эмпирикалық тұрғыдан қалай анықтама бергенін көрсетудің ма-
ңызы зор. Мұқият зерттелген шолуды мына кітаптан көруге болады:
Dovidio, John F., Jane Allyn Piliavin, David A. Schroeder, and Louis A.
Penner. The Social Psychology of Prosocial Behavior. Mahwah, NJ: Lawrence
Erlbaum, 2006.
Бұл кітапта көмектесу, альтруизм және ынтымақтастық жөніндегі тео
-
рия мен зерттеулерге жан-жақты шолу жасалғанын көресіз, сондықтан ол –
маңызды сілтеме. Кітаптың алғы сөзінде авторлардың әлеуметтік психо-
логтар екені, әр автор 30 жылдан аса түрлі проәлеуметтік мінез-құлықты
зерттегені және 1995 жылы кітаптың «Көмектесу және альтруизм психоло
-
гиясы: проблемалар мен жұмбақтар» (The Psychology of Helping and Altruism:
Problems and Puzzles) деген атпен қайта жаңартылып басылғаны берілген.
Кітаптағы ең қызық тақырып – көмектесу, оған авторлар «өзге адамға
пайдалы болатын не оның әл-ауқатын жақсартатын іс-әрекет» деп анықтама
берген (Dovidio et al., 2006: 22). Альтруизм – көмек түрі, ол көмек берушінің
ниетін, пайдасы мен шығынын ескереді. Альтруизмнің анықтамасы әртүрлі,
ал әлеуметтік сала ғалымдары оны, негізінен, көбіне көмек берушінің өзін
шығынға ұшыратса да, басқаларға пайдасын тигізу ниетімен жасалатын
және ол үшін ешқандай сый күтпейтін көмектің түрі ретінде қарастырады.
Бұл сөздіктегі анықтамаға қарағанда әлдеқайда нақты. Бірақ альтруизм –
жай көмек беруден әлдеқайда күрделі түсінік. Довидио мен оның әріптес-
тері айтқандай, нақты бір көмек беру іс-әрекетін әрдайым альтруистік іс-
әрекет деп сипаттауға болмайды.
Бұған концептуалдық түсіндірме беру керек. Альтруизмді ғылыми тұрғы
-
дан зерттеу үшін абстракт анықтамадан ерекше, нақты бақылауға көшуіміз
қажет. Ол үшін тұжырымдаманы операционалдау керек. Көптеген ықтимал
операционал анықтаманың бірі – қан тапсыру; басқа бір түрі – қайырым
-
дылық ұйымына ақша бөлу. Бұл екі іс-әрекет те өзгелерге көмек беру мен
актордың шығындалуына әкеледі. Довидио мен оның әріптестері жазған
кітапта бұдан өзге де көптеген мысал келтірілген, олар нақты көмек беру
іс-әрекеті туралы көптеген эмпирикалық зерттеуді баяндайды. Бесінші та
-
рауда концептуалдық анықтау және ұғымдарды операционалдау процесін,
сондай-ақ «операционал анықтамалардың» сапасын бағалау критерийлерін
талқылаймыз.
Енді төрт негізгі тәсілдің әрқайсысын – яғни эксперимент, сауалнама,
далалық зерттеу және қолда бар деректерді зерттеу арқылы альтруизм та
-
қырыбын қалай зерттеуге болатынын қарастырғанда, осы процесс туралы
толық түсінік ала аласыз. Төрт мысалда да волонтерлікке, яғни бейресми
КІРІСПЕ
30
түрде экспериментке қатысу немесе уақыты мен күш-жігерін коммерциялық
емес ұйымға жұмсап, ресми түрде волонтер болуға бағытталған. Әр зерттеу
өз тәсілін волонтерлікке қатысты белгілі бір зерттеу сұрағына бейімдейтінін
көресіз. Олардың барлығы бірдей «Альтруизмді қалай түсіндіруге болады?»
деген сұраққа өз бетінше жауап іздейді.
Эксперименттің жауабы
7-тарауда айтылғандай, эксперименттер көбіне құбылыстардың себебін
зерттеу үшін ең жақсы тәсілді көрсетеді. Альтруистік іс-әрекеттің себепте
-
рінің бірі – өзгелерге тиісті болу сезімі. Жан Туенж бен оның әріптестері
(2007: 56) альтруистік мінез-құлық «адамның өзара көмек көрсету, қолдау
және бір-бірін сүйеуге ұмтылатын қауымдастықтың бір бөлігімін деген се
-
німіне байланысты» деп тұжырымдайды. Адамдар өзін шеттетілгендей се-
зінгенде, өзгеге көмектесуге ынталы болмайды. Бұл идеяны эксперимент
жүзінде сынау үшін зерттеушілер манипуляциялап шеттету керек еді. Сонда
кей адамдар өзін шеттетілгендей сезінсе, кейбірі олай сезінбеуі керек. Содан
кейін оларға альтруистік мінез-құлық көрсететіндей мүмкіндік жасап, олар
-
дың қандай реакция танытатынын бақылау керек.
Манипуляциялап шеттету бірнеше қадамды қажет етті. Біріншіден, зерт
-
теушілер зерттеуге қатысушылардан (олардың барлығы курс сынағына
ішінара қатысқан психология мамандығының студенттері) бір-бірімен та
-
нысуы үшін төрт немесе алты адамнан тұратын топтарға бөлінуін өтінген.
Талқылаудан кейін студенттер негізгі ақпаратын жазатын бланкілерді тол
-
тырып, олардан бір топта жұмыс істегісі келетін екі адамның атын атауды
сұраған. Ең соңында ақпаратты жинап алған соң, эксперимент жүргізуші
қатысушыларға өз тобынан өзін қанша адам таңдап, қаншасы таңдама
-
ғанын айтты. Осылайша қатысушылардың жартысы өзін қабылдағандай
сезінсе, екінші жартысы шеттетілгендей сезінген. Осы манипуляция аль-
труизмге қалай әсер еткенін бақылау үшін эксперимент жүргізуші қаты-
сушылардан әрқайсысы 15 минуттан тұратын, бірақ ол үшін артық кредит
берілмейтін үш қосымша экспериментке волонтер түрде қатысуын сұраған.
Эксперимент жүргізушілердің «альтруистік мінез-құлық» туралы операцио
-
нал анықтамасына қатысушылар әрқайсысына өз еркімен қатысқан қо-
сымша эксперимент саны да кірді. Олардың гипотезасын қолдай отырып,
«қабылданған» қатысушылардың 90%-ы «шеттетілген» қатысушылардың
20%-ымен салыстырғанда, кем дегенде, бір экспериментке қатысу арқылы
өз еркімен көмектесті.
Эксперименттік тәсілді бейнелейтін осы зерттеудің маңызды ерекше
-
лігі – альтруизмге ықтимал әсер ету, яғни әлеуметтік шеттетуді сезінудің
оқшауланған және қатысушыдан қатысушыға қарай жүйелі түрде өзгеруі
еді. Ал альтруизмге әсер етуі мүмкін өзге факторлар тұрақты немесе қа
-
тысушылардың барлығы үшін бірдей болды. Мысалы, дәл сол эксперимент
жүргізуші бірдей нұсқау мен бірдей тәсілдерді қолданды. Бірақ бұл ерекше
-
ліктерді тұрақты сақтаудағы мақсат қандай? Бірі өзін қабылданғандай, ал
КІРІСПЕ
31
екіншісі шеттетілгендей сезінген екі топты қосу неге қажет болды? Экспери-
мент жүргізушілер кімнің өзін шеттетілгендей сезінгенін қалай анықтады?
Бұл алдауды этика тұрғысынан қалай ақтауға болады?
Бұл – зерттеушілер хабарлаған жеті эксперименттің бірі. Өзге экспери
-
менттерде олар шеттетілген қатысушылардың «студенттің шұғыл көмек қо-
рына» азырақ қаржы бөлетінін және еденге түсіп кеткен қарындашты алуға
көмектесуі неғайбіл екенін анықтады; одан әрі қарай шеттетілгендердің жа
-
нашырлығы азайып, сол себепті аз көмек беретінін білді (осы эксперимент-
тер туралы 13-тарауда қосымша ақпарат аласыз). Эксперименттік зерттеуде
гипотезаны бірнеше рет сынау кең тараған, әрі ол нәтижені жалпылауды
көрсететініне көз жеткізесіз. Зерттеуге болатын альтруизм іс-әрекетінің
табиғи түрі көп бола тұра, несіне жаңасын әзірлеп, жүргізіп, әуре-сарсаң
боламыз? 7-тарауда эксперимент жүргізу логикасын, оның әдістерін және
осы зерттеу түрінің артықшылығы мен кемшілігін қарастырамыз. 8-тарауда
эксперименттік дизайн түрлерін қарастырамыз.
Сауалнама зерттеуінің жауабы
Альтруизмді зерттеуде қолдануға болатын екінші тәсіл – сауалнама. Сауал-
нама зерттеуі салыстырмалы түрде үлкен топтарға анкета жүргізуді не сұх-
бат алуды қамтиды. Сауалнаманың бір мақсаты – топтар немесе негізгі
жиынтық арасындағы белгілі бір сипаттамалардың жиілігін сипаттау. Мы
-
салы, сауалнама зерттеуі колледжіңізде немесе мекемеңіздегі қанша адам
өз еркімен қан тапсырғаны, волонтер болып жұмыс істегені немесе қайы
-
рымдылық көрсеткені туралы ақпарат береді. Мұндай ақпарат сауалнамаға
жауап берушілердің жынысы, жасы, отбасылық жағдайы, діні және кәсібі
сияқты өзге де сипаттамаларымен байланысты болуы мүмкін. Осылайша
сауалнама зерттеуі альтруизмнің ауқымын түсінуге және сипаттауға мүм
-
кіндік береді.
Альтруизмді зерттеуге сауалнама зерттеуін қолданудың мысалы ретінде,
2002 жылдың қыркүйек айынан бері жыл сайын АҚШ-та жүргізілетін волон
-
тер болу туралы сауалнаманы қарастыруға болады. Әр волонтерлік зерттеу –
АҚШ Санақ бюросының Еңбек статистика бюросы үшін Қазіргі халық ту-
ралы сауалнаманың (CPS) ай сайын жүргізетін зерттеуінің бір бөлігі.
75 жылдан астам уақыт CPS АҚШ халқы үшін жұмыс күші статистикасының,
яғни жұмыссыздық, табыс, жұмыс уақыты және өзге де маңызды ақпарат
-
тардың негізгі көзі болды. CPS жұмыс күші туралы деректерді жинаумен
бірге, дауыс беру және тіркеу, мәдени шараларға қатысу және шығарма
-
шылықпен айналысу, мобайл телефонды пайдалану сияқты қосымша мәсе-
лелерді қамтиды. CPS осы мәселелерді федералдық агенттіктердің немесе
басқа демеушілердің атынан қосады. CPS-тің волонтерлік қосымшасының
демеушісі – Ұлттық және қоғамдық қызмет корпорациясы. 1993 жылы құ-
рылған бұл федералдық агенттіктің миссиясы «қызмет көрсету мен во-
лонтерлер көмегімен өмірді жақсарту, қауымдастықтарды нығайту және
КІРІСПЕ
32
азаматтық белсенділікті қолдау» болды (Corporation for National and
Community Service, 2016).
Волонтерлер туралы қосымша зерттеудің мақсаты – АҚШ-тағы волон
-
тер болу жиілігі мен волонтерлер сипаты туралы ақпарат алу. Әрбір CPS
зерттеуіндегі сияқты, Халық санағы бюросының қызметкерлері шамамен
60 мың отбасынан сұхбат алуға тырысады. Отбасылар жалпы халыққа реп-
резентатив болатындай қатаң ғылыми әдістерді қолданып сұрыпталды.
Компьютер арқылы сұхбат алғанда сұхбат алушылар ноутбукті қолдану
арқылы респонденттерді сауалнама тақырыбымен таныстырып, өздерін
«волонтерлердің іс-әрекеттері, яғни шығынды қоспағанда, ақысыз жұмыс
істеуі және оны ұйым арқылы немесе ұйым үшін істейтіндері қызықтыра
-
тынын» айтты. Содан кейін респонденттерден өткен жылы волонтер болып
жұмыс істеген-істемегенін, істесе, қанша сағат және қай ұйым үшін қандай
қызмет істегенін сұраған. CPS-тің өзге сұрақтары жасына, жынысына, нәсі
-
ліне, отбасылық жағдайына және жұмыспен қамту статусына қатысты де-
мографиялық сипаттарды анықтайды. Алынған нәтижелер (Inter-university
Consortium for Political and Social Research, 2016) 2015 жылы ер адамдарға
қарағанда әйелдер көбірек волонтер болып жұмыс істегенін; жалпы халық
-
тың 24,5%-ымен салыстырғанда, колледж студенттерінің 27,8%-ы волон-
тер болып жұмыс істегенін; колледж студенттерінің төрттен бір бөлігі діни
ұйымдарда; оған қоса, репетитор, тәлімгер, қаражат жинау, тамақ дайын
-
дау немесе қызмет көрсету жұмыстарын істегенін және жалпы еңбекке көп
атсалысқанын көрсеткен.
Адамдарға сұрақ қоюдан өзге, сауалнама зерттеуінің басты ерекшелігі –
барлық топ (АҚШ-тағы халық саны) туралы жалпылау үшін халықтың бір
бөлігінен ақпарат (60 000 отбасындағы жеке адамдардан) жиналады. Алайда
зерттеуге кімді қосу туралы шешім қабылдау процедуралары сақталмаса, мұн-
дай жалпылау қауіпті болады. CPS-те отбасы саны сауалнама зерттеуін жүргізу
үшін тым көп; көп адамнан ақпарат жинау көптеген зерттеудің бюджетінен
асып түседі. 6-тарауда нақтылықты арттыру және шығынды азайту үшін жа
-
салатын респонденттерді таңдау техникасын қарастырамыз.
Жалпы сауалнама зерттеуіне және CPS-ке қатысты көп сұрақтар туын
-
дауы мүмкін. Неліктен Халық санағы бюросы пошта арқылы жіберетін ан-
кетаға қарағанда қымбат жеке сұхбат жүргізеді? Қағазға жазып алынатын
сұхбаттан компьютер арқылы жүргізген сұхбаттың артықшылығы неде?
Сауалнама зерттеуін жүргізетіндер қандай сұрақтар қоюды, сұрақтарды дұ
-
рыс тұжырымдауды және қандай тәртіппен қоюды қалай шешеді? Осы мә-
селелерді 9 және 10-тарауларда қарастырамыз.
Далалық зерттеудің жауабы
Далалық зерттеулер – жағдай туралы тікелей ақпарат алу үшін табиғи түр-
де болған оқиғаларды зерттеуге («сатылы» емес) толық ену. Шалғайдағы
жергілікті халықтың мәдениетін зерттеу үшін солармен бірге ұзақ уақыт
КІРІСПЕ
33
тұратын антропологтар да әлеуметтік зерттеу жүргізу үшін өз еркімен ұйым
мен топтарға мүше болатын әлеуметтанушылар сияқты осы зерттеу түрімен
айналысады. Мұндай жағдайда зерттеуші субъектінің әлемді қалай қабыл
-
дайтынын түсінуге тырысады, оның формасы мен мазмұнына әсер етпей
ақпарат жинайды.
Альтруизмді қарастыратын далалық зерттеулер сирек жүргізілген, де
-
генмен бұл тәсілді қолдануға болатын жайт көп. Мысалы, бір зерттеуші қан
тапсыру орталығында жұмыс істеуі мүмкін яки Қызыл Крестке немесе тө-
тенше жағдайды жеңілдететін ұйымға қосылуы ықтимал. Сондай-ақ Ребекка
Аллахяри (2000) сияқты қайырымдылық және коммерциялық емес ұйым-
да волонтер болып жұмыс істей алады. Аллахяри Калифорния штатында-
ғы Сакраменто қаласында кедей адамдарға тамақ беретін ең үлкен екі ұйым-
да – Catholic Worker ізін басқан Loaves & Fishes ұйымында және Құтқару
армиясының баспана жөніндегі қызмет көрсету орталығында (Salvation
Army Shelter Services Center) жұмыс істеді. Бастапқыда Аллахяриді күн
-
делікті өмірде «үйсіз-күйсіз адамдардың әлеуметтік бақылауды қалай қа-
былдайтыны» (ix) қызықтырды. Кейін волонтерлік жұмыс пен қарым-
қатынас туралы моральдық сұрақтар мазалағанда, назарын үйсіз-күйсіздер-
ге қызмет көрсететін волонтерлерге аударды. Содан кейін ол осы екі қайы-
рымдылық ұйымның ұйымдық мәдениеті волонтерлердің моральдық тұр-
ғыдан өзін-өзі анықтауын қалай қалыптастырғанын зерттей бастады.
Зерттеуді жүргізу үшін Аллахяри, ең алдымен, жинаған тәжірибесі мен
бақылауына сүйенеді. Ол үш жыл бойы, 1991 жылдан 1993 жылға дейін во
-
лонтер ретінде тамақ пісіру, оны тасу, тазалау сияқты жұмыстар атқарды,
клиенттермен және басқа волонтерлермен бейресми түрде сөйлесе отырып
жеке қарым-қатынас орнатты. Ол осы екі ұйымның (түрлі идеологиялық
негіздерге сүйенген) «қайырымдылыққа деген көзқарасы» екі түрлі екенін
және мұның аталған ұйымдардың клинеттерге қалай қарайтынына, сон
-
дай-ақ ондағы волонтерлердің өз қызметінің мәнін қалай түсінетініне әсер
ететінін анықтады.
Loaves & Fishes ұйымы Catholic Worker ұйымының «жеке қонақжай» эти
-
касына негізделген, онда кедей қонақтар «Құдайдың елшілері» ретінде сана-
лады және оларға құрметпен қарады. Бұл жерге келген қонақтарға ешқан-
дай үгіт жүргізілмеді, олар санаулы ережелерді ұстана отырып, гүл қойыл-
ған үстелдерде тамақтанды. Қызметкерлер негізінен орта таптағы ақнәсілді
әйелдерден құралған волонтерлерді ресми түрде Catholic Worker ұйымының
философиясымен таныстырды. Ол волонтерлердің өздерінде барды баға
-
лауына, қаладағы кедейлерді тамақтандыруға және экумендік қауым құру-
ға ризашылығына негізделген моральдық «менін» қалыптастырды. Құтқару
армиясы қажырлы еңбек пен тәртіп үйсіз-күйсіз және аш адамдарды құтқа
-
рады деп санады. Құтқару армиясының баспана жөніндегі қызмет көрсету
орталығында клиенттер өздерінің дербестігін шектейтін қатаң тәртіпке ба
-
ғынып, күнәларынан арылу үшін ішімдіктен бас тарту сияқты шараларды
КІРІСПЕ
34
қабылдауы керек болды. Негізінен жұмысшы табына кіретін ер адамдар-
дан құралған және сот шешімімен қоғамдық жұмысқа тартылған бұрынғы
клиенттер мен басқалардан тұратын волонтерлер өздерін физикалық және
рухани құтқару жолында «салауатты және өнімді еңбекті бағалайтын еңбек
этикасын ұстануды үйренді» (Allahyari, 2000: 153).
Аллахяридің зерттеуі кәдімгі далалық зерттеу үлгісі болды. Басқа зерт
-
теу тәсілдеріне негізделген зерттеулерден айырмашылығы – ол зерттеуін
журналға мақала түрінде бермей, кітап етіп шығарды. Кітап мазмұны бай,
оны қысқаша түсіндіру қиынға соғады. Оның далалық зерттеу жүргізгенде
-
гі мақсаты волонтерлердің басқа адамдарға қамқор болуының мәнін түсіну
еді. Ол жариялаған «деректер» оқиғалар мен үзінділер туралы жазбалардан
тұрды. Оқиғалар мен үзінділер әр күннің соңында жазып отырған бақылау
дәптерінен алынды. Аллахяри волонтер ретінде бақылау жасаумен қатар,
қызметкерлерден ресми түрде сұхбат алды, Loaves & Fishing қызметкерлері
-
нің ай сайынғы шығаратын ақпараттық бюллетені және Құтқару армиясы
ұйымы екі айда бір шығаратын журналы сияқты жазбаша құжаттарды зерт
-
теді. 11-тарауда Аллахяри мен өзге де далалық зерттеу жүргізетіндер бетпе-
бет келіп жүрген негізгі мәселелерді қарастырамыз. Олардың қатарына зер-
делеу үшін қолайлы жағдайды немесе топты таңдап, топпен және өзге де
қатысушылармен қарым-қатынас орнату; нені бақылау, қашан және қалай
бақылауды келісіп, шешіп алу; бақылау жазбасын өңдеу, ұйымдастыру және
талдау кіреді.
Қолда бар деректерден алынған жауап
Бұл кітапта талқыланатын әлеуметтік әлемді зерделеудің соңғы тәсілі –
қолда бар деректерді, яғни басқа мақсаттар үшін жиналған деректерді
пайдалану. Мұндай дереккөздерде жазбалар, хаттар мен күнделіктерден
бастап газеттер мен тіркелген үкімет құжаттары бар. Сонымен қатар сурет
-
тер, киім, құралдар және басқа да артефактілер сияқты бейвербалды заттай
дәлелдемелер де қолда бар деректердің қатарына кіреді. Қабір тастарын да
осы деректерге жатқызуға болады. Өйткені олар бір мақсат үшін (қабірлерді
белгілеу үшін) жасалғанымен, басқа мақсаттар үшін (мысалы, мүсін жасау
стильдерінің бірнеше ұрпақ бойы таралуын зерттеу үшін) қолданылуы мүм
-
кін. Мұндай тәсілмен альтруизмді қалай зерттеуге болады?
2001 жылғы 11 қыркүйектегі Дүниежүзілік сауда орталығы мен Пентагон-
ға жасалған шабуылдан кейін волонтерлікті зерттеу анекдотты ақпарат
пен қолда бар деректерге негізделген жүйелі зерттеулер арасындағы айыр
-
машылықты көрсетті. Осы оқиғадан кейін көптеген медиа хабарында ша-
буылдан зардап шеккендер мен олардың отбасына тікелей қол ұшын беру
мен ақшалай қайырымдылық жасау сияқты альтруистік іс-әрекеттер ай
-
тылды. Луис Пеннер мен оның әріптестері (2005) 11 қыркүйектегі оқи-
ға волонтерлікке әсер етті ме, егер солай болса, оның әсері қаншалықты
КІРІСПЕ
35
ұзаққа созылатынын сұрады. Олар бұл сұраққа эмпирикалық түрде жауап
берді. Өйткені олар волонтерлерді қызмет көрсету ұйымымен байланысты
-
ратын интернет уеб-сайтын (Volunteer-Match) қолданатын ұйымдардың де-
ректер базасын тауып, соған жүгінді.
Уеб-сайттың кейбір ерекшеліктері уақыт өте келе волонтер болудағы өз
-
герістерді бақылауға және зерттеушілер сұрағына жауап беруге мүмкіндік
берді. Уеб-сайт 1997 жылдың тамыз айында ашылып, жыл соңына дейін то
-
лық жұмыс істеп тұрған, демек, ол шабуылдан бұрын да, кейін де болған.
Екіншіден, ұйым өз уеб-сайтын пайдаланушылар туралы негізгі ақпарат
жазылған деректер базасын сақтап отырған. Волонтер болу мүмкіндігін
іздегендер уеб-сайтқа кіргенде мекенжайы өзінің тұрғылықты индексімен
сәйкес келетін ұйымдар туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін бірнеше
қадамнан өтеді. Осы ұйымдардың біреуін таңдағаннан кейін ол кісі өзінің
электрондық поштасына жіберілген үлгіні алады. Егер ол кісі волонтер бол
-
ғысы келсе, «жіберу» батырмасын басады. Оның аты мен электрондық пош-
тасының мәліметтері ұйымға жіберіледі.
VolunteerMatch-тың деректер базасында волонтерлікке ықылас таны
-
тып, ұйыммен байланысқан адамдардың саны туралы күнделікті мәлімет
бар. Пеннер мен оның әріптестеріне 1997 жылдың 7 тамызынан 2001 жыл
-
дың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңдегі деректер берілді. Олар апта сайын-
ғы қорытындыларды талдай отырып, волонтерлер ерекше белсенді болған
4 аптаны тапты. Олардың біріншісі – 1999 жылдың 5 желтоқсанындағы апта;
бұл уақытта Oprah Winfrey телевизиялық шоуы волонтер болуға арналған
сегментті қамтыды; басқа 3 апта 2001 жылдың 9–29 қыркүйек аралығын
қамтыды. Осы аралықта 30 мыңнан астам адам жұмысқа волонтер ретінде
жазылды. Бұл сараптама ұйымның төрт жылдағы кез келген үш апталық ке
-
зеңдегі көрсеткішінен екі есе көп болды.
Деректер базасы қызмет көрсету ұйымдарын жалпы мақсаттары немесе
міндеттеріне (мысалы, балалар мен жастар, дағдарыс кезіндегі қолдау, мүге
-
дектер, денсаулық сақтау және медицина) қарай топтастырды. Бұл зерттеу-
шілерге екінші сұраққа жауап беруге мүмкіндік берді: шабуылдың жекеле-
ген қайырымдылық ұйымдарында волонтер болуға әсері әртүрлі ме? Олар
волонтер болу деңгейінің қайырымдылық/қызмет көрсету ұйымдарының
барлық түрінде біршама өскенін анықтағанымен, волонтер болу деңгейі
дағдарыспен байланысты ұйымдарда басқа категорияларға қарағанда екі-
үш есе көп болғанын байқады.
VolunteerWatch уеб-сайтын тауып, ұйыммен ынтымақтастық орнату
Пеннер мен оның әріптестеріне 11 қыркүйектегі оқиғаның альтруизмге
әсері туралы кейбір маңызды сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік берді. Шы
-
нында, қолдану орынды болатын (қолда бар) деректерді табудың өзі – бұл
тәсілдің түйінді мәселесі. Зерттеу сұрақтарына жауап беру үшін қолдануға
болатын ақпаратты ойлап, оны табу көбіне айтарлықтай қиял мен тапқыр
-
лықты қажет етеді. Деректерді тапқаннан кейін оларды өңдеу мен талдауға
КІРІСПЕ
36
байланысты басқа мәселелер туындайды. Осы мәселелердің ең бастысы –
деректерді қалай жүйелі түрде кодтауға болады; тағы бір жиі кездесетін
мәселе – ақпарат жеткіліксіз болғанда, бір жағдайды екіншісімен салыс-
тыруға болмайтын жағдай туындағанда не істеу керек екені. Мысалы,
VolunteerWatch деректер базасын мұқият зерттегенде, Пеннер мен оның
әріптестері уеб-сайт құрылған бастапқы айларда біршама жүйесіздік болға
-
нын аңғарды. Олар бірнеше күннің жазбасын таба алмады. Олардың ойын-
ша, бұл уеб-сайттың бастапқы кезеңдегі жұмыс істеу мәселесімен байланыс-
ты болды. Олар 1997 жылғы 4 күннен басқа барлық деректерді алып тастап,
басқа 4 жылдағы деректерді зерттеді. Деректер жаңа болғандықтан, Пеннер
мен оның әріптестері ақпараттың қалай жиналып, кестеге қалай енгізілге
-
нін жақсы білді. Алайда қолда бар деректер сенімділігіне, нақтылығына қа-
тысты сұрақтар жиі туындады. Бұл әсіресе өткен оқиғалар туралы құжатқа
сүйенетін тарихшыларға қатысты. 12-тарауда қолда бар деректер жиынты
-
ғын сипаттағаннан кейін, осы тәсілмен байланысты басқа да мәселелерді
қарастырамыз.
Қорытынды
Кіріспедегі мақсат – зерттеу әдістерін зерделеудің құндылығын көрсету
және әлеуметтік зерттеудің жалпы табиғатын сипаттау. Әлеуметтік зерттеу
сұрақтарға ғылыми негізделген жауаптар бере отырып, әлеуметтік әлем
-
ді түсінуге көмектеседі. «Жауаптарды» студенттік және кәсіби өміріңіздегі
әлеуметтік зерттеулерден табуыңыз мүмкін, медиадан да түрлі жауап кез
-
дестіресіз. Алайда медиада жарияланған әлеуметтік зерттеу жұмыстары
кейде фактілерді бұрмалап, қате, жаңылыстыратын қорытынды шығарады.
Сонымен қатар әлеуметтік зерттеуде белгілі бір дәрежеде белгісіздік пен
қате болуы қалыпты. Зерттеу әдістерін зерделеу зерттеу дәйектеріне қатыс
-
ты скептицизмді дамытуға септігін тигізеді. Бұл – пайдалы скептицизм. Өйт-
кені ол зерттеу нәтижесіне қалай қол жеткенін түсіну мен бағалау қабілетін
дамытады, әрі олардың қаншалықты сенімді зерттеу әдістеріне негізделге
-
нін және шығарған қорытындыларының сенімді не әлсіз екенін анықтауға
мүмкіндік береді.
Әлеуметтік ғылым саласындағы ғалымдардың альтруизм тақырыбын
қалай зерттегенін зерделеу осы кітаптың маңызды тақырыбына айналды.
Олар әртүрлі әлеуметтік зерттеу тәсілін дамытқанымен, ол тәсілдер бір-
бірінен артық емес. Барлық тәсілдер ғылыми зерттеу және түсіну аясында
ұғынықты болуы мүмкін. Әрине, осы негізгі төрт тәсіл бір-бірінен ерекше
-
ленеді, әрі олардың әрқайсысының күшті және әлсіз тұстары бар. Дегенмен
барлық тәсілдер басты әдіснамалық мәселелерді шешіп, ортақ логикалық
пайымдауға бағынуы керек деп санаймыз. Қатенің шығу көздерінің тәсіл
-
ден тәсілге өзгеруі, аралас тәсілдердің және оларды растаудың қосымша
жолы ретінде қолданудың маңызын көрсетеді.
КІРІСПЕ
37
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде түрлі тәсілдер қолданылуы мүмкін; ең жақсы
стратегия – бірдей әлсіз тұстары сәйкесе бермейтін әртүрлі тәсілдерді қолдану.
Кітапқа қысқаша шолу
«Әлеуметтік зерттеу әдістері» кітабы төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім-
де әлеуметтік зерттеудегі ғылыми және этикалық контекстер сипатталады.
Екінші тарауда ғылымның табиғатын түсіндіре отырып, физика, химия,
биология, сондай-ақ әлеуметтану мен психологиядан мысалдар келтіреміз
және барлық ғылымдар арасында ортақ бірлік бар деп санаймыз. Бұл ғы
-
лыми зерттеу жүргізудің бірыңғай әдісі немесе «мәзірі» бар дегенді білдір-
мейді. Бұл барлық ғылыми пәндер теориялар мен дәлелдердің сенімді еке-
нін бағалау үшін бірдей эпистемиялық талаптарға бағынатынын білдіреді.
Сол сияқты барлық ғалымдар этикаға мойынсұнып, ғылыми нәтижелерді
жариялағанда және адамдармен қарым-қатынас жасағанда этикалық прин
-
циптерді ұстануы керек. Үшінші тарауда осы принциптерді зерттейміз, әрі
этикалық шешім қабылдау процесін, ғалымдардың зерттеудің әлеуметтік
салдарын ұмыт қалдырмауы және ғылыми нәтижелерді дұрыс түсіндіру мен
қолдануға үйрету жауапкершілігін талқылаймыз.
Кітаптың өзге бөлігі зерттеу жүргізудегі мәселені немесе сұрақты құрас
-
тырудан деректерді жинау және талдау мен түсіндіруге дейінгі кезеңдерді
қамтиды. Екінші бөлімде жалпы зерттеу жоспарының негізгі компонент
-
тері қарастырылады. Мәселені көтеруге назар аудара отырып, төртінші та-
рауда әлеуметтік зерттеудің негізгі тілі және әлеуметтік зерттеу жүргізудің
түрлі мақсаттары мен жалпы зерттеу процесі сипатталады. Бесінші тарауда
әлеуметтанушылардың тұжырымдамаларды қалай операционалдайтыны
және операционал анықтамалардың сапасын бағалау сипатталады. Алтын
-
шы тарауда кейстердің репрезентативті жиынтығын сұрыптаудың ғылыми
принциптері мен әдістері сипатталады. Әлеуметтік зерттеудің мақсаты –
жарамды эмпирикалық дәлелдер келтіре отырып, әлеуметтік әлем тура-
лы сұрақтарға жауап беру. Тиісінше, осы бөлімнің әр тарауында әлеумет-
тік-ғылыми дәлелдің жарамдылығын анықтаудың негізгі мәселесі қарас-
тырылады: себеп-салдарлық қорытындылардың жарамдылығы (төртінші
тарау), тұжырымдарды операционалдаудың жарамдылығы (бесінші тарау)
және нәтижелерді жалпылау мүмкіндігі (алтыншы тарау). Осы мәселелер
-
ді талқылауда тараудың басында келтірілген алғашқы зерттеуге жүгінеміз:
Брохтың (2002) спортпен шұғылданудың оқу үлгеріміне әсерін талдау.
Осы үш жарамдылық мәселелерінің әрқайсысы әлеуметтік зерттеулер
-
дің төрт негізгі тәсіліне қатысты кітаптың үшінші бөлімінде қайта қарасты-
рылады. Әр тәсілдің маңызды ерекшеліктері, нұсқалары, жүргізу кезеңдері
КІРІСПЕ
38
және өзіне тән артықшылықтары мен кемшіліктері төрт тарауда сипатта-
лады: эксперименттер (жетінші тарау), сауалнамалар (тоғызыншы тарау),
далалық зерттеулер (он бірінші тарау) және қолда бар деректерді пайдалану
арқылы зерттеу (он екінші тарау). Эксперименттік және сауалнама зерттеуі
-
нің техникалық ерекшеліктері екі тарауда егжей-тегжейлі қарастырылады.
Сегізінші тарауда себеп-салдарлық байланыстардың негізін құрайтын үздік
модель ретінде қызмет ететін себеп-салдарлық қорытындылардың және әр
-
түрлі эксперименттік зерттеу дизайнының жарамдылығын талдаудың не-
гіздері көрсетіледі. Оныншы тарауда анкетаны құрастырудың элементтері
сипатталады. Он үшінші тарауда әлеуметтік зерттеудің төрт негізгі тәсілде
-
рінің екеуін немесе одан да көп түрін зерттеу нәтижелерінің жарамдылығын
күшейту үшін қалай ұштастыруға болатыны қарастырылады. Соңында осы
бөлімнің қорытынды тарауында әлеуметтік интервенция бағдарламалары
мен саясатын бағалауға бағытталған бағалау зерттеулерін жүргізудің ерек
-
шеліктері мен мәселелері қарастырылады.
Осы бөлімде бастан аяқ әлеуметтік зерттеу жүргізу процесі мен мәселелерін
көрсету үшін бірнеше зерттеу жұмысын қолданамыз. Осылайша осы тараудың
басында айтылған Латане мен Дарлидің (1970) төтенше жағдайға куәгерлердің
араласуы туралы эксперименттік зерттеуі (жетінші тарау), Грин мен Гербердің
(2008) дауыс жинау туралы эксперименттік зерттеуі (жеті және он үшінші та-
раулар), Сноу мен Андерсонның (1993) үйсіз-күйсіздік туралы далалық зерттеуі
(он бірінші тарау), Эриксонның (1966) Салем қаласындағы жәдігөйлер оқи-
ғасы жөніндегі талдауы (он екінші тарау) және Шерман мен Берктің (1984)
тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары жағдайында тұтқындаудың әсері
жөнінде талдауын (он үш және он төртінші тараулар) оқисыз.
Төртінші бөлімде деректерді өңдеу, талдау және түсіндіру мәселелері қа
-
растырылады. Он бесінші тарауда сандық талдауға қатысты деректерді өң-
деу кезеңдері және қарапайым статистикалық талдаулар сипатталады. Он
алтыншы тарауда себеп-салдарлық байланыстарды талдаудың түрлі статис
-
тикалық техникалары қарастырылады. Барлық әлеуметтік зерттеулер, түп-
теп келгенде, баяндамалар, кітаптар мен мақалаларды оқу арқылы белгілі
болатыны және түсіндірілетіні себепті, қорытынды тарауда (он жетінші та
-
рау) зерттеу жұмысын жазу мәселесін қарастырамыз.
Тірек сөздер
Барлық негізгі терминдер анықтамасы кітаптың соңындағы глоссарийде бе-
рілген.
Эксперимент Далалық зерттеулер
Сауалнама Қолда бар деректер
КІРІСПЕ
39
Тапсырмалар
1. Медиада жарияланған (мысалы, газет, журнал, теледидар) әлеуметтік ғы-
лыми зерттеу нәтижелері туралы немесе әлеуметтік ғылыми дәлелдерге
негізделген дау-дамайды (мысалы, жарнамаға қатысты шағым) баяндай-
тын оқиғаны немесе мақаланы табыңыз. Зерттеу әдістері немесе нәти-
желерінің шектеулері туралы (егер бар болса) қандай ақпарат берілген?
Автор деректерді қайдан алғанын, оларды қалай жинағанын немесе нә-
тиженің қанша бақылауға негізделгенін жаза ма?
2. American Sociological Review, American Political Science Review, немесе Social
Psychology Quarterly сияқты ірі әлеуметтік ғылыми журналдардың бірінің
соңғы санын таңдаңыз. Әр мақаланың аңдатпасын оқып, журналда жа-
рияланған әр зерттеу жұмысында қолданылған негізгі тәсілді (экспери-
мент, сауалнама, далалық зерттеу немесе қолда бар деректерді пайдалана
отырып зерттеу) анықтаңыз. Қай тәсіл жиі қолданылады?
Уеб-ресурстар
Алтыншы рет басылып шыққан «Әлеуметтік зерттеу әдістері» кітабына арнал-
ған уеб-сайтта (www.oup.com/us/singleton-approaches) әр тарауға арналған
бірнеше ресурс бар: (1) таңдалған тапсырмаларға жауаптар; (2) дұрыс-қате
жауап тестілері мен «сәйкесін тап» тапсырмалары және (3) уеб-ресурстардың
аннотацияланған тізімі.
КІРІСПЕ
41
БІРІНШІ БӨЛІМ
Әлеуметтік
зерттеудің ғылыми
және этикалық контексі
Ендігі екі тарауда әлеуметтік зерттеуде қолданылатын екі маңызды кон-
текст сипатталады. Екінші тарауда ғылымның негізгі элементтері қарас-
тырылады, өйткені әлеуметтік зерттеу, негізінен, ғылыми шаруа. Сон-
дықтан әлеуметтік ғылымдарды жаратылыстану ғылымдарымен не бірік-
тіретінін түсінудің маңызы зор. Бұл зерттеу субъекті не арнайы зерттеу
техникасы емес екені айдан анық. Ғылымды біріктіретін нәрсе – оның
объективі, болжамы, жалпы әдіснамасы мен логикасы. Екінші тарауда
зерттеуші ғалымдардың түрлі пәндерді зерттеген кезде сол пәнмен ғана
шектеліп қалмайтын мәселелерді зерттеуде сүйенетін ғылымның эписте-
мологиялық негіздерін қарастырамыз.
Әлеуметтік зерттеудің моральдық негізі де бар. Әлеуметтік зерттеу
жүргізушілер ғылыми ізденіс ережелерін ұстанумен қатар, қабылдаған
этикалық таңдауларын да ескеруге тиіс. Әсіресе ғылыми зерттеулер-
ді адамға қатысты жүргізгенде этиканы әсте шет қалдыруға болмайды.
Өйткені зерттеу жүргізушілер зерттеуге қатысушыларға құрметпен қа-
рауға, зиян тигізбеуге, олардың құқығын сақтауға, өздерін жақсы сезінуі-
не жағдай жасауға міндетті. Әлеуметтанушылар өз мамандығы алдында
зерттеулерін әділ және адал жүргізуге, сондай-ақ жалпы қоғам алдында
зерттеу нәтижелерін тиімді қолдануға ықпал етуге қатысты этикалық
міндеттемелер алады. Үшінші тарауда зерттеуге қатысушылармен қа-
рым-қатынасқа ерекше назар аудара отырып, осы этикалық мәселелер-
ді қарастырамыз, әлеуметтік зерттеуде этикалық шешімдер қабылдауға
бағыт-бағдар беретін ережелер мен кодекстерді сипаттаймыз.
42
Екінші тарау
Ғылымның табиғаты
«Ғалым» туралы сөз болғанда, алдымен санаңызға қандай ой келеді? Ройс
Синглтон көп жыл бойы өзінің әлеуметтану әдістері сабағына қатысатын
студенттеріне осы сұрақты қойып келді. Синглтонның студенттерінің бірі
болсаңыз, ғылымды, ең алдымен, химия, физика және биология сияқты
жаратылыстану ғылымдарымен байланыстырасыз. Сондай-ақ зертхана-
да түтікшелер мен микроскоптар арасында ақ халат киіп тұрған ғалымды
сипаттар едіңіз (Singleton, 1998).
Қысқасы, студенттердің әлеуметтану саласы ғалымдарын яки өзге
әлеуметтік ғалымдар саласының мамандарын ғалым ретінде қабылдауы
өте сирек кездеседі. Америка қоғамы жаратылыстану мен әлеуметтік ғы-
лымдарды дәл осылайша ажыратады: елдегі ересек адамдардың 71,6%-ы
биологияны «ең ғылыми сала» деп санаса, 8,9%-ы ғана әлеуметтануды
«ең ғылыми сала» деп атаған (T.W. Smith, Marsden, Hout, 2016). Алайда
әлеуметтану мен психология сияқты пәндердің де ғылыми пән болуға
таласы бар (Америка әлеуметтану қауымдастығы, 2017; Америка психо-
логия қауымдастығы, 2017). Сол себепті әлеуметтік ғылым саласындағы
ғалымдардың жұмысын түсіну үшін олардың қызметін ғылымның қалай
бағыттайтынын білуіміз керек. Осы тарауда жаратылыстану ғылымдары
мен әлеуметтік ғылымдарының бәрін қарастыратын әрі біріктіретін өзі-
не тән зерттеу өнімі мен процесіне тоқталамыз.
Толықтыра келгенде, бұл тарауда эпистемология мәселелеріне тоқ-
таламыз: әлеуметтік ғылымдарда білімді не құрайды, ол қалай қалып-
тасады? Стандарт ғылыми зерттеу біз әлеуметтік ғылымның маңызды
эпистемологиялық негіздері деп санайтын нәрсені көрсетеді. Алайда
балама эпистемологиялар да бар, сондықтан осы тараудың соңында ғы-
лымның бірыңғай моделіне қатысты осы қиындықтардың кейбірін қа-
растырамыз.
Ғылымның мақсаты
Ағылшын тіліндегі «science» (ғылым) сөзі латын тілінде «білім» деген-
ді білдіретін «scientia» сөзінен шыққан. Ғылымның мақсаты – бізді қор-
шаған әлемнің кейбір аспектілерін түсіну және түсіндіру үшін білім қа-
лыптастыру. Бірақ жинақталған білімнің өзі ғылым мен мифологияның
аражігін айқындамайды. Онда зерттеуге ғылыми сипат беретін не нәр-
се? Негізінде, бұл – ғылыми қауымдастықтың білімді қалай және неге
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
43
ҒЫЛЫМНЫҢ ТАБИҒАТЫ
қабылдайтынына қатысты мәселе. Екі өзара байланысты критерийлер
жиынтығы қабылдауды немесе қабылдамауды анықтайды. Критерий-
лердің бір жиынтығы білімнің формасына немесе логикалық құрылы-
мына, ал екіншісі білім сүйенетін дәйектемелерге қатысты. Ғылым та-
биғатына тоқтала отырып, ғылымның өнімін құрайтын заңдылықтар,
принциптер мен теорияларды ғылыми білімді қалыптастыру, сынау мен
нақтылау процесін құрайтын зерттеу әдістері мен логикасынан бөлек
қарастырамыз.
Бұл балама жетік емес, дегенмен дайын өнім алу үшін белгілі бір ши-
кізат өңдейтін фабрика немесе өнеркәсіптік кәсіпорын туралы ой қоз-
ғау талқылауымызды одан әрі жалғастыруға көмектесуі мүмкін. Өнер-
кәсіп пен ғылым арасындағы айырмашылықтың бірі – өңделетін нәрсе-
ге байланысты: өнеркәсіп салалары материалдық заттарды, ал ғылым
идеяларды өндіреді. Әрине, ғылымның арқасында сансыз технология-
лық жетістіктерге қол жеткіздік. Көзбен көріп, қолмен ұстауға келетін
заттай өнертабыстың барлығы көбіне ғылымның негізгі өнімі санала-
ды. Алайда мұндай практикадан алынған нәтижелер – ғылыми ізденіс-
тің жанама өнімі ғана. Ғылымның нақты мақсаты – түсінуге мүмкіндік
беру; негізгі өнім – идеялар.
1
Ғылымды өнім ретінде қарастырғанда, осы
идеялардың қандай формада берілетінін көреміз. Содан кейін ғылыми
процеске тоқталамыз.
Ғылымның нәтижесі
Ғылыми пәндер зерттеу объектісіне қарай бір-бірінен ерекшеленеді. Фи-
зика материя және энергияға, биология өсімдіктер мен жануарлардың
тіршілік ету процестеріне, психология адам мен жануарлардың мінез-
құлқына, ал әлеуметтану әлеуметтік топтардың қасиеттері мен процес-
теріне жіті үңіледі. Нәтижесінде осы пәндердің әрқайсысы өз бірегей
тұжырымдамаларын, заңдары мен теорияларын жасады. Дегенмен мұн-
дай айырмашылықтарға қарамастан, зерттеу саласынан тәуелсіз барлық
ғылыми білімнің нақты анықтаушы сипаттары болады. Солардың бірін-
шісі – қарастыруға болатын сұрақ түрлері.
Ғылыми және ғылыми емес сұрақтар
Сұрақты ғылыми тұрғыдан қарастыру сұраққа жауап бере алатын бақы-
лау жасау мүмкіндігінің болуына, яғни өзгелер де жасай алуына байла-
нысты. Бұл болмыс, бар болу немесе мораль туралы философиялық сұ-
рақтардың ғылым аясына кірмейтінін білдіреді. Кейбір философиялық
сұрақтардың жауабы ғылымның негізгі постулаттары не ұйғарымдары-
на айналады, бірақ оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу мүмкін емес. Осы-
лайша ғалымдар әлемнің бар екенін, білімді эмпирикалық түрде дәйек-
теу мүмкін екенін, әлемді сезім арқылы түйсінуге болатынын әрі әлемде
44
тәртіп бар деп болжауы мүмкін. Осындай ұйғарым жасай отырып, ғалым-
дар өздері бар деп санайтын тәртіпті сипаттап, түсіндіруге тырысады.
Әлеуметтік сала ғалымдары үшін «Кейбір адамдар неге порногра-
фиялық фильмдер көреді?», «Неліктен ұйымдардың бір түрі екіншісінен
әлдеқайда тиімді?», «Туыстық қарым-қатынас ересектердің жыныстық
қалауына байланысты ма?» деген сияқты сұрақтар қою орынды. Бірақ
ғылымда «Порнография моральдық тұрғыдан дұрыс па?», «Тиімділікті
моральдық тұрғыдан бағалау керек пе?», «Гомосексуализм Құдайдың ық-
тиярына қайшы ма?» деген сұрақтар қойылмайды. Осы екі сұрақ жиын-
тығының арасындағы айырмашылық мынада: біріншісі оқиға өзегінің
қалай және не үшін пайда болатынына қатысты сұрақтар болса, екіншісі
нені қалайтынына қатысты. Философия мен дін саласы аясында құнды-
лық пен мораль туралы сұрақтарды қоюға, олар туралы ой қозғауға бола-
ды. Олар ғылыми сұрақтар емес, өйткені оларды бақылау жасау арқылы
жауап беруге болатындай етіп құра алмаймыз.
Философтар да, ғалымдар да заттар туралы «неге» деген сауал қояды.
Алайда психологтар Майкл Доэрти мен Кеннет Шемберг (1978: 6) атап
өткендей, ғалымдар үшін «неге» деген – белгілі бір нәрселердің арасында
қандай байланыс бар... немесе олар қандай жағдайда... сияқты сұрақтар-
ға қатысты шолақ сұрақ». Біз осы тіркесті қолданғанда, «сұрақтағы өзге
терминдер бақылау критерийіне жауап беретін болса, сұрақ ғылыми тұр-
ғыдан заңды болуы мүмкін». Осылайша адамдардың порнографиялық
фильмдерді көретінін «бақылай» аламыз (яғни дерек жинай аламыз), әрі
оның туындауы ықтимал «жағдайларды» (мысалы, адамның жынысы мен
жасын, өзгелермен қарым-қатынасын, кәсібін) анықтауға тырысамыз.
Сол сияқты ұйымның түрлі формасын қалай ажыратуға қатысты және
«тиімділікті» көрсететін бақылау үлгісі жөнінде шешім қабылдауға бола-
тынын ескерсек, ұйымның түрі мен тиімділігі арасында қандай байланыс
бар екенін анықтай аламыз. Алайда объектив дәлелдерге қарсы осындай
қарсылықтың болмауы порнографияны таратушыларды заңмен қудалау
яки тиімділік пен моральдың
2
салыстырмалы маңызы бойынша шешім
қабылдауға мұрсат бермейді.
Қысқаша айтқанда, ғылыми сұрақтар – белгілі бір оқиғалар туындай-
тын жағдайларды анықтап, бақылау жасау арқылы жауап беруге болатын
сұрақтар. Дегенмен мұндай сұрақтарды ғылыми білім деп сипаттау үшін
олардың жауабы нақты бір формада болуы керек. Жауаптардың бұл фор-
масы сипаттау, түсіндіру, болжау мен түсіну талаптарына сай келуі керек.
Білім сипаттама ретінде
Ғылыми білімді қалыптастырудың алғашқы қадамы – сипаттама. Объек-
тілер мен оқиғалардың арасындағы байланысты ұғынып, түсіндірмес бұ-
рын, оларды сипаттап алуымыз керек. Сондықтан әрбір пән өзінің арна-
йы тілі мен тұжырымдамалар жиынтығын дамытады.
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
45
Тұжырымдама – құбылыстар арасындағы ортақ ерекшеліктерді біл-
діретін сөздер не өзге белгілермен берілетін абстракциялар. Мысалы,
«салмақ» термині барлық физикалық объектілердің ерекшеліктерін тұ-
жырымдайды. Сол сияқты әлеуметтанудағы «статус» термині – әлеумет-
тік құрылымның немесе топтың қасиетін көрсететін абстракция. Тұжы-
рымдаманы ғылыми тұрғыда қолдану туралы бірінші ереже – «бір сөз,
бір тұжырымдама» ережесі. Әлеуметтанушы Джордж Зито (1975: 21)
ауызекі сөйлеуде бір сөз әртүрлі мағынада берілуі мүмкін екенін айтады.
Мысалы, «масса» сөзі көлем мен салмақтың сапасын, негізгі бір бөлікті,
христиандық діни рәсімді яки мүлдем өзге бір нәрсені білдіруі мүмкін.
Алайда физик үшін «бұл заттың инерциясына қатысты өлшенген денедегі
материяның санын ғана білдіреді». Ауызекі сөйлеуде сөздер бұлыңғыр әрі
көпмағыналы болатындықтан, ғалымдар жалпы сөздердің мәнін шектеу
не қайта анықтау яки (кейде «құрылымдар» деп аталатын) жаңа термин-
дерді жасап, сол арқылы жоғары техникалық терминологияны қалыптас-
тыру қажет деп санайды.
Тұжырымдамаға қатысты ғалымдардың екінші ережесі – тұжырымдар-
ды нақты объектілер мен оқиғаларға байланыстырудың келісілген тәсіл-
дері болуға тиіс. Бұл ереже тұжырымдаманың дәл және сенімді бақылау
тұрғысынан тура немесе жанама түрде анықталуы керек екенін көрсете
отырып, бірінші ереженің өрісін кеңейтеді. Бір нәрсені «ауыр» деп сипат-
тау ғылыми тұрғыдан орынсыз болар еді, өйткені бұл терминнің әртүр-
лі тұжырымдамасы бар, әрі ол кез келген бір тұжырымдаманың нақты
символы бола алмайды. Адамдар бір объектінің салмағын ауыр деп си-
паттауға келісуі не келіспеуі мүмкін. Алайда объектіні таразыда өлшеп,
салмағын 50 фунт деп сипаттағанда, олар бұған сөзсіз келіседі. Дәл сол
сияқты, қарапайым және тікелей бақыланбайтын көп тұжырымдаманы
(мысалы, «энергия», «электрон», «толқын ұзындығы») ғылыми түрде қа-
былдауға болады, өйткені олар бақылауға болатын объектілердің сипа-
тын білдіреді. Мысалы, физиктер газдардың кинетикалық теориясы алға
тартқан молекулалардың қозғалысын тікелей бақылай алмайды; алайда
манометрдің көмегімен осы қозғалысты көрсететін қысымды өлшей ала-
ды. «Өлшеу» деп аталатын бақылауға болатын оқиғамен байланыстыру
тұжырымдамасын бесінші тарауда егжей-тегжейлі қарастырамыз.
Белгілі бір дәрежеде қолданатын тіліміз әлемде не нәрсені көретінімізді
анықтайды. Зерттеулер көрсеткендей, мысалы, адам таныс сөздермен си-
паттай алатын түстерді есте жақсы сақтайды (Lucy and Shweder, 1979). Сол
сияқты ғалымдар дайындаған сөздер немесе тұжырымдамалар өздері қы-
зығушылық танытатын құбылыстарды сипаттау мен түсіндіруде пайдалы
болатынын көрсетеді. «Қоғамдық тап» терминінің болуы оның қоғамдық
тәртіп пен қоғамдық өзгеріс сияқты әлеуметтік мәселелерді түсіндіруде
тиімді екенін көрсетеді. Бұл тілді ғылымда қолданудың үшінші ережесі бар
екенін білдіреді: тұжырымдамалар пайдалы болуына қарай бағаланады.
ҒЫЛЫМНЫҢ ТАБИҒАТЫ
46
Ғалымдар тұжырымдамалар туралы үзілді-кесілді шешім қабылдамайды.
Тұжырымдама пайдалы болмай қалса, не түсіндіру қабілетін жоғалтып,
орнына басқа түсіндірме келсе, қолданыстан шығып қалады.
Білім түсіндірме әрі болжам ретінде
Әлеуметтанушы Гвин Неттлердің (1970) пікірі бойынша, түсіндірме
қызығушылықты қанағаттандыру әрекеті. Сұрақтың түріне және сұрақ
қоюшының қажеттіліктеріне байланысты қызығушылық бірнеше жол-
мен қанағаттандырылуы мүмкін: таңбалау арқылы (баланың бір нәрсе
туралы сұрағына жауап ретінде тиісті термин берілгенде), мысалдарды
анықтау немесе келтіру арқылы (жаңа терминдер таныс терминдермен
және бейнелермен анықталғанда), эмпатияны ояту арқылы (адамдар
өз мінез-құлқына қатысты мотивация немесе өзге де «жақсы себептер»
келтіргенде), құдіретке жүгіну арқылы (бір нәрсе «Құдайдың ықтияры»
ретінде сипатталғанда) не жалпы эмпирикалық ережеге сілтеме жасау
арқылы (кітап ауаға қарағанда тығыз болғаны үшін құлап түсті, сондай-
ақ барлық объект ауаға қарағанда тығыз деп айтқанда). Түсіндірменің
осы соңғы формасы ғана ғылыми білімнің қос мақсатына, яғни өткен мен
бүгінді түсіндіруге және болашақты болжауға қабілетті.
Ғылыми түсіндірмелер «эмпирикалық ережелер» арқылы жасалады.
Олар белгілі бір оқиғалардың жалпы тобындағы оқиға өзгерістерін екін-
ші топтағы нақты бір жағдайлардағы оқиға өзгерістерімен байланысты-
ратын абстракт тұжырымдардан немесе ұйғарымдардан тұрады. Мыса-
лы, мына екі ұйғарымды қарастырайық. Біріншісі – химиядағы идеал газ
заңының бір бөлігі, ал екіншісі – «әлеуметтік фасилитация әсері» деп ата-
латын әлеуметтік психологиядағы жалпылау:
1. Газдың мөлшері тұрақты болса, онда қысымның артуы температу-
раның көтерілуіне тәуелді болады (Reynolds, 1971: 5).
2. Тапсырма қарапайым не жақсы меңгерілсе, адам оны ешкім жоқ
жерде жасағаннан гөрі өзгелердің көзінше жақсы орындайды.
Осы ұйғарымдардың әрбіріне сәйкес, бір оқиға жиынтығындағы өзге-
ріс (газдың температурасы, басқалардың болуы не болмауы) нақты бір
жағдайдағы (тұрақты көлем, қарапайым не жақсы меңгерілген тапсыр-
ма) екінші бір оқиға жиынтығындағы өзгеріске (газдың қысымы, адам-
ның орындау қабілеті) әкеледі. Ұйғарымдар екі тұрғыдан абстракт келеді.
Біріншіден, олар өткен күндегі, қазіргі немесе келешектегі өзгерістерді
көрсететіндіктен, тарихи уақытқа мүлде қатысы жоқ. Екіншіден, әрбір
ұйғарым оқиғалардың жалпы тобына қатысты: бір жағдайда тұрақты
көлемдегі газ және басқа бір жағдайда өзгелердің алдында қарапайым
тапсырманы орындайтын адамдар. Екінші ұйғарым тек ер адамдарға әрі
тек өзін-өзі бағалау қабілеті жоғары еркектерге қатысты болса, ол тым
абстракт болмай, нақтылана түседі. Абстракт деңгейі маңызды, себебі
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
47
ғылымда жалпы түсінікті қалыптастыру, яғни кең ауқымды оқиғаларды
түсіндіруге және болжауға қабілетті ұйғарымдарды қалыптастыру идеал
болып саналады.
Ғалымдар түрлі терминдерді идеал газ заңы мен әлеуметтік фасили-
тация әсері сияқты ұйғарымдарды білдіру үшін қолданады. Ұсынылған,
бірақ сыналмаған және бақылаудан немесе гипотезадан алынған ұйға-
рымдар эмпирикалық жалпылау деп аталуы мүмкін. Бірнеше рет сына-
лып, кеңінен қабылданған ұйғарымдар танымал ғылыми заңдарға айна-
луы ықтимал. Қалай болғанда да, олар ғылыми түсініктеме ретінде нақты
құбылыстарды сипаттайды, түсіндіреді және болжайды. Ұйғарымдарды
құрайтын терминдер – түсіндірілетін құбылысты сипаттайтын, ұйымдас-
тыратын әрі классификациялайтын тұжырым. Осылайша идеал газ заңы
газдарды көлеміне, температурасына және қысымына қарай классифи-
кациялайды; әлеуметтік фасилитация әсері жеке мінез-құлықты тапсыр-
маның қарапайымдылығы, өзгелердің болуы немесе болмауы және орын-
далу деңгейі тұжырымдамалары тұрғысынан ұйымдастырады. Сонымен
қатар әрбір ұйғарым нақты оқиғалар (қысымның артуы) туындайтын
жағдайларды (мысалы, тұрақты көлем, температураның көтерілуі) анық-
тау арқылы түсіндіреді және болжайды.
Алайда ғылыми түсіндірме осымен аяқталмайды, өйткені нақты оқи-
ғалар эмпирикалық заңдармен түсіндірілсе де, осы заңдылықтармен
көрсетілген жүйеліліктің өзі түсіндіруді талап етеді. Идеал газ заңы неге
температураның көтерілуі тұрақты көлемдегі газдардың қысымын арт-
тырады деген сұрақты қарастырады. Сол сияқты әлеуметтік фасилита-
ция әсері «Неге өзгелердің болуы бір адамның қарапайым тапсырманы
орындауына ықпал етеді?» деген сұраққа жауап іздейді.
Ғылым осындай сұрақтарға жауап беру және эмпирикалық жалпылау-
ды немесе заңдарды түсіндіру үшін теорияларды енгізеді. Теория – ғы-
лымдағы ең жалтаң әрі дұрыс түсінуге қиын терминдердің бірі. Бұл көбі
ойлайтындай «бос ой жүгірту немесе жорамал» дегенді білдірмейді. Ғы-
лыми теория заңдарға ұқсас формасы бар, бірақ неғұрлым жалпы неме-
се абстракт, өзара байланысқан ұйғарымдардың жиынтығынан тұрады.
«Газдардың кинетикалық теориясы» деп аталатын ұйғарымдар жиынты-
ғының идеал газ заңын қалай түсіндіретініне назар аударыңыз. Ол бұл
заңның «тұрақты қозғалыстағы молекулалардың жиынтығы ретіндегі газ
тұжырымдамасынан» қалай шығатынын көрсетеді (Reynolds, 1971: 8):
Температура көтерілген сайын газ молекулаларының кинетика-
лық энергиясы да артады.
Кинетикалық энергия көбейген сайын, молекулалардың қозға-
лыс жылдамдығы артады.
Молекулалар жылдам қозғалатындықтан, ал тұрақты көлемдегі
түтік олардың қозғалысына кедергі келтіргендіктен, олар түтіктің
ішкі қабырғасына жиі және күшпен келіп соғылады.
ҒЫЛЫМНЫҢ ТАБИҒАТЫ
48
Молекулалар түтіктің қабырғасына жиі соғылғандықтан, түтік-
тің қабырғасына қысым артады.
Сондықтан көлем тұрақты деп саналғандықтан, температура кө-
терілген сайын қысым да артады.
Ғылыми теорияларды түрлі жолмен баяндауға болады. Жоғарыда кел-
тірілген ұйғарымдар жиынтығы заңды теориядан қалай шығаруға бола-
тынын көрсететін логикалық желіде орналасқан. Химия мен физикада
теориялар көбінесе математикалық формулалар түрінде болады. Мыса-
лы, PV = nRT формуласы идеал газ заңын көрсетеді. Экономикадан өзге
әлеуметтік ғылымдардағы теориялар әдетте ресми түрде айтыла бер-
мейді. Ғылым тұрғысынан алғанда, теорияның қалай ұсынылғаны емес,
оның логикалық тұрғыдан тұрақты болуы және эмпирикалық тұрғыдан
сыналуы маңызды.
Дегенмен нақты эмпирикалық заңдылықтарды түсіндіретін және
бірдей не ұқсас сынауға болатын болжамдар жасайтын бірнеше логи-
калық тұрғыдан түсінікті теориялар болуы мүмкін. Бұл бірнеше теория
ұсынылғанына қарамастан, ешқандай теориялық түсіндірмесі жоқ әлеу-
меттік фасилитация әсеріне де қатысты. Бір теория бойынша, аудитория
қарапайым тапсырманы орындау мүмкіндігін күшейтеді, өйткені басқа
адамдардың қатысуы адамның физиологиялық белсенділігін арттырады.
Басқа бір теория бойынша, адамның ісіне өзгелер төрелік етеді не баға-
лайды деп санағандықтан, оның тапсырманы орындау мүмкіндігі күше-
йеді. Ғылыми зерттеулер көбіне осындай балама теорияларды сынауға
бағытталады, бірақ, сайып келгенде, бір теория (1) тұжырымдамалар
мен ұйғарымдар санының аз болуына, (2) құбылыстардың ең кең ауқы-
мын түсіндіруіне және (3) ең дәл болжам жасауына қарай өзге бәсекелес
теориялардан артық болады деп саналады.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Ғылыми тұжырымдамалар зерттелетін нәрсені сипаттайды; ғылыми гипотезалар
мен теориялар белгілі бір паттерндегі оқиғалардың қалай және неге пайда болаты-
нын түсіндіреді.
Білім түсіну ретінде
Ақырында, көп ғалым ғылыми заңдар мен теориялар сыналатын бол-
жамдар жасаумен бірге, түсінуге ықпал етуі керек деп санайды. «Түсіну»
критерийінің мәніне немесе қажеттілігіне қатысты бірыңғай пікір бол-
маса да, әлеуметтану саласындағы ғалымдар оқиғаларды байланыстыра-
тын себеп-салдарлық процесті сипаттау арқылы осы мәнге қол жеткізу-
ге болатынымен келіседі (Reynolds, 1971). Көбіне теория заңды немесе
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
49
эмпирикалық жалпылауды түсіндіру кезінде осы критерийге сәйкес ке-
леді. Мысалы, идеал газ заңындағы температура мен қысым арасындағы
байланыс кинетикалық теория сипаттаған негізгі процесті білген соң тү-
сінікті болады. Бұл теория бойынша, температура кинетикалық энергия-
ның көбеюіне, ал бұл молекулалардың қозғалыс жылдамдығының артуы-
на себеп болады және т.с.с. Сол сияқты заң немесе гипотеза себеп-сал-
дарлық, яғни бір оқиғадағы өзгеріс басқа бір өзгеріс тудыратын, шығара-
тын немесе оған себеп болатын байланыстарды сипаттағанда ғылыми
тұрғыдан мәнді деп саналады. Шын мәнінде, нақты себеп-салдарлық бай-
ланыс анықталмайынша, жалпылау түсіндіру мен болжаудың екіжақты
талабына жауап бере алмайды. Мұны ғылыми тұрғыдан қабылдауға кел-
мейтін жалпылауды қарастырғанда көре аламыз.
Ғылыми жалпылау деп саналатынның көбі түсіндіруге ұмтылады,
бірақ оңай бақыланатын салдары болмайды, демек, болжам жасай ал-
майды. Бұған стандарт мысалдар Фрейд психологиясында көп кездесе-
ді. Мысалы, Фрейд барлық түс тілектің орындалуын немесе орындауға
тырысатынын болжайтынын, адамның бәрінде өлім тілегі болатынын
көрсетті (Hall and Lindzey, 1970). Бұл жалпылаудағы мәселе – нәрселерді
фактіден кейін оңай «түсіндіріп» беруге дайын болуында. Біз әрқашан
түсті жоруға немесе түсіндіруге болатын қандай да бір тілек таба ала-
мыз. Сол сияқты кез келген суицидті немесе жазатайым оқиғаны өлім
тілегіне жатқызуға болады. Бұл жарыс аяқталғаннан кейінгі бәс тігу-
ге ұқсайды. Оқиға болған соң оған шындыққа жанасатын, интуитив-
ті тартымды түсіндірмелердің кез келгенін келтіруге болады. Осылай-
ша оқиғадан кейінгі жалпылау жалған түсінік тудырады. Істің айлалы
тұсы – нақты жағдайларда нені күтуге болатынын көрсету. Осындай
объективті сынақ жасалмай, бір оқиғаның екіншісіне себеп болғанын
айту мүмкін емес.
Оқиғаны жалпылау мен болжам арасындағы байланысты түсінбей
тұрып, эмпирикалық жалпылауға сүйеніп болжауға да болады. Жұл-
дыздардың қозғалысына қатысты астрономиялық болжамдар қозға-
лыс туралы қанағаттанарлық түсіндірмелер пайда болғанға дейін де
дәл болған. Қазірде аспириннің тиімділігі айқын болмағанмен, емге
пайдаланылады; сайлауға қатысты түсіндірме жеткіліксіз болғанмен,
сайлау нәтижелерін дәл болжауға болады; адамдар ауа райының өзге-
руін алдын ала болжау үшін қаншама дәуір сынағынан өткен, сенімді,
бірақ түсіндіруге келмейтін әртүрлі болжам әдістерін қолданып келеді.
Мысалы, халық даналығы бойынша, дауыл жақындаған кезде ағаш жа-
пырағы ашық жасыл түсті ішкі жағын көрсетеді. Мұндай жалпылаудың
түсіндіре алатын, бірақ болжай алмайтын жалпылаудан айырмашылы-
ғы – оларды сынауға болады және олар белгілі бір контексте пайдалы бо-
лады. Алайда оладың пайдалығы шектеулі. Оқиғаларды байланыстыра-
ҒЫЛЫМНЫҢ ТАБИҒАТЫ
50
тын себеп-салдарлық процесті сипаттайтын қисынды теория болғанда,
оларды түсініп қана қоймаймыз, сонымен бірге дәл әрі пайдалы болжам
да жасай аламыз.
Ғылым тарихындағы көп мысал себеп-салдарлық процесті анық-
таудың білімнің пайдалылығын қалай күшейтетінін көрсетеді. Ең
қызықты оқиғаның бірі – рахиттің пайда болу себептерін және емін
табу (Loomis, 1970). Рахит – өсіп келе жатқан сүйектердің жұмсаруына
және майысуына әкелетін ауру. Бұл ауру күннен түсетін ультракүлгін
сәулеленудің жетіспеушілігінен туындайды. Ол теріден қанға өтетін
кальцийлеуші гормонды синтездеу үшін қажет. Бұл гормонсыз (каль-
циферол) өсіп келе жатқан сүйектерде кальцийдің жеткіліксіз мөлше-
рі жиналып, рахиттің күрделі деформациясына әкеледі. Күн сәулесінің
жеткілікті мөлшері немесе кальциферолдың аз мөлшерін қабылдау
рахиттің алдын алады және емдейді. Ғалымдар рахит ауруының негі-
зінде жатқан себеп-салдарлық процесті түсінуден бұрын, оның пайда
болуын болжады. Мысалы, олар рахиттің мезгілге қарай өзгеретінін,
яғни «қақаған» қыс айларында рахиттің артатынын атап өтті. Олар
бұл аурудың ауылдық жерлерге қарағанда қалаларда және солтүстік
индустриялық емес елдерге қарағанда солтүстік индустриялық елдер-
де көп тарағанын бақылады.
Осындай үлгілерді анықтау күн сәулесінің рахиттің алдын алуға және
емдеуге қабілетті екені туралы қорытындыға әкелді. Бірақ күннің каль-
циферол шығарудағы рөлі түсінікті болған соң, яғни себеп-салдарлық
процес толық анықталған соң, күннің ультракүлгін сәулелері жоқ жерде
де рахитті толық емдеу мүмкін болды.
Осылайша әлеуметтік ғылымдардағы түсіндірме себептерді зерттеу-
ге негізделеді. Себеп-салдарлық байланыстар туралы қашан және қалай
қорытынды шығаруды білу – көптеген әлеуметтік зерттеудің алғышарты.
Сондықтан мақсатымыздың бірі – осы машықты арттыру. Мұны себеп-
салдарлық байланысты анықтау үшін қолданылатын критерийлерді тал-
қылаған төртінші тарауда қарастырамыз.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Ғылыми гипотезалар мен теориялар құбылыстардың негізгі себептерін сипаттай оты-
рып, түсінуге көмектеседі.
Өзгермелі білім
Психолог Б.Ф. Скиннер (1953: 11) «ғылым кумулятивті прогресті көр-
сеткендіктен бірегей» деп тұжырымдайды. Бұл кейінгі ұрпаққа ғылым-
ды біраз болса да алға қарай жылжытуға мүмкіндік берді. Осылайша,
Скиннердің пікірінше, «қазіргі жазушылар, суретшілер мен философтар
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
51
Грецияның алтын дәуіріндегілерге қарағанда айтарлықтай керемет емес,
бірақ орта мектеп оқушысының табиғатты түсінуі грек ғалымдарынан
әлдеқайда ілгері» (11).
Мұның қаншалықты шындыққа жанасатыны, көбіне ғылыми білімнің
бастапқы табиғатына байланысты. Ғалымдар ешқашан толық түсінікке
жете алмайды, әрі даусыз ақиқатқа жетуді көздемейді. Мұның бір себе-
бі – әрбір жауап жаңа сұраққа жол салады, әрбір жаңа факт, заң не теория
жаңа мәселелер туындатады, сондықтан ғылыми білімнің қазіргі ахуалы-
на қарамастан, білу керек нәрсе әрдайым көп болады. Бұл прогрестің қа-
шан яки қайда аяқталатынын айту мүмкін емес; алайда ғылымның көп
сұрақтың жауабына әлі де тереңдемегені анық.
Білу керек көп нәрсеге қоса, ғылыми білім өзге даусыз себепке бай-
ланысты бастапқы әрі белгісіз болады. «Ақиқат» туралы пайым шын не
өзге пайымдарға негізделген деп ұйғарылатын математикадан неме-
се логикадан айырмашылығы – ғылым өзі ақиқат туралы пайымдарын
бақылауға болатын дәйектерге негіздейді. Мұндай дәйектер әрдайым
қайта интерпретациялау арқылы өзгереді яки ықтимал жаңа дәлелдер-
ге қарама-қайшы болады. Басқаша айтқанда, бір кезде ғылыми ұйғарым
қайталанатын, бақылауға болатын оқиғаны сипаттағаны немесе түсін-
діргені үшін қабылданады. Алайда бұл жайт бірнеше рет болғанына бай-
ланысты, оның жалғаса беретініне кепіл жоқ. Мұны Гарвин МакКейн мен
Эрвин Сегалдың мына тәмсілінен көруге болады (1977: 70):
Бір кездері өте ақылды күркетауық өмір сүріпті. Ол қашада өмір сүрді,
оның мейірімді әрі қамқор иесі болды. Оның барлық арман-тілегі орын-
далған, осы әлемнің ғажайыптары мен заңдылықтары туралы ойлаудан
өзге ісі жоқ. Ол кейбір заңдылықты байқады. Мысалы, әрдайым таң қы-
лаң бере жарық түсіп, артынша иесінің тық-тық етіп жүргені естіледі. Іле-
шала оның қашасына әрдайым дәмді тағам мен су әкеледі. Өзге жайттар
түрленіп тұрды: кейде жаңбыр, кейде қар жауды; кейде жылы, кейде суық
болды; бірақ түрлі аяқ дыбыстарынан өзіне тамақ әкеле жатқанын біле-
тін. Бұл бірізділік өте дәйекті болды, әрі әлемнің ізгілігі туралы филосо-
фиясының негізіне айналды. Бір күні күркетауық теориясы жүзден көп
рет расталған соң, ол тық-тық етіп жүрген аяқ дыбысын естіді; артынша
оны сойып алды.
Егер заңдылық дәлдікке кепіл болмаса, онда мұндай заңдылыққа
негізделген ғылыми ұйғарымдарды дәлелдеу мүмкін емес. Сондық-
тан «білім, шынтуайтында, нақты нәрсенің көрінісі емес, осы уа-
қытқа дейін қалыптастыра алған ең жақсы түсінік» (Polkinghorne,
1983: 2). Ғылыми қауымдастық теорияларды болжамдарының дәл-
дігі мен эмпирикалық дәлелдер қолданған жиілігіне сәйкес, белгілі
дәрежеде қисынды және сенімді деп қабылдайды. Енді мұндай дә-
лелдердің қалай жасалатынын қарастырайық.
ҒЫЛЫМНЫҢ ТАБИҒАТЫ
52
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Ғылыми білімді дәлелдеу мүмкін емес, өйткені түсінуді іздеу – белгісіз әрі шексіз.
Білім процесс ретінде
«Процесс» сөзі соңғы нәтижеге жеткізетін бірқатар операцияны неме-
се іс-әрекетті білдіреді. Өнеркәсіпте «өндіріс процесі» деген сөз тіркесі
шикізаттың дайын өнімге айналу сатыларының ретін сипаттайды. Бұл
процесс не өндірілетініне байланысты ерекшеленеді; сонымен қатар
технологиялық жетістіктер, тұтынушы талаптарының өзгеруі мен тағы
сол сияқты нәрселер реттілік пен оның өнімдерінің мерзім бойынша өз-
геруіне әкеледі. Бірақ белгілі бір өнеркәсіп саласында процесс басынан
аяғына дейін ұзақ уақыт бойы бір сызық бойымен қайталанады. Ал ғы-
лымда, керісінше, өзгеріс процеске енеді. Өнімнің өзі (білім) ешқашан
«аяқталмайды», бірақ фактілерге сәйкес болу үшін үнемі қайта жасала-
ды. Сонымен қатар бір ғылыми зерттеуде орындалған сатылардың реті
екінші ғылыми зерттеуде дәл солай қайталануы сирек кездеседі, ал бір
зерттеудің аяқталуы көбіне екінші бір зерттеудің басталуын білдіреді.
Осылайша өндірістік процесс әдетте шикізаттан дайын өнімге дейінгі
сызықтық прогреспен жүрсе, ғылыми процеске тән ерекшелік – оның
циклдік сипатта болуы.
Джон Кеменидің (1959: 85) пікірінше, ғылыми теориялық тұрғыдан
үлес қосқан ұлы физик Альберт Эйнштейн ғылым «фактілер қандай тео-
риялық құрылымдар жасағанына қарамастан, фактілерден басталып,
фактілермен аяқталуы керек» деп баса айтқан. Басқаша айтқанда, бел-
гілі бір уақытта ғалымдар деректер жинайтын және фактілерді тіркейтін
бақылаушылар болады; сосын олар көргендерін сипаттауға және түсін-
діруге тырысады; содан кейін өз бақылауларын (яғни фактілерін не де-
ректерін) қайтадан тексеретін теорияларына сүйене отырып, болжам
жасайды. Осы оқиғалар тізбегі 2.1-сызбада көрсетілген. Бұл тізбектегі
бастайтын жеріміз шартты түрде таңдалған. Бірақ белгілі бір кезеңде тео-
риялардан болжамдар яки гипотезалар туындайды, гипотезалар дерек-
тер арқылы тексеріледі, деректерден жалпылаулар шығады, ал жалпылау
теорияда қолдау табады, оған қарама-қайшы болады немесе оған өзгер-
тулер енгізеді.
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
53
2.1-сызба. Ғылыми процесс
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Ғылымның мәні білім де, зерттеу әдісі де емес; керісінше, бұл теория мен зерттеу
арасындағы үздіксіз өзара әрекеттесуді қамтитын циклдік процесс.
Диаграммадағы эмпирикалық жалпылау мен гипотезаларды бөліп
тұрған көлденең үзік сызық теория әлемін зерттеу әлемінен ажыратады.
Көріп отырғанымыздай, ғылымның мақсаты – теорияны дамыту. Зерттеу
теорияны түйіндейтін әрі сынайтын деректерді жасайтын жүйелі бақы-
лау арқылы осы мақсатты қуаттайды. Мәтіннің басқа бөлігінде ғылым-
ның зерттеу жағын ғана қарастырамыз. Алайда ғылымның теория мен
зерттеудің үздіксіз өзара әрекеттесуін көздейтін процесс екенін есте сақ-
тау маңызды (ғылыми зерттеудің қызықты тұстарын көру үшін 2.1-қо-
сымшаға қараңыз).
2.1-қосымша. Ғылымдағы кездейсоқ жаңалық ашу паттерні
Ғылыми ізденіс көбінесе теория аясында жүргізіледі. Теорияларды сынап,
аясын кеңейту үшін гипотезалар жасалып, зерттеу жоспарланады және де-
ректер жиналып, интерпретацияланады. Алайда кейде басым теориялар
тұрғысынан интерпретацияға келмейтін әрі жаңа теориялардың пайда бо-
луына әкелетін күтпеген нәтижелер шығады. Роберт Мертон (1957) мұн-
дай жаңалықтарды кездейсоқ жаңалық ашу паттерні деп атайды. Ғылым
тарихында кездейсоқтық немесе кездейсоқ жаңалық ашу маңызды рөл
ойнаған бірнеше ғылыми жаңалық оқиғасы бар. Соның бірі – Пастердің
иммунизация жаңалығы болды.
Пастердің «құс холерасы» бойынша зерттеулері демалысқа бай-
ланысты тоқтап қалды, ол зерттеуіне қайта кіріскенде күтпеген ке-
дергіге тап болды. Оның барлық құстар холерасына қатысты зерттеуі
Теориялар
Гипотезалар
Эмпирикалық жалпылау
Деректер
Дедукция
Индукция
ҒЫЛЫМНЫҢ ТАБИҒАТЫ
54
зая кетті. Ғалым оларды ет сорпасына қосу мен құсқа егу арқылы
тірілтуге тырысты. Құс холерасы культурасының көбі тірілмеді, құс-
тарға әсер етпеді, сондықтан ол дәл сол құстарға жаңа құс холерасы
культурасын егуге құлшынысы оянғанда бәрін қайтадан бастауға
дайын болды. Әріптесі Дюкло былай дейді: «Мұндай жетістік бәрін,
тіпті Пастердің өзін таңғалдырды. Жаңа құстар әдеттегі инкубация
кезеңінен кейін өлген болса да, құстардың барлығы осы вакцина-
цияны көтере алды». Осының нәтижесінде аттенуацияланған пато-
гендермен иммунизация жасау принципі мойындалды (Beveridge,
1957: 27).
Әлеуметтік ғылымдарда да кездейсоқ жаңалық ашу оқиғалары аз
болған жоқ. Жұмысшының зерттеліп жатқанынан хабардар болуы оның
жұмысына әсер ететінін білдіретін әйгілі «Hawthorne effeсt» Чикагодағы
Western Electric Hawthorne зауытында 1927 және 1932 жылдар арасын-
да жүргізілген бірқатар зерттеулер сериясының күтпеген жаңалығы еді
(Roethlisberger and Dickson, 1939). Зерттеудің бірінде телефон рельсін
құрастыратын бақылауға алынған алты әйел арнайы сынақ бөлмесіне
орналастырылды. Зерттеудің идеясы еңбек шарттарындағы түрлі өзге-
рістердің (мысалы, төлем әдісі, демалыс үзілісінің уақыты мен ұзақты-
ғы, жұмыс күнінің ұзақтығы) жасалған реле санымен өлшенетін еңбек
өнімділігіне әсерін анықтау болды. Ұзақ уақыт бойы көп өзгеріс енгізіл-
ді. Олардың әрқайсысы бірнеше аптаға созылды. Ал әйелдердің жұмыс
нәтижелері жазылып отырды. Алайда өзгерістердің жүйелі түрде нәти-
желермен байланысты болмауы зерттеушілерді таңғалдырды. Оның
орнына зерттеу барысында әйелдердің өнімділік деңгейі, тіпті зерттеу
басында белгіленген еңбек шарттары қайта қалпына келтірілсе де, баяу
және ұдайы өсті. Зерттеушілер әйелдерге сұрақ қойған соң жұмысшы-
лардың өнімділігінің артуы оларға маңызды эксперименттің қатысушы-
лары ретінде ерекше көңіл бөлудің нәтижесі деген қорытындыға келді.
Сынақ бөлмесінің ұнауы және басшылықтың қызығушылық танытуы
өнімділіктің артуына сеп болды. Бұл әлеуметтік зерттеулер тарихындағы
маңызды нәтиже болды, өйткені субъектілердің зерттеліп жатқанынан
хабардар болуы зерттеушінің бақылағысы келетін іс-әрекеттерге ық-
пал етуі мүмкін еді. Эксперименттер осындай әсерлерді ескеруі керек.
Мұны жетінші тарауда талқылаймыз. (Бір қызығы, соңында дәлелдердің
қорытындыларды растамайтынын көрсетсе де, ғалымдардың көбі осы
әсер туралы жаңалықты Хоторн зерттеуімен байланыстырады [қараңыз:
Cavey, 1967]).
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
55
Дюркгеймнің суицид туралы зерттеуі
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгеймнің 1897 жылы алғаш рет
жарияланған «Суицид» (Suicide, 1951) классикалық зерттеуі теория мен
зерттеу арасындағы өзара байланысты жақсы сипаттайды. Дюркгеймде
қазіргі деректерді талдау құралдарының көбі болған жоқ. Оның дәлел-
дерді бағалауы бірнеше негіз бойынша сынға ұшырады (Douglas, 1967;
Pope, 1976; Stark and Bainbridge, 1996). Дегенмен оның зерттеуі әлеумет-
тік зерттеудің моделі ретінде қарастырылады.
Суицид – XIX ғасырда ең көп зерттелген әлеуметтік мәселелердің бірі
(Giddens, 1965: 4). Алғашқы философиялық көзқарастар суицидтің мо-
ральдық салдарына назар аударғанымен, Еуропа елдері XVIII ғасырдың
соңында суицид туралы статистиканы жүйелі түрде жинай бастағанда, ол
қарқынды эмпирикалық зерттеудің тақырыбына айналды. Дюркгеймге
дейін бірнеше адам суицид деңгейін кәсіп, урбанизация, дін, әлеумет-
тік өзгерістер деңгейі, нәсіл және климат сияқты факторлармен байла-
ныстыратын деректерді жинап, жариялаған. Дюркгейм бұл жұмыстарға,
әсіресе неміс ғалымы Адольф Вагнердің жұмысына негізделген итальян-
дық дәрігер Генри Морселлидің зерттеуіне дереккөз ретінде көп сүйенді.
Дюркгейм Вагнер мен Морселли зерттеген байланыстың көбін зерттеге-
німен, оның жұмысы нәтижелердің кең спектрін түсіндірген суицид тура-
лы әлеуметтік теориясы арқасында танымал болды.
«Суицид» кітабының кіріспесінде Дюркгейм Еуропаның әртүрлі елде-
ріндегі суицид деңгейінің қызықты модельдерін атап көрсетеді: өлім дең-
гейі барлық елде бірдей болса да, суицид деңгейі елден елге қарай айтар-
лықтай өзгерді. Сонымен қатар әр елдегі суицид деңгейі әдетте ұзақ уақыт
бойы тұрақты болып қала береді. Мысалы, 1866–1870 жылдар аралығын-
да Италия, Франция және Данияда суицид деңгейі бір миллион адамға
шаққанда, тиісінше, 30, 135 және 277 болған; ал 1871–1875 жылдар ара-
лығында осы елдердегі суицид деңгейі бір миллион адамға шаққанда, тиі-
сінше, 150 және 258 болған (Durkheim, 1951: 50). Ақырында, Дюркгейм
көп автордың назарын суицид деңгейінің ұдайы артуын ауылдық өмірге
тән дәстүрлі әлеуметтік тәртіптің құлдырап, ірі индустриялық қалалардың
өсуімен байланыстыра түсіндіретін мәселеге аударды. «Суицид» кітабы –
суицид деңгейіндегі осы тұрақтылық пен өзгерісті түсіндіруге қатысты
талпынысты көрсетеді. Дюркгейм үшін бұл әлеуметтік түсіндіруді қажет
ететін әлеуметтік фактілер еді.
Алдымен Дюркгейм есінен адасу, алкоголизм және климат сияқты
әлеуметтік емес факторларға негізделген суицид туралы теорияларды қа-
растырды. Әр жағдайда ол теорияны диалектикалық және эмпирикалық
тұрғыдан сынға алды. Алдымен ол таза логикалық негіздерге сүйене оты-
рып теорияға қарсы шықты, содан кейін өз пайымдауларын сынау үшін
деректерді ұсынды. Мәселен, ол суицид есінен адасудың салдары болса,
ҒЫЛЫМНЫҢ ТАБИҒАТЫ
56
есінен адасу деңгейі жоғары топтарда суицид деңгейі де жоғары болуы
керек деп ойлады. Бірақ қолда бар статистика жындыханаларда еркек-
терге қарағанда әйелдердің саны көп болғанмен, еркектердің суицид
жасау ықтималдығы жоғары екенін көрсетті. Еврейлерде есінен адасу
деңгейі жоғары болса да, суицид деңгейі өте төмен болды. Еуропалық 10
ел арасында есінен адасу мен суицид деңгейінің арасында ешқандай кор-
реляция жоқ еді. Осылайша 2.1-сызбаның оң жағында көрсетілгендей,
Дюркгейм теориядан гипотезалар мен деректерге ойысты.
Дюркгейм суицидтің әлеуметтік емес факторларына негізделген
түсіндірмелерден бас тартқан соң, әлеуметтік факторларға қарай бет
бұрды. Ол алдымен Испания, Португалия және Италия сияқты католик
елдерінде Германия, Англия және Дания сияқты протестант елдерге қа-
рағанда суицид деңгейінің төмен екенін атап өтті. Дюркгейм осы елдер
арасындағы басқа жүйелі айырмашылықтардың (мысалы, индустрия-
ландыру деңгейі) суицид деңгейіндегі айырмашылықты түсіндіре ала-
тынын білгендіктен, дәл сол елдердегі алдымен Германия, содан кейін
Швейцариядағы католиктер тұратын аймақ пен протестанттар тұратын
аймақты салыстырды. Әр жағдайда ол католиктер тұратын аймақтарда
протестанттар тұратын аймақтарға қарағанда суицид деңгейінің төмен
екенін анықтады. Ол осы деректерге сүйене отырып, протестантизм ка-
толицизмге қарағанда «жеке ой бостандығына көбірек» мүмкіндік бере-
ді, онда «сенім мен әдет-ғұрыптар аз» (Durkheim, 1951: 159), сондықтан
адамдардың басқалармен байланысы аз болады деп ұйғарды. Жалпы
алғанда, діни қауымдастықтағы интеграция неғұрлым әлсіз болған са-
йын, адамның суицид жасау ықтималы соғұрлым көп болады. Сонымен
2.1-сызбаның сол жағында көрсетілгендей, Дюркгейм деректерден жал-
пылауға ойысты.
Дюркгейм католиктер мен протестанттар арасындағы айырмашылық-
тарды түсіндіру үшін әлеуметтік интеграция тұжырымдамасын енгізе
отырып, бұл тұжырымдаманың суицидтің өзге де нұсқаларын қалай тү-
сіндіре алатынын көрсетті. Францияға қатысты статистикалық деректер
жалғызбасты адамдардың отбасылы адамдарға қарағанда суицид жасау
ықтималының басым екенін және баласы жоқ адамдардың балалы адам-
дарға қарағанда өзіне қол жұмсау ықтималының көбірек екенін көрсетті.
Басқа деректер саяси дағдарыс кезеңінде суицид деңгейінің төмендегенін
аңғартты. Дюркгейм осы нәтижелердің әрқайсысын «суицид жеке адам-
дар бір бөлігі саналатын әлеуметтік топтардың интеграция дәрежесіне
байланысты өзгереді» деген теориямен түсіндіруге болады деді (1951:
209). Ерлі-зайыптылар жалғызбасты адамдарға қарағанда тұлғааралық
жақындықты, демек, интеграцияны басынан көп өткізеді. Балалы адам-
дарды баласы жоқ адамдармен салыстырғанда да дәл осыны айтуға бола-
ды. Сонымен қатар революция мен соғыс сияқты әлеуметтік күйзелістер
әдетте «ұжымдық сезімдерді оятады, партизандық рух пен патриотизмді,
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
57
саяси және ұлттық сенімдерді ынталандырады, сондай-ақ іс-әрекетті бір
мақсатқа шоғырландырып, уақытша болса да қоғамның күшті интегра-
циясына ықпал етеді» (208).
Бұл ғылыми зерттеудің соңындағы нәтиже – фактілерге немесе дерек-
терге негізделген теория. Теория тым абстракт, сондықтан ол суицидті
дінмен, отбасы жағдайымен, отбасының үлкендігімен және әлеуметтік
өзгерістермен байланыстыратын бірнеше эмпирикалық жалпылауды тү-
сіндіру үшін жеткіліксіз. Дюркгейм мұны «эгоистік суицид» теориясы деп
атады, өйткені суицид «шамадан тыс индивидуализм» немесе әлеумет-
тік интеграцияның болмауы салдарынан туындады. Ол кейінірек «Суи-
цид» еңбегінде себептердің төрт түрін қамтитын кешенді теорияны алға
тартса да, эгоистік суицид теориясы көп талқыланды. Оны Уитни Поуп
(1976: 23) былай синтездеді:
Әлеуметтік интеграция деңгейі неғұрлым жоғары болса, ұжым-
дық сезімдер де соғұрлым күшті болады.
Ұжымдық сезімдер неғұрлым күшті болса, әлеуметтік интегра-
ция да соғұрлым күшті болады.
Әлеуметтік интеграция неғұрлым күшті болса, адамдар қо-
ғамдық мүдделер үшін соғұрлым көп қызмет етеді.
Адамдар қоғамдық мүдделер үшін неғұрлым көп қызмет еткен
сайын, олардың өмірі соғұрлым мәнді болып, суицид деңгейі төмен-
дейді.
Біз сипаттаған «Суицид» кітабы ғылыми процесті қамтитынын көрсет-
се де, осы сияқты бір ғана зерттеу жалғасып келе жатқан үздіксіз ізденіс
циклінің бөлігін ғана құрайды. Дюркгейм Вагнердің, Морселлидің және
басқалардың жұмысына сүйенгені сияқты, Дюркгеймнен бастап көп
зерттеулер оның түсініктерін сынаған, нақтылаған әрі күмән келтірген.
Ғалымдар бірнеше әдіснамалық сыни пікір ұсынды (олардың бірі «эко-
логиялық қателік» деп аталады, оны төртінші тарауда қарастырамыз);
Дюркгеймнің теориясын, әсіресе әлеуметтік интеграция негізгі тұжы-
рымдамасын қайта қарастырып, нақтылады; оның барлық гипотезасын
бірнеше рет сынап көрді. Кейінгі зерттеулер көрсеткендей, Дюркгеймнің
кейбір модельдері әлі күшін жойған жоқ: мысалы, суицид деңгейі әйел-
дерге қарағанда ер адамдарда жоғары (қараңыз: Wray, Colen, Pescosolido,
2011), ал ажырасу деңгейі және отбасы құрмаған деген статусы мен суи-
цид деңгейі арасында оң байланыс бар (қараңыз: Breault, 1994). Алай-
да Дюркгеймнің кейбір түсіндірмелері мен өзге де нәтижелерінің тұғы-
ры шайқалды. ХХ ғасырдың аяғында АҚШ-та Евангелист протестанттар
сияқты белгілі бір протестант топтар қоныстанған аудандардағы суицид
деңгейі католиктер көп шоғырланған аудандарындағы суицид деңгейі-
мен тоқайласты (Pescosolido and Georgianna, 1989; Pescosolido, 1990).
Осы жұмыстың бәрінде қолданылған зерттеу тәсілі – теория мен де-
ректер арасындағы дәнекерден тыс, ғылыми зерттеуді зерттеудің басқа
ҒЫЛЫМНЫҢ ТАБИҒАТЫ
58
түрлерінен ажырататын зерттеу тәсілі. Кейбіреулер мұны «ғылыми әдіс»
деп атайды. Бірақ бұл атауын таппаған сөз тіркесі ғылымда кездеспейтін
нақты әрі жүйелі процедураны білдіреді. Ғылыми зерттеуді сипаттайтын
нәрсе – барлық ғалымдар дәлел келтіру мен оны бағалау кезінде сүйене-
тін теорияларды басшылыққа алатын жалпы қабылданған негіздеу логи-
касы мен стандарттар жиынтығы.
Логикалық пайымдау
Ғалымдар логикалық пайымдау принциптерін ұстанады деп саналады.
Бұл логика ғалымдарға қалай ойлау немесе пайымдау керегін көрсетеді
дегенді білдірмейді; керісінше, пайымдау әрекеті жасалып, баяндалған-
да, логика пайымдаудың дұрыстығын бағалау үшін критерийлерді ұсы-
нады. Дюркгейм өз зерттеуін суицид туралы фактілер немесе деректер
жинаудан және әлеуметтік фактілер әлеуметтік түсіндірмені қажет етеді
деген идеядан бастады. Ол бірнеше эмпирикалық жалпылауды анықта-
ды, содан кейін қиялына ерік беріп, эгоистік суицид теориясын ұсынды.
Дюркгеймде теорияны әзірлеу үшін ұстануға болатын логикалық ереже-
лер болған жоқ; алайда ол осы теорияны қалыптастырған соң, өзгелер
оның логикалық сәйкестігін бағалады, сынауға болатын болжамдарын
логикалық қорытынды түрінде шығаруға мүмкіндік туды.
Адамдар пайымға жүгініп қорытынды шығарады, яғни олар ақпаратқа
не дәлелдерге сүйеніп қорытынды жасайды. Логикалық пайымдаудың екі
негізгі түрі (индуктив және дедуктив) дәлелдердің қорытындыны қолдау
күші немесе дәлдігі тұрғысынан ерекшеленеді. Дедуктив пайымдауда
дәлелдер дұрыс болса, қорытынды да сөзсіз анық болады. Индуктив па-
йымдауда дәлелдер дұрыс болса да, қорытынды екіұшты болады, өйткені
оның мазмұны дәлелдермен шектелмейді.
Пайымдаудың әр түріне қатысты төмендегі мысалдарды қарастырайық:
Индуктив пайымдау:
кәсіподақ мүшелері Хуберт, Вальтер және
Джоан – демократтар. Сондықтан кәсіподақтың
барлық мүшеcі – демократ.
Дедуктив пайымдау:
кәсіподақтың барлық мүшеcі – демократ.
Джоан кәсіподаққа мүше. Сондықтан Джоан –
демократ.
Бірінші қорытындының қолда бар ақпаратпен шектелмейтініне назар
аударыңыз. Сондықтан қорытындының сөзсіз дұрыс екенін нақты біле
алмаймыз; мұның қаншалықты мүмкін екенін дәлелдерге сүйене оты-
рып, пайымдай аламыз. Дәлелдер дұрыс болса да, жаңа ақпарат әрқашан
кәсіподақтың кейбір мүшелері демократ болмауы ықтимал екенін көр-
сетеді (күркетауық туралы тәмсілді еске түсіріңіз). Керісінше, дедуктив
логикалық ережелерге сәйкес кәсіподақ мүшелерінің демократтар екені
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
59
туралы мәлімдеме дұрыс болса және Джоанды кәсіподақ мүшесі ретінде
дәл анықтаған болсақ, «Джоан – демократ» деген екінші қорытынды дұ-
рыс болуы керек.
Кейде индукция нақты фактілерден жалпылама принциптерге қарай,
ал дедукция жалпылама принциптерден нақты фактілерге қарай бағытта-
лады деп айтылады.
3
Осылайша индукцияға қатысты мысалымызда кәсі-
подақтың нақты мүшелерінің демократ екенін бақылап, осыдан олардың
барлығы демократ деген жалпылама қорытынды жасаймыз. Дедукцияға
қатысты мысалда кәсіподақтың барлық мүшесі демократ деген жалпыла-
ма ұйғарымнан бастадық, әрі кәсіподақтың белгілі бір мүшесі демократ
болады деген қорытындыға келдік.
Ғалымдар деректерден эмпирикалық жалпылау шығарған кезде индук-
тив пайымдама жасайды. Пайымдаудың бұл түрі Дюркгеймнің пайымдау
түрін көрсетеді. Ол суицид деңгейі католиктер басым елдерге қарағанда
протестанттар басым елдерде жоғары болды деген фактіге сүйене отырып,
католиктерге қарағанда протестанттар суицид жасауға бейім деген қоры-
тындыға келді. Бұл суицид деңгейін дін, неке және отбасылық жағдай және
саяси дағдарыстармен байланыстыратын жалпылауды түсіндіретін теория
жасауды да сипаттайды. 2.1-сызбада көрсетілгендей, ғылыми процесте ин-
дуктив пайымдау – деректерден эмпирикалық жалпылау мен теорияларға
бағытталатын «төменнен жоғары» қарай жүретін процесс.
Ғалымдар гипотезаның нақты фактілерді қалай түсіндіретінін неме-
се болжайтынын көрсеткенде дедуктив пайымдау жасайды. Осылайша
2.1-сызбада көрсетілгендей, дедуктив пайымдау жалпы принциптерден
нақты бақылауларға немесе фактілерге бағытталған «жоғарыдан төмен-
ге» қарай жүретін процесті білдіреді. Төмендегі ұйғарымдар жиынтығы
дедукция арқылы Дюркгейм гипотезасының протестанттармен салыс-
тырғанда католиктер арасында суицид деңгейінің төмен екенін қалай
түсіндіретінін көрсетеді:
Егер бір топ екінші топқа қарағанда әлдеқайда әлеуметтік тұр-
ғыдан көбірек интеграцияланса, онда бірінші топта суицид деңгейі
төмен болады (ГИПОТЕЗА).
Католиктер протестанттарға қарағанда әлеуметтік тұрғыдан
көбірек интеграцияланған. Сондықтан суицид деңгейі протестант-
тармен салыстырғанда католиктердің арасында төмен (ФАКТ).
Пайымдаудың әрқайсысы әртүрлі ережелер мен критерийлерге сәйкес
бағаланады. Индуктив пайымдау тұрғысынан дәлелдің қорытындыны қан-
шалықты дәйектейтіні тұрғысынан талданады. Сонымен қатар дәйектеу
дәрежесін ақпарат немесе дәлел қосу арқылы арттыруға немесе төменде-
туге болады. Мысалы, біз бақылау жасайтын жағдайлар кәсіподақ мүшесі
әрі демократ адамдардың санын көбейткенде, жоғарыда келтірілген «кә-
сіподақтың барлық мүшесі – демократ» деген индуктив қорытындының
дұрыс болу ықтималдығы артады. Сондай-ақ бұл қорытынды бақылау
ҒЫЛЫМНЫҢ ТАБИҒАТЫ
60
жасалатын жағдайлар әртүрлі болғанына қарай күшейеді, бірақ бақылау
жасалатын жағдайлар бір-біріне ұқсас болғанда әлсірейді. Мысалы, бақы-
лау жасайтын адамдардың жасы, тұратын қаласы және жұмыс істейтін кәсі-
порны әртүрлі болса, шығаратын қорытындымыз күшті болады, ал бақылау
жасайтын адамның барлығы 40 жаста болса, барлығы Детройтта тұратын
және автомобиль өнеркәсібінде жұмыс істейтін болса, шығаратын қоры-
тындымыз әлсіз болады. Іріктеменің әртүрлі болуы шығарылған қорытын-
дының белгілі бір жастағы, белгілі жерде тұратын немесе белгілі бір салада
жұмыс істейтін кәсіподақ мүшелеріне ғана қатысты болу мүмкіндігін жоя-
ды. Осы сияқты Дюркгейм суицид деңгейі католик елдеріне қарағанда про-
тестант елдерде ғана емес, Германия мен Швейцарияның католиктер тұра-
тын аймақтарына қарағанда протестанттар тұратын аймақтарда да жоғары
екенін көрсете отырып, дін мен суицид туралы жалпылауды күшейтті.
Ғалымдар бірнеше индуктив пайымдау формасының негізділігін баға-
лаудың логикалық ережелерін жасады. Шынында да, әлеуметтік ғылым-
дар әдіснамасы, негізінен, зерттеу жүргізу және білімге қойылатын та-
лаптарды бағалаудың логикалық ережелері мен процедуралары жүйесі.
Біз кітап бойынша, мысалы, себеп-салдарлық байланыстарды шығаруға
арналған критерийлерді (төртінші тарау), әлеуметтік өлшемдердің се-
німділігі мен жарамдылығын анықтау құралдарын (бесінші тарау) және
іріктеме статистикасы бойынша негізгі жиынтықтың сипаттамасын ба-
ғалауға қатысты негіздерді (алтыншы тарау) талқылағанда логикалық
принциптермен таныстырамыз.
Күші немесе ықтималдығы бойынша өзгеруі мүмкін индуктив қо-
рытындыдан айырмашылығы, дедуктив қорытындылар жарамды не-
месе жарамсыз болады. Қорытынды логикалық түрде жалпылама ұй-
ғарымнан туындайды не керісінше; гипотеза (Дюркгеймнің гипотеза-
сы сияқты) логикалық түрде фактілермен үйлеседі немесе үйлеспейді.
Гипотезалар мен теорияларды бағалаудағы бірінші маңызды қадам –
логикалық пайымдаулардың дедуктив жарамдылығын немесе негізділі-
гін тексеру. Алайда гипотеза немесе теория логикалық түрде фактілермен
үйлесімді болса, бұл оның еш күмәнсіз дұрыс екенін білдірмейді. Логика
тұрғысынан кейбір басқа гипотезалар осы фактілерді жақсы түсіндіре
алады. Мысалы, әлеуметтанушы Артур Стинчкомб (1968) Дюркгеймнің
әлеуметтік интеграция теориясынан басқа түсіндірмелердің де протес-
танттарда суицид деңгейінің жоғары болуын түсіндіре алатынын айтады.
Бұл бақылауды «олардың кәсібі арқылы, протестанттық теологиядағы
суицидке аз көңіл бөлетіні, қиыншылық пен дағдарыс уақытында әр ка-
толик дінінде шіркеуге келіп, ғибадат ету мүмкіндігінің бар екенін көрсе-
ту және тағы басқа фактілер арқылы түсіндіруге болады» (18).
Шынтуайтында, Дюркгейм өзінің гипотезасын қолдауды бірнеше жол-
мен: әртүрлі протестант және католик елдердегі айырмашылықтарға
қатысты деректер жинап, түрлі деректер жиынтығын көбейту арқылы;
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
61
отбасы құрғандарға қарағанда жалғызбастылардың арасында суицид
деңгейінің жоғары және парламенттік дағдарыс кезеңінде суицид деңге-
йінің төмен екенін көрсетіп, әртүрлі болжамдарды сынау арқылы және
психикалық ауру түсіндірмесін ескермеген нәтижелерді көрсетіп, негізгі
балама түсіндірмелерді жою арқылы одан әрі күшейтті. Алайда ғылым-
да гипотезаны сынаудың іс жүзінде ешқашан шегі болмайды. Дәлелдің
қаншалықты күшті болғанына қарамастан, дәлел әрдайым дұрыс және
гипотеза қате болуы мүмкін. Сондай-ақ дәлелдің өзі де қате болуы ықти-
мал. Осы мүмкіндіктерді болдырмау үшін ғалымдар (1) «растаушы дәлел-
дердің үлкен және әртүрлі ауқымын қалыптастыру үшін, не бар болған
жағдайда терістеуші дәлелдерді табу үшін» қайта-қайта зерттеу жүргізуі
және (2) нақты әрі біржақты емес дәлелдерді қамтамасыз ету үшін бар-
лық қажетті сатылардан өтуі қажет (Salmon, 1973: 116). Келесі тараулар-
да осы сатыларды қарастырамыз. Ал әзірге дәлелдерді жинау және баға-
лау кезінде ғалымдар ұстанатын үш негізгі принципті сипаттаймыз: эм-
пиризм, объективтілік және бақылау.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Дедуктивпайымдау, гипотезаны теориядан шығару кезіндегі сияқты, жарамды немесе
жарамсыз болады; индуктивпайымдау, белгілі бір бақылаудан шығатын жалпылаудағы
сияқты, бақылаудың ауқымына қатысты азды-көпті негізделген.
Эмпиризм
Жоғарыда атап өткеніміздей, ғалымдар өзін бақылау жүргізу арқылы ше-
шілуі мүмкін проблемалар және зерттеулермен шектейді. Бұл ғылыми
ізденістің эмпиризмге негізделгенін білдіреді. Эмпиризм – сезім мүше-
леріміз, яғни көру, есту, дәм тату, иіс сезу және сипап сезу арқылы сезі-
нетін нәрселерге тікелей немесе жанама түрде байланысты әлемді тану
немесе түсіну тәсілі. Басқаша айтқанда, ақпараттың немесе деректердің
фрагменттері ғылымда қалыпты сезіну мүшелері, интеллекті және ма-
шықтары бар адамдармен белгілі бір жағдайларда байқай немесе «сезі-
не» алатын дәрежеде ғана қабылданады. Мысалы, Клэр Селтиц, Лоуренс
Райтсман және Стюарт Кук (1976) адамдар бейсболды көзбен көре алса
да, нейтронды көре алмайтынын атап өтті. Алайда «адамдар нейтрон-
дардың фотографиялық көрінісінде қалған ізін бақылай отырып, оларды
жанама түрде көре алады. Қалыпты жағдайда адамдар ізді үнемі бақы-
лай алмайды. Із бақылау жүргізуге немесе ұстап көруге болатын дәнеңе
қалдырмайды. Осылайша бізде із туралы емес, бейсбол және нейтрондар
туралы ғылыми теориялар ғана болады» (22). Сондықтан ғылым эмпи-
ризмге негізделген деп айтқанда ғылыми гипотезаны немесе теорияны
қолдайтын немесе терістейтін дәлелдің сезім мүшелері арқылы бақыла-
нуы керек екенін білдіреді.
ҒЫЛЫМНЫҢ ТАБИҒАТЫ
62
Бұл тұжырым беделге, дәстүрге, ашуға, интуицияға немесе өзге де эм-
пирикалық емес тәсілдерге өзге талпыныстарда (мысалы, теология мен
философия сияқты) қабылдануы мүмкін танымның ғылыми дәлелі ретін-
де қолдануға болмайтынын білдіреді. Ғалымдар әлем туралы мәлімдеме-
ні немесе жалпылауды билік немесе сарапшы оны дұрыс деп танығаны,
яки дәстүрге сай әрі ақылға қонымды деп айтылғаны үшін, не интуитив-
ті түрде шын сияқты болғандықтан қабылдамайды. Джеффри Кейзер,
Кеннет Кук және Уэйн Кроуч (1998: 17) атап өткендей:
дәлел өте маңызды. Егер жақсы жүргізілген зерттеу нәтижелері
биліктікімен үйлеспесе, онда билік қателескен болуы мүмкін. Бір
сарапшы үшін осы пайымға қарсы шығудың жақсы әдісі – өзге
зерттеу жүргізу. Яки екі зерттеу нәтижелері бір-біріне қайшы келе-
тін болса, мәселені шешу үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет.
Мәселе мынада: әлем туралы білімді біреудің әлем туралы көзқа-
расына қарап емес, әлемді мұқият бақылау арқылы алуға болады.
«Бақылауға болатын» және «эмпирикалық» деген терминдердің фи-
лософияға қарағанда ғылымдағы мағынасы әлдеқайда кең екенін айта
кеткеніміз абзал. «Бақылауға болатын» деген термин философ үшін сезім
мүшелері арқылы тікелей қабылдауға болатын «қызыл», «дөңгелек» не-
месе «ыстық» сияқты қасиеттерге қатысты. Ғалым үшін «бақылауға бо-
латын» дүниелер қабылданатын өлшемдердің нәтижесімен байланысты
болуы мүмкін. Мысалы, ғалым Фаренгейт бойынша 98,6° температураны
бақылауға болады деп санайды. Себебі ол термометрдегі сынап бағана-
сының биіктігіне байланысты болуы мүмкін. Алайда мұны философ ба-
қылай алмайды, өйткені мұндай шаманы сезім мүшелері арқылы тікелей
қабылдау мүмкін емес. Адам температураны тікелей сезе алмайды не
«көре» алмайды. Есесіне ол термометрдегі көрсеткішті ғана көре алады
(Carnap, 1966). Осылайша ғылымдағы эмпиризм көбіне жанама бақылау
формасында болады, соған сәйкес көмек құралдары қолданылады, әрі
ғалымның бақылау қабілетін кеңейтеді. Дюркгейм қолданған суицид ту-
ралы ресми статистика сияқты, басқалар жасаған бақылау жазбалары да
эмпирикалық деректер болып саналады.
Объективтік
Эмпирикалық дәйектер ғалымдардың қатысуынсыз жасалады деген түсі-
нік бар. Сондықтан кейде ғалымдар объективті болады не болуы керек
деп саналады. Алайда терминнің әдеттегі мағынасындағы (эмоциядан,
болжамнан немесе жеке біржақты пікірден ада бақылауды білдіретін)
объективтілік сирек кездеседі. Әлеуметтік психологтар әлемді «сол кү-
йінде» көрмейтінімізді көрсетті. Керісінше, біз қалай көруді үйренеміз.
Көзімізге түсетін жарық толқындары ақыл-ойымыз арқылы түсіндірілуі
керек, оған қоса, интерпретация мәдениетіміз бен тілімізді, сеніміміз бен
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
63
үмітімізді қамтитын, бұрын сіңірген біліміміз бен қазіргі тәжірибеміздің
жиынтығына тәуелді. Осылайша әлемді бақылауымыз, нақтырақ айтсақ,
интерпретация белгілі бір дәрежеде саналы бақылауымызға кірмейтін
факторлармен бұрмаланады. Осы себепті ғалымдар бұрмаланбаған ба-
қылау жүргізу мағынасындағы объективтіктің іс жүзінде мүмкін емес
екенімен келіседі.
Бақытымызға қарай, ғалымдар «объектив» терминіне шектеулі және
әлдеқайда пайдалы мағына үстейді. Ғалым үшін бұл жай ғана бақылау
нәтижелеріне келісуді білдіреді. Басқаша айтқанда, бірдей жағдайда жұ-
мыс істейтін екі немесе одан да көп тәуелсіз бақылаушының бірдей нәр-
сені немесе оқиғаны бақылауына келісуі мүмкін болуы керек. Осы үшін
«интерсубъектив сынау мүмкіндігі» деп аталатын техникалық термин
қолданылады. Доэрти мен Шемберг (1978: 5) оны әлеуметтік зерттеуде
қолданудың келесі мысалын келтіреді:
егер сіз сыныпқа екі бақылаушыны жіберіп, олардан баланы
«қастық» шкаласы бойынша бағалауды сұрасаңыз, онда екі түрлі
көрсеткіш шығады деп күтуіңіз мүмкін. Қастық ұғымын әртүрлі
түсіндіруге болады. Сондықтан бақылау аса объективті болмайды.
Басқа тараптан келсек, бақылаушыларға белгілі бір баланың басқа
балаларды қанша рет ұрғанын не соққанын санауға нұсқау беріп,
ұру не соққы беру сөзінің нені білдіретінін анықтадыңыз яки ба-
қылаушыларға бұл сөзге нақты анықтама беру үшін оқу фильмін
көрсетіп, содан кейін оларды бақылау жасауға жібердіңіз дейік. Ба-
қылаушылардың арасында келісімнің жоғары деңгейін қамтамасыз
етуіңіз мүмкін. Бұл – объективтік.
Объективтік талаптарына байланысты ғалымдар бақылау жүргізудің
логикасы мен әдістерін басқа ғалымдар зерттеуді бағалай алатындай
және қайталай алатындай етіп баяндай отырып, зерттеулерін егжей-
тегжейлі сипаттауы қажет. Осылайша өзгелер зерттеушінің субъективтігі
тұжырымдарды бұрмалаған не бұрмаламағанын өздері шеше алады. Са-
йып келгенде, «объективтік – әрқайсысы басқалардың пікірін өткір сы-
науды ұсынатын ойшылдар қауымдастығының өнімі. Осы сын процесі-
не қатысқан кез келген ғалым қателесуі мүмкін, олардың әрқайсысында
өзіне тән интеллектуалдық немесе эмоциялық сыңаржақ пікір болады»
(Nagel, 1967: 9–10).
Қазір кейбір сарапшылар Дюркгеймнің дәлелдерді ұсынуы мен түсін-
діруі күмәнді деп санайды. Дегенмен бұл оның қосқан үлесін азайтпай-
ды. Мысалы, Родни Старк пен Уильям Симс Бейнбридж (1996) Дюркгейм
кейбір неміс штаттарындағы протестанттарға қарағанда католиктер
арасында суицид деңгейінің жоғары болғанын қоса есептегенде, қарама-
қайшы деректерді саналы түрде елемегенін, Еуропада суицид дең-
гейі ең төмен протестант мемлекет Англия туралы жалған ақпарат
ҒЫЛЫМНЫҢ ТАБИҒАТЫ
64
бергенін айтады. Дюркгеймнің дидактикалық мақсаты әлеуметтану-
ды ғылыми пән ретінде заңдастыру болғандықтан, суицид деңгейіндегі
девианттық туралы толық емес және субъектив түсіндірме ұсынды. Ол
әлеуметтік себептермен шектеліп, осы күрделі құбылысқа ықпал ететін
факторлардың бәрін елемеді (D.P. Phillips, Ruth and MacNamara, 1994).
Дюркгейм мұндай біржақты пікірлерді жоққа шығарып, суицидтің әлеу-
меттік емес себептері эмпирикалық тұрғыдан қолдау таппады деп айтуы
мүмкін. Объективтікті анықтау мен ғылыми білімді қабылдау, шынтуай-
тында, ғылыми қауымдастықтың пайымдауына байланысты (2.2-қосым-
шадан ғылымның қоғамдық сипаты оның объективтігіне қалай ықпал
ететіні туралы мысалды қараңыз).
Бақылау
Жоғарыда айтқанымыздай, кейбір біржақты пікірлер сөзсіз ықпал етуі
мүмкін, өйткені тілдің өзі біздің әлем туралы түсінігімізді қалыптасты-
рады. Ғалымдар зерттеу барысында өз бақылау зерттеулерінің дұрысты-
ғына сенімділікті барынша арттыру үшін біржақты пікірлерді азайтуға
тырысады. Мұның бірнеше тәсілі бар. Біржақты пікірлерге жол бермей-
тін бақылау процедураларын пайдалану – ғылыми зерттеуді себеп-сал-
дарлы бақылаудан ажырататын басты тәсіл. Шын мәнінде, бақылау
принципі осы кітаптың өзге бөлігінде ұсынылған барлық процедура мен
техниканың негізінде жатыр. Бұл принципті ғалымдар қалай қолдана-
тынына көз жүгірту үшін медициналық зерттеудегі қолданысын қарас-
тырайық.
ХХ ғасырға дейін барлық дәрі-дәрмектің емделушілерге біраз пайдалы
фармакологиялық әсері болды (Shapiro, 1960). Дәрі-дәрмектердің қандай
оң әсері болса да, бұл емделушілердің осыған сенгеніне яки адамдардың
қандай ем алғанына қарамастан, көп аурудан табиғи жолмен айыққаны-
на байланысты болған шығар. Дәрілердің көбі фармакологиялық тұрғы-
дан тиімсіз болса, неге көп адам олардың пайдалы екеніне сенді? Мұның
жауабы осындай сенімдер сүйенетін қате дәлелде болуы мүмкін. Мыса-
лы, бір кездері суық тұзды суы бар ваннаға түсу жоғары температурасы
бар адамдар үшін пайдалы деген пікір кең таралған. Бұл сенім осы емді
қабылдаған адамдардың жағдайының жақсаруына қатысты бірнеше рет
жасалған бақылауға сүйенген сияқты. Бірақ бұл дәлел емнің жарамды-
лығын анықтау үшін жеткіліксіз, өйткені суық тұзды суы бар ваннаны қа-
былдамаған адамдардың да дәл осылай емделуі мүмкін. Емделушілердің
жағдайын осы емді алмаған бақылау тобындағы жағдаймен салыстыр-
май, бақылау жасалған емделуді емге жатқызуға болатыны туралы ше-
шім қабылдау үшін рационал негіз жоқ (Nagel, 1967).
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
65
2.2-қосымша. Ғылыми алаяқтық туралы кейс
Ғылымның қоғамдық сипатының маңызы мен оның объективтікке қалай
ықпал ететінін британдық психолог Кирил Берттің зерттеулерді бағалаған
және қайта талдаған жұмысынан көруге болады (Kamin, 1974; Dorfman,
1978; Lewontin, Rose and Kamin, 1984). Берт бірнеше жылдар (1930 жыл-
дардан 1960 жылдарға дейін) интеллект және оның генетикалық негіздері
бойынша ғылыми зерттеу жүргізген ықпалды тұлға болды. Оның біржұ-
мыртқалық егіздер туралы зерттеуі интеллект, негізінен, тұқымқуалау-
шылықпен анықталады деген теорияның негізгі көзі болды. Осы теория-
ны жақтаушылар Берт деректеріне бірнеше себепке байланысты нанды
(Lewontin, Rose, and Kamin, 1984: 101). Біржұмыртқалық егіздердің генде-
рі бірдей болғандықтан, интеллект сияқты ерекшеліктің тұқымқуалаушы-
лыққа негізделгенін көрсетудің бір жолы – бір ортаны бөліспейтін егіздер-
ді зерттеу болды. Егер олар бір-біріне ұқсас болса, бұл ұқсастық логикалық
түрде гендерінің бірдей болуымен түсіндіріледі. Берт бір-бірінен бөлек
өскен егіздердің ақыл-ой коэффициенті арасында өте жоғары корреляция
бар екенін көрсетті. Бұл оның тұқым қуалау аргументін растады. Сонымен
қатар оның деректері бұрын-соңды зерттелмеген бір-бірінен бөлек өскен
егіздердің ең үлкен іріктемесіне негізделді. Сонымен қатар қоршаған ор-
тасы әрдайым ұқсас бір-бірінен бөлек өскен бір жұмыртқалы егіздерден
айырмашылығы – Берттің зерттеуіндегі бір-бірінен бөлек өскен егіздердің
қоршаған ортасы әртүрлі болды. Бұл соңғы айтылған тезис тұқымқуалау-
шылық аргументі үшін өте маңызды, өйткені ол IQ балындағы корреля-
цияның жоғары болуын генетикалық ұқсастық емес, қоршаған ортаның
ұқсас болуымен түсіндіретінін жоққа шығарады.
1970 жылдардың басынан бастап Берттің жарияланған зерттеулері мұ-
қият тексеріліп, шындыққа жанаспайтын және қарама-қайшы нәтиже-
лер анықталды. Мысалы, Берт бір-бірінен бөлек өскен егіздер туралы өз
деректерін жариялаған сайын егіздер жұбының саны артқаны айтылды:
1955 жылғы бірінші толық есепте 21 болса, 1958 жылы «30-дан астам» бол-
ды және 1966 жылғы соңғы есепте 53-ке дейін артты, ал IQ балдары ара-
сындағы корреляция өзгеріссіз (0,771) қалды. Сонымен қатар бұл IQ балы
корреляциясының үшінші ондыққа дейін өзгеріссіз қалуы таңғаларлық
еді, сондай-ақ бұл Берт бірге өскен біртұқымды егіздердің және туыста-
рының басқа түрлері туралы жариялаған статистикаға сәйкес келді. 1979
жылы Берттің көптен күткен және мұқият зерттелген өмірбаяны шық-
қанда, оның алаяқтық жасағанына еш күмән қалмады. Кітапта табылған
дәлел Берттің егіздер туралы зерттеуін жариялағанда ешқандай дерек жи-
намағанын және сызбаларды ойдан құрастырғанын көрсетті.
Бақытымызға қарай, ғылымда алаяқтық өте сирек кездеседі. Оған ғы-
лымның қоғамдық сипаты жол бермейді. Берт ықпалды болғандықтан,
ҒЫЛЫМНЫҢ ТАБИҒАТЫ
66
ғалымдар көп жыл оның зерттеу нәтижелерін, әсіресе өз теориясының
қолдау тапқанын қалайтын тұқымқуалаушылықты зерттейтіндер сын тақ-
пастан қабылдады. Бұл басқа адамдардың жұмысын бағалауда көрініс тап-
қан субъектив элементті көрсетеді. Бірақ бұл интерсубъектив пайымдау-
лар түзету мен қайта қарау үшін негіз болады. Міне, ақыр соңында Берттің
жұмыстарын қоғам алдында мұқият тексеру ол ұсынған деректердің ғылы-
ми дәлел ретінде қабылданбауына әкелді.
Дегенмен тіпті мұндай салыстырудың өзі жаңа емнің немесе дәрі-
дәрмектің тиімділігін тексеру үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Емделуші
топты мүлдем ем қабылдамайтын топпен салыстырғанда дәрі-дәрмек-
тің қандай да бір түрін қабылдаудың психологиялық әсерін бақылау әлі
де мүмкін емес. Медициналық практиканың елеулі бөлігі дәрігер мен
пациенттің дәрі-дәрмектердің емдеу қабілетіне деген сеніміне сүйенеді.
Мысалы, натрий хлориді сияқты инертті затты немесе «плацебо» деп
аталатын шақпақ қантты қабылдаған адамдардың реакциясы шын дәрі-
дәрмек қабылдаған адамдар сияқты жағымды болғаны байқалды. Сон-
дықтан плацебоның әсерін бақылау маңызды. Медициналық зерттеуде
жиі кездесетін тәсілдердің бірі – «қос анонимдік техникасы» ізденісін
қолдану.
Қос анонимдік зерттеуінде бірнеше дәрігерден емделушілерге сы-
нақтан өткен дәріні тағайындап, егу сұралады. Зерттеуші дәрігерлерге
нөмірленген және бір емделушіге ғана жететін жеке ампуладағы дәріні
береді. Ампуланың бір жартысында шын дәрі, ал екінші жартысында пла-
цебо бар. Дәрігерлер де, емделушілер де қай дәріні алып жатқанын біл-
мейтіндіктен, олардың дәріге қатысты сенімдері дәрінің тиімділігіне әсер
етпейді. Яғни шын дәріні қабылдайтындар мен плацебо қабылдайтындар
арасындағы кез келген айырмашылықты дәрігерлердің де, емделушілер-
дің де дәріге қатысты күтуімен байланыстыруға болмайды.
Дегенмен қос анонимдік техникасы процедурасы қолданылса да, ин-
терпретацияның өзге де мәселелері туындауы мүмкін. Осы мәселелер-
дің ішіндегі ең маңыздысы адамдардың әртүрлі болуынан туындайды.
Олардың емдеу әдістері мен дәрі-дәрмектерге деген реакциясы әртүрлі
болады, сондықтан көптеген дәрі-дәрмек 100% тиімді болмайды. Сон-
дықтан сынақ жүргізу үшін емделушілерге пайдаланған дәрі әсер ет-
пеген болса, зерттеуші дәрінің тиімділігін жете бағаламауы мүмкін; ал
емделушілер дәрі әсер еткен кісілер болса, зерттеуші дәрінің тиімділігін
асыра бағалауы мүмкін. Осы орайда әлеуметтік зерттеушілер алтыншы
және жетінші тарауларда талқылайтындай, кездейсоқ сұрыптау проце-
дураларын, яғни осы мәселені бақылап, зерттеу нәтижелерін түсіндіре-
тін әдістерді әзірледі.
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
67
Зерттеу нәтижелеріне көбіне әртүрлі интерпретация жасауға бо-
лады. Бақылау идеясының мәні мынада: зерттеушіні қызықтыратын
түсіндірмелерден басқасының бәрін тиімді түрде жоққа шығаратын
процедураларды қолдану. Медициналық зерттеуде бұл плацебо топта-
ры түрінде болады және қос анонимдік техникасы дәрігерлер мен ем-
делушілердің үміті емдеудің тиімділігіне ықпал ету мүмкіндігін жоқ-
қа шығаруға арналған. Көріп отырғаныңыздай, әлеуметтік зерттеуде
бақылау тұжырымдамасын қолданудың көп формасы бар. Дюркгейм
деректерді талдау арқылы балама түсіндірмелерді бақылаған алғаш-
қы әлеуметтанушылардың бірі болды. Атап өткеніміздей, ол алдымен
протестанттар мен католиктердің үлесі әртүрлі елдер арасындағы суи-
цид деңгейін зерделеп, содан кейін нақты елдердегі протестант пен
католик халқының үлесі әртүрлі болатын аудандарды қарастырып,
дін мен суицидтің деңгейі арасындағы өзара байланыс талдауын қай-
талады. Ол елдер ішіндегі дін мен суицидтің арасындағы байланысты
талдай отырып, елдер арасында өзгеретін кейбір факторларды бақы-
лады. Швейцария кейсінде ол кейбір француз және неміс тілдерінде
сөйлейтін аудандардың көбі католик, ал басқалары, негізінен, протес-
тант болғанын есепке алды. Бұл «оған суицидке діннің әсерін зерттеу
кезінде тілдің де, ұлттың (нәсілдің) да әсерін тұрақты ұстап тұруға»
мүмкіндік берді (Selvin, 1965: 114).
Әлеуметтік зерттеудегі өзге бақылау процедураларына мыналар кіре-
ді: (1) бақылаушылар арасындағы келісімді (яғни объективтілік) тексеру
үшін ғана емес, сонымен қатар кез келген нақты бақылаушының жеке
біржақты пікірлерін қадағалау үшін бірнеше тәуелсіз бақылаушыны пай-
далану; (2) зерттеушінің нақты нені зерттеп жатқанын білген жағдайда
жауабын өзгертуі мүмкін субъектілерден ақпаратты жасыру; (3) бақы-
лаушылар тарапынан жіберілетін қателер мен олқылықтарды болдырмау
үшін диктофон және есепке алғыш құрылғыларды немесе жүйелі бақы-
лау жүргізу әдістерін қолдану. Әлеуметтік зерттеулерге назар аударатын
болғандықтан, осындай техникалармен ғана емес, сондай-ақ осы тех-
никалар бақылайтын қателер мен біржақты пікірлердің шығу көздерін
анықтауға көмектесеміз.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Ғылыми зерттеу эмпиризмді (бақыланатын дәлелге сүйену), объективтік (екі немесе
одан да көп адамның бақылау бойынша келісімге келуі) және бақылауды (қате мен
біржақты пікірлерді жоятын процедураларды қолдану) басшылыққа алады.
Ғылыми зерттеуге сын
Бұл тарауда біз ғылыми процесті талдаған көп философтың эпистемоло-
гиясын ұсындық. Алайда кейбір әлеуметтанушылар бұл эпистемология
ҒЫЛЫМНЫҢ ТАБИҒАТЫ
68
әлеуметтік зерттеулерге қолданылмайды немесе қолданылмауы керек
деп санайды. Кем дегенде, басқалардың пікірінше, бұл әлеуметтанушы-
лардың іс жүзінде жасайтын істеріне қатысты шындыққа жанаспайтын
әсер қалдырады. Мұндай көзқарастар бір маңызды фактіні мойындамай-
ды деп санаймыз: бұл зерттеу моделі барлық ғалымның жұмысын, тіпті
олар идеал болмаса да, оларды біріктіріп, бағыт береді. Дегенмен кейбір
мәселелерге, сондай-ақ ғылымдағы, әсіресе әлеуметтік ғылымдар тәжі-
рибесінде бар кейбір маңызды шындықтарға назар аудармасақ, мұны
елемегендей болар едік.
Ғылыми зерттеудің идеалы мен шындығы
Ғылым туралы бірнеше идеал көзқарасты ұсынғанымызды атап өтке-
німіз жөн. Бірінші шындық – әлеуметтік ғылымдарда теориялық білім
жақсы дамымаған. Кейбіреулер әлеуметтік ғылымдардың бірнеше төмен
деңгейлі принциптерді ғана қалыптастырғанын, жоғарыда зерделенген
идеал газ заңымен салыстыратындай нақты ештеңе жоқ екенін айтады.
Нәтижесінде осы тарауда қолданылған логикалық дедукциялар немесе
жаратылыстану ғылымдарында жиі кездесетін математикалық теңдеулер
әлеуметтік ғылыми теорияларға қарағанда әлдеқайда ресми деп айтыла-
ды. Сонымен қатар «ғылыми теорияны» сынауға болатын гипотезаларды
шығаруға болатын бір-бірімен өзара байланысты ұйғарымдар жиынтығы
ретінде сипаттаған болсақ та, бұл терминнің әлеуметтік ғылымдардағы
мәні әлдеқайда төмен. Бұл салаларда теория құбылыстарға түсіндірме
ретінде ұсынылған абстракт идеялардың барлық түріне қатысты болуы
мүмкін және «теория» мен «гипотеза» терминдерін бір-бірінің орнына
қолдану жиі кездеседі.
Сондай-ақ ғылым туралы идеал көзқарас мәңгі қызмет етуі мүмкін де-
ген ғылыми теорияға қатысты кең таралған қате түсініктен арылу маңыз-
ды. Яғни ғылыми тұрғыдан пайдалы деп санау үшін теорияларға дәл бол-
жам жасаудың қажеті жоқ. Ғылыми болжамдардың құпталуы өте сирек.
Әрқашан белгілі бір дәрежеде қате болады. Қатенің қанша болатыны
теорияның да, зерттеу технологиясының да даму деңгейіне байланысты.
Бұл екі салада да ілгері дамыған физикалық ғылымдардағы теориялық
болжамдардың неге әлеуметтік ғылымдарға қарағанда әлдеқайда дәлі-
рек екенін түсіндіреді. Алайда дәлдік дәрежесінің аз болуы әлеуметтік
ғылымдар теориясының ғылыми емес екенін білдірмейді. Барлық ғы-
лымдарда бәсекелес теориялар арасындағы шешімдердің тек қана бақы-
лау дәлеліне сүйенуі сирек кездеседі. Теориялар болжамдарының дәлдігі
тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге олардың түсіндіру ауқымы мен ло-
гикалық жүйелілігі тұрғысынан да салыстырылады.
Біздің ғылым туралы идеал сипаттамамыз ғылыми зерттеу практикасы
туралы кейбір біржақты түсініктердің де пайда болуына ықпал етуі мүм-
кін. Ғылыми зерттеулер теориядан гипотезаға, бақылаудан жалпылауға
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
69
және әрі қарай бір ізбен жүруі сирек. Ғылыми зерттеу баяндамалары осы
форматты ұстанады, бірақ бұл, негізінен, өткенге шолу жасау мен көпте-
ген шараның жиынтығының нәтижесі. Керісінше, зерттеу барысы ешқан-
дай сценарийге бағынбайтын жүйесіз және айналмалы болады. Мысалы,
ғалым теориялық дедукциядан, дедукцияны сынаудан бастауы, оның рас-
талмағанын анықтап, қайшы нәтижелерді ойластыруы, теорияны қайта
қарап, жаңа теориялық дедукцияны сынауы мүмкін және т.б. Яки ғалым
күнделікті өмірдегі бір мәселені қарастырудан бастайды, болжамды бай-
ланыс туралы негізделген болжам жасай алады, осы байланысты зерттеп,
оның шындыққа жанаспайтынын анықтай алады, идеяны қайта қарап,
әрі қарай зерттеу үшін жаңа гипотезаны тұжырымдай алады.
Әлеуметтанушы Уолтер Уоллес (1971: 18–19) ғылыми зерттеу
процесінің (1) кейде тез, кейде баяу; (2) кейде ресмилендіру мен
қатаңдықтың өте жоғары дәрежесімен, кейде мүлдем бейресми, аң-
даусыз және интуитивті түрде; (3) кейде бірнеше ғалымның белгілі
рөлдерде (мысалы, «теоретик», «зерттеу жетекшісі», «сұхбаттасу-
шы», «әдіскер», «іріктеу бойынша маман», «статист» және т.б.) өза-
ра әрекеттесуі арқылы, кейде бір ғана ғалымның күш-жігері арқы-
лы және (4) кейде ғалымның қиялында, кейде, шын мәнінде, жүруі
мүмкін екенін айтады.
Көріп отырғаныңыздай, ғылыми жұмыста механикалық немесе бағ-
дарламаланған ештеңе жоқ. Теорияны дамыту, гипотезалардың эмпи-
рикалық сынақтарын құру және сынақ жүргізу үшін әдістерді қолдану –
осының барлығы ұшқыр қиял мен қырағылықты талап етеді, кейде толқу
мен түңілуге алып келуі мүмкін.
Бұл соңғы бақылау бізді ғылыми практиканың шынайы аспектісіне қа-
рай жетелейді. Озық көзқарас бойынша, ғалымдар әлемде тәуелсіз және
бейтарап бақылаушы ретінде сипатталса да, ғылымда субъектив элемент
кең тараған. Ғалымдар әлеуметтік әлемнің немесе табиғат әлемінің пас-
сив бақылаушылары ғана емес. Керісінше, олар әлеуметтік ортақ идеялар
мен ұйғарымдарға сүйене отырып, көрген нәрсесін түсіндіреді. Ғалымдар
дербес болудың орнына, өз жұмыстарына кең пейілмен қарайды. Бұл
олардың өз идеяларына қайшы келетін дәлелдерді елемеуіне немесе қа-
былдамауына әкелуі мүмкін. Шындығында, мұндай пейіл бүкіл ғылыми
пәндерге әсер етуі мүмкін. Көптеген қарама-қайшы дәлелге қарамастан,
пәндердің ұзақ уақыт бойы теорияларға сүйенетіні, негізгі теориялардың
ұзақ уақытқа созылған «ғылыми революциялардан» кейін ғана ығысты-
рылатыны көрсетілді (Kuhn, 1962).
Бұл объективтілік туралы алдында айтқан көзқарасымызды нығайта-
ды. Яғни ғылыми нормалар және ғылыми қауымдастықтың мұқиятты-
лығы мен скептицизмі объективтілікті қанша арттырса да, жеке құнды-
лықтар мен біржақты пікірлердің әсерін толығымен жою мүмкін емес.
ҒЫЛЫМНЫҢ ТАБИҒАТЫ
70
Құндылық пайымдамалары мәселені таңдауға, зерттеу процедуралары
туралы шешім мен нәтижені интерпретациялауға ықпал ете отырып,
ғылыми зерттеуге бірнеше жолмен енеді. Мысалы, 1970 жылдардың ор-
тасында көп ғалым сексизмнің әлеуметтік зерттеулерге әсеріне назар
аудара бастады. Олар гендерлік айырмашылықтардың көбіне ескеріл-
мегенін, біржынысты зерттеудің екі жынысқа да бірдей ұсынылғанын,
мәселелердің таңдалып алынғанын және әйелдерді толық адам субъек-
тілері ретінде емес, пассив объектілер ретінде қарастыратын ерлердің
үстем көзқарасы тұрғысынан түсіндірілгенін атап өтті (Eichler, 1988).
Бұл мәселелерді айтарлықтай дәрежеде түзетуге болады деп ойлаймыз,
өйткені ғылыми зерттеудің табиғаты өзін сынауға мүмкіндік береді
(Sprague and Zimmerman, 1989). Ғалымдар зерттеулерін дұрыс жария-
лап, ұйғарымдары мен біржақты пікірлерін мүмкіндігінше анық көрсе-
туге пейілді болса, онда басқалар зерттеу нәтижелерін сыни тұрғыдан
қарастыра алады. Ғалымдар балама түсіндірмелер мен балама зерттеу
стратегияларын қарастыра отырып, өзін-өзі түзете алады.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Ғалымдардың жеке құндылықтары таңдаған зерттеуіне, зерттеу жүргізу әдісіне және
дәлелдерді қалай түсіндіретініне әсер етуі мүмкін.
Әлеуметтік ғылымның балама модельдері
Атап өткеніміздей, кейбір ғалымдар әлеуметтік «ғылыми» зерттеуді жа-
ратылыстанумен салыстыруға сын көзбен қарайды. Жаратылыстану мо-
делінің кейбір сыни ескертулері әлеуметтік ғылым пәндерінің өзі сияқты
көне. Алайда ХХ ғасырдың аяғындағы екі оқиға осы модельдің өміршең-
дігіне қарсы шығуға себеп болды. Еуропада әлеуметтік теоретиктер ара-
сында ғылыми білімнің табиғаты туралы философиялық мәселелерді тал-
қылаған бір оқиға болды (e.g., Agger, 1991; Seidman and Wagner, 1992).
Әртүрлі ой мектептері бірқатар сыни пікір білдірді:
Ғылым – статус-квоға қосылған үлесті көрсететінін, әлеуметтік
қатынастарды өзгерте алатын және әлсіздерге күш бере алатын,
бірақ экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге ықпал етпей-
тінін алға тартатын сыни теория.
Бақыланған заңдылықтар әрқашан уақыт пен мекенге байланыс-
ты болғандықтан, историцизм жалпы заңдардың болу мүмкінді-
гін жоққа шығарады (қараңыз: D’Amico, 1989; Gergen, 1973);
«Дискурс» мектебі тілдің білімді құрылымдап, шектейтін жолда-
рын баса айтады (қараңыз: Foucault, 1970; Rabinow and Sullivan,
1987);
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
71
Постмодернизм абстракт түсіндіру мүмкіндігін жоққа шығара-
ды, жүйелі эмпиризмнің тұғырын шайқайды және шындықтың
бір сипаттамасы екіншісіне қарағанда жарамды емес деп санай-
ды (Rosenau, 1992).
Олардың маңызды әдіснамалық салдарына қарамастан, бұл сындар
көп жағдайда философия мен әлеуметтік теорияға бағытталды. Сондық-
тан олардың әлеуметтік зерттеу практикасына әсері шектеулі болды.
Екінші оқиға сапалық зерттеулердің пайда болуы еді. Бұл тәсілдің
бастамашылары ХХ ғасырдың бірінші жартысында болғанына қарамас-
тан, «сапалық зерттеу» термині 1950–1960 жылдары пайда бола бастады
және ғасырдың соңғы ширегінде кең таралды (Allwood, 2012). Бүгінгі
таңда әлеуметтік зерттеу әдістері туралы пікірталас көбінесе сандық/
сапалық айырмашылықтар бойынша жүреді. Осы кітапта бұл айырма-
шылықтарға назар аудармаймыз деп шештік. Әлеуметтанушы Барбара
Хансон (2008: 97) сияқты, сандық және сапалық деп аталатын әдістер
арасындағы айырмашылықтар «шындықтан әлдеқайда айқын» және
олардың айырмашылығын тану нәтижесіз болуы мүмкін деп санаймыз.
Дегенмен сапалық зерттеулердің әлеуметтік ғылыми зерттеуге әсерін
жоққа шығаруға болмайды.
Жалпы қабылданған пікір бойынша, сандық зерттеу бақылауды сан-
дық мәнге айналдырады, ал сапалық зерттеу бақылауды қарапайым
тілден мәтіндік және визуалды бейне түрінде баяндайды. Бұл деректер
әртүрлі әдіспен жасалады және әртүрлі аналитикалық техникаларды қа-
жет етеді: сандық зерттеулер әдетте сауалнамаларды, эксперименттер
мен статистикалық талдауды қамтиды, ал сапалық зерттеулер далалық
зерттеулерді, терең сұхбаттарды, тарихи құжаттарды талдау мен мәтіндік
талдауды қамтиды. Сайып келгенде, сандық/сапалық бөлінісі туралы пі-
кірталастар көбіне әр тәсіл қолданатын эпистемология мен әдістер және
техникалар арасында байланысты орнатуға тырысады (Lincoln and Guba,
1985; Morgan, 2007). Осы салыстыру жасалғанда сандық зерттеулер осы
тарауда сипатталған жаратылыстанумен байланыстырылады.
Сапалық тәсілдің әртүрлі нұсқалары философиялық негіздері бо-
йынша ерекшеленеді (Allwood, 2012). Мұнда көптеген нұсқаның негі-
зінде жатқан үш эпистемиялық ұйғарымды қарастырамыз. Біріншіден,
сапалық зерттеудің негізгі принципі бойынша, адамның іс-әрекетін-
де әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдарын бір-бірінен түбегей-
лі өзгеше ететін ерекше қасиеттер бар. Жаратылыстану ғылымындағы
жансыз немесе адам категориясына кірмейтін объектілер өзін неме-
се өзі орналасқан және әрекет ететін ортаны немесе саланы түсіндіре
алады деп саналмайды (Gurwitsch, 1974: 129). Сондықтан табиғаттану-
шы зерттеу объектілері өз әлемін қалай түсіндіруі мүмкін екеніне қа-
рамастан, интерпретацияға жүгіне алады. Ал адам баласы алдын ала
ойланып әрекет етеді; оның әрекеттерінің мақсаты мен мағынасы бар.
ҒЫЛЫМНЫҢ ТАБИҒАТЫ
72
Осыған байланысты (зерттеу объектісінің өзі әлем туралы өз түсіндірме-
лерінің негізінде әрекет ететіндіктен) әлеуметтанушылар адамның мі-
нез-құлқын субъектінің көзқарасы шеңберінде түсінуге тырысуы керек.
Әйтпесе олардың әлеуметтік әлем туралы интерпретациясы қате немесе
ойға қонымсыз болады.
Екіншіден, жаратылыстану ғылымдары зерттеушіден тәуелсіз объек-
тив шындық туралы білімді дамытса, сапалық зерттеулер біздің әлемде
бақылайтын немесе әлем туралы білетін нәрсені әлеуметтік құрылым
деп санайды. Басқаша айтқанда, білім зерттелуін күтіп жатқан объектив
шындықты білдірмейді; керісінше, оны әлеуметтік акторлар қалыптас-
тырады немесе «құрады». Қасаңдау әлеуметтің конструктивизм тұрғы-
сынан алсақ, бір ғана шындық – біздің шындық туралы тұжырымдама-
мыз немесе оны қабылдауымыз; кең таралған пікір бойынша, тұжырым-
дамалар әлемдегі нақты бір нәрсеге сәйкес келеді (Brown, 1995). Екі жағ-
дайда да сапалық зерттеушілер әлеуметтік акторлардың шындық туралы
тұжырымдаманы қалай анықтап, қалыптастыратынына назар аударады.
Медициналық әлеуметтанушылардың ауру немесе сырқат деп таңыл-
ған нәрсеге «көбіне әлеуметтік келісілген» деген көзқарасы әлеуметтік
конструкционизмге мысал болады. Ауру туралы тұжырымдама тарихи
тұрғыдан зерттелгенде бұл айқын көрінеді. Жүйке бұзылуы сияқты кей-
бір аурулар қазір жоқ, ал созылмалы шаршау синдромы және фибромиал-
гия сияқты басқа аурулардың бар екені даулы. Өйткені «осы аурудан зар-
дап шегетіндердің айтуынша, мұны көп дәрігер нақты медициналық ауру
ретінде мойындай бермейді» (S70).
Үшіншіден, жаратылыстану ғылымының мақсаты – оқиғаларды жал-
пылау үшін әмбебап заңдарды дамыту болса, сапалық зерттеудің мақса-
ты – көбінесе әр оқиғаны немесе объектіні жеке мәдениетке және уақыт-
қа байланысты шындық ретінде суреттеу. Бұл мақсаттар номотетикалық
және идиографиялық түсіндірмелер арасындағы айырмашылыққа сәй-
кес келеді. Номотетикалық түсіндірмелер оқиғалар класы арасындағы
ортақ себептерді анықтайды. Идиографиялық түсіндірмелер белгілі бір
уақытта және белгілі бір жерде бір адамның немесе акторлар тобының
әрекеттерін түсіндіретін ерекше жағдайлардың жиынтығын сипаттайды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларында құқықбұзушылар қамау-
ға алынса, олардың қылмысты қайталау ықтималы төмен болады деген
гипотеза номотетикалық түсіндірмеге мысал болады. Бұл гипотеза көп
кейстерден алынған деректері бар бірқатар зерттеулерде ішінара рас-
талды. Мұны он үшінші тарауда талқылаймыз. Тұрмыстық зорлық-зом-
былықтың бір ғана актісін жасауға әкелген барлық факторлар мен жағ-
дайлар (жасы, жынысы, бұрын тұтқындалғаны туралы анықтама, жұмыс
істеу статусы және т.б.) туралы нарратив түсіндірме идиографиялық тү-
сіндірмеге мысал болады.
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
73
Рэндал Коллинздің (1989) жолын жалғастыра отырып, осы сыни ескерт-
пелер әлеуметтік ғылыми теория мен әдістің дамуына ықпал еткенімен,
олар негізгі ғылыми тәсілге нұқсан келтірген жоқ деп санаймыз. Мысалы,
көптеген әлеуметтік ғылыми сұраққа жауап бергенде субъектінің көзқа-
расын түсіну маңызды екенімен келісеміз. Шын мәнінде, адами емес және
адами акторлар арасындағы айырмашылықтың көптеген әдіснамалық
салдары бар. Адамдардың мінез-құлқының себептерін зерттей отырып,
оларға сұрақ қоя аламыз. Олардың көзқарасын білу үшін далалық зерттеу
жүргізетін зерттеушілер сияқты олардың әлеміне кіре аламыз. Сондай-ақ
адамдардың оларға сұрақ қойылып не бақылып жатқанын қалай білетіні
олардың не айтатынына және не істейтініне қалай әсер етуі мүмкін еке-
нін ескеруіміз керек. Сапалық тәсілге сәйкес, белгілі бір әдіснамалық тә-
сілдерді басқа тәсілдерге қарағанда адамның мотивациясы мен танымын
түсінуге анағұрлым қолайлы деп санаймыз. Алайда көптеген әлеуметтік
ғылыми мәселе мен талдау түрлері субъектінің әлеуметтік шындыққа қа-
тысты көзқарасын (мысалы, әлеуметтік тап тұрғысынан аурушаңдық пен
өлім-жітімнің айырмашылықтары) ескеруі міндетті емес. Зерттеушінің өз
талдауына субъектінің интерпретациясын енгізу немесе енгізбеуіне қара-
мастан, әрқашан әртүрлі әдіснамалық тәсілдерді қолданған дұрыс.
Сонымен қатар білім әлеуметтік түрде қалып деген идеяны қабылдау,
ғалымдар түсінуге ұмтылатын сырттағы шындықтың бар екенін жоққа
шығармайды. Білімнің әлеуметтік құрылымы әлеуметтік ғылымдарға ғана
емес, сонымен қатар жаратылыстану ғылымдарына да қатысты. Майкл
Линч пен Дэвид Боген (1997: 489) атап өткендей, «жаратылыстанушы-
лар табиғаттан тыс нәрсені тікелей бақыламайды, ал әлеуметтанушылар
адамдар қалыптастырған символдық жүйелерді зерттеумен айналысады».
Керісінше, «зертханада зерттелген деректер... күрделі құралдарды, ви-
зуал жазбаларды және интерпретацияны қажет етеді». Дегенмен зертха-
налық деректер сияқты әлеуметтік құрылымдар нақты дүниеге қатысты;
ғалымдар құбылыстарды нақты және әлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан
дүниелер ретінде зерттей алады. Эндрю Эбботт (2004: 189) зерттеушілер
тұжырымдамалар мен идеялардың әлеуметтік тұрғыдан қалай құрылға-
нын анықтағаннан кейін, келесі қадамның – «сол құрылымның нақты сал-
дарын» зерделеу екенін айтады. Питер Конрад пен Кристин Баркер (2010:
S77) ауруға қатысты былай дейді: «Аурудың анықтамасы мен емін құраған
әлеуметтік күштердің өзі – эмпирикалық тұрғыдан зерттелетін нақты құ-
былыс».
Сол сияқты түсіндірменің бір түрі екінші түрінің пайда болуына кедергі
келтірмейді. Ғылым әрдайым сипаттамадан басталады және бұл сипатта-
ма белгілі бір оқиғаның не себепті болғаны туралы нарратив түсіндірмені
(яғни идиографиялық түсіндірме) қамтуы мүмкін. Бірақ жаратылыстану
үшін сипаттамалар мен нарратив түсіндірмелер жеткіліксіз; түпкі мақ-
саты – нақты оқиғалар шеңберінен шығатын абстракт себеп-салдарлық
ҒЫЛЫМНЫҢ ТАБИҒАТЫ
74
түсіндірмелерін дамыту. Дегенмен идиографиялық түсіндірмелерді қам-
титын сипаттамалар – абстракт талдау арқа сүйейтін іргетас. Әлеумет-
тік өзгерістердің себеп-салдарлық түсіндірмелерін дамытуды қамтитын
салыстырмалы-тарихи талдау осыған айқын мысал болады. Номотетика-
лық түсіндірмеге жету үшін сарапшылар әдетте тарихи нарратив немесе
идиографиялық түсіндірмелер түрінде мұқият іріктелген бірнеше кейсті
зерттеуді жүйелі түрде салыстырады.
Түйін
Айналамыздағы әлемді білу және түсіну үшін ғылым бақыланатын оқи-
ғалардың орнау жағдайларын анықтау арқылы жауап беруге болатын сұ-
рақтарға жүгінеді.
Ғылыми сұрақтарға жауап беру үшін қызығушылық танытатын құбылыс-
тарды сипаттайтын тұжырымдамалар және заңды байланыстарды анық-
тайтын жалпы заңдар мен теориялар қажет.
Идеал түрде түсіндірілетін оқиғалар логикалық тұрғыдан заңдар мен тео-
риялардан туындауы мүмкін, сондықтан өткен мен бүгінді түсіндіріп, бо-
лашақты болжауға болады.
Ғылыми теориялар қызығушылығымызды, оқиғаларды байланыстыратын
себеп-салдарлық процестерді қолдай отырып түсіндіреді.
Бақыланған заңдылықтар әрдайым өзгереді немесе қайта түсіндіріледі,
ғылымда түпкілікті түсіндірмелер болмайды, сондықтан ғылыми теория-
лар дұрыс немесе жалған деп емес, тек пайдалы деп бағалануы керек.
Ғылыми білімді шығару процесі теория мен деректер (немесе зерттеулер)
арасындағы тұрақты өзара әрекеттестікті қамтиды.
Осы процесс барысында ғалымдар логика принциптерін ұстанады. Нақты
бақылаулардан жалпылама тұжырымдар шығарғанда индуктив пайымда-
ма, ал теориялар мен гипотезалардың нақты фактілерді немесе болжамдар-
ды қалай білдіретінін көрсеткенде, дедуктив пайымдама жүргізеді.
Ғылыми зерттеулерді жүргізу зерттеудің үш заңын басшылыққа алады:
эмпиризм, объективтік және бақылау.
Эмпиризм дәлелдің тікелей немесе жанама түрде сезім мүшелері арқылы
танып, білуге болатынын білдіреді.
Объективтілік интерсубъектив сынау мүмкіндігін, яғни тәуелсіз бақылау-
шылардың бақылау нәтижелерімен келісу мүмкіндігін білдіреді.
Шынтуайтында, объективтік – ғылымның қоғамдық табиғатының өнімі,
өйткені білім жеке тұжырымдамаларды мұқият зерттейтін ғалымдардың
консенсусына негізделеді.
Ғалымдар зерттеу барысында біржақты пікірлер мен қателерді мүмкінді-
гінше қадағалайды.
Әлеуметтік ғылымдардағы теорияның ұйғарымдардың дедуктив жүйесін
қабылдауы сирек кездеседі, ал жаратылыстану ғылымдарындағы сияқты
болжамдарының дәл келуі сирек.
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
75
Зерттеу бейберекет, кейде қызықты, кейде көңіл-күйді түсіретін болуы
мүмкін, сондықтан ғылыми жұмысты орындау зерттеу процесіне әсер ете
алатын терең эмоциялық жауапкершілікті талап етеді.
Сапалық зерттеулермен айналысатын әлеуметтік ғалымдардың көбі жа-
ратылыстану ғылымдарын әлеуметтік зерттеулердің моделі ретінде қа-
былдамайды.
Сапалық зерттеушілер әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдары бір-
бірінен ерекшеленеді деп санайды. Өйткені адамдар әлем туралы интер-
претацияларына сүйене отырып әдейі әрекет етеді. Білім «объективті нақ-
тылықтан» ерекшеленетін әлеуметтік құрылым және әлеуметтік өмірдің
әмбебап заңдарын әзірлеуі мүмкін емес.
Тірек сөздер
Эпистемология Индуктив пайымдау
Тұжырымдама Эмпиризм
Түсіндірме Объективтік
Эмпирикалық жалпылау Интерсубъектив сынау мүмкіндігі
Гипотеза Бақылау
Заң Сапалық зерттеу
Теория Номотетикалық түсіндірме
Себеп-салдарлық байланыс Идиографиялық түсіндірме
Дедуктив пайымдау Кездейсоқ жаңалық ашу паттерні
Тапсырмалар
1. Мына тақырыптарда қоюға болатын ғылыми және ғылыми емес сұрақтарға
мысал келтіріңіз: а) өлім жазасы б) аборт в) интеллект.
2. Төменде келтірілген қорытындылардың қайсысы дедуктив немесе индуктив
пайымдауға жататынын көрсетіңіз.
а) Сауалнаманы зерттеуші АҚШ-та кездейсоқ іріктеме бойынша 2 500
адаммен сұхбаттасты, олардың 69%-ы өлім жазасын қолдайтынын
анықтады. Ол АҚШ халқының 69%-ы өлім жазасын қолдайды деген қо-
рытындыға келеді.
б) Басқа адамдардың болуы адамдардың басым (үстем немесе барын-
ша ықтимал) реакцияларын күшейтеді. Егер басым жауап дұрыс бол-
са, адамдар аудиторияның алдында ісін өзі оңашада орындағаннан
гөрі жақсырақ орындайды. (Бұл «әлеуметтік фасилитация әсері» деп
аталады). Соңғы тұжырымдар дұрыс деп саналса, бильярдтың жақсы
ойыншылары көрермендер болғанда жалғыз өзі ойнағанға қарағанда
жақсырақ ойнайды.
с) Гавай университетінің студенттерімен бірге жүргізілген зерттеу
үйде тұратын әйелдер, азиаттар және студенттер, үйде тұрмайтын
ерлер, азиат еместер және студенттерге қарағанда марихуананы аз
ҒЫЛЫМНЫҢ ТАБИҒАТЫ
76
шегетінін анықтады. Бірінші топтардың әрқайсысы марихуана шек-
пей, көп нәрседен қалыс қалуы мүмкін екенін атап өте отырып, зерт-
теуші студентте әлеуметтік шектеулер неғұрлым көп болса, оның шегу
ықтималдығы да соғұрлым аз болады деген қорытындыға келді.
3. Соңғы екі апта көңіл хошыңыз болмады. Тәбетіңіз де асып тұрған жоқ. Дос-
тарыңыздан жалықтыңыз, ештеңеге зауқыңыз жоқ. Бағаларыңыз төмендей
бастады. Бұл жағдайды түсіндіру үшін гипотезаны тұжырымдаңыз, содан ке-
йін осы жағдайдың фактілері гипотезадан қалай шығарылуы мүмкін екенін
көрсетіңіз (Runkle, 1978: 281).
4. Осы тарауда ғылыми зерттеудің негізгі мақсаттары мен процесі әлеумет-
тік және жаратылыстану ғылымдарына бірдей сәйкес келеді деп, ғылымға
қатысты ортақ көзқарасты қабылдадық. Бірақ соңында атап өткеніміздей,
кейде «ғылымның логикалық-эмпирикалық философиясы» деп аталатын бұл
көзқарас бірнеше жақтан сыналды. Кітапханадан ақпарат табу арқылы келе-
сі сындармен танысыңыз (әдебиет іздеу бойынша нұсқаулық үшін он жетін-
ші тарауды қараңыз). Әрбір кейсте балама парадигма логикалық эмпиризм-
ге қалай қарсы тұрады?
Дискурс теориясы Постмодернизм
Феминистік көзқарас әдіснамасы Әлеуметтік конструктивизм
Историцизм Ғылыми білім әлеуметтануы
Сілтемелер
1. Кейде білім қалыптастырумен айналысатын негізгі немесе таза ғылым мен
принциптерді нақты әрі шектеулі мәселелерге қолданатын қолданбалы ғы-
лым арасында айырмашылық жүргізіледі (он төртінші тарауды қараңыз).
Алайда ғылымның негізі – бар мәселелерді шешу емес, түсінуді іздеу.
2. Екінші жағынан, порнографияны тарату бойынша қылмыстық қудалаудың
әсерін немесе тиімділік пен мораль арасындағы байланысты ғылыми тұрғы-
дан зерттеуге болады.
3. Жалпы бұл дұрыс болса да, бұл айырмашылықтарға қатысты ережеден тыс
жағдайлар бар. Джон Кемени (1959: 112) атап өткендей, индуктив қоры-
тындының жалпылауы болуы міндетті емес. Саясаттанушы сайлау саясатын
мұқият бақылау арқылы 2020 жылы Демократ партиясының үміткері прези-
дент болып сайланады деген қорытындыға келуі мүмкін. Бұл – нақты оқи-
ға, бірақ сонда да индуктив қорытынды болып саналады. Сонымен қатар,
Кемени атап өткендей, «дедукция жалпылаудан басталмауы керек». Мыса-
лы, «сыныпта кемінде бес студент бар» және «сыныпта ең көп дегенде жеті
студент бар» деген сөздерден «сыныпта не 5, 6, не 7 студент бар» деген қоры-
тынды жасай аламыз (112).
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
77
Үшінші тарау
Зерттеу этикасы
Әлеуметтік зерттеушілер ғалым ретінде логикалық пайымдау, объектив-
тілік және бұрмалау мен қателерді қадағалауға басымдық бере отырып,
ғылыми зерттеудің жалпыға ортақ стандарттарын ұстануға тиіс. Осы та-
рауларда аталған стандарттарды әлеуметтік зерттеулерге қолданатын
әдістер және принциптермен таныстыратын боламыз. Аталған техни-
калық аспектілерді қарастыра отырып, әлеуметтік ғылымның тағы бір
маңызды аспектісін, яғни моральдық аспектіні де назардан тыс қалдыр-
мауымыз керек. Зерттеу жүргізу туралы ойлағанда, дұрыс техникаларды
пайдалануды ғана емес, сонымен қатар біз үйренетін техникаларды дұ-
рыс пайдалану туралы да ойлағанымыз абзал. Сондықтан зерттеу этика-
сы туралы ой жүгірткеніміз жөн.
Этика – зерттеу нысаны әрі пән (Solomon, 1984). Зерттеу нысаны дұ-
рыс және бұрыс стандарттардан тұрады; этика бізге моральдық және
жауапкершілік тұрғысынан қалай әрекет ету керегін көрсетеді. Этика
қағидаларын сақтау этика принциптеріне сәйкес әрекет етуді, сондай-ақ
істеген ісіміздің себептерін түсіну мен үнемі зерттеу керектігін үйретеді.
Этика мамандары, яғни этика пәнін зерттейтін жандар моральдық мінез-
құлықтың шығу тегі, мағынасы мен принциптерін талдай отырып, бұл
пәннің көкжиегін кеңейте түсті.
Зерттеу этикасы этика принциптерінің ғылыми зерттеулерде қолда-
нылуын қарастырады. Зерттеу этикасы екі қайнардан бастау алады: жал-
пы қоғам және зерттеу мамандықтары. Адам ретінде үйренетін маңызды
нәрсеміз – дұрыс пен бұрысты бір-бірінен ажыратып, істеуге болатын не
болмайтын ережелер жүйесіне жүгіну. Мысалы, бала кезімізден шынайы
болғанның дұрыс, ал өтірік айтқанның қате екенін үйренеміз. Сонымен
қатар әрбір кәсіпте адамдарды кәсіби болуға бағыттайтын моральдық
мінез-құлық стандарттары қалыптасқан. Ғалымдар зерттеу жасағанда
мұқият, нәтижелер жариялағанда шыншыл болады әрі айтылар сын мен
жаңа идеяларға әрдайым ашық болады (Resnik, 1998). Сауалнама зерт-
теуін жүргізетін зерттеушілер клиенттерінің құпиялығын сақтау үшін
мойнына маңызды айрықша міндет алады (Groves et al., 2009). Кәсіби
стандарттардың көп бөлігі «жалпы қабылданған мораль тұжырымдамала-
рымен анықталады және шектеледі» (Shuler, 1982: 165); алайда этикаға
78
қатысты мәселелер зерттеу сұрақтарын шешу немесе зерттеу процедура-
ларын қолдану жалпы этика принциптеріне қайшы келгенде туындайды.
Мысалы, әлеуметтік ғылымдардағы ең даулы тәжірибенің бірі – «өтірік
айтпау керек» деген моральдық принципті бұза отырып, адам мінез-құл-
қының белгілі бір формасын зерттеу үшін қажет кезде алдауға жүгіну.
Тарихқа үңілсек, әлеуметтанушылар зерттеу этикасын байыптамас-
тан бұрын алдымен ғылыми әдістерді дамытты. Әлеуметтік ғылым өзге
салаларға көлеңкесін түсірмей дами алады деген пікір кең тарады, сон-
дай-ақ өз зерттеулерінен туындаған этикаға қатысты мәселелерін мо-
ральдық стандарттарды қолдана отырып шешетін жеке зерттеушілердің
еншісінде қалды (Sieber, 1982: 4). Алайда бұл көзқарастар Екінші дүние-
жүзілік соғыс кезінде неміс дәрігерлерінің тұтқындағы адамдардың құ-
қығын өрескел бұзғанын анықтаған Нюрнберг сот процесінен кейін қа-
таң сынға ұшырады. Адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыпталған
дәрігерлер тұтқындарға өрескел эксперименттер жасаған. Нәтижесінде
тұтқындар адам төзгісіз азап шегіп, жарақат алған, көбісі өлім құшқан.
Бір экспериментте адам денесінің белгілі бір бөлігі мұз болып қатқанға
дейін нөлден төмен температурада сыртта ұстаған; ал басқа тұтқындар-
ға алған жарақаттарынан өзге сүзек, іш сүзегі, у және бактериялар еккен
(J. Katz, 1972).
Нацист ғалымдардың қатыгездіктерінен кейін кәсіби ұйымдар ғылы-
ми жұмыстар басшылыққа алатын этикалық нормалар кодексін жасады;
Америка психология қауымдастығы (APA) алғашқылардың бірі болып бі-
рінші этикалық кодексті 1953 жылы ресми түрде қабылдады (Reese and
Fremouw, 1984). Бірақ тек 1960 және 1970 жылдардың басында федерал-
дық үкімет және өзге кәсіби қауымдастықтар адамзатты зерттеу тақы-
рыптарында оларды қорғаудың қазіргі жүйесін енгізді. Осы кезеңдегі эти-
ка туралы пікірталастар мен дау-дамайдың көбі АҚШ-тағы адам құқықта-
рының бұзылуы туралы қоғамның қызу талқысына түскен бірнеше даулы
зерттеуге байланысты туды. Мысалы, афроамерикалық шағын жер жал-
даушылар арасындағы емделмеген сифилистің барысын қадағалаған бір
зерттеу ақпаратты таратуға қатысты келісімге байланысты айыпталды;
биікке бағынуды зерттеу әлеуметтанушы ғалымдардың зертханалық экс-
перименттерде алдаудың стандарт қолданысына күмән келтіруіне әкел-
ді. Сот барысында алқабилердің талқысын жасырын түрде аудиожазбаға
жазып алған зерттеу мен қоғамдық дәретханалардағы гомосексуалдық
актілерге қатысты жүргізілген бақылау зерттеуін жеке өмірге қол сұқ-
ты деген айып тағылды; Латын Америкасындағы халықтардың көтеріліс
жағдайын анықтау үшін АҚШ армиясы қаржыландырған зерттеу нәти-
желердің қолдану мақсаты мен ықтимал теріс салдарына қатысты күмән
тудырды. Осы тарауда зерттеу этикасын қарастыра отырып, әлеуметтік
зерттеулердегі этикалық шешімдерге басшылық ететін федералдық ере-
желер мен кәсіби этикалық кодекстерді қабылдауда маңызды рөл атқар-
ған осы және өзге де зерттеулерді сипаттайтын боламыз.
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
79
Ғылыми зерттеулерде этикаға қатысты мәселенің үш саласы бар:
деректерді жинау мен талдау этикасы, қатысушылармен қарым-қаты-
нас этикасы және қоғам алдындағы жауапкершілік этикасы (Reese and
Fremouw, 1984). Біріншіден, зерттеушілер нәтижелерді бақылау, талдау
және жариялауда абай әрі ашық болуы керек. Бұл тұрғыдан этика қағида-
ларын сақтау – жақсы зерттеуші ғалым болу деген сөз. Екіншіден, ғалым-
дардың адами қарым-қатынас жасауға қатысты этикалық міндеттемеле-
рі бар. Мәдени және құқықтық дәстүрімізде қабылданған негізгі этика
принциптері зерттеуге қатысушыларға құрметпен қарауды және зиян
келтірмеуді талап етеді. Үшіншіден, этикаға қатысты мәселелер ғылым
мен қоғам арасындағы қарым-қатынастан, әсіресе ғылыми білімді қолда-
нудан туындайды. Әлеуметтанушылардың басым бөлігі зерттеушілер ғы-
лыми жаңалықтарды пайдалану мүмкіндігін бағалау, пайдалы қолдануды
насихаттау және деструктивті қолдануға қарсы пікір білдіруге жауапты
деп санайды.
Бұл тарауда этикалық мәселенің осы салаларының әрқайсысын қарас-
тырып, зерттеуге қатысушылармен қарым-қатынас жасау мәселесіне жіті
көңіл бөлеміз. Дәл осы ғылыми тәжірибе мен зерттеуге қатысушылардың
құқықтары мен әл-ауқаты арасындағы қайшылықтар зерттеу практика-
сына қатысты федералдық ережелерді кодификациялауға және қабыл-
дауға түрткі болды.
Деректерді жинау мен талдау
Этикалық әлеуметтік зерттеу жүргізу, біріншіден, зерттеушілердің бір-
біріне және деректерінің дұрыс және орнықты екеніне көз жеткізу үшін
өз пәніне қатысты міндеттемелерін қамтиды. Ғылыми прогресс көп зерт-
теушінің жұмысы нәтижесінде алынған қорытындылардың орнықтылы-
ғына негізделгендіктен, зерттеу жүргізуде әділет пен дәлдіктің болмауы,
әуелі, ғылымға нұқсан келтіреді. Сондықтан ғылыми нормалар интел-
лектуал адалдықты талап етеді. Ғалымдар өз бақылауы мен талдауында
«шексіз адал», шыдамды, әр нәрсеге күдікпен қарайтын әрі қателіктерін
мойындауға дайын болуға тиіс; білім мен түсінуге ұмтылысын жеке бас
пайдасынан немесе белгілі бір философия не идеологиядан жоғары қой-
ғаны жөн (Cournand, 1977).
Кейбір әлеуметтанушылар абайсызда жіберілген қателер мен нашар
жүргізілген зерттеулер осы этикалық стандартты бұзады деп санайды.
Мысалы, Роберт Гровс және оның әріптестері (2009) сауалнама негізін-
дегі зерттеу жүргізетін зерттеушілердің нәтижелердің жарамды болуын
қамтамасыз етуде ең жақсы тәжірибені ұстану бойынша этикалық мін-
деттемесі болатынын айтады. Әйтпесе «респонденттерге қатысу мінде-
тін арту этикаға қайшы» (372). Сол сияқты психолог Роберт Розенталь
(1994: 127) этика мен ғылыми зерттеудің сапасы арасында тығыз байланыс
бар дейді: «Зерттеу сапасы төмен болған сайын, зерттеуге қатысушылардың
ЗЕРТТЕУ ЭТИКАСЫ
80
кеткен уақытын, қаржыландыратын агенттіктердің ақшасын және журнал
беттерін қолдануға қатысты этикалық негіз азаяды». Алайда өзге әлеумет-
танушы ғалымдар этика туралы пікірлерді ғылыми зерттеудің ғылыми са-
пасы мен пайдалылығы туралы пікірлерден бөліп қарау керек деп санайды
(Sears, 1994). Зерттеулердегі шалалық, аңдаусыз жіберілген қателер әдейі
істелмеген болса да, жалпы этикаға қайшы деп саналады.
Зерттеудегі өрескелдік деп аталатын зерттеуді жүргізудегі этикаға
қайшы іс-әрекеттерге ойдан құрастыру, бұрмалау және плагиат жатады
(Steneck, 2007). Ойдан құрастыру деректерді қолдан жасап, оны жариялау-
дан тұрады. Ең көп тараған бұрмалау түрі – тіркелген нәтижелердің нақты
нәтижелерді дәл көрсетпеуі үшін деректерді манипуляциялау. Плагиат
өзге біреудің идеяларын, нәтижелерін не сөздерін көшіріп алу. Плагиат мә-
селесін он жетінші тарауда талқылайтын боламыз. Осы тарауда деректерді
ойдан құрастыру мен оларды бұрмалау мәселесіне тоқталамыз.
Деректерді этикаға қайшы түрде манипуляциялау әртүрлі тәсіл ар-
қылы іске асуы мүмкін. Зерттеуші қалаған нәтижесіне жетуі үшін бел-
гілі бір кейстерді талдаудан шығарып тастауы, қалаған гипотезасына
қайшы келетін нәтижелерді жарияламауы, маңызды нәтижелерді шы-
ғара отырып деректердің көрінісін жақсарту үшін үйлеспейтін ста-
тистикалық тестілерді қолдануы мүмкін (қараңыз: Berry [1991]). Осы
жолмен берілгенде деректердің қаншалықты бұрмаланғаны белгісіз
күйінде қалады; ал деректерді толық ойдан құрастыру – этиканы шек-
тен шыға бұзу деген сөз. Бұл ғылымда сирек кездеседі (Marshall, 2000).
2001 жылы әлеуметтік психолог Карен Руджеро екі журналға берген ма-
қаласын қайтарып алды, өйткені ол деректерді ойдан құрастырған. Жур-
налдың редакторы әлеуметтік психология әдебиетінде мұндай жағдай-
мен бұрын-соңды ұшыраспағанын айтты (Biernat and Crandall, 2001).
Руджеро кейсі ғылыми алаяқтықтың қауіпті екенін көрсетті. 1995 жыл-
дан 2000 жылға дейінгі аралықта кейбір жетекші психологиялық журнал-
дарда жарияланған Руджероның жұмысы көпшіліктің қызығушылығын
тудырған. 1995 жылы жарияланған мақаласына елуден аса жұмыс сілте-
ме жасаған. Оның көпшілікке кең таралған, қызығушылық тудырған нә-
сілдік және сексуалдық дискриминация тезисінің маңызды саяси салдары
болды. Руджеро алаяқтығы әшкереленгенге дейін осы пәннің жұлдызы
болды. Осылайша 1996 жылы МакГилл университетінде докторлық дис-
сертациясын аяқтаған соң Гарвард университетінде аға оқытушы болып
жұмыс істеді. Содан кейін 2000 жылы Техас университетіне ауысып, үлгілі
оқытушы және жақсы әріптес ретінде тез танылды (Biernat and Crandall,
2001). Оның зерттеулерінің жарамдылығына қатысты күдік өзге зерттеу-
шілер оның нәтижелерін қайталай алмаған тұста пайда болды. Бұрынғы
ғылыми қызметкер Гарвард университетінен тергеу жүргізуді сұрағанда,
Руджеро Гарвардтағы зерттеу жұмыстарында «жарамсыз деректерді» қол-
данғанын мойындады (Holden, 2001).
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
81
Ғылыми алаяқтықтың салдары өте ауқымды. Жалған деректерді жа-
риялағаны әшкереленген ғалым үшін оның салдары тым ауыр. Осы оқиға
медиада жарияланған соң, Руджероның кәсіби мансабына нұқсан келіп,
ұятқа қалды. Ол оқытушылық қызметінен кетті, сонымен, зерттеуші ға-
лым ретіндегі карьерасы да аяқталған болар. Крис Крандолл (2001: 20)
«ғылыми алаңдағы толқу әсері одан да жаман болуы мүмкін» екенін айта-
ды. Ғалымдар зерттеулерінде өзгелердің жұмысына сүйенгендіктен, жал-
ған нәтижелер өзге зерттеушілердің көп уақытын, қаражаты мен еңбе-
гін босқа шығындауына сеп болуы мүмкін. Мұндай деректерді жариялау
онымен байланысты адамдарға тегіс залалын тигізеді: зерттеушінің зерт-
ханасында жұмыс істейтін аспиранттар уақытын текке өткізіп, әріптесте-
ріне сенімін жоғалтады; алаяқтық жасалған мекеме бұл істі тергеуі керек,
егер зерттеу жұмысы сырттан қаржыландырылған болса, қаражатты қай-
таруға тиіс; пәннің мәртебесіне нұқсан келуі мүмкін; жарамсыз мақала-
ларға сілтеме жасайтындардың жұмысына күмән тууы ықтимал.
Ғылым – өзгелер бір-бірінің жұмысын үнемі бағалайтын ғалымдар
қауымдастығы жүзеге асыратын қоғамдық іс. Сайып келгенде, дәл осы мұ-
қият зерттеу, дәлірек айтсақ, басқалардың оның нәтижесін қайталай ал-
мауы Руджероның зерттеуіне күмән туғызды. Осы оқиға ғылымның тексе-
ру жүйесі жұмыс істейтінін көрсетеді. Дегенмен манипуляцияланған және
бұрмаланған деректерді анықтау қиын болуы мүмкін. Алаяқтық, Руджеро-
ның оқиғасы сияқты, зерттеу танымал болғанда барып анықталуы мүмкін
болса да, жалпы алаяқтық туралы деректер көп уақыт байқалмауы да ға-
жап емес. Интеллектінің тұқым қуалайтыны туралы зерттеуде өте ықпал-
ды болған Сирил Берттің егіздер бойынша деректерді (2.2-қосымшаны қа-
раңыз) ойдан құрастырғаны анықталғанға дейін он жылдан астам уақыт
өткен. Сонымен қатар зерттеуді дәл солай қайталау алаяқтықтың алдын
алудың немесе анықтаудың ең тиімді құралы болмауы мүмкін. Қайталан-
ған зерттеулер ғылыми жұмыс ретінде жоғары бағаланбайды, әрі қымбат-
қа түседі, әртүрлі жағдайлар сәтсіз интерпретациялауды қайталауға кедер-
гі болуы мүмкін. Сондықтан әлеуметтік зерттеушілер ғылыми алаяқтық-
тың алдын алудың басқа әдістеріне жүгінуі керек.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Зерттеудегі адалдық зерттеушілер арасындағы ынтымақтастық пен сенімді нығайта
отырып, ғылыми мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.
1990 жылдан бастап көптеген кәсіби қауымдастық ашықтықты арт-
тыру мен ғылыми алаяқтықтың болу мүмкіндігін азайту үшін деректер-
ді бөлісу стандартын этикалық кодекстеріне енгізді. Мысалы, Америка
әлеуметтану қауымдастығының Этика кодексінде (ASA) былай делінген:
ЗЕРТТЕУ ЭТИКАСЫ
82
«Әлеуметтанушылар үнемі деректерді және тиісті құжаттарды бөліседі».
Егер деректер қоғамдық архивке орналастырылмаса, аяқталған жоба-
лардың немесе жарияланған зерттеулердің деректері «ақылға қонымды
уақыт кезеңі ішінде» алынған нәтижелерді қайта талдау арқылы тексе-
руге тырысатын басқа тұлғаларға (ASA, 1999: 13.05) қолжетімді болуы
керек. Деректерді бөлісу саясаты көптеген қоғамдық ғылым журналының
мақала жіберу нұсқаулықтарына да енгізілді. Бұл саясаттың қаншалықты
дәрежеде деректерді ойдан құрастырып, бұрмалаудың алдын алатынын
білу мүмкін емес; алайда деректерді қайта талдау кезінде деректер бұр-
маланған деген қорытындыға келген зерттеулер де бар (мысалы, қара-
ңыз: Broockman, Kalla, and Aronow, 2015).
Руджеро оқиғасының салдарының бір бөлігі ғылыми өрескелдіктің ал-
дын алу шаралары бойынша әлеуметтанушы ғалымдар арасында талқы-
ланды. Бұл ұсыныстардың арасында мыналар болды (қараңыз: B. Murray,
2002; Sterba, 2006 ):
Ғылыми-зерттеу институттары студенттерге ғылыми өрескелдікке
жол бермеу туралы ақпар беруі керек. Америка психология қауым-
дастығы (APA) аккредиттеген кәсіби психология бағдарламалары
мен Ұлттық денсаулық сақтау институттарының (NIH) ғылыми-
зерттеу гранттары бойынша жұмыс істейтін студенттер этиканы
оқуға міндеттелген. Сонымен қатар әлеуметтік зерттеу әдістері
бойынша оқытылатын курстардың барлығында дерлік зерттеу эти-
касы тақырыбы өтілуі керек.
Институттар, қаржыландыру агенттіктері мен жеке зерттеушілер
деректерді мерзім-мерзімімен тексеріп отыруға тиіс. Ұлттық ден-
саулық сақтау институттары (NIH) тұрақты түрде зерттеулерге
тексеріс ұйымдастырып отырады. Бірақ университеттерде жаппай
тексерулер жүргізетіндей Ұлттық денсаулық сақтау институтта-
рында ресурстар болмағандықтан, ең болмағанда үлкен зерттеуші-
лердің еңбектерін кездейсоқ іріктеме бойынша тексеру жүргізуді
ұсынамыз. Мысалы, сауалнама зерттеуін жүргізетін зерттеуші сұх-
баттасушылардың әрқайсысы үшін сұхбаттың іріктемесін тексеруі
керек.
Деректерді жинау мен талдау алдында зерттеушілер жиынтықтан
тыс (outliers) деректер (он бесінші тарауды қараңыз) сияқты белгі-
лі бір деректерді енгізудің немесе шығарып тастаудың нақты кри-
терийлерін белгілеуі керек.
Жариялауға ұсынылған мақалаларда зерттеушілер деректерді қа-
лай жинағаны, өңдегені және талдағаны туралы толық ақпарат
ұсынуы керек, ал журнал редакторлары осындай егжей-тегжейлі
түсініктемені талап етуге тиіс.
Біз зерттеулерді мұқият жүргізу мен нәтижелерді адал ұсынудың ма-
ңызын асыра бағалай алмаймыз. Ғалымдар үшін бұл – ең іргелі этикалық
диктум.
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
83
Зерттеуге қатысушылармен қарым-қатынас орнату
Зерттеуге қатысушылармен этика тұрғысынан қарым-қатынас орна-
туда жиі кездесетін төрт мәселе бар: ықтимал зиян тигізу; ақпараттан-
дырылған келісім, алдау және жеке өміріне қол сұғу. Аталған мәселелер
зерттеу тәжірибелері адамның негізгі құқықтарын бұзғанда туындайды.
Өзгелерге зиян тигізу, адамдарды өз еркіне қарсы іс-әрекеттер жасау-
ға мәжбүрлеу, өтірік айту немесе жаңылыстыру және жеке өміріне қол
сұғу негізгі құқықтарды бұзатын әрекеттерге жатады. Осы тақырыпшада
оқырмандардың назарын этикаға қайшы жағдайларды зерттеуге және
субъектілердің құқығын қамтамасыз етуге септесетін стратегия мен нұс-
қауларға аудару үшін осы төрт мәселені қарастырамыз. Содан кейін эти-
калық шешімдер қабылдау процесін талқылаймыз.
Зиян келтіру
Барлық дәрігер қызметке алғаш кіріспес бұрын этикалық және кәсіби
тәртіпті сақтауға грек дәрігері Гиппократ антын береді (б.з.д. 460–377).
Гиппократ антының алғашқы ережелерінің бірі – дәрігердің «зиянды нәр-
селерден аулақ жүруі», яғни ешқандай зиян келтірмеуі керек. Сол сияқты
зерттеу жобасына қатысушы кез келген адамның бірінші құқығы – жеке
басының қауіпсіздігі. Этиканы зерттейтіндер бұл құқықты мойындап,
мұқият сақтайды. Адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіре-
тін зерттеулер әлеуметтік ғылымдар қауымдастығында қабылданбайды.
Кейбір ғалымдар этикалық негіздерге байланысты адамдарға пайдасы
болса да, жануарларға залал келтіретін зерттеулерге қарсы (қараңыз:
Rowan [1995] and Beauchamp [1997]).
Алайда зиян келтіру біз білетіндей қарапайым әрі түсінікті мәселе
емес. Зиянды анықтау кейде қиынға соғады. Әлеуметтік ғылымдар сала-
сындағы зерттеу жобаларының сипатын ескерсек, субъектілердің денесі-
не зиян тигізуі екіталай. Бірақ адамдарға физикалық денсаулығына қауіп
төндірмейтін зерттеулерге қатысу арқылы жеке басына (қадір-қасиетін
түсіру немесе ұялту арқылы), психологиялық (өз-өзін төмен бағалау)
және әлеуметтік (өзгелерге деген сенімін жоғалту арқылы) зиян тигізуі
мүмкін (Diener and Crandall, 1978: 17f). Сонымен қатар зерттеу проце-
дураларының зерттеуге қатысушыларға зиянын болжау қиын. Филип
Зимбардо мен әріптестері (1973) жүргізген түрме симуляциясын зерт-
теуі осыған жақсы мысал бола алады. Аталған зерттеушілер Стэнфорд
университетінің жертөлесінде жасанды түрме құрды. Ерікті ер студент-
тер қамаудағы адам мен күзетшінің рөлін ойнады. Зерттеу екі аптаға
жоспарланғанмен, күтпеген жерден қатысушылар үшін қолайсыз жағдай
орын алуына байланысты алты күннен кейін тоқтатылды. Күзетшілер фи-
зикалық және психологиялық тұрғыдан қамаудағыларға зорлық-зомбы-
лық көрсетті, ал қамаудағылар еңсесі түсіп, наразылық білдірді не көнгіш
ЗЕРТТЕУ ЭТИКАСЫ
84
болып, енжарлыққа салынды. Қатысушылардың рөлге еніп кеткені сон-
шалық – ойнап жатқан рөлі мен өзіндік бірегейлігін шатастыра бастады.
Зимбардо мен әріптестерінің ниеті «күзетшінің» және «қамаудағының»
рөлі субъектінің реакциясына қалай әсер ететінін зерттеу болғанымен,
ешқашан мұндай шектен шығуды күтпеп еді.
Ықтимал залалды болжаудың қиындығымен қатар, зерттеуге қатысу-
шыларға ешқандай зиян тигізбеу керек дегенді қатаң ұстанатын ғалым-
дар көп емес. Зерттеушілер осы зерттеу нәтижесінде қол жеткізілетін
пайда мен ықтимал зиянды таразылап барып шешім шығарды. Кәсіби
кодекстер мен үкіметтің реттеуші ережелерімен бекітілген, басшылық-
қа алуға болатын принцип мынадай: «субъектілерге қатысты қауіп-қа-
терлер күтілетін пайдаға қарағанда ақылға сыйымды болады» (Code of
Federal Regulations, 2009: 46.111). Субъектіге саналы түрде зиян тигізетін
зерттеудің ғылыми құндылығы аз немесе жоқ болса да, зиянның аз бол-
ғанына қарамастан, бұл зерттеу тоқтатылуға тиіс. Бірақ зерттеудің ай-
тарлықтай ғылыми құндылығы болса, ықтимал зиян белгілі бір дәрежеде
ақталуы да мүмкін. Мысалы, биомедициналық эксперименттерде ерікті-
лердің өміріне қауіп төндіретін жаңа емдеу қатерлі ісік сияқты ауруды
емдеуге уәде етсе, онда ақталуы ықтимал.
Шығын мен пайда талдауының осындай түрінің негізгі қиындығы-
ның бірі – шығын мен пайданың барлық жиынтығын бағалау. Түрме сти-
муляциясы зерттеуінде көргеніміздей, шығын мен пайданы болжау не өл-
шеу мүмкін болмайтын жайттар бар. Жеке адамның күйзелісінің немесе
қыспаққа түсуінің құны қанша? Теорияны сынаудың пайдасын қалай өл-
шейсіз? Сонымен қатар пайда тапқысы келетіндердің көп болуына бай-
ланысты шығын мен пайда арасында тепе-теңдікті сақтау қиын болуы
мүмкін. Субъектілермен қоса зерттеушілер де табысқа жетіп, танымал
болуына ықпал ететін білім алуы мүмкін; мамандық адам жағдайының
жақсаруына мұрындық болатын ғылыми түсінікті алға тартады. Зерттеу-
ге қатысушылар да зиянды процедуралардан пайда тапқанда зерттеуді
ақтауға болатын сияқты көрінеді. Алайда бұл жағдай әлеуметтік зерттеу-
лерге қарағанда көбіне биомедициналық зерттеулерге қатысты (Diener
and Crandall, 1978).
Осы проблемаларға қарамастан, шығын мен пайданы талдау – ұсы-
нылған зерттеу этикасын бағалаудағы маңызды қадам. Сонымен қатар
көп зиян тигізетін зерттеу саласы мен зерттеу процедураларына мұқият
болған жөн. Адам мінез-құлқының теріс жақтарын (мысалы, агрессия,
қатігез билікке мойынсұну, айлакерлік) зерттейтін әлеуметтік зерттеу-
лерде субъектілерге зиян тигізу ықтималы жоғары болуы мүмкін. Осы
тақырыптар бойынша зерттеулердің басым бөлігі зертханалық экспери-
менттерде жүргізіледі. Онда зерттеуге қатысушылар уақытша өзін-өзі ба-
ғаламай, қатты күйзелуі мүмкін, соның салдарынан зерттеуге қатысқаны
үшін көңіл-күйі түсіп, ашуланады.
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
85
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Зерттеушілер зерттеуге қатысушыларға зиян тигізу қауіп-қатерін бағалауы керек, сон-
дай-ақ пайда «Қауіп-қатерді ақтай ма, әлде жоқ па?» не «Зерттеуді ақтауға қауіп-қа-
тердің басым болуы мұрша бермей ме?» деген сұрақтарды ескере отырып шешім қа-
былдауы керек.
Мысалы, Стэнли Милграмның (1974) билікке мойынсұну туралы
жұмысын қарастырайық. Милграм «мұғалім–оқушы» экспериментін-
де мұғалім рөліндегі кісі мойынсұнған адамдарға электр тогы соғу қау-
пі жоғары деп санаған нәрсені оқушыларға беруді сұрады. Экспери-
ментке қатысушы оқушының таңғалмағанын айтудың да қажеті жоқ.
Бірақ бұл мойынсұнған адамдарды қатты күйзеліске түсіретін жағдай
еді: олар эксперимент жүргізушіге мойынсұнып, айтқанын орындауы
яки олар эксперимент жасаудан бас тартуы керек пе еді? Мойынсұнған
адамдарда күйзелістің көптеген белгісі байқалды; бір субъектінің ты-
рысқақ ауруы ұстап, оның зерттеуге қатысуын тоқтату қажет болды.
Милграм субъектілерді зиян келуден қорғамағаны үшін қатаң сынға
ұшырады. Ол экспериментті жасамастан бұрын, субъектінің физикалық
немесе психологиялық себеппен экспериментке қатыса алатын анық-
тау үшін ешқандай шара қолданбады. Кейбір зерттеушілер субъектілер-
дің мендік тұжырымдамаларына эксперименттің ұзақмерзімді әсерін де
зерттеді. Басқа адамдарға зиян тигізетінін білген субъектілер өздері ту-
ралы не ойлайды?
Қатысушыға зиян тигізетін болса, зертханалық жағдайда ең болма-
ғанда оған ара түсуге мүмкіндік болып, белгілі бір дәрежеде субъектінің
мінез-құлқын қадағалауға кепілдік береді. Табиғи жағдайда жүргізілген
зерттеулерде мұндай бақылау мүлдем болмауы мүмкін. Мысалы, Бибб
Латане мен Джон Дарли (1970) куәгерлердің қандай жағдайда көмекте-
суге ұмтылатынын бақылау үшін (ішімдік дүкенін тонау) қылмыс ұйым-
дастырды. Басқа зерттеушілер осы зерттеуді АҚШ-тың Орталық Батыс
аймағында қайта жасағанда, бір куәгер полицияға қоңырау шалды. Зерт-
теушілерді тұтқындау үшін полиция қарумен келді (Diener and Crandall,
1978: 73). Бұл субъектілер мен зерттеушілердің екеуіне де айтарлықтай
зиян тигізуі мүмкін жайт еді.
Сауалнама зерттеуінде және қолда бар деректерді пайдалану сияқты
эксперименттік емес зерттеулерде зиян тигізуге қатысты этикалық мә-
селе көп туындамайды. Алайда зерттеушілер қандай жағдайда зиян тиюі
ықтимал екеніне назар аударуға тиіс. Сауалнама зерттеуі жүргізушілер
есірткіге тәуелділік сияқты заңсыз іс-әрекеттер туралы сұрақ қою арқы-
лы зиян тигізуі мүмкін. Мұндай сұрақтан адамдар ыңғайсыздануы неме-
се сыры ашылып, қылмыстық қудалауға ұшырау қаупі төнуі ықтимал.
ЗЕРТТЕУ ЭТИКАСЫ
86
Сол сияқты зерттеушілер зерттеп жатқан нақты бір топ не халыққа зерт-
теу нәтижесі теріс әсер етуі мүмкін бе деген мәселені қарастыруы керек.
Зерттеуге қатысушыларға зиян келтіру қаупін бағалауды және осы
қауіпті азайтуға арналған зерттеу дизайнымен қоса, зерттеушілер қаты-
сушыларды зияннан қорғауға арналған этикалық тәжірибелер дизайны
туралы да білуі керек (қараңыз: Diener and Crandall, 1978).
1. Зерттеу басталғанға дейін зерттеушілер субъектілерді қауіп-қатер
немесе қолайсыздық туралы хабардар етуге тиіс және олардың қатысу ту-
ралы шешім қабылдауына мүмкіндік беруі керек. Федералдық ережелер
федералдық бюджеттен қаржыландырылатын барлық зерттеулер үшін
осындай «ақпараттандырылған келісімді» талап етеді. Бұл туралы келесі
тақырыпшада айтамыз. Соңғы ереже шықпай тұрып Милграм жүргізген
экспериментке байланысты айтылған сыни пікірдің бірі – зерттеуші қа-
тысушыларға стреске түсу қаупі жайында алдын ала айтып, рұқсат алма-
ғанына байланысты туындаған.
2. Қажет болған жағдайда зерттеушілер зерттеу процедурасынан ке-
лер зиянды қатысушыларды анықтап алуы керек. Түрме симуляциясы
зерттеуінде Зимбардо мен әріптестері (Zimbardo, 1973) еріктілерге мінез
ерекшелігіне байланысты сынақ өткізді. Мінезі «қалыпты» адамдарды
таңдау арқылы зерттеудің деструктив әсерін азайтуды көздеді. Милграм
экспериментіне айтылған екінші сын – қатысушылардың психологиялық
немесе физикалық мәселелері бар-жоғын анықтап, бар болған жағдайда
экспериментке қатыстырмау үшін алдын ала сараптама жасамағанына
қатысты.
3. Күйзеліс немесе зиян тигізуі мүмкін болса, зерттеу жүргізілген соң
зиянды бағалау шаралары қабылдануы керек, ал зерттеуге қатысушылар
зерттеушімен байланыс орнату процедураларынан хабардар болуға тиіс.
Алдау туралы бөлікте айтылғандай, іс жүзінде барлық зертханалық экс-
перименттерде зерттеу нәтижелері бойынша теріс реакцияларды бағалау
мен жақсартуға арналған зерттеуден кейін дереу қорытынды шығарады.
Бірақ салдары ұзақ мерзімге созылуы ықтимал болса, зерттеуші қосым-
ша сұхбат алып, мүмкіндігінше кеңес беруге міндетті. Зимбардо (1973)
қатысушыларға өз сезімін білдіруге мүмкіндік беру үшін зерттеуден кейін
олармен кездесу сессиясын өткізді. Ол сондай-ақ осы эксперименттің әсе-
рін бағалау үшін қосымша сұхбаттар жүргізіп, теріс әсердің ұзақмерзімді
салдарына қатысты дәлел таппады. Шынында, қатысушылардың көбі экс-
периментті құнды, үйретерлік тәжірибесі бар сынақ ретінде қарастыра-
ды. Милграм (1974) эксперимент аяқтала сала қатысушылардың бәрінен
сұхбат алып, оларға зерттеу нәтижелері мен зерттеуге қатысқандарына
қатысты реакциясын білу үшін сауалнамалар жіберіп, жауаптары туралы
есеп жіберді. Зерттеуге қатысқандардың зерттеуді қолайлы деп тапқан
пікірлері оның зерттеуіне этикалық негіздеме бола алды.
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
87
Ақпараттандырылған келісім
Екінші этикалық мәселе Батыс қоғамындағы таңдау еркіндігіне байла-
нысты құндылықтан туындайды. Субъектілерді моральдық және заңды
себептер бойынша әлеуметтік зерттеулерге қатысуға мәжбүрлемеу ке-
рек. «Адам субъектісінің өз еркімен келісуі» Нюрнбергтегі әскери трибу-
нал үшін нацистік ғалымдар бұзған биомедициналық зерттеулердің ең
іргелі этикалық принципі болды (J. Katz, 1972: 305). Субъектілер ерікті
түрде қатысатынын түсініп, нақты шешім қабылдауы үшін оларға зерт-
теу туралы жеткілікті ақпарат берілуге тиіс. Жалпақ тілмен айтқанда,
субъектілер зерттеуге қатысуға нақты немесе жасырын ақпараттанды-
рылған келісім беруі қажет.
Бұл принциптің екі аспектісі де АҚШ-тың Қоғамдық денсаулық сақтау
қызметі қырық жыл бойы жүргізген «Таскиги сифилис» зерттеуінде бұ-
зылды. Зерттеудің мақсаты – жыныстық жолмен берілетін, қауіпті ауру
сифилистің барысын бақылау еді. Зерттеуге 600 афроамерикалық ер адам
қатысты, олардың көбі «білімсіз шағын жер жалдаушылар» еді. Зерттеу
1932 жылы басталғанда, олардың үштен екісі осы ауруға шалдығып, қалға-
ны ауруды жұқтырмаған еді. Бұл жандарды сифилиспен ғана шектелмей-
тін бірқатар ауруды сипаттайтын жергілікті «қаны нашар» деген термин-
мен сипаттады. Олар осы «жеңіл аурулардан» емделіп, жерлеу рәсімін сақ-
тандырып, өзге де жеңілдіктер алу үшін зерттеуге қатысуға келісті (Jones,
1981: Centers for Disease Control and Prevention, 2013). Тарихшы Джеймс
Джонстың (1981: 7) айтуынша, сифилиспен ауыратындарға «өте ауыр
экспериментке қатысып жатқаны жайлы ашып айтылмаған...». 1940 жыл-
дардың соңында пенициллин кең тараған дәрі болса да, ол қатысушылар-
ға берілмеді. Зерттеу 1972 жылы ғана әшкереленген соң ғана тоқтатылды
(Jones, 1981; Centers for Disease Control and Prevention, 2013).
«Ақпараттандырылған келісім» деген сөз зерттеуге қатысушыларға
шешім қабылдау үшін жеткілікті мәлімет берілуі керек дегенді білдіре-
ді. «Таскиги сифилисі» зерттеуінде қатысушыларға толық, дұрыс ақпа-
рат (яғни қаны нашар) берілмеген, олар, шындығында, сырқатына еш-
қандай ем жасалмайтынын білген жоқ. «Келісім» ерікті түрде қатысуды
білдіреді. Еріктілердің зерттеуге қатысуға еркін таңдау құқығы болуы
керек; куә болғандардың айтуынша, Таскигидегі ер адамдар ем алу-
ды қаламаған, ал зерттеуден шығатын болса, пайдадан қағылатын еді
(Jones, 1981: 5–7).
Субъектілердің ақпараттандырылған келісімін алуы үшін оларға
зерттеу туралы қандай ақпарат берілуі керек? 3.1-кестеде Федералдық
реттеу кодексінде баяндалған ақпараттандырылған келісімге қатысты
қойылатын негізгі талаптар көрсетілген. Олар зерттеу мақсатының си-
паттамасын, ықтимал қауіп-қатер мен қатысудан келер пайданы, жаз-
балар құпиялығы мен қатысуды ерікті түрде таңдау туралы мәліметтерді
ЗЕРТТЕУ ЭТИКАСЫ
88
қамтиды. Кейбір талаптарды әртүрлі интерпретациялауға болады; әдет-
те зерттеу мақсаты мен процедураларды толық түсіндіру қажет емес.
Кем дегенде, субъектілер өз еркімен қатысатынын және зерттеуден кез
келген уақытта шығып кете алатынын айту жеткілікті; оған қоса, зерт-
теу кезінде зиян қауіп пен құқықтың бұзылуы туралы нақты сипаттама
берілуі керек. Мысалы, Милграм қатысушыларға эксперимент бары-
сында күйзеліске түсуі әрі оның зиян тигізуі ықтимал екенін айтқаны
жөн болар еді.
Федералдық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулерге арналған
этикалық ережелер зиян тигізу «ең төменгі қауіптен» жоғары болғанда,
субъектінің немесе оның заңды қамқоршысының қолы қойылған жаз-
баша келісімді қажет етеді. Ең төменгі қауіп әдетте күнделікті өмірде
кездесетін қауіптен аспауға тиіс (CFR, 2009). Мұндай жағдайда ақпарат-
тандырылған келісім беру субъектілерді де, зерттеушілерді де қорғайды.
Субъектілер зерттеуге қатысудың қаупі туралы пікір қалыптастыру мүм-
кіндігі арқылы зияннан қорғанса, зерттеушілер субъектілердің ерікті
келісімі арқылы заңды түрде қорғалады. Алайда жазбаша ақпаратқа сү-
йенетін келісім биомедициналық зерттеулерде жиі кездесетін тәжірибе
болса да, этикалық ережелерді сақтауда бірқатар шектеулері бар және
әлеуметтік зерттеулерге әрдайым қажет бола бермейді.
3.1-кесте. Ақпараттандырылған келісімді тексеру тізімі
1. Зерттеу жұмысы зерттеудің өзін, зерттеудің мақсаты мен субъектінің қаты-
су уақытын, процедураларды сипаттауды және эксперименттік процедураны
анықтауды қамтитыны туралы мәлімдеме;
2. Кез келген ақылға сыйымды болжауға болатын қауіптің немесе жайсыздық-
тың сипаттамасы;
3. Субъектіге немесе өзге адамдарға қатысты күтілетін кез келген пайданың си-
паттамасы;
4. Емдеудің тиісті балама процедураларын немесе әдістерін жариялау;
5. Субъектіні сипаттайтын жазбалардың қаншалықты құпия сақталатыны ту-
ралы мәлімдеме;
6. Қауіп ең төменгі қауіп дәрежесінен жоғары болатын зерттеулер үшін жара-
қат алған жағдайда өтемақы және медициналық емдеудің қандай түрлері бар
екенін түсіндіру;
7. Субъектілердің құқығы мен зерттеуге байланысты зақымданып қалғанда
кіммен байланысуға болатынын түсіндіру;
8. Зерттеуге ерікті түрде қатысып, кез келген уақытта айыппұлсыз не шығын-
далмай шығып кете алады.
Дереккөз: Code of Federal Regulations (2009: 46.116).
Тіпті биомедициналық зерттеулерде де барлық қауіптен хабардар ету
қиын, өйткені қауіп әрқашан белгілі бола бермейді. Субъектінің келісі-
мі зерттеушіні субъектіге төнетін қауіпті болдырмау міндетінен босат-
пайды, оны ешқашан басқа этикаға қайшы практикаларды ақтау үшін
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
89
пайдалануға болмайды. Ақырында, ақпараттандырылған келісім проце-
дураларын пайдалану зерттеулердің кейбір түрі үшін әдіснамалық проб-
лемалар туғызады. Зерттеу көрсеткендей, келісім формасында қолтаңба
болуын талап ететін сауалнама зерттеулері адамдардың қатысу мүмкін-
дігін төмендетеді (Singer, 1978, 2003) және қатысушылардың әлеуметтік
тұрғыдан қолайлы (шынайы емес) жауап беру мүмкіндігін жоғарылата-
ды (Singer, 1978). Ал зертханалық эксперименттерде зерттеу туралы то-
лық ақпарат беру оның жарамдылығына нұқсан келтіруі мүмкін, өйткені
зерттеудің шынайы мақсаты субъектілерге айтылғанда олардың мінез-
құлқы қалыпты болмайды (Trice, 1987). Сондықтан ақпараттандырылған
келісім процедураларда гипотезаға байланысты ақпар берген зерттеулер
мүлдем ақпарат бермеген зерттеулердің нәтижесін қайталай алмады
(Adair, Dushenko and Lindsay, 1985).
Келісімді құжаттау және зерттеудің мақсаты мен процедураларын то-
лық жариялау әдіснамалық проблемалар тудыруы мүмкін болғанымен,
ақпараттандырылған келісім беруді қолдана отырып, осындай проб-
лемалардан құтылудың бірнеше жолы бар. Федералдық реттеу кодексі
(2009: 46.117) бойынша, егер (1) келісім формасы субъектіні зерттеумен
байланыстыратын жалғыз жазба болса және негізгі қауіп құпиялықты бұ-
зудан туындаса немесе (2) зерттеуде қауіп ең төменгі қауіп дәрежесінен
жоғары болмаса және зерттеу контексінен тыс жазбаша келісім талап еті-
летін ешқандай процедураны қамтымайтын болса, жазбаша келісімнің
күші жойылуы мүмкін. Екінші ерекшелік респонденттерге оларды қыл-
мыстық не азаматтық жауапкершілікке тартатын немесе беделіне нұқсан
келтіруі мүмкін сексуалдық мінез-құлық, есірткіге тәуелділік және заң-
сыз іс-әрекет сияқты шетін сұрақтар қоюды қоспағанда сауалнама негі-
зіндегі зерттеулердің көбінде қолданылады. Шын мәнінде, Роберт Гроувс
және әріптестері (2009: 389) сауалнама зерттеулерінде қауіп ең төменгі
дәрежеде болғанда не мүлдем болмағанда, жазбаша яки қол қойылған
келісім алынбауы керек дейді. Қауіп ең төменгі дәрежеде болған сауална-
ма зерттеулері барлық жағдайда ақпараттандырылған келісім алуға қа-
тысты талаптарды қанағаттандырады, бұл ретте сұхбат алушылар кіріспе
мәлімдемелерді ауызша оқиды немесе өз бетінше толтырылатын сауал-
намаларға жазылады (Groves et al., 2009: 390). Мысалы, университетте
жүргізген бірнеше сауалнама зерттеуінде Ройс Синглтон респонденттер-
ге мына мәлімдемені оқып беруін сұрады: «Зерттеуді бастамас бұрын
бұл сұхбаттың құпия және толықтай ерікті екенін айтқым келеді... Егер
жауап бергіңіз келмейтін сұрақ болса, маған хабарлаңыз, келесі сұраққа
ауысамыз».
Федералдық ережелер сонымен бірге құжаттан бас тартуды неме-
се зерттеуге теріс әсерін тигізетін жағдайда ақпараттандырылған келі-
сімнің кейбір элементтерін өзгертуді қарастырады. Алайда зерттеудегі
субъектілерге қатысты қауіп ең төмен дәрежеде болғанда ғана құжаттан
ЗЕРТТЕУ ЭТИКАСЫ
90
бас тартуға болады. Медициналық және эксперименттік зерттеулерде
субъектілерге зерттеудің толық мақсаты туралы зерттеуге қатысқаннан
кейін ғана айтылатынын ескерту кең тараған. Оларға екі топтың бірінде
(мысалы, эксперименттік емдеу және плацебо немесе бақылау тобында)
болуы мүмкін екенін айтуға болады, бірақ зерттеу аяқталғанға дейін қаты-
сушылар өзі қатысатын топты білсе, зерттеу нәтижесі жарамсыз болады.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Зерттеушілер қатысушыларға зерттеуге қатысу туралы ерікті және ақпараттандырыл-
ған шешім қабылдауға мүмкіндік беруі керек.
Табиғи жағдайда жүргізілетін эксперименттер және жеке салаларда
жасырын жүргізілген бақылау ақпараттандырылған келісім тұрғысы-
нан ауқымды этикалық қауіп тудырады. Зерттеудің екі түрінде де зерт-
теушінің субъектілердің кездейсоқ және табиғи мінез-құлқын бақылау-
ға талпынысы келісім алумен үйлеспейді: ақпараттандырылған келісім
беру субъектінің табиғи күйін бұзады және зерттеу мақсатына нұқсан
келтіреді. Мұндай зерттеулердің этикаға сай келуі не келмеуі кейбір
адамдар үшін жеке өмірге қол сұғу, зиян келтіру қауіп-қатері және уа-
қыт пен ақша жұмсау сияқты басқа этикалық көзқарастарға байланыс-
ты болады. Зерттеу субъектілердің жеке өміріне қол сұқпаса, зиянсыз
болса және субъектілерді шығынға батырмаса, ақпараттандырылған ке-
лісім этикалық тұрғыдан қажет болмауы мүмкін. Бұл мағынада Роберт
Чалдини мен Дэвид Шредер (1976) жасаған сияқты қайырымдылық
ұйымы үшін қайырымдылық жасауға шақырған үндеулердің әсерін сы-
нау этикалық тұрғыдан күмән туғызбайды, өйткені ақшалай қайырым-
дылық жасауға шақырған субъектілерге ешқандай қауіп төнген жоқ
және олардың құқығы бұзылмады. Алайда Латане мен Дарлидің 1970
жылы қылмыс ұйымдастыруды көрсететін эксперименті этика тұрғысы-
нан күмән тудырды, өйткені субъектілер қатты күйзеліп, оларға зиян
келу қаупі төнді.
Лауд Хамфрейстің (1975) қоғамдық дәретханалардағы жыныстық
қатынастар туралы зерттеуі жасырын бақылау жүргізген ең даулы зерт-
теулердің бірі болды. Хамфрейс гомосексуалдарды жыныстық ісін жасап
жатқанда бөгде кісі келіп қалғаны туралы ескерту міндеттелген «көз-
құлақ» қызметінде болды. Ол осы кісілердің көлік нөмірлерін жазып алып,
өзін нарық зерттеушісі ретінде таныстырып, Автокөлік құралдары депар-
таменті арқылы олардың куәліктерін тексерді. Кейін өзін танып қалмау
үшін түр сипатын өзгертіп, олардың үйіне барып сұхбат алды. Хамфрейс
өзінің субъектілерінің құпиялығын мұқият сақтаса да, қазір бұл зерттеу-
ді әлеуметтік ғылымдардағы көп ғалым этика тұрғысынан орынсыз деп
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
91
санайды. Хамфрейс өз субъектілерінің ақпараттандырылған келісімін ал-
мады және олардың психикасы мен беделіне елеулі зиян келтіру қаупін
төндірді.
Хамфрейстікі сияқты, жасырын бақылау жүргізу зерттеулері салыс-
тырмалы түрде сирек кездеседі және осы сияқты қауіпті емес. Зиян тигізу
қаупі қандай екеніне қарамастан, мұндай зерттеу әрқашан даулы бола-
ды. Кейбір ғалымдар зерттеушілер әлеуметтік жағдайға кіру үшін өздері-
нің жеке бірегейлігін әдейі бұрмалап, зерттеу жүргізбеуі керек деген пі-
кірде. Мысалы, әлеуметтанушы Кай Эриксон (1967: 368) мұндай зерттеу
«адамдарға біз алдын ала болжауға келмейтін және кейін орнын толтыра
алмас зиян тигізуі мүмкін»; бұл «жаңылыстырылған... адамдарға ауыр
тиюі мүмкін»; «тіпті олай болмағанның өзінде өзге адамның кейпіне кі-
ріп, өзгелерді мазалап, зиян тигізудің сансыз тәсілі бар, бейтаныс кісілер
зерттеу үшін араласқысы келетін топтарда басым болатын жақындық
жағдайларын түсінбейді» деп санайды. Зерттеудің осы түріне қатысты
Эриксон (1967: 368) ақпараттандырылған келісімнің негізгі ұйғарымда-
рының бірін тағы да еске салады:
Зерттеуге қатысуға келісімін берген кісіге залал келтірсек, ол
осындай қауіп бар екенін білгенін және «білімнің ілгерілеуі» деп ата-
латын бұл бағдарламаға өз үлесін қосуға дайын болғанын айта ала-
мыз. Бірақ біз зерттеуге қатысуға дайын емес адамдарға (шынында,
адамдардан осы туралы тікелей сұралса, олар келіспейтін еді) осылай
жасасақ – келісімін алмастан адамдарға медициналық эксперимент
жүргізетін дәрігерге ұқсас этикалық ұстанымда болғанымыз.
Алдау
Алдау – ең даулы үшінші этикалық мәселе. Алдау дегеніміз – турасын
айтқанда өтірік айту. Алдау адамдардың бір-біріне қатысты маңызды,
сенімді қарым-қатынасты дамыту үшін шындықты айтудың моральдық
міндеттемесін бұзады. Дегенмен алдау – әлеуметтік зерттеулерде, әсіре-
се эксперименттерде кеңінен қолданылатын және жалпы қабылданған
практика. Алдау кең тараған әлеуметтік психологияда алдаудың қандай
да бір түрін қолданған ірі журналдарда жарияланған зерттеулердің үлесі
1970 жылдары 70%-ға жетті, содан кейін төмендеді. Бүгінде сирек кезде-
сетініне қарамастан, алдауды қолданатын зерттеулер әлі де кең таралған.
Әлеуметтік психологиядағы зерттеулердің үштен бірінен бестен біріне
дейін алдауға жүгінген (Hertwig and Ortmann, 2008a).
Атап өткеніміздей, зерттеу зиян тигізу қаупі ең төмен дәрежеде бол-
ған жағдайда, ақпараттандырылған келісім принципі зерттеушіден
зерттеу туралы барлық нәрсені айтуды талап етпейді. Демек, гипоте-
за туралы ақпаратты жасыру немесе зерттеудің барлық ерекшеліктерін
айтпау алдағанға жатпайды. Зерттеушілер субъектілерді жаңылыстырып
ЗЕРТТЕУ ЭТИКАСЫ
92
не зерттеудің кейбір аспектілері туралы жалған ақпарат бергенде алдаған
саналады. Осы мағынада Милграм экспериментіне қатысушылар бірне-
ше тәсілмен алданып қалды. Олар үйрену эксперименті деп ойлаған нәр-
сеге қатысуға келісті, бірақ бұл мойынсұну туралы зерттеу еді. Зерттеу
басталғанда қатысушылар «мұғалім» немесе «оқушы» деп жазылған екі
картаның біреуін таңдады. Ал шын мәнінде екі картада да «мұғалім» деп
жазылған еді. Осылайша зерттеуге қатысушылар мұғалімнің рөлін ойна-
ды, ал эксперимент жүргізушінің одақтасы болған кісі оқушының рөлін
ойнады. Содан кейін қатысушыларды оқушыға жұп сөздерін оқу жүктел-
ді, оқушы сөзді қате айтқан сайын мұғалім «электр құрылғысындағы» те-
тікті басуы керек еді. Экспериментті жүргізуші зерттеуге қатысушыларға
электр тоғының қатты соғуы мүмкін екенін, алайда қатты зақым келтір-
мейтінін айтты. Алайда, шын мәнінде, оқушыны ешқандай электр тоғы
соқпады.
Милграмның зерттеуі сияқты, зерттеу мақсаты мен міндеті туралы
субъектілерді жаңылыстыру үшін одақтас кісіні қолданудан басқа, субъек-
тілердің сезімі мен ойын манипуляциялау тәсілі ретінде олардың мінез-
құлқы туралы жалған ақпарат беру – эксперименттердегі алдаудың тағы
бір жиі кездесетін түрі. Мысалы, субъектілердің өзін-өзі бағалау қабілетін
уақытша көтеру немесе төмендету үшін, оларға академиялық қабілеті бо-
йынша жасалған сынақта жақсы немесе нашар үлгі көрсеткені айтылған
болуы мүмкін. Алдау далалық зерттеулерде, Хамфрис зерттеуіндегідей,
зерттеуші өзін әдейі бұрмалап таныстырғанда орын алады.
Зерттеуге қатысушыларды өзін шынайы ұстайтын психикалық күй-
ге келтіру алдау әдісін қолдануға негіз болады. Субъектілер зерттеудің
шын мақсатын білетін болса, олар өздерін жақсы жағынан көрсеткісі
келуі не гипотезаны растау арқылы зерттеушіге көмектескісі келуі мүм-
кін. Зерттеудің шын мақсаты туралы субъектілерге өтірік айтып, оларға
істеп жатқан нәрселері туралы нанымды және қызықты түсіндірме беру
арқылы назарын гипотезадан алшақ ұстайды. Алдау әдісін қолдайтындар
алдаусыз адам мінез-құлқының көп түрін, әсіресе адамдар жағымсыз деп
санайтын агрессия, бағыну, алаяқтық немесе қатігез билікке мойынсұну
сияқты қарсылық білдіретін мінез-құлықты тиімді зерттей алмайтынын
айтады. Милграм зерттеуге қатысушыларға мойынсұнуды зерттейтінін
хабарлаған болса, олар мойынсұнбауы мүмкін еді. Зерттеудің шын мақ-
саты туралы өтірік айту арқылы ғана олардың табиғи түрдегі мойынсұну
мінез-құлқын шынайы бақылауға мүмкіндік туды.
Алайда алдау әдісін қолдануға түбегейлі қарсы шығатындар да бар.
Психолог Диана Баумринд (1985: 165) «зерттеу жағдайында әдейі алдау
этикаға сай емес, дұрыс емес және ғылыми тұрғыдан негізсіз» деген сын
айтты. Баумриндтің пікірінше, алдау этикаға қайшы, өйткені ол субъек-
тінің ақпараттандырылған келісім құқығын (яғни алдау арқылы алынған
келісім, анықтама бойынша, ақпарат берілмеген) және зерттеуші мен
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
93
субъект арасындағы сенімге құрылған қарым-қатынасты бұзады. Бұл дұ-
рыс емес, өйткені ол ақырында бихевиорист ғалымдардың және өзге де
сарапшылардың беделіне нұқсан келтіреді. Бұл ғылыми тұрғыдан негіз-
делмеген, өйткені алдауға сүйенген зерттеулер олардың қолдануын не-
гіздейтін ғылыми мақсаттарға қол жеткізе алмайды. Баумриндтің алға
тартуынша, эксперимент барысында алдауды күнделікті қолдану кейбір
топтардың (университет студенттерінің) арасында кең таралған, бұл
оларды күдікті етеді. Осыған байланысты алдау бақылау жоспарланған
табиғи немесе шынайы мінез-құлықты туындатпауы мүмкін, осылайша
бұл эксперименттік зерттеудің нәтижесіне көлеңке түсіреді.
Осындай қарсылықтарға қарамастан, әлеуметтанушылар алдауды
толық жоққа шығаруға болмайтынын айтады. Көп адам Милграмның
алдау әдісін асыра пайдаланғанымен келіседі, өйткені ол қатысушылар-
ға ықтимал зиян келу қауіп-қатері туралы жалған ақпарат беріп, ақпа-
раттандырылған келісім принципін бұзды. Алайда Америка әлеуметта-
ну қауымдастығы (ASA) мен Америка психология қауымдастығының
(APA) этикалық кодекстері алдау әдісін қолдануға мүмкіндік береді.
Балама процедураларды мұқият қарап барып оларды шара ретінде қол-
данғанда, алынатын ақпарат алдау тәсілі қолданған субъектілердің те-
ріс әсеріне қарағанда көбірек болғанда және алдау әдісі қолданылғанын
субъектілерге айтып, олар зерттеуден жақсы көңіл-күймен шыққанда
алдау әдісін этикалық тұрғыдан ақтап алуға болады. Америка әлеумет-
тану қауымдастығының (ASA) этикалық кодексінде (1999: 12.05) былай
делінген:
(а) Әлеуметтанушылар алдау әдістерін орынсыз қолдана бермейді;
(1) алдау әдісі зерттеуге қатысушыларға ешқандай зиян тимей-
тінін анықтағанда ғана бұл әдісті қолдана алады; бұл зерттеу-
дің ғылыми, білім беруші немесе қолданбалы құндылығына
негізделеді, алдау әдісі тиімді балама процедураларды қолдану
мүмкін емес болғанда ғана қолданылады…
(б) Әлеуметтанушылар зерттеуге қатысушылардың физикалық қа-
уіп-қатер, ыңғайсыздық немесе жағымсыз эмоциялық тәжіри-
белер сияқты зерттеуге қатысу қалауына ықпал ететін маңыз-
ды аспектілер туралы ешқашан өтірік айтпауы керек.
(с) Алдау әдісі зерттеуді жобалау мен жүргізудің ажырамас белгісі
болса, әлеуметтанушылар зерттеу аяқталғаннан кейін түсін-
беушілікті болдырмауға тырысады.
Джон Адэйр және әріптестерінің (Adair, Dushenko and Lindsay, 1985)
айтуынша, алдау әдісін қолданған зерттеудің теріс салдары аз әрі төзім-
ді балама әдіснамалар жетіспейді. Сондықтан алдау мәселесін Америка
әлеуметтану қауымдастығы (ASA) этикалық кодексінің (c) бабы (ақылға
қонымды жауап алу) арқылы еңсеруге болады.
ЗЕРТТЕУ ЭТИКАСЫ
94
Жауап алу
Жауап алу әдіснамалық, білім беру және этикалық мақсаттарға қызмет
етеді; ол алдау әдісін қолданатын зерттеулерде ғана емес, адамдардың қа-
тысуымен жүргізілген зерттеулердің бәрінде болуы керек. Зерттеушілер
субъектілер зерттеуге қатысқаннан кейін сұхбат ала отырып, олардың
зерттеу процедурасының интерпретациясы туралы құнды ақпарат алуы
мүмкін; сонымен қатар субъектілер зерттеудің табиғатын түсіне отырып,
өз зерттеу тәжірибелеріне көбірек баға бере алады. Субъектілерге алдау
әдісі қолданылған болса, жауап алу сессиясын қолданудың маңызы арта
бастайды. Зерттеушілер зерттеудің шынайы мақсатын және алдау әдісін
қолданудың себептерін түсіндіріп қана қоймай, оны асқан сақтықпен әрі
сезімталдықпен жасауға тиіс.
Зерттеушілер шындықты айтқанда субъектілердің «алданып қалғаны»
үшін ұялуы не ашулануы мүмкін және зерттеуші мен жалпы әлеуметтік
зерттеулерге реніш білдіруі ықтимал екенін қаперде ұстағаны дұрыс.
Осындай сезімдердің алдын алу үшін зерттеушілер жауап алудың күрделі
әдістерін жасады (қараңыз: Carlsmith, Ellsworth and Aronson, 1976; Mills,
1976). Бұл әдістерді егжей-тегжейлі сипаттамаймыз, бірақ кейбір ортақ
аспектілерін атап өту қажет. Біріншіден, алдау әдісін қолдану немесе
оның қолданылғанын білу ыңғайсыздық тудырса, субъектілер зерттеуге
қатысып болған соң дереу олардан жауап алған жөн. Екіншіден, жауап
алу әдісі баяу және мақсатты түрде қолданылуы керек. Алдымен субъек-
тінің реакциясын анықтап, сосын оған эксперименттің мән-жайын то-
лық түсінгенше ұғындыру керек. Үшіншіден, алдаған кісі алданған кісіге
мән-жайды айта бастағанда, оның теріс сезімі күш ала бастайды. Зерт-
теушілер «ақиқатқа» жету үшін алдау әдісіне қажет болғандықтан бар-
ғанын, өздері де қысылып отырғанын айтып, кейбір ыңғайсыздыққа тап
болған субъектілердің ашуын тарқата алады. Төртіншіден, эксперимент
оң нәтиже берсе, зерттеушілер субъектілерге алданғанын айтуы керек.
Ақырында зерттеушілер Герберт Келманның (1968: 222) нұсқаулығына
жүгінуі керек: «Қатысушылар зертханаға келгеніне қарағанда зертхана-
дан кетерде үреймен не өзін-өзі төмен бағалап кетпеуі керек».
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Зерттеушілер зерттеуге қатысушылардан жауап алудың балама әдісін мұқият қарасты-
рып, алдау әдісін соңғы шара ретінде қолдануы керек.
Алдау мен жауап алу әдісінің әсерлері бойынша жасалған зерттеу
жауап алу әдісін мұқият жүргізудің тиімді екенін көрсетеді. Стивенс
Смит пен Дебора Ричардсон (1983) алданып, кейіннен жауап алынған
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
95
субъектілердің алданбаған және нәтижесінде ақылға қонымды жауап
алынбаған субъектілерге қарағанда әлдеқайда оң тәжірибе (мысалы,
зерттеудің қызық болуы және зерттеуден пайдалы білім алу) алғанын
анықтады. Алдыңғы зерттеу де осындай қорытынды жасады:
субъектілер өздерін ғылыми жобаның қажетті бөлігі деп қарас-
тырса, олар зерттеу кезінде туған кейбір ыңғайсыздық не қолайсыз-
дықтарды қабылдап, оған төзіммен қарауға дайын болады. Осылай-
ша субъектінің алданып қалғанын білуі... оның эксперименттің ғы-
лыми құндылығын бағалауына үлес қосты; алдауды жіті ойластыру
әлеуметтік ғылымдардың жақсы әдіснамасы ретінде қарастырыла-
ды (Straits, Wuebben and Majka, 1972: 515).
Ғасырлар тоғысында бұл алдау әдісін қолдану туралы айтылған ең ше-
шуші сөз болып көрінді: яғни зерттеуге қатысушылар бұл сөзді қабыл-
даған еді. Алайда алдау әдісі туралы пікірталас әлі аяқталған жоқ. Жаңа
мәселелер туындағанын көрсеткен бірнеше мақала осыны меңзейді (қа-
раңыз: Hertwig and Ortmann, 2008a, 2008b; Sell, 2008). Алдау әдісін қол-
дануға қарсы аргумент бойынша, бұл әдісті қолдану субъектілерде күдік
туғызады; олар алдау әдісіне күдікпен қарайтын болса, экспериментке
сенбейді, іс-әрекеті табиғи және кенеттен болмайды. Осы себепті экспе-
рименттік тәсілді қолданатын экономистер алдау әдісін қолдануға тыйым
салды. Басқалары экономистерге осындай ұстанымда болу оңай дейді.
Экономистердің ұйғарымы бойынша, рационал таңдау адамның шешім
қабылдауы мен мінез-құлқының басты қозғаушы күші және ақшалай сый-
ақыларға қатысты реакцияларды ғана өлшейтін болғандықтан, зерттеу-
де алдау әдісін қолдану қажет емес. Керісінше, «алдау әдісін қолдануға
тыйым салу адам мінез-құлқының рационал емес тұстарын зерттеуге
мүмкіндік бермейді» (K.S. Cook and Yamagishi, 2008). Піркірталас әлі жал-
ғасып жатқандықтан, Ральф Хертвиг пен Андреас Ортман алдау әдісін ба-
ғалау нақты дәлелге негізделуін және зерттеуге қатысқан субъектілердің
«алданғанына қатысты қай дәрежеде күдікпен қарайтынын немесе алаң-
дайтынын» және мұның зерттеу нәтижесіне қалай әсер ететінін анықтау
үшін қосымша зерттеу қажет екенін айтады. Осы мақсатта жүргізілген
соңғы зерттеу алданып қалудың эксперименттік зерттеу нәтижелерінің
жарамдылығына әсер етпейтінін көрсетті (Barrera and Simpson, 2012).
Құпиялық
Құпиялық құқығы туралы идеяның бастауы ежелгі замандардан бастау
алады. Мысалы, Гиппократ антында былай делінген: «Адамды емдеу ке-
зінде, сондай-ақ емдемегенде де, адам өмірінің ішіндегі мүлдем жария-
лауға болмайтын жайларды көргенімді немесе естігенімді құпияда ұс-
тап, жан баласына тіс жармаймын». Құпиялық моральдық құқығы ежел-
гі заманнан бастау алса да, соңғы бірнеше ғасырға дейін негізгі құқық
ЗЕРТТЕУ ЭТИКАСЫ
96
ретінде кең қабылданған жоқ. Индустриялық революция құпиялық құ-
қығының дамуына мүмкіндік берді және саяси демократиялық елдер
жеке адамның наным-сенімі мен пікірінің құпиялығына кепілдік беріп,
қорғады (Ruebhausen and Brim, 1966). Қазір электрондық бақылаудың
түрлі формаларын қолданудың даулы екеніне байланысты жеке өмірге
қол сұғу қоғамды алаңдататын мәселе болып тұр.
Құпиялық құқығы – жеке адамның көзқарасы, нанымы мен мінез-құл-
қы қашан, қайда, кімге және қандай дәрежеде жариялайтынына қатысты
шешім қабылдау қақы. Әлеуметтік зерттеулерде зерттеуге қатысушылар-
дың құпиялығы әртүрлі тәсілмен бұзылуы мүмкін, зерттеушілер осы не-
гізгі құқықты бұзатын іс-әрекеттерге мұқият қарағаны жөн.
1954 жыл жүргізілген Уичито алқабилері туралы зерттеуі (Wichita
Jury Study) әлеуметтік зерттеулердің құпиялық құндылығына қайшы
болатынын көрсетті (Vaughan, 1967). Зерттеушілер алқабилердің жұ-
мысын түсіну, тіпті жақсарту мақсатында алқабилерге айтпай, Канзас
штатының Уичито қаласында өткен алқабилер отырысын жазып алуға
рұқсат алды. Бұл зерттеу туралы ақпарат жария болғанда шолушылар
мен құқықтанушылар тарапынан сынға ұшырап, Сенаттың қосалқы ко-
митеті тергеуге алды. Нәтижесінде алқабилердің отырысын жазуға ты-
йым салатын заң қабылданды. Бұл зерттеуге қарсы айтылған аргумент
бойынша, соттың бейтараптығы құқығын қорғау үшін алқабилердің
отырысына қол сұқпауы қажет. Бақылау «алқабилердің бейтарап бо-
луына кедергі келтіреді, өйткені ол алқабилердің сана-сезімінде қымсы-
ну, мәжбүрлеу немесе осы сияқты өзге де пікірлердің туындауына себеп
болады» (Vaughan, 1967: 72).
Осы зерттеу көрсеткендей, бір жағы көрінетін айналар, микрофон-
дар және камералар сияқты жасырын құрылғыларды пайдалану арқылы
субъектілердің жеке өміріне қол сұғады. Мұндай құрылғылардың пай-
даланылатынын субъектілер білсе және олар өз келісімін берген болса,
онда ешқандай мәселе жоқ. Субъектілер қоғамдық орындарда (мысалы,
мейрамханалар мен күту залы) өз мінез-құлқын бақылау үшін құрылғы-
лардың қолданылып жатқанынан бейхабар болса, субъектілер туралы
ақпарат құпия болып, ешқандай қауіп төнбеген жағдайда, көп зерттеуші
құрылғыларды қолдануға оң көзбен қарайды. Жасырын жазу құрылғы-
лары зерттеуге қатысушының әдетте зерттеушіге рұқсат бермейтін жеке
жағдайлардағы мінез-құлықты бақылау үшін пайдаланылса, бұл жеке
өмірге қол сұғу болады. Алқабилердің шешім қабылдайтын орнымен бір-
ге, үй, жеке кабинет, жабық жиналыс және дәрігердің тексеру бөлмесі де
жеке орын ретінде саналады (Diener and Crandall, 1978).
Субъектілерден ақпараттандырылған келісім алынған жағдайда, жа-
рия етпейтін ақпаратқа қол жеткізу үшін жасанды бүркемелеуді қолдану
жасырын жазу құрылғыларын пайдаланумен тығыз байланысты болады.
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
97
Бұл жоғарыда аталған Лоуд Хамфристің зерттеуінің екінші кезеңінде
елеулі мәселеге айналды. Өйткені ол гомосексуалдық әрекеттерді бақы-
лап, олардан өз үйінде сұхбат алған кезде, ер кісілердің есімдерін жазып
алды. Хамфрис осы ер адамдарды қоғамдық дәретханаларда бақылаған-
да, олардың есімдерін де, жеке өмірі туралы да егжей-тегжейлі ештеңе
білмеді. Бірақ оның кейіннен жиған ақпараты өз субъектілерінің жеке
өміріне қол сұғу ретінде танылып, ең бергісі заң тұрғысынан қиындықтар
тудырып, бопсалауға ұшырауы мүмкін еді.
Ақпаратқа қол жеткізудің жеке өмірге қол сұғу ретінде танылатыны
ақпараттың қаншалықты құпиялығына байланысты. Хамфристің зерт-
теуі ақпаратқа қол жеткізу үшін күмәнді құралдарды қолданғаны үшін
ғана емес, сонымен бірге оның шетін мәселені, яғни сексуалдық мінез-
құлықты зерттегені үшін де назар аудартты. Кейбір ақпарат түрлері бас-
қа ақпараттарға қарағанда жеке немесе шетін мәселе болып саналады.
Сексуалдық мінез-құлық және заңсыз әрекеттер ең шетін және қауіп төн-
діретін бағыттардың қатарына жатады. Осы бағыттарды зерттейтін зерт-
теушілерге информанттар құпиялық құқығын сақтау бойынша ерекше
міндет жүктеледі.
Анонимдік және құпиялық
Ақпараттың қаншалықты шетін екеніне қарамастан, этиканы ұстанатын
зерттеушілер анонимдікке немесе құпиялыққа кепілдік бере отырып,
құпиялық құқығын қорғайды. Аноним түрде берілетін ақпарат адам-
дардың құпиялық құқығын қамтамасыз етеді, бірақ бұл кепілдік әдетте
аты-жөні жазылмайтын сауалнамаларда немесе кейбір қолда бар дерек-
терді қолданатын сауалнама зерттеулерінде ғана мүмкін болады. Зерт-
теуші көбінесе әр адамның жауаптарын анықтай алады, сондықтан зерт-
теуге қатысушылардың жеке өмірін құпия сақтаудың негізгі құралы –
құпиялықты қамтамасыз ету. Зерттеуші мұны әртүрлі тәсілмен – дерек-
терден қатысушының есімін және оны куәландырушы өзге де ақпаратты
мүмкіндігінше тезірек алып тастау арқылы, зерттеу туралы кез келген
баяндамадағы адамның жеке басына қатысты ақпаратты ашпау арқылы
және зерттеуге қатысушының рұқсатынсыз ақпарат сұратқан адамдарға
немесе ұйымдарға ақпаратты жария етпеу арқылы жасай алады.
Лауд Хамфрис зерттеу аяқталған соң кісінің жеке басын куәланды-
рушы ақпаратты қамтитын барлық деректерді жою сияқты құпиялық-
ты қамтамасыз ету арқылы өз зерттеуін қорғады. Сол сияқты Уичито
алқабилері туралы зерттеуінің (Wichita Jury Study)зерттеушілері зерт-
теуге қатысушының жеке басын куәландырушы ақпараттың жарияла-
нуының алдын алу үшін жазбаны транскрипциялап, стенограмманы
редакциялағаннан кейін алқабилердің әр талқысының түпнұсқа жаз-
басын жойып, құпиялық құқығын қорғауға әрекет жасады. Халық са-
нағы бюросы құпиялықты 72 жыл бойы (адамның орташа өмір сүру
ЗЕРТТЕУ ЭТИКАСЫ
98
ұзақтығы) тұрғындар мен тұрғын үй мәселесі туралы санақтар бойын-
ша жеке жауаптарды жарияламау арқылы және деректерді жариялау ке-
зінде жеке басты куәландыратын ақпаратты көрсетпеу сияқты әртүрлі
жолдармен қорғайды.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Зерттеушілер ақпаратты аноним түрде жинай отырып немесе осы ақпараттың құпия
болуын қамтамасыз ететін шаралар қабылдап, құпиялық құқығын құрметтеуге тиіс.
Далалық зерттеулер әдетте анонимдік пен құпиялықты сақтау үшін
көбіне тапқырлықты қажет етеді. Дәстүрлі тәсіл – адамдар, топтар және
орындар туралы ойдан шығарылған атауларды пайдалану, дегенмен мұ-
ның өзі адамдар және өзгелер туралы ақпаратты қорғау үшін жеткіліксіз
болуы мүмкін. Мысалы, Арлин Стейн (2010) Орлин штатындағы шағын
қала «Тимбертаундағы» гейлерге қарсы дауыс беру шарасы төңірегіндегі
дау-дамайды зерттеу кезінде өзінің информанттарының шын атын басы-
лып шығатын баяндамада көрсетпей, тек бүркеншік атпен атап, ақпарат-
ты құпия сақтауға уәде берді. Алайда Стейн өз зерттеуін «Бейтаныс көр-
ші» (Stranger Next Door) кітабында жариялағанда жергілікті газеттің шо-
лушысы «автордың кім туралы жазғанын білу» оңай екенін жазды (563).
Стейннің (558) айтуынша, қалада бір адам бүркеншік есімдерді өшіріп,
орнына шын есімдері жазылған кітаптың көшірме нұсқасын таратқан
соң, «көп адам ренжіген». Қаланың бір тұрғыны Стейннің оны кітапта
қалай суреттегеніне қатты ренжіп, қалалық кеңестен кітапты айыптай-
тын қаулы шығаруды сұрады. Ол қаулы шықпаған соң жергілікті медиаға
алаңдаулы екенін жеткізген. Газет бетінде жарияланған мақалада былай
жазылған: «Адамдарды [кітапта] анықтау өте оңай болғаны соншалық –
Стейннің өз дереккөзін ғана қорғағысы келгеніне сенуден басқа шара
қалмады» (560).
Стейн этикалық дилеммаға тап болғанын айтады. Ол бір-бірін жақсы
танитын шағын қалада информанттарға зерттеу жүргізудің осы диллема-
ны күшейте түскенін кейіннен түсінді. Бір жағынан, егер ол адамдар мен
қаланың сипаттамаларына қатысты елеулі өзгерістер жасамаса, құпия-
лық бұзылатын еді; екінші жағынан, «анықтаушы сипаттамаларды неғұр-
лым көбірек өзгерткен сайын, оның оқиғасына деген сенімділік соғұр-
лым төмен болар еді» (Stein, 2010: 557). Зерттеуші субъектілерді анықтау
мүмкіндігін болдырмау үшін олардың отбасының шығу тегі, кәсібі немесе
өмірі туралы өзге де егжей-тегжейлі жеке ақпараты сияқты кейбір мә-
ліметтерді өзгерте алады яки бірнеше информанттар жиынтық кейіпкер
жасай алады. Алайда бұл әдістердің ешқайсысы толыққанды емес, сон-
дықтан Стейннің алдында «зерттеушілер адамдарға анонимдікті сақтау
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
99
туралы уәде беруден бас тартуы керек пе?» деген сұрақ туындады. Ең
жақсы шешім – субъектілерден презентацияға немесе жариялауға ар-
налған материалдың оларға ыңғайсыздық тудырмайтынын сұрау болар.
Бұл Беттилу Валентайн өзінің «Блэкстон» (Blackston, 1978) деп аталатын
қауымдастық туралы зерттеуінде қабылдаған стратегия еді.
Валентайн (1978: 166) отбасы құрамы, құрылымы және өзара қарым-
қатынасты қамтитын адамдардың жеке өмірі туралы кейбір жан-жақты
ақпарат өзі жасағысы келген маңызды сәттерге қатысты деп санады. Ол
«адамдарды тіпті өздерін тани алмайтындай етіп қалай бүркемелеуге
және «Блэкстон» қауымдастығын дәл суреттейтіндей етіп қалай жасау-
ға болатынын білмеді». Сондықтан ол қолжазбасының драфт нұсқасын
жасағаннан кейін барлық бас кейіпкерлерге оның көшірмесін жіберді.
Өз жұмысының болашақта жариялануы мүмкін екенін түсіндірді және әр
адамнан (1) жазбасының дұрыс және әділ болғанын; (2) кез келген мате-
риалдың біреуді ұятқа қалдыруы ықтималдығын және (3) олардың қан-
дайда бір пікірі, түзетулері немесе өзге де жауаптары бар-жоғын сұрады.
Соңында ол қатысушы бірнеше адаммен сөйлесу үшін Блэкстонға барды.
Осы байланыстардың нәтижесінде Валентайн өзінің информанттары-
ның жеке басына қатысты құпияны қорғауға арналған қосымша бүркеме
есімдер ойластырып қана қоймай, сонымен қатар кітабына қатысты құн-
ды пікірлер мен ұсыныстар алды.
Зерттеуге жеке қатысушыларға қолжетімді ақпараттың құпиялығын
қамтамасыз ету ақпаратты ашу зиян келтіруі мүмкін болған жағдайда ма-
ңызды болады; сондықтан зерттеушілер ақпараттың құпиялығын қамта-
масыз етуге қатысты қиындықтар туралы білуі керек. Ең күрделі қиындық
құқық қорғау органдары тарапынан туындайды. Әлеуметтік ғылымдар
ғалымдарының дәрігерлерден, адвокаттардан және дін қызметкерлері-
нен айырмашылығы бар. Олар сотқа шақырылуы мүмкін және зерттеуге
қатысушыларды құқықтық иммунитетпен қорғауға кепілдік бере алмай-
ды. Құпия ақпаратты жарияламағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке
тартылу қаупі төнгенде, аса қарсылық көрсеткен зерттеушілер көп болған
жоқ. Әлеуметтанушы Рик Скарс жануарлар құқығын қорғаушымен болған
әңгімелер туралы куәлік беруден бас тартқаны үшін 159 күн түрмеде отыр-
ды. Ол белсендімен «Эко-жауынгерлер: радикал экологиялық қозғалысты
түсіну» (Eco-Warriors: Understanding the Radical Environmental Movement) кі-
табын зерттеу барысында танысты. Скарс (1999: 981) Америка әлеумет-
тану қауымдастығының 1984 жылғы Этика кодексіне (ASA) сілтеме жасай
отырып, әлеуметтанушылардың «кез келген жағдайда құпия ақпаратқа құ-
пия ретінде қарау керегін» айтады. Этика кодексінде «ақпараттың артық-
шылығы мен заңды күші болмаса да», ақпараттың құпиялығы сақталуы
керек делінген.
Скарс (2005) құпия дереккөздерді беруден бас тартқанда зерттеуші-
лерді сот қудалауынан қорғау үшін федералдық «қалқан заңын» қолдады.
ЗЕРТТЕУ ЭТИКАСЫ
100
Бұл заң көп штатта журналистерді қорғау үшін қабылданды. Белгілі бір
зерттеу түрлеріне арналған қалқан заңы кейбір штаттарда ғана бар (Palys
and Lowman, 2002), бірақ бұл заңдар әлеуметтанушылардың көбіне қол-
данылмайды. Қорғаудың тағы бір көзі – федералдық үкіметтің ғылыми
мекемелерге беретін құпия сертификаттары (U.S. Department of Health
and Human Services, 2016). Бұл сертификаттар зерттеушілерді билік ор-
гандарының жеке басты куәландыратын ақпаратты ашуға мәжбүрлеуі-
нен қорғайды. Психикалық, денсаулық, сексуалдық практикалар, ішімдік
пен нашақорлыққа салыну және өзге де заңсыз әрекеттер сияқты шетін
тақырыптарды зерттейтін зерттеушілер сертификатты зерттеу институт-
тары арқылы ала алады.
Этикалық шешім қабылдау
Этикалық мәселелер әлеуметтік зерттеулерде бостандық пен жеке бас-
тың құпиялығын сақтау сияқты құндылықтар мен жоғары сапалы дерек-
терді алуға бағытталған ғылыми әдістер арасында конфликтілер туын-
даған кезде пайда болады. Алдыңғы тарауларда ықтимал конфликтінің
кейбір бағыттарын анықтадық (қатысушыларға зиян тигізу, еріксіз қа-
тысу, әдейі алдау және жеке өмірге қол сұғу). Сонымен бірге осы этика-
лық мәселелерге қатысты кейбір қазіргі шешімдерді қарастырдық. Біз-
дің талқылаудан оңай жауап болмайтынын көруге болады; шын мәнінде,
зерттеушілердің этикаға сай болу мәселесі бойынша ғалымдар арасында
келіспеушіліктер жиі кездеседі (Ceci, Peters and Plotkin, 1985). Осыны ес-
кере отырып, зерттеуші не істеу керек екенін қалай шешеді?
Диана Баумринд (1971: 890) сияқты кейбір әлеуметтанушылар ғалым-
дар «ғылыми мақсаттар қаншалықты мақтауға тұрарлық болса да», мо-
ральдық принципті бұзатын немесе зерттеуге қатысушылардың әл-ауқа-
тына зиян тигізетін субъектілерге өтірік айту сияқты құралдарды пайда-
лануды ешқашан ақтамауға тиіс деген пікірді ұстанады. Философияда бұл
этикалық ұстаным деонтология ретінде белгілі: негізгі моральдық прин-
циптер салдары қандай болатынына қарамастан, ерекше жағдайларға
жол бермеуі керек. Керісінше, қазіргі әлеуметтану саласы ғалымдары-
ның көбінің қолданыстағы этикалық философиясы (зерттеуге арналған
кәсіби этикалық кодекстер мен федералдық этикалық нұсқауларға негіз-
делген философия) негізінен телеологиялық: іс-әрекеттердің моральға
сәйкестігі жеткен нәтижесіне қатысты бағалануы керек. Осылайша алдау
немесе субъектілердің денсаулығына зиян тигізетінін зерттеудің пайдасы
шығынынан асып кеткен жағдайда, этикалық тұрғыдан бағалануы мүм-
кін. Утилитаризмнің телеологиялық теориясынан туындайтын негізгі
принцип – «барынша көп адам үшін барынша мол игілік».
Зерттеуді жоспарлайтын зерттеушілер зерттеудің пайдасы мен шы-
ғынын болжауға тиіс; егер ықтимал шығын болжанған пайдадан асып
кетсе, зерттеуді жүргізбеу этикалық шешім болады. Алайда талқылауы-
мызда зиян тигізу қаупін атап өткеніміздей, шығын мен пайда талдауы
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
101
қарапайым әрі түсінікті мәселе емес. Нәтижесінде бұл тәсілдің өзі ық-
тимал зиянды зерттеулерді ақтай алмайды. Бұл тәсіл жұмыс істеуге бо-
латын құрылыммен қамтамасыз етсе де, этикалық жауапты шешімдер
қабылдауда одан әрі бағыт-бағдар беріп, басшылыққа алу үшін зерттеу-
шілер кәсіби кодекстерге, мемлекеттік ережелерге және жеке пайым-
дарға сүйенеді.
Алдыңғы тарауларда немесе тақырыпшаларда ASA сияқты кәсіби
қауымдастықтар әзірлеген этикалық кодекстерге жиі сілтеме жасадық.
Әлеуметтік ғылымдар пәні неғұрлым көп болса, кәсіби қауымдастықтар
мен этикалық кодекстер де соғұрлым көп болады; алайда бұл кодекстер
әлеуметтік зерттеулер жүргізу кезінде «елеулі этикалық мәселелер туралы
анық түсінік» бере алатын дәрежеде бір-біріне ұқсас (Kimmel, 1996: 27).
3.1-қосымшада осындай үш қауымдастықтың этикалық кодекстерінен
үзінді келтіреді: Америка антропология қауымдастығы (ААА); Америка
психология қауымдастығы (APA) және Америка әлеуметтану қауымдас-
тығы (ASA). Бұл кодекстер оқып үйренушілерге ғана емес, сонымен қатар
кәсіпке, қоғамға және студенттерге қатысты этикалық жауапкершілікті
қамтиды.
3.1-қосымша. Кәсіби этика кодексі
Ендігі мәлімдемелер үш ұлттық ұйымның кәсіби этика кодексінен алын-
ған үзінділер: Америка антропология қауымдастығы (ААА), Америка пси-
хология қауымдастығы (APA) және Америка әлеуметтану қауымдастығы
(ASA). Этика кодексінің толық нұсқасын олардың уеб-сайттарынан оқи
аласыз.
Зерттеу жүргізу кезіндегі кәсіби практика
Антропологтар зерттеуші ретінде барлық ғылыми және ғылы-
ми орта басшылыққа алатын этика принциптеріне бағынады. Олар
плагиатпен айналыспауы, дәлелдерді ойдан құрастырмауы немесе
бұрмаламауы, сондай-ақ ақпаратты немесе оның дереккөзін әдейі
бұрмаламауы қажет (ААА).
Психология... ғылымындағы психологтар нақтылықты, адалдық-
ты және шыншылдықты насихаттауға тырысады. Бұл қызметте пси-
хологтар ұрлық жасамайды, алдамайды және алаяқтықпен, қулық-
пен немесе фактілерді әдейі бұрмалаумен айналыспайды.
Психологтар деректерді ойдан құрастырмайды.
Егер психологтар жарияланған деректерден елеулі қателер анық-
таса, олар түзету, пікір білдіру, дұрыстау немесе өзге де тиісті жа-
рияланым құралдары арқылы мұндай қателерді түзету үшін ақылға
қонымды қадамдар жасайды.
Психологтар басқа біреудің жұмысының немесе деректерінің бір
бөлігін өзінікі ретінде ұсынбайды (APA).
ЗЕРТТЕУ ЭТИКАСЫ
102
Әлеуметтанушылар жоғары ғылыми және кәсіби стандарттарды
ұстанып, өз жұмысына жауапкершілікпен қарайды...
Әлеуметтанушылар зерттеулерді жоспарлау және жүзеге асыру-
да нәтижелердің жаңылыстыру ықтималдығын азайтады.
Әлеуметтанушылар өз жарияланымдарында немесе презента-
цияларында деректерді ойдан құрастырып, нәтижелерді бұрмала-
майды.
Әлеуметтанушылар өз жұмыстарын жариялағанда қол жеткізген
нәтижелері туралы толық ақпарат беріп, тиісті деректерді жасыр-
майды. Олар күтілетін нәтижелерге қол жеткізгеніне немесе керісін-
ше болғанына қарамастан, нәтижелер туралы хабарлайды.
Әлеуметтанушылар өз зерттеуінің нәтижесі мен интерпретация
бойынша барлық тиісті біліктіліктерді көрсетуге ерекше ден қояды.
Әлеуметтанушылар өз жұмысының нәтижелері мен интерпретация-
сына сүйену мүмкін негізгі жорамалдарды, теорияларды, әдістерді,
өлшемдерді және зерттеу дизайнын ашып көрсетеді (ASA).
Зерттеуге қатысушылармен қатынас
Антропологтарға ортақ негізгі этикалық міндеттеме – зиян келтір-
меу. Антропологиялық жұмысты бастамас бұрын әр зерттеуші зерт-
теудің зиян тигізуі мүмкін жолдарын бүге-шүгесіне дейін қарастыруы
өте маңызды. Антропологтар алдын алуға тырысуы керек ең маңызды
зиянның бірі – әсіресе зерттеуді халықтың осал топтарының арасын-
да жүргізгенде қадір-қасиетіне, дене мен материалдық әл-ауқатына
зиян келтірмеу. Антропологтар тікелей және шұғыл зиян келтіруден
аулақ болудан өзге, өз жұмысының ықтимал салдары мен абайсыз
әсерін мұқият таразылауға тиіс. Ол басқа жауапкершіліктерге қайшы
келгенде, осы бастапқы жауапкершілік жаңа білімді іздеу мақсатын
ығыстыра алады және жобаны жүзеге асыруды қабылдамау немесе
тоқтату бойынша шешім қабылдауға әсер етуі ықтимал.
Адамзат қауымдастығымен жұмыс істейтін антрополог зерттеу-
шілер зерттеуге қатысушылардың ақпараттандырылған келісім бе-
руіне, сондай-ақ өз еркімен қатысуына қол жеткізуі керек. Мұндай
келісім әдетте зерттеу басталмай тұрып беріледі, бірақ зерттеу орта-
сы, процесі және зерттеудегі қатынастарды ақтауға болатын болса,
келісімді кейін де алуға болады. Келісім процесі жобаны әзірлеудің
бір бөлігі болуы және зерттеуге қатысушылармен тұрақты диалог
және келіссөз жүргізу ретінде іске асыру арқылы жалғасуы керек
(AAA).
Психологтар зерттеу жүргізгенде... мұндай іс-әрекетті адамның
келісімін алмай жүзеге асыру заңда немесе үкіметтік реттеуде көз-
делген немесе осы этикалық кодексте өзгеше түрде көрсетілген жағ-
дайларды қоспағанда, олар ақылға қонымды түсінікті тілді пайда-
лана отырып, адамның немесе адамдардың ақпараттандырылған
келісімін алады.
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
103
Психологтар ғылыми... байланыс орнататын адамдармен... және
ұйымдармен (1) құпиялық шектерін және (2) психологиялық іс-
әрекеттер нәтижесінде алынған ақпаратты қолдануды талқылайды.
Психологтар алдау әдісімен зерттеу жүргізбейді. Олардың алдау
әдістерін қолдануын маңызды ғылыми немесе қолданбалы құнды-
лығы немесе балама процедуралар жарамсыз болған жағдайда ақ-
тауға болады.
Психологтар қатысушыларға физикалық зақым тигізетін немесе
эмоциялық күйзеліске ұшырататын зерттеу туралы өтірік айтпайды.
Психологтар қатысушыларға эксперименттің дизайнын жасау
мен жүргізудің ажырамас ерекшелігі болып саналатын алдау әдісте-
рін мүмкіндігінше деректі жинау процесі аяқталмай тұрып түсінді-
реді және өз деректерін қайтарып алуға рұқсат береді (APA).
Әлеуметтанушылар құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету-
ге міндетті.
Ақпараттандырылған келісім – адамзат туралы ғылыми зерттеу-
дің негізгі этикалық тұжырымы.
Әлеуметтанушылар зерттеуге қатысушылардың және зерттеуге
қатысы бар басқа адамдардың құқығы мен әл-ауқатын қорғауды
қамтамасыз ету үшін шара қолданады.
Әлеуметтанушылар зерттеуге қатысушылардың денсаулығына не-
месе өміріне қауіп төндіретін іс-шараларды жүзеге асыруға жәрдем-
деспейді яки өз зерттеулерінде ондай әрекеттер жасамайды (ASA).
Қоғам алдындағы жауапкершілік
Антропологтар жұмысының мақсатына, әдістеріне, нәтижелеріне
және демеушілеріне қатысты ақпарат ашық әрі түсінікті болуы керек.
Антропологтарға өз зерттеулерінің ықтимал әсері мен нәти-
желерінің таралуына мұқият болу бойынша этикалық міндеттеме
жүктеледі. Антропологтар бұл мәселені зерттеу басталғанға дейін,
сондай-ақ бүкіл зерттеу процесі бойынша ескеруге тиіс. Зерттеуді
бастау туралы шешім қабылдамас бұрын зерттеу серіктестерімен
және зерттеуге қатысушылармен деректерді иелену және оларға
қол жеткізу, сондай-ақ бөлісу туралы нақты келіссөздер жүргізу та-
лап етілуі мүмкін.
Антропологиялық зерттеудің нәтижелері дер кезінде таратылуы
керек. Бұл нәтижелердің түсініксіз болуы және әртүрлі интерпре-
тациялануы, сондай-ақ әрқилы және алдын ала қарастырылмаған
мақсаттарға қолданылуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн (AAA).
Психологтар адамдардың өзін және өзгелерді түсінуі мен мінез-
құлқы туралы ғылыми және кәсіби білімін кеңейтуге, сондай-ақ бі-
лімді адамдардың, ұйымдардың және қоғамның жағдайын жақсар-
ту үшін пайдалануға ұмтылады. Олар қоғамға адам мінез-құлқына
ЗЕРТТЕУ ЭТИКАСЫ
104
қатысты негізделген пайымдар мен шешімдерді әзірлеуге көмекте-
суге тырысады.
Егер психологтар өз жұмысының теріс пайдаланылғанын немесе
бұрмаланғанын білсе, мұны түзету үшін ақылға қонымды шаралар
қолданады (APA).
Әлеуметтанушылар өздері тұратын және жұмыс істейтін қауым-
дастық пен қоғам алдындағы кәсіби және ғылыми жауапкершілігін
біледі. Олар қоғамдық игілікке үлес қосу үшін өз білімдерін қолда-
нады және жариялайды. Олар зерттеу жүргізе отырып, әлеуметтану
ғылымын дамытуға және қоғамдық игілікке қызмет етуге тырысады
(ASA).
Дереккөз: American Anthropological Association (2012), American Psychological
Association (2010), copyright © 2010 by the American Psychological Association,
and American Sociological Association (1999) тиесілі. Автордың рұқсатымен ба-
сып шығарылады. Әрі қарай басып таратуға болмайды.
Кәсіби этикалық кодекстер нақты пәнде жиі кездесетін зерттеу жағ-
дайларына қатысты қолданылатын жалпы принциптер мен ережелерді
қалыптастырады. Сондай-ақ олар ғалымдардың жұмысындағы адамның
әл-ауқатын қорғау және зерттеушілерге этикалық шешім қабылдауға
нұсқау беру үшін жасалған. Кәсіби қауымдастықтарда мүше болуға ты-
йым салудан басқа этикалық кодекстердің сақталуын қамтамасыз ететін
құралдар жоқ. Ал этикалық шешім қабылдаудың екінші көзі болып са-
налатын федералдық ережелердің заңды күші бар. АҚШ-та ғылыми өрес-
келдік және зерттеуде адамдарды пайдалануға қатысты реттеу ережелері
Конгресте қабылданған бірнеше заңнан туындайды. Соның ішіндегі ең
елеулісі «Ұлттық зерттеу туралы заң» (National Research Act, 1974) болды.
Бұл заң «Белмонт есебінің» туындауына сеп болды. Есепте зерттеуге қа-
тысушыларды қорғаудың негізгі этика принциптері, сондай-ақ бірқатар
ресми реттеу ережелері айтылған.
«Белмонт есебі» (National Commission, 1979) нақты реттеу ережеле-
рінің негізін құрайтын үш этика принциптерін анықтайды: адамдарға
құрмет көрсету, игілік және әділдік. Адамдарға құрмет көрсету – зерттеу-
шілер адамдарға өзіне қатысты шешім қабылдау еркіндігі мен қабілеті
бар «дербес агенттер» ретінде қарау қажет дегенді білдіреді. Ол сондай-
ақ балалар мен ақыл-есі кем адамдар сияқты дербестігі шектеулі адам-
дарда қорғану құқығы болуын талап етеді. Ақпараттандырылған келісім
доктринасы осы принципті қолдануға қатысты мысал бола алады. Игілік
зерттеушілерден қатысушылардың «ықтимал пайдасын көбейтіп, ық-
тимал зиянын азайту» мақсатында олардың игілігін ескеруді талап ете-
ді. Бұл пайымдау білімнің дамуы мен адамзаттың жағдайын жақсарту
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
105
нәтижесінде туындауы мүмкін ұзақмерзімді пайданы қамтиды. Әділдік
зерттеудің пайдасы мен ауыртпалығы адал бөлінуі керек дегенді білдіре-
ді. Атап айтқанда, зерттеудің ауыртпалығын бір топ қана арқалап, ал пай-
дасын екінші топ қана көрмеуі керек. Нацист ғалымдардың тұтқындарды
зерттеу объектілері ретінде пайдалануы әділетсіздіктің шектен шыққан
үлгісіне жатады.
Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету департаменті (кейін
Денсаулық сақтау, білім беру және әл-ауқат департаменті деп аталады)
«Белмонт есебіне» және өзге де жұмыстарға сүйене отырып, Федералдық
ережелер кодексінің 45-тарауы және 46-бөліміне сәйкес, зерттеушілерді
қорғау бойынша реттеу ережелерін бекітті (45 CFR 46). Уақыт өте келе
бұл ережелер қайта қаралып, 1991 жылы адамдарға қатысты зерттеулер-
ді қолдайтын немесе жүргізетін федералдық агенттіктердің көбі Федерал-
дық ережелер кодексінің 45-тарауы және 46-бөлімінің қосалқы бөлімі ре-
тінде ресми емес «Ортақ ереже» (Common Rule) деп аталатын жалпы ере-
желер жинағын қабылдады (Steneck, 2007) (басқа қосалқы бөлімдерде
жүкті әйелдер, қамаудағылар мен балалар сияқты арнайы зерттеу сала-
лары мен халық топтары үшін қосымша қорғау шаралары сипатталады).
«Ортақ ереже» реттеу ережелерін қолдану туралы ақпарат береді,
«адам субъекті» және «минимал қауіп-қатер» сияқты терминдерді си-
паттайды және зерттеуді мақұлдау критерийлерін, соның ішінде біз бұ-
рын айтқан ақпараттандырылған келісім талаптарын көрсетеді. Бұл
саясат реттеу ережелерін сақтауды қамтамасыз ету үшін барлық тиісті
мекемелерді адамның (және жануарлардың) қатысуымен байланысты
зерттеулерді бақылау және мақұлдау үшін (институттық шолу алқасы
(IRB) деп аталатын) комитет құруды талап етеді. АҚШ-тағы барлық кол-
ледждер мен университеттерде және салықтан босатылған жеке зерттеу
қорларында институттық бақылау кеңесі бар. Бастапқыда Институттық
бақылау кеңесінің мақұлдауы федералдық бюджеттен қаржыландырыла-
тын зерттеулер үшін ғана талап етілгенімен, қазір ол федералдық бюд-
жеттен қаржыландырылатын мекемелердегі қаржыландырылатын неме-
се қаржыландырмайтын бүкіл адамзатты зерттеу тақырыптарына қатыс-
ты (Singer and Levine, 2003).
«Ортақ ережеге» сәйкес, әрбір Институттық бақылау кеңесінде зерт-
теу ұсыныстарының тиісті түрде қаралуын қамтамасыз ету үшін әртүрлі
жұмыс тәжірибесі бар кем дегенде бес мүше болады. Сараптама қоры-
тындысы әртүрлі болуы үшін мүшелерге бір ғалым емес маманды (мы-
салы, заңгер, этика немесе дін қызметкері) және зерттеу мекемесімен
байланысы жоқ, кемінде, бір мүшені, сондай-ақ нақты зерттеу саласын
қарауға құзыретті адамдарды (мысалы, әлеуметтік зерттеулер кейсін-
дегі әлеуметтанушыларды) қосуы керек. Зерттеушілер Институттық ба-
қылау кеңесіне ұсынылған зерттеуді сипаттайтын және зерттеуге қаты-
сушылардың ақпараттандырылған келісім беруі туралы ережелер және
ЗЕРТТЕУ ЭТИКАСЫ
106
құпиялықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар сияқты құқықтарын
қалай қорғауға тиіс екенін сипаттайтын жазбаша құжаттарды ұсынады.
Содан кейін Институттық бақылау кеңесі оларды керісінше мақұлдайды
не яки өздері федералдық ережелерге қатысты жасаған интерпретацияға
сәйкес, зерттеулерді мақұлдауды қамтамасыз ету үшін өзгерістер енгізуді
талап етеді.
Төменде «Ортақ ереженің» 46.111 бөлімінде көрсетілген Институттық
бақылау кеңесі мақұлдауының негізгі критерийлері қысқартылған түрде
келтірілген:
Субъектілерге төнуі мүмкін қауіп-қатер азаяды;
Субъектілерге қатысты қауіп-қатерлер күтетін пайда және тиісті
түрде аяқталады деп күтетін білімнің маңыздылығы тұрғысынан
қисынды болып саналады;
Субъектілерді таңдау әділ жүргізіледі;
Әр субъектіден немесе оның заңды өкілінен ақпараттандырылған
келісімі сұралады;
Ақпараттандырылған келісім беру үшін тиісті түрде құжат жасала-
ды;
Зерттеу жоспары қажет болған жағдайда, субъектілердің қауіпсіз-
дігін қамтамасыз ету үшін жиналған деректерді тиісті түрде қада-
ғалайды;
Қажет болған жағдайда субъектілердің құпиялық құқығын сақтау-
ға және деректердің құпиялығына қатысты тиісті ережелер бар.
Зерттеу ұсыныстарын институттық бақылау кеңесіне жібергенде, ке-
ңес немесе кеңестің төрағасы алдымен зерттеу федералдық реттеу ереже-
лерінен босатылатынын немесе шұғыл сараптамаға сай келетінін шешуі
керек. Федералдық реттеу ережелерінен босатылатын зерттеуде аноним
сауалнамалар, қарапайым білім беру практикаларын немесе сынақта-
рын қамтитын зерттеулер, сондай-ақ қолданыстағы деректі пайдалану
және қоғамдық мінез-құлықты (есепке алынған деректер жеке тұлғалар
тиесілі болмауы керек) бақылау болады. Федералдық реттеу ережелері-
нен босатылмайтын зерттеуде қауіп деңгейі төмен болса (немесе бұрын
мақұлданған зерттеуге біршама өзгерістер енгізілген болса), институт-
тық бақылау кеңесі шұғыл сараптама өткізуі мүмкін. Осы процедура-
ға сәйкес, сараптаманы институттық бақылау кеңесінің барлық мүшесі
емес, оның төрағасы немесе төраға бекіткен мүшелері жүргізеді. Олай
болмаған жағдайда комитеттің толық құрамы зерттеу ұсынысын мақұл-
дау, мақұлдамау немесе мақұлдауға қажет өзгерістерді енгізуді талап ету
қажеттігі бойынша шешім қабылдайды.
Жалпы алғанда, «Ортақ ереже» әлеуметтік, мінез-құлықтық, сондай-
ақ биомедициналық зерттеулерге арналған болса да, оны зерттеудің
барлық түріне қолдануға болады. Дегенмен ол клиникалық медици-
наны ескере отырып жазылған, институттық бақылау кеңесі әдетте осы
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
107
тұрғыдан ережелерді жиі қолданады (Singer and Levine, 2003). Нәтиже-
сінде кейбір әлеуметтанушылар институттық бақылау кеңесінің жұмы-
сына сыни тұрғыдан қарады. Олар субъектілерді қорғауды күшейтпей,
зерттеулерге кедергі келтіретін қажетсіз кедергілер тудырады деп есеп-
теді. Бұл әсіресе ақпараттандырылған келісім туралы талапқа қатысты.
Медициналық зерттеулерде субъектілер әдетте жазбаша келісімге қол
қояды. Бірақ әлеуметтік зерттеулерде жазбаша келісім субъектілерге ың-
ғайсыздық туғызып, зерттеуге кері әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы, Майкл
Роу (2007) полицейлердің күнделікті қызметін атқару барысында бірге
жүріп, ағылшын полицейлері туралы далалық зерттеуін сипаттайды. Ол
полицейлерге өз зерттеуі туралы ашық айтып, олардың келісімін алуға
сенімді болғанымен, жиі кездескен жәбірленушілердің, куәлардың және
өзге адамдардың келісімін алу мүмкіндігі болмады. Полицейлерге өзінің
рөлін қысқаша сипаттау немесе өзгелердің толық келісімін алу олардың
полицейлермен қарым-қатынасына нұқсан келтіріп, жұмысына кедергі
болар еді. Роу жеке басқа қатысты қысқаша ақпарат алып, толық аты-
жөні мен мекенжайын сұрамай, зерттеуге қатысты жазбаларды сенімді
жерде ұстау арқылы этикалық мәселені шешкенін айтады.
Егер әлеуметтік зерттеулер жүргізетін болсаңыз, тиісті кәсіби этика-
лық кодекстермен және «Ортақ ережедегі» федералдық нормалармен та-
нысуыңыз керек. Олар этикалық мәселелер мен зерттеуге қатысушылар-
ды қорғауға қатысты шараларды шешіп алуыңызға көмектеседі. Деген-
мен зерттеуге қатысты шешім қабылдауға этикалық кодекстерді қатаң
ұстана бермейді. Этика принциптері қажетті немесе қолайсыз нәрселерді
анықтайды; олар зерттеулерде туындайтын барлық жағдайларды қамты-
майды және оларды қолдану көбінесе елеулі интерпретацияны талап ете-
ді. Сондықтан этикалық шешімдерді қабылдау, шынтуайтында, зерттеу-
шілердің өзінің сыни пайымдауына байланысты. Зерттеу барысында эти-
калық мәселеге қатысты зерттеушілер балама тәсілдерді қолдану мүмкін
екенін мойындауы керек. Зерттеуге қатысушылардың құқығын сақтап,
олардың өзін жақсы сезінуіне жол ашуүшін зерттеу мақсаттарына сәйкес
келетін әдістерді таңдау керек.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Этикалық шешімдерді қабылдау адам құқығына, этикалық кодекстерге және үкіметтік
реттеу нормаларына сүйенетін тиісті зерттеу процедураларына қатысты ойланып-жа-
салған пайымды талап етеді.
Күрделі этикалық шешімдерді қабылдау кезінде басқа адамдардың пі-
кірін сұрау өте маңызды. Селия Фишер мен Денис Фриберг (1994) зерт-
теушілер осы саладағы басқа мамандардың пікіріне ғана емес, әсіресе
ЗЕРТТЕУ ЭТИКАСЫ
108
алдау әдісі қолданылатын зерттеулердегі қатысушылардың пікіріне де
қызығушылық танытуы керек екенін айтады. Алдаудың ықтимал әсерін
бағалау, сондай-ақ субъектілерді қорғаумен қамтамасыз ету үшін олар
зерттеушілерге зерттеуді жоспарлаудың бастапқы кезеңдерінде этика-
лық мәселелер бойынша қатысушыларға сауалнама жүргізуге кеңес бе-
реді. Субъектілерден, мысалы, зерттеудің ғылыми құндылығы, алдау мен
балама процедуралардың салыстырмалы артықшылығы, олардың экспе-
рименттік манипуляцияларға психологиялық реакциясы және психоло-
гиялық кедергілерді жеңілдету үшін жауап алу процедураларының тиім-
ділігі туралы сұрауға болады. Осылайша зерттеуге қатысушылар этика-
лық шешімдер қабылдау процесінде серіктес болады.
Әлеуметтік зерттеудегі құндылықтар: ғылым және қоғам
Зерттеу этикасының үшінші саласы ғылым мен қоғам арасындағы қа-
рым-қатынастан туындайды. Психология және әлеуметтану сияқты әлеу-
меттік ғылыми пәндердің этикалық кодекстері ғалымның басты мақса-
ты халықтың әл-ауқатын жақсартып, ғылыми білімді кеңейтуді көздеу
екенін айтады. Мысалы, Америка әлеуметтану қауымдастығы кодексінің
(1999) «Е» принципінде: «Зерттеу жүргізу арқылы [әлеуметтанушылар]
қоғамдық игілікке қызмет ету үшін әлеуметтану ғылымын ілгерілетуге
тырысады» делінген. Әлеуметтанушылар арасында бұл міндетті қалай
орындауы керек деген мәселе біраз уақыттан бері талқыланып келеді.
Адамзат үшін ненің жақсы болатыны туралы шешім қабылдау – құнды-
лыққа қатысты пайымдамау; сондықтан пікірталас құндылықтардың
зерттеуімізге қалай енетіні туралы сұрақ төңірегінде өрбиді.
Құндылықтың бейтараптығы туралы мәселе
Әлеуметтік зерттеулердің ғылыми жағын дамыту мақсатында кейбір ға-
лымдар бір кездері әлеуметтік ғылым «құндылықтан тәуелсіз болуы ке-
рек» деген пікірде болған. Осы ұстаным бойынша (Lundberg, 1961), ғалым
мен азаматтың рөлдерін бір-бірінен айқын айыра аламыз. Ғылымның
моральдық мәселеге қатысы жоқ. Ғылыми әдістердің мақсаты – жеке ба-
сымдықтар мен құндылықтарды зерттеуге қоспау; «ғылыми еңбекте ғы-
лым өнімдерін қандай мақсатта қолдану керегін көрсететін ештеңе жоқ»
(Lundberg, 1961: 32). Ғалымдардың басты міндеті – «білгенін айту», тиісті
нәтижелер мен теориялық интерпретацияларды ұсыну. Мысалы, ғалым
азамат ретінде ядролық қаруға, қоршаған ортаны ластауға немесе нәсіл-
дік қысымға қарсы моральдық ұстанымдарын алға тарта алады. Ал егер
әлеуметтанушыға байсалды ғалым ретінде қарайтын болсақ, ол бұл рө-
лін азамат ретіндегі рөлімен шатастырмауы және жеке құндылықтары өз
зерттеуіне ықпалын тигізбеуі керек.
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
109
Құндылықтан тәуелсіз болу идеологиясы екі негізгі себепке байланыс-
ты жарамсыз болады. Біріншіден, құндылықтардың зерттеу процесіне ай-
тарлықтай әсер ететіні қазір бәріне белгілі. Жеке құндылықтар мен саяси
нанымдар ғалымдардың мәселелерді қалай таңдап, тұжырымдайтынына
және нәтижелерді қалай түсіндіретініне сөзсіз әсер етеді. Төртінші та-
рауда талқылайтынымыздай, мәселені таңдауға көптеген ғылыми емес
фактор әсер етеді: жеке қызығушылық пен идеология, қаржыландыру-
дың қолжетімділігі, қоғамдық пікір және зерттеудегі тренд тақырыптар.
Мұндай факторлар зерттеушілердің көзқарасына, сұрақтары мен алатын
жауаптарына әсер етеді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде IQ тестілері
алғаш рет кең ауқымда өткізілгенде, ғылыми және ғылыми емес ортада
Оңтүстік және Шығыс Еуропадан қоныс аударатын этностық топтар бұ-
рын қоныс аударған топтардан төмен деген пікір басым болды. Бірінші
топтардың алған балы Солтүстік және Батыс Еуропадан келгендердің
алған балынан төмен болғанда, бұл этностық айырмашылықтар туралы
бұрыннан бар наным-сенімдердің дәлелі ретінде ғана емес, сонымен бір-
ге табиғи ақыл-ойдың өлшемі ретінде тестілердің жарамдылығын растау
ретінде қарастырылды. Әрине, бұл интерпретациялардың ешбірі де қа-
зір жарамды емес, өйткені әлеуметтанушылар тестілеудің нәтижелеріне
тілдің, мәдениеттің және әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсері
бар екенін көрсетті.
Құндылықтан тәуелсіз болу идеологиясы ғалымдардың әлеуметтану-
шы ретінде демократтар мен республикашыларға, либералдарға және
консерваторларға бірдей пайдалы болатын әлеуметтік өмір фактілерін
жинақтауда бейтарап бола алады деп санайды. Бұл ұстанымдағы екінші
мәселе – құндылықтан тәуелсіз болу ғалымның жеке мүддесі мен дербес-
тігін сақтайды деп мәлімдеу. Ал іс жүзінде зерттеуші зерттеудің демеу-
шісі сияқты басқа адамдардың құндылықтарына қызмет етеді. Құнды-
лықтардың толық бейтараптығын жақтайтындар медицина ғалымдарын
үлгі ретінде көрсетіп, «шын» ғалымдар фашистік немесе демократиялық
саяси режимде тең дәрежеде жақсы қызмет көрсете алады деп мәлімде-
ді (Lundberg, 1961). Бұл ұстанымның жарамсыз екені фашистік режимде
жұмыс істеген осындай шын ғалымдарды қарастырғанда көрінеді. Неміс
дәрігерлері «адамды ванналарда мұздатып стерильдеу жөнінде экспери-
менттер жүргізіп, әйелдердің аналық бездері арқылы электр зарядтарын
жіберген» кезде құндылықтан тәуелсіз болу моделін ұстанған болар (Gray,
1968: 179). Бұл – шектен шығу; бүгінгі күні құндылықтар бейтараптығы
басқаларға зиян келтіруді ақтайды деп ешкім айтпайды. Сонымен қатар
ғалымдар өз зерттеулерін қолдану бойынша кейбір жауапкершіліктер-
ді мойнына алатынын түсінді. Атом бомбасын жасау бойынша жұмыс
істеген физиктер мұны құндылықтан тәуелсіз болу идеологиясына бай-
ланысты жасаған жоқ, керісінше, Жапония мен Германияны тоқтату ке-
рек деген патриоттық сенімге байланысты жасады. Алайда олардың көбі
ЗЕРТТЕУ ЭТИКАСЫ
110
бомбаның жойқын салдарын көрген соң, оны жасауға көмектесуден бас
тартты.
Құндылықтар бейтараптығын сақтауға қатысты осы екі мәселені
адамдар өміріне тікелей қатысы бар мәселелерді зерттейтін әлеуметтану-
шылар ушықтырып отыр. Әлеуметтанушы химик немесе физикке қара-
ғанда, нақты құбылыстарды әлеуметтік және ғылыми елеулігі тұрғысы-
нан зерттеуге көп көңіл бөледі. Таңдалған мәселенің табиғаты және оны
зерттеуге деген ынта әлеуметтік зерттеудің құндылыққа тәуелді екенін
көрсетеді. Әлеуметтанушы ғалым жеке құндылықтары мен саяси идео-
логияның өз жұмысына әсерін ғана емес, сонымен қатар зерттеудің нә-
тижелерін басқалардың қолдануы тұрғысынан қауіп-қатері бар-жоғын да
білуі керек.
Жеке құндылықтарды басқару
Әлеуметтік ғылымдар ғалымдары арасында антропологтар құндылық-
тардың зерттеу процесіне қалай әсер ететінін жіті түсінуі мүмкін. Олар
басқа мәдениеттерді өзінің мәдени дүниетанымы тұрғысынан бағалау
үрдісінен сақтану үшін «мәдени релятивизм» деген тұжырымдаманы қа-
лыптастырды. Мәдени релятивизм – мәдени құндылықтар (шындық,
мораль, сұлулық, дұрыс мінез-құлық стандарттары және басқалар) әр
алуан және олар белгілі бір қоғамның мәдени құндылықтары тұрғысы-
нан бағалануы керек деген пікір. Сонымен қатар антропологтар тілдің
маңыздылығын атап көрсетті. Яғни батыстың ғылыми тілі басқа мәде-
ниеттің мінез-құлқын «аудару» үшін жарамсыз болуы мүмкін, сол себепті
адамдардың әлемді қалай қабылдайтынын өз мәдени құндылықтары тұр-
ғысынан түсіну қажет.
Пәннің негізін салушылардың бірі Макс Вебер (1949) әлеуметтануда
жеке құндылықтар деректі жинауға және талдауға әсер етпеуі керек деп
есептеді. Олай болмаған жағдайда әлеуметтану саласы ғалымдарының
зерттеуде қол жеткізген нәтижелері сенімсіз және жарамды болмайды,
сондай-ақ жеке наным-сенімдерінің көрінісі ретінде қаралатын болады.
Дәлелдерді пайдалану мен интерпретациялауда біржақты болудан аулақ
болу керек деп айту оңай, бірақ істеу қиын. Мысал ретінде гомосексуал
және гетеросексуал ата-аналар тәрбиелеген балалардың айырмашылық-
тары туралы зерттеуді қарастыруға болады.
Біржынысты ата-аналар туралы зерттеу маңызды идеологиялық пікір-
талас тудырды. Кейбір мемлекеттер біржынысты ерлі-зайыптылардың
бала асырап алуына ашық немесе жанама түрде тыйым салады. Сот іс-
терінде және заң жобасын жасауда адвокаттар мен қарсыластар өз се-
бептерін қолдау үшін зерттеу дәлелдеріне жүгінді. Осы тұрғыда Джудит
Стейси мен Тимоти Библарц (2001) гомосексуал және гетеросексуал ата-
аналардың әсері туралы зерттеулерді шолып, «Ата-аналардың жыныстық
ориентациясы маңызды ма?» деген сұраққа жауап іздеді. Алдымен олар
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
111
зерттеушілердің саяси наным-сенімдерінің дәлелдерді таңдауға және
нәтижелерді интерпретациялауға қалай әсер ететініне назар аударды.
Мысалы, нақты бір саяси көзқарасты ұстанатын зерттеушілер гомосек-
суал ата-аналардың бала асырап алуына қарсылық білдіреді. Олар гей
ата-аналардың балаларына түрлі жағымсыз салдары бар қауіп-қатерге
душар ететінін айтады. Стейси мен Библарц өзге мәселелермен қатар,
бұл зерттеудің «толық емес отбасылардың зерттеулеріне сүйене отырып,
лесбияндардың балалары жасөспірімдердің жүктілігі мен суицид сияқты
мәселелерге осалдық танытады» деп суреттеп, (162) орынсыз қорытын-
ды жасағанын атап көрсетті. Ал гомосексуал ата-ана тәрбиесіне оң көз-
бен қарайтын саяси көзқарасты ұстанатын зерттеулер гомосексуал және
гетеросексуал ата-аналар өсірген балалар арасында айырмашылықтар
болмайтынын атап өтті. Шын мәнінде, Стейси мен Библарцтың пікірін-
ше, саяси және әлеуметтік орта сексуалдықты зерттеген зерттеушілерді
қорғануға мәжбүрледі. Гомосексуал және гетеросексуал ата-аналар өсір-
ген балалар арасында айырмашылықтар болмайтынын көрсеткен зерт-
теулер аз болғандықтан, гомосексуалдардың құқықтарын қолдайтындар
айырмашылықтардың бар екенін елемеуі мүмкін.
Стейси мен Библарц 1998 жылы жарияланған ең жақсы 21 зерттеуді
талдағанда зерттеушілердің айырмашылықтарды, әсіресе балалардың
гендерлік және сексуалдық қалауы мен мінез-құлқына қатысты айырма-
шылықтарға назар аудармағанын аңғарды. Мысалы, кейбір зерттеулер
гомосексуал ата-аналардың балалары гетеросексуал ата-аналардың ба-
лаларына қарағанда дәстүрлі жыныстық типтегі киімдер мен ойындарға
бейім емес екенін көрсетті. Мұндай нәтижелер маңызды теориялық сұ-
рақтар тудырады. Стейси мен Библарцтың ойынша, айырмашылықтың
көбі жыныстық ориентациядан гөрі ата-ананың гендеріне әсерінен туын-
дайды. Мысалы, екі әйел ата-ананың балалары «екі гетеросексуал ата-
ананың балаларына қарағанда гендерлік стереотиппен өспейді» (177).
Сонымен қатар кейбір айырмашылықтар ата-ана тәрбиесінің нәтижесі
емес, гомосексуалдық стигматизацияға қатысты факторлармен байла-
нысты болуы мүмкін. Олар гей ата-аналардың жасы үлкен, қалалық, жо-
ғары білімді және қарым-қатынасы тұрақсыз болуының ықтималдығына
қатысты.
Құндылықтан тәуелсіз болу идеологиясын сынайтындардың пікірін-
ше, зерттеушілер өз зерттеулері құндылықтан тәуелсіз болмағанда «құн-
дылықтан тәуелсіз болу» идеологиясына «жасырынады». Бұл сынға жауап
берудің бір жолы – зерттеуде өз құндылықтары мен жеке көзқарастары-
ның бар екенін алдын ала мойындап, аудиторияға осы ақпараттың кө-
мегімен зерттеуді бағалауына мүмкіндік беру. Стейси мен Библарц мұ-
нымен келіседі және гей ата-ана сияқты идеологиялық және эмоциялық
тақырыптар үшін «ғалымдар өз зерттеуіне қосатын жеке сенімдерін мо-
йындауға міндетті» (161) екенін айтады. Осылайша олар өз мақаласында
ЗЕРТТЕУ ЭТИКАСЫ
112
«жыныстық ориентация немесе гендерлік белгілері бойынша дискрими-
нацияға қарсы» екенін мәлімдеді (161).
Жеке және саяси көзқарастары бар екенін мойындау әсіресе девиант-
тар, кедейлер және нәсілдік/этностық және сексуалдық азшылық сияқ-
ты қоғамның негізгі ағымынан тыс қалған маргинал топтар туралы
әлеуметтік зерттеулерде де маңызды. Чарльз Рагин мен Лиза Аморозо
(2011: 114) далалық зерттеулердің қалай өмір сүріп жатқандары дұрыс
көрсетілмейтін және қоғамның басым көпшілігі тарапынан көзқараста-
ры тыңдалмайтын осындай топтарды зерттеуге сай келетінін айтады. Да-
лалық зерттеушілер шындықты маргинал адамдардың көзқарасы тұрғы-
сынан түсінуге тырысқанда, өз зерттеулеріне жеке көзқарастарын қоса-
ды. Әлеуметтанушы Говард Беккердің (1967) ойынша, мұны болдырмау
үшін ғылыми жұмыс стандарттарын ұстану, сондай-ақ «кімнің жағында
екенімізді» мұқият ойлау керек. Бұл әрдайым екі жақты да көрсету неме-
се бір жақты ұстанудан аулақ болу керек дегенді білдірмейді. Мұндай таң-
дау бар болса да, сирек кездеседі. Беккердің пікірінше, біз кімнің жағында
екенімізді мойындап, теория мен әдістерді бейтарап түрде қолдануымыз
керек. Яғни біржақты пікірлердің алдын алуға бағытталған сақтық шара-
ларын қолдана отырып, «зерттеген нәрселердің шегін белгілеп, зерттеу-
дің нәтижелері қауіпсіз қолданылуы мүмкін шекті анықтауымыз керек»
(247). Беккердің айтуынша:
«әлеуметтік жауапкершіліктен бас тартудың» бір бөлігі – түрмені күзет-
шілердің немесе өзге де тараптардың көзімен емес, тұтқындардың көзі-
мен зерттегеніміз туралы мәлімдеме болуы керек. Осылайша адамдар-
ға зерттеуіміз мәселенің тұтқындардың көзқарасы тұрғысынан қалай
көрінетінін (күзетшілердің кім екенін) көрсетіп, күзетшінің моральдық
тұрғыдан жағымсыз мінез-құлқын тұтқынның көзқарасы тұрғысынан
түсіндірмеуге тырысатынын ескертеміз.
Беккер әлеуметтік ғылымдармен айналысатын ғалымдардың шын-
дыққа қатысты көзқарастары «біржақты» болуы керек деп айтпайды.
Сонымен қатар ол шындыққа қатысты біржақты, бірақ әртүрлі көзқарас-
тың жинақталуын институттардың кеңейтілген түсінігіне қатысты мәсе-
лелердің ұзақмерзімді шешімі деп қарастырады. Бұл ұстаным бір зерттеу
мәселесінде бірнеше әдіс қолданылатын он үшінші тарауда талқыланған
триангуляция әдіснамалық принципіне ұқсас. Алайда триангуляция әдіс-
тері әдіснамалық біржақты пікір мен қателерді жою үшін пайдаланылса
да, біз бұл әдістерді белгілі бір әдіснамалық тәсілге немесе шындық ту-
ралы көзқарасқа енгізуге болатын жеке құндылықтарды түсіндіру үшін
пайдалануға болады деп санаймыз.
Зерттеу нәтижелерін қолдану
Құндылықтарды зерттеуге қоспау және қорытындылардағы кемші-
ліктерді мұқият көрсету ғалымдардың қоғам алдындағы этикалық
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
113
жауапкершілігі аясына кірмейді. Сондай-ақ олар басқалардың зерттеу
нәтижелерін қалай қолданатыны туралы білуі және оларға нұсқау беруі
қажет. Әлеуметтік ғылыми зерттеулерді көпшіліктің қолданатынына еш
күмән жоқ. Мұндай зерттеулер әлеуметтік саясатқа айтарлықтай әсер
етеді. АҚШ Жоғарғы сотының 1954 жылы шығарған (Браун Білім беру
кеңесіне қарсы) шешімі осыған мысал болады. Соттың ақ және қара-
нәсілділерге бөлек оқу орындарын ашу әділетсіз деген шешімі, негізі-
нен, әлеуметтік ғылымдағы зерттеу нәтижелеріне сүйенді. Бірауыздан
қабылданған шешімде бөлек оқу орындарын ашудың қаранәсілді бала-
ларға психологиялық тұрғыдан әсер ететінін көрсететін бірнеше зерт-
теу келтірілді.
1960, 1970 және 1980 жылдары әлеуметтанушылар нәсілдік интег-
рация мен азаматтық құқықтың ең мықты жақтастарының бірі болып
қала берді. Олардың көбі мектепті бөлектеу, автобуспен тасымалдау ту-
ралы және позитив дискриминацияға қатысты істер бойынша куәлік
берді. Сол сияқты қазір әлеуметтанушылар сексуалдық дискриминация,
сексуалдық харрасмент және гей құқықтарына байланысты істерде жиі
дәлелдер келтіреді. Бұл ғалымдар әлеуметтік саясат саласында сарапта-
малық кеңестер береді. Көп жағдайда олар әлеуметтік ғылыми зерттеу
нәтижелерінің әріптестерінің көбі ұстанған ұстанымдарды қолдайтынын
және олардың саясатқа қатысуы ешқандай дау тудырмайтынын көрсету-
ге тырысты. Этика бойынша даулы пікірталас кең тараған ғылыми және
қоғамдық пікірге қайшы келетін зерттеу нәтижелерін қолдануға зерт-
теушілердің қаншалықты жауапты екеніне байланысты. Бұл – физиктер
бомба жасап шығарғаннан кейін талқыланған сұрақ. Ғылыми зерттеу нә-
тижелерін қате пайдалану және теріс мақсатта қолдану мүмкін екенін ал-
дын ала болжауға тырысу керек пе? Егер қате пайдалану және теріс мақ-
сатта қолдану мүмкін екенін алдын ала болжауға болатын болса, зерттеу
жүргізілуі қажет пе? Мұндай зерттеу жүргізілсе, зерттеуші алынған нәти-
желердің таратылуында қандай рөл атқаруы керек? Зерттеуші ақпаратты
ұсыну жолы мен қоғам реакциясын бағалауға жауапты бола ма?
Әлеуметтік ғылым тарихындағы ең даулы зерттеулер дәл осы мәсе-
лелерді көтереді. Мысалы, АҚШ армиясы қаржыландырған миллион-
даған долларлық «Camelot жобасы» зерттеуі әлемнің артта қалған ел-
дерінде революция мен көтеріліс себептерін өлшеу және болжау үшін
жасалған (I.L. Horowitz, 1967). Бұл жоба ауқымды болғандықтан, оған
әлеуметтік ғылымда беделі бар бір топ ғалым қатысты. Кейбіреулер бұл
жобаға кең ауқымда іргелі зерттеу жүргізудің бұрын-соңды болмаған
мүмкіндігі ретінде қарап, жобаның түпкі мақсатын қарастырмаған бо-
луы мүмкін. Ал өзгелері әртүрлі себепке байланысты жоба нәтижелері
ешқандай жағдайда әскерге «сатылмайды» деп ойлады. Олар жобаны
еркін басқарамыз, даму жағынан кенже қалған елдерде жағдайды жақ-
сартуға мүмкіндік береді және әскерге өнеге аларлық әсері болады деп
санады (I.L. Horowitz, 1967). Олар «АҚШ әскері немесе Орталық барлау
ЗЕРТТЕУ ЭТИКАСЫ
114
басқармасы бұл ақпаратты «АҚШ-қа жаулық танытқан режимдерге қар-
сы революция ұйымдастыруда қолдануы мүмкін екенін» болжай алмады.
«Олар мұндай ықтимал ақпаратты қолдану өзге елдерде алаңдаушылық ту-
дыруы мүмкін екенін түсінбеді» (Diener and Crandall, 1978: 108). Шынында,
1965 жылы шілде айында, жоба басталғаннан жеті ай өткен соң, жоба әш-
кереленіп, Чилиде үлкен дау туды. Осы оқиғадан кейін АҚШ Қорғаныс
министрлігі жобаны тоқтатты.
Дәл осы зерттеу нәтижелері теріс мақсатта қолданылған соң, әлеумет-
танушылардың көбі педагогика бойынша психолог Артур Дженсеннің
зерттеулерін айыптай бастады. 1969 жылы Дженсен «Harvard Educational
Revie журналында «IQ мен үлгерімді қалай көтере аламыз?» деп ата-
латын мақаласын жариялады. Дженсен IQ, негізінен, тұқымқуалаушы-
лықпен анықталатынын мәлімдей отырып, IQ сынақтарында ақнәсілді-
лердің балы қаранәсілділерге қарағанда жоғары болатынын генетикалық
айырмашылықтармен түсіндіреді, сондай-ақ ешқандай қосымша білім
бұл айырмашылықты жоя алмайды деген қорытындыға келді. Дженсен-
нің мақаласына дейін бірнеше жыл бойы беделді академиялық ортада
мұндай пікір айтылмаған еді; нәтижесінде мақала қатты дау туғызды.
Көп ғалым Дженсеннің әдіснамалық негіздерге қатысты жасаған қоры-
тындысын өткір сынға алды. Бірақ бұл жердегі мәселе Дженсеннің мақа-
ласын қандай мақсатта қолданылуы мүмкін екенін түсінбеуінде жатыр.
Ол өзі сегрегацияға қарсы шығып, зерттеуінде жеке айырмашылықтарға
бейімделген білім беру бағдарламаларының қажеттігін айтса да (Edson,
1970), көп адам оның зерттеуін интеграцияға қарсы тұру үшін қолданды.
Вирджиниядағы газеттерде оның мақаласы туралы хабар шыққан соң,
көп ұзамай адвокаттар Вирджиния штатындағы мектептерді біріктіру ту-
ралы федералдық округ сотына берген талап-арызында Дженсеннің ма-
қаласынан үзінді келтірді (Brazziel, 1969). Олар «ақнәсілділер мен қара-
нәсілділер арасындағы ақыл-ой айырмашылықтары тұқымқуалаушы-
лықпен анықталады; ақнәсілді мұғалімдер қаранәсілділерді түсіне ал-
мауы мүмкін және қаранәсілді балалар стандарт тестілер негізінде ақнә-
сілді балалар оқитын мектептерге қабылдануы керек» деген аргументті
алға тартты.
Тағы бір зерттеу зерттеушілердің маңызды саяси мәселесін зерт-
теу кезінде этикалық қиындықтармен бетпе-бет келетінін көрсетеді.
Лоуренс Шерман мен Ричард Берк (1984) отбасындағы зорлық-зомбылық
туралы экспериментік зерттеуінде зерттеудің саяси салдарына өте мұ-
қият болды, сондай-ақ тұтқынға алу қылмыстың қайталану мүмкіндігін
төмендететінін көрсетті. Мұны он үшінші және он төртінші тарауларда
қарастырамыз. Осының нәтижесінде полиция бұдан былай отбасындағы
зорлық-зомбылық оқиғаларында қылмыскерді тұтқындаудан бас тарт-
пауға тиіс болды. Бірақ Шерман мен Берк мұндай жағдайларда тұтқынға
алуды әдетке айналдырудан аулақ болуға шақырды. Олар зерттеу юрис-
дикциясының бірегей ерекшеліктерін атап өтті және зерттеу нәтижелері
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
115
басқа юрисдикцияларда қайталанса да, тұтқынға алу құқықбұзушылар
мен жағдайдың белгілі бір түрі үшін жақсы жұмыс істей алады деген қоры-
тындыға келді. Дегенмен белсенділер, заң профессорлары және мәжбүрлі
түрде тұтқынға алу туралы заңдарды қолдайтындар Шерман мен Берктің
зерттеу нәтижелерінің саяси салдарына қатысты ұстанымын сынға алды
(Sherman, 1993). Сонымен қатар басқалары Шерманды медиаға зерттеу
нәтижелерін жариялауын мәжбүрлі қамауға алу саясатына әсер ету әре-
кеті ретінде қабылдағаны үшін сынады (Finder and Meeker, 1993). Дәл осы
зерттеуді қайталаған эксперименттер қамауға алудың тиімді екенін көр-
сете алмаған соң бұған тым өткір сын айтылды (қараңыз: Sherman [1993]
and Berk [1993]).
Мұндай даулардың этикалық салдары қандай? Кәсіби қауымдастық-
тардың этикалық кодексінде кем дегенде үш принцип жазылған. Бірін-
шіден, әлеуметтік ғылым саласындағы ғалымдар зерттеу нәтижелерінің
қалай қолданылатынын қарастыруға міндетті. Мысалы, Америка антро-
пология қауымдастығының 2009 жылғы Этика кодексі бойынша, «Антро-
полог зерттеушілер... бөлісетін ақпараттың әлеуметтік және саяси сал-
дарын мұқият ескеруі қажет. Олар мұндай ақпарат түсінікті, контекске
сай және жауапкершілікпен қолданылуын қамтамасыз ету үшін қолдан
келгеннің бәрін жасауы керек (AAA, 2009: III.C.1). Екіншіден, жоғарыда
айтылған деректерді бөлісу принципіне сәйкес, ғалымдар зерттеу нәти-
желерін қоғамдық білімге үлес қосу және пікірталас туғызу мақсатында
көпшілікпен бөлісуі керек және ешбір топ білімді өз әл-ауқаты үшін пай-
далана алмайды (Diener and Crandall, 1978). Үшіншіден, зерттеулер анық
және тез қолданылатын болса, ғалымдар зерттеу нәтижелерін дұрыс пай-
далануға белсенді түрде жәрдемдесуге және теріс пайдалануға жол бер-
меуге міндетті. Осылайша Америка психология қауымдастығының этика
принципінде былай делінген: «Егер психологтар өз жұмысының қате қол-
данылғанын және теріс пайдаланылғанын білсе, түзетуі және қате қол-
дану не теріс пайдалануға жол бермеуі керек». (Осы тұрғыдан алғанда,
біз Шерман мен Беркті этика тұрғысынан жауапты деп санаймыз). Қоры-
тындылай келе, ғалымдар олардың арасында байланыс орнататын және
саясатқа қатысты мәселелерді талқылауға арналған форумды ұйымдас-
тыратын институттар арқылы ғылыми зерттеулердің қолданылуы бойын-
ша жауапкершілікті өз мойнына ала алады (Diener and Crandall, 1978).
Осындай институттардың бірі – Әлеуметтік мәселелерді психология-
лық зерттеу қоғамы; екіншісі – Әлеуметтік мәселелерді ғылыми зерттеу
қоғамы.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Ғалымдар өздерін зерттеудің саяси контексінен оқшаулай алмайды; олар зерттеу нә-
тижелерін интерпретациялау және қолдану бойынша жауап береді.
ЗЕРТТЕУ ЭТИКАСЫ
116
Түйін
Зерттеу этикасы ғалымдардың іс-әрекеттері бағаланатын моральдық
принциптерден тұрады.
Зерттеу этикасының үш негізгі саласы – деректерді жинау мен талдау эти-
касы, адамдармен қарым-қатынас жасау этикасы және қоғам алдындағы
жауапкершілік этикасы.
Деректерді жинау мен талдау этикасы ғалымдардың зерттеу жүргізіп, нә-
тижелері туралы шынайы және нақты есеп беруін талап етеді; этикаға қа-
тысты принциптерді сақтамау ғылымның дамуына нұқсан келтіреді.
Зерттеуге қатысушылардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау үшін
зерттеушілер зиян келтіру, ақпараттандырылған келісім, алдау және жеке
өмірге қол сұғу мәселелерін ескере отырып, зерттеуді қалай жақсы жүргі-
зуге болатынын қарастыруы керек.
Егер зерттеуге қатысу пайдасы келетін қауіп-қатерден көп болса, әрі
субъектілер саналы түрде қатысуға келісімін берсе, зерттеушілер қатысу-
шыларға физикалық немесе психологиялық қауіп-қатер төндірмеуге тиіс.
Қатысушыларға олардың ерікті түрде қатысатыны және олардың қатысу-
ға деген ниетіне әсер етуі мүмкін зерттеудің кез келген аспектілері тура-
лы хабарлау керек.
Егер зерттеуде алдау әдісін қолдану қажет болса, зерттеушілер субъекті-
лерге қатысып болғаннан кейін алдау әдісі қолданылғаны туралы мүмкін-
дігінше тезірек хабарлаған дұрыс.
Зерттеушілер жеке өмірге қол сұқпауға және зерттеуге қатысушыларға
қатысты ақпараттың құпиялығын қорғау үшін барлық мүмкін құралдар-
ды пайдалануы керек.
Зерттеушілердің көбі ұсынған зерттеу жұмысы этикалық мақұлдаудан
өтуі үшін зерттеу протоколдарын институттық бақылау кеңесіне жіберуі
керек. Институттың мақұлдауынан бұрын және одан кейін зерттеушілер
федералдық ережелер мен кәсіби этикалық кодекстерді басшылыққа ала
отырып шешім қабылдайды.
Құндылықтар мен ғылыми зерттеулер арасындағы қатынасты қамтитын
зерттеу этикасының үшінші саласы ғалымдарға ортақ игілікке үлес қосу-
ға кеңес береді.
Бір кездері әлеуметтік ғылым құндылықтан тәуелсіз болуы мүмкін деп
есептелгенімен, қазіргі кезде бұл көзқарас қабылданбайды, құндылық-
тардың зерттеу процесіне әсер ететіні белгілі және құндылықтың бейта-
раптығы мәселесі ғалымдарды өзгелердің құндылықтары үшін қызмет
етуге мәжбүрлейді.
Зерттеушілер зерттеу жүргізу кезінде жеке құндылықтардың әсер етуіне
жол бермеуге тиіс, әрі зерттеудің шектеулерін мұқият көрсетуі қажет.
Қажет болған жағдайда зерттеушілер зерттеу нәтижелерін қолданудың
пайдалы тұстарын қолдап, зиянды тұстарына қарсы күресуі керек.
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
117
Тірек сөздер
Этика Анонимдік
Зерттеу этикасы Құпиялық
Зерттеудегі өрескелдік Ортақ ереже
Деректерді бөлісу
Шығын мен пайда талдауы
Институттық шолу алқасы (ИША)
Шұғыл сараптама
Ақпараттандырылған келісім Мәдени релятивизм
Жауап алу
Тапсырмалар
1. Төменде келтірілген зерттеу мысалдарынан туындаған этикаға қатысты
мәселелерді талқылаңыз.
а. (Гипотезалық) криминолог өзі танитын бұрын сотталған кісі арқылы
ұрланған заттарды алып сататын кісімен кездескен. Зерттеу барысын-
да зерттеуші алып сатушы адамнан өз жұмысы туралы айтып беруін
сұраған (неге мұндай жұмыспен айналысады, қандай жандармен жұ-
мыс істейді, олармен қалай кездеседі және т.б.). Одан ақпарат алу үшін
зерттеуші алып сатушының жеке басына қатысты барлық ақпараттың
құпия сақталатынына уәде берген. Алайда оны сотқа шақырғанда, ол
түрмеге отырудың орнына информантын әшкерелеуге келіседі. Зерт-
теуші информантын жариялауға келісуі арқылы этика қағидасын бұз-
ды ма?
ә. (Гипотезалық) зерттеуші еріктілерге қосылу арқылы ЖИТС-ке шал-
дыққан науқастарға қызмет көрсететін клиникаға кірген. Клини-
када жұмыс істей отырып, ол пациенттердің аттарын жазып алады,
содан кейін оларға жақындап, өзін әлеуметтанушы ретінде таныс-
тырып, өз зерттеуінің сипатын толық түсіндірген және ЖИТС құр-
бандарын тереңдете зерттеу үшін көмектесуді сұраған. Көп пациент
келіскен, бірақ кейбіреулер келісімін бермеген. Этика тұрғысынан
зерттеуші стратегиясының қандай аспектілері таласты болып тұр?
б.
Стивен Уэст, Стивен Ганн және Пол Черницки (1975) әлеуметтік пси-
хологиядағы атрибуция теориясының адамдардың сот алдындағы іс-
әрекеттерді қалай қабылдайтыны туралы ұйғарымын сынап
көрді. Бұл үшін ол зерттеуге қатысушылардан ұрлық жасау ісі-
не қатысуды сұрағаны, содан кейін қатысуға келіскендердің бас
тартқандардан және мұны заңсыз іс-әрекет деп қабылдағандар-
дан айырмашылығын сынап көрген. Өзін жергілікті жеке детек-
тив ретінде таныстырған экспериментті жүргізушілердің бірі
студенттермен байланысып, жергілікті жарнама фирмасын то-
наудың егжей-тегжейлі жоспарын ұсынды. Субъектілердің екі
тобына ұрлық мемлекеттік орган үшін жасалуы керек деп ай-
тылды; басқа топқа қатысқаны үшін 2 000 доллардан уәде етілді.
ЗЕРТТЕУ ЭТИКАСЫ
118
Субъектінің ұрлыққа қатысуға келісімін беруі не қатысудан бас тартуы
және оны осындай шешім қабылдауға түрткі болған себептер негізгі
тәуелді айнымалылар болды. Зерттеушілер іс жүзінде қылмыс жасаған
жоқ. Бұл зерттеудің этикаға қатысты мәселелері қандай? Осы зерттеу-
дегі субъектілерден қалай жауап алатыныңыз туралы айтып беріңіз.
2. Егер зерттеу ұсынысын дайындасаңыз не этикалық кодекстермен және
әлеуметтік зерттеу жүргізу қағидаларымен жақсы танысқыңыз келсе,
оқулықтың уеб-сайтындағы үшінші тарау (www.oup.com/us/singleton-
approaches) мен уеб-ресурстар тізімін қараңыз. Ресурстардың арасында
Федералдық ережелер кодексіне, түрлі кәсіби қауымдастықтардың эти-
калық кодекстеріне және ақпараттандырылған келісім беру мен бақылау
парағына сілтемелер бар. Сондай-ақ Ұлттық денсаулық сақтау институт-
тарының (NIH) Сырттай зерттеу басқармасы ұсынған зерттеуге қаты-
сушылардың құқықтары мен әл-ауқаты туралы тегін онлайн-оқулықты
таба аласыз.
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ КОНТЕКСІ
119
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Зерттеу дизайны
Бұған дейін әлеуметтік ғылыми талдауларды ғылым мен этика контексі
аясында қарастырдық. Ғылыми зерттеулерге негіз болатын мақсат пен
нормалармен қатар, ескерілуі қажет этика мәселелеріне де тоқталдық.
Осыған дейінгі оқып-білгенімізге сүйене отырып, енді әлеуметтік зерт-
теулерді егжей-тегжейлі қарастырамыз.
Ғылым – жүйелі бақылау (зерттеу) жасау арқылы жалпыланған түсінік
(теория) қалыптастыру процесі. Зерттеу ғылыми бақылауды жоспарлау-
дан, орындау мен түсіндіруден тұрады. Бұл бөлімнің үш тарауында жос-
парлау кезеңі қарастырылады. Зерттеу сұрақтарын іріктеу мен құрасты-
рылуын қарастыратын төртінші тарауда әлеуметтік зерттеулердің негізгі
терминологиясы ұсынылады. Бес пен алтыншы тарауларда зерттеуді жос-
парлаумен байланысты екі негізгі мәселе қарастырылады: зерттеу қы-
зығушылығы аясына кіретін құбылыстарды өлшеу тәсілдерін құрастыру
мен бақылау жасалатын кейстерді іріктеу. Аталған тараулар зерттеу ди-
зайны деп аталатын жалпы жоспардағы басты элементтер мен пікірлерді
анықтайды. Осы шолу кітаптың басқа бөлігіндегі зерттеуді орындау мен
интерпретациялау кезеңдерін қарастыруға негіз болмақ.
Төртінші тараудағы әлеуметтік зерттеу тілі терминологияның екінші
тарауда талқыланған ғылыми теорияның логикалық құрылымы мен та-
биғатынан өзгеше екенін көрсетеді. Абстракт және теориялық деңгейдегі
(тұжырымдамалар, ұйғарымдар) пайымдау құралдарының эмпирикалық
деңгейдегі (айнымалылар, гипотезалар) зерттеу құралдарынан біршама
өзгешеленетінін көреміз. Абстракт деңгейден эмпирикалық деңгейге өту
процесі – әлеуметтік зерттеулердің маңызды бөлігі. Бұл мәселеге бесінші
тарауда тоқталамыз.
120
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
Төртінші тарау
Зерттеу дизайнының элементтері
Әлеуметтік зерттеулердің барлығы белгілі бір тақырыпқа бағытталып, ар-
найы зерттеу сұрақтарын қарастырады. Бұл тарауды тақырыпты іріктеуге
әсер ететін әлеуметтік күштер мен жеке мотивтерді қарастырудан бастай-
мыз. Осыдан кейін зерттеуші зерттеуге болатын сұрақтар аясын тарылта-
тындықтан, үш негізгі мәселеге тоқталамыз: (1) қандай объектілер (жеке
адамдар, топтар, ресми ұйымдар, ұлттар) зерттелуі қажет; (2) сол объекті-
лердің қандай аспектісі немесе сипаттамасы қызығушылық тудырады; (3)
сипаттамалар арасында қандай байланыс түрі болжанады. Зерттеу дизай-
нының негізгі элементтерін қарастыра отырып, әлеуметтік зерттеулер тілін
ұғып, зерттеуге болатын терминдердегі мәселелерді түсінеміз.
Зерттеу тақырыбының туындау себептері
Зерттеудің бастапқы нүктесі – тақырыпты таңдау. Тақырып таңдалып,
зерттеу сұрағы анықталған соң, жарамды дерек пен нақты жауаптар алу-
ға көмектесетін зерттеуді жүргізу нұсқаулықтарын қарастыра аламыз.
Кез келген «әлеуметтік» және «эмпирикалық» мәселе әлеуметтік зерттеу-
дің субъекті бола алатынын ескерсек, ықтимал тақырыптар әралуандығы
шексіз десек те болады. Сонымен, әлеуметтік ғылымдарда нақты тақы-
рыптар неден шығады? Тақырыптардың туындау себебін түсіндіретін бес
факторды анықтайық.
1. Ғылыми пәннің құрылымы мен жағдайы. Зерттеушілердің көбі білім-
ді ғылыми тұрғыдан дамыту мақсатында өз зерттеу саласындағы теория
мен зерттеудің тұрақты дамуына үлес қосатын тақырыптарды таңдайды.
Пәнді ұйымдастыру – тақырып таңдаудың негізі. Мысал ретінде әлеумет-
тік психологтар өз пәндерін агрессия, альтруизм, тұлғааралық тартым-
дылық және конформизм сияқты формаларға бөледі, олар зерттеу қызы-
ғушылығы мен ұйымдастыру тақырыбына ұйытқы болады. Осы сияқты
әлеуметтанушылар пән айналасында ұйымдастырылған түрлі институт-
тардың дін, саясат, білім беру және отбасы сияқты аспектілерін қарасты-
рады. Білімнің дамуымен қатар, салада ақпарат сәйкессіздігі мен алшақ-
тығы анықталып жатыр, зерттеушілер осы мәселені шешуге күш салуда.
2. Әлеуметтік мәселелер. Әлеуметтік ғылымдардың дамуы мен на-
зары «адамзат ахуалының» негізгі мәселесіне деген қызығушылыққа
тығыз байланысты. Бұл мәселе, әсіресе әлеуметтануда ежелден зерттеу
121
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
тақырыптарының негізгі өзегі болды. Эмиль Дюркгейм, Карл Маркс, Макс
Вебер, және Роберт Парк сынды ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас
кезеңіндегі ең мықты әлеуметтанушылар ірі әлеуметтік қозғалыстардан
туындаған француз және өнеркәсіп революциясы немесе АҚШ-тағы жап-
пай шетелдік иммиграция сияқты мәселелерге ден қойды. Жаттану, де-
вианттық, урбандалу, нәсілшілдік және өзге де көптеген осы тақылеттес
жағдайдан туған мәселелер пәннің негізгі өзегі болды. Шындығында, көп
жұрт әлеуметтік ғылымға оның өзіне мәлім маңыздылығына байланысты
белсенді атсалысады.
3. Зерттеушінің жеке қызығушылықтары. Түрлі қиындық, тосқауыл-
дармен қатар, қаражат пен уақытты қажет ететін зерттеу жобасын орын-
дауда зерттеуші тарапынан едәуір қызығушылық та болуға тиіс. Оны
негізгі қозғаушы күш – белгілі бір тақырыпта зерттеу жүргізуге жеке
түрткілердің болуы. Демек, зерттеушінің тақырып таңдауына оның тео-
риялық маңызы, жаңалығы немесе зерттеуге сұранып тұрғанынан бөлек,
қызығушылығы түрткі болуы мүмкін. Әлеуметтік психолог Зик Рубиннің
(1976: 508–9) айтуынша, романтикалық махаббат тақырыбын зерттеуі-
нің себебі: «темпераменті мен жан қалауы бойынша, ол композитор еді.
Композиторлар әдетте махаббатты бағалайды». Сондықтан ол махаббат-
ты өлшеудің ғылыми тәсілін табуға бекінді. Осы тұрғыдан алғанда, белгілі
бір топ өкілдері сол топты зерттеумен айналысатыны таңғалдырмайды;
мысалы, әйелдер әйелдерді зерттеуде, ал афроамерикалықтар қаранәсіл-
ділерді зерттеуде көш бастайды (King, Keohane and Verba, 1994: 14).
4. Әлеуметтік сыйақы. Бұл да тақырып таңдауға әсер ететін ықпал-
ды әлеуметтік шешуші фактор. Қолдау қоры, мәртебесі мен зерттеу са-
ласының танымалдығына байланысты, оған қоса, пән мен қоғамдық
қысымға қарай әлеуметтік сыйақылар түрлі кезеңде түрлі тақырыптарға
ойысады. Әдетте бұл сыйақылар бірін-бірі күшейтеді, өйткені әлеуметтік
орта қаржыландыруға, ал ол, өз кезегінде, зерттеу мәртебесіне әсер етеді.
Бұл, әрине, 1960 жылдардағы ғарыш бағдарламасына қатысты. Қазір де
қарт кісілерге ұсынылатын федералдық шығындар мен қызметтер күрт
артқандықтан, әлеуметтік ғылымдарда халықтың қартаюына қызығу-
шылық артып отыр, егде адамдарға қатысты зерттеулерге қолдау күшей-
ді. Сол сияқты 1970 жылдардағы әйелдер қозғалысы бүгінгі күнге дейін
жалғасып келе жатқан гендерлік сұрақтарға қатысты зерттеулердің күрт
өсуіне себеп болды.
5. Практикалық көзқарастар. Кез келген зерттеу жобасының негізгі
мәселесі – оның шығыны. Зерттеу жұмысына уақыт, ақша және қызмет-
керлер қажет. Осы ресурстардың шегі және зерттеушінің қабілеті мен
тиісті деректердің болуы (он екінші тараудан қараңыз) сияқты өзге де
практикалық мәселелер зерттеуші көздейтін мәселенің табиғаты мен ау-
қымын айқындайды.
Аталған факторлардың әрқайсысы немесе барлығы кез келген зерттеу-
дің нақты тақырыбын таңдауға әсер ете алады. Беккет Брохтың (2002)
122
қосымша сабақтарға қатысудың жоғарғы сынып оқушылары үлгерімі-
не әсерін зерттеген жұмысын қарастырып көрейік. Брох өз зерттеуінде
жоғары мектеп оқушыларының ұлттық сауалнама нәтижесіне сүйене
отырып, кімге мектептегі спорттық немесе өзге шараларға қатысу пай-
далы екенін, әрі оның себебі неде екенін анықтауға тырысты. Бұл зерттеу
жұмысы білім беру мен спорт саласын зерттеген әлеуметтанушылардың
теориялық қызығушылығын тудырған қосымша сабақтардың әсері тура-
лы зерттеуін жалғастырды. Әлеуметтік ғылым ғалымдары, мектеп қыз-
меткерлері мен күллі қоғам спорт мінезді ұштай ма, әрі оның білім алу-
да оң әсері бар ма деген мәселені ұзақ талқылады. Қосымша сабақтарға
жұмсалатын шығынды, әсіресе мектептегі спорттық шаралар шығыны
мен қоғамның оқу үлгерімінің жоғарылауына қатысты алаңдауын ескер-
сек, Брох зерттеуінің практикалық маңызын да көреміз. Ең бастысы Брох
бұл тақырыпқа зор қызығушылық танытты. Ол орта мектепте спортқа
қатысқан, бірақ кейіннен колледжде жарақат алған соң спорттағы ка-
рьерасы тоқтап, Мичиган мен Огайо штаттарындағы орта мектепте бас-
кетбол жаттықтырушысы болды. Осы тәжірибесі әлеуметтану бойынша
PhD оқып жүргенде спорт пен білім беруге деген қызығушылығын оятты.
Менторы Ұлттық білім берудің бойлық зерттеу сұрақтарын ұсынғанда ол
спортшылар арасындағы өзара қарым-қатынас желісі олардың оқу үлге-
ріміне әсері туралы өз идеяларын сынаудың амалын тапты.
Жалпы тақырып таңдалған соң оны зерттеуге болатын терминдер тұр-
ғысынан баяндау керек. Ол тақырыпты бір немесе бірнеше нақты сұрақ-
тар не гипотеза түрінде көрсетуді қамтиды. Жалпы тақырыптан нақты
сұрақтарға өту процесін кейінірек талқылайтын боламыз. Біріншіден,
зерттеуге болатын мәселе немесе сұрақты қалыптастыруда қандай ай-
нымалылар арасындағы байланыс қандай бірліктерді зерттеу керегін
анықтау маңызды екенін түсіну шарт. Енді назарымызды осы маңызды
терминдерге аударамыз.
Талдау бірліктері
Зерттелетін нәрселер (объектілер немесе жағдаят) әлеуметтік зерттеуде
талдау бірліктері деп аталады. Әлеуметтану саласындағы ғалымдар түр-
лі бірліктерді (кейде «элемент» немесе «кейс» деп аталатын) зерттейді.
Бұған жеке адамдар, әлеуметтік рөлдер, қызмет және байланыс; отбасы,
ұйым, қала сияқты әлеуметтік топтардың кең ауқымы және кітап, мер-
зімді басылымдар, құжаттар, тіпті ғимараттар сияқты түрлі әлеуметтік
артефактілер жатады. Әдетте талдау бірліктері оңай анықталады. Бір-
лік – тек сипатталатын не талданатын әлдекім немесе әлдене. Мысалы,
ірі ұйымдарда (қызметкер саны бойынша) кіші ұйымдарға қараған-
да басым бюрократиялық ережелер мен талаптар бар ма деген сұраққа
жауап іздейтін зерттеуші ұйымды бірлік ретінде алып, түрлі ұйымдардың
ауқымы мен бюрократиялық құрылымы туралы ақпарат жинауға тиіс.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
123
Брохтың қосымша сабақтардағы белсенділіктің оқу үлгеріміне әсерін қа-
растыратын зерттеуінде талдау бірліктері жеке тұлғалар, нақтырақ айт-
сақ, жоғарғы мектептің жеке оқушылары болды.
Әлеуметтік зерттеулердің көбінде талдау бірлігі – жеке тұлға. Деген-
мен әлеуметтану саласындағы ғалымдар жеке айырмашылықтарға қа-
рағанда, әлеуметтік контекстінің адамдарға жалпы әсеріне, жеке адам-
дар құрайтын әлеуметтік байланыстарға және кең ауқымды әлеуметтік
процестерге қызығушылық танытады. Көбіне «әлеуметтік» талдау үшін
жеке адамнан тыс бірліктер қажет. Фред Марковицтің (2006) психиат-
риялық деинституционализация туралы зерттеуін қарастырайық. 1960
жылдарға дейін психикалық науқастардың басым бөлігі үкімет қаржы-
ландыратын үлкен ауруханаларда ем алып келді. Алайда психиатриялық
дәрі-дәрмектердің дамуы, мәжбүрлі түрде емдеу стандарттарының кү-
шеюі мен федералдық қаржыландырудың қысқаруы нәтижесінде мемле-
кеттік және штаттық психиатриялық ауруханалардағы тұрақты емделу-
шілер саны кейінгі бірнеше онжылдықта күрт азайды. Жеке тұлғаларды
зерттеу көрсеткендей, деинституционализация ісі тұтқындалған немесе
абақтыға жабылған психикалық науқастар санын ұлғайтқан. Марковиц
әлеуметтік бақылау мәселесін көтерді: өзгелермен салыстырғанда көбіне
қылмыстың себепкері де, зардап шегушісі де болуы мүмкін психикалық
науқастардың мінез-құлқын психикалық денсаулықты қорғау жүйесі бас-
қара алмайтын болса, психикалық науқасты қылмыстық әділдік жүйесі
қамқорлыққа ала ма? Психикалық денсаулықты қорғау мен қылмыс-
тық әділдік жүйелері әлеуметтік бірліктерге жатады; әлеуметтік жүйе-
лер – жеке тұлғалардың емес, қауымдастықтың немесе елдің аспектілері.
Осылайша Марковиц қалаларға талдау жасауға бел буды. Ол АҚШ-тың
81 қаласындағы психиатриялық ауруханалардағы кереуеттер саны мен
қылмыс пен тұтқындау деңгейін зерттей келе, қаланың психикалық нау-
қастарды мемлекеттік психиатриялық ауруханаларда орналастыра алу
деңгейі қаншалықты төмен болса, қаладағы қылмыс пен тұтқындау дең-
гейі соншалықты жоғары екенін байқады.
Жеке тұлғалар жөніндегі деректер, әсіресе өткен уақыттағы деректер
әлеуметтік және мәдени өзгерістерді зерттеу үшін жеткіліксіз болуы мүм-
кін. ХХ ғасырдың ортасында әлеуметтанушы Дэвид Рисман (1950) The
Lonely Crowd атты атақты еңбегін жариялаған және алғаш рет «басқаға
бағытталған» трендінің теориясын жасаған. Кеңсе қызметкерлері мен
қызмет көрсету жұмыстарының кеңеюі, өнім молшылығының артуы мен
масс-медианың дамуы сияқты өндірістік революция салдарынан пайда
болған өзгерістер әсерінен адамдардың іс-әрекеті ішкі құндылықтарын
ынталандыра алмай, өзгелердің іс-әрекетінен әсерленгіш болып кетті.
Бірақ бұрынғы уақыттағы адам іс-әрекетін талдауға мүмкіндік болма-
са, жеке түрткілердің ұзақмерзімді трендтерін қалай зерттеуге болады?
Әлеуметтік ғылыми шешімдердің бірі – медиа сияқты түрлі әлеуметтік
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
124
артефактілерге иек артып, олардың визуалды және вербалды бейнесін
қызығушылық тудыратын жеке құндылықтар мен мінез-құлықтың көрі-
нісі деп болжау. Мысалы, Рисманның теориясын сынау үшін зерттеушілер
өз талдау бірліктері ретінде жалпыға таралған журналдардағы жарнама-
ларды таңдаған. Зерттеулердің бірінде 1890–1984 жылдар аралығында-
ғы әйелдерге арналған үш журналдан (McCall’s, Ladies’ Home Journal, and
Good Housekeeping) 400-ден астам жарнамаға талдау жасалған (Zinkhan
and Hayes, 1989). Зерттеу нәтижесі уақыт өткен сайын жарнама өзгелер-
дің стандарттарына жүгінетінін көрсетті.
Жиынтық дерек
Баяндалатын зерттеудегі талдау бірлігін анықтаудың бір жолы – сипатта-
лып жатқан қасиет пен ерекшеліктерді анықтап алу. Жеке адамдар жас,
нәсіл мен жынысқа бөлінеді; олардың ұстанымдары мен пікірі қалыптас-
қан, кейінгі азаматтық сайлауда дауыс беруі, қылмыс жасауы не өткен
аптада волонтер болып жұмыс істеуі сияқты белгілі бір іс атқарады. Топ,
ұйым, қала мен мемлекет сияқты әлеуметтік жиынтықтардың көлемі, ор-
таша жасы, дауыс берушілер пайызы не қылмыстық деңгейі бар. Алайда
жеке деректер сол адамдар жататын әлеуметтік бірлікті сипаттау үшін бі-
ріктірілетіні аздап шатасуға әкелуі мүмкін.
Үлкен әлеуметтік бірлікті сипаттау үшін статистикалық түрде бірікті-
рілетін бірліктер жинағы туралы ақпарат жиынтық дерек деп аталады.
Әр жыл сайын U.S. News and World Report Американың үздік колледждерін
саралау үшін жиынтық деректі пайдаланады: олар колледждерді сипат-
тау үшін жекелеген студенттер туралы ақпарат жинақтайды. Мысалы,
олардың оқу сапасының бір индикаторы – әр оқу орнындағы оқу бітіру-
шілердің пайызы, оны бір сыныптағы студенттер санын олар тіркелген
сәттен кейінгі 6 жыл бойғы түлектер санына бөлу арқылы шығарады.
Өзге жиынтық өлшемдер SAT пен ACT тестілерінің орташа көрсеткішін
(балл); сыныптағы үздік 10% оқушы қатарында орта мектепті тәмамда-
ған абитуренттер үлесіне байланысты қабылдау көрсеткішін, яғни жалпы
оқуға тапсырғандар санына шаққандағы қабылданған студенттердің қа-
тынасын қарастырады.
U.S. News саралауында колледжді талдау бірлігі ретінде алып, оны
сипаттайды әрі салыстырады. Дегенмен жиынтық деректі пайдалану
әрдайым топтық талдау бірлігін білдірмейді. Өзге бір зерттеуде Эндрю
Гест пен Барбара Шнайдер жасөспірімдердің қосымша сабақтарға қа-
тысуына қызығушылық танытып, мұндай шаралардың әсері мектеп пен
қауымдастықтың әлеуметтік контексіне тәуелді ме деген сұраққа жауап
іздеді. Мысалы, спортты денсаулық пен эстетикалық артықшылығы-
на бола бағалайтын жоғарғы тап қауымдастығына қарағанда, спортты
қаржылық пайдаға кенелу жолы деп бағалайтын төменгі тап қауым-
дастығында спорт оқу үлгеріміне айтарлықтай әсер ете алады. Гест пен
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
125
Шнайдердің талдау бірлігі, дәл Брохтың зерттеуіндегідей, жоғарғы мек-
тептің жеке оқушылары болды; дегенмен олар қауымдастық пен мек-
теп ықпалын зерттеудің жиынтық өлшемін ойлап тапты. Олар жасаған
қауымдастықтағы әлеуметтік-экономикалық таптың өлшемі, негізінен,
студенттер мекен еткен аудандардың орташа табысы мен білім деңгейіне
сүйенді, ал мектепке қатысты өлшемі мектеп оқушылары арасында мек-
тепті бітірген соң 4 жылдық колледжге түскен әр оқушының пайыздық
көрсеткішінен тұрды.
Осылайша жеке адамдар туралы ақпарат топтар мен ұжымдарды си-
паттау үшін жинақталса, онда талдау бірлігі адам немесе топ бола алады.
Қалай айта аласыз? Әдетте зерттеушілер өз талдауларында нақты бірлік-
тің бірнеше топтамасын салыстырады, мысалы, жеке тұлғалар саны, қала
немесе колледж саны. Сондықтан талдау бірлігін анықтау үшін әр топта-
маларда не сипатталатыны мен бірліктің қандай түрі, яғни жеке тұлға не
топтар салыстырылатыны туралы ізденіп көріңіз. Егер жиынтық дерек-
тер түрлі топтарды салыстыру үшін пайдаланылса, онда талдау бірлігі топ
болады. Деректер түрлі топтарға жататын жеке тұлғаларды салыстыру
үшін пайдаланылса, онда жеке тұлға бірлік болады.
Талдау бірлігін анықтаудың маңыздылығының бір себебі – бірліктерді
шатастыру зерттеу нәтижесі туралы теріс қорытындыға әкелуі мүмкін.
Жалпы айтқанда, тек нақты зерттеліп жатқан бірлік туралы пайымдау
жасау қажет (шындығында, пайымдаулар алтыншы тараудағыдай шек-
теулі болуға тиіс). Бір бірлік туралы ақпарат негізінде басқа біреуі туралы
қорытынды шығару логика тұрғысынан жаңылу қаупін тудырады.
Экологиялық қателік
Бірліктердің сәйкеспеуіне қатысты ең көп тараған қателік – экология-
лық қателік (Robinson, 1950). Бұл қателік топ немесе географиялық ау-
мақ сипаттары арасындағы байланысты сол топ пен аумақтағы адамдар-
дың жеке мінез-құлқы туралы қорытынды шығаруға пайдаланғанда жі-
беріледі. Бұл логиктер «бөліністен қателік» деп атайтын жағдайға ұқсас:
топ шындық деп қабылдайтын нәрсені топтың жеке мүшелері де солай
қабылдайды деп қарау. Колледждегі топтастары SAT емтиханынан төмен
балл алғанын біле тұра, Салли де SAT емтиханынан төмен балл алды деп
ойласаңыз, қателесесіз.
Сайлау туралы жиынтық деректерді жеке дауыс беру тәртібін зерттеу-
ге пайдаланатын саяси аналитиктер экологиялық тұрғыдан көбіне қате-
леседі. Мысалы, зерттеуші тіркелген демократтар немесе республикашы-
лар қалалық сайлауда тәуелсіз партиядан шыққан үміткерлерді қанша-
лықты қолдайтынын білгісі келеді дейік, бірақ тек үміткер жинаған дауыс
пайызы мен әр сайлау учаскесіндегі сайлаушы республикашылар мен
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
126
демократтардың пайыздық көрсеткіші туралы ақпарат бар. Қысқаша
айтқанда, зерттеуші жеке сайлаушылар туралы қорытынды шығарғы-
сы келгенімен, сайлау учаскелері туралы жалпы ақпаратты ғана біледі.
Үміткердің республикашылар пайызы жоғары учаскелерде салыстырма-
лы түрде көп дауыс жинауы, демократ сайлаушыларға қарағанда рес-
публикашыл сайлаушылар ол үміткерді қолдайды дегенді білдірмейді.
Шын мәнінде, басым бөлігі республикашылар болып келетін сайлау ай-
мағындағы демократтар өзге сайлау учаскесіндегі демократтарға қара-
ғанда, тәуелсіз партия ұсынған үміткерді қолдауда басымдық танытуы
мүмкін. Мұндағы талдау бірлігі жеке сайлаушы емес, сайлау учаскесі
болғандықтан, әр сайлау учаскесінде жеке сайлаушылар қалай дауыс
бергенін біле алмаймыз.
Уағында әлеуметтік зерттеушілер жоғарыдағы тәсіл бойынша эколо-
гиялық талдауды көптеп жасаған. Мысалы, криминологтар қылмыс пен
құқықбұзушылық деңгейін санақ парақтарының басқа бірліктерінің
сипаттарына қатысты талдау жасап, жеке қылмыскерлер мен құқықбұ-
зушылардың ерекшеліктері туралы қорытынды шығаруға тырысты. Ше-
телде туған кісілер тұрғылықты адамдармен салыстырғанда көп қылмыс
жасайды, өйткені шетелдіктер пайызы көп аймақтарда қылмыс деңгейі
жоғары деген түсінік – жалған қорытындының тағы бір мысалы. Мұн-
дай жөнсіз қорытындыға келуге тағы бір себеп – қылмысты шетелдіктер
не тұрғылықты адамдар жасағанын нақты білмеу. Дюркгеймнің суицид
туралы классикалық зерттеуінде де экологиялық қателесу бар, өйткені
оның қорытындысында суицид деңгейі католиктік елдерге қарағанда
протестанттық елдерде көп болғандықтан, католиктерден
1
гөрі протес-
танттар суицид жасайды делінген.
Алайда жиынтық не топтық дерекке сүйене отырып жеке деңгейлі
процесс туралы қорытынды шығару әрдайым қате бола бермейді. Әлеу-
меттанушылар мұндай қорытынды шығару орынды болатын жағдайлар-
ды анықтап көрсеткен (мысалы, Firebaugh, 1978). Алайда көбіне мұндай
жағдайдың бәрін анықтау қиын. Экологиялық қателіктің салдары ай-
қын: қорытынды жасайтын бірліктерді мұқият анықтап алыңыз, сосын
өзіңіздегі дерек сол бірліктерге жататынына көз жеткізіңіз. Жеке адам-
дарға қызығушылық танытқаныңызбен, қолыңызда жиынтық деректер
болғанда экологиялық қателік ықтималдығын ескере отырып, тек бол-
жамды қорытынды жасаңыз.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Деректер әлеуметтік бірліктерді сипаттайтын болса (мысалы, мектептер), онда жеке
адамдар (мектеп оқушылары) туралы қорытынды шығарарда абай болу қажет.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
127
Айнымалылар
Зерттеушілер талдау барысында бірліктерді бақылағанымен, ең басты
мүдде – бірліктер сипатының арасындағы байланыс. Түрлі бақылаулар
үшін түрлі құндылық, категория немесе атрибуттарды қабылдай отырып
өзгеретін бірлік сипаттары айнымалылар деп аталады. Айнымалылар
оқиға мен уақытқа не екеуіне де байланысты түрленуі мүмкін. Мысалы,
жеке адамдар арасындағы түрлі адамдар үшін өзгешеленуі мүмкін кез
келген сипат жиынтығы айнымалыларға жатады, олар: жасы (жылдар
арасы), жынысы (ер мен әйел) және отбасылық жағдайы (жалғызбасты,
отбасылы, ажырасқан, жесір және т.б.). Жеке адам үшін уақыт өтуімен
өзгеріске ұшырайтын кез келген сипаттама, жасы, білім деңгейі (бас-
тауыш білім, орташа білім т.с.с.) және табысы (бір жылдық ақшасы) ай-
нымалыға жатады.
Айнымалылар мен соны құрайтын атрибуттар немесе категориялар
арасын шатастыру жиі кездеседі. «Гендер» – ер мен әйел категориясынан
құралатын айнымалы; «ер» мен «әйел» өзі тұрғанда айнымалы емес, тек
түрлі жыныс өкілдерін ажырататын категория. Сол сияқты «ажырасқан-
дар» мен «республикашылар» – айнымалы емес, олар «отбасылық жағда-
йы» және «саяси партияға мүше болуы» айнымалыларының категорияла-
ры. Бұл айырмашылықты ұғынықты ету үшін өзіңіз немесе өзге біреуге
сипаттама беруде қолданатын кез келген термин айнымалының атрибу-
ты (екінші курс, әлеуметтану мамандығы) не категориясы (ғылыми дәре-
жесі, мамандық) болатынын есте тұтыңыз.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Әлеуметтік ғылым саласындағы ғалымдар айнымалылар арасындағы байланыстар-
ды зерттейді; айнымалылар талдау бірліктерін бейнелейді және аражігін көрсетеді.
Енді талдау бірлігі мен айнымалылар тұжырымдары туралы ұстаны-
мыңызды сынап көре аласыз. 4.1-кесте осыны жасауға көмектесу үшін
құрастырылған. Бірінші бағанада сегіз зерттеу сұрағы немесе гипотезасы
көрсетілген; екінші мен үшінші бағана тиісті талдау бірлігі мен айныма-
лыларды анықтайды. Екінші және үшінші бағананы қоя тұрып, бірінші
бағананы оқыңыз, содан кейін бөлек бір қағазға талдау бірлігі мен айны-
малыларды жазыңыз. Енді толық кестеге қарап жауаптарыңызды тексе-
ріңіз.
Айнымалы түрлері
Әлеуметтану ғылымы ғалымдары айнымалыларды бірнеше жолмен
классификациялау қажет деп санайды. Классификациялаудың бір түрі
әлеуметтік құбылыстардың күрделілігіне байланысты. Зерттеу мәселесі
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
128
қандай болса да, зерттеуші көптеген ықтимал маңызды қасиет ішінен
бірнешеуін ғана бақылап, өлшей алады. Зерттеу объекті болатын айны-
малылар – түсіндірме айнымалылар деп аталатын байланыстың бір бө-
лігі, ал басқалары сыртқы айнымалылар деп аталады.
Түсіндірме айнымалылардың екі түрі бар: тәуелді және тәуелсіз. Тәуел-
ді айнымалы – зерттеушінің қандай да бір субъекті не құбылысты тү-
сіндіру мен болжауға мүдделі болуы. Тәуелді айнымалының вариациясы
басқа айнымалыларға тәуелді не олардың әсеріне байланысты деп сана-
лады. Түсіндірме айнымалылардың ықпал етуі мен түсіндіруін тәуелсіз
айнымалы деп атайды. Егер себеп пен әсері тұрғысынан қарайтын бол-
сақ, тәуелсіз айнымалы – ықтимал себеп, ал тәуелді айнымалы ықтимал
әсер болады. Тәуелсіз айнымалылар «предиктор айнымалылар» деп те
аталады, себебі олардың мәні мен категориясын тәуелді айнымалылар-
дың мәні мен категориясын болжау үшін пайдалануға болды. Мысалы,
Брох (2002) қосымша сабақтардың оқу үлгеріміне әсерін зерттегенде,
оның тәуелсіз айнымалысы зерттеуге қатысушылардың мектепаралық
спорт сияқты белгілі бір мектеп шараларына қатысуы болса, тәуелді ай-
нымалысы олардың үлгерім деңгейі болды. Спорттық шараға қатысу оқу
үлгеріміндегі айырмашылықты қаншалық түсіндіретіні (яки болжайты-
ны) зерттеу сұрақтарының бірі болды.
Әлеуметтік ғылымдардағы зерттеулер көбіне бірнеше тәуелсіз айны-
малыны, ал кейде бірден көп тәуелді айнымалыны қамтиды. Айта кете-
тін жайт, айнымалы, жеке алғанда, тәуелді не тәуелсіз де емес. Зерттеу-
шінің не түсіндіруге тырысқанына байланысты бір зерттеудегі тәуелсіз
айнымалы екінші зерттеуде тәуелді айнымалы болуы мүмкін. Матема-
тика мен жаратылыстану ғылымдарында Х тәуелсіз айнымалыны, ал Y
тәуелді айнымалыны білдіреді. Кітаптың кейінгі бөлігінде осы тәжірибе-
ні ұстанамыз.
Түсіндірме жиынтыққа жатпайтын сыртқы айнымалылар екі маңызды
тәсілмен классификациялануы мүмкін. Біріншіден, арнайы тәуелді және
тәуелсіз айнымалыға қатысына қарай олар алдыңғы немесе аралық
бола алады. Алдыңғы айнымалы уақыты бойынша тәуелді айнымалыдан
да, тәуелсіз айнымалыдан да бұрын болады; айнымалы тәуелсіз айныма-
лының әсері мен тәуелді айнымалының себебі болса, онда ол – аралық
айнымалы. Брохтың зерттеуіндегі алдыңғы айнымалылар – ата-ана табы-
сы, оқушының нәсілі мен жынысы; бұл айнымалының әрқайсысы қосым-
ша сабақтарға қатысуына да, оқу үлгеріміне де ықпал ете алады. Аралық
айнымалы оқушылардың өзін-өзі бағалауы болды. Қосымша сабақтарға
қатысу өзін-өзі бағалауға әсер ете алады, ал ол, өз кезегінде, оқу үлге-
ріміне әсер етуі мүмкін. 4.1-сызбада алдыңғы және аралық айнымалыға
мысал көрсетілген. Сызбадағы әр нұсқа себеп-салдарлық бағытты көрсе-
тіп тұр. Мұндағы «Ата-ана табысы» «Қосымша сабақтарға қатысу» ата-
ана табысы қосымша сабақтарға не себеп болатынын, не әсер ететінін, ал
нұсқардың болмауы бір айнымалы екіншісін тудырмайтынын білдіреді.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
129
4.1-кесте. Қарапайым сауалнама зерттеуі, талдау
бірліктері және айнымалылар
Зерттеу сұрағы/гипотезасы Талдау бірлігі Айнымалылар
[ОЛ НЕ БІЛГІСІ КЕЛЕДІ] [ҚАНДАЙ ОБЪЕКТ
СИПАТТАЛЫП,
САЛЫСТЫРЫЛДЫ]
[ҚАНДАЙ СИПАТТАРҒА
ҚАТЫСТЫ]
Үлкен кісілер жастарға қара-
ғанда қылмыстан көбірек қор-
қа ма?
Жеке адамдар Жасы, қылмыстан қорқу
Қалалық әуежайда жолаушылар
саны қаншалық көбейсе, эконо-
мика да соншалық артады.
Қалалар Әуе қозғалысының артуы,
экономикалық өсу
ХІХ ғасырда жұмыс істейтін
әйелдер үлесі қаншалықты жо-
ғары болса, зауыттарда жалақы
соншалықты төмен болған.
Зауыттар Жұмыс істейтін әйелдер
үлесі, орташа жалақы
Экономиканың дамуы туу көр-
сеткішін төмендете ме?
Ұлт Экономикалық даму дең-
гейі, туу көрсеткіші
Қаншалықты ұзақ араласса,
неке соншалықты ұзақ болады.
Жұп (екеу) Араласу ұзақтығы, неке
ұзақтығы
Ойынға келу көрсеткішімен өл-
шенетін ҰБА жанкүйерлерінің
қолдауы командадағы қа-
ранәсілді ойыншылар үлесіне
байланысты емес.
ҰБА командалары Команданың нәсіл-
дік құрамы, орташа
келушілер
1930 жылдардағы комикстер
1920 жылдағылармен салыс-
тырғанда кейіпкерлердің ұлы-
лығын көбірек әспеттеген.
Комикстер 1930 жылдардағы комикс
кейіпкерлері 1920 жыл-
дардағы кейіпкерлерден
күшті болды ма?
Теледидардағы спорт коммен-
таторлары жеке қатысушылар-
ды атағанда, ерлерге қарағанда
әйел спортшылардың есімдерін
жиі атайды.
Қатысушыларды
атау
Спортшылар жынысы,
спортшылардың есім-
дерімен аталуы
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
130
А. Алдыңғы айнымалы
В. Аралық айнымалы
4.1-сызба. Алдыңғы және аралық айнымалылар
Сыртқы айнымалылар бақылауға алынатын және бақылауға алын-
байтын болып та классификацияланады. Бақыланатыны немесе көбіне
бақылаушы айнымалылар тұрақты болады, не бақылау мен талдау ба-
рысында өзгеріске жол бермейді. Мұны зерттеу аясын шектеу не арна-
йы шағын топтарды, мысалы, жалпы ерлер немесе 18 жасқа толмаған ер
балаларға қатысты гипотезаларды сынау үшін жасауы мүмкін. Негізінен,
бақылаушы айнымалының мәні не категориясы осы жүргізілген бақылау
жиынтығы үшін өзгеріссіз қалады. Айнымалыларды тұрақты ұстаудың
бірнеше техникасына кейінгі тарауларда тоқталамыз. Мысалда тек бір-
дей жас пен жыныстағы адамдарды сұрыптап, бірдей көлемдегі топтарды
бақылау, топтар мен адамдарды бақылап статистикалық нақты бақылау-
ға мүмкіндік беретін жалпыға ортақ лабораториялық немесе әлеуметтік
жағдай жасау үлгілері келтірілген.
Зерттеуде айнымалы әрқашан тұрақты болғанда, осы айнымалы тү-
сіндірме айнымалылар вариациясының кез келгенін есепке (немесе тү-
сіндіре) ала алмайды. Мәселен, адамдар арасындағы агрессия деңгейінің
айырмашылығын түсіндіргіңіз келеді дейік. Егер жыныс айнымалысын
бақылауда тек қана ерлерді зерттеген болсаңыз, онда «жыныс» айныма-
лысы зерттелген агрессия вариациясының ешбірін түсіндіре алмайды.
Демек, тұрақты айнымалылар күрделі әлеуметтік жағдайларды жеңілде-
теді. Бұл – тікелей қызығушылық тудырмайтын, бірақ зерттеуші түсінгі-
сі келетін құбылыстардың бөлігін өзгеше түсіндіруі мүмкін айнымалы-
ларды алып тастау тәсілі. Тиімді зерттеу дизайнының мақсатының бі-
рі – ықтимал маңызды сыртқы айнымалыларды барынша көбірек ба-
қылап, өлшеу үшін анықтау. Брох көптеген сыртқы айнымалыны өлше-
ген, олардың ішінде ата-ана табысы, студенттің нәсілі, жынысы және
өзін-өзі бағалауы бар. Ол осы айнымалыларды статистикалық тұрғыда
қадағалап, олардың қосымша сабақтарға қатысу мен оқу үлгерімі ара-
сындағы байланысқа әсерін сынауға мүмкіндік алды. Тағы бір маңызды
Ата-ана табысы (алдыңғы)
Қосымша сабақтарға қатысу (тәуелсіз)
Оқу үлгерімі (тәуелді)
Қосымша сабақтарға
қатысу (тәуелсіз)
Өзін-өзі бағалау
(аралық)
Оқу үлгерімі
(тәуелді)
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
131
Қосымша сабақтарға қатысу (тәуелсіз)
Оқу үлгерімі (тәуелді)
айырмашылық сандық және сапалық айнымалыларға қатысты. Бұл – ай-
нымалы категорияның сандық ұғымындағы бірқатар айтарлықтай айыр-
машылықты қатаң түрде атап көрсету тәсілі. Аталған бағыттар бойынша
айырмашылықтарды келесі тарауда нақтылай түсеміз, ал әзірге сандық
пен сапалық туралы жалпы түсінікке тоқталайық. Егер айнымалының
мағынасы мен категориясы сандардан тұрса, әрі категориялар арасын-
дағы айырмашылықтың сандық мәні болса, онда ол сандық айнымалы
деп аталады. Мысалы, «табыс» айнымалысы доллармен өлшенеді және
сандық айырманы білдіреді, яғни әртүрлі табыс табатын адамдар арасын-
дағы нақты доллар саны. Сапалық айнымалыларда сөз немесе белгімен
берілетін дискреттік категориялар бар, категориялар арасында сандық
айырмашылық жоқ. Мысалы, гендер айнымалысы адамдар арасындағы
сандық емес, категориялық айырманы білдіретін ер мен әйел категория-
сынан тұрады.
2
Байланыс
Әлеуметтік ғалымдардың түпкі мақсаты – құбылыстар арасындағы берік
байланыстарды анықтай отырып, әлеуметтік әлемді түсіну. Сондықтан
да көптеген зерттеу байланыстарды дамыту мен сынауға бағытталған.
Барлау мен сипаттау сияқты зерттеу жүргізілетін өзге де тікелей мақсат-
тар бар, олар туралы алда айтатын боламыз. Дегенмен зерттеушінің мақ-
саты жаңалық ашу немесе сипаттау болғанның өзінде, зерттеу нәтижесі
белгілі бір байланысты күтуге байланысты. Зерттеу жұмысы кез келген
тұсқа қармақ тастап, бірдеңе ілінер деген дәмемен жасалатын балық ау-
лау сияқты іс емес. Зерттеушілер кездейсоқ бақылау жасамайды. Олар-
дың мақсаты қандай болса да, нені бақылауды не елемеуді, бақылауды
қалай жүргізуді және оларды қалай түсіндіруді өздері шешуге тиіс. Мұн-
дай шешімдер зерттеушінің айнымалылардың бір-біріне қатысы туралы
болжамдарына тікелей байланысты.
Отбасы туралы «барлығын» зерттегісі келетін зерттеушінің іс-әрекетін
қарастырайық, алайда деректерді түсіндірейік (Batten, 1971: 9–11). Зерт-
теуші ешқандай болжам болмаса, «отбасы» неден құралатынын қалай
біледі? Біріншіден, немере бауырлары алыста тұрса, әрі олармен сирек
хабарласатын болса, оларды есепке алу қажет пе? Алыс туыс болып келсе
де, бір үйде тұратын адамның барлығын отбасыға қоса аламыз ба? Зерт-
теуші дерек жинау барысында отбасы мүшелерінің баскиім өлшемі мен
аяқкиім өлшемін қосуы қажет пе? Мұндай мәселе әлеуметтік зерттеуші-
нің отбасы қатынасы мен сипатына қатысты болжамына тәуелді.
Фактілер ешқашан өздігінен түсінікті болмайды. Қандай фактілер із-
дейтіні ғана емес, олардың қалай интерпретациялануы да зерттеушінің
дерек пен «фактіден» қандай нақты жауап күтетініне, яғни байланысқа
тәуелді. Бірдей фактілерден екі түрлі қорытынды жасауға болатынына
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
132
күнделікті өмірден классикалық мысал келтірейік: «қырғиқабақ соғыс
кезіндегі Кеңес Одағы мен АҚШ арасындағы көлік жарысына арналған
газет беттеріндегі шолулар». Америкалық баспа жарысты былай сурет-
теген: «Америкалық көлік кеңестік қарсыласын жарыстан шығарды». Ал
енді Кеңестік басылым дәл осы оқиғаны былайшы суреттейді: «Кеңестік
көлік мәреге екінші болып жетті; америкалық көлік соңғысының алды-
нан келді» (D. Murray, Schwartz, 2001: 86) Дәл осылай, саясаткерлер мен
сарапшылар АҚШ-тағы президенттің жұмыс мерзімі кезіндегі «құрылған»
жұмыс орындарына сілтеме жасайды. Ең көп аталатындары – Еңбек ста-
тистика бюросының кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді зерт-
теуіне сүйеніп алынған жұмыспен қамтуды бағалау. Бұл дерекке сүйеніп
жасалған қорытындылар халық санының артуы мен әйелдердің еңбек на-
рығына қатысуы секілді факторларды ескеруге тиіс, олар жұмыспен қам-
тудың артуына кім жауапты екенін пайымдауға байланысты. Жұмыспен
қамтуға әсер ететін факторлар арасындағы байланыстың күрделі жиын-
тығын ескермесе, түрлі қорытындылар жасалуы мүмкін.
Барлық зерттеудің не зерттеліп жатқанына байланысты күтілетін бол-
жамы бар екенін ескерсек, күткен байланыс пен басқарушы теориялық
түсіндірмелер әрдайым мүмкіндігінше айқын болуы қажет. Беккет Брох-
тың зерттеуіндегі айнымалыларды сұрыптауы, негізінен, спорт пен оқу
үлгерімі арасындағы байланыстың үш теориялық түсіндірмесіне негіз-
делді: (1) даму теориясы – спорт еңбек этикасы мен табандылық сияқты
оқу үлгерімін жақсартатын машықтарды дамытады; (2) көшбасшы то-
быр гипотезасы – спортшылардың әлеуметтік статус алып, оқу үлгеріміне
әсер ететін артықшылықтары болуы және (3) әлеуметтік капитал теория-
сы – спорт оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер арасында берік әлеуметтік
қатынастар орнатады, ол, өз кезегінде, білім алудағы артықшылықтарды
қамтамасыз етеді. Брох әлеуметтік капитал моделін ішінара өзінің бас-
кетбол жаттықтырушысы ретіндегі тәжірибесінен алды; байқауынша,
оның ойыншылары ата-анасымен бірге көбірек уақытын өткізеді және
өзге оқушылармен салыстырғанда қарым-қатынасы жақсы.
Бұған дейін оқырмандардың «қарым-қатынас» терминін түйсігімен
қабылдауына сүйеніп келдік. Кез келген кісі қарым-қатынастың қандай
да бір түрін біледі. Туыстар арасындағы қарым-қатынас, ғашықтар ара-
сындағы және бір топ пен ұжым мүшелерінің қарым-қатынасы бар. Қара
бұлт төніп, артынан жаңбыр құятыны сияқты, бір қарым-қатынастан соң
екіншісі жалғасатын қарым-қатынас түрі де бар. Мұндай қарым-қаты-
настардың екі ерекшелігі кездеседі. Біріншіден, олар әрқашан екі неме-
се одан көп бірлікті қамтиды: жеке тұлғалар, объект немесе ата-ана мен
бала, жұмыс беруші мен қызметкер, бұлт пен жауын сияқты оқиғалар тіз-
бегін қамтиды. Екіншіден, нәрселердің жұбы мен комбинациясы әдетте
бірге пайда болып, бірге өзгереді; осылайша бір нәрсенің болуы екінші
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
133
нәрсенің де пайда болғанын білдіреді, ал бір заттың жоқ болуы екіншісі-
нің де жоғынан хабар береді. Мысалы, өзімізге мәлім, кез келген ата-ана-
ның баласы бар, ал кез келген баланың ата-анасы бар; бірі болмаса екін-
шісі де болмайды. Сол сияқты қандай да бір бұлт жаңбыр жаудыратынын,
әрі бұлт болмаса, ол да болмайтынын білеміз.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Факті немесе деректер өздігінен түсінікті болмайды; оларды пайымдалатын және күт-
кен байланыстарға сүйеніп интерпретациялау қажет.
Әлеуметтанушылар қарастыратын айнымалылар арасындағы бай-
ланыстың екі түрлі ерекшелігі бар. Екі немесе одан көп айнымалы тығыз
байланысқан яки айнымалының біріндегі өзгеріс жүйелі түрде өзгесін де
өзгеріске ұшырататын байланыс құрады. Айнымалылардың қалай өзге-
ріп, түрленетіні олардың сандық не сапалық болуына байланысты бол-
ғандықтан, осындай типтегі айнымалылардың әр түрінің байланыс таби-
ғатын жеке қарастырамыз.
Сапалық айнымалылар арасындағы байланыс
Нәсілдің өкілі болу мен саяси партияға мүше болу сияқты екі сапалық ай-
нымалыны қарастырайық. Екі адам бір демократиялық партияға мүше
деп алайық, онда назарымызды біріншісінен екіншісіне аударсақ, айны-
малының категориясы өзгермейді. Егер олар екеуі екі түрлі партияға, мә-
селен, бірі демократиялық партияға, екіншісі республикашыл партияға
мүше болса, онда айнымалының категориясы өзгереді. Тура осы тұжы-
рымды нәсілге қолданар болсақ, екі адамды салыстыру барысында нәсіл
өзгерісі партияға мүше болу өзгерісімен қатар келсе, нәсіл мен саяси пар-
тияға мүше болу арасында байланыс бар дейтін едік. Жалпы айтқанда,
сапалық айнымалылар арасындағы байланыс немесе ассоциацияның
негізгі идеясын екі тұжырыммен түсіндіре аламыз: бір айнымалы өзгер-
се, екіншісі де өзгереді, бір айнымалы өзгермесе, екіншісі де өзгермейді.
Егер осы екі тұжырым кейстің бәріне тура келсе, бір айнымалының кате-
гориясы мен өзге айнымалының категориясы арасында мінсіз үйлесімге
қол жеткізер едік. 4.2A-кестеде 20 адамның ішіндегі нәсілдің өкілі болу
мен саяси партияға мүше болуы арасындағы мінсіз байланыс көрсетілген.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
134
4.2-кесте. Екі сапалық айнымалылар арасындағы дәреже айырмашылығы:
нәсілге мүше болу мен саяси партияға мүше болу
А. Мінсіз ассоциация Ақнәсілді Қаранәсілді Жалпы
Демократ 0 10 10
Республикашыл
10 0 10
Жалпы 10 10 20
В. Орташа ассоциация Ақнәсілді Қаранәсілді Жалпы
Демократ 3 7 10
Республикашыл
7 3 10
Жалпы 10 10 20
С. Ассоциация жоқ Ақнәсілді Қаранәсілді Жалпы
Демократ 5 5 10
Республикашыл
5 5 10
Жалпы 10 10 20
Әрине, шынайы зерттеулерде біз мұндай мінсіз ассоциация көре бер-
мейміз. Сондықтан зерттеуші үшін маңыздысы – берілген айнымалылар-
дың мінсіз ассоциациясы емес, олардың қаншалықты берік байланысқа-
ны. Яғни деректер айнымалылар арасындағы мінсіз ассоциацияны қан-
шалық жақындатады? Осыны анықтаудың статистикалық тәсілі «ассо-
циация өлшемі» деп аталады. Егер айнымалылардың ілеспелі өзерістері
туралы тұжырымдарды болжам ретінде қарастырсақ, жоғарыда аталған
тәсілдер мен «байланыс күші» түсінігін түсіну оңай. 4.2A-кестеде екі бол-
жам ұсынылады: (1) адам қаранәсілді болса, онда ол – демократ және (2)
адам ақнәсілді болса, онда ол – республикашыл. Мұндай болжамдардың
кейстің бәріне тура келу пропорциясы байланыс күшінің көрсеткіші бо-
лады. Жоғары пропорция айнымалылардың тығыз байланысқанын, тө-
мен пропорция әлсіз байланысты білдіреді. Егер пропорция төмен болып,
бір айнымалы туралы білімнің екіншісін болжауға пайдасы болмаса, он-
дай айнымалылар бір-біріне қатысы жоқ деп есептеледі. 4.2-кестенің өзге
бөлігі нәсілдің өкілі болу мен саяси партияға мүше болу арасындағы жет-
кілікті байланысты бейнелейді, әрі байланыс жоғын білдіретін дистри-
буцияны көрсеткен. Осы бөліністердің әрқайсысы үшін ассоциацияның
статистикалық индекстері есептелуі мүмкін. Мұндай индекстер байла-
ныс жоғын білдіретін ең төменгі 0-ден мінсіз байланысты білдіретін ең
жоғарғы 1,00-ге дейін барады.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
135
Сандық айнымалылар арасындағы байланыс
Айнымалылар сапалыдан сандыққа ауысатындықтан, айнымалы өзгерісі
оның мәнінің артуын не кемуін білдіретінін айтуға болады. Осы қосым-
ша ерекшеліктің көмегімен байланыс күшін ғана емес, сондай-ақ өзге екі
аспектіні өлшей аламыз: бағыт пен сызықтық.
Байланыс бағыты бойынша оң немесе теріс болуы мүмкін. Егер бір
айнымалы мәнінің артуы екіншісінің мәнінің артуына әкелсе яки бір
айнымалы мәнінің төмендеуі екіншісінің мәнінің төмендеуіне әкелсе,
демек, айнымалылар арасында оң немесе тура байланыс бар деген сөз.
Басқаша айтқанда, екі айнымалы әрқашан бір бағытта өзгереді. Балалар
мен олардың әкесінің бойының ұзындығы арасында (әкесі қаншалықты
ұзын болса, баласы соншалықты ұзын бола алады) және оқушылардың
SAT балдары мен колледждегі орташа бағасы арасында оң байланыс күте-
міз (балл өскен сайын, бағасы да артады). Айнымалының бірінің мәнінің
төмендеуі өзгесінің мәнінің артуымен қоса жүрсе, онда бұл айнымалы-
лар арасындағы теріс немесе кері байланыс болады. Осылайша бір ай-
нымалыдағы өзгерістердің бағыты өзге айнымалыдағы өзгерістерге қа-
рама-қарсы. Біз адамның жасы мен оның қанша жас өмір сүретіні (жасы
ұлғайған сайын көрер күні азаяды) мен көп істі атқаратын адамдардың
жылдамдығы мен дәлдігі арасындағы теріс байланысты табамыз. Сандық
айнымалылар арасындағы байланыс әдетте 4.2-сызбадағыдай графикпен
беріледі. Мына екі графиктегі сызықтар «сызықтық» сипатын көрсетеді.
4.2A-сызбадағы түзу сызық сызықтық байланысты білдіреді (атап айт-
қанда, осы сызық оң сызықтық байланысты суреттейді. Жоғарғы сол жақ
бұрыштан төменгі оң жақсы бұрышқа созылған түзу сызық кері сызықтық
байланысты көрсетеді). Бір айнымалы дәл екіншісі өзгерген жылдамдық
пен бағытта өзгеріп жатқанына назар аударыңыз. 4.2B-сызбадағы қисық
сызық қисық сызықтық байланысты білдіреді. Бұл жағдайда айнымалы-
ның өзгеру жылдамдығы өзге айнымалының барлық мәніне тең емес:
Y айнымалысы X айнымалысының жоғарғы мәніне қарағанда төмен мән-
де жылдамырақ өседі, содан соң бағытын өзгертеді. Байланыстың мұндай
үлгісі ересек адамдардың жылдық табысы мен жасы арасында болады деп
күтуге болады. Әдетте табыс жас ұлғайып, зейнетке шыққанға дейін кө-
бейіп, кейін азаяды.
Айнымалылар мен өзге де статистикалық талдау арасындағы гра-
фикалық және кестелік түсініктер он бесінші тарауда талқыланады. Кі-
таптың өзге тұстары сияқты мұнда да сызықтық байланысқа баса назар
аударамыз, себебі бұл үлгі әлеуметтік ғылымдарда жиі ұсынылады және
талданады. Екі сандық айнымалы арасындағы сызықтық байланыстың
бағыты мен күшінің кең тараған статистикалық өлшемі ретінде Пирсон
корреляциясы коэффициенті немесе корреляция коэффициенті деп
аталатын өлшем бірлігі қолданылады. r әрпімен белгіленетін корреляция
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
136
А. Сызықтық байланыс
Х айнымалы
Ү айнымалы
Ү айнымалы
В. Қисықтық байланыс
Х айнымалы
4.2-сызба. Екі сандық айнымалы арасындағы сызықтық және қисық
сызықтық байланыстар
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
137
Ү айнымалы
Х айнымалы
А. Күшті корреляция, r=0,74
Ү айнымалы
Х айнымалы
В. Әлсіз корреляция, r=0,08
4.3-сызба. Екі сандық айнымалы арасындағы күшті және
әлсіз корреляция
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
138
коэффициенті –1,00-ден +1,00-ге дейінгі аралықта өзгереді. Мұндағы «–»
және «+» белгілері байланыс бағытын көрсетеді, олар оң немесе теріс
болады. Белгіні ығыстыратын коэффициент ауқымы ассоциация күшін
көрсетеді. Ассоциация күшін болжам дәлдігі деп қарастырсақ болады. Екі
сандық айнымалылар арасындағы байланыс 4.2-сызбада көрсетілген. Де-
генмен әр жағдай тәуелді және тәуелсіз айнымалылардың сәйкес мәніне
байланысты құрылғанда 4.2A-сызбадағыдай мінсіз тік сызық болуы си-
рек кездеседі. Сызбалар мінсіз үйлескен сызыққа қатысты түрлі дәрежеде
топтасады. Егер бұл сызықты X мәнінен Y мәнін болжауға пайдалансақ,
онда сызбаға топталу сызық айналасына қаншалықты жақын орналасса,
болжам соншалық нақты әрі ассоциация күшті болады. 4.3-сызбада екі
ықтимал нәтиже көрсетілген. 4.3A-сызбада сызбалар сызық айналасына
барынша тығыз топтасқан, X айнымалы мен Y айнымалының арасында
шамамен 0,74 деңгейіндегі күшті корреляция бар. Дәл осы корреляцияны
Брох (2002) оқушылардың ағылшын пәні бойынша бағасы мен матема-
тика пәні бойынша бағасының арасында тапқан болатын. 4.3В-сызбада
сызбалар сызық айналасында әлсіз шоғырланған, сондықтан корреляция
0,08-ге тең. Брох бұл корреляцияны үй жұмысына жұмсалған уақыт пен
ағылшын тілінен алған баға арасынан тапты.
Сапалық және сандық айнымалылар арасындағы
байланыс
Байланысты бағалаудың тағы бір әдісі сапалық пен сандық айнымалылар-
дың екеуіне қатысты қолданылады. Көбіне мұндай кейсте әсіресе ғылыми
тәжірибелерде тәуелсіз айнымалы сапалы болады да, ал тәуелді айнымалы
сандық болады. Бұл – осында қарастырылып жатқан байланыс түрі.
Тағы да бір болжам тұрғысынан мәселеге үңілу пайдалы болмақ. Тәуел-
ді айнымалы үшін түрлі мәндерді болжайтын тәуелсіз айнымалының түрлі
категориясы арасында байланыс бар делінеді. Осылайша тәуелсіз айныма-
лының әр категориясын жеке топ ретінде алсақ, онда байланысты тәуелді
айнымалының топтары арасындағы айырмашылық ұғымымен сипаттай
аламыз. Біз әр топтың тәуелді айнымалысының орташа мәнін шығара алар
едік. Топтардағы орташа көрсеткіштердің қандай да бір айырмашылығы
байланыс жоғын көрсетпейді. Жалпы айтқанда, айырмашылықтар қанша-
лықты үлкен болса, байланыс соншалықты күшті болады.
Мысалға, зерттеуші нәсіл мен жылдық табыс арасындағы байланысты
зерттеуге мүдделі дейік. Тапқан доллармен есептелетін жылдық табыс сан-
дық айнымалы болғандықтан, 4.3
3
-кестеде көрсетілгендей тәсілмен әр нә-
сілдік топтың орташа табысын есептеп шығаруға болады (нәсілдік сапалық
айнымалының әр категориясы үшін). Топтар арасындағы орташа табыста
айырмашылық барына назар аударыңыз: 2014 жылы ақнәсілділер орташа
есеппен 56 866$ тапса, қаранәсілділер 35 398$ тапқан. Осылайша біз нәсіл
мен табыс арасында байланыс бар деп қорытынды шығара аламыз.
4
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
139
Статистикалық елеулі байланыс
Әдетте әлеуметтанушылар статистикалық елеулі мәні болмаса, екі ай-
нымалы арасындағы ассоциацияны есепке алмайды. 4.2В-кестеде беріл-
ген нәсіл өкілі болу мен партияға мүше болу арасындағы орташа ассоциа-
цияны қарастырайық. Бұл кестеде тек 20 кейс берілгеніне назар аудары-
ңыз. Енді бұл 20 кейсті АҚШ негізгі жиынтығының кездейсоқ іріктеуінің
көрінісі деп алайық. Бұл деректерге сүйеніп, жалпы жиынтық ішінде пар-
тияға мүше болу мен нәсіл арасында ассоциация бар деген қорытынды
шығармаған жөн. Бұл не үшін қажет? Себебі тіпті үлкен жиынтықта еш-
қандай байланыс болмағанның өзінде бұл шағын іріктеудегі ақнәсілділер
мен қаранәсілділер арасындағы партияға мүше болудағы айырмашылық
кездейсоқ пайда болуы мүмкін еді.
4.3-кесте. Сандық айнымалы (2014 жылғы
орташа табыс, доллармен) мен сапалық айнымалы
(нәсіл) арасындағы байланыс
Ақнәсілді Қаранәсілді
Орташа табыс 56 866$ 35 398$
Дереккөз: C. DeNavas-Walt and B. D. Proctor. Income and Poverty
in the United States: 2014. U.S. Census Bureau, Current Population
Reports, P60-252. Washington, D.C.: U.S. Government Printing
Office, 2015, Table 1.
4.4-кесте. Нәсілдердің саяси партияларды таңдауы,*
2014 жылғы Жалпы әлеуметтік сауалнама
Ақнәсілді Қаранәсілді
Демократ 49,9% 93,6%
Республикашыл 50,1 6,4
100,0% 100,0%
(Б) (994) (266)
*Партия таңдауы өзін «күшті» немесе «аса күшті емес» демократ
(республикашыл) деп сипаттаған адамдарға сілтеме жасайды; де-
ректер өзін «тәуелсіз» деп көрсеткендерді есепке алмайды. 2 196
ақ және қаранәсілді респонденттерге негізделген.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
140
Статистикалық елеулі ассоциацияның кездейсоқтықтан немесе кез-
дейсоқ процестен туындауы екіталай. 4.4-кесте ересек жиынтықтан алын-
ған кейінгі ұлттық сауалнама негізінде нәсіл мен партияға мүше болу
арасындағы байланысты көрсетеді. Бұл сауалнамада респонденттерден
қандай партияны қолдайтынын сұрады: демократ, республикашыл не-
месе бейтарап. 4.4-кестеде респонденттердің ішінде өздерін демократ не
республикашыл дегендер ғана көрсетілген. Қаранәсілділер ақнәсілділер-
ге қарағанда өздерін көбірек демократ деп көрсеткен (93,6% те 49,9%);
сауалнама ауқымын ескеретін болсақ (2 196), бұл айырмашылық кездей-
соқ болуы екіталай, сондықтан бұл – статистикалық елеулі мән. Байла-
ныстың бұл ерекшелігі туралы зерттеу еңбегінде айтылғанда ол төменгі p
регистрінде курсивпен беріледі және одан кейін < және ондық белгімен;
мысалы, p <0,01. Бұл байланыстың кездейсоқ болу ықтималдығы 100-ден
алғанда 1-ден аз екенін білдіреді. Алайда ол үшін іріктеме алынған үлкен
жиынтықта байланыс болмауы қажет. Мұндай төмен ықтималдықпен ас-
социация кездейсоқ пайда болмайды деген қорытындыға келер едік, сон-
дықтан АҚШ-та нәсіл мен партияға мүше болу арасында байланыс бар.
(статистикалық елеулілік тестілерінің қысқаша талқылауын он бесінші
тараудан көре аласыз).
Статистикалық елеуліліктің ассоциация күшінен бөлек екенін ажыра-
тып айту маңызды. Әлсізге қарағанда күшті ассоциацияның статистика-
лық елеулі болу мүмкіндігі көп болғанымен, іріктеме жеткілікті дәрежеде
ауқымды болса, тіпті әлсіз ассоциацияның өзі елеулі бола алады. Мысалы,
Брох (2002) зерттеуінде келтірілген екі корреляция да (4.3-сызбаға қара-
ңыз) статистикалық елеулі болды, алайда (0,74) біреуі күшті, (0,08) біреуі
өте әлсіз. Мұнша төмен корреляцияның елеулі болу себебі ол 10 мыңнан
астам студент қатысқан іріктеуге сүйенді. Іріктеу үлкен болған жағдайда,
тіпті салыстырмалы түрде ең әлсіз ассоциацияның өзі кездейсоқ болуы
екіталай, сондықтан сауалнама алынған нөлдік ассоциациядағы жиын-
тықтан (барлық жоғарғы сынып оқушылары) ерекшеленуі мүмкін.
Осыған дейін байланыстың бірқатар жалпы жолдарын қарастырдық.
Оған қоса, байланыстың төрт ерекшелігін атап көрсеттік: күш, бағыт,
сызықтық пен статистикалық елеулігі. Байланыс күші айнымалылардың
ассоциациясы мен корреляцияланатын дәрежесіне қатысты. Бағыттық
пен сызықтық бір айнымалыдағы өзгерістер екіншісіндегі өзгерістермен
қалай байланысты екенін түсіндіреді. Айнымалылар бір бағытта өзгере
ме, әлде қарсы бағытта ма? Бір айнымалының өзгеру қарқыны өзге ай-
нымалының барлық мәніне сәйкес келе ме? Бұл екі қасиет біріге отырып
байланыс формасын сипаттайды. Көбіне байланыс күші мен формасын
білу мен статистикалық елеуліліктен хабардар болу зерттеушінің қызы-
ғушылығын қанағаттандырады. Дегенмен әлеуметтік құбылыстарды тү-
сіндіргіміз келсе, онда айнымалылар арасындағы себеп-салдарлық бай-
ланысты да білу қажет. Оған қоса, бұл статистикалық сипаты себеп-сал-
дарлық байланысты орнату үшін ешқашан жеткілікті болмайды.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
141
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Байланыс олардың формасы арқылы (бір айнымалыдағы өзгеріс екінші айнымалыға
қалай әсер ететіні), күшімен (бір айнымалының мәні екінші айнымалы мәнін қанша-
лықты нақты көрсететіні), статистикалықелеулілігімен (байланыстың кездейсоқ бо-
луы немесе кездейсоқ процесс нәтижесінде болу ықтималдығы) сипатталады.
Себеп-салдарлық байланыс табиғаты
Екінші тарауда айтып өткеніміздей, ғалымдар түсіндіру мен алдын ала
болжау мақсатында себеп-салдарлық байланыс терминіне көбірек үңілу
керегін баса айтады. Бірақ байланысты қалай анықтаймыз? «Себеп-сал-
дарлық» ұғымы нені білдіреді? Бір қарағанда, себеп-салдарлықты анық-
тау оңай көрінеді. Себеп-салдарлық тұрғысынан ойлауға әдеттеніп қал-
ғанымыздан әрі себеп-салдарлық ұғымын күнделікті өмірде көп қолдан-
ған соң, бұл баршаға түсінікті болуы мүмкін. Былайша айтқанда, себеп –
бір нәрсенің болуына немесе өзгеруіне түрткі болатын нәрсе. Терезеге
атылған тас әйнектің сынуына себеп болатыны анық. Сол сияқты сода
суын көп ішу асқазан ауруын тудыратыны себеп-салдарлық байланысқа
жатады, бұл тәжірибені бастан кешірмесеңіз де түсінесіз.
Күнделікті өмірде кездесетін себеп-салдарлық байланыстың айқын
емес түсініктерімен қатар, «себеп» түсінігі де ғасырлар бойы фило-
софтар арасында қызу талқыланып келеді. Бұл талқылаудың көп бөлігі
Дэвид Юмның талдауынан бастау алады (1748). Юмның айтуы бойынша,
бақылауға болатын нәрсенің барлығы – оқиғалар арасындағы тұрақты
немесе орнықты ассоциация. Мұндай ассоциациядан себеп-салдарлық
байланысты шығарамыз; алайда себеп-салдарлық байланыстың бар еке-
нін көрсетудің ешқандай логикалық немесе эмпирикалық жолы жоқ.
Себеп-салдарлық байланыс бақылаушы ойында ғана тұрады; ол бақыла-
нып жатқан оқиғалар арасындағы ассоциациядан шығады. Юмның ізін
басқан көп философ пен ғалымдар себеп-салдар тұжырымын ғылымда
қолдануға қарсы болған. Дегенмен көп ғалымдар себеп-салдарлық бай-
ланысты, кем дегенде, әлеуметтік, мінез-құлық пен биологиялық ғылым-
дарда ғылыми түсініктің өзегі ретінде қарастырады (Woodward, 2016).
Оған қоса, мұндай байланыс эмпирикалық «дәлелдеуге» (ешқандай жал-
пылау ғылыми дәйекпен дәлелденбейтіні сияқты) ыңғайы келмегеннің
өзінде, ғалымдар ғылыми жұмысты өнімді ету мақсатында себеп-салдар-
лық гипотезалармен жұмыc істеуді ойлап тапты (Blalock, 1964: 6).
Сондықтан Юмның талдауының маңызды нүктесі – себеп-салдарлық
байланысқа қорытынды жасаудың негіздерін түсінуі қажеттігі. Басқаша
айтқанда, себеп-салдарлық байланыс шын мәнінде бар екенін қандай дә-
лелдер растайды? Әдетте әлеуметтанушыларға себеп-салдарлықты анық-
тау үшін кем дегенде үш түрлі дәлел қажет. Бұл реквизиттер – ассоциа-
ция, ықпал ету бағыты және жалған байланыс.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
142
Ассоциация
Бір айнымалы өзге айнымалыға себеп болуы үшін статистикалық ассо-
циация қажет. Егер бір айнымалының өзгеру паттерні өзге айнымалы-
ның өзгерістерімен байланысты болмаса, онда бірі екіншісінің өзгерісіне
әсер етпейді, не себепші бола алмайды. Осылайша интеллекті деңгейі
мен қылмыс деңгейі байланыспайды десек, интеллектісі жоғары және тө-
мен жасөспірімдер бірдей қылмыскер бола алатын болса, онда интеллект
қылмыстың себебі бола алмайды.
Ассоциация ешқашан мінсіз болмайды, сондықтан айнымалылар ара-
сындағы мінсіз ассоциация себеп-салдарлық талабы емес. Логиктердің
айтуы бойынша, себеп-салдарлық идеясының өзі оқиғалар арасындағы
толымсыз ассоциацияны меңзейді. Себептер зерттеліп жатқан байланыс-
қа ықпал ете алатын басқа факторлардың бәрін жоққа шығаратын «жа-
бық жүйеде» ғана тұрақты әсер ете алады. Мысалы, физика заңдарының
басым бөлігі вакуумда ғана іске асады. Дегенмен вакуумды табиғатта
кездестірмейсің; нақты әлеуметтік жағдайда да сыртқы фактор ықпалын
түбегейлі жоққа шығару мүмкін емес. Сондықтан мінсіз ассоциацияны
«нақты әлемді» бақылауда емес «барлық нәрсе тең» теориялық жағда-
йында ғана күтуге болады.
«Мінсіз» ассоциацияны қоспағанда, бірінші талапты қолдану ассо-
циацияның маңызды себеп-салдарлық байланысты білдіретіні туралы
пайымдауды қамтиды. Әлеуметтік ғылымдардағы себеп-салдарлық бай-
ланыс көбіне салыстырмалы «әлсіз» ассоциациядан пайда болады. Оның
себептерінің бірі әлеуметтік ғылымдардағы өлшем бірліктерінің басым
бөлігі салыстырмалы түрде дәл емес. Негізгі себебі адам әрекетін түсін-
діру барысында бірнеше себеп бөлек немесе бірлесіп бірдей немесе ұқсас
әсер ете алады. Әлсіз ассоциация бірнеше себеп-салдарлық айнымалы-
ның біреуі ғана анықталғанын немесе себеп-салдарлық байланыстың бар
екенін білдіруі мүмкін, бірақ жағдайда не халықтың белгілі бір сегмен-
тінде емес. Сондықтан әлеуметтану саласындағы ғалымдар ассоциация
күшінің орнына айнымалылар арасында интерпретациялауға болатын
елеулі ассоциация бар-жоғын анықтау үшін статистикалық елеулілік тес-
тілерін қолданады. Брох (2002) үй жұмысына жұмсалған уақыт пен баға
арасында әлсіз корреляция тапқанымен, ол ассоциация статистикалық
елеулі болғандықтан, үлгерім (басқалар арасында) себебі ретінде түсін-
дірілген.
Ықпал ету бағыты
Себеп-салдарлықты анықтаудың екінші критерийі: себеп өзінің салдары-
ның алдында болуы қажет не ықпал ету бағыты себептен салдарға қарай
жылжуы керек. Басқаша айтқанда, себеп-салдарлық фактордағы немесе
тәуелсіз айнымалыдағы өзгеріс әсердегі немесе тәуелді айнымалыдағы
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
143
өзгеріске ықпал етуі қажет, бірақ керісінше емес. Көп адам әлеуметтік
зерттеудегі байланыстың айнымалылар арасындағы ықпал ету бағытын
тек бір жолмен түсінуі мүмкін. Мысалы, туғанынан бастап бекітілетін
сипаттар бар, олар адамның нәсілі мен жынысы, сондай-ақ кейін өмір
жолында қалыптасатын сипаттар: адамның білімі немесе саяси партияға
мүше болуы; соңғы сипаттағы өзгерістер алдыңғы сипаттағы өзгерістер-
ге ықпал етеді дегенге нану қиын.
Ықпал ету бағыты әрдайым оңай анықталмайды. Өзге нәсілдегі адам-
дармен көбірек қатынас құрып, нанымның сыңаржақ нәрсе екенін көрсе-
тетін нәсілге қатысты наным мен нәсіларалық байланыс арасында өзара
корреляция таптыңыз делік. Ықтимал интерпретациялардың біріне сү-
йенсек, нәсілдік қатынас жақын араласу мен достасуды арттырып, сте-
реотиптерді теріске шығарады және нанымды азайтады. Сондай-ақ тағы
бір интерпретация бойынша біржақты нанымды ұстанатын адамдар өзге
нәсіл өкілдерімен қатынас құрудан қашқақтайды. Ал толерант адамдар
өзге нәсіл өкілдерімен өзара қуана-қуана байланыс жасайды, сондықтан
нәсілдік нанымдар нәсілдік қатынасқа ықпал етеді. Айнымалылар ара-
сындағы ықпал ету бағыты бойынша ешқандай ақпарат болмаса, қайсы
айнымалы себеп, қайсы айнымалы салдар екені жөнінде айта алмаймыз.
Басқа бір мысал ретінде баға мен сабаққа қатысу арасында корреляция-
ны алсақ болады, ол «сабақтан көп қалмайтын оқушы көп нәрсе үйрене-
ді, сол арқылы жақсы бағаға қол жеткізеді» дегенді не «жақсы баға оқу-
шыны сабаққа жиі қатысуға талпындырады» дегенді білдіруі мүмкін.
Ықпал ету бағыты Брох (2002) зерттеуінің де мәселесі болған. Спортқа
қатысу мен оқу үлгерімі арасындағы ассоциация спортпен шұғылдану бі-
лім алуда артықшылық береді немесе жоғары баға алатын, «жақсы» оқу-
шылардың спортқа қатысу немесе қатысуға таңдалу ықтималдығы басқа-
ларға қарағанда жоғары деген ойды білдіруі мүмкін. Брох спортқа қатысу
бағаға жақсы ықпал етеді деген гипотезаны ұсынғандықтан, жақсы үлге-
рім спортпен шұғылдануға әкеледі деген ықтимал түсінікті ысырып тас-
тағысы келді. Ықпал ететін талаптардың зерттеу үшін екі негізгі маңызы
бар: (1) гипотезалық байланыстар әрдайым айнымалылар арасындағы
ықпал ету бағытын көрсетіп тұруы қажет және (2) ол бағытты теориялық
жолмен анықтау мүмкін болмаған жағдайда, оны эмпирикалық жолмен
сынау керек. Көріп тұрғаныңыздай, бұл тапсырма эксперименттерде са-
лыстырмалы түрде оңай болғанымен, зерттеудің басқа түрлерінде қиын.
Жалған емес байланыс (бәсекелес гипотезаларды жою)
Екі айнымалы ортақ сыртқы айнымалымен байланысқан болса, онда ай-
нымалылар арасында ешқандай ішкі байланыс болмаса да, статистика-
лық ассоциация болуы мүмкін. Демек, бақыланатын корреляциядан се-
беп-салдарлық байланысты шығару үшін айнымалылар арасында жасан-
ды не жалған байланыс орнатуы мүмкін ешқандай «жасырын» факторлар
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
144
жоқ деу үшін айтарлықтай себеп қажет. Айнымалылар арасындағы ас-
социация немесе корреляция сыртқы айнымалымен түсіндірілмейтін
болса, ол жалған емес байланыс деп аталады. Корреляция cыртқы үшін-
ші жақ факторымен жасалған болса, сондай-ақ корреляцияға қатысатын
айнымалылардың ешқайсысы бір-біріне ықпал етпесе, ол жалған байла-
ныс деп аталады.
Әлеуметтік ғылымдардағы танымал екі мысалға назар аударсақ, жал-
ған байланыс идеясы айқын көрінеді. Біріншісі, Еуропада аумақтағы де-
гелектер саны мен туу көрсеткіші арасындағы оң корреляция жайында
хабарланған. Бұл корреляция сәбилерді әкелетін дегелектер жайлы аңыз-
дың қалай басталғанын түсіндіре алатын шығар, алайда себеп-салдарлық
қорытындыға негіз болуы екіталай. Мұндай корреляция жиынтық көле-
мінен шыққан болуы керек. Дегелектер жарық жерлер мен ғимараттың
мұржасына ұя салғанды жақсы көреді; сондықтан жиынтық көбейген
сайын, ғимараттар да артты және дегелектердің ұя салатын орны да кө-
бейді. Ал жиынтық көбейген соң, балалар саны да артады. Сондай-ақ өрт
басында болған өртсөндірушілер саны мен зақымдалған нәрселер көлемі
арасында дұрыс корреляция таба аламыз. Бірақ ол зақымды өртсөндіру-
шілер келтірді деген сөз емес. Корреляция себебі – өрт ауқымы: жойқын
өрт көп өртсөндіргіштерді талап етеді және үлкен зақым келтіреді.
Бұл мысалдарда бастапқы байланыс жалпы себептің жанама салдары
болып тұр: ол сыртқы айнымалыдан келді. Бірінші мысалда жиынтық
көлемі дегелектер санын да, балалардың туу көрсеткішін де есептеп тұр;
екіншісінде, өрттің деңгейі өртсөндірушілер санын да, зақым мөлшерін
де айқындап тұр. Аталған байланыстар 4.4-сызбада көрсетілген. Мысал-
дар өте айқын және үшінші факторды анықтау үшін жеткілікті дәрежеде
оңай.
4.4-сызба. Жалған байланыс мысалы
Жиынтық көлемі
Дегелектер саны
Туу көрсеткіші
Өрт шарпу ауқымы
Өртсөндірушілер саны
Залал мөлшері
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
145
Дегелектер саны
Туу көрсеткіші
Өртсөндірушілер саны
Залал мөлшері
Шынайы зерттеулерде жалған байланыстарды анықтау қиын, әрі ба-
қыланып тұрған ассоциацияны белгісіз айнымалы тудыруы да мүмкін.
Ұзақ жылдар бойы біршама зерттеулер көрсеткендей, ана сүтін емген
балалардың IQ деңгейі ембеген балалармен салыстырғанда жоғары болу
мүмкіндігі мол. Емізуді (ана мен балаға пайдасы көп) қолдаушылар се-
беп-салдарлық байланысты ұсынып, ол әсерді кеуде сүтінің компонент-
терімен немесе ана мен бала арасындағы физикалық әрекеттесуімен
байланыстырды. Алайда соңғы зерттеулер көрсеткендей, бұл ассоциация
жалған. Аналық интеллекті емізуге де, балаға да ықпал етеді: IQ жоға-
ры аналардың емізуі басым және IQ-і жоғары балаларды көбірек дүниеге
әкелуі ықтимал (Der, Batty, and Deary, 2006).
Зерттеушілер байланыс жалған емес деген шешім шығару үшін ассо-
циация тудыруы мүмкін сыртқы айнымалыларды анықтап, бақылауға
алуға тиіс. Мұның қалай жұмыс істейтінін темекі шегу мен өкпе қатер-
лі ісігі арасындағы байланысты қарастырғанда көре аламыз. АҚШ-та
55 жастан асқан ерлер мен әйелдердің арасында жүргізілген зерттеуге
сүйене отырып, ауруды бақылау мен алдын алу орталығы (2015) темекі
шекпейтін адамдармен салыстырғанда темекі шегетін адамдардың өкпе-
нің қатерлі ісігімен ауру ықтималдығы 25 есе көп деп хабарлады. Алайда
ғалымдар қазір бұлай пайымдауына түрткі болған – темекі шегу мен қа-
терлі ісік арасындағы себеп-салдарлық байланыс қана емес; одан бөлек,
темекі шегетіндер арасында қатерлі ісіктің арту қаупі басқа айнымалы-
лардың салдарын жойғанның өзінде өзгеріссіз қалады.
Қала мен ауылдық аймақ айнымалысын бақылап отырмыз дейік. Қа-
лалық аймақта қатерлі ісікпен ауыратындарға қарағанда темекі шегуші-
лер көп, ал ауылдық аймақта керісінше болса, онда темекі шегу мен қа-
терлі ісік арасында жалған ассоциация туындауы мүмкін. Сыртқы айны-
малыларды бақылау үшін олардың ықпалын жою қажет, мысалы, темекі
шегушілер арасындағы созылмалы қатерлі ісік аурулары мен қала және
ауылдық жер тұрғындарының арасынан темекі шекпейтіндерін жеке
алып қарау. Темекі шегетін және шекпейтін қала тұрғындары арасында-
ғы қатерлі ісікпен ауыру деңгейіндегі айырмашылықты, оған қоса, ауыл-
дық аймақтағы темекі шегетін және шекпейтіндердің айырмашылығын
анықтау арқылы қалалық және ауылдық жерде тұратындар темекі шегу
мен қатерлі ісік арасында жалған ассоциация тудырды деп болжауға мүм-
кіндік береді. Алайда қала мен ауылдық аймақтағы темекі шегушілер сол
аймақтағы шекпейтіндермен салыстырғанда өкпенің қатерлі ісігіне көп
шалдығатынын анықтағанда, ол байланыстың жалған емес екеніне көбі-
рек сенімді болар едік.
Жалған емес корреляция туралы қорытынды шығару үшін, зерттеу-
шілер барлық сыртқы айнымалылар тұрақты болғанда байланыс сақта-
латынын көрсетуі қажет. Жағдай барлық айнымалыларды бақылауда ұс-
тауға мүмкіндік бере бермейді; сондықтан зерттеушілер мүмкіндігінше
көп айнымалыны бақылауға тырысады. Байланысы өзгеріссіз бақылауға
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
146
алынатын айнымалылар саны қаншалық көп болса, байланыстың жал-
ған болмау ықтималдығы соншалық жоғары болады. Темекі шегетіндер
мен шекпейтіндер арасындағы өкпе қатерлі ісігімен науқастану жағдай-
лары ер мен әйелді, төмен және жоғары әлеуметтік-экономикалық ста-
тус иелерін, түрлі нәсіл өкілдерін жеке қарастырғанның өзінде өзгермей-
тін болса, себеп-салдарлық байланыс барына кәміл сенімді болар едік.
(4.1-қосымшада жалған емес байланыс талабының маңызын көрсететін
тағы бір мысал келтірілген. Бұл кейсте қимылдау жүрек талмасы қаупін
азайтады деген себеп-салдарлық пайымдауға күмәнмен қарайтын қарсы
бірнеше түсіндірмелер бар).
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Айнымалылар арасындағы ассоциация олар міндетті түрде себеп-салдарлық байла-
ныста дегенді білдіре бермейді. Ассоциацияға қосымша себеп-салдарлық байланыс-
тар ықпал ету бағыты мен жалған емес байланысқа дәлел талап етеді.
Қайткенде де жалған емес байланысты сынау үшін сыртқы айныма-
лыларды бақылау қажет. Темекі шегу мен қатерлі ісік туралы мысалда
қолданылған статистикалық бақылауға алу түрі ғылыми эксперименттік
емес зерттеулерде кең таралған. Оның ең басты кемшілігі – статистика-
лық тұрғыда зерттеу барысында бақыланған немесе өлшенген айныма-
лыларды ғана бақылауға алуға болатыны. Демек, кез келген бейтаныс не-
месе өлшенбеген айнымалылар әсерін бағалай алмаймыз. Жалған емес
байланысты сынауды күшейту мүмкіндігі эксперименттерде «кездейсоқ-
тық» деп аталатын процесс арқылы жүзеге асырылады, ол бойынша тео-
риялық түрде барлық сыртқы айнымалыларды бақылауға болады. Экс-
перименттік бақылау жетінші тарауда талқыланады, ал эксперименттік
емес деректерді статистикалық манипуляциялауды қамтитын себеп-сал-
дарлық талдау тәсілдері он алтыншы тарауда қарастырылады.
4.1-қосымша. Себеп-салдарлықты интерпретациялаудағы
проблемалар: қимыл мен жүрек талмасы кейсі
Себеп-салдарлық байланысты анықтауға қажетті үш критерийдің ішін-
дегі ең қиыны – жалған емес байланыс. Корреляцияланған айнымалылар
арасында себеп-салдарлық байланыс бар дегенге ешқашан сенімді бола
алмаймыз. Шын мәнінде, себеп-салдарлық туралы қате қорытындылар
жылдар бойы байқалмауы мүмкін. Шайлер Хак пен Говард Сэндлер деген
психологтар әлеуметтік зерттеулердегі мәселеге қызықты бір мысалды
ұсынды (1979:151, 152, 227).
Кейінгі жылдарда күнделікті қимыл-қозғалыстың салыстырмалы ар-
тықшылықтарына деген қызығушылық басым болды. Қимылдау жүрек
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
147
талмасы қаупін сейілтеді деген пікір төңірегінде дау туындады. Лондондық
Ж.Н. Морристің алғашқы зерттеулері оны анықтаудың қаншалықты қиын
екенін көрсетеді. Моррис Лондондағы екі қабатты автобустардың жүргі-
зушілері мен жолсеріктерін зерттей келе, жолсеріктерге қарағанда жүргі-
зушілер жүрек ауруларына жиі душар болып, қантамыр ауруларынан жиі
қайтыс болатынын аңғарды. Жүргізушілер бір орында отырып жұмыс іс-
теп, ал жолсеріктер жоғары-төмен жүгіріп жүріп жолақысын жинайтын-
дықтан, екі жұмыс арасындағы қимылдау мөлшері денсаулықтағы бақы-
ланған айырмашылыққа әкелді деген қорытындыға келді. Әрі қарай оқу-
ды жалғастырмастан бұрын жүргізуші мен жолсеріктің жүрек аурулары
мәселелерінің арасындағы айырмашылыққа себеп болған қимылдаудан
өзге де айнымалыларды қарасаңыз болады. Моррис келесі зерттеуінде бір
айнымалыны анықтады, ал Хук пен Сэндлер тағы басқа екеуін анықтады.
Жоғарыда аталған зерттеу нәтижелерін жариялаған соң, Моррис жүргі-
зушілер мен жолсеріктерге берілген бірыңғай формалар туралы жазбалар-
ды қарады, жүргізушілерге берілген киім жолсеріктерге берілген киімге
қарағанда үлкендеу екенін анықтады. Сондықтан денсаулықтағы айырма-
шылық себебі қимылдау ғана емес, салмақ айырмашылығы болуы мүмкін.
Бұл қантамыр ауруларына шалдыққыш келетін толық ер кісілер орнынан
тапжылмайтын жүргізуші жұмысын, ал арық ер адамдар дене қимылын
талап ететін жолсерік жұмысын таңдауынан болуы мүмкін.
Мұның тағы бір түсіндірмесі екі жұмыстағы қысым деңгейі болуы ық-
тимал. Хук пен Сэндлердің (1979: 227) пайымдауынша,
жолсеріктер жолақысын жинау барысында баспалдақпен мініп-
түсуде аздап қана қысылуы мүмкін; ең қиыны жолақысын төлеуден
жалтарып, бір орыннан екінші орынға қашатын жолаушылар. Қайт-
кенмен де, жолсеріктердің жұмыс барысындағы өзге адамдармен
өзара әрекеттесуге көңілі толады деген болжам бар.
Ал, керісінше, автобус ішіндегі жолаушылардың қауіпсіздігі –
жүргізуші жауапкершілігінде. Қалада тұратындар немесе келуші-
лердің әрқайсысы білетіндей, кептеліс кезінде көлік жүргізу оңай
емес. Жаяу жүргіншілерді байқау, басқа көліктермен ара қашықтық
сақтау, бағдаршам түсінің өзгерісін бақылау секілді қажеттіліктер
созылмалы күйгелектік пен бір мезеттік ашуға себеп болуы мүмкін.
Енді осы жағдай сегіз сағат бойы жүргізуші орнында отыратын адам
жүрегіне қалай әсер ететінін алып қарайық.
Жүрек аурулары мәселесіне қатысты айырмашылықтарға себепші бо-
луы мүмкін үшінші соңғы айнымалы – жас. Ұтқырлық пен еңбек өтілі не-
месе кез келген жас ерекшелігі талабы жұмысқа орналасумен байланысты
болса, демек, жүргізуші қызметіне бекітілген кісілер үлкендеу, ал жолсе-
рік қызметіне бекітілгендер жастау болуы мүмкін еді. Жүрек талмасы егде
тартқан кісілер арасында жиі кездеседі деп күткендіктен, демек, оның се-
беп-салдарлық айнымалысы жұмыс сипаты емес, жас ерекшелігіне қатыс-
ты болуы мүмкін.
Бұл мысалдарда нақты қандай себеп: қимыл, салмақ, жұмыстағы
стресс не жас ерекшелігі жүргізушілер мен жолсеріктер денсаулығында-
ғы айырмашылыққа әкелетінін нақты кесіп айту мүмкін емес. Жасы да,
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
148
салмағы да жұмыс пен жүрек қантамыр ауруларына себепші болғандық-
тан, бақылаудан тыс қалған сыртқы айнымалылардың кез келгені жалған
байланыс құруы мүмкін. Алайда жұмыстағы стресс немесе тапсырмалар
дұрыс интепретацияланса, бастапқы байланыстар жалған болмайды, өйт-
кені жұмыстағы стресс пен қимыл аралық айнымалыларды айқындап тұр,
осы арқылы жұмыстың өзі адамдарды жүрек аурулары мәселелеріне шал-
дығуын күшейте не азайта алады. Келесі диаграмма екі зерттеуден шық-
қан нәтиже айырмашылықтарын көрсетіп тұр.
Екі немесе одан көп айнымалылар екі топ арасындағы денсаулыққа қа-
тысты айырмашылықты таныту үшін бірлескен іс атқаруы мүмкін. Жалғыз
дұрыс қорытынды – қайсы интерпретацияның дұрыс екенін білмейміз.
Негізінде, корреляция себеп-салдарлық байланысты білдірмейді. Кор-
реляциялардың барлығы интерпретациялануға тиіс; фактілер сияқты олар
да өздігінен түсінікті болмайды. Корреляциядан себеп-салдарлық байланыс
қорытындысын тудыру үшін, зерттеуші айтылып тұрған айнымалының ық-
тимал себепшісі болуы мүмкін сыртқы айнымалыларды анықтап, бақылау-
ға алуы қажет. Моррис зерттеуіндегі ең негізгі қателік сәйкес сыртқы айны-
малылардың басқарылмауы болды; осындай «жасырын» себептерін бағала-
май тұрып, интерпретацияның қайсысы дұрыс екенін айта алмаймыз.
Себеп-салдарлық байланыс, аралық айнымалылар және теория
Сыртқы айнымалылар тәуелсіз және тәуелді айнымалыларға қатысына
қарай не алдыңғы, не аралық бола алады. Тәуелсіз және тәуелді айны-
малының себепті түрде алдында тұратын алдыңғы айнымалы жалған
байланыстар тудыруы мүмкін. Керісінше, тәуелсіз және тәуелді айныма-
лыны байланыстыратын аралық айнымалыны немесе механизмді анық-
тау себеп-салдарлық қорытындыны күшейтеді. Шын мәнінде, бұл кейде
бір айнымалы басқасына себепші екенін анықтау үшін (Hyman, 1955)
ассоциация, ықпал ету бағыты, жалған емес байланысқа қосымша төр-
тінші критерий ретінде ұсынылады. Мысалы, темекіден қатерлі ісікке
апаратын жасушалар бар екені анықталса, онда темекі шегу қатерлі ісік-
ке душар етеді деген пікірге сенім күшейеді деп қарсы шығуға болады.
Жас ерекшелігі
Жұмыс түрі
Жүрек ауруы
Жұмыс түрі
Қимылдау
(жаттығу)
Жүрек ауруы
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
149
Жұмыс түрі
Жүрек ауруы
Темекі шегу қатерлі ісік тудырады деген себеп-салдарлық процестен ха-
бардар болу арқылы жалған корреляцияға қарсы дәлелдер ала аламыз.
Дегенмен жалған емес байланыс талабы анықталған сәтте интервен-
циялық механизмдер белгісіз болғанның өзінде, әдетте себеп-салдарлық
байланыс анықталады. Темекі шегудің қатерлі ісік ауруына әкелетініне
күмәнмен қарайтын ғалымдар аз. Осылайша байланыстағы аралық ай-
нымалыларды анықтау арқылы теориялық түсінікті жақсартып, бол-
жамды нақтылау мүмкін болса да, ол «Себеп-салдарды көрсетуге ең қа-
жетті талаптар қатарына жатпайды. Үйіліп жатқан жапыраққа сіріңке
тастау, тіпті олардың арасындағы химиялық реакцияны түсіндіре алма-
сақ та, жалындаған өрттің себебі болады».
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Алдыңғыайнымалылар жалған ассоциация тудыра алады; аралықайнымалылар ай-
нымалылар арасындағы себеп-салдарлық байланысты түсіндіреді.
Бұл қажетті себеп-салдарлық критерий болмаса да, аралық айныма-
лыларды анықтау – ғылыми зерттеудің маңызды бөлігі. Негізінде, тео-
рияны дамыту мен сынаудың барлығы осы туралы жасалады. Мысалы,
Дюркгеймнің суицид теориясы бірқатар байланыстар үшін әлеуметтік
интеграцияны, аралық себептік механизмді ескерді. Теорияға сәйкес,
протестанттарға қарағанда католиктерде суицидтің аз болуы және үй-
ленгендерге қарағанда жалғызбастылардың арасында суицидтің көп
ұшырасуының себебі теория бойынша католик болу мен үйлену үлкен
әлеуметтік интеграция тудырады, ал ол, өз кезегінде, суицид ықтималды-
ғын азайтады. Брох (2002) бірнеше аралық айнымалылардың ықпалын
сынап көрді. Ол мектепаралық спорт түрлеріне қатысу оқу үлгерімінде
артықшылық беретінін анықтап, ол байланыстар даму мен әлеуметтік
капитал теорияларымен жақсы түсіндірілгенін атап өткен. Жоғарғы мек-
тептегі спортпен шұғылданатындар шұғылданбайтындарға қарағанда
еңбек этикасын дамытып, өмірін өзі бақылағандай сезімде болады, оған
қоса, спортқа қатысу басқа оқушылармен, ата-аналар және мұғалімдер-
мен тығыз қарым-қатынас орнатуға көмектеседі, ақыр соңында, мұның
барлығы оқу үлгеріміне жақсы әсер етеді.
Бірақ теория аралық айнымалыларды анықтаудан бөлек, себеп-сал-
дарлық талдауда маңызды рөл атқарады. Теория оқиғаларды біріктіре-
тін себеп-салдарлық процестерді толық түсіндіріп қана қоймай, одан
бөлек, байланыс табиғатын зерттеуге қажетті жалпы негіздермен қам-
тамасыз етеді. Теориялар зерттеушіге қандай байланыстарды бақылау
қажеттігін, қандай сыртқы айнымалылар байланыстар мен ықтимал
себеп-салдарлық айнымалылар орнайтын жағдайға ықпал етуі мүмкін
екенін көрсетеді. Қысқаша айтқанда, зерттеуші тек бірқатар теорияға
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
150
сүйеніп, әлсіз ассоциация маңыздылығын қалай бағалау қажет және
жалған емес байланыс пен ықпал ету бағытын қалай сынау керегін
анықтай алады. Осылайша ғылыми зерттеулер мен теория арасындағы
әрекеттесудің маңызын көріп тұрмыз. Теория зерттеуді басқарады, ал
зерттеу теорияны дәлелдейтін деректерді алға тарып, оны дамытудың
жолдарын ұсынады.
Сұрақтар мен гипотезалар қалыптастыру
Талдау бірлігінің, айнымалылар мен байланыс тілімен танысқан соң, енді
зерттеу сұрақтарын қалыптастыру тақырыбына ойысуға сақадай саймыз.
Гленн Файрбоудың айтуынша, зерттеу сұрақтары ең негізгі екі талапқа
сай болуға тиіс: зерттелетін және қызықты болуы қажет. Зерттелетін сұ-
рақ – эмпирикалық зерттеу арқылы жауап беруге болатын сұрақ. Өткен
тарауларда қарастырғанымыздай, бірқатар сұрақтарға жауап беру мүм-
кін емес, себебі олар ғылым шеңберінен тыс (мысалы, «Құдай бар ма?
Өлім жазасы мораль тұрғысынан дұрыс емес пе?») немесе этикалық тү-
сініктер оларды жоққа шығарады. Басқа сұрақтар тым ауқымды болуы
мүмкін. Енді бастап жатқан зерттеушілермен қатар, тәжірибелі зерттеу-
шілер де көбіне зерттеуге айқын жол салмайтын немесе аз көмектесетін
тым ауқымды сұрақтардан бастайды. Мысалы, ортаға қосылуға қатысты
зерттеулерімен жақсы танымал Стенли Шахтер, адамдарды басқалар-
дың ортасында болуға не ынталандыратынына (Evans, 1976: 159) қызы-
ғушылық танытқан және бұл сұрақ та әлеуметтік психологияның бүкіл
ауқымын қамтиды. Шахтер зерттеуді жүргізбестен бұрын бұл сұрақты
анықталатын айнымалылар мен байланыстарға бағыттайтындай етіп
тұжырымдай алды. Шахтер «ортаға сіңу» жайлы оқып, ойлана келе, со-
ңында, қорқыныш басқалармен бірге болу ниетіне қалай әсер етеді деген
сұраққа тоқталды.
Файрбоудың жақсы зерттеу сұрақтарына қажет талаптарының екін-
шісі – зерттеу сұрағы өзіңе және әсіресе басқаларға қызық болуға тиіс.
Сұрақты не қызықты етеді? Әуелі зерттеу ғылыми ортада көп талқыла-
нуы керек. Сіздің сұрағыңыз сондай әңгімелер қатарында бар не жоғын
білудің бір жолы – соңғы зерттеулерден хабардар болып, оларға мұқият
әдебиеттік шолу жасау. Осы арқылы, негізгі теория, қорытындылар-
мен қатар сол саладағы шешімін таппаған сұрақтарды табасыз. Беккет
Брохтың (2002) зерттеулерге әдебиеттік шолу жасағанда жоғарғы сы-
нып оқушыларының спортқа қатысуы мен бағасы арасындағы оң ассо-
циацияны айқындаған бірнеше зерттеуді анықтады. Дегенмен қосымша
сабақтардың әсері салыстырмалы түрде зерттеулерде аз қарастырылған,
ал спортқа қатысу оқу үлгерімін қалай арттыратыны туралы теориялық
түсіндірмелерді сынауға талпынған зерттеулер одан да төмен. Брох түрлі
теорияларды қарастырған соң, әлі жауабы табылмаған үш зерттеу сұра-
ғын құрастырды:
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
151
Спортқа қатысу оқушының үлгерімін неліктен арттырады? Спорт-
қа қатысу оқушылардың дамуы мен әлеуметтік ортасына әсер ете
ме, олар спорт пен оқу нәтижелерінің арасындағы байланыстыру-
шы механизм бе?
Оқу үлгеріміндегі осындай артықшылықтар тек спорттың арқа-
сында ғана ма, әлде спортқа қатысы жоқ қосымша сабақтар да оқу
үлгерімін жақсарта ма?
Спортқа қатысы жоқ қосымша сабақтар оқушылардың дамуы мен
әлеуметтік ортасын жетілдіруге көмектесе ме (Broh, 2002: 73)?
Брохтың зерттеу сұрақтары жаңа бағыттағы алдыңғы зерттеулердің
ізін жалғағандықтан, «қызықты» бола түсті (зерттеу сұрақтарына жақ-
сы негізделген қорытындылармен қарсы шықса, бұл да сұрақты «қызық-
ты» ететін факторлардың ең бастысы болмаса да, бірі саналады). Оның
сұрақтары зерттеуді екі түрлі тәсілмен кеңейтеді: қосымша сабақтарға
қатысуды арттыру арқылы сұрақты кеңейту және мектепаралық спорт-
қа қатысты сұрақтарды да қосу; не спорттың бағаға әсерін есептеу үшін
аралық айнымалыны (әлеуметтік капитал) анықтау арқылы. Файрбоу
(2008) бұрынғы зерттеуді кеңейтудің тағы екі жолын ұсынады: қоры-
тынды жаңа жиынтыққа қатысты ма (Брох өз зерттеуін АҚШ-тан тыс
қайталағанын елестетіңіздер) және бұл қорытынды жаңа уақыт кезе-
ңінде іске аса ма? (дәл мұндай ассоциация ХХ ғасырдың алғашқы жар-
тысында болған ба?).
Зерттеу сұрақтарына алдын ала берілетін жауаптар «гипотеза» деп
аталады. Ресми түрде анықталған гипотеза – екі айнымалы арасындағы
күткен, бірақ расталмаған байланыс. Гипотезалар түрлі дереккөздер-
ден, олардың ішінде теориядан тікелей бақылауға, болжам мен интуи-
цияға дейін шығады. Кейде гипотезалар зерттеудің негізі нәтижесі бо-
лады. Екінші жағынан, гипотеза зерттеу жұмысын астыртын басқарса
да ешқашан айқын жасалмайды. Алайда зерттеу мақсаты айнымалылар
арасындағы байланысты сынау болса, гипотезалар көрсетілген байла-
нысты тексеру үшін айқын мәнді әрі ресми түрде және нақты құрасты-
рылуы керек.
Олар түрлі жолмен түсіндірілсе де, гипотезаның барлығы байланыс та-
биғаты мен формасы туралы болжауы қажет. Екі айнымалы туралы қи-
сынды гипотеза мәлімдемесі қайсы айнымалы өзге бір айнымалыны бол-
жайтынын немесе оны тудыратынын, бір айнымалыдағы өзгерістердің
өзге айнымалыдағы өзгерістермен қалай байланысқанын көрсетуі керек.
Мысалы, білім беру жалпы толеранттықты күшейтеді десек, онда «білім
берудің артуы нанымды азайтады» деп болжауымыз мүмкін. Бұл мәлімде-
ме байланыс туралы екі ерекшелікті меңзейді: біріншіден, қандай айны-
малының өзге бір айнымалыны тудырып, түсіндіруі немесе алдын алуы
(білім беру туралы нанымның алдын алу) және, екіншіден, бір айныма-
лыдағы өзгерістердің басқа айнымалыдағы өзгерістерге байланысы қа-
лай екені (білім беру артқан сайын наным сейіле түседі).
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
152
Байланыс формасын анықтайтын гипотезалар сынауға болады деп са-
налады, өйткені айнымалының барлығы жеткілікті деңгейде өлшенді деп
болжасақ, олардың шын немесе жалған екенін анықтауға болады, ең бол-
мағанда, олар ықтимал шын не жалған екенін анықтай аламыз.
Сынауға болатын гипотезаларды көрсетудің бірнеше жолы бар, мыса-
лы, білім беру мен нанымға қатысты:
1. «Егер-онда» (шартты) мәлімдемесі. Бұл мәлімдемеде бір құбылыс
немесе шарт дұрыс болса, онда басқасы да өзгереді делінеді. Мысалы,
«адамның білім деңгейі жоғары болса, онда оның наным деңгейі төмен
болады». Балама ретінде былай деп айта аламыз: «адамның білім дең-
гейі төмен болса, онда оның наным деңгейі жоғары болады». Осындай
мәлімдемелер шарттылық деп аталады. Шарттылық әрқайсысы айны-
малы шартына немесе категориясына сілтеме жасайтын екі қарапайым
мәлімдеменің байланысынан тұрады. Ғылымдағыдай шарттылық шарт-
ты түрде орнатылатын байланыс сыры мынада: «егерден» кейін келетін
шарт (немесе айнымалы категориясы), «ондадан» кейін келетін шартты
тудырады (немесе айнымалы категориясын). Әлеуметтік зерттеу гипоте-
залары бұл формада сирек беріледі. Дегенмен кейбір ғалымдар әрқашан
сынауға болатын гипотезаны шартты түрде қайта құруға болады, осы
стандарт логикалық форманы пайдалана отырып, гипотеза үшін зерттеу
нәтижесінен заңды түрде жасалуы мүмкін қорытынды түрін анықтау оңа-
йырақ деп пайымдайды (McGuigan, 1993: 37).
2. Математикалық мәлімдемелер. Бірқатар гипотезаларды стандарт
математикалық форма түрінде түсіндіруге болады Y = f(X), бұл бойынша
«Y – X-тің функциясы». Мысал ретінде Эйнштейннің атақты формуласын-
да Е = mc
2
(бұл – энергия жарық жылдамдығын квадратына көбейтілген
массаға тең). Кезінде E = mc
2
гипотеза болған, бірақ сан мәрте дәлел-
денгендіктен, қазір ғылымда «заң» деп аталады. Математикалық форму-
лалар – гипотезалардың нақты ресми мәлімдемелері. Әдетте әлеуметтік
зерттеулердегі айнымалылар физикалық зерттеулермен салыстырғанда
аз дәлдікпен өлшенетіндіктен, әлеуметтанушылар гипотезаларды мұн-
дай формада сирек құрады. Соған қарамастан ғылымда математикалық
формулалар – мінсіз, өйткені олар нақты болжам жасап, күрделі байла-
ныстарды оңай көрсетеді. Математикалық форма – шартты форманың
баламасы. Y = f(X) мынаны айтады: «егер (және тек егер) X мән болса,
онда Y-те – мән» (McGuigan, 1993: 38).
3. Үздіксіз мәлімдемелер. «X қаншалықты үлкен болса, Y соншалықты
үлкен (немесе кіші)» формасындағы гипотезалар бір айнымалының ар-
туы (Х) басқа айнымалының артуымен (Y) байланысты екенін көрсетеді.
Мысалы, білім деңгейі артқанда, наным азаяды не, былайша айтқанда,
білім деңгейі қаншалық жоғары болса, наным деңгейі соншалық төмен
болады.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
153
4. Әртүрлі мәлімдемелер. Бұл формадағы мәлімдеме бір айнымалы
өзге айнымалыдан категория тұрғысынан ерекшеленетінін көрсетеді.
Мысалы, білім деңгейі төмен адамдарға қарағанда білім деңгейі жоға-
ры адамдар нанымға азырақ сенеді. Гипотезаны сипаттау үшін «үздіксіз»
немесе «түрлі» мәлімдемелерді қолдану не қолданбау гипотезадағы ай-
нымалылардың сандық не сапалық болуына байланысты. Егер екі айны-
малы да «сандық тұрғыда бағаланған» болса, онда байланыс үздіксіз фор-
мада құрылар еді. Бірақ кез келген айнымалылар «жоғары» және «төмен»
наным сияқты жеке категориялардан тұратын болса, онда байланыс түрлі
формада құрылуы қажет. Қайткенде де, гипотеза мәлімдемесін шартты-
лыққа айналдыру – оңай іс. Мысалы, «Білім деңгейі қаншалықты жоғары
болса, наным деңгейі соншалықты төмен» деген мәлімдеме «егер білім
жоғары болса, онда наным төмен болады» дегенге айналады.
Үздіксіз және түрлі мәлімдемелер байланыс формасын дәл анықтайды.
Дегенмен мәлімдеменің екі түрі айнымалылар арасындағы себеп-салдар-
лық байланысқа қатысты айқын емес. Әдетте «X қаншалықты үлкен бол-
са, Y соншалықты үлкен болады» деген мәлімдеме X Y-тің себебі дегенге
саяды. Алайда бұдан бөлек бұл Y X-ті немесе X пен Y бір-бірін тудырады
деген болуы мүмкін. Себеп-салдарлық байланысты талқылағанда айтып
өткеніміздей, шамамен қай айнымалы басқасын тудыратынын білу ма-
ңызды; одан бөлек, гипотезалардың басым бөлігі үздіксіз немесе түрлі
мәлімдеме формасында болғандықтан, себеп-салдарлық байланыс қиын-
дық тудыруы мүмкін. Абырой болғанда, зерттеу мақалалары мен жазба-
ларының басым бөлігінде зерттеушілер гипотезаны талқылау барысында
осы байланысты айқындап алады.
Осы сәтте ғылыми зерттеудің негізгі қағидасын қайталап алуымыз қа-
жет. Жоғарыда аталған формалардың барлығы байланыс абсолют шын
немесе жалған болады деп тұжырымдайды, ғылымдағы гипотезалар нақ-
ты дәлелі жоқ, тек ықтимал болуы мүмкін. Осылайша «егер X болса, онда
Y» деген мәлімдеме логикалық түрде не шынайы, жалған болғанымен, ба-
қылау оларды «ықтимал шынайы» немесе «ықтимал жалған» деп көрсе-
теді.
5
Көп жағдайда мұндай болжам анықтаушы формадағы гипотезалар
айтылғанда қолданылады, мысалы, «ұмтылуда» немесе «жалпы алғанда».
Мысалы, «білім деңгейінің артуы наным азаюына әкеледі» деп айтуға бо-
лады. Мұндай мәлімдемелер гипотезаларды сынау әрқашан нақтылықты
өлшеудің шектеулі екені және оқиғаға әсер ететін барлық айнымалылар-
ды анықтап, бақылау мүмкін емес екенімен шектелетінін растайды.
Гипотезалар тек ықтимал шынайы немесе жалған деп бағаланады де-
ген ой статистикалық елеулілік тестілеріне байланысты гипотезалардың
басқа түрін тудырады. Елеулілік тестілері екі айнымалы арасындағы ба-
қыланған байланыстың кездейсоқ өзгерісінен туындау ықтималдығын
көрсетеді; тесті елеулі болса, бұл 100-дің 5-інен де аз деп айтсақ, төмен
ықтималдықты, байланыс кездейсоқ туындағанын білдіреді, осылайша
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
154
байланыс бар немесе ол шынайы деген қорытынды шығады. Статисти-
када байланыс кездейсоқ туындайтыны туралы болжалды байланысқа
қарама-қарсы болатын гипотезаны нөлдік гипотеза деп атайды. Басқа-
ша айтқанда, дәлелдер зерттеу гипотезасын қолдайды, сондықтан нөлдік
гипотеза қатенің қандай да ықтималдығын жоққа шығарады. Зерттеуші-
лер байланысты сынау барысында әрқашан нөлдік гипотезаға сүйенбей-
ді; алайда ол елеулілікті тестілеу логикасының өзегі жоқ және әрдайым
айқын болмайды.
Бұл зерттеуде гипотеза қалай көрінетіні бірнеше факторға байланыс-
ты: зерттеуші көзқарасы, зерттеу мәселесі туралы білімнің ағымдағы
жағдайы және сапалық немесе сандық айнымалылардың қатысуы сияқ-
ты факторлар. Алайда гипотезалар қалай көрінсе де, кем дегенде, айны-
малылар арасындағы байланысты білдіруі қажет және, шындығында,
айнымалылар арасындағы себеп-салдарлық байланысты көрсетуі қажет,
шынтуайтында, тап осы себеп-салдарлық байланыс зерттеушілерді қы-
зықтырады.
Зерттеу мақсаттары мен зерттеу дизайны
Алдыңғы беттерде әлеуметтік зерттеулердегі байланыс рөлін атап көр-
сеткенбіз. Әлеуметтанушылардың әлеуметтік әлем туралы түсінігі айны-
малылар арасындағы байланыстан көрініс табады. Сонымен қатар олар
айқын анықталмауы не елеусіз болуы, әрі зерттеушіге белгілі болмауы
мүмкін, болжамды байланысқа қарай зерттеуші қандай айнымалыларды
өлшейтіні, бақылауды қалай өткізетіні мен интерпретациялайтынына
дейінгі әр әрекетін жобалайды. Алайда зерттеудің барлығы байланыстар-
ды сынау мақсатында жүргізілмейді. Зерттеу үш мақсатта жүргізіледі: (1)
топ немесе қоршаған орта сияқты құбылысты зерттеу, онымен танысу,
ол туралы түсінік алу, әрі қарай зерттеуді жалғастыру үшін анағұрлым
нақты сұрақтар қалыптастыру; (2) нақты қауымдастықты, топты немесе
жағдайды барынша толық сипаттау және (3) айнымалылар арасындағы
байланысты ресми түрде сынап, қарастыру. Зерттеу, ең алдымен, байла-
ныстарды барлау, сипаттау немесе сынау мақсатында жүргізілетінін есте
ұстаған жөн, өйткені бұл үш функция зерттеу дизайнына әртүрлі әсер
етеді.
Барлау зерттеуі белгілі бір нәрсе туралы ақпарат салыстырмалы түр-
де аз болғанда, оның «ауытқу» сипатына немесе жаңалығына сүйеніп
жүргізіледі. Зерттеудің осы категориясына көшенің бұзақы топтарын, ра-
дикал саяси топтар мен діни қозғалыстарды, адамдар, топтар және оқи-
ғалардың клиникаға қатысты кейстер тарихы мен күллі мәдениеттердің
антропологиялық жазбасын бақылап зерттеу жатады. Өзімізге беймәлім
тақырып не құбылысты зерттегенде әуелі құбылысты жалпы сипаттаудан
бастауымыз керек. Бұл айтуға оңай болғанымен, шындығында, тәжіри-
бесі қалыптаспаған зерттеуші үшін ең күрделі зерттеу түрі болуы мүмкін.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
155
Мұнда нақты сызылып, сипатталған тәуелсіз және тәуелді айнымалылар
жоқ, сондықтан бақылау мен талдаудың категориялары алдын ала бекі-
тілмеген. Зерттеушіде ненің маңызды екенін, кімнен сұхбат алу немесе
зерттеуді әрі қарай жалғастыруға не себеп екенін анықтауға көмектесе-
тін нұсқаулық аз болуы мүмкін. Сол себепті алдын ала зерттеудегі зерт-
теу жоспары зерттеудің басқа түрлерімен салыстырғанда ашық. Қажетті
құрал-жабдық (мысалы, фотоқұрылғылар, магнитофондар) түрлері мен
сөйлесуге тиіс негізгі адамдар туралы шешім қабылданады, бірақ бас-
тапқы қадамдарға әкелетін жолды алдын ала білу мүмкін емес. Далалық
зерттеулерді қарастыратын он бірінші тарауда барлауға қатысты дерек-
терді жинау тәсілдерін талқылаймыз.
Аты айтып тұрғандай, дескриптив зерттеудің мақсаты – белгілі бір
құбылысты сипаттау. Зерттеудің барлығы белгілі бір деңгейде сипаттау-
ды қамтиды. Мысалы, далалық зерттеулер әдетте зерттеліп жатқан орта
немесе мәдени топты егжей-тегжейлі сипаттауға тырысады. Дегенмен
таза дескриптив зерттеулер айтарлықтай құрылымдалған. Бұл, негізінен,
мұқият іріктелетін кейстер жиынтығынан жиналған деректерді факті-
мен айқындайтын іс, осы арқылы зерттеушіге нәтиженің нақтылығы
мен жалпылауға баға беруге мүмкіндік туады. Дескриптив зерттеулердің
үлгісі ретінде кезең сайын жергілікті және ұлттық деңгейде жүргізілетін
түрлі санақтарды алсақ болады. Санақ қауымдастықтың жасы мен нә-
сілдік құрамынан бастап олардың жұмыспен қамту жағдайы мен тұрғын
үй құнына дейінгі барлық нәрсе туралы ақпарат бере алады. Сонымен
қатар белгілі бір пікірі немесе көзқарасы бар, бір ұстаным бойынша әре-
кет ететін нақты бір жиынтықтағы адамдардың пропорциясын бағалауға
тырысатын көпшілікке арналған сауалнаманың дескриптив мақсаты бар.
Мысалы, қаншасы өлім жазасын қолдайды? Келесі сайлауда қанша адам
А үміткерге дауыс береміз дейді?
Зерттеу жүргізудегі үшінші мақсат – байланысты сынау. Бұл мақсатта-
ғы зерттеулер кейде түсіндірме зерттеулері деп те аталады, өйткені олар
себеп пен салдарды анықтау арқылы құбылыстар неліктен пайда болаты-
нын түсіндіруге тырысады. Барлық зерттеуде сипаттама болатындықтан,
дескриптив пен түсіндірме зерттеуінің негізгі айырмашылығы – сипатта-
ма көлемінде. Толықтай дескриптив зерттеуде сипаттама деңгейі едәуір
төмен болады, тек дербес айнымалылар туралы ақпарат іздеумен шекте-
леді, ал түсіндірме зерттеулері бұл қадамнан айнымалылар арасындағы
байланысты сипаттауға өтеді. Қару-жарақты бақылауға қатысты пікірі ай-
тылатын сауалнама дескриптив болады, ал адамдар қару-жарақты бақы-
лауға неге қолдап не қарсы болатынын түсіндірме зерттеуі қарастырады.
Дескриптив те, сынауға болатын гипотезалардың да құрылымы жоға-
ры және егжей-тегжейлі жоспарлануы қажет. Сондықтан мұндай зерттеу
жүргізу барысында дерек жинаудың толық, егжей-тегжейлі стратегиясын
жасау қажет. Осы бастапқы стратегия немесе жоспар зерттеу дизайны
деп аталады. Зерттеу дизайны нақты қойылған зерттеу сұрағынан және
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
156
сұраққа жауап беруге арналған бақылауларды жинау, өңдеу мен пайым-
дау жоспарларынан тұрады. Зерттеу дизайнын құру үшін бүкіл зерттеу
барысын басынан аяғына дейін алдын ала болжау қажет. Ол үшін зерт-
теудің әр кезеңі туралы орнықты білім болуы керек. Осы кезеңдермен
танысу зерттеу дизайнының негізгі компоненттерін айқындауға көмек-
тесіп қана қоймай, одан бөлек, оқырманды кітаптың өзге бөлігімен та-
ныстырады.
Әлеуметтік зерттеу кезеңдері
Екінші тарауда айтылғандай, ғылыми процесс теория мен деректердің
циклдік өзара әрекеттесуінен тұрады. Кей кезде зерттеушілер гипотеза-
ны сынағанда теориядан дерекке дедуктив жұмыс істейді; ал басқа сәт-
те деректерді түсіндіріп, теория шығарады. Осылайша ғылыми зерттеу
кейде дедуктив, ал кейде индуктив. 4.5-сызбада кітаптың негізгі тақы-
рыбы саналатын дедуктив барлау зерттеулерінің негізгі кезеңдері бе-
рілген. Дедуктив зерттеулердің басым бөлігі осы сызбада болғанымен,
зерттеу әдісіне байланысты кезеңдер алынып тасталуы және көбірек
кері байланыс тізбегі болуы мүмкін. Қысқаша айтқанда, бұл – әбден
жетілдірілген модель; бірқатар зерттеулер болжанғаннан аз ұйымдас-
тырылған.
4.5-сызба. Әлеуметтік зерттеу кезеңдері
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
1. Зерттеу сұрағын тұжырымдау
2. Зерттеу дизайнына дайындық
3. Өлшеу
4. Іріктеу
5. Деректерді жинау
6. Деректерді өңдеу
7. Деректерді талдау және
интерпретациялау
157
1-кезең: зерттеу сұрақтарын қалыптастыру
Зерттеу сұрақтан басталады. Бастапқыда сұрақтарды таңдауда әрі қарай
зерттеу үшін, оларды барынша нақты қалыптастырып алған жөн. Негізгі
идеяға сүйене отырып, адам нені және қандай мақсатпен білгісі келеті-
нін нақтылау қажет. Сұрақты қалыптастыру үшін озық идеяларды ғылы-
ми әдебиеттен табуға болады. Зерттеу сұрағын тарылтып, нақтылауға
көмектесумен қатар, әдебиеттерге шолу оның кең теориялық елеулігін
көрсете алады. Әдебиеттерге шолу сәйкес бақылаушы айнымалылар-
ды анықтауға көмектеседі және басқа зерттеушілер бұл сұраққа қалай
жауап бергенін көрсете отырып, маңызды тәсіл мен процедураларды
ұсына алады.
2-кезең: зерттеу дизайнына дайындық
Сұрақты нақты тұжырымдап алған соң, зерттеуші зерттеудің негізгі жос-
пары мен құрылымын дайындайды. Бұл үшін зерттеуші, анығында, зерт-
теудің алдағы кезеңдерін болжауға тиіс. Зерттеу сұрақтарына жауап беру
не гипотезаны дәлме-дәл сынауды қамтамасыз ету үшін қандай бақы-
лаулар қажет екені туралы алдын ала шешімдер қабылдауға тиіс. Содан
кейін зерттеуші бақылау жасау стратегиясын, яғни эксперимент, шолу,
далалық зерттеулер немесе қолда бар деректерді пайдалануды таңдау қа-
жет. Бұл тәсілдердің бәрінде олардың сұраққа сәйкестігін анықтайтын бі-
регей күшті және әлсіз тұстары бар. Он үшінші тарауда айтқанымыздай,
ең үздік стратегия – тәсілдерді комбинациялау. Жалпы стратегияны таң-
дау контексінде талдау бірлігі, қандай айнымалыларды бақылап, басқару
қажет және оларды қалай өлшейтінін, оған қоса, деректерді қалай талдау
қажет екенін шешуі керек. Осы мәселелерді күн ілгері ойлау арқылы зерт-
теудегі жаңсақтық пен кем-кетіктің алдын алуға болады. Барлық мәселе-
лерді күні бұрын болжап білмеуі мүмкін, дегенмен барлау зерттеулерінде,
әсіресе зерттеуді жоспарлау кезінде шешімдердің көбі дербес болып, өзге-
ріске ұшырайды.
Екі зерттеу, яғни айнымалыларды өлшеу мен талдау бірлігін іріктеу
ерекше мұқият болуды талап етеді және әдетте зерттеу дизайнының не-
гізгі бөлігі аяқталғанда егжей-тегжейлі қайта жасалады. Сондықтан олар
жеке, қарама-қарсы кезең ретінде қарастырылады.
3-кезең: өлшеу
Зерттеу жоспарының бір бөлігін нақты тұжырымдарды эмпирикалық
бақыланатын оқиғалармен байланыстыратын операцияларды әзірлеу
құрайды. Мұндай операционализация мен өлшеу процесі, сондай-ақ өл-
шеудің сапасын немесе дұрыстығын бағалау әдістері бесінші тарауда қа-
растырылады.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
158
4-кезең: іріктеу
Зерттеушілер талдау бірлігі туралы шешім қабылдаудан басқа, қанша бір-
лікті сұрыптау керегін және қалай таңдау керек екенін анықтауға тиіс.
Іріктеуге қатысты мәселелер мен әдістер алтыншы тарауда қарастыры-
лады.
5-кезең: деректерді жинақтау
Зерттеуді жоспарлау барысында зерттеушілер алдымен өлшем мен ірік-
теуге қатысты шешімге ықпал ететін деректерді жинақтаудың негізгі
тәсілдерін шешеді. Атап өткеніміздей, негізгі төрт таңдау бар: экспери-
мент, сауалнама, далалық зерттеулер және қолда бар деректерді пайда-
лану. Бұл тәсілдердің негізгі логикасы мен олардың айрықша мәселелері,
артықшылықтары мен кемшіліктері жетінші және он екінші тарауларда
қарастырылады.
6-кезең: деректерді өңдеу
Бақылау жасаған соң, зерттеуші оларды талдап, интерпретациялауға да-
йын болады. Талдаудан бұрын деректер түрленуі немесе өңделуі керек.
Он бесінші тарау деректерді статистикалық талдауға даярлығына жіті на-
зар аударып, деректерді өңдеуді талқылаудан басталады.
7-кезең: деректерді талдау мен интерпретациялау
Деректер талдауға дайын болғанда олар зерттеуге бастама болған сұ-
рақтар мен гипотезалардың мәні мен бағытына қарай қайта өңделуге
тиіс. Мұнда талдаудың бірнеше түрі бар, басым бөлігі осы оқулықтан тыс
статистикалық сынауды қамтиды. Статистикада қандай да бір кәсіби
дайындықсыз кесте немесе график деректерін дұрыс оқу мен көрсетуді
және белгілі бір статистикалық процедураларды қолдану қажет болған
жағдайда үйренуге болады. Одан бөлек, себеп-салдарлық байланыстарды
талдау логикасы туралы берік түсініктерді қалыптастыруға болады. Бұл
тақырыптарды он бесінші, он алтыншы тарауларда да қарастырады. Де-
ректерді талдаған соң зерттеуді бағыттаған гипотезалар мен теориялар
туралы қорытынды шығарып, қажет болғанда, алынған нәтиженің прак-
тикалық салдарын бағалауға болады. Ақырында ол нәтижелерді жария-
лайды.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
159
Түйін
Тақырып таңдауға әсер ететін көптеген идея мен факторлар бар, оның
ішінде теориялық және практикалық маңыздылық, әлеуметтік сыйақы
мен жеке құндылықтар, зерттеуші ресурсын атасақ болады.
Жалпы зерттеудің жоспары немесе зерттеу дизайнын дайындау барысын-
да ортақ тақырыптар нақтыланады және зерттеу сұрақтары туындайды,
олардың негізгі элементтері – талдау бірлігі, айнымалы және байланыс.
Зерттеуші жинаған ақпараттың мәні талдау бірлігі деп аталады. Олар-
ға жеке адам, топтар мен түрлі ұйымдар, қауымдастықтар, ұлттар және
әлеуметтік артефактілер жатады.
Зерттеушілер көбіне жеке адамдар құрайтын әлеуметтік бірлікті сипаттау
үшін осы жеке адамдар туралы ақпаратты біріктіреді. Жалпы алғанда, қо-
рытынды деректерге қатысты талдау бірлігімен шектелуі керек. Топ дең-
гей деректеріне сүйеніп жеке адамдар туралы қорытынды жасау кезінде
экологиялық жаңылысу қаупі бар.
Айнымалылар – жүйелі бақылау барысында өзгеруі мүмкін бірлік сипаты.
Зерттеулер сыртқы айнымалылардың ықпалын жоюға тырысып, түсіндір-
ме айнымалыларға ден қояды.
Тәуелді айнымалы – зерттеуші түсіндіруге немесе алдын ала болжауға
тырысатын түсіндірме айнымалы; тәуелсіз айнымалы тәуелді айнымалы-
ның болжалды себебі болады.
Басқа айнымалылар нақты тәуелді және тәуелсіз айнымалыларға қаты-
сына қарай не алдыңғы, не аралық айнымалы болады, оған қоса, зерттеу
барысында бақыланатын не бақыланбайтын болады.
Сандық айнымалылардың сандық айырмашылықты білдіретін катего-
риялары бар, ал сапалық айнымалылар түр жағынан өзгешеленеді.
Күткен және алдын ала болжанатын байланыстар әлеуметтік зерттеулер-
дің бәрін бағыттайды.
Екі немесе одан көп айнымалыдағы өзгерістер алдын ала болжанған үл-
гіде құрылғанда байланыстар туындайды. Бұл үлгінің екі қасиеті бар,
олар – айнымалылардың сапалық не сандық болуына байланысты сипат-
талатын күш пен форма.
Корреляция коэффициенті сияқты, ассоциация күшінің статистикалық өл-
шеміне қосымша статистикалық елеулілік тестілері байланыстары, шын
мәнінде, бар-жоғын немесе кездейсоқ процесс өнімі екенін көрсетеді.
X айнымалы Y айнымалысына тудыратынын анықтау үшін, X пен Y ста-
тистикалық байланысты екенін, ықпал ету бағыты X-тен Y-ке дейін еке-
нін және X пен Y арасындағы байланыс жалған емес екенін көрсетуі ке-
рек. Аралық айнымалыларды анықтайтын теориялар X Y-ті тудырады
деген қорытындыны нығайтады.
Зерттеу сұрақтарының ғылыми бағыты болуы керек, әрі жүргізіліп келе
жатқан зерттеуге сеп тигізердей қызықты болуға тиіс. Сұрақтар айныма-
лылар арасындағы байланыс туралы болады, ал гипотеза – байланыстың
табиғаты мен формасы туралы болжам.
Әлеуметтік зерттеулерде гипотеза үш формада келуі мүмкін, олар: шарт-
ты, математикалық теңдік, үздіксіз немесе әртүрлі тұжырымдама.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
160
Әлеуметтік зерттеулердің басым бөлігі гипотезаны сынау мақсатында жүр-
гізілгенімен, ол түсіндірме және сипаттау мақсатында да жасалуы мүмкін.
Тірек сөздер
Талдау бірлігі Теріс (кері) байланыс
Жиынтық дерек Корреляция коэффициенті
Экологиялық жаңылысу Статистикалық елеулілік
Айнымалы Себеп-салдарлық байланыс
Түсіндірме айнымалы Ассоциация
Сыртқы айнымалы Ықпал ету бағыты
Тәуелді айнымалы Жалған байланыс
Тәуелсіз айнымалы Жалған емес байланыс
Алдыңғы айнымалы Гипотеза
Аралық айнымалы Шарттылық
Бақылаушы айнымалы Нөлдік гипотеза
Сандық айнымалы Барлау зерттеуі
Сапалық айнымалы Дескриптив зерттеу
Айнымалылар арасындағы байланыс Түсіндірме зерттеу
Оң (тікелей) байланыс Зерттеу дизайны
Тапсырмалар
1. Антрополог Үндістанның оңтүстігіндегі бірнеше ауылды зерттеп жатыр дейік.
Антропологта әр ауылдың адам саны және ер мен әйелдің орташа жасы тура-
лы деректер бар, оған қоса, ауылдағы түрлі тұтыну тауарларының ақша-несие
индексін есептеп шығарды (мысалы, тоңазытқыш, теледидар мен желдеткіш-
тің ортақ бағасын сол ауылдардағы жиынтық көлеміне бөледі). Бұл деректерді
талдауда көрсетілгендей, халықтың орташа жасы ең төмен ауылда заманауи
тұтыну тауарларының ең жоғары долларлық құны бар (Bernard, 1994). Бұл
зерттеудегі талдау бірлігі не? Антрополог бұл ассоциацияға сүйеніп, жастар үл-
кендермен салыстырғанда заманауи тұтыну тауарларын көбірек алады деген
қорытынды шығара ала ма? Себебін көрсетіңіз.
2. Алдағы сұрақ немесе гипотезалардың әрқайсысы үшін талдау бірлігі мен
тәуелсіз және тәуелді айнымалыларды анықтап алу керек.
а. Ата-анасы ажырасқан немесе бөлек тұратын жасөспірімдер биоло-
гиялық ата-анасымен тұратын балалармен салыстырғанда тәртіп
жағынан көбірек қиындық тудырады.
ә. АҚШ-тың барлық штаттарында сатылатын сексуалды тақырыптағы
журналдар (Hustler, Playboy секілді) саны мен тіркелген зорлық саны оң
корреляцияланған.
б. Ауылдық елді мекен тұрғындары консерваторлық көзқарастағы
адамдарға қала тұрғындарымен салыстырғанда көбірек төзеді.
в. Елдің экономикалық даму деңгейі халыққа көрсетілетін қызмет дең-
гейіне қалай әсер етеді?
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
161
3. «Нәсіл мен этностық байланыстар әлеуметтанудағы ең орнықты идеялардың
бірі» деп жақында сипатталған гипотеза байланысы кейінгі 50 жылда кеңінен
зерттелген. Қарапайым түрде бұл гипотеза түрлі нәсіл өкілдері арасындағы бай-
ланыс оң нәсілдік байланыс құруға көмектеседі. Осы гипотезаны сынағыңыз ке-
леді дейік. Атап айтқанда, мектеп пен соған жақын төңіректегі бастапқы нәсіл-
аралық қатынас қазіргі достар қатарында түрлі нәсіл иелерін көбейтеді деп бол-
жайсыз. Өз колледжіңізде сауалнама жүргізуді шештіңіз деп алайық.
а. Сіз нәсіларалық қатынас пен достардың нәсілдік әралуандығы арасын-
да 0,23 корреляция таптыңыз делік. Бұл қарым-қатынас туралы нені
көрсетеді?
ә. Корреляция p < 0,01 мәнінде болды деп алайық. Бұл ақпарат қарым-қа-
тынас туралы не көрсетеді?
б. Зерттеуіңіздегі маңызды қадағалаушы айнымалы – нәсіл. Нәсілдік ги-
потезаны бақылаушы айнымалы ретінде қайта құрыңыз.
4. Кампус зерттеуінде, зерттеуші тапсырмалар жиілігі мен депрессия арасын-
да статистикалық елеулігі −0,22 корреляцияны табады. Ол осы деректерге
сүйеніп, қимылдың жетіспеуі депрессияға себеп болады деп қорыта ала ма?
Неліктен және неге жоқ? Енді гендер қимыл жиілігі мен депрессия арасында
қалай жалған ассоциация тудыратынын түсіндіріңіз.
5. Кристофер Эллисон мен Кристин Андерсон (2001) ұлттық сауалнамаға сүйе-
ніп, АҚШ жұптары арасындағы зорлық-зомбылық пен діндарлық арасындағы
байланысты зерттеді. Алдыңғы зерттеулердің бірқатары діни жоралғыларға
ұдайы қатысу ерлер мен әйелдер арасындағы зорлық-зомбылықты арттыра-
тынын көрсеткен еді. Зерттеушілер бірнеше сыртқы айнымалыны талдады,
олардың қатарында респонденттердің жасы, білімі, жұмыспен қамту деңгейі
мен психологиялық депрессия бар.
а. Осы айнымалылардың бірін таңдап, ол діндарлық және жұп тарапынан
болатын зорлық-зомбылық арасынан қалай жалған ассоциация туды-
ратынын түсіндіріңіз.
ә. Зерттеушілер ұсынған гипотеза бойынша, «діни қауымдастықтар өз мү-
шелері қолданатын әлеуметтік интеграция мен қолдау деңгейін көтеру
арқылы зәбір көрсету қауіп-қатерін азайтады». Олар зәбір көрсету мен
дін арасындағы байланысты жалған деп болжай ма? Түсіндіріңіз.
6. Әрқайсысы алдағы тізімдегі екі айнымалымен байланысатын үш гипотеза құ-
растырыңыз. Әр гипотезаның тәуелсіз және тәуелді айнымалысын көрсетіңіз.
Гендер (ер/әйел) Партияға мүше болуы (республикашыл/
демократ/тәуелсіз/ешқайсысы)
Білім деңгейі (жоғары оқу
орнын аяқтаған)
Өлімнен кейін өмір барына сенуі (иә/
жоқ)
Отбасылық жағдайы (үй-
ленген/жесір/ажырасқан/
бөлек тұрады/ үйленбеген)
Өлім жазасына көзқарасы (қолдайды/
қолдамайды)
7. 6-сұрақта құрастырылған гипотезалардың бірін көрсетіңіз: (а) шартты, (б) үз-
діксіз мәлімдеме мен (в) әртүрлі мәлімдеме.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
162
Сілтемелер
1. Франс ван Поппел мен Линкольн Дэй (1996) Нидерланды халқынан алын-
ған жеке мәліметтер негізінде Дюркгеймнің теориясын дәл сол уақыт
кезеңінде сынап көрді, нәтижесінде католиктер мен протестанттар ара-
сындағы суицид деңгейіндегі айырмашылықты өлім себептері қалай тір-
келгенімен түсіндіруге болады деген қорытындыға келген. Протестант-
тардың өліміне қарағанда католиктердің өлімі «жазатайым кетті» немесе
«түсініксіз және белгісіз себептен көз жұмды» деп тіркелді; бұл өлім про-
тестанттар арасында болса, суицид категориясына жатқызылатын еді.
Дюркгеймнің теориясын басқа деректермен растауға болса да, бұл талдау
топ деңгейіндегі деректерді жеке адам туралы қорытынды шығару үшін
пайдалану қауіпті екенін көрсетеді.
2. Оқырмандарға бұл айырмашылықты сандық және сапалық зерттеу мен
сандық және сапалық өлшемді шатастырмауын ескертеміз. Сандық зерт-
теушілер де (әдетте сан мен статистикалық әдістерге сүйенетін сауална-
маларды зерттеушілер мен экспериментаторлар), сапалық зерттеушілер
де (қарқынды сұхбаттар жүргізіп, қатысушыларды бақылап, тарихи мате-
риалдарға терең талдау жасайтын және дискурсив әдістерге сүйенетін) өз
талдауында айнымалының екі түрін де пайдаланады (King, Keohane, and
Verba
, 1994).
3. 4.3-кестеде 50%-ға тең «медиана» деп аталатын «орташа» түрі берілген;
топтың жартысы аз, екіншісі жартысы көп табады.
4. Байланыстың бар екеніне деген сенім деңгейін анықтау мен байланыс кү-
шін бағалау – статистиканың міндеті және бұл оқулыққа жүктелген мін-
деттен асып түседі. Сенімділік пен күш үш жағдайда (а) топтар арасын-
дағы бақыланып отырған айырмашылық үлкен болса, (б) шығарылған
ортақ мәндер көп санға негізделген және (с) бір топ адамдары бір-біріне
ұқсас, бірақ басқа топ адамдарынан бөлек болған жағдайда артады.
5. Мәлімдеменің дұрыс немесе бұрыс екенін анықтау, сондай-ақ байланыс
күші мен бар екенін бағалау сияқты, ықтималдық заңын қолдану мәселесі
статистика пәні болады.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
163
Бесінші тарау
Өлшеу
Өлшеу – концептуалдық сипаттарды көрсету үшін талдау бірліктеріне
белгі немесе сан тағайындау процесі. Оқырманға бұл анықтама беймәлім
болғанның өзінде, аталған процесс таныс болуға тиіс. Мәселен, фильм,
мейрамхана немесе бейтаныс жанмен кездесу сияқты болсын, сәт сайын
бір нәрсенің «деңгейін» өлшейміз: «фильм «айтарлықтай жақсы» екен»;
«жаңа мейрамхана төрт жұлдызды рейтингке әбден лайық екен, безен-
дірілуі, қызмет көрсетуі мен тамағы керемет, ал бағасы талапқа сай»;
«1-ден 10-ға дейінгі шкалада бағаласақ, оған 2 беретін едім: өмірімдегі
ең нашар кездесу демеймін, дегенмен соған жуық». Біршама тәсілмен
біреудің орташа балына қарап «ақылын» «өлшей» аласыз немесе жуыну
бөлмесіндегі таразыда салмақ өлшеген боларсыз. Берілген мысалдың әр-
қайсысы өлшеу негіздерін қамтиды: белгі немесе сандар («біршама жақ-
сы», «төрт жұлдыз», «2», нақты орташа балл, шкаладағы оқу көрсеткіші)
объектілерге (фильм, мейрамхана, адам) олардың сипаттарын (фильм-
нің, мейрамхананың немесе кездесудің жалпы сапасы; интеллект; сал-
мақ) көрсету үшін беріледі.
Алайда өлшеудің кәдуілгі өмірден алынған мысалдары мен әлеуметтік
зерттеудегі өлшеу процесі арасында айырмашылық бар. Бұл мысалдарда-
ғы объектілерге белгі не сан тағайындау ережесі, ал әлеуметтік зерттеуде
ол ережелер нақты әрі толық көрсетілуі керек. Ғылыми нормалар өзгелер
біздің бақылауымызды қайталап, өлшемнің сапасын бағалай алатындай
етіп өзіміз қолданған әдістер мен процедураларды толық сипаттауымыз-
ды талап етеді. Бұл тарауда өлшеу процесін суреттеп, әлеуметтік зерттеу-
лердегі бірнеше өлшеуден мысал келтіреміз, одан кейін өлшеу табиғаты
мен сапасын бағалаудың үш критерийін талқылаймыз.
Өлшеу процесі
Өлшеу процесі зерттеуші өз зерттеу сұрағын немесе гипотезасын қалып-
тастырған сәттен басталады. Әр сұрақ не гипотеза зерттеуші қызығушы-
лық танытқан шынайылық аспектілеріне қатысты тұжырымның неме-
се айнымалының терминдерін қамтиды. Өлшеу терминдердің абстракт
және эмпирикалық мәні нені білдіретінін ойлаудан тұрады. Зерттеудің
түпкі мақсаты – гипотезадағы терминдердің нақты бақылауға болатын
164
тұстарын көрсету, алайда оған қол жеткізу үшін ол терминдердің аб-
стракт мағынасын қарастыру қажет. Осылайша өлшеудің жалпы процесі
абстрактіден (тұжырымдамадан) нақтыға (тұжырымдама өлшемдеріне)
ойысады.
Концептуалдау
Төртінші тараудағы Беккет Брохтың (2002) қосымша сабақтар мен оқу
үлгеріміне қатысты зерттеуін еске түсірейік. Брохтың теориясы бойын-
ша, қосымша сабақтар әлеуметтік капиталды арттырады, ал ол, өз кезе-
гінде, оқу үлгерімін көтереді. Бұл теория үш терминді байланыстырады:
«қосымша сабақтар», «әлеуметтік капитал» және «оқу үлгерімі». Термин –
тұжырымдама үшін жай ғана белгі. Теорияның нені білдіретінін толық-
тай түсініп, оны сынауға тиісті бақылау жиынтығына қол жеткізу үшін
тұжырымдаманың мағынасын білуіңіз керек. Осылайша өлшеудің бас-
тапқы қадамы – теория мен гипотезадағы тұжырымдамаларды сөздер
мен мысалдар арқылы айқындап, концептуалдық («теориялық» деп те
аталатын) анықтамасын беру.
Брох өзінің әр негізгі тұжырымдамасының мәнін нақтылады. Ол қо-
сымша сабақ пен оқу үлгерімінің жалпы түсінігіне сүйенді. Оқу үлгерімі
әдетте «[мектептегі] білім берудің өнімі немесе [сондай] білім беруге ба-
ғытталған когнитив оқыту нәтижесіне» қатысты (Helmke and Schrader,
2001: 13552); қосымша сабақтар мектеп ұсынатын курстар жиынтығы-
на кірмейді. Брохқа (2002: 72) сүйенсек, әлеуметтік капитал – «жалпы
әлеуметтік желілерге мүше болу арқылы пайда көру қабілеті».
Мұндай теориялық анықтамалар тұжырымдаманың тиісті өлшемін
іздеуге бағытталып, өлшемдердің сапасын бағалаудың негізін құрып, өз-
гелерге зерттеу нәтижелерінің мәнін бағалауға мүмкіндік береді. Деген-
мен мұндай анықтамалар әр зерттеу жобасында жаңадан түзілмейді, әрі
басқалардың оны қалай түсінетінін көргісі келетін әр жеке зерттеушінің
ойлап табатын нәрсесі емес. Егер солай болғанда, жалпы білім қорының
дамуына қажет негіз жоқ болар еді. Концептуалдау деп аталатын тұ-
жырымдарды құру мен айқындау процесі сынақтан өткізу мен құрасты-
ру теориясымен байланысты. Бұл үздіксіз процесс қандай да бір нақты
эмпирикалық ғылыми зерттеуге дейін болуы мүмкін әрі теориялар мен
оны құрайтын тұжырымдамалардың қалай егжей-тегжейлі дайындалып,
анықталатынына байланысты зерттеу барысында жалғасады.
Брох өзінің әлеуметтік капитал туралы теориялық анықтамасын
әлеуметтанушылар Джеймс Коулман мен Алехандро Портестің тұжы-
рымдамасын талдай отырып жасады. Коулман (1990: 304) «адамдар
арасындағы қатынаста көрініс табатын» әлеуметтік капитал мен «жеке
адамның жиған білімінен, машығынан көрінетін» адами капиталдың
аражігін көрсеткен. Ол (Coleman, 1988) «әлеуметтік капиталдың ошағы –
отбасы» деген дәйек келтірді, ал Портес (1998) отбасыдан тыс маңызды
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
165
желілерді талдады. Брох (2002: 72) бұл теориялық талдауды ескере оты-
рып, «спортқа немесе қосымша сабақтарға қатысу ата-ана мен бала ара-
сындағы белсенді әлеуметтік қарым-қатынасты кеңейтуге мүмкіндік бе-
ріп, отбасындағы әлеуметтік капиталдың қалыптасуына қызмет етеді»
деген қорытындыға келді; бұл сабақ «оқушылар, ата-ана және мектеп
арасындағы әлеуметтік қарым-қатынасты қалыптастыру мен нығайтуға
мүмкіндік жасау арқылы» отбасыдан тыс қосымша әлеуметтік капитал
қалыптастырады. Әлеуметтік капитал осы желілер арқылы әрекет ете
отырып оқу үлгеріміне екі жолмен көмектеседі: ол оқушыларға әлеумет-
тік бақылау жүргізіп, оларды мектептегі тәртіп пен құндылықтарды ұста-
нуына түрткі болып, оқушылардың маңызды білім беру ақпараттары мен
ресурстар арнасына қол жеткізуіне жол ашады.
Әлеуметтік капитал сияқты күрделі тұжырымдамалардың концеп-
туалдануы көп жағдайда ұқсас идеяларды мұқият бөлу мен тұжырым-
даманы түрлі компоненттерге немесе өлшемге топтастыруды қамтиды.
Осылайша Брох өз тұжырымдамасында әлеуметтік капитал мен «адам
капиталының» аражігін көрсетті, әрі әлеуметтік капиталға жататын ата-
ана – бала, ата-ана – мұғалім, оқушы – мұғалім және оқушы – оқушы
сияқты түрлі әлеуметтік қарым-қатынасты анықтады. Қосымша сабақ-
қа қатысты Брох оқушылар қатысатын көптеген іс-шараны атап өтті,
олардың ішінде спорт, театр, музыка және өзге де сала үйірмелері бар;
оған қоса, ол спорттық шараларды бірнеше түрге бөлді, мысалы, мектеп-
аралық спорт жарысы, мектепішілік спорт пен чирлидинг. Талдаудың бұл
түрі тұжырымдама мәнін одан әрі айқындап, мәселелер мен гипотезалар
туралы айтарлықтай нақты мәлімдеме жасайды. Брох әлеуметтік капи-
тал мен қосымша сабақтарға қатысу арасындағы жалпы теориялық бай-
ланыстан бастап жеңіл спорт жарысына қатысу мен ата-ана, оқушы мен
мұғалімдер арасындағы әлеуметтік қарым-қатынас арасындағы төмен
абстракт байланысына ден қойды.
Тұжырымның екі аспектісі өлшеу процесінде ерекше өзекті. Бірінші-
ден, тұжырымдама жалғыз категорияны білдіруі мүмкін, мысалы, «еркек»
не «Б оқушы» немесе тұжырымдама бірнеше категория мен «жыныс» не-
месе «ағылшын тілі деңгейі» сияқты мәнді білдіруі ықтимал. Өлшеу тал-
дау бірліктеріне түрлі мәндер мен категориялар тағайындау мүмкіндігін
болжайды, сондықтан «айнымалы» деп аталатын түрлі тұжырымдаманы
өлшейміз. Екіншіден, әлеуметтік ғылымдардағы көптеген тұжырымда-
ма тікелей зерттелмейді. Мысалы, әлеуметтік капитал немесе оқу үлге-
рімі, кестені, жылқыны немесе қызыл түсті көргендей «көре алмайсыз».
Жалпақ тілмен айтқанда, оқу үлгерімін көре алмасақ та, қанша оқушы
стандартталған сұрақтарға дұрыс жауап бергенін және ағылшын тілі
мен математика сияқты академиялық пәндерден қандай баға алғанын
ӨЛШЕУ
166
бақылай аламыз. Тұжырымдамалаудан кейінгі қадам – бір тұжырымда-
маның осындай көріністерін анықтау, осы сәтте тұжырымдама тілінен
айнымалы тіліне ауысамыз.
Тілдегі бұл ауысудың қай тұста болатынын нақты анықтау қиын, сон-
дықтан зерттеушілер «тұжырымдама» мен «айнымалы» сөздерін көбіне
синоним ретінде кезектестіріп пайдаланады. Алайда бұл терминдер аб-
стракцияның түрлі деңгейін білдіретінін ескеруіміз қажет. Айнымалы
терминдерімен сөйлеген зерттеуші әдетте тұжырымдама негізінде жат-
қан бірқатар бақылауға болатын жайттар туралы айтқан болып шығады.
Операционалдау
Тұжырымдама мағынасы айқындалып, ол айнымалы ретінде түсіндіріл-
генде зерттеуші операционалдау процесін бастайды. Концептуалдық
анықтамның баламасы – операционал анықтама. Операционал анық-
тама айнымалының мәнін немесе категориясын анықтайтын зерттеу
операцияларын сипаттайды. Брох өз зерттеуінде Ұлттық әлеуметтік
бойлық зерттеудің 8, 10 мен 12-сынып оқушыларынан алынған сауал-
намасын пайдалана отырып айнымалыларды операционалдады. Мы-
салы, 10 мен 12-сынып оқушыларынан «Сіздің мектептегі командаңыз
өзге мектептегі командамен жарысқа түсті ме?» деп сұрайды, яғни ко-
мандасының мектепаралық спорт жарысына қатысқан-қатыспағанын
анықтайды. Брох (2002: 74) осы сұрақтарға сүйене отырып, мектеп-
аралық спорт жарысына қатысқан-қатыспағанын «10 мен 12-сыныптар-
да оқушы мектепаралық спорт жарыстарына қатысты (1 = екі сыныпта
да қатысқан, 2 = екі сыныпта да қатыспаған)» деген жолмен операцио-
нал түрде анықтаған.
Операционал анықтама туралы көзқарасты жақсырақ түсіну үшін күн-
делікті өмірден мысал келтірейік. Досыңыз сіз үшін дәмді сәбіз бәлішін
пісіріп жатыр дейік. Біреуін жасап көргіңіз келгендіктен, одан оның жаса-
лу жолын сұрайсыз. Досыңыздың айтуынша: «Сәбіз, ұн, қант, жұмыртқа
т.б. аласың, әрі қарай жаңғақ қосасың, пісіресің, сонымен болды, сәбіз
бәліші дайын». Осы жолмен дәл сондай бәліш пісіре аласыз ба? Қайдам.
Сізге «сәбіз бәліші» тұжырымдамасының операционал анықтамасы ке-
рек. Сізге толық нұсқаулық қажет: барлық қоспа мен олардың шамасы,
ингредиенттерді қосуға қажетті қадам, пештегі температура мен пеште
тұру уақыты. Қысқаша айтқанда, досыңыздың операционал анықтамасы
кәдімгі рецепт сияқты болуы керек. Сіз сол рецептіні (операционал анық-
таманы) пайдаланғанда ғана дәл сондай бәліш дайындай аласыз.
Неше түрлі операционал анықтама болуы мүмкін; әлеуметтану ғылы-
мы ғалымдары қарастырылып жатқан тұжырымдамаға барынша сәйкес
келетінін таңдауға немесе әзірлеуге тиіс. Сәбіз бәліші туралы мысалға
қайта оралайық, досыңыздың рецептісі «нағыз» сәбіз бәліші екеніне се-
німдімісіз? Жаңғақ шынымен маңызды қоспа ма? Жарма ұнды ақ ұнға
алмастырдыңыз делік; ол сонда да сәбіз бәліші бола ма? Оның рецептісін
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
167
өзгелердің рецептісімен салыстырсаңыз, сөзсіз айырмашылық табасыз.
Қай рецептінің дұрыс екенін қалай білесіз? Ақыр соңында, дұрыс рецеп-
тінің жоқ екеніне көз жеткізесіз, бірақ досыңыздың операционал анық-
тамасы (рецепт) сіздің сәбіз бәліші туралы ойыңызға сай екенін анықтап
алуыңыз керек. Көріп отырғаныңыздай, әлеуметтік зерттеуге қажетті
операционал анықтама – тұжырымдаманың, шын мәнінде, нені білдіре-
тініне қатысты біршама еркін және шектеулі сөйлем.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Өлшеу концептуалдау мен тұжырымдама мәнін айқындаудан бастап операционал-
даумен, яғни бақылау категориясын не тұжырымды көрсететін мәнді айқындау про-
цедурасымен аяқталады.
Операционал анықтаманы қалыптастыру барысында зерттеуші көп-
теген түрлі эмпирикалық репрезентативтілікті немесе индикаторды
ескеруі мүмкін. Индикатор, сауалнаманың анкета бөлігі сияқты, жалғыз
бақылауға болатын өлшемнен тұрады. Егер әр индикатор бірліктерді то-
лық классификацияласа, таңдау толық еркін болар еді. Дегенмен белгілі
бір тұжырымдаманы немесе айнымалыны бірдей жолмен өлшейтін екі
бірдей индикатор жоқ, әрі бір индикатор негізгі тұжырымдамаға толы-
ғымен сай келмейді. Индикатор екі себеппен тұжырымдаманың толық
репрезентативтілігін бере алмайды: (1) индикаторды классификациялау-
да қате жиі кездеседі және (2) тұжырымның толық мәнін аша бермейді.
Брох зерттеуіндегі әлеуметтік капиталдың бір индикаторын қарастыра-
йық: оқушылар мектептен тысқары жерде мұғалімдерімен мектеп жұмы-
сы туралы әңгімелесе ме? Мұның әлеуметтік капиталды ілгері бастыруы
оқушылардың мұғалімдерімен не үшін сөйлесетіне байланысты. Мұғалім-
нің талап етуімен пән бойынша сөйлесе ме, әлде тапсырманы орындауға
қатысты нұсқаулық іздегендіктен бе? Мұғалім мен оқушы байланысынан
өзге де көптеген әлеуметтік капитал көзі бар, мысалы, оқушылардың өзге
оқушылармен, ата-анамен байланысы және ата-ана мен мұғалім арасын-
дағы байланыс.
Индикатор мен тұжырымдама арасындағы сәйкестік мінсіз болмаған-
дықтан, зерттеушілер тұжырымдаманы операционалдағанда индикатор-
дың біреуінен гөрі бірнешеуіне сүйенгенді дұрыс санайды. Кейде беріл-
ген тұжырымдаманың бірнеше индикаторы жеке талданады, бұл гипо-
тезаны көптік тестілеуге немесе кросс-тексеруге әкеледі. Басқа жағдайда
индикатор жаңа айнымалы қалыптастыру үшін біріктіріледі, мысалы,
жеке индикатор болатын бірнеше сұраққа берілетін әр жауап біріктірі-
ліп «IQ балы» айнымалысын құрайды. Зерттеушілер әдетте әлеуметтік
капитал секілді күрделі тұжырымдаманы операционалдау үшін бірнеше
ӨЛШЕУ
168
индикаторды пайдаланады. Оқушы мен ата-ана арасындағы әлеуметтік
капиталды өлшеу үшін Брох берілген үш сұраққа оқушылардың берген
жауабын жинақтады, атап айтқанда, олардан ата-анасымен мектептегі
сабақ, бағдарлама, қосымша сабақтарға қатысу мен зерттеулер жайлы
қаншалықты жиі сөйлесетінін сұрады. «Мектепаралық спорт жарысына
қатысу» сияқты қарапайым тұжырымдамада бір индикатор жеткілікті.
Джеймс Дэвис (1971: 18) тұжырымдаманы көрсету үшін бір немесе бір-
неше индикаторды пайдалану туралы шешім шығарғанда мына ережені
пайдалануды ұсынады: «сізге кілтті [тұжырымдаманы] өлшеудің тиімді
жолы туралы ойлану керек болса, онда оны екі немесе одан көп түрлі жол-
мен өлшеген дұрыс» (5.1-қосымшада «діншілдік» тұжырымдамасын опе-
рационал анықтаудың түрлі жолы берілген).
5.1-қосымша. «Діндарлық» тұжырымдамасын операционалдау
Әлеуметтанушы Роналд Джонстон (1983: 289–304) «діндарлық» тұжырым-
дамасына қатысты тұжырымдаманы айқындау мен өлшеу процестерінің
көрінісін егжей-тегжейлі сипаттайды. Джонстон діндарлықты концеп-
туалдау дінге анықтама беруден басталуға тиіс деп көрсетеді: «Дін – топ
мүшелеріне ортақ табиғаттан жоғары күштің барына нанудан тұратын әрі
қасиетті нәрсеге бағытталған сенім мен мінәжат жиынтығы» (290). Дінді
анықтап алған соң, діндарлықты «діндар болу» тұжырымдамасы деп ай-
туға болады. Бұл концептуалдық анықтама діндарлықты операционалдау-
дың бірнеше жолын ұсынады:
1. Топқа мүше болу тәсілі адам кіретін діни топқа бағытталады. Мұн-
дай кейсте адам протестант немесе католик сияқты қандай да бір
діни топтың мүшесі ретінде құлшылық етсе, діндар саналады, ал
адам ешқандай топқа кірмесе, діндар болмайды. Жалпы әлеуметтік
сауалнамада (GSS) (T.W. Smith, Marsden, and Hout, 2016) респон-
денттерге «Сіздің діни таңдауыңыз қандай: Протестанттық, като-
ликтік, иудейлік, кез келген басқа бір дін немесе дінсіздік пе? деген
сұрақ қойылды. «Дінсізбін» деп жауап бергендер діндарлыққа жат-
қызылмайды, алайда оның сенім күшін немесе жеке діндарлыққа
қатысты тұжырымдамасына жататын діни қызығушылық дәреже-
сін біле алмаймыз.
2. Жеке діндарлықтың бірыңғай индикаторы әдетте «діни жоралғы-
ларға қатысуына», әсіресе ресми діни қызметтерге қатысу жиілігі-
не мән береді. GSS мынадай өлшемдерді қамтиды:
Діни қызметтерге қаншалық жиі қатысасыз?
[ ] Ешқашан
[ ] Жылына кем дегенде бір рет
[ ] Жылына бір немесе екі рет
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
169
[ ] Жылына бірнеше рет
[ ] Айына бір рет
[ ] Айына 2-3 рет
[ ] Апта сайын дерлік
[ ] Апта сайын
[ ] Аптасына бірнеше рет
Осыған қатысты сұрақтар дұға ету жиілігі яки діни қауымдастықтар-
дың жалпы ұйымдық өмірге қатысуына байланысты. Мұндай өлшемдер-
де екі мәселе бар, олар (1) бұрмалауға қолайлы және (2) діндарлықты
бірөлшемді құбылыс деп санайды. Сабаққа қатысу жиілігі, мәселен, діни
міндеттемеге қарағанда, отбасы немесе өзге топтардың қысымын, әдеті
немесе жұмыстан кейінгі достарымен уақыт өткізу ниетін білдіруі мүмкін.
Одан бөлек, діндарлықтың бір өлшемінде жоғары дәрежеде бағаланатын
адамдар өзгесінде төмен дәрежеде бағалануы мүмкін, сондықтан діндар-
лықтың қай өлшемі қолданылғанына қарай діннің ықпалы жайлы түрлі
қорытынды жасай аламыз. Мысалы, Стивен Эйнли мен Джеймс Хантер
(1984) 50 жастан асқан кісілердің арасында жасы ұлғайған сайын шіркеуге
келуі сиреп, есесіне Библияны оқу мен діни радиобағдарламарды тыңдау-
дың артатынын анықтады.
3. Көпөлшемді тәсілге мысал ретінде Чарльз Глок (1962) анықта-
ған діндарлықтың бес өлшемін алсақ болады, олар: эксперимент-
тік, ритуалдық, идеологиялық, интеллектуалдық пен логикалық.
Джозеф Фолкнер мен Гордон ДеЙонг (1966) Глок өлшемінің әрқай-
сысын өлшеуге арналған сұрақтар жиынтығын қалыптастырды.
Мысалы, эксперименттік өлшем табиғаттан жоғары тұрған нәрсеге
эмоционалды жақындық дәрежесіне қатысты. Бұл өлшемді өлшеу
үшін Фолкнер мен ДеЙонг әзірлеген бөлікке мыналар кіреді:
Діни наным өмірге басқа ештеңе бере алмайтын мән
береді деп айтар ма едіңіз? (1) Толық келісемін (2) Келісе-
мін (3) Келіспеймін (4) Мүлдем келіспеймін.
Діннің барлығы сенімнің әдетте Құдаймен «тұтастық»
тәжірибесін қамтитынын атап айтады. Өзіңізді Құдайға
«жақын» сезінетін ерекше сәттеріңіз бола ма? (1) Жиі (2)
Кейде (3) Өте сирек (4) Ешқашан.
4. Джонстон анықтаған кейінгі екі тәсіл діндарлықты (1) ашық «ақыр-
ғы мүдде» мен (2) ішкі-сыртқы діни бағыт тұрғысынан қарастыра-
ды. Ақырғы мүддеге негізделген тәсіл діндарлықты дәстүрлі діни
форма немесе институттандырылған діни топтарды пайдаланбай,
негізгі діни сезімдер тұрғысынан анықтауға тырысады. Ішкі-сырт-
қы тұжырым дінді әлеуметтік келісімге сәйкес өз пайдасына қолда-
нуды ойлайтын сыртқы әсер түрткі болған адамдар және дінді өмір
мен оны түсінудің негізі деп қабылдайтын ішкі әсер түрткі болған
ӨЛШЕУ
170
адамдар арасындағы айырмашылықтарды білдіреді. Джо Фейгиннің
(1964) ішкі-сыртқы діни бағдардың шкаласынан екі бөлік мысалға
келтірілген:
Шіркеу – оң әлеуметтік қатынастар құратын ең маңызды
орын. (1) Мүлдем келіспеймін (2) Келіспеймін деуге болады
(3) Келісемін деуге болады (4) Толығымен келісемін.
Менің діни сенімім – өмір салтымдағы негізгі тірегім.
(1) Толығымен солай емес (2) Солай емес дей аламын (3)
Солай деуге болады (4) Толығымен солай.
Әлеуметтік зерттеулердегі операционал анықтамалар
Әлеуметтік зерттеулердегі операционал анықтаманың екі негізгі түрі
бар: манипуляцияланған және өлшенген. Манипуляция операциясы ай-
нымалы мәнін өлшеуге құрылған, ал өлшеу операциялары айнымалы-
ның нақты мәнін бағалайды. Екеуі де АҚШ-тағы жұмыс орнындағы жа-
рия гейлерге қатысты дискриминация туралы зерттеуде бейнеленген.
Андраш Тильчик (2011) дискриминация деңгейін зерттеу мақсатында
кеңсе қызметкерлері үшін бастапқы деңгейдегі жұмыс орындарына
1 769 өтірік резюме жіберді. Резюменің бәрінде колледж аяқтаған, бі-
ліктілігі мен тәжірибесі және түр-келбеті ұқсас ерекшеліктері бар ер
адам сипатталған, бір ғана өзгешелігі: гейлердің жыныстық ориента-
циясын көрсететін тәжірибесі. Тәуелсіз айнымалы, яғни жыныстық
ориентация манипуляцияланды, яғни резюмелердің жартысында үміт-
кер университет қабырғасында гейлер мен лесбияндар ұйымының
(«Гейлер мен лесбияндар одағы») қазынашысы болғаны көрсетілді, ал
екінші жартысында үміткер сол қанатты кампус ұйымының («Озық
әрі социалистік альянс») қазынашысы болғаны көрсетілген. Тилчик
жұмыспен қамтудағы дискриминацияны тәуелді айнымалы жасап,
операционалдау үшін өлшенген анықтаманы пайдаланды: үміткер сұх-
баттасуға шақырылды ма? Өзге нәтижелермен қатар, зерттеу гетеро-
сексуал үміткерлердің сұхбатқа шақырылу ықтималдығы гей үміткер-
лерге қарағанда көбірек екенін көрсетті (11,5% бен 7,2%).
Жыныстық ориентацияны манипуляциялауға қатысты Тильчик сола-
қай кампустағы ұйымға мүше болу тиімді басқару болатынын атап өткен,
себебі гей ұйымдарына қатысу әдетте озық немесе либералды саяси көз-
қарастарға байланысты болады. Оған қоса, қазынашы қызметі жұмысқа
қажетті қаржылық және басқарушы машықтарын тудырды. Мұны атап
көрсету үшін, резюмеде қазынашы қызметіне байланысты төрт міндет-
теме көрсетілген; мысалы, «бюджет пен барлық сәйкес есептерді бас-
қарған» және «грантқа ұсыныс жіберіп, грант кірісін алдыңғы жылмен
салыстырғанда 25% арттырған». Зерттеушілер өз манипуляциясы мен
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
171
өлшемін егжей-тегжейлі баяндамаса, онда өзге зерттеушілер оны қайта
жасап көре алмайды, не сапасын бағалай алмайды.
Тәуелсіз айнымалыларды манипуляциялау экспериментал анықтамаға
жатады, бұған жетінші тарауда кеңінен тоқталамыз. Қазір өлшеуге бола-
тын айнымалыларды бірнеше операционалдау тәсілдерін қарап көрейік.
Ауызша баяндама
Әлеуметтік өлшеулердің ең көп тараған түрі ауызша немесе жеке баян-
дама: сұхбатта немесе анкета жүргізгенде тікелей қойылатын сұрақтарға
берілетін жауаптар. Жеке баяндама жас, жыныс, отбасылық жағдайы мен
білімі сияқты негізгі айнымалылардың қарапайым әрі нақты өлшемдерін
береді. Олар білім, сенім, көзқарас, сезім мен пікір сияқты субъектив тә-
жірибелерді өлшеу үшін де кеңінен қолданылады.
Беккет Брохтың зерттеуіндегі айнымалылардың барлығы жеке баян-
дама арқылы операционалданды. Ол ата-ана табысын өлшеу үшін NELS
сауалнамасының алғашқы жылындағы бір элементті пайдаланды: 1987
жылдағы отбасыңыздың жиынтық табысы қандай болды? (ықтимал
жауаптар 1 = жоқ пен 15 = 200 000$ және одан көп табыс көрсеткіші
арасында болды).
Біріктірілген өлшемдер
Жеке баяндама арқылы көзқарасты өлшеуде бірнеше сұрақтың жауапта-
ры индекс немесе шкала құру мақсатында жиі біріктіріледі. Айтып өтке-
німіздей, күрделі тұжырымдамаларды өлшеу үшін бірнеше индикаторды
қолданған жөн. Шкала мен индекстер көптік индикатордан алынған де-
ректерді біріктіріп немесе азайтып, бір бүтін санға немесе шкала балына
айналдырады. Бұл талдауды жеңілдетіп қана қоймай, оған қоса, өлшеудің
нақтылығын арттырып, сапасын бағалауға мүмкіндік береді.
Брох өз зерттеуінде екіден жеті сұраққа дейін бірнеше біріктірілген өл-
шем жасап шығарды. Мысалы, ол оқушылардың әр апта сайын мектепте
және одан тыс жерде үй жұмысын орындауға кетті деп көрсеткен уақы-
тын қосып жалпы санын шығарды. Брох өзін-өзі бағалауды операционал-
дау үшін Моррис Розенбергтің кең тараған өзін-өзі бағалау шкаласынан
жеті элементті пайдаланды. Респонденттерден алда берілетін жеті мә-
лімдемеге толық келісетінін, келісетінін, келіспейтінін немесе толық ке-
ліспейтінін көрсетуді сұрады. Жауап категорияларына 1 мен 4 арасында
мән берілді, мұндағы 4 өздері туралы оң мәлімдемемен толық келіскенін
білдірді (немесе, керісінше, теріс мәлімдемемен толық келіспеуді).
1. Өзімді жақсы сезінемін (толық келісемін = 4).
2. Өзімді өзгелермен тең дәрежеде тұратын лайық адам деп есептей-
мін (толық келісемін = 4).
ӨЛШЕУ
172
3. Көптің қолынан келетін нәрсе менің де қолымнан келеді (толық
келісемін = 4).
4. Жалпы, өзіме көңілім толады (толық келісемін = 4).
5. Кейде өзімді пайдасыз сезінемін (толық келіспеймін = 4).
6. Кейде өзімді түкке жарамайтын адам сезінемін (толық келіспеймін = 4).
7. Мақтан тұтарлық ештеңем жоқ (толық келіспеймін = 4).
Жеке тұлғалардың осы жеті сұраққа берген жауабы 7 (өзін-өзі баға-
лауы төмен) мен 28 (өзін-өзі бағалауы жоғары) арасында бағалана ала-
тын бір шкала балына біріктіру үшін жинақталған болатын.
Өзге де көптеген шкала құрылымы сияқты, Розенбергтің өзін-өзі баға-
лау шкаласын құрастыру барысында да бұл кітаптың шеңберінен шыға-
тын бірнеше статистикалық әдістер қолданылды.
Шкала құрастыру қиындығынан және мыңдаған шкала және индекс-
тер бар болғандықтан, енді бастап жатқан зерттеушіге көзқарас, пікір
мен өзге де субъективті тәжірибені өлшеуде мүмкіндігінше жақсы тексе-
рілген шкалаларды қолдануды ұсынамыз. Шкалалау логикасы туралы он
үшінші тарауда толығырақ талқылайтын боламыз.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Операционал анықтама (немесе индикатор) көп болса да, бір индикатордың бір тұжы-
рымдаманы мінсіз сипаттауы – өте сирек кездесетін жағдай; сондықтан әдетте көптік
индикаторды қолданған жөн.
Сұрақтың құрылымы мен жауап форматтарына байланысты ауызша
баяндаманың өзгеріс ауқымы кең келеді. Көзқарас өлшемдерінің көбін-
де жауап категориясының саны екіден жетіге дейінгі аралықты қамти-
ды, алайда зерттеуші одан көп категория ұсына алады немесе мүлдем
ұсынбауына болады. Өзін-өзі бағалау шкаласындағыдай, барлық жауап
категориясын белгілеудің орнына, зерттеушілер респонденттерге соңғы
нүктесі континуумның қарама-қарсы ұшын білдіретін сызық бойына бел-
гі қоюды сұрай алады.
Ауызша баяндама сондай-ақ күрделі сұрақтарды барынша түсінікті
ететін сурет пен диаграммалармен қоса беріледі, олар әсіресе балалар
үшін өте пайдалы. Мысалы, Мария Крайсен мен Рейнольдс Фарли (2002)
тұрғын үй интеграциясына деген көзқарасты өлшеу үшін респондент-
терге 14 үйден тұратын аудан бейнеленген диаграммасы бар бес карта
таратып берді. Әр карта барлық қаранәсілділерден бастап ақнәсілділер-
ге дейін үш нәсіл араласқан аудандары да бар түрлі нәсіларалық ара-
ласуды көрсетті. Респонденттерден өздерінің «үй іздеп жүргенін және
қалтасы көтеретін жақсы үй тапқанын елестетуді сұрадық» (945). Содан
кейін картадан неғұрлым көрікті жерлерден тартымсыз жерлерге дейін
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
173
деңгейіне қарай қатарымен жүйелеп, көшкісі келмейтін аудандардың бі-
рін көрсетуді сұрадық.
Ойды тиянақтаудағы елеусіз өзгерістің өзі сұрақ мәнін түбегейлі өз-
гертіп жіберуі мүмкін, сондықтан сөйлем құрылымы өте маңызды. Сұрақ
форматы мен сөйлем құрылымы мәселесін сұхбат пен анкета құрылымын
қарастыратын оныншы тарауда толығырақ талқылаймыз.
Бақылау
Тилчик жұмысқа қабылдаудағы дискриминацияны мінез-құлықты тікелей
бақылау арқылы өлшеген: ол жұмыс берушілер үміткерді сұхбатқа шақы-
ру үшін хабарласқанын не хабарласпағанын жазып алды. Лесли Джой мен
оның әріптестері (Joy, Kimball, and Zabrack,1986) Канадалық қалашықты
1974 жылы алғаш теледидар желісін қабылдағанға дейінгі және одан ке-
йінгі бір немесе бірнеше арнасы болған өзге де екі «бақыланған» қаламен
салыстыру арқылы балалардағы агрессияны бақылауға алу арқылы өл-
шеуді ойлап тапты. Даярланған бақылаушылар үзіліс кезінде мектептің
ойын алаңындағы оқушылардың агрессив мінез-құлқы (соғу, итеру, қуу
т.б.) мен агрессив сөздерін (қоқан-лоқы, дауласу, тіл тигізу т.б.) жазып
отырды. Теледидардың тіршілікке дендеп енуімен физикалық және ауыз-
ша агрессияның жиынтық өлшемдері (ойын алаңын бақылаудағы әр ми-
нутта орташа іс-әрекет саны) екі жыныста да артқан.
Бақылау айқын мінез-құлықтың тікелей және жалпылама біркелкі
дәлелдерін береді, дегенмен онымен қоса сезім, көзқарас секілді субъек-
тив тәжірибелерді өлшеу үшін де қолданылады. Мысалы, екі адам ара-
сындағы физикалық арақашықтықты бақылағанда және жазғанда тұлға-
аралық тартылысты есептеуге болады; қашықтық азайған сайын, ұнату
күшейетінін білдіреді. Сол сияқты Зик Рубин (1970) ғашықтар бір-бірінің
көздеріне қарап қанша уақыт отыратынын бақылай отырып «романтика-
лық махаббатты» операционалды анықтаған.
Тікелей бақылаудан басқа, әдетте жазып алу мақсатында видеотас-
па, аудиотаспа, санауыш секілді құрылғылар пайдаланылады. Адамдар
қандай телебағдарламаларды көретінін өлшеу үшін, Nielson ұйымы ірік-
телген әр адамның телевизиялық жиынтығына электрондық бақылау
құрылғысын орнатады, ол, өз кезегінде, автоматты түрде қойылған арна-
ның әр минутын жазып алады.
Архив жазбалары
Шынайы ақпаратқа негізделетін архив жазбалары – өлшеудің тағы бір
баға жетпес бастауы. Он екінші тарауда архив деректерінің әр алуан түрі
келтірілген, олардың қатарында статистикалық жазбалар, қоғамдық жә-
не жеке құжаттар мен масс-коммуникация бар.
ӨЛШЕУ
174
Джон Логан мен Брайан Сталтс (2011) баршаға қолжетімді АҚШ са-
нақ дерегін пайдалана отырып, үлкен қала аймағындағы қара және ақ-
нәсілділердің тұрғылықты жері бойынша сегрегациясы 1960–1970 жыл-
дары шыңына жеткенін, одан бері баяу, алайда бірқалыпты төмендеп
жатқанын анықтады, оған қоса, бұл – тарихтағы ең төмен сегрегация,
қаранәсілділер негізгі жиынтықтың 5%-дан азын құрайтын аймақтарда
төмендеген. «Тұрғылықты жері бойынша сегрегация» нөлдік сегрегация
жасау үшін өзінің санақ бойынша тұрақтаған аймағын өзгертуге тиіс ақ-
нәсілділердің (немесе қаранәсілділердің) пайызын көрсететін әртекті-
лік индексі арқылы операционалды анықталды. 2010 жылы қаранәсілді
жиынтығы ең көп 50 мегаполис арасындағы әртектілік индексі Детройт
үшін 80 (көбірек сегрегацяланған) және Лас-Вегас үшін 36 (азырақ сегре-
гацияланған) аралығында реттеу тәртібімен берілді. Демек, Детройттағы
ақнәсілділердің 80%-ы немесе қаранәсілділердің 80%-ы тұрғылықты жері
бойынша сегрегацияны жойып, индексті нөлге түсіру үшін көшіп кетуі
керек еді.
Архив жазбаларынан көрінетін операционал анықтамаға тағы бір мы-
сал ХХ ғасырдағы балаларға арналған сурет бейнеленген кітаптардағы
ата-ана бейнесіне қарап ата-ана рөлін зерттеуден табылады. Эми Девитт,
Синтия Креди мен Руди Сьюард (2013) 1960 пен 2000 жылдар аралығын-
да жарық көрген, алты уақыт кезеңін көрсету үшін таңдалған 300 «же-
ңіл» әңгіме жинағында көрініс тапқан ата-ана рөлін талдады. Олар ил-
люстрация мен баяндау мәтініне сүйене отырып, ана мен әке мына бес
ата-ана рөліне сай сипатталғанын анықтады: серіктес; тәртіп жақтаушы;
қамқоршы; тәрбиелеуші және асыраушы. Әр рөл нақты мінез-құлық тұр-
ғысынан операционалды анықталған; мысалы, тәрбиелеуші мінез-құлық
«балаға физикалық немесе ауызша қамқорлық көрсету», «баланы қол-
дау» мен «баланы жұбату» сынды әрекеттерден тұрды; қамқоршы мінез-
құлық «тамақ дайындау мен баланы тамақтандыру», «баланың үстін таза
ұстау» мен «киім таңдау мен баланы киіндіру» сынды әрекеттерді қамты-
ды. Күтпеген жерден олар уақыт өтсе де, ата-ана рөлінің мардымсыз ғана
өзгергенін анықтады, себебі дәстүрлі рөл әлі де басым еді: ана – тәрбиеші
мен қамқоршы, ал әке – асыраушы.
Операционал анықтамаларды сұрыптау
Бір тұжырымдамаға тоқтадыңыз дейік, лайықты операционал анық-
таманы қалай таңдайсыз? Біріншіден, зерттеу стратегиясының жалпы
контексі негізінде шешім қабылдайсыз, ал оны таңдау зерттеудің нақ-
ты сұрағының немесе гипотезасының белгілі бір дәрежесіне байланыс-
ты. Көріп тұрғанымыздай, негізгі төрт тәсілдің әрқайсысында ескерілуге
тиіс мықты және әлсіз жақтары бар. Мысалы, кейбір гипотеза экспери-
менттік зерттеуде манипуляция үшін практикалық не этикалық емес
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
175
айнымалылардан тұрады. Физикалық денсаулыққа әсерін зерттеу үшін
адамдағы түрлі эмоционалдық уайымды күшейтуді ешкім ұсынбайды.
Түрлі әдістің әрқайсысы операционал анықтамалардың белгілі бір тү-
ріне қолайлы келеді. Көбінде сауалнама зерттеуі жазбаша баяндамалар-
дан тұрады; далалық зерттеулер бақылау өлшемін, ал анықтама бойын-
ша қолда бар деректерді пайдалану архив жазбаларын қамтиды. Ғылыми
тәжірибелерде, керісінше, өлшем комбинациясын, яғни манипуляция
процедурасымен қатар, жазбаша баяндама және бақылауды пайдалана-
ды. Далалық зерттеулер өз бақылауларын жазбаша баяндамалармен жиі
толықтырады. Оған қоса, сауалнаманы зерттеушілер кейде бақылау өл-
шемдерін пайдаланады; мысалы, сұхбат алушы сұхбат беруші тұратын
аудан мен отбасы түрін әлеуметтік таптың өлшемі ретінде бақылауы
мүмкін.
Зерттеудің жалпы стратегиясын ескерсек, ең негізгі талап – тұжырым-
дамаға сай келетін операционал анықтама таңдау. Ешқандай операцио-
нал анықтама тұжырымдама мәнін мінсіз немесе толық түсіндіре алмай-
ды деп айтсақ та, бұл зерттеушіге кез келген өлшемді таңдауға құқық
бермейді. Тұжырымдама мен өлшем арасындағы ықтимал сәйкестіктің
ең жақсысын тапқан дұрыс, мұны жасаудың ең оңтайлы жолы – тұжы-
рымдама мәнін мұқият қарастыру, әсіресе ол енгізілген теориямен бай-
ланысты.
Теорияға лайықты сәйкес келетін операционал анықтаманы сұрып-
тауға мысал ретінде Дюркгеймнің (1951) «өз-өзіне қол жұмсау деңгейі
жедел экономикалық өзгерістер кезеңінде артады, ол өзгерістің бағыты-
на тәуелсіз (жоғарылау немесе төмендеу)» деген гипотезасын сынаған
Альберт Пирстің (1967) сынағын келтіре аламыз. Дюркгеймнің теория-
сы бойынша экономикалық өзгерістер адамның өз өмірін бағдарлайтын
мақсаттары мен нормаларын бұзып, оларды өздері басқара алмайтын
жаңа әлеуметтік құрылымға итермелейді, осылайша өз-өзіне қол жұм-
сау ықтималдығын арттырады. 1919–1940 жылдар аралығындағы бейбіт
кезеңдегі ақнәсілді ерлер туралы деректер зерттелді. Пирс алдымен өз-
өзіне қол жұмсауды табысқа, еңбек күшіндегі жұмыссыздардың пайыз-
дық үлесіне және тұрғын үй құрылысына негізделген экономикалық өз-
герістердің объектив өлшемдерімен корреляциялады, бұдан анық емес
нәтижелер алды. Ақыр аяғында, ол «Акциялардың ортақ баға индексі»
өлшемін пайдалану керек екенін ұғынды, оған қоса, бұл өлшем эконо-
микалық жағдайдың қоғамдық анықтамасын білдіреді, әрі Дюркгеймнің
теориясына дәл сәйкес келеді. Басқаша айтқанда, акция нарығындағы
бағаның тез ауытқуы мақсат пен нормалардың бұзылуына не алшақтауы-
на әкелетін қоғамдық экономикалық тұрақсыздық индикаторы ретінде
қарастырылады. Пирс талдауы көрсеткендей, суицид деңгейі экономи-
калық жағдайлардың қоғамдық анықтамасының өзгеру қарқынымен
ӨЛШЕУ
176
корреляцияланады, олар акция нарығындағы баға индексімен операцио-
нал анықталады.
Негізгі зерттеу стратегиясы мен тұжырымдама мәнінен басқа опера-
ционал анықтамаларды таңдау шығармашылық, пайымдау мен практи-
калық машыққа белгілі бір дәрежеде байланысты. Іріктеуде ұсынылған
операционал анықтамадағы ақпараттың табиғаты мен сапасын сипат-
тайтын үш сипаттаманы есепке алу қажет: өлшеу деңгейлері; сенімділік;
жарамдылық.
Өлшеу деңгейлері
Айнымалы ұғымымен айтқанда, өлшеуді «айнымалы категорияларын
көрсету үшін талдау бірліктеріне сан немесе белгі тағайындау» деп
анықтай аламыз. Мысалы, Брох мектепаралық спорт шарасына қаты-
суды өлшегенде «10 мен 12-сынып екеуінде де қатысты» дегенге 1 деп,
«екі сыныпта да қатыспады» дегенге 0 деп және ол оқушылардың өзін-
өзі бағалауын көрсету үшін 7 мен 28 арасындағы сандарды тағайындады.
Дегенмен физика ғылымдарында ұзындықты, уақытты, салмақты және
т.б. нәрселерді өлшеуден алынған сандармен салыстырғанда әлеуметтік
өлшеулерге пайдаланылатын сандар әрқашан оңай әрі тіке интерпрета-
циялана бермейді. Өлшеу деңгейлері категория тағайындаудың негізгі
эмпирикалық ережелерін көрсететін осы сандардың түрлі мәнін меңзей-
ді. Жалпы анықталған төрт негізгі деңгей бар: номинал; реттік; интервал
және қатынас.
Номинал өлшеу
Өлшеудің ең төменгі деңгейі – номинал өлшеу. Ол – кейстер, жыныс,
нәсіл, діни таңдау немесе саяси партияны таңдау сияқты, кейбір айны-
малыларда екі немесе одан көп категорияларға классификацияланатын
жүйе. 1 саны (не нақтырақ айтқанда, цифрлары)
1
деректерді талдау және
жинау барысында зерттеушіге ыңғайлы болу үшін жай белгі немесе код
сияқты категорияларға тағайындалады. Мысалы, саяси партияны таң-
дауды былайша классификацияласа болады:
1. Демократ
2. Республикашыл
3. Тәуелсіз
4. Басқа
5. Таңдауы жоқ
Номинал өлшеуде категорияға бірлік тағайындаудың эмпирикалық
ережесі бойынша, ұқсас категорияға орналастырылған кейстер бір-бірі-
не эквивалент болуға тиіс. Осылайша біз барлық 1-дің саяси таңдауы бір-
дей, ал 1-дің 2-ден саяси таңдауы өзгешеленеді деп айта аламыз. Деген-
мен сандарды белгі ретінде ғана пайдаланғандықтан, номинал деңгейде
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
177
ешқандай математикалық қатынас болуы мүмкін емес: 1 + 2 = 3 (демо-
кратқа республикашылды қосқанда тәуелсізге тең болады) немесе 1 < 2
(демократтардың саяси таңдауы республикашыларға қарағанда «айтар-
лықтай төмен») деп айта алмаймыз.
Номинал өлшеуде өлшеудің барлық деңгейінде пайдаланылатын екі
сипаттама бар: айнымалы категориялары түпкілікті және бірін-бірі жоқ-
қа шығаратын болуға тиіс. Түпкілікті болуы керек дегеніміз классифика-
цияланатын адам, оқиға мен объектілердің барлығы осы категориялар-
дың біріне сай келетіндей жеткілікті категориялар болуы керек. Айныма-
лы үшін «діни таңдау» деп аталатын категориялардың келесі жиынтығы
бұл критерийге сай емес:
1. Протестант
2. Католик
Бұл өлшемді толықтыратын өзге де қажет категорияларды ойлауыңыз
мүмкін, әсіресе дінсіз, еврей, мұсылман немесе өзге де бір діннің мүшесі
болсаңыз. Тіпті католикке де, протестантқа да жатпайтын респонденттер
аз болады деп күткеннің өзінде, барлық ықтимал жайтты қамту үшін, ең
болмағанда, «Емес» пен «Басқа» деген категорияларды қосу қажет.
Бірін-бірі жоққа шығару критерийінде классификацияланатын адам-
дар немесе нәрселер бір категорияға ғана жатқызылуға тиіс. Зерттеуші
асығыс-үсігіс келесі категорияларды «тұрғылықты мекенжай» айнымалы-
сына ұсынды дейік:
1. Қалалық
2. Қала сыртында тұратын
3. Ауылдық
4. Ферма
Кейбір адамдардың 3 пен 4-категорияға сай келетінін көре аласыз. Ка-
тегориялардың ендігі жиынтығы жетілдірілген түрі:
1. Қалалық
2. Қала сыртында тұратын
3. Ауылдық, ферма
4. Ауылдық, ферма емес
Реттік өлшеу
Реттік өлшеуде сандар кей айнымалыдағы кейстердің реттік тәртібін
көрсетеді. Өлшем деңгейі идеясын ойлап тапқан психолог С.С. Стивенс
(1951) минералдардың қаттылығын реттік өлшеудің бір мысалы ретін-
де пайдаланған. Кез келген екі минералдың қаттылығын оларды бір-
біріне сыру арқылы оп-оңай анықтай аламыз: қаттырақ тас жұмсақ тасты
сырады. Осылайша тастар жиынтығын қаттылығына байланысты 1-ден
5-ке дейін нөмірлей аламыз. Тағайындалған сандар тастардың қаттылық
ӨЛШЕУ
178
континуумы бойындағы ретін көрсетеді: «1» «2»-ге қарағанда қатты, «2»
«3»-тен қатты және осылай жалғаса береді. Нөмірлегеннен қандай да бір
абсолют көлемді де, сандар арасындағы интервал тең деген қорытынды
да шығара алмадық; былайша айтқанда, бір тастың екіншісінен қанша-
лық қатты екенін айта алмадық.
Реттік өлшеудің тағы бір мысалы ретінде жеке адамдардың белгілі бір
бос уақытындағы іс-әрекетін олардан рақат алу тұрғысынан ретімен са-
ралауды алсақ болады. Үш іс-қимылды төмендегідей ретпен бағаладыңыз
делік:
1. Теннис ойнау
2. Теледидар қарау
3. Әлеуметтануды оқу
Бұл ретте сандар арасындағы интервал туралы ешқандай тұжырым
жасай алмаймыз. Бәлкім, сізге теледидар қарау қаншалық ұнаса, теннис
ойнау да соншалық ұнайтын шығар, алайда әлеуметтануды оқу теледи-
дар көргендей ләззат сыйламайды. Реттік өлшеу бұл мағынада әрқалай
созуға болатын созылмалы өлшеуіш секілді; өлшеуіштегі сандар реті дұ-
рыс, бірақ арақашықтық бұрмаланған.
Джулиан Саймон (1978: 231) атап айтқан реттік өлшемнің артықшы-
лықтарының бірі: «адамдар нақты абсолют пайым жасай алмаса да, олар
көп жағдайда бір нәрсені басқа нәрсемен салыстыра отырып дәл пайым-
дай алады». Саймон (231) салыстырмалы пайымдау нақтылығын мына-
дай мысалдармен суреттейді:
Баланың ыстығы бар-жоғын, яғни дене қызуы қалыптыдан екі-үш
градус жоғарылығын баланың бетіне бетіңізді тигізу арқылы оның
ыстығын өзіңіздікімен салыстыра отырып анықтай аласыз. Алайда
сырттағы температура 40° немесе 55°F екенін немесе металл үзігі-
нің температурасы 130° немесе 150°F екенін айту қиынға соғады.
Сол сияқты әлеуметтік өлшеу саласында біреу басқа сипаттаманың
қаншалық маңызды екенін айта алмаса да, қауіпсіздік пен қызметте жо-
ғарылау мүмкіндігін жұмыстың маңызды сипаттамасы деп біршама се-
німді айтуы мүмкін.
Бір жағынан, бақылаушылардың осындай салыстырмалы пайымдау
жасау қабілеті реттік деңгейде кең ауқымдағы нақты әлеуметтік өл-
шеулерге мүмкіндік береді, мысалы, әлеуметтік-экономикалық статус
өлшемдері, интеллект, саяси либерализм, түрлі таңдауды бағалау және
көзқарас пен пікір шкаласы. Екінші жағынан, реттік өлшеуді әлі де болса
біраз жетілдіру керек. Бұл деңгейде біз деректі талдауда математикалық
(статистикалық) операциялардың басым бөлігін орындай алмаймыз.
Қоса, азайта, көбейте де, бөле де алмаймыз; тек заттарды ретіне қарай
қоя аламыз: 1<2, 2<3, 1<3.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
179
Интервал өлшеу
Интервал өлшеуде номинал мен реттік деңгейдің сапасымен қатар, сан-
дар арасындағы тең арақашықтықты немесе интервал өлшеніп жатқан
айнымалыдағы тең арақашықты көрсетуге тиіс деген талап бар. Тем-
ператураның Фаренгейт шкаласын мысалға алайық: 20°F мен 30°F ара-
сындағы айырмашылық 90°F мен 100°F арасындағы айырмашылықпен
бірдей, яғни 10°. 100°F 90°F-тан ыстық деп қорытып қана қоймай, оған
қоса, қаншалықты ыстық екені туралы қорытынды шығара аламыз. Бұл
қорытындыны жасауға метриканың немесе өлшеудің стандарт бірлігінің
анықталуы мүмкіндік берді. Фаренгейт температурасы бойынша метри-
ка – градус; сол сияқты уақыт секундпен өлшенеді, ұзындық фут немесе
метрмен, ал табыс доллармен өлшенеді.
Сандар метриканы көрсеткенде, өлшеу, былайша айтқанда, «сандық»
болады. Осылайша қосу, азайту сияқты негізгі математикалық операция-
ларды орындай аламыз. Алайда интервал деңгейінде көбейте не бөле ал-
маймыз. Мысалы, 100°F 50°F екі есе ыстық яки 20°F ыстығы 40°F-тан екі
есе төмен деп айта алмаймыз. Бұған себеп интервал өлшемдер шынайы
немесе абсолют нөл болмайды, тек еркін болады. Шкалада нөлді көрсетіп
тұрса, ол өлшенетін қасиет жоқ деген сөз емес. Фаренгейттегі нөл градус
онда ешқандай температура жоқ дегенді білдірмейді; ол – тек шкаланың
ерікті нүктесі. Оның еріктілігі интервалдардың температура қасиетін өл-
шеуге арналған басқа шкаласымен салыстыру арқылы көрінеді: 0°F ша-
мамен 18°C (Цельсия термометрі немесе жүз градустық шкала) тең және
0°C 32°F тең.
Әлеуметтанушылар интервал өлшемдер жасауға жиі тырысса да, осы
өлшем деңгейі үшін тек аздап қана жуықтайтын интервал өлшеулерін
жасауды көздейді Мысалы, IQ балы тіпті IQ балын қосып немесе тең сан-
дық интервалдардың бірдей мәні бар деп қорытынды шығарудың ешқан-
дай мәні болмаса да интервал деңгейдегі өлшем ретінде қарастырылады.
(180 мен 190 IQ балы арасындағы айырмашылық 90 мен 100 арасындағы
айырмашылыққа тең бе?) Интервал өлшеулерді анықтайтын эмпирика-
лық ереже сандар арасында тең интервал тудырудан тұрады. Кейбір көз-
қарасты шкалалау әдістері мұны жасауға тырысса да, шкалалардың ба-
сым бөлігінде (мысалы, Розенбергтің өз-өзін бағалау шкаласы) өлшеудің
реттік деңгейі бар.
Қатынас өлшемі
Қатынас өлшемі деп аталатын төртінші деңгей басқа деңгейлердің сипат-
тамасымен қатар, абсолют (еркін емес) нөлдік нүктені қамтиды. Абсолют
нөл шкаладағы сандарды шынайы көбейту мен бөлуге мүмкіндік береді,
әрі сол арқылы қатынасты құрайды. Доллармен өлшенетін табыс айны-
малысында осы қасиет бар. Біз 20 000$ мен 40 000$ арасындағы табысты
ӨЛШЕУ
180
біреуін басқасына бөлу (демек, қатынасты құру) арқылы біреуі екіншісіне
қарағанда екі есе (немесе жартысы) артық деп көрсете аламыз.
Әлеуметтік зерттеудегі өлшемдердің көбінде өлшенетін қасиеттердің
ешқайсысын жете білдірмейтін нақты анықталған метрика мен нөлдік
нүкте бар. Табыстан басқа мысалдарға, жұмысқа кіргендегі жасы, бауыр-
лары мен жұмыс өтілі жатады. Қатынас деңгейін өлшеуді көп жағдайда
қарапайым санау арқылы алуға болады, мысалы, әлеуметтану бойынша
қатысқан сабақтар саны, бауырлары, әлеуметтік желідегі достар саны.
Оған қоса, адамдардың ұжымдастығын сипаттайтын жиынтық айны-
малылар бұл деңгейде санау мен халық санына бөлу арқылы жиі өлше-
неді, мысалы, жалпы туу көрсеткіші (жалпы халық санына шаққанда
1 000 адам арасындағы туу көрсеткіші), ажырасу көрсеткіші (1 000 не-
кенің арасындағы ажырасу көрсеткіші), жұмыссыздардың еңбек күшінен
пайыздық үлесі, демократтардың пайыздық үлесі.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Өлшеу деңгейі айнымалының түрлі категория немесе мәнін салыстыру барысында жа-
салуы мүмкін қорытынды түрін көрсетеді: номинал айырмашылық туралы қорытын-
ды жасайды, реттік тәртібі, интервал арақашықтық пен қатынас туралы қорытынды
шығарады.
Талқылау
Қол жеткізген өлшеу деңгейлері тұжырымдаманы операционалдауға пай-
даланылған эмпирикалық процедураларға байланысты. Мысалы, далалық
зерттеу жүргізуші жастың реттік өлшемін алу үшін адамдардың сыртқы
келбетін, әдебін және өзге де бақыланатын сипаттамаларды пайдалана
отырып, оларды «балалар», «жастар», «орта жастағылар» мен «егде жаста-
ғылар» деп классификациялай алады. Одан бөлек, туған күні туралы ақпа-
ратты қатынас шкаласы түрінде жасын өлшеуге пайдалануға болады.
Атап өтерлік жайт, өлшеудің бұл төрт деңгейі өздері ұсынатын ақпа-
рат көлеміне қарай реттік шкала құрайды. Әр деңгейде өзінен төмен дең-
гейдің ерекшеліктерінен бөлек басқа да бір нәрселер бар. 5.1-кесте соны
бейнелейді.
Әлеуметтік ғылыми зерттеулердің басым бөлігінде өлшеудің интервал
мен қатынас деңгейіндегі айырмашылық интервал, реттік және номинал
өлшемдер арасындағы айырмашылықпен салыстырғанда аса маңызды
емес. Ескі статистикалық тәсілдердің (Пирсонның корреляция коэффи-
циентін де қоса айтсақ болады) басым бөлігі интервал өлшеуді ұсынады,
сондықтан өлшеудің өзге төмен деңгейіне сәйкес келмейді. Жаңа техни-
каның біршамасы – номинал және реттік өлшеулер туралы маңызды қо-
рытынды жасауға таптырмас амал.
2
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
181
5.1-кесте. Өлшеудің төрт деңгейі ұсынатын ақпарат
Ұсынылған ақпарат Номинал Реттік Интервал Қатынас
Классификациялау
Х Х Х Х
Реттік тәртібі
Х Х Х
Тең интервал
Х Х
Еріксіз нөл
Х
Енді зерттеушілер концептуал қасиеттердегі өзгешелікті көрсету үшін
санды емес, сөзді пайдалана алады (Sorokin, 1937: 21–22). Тарихшы сая-
си толқу дәрежесін «төмен», «жоғары», «тым жоғары» деп сипаттайтын
болса, демек, саяси толқуды өлшеу үшін реттік шкаланы пайдаланған.
Далалық зерттеуші үйсіз-күйсіздерді «психикалық ауру», «есірткіге тәуел-
ді» және «басқа» деп жіктейтін болса, демек, бұл категориялар номинал
шкаланы білдіреді. Айнымалы категорияларын көрсету үшін сан орны-
на сөзді пайдалану жартымсыз немесе нашар өлшеу дегенді білдірмейді
(King, Keohane and Verba, 1994: 151–52). Сөз не сан қолданылса да, бәрі-
бір өлшем сапасы сенімділік пен жарамдылық тұрғысынан пайымдалады.
Сенімділік пен жарамдылық
Кез келген тұжырымдамада бірнеше операционал анықтама болуы мүм-
кін екенін және шығармашылық ойлау, дұрыс пайымдау мен сәйкес тео-
рия операционал анықтамаларды жасауға көмектесетінін көрдік. Бұл құ-
ралдардың субъектив сипатта екенін мойындауымыз қажет; алайда опе-
рационал анықтаманы таңдаған соң сапаны бағалаудың басқа объектив
жолдары да ашылады. Әлеуметтану саласы ғалымдары «сенімділік» пен
«жарамдылық» терминдерін операционал анықтаманың сапасын баға-
лауға қатысты мәселелерді сипаттауда пайдаланады.
Сенімділік тұрақтылық пен сәйкестік сұрақтарымен байланысты.
Операционал анықтама қандай да бір «бір нәрсені» сәйкес әрі сенімді
өлшей ме? Ұқсас жағдайда операционал анықтаманы қайта қолдану дә-
йекті нәтиже бере ме? Операционал анықтама жауап не жекелеген бө-
лік жиынтығынан құралатын болса (мысалы, өзін-өзі бағалау шкаласы
бойынша балы), жауап не жекелеген бөліктің компоненттері бір-біріне
дәйекті бола ма? Сенімділігі жоғары өлшеу құрылғысына мысал – бо-
лат таспа өлшеуіш. Осы құрылғы арқылы ұзындығы 20 дюйм ағаш үзігі
болмашы өзгеріспен әр өлшегенде 20 дюйм болып өлшенеді. Матадан
жасалған өлшеуге сенімділік аз, себебі ол ылғалдық пен температураға
байланысты өзгеруі мүмкін, оған қоса, матаның қаншалық бос немесе
тығыз тартылғанына байланысты өлшеулердегі өзгеріске ұшырайтынын
болжай аламыз.
ӨЛШЕУ
182
Өлшеу жарамдылығы – операционал анықтама мен өлшеуге тиіс
тұжырымдама арасындағы қабысу немесе сәйкестік дәрежесі. Бұл опе-
рационал анықтама тұжырымдама мәнін шынымен ашып тұр ма? Осы
операционал анықтама арқылы өлшеуге тиіс нәрсені өлшеп жүрсіз бе?
Олай болса, сіздегі өлшем жарамды. Жарамды өлшемге мысал ретінде
амниоцентезді алсақ болады, бұл – жатырдағы баланың жынысы сияқ-
ты түрлі генетикалық сипаттамаларды анықтау техникасы. Бұл – био-
логиялық жыныстың жарамды өлшемі, себебі ол жатырдағы балада
Y хромосома бар-жоғын нақты айта алады, сол арқылы ұл немесе қыз
болатынын анықтайды. Бір кездері халық даналығында бала жынысын
анықтаудың көптеген жарамсыз «өлшемі» болды. Мысалы, сондай сенім-
нің бірі – жүкті әйелдің неке жүзігіне жіп байлап қарнының үстіне қою.
Жүзік шеңбер бойынша айналса, қыз болады; ал жүзік алға және артқа
тербелсе, ұл болады.
Сенімсіз өлшем жарамды болмайды: нәтиже құбылып тұрса, бір нәр-
сені қалай нақты өлшейсіз? Алайда өте сенімді өлшемнің өзі жарамды
болмауы мүмкін; өзіңіз өлшеуді көздегеніңіздің орнына өзге нәрсені өте
сенімді (дәйекті) өлшеуіңіз мүмкін. Қызық мысал келтірейік, біз оқушы-
лардың интеллектін өлшеу үшін оларды ваннадағы таразыға тұрғызып,
шыққан санды санап жатырмыз дейік (Davis, 1971: 14). Мұндай опера-
ционал анықтама өте сенімді болады, себебі таразыны қайта оқысаң да,
дәйекті нәтиже береді. Дегенмен мұның жеке тұлға интеллектісінің жа-
рамды өлшемі болмайтыны түсінікті.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Сенімділік «сәйкестік» синонимі; жарамдылық «нақтылық» синонимі. Жарамды
өлшемнің сенімді болуы шарт, ал сенімді өлшемнің жарамды болуы шарт емес.
Қате көзі
Кейс жиынтығына операционал анықтаманы қолданғанда, кейстер ара-
сындағы айырмашылық немесе өзгерісті көрсету үшін түрлі белгі, дә-
реже, рейтинг, балл және тағы сол сияқты нәрселерді пайдаланамыз.
Вариацияның үш ықтимал көзі бар. Осы көздерді оқып-білу арқылы се-
німділік пен жарамдылықты бағалау негізінде жатқан идеяларды жақ-
сырақ түсінеміз. Кез келген өлшеу вариациясының үш бастауы былайша
көрініс табады:
Бақыланатын мән = шынайы мән + жүйелі қате + кездейсоқ қате
Вариацияның бірінші бастауы – операция өлшеуге бағытталған тұ-
жырымдамадағы шынайы айырмашылықтар. Өлшеудегі вариацияның
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
183
басым бөлігін осы құрайды деп айтуға болады, сайып келгенде, жарамды-
лық деген осы ғой. Мінсіз жағдайда жарамды операционал анықтамада
өлшенген вариацияның барлығы зерттеліп жатқан тұжырымдамадағы
айырмашылықтарды көрсетеді. Мысалы, IQ тестінен алынған IQ балдағы
бақыланған айырмашылық тек интеллектідегі шынайы айырмашылықты
көрсету қажет, одан басқа ештеңені емес. Дегенмен мінсіз өлшеу болма-
ғандықтан, өзгерістердің өзге де ықтимал көздерін білу мен олардың ық-
палын мүмкіндігінше жоқ қылу немесе азайтуға тырысу – шынайы тәсіл.
Әлеуметтану саласындағы ғалымдар зерттеліп жатқан айнымалыда-
ғы шынайы айырмашылықтан басқа вариация бастауларын «қате» деп
атайды. Бақыланып отырған вариацияны интерпретациялаудағы ең не-
гізгі мәселе – оның қай бөлігін шынайы айырмашылықпен түсіндіруге
болатынын, ал қайсысы бір немесе бірнеше қате бастауларына байла-
нысты екенін анықтау. Өлшеу қатесінің екі негізгі түрі бар: жүйелі және
кездейсоқ.
Жүйелі өлшеу қателері – өлшеніп жатқан тұжырымдаманың өлшеу
процесіне жүйелі ықпал ететін факторлар нәтижесі. Интервал деңгейдегі
өлшем болса, жүйелі қате рейтинг немесе балдан көрініс табады, олар бір
бағытқа бірте-бірте бұрмаланады: не тым жоғары, не тым төмен. Тарта-
тарта созылған мата өлшеуіш ұзындықты үнемі жете бағаламау сияқты
қате жібереді. Әлеуметтік өлшемдегі жүйелі қатеге мысал – IQ тестілер-
дің мәдени бұрмалануы. Көп IQ тестілер қоғамның нақты топтарына
ғана қатысты тіл мен мәселелерді қамтиды. Мысалы, сол интеллектінің
«дұрыс» деңгейін ескерсек, тест тілі мен ондағы мәселелерден хабардар
адам тест мәселелерінен хабарсыз және тест өтіп жатқан тілден өзге тілде
сөйлейтін адамға қарағанда әрқашан жоғары балл алады. Осылайша IQ
балы интеллектідегі айырмашылықтарды көрсетіп қана қоймай, тестінің
мәдени бұрмалануынан туындаған жүйелі қатені білдіруі мүмкін.
Әлеуметтік өлшемдерді бұзатын жүйелі қатенің көбі респонденттер-
дің зерттеуге қатысу барысында білдірген реакциясынан болады. Бақы-
лау немесе өлшем процесі респонденттің өлшеуге деген сезімталдығына
немесе аңғарымпаздығына ықпал ететін болса, онда оны реактивті өл-
шем әсері деп атаймыз (Webb et al., 2000: 12). Адам өзін оңашада қалай
ұстаса, аудитория алдында, достары не бейтаныс кісілердің қасында өзін
мүлдем басқаша ұстайтыны сияқты, ол өзін зерттеу ортасында да басқа-
ша әрекет етеді. Мысалы, сырттан «бақылаушы» әлеуметтанушының бар
екенінен хабардар адам белгілі бір әрекет түрінің жиілігін азайтуы не кө-
бейтуі мүмкін.
Адам өзін біреу «сынап» жатқанын аңғарғанда, жағымсыз әрекет пен қа-
тынас жасауды құптамайтыны көрсетілген. Міне, осы себепті ауызша баян-
дама өлшемінде психиатриялық симптомдар, девианттық мінез-құлық
пен нәсілдік наным сияқты жалпылама әлеуметтік жағымсыз қасиеттер-
дің, мінез-құлық пен көзқарастың үлесі жете бағаланбады (жүйелі қате).
ӨЛШЕУ
184
Бұған жақсы мысал – Джон Макконахейдің (1986) «Ескі үлгідегі нәсілге қа-
тысты шкаласы». Бұл өлшеу респонденттерден көп кездесетін айқын нәсіл-
ге қатысты мәлімдемеге келісетінін не келіспейтінін сұрады, мысалы, «қа-
ранәсілділер ақнәсілділер сияқты ақылды емес»; «табысы мен білімі бізбен
шамалас қаранәсілді отбасы көрші аулаға көшіп келсе, қарсы болар едім».
Азаматтық құқық заманында ашық дискриминация актілерін қолдау не-
месе қаранәсілділердің интеллектін, мақсаты мен өзге де стеореотиптік
сипаттамалары туралы нәсілдік нанымды қолдау әлеуметтік тұрғыдан ла-
йықты дей алмас едік. Сондықтан ақнәсілді америкалықтардың көбі әлеу-
меттік қалау бойынша жауаптарды білгендіктен, «Ескі үлгідегі нәсілдік
шкаласы» не оған ұқсас өлшемдегі сұрақтарға шынайы жауап бере алмауы
мүмкін. Шын мәнінде, нақты осы себепке байланысты зерттеушілер XX ға-
сырдың соңындағы нәсілдік нанымның төмендеуін көрсететін дәлелдерге
күмәнмен қарайды. Демек, мұндай айқын көрінетін төмендеу ұстаным-
дағы шынайы өзгерістің емес, әлеуметтік қалау әсерінің нәтижесі болуы
мүмкін (Crosby, Bromley, and Saxe, 1980).
Әлеуметтік қалау әсеріне қосымша, жауап берудің өзге де үрдістері
жүйелі өлшем қатесін тудыра алады. Респонденттер мәлімдемелермен
келіспегеннен гөрі, олардың мазмұнына қарамай-ақ келіседі («жауап-
тарға келісу жиынтығы» деп аталады). Оған қоса, сұрақтар тізбегі бір
форматта қойылғанда респонденттер стереотип жауаптар беруге дайын
тұрады, мысалы, оң не сол жақты мақұлдау (Webb et al., 2000). Мұндай
үрдіс өлшенетін қасиеттің өзгерулеріне сәйкескенде жүйелі қате тудыра-
ды. Мысалы, саяси либерализмді өлшеу сұрақтары қойылып, келісім ли-
берал көзқарасты көрсетсе, зерттеуші ол адамның келісімі либералдық
көзқарасты яки мәлімдеме мазмұнына қарамай, жай ғана келісу үрдісін
көрсететінін анықтай алмайды.
Айнымалының шынайы мәнінен жүйелі қатенің айырмашылығы – тұ-
рақты көлемінде. Сондықтан олар нақтылығы мен жарамдылығына әсер
ететін шынайы мәнді я жете бағаламай, я шектен аса бағалап, өлшеу-
лерді белгілі бір бағытқа бұрмалайды. Алайда олардың тұрақтылығына
байланысты жүйелі қате сенімділікке теріс әсерін тигізбейді. Сенімділікті
кездейсоқ қате кесірінен шығатын өлшеудегі шалағайлық құртады.
Кездейсоқ өлшеудегі қателер өлшеуге болатын тұжырымдамадағы
шынайы айырмашылықтарға қатысты емес. Бұл – зерттелуші субъекті-
лердің көңіл-күйі мен денсаулығының уақытша жақсаруы мен төмендеуі,
өлшемде уақытша өзгертулерді қолдану немесе кодтау, зерттеушінің бір
сәттік шаршауы сияқты уақытша, күтпеген факторлар нәтижесі. Мысалы,
шаршаған немесе іші пысқан респондент қойылған сұрақтарға мұқият
ден қоймаса, қате жауап беруі мүмкін. Дәл осылай, екіұшты қалыптасқан
сұрақ респонденттердің сұрақты интерпретациялануына байланысты өз-
гешеленіп, кездейсоқ қатеге әкеп соғады.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
185
Мұндай қатенің кездейсоқ деп аталу себебі – дәрежесі мен бағытын бір
сұрақтан екіншісіне немесе бір респонденттен екіншісіне қарай болжап
білу мүмкін емес. Осылайша «жас» айнымалысын өлшеудегі кездейсоқ
қателер тұрақты жоғары не төмен болмайды, керісінше, респонденттер-
дің дәл жасы тұрғысынан екі жағы да төмендейді, сондықтан орташа қате
нөлге тең болады. Кездейсоқ қатені көрсету үшін көру қабілеті нашар
(бәлкім, маскүнемдіктен) адамға бір объектінің ұзындығын бірнеше рет
өлшеуін сұраңыз. Ол адамның өлшемдері нысанның шынайы өлшемінен
бөлек болатыны түсінікті. Кейде қате бір бағытта өзгеріп тұрады (ұзын-
дықты асыра бағалау), ал кейде басқа бағытта болады (ұзындықты жете
бағаламау); олар кейде үлкен, кейде аз ғана болады. Кездейсоқ қателер
сенімділікке әсер ететін анықталмаған әрі нақты емес өлшеулер шығара-
ды; алайда олар жүйесіз болғандықтан, кездейсоқ қателер қайта өлшеу
арқылы бірін-бірі жоққа шығарады. Осылайша олар өлшемді белгілі бір
бағытта бұрмаламайды.
5.1-сызбада мақсат сенімділік, жарамдылық пен өлшеу қатесінің екі
көзі арасындағы байланысты көрсету үшін пайдаланылған. Өлшеу – тұ-
жырымдаманың теориялық анықтамасы болатын нысанаға дөп түсу тал-
пынысы. Қатаң паттерн мақсатқа қарай орналасуына қарамастан тұрақ-
ты болғандықтан, сенімді өлшемді білдіреді. Ал жарамдылық – атылған
оқтардың нысана бойына қаншалықты жақын топтасқанының көрінісі.
Кездейсоқ қате паттерн қатаңдығына, ортадан алшақтығына және сол
арқылы сенімділік пен жарамдылығына ықпал етеді; жүйелі қате оқтар-
дың нысанадан алшақтығына ғана, яғни тек жарамдылыққа әсер етеді.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Толық жарамды өлшемде жүйелі және кездейсоқ қателер болмайды; толық сенімді
өлшемде кездейсоқ қате болмаса да, жүйелі қате болуы мүмкін.
5.1-сызба. Мақсаттың сенімділік, жарамдылық пен өлшеу қатесімен
ұқсастығы. Adapted from Babbie (1995)
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
Төмен сенімділік
Төмен жарамдылық
Жоғары кездейсоқ қате
Төмен жүйелі қате
Жоғары сенімділік
Төмен жарамдылық
Төмен кездейсоқ қате
Жоғары жүйелі қате
Жоғары сенімділік
Жоғары жарамдылық
Төмен кездейсоқ қате
Төмен жүйелі қате
ӨЛШЕУ
186
Сенімділікті бағалау
Осыған дейін сенімділік кездейсоқ қатені құрамайтын өлшеу дәрежесін
немесе дәйектілігін көрсетеді деп айтқанбыз. Өлшейтін нәрсенің шына-
йы мәнін ешқашан нақты біле алмайтындықтан, өлшеу қателерін тек жа-
нама тексере аламыз. Былайша айтқанда, өлшеу барысында бақылана-
тын сәйкестік дәрежесінен кездейсоқ қатені шығарамыз. Өлшем қайта-
қайта бір нәтижені беретін болса, онда ол кездейсоқ қате емес; оған қоса,
қайта өлшеудегі өзгерту түрлері қаншалық үлкен болса, кездейсоқ қате
де соншалық үлкен. Сенімділікті бағалау, негізінен, сәйкестікті тексеру
мәселесі, ол не уақыт өте (мысалы, бір өлшемдер қайталанғанда), не аз-
дап өзгешеленетін эквивалент өлшемдерді қолдану арқылы жасалады
(мысалы, бір индикатордан немесе бір бақылаушыдан/сұхбат алушы-
дан/тіркеушіден артығын пайдалану).
Cенімділікті сынау мен қайта сынау
Cенімділікті сынау мен қайта сынау процедурасы – сенімділікті бағалау-
дың ең қарапайым тәсілі, ол бір адамдарды немесе бірліктерді екі бөлек
жағдайда
3
тестілеуді (яғни өлшеуді) қамтиды. Мысалы, зерттеуші өз-өзін
бағалау шкаласын бір топқа бірнеше күн қатарынан енгізе алады. Кейін
екі өлшемнен алынған «балл» жиынтығы арасында статистикалық кор-
реляция жүргізіледі және одан шыққан мән сенімділікті бағалауға қол-
данылады. Ондай корреляция 0 (абсолют сенімсіз өлшеуді және жалпы
кездейсоқ қатені білдіреді) мен 1,00 (кездейсоқ қатеге жол берілмейтін
өлшемнің мінсіз сенімділігін білдіреді) арасында бағаланады. Cенімділік-
ті сынау мен қайта сынау процедурасы үшін корреляция жоғары болады,
0,80-нен төмен кез келген нәрсе өлшеу мақсаттарының көбінде өте төмен
деп танылады. Өзін-өзі бағалау шкаласын тексеруде сенімділікті сынау
мен қайта сынау 1 мен 2 апта интервалында 0,82 мен 0,88 интервалын-
дағы корреляция коэффициентін шығарды (M. Rosenberg, 1979); деген-
мен бұл шкаладағы сенімділікті сынау және қайта сынау коэффициенті 6
ай (0,63) мен 1 жыл (0,50) арасындағы ұзақ кезеңде едәуір төмен (Gray-
Little, Williams and Hancock, 1997).
Қарапайым қағида болса да, сенімділікті бағалаудағы тиімділігін шек-
тейтін сенімділікті сынау және қайта сынау әдісінің бірнеше мәселесі
бар. Біріншіден, сұраққа жауап беретіндер не бақылауды жазып алатын
адамдар бірінші берген жауаптарды жаттап алып, жай ғана қайталау ар-
қылы сенімділік бағалауын көтереді. Екіншіден, өлшенетін тұжырымда-
маның нақты өзгерісі екі «сынақ» аралығында болуы мүмкін. Көзқарасты
өлшеу барысында жаңа тәжірибе яки жаңа ақпарат қатынастағы өзгеріс-
ке әкеледі. Мысалы, қолданудағы жағымды немесе жағымсыз тәжірибе
респонденттің өзін-өзі бағалауын жоғарылатуы не төмендетуі мүмкін;
жұмыстан айырылып қалу біреудің жұмыссыздықтан сақтандыру немесе
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
187
әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламаларына деген көзқарасын өзгертуі
мүмкін. Шынайы өзгерістер сынау мен қайта сынау корреляциясындағы
кездейсоқ қателерден бөлінбегендіктен, олар сенімділік бағалауы төмен-
дегенін өтірік көрсетеді. Үшіншіден, өлшеуді бірінші рет қолдану зертте-
ліп жатқан тұлғаларда концептуал өзгерістер тудыруы мүмкін. Мысалға,
дәстүрлі жыныстық рөлдерге деген көзқарасты өлшеуге арналған шкала
екі жағдайда да адамдардың бір тобына қолданылды. Бірінші қолданудан
кейін адамдар өзінің әйелдер туралы долбарын қайта қараса, өз сенімде-
рінің біразын өзгертсе, шкаланы келесі қолданғанда басқа нәтиже береді,
әрі сенімділік бағасын төмендетеді.
Белгілі бір дәрежеде бұл мәселелерді шешуге болады. Мысалы, бірінші
сынағанда берілген жауаптар ұмыт болатындықтан, екінші өлшеудің уа-
қытын тиімді есептеуге болады, бірақ тұжырымдамада кішігірім өзгеріс-
тер болуы керек. Одан бөлек, зерттеліп жатқан өлшем түріне байланысты
жоғарыда аталған қиындықтар проблемалық болады. Көзқарасты өлшеу
үшін сенімділікті сынау мен қайта сынаудың сенімділігін бағалауды қол-
дануда қиындықтарға тап болуы мүмкін, өйткені ондай өлшемдер өте
реактив әрі көзқарастағы нағыз өзгерістер уақыт өте орын алады. Алайда
сенімділікті сынау мен қайта сынау процедурасы ұйымдық немесе саяси
бірліктердің сипаттамасы мен айнымалылар сияқты көптеген тұрақты
тұжырымдамаға қатысты сенімділікті жақсы бағалайды.
Жартылай сплит және ішкі сәйкестік сенімділігі
Сенімділікті сынау мен қайта сынау сияқты, уақыт бойынша сәйкестікке
негізделген тұрақтылық бағасын алғаннан гөрі, сенімділікті бағалауға
арналған процедуралардың келесі жиынтығы құрамдас бөліктерінің не
көптік өлшемнің бір элементі арасындағы келісім мен эквиваленттікті
бағалайды. Өлшемнің әр компоненті бірдей негізгі тұжырымдаманы біл-
діреді деп болжасақ, компоненттер арасындағы келісім жоғы кездейсоқ
қатенің жоғары дәрежесін көрсетеді, тиісінше, сенімділік дәрежесі төмен
болады. Сенімділікті сынау мен қайта сынауды бағалауға ұқсас эквива-
ленттіктің статистикалық бағасының барлығы 0-ден 1,00-ге дейінгі ара-
лықтағы коэффициентті қамтиды.
Әдетте эквиваленттікті бағалау үшін жартылай сплит әдісі қолда-
нылады. Бұл процедурада шкала не индекс (яғни бірнеше элементті
құрайтын өлшем) кейс іріктемесіне бір рет қолданылады, сосын шкала
элементтерді кездейсоқ сұрыптау арқылы жартыға бөледі; кейін әр жар-
ты сенімділік бағасын алу үшін корреляцияланған екі шағын тестілердің
нәтижесі бар шағын тест түрінде өңделеді. Корреляция қаншалықты жо-
ғары болса, жартылардың эквиваленттігі мен өлшемнің сенімділігі сон-
шалықты жоғары.
Жартылай сплит техникасы бір нәрсенің эквивалент кіші жинағын та-
лап етеді. Осыдан бастап, бұл шкаладағы әр элемент өзгесіне эквивалент
ӨЛШЕУ
188
деген болжамға қысқа қадам жасалады. Осы арқылы сенімділікті баға-
лаудың ішкі сәйкестік деп аталатын техникасы пайда болады. Бұл тәсіл-
де зерттеуші барлық элементтер арасындағы байланыстарды еркін бөл-
мей, бір уақытта бірге қарастырады. Мұндағы басты сұрақ: элементтер
қаншалықты біркелкі болады, яғни олар бірдей тұжырымдаманы қай дә-
режеде өлшейді? Ішкі сәйкестік сенімділігін бағалаудың ең кең тараған
әдісі – ықтимал элемент жұптарының бәріне берілген жауаптар арасын-
дағы корреляцияның орта мәніне негізделген Кронбах альфасы. Көпте-
ген зерттеу өзін-өзі бағалау шкаласындағы Кронбах альфасын 60 жаста-
ғы не одан үлкен ерлер үшін төмені 0,72-ден колледж студенттері тобын-
да жоғарысы 0,88-ге дейінгі аралықта деп көрсетті (Gray-Little, Williams
and Hancock, 1997).
Интеркодтаушы сенімділік
Эквивалент өлшемнің екінші түрі ұқсас құралды не өлшемді пайдалана-
тын түрлі бақылаушылар немесе кодтаушылардың эквивалент нәтиже
алатын дәрежесін зерттейді. Түрлі қолданушылар лайықты түрде даяр-
ланған десек, сенімді операционал анықтама қолданушыдан қолданушы-
ға салыстыруға болатын нәтиже беруге тиіс. Эквивалентті бағалау бірдей
операционал анықтаманы қолданатын зерттеушілердің екі немесе одан
көп жазбасын салыстыру арқылы есептеледі. Мысалы, жоғарыда айтыл-
ған ата-ана рөліне қатысты зерттеуде (DeWitt, Cready and Seward, 2013),
бірнеше кодтаушылар 84 кітаптың шағын жинағынан рөлдің мінез-
құлқын кодтауға даярланған. Олардың кодын зерттеуші кодымен салыс-
тырғанда, келісім деңгейі немесе интеркодтаушының сенімділігі өте жо-
ғары болды, әрі мінез-құлықтың барлық түрлерінде коэффициент 0,90-нан
асты.
4
Әлеуметтік зерттеулерде өлшем жүйелі бақылаудан немесе архив жаз-
баларынан алынған сайын кодтаушының сенімділігін тексеру нормаға
жатады. Сенімділіктің өзге түрлеріне қатысты айтар болсақ, жартылай
сплит және ішкі сәйкестік техникасы – көптік элемент өлшемімен шек-
телсе де, ең жиі қолданылатындардың қатарында. Сенімділікті сынау мен
қайта сынау әдісінің сирек кездесу себебі – жоғарыда аталған мәселелер-
ден бөлек, бірөлшемді кейстердің бір іріктемесіне екі рет қолданудың
тиімсіздігінде.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Сенімділікті бағалау (1) уақыт ішінде қайта қолданғандағы (2) өлшемді құрайтын құ-
рамдас бөліктер яки элементтер арасындағы не (3) өлшемді қолданатын түрлі бақы-
лаушылар мен кодтаушылар арасындағы сәйкестікті зерттейді.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
189
Сенімділікті жақсарту
Сенімділікті бағалау туралы талқылауда кейде мынадай сұрақ туу мүм-
кін: өлшем сенімділігі төмен болса, не істеуге болады? Одан бас тартып,
өзгесін өлшеуді бастаған жөн бе? Кейде бұл ең дұрыс шешім болады.
Алайда операционал анықтаманың сенімділігін жеткілікті деңгейге де-
йін жақсарту жолдары бар.
1. Мақсатты топтардың сипаттамасына ұқсас адамдардың кішігірім
іріктелген тобына жүргізілетін барлау зерттеулері, алдын ала сұхбаттар
немесе претестілер респонденттер өлшемді бірдей нақты түсінгенін әрі
интерпретациялайтыны туралы маңызды ақпаратты алуға мүмкіндік бе-
реді. Құралдың кейінгі формасы аяқталғанға дейін шынайы респондент-
термен жүргізілетін алдын ала жұмыс өте маңызды болып қалады. Бұл
тақырыпқа ғылыми эксперимент пен бақылау зерттеулеріне байланысты
қайта тоқталатын боламыз.
2. Шкалаға жай ғана бірдей түрдегі элементтерді қосу да сенімділікті
арттырады. Өзге де тең жағдайда элементтері көп құрама өлшем айтар-
лықтай сенімді болады, ал, тиісінше, элементтері азырақ құрама өлшем
сенімсіз болады. Оның екі себебі бар. Біріншіден, кездейсоқ қате екі жақ-
тың да шынайы мәнін ауытқытатынын айтқан болатынбыз. Осылайша
қайта өлшеулерде немесе қосымша элементтерде мұндай қателер бірін-
бірі алмастыруға бейім, сол арқылы шынайы мәннің тұрақты әрі нақты
өлшемін береді. Екіншіден, элементтердің аталған жинағы ықтимал өл-
шемдер іріктемесін білдіргендіктен, элементтерді қосу іріктеме көлемін
арттырады. Ендігі тарауда іріктеудің негізгі қағидасы – іріктеу қаншалық
үлкен болса, бағалау соншалық сенімді екенін көресіз.
3. Элемент бойынша талдау нақты бір айнымалыдағы әртүрлі мән-
дегі бірліктер арасын қандай элементтер жақсы ажырататынын ашып
көрсетеді. Тиісті деңгейде ажыратпайтын элементтерді алып тастаған
жөн. Мысалы, зерттеу әдістері туралы білімді өлшейтін тестіде қойылған
сұраққа жақсы оқитын оқушылардың дұрыс жауап беру ықтималдығы
нашар оқитын оқушыларға қарағанда жоғары болуға тиіс. Жақсы оқи-
тындар да, нашар оқитындар да бірдей қате жауап беруі ықтимал болса,
демек, сұрақ нақты емес яки шатастыратын болуы мүмкін. Жалпы бал-
мен тығыз корреляциядағы элементтерді немесе сұрақтарды ғана сақтай
отырып, сенімділікті біршама арттыруға болады.
4. Сенімділікті арттыруға қатысты кеңестерді респонденттерге арнал-
ған нұсқамалардан таба аласыз. Олар түсінікті ме, әлде қате интерпрета-
циялануы мүмкін тұсы бар ма? Құралдың пайдаланылған немесе енгізіл-
ген жағдайларын білу керек. Олар жүйелі ме? Енді құралды пайдалану-
шылар қисынды және бірдей даярланған ба деген сұраққа тоқталайық.
Тым сенімсіз өлшем жарамды бола алмайтынын және өте жоғары се-
німді, бірақ жарамсыз өлшемдер де болуы мүмкін екенін ескеру маңызды.
ӨЛШЕУ
190
Сондықтан жарамдылығы дәлелденбеген болса, тіпті ең сенімді өлшем-
нің жарамдылығына қатысты қорытынды жасағанда сақ болған дұрыс.
Жарамдылықты бағалау
Сенімділікті бағалау салыстырмалы түрде оңай; біз баяндаған негізгі
формалар келісімділік пен кездейсоқ қатенің нақты бағасын беретін қа-
рапайым процедураларды пайдаланады. Бұл процедуралар зерттелетін
теорияларға тәуелсіз; яғни олар өлшенетін нәрсеге қарамастан, интер-
претацияланады және қолданылады. Ал жарамдылықты бағалау төңіре-
гінде керісінше дау-дамай көп. Сенімділікке емес, жарамдылыққа ықпал
ететін жүйелі қатені анықтау кездейсоқ қатені анықтағаннан қиынырақ.
Оған қоса, өлшеудің жарамдылық мәселесін үлкен теориялық мәселелер-
ден бөліп қарай алмаймыз; ерте ме, кеш пе «тұжырымдаманың табиғаты
қандай, ол нені білдіреді, операционал анықтама осы мағынаны не өзге
нәрсені білдіре ме?» деген сұрақтар қойылуға тиіс.
Жарамдылықты тікелей бағалау мүмкін емес. Тікелей бағалауға жол
ашылып, берілген өлшемнің тәуелсіз айнымалысындағы кейстердің шы-
найы мәнін білсек, онда өлшемнің қажеті болмайтын еді. Тұжырымда-
маның мінсіз жарамды әрі орнықты өлшемдері болғанда, онда жарамды-
лықты бағалау жаңа операционал анықтаманың қолданысы ағымдағы
қолданысқа сәйкесетінін тексеру мәселесі ғана қалар еді. Мысалы, ұзын-
дықтың жаңа өлшемін ойлап тапсақ, оның жарамдылығын тексеру үшін
өлшеуіш, сызғыш, транзит сынды ұзындықты өлшеуге арналған, стан-
дарт құралдардан алатын бірдей нәтижені алған-алмағанымызға қарап
оп-оңай анықтай алар едік. Дегенмен әлеуметтік ғылымдарда тұжырым-
даманың орнықты операционал анықтамалары аз. Демек, жарамдылық-
ты бағалау үшін (1) операционал анықтама өзі өлшеуге міндетті нәрсе-
ні өлшеп тұрғанын субъектив анықтап алуға тиіс не (2) оларға қатысты
болсын, болмасын, операционал анықтама нәтижесін өзге де өлшем нә-
тижесімен салыстыруы қажет. Көріп тұрғаныңыздай, субъектив пайым-
дау мен объектив дәйектердің сәйкес түрлері өлшеу мақсатына тәуелді.
Субъектив жарамдылықты тексеру
Операционал анықтаманы субъектив бағалауға негізделген екі әдіс ар-
қылы жарамдылықты бағалауға болады: шартты жарамдылық пен маз-
мұн жарамдылығы. Шартты жарамдылық – операционал анықтаманың
өзі өлшеуге міндетті тұжырымдамаға қатысты жеке пайымдауы. Кейбір
жағдайларда осы бір мәлімдеменің өзі өлшемнің жарамдылығын орнатуға
жеткілікті себептей көрінеді. Жас, жыныс пен білім деңгейі сияқты айны-
малылардың жалпы индикаторының шартты жарамдылығына күмәнмен
қарайтындар кем де кем. Мінез-құлықты бақылау өлшемінің көбінде ұқ-
сас айқын жарамдылық бар, мысалы, «өзге адамды ұру» – агрессияның
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
191
индикаторы, ал «бөтен адамға көмек қолын созу» көмек көрсетудің инди-
каторы сияқты. Бірақ шартты жарамдылық жарамдылықты бағалау әдісі
ретінде іске жарамсыз. Ол операционал анықтаманың көбінде бар. Оған
қоса, құрал жарамсыз болса, не үшін қандай да бір тұжырымдаманың өл-
шемі ретінде ұсынылады? Шартты жарамдылық объектив дәлелге емес,
тек жеке пайымдауға негізделеді. Одан бөлек, мұнда жарамдылық «не бар,
не жоқ» мәселе деп көрсетіледі, ал, шындығына келсек, өлшеуге жарамды-
лық дәрежесі бар. Мысалы, жасқа берілген бірнеше операционал анықта-
ма болуы ықтимал. Респонденттерден жасын, соңғы туған күнінде неше
жасқа толғанын яки қай жылы дүниеге келгенін сұрауға болады. Олардың
бәрінде шартты жарамдылық болғанымен, барлығы бірдей нақты болмай-
ды. Қандай операционалдау ең нақтысы екенін шартты жарамдылықтан
басқа, жарамдылықты тексеру әдісіне жүгінбей білу мүмкін емес.
Мазмұн жарамдылығы деп аталатын субъектив бағалаудың қолайлы
түрінде өлшем тұжырымдаманың барлық аспектісін қисынды көрсететін
дәрежеге қатысты болады. Жарамдылықты тексерудің бұл түрі психоло-
гия мен білім беруде жиі пайдаланылады, онда ол машық, білім және же-
тістік өлшеміне қолданылады. Мысалы, оқырманның осы тарау бойынша
білімін тексеретін нұсқаушы тестінің мазмұн жарамдылығына, яғни ол
тараудың барлық бөліміндегі сұрақтарды қамтығанына көңіл бөлуі ке-
рек.
5
Онда сенімділік пен жарамдылық сұрақтары қамтылмай, тек өлшеу
процесі мен деңгейіне қатысты сұрақтар қамтылса, мұндай тестіде маз-
мұн жарамдылығы болмайды.
Психологтар мен педагогтар мазмұн жарамдылығына қатысты мазмұн
«домені» немесе көрсеткіш туралы айтады. Мазмұнның жарамдылығын
көрсету үшін доменнің компонентінің бәрін теңдестіре білу қажет және
тест элементтері сол компоненттерді қисынды ұсынатынын көрсету ке-
рек. Бұл білім тестінің басым бөлігіне қиындық тудырмайды. Ағымдағы
тарауда білімді көрсетсек, негізгі тақырыптар мен тақырыпшалардың
бәрін атап көрсетіп, әр тақырыптағы элементтер саны қамту ауқымы-
на мөлшерлес екеніне көз жеткізген соң олардың әрқайсысы үшін тест
тапсырмаларын ойластыруға болады. Алайда мұндай процесс әлеуметтік
ғылымдар үшін әдеттегі абстракт тұжырымдамаларды өлшеу барысын-
да едәуір қиын. Әлеуметтік капитал, жаттану мен әлеуметтік мәртебе
сияқты тұжырымдамалар доменін анықтау оңай емес; сондықтан домен
нақты индикатор тарапынан қаншалықты қисынды таңдалғанын анық-
тау қиын. Белгілі бір жағдайда шарттылық пен мазмұн жарамдылығына
қатысты мәселелер бірегей емес.
Жарамдылықты тексерудің формасының барлығы субъектив болады,
өйткені операционал анықтаманың жарамдылығы туралы пайымдау, са-
йып келгенде, ғылыми қауымдастықтың пікіріне байланысты. Дегенмен
әлеуметтану саласындағы ғалымдар мазмұн жарамдылығы дәйектерін ал-
дағы екі бөлімде көрсетілген жарамдылықты тексеру процедураларымен
ӨЛШЕУ
192
ұсынылатын «сыртқы» дәлел түрлеріндей бұлтартпас дәйек деп санамай-
ды. Зерттеуші үшін «сыртқы» дәлелдер әдейі бұрмаланбайды және олар-
ды тексеру оңай.
Критерийге қатысты жарамдылықты тексеру
Критерийге қатысты жарамдылық гипотезаны сынау мен ғылыми бі-
лімді арттырудан басқа бірқатар практикалық мақсат үшін жасалған
өлшеу құралдарына қолданылады. Үйрену қабілеті төмен балаларды
анықтап, адамның тікұшақта ұша алу қабілетін немесе көлік жүргізу мен
колледждегі жетістігін болжайтын өлшемдерді ойлап табуды қалауыңыз
мүмкін. Мұндай жағдайда зерттеуші айқын мағынасына не мазмұнына
емес, оның жеке ерекшелігі мен мінез-құлқының индикаторы ретінде
пайдалығына қызығушылық танытады. Бұл сипат немесе мінез-құлық
критерийі деп аталады, ал жарамдылықты тексеру – өлшем балы қызығу-
шылық критерийімен қаншалықты жақсы корреляцияланады деген мә-
селе. Корреляция қаншалық жоғары болса, ол критерий бойынша өлшем
соншалық жарамды болады. Джэм Наннеллидің (1970: 34) айтуынша,
жарамдылықты тексерудің мұндай формасында айнымалы критерийі са-
лыстыруға қажет бірден-бір стандарт: «Бәйге атының тұяғына тағаның
қағылу нақтылығы колледждегі жетістікпен корреляцияланса, онда ат
тағасының қағылуы колледждегі жетістікті болжайтын жарамды өлшем
бола алады».
Сұрыпталған өлшем айнымалы критерийінде тұрған жеке нәрсенің
ағымдағы немесе болашақ жағдайын көрсете алады. Мысалы, психиа-
триялық көмекке мұқтаж адамдарды анықтауға арналған психикалық
денсаулықты бағалау шкаласы «сау» адамдар іріктемесі мен ағымда-
ғы психиатриялық көмек алушы адамдар іріктемесінде көрінуі мүмкін.
Оның жарамдылығы шкаланың ағымдағы екі топтың арасындағы айыр-
машылықты бөлу дәрежесі арқылы көрінеді. Одан бөлек, өлшем айны-
малы критерийі бойынша адамның болашақ жағдайын болжай алады.
Мысалы, колледжге қабылдау емтиханы жоғарғы сынып оқушыларының
емтихан балын олардың жалпы орта балы немесе жалпы оқуды бітіруі
сияқты, колледждегі бертінгі жетістігін өлшем критерийімен салыстыру
арқылы тексерілуі мүмкін.
Критерийге қатысты жарамдылық өлшем мен оның критерийі ара-
сындағы сәйкестікке негізделетіндіктен, өлшем критерийінің сапасы
мен нақтылығы қаншалық жақсы болса, ол да (критерийге байланысты
жарамдылық) соншалық жақсы болады. Өкіншке орай, бұл айтарлық-
тай қиындық тудыруы мүмкін. Критерийді қандай стандарттар бойын-
ша таңдайсыз? Критерийде ешқандай қисын болмаса ше? Критерий бар,
бірақ практикалық мәселелер оны пайдалануға мүмкіндік бермесе ше?
Мысалы, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған инспекторды жал-
дауға арналған аймақтағы мемлекеттік қызмет тестісінің жарамдылығын
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
193
қалай көрсетер едіңіз? Аймаққа жоғары, орта және төмен балл алатын
адамдарды жалдайды деп топшылайсыз; кейінірек инспектор рейтингі
сияқты жұмыс көрсеткішінің кейбір өлшемін олардың мемлекеттік қыз-
мет тестісіндегі балымен салыстыра аласыз. Дегенмен аймақтың тек жо-
ғарғы балл алғандарды жалдау ықтималдығы жоғары және олардың жұ-
мыс көрсеткішіне қарамастан, мұны орта немесе төмен балл алғандардың
жұмыстағы көрсеткішімен қалай салыстыратынын білмейсіз. Сондықтан
өлшемнің критерийге қатысты жарамдылығын бағалай алмайсыз.
Мұндай мәселелерге қарамастан, критерийге қатысты жарамдылық
дәлелінің бірі сол – тест немесе өлшем нақты практикалық мақсатқа
қызмет еткенде шешуші маңызға ие болады. Осылайша тест үміткерлер-
ді белгілі бір жұмыс орнына сұрыптау мен іріктеуге дайындалса не оқу-
шыларды қабілеті бойынша бағдарлауға немесе арнайы бағдарламаларға
орналастыруға арналса, онда оның осы мақсат үшін қаншалықты жақсы
жұмыс істейтінін білу маңызды. Дегенмен психология мен білім берудің
қолданбалы аймақтарын есепке алмағанда, әлеуметтік ғылымдардағы
өлшемдер мұндай түрдегі практикалық мәселелерді шешу үшін жасалма-
ған. Операционал анықтамалар белгілі бір тұжырымдамалардың мәнін
білдіру үшін жасалады, ал жарамдылықты бағалаудағы нақты әрі қисын-
ды айнымалы критерийі сирек кездеседі.
Құрылым жарамдылығын тексеру
Не болжаудың лайықты критерийі жоқ болса, не жарамдылық анықтау
мазмұнының жақсы анықталған домені болмаса, зерттеушілер құрылым
жарамдылығын тексеруге жүгінеді. («Құрылым» термині «тұжырымдама»
терминімен өзара байланысты; ғылыми мақсаттар үшін жасалған тұжы-
рымдама кейде құрылым деп аталады). Құрылым жарамдылығын тек-
серу өлшеу құралына берілген жауаптар мағынасына ден қояды. Олар-
ды қалай интерпретациялау қажет? Құрал берілген тұжырымдаманы
(құрылымды) өлшей ме, не оны өзге бір нәрсенің өлшемі ретінде интер-
претациялай аламыз ба? Бұл шартты жарамдылық сияқты естілгенімен,
бағдары бөлек; құрылымның жарамдылығы тек сыртқы көрінісіне емес,
зерттеу дәлелдерін жинақтауға негізделген.
Құрылым жарамдылығын тексеру логикасына сәйкес, кез келген ғы-
лыми тұжырымдаманың мәні оның басқа тұжырымдамалармен теория-
лық байланысы туралы мәлімдеме тұрғысынан расталады. Осылайша
жарамдылықты тексеру процесі өлшеніп жатқан тұжырымдаманың не-
гізінде жатқан теорияны зерттеуден басталады. Осы теория негізінде
тұжырымдама өлшеміне қатысты болуы қажет айнымалылар туралы
гипотеза қалыптасады. Осы уақытта тұжырымдама өлшемдеріне қатыс-
ты болмайтын басқа айнымалылар қарастырылады, себебі олар жүйелі
қате тудыруы мүмкін. Кейін сол гипотезаларды тестілеу үшін дәлелдер
жиналады. Гипотеза жасалған байланысты растайтын дәлел қаншалық
ӨЛШЕУ
194
көп болса, нақты операционал анықтама тұжырымның жарамды өлшемі
екеніне соншалық сенім мол болады.
6
Құрылым жарамдылығын тексеруге мысал ретінде Моррис Розенберг-
тің (1965) өзін-өзі бағалау шкаласындағы жарамдылықты тексеруін ала-
йық. Өзін-өзі бағалау адамның өзін құрметтеу не қадірлеу сезіміне жа-
тады: өзін-өзі жоғары бағалайтын адамдардың өз-өзіне деген құрметі
бар; өзін-өзі төмен бағалайтын адамға өзіне деген құрметі жетіспейді.
Розенбергтің пайымдауынша, оның «шкаласы шынымен де өзін-өзі баға-
лауды өлшесе», онда оның балдары «басқа деректермен теориялық мән
тұрғысынан байланысуы керек» (18). Осылайша клиникалық бақылау-
лар күйзеліс пен өзін-өзі төмен бағалау қатар жүретінін көрсеткендіктен,
шкала бойынша төмен балл алатын адамдар бақытсыздық пен жабырқау
сынды күйзелістер туралы көбірек хабарлауы керек, әрі зерттеушілерге
көбірек күйзеліске түскен болып көрінеді. Одан бөлек, жеке адамның
өзін-өзі бағалау деңгейі өзгелердің ол туралы не ойлайтынына байланыс-
ты деген әлеуметтік ұйғарымға сүйенсек, өзін-өзі бағалауы жоғары оқу-
шыларды басқа сыныптастары көшбасшы ретінде таңдауы әрі басқалар
оны сыйлайтыны сипатталуы керек. Дәлелдер осы және өзге де теория-
лық күтуді растап, сол арқылы өзін-өзі бағалау шкаласының жарамдылы-
ғын көрсетеді.
5.2-кесте құрылым жарамдылығын тексеру мен критерийге қатысты
жарамдылықты тексеру арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Жа-
рамдылықты критерийге қатысты тексеру – өлшемнің адамдарды бір
критерий бойынша (немесе басқа талдау бірліктерін) жіктеу, топтау не
бөлу қабілеті. Өлшемнің осылай бөлуден басқа мәні аса маңызды емес.
Болжалды өлшем мен өлшем критерийі арасындағы корреляция күші ма-
ңызды; корреляция қаншалық күшті болса, жарамдылық соншалық жо-
ғары болады.
5.2-кесте. Критерийге байланысты және құрылым
жарамдылығын салыстыру
Критерийге байланысты
жарамдылық
Құрылым жарамдылығы
Мәселенің жарамдылығы: бірліктерді нақты класси-
фикациялау қабілеті
тұжырымдама мәнін ұғы-
ну қабілеті
Бұл өлшем пайдаланылады: практикалық қолданыста теориялық қолданыста
Бағалау – салыстыру мә-
селесі:
бірыңғай, келісілген
тәуелсіз критерий
нақты бірыңғай критерий
болмаған жағдайда
Жарамдылық деңгейі: болжам нақтылығы байланыстың тұрақты
паттерні
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
195
Алайда байланыстың өлшенетін тұжырымдаманың мәнін көрсетуіне
қарағанда, құрылым жарамдылығындағы болжамның нақтылығына қы-
зығушылық аз болады. Екі теориялық тұрғыда байланысты тұжырымда-
ма өлшеулері арасындағы корреляция тым жоғары болады деп күту қа-
жет емес, өйткені бұл екеуі нақты бір нәрсені білдірмейді. Сондықтан жа-
рамдылықты бағалауда бір болжамға ғана сүйенбей, қарастырылған өл-
шемнің басқа бірнеше айнымалыға байланысын зерттеп көру маңызды.
Тестілеудің бәрінен өткен байланыс құрылым жарамдылығын бағалауға
көмектеседі; олардың осы жиынтық әсері өлшемнің жарамдылығын қол-
дайды не жоққа шығарады.
Құрылым жарамдылығының дәлелі қандай да бір операционал анықта-
ма нақты бір тұжырымды өлшейді деген пікірді растайтын кез келген эм-
пирикалық деректен тұрады. Мұндай дәлелді түрлі дереккөзден алу мүм-
кін болғандықтан, құрылым жарамдылығын тексеру нақты тәсіл не дәлел
түрімен байланысты емес. Қазір құрылым жарамдылығын құру үшін пай-
даланылатын дәлелдердің ең кең тараған төрт түрін қарастыратын бола-
мыз. Дегенмен бір ғана зерттеу немесе дәлел жеткіліксіз екенін ескеріңіз;
тұжырымдаманың құрылым жарамдылығын растайтын дәлелдері қанша-
лық көп әрі әр алуан болғаны сияқты, өзі де соншалық сендірерлік.
1. Қатысты айнымалылар корреляциясы. Өлшем жарамды болса, ол
басқа теориялық қатысты айнымалылар өлшемімен корреляциялануы
керек. М. Розенберг (1965) өзін-өзі бағалау шкаласын ондағы баға күй-
зеліс белгілері мен қатарластарының берген бағасымен корреляциялана-
тынын көрсету арқылы тексерді.
2. Өлшеудің түрлі әдісі мен индикаторының дәйектілігі. Бір тұжы-
рымдаманың түрлі өлшемдері корреляцияға түсуі керек, әр әдіснамалық
тәсіл (мысалы, жазбаша баяндама, бақылау, архив жазбасы) түрлі жүйе-
лі қате бастауларына тап болатындықтан, тұжырымдама өлшемі нақты
бір әдіске тоқталмағаны жөн. Осылайша құрылым жарамдылығының ең
сенімді белгілерінің бірі – тұжырымдама түрлі жолдармен өлшенгендегі
нәтижелердің сәйкестігі. Нәтижелер бір мәнге келіп түйісетіндіктен, оны
конвергент жарамдылық деп атайды, нақтылап айтсақ, олар тұжырым
негізінде беріледі.
Қыруар дәлелдер Розенбергтің өзін-өзі бағалау шкаласының конвер-
гент жарамдылығын растайды. Мысалы, Дэвид Демо (1985) 9 бен 10-сы-
ныптардың іріктемесіне сүйене отырып, Розенберг шкаласындағы балдар
Куперсмиттің өзін-өзі бағалау сауалнамасы деп аталатын басқа танымал
шкаламен және әр жеке адамның өзін-өзі бағалауы қатарластары берген
бағамен оң байланысатынын көрсетті. Басқа зерттеулер де Розенбергтің
өз-өзін бағалау шкаласы және Лернердің өз-өзін бағалау шкаласы (Savin-
Williams and Jaquish, 1981) мен жалпы өз-өзіне құрмет индикаторы ара-
сында оң ассоциация тапты (Fleming and Courtney, 1984).
3. Қатыссыз айнымалылар корреляциясы. Жарамды операционал
анықтама өлшенетін тұжырымдаманы олар өзгешеленуге тиіс басқа
ӨЛШЕУ
196
тұжырымдамалардан ажыратуы қажет. Басқаша айтсақ, өлшем бірнеше
айнымалылармен (жүйелі қатені білдіретін) күшті корреляцияланбауы
керек. Ол дискриминант жарамдылық деп аталады.
Бұған жақсы мысал ретінде Зик Рубиннің (1970) 13 элементтен тұра-
тын махаббат шкаласының жарамдылық тексеруін келтірсек болады. Ма-
хаббаттың жарамды өлшемі махаббатты ұнатудан ажыратып алуы қажет,
себебі бұл екі тұжырымдама эмпирикалық тұрғыда қатысты болғаны-
мен, тұжырымдама тұрғысынан әртүрлі. Сондықтан да Рубин ұнатудың
параллель шкаласын жасады. Ол махаббат пен ұнату шкаласының екеуі
де қолданылған соң, олардың балдары тек орташа корреляцияланғанын
анықтады. Оған қоса, респонденттер өздеріне ұнайтын кездесіп жүрген
жұбын достарынан сәл артық ұнатқан, ал өздері сүйіп кездесіп жүрген
жұбын достарынан әлдеқайда артық сүйген. Қосымша дәлелдер махаб-
бат шкаласы жауап берудің жалпы үрдісін емес, нақты бір адамға деген
көзқарасын анықтайтынын көрсетті. Мысалы, махаббат шкаласындағы
балл әлеуметтік тұрғыда қалаулы жауаптарды беру үрдісін өлшеу үшін
жасалған Марлоу-Краунның әлеуметтік қалау шкаласындағы балдармен
корреляцияланбады.
4. Белгілі топтар арасындағы айырмашылықтар. Белгілі бір топтар
тұжырым өлшемі бойынша өзгешеленетіні болжанғанда, жарамдылықты
тексеруші дәлелдердің бір көзі сол топтардың берген жауаптарын салыс-
тыру болады. Ричард Контрада мен әріптестері (2001) осы әдісті айқын
этностық дискриминация өлшемінің жарамдылығын сынау үшін пайда-
ланды. Респонденттерден 7 балдық шкала бойынша 1-ден (ешқашан) 7-ге
(өте жиі) дейін оларға соңғы 3 айда этностық дискриминацияның қан-
дай да бір түріне тап болғанын көрсетуді сұрады. Бір сұрақ былай болды:
«Басқалар этностық тегіңізге байланысты сізге шүйлікті ме?» Басқа бір
сұрақта: «Этностық тегіңізге байланысты басқалардың сізге артқан үміті
қаншалықты төмендеді?» Бұл өлшем Ратгерс университетінде орнатыл-
ғанда, болжанғандай, ақнәсілді емес адамдар этностық дискриминация
туралы көбірек хабарлады. (Мысалға, 5.2-қосымшадан түрлі дәлелдерді
пайдаланатын құрылым жарамдылығын тексеруді қараңыз).
Құрылым жарамдылығын тексеру қазір әлеуметтік өлшемдердің ба-
сым бөлігіне арналған жарамдылықты тексеру процедурасының моделі
деп саналғанымен, мәселелері де жоқ емес. Оның әуресі көп, әрі ауқым-
ды дәлелді талап етеді; одан да маңыздысы, ол дәйексіз немесе екіұшты
нәтижеге әкелуі мүмкін. Бір жағынан, болжам дәлелденбей тұрса, бұл
өлшемде құрылымдық жарамдылық жоғын білдіруі мүмкін. Екінші жағы-
нан, мұндай теріс дәлел теорияның өзегі, яғни мәні қате немесе талдау-
дағы басқа айнымалылардың өлшемдері жарамсыз дегенді білдіре алады.
Теориялық болжамдар негізделген болса, басқа айнымалы өлшемінің дұ-
рыстығы тексерілсе, теріс дәлел себебі құрылым жарамдылығының бол-
мауынан деп сенімді түрде айта аласыз (Zeller and Carmines, 1980).
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
197
5.2-қосымша. Феминизм шкаласына қатысты көзқарас
жарамдылығын тексеру
1970 жылдардың орта кезінде, Әйелдердің либералды қозғалысы қызған
шағында, Элиот Смит, Майра Макс Ферри мен Фредерик Миллер (1975)
феминизмге қатысты көзқарастарды өлшеу үшін 20 элементтен тұратын
шкаланы ойлап тапты. Шкаланың әр элементі феминистік немесе анти-
феминистік мәлімдемеден тұрды; мысалы, «Әйелдердің барлық істе ер-
лермен бәсекелесу құқығы бар» және «бала туудан бас тартатын әйел ері
алдындағы міндетін орындамайды». Респонденттер әр мәлімдемеге өз ке-
лісім деңгейін көрсетіп, жауап категорияларына сандар берілді, артынша
шкала бойынша балы есептеліп, 20 элементке берілген жауаптар қосылып
есептелді. Жауап категориясының сандық диапазоны 1-ден 5-ке дейін ара-
лықты қамтиды, ең жоғарғы санда профеминистің жауабы тұрды; осылай
шкаланың ықтимал ауқымы 20-дан (шектен шыққан антифеминист) 100-
ге (шектен шыққан профеминист) дейін (13.1-қосымшаға қарасаңыз, ав-
торлар шкаланы қалай жасағаны туралы түсіндірме берілген).
Онда FEM шкаласы (авторлардың есімінен құралған аббревиатура) деп
аталатын бұл өлшемді растайтын жақсы дәлел бар. FEM шкаласын жасау-
шылар оның сенімділігімен қатар, құрылым жарамдылығын Гарвард жаз-
дық мектебінің 100 студентінен алынған деректер арқылы сынады. Оған
қоса, Ройс Синглтон мен Джон Кристиансен (1977) бұл шкаланың жа-
рамдылығын респонденттердің ауқымды әрі әртүрлі іріктемесінен алын-
ған ақпаратпен бағалады. Төменде шкаланың сенімділігі мен жарамдылы-
ғының дәлелдеріне қысқаша анықтама келтірілген.
Сенімділік
Бұл екі зерттеуде 0,91 болатын ішкі сәйкестікке негізделген сенімділік ба-
ғасы алынды, әрі ол көзқарасты өлшеу үшін әбден қолайлы.
Өзара корреляция мен конвергент жарамдылық
Смит, Ферри және Миллер FEM шкаласаның жарамдылығын басқа үш
айнымалымен корреляция жүргізу арқылы сынады: Әйелдер қозғалысы-
на сәйкестігі, қозғалыстағы белсенділік және Рубин-Пеплаудың «Әділетті
әлем шкаласы» (Just World Scale) өлшемдері. Соңғы шкала бойынша жо-
ғары балдар «әлем – әділ орын және әдетте адамдар неге лайықты бол-
са, соны алады» деген сенімді білдіреді. Смит, Ферри және Миллер феми-
нистер әлемді жалпы әділ орын ретінде қарастыруы екіталай, себебі олар
әйелдерге әділетсіздік көрсетеді деп ойлайды. Күткендей, нәтижелер FEM
шкаласы бойынша балдар сәйкестік пен белсенділік өлшемімен оң, ал
«Әділетті әлем шкаласы» бағаларымен теріс корреляцияланған.
ӨЛШЕУ
198
Синглтон мен Кристиансен FEM шкаласы бойынша балдарды догма-
тизм, қаранәсілділерге қарсы наным өлшемдерімен және Әйелдер қозға-
лысымен сәйкестендіру арқылы корреляциялады. Олар догматизм, яғни
дәстүрлі көзқарастарды қабылдау үрдісі антифеминистік бағдарды қамти-
ды деп пайымдады. Оған қоса, қаранәсілділерге қатысты нанымдар анти-
феминистік көзқарастар сәйкесетін нанымның жалпы үрдісін көрсетеді.
Күткендей, жеке адамдардың FEM шкаласы бойынша балдары мен олар-
дың басқа өлшемдер бойынша балдары арасындағы корреляция ортадан
жоғары болды.
Дискриминант жарамдылық
Жоғарыда көрсетілген өлшемдерге қоса Смит, Ферри мен Миллер өз рес-
понденттеріне Роттердің І-Е шкаласын қолданды. «І-Е» ішкі-сыртқы басқа-
ру арнасын білдіреді. Жоғары «ішкі» өмірін өздері керемет басқарамыз деп
сенетін адамдар; жоғары «сыртқы» өмірін сыртқы күштер басқарады деп
сенетіндер. Феминизм екі үрдіспен де әлсіз корреляцияланады деп күтуге
негіз болғандықтан, Смит, Ферри және Миллер ішкі мен сыртқы бір шка-
ла ретінде қарастырылғанда, FEM шкаласымен корреляцияланбайды деп
болжады. Нәтижелер олардың болжамын тағы бір рет растады.
Белгілі топтардың жарамдылығы
Синглтон мен Кристиансен әйел мәселелеріне қатысты қарсы көзқарас ұс-
танған екі топтың мүшелеріне де FEM шкаласын қолданды: «Ұлттық әйел-
дер ұйымы» мен «Тартымды әйел табиғаты». «Ұлттық әйелдер ұйымы»
(NOW) әйелдер қозғалысының ең ірі әрі танымал ұйымы болды; «Тартым-
ды әйел табиғаты» – 1970 жылдардың басы мен орта кезеңіндегі антифе-
министік ұйым, олар әйелдің дәстүрлі, тәуелді рөлін жақтады. Күткендей,
бұл екі ұйым мүшелерінің FEM шкаласы бойынша балы қатты өзгешелен-
ді. Шкала дәрежесі 20-дан 100-ге дейін аралықты қамтитын естеріңізге са-
ламыз. «Ұлттық әйелдер ұйымы» мүшелерінің орта балы – 91, ал «Тартым-
ды әйел табиғаты» мүшелерінің орта балы – 51.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Жарамдылықты объективті бағалау операционал анықтама ағымдағы немесе келе-
шекте критериймен корреляцияланатын дәрежені зерттейді (критерийгеқатысты
жарамдылық), яки басқа өлшем және айнымалылармен күтілген байланысты құрай-
ды (құрылымжарамдылығы).
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
199
Сенімділік пен жарамдылық жөніндегі соңғы ескертпе
Жарамдылық пен сенімділікті бағалау процедуралары қиын, әрі күрделі
көрінуі мүмкін екені сонша – кейде тіпті зерттеушілер бұл зерттеу кезе-
ңінен өтіп кете ме деген сұрақ пайда болады.
7
Бағымызға орай, көптеген
зерттеуші жарамдылық пен сенімділік туралы жазбалар қалдырған ал-
дыңғы зерттеу өлшемдеріне жүгіне отырып, мұндай мәселе тудырмайды.
Оған қоса, зерттеушілердің аз бөлігі ғана жаңа өлшемдердің сенімділігі
мен жарамдылығын анықтау үшін бірден көп қарапайым процедуралар-
ды қолданады. Кейде өлшемді басқалар тестілейді немесе тексереді. Өзге
жағдайда жаңа өлшем енгізіледі (бәлкім, сенімділік немесе жарамды-
лықтың ең төмен дәлелімен) және жарамсыз белгілер (IQ тестіндегі орта
топтың бұрмалануы сияқты) табылғанша кеңінен пайдаланылады, ал
құрылғы қайта қаралмайды, әрі ауыстырылмайды. Осылайша жарамды-
лық пен сенімділікті бағалауға оқып білу мен зерттеуге деген талпыныс
жеткіліксіз, ол – зерттеу мен зерттеушіні қамтитын және ұзақ уақытқа
созылатын үздіксіз процесс.
Ең күрделі процестер кейбір өлшеудің өзге де мәселелерімен қатар
салыстырмалы түрде тұрақсыз және реактивтік тудыратын көзқарастар
сияқты тұжырымдамаларды операционалдау мәселелеріне жауап ретін-
де ойластырылғаны да дұрыс. Тұрақты әрі төмен реактив өлшемдер аса
қиындық тудырмайды.
Жарамдылықты арттыру мәселесіне келсек, Джеймс Дэвис (1971:
14–15) оны былайша көрсетеді: «ол [жарамдылықты тексеру] – антиэм-
пирикалық әлеуметтану саласындағы ғалымдар әлемнің не екенін білгісі
келетін қарабайыр топтарға тосқауыл бола алатын таптырмас жасырын
пана болатын пәлсапа тоғайы сияқты». Дегенмен мұндай қиындықтар
табанды әрі мінсіздікті ұнататындардың да жолын кеседі. Көп әлеуметта-
нушы үшін жарамдылықты тексеру мәселесі – өз шығармашылығын жү-
зеге асыруға берілген күрделі мүмкіндік. Ешқандай өлшем мінсіз емес, бі-
рақ өлшем кемшілігі болғаны да жақсы. Не Дэвис былай дейді: «Әлсіз өл-
шемдер эмпирикалық ақпарат дереккөзі ретінде бұлтартпас болжамнан
жоғары тұруы қажет» (15).
Түйін
Өлшеу – концептуалдау қасиеттерді көрсету үшін талдау бірліктеріне сан
немесе белгі тағайындау процесі.
Өлшеу процесі концептуалдау (тұжырымдаманы әзірлеу мен нақтылау)
мен операционалдауды (тұжырымдаманы ұсыну мақсатында айнымалы
категорияларына бірліктер тағайындау үшін қажет зерттеу процедурала-
рының сипаттамасы) қамтиды.
Жеке индикатор тұжырымдамаға толық сәйкесе бермейтіндіктен, зерт-
теушілер көбінесе бір индекс немесе шкалаға біріктіруге болатын көптік
индикаторды пайдаланады.
ӨЛШЕУ
200
Операционал анықтамалар не айнымалыны экспериментте манипуля-
циялау арқылы шығарылады, не ауызша баяндама, мінез-құлықты бақы-
лау мен архив жазбалары сияқты манипуляцияланбаған процедуралар
көмегімен құрылады.
Операционал анықтама жалпы зерттеу стратегиясында өлшенетін тұжы-
рымдамаға барынша сәйкес келу мақсатында іріктеледі.
Операционал анықтама өлшем деңгейі мен олардың сенімділігі және жа-
рамдылығы тұрғысынан сипатталған.
Өлшеу деңгейі түрлі айнымалы категорияларына тағайындалған сандар-
ды интерпретациялаудың түрлі жолы бар екенін ескертеді.
Номинал өлшеуде сан – түр айырмашылығын білдіретін белгілер.
Реттік өлшеуде түрлі сан кейбір айнымалылардағы кейстердің реттік тәр-
тібін көрсетеді.
Интервал өлшеуде сандар түрлі реттік тәртібімен қатар есептелген қа-
шықтықты да білдіретін метриканы құрайды.
Өлшеудің төмен деңгейінің барлық ерекшеліктеріне қосымша қатынас
коэффициенті абсолют нөлдік нүктені құрайды, бұл категорияларда көр-
сетілген сандар коэффициентін құруға мүмкіндік береді.
Сенімділік – операционал анықтаманың тұрақтылығы не дәйектілігі, ал
жарамдылық – операционал анықтама мен өзі өлшеуге тиіс тұжырым-
дама арасындағы сәйкес келу сапасы. Жарамды өлшемнің сенімді болуы
шарт, ал сенімді өлшем жарамды болмаса да болады.
Толықтай жарамды өлшем тек шынайы айырмашылықтарды көрсетеді,
яғни онда жүйелі және кездейсоқ қателер болмайды. Толықтай сенімді
өлшемде кездейсоқ қате болмайды, бірақ шынайы айырмашылық пен
жүйелі қате көрінеді.
Сенімділікті (1) қайта қолдану (сенімділікті сынау мен қайта сынау) мен
(2) бір өлшемдегі жауаптардың қосалқы жиынтығы (жартылай сплит
сенімділігі) арасындағы корреляцияны есептеу арқылы бағалаймыз; (3)
барлық элементтегі жауаптардың дәйектілігін тексеру арқылы (ішкі сәй-
кестік); немесе (4) бірдей өлшемді пайдаланатын түрлі бақылаушылар
мен кодтаушылар арасындағы сәйкестіктерді бақылау арқылы (интеркод-
таушы сенімділігі) бағалаймыз.
Жарамдылықты бағалауды операционал анықтаманы субъектив бағалау
арқылы, операционал анықтама мен нақты критерий арасындағы сәй-
кестікті тексеру арқылы немесе белгілі бір құрылымның операционал
анықтамасы басқа бірнеше құрылым өлшемімен корреляцияланғанынан
анықтаймыз.
Субъектив жарамдылықты тексеру операционал анықтаманың жарамды-
лығын (шартты жарамдылық) немесе ол тұжырымдама доменін орынды
көрсетіп тұруына қатысты пайымдауларды қамтиды (мазмұн жарамды-
лығы).
Критерийге байланысты жарамдылықты тексеру мінез-құлық критери-
йі бойынша анықталған адамның ағымдағы немесе болашақ жағдайын
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
201
анықтау үшін жасалған өлшемдерге (немесе тестілерге) қолданылады.
Өлшем шешім қабылдаудың практикалық құралына айналған кезде ба-
ғалау аса маңызды.
Кұрылым жарамдылығын тексеру жинақталған ғылыми дәлелдерге негіз-
деледі, оның ішінде белгілі топтар арасындағы өлшеніп жатқан сипатта-
малар бойынша айырмашылық пен бір тұжырымдаманың түрлі өлшемі
(конвергент жарамдылық) мен түрленуге тиіс тұжырымдама өлшеміне
(дискриминант жарамдылығы) байланысты корреляция бар.
Тірек сөздер
Концептуалдау Реактивті өлшеу қатесі
Операционалдау Әлеуметтік қалау әсері
Индикатор Кездейсоқ өлшеу қатесі
Ауызша баяндама (өз-өзіне есеп беру) Сенімділікті сынау мен қайта сынау
Индекс/шкала Жартылай сплит сенімділігі
Өлшеу деңгейі Ішкі сәйкестік сенімділігі
Номинал Интеркодтаушы сенімділік
Реттік Субъектив жарамдылықты тексеру
Интервал Шартты жарамдылық
Коэффициент Мазмұн жарамдылығы
Түпкілікті
Бірін-бірі жоққа шығарушы
Критерийге қатысты жарамдылықты
тексеру
Сенімділік Құрылым жарамдылығын тексеру
Жарамдылық Конвергент жарамдылық
Жүйелі өлшеу қатесі Дискриминант жарамдылық
Тапсырмалар
1. Әлеуметтік ғылыми журналдан төменде көрсетілген тұжырымдаманың бірі
тәуелсіз немесе тәуелді айнымалы ретінде қарастырылатын эмпирикалық зерт-
теу туралы ақпарат беретін мақала табыңыз. Зерттеушілер тұжырымдаманың
теориялық анықтамасын ұсына ма? Зерттеушілердің операционал анықтамасы
не? Операционал анықтаманың дереккөзі қандай (жеке баяндама, бақылау не-
месе жазба)?
Жаттану Либерализм/консерватизм
Қылмыстан қорқу Саяси қатыстылық
Топтық ұйымдасу (немесе бірігу) Нәсілдік нанымдар
2. Бірінші тарауда альтруизм тақырыбын қарастырған болатынбыз. «Альтруизм»
өзіне ешқандай алғыс күтпестен басқаларға пайдалы болу ниетімен түсінді-
рілетін көмек беруші мінез-құлыққа жатады. Көмек беруші мінез-құлық басқа
адамға пайдасын тигізеді немесе оның дәулетін арттырады. Кампус зерттеуін
ӨЛШЕУ
202
жүргізейін деп жатсыз дейік, альтруистік мінез-құлықты қалай операционалдай-
сыз? Кем дегенде, екі индикатордан мысал келтіріңіз.
3. Төмендегі айнымалылардың әрқайсысының өлшеу деңгейін көрсетіңіз.
а.
Қылмыстық істің ауырлығы: сот қызметкері құқықбұзушылықты
ең ауырынан ең жеңіліне дейінгі аралықта бағалауы арқылы өлше-
неді.
ә.
Саяси белсенділік: адам қатысатын саяси белсенділіктің жалпы са-
нымен өлшенеді.
б.
Этностық топқа мүшелік: респонденттердің мына категориялар-
дың бірін белгілеуі арқылы өлшенеді: қаранәсілділер, латынамери-
калық, шығыстық, кавказдық және басқалары.
в.
Білім деңгейі: респонденттердің төмендегі категориялардың бірін
белгілеуі арқылы өлшенеді, олар: 8-сынып немесе одан төмен; 9–11
жыл; мектеп түлегі; бірнеше колледж; колледж түлегі.
г. Көзқарасты немесе пікірді өлшейтін элемент төмендегі жауап фор-
матын пайдаланады: толықтай келісемін, келісемін, шеше алма-
дым, келіспеймін, мүлдем келіспеймін.
4. Зерттеу әдістері бойынша сынып мүшелеріне осы тарау бойынша сынақ
берілді дейік. Сынақ оқушылардың осы тарау материалы бойынша білімін өл-
шеу үшін жасалған деп ойлап, сынақ балдарын жиынтықтағы өлшеу қатесінің
(не жүйелі қате, не кездейсоқ қате) үш ықтимал бастауын сипаттаңыз. Әр қате
бастауының жарамдылыққа, сенімділікке немесе екеуін де өлшеуге ықпалын тү-
сіндіріңіз.
5. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық пен балаларға деген қатігездікті зерттеген
көптеген зерттеудегі мәселелердің бірі – олардың жеке баяндамаларға сүйенгені.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық әлеуметтік қудалауға ұшырайтын және қылмыс-
тық жазаға тартылуы мүмкін болғандықтан, адамдарда зомбылық жасау туралы
деректі азайтып көрсетуі мүмкін. Бұл өлшеудің қандай қатесін (кездейсоқ неме-
се жүйелі) білдіреді? Бұл жеке баяндама өлшемінің сенімділігі мен жарамдылы-
ғына қалай әсер етеді?
6. Төменде кампустағы альтруизмді зерттеу үшін сіз қарастыратын үш бөлік
келтірілген (2-сұраққа қараңыз). Біріншіден, өз жеке пайымдауыңызды қолда-
нып және барлық өлшем қатенің кейбір дәрежелеріне бейім екенін ескере оты-
рып, әр элементтің жарамдылығын бағалаңыз; яғни бөлік неліктен альтруизмнің
жарамды немесе жарамсыз өлшемі деп ойлайтыныңызды көрсетіңіз. Екіншіден,
альтруизмнің құрама өлшемін жасап жатырсыз дейік, онда сіз респонденттерден
өткен жылда түрлі альтруистік әрекеттерге қатысқанын сұрайсыз (төменде көр-
сетілген ықтимал элементтерден өзгелері қайырымдылыққа қаржы бөлгеніне,
бейтаныс кісінің заттарын көтеріскеніне және үйсіз-күйсіздерге тамақ немесе
ақша бергеніне қатысты сұрақтарды қамтиды). Өз құрама өлшеміңіздің сенімді-
лігі мен жарамдылығын қалай бағалар едіңіз?
а. Қан тапсырып көргенсіз бе?
ә. Біреуге жиналуға немесе көшуге көмектескенсіз бе?
б. Өзіңізге туыстық қатысы жоқ балаға «аға» немесе «әпке» болып
көрдіңіз бе?
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
203
Сілтемелер
1. Кейде техникалық тұрғыда «цифр» сөзі орынды болатын тұста, «сан» сө-
зін қолданамыз. (Былайша айтсақ, сандар – абстракт тұжырымдама (2
саны сияқты), ал цифр – тұжырымдаманы ұсыну үшін пайдаланылатын
толқынды сызықтар. Өлшеудің номинал деңгейінде цифр сан тұжырым-
дамасын ұсынбайды, одан гөрі кодтау мақсаты үшін категорияға еркін
белгіленеді.
2. Дегенмен лайықты статистикалық әдісті таңдау әрдайым оңайға соқпай-
ды, себебі нағыз өлшем өлшеудің екі деңгейінің арасында жатуы мүмкін.
Мысалы, біреу білім беру дәрежесін (оқу жылдарын) реттік шкаладан аса-
тын, бірақ интервал шкала деңгейіне жетпейтін көбірек ақпарат беру деп
ойлауы мүмкін.
3. Терминология көрсеткендей, сенімділікті анықтау процедурасының ба-
сым бөлігі психологиялық тестілеумен байланыста жасалған.
4. ДеВит, Криди және Сиуорд (2013) ішкі бағалаушының сенімділігін есеп-
теу үшін Кохеннің каппа коэффициентін пайдаланды. Каппа қарапайым
пайыздық келісімге қарағанда жақсырақ өлшем деп есептелді, себебі ол
кездейсоқ болуы мүмкін келісімді де ескереді.
5. Зерттеулер көрсеткендей, бір ғана сұрақ қолданылса, онда респондент-
тердің туған жылын сұраған жөн. Алайда мүмкіндігінше нақты өлшем алу
жолы – туған жылы мен соңғы туған күніндегі жасын сұрап, екеуін салыс-
тырып, кез келген сәйкессіздіктен хабардар болу (Sudman and Bradburn,
1982).
6. Көріп тұрғаныңыздай, бұл процесс жалпы гипотезаларды сынауға ұқсай-
ды. Анығында, құрылым жарамдылығын тексеру «жай ғана [өлшем] жа-
рамдылықты тексеру мәселесі емес. [Өлшемнің] негізінде жатқан теория-
ны тексеруге тырысуға тиіс» (Kelinger, 1973: 461).
7. Жоғарыда келтірілген сенімділік пен жарамдылық туралы талқылау бұл
тұжырымдамалардың әлеуметтік ғылымдардағы қолданылуын шешпей-
ді. Ол терминдер операционал анықтаманың қисындығын бағалаумен
қатар, ғылыми зерттеудің өзге де аспектісін бағалауда пайдаланылады.
Мысалы, «жарамдылық» термині зерттеу жоспарының қисындылығына
қатысты қолданылады (жетінші мен сегізінші тарау). «Сенімділік» тұ-
жырымдамасы іріктеме сапасын бағалауда жиі қолданылады (алтыншы
тарау).
ӨЛШЕУ
204
Алтыншы тарау
Іріктеу
Аңғарсақ та, аңғармасақ та іріктеу – күйбең тіршілігіміздің бір бөлігі.
Айталық, қандай да бір мейрамхана желісінің біріне кіріп тамақтанған
кісі мейрамханалардың бәрінің тағамы дәмсіз, қызмет көрсету сапасы
төмен деп бағамдауы мүмкін. Студенттер белгілі бір курста оқу туралы
шешім қабылдар алдында бұл курсты өзінен бұрын тәмамдаған достары-
ның пікіріне құлақ асуы ықтимал. Нью-Йорктің бірнеше тұрғынын көріп,
«Нью-Йорк жұрты қайсар әрі өнебойы тұнған агрессия» деп ой түюі де
ғажап емес. Бұл мысалдардың әрқайсысында жалпы объектілер класы
туралы қорытындылар сол объектілердің қосалқы топтарын бақылау нә-
тижесінде алынған. Мысалдар жанама түрде іріктеудің негізгі идеясын
қамтиды:
1. Осыған ұқсас объект немесе оқиғалардың жалпы класы (әдетте
негізгі жиынтық деп аталады) туралы білім немесе ақпарат із-
дейміз.
2. Солардың (іріктеменің) бірнешеуін бақылаймыз.
3. Алынған нәтижелерді тұтас кластың сипаты ретінде қабылдаймыз
(Stephan and McCarthy, 1958: 22).
Іріктеу принципі қарапайым болып көрінгенімен, іс жүзінде қолдан-
ғанда күрделі болуы мүмкін. Ықтимал нұсқалардың бірнешеуін қарасты-
райық. Мейман мейрамханаға бас аспаз қызметінен кетіп, оның орнын
амалсыздан даяшы алмастырған күні келген шығар. Не болмаса ол тізім-
дегі ең нашар франшизаға тап болуы да мүмкін. Студент болса, аталмыш
курсты өткен оң пікірдегі өзге студенттерге емес, ойлары бір жерден шы-
ғатын достарының кеңесіне жүгінуі мүмкін. Ең ақыры Нью-Йорк жұр-
ты сияқты адам топтарының сипаттамалары сондай топтардың көбіне
қолдануға жарай бермейді. Кездейсоқ жүргізілген осындай бақылаудан
алынған мұндай жалпылау қате. Өйткені ол қисынсыз іріктемеден алын-
ған ақпаратқа арқа сүйейді. Бұл тарауда толымсыз ақпаратты жалпылау
қауіп-қатерін азайтуды көздеген бірнеше қатаң әрі қарапайым техника-
ны қарастырамыз.
Бесінші тарауда айнымалыны өлшеуді талқыладық. Зерттеушілер на-
ғыз өлшемдерге жүгінбестен бұрын, тиісті бірлік (немесе кейс) жинағын
іріктеуі керек. Кейс жинағын іріктеу барысында бірнеше өзекті сұрақ
205
туындайды. Бұл сұрақтардың алғашқысы төртінші тарауда қарастырыл-
ған: «Талдау бірлігі деген не? жеке адам ба, әлде ерлі-зайыптылар ма,
мүмкін газет мақаласы не қала шығар?» Мұның жауабы зерттеуші нені
сипаттап, салыстыруға ұмтылатынын анықтайтын сұраққа байланысты
екенін есіңізге саламыз. Осылайша халықтың сауаты мен экономикалық
дамуы арасындағы өзара байланысты зерттеу елді бірлік ретінде қарас-
тырады: көп жыл бойы ізденудің нанымға ықпалын зерттеу жеке адам-
дарға қатысты болады. Аталмыш тарауда бірліктің қай түрі зерттелетіні
жөніндегі шешімге бұдан әрі тоқталмаймыз, өйткені қажет бірлік түрі
анықталған деп есептейміз. Мұнда негізгі бағдар – нақты сипаттама-
ның қанша бірлігін қандай әдіспен таңдау керек екенін анықтау. Алай-
да мәселенің әрқайсысына тоқталмастан бұрын, күнделікті тіршіліктегі
сияқты, әлеуметтік зерттеулердегі іріктеу шешімінің практикалық қа-
жеттігін көрсете алатын бірнеше себепті қарастырайық.
Іріктеме не үшін керек?
Ғалымдар оқиғалардың тұтас тізбегіне қолдануға болатын барынша ау-
қымды жалпылау жасауға тырысады. Дегенмен барлық оқиғаны бақылау
мүмкін емес. Физикалық ғылымдарда зерттелетін элементтер табиғаты
бұл мәселені жеңілдетеді. Нақты физикалық және химиялық элемент-
тер ұқсас қасиеттері бойынша біртекті немесе соған жуық деп болжа-
нады. Бір немесе одан көп кейстің кез келген іріктемесі жеткілікті: су-
тегі, дистилденген су не нитроглицирин бар шыны түтіктің басқасынан
айырмашылығы жоқ. Дегенмен физикалық ғылымдардан биологиялық
және әлеуметтік ғылымдарға ойысқанда біртектілік туралы мұндай бол-
жамдар жасаудың қауіп-қатері арта түседі. Адамдар және өзге әлеуметтік
объектілер барлық дерлік қасиеті бойынша өзгешеленетіндіктен, кез
келген бір кейсті зерттеу жалпылауға негіз бола алмайды. Кейстердің әр-
тектілігі негізгі жиынтықтағы вариация диапазонының бақылау ірікте-
месінде орынды көрсетілуі үшін егжей-тегжейлі дайындалған процедура-
ларды талап етеді.
Негізгі жиынтықтағы өзгермелікті орынды көрсеткеннен бөлек, прак-
тикалық ой әдетте іріктеуді де талап етеді. Зерттеушілер көбіне белгілі
бір әлеуметтік топ немесе негізгі жиынтықтың жете зерттеуге келмейтін
көлемі, уақыты, шығыны немесе қолжетімсіз ақпараты туралы білгісі ке-
леді. Шынында, зерттеуші қорытындыларын кем дәрежеде анықталған
аз ғана кейс жиынтығынан шығарғысы келмесе немесе уақыт не қаржы
тапшы болмаса, іріктеу әбден қажет болады.
Сауалнама зерттеуі стандарттары бойынша салыстырмалы түрде
шағын болып есептелетін 20 000 студент оқитын университеттің бәрін
қамту үшін қыруар уақыт немесе көп сұхбат алушы қажет болады. Де-
генмен уақыт – шешуші фактордың бірі. Дерек жинауға ұзақ уақыт кетсе,
ІРІКТЕУ
206
ақпарат толығымен жиналғанша ағымдағы мәселелерге қатысты көзқа-
рас немесе сайлаушылар қалауы сияқты кейбір деректер ескіруі мүмкін.
Оның үстіне зерттеуден кейін сұхбаттасқан адамдардың жауабын оған
дейін сұхбат берген адамдардың жауабымен салыстыруға болмайды.
Сұхбаттың соңғы легіне қатысушыларға ағымдағы оқиғалар әсер етіп,
кейінірек жауап беретіндерге сауалнама туралы сыбыстар мен қауесет те
ықпал етуі ықтимал. Сұхбат алушылар саны тым көп болса, ол да қиын-
дық тудырады. Бұл зерттеуге жұмсалатын жалпы шығынды арттырады;
сұхбат алушыларды тиісті деңгейде даярлау мен оларды басқару да қиын-
дайды; сонымен қатар біліктілігі төмен сұхбат алушыларды жұмысқа қа-
былдап, нәтижесінде ақпарат дәлдігіне кері әсер етуі мүмкін.
Кейінгі бөлік бойынша іріктеудің үшінші себебін анықтап аламыз. Бір
қызығы, әсіресе үлкен жиынтықты зерттегенде, кейстердің бәрін басқа-
руға талпынғаннан гөрі, оны егжей-тегжейлі сұрыпталған бақылау ірік-
темесі дәлірек сипаттайды. Мұның бір себебі – іріктемеде жоспарлау мен
бақылау логистикасын басқару жеңіл. Сұхбат немесе анкета дизайнын
құру, табыла бермейтін респонденттерді іздеуге және сұхбат алатын ма-
мандарды жұмысқа алу, дайындау және оларды тексеруге баса назар ау-
дарған жөн. Бұл жинақталатын дерек сапасын арттырады.
Мысал ретінде әр 10 жыл сайын жүргізілетін АҚШ-тағы жалпы халық-
тық санақты алайық. Санақ – маңызды әрі ауқымды шара. 2010 жылғы
санақ 308,7 миллион адамды қамтыды. Жинақтау, өңдеу және ұсынуға
(деректер базасы мен жарияланым) жұмсалған шығын 14,7 млрд дол-
ларға бағаланды. Санақ бюросы санақ формасын электрондық поштаға
санақ парағын жібермеген адамдарды іздеп табу үшін 565 мыңға жуық
сұхбат алушы жалдады (Williams, 2012). Қаншама күш-жігерді сарп
етудің нәтижесінде алынған 2010 жылғы санақ тарихтағы ең дәл санақ
болып саналады. Соның өзінде Санақ бюросы 16 млн олқылықты анық-
тады. Оның ішінде санаққа кірмей қалған адамдар немесе берген жауа-
бы толық болмағандықтан анықталмағандар бар. Бағалауға сүйенсек,
бірнеше категориялар бойынша санаққа енбегендер бар. Мәселен, пәтер
жалдаушылар, кәмелетке толмаған балалар және аз ұлттар, олардың қа-
тарында 1,5 миллион қаранәсілді америкалық және латынамерикалық-
тарды айтсақ болады (U.S. Census Bureau, 2012). Джеймс Глейк (1990: 22)
1990 жылғы санақ туралы: «Тым көп есікті қағу керек болды... баспана-
сы жоқтар да жетерлік... бірігуден бас тартқандар да [және өте жоғары
деңгейде] болды» деген еді. Іріктемеде бұл кедергілерді еңсеру оңай.
Сондықтан 60 000 отбасына жүргізілген Қазіргі халық туралы сауална-
ма (СРS) сияқты, кейбір іріктеме сауалнама деректері халық санағымен
салыстырғанда көп мақсат үшін дәлірек болып саналады. Санақтан кейін
жүргізілетін іріктеме сауалнамасы санақ дәлдігін анықтау және санаққа
статистикалық түзетулер енгізу үшін қолданылады. Дәлдікті арттырып,
шығынды азайту үшін статист мамандар санақтың орнына ауқымды ірік-
темені қамтитын сауалнама жүргізуді ұсынады.
1
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
207
Айта кететін бір жайт, ауқымды негізгі жиынтық жағдайында іріктеме
барлық негізгі жиынтыққа сауалнама жүргізгеннен гөрі дәлірек ақпарат
береді деп болжауға болады. Алайда іріктеу асқан дәлдікті көздеуі шарт
емес. Сондай-ақ егжей-тегжейлі сұрыпталған іріктеме – дәл ақпарат алу-
дың тиімді жолы. Оның маңызы сайлаудан кейінгі күні бірден білінеді.
Үлкен ақпарат таратушы желілердің санақ аяқталғанға дейінгі сайлау нә-
тижелерін болжаудағы дәлдігіне назар аударыңыздар. Қоғамдық пікірді
анықтаушы сарапшылар іріктеу процедурасын мұқият жүргізгеннен
кейін ғана мұндай дәлдікке жетуге болады (алайда сауалнама 6.1-қосым-
шада көрсетілгендей дәл бола бермейді).
Негізгі жиынтық анықтамасы
Талдау бірлігін анықтап алғаннан кейін іріктеудің бірінші міндеті – негізгі
жиынтық пайызын анықтау, яғни жиынтықты құрайтын бірліктің нақты
жинағын сипаттау. Әлеуметтанушы Кеннет Бейлидің айтуынша (1982:
86), тәжірибелі зерттеуші іріктемені сұрыптамас бұрын негізгі жиын-
тық туралы толық түсінік қалыптастырып алады, осылайша жоғарыдан
(негізгі жиынтықтан) төменге (іріктемеге) жылжиды. «Ал жас зерттеуші-
лер көбіне төменнен жоғарыға өтеді». Зерттегісі келетін негізгі жиынтық-
ты көрсетудің орнына алдын ала анықталған ыңғайлы кейстер көлемін
сұрыптап, іріктеме негізгі жиынтық пайызына сәйкес келеді деп бол-
жайды. Сенбі күні сауда орталығына келгендердің «кездейсоқ» тобынан
тұратын іріктемесін қарастырайық. Аталған іріктемеден нені байқауға
болады? Бұлай анықтау мүмкін емес. Бұл қоршаған ортадағы адамдарды
репрезентативті сипаттамайды. Біріншіден, демалыс күні сауда орталы-
ғына жұмыс күндері қызметте болып, демалуға келген адамдардың саны
зейнеткерлер мен жұмыссыздардан артық болуы мүмкін. Ал сауда ойын-
сауық орталығы қымбат болса, іріктеме, негізінен, келушілердің қаржы-
лық әлеуетіне байланысты болады. Қалай да бұл іріктеме дерек жиналған
сенбі күні күндіз сауда орталығына келген сатып алушыларды көрсетеді.
Оның үстіне негізгі жиынтықты бұлайша бұйығы анықтау зерттеушіні
қызықтырмасы анық.
6.1-қосымша. Сауалнама іріктеуіндегі қате дереккөз: саяси болжам
жасаудағы екі үлкен сәтсіздік
АҚШ-та әр төрт жылда бір қоғамдық пікір сауалнамасының дәлдігі тек-
серіледі. Бұл не үшін керек? Іріктеме бағалауының жарамдылығын баға-
лайтын сыртқы критерийлері жоқ сауалнамалардың басым бөлігіне қа-
рағанда, сайлауға дейінгі сауалнама болжамдарын сайлаудың ақырғы нә-
тижесі бойынша саралауға болады (Martin, Traugott, and Kennedy, 2005).
ІРІКТЕУ
208
Іріктемеге сүйенген сауалнама нәтижені мінсіз болжайды деуге келмес,
алайда іріктеменің кездейсоқ екенін ескерсек, күтілген көрсеткіштер
іріктеменің ықтимал ауытқу шегінде болуға тиіс. Осыны ескере оты-
рып, әлеуметтанушылар сауалнама дәлдігін бағалаудың түрлі әдісін ой-
лап тапты (қараңыз: Martin, Traugott, and Kennedy, 2005). Бұл талдаулар
сауалнаманың көбінің сәтті өткенін көрсетеді, ал болжам көрсеткіштер
ауытқудың ықтимал шегінен пайыздық көрсеткіш бойынша елеусіз ғана
қателескенін көрсетеді. 2008 жылы сайлаудан кейін бірнеше күн бойы
жүргізілген ақырғы 19 сауалнамада Барак Обама президент сайлауын-
да 5–11% артық дауыс жинап, жеңген; Обаманың іс жүзіндегі жеңіс шегі
7%-ды құрады. Дегенмен сайлау сауалнамалары әрқашан дәл болмаған,
оны сауалнама іріктемесінің жылдық жазбаларынан алынған даулы екі
мысалдан көре аламыз.
Бәлкім, сауалнаманың ең масқара болған тұсы 1936 жылғы президент
сайлауында, Literary Digest журналы Альфред Лэндон 57 мен 43% аралы-
ғындағы көрсеткішпен Франклин Рузвельтті ойсырата жеңеді деп болжа-
ған кезде орнаған болар. Ол кезде Literary Digest қоғамдық мәселелерге
қатысты сауалнамалар және 1920 жылдан бастап әр жылдардағы прези-
дент сайлауы жеңімпазын болжауымен аты шыққан басылым еді. Басы-
лымның 1932 жылғы сауалнамасының қатесі 2%-дан төмен болды. Ал
1936 жылғы сайлауда тіптен мүлт кетті. Ол неден қателесті? Digest-тің ірік-
темесі ауқымды болды, 2 миллионнан астам адамға сауалнама жүргізді.
Шынында, бұл қазіргі стандарттармен салыстырғанда өте ауқымды.
2008 жылы 130 миллионнан астам сайлаушының дауыс берудегімінез-
құлқын нақты болжауға небәрі 2 000–3 000 адамды қамтыған іріктеме
жеткілікті болған.
Literary Digest сауалнамасының сәтсіздікке ұшырауының негізгі екі
себебі бар. Біріншіден, қамту мәселесінде іріктемені сұрыптау тәсілін-
де қателік болған. Digest сауалнаманы миллиондаған адамның поштасы-
на бюллетень жіберу арқылы өткізді. Адамдардың аты-жөні, мекенжайы
түрлі дереккөзден алынды: телефон кітапшалары, автокөлік тіркеу тізім-
дері және Digest жазылушылары. Дереккөздер телефон мен автокөлік алуға
жағдайы жетпейтін адамдарды қамтымағандықтан, іріктеме америкалық
сайлаушыларға репрезентативті бола алмады. 1936 жылға дейін бай мен
кедейдің берген жауаптары ұқсас болғандықтан, кедей жиынтыққа қатыс-
ты мұндай бұрмалау болжамдарға көп әсерін тигізбеген еді. Алайда 1936
жылы байлар, ойлағанымыздай, Лэндонға, ал кедейлердің басым бөлігі
Рузвельтке дауыс берді. Digest-тің бастапқы іріктемесінде жіберілген бұр-
малаудың себебінен осындай қателік болды.
Digest сауалнамасындағы екінші түйткіл жауапсыз қалғаннан бұрмала-
ну деп аталады. Кез келген сауалнамада сұрыпталған іріктеменің жауап
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
209
бермеген немесе хабарласа алмаған белгілі бір пайыздық үлесі болады.
Зерттеулер жауап бермегендер жауап берген респонденттерден айтарлық-
тай өзгешеленетінін көрсетті. Айталық төменгі тап пен жоғарғы тап өкіл-
дерінің сауалнама немесе жеке сұхбаттарға жауап беру ықтималдығы орта
тап өкілдерімен салыстырғанда аз. Респонденттердің зерттеу тақырыбына
ықыласы респондент еместерге, яғни зерттеуге қатыспағандарға қараған-
да жоғары болуы мүмкін. Digest ықтимал сайлаушыларға 10 млн іріктеме
бюллетень жібергенімен, болжаммен 2,4 млн жауапқа сүйенген. Певерилл
Сквайрдің пікірінше, (1988) жауаптың төмен деңгейінен және жауапсыз
қалғаннан бұрмалану әсерінен 1936 жылғы сауалнамада едәуір қателік-
тер орын алған. Сайлауға қатысты Рузвельт жақтаушыларына қарағанда,
өздеріне сенген Рузвельтке қарсы аз ғана топ Digest сауалнамасына жауап
қатқан.
Сауалнама тарихындағы екінші үлкен қателік 1948 жылы болды, ол
олқылық «Томас Э. Дьюи президент болып сайланған жыл» деп те атала-
ды. 1948 жылғы кампанияны қамтыған негізгі үш сауалнаманың (Гэллап,
Кроссли және Рупер) үшеуінде де Дьюи 50% немесе одан да көп дауыспен
жеңеді деп болжанған, алайда ол 45%-дан астам ғана дауыс жинады. Бұ-
ған бірнеше фактордың үстемеленуі себеп болды. Біріншіден, сауалнама
жүріп жатқанда сайлауда кімге дауыс бергісі келетінін анық білмейтін-
дердің көбі Труманды жақтады. 1948 жылғы сауалнаманы сынаушылар
іріктеменің сұрыпталу әдісі де болжамның қате болуының бір себебі дейді.
Ол кезде сауалнама жүргізушілер «квоталық іріктеу» деп аталын проце-
дураны қолданды. Квоталық іріктеуде негізгі жиынтық қосалқы топтарға
(мысалы, ер мен әйел, қаранәсілділер мен ақнәсілділер) бөлінеді және сұх-
бат алушыларға сауалнамаға әр қосалқы топтан алатын адамдардың белгі-
ленген квотасы беріледі. Мысалы, сұхбат алушыға 40 жасқа дейінгі үш ер
адамнан және 40-тан асқан төрт ер адамнан, сол сияқты 40 жасқа дейінгі
және 40-тан асқан төрт әйел адамнан сұхбат алу тапсырылады. Квота ірік-
теменің дауыс беруші негізгі жиынтықтың дауыс беру кезіндегі әрекетіне
әсер ететін маңызды сипаттамалар бойынша репрезентативті болатыны-
на кепіл болуына қарай анықталады. Бұл әдістің бір кемшілігі – квота тео-
риялық сипатта; ол дауыс беруші негізгі жиынтықтың сайлау алдындағы
репрезентатив іріктемені жасаудың жанама жолы. Алайда дауыс беруші-
лердің демографиялық сипаттамалары сайлау өткенге дейін айқын бол-
майды. Ендігі бір мәселе – белгіленген квота шеңберінде кез келген адам-
ды еркін таңдай алатын сұхбат алушыларда сұрыптау бұрмалануы мүмкін.
Шынтуайтында, Гэллап пен Кросслидің 1936–1948 жылдар аралығында-
ғы квоталық іріктемеге негізделген сауалнамасының нәтижелері сұхбат
алушылар үнемі республикашылдарды таңдайтынын көрсетті (D. Katz,
1949). Сауалнамада республикашыларға қаншалық бүйрегі бұрғанымен,
ІРІКТЕУ
210
демократияшылдардың атынан шыққан үміткер Рузвельттің 1936, 1940
және 1944 жылдарда айтарлықтай басымдығы анық көрініп, Гэллап пен
Кроссли жеңімпаздың кім боларын дұрыс болжады. Алайда бұл 1948 жыл-
ғы иық тірескен тең сайлау үшін бұл тым көп болды.
Негізгі жиынтықты анықтау – екі кезеңнен тұратын процесс. Бірінші-
ден, мақсатты жиынтықты, яғни зерттеуші нәтижені жалпылағысы
келетін жиынтықты анықтап алу қажет. Мақсатты жиынтықты анық-
тау үшін зерттеуші негізгі жиынтыққа қандай кейстер кіретінін немесе
қандай кейстер кірмейтінін анықтайтын критерийлерді айқындап алуға
тиіс. Критерийлер бірлік түрі мен зерттеу сұрағына тәуелді. Жеке адам
үшін әдетте тұрғылықты жері, жынысы, ұлты, жұмысы және жасы сияқ-
ты сұрыпталған демографиялық айнымалылар комбинациясы қолданы-
лады (Sudman, 1976: 12). Мәселен, Стивен Айнлай, Ройс Синглтон және
Виктория Свигерт (1992: 179–80) қартаю және дін туралы зерттеуінде
мақсатты жиынтықты «Массачусетс штаты, Вустер қаласының қоғамдық
институттарына өкіл емес 65 жастағы және одан егде тұрғындары» деп
көрсетті.
Қосымша сабаққа қатысу мен оқу үлгерімі арасындағы байланысты
анықтау үшін Ұлттық білім берудің ұзақмерзімді зерттеуі (ҰБҰЗ) аясын-
да Беккет Брох (2002) жүзеге асырған базалық 1988 жылдағы мақсатты
жиынтық «Колумбия аймағы және елу штаттағы 8-сынып оқушыларын
қамтыған барлық мемлекеттік және жекеменшік мектептерге» тіркелген
оқушылардан тұрды (Spencer et al., 1990: 6). Зерттеушілер көрсеткендей,
бұл анықтама бірқатар прагматикалық пікірді ескере отырып нақтылан-
ған:
Кірмейтін мекемелер... Үндістер ісі бойынша бюро (ҮІББ) мектеп-
тері, ақыл-есі кем балаларға арналған оқу орындары, оқушыларды
тікелей қабылдамайтын аудандық кәсіби-техникалық училищелер
және АҚШ-тың шетелдерде жұмыс істеп жүрген қызметкерлеріне
арналған мектептер. Сауалнамаға ақыл-есі кем, сауалнаманың ма-
териалын (әсіресе когнитивтік тестілерді) түсінетіндей ағылшын
тілін жетік білмейтін, сондай-ақ сауалнама талаптарына сай кел-
мейтіндей физикалық және эмоциялық қиындықтары бар оқушы-
лар қатыстырылмады. (6)
Бірлік ретінде топ немесе ұйым қарастырылса, онда мүшелері неме-
се қызметкерлері санымен өлшенетін ұйымның түрі мен көлемі көр-
сетіледі. Мысалы, жүктілік пен бала күтіміне байланысты демалыс беру
саясатына ықпал ететін факторларды зерттеу үшін Эрин Келли мен
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
211
Фрэнк Доббин (1999) жиынтықты 50 немесе одан көп қызметкері бар қо-
ғамдық, коммерциялық емес және жеке секторлы мекеме деген үш штат-
пен шектеді: Калифорния, Нью-Джерси және Вирджиния. Отбасын зерт-
тегенде сондай-ақ бірегей анықтау критерийлері қолданылады, мысалы,
баласы болуы немесе болмауы, бала саны, толық немесе толыққанды
емес отбасылар. Қандай критерий жинағын қолдану зерттеушінің мақ-
сатына байланысты.
Мақсатты жиынтықты әрдайым жасырын немесе айқын анықтайтын
екі негізгі сипаттама – географиялық және уақыттық референттер. Жо-
ғарыда келтірілген мақсатты жиынтықтың әр мысалдың айқын саяси не-
месе географиялық шекарасы бар (Вустер қаласы, АҚШ, үш штат) және
олардың әрқайсысының айрықша уақыт шегі бар (1989, 1987–1988 ака-
демиялық жыл, 1986).
Бұдан соң зерттеушілер мақсатты жиынтықты анықтаудың жолын та-
буға тиіс. Бұл негізгі жиынтық анықтамасының «іріктеме шегін құру» деп
аталатын екінші кезеңін қамтиды. Іріктеме шегі іріктеме сұрыпталған
барлық кейс жинағын білдіреді. Бұл термин шатастыруы мүмкін, сондық-
тан іріктеме шегі іріктеме емес екеніне мән беріңіз; ол – іріктеуге негіз
болатын негізгі жиынтықтың операционал анықтамасы.
Логикадағы жинақты (немесе жиынтықтың шағын топтарын) анық-
тауға сай келетін іріктеу шегін құрудың екі жолы бар: (1) барлық кейсті
тізімдеу мен (2) мүше болуды анықтайтын ережелер ұсыну. Мысалы,
қалалық телефон желісі бойынша сауалнамада іріктеу шегі қалалық те-
лефон кітапшасынан (тізімдеу) немесе белгілі бір телефон коммутато-
рындағы телефон нөмірінің барлық жинағынан тұруы мүмкін (ереже).
Сауалнама арқылы зерттеудегі іріктеме шегін орнатуда көбіне не жалпы
жиынтықты не жиынтық ішіндегі қосалқы топтарды, яғни орынды тізім
жасауға болады. Алайда тізімдеуге әрдайым мүмкіндік бола бермейді не-
месе кейде тиімсіз болуы ықтимал. Кейстер анықталғанша, әдетте кейс-
терді табатын және сұрыптайтын ережелер процедурасы ойластырылуы
мүмкін. Психиатриялық ауруханадағы емделушілердің мінез-құлқын ба-
қылағыңыз келді делік. Барлық әрекет аяқталмай тұрып оларды тізімдеу
мүмкін емес. Алайда мекеме ішіндегі барлық іс-әрекет арнайы бір орын,
күн және бір сәтте болатынын ескерсек, кейсті сұрыптау және анықтау
үшін үшөлшемді ережеге (орын, уақыт және күн) сүйенеміз. Осы сияқты
сіз рок-концертке келген адамдардан сұхбат алғыңыз келсе, барлығы кон-
цертке белгілі уақытта келуге тиіс болғандықтан, сізге келер уақытына
негізделген ереже орнатуға мүмкіндік береді.
Зерттеуші іріктеме шегі мен мақсатты жиынтық бірегей болады деп
үміттенеді. Өкінішке қарай, бұл әдетте географиялық тұрғыдан тығыз
шоғырландырылған кішігірім жиынтықтарда ғана жүзеге асады. Көбіне
мақсатты жиынтықтың нақты тізімін жасау мүмкін емес немесе тиімсіз
ІРІКТЕУ
212
болғандықтан, қолда бар тізімдерге иек артқан жөн; ондай тізім, әл-
бетте, толық бола бермейді. Жас пен дінді зерттеу үшін іріктеме шегі
Вустер қаласының 1989 жылғы санағын қамтыды, онда есімдері, мекен-
жайы мен туу жылдары көрсетілген. Алайда санақ кезінде көп адамның
есептелмей қалуы мүмкін екенін қаперге алмағанның өзінде, Вустер-
дегі өлім мен қала ішінде және сыртқа көшіп-қонуды ескерсек, мақсат-
ты жиынтық сұхбат алынған уақытқа дейін біршама өзгеріске ұшырауы
заңдылық. Осылайша іріктеме шегі мақсатты жиынтыққа толық сәйкес
келмейді.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Іріктеме құру үшін алдымен мақсатты жиынтықты көрсетіңіз, содан кейін іріктеме
шегін, яғни негізгі жиынтықтағы барлық кейстерді анықтайтын тізімді табыңыз.
Нақтылап айтқанда, іріктеме шегінде көрсетілген жиынтық туралы
ғана қорытындыны шығару керек. Дегенмен біз дәл осы мақсатты жиын-
тықты жалпылағымыз келеді. Сондықтан мақсатты жиынтықтағы қан-
дай кейстер іріктеме шегінен шығарылғанын әрқашан талдап отырған
жөн. Онда қаншасы шығарылған? Олар іріктеме шегіне кірген кейстер-
ден қалайша өзгешеленуі мүмкін? Олар жиі іріктеме шегіне қосылғандар-
дан үнемі өзгешеленетіндіктен, санатқа кірмейтін кейстер нәтижелерді
едәуір бұрмалауы мүмкін. 1936 жылғы президент сайлауын болжауда
үлкен қате жіберген Literary Digest журналының аты шулы сауалнамасы
(6.1-қосымшаға қараңыз) телефон кітапшалары, автокөлік тіркеу тізімі
бар бірнеше іріктеме шегін пайдаланған, әрі әдеттегідей мұның бәрінде
кедейлер тыс қалған. Мұнда бұрмаланудың орын алғаны белгілі болған-
да, зерттеушілер не тізімді қолданарын, я басқа іріктеме шегін табарын
шешуге тиіс. Дегенмен іріктеме шегі қолданылғанына қарамастан, ықти-
мал кірмейтін кейстер табиғатын тануы және мақсатты жиынтық туралы
қорытынды жасау барысында мұқият қарастыру керек.
Шығарылған кейстер мәселесін шешудің оңтайлы жолы – барлы-
ғын басынан бастау үшін жақсы тізім табу. Кемшіліктеріне қарамастан,
Вустердің жыл сайынғы қалалық халық санағы біршама нақты ірікте-
ме шегін ұсынды. Жеке адамды сұрыптау үшін Америка Құрама Штат-
тарының көптеген шағын және орташа қалаларында жиынтық пен от-
басының каталогі бар. Мақсатты жиынтық жергілікті кәсіби ассоцация-
дан, кәсіподақ, мектеп, шіркеу немесе өзге бір мекемеден тұрса, әдетте
мүшелер каталогі қолжетімді болады, әрі керемет іріктеме шектерімен
қамтамасыз етеді. Алайда ұлттық деңгейдегі тізімдер көп емес. Мыса-
лы, Америка Құрама Штаттарындағы барлық 8-сынып оқушыларының
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
213
ашық тізімі қолжетімді емес. Ұлттық жиынтықты іріктеу үшін зерттеуші-
лер көбіне мақсатты жиынтықты тізімге енуге қолжетімді немесе аз шы-
ғынмен құрылатын табиғи топтарға бөледі. Зерттеушілер NELS (ҰБҰЗ)
үшін іріктеме шегі 8-сыныптың барлық оқушыларын қамтитын Америка
Құрама Штаттарындағы барлық мемлекеттік және жекеменшік мектеп-
тердің анық емес тізімін алды. Бұл іріктеу стратегиясын «Іріктеу дизайн-
дары» бөлімінде талқылаймыз.
Көбіне жиынтықты дәлме-дәл санауға болатын бірегей тізім болмай-
ды. Бұл ұйым сияқты әсіресе талдау бірліктері үшін өзекті. Аурухана,
газеттер мен кәсіпорындар сияқты арнайы жиынтық үшін ұлттық тізім
болғанымен, ұйымдардың барлық түрін айтпағанның өзінде, Америка
еріктілер қауымдастығын (Knoke, 1990) не барлық қоғамдық ұйымдар-
ды ешкім ескермеді. Келли мен Доббиннің жүктілік пен босану кезін-
дегі декреттік демалыс саясатын зерттегенде іріктеме шегін бірнеше
дереккөзден жинаған болатын (қараңыз: Dobbin et al., 1993). Біріншіден,
экономиканың түрлі бөлігін көрсету үшін 13 сектор таңдалды, олардың
қатарында баспа ісі, банк ісі, бөлшек сауда және тасымал бар. Кейін әр
сектор бойынша ұйымдардың ең толық жарияланған тізімі сұрыптал-
ды. Іріктеме шегінің арасында Dun’s Million Dollar анықтамалығы (жеке
сектордың түрлі ұйымдары үшін), Америка емханалар ассоциациясы
анықтамалығы (ауруханалар үшін) және Ассоциациялар энциклопедия-
сы (коммерциялық емес ұйымдар үшін). Қоғамдық сектордағы ұйымдар-
ды санау үшін, зерттеушілер коммерциялық телефон каталогімен қатар,
штаттың ресми және федералдық билік каталогтерін де пайдаланды.
Вьетнам соғысының ардагерлері сияқты немесе белгілі бір сырқаты я
мүмкіндігі шектеулі адамдар, болмаса бекітілген көлемнен аз немесе көп
табыс табатын адамдар тәрізді сирек немесе арнайы мақсатты жиын-
тықтарды зерттеу үшін іріктеме шегін табу мен құру – үлкен проблема.
Жалпы жиынтық тізімі қолжетімді болса, ауқымды іріктеме шегінен си-
рек жиынтықты таңдап алуға болады. Егде тұрғындарды қарастырған
Вустер зерттеуінде жалпы жиынтықтың іріктеме шегі тек 64 жастан ас-
қан адамдарды қамтитындай етіп таңдалған. Балама ретінде 64 жастан
асқан адамдар сияқты арнайы мақсатты жиынтық мүшелерін дерек жи-
нау кезеңінде анықтауға болады.
Ақырында кейбір жиынтық анықтау мен тізімдеуге келмейді. Ақ
биліктің скинхедтерді немесе нашақорлар, қылмыскерлер мен құқық-
бұзушылар сынды девиантты жиынтық секілді террористік топтардың
яки өзге де саяси радикал топтарды анықтау үшін іріктеуге тырысып
жатырмын деп ойлаңыз. Айқын себептерге байланысты саяси ради-
калдар мен девианттар өздерін топтан тыс біреудің анықтауына қарсы.
Осылайша мұндай жиынтықтарды зерттеу барысында қисынды ірікте-
ме шегі қолжетімді болмағандықтан, жиынтықты анықтау процесі бұ-
зылады.
ІРІКТЕУ
214
Іріктеу дизайндары
Негізінде, іріктеуде мақсатты жиынтыққа репрезентативті болатын
іріктемені алғымыз келеді. «Репрезентативті» болу – мақсатты топтың
белгілі бір сипаттамаларына жуық болуын қамтамасыз ету. Жиынтық
Альфа колледжінің студенттерінен тұрса, онда мінсіз репрезентативті
іріктеме барлық сипатта Альфа колледжінің студенттері сияқты бола-
ды. Іріктеме бірінші, екінші, үшінші және төртінші курс студенттерінің
қала айналасындағы студенттердің әлеуметтану мамандығының тура
сондай пропорциясын құрауы мүмкін және осы сияқты жалпы студент-
терді құрайды.
«Репрезентативтілік» тұжырымы интиутивтік тұрғыдан тартымды
көрінгенмен, ол іріктеудің техникалық сөздігінде жоқ десек те болады.
Одан бөлек, мінсіз репрезентативті іріктеменің іске асу ықтималдығы екі-
талай; оған қоса, арнайы іріктемені оның жалпы репрезентативтілігімен
бағалау сирек болуы мүмкін. Зерттеліп жатқан жиынтық барлық қаты-
наста белгілі болмағандықтан (сол себепті оларды зерттейміз), берілген
іріктеменің қаншалықты репрезентативті екенін білу мүмкін емес. Сон-
дықтан репрезентативті терминін іріктеменің жалпы сапасына қатысты
емес, белгілі жиынтықтың сипаттамаларына қатысты қолданамыз.
Іріктеме сапасы оны шығарған процедура тұрғысынан, яғни іріктеме
дизайны бойынша бағалануға тиіс. Іріктеу дизайны зерттеу жоспары-
ның бақылайтын кейстерді қалай сұрыптау қажеттігін көрсететін бөлігі-
не жатады. Іріктеу дизайны жалпы екі кең класқа бөлінеді: ықтимал және
ықтимал емес. Ықтимал іріктеу көбіне орындалуы мүмкін емес немесе
үнемді болмаса да, ғылыми тұрғыдан қолайлы. Оның негізгі сипаттама-
лары, яғни жиынтықтағы кейстің барлығы кездейсоқ сұрыпталады және
іріктемеге қосу ықтималының белгілі болуы. Ықтимал емес іріктеуде
кейс кездейсоқ сұрыпталмағандықтан, кейстің сұрыпталу мүмкіндігі
анық емес.
Ықтимал іріктеу дизайнының ықтимал емес іріктеу дизайнымен са-
лыстырғанда екі негізгі артықшылығы бар. Бірінші артықшылығы, олар
кейстерді сұрыптауда зерттеушінің бұрмалауының әсер ету ықтималды-
ғын жоққа шығарады. Екінші артықшылығы, кездейсоқ сұрыптау қабі-
летіне байланысты математикалық ықтималдылық заңдарын іріктеме
дәлдігін бағалауға қолдануға болады. Ықтимал іріктеуде іріктеменің
қандай жиынтығын жалпылауға болатынымен қатар, жалпылау шегін де
білуге болады; ықтымал емес іріктеуде жиынтық анықталмаған және ық-
тималдық заңдары қолданылмайды.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
215
Ықтимал іріктеу
Кездейсоқ сұрыптау
Ықтимал іріктеу әрқашан кездейсоқ сұрыптау процесін қамтиды. Жал-
пы қолданыста, «кездейсоқ» жоспарсыз немесе таңдаусыз болатын немесе
жасалатын нәрсені сипаттайды; кездейсоқ оқиға немесе таңдау жүйесіз
немесе мақсатсыз болады. Алайда іріктеуде пайдаланылатын кездейсоқ-
тық едәуір арнайы техникалық мәнге ие. Бұл жинақтағы әрбір элементті,
мысалы, жиынтықтағы әрбір кейске сай сұрыпталу мүмкіндігін беретін
процеске жатады. Кез келген себеп бойынша сұрыптау процесі белгілі бір
кейстерді қолдап тұрса немесе бір кейстің сұрыпталуы басқа кейстің сұ-
рыпталу ықтималдығын кемітіп немесе арттыратын болса, онда сұрыптау
бұрмаланған болады. Бұл анықтамаға сүйенсек, достарыңыздың ортасы
колледждегі студент жиынтығының іріктемесі секілді бұрмаланған. Тура
сол жағдай белгілі бір деңгейде жүйесіз таңдалған іріктемеге қатысты,
мысалы, әлеуметтанудың бастапқы курсында оқитын студенттер, жұмыс
күні кешке кітапханадан табылған студенттер немесе белгілі бір уақыт-
та кампус орталығының алдынан өтетін студенттер. Бұл іріктемелердің
әрқайсысында студенттердің бір типінің пайда болу ықтималдығы бас-
қаларына қарағанда көбірек деп айтуға болады; демек, олар студенттің
кездейсоқ іріктемесі емес.
Зерттеуші кездейсоқтық шарттарын орындау үшін кейстерді кездей-
соқ немесе кез келген жолмен таңдай алмайды; ұсақ әрі көбіне бейсана-
лы бұрмалау таңдау процесіне әрдайым болады. Сұрыптаудың кездейсоқ-
тығын қамтамасыз ету үшін механикалық және электрондық құралдар
қолданған жөн. Кең тараған «механикалық» процедуралардың бірі –
лоторея әдісі. Кейстің барлығы нөмірленеді; сандар доп немесе диск
секілді бірдей көлемдегі нысандарға жазылған; нысандар контейнер-
де мұқият ауыстырылады; кейін қажет «кейс» сандары бірінің артынан
бірі сұрыпталады. Бірақ бұл әдіс әлеуметтік ғылыми жиынтықтарға қол-
данғанда қолайсыз әрі тиімсіз.
2
Негізінде, әлеуметтік зерттеулер әдетте
жиынтықтың автоматтандырылған тізімінен кездейсоқ сандар шығара-
тын немесе кейстерді кездейсоқ сұрыптайтын компьютерлік бағдарлама-
ны қолдана отырып кездейсоқ іріктемелерді алады.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Іріктеменің сапасы кейстерді сұрыптау процедурасына тәуелді; жақсы «репрезента-
тивті» іріктемелер әрқашан кездейсоқ сұрыптаудан тұрады.
ІРІКТЕУ
216
Қарапайым кездейсоқ іріктеу
Төменде ықтимал іріктеудің күрделірек дизайнының бәрінде қарасты-
рылатын ықтимал іріктеудің базалық дизайны қарапайым кездейсоқ
іріктеу деп аталады. Қарапайым кездейсоқ іріктемені анықтайтын қа-
сиеті кейстердің әр ықтимал комбинациясының іріктемеге кіруге тепе-
тең мүмкіндігі бар. Мысалы, 1, 2, 3 және 4 деп нөмірленген төрт кейс-
тен тұратын жиынтықта 2 өлшемнің алты ықтимал іріктемесі бар: (1, 2),
(1, 3), (1, 4), (2, 3), (2, 4) және (3, 4). Қарапайым кездейсоқ іріктемеде
бұл кейстердің әр жұбының сұрыпталу мүмкіндігі бірдей. Бұл қасиетке
кепіл болу үшін екі шарт қажет: (1) жиынтықтың толық тізімі және (2)
кейстерді кездейсоқ сұрыптау.
«Кездейсоқ сұрыптау» мен «қарапайым кездейсоқ іріктеу» тұжырым-
дары санамызға сіңген соң, енді ықтимал іріктеу теориясының негіздерін
зерттей аламыз. Теорияны толық түсіну статистиканы терең зерттеуді
талап етсе де, оқырмандар негізгі тұжырымдамалардың жақсы интиутив
түсінігін келесі аз көлемдегі гипотезалық мысалдан ала алады.
Өз кампусыңыздағы алкоголь өнімдерін тұтыну дәрежесін зерттеуге
қызығушылық білдірдіңіз дейік. Бәлкім, қызығушылығыңыз соңғы уа-
қытта кең тараған, жоғары оқу орнында оқып жүрген жастар арасында
алкоголь өнімдеріне қатысты мәселелер артып келеді деген мәліметке
байланысты туған болар. Шектеулі уақыт пен ресурстар сізге студент
жиынтығын жалпы зерттеуге кедергі келтіреді, сондықтан сіз кондоми-
ниумда тұратын студенттердің бәріне көңіл бөлесіз. Ондай жерлердің
жалпы саны сегіз, бұл сізге мақсатты жиынтықтың тізімін құруды оңай-
латады. Мұндай шағын жиынтықтың іріктемесін алудың қажеті жоғын
аңғарасыз. Алайда іріктеме қалай түрленетінін түсіну үшін, ойдағы
жиынтықтан алынған іріктеменің бірнеше сипаттамасын қарастыра-
йық. Сіздегі тәуелді айнымалы – анкетаны толтыру арқылы өлшейтін
алкогольді сусындарды тұтыну дәрежесі. Оны өлшеу үшін әр тұрғыннан
әдеттегі демалыс күні қанша алкогольді сусын ішетінін сұрайсыз. (Одан
бөлек респонденттерге бір бөтелке немесе бір стакан сыра, бір бокал
шарап, салқын шарап, бір рөмке ликер немесе аралас сусын ішуі қажет
екенін де айтасыз).
Келесі кесте сегіз студент жиынтығының гипотезалық дерегін қамтиды:
Анна
Би
Сэм
Дора
Эзра
Фред
Грег
Хуан
Айнымалылар
А Б С Д Э Ф Г Х
Жыныс Ф Ф Ф Ф М М М М
Класс жағдайы У Г У Г У Г У Г
Ішімдік мөлшері 3 1 0 2 3 4 6 5
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
217
Алкогольді тұтынудан бөлек, жыныстық және студенттің бакалавр не-
месе магистр статусы жайлы ақпарат ұсынылатынына назар аударыңыз.
Төрт әйел (Ә) мен төрт ер (Е) және төрт бакалавр (Б) мен төрт магис-
транттар (А) бар. Бұл екі айнымалыны кейінірек қарастырамыз.
Кейс
комбинациясы
Сусынның
орташа саны
Кейс
комбинациясы
Сусынның
орташа саны
АБ (Анна, Би) 2,0 СЭ (Сэм, Эзра) 1,5
АС (Анна, Сэм) 1,5 СФ (Сэм, Фред) 2,0
АД (Анна, Дора) 2,5 СГ (Сэм, Грег) 3,0
АЕ (Анна, Эзра) 3,0 СХ (Сэм, Хуан) 2,5
АФ (Анна, Фред) 3,5 ДЭ (Дора, Эзра) 2,5
АГ (Анна, Грег) 4,5 ДФ (Дора, Фред) 3,0
АХ (Анна, Хуан) 4,0 ДГ (Дора, Грег) 4,0
БС (Би, Сэм) 0,5 ДХ (Дора, Хуан) 3,5
БД (Би, Дора) 1,5 ЭФ (Эзра, Фред) 3,5
БЭ (Би, Эзра) 2,0 ЭГ (Эзра, Грег) 4,5
БФ (Би, Фред) 2,5 ЭХ (Эзра, Хуан) 4,0
БГ (Би, Грег) 3,5 ФГ (Фред, Грег) 5,0
БХ (Би, Хуан) 3,0 ФХ (Фред, Хуан) 4,5
СД (Сэм, Дора) 1,0 ГХ (Грег, Хуан) 5,5
6.1-кесте. 2 өлшемдегі барлық ықтимал іріктеме тізімі
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
0,5 1,0 1,5 2,0 2,5 3,0 3,5 4,0 4,5 5,0 5,5
Іріктеме саны
Іріктеме мəні
Төрт кейстен тұратын
іріктеме
Екі кейстен тұратын
іріктеме
6.1-сызба. Қарапайым
кездейсоқ іріктемеге ар-
налған екі кейс пен төрт
кейстің арифметикалық
ортасының жиілік дис-
трибуциясы 3,0 болатын
сегіз кейстің гипотеза-
лық жиынтығынан алын-
ған
Іріктемелік арифметикалық орта
ІРІКТЕУ
218
Екі кейстен тұратын іріктеме Төрт кейстен тұратын іріктеме
ІРІКТЕМЕЛІК
АРИФМЕТИКА-
ЛЫҚ ОРТА
ІРІКТЕМЕ САНЫ ЫҚТИМАЛДЫҚ ІРІКТЕМЕ САНЫ ЫҚТИМАЛДЫҚ
0,50 1 0,04
0,75
1,00 1 0,04
1,25
1,50 3 0,11 2 0,03
1,75 2 0,03
2,00 3 0,11 4 0,06
2,25 6 0,09
2,50 4 0,14 8 0,11
2,75 8 0,11
3,00 4 0,14 10 0,14
3,25 8 0,11
3,50 4 0,14 8 0,11
3,75 6 0,09
4,00 3 0,11 4 0,06
4,25 2 0,03
4,50 3 0,11 2 0,03
4,75
5,00 1 0,04
5,25
5,50 1 0,04
Іріктемелік
жалпы саны
28 70
Іріктеме құра-
лының ариф-
метикалық
ортасы
3,0 3,0
6.2-кесте. Төрт кейс пен екі кейстен тұратын қарапайым іріктемелік арифме-
тикалық орта мен ықтималдығы арифметикалық ортасы 3,0 болатын сегіз
кейстен тұратын гипотезалық жиынтықтан алынған
Жиынтықтың сипаттамалары параметрлер деп аталады. Біздің
сегіз студенттен тұратын жиынтығымызда ішілетін сусындардың орта
санына (немесе арифметикалық ортасына) қызығушылық білдірдік.
}
0,64
}
0,89
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
219
Бұл параметрді хабарланған сусындардың бәрін қосу арқылы (24) және
оны кейстердің санына (8) бөлу арқылы шығырамыз, мұнда ол 3-ке тең.
Шынайы зерттеу жағдайында бұл параметр белгілі болмайды, ал біздің
міндетіміз – бақылау іріктемесінен баға алу. Жиынтық параметрлерін
іріктеме бағалау статистика деп аталады. Жиынтықта ішілген сусын-
дардың орта санын есептегеніміз сияқты, іріктемеде ішілген сусындар-
дың орта санын есептеу арқылы жиынтықтың арифметикалық ортасын
бағалай аламыз. Мұндай іріктеме бағасы қалай өзгеретіні туралы түсінік
алу үшін жиынтықтан шығаруға болатын екі немесе төрт студенттің бар-
лық ықтимал қарапайым кездейсоқ іріктемесін қарастырайық. Іріктеме
статистикасы жиынтық параметріне байланысты қалай өзгеретінін көру
арқылы жалғыз іріктеме негізінде ықтимал жиынтық туралы жалпылау
түрін де көре аламыз.
Екі кейстің 28 ықтимал комбинациясы бар, олардың әрқайсысы сегіз
кейстен кездейсоқ алынуы мүмкін; осылайша барлығы 2 өлшемді 28 қа-
рапайым кездейсоқ іріктеме шығады. Бұған ықтималдықты мынадай
үлгіде жүйелі орналастыру арқылы көз жеткізе аласыз: AB, AC... AХ, БС,
БД... ГХ. Бұл 6.1-кестеде көрсетілген және онда әр комбинациядағы су-
сындардың орта мөлшері берілген.
Сол сияқты 4-өлшемінде 70 қарапайым кездейсоқ іріктеме бар. Алко-
голь тұтыну бағасы іріктемеден іріктемеге қалай өзгеретінін көру үшін
2 және 4 өлшемді әр ықтимал іріктемеде тұтынылған сусындардың орта
мөлшерін есептейік. Берілген өлшемдегі барлық ықтимал іріктемедегі
арифметикалық ортасы секілді статистиканы есептеу іріктеу дистрибу-
циясына алып келеді. 2 мен 4 өлшеміндегі іріктемелердің арифметикалық
ортасы іріктеу дистрибуциясы 6.1-сызбада және 6.2-кестенің 2 мен 4-ба-
ғанында көрсетілген. Алдымен екі кейстен тұратын іріктемеге назар ауда-
рыңыз: бір комбинация (БС) ғана іріктеменің 0,5 (Бида 1 сусын, ал Сэмде
0, орта есеппен 0,5) болатын арифметикалық ортасын береді; бір комби-
нацияда (СД) ғана арифметикалық ортасы 1,0 болатын іріктеме бар; үш
комбинация іріктемесінің арифметикалық ортасы 1,0-ге тең; үш комбина-
цияда (АС, БД, СЭ) арифметикалық ортасы 1,5 болатын іріктеме бар және
солай жалғаса береді. Енді төрт кейстен тұратын іріктеменің зерттеуі екі
комбинация (АБСД не БСДЭ) іріктеменің 1,5 болатын арифметикалық ор-
тасын береді, екі комбинация (АБСЭ және БСДФ) іріктеменің 1,75 болатын
арифметикалық ортасын береді және солай жалғаса береді.
Іріктеу дистрибуциясынан белгілі бір іріктеменің сұрыпталу ықтимал-
дығын есептеуге болады. (0-ден 1-ге дейінгі аралықтағы ықтималдық
пайызға сәйкес келеді. Осылайша ықтималдығы 0,40 болатын оқиғалар
40% жағдайда орын алады). Қарапайым кездейсоқ іріктеуде кейстердің
әр ықтимал комбинациясының таңдалу ықтималдығы бірдей. Бұл де-
геніміз жоғарыда көрсетілген жиынтықтағы екі кейстің кез келген нақ-
ты комбинациясын сұрыптаудың мүмкіншілігі немесе ықтималдығы
ІРІКТЕУ
220
комбинацияның жалпы санына (немесе 1/28 = 0,036) бөлінген 1-ге тең.
4
Оған қоса, бұл арифметикалық ортасы 0,5 болатын іріктемені немесе
арифметикалық ортасы 1,0 іріктемені алу ықтималдығы болады, өйткені
бұл мәндердің әрқайсысы екі кейстің жалғыз бір комбинацияның нәти-
жесі. Іріктемелік арифметикалық орта 1,5 болатын таңдау ықтималды-
ғын алу үшін арифметикалық ортасы 1,5 (1/28 + 1/28 + 1/28 = 0,107)
болатын әр комбинацияның ықтималдығын қосамыз, көріп тұрғаны-
ңыздай, ол, өз кезегінде, осындай комбинацияның жалпы санына (3)
тең болады (28). Басқа ықтималдық 6.2-кестенің 3 пен 5-бағанында
келтірілген. Нақты іріктемелік арифметикалық ортаны алу ықтималды-
ғы баға жиынтықтың арифметикалық ортасы 3,0 сусынға шынайы жа-
қындаған сайын артатынына назар аударыңыз. Тура солай, іріктемелік
арифметикалық орта жиынтықтың арифметикалық ортасынан қанша-
лық ауытқитын болса, оның сұрыптау ықтималдығы соншалық төмен
болады.
Оған қоса, берілген жиынтықтың арифметикалық ортасы аралығында
іріктеме бағасын алу ықтималдығын есептеуге де болады. Мысалы, ариф-
метикалық ортасы 2,0 және 4,0 болатын екі кейстен 18 іріктеме бар (сана-
ңыз); осылайша бұл аралықтағы іріктемелік арифметикалық ортаны алу
ықтималдығы 18/28 =0,64 аралығын құрайды. Сол сияқты төрт кейстен
тұратын іріктемеде 2,0 мен 4,0 аралықтағы іріктемелік арифметикалық
ортаны алу ықтималдығы 62/70 = 0,89 құрайды және алты кейстен тұ-
ратын іріктемеде (көрсетілмеген) ықтималдық 1,0-ге тең (яғни барлық
іріктемелік арифметикалық орта 2,0 мен 4,0 арасында). Бұл іріктеу тео-
риясы оның маңызды принципін сипаттайды: іріктеме қаншалық үлкен
болса, оның арифметикалық ортасы жиынтықтың арифметикалық орта-
сына соншалық жақын.
Берілген іріктеме статистикасының бағаланатын жиынтықтың пара-
метрінен ауытқу көлемі іріктеу қатесі деп аталады. Мысалы, гипотеза-
лық жиынтықта іріктеменің 0,5 болатын арифметикалық ортасында 2,5
болатын іріктеу қатесі бар, мұның себебі арифметикалық орта 3,0 бо-
латын белгілі жиынтықтан қаншалықты өзгешеленетініне байланысты
туып тұр. Сол сияқты іріктеменің 1,5 болатын арифметикалық ортасында
1,5 болатын іріктеу қатесі бар (3,0 − 1,5 = 1,5). Барлық іріктеу дистрибу-
циясына қатысты мұндай қатенің «орташа» статистикалық өлшемі стан-
дарт қате деп аталады. Бұл тұжырымдаманы пайдалана отырып, ірікте-
ме өлшемі туралы принципті басқаша құруға болады: іріктеме неғұрлым
үлкен болса, стандарт қате соғұрлым кіші болады.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Іріктеме өлшемі артқан сайын, стандарт қате («орташа» іріктеу қатесінің өлшемі)
кішірейеді.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
221
Біз осыған дейін іріктеу дистрибуциясының арифметикалық ортасын
білу арқылы іріктемелік арифметикалық ортаға қатысты мынадай дәл тұ-
жырымдамалар жасауға мүмкіндік беретін көрсеттік: ықтималдық 0,89
бұл төрт кейстен тұратын кездейсоқ сұрыпталған іріктемелік арифмети-
калық орта жиынтықтың арифметикалық ортасынан 1-ге немесе одан
кем ауытқиды (яғни 2,0–4,0 аралығына түседі). Жоғарыда келтірілген
мысалда, іріктеу дистрибуциясы белгілі жиынтықтың барлық ықтимал
кездейсоқ іріктемесінің арифметикалық ортасын есептеу арқылы құрал-
ған болатын. Шынайы зерттеуде белгісіз жиынтық сипаттамасын бағалау
үшін бір ғана іріктемені сұрыптаймыз. Шынайы зерттеу жағдайында ірік-
теу дәлдігі туралы мұндай мәлімдемені жасау мүмкіндігін ықтимал ірік-
теудің математикалық теориясы қамтамасыз етеді. Бұл теория бойынша
(арифметикалық орта секілді) түрлі статистиканың іріктеу дистрибуция-
сы орнықты, болжамды үлгіні құрайды. Демек, тіпті жиынтық параметрі
белгісіз болса да, теория іріктеме бағасы қалай үлестірілетінін көрсететін
болады (іріктеу дистрибуциясын нақтылау арқылы) және іріктеме бағасы
қаншалық өзгеретінін білдіретін стандарт қатені есептеу үшін статисти-
калық формула ұсынады.
Іріктеу теориясы мен іріктемені бағалау процедураларына қатысты
мұқият түсіндірмені статистикаға қатысты оқулықтардың логикалық
статистика деген бөлімінен таба аласыз. Шынайы зерттеулерде жиынтық
параметрі жайлы іріктеме қорытындылары төмендегідей үлгіде беріледі.
Кездейсоқ алынған бір іріктемеден мысал:
1. Іріктеме статистикасы (яғни іріктемелік арифметикалық ортасы)
жиынтық параметрінің (яғни жиынтықтың арифметикалық орта-
сының) ең үздік жалғыз бағалауы деп саналады.
2. Іріктеме статистикасының стандарт қатемен көрсетілген жиын-
тық параметрінен ауытқу дәрежесі іріктеме вариациясына сүйеніп
есептеледі.
3. Іріктеме дистрибуциясы туралы теориялық білім негізгі жиынтық
сипаттамасы төмендеуі мүмкін есептеу диапазонының ықтимал-
дығын немесе сенімділік деңгейін анықтау үшін қолданылады.
Бұл сенімділік интервалы деп аталатын диапазон іріктеме статисти-
касы аясында анықталады. Сенімділік интервалы осы процедура арқы-
лы алынған интервал бағасы 95% жағдайда негізгі жиынтық параметрін
құрауы мүмкін екенін көрсетеді. Қоғамдық пікірге қатысты сауалнама
нәтижелерін ұсынғанда, газет-журналдар әдетте анықталмаған 95%
сенімділік деңгейіндегі қате шегін береді; мысалы, нақты пікір білдірген
респонденттер пайызын хабарлағанда, олар «қате шегі 750 ересектерден
тұратын іріктемеге сүйенген плюс немесе минус 4 пайыздық нүктені құ-
райды» деп атап өте алады.
ІРІКТЕУ
222
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Сенімділік интервалы болжамды негізгі жиынтық мәні болуы мүмкін мән диапазо-
нын көрсетеді. Сенімділік деңгейі интервалдың негізгі жиынтық мәнін қамту ықти-
малдығы (яғни 95%).
Ықтимал іріктеудің басты артықшылығы – сенімділік интервалының
өлшемі (яғни іріктеменің нақтылығы) немесе іріктеме статистикасының
зерттеу алдында бағалауға болатын жиынтық параметрінен ықтимал өз-
гешеленетін көлемі. Іріктеме статистикасындағы ықтимал қате іріктеме
көлемінің функциясы екенін есіңізге сала кетейік: іріктеме қаншалық үл-
кен болса, стандарт қате соншалық кіші болады. Демек, үлкен іріктемені
сұрыптау арқылы іріктеменің едәуір нақты бағалауына қол жеткізуге бо-
лады. Іріктеме нақтылығын «стратификацияланған кездейсоқ іріктеу»
деп аталатын іріктеу дизайнының күрделі кешенін пайдалану арқылы
арттыруға болады.
Стратификацияланған кездейсоқ іріктеу
Стратификацияланған кездейсоқ іріктеуде негізгі жиынтық бастапқы-
да страта деп аталатын сәйкес айнымалылардың категориясына немесе
комбинациясына негізделген екі не одан көп сегментке бөлінеді. Кейін әр
стратадан қарапайым кездейсоқ іріктемелер алынады және бұл қосалқы
іріктемелер толыққанды, стратификацияланған іріктемені құру үшін жи-
нақталады.
Оны көрсету үшін гипотезалық дерекке оралайық. Сегіз кейстен тұ-
ратын негізгі жиынтық «жыныс» айнымалысының категориясына сәй-
кес ер мен әйел деген екі стратаға бөлінетініне немесе «студент статусы»
айнымалысының категориясына сәйкес бакалавр немесе аспирант болып
бөлінетініне назар аударыңыз. Төрт кейстен тұратын стратификациялан-
ған кездейсоқ іріктемені ер мен әйелдің тең пропорциясын кездейсоқ
сұрыптау арқылы алуға болады. Басқаша айтқанда, әр ер мен әйел стра-
тасының екі кейсінен тәуелсіз кездейсоқ іріктемелерді алып және оларды
бір іріктемеге комбинациялауға болады. Бұл процесс қарапайым кездей-
соқ іріктемеде жүзеге аспайды, өйткені ықтимал емес кейстердің бірне-
ше комбинациясы бар, мысалы, барлық әйелдер (АБСД) немесе барлық
ерлер комбинациясы (ЭФГХ). Ерлер мен әйелдердің тең пропорциясы
болатын төрт кейстің 36 стратификацияланған кездейсоқ іріктемесі бар.
Әр ықтимал іріктемеде тұтынылған сусындардың орта санын есептеу
арқылы біз тағы да арифметикалық ортасының іріктеу дистрибуциясын
аламыз. Бұл дистрибуцияны қарапайым кездейсоқ іріктеуге негізделген
іріктеу дистрибуциямен салыстыру арқылы стратификациялаудың ірікте-
ме нақтылығына тигізген әсерін көрсетуге болады.
6.3-кестеде қарапайым кездейсоқ іріктеуге сүйенетін төрт кейстен
тұратын іріктеменің іріктеу дистрибуциясы, яғни стратификацияланған
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
223
айнымалы жыныс ретіндегі стратификацияланған кездейсоқ іріктеу және
стратификацияланған айнымалы сияқты студент статусы ретіндегі стра-
тификацияланған кездейсоқ іріктеу ұсынылды. 6.3-кестенің соңғы екі
қатарында қарапайым кездейсоқ іріктеумен салыстырғанда жыныс стра-
тификациясы іріктеу жиынтықтың арифметикалық ортасының жанына
тығызырақ топтасатын іріктемелік арифметикалық ортаның дистрибу-
циясы берілген. Осылайша стратификацияланған іріктеме қарапайым
кездейсоқ іріктемеге қарағанда жақсы бағаланады. Керісінше, студент
статусы бойынша стратификация бұлай жетілдірілмеген; шын мәнінде,
арифметикалық ортасы 2,5 пен 3,5 арасындағы іріктеме пайызы – 60%
қарапайым кездейсоқ іріктеудің пайызынан төменірек, яғни – 44%.
Іріктемелік ариф-
метикалық орта
Қарапайым кездей-
соқ іріктеме
Жыныс бойынша
стратификация-
ланған іріктемелер
Студент статусы
бойынша страти-
фикацияланған
іріктемелер
1,50 2 2
1,75 2
2,00 4 1 2
2,25 6 2 6
2,50 8 5 2
2,75 8 6 2
3,00 10 8 8
3,25 8 6 2
3,50 8 5 2
3,75 6 2 6
4,00 4 1 2
4,25 2
4,50 2 2
Іріктеменің жалпы
саны
70 36 36
Іріктеме құралы-
ның арифметика-
лық ортасы
3,0 3,0 3,0
2,5 пен 3,5 арасын-
дағы іріктемелік
арифметикалық
ортасының пайызы
60 83 44
2,0 мен 4,0 ара-
сындағы ірікте-
мелік арифмети-
калық ортаның
пайызы
89 100 89
6.3-кесте. Қарапайым кездейсоқ іріктеу арқылы алынған төрт кейстен тұ-
ратын іріктеме мен стратификацияланған айнымалылар ретінде жыныс
пен студент статусын алған стратификацияланған кездейсоқ іріктеудің
арифметикалық ортасы
ІРІКТЕУ
224
Бұл салыстыру стратификацияны іріктеу тиімділігін арттыратынын
көрсетеді. Бұл стратификацияланған айнымалының зерттеліп жатқан
айнымалыға байланысына тәуелді.
Гипотезалық негізгі жиынтықта жыныс студент статусын емес алко-
гольді ішімдік тұтынуға байланысты; яғни ерлер әдетте ішімдікті әйел-
дерге қарағанда көбірек ішеді, ал бакалаврда оқитын студенттер мен ас-
пиранттар жобамен бірдей дәрежеде тұтынады. Демек, жыныс бойынша
стратификациялау іріктеменің нақтылығын арттырса, ал студент стату-
сы бойынша стратификациялау айтарлықтай нәтиже бермейді.
Техникалық тұрғыда айтсақ, зерттелетін айнымалымен корреляцияда
болатын айнымалы арқылы стратификациялық бағалаудың нақтылығын
арттырады, себебі ол жиынтықтағы өзгермелікке (немесе әртектілікке)
сәйкес көздерді жүйелі басқарады. Осы арқылы іріктеу қатесінің көзін
жояды. Мәселен, іріктемедегі студенттерді барлық ер және барлық әйелді
құрғанда болатын қатені айтсақ болады. Осылайша страталар арасында
айырмашылықтар барда стратификацияланған іріктеу ол айырмашы-
лықтардың есептелетініне және іріктемеде еркін өзгермейтініне кепіл
болады. Шындығында, тәуелді айнымалыдағы барлық вариация стратаға
байланысты және әр страта толығымен біркелкі болатын жағдайда, зерт-
теуші мінсіз нақты бағалау үшін әр стратаға бір ғана кейстің іріктемесін
алуы қажет. Гипотезалық негізгі жиынтығымызда әр әйел бір шөлмек
ішімдік ішсе, ал әр ер бес шөлмек ішеді дегенге саяды. Осылайша жиын-
тықтың арифметикалық ортасы 3,0 болады және бір әйел мен бір ердің
іріктемесі 3,0 [(5 + 1)/2 = 3,0)] болатын орта бағаны береді.
Стратификацияланатын айнымалы зерттелетін айнымалымен байла-
нысты болса, стратификацияланған кездейсоқ іріктеме, тиісінше, сол кө-
лемдегі қарапайым кездейсоқ іріктемеден нақтырақ әрі тиімдірек бола-
ды. Алайда іріктеменің көлемін ұлғайту арқылы іріктеменің нақтылығы
да артатын болғандықтан, стратификациялаудың қанша өнімді болаты-
ны стратификациялау шығыны үлкен көлемдегі кейс іріктеумен салыс-
тырғанда төмен болуына байланысты. Стратификацияланған іріктемені
алу іріктемені алар бұрын стратификацияланатын айнымалы катего-
риясына сәйкес кейстерді классификациялауды қажет етеді. Сондықтан
іріктеме шегі стратификацияланатын айнымалы туралы ақпарат алуға
тиіс. Бұған кері жағдайда әр стратадан бөлек іріктеме шығара алмайсыз.
Алайда көбіне стратификациялау қажет ақпарат қолжетімсіз және оны
алу мүмкін емес, не шығыны мол, бұл стратификацияланған кездейсоқ
іріктеуді шектейді.
Өнімділікті арттырумен қатар, стратификацияланған кездейсоқ ірік-
теу жиынтықтағы кейс пропорциясын кіші айнымалылардың категория-
сы іріктемеде қисынды көрсетілгеніне кепіл болады. Мысалы, кампуста-
ғы алкоголь тұтынудағы этностық айырмашылықтарды зерттегіміз келді
дейік, онда студенттердің 90%-ы – ақнәсілді, 5%-ы – қаранәсілді және
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
225
5%-ы азиялық деп қарастыралық. 100-дің қарапайым кездейсоқ ірікте-
месі орта есеппен 90 ақнәсілді, 5 қаранәсілді және 5 азиялықты береді.
Бірақ соңғы екі іріктелген топтағы кейс саны тым аз болғандықтан, олар-
дан алынған статистикалық бағалау сенімсіз. Бұл проблеманы айналып
өту үшін негізгі жиынтыққа қарағанда қаранәсілділер мен азиялықтар-
дың көбірек пропорциясын сұрыптайтын стратификацияланған кездей-
соқ іріктемені аламыз. Біз осылайша 40 ақнәсілді, 30 қаранәсілді және 30
азиялықты сұрыптай аламыз. Бұл пропорционал емес стратификация-
ланған іріктеу деп аталады, өйткені іріктеменің әр стратындағы кейс
пропорциясы негізгі жиынтықтағы пропорцияны білдірмейді.
Страта негізгі жиынтық құрамына пропорционал іріктелгенде, әр
кейстің сұрыпталу ықтималдығы тең және оны іріктемеден жиынтық-
қа тікелей жалпылауға болады. Алайда процорционал емес іріктеуде сұ-
рыптау ықтималдығы стратадан стратаға өзгереді және негізгі жиынтық
параметрін бағаламас бұрын статистикалық түзетуге тиіс.
5
Пропорцио-
налды емес стратификацияланған кездейсоқ іріктеу әлі де ықтимал ірік-
темені құрайды, өйткені кейстің сұрыпталу ықтималдығы белгілі. Одан
бөлек, әр стратадан алынған шағын іріктеме қарапайым кездейсоқ ірік-
теме болғандықтан, ықтимал іріктеу теориясы қолданылады.
Кластерлі іріктеу
Қарапайым кездейсоқ іріктеу де, стратификацияланған кездейсоқ ірік-
теу де негізгі жиынтықтың толық тізімі қолжетімді деп болжайды. Алай-
да мақсатты жиынтығыңыз тым үлкен болғанда, мүшелердің бәрін тізіп
шығу мүмкін емес немесе тиімсіз болса қайтпекпіз? АҚШ-та негізгі жиын-
тығының бір тізімі болатын табыс салығы формасы мен әр 10 жыл сайын
тіркелетін санақ формасы құпия сақталған әрі қоғамға қолжетімді емес.
Қаланың көбі мен барлық штаттың негізгі жиынтығының тізімі жоқ, әрі
мұндай немесе өзге де өте үлкен жиынтықтың тізімін құру тым қымбат-
қа түседі. Мұндайда зерттеушілер кластерлі іріктеу деп аталатын әдісті
пайдалана отырып, іріктемені саты-сатымен ала алады.
Кластерлі іріктеуде негізгі жиынтықты «кластерлер» деп аталатын
кейстер тобына бөлінеді. Кластерлер әдетте колледждер мен шіркеулер
сияқты табиғи топтардан немесе штат, өңір, қалалар мен кварталдар
секілді географиялық аймақтардан тұрады. Әр стратадан кейс шыға-
ратын стратификацияланған іріктеуге қарағанда, кластерлі іріктеу
кейсті тек іріктелген кластерлерден алады. Кластерлі іріктемені алу
үшін алдымен оны кездейсоқ таңдау қажет. Содан кейін әр таңдалған
кластердің ішіндегі барлық кейс тізіміне қол жеткізесіз. Іріктемеге әр
іріктелген кластердегі барлық кейс қосылса, ол дизайн іріктеме кластер
деңгейінде бір рет жүргізелетін бірсатылы кластерлі іріктеме деп ата-
лады. Көп жағдайда кластерлі іріктеу екі немесе одан көп қадамды не-
месе сатыны қамтиды, сондықтан да көпсатылы кластер деп аталады.
ІРІКТЕУ
226
Екісатылы кластерлі іріктеменің мысалы ретінде төртжылдық кол-
ледждердің кездейсоқ сұрыптауын (бірінші саты) және артынша ірік-
телген әр колледждегі студенттердің кездейсоқ сұрыптауын (екінші
саты) келтірсек болады. Көпсатылы іріктеменің бірінші сатысындағы
іріктеу бірліктері іріктеудің бастапқы бірліктері деп аталады; екінші ке-
зеңдегі бірліктер екінші іріктеу бірліктері деп аталады және солай жал-
ғасып кете береді.
Стратификацияланған кездейсоқ іріктеу не іріктеменің нақтылығын
арттыру үшін, я кіші страталардағы кейс санын қамтамасыз ету үшін пай-
даланылса, кластерлі іріктеудің негізгі міндеті – дерек жинауға кететін
шығынды азайту. Үлкен, айтарлықтай бытыраңқы негізгі жиынтықпен
жүзбе-жүз сұхбаттасқанда ең басты екі шығынға ұшырайды: сұхбат алу-
шылардың жолы және негізгі жиынтық элементтерін тізімдеу. Қарапа-
йым кездейсоқ және стратификацияланған кездейсоқ әдістер түрлі бы-
тыраңқы мекендерде жеке сұхбаттар жүргізуге итермелейді, ол, өз ке-
зегінде, респонденттерді қамту үшін жұмсалатын жол шығынын едәуір
арттыруы мүмкін. Ал кластерлеу сұхбаттарды анағұрлым аз және шағын
географиялық аймақтарға топтастырады, сол арқылы жол шығынын бір-
неше кейске бөліп және кез келген сұхбаттың шығынын азайтады.
Негізгі жиынтық элементтерін тізімдеу қарапайым кездейсоқ немесе
стратификацияланған кездейсоқ әдістер үшін міндетті болғандықтан,
кластерлеу барлық негізгі жиынтық тізімін жасамай, сұрыпталған кейс-
тер кластерімен тізімді шектеу арқылы шығынды азайтады. Оған қоса,
негізгі жиынтық элементтерінің түпкілікті тізімі ықтимал іріктемені
жасауға қолжетімді емес немесе тиімсіз болғанда, көпсатылы кластерлі
іріктеу ықтимал іріктемені құрудың жалғыз іске жарамды әдісі болуы
мүмкін. Мұндайда негізгі жиынтық табиғи жолмен топталып немесе
бөлінген шағын жиынтықтардың (кластерлердің) тізімін алуға бола-
ды. Мысалы, барлық 8-сынып оқушыларының тізімі жоқ және оны құру
қиын, әрі өте қымбат болағанына қарамастан, Quality Education Data, Inc.
АҚШ-тағы мемлекеттік және жекеменшік мектептердің толық әрі нақ-
ты тізімін жүргізеді. ҰБҰЗ 1988 базалық жыл сауалнамасына екісатылы
кластерлі іріктемесін құру үшін осы деректер базасын пайдаланды. ҰБҰЗ
40 000 дерлік жалпыұлттық мектептердің ішінен 1 057 мектептің ірікте-
месін алды; сосын әр қатысушы мектептен 26 оқушы кездейсоқ сұрып-
талды (Spencer et al., 1990). (6.2-қосымшада үлкен жиынтықтың ұлттық
сауалнамасындағы көпсатылы іріктеу дизайнына мысал келтірілген).
Көпсатылы іріктеме дизайндары дизайнның әр сатысында не қара-
пайым кездейсоқ іріктеуді немесе стратификацияланған кездейсоқ ірік-
теуді қамтиды. Басқаша айтқанда, жеке кейстерді стратификациялаған-
дай, кластерлерді де стратификациялауға болады. Мектептер төрт айны-
малыға сәйкес бірнеше стратаға бөлінгендіктен, NELS кластерлерді стра-
тификациялады: мектеп түрі (мемлекеттік, жекеменшік католиктік және
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
227
басқа жекеменшіктер), мемлекет аймағы, урбандалу (мектептің орны
қалалық, қала сырты немесе ауылдық жерде орналасқанда) және азшы-
лық пайызы. Содан кейін әр стратада бірнеше мектептер сұрыпталды.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Стратификацияланған іріктеу іріктеу қатесін азайту арқылы тиімділікті арттырады (ст-
раталар зерттеу айнымалысымен байланысты болған жағдайда). Көпсатылы клас-
терлііріктеу шығынды азайту арқылы тиімділікті арттырады.
6.2-қосымша. Жалпыұлттық сауалнаманың іріктеу дизайны
Мичиган университетіндегі Сауалнама негізіндегі зерттеу орталығы сияқ-
ты сауалнама ұйымдары көпсатылы кластерлі іріктеуді жалпыұлттық
сауалнама өткізуде пайдаланады. Сауалнама негізіндегі зерттеу орталы-
ғының 1970 жылдары ұлттық іріктемені сұрыптауға қатысты қадамдары
берілген сызбада қоса ұсынылған. Қадам таңдалған бірлік түріне сәйкес
нөмірленген және белгіленген.
1-қадам. Америка Құрама Штаттары аймақ топтарынан тұратын негізгі
аумақтарға немесе метрополитен аумақтарына бөлінеді. Бұл аумақтар ай-
мақ бойынша стратификацияланады және 74 аумақтың стратификация-
ланған пропорционал іріктемесі сұрыпталған.
2-қадам. 74 аумақ қалашық, қала және өзге аумақтар сияқты орындар-
ға бөлінген. Олар негізгі жиынтық көлемі бойынша сәйкестендіріп және
стратификацияланған соң, әр аумақта орындардың стратификацияланған
пропорционал іріктемесі жүргізіледі.
3-қадам. Іріктеменің барлық орындары бөліктерге бөлінген. Бөлік –
анықтауға болатын шекарасы бар географиялық аумақ, мысалы, қала
көшесі, жол, жылға және өңір сызығы. Бөліктерге бөлген соң, бөліктердің
кездейсоқ іріктемесі алынады.
4-қадам. Сұхбат алушылар әр іріктеме бөлігін қарастырады және
мекенжай мен әр мекенжайдағы тұрғын үй бірліктерінің сандық бағасын
жазып алады. Содан кейін олар бөліктерді сегменттер деп аталатын кіші-
рек бірліктерге бөледі және осылайша сегменттердің кездейсоқ іріктемесі
сұрыпталады.
5-қадам. Әр іріктеме сегментінде зерттеу үшін тұрғын үй бірліктерінің
не барлық, не әдетте төртке жуық болатын іріктемесі таңдалады. Ақыр ая-
ғында, іріктемедегі әр тұрғын үй бірлігі үшін сұхбат алушылар критерий-
ге сай келетін бір респондентті кездейсоқ таңдайды, ол критерий әдетте
АҚШ-тың 18 жастағы және одан үлкен азаматтарының бәрін қамтиды.
ІРІКТЕУ
228
Дереккөз: Survey Research Center, 1976. Interviewer’s Manual, rev. ed., p. 36.
Ann Arbor: Institute for Social Research. Рұқсатпен пайдаланылды.
Кластерлі іріктеудің бір мәселесі – табиғи кластерлер өзі құрайтын
кейс саны бойынша едәуір өзгешеленеді. Бұл NELS мектептерінде ай-
қын көрінді. Ықтимал қатені азайту үшін бұл мәселені шешудің екі
жолы бар. Біріншісі, кластерлерді негізгі жиынтық көлемі бойынша
стратификациялай аласыз. Осы арқылы, тым үлкен жиынтығы бар са-
лыстырмалы түрде аз кластерлер іріктемеде көрсетілуін қамтамасыз
Негізгі
аумақ
Іріктеме
орны
Бөлік
Сегмент
Тұрғын үй
бірлігі
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
229
ету үшін бөлек страталардан іріктеліп алынуы мүмкін. Кері жағдайда,
қарапайым кездейсоқ іріктеуде негізгі жиынтықтың көбірек пропор-
циясы бар кластерді таңдамау қаупі бар. Мысалы, адамдардың 80%-ы
16 өңірдің екеуінде тұратын Невада жиынтығы үшін бастапқы іріктеу
бірлігі ретінде өңірлер саналатын кластерлі іріктемені елестетіңіз. Бұл 2
өңірді қамтымайтын кез келген іріктеме Невада тұрғындарының бұрма-
ланған іріктеуі болады. Десе де штаттың ең ірі 2 өңірінің де өңірлердің
қарапайым кездейсоқ іріктемесіне енбей қалу ықтималдығы жоғары
(мысалы, 4 өңірден тұратын іріктемеде олардың ешқайсысының таң-
далмау ықтималдығы 55%-ды құрайды және 8 өңірден тұратын ірік-
темеде ол ықтималдық 23%-ға дейін төмендейді). Демек, өңір көлемі
бойынша бөлудің ең үздік процедурасы – халқы ең тығыз орналасқан 2
өңірді страталардың ең жоғарғы бөлігіне орналастырып, артынша сол
стратаны 100% іріктеу (яғни екі өңірді де таңдау).
Кластерлер көлемі бойынша өзгешеленгенде, кластерлер не кейстерді
кластер көлеміне пропорционал кластер ішінде сұрыптау кеңінен қолда-
нылады. Іріктеу көлеміне пропорционал ықтималдық деп аталатын
осы әдіс NELS мектеп сұрыптауында қолданылған еді. Бұл әдістің жұмыс
істеу тәсілінің бірі – әр кластерге кластердегі кейстер санына пропорцио-
нал сұрыпталу ықтималдығын белгілеу. Осылайша 1 000 оқушысы бар
мектептің таңдалу ықтималдығы 500 оқушысы бар мектепке қарағанда
екі есе жоғары. Егер әр мектептен сұрыпталған оқушылар саны тең бол-
са, онда жиынтықтағы әр оқушының сұрыпталу ықтималдығы да тең.
6
Стратификацияланған
кездейсоқ іріктеу
Көпсатылы кластерлі
іріктеу
Мақсат Қате шегін азайту, жиын-
тықтың кіші суб жинақта-
рының іріктемесі
Шығынды азайту
Жиынтық бөлінісі Айнымалы категорияла-
ры (страта бойынша)
Табиғи немесе география-
лық бірліктер бойынша
ластерлерді) топқа бөлу
Іріктеу Әр страта аясында Кездейсоқ сұрыпталған
кластерлер аясында
Оптимал тиімділік Біркелкі страталар ара-
сында үлкен айырмашы-
лықтар бар кезде
Әртекті кластерлер ара-
сында аз айырмашылық-
тар бар кезде
6.4-кесте. Стратификацияланған және көпсатылы кластерлі іріктеуді
салыстыру
ІРІКТЕУ
230
6.4-кесте көпсатылы кластер іріктеуін стратификацияланған кездей-
соқ іріктеумен салыстырады. Кластерлі іріктеме құны жағынан тиімдірек
болғанымен, оларда қарапайым кездейсоқ немесе стратификацияланған
кездейсоқ іріктемеге қарағанда нақтылық аз. Соңғы дизайндарда іріктеу
қатесінің жалғыз көзі бар; дегенмен көпсатылы кластер іріктемесінің әр
сатысымен байланысты іріктеу қатесі де бар. Мысалы, 4 жылдық кол-
ледждегі студенттердің екісатылы кластер іріктемесінде қате ауқымын-
да 4 жылдық колледждің іріктемесі колледж жиынтығын ұсынады, ал
сұрыпталған колледж ішіндегі студенттер іріктемесі колледждегі барлық
студенттердің қате ауқымында ұсынады. Жалпы іріктемедегі іріктеу қа-
тесі осылайша күрделеніп, қарапайым кездейсоқ сұрыптаудың бірімен
өндірілген қатеден салыстырмалы түрде үлкен болуы мүмкін.
Стратификацияланған іріктеуде өнімділіктің артатыны сонша – тіпті
страталар іштей біркелкі болады; мысалы, әйелдердің алкогольді сусын
ішкендегі мінез-құлқы мен ерлердің алкогольді сусын ішкендегі мінез-
құлқы ұқсас. Ал, керісінше, жетік кластерлі іріктеуде кластерлердің өза-
ра айырмашылығымен салыстырғанда іштей біркелкі болғаны дұрыс.
Кластерлер іріктемесін сұрыптап жатқан соң, әлбетте, әр кластер негізгі
жиынтықтың баламасы болғанын қалайсыз. Алайда мұндай кейс сирек
кездеседі. Шындығында, жалпы табиғи кластерге қарағанда кластер-
лердің арасындағы өзгермелік тым аз (іріктеу қатесі де осыдан). Мысалы,
бір блоктағы тұрғындардың табысы біркелкі болуы мүмкін, бірақ орта та-
быс тұрғысынан басқа блок тұрғындарынан біршама өзгешеленеді. Сол
сияқты көбірек кластер мен кластер ішіндегі азырақ элементтерді таңдау
тиімділікті арттырудың бір жолы саналады. Кластер санын арттыру ар-
қылы іріктеу қатесі ең үлкен қате жіберген сатыда азаяды.
7
Кластер санының артуы іріктеу қатесін жалпы азайтқанымен, клас-
терлі іріктеу шығынын арттырады. Кластер санының көп болуы кең ша-
шыраңқы сұхбаттар қажет дегенді білдіреді, демек, жолсапарға уақыт
пен қаржы көбірек жұмсалып, ал сұрыпталған кластердегі элементерді
тізімдеуге көл-көсір уақыт пен қыруар қаражат керек. Кластерлі ірік-
теудің басты себебі – шығынды азайту. Яғни зерттеушілер қанша кластер
қажет болса, соншасын таңдау арқылы бұл мәселені шеше алады (Babbie,
1995: 215).
Жүйелі іріктеу
Кездейсоқ сан таңдау бағдарламалары мен автоматтандырылған тізім-
дер қолжетімді болмастан бұрын, компьютер кезеңіне дейін әлеуметта-
нушылар жиі қарапайым кездейсоқ іріктеуге жуық «жүйелі іріктеу» деп
аталатын тәсілді пайдаланған. Қарапайым кездейсоқ іріктеу тізім секілді
толық іріктеу шегін ғана емес, одан бөлек, жиынтық элементтерінің
нөмірленуін талап етеді. (Іс жүзінде кейс санымен сәйкесетін кездейсоқ
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
231
сандар таңдалады). Компьютер файлындағы тізім бұл талаптардың екеуі-
не де сай келеді. Бірақ сізде жиынтық тізімі қағаз көшірме күйінде әрі
нөмірленбеген болса, тізім университет студенттері катологіндей ұзын
болса, қарапайым кездейсоқ іріктемеге қарағанда жүйелі іріктеме жаса-
ған оңайырақ.
Жүйелі іріктеу – әр К-шы жағдайды (он бесінші немесе жиырмасын-
шы) К-ның белгілі бір кейсінен кездейсоқ таңдалған кейсінен бастап
жиынтықтың толық тізімінен немесе файлынан сұрыпталатын барлық
кейсіне дейін қамтиды. Мұндай процедураның екі талабы бар: іріктеу
интервалы (К) мен кездейсоқ бастау (Sudman, 1976). Іріктеу интерва-
лы – тек жиынтықтағы кейс санының қалаулы іріктеме көлеміне қатына-
сы. Кездейсоқ бастау 1 мен К арасындағы бастапқы кейсті кездейсоқ сұ-
рыптау процесіне жатады. Мысалы, сіз кампустың анықтамалық тізімінде
көрсетілген 25 000 студенттің ішінен 100 студенттің іріктемесін алғыңыз
келді дейік. 2 500-ді 100 ге бөлу арқылы 25 болатын іріктеу интервалын
аласыз. Содан кейін 1 мен 25 арасындағы санды кездейсоқ таңдайсыз, сол
саннан бастап одан кейінгі әр 25-ші студентті сұрыптаңыз. Кездейсоқ сан
19 болды дейік. Сонда іріктемеңіз 19, 44, 69, 94, 119... 2 494 деп нөмірлен-
ген кейстерден тұратын болады.
Жүйелі іріктемедегі әр кейстің сұрыпталу ықтималдығы тепе-тең бол-
ғанымен, кейстің әр комбинациясында бұлай бола бермейді. (Бұл мысал-
да тек 25 ықтимал комбинация бар). Техникалық тұрғыдан айтқанда, жү-
йелі іріктеме қарапайым кездейсоқ іріктеменің баламасы емес. Дегенмен
бұл – кездейсоқ іріктеме, іс жүзінде зерттеушілер оны қарапайым кездей-
соқ іріктемеге жуық деп көрсетеді.
Жүйелі іріктеудің ықтимал проблемасы мен артықшылығы да – қол-
жетімді тізімдердің басым бөлігі кездейсоқ емес екенінде, нақтырақ
айтсақ, әліппе немесе дәреже, жас яки бірлік көлемі секілді белгілі бір
үлгіде реттелгеніне байланысты. Мұндағы қауіп – жиынтықты тізімдеу
іріктеу интервалына сәйкес келетін мерзімді немесе циклдік үлгіде бо-
луы мүмкін екенінде. Мұның классикалық мысалы ретінде 10 солдаттың
біреуін жүйелі іріктеген Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты зерттеуді
алсақ болады. Алайда іріктеме алынған тізім 10 сарбаздан тұратын жа-
сақтан құралған, әрі әр жасақ әскери шен бойынша реттелген (сержант,
капралдар, қатардағылар). Іріктеме алынғанда 10 интервалы тізімдегі
барлық сержанттарға сәйкес келді.
Абырой болғанда, жүйелі іріктемедегі кезең қаупі біршама аз. Көбіне
реттелген тізім тиімді, өйткені ол жанама стратификацияланған ірікте-
мемен қамтамасыз етеді; егер тізім зерттелетін айнымалымен корреля-
цияланған айнымалыға қатысты болса, ол нақтылықты арттырады. Мы-
салы, ұйымның активтер немесе қызметкер саны бойынша көлемі ұйым-
дарды зерттеудегі негізгі айнымалы болады. Демек, кәсіпорындар тізімі
қызметкер саны бойынша реттелетін болса, жүйелі іріктеме кәсіпорын-
дарды көлемі бойынша бөлетін жанама стратификациялайды.
ІРІКТЕУ
232
Ықтимал емес іріктеу
Ықтимал емес іріктеу кездейсоқ сұрыптаудан басқа, кейс сұрыптау про-
цесіне жатады. Кездейсоқ сұрыптау болмаған жағдайда ықтимал емес
іріктеменің екі осал тұсы көрінеді: (1) олар зерттеушінің бірлікті сұрып-
таудағы бұрмалануын бақыламайды; (2) олардың өзгермелі үлгісі ықти-
мал іріктеу теориясын болжай алмайды, демек, іріктеу қатесін есептеу
немесе іріктеме нақтылығын бағалау мүмкін емес. Дегенмен мұндай осал
тұстарын ескеру керек болса да, ықтимал емес іріктеуді шығару қателік
болар еді. Көбіне іріктеудің бұл формасы ықтимал іріктеуге қарағанда
дәл әрі тиімді, сондықтан кейс сұрыптаудың бірден-бір жарамды құралы.
1. Іріктемеге өте аз кейс енетін жағдайды қарастырып көрейік. Талдау
бірлігі ретінде қала, корпорация немесе университетті алып, қарқынды
зерттеу жүргізіп жатқан зерттеуші үшін бірден көп немесе бірнеше кейс-
терді зерттеуге жұмсалатын шығын шамадан тыс болады. Сол сияқты
жеке зерттеу зерттеу сұхбатындағы сұхбат ұзақтығы зерттеушіні саны
аз салыстырмалы кейспен шектеуі мүмкін. Байқағанымыздай, іріктеме
қаншалық аз болса, ықтимал іріктеу соншалық сенімсіз. Бір немесе бір-
неше кейстің кіші іріктемелерінде іріктемені жиынтық мәніне жалпылау
пайымдау мәселесіне айналады. Сондықтан кейс сұрыптауды кездейсоқ-
тыққа емес, эксперт бағалауына (былайша айтсақ, кездейсоқ емес сұрып-
тауға) қалдырған жөн (Wallis and Roberts, 1956: 117–18).
2. Өткен оқиғаларды зерттегенде археолог немесе тарихшы көбіне қа-
жет материалдың қолда бар немесе қолжетімді бөлігін ғана табады. Сол
сияқты қазіргі қоғамда белгілі адамдар немесе ұйымдар зерттеуде серік-
тес болудан бас тартуы мүмкін. Мұндай жағдайда зерттеуші не кейс сұ-
рыптаудың ықтимал әдісін қабылдауға тиіс, не зерттеуден түбегейлі бас
тартуы керек.
3. Мәселені зерттеудің алғашқы сатысында, яғни мақсат мәселе жай-
лы көбірек ақпарат жинау болғанда, ықтимал іріктеу қажет болмауы да
мүмкін. Мұндай жағдайда нақты статистикалық жалпылауға алаңдамай,
кездейсоқ емес кейс ауқымын таңдаудың өзі жеткілікті.
4. Жиынтық өзі бірнеше кейсті қамтыса немесе орынды іріктеу шегі
алынбаса я құрылмаса, онда ықтимал іріктеуді қарастырудың еш мәні
жоқ. Жиынтығы кіші (100-ден кіші дейік) әр кейс басқа кейстермен са-
лыстырылып, жеке зерттелуі керек. Жиынтық көптеген әлеуметтік де-
вианттық зерттеулеріндегідей белгісіз болса немесе оңай анықталмаса,
онда іріктеу кез келген анықталатын және серіктес болатын бірліктерді
зерттеуден тұратын болады.
Ықтимал емес іріктеу кездейсоқ емес кейс сұрыптаудың кез келген
әдісіне жататын категория болғандықтан, алдыңғы тарауда қарасты-
рылған ықтимал іріктеуге қарағанда, ықтимал емес іріктеменің түрлері
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
233
әлдеқайда кең және нақты анықталмаған. Осыны ескере отырып, ықти-
мал емес іріктеменің үш негізгі түрін, яғни ыңғайлы, мақсатты және кво-
таны қарастырамыз.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Ықтималіріктеуықтималемесіріктеуден қолайлы, өйткені ол сұрыптаудың бұрма-
лануын бақылауда ұстайды және іріктеу қатесін есептеп шығаруға мүмкіндік береді;
дегенмен бұл әрқашан қажет емес немесе іске асырылмайды.
Ыңғайлы іріктеу
Зерттеушілер («жүйесіз», «кездейсоқ» «күтілмеген» іріктеулер деп атала-
тын) іріктеудің бұл формасында қолда бар ыңғайлы кейстер арасынан
қажетті санын іріктеп алады. Кампустағы алкоголь тұтынуға қатысты
зерттеуде төмендегі шешімнің бірін қабылдай аласыз: (1) профессордан
сабағындағы барлық оқушыға сауалнама толтыруға рұқсат беруін өтініп
сұрау; (2) жатақханаға жолыңыз түскенде онда келген адамның бәрінен
сұхбат алу; (3) кампус пабынан жүріс-тұрысты бақылауға болатын ың-
ғайлы орын табу. Нақты мәселе бойынша қоғамдық пікірді білгісі келетін
телевизиялық станциялар мен газеттер, қолжетімді ыңғайлы жолаушы-
лармен, сатып алушылармен, дүкен қызметкерлері және басқаларымен
сұхбат жүргізе алады (Chein, 1981). Кейс іріктеудің мұндай әдістері оңай,
жылдам әрі қымбат емес. Зерттеу алғашқы сатыда және жалпылауда
қиындық тудырмаса, онда олар өте орынды болуы мүмкін. Алайда қолай-
лы іріктеу – «мүмкіндікке қарай алу» мәселесі. Нәтиженің іріктеменің өзі-
нен басқа неге қолданылатын анықтай алмаймыз. Демек, мақсат жиын-
тық туралы қорытынды шығару болса, мұндай іріктемеден аулақ болған
жөн.
Мақсатты іріктеу
Іріктеудің бұл формасында зерттеуші жиынтықтың репрезентативті не-
месе «әдеттегі» бірліктерін сұрыптау барысында сарапшы пайымына
сүйенеді. Жалпы стратегия жиынтықтағы өзгерістердің маңызды көзін
анықтаудан және сол өзгерісті көрсететін іріктемені таңдаудан тұрады.
Жиынтық үшін маңызды қатынастарда қалыпты бір бірлікті немесе ша-
ғын жиынтықты немесе жиынтықтағы негізгі айырмашылықтарға сәй-
кес келетін бірнеше бірліктерді іріктеуге болады. Мысалы, Дэвид Хаммон
(1990) өзінің «қауымдастық идеологиясы» деп аталатын құндылық пен
сенімге байланысты түрлі қауымдастықтарды қарастырған зерттеуінде
Солтүстік Калифорнияның төрт түрлі қауымдастығының тұрғындарын
іріктеді: қала орталығы, жоғары таптық субқала, жұмысшы табының
шағын қаласы және ауылдық шағын қалашық. Адамдар тіршілік еткен
ІРІКТЕУ
234
қауымдастық түрі олардың идеологиясына әсер еткен болуы керек, сон-
дықтан бұл Хаммонның зерттеуінде шешуші айнымалы болды. Сол се-
бепті ол іріктемесінде оның орынды берілгеніне көз жеткізгісі келді. Одан
бөлек, Хаммон нақты қауымдастықты іріктеуде санақ деректерін мұқият
зерттеді, өйткені қалыпты аймақ немесе қалашықты анықтап, салыстыр-
малы түрде егде кісілер, азшылық яки арнайы мекемеде тұратын адам-
дардың пропорциясы көбірек жиынтықты айналып өтуге тырысты. Мұн-
дай мақсатты іріктеу зерттеу мақсатына сәйкес келеді, өйткені Хаммон-
ды нақты жиынтықтағы қауымдастық туралы түрлі сенімнің таралуын
бағалау емес, керісінше, түрлі идеологиялық қауымдастықтағы негізгі
элементтерді анықтау қызықтырды.
Сайлауды болжауға қолданылатын, мақсатты іріктеудің тағы бір тех-
никасы – өткен жылдардағы сайлаудың жалпы нәтижесін сенімді болжа-
ған «барометр» штат немесе учаскелерді іріктеу. Тағы бір тәсілі – девиант-
ты немесе төтенше кейстерді олардың нормадан ауытқу себебін анықтау
үшін іріктеу. Ең соңғысы, бір зерттеу аясында қалыпты және төтенше ме-
кеменің екеуін де таңдауға болады. Мысалы, біреу мектептегі инновация-
ны сынаса алдымен нақты бір қаладағы «қалыпты мектептің» бірі мен ең
үздік мектептің бірін және айтарлықтай проблемасы бар мектепті зерт-
тегені абзал болар (T.D. Cook and Campbell, 1979: 76). Үш мекемеден де
салыстыруға келетін нәтиже алынса, мектептің бәрінде осы әсер көрінеді
деп сеніммен айтуға болады.
Кейс іріктеудің кез келген ықтимал емес әдісі сияқты, әртектілік пен
қалыпты мақсатты іріктеу – нақты әрі мұқият жалпылау қажет болған-
да ықтимал іріктеудің тиімсіз алмастырушысы саналады. Алайда көбірек
шектелген ауқымдағы зерттеулерде немесе кездейсоқ іріктеуді болдыр-
майтын жағдайда мақсатты іріктеу лайықты балама болады. Әдетте ол
ыңғайлы іріктеуге қарағанда өте қуатты, күмән тудырмайтын мәлімдеме
ұсынады, дегенмен мұндай мәлімдеме зерттеушінің сараптамалық па-
йымдауына тәуелді. Мақсатты іріктеудің кемшін тұсы – кейстерді байып-
ты сұрыптау үшін іріктеме жасау алдында негізгі жиынтық туралы едәуір
білімді талап етеді.
Квоталық іріктеу
Квоталық іріктеу – стратификацияланған кездейсоқ іріктеуге сырт ұқ-
састығы бар мақсатты іріктеу формасы. Атап өткеніміздей, квоталық
іріктеу жиынтықты жас, жыныс және нәсіл сияқты страталарға бөледі.
Страталар бекітілген соң, әр сұхбат алушыға белгілі географиялық ай-
мақ шегінде сұхбаттасуға міндетті адамдардың барлық категориясына
белгіленген квоталар беріледі. Мысалы, Бостон аймағын қамтитын сұх-
бат алушыға 30 жасқа дейінгі бір ер адамға, 30 және одан үлкен жастағы
үш ер адамға, үш жұмыссыз әйелге және екі жұмыс істейтін әйелге квота
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
235
берілуі мүмкін. Сұхбат алушы квотаны толтыру үшін квота талаптарына
сай келетін кез келген адамды таңдай алады.
Квоталық іріктеу мен стратификацияланған кездейсоқ іріктеу арасын-
дағы айырмашылық – квота орнатылған соң кейстер нақты қалай таң-
далатынында. Стратификацияланған кездейсоқ іріктеуде әр стратадағы
қажетті кейс көлемі қарапайым кездейсоқ іріктеу арқылы алынуға тиіс.
Ал квоталық іріктеуде стратадағы кейс квотасы зерттеуші таңдаған кез
келген жолмен толтырылады. Осылайша квоталық іріктеменің әр страта-
сы жалпы стратамен үйлесетін ыңғайлы іріктемені құрайды (Chein, 1981:
426); оған қоса, жалпы іріктеме де бірқатар негізгі сипаттамасы бойын-
ша негізгі жиынтыққа ұқсағанымен, ыңғайлы іріктеме саналады.
Квота категориялары әдетте іріктеме негізгі жиынтықтың маңызды
сипаттамалары бойынша репрезентативті болатындай етіп таңдалады.
Осы сипаттамалары бойынша негізгі жиынтықпен келісе отырып, әдіс
іріктеме басқа жолдарда да жиынтыққа ұқсас болады деп болжайды. Де-
генмен тәжірибе бұл болжамның қауіпсіз емес екенін көрсетті. Респон-
денттерді өздері таңдауына рұқсат алған сұхбат алушылар бұрмалаудың
бірнеше түріне ұрынады. Өз еркіне қоя берсе, олар өз достарынан тым
көп сұхбат алатын болады; оған қоса, квотаны ықтимал респонденттер
көп тұратын аймақтарға жинақтап толтыратыны белгілі, мысалы, транс-
порт яки ойын-сауық орталықтары, колледж кампустары мен іскерлік
аудандар (Chein, 1981: 426). Квотаны үйлерге барып толтырарда сұхбат
алушылар әдетінше барынша тартымды яки салыстырмалы түрде жақсы
табыс табатын адамдар тұратын үйлерді таңдайды (Carter, Troldahl, and
Schuneman, 1963). Мұндай процедурадағы ықтимал бұрмалау айқын
көрінеді: сұхбат алушылардың достары өздеріне өте ұқсас болуы мүмкін;
негізгі жиынтық мекен ететін орталықтарға шоғырланған адамдар алыс
аймақтағы адамдардан қатты өзгешеленуі мүмкін; оған қоса, жақсы ау-
дандар мен үйлерге артықшылық беру үлкен әлеуметтік-экономикалық
бұрмалау туғызатыны сөзсіз. Осылайша бірқатар сипаттама бойынша
репрезентативті квота өзгелерге репрезентативті бола алмайды.
1948 жылғы (6.1-қосымшасына қараңыз) сайлау болжамы сәтсіздікке
ұшырамастан бұрын квоталық іріктеу қоғамдық пікір сауалнамасында
негізгі іріктеу дизайны болды. Алайда уақыт өте ықтимал іріктеу ірікте-
ме сауалнамасының стандартына айналды, сондай-ақ квоталық іріктеме
енді «сауалнама бағасының нәтижесінде маңызды іс-әрекеттер жасала-
тын кезде» жарамайды (Brick, 2011: 883). Дегенмен кемшін тұстарына
қарамастан, квоталық іріктеу әлі күнге дейін көп елде кеңінен қолданы-
лады (Brick, 2011) әрі екі негізгі артықшылығына байланысты нарықты
зерттейтін және қоғамдық пікір сауалнамасын жүргізетін бірқатар ұйым
осы іріктеуге жүгінеді (Kalton, 1983). Мұның себебі, біріншіден, ықти-
мал іріктеуге қарағанда, респонденттерді сұрыптау үшін іріктеу шегін
құрудың қажеті жоқ. Екіншіден, ықтимал іріктеу үйлерінде болмайтын
ІРІКТЕУ
236
респонденттермен алдын ала байланысу үшін, сұхбат алушылардың бір-
неше рет қайтара телефон соғуын талап етеді, ал квоталық іріктемеге
олай істемеуге де болады. Сұхбат алушы бар болғаны квота критерий-
леріне сай келетін кез келген лайықты адамды табуға тиіс. Осы екі се-
беппен квоталық іріктеу зерттеуіндегі сұхбаттарды жылдам, оңай және
көп шығындалмай жүргізуге болады. Квота техникасына қатысты қауіпті
азайту үшін, зерттеушілер респонденттерді таңдауға болатын мекендерге
қатаң географиялық бақылау орнатты, олар қала ауданын, блокты және
тіпті отбасыларды да нақтылаған. Бұл іріктеменің бұрмалануын толығы-
мен жоймайды, алайда ол квоталық іріктеуді «пайымдау мен ыңғайлы
іріктемеден айқын асып түсетін» деңгейге дейін нақтылайды (Sudman,
1976: 200).
Өзге іріктеу дизайндары
Жоғарыда аталған «таза» формаларға қосымша, зерттеушілер іріктеу тех-
никасы мен дизайнының өзге де алуан түрін жасап шығарған. Бұл әдіс-
тердің әрқайсысы әлеуметтік зерттеудің ағымдағы мәселелеріне бағыт-
талған: зерттеу мақсаттары кейстердің қатаң, жүйелі сұрыпталуын талап
етсе, ал қолда бар ресурстар немесе өзге де практикалық мәселелер әдет-
тегі ықтимал іріктеу дизайнын пайдалануға мүмкіндік бермесе, қайтпек
керек.
Мысал ретінде Чикагодағы үйсіз-күйсіз қалған жандардың жиынтығы-
ның көлемі мен құрамын бағалауға тырысқан Чикаго үйсіз-күйсіздер ту-
ралы зерттеуін (Rossi et al., 1987; Rossi, 1989) қарастырайық. Үйсіз-күйсіз-
дер жиынтығы туралы эмпирикалық зерттеу жүргізудің күрделілігіне бай-
ланысты үйсіз-күйсіздер санын анықтау едәуір өзгешеленеді, әрі оларды
тудыратын жағдай туралы мағлұмат өте аз. Сауалнамадағы дәстүрлі ық-
тимал іріктеу «адамдар өздерінің кәдуілгі тұрғын үй бірлігінің аясында
саналып, іріктеледі» деп болжайды; алайда бұл болжам үйсіз-күйсіздердің
ешқандай анықтамасына сай келмейді. Осылайша зерттеушілер Чикаго
зерттеуінде адамдарды үйсіз-күйсіздер мен үйі бар адамдар арасындағы
максимум бөліну кезінде тұрғын үй бірлігі бойынша іріктейтін стратегия
дайындады. Іріктеу дизайны ықтималдықтың қосымша екі іріктемесінен
тұрды: (1) үйсіз-күйсіздерге арналған орында жиырмадан аса түнеген
адамның жүйелі іріктемесі және (2) Чикаго қаласы шегіндегі 19 409 са-
нақ блогының бірсатылы стратификацияланған кластер іріктемесі. По-
лицияның бағалауына сәйкес, блоктар әр блоктағы үйсіз-күйсіздердің
күтілетін саны бойынша стратификацияланған. Әр сұрыпталған блок бо-
йынша сұхбат алушылар түнгі 1:00 мен 6:00 аралығындағы уақытта көше
қуыстары, саябақтар, жол бойы, шатырлар, жертөлелер мен автотұрақ
маңы сияқты ықтимал жердің бәрін мұқият тінтіп шықты. Үйсіз-күйсіз
екенін анықтау үшін кезіккен адамның бәрімен алдымен қысқа скрининг
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
237
бақылау сұхбатын жүргізді. Үйсіз-күйсіз болса, ол адамнан 15 пен 20 ми-
нут аралығында сұхбат алады.
8
Джон Уоттерс пен Патрик Бирнаки (1989) есірткіні тамыр арқылы қа-
былдайтын тағы бір «таса» жиынтықты іріктеудің өзге стратегиясын жа-
сап шығарды. Бұл топ ЖИТС-қа себеп болатын АИТВ инфекциясын тез
жұқтыруы мүмкін. Есірткіні заңсыз қолданудың жасырын болмысына
байланысты мұндай мақсатты жиынтық мүшелерін табу қиынға соғады.
Уоттерс пен Бирнаки қабылдамаған пікірдің бірі – метадонмен емдеу те-
рапиясында қолданылатын есірткіні тамыр арқылы қабылдайтындардың
ыңғайлы іріктемесі еді. Бұл нұсқа бірқатар мақсатты жиынтыққа жол аш-
қанымен, метадондық клиникадағы адамдар көбіне клиника сыртында-
ғы есірткі қолданатындардан өзгеше, яғни есірткі қолданушылардың бұр-
маланған іріктемесі болды деуге негіз бар.
9
Олар таңдаған іріктеу стра-
тегиясы «мақсатты іріктеу» деп аталды, ол бірнеше қадамнан тұрды: (1)
бірнеше ақпарат көзін бақылау мен пайдалану арқылы олар есірткі тұты-
нушылар мен осыған байланысты қызметтің қандай аудандарда көбірек
шоғырланғанын анықтады; (2) табанды бақылау мен сол аймақтардағы
адамдармен өзара қимылдау арқасында ықтимал респонденттерді анық-
тады; (3) олар әр ауданда далалық аумақты белгілеп, жұмысқа жұмылды-
рылғандар үшін нақты жоспар құрды. Уоттерс пен Бирнаки зерттеу ба-
рысында респонденттер тобының біразын орынды іріктеп, қызметкерлер
жалдау барысында уақыт пен жер аумағына байыппен қарады.
Ықтимал және ықтимал емес комбинацияланған іріктеу
Ықтимал іріктеуге кететін шығынды азайту мақсатында ықтимал мен
ықтимал емес іріктеуді бір дизайнға комбинациялауға болады. Мұны
іріктеу сатылы түрде жүзеге асқанда істеуге мүмкіндік туады (Chein,
1981: 438). Кейстер бір сатыда ықтимал емеске сай таңдалса, ендігі саты-
да ықтималдыққа сай сұрыпталады. Әлеуметтік зерттеуге екі комбина-
ция ортақ. Біріншісі, кластердің көпсатылы ықтимал іріктеуі мен ақырғы
сатыдағы жеке респонденттердің квоталық іріктеуін қамтиды. Осылай-
ша «штаттағы ықтимал аймақтарды сұрыптауға болады; әр аймақта ау-
дандардың ықтимал іріктемесі және әр сұрыпталған ауданда квоталық
іріктеме жасы мен жынысы бойынша басқарылады» (Chein, 1981: 438).
Кейде мұны «квотамен ықтимал іріктеу» деп атағанымен, мұндай ди-
зайн, ашығын айтқанда, ықтимал емес іріктеме (квота) жасайды, яғни
сұхбат алушының сұрыптаудағы бұрмалауын күрт азайтатын география-
лық шектеулері бар.
Екінші комбинация аймақтың ықтимал емес (мақсатты) іріктемесі
шегінде ықтимал іріктеме кейстерін қамту арқылы бірінші стратегия-
ны теріске шығарады. Мысалы, Келли мен Доббин (1999) өздерінің
жүктілік пен босанудағы бала күтіміне байланысты демалыс саясаты
ІРІКТЕУ
238
туралы зерттеуінде 279 ұйымның кадр саясаты тарихы туралы ақпарат
жинақтаған. Мекеменің барлығы үш штатта орналасқан: Калифорния,
Нью-Джерси және Вирджиния. Олар әр штаттан 50 не одан көп қызмет-
кері бар 13 сектор не ұйым түрлерін кездейсоқ сұрыптады; бірақ штаттар
өздері «түрлі құқықтық жағдайларға байланысты сұрыпталған» мақсат-
ты ұлттық іріктемесін құрды (Kelly and Dobbin, 1999: 475). Мұндай ди-
зайнда математикалық іріктеу теориясы әр ықтимал іріктеменің қоры-
тындысына сай сектор мен штат жиынтығына қолданылады, дегенмен
зерттеушінің тәуекел еткен пайымдары жалпыұлттық ауқымдағы барлық
ұйымдарды жалпылау үшін пайдаланылуға тиіс.
Рефералды іріктеу
Техниканың өзге жинағы үлкен жиынтықтың кіші қосалқы топтарды
қамтитын мақсатты жиынтықты іріктеу үшін жасалды: мысалы, белгілі
бір қызметтің немесе өнімнің пайдаланушылары, үлкен жиынтықта
тарыдай шашыраған этникалық азшылық өкілдері, жұмыстан шыға-
рылған не ЖИТС-пен ауыратын адамдар (қараңыз: Sudman and Kalton,
1986; Sudman, Sirken, and Cowan, 1988). Ресурс жеткілікті және мақсат-
ты жиынтық мүшелері оңай анықталатын болса, онда ықтимал іріктеу
үлкен жиынтықтың жеткілікті үлкен үлесін таңдап, мақсатты жиынтық
мүшелерін скринингтеу арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен ауқымды
скрининг қымбат әрі көп уақыт алады, адамдар дұрыс анықталмаған-
дықтан, оларды жіберіп алу да ықтимал.
Көбіне осындай мәселелерді шешуге бағытталған іріктеу техникасы
алдымен респонденттерден мақсатты жиынтық мүшелерінің аты-жөні
мен мекенжайын беруді сұрайтын рефералды форманы қолданады.
Желілік іріктеуде үлкен жиынтықтың ықтимал іріктемесіне скрининг
жасау барысында хабарласқан респонденттерден өздерімен әлеуметтік
байланысты мақсатты жиынтық мүшелерін анықтап көрсетуін сұрайды
(мысалы, туыс, көрші, әріптес, дос). Мысалы, Джордж Ротбарт, Мишель
Файн және Сеймур Садмен (1982) Вьетнамның ер ардагерлерін зерттеуде
алдымен үлкен жиынтықтағы адамдарды сәйкестігі бойынша скрининг
жасау арқылы респонденттерді іріктеген. Сосын скрининг коңырауынан
өткен әр респондентке оның ардагер болған ұлы, бауыры я жиені болғаны
туралы сұрақ қойылған. 1 011 адамдық іріктеме тікелей байланысқан 535
ардагерден және скрининг процесінің басында бекітілген 476 ардагерден
тұрды. Бастапқы байланысқан отбасыларда өмір сүрген ардагерлер жал-
пы жиынтықтың 6,2%-ын ғана құрағандықтан, 1 011 адамдық іріктеме
желілік іріктеусіз жүргізілген 16 439 сұхбатты талап етті. Алайда желілік
іріктеуде скрининг сұхбат саны жалпы санның жартысынан шамалы ғана
асты, яғни 8 698 болды. Осылайша бұл тәсілдің басты артықшылығы –
скринингке кететін шығынды азайту. Екінші жағынан, ақырғы ықтимал
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
239
іріктеме іріктеу қатесін арттыратын тең емес ықтимал сұрыптау тудыра-
ды, әрі мұны талдау барысында ескеру керек тұсы – ақпарат жинаушы-
лардың мақсатты жиынтық мүшелерін анықтаудағы сәтсіздіктері бұрма-
лауға әкелуі мүмкін.
«Жентек қар іріктеуі» деп аталатын рефералдың тағы бір тәсілі тіз-
бекті реферал процесін қолданады: мақсатты жиынтықтың мүшелері
анықталғанда олардан басқа мақсатты жиынтық мүшелерінің аты-жөні
мен мекенжайын ұсынуды өтініп сұрайды, кейін оларға хабарласып, бас-
қаларды атауын сұрайды және осылай жалғаса береді. Көбінде мақсатты
жиынтық мүшелерінің бірін-бірі танитыны – жентек қар іріктеуінің бас-
ты кемшілігі. Бұл техника іріктеу шегін құруда пайдаланылған (Sudman
and Kalton, 1986), кейде ықтимал іріктеумен астастырылады (Goodman,
1961), алайда қолданыстардың басым бөлігі сұрыптаудың ықтимал емес
әдісін қамтиды. Мысалы, Д. Майкл Линдсей (2008) жентек қар іріктеуін
қоғамдық көшбасшылар мен таңдаулы актерлердің Америкадағы еван-
геликализм қозғалысындағы рөлін зерттеу үшін пайдаланды. Бастапқы-
да, ол қозғалыс ішіндегі ұйым топтарының 157 діни және коммерциялық
емес көшбасшыларымен сұхбаттасты; әр сұхбат соңында информанттар-
дан діни міндеттемелерін бөлісетін өзге көшбасшыларды көрсетуін өтініп
сұрады. Осылайша алғашқы информанттардың көмегімен ол 360 таңдау-
лылардан тұратын жиынтық іріктемемен хабарласып, сұхбаттасты.
Патрик Бирнаки мен Дэн Уолдорф (1981: 144) атап өткендей, жентек
қар іріктеуі әсіресе «қаралып жатқан мәселені қоршаған моральдық,
құқықтық немесе әлеуметтік сезімталдық... ықтимал респонденттерді
тауып, байланысуда едәуір мәселелер тудыратын» девиантты мінез-
құлық зерттеулеріне қолайлы. Бұл зерттеулерде мақсатты жиынтық мү-
шелері заңсыз, құпия іс-әрекеттер себебінен көбіне әлеуметтік жасырын
күйінде қалады. Сондықтан олардың сипаттамасы белгісіз әрі ықтимал
іріктемесін алу мүмкін емес десе де болады. Көбіне қолдан келер істің
ең абзалы – қолда бар мүмкіндіктің бәрін пайдаланып, лайықты респон-
денттерді тауып, реферал тізбекті бастау. Сайып келгенде, іріктеме сапа-
сы зерттеушінің мақсатты жиынтықтың сипаттама диапазонын ұсына-
тын, бастапқы байланыс пен реферал тізбектерді жасау машығына бай-
ланысты.
Іріктеу дизайнын таңдауға ықпал ететін факторлар
Іріктеу дизайнының негізін зерттеген соң, зерттеушінің сәйкес дизайнды
сұрыптауына ықпал ететін бірнеше факторды нақтылай кетейік. Қандай
іріктеу дизайны таңдалатыны бірнеше факторларға байланысты:
1. Зерттеу қай кезеңде тұр?
2. Дерек қалай қолданылады?
3. Іріктемені жүргізу үшін қандай қолжетімді ресурстар бар?
4. Дерек қалай жинақталады?
ІРІКТЕУ
240
Көргеніңіздей, бұл факторлар өз іріктеу дизайнын таңдаудағы ықпал
ету маңыздылығына қарай түрленіп, өзара байланысады.
Зерттеу кезеңдері және деректі қолдану
Алғашқы екі фактор – зерттеу кезеңі мен деректерді қолдану, олар жиын-
тық сипаттамасы ретінде іріктеме қаншалықты нақты болуы қажетін
айқындайды (Sudman, 1976). Мақсаты қызықты заңдылықтарды анық-
тау мен әрі қарай зерттеуге бағытталған гипотеза жасауға болатын зерт-
теудің барлау кезеңінде дәлдік аса маңызды емес. Шындығында, мұндай
жағдайда нақты жиынтықты жалпылау мен іріктеме нақтылығын баға-
лау әдетте маңызды емес не мәні жоқ. Зерттеуші іріктеме жүргізу бары-
сында пайымдауға жиі иек артуға тиіс, ақыр аяғында, кейсті қолжетімді
екеніне не дайындығына байланысты сұрыптай алады; сондықтан қолай-
лы не мақсатты іріктеу орынды.
Негізгі саяси шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін кең ауқымды
зерттеулерде дәлдіктің маңызы зор көрінуі мүмкін. Бәлкім, бұған ең үздік
мысал жоғарыда келтірілген CPS (АПС) болар. CPS (АПС) жалпы жиын-
тықтың бірқатар сипаттамасы бойынша ақпараттың бірден-бір жаңа
дерек көзі, мысалы, жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың ай сайынғы
бағалауын ұсынатын ақпарат. Сеймур Садмэн (1976: 3) атап өткендей,
«экономика мен әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы негізгі мем-
лекеттік бағдарламаларға айдан айға CPS дерегі пайызының оннан бір
бөлігі өзгеруі ықпал етеді». Демек, нақтылықтың жоғары деңгейін қам-
тамасыз ету үшін өте үлкен (жобамен 60 000) әрі мұқият басқарылатын
ықтимал іріктеме қажет.
Нақтылықтың талап етілген деңгейі зерттеулердің басым бөлігінде
барлау дерегін жинау мен CPS арасында болады. Тағы бір ескеретін жайт,
зерттеуші зерттеу мақсаттарына жету үшін іріктеме қаншалық жақсы
болуы керегін сезінуге тиіс. Мысалы, сізге үкімет реформаларын қолдау-
ды тіркеу мақсатында мектебіңіздегі оқушылардың студенттік өзін-өзі
басқару туралы пікірін бағалау қажет болса, онда жүйесіз, сапасы төмен
іріктеме орынсыз болар еді. Іріктеме студент жиынтығы туралы қажетті
нақты жалпылау жасау міндетіне қисынды таңдалғанына көз жеткізуіңіз
керек. Алайда сынып жобасы үшін студенттік өзін-өзі басқару туралы
пікірдің өзгермелігі туралы біршама түсінік қалыптастырғыңыз келсе,
онда ол үшін тар ауқымдағы қолайлы іріктеме де жеткілікті.
Қолда бар ресурстар
Іріктеме дәлдігі жалғыз критерий болса, онда лайықты іріктеу дизай-
нын сұрыптау мейлінше кіші қате шегін беретін процедураны қолдануға
оңай болар еді. Алайда дәлдік, сайып келгенде, құнмен теңгерімде болуға
тиіс. Уақыт, ақша, материал мен қызметкер сияқты қолда бар ресурстар
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
241
кейстердің сұрыпталуына шектеу қояды. Байқағанымыздай, көпсатылы
кластерлі іріктеудің басты себебі – сұхбат алушылардың жол мен қажетті
кейс тізімдерін құруға байланысты кететін уақыт пен шығынды азайта-
тыны. Сондықтан бұл дизайнның кейбір формасы барлық ірі ауқымды
зерттеулерге ұсынылады. Ол уақытты көп талап етпейтіндіктен, кейде
қарапайым кездейсоқ іріктеу орнына жүйелі іріктеу пайдаланылады. Сол
сияқты квоталық іріктеудің пайдалы тұсы – ықтимал іріктеумен салыс-
тырғанда уақыт пен шығынды үнемдеуге сеп болады.
Қаржыландырусыз зерттеу жүргізіп жатқан студент үшін мұндай са-
лыстыру орынсыз көрінеді. Алайда мұндағы басты месседж – іріктеменің
дизайнын жасау барысында қолда бар ресустарды тиімді пайдалану.
Іріктеу дизайны қолда бар ресурстарға сай болуы қажет, алайда қаржы
жетіспеушілігі жүйесіз, сапасы төмен іріктеме жүргізуге сылтау болмауы
керек. Жалпы ережеге сай, мақсатты жиынтықты зерттеу ауқымына сай
етіп анықтау керек; зерттеу біршама шағын болса, шектелген ресурстың
өзімен де дизайны жақсы жасалған және орындалған іріктеме алуға бо-
лады.
Дерек жинау әдісі
Іріктеу туралы кең таралған түсінік – оны тек сауалнама зерттеушілерінің
құралы деп таниды. Дерек жинаудың басқа негізгі формаларын (экспе-
римент, далалық зерттеу және құжаттық зерттеуді) қолданатын әлеумет-
танушылар іріктеуге аса қызығушылық танытпайды деп саналады. Алай-
да шындығында, зерттеушілердің барлығы кейс сұрыптауға қатысуы ке-
рек. Дерек жинаудың төрт стратегиясы іріктеу мәселелерін түрлі жолмен
шешеді. Ендігі тарауларда оқитыныңыздай, ыңғайлы іріктеу – қолда бар
жиынтықтан алынған шағын іріктемелерді пайдаланатын эксперимент-
тегі ереже. Ықтимал іріктеудің кейбір формасы зерттеулердің басым
бөлігінде кездеседі. Мақсатты немесе анықталған іріктеу далалық зерт-
теулерге тән, ал жиынтықты анықтауға болатын деңгейде, яғни ықтимал
іріктеу талдауда қолжетімді деректерді жиі қолданады.
Іріктеме көлемін анықтайтын факторлар
Мақсатты жиынтықты мұқият анықтап, жақсы іріктеу шегіне қол
жеткізіп, лайықты іріктеу дизайнын ойластырған соң, зерттеуші ірікте-
менің орынды көлемін шешуге тиіс. Іріктеу дизайнын таңдаудағыдай,
бірнеше өзара байланысты факторлар іріктеме көлемі туралы шешімге
ықпал етеді: (1) жиынтықтың әртектілігі, (2) талап етілетін нақтылық,
(3) іріктеу дизайнының түрі, (4) қолжетімді ресурстар және (5) дерек-
терді талдау барысындағы жоспарланған бөліністер саны. Ең күрделі зерт-
теу бағдарламаларында іріктеме көлемін айқындау үшін бұл факторлар-
ды математикалық теңдеуге салады. Мұндай техникалық мәселелер бұл
ІРІКТЕУ
242
кітап мазмұнымен сәйкес келмесе де, іріктеме өлшемі негізіндегі бірне-
ше статистикалық іріктеу теориясын түсіну маңызды. Ендігі талқылауда
таныстырылатын бірнеше математикалық принциптер тікелей қарапа-
йым кездейсоқ іріктеуге қолданылады. Алайда олар ықтимал іріктеудің
өзге формаларына біз талқылағаннан да күрделі деңгейде қолданылады
және ықтимал емес іріктеу дизайнында логикалық түсінікте де, интуи-
тивті түсінікте де қолданылады.
Жиынтықтың әртектілігі
Әртектілік белгілі бір сипаттама бойынша кейстер арасындағы айыр-
машылық (ал біркелкілік ұқсастық дәрежесіне) дәрежесіне жатады.
Жиынтық зерттелетін сипаттама бойынша қаншалықты әртекті болса,
сенімді іріктеме бағалауын алу үшін соншалықты көп кейс талап етіледі.
Бұл принциптің логикасын екі шекті қарастыру арқылы көруге болады:
кейстің барлығы айқын бірдей болса, онда бір кейстен тұратын іріктеме
жеткілікті болар еді; ал екі кейс берілген бір сипаттама бойынша бірдей
болмаса, тек толық санақ қана жиынтықты қанағаттанарлық дәрежеде
көрсетеді.
Сандық айнымалыдағы жиынтық әртектілігінің ең үздік статистика-
лық өлшемі – стандарт ауытқу, ол шартты түрде Гректің (σ) таңбасымен
белгіленеді. Бұл өлшем мен стандарт қате тұжырымдамасы арасындағы
тікелей байланысты ықтимал іріктеу теориясы туралы талқылауда қарас-
тырғанбыз. Стандарт қате іріктеме бағалауындағы (іріктеме бағалауы-
ның бағаланып жатқан жиынтық мәнінен ауытқуының «орташа» мәні)
қате дәрежесін көрсететінін есте ұстайық. Стандарт қатені есептеу үшін
пайдаланылатын формула – σ/√N, яғни N іріктеме өлшемінің квадрат
түбіріне бөлінген стандарт ауытқу. Бұл формуладан стандарт қате өлше-
нетін жиынтықтың әртектілігімен тікелей, ал іріктеме көлеміне кері бай-
ланысатын көре аламыз. Осылайша жиынтықтың әртектілігі қаншалық
үлкен болса, онда қажетті нақтылық деңгейіне жетуге қажет іріктеме
соншалық үлкен.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Айнымалының әртектілігі не вариациясы артқан сайын, стандарт қате де көбейеді.
Қажетті нақтылық
Техникалық тұрғыда айтсақ, нақтылық іріктеме бағалауының өз-
гермелігін не қате дәрежесін, яғни стандарт қатені көрсетеді. «Нақ-
тылық» тұжырымдамасы жиынтық мәнін бағалауда қолданылатын
сенімділік интервалы терминдері тұрғысында жақсы түсіндірілуі мүмкін.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
243
Осылайша ішетін сусындардың орташа көлемі 2,0 мен 4,0 арасында тө-
мендейді дегеннен гөрі, орташа саны 1,0 мен 5,0 арасында түседі деу әл-
деқайда нақты болар еді. Берілген сенімділік деңгейі үшін (95% дейік)
сенімді интервал көлемі стандарт қатемен тікелей байланысты; яғни
стандарт қате қаншалықты кіші болса, сенімділік интервалы соншалық-
ты кіші және іріктеме бағалауы соншалықты нақты болады. Әлбетте,
іріктеме қаншалық үлкен болса, стандарт қате соншалық кіші болады.
Сондықтан іріктеме неғұрлым үлкен болса, іріктеме бағасының нақты-
лығы соғұрлым жоғары болады.
Бұл қатынас туралы екі факті еріксіз көзге түседі, себебі олар белгілі
бір дәрежеде интуицияға бой бермейді. Біріншіден, әдетте нақтылықты
іріктелген жиынтық пропорциясы емес, іріктеменің абсолютті көлемі
анықтайды. Жиынтық салыстырмалы түрде үлкен болғанда, іріктел-
ген жиынтық пропорциясының нақтылыққа әсері шамалы. Мысалы,
2010 жылы Вермонт жиынтық 625 000 адамнан сәл ғана асты, ал
Массачусетс жиынтығы 6,5 миллионнан көп болды. Қазір бұл штаттар-
дың әрқайсысынан 2 000 адамнан тұратын қарапайым кездейсоқ ірікте-
мені алсақ, жалпы жиынтықтағы іріктеме пропорциясы Вермонттағы әр
300 адамнан біреуін және Массачусетстегі әр 3 000 адамнан біреуін құ-
райды. Дегенмен бұл іріктемеге сүйенсек, бағалау (орташа табыс дейік)
Массачусетске де, Вермонтқа да нақты болар еді.
Стандарт қатеге арналған формуланы қайта қарау арқылы бұл қаты-
насты математикалық түсінікке қол жеткіземіз. Жоғарыда келтірілген
формула стандарт қате стандарт ауытқу мен іріктеме көлемі бойынша
анықталатынын көрсеткенімен, шындығында, бұл формула теориялық
шексіз көлемдегі жиынтыққа қолданылады. Ақырғы жиынтық үшін,
1
формуланы тең түзету коэффициентіне көбейту қажет, мұнда-
ғы f іріктеу үлесі немесе іріктемеге енгізілген жиынтық пропорциясы
(Kish, 1965: 43–44). Дегенмен іріктеу үлесі нөлге тым жақын болса, онда
түзету коэффициенті 1 немесе стандарт қатеге ешқандай әсер етпейтін 1
болатынын ескеріңіз. Практикалық мысалдың көбінде жиынтықтың ірік-
темеден үлкендігі сонша – тіпті f өте төмен, яғни нөлге жуық әрі түзету
коэффициентін елемеуге болады. Мысалы, 2 000 іріктемесінде Вермонт
үшін Ү = 0,0032 және Массачусетс үшін Ү = 0,0003 болды. Тек шағын
жиынтықта f нөлден әлдеқайда үлкен болады деп күтеміз; алайда шағын
жиынтықтағы кіші f кіші іріктеме көлемін білдіреді, осы соңғысы стан-
дарт қатеге айтарлықтай ықпал етеді.
Нақтылық, ең алдымен, іріктелген жиынтық пропорциясымен емес,
іріктеменің абсолютті сандық көлемімен анықталғанымен, нақты нәти-
же алу үшін іріктеме тым үлкен болуы шарт емес. Бұл – нақтылық пен
іріктеме көлемі туралы екінші маңызды факт. 2 мыңнан 3 мыңға дейінгі
көлемдегі іріктеме үшін іріктеу қатесі айтарлықтай аз, осы саннан ірік-
теме өлшемін арттыру қатені азайтады, артық шығынды қажет етпейді.
ІРІКТЕУ
244
Мұның математикалық түсіндірмесін тағы да стандарт қате формула-
сынан таба аласыз. Іріктеме өлшемінің квадрат түбірі көтерілген сайын,
стандарт қате төмендейтініне назар аударыңыз. Квадрат түбір функциясы
болғандықтан, стандарт қатені жартысына кеміткіміз келгенде, іріктеме
өлшемін төрт есе көбейтуіміз керек. Мұндай қарқында іріктеме өлшемін
көбейту арқылы алынатын нақтылық шарықтау шегіне жетіп, бірнеше
мың кейстен кейін қайта азаяды. Мысалы, іріктеме өлшемі, үміткердің
сайлауда жинайтын дауыстарының болжалды пайызы сияқты, стандарт
қате пайызына қалай ықпал ететінін қарастырайық. Екі үміткер мен дауыс
тең бөлінсе, 100 болатын іріктеме өлшемінде стандарт қате 5,0% болады.
6.5-кесте көрсеткендей, іріктеме 400-ге жеткенде бұл қате 2,5-ға азаяды,
іріктеме 2 500-ге жеткенде қате пайызы 1,0 болады. Қатені 0,5%-ға төмен-
дету үшін бізге 10 000 іріктеме өлшемі қажет.
Іріктеме көлемі Стандарт қате (%)
100 5,0
400 2,5
2 500 1,5
10 000 0,5
6.5-кесте. Пайыздық көрсеткіші 50 болатын стандарт қате
іріктеме көлемі бойынша бөлінген*
Енді оқырмандар болжаушылар миллиондаған дауыс берушілердің
ішінен бірнеше мыңдық іріктемені пайдалана отырып қалайша нақты
болжам жасайтынын түсінген болар. Жиынтықтың үлкен көлемі ірікте-
ме бағалауының нақтылығына әсер етпейді. Оған қоса, 2 000 мен 3 000
арасындағы іріктеме өлшемі ең таяу сайлаудан өзгесінің бәрін нақты бол-
жауға жеткілікті.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Іріктеме бағалаудағы іріктеу қатесінің шегі әрқашан дерлік іріктеменің жиынтыққа қа-
тысты көлеміне емес, іріктеменің абсолютті көлеміне тәуелді.
2 000 мен 3 000 арасын сенімді іріктеме нәтижесі үшін стандарт өл-
шем деп қарастыруға болмайды. Іріктеме өлшемі нақтылықтан өзге де
*Стандарт қате пайыздық көрсеткіші 50%-
дан көп немесе аз болса кішірек болады.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
245
факторларға тәуелді екенін айтпағанда, нақтылықтың қажетті деңгей-
лері де зерттеуден зерттеуге түрленіп отырады. Бір жағынан, CPS 60 000
тұрғын үй бірлігінен тұратын іріктемені талап етеді, сондықтан «90 па-
йыздық сенімділік деңгейінде жұмыссыздық деңгейіндегі 0,2 пайыздық
өзгеріс елеулі [болады]» (U.S. Bureau of Labor Statistics, 2016a). Екінші
жағынан, 30 кейс жалпы алғанда статистикалық деректерді талдау үшін
қисынды минимум саналады, дегенмен әлеуметтанушылардың көбі 100-
ден кем болмағаны дұрыс деген пікірде.
Іріктеу дизайны
Іріктеу дизайнының түрі де іріктеме өлшемі туралы шешімдерге ықпал
етеді. Үлкен іріктемені сұрыптаудан өзге, нақтылықты арттырудың тағы
бір жолы – қарапайым кездейсоқ іріктеудің орнына стратификациялан-
ған іріктеуді пайдалану. Басқаша айтқанда, ұқсас нақтылық деңгейі үшін
стратификацияланған кездейсоқ іріктеме қарапайым кездейсоқ ірікте-
меге қарағанда кейсті аз талап етеді. Дегенмен кластерлі іріктеме қара-
пайым кездейсоқ іріктеменің нақтылығына тең нақтылыққа қол жеткізу
үшін көбірек кейсті қажет етеді. Бұл салыстырулардың математикалық
емес түсіндірмесі «әртектілік» тұжырымдамасына сүйенеді.
Стратификацияланған кездейсоқ іріктеу стратификацияланған ай-
нымалы өзі бағалайтын айнымалымен байланысқанда көбірек іріктеу
өнімділігін қамтамасыз ететінін есіңізде сақтаңыз. Бұлар байланысты
болса, бағаланатын айнымалыдағы вариация немесе әртектіліктің басым
бөлігі страталар арасындағы айырмашылықта болады, әр страта салыс-
тырмалы түрде біркелкі келеді. Мысалы, алкоголь тұтынуға қатысты айт-
сақ, мұнда ерлердің немесе әйелдердің арасындағы өзгермелілік ер мен
әйел арасындағы өзгермеліліктен кем. Стратификацияланған кездейсоқ
іріктеу әр стратаны іріктеу арқылы дереккөздер арасындағы әркелкілікті
жойып, страта шегіндегі вариацияны ғана қалдырады. Страта салыстыр-
малы түрде біркелкі болғандықтан, әр стратаның стандарт қатесі жалпы
жиынтықпен салыстырғанда кіші, стратификацияланған іріктеу проце-
дурасы ұқсас өлшемдегі қарапайым кездейсоқ іріктемеге қарағанда кіші
қате шегін береді.
Кластерлі іріктеудің төмен құны сияқты артықшылығы болғанымен,
оған нақтылықтағы тиімділік жетіспейді. Мысалы, екісатылы кластерлі
іріктеуде кластерлер арасында және ішінде өзгермелілік бар. Кластер-
лерден іріктеме алынарда стратификацияланған іріктеуде «дереккөз
арасында» жойылған әртектілік әлі де көрінеді. Кластерлер арасында-
ғы өзгермелілік кластерлер ішіндегі өзгермелілікпен салыстырғанда ірі
болса, онда іріктеу қатесі қанша кластер сұрыпталғанына байланыс-
ты елеулі болады. (Осы себепті біз кластерлер арасындағы айырмашы-
лықты салыстырғанда кластерлердің әртекті болғанын қалаймыз, яғни
ІРІКТЕУ
246
стратификацияланған іріктеудегі стратегияға қарама-қарсы). Одан бө-
лек, көпсатылы кластер дизайнындағы әр саты өзгермеліліліктің дерек-
көзіне немесе жалпы іріктеме қатесіне өз үлесін қосады; демек, саты
неғұрлым көп болса, жалпы іріктеу қатесі соғұрлым үлкен болып, беріл-
ген нақтылық деңгейі үлкен іріктемені талап етеді.
Қолда бар ресурстар
Әр жеке кейс қолда бар ресурстардың жұмсалуын талап етеді. Яғни белгілі
бір сәтте құн іріктеме өлшемін анықтайтын теңдеуге енуге тиіс. Жоба-
ға қаржы мен/немесе уақыттың тұрақты мөлшері бекітілгенде, Садмэн
(1976: 88–89) сауалнама зерттеуі үшін мына тиімді ережені ұсынады: қар-
жы мен уақыттың бір жартысын деректер жинауға бөліңіз (және екінші
жартысын деректерді талдауға бөліңіз). Деректерді жинау процедурасы
айқындалған соң, іріктеме өлшемі әр кейстің құны мен уақыты негізінде
анықталады. Осылайша кейстердің саны әр кейс уақытына бөлінген де-
ректер жинаудың жалпы уақытына, яки әр кейстің құнына бөлінген де-
ректер жинаудың жалпы құнына тең.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Іріктеу дизайны мен сәйкес іріктеме өлшемін таңдаудағы екі негізгі фактор іріктеме
бағалауы неғұрлым нақты болу қажеттігі және іріктеу құны.
Жоспарланған бөліністер саны
Деректер топталып және талдануы қажет айнымалылар мен айнымалы
категориялары саны да іріктеме өлшемін анықтауда ескерілуге тиіс. Жал-
пы айтқанда, талдауда қаншалықты көп бөліністер жоспарланса, яғни
зерттелетін байланыс неғұрлым күрделі болса, яки жеке қызығушылық
тудыратын субкатегориялар неғұрлым айқын болса, іріктеме соғұрлым
үлкен болуға тиіс. Мысалы, 1 000 адамнан тұратын іріктеме ер/әйелге
бөлінсе, сосын қаранәсілділер/ақнәсілділерге, сосын 18 жастан үлкен/
кішілерге, одан кейін қала/ауыл тұрғындарына бөлінсе не болатынын
қарастырайық. Қаранәсілді ауыл жастарын сипаттауға қызығушылық та-
нытсақ, 1 000 кейс былайша бөлінетінін байқаймыз:
Іріктеме 1 000
Ер 489
Қаранәсілді ерлер 60
Жас қаранәсілді ерлер 20
Ауылдық жас қаранәсілді ерлер 4
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
247
4 кейс қолда бар болса, іріктеме бұл нақты қосалқы топты мұқият тал-
дауға тым кіші болады. Мұндай мәселелерге тап болмас үшін, деректерді
талдау барысында болатын бөлініс санын бағалау маңызды, жалпы ірікте-
ме өлшемі әр категорияда кейстермен жеткілікті қамтамасыз етілетініне
көз жеткізу керек. Талап етілген іріктеме өлшемі тым үлкен болса, сәйкес
субкатегорияларды стратификацияланған әрі квоталық іріктеудегідей
жеке сұрыптаған тиімдірек болуы мүмкін.
Іріктеу қатесі мен жалпылау жөнінде соңғы ескертпе
Ықтимал іріктеу мен іріктеме өлшемінің алғышарттарын қарастырған
тарауларда іріктеу қатесі туралы көп тоқталдық: ол іріктеме бағалауы-
ның жиынтықтың шынайы мәнінен ауытқуы. Талқылауда айтылған ірік-
теу қатесі – элементтерді кездейсоқ сұрыптаудан туындаған кездейсоқ
қате. Іріктеуде мұндай қате сөзсіз болмағанымен, іріктеме өлшемін не
тиімділігін арттыру арқылы оны бағалауға және азайтуға болады. Алайда
іріктеу қатесінің іріктеме бұрмалауы
10
деп аталатын тағы бір түрі бар, ол
кездейсоқ емес, анықтау қиын әрі көбіне іріктеме дәлдігіне залалы ора-
сан.
Ықтимал іріктеу дизайнындағы іріктеме бұрмалауының ең көп тара-
ған екі бастауы – іріктеме шегінің толық болмауынан пайда болатын қам-
ту қатесі мен деректердің толық жиналмауынан туындайтын жауапсыз
қалғаннан бұрмалану. Қамту қатесінің мысалы ретінде телефон анық-
тамалығын атадық, яғни ол телефон алуға қаржысы жоқ кедейлер мен
тіркелмеген нөмірлерді қолданатын байларды ескермейтін дәрежеде қи-
сынсыз іріктеу шегін ұсынады. Жауабы болмайтын екі форма бар. Жауап
беруден бас тарту, қайтарылмаған анкеталар, жоғалған жазбалар немесе
кез келген басқа құралдар іріктеме бақылау үшін сұрыпталған бастапқы
кейс санының бір бөлігін құрағанда, жауапсыз қалған бірлік пайда бола-
ды. Респондент сауалнама сұрағына жауап бере алмаса, жауапсыз қалған
форма туындайды. Бақылаудың болмауы бақылаудан жүйелі түрде өзге-
шеленген кезде кез келген форма бұрмаланады. Осылайша сауалнамада,
әсіресе пошта сауалнамасында білімі жоғары респонденттер білімі төмен
респонденттерге қарағанда жиі жауап қайтарады. Оған қоса, зерттеу мә-
селесі мен тақырыптарына аса қатты қызығушылық білдірген адамдар-
дың қызығушылығы орташа адамдарға қарағанда жауап беру ықтимал-
дығы жоғары (6.1-қосымшасына қараңыз).
Зерттеушілер осындай бұрмалаудың ықтималдығын азайтуға тиіс.
Қамту қатесіне қатысты айтар болсақ, зерттеушілер іріктеу шегі мақсат-
ты жиынтықтан қалай өзгешеленетінін бағалап, мұндай айырмашылық-
тар зерттеу бағалауына қалай ықпал ететінін қарастыруы керек. Жауап-
сыз қалғаннан бұрмалануды азайту үшін, әдетте іріктемедегі сауал-
наманы толық толтырған адам санын, яғни жауап беру көрсеткішін
ІРІКТЕУ
248
арттыру қажет деп саналады. Жауап беру көрсеткіші төмендеген сайын
жауапсыз қалғаннан бұрмалану артады деп болжанады. Алайда Роберт
Гроувс (2006) жауап беру көрсеткіші мен жауапсыз қалған бұрмалау ара-
сындағы корреляция салыстырмалы түрде әлсіз екенін көрсетті, әрі бұл
бұрмалау бірінші кезекте «қызығушылық танытатын зерттеу айныма-
лысы мен... жауап беру ықтималдығы арасындағы корреляцияның қан-
шалық күшті екеніне байланысты» (670). Бұл сауалнама зерттеушілерін
жауаппен байланысты болуы мүмкін айнымалыларды қарастыруға және
жауапсыз қалудың әсерін бағалап, төмендетуге пайдалатын деректерді
іздеуге мәжбүрлейді. Мысалы, волонтерлікті зерттеуде әйелдер ерлерге
қарағанда волонтер болуға бейім екенін ескере отырып, ерлер мен әйел-
дердің жауап беру көрсеткішін зерттеу және сол көрсеткішке сүйенетін
зерттеу бағалауын түзетуіңіз керек. Кері жағдайда сауаланмаға қатыспа-
ған респонденттер арасында ерлер тым көп болса, волонтерліктің баға
көрсеткіші тым жоғары болады.
Гроувс «ықтимал іріктемедегі жоғары жауап беру көрсеткішіне ұмты-
лудан» аулақ болуға шақырады (2006: 668), соңғы дәлелдер «жауапсыз
қалмауға тырысу әрекеті сапасы төмен деректерге әкелетінін» көрсетті
(Fricker and Tourangeau, 2010: 934). Алайда жоғары беру жауап көр-
сеткіштері әлі де бағаланады (Peytchev, Baxter, and Carley-Baxter, 2009).
Бірқатар зерттеушілер мен демеушілер тым төмен жауап көрсеткішіндегі
сауалнамаға қарағанда, жоғары жауап көрсеткіші бар сауалнаманың реп-
резентативтігіне көбірек сенеді. Дегенмен бұл екі тренд сауалнама зерт-
теушілердің жоғары жауап көрсеткішін алудан жауапсыз қалғаннан бұр-
малануды бағалауға көшуіне, зерттеу бағалауын жауап беру үрдісіне бай-
ланысты айнымалыларға сүйеніп түзетуіне тура келуі мүмкін. Біріншіден,
тоғызыншы тарауда атап өткеніміздей, зерттеулердің көбінде жауап беру
көрсеткіші азайып жатыр. Екіншіден, көптік байланыстар мен бастапқы-
да қатысудан бас тартқан адамдармен қайта байланысу сияқты жауап
беру көрсеткішін көтеруге бағытталған бірқатар процедура институттық
бақылау кеңесі арасында этикалық тәртіп тудырды (Dillman, 2007: 28).
Бұл тарауда қарастарылған негізгі мәселе – жалпылау мүмкіндігі.
Білімдегі жетістіктер біздің жалпылау машығымызға байланысты. Мұны
ескере отырып, оқырмандар әлеуметтік зерттеудегі іріктеудің екі шегін
білуге тиіс. Алдымен әлеуметтанушылар мүмкіндігінше кең жалпылау
жасағысы келеді. Ыңғайлы әрі үнемді болуы үшін олар көбіне жергілікті
немесе нақты жиынтықты зерттейді. Мысалы, қартаю мен дінді зертте-
ген Вустер зерттеуінде олардың мақсатты жиынтығы болған Вустердің
егде жастағы тұрғындарының дініне қарағанда, АҚШ пен одан тыс жер-
лердегі қартаю мен дінге қызығушылық танытты. Зерттеушілер Вустерде
сабақ берген соң, сол қаланы таңдады. Ықтимал іріктемені жүргізу ар-
қылы олардың нәтижесін Вустердің 65 жастағы және одан егде тұрғында-
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
249
рының бәріне (бағалауға болатын қате шегінде) жалпылауға мүмкіндік
берді. Алайда бұл жиынтық сыртындағы қорытындылар тек түйсікке сү-
йенеді.
Екінші шектеу іріктемеден жиынтыққа жалпылауға қатысты. Көр-
геніміздей, кейсті сұрыптау тәсілі зерттеу нәтижесінің кімге және нақ-
тылықтың қай деңгейінде қолдануға болатынын анықтайды. Іріктеменің
жалпыламалығы – әлеуметтік ғылыми зерттеулерде, әсіресе сауална-
ма зерттеулеріндегі қарастырылатын жалпылаудың негізгі мәселесі, ол
көбіне «іріктеме сауалнамасы» деп аталады. Өйткені бірліктерді іріктеу –
зерттеу дизайнының ажырамас бөлігі. Сауалнама зерттеушілері де осы
тарауда талқыланған іріктеу техникасының көбінің әзірленуіне жауап-
ты. Сондықтан мысалымыздың көбі сауалнама зерттеулерінен алынғаны
және адамдарды бірліктер ретінде қарастырғаны таңғаларлық жайт емес.
Бірақ жалпылау мәселесі талдау бірліктерімен шектелмейді, дәл со-
лай іріктеу бірлігі сауалнама зерттеуінің мәселесі ғана емес. Жалпылау
зерттеу уақыты, зерттеу жағдайы және операционал анықтамаларды
қоса алғанда, зерттеудің барлық ерекшелігін қамтиды. Мысалы, өзге сұ-
рақтар жинағы қойылса не зерттеу басқа орында жүргізілсе, яки күн не-
месе жылдың өзге сәтінде жүргізілсе, дәл осындай нәтиже шыға ма деп
сұрай аламыз. Әлеуметтік ғылыми идеал – барлық жағдайда орындала-
тын теориялық тұжырымды орнату, яғни оның ешқандай нақты жиын-
тыққа, уақытқа немесе жағдайға қатысы болмайды. Осы мақсатқа сәй-
кес, әлеуметтанушылар өз зерттеулерін нақты бір мақсатты жиынтыққа
бағыттамайды. Зерттеушілер мүмкіндігінше кең ықтимал жалпылауды
орнату үшін кездейсоқ іріктеуге қосымша көптеген түрлі тәсіл қолданды,
олар жайлы толығырақ алдағы тарауларда айтамыз. Олардың қатарын-
да репликация (жетінші тарау), теориялық іріктеу (он бірінші тарау) мен
триангуляция (он үшінші тарау) бар.
Түйін
Іріктеу – жалпы жинақ туралы шешім шығару үшін кейстердің қосалқы
жинақты сұрыптау процесі.
Әдетте практикалық себептерге байланысты кейстің бәрін тексеру
мүмкін емес, оған қоса, кейс іріктемесін бақылау тиімдірек болады: ол
уақыт пен ақшаны үнемдейді, әрі зерттеу талабына сай нақты болады.
Іріктеу жалпылау қажет мақсатты жиынтық пен бірлік жинағын сипат-
таудан басталады.
Көбіне мақсатты жиынтық пен іріктеу шегі арасында жетік емес сәйкестік
болады, олар: (1) іріктеме сұрыпталған кейс тізімі немесе (2) тізімге жа-
татындығын анықтайтын ереже, бұл кейс сұрыптаудың негізі болады.
«Іріктеу дизайны» деп аталатын іріктеме сұрыптау процедурасы ықтимал
не ықтимал емес іріктеуді қамтиды.
ІРІКТЕУ
250
Кездейсоқ сұрыптау процесіне сүйенетін ықтимал іріктеу зерттеушінің
кейстер сұрыптаудағы бұрмалауын жояды, іріктеме дәлдігін бағалау үшін
математикалық ықтималдық теориясын қолдануға мүмкіндік береді.
Ықтимал іріктеу дизайны қарапайым кездейсоқ іріктеуді, стратифика-
цияланған кездейсоқ іріктеуді, кластер іріктеуді және жүйелі іріктеуді
қамтиды.
Қарапайым кездейсоқ іріктеуде жалпы жиынтық арасынан кездейсоқ сұ-
рыптау кейстердің кез келген комбинациясын алуға тең мүмкіндік береді.
Бекітілген өлшемдегі кездейсоқ іріктеменің ықтимал комбинациялары-
ның барлығы үшін статистикалық қасиеттің үлестірілуі «іріктеу дистри-
буциясы» деп аталады.
Берілген іріктеме статистикасы «іріктеу қатесі» деп аталатын, жиынтық
мәнін бағалау тәсілінен өзгешеленеді; мұндай қатенің өлшем индексі ірік-
теу дистрибуциясында «стандарт қате» деп аталады. Жалпы алғанда, ірік-
теме неғұрлым үлкен болса, стандарт қате соғұрлым кіші болады.
Кездейсоқ іріктеу қатесін ескеру үшін зерттеушілер іріктеме статистика-
сынан жиынтық параметрі туралы қорытынды жасауда «сенімділік ин-
тервалы» деп аталатын интервал бағалауды пайдаланады.
Стратификацияланған кездейсоқ іріктеуде жиынтық страталарға бөлініп,
әр стратадан тәуелсіз кездейсоқ іріктемелер алынады. Іріктеменің әр ст-
ратасындағы кейс саны жиынтықтағы кейс санына пропорционал болуы
да, болмауы да мүмкін.
Стратификациялау іріктеу тиімділігін арттырады, алайда ол үшін страти-
фикацияланатын айнымалы зерттелетін айнымалымен байланысты болуы
керек, стратификациялау құны іріктеме өлшемі артқандағы құнмен салыс-
тырғанда төмен болуға тиіс. Оған қоса, оны қарапайым кездейсоқ ірікте-
ме алуға тым кіші болатын қосалқы жиынтықтардағы кейс санын арттыру
үшін де пайдалануға болады.
Кластерлі іріктеуде жиынтық табиғи топтарға яки кластерлер деп ата-
латын аймақтарға бөлініп, кластерлердің кездейсоқ іріктемесі алынады.
Әдеттегідей, үлкен кластерлерден кіші кластерлерге қарай сатымен жыл-
жу «көпсатылы іріктеу» деп аталады.
Кластерлеу сұхбат алушының жолына кеткен шығын мен іріктеу шегін
құрылымына кеткен шығындарын азайтқанымен, іріктеме нақтылығы
да төмендейді.
Қарапайым кездейсоқ іріктеуге жеткілікті жақындауды қамтамасыз
ететін жүйелі іріктеу кездейсоқ басталғаннан соң белгіленген интервал-
дың қолда бар тізімінен кейсті сұрыптаудан тұрады.
Ықтимал емес іріктеу дизайндары қолайлы, мақсатты және квоталық
іріктемелерден тұрады.
Қолайлы іріктеу – кейс сұрыптаудың жалпылауға негіз болмайтын түрлі
кездейсоқ емес және жүйесіз процестер айдары.
Мақсатты іріктеу әдеттегі кейстердің немесе жиынтықтың сәйкес өлшем-
дерін көрсететін кейстердің мұқият сұрыпталуын қамтиды.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
251
Квоталық іріктеу кейс квоталарын түрлі стратаға бөледі, әрі содан кейін
квота толтыру үшін кейстерді кездейсоқ емес сұрыптауға мүмкіндік
береді.
Сұрыптау саты бойынша жасалса, бір кезеңде ықтимал іріктеуді және
өзгесінде ықтимал емес іріктеуді пайдалану арқылы шығынды азайтуға
болады.
Кейбір мақсатты жиынтықтағы іріктеу реферал процесіне себеп болуы
мүмкін. Желілік іріктеу респонденттерден өздерімен белгілі бір жолмен
әлеуметтік байланыс орнатқан мақсатты жиынтық мүшелерін көрсетуін
сұрайды. «Жентек қар іріктеуі» реферал тізбегін пайдаланады, яғни бас-
тапқы контактілерден белгілі бір сипаттамалары бар мақсатты жиынтық-
тың өзге мүшелерін атауын сұрайды, ал, өз кезегінде, олардан өзгелерді
көрсетуін өтінеді. Процесс осылай жалғаса береді.
Іріктеу дизайнын таңдауға ықпал ететін факторлар: (1) ықтимал ірік-
теудің кейінгі сатыларындағы күрделі дизайнды талап ететін жиынтық-
тың нақты сипаттамаларын беруге арналған зерттеу мен деректі пай-
далану сатысы; (2) уақыт, ақша және қызметкерлер сияқты қолжетімді
ресурстар (3) және дерек жинау әдісі.
Жалпы алғанда, жиынтық әртекті болып, талап етілген нақтылық пен
қолжетімді ресурстар үлкен, деректі талдау барысында жоспарланған
бөліністер саны қаншалық көп болса, іріктеме де соншалық үлкен болуы
қажет.
Іріктеме өлшемін тұрақты ұстау арқылы стратификацияланған ірікте-
менің ең үлкен нақтылығына қол жеткізуге болады, одан соң кезегімен
қарапайым кездейсоқ іріктеме мен кластер іріктеме болады.
Ақыр аяғында, іріктеме сапасы кездейсоқ сұрыптаудың нәтижесі бола-
тын іріктеменің айнымалығына ғана емес, қамту қатесі мен жауапсыз
қалғаннан туындайтын қате формасындағы іріктеменің бұрмалануына
да тәуелді.
Тірек сөздер
Негізгі жиынтық Бастапқы іріктеу бірлігі
Іріктеме
Мақсатты жиынтық
Іріктеу көлеміне пропорционал
ықтималдық
Іріктеу шегі Жүйелі іріктеу
Іріктеу дизайны Іріктеу интервалы
Ықтимал іріктеу Ықтимал емес іріктеу
Кездейсоқ сұрыптау Ыңғайлы іріктеу
Қарапайым кездейсоқ іріктеу Мақсатты іріктеу
Параметр Квоталық іріктеу
Статистика Желілік іріктеу
Іріктеу дистрибуциясы «Жентек қар» іріктеуі
ІРІКТЕУ
252
Іріктеу қатесі Әртектілік
Стандарт қате Стандарт ауытқу
Сенімділік интервалы Іріктеу үлесі
Стратификацияланған кездейсоқ
іріктеу стратасы
Іріктеме бұрмалауы
Қамту қатесі
Пропорционал емес стратификациялан-
ған іріктеу
Жауапсыз қалғаннан бұрмалану
Жауап беру көрсеткіші
Кластерлі іріктеу
Көпсатылы кластерлі іріктеу
Тапсырмалар
1. Бұл жаттығу ықтимал іріктеудің кейбір түрімен таныстырады. Алдымен тұра-
тын жеріңіздің соңғы шыққан телефон анықтамалығынан А бөлімін бастап-
қы нүкте ретінде пайдаланып, тізілген алғашқы 50 есімнен тұратын іріктеу
шегін алыңыз.
а. Қарапайым кездейсоқ іріктеме Research Randomizer (http://www.
randomizer.org/) арқылы 10 есімнен тұратын кездейсоқ іріктеме
таңдаңыз. Кездейсоқ таңдаған санның бәрін тізіп шығыңыз, содан
соң іріктемеңіздегі 10 есімді тізіп шығыңыз. 5 есімнен тұратын ірік-
теме шығару барысында осы процедураны қайталаңыз.
ә. Стратификацияланған жүйелі іріктеме іріктеу шегіңіздегі есімдерді
жынысқа негізделген страталарға бөліңіз. Енді әр стратадағы бес жү-
йелі іріктеменің бірін таңдаңыз. Кездейсоқ стратадан бастаңыз және
бастаған әр стратадағы кездейсоқ санды көрсетіңіз. Алынған есім-
дерді тізіп шығыңыз.
2. Әр сайлау жылы, баспасөз өкілдері сайлау нәтижесін болжау мен талдауда
экзит-пол нәтижесіне иек артады. Экзит-пол – сайлаушылар өз сайлау бөлім-
шелерінде дауыс бергеннен кейін бірден алынатын сауалнама. Сайлау бөлім-
шелері (немесе сайлау аймақтары) әр штатты көрсету үшін кездейсоқ таң-
далады, ал ұлттық сайлау бүтін ұлтты көрсетеді. Сұхбат алушылар таңдалған
дауыс берушілерге толтыруы бірер минут қана алатын анкета береді. Онда
олар кім үшін дауыс бергені, маңызды мәселелер мен жыныс, жас пен нәсіл
сияқты демографиялық ақпарат сұралады. Сауалнама анонимді болады, әрі
еріктілер қатысады. Сұхбат алу сайлау бөлімшелері ашылғанда басталып, жа-
былуына бір сағатқа қалғанға дейін күні бойы жалғасады.
Бір мемлекеттік сайлаудағы экзит-полда сайлаушылар былайша таңдалды.
Әр штатта уческелердің толық тізімі алынды. Учаске аймақтарға бөлінді, әр
аймақта уческелер кездейсоқ сұрыпталды, сондықтан сұрыпталу мүмкіндігі
сол учаскеде дауыс беретін адамдардың санына пропорционал болды. Әр таң-
далған учаскеде бір немесе кейде екі сұхбат алушы сыртта тұрды, олар күні
бойы енді дауыс беріп шыққан 100 шақты сайлаушыны кездейсоқ сұрыптауға
тырысты. Зерттеушілер бұл тапсырманы сайлау орындарынан шыққан дауыс
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
253
берушілерді санау мен әр дауыс берушіні белгілі бір интервал аралығында (әр
үшінші немесе бесінші сайлаушы делік) сұрыптау арқылы орындады. Интер-
вал күні бойына шамамен 100 сұхбат теңдей бөлінетіндей етіп таңдалды.
а. Іріктеудің жалпы дизайны қандай? (Нақты көрсетіңіз. Бұл – бір ірік-
теудің көп әдісін қамтитын күрделі дизайн).
ә. Дизайнда іріктеме шегінің қайсысы пайдаланылды?
с. Стратификация дизайнға біріктірілген бе? Солай болса, стратифи-
кацияланған айнымалы қандай?
д. Әр сұрыпталған уческедегі сайлаушыларды таңдау үшін қандай ірік-
теу әдісі пайдаланылды?
е. Кейбір журналистер мен комментаторлар түс кезінде экзит-полдан
сан немесе бағалауды алғысы келеді. Hеліктен кешкі сауалнама-
ларға қарағанда, күндізгі сандардың қате шегі тым үлкен болады?
Екі ықтимал себебін көрсетіңіз, біреуінде кездейсоқ іріктеу қатені,
екіншісінде іріктеу бұрмалауын қамтыңыз.
ф. Қамту қатесіне қатысты іріктеу стратегиясын бағалаңыз; мемле-
кеттік сайлаудағы барлық дауыс берушілер мақсатты жиынтық деп
алайық.
3. Тоғызыншы тарауда сипаттаған GSS Америка Құрама Штаттарындағы отба-
сыларда өмір сүретін ересектердің (18 жас және одан үлкен) жеке сұхбат сауал-
намасынан тұрады. GSS іріктеу дизайны жайлы GSS код кітабының А қосым-
шасынан оқыңыз, оны ғаламтордан таба аласыз (http://www.gss.norc.org/
documents/codebook/GSS_Codebook_AppendixA.pdf). GSS 2010 жалпы ди-
зайнын қысқаша сипаттаңыз. Дизайн 1972 жылдан қазірге дейін қандай өз-
геріске ұшыраған? GSS «блок квота» іріктемесінен толық ықтимал іріктемеге
қашан ауысты?
4. Губернатор сізді штат өртсөндіргіштерін зерттеу үшін жалдады дейік. Штат
көбірек өртсөндірушілерді жалдау үшін, жарнама науқанын бастауды жос-
парлап отыр. Зерттеу мақсаты – өртсөндірушілер жиынтығы жағдайын жас,
нәсіл, дін және әлеуметтік тап сияқты демографиялық сипаттамаларға сү-
йеніп сипаттау арқылы оларды өртсөндіруші болуына не итермелейтінін
анықтау қажет. Қате шегін бағалауға машықтанғыңыз келеді, әрі штат өрт-
сөндірушілері ішінен 5%-ды құрайтын әйел өртсөндірушілер туралы сенімді
ақпарат алғыңыз келеді.
а. Бұл зерттеудегі сіздің мақсатты жиынтығыңыз қандай?
ә. Жеке сұхбат сауалнамасын жүргізуді шештіңіз дейік. Штаттағы бар-
лық өртсөндірушілердің толық тізімі жоқ; дегенмен штаттағы өрт
сөндіру департаментінің толық анықтамалығы бар уеб-сайт тауып
алдыңыз. Өртсөндірушілердің ықтимал іріктемесін қалай таңдар
едіңіз? Жалпақ тілмен айтқанда, іріктеудің қандай дизайнын пай-
далануды жөн көрдіңіз? Сауалнаманың мақсатын ұмытпаңыз. Ірік-
темені қалай жүргізетініңізді мұқият әрі нақты сипаттаңыз.
ІРІКТЕУ
254
б. Енді анкета зерттеуін пошта арқылы жүргізбексіз, штатта жұмыс іс-
тейтін өртсөндірушілердің толық тізімін ала аласыз дейік. Дегенмен
тізімде әр өртсөндірушінің есімі, мекенжайы мен қызмет өтілінен
басқа ешқандай ақпарат жоқ. Қандай іріктеу дизайнын пайдаланар
едіңіз? Іріктемені қалай жүргізетініңізді мұқият әрі нақты сипаттаңыз.
5. Әдіснамалық тәжірибеңіз артқандықтан, кездейсоқ іріктеме сауалнамасын
алуға бекінген біреу сізге: «Қисынды нақтылыққа жету үшін жиынтықтың
қандай пропорциясына іріктеме жүргізуім керек?» деген сауалды қояды. Бұл
сұраққа қалай жауап берер едіңіз?
Сілтемелер
1. Америка Құрама Штаттары Конституциясы бойынша мемлекет әр 10 жыл
сайын халықтың толық санағын жүргізуге міндетті. Санақтың негізгі мақса-
ты – АҚШ Өкілдер палатасындағы орындарды қайта бөлу. 1999 жылы Жоғар-
ғы сот Конгрестегі орын үлестіруді анықтайтын санақта статискалық ірік-
теуді пайдалану жоспары Санақ туралы заңды бұзады деген қаулы шығарды
(U.S. Census Bureau, 2009). Санақ орнын АҚШ жиынтығын іріктеме зерттеу-
мен алмастыру үшін конституциялық түзету қажет секілді.
2. Кейде араластырудың аздығынан лоторея әдісі де қисынды көрінбейді. Бұл
мәселенің екі айқын мысалы ретінде, 1940 пен 1970 жылдардағы әскерге
шақыру лотореясын алсақ болады. Статистикалық талдау екі лотореяның
да бұрмаланғанын көрсетті, оған себеп – физикалық араластырудың кездей-
соқтыққа жете алмауы (Fienberg, 1971). Туған күнге сүйенетін 1970 жылғы
лоторея былай жасалды: ұштары жұмырланған 366 цилиндрлі капсула пай-
даланылды; қаңтар айындағы күндер жазылған парақтар 31 капсулаға салы-
нып және үлкен төртбұрышты ағаш қорапқа орналастырылды; ақпан айын-
дағы күндер капсулаға салынды, артынша қорапқа орналастырылып, қаң-
тар айындағы күндермен араластырылды, осы процедура кейінгі айлардың
бәрінде кезекпен қайталанды; кейін қорап жабылып, бірнеше рет шайқалды;
ақыр аяғында, 366 капсула қораптан үлкен ыдысқа құйылды, әрі қарай содан
алынды. Лоторея ойнатудың бірізділігі талданғанда бірізділіктің кездейсоқ
емес екені, алайда одан гөрі «бастапқы араластыру барысындағы капсулалар-
дың ағаш қорапқа салынған ретінің» көрінісі екенін көрсетті (Fienberg, 1971:
260). Нәтижесінде туған күндері жылдың соңғы айына келген адамдарда ло-
торея саны төмен болды, cондықтан олардың ілінбеу ықтималдығы жылдың
алғашқы айларында туғандарға қарағанда жоғары болды.
3. Бұл мысалдың моделі Моррис Джеймс Слоним (1957, 1960) мен Изадор
Чейннің (1981) презентациясы арқылы жасалды.
4. Әр оқиға жинағының ықтималдығы тең болса, онда кез келген бір оқиғаның
ықтималдығы жалпы оқиғалар санына бөлінген 1 деп анықталады. Мысалы,
бізде бір мінсіз тиын бар дейік, онда екі оқиға бар, яғни бүк пен шік, оны бір
рет лақтырғандағы бір оқиға (бүк дейік) ықтималдығы 1/2 тең болады.
ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ
255
5. Бұл кейбір стратадағы асыра іріктеудің орнын толтыратын салмақ өлшеу про-
цедурасы арқылы жасалады. Қажетті математикалық формулаларды Киштан
(1965) таба аласыз.
6. Ендігі мысал ықтималдықтың қалай тең болатынын бейнелейді. Жиынтықта-
ғы оқушылардың жалпы саны 500 000 және олар 100 мектеп сұрыпталған дейік.
Сұрыптау ықтималдығы 1 000 оқушысы бар А мектебі 100 × 1 000/500 000
не 0,20 болады. 500 оқушысы бар Б мектебін сұрыптау ықтималдығы 100 ×
500/500 000 не 0,10 болады. Әр мектептен 50 оқушы сұрыпталса, А мектебі-
нен оқушы сұрыпталу ықтималдығы – 0,20 × 50/1 000 не 0,01, бұл, өз кезегін-
де, Б мектебінің оқушысының сұрыпталу ықтималдығымен бірдей (0,10 ×
50/500 = 0,01).
7. Кластер іріктеудің ендігі мәселесі – кластерлер өлшемі бойынша тең сирек
кейстерден бөлек, кейс сұрыптау ықтималдығы кластерден кластерге кең
ауқымда түрленеді. Сондықтан жиынтық сипаттамаларын бағалау бұл кітап-
тың айтарынан тыс кейбір күрделі статистикалық шешімдерді талап етеді.
8. Ричард Аппельбаум (1990: 13) үйсіз-күйсіз жиынтықты санау шешімі жоқ
мәселе деп тұжырымдады, «бұған жұмсалған әрбір күш-жігер дұрыс есепте-
меуге әкелуі мүмкін» деп Росс көшесі зерттеуін екі тармақ бойынша сынға
алды. Біріншіден, үйсіз-күйсіздер өз-өзін анықтайтындықтан, мұнда жауап
бұрмалану ықтималдығы бар, мысалы, сұхбат алушылардан қашу арқылы
сұхбаттан бас тарту немесе өздерін үйсіз деп мойындағысы келмеуі сынды
оқиғаларды айтсақ болады. Екіншіден, зерттеу көшеде күнін өткізген үйсіз-
күйсіз жиынтықты ғана қамтыды, онда руминг-хаустағы (жуынатын бөлмесі
мен асханасы ортақ), түрмелер мен оңалту орталықтарындағы адамдармен
қатар, пойыз немесе автобус жүргізетін адам саны ескерілмеді.
9. Ықтимал бұрмалауға қарамастан, жиынтықтың институттарға жатпайтын
жасырын топтары сирек зерттеледі. Расымен, «ауытқудың классикалық зерт-
теулері, негізінен, толығымен әлеуметтік басқару институттары желілеріне
түскен жиынтыққа байланысты болды» (Watters and Biernacki, 1989: 417).
10. Қатенің бұл екі түрі, яғни кездейсоқ іріктеу қатесі мен іріктеменің бұрмала-
нуы – өлшеудің кездейсоқ және жүйелі қатесіне балама.
ІРІКТЕУ
257
БІРІНШІ БӨЛІМ
ҮШІНШІ БӨЛІМ
Деректерді жинақтау әдістері
Осы бөлімде эксперименттер, сауалнамалар, далалық зерттеулер мен
қолда бар деректерді пайдалану арқылы жүргізілетін әлеуметтік зерттеу-
дің ең айрықша және кеңінен қолданылатын төрт тәсілін қарастыратын
боламыз. Зерттеушінің қандай да бір тәсілді таңдауына зерттеу сұрағы,
қолжетімді ресурстар, пәнге тән ерекшеліктер мен жеке қалаулары сияқ-
ты бірнеше фактор ықпал етеді. Көбіне зерттеушілер идеологиялық тұр-
ғыдан бақылау жүргізудің бір тәсіліне бейім келеді. Шынтуайтында, әр
тәсіл өздігінше, тәуелсіз қалыптасқан. Соған байланысты әр бағыттың
әдістеріндегі ерекшеліктерді сипаттауға арналған бөлек терминология-
сы бар. Мұны «субъектілер» немесе «қатысушылар» (эксперименттер),
«респонденттер» (сауалнамалар), «информанттар» (далалық зерттеулер)
және «элементтер» (қолда бар деректерді зерттеу) деп аталатын талдау
бірліктеріне қатысты терминдерден айқын көреміз.
Белгілі бір тәсіл таңдалған соң, ол өлшем мен іріктеуден бастап дерек-
терді талдауға дейінгі зерттеудің барлық аспектісіне әсер етеді. Осыған
дейін зерттеу дизайнының элементтерін кеңінен қарастырдық, кейінгі
тарауларда да дизайн мәселесіне қайта тоқталатын боламыз. Тұтас бір
тарауларда эксперимент (сегізінші тарау) пен сауалнама (оныншы тарау)
дизайнының техникалық ерекшеліктеріне назар аударамыз. Тиісінше,
негізгі төрт тараудағы (жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он екінші
тараулар) мақсат – әр тәсілдің зерттеу жүргізудегі бірегей процесін си-
паттап шығу. Он үшінші тарауда әдіс пен тәсіл комбинациясын қолдану
стратегияларын ұсынамыз. Әлеуметтік зерттеулердің негізгі мақсаты –
әлеуметтік әлемді түсіну. Осы бөлімде, негізінен, соған көңіл бөлеміз. Ал
соңғы тарауда (он төртінші тарау) әлеуметтік бағдарламалар мен саясат-
ты бағалауға бағытталған «бағалау зерттеулері» деп аталатын қолданба-
лы әлеуметтік зерттеу түрлерін қарастыратын боламыз.
258
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
Жетінші тарау
Эксперимент жүргізу
Жұрт «эксперимент» терминін естігенде бірден ғылыми зерттеулер тура-
лы ойлайды. Себебі олар көбіне бастауыш және орта мектептегі ғылым-
мен байланысты пәндерде эксперимент туралы оқыған не эксперимент
жүргізіп көрген. Көбісі эксперимент жүргізуді «ғылыми әдістің» сынама-
сы ретінде қабылдайды. Кейбір студенттер кез келген ғылыми зерттеуді
эксперимент деп санайтынын да көрдік. Дегенмен бұл термин техника-
лық тұрғыдан дұрыс қолданылмай, жаңылыстыруы мүмкін. Әлеуметтік
зерттеулердің көбі эксперимент түрінде бола бермейді. «Эксперимент»
сөзі бірнеше ерекшелігі бар зерттеуді білдіреді. Эксперименттік тәсілдің
басты ерекшеліктері – манипуляция және бақылау жүргізу. Гипотезаны
сынау үшін эксперимент жүргізушілер субъектілердің қоршаған ортасы-
на өзгерістерді әдейі енгізіп, олардың әсерін бақылайды не өлшейді. Өзге
зерттеу стратегияларына қарағанда бақылау жағдайы баса қадағалана-
тындықтан, эксперименттер зерттеу нәтижелерінің балама интерпрета-
циясын ұсынатын сыртқы айнымалылардың әсер ету мүмкіндігін тиімді
түрде жояды. Сол себепті эксперименттік зерттеулер әлі күнге себеп-сал-
дарлық гипотезаларды сынаудың оңтайлы тәсілі ретінде қарастырылып
келді. «Шынайы» экспериментті іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес не
тиімсіз саналады. Басқа тәсілді қолдану керек болса да, эксперимент ло-
гикасы басқа зерттеу стратегиялары бойынша бағаланатын стандарт ре-
тінде қызмет етеді.
Бұл тарауда әлеуметтік зерттеулерде кездесетін эксперименттердің
маңызды ерекшеліктері мен себеп-салдар логикасын таныстырамыз.
Экспериментті «ұйымдастыру» процесін сипаттап, содан кейін экспери-
менттердің әлеуметтік болмысын талқылаймыз. Оның ішінде ғылыми
құндылығына кері әсер ететін әлеуметтік аспектілердің алдын алу жол-
дары да қамтылады. Енді табиғи жағдайда өткізілетін эксперименттік
дизайнның әлеуметтік сауалнамалардағы қолданысы мен жеке адамнан
өзге де талдау бірліктерін пайдалану сияқты эксперименттік тәсілдердің
бірқатар нұсқасын сөз етсек.
Эксперимент жүргізу логикасы
Эксперимент жүргізудің басты себебі – бір айнымалы екінші айныма-
лыға әсер етеді деген гипотезаны сынау. Эксперименттің бәрінде себеп-
259
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҮРГІЗУ
салдар мен әсер туралы қатаң қорытынды жасауға мүмкіндік беретін
белгілі бір негізгі талаптар бар. Осы талаптарға сай келетін зерттеу ди-
зайндары шынайы эксперименттік дизайндар деп аталады. Сегізінші
тарауда талқыланғандай, бұл талаптарға сәйкес келмейтіндері «преэкс-
перименттік» немесе «квази-эксперименттік» деп аталады. Алдымен се-
беп-салдарлық байланыстарды сынаудың моделіне айналдыратын шына-
йы эксперименттердің маңызды ерекшеліктерін нақтылап, содан кейін
бұл ерекшеліктерді себеп-салдар тудыратын критерийлермен байланыс-
тырып, эксперимент жүргізудің логикасына назар аударалық.
Себеп-салдарлық байланысты сынау
Эксперименттік дизайнның негізгі ерекшеліктері Эллис Пейждің (Ellis
Page, 1958) оқытушылардың пікірлері және соған байланысты оқушы-
лардың үлгерімі туралы зерттеуінің жеңілдетілген түрінде өте жақсы
көрсетілген. Пейж оқытушылардың тест парақтарына жазған пікірлері
оқушыларды келесі тестіні жақсырақ тапсыруға қаншалықты ынталан-
дыратынын анықтағысы келді (оқытушылар оқушылардың жұмыстары-
на түсіндірме жазуға біраз уақытын сарп етерін ескерсек, бұл – өзекті
мәселе). «Смит» ағай эксперимент жүргізу үшін өз сыныбының бірінде
жоспарлы тестілеу өткізді. Оқушыларға А мен F аралығындағы бағалау
жүйесі бойынша баға қойды. Осыдан кейін тиын лақтыру арқылы тест
парақтарын екі жаққа бөлді. Бір бума қағазға эксперименттік араласу
жүргізілді, әріптік бағалауға байланысты арнайы пікірлер төмендегідей
үлгіде берілді (Page, 1958: 174):
А. Керемет! Алған бетіңнен тайма.
B. Жақсы. Осылай жалғастыра бер.
C. Бұдан да жақсы жазуға тырыс.
D. Қане, мұны жақсартайық.
F. Бұл бағаны көтерейік.
Екінші бумадағы парақтарды бақылау тобына қалдырып, ешқандай
пікір жазған жоқ. Пікірлер оқушылардың үлгеріміне қалай әсер еткені
екі түрлі тест тапсырған екі топтағы оқушылардың бағасын салыстыру
арқылы анықталды. Екінші тестілеуде ешқандай пікір айтылмаған топқа
қарағанда, жазбаша айғақ алған топтың жақсы тапсырғаны байқалды.
Жоғарыда аталған экспериментте эксперименттік дизайнның қандай
негізгі ерекшеліктері бейнеленген? Манипуляцияланған тәуелсіз айны-
малы (оқытушы бірінші тестіге пікір жазуы не жазбауы) өлшенген тәуел-
ді айнымалыға ұласады (екінші тест бойынша оқушылардың үлгерімі).
Мұнда екі топ бар: біреуінде эксперименттік араласу жүргізілген, ал екін-
шісі бақылау тобы, бірақ эксперименттік араласу жасалмаған. Мұндай
эксперименттік манипуляциядан бөлек, сыртқы айнымалылар мен олар-
дың әсері тимеуі үшін араласу мен бақылау тобы бірге қарастырылады.
260
Ақырында субъектілер (немесе бұл жағдайда алғашқы тест парақтары)
екі топқа кездейсоқ тағайындалды.
Бұл ерекшеліктер себеп-салдарлық байланыс талаптарына қалайша
сәйкес келеді? Екі айнымалының (айталық, X және Y) бір-бірімен себеп-
салдарлы байланысты екенін еш күмән келтірместен дәлелдей алмайты-
нымызға қарамастан, эмпирикалық дәлелдердің кейбір түрі себеп-сал-
дарлық мәлімдемелер үшін маңызды болып саналатынын есте сақтаңыз:
(1) ассоциация (яғни X және Y гипотеза болжанған тәсілмен бірге өзге-
ретініне дәлел); (2) ықпал ету бағыты (X Y-ке емес, керісінше Y X-ке әсер
ететініне дәлел) және (3) ықтимал бәсекелес түсіндірмелерді жою (X-тен
басқа айнымалылар Y-тегі өзгерістерге ықпал етпегені туралы дәлел).
Дәлелдердің алғашқы екі түрі X Y-ке әсер етуі мүмкін екенін, ал үшінші
түрі X және Y арасындағы байланыс шынайы, яғни бақыланған әсерге
басқа айнымалылардың ықпал етпегенін көрсетеді. Бұл дәлелдерді анық-
тау үшін жеңілдетілген Пейж экспериментіне оралайық.
1. Ассоциация. Тәуелсіз айнымалы, оқытушы пікірі гипотезаға сәйкес
тәуелді айнымалымен, яғни келесі тестідегі бағамен астастырылғаны
анықталды. Яғни араласудан өтіп, пікір жазылған топ пікір жазылмаған
бақылау тобына қарағанда жақсы баға алды.
2. Ықпал ету бағыты. Эксперименттердегі тәуелсіз айнымалы (X)
тәуелді айнымалыға (Y) әсер еткені, басқаша болуы мүмкін еместігі уа-
қыт қатарына негізделген: Y X-тен кейін пайда болса, X-тің себеп-салдары
бола алмайды. Пейждің экспериментінде кейінгі тест бағасы (Y) оқыту-
шы пікіріне әсер етпегенін білеміз (X), өйткені эксперимент жүргізуші
алдымен пікір туындайтынына көз жеткізді.
3. Бәсекелес түсіндірмелерді жою. Тестілеуде бір топ оқушыларының
басқа топқа қарағанда жақсы баға алуының қандай қисынды себебі бо-
луы мүмкін? Интеллект және мотив сияқты дербес сапа әсер етуі ықти-
мал. Тест болатын күні суық тигізіп алу, таңғы ас ішпеу не өзге оқушының
кедергі келтіруі сияқты жайттар да бағаға әсер етуі ғажап емес. Мұндай
сыртқы айнымалылар адамдарды эксперименттік араласу мен бақылау
топтарына кездейсоқ тағайындау арқылы басқарылады. Топқа кездей-
соқ тағайындау субъектілерді тағайындау процедурасын (бұл кейсте
тиын лақтыру), яғни әрбір субъектінің екі топтың біреуіне түсу мүмкін-
дігі бірдей процедураны білдіреді. Кездейсоқ тағайындаудың арқасында
нәтижені шатастыруы мүмкін жеке сипаттама я тәжірибе екі топқа бір-
дей тағайындалады. Осылайша алғыр не сылбыр, ынталы я ынтасыз, тоқ
немесе аш, зейінді немесе ұшқалақ, тағы сол сияқты оқушылар саны әр
топта шамамен бірдей болады.
Зерттеушілер топқа кездейсоқ тағайындау арқылы эксперимент алдын-
дағы айырмашылықтарды бақылаумен қатар, бір топқа жүргізілген экс-
перименттік араласуды қоспағанда, эксперимент барысында екі топтың
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
261
да бірдей араласуын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін істей-
ді. Пейждің экспериментінде екі топқа таратылған тест, берілген уақыт
және сыныптағы араласу тәжірибесі бірдей болды. Егер екі топта бір мұ-
ғалім болмаса, не оқушыларға эксперименттік не бақылау тобында екені
туралы алдын ала айтылса, эксперимент принципінің бұзылуына мысал
болар еді.
Жабық эксперименттік дизайнда бір ғана бәсекелес түсіндірме бар:
нәтижелер кездейсоқ болуы мүмкін. Бұл эксперименттік және бақылау
топтарына кездейсоқ тағайындау процесі адамдарды таңдауда олардың
интеллекті, мектепке қызығушылығы мен денсаулығы сияқты тестінің
нәтижесімен байланысты айнымалы топтары арасында әркелкі бөлуге
әкелгенін білдіреді. Мысалы, Пейж экспериментіндегі бақылау тобының
төмен баға алуы эксперименттік араласу жүргізілген топқа қарағанда ал-
ғыр оқушылардың аз жиналғанынан болуы мүмкін.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Эксперименттер себеп-салдар туралы қатаң қорытынды шығаруға сеп болды, өйткені
олар бақылау жағдайларын қадағалайды: тәуелсіз айнымалы тәуелді айнымалы өл-
шенбей тұрып манипуляцияланып, топтар кездейсоқ тағайындау арқылы теңеседі.
Эксперимент нәтижелерінің кездейсоқ болу ықтималдығын бағалау
үшін эксперимент жүргізушілер статистикалық елеулілік тестін қолда-
нады. Төртінші тарауда оқығанымыздай, елеулілік тестілері ассоциация-
ның кездейсоқ процесс нәтижесі болуы мүмкін екенін көрсетеді. Мұндай
тестілер ықтималдықты ондық формада көрсетеді. Осылайша экспери-
мент нәтижесі 0,05 деңгейінде елеулі болды деп оқығанда, уақыттың
5%-ы немесе 100-ден 5-інде ғана эксперименттік пен бақылау топтары
арасындағы осындай көлемдегі айырмашылықтар (эксперименттік ай-
нымалыда ешқандай әсер болмағанда) кездейсоқ туындайды. Мұндай тө-
мен ықтималдық кезінде, эксперименттік нәтижелердің қисынды бәсеке-
лес түсіндірмесі сияқты, кездейсоқтық процесі бақыламайтын бастапқы
айырмашылықтарды алып тастаған орынды болар еді. Алайда нәтижелер
статистикалық елеулілікпен есептелмесе, кездейсоқ тағайындауға байла-
нысты айырмашылықтарды алып тастау ақылға қонымсыз болар еді, әрі
эксперименттік араласу әсердің себеп-салдары болды деп сенімді айта
алмаймыз. Қысқа қайырар болсақ, статистикалық елеулілік тесті топтар
арасындағы бақыланатын айырмашылықтың жиі кездейсоқ пайда бола-
тын ауқымын емес, нақты (елеулі) болу ықтималдығын бағалайды.
1
Сәйкестендіру мен кездейсоқ тағайындау
Кейбір зерттеушілер эксперимент нәтижелерімен логикалық түрде
байланысты болып көрінетін сипаттамалары бойынша субъектілерді
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҮРГІЗУ
262
сәйкестендіре отырып, топтар арасындағы бастапқы айырмашылықтар-
ды жоюға тырысады. Егер эксперимент жүргізуші орыс тілін оқытудың
екі әдісінің қайсысы тиімді екенін білгісі келсе, ықтимал оқушыларды
орташа бағасы мен ауызша сөйлеу қабілетін көрсететін тестіден алған
бағасы бойынша айнымалылар арқылы салыстыруына болады. Айталық,
орта деңгейден жоғары сөйлеу қабілеті бар және орта бағаға оқитын әр
оқушыға екі айнымалы бойынша соған жуық баға алған тағы бір оқушы
табу қажет. Содан кейін әр сәйкестендірілген жұптың біреуі әр топта бо-
латындай етіп бөлінеді, сол арқылы топтардың құрамы сәйкестендірілген
айнымалыға ұқсас болуын қамтамасыз етеді.
Оқырмандар сәйкестендіруді кездейсоқтықтың орнына емес, соны-
мен бірге пайдалану қажетін ескергені жөн. Сәйкестендіру – мақсаты кез-
дейсоқ іріктеудегі стратификацияға ұқсас күшті техника: эксперименттік
дизайнның тиімділігін тәуелді айнымалыларға қатысты сипаттамаларға
ұқсас эксперименттік араласу жүргізілетін топтарды құру арқылы артты-
рады. Дегенмен кейбір сипаттамалар бойынша сәйкестендіру өзге ықти-
мал маңызды сыртқы айнымалылардың тең бөлінуіне кепіл емес. Мыса-
лы, тіл оқыту әдістерін зерттеуде шет тілін үйренуге ықпал етуі мүмкін
айнымалының бірі – есту машығы, яғни ұқсас дыбыстарды айыра білу
машығы. Тек кездейсоқтық кезінде барлық сыртқы айнымалының (оның
ішінде зерттеушіге белгісіздері де бар) шамамен алғанда эквиваленттігі-
не сенімді бола аламыз.
Сәйкестендірудегі бір мәселе – зерттеушілер әрдайым қандай айны-
малылар негізінде сәйкестендіруді немесе бақылау қажеттігін біле бер-
мейді. Тағы бір мәселе – субъектілерге жүргізілетін сауалнама тым үлкен
болмаса, сәйкестендірілген топтарды құру үшін ұқсас субъект жұптарын
табу қиынға соғуы мүмкін. Жалпақ тілмен айтқанда, сенімді нәтиже алу
үшін жеткілікті эксперименттік араласу жүргізілген топтарды құру қиын
болуы мүмкін. Бұл әсіресе бірден көп немесе екі сәйкестендірілетін айны-
малылар қолданылған жағдайда өзекті болмақ.
Субъектілерді экспериментік араласу жүргізілетін және бақылау топ-
тарына кездейсоқ тағайындаудың бірнеше жолы бар. Алдын ала айтыл-
ған әдіс – әр субъект үшін тиын лақтыру, яғни «бүк» бір топ, «шік» екінші
топ болды. Екіден көп топтарға эксперимент жүргізу үшін кездейсоқ сан-
дар шығаратын компьютерлік бағдарламаны қолдануды ұсынамыз. Мұн-
дағы маңызды нәрсе: «кездейсоқ» дегеніміз – қалай болса, солай емес,
барлық кейсте кез келген эксперимент жағдайында тағайындаудың тең
және тәуелсіз мүмкіндігі бар екенін білдіретін техникалық термин. Егер
сәйкестендіру процедуралары қолданылса, субъектілерді алдымен сәй-
кес айнымалылары бойынша сәйкестендіріп, артынша барлық сәйкес-
тендірілген жұп мүшелерін түрлі топтарға кездейсоқ тағайындаған жөн.
Соңғы ескерту эксперименттердегі субъектілерді кездейсоқ тағайын-
дау мен ықтимал іріктеудегі кейстерді кездейсоқ сұрыптау арасындағы
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
263
айырмашылыққа қатысты. Екі процесс кездейсоқ болғанымен, зерттеу-
дің әртүрлі кезеңдерінде орын алады және түрлі мақсатқа қарай жүзе-
ге асырылады. Экспериментке субъектілер саны таңдалғанда алдымен
іріктеу жүргізіледі. Кездейсоқ іріктеу іріктемеден жиынтыққа дейін қо-
рытынды жасауға мүмкіндік бергенімен, эксперименттерде сирек қолда-
нылады. Іріктеме таңдалып, субъектілер түрлі эксперименттік топтарға
бөлінген кезде кездейсоқ тағайындау пайда болады. Оның қызметі – топ-
тарды барлық бақыланбайтын сыртқы айнымалылар бойынша теңестіру.
Бұл – шынайы зерттеудің маңызды аспектісі саналады.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Кездейсоқтағайындау субъектілерді эксперименттік жағдайларға орналастыру про-
цесі, мұны негізгі жиынтықтан зерттеу субъектілерін сұрыптауды білдіретін кездейсоқ
іріктеуменшатастырмаған жөн.
Ішкі және сыртқы жарамдылық
Эллис Пейж оқушы жұмысына «ынталандыратын» пікір жазу орта мек-
теп оқушыларының үлгерімін жақсартуға сеп болады деген қорытынды-
ға келді. Пейждің зерттеуін оқитындарға (және зерттеу әдістерін оқитын
барлық студентке) сұрақ: дәлелдер бұл тұжырымды қуаттай ма? Бұл тест
гипотезаны сынауға жарай ма? Жауабы зерттеудің үш аспектісін бағалау-
ға келіп тіреледі: өлшеу жарамдылығы, ішкі жарамдылық және сыртқы
жарамдылық.
Бесінші тарауда байқағандарыңыздай, өлшемдер зерттеліп жатқан
теориялық тұжырымдамаларға сәйкескенде жарамды болады. Пейждің
тәуелсіз және тәуелді айнымалыларының операционал анықтамалары
өлшеуге тиісті нәрсені өлшеді ме? Тәуелсіз айнымалыны манипуляциялау
үшін оқытушылардың кейбір тест парақтарына нақты пікірлер жазуын
талап етті, ал өзге тест парақтарына жазғызбады. Оқытушылар тәуел-
ді айнымалыны өлшеу үшін әдеттегі оқыту курстарында қолданылатын
балл мен бағаларды жазып алды. Оқушылар экспериментке қатысып
жатқандарын білмегендіктен, Пейж реактив өлшеу әсерінің ықтимал-
дығын жоққа шығарды. Бұл, өз кезегінде, алдағы тарауларда талқылай-
тын зертханалық эксперименттердің басты мәселесі. Оқушылар өздеріне
жазылған пікірлерді қалай түсінеді деген ой тууы мүмкін. Мысалы, олар
ынталандыру ретінде қабылдай ма? Егер Пейж пікірлердің ешқандай әсе-
рі болмағанын анықтаса, оларды, шын мәнінде, қанша оқушы оқитыны
туралы ойланар едік. Бірақ, бір қарағанда, Пейждің зерттеуі өлшеу жа-
рамдылығы бойынша тестіден өтіп тұр.
Жарамдылықтың екінші мәселесі зерттеуде себеп-салдарлық бай-
ланыстың сенімді дәлелін ұсынып-ұсынбауына қатысты. Бұған және
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҮРГІЗУ
264
тәуелсіз айнымалыдағы өзгеріс тәуелді айнымалыдағы өзгеріске себеп
болғанына сенімді болсақ, зерттеудің ішкі жарамдылығы жоғары деп
айтылады. Ішкі жарамдылықты жалпы зерттеу дизайны тұрғысынан ба-
ғалаймыз. Пейждің зерттеуі сияқты шынайы эксперименттер төмендегі-
дей дизайн талаптарын қояды:
Кездейсоқ тағайындау
Тәуелсіз айнымалыны манипуляциялау
Тәуелді айнымалыны өлшеу
Кем дегенде, бір салыстыру және бақылау тобы (яғни кемінде экс-
перименттік және салыстыру сияқты екі топ)
Түрлі топтардағы жағдайдың (эксперименттік манипуляцияларды
қоспағанда) тұрақтылығы
Осы минималды сипаттамалармен жүргізілетін эксперименттер іштей
жарамды саналады, өйткені олар зерттеу нәтижелеріне манипуляциялан-
ған тәуелсіз айнымалыдан басқа, сыртқы айнымалының әсер ету ықти-
малдығын жоққа шығарады. Пейждің зерттеуінен көргеніміздей, экс-
перименттер сыртқы айнымалылармен астастырылған бәсекелес түсін-
дірмелерді екі жолмен жояды. Біріншісі – жеке қасиеттер және практика
сынды субъектілер арасындағы бастапқы айырмашылықтардың әсерлері
субъектілерді эксперименттік араласу жүргізілген және бақыланатын
топтарға кездейсоқ тағайындау арқылы жойылады. Сол арқылы топтар-
дың жуық эквиваленттігіне кепіл болады. Екіншіден, эксперименттік ай-
нымалыны енгізуден бөлек, эксперименттік араласу жүргізілген және ба-
қыланатын топтар эксперимент барысында топтардың эквиваленттігін
қамтамасыз ету үшін бірдей қарастырылады.
Осыған байланысты экспериментте сыртқы жарамдылыққа қатысты
қиындық туады. Бұл – жалпылау мәселесі немесе нәтижелер эксперимент-
тің нақты контексінен тыс нені білдіреді деген сұрақ. Мысалы, Пейждің
зерттеуіне қатысты түрлі сыныптарда, оқытушы пікірлерінде, пәндерде не-
месе топтарда «бірдей нәтиже аламыз ба?» деген сұрақ мазалауы мүмкін.
Осы тұста Пейждің зерттеуін толығырақ сипаттайтын боламыз, өйткені
ол – сыртқы жарамдылығы бар жоғары экспериментке таптырмас мысал.
Пейж өзінің зерттеуі үшін үш өңірден 12 орта мектептің (7–12 сынып-
тар) 74 оқытушысын кездейсоқ таңдады. Оқытушыларға экспериментті
жүргізу мен эксперимент үшін өз сыныптарының бірін кездейсоқ сұрып-
тауға қатысты егжей-тегжейлі нұсқаулықтар берді. Бұл процедура экспе-
римент алуан түрлі субъектімен қатар, барлық сынып оқушыларын қам-
титынына кепілдік берді. Экспериментке өздерінің эксперимент субъек-
тісі екенін аңғармастан 1 200-ден астам оқушы қатысты.
«Пікір жазылмайтын» топ (бақылау тобы) пен алдыңғы талқылауда ай-
тылған пікірлерді қамтыған «нақты пікірлер» тобынан бөлек, «еркін пікір-
лер» деп аталатын үшінші топ бар. Оларға оқытушы айту қажет деп тап-
қан пікірдің барлығы жазылды. Үш топқа кездейсоқ тағайындау арқылы
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
265
таратылған тест парақтарында арнайы мөр басылды. Тестілердің келе-
сі жинағы бойынша нақтыланған пікірлер тобы пікір жазылмаған топқа
қарағанда едәуір жоғары баға алды, ал ең жоғарғы бағаны еркін пікірлер
тобы еншіледі. Алынған деректердегі тұрақты нәтижелер нақты бір сы-
ныпқа, мектепке немесе сынып деңгейіне (7–12 сыныптар) қарамайты-
нын көрсетті. Түрлі оқытушы және оқушылар, түрлі ортадағы жүйелікке
сай эксперименттің сыртқы жарамдылығы жоғары болды деп айта аламыз.
Жарамдылықтың соңғы екі түрінің ішінде айқын басымдылық ішкі жа-
рамдылыққа беріледі. Егер экспериментке ішкі жарамдылық жетіспейтін
болса және тәуелсіз айнымалыны манипуляциялау тәуелді айнымалыда-
ғы өзгеріске себеп болды деп сенімді айта алмайтын болсақ, онда нәти-
желер жалпылана ма деген сұраққа бас қатырудың еш мәні жоқ. Сондық-
тан эксперимент дизайнын әзірлеудегі басты міндет – себеп-салдарлық
гипотезаның сенімді түрде сыналуын қамтамасыз ету. Алайда әлеумет-
танушылардың қызығушылықтары олар зерттейтін нақты субъектілер
мен жағдайлар шегінен тысқарыға шығатындықтан, сыртқы жарамды-
лық маңызды болады. Оның қаншалықты маңызды екені сыналатын тео-
рия немесе гипотезаның табиғатына байланысты.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Зертханалық эксперименттерде ішкіжарамдылық жоғары болса, сыртқыжарамды-
лықтөмен болып келеді.
Пейждің зерттеуінде әсіресе сыртқы жарамдылық маңызды болды,
өйткені гипотеза нақты негізгі жиынтық пен ортаға қолданылған. Жаз-
баша айғақтар тестілердегі үлгерімді арттырады деген гипотеза мектеп
оқушыларына қатысты екені анық. Сондықтан оны түрлі деңгейде бір-
неше сыныпқа әртүрлі пәндерден сабақ беретін көп оқытушы қолдаға-
нын көрсету маңызды болды. Егер Пейждің гипотезасы бір сынып және
жалғыз мұғаліммен сыналса, оның жалпыламалығына сенімді бола алмас
едік. Зерттеу объекті белгілі бір мақсатты жиынтық немесе орта болған-
да, зерттеушілер сыртқы жарамдылықты арттыратын дизайн ерекшелік-
терін қосуы қажет, яғни Пейждің зерттеуіндегідей көп сынау алаңын яки
ықтимал іріктеуді пайдаланған жөн.
Қолданбалы зерттеулерден өзге көп эксперимент белгілі бір арнайы
жиынтыққа немесе ортаға жалпылауға арналмаған. Керісінше, оларда
жалпы жұртқа бірдей шынайы саналатын гипотезаларды сынаудың ау-
қымды ғылыми мақсаты бар, осы себептен адам, орын мен уақытқа қолда-
нуға болады. Бір зерттеуде сыналған гипотезаның осы мағынада жалпы-
лауға болатын дәрежесі бастапқыда сыналған негізгі теорияға байланыс-
ты. Мысалы, топаралық байланыс гипотезасын қарастырайық, яғни нә-
сілдік топтар сияқты әртүрлі топтардың мүшелері арасындағы байланыс
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҮРГІЗУ
266
нанымды азайтады (Pettigrew, 1998). Бұл гипотезаны сынағанда (S.W.
Cook, 1984) колледждің ақнәсілді студенттері ойдан құрастырылған те-
міржол жүйесін эксперимент жүргізушімен серіктес болған қаранәсілді
әріптесімен бірге басқарды. 40-тан астам сессияда бірге жүріп, ұзақ уа-
қыт бойы араласқан, жауапкершілікті бірге арқалаған, соңында бонус-
тық ақша ұтып алған субъектілер афроамерикалықтарға бақыланатын
субъектілерге қарағанда жылы қабақ танытқан. Бұл зерттеудің мақсаты
АҚШ колледжінде оқитын ақнәсілді студенттердің афроамерикалықтар-
ға қаншалықты үстемдік танытатынын білу емес, одан гөрі, топаралық
байланыстар теориясын сынау еді. Теория бойынша, тең дәрежедегі түрлі
топ мүшелері әлеуметтік тұрғыда мақұлданған байланыста ортақ мақсат-
қа бірге ұмтылған кезде, басқа топ мүшелеріне деген оң көзқарас қалып-
тастыруға бейім. Осы қағидалардың барлығы сақталғанда эксперимент
теорияның сенімді сыналуын қамтамасыз етеді. Біз осы жағдайлар арқы-
лы теория субъектілерге, топтарға және ортаға жалпыланады деп күте-
міз. Бұл әдетте қайталанатын зерттеулер кезінде белгілі болады.
Эксперименттердің барлығы субъектілердің нақты бір тобын қамтиды
және белгілі бір уақыт пен процедуралардың, бақылаушылар мен экспе-
римент жүргізушілердің белгілі бір жинағынан тұратын ортада жүргізі-
леді. Бұл аспектілердің барлығы кез келген бір эксперименттік тестінің
сыртқы жарамдылығын шектейтін болғандықтан, теория мен гипотеза-
ның жалпыламау мүмкіндігін арттырудың ең үздік стратегиясы – репли-
кациялау (қайта жүргізу). Яғни басқа уақытта, басқа жағдайда, өзгеше
процедуралар не субъектілердің түрлі іріктемесімен сол немесе басқа
зерттеуші зерттеу жүргізіп, экспериментті қайталайды. Анығында, жал-
пылаудың (ортақ қорытынды шығару) ең күшті дәлелі – алуан түрлі экс-
перименттік тестілердің ұқсас нәтижелер беруі (он үшінші тарауда тал-
қыланған «мета-талдау» техникасы бір зерттеу сұрағына арналған көп-
теген зерттеу нәтижесін синтездеуге және жинақтауға мүмкіндік береді,
сол арқылы сыртқы жарамдылықтың жүйелі дәлелін қамтамасыз етеді).
Эксперименттердегі іріктеу
Сыртқы жарамдылыққа негізінен репликациялау арқылы қол жеткізіл-
генімен, зерттеу дизайнының белгілі бір ерекшеліктеріне байланысты
зерттеу аясында да күшейтуге болады. Ең алдымен, іріктемені сұрыптау
керек. Эксперименттерге қатысты ұдайы айтылатын сынның бірінде
олар колледж студенттерінің ыңғайлы іріктемесіне сүйенгендіктен, сырт-
қы жарамдылық жетіспеушілігі бар делінген (Sears, 1986; Henry, 2008a).
Эксперименттік манипуляциялар көбінде зертханалық орта мен күрде-
лі ұйымдастыруды қамтитындықтан, әдетте кең аумақтардағы іріктеме
субъектілерін не көп субъектіні пайдалану өнімсіз болады. Нәтижесінде
эксперименттер қолжетімді жиынтықтан алынған кішкентай іріктемелер-
ді қолдануға бейім. Эксперименттің басым бөлігін университеттер жүр-
гізетіндіктен, көбіне субъектілері студенттер болады. Бұл қаншалықты
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
267
жиі? Әлеуметтік психологиядағы эксперименттік зерттеулерде 1990–
2005 аралығында жарияланған мақалалардың 90%-ының іріктемесі сту-
денттер екенін үш ірі журналдың талдауы көрсеткен (Henry, 2008a).
Студенттерден тұратын іріктемеге тәуелділік – әлеуметтік ғылымдар-
дағы ертеден келе жатқан даулы мәселе (Mook, 1983; Sears, 1986). Кей-
бір ғалымдардың пікірінше, зерттелетін құбылыстардың қарапайымды-
ғы сонша – тіпті жалпы жұртқа субъектілердің іріктемесі маңызды емес.
Шын мәнінде, жарияланған зерттеулердің көбі бұл болжамды жанама
түрде қолдайды. Үлкен ғалымдардың пікірінше, қандай іріктеме қолда-
нылғаны маңызды емес, жалпылаудың (ортақ қорытынды шығарудың)
жолы – жалпылау қабілетін шектейтін теориялық жағдайларды анық-
тау (Lucas, 2003; Blanton and Jaccard, 2008). Әр жағдайлар мен олардың
түрлі негізгі жиынтықта қалай әрекет ететінін білу зерттеушілерге бір
іріктемеден екіншісіне жалпылауға мүмкіндік береді. Үшінші бір топ
эксперимент жүргізуші қатысушылар базасында олардың саны аздығы-
на байланысты бас қатырады деп санайды.
Студенттер басқа адамдардан жалпы әлеуметтік-экономикалық дең-
гей, жас, кәсіби мақсаттар, білім және қызығушылықтар сынды бірнеше
саты бойынша өзгешеленеді. Қанша уақыт жүргізілген зерттеулер көрсет-
кендей: «Егде жастағы кісілермен салыстырғанда студенттердің ұстанымы
және өзіндік «мені» әлі қалыптаса қоймаған, когнитивті машығы күшті,
үстемдік танытқан топқа бағынғыш келеді, ал қатарластарымен қарым-
қатынасы тұрақсыз» (Sears, 1986: 515). Сонымен қатар оларды ерекше-
лейтін жеке сипаттамалардан бөлек, студенттер басқа әлеуметтік орта-
лардан ерекшеленетін мәдениетте, яғни университет ортасында өмір сү-
реді (Henry, 2008b). Осы айырмашылықтарды ескере отырып, Дэвид Сирс
(1986: 520) студенттердің шектеулі деректер базасы «адам болмысы тура-
лы қате қорытынды беруі мүмкін» деп айтуға дейін барды. Мысалы, кей-
бір қарым-қатынас студенттер арасында шектелуі яки күшті болуы мүмкін
екенін көрсетті. Ал басқаша қарым-қатынас қарапайым өмірде ересектер-
ге қатысты болғанымен, студенттерге қатысты болмауы мүмкін.
Сирстің дәлелі, негізінен, үстірт болып қала береді, өйткені кейбір
зерттеулер ғана университеттер мен университет қабырғасынан тыс
іріктемеден алынған нәтижелерді жүйелі түрде салыстырды. Әртүрлі
қарым-қатынас бойынша осындай салыстыруларды зерттеу барысында
жартысына жуығы айтарлықтай өзгешеленетіні анықталды, ал студент-
тер арасындағы қарым-қатынас қарапайым жандар арасындағы қарым-
қатынасқа қарағанда күшті (R.A. Peterson, 2001). Студенттердің іріктеуін
қолдану теорияның дамуына қалай әсер ететінін көрсететін қызықты
мысал топаралық байланыс гипотезасы туралы зерттеуден алынды. 500-
ден астам зерттеуді талдағанда топаралық байланыс пен нанымдардың
төмендеуі арасындағы байланыс ересектерге қарағанда студенттерде
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҮРГІЗУ
268
едәуір күшті болды (Pettigrew and Tropp, 2006). Мұндай нәтиже маңызды
теориялық мәселелерді көрсетеді (Dasgupta and Hunsinger, 2008). Мәсе-
ле, Сирс көрсеткендей, ересектерге қарағанда студенттердің өзгеріске
дайын екенінде ме? Әлде басқа қауымдастық нормаларына қарағанда
кампус нормалары теңдік орнауына қолайлы болғандықтан, қарапайым
жандармен салыстырғанда студенттердің қарым-қатынастан көбірек
пайда алу ықтималдығы жоғары ма? (Dasgupta and Hunsinger, 2008).
Яғни субъект жиынтығының кеңеюі зерттеулерге сыртқы жарамды-
лықты арттыру арқылы ғана емес, сонымен қатар теорияларды дамытуға
көмектесу арқылы да пайда әкеледі (Glick, 2008). Сондықтан кейбір ға-
лымдар ересектер іріктемесіне көбірек эксперимент жүргізуді ұсынады.
Мұны жүргізудің кең тараған тәсілдерінің бірі – осы тарауда алда сипатта-
латын, жиынтыққа негізделген іріктеме бойынша зерттеуге эксперимент
жүргізу. Тағы бір мүмкіндік – зертханалық эксперимент жүргізу, бірақ ық-
тимал немесе мақсатты іріктеу арқылы мүмкіндігінше әртекті іріктеме
алу. Индуктив логикаға сәйкес, іріктемеге енгізілген оқиғалар ауқымы
неғұрлым кең болса, нәтижелер соғұрлым жалпы қорытынды шығаруға
мүмкіндік береді. Осылайша психология мамандығында оқитын екінші
курс студенттерінің біртекті іріктемесінен алынған қорытындылар уни-
верситет орналасқан қалашық тұрғындарының ықтимал іріктемесінен
алуға болатын қорытындыларға қарағанда едәуір шектелген. Сондықтан
соңғы іріктемені қалашықтың барлық тұрғындарына жалпылауға болға-
нынан емес, керісінше, қалашық тұрғындары арасында үлкен әртектілік
жалпылау туралы жақсы қорытындылар жасауға мүмкіндік беретіндіктен
алуға болады.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Сыртқыжарамдылық зерттеу нәтижелерінің белгілі бір жиынтықтармен қатар, түр-
лі жиынтыққа, орта мен уақытқа қатысты жалпылау мүмкіндігін білдіреді. Ықтимал
іріктеу сыртқы жарамдылықтың бірінші түрін арттыруы мүмкін, ал репликация (қайта
жүргізу) екінші түрін арттырады.
Сонымен қатар АҚШ-тағы колледж студенттерінің қолайлы іріктеуле-
рі адами әлеуметтік мінез-құлыққа қатысты жалпылауға болатын шағын
мәдени негізді құрайды (Fish, 2000). Әлеуметтік психология саласында-
ғы соңғы зерттеулер америкалық және батыс мәдениеттеріндегі зерт-
теулердің қатаң нәтижелері батыстық емес мәдениеттерге қолданысқа
жарамауы мүмкін екенін көрсетті (Choi, Nisbett, and Norenzayan, 1999;
Henrich, Heine, and Norenzayan, 2010). Демек, сыртқы жарамдылықты
одан әрі арттыру үшін батыстық емес мәдениеттерде көбірек экспери-
менттік зерттеулер жүргізілуге тиіс.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
269
Эксперименттерді ұйымдастыру
Эксперименттер көбіне зертханалық жағдайларда жүргізіледі, экспери-
мент жүргізушілер субъектілерді жеке немесе әлеуметтік белсенділік-
терге қатыстыру үшін әкеледі. Зертханалық экспериментті жоспарлау
мен жүргізу қойылым қоюға ұқсайды. Жазатын және қайта жазатын
«сценарийлер»; әрқайсысы қойылым үшін өте маңызды нәрсені енгізе-
тін «көріністер» тізбегі; қабылдау мен үйрету қажет эксперименттік кө-
мекшілердің «актерлік құрамы»; «реквизит» пен «арнайы әсерлер» және
«дайындықтар» бар. Сахна әзірленгеннен кейін эксперимент жүргізуші
эксперимент туралы хабарлап, ықтимал субъектілерді қатысуға көндіруі
қажет, өйткені көрерменсіз қойылым болмайтыны белгілі.
Қойылымды жазу барысында драматург әр сахнаның қойылымның
сәтті шығуына қалай үлес қосатынын ескеруі қажет. Сол сияқты экспери-
менттің дизайнын әзірлеп жатқан зерттеуші эксперименттің әр бөлігі күл-
лі жұмысқа қалай үлес қосатынын ескеруге тиіс. 7.1-сызбада эксперимент-
ті жоспарлау мен жүргізудің негізгі сәттері көрсетілген. Негізгі бөліктер-
ге (1) экспериментке кіріспе, (2) тәуелсіз айнымалыны манипуляциялау,
(3) тәуелді айнымалыны өлшеу мен (4) әдетте сұрақтарға жауап алу және
кейде эксперименттен кейінгі сұхбатты қамтитын қорытынды әрекеттер
жатады. Осы бөліктерді суреттеу үшін алдымен экспериментті қорытын-
дылаймыз, кейін оның әр бөлігін сипаттау барысында қайта ораламыз.
Претестілеу
Субъект жалдау
Экспериментке
кіріспе
Тəуелсіз айнымалы-
ны манипуляциялау
Тəуелді айнымалы-
ны өлшеу
Дебрифинг
Ақпараттан-
дырылған келісім
Кездейсоқ
тағайындау
Манипуляцияны
тексеру
7.1-cызба. Экспериментті жоспарлау мен жүргізудегі негізгі
қадамдар
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҮРГІЗУ
270
Мысал: кім араласады?
Қандай да бір қылмыс үстінен түскен кездейсоқ куәгерлер кей жағдай-
да адамдарға неліктен дереу көмек көрсете алмайды? 1964 жылы Нью-
Йорктегі аты шулы оқиғадан кейін әлеуметтік психологтар Джон Дарли
мен Бибб Латане қоғамға осы сауалды қойған болатын. Китти Геновезе
атты жас әйелді аяусыз өлтірген, ал жаңалықтар таратқан хабарға сәйкес,
оның 38 көршісі қылмыскер кеткенге дейін полицияға қоңырау шалмай,
терезесінен қарап тұрған.
2
Адамдардың әйелді уақытында құтқаруға ұм-
тылмау себебін анықтауға тырысқан Дарли мен Латане (1968) «төтенше
жағдайға куә болған кездейсоқ куәгерлер неғұрлым көп болса, олардың
көмекке келу ықтималдығы соғұрлым аз болады, оған араша түскенше
біраз уақыт жоғалтады» деген болжам жасаған.
3
Олар бұл гипотезаны
сынау үшін өте ықпалды зерттеу бағдарламасын іске қосты. Ең алғашқы
эксперименттерінің бірі топтық пікірталасты симуляциялауды қамтыды.
Онда эксперимент субъектісін бақылап (ішкі байланыс жүйесі арқылы)
және пікірталасқа қатысушылардың бірінің эпилепсиялық ауруы ұста-
ғанда, басқалар куә боп қана тұр деп ойлады.
Нью-Йорк университетінде психологияның кіріспе курстарында оқы-
ған ерлер мен әйелдер экспериментке қатысты. Субъектілер сабақ талап-
тарының бір бөлігін орындау үшін қатысты, алайда зертханаға келмес
бұрын эксперименттің сипатынан хабардар болмады. Келгеннен кейін
эксперимент жүргізушінің көмекшісі күтіп алып, дәліз арқылы шағын
бөлмеге кіргізіп отырғызды, анықтамалық ақпарат парағын толтыруды
өтінді. Содан кейін әр субъектіге микрофоны бар құлаққаптар беріліп,
келесі нұсқауларды тыңдау тапсырылды. Ішкі байланыс жүйесі арқылы
эксперимент жүргізуші зерттеу студенттердің жеке мәселелерін қоз-
ғайтынын, олар қатысатын пікірталастың жеке сипатына байланысты
студенттердің қысылуын барынша азайту мен жеке өмірін қорғау үшін
тиісті шаралар қабылданғанын айтты. Біріншіден, анонимдік физика-
лық тұрғыда арасын ажырату арқылы сақталады (іс жүзінде бөлу басқа
субъектілердің қатысуы мен төтенше жағдайлардың моделін видеотас-
паға жазып алуға мүмкіндік жасады). Екіншіден, эксперимент жүргізуші
пікірталасты тыңдамай, қатысушылардың реакцияларын кейін ала ала-
ды (бұл түсіндірме эксперимент жүргізушінің жүргізілген орнында бол-
мауына мүмкіндік берді).
Әрі қарай эксперимент жүргізуші пікірталасты белгілі бір жолмен ұйым-
дастыру қажет екенін, әр адам топпен кезек-кезек өз қиындықтары туралы
бөлісетінін айтты. Содан кейін әр адам кезегімен өзгелердің ескертпеле-
ріне жауап берді, сосын әрі қарай талқылау жүргізілді. Әр адамның мик-
рофоны 2 минутқа ғана қосылып, содан кейін автоматты түрде өшеді, бұл
бір уақытта бір адамды тыңдауға мүмкіндік береді (бұл нұсқаулар субъек-
тілердің «төтенше жағдайда» тұрғанда екі нәрсені аңғаратынына кепілдік
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
271
берді: тек «жәбірленушінің» микрофоны қосылады және басқа пікірталас-
қа қатысушылардың не істеп жатқанын анықтай алмайды).
Содан кейін модель туралы талқылау басталды. Жәбірленуші бірінші
болып сөйледі және өзге де мәселелермен қатар, эпилепсиялық ауруы
бар екені туралы айтты. Содан кейін өзге «қатысушылар» мен субъекті-
лер сөйледі. Талқылаудың екінші кезеңінде жәбірленуші бірнеше пікір
айтты, артынша 70 секундқа жуық күйгелектеніп, эпилепсиялық ұстама-
сы ұстап, біртүрлі түсініксіз дауыспен көмек сұрады. 125 секундтан кейін
жәбірленуші тынышталды. Субъектінің төтенше жағдай туралы хабар
беруге тиіс уақыты эпилепсиялық ұстамасы басталған уақыттан бастап
өлшенді.
Субъект топтық талқылауға қатысып отыр деп ойлаған адамдарының
саны негізгі тәуелсіз айнымалы болды. Талқылау топтары (үш экспери-
менттік араласу жағдайы) екі адамнан (субъект және объект), үш адам-
нан немесе алты адамнан тұрды. Негізгі тәуелді айнымалы эпилепсиялық
ұстамасы басталғаннан бастап субъект бөлмеден шыққанға дейінгі ара-
лықтағы уақыт болды. Егер субъект 6 минут ішінде бөлмеден шықпаса,
эксперимент аяқталып отырды. 6 минут өткенге дейін бөлмеден шыққан
субъектілер эксперименттік көмекшінің дәлізде отырғанын аңғарды.
Төтенше жағдай туралы хабарланғанда яки 6 минут біткеннен кейін бір-
ден сұраққа дебрифинг басталды. Содан кейін эксперименттің шынайы
мақсаты түсіндіріліп, субъектінің эмоционал реакциясы талқыланды. Ар-
тынша, субъектіге анкета мен тұлғалық қасиеттердің бірнеше шкаласын
толтыруын өтінді.
Қысқаша айтқанда, нәтижелер талқылауға қатысып жатырмын деп
сенген қатысушылардың саны субъектілердің оқиға туралы хабарлауы-
на қатты әсер еткенін көрсетті. Екі адамнан тұратын топтардағы субъек-
тілердің барлығы төтенше жағдай туралы хабарлады, ал үш адамнан тұ-
ратын топтарда шамамен 80%-ы және алты адамнан тұратын топтардың
62%-ы хабарлады. Реакция жылдамдығына келетін болсақ, үш адам-
нан тұратын топтардағы субъектілер екі адамнан тұратын топтардағы
субъектілердей тез хабарлады; арасына аса қатты айырмашылық бол-
ған жоқ. Алайда алты адамнан тұратын топтардағы субъектілердің ха-
барлауы біршама көп уақыт алды.
Дарли мен Латаненің эксперименті эксперимент ұйымдастыруға бай-
ланысты жұмыс пен жоспарлаудың керемет мысалын ұсынды. Субъект
қойылым өтетін декорацияның ішіне әкелінеді. Сәйкес реквизиттер да-
йындалған: үстел, орындық, құлаққап, микрофон, анықтамалық ақпарат
парағы, алдын ала жазылған видеолар, дәліздегі орындық, сонымен қатар
қосымша шкалалар мен анкеталар өз орнында. Кейіпкерлердің актерлік
құрамы бар. Эксперимент жүргізушілер мен субъектілер эксперимент
жүргізушінің көмекшісі ретінде нақты қабылдайтын адамдардан бас-
қа, көбінесе «сыбайлас» немесе экспериментке қатысатын субъектілер
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҮРГІЗУ
272
сияқты көрінетін адамдардан тұрды. Бірақ олар – іс жүзінде эксперимент
жүргізушінің шынайы субъектіге қандай да бір жолмен әсер ету үшін
субъектінің рөлін ойнауға дайындалған адамдар. Дарли мен Латаненің
экспериментінде эксперимент жүргізушінің көмекшісі эксперимент жүр-
гізуші мен субъект ретінде көрінетін сыбайластар еді (бұл эксперимент-
те субъект эксперимент жүргізушімен және оның сыбайластарымен тек
видео арқылы байланысты). Актерлік құрам алдын ала жатталған сце-
нарийді мұқият орындайды; тек субъекті түрлі мінез-құлық көрсетеді
және оның бір өлшемі тәуелді айнымалы болды. Ішкі жарамдылықты
сақтау мақсатында субъектінің бәріне бірдей «қойылым» көрсетілетінін
қамтамасыз ету үшін күш-қуатын жұмсады (7.1-қосымшадан Дарли мен
Латаненің кездейсоқ куәгердің араласуын зерттеуге арналған бағдарла-
масының толық сипаттамасын оқыңыз).
7.1-қосымша. СЫРТҚЫ ЖАРАМДЫЛЫҚ пен КӨМЕК КӨРСЕТУДЕГІ
ӘЛЕУМЕТТІК ТЕЖЕУЛЕР
Эпилепсиялық ұстама эксперименті әлеуметтік психолог Бибб Латане
мен Джон Дарлидің (1970) төтенше жағдайларда кездейсоқ куәгерлердің
араша түсуіне қатысты жүргізген зерттеу бағдарламасының бөлігі болды.
Бағдарлама бірнеше эксперимент бөлімінен тұрды, әрқайсысы адамның
басқа адамға көмектесу немесе көмектеспеу туралы шешіміне әсер ететін
факторларды зерттеуге арналған. Латане мен Дарлидің қосымша экспери-
менттері тізбекті эксперимент жүргізудің сыртқы жарамдылықты қалай
арттыратынын көрсетеді. Өйткені ол біздің әлеуметтік құбылыс туралы
білімімізді кеңейтеді.
Латане мен Дарли кездейсоқ куәгердің төтенше жағдайға араша түсеті-
нін анықтайтын басты фактор – басқа кездейсоқ куәгерлердің болуы деп
сенді. Куәгерлердің саны көбейген сайын әрқайсысының төтенше жағдай-
ды бағамдай алуы қиындап, оны инцидент ретінде көрмейді және әрекет
етуі ықтималдығы төмен болады деген гипотеза ұсынды. Адамдардың ба-
сым бөлігі төтенше жағдайда басқаларға қарап, олардың реакциясын ба-
қылауға бейім келеді. Осылайша өзге адамдардың әрекет жасамауы мен
алаңдаушылығының айқын көрінбеуі көмек көрсетуге кедергі келтіреді.
Өзгелер барда жағдайды дұрыс қабылдамай, ыңғайсыз жағдайға қалу қау-
пі бар. Сонымен қатар көмек көрсетуді маңызды деп ойламайды, өйткені
адам өз әрекеті үшін өзін жауапты сезінбейді.
Осы түсіндірмені бастапқыда сынағанда Латане мен Дарли субъек-
тілерден күту бөлмесінде жалғыз не екі бейтаныс адамның қатысуымен
анкетаны толтыруды өтінді. Субъектілер жұмыс істеп жатқанда түтін қа-
бырғадағы желдеткіш саңылауы арқылы бөлмеге жіберілді. Эксперимент
жүргізушілер біржақты айна арқылы субъектілердің реакциясын бақылай
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
273
отырып, жалғыз отырған субъектілердің басым бөлігі түтінді 5 секундқа
жетпей байқағанын, бұл туралы эксперимент жүргізушіге 2 минутқа жет-
пейтін уақытта хабар бергенін анықтаған. Басқа адамдармен бірге отыр-
ған субъектілердің түтінді аңғаруына орта есеппен 20 секунд кетті, көбі-
сі түтін жайлы 6 минуттық эксперименттік кезеңнің аяғына дейін хабар
бермеген. Эксперименттен кейінгі сұхбатта зерттеушілер соңғы аталған
субъектілер түтінді қауіпсіз жағдай деп қабылдағанын анықтады, яғни
оны өрттен басқа бірдеңе деп ойлаған. «Түтін» әртүрлі жолдармен түсінді-
рілді, олардың ішінде «бу немесе желдеткіш буы», «қаланың ортасын көр-
сету үшін арнайы енгізілген тұман» және «шын газ» сияқты нұсқалар бар.
Қиын жағдайға ұшыраған әйелді бақылаған екінші эксперимент дизай-
ны түтін жіберілген бөлмедегі зерттеуге ұқсас болды. Субъектілер анке-
таны толтырғаннан кейін зерттеуші әйел өз кеңсесінде жұмыс істеу үшін
күту бөлмесінен перде тұтылған есік арқылы келесі бөлмеге өтті. Төрт ми-
нуттан кейін оның (кітапқа қолы жетуі үшін) орындыққа шыққанын және
орындықтан аяғы тайып, еденге құлап айғайлағаны естілетіндей жағдай
жасалды. Содан кейін ол: «О, Құдай, аяғым! ...Мен... мен... қимылдай ал-
май жатырмын... Тобығым, мен... ойбай... ойбай... ала алмай... мына нәр-
се... маған» деп айқай сап жылады. Ақсаңдап кеңседен шығам дегенше 2
минуттай неше түрлі дыбыстар естілді. Негізгі тәуелді айнымалы субъек-
тілер жәбірленушіге көмек көрсететінін сынау еді. Жалғыз субъектілердің
70%-ы, ал бейтаныс жұптардың 40%-ы ғана жаралы әйелге көмек қолын
созуға ниет білдірді.
Осы екі зерттеуден және эпилепсиялық ұстамаларын зерттеуден бө-
лек, Латане мен Дарли көмектің әлеуметтік тежеу бойынша бірнеше тә-
жірибе жүргізді, барлығы ұқсас нәтижелер берді. Бұл эксперименттерде
төтенше жағдайлардың кең диапазоны қолданылды. Жағдайлар ауырлы-
ғына қарай түрленді. Мысалы, түтін толған бөлме секілді эксперименттер
субъект үшін қауіпті болса, құлау мен эпилепсиялық ұстама жәбірленуші
үшін қауіпті болды. Эксперименттер де солай субъект жиынтықтарының
диапазонын қолданды. Колледждің ер және қыз студенттері қатысқан
жоғарыда аталған эксперименттерден бөлек, басқа зерттеулер жалпы қо-
ғам мүшесі болған ер мен әйелдерді қамтыды. Ақыр аяғында, Латане мен
Дарли далалық эксперименттермен қатар, осында айтылған зертханалық
эксперименттер де жүргізді. Осылайша кез келген экспериментте төмен
болатын негізгі нәтиженің сыртқы жарамдылығы ортасы, процедурасы,
өлшем және іріктемесі бойынша түрленген зерттеулер тізбегінің арқасын-
да өте жоғары көрсеткішке жетті.
Латане мен Дарли зерттеуі жарияланғаннан кейінгі өткен онжылдықта
төтенше жағдайларға кездейсоқ куәгерлердің араласуына арналған 50-ден
астам зерттеу жүргізілген. Олардың 90%-ға жуығы куәгерлердің көптігі
көмек көрсетуді тежейтінін көрсетті (Latané and Nida, 1981). Соңғы 105
тәуелсіз сынау жайлы хабарлаған 53 мақаланың мета-талдауы кездейсоқ
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҮРГІЗУ
274
куәгер әсерін растады (Fischer et al., 2011). Бұл зерттеу маңызды әлеумет-
тік құбылысты құжаттап қана қоймай, оған қоса, теориялық түсінік пен
әсер азаятын яки жоғалатын жағдайларды анықтау арқылы білімімізді
толықтырады. Енді қауіпсіз жағдайға қарағанда қауіпті жағдайларда (бір
себебі – қауіпті жағдайлар көмек көрсету қажет төтенше жағдай ретінде
бірден айқын анықталатыны) және кездейсоқ куәгерлер бірін-бірі тани-
тын кезде өзгелердің болуы көмекті тежемейтіні белгілі болды.
Субъектілер жинағы мен ақпараттандырылған келісім
«Өндірісті» бастамас бұрын, субъектілер жиналуы қажет, әрі зерттеуші
субъектілердің келісімін алуы керек. Барлық эксперименттегідей, Дарли
мен Латаненің субъектілері курс талабын орындау үшін қатысқан сту-
денттердің қолайлы іріктемесі болды. Көп жағдайда субъектілер ерікті
болады немесе қатысқаны үшін ақы алады. Бұл эксперимент ақпараттан-
дырылған келісімге қатысты федералдық ережелерден бұрын пайда бол-
ды, ал Дарли мен Латане субъектілерге қатысуға келіскенге дейін ықти-
мал қауіптер мен қолайсыздықтар туралы айттық деген ешқандай ақпа-
рат ұсынбады. Қазір де субъектілерге ақпараттан хабардар ететін келісім
ұсынылуға тиіс, онда (1) қатысушыларға яки басқаларға эксперименттік
процедуралар және ықтимал қауіптер мен артықшылықтар түсіндіріледі,
(2) қатысу ерікті және эксперименттің кез келген уақытында кетіп қалу
құқығы бар екені, оған ешқандай жаза болмайтыны турасында ақпарат
береді.
Экспериментке кіріспе
Эксперименттің алғашқы сахнасы зерттеуге кіріспе секілді болады.
Ол зерттеудің мақсаты мен сипатына қатысты түсіндірмемен қатар,
субъектіге арналған нұсқаулықтарды қамтиды. Кездейсоқ куәгерлердің
араласуын субъектілерге зерттеу студенттердің жеке мәселелеріне қа-
тысты болады деп, ыңғайсызданбаулары үшін талқылау физикалық тұр-
ғыда ажыратылған студенттермен болатыны айтылды. Кейін талқылау
қалай өтетіні туралы хабарланды.
Субъектілердің барлығы зерттеу не туралы екенін түсінгісі келеді
және қандай да бір түсініктеме күтеді. Егер шынайы гипотеза айтылса,
субъектілер өздерін әдеттегідей емес, «өзімді қалай ұстаған дұрыс» деген
көзқарас тұрғысынан әрекет етуі мүмкін. Дегенмен субъектілерге қан-
дай да бір түсініктеме берілуге тиіс. Әйтпесе олар гипотезаны болжауға
тырысып, болжамды гипотезаны растайтын әрекет ету арқылы экспе-
римент жүргізушіге «көмектесуге» тырысуы мүмкін. Сондықтан жалған
түсіндірме я болмаса, Дарли мен Латане ұсынғандай, «аңыз» (ойдан шы-
ғарылған жағдай) шынайы мақсат туралы алаңдаушылық тудырмау үшін
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
275
қажет деп саналады. Жақсы «аңыз» субъектілер үшін мәнді болуға тиіс.
Яғни түсінікті әрі сенімді болуы керек. Алғашқы сахна, оның ішінде «аңы-
зы» да субъектінің қызығушылығын тудыратындай әсер етуге тиіс. Егер
субъект бағдарға яки ұйымдастырылған «аңызға» назар аудармаса, онда
эксперименттік «нәтижелер» жарамсыз болады.
Эксперименттік манипуляция
Тәуелсіз айнымалы манипуляциясын эксперименттің екінші сахнасы ре-
тінде қарастыруға болады. Осы сәтте зерттеушінің операционал анықта-
масы ретінде қызмет атқаратын біршама ынталандыру жинағы танысты-
рылады және оған субъект кері реакция білдіреді деп күтіледі. Алдыңғы
зерттеудегі негізгі тәуелсіз айнымалы стимуляцияланған талқылау то-
бының көлемі болды. Субъектілерді кездейсоқ тағайындайтын тәуелсіз
айнымалының үш деңгейі немесе үш жағдайы бар: екі адам, үш адам
жағдай және алты адам қатысатын жағдай (кездейсоқ тағайындау экспе-
рименттік манипуляцияға дейінгі кез келген уақытта болуы мүмкін). Топ
көлемі көмекшінің топ көлеміне қатысты пікірі арқылы және құлаққапта
естілген дауыстар санымен манипуляцияланды.
Эксперименттердегі басты мәселе – субъектілердің эксперименттік
манипуляцияға үстейтін ықтимал мәні. Негізінде, өлшеу жарамдылығы-
ның мәселесі «көптүрлі мәндер» мәселесі ретінде қарастырылды (Aronson
and Carlsmith, 1968). Мысалы, субъектіні ұялтуға бағытталған манипуля-
ция оның орнына ашу я жиіркеніш тудырса, онда жарамсыз саналады.
Жалпы, субъектіге ұсынылған ынталандыру жинағы қаншалық күрделі
болса, зерттеушіде манипуляция тәуелсіз айнымалыны тиісінше өлшеуге
сенімділігі соншалық аз болады. Сондықтан кез келген эксперимент нә-
тижесін интерпретациялауда кез келген анықталған әсердің ықтимал ба-
лама түсіндірмесінің бәріне мұқият қарау қажет. Манипуляция көзделген
әсерге жеткені туралы дәлелді эксперименттер сериясын жүргізу арқылы
алады, онда бір теориялық тұжырымдама түрлі операцияда анықталады
және манипуляция тексеріледі.
Манипуляцияны тексеру
Тәуелсіз айнымалы манипуляциясын, эксперимент жүргізуші көздеген-
дей, субъекті басынан өткерді не интерпретациялады деген дәлелді алу-
дың бірегей жолы – экспериментке манипуляцияны тексеруді қосу. Ол
эксперименттік манипуляция кезінде не одан кейін субъектінің не сез-
гені яки не ойлағаны туралы сұрайтын тікелей не жазбаша сұрақтарды
қамтуы мүмкін. Оған қоса, субъектілердің манипуляцияға қатысты ма-
ңызды бағдарларды, фактілерді түсініп немесе есте сақтап, сақтамағанын
білу үшін де манипуляцияны тексеруді қолданады.
Дарли мен Латаненің зерттеуінде субъектілерге эпилепсиялық ұста-
ма кезінде пайда болуы мүмкін 15 элементтен тұратын сұрақтар тізімі
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҮРГІЗУ
276
берілген. Сонымен қатар субъектілерден эпилепсиялық ұстамасы ұста-
ған кезде оған куәгер болған басқа кісілерді танитыны туралы сұрақ қо-
йылған. Мұның тәуелсіз айнымалы үшін шешуші мәні бар (эпилепсия-
лық ұстамасы ұстағанына сенбеген екі субъектінің дерегі статистикалық
талдауға қосылмады).
Манипуляцияны тексеруді эксперименттің қай жерінде қолдану кере-
гі туралы түрлі пікір бар. Көп жағдайда манипуляция тәуелсіз айнымалы
манипуляцияланғаннан кейін, бірақ тәуелді айнымалы өлшенбес бұрын
тексеріледі. Мұның артықшылығы – манипуляция әлі тың, әрі субъектінің
естелігі одан кейінгі оқиғалармен тұмшаланбайды. Алайда, Дарли мен
Латаненің зерттеуінде тексеру эксперименттен кейінгі сұхбаттың бір
бөлігі болғаны сияқты, кей кездерде манипуляцияны тексеру мүмкін
емес (әлбетте, субъектілер үшін тізімге қарағаннан «төтенше жағдайға»
бірден жауап қату қолайлы болды). Эксперименттік манипуляция мен
тәуелді айнымалы арасындағы тексерудің тағы бір мәселесі реактивтілік-
ке қатысты. Яғни манипуляцияны тексеру манипуляцияға назар аудар-
ту немесе оның «астын сызып көрсету» арқылы субъектілердің алдағы
мінез-құлқын (тәуелді айнымалы) өзгертуі мүмкін.
Бұл дилемманың бір шешімін претестілеу арқылы табуға болады. Нә-
сілдік дискриминацияға қатысты кейбір зерттеулер мақсатты адамдар-
дың нәсілін қысқаша сипаттамада нәсілге тән кісі есімдерімен манипу-
ляциялады. Мысалы, «Тайрон» қаранәсілдегілерге, «Тодд» ақнәсілділер-
ге дегендей. Бір экспериментте (Ford, 1997) жарамдылық эксперимент
өткізілместен алдын тексерілген болатын. Онда эксперимент мүшесі
болмаған 45 субъектіге Тайрон мен Тодд есімдерін қамтыған 25 есімнен
тұратын тізімдегі адам аттары қандай нәсілді еске салатынын көрсету-
ді өтінді. Субъектілердің барлығы Тайрон афроамерикалықты, ал Тодд
ақнәсілді еуропалықты меңзейтінін айтты. Балама ретінде эксперимент
бірнеше субъектімен өткізілуі мүмкін. Претест субъектілерін әдеттегідей
тәуелсіз айнымалыны манипуляциялау мен оларға қалай әсер еткенін сұ-
рау арқылы басқара аламыз (Aronson and Carlsmith, 1968). Осылайша ма-
нипуляция шынайы эксперимент дерегіне ешқандай әсер етпестен тек-
серіледі. Бұл процедураның жақсы жері – мұнда эксперимент деректері
жинақталып, талданатын, шынайы субъектілермен өткізілместен бұрын
оған өзгерістер енгізуге уақыт жеткілікті болады.
Тәуелді айнымалыны өлшеу
Әрқашан тәуелсіз айнымалы енгізілгеннен кейін болатын тәуелді айны-
малы эксперименттерде жеке баяндамалар не мінез-құлықты бақылау
арқылы өлшенеді. Дарли мен Латане эпилепсиялық ұстамасы басталған
уақыттан бастап субъект төтенше жағдай туралы хабарлау үшін бөлме-
ден шыққанға дейінгі уақыт ұзақтығын қамтитын тәуелді айнымалыда
мінез-құлық бақылауын пайдаланды. Тәуелді айнымалының мінез-құлық
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
277
өлшемі, яғни екінші тест бойынша бағалар Пейждің оқытушы пікірлері-
нің оқушы үлгеріміне әсерін байыптаған зерттеуінде де қолданылды.
Вербалды және бақылау өлшемдерін тәуелді айнымалыда қолда-
ну – эксперимент жүргізушілер арасындағы даулы мәселе. Біз келтірген
мысалдарға қарамастан, көбіне едәуір осал тұстары болса да, вербалды
баяндама кеңірек тараған. Вербалды өлшемдердің артықшылығы жос-
парлауға оңай, сол арқылы тәуелді айнымалының көп және әр алуан
бағалауына мүмкіндік береді. Оған қоса, жоғары шартты жарамдылық-
қа бейім. Вербалды өлшемді пайдалана отырып, мысалы, эксперимент
жүргізуші көмек көрсетуге дайын адамнан жай ғана «көмектесуге қан-
шалықты әзірсіз?» деп сұраса болады. Дегенмен мұндай жеке баяндаулар
туралы екі негізгі мәселе бар. Біріншісі, субъектілер өз жауаптарын ой
сүзгісіне салуы мүмкін. Мысалы, өздеріне теріс әсер ететін «шындықты»
бұрмалауы; екіншісі, зерттеулер ұдайы адамдардың әрекеті, әрекетін ой-
ластыратыны мен қандай әрекет етемін деп айтатыны арасындағы айыр-
машылықты көрсетті (Deutscher, Pestello, and Pestello, 1993).
Дегенмен мінез-құлық бақылауында субъектілер өлшемді сирек аң-
ғарады яки мүлдем аңғармайды. Мінез-құлық өлшемі нақтырақ болады;
Дарли мен Латане төтенше жағдайға реакция танытуға кеткен уақыт
ұзақтығын секундпен жазып алғанын есіңізге саламыз. Сонымен, белгілі
бір мінез-құлыққа (мысалы, көмек көрсету) қызығушылық танытқанда,
субъектілер өздерін қалай ұстайтынына қатысты айтқан жанама өлшемі-
нен гөрі, мінез-құлықтың тура өлшемін алған жөн.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Эксперименттерде өлшеу жарамдылығы манипуляцияны тексеру мен бір теориялық
тұжырымдамаға түрлі операционал анықтамарды қолданатын репликациялау арқы-
лы бағаланады.
Дебрифинг
Эксперименттің қорытынды сахнасы – сұрақтарға дебрифинг сессия-
сы, онда эксперимент жүргізуші субъектімен бірге не болғаны туралы
талқылайды. Субъектілер алданғаннан кейін этика тұрғысынан оларға
алдаудың сипаты мен себептері туралы айту қажет, оған қоса, олардың
алданғандағы сезімдері толық зерттелуге тиіс (үшінші тарау). Экспери-
мент жүргізушілер субъектінің эксперимент барысында басынан не өт-
кергенін білуге тырысады. Субъект бағдарды түсінді ме? Егер ойдан шы-
ғарылған оқиғаны қолданса, субъект оған сенді ме? Неліктен субъект
эксперименттік манипуляцияға мұндай реакция білдірді? Субъект психо-
логиялық стресті яки ыңғайсыздықты бастан кешті ме? Субъект жалпы
экспериментке қалай қарайды?
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҮРГІЗУ
278
Эксперимент жүргізушілер дебрифинг өткізудің үлгісі субъектілер-
дің алданғанын білген кездегі сезімдеріне (субъектілер алданған болса),
зерттеу мен зерттеуші жайлы және жалпы әлеуметтік ғылымдар туралы
көзқарасына елеулі әсер етуі мүмкін екенін түсінгені жөн. Осылайша экс-
перимент жүргізушілер зерттеудің негізгі мақсатын және маңызын түсін-
діруі керек. Егер алдаған болса, субъектілер оның не себепті қажет бол-
ғанынан хабардар болуға тиіс. Манипуляция субъектінің эмоцияларына
себепші болса, ол ақталуы әрі одан кейінгі ыңғайсыздықты азайту үшін
бар күшті салуы керек. Субъектілердің зерттеуге қатысты барлық теріс
сезімдері айтылып, талқыланғаны дұрыс. Субъектілер зерттеу туралы сұ-
рақ қоятындай қызықтырған жөн.
Субъектілердің көбі зерттеуде стресс пен конфликтіні бастан өткер-
гендіктен, Дарли мен Латане алдаудың қажетін түсіндіруге баса көңіл
бөлді және нәтижесінде эксперименттен шыққан субъектілер жақсы
көңіл-күймен кеткенін көрді. Олар субъектілердің эксперименттік тә-
жірибеге қатысты реакциялары туралы жүйелі ақпарат жинамаса да,
Шалом Шварц пен Ави Готлиб (1981) субъектілердің кездейсоқ куәгердің
араласуына арналған үш түрлі экспериментке (оның ішінде Дарли мен
Латаненің зерттеуінің жақын репликациясы да бар) қатысқандағы әсе-
рін өлшеу үшін «этика анкетасын» қолданды. Көңілсіздік, ұялу, жүйкесі
сыр беру немесе эксперимент жүргізушіге ашулану сынды теріс әсер ал-
ған субъектілер өте аз болды және өздерінің қатысуын жақсы бағалады.
Басым бөлігі өздерінің қатысуын дұрыс деп тауып, зерттеуді этикалық
тұрғыдан ақталған деп санады, әрі алдауға реніш білдірмеді. Шварц пен
Готлибтің пікірінше, теріс реакциялардың салыстырмалы түрде болмауы
үш эксперименттің бәріне жүргізілген дебрифинг арқасында болды.
Субъектілерді эксперимент туралы өзгелерге айтпауға көндіру қажет.
Бұл – үлкен мәселе, себебі көп ықтимал субъекті бір-бірімен таныс бо-
лады. Егер экспериментке келген субъектілер шынайы мақсаттан хабар-
дар болса, онда алдауды талап ететін эксперименттер жарамды нәтиже
бермейді. Субъектілерге гипотеза немесе эксперименттік манипуляция
не екені алдын ала айтылған болса, тіпті алдауды талап етпейтін экспе-
рименттер де зардап шегеді. Егер осы уақытқа дейін дебрифинг процесі
ашық болып, субъекті оған ризашылық танытса, ол зерттеушінің құпия-
ны сақтау ниетіне құрметпен қарайды.
Претестілеу
Экспериментті претестілеуді қойылымның репитициясымен салысты-
руға болады, яғни претестілеу зерттеу қойылымын ұйымдастырушы-
ға (1) актерлік құрамды дайындауға; (2) реквизитті, нұсқауларды және
ойдан шығарылған жағдайды сынауға; (3) манипуляция қалаулы әсер
берген, бермегенін тексеруге; (4) сценарийді қайта қарап, дайындалуға
мүмкіндік береді. Претестілер бастапқы бірнеше субъектіге жүргізіледі.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
279
Сол арқылы эксперименттік процедуралардың оларға қалай әсер ететі-
нін көреді. Претестінің субъектілері ұсынатын кері байланысты тәуелсіз
айнымалы манипуляциясын түрлендіру үшін (мысалы, мақтау сияқты
ынталандыру деңгейлерін арттыру яки белгілі бір жолмен сыбайластар-
дың мінез-құлқын өзгерту арқылы), тәуелді өлшемді өзгертуге я болмаса
эксперименттің нұсқаулықтарға, орта немесе ойдан шығарылған сияқты
бөліктерін жақсартуға пайдалануға болады. Қойылымды шын мәнінде
қоюға кететін уақыт көбіне қойылымды жазу мен қоюға дайындауға кет-
кен уақыттың бір бөлігін ғана құрайды. Сол сияқты зерттеушінің экспери-
ментті жоспарлауға және претестілеуге жұмсаған уақыты әдетте субъек-
тілерге эксперимент жүргізуге жұмсалған уақыттан бірнеше есе көп.
Эксперименттік және күнделікті өмірдегі шынайылық
Эксперимент жүргізуші претестіден «претест субъектілерінің экспери-
ментке атсалысу дәрежесі, яғни олар оған назар аударуға және оны ба-
йыпты қабылдауға яки мүлдем араласпауға мәжбүр ме?» деген сұраққа
жауап алады. Эксперименттің субъектілерге әсер етіп, шынайы көріне-
тіні анықталса, онда эксперименттік шынайылық бар деп саналған
(Aronson and Carlsmith, 1968). Кездейсоқ куәгердің араласуына қатысты
зерттеуде субъектілер шынайылықтың жоғары дәрежесіне қол жеткізді.
Дарли мен Латаненің айтуынша (1968: 381), субъектілер араласқанына
не араласпағанына қарамастан, эпилепсиялық ұстаманың шынайы және
ауыр екеніне сенген.
Көп субъекті біреудің эпилепсиялық ұстамасы басталғанда сы-
быр-күбір етіп «Құдайым, оның ұстамасы ұстады!», – деген (бұлар
микрофоннан естілген). Өзгелер сасқалақтап қалған не «Ойбай!»
деп ыршып түскен. Кейбір ер субъектілер боғауыз сөз айтып жі-
берген. Бір субъект өзінен-өзі «Мұндайды да көрген маңдайымның
соры бес елі екен» деген. Бірнеше субъект «Құдайым, қайтсем бола-
ды?!» деп не істерін білмей сасқалақтаған.
Эксперименттің бұл түрі кейде әсер эксперименті (Aronson, Brewer,
and Carlsmith, 1985) деп те аталады. Себебі қарастырылып жатқан оқиға,
яғни біреудің эпилепсиялық ұстамасы ұстағанын есту арқылы төтенше
жағдайға куә болу субъектілердің өз басынан өтті. Әсер экспериментінің
эксперименттік шынайылығы жоғары сипатталады. Дегенмен ұсыныл-
ған ынталандырулар көбіне күрделі болады, ол, өз кезегінде, субъектіден
субъектіге өткен сайын әртүрлі мән ықтималдығын арттырады. Ал субъек-
тілердің эксперимент жүргізуші ұсынған ынталандыру материалдары ту-
ралы қорытынды жасайтын эксперимент қорытындылары субъектілер-
ге тікелей әсер етпейді. Мысалы, субъектілерден өздері сипаттамасын
оқыған яки фильмде көрген ынталандырушы тұлға қаншалықты ұнай-
тынын көрсетуін өтінуге болады. Эксперименттің бұл түрі ұсынылған
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҮРГІЗУ
280
ынталандыруды яки оқиғаларды айтарлықтай басқаруға мүмкіндік бе-
реді. Алайда бақылаудың артуы субъектінің еркін қатынасуына кедергі
жасап, эксперименттік шынайылықты төмендетуі мүмкін. Жалпы, экспе-
рименттік шынайылық мақсаты мен эксперименттік жағдайды бақылау
мақсаты арасында қайшылық жиі кездеседі. Эксперименттік шынайы-
лықты арттыру тәсіліне дыбыс жазу аппараты яки жазбаша нұсқаулар
емес, «жанды» эксперимент жүргізушіні қолдану, «аңызды» қызығырақ
ету, жақсы актерлік қабілеті бар серіктес таңдау кіреді, әрі күрделі амал-
дар немесе өзге де тірек боларлық нәрселерді дамытады.
Эксперименттердің түрлі дәрежесі болуы мүмкін шынайылықтың
екінші түрі күнделікті өмірдегі шынайылық деп аталады (Aronson and
Carlsmith, 1968). Шынайылықтың бұл түрі эксперименттік жағдайлардың
күнделікті тіршілігіміздегі жағдайға ұқсастығын білдіреді. Пейждің таби-
ғи ортада өткен оқытушы пікірлеріне қатысты экспериментінің күнделік-
ті өмірдегі шынайылығы жоғары болғаны сөзсіз. Студенттердің барлығы
емтихан туралы жалпы пікір алды. Алайда Дарли мен Латаненің экспери-
менті күнделікті өмірдегі шынайылығы тұрғысынан төмен болды. Көрін-
бейтін адаммен ішкі телефон байланысы арқылы қатаң реттелген талқы-
лау жүргізу қарапайым тәжірибе емес екені анық.
Эксперименттер эксперименттік пен күнделікті өмірдегі шынайылық-
тың екеуінде де жоғары, шынайылықтың бір түрінде жоғары, ал өзгесін-
де төмен немесе екеуінде де төмен болуы мүмкін. Эксперимент сипаты
тұрғысынан ойдан шығарылғандықтан, осы екеуінің ішінде күнделікті
өмірдегі шынайылықтың маңызы зор (Aronson and Carlsmith, 1968). Сон-
дықтан жоспарлау мен претестілеуде күнделікті өмірдегі шынайылық-
қа аса назар аударылмайды. Көптеген айнымалыны бақылап, өзгелерін
зерттеуге бөлу үшін күнделікті өмірдегі шынайылықтың кейбір деңгейі-
нен бас тарту қажет. Дегенмен эксперимент айнымалылар арасындағы
байланыс интерпретациялауға жарамды болатындай дұрыс жоспарланса,
олардың нәтижелері жасанды болғанымен, маңызы арта түседі.
Эксперимент әлеуметтік шара ретінде
Пассив рөл атқаратын сахна қойылымының көрермендеріне қарағанда
зертханалық эксперименттегі субъектілер көрермен де, белсенді қаты-
сушы да болады. Қатысушы ретінде эксперименттік жүргізуі жағдайына
өз жеке қабілеттерін, қажеттіліктерін және болжамдарын қосады. Олар
эксперимент жүргізушімен (немесе эксперимент көмекшілерімен) бірге
іс-әрекет жасағанда «аңыздың» әлеуметтік те, ғылыми да аспектілері бо-
лады.
Ғылыми тұрғыдан алғанда, эксперимент – әдейі немесе жүйелі ынта-
лануға субъектінің реакциясын өлшеу шарасы. Дегенмен шараның әлеу-
меттік аспектілеріне қатысты басқа ынталандырулардың елеусіз әсері
болуы мүмкін, олар субъектілердің реакциясын әдейі эксперименттік
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
281
манипуляциямен бірдей немесе одан көп есептейді. Бұған жақсы мысал
ретінде екінші тарауда келтірілген Хоторнның әйгілі эксперименттерін
айтсақ болады (2-қосымша). Жұмыс жағдайындағы өзгерістер сериясы-
на (мысалы, жұмыс сағаты, температура, төлеу әдісі) реакциясы арқы-
лы жұмысшылардың өндіріс деңгейін өлшеу барысында зерттеушілер әр
енгізілген өзгеріс өнімділікті арттырғанын аңғарды (Roethlisberger and
Dickson, 1939). Алайда өнімділіктің бұлай артуы нақты өзгерістерге емес,
жұмысшылар тобына маңызды эксперименттің қатысушылары ретінде
қарағанына байланысты болды.
Бесінші тарауда субъект өзінің зерттеліп жатқанын аңғарғанда бола-
тын реакциясын реактив өлшеу әсерлері деп атап айтқанбыз. Мысал
ретінде ауызша баяндама өлшемдеріндегі ойын сүзгіден өткізуді көрсет-
тік. Мұндай әсерлер сауалнама мен далалық зерттеулерде түрлі дәреже-
де болғанымен, зертханалық эксперименттерде көп қиындық тудырады.
Зертханалық эксперименттегі субъектілер өздерінің эксперимент қаты-
сушылары екенін жақсы біледі. Әдетте олар қатысу арқылы өздері ешқа-
шан кездестірмеген адамдармен араласу үшін бөтен жерге келді. Олар
ғылыми зерттеу жолында өздерінен оғаш нәрселер істеуін өтінуі мүмкін
екенін түсінеді, әрі зерттеудің шынайы табиғатын өздерінен жасырды
деп күмәндануы да мүмкін. Өздерінің бақыланып жатқанын және олар-
дан қандай да бір мінез-құлық күтетінін де біледі. Енді мұндай ойлар мен
болжамдар субъектілердің мінез-құлқына қалай әсер ететініне назар ау-
дарайық.
Талап етілетін сипаттамалар
Кез келген жағдайда сыныпта да, спорт алаңында да, эксперименттік
зертханада да мінез-құлықты нормалар мен рөлдік болжамдар басқа-
рады. Мысалы, экспериментке қатысатын субъектілер өздерін экспери-
мент жүргізушінің бақылауына және ешқандай сұрау мен күмәнсіз алуан
түрлі тапсырмаларды орындауға жанама түрде келіседі (Orne, 1962). Бұл
болжамдар психолог Мартин Орненің (1962) гипнозды зерттеу жұмыс-
тары барысында айқын көрсетілді. Орне гипноздық қарым-қатынас пен
гипноз жасалмаған қарым-қатынасқа тән бақылау дәрежесі арасындағы
айырмашылықты зерттеу үшін гипноздалмаған субъектілер орындаудан
бас тартатын яки аз уақыттан кейін орындауды доғаратындай іш пысты-
рарлық, мәнсіз немесе жағымсыз тапсырмалар беруге тырысты. Алайда
Орне субъектілер сағаттар бойы мәнсіз тапсырмаларды орындауға дайын
екенін анықтады. Сондай тапсырмалардың бірінде субъектілерге жүзде-
ген кездейсоқ санмен толтырылған парақтағы көрші сандарды қосып,
артынша парақты реті бойынша жыртуды өтінді. Кейін келесі параққа
өтіп, дәл соны қайталап, тоқта деп айтылмағанша жалғастыру тапсырыл-
ды. Орне қанша тырысса да, субъектілер экспериментке қатысуға келісім
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҮРГІЗУ
282
бергеннен кейін орындаудан бас тартатын немесе орындауды дереу доға-
ратын тапсырма таба алмады.
Бұл нәтижелер Орнеге эксперименттік жағдайда бұрын байқалмаған
бақылау дәрежесі бар екенін көрсетті. Субъектілер «экспериментте бол-
ғаннан» кейін өздерін іш пыстырарлық, зиянды және қауіпті тапсырма-
лардың бәрін орындауымыз қажет деп санайды екен. Бір экспериментте
Орне мен Фредерик Эванс (1965) субъектілер көрінбейтін шыныдан жа-
салған қорапқа кірмеу үшін улы жылан бар торға еш қорықпастан кіру-
ге келісетінін анықтады. Субъектілердің осындай тапсырмаларды орын-
дауының басты себебі – экспериментте қойылатын «талаптар» экспери-
мент жүргізушінің ауызша нұсқауларынан асып түседі. Экспериментке
қатысып отырғанын білгеннен кейін іш пыстырарлық тапсырмалар шы-
дамдылықты тексеру сияқты, ал қауіпті көрінетін әрекеттер, шын мәнін-
де, қауіпсіз сияқты көрінеді.
Субъектілерге не күтілетіні және эксперимент жүргізуші не табуға
үміттенетіні туралы хабарлайтын эксперименттік жағдайдағы нақты
белгілер талап етілетін сипаттамалар деп аталады (Orne, 1962, 1969).
Қолға түсуі қиын белгілер кең диапазонда орналасқан. Олар кампуста-
ғы эксперимент туралы қауесеттерден, субъектілерді жалдау барысында
ұсынылатын ақпараттан және сырт көрініс, зертханалық орта, экспери-
менттік процедуралар мен эксперимент барысындағы қарым-қатынас
сияқты эксперимент жүргізушінің қасиеттері арқылы берілуі мүмкін.
Орненің айтуынша (1962), субъектілердің мұндай белгілерге ерекше се-
зімтал болатын себебі «жақсы субъект» рөлін ойнау ниетінен шығады.
Жақсы субъект әлеуметтік ғылыми зерттеудің құндылығына сенеді және
өзінің қатысуы арқылы ғылымның дамуына үлес қосамын деп үмітте-
неді. Эксперименттің мақсаты қандай болса да, оны маңызды санайды.
Мұндай субъектілер эксперимент жүргізушінің кез келген өтінішін қуа-
на орындайды. Олар эксперимент жүргізушіге көмектесу мақсатында
саналы немесе бейсаналы түрде эксперименттік гипотезаны растау үшін
өзін қалай ұстау қажет екенін көрсететін белгілерге сезімтал болады. Біз
дебрифинг барысында субъектілер кейде жақсы субъект рөліне сәйкес,
«Экспериментті бұзбадым деп үміттенемін» деген сөздер арқылы күткен
нәтижені «ақтай алдым ба» деген мәселеге алаңдайтынын анықтадық.
Мұндағы мәселенің мәні – кейбір экспериментте ескерілмеген талап
етілетін сипаттамалар субъект жауабына арнайы эксперименттік ма-
нипуляциядан артық ықпал етуі мүмкін екенінде жатса керек. Мысалы,
көндіруші хабарламалардың көзқарастың өзгеруіне әсерін қарастыра-
тын зертханалық зерттеуді қарастырайық. Көзқарас немесе пікір өл-
шемдерімен жалғасатын хабарлама не дәлел ұсынылғанда, субъектілер
олардың хабарламамен келісімі зерттелетінін түсінеді. Егер эксперимент
жүргізушінің көңілінен шығуды көздеген болса, онда олардың жауабы
хабарламаның сенімділігінен гөрі талап етілетін сипаттамаларды ұс-
танудың нәтижесі болады. Осы мәселені көрсеткен зерттеудің бірінде
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
283
(Silverman, 1968), субъектілерге лекцияларды үлкен аудиторияға көрсету
үшін видеотаспаларды пайдалануды ұсынған 250 сөзден тұратын баянда-
ма берілді. Нәтижесінде экспериментке қатысып жатқаны нақты айтыл-
маған субъектілерге қарағанда, өздерінің экспериментке қатысып жат-
қанынан нақты хабардар субъектілер хабарламаға көбірек келісті.
Бағалаудан имену
Эксперименттегі субъектілер пайдалы болу мен әріптес болудан бөлек,
бағалануға байланысты көп жайсыздық сезінеді. Субъектілер экспери-
мент жүргізушіге шынайы мінез бен тұлғалықты анықтайтын ерекше
қасиеттері бар психолог ретінде қарап, экспериментте бағаланатын шы-
ғармын деген болжаммен келеді. Бұл ой расталғанда бағалаудан име-
нуі мүмкін. Бұл терминді айналымға енгізген Милтон Дж. Розенбергтің
айтуынша (1965: 29), бағалаудан именетін субъектілер «эксперимент
жүргізушінің жақсы бағалауына қол жеткізуі яки тым болмағанда жаман
бағаланбау» туралы бас қатырады. Нәтижесінде субъект тапсырманы
жақсы, дұрыс, қабілетті немесе «орташа» орындауға қатысты белгілерге
тым сезімтал болады. Осылайша тәуелсіз айнымалыға шынайы реакция
танытпайды.
М.Дж. Розенбергтің экспериментінде субъектілер өздеріне жақсы
имидж қалыптастыратындай мінез-құлық көрсетуі мүмкін екеніне дәлел
бар (1969). Әлеуметтік қабылдау зерттеуіне қатысып жатырмыз деп сен-
ген субъектілерден «көп адамның суретін қаншалықты ұнатқанын я бол-
маса ұнатпағанын пайымдауды» өтінді. Алайда бұл тапсырманы орын-
дамас бұрын субъектілердің бір тобына өткен зерттеулер психологиясы
ересек және сау адамдар бөтен адамдарға көбірек жылы қабақ таныта-
тынын көрсетеді деп, ал екінші топқа керісінше айтылды. Екі топта да
субъектілердің «ұнатуы» ересек тұлғалар қалай жауап береді деген сені-
мінің көрінісі болды.
Розенбергтің экспериментіндегі субъектілердің басым бөлігіне «жақ-
сы көріну», «жақсы субъект болумен» қатар, талап етілетін сипаттама-
ларға жауап бергісі келген болып көрінуі мүмкін еді. Алайда жағымды
имидж қалыптастыру мен эксперимент жүргізушінің гипотезасын растау
арасында қайшылық болса, не болады? Субъектілер жақсы көрінгенді
таңдайды. Бұған дәлел бар. Бір экспериментте (Sigall, Aronson, and Van
Hoose, 1970) эксперимент жүргізушінің гипотезасын білген субъектілер
оған келісу жағымсыз тұлғаны білдіреді деген оймен гипотезаны теріске
шығаратындай жауап берді.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Субъектілер өздерінің экспериментке қатысып жатқанын түсіне отырып, жағымды
имидж қалыптастыратын яки эксперимент жүргізушіге гипотезасын растауға көмекте-
сетіндей әрекет ету үшін зерттеудің шынайы мақсатын болжап көруі мүмкін.
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҮРГІЗУ
284
Эксперименттік субъектілерге өзге мотивтер
Экспериментке қатысушы субъектілерге мотивтер эксперимент жүргізуге
көмектесу үшін талап етілетін сипаттамаларға мұқият мән беретін жақ-
сы субъектімен немесе бәрін жасауға тырысатын алаңдаушы субъектімен
шектелмейді. Эксперименттен өткен 110 субъектіден өздері қатысқан
соңғы экспериментте не ұнағаны туралы сұрағанда (Straits and Wuebben,
1973), жауаптары эксперименттік тапсырма сипатына немесе экспери-
мент жүргізушіге, жаңа тәжірибе мен экспериментте жетістікке жетуге,
бір нәрсе үйрену мүмкіндігі мен эксперимент мақсатын анықтауға қатыс-
ты болды. Басқа кең тараған мотивтер: курсты жабу мен төлемақы.
Субъектінің тағы бір ықтимал рөлі – теріс немесе «нашар» субъект. Ол
пайдасыз немесе жарамсыз жауаптар беру арқылы зерттеуге кедергі кел-
тіруге тырысады. Мысалы, Крис Аргирис (1968: 188)
үлкен жоғарғы оқу орындарының бірінде базалық психология кур-
сының 600-ге жуық студенті ресми түрде бағаланды [және] сту-
денттер бұл талапқа [эксперименттерге қатысуға мәжбүр екеніне]
сыни көзбен, күмәнмен, жақтырмай қарағанын жазды. Көп кейсте
зерттеушілерді өздері сезбейтіндей «соққы беру» арқылы өз сезім-
дерін білдіретінін анықтады.
Субъектілер неліктен мұндай қадамға барады? Аргирис ұйымдық тео-
рияны негізге алып, эксперименттер «субъектілерді ұйымдардың төмен
деңгейдегі қызметкерлеріне лайық жағдайда қалдыруға бейім» деп тұжы-
рымдаған (193). Тым авторитарлы жүйеге бағынып үйренбеген зерттеу
субъектілері жасырын тартып алу немесе қарсыласу сияқты қулықтары
арқылы реакция білдіруі мүмкін.
Аргиристің мәлімдемесіне қарамастан, теріс ниетті субъектілер алаң-
даулы яки жақсы субъектілерге қарағанда аз кездесетін секілді (S.J. Weber
and Cook, 1972). Екінші жағынан, эксперименттік субъектілерге мотив
туралы зерттеулерде адам субъектілері жақсы, нашар немесе алаңдаулы
деген қарапайым модельдермен сипаттау үшін тым күрделі әрі әр алуан
деп болжайды. Мысалы, субъектілер эксперименттер мен әлеуметтік ғы-
лымдарға сыни немесе оң көзқараста болуы мүмкін. Эксперименттердің
қатысу міндетті яки ұнамсыз тапсырмалар сияқты кейбір ерекшелікте-
рі субъектіге нашар мотив пен мінез-құлыққа себеп болуы ықтимал. Ал
әсерлі немесе тартымды эксперимент жүргізуші сияқты өзге ерекшелік-
тері субъектіге жақсы мотив болады. Субъект эксперименттік манипуля-
цияларға пассив жауап береді деп болжауға болмайды. Одан бөлек, экс-
перименттік процедуралар гипотезаларды түсіндірген сайын субъектінің
сыңаржақ пікірінің ықтималдығы күшті болады.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
285
Эксперимент жүргізушінің әсері
Эксперименттердің әлеуметтік сипатына байланысты бұрмалаудың тағы
бір көзі – эксперимент жүргізуші. Эксперимент жүргізушілер көптеген
жолмен зерттеу нәтижелеріне әсер ете алады. Мысалы, жазып алудағы
қате, есептеу мен интерпретация қателері немесе өз деректерін әдейі
қолдан жасау арқылы. Алайда эксперименттің ең көп қиындық тудыра-
тын әсерлері – субъектілердің мінез-құлқына ықпалы. Мұндай әсерлерді
жан-жақты зерттеген Роберт Розенталь (1966, 1967, 1969) эксперимент
жүргізушінің жынысы, нәсілі, статусы, алаңдаушылығы сияқты көптеген
дүние субъектілердің мінез-құлқына әсер ететінін көрсетті. Бұл қасиет-
тердің қандай әсер беретіні нақты эксперимент пен субъектінің сипатта-
маларына байланысты. Сонымен қатар белгілі бір дәрежеде мұндай әсер-
лерді оқу-жаттығу мен тиісті бақылау арқылы шектеуге болады.
Анағұрлым алаңдау мен әдепті әрекет ету – эксперименттің қалай
аяқталатыны туралы эксперимент жүргізушінің күтуінен туындайтын
әсерлер. Розенталь мен өзгелердің бірнеше зерттеулері эксперимент
жүргізушінің болжам әсерін көрсетті. Яғни эксперимент жүргізуші бей-
саналы түрде субъектілерге гипотезаны растау үшін қалай әрекет еткені
«жөн» екенін білдіруі мүмкін. Бір зерттеуде «адамды әлеуметтік тұрғыдан
қабылдау» тапсырма болған (Rosenthal and Fode, 1963). Алдыңғы зерт-
теуді қайталаймыз деп санаған магистрант эксперимент жүргізушілерге
жеке тұлғалардың фотожинағын ұсынып, субъектілерден әр фотоны же-
тістік тұрғысынан бағалауды сұрау қажеттігі айтылған. Фотоларды пре-
тестілеу барысында жетістікке жеткені немесе жетпегені айқын көріне-
тін адамдар алынып тасталған. Алайда эксперимент жүргізушілердің бір
жартысына әдетте субъектілер фотоға түскен адамды жетістікке жеткен
деп қабылдайды деген ақпарат берілді (жоғары көрсеткіштер); ал екінші
жартысы субъектілер адамдарды жетістікке жетпеген деп қабылдайды
деп болжады (төмен көрсеткіштер). Эксперимент жүргізушілер субъек-
тілеріне бірдей нұсқаулықтарды оқытса да, жетістіктің жоғары көрсеткі-
шін күткен эксперимент жүргізушілер өз субъектілерінен төмен көрсет-
кіштерді күткен эксперимент жүргізушілерге қарағанда жоғары көрсет-
кіштерге қол жеткізді.
Эксперимент жүргізуші өз болжамдарын субъектілерге қандай тәсіл-
мен білдіретіні әлі де түсініксіз, дегенмен бұл мәселе жөнінде зерттеу-
лер де бар. Кейбір зерттеулер есту белгілерінің маңыздылығын көрсетті,
яғни дауыс сапасы немесе үні. Мысалы, Эдвард Забл мен Ричард Лехман
(1969) субъектілер Розенталь мен Фоудтың (1963) адамды әлеуметтік
тұрғыдан қабылдау тапсырмасын орындау барысында эксперимент жүр-
гізушіні жүзбе-жүз көруге рұқсат берілмеген жағдайда, болжаған әсер-
дің жартылай төмендейтінін көрсеткен. Осы және өзге де зерттеулер
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҮРГІЗУ
286
(Rosenthal, 1969: 253–54) мимика мен ым-ишара сияқты көрінетін белгі-
лер болжам әсеріне ықпал ететініне жанама дәлелдер ұсынады.
Бір жақсысы, эксперимент жүргізушінің болжам әсерлерінің бар еке-
ніне дау болмағанымен, ондай әсерлердің кең таралуы екіталай. Адам-
ды әлеуметтік тұрғыдан қабылдау секілді күту әсерін көрсетуге арнал-
ған бұл зерттеулер эксперименттердің басым бөлігінен екі нәрсе бойын-
ша өзгешеленеді: (1) ынталандыру екіұшты болды, яғни субъект экспе-
римент жүргізушінің әр ықтимал белгілеріне ерекше мән берді және
(2) эксперимент жүргізушілердің басым бөлігі субъектілерді бір экспе-
рименттік жағдайда ғана басқарды. Эллиот Аронсон мен Дж. Меррил
Карлсмит (1968: 67) эксперимент жүргізуші субъектілермен екі және
одан көп жағдайда жұмыс істегенде субъектінің мінез-құлқын бұрмалау
қаупі азаятынын анықтады. Себебі эксперимент жүргізуші субъектілер
алдында мінез-құлқындағы жүйелі айырмашылықтарды байқауы мүм-
кін. Дегенмен зерттеушілер эксперимент жүргізушінің бұрмалауы мә-
селесінен аттап өте алмайды.
Эксперимент жүргізудің әлеуметтік сипатынан туындайтын
бұрмалауларды барынша азайту
Эксперименттер себеп-салдарлық байланыстарды сынаудың мінсіз мо-
делін ұсынғанымен, модельдің сәтті болуы зерттеушінің эксперименттің
әлеуметтік сипатынан туындайтын бұрмалауларды барынша азайту мен
жою қабілетіне байланысты. Талап етілетін сипаттамалар мен экспери-
мент жүргізушінің бұрмалауынан туындайтын мәселелерді шешуге ба-
ғытталған бірнеше стратегия жасалған еді.
Талап етілетін сипаттамаларды анықтаудың ең қарапайым жолы –
субъектілерден эксперименттік жағдайды қабылдауы жайлы сұрау (Orne,
1969). Субъектілерде қандай да бір гипотезалар болды ма? Оларға экс-
перимент жүргізуші белгілі бір мінез-құлықты күткендей көрінді ме?
Басқалар бұл жағдайда қандай реакция білдіреді деп ойлады? Мұндай
байқаулар претестілеу кезеңінде болуы мүмкін, яғни субъектілерден экс-
перименттің әртүрлі сатысында немесе дебрифинг барысында олардың
әсерлері туралы сұралады.
Талап етілетін сипаттамаларды бақылауға қолданылатын ең кең тара-
ған амал – субъектілерге зерттеудің мақсаты туралы жалған гипотезалар
беретін «аңыз». Егер «аңыз» субъектілердің эксперимент мақсаты тура-
лы күмәндерін сейілтетін болса, онда субъектілер шынайы гипотезаны
анықтауға тырыспайды. Осылайша саналы түрде гипотезаға сай немесе
қарсы әрекет ету ықтималдығы төмен болады. Сол сияқты эксперимент-
тік шынайылығы жоғары эксперименттер (жақсы ойластырылған сын-
ның арқасында) субъектілердің бағалаудан имену немесе өзге де күмән-
дарға алаңдау мүмкіндігі аз болатындай әсер етеді.
Талап етілетін сипаттамалар мәселесін шешудің екінші тәсілі – тәуел-
ді айнымалыны тәуелсіз айнымалы манипуляцияламаған ортада өлшеу.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
287
Эксперимент жүргізушілер бұл процестерді физикалық тұрғыда бөле
отырып, субъектілер оқиғаларды психологиялық тұрғыда бөліп қарас-
тырады деп үміттенеді. Мысалы, М.Дж. Розенберг (1965) субъектілердің
түрлі эксперимент жүргізуші бастаған бір-біріне қатысы жоқ екі зерт-
теуге қатысуын ұйымдастырды. Білім бөлімінде жүргізілген алғашқы
зерттеуде субъектілерге нақты бір мәселеге қатысты өз көзқарастарына
қарсы эссе жазғаны үшін ақы төленді, төлемақы мөлшері – тәуелсіз ай-
нымалы. Артынша, психология бөлімінде жүргізілген сауалнамада тура
сол мәселеге қатысты субъектілердің көзқарастары өлшенді. Өзін кінәлі
сезіну көнгіштікті күшейтеді деген гипотеза сыналған үш зерттеуде экс-
перименттің осы бөлігі бөлінді (Freedman, Wallington, and Bless, 1967).
Алдымен зерттеушілер субъектілердің кінәлі сезінуін манипуляциялады.
Содан кейін эксперимент аяқталып, субъектілер зертханадан кететін кез-
де, олар субъектілерден бөлімдегі өзге адам жүргізетін төлемақысыз тағы
бір зерттеуге қатысуға дайын екенін сұрау арқылы сәйкестігін өлшеді.
Талап етілетін сипаттамаларды бақылаудың үшінші техникасы –
субъектілерге өздерінің экспериментке қатысып жатқанын байқатпау.
Осылайша субъектілер жағдайдың шынайы сипаты туралы ойланбай, өз-
дерін қалыпты ұстауы қажет. Мұндай «жасырын эксперименттер» үшін
ең жақсы орын – зертханадан емес, көпшілік орта (Campbell, 1969). Бұған
мысал ретінде Пейждің оқытушы пікірлері туралы экспериментін келтір-
сек болады.
Ақырында субъектілерден «адал субъект» рөлін қабылдауды сұрау ар-
қылы талап етілетін сипаттамалардың әсерін барынша азайтуға болады
деген дәлелдер бар. Адал субъектілер эксперименттің шынайы мақсаты-
на қатысты күмәніне қарамастан, нұсқауларды бұлжытпай орындау қа-
жет деп сенеді (S.J. Weber and Cook, 1972). Алайда эксперимент бағалау-
дан именудің жоғары деңгейін тудыратын болса, субъектілерге бұл рөлді
алуға көндіру қиынға соғады.
Сондай-ақ эксперимент жүргізушілерден туындайтын бұрмалауды
азайтатын немесе жоятын бірнеше әдістер жасалған. Олардың бірі – қос
анонимдік техникасы. Ол эксперимент жүргізушіге субъектінің жай-
күйін білуге мүмкіндік бермейді. Бұл жаңа дәрілерді зерттеуге ұқсайды.
Яғни субъект немесе субъектпен сұхбаттасып жатқан зерттеу көмекшісі
субъектінің дәріні немесе плацебоны (инертті нәрсе) қабылдаған не қа-
былдамағанын білмейді. Осы әдіс арқылы кодталып жатқан жүйе зерттеу
супервайзерлеріне қандай субъект қандай араласу қабылдағанын бақы-
лауға мүмкіндік береді.
Зерттеулердің көбінде эксперимент жүргізушіден субъектінің жай-
күйін жасырып ұстап отыру мүмкін емес, өйткені араласу жағдайында-
ғы айырмашылықтар эксперимент жүргізуші үшін айқын. Мұндай кез-
де ішінара шешім ретінде әрқайсысы эксперименттің белгілі бір бөлігін
«көрмейтін» екі немесе одан көп эксперимент жүргізушіні пайдалануға
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҮРГІЗУ
288
болады. Мысалы, жоғарыда айтқан кінәлі сезіну зерттеуіндей, тәуелсіз
айнымалыны манипуляциялау тәуелді айнымалыны өлшеуден бөлек
болғанда, бұл екі процесті екі түрлі эксперимент жүргізушімен оп-оңай
орындауға болады.
Эксперимент жүргізушінің бұрмалау әсерлерін бақылаудың тағы бір
тиімді амалы – субъектілердің бәрін қамтитын бір эксперименттік мә-
жіліс өткізу. Эксперимент жүргізуші жалпы нұсқауларды субъектілердің
бәріне оқып бере алады, бірақ тәуелсіз айнымалыны түрлі қосымша жаз-
баша нұсқаулар арқылы манипуляциялайды. Егер соңғы нұсқаулар кез-
дейсоқ бөлінсе, эксперимент жүргізуші ешқандай топтағы субъектілерге
жүйелі ықпал ете алмас еді.
Оған қоса, эксперимент жүргізуші мен субъектілер арасындағы байла-
ныс көлемін видеотаспаға түсірілген жазбалар немесе жазбаша нұсқау-
лықтар арқылы азайтуға болады. Бұл эксперимент жүргізушінің ағым-
дағы манипуляцияға бейсаналы өзгешеліктер енгізу ықтималдығының
алдын алады. Мысалы, дауыс сапасының, ырғақ және қаттылығындағы
кішігірім өзгерістер арқылы не бір субъектілерге өзгелерге қарағанда
көбірек жымию арқылы өзгешелік енгізіледі. Алайда бұл тәсіл экспери-
менттің шынайылығын төмендетеді, өйткені субъектілер жанды экспе-
римент жүргізушіге көбірек көңіл бөледі.
Зертхана сыртында эксперимент жүргізу
Соңғы екі бөлімде біз зертханада жүргізілетін эксперименттерге тоқтал-
ған болатынбыз. Әрине, эксперименттік әдістің ең көп тараған ортасы –
күшті бақылауға мүмкіндік беретін зертхана. Яғни субъектілердің бөлі-
нісі мен субъектілермен болатын оқиғаларды бақылауға жағдай жасай-
ды. Бірақ бақылау белгілі шығынның арқасында қол жеткізіледі. Әдетте
субъектілер іріктемесі өте шағын және шектеулі жиынтықтан алынады.
Ортасы күнделікті өмірмен салыстырғанда тым жасанды. Әрі субъекті-
лер эксперимент жүргізуші мінез-құлқы туралы қандай да бір гипотеза-
ны сынау мақсатында осы жағдайды жасап отырғанын түсінеді.
Кейбір эксперименттік дизайндар зертханадан тыс табиғи әлеуметтік
ортаға ауысу арқылы мұндай мәселелерден айналып өтеді. Эксперимент-
тер «далада» жүргізілгенде, күнделікті өмірдегі шынайылық жоғары бо-
лады. Талап етілетін сипаттамалары барынша азаяды, өйткені субъекті-
лер көп жағдайда зерттеуге қатысып жатқанын аңғармайды. Әлеуметтік
сауалнамалар сияқты эксперименттік емес зерттеу әдістеріне экспери-
менттік дизайндар да біріктірілуі мүмкін. Сонымен қатар эксперимент-
тік әдістің әмбебап екеніне дәлел ретінде, эксперименттік жағдайларға
кездейсоқ тағайындалған субъектілер отбасылар, сыныптар, емханалар,
ұйымдар және жеке тұлғалар сияқты әлеуметтік бірліктерді қамти алады.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
289
Далалық эксперименттер
Далалық эксперименттер шынайы эксперименттің барлық талаптары-
на жауап береді, алайда табиғи ортада жүргізіледі. Зертханалық экспери-
мент сияқты, далалық экспериментте де «аңыз» қойылымы бар. Алайда
қойылым субъектіге таныс қоршаған ортада өтеді және сол ортаның бір
бөлігі болып көрінетіндей «табиғи» (бірақ аздап өзгешеленеді) жасалған.
Мысал ретінде кездейсоқ куәгердің араласуын көрсететін көп зерттеудің
бірін қарастырайық.
Адамға көмектесуге кедергі болатын көптеген төтенше жағдайға тән
әрі жауапкершіліктің екіұштылығы мен белгісіздігін еңсерудің бір жо-
лы – көмектесу жауапкершілігін бір адамға жүктеу. Әдетте бұл жағдай
қоғамдық орындарда жиі болады, мысалы, бір бөтен кісі өзге біреуден
өзінің заттарына қарай тұруын (өзі бір жерге барып қайтамын дегенше)
сұрайды. Томас Мориарти (1975) 1972 жылдың жазында Нью-Йорктегі
Джонс Бичте ұрлық сериясын ұйымдастыру арқылы мұндай өтініш тиім-
ділігін сынаған болатын. «Көмектесуге міндеттеу» манипуляциясын жа-
сау үшін қатысушы жағажайда өз төсенішін субъектінің жанына барып
жайып, жылжымалы радионы қосып, күнге қыздырына бастады. Бірнеше
минут жатқаннан кейін қатысушы субъектімен бір-екі ауыз тілдесіп, өзі
жоқта (міндеттеу жағдайы) немесе серуендеуге кеткенде заттарына бір-
неше минут қарайлай тұруды өтінді (бақылау жағдайы). Бірнеше минут-
тан кейін екінші қатысушы келіп жәбірленушінің төсеніші мен радиосын
алып қашып кетті. Екі тәуелді өлшем қолданылды: ұрлықты байқау және
тоқтату үшін араласу. Ұрлықты байқау эксперименттен кейінгі сұхбатта
өлшенді. Жалпы 56 субъектінің ішінен бақылау жағдайында болған он
алтыcының барлығы радионың ұрланғанын аңғармағанын хабарлады.
Ұрлықты байқаған 40 субъектінің ішінде көмектесуге жауапкершілікті
өз мойнына алғандардың 95%-ы және көмектесуге міндеті жүктелмеген
өзге адамдардың 20%-ы ғана араласты.
Әлеуметтік зерттеушілер түрлі ортада эксперимент жүргізу үшін зерт-
ханалық зерттеулерден бас тартты. Көмектесу мінез-құлқының зерт-
теуінде далалық эксперименттер әмбебап дүкендер мен аудандық көлік
тұрақтарында (Forgas, Dunn, and Granland, 2008; Shotland and Stebbins,
1983), қала маңындағы сауда орталығында (C.J. Taylor, 1998), колледж
кітапханасында (Isen and Levin, 1972), элеваторларда (Latané and Dabbs,
1975), автожолда (Bryan and Test, 1967) және Нью-Йорк қаласының мет-
росында (Piliavin and Piliavin, 1972) жүргізілді. Мұндай орталарда экспе-
римент жүргізудің бірқатар артықшылығы бар. Субъектілер зерттеу жал-
ғасқанын аңғармас бұрын талап етілетін сипаттамаларға саналы түрде
жауап бермеуі қажет. Эксперимент ортасы шынайы болғанынан емес,
оған қоса, әртүрлі іріктемеде субъектілерді бақылау мүмкін болғандық-
тан сыртқы жарамдылық артады. Далалық эксперименттер қолданбалы
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҮРГІЗУ
290
зерттеулер үшін, яғни мәселені шешуге бағытталған зерттеулерде өте қо-
лайлы. Мысалы, көмектесу мінез-құлқына негізделген далалық экспери-
менттердің бірқатары қан тапсыру (Goette and Stutzer, 2008) мен қайы-
рымдылыққа әсер ететін факторларға бағытталған (Simpson, Irwin, and
Lawrence, 2006). (Далалық эксперимент жүргізудің дауыс берушілерді
жұмылдыруын зерттеудегі нәтижелі қолданысы туралы білу үшін 7.2-қо-
сымшаны оқыңыз).
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Далалықэксперименттердің сыртқы жарамдылығы мен күнделікті өмірдегі шына-
йылық зертханалық эксперименттерге қарағанда жоғары болады.
Осындай артықшылықтары бола тұра, неге далалық зерттеу негізгі
эксперименттік зерттеу ортасы ретінде зертхананы шетке ысырмады деп
ойлауыңыз мүмкін. Кемшіліктері болғанымен, бастысы далалық экспе-
рименттердегі бақылау дәрежесі төмен. Зерттеушілер көбіне даладағы
шынайы эксперименттік дизайнға ұқсас әрекет етеді. Түрлі араласу жағ-
дайларына субъектілерді (немесе өзге талдау бірліктерін) кездейсоқ та-
ғайындау мүмкін болмауы да ықтимал. Кейде этикаға қатысты түсініктер
немесе субъектінің қалауларына байланысты шынайы бақылау тобын
құру мүмкін емес. Одан бөлек, далалық эксперимент жүргізушілер көбі-
не бақылаудың бірқатарынан ұйымдастырушылар немесе оқытушылар
сияқты өзгелерге тәуелділігі себепті бас тартады. Сондықтан тәуелсіз ай-
нымалы манипуляциясынан туындайтын субъектілерден бөлек, зертхана
субъектілерінің тәжірибесіндегі жүйелі айырмашылықты болдырмау әл-
деқайда қиын.
Далалық эксперименттерге қатысты мәселе – тәуелсіз айнымалының
манипуляциясы аз бақыланады және интерпретациялауға қолайлы бо-
луы мүмкін. Бұл Американың мектеп жасына дейінгі балаларға «Сезам
көшесі» деп аталатын телесериалдың тәрбиелік әсерін бағалауға тырыс-
қан зерттеуде айқын көрінеді (Ball and Bogatz, 1970; T.D. Cook and Conner,
1976; Liebert, 1976). Қаралым әсерін зерттеу үшін телехикаяны көрген
эксперимент жүргізілетін топ пен көрмеген бақылау тобы болғаны аб-
зал. Алайда бақылау тобының балаларын телехикаяны үйде көруінің
алдын алатын ешқандай жол болмағандықтан, эксперименттік араласу
«көруге ынталандыру» болады деп шешілді. Бұл араласуда ата-ана мен
балаларын бағдарламаларды көруге ынталандыратын даярланған құрам
апта сайын келді және өздерімен бірге бағдарламаны көруге әсер ететін
кітаптар, ойыншықтар мен ойындар ала келді. Бақылау тобының бала-
лары ешқандай ынталандыратын сыйлық алмады, әрі телесериалды көр-
се де, көрмесе де бәрібір еді. Балалардың екі тобы да бірінші маусымды
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
291
көрмес бұрын және кейін бірқатар тест тапсырды. Нәтижесінде көруге
ынталандырылған топ посттестілерде үлкен жетістіктерге жеткені көрсе-
тілді. Өкінішке қарай, бұл жетістікке бағдарламаларды көру арқылы жет-
кенін көрсетпейді. Себебі екі топтың тәжірибесінде бағдарлама көруден
басқа жүйелі айырмашылықтары болды. Яғни қаралым әсері ынталан-
дыру әсерімен араласып кетті. Сыйлық арқылы әлеуметтік және интел-
лектуалдық ынталандырудың өзі жетістік үшін жеткілікті болуы мүмкін.
4
7.2-қосымша. ДАУЫС БЕРУШІЛЕРДІ ЖҰМЫЛДЫРУ БОЙЫНША
ДАЛАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТТЕН ӨТКІЗУ
Дауыс беретін сайлаушылар санын қалай арттырамыз деген мәселе тәуел-
сіз және азаматтық белсенділерге, демократияның нығаюына үлес қосқысы
келетін топтарға да, сайлауда жеңіске жеткісі келетін саяси кеңесшілер мен
кампания ұйымдастырушыларға, саяси паттерн теориясын зерттеуші әлеу-
меттанушыларға да қызық. Дегенмен соңғы уақытқа дейін сайлауда дауыс
беруде белсенділікті қалай арттыруға болатыны туралы дәлелдер көп болма-
ды. Кәсіби кампания ұйымдастырушылар тарапынан айтылған кеңестердің
ішінде сайлау күні қоңырау соғу мен пошта арқылы еске салу, парақшалар
тарату, жеке үгіттеу және өзге де көптеген әдіс болды. Алайда ешкім қан-
дай тәсілдің нақты нәтиже беретінін білмеді. Содан кейін саясаттанушылар
Дональд Грин мен Алан Гербер далалық эксперименттер бағдарламасын
қолға алды, нәтижесінде адамдардың дауыс беру туралы түсінігі өзгерді.
Гербер мен Грин (2000) алғашқы далалық экспериментін Коннектикут
штатындағы Нью-Хейвенде 1998 жылғы жалпы сайлау кезінде жүргізді.
Бұл экспериментті сайлауда дауыс беруге жұмылдырудың дауыс жинау,
телефон қоңыраулары мен пошта арқылы хабарласу әдістерінің әсерлерін
сынау үшін жасады. Тіркелген дауыс берушілердің толық тізімінен 30 мың-
ға жуық дауыс берушілерді дауыс беру көрсеткішін арттырудың (GOTV)
бір немесе одан көп стратегиясына кездейсоқ тағайындады.
Үш стратегия да кәсіби кампания кеңесшілерінің ақпараттарына сү-
йеніп мұқият жасалған. Ақысы төленген үгітшілер дауыс берушілермен
сайлауға дейінгі 4 аптаның әр демалыс күндері хабарласып тұрды. Әр-
қайсысы үштүсті ашық хаттар сайлауға 15, 13 және 8 күн қалғанда 1–3
күн арасында жіберілді. Сондай-ақ телефон қоңыраулары телемаркетинг
фирмасы арқылы сайлауға 1–2 күн қалғанда немесе сайлау күні жасал-
ды. Кейстің бәрінде тәуелсіз үндеу жарияланды, оларға азаматтық парыз,
қызу тартыс және қала аудандарының ниеттестігі мәселесі кірді. Мы-
салы, азаматтық парыз нұсқасында былай делінеді: «Біз бәрінің азамат-
тық парыз сезімі оянып, дауыс беру құқығын пайдаланғанын қалаймыз.
Демократия ел азаматтарының сайлауға қатысуына тәуелді» (Gerber and
Green, 2000: 656).
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҮРГІЗУ
292
Гербер мен Грин әсерлерді бағалау үшін сайлауда кімнің дауыс беріп,
бермегені туралы қоғамдық жазбалар жүргізді. Нәтижесінде хабарлама-
лардың мазмұны сайлаушылардың дауыс беру белсенділігіне ешқандай
әсері болмағанын және оған қарағанда хабарламалардың қалай жеткізіл-
гені әсер ететіні белгілі болды. Бағалау бойынша адамдардан дауыс жинау
сайлаушының дауыс беру көрсеткішін 9,8%-ға, тікелей пошта хабарлама-
сының әр жіберілуін 0,6%-ға арттырды, ал телефон соғу ешқандай әсер
бермеді.
Осы зерттеуге дейін саясаттану ғылымында эксперименттік зерттеулер
сирек болатын. Алайда далалық зерттеудің құндылығы дауыс берудегі мі-
нез-құлықты зерттеуде көрсетілгеннен кейін, Гербер мен Гриннің зерттеуі
осы әдіснамаға негізделген қарқынды дамыған әдебиеттің бастауы болды.
Басқа зерттеу әдістеріне қарағанда эксперименттер себеп-салдарлық та-
лаптарды сынаудың ең тиімді жолын ұсынады. Егер кездейсоқ салысты-
рулар көмегімен барлығы дұрыс істелсе, онда ненің жұмыс істейтін-істе-
мейтіні туралы ешқандай күмән тумайды. Эксперименттерді далада, яғни
шынайы ортада жүргізу сыртқы жарамдылықты күшейтеді, ал дауыс беру-
шілердің келу көрсеткішін өлшеу үшін қоғамдық жазбаларды пайдалану
жеке баяндамаға негізделген зерттеулерді жетілдіреді. Оған қоса, дауыс
берушілердің келу көрсеткішіне қатысты эксперименттің іріктемесі басқа
далалық эксперименттердегі іріктемелермен салыстырғанда өте үлкен.
Гербер мен Грин 30 мыңға жуық сайлаушылармен GOTV тәсілдерінің тиім-
ділігіндегі шағын айырмашылықтарды анықтап, шығынын нақты бағалай
алды.
Нью-Хейвендегі далалық эксперименттен кейін GOTV бойынша көп-
теген далалық зерттеу жүргізілді. Олар жергілікті, ұлттық және жалпы
сайлауда; АҚШ-тың көп аймағында; әртүрлі этностық сайлаушылар ара-
сында; партиялық емес және партиялық күш-жігердің көмегімен, бірқатар
жұмылдыру стратегияларының көмегімен өтті (Green and Gerber, 2008).
Қазір не жұмыс істейтінін жақсырақ білсек те, алғашқы эксперименттің
басты тұжырымы әлі де өзекті. Сайлаушыларды жұмылдырудың ең үздік
тәсілі – жеке байланыс: «Кампания мен ықтимал сайлаушы арасындағы
әрекеттесу қаншалықты дербес болса, ол адамның дауыс беру ықтималды-
ғы соншалық жоғарылайды» (Green and Gerber, 2008: 10). Гербер мен Грин
(2000: 653). Өздерінің бастапқы зерттеуіндегі гипотезасы бойынша, жеке
үгіттеудің болмауы АҚШ-тағы ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі сайлауда
дауыс берушілер көрсеткішінің төмендеуін түсіндіре алады. Жұмылдыру
«барған сайын жалпылана түсті, бұрын жеке жеткізелетін хабарламалар
масс-маркетинг техникасының келісімімен қолданыстан шықты». Соны-
мен қатар Берган мен бас зерттеушілер (2005: 760) 2004 жылғы сайлау-
дағы дауыс беру көрсеткішінің артуын кампанияның стратегиясындағы
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
293
елеулі өзгеріс есебінен, яғни «қос партия да сайлаушыларды жұмылдыруға
ден қойғаннан соң артты» деп түсіндіреді.
2004 жылға қарай сайлау күні дауыс беруге көмектесетін адамдарды
тарту, яғни кәсіби кампания мамандары айтпақшы, «тірекші ойын» да
(сайлаушыларды сайлау бөлімшесінде үгіттеу әрекеті) сайлауда жеңіске
жетудің өте маңызды стратегиясы саналды. Республикалық партия жақ-
таушылары өздерінің «тірекші ойыны» 2004 жылы Президент Буштың
қайта сайлануында шешуші рөлді атқарды деп санады. Дәл солай Прези-
дент Обаманың қолдаушылары өздерінің жаппай жұмылдыру арқасында
2008 жылы жеңіске жеткенін мәлімдеді. Ешқандай партия қандай амал-
дың қалай әсер ететінін нақты білмейді. Кімде кім GOTV тәсілдерінің қай-
сысы жақсы жұмыс істейтінін және қанша шығын талап ететінін білгісі
келсе, Грин мен Гербердің (2008) «Сайлау: дауыс берушілердің белсенділі-
гін қалай арттырамыз?» атты кітабын оқуға кеңес береміз.
Бірақ далалық эксперименттерде этикалық және құқықтық мәселелер
көп туындайды. Мысалы, кездейсоқ куәгердің араласуын тексерген зерт-
теудегідей, өтіп бара жатқан адамды қылмысқа, талып жатқан адамға не-
месе эпилепсиялық ұстамасы ұстаған адамға куәгер ету этикалық немесе
құқықтық тұрғыдан дұрыс па? Ұрлық экспериментіндегі залал келтіру
қаупін елестетіп көріңіз. Егер субъект қызмет уақытынан тыс полиция
қызметкері болса және «ұрыны» ұстау үшін физикалық күш қолданса ше?
Немесе біреу полиция шақырса ше? Алайда Мориарти (1975) залал кел-
тіру қаупінің алдын алу үшін сақтық шараларын қолданған. Яғни жақын
маңда субъектінің реакциясын жазып отыратын және субъект араласқан
жағдайда ұрыға жақындауына мүмкіндік берместен тоқтататын бақы-
лаушы қойған. Ол бірден субъектілерге ұрлықтың шын болмағанын ай-
тып түсіндірді. Алайда қазір екеуінің мұндай зерттеуді қанша институт-
тық бақылау комитеттері мақұлдауы мүмкін деген сұрақ қызықтырады.
Зертханалық эксперименттерде субъектілердің құқықтары олардың
алдын ала қатысуға келісімін алу және дебрифинг арқылы қорғалады.
Алайда сақтықтың бұл шараларын далалық эксперименттерде сақтау
мүмкін бола бермейді. Мысалы, ақпараттан хабардар етіп, келісім алу
көп жағдайда экспериментті жасырын жүргізуге мүмкіндік бермейді.
Сондықтан далалық эксперименттер зерттеу субъектілердің денсаулығы-
на қауіп төндірмейтінін көрсетуі қажет.
Сауалнама зерттеуінің эксперименттік дизайндары
Эксперименттік тәсілдің әралуандығын ауқымдануы далалық зерттеу
жағдайында кеңеюмен ғана емес, оған қоса, сауалнама зерттеуінің экс-
перименттік дизайндарын пайдалану да дәлелдейді. Мысалы, көптеген
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҮРГІЗУ
294
сауалнама сұхбат барысында сұрақ құрылымындағы кішігірім өзгеріс-
тердің әсерін зерттеген. Әдетте үлкен сауалнама аясындағы кішігірім
эксперименттер сұрақтың бір құрылымын респонденттердің кездейсоқ
сұрыпталған шағын іріктемесіне жолдап немесе сұрақтың басқа құрылы-
мын басқа респонденттерге жіберу арқылы жүргізіледі.
Сауалнамалар алдын ала қағазға басып алуды қажет ететін анкеталар-
ды қамтығандықтан, эксперименттер қарапайым болды. Көп жағдайда
«сплит-баллот дизайнында» екі шартпен (немесе анкета формаларымен)
шектелді. Алайда екі инновация, яғни компьютер арқылы сұхбат алу-
дың пайда болуы мен виньет әдісінің дамуы үлкен ауқымды сауалнама-
лардағы күрделі эксперименттік дизайндардың қолданысын арттырды
(Sniderman and Grob, 1996). Ендігі екі зерттеу осы өзгерістерді көрсетеді.
Ауқымды сауанамаға кіріктірілген эксперименттің мысалы ретінде,
Джон Гурвиц пен Мару Пеффлейдің (2005) қылмыстық қудалау саясатын
қолдаудағы нәсілдік код сөздердің ықпалын жазған зерттеуін аламыз.
АҚШ тарихында үлкен лауазымдарға үміткерлер дауыс берушілердің қол-
дауына ие болу үшін «нәсілдік карталармен ашық ойнаған» мысалдар
жетерлік. Яғни қаранәсілділер қытығына тиіп, нәсілдік стереотиптерді
білдіріп, афроамерикалықтардың қорқынышын тудыру үшін нәсілдік
алауыздық тудыратын сөздерді пайдаланған. Алайда Тали Мендельберг-
тің (2001) айтуынша, ХХ ғасырдың екінші жартысында нәсілдік теңдік
ережесі нығайған сайын, нақты үндеулер қабылданбады, қолдау табуы да
екіталай еді. Өйткені олардың месседжінде нәсілшілдік мазмұны айқын
көрініп тұрды. Мендельберг «қоғам нәсілшілдікті жоққа шығарып, бірақ
сонда да нәсілдік қайшылықтар сақталса, үміткерлер «нәсіл карталарын»
ойнату арқылы», яғни «сырт көзге байқатпай басты нәсілдік стереотип-
тер, қорқыныштар мен наразылықтар арқылы» жасырын үндеулер көме-
гімен жеңіске жете алады деп мәлімдеді (4).
Гурвиц пен Пеффли (2005) күшті нәсілдік коннотациясы бар «гетто»
сөзі ақнәсілділердің нәсілдік мәселелерін астыртын күшейтуі мүмкіндігін
сынау үшін 2001 жылы испантілді ақ адамдардың телефон арқылы жүр-
гізілетін ұлттық сауалнамасында «гетто» сөзін экспериментте манипуля-
циялады. Қылмыс туралы сұрақтар жинағында респонденттерден «қауіп-
ті қылмыскерлер» тарапынан жасалатын қылмыстың алдын алу жолда-
рын сұрады: Жаңа түрмелерге немесе кедейлікпен күрес бағдарламала-
рына ақша жұмсау арқылы ма? Респонденттердің кездейсоқ таңдалған
жартысынан қауіпті қылмыскерлер жайында, ал екінші жартысынан «қа-
ланың кедей аудандарындағы қатігез қылмыс» туралы сұрады. Сонымен
қатар сауалнама нәсілдік көзқарастар, жазалау шаралары, қылмыстан
қорқу мен қабылданған шаралар жөнінде сұрақтар жинағын қамтыды.
Гипотеза бойынша ақнәсілділердің нәсілдік көзқарастары тек «қаланың
кедей аудандарындағы қатігез қылмысқа» қатысты қудалау саясаттары-
мен (кедейлікпен күрес бағдарламасының орнына жаңа түрмелер) тығыз
байланысты болды. «Қаланың кедей аудандары» фразасы болмағанда
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
295
ақнәсілділердің нәсілдік көзқарастары қылмыс саясатына қатысты таң-
дауларымен ешқандай байланысы болмады.
Эксперименттік дизайн да түрлі анкеталар (Navazio, 1977) мен виньет-
калар жинағын пайдалану арқылы сауалнамаларға кірігіп кете алады.
Виньеткалар дегеніміз – шешім қабылдауда маңызды саналатын фактор-
ларға сілтемелерді қамтитын жағдайлардың қысқа, егжей-тегжейлі әрі
нақты сипаттамалары. Кейбір сауалнаманы зерттеушілер виньеткалар
қоғамдық пікір сауалнамаларында қолданылатын қысқа немесе абстракт
сұрақтарға қарағанда өзекті жауаптарды береді деп санайды (Alexander
and Becker, 1978; Mutz, 2011). Респонденттердің шешім қабылдауына
қандай факторлар елеулі әсер ететінін анықтайтын экспериментті сынау
үшін виньетканың бірқатар нұсқасы жағдайдың жүйелі өзгеруі арқылы
жасалған. Артынша, түрлі нұсқалар респонденттерге кездейсоқ тағайын-
далды. Мысалы, Брюс Стрэйтс (1985) колледждегі әйелдердің босануға
қатысты жоспарларын зерттеген алты виньетканы пайдаланды. Олар-
дың әрқайсысы тура немесе жанама тұрғыда бала туу жоспарларына әсер
ететін шешім қабылдауға тура келген тұрмыстағы әйелді сипаттады. Әр
эпизодтағы ақпарат табыс пен өмір сүруі деңгейіндегі өзгерістерге бай-
ланысты балаға жұмсалатын тікелей шығын мен өзін-өзі дамытуға (оқу-
ды жалғастырудан немесе кәсіби карьерада көтерілуден бас тарту) және
ата-ана статусын жалпы қауымның қолдауына қатысты болды. Стрэйтс
кейбір журналистік пікірлерге қарамастан, колледждегі әйелдер ана бо-
луға шын бекінгенін және ол сезімі кәсіби карьерасы мен балалы болуға
қатысты тура және жанама шығыннан биік тұрғанын анықтады.
Сауалнамалар әдетте арнайы мақсатты жиынтықтан ықтимал ірік-
теу арқылы алынған көп респонденттерге жіберіледі (тоғызыншы тарау-
ды қараңыз). Саясаттанушы Диана Мутц (2011) атап өткендей, мұндай
сауалнамаларға кіріккен эксперименттердің көп артықшылығы бар.
Жалпы, мұндай зерттеулер эксперименттердің жоғары ішкі жарамдылы-
ғы мен ықтимал іріктеудің жоғары сыртқы жарамдылығы комбинациясы-
нан пайда көреді. Үлкен іріктемелер тәуелсіз айнымалылардың әсерлері
мен негізгі жиынтықтың шағын топтары арасындағы айырмашылықтар-
ды зерттеуді жеңілдетеді. Одан бөлек, сауалнама негізіндегі эксперимент
дизайны мемлекеттік саясатты ақпаратпен қамтамасыз ету үшін әзірле-
нуі мүмкін. Өйткені бірқатар шынайы оқиғаларға реакцияларды зерттеу
үшін тез жүргізіледі (Mutz, 2011: 12–20).
Жеке тұлғалардан өзге талдау бірліктері
Эксперименттік дизайн әрқашан жеке тұлғаларды талдау бірлігі ретінде
қолдана бермейді. Жылдар бойы жүргізілген көптеген зертханалық экс-
перимент субъектілер жұбын немесе шағын топтарды талдау бірлігі ре-
тінде қарастырды. Эксперименттік талдау бірлігі кең таралмағанымен,
ұйымдар немесе аудандар сияқты үлкен топтар тұрды.
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҮРГІЗУ
296
Калифорния штаты, Сан-Диего қаласында жүргізілген бір далалық
зерттеуде патрульдердің жасағы бойынша бір немесе екі офицер қаты-
сатын жағдай тағайындалып, полиция «соққысы» бірлік ретінде алынды.
Бұл зерттеудің мақсаты полицияның патруль көлігінде бір офицердің ор-
нына екі офицердің болуы қызмет көрсету сапасын, тиімділігі мен қауіп-
сіздігін жақсартуға әсерін және шығын тұрғысынан тиімділігін бағалау
еді (Boydstun, Sherry, and Moelter, 1978). Екі офицерлік патруль бірлігі мен
бір офицерлік патруль бірлігі арасындағы айырмашылық 8 сағатқа 100$
екені белгілі болды. Соққы жұптары түрлі сипаттамаларға сәйкестенді-
рілді, содан кейін 44 патруль бірліктері бір немесе екі офицерлік жасаққа
кездейсоқ тағайындалды. Нәтижелер жұмыс сапасы мен тиімділігінің екі
бірлікте де бірдей жоғары екенін, ал екі офицер бірлігі қамауға алу мен
офицерге қарсылық көрсетуге қатысты күмән тудыратынын көрсетті.
Сондықтан зерттеу жасақ негізінен бір офицерлік бірліктен тұрғаны жөн
деген қорытындыға келді.
Кейде әлеуметтік бірліктерді пайдалану жеке тұлғаларды пайдалану-
дан гөрі тиімді. Кевин Арсено (2005) мұны Миссури штатындағы Канзас-
Сити қаласының дауыс берушілерін жұмылдыру зерттеуінде көрсетті.
Компания жүргізушілер дауыс берушілерді автобус қызметін қолдау мақ-
сатында сатылым салығын арттыратын сайлау ұсынысына дауыс беруге
көндіру үшін «есіктен есікке» үгіттеу кампаниясын жүргізу барысында
сайлау бөлімшелерін талдау бірлігі ретінде пайдаланды. 7.2-қосымшада
сипаттағанымыздай, далалық экспериментте сайлауда дауыс берушілер-
дің белсенділігін арттыру бойынша зерттеуде тіркелген сайлаушылар
эксперименттік жағдайларға кездейсоқ тағайындалды. Мысалы, «Есік-
тен есікке» үгіт-насихат әсерлерін сынау кезінде даярланған үгіттеушілер
эксперименттік жағдайға тағайындалған адамдарға ғана барады. Алайда
Арсено (2005: 169) атап өткендей, географиялық қамту аумағын кеңей-
теді, оған қоса, даярланған үгіттеушілерді мақсатты емес жеке адамдар-
ды айналып өтуді үйретеді және «дауыс берушілерді айналып өтуде мұ-
қият болуын талап етеді». Арсено балама ретінде жеке адамға қарағанда
сайлау бөлімшелері сынды кластерлерді кездейсоқ тағайындауды ұсын-
ды. Бұл шығынды азайтып қана қоймай, жұмылдырудың сайлаушы таң-
дауы мен дауыс берушілердің сайлауға келу бойынша әсерлерін зерттеуге
мүмкіндік береді. Эксперименттердің екі түрінде де көпшілікке қолже-
тімді сайлаушы файлдары дауыс беруге келуді өлшеу үшін қолданылады,
бірақ бұл файлдар жұрттың дауыс бергенін көрсеткенімен, кімге дауыс
бергені жайында ақпарат бермейді. Дауыс берушілердің таңдауы бойын-
ша сайлау бөлімшелері деңгейіндегі деректер қолжетімді болғандықтан,
бөлімшелер арасындағы таңдауларды салыстыруға болады. 2003 жылы
Канзас-Ситиде «есіктен есікке» үгіт-насихаты осы ұсынысты қолдаушы-
ларды жұмылдыруға кішігірім әрі елеусіз әсер еткені анықталды.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
297
Түйін
Бақылау деңгейі ауқымды болғандықтан, эксперимент жүргізу себеп-сал-
дарлық байланыс гипотезасын сынаудың үздік тәсілі болды.
Эксперимент сыртқы айнымалыларды (а) субъектілерді эксперименттік
араласушы және бақылау топтарына кездейсоқ тағайындау арқылы қа-
дағалайды (сол арқылы экспериментке дейінгі айырмашылықтың бірдей
дистрибуциясын қамтамасыз етеді) және (б) тәуелсіз айнымалы мани-
пуляциясын ескермегенде, эксперименттік араласушы және бақылау то-
бындағы субъектілердің эксперимент барысында бірдей оқиғаларды бас-
тан өткеруін қамтамасыз етеді.
Эксперименттер себеп пен салдар жөнінде салыстырмалы түрде нақты
қорытындылар ұсына отырып, жоғары ішкі жарамдылыққа қол жеткізеді.
Алайда зертханалық жағдай мен шағын сауалнама олардың жалпылығын
шектеп, сыртқы жарамдылығын төмендетеді.
Кейде сыртқы жарамдылық әртекті іріктемелерді пайдалану арқылы кө-
теріледі. Бұған көбінесе бірдей гипотезаны сынайтын репликациялау,
бірақ түрлі жиынтықтан іріктелген субъектілерге басқа жағдайда түрлі
айнымалы манипуляциялары мен өлшемдер арқылы қол жеткізеді.
Экспериментті ұйымдастыру төрт негізгі бөлімнен тұрады. Олар: (1) экспери-
менттік процедуралардың нұсқаулықтары мен негіздерін ұсынатын кіріспе;
(2) манипуляцияны тексеруге ұласатын тәуелсіз айнымалы манипуляциясы;
(3) тәуелді айнымалыны өлшеу және (4) эксперимент мақсатын түсіндіруге,
субъектілердің реакциясын зерттеу мен олардың қатысудан туындаған жай-
сыздығын азайтуға арналған сұрақтарға дебрифинг сессиясы.
Эксперимент өткізбестен бұрын, процедулардың тиімділігін тексеру мақ-
сатында алдын ала субъектілерге претестілеу жүргізген жөн.
Зерттеудегі эксперименттік шынайылық дегеніміз – эксперименттің
субъектілерді қамтып, әсер ету дәрежесі; ал күнделікті өмірдегі шына-
йылық эксперименттік процедуралардың «шынайы өмірдегі» оқиғаларға
ұқсастығын білдіреді.
Субъектілердің эксперименттегі әрекеттерін олардың сынаудан өтіп жат-
қан гипотеза жайында хабар беретін «талап етілетін сипаттамалары» деп
аталатын белгілерге сезімталдығы; бағаланудан именуі немесе экспери-
ментке қатысуға «мәжбүрлеуіне» қатысты наразылығын көрсетуі арқылы
анықтауға болады.
Субъектінің бұрмалауын экспериментке дейінгі және кейінгі сұхбаттар
арқылы анықтауға болады. Субъектінің күмәнін сейілтетін «аңызды»
пайдалану арқылы оларды барынша тиімді бақылай аласыз.
Эксперимент жүргізушілер жазбаша тәсіл негізінде субъектілерге өз бол-
жамдарынан хабар беруі мүмкін. Мұндай бұрмалаулар эксперимент жүр-
гізушіден субъект жағдайын жасыру немесе әрқайсысы эксперименттің
бір бөлігінен хабарсыз екі эксперимент жүргізушіні қолдану экспери-
ментті бір сессияда өткізу арқылы барынша тиімді бақыланады.
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҮРГІЗУ
298
Бұрмалауларды бақылау мен сыртқы жарамдылықты арттырудың тағы
бір амалы – экспериментті субъектілер ғылыми зерттеу жүргізіліп жат-
қанын аңғармайтындай табиғи ортада өткізу. Алайда далалық экспери-
менттерде бақылау зая кетуі ықтимал, нәтижесінде субъектінің құқығы
мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қиындай түседі.
Эксперименттер іріктеме сауалнамаларына біріктірілуі және жеке адам-
дардан басқа талдау бірліктерін пайдалануы мүмкін.
Тірек сөздер
Шынайы эксперименттік дизайндар Дебрифинг
Эксперименттік араласу Претестілеу
Кездейсоқ тағайындау Эксперименттік шынайылық
Статистикалық елеулілік тесті Күнделікті өмірдегі шынайылық
Сәйкестендіру Реактив өлшеу әсерлері
Ішкі жарамдылық Талап етілетін сипаттамалар
Сыртқы жарамдылық Бағалаудан имену
Репликация
Хикая
Эксперимент жүргізушінің күтуінен
туындайтын әсер
Манипуляцияны тексеру Қос анонимдік техникасы
Далалық эксперимент
Тапсырмалар
1. Social Psychology Quarterly журналының 2006 наурыз айындағы шығарылы-
мында (vol. 69, pp. 97–107) Джеффри Лукас, Корина Грэй мен Майкл Ловалья
заңсыз әрекет көбіне жеңіл құқық бұзушылықа қарағанда неге ауыр қылмыс-
тық қудалауда жиі кездеседі деген мәселені тексерген эксперимент жөнінде
жазды. Мақаланы оқып, мына сұрақтарға жауап беріңіз.
а. Үш гипотезадағы тәуелсіз айнымалы не болды? Ол қалай манипуляция-
ланды? Зерттеушілер манипуляцияны тексерді ме?
ә. Эксперимент жүргізушілер «сенімділікке қол жеткізудің дербес маңызы»
тәуелді айнымалысын қалай өлшеді?
б. Тәуелсіз айнымалы манипуляциясы мен тәуелді айнымалыны өлшеуді
есепке алмағанда, бұл зерттеу шынайы эксперимент талаптарына қалай
сай келеді?
в. Бұл – экспериментті өлшеу жарамдылығы, ішкі және сыртқы жарамды-
лық тұрғысынан бағалаңыз.
г. Экспериментті эксперименттік және күнделікті өмірдегі шынайылық
тұрғысынан бағалаңыз.
2. Екі зерттеуші еңбек нарығындағы нәсілдік дискриминацияны зерттеу мақса-
тында Бостон мен Чикагодағы газеттерде жарияланған жұмысқа қабылдау
туралы хабарландыруға резюме жолдады. Олар әр хабарландыруға екі резю-
ме жинағын жіберді, әр резюмелер жинағына кездейсоқ түрде не афроаме-
рикалықтың, не ақнәсілділердің есімі берілді (Тайрон мен Тодд). Соңында
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
299
сұхбатқа шақырған кері байланыс санын санау арқылы нәсіл әсерін сынады
(8.1-қосымшада осы зерттеудің толық сипаттамасын оқи аласыз).
а. Бұл шынайы эксперимент пе? Мұқият түсіндір.
ә. Бұл зерттеудің тәуелсіз айнымалысы қандай? Ол қалай манипуляцияланды?
б. Бұл зерттеу талап етілетін сипаттамалар мен эксперимент жүргізуші
әсерлерін қалай тиімді бақылап тұрғанын түсіндіріңіз.
с. Зерттеудің әлсіз жақтарын талқылау барысында зерттеушілер (1) газет
хабарламалары жұмыс іздеудің бір ғана жолын көрсетеді және (2) үміт-
керлердің жұмысқа орналасуы мен оларға ұсынылған айлық сияқты пай-
далана алмаған нәсілдік дискриминацияның өзге де өлшемдері бар еке-
нін атап айтты. Бұл сын-ескертпелер зерттеудің ішкі жарамдылығы мен
сыртқы жарамдылығына қатысты ма? Түсіндіріңіз.
3. Бірнеше зертханалық эксперименттерге қосымша Латане мен Дарли (1970)
кездейсоқ куәгерлердің араласуы бойынша далалық зерттеу жүргізді. Олар
зерттеуді Нью-Йорктегі Стафферн қаласының сыра мен газдалған сусындар
сататын дисконт дүкенінде ұрлық ұйымдастыру арқылы өткізді. «Ұрылар»
ұрлықты дүкендегі касса маңында бірнеше сатып алушы тұрғанда жасады.
«Ұрылармен» келісімде болған кассир дүкеннің артқы жағынан бір нәрсені
шығару үшін касса маңайынан кеткенде, олар бір жәшік сыраны қолына алып
«Олар мұны байқамайды» деп дүкеннен шыға жөнелді. Көп ұзамай кассир
кассаға оралып, клиенттерге қайта қызмет көрсете бастады; клиенттер оған
ұрлық туралы хабарлай ма, жоқ па? Бұл – тәуелді өлшем. Зертханалық экс-
перименттердегідей, егер клиент жалғыз куәгер болса, оқиға (ұрлық) жайлы
хабарлайды, ал екі куәгер болған жағдайда хабарлау ықтималдығы да азаяды.
а.
Бұл зерттеуде шынайы эксперименттің қандай ерекшеліктері қолданыл-
маған? Ол зерттеу нәтижелерін интерпретациялау барысында қандай
мәселелер тудырады?
ә.
Осы зерттеуді зерттеу этикасы тұрғысынан бағалаңыз. Мұнда қандай
этикалық мәселелер көтеріледі?
4. «Қолпаштау көмек көрсетуді арттырады» деген гипотезаны сынағыңыз келеді
делік. Яғни қолпаштауды көп еститін және өздерін жақсы сезінетін адамдар
мақтау естімейтін адамға қарағанда көбірек көмек көрсетеді. Осы гипотеза-
ны сынау үшін эксперимент дизайнын әзірлеңіз. Тәуелсіз айнымалыны қалай
манипуляциялайсыз? Көмектесу мінез-құлқын қалай өлшейсіз? Неліктен экс-
периментіңізді зертханадан гөрі далада жүргізген жөн?
Сілтемелер
1. Бұл мағынада «елеулілік» сөзі зерттеу нәтижелерінің маңыздылығын немесе
болмашы нәрселерді білдірмейтінін ескеріңіз.
2. Дженовезе кейсі көптеген әлеуметтік психология оқулығында айтылға-
нымен, сот отырыстарының протоколдары мен өзге де заңды құжаттарды
талдауда жауап бермеген 38 куәгердің болғанын растайтын дәлел табыл-
мады (R. Manning, Levine and Collins, 2007). Бірақ бұл жағдай әлеуметтік
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҮРГІЗУ
300
психологиядағы ең берік түсініктердің бірін зерттеуге негіз болды: кездейсоқ
куәгер әсері.
3. Бұл гипотезаны төтенше жағдайларда өзге де адамдардың болуы көмек көр-
сетудегі «жауапкершілік диффузиясын» тудырады деген теориямен ішінара
түсіндіруге болады. Яғни басқа адамдар бар кезде іс-әрекет жасаудағы жауап-
кершілікті аз сезінеміз, «өзге адам бірдеңе жасар» деп өзімізді ақтаймыз.
4. Бұл зерттеу – «эксперименттік араласу жүргізілмеген» субъектілер тобын са-
лыстыру үшін әрдайым лайықты топ бола бермейтініне жақсы мысал. Аны-
ғында, эксперимент жүргізуші және бақылау топтарының эксперименттері
зерттеуші манипуляциялауды көздеген айнымалыны есептемегенде бірдей
болуы керек. «Сезам көшесін» зерттеу үшін салыстыру тобы апта сайын ойын-
шықтар мен ойындарды өздерімен бірге алып барып тұрған, бірақ ондағы ма-
териалдардың мазмұны «Сезам көшесін» көруге ынталандырылмайтын топ
үшін еді.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
301
Сегізінші тарау
Эксперименттік дизайн
Осыған дейінгі тарауларды оқи келе эксперименттік тәсіл, оның басты
ерекшелігі, артықшылығы мен осал тұстары, сондай-ақ эксперимент
жүргізу кезеңдері жөнінде нақты түсінік қалыптастырған боларсыз. Бұл
тарауда зерттеу жұмысын сауатты қолдануға қажет қосымша деректер
ұсынамыз. Эксперименттік дизайнның тілі мен логикасын түсіну әр аза-
мат үшін маңызды, себебі эксперименттік дизайндар әлеуметтік саясат
мәселелерін зерттеуде жиі қолданылады. Аталған тарауда берілген ұғым-
дарды жақсы меңгерсеңіз, он төртінші тарауда баяндалатын бағалау зерт-
теуінің саясаты барынша түсінікті болмақ.
Эксперименттік дизайн деген атауға қарасақ – ауыр тақырып тәрізді,
ал кейбір статистикаға толы эксперименттер едәуір күрделі сияқты, де-
сек те жақсы дизайнның басты принципі өте қарапайым: «бір уақытта бір
ғана істі атқарыңыз». Эксперимент нәтижесі барынша ұғынықты, нақты
болуы үшін тәуелді айнымалыдағы өзгерістің бір ғана сенімді түсінікте-
месі – манипуляцияланатын тәуелсіз айнымалы болуы керек. Сол себепті
жақсы дизайн дегеніміз – тәуелсіз айнымалының нәтижесін алып тастап,
әсеріне мән беретін жоспар. Жетінші тарауда қарастырғанымыздай, оған
қол жеткізудің ең жақсы әдісі – субъектілерді эксперименттік жағдайға
кездейсоқ тағайындау (сол арқылы бұрыннан бар субъектілер арасында-
ғы айырмашылықты бақылау) және әр эксперименттік жағдайда пайда
болған оқиға (манипуляцияланатын тәуелсіз айнымалыны қоспағанда)
бәріне бірдей екеніне көз жеткізу керек (осылайша сыртқы факторлар
мен эксперимент кезіндегі тәжірибелерді бақылайды). Бұл принцип тек
бір факторға мүмкіндік береді: тәуелсіз айнымалы басқаларды бақылай
отырып өзгере алады.
Бұл тарауда алғашқы қарастыратын үш дизайн талапқа сай емес; олар
жақсы дизайн принципін ұстанбайды. Осындай «экспериментке дейінгі»
дизайн кемшілігіне шолу жасар алдында бақыланбайтын айнымалы түр-
лерін (немесе ішкі жарамдылыққа төнетін қауіптерді) анықтап аламыз,
ол зерттеу нәтижесі туралы шынайы, ықтимал түсінік береді. Бұдан соң
үш негізгі шынайы эксперименттік дизайнды ескеруіміз қажет, олар жа-
рамдылық қаупіне барынша қарсы тұрады, осылай нақты нәтиже (екіұш-
ты емес) алуға көмектеседі. Одан кейін дизайндарды екі не одан да көп
тәуелсіз айнымалының бірлескен әсерін тестілеу мақсатында тексереміз.
302
Осындай барынша күрделі «факторлы» дизайндарға қажеттілік бар, се-
бебі зертханада жасалған эксперименттен өзгешелігі – «шынайы әлем-
де» көптеген айнымалы бір уақытта қатар әрекет ете береді. Ең соңында
шынайы эксперимент талаптарын орындау мүмкін емес болса, не оларды
орындау практикалық тұрғыда тиімді болмағанда қолданылатын «квази-
эксперименттік» дизайндарды тексереміз.
Ішкі жарамдылыққа төнген қауіп
1
Жетінші тарауда «ішкі жарамдылық» түсінігі туралы баяндаған едік. Еске
сала кетейік, себеп пен салдар туралы сенімді тұжырым жасарда экспе-
рименттің ішкі жарамдылығы болады; сыртқы айнымалыға қарағанда
тәуелсіз айнымалы тәуелді айнымалыда бақыланатын айырмашылық
тудырады деп нық сеніммен қорытынды жасай аламыз. Тәуелсіз айныма-
лы әсерін сыртқы айнымалының ықтимал әсерінен ажырата алмағанда
«әсерлер тығырыққа тірелді» дейміз. Мұндай тығырыққа тірелуге жақ-
сы мысал ретінде Pepsi-Cola демеушілік жасаған дәмге қатысты қалауды
анықтау туралы зерттеуді айтсақ болады (Huck and Sandler, 1979). «Pepsi
Challenge» деп аталған, ертеректе жасалған зерттеуде кісілерден Pepsi
және Coca-Cola сусындарын ішіп көріп, қайсысы көбірек ұнағанын айту-
ды сұраған. Бұрмалау болмас үшін зерттеу демеушілері сусынның қайсы-
сы Pepsi, қайсысы Coca-Cola екенін ашып айтпайды; өздері шатаспас үшін
сусын құйылған ыдысты әріппен таңбалайды: Pepsi сусыны «M» әрпімен,
ал Coca-Cola болса «Q» әрпімен белгіленеді. «Pepsi Challenge» тестінде
Pepsi жеңіске жетті деп мәлімдеді, бірақ тестінің ішкі жарамдылығы бол-
мады, себебі зерттеуге қатысушылар ыдыстағы сусын дәмінен гөрі, оның
сыртындағы таңбасына мән берген. Шынымен де, екі ыдысқа бірдей Coke
құйып, зерттеуді қайталағанда қатысушылар «Q» әрпіне қарағанда «M»
әрпін көбірек таңдады. Сонымен, бірінші жүргізілген зерттеу кезінде нә-
тижеге сусын дәмі емес, қатысушылардың әріпті таңдауы ықпал еткен.
Мінсіз зерттеу дизайны зерттеудің ішкі жарамдылығына қауіп төндіре-
тін сыртқы айнымалыны тиімді бақылайды. «Қауіп төндіреді» деген сөз-
ді қолданған себебіміз, бақыланбайтын сыртқы айнымалылар тәуелсіз
айнымалының болжалды әсеріне бәсекелес болатын зерттеу нәтижесіне
түсініктеме береді. Зерттеушілер зерттеу дизайнын бағалауды жеңілдету
үшін ішкі жарамдылыққа төнген қауіптерді классификациялады, әрі
қарай соны қарастырайық. Бұл қатердің әрқайсысы сыртқы айнымалы-
ның елеулі санатына жатады.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Тәуелсіз айнымалының ықтимал әсеріне сыртқы айнымалы әсері араласқанда зерт-
теудің ішкі жарамдылығына қауіп төнеді.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
303
Ішкі жарамдылыққа төнетін бір қауіп – тарих. Ол манипуляцияланған
тәуелсіз айнымалыдан бөлек, эксперимент кезінде пайда болатын және
нәтижеге әсер ететін субъектінің қоршаған ортасындағы оқиғалардан
құралады. Бұл жағынан алғанда, «тарихи оқиға» әлеуметтік немесе саяси
маңызы бар үлкен дүние болуы мүмкін, мысалы, мемлекет қайраткерін
қастандықпен өлтіру не болмаса ұзаққа созылған ереуіл т.б. Кейде бұл
сырттағы адамдарға еш қатысы жоқ, эксперимент ішіндегі шағын оқиға
болуы ықтимал, мысалы, субъектінің жағымсыз пікірі т.б. Бұған қатысты
мынадай мысал келтірейік: АҚШ иммиграциялық саясатына байланыс-
ты уәжге толы жазбаша хабарламалар топтамасын зерттеп жүрсіз делік.
Эксперимент кезінде субъектілердің көбі заңсыз жолмен келген имми-
грант жұмысшылардың ауыр тағдыры туралы теледидар бағдарламасын
кездейсоқ көріп қалады. Зерттеуіңіздің нәтижесі субъектілердің АҚШ
иммиграция саясатына қатысты көзқарасын өзгерткенін көрсетсе, бұл
өзгеріске тәуелсіз айнымалы (жазбаша хабарламалар) әсер етті ме, әлде
теледидар бағдарламасының ықпалы тиді ме, ол жағын да дәл айта ал-
майсыз. Эксперименттік манипуляция мен тарих екеуі бірлесе келіп,
зерттеу нәтижесінің себеп-салдарын нақты ажыратуға кедергі келтіреді.
Зерттеу нәтижесін түсіндірудің тағы бір балама жолы – матурация
(жетілу). Бұған эксперименттік манипуляцияға қатыссыз, белгілі бір
уақыт ішінде субъектілерде болатын кез келген психологиялық немесе
физикалық өзгерістерді жатқызамыз. Бір немесе екі сағатқа созылған
эксперименттің өзінде субъектілердің қарны ашып, шаршауы мүмкін.
Ұзақмерзімді эксперимент кезінде субъектілер физикалық не интеллек-
туалдық жағынан өседі, барынша қатал не төзімді бола түседі, кейде ден-
саулығында кінәрат пайда болады немесе керісінше денсаулығы жақсара-
ды. Мұндай матурациялық факторлардың әсерін эксперименттік араласу
әсерімен шатастырады. Мысалы, инсульттен жапа шеккендерге жаңа фи-
зикалық емдеу бағдарламасының тиімділігін зерттеу кезінде науқастар-
дың уақыт өте келе арнайы ем-домсыз-ақ оңалуын («кенеттен айығу» деп
аталатын құбылыс) қате түсініп, емдеу нәтижесіне таңуы мүмкін.
Ішкі жарамсыздықтың үшінші ықтимал көзі – тестілеу. Бесінші және
жетінші тарауларда сипатталған реактив өлшеу әсері тәрізді тестілеу
де өлшеу процесіне қатысты реакциядан туатын, өлшенетін нысандағы
өзгеріске жатады. Әдетте адамдар екінші рет тестіден өткенде не шка-
ла бойынша өлшенгенде әлеуметтік қалау тұрғысынан не психология-
лық тұрғыда оң жауаптар беріп, көбірек балл жинайды. Әртекті, бірақ
ұқсас өлшем қолданғанда да солай болады. Оның бірнеше себебі бар.
Интеллектіні сынау секілді өлшем кезінде тәжірибеден өткен адам үшін
тапсырма қиын болмайды. Екінші жағынан, көзқарас шкаласы субъекті-
лерді шкала мақсатына жетелейді, осылайша олар әлеуметтік қалау тұр-
ғысынан жауаптар бере бастайды немесе өз көзқарасын қайта бағамдап,
өзгертеді. Мұндай әсерді тәуелсіз айнымалы әсерімен шатастырады, бұл
кезде субъектілер бір зерттеуде екі рет өлшенеді, олар бастапқы өлшемде
зерттеліп жатқанын сезінеді.
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ДИЗАЙН
304
Ішкі жарамдылыққа төнетін төртінші қауіп – құралмен жабдықтау,
өлшеу құрылғысы не процедурада болған қажетсіз өзгерістерді білдіре-
ді. Эксперимент кезінде мұндай қауіптің туындауына «құрылғының» ба-
қылаушы адам болуы әсер етеді, ол дағдыланып алуы мүмкін не болмаса
зерігіп кетеді, осылайша зерттеу барысындағы бақылау байқампаздығын
әлсіретеді. Кейде жабдықтау әсері эксперименттің түрлі жағдайы немесе
бөлігінде өлшем жасау үшін әрқилы бақылаушыларды қолданғанда туа-
ды. Мұндай әсер оқытушының эссе жинағын бағалау кезіндегі бағалау
стандартын өзгерткеніне немесе бір эссенің қосымша жинақтарын баға-
лаған екі оқытушының стандарты екі түрлі болған кезге ұқсас.
Ішкі жарамдылыққа төнетін төртінші қауіп – статистикалық рег-
рессия; тестідегі шекті төмен балдың арифметикалық ортаға яки тесті-
ні қайталап өткізгенде орташа балға жылжу (регрессия жасауы) үрдісі.
Арифметикалық орта бойынша «регрессия жасау» деп аталатын бұл құ-
былыс шекті балға байланысты эксперименттік жағдай үшін субъекті-
лер таңдалғанда эксперимент нәтижесіне ықпал етуі мүмкін. Мәселен,
интроверттің әлеуметтік ортада ашылуына көмектесетін, сенімділікті
арттыруға арналған, оқу бағдарламасының тиімділігін бағалайтын экс-
периментті алып қарайық. Субъектілерге алдын ала жарамды деп таныл-
ған экстраверсия шкаласы беріледі, содан соң ең интроверт субъектілер
(балы жағынан ең төмен квартильде орналасқандар) эксперименттен
өтуге тағайындалады, оларды 8 апта бойы сенімділікті арттыру бағдарла-
масына сай оқытады. Басқа топтар мұндай оқудан өтпей, бақылау тобы
міндетін атқарады. Сегізінші апта соңында екі топты қайта тестіден өт-
кізеді. Эксперименттік топтағы субъектілер бақылау тобымен салыстыр-
ғанда, орта есеппен экстраверсия бойынша көбірек ұпай жиғанын ескере
отырып, бұған сенімділікті арттыруға арналған бағдарлама ықпал етті
деп тағы айта алмаймыз. Сенімділікті арттыру бағдарламасына қатысу
үшін таңдалған студенттер экстраверсия өлшемі бойынша ең төменгі
25% балл жинаған. Сондықтан экстраверсия балының артуына оқу бағ-
дарламасынан гөрі, статистикалық регрессия ықпал етуі мүмкін.
Статистикалық регрессия күнделікті өмірдегі көптеген жағдаятты тү-
сіндіріп бере алады. Мұның әсері қалай болатынын мына мысалдан-ақ
анық көруге болады. Оқытушы Янг (Йаң) сыныбында екі емтихан өткізе-
ді делік. Екі жағдайда да орташа баға «B» болмақ. 8.1-кестеде екі тестіде-
гі жеке оқушылардың үлгерімі салыстырылады. Янг 8.1-кестенің бірінші
қатарына қарап алғашқы емтиханда «А» бағасын алған 15 оқушы болса,
екінші емтиханда «А» алғандар тек 10 екенін, ал 4 оқушы «В» және 1 оқу-
шы «С» алғанын көріп көңілі түседі. Оның пікірінше, бірінші емтиханнан
соң 5 студент өзіне тым сенімді болып, еркінсіп кеткен. Бұдан соң ол «С»
балына қарап, бастапқыда 15 оқушы «С», кейін 2 оқушы «А» алғанын, ал
4 оқушы «В» алғанын көріп қуанады. Осы оқушылар бағасын көтеру үшін
оқулықтан бас көтермей оқыған деп ойлап, оқытушының көңілі көтері-
ліп қалады. Мұндай тұжырым дұрыс болуы мүмкін, бірақ арифметикалық
ортаға қарай регрессиялау себебінен осындай нәтижеге жеткен болар.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
305
Өлшеу қатесі әркез болатындықтан, бірдей тест не өлшемді бөлек
жүргізуден алынған балдар арасында мінсіз корреляция ешқашан бол-
майды. Өлшеу қатесінің салыстырмалы түрде үлкен шамасына балдың
төменгі корреляциясы әсер етеді, арифметикалық ортаға қарай үлкен
регрессия туады. Субтоп сияқты төмен балл санаушыларға кездейсоқ
факторлар да көп әсер етеді, оны сәттілік деп санаса болады. Бірінші
емтиханда біраз адамның жолы болып, жоғары балл жинаса, ал басқа-
лар сәтсіздікке ұшырап, төмен балл алды. Алайда сол бірінші емтиханда
бағы жанған студенттер екінші емтиханды да дәл солай сәтті тапсыруы
екіталай (не төмен баға алған студенттердің жолы болады), соның нә-
тижесінде субтоптың балы арифметикалық ортаға жақын. Екінші жағы-
нан, бастапқы орташа балл бағы жанғандарды да, жолы болмағандарды
да қамтиды, осылайша сәттіліктің өзгеруі екінші тест кезінде нәтижеге
ықпал ете қоймайды.
Ішкі жарамдылыққа төнетін алтыншы қауіп – сұрыптау, ол әркез ба-
қылау яки эксперименттік топтар құрамындағы жүйелі айырмашылық
болғанда туындайды. Сұрыптаудағы бұрмалау табиғи қалыптасқан топ-
тарды зерттеген кезде көп кездеседі. Мысалы, зерттеу барысында «Ано-
ним маскүнемдер» ұйымының көмегімен ішімдіктен бас тартқандар мен
ауруханада жатып емделіп шыққандардың бір жылдағы қайтадан ішім-
дікке салыну көрсеткішін салыстырды делік. Бұл екі топтың ішімдікке
қайта салынбауына ықпал ететін айырмашылықтың бірі – экономика-
лық жағдай. Егер экономикалық әл-ауқат денсаулықтың қалпына келуі-
не ықпал етсе және ауруханада емделуді таңдағандар екінші топқа қара-
ғанда ауқаттырақ болса, онда жатып емделгендердің көрсеткіші жақсы
болуы мүмкін, бұл олардың алған еміне емес, экономикалық жағдайына
байланысты. Сұрыптау мәселесі саналатын тағы бір ықтимал жайт – екі
емделу тобына кіретін адамдар ішімдікке тәуелділігі жағынан ерекшеле-
неді; ауруханада жатып емделгендерге қарағанда екінші топ тәуелділігі
тым жоғары болуы мүмкін.
ІІ емтихан бойынша баға
І емтихан
бойынша баға
А В С Барлығы
А 10 4 1 15
В 3 22 5 30
С 2 4 9 15
Барлығы 15 30 15 60
8.1-кесте. І емтиханмен салыстырғандағы ІІ емтихан бағасы
(гипотезалық дерек)
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ДИЗАЙН
306
Сұрыптаудың шатастыратын фактор екеніне қосымша мысал ретінде кә-
дуілгі мектептегі оқушылардың баға үлгерімін балама мектептегі оқушы-
лардың баға үлгерімімен салыстырған зерттеуді айтуға болады. Сынып ау-
қымы, оқушылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы сияқты маңызды
сипаттама бойынша, балама мектепті қарапайым мектеппен салыстырса
да, екі топ арасындағы қайшылық айтарлықтай болмақ. Мысалы, балама
мектеп оқушыларының ата-аналары көп нәрсеге рұқсат етуі мүмкін не кә-
дімгі орта мектеп оқушыларының ата-анасына қарағанда өзге де ерекше-
ліктері бар. Эксперимент басталғанда топтар бір-біріне эквивалент болма-
са да, тәуелді айнымалыға қарап, айырмашылықты түсіндіру қиын.
Эксперимент нәтижесін түсіндіруге арналған тағы бір балама түсінік-
теме – субъектілердің эксперименттік топтан шығуы. Зерттеуге қатысу-
шы субъектілер сырқаттану, зерттеу өтіп жатқан аймақтан кету не болма-
са зерттеуге қатысу тәжірибесінен көңілі қалуы сияқты себептермен әрі
зерттеуден шығады. Субъектілердің эксперименттен кету тәжірибесі –
азаю деп аталады.
2
Азаю ішкі жарамдылыққа үлкен қауіп төндіреді, әсі-
ресе дифференциалды азаю салдары ауыр тиеді, ол кезде эксперимент
шарты талап ететін електен өткізу көрсеткіші әртүрлі болады. Әлбет-
те, зерттеу тобынан шығып кеткен субъектілер зерттеуде қалғандардан
айтарлықтай ерекшеленеді, бұл кезде эксперимент шарты құрамы жа-
ғынан тең болмайды; осылайша адамдардың топтан шығуы кездейсоқ
тағайындау әсеріне зардабын тигізеді. Мәселен, шылым шегуден бас
тарту мінез-құлқы модификациясы техникасының тиімділігін тексеру-
ге арналған экспериментте шылым шегушілер эксперименттік араласу
жүргізілетін топқа не бақылау тобына кездейсоқ тағайындалуы мүмкін.
Алайда олар эксперименттік топқа кірмей қалса ше? Ондай кезде бар-
лық субъект эксперименттік топта қалғандағыдай емес, шылым шегу
өлшемі (бір күнде тартылған шылым саны дейік) эксперимент соңында
жоғары деңгейді көрсетеді. Осылайша түрлі азаю әсері экспериментпен
шатасады.
Соңында айтарымыз, эксперимент нәтижесі біз айтып өткен ішкі жа-
рамдылыққа төнетін екі не одан да көп қауіптің өзара байланысы кесірі-
нен шатасуы да мүмкін. Бұл дегеніміз осы қауіптің екеуі, мысалы, сұрып-
тау мен матурацияны (жетілуді) алайық, тәуелді өлшем нәтижесіне әсер
ету үшін бірге әрекет етеді. Матурациялық (жетілу) процестің шатасты-
ру әсерін көрсету үшін келтірген мысал есіңізде болар, инсульттен жапа
шеккендерге арналған физиологиялық жаңа емдеу бағдарламасы тура-
лы гипотезалық зерттеу туралы айтқанбыз. Кенеттен айығудың кейбір
деңгейі емдеу әсеріне араласып, шатастыруы мүмкін екенін ескерттік.
Енді емделушілер жаңа емдеу бағдарламасын таңдауға құқылы болды деп
елестетейік, енді олар не ауруханада жатып емделсе болады, не дәрігер
емделушінің үйіне келетін кәдімгі бағдарламаны таңдай алады. Сұрып-
таудың бұл процесі денсаулықты қалпына келтіру процесі (матурация)
әсерімен қалай байланыс жасайтынын жорамалдай аламыз. Жаңа емдеу
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
307
бағдарламасына қатысуға ниет білдірген емделушілер басқа емделуші-
лерден, бір жағынан, айқын ерекшеленеді: оларды ауруханаға жеткізу
керек. Көптеген емделуші үшін бұл отбасы мүшесі немесе өзге бір адам
оның жанында жүріп, емін алып болғанша күтеді дегенді білдіреді. Осын-
дай қамқорлық танытуға әзір адамы бар инсульт алған емделуші қасында
әлгіндей күтім жасайтын қамқоршысы жоқ сырқатқа қарағанда көбірек
әлеуметтік және эмоциялық қолдау (әлбетте, өзге де артықшылықтары
бар) табады. Сол артықшылық осы емдеу тобына енетіндердің кенеттен
айығуын жеңілдетеді. Осылайша сұрыптау (жаңа бағдарламаны қабыл-
даған емделушілер мен қабылдамаған емделушілер) мен матурацияның
(кенеттен айығу) өзара байланыс әсері бұл зерттеудегі емдеу бағдарла-
масының әсерімен шатасады.
Енді үш зерттеу жобасын қарастырайық, оларда ішкі жарамдылық
қаупі нәтижеге балама түсінік ұсынып, осылайша толыққанды түсінікте-
ме жасауға кедергі келтіреді. Бұл дизайндарда шынайы эксперименттік
дизайнға тән сипат болмағандықтан, оларды экспериментке дейінгі ди-
зайндар деп атаймыз.
Экспериментке дейінгі дизайндар
1-дизайн: бір реттік кейсті зерттеу
X O
Ең қарапайым ықтимал дизайнда бір реттік кейсті зерттеу кезінде топ-
қа қандай да бір эксперименттік араласу жасалады, кейін сол экспери-
менттің әсерін анықтау үшін топты бақылайды не сынайды. Жоғарыда-
ғы диаграмма мынандай дизайнды көрсетеді: Х – тәуелсіз айнымалының
эксперимент кезіндегі жағдайы; О – тәуелді айнымалыны бақылау не өл-
шеу. Уақыт солдан оңға қарай қозғалады.
Бұл дизайнды түсіну үшін сабақ кезінде оқушылары көп сөйлей бере-
тін 4-сынып мұғалімін елестетіңіз. Ол бір күні келесі «экспериментті» жа-
сап көрмек болады. Әркез бір оқушы кезексіз сайын мұғалім: «Сен кезек
күтпей сөйлейсің», – дейді де, ол сөзін бөлген оқушыға назар аударады
не лайықты мінез-құлық көрсеткен оқушыға құлақ салады (бұл экспери-
мент диаграммада «Х» әрпімен белгіленген. Сабақ соңына дейін мұға-
лімнің көмекшісі әр оқушыға қатысты жайтты мұқият жазып отырады,
осылайша кезек күтпей сөйлейтін оқушылар саны аз екенін, сөзді бөлу
оқиғасы азайғанын байқайды (бұл – тәуелді айнымалы өлшемі, оны «О»
әрпімен көрсеткен). Оқытушы бұл эксперимент тиімді деген қорытынды
жасап, оны басқа мұғалімдерге де ұсынады.
Өкінішке қарай, мұғалім қанша тырысқанымен де, мұндай қорытын-
ды негізсіз; оқушылардың мінез-құлқын өзгертуге себеп болған өзге де
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ДИЗАЙН
308
жайттар болуы мүмкін. Бәлкім, бір немесе бірнеше мұғалімге бағынбай-
тын заржақ оқушылар түскі астан соң тіс дәрігеріне кетіп, азаю әсеріне
сол әсер еткен шығар. Матурациялық айнымалылар да зерттеудің ішкі
жарамдылығына қауіп төндіреді, мысалы, балалардың кейбірі сол күні
қатты шаршаған болар. Сондай-ақ тарих арқылы да нәтижені түсіндіруге
болады; сол күні таңертең сыныпта музыка сабағы болып, оқушылар бар
даусымен ән салып, энергиясын сарп етіп, сабақты бөлуге ынта білдір-
меуі мүмкін. Азаю, матурация (жетілу) және тарих үшеуі бірреттік кейсті
зерттеу дизайнына негізделген кез келген зерттеудің ішкі жарамдылығы-
на қауіп төндіреді.
Бұл дизайнның ең басты кемшілігі – салыстыруға керек лайықты негіз
ұсына алмайды, ал ғылыми тұжырым жасау үшін салыстыру процесі өте
қажет. Келтірген мысалымызға сүйеніп, басқадай килігу болса, ешқан-
дай килігу болмаса, басқа оқушылар тобы қатысса не басқа сабақ басқа
күні өтсе, жан-жақтан жамырап сөйлеу көрсеткіші қалай болатын айта
алмаймыз. Білетініміз – мұғалім кезекке қарамай сөйлеушілердің азайға-
нын түйсікпен сезді.
Себеп-салдарға қатысты күнделікті тұжырымдардың көбі бір реттік
кейсті зерттеуге ұқсас. Мысалы, желаяқ жүйрік жүгіруге арналған жаңа
брендтің аяқ киімін сатып алды делік, содан соң ол бұрынғыдан жақсы-
рақ жүгіре бастағанын байқайды. Ол аяқкиімнің «септігі тиді» деп ойлап,
оны сатып алуға кеңес береді. Оның жылдамдығын арттыруға ықпал ет-
кен басқа себептер бар деп ойлайсыз ба?
2-дизайн: бір топтық претест және посттест дизайны
O
1
X O
2
Екінші экспериментке дейінгі дизайн бір топтық претест-посттест ди-
зайны деп аталады, ол кезде субъектілер тобын бақылау немесе өлшеу (пре-
тест), эксперимент туралы түсіндіру (тәуелсіз айнымалы) және субъек-
тілерді қайтадан бақылау (посттест) қамтылады. Алдын ала бақылау О
1
деп белгіленген, тәуелсіз айнымалы – Х, ал эксперименттен кейінгі бақы-
лау – О
2
деп көрсетілді. Айталық, асықпай аяңдап жүгірушілер тобының
экспериментке дейінгі өнімділік уақыты (О
1
) және жаңа брендтің жүгіру-
ге арналған аяқкиімін (Х) алғаннан соң, эксперименттен кейінгі нәтиже-
сі (О
2
) есептеледі. 2-дизайн әдетте білім беру, ұйымдастыру және клини-
калық зерттеулерде қолданылады. Бұл 1-дизайнға қарағанда жетілдіріл-
ген нұсқа, себебі онда салыстыру негізі бар, бірақ онда да жарамсыздық
жеткілікті.
Бұл дизайнды көрсету үшін 1-мысалдағы дизайнды аздап өзгертсек
болғаны. Мұғалімнің көмекшісі кезексіз сөйлеу оқиғасын экспериментке
бір күн қалғанда және эксперимент күні санады екен делік. Бұл өзгерістің
зерттеу ішкі жарамдылығына қалай ықпал етеді? Біріншіден, 2-дизайнда
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
309
азаю қатері тиімді бақыланады, себебі экспериментке дейін және одан
кейін бақыланған субъектілердің дерегі тәуелсіз айнымалы әсерін талдау
үшін қолданылады. Оған қоса, алдын ала зерттеу жүргізу кезінде бақылау
жасап, екінші бақылауға дейін шығып кеткендер басқалардан ерекшеле-
не ме, жоқ па, соны анықтауға болады.
Бір реттік дизайнға тән тағы екі қауіп матурация мен тарих болса,
олар бір топқа арналған претест-посттест дизайннан да табылады. Ра-
сында, претест пен посттест арасындағы кезең неғұрлым ұзақ болса, осы
кез келген қатердің нәтижені шатастыру қаупі соғұрлым көбейеді. Біздің
мысалда претест пен посттесттің арасында демалыс яки мереке күндері
болса, балалар посттест «сөйлеуден шаршаған» немесе жалпы шаршаңқы
болуы мүмкін.
Ішкі жарамдылыққа төнетін қосымша қауіптер – тестілеу, құралмен
жабдықтау және кейде статистикалық регрессия болса, олардың барлығы
зерттеудің 2-дизайнындағы гипотезаға балама түсініктеме ұсына алады.
Біз келтірген мысал бойынша, кезегін күтпей сөйлеген балалар өздерінің
мінез-құлқын біреудің бақылап, жазып отырғанын байқауы мүмкін, бұл
кезде тестілеу әсері орын алады. Ал мұғалімнің көмекшісі қиындық ту-
дырған мінез-құлықты жүйелі түрде тіркемесе, құралмен жабдықтау ішкі
жарамдылыққа қауіп төндірді деуге болады. Мысалы, ол претест кезінде-
гі әр оқиғаны ынты-шынтысымен жазып шығуы мүмкін, бірақ посттест
барысында одан жалығып, кейбір оқиғаны санамай кетуі ғажап емес. Ке-
рісінше, біраз тәжірибе жинап, дағдыланған соң бақылаудың екінші күні
барынша мұқият жазуы да ықтимал. Сондай-ақ тәуелді айнымалы бо-
йынша шеткі позиция ұстанатын топ болса, статистикалық регрессия да
зерттеудің 2-дизайнында қиындық тудырады. Біз айтқан мысалда ондай
кейс жоқ, себебі сыныптың барлығы зерттелетін субъектіге айналды.
3
3-дизайн: статикалық топты салыстыру
X O
1
O
2
Үшінші экспериментке дейінгі дизайн – статикалық топты салыстыру
2-дизайн сияқты бір реттік кейсті зерттеуге қарағанда жақсырақ, себе-
бі онда эксперименттен кейінгі балды салыстыруға болатын дерек жи-
нағы бар. 2-дизайн бір топтағы эксперименттен кейінгі балды көрсетсе,
3-дизайн бақылау тобының балын көрсетеді. Жоғарыда таңбаланғандай,
қатарлар жеке топтарды көрсетеді: Х – эксперименттік процедура, Х ас-
тындағы бос орын – эксперимент жасалмайтын бақылау, ал О – тәуелді
айнымалы өлшемі. Әр топ тек бір рет қана өлшенетінін ескеріңіз.
Біздің сыныпқа қатысты мысалымыз осы дизайнға сәйкестендірілуі
үшін сәл өзгертіліп алынды. Енді былай елестетейік, аймақ халқы жылдам
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ДИЗАЙН
310
көбейіп келе жатқандықтан, мектеп оқушылары екі ауысыммен оқиды,
мұғалім таңертең бір сыныпқа, түстен кейін басқасына сабақ береді. Экс-
перимент күні ол жаңа әдісті таңертең оқитын сыныпқа ғана жасап көр-
мек болады, бірақ екі сыныптың да кезектен тыс сөйлеу оқиғасын жазып
отырады.
Статикалық топты салыстыру басқа экспериментке дейінгі дизайн-
дарға қарағанда ішкі жарамдылыққа төнген қауіпті бақылауға тиімді
болғанымен, кейбір қауіптер әлі де сақталады. Бұл дизайнда тарихты
бақылауға болады, ол алдыңғы эксперименттегідей нәтижені шатасты-
руға қатты ықпал ете алмайды, себебі қос топ өткерген жағдай – ортақ.
Претестілеу болмағандықтан, тестілеу және статистикалық регрессия
қаупі жоқ. Екі топ үшін өлшем бірдей сенімді әрі жарамды болғандықтан,
құралмен жабдықтау да проблема емес. Бірақ бұл кезде сұрыптау ішкі
жарамдылыққа айтарлықтай қатер төндіреді, эксперименттік және ба-
қылау топтарына кездейсоқ тағайындау жоқ, экспериментке дейінгі ық-
тимал айырмашылықтарды бақылаудың да қажеті шамалы. Азаю да ба-
қыланбайды, бұл жерде претестілеу дерегі жоқ, сондықтан топтан шығып
кеткен субъектілер топта қалғандарға ұқсай ма, жоқ па, ол жағын да айта
алмаймыз. Зерттеу басында барлық маңызды аспект бойынша ұқсас топ-
тар дифференциалды азаю арқасында бірдей болмауы мүмкін. Сондай-
ақ екі топта матурациялық факторлар түрліше әрекет етсе, матурация да
қауіпті болуы ықтимал. Шынымен де, түстен кейінгі сабақта оқушылар
таңертеңгіге қарағанда енжарлық танытып, көп сөйлеуге құлықсыз бо-
луы мүмкін, себебі олар кешке қарай шаршайды.
Енді шынайы эксперименттік дизайндар туралы баяндамақпыз, бұл
кезде ішкі жарамдылық қауіптері жақсырақ бақыланады.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Себеп-салдардың жарамды қорытындысын жасауға төнетін нақты қауіп зерттеу ди-
зайнына байланысты: тестілеу, тарих және матурация бір топтық претест-посттест
дизайнға төнетін басты қауіп; ал статикалық топты салыстыру кезінде негізгі қатер сұ-
рыптау болмақ.
Шынайы эксперименттік дизайндар
Бұл тарауда сипатталған дизайндар экспериментке дейінгі дизайндардан
ерекшеленетін тұсы: бұл кезде үнемі екі не одан да көп топ бар, олар ба-
лама болуы үшін субъектілер кездейсоқ тағайындалады.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
311
4-дизайн: претест және посттест бақылау тобы дизайны
O
1
X O
2
R
O
3
O
4
Претест-посттест бақылау тобы дизайнында эксперименттік жұмысқа
дейін және одан кейін эксперимент жасалған топты өлшейді. Сол уақыт-
та бақылау тобы да өлшенеді, бірақ эксперименттік процедура қабылда-
майды. Бұрын айтылғандай, қатарлар жекелеген топтарды білдіреді, ал
уақыт солдан оңға қарай жылжиды: солға бағытталған R субъектілердің
топтарға кездейсоқ тағайындалғанын көрсетеді, әр О бақылауды білді-
реді, Х – тәуелсіз айнымалының эксперимент жағдайы; Х астындағы бос
орын эксперимент жасалмаған бақылау жағдайын көрсетіп тұр.
Жоғарыда мысал еткен сенімділікті арттыруға көмектесетін оқу бағ-
дарламасы осы дизайнда біршама өзгертілді. Шынайы эксперимент бол-
маған кезде экстраверсия шкаласы бойынша 25%-дан аз жинаған субъек-
тілер эксперименттік зерттеуге жіберіліп, басқа 75%-ы бақылау тобына
өткен еді. 4-дизайнға лайықтау үшін қолжетімді субъектілер пулы экс-
перименттеу және бақылау топтарына кездейсоқ тағайындалады. Бұдан
соң екі топқа да экстраверсия шкаласы беріледі (О
1
және О
3
претест өл-
шемі). Тек бір эксперименттік араласу жүргізілетін топ сенімділікті арт-
тыру бойынша оқу-жаттығудан өтеді; оқу соңында екі топқа қайтадан
экстраверсия шкаласы беріледі (О
2
және О
4
посттест).
Бұл дизайн ішкі жарамдылыққа төнетін жалпы қауіптермен қалай
тиімді күреспек? Ең алдымен, тарих туралы айтайық. Эксперименттік
топта (O
1
–O
2
) претест және посттест арасында айырмашылық тудыратын
жалпы ортадағы кез келген оқиға бақылау тобында (O
3
–O
4
) да шамамен
сондай айырмашылық тудырар еді.
4
Осылайша матурация, тестілеу неме-
се құралмен жабдықтаудан болатын өзгерістер екі топта да сезіледі. Де-
мек, бұл факторлар О
2
мен О
4
посттестілер арасындағы айырмашылықты
түсіндіре алмайды. Кездейсоқ тағайындау кездейсоқ қателік шегінде сұ-
рыптау және регрессия факторларын болдырмайды. О
1
және О
3
салыс-
тыру тәуелді айнымалының бастапқы айырмасын есепке алғанда, кез-
дейсоқ таңдау жасау процедурасын тексеруге мүмкіндік береді. Субъект
пулы тек шекті көрсеткіштерден құралса да (мысалы, барлық интроверт-
тер), бұл субъектілерді эксперименттік және бақылау топтарына кездей-
соқ тағайындау арқылы әу бастағы балама топтардың посттест кезінде
бірдей көлемге регрессия жасайтынына көз жеткізу керек. Соңында бұл
дизайн ықтимал азаю әсерін бағалауға мүмкіндік береді; субъект санын
да, әр топтан шығып кеткендердің претест балын да салыстыруға болады.
Шынайы эксперименттік дизайн барысында ішкі жарамдылыққа төн-
ген қауіп саналы түрде бақыланғанымен (онсыз біз тәуелсіз айнымалының
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ДИЗАЙН
312
нәтижеге ықпалы бар-жоғын біле алмаймыз), бұл дизайндағы сыртқы
жарамдылыққа төнетін ықтимал қауіптерді де тексеріп алу керек. Сырт-
қы жарамдылық деп эксперименттің нақты жағдайынан тыс жерде зерт-
теу нәтижесі жарамды жағдайды, яғни нәтижелерді жалпылауға болатын
деңгейді айтатынын білесіз.
Претест-посттест бақылау тобының дизайны тәуелсіз айнымалымен
байланыс жасайтын тестілеудің сыртқы жарамдылық қаупінен жапа
шегеді, оны тестілеу – Х байланысы не тестілеу – эксперименттеу бай-
ланысы деп атайды. Бұл претест болған кездегі тәуелсіз айнымалы әсе-
рі претест болмаған кезден өзгеше екенін көрсетеді. Кейде тәуелсіз ай-
нымалы әсері претестіден өткен, эксперимент туралы хабардар субъек-
тілерде ғана пайда болуы мүмкін. Жоғарыдағы мысалымызға қайта
оралсақ, сенімділікті арттыруға арналған оқу бағдарламасы өзінің ин-
троверсия (немесе экстраверсия) жағдайынан хабардар адамдардың ғана
қоғаммен араласып, ашылуына көмектесуі мүмкін; яғни олар претест ке-
зіндегі экстраверсия шкаласына реакция білдіреді. Бұл шындық болса,
зерттеу нәтижесін осындай претестілеуден өткен топтарға ғана қатысты
деп санауға болады.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Претест-посттест бақылау тобы дизайнында эксперимент әсеріне претестінің болуы
ықпал етеді. Тестілеу-эксперименттік әрекеттесу деп аталатын құбылыс сыртқы
жарамдылықты шектейді.
Тестілеу мен эксперименттеу арасындағы байланыстың қаншалық-
ты күрделі (алаңдауға тұрарлық) болатыны эксперименттік жағдайға
қатысты. Тест алу қалыпты болып саналатын білім беру мекемелерін-
де тестілеу-эксперименттеу байланысы елеусіз болады; ал жалпылауды
қажет ететін оқу жағдайындағы тестілеу де қамтылады. Жетінші тарау-
да сипатталған сынып бөлмесіндегі экспериментте студенттер жетісті-
гіне қатысты оқытушы пікірінің (1958) әсері претест-посттест бақылау
тобы дизайнының пайдалы екеніне мысал бола алады. Бұл зерттеуде
сыныпта жиі өтетін әдеттегі тест пен процедуралар қолданылғандық-
тан, претест қандай да бір деңгейде экспериментке ықпал етті дей ал-
маймыз. Десек те көзқарасты өзгертуге не иландыруға қатысты зерт-
теулерде претест субъектілерді экспериментке дайындайды, олар тәжі-
рибені қабылдауға (не төтеп беруге) әзір тұрады. Мұндай жағдайларда
нәтиженің сыртқы жарамдылығы аз болады, сондықтан келесі дизайн-
ды қолданғаны дұрыс.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
313
5-дизайн: посттест – тек бақылау тобының дизайны
X O
1
R
O
2
Шынайы эксперименттік дизайнның ең қарапайым түрі саналатын
посттест тек бақылау тобының дизайны эксперименттік дизайнның
бастапқы элементтерімен өзара байланыс жасайды: субъектілерді экс-
перименттеу әрі бақылау топтарына кездейсоқ тағайындау, тәуелсіз ай-
нымалыны эксперименттік араласу жүргізілетін топқа кіргізу және экс-
перименттен кейін екі топ үшін тәуелді айнымалыны өлшеу. Бұл жерде
назар аударуға тиіс жайт (бір маңызды айырмашылық 6 субъектіні кез-
дейсоқ таңдауды қоспағанда) 5-дизайн преэксперименттік статикалық
топты салыстыру дизайнына ұқсас. Ол дизайнмен сәйкеспейтін тұсы –
5-дизайн ішкі жарамдылыққа төнетін қатерлерді саналы түрде басқара
алады.
Кейбір зерттеушілер претест балын тексергенде эксперименттік ма-
нипуляция алдында топтардың бір-біріне балама екенін көргенде өздерін
сенімді сезінеді. Шын тәжірибе барысында эквиваленттікті қамтамасыз
етуге субъектілерді кездейсоқ тағайындау жеткілікті. Сондықтан түрлі
жағдайға байланысты 5-дизайн претест-посттест бақылау тобы дизай-
ны деп аталатын 4-дизайннан жақсырақ. Претестілеу кезеңінен өтпейтін
5-дизайнның екі басты артықшылығы бар. Біріншіден, мұнда барынша
үнемдеуге болады. Екіншіден, одан да маңыздысы, ол претест пен экс-
перименттік манипуляция арасындағы байланыс ықтималдығын жоя-
ды. Десек те претест қажет ететін арнайы жағдайлар бар және претест
пайдалы болатын да жайттар кездеседі. Мысалы, ұзақмерзімді экспери-
ментте әдеттегіден көп субъект эксперименттен шығады деп елестетіңіз.
Мұндайда әр топтың претест балы азаю мен эксперименттік манипуля-
ция арасындағы өзара байланыс болған не болмағанын анықтауға ықпал
етеді.
6-дизайн: Соломонның төрт топтық дизайны
O
1
X O
2
O
3
O
4
R
X O
5
O
6
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ДИЗАЙН
314
Үшінші шынайы эксперименттік дизайн – Соломонның төрт топтық
дизайны 4 және 5-дизайндар комбинациясы, оны жоғарыдағы иллюс-
трациядан көре аласыз. Бізде претестілеуден өтетін эксперименттік топ
пен бақылау тобы бар, сондай-ақ претестілеуден өтпеген эксперименттік
және бақылау топтары да ұшырасады.
Соломонның төрт топтық дизайнында жоғарыда баяндаған екі экс-
перименттік дизайндарға тән артықшылықтар бар; тәуелсіз айнымалы
әсеріне қатысты ақпарат бар (О
4
және О
6
салыстырғанда О
2
және О
5
),
претестілеу әсері біреу (О
4
және О
6
), претестілеу мен эксперименттеудің
өзара байланысы (О
2
және О
5
) және кездейсоқ таңдау жасау процедура-
сының тиімділігі (О
1
және О
3
). Бұл дизайн басқа екі эксперименттік ди-
зайнға қарағанда көбірек ақпарат бергенімен, қосымша екі топты қажет
ететіндіктен, оны орындау қымбатқа түседі.
Субъектішілік дизайндар
Аталған үш шынайы эксперименттік дизайнның әрқайсы жағдайға
субъектілерді кездейсоқ тағайындауды талап етеді. Кездейсоқ таңдау
жасау бақыланбайтын сыртқы айнымалыларға балама топтар жасауға
арналған. Эквиваленттік проблемасын шешудің тағы бір жолы – бірдей
субъектілер экспериментке де, бақылау жағдайына да қатысқаны жөн.
Басқаша айтқанда, эксперимент жүргізуші субъектілерді экспериментке
тартады (Х
1
), тәуелді айнымалы өлшемін қолданады (О
1
), бірдей субъек-
тілерді бақылау (не салыстыру эксперименті) жағдайына қосады (Х
2
), со-
дан соң төменде көрсетілген сызбадағы сияқты әсерін екінші рет өлшейді
2
):
X
1
O
1
X
2
O
2
Зерттеудің мұндай түрі субъектішілік дизайн деп аталады, себебі әр
субъект оның жеке бақылауы тәрізді әрекет етеді, яғни О
1
әр субъект
үшін О
2
-мен салыстырылады. Бұдан айырмасы 4–6 дизайндары субъек-
таралық дизайндар деп аталады, себебі субъектінің түрлі топтары бір-
бірімен салыстырылады.
Субъектішілік дизайндардың жаратылыстану ғылымында ұзақ тарихы
бар; сезу мен қабылдау секілді психологиялық зерттеудің де кейбір сала-
сында қолданылады. Олардың екі негізгі артықшылығы бар. Біріншіден,
оған көп субъект керек емес; мысалы, эксперименттік араласуды жүргізу
және бақылау жағдайындағы субъектішілік дизайн басқа 5 дизайнға қа-
рағанда екі есе аз субъект қажет етеді.
Екіншіден, әр жеке тұлғаның басы-
нан өткен тәжірибесі мен бұрынғы эксперименттегі әр жағдайға қатысты
реакциясы түрлі адамның жағдайға қатысты реакциясынан туатын қате-
лікті азайтады. Бірақ субъектішілік дизайн ішкі жарамдылыққа да қауіп
төндіреді, осылайша көп жағдайда оны әлеуметтік зерттеуге жарамсыз
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
315
етіп шығарады. Р.Брент Гэллап пен оның әріптестері (1992) жүргізген
зерттеуде осындай қауіп пен мұның әсерін бағалаудың жалпы стратегия-
сы көрсетілген.
Гэллап пен оның әріптестері дәстүрлі брейнсторминг пен электрон-
дық брейнстормингтің тиімділігін салыстырмақ болды. 1950 жылдардың
орта шенінде пайда болғаннан бастап брейнсторминг топтың креативті-
гін арттыратын әйгілі әдіс саналды. Топ болып талқылау идеясын тарату
үшін брейнсторминг тобының мүшелерінен ойға келген идеяның бәрін
жасырып қалмай, толық айту талап етіледі, бұл кезде ол идеяны ешкім
сынға алмайды, пікір де айтпайды. Әдістің кең тарағанына қарамастан,
зерттеу көрсеткендей, брейнсторминг топтары тиімділік тұрғысынан
алғанда өзара қарым-қатынас орнатпайтын жеке тұлғалардан асып кет-
пейді екен. Топты зерттеушілердің ойынша, оған ынтымақтас топтарға
тән бағалаудан қауіптену сияқты түрлі тежеуші күштер әсер етеді. Олар
мұндай тежеуші күштерді азайту үшін «электрондық брейнсторминг» деп
аталатын жаңа әдісті ұсынды, онда топ мүшелері санасындағы идеяны бір
уақытта компьютерге енгізеді, содан соң ол идеялар топтың барлық мү-
шесіне тарайды.
Субъектішілік дизайнда дәстүрлі вербалды брейнстормингтің элек-
трондық брейнстормингпен өнімділігін салыстыру үшін бір топтан ал-
дымен идеяны ауызша, содан кейін электрондық түрде жазуды сұраңыз.
Гэллап пен оның әріптестері солай істеді, содан соң тәуелді айнымалы-
ның басты көрсеткіші ретінде әр топ ұсынған там-тұм идеялар санын
пайдаланды. Ауызша брейнстормингке қарағанда электрондық брейнс-
торминг кезінде көбірек идея жиналды делік. Бұған коммуникация түрі
өзгерді дегеннен өзге қандай күш әсер етті деп түсіндіруге болады? Бір
ықтимал нұсқа – тестілеу әсері; тәжірибесі бар топтар идея өндіруге бе-
йім болады (балама ретінде айтсақ, уақыт өте келе идеялары сарқылса,
экспериментке қатысушылар қажыды деуге болады). Тағы бір болжам бо-
йынша, субъектілер эксперимент жүргізушінің гипотезасы туралы біледі;
дәстүрлі брейнсторминг өткен соң олар екі жағдай салыстырылатынын
білсе, екінші тәжірибеде өздерін басқаша ұстауы мүмкін, электрондық
коммуникацияны жаңа әрі қызықты тапсырма деп қабылдауы мүмкін.
Жалпы, субъектішілік дизайнда бақыланатын өзгерістер әркез экспе-
рименттің өзінен туған нәтиже емес, тәжірибе бірінен соң бірі өткендік-
тен не эксперименттеу тәртібі мен бақылау жағдайына байланысты деп
тұжырымдаса болады. Тәртіп әсерін бақылаудың басты әдісі – теңесті-
ру. Ол эксперимент пен бақылау шартының ретін өзгертуді білдіреді, сол
кезде зерттелетін субъектілер тобы да түрлі ретпен тәжірибеден өтеді.
Гэллап пен оның әріптестері өткізген эксперимент теңестірілген еді;
субъектілердің жартысы алдымен ауызша брейнсторминг жасады, ал
екінші тобы алдымен электрондық брейнстормингтен өтті. Олардың
реті кездейсоқ таңдалды. Кездейсоқ тағайындауда субъектішілік ди-
зайн шынайы экспериментке айналады, ол ішкі жарамдылық қаупін
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ДИЗАЙН
316
тиімді бақылайды. Екі жағдайда да тестілеу әсері бірдей көрінуі керек
және эксперимент өткізу тәртібінің әсері, бақылау жағдайы бір деңгей-
лі тәуелді айнымалы көрсеткішіндегі өзгешелікті басы-қасындағы айыр-
машылықпен салыстыру арқылы бағаланады. Бірақ тіпті тестілеу бірдей
өткізіліп, тәртіп әсері сынақтан өтсе де, кездейсоқ таңдау жасалынған
субъектішілік дизайн бұл әсерлерді жоя алмайды. Тиісінше, экспери-
менттің бір жағдайына қатысу субъектінің басқа жағдайға қатысуына
ықпал етсе (әлеуметтік психологиялық эксперименттерде көбіне солай
болады), бұл дизайнды қолданбаған жөн.
Гэллап пен оның әріптестері вербалды және электрондық брейнстор-
мингті салыстырып, екі эксперимент өткізді. Коммуникацияның түрлі
формаларын теңестіруге қоса екі эксперимент те топ көлемімен не топ
мүшелерінің санымен манипуляция жасады; екеуі де тестілеу әсерін
азайту үшін екі түрлі идеяны жинақтау тапсырмасын алды. Зерттеушілер
жасаған тұжырым бойынша, проблема түрі де, брейнсторминг өткізу әді-
сінің реті де нәтижені түсіндіруді жеңілдететіндей әсер бермеді. Екі адам-
нан құралған топты қоспағанда, электрондық брейнсторминг ауызша
брейнстормингке қарағанда көбірек идея ұсынды.
Шынайы эксперимент жүргізу дизайнына шолу
Эксперимент жүргізу дизайнның көптеген қарапайым нұсқасы бар. 4
және 5-дизайндардың екі тобы ғана бар десек те (эксперименттік бақы-
лау жүргізілетін топ пен бақылау тобы), кез келген дизайнды үш немесе
одан да көп топқа көбейту қиын емес; мысалы, депрессияны емдеудің
бірнеше клиникалық әдісін салыстыруға не оқытуға үйретудің бірнеше
әдісін салыстырса болады. Сол сияқты топтар тәуелсіз айнымалының
қарқындылығын өзгерту үшін де қосылады, мысалы, бір топта наразы-
лықтың жоғары деңгейін күшейтуге, ал екіншісінде орташа деңгейде ұс-
тап, үшіншісінде төмен деңгейге түсірсе болады.
Кейде этикалық ұстаным бақылау тобында эксперименттен өтуден бас
тартуға кедергі келтіреді. Ол – көбіне-көп коррекция, клиникалық психо-
логия, медицина мен білім саласында болатын жағдай. Сондай-ақ экспе-
рименттік емес шынайы бақылау тобы эксперименттік бақылау тобына
ұқсас, бұл жерде практикалық манипуляциялар ғана болмайды, оны көп
жағдайда қолдану мүмкін емес. Осыған дейінгі баяндаған гипотезалық
зерттеуде инсульттен жапа шеккендерге физиологиялық емдеу шарасын
қолданатын жаңа әдіс туралы айтып, оны стандарт әдіспен салыстыр-
ған едік; сол әдіс шынайы бақылау тобы жоқ эксперименттік дизайнның
жалпы нұсқасын көрсетеді; керісінше, екі не одан да көп эксперименттік
зерттеу тиімділігіне қарай салыстырылады.
Субъектілер арасындағы бұрыннан бар айырмашылықты (белгілі
және белгісіз) бақылау мәні ретіндегі субъектілерді кездейсоқ тағайын-
дау маңыздылығы жөнінде айтып өткенбіз. Дегенмен кездейсоқ таңдау
жасау ішкі жарамдылыққа тағы бір қауіп төндіреді: бақыланған нәтиже
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
317
эксперимент кезіндегі айнымалының салдарынан емес, кездейсоқ туын-
дауы мүмкін. Статистикалық елеулілік тесті осындай жағдайлардың пай-
да болу мүмкіндігін анықтау үшін қолданылатынын еске алайық, осылай-
ша кездейсоқ туындауы ықтимал маңызы жоқ нәтижені алып тастайды.
Соны ескере отыра, субъектілерді кездейсоқ тағайындау әр шынайы экс-
перименттік дизайнның ішкі бөлігі екенін тағы да баса айтқымыз келеді.
Сыртқы жарамдылық мәселесі тарқатып айтуға тұрарлық. Бұрын ес-
керткеніміздей, сыртқы жарамдылық эксперименттің (не тәуелсіз ай-
нымалы манипуляциясының) басқа айнымалымен өзара байланыс ор-
натуынан пайда болады. Мұндай байланыс эксперимент әсері сол экс-
периментке тән белгілі бір жағдайда ғана қолданылатынын білдіреді.
Айталық, бұған дейін тестілеу-эксперименттеу байланысынан туатын
қатерді претест-посттест бақылау тобы дизайнындағы маңызды мәселе
деп қарастырған едік. Бұл өзара байланыс субъектілердің претестілеуден
өткен жағдайының нәтижесін жалпылауды шектейді. Дәл солай сыртқы
жарамдылыққа да субъектілердің негізгі жиынтығын эксперименттеу
байланысы қауіп төндіреді, оған эксперименттік жағдай уақыты, не бас-
қа да сипаты әсер етеді. Енді сыртқы жарамдылықтың пайда болу жолда-
рын баяндап өтейік.
Сұрыптау көбіне сыртқы жарамдылықты шектейді. Себебі экспери-
ментке қатысатын субъектілер іріктемесі әдетте колледж студенттері
сияқты әртекті топтардан құралатындықтан, тәуелсіз айнымалымен бай-
ланыстағы іріктемені сұрыптау мүмкіндігі эксперименттік дизайнның
кез келгенінде болуы мүмкін. Яғни әртекті топтарға тәуелсіз айнымалы
әсерін жалпылауда мейлінше сақ болған жөн. Мысалы, шылым шегуден
бас тарту эксперименті кезінде ерікті субъектілер (мотивациясы өте жо-
ғары) табысқа жетуі мүмкін, бірақ «шылымды тастасам ғой» деп ойлап
жүрген жалпы жиынтықта нәтижесіз болып шығады.
Матурация да тәуелсіз айнымалымен әрекеттеседі; яғни эксперимент
әсері физикалық және психикалық жағдайы қалыпты субъектілерде кө-
рінеді. Мысалы, жаздың ыстық күнінде күндізгі сағат төртте өткен экспе-
риментті тек ыстықтап, шаршаған субъектілер үшін жалпылауға (ортақ
қорытынды шығаруға) болады. Проблеманы шешу жолдары мынадай
болмақ: (1) эксперименттік дизайнның бір бөлігі ретіндегі матурацияға
ықпал ететін жағдайларды әдейі өзгерту және (2) бастапқы эксперимент-
ті әртүрлі жағдайда қайталау.
Қорыта келе айтарымыз, эксперимент әсері экспериментке қатыс-
ты тарихи жағдайларға да тәуелді болмақ. Мысалы, америкалықтардың
мұсылмандарға қатысты көзқарасын зерттеуге арналған жеке тәжірибе
маңызды нәтиже берді делік. Бірақ оған сол кезде әсіре діншіл экстре-
мистердің АҚШ жеріне шабуыл жасауы, эксперименттің сол оқиғадан
кейін өткізілуі ықпал етуі мүмкін. Шабуылдан кейін субъектілер экспери-
ментке түрлі реакция танытады. Эксперименттерді түрлі тарихи жағдай-
да қайталаған тиімді, сонда тарихтың араласуынан туындайтын қатерді
басқаруға болады.
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ДИЗАЙН
318
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Тәжірибе әсері шынайы эксперимент іріктемесіне, жағдайы мен уақытына тәуелді
болғанда, бұл сыртқы жарамдылықты шектейді.
Факторлы эксперименттік дизайндар
Әлеуметтік жағдайлар көбіне бірнеше айнымалы әсерден туады, солар
ықпал етеді. Сондықтан бір уақытта бірнеше ықтимал себепті немесе
тәуелсіз айнымалыны зерттеген дұрыс. Екі не одан да көп айнымалы бір
экспериментте зерттелгенде олар «факторлар» деп аталады, ал бұлардың
әсерін анықтауға мүмкіндік беретін дизайндарды факторлы экспери-
менттік дизайндар деп атаймыз. Біреуден көп айнымалы қатысқаны-
мен, кез келген іске қатысатын айнымалы әсерін бағалау үшін, басқа ай-
нымалылар әсерін бақыласа болады. Тиісінше, жақсы дизайнға тән бас-
ты принцип: «бір уақытта бір істі ғана тындыру» тағы да орынды болмақ.
Факторлы дизайнның қызықты мысалы ретінде Жоди Готлиб пен Чарльз
Карвердің (1980) «болашақ әрекеттесу мен кездейсоқ куәгер әсерін күту»
экспериментін айтуға болады. Есіңізде болса, Дарли мен Латане (1986)
кездейсоқ куәгер әсерін дәлелдеген еді, төтенше жағдайды көрген кездей-
соқ бақылаушы неғұрлым көп болса, олардың көмектесе қою мүмкіндігі
де соғұрлым аз; бұл эксперимент жетінші тарауда айтылған. Готлиб пен
Карвердің зерттеуі осы Дарли мен Латане экспериментіне ұқсас. Субъек-
тілерден (колледж студенттері) колледж өміріндегі проблеманы ішкі бай-
ланыс жүйесі арқылы басқа студенттермен бірге талқылау ұсынылды;
басқа қатысушылар пікірі таспаға жазылды; пікірталасқа қатысушылар
саны әртүрлі, бірден беске дейін болатын; тәуелді айнымалы субъектілер-
дің әдейі ұйымдастырылған төтенше жағдайға қатысты реакциясын ба-
қылау уақытының ұзақтығы болды (пікірталасқа қатысушылардың бірі
тамақ жеп отырып, аяқ астынан қақалып қалған сыңай танытады, ол дем
ала алмай, көмек сұрайды). Осылайша бір тәуелсіз айнымалы не болмаса
фактор пікірталасқа қатысушылар не «кездейсоқ куәгерлер» саны болды.
Готлиб пен Карвердің ойынша, кездейсоқ куәгер әсері субъектілер ано-
нимдігінен де туындауы мүмкін; яғни олар колледждегі достарын бұрын
жолықтырмаған және бетпе-бет көреміз деп ойламаған да. Субъектілер
келешекте бір-бірімен жүздесеміз, қарым-қатынас орнатамыз деп ойла-
са, онда олар көмектесуге көбірек ынталы болмақ (өзгелер «әрекет етпей
қарап тұрдың» деп айыптамас үшін). Осылайша Готлиб пен Карвер екін-
ші фактор – кездесу ықтималдығын манипуляциялады, субъектілердің
біразына кейін жүздесетінін айтты, ал өзгелеріне тәжірибедегі әріптесте-
рімен кездеспейсіңдер деді.
Готлиб пен Карвер эксперименті факторлы дизайнның ең қарапайым
кейсі бола алады. Екі айнымалы (кездейсоқ куәгерлер саны мен күтіле-
тін байланыс) манипуляцияланды, әр айнымалының екі деңгейі немесе
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
319
категориясы бар. Бұл дизайн 4 эксперименттік жағдайды талап етеді, ай-
нымалы категориясының әр комбинациясы біреуден келеді: бір пікірта-
ласқа қатысушы (төтенше жағдай құрбаны)/күтілетін байланыс; бір пі-
кірталасқа қатысушы/байланыс күтілмейді; бес пікірталасқа қатысушы/
күтетін байланыс және бес пікірталасқа қатысушы/байланыс күтілмейді.
Дизайнның екі тәуелсіз айнымалысы болғанда, әрқайсының екі деңгейі
бар, оны 2×2 (екі көбейту екі) факторлы дизайн деп атаймыз. Бір фак-
тордың үш деңгейі және басқа бір фактордың төрт деңгейі болғанда 3×4
факторлы дизайн болмақ, мұның 12 жағдайы бар. Әр кейсте факторлы
дизайн жағдайының саны бірінші фактор деңгей санын екінші фактор
деңгей санына көбейту арқылы анықталады, бұл кезде қосымша фактор-
лар болса, әр кезек үшін деңгей санына көбейтіледі. Теориялық тұрғыдан
алғанда, факторлы дизайн себепшілердің кез келген санын қолдана ала-
ды, алайда практикалық шектеу де бар.
Өзіңіз байқағандай, факторлы дизайн – бастапқы эксперименттік ди-
зайнның кеңейтілген түрі ғана. Шынында, бұрын таныстырған Соломон-
ның төрт топтық дизайнын да факторлы дизайн ретінде қарастыруға бо-
лады. Аталған дизайнды былайша көрсете аламыз, мұнда әр қатар жеке
топты білдіреді.
O
1
X O
2
бірінші топ
O
3
O
4
екінші топ
R
X O
5
үшінші топ
O
6
бесінші топ
8.2-кесте. Соломонның төрт топты дизайнын факторлы дизайн есе-
бінде сипаттайды. Бұл дизайнда екі фактор бар: эксперимент жасау және
претестілеу. Сондай-ақ Готлиб пен Карвер эксперименті тәрізді бір фак-
тордың қос деңгейі (категориясы) екіншінің екі деңгейімен де біріккен,
осылайша 8.2-кесте ұяшықтарында төрт эксперименттік топ түзілді. Бұл
2×2 факторлы дизайнның тағы бір мысалы бола алады.
Эксперимент жағдайы
(А факторы)
Претест жағдайы (В факторы)
ПРЕТЕСТ ПРЕТЕСТ ЖОҚ
Эксперимент жасау Бірінші топ, О
2
Үшінші топ, О
5
Эксперимент жасалмайды Екінші топ, О
4
Төртінші топ, О
6
8.2-кесте. 2×2 факторлы дизайн түріндегі
Соломонның төрт топтық дизайны
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ДИЗАЙН
320
Асылында, әр ұяшықта субъектілер саны бірдей болуы керек. Бұл мүм-
кін болмаған жағдайда (субъект азаюы не басқа себеп-салдардан), субъек-
тілер теңеспей қалған жерді қалпына келтіру үшін статистикалық түзе-
ту жасалған соң, әр ұяшықтағы тәуелді айнымалы дерегіне талдау жаса-
лады. Шынайы эксперименттік дизайндағы сияқты преэксперименттік
айырмашылықты бақылау үшін кездейсоқ таңдау құрылғысы арқылы
субъектілер түрлі жағдайға (ұяшыққа) тағайындалады.
Факторлы дизайнда түрлі факторлар әсері қалай анықталатынын біл-
гіңіз келетін шығар. Бұл сұраққа жауап беру үшін гей қауымдастығын
тартымды етіп көрсететін киноның (эксперимент) гейлер құқығы (тәуел-
ді айнымалы) туралы көзқарасқа гипотетикалық әсерін зерттеп көрейік.
Соломонның төрт топтық экспериментінің нәтижесі 8.3-кестеде сипат-
талған. Әр ұяшықта сол эксперименттік топ тестіден кейінгі пікір балы-
ның арифметикалық ортасы көрсетілген. Жоғары балл гей құқығына қа-
тысты оң көзқарасты білдіреді.
Біріншіден, факторлы дизайн әр фактордың негізгі әсері жайлы ақ-
парат береді, яғни сол фактордың өзі хақындағы жалпы әсерін білдіре-
ді. Эксперимент айнымалысын «А факторы» деп, претест айнымалысын
«В факторы» деп белгіледік. А факторының басты әсері эксперименттен
өткен субъектілердің арифметикалық ортасын (мына жағдайда ол 25-ке
тең) эксперименттен өтпеген субъектілердің арифметикалық ортасымен
(мына жағдайда ол 15-ке тең) салыстыру арқылы анықталады.
5
Фильмді
тамашалаған субъектілер мұны көрмегендерге қарағанда гейлер құқы-
ғын көбірек қолдаған. Осынау эксперимент әсерінің «елеулі» болуға тиіс
статистикалық тест арқылы анықталуы керек. Енді әсердің барлығы ста-
тистикалық тұрғыдан елеулі деп есептейік.
Осылайша В факторының негізгі әсері претестіленген субъектілердің
арифметикалық ортасын (30) претестілеуден өтпеген субъектілердің
арифметикалық ортасымен (10) салыстыру арқылы анықталады. Осы-
лайша претестілеуге қатысу да гейлер құқығын қорғау турасындағы көз-
қарастың оң болуына ықпал еткен. Нәтижесі осындай болады деп күтілсе
де, оған таңданбау қиын, себебі эксперимент әсері (кино) өлшем арте-
фактісінен (претест әсер) әлдеқайда басым түсуі керек еді.
Эксперимент жағдайы
(А факторы)
Претест жағдайы (В факторы)
ПРЕТЕСТ ПРЕТЕСТ ЖОҚ А жалпы
арифметика-
лық ортасы
Эксперимент жасау 40 10 25
Эксперимент жасалмайды 20 10 15
В жалпы мәні 30 10
8.3-кесте. 2×2 факторлы дизайнды зерттеудегі қолданудың
гипотезалық нәтижесі
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
321
Өзара байланысу әсері
Әр фактордың негізгі әсерін анықтау үшін өзге де фактордың жалпы дең-
гейін орташа мәнге келтіріп алдық. Негізгі әсерді осылай бағалау қате
болуы мүмкін, себебі қос фактордың әрекеттесе келе, қалай нәтижеге
жеткенін көрсете алмайды. Факторлы дизайнның үлкен артықшылы-
ғы – олар факторлардың бірлескен әсері туралы ақпарат ұсынады. Екі фак-
тор арасында өзара байланыс болса, бір фактордың тәуелді айнымалыға
тигізер әсер басқа фактор мәні не деңгейіне қарай өзгереді. Басқаша тү-
сіндіргенде, факторлардың бірлескендегі әсері әрқайсысының жеке тұр-
ғандағы әсерінен өзгеше болмақ. Осындай ықтималдық болғандықтан,
әуелі әрдайым байланысты тексеріп алған абзал; әйтпесе басты әсерге
негізделген қорытынды қате шығуы мүмкін.
Біз келтірген мысалдағы претестілеу әсері фильмнің әсері туралы
жалпылауға кедергі келтіреді. Атап айтқанда, бұл жерде претест пен
фильм арасындағы өзара байланыс болуы мүмкін, претест субъектілер-
дің тақырыпқа назарын аударады, осылайша фильмнің әсерін күшей-
теді. 8.1-сызбада графикпен көрсетілген 8.3-кестедегі ұяшықтың ариф-
метикалық ортасын қарай отырып тестілеу мен эксперименттің өзара
байланысты екенін анықтадық: фильм претестілеуден өткен субъекті-
лерге ғана ықпал еткен. Осылайша оның зертханадан тыс жердегі мі-
нез-құлықты өзгерту агенті ретіндегі мәні шектеулі секілді.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Өзарабайланысуәсері негізгіәсерден бұрын сыналуы керек, әйтпесе Х әркез Y мәнге
ықпал етеді деген қорытынды шығады, расында Х айнымалының Y айнымалыға ықпа-
лы Z айнымалыға байланысты.
Өзара байланысу әсері әркез 8.1-сызбадағыдай мінсіз нәтижеге жете
бермейді. Кейбір ықтимал нәтижелер 8.2-сызбада сызба негізінде беріл-
ген. Фильмге қатысты эксперимент барлық субъектіге ықпал етеді, бірақ
претестілеуден өткендерге (8.2А-сызба) ықпалы көбірек болуы ықтимал;
претестілеуден өткендерге ықпал етпеуі (8.2Б-сызба) не тіпті претесті-
леуден өткен субъектілерге теріс ықпал етуі мүмкін (8.2С-сызба). Түйін-
дей келе айтарымыз, байланыс жоқ жерде претестілеуден өткен және өт-
пегендердің арифметикалық ортасын біріктіретін сызық параллель бола-
ды, ол 8.2D-сызбада көрсетілген (8.1-қосымша өзара байланысу әсерінен
туған факторлы экспериментті сипаттайды).
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ДИЗАЙН
322
8.1-сызба. 8.3-кестедегі ұяшықтардың арифметикалық
ортасының графигі
10
20
30
40
Посттест кезіндегі көзқарас
(арифметикалық орта)
Претест
Претест жоқ
Эксперименттік араласу жоқ
А В
С D
8.2-сызба. 2×2 факторлы дизайнның иллюстрациялық нәтижесі.
Символдар 8.1-сызбадағымен бірдей
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
Эксперименттік араласу
323
8.1-қосымша. Факторлы дизайн мысалы: еңбек нарығындағы
дискриминация туралы далалық эксперимент
Нақты өмірдегі дискриминацияны анықтауда аудиттік зерттеулер бары-
сында эксперименттік әдістер қолданылады. Әдеттегі зерттеуде нәсілі,
жынысы, жасы әртекті аудиторлар жұбы не «тестерлер» бірдей пәтерді
жалға алуға тырысады, бірдей көлік сатып алуға не болмаса бірдей орны
бос лауазымға қызметке тұруға ұмтылады. Бұл зерттеулерде жұптарды
түр-тұлғасы, өзін таныстыру стилі мен білігі секілді басты сипаттама бо-
йынша мұқият сәйкестендіруге тырысқанымен, тестерлер арасындағы өл-
шенбейтін айырмашылықтар нәтижені бұрмалауы да мүмкін. Марианна
Бертран мен Сендхил Муллайнатан (2004) еңбек нарығындағы нәсілдік
дискриминация туралы далалық зерттеу жүргізгенде, осындай тестерлер
арасындағы жүйелі айырмашылықты тиімді бақылады.
«Жанды» аудиторларды пайдаланғанның орнына Бертран мен
Муллайнатан (2004) Чикаго мен Бостоннан жарыққа шығатын басылым-
дардағы «маман қажет» деген жарнамалар ізімен резюме жолдады. Резю-
ме үлгілері шынайы болуы үшін, олар жұмыс іздеу сайттарына жариялан-
ған өзекті резюмелерді өзгертіп салды. Содан соң олар екі фактор – нәсіл-
дік (афроамерикалық не ақ) және резюме сапасының (жоғары не төмен)
әсерін тексеру үшін 2×2 факторлы дизайнды қолданды. Нәсілді манипу-
ляциялау үшін резюмедегі адамдар атын өзгертті, оның тең жартысына
ақнәсілді адамдарға тән есім-сой қойылды (мысалы, Тодд Бейкер немесе
Энн Келли), ал қалғанына афроамерикалық ат берілді (мәселенки, Тайрон
Джексон не Эбони Джонс). Резюме сапасын манипуляциялау үшін еңбек
нарығындағы эксперимент, машықтар тізімі мен жұмыспен қамтылмаған
кезеңдер сияқты критерийлер өзгертілді. Бұған қоса, жоғары сапалы ре-
зюмеде сертификаттар, шет тілін білу деңгейі мен компьютер меңгерудегі
қосымша машығы, марапаттары көрсетіледі.
Эксперимент 2001 жылдың шілдесі мен 2002 жылдың маусымы ара-
лығында өтті. Осы кезең ішіндегі резюмелер The Boston Globe және The
Chicago Tribune басылымдарының жексенбілік санындағы «жұмыспен қам-
туға» арналған 1 300 жарнамаға жауап ретінде басылымның әкімшілік,
кеңсе және клиенттерге қызмет көрсету бөлімдеріне жіберілді (Bertrand
and Mullainathan, 2004: 996). Әр жарнамаға екі сапасы жоғары және екі
сапасы төмен резюме салынды, әр жұп резюменің біреуіне ақнәсілді адам-
ның, енді біріне афроамерикалықтың аты-жөні жазылды. Тәуелді өлшем
бойынша үміткерді телефон арқылы сұхбатқа шақырды ма, әлде электрон-
дық пошта арқылы ма, соны анықтау керек еді.
8.1В-сызбада нәсілге қатысты негізгі әсер мен өзара байланыс әсері қа-
тар көрсетілген. Біріншіден, резюме сапасынан тәуелсіз афроамерикалық
адам аты жазылған резюмелер ақнәсілді адаммен салыстырғанда сұхбатқа
аз шақырылған. Екіншіден, ақнәсілділер резюме сапасына мән бермеген,
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ДИЗАЙН
324
ал афроамерикалықтар бұл іске жауапкершілікпен қараған. Ақнәсілді
үміткерлер ішінде резюме сапасы жоғары адамдардың 11,31%-ына ұсы-
ныс түскен және сапасыз резюме жібергендердің 8,8%-ын сұхбаттасуға
шақырған. Осылайша жоғары сапалы резюме үміткерді шақыру бойын-
ша статистикалық тұрғыда 2,51% елеулі айырмашылықты аңғартқан-ды.
Афроамерикалықтар арасында жоғары сапалы резюме жолдағандардың
6,99%-ын, резюме сапасы төмен үміткерлердің де 6,41%-ын жұмысқа
шақырған; яғни айырмашылық анау айтқандай елеулі емес, 0,58% ғана.
Мұндай дискриминация паттерні Бостон мен Чикагода бірдей болды, оны
«тең мүмкіндік ұсынатын жұмыс беруші» деп жазғандар да, жазбағандар
да қатар ұстанған. Зерттеу нәтижесі нәсілдік дискриминация әлі де бар
екенін байқатты, афроамерикалықтардың бүгінге дейін еңбек нарығында
жалақысы төмен жұмысқа орналасу себебін осымен түсіндіруге болады.
Өзара байланыс әсері туралы ақпарат берумен қатар, факторлы ди-
зайндар үнемді келеді. Факторлы дизайн зерттеу кезіндегі алынған ақпа-
рат көлемін ұлғайтады, бұған қоса, факторсыз эксперименттік дизайнға
қарағанда шығын сәл ғана көбірек болады. Мысал ретінде Готлиб пен
Карвер экспериментін алайық. Дарли мен Латаненің тәжірибесіндегі
процедураларды өздеріне икемдеп алып, пікірталасқа қатысушылар са-
нын манипуляциялау арқылы бұл зерттеуде кездейсоқ куәгер әсері қай-
таланды. Мынадай заңды сауал туады: кездейсоқ куәгерлер саны субъек-
тілер іріктемесі әрқилы болғанда төтенше жағдайға көмектесуге әсер ете
ме? Соған қатысты басқа тәуелсіз айнымалыны – күткен өзара байла-
нысты қамту арқылы факторлы дизайн екі қосымша сұрақ тудырады: (1)
Бетпе-бет өтеді деп күтілетін өзара байланыс көмектесуге әсер ете ме?
(2) Күтетін өзара байланыс кездейсоқ куәгер ықпалын азайта ма, яғни
кездейсоқ куәгерлермен болашақта кездесемін деген ой олар бар кезде-
гі көмектесуге және олар жоқ кездегі жәрдемдесуге қалай ықпал етеді,
айырмашылық бола ма? Шын мәнінде, Готлиб пен Карвер болжағандай
Ақ
Афроамерикалық
Қайта телефон қоңырау шалу пайызы
Төмен Жоғары
Резюме сапасы
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
0
2
4
6
8
10
12
325
өзара байланыс әсерін байқамады. Керісінше, екі фактордың да негізгі
әсері болды: күтетін өзара байланыс төтенше жағдайға реакция беру уа-
қытын азайтты, ол кездейсоқ куәгерлердің бар-жоғына тәуелді болмады;
ал кездейсоқ куәгерлер жоқ кезге қарағанда, олар бар кездегі реакция уа-
қыты ұзағырақ өтті.
Сондай-ақ факторлы дизайн түрлі жағдайда негізгі айнымалы әсе-
рін анықтау арқылы сыртқы жарамдылықты арттыра алады. Түрліше
жағдайда әсерлер сәйкескенде нәтижелердің қосымша жағдайға қа-
рай жалпыланатынын білеміз. Мысалы, кикілжің туған отбасына ақыл-
кеңес беру әсерін зерттегіміз келді делік, тәуелді айнымалы ретінде кеңес
алған соң бір жыл бойы бірге тұрып жүрген, экспериментке қатысушы
жұптардың пайыздық көрсеткішін аламыз. А 2 × 3 × 2 факторлы дизайн
кеңес берудің екі әдісін қолданады, оларды «мінез-құлық түрленуі» және
«таңдаулы» деп атайық; кеңес беруші үш жағдайда болады: «ер мен әйел-
ден құралған кеңесшілер тобы», «тек ер адамдардан жиылған кеңесшілер
тобы» және «тек әйелдерден бас құраған кеңесшілер тобы»; кеңес беру
шығыны екі түрлі: «тұрақты ақы» және «тегін». Бұл дизайнда неке мәсе-
лесіне қатысты кеңес беруде 12 жағдай қамтылатындықтан, зерттеудің
сыртқы жарамдылығы жоғары болуы керек.
Сонымен қоса, жетінші тараудағы сыртқы жарамдылық туралы тал-
қылауда ауқымды зерттеудегі тәжірибелер эксперименттік жағдайды
мейлінше көп қамтуға мүмкіндік беретінін айтқан едік, ол факторлы күр-
делі дизайнға да қажет. Мысалы, нәсілге қатысты жасырын дискримина-
цияны зерттеу үшін Пол Снайдерман, Ричард Броуди мен Филип Тетлок
(1991) телефон арқылы сұхбат алушылардың «жұмыстан шығарылған
жұмысшыға» қатысты сипаттамасының бес белгісін кездейсоқ ауыстыр-
ды (нәсілі, жынысы, жасы, отбасылық жағдайы, ата-ана статусы және
еңбек өтілі), содан соң респонденттерден «Жұмыссыз қалған адамдарға
мемлекет жаңа жұмыс табуға қалай көмектесуі керек?» деп сұрады («мүл-
де керек емес», «біршама» және «көмекке өте зәруміз»). 2 × 2 × 3 × 4 × 2
факторлы дизайнның 96 түрлі нұсқасы бар. Кіріктірілген факторлы ди-
зайннан бөлек, өз талдауында Снайдерман, Броуди және Тетлок телефон
арқылы жүргізілетін сауалнама кезінде жиналған респонденттер туралы
ақпаратты қолданды. Бір қызығы, өздерін консерватор деп сипаттаған-
дар жұмыстан қуылған адам қаранәсілді болса, мемлекеттің оған көмек
беруін мақұлдады; өздерін либерал санағандардың мемлекет көмегіне
қатысты пікірі нәсілге байланысты болмады.
Квази-эксперименттік дизайндар
Кейбір зерттеу жағдайында заңды, этикалық не практикалық тұжырым-
дар шынайы эксперименттік дизайн қолдануға мүмкіндік бермейді. Кө-
біне адамдарды (немесе басқа бірліктерді) кездейсоқ тағайындау мүм-
кін емес. Басқа кезде бақылау не салыстыру топтары дизайнға қосуға
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ДИЗАЙН
326
келмей қалады. Кейде экспериментке және бақылау топтарына кездей-
соқ тағайындау жасалады, бірақ зерттеушілер шынайы эксперимент
жүргізу кезіндегідей субъектілер тәжірибесін қатаң бақылай алмайды.
Бұл мәселені шешу үшін зерттеушілер бірсыпыра квази-эксперименттік
дизайн әзірледі, олай аталу себебі: мұндай тәжірибе барысында толық
эксперименттік бақылау болмайды.
Жарамдылыққа төнер сыртқы қатерді бақылау тиімділігі мен күр-
делілігі жағынан мұндай дизайн экспериментке дейінгі және шынайы
эксперименттік дизайнның дәл ортасында орныққан. Олардың кейбі-
рі экспериментке дейінгі дизайнға ұқсайды, бірақ қосымша сипаттары
болады. Басқалары шынайы эксперименттік дизайн тәріздес, алайда
бақылау тобы не кездейсоқ таңдау жасау процесі сияқты бөліктері бол-
майды.
Бірінші түрге мысал ретінде жеке іріктеу претест-посттест дизай-
нын келтіруге болады (Campbell and Stanley, 1963), оны диаграмма тү-
рінде былайша береміз:
O
1
X
R
X O
2
Бұл дизайндағы R – өлшем уақытына кездейсоқ тағайындауды білдіре-
ді. Жоғарғы сызық алдын ала эксперимент жасау өлшемі үшін кездейсоқ
тағайындалған топты көрсетеді. Бұл топ эксперименттен өтеді, алайда
артынан өлшенбейді. Екінші топ – эксперименттен кейін өлшеуге кез-
дейсоқ сұрыпталған топ. Тәжірибе әсері претест (бірінші топ) балы мен
посттест (екінші топ) балын салыстыру арқылы бағаланатындықтан, бұл
дизайн экспериментке дейінгі бір топтық претест-посттест дизайнын
еске түсіреді (O
1
X O
2
). Дегенмен екіншісінен байқалатын жарамдылыққа
төнген кейбір қауіптер (мысалы, тестілеу мен тестілеу – Х өзара әрекет-
тесуі) жеке іріктемелерді қолдану арқылы жойылады. Дизайнның ішкі
жарамдылығына төнетін ең басты қауіп – тарих.
Жекелеген іріктемесі бар претест-посттест дизайн пайдалы болу үшін
қала тұрғындары, үлкен фирма қызметкерлері, университет студенттері
немесе әскер сарбаздары сияқты бізді қызықтыратын жалпы жиынтық
эксперименттен қатар өтуі керек. Субъектілерді түрлі экспериментке
кездейсоқ тағайындауға болмайды десек те, тәуелді айнымалыны өлшеу
уақытын анықтауға және экспериментке дейінгі және кейінгі өлшене-
тіндерді кездейсоқ таңдауға болса, онда дизайнды қолдану – құптарлық
іс. Мысалы, бір колледжде ішімдік туралы түсіндіру шаралары аптасына
(эксперимент) дейін және одан кейін сауалнама жүргізілсе, өлшем көзқа-
рас сауалнамасы формасында болады.
Балама емес бақылау тобы дизайны шынайы экспериментке ұқсас
квази-эксперименттік дизайн түрінде болады, бірақ ол кезде шынайы
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
327
экспериментке тән басты сипаттар жоқ. Бұл дизайндар мектеп сыныпта-
ры сияқты тұтас топтарға эксперимент жасалғанда қолданылады, ол кез-
де жеке тұлғаларды кездейсоқ тағайындау мүмкін емес. Төмендегі осын-
дай дизайнның бірінде претест және посттест дизайндар эксперименттік
топқа да және балама емес, бірақ ұқсас бақылау тобына да жүргізіледі.
O
1
X O
2
O
3
O
4
Кездейсоқ таңдауды білдіретін R жоқ болса да, бұл дизайн претест-
посттест бақылау тобы дизайнынан аумайды. Әлбетте, мүмкін болса кез-
дейсоқ таңдауды қолдану керек. Бұлай етуге мүмкіндік болмаған жағдай-
да, осы квази-эксперименттік дизайнды қолданған жөн. Бақылау тобын
қосу (әсіресе эксперименттік топқа қатты ұқсайтын) бір топтық претест-
посттест дизайнымен салыстырғанда, оны жақсырақ етеді. Егер топтар
рекрутинг және тарих жағынан ұқсас келсе, онда дизайн тарих, матура-
ция, тестілеу мен регрессияны бақылайды.
Квази-эксперименттік дизайнның тағы бір маңызды түрі – уақыт қа-
тарындағы деректер, ол бірдей не ұқсас уақыт аралығындағы бірнеше ба-
қылауды қамтиды. Үзілген уақыт қатарындағы дизайн бір топтық про-
тест-посттест дизайны тәріздес, бір айырмасы – бұл кезде экспериментке
дейін және одан кейін жалғыз бақылаудың орнына (экспериментке дейін
де, кейін де) бірнеше бақылау болады, оны төменнен көре аласыздар.
(Ескерту: мұндағы сериядағы бақылау санында практикалықтан өзге еш-
бір шектеу жоқ).
O
1
O
2
O
3
O
4
X O
5
O
6
O
7
O
8
Зерттеуші серияларға жүйелі эксперимент түрлерін енгізуі мүмкін не-
месе араласу өздігінен пайда болады. Әлеуметтік зерттеушілер өздерін
қызықтыратын әсердің мерзімді өлшемі ретіндегі қолжетімді дизайнды
жиі қолданады, мысалы, мектеп үлгеріміне қатысты тұрақты алынатын
тест, жұмыста болмау, жұмыс өнімділігінің іскерлік жазбасы, автокөлік
апаты, ажырасу не қылмыс сияқты оқиғаның көптеген институтционал-
ды жазбалары. Айталық, атыс қаруын бақылау туралы заңның кісілерді
тежеу әсерін (тиісті лицензиясыз қару ұстаған кез келген жан кем деген-
де бір жылға сотталады) бағалау үшін заң күшіне енгенге дейінгі адам
өлімі саны мен кейінгі жылдардағы санын салыстыру керек (қараңыз:
S.J. Deutsch and Alt, 1977). Заң ықпалы бар десек, ол енгізілгеннен бастап
кісі өлтіру көрсеткіші «үзілгенін» не тоқтағанын көруге болады.
Бірнеше бақылауды қолдану арқасында үзілген уақыт қатарындағы
дизайн бір топтық претест-посттест дизайнына қарағанда жақсырақ нә-
тиже береді. Соңғы дизайнда претестіден посттестіге дейінгі кез келген
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ДИЗАЙН
328
өзгеріс ұзақмерзімді трендті яки құбылмалы түрдегі уақытша жоғары кө-
терілуді не құлдырауды көрсетуі мүмкін. Бірақ бұл әсерлерді уақыт қата-
рындағы дизайндағы эксперимент әсерінен ажыратуға болады, ол үшін
жалпы паттернді интервенция нүктесіндегі кез келген өзгеріспен салыс-
тыру керек. Үзілген уақыт қатарындағы дизайны бар ішкі жарамдылық-
қа төнетін ең үлкен қауіп – тарих, себебі Х айнымалыдан ерекшеленетін
кез келген бір уақытта болатын оқиға өзгеріс тудыруы мүмкін. Сондай-ақ
егер уақыт қатары ресми жазбалардан алынса, оны жүргізу процедура-
сында өзгеріс болған не болмағанын білу үшін мұқият тексеріп, құралмен
жабдықтау әсерін алып тастау қажет.
Уақыт қатарындағы талдауда тарихты бақылаудың ең жақсы жолы – екі
не одан да көп қатарды тексеру, оның біреуіне эксперимент жүргізіледі, ал
басқаларына ештеңе жасалмайды. Үзілген уақыт қатарындағы дизайнды
осылай кеңейту бірнеше уақыт қатарындағы дизайн деп аталады.
O
1
O
2
O
3
O
4
X O
5
O
6
O
7
O
8
O
1
O
2
O
3
O
4
O
5
O
6
O
7
O
8
Мұндағы индекстер уақыт сәттерін көрсетеді. Енді, О
4
-тен О
5
-ке дейін-
гі өзгеріс бірінші топта болып, бірақ екінші топта көрінбесе, бұл өзгеріс
экспериментке қатысты тарихи оқиғамен байланысты болмаса керек.
Мұндай квази-эксперименттік дизайн жарамсыздық көзін бақылау үшін
өте тиімді. Балама емес бақылау тобы дизайнындағы жағдай тәрізді бір-
неше уақыт қатары дизайнының қорытынды күші үзілген топпен бақы-
лау тобын қалай салыстыруға байланысты болмақ.
Дизайнның мүмкіндігі сансыз болғандықтан, квази-эксперименттік
дизайн туралы талқылауды бірқатар жалпы идеямен және екі квази-
эксперименттік зерттеуді сипаттаумен шектейміз, онда жоғарыда си-
патталған бір не бірнеше дизайн қолданылды.
6
Шынайы эксперимент-
тегі сияқты мұндай зерттеу мұраты – эксперимент жүргізу нәтижесінің
ықтимал бәсекелес түсініктемесін алып тастап, эксперимент әсерлерін
анықтау. Алайда квази-эксперименттік зерттеуде субъектіні кездейсоқ
таңдау мүмкіндігі жоқ және шынайы экспериментке тән басқа сипаттар
болмағандықтан, ішкі жарамдылықты қалыптастырудың түрлі әдісте-
рі қолданылады. Ішкі жарамдылыққа төнетін қауіптерді жоюдың түр-
лі амалдары бар (T.D. Cook, Cook, and Mark, 1977): (1) арнайы дизайн
ерекшеліктерін қамту; (2) әр қауіпке қатысты қосымша деректі тексе-
ру және (3) теория я санамен салмақтап, нақты баламалы түсініктеме
емес екенін тұжырымдау.
Квази-эксперименттегі себеп-салдар қорытындысын күшейтетін ди-
зайн сипатына претест қолдану мысал бола алады. Көптеген шынайы
эксперимент үшін бұл ерекшеліктің маңызы жоқ, себебі кездейсоқ таңдау
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
329
жасау бастапқыдан эквивалент топтар құрады. Бірақ квази-эксперимент-
тік зерттеуде претестілеу балама емес топтар арасындағы әуелгі айырма-
шылықты тексеруге мүмкіндік береді (T.D. Cook, Cook, and Mark, 1977).
Екінші әдіс – қосымша деректі тексеруге мысал ретінде шылым шегуден
бас тартуға қатысты экспериментті айтуға болады (Berglund et al., 1974).
Зерттеушілер экспериментке дейінгі кездегі қатысушылармен сұхбатта-
судан мотивация өлшемін алды. Мотивация көрсеткіштері субъектілер-
дің шылым шегуден бас тарту жетістігіне қатыссыз екенін анықтаған соң,
олар бір сұрыптау қаупін ықтимал бәсекелес түсініктеме ретінде алып
тастады. Ең соңғысы, үшінші тәсіл, мысалы, білім беруде тестілеуді елеулі
қауіп ретінде санамау, себебі бұл өлшем сыныптағы тестілеу процедура-
сына ұқсайды.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Зерттеушілер квази-эксперименттің ішкі жарамдылығына төнетін нақты қауіптерді
анықтап, оларды қалай жою керек екенін ойластыруы қажет.
Әрі қарай осы тәсілдердің мұқият өткізілген екі квази-эксперименттік
зерттеуде қалай қолданылатынын байқап көрейік.
1-мысал: нәсіларалық көзқарас пен жазғы лагерьдегі мінез-құлық
«Әр нәсілге жататын» балалар жақсы ортада өзара қарым-қатынас жа-
саса, олардың нәсіларалық көзқарасы мен мінез-құлқы жақсара ма? Бұл
идеяны тексеру үшін әлеуметтік психолог Жеральд Клор мен оның әріп-
тестері (1978) әлеуметтік жағдайы төмен қаранәсілді және ақнәсілді ба-
лаларға арнап жазғы лагерь ұйымдастырды, сол жердегі балалардың нә-
сіларалық тәжірибеге қатысты оң көзқарасы қалыптасады деп үміттенді.
Бұған дейінгі зерттеулерге сәйкес, әртүрлі нәсіл өкілдерінің экономика-
лық жағдайы бірдей және саны тең болса, олар бір ортада ұзақ уақыт бір-
ге қалса, екінші тарап туралы жағымсыз пікірден арылады деген жорамал
бар еді. Демек, лагерьдегі әлеуметтік жағдайы тең ақ әрі қаранәсілділер
саны жағынан демалушылар және қызметкерлермен бірдей болды. Мы-
салы, балаларды лагерьге бөлгенде жынысы мен жасы шамалас (8–10 не
11–12) үш ақ және үш қаранәсілдіні бір лашыққа жатқызды, олардың бір
қаранәсілді және бір ақнәсілді кеңесшісі бар. Жалпы, 196 бала бес аптаға
созылған демалыстың бірінші кезеңінен өтуге жиналды.
Эксперимент барысында оқушылардың нәсілге қатысты көзқара-
сы мен мінез-құлқына лагерьдің қалай ықпал еткенін анықтау үшін
үш тәуелді өлшем қолданылды. Біріншіден, олар балалардың өзге нә-
сілге байланысты сезімін білдіретін төрт сұрақты бағытқа алып, көз-
қарас өлшемін анықтады. Бұл процедура жеке іріктеудің претест-посттест
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ДИЗАЙН
330
дизайнына ұқсас, лагерьдегі балалардың тең жартысы алғашқы күні-ақ
жауап берді, ал өзгесі соңына қарай (бесінші не алтыншы күні) тексерілді.
Нәтиже лагерьге келген ұлдарға қарағанда, қыздар үшін тиімді болғанын
көрсетті. Лагерь басталғанда қыздардың нәсілге қатысты пікірі көбіне те-
ріс болса, кейін ол бейтарапқа ауысқан; ал ұлдар бастапқыда бейтарап
болған және сол қалпынан айнымаған.
Бес аптаға созылған сессияның үш аптасында балаларға екінші рет
өлшем жасалды; бұл кезде оларға арзандау, қуатталған фотоаппарат бе-
ріп, қалаған затын суретке түсіруге рұқсат етілді. Жас, жыныс және нә-
сіл категориясы бойынша бөлгенде, балалар екінші күні суретке түсірген
претест тобына бесінші не алтыншы күні суретке түсірген посттест то-
бына кездейсоқ тағайындалды. Суретке түсірген бала нәсіліне жатпай-
тын адамдар үлесі – тәуелді айнымалы. Біріншісі сияқты, бұл өлшем де
жеке іріктеменің претест-посттест дизайны бойынша жасалды. Бірінші
өлшемнен бір өзгешелігі – фотоға түсіру кезінде ешкімді міндеттемеу,
мінез-құлыққа қарай таңдалды. Фотоларды талдау эксперименттің әсері
болмашы әрі маңызсыз екенін анықтады: үш аптаның тек біреуінде, апта
басындағы суреттерге қарағанда соңындағы суреттерде басқа нәсіл өкіл-
дерінің үлес салмағы артқан.
Үшінші өлшем де мінез-құлықтық саналады, бұл кезде балалар бірінші
күні үш ойын ойнап, бір баланы таңдайды; бұл ойынды бесінші не алтын-
шы күні тағы да қайталады. Кеңесшілер олардың таңдауын жазып отыр-
ды, бұл жердегі тәуелді айнымалы – нәсіларалық таңдау үлесі. Зерттеуші-
лер «бірнеше топқа арналған претест-посттест дизайны» деп атаған осы
өлшем дизайны экспериментке дейінгі бір топтық претест-посттест ди-
зайны тәріздес, бірақ оны жетілдірді, себебі лагерьдегі бес сессияда қай-
талап көрді («бірнеше топ»). Нәтижесінде сессия басынан соңына дейін
басқа нәсіл өкілін таңдау көбейген. Көзқарас өлшемі тұрғысынан алған-
да өзгеріс тек қыздардан анық байқалды. Претестіден посттестіге дейінгі
аралықта айтарлықтай өзгеріс көрсетпегенімен де, қыздарға қарағанда
ұлдардың басқа нәсілді таңдау үлесі жоғары болды.
Осылайша тәуелді өлшемдерді қатар алып қарағанда лагерь тәжіри-
бесі қыздардың нәсілге қатысты көзқарасы мен мінез-құлқына оң ықпал
еткенін байқаймыз; ал әуелден позитив ұстанымдағы ұлдардан мұндай
өзгеріс байқалмады. Зерттеу авторлары «лагерьдегі тәжірибе өздігінен
осындай өзгерістерге ықпал етті» деген гипотеза жасауға жетелейтін бә-
секелі түсініктеменің негізсіз екенін дәлелдеуге тырысты. Бұл үшін олар
саналы тұжырымға негізделген арнайы дизайн ерекшеліктерін, қосымша
дерек пен пайымдауды қолданды.
Зерттеудегі бірқатар маңызды дизайн ерекшелігі Клор мен оның
әріптестеріне жарамдылыққа төнген қауіптерді жоюға көмектесті. Мұн-
дай ерекшеліктерге екі түрлі квази-эксперименттік дизайнды қолда-
ну, үш түрлі тәуелді айнымалылар (көзқарас мәселесі, фотосурет және
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
331
тұлғааралық таңдау) мен репликация жатады. Біреуден көп квази-экс-
перименттік дизайнды қолдану зерттеу нәтижесін күшейтеді, әр дизайн
кемшілігі бір-бірін қайталамайды. Мәселен, бірнеше топтың претест-
посттест дизайнынан тестілеу әсерін алып тастауға болмайды (ол басқа
нәсілді таңдауда өзгеріс тудырған болатын), себебі претест пен посттесті-
ні бір адам жүргізіп отыр. Дегенмен тестілеу – жеке іріктеменің претест-
посттест дизайнына қауіп-қатер емес (көзқарасқа өзгеріс тудырған), се-
бебі адамдар не претест, не посттестіден өтеді, екеуінен қатар өтпейді.
Ұқсамайтын өлшемдерді қолдану арқылы кез келген өлшемдегі жүйе-
лі қатені бақылап, жақсы нәтижеге жетуге болады. Оның үстіне, өлшеу
процесі құралмен жабдықтау және тарих қауіптерін бақылай отыра, үш-
тен беске дейін қайталанды (апталық лагерь сессиясы). Құралмен жаб-
дықтауды алып тастауға болады, себебі бірнеше апта бойы претест пен
посттестіні қайталағанда есептеушілердің күш-жігері не құлшынысы бү-
кіл сессия бойы претестіден посттестіге дейін өзгере қоюы екіталай. Өл-
шем әртүрлі уақытта қайталанғандықтан және көзқарасты бағалау мен
таңдау өлшемі бойынша ұқсас нәтиже бергендіктен, осы қос өлшем үшін
тарих бәсекелі түсініктеме бере алмайды. Бір жағынан, тарихи жағдай
фото өлшемінің өзгеруіне ықпал етті (сену қиындау болса да), себебі бұл
өлшем бір аптада ғана маңызды әсерін байқатты.
Қосымша деректерге сараптама жасау арқылы кейбір анықтамалар
бойынша екі ықтимал қарсы түсініктеме алынып тасталды. Біріншіден,
тұлғааралық таңдау дерегіндегі өзгерістерге балалардың танысын таң-
дауы ықпал етуі мүмкін деген болжам айтылды. Демек, егер балалар
лагерьдегі демалыс басталғанда басқа нәсілден гөрі, бір нәсілге жата-
тындармен көп таныс болса, претест кезінде соларды таңдайды, ал бас-
қа нәсіл балаларымен араласқан соң посттест кезінде оларды да таңдай
бастайды. Әр баланың бастапқы танысының аты-жөні белгілі болғандық-
тан (бір ойында балалардан өздері танитындардың атын шеңберге алу
сұралған болатын), бұл дәлелді тексеріп алуға болады. Екі лагерь сессия-
сының дерегі қайтадан талданды, балалар бұрыннан танитын субъекті-
лерді алып тастады. Қайта жасалған талдау нәтижесі әуелгі тұжырымды
растады, бәсекелі түсінікті терістеді.
Таңдау дерегіне қатысты екінші ықтимал түсінік – посттест ойындары
кезіндегі таңдау баланың тұрғылықты орнына байланысты болар деген
тұжырымды тексерді. Бұл кезде тәуелді айнымалы ретіндегі басқа бірлік-
тің үлесін қолдана отыра, таңдау дерегі қайта талданды. Ешқандай ма-
ңызды әсер анықталмағандықтан, екінші нұсқасы да қабылданбады.
Соңында Клор мен оның әріптестері түйсікке сүйене отырып, тұжы-
рымның басқа қауіптерін де терістеп шықты. Мысалы, өзгеріске матура-
ция кінәлі деуге келмейді, себебі лагерь сессиясы әркез 1 аптадан аспады.
Регрессия қаупі де мүмкін емес еді, өйткені субъектілер шектен шыққан
көзқарас не мінез-құлық негізінде таңдалған жоқ.
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ДИЗАЙН
332
2-мысал: Коннектикуттегі жылдамдықты арттырумен күрес
1955 жылдың желтоқсан айында Коннектикут штатының губернато-
ры Абраам Рибикофф көлік жылдамдығын арттыруға қарсы қатаң жаза
енгізді, осылайша автокөлік апатының салдарынан болған өлім-жітімді
азайтамыз деп үміттенді. 1995 жылы 324 адам көлік апатынан ажал құш-
қан еді. Жаңа қатал жаза бойынша, көлік жылдамдығын арттырып, тәр-
тіп бұзғандар жүргізуші куәлігінен айырылатын: бірінші рет айыпты бол-
ғандар 30 күнге, екінші рет айыпталғандар 60 күнге, ал үшінші рет тәртіп
бұзғандардың 90 күннен соң ісін сотта қарайтын және белгісіз уақытқа
куәлігінен айыратын. Көпшіліктің қарсылығына қарамастан, қатаң шара
енгізілді, жылдамдықты арттырғандарды ұстап, аямай жазалай бастады.
1956 жылы жол-көлік апаты құрбандарының саны 284-ке жетті, сол кезде
губернатор Рибикофф: «40 адамның өмірін сақтап қалдық... әлбетте, бағ-
дарлама өз нәтижесін берді», – деген еді (Campbell and Ross, 1968).
Бірақ көлік апатынан қаза тапқандардың азайғаны расымен бағдарла-
маның арқасы ма? Дональд Кэмпбелл мен Х.Лоуренс Росс (1968) квази-
эксперименттік уақыт қатарындағы дизайнның пайдасын көрсеткенде
осы мәселені қарастырды. Олардың ойынша, біріншіден, Рибикофф жаза
енгізілгенге дейінгі және одан кейінгі екі жылды ғана қамтыды. Егер осы
деректі қатаң шара (эксперимент) арқасында адам өлімінің азаюына
(тәуелді айнымалы) себепкер ретінде жалғыз қолданса, оны бір топтық
претест-посттест дизайны деп санаса болады. Сонда ол жарамдылық
қауіптің көбін бақылай алмайды.
Бір топтық претест-посттест дизайны әлсіз болғандықтан, Кэмпбелл
мен Росс үзілген уақыт қатарындағы дизайн негізінде талдау жасады. Ди-
зайн дерегі 8.3-сызбада көрсетілген, ол жерде 1951 жылдан 1959 жылға
дейінгі көлік апатының саны жазылған. 1956 жылғы көлік апатынан бол-
ған қазаның азаюы 1952 және 1954 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда
аз емес, ал 1955 жылы олардың саны күрт өскен.
200
225
250
275
300
325
'51
'52
'53
'54
'55 '56 '57
'58
'59
8.3-сызба. 1951–1959 жылғы
Коннектикут жол-көлік апаты
Дереккөз: Campbell and Ross (1968: 42). Reprinted
by permission of the Law and Society Association
and Blackwell Publishing, Ltd.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
333
8.4-сызба. Коннектикут, Нью-Йорк, Нью-Джерси, Род-Айленд
және Массачусетстегі (әр 100 мың адамға) көлік апаты
Дереккөз: Campbell and Ross (1968: 45). Reprinted by permission of the Law and Society
Association and Blackwell Publishing, Ltd.
Кейін Кэмпбелл мен Росс бірнеше уақыт қатарындағы дизайнды қол-
данып, бағалауды кеңейтті. Зерттеушілер 1951–1959 жылдар аралығын
қамтып, Коннектикутке жақын орналасқан, ауа райы мен көлік жүргізу
стилі ұқсас төрт штаттағы жол-көлік оқиғасын салыстырды. 8.4-сызба бес
штаттың уақыт қатарындағы дерегін көрсетеді. 1955 жылы бес штаттың
төртеуінде өткен жылдармен салыстырғанда көлік апаты жоғары еді, со-
ның ішіндегі Коннектикутте бәрінен де көп апат болыпты. 1956 жылы
бес штатта да көлік апаты азайған. Осы фактілер, соның ішінде 1956 жылы
Род-Айлендте көлік апатының азаюы Коннектикутке қатты ұқсайды, сол
себепті Коннектикуттегі апаттың азаюы қатаң шараның арқасы деген ги-
потезаны терістейді. Дегенмен қатаң шара енгізілгеннен бастап Коннек-
тикут штатында ғана 5 жыл бойы біртіндеп көлік апаты сиреді; ал Род-Ай-
лендте, керісінше 1956 жылы арта түскен. Енді осы зерттеуде жарамдылық-
тың басты қауіптері қалай жойылғанын көрсетейік.
Тарих ықтимал қауіп бола алады, себебі 1956 жылы қатаң шарадан өзге
де апатты азайтуға ықпал еткен оқиғалар болуы мүмкін. Ықтимал бәсе-
келі түсінік ретінде 1956 жылы 1955 жылға қарағанда ауа райының жай-
лырақ болғанын және 1956 жылы шыққан көліктердің қауіпсіздік деңге-
йі жоғары болғанын атап өтейік (Campbell and Ross, 1968). Зерттеушілер
қолжетімді дерекке сүйене отыра, бұл түсініктеменің ешбірі нанымсыз
деген қорытынды шығарса да, жарамдылыққа төнген қауіп ретіндегі та-
рихты алып тастай алмаймыз; себебі бақылаудағы төрт штаттың бәрінде
'51
'52
'53
'54
'55 '56 '57
'58
'59
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ДИЗАЙН
334
1956 жылы көлік апаты азайған еді. Бес штатқа тән бір оқиға көлік апа-
тының азаюына ықпал еткені анық. Десек те 1956 жылдан кейін апаттың
сирегенін еске алсақ, тарих нанымды балама ретіндегі түсініктеме бола
алмайды; себебі басқа штаттарда мұндай өсім байқалмады.
Әдетте матурация адамның физикалық және психологиялық процесі-
мен байланысты. Коннектикут оқиғасындағы матурацияны қауіп деп қа-
растыру үшін шопырдың барлығы аса тәжірибелі болуы керек еді. Бұлай
болуы екіталай себепті, Кэмпбелл мен Росс матурация идеясын субъекті-
ге қатысты сыртқы процестерге таңады. Сондықтан олар матурация қау-
пі деп медициналық көмекті жақсарту мен жолды жөндеу сияқты фак-
торлардың нәтижесінде адам өлімі көрсеткішінің азаюына әкелген ұзақ-
мерзімді үрдісті атады. Бірақ уақыт қатарында не бірнеше уақыт қата-
рындағы деректе мұндай тренд байқалмағандықтан, бұл болжамды жа-
рамсыз санаймыз.
Тестілеу қаупін бағалау керек: претест өздігінен өзгеріс тудыра алды
ма? Бұл жағдайдағы претест – 1955 жылғы көлік апатының статистика-
сы. Жай ғана есеп жүргізу былтырғы жылдың статистикасына үлкен ық-
пал ететіні таңғаларлық жайт сияқты, бірақ 1955 жылғы адам өлімінің
көбеюі туралы дерек көлік жүргізушілерінің сақ болуына әсер етіп, сол
жылғы статистика көрсеткішін азайтса керек. Бұл қауіп 1956 жылғы көр-
сеткішке әсер еткен де шығар; алайда 1955 жылғы деректің жыл сайын
нәтижеге ықпал етіп, Коннектикут жүргізушілері жылдамдықты сол үшін
төмендетті деу ақылға қонбайды.
Есеп жүргізудегі өзгеріс қатаң шара енгізілген соң басталса, құралмен
жабдықтау қауіп төндірді деуге негіз бар. Кэмпбелл мен Росс оған еш дә-
лел таппағанын айтады.
Ол экспериментке дейінгі тестілеудің жоғары балына сүйеніп жасал-
са, регрессия да қауіпке айналмақ. Коннектикуттегі жылдамдықты арт-
тыру байқалған жылдан соң енгізілген қатаң шара ықпалынан осындай
жағдай туындады десек, онда регрессия себепші болды деуге негіз бар.
1951–1956 жылдар аралығындағы дерекке сүйенсек, регрессия не дерек-
тің әркелкі шығуы сенімді бәсекелі түсініктеме болар еді. Дегенмен қатаң
шара енгізілгеннен кейінгі жылдарда да адам өлімі азайғанын ескерсек,
бұл факторлар қорытындыны түсіндіруге жеткілікті дәлел бола алмас.
Кэмпбелл мен Росс жүргізген зерттеу – нағыз квази-эксперименттік зерт-
теудің мысалы. Шынайы эксперименттік дизайнның болмауы жарамды-
лық қауіптерін оңтайлы бақылауға мүмкіндік бермесе де, зерттеушілер
ең жақсы квази-эксперименттік дизайнды қолдана отырып, құнды білім
жиды, ол қолда бар дерек пен ақылға қайшы келмейді. Соның арқасын-
да бұлар Коннектикуттегі қатаң шара жылдамдықты азайтып, жол-көлік
апатының алдын алуға белгілі бір деңгейде ықпал етті деп сенімді тұжы-
рым жасай алады.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
335
Түйін
Эксперименттік дизайнның басты принципі – «бір уақытта бір істі ғана
атқару», яғни басқа айнымалыларды бақылай отыра, бір тәуелсіз айны-
малының өзгеруіне ғана мүмкіндік беру.
Эксперименттік дизайнның басты принципі – «бір уақытта бір істі ғана
атқару», яғни басқа айнымалыларды бақылай отыра, бір тәуелсіз айны-
малының өзгеруіне ғана мүмкіндік беру.
Экспериментке дейінгі дизайндар бірнеше айнымалыны бақылаусыз жі-
беріп, бұл принципке қайшы келеді; осылайша зерттеудің ішкі жарамды-
лығына айтарлықтай қауіп төнеді. Шынайы эксперименттік дизайндар
бұл қауіпті тиімді бақылайды, ал квази-эксперименттік дизайндар сырт-
қы айнымалыларды бақылағанда мүлт кетеді.
Эксперименттік дизайндар зерттеудің ішкі және сыртқы жарамдылығы-
на қауіп төндіретін сыртқы айнымалыларды қалай бақылағанына қарай
бағаланады. Зерттеудің гипотезалық нәтижесіне бәсекелес болатын ішкі
жарамдылыққа төнетін қауіп сыртқы айнымалының келесі кластарын
қамтиды:
Тарих (эксперимент жасалып жатқан кезде пайда болатын, ойға ал-
ған эксперименттік манипуляциядан бөлек нақты оқиғалар);
Матурация (субъектідегі психологиялық және физиологиялық өзге-
рістер);
Тестілеу (бірреттік өлшеудің екінші реттік өлшеуге ықпал етуі);
Құралмен жабдықтау (өлшеу құралы немесе процедурасындағы қа-
жетсіз өзгерістер);
Статистикалық регрессия (бір өлшемнің шеткі балының соңғы өл-
шемнің арифметикалық ортаға барынша жуықтауы);
Сұрыптау (эксперименттік және бақылау топтарының құрамында-
ғы айырмашылықтар);
Азаю (эксперимент кезінде субъектінің кетуі, болмай қалуы);
Өзара әрекеттесу, бастапқы айырмашылық пен тарихтың бірлескен әсе-
рінен туатын эксперимент топтары арасындағы айырмашылықтар, мату-
рация немесе тестілеу де сыртқы жарамдылыққа қауіп төндіреді.
Экспериментке дейінгі дизайндар (бір реттік кейсті зерттеу, бір топтық
претест-посттест дизайны, статикалық топты салыстыру), салыстыру
тобы не кездейсоқ тағайындау сияқты шынайы экспериментке тән бір
немесе бірнеше сипаттың болмауы; осылайша олардың жарамды екеніне
күмән туады.
Барлық бастапқы шынайы эксперименттік дизайн (претест-посттест бақы-
лау тобы, посттест – тек бақылау тобы, Соломонның төрт тобы) ішкі жа-
рамдылығы мықты болғанымен, сыртқы жарамдылығы әлсіз келуі мүмкін.
Претест-посттест бақылау тобы дизайнының сыртқы жарамдылығын тес-
тілеу мүмкіндігі эксперименттегі өзара әрекеттесуге кедергі келтіреді,
бұл кезде эксперименттік әсерлер тек претестілеуден өткен субъектілер
үшін жасалады.
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ДИЗАЙН
336
Кездейсоқ таңдау негізіндегі субъектішілік дизайндар бір жеке тұлғаны
эксперименттік араласу жүргізілетін және бақылау тобы жағдайында сы-
нап, салыстыруға мүмкіндік береді; бірақ бұл – әлеуметтік зерттеуде си-
рек қолданылатын әдіс, себебі бір жағдайдағы берген жауабы келесі жағ-
дайға ықпал етуі мүмкін.
Екі немесе одан да көп тәуелсіз айнымалы манипуляцияланатын фактор-
лы дизайн сыртқы жарамдылықты кеңейтеді және негізгі әсер мен бірлес-
кен әсерді сынақтан өткізеді. Негізгі әсер деп жалғыз фактордың әсерін
айтамыз; бірлескен немесе өзара әрекеттесу әсері бір тәуелсіз айнымалы
әсері басқасының деңгейіне немесе мәніне тәуелді болған кездегі нәти-
жені білдіреді.
Квази-эксперименттік дизайндарда (мысалы, жеке іріктеменің претест-
посттест дизайны, балама емес бақылау тобы, үзілген уақыт қатары)
шынайы эксперименттің кейбір сипаты (әдетте кездейсоқ таңдау жасау)
болмайды, бірақ көп жағдайда себеп-салдар жайлы салыстырмалы түрде
жақсы нәтиже алуға мүмкіндік береді; себебі арнайы дизайн сипаты мен
қосымша деректер жарамдылық қауіптерін тексереді, әрі талқылау арқы-
лы қауіптің сенімсіз тұстарын анықтайды.
Тірек сөздер
Ішкі жарамдылыққа төнетін қауіп Претест-посттест бақылау тобы дизайны
Тарих Посттест – тек бақылау тобы дизайны
Құралмен жабдықтау Соломонның төрт топтық дизайны
Статистикалық регрессия Субъектішілік дизайндар
Сұрыптау Субъектаралық дизайндар
Азаю Теңестіру
Дифференциалды азаю Факторлы эксперименттік дизайндар
Матурация Басты әсер
Тестілеу Қарым-қатынас әсері
Экспериментке дейінгі дизайндар Квази-эксперименттік дизайндар
Бір реттік кейсті зерттеу Жеке іріктеменің претест-посттест дизайны
Бір топтық претест-посттест дизайны Балама емес бақылау тобы дизайны
Статикалық топты салыстыру Үзілген уақыт қатарындағы дизайндар
Шынайы эксперименттік дизайндар Бірнеше уақыт қатарындағы дизайн
Тапсырмалар
1. Эксперимент жүргізу кезіндегі жасалатын іс-шараларға қарамастан, тәуелсіз
айнымалының кейбір манипуляциялары басқа айнымалымен байқаусызда
шатасып кетуі мүмкін. Кейде зерттеу жарияланғанға дейін оны аңғармай
қалу қаупі бар. Чарльз Стангор (2004: 245) жүргізген мына зерттеуде шатас-
тыратын айнымалыны анықтай алдыңыз ба? Аэробикалық жаттығу депрес-
сияны азайтады деген гипотезаны сынау үшін Лиза Маккан мен Дэвид Холмес
(1984) орташа деңгейдегі депрессияға шалдыққан әйелдерді үш түрлі жағдай-
да байқап көрді: аптасына екі рет кездесіп, жаттығу жасау; субъектілер үйде
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
337
бұлшық етін жаттықтыратын босаңсыту эксперименті (плацебо) және экспе-
римент өткізілмейтін бақылау тобы. Барлық субъекті 5 және 10 апта бойы
сынақтан өткен соң жаттығу жасайтын топта ғана депрессияның азайғаны
айқын байқалды. Мұндай нәтижеге жаттығудан басқа не ықпал етуі мүмкін?
2. Төмендегі зерттеулердің әрқайсысына ішкі жарамдылыққа төнетін үлкен
қауіптерді анықтап, әр қауіп зерттеудің гипотезалық әсеріне қалай бәсекелі
түсініктеме болатынын түсіндіріңіз.
а. Трансценденталды медицинаның (ТМ) пайдасын жарнамалайтын оқу-
шылар қалашығының дәріскері 24 ай бойы немесе одан да ұзақ уақыт
ТМ тәжірибесінен өткен адамдардың есте сақтау қабілеті жақсараты-
нын және кездейсоқ таңдалған басқа адамдармен салыстырғанда са-
бағын жақсырақ оқитыны туралы деректер көрсетеді. Дәріскердің ай-
туынша, бұл деректер трансценденталдық медицинаның оқу қабілетін
жақсартатынына тікелей дәлел бола алады.
ә. Стефен Шенталер (1983) кәмелетке толмағандарды түзеу мекемесін-
дегі адамдардың қоғамға қарсы мінез-құлыққа тамақтануларын өзгер-
ту ықпалын зерттеді. Бір зерттеуде тұтқындардың рационын өзгертіп,
қанттың орнына бал салды; алкогольсіз сусындар мен Kool-Aid орнына
жеміс шырыны берілді; құрамында қанты көп ботқа, тәттілер мен тіс-
кебасарлардың орнына құрамында қанты аз қарапайым тәттілер ұсын-
ды. Мекемедегі сенімді институционалдық деректерді қолдана отырып,
Шенталер әр тұтқынның диета өзгерісінен үш ай бұрынғы және одан
үш ай кейінгі мінез-құлқын зерттеді. Есеп бойынша, олардың мінез-құл-
қындағы елеулі проблема айтарлықтай азайған.
б. «Сезам көшесі» атты телехикаяның балаларға ықпалын зерттеу үшін
сериалды көргенге дейінгі және кейінгі көрермендердің мектепалды
дайындығын (мысалы, әріп тану) тексерді. Тест кезінде басында аз балл
жинаған балалардың үлкен табысқа жеткені байқалды, яғни әлеуметтік
жағдайы төмен отбасынан шыққан бүлдіршіндер үшін басқалармен са-
лыстырғанда бағдарлама пайдалырақ болған.
3. Авторлар сұрыптауға байланысу әсері мен матурация ішкі жарамдылыққа
қауіп төндіретін экспериментке мысал келтіреді. Төмендегі болжамды экспе-
риментті елестетіп көріңіз. Колледждегі жаңа жазбаша интенсивті курстың
әсерін зерттеу үшін зерттеуші екі топ студенттерін бір семестр бойы сынай-
ды. Бір топ жазбаша интенсивті курсқа қатысатын бірінші топ студенттерінен
құралған, екінші топ мұндай курсқа қатыспайтын жоғарғы курс студенттері-
нен құралған. Семестр басында және соңында алынған тест бойынша жаз-
баша курсқа қатыспаған студенттерден гөрі, жазу стилін жақсарту курсына
қатысқан студенттер зор табысқа жеткен. Бұл нәтижеге сұрыптау-матурация
әсері қалай ықпал етті?
4. Есірткіге тәуелділікті бақылап, оның алдын алуға көмектесетін мемлекеттік
бағдарламаның бірі – Есірткіге шектен тыс пайдалануға қарсы тұру туралы
білім беру (DARE). DARE – мектептерде өтетін жоспарлы бағдарлама, оны
әдетте орта мектептің орта сынып оқушыларына (5–6 сынып) оқытады, бірақ
мұны балабақшадағыларға да, 12-сынып оқушыларына да қолданып көрді.
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ДИЗАЙН
338
Полиция қызметкері оқытатын бағдарлама студенттердің есірткі туралы
білімін арттыруға арналған, есірткіге қатысты теріс пікір қалыптастырып,
оны қолдануды ұсынған адамдарға қарсы тұруға көмектеседі. DARE бағдарла-
масының әсері бар-жоғын тексеруді біреу қолға алды екен делік. DARE жергілік-
ті мектептердің барлық 6-сыныбында оқытылатынын білген зерттеуші зерттеу
жүргізу үшін 10 сыныпты кездейсоқ сұрыптап алды. Оқу жылының басында ол
осы он кездейсоқ таңдалған сыныптың есірткі тұтынуға қатысты пікірін жазып
алады. Содан соң, жыл соңындағы балалар DARE бағдарламасымен танысқан
соң, ол есірткі тұтынуға байланысты пікірлерін қайта жинайды.
а. Осы тараудағы түсініктерді қолданып, зерттеу дизайнын сызып шығуға
тырысыңыз. Бұл зерттеудің негізгі ішкі қауіптері қандай және олардың
әрқайсысы нәтижеге қалай ықпал етеді?
ә. Зерттеуші балама дизайнды қолданып, екінші зерттеу жүргізбек болды
деп есептейік. Ол сол аймақтағы басқа мектеп жайлы естиді, ол жерде
DARE оқытылмайды, енді зерттеуші екі мектептің 6-сынып оқушыла-
рын салыстырып көрмек болады. Бұл жағдайда ол әр мектептегі 6-сы-
нып оқушыларымен байланыс орнатады, жыл соңында бәрінің есірткі
тұтынуға қатысты көзқарасын өлшейді. Осы зерттеудің дизайнын диа-
граммамен көрсетіңіз. Бастапқы зерттеудегі қандай ішкі жарамдылық-
қа төнетін жаңа қауіпті нәтижеге қарап көре алдыңыз?
б. DARE ішкі жарамдылығы бар эксперимент сынағын жүргізу үшін қандай
зерттеу функциясын бақылау керек? Түсіндіріңіз.
5. 8.1-қосымшадағы аудиторлық зерттеуде зерттеушілер өзара әрекеттесу әсе-
рін таппады деп санайық, бірақ нәсіл мен резюме сапасы бірдей сұхбаттасуға
шақыруға статистикалық тұрғыда елеулі ықпал еткен. Осы нәтижені 8.1-қо-
сымшадағы сызбаға ұқсатып, сызып шығыңыз.
Сілтемелер
1. Бұл бөлім және келесі үш бөлім Дональд Кэмпбелл мен Жулиан Стэнлидің осы
субъектілерге қатысты классикалық экспериментіне сүйенеді (1963).
2. Кэмпбелл және Стэнли (1963) жарамсыздық көзін сипаттау үшін бастапқыда
«өлу» терминін қолданған. Бірақ қазір жалпы қолданысқа енген «азаю» тер-
мині мағынаны дәл беретін сияқты.
3. Десек те, егер оқытушы кезекке қарамай сөйлейтіндердің аяқ астынан көбей-
гені үшін бір күні экспериментті бастаса, мұндай мінез-құлық посттест кезін-
де әдеттегі сынып бөлмесінде регрессия жасауы мүмкін.
4. Дегенмен мұндай дизайн эксперимент тобында болатын болжанбаған
оқиғаның әсерін өздігінен бақылай алмайды. Бұл проблеманы талқылау
және оған қатысты ұсыныстарды көру үшін қараңыз: Campbell and Stanley
(1963: 13–14).
5. Есте сақтаңыз, «бір уақытта бір істі ғана тындыру» принципі факторлы нәти-
жені талдау кезінде қолданылады. Бірінші әрі екінші қатардағы топтар айыр-
масы – А фактор манипуляциясы. Екі топ В факторы бойынша балама (әр қа-
тарда претестіленген және тестіленбеген субъектілердің саны бірдей) және
субъектілерді кездейсоқ таңдау жасау нәтижесі ретінде сыртқы айнымалылар
бойынша балама болуы керек.
6. Толық талқылауды көру үшін қараңыз: Shadish, Cook and Campbell (2002).
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
339
Тоғызыншы тарау
Сауалнама зерттеуі
Сауалнама зерттеуі – түрлі формада кездесетін кең танымал зерттеу әді-
сі. Әр адам өмірінде оның қандай да бір формасын кездестіріп, респон-
дент рөлін атқарады. Мысалы, сізді көшеде жаңалыққа репортаж дайын-
дап жүрген тілші тоқтатып, жергілікті немесе мемлекеттік маңызы бар
мәселе бойынша пікіріңізді сұраған шығар. Бәлкім, танымал журналға
жарияланған сауалнамаға жауап берген боларсыз. Жаңадан сатып ал-
ған өнімді тіркер алдында интернеттегі анкетаға жауап беруіңіз де мүм-
кін. Мәселен, АҚШ-та санақ өтіп жатыр екен дейік, ол кезде Америка
Құрама Штаттарының әр тұрғыны жайлы құпия ақпарат жиналады,
сондықтан сізден немесе отбасының басқа мүшесінен қажет деректерді
сұрайды. Қоғамдық пікірді білдіретін сауалнама нәтижесін оқысаңыз,
сауалнама зерттеуінің тұтынушысына айналасыз. Жаңа жерге көшіп, ол
жердің тұрғындарынан жергілікті мейрамханалар жайлы сұрасаңыз не-
месе басқа да қызметтер жайлы мәлімет алсаңыз, сіз де шағын «сауална-
ма зерттеуін» жүргізген болып шығасыз.
Ғылыми ортадан тыс жерде жиі қолданыла беретін сауалнама зертте-
уі – «әлеуметтік ғылымдарда, әсіресе әлеуметтану мен саясаттану ғы-
лымында дерек жинау үшін ең жиі қолданылатын әдіс» (Bradburn and
Sudman, 1988: 61). Ең танымал үш журналға талдау жасаған әлеуметта-
нушылар 2001–2010 жылдар аралығында жарияланып, ең көп сілтеме жа-
салған 105 мақаланың 79%-ы сауалнама нәтижесіне сүйеніп жазылғанын
анықтаған (Porter and Ecklund, 2012). Бұл тарауда түрлі сауалнама зерт-
теуінен мысал келтіреміз, оның біразын сауалнама нәтижесін пайдалана-
тын ірі мекеме – федералдық үкімет жүргізген немесе соның тапсырысы-
мен жазылған.
Сауалнама зерттеуінің басты сипаты
Сауалнамалар кәсіби сауалнама зерттеуіне тән сипаттарымен ерекшеле-
неді:
1. Негізгі жиынтық мүддесін көрсету үшін респонденттердің ауқым-
ды саны іріктеу процедурасы арқылы таңдалып алынады.
2. Респонденттерге сұрақтарды қою немесе жауабын жазу үшін жүйелі
анкета сұрақтары қойылады, не сұхбат алу әдісі қолданылады.
3. Жауаптар санмен кодталған және сан көмегімен талданады.
340
Нақты зерттеуге сүйене отырып осы үш сипатты мұқият талдап, әр си-
паттың ережеден ауытқитын тұсы жайлы да айтамыз.
Кең ауқымды ықтимал іріктеме
Кәсіби зерттеушілер негізгі жиынтықтың пікірін дәл бағалау үшін ғылы-
ми іріктеу процедурасы арқылы таңдалған үлкен іріктемені қолданады.
Ұлттық сауалнама кезінде әдетте мыңға жуық респонденттен жауап ала-
ды, бірақ мемлекеттік іріктеме сауалнамасына одан да көп адам қатысуы
мүмкін. Мысалы, Ұлттық білім берудегі ұзақмерзімді зерттеу орталығы
(NELS) жүргізген 1988 жылғы сауалнамаға 1 052 мемлекеттік және жеке
мектептерде оқитын 8-сыныптың 24 599 оқушысы қатысқан. Зерттеуге
қатысқан оқушылар мектептегі, отбасындағы және үйдегі оқиғалар жай-
лы түрлі сұрақтарға жауап берген. Бұл деректерге ата-аналар мен мұға-
лімдерден алынған ақпарат қосылған. Осы арқылы мұғалім мен оқушы
құрамы жайлы мектептің сипаттамасы айқындалған. Беккет Брох (2002)
өз зерттеуінде NELS дерегіне талдау жасап, оқу үлгеріміне мектептен тыс
іс-әрекеттің ықпалын анықтауға тырысты. NELS респонденттері берген
жауапты пайдалана отырып Томас Делейре мен Ариел Калил (2002) от-
басы құрамының жасөспірімдер дамуына төрт мәселе қалай әсер ететінін
зерттеген: орта мектепті бітірді ме, жоғары оқу орнына түсті ме, шылым
шегіп, ішімдік іше ме және жыныстық қатынасқа түсуді бастады ма? Бұ-
рынғы зерттеулер көрсеткендей, ата-анасы некеде тұрмайтын отбасы-
ның балалары әке-шешесі некелескен балаларға қарағанда барлық төрт
санат бойынша нашар нәтиже көрсеткен. Бір айрықша жағдай: әкесі не-
месе анасы ғана өсірген бірнеше буынның өкілдері де ата-анасы үйленген
балалар тәрізді жақсы нәтиже көрсеткен.
NELS зерттеуін АҚШ Білім министрлігінің Білім беру статистикасы
ұлттық орталығы атынан Қоғамдық пікірді зерттеудің ұлттық орталы-
ғы (NORC) жүргізген. Мұндай мемлекеттік зерттеулер уақыт, ақша және
қызметкер сияқты көп ресурсты қажет етеді, тәуелсіз зерттеуші немесе
шағын зерттеу тобының оған мүмкіндігі жете бермейді. Сондықтан да
шағын сауалнамада бір штат немесе жергілікті негізгі жиынтықтың пі-
кірі қамтылады, іріктеме саны шағын болады. Мысалы, Ким Фридкин,
Патрик Кенней мен Жак Криттенден (2006) Феникс метрополиясынан
кездейсоқ таңдалған алты аралас қоғамдық мектептегі 8-сынып оқушы-
ларына зерттеу жүргізіп, 166 ағылшынтілді, 37 афроамерикалық, 125
латынамерикалық және 58 байырғы америкалық оқушының саяси көз-
қарасын анықтауға тырысқан. Ағылшынтілді жасөспірімдер саясатқа
қызығушылық танытады, әрі үйлерінде саяси бағдарламалар көріп, мек-
тепте демократиялық машығын жетілдіреді және үкіметке қатысты оң
көзқараста екен. Жасөспірімдер арасында байырғы үндістер отбасында
және мектепте демократиялық машығын дамытуға мән бермейтін, саяси
жүйеге сенбейтін болып шыққан.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
341
Ықтимал емес іріктемені қолданып та пайдалы зерттеу жүргізуге бо-
лады. Мысалы, Патрик Карр, Лаура Наполитано мен Джессика Китинг
(2007) Филадельфияның қылмыс көп болатын үш ауданында тұратын 147
заңбұзушы мен заң бұзбаған жас жігіттер мен әйелдерден арнайы ірікте-
ме жасап, сауалнама жүргізген. Олардың көбі өз басынан өткен жағдай
мен құқықбұзушылыққа байланысты полиция жайлы теріс пікірде болса
да, аудандағы қылмысты азайту үшін қатал әрі әділетті полиция қажетін
мойындаған.
Осылайша кең ауқымды ықтимал іріктеме мінсіз десек те, сауалнама
іріктеме көлемі мен дизайны жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Бюд-
жетіңіз шектеулі болса немесе арнайы, қолданбалы зерттеу мақсатын
көздесеңіз, шағын көлемді зерттеу жүргізген қолайлы болмақ. Расымен
де, студенттер қомақты қаржыландыруды қажет етпейтін шағын зерттеу
жүргізе алады, сауалнама зерттеуін жасау қажет болса, олар кампуста-
ғы жолдастары арасында немесе жергілікті аумақ тұрғындарына телефон
шалу арқылы пікір жинай алады.
Жергілікті негізгі жиынтықтан сауалнама алумен шектелгісі келмей-
тіндер бірнеше ел ішінде іріктеме жинақтауы мүмкін. Салыстырмалы не-
месе кросс-ұлттық сауалнамада балама зерттеулер бірнеше мемлекет
арасында өткізіледі. Мысалы, 22 мемлекеттегі тұрмысқа шыққан 9 529
әйелдің сұхбатына сүйене отырып, Кэрри Иоданис (2005) «ажырасуға
ұлттық деңгейде толеранттық таныту некедегі гендерлік теңдіктің азаюы
не күшеюімен байланысты ма?» деген сұраққа жауап іздеді. Нәтижесінде
ажырасу қиындық туғызбайтын елдерде тұратын әйелдер күйеулерімен
отбасы шаруасын бөліп істейтінін айтқан. Осылайша ажырасу қиындық
туғызбайтын қоғамда үйдегі жұмысты тең бөлісу мүмкіндігі көбірек бо-
лып шықты.
Талдау бірліктері
Көп зерттеуде талдау бірліктері ретінде жеке тұлғалар алынғанмен, үне-
мі олай бола бермейді. Мысалы, Current Employment Statistics бағдарла-
масында жұмыс берушілер зерттеу бірлігі ретінде қаралады. Ай сайын
бизнес және үкіметтік мекемелерден 150 мың іріктеме алынып, АҚШ Ең-
бек статистикасы бюросы жұмыспен қамту, жалақы төлеу және жұмыс
уақытының ұзақтығы бойынша өзгерістерді өлшейді. Енді бір жағдай-
да қалалар зерттеу бірлігіне айналды, «тіске пайдалы болуы үшін суды
фторлау керек пе?» деген мәселені талқылау кезінде әр қаланың ұсыны-
сы қаралады. 1950 жылдары қоғамда көп дау тудырған фторлау мәселе-
сі әлеуметтанушылардың қалалардағы саяси шешім қабылдау процесін
зерттеуіне жақсы мүмкіндік туғызды. Қалалардың фторлау мәселесін қа-
лай шешіп жатқанын білу үшін Роберт Крейн, Элиху Кац және Дональд
Розенталь (1969) 1 181 қаланың үш информанты – денсаулық сақтау өкі-
ліне, қаладағы ең үлкен газет редакциясы мен қалалық клеркке анкета
жіберді. Бір қорытындыға сүйенсек, қала мәселені референдум арқылы
шешкенде фторлауға қарсы көрсеткіш 5:1 болған.
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
342
Жүйелі процедуралар: сұхбаттар мен анкеталар
Сауалнама ақпаратты сұхбат алу арқылы және өздігінен толтырылатын
анкеталар арқылы алады. 8-сынып оқушылары арасында өткен саяси
көзқарасқа қатысты зерттеуде сұхбат алуға сүйенді; қылмыс деңгейі көп
аудандағы жастарды зерттеуде сұхбат алу мен өздігінен толтыратын ан-
кета аралас қолданылды; қалалықтардың саяси шешім қабылдауын зерт-
теуде тек анкета пайдаланылды.
Анкета арқылы сауалнама жүргізудің тағы бір мысалы – колледждегі
ішімдікке үйірлікті зерттеу (Wechsler and Nelson, 2008 қараңыз). Бұл кез-
де Американың колледж студенттерінің ішімдік ішуге үйірлігіне қатыс-
ты мемлекеттік деңгейде зерттеу жүргізілді. Электрондық пошта арқылы
жүргізілген анкетаға 120 колледждің 50 мыңнан астам студенті қатысып,
ішімдік ішу әдеттері мен басқа да денсаулық мәселелері жайлы түрлі сұ-
рақтарға жауап берген. Ең қайшылықты нәтиже ішімдікке салынуға қа-
тысты еді. Яғни зерттеуге дейін ер адамның бес не одан да көп ішімдік
түрін екі апта бойы үзбей ішуі және әйел адамның осынша уақытта төрт
не одан да көп ішімдік түрін тоқтамай ішуіне қатысты болатын. 1993,
1997, 1999 және 2001 жылдары жүргізілген зерттеуде зерттеушілер жауап
берген бес студенттің екеуі осындай ішімдікке салынғанын анықтады.
Ішімдікке салынғандар, соның ішінде тоқтамай ішетіндер анда-санда
ішетіндермен салыстырғанда алкоголь мен денсаулыққа қатысты түрлі
қиындықтарға ұшыраған. Мысалы, сақтанбаған және жоспарланбаған
жыныстық қатынас, кампус полициясының көзіне түсу, мүлікті бүлдіру
және жаралану.
Құрылымдалмаған және құрылымдалған сұхбат алу
Сауалнаманы зерттеуші қандай тәсілмен жұмыс істесе де – сұхбат алу әді-
сін таңдаса, анкетаны ғана қолданып, яки екі әдісті біріктірсе де, процеду-
ра деректің сенімділігін арттыру үшін респонденттердің бәріне лайықта-
лып стандартталған. Құрылымдалған сұхбатқа тән сипаттар: мақсаты
нақты, сұрақтардың барлығы алдын ала жазылады, барлық респондентке
бір тәртіппен қойылады, сұхбат алушы кіріспе мен қорытындыда ескер-
ту жасауға құқылы емес, тақырыптан-тақырыпқа өтуге немесе жауапты
толықтыру үшін қосымша сұрақтар қоюға («шолу» деп аталады) рұқсат
етілмейді. Бұл ереженің де сақталмайтын кездері бар, мысалы, ақпарат-
тық және ғылыми мақсатта жүргізілетін сұхбаттар кейде ресми немесе
құрылымдалған форманы сақтамайды.
Құрылымдалмаған сұхбатта мақсат жалпылама болды, әңгіме кең
ауқымда өтеді және сұхбат кезінде кез келген сұрақты қойып, әңгімені
өрбіте беруге болады. Сұхбат алушы тақырыпты өзі қалаған мәселеге бұ-
рып, респонденттің білімін, тәжірибесін немесе ой-пікірін білу үшін әң-
гімені басқа тақырыпқа бұра алады. Құрылымданбаған сұхбатқа мысал
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
343
ретінде журналистің танымал тұлғадан алған сұхбатын айтуға болады,
ол танымал адамның жеке өмірі, қызығушылығы мен өмір салты жайлы
көбірек білу үшін қалаған сауалын қояды. Жартылай құрылымдалған
сұхбат алу екеуіне де ұқсайды, онда нақты мақсат болады, бірақ әңгіме-
лесу барысында сұхбат алушыға қатты шектеу қойылмайды. Сұхбат ау-
қымы қосымша тақырыппен шектелген әрі негізгі сұрақтарды алдын ала
дайындап алу талап етіледі.
Құрылымдалған, жартылай құрылымдалған немесе құрылымдалмаған
сұхбат әдісінің қайсысын таңдауды зерттеуші өзі шешеді. Мысалы, Мек-
сика тұрғындарының Америка Құрама Штаттарына миграция жасауын
зерттеу кезінде Дуглас Мэсси мен оның әріптестері (1987) деректердің
нақты мөлшерін жинауды көздеді, бірақ жоғары құрылымдалған әдісті
қолданбауды ұйғарды, себебі зерттеу жүргізетін тақырып абайлауды қа-
жет ететін мәселе еді, әрі респонденттердің тәжірибесі шектеулі болды
(көбі орта білімді немесе сауатсыз). Олар жартылай құрылымдалған сұх-
батты таңдады, әр отбасы мүшесіне арнап қосымша тақырып немесе де-
рек жинау қажеттігін ескерді. Сұхбат алушыға сұрақты әзірлеуде еркіндік
беріледі және сұхбат барынша ресми өтуі үшін, респонденттерді үркітіп
алмауы үшін уақыттан шектемейді. Икемді, жартылай құрылымдалған
сұхбат арқасында әр респонденттен салыстыруға тұрарлық немесе стан-
дарт жауап алу үшін сұхбат алушы жан-жақты дайындықтан өтеді, сырт-
тай бақылауда болады. Бұл әдістің нәтижесін үштен беске дейін мұқият
таңдалған қауымдастықтың жыл сайынғы ықтимал іріктемесімен бірік-
тіргенде АҚШ-қа миграция жасаған мексикалықтар саны жайлы толық
ақпарат алуға болады.
Зерттеу мақсаты факт жинау немесе нақты санға негізделген сипат-
тама емес, респонденттер тәжірибесінің мәнін түсіну болса, көбіне құ-
рылымдалмаған сұхбат қолданылады. Бұл әдіс гипотеза мен теория да-
йындауда барынша икемді болуға мүмкіндік береді, бірақ сауалнама
зерттеуіне көп қатысы жоқ; себебі соңғысы ықтимал емес іріктеме мен
сапалы талдауды қамти алмайды. Карр, Наполитано мен Китинг (2007)
полицияға қатысты көзқарасты зерттеген кезде жасөспірімдердің поли-
ция мен құқық қорғау мекемесіне қатысты күрделі ұстанымдарын білу
үшін құрылымдалмаған сұхбатты қолданды. Қандай мәселе туғанын
анықтау үшін зерттеушілер сұхбатты алдымен микрофонға жазып алды,
содан кейін оны көшіріп, деректі талдайтын бағдарламалық жасақтама
арқылы кодтады. Екі негізгі тақырып «полиция» және «қылмысты қалай
азайту керек» болды. Кейде осы сұрақтарға жауап алу үшін тікелей сұ-
рақ қою қажеттігі туды, бірақ жасөспірімдердің көбі басқа сұраққа жауап
бергенде полиция жайлы айтып өтті. Мысалы, «өзіңіз тұратын ауданды
сипаттаңыз» немесе «күнделікті өмірде қандай қиындыққа тап боласыз?»
деген сұрақ қойылғанда полиция жайлы айтылды. Жауаптар тексерілген
кезде қылмыс өршіген ауданда тұратын жасөспірімдердің көзқарасына
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
344
құқық қорғаушылармен бетпе-бет келгендегі тәжірибесі ықпал еткені
анықталды. Кейбір зерттеу мақсаты үшін әлеуметтік зерттеуші екі-үш
сұхбат түрін қатар қолданады, басында еркін құрылымдалған сұхбаттан
бастайды, соңында қатаң құрылымдалған сұхбатпен аяқтайды. Сұхбатқа
кірісер алдында еркін стильді ұстансаңыз, мол әрі әр алуан жауап аласыз.
Бұл әдіс зерттеушінің гипотеза жасауына немесе оны терістеуіне көмек-
теседі, мақсатты айқындап, әрі қарай жартылай құрылымдалған сұхбат
жүргізу үшін қосымша тақырып таңдауға мүмкіндік береді. Сұхбаттың
екінші жиынтығынан алынған нәтиже қатаң құрылымдалған анкета сұ-
рағын дайындауға ыңғайлы болмақ.
Сандық деректерді талдау
Деректерді талдау тәсілі сауалнаманың мақсаты сипаттау ма, түсіндіру
ме, әлде екеуінің комбинациясы болатынына қарай анықталады. Негізі-
нен, дескриптив мақсатта жүргізілетін сауалнаманың белгілі бір сипаты,
көзқарасы немесе тәжірибесі бар негізгі жиынтық ішіндегі дистрибуция-
ны сипаттауға тырысады және талдаудың қарапайым формаларын қол-
данады. Түсіндірме сауалнама екі немесе одан да көп айнымалы арасын-
дағы байланысты зерттеу үшін сипаттау аясынан шығып, осы байланыс-
ты себеп пен салдар тұрғысынан түсіндіруге тырысады. Айнымалылар
арасындағы байланысты анықтау бұдан да күрделі деректі талдау тәсіл-
дерін қолдануды қажет етеді (деректерді талдау туралы он бесінші және
он алтыншы тарауларда толығырақ баяндаймыз).
Негізінен, дескриптив зерттеудің мысалы ретінде Ұлттық денсаулық
және әлеуметтік өмір салтын зерттеуге арналған сауалнаманы (NHSLS)
айтсақ болады. Бұл кезде 18–59 жас арасындағы ересектер ұлттық ық-
тимал іріктеме ретінде алынып, олардан сексуалды ұстанымы мен тәжі-
рибесі жайлы сұрады (Laumann et al., 1994). Бастапқыда ЖИТС індетіне
қатысты түрлі сексуалды мінез-құлықтың кең тарауы жайлы ұлттық ста-
тистика болмағандықтан, соны зерттеу мақсатында NHSLS зерттеуі фе-
дералдық агенттіктер мен кереғар саясаткерлердің әрекеті арқасында ау-
қымды зерттеуге айналды, бірақ іріктеме саны жоспардағыдан аз болды
(20 мың адамның орнына 3 432 адам қатысты), оны мемлекет емес, жеке
қорлар қаржыландырды.
NHSLS анықтаған қызық қорытынды деп біржыныстылар арасындағы
сексуалды белсенділік пен мәжбүрлі сексуалды мінез-құлықты айтуға бо-
лады. Сұхбат берген әйелдердің 1,4%-ы, ал ерлердің 2,8%-ы ғана өздерін
«гомосексуал» немесе «бисексуал» деп атаған. Дегенмен де респондент
өзі толтырып, аузы жабылатын конвертке салған анкетада әйелдердің
4,3%-ы, ерлердің 9,1%-ы жыныстық тұрғыда жетілген кезеңнен бастап
өз жынысына жататын адаммен жыныстық қатынасқа түскенін айтқан.
Осы және өзге де NHSLS жүргізген зерттеулердегі гомосексуалдық дең-
гейі ықтимал іріктеме қолданбаған Кинсли есебі мен басқа зерттеулерге
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
345
қарағанда әлдеқайда аз (Laumann et al., 1994: 286–90). Қаламаса да жы-
ныстық қатынасқа мәжбүрлеу әр жыныста әртүрлі болып шықты. Ерлердің
2,8%-ы ғана әйелді қаламаса да жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін айт-
қан. Бірақ әйелдердің 21,6%-ы ерлердің күштеп көндіргенін жеткізген.
Жоғарыда аталған NELS (Ұлттық білім берудегі ұзақмерзімді зерттеу
орталығы) түсіндірме сауалнама зерттеуін ұсынады. Зерттеу алғашқы
сауалнамамен 8-сынып оқушыларына мектептегі тәжірибесіне қатысты
жүргізіліп, 2, 4, 6 және 12 жылдан кейін кейінгі сауалнамамен жалғасты.
NELS зерттеуінің жалпы мақсаты – 8-сыныптағы тәжірибенің орта мек-
тептегі оқу үлгеріміне байланысын анықтау мен кейінгі өміріне қалай
ықпал еткенін білу. Деректің молдығы зерттеушілерге түрлі факторлар-
дың ықпалын тексеруге мүмкіндік береді, мысалы, оқушылардың мек-
тептегі тәжірибесі мен іс-қимылы; олардың қатарластары, ата-анасы
және оқытушылармен қарым-қатынасы; мектептің оқушыларға әсері:
олардың оқу үлгеріміне, мектепте қалуға тырысуына, жоғары білім алуға
ұмтылуына және мамандық таңдауына ықпалын қарастырады.
Cауалнаманы екінші рет талдау
Осыған дейін келтірілген мысалдардың көбінде әр сауалнаманың тақы-
рыбы болды және зерттеушілер идеясын ойластырып, зерттеу дизайнын
дайындаудан бастап деректі жинау, талдау және ұсынуға дейін зерттеу
жобасының барлық кезеңіне өздері жауапты болды. Бұл ең басты әдіс-
тің бірі болса да, қазіргі кезде зерттеушілер түпнұсқа зерттеуді жасаған
адамның немесе агенттіктің сауалнама дерегін алып, соған талдау жа-
сауға бейімделген. Зерттеуші өзі жасамаған, басқаның жинаған дерегін
алып, соны талдаған зерттеу жұмысын сауалнаманы екінші рет талдау
деп атаймыз. Беккет Брох пен басқалардың NELS дерегін талдауы осын-
дай зерттеу түріне жатады.
Зерттеу стратегиясының бұл түрінің негізгі артықшылығының бірі –
бірнеше сауалнамадан алынған деректі жинау арқылы іріктеме көлемін
айтарлықтай ұлғайтуға болады. Мысалы, білімнің ұзақмерзімді әсерін
зерттеген Херберт Хайман, Чарльз Райт пен Джон Шелтон Рид (1975)
1949 және 1971 жылдар аралығында жүргізілген, 76 671 респонденттен
алынған жауапты қамтитын 54 сауалнаманы үш дереккөзден – Гэллап
сауалнамасынан, Чикаго университетіндегі АҚШ Білім министрлігі Білім
беру статистикасы ұлттық орталығы атынан Қоғамдық пікірді зерттеудің
ұлттық орталығы (NORC) және Мичиган университеті жанындағы Сауал-
маналық зерттеу орталығының деректерінен жинақтады. Білім ауқымы
мен білімге қатысты сұраққа берген дұрыс жауаптар арасында оң бай-
ланыс өте жоғары болғанына таңғалудың керегі жоқ шығар. Дегенмен
бұл өнер мен білім саласына қатысты «академиялық» сұрақтарды ғана
қамтиды деуге болмайды, заманауи оқиғалар мен танымал мәдениетке
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
346
қатысты мәселелерге де қолдануға болады. Оның үстіне, уақыт өткен са-
йын байланыс тұрақты болды, яғни білімнің тұрақты әсерінің бірі – өмір
бойы үйренуге дайын болу және ақпарат іздеуге ұмтылу.
Сауалнаманы екінші рет талдаудың ертедегі үлгісі ретінде тұрғындар
санағын айтуға болады, ал 1950 жылдардан бастап қоғамдық пікірді бі-
луге арналған сауалнамалар қосылды. Дегенмен бұл деректер әкімшілік
және журналистік мақсатта ғана жиналды. Бұрынғы сауалнамаларды
қайта талдаудың қарқын алған кезі 1970 жылдар болды, жоғары сапа-
лы деректі әлеуметтік ғылымдарды зерттеу қауымдастығы пайдалана
алуы үшін арнайы сауалнамалар пайда болды (Glenn, 1978). Осындай ау-
қымды зерттеудің бірінші үлгісі Жалпы әлеуметтік зерттеу (GSS) болды,
1972 жылы басталған жұмыс жыл сайын, 1994 жылға дейін жүргізіліп
отырды (тек 1979, 1981 және 1992 жылдары жасалмады). Жалпы әлеу-
меттік зерттеудің әрқайсысында 1 500-ге жуық респондент қамтылды, ол
Америка Құрама Штаттарындағы негізгі ересек жиынтықтың ықтимал
іріктемесінен алынды. 1994 жылы басталған жалпы әлеуметтік зерттеу
1 500-ден екі іріктеме алып, екі жылда бір өткізілетін болды. Ал 2006 жылы
үшінші іріктеме қосылды, ол айналмалы үш толқынды панель түрінде
4 510 адамды қамтыды. 2006 жылғы панельден 2008 және 2010 жылдары
қайтадан сауалнама алынды, әр GSS (жалпы әлеуметтік зерттеу) жаңа
бір панель мен екі алдыңғы панельдің қайталама сұхбатын қамтыды.
Тақырыбы бар көптеген сауалнамадан басты айырмасы, Жалпы әлеу-
меттік зерттеу эклектикалық, сұрақтар ауқымды көзқарас пен мінез-құ-
лықты қамтиды. Әр GSS сауалнамасында әлеуметтік тренд зерттеуін же-
ңілдетуге арналған, жылдар бойы қайталанатын сұрақтар да шет қалма-
ған. 1972 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі аралықта 20 немесе одан да
көп жылға арналған 363 айнымалы үшін уақыт тренді бар. Әр сауалнама-
ның қалған бөлігі тақырыптық және кросс-ұлттық модульдерге арналған.
Олар арнайы тақырыпқа қатысты сұрақтарды қамтиды. Халықаралық
әлеуметтік зерттеулер бағдарламасы (ISSP) қаржыландыратын кросс-
ұлттық модульдерді елуден астам ынтымақтас мемлекеттер өз зерттеуле-
рінде қолданады. Йоданис (Yodanis) 1994 жылғы ажырасу мәдениеті мен
некедегі гендерлік теңдікке арналған салыстырмалы зерттеуінде отбасы
және гендерлік рөлдің өзгеруі жайлы ISSP модулін пайдаланды.
2014 жылғы жалпы әлеуметтік зерттеу ғылымға қатысты білім мен
көзқарас жайлы, жұмысқа қабілеттілік, ортақ капитализм, әл-ауқат, жұ-
мыс және отбасы тепе-теңдігі, әлеуметтік бірегейлік, әлеуметтік оқшау-
лану мен азаматтық араласу жайлы тақырыптарды қамтиды және ұлттық
бірегейлік пен азаматтыққа арналған ISSP модулі бар. Жұмысқа қабілет-
тілік сапасына арналған модуль 2002, 2006 және 2010 жылғы сұрақтарда
қайталанады. Онда жұмыс өтемақысын төлеу әдісі, жұмыс кестесі, жұмыс
пен отбасын араластыру, жұмыс сипаттамасы, карьера жасау мүмкінді-
гі, жұмыс қауіпсіздігі, әріптестермен қарым-қатынас және менеджмент,
дискриминацияға қатысты сауалдар қойылған. ISSP модулі жақсы азамат
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
347
болу жайлы пікірлерді, диссиденттердің азаматтық еркіндігі жайлы, сая-
си және әлеуметтік іс-қимылдың түрлі формаларына араласу, топқа мүше
болу, демократиядағы адам құқығы жайлы ойлар мен үкімет және саясат-
қа қатысты көзқарасты анықтайтын сауалдарды қамтиды.
Жалпы әлеуметтік зерттеуден алынған деректер әлеуметтану мен өзге
де ғылыми курстарды оқытуда жиі қолданылады, әсіресе ондағы статис-
тикаға көп сілтеме жасалады (қараңыз: Вabbie, Halley, and Zaino, 2007;
Frankfort-Nachmias and Leon-Guerrero, 2015). Оған қоса, GSS талдауы 26
мыңнан астам кітап, мақала, тарауларға енген. PhD диссертацияларында
соған көп сілтеме жасалады (Қоғамдық пікірді зерттеудің ұлттық орталы-
ғы, 2016). Біз жалпы әлеуметтік зерттеу дерегін он бесінші және он ал-
тыншы тарауларда жан-жақты қолдандық. Осы тарауда және одан кейін
сол деректерді алу үшін қолданылған зерттеу әдістері мен материалдары
жайлы баяндаймыз. Осы арқылы оқырман маңызды дерекқормен таныса
алады.
Сауалнама зерттеуі дизайны
Зерттеу дизайны әдетте жоспарға немесе зерттеудің жалпы құрылымына
сүйенеді. Эксперименттердің гипотезаға басымдық беретін маңызды ерек-
шелігі бұл зерттеудің нақты гипотезаға қалай талдау жасайтынын көр-
сетеді. Дегенмен сауалнаманың бұл аспектісіне аса мән беріле бермейді.
Сауалнама идеясы – адамдарға сұрақ қою арқылы айнымалыларды өлшеу,
содан соң өлшемдер арасындағы байланысты тексеру. Дизайнның негізі –
сұрақты бір рет қою немесе оны белгілі бір уақытта қайталап отыру.
Кросс-секциялық дизайндар
Ең жиі қолданылатын зерттеу дизайны – кросс-секциялық дизайн. Бұл
кезде іріктеме дерегі немесе белгілі бір мақсатты негізгі жиынтық белгісі
ретінде таңдалған респонденттердің «кросс-секциясы» бір уақыт аралы-
ғында жиналады. «Белгілі бір уақыт аралығы» дегенде респонденттерден
бір уақытта сұхбат алынады немесе дербес толтырылатын анкета бір уа-
қытта жиналады дегенді айтып тұрған жоқпыз (дегенмен кейбір зерттеу-
де анкета бір болуы мүмкін). Көбіне деректер мүмкіндігінше тез жинала-
ды. 2014 жылғы жалпы әлеуметтік зерттеуге сәуірден қазанға дейін 6 ай
уақыт кетті, 151 сұхбат алушы 3 842 респонденттің жауабын толтырды
(T.W. Smith, Personal communication, 2016). Жоғарыда мысалға келтіріл-
ген зерттеулердің көбі – кросс-секциялық дизайндар.
Кросс-секциялық сауалнама дизайнының екі нұсқасы жеке мінез-
құлыққа әлеуметтік контекст пен тұлғааралық қарым-қатынастың ық-
палын зерттеуге әлеуметтік қызығушылық туғандықтан пайда болды.
Кросс-секциялық сауалнамалар көлемі мен ақпарат дәлдігі жағынан
шектеулі, яғни респондент болған жеке тұлға өзі кіретін топ немесе орта
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
348
жайлы толық ақпарат бере алмайды. Контекстік дизайндар мен әлеумет-
тік желі дизайндары бұл мәселені шешеді. Өйткені олар бір әлеуметтік
контекстегі жеке тұлға мен қарым-қатынасты зерттейді.
Контекстік дизайнда белгілі бір топтар немесе контекстер аясына
кіретін жеткілікті кейстер іріктеліп алынады, олар сол контекстің нақты
ерекшелігін сипаттайды. Дорис Энтвисл, Карл Александер және Линда
Олсон (1994) осы дизайнды қолдану арқылы математикадан жетістік-
ке жетудегі гендерлік ерекшелікке, ұлдардың қыздардан басым түсуіне
мектеп немесе ауданның контекстік ресурсы әсер ете ме, жоқ па деген
сұраққа жауап іздеді. Зерттеушілер алдымен Балтимордағы 20 бастауыш
мектепті сұрыптап алды, содан соң әр мектептің 1-сынып оқушыларын
таңдады. Оқудың алғашқы 2 жылында оқушының математикалық машы-
ғының жақсы болуы жеке тұлға деңгейіндегі айнымалысына қарап бол-
жанды (математикалық ойлаудың бастапқы балы, нәсілі, жынысы, ата-
анасының білімі, отбасының экономикалық жағдайы) және контекстік
деңгейдегі айнымалы да есепке алынды (20 мектептегі сауалнама алын-
ған әр оқушының ата-анасының мектепте оқыған жылының орта есебі,
мектептегі оқушылардың нәсілдік үлесі және сол аудандағы отбасының
орташа табысы). Талдау көрсеткендей, қыздарға қарағанда ұлдардың ма-
тематикалық машығын жетілдіруге үйден тыс ресурстар көп ықпал еткен
(мектеп пен тұратын ауданы).
Әлеуметтік желі дизайны әлеуметтік акторлар (адамдар, ұйымдар,
мемлекеттер т.б.) арасындағы қарым-қатынасқа немесе байланысқа қат-
ты мән береді және байланыс желісі арқылы өтетін транзакция ағынына
(процестері) назар аударады.
1
Желіні (нетуорк) қолдаушылар акторлар-
ды әлеуметтік ортасынан (желі байланысы) оқшаулайтын аналитикалық
тәсілдерді қабылдамайды және мінез-құлықты актордың атрибуттары
(сипаттамасы) тұрғысынан ғана түсіндіреді. Мысалы, әлеуметтік психо-
логтар (1) ортақ мүддесі мен құндылығы бір болса (дәстүрлі атрибуты
бар әдіс) және (2) ортақ достары болса (желілік байланыс) екі адамның
достасу мүмкіндігі артады деп болжай алады.
Әлеуметтік желі дизайны зерттелетін топтағы әр адамнан сұхбат алу-
ды талап етеді. Осылайша респонденттерден ең жақсы досы кім екенін,
нақты жобада кіммен жұмыс істегісі келетінін немесе кімнен кеңес сұ-
райтынын білу арқылы жеке қарым-қатынас желісін анықтауға болады.
Ер адамдар үстемдік ететін жарнама фирмасының әлеуметтік желісін
зерттеген Эрминия Ибарра (1992) әйелдердің қымбатқа түсетін диф-
ференциалданған өзара әрекеттесу желісін жасауға мәжбүр болғанын
анықтады. Ол үшін әйелдер (1) дос әрі қолдаушы ретінде басқа әйелдерді
тартқан және (2) ер адамдарды құрал (жұмысқа қатысты) ретінде пайда-
ланған. Ал ер адамдар басқа еркектерді құрал ретінде де, басқа мақсат-
тар үшін де таңдаған.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
349
Ұзақмерзімді дизайндар
Кросс-секциялық дизайндар белгілі бір уақытта дерек жинауды талап
ететіндіктен, себеп-салдарды байланыстың бағытын ылғи нақты көрсе-
те бермейді және процесс пен өзгерісті зерттеуге әркез жарай бермейді.
Зерттеушілер айнымалылар арасындағы логикалық байланыс жайлы қо-
рытындыны өздері жасай алады, ал өткен және қазіргі оқиғалар жайлы
респонденттерден сұрауға болады. Бірақ осы тәсілдердің екеуінен де қате
шығады. Себеп-салдар бағдары жайлы мықты қорытынды жасап, өзгеріс
заңдылығын барынша нақты зерттеу үшін сауалнаманы зерттеушілер
ұзақмерзімді дизайн әзірледі, онда кейбір сұрақтар екі рет немесе одан
да көп қойылады. Сұрақтар бірдей жалпы негізгі жиынтықтың таңдалған
іріктемесіне, тәуелсіз немесе жеке тұлғаларға қайталап қойылуы мүм-
кін. Нәтижесінде ұзақмерзімді дизайнның негізгі екі түрі пайда болады:
трендтік зерттеу және панельдік зерттеу.
Трендтік зерттеу қайталама кросс-секциялық дизайнынан құралады.
Ол кезде әр сауалнама бір элементтің дерегін жинайды немесе бірдей
мақсатты негізгі жиынтықтың жаңа, тәуелсіз іріктеме айнымалысының
дерегін қамтиды. Соның арқасында тұтас негізгі жиынтықтағы тренд-
терді немесе өзгерістерді зерттеуге болады. Трендтік зерттеуге Америка
Құрама Штаттарындағы (мақсатты негізгі жиынтық) жұмыссыздықты
бағалауға арналған ай сайын жүргізілетін мемлекеттік сауалнамада көр-
сетілген, сондай-ақ сайлау жақындаған кезде тіркелген сайлаушылардың
(мақсатты негізгі жиынтық) кандидат таңдаудағы талабын көрсететін
қоғамдық пікірдің қайталама сауалнамасы мысал бола алады. Мәселен,
біржыныстылардың үйленуін қолдауға қатысты жалпы әлеуметтік зерт-
теу трендтерін талдау кезінде проблема алғаш көтерілген 1988 жыл мен
2014 жыл арасында жер мен көктей айырма барын көрсетті. 1988 жылы
«гомосексуал жұптар бір-біріне үйлену құқығы болуы керек» деген пікірді
респонденттердің 12%-ы қолдаса, 73%-ы келіспеген. 2010 жылы келіспеу-
шілерге қарағанда келісушілер көбірек болған, ал 2014 жылы алғаш рет
көпшілік (57%) болып қолдаған (Associated Press – NORC Center for Public
Affairs Research, 2015).
Ең дұрысы, тренд жайлы барлық ақпарат Жалпы әлеуметтік зерттеу-
дегі сияқты белгілі бір уақыт аралығында қайталанып тұратын өлшем
арқылы алынуы керек. Алайда трендтік зерттеу көбіне тұрақты қайта-
ланбайды, сондықтан деректер тұрақты алынбайды. Мысалы, 1993 жылы
Данчинг Руан мен әріптестері (1997) Қытай қаласында 1986 жылы өт-
кізілген әлеуметтік желіге қатысты сауалнаманы қайталап өткізді, сол
арқылы Қытай қоғамындағы құрылымдық өзгерістердің жеке қарым-
қатынасқа ықпалын тексермек болды. Екі сауалнамада да респондент-
терден соңғы алты айда маңызды мәселені бірге талқылаған адамдар-
ды атауды сұраған. 1986 жылы сауалнамаға қатысқандар жұмыстағы
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
350
әріптестерін (44%) және туыстарын (39%) атаған болатын. 1993 жылғы
қайта зерттеу жеке қарым-қатынаста үлкен өзгеріс болғанын көрсетті.
Пікір алмасатын адам ретінде көпшілік достары мен ынтымақтастарын
атаған, ал жұмыстағы әріптестері мен туыстарын көрсеткендер аз бол-
ған. 1986–1993 жылдар аралығында адамдардың пікір алмасу ортасында
болған өзгерістерге әлеуметтік жағдайдың өзгеруі, дәстүрлі жұмыс ор-
нының рөлі азайып, нарықтық экономика дамыған сайын жаңа мүмкін-
діктің артуы ықпал еткен.
Трендтік зерттеудің көбі уақыт аралығындағы негізгі жиынтықтағы
өзгерістерді өлшейді. Қартаюдың дамуға ықпалы мен хронологиялық
өзгерістерді зерттеу үшін нақты бір адамдар тобына назар аудару керек.
Бұл топқа белгілі бір уақыт аралығында өміріндегі маңызды оқиғаны ба-
сынан өткерген адамдар (ұйымдар немесе аудандар сияқты басқа да бір-
ліктер) кіреді (Glenn, 1977). Когорта қалыптастыруға ықпал ететін не-
гізгі өмірлік жағдай – адамның дүниеге келуі. Онымен қоса, үйлену, орта
мектепті бітіру, медициналық институтқа түсу т.б. оқиғалар да болуы
мүмкін. Демографтар баяғыдан негізгі жиынтық трендін болжау үшін са-
нақ дерегіне сүйеніп туу когортасына талдау жасайды. Соңғы ширек ға-
сырда әлеуметтік зерттеушілер қайталама кросс-секциялық сауалнама-
дағы когорта өзгерісін бақылай отырып, түрлі көзқарас пен мінез-құлық-
қа когорттік зерттеу жасай бастады. Когорталар адамның туған күнінен
бастап анықталады (яки бақыланады). Мысалы, 1972 жылғы когорта
1990 жылғы сауалнамада 18 жаста, 2000 жылғы сауалнамада 28 жаста, ал
2010 жылғы сауалнамада 38 жаста болады.
Когорттік-трендтік зерттеу уақыт аралығындағы үш түрлі ықпалды
зерттеуге мүмкіндік береді. Осы ықпал мен оны нақты уақытта зерттеу
қиындығы жайлы түсінік қалыптастыру үшін жас көрсеткіші мен некеге
дейінгі жыныстық қатынасты қамтитын кросс-секциялық сауалнама жүр-
гізу мүмкіндігін қараңыз. Мысалы, Жалпы әлеуметтік зерттеу (GSS) мы-
нандай сұрақ қояды: «Елімізде секске қатысты көзқарас пен моральдың
өзгергені жайлы пікірталастар көбейді. Жігіт пен қыз некелесуге дейін жы-
ныстық қатынаста болса, оны жалпы мүлдем дұрыс әрекет ретінде құптай-
сыз ба? Әлде кейде бұл істің бұрыс болатын кезі бар ма? Әлде анда-санда
ғана бұрыс іс санала ма? Әлде мұның еш сөкеттігі жоқ па?» Егер осы сұрақ-
қа берілген жауаптар уақыт өтіп, когорта мүшелері есейген сайын консер-
вативті бола түссе (некеге дейінгі жыныстық қатынас үнемі немесе көбіне
қате) ол мынадай үш ықпалдың бірінің нәтижесі болуы мүмкін: өмірлік
бағыт (адам есейген сайын консерватив болады), когорта (ересек буын
жас буынға қарағанда консерватор) немесе тарихи кезең (басым мәдениет
уақыт өткен сайын консерватив бола түсті, осылайша некеге дейінгі жы-
ныстық қатынасқа либерал қарауды ортасы құптамайды).
Кросс-секциялық дерек мәселесі – мұндай түрлі әсерлерді ажыра-
ту қиын. Жалпы алғанда, ұзақмерзімді дерек пен когорта талдауы бұл
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
351
мақсатқа жарамды, дегенмен оқырмандар бұл әдістердің нақты себеп-
салдар тұжырымын сирек беретінін білуі керек (Glenn, 1977). Когорттік
зерттеудің бір мысалы ретінде – Дэвид Хардинг пен Крифтофер Женкс
(2003) өткізген зерттеуді айтсақ болады. Аталған зерттеуде адамның
жасы, когортасы және өмірлік кезеңінің некеге дейінгі жыныстық қа-
тынасқа қатысты көзқарасын қалай өзгерткені талданған. 1972 жылдан
1998 жылға дейінгі GSS дерегін, 1965 жылғы NORC сауалнамасын және
1962, 1969, 1973 жылдардағы Гэллап сауалнамасын қолданған Хардинг
пен Женкс іріктемені он жылдық жас когортасына бөлді, яғни респон-
денттер 18 жасқа толған 1920 жылдан бастап 1990 жылға дейінгі уа-
қытты зерттеуге алды. Жалпы алғанда, олар 1962 жылдан бері некеге
дейінгі жыныстық қатынасқа либералдық көзқарас күрт артқан, әсіресе
1970 жылдары қатты өзгеріс байқалады, оны зерттеушілер әсер кезеңі
деп атады. Әр когортада адамның жасы отызға толған соң консерватизм
күшейгені байқалды, оны есею әсеріне жатқызды.
Трендтік зерттеулер уақыт өткен сайын қандай айнымалы өзгеретінін
анықтаса, панельдік зерттеулер уақыт өткен сайын қандай жеке тұл-
ғаның өзгеретінін анықтайды, себебі ұзақ уақыт бойы сол респондент-
терден қайталап сауалнама алады. 1948 жылы Пол Лазерсфельд, Бернард
Берельсон мен Хейзел Годе өткізген «Халық таңдауы» деп аталатын дауыс
берушінің мінез-құлқы жайлы классикалық зерттеу панельдік әдіске жа-
тады. 1940 жылғы президенттік сайлау алдында мамыр айынан қарашаға
дейін 600 адамнан сұхбат алынды. Талдау көрсеткендей, бірінші сұхбат-
та демократиялық немесе республикалық партияны қолдайтынын анық
білдірген адамдар бір айдан кейінгі екінші сұхбатта қарсылас партия кан-
дидатының үгіт-насихат кампаниясын көргенін немесе естігенін есіне тү-
сіре алмады. Олардың назары бір нәрсеге ғана ауған, сондықтан зерттеу
кезінде ойын өзгерткен сайлаушылар өте аз болды.
Ұзақ уақыт бойы адамдардан қайталама сауалнама алу арқылы па-
нельдік зерттеу адам өміріндегі оқиғаларды жазып отырады, оған, мы-
салы, мектептегі тәжірибесі, еңбекке араласуы, табысының өзгеруі,
денсаулық жағдайы т.б. кіреді; оның барлығы кросс-секциялық сауална-
мадағы ретроспективті сұрақтарға қарағанда әлдеқайда артық. Кейбір
бұрынғы панельдік зерттеулерде шағын, қатаң іріктеуден өткен іріктеме-
ден алынған деректерді ұзақ уақыт бойы талдайтын. Глен Элдер (1999)
30 жылға созылған зерттеуінде Ұлы депрессияның өмірлік циклге ық-
палын анықтауға тырысты. 1932 жылдан басталған панельдік зерттеуде
Калифорния штатының Окленд бастауыш мектебіндегі 5-сыныптың 167
баласына талдау жасалды. Оқушыларды 1939 жылы орта мектепті бітір-
генше бақылап, сынақтан өткізеді, жүзден астам сауалнама алынады.
Зерттеуге қатысушылар 1941 жылы шағын анкета толтырып, 1953–1954
және 1957–1958 жылдары олардан қайта жауап алынды. 1964 жылы элек-
трондық пошта арқылы толтыруға болатын анкета жіберілді. Беннингтон
колледжі студенттері арасындағы көзқарас өзгерісін зерттеу мақсатында
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
352
1930 жылдардың соңында қыздардан сұхбат алды, 1960 жылы олар тағы
анкета толтырды (бетпе-бет сұхбаттасу немесе электрондық пошта арқы-
лы), кейін 1984 жылы қайтадан сауалнама сұрақтарына жауап берді. Бұл
зерттеуден түйген қорытынды: адамның саяси көзқарасы есейген кезде
өзгермейді, Беннингтон колледжінде оқығанда либералдық идеясын сі-
ңірген әйелдер кейін де сол идеядан айнымаған.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Панельдікзерттеужеке тұлғаның уақыт өте келе өзгеріп отыратын көзқарасын зерт-
тейді. Трендтік зерттеу жалпы әлеуметтік өзгерістерді бақылайды, ал когорттік
зерттеу адамның жасы есейген сайын болатын өзгерістерді анықтайды.
Түрлі мерзімді қамтитын панельдік зерттеулер 1960 жылдардың соңы-
на дейін әлеуметтануда көп қолданылмайтын әдіс еді. Бірақ 1960 жылдан
бастап федералдық үкімет бұрынғы зерттеулерді талдау үшін ауқымды,
ұзақмерзімді зерттеулер жүргізе бастады. NELS 1988 жылы 8-сынып оқу-
шыларынан іріктеме алып, зерттеу жүргізді. Кейін сол респонденттерден
1990, 1992, 1994 және 2000 жылдары қайтадан сауалнама алды. Бұдан
басқа панельдік зерттеуге мысал ретінде Ұлттық табыс динамикасын
және жастарды ұзақмерзімді зерттеуді (NLSY) айтса болады. Табыс дина-
микасына арналған панельдік зерттеу 1968 жылдан бастап 1997 жылға
дейінгі АҚШ-тағы үй шаруашылығын жүргізуге қатысты деректерді жыл
сайын жинады. 1999 жылдан бастап екі жылда бір рет жинайтын болды.
Бастапқы іріктеме 5 000-ға жуық болса, 50 жыл бойы дерек жинау бары-
сында 10 мыңнан астам отбасын қамтыды. 1979 жылы 14–22 жас аралы-
ғындағы 12 мыңнан астам адамнан сұхбат алған NLSY кейін осы ірікте-
мені жыл сайын тексеріп отырған. Ал 1994 жылдан бастап екі жылда бір
сұхбат алуға көшті.
Мұндай ауқымды зерттеудің екі кемшілігі бар: олар қымбатқа түсе-
ді және көп уақыт алады. Оған қоса, кросс-секциялық дизайнда кездес-
пейтін, панельдік сауалнамаға тән екі мәселе бар: респонденттің азаюы
және қайталама өлшемнен кейін болатын реактивтік (Duncan, 2001).
Бастапқы толқында жауап берген респонденттер кейінгі сұхбат алуға
қатыспаған кезде панельдік азаю болады. Неғұрлым көп респондент ке-
митін болса, соғұрлым кейінгі іріктеме түпнұсқа негізгі жиынтыққа ұқ-
самайды, оған репрезентатив бола алмайды. Сондықтан зерттеушілер ке-
йінгі зерттеулерде бастапқы іріктемені сақтап қалуға тырысады, ол үшін
күш-жігерді аямай, қомақты ресурс жұмсайды, кейде респонденттерге
ынталандыру өтемақысын төлейді. Мысалы, NLSY респонденттерге бөл-
ген уақыты үшін 10$ төлейді. Алғашқы жылдары бастапқы респондент-
тің 95%-ынан қайта сұхбат алды. 1992 жылы (1979 жылғы бірінші
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
353
сауалнамадан соң 13 жыл өткеннен кейін) NLSY бастапқы іріктеменің
90%-ын жинай алды (Brandon, Gritz, and Pergamit, 1995). Дегенмен келе-
сі жауаптардың көрсеткіші қандай болса да, панельдік зерттеу экспери-
менттік претест-посттест дизайнына ұқсайды. Себебі ол да азаю әсерін
бағалайды әрі бақылай алады. Осылайша бірінші сауалнамада болған,
бірақ соңғы толқынға қатыспаған респонденттерден алынбаған жауап
ақпаратқа күмән келтірмес үшін қолданылады және қажетті статистика-
лық түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
Респонденттерден қайтадан сұхбат алу да адамның сауалнамаға жауап
беруіне ықпал етеді. Бұл кезде туындайтын екі мәселе: «іріктеменің
бұрмалауына уақыттың әсері» және «панельдік бейімделу» (Sikkel and
Hoogendoorn, 2008). Сауалнамаға қатысушылар оған әбден үйреніп, күн-
делікті жағдай тәрізді қабылдағанда, респонденттер қазіргі сезімі мен іс-
қимылына үңіліп жатпай, бұрынғы жауаптарын қайталай салады, осылай-
ша бірінші күмән туады. Сондай-ақ алдыңғы сұхбатта «иә» деп жауап бер-
генде қосымша сұрақтар туатынын біліп алған респондент ондай сауалдан
жалтарып, «жоқ» дей салуы мүмкін (Kalton and Citro, 1993). Панельдік бе-
йімделу нақты көзқарас немесе мінез-құлық өзгерісін симуляция жасайды,
осылайша үлкен негізгі жиынтықтың көрсеткіші бола алмайды. Ұлттық
деңгейде өткен сайлауды зерттеген кезде, дауыс берушілер саны мен сай-
лаушылардың көптеп келуіне сұхбаттасудан өткен қатысушылар саны кө-
бейгені ықпал еткені байқалған (Traugott and Katosh, 1979).
Кейбіреулер «кең тараған мінез-құлық әсері» панельдік сауалнамада
болмайды, әсіресе «сауалнамаға әкелуден гөрі зерттелетін мінез-құлық-
та туған өзгерісті анықтау үшін көп жұмыс істеу керек» (Duncan, 2001:
11011) десе де, мінез-құлық моделіне панельдік бейімделу ықпал ететі-
ніне дәлел жеткілікті. Джон Уаррен мен Эндрю Халперн-Маннерс (2012)
панельдік бейімделу туындауы мүмкін жағдайлар жайлы теория ұсынды.
Олардың зерттеуі бойынша, мысалы, қайталама сауалнаманың өту уа-
қыты жиілеп кеткенде панельдік бейімделу әсері туындайды (Halpern-
Manners, Warren, and Torche, 2014).
Сауалнама зерттеуі кезеңдері: жоспарлау
Сауалнама жүргізу үш ауқымды категорияға бөлінеді: (1) жоспарлау, (2)
далалық басқару және (3) деректерді өңдеу және талдау. Тараудың өзге
бөлігінде жоспарлау мен далалық басқару жайлы айтамыз. Он бесінші
және он алтыншы тараулар деректерді өңдеу мен талдауға арналған.
Сауалнаманы жоспарлаған кезде бірқатар іс-қимылды шешім қабыл-
даудың негізгі сәті деп қарастыруға болады. Мұндай іс-қимылдар 9.1-сыз-
бадағы диаграммада көрсетілген. Әр негізгі іс-қимылдың астына соны
қарастыратын тарауларды көрсеттік.
2
Сауалнаманы жоспарлаудың бастапқы қадамы зерттеудің басқа фор-
маларымен бірдей. Алғашқы қадам – тақырып таңдау және зерттелетін
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
354
мәселені ғылыми негізделген терминмен тұжырымдау. Бұдан соң зерт-
теуші сол тақырыпқа қатысты журналдағы мақалалар, кітаптар мен бас-
қа материалдарды қарап, «ол жайында не белгілі, нені анықтау керек?»
деген сұрақтарға жауап іздейді. Бұл шолу кезінде зерттеуші міндетті түр-
де мақсатын анықтап, айқындап алады. Сондай-ақ ол болашақ зерттеу-
де қолдануға тиіс шкалалар немесе көрсеткіштер жайлы хабардар болуы
керек. Зерттеу мақсаты айқындалған соң талдау мен айнымалылар бір-
лігін таңдау керек. Сауалнама зерттеуінде талдау бірлігі ретінде не жеке
тұлғалар немесе топтар (отбасы, ұйымдар, қалалар) болады; айнымалы
болса, зерттеу мақсатына сай келетін сипаттамаға қарай таңдалады.
9.1-сызба. Сауалнаманы жоспарлаудағы ең басты мәселелер
Айнымалы жайлы ойлаған кезде тиімді жоспарлау құрылғысы – зерт-
теудің соңғы қадамынан жоспарлау кезіндегі бастапқы қадамға ойша ора-
лу болмақ. Деректі талдағанда болжау арқылы елеулі қателіктердің алдын
алуға болады. Сол арқылы нақты дерекке талдау жасалады және нәтиже
әртүрлі болған кезде әрқайсысына лайық қандай қадам жасалатынын
біліп отырасыз. «Алынған деректер гипотезамды растап тұрса не істеуім
керек?» деген сұрақ туындауы мүмкін. «Ал дерек гипотезама қарсы келсе
не болмақ?» (Гипотезаны дұрыстап тексеру үшін қосымша айнымалыны
бақылауым керек деп ойлаймын). Қолданғым келетін айнымалылардың
барлығын қамтуым қажет пе? Деректі талдау нәтижесін осылай болжау
Зерттеу мақсатта-
рын құрастыру (4
және 9-тараулар)
Әдебиеттерге шолу
жасау (17-тарау)
Талдау бірлігін таң-
дау (4 және 6-та-
раулар)
Айнымалыны таң-
дау (4-тарау)
Іріктеу жоспарын
жасау (6 және 9-та-
раулар)
Құралды құрастыру
(5, 9 және 10-тарау-
лар)
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
355
арқылы сауалнама мазмұнын алдын ала жоспарлап алған дұрыс (бірақ ол
біз айтқандай оңай емес, Джеймс Дэвис әлеуметтік сауалнама туралы есе-
бінде жақсы түсіндірген 9.1-қосымшадан оқи аласыз).
Талдау бірлігін таңдап, негізгі айнымалыларды анықтап алған соң
сауалнама жүргізетін зерттеуші іріктеме жоспары мен сауалнама құра-
лын әзірлеуге ден қояды. 9.1-сызбадағы диаграммада көрсетілгендей,
бұл екі жоспар бір уақытта әзірленеді, себебі қос жоспар бір-біріне ықпал
етіп, екеуі де зерттеушінің мақсаты мен ресурсына тәуелді. Сауалнама құ-
ралын немесе анкетаны жасау – үлкен жұмыс, оған да біраз уақыт керек,
ол туралы ой қозғап, бірқатар шешім қабылдау қажет. Келесі тарауды тұ-
тастай сауалнама дизайнының осы саласына арнаймыз.
9.1-қосымша. Кең ауқымды сауалнаманың бейресми есебі
Әдетте зерттеушілер зерттеуді сәтсіз бастағанын және шешілмеген, қо-
лайсыз мәселелерді айтпайды. Кез келген сауалнаманың қалыпты бөлігі
саналса да, қателіктері жайлы дабыра етпейді. Дегенмен Джеймс Дэвис
(1964) ұлттық зерттеу туралы әзілге толы есеп дайындап, оны «Ұлы кітап
зерттеуі» деп атады. Онда кітапқа дайындық сәтінен бастап жарық көр-
генге дейінгі кезең қамтылған. Дэвис үлкен зерттеу ұйымында сауалнама
зерттеуі қалай жүргізілетінін сипаттайды.
«Ұлы кітап зерттеуінде» (Great Books study) NORC, Джеймс Дэвис зерт-
теу басшысы міндетін атқарғаны; ересектерге білім беру қоры – клиент
рөлінде; зерттеу объектісі – Ұлы кітап қоры қамтылған. Ford Foundation
қорының еншілесі Ересектерге білім беру қоры грант есебінен түрлі білім
беруге арналған іс-шаралар мен бағдарламаларға қолдау жасайды, оның
ішінде «Ұлы кітаптар» (Great Books) да бар. Бағалау мақсатында зерттеу
жүргізуге тапсырыс берген қор «Ұлы кітаптар» бағдарламасының құнды
екеніне көз жеткізуге тырысты және оған қолдау көрсетуді әрі қарай жал-
ғастыру және кеңейту қаншалықты орынды екенін білгісі келді. Дэвистің
айтуынша, «Ұлы кітаптар қоры» (The Great Books Foundation) коммерция-
лық емес корпорациясы бұл бағдарламаға сенеді, бірақ оны бағалау үшін
сауалнама жүргізудің қажеттігі бар-жоғына күмәнмен қарайды. Зерттеу-
ге қатысқан тараптар басынан бастап зерттеу «Ұлы кітаптар» жобасының
қатысушыларға әсерін анықтайды деп келісті. 1957–1958 жылдары «Ұлы
кітаптар» бағдарламасы бүкіл АҚШ-та шамамен 1 960 пікірталас тобын
қамтыды, сондай-ақ Канада мен басқа мемлекеттер де атсалысты. Оқыр-
мандар қыркүйектен маусымға дейін әр 2 апта сайын кездесіп тұрды. Әр
кездесуде топ мүшелері өздері оқуға тиіс болған кітапты талқылады. Кітап
таңдау біржылдық блоктарға бөлінді. Топтардың көлемі әртүрлі, орташа
есеппен әр іріктемеде 11 адамнан болды. Топтарды, негізінен, қоғамдық
кітапханалар қаржыландырды, оған қоса, шіркеулер, кәсіпкерлер мен
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
356
жеке тұлғалар да көмектесіп отырды. Бір-екі адам топ жетекшісі міндетін
атқарды. Кітап оқығаны үшін ақы алынбады және оқып біткендерге сер-
тификат берілмеді.
Қалаған адам қордан арзан бағаға оқитын кітабын сатып алуына бо-
латын. Зерттеу дизайны екі бөлікке бөлінді: іріктеу және анкета жасау.
Іріктеуге келсек, «мінсіз» дизайн далалық эксперимент болып саналды,
бұл кезде адамдардың үлкен тобынан алынған іріктеме бақылау тобына
кездейсоқ тағайындалады немесе «Ұлы кітаптар» талқылау тобына кіре-
ді. Көрсетілген кезең өткен соң екі топ та тәуелді айнымалыларға қарай
өлшенеді. Дегенмен мұндай дизайн мүмкін болмай шықты. Басқа мәсе-
лелермен қоса, әсер пайда болуы үшін ұзақ уақыт кетеді деп жоспарлан-
ды, осылайша есеп бір жылдан соң дайын болуы керек еді. Балама дизайн
тәртібіне сай, бастапқы қатысушылар бақылау тобына айналады, оларды
бірнеше айнымалы бойынша өткен жылдың мүшелерімен салыстырады.
Іріктемеге стратификация жасаған кезде дамудың алдыңғы сатысында-
ғы топтарды тым көп қамтыды, сол кезде әсер көрінетін еді. Топтарға әр
кездесу сайын өздеріне арналған анкета таратылып, толтырып беру сұрал-
ды. «Ұлы кітаптар» бағдарламасының ішінде және одан тыс кездейсоқ та-
ғайындалған адамдар іріктемесі болғаны өте жақсы болар еді, дегенмен
практикалық тұжырым «Ұлы кітаптар» пікірталас тобының стратификат-
талған іріктемесін шығарды.
Іріктеме жоспарын жасауға қарағанда анкета дайындау көп қиындық
тудырды. «Ересектерге білім беру» қоры, «Ұлы кітап қоры» және зерттеу
директоры Дэвистің бағдарлама нәтижесі (әсері) жайлы түсінігі әрқилы
болды. Қауымдастықтың араласуына ынталы қор мүшелері «қатысушылар
әдебиет жауһарымен танысқан соң қауымдастық жұмысына белсене арала-
сады» деп үміттенді. Дэвис пен «Ұлы кітаптар» қоры оған күмәнмен қарады.
«Ұлы кітаптар» қоры сауалнама арқылы анықтауға болатын арнайы мақсат-
ты көздемеуді ұсынды. Дэвистің қысымынан кейін қор бағдарлама мақсаты
жайлы бірқатар ұсыныс айтты: қатысушылар ойларын ашық айтуы керек,
сыни ойлау машығын жетілдіруі қажет, интеллектуалдық жағынан дамуы
керек т.б. өлшеуге келмейтін әсерлерді ұсынды. Дэвис қатысушылардың фи-
лософиясына, идеологиясы мен талғамына қызықты. Сондай-ақ ол бірнеше
әлеуметтік байланыстар жайлы сұрақты қосуға тырысты, осылайша топтың
адамды қабылдауы немесе қабылдамауы бағдарламаға көзқарасын қалай
өзгертетінін білгісі келді. Алайда «Ұлы кітаптар» қоры әлеуметтік жағдайға
қатысты сұрақтарды «қатысушылардың намысына тиюі мүмкін» деген же-
леумен қосқызбады. Оның орнына респондент пен топтың басқа мүшеле-
рінің рөлі жайлы сұрақтар қойылды. Анкетаның түпкілікті нұсқасы дайын
болғанда онда қауымдастықты тартуға қызығушылық танытқан қордың
сұрақтары қамтылды. Эстетика, ойын ашық айту мен сыни ойлау жайлы
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
357
бірнеше сұрақтар болды. Талғам, идеология мен философия өлшемі және
рөлдік сауалдар да назардан тыс қалмады.
Іріктелген топтың 90%-дан астамы анкетаны қайтарды. Сауалнама
зерттеуіне талдау жасағанда жаңадан қосылғандар мен бұрыннан келе
жатқан мүшелер арасындағы білім айырмасы едәуір алшақ екені көрін-
ді. Толеранттық пен ойын ашық айтудың айырмасы болмашы, ал мінез-
құлық айырмасы тіптен аз екені анықталды.
Демеушіге арналған есеп 1958 жылдың тамызында бітті. Бірақ жоба
аяқталмады. Дэвис қосымша зерттеу жүргізіп, бір жыл ішінде қандай рес-
понденттердің кетіп қалғанын анықтағысы келді, осылайша олардың де-
регін алып тастамақ еді. Басқа адамдардың дерегін қайта талдап, алынған
нәтижеге кеткен респонденттердің жауабы ықпал етті ме, жоқ па, соны
білгісі келді. Қор келесі зерттеуді қаржыландыруға келісті. Кетіп қалған
оқырмандарды бақылаудың нәтижесі аз болды.
Бұдан соң бюджетте қалған қаржыны пайдаланып, кеткен респондент-
терге қатысты факторларды талдау қолға алынды. Бұл идея бойынша,
«Ұлы кітаптар» қорының мүшелері неліктен қордан кетті?» деген сұрақ
қана қарастырылмады. «Неліктен кейбір шағын көлемді әлеуметтік жү-
йелерден мүшелері кетіп қалады?» деген ауқымды сауалға жауап іздеді
(Davis, 1964: 228). Дэвис осы зерттеу арқылы таза эмпирикалық жұмыс
жүргізбей, теориялық зерттеу жүргізу қолынан келетінін әріптестеріне дә-
лелдеуге тырысқанын мойындады. Зерттеуді «Ұлы кітаптар және шағын
топтар» жарияланымына кіргізуге болатын.
Зерттеу көрсеткендей, топ мүшелері белсенді рөл атқарған ортада
олардың топта қалу мүмкіндігі жоғары болған. Рөлдің мазмұны маңызды
деген теория расталмады, Дэвистің топта қалуға билік балансы ықпал ете-
ді деген тұжырымы да негізсіз болып шықты.
Дэвис «Ұлы кітаптар зерттеуі» есебінің соңында (1964: 233–34) зерттеу
жүргізуден қандай қанағат алғанын тамаша сипаттайды.
Зерттеу жүргізген кезде әркімге бір қол жайып, қаржы сұрайсың;
уақыт пен ақшаның көбі бірсарынды статистика мен кеңсе жұмыс-
тарын атқаруға кетеді; арасында клиентпен дауласуға мәжбүрсің;
бюджетте дағдарыс болады, өз уәжіңді дәлелдеу үшін айла-шарғы да
жасайсың, жүйкесі тозған аспирант әлеуметтік жұмысты атқаруға
кетеді. Соңында баяндама шыққанда, ешкім оқымайды. Алайда ма-
шина залынан жаңа үстелдер жинағы шыққанда, сұрақтарға жауап
табылғанда, қарым-қатынасты бақылауға болатынын білгенде және
үстелде жатқан кестесі бар қағаздар түсінікті тарауға айналғанда,
түсіндіруге болатын тестіні көргенде, бұрын-соңды ешкім білмеген
маңызды нәрсені түсіндіре алатыныңды сезгенде – осы сәт бәрін
ұмыттырады, зерттеудегі өз мақсатыңа жетесің.
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
358
Сауалнама құралының маңызды аспектісі – сұрақ қою әдісін таңдай
алу; сұхбат алушы өзі сұрақ қоятын әдіс (бетпе-бет немесе телефон ар-
қылы жүргізілетін сауалнама) немесе өздігінен жауап беретін әдіс (қа-
ғаз толтыру немесе компьютер арқылы жауап беру) және осы екі әдістің
комбинациясы. Бұл таңдау зерттеу мақсаты, талдау бірлігі және іріктеме
жоспары сияқты жоспарлау шешіміне жартылай тәуелді. Мысалы, кол-
ледждегі алкогольді зерттеуге қатысты іріктеме жоспарының талабы бо-
йынша, түрлі аймақта орналасқан, жүзден астам колледж бен универси-
тетпен байланыс жасау керек. Зерттеу шартында бетпе-бет сұхбаттасу да,
телефон арқылы сөйлесу де қымбат әрі уақытты көп қажет ететін, тәжі-
рибесіз әдіс саналды, сондықтан анкета қолданылды. Жастардың құқық
қорғау мекемелеріне қатысты көзқарасын зерттегенде тақырып шетін
әрі күрделі болғандықтан, бетпе-бет сұхбаттасу қажет болды. Оған қоса,
зерттеуші көзқарастың қалай қалыптасқанын зерттеуде икемді әдістер-
ді қолдануға тырысты. Шешуші құн факторына қоса, сауалнама режимін
таңдау да оңтайлы іріктеу дизайнын анықтайды. Сауалнама зерттеуінің
қымбатқа түсетін әрі уақытты көп алатын түрі – бетпе-бет сұхбаттасу.
Бетпе-бет сұхбаттасқанға көп уақыт кетеді және респондентке барып-
келу жолы да уақыт алады. Респонденттер географиялық аумағы бойын-
ша жан-жаққа шашырап орналасқан болса, бұл әдісті қолданған кезде
респонденттердің тұрған орнын анықтау үшін тиімді іріктеу процедура-
сы қажет. Бұл жағдайдағы шығыны көп процедура – көпсатылы кластер-
лік іріктеу. Әдетте кең ауқымды сауалнаманың барлығы көпсатылы бола-
ды, бір немесе бірнеше сатыда стратификация жасайды. Респонденттерге
электрондық пошта немесе телефон арқылы хабарласуға болатын болса,
кластерлеудің қажеті жоқ. Стратификациясы бар немесе жоқ кәдімгі кез-
дейсоқ немесе жүйелі іріктеу жүргізсе болады, соның арқасында тиімді
іріктеу шегі (фрейм) алынады.
Өзіңіз байқағандай, сауалнаманы жоспарлау шешімнің желілік қатары
емес. Керісінше, түрлі таңдау арқылы шығын мен пайданы бір уақытта
қарастыруды талап етеді. Жоспарлау күрделенген сайын алдыңғы шешім
мен жоспарларды қайта қарау қажет. Роберт Гроувстың (1989) «Жиын-
тық қате жайлы көзқарасында» сауалнама шығыны мен пайдасы жақсы
келтірілген, онда сауалнама нәтижесінің дәлдігіне қауіп төндіретін қате-
нің төрт түрі көрсетілген. Бұл қатенің әрқайсысының шығу көзін іріктеу
мен өлшеуге қатысты тарауларда талқыладық.
1. Қамту қатесі: мақсатты негізгі жиынтық пен іріктеме шегі ара-
сындағы айырмашылық. Іріктеме шегі негізгі жиынтықтың бар-
лық мүшелерін қамтымай қалғанда пайда болады, мысалы, теле-
фон арқылы сауалнама алғанда телефоны жоқ адамдар да бар еке-
ні ескерілмейді.
2.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
359
3. Іріктеме қатесі: негізгі жиынтық мәні мен іріктеме мәнін бағалау
арасындағы айырмашылық. Негізгі жиынтық ретінде халықтың
толық санағы емес, іріктеме мәні ғана есепке алынған кезде туын-
дайды.
4. Жауап болмағаннан туындайтын қате: сауалнамаға жауап бер-
гендер мен жауап беруден бас тартқандар немесе мекенжайы, те-
лефон нөмірі қате болып немесе үйде болмай, демалыста жүрген
т.б. жағдайдағы респонденттің жауап бермеуі.
5. Өлшем қатесі: респондентке, сұхбат алушыға, сауалнама құралы-
на және сауалнамадан кейінгі өңдеуге қатысты туындаған нақты
емес жауаптар.
Мінсіз орындалған жағдайда, сауалнаманы жоспарлаушылар ықтимал
қатенің әсерін азайту үшін қолда бар қор мен ресурстарды тиімді тара-
тады. Бұл қиын, себебі қателер өзара қатысты мүмкін (біреуін азайтқан
кезде екіншісі көбейеді), қатенің кейбір түрін азайтудың шығыны тым
көп болады, қате ауқымы жайлы ақпарат шектеулі болады немесе мүл-
де болмайды. Стратификацияланған кездейсоқ іріктеу жоспарын таңдау
іріктеу қатесін азайтуы мүмкін, бірақ кәдімгі кездейсоқ іріктеу дизайны-
на қарағанда қамту қатесін арттырады. Жауап болмағаннан туындайтын
қатені жауап бергісі келмеген респонденттер есебінен азайту нәтижесін-
де өлшем қатесі байқаусызда күрт артуы мүмкін. Керісінше, өлшем қате-
сін азайтуға тырысу жауап болмағаннан туындайтын қатені арттырады.
Сауалнама қатесі ешқашанда толығымен жойылмайды. Қатенің шығу
көзін азайту тым қымбатқа түскенде қате ауқымы мен бағытын бағалап,
дерек талдауға тиісті түзетулер енгізуге болады.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Сауалнаманы зерттеушілер мынандай қателерді азайтуға барынша тырысады: ірікте-
ме шегін жасау кезінде туған қате (қамту қатесі), іріктемені таңдау (іріктеу қате-
сі), іріктелген респонденттерді сақтап қалу(жауапболмағаннантуындайтынқате)
және дерек жинау (өлшемқатесі).
Енді түрлі сауалнама режимін қарастырамыз. 9.2-сызбада компьютер-
ге лайықталған дәстүрлі нұсқасы бар негізгі төрт дерек жинау режимі
көрсетілген. Бұл режимдерді интерактивтің көбінен азына қарай созы-
латын үздіксіз сызық деп бейнелеуге болады. Осы үздіксіз сызықтың бір
шетінде байланыс арналарының барлығы бар, оған бетпе-бет сұхбаттасу,
содан кейін телефон арқылы сұхбат алу, компьютер арқылы жүргізілетін
түрлі сауалнама түрлері және өзі толтыруға арналған автономды анкета-
лар жатады. Негізінен, төрт басты модельге көңіл бөлгенімізбен, соңғы
технологиялық жетістіктер мүмкіндікті арттырып, бірнеше дерек жинау
режимін қолдануға жағдай жасады. Сондықтан 9.2-сызбада көрсетілген
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
360
режимдерді салыстырған соң аралас режимде дерек жинау стратегиясын
талқылаймыз. Өзіңіз байқағандай, әр режимнің нақты артықшылығы
мен кемшілігі бар, ол әсіресе қателікті азайтуға байланысты.
9.2-сызба. Үлкен деректі жинау режимдері
Іріктеу қатесі дерек жинау режимінің функциясы емес, ең алдымен,
іріктеу дизайнының, іріктеу көлемі мен негізгі жиынтықтың әртектілік
функциясына кіретіндіктен, қателіктің басқа үш шығу тегіне, әсіресе
қамту қатесі мен жауап болмағаннан туындайтын қатеге баса мән беруі-
міз керек.
Бетпе-бет және телефон арқылы сұхбаттасу
Бетпе-бет сұхбат алу не телефон арқылы сұхбаттасу болсын, екеуіне де
сауалнаманың сұхбат алу кестесін қолдана алатын білікті маман қажет.
Сұхбат алу кестесі сұхбат алушыға арналған нұсқаулық пен қойылатын
сұрақтардан тұрады, кейде (қажет болса) жауап нұсқалары да көрсетіле-
ді. Сұхбат алушы сұхбат кестесін қолданғанда барынша ыңғайлы әдіспен
сұхбат жүргізе береді, ал өздігінен толтыратын анкетада мұндай мүмкін-
дік жоқ. Мысалы, зерттеу мақсаты бойынша, респонденттер сұраққа өз сө-
зімен жауап беру керек болса, сұхбат алушы мүмкіндігінше толық жауап
алады, ал анкета толтыру кезінде респондент көсіліп сөйлей алмайды, сұ-
раққа қысқа қайырып жауап береді. Жазу машығы нашар немесе толық
жауап беруге ынтасы жоқ респонденттер өздігінен толтыратын анкетада
мүлдем ашылмауы мүмкін. Оған қоса, сұхбат алушы кейбір респондентке
қатысы жоқ сұрақты сол жерде анықтап, форматын өзгерте алады; әйтпесе
сауалнаманы толтырып отырған респондент шатасып қалуы мүмкін. Сон-
дай-ақ сұрақтар белгілі бір ретпен қаралуы маңызды болған жағдайда өз
Ең көп
интерактив
Бетпе-бет сұхбат алу (FTF)
Компьютер арқылы жеке сұхбат алу (CAPI)
Телефон арқылы жүргізілетін сұхбаттар
Компьютердің көмегімен телефон арқылы сұхбат алу (CATI)
Компьютер арқылы сұхбат беру
Интернет (уеб) арқылы анкета алу
Компьютер арқылы өздігінен сұхбат алу (CASI)
Интерактив дауыс жауабы бар (IVR) сауалнамалар
Анкетаны электрондық пошта арқылы жіберу
Қағазға жазып алынатын сауалнама
Ең аз
интерактив
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
361
бетімен толтыруға арналған анкета қиындық тудырады, себебі респондент
жауап бермей тұрып тұтас сауалнаманы қарап шығуы мүмкін.
Сұхбат алудың тағы бір артықшылығы – респонденттің бір оқығанда
түсінбеген сұрағын сұхбат алушы нақтылап түсіндіріп береді немесе оны
басқаша қояды. Оған қоса, сұхбат алушы жетектеуші сұрақтар қойып,
респонденттің көсіліп сөйлеуіне көмектеседі, мысалы: «Бұл жерде нені
айтқыңыз келгенін түсінбедім», «Бұл туралы толығырақ айтып бересіз
бе?» т.б. Сұхбат алушы кез келген сұраққа толық жауап беруін қадағалай-
ды; респондент өздігінен жауап бергенде шетін немесе екіұшты сұрақ-
тарға жауап бермей қалдырып кете беруі мүмкін. Сұхбат алушы қасында
болса, оған жол бермейді. Тіпті респондент басында бір сұраққа жауап
беруден бас тартса да, сұхбат алушы оны биязы түрде ұғынықты етіп тү-
сіндірсе, жақсы жауап алуға мүмкіндігі бар.
Сұхбат алудың екі режиміне тән осындай сипаттардан бөлек, екеуінің
де артықшылығы мен кемшілігі бар.
Бетпе-бет сұхбаттасу
Сауалнама зерттеуінің ең ежелгі әрі жоғары бағаланатын түрі – бетпе-
бет немесе жеке сұхбаттасу; оның жоғарыда айтылғаннан басқа да
бірқатар артықшылығы бар. Әдетте сұхбат алудың бұл түрінде телефон
немесе электрондық пошта арқылы сұхбат алуға қарағанда жауап беру
көрсеткіші мен іріктемедегі адамдар үлесі жоғары болады (de Leeuw,
2008: 128–29). Алайда Батыс мемлекеттерінде және академиялық бет-
пе-бет сауалнамаларда жауапсыз қалған сұрақтар саны көбейіп келеді
(de Leeuw and de Heer, 2002; Brick and Williams, 2013). 2000 жылдан бас-
тап Жалпы әлеуметтік сауалнамада (GSS) жауап беру көрсеткіші 70%
шамасында болады, 2014 жылы 69,2%-ға түсті (NORC, 2016). Жауап
беру көрсеткішінің жоғары болуына сұхбаттың ішкі тартымдылығы
(біреудің назарын өзіне аудару, өзі жайлы айту, тәжірибенің жаңашыл-
дығы) ықпал ететін шығар; сондай-ақ біреу бетпе-бет сауал қойғанда
«жоқ» деп айту қиын; оған қоса, құжаттарын көрсетіп, біліктілігін куә-
ландыра алған сұхбат алушы зерттеудің маңыздылығы мен сенімділігін
арттыра түседі.
Мұндай сауалнама режимін асықпай, ұзақ уақыт сұхбат алу қажет бол-
ғанда қолданады. Әдетте бетпе-бет сұхбаттың ұзақтығы бір сағатқа, тіп-
ті кейде одан да ұзаққа созылады. 2014 жылы Жалпы әлеуметтік сауал-
нама респонденттерінен 475 сұраққа жауап алу үшін 100 минут уақыт
кеткен (T.W. Smith, personal communication, 2016). Бетпе-бет сұхбаттасу
кезінде фото немесе сурет сияқты иллюстрацияларды көрсетуге немесе
жауап нұсқасы бар карточкалар таратуға болады. Жауап нұсқасын есте
сақтау қиын кезде карточкалар пайдалы, оған қоса, кейбір респондент-
тер жауабын дауыстап айтқысы келмейді, сол кезде карточкамен көрсете
салған ыңғайлы. Оның үстіне, бетпе-бет сұхбаттасу зерттеушілерге қажет
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
362
ақпаратты білдірмей алуға жол ашады. Мысалы, сұхбат алушы тұратын же-
рінің этностық құрамы мен тұрғын үйлердің сапасын көрсетуі мүмкін.
Бұл әдістің бірқатар кемшілігі бар, соның ең бастысы – шығын мәселе-
сі. Бетпе-бет сауалнама бюджеті қызметкерлер тартуға, дайындауға және
бақылауға жұмсалуы керек. Оған қоса, жалақысы мен іссапар шығыны
бар, кей кезде жатын орны мен тамағы да кіреді. Гроувс пен басқа ғалым-
дардың (2009: 173) анықтағанындай, ұлттық бетпе-бет сауалнама шығы-
ны телефон арқылы сауалнама алуға қарағанда 5–10 есе қымбатқа түседі.
2014 жылғы жалпы әлеуметтік сауалнаманың толық шығыны (іріктеуден
бастап деректі көпшілікке таратуға дейінгі аралықта) әр респондент үшін
1 350$ болған (T.W. Smith, personal communication, 2016).
Тағы бір кемшілігі – сұхбат алушы хабарласқан кезде респондент-
тің үйде болмай қалуы не қажет кезде таппай қалуы ықтимал. Көбінде
ересек тұрғындар күндіз үйде болмайды. Сондықтан олармен кешке ха-
барласу керек немесе Жалпы әлеуметтік сауалнама өкілдері сияқты рес-
понденттерді күндіз сағат төрттен кейін не демалыс күндері іздеген жөн.
Оның да тиімсіз тұсы бар, үлкен қаланың көптеген тұрғыны кешке бөтен
адамдарға есік ашпайды, ал кейбір сұхбат алушылар түнде қаланың бас-
қа аймағына баруға келіспейді. Бөгде кісілерден қорқу және оңаша қалу-
ға ұмтылу да қиындық тудырады. Кейінгі жылдары мегаполистердегі түр-
лі іріктемелердің жауап беру көрсеткіші азайып келеді. Дегенмен мұның
ауылдық жерлер мен арнайы мақсатты топтарға қатысты жоқ.
Қызметкерлерді бақылау да айтарлықтай қиындықтар тудырады. Көп
жағдайда сұхбат алушы, деректі кодтаушы мен зерттеуші әртүрлі геогра-
фиялық аймақта отыруы мүмкін. Сұхбат алушы жауаптарды дұрыс жазып
алмаса, оны талапқа сай кодтау мүмкін болмайды. Оған қоса, адамға кері
байланыс жасалмай тұрып сұхбат алушы көп сұхбат алып қоюы мүмкін.
Сұхбат жетекшісі әр сұхбат біткен соң оны тексеру арқылы қиындықтан
құтылады. Сұхбат алушы қатесінен болған кейбір мәселелерді компью-
тер арқылы жеке сұхбат алу (CAPI) арқылы шешуге болады. Компьютер
бағдарламасы әдетте өзімен бірге алып жүруге болатын шағын ноутбук-
тер сұхбат алушыға сұрақтарды тиісті ретпен қоюға көмектеседі. Арнайы
нұсқаулығы арқылы нақты респондентке қатысы жоқ сұрақты өткізіп жі-
берсе болады. Сұхбат алушы әр сұраққа сай жауап кодын енгізгеніне се-
німді бола түседі, респонденттің сұрағы жауапқа сай келмеген тұстарын
көрсетеді, тіпті ноутбук микрофоны арқылы сұхбат бөліктерін кездей-
соқ жазып алып, сапаны тексеруге жағдай жасайды. АҚШ-тағы ауқым-
ды сауалнама зерттеуінде CAPI стандартқа айналған; Жалпы әлеуметтік
сауалнама да 2002 жылдан бері CAPI қолдана бастады.
Соңында айтарымыз, жеке сұхбат алу әдісінде сұхбат алушы кейбір
кезде бұрмалауға жол беруі мүмкін. Мысалы, көрсетілген тәртіппен сұх-
бат алу кестесін ұстанбауы мүмкін немесе респонденттің аузына сөзді
өзі салады. Сұхбат алушының жынысы, нәсілі, киіну стилі немесе жеке
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
363
қасиетіне қарап респондент жауабын бұрмалауы мүмкін. Жетінші та-
рауда әлеуметтік жағдай мен оған қатысты туындайтын бұрмалау жай-
лы эксперимент жасалғанын айтқанбыз. Бетпе-бет сұхбат алу экспери-
менттен гөрі «әлеуметтік жағдайға» келіңкірейді; тиісінше, сұхбат алушы
бәрін ескеруі керек. Өз еркімен не еркінен тыс респонденттің жауабына
ықпал етуі мүмкін екенін естен шығармағаны жөн.
Телефон арқылы сұхбат алу
Бетпе-бет сұхбаттасу тәрізді телефон арқылы сұхбат алудың да артық-
шылықтары мен кемшіліктері де бар. Сауалнаманы зерттеушілер бұл
әдісті көбіне уақыт пен қаржыны үнемдейтіні үшін таңдайды. Штатта
тұрақты қызметкерлері бар үлкен сауалнама зерттеуі орталықтары теле-
фон арқылы сауалнама алуды жылдам ұйымдастыра алады; тіпті телефон
арқылы сауалнамаға адам жинап, оларды дайындайтын зерттеушілердің
өзі бетпе-бет немесе электрондық пошта арқылы сұхбат алуға қарағанда
тезірек өткізеді. Жоғарыда айтылғандай, телефон арқылы сұхбат алу шы-
ғыны бетпе-бет сұхбат алудан әлдеқайда төмен. Дегенмен телефон сауал-
намасы электрондық пошта арқылы сұхбат алуға қарағанда қымбатқа тү-
седі, тіпті поштамен бірнеше рет байланыс жасаса да, одан арзан болады.
Телефон арқылы сұхбат алудың тағы бір маңызды артықшылығы – де-
рек жинаудың барлық аспектісінде сапаны бір орталықтан бақылай алу
мүмкіндігі бар (Lavrakas, 1993, 2010). Оған сұрақ әзірлеу мен претесті-
леу, сұхбат алушыны дайындау мен бақылау, іріктеу және хабарласу және
деректі кодтау мен енгізу жатады. Жеке сұхбат алуға қарағанда телефон
арқылы сауалнама жүргізгенде қызметкерлерді басқару мен бақылау
оңай өтеді. Далалық қызметкердің керегі жоқ; зерттеуші, сұхбат алушы
мен кодтаушы бір кеңседе отырып жұмыс істей береді. Осындай тәртіп
жетекшілердің өтіп жатқан сұхбатты бақылауына мүмкіндік береді, сол
жерде дереу кері байланыс жасап, сұхбат алу кезінде болған қателікті не-
месе бұрмалауды азайтуға болады. Кодтаушы жалдамай-ақ сұхбат алушы
компьютер терминалына респондент жауабының санын өзі енгізе алады.
Ал кодтаушы маман жалдаса, олар сұхбат алушы мен жетекшілерге дереу
кері байланыс ұсына алады.
Іріктеме сапасына келсек, телефон арқылы сауалнама алу режимі
бетпе-бет сұхбат пен электрондық пошта арқылы анкета толтырудың
ортасында тұр. Бұрынғы кезде іріктеме процесінде телефон абонентте-
рінің тізімі тұратын, соның салдарынан қамту қателігі туатын, телефон-
да көрсетілмеген нөмірлер немесе сол сәтте анықтама тізіміне енгендер
қамтылмай қалатын (Steeh, 2008: 226). Нөмірі көрсетілмеген адамдар-
ды санатқа қоспай кету проблемасын шешу үшін цифрды кездейсоқ
теру (RDD) процедурасы енгізілді, мұнда телефон нөмірлері кездейсоқ
таңдалады. Ең қарапайым RDD дизайнда географиялық аумаққа кіретін
телефон префикстері (орталық телефон станциясы) теріледі, содан соң
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
364
телефон нөмірінің соңғы төрт саны кездейсоқ таңдалады. Нақты тәжі-
рибеде цифрды кездейсоқ терудің барынша «күрделі тізімінен тұратын»
процедурасы бар. Соның көмегімен тұрғын үйлерге тиесілі емес немесе
басқа да қажетсіз нөмірлерді алып тастайды. Ал «қосарлы фрейм» (қосар-
лы іріктеме) процедурасы мобильді және қалалық телефон нөмірін бір-
дей іріктейді (Groves et al., 2009: 132–34; Steeh, 2008: 227–28).
Цифрды кездейсоқ терумен қоса, 1970 жылдары енгізілген компью-
тердің көмегімен телефон арқылы сұхбат алу (CATI) осы сауалнама
режимінің тиімділігін айтарлықтай арттырды (Nathan, 2001). CATI – те-
лефон арқылы сұхбаттасқан сұхбат алушы мен жетекшінің түрлі дерек
жинау міндетін автоматтандыруға көмектесетін компьютерленген құ-
ралдар жиынтығы. CATI қолдану арқылы телефон нөмірлерін іріктеп, те-
руге болады. Кері байланысты жоспарлауға, әр іріктелген телефон нөмірі
бойынша сұхбат алатын адамды тексеруге және таңдауға мүмкіндік бе-
реді. Сондай-ақ сұхбат алушыға қажетті нұсқаулықтар беріп, сұрақтар-
ды ретімен қоюға көмектеседі, респондентке қатыссыз сұрақтарды алып
тастайды, жауаптың бұрынғы сұраққа берген жауапқа сәйкеспей тұрған
тұсын анықтайды, сұхбат алушы әр сұрақтың тиісті кодын енгізгеніне
көз жеткізеді, жауаптарды компьютерлік дерек файлына тіркейді және
жетекшілер үшін дереу іріктеу әрі сұхбат алу дерегін жаңартып береді
(Lavrakas, 1993). Оған қоса, CATI жүйесінің қосымша пайдасы – күрделі
факторлы дизайндарды сауалнамаға оңай енгізуге болады (сегізінші та-
рауды қараңыз).
Дегенмен телефон арқылы сауалнама жүргізудің шектеулері де бар.
Федералдық деңгейде телефон арқылы сауалнама алғанда жауап көрсет-
кіші 1990 жылдары 70% болса, 2005 жылы 50%-ға түсті (Dixon and Tucker,
2010). АҚШ жеке сауалнама ұйымдарының көрсеткіші одан да төмен,
телефон сауалнамасының көбі 20–50% арасында ғана болады (Holbrook,
Krosnick and Pfent, 2008). Телефон арқылы сауалнама жүргізу көрсеткіші-
нің азаю себептері: қоңырау шалушының нөмірін тексеру және қоңырау-
ды құлыптап тастау мүмкіндігінің артқаны, телемаркетинг бойынша ха-
барласушылар көбейгендіктен қауіпсіздікке алаңдау, ұялы телефон ғана
қолданатын үй шаруасындағы әйелдер санының артуы (Curtin, Presser,
and Singer, 2005; Dixon and Tucker, 2010). Қысқаша айтқанда, адамдар-
дың көбі қоңырау шалушының кім екенін білмесе, онымен сөйлескісі кел-
месе қоңырауға (үй телефоны я ұялы болсын) жауап бермейді.
Телефон арқылы сауалнаманың тағы бір қиындығы – сұхбаттың ұзақ-
тығы және қойылған сұрақтың күрделілігіне байланысты туады. Теле-
фон арқылы алынған сұхбат 20–30 минуттан асып кетсе, жауап бермей
қою немесе сұхбатты ортасынан үзе салу қаупі артады (de Leeuw, 2008).
Сұхбат алушы сұрақты қайталай алады, бірақ барлық сауалдың түсінуге
ыңғайлы болғаны дұрыс. Респондент жауабын әзірлеп жатқанда сұрақ-
ты ұмытып қалмайтындай қарапайым болсын. Зерттеулер көрсеткендей,
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
365
телефон арқылы сұхбат алғанда респонденттер толық жауап беруге ар-
налған сұрақтарға бетпе-бет сұхбатпен салыстырғанда қысқа, толымсыз
жауап береді (Groves and Kahn, 1979). Оның үстіне, бірнеше жауабы бар
сұрақтар қиындық тудырады, сұхбат алушы жауап парағын көрсете ал-
мағандықтан оқып беруге мәжбүр, кейде қайталап оқиды, сол кезде рес-
пондент жалығуы мүмкін. Осы себепті телефон арқылы алынатын сауал-
нама сұрақтардың сипатына қарай алғанда бетпе-бет сауалнамадай бол-
майды.
Телефонмен сұхбат алудың тағы бір кемшілігі – сұхбат алушы көзбе-
көз көрген кездегідей сенім тудырып, қарым-қатынас орната алмайды.
Сондықтан кейбір сұраққа жауап ала алмау көрсеткіші жоғары болады,
шетін немесе әлеуметтік тұрғыда құпталмайтын мінез-құлық жайлы пі-
кірлер айтылмай қалады. Роберт Гроувс (1979) жекелеген іріктеме бо-
йынша алынған бірдей екі телефон сауалнамасының нәтижесін дәл сол
сұрақтар қойылған бетпе-бет сұхбаттасу нәтижесімен салыстырды. Ан-
кета соңында респонденттің сұхбатқа қатысты реакциясы жайлы сұрақ-
тар болды. Басқа сауалдарға қоса респонденттерден «табысы, табыс са-
лығын төлеу, саяси көзқарасы немесе нәсілге қатысты ұстанымы сияқты
тақырыптарға жауап беруге ыңғайсызданасыз ба?» деп сұрады. Осындай
шетін тақырыпты қозғағанда телефон арқылы жауап берген респондент-
тердің көбі ыңғайсызданатынын айтқан, табыс пен табыс салығын төлеу-
ге қатысты айтқанда айырмашылық көп болған. Табыс жайлы сұрағанда
телефон арқылы алған жауаптың көрсеткіші төмен болғаны таңғаларлық
емес. Басқа зерттеулер бойынша, респонденттер бетпе-бет кездескенде
айтатын әлеуметтік тұрғыда құпталмайтын мінез-құлық пен заңсыз әре-
кеттер жайлы телефон арқылы айтқысы келмейді (Aquilino, 1994: 211,
214; Holbrook, Green, and Krosnick, 2003).
Осындай кемшіліктері бола тұра телефон арқылы сұхбат алу ХХ ғасыр-
дың соңғы ширегінде АҚШ пен Еуропадағы ең танымал сауалнама әдісі
болды. Уақыт пен шығынды азайту – үлкен жетістік. Оған қоса, жақын-
нан бақылау, RDD және CATI технологиясының дамуы, телефоны бар үй
шаруасындағы әйелдердің көбеюі телефон арқылы сұхбат алу сапасын
бетпе-бет сұхбаттасуға жетеқабыл етті. Алайда қазірде телефон арқылы
сұхбат алу көрсеткіші төмендеп кетті, оны көтеру жолы тез табылмаса,
бұл сауалнама түрінің болашағы бұлыңғыр (кейбір сауалнаманы зерт-
теушілер солай дейді) (Kalton, 2000; Curtin, Presser and Singer, 2005: 97).
Бұл саладағы басты мәселе – ұялы телефонның көбеюі және негізгі жиын-
тықтың басым бөлігінің ұялы телефонмен ғана сөйлесуі. 2015 жылы Ден-
саулық мәселесі бойынша ұлттық сауалнама алынғанда, отбасылардың
47%-ы тек ұялы телефон қолданатыны, үйге телефон орнатпайтыны
белгілі болды (Blumberg and Luke, 2015). Ұялы және қалалық телефон-
дарды іріктеуде тиімді қосарлы фрейм жасау үшін кешенді әдіснамалық,
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
366
статистикалық, заңды және этикалық мәселелерді шешіп алуы керек. Бо-
лашақта телефон арқылы алатын сауалнаманың қиындығы көбейгендік-
тен, өздігінен толтырылатын анкеталар жиі қолданыла бастайды деген
болжам бар (Dillman, Smyth, and Christian, 2009).
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Телефон арқылы сұхбат алуға қарағанда бетпе-бет сұхбаттасу кезінде жауап алу көр-
сеткіші жоғары болады. Өйткені респондентпен бетпе-бет жолығасыз, ұзақ әрі күрделі
сауалдар қоя аласыз. Бірақ мұндай сауалнама түрі бәрінен қымбат.
Қағазға жазып алынатын сауалнама
Қағазға жазып алынатын сауалнама мектеп пен ұйымдарда қолда-
нылады, анкетаны қолдан-қолға таратып, жеке тұлға немесе топ болып
толтырады. Дегенмен көбіне мұндай сауалнама түрі үйде немесе жұмыс
орнында толтырылады. Әдетте жазбаша сауалнаманы респонденттерге
пошта арқылы жібереді. Сондықтан пошта сауалнамасы арқылы қағаз-
ға жазып алынатын сауалнаманы алудың артықшылығы мен кемшілігіне
тоқталамыз.
Пошта арқылы алынатын сауалнама бетпе-бет немесе телефон арқы-
лы өтетін сұхбатқа қарағанда арзандау, дегенмен қағазды басып шыға-
ру, поштамен жиі жіберу шығынын ескеру керек. Бұл кезде сұхбат алушы
немесе оны бақылаушылар қажет емес, респонденттің үйіне (жұмыс ор-
нына) барудың да керегі жоқ, телефонға қаржы жұмсамайсыз, кеңсенің
бір бұрышы жеткілікті. Кейбір зерттеуде зерттеушіге қоса, бір немесе екі
адам зерттеу жүргізуге жетіп жатыр. Гроувс пен басқа мамандардың есе-
бінше (2009: 173), пошта арқылы сауалнама алу телефон сауалнамасына
қарағанда 20–70% арзанға түседі.
Деректерді толық жинауға қажет уақыт телефон сауалнамасына қара-
ғанда көбірек кетеді, бірақ бетпе-бет сауалнама сияқты тым ұзаққа со-
зылмайды. Іріктеме мөлшері тым үлкен болуы мүмкін, бірақ география-
лық шашыраңқылық қиындық тудырмайды. Оған қоса, қағазға жазып
алынатын әдіс респонденттерді толық қамтуға мүмкіндік береді. Қоңы-
рау шалғанда көтермегендер немесе үйінде жиі болмайтын адамдар пош-
та арқылы келген сауалнаманы алады.
Сұхбатпен салыстырғанда респондент өзі толтыратын анкетаның
бірқатар артықшылығы бар, оның барлығы респондентті жауап беруге
ынталандырады (Mangione, 1995). Респондент жауап беруге ыңғайлы
уақытты өзі таңдайды және әр сауалға жауап беру үшін асықпай ойла-
на алады. Сұхбат алушының болмауы да құпиялықты сақтауға мүмкін-
дік береді, респондент заңсыз немесе әлеуметтік тұрғыда құпталмайтын
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
367
мінез-құлықты немесе басқа да шетін ақпаратты сұхбат алушыға айтқы-
сы келмеуі мүмкін, ал анкета толтырғанда өзін еркін сезінеді (Tourangeau
and Smith, 1996: 277–79).
Екінші жағынан, мұндай сауалнама режимінде қалу және жауап бол-
мағаннан туындайтын қате артуы мүмкін. Зерттеушілер сауалнама жі-
беретін поштаны таңдағанда қате немесе ескірген мекенжайды іріктеп
алуы мүмкін, ал кейде жауап беруге әзір респонденттер ілінбей қалады.
Толық іріктеу шегі болмағандықтан, пошта арқылы сауалнама алу мем-
лекеттік деңгейдегі зерттеу жұмысында сирек қолданылады. Дегенмен
1990 жылдары АҚШ пошта қызметі пошта мекенжайының электрондық
файлдарын көпшілікке білікті компаниялар арқылы тарататын болды.
Соның арқасында пошта арқылы алатын сауалнамалар қайтадан жан-
данды, енді оны RDD телефон сауалнамасына қосымша немесе балама
ретінде пайдалана бастады (Link et al., 2008; Iannacchione, 2011).
Басқа сауалнама режиміне қарағанда пошта арқылы жолдаған сауал-
намадан жауап алу көрсеткіші төмендеу болады. Екі немесе үш дерек жи-
нау режимін салыстырып, 45 зерттеу жұмысына мета-талдау жасағанда
орта есеппен бетпе-бет сауалнаманың жауап беру көрсеткіші жоғары
екені анықталды (70,3%), телефон арқылы сауалнама алу (67,2%) екін-
ші орында тұр, ал пошта арқылы алынған сауалнама көрсеткіші бәрінен
төмен (61,3%) (Hox and de Leeuw, 1994). Осылайша поштамен жіберген
сауалнаманың жауап беру көрсеткіші 50% не одан да төмен болса да, Дон
Диллман ұсынған «арнайы әзірленген дизайн» процедурасын қолдану ар-
қылы жауап беру көрсеткішін көтеруге болады (2007; Dillman, Smyth and
Christian, 2009).
Жоғары көрсеткіш алудың маңызды факторы – респондентке бөліне-
тін шығынды азайту және сауалнама маңызы мен оған қатысушыларды
марапаттауды арттыру (Dillman, Smyth, and Christian, 2009). Шығынды
азайту мақсатында сауалнаманы кері салатын конверт пен аздаған ақ-
шалай төлем жіберген жөн (сауалнама біткенде төлейтін ақшалай сый-
ақының орнына), анкета сұрақтарын қысқа, тартымды әрі толтыру-
ға оңай етіп құрастырған дұрыс. Респондент тарифі төленген маркасыз
хатты алғаннан гөрі арнайы мөрі бар хатты алғанда сауалнаманың ма-
ңызды екенін сезінеді; ілеспе хат жазып, адамды танитындай әсер қалды-
рыңыз (мысалы, респонденттің аты-жөнін көрсетіп, қол қойыңыз) және
алдын ала ескерту жасап, өтініш білдіруіңіз мүмкін екенін айтып қойы-
ңыз, байланысты үзбеуге тырысыңыз (Dillman, Smyth and Christian, 2009;
Mangione, 1995).
Жауап беру көрсеткіші төмен болуымен қоса, респондент өзі толты-
ратын анкетада бұрмалау да кездеседі, себебі респондент өзі қалаған сұ-
рақтарға жауап беріп, басқасына ештеңе жазбауы мүмкін. Кейбір адам-
дар жазуға шорқақ болады немесе тақырыпқа қызықпайды, сондықтан
олар поштамен келген сауалнамаға жауап беруге құлық танытпайды.
Ал бетпе-бет сұхбатта барынша ашыла түседі. Оның үстіне, сұхбат алу
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
368
әдісіне қарағанда анкетаны өздігінен толтыру кезінде көп сұрақ жауапсыз
қалады. Қандай да бір сұраққа жауап бермеу мәселесін болдырмау үшін
қосымша нұсқаулық жіберіп, онда әр элементке жауап берудің маңызды
екені, оның барлығы құпия сақталатыны ескертілуі керек және сұрақтар
барынша түсінікті қойылуы шарт.
Сауалнаманың бұл әдісінде сұхбат алушы тарапынан болатын бұрма-
лаушылық жоқ десек те, бетпе-бет сұхбат алудың мүмкіндіктері де бол-
майды. Сұрақты түсіндіріп, айқындап бере алмайсыз. Ең лайықты жауап-
пен толтырылып жатса да, бақылай алмайсыз, тіпті оны кім толтырып
отырғанын да көрмейсіз. Пошта арқылы жіберілген анкетаның жауабы
сенімді болуы үшін жабық сұрақтар таңдалуы керек, сұраққа жауап беру
реті маңызды емес және сұрақтар барынша қарапайым әрі нақты болға-
ны дұрыс.
Мынадай талаптар сақталғанда пошта арқылы сауалнама алу зерттеу
мақсатына сай болмақ: жауап беру көрсеткіші жоғары маманданған мақ-
сатты топтар болса,
3
өте үлкен мөлшерде іріктеме қажет болса, сауална-
ма шығыны аз болуы керек болса, қатаң басқаруды талап етпесе және
орташа жауап беру көрсеткіші қанағаттанарлық деп танылса.
Компьютердің көмегімен телефон арқылы
сұхбат алу
Компьютер мен интернет пайда болғалы дерек жинаудың бірқатар жаңа
технологиясы пайда болды. Бұған дейін CAPI and CATI жайлы айтып кет-
тік. Көптеген тапсырманы автоматтандырып, басқаларын жеңілдету ар-
қасында бұл әдістер сұхбат алушы қатесін азайтып, сұхбат алу процесін
жеңілдетеді. Дегенмен олар сұхбат алушының орнын баса алмайды; бі-
рақ жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді. Жақында зерттеушілер компью-
терді қолданып респонденттер өздері толтыратын түрлі сауалнама түрін
жасап шығарды. Электрондық пошта арқылы жіберілетін анкеталар, ин-
терактив дауыс жауаптары бар (IVR) сауалнамалар, компьютерленген өз-
дігінен толтыруға арналған анкеталар және интернет уеб-сауалнамалар
(9.2-сызба).
Электрондық пошта мен уеб-сауалнамалар интернет арқылы алына-
ды. Екеуінде де анкетаны компьютерден компьютерге жібереді; элек-
трондық пошта сауалнамасында сұрақтар электрондық пошта хабарла-
масы түрінде немесе тіркелген файл түрінде жіберіледі; ал уеб-сауална-
мада анкета арнайы жобаланған уеб-параққа шығып тұрады. IVR сауал-
намалар телефон арқылы алынады, респонденттер алдын ала жазылған
дауыс хабарламасын тыңдап, сенсорлық түйме көмегімен немесе дауыс-
тап жауап береді, ол жазылып алынады (қараңыз: Steiger and Conroy,
2008). Компьютер арқылы сұхбат бергенде (CASI) анкета бағдарла-
ма арқылы жіберіледі, оны респонденттің поштасына жібереді немесе
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
369
зерттеуші ұсынған ноутбукте толтырады. Осы инновацияның ішінде уеб-
сауалнамалар кеңірек қолданыла бастады. Ұзақмерзімді немесе күрделі
анкетаға жарамайтын интерактив дауыс жауаптары бар (IVR) сауална-
малар көбіне тұтынушы маркетингін зерттеуде қолданылады. Бірақ бұл
әдіс жалпы әлеуметтік сауалнамаға ыңғайсыз. CASI сұхбат алумен қатар
жүретін сауалнамада қолданылады. Енді уеб-сауалнаманың артықшылы-
ғы мен кемшілігіне тоқтала кетсек.
Уеб-сауалнаманың ең жақсы жағы деп көп қаржы талап етпейтінін
айтуға болады. Дәстүрлі сауалнама әдісінің ең арзаны саналатын өздігі-
нен толтыратын анкетамен салыстырғанда интернет арқылы сауалнама
алғанда қағаз сатып алу, пошта шығынын төлеу, деректі енгізу сияқты
шығын болмайды (Dillman, 2007). Бұл кездегі негізгі шығын компьютер
жабдығы мен бағдарламалық жасақтама орнату, анкета әзірлеу және
тестілеу, сондай-ақ интернет-провайдердің ақысын төлеуге жұмсалады.
Оқытушылар мен студенттер бұл шығынның біразын төлемейді. Survey
Monkey, Survs және Question Pro сияқты анкеталық құралдар мен онлайн
сауалнама алатын бағдарламалық жасақтамалар пайда болғалы көп зерт-
теушінің жұмысы жеңілдеді, анкета дайындау және ұсыну да жеңілдеді.
Сол сияқты артықшылықтың бірі – уақытты үнемдеуге мүмкіндік туды.
Басқа сауалнама режиміне қарағанда уеб-сауалнамаға көп уақыт кетпей-
ді. Пошта арқылы сауалнама жібергенде оны салуға және қайтарып алу-
ға апталап, айлап уақыт жұмсалады. Ал уеб-сауалнаманы бірнеше күнде
толтыруға болады. Түйіндей келе айтарымыз, уеб-сауалнама іріктеме кө-
лемі артқанда оның шығынын айтарлықтай азайтады, себебі электрон-
дық анкета пайда болғалы әр қосымша адамнан сауалнама алу шығыны
сұхбат алу немесе пошта арқылы сауалнама алудан әлдеқайда төмен.
Уеб-сауалнаманың тағы бір пайдасы (басқа компьютерлік әдістер
сияқты) – анкета дизайнын жасау кезінде жағдайға қарай икемдеуге бо-
лады. Дон Диллман (2007: 354) көрсеткендей, анкета «респондент пен
анкета арасындағы динамикалық байланысты қамтамасыз етуге» арнал-
ған қағазға жазып алынатын сауалнама бұл міндетті жеткілікті орын-
дай алмайды. Уеб-сауалнаманың құрылымы ауқымды әрі күрделі болуы
мүмкін. Жеке сұрақтарға арнайы қалқыма бет ашылатын кездер болады,
жауаптарды таңдайтын кезде тізім ашылуы мүмкін, ықтимал қате жауап-
қа кері байланыс жасау мүмкіндігі бар (мысалы, «1839» деген туған жыл-
ды қойғанда). Сөздің анықтамасын көрсететін қалқыма терезелер мен
қайталанатын жауаптарды автоматты толтыруға болады. Уеб-сауалнама-
да түрлі түстер мен пішіндер қолданылады, сурет, анимация, видеоклип
пен дауыс қосуға болады (Dillman, 2007: 458). Мұқият ойластырылып, ди-
зайны әзірленген уеб-сауалнама нұсқасы респондентті ынталандырып,
жақсы жауап беруіне көмектеседі, белгілі бір дәрежеде сұхбат алушының
рөлін ойнайды (Couper, Traugott, and Lamias, 2001; Lozar Manfreda and
Vehovar, 2008: 276–81).
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
370
Уеб-сауалнаманың осындай практикалық артықшылығы мен дизайн
мүмкіндігі зор бола тұра, әлеуметтік зерттеулерде байқалатын елеулі
кемшілігі бар. Оның ең бастысы – қамту қатесі. Бұл қателік екі мәселе-
ге байланысты туады: интернет пайдаланатын негізгі жиынтықтың үлесі
және пайдаланушыларды іріктейтін іріктеу шегінің жоқтығы. 2015 жыл-
ғы дерек бойынша, АҚШ тұрғындарының 75%-ы интернетті үйде немесе
басқа жерде қолданады екен. Дегенмен «цифрлық бөлініс» әлі де бар; қа-
ранәсілді немесе испан тілінде сөйлейтін азаматтар, жоғары білімі жоқ
және егде жастағы адамдар әлі де интернет қолданбайды (Morris, 2016).
Екінші мәселе – интернет пайдаланушыларды жақсы іріктеу шегінің бол-
мауы. Қазіргі кезде бұл мәселе мүшелер тізімі бар және интернет қолдана
алатын арнайы негізгі жиынтықты қолдану арқылы шешіліп тұр, мұндай
жиынтыққа ЖОО студенттері мен мекеме қызметкерлері кіреді (Couper
and Bosnjak, 2010). Тағы бір әдіс – цифрды кездейсоқ теру арқылы теле-
фонмен сұхбат алу немесе ықтимал іріктеме жасауға көмектесетін басқа
әдісті таңдау; осылайша таңдалған адамдарды онлайн-анкета толтыруға
үгіттеп көндіру (Fricker et al., 2005). Нақты анықталған ықтимал іріктеу
жоспары болмаған кезде тұтынушылар интернет-сауалнамаға жауап бе-
руге тырыспағаны жөн. Себебі олар өздерін таңдаған іріктемеге қосып,
жауап беруге шешім қабылдаған адамның пікіріне қосыла салуы мүмкін.
Жауап болмағаннан туындайтын қате басқа мәселе тудырады. Зерт-
теулер көрсеткендей, уеб-сауалнамаға жауап беру көрсеткіші пошта ар-
қылы жауап беру көрсеткішіне қарағанда 10%-ға кем (Lozar Manfreda et
al., 2008; Shih and Fan, 2008). Оған қоса, жауап беру көрсеткіштің аздығы
ғана емес (бір мета-талдау кезінде анықталғандай, 56 интернет сауална-
ма орташа есеппен 35% жауап беру көрсеткішін құраған [C. Cook, Heath,
and Thompson, 2000]). Сондай-ақ интернет-сауалнама телефон арқылы
жауап алудың төмендегеніне ұқсас қиындыққа тап болады. Құпиялық
мәселесі, «фишинг» пен спам және кәсіби емес сұрақтар килігеді. Деген-
мен зерттеулер дәлелдегендей, уеб-сауалнама көрсеткішін пошта арқылы
алынатын сауалнама деңгейіне жеткізу үшін арнайы негізгі жиынтықты
(электрондық поштаға тегін кіре алатын студенттер) тарту керек және
мотивациялық іс-шаралар қажет (зерттеу мақсатын түсіндіретін ілеспе
хат) (Kaplowitz, Hadlock, and Levine, 2004).
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Пошта арқылы алынатын сауалнамамен салыстырғанда уеб-сауалнамалардың шығы-
ны аз және күрделі интерактив анкета жасауға болады, бірақ негізгі жиынтық саны
шектеулі әрі жауап беру көрсеткіші төмен болады.
Осындай қамту мен жауап берілмей қалатын сұрақтар мәселесіне
қарамастан, уеб-сауалнамалар соңғы жылдары кең тарады, тіпті кейбір
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
371
зерттеушілердің пікірінше, уақыт өте келе пошта мен сұхбат алу сауал-
намасының орнын басады. Кейбір мәселені шешу жолдары қарастыры-
лып жатыр. Сондай бір әдіс – ықтималдыққа сүйенетін Америка Құрама
Штаттары мен басқа мақсатты негізгі жиынтықты көрсетуге арнал-
ған уеб-панельді қолдану. Интернеттегі білім алмасу желісі (Web-based
Knowledge Networks) бастапқыда мүшелерді цифрды кездейсоқ теру ар-
қылы тапты. Содан соң сауалнамаға қатысуға келісім берген азаматтарға
интернетке қосылуға қажетті жабдықтар берілді. Режим бойынша тәжі-
рибе жүргізген Том У.Смит пен Ж.Майкл Деннис (2004) 2000 және 2002
жылдары Жалпы әлеуметтік сауалнама орталығының бетпе-бет алған
сұхбатындағы жауаптарды Білім алмасу желісі панеліндегі ұқсас сұрақтар
жауабымен салыстырды. Бетпе-бет сұхбат пен уеб-сауалнама арасында
айырмашылық көп болмағанымен, Смит пен Деннис «интернет арқылы
алынған сауалнама нәтижесі мен басқа режимдер арқылы алынған нә-
тижені салыстыру үшін өлшеу айырмашылығы жайлы көбірек ақпарат
керек» деген тұжырым жасады (10).
Аралас режим сауалнамасы
Негізгі режимнің ешқайсысы ұтымды зерттеу мақсатына жеткізбейтіндей
көрінген кезде дерек жинау режимін таңдау қиын. Балама шешім ретінде
аралас режим сауалнамасының дизайнын қолдануға болады; бұл кезде
деректі іріктеу немесе жинау үшін (бір сәтте немесе бірінен соң бірі) бір-
неше режим түрі қолданылады. Сонда бір әдістің әлсіздігін басқа әдістің
мықтылығы толтырып, олқылықты жояды. Мысалы, 1970 жылдан бастап
АҚШ-та он жылда бір өтетін тұрғындар санағы пошта арқылы сауалнама
алумен толықтырылды. Бұрын бетпе-бет сұхбат алғанда адамдар пошта
анкетасын қайтармайтын.
Өзге де жетістіктермен қатар, әдіс түрлерін дамыту ХХІ ғасырдағы ара-
лас режим дизайнын айтарлықтай көбейтті (Couper, 2011). Режимдерді
біріктірудің түрлі себебі мен әдісі бар. Бұл тарауда аралас сауалнама ре-
жимінің көп тараған үш әдісін атай кетейік (de Leeuw, 2005; Dillman and
Messer, 2010).
1. Респонденттерді тарту, тексеру немесе байланысу үшін бір режим-
ді, сауалнаманы басқару үшін екінші режимді қолданыңыз. Уеб-сауална-
мада RDD іріктеме респонденттерді тарту кезінде интернет бар-жоғын
анықтау үшін қолданылады (Fricker et al., 2005), ал АҚШ-та пошта арқы-
лы алдын ала хабарландыру жіберіп, аздаған ақшалай өтемақы бергенде
жауап беру көрсеткіші күрт артқан (17%-ға дейін). IVR сауалнама кезінде
телефон арқылы сұхбат алушы алдымен респондентпен сөйлесіп, ректур-
тинг жасайды, содан соң оны сауалнаманы өзі толтыратын IVR режимі-
не ауыстырады (Steeh, 2008). Ағымдағы халық санағында респондент-
тер бірнеше ай бойы бір іріктемеде қалады; басында қымбат тұратын
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
372
бетпе-бет сұхбат қолданылады, соның көмегімен респонденттерді тар-
тып, жауап беру көрсеткішін көтереді; кейінгі айларда оған қарағанда ар-
зандау телефон арқылы сұхбат алу әдісіне көшеді. Келесі қадамда сауал-
намаға қатысуға құлықсыз респонденттермен жұмыс істеу керек. Үгіттеу
хаты жіберіледі, түрлі режимдер қосылады (электрондық пошта, телефон,
бетпе-бет) (de Leeuw, Hox, and Dillman, 2008; Millar and Dillman, 2011).
Таңдалған респонденттерден қосалқы сұрақтарға жауап алып, дерек
жинау үшін екінші режимді қолданыңыз. Өздігінен толтырылатын анке-
таға өту (қағазға жазып алынатын немесе CASI) көбіне бетпе-бет сауал-
намада болады, осылайша шетін ақпараттың құпиялығын сақтауға ты-
рысады. Әдетте сұхбат алушы сұхбаттың негізгі бөлігін өзі өткізеді, содан
соң құпия ақпаратқа келгенде респондентке конвертке салынған қағазға
жазып алынатын анкетаны яки CASI анкета болса ноутбук беріп, өздігі-
мен толтыруды ұсынады. Бұл кезде респонденттер әлеуметтік көзқарасы
үшін бұрмалауға ұшырамайды, ал сұхбат алушыға тікелей жауап берген-
де ондай қауіп көбірек болады. Бұл стратегияны 1992 жылы Денсаулық-
қа қатысты ұлттық сауалнама алғанда алғаш рет байқап көрді, ол кезде
Жастарға қауіп төндіретін мінез-құлыққа қосымша (Youth Risk Behavior
Supplement) деп аталатын зерттеуде жастардың есірткі қолдануы, жыныс-
тық қатынасқа түсуі, шылым шегуі мен өзге де денсаулыққа зиян әрекет-
терін анықтау үшін құпия ақпарат жинау мақсатында аудиоанкета қолда-
нылды (Willard and Schoenborn, 1995). Жасөспірімдер шағын аудиоқұрыл-
ғыдан сұрақтарды тыңдап, жауаптарын арнайы параққа жазды; ол жауап
парағында респондент жайлы еш дерек жоқ еді, осылайша ата-анасы не-
месе басқа отбасы мүшесі жауаптың кімдікі екенін біле алмайтын. Жас
респонденттің жеке бас құпиясын сақтаумен қатар, мұндай дерек жинау
әдісі жазбаша анкетаға қарағанда әлдеқайда тиімді болатын, жасөспірім-
дердің ішінде жауаптарын оқуға қиналатындары да кездеседі. Оған қоса,
алдын ала жазылған сұрақтар сұхбат алушы қоятын сұраққа қарағанда
стандартқа сай болатын (ойды тұжырымдауы, дауыс ырғағы т.б.).
3. Респондентке қарай сауалнама режимін өзгертіп отырыңыз. Уеб-
сауалнама кезінде қамту мәселесін шешудің бір жолы – респондентке бе-
йімделген тәсілді қолдану. Мысалы, интернетке қосыла алмайтын адам-
дардан бетпе-бет немесе пошта арқылы сауалнама алу. Іріктелген негізгі
жиынтықтың жауап беру көрсеткішін көтерудің бір жолы – басында пош-
та арқылы жіберілген анкетаға жауап бермеген респондентпен телефон
арқылы немесе бетпе-бет сұхбаттасу (Biemer and Lyberg, 2003): ал басын-
да интернет арқылы ұсынылған анкетаға жауап бермеген адамға пошта
арқылы анкета толтыруды ұсыну (Millar and Dillman, 2011). Сол сияқты
респондентке бейімделген дизайн салыстырмалы түрде арзан саналатын
пошта арқылы сауалнама алудан басталады, одан жауап алынбаса теле-
фон сұхбаты ұсынылады, ең соңында жауап бермеген респонденттерге
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
373
қымбат тұратын бетпе-бет сұхбат әдісі ұсынылады (de Leeuw, Hox, and
Dillman, 2008).
Алғашқы екі аралас әдіс дизайны біраз уақыт жалпы тәжірибеде ке-
ңінен қолданылды; олардың шығынды азайту, жауап беру көрсеткішін
арттыру және дерек сапасын жақсартуда артықшылығы бар екені бел-
гілі. Аралас режим сауалнамасына соңғы кездері қызығушылық арт-
ты, оған дерек жинау процесінде түрлі респонденттерге түрлі режимді
пайдалануға болатыны ықпал еткен (Couper, 2011). Бұл әдістің ең осал
тұсы – түрлі режимді қолданып сауалнама алғанда респонденттерді са-
лыстыру қиындайды. Әр режимнің өз қамту ауқымы, іріктеу тәсілі,
жауапсыз қалуды анықтау және өлшем қатесін табу ерекшелігі бар. Мақ-
сатты негізгі жиынтықты статистикалық бағалау үшін қосалқы іріктеме
режимдерін біріктіру қиын әрі түсініксіз іске айналады.
Далалық жұмыстарды басқару
Жоспарлау аяқталған соң, далалық жұмыстар басталады. Зерттеудің бұл
кезеңі сұхбат алушыларды рекрутинг жасау және үйретуден басталады.
Әрі қарай далалық сұхбатқа ұласады. Басында сұраққа жауап бермеген
іріктемедегі адамдарға қатысты іс-қимыл аяқталғанда жұмыс та бітеді.
9.3-сызбада сауалнаманың далалық кезеңінің түрлі аспектісін түйіндей-
тін диаграмма берілген.
4
Негізінен, бетпе-бет сұхбатқа баса мән берсек
те, талқылау кезінде телефон арқылы алынатын сауалнама мен басқа ре-
жимдердің кейбір аспектілері қамтылады.
Сұхбат алушыны рекрутинг жасау және таңдау
Сұхбат алушыны таңдауға қатысты зерттеушілер арасында өзара келісіл-
ген әмбебап критерий болмаса да, тәжірибе мен жалпы түйсікке сүйе-
не отырып сұхбат алушы бойынан табылуға тиіс қасиеттерді көру керек.
Мұндай қасиеттерге әр сөзді анық айту (артикуляция); сенім тудырып,
ынтымақтас болуға жетелейтін тартымды сырт келбет; іскер адамға тән
таза, ұқыпты киім үлгісі; сұхбат алатын адамына қатысты стеоротип
пен нанымнан ада болу; сауалнама тақырыбына қызығушылық таныту;
компьютерді жетік білу; тыңдай алу, қажет кезде бейтарап тақырыпты
қозғай алу және жауаптарды мұқият жазып алу қасиеттері жатады. Сұх-
бат алушыны таңдау және оқыту процесінде осы қасиеттердің бар-жоғын
бағалауға болады. Бұл процесті барынша білікті сұхбат алатын мамандар
жүргізуі керек, олар зерттеуде сұхбат алушының жеке бас қасиеті мен
сұхбат сапасы арасында неліктен үйлесім болмағанын түсіндіре алады
(Fowler, 1991; Groves et al., 2009).
Сауалнаманы тұрақты қызметкерлері бар үлкен зерттеу ұйымы жүр-
гізсе, өз мамандарын қолданады, ал басқа кезде сауалнама алуға қажет-
ті сұхбат алушыларды табу қажет. Сұхбат алушыларды рекрутинг жасау
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
374
процесі жұмысқа алғанмен бірдей (E.Weinberg, 1983). Яғни бос жұмыс
орны жайлы хабарландыру беріледі, содан соң үміткерлерді таңдайды.
Минимал оқу және жазу машығынан бөлек, таңдаудың басты критери-
йі – жұмыс талаптарына сай болуға тырысу. Сұхбат алушыға тән басқа
сипаттар нарық күшіне қарай анықталады. АҚШ мемлекеттік статисти-
ка агенттігінің сұхбат алушылардан алған дерегі бойынша, сұхбат алу-
шылардың басым бөлігі бұл жұмысты негізгі табыс көзі немесе карьера
жасау жолы деп санамайды, оған жұмыстың тұрақты емес, анда-санда
болатыны ықпал етсе керек (Groves and Couper, 1998: 198). Жұмыстың
осындай сипаты мен жұмыс талабына қарай сұхбат алушылардың негізгі
құрамы анықталады, олар көбіне жоғары білімді әйелдер мен жастардан
құралады. Зерттеушілер сұхбат алушыларға тән қасиеттің бәрін бақылай
алмайды. Бірақ сұхбат алу сапасы жоғары болса, басқа қабілетті мұқият
оқыту және тәжірибе жинақтау кезінде қалыптастыруға болады.
9.3-сызба. Диаграммада сауалнаманың далалық кезеңі көрсетілген
Сұхбат алушыны
таңдау
Сұхбат алушыны
оқыту
Респондентпен бай-
ланыс жасау
Сұхбат алу
Кейінгі
іс-қимылдар
Претестілеу
Супервизия/
сапаны бақылау
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
375
Сұхбат алушыны оқыту
Сұхбат алушылар белгілі бір зерттеу жобасына қатысу үшін сұхбат алуға
қажет машық пен әдіс-тәсілді оқып, арнайы процедураларды меңгереді.
Тәжірибе жүзінде үйретудің бұл екі аспектісі практикалық қолданыста
сауалнамаға арналған материалдармен жиі біріктіріледі (мысалы, анкета
немесе іріктеу процедуралары) (E.Weinberg, 1983; Lessler, Eyerman, and
Wang, 2008). Атап айтсақ, оқыту процесі бірнеше мақсатты көздейді:
1. Сұхбат алушыға зерттеудің жалпы мақсаты, демеушілері, іріктеу
жоспары және пайдалану немесе жариялау жоспары жайлы ақпа-
рат береді.
2. Сұхбат алушыларды отбасының орналасуын және іріктеу дизай-
нында көрсетілгендей лайық респонденттерді табуға оқыту.
3. Респондентпен ынтымақтас болу; жақын достасып кетпеу, бірақ
оның сеніміне ену; жауап берген кезде бұрмалау болмайтындай сұ-
рақтар қою; жауап беру барысында басқа тақырыпқа ойысу неме-
се ойдың бөлінуі болса, дұрыс бағытқа салу сияқты негізгі сұхбат
алу әдістері мен ережелерін оқыту.
4. Сұхбат алушыларға сауалнама құралдарын таныстыру және CAPI
немесе CATI бойынша жұмыс істеуге қажет нұсқаулар беру.
5. Сұхбат алу кестесіне сай таныстыру жасап, тәжірибе жүзінде ба-
қылау.
6. Мотивациясы жоқ, жұмысты атқара алмайтын үміткерлерді шығару.
Сұхбат алушының қатесін түзету мақсатында жұмыс істеуге арналған
зерттеулер көрсеткендей, қысқамерзімді оқыту (бір күнге жетпейтін)
жеткіліксіз, жақсы нәтиже алу үшін жан-жақты оқыту қажет (Groves et
al., 2009: 316). Бетпе-бет сұхбаттасуға арналған оқыту бағдарламасына
аудиторияда бірнеше сабақ беру мен үйде оқыту кіреді. Бірінші сессия
зерттеуге жалпы кірісуден басталады, одан соң сұхбат алушыға қажет не-
гізгі машықтар мен жауапкершілікті үйрететін презентация мен нұсқау-
лық болады. Екінші сессияда зерттеуші сұхбат алушыны сауалнама анке-
тасымен таныстырады, әр элемент бойынша тұтас құралды таныстырып,
әр элементтің маңызын түсіндіреді. Жауапты жазуға қатысты нұсқаулық
беріп, проблемалы жауапқа мысал келтіріп, оны шешу жолын үйретеді.
Бұдан соң зерттеуші демонстрациялық сұхбат өткізеді, сұхбат алушылар-
ды жұпқа бөліп, бір-бірінен сұхбат алып, жаттықтырады, өзі бәрін бақы-
лайды. Үшінші сессияда тәжірибені әрі қарай дамытады, далалық тәжіри-
бені қосып, бағалайды. Тәжірибелі сұхбат алушылар әдетте сауалнамаға
қажетті дайындықты үйден оқып алады, жоба аясында арнайы сұхбат
алу процедуралары мен сауалнама құралдарын меңгереді, ал далалық
жаттығуда менеджер сұхбат алушыға жаттықтырады. Телефонмен сұхбат
алу кезінде тәжірибе жинаушыны не күтетінін білгіңіз келсе, Патрисия
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
376
Гуартнидің «Телефон арқылы сұхбат алушының анықтамасы» (Patricia
Gwartney’s The Telephone Interviewer’s Handbook, 2007) атты тамаша
еңбегін оқыңыз.
Претестілеу
Претестілеу – респонденттердің мақсатты тобына сипаты жағынан ұқ-
сайтын шағын іріктемеге сауалнама құралдарын сынап көру. Претест
жүргізудің басты себебі – «сауалнама құралы мақсатына сай жұмыс іс-
теп тұр ма, әлде оны тағы да жетілдіру керек пе?» деген мәселені анық-
тау. Претестілеу сұхбат алушыларды дайындауға дейін, дайындап жат-
қанда немесе дайындап болған соң да жүргізіле береді. Сұхбат алушыны
оқытуға дейін претест жасаудың артықшылығы – дайын құралды оқыту
кезінде қолдануға болады. Претестілеуді шегере тұрудың пайдасы – сұх-
бат алушылар көмектеседі; яғни сұхбат алушыны дайындаудың дала-
лық тәжірибе кезеңінде немесе ресми дайындау біткен соң бірге жасап
шығады. Претестілеуді кейінге қалдырудың кемшілігі – оқытуды аяқтау
мен «нақты» сұхбат алу басталғанда құралды қолдану мүмкін болмай,
уақыттан ұтылу қаупі бар. Претестілеу тақырыбы оныншы тарауда жан-
жақты ашылған.
Респонденттермен байланыс орнату
Респонденттермен байланыс орнату үш кезеңнен тұрады: қажет немесе
пайдалы болғанда «ресми» рұқсат алу яки қолдау табу, іріктемедегі жеке
тұлғаны немесе отбасын зерттеумен таныстыру үшін ілеспе хат жолдау,
респонденттермен ынтымақтастық орнату.
Белгілі бір топқа сұхбат алу арқылы сауалнама жүргізілгенде зерттеу-
дің жалпы мақсаты мен маңызы, оны ұйымдастырып отырған мекеме,
өтетін күні, алатын уақыты және т.б. жайлы хат жазып немесе әдейілеп
барып жергілікті жауапты тұлғаға таныстарған жөн. Оған қоса, зерттеу
жүргізілетін салаға қатысты мекемелерден растау хат алған дұрыс бола-
ды. Мысалы: дәрігерлерден сұхбат алсаңыз, сол жердегі денсаулық сақтау
бөлімінен рұқсат аласыз, бизнес өкілдерін зерттегіңіз келсе, сауда палата-
сының қолдауы керек.
Респондентпен жұмыс істегенде жақсы ілеспе хаттың маңызы зор.
Сұхбат алу сауалнамасында ілеспе хатты сұхбат алушы респондентке ха-
барласпай тұрып бірнеше күн бұрын поштамен жібереді. Анкетаны пош-
тамен жібергенде ілеспе хат не анкетамен бірге салынады немесе жеке
қағаз түрінде не анкетаға тіркеме түрінде жіберіледі. Дилман, Смит пен
Кристиан (2009) анкетаны поштамен жіберер алдында пошта арқылы
қысқаша ескерту хат жіберу керек екенін ескертеді. Кейде пошта мекен-
жайы белгілі болған кезде ілеспе хат телефон сұхбатына дейін жіберіледі.
29 зерттеу жұмысына талдау жасағанда, алдын ала ілеспе хат жіберген-
нің нәтижесінде телефон арқылы алынған жауап көрсеткіші орта есеппен
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
377
8%-ға артқаны анықталды (de Leeuw et al., 2007). Ілеспе хаттың мақса-
ты – респонденттерді сауалнамаға жауап беруге көндіру. Ол үшін мынан-
дай әдістерді қолданған тиімді болады: (1) зерттеуші мен сауалнама де-
меушісін және байланыс жасайтын адамның телефон нөмірін анықтау;
(2) зерттеудің жалпы мақсаты мен маңызын хабарлау; (3) зерттеу нәти-
жесі жеке тұлғаға немесе басқаларға қаншалықты пайдалы болатынын
түсіндіру (мысалы, нәтиже денсаулыққа күтім жасауды жақсартады неме-
се некедегі қарым-қатынасты түсінуге көмектеседі т.б.); (4) іріктеменің
қалай жасалғанын және әр респонденттің зерттеу үшін маңызды екенін
ұғындыру; (5) жеке тұлғаларға аты-жөні аталмайтынын, жауаптары құ-
пия сақталатынын, деректі талдау мақсатында басқа жауаптарға қосыла-
тынын айтып, сендіру; (6) анкета толтырудың бірнеше минут уақыт қана
алатынын, оның қызықты екенін және респондентке қолайлы уақытта
өтетінін айту; (7) респонденттерге зерттеу нәтижесінің қорытындысын
жібереміз деп уәде беру (ілеспе хаттың үлгісін көру үшін 9.2-қосымшаны
қараңыз). Сондай-ақ жауап беру көрсеткішін көрету үшін 1–2$ шамасын-
да сыйақыны ілеспе хатпен бірге салып, ынталандыруға болады (Singer
and Ye, 2013).
Сұхбат алу сауалнамасындағы үшінші қадам – респонденттермен
ынтымақтас болу. Сұхбат алушылар іріктемедегі адаммен хабарласып,
кездесуі керек, содан соң сауалнаманы толтырып, ынтымақтас болуға
көндіреді. Көрсетілген тұлғалармен байланыс орнату табандылықты
және кедергіні жеңуге деген құлшынысты қажет етеді. Сұхбат алушы-
лар байланыс орнату уақытын өзгертіп, бірнеше рет қоңырау шалса бо-
лады. Әдетте бетпе-бет сұхбат үшін 6 рет, телефон сауалнамасы үшін 10
немесе одан да көп мәрте хабарласу керек болады (Fowler, 1993). Бұдан
кейінгі іс-қимылды далалық зерттеудің қорытынды кезеңі ретінде тал-
қылаймыз.
9.2-қосымша. Отбасылық сауалнама алу үшін іріктемеге ілеспе хат жолдау,
басты сипаты сол жақ бөлікте көрсетілген
Вашингтон мемлекеттік университеті
Әлеуметтік және экономикалық ғылыми зерттеу орталығы
Wilson Hall, 133
PO Box, 644014
Pullman, WA, 99164-4014
509-335-1511
FAX, 509-335-0116
Күні
8 шілде, 1999
Алушының
мекенжайы
L.T. Hansen, 2121 Lincoln Way East
Uniontown, WA 99962-2056
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
378
Өтініш
Вашингтон штатында өтетін, жаңа тұрғын-
дарды зерттеуге арналған жобамызға кө-
мектесуіңізді сұрап хат жолдап отырмыз.
Зерттеу арқылы адамдардың штатқа келу
себебін білгіміз келеді, осында көшіп келген
соң көрген жағдайлар көңілінен шыға ма,
әлде шықпай ма, соны анықтасақ дейміз.
Неліктен сізді
таңдадық?
Білуімше, Вашингтон штатында тұрып
жатқаныңызға бірнеше жыл болды. Біз әр
штаттың аймағынан жаңадан келген тұр-
ғындарды кездейсоқ іріктеп алып, олар-
дың көшіп келу себебін, жұмыспен қамту
тәжірибесін және қажеттілігіне сай қыз-
мет тапқанын немесе таппағанын анық-
таймыз.
Сауалнаманың
пайдасы
Сауалнама нәтижесі мемлекеттік және
жергілікті билікке тапсырылады, осылай-
ша Вашингтонды сіз сияқты жаңадан кел-
ген тұрғындар үшін қолайлы, жағымды
етуге бағытталады. Адамдар бұл жаққа
келгенде нені қалайтынын білген шенеу-
ніктер қызмет ұсыну және өмір сапасын
жақсарту үшін өнімдірек жұмыс істейтін
болады. Қоныс аударған тұрғындардың
жұмыс машығы жайлы көбірек білсе, қо-
ғамдық мекемелер мен жеке кәсіпорындар
жаңа тұрғындардың штат экономикасына
үлес қосуы үшін қажет қызметті ұсынады.
Құпиялық
Берген жауабыңыз толықтай құпия бола-
ды, тек қорытынды дерекке қосуға қажет,
ол кезде ешбір жеке тұлғаның аты-жөні
аталмайды. Анкетаны толық толтырып жі-
берген соң, аты-жөніңіз поштадан өшіріледі
және жауабыңызға атыңыз ешқашан қоса
аталмайды. Сауалнамаға әр адам өз еркі-
мен қатысуы керек. Десек те сәл уақыт бө-
ліп Вашингтон штаты жайлы пікіріңізді біл-
дірсеңіз, зор көмек көрсетер едіңіз. Қандай
да бір себеппен жауап бергіңіз келмесе, мөр
басылған конверттегі анкетаны ашпаған
күйі қайтаруыңызды сұраймыз.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
379
Ризашылық
белгісі
Сізге алғыс айту белгісі ретінде жолдаған
шағын сыйымызды қабыл алыңыз.
Сұрақтарға жауап
беруге даяр болу
Зерттеуге қатысты қандай да бір сауалы-
ңыз болса, жауап беруге әзірміз. Тегін қо-
ңырау шалу нөмірі: 1-800-833-0867 немесе
хаттың сыртында көрсетілген мекенжайға
жазып жіберіңіз.
Алғыс айту
Осындай маңызды зерттеуді жүргізуге кө-
мектескеніңізге алғыс айтамыз. Ізгі ниет-
пен,
Қолы
Дон А.
Диллман, профессор әрі директордың
орынбасары
P.S. Егер бұл хатты қателесіп жолдасақ,
1990 жылдан бері қарай Вашингтонға кө-
шіп келмеген болсаңыз (немесе басқа жақ-
та тұрған соң қайта қоныс аудармасаңыз),
анкетадағы бірінші сұраққа ғана жауап бе-
ріңіз де, қалғанын жауапсыз қайтарыңыз.
Көп рақмет.
Дереккөз: Dillman (2007:162). Авторлық құқық 2007 by John Wiley and Sons, Inc.
Рұқсатпен пайдаланылды.
Бас тартуға жеткізбеу – сұхбат алушының арнайы машығын талап
ететін күрделі мәселе. Роберт Гроувс пен Мик Коупердің (1996, 1998)
сауалнамаға қатысу теориясы бойынша (көбіне жеке сұхбатта қолданы-
лады) сауалнаманың бастапқы кезеңінде іріктемеге кірген адам сұхбат
алушының келу себебін түсінуге тырысады. Ол сұхбат алушының сөзіне,
мінез-құлқына, сырт келбетіне қарап, түсінік қалыптастырады (немесе
сценарийді анықтайды), содан соң әңгімені жалғастыру не тоқтату жай-
лы шешім қабылдайды. Жеке тұлғаның сұхбат алуға келісуі немесе одан
бас тартуы сұхбат алушының тез әрі нақты әрекет етіп, үй иесінің бастап-
қы жауабына сценарийді бейімдеп, соған тиіс әрекет етуіне байланысты
болмақ.
Аталған теория сұхбат алушы үй иесінің өзара байланысын талдауға
негізделген. Мысалы, Роберт Гроувс, Роберт Чалдини мен Мик Коупер
(1992) тәжірибелі сұхбат алушылардың респонденттерді қатысуға көнді-
ру әдісі бар екенін анықтады. Олар әдетте екі өзара байланысты страте-
гияны қолданады екен. Біріншіден, олар іріктелген бірлікке қарай әдісін
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
380
өзгертеді, киімін, өзін ұстау мәнерін, тілі мен дәлелін сол аймаққа, елді
мекенге, отбасына қарай бейімдейді, үй иесінің сол сәттегі реакциясы-
на қарап, икемделеді. Екіншіден, өзара байланыс орнатуға тырысады.
Соның арқасында барынша тиімді жауап алуға көмектесетін, әңгімені
қажетті арнаға бұруға ықпал ететін белгілерді қалт жібермей аңғарады.
Бұдан кейінгі талдауда Гроувс пен Коупер (1996) мынандай тұжырым жа-
сады: сұхбат алушының жағдайға қарай ең тиімді бейімделетін сәті – үй
иесінің нақты мәселесін түсінуі. Оған қоса, сұхбат алушылардың осындай
мәселелерді алдын ала болжап, оны шешуге көмектесетін оқыту бағдар-
ламасының эксперименттік тестілері кезінде ынтымақтастық күшейетіні
дәлелденді (Groves and McGonagle, 2001).
Керісінше, телефон арқылы сұхбат алғанда бейімделу қиын. Себебі екі
тарап бір-бірін көрмейді; кейде байланыс орнатып, өзара тіл табысуға
уақыт жетпей жатады (кейде бірнеше секундтың өзі шешім қабылдауға
ықпал етеді) (барлаулық зерттеу үшін қараңыз: Couper and Groves, 2002).
Дегенмен телефон арқылы сұхбат алушыларды дайындау кезінде респон-
дентке даусы арқылы әсер етуді үйрету қажет (дауыс екпіні, биіктігі, ыр-
ғағы, сөйлеу жылдамдығы мен мәнері т.б.). Сондай-ақ арнайы сценарий
әзірлесе, сол бойынша сөйлегенде респонденттің жауап беруге ниетсіз
екенін байқаса («Сауалнамаға жауап бере алмаймын», «Уақытым жоқ»,
«Жеке өміріме қол сұғып тұрсыз»), оған қарсы дәлелдері дайын тұрады
(Gwartney, 2007).
Сұхбат алу
Бұған дейін айтып өткеніміздей, сұхбат алу құрылымдалған немесе құры-
лымдалмаған болады. Бірақ сауалнаманың барлығы дерлік (әсіресе үлкен
ауқымды сауалнамалар) құрылымды немесе «стандартталған» сұхбат алу-
ды қолданады. Стандарттау мақсаты – әр респондентке бірдей сұхбат алу
тәжірибесін ұсыну. Сол кезде жазылған жауаптағы кез келген айырмашы-
лық «жауап алу процесінде қалыптасқан айырмашылық» емес, респон-
денттердің пікір ерекшелігі болып саналады (Fowler and Mangione, 1990:
14). Өлшеу процесін стандарттау үшін сауалнама құралдары бекітілген
жауап нұсқасы бар сұрақтардан құралады. Ол барлық респондентке бір
тәртіппен ұсынылады, ал сұхбат алушы алдын ала бекітілген процедура-
ны мұқият ұстануға тиіс. Ең дұрысы, сұхбат алушы бірізділікті сақтайтын,
сауалнама негізіндегі зерттеудің бейтарап дәнекері ғана болуы керек. Қыс-
қаша қайырғанда, «стандарт сұхбат алу мақсаты – сұхбат алушының өл-
шем қатесіне себепкер болуына жол бермеу» (Groves, 1989: 358).
Сауалнама алатын ұйымдардың нақты тәжірибелері әртүрлі шығар,
бірақ стандартталған сұхбат алудың негізгі төрт ережесі бар. Флойд
Фаулердің пікірінше (қараңыз: 1991: 264; Fowler and Mangione, 1990),
сұхбат алушылардың бәріне ортақ әдістер мынандай:
1. Сұрақ қалай жазылып тұрса, солай оқыңыз.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
381
2. Респондент сұраққа толық жауап бермесе, нақтылап, толықтыру
үшін жетектеуші сұрақтар қойыңыз. Әдетте «Тағы қосарыңыз бар
ма?», «Осы жайлы көбірек айтсаңыз» және «Оны қалай түсіндірер
едіңіз?» деген сұрақтар жауапты толықтыруға ықпал етеді.
3. Сұрақтардың жауабын жазғанда оған түсініктеме беріп, редакция
жасамаңыз. Толық жауап беруге арналған сұрақ қойғанда оның
жауабын сөзбе-сөз жазып алу керек.
4. Респондентпен кәсіби, бейтарап қарым-қатынас орнатыңыз. Жеке
басыңызға қатысты ақпарат бермеңіз, сұхбат тақырыбына қатысты
өз пікіріңізді айтпаңыз, кері байланыс жасағанды айтқан сөзіңізден
оның жауабына қатысты ұстанымыңыз байқалып тұрмасын.
(Бетпе-бет сұхбаттасу кезіндегі сұхбат алушыға арналған толық нұс-
қаулық 9.3-қосымшада көрсетілген). CATI сауалнама кезінде стандарт-
талған сұхбат алудың сипаттамасын Гуартниден таба аласыз (Gwartney
(2007: 172–233).
Маңызды эмпирикалық дәлелдер мен нақты теориялық аргументтер
стандарттау принциптерін растайды (Fowler, 1991; Fowler and Mangione,
1990). Мысалы, сұрақтар бастапқыда дайындалған қалпында қойылмаса
қай сұрақ қойылғанын анықтау қиын болады. Сұрақтың ретіне сәл ғана
өзгеріс енгізгеннің өзінде жауапты тарқату қиынға соғарын бірнеше экс-
перименттерден байқадық (Schuman and Presser, 1981). Сондай-ақ экспе-
рименттер көрсеткендей, түрлі ой тудыратын сұрақтар (сұраққа қатысы
бар жауаптардың бір бөлігін ғана білдіретін) мен тұспалдап сұрақ қою
жауапты таратуға және басқа айнымалылармен байланыс орнатуға ық-
пал етеді (Smit, Dijkstra, and van der Zouwen, 1997).
Стандарттау арқылы сұхбат алушының өлшеу қатесін азайтуға бо-
латынына ешкім күмәнданбайды, бірақ одан да маңызды, ертеден келе
жатқан бір мәселе – стандарт стимул ұсынудың өзі өлшеу қатесін туды-
руы мүмкін. Оған сәйкес, стандартталған сұхбат алу сұхбат алушы мен
респонденттің қарым-қатынасына екі жақтан кері әсер етеді: (1) өзара
түсіністік орнату мүмкіндігін азайтады, респондентті сұхбат алушымен
ынтымақтас болып, нақты әрі толық жауап беруге ынталандырмайды;
(2) коммуникация проблемаларын анықтау және түзетуге мән бермейді
(Beatty, 1995; also see Maynard and Schaeffer, 2002).
9.3-қосымша. Сауалнама алу мақсатында сұхбат алушыларға
арналған нұсқаулық
NORC сияқты сауалнаманы қаржыландырушы ұйымдар жалпы әлеуметтік
сауалнаманы бақылай отырып, сұхбат алушыларға арналған нұсқаулық-
тар шығарады. Онда көрсетілген ережелер мен процедураларды сақтаған
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
382
сұхбат алушылар көп қате жібермейді. Төменде көрсетілген ережелер мен
нұсқаулықтар сұхбат алушыға арналған нұсқаулықтан ықшамдалып алын-
ды. Орта көлемді қалада жүргізілген сауалнама үлгісі болса да, кез келген
жеке тұлға арасындағы сұхбатқа қолдануға жарамды.
Ережелер
Үш негізгі ереже ұсынылады:
1. Сыпайылық, әдептілік және қабылдау. Сөйлеу мәнеріңіз әркез сы-
пайы, әдепті болуы керек, респондентті берген жауабы үшін айыптап,
сөкпейтініңіз байқалсын. Ешбір жағдайда айтылған пікірге қарсы шығу-
ға немесе оны талқылауға құқығыңыз жоқ. Сұхбат алушының басты мін-
деті – респонденттің тақырыпқа қатысты ой-пікірін білу. Қандай пікір біл-
дірсе де, оған баға беруге немесе жауабына ықпал етуге болмайды. Рес-
пондент қандай жауап айтса да, сұхбат алушы оған таңданбай, мақұлдап
не қарсы шықпай қабылдауы керек. Әдетте респонденттер жеке өмірі
жайлы құпия деректі жариялауға құлшынбайды, ал сұхбат алушының оны
сөгуге даяр тұрғанын аңғарса, мүлдем жауап қатпауы ықтимал.
2. Киімі. Сұхбат алуға барарда киім таңдағанда үш нәрсені есте сақтау
керек: сұхбат алушы рөліне қатысты қалыптасқан көзқарас, сұхбат ала-
тын адам мен оның киімге қатысты ұстанымы туралы және жайлы болуы.
Жақсы талғаммен киіну керек, оған қоса, сұхбат алуға баратын ауданның
ерекшелігін ескеру қажет.
3. Құпиялық. Сұхбат алушы сұхбат кезінде алынған ақпаратты жетек-
шісінен басқа ешкімге, ешбір жағдайға беруіне болмайды. Болған жағдай
немесе сұхбат кезінде алынған кез келген ақпарат өте құпия, оны жобаға
қатыспайтын адамдармен талқылауға қатаң тыйым салынады. Жоба қыз-
меткерлері сұхбат дерегін ешқашан (тіпті өзара) әңгімені басқа адамдар
еститін қоғамдық орындарда талқыламауы керек.
Сұхбат өткізу процедуралары
Келесі процедуралар сұхбат өткізу мен нақты, шынайы жауап алуға көмек-
теседі. Көп жағдайда бұл процедуралардан ауытқу респондентке ықпал
етіп, жауапты бұрмалауға себеп болады.
1. Сұхбатты өзіңіз бастаңыз. Респондент есіктен кіргенде, өзіңізді та-
ныстырып, аты-жөніңізді айтыңыз. Сіз екеніңізді растайтын құжаттарды
көрсетіңіз. Зерттеудің не жайлы екенін және кімнен сұхбат алғыңыз ке-
летінін қысқаша түсіндіре кетіңіз. «Зерттеуді кім қаржыландырады және
респондент қалай/неліктен таңдалды» деген сауалдарға қысқа жауабы-
ңыз әзір тұрсын. Ұсыныс хат немесе газет қиындысын көрсетуге болады.
Зерттеушінің жақсылап дайындалуы және сұхбат алушының позитив
қарым-қатынасы арқасында респондент жауап беруден бас тартпайды.
Оған қоса, сұхбат алушы басында респонденттің сауалнамаға қатысқысы
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
383
келмеу себебін біліп, ол айтқан мәселелерді шешу жолдарын ұсынса рес-
пондентті өз дегеніне көндіре алады. Мысалы, респондент «қолым тимей-
ді» деуі мүмкін. Сұхбаттың көп уақыт алмайтынын, қызық өтетінін айтып,
қажет болса қайтадан қоңырау шалатыңызды ескертіп, уақытын белгіле-
ңіз. Респондент өзінен алған деректерді қандай мақсатқа қолданатынына
күмәндана ма? Олай болса, тағы да зерттеудің мақсатын айтып өтіп, құ-
пиялық сақталатынына сендіріңіз. Барлық респонденттің дерегі жинақта-
латынын айтып, бір адамның жауабы жеке жарияланбайтынын ескертіңіз.
Әлбетте, үзілді-кесілді бас тартқан респонденттің пікірін де сыйлау керек.
2. Респондентті тыныштандырыңыз. Ол сәтті сұхбаттың маңызды
бөлігі. Қарапайым, биязы мінезіңіздің немесе жылы қарым-қатынас ар-
қасында респондентті сабырға шақыруға болады. «Табиғи» қалпыңызды
сақтап, еркін отырыңыз.
3. Іскерлік көрсетіңіз. Сұхбат алуда еркін отыру қажет болса да, сұхбат-
ты тым ұзаққа созып, көсіліп сөйлеудің қажеті жоқ. Өзіңіз де, респондент
де жұмысбасты екенін ескеріңіз. Респондент сұрақтың аясынан шығып
бара жатса, сыпайы түрде тақырыпқа қайтарыңыз.
4. Сұхбат алуды барынша құпия жағдайда өткізіңіз. Басқа адамдармен
бір бөлмеде отырсаңыз, бөлменің басқа бөлігіне назар аудармаңыз. Сұра-
ғыңызды респонденттің жүзіне қарап қойыңыз, көзіне тіке қараңыз. Сол
кезде ол да, сіз де тапсырмаға көңіл бөлесіздер.
5. Стереотиптен қашу. Респондентті белгілі бір «санатқа енгізуге»
асықпаңыз, ондай стереотип әділ тұжырым жасауға кедергі келтіреді және
респондентке де ықпал етеді. Өзіңізді қандай да бір топ немесе идеология-
ға байланбаған, бейтарап жан екеніңізді көрсету арқылы респонденттің
сіз жайлы стереотип пікір қалыптастырмауына ықпал етіңіз.
6. Сауалнама құралымен жете танысыңыз. Респондентке сұрақ қой-
ғанда бетіне қарап отыратындай дәрежеде құралды меңгеріңіз.
7. Әр сұрақты тиісті ретімен және қалай жазылса дәл солай қойыңыз.
Сұхба алу құрылымын мұқият сақтау керек. Сұрақтар белгілі бір ретпен
жазылады, сұхбат алушыға сол тәртіппен сұраған жеңіл болады, себебі та-
қырыптың логикалық байланысы болады, соның арқасында респонденттер
материалды есіне түсіріп, ұқсас себептермен байланыстыра алады. Есіңізде
болсын, элементтердің орнын болмашы өзгертудің өзі нәтижеге әсер етеді.
8. Ешбір сұрақтың жауабына алдын ала ұйғарым жасамаңыз. Респон-
дент алдыңғы сұраққа жауап бергенде келесі сұрақтың жауабын әзірлеп
отыруы мүмкін, бірақ ресми сұрақ қойылғанда басқаша жауап береді.
9. Асықпай, ұғынықты сөйлеңіз, әр сөзді анық айтыңыз. Респондент се-
німді жауап беруі үшін сұрақты түсінуі керек.
10. Респонденттің аузына сөз салып, жауабын әзірлеп бермеңіз. Бұл сұх-
бат алушыларға тән жиі кездесетін қатенің бірі. Респондент жауап беру-
ге қиналып қалса, үзіліс жасаңыз да, сұрақты қайталаңыз. Жауап немесе
жауаптар нұсқасын ұсынбаңыз. Барлық сұхбат алушылар дәл сондай жауап
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
384
әзірлемеуі мүмкін, осылайша респонденттер бірдей жауапты таңдамайды.
Ондай жағдайда деректер бұрмаланады.
11. Қажет болса жағдайға лайық, бейтарап жетектеу сұрағын қоюға
болады. Респонденттің бірінші жауабы түсініксіз, екіұшты, толық болма-
ған кезде жетектеу сұрағын қойыңыз. Жетектеу сұрағының түрі көп, бірақ
олар бейтарап болуы керек. Яғни ешқандай жауапты ұсынбай, жарамды
жауап алуға ықпал етсін. Кейде, 10-элементте көрсетілгендей, үзіліс жасау
немесе сұрақты қайталау респонденттің жауабын нақтылауына жеткілікті
болады. Басқа кезде «Тағы қосарыңыз бар ма?» «Осы мәселе жайлы тағы
не айта аласыз?» «Ол қалай жүзеге асады?» деген сияқты бейтарап сұрақ-
тар қою арқылы қажет жауапты аласыз. Сауалнама құралын әзірлеген
адам қажет кезде пайдалану үшін сұхбат кестесіне қосымша жетектеуші
сұрақтар қосып қойса болады.
12. Әр сұраққа жауап алған сайын жазып отырыңыз. Сұхбатты кейін
жазып шығамын деп ойламаңыз. Сұхбат алу орнынан шығар алдында құ-
ралды тексеріп, барлық сұраққа жауап алынғанына көз жеткізіңіз. Одан
кейін жауаптардың кодтаушыларға түсінікті болуын тексеріңіз. Қажет бол-
са жақшаның ішіне ескерту жазып қойыңыз.
Мотивацияға келсек, кейбір респонденттерге құрылымдалған сауал-
наманың біржақты табиғаты ұнай бермейді. Олар зерттеушімен немесе
сұхбат алушымен тілдесе алмайды. Жауабын нақтылап немесе кеңейтіп
түсіндіре алмағандықтан көңіліндегін дөп баспаса да, балама жауаптар-
дың бірін таңдауға мәжбүр болуы мүмкін. Фаулердің (1995: 99–102) пікі-
рінше, стандартталған сауалнамаға жауап бергісі келмейтін респондент-
тердің мәселесін шешу үшін сұхбат алушылар алдымен респонденттің
орнында болып, рөлдік ойын ойнап көруі керек. Жоғары құрылымдалған
сауалнамада сұхбат алушы – респондент байланысы күнделікті әңгімеле-
суден басқаша болғандықтан, респондентке стандартталған сауалнама-
ның ережесі мен себебін түсіндіру керек. Осылайша оларды сұхбат алуға
дайындап, ынталандыра аласыз.
Респонденттер сұрақты дұрыс түсінбеген кезде сұхбат алушы оны тү-
сіндірмесе, мән бермей кетсе стандарттау жауаптың жарамдылығына
нұқсан келтіреді. Люси Сачман мен Бриджит Джорданның (1990) жиі ци-
тата келтірілетін мақаласында айтылғандай, стандарттау қарапайым әң-
гіме элементтерін жойып жібереді; ал ондай әңгімелесу сұрақтың маңы-
зы мен мәнін түсіну үшін өте маңызды. Сұрақты жазбаша оқып үйренген,
басқаша түсіндіруге қарсы шығатын сұхбат алушылар респонденттің қате
түсінгенін сезбейді, оны түзете алмайды. Стандартталған сұхбаттың ви-
деожазбасына қарай отырып Сачман мен Джордан түсінбестікке қатысты
бірқатар мысал келтірді. Соның ішінде сұхбат алушы «алкогольді ішімдік-
терге» градусы жоғары ішімдіктерді жатқызатын, бірақ шарапты қоспаған
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
385
респонденттің пікірін түзетпеген, осылайша респонденттің жауабы жа-
рамсыз болып қалды. Олардың пікірінше, мұндай мәселелерді шешуге
болады. Ол үшін сұхбат алушылар қарапайым әңгімелесу стилінде сұхбат
алуды меңгерсе, оларға сәл еркіндік пен жауапкершілік берілсе болғаны.
Сачман мен Джордан анықтаған коммуникация мәселелерін мойын-
дағанымен, стандартталған сұхбат алуды қолдаушылар себеп пен құқық-
тық қорғау құралдары бойынша олармен келіспейді. Стандарт сұхбатты
қолдаушылардың сөзіне сенсек, мәселе сұрақты әу баста дұрыс құрама-
ғаннан туындайды. Респонденттердің оны дұрыс түсініп, нақты жауап
бермеуі претестілеу кезінде сұрақты, тиісінше, әзірлемегендіктен болады
(Kovar and Royston, 1990). Стандарттауға қарсы шығушылардың пікірін-
ше, сұрақты жөндеу мәселені шеше қоюы екіталай. Зерттеушіге керегі –
сұхбат алушы ұсынған сауалнама жауаптарының біркелкі болуы, яғни
олар интерпретация жасауға ыңғайлы болуы қажет, алайда сұхбат алушы
респондентпен еркін сұхбат құрып, стандарт формадан алшақтап кетсе
ондай жауап алынбай қалады.
Пол Биттидің (1995) ескертуінше, пікірталасқа түскен тараптар әр-
қайсысы өз уәжін дұрыс санап, алтын аралықты табуға ұмтылмайды.
Битти мен Нора Кейт Шеффердің пікірінше (1991), стандарттау мәселе-
сін назардан тыс қалдырмау керек десек те, артықшылығын терістеуге
де болмайды. Битти үшін ең басты мәселе – зерттеушілер стандарттау-
дың барлық артықшылығын пайдалана отырып, коммуникация мәсе-
лесін шеше алуы керек. Оның бір жолы – сұрақты жақсылап дайындап
алу, екінші әдісі – сұхбат алушы рөлін жағдайға қарай бейімдеу. Нақты
ақпарат сұралатын белгілі бір сұрақ түрінде сұхбат алушыларға стандарт
сценарийден ауытқуға рұқсат етіледі, респонденттердің түсінбей қалған
сұрағын нақтылап түсіндіру дерек сапасын жақсартады; бірақ сұхбат алу-
шыға тым көп еркіндік берсе, сұхбат қателігі көбейіп, сұхбат тым ұзаққа
созылып кетуі мүмкін (Groves et al., 2009).
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Стандартталған сұхбат алу сұхбат қатесін азайтуды мақсат етеді, десек те респондент-
тердің қызығушылығын азайтып, сұхбат алушының сұрақты нақтылап түсіндіруіне
мүмкіндік бермейді және респонденттің қате түсінген жерін түзете алмайды.
Стандарттауға қатысты даудан бөлек сауалнаманың тағы бір әлсіз
тұсы – реактивтігі. Ол әсіресе сұхбат алу кезінде көп мәселе тудырады,
мұндай кезде сұрақтың реті, тәртібі, форматы ғана емес, сұхбат алу-
шы мен респондент арасындағы қарым-қатынас та бұрмалауға ықпал
етуі мүмкін. Эксперименттегі субъект сияқты респондент те сұхбат ке-
зінд сұхбат алушының әлеуметтік тұрғыда мақұлдауын қалайды. Кем
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
386
дегенде, жауабымды жақтырмай қалмаса екен дейді. Сондықтан сұхбат
алушының негізгі мақсаты «шынайы жауап алу» десек те, сұхбат алушы
өзі байқамай респонденттің жауабына түрлі жолмен әсер етуі мүмкін.
Сауалнама негізіндегі зерттеуде мұндай әсерді немесе өлшем қатесін
жауап әсері деген жалпы терминмен сипатталады. Нақтырақ айтқан-
да, жауап әсері «белгілі бір факторға байланысты сұраққа берілген
жауаптың қате мөлшері» (Sudman and Bradburn, 1974). Оныншы тарау-
да сауалнама құралы дизайны туралы айтылғанда сұхбат алу кестесіне
(немесе анкетаға) қатысты жауап әсерін азайту жолдары көрсетіледі
(мысалы, сұрақты тұжырымдау немесе позициялау). Бұл жерде біз сұх-
бат алушы мен респонденттің өзара байланысы нәтижесінде алынатын
әсерге мән береміз.
Жауап әсерінің бір көзі – сұхбат алушының физикалық сипаттамасы.
Мысалы, бірнеше зерттеу көрсеткендей, сұхбат алушының қай нәсілге
жататыны нәсілге қатысты сұрақтарға ықпал етеді (Anderson, Silver, and
Abramson, 1988; Krysan and Couper, 2003; Savage, 2016). Атап айтсақ, қа-
ранәсілді респондент ақнәсілді сұхбат алушыға ақнәсілділер жайлы те-
ріс пікірін білдірмеуге тырысады немесе керісінше ақнәсілді респондент
қаранәсілді сұхбат алушының көңіліне қарайды. 1989 жылы өткен сай-
лауалды сауалнама кезінде сайлаушылардың губернаторлыққа таласқан
ақ және қаранәсілді кандидаттарды таңдауына сұхбат алушының нәсілі
әсер еткенін көрсетті (Finkel, Guterbock, and Borg, 1991). Вирджиния шта-
тының респонденттері сұхбат алушы қаранәсілді болған кезде қаранәсіл-
ді кандидат Л.Дуглас Уайлдерді (мемлекеттегі ең алғашқы қаранәсілді гу-
бернатор болды) таңдады, ал сұхбат алушы ақнәсілді болғанда ақнәсілді
кандидат Ж.Маршал Коулманға дауыс берген.
Сұхбат алушының жасы, жынысы және табысы сияқты өзге де демо-
графиялық айнымалылар нәсіл сияқты әсер қалдыра ма, жоқ па, ол жағы
көп зерттелмеді. Дегенмен сұхбат алушыға тән сипат қозғалғанға ықпал
ететіні анық. Мысалы, Эмили Кейн мен Лаура Маколей (1993) гендерлік
ерекшелікке қатысты көзқарасты анықтайтын сұхбат алуда сұхбат алу-
шының жынысы әсер ететінін байқаған, респонденттер ер болса да, әйел
болса да ер сұхбат алушыға қарағанда әйел сұхбат алушыға эгалитарлық
(тең құқылы) жауап берген.
Эксперимент жүргізуші әсері тәрізді сұхбат алушы да респондентке
байқаусыз ықпал етіп, оның қалай жауап бергенін қалайтынын сездіріп
қоюы мүмкін. Сұхбат алушы респонденттің интеллект деңгейі шектеулі,
ойы тар деп санаса, оның жауабы қысқа, нақты тұжырымдайды деп күте-
ді де, қысқа үзіліс жасап, қандай жауап күтетінін білдіріп отырады. Рес-
пондент сұхбат алушының мінез-құлқынан өзі іздеген белгілерді көргісі
келгендіктен, респондент те оның үмітін ақтау үшін қысқа жауап береді.
Екінші жағынан, респонденттің сұхбат алушыға берген жауабын бұр-
малауға: есте сақтаудың нашар болуы, сұхбат алушыға жағымды әсер
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
387
қалдыруға тырысуы, сұхбат алушыны ұнатпау немесе қолайсыздануы
сияқты факторлар әсер етеді. Сол сияқты респонденттің зерттеу тақы-
рыбына немесе зерттеуге демеуші болған ұйымға қатысты көзқараса да
берген жауабының сапасына әсер етеді (Groves et al., 2012). Сондай-ақ
сұхбат алушының сұхбат алған сәті де өз ізін қалдырады. Мысалы, үй
шаруасындағы әйел сұхбат беріп отырған кезде балаларын көзден таса
қылмауға тырысса, сұраққа ден қоя алмайды, көңілі алаң болмаған кез-
де басқаша жауап беруі мүмкін. Британияда үй шаруашылығы бойынша
сауалнама алғанда, ерлі-зайыптылар қатар отырғанда, бірқатар мінез-
құлық және көзқарас элементтері бойынша ері мен әйелі толық келісе-
тінін айтқан (Zipp and Toth, 2002). Нэнси Бренер мен әріптестері (2006)
жүргізген сауалнама бойынша, жоғарғы мектеп оқушылары алкоголь
ішу, марихуана шегу, жыныстық қатынас пен басқа да қауіпті мінез-құ-
лық машықтары жайлы мектепте сұрағанда ашық айтқан, үй жағдайын-
да олай ашылмаған.
Супервизия және сапаны бақылау
Сауалнаманың сұхбат алу кезеңі басталған соң, зерттеуші немесе сұхбат
алушы дерек жинаудың барлық аспектісін қадағалайды. Супервайзер-
дің рөлі өзара байланысты үш іс-қимылды қамтиды: сұхбат алушылар-
дың жұмысын басқару, жұмыс өнімділігін бақылау және сапаны бақылау
процедурасына жетекшілік ету. Жетекші ретіндегі рөліне келсек, супер-
вайзер материал ұсынады, аяқталған сауалнама жазбасын жинайды, іс-
телген жұмыстың ақысын төлейді; сұрақтарға жауап беріп, көмектеседі;
мәселені анықтап, шешеді; сұхбат алушылармен жиі кездеседі; сұхбат
алушының жұмысын шолып, кері байланыс орнатады.
Мәселенің тамырын тауып, сұхбат алушының қандай жетістікке жет-
кенін анықтау үшін супервайзер оның жұмыс өнімділігіне мониторинг
жасайды. Барлық сауалнамада жұмыс өнімділігін бақылауға аяқтал-
ған сұхбат алу жұмыстарын мұқият тіркеу және бағалау кіреді. Жұмыс
істеген сағаттар саны, төленген сома, жарамды байланыс саны мен бас
тартқандар саны туралы жазба сұхбат алушының жұмыс өнімділігі жай-
лы маңызды ақпарат береді. Сауалнама шығыны (мысалы, әр сұхбаттың
уақыты мен доллармен есептегендегі ақшалай шығыны) және сауалнама
сапасы (жауап беру және бас тарту көрсеткіші) жайлы дерек алуға көмек-
теседі. Аяқталған сауалнаманы шолу арқылы супервайзерлер кодталма-
ған жауаптарды қарап, «сұхбат алушылар берілген нұсқулықты ұстанып
жатыр ма, жауаптарды тиісінше жазды ма» деген мәселені анықтайды.
«Сұхбат алушылар сұрақты қағазға жазылған қалпынан айнытпай қойды
ма?» деген сұрақ тумауы үшін бейтарап жетектеме сұрақ қойып, жауап-
ты дәл берілген қалпында жазуды талап ету керек. Көптеген сауалнама
ұйымдары сұхбат алу процесін бақылап, қадағалайды. Бетпе-бет сұхбат-
тасу кезінде супервайзерлер сұхбат алушылармен бірге сұхбатқа еріп
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
388
баруы мүмкін немесе CAPI ноутбукке жазылып алынған сұхбатты кездей-
соқ тыңдап, пікір айтады. Телефон арқылы алынған сауалнамада арнайы
мониторинг телефондары болады, сол арқылы супервайзерлер өтіп жат-
қан сұхбаттың бір бөлігін тыңдайды, бірақ оны сұхбат алушы да, респон-
дент те байқамайды.
Аяқталған анкетаны шолу мен сұхбатты бақылау – сұхбат алушының
жұмыс сапасын бақылаудың екі тетігі, ол дерек сапасын анықтауға да кө-
мектеседі. Жоқ деректі іздеу және сұхбатты тексеру – екі бөлек процесс
(E.Weinberg, 1983). Дерек жоқ кезде, әсіресе сауалнама үшін өте маңыз-
ды элементтер болмай қалса, респондентке қайта хабарласып, ақпарат
алу керек болады. Сондай-ақ жақсы өткізілген сауалнаманың бәріне
тән стандарт – сұхбаттың шынымен болғанын, сұхбат алушының кейбір
жауаптарды өзі ойдан шығармағанын немесе бекітілген процедуралар-
дан ауытқымағанын тексере алу (қараңыз: Groves et al., 2009: 319–22).
Әдетте сұхбаттың жарамдылығын тексеру үшін әр сұхбат алушының рес-
пондентінен іріктеме алып, қайта сұхбаттасып шығады. Респонденттерге
түрлі қосымша сұрақтар қойылады, жеке сауалнама алған жағдайда қай-
тадан сұхбат алу көбіне телефон арқылы өтеді.
Қадағалаудың тағы бір маңызды аспектісі – сұхбат алушының құлшы-
нысы мен ынтасын сақтап қалу, оқшаулану сезімін тудырмау. Сұхбат алу-
шы тәжірибе жинаған сайын жақсырақ жұмыс істейді деген түсінік бар,
бірақ зерттеулер көрсеткендей, кейде керісінше болуы мүмкін. Мысалы,
ауруханада жатқандар мен дәрігерлерге барғандардың есебін жарамды-
лыққа тексергенде сұхбат алушы неғұрлым көп сұхбаттасқан сайын со-
ғұрлым толық жазуға тырыспайтыны байқалған (Cannell, Marquis, and
Laurent, 1977). Яғни супервайзерлер сұхбат алу кезеңінде сұхбат алушы-
лармен тұрақты кездесуі керек, кездесуде кері байланыс орнатып, ма-
шықтарды күшейтіп қана қоймай, жақсы сұхбаттың маңызын түсіндіруі
керек. Жалпы әлеуметтік сауалнама (GSS) сұхбат алушылары супервай-
зерлеріне электрондық пошта арқылы, кем дегенде, аптасына бір рет (қа-
жет болса одан да жиі) тапсырма статусы жайлы есеп беріп отырады (T.W.
Smith, personal communication, 2016).
Кейінгі іс-қимылдар
Далалық жұмыстың соңғы кезеңі респондент болмағандармен байланыс
жасап, ынтымақтас болуға шақыруға арналады. Бастапқыда ешқандай
байланыс жасалмаса, Жалпы әлеуметтік зерттеудің (GSS) сұхбат алушы-
ларына бірнеше тапсырма беріледі. Мысалы, олар (а) аптаның әр күнінде
түрлі уақытта қоңырау шалуы керек, (ә) көршілерінен олардың қай уақыт-
та үйде болатынын немесе олармен қалай хабарласуға болатынын сұраға-
ны дұрыс, (б) ескерту қағаз қалдырып (в) үйдің телефон нөмірін алу үшін
телефон анықтамасын қарағаны жөн (Davis and Smith, 1992: 51). Кейінгі
іс-қимылдар жауап беру көрсеткішін көтеруге көмектеседі.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
389
Кейінгі іс-қимылдан бөлек, жауап беру көрсеткішін көтерудің мынан-
дай жолдары бар: (1) жоғарыда баяндалған респондентпен байланыс жа-
сау әдістерін қолдану; (2) сұхбат алу сауалнамасында сұхбат алушыны
жақсылап оқыту және қадағалау; (3) пошта арқылы анкета жібергенде
мөр басылған кері байланыс конверті мен аздаған ақша салу; сондай-
ақ анкета сұрақтарының көлеміне, қиындығы мен құралуына мән беру
(оныншы тарауды қараңыз).
Кейінгі іс-қимылдың қалай болатыны сауалнама режиміне де бай-
ланысты. Телефон арқылы сауалнама алу мен бетпе-бет сұхбаттасу ке-
зіндегі үлкен мәселе – бас тартқан респонденттерді көндіру. Көптеген
сауалнамада бір рет бас тартқан респондентті иландыру үшін тәжірибелі
сұхбат алушылар немесе супервайзерлер көмекке келеді. NHSLS басын-
да респондент болуға келіспеген адамдармен жұмыс істеу үшін сондай
субъектілерді көндіруге маманданған сұхбат алушыларды тартады, оған
қоса, «өтініш хат» жолдап, сол адамдарды алаңдататын мәселелерді көте-
ріп жатқанын ескертеді (Laumann et al., 1994). Алайда үзілді-кесілді бас
тартқан жағдайда бір рет қоңырау шалу немесе арнайы бару жеткілікті,
әйтпесе респондент өзін қыспаққа алғандай сезімде болады.
NHSLS сұхбат алушылары мақсатты жауап беру көрсеткішіне жетуді
көздейді (75%), сондықтан жауап деңгейі төмен аймақтардағы жауап
бергісі келмейтін респонденттерге ішінара ынталандыру сыйақысын
ұсынады (Laumann et al., 1994: 56–57). Ынталандыру сыйақысы 10 дол-
лардан 100 долларға дейін болуы мүмкін, бұл ақы өзін ақтайды деп са-
налады. Себебі сұхбат алушы жалақысы мен сапар шығыны әлдеқайда
жоғары (аяқталған сұхбат үшін сұхбат алушы орта есеппен 450$ алады).
Ниетсіз респонденттерді тарту әдісі мен жұмсалған қаржы соңында өзін
ақтады, жауап беру көрсеткіші 79%-ға жетті.
Әдетте пошта арқылы жіберген анкетаға жауап беру көрсеткіші төмен
болғандықтан, осы салада кейінгі іс-қимылдарды жасау маңызды. Көбіне
үш түрлі әрекет жасалады. Мысалы, Генри Векслер мен оның әріптесте-
рі (1994) жүргізген колледждегі алкоголь өнімдерін тұтынуға қатысты
бастапқы сауалнамада респонденттер арасына 10 күн салып төрт пошта
жіберілді. Алдымен анкетаны поштамен салды; одан соң анкета толтыр-
ған адамға алғыс айтып, толтырмаған адамға тағы өтініш білдірді; анке-
таның басқа көшірмесін салып, тағы да толтыруды сұрады; тағы бір рет
ескерту жіберді. Сауалнама толықтай аноним болғандықтан, іріктелген
субъектілердің барлығы пошта арқылы жауап жіберуге тиіс еді. Анкета
кодталса зерттеуші кімнің жауап бергенін біледі, осылайша пошта шы-
ғыны мен қағазға кететін қаржыны үнемдеуге болады. Зерттеуші жауап
бермеген респонденттерге ғана ескерту хат жібереді.
5
«Бейімделген дизайн әдісі» (Tailored Design Method) кітабында Дон
Диллман (2007) кейінгі іс-қимылдың кең тараған үш әдісін ұсынады,
олардың әрқайсысы жаңа әрі бұрынғыдан да нанымды формада жасал-
ған. Поштамен бірінші рет анкетаны салған соң, екі аптадан кейін алғыс
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
390
айту хаты салынады немесе Векслер алкоголь туралы сауалнамасына қа-
тысу керектігі ескертіледі. Кейінгі іс-қимылдың екінші кезеңінде (тағы
2 аптадан соң) тек жауап бермеген респонденттер хат алады, онда ан-
кетаны қайталап салып, респондентке ерекше көңіл бөлетіні айтылады,
сауалнамаға қатысуы маңызды екені ескертіледі, басқа респонденттердің
ынталандыру құралы ретінде жауап бергенін жеткізеді. Төрт аптадан ке-
йін үшінші қадам жасалады, ол кезде поштаға арнайы хат жазу немесе те-
лефон арқылы хабарласу сияқты процедуралар қамтылады, респондент-
пен ынтымақтас болудың өте маңызды екені баса айтылады. Диллман
(2007: 185) ауқымды бес сауалнама жүргізгенде, соңғы сатысында тап-
сырыспен жұмыс істейтін поштаны қолданғанда жауап беру көрсеткішін
59%-дан 72%-ға дейін көтерген. Кейінгі іс-қимыл кезінде нақты жауап
алуға болады, бірақ оның шығыны да көп; сондықтан тапсырыс арқылы
пошта жіберу сирек қолданылады.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Зерттеушілер сауалнамаға қатысушылар санын арттыру үшін респонденттердің ықти-
мал шығынын азайтып, сауалнама маңызы мен артықшылығына мән береді.
Мұндай кейінгі іс-қимылдар жауап беру көрсеткішін көтеруге арнал-
ған. Алайда алтыншы тарауда ескерткеніміздей, жауап бермеген респон-
денттермен байланысты болатын жүйелік қатені азайту үшін сауалнамаға
қатысқысы келетіндермен жоғарылату туралы ой күмәнді (Groves, 2006;
Peytchev, 2013). Оның орнына, сауалнамадағы негізгі айнымалылар бо-
йынша алынбаған жауапқа қатысты бұрмалауға баса мән беру керек. Бұл
тұрғыдан алғанда, сауалнамаға берілетін жауап беру көрсеткішін көте-
руге бағытталған белсенді іс-әрекеттер жеке айнымалыдағы берілмеген
жауапты бұрмалауды арттыруы мүмкін. Мысалы, телефон арқылы сауал-
нама алғанда жауап бермегендер арасында ерлер көп болса, қосымша те-
лефон шалу кезінде гендерлік бұрмалау болады, себебі ерлерге қарағанда
әйелдер көбірек жауап береді. Гроувс (2006: 666) сайлаудағы экзит-полл
тәжірибесін мысалға келтіреді. Ол кезде ынталандыру жауап беру көрсет-
кішін көтерді, бірақ жауап бермеген респонденттер пікірі бұрмаланды,
себебі республикалықтарға қарағанда, демократтар көбірек қатысты.
Сауалнаманың артықшылығы және шектеулері
Осыған дейін сауалнаманы жан-жақты қарастырдық, түрлі сауалнама
дизайны мен режимдерін талдадық, сауалнаманы жоспарлау және өткі-
зу кезеңдерін айттық, енді осы әдістің мықты және осал тұстары жайлы
айтпақпыз. Әлеуметтік зерттеудің басқа әдісіне қарағанда оның қандай
артықшылығы бар? Қай жағынан алғанда мүмкіндігі аз (шектеулі)?
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
391
Эксперименттер, негізінен, түсіндіру, гипотезалық тестілеу мақса-
тында қолданылса; сауалнама сипаттамалық және түсіндірме мақсатта
пайдаланылады. Шынтуайтында, әлеуметтік зерттеудің барлық әдістері
арасында сауалнама – әлеуметтік сипаттаудың ең тиімді құралы; ауқым-
ды, әртекті негізгі жиынтық жайлы нақты әрі жан-жақты ақпарат бере-
ді. Ықтимал іріктеуді қолдану кезінде іріктеу қателігі болатынын ескере
отырып, іріктеме жауабы мақсатты негізгі жиынтық жауабын дәл көрсе-
те ме, жоқ па, сол жағын нақты айтуға болады. Оның үстіне, сауалнамада
қамтылатын тақырыптар мен сұрақтар өте ауқымды, жан-жақты. Біз мы-
сал еткен зерттеулер тақырыбы білім алудағы жетістік, алкогольге тәуел-
дік, сексуалдық белсенділік пен полицияға қатысты көзқарас сияқты түр-
лі саланы қамтыды. Сауалнамада қойылатын ықтимал сұрақтар ауқымы
келесі жіктемеде көрсетілген (Schuman and Kalton, 1985):
1. Әлеуметтік шығу тегі туралы ақпарат (мысалы: «Қай дінді ұстана-
сыз?» «Туған күніңіз қашан?»)
2. Бұрынғы мінез-құлық есебі (мысалы, «Соңғы президенттік сайлау-
ға қатыстыңыз ба?» Осыған дейін қылмыскерлерден жапа шеккен
кезіңіз болды ма? Орташа есеппен алғанда, күніне қанша сағат те-
ледидар көресіз?)
3. Көзқарасы, сенімі мен құндылығы (мысалы, «Өлгеннен соң өмір
бар дегенге сенесіз бе?» Гомосексуал жұптар бір-бірімен үйленуге
құқылы деп санайсыз ба?)
4. Мінез-құлық таңдауы (мысалы, «Бүгін президенттік сайлау өтсе,
кімге дауыс берер едіңіз?» «Балада елеулі ақау бар екені анықталса
аборт жасатар ма едіңіз?»)
5. Шетін (сензитив) сұрақтар (мысалы, «Бұрын-соңды қылмыс жа-
сап, қамалған кезіңіз болды ма?» «Өткен айда кокаин қолданып
көрдіңіз бе?»)
Мінез-құлық пен жеке сипатқа қатысты 1, 2 және 5 санаттарға арнал-
ған ақпаратты есептен (жазбадан) немесе бақылаушы есебінен тексеруге
болады. Бірақ көп жағдайда ақпаратты жеке тұлғаның өзінен емес, басқа
дереккөзден алған этикаға қайшы, пайдасыз, тіпті заңсыз болуы мүмкін.
Үшінші және төртінші санат сияқты субъективтік жағдайларда ақпарат-
ты тікелей жеке тұлғаның өзінен алуға болады (егер алуға болатын ақпа-
рат болса).
Осы тізімде көрсетілгендей, сауалнама экспериментке қарағанда ба-
рынша ауқымды зерттеу тақырыбын қамтиды. Этикалық пайымға сәйкес,
кейбір тақырыптарға эксперимент жасауға болмайды (мысалы, эмоция-
лық зақымның психикаға ықпалы); ал практикалық тұрғыдан алғанда
көпшілікті қамту қиын (мысалы, ұйым немесе ұлтқа эксперимент жасау
қиын). Сондай-ақ сауалнама тиімді дерек жинау әдісі бола алады. Әдетте
эксперимент зерттеудің бір гипотезасын тексереді, ал бірнеше зерттеу мә-
селесі бір үлкен сауалнамаға біріктіріледі. Оған қоса, аяқталған сауална-
маға кірген деректер күтпеген нәтиже беруі мүмкін немесе жаңа гипотеза
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
392
ашуға ықпал етеді. Сауалнаманы қайталама талдаудың да бірегей артық-
шылығы бар. Талдау үшін дерек жинау шығыны әдетте деректі жинау мен
кодтаудың шағын бөлігін құрайды. Қайталама талдауға арналған сауална-
ма дерегі әдетте кәсіби дауыс беру мекемелері мен зерттеу орталықтары-
нан түседі, олардың ауқымды, мемлекеттік деңгейдегі іріктемеден жоғары
сапалы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Оған қоса, қайталама талдаудың мы-
нандай артықшылығы бар: (1) белгілі бір уақыт аралығында қайталана-
тын мәселелерді зерттеп, әлеуметтік үрдісті бағалау; (2) түрлі сауалнама-
дан алынған деректі біріктіру арқылы іріктеме көлемін арттыру.
Сауалнаманың басты кемшілігі – түсіндірме зерттеуде қолдану мәселе-
сі. Айнымалылар арасындағы байланыстан бөлек, себеп пен салдар бай-
ланысы эксперименттегі сияқты емес, сауалнамада оңай анықталмайды.
Мысалы, себептің салдарын көрсететін бағыттау критерийі экспериментте
алдымен тәуелсіз (немесе себеп) айнымалыға манипуляция жасау арқылы
анықталады, содан соң тәуелді (немесе салдар) айнымалы өзгерісін бақы-
лайды. Бірақ сауалнаманың көбінде бұл интерпретация мәселесі, себебі
айнымалылар белгілі бір уақыт аралығында өлшенеді. Сондай-ақ ықтимал
бәсекелес түсініктемені алып тастау критерийін де қарастырайық. Экспе-
римент кезінде кездейсоқ және өзге де тікелей бақылау процедуралары ар-
қылы тиімді жүргізуге мүмкіндік бар, ол кезде сыртқы айнымалыны ұстап
тұруға болады. Ал сауалнамада, керісінше, сұхбат алғанда немесе анкета
бергенде сыртқы айнымалыны бірінші болжап және өлшеп алу керек, со-
дан соң деректі талдауда осы айнымалыларға статистикалық бақылау жа-
салады. Яғни сауалнама зерттеуінен алынған себеп-салдар тұжырымы экс-
перименттік зерттеу қорытындысы сияқты сенімді болмайды.
Сауалнаманың тағы бір әлсіз тұсы зертханалық экспериментке ұқсай-
ды: олар реактивтікке бейім, сондықтан жүйелі өлшеу қатесі байқалады.
Аталған жағдайдың жақсы мысалы, бесінші тарауда көрсетілген. Рес-
понденттер шетін сұрақтар қойылғанда әлеуметтік қалауға бейімделген
жауап беруі мүмкін. Сауалнаманың тағы бір осалдығы – мінез-құлықты
бақылауға емес, толықтай мінез-құлық жайлы есепке сүйенеді. Осылай-
ша респонденттердің шынайы болмауы, сұрақты дұрыс түсінбеуі, соңғы
жағдайды есіне дұрыс түсіре алмауы және көзқарасы мен пікірінің тұрақ-
сыз болуы салдарынан өлшем қатесі туады. Оған қоса, сауалнама алуға
арнаған қысқа уақыт мінез-құлықты түсінуге жеткіліксіз, ұзақ уақыт
бойы зерттеу жүргізілгенде мінез-құлық көрінісін түсіндіру де оңай бо-
лады. Мұндай түсінуге ең ыңғайлысы – далалық зерттеу, ол жайында он
бірінші тарауда баяндаймыз.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Экспериментпен салыстырғанда, себеп-салдар байланысын тестілеуде сауалнама әл-
сіздеу, бірақ негізгі жиынтықты сипаттау жағынан алғанда эксперименттен гөрі дәл
баға береді; екі әдіс те реактивті өлшем әсеріне төтеп бермейді.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
393
Сондай-ақ бұл тарауда сауалнама жүргізуді қиындатып әрі шығынын
арттыратын мәселелер жайлы айттық, сондықтан кейбір зерттеуші-
лер әлеуметтік зерттеу жүргізгенде балама әдістерді іздестіреді. Роберт
Гроувс (2011: 866) соңғы ширек ғасырда пайда болған бірнеше мәселе-
ні атайды. Соның ішінде «тұрғын үйлерді дуалмен қоршау, пәтер ғима-
ратын құлыптау, автоматты түрде жауап беретін телефон және телефон
шалушының идентификаторы» сияқты жайттар жауап беру көрсеткішін
азайтты, «адамдармен байланыс жасап, сұхбат алу» шығыны артты, ал
телефонмен сауалнама алуға мобильді телефонның көбейгені кедергі
келтірді.
Түйін
Әлеуметтік сауалнамаға тән үш басты сипат: салыстырмалы түрде саны
көп респонденттер ықтимал іріктеме формасы арқылы таңдалады, сұхбат
алу немесе анкетаға жауап алу сияқты ресми бақылау процедуралары бо-
лады; деректі статистикалық талдауды қамтиды.
Іріктемелік сауалнамада әдетте талдау бірлігіне ұлттан таңдалған жеке
тұлғалар кіреді. Дегенмен жеке тұлға ғана емес, әлеуметтік бірлікті таң-
дайтын кез де болады, салыстырмалы зерттеу жасағанда түрлі мемлекет-
тен алынған іріктемелер біріктіріледі.
Стандарттау қалыпты үрдіс болғанымен, дерек жинау процедурасы кон-
тинуум бойында тым ресми және құрылымдалғаннан бейресми және құ-
рылымдалғанға дейін өзгеріп тұрады, оны зерттеуші өзі таңдайды.
Сауалнама зерттеуі дизайны екі ауқымды категорияға бөлінеді: (1) кросс-
секциялық зерттеулерде дерек қауымдастық іріктемесінен немесе үлкен
топтар белгілі бір уақытта жиналады; (2) ұзақмерзімді зерттеуде рес-
понденттер өзгермейді, бірақ деректі бірнеше жыл сайын жинап тұрады
(панельдік зерттеу) немесе бір популяцияға кіретін тәуелсіз сұрыпталған
іріктемеден алады (трендтік зерттеулер).
Әлеуметтік құрылым ықпалын зерттеу үшін кросс-секциялық дизайн-
ның екі нұсқасы дайындалды: (1) контекстік зерттеу – топтың ықпалын
немесе жеке тұлғалардың контексін тексеру үшін түрлі топтар іріктеліп
алынады; (2) әлеуметтік желі зерттеулері, бұл кезде жеке қарым-қатынас
байланысын анықтау үшін топтағы әр адам зерттеледі.
Когорттік зерттеу – трендтік зерттеудің ерекше аспектісі; жас (жыл), ко-
горта немесе буын және тарихи кезеңнің когортаға әсер етуін зерттейді.
Сауалнаманы жоспарлаудың бастапқы кезеңі басқа зерттеу стратегиялары-
нан ерекшеленеді. Біріншіден, сауалнама құралының (сұхбат алу кестесі не-
месе анкета) құрылымы бөлек, оның көлемі жайлы келесі тарауда баяндай-
мыз; сондай-ақ іріктемені жоспарлауға дайындық та басқаша өтеді.
Сауалнама дерегі бетпе-бет сұхбаттасу арқылы, телефон арқылы, өздігі-
нен толтырылатын анкета арқылы, түрлі компьютерлік әдіспен немесе осы
әдістердің бәрін біріктіру арқылы (аралас әдіс сауалнамасы) жиналады.
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
394
Анкетамен салыстырғанда сұрақтың форматы бойынша алғанда сұхбат
алу жағдайға икемделуге мүмкіндік береді. Сұрақты нақтылап түсіндіріп,
толық жауап алуға жағдай жасайды, осылайша жауап беру көрсеткіші жо-
ғары болады.
Бетпе-бет сұхбат кезінде күрделі сұрақтар қойып, сұхбат көлемін созу-
ға болады; бірақ сұхбат алушы – респондент өзара байланыс орнатып,
жауаптар бұрмалануы мүмкін әрі мұндай сұхбат қымбатқа түседі.
Салыстыру үшін айтсақ, телефон арқылы сауалнама алғанда уақыт пен
ақшаны үнемдейді және оны өткізу оңай, бірақ ол кезде сұрақтар қарапа-
йым болуы керек, кейде толыққанды жауап алу қиын.
Пошта арқылы респондент өзі толтыратын анкета жіберу – ең арзан сауал-
мана түрі, алайда оның жауап беру көрсеткіші төмен, ішінара сұрақтарға
жауап берілмейді, сенімді жауап алу үшін сұрағыңыз жеңіл, қарапайым
болуы керек.
Қазіргі кезде электрондық құралдар арқылы өз бетімен жауап беретін
әдістер кең тарады, ол сауалнамаға кететін уақыт пен қаржыны азайтады
және пайдаланушыға ыңғайлы анкета дизайнын жасауға мүмкіндік бере-
ді. Бірақ интернет сауалнаманың қамту аясы тар, сондықтан оны аралас
режим сауалнамасында қысқа мерзімге қолданған тиімді.
Сауалнама зерттеуінде далалық басқару сұхбат алушыны таңдап, оны үй-
ретіп, претестілеуден өткізуден басталады; содан соң сұхбат алуға жібе-
ріп, қадағалайды; одан кейін басында жауап бермеген респонденттермен
жұмыс істейді.
Сұхбат алушылар бір мезетте сұхбат берушіні тынышталдырып, сұрағын
қойып, сұхбатты аяғына дейін жүргізіп, жауаптарды жазып алуы қажет.
Бұл мақсатқа жету үшін сұхбат алушыны мұқият таңдап, оқыту керек.
Респонденттерден дерек жиналар алдында сауалнама құралы претесті-
леуден өтіп, дайын тұруы керек; респондент табу үшін лайық қауымдас-
тықтың ресми өкіліне хабарласып, ілеспе хат жолдаған дұрыс.
Сұхбат алу кезінде сұхбат алушы мынаған міндетті: (1) респонденттің
жауабын бұрмалайтын жайттарға жол бермеу; (2) сыпайы әрі әдепті
болу, жағдайға лайық киім кию, респонденттің жауабын құпия сақтау;
(3) сабырлы әрі іскер болу; (4) құралмен толық таныс болу, респондент
жағдайын түсініп, қажет кезде жетектеуші сұрақтар қою, дайын жауапты
тез жазып алу.
Сұхбат алушыны қадағалау дегеніміз – әр сұхбат алушының жауабын жа-
зып алу, аяқталған сұхбат кестесін тексеру т.б. Ол сапаны бақылау үшін
маңызды, ал кейінгі іс-қимыл басында жауап бермеген респонденттер-
мен қайта байланысып, жауап беру көрсеткішін көтеруді көздейді (әсіре-
се пошта арқылы сауалнама алғанда).
Басқа зерттеу стратегиясымен салыстырғанда сауалнама барынша икем-
ді, сондықтан оны сипаттамалық зерттеуге де, түсіндірме зерттеуге де
қолдана беруге болады, зерттеу ауқымының кең көлемін қамтиды.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
395
Бір жағынан, зерттеу себеп-салдар байланысын анықтауда үлкен мәселе
тудырады. Мінез-құлықты бақылай алмайды, мінез-құлық жайлы сипат-
тама берумен шектеледі, зертханалық эксперимент сияқты реактивтік
әсерге бейім болады.
Тірек сөздер
Кросс-ұлттық сауалнама Панельдік зерттеу
Құрылымдалған сұхбат Сұхбат кестесі (парағы)
Құрылымдалмаған сұхбат Бетпе-бет сұхбат
Жартылай құрылымдалған сұхбат Компьютер арқылы жеке сұхбат алу
Дескриптив және түсіндірме сауалнамалар Телефон арқылы сұхбат алу
Екінші рет талдау Цифрды кездейсоқ теру
Кросс-секциялық дизайн
Контекстік дизайн
Компьютер көмегімен телефон арқылы
сұхбат алу
Әлеуметтік желі дизайны Қағазға жазып алынатын сауалнама
Ұзақмерзімді дизайн Компьютер арқылы сұхбат алу
Трендтік зерттеу Аралас режим сауалнамасы
Когорта Претестілеу
Когорттік зерттеу Ілеспе хат
Жауап әсері
Тапсырмалар
1. 1994 жылы желтоқсан айында Генри Векслер мен әріптестері «Америка меди-
циналық қауымдастығы» танымал журналына колледж студенттері арасында
жүргізілген ішімдікке қатысты сауалнама нәтижесін жариялады (vol. 272, pp.
1672–77). Зерттеуде ішімдікке салыну ауқымы мен зиянды салдары көтерілді
және студенттер арасындағы маскүнемдік мәселесіне қатысты зерттеу жүргі-
зуге ықпал етті. Мақаланы оқыңыз да, келесі сұрақтарға жауап беріңіз.
а. Бұл зерттеудегі зерттеушінің мақсатты негізгі жиынтығы не болды?
ә. Іріктеу дизайнын толық сипаттаңыз.
б. Іріктеме жасау үшін зерттеушілер екі іріктеу шегін қолданды. Оларды
атаңыз.
в. Қайсысының таңдалу мүмкіндігі жоғары: 20 мың студенті бар мемле-
кеттік университет немесе 2 000 студенті бар жекеменшік гуманитар-
лық колледж? Түсіндіріңіз.
г. Бұл зерттеуде анкетаны пошта арқылы жіберген. Зерттеудің осы түрін
қолдануға оның қандай артықшылығы ықпал етті?
д. Студенттер анкетаға жауап беруі үшін қандай ынталандыру түрі қолда-
нылды?
е. Жауап көрсеткішін көтеру үшін кейінгі процедуралардың қайсысы қол-
данылды?
САУАЛНАМА ЗЕРТТЕУІ
396
ж. Жауап бермеген респонденттер болатындықтан, зерттеушілер пікір бұр-
малауын болдырмау үшін не істеді?
2. 2008 жылғы президенттік сайлауға бір апта қалғанда алынған сауалнаманың
көбінде Барак Обама Джон Маккейннен басым тұрды, сол кезде Washington
Post газетіне «Сауалнама қателесуі мүмкін бе?» деген мақала шықты. Мақала
авторының пікірінше, сауалнама мамандары жауапқа алаңдады, себебі Барак
Обама 2–15% алға шығып кетті. Біреу сізден сауалнама нәтижесінде сонша-
лықты айырмашылық болуы мүмкін бе деп сұрауы мүмкін. Сауалнаманың
телефон арқылы, ықтимал іріктеме жасалып алынғанан ескеріп, қатенің төрт
ықтимал көзін анықтап, сипаттаңыз.
3. Студенттер кампусында еріктілер жайлы сауалнама жүргізбекшісіз. Ресми
еріктілік ауқымын дәл құжаттаудан бөлек, студенттер атқаратын еріктілік
қызмет түрін сипаттамақсыз, оған қоса, еріктілікке адамның жынысы, діні
мен білімі сияқты факторлар қалай ықпал ететінін анықтағыңыз келеді.
«Жалпы қате жайлы көзқарас» тұрғысында бетпе-бет сауалнаманың, телефон
арқылы сауалнама алудың, пошта арқылы анкета толтырудың және интернет
арқылы сауалнама алудың артықшылығы мен кемшілігін талқылаңыз.
Сілтемелер
1. Әлеуметтік желі талдауы – пән аралық парадигма, ол Америкалық әлеуметта-
ну мен әлеуметтік психологияның (социометрия) ертедегі жұмыстары және
Британия антропологиясы негізінде пайда болған (Wasserman and Faust,
1994).
2. 9.1-сызбада диаграмма жоғарыдан төменге қарай және жанама ықпалдарды
көрсеткенімен, кейінгі шешім ертедегі шешімді өзгертуге ықпал етеді. Мыса-
лы, іріктеу жоспарының шығынына қарап зерттеу мақсаты өзгеруі мүмкін.
3. Пошта арқылы немесе жеке сұхбат сауалнамасына дәрігерлердің берген
жауабын салыстыру үшін қараңыз: Шостек пен Фейруезерді (1979).
4. Далалық жұмыс әркез осындай тәртіппен өте бермейді. Мысалы, претестілеу
сұхбат алушыларды оқытуға дейін, оқыту кезінде немесе кейін өтуі мүмкін.
Респондентпен байланыс жасауға арналған іс-қимыл көрсетілген мерзімнен
ерте басталуы мүмкін.
5. Тағы бір стратегия – бірінші поштамен жібергенде респондент көрсетілген
(аты-жөні мен сәйкестендіру нөмірі) хатты салып, поштаның ақысын төлеу
(Mangione, 1995). Респонденттер хатты аноним анкетадан бөлек жіберуі ке-
рек, сол арқылы анкетаға жауап берілгені белгілі болады да, ешқандай ескер-
ту хат алмайды.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
397
Оныншы тарау
Сауалнаманы құралмен жабдықтау
Сауалнама зерттеуінің қаншалықты сәтті өткенін іріктеме мен сауалнама
құралына мән бере отырып біле аласыз. Қызығушылықты оятқан негізгі
жиынтықты дәл жалпылау іріктеме сапасына қатысты. Дегенмен ірікте-
ме қаншалық жақсы жүргізілгеніне қарамастан, анкета дизайны немесе
сұхбат кестесі ақылға қонымды жасалған кезде ғана іріктеме сауалнама-
сы нәтижелі болмақ.
Сауалнама құралының дизайны – шығармашылық процесс, жартылай
өнер әрі жартылай ғылым (Payne, 1951). Сауалнама дизайнері суреткер
секілді «шикізат материалын» таңдап алып, оны дизайнның белгілі бір
принциптеріне сәйкес құрастырып шығады. Суретшінің шикізат мате-
риалдары: қарындаш, көмірлі бояу, бор, акварель, акрил я май, қылқалам
т.б. сынды дүниелер болса, сауалнама дизайнерінің шикізат материалда-
рына еркін жауап парағы, нақты таңдауы бар жауап парағы, тікелей я
жанама сұрақтар, сұрақ-жауап форматы, жалпы физикалық формат пен
нұсқаулықтар жатады.
Дегенмен сауалнама дизайнерінің суретшіге ұқсамас бір маңызды
ерекшелігі бар: суретші өз идеясын, эмоциясын, жиған-терген, көрген-
түйген тәжірибесін сипаттауға тырысса, сауалнама дизайнері өзге адам-
дар туралы сенімді әрі жарамды ақпарат алуға ұмтылады. Дәл осы артық-
шылық сауалнама дизайнеріне суретшіден гөрі ғалым сипатын дарыта-
ды. Ол өз есебінде адам құндылығы, пікірі, қорқынышы, сенімі секілді
субъективті тәжірибесін баяндайды; я еңбек өтілі, жалақысы, саяси ұста-
нымы, тұрғылықты жері, тұтынушы мінез-құлқы не демалу ерекшелігін-
дей көпке тән тәжірибесін сипаттайды. Сауалнама барысындағы ауызекі
сөйлесу – сұрақтың жауабы, сондықтан сауалнаманы құралмен жабдық-
тау – сауал жолдау ғылымы.
Бұл тарауда сұрақ қою мен сұрау тәртібі барлық респондентке бірдей
стандартталған құралдар хақында сөз етеміз. Дегенмен мұндағы талқы-
ланар принциптің көбі аз құрылымдалған сұхбаттасу әдісіне де жарамды.
Әдетте сұрақ қоюдың негізгі тәсілдерін жеке-жеке қарастырмасақ та
(бетпе-бет сұхбаттасу, телефон арқылы сұхбат алу, қағазға жазып алына-
тын сауалнама, компьютер арқылы сұхбат алу), оларға жекелеген сұрақ-
тар мен форматтар қажет болуы мүмкін. Әр респонденттің түрлі дерек
398
жинау әдісі арқылы сауалнамадағы аралас жүйе құралының дизайны ту-
ралы баяндайтын боламыз.
Адамдардың сауалнама сұрағына қалай жауап беретінін анықтап, ког-
нитивтік әрі коммуникациялық теорияларды талқылаймыз. Сауалнама
дизайнері қолданатын «материалдар» арқылы сұрақ түрлері мен жауап
беру форматын тексереміз. Содан соң жалпы дизайн я сауалнама құралы-
ның «үлгісін» қарастырамыз. Бұдан кейін «үлгіні толтырудың» практика-
лық нұсқаулығына көшіп, бірінші сызбаны (драфт) түзу үшін элементтер-
ді жазып шығамыз. Соңында драфт құралын дайын өнімге айналдыруға
қажетті сұрақтарды бағалау және претестілеу әдістерін талқылаймыз.
Сауалнамаға әлеуметтік жағдай ретінде қарау
Осы кезге дейін сұрақ қою ғылымы ақпараттың екі көзіне сүйенетін:
сауалнама алатын кәсіби зерттеушінің жеке тәжірибесі және сұрақ қою
жөніндегі эксперименттің эмпирикалық дәлелі. Мысалы, тәжірибеге
сүйенсек, ең оңды сұрақ қою әдісі – қарапайым, сөйлемді жатық құрау
(Converse and Presser, 1986); зерттеу бойынша, жауаптар нұсқасында
«білмеймін», «пікір білдіре алмаймын» деген нұсқа тұрса, респонденттер
соны таңдауға бейім келеді (Schuman and Presser, 1981). Осындай пайда-
лы пікірлер анкета дизайнын жасау үшін маңызды нұсқаулық бола алады,
бірақ мұндай нұсқаулықтар әдетте жағдайға қарай жасалады, сондықтан
көбіне оны түсіну қиын. Адамдардың сауалнама сұрағына қалай жауап
беретінін теориялық тұрғыда түсіну зерттеушілер үшін аса маңызды. Бір
жақсысы, соңғы
3
отыз жылда сауалнама әдіскерлері жауап беру процесі-
нің теориялық моделін әзірлеу үшін когнитивтік және әлеуметтік психо-
логия бойынша еңбектерді көп пайдаланған (толықтай дерек алу үшін
қараңыз: Schwarz, 1996; Sudman, Bradburn, and Schwarz, 1996; Sirken et
al., 1999; Tourangeau, Rips, and Rasinski, 2000; Tourangeau and Bradburn,
2010).
Ғылыми тұрғыдан алғанда, сауалнама дизайны – сұрақтар сериясына
қажетті жауап алуға үлкен мүмкіндік береді. Дегенмен, бір жағынан, бұл
әлеуметтік әлем ықпалына ұшырауға бейім әлеуметтік құбылыс санала-
ды. Көп респондент сұхбат беруге ерекше, кейде алаңдауға тиіс тәжірибе
ретінде қарайды. Құрылымды сұхбат қағидасымен бейтаныс респондент-
тер өзін қалай ұстарын білмегенде, күнделікті әңгімелесуге тән әлеумет-
тік және лингвистикалық ережелерді ұстанады. Олар әр сұраққа жауап
берерде когнитивтік тапсырмаға тән бірізділікті құп көріп, қабілет деңге-
йі мен мотивацияға сәйкес сөйлейді. Осы көзқарастың қайсысы сауална-
ма құралының дизайнын әзірлеу турасында ақпарат береді?
Когнитивтік өңдеу тұрғысынан алғанда, сауалнама сұрақтарына жауап
беру респонденттен: (1) сұрақты түсіну; (2) қажет ақпаратты еске түсіру;
(3) қойылған сұрақ пен еске түскен ақпаратты байланыстырып, жауап
беру және (4) жарамдысын айтуды талап етеді (Sudman, Bradburn, and
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
399
Schwarz, 1996:58–75; Tourangeau, Rips, and Rasinski, 2000; Tourangeau and
Bradburn, 2010). Осы қадамның әрқайсысын орындаған сайын ақылға са-
лып, таразылап жұмыс істеген жөн. Себебі мұндай жағдайда қате жауап
алу қаупі де жоғарылайды. Мысалы, зерттеуші білгісі келген мәселені
сұрақ етіп қойды, ал респондент оның тура және ауыспалы мағынасын
бірдей түсінуі керек. Сондықтан сұрақ-жауап кезеңінде түсініксіз сұрақ
қойылса не респондент дұрыс қойылған сұрақты қате түсінсе, зерттеуші
өз мұратына жетпейді. Мәселен, «Бүгін не істедіңіз?» деген сұрақты қа-
растырайық. Сауалдың тура мағынасы ұғынықты, бірақ бұл жауап беру
үшін жеткіліксіз, себебі респондент зерттеушіге қандай іс-қимыл түрі қы-
зықты екенін білуі керек. Жауап берерде «тісімді тазаладым, душқа түс-
тім» деген сияқты күнделікті жасалатын іс-қимылдарды да айтуы қажет
пе? (Schwarz, Groves, and Schuman, 1998) Процестің өзге де когнитивтік
қадамдарын талдарда жауап берудегі қате жадыдан қажетті ақпаратты
алуға уақыт жеткіліксіз болғанда туатынын көрсетті, сол жадыдан алын-
ған ақпарат (яғни еске түскені) қойылған сұрақтың жауап нұсқасына сай
келмейді, сондықтан респондент ақпараттың өңін айналдырып, сұхбат
алушыны ыңғайлы нұсқаға қарата бейімдейді. Мұндай мәселелердің ал-
дын алуды тарау соңында талқылайтын боламыз.
Тағы бір көзқарас (әңгімені талдау) бойынша, респонденттер құры-
лымдалған сұхбаттасу мен дербес толтырылатын анкетаның мағынасын
күнделікті әңгімеге негіз болатын тұспалға (ашық айтылмайтын пікір)
балап, өзінше түсінеді. Мұндай көзқарас тіл философы Пол Грайстың
(1989) еңбегінде баяндалады. Грайстың пікірінше, әңгіменің екі жаққа
да ұғынықты, көңілге қонымды өтуіне сөйлеуші мен тыңдарманның төрт
принципті ұстануы себепкер:
1. Сөйлеуші өзі жалған деп санайтын дүниені айтпауға тиіс [шына-
йылық]
2. Сөйлеуші әңгіменің мақсат-мұратына сәйкес пікір білдіруі қажет
[өзектілік]
3. Сөйлеуші әр сөйлемін толымды, мазмұнды етіп жеткізеді, бірақ
айтқанын қайталамайды [қайталамау]
4. Сөйлеуші ойын барынша нақты жеткізуі керек [нақтылық]
Респонденттер сұрақтың түпкі мәнін түсіну үшін осы әңгімелесуге тән
принциптерді ұстанса, оларға алдыңғы сұрақтар, жауап беру форматы
және т.б. ағымдағы сұрақтың негізгі мақсатына қатыссыз сауалнама құ-
ралының шетін қырлары мен басшылық ойламаған жерден ықпал етуі
мүмкін. Өзектілік принципі бойынша респонденттер сауалнама бары-
сында болып жатқан дүниелердің бәрін, мәселен, рейтинг шкаласында-
ғы сандық мәндер сияқты тақырыпқа қатыссыз дизайн үлгілерін қойыл-
ған сұраққа қатысты деп ойлайды. Норберт Шварц пен оның әріптестері
(1991) мұны көрсету үшін респонденттерге: «Өміріңізде қаншалықты
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
400
табысқа жеттім деп ойлайсыз?» деген сауал жолдап, «мүлде табысқа жет-
педім» дегеннен бастап «үлкен табысқа кенелдім» деген аралыққа дейін
11 ұпайлық шкаламен есептеген. Жауаптар соңғы ұпайға сай сандық
мәндерге байланысты болып шықты. Соңғы нүкте 0-ден (мүлде табысқа
жетпедім) басталып, 10-ға (өте табыстымын) дейін қойылғанда респон-
денттердің 34%-ы 0–5 дейінгі сандарды таңдады, ал соңғы нүкте –5 (мүл-
де табысты емеспін) басталып, +5 (өте табыстымын) дейін қойылғанда
13%-ы ғана –5 пен 0 арасын таңдаған. Кейінгі сұрақтар сандық мәнге
респонденттердің соңғы ұпайды қалай түсінгені ықпал еткенін көрсетті.
Олар 0 мәнінен басталғанда «мүлдем табыс таппадым» деп әлі де пайдаға
кенелмегенін білдірсе, –5 мәнінен басталғанда «құрдымға кеткен адам-
мын» деп қабылдаған.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Респонденттер сауалнаманың бір қарағанда қарапайым көрінетін рейтинг шкаласын
санмен белгілеу сияқты құралдарын сұрақтың мағынасымен байланыстыра отырып,
тұспал-жорамал деп қабылдайды.
Сол секілді эксперимент үшін ғаламтор арқылы сауалнама жүргізгенде
жаттығып жатқан есен-сау әйел мен аурухана төсегіне таңылған науқас
әйел суретін салғанда, бұл респонденттердің өзін-өзі бағалау рейтингісі-
не әсер еткен. Денсаулығы мықты әйелдің суретін көрген респонденттер
дімкәс әйел суретін көргендерге қарағанда өз хал-ахуалын нашар деп ба-
ғалаған (Couper, Conrad, and Tourangeau, 2007). Осылайша суреттер рес-
понденттердің өз денсаулығын іштей бағалайтын түсініктемесіне қатыс-
ты болып шыққан.
Тағы бір тәжірибе көрсеткендей, күрделі тақырыптарды зерттеудің
әдіснамалық стратегиясы бір-біріне қатысты сұрақтар қойғанда еріксіз
қайталауға ұшырап, әңгіменің қайталамау принципіне қайшы келетіні
байқалған. Фриц Штрак, Норберт Шварц пен Микаэле Ванке (1991) неміс
студенттерінен өміріне қатысты екі сұраққа жауап беруін сұрайды. Бірін-
ші сұрақ бойынша олар бақытын бағалауға тиіс болса, екіншісінде өмі-
ріне қаншалық деңгейде көңілі толатынын бағалауы керек. Екі сұраққа
да 11 ұпайлық шкаламен бағалау белгіленді (11 – өте бақытты; 11 – дән
риза). «Бақыт» пен «өмірге риза болу» бірдей ұғымдар деуге болады. Екі
сұрақты бір-біріне қатыссыз анкетамен таратқанда екеуінің де өлшемі
ұқсас болып шыққан; бірақ сұрақтарды бір анкетаға салып, «Өміріңізге
қатысты екі сұрағымыз бар» деп, екеуін бірінен соң бірін ұсынғанда, ұқ-
састық аз болған. Яғни екі сұрақты бір анкетаға салып берген соң адам-
дар мұны әртүрлі мағына білдіреді деп қабылдаса керек, себебі бір сұрақ-
ты екі рет қоюдың мәні жоқ қой.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
401
Үшінші теориялық көзқарасқа келсек, рационалдық таңдау теориясы
респонденттердің «сауалнама сұрағына лайықты жауап берсем» деген
мотивациясының жауапқа қалай әсер ететінін көрсетеді (Krosnick, 1991,
1999). Сауалнама сұрағына жауап беру белгілі бір дәрежеде ақыл-ой ең-
бегін қажет етеді. Қалай десек те респонденттер жоғарыда айтылған төрт
когнитивтік қадамнан өтуі керек. Еске түсіруді я даулы мәселе бойынша
толғануды қажет ететін кейбір сұрақтар басқаларға қарағанда көбірек
жұмыс істеуді талап етеді; қысқа сұхбатқа қарағанда ұзаққа созылатын
сұхбатқа көп күш-қуат жұмсау қажет. Респонденттер толық әрі бұрмалан-
баған шынайы жауап беру үшін бар күш-жігерін салса, мұны «оңтайлан-
дыру» (optimizing) деп атайды; ал айтарлықтай күш жұмсамай, оқиғалар-
ды ойға алып, әуреге түспей қысқа жауап қайырса, бұны «қанағаттанар-
лық» деп атайды. Қанағаттанарлық жауап кейбір респонденттердің «оған
қатысты ештеңе ойламаймын», «білмеймін» деп жауап беруін былайша
түсіндіреді: өз ұстанымың хақында он ойланып, жүз толғанып, талқы-
лағанша «білмеймін» деп айта салу әлдеқайда оңай. Респонденттерден
сұралатын қарым-қатынасқа қатысты сауалдарға келсек, кейде олардан
«келісесіз бе, әлде жоқ па» деп сұрайды; мұндайда қанағаттанарлық деп
бағалау «келіспеймін» дегенге қарағанда «келісемін» деген жауаптың ба-
сымдау болғанын білдіреді, себебі тұшымды пікірге келісе салу оңай, ал
«келіспеймін» дегенге бұлтартпас дәлел айту керек болады.
Теориялық тұрғыдан алғанда, қанағаттанарлық мінез-құлық сұрақ
күрделенген сайын арта бермек, ал респонденттің мотивациясы мен
сұраққа жауап беру қабілеті күшейген сайын кеми түседі. Бір зерттеуде
(Holbrook, Green, and Krosnick, 2003) телефон арқылы алынған сауална-
ма мен бетпе-бет сұхбат алу жауаптарының қанағаттанарлық деңгейі
салыстырылды. Ұтымды жауап беруге мотивациясы аз, телефон арқылы
сөйлескен респонденттер ұзақ әңгімелесуге құлықсыздық танытып әрі
сұхбаттың көпке созылғанына наразы болды. Теорияға сәйкес, олар қана-
ғаттанарлық мінез-құлық танытты. Мысалы, олар кісінің жекелеген көз-
қарасын білдіретін көп мәселеге «білмеймін, бұған ойланып көрмеппін»
деп жауап берсе, иә/жоқ, келісемін/келіспеймін деген жауаптарға көбіне
келісетінін білдірген.
Мұндай теорияның әдіснамалық салдары белгілі. Зерттеушілер сауал-
нама құралын әзірлерде осы іспеттес мәселелерді анықтау үшін сұрақ пен
жауаптың астарына негіз болған әңгімелесу процесін, когнитивтік, мо-
тивациялық процестерді түсінуі керек (Sudman, Bradburn, and Schwarz,
1996: 258). Сұрақ дизайнын әзірлеушілер қолдана алатын опцияларды
зерттей отыра, жауап беру міндетіне қарағанда осындай көзқарасты қа-
перге аламыз. Тапсырманың күрделі екенін ескерсек, анкета дизайны ту-
ралы шешімді претестілеу процесі кезінде мұқият ойласып, асықпай қа-
былдаған жөн. Шынтуайтында, осы теориялық ілгерілеудің ең маңызды
өнімінің бірі – зерттеу құралдарын претестілеуге арналған қатаң диаг-
ностикалық процедураларды дамыту, бұл турасында тарау соңында баян-
даймыз.
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
402
Сауалнама дизайнерлері қолдана алатын
материалдар
Суретші секілді сауалнама дизайнерінің қолында көптеген шикізат ма-
териалдары болады. Енді бірсыпыра сұрақ ішінен біреуін ғана таңдау,
жауап форматын таңдау және алдыңғы зерттеулердегі сұрақтар мен көр-
некі құралдарды қолдануға қатысты нұсқаулықтар бермекпіз.
Ашық сұрақтар және жабық сұрақтар
Материал әзірлеген кезде қаралатын басты мәселе ашық сұрақ пен жа-
бық сұраққа қатысты туындайды. Ашық сұрақ («еркін жауап» деп те ата-
лады) респонденттен сұраққа өз сөзімен жауап беруді талап етеді (анке-
та толтырғанда жазбаша, ал сұхбаттасқанда ауызша түрде). Жабық сұ-
рақ (немесе «тұрақты таңдау») респонденттерден ұсынылған жауаптың
біреуін ғана таңдауды талап етеді. Төменде ашық және жабық сұрақ фор-
маларының мысалы көрсетілген.
1. Қазіргі президенттің жұмыс өнімділігін қалай бағалайсыз? (АШЫҚ)
2. Президенттің жұмыс өнімділігін қалай бағалар едіңіз? (ЖАБЫҚ)
( ) Нашар
( ) Ортадан төмен
( ) Орташа
( ) Ортадан жоғары
( ) Тамаша
3. Президенттің ішкі саясаттағы көңіл бөлуге тиіс нөмір бірінші мәсе-
ле қандай деп ойлайсыз? (АШЫҚ)
2. Президент төмендегі ішкі саясат мәселесінің қайсысына алдыменен
көңіл бөлуі керек? (ЖАБЫҚ)
( ) Жұмыссыздық
( ) Инфляция
( ) Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін реформалау
( ) Бюджет балансын реттеу
( ) Энергетикалық дағдарыс
( ) Басқасы
Ашық және жабық сұрақты таңдарда қиналатыныңыз рас, өйткені әр-
қайсысының өзіне тән артықшылығы мен кемшілігі бар. Ашық сұрақтың
ең негізгі артықшылығы – респонденттің өзі қалағанындай жауап беруі.
Жиылған материал ақпараттың нағыз алтын арқауына айналары анық,
бұл респонденттердің логикасын я ойлау процесін байқатады, өздерінде
сақталған ақпарат көлемін әрі пікір айтудағы табандылығын не сезім тұ-
нықтығын аңғартады. Көбіне зерттеушінің тақырыпты түсінуіне респон-
денттің ашық сұраққа берген тосын жауабы ықпал етеді, кейде зерттеу-
ші соған қарап ойын толықтай өзгертуі мүмкін. Алайда осы ашық сұрақ
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
403
қасиетінің, ақпарат молдығының теріс жағы да бар: көп және әртүрлі
(көбіне мәнсіз әрі түсініксіз) жауаптарды жинақтау мен оларға талдау жа-
сарда «кодтау» мәселесі туындайды. Мұндай материалды кодтау – уақыт
жағынан ұтылатын және шығыны көп процесс, сондықтан қате жіберу қау-
пі де артады (кодтау туралы толық білу үшін он бесінші тарауды қараңыз).
Ашық сұрақ интервьюлерден «жауаптың екіұшты екенін аңғаруды,
респондентке жетектеу сұрағын қойып, дұрыс арнаға бұруды... сол арқы-
лы олар кодталған жауап бергенін байқауын талап етеді» (Sudman and
Bradburn, 1982: 151). Төмендегі сұхбат алушы мен респондент арасын-
дағы әңгімеге мән беріңіз, бұл респондентке стимул, ойлануға уақыт
берудің және жауабын нақтылаудың маңызын көрсетеді (Sudman and
Bradburn, 1982: 150):
Сұхбат алушы: Бүгінде мемлекет үшін ең маңызды мәселе
қандай деп ойлайсыз?
Респондент: Білмеймін, өте көп қой.
Сұхбат алушы: Дұрыс, білгім келгені мынау: сіз үшін ең ма-
ңызды мәселе қандай?
Респондент: Жарайды. Әрине, әуелі инфляция; содан соң
мемлекеттік шығын.
Сұхбат алушы: Мемлекеттік шығын... сонда нені меңзеп тұр-
сыз? Тарқата айтсаңыз? «Мемлекеттік шығын»
дегенде ойға не оралады?
Респондент: Оның түрі көп. Федералдық шығынды азай-
туымыз керек.
Сұхбат алушы: Басқа алып-қосарыңыз жоқ па?
Респондент: Жоқ. Ең маңыздысы осы деп ойлаймын.
Ашық сұраққа қатысты өзге де мәселелер бар. Мысалы: (1) жауаптың
ұзақтығы әркелкі келеді (кейбір адамдар ұзақ сөйлейді, өзгелері қысқа
қайырады); (2) жауабы түсініксіз, ұғынуға қиын немесе сауатсыз респон-
денттердің пікірі; (3) сұхбат алушы осының бәрін нақтылауда қиналады;
(4) көп адамның толық ақпарат беруге құлықсыз болуы немесе оның
айтқан пікірі мен мінез-құлқын қоғамның қабылдамауы. Ашық сұрақтар
зерттеуші ғана емес, респонденттің де аянбай еңбек етуін қажет етеді.
Респондент ашық сұраққа жауап бергенде өзін тежеп үйренуі керек, мы-
салы, ол өзі толтыратын анкета я интернет-сауалнамасына жауап берер-
де сөйлемейді, жазады не тереді.
Респондент үшін жабық сұраққа жауап берген оңай, себебі бұл көп
күш-жігерді талап етпейді, әрі аз сөйлейді. Жауаптың нұсқасы бар сұ-
рақтарды стандарттау жеңіл, бүкіл респонденттің жауабын бір жүйеге
салып шығасыз. Сұхбаттасу барысында жабық сұрақ нұсқасын таңда-
саңыз жұмыс азаяды, жетекші де ұзақ әзірлеп әуре болмайды, сұхбат та
тез өтеді.
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
404
Екінші жағынан, жабық сұрақты жақсылап дайындау – өте қиын ша-
руа. Жабық сұраққа жауап берген респондент дайын нұсқаның бірін ғана
таңдауға мәжбүр, бірақ бұл жерде оның сезімін қозғайтын не көзқарасы-
на сәйкес келетін жауап болмауы мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, рес-
понденттер ұсынылған балама жауаптың бірін таңдай салады, көп жағ-
дайда «Басқа» («түсіндіріп жіберіңіз») тұрса да, соған жүгінеді (Schuman
and Presser, 1981). Бұл Грайстың өзектілік принципіне қатысты, себебі
респонденттер дайын нұсқаны таңдау арқылы зерттеушінің мүддесіне
сай әрекет еттім деп ойлайды. Респондентке маңызды жауап нұсқасының
тізімін жасау үшін алдын ала сұхбатта не претестілеу кезінде ашық сұ-
рақты қолдануға кеңес береміз, сол арқылы зерттелетін негізгі жиынтық
мүшелері қандай ой-пікірде екенін біліп аласыз; алған ақпаратты қолда-
на отыра, жабық сұрақ әзірлеуге мүмкіндік болады. Өкінішке қарай, бұл
процедура әркез жүзеге аса бермейді; уақыт пен қаржы тапшылығы рес-
понденттердің жеткілікті көлемін претестілеуге кедергі келтіреді, соның
әсерінен қажетті ақпарат алу мүмкін болмайды.
Кейде ықтимал жауап диапазоны белгілі болса да, оны жабық сұрақ
аясына сыйдыру оңай емес, әсіресе телефон арқылы сұхбат алғанда қи-
наласың. Ашық сұрақта «Қай мемлекетте немесе өзге елде дүниеге кел-
діңіз бе?» деп сұрай салу оңай, жабық сұрақта барлық шетел мемлекетін
тізбектеп отыру қиынға соғады. Жұмыспен қамту, денсаулық сақтау мә-
селесі, теледидардағы сүйікті шоу сияқты сауалдарды ашық сұрақ түрінде
сақтау тиімді (Fowler, 1995).
Осындай артықшылықтар мен кемшіліктерді ескере отыра, ашық және
жабық сұрақтарды қай кезде қолданған абзал? Роберт Кан мен Чарльз
Каннелл (1957) мынадай бес тұжырым ұсынады: (1) сауалнама мақсаты-
на қарай; (2) респонденттердің тақырыпқа қатысты ақпарат алу деңгейі;
(3) респонденттердің пікірі қаншалықты ойластырылған әрі құрылым-
далған; (4) респонденттердің сөйлесуге құлықты болуы; (5) зерттеушінің
респондент мінез-құлық ерекшелігімен етене таныс болуы.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Ашық сұрақтармен салыстырғанда нәтижелі жабық сұрақтар респондентке әлдеқайда
ыңғайлы болғанымен, сауалнаманы құрастырушыға оны әзірлеу қиынға соғады.
1. Әуелі, зерттеу мақсатын ескеріңіз. Егер респонденттердің жалпыға
ортақ қарым-қатынасқа я мінез-құлқына қатысты классификациясын
түзгіңіз келсе, онда жабық сұрақты қолданғаныңыз орынды әрі тиімді
деп ойлаймыз. Ал сауалнама мақсаты бұдан да ауқымдырақ болса, рес-
понденттің білім тереңдігі не өз ой-пікірін қорғаудағы табандылығы негі-
зінде жиылған ақпаратты түйіндегіңіз келсе, онда ашық сұрақты пайда-
ланғаныңыз дұрыс.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
405
2. Екінші бір мән берер мәселе – сізді қызықтыратын нәрсе бойынша
респонденттер білетін ақпарат көлемі. Қатысушылар сауалнамадағы мә-
селені жетік біледі деп есептесе, бұл жағдайда жабық сұрақты таңдаған
ыңғайлы. Ал респонденттердің тақырып туралы қаншалықты білетінін
болжай алмасаңыз я білім диапазоны ауқымды деп ойласаңыз, ашық сұ-
рақты қолданған абзал. Жабық сұрақ қойғанда тақырыппен бейтаныс
респонденттер кез келген жауапты таңдай салуы мүмкін, сол арқылы
бұл саладан хабарсыз екенін жасырады. Тіпті «білмеймін» деген нұсқаны
қосқанның өзінде мәселе шешілмейді, себебі тақырыпты жетік білмейтін
респонденттер мұны таңдамауы мүмкін.
1
Мысалы, Жоғарғы соттың Роу-
дың Уэйдқа қарсы ісіне қатысты шешімін «құптайсыз ба», әлде «құпта-
майсыз ба» деген сұрақ кезіксе, бұдан бейхабармын дегеннен гөрі біреуін
таңдай салған оңай.
3. Осыған байланысты тағы бір төркіндес түсінік – респонденттің ойы
не пікірінің құрылымдауы. Респонденттер көтерілген мәселе хақында
бұрындары ойланған ба? Олардың өзіндік позициясы я нақты көзқара-
сы бар ма? Респонденттер бұрын осы жөнінде ойланып, дәстүрлі жауап
диапазоны зерттеушіге белгілі болса, онда жабық сұрақты қолдану жеткі-
лікті. Мәселен, тіркелген сайлаушылардың президент жұмыс өнімділігіне
қатысты пікірін өлшеуге арналған сауалнамада жабық сұрақ пайдалан-
ған орынды. Алайда респонденттердің пікірі құрылымсыз болса, ашық
сұрақ ұсынған дұрыс. Мысалы, неге студенттер XYZ университетін таң-
дағанын білгіңіз не ерлі-зайыптының белгілі бір бала санын ғана қалау
сырын анықтағыңыз келді дейік. Оның себебі өте көп, ұсынылған жауап
нұсқасы респонденттің ойымен бір жерден шықпауы мүмкін. Ашық сұ-
рақтар сериясы респонденттің мұқият ойлануына, еске түсіруіне, шеші-
мінің түрлі аспектілері туралы ашылып сөйлеуіне мүмкіндік береді; ал
жабық сұрақта ол толымсыз не көзқарасына сай келмейтін жауапты асы-
ғыс таңдауға мәжбүр болады.
4. Тағы бір тұжырымға сай, респонденттер басынан өткен тәжірибесі
мен көзқарасы жөнінде өзгелерге баяндауға ынталы болуы мүмкін. Жал-
пы алғанда, ашық сұрақтың нәтижесі жақсы болуы үшін респонденттің
мотивациясы жоғары болуы керек, себебі сұрақтың бұл түрі көп уақыт-
ты, күш-жігер мен ашылып сөйлесуді қажет етеді. Респондент мотивация-
сы төмен болған жағдайда сапалы дерек алу үшін жабық сұрақ қойған
дұрыс. Екінші жағынан, кейде жабық сұрақтар респондент мотивация-
сын әлсіретеді, себебі кейбір адамдар ойын өз сөзімен жеткізгісі келеді,
ал ұсынылған жауаптың бірін таңдай салу оларды қынжылтады.
5. Бесінші маңызды тұжырым мынадай: ашық не жабық сұрақтың бі-
рін таңдау үшін зерттеуші респонденттің жекелеген қасиеттерін білуі қа-
жет. Яғни зерттеуші сауалнамаға қатысушының сөздік қоры, ақпаратты
меңгеру дәрежесі және оның пікір құрылымы мен мотивация деңгейімен
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
406
қаншалықты таныс? Зерттеуші бұрын осындай зерттеу жүргізбесе я
алдын ала ауқымды сұхбат өткізбеген болса, онда «аса білмейді» деген
жауап ойға оралады. Мұндайда ашық сұрақтар шынайы (оны түйіндеу
әрі талдау қиын болса да) дерек беруі керек.
Зерттеудің түрлі кезеңінде әртүрлі сұрақты қолданудың бір әдісі – ал-
дын ала сұхбаттасуда ашық сұрақтарды пайдалану, содан соң осы сұхбат
барысында жиылған деректерді пайдалана отырып, жабық сұрақ құрау
не құралдың соңғы нұсқасында ашық және жабық сұрақтарды біріктіру.
Бұған мүмкіндік болмаса, басынан бастап мақсатыңызға сай ашық әрі
жабық сұрақтар комбинациясын қолдана аласыз (ашық және жабық сұ-
рақтарды әрі қарай салыстыру үшін 10.1-қосымшаны қараңыз).
Тура және жанама сұрақтар
Материал таңдаудағы тағы бір мәселе – тура және жанама сұрақтарды
іріктеу. Тура сұрақ деп қойылған сұрақ пен зерттеуші білгісі келген мәлі-
меттің арасында нақты, тура байланыстың орнауын айтамыз. Сауалнама
зерттеуінде қолданылатын сұрақтың басым бөлігі – тура сұрақтар. Мы-
салға, «Отбасыңыздың жалпы кірісі қанша?» және «Отбасыңыздағы бала
саны қанша болғанын қалар едіңіз?» деген сауалдар келтірсек болады.
Жанама сұрақ кезінде зерттеуші мақсаты мен қойылған сұрақтың
байланысы айқын болмақ. Мәселен, зерттеуші фабрикадағы ер жұмыс-
шылардың сексуалдық рөліне қатысты зерттеу жүргізгісі келсе, «Әйел-
дің басшы болуына қарсы емессіз бе?» деген тікелей сұрақтың орнына,
«Әріптестеріңіз әйелдің бастық болғанына қарсы емес пе?» деген жана-
ма сұрақ қоюына болады. Зерттеуші респонденттердің сексуалдық рөлге
байланысты ұстанымын нақтылағысы келсе де, жұмысшы жекелеген сек-
систік ұстанымын білдіргісі келмеуі мүмкін. Жеке тұлғаның көзқарасы
мен сенімі қоршаған ортаны қалай қабылдайтынына ықпал ететінін бі-
летін зерттеуші ол өзінің жеке ұстанымын әріптестеріне таңатын шығар
деп болжайды.
10.1-қосымша. Ашық және жабық сұрақтарды
эксперименттік салыстыру
Ашық және жабық сұрақтың артықшылығы мен кемшілігі жөніндегі пікір-
талас әдетте сауалнама зерттеуін жүргізушілердің жүйеленбеген тәжіри-
бесі мен тұжырымына негізделеді. Бірақ бұл тізімге енбейтін зерттеушілер
де бар, соның бірі – Хоуард Шуман мен әріптестері (Schuman and Presser,
1981; Schuman, Ludwig, and Krosnick, 1986; Schuman and Scott, 1987) өт-
кізген сауалнама, онда ашық әрі жабық сұрақтарды қатар қолданып,
жауаптарды салыстыру мақсатында ауқымды іріктеме негізіндегі сауална-
ма ұсынған еді. Бұл бөліктегі кестеде осы тәжірибенің біреуінің нәтижесі
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
407
көрсетілген (Schuman and Scott, 1987), жалпыұлттық телефон арқылы
жүргізілген сауалнамада мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселе туралы
ойын білу үшін респонденттердің бір бөлігіне кездейсоқ түрде ашық нұсқа,
ал басқа бөлігіне жабық нұсқа берілді.
Ұлттық сауалнамада ашық сұрақ бірнеше рет қолданылды. Оның жа-
бық нұсқасында төрт мәселе көрсетілген, оның әрбірінде ашық сұрақта
айтылған жауаптар аз енгізілді. Алдын ала болжанғандай, іріктеменің
2,4%-ы ғана ашық сұрақта бұл жауаптардың біреуін көрсеткен еді. «Жұ-
мыссыздық» және «жалпы экономикалық проблемалар» категориясы жиі
айтылды. Дегенмен жабық сұраққа жауап берген респонденттердің 60%-ы
ұсынылған балама жауаптың біреуін таңдады, көбі жауапта өз нұсқаңыз-
ды жазыңыз дегенге мән бермеді. Респонденттердің 17%-ы ашық сұрақта
көрсеткен жұмыссыздық мәселесін жабық сұрақта тек 6,2% респондент
қана таңдады. Шуман мен Скотт (1987: 957) бұған қатысты: «ашық сұрақ-
та аталған мәселелер америкалық мәселе хақында нақты ақпарат береді...
жабық сұрақтың нәтижесіне қарап, респонденттердің төрт проблемамен
ғана шектеліп қалғанын байқаймыз» деп ойларын білдірген еді.
Ашық сұрақ Жабық сұрақ
Бүгінде мемлекеттің бас қатырар
ең үлкен проблемасы қандай деп
ойлайсыз?
Қазір мемлекет үшін төмен-
дегі мәселелердің қайсысы ең
маңызды саналады? Энергия
тапшылығы, мемлекеттік мек-
тептердің сапасы, абортты заң-
дастыру не ауаның ластануы;
қалауыңызша өзіңіз ең өзекті
деп есептейтін нұсқаны көрсе-
туге болады.
1. Энергия тапшылығы 0,0% 5,6%
2. Мемлекеттік мектептердің сапасы 1,2 32,0
3. Абортты заңдастыру 0,0 8,4
4. Ауаның ластануы 1,2 14,0
Қорытынды 2,4 60,0
5. Басқа жауаптар 93,0 39,3
6. Білмеймін 4,7 0,6
100,0% 100,0%
Респонденттер саны (171) (178)
Дереккөз: Reprinted with permission from Schuman and Scott, 1987. Copyright 1987 American
Association for the Advancement of Science.
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
408
Бұл эксперимент сұрақ формасын өзгерткендегі айырмашылықтың
түрлі нәтиже беретінін айқын көрсетеді. Алынған деректер ашық нұс-
қаның артықшылығын көрсетсе де, басқа зерттеулер ашық сұрақтың да,
жабық сұрақтың да бірдей нәтиже алуға мүмкіндік беретінін байқатты,
ол үшін ашық сұрақта ең жиі айтылған мәселелерді балама ретінде жа-
бық сұрақта қамту керек (Schuman and Presser, 1981). Балама жауап нұс-
қасы күмән келтірсе, зерттеушілер өз пікірін, көзқарасын респонденттер-
ге таңбауға тырысуы керек, ол үшін алдыменен ашық сұрақтан бастап,
содан соң «тұрақты» балама ұсыну үшін «еркін» жауаптарды қолдануы
қажет. Бұған қоса, жабық сұрақтағы «неліктен» деген сауалға жауап ре-
тінде ашық сұрақтар қажет болуы мүмкін, әсіресе жабық сұрақ түріндегі
баламаларды беру тым күрделі не тым көп болғанда солай істеген ыңғай-
лы я оқиға тез өзгеріп жатса, дайын жауап күйінде беру мүмкін болмаса,
осылайша істеген дұрыс (Schuman and Presser, 1981).
Зерттеуші респонденттердің тура сұрақ қойғанда айтқысы келмейтін
не айта алмайтын мінез-құлық ерекшелігі я тәжірибесі туралы білгісі кел-
се, жанама сұрақ қойғаны абзал. Сұрақтағы мінез-құлық сипаты әлеу-
меттік тұрғыда айыпталатын, көпшілік қабылдамайтын мәселеге қатыс-
ты болса, респондент жауап бергісі келмеуі мүмкін; ал әлгі сипат: мотив,
қажеттілік, қорқыныш оның түйсінуінен төмен тұрса, жауап бере алмасы
анық.
Жанама өлшемнің көбі болжамға негізделеді: әдетте жеке тұлға өзінің
ішкі қажеттілігін, сезімін, пікірін және құндылығын сыртқы әлемге қа-
тысты қабылдайды. Сондықтан екіұшты стимулы бар адам материалды
өз қажеттілігі мен құндылығын көрсететін деңгейде түсіндіруге бейім.
Көп тараған проективті техникалардың бірі – сөздер ассоциациясы, сөй-
лемді аяқтау және баяндау. Респонденттер сөздер ассоциациясы кезінде
сұхбат алушы оқыған әр сөзге қатысты ойға келгенін айтады. Сөйлемді
аяқтау респонденттен тиянақталмаған ойды аяқтауын талап етеді, мы-
салы, «Қалалар туралы ойлағанда, мен солар турасында ойланамын».
Оқиғаны баяндауда респонденттен сия тамшысы не сурет сияқты түрлі
ой тудыратын стимулдарды түсіндіру сұралады.
2
Жанама сұрақтың көбі клиникалық қолданыс үшін дайындалады, жеке
тұлғаның қасиеті мен қажеттілігін анықтаудағы эмоциялық ауытқу бол-
ған кезде диагностика жасау мақсатында қолданылады. Басқа салаларда,
әсіресе маркетингте адамдардың көзқарасы мен мотивациясын зерттеу
мұратында пайдаланылғанымен, қолданылатын басты саласы – клиника-
лық зерттеулер. Жанама әдісті көрсету үшін 1950 жылы өткізілген клас-
сикалық зерттеу аясындағы маркетингтік зерттеуді қарастырайық.
Мейсон Хейр (1950) адамдардың лезде әзірленетін алғашқы сусын-
ның бірі – тез ерігіш кофеге қатысты пікірін білгісі келді. Хейр тура сұ-
рақ қою арқылы тез еритін кофені ішуге құлықсыз әйелдерден «оны неге
ұнатпайсыз?» деп сұрағанда, олардың көбі дәмін жақтырмайтынын айт-
қан. Бірақ бұл жауап астарында стереотипті әсер негізіндегі өзге мотив
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
409
жасырынғанын аңғарған Хейр тұтынушылардың көзқарасын өлшеуде
жанама әдіс ойлап тапты. Ол сатып алушыларға арналған екі тізім түзді,
ондағы өнімдер бірдей еді, айырмашылығы біріншісіне «Nescafé тез ери-
тін кофесі», ал екіншісіне «1 фунт Maxwell House кофесі (ұнтақталған)»
деп жазылды. Содан соң ол субъектілерден екі тізімді оқып шығып, олар-
ды әзірлеген әйелдің жеке қасиеті мен мінезін сипаттап беруді сұрады.
Өзі күткендей, тұтынушылар Nescafé мен Maxwell House кофесін әрқилы
сипаттады. Зерттеуге қатысушылардың жартысына жуығы Nescafé іше-
тін әйелді жалқау, отбасы үшінгі азық-түлікті сатып алуды жоспарлай
алмайтын деп есептесе, Maxwell House-ты ішетін әйел туралы мұндай пі-
кір айтылмаған. Жанама әдіс арқылы әйелдердің тез еритін кофеге бай-
ланысты пікіріне қарап, сатып алушылардың үй шаруасына ептілігі мен
кофе дәміне қатысты көзқарасын да білді. Осы зерттеуді біраз жыл бұрын
өткізгенде осы іспеттес нәтиже алынды, ал кейін тағы бірнеше рет өткіз-
генде өзгеріс байқалды, себебі гендерлік рөл мен үй шаруасына қатысты
көзқарас өзгерді (Fram and Cibotti, 1991).
Жанама сұрақтың осындай мүмкіндігі бола тұра, қазіргі кездегі зерт-
теулерде оны салыстырмалы түрде сирек қолданады. Оның бір себебі –
жанама сұрақты қолдану үшін жетекшілік тұрғыдан жиі оқыту, есептеу
мен жауапты түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Кейбір зерттеушілер
мұндай өлшемнің жарамдылығына күмән келтіреді. Сенімділік пен жа-
рамдылық сыналған кейбір жағдайларды есепке алсақ, нәтиже көңіл көн-
шітерліктей деңгейде болмады (Kidder and Campbell, 1970). Бұған қоса,
жанама сұрақ қолдану кезінде этикалық мәселе туындайды. Респондент-
тер саналы түрде келісім бере ме? Қаншалықты деңгейде респондентті
алдап отыр әрі оны ақтап алуға бола ма?
Жауап форматтары
Ашық не жабық сұрақ және тура не жанама сұрақтың қайсысын қолдану
туралы шешім қабылдауға тиіс сауалнама дизайнерін ойландырар тағы
бір мәселе – жабық сұрақ жауабын әзірлерде түрлі жауап форматының
біреуін таңдау. Ең қарапайым жауап нұсқасы – «иә» не «жоқ» деп жауап
беру. Мұндай формат «кәсіподаққа мүшесіз бе?» я «сізді біреу қарумен
қорқытып көрді ме?» деген секілді сұрақтарға жарамды. Ақпараттың көп
түрі өздігінен дихотомия қалыптастырады десек те, мұндай сауал түрі біз
ойлағандай жиі кездесе бермейді. Дихотомиялық элемент көп болғанда
респонденттер «білмеймін», «сенімсізбін» не «екеуі де» деп жауап бергісі
келуі мүмкін. Айталық, Жалпы әлеуметтік сауалнама (GSS) ұлттық ірікте-
месінің 10%-ға жуығы «Өлгеннен кейінгі өмірге сенесіз бе?» деген сұраққа
«білмеймін» деп жауап берген (T.W. Smith, Marsden, and Hout, 2016).
«Білмеймін», «бұл туралы ойланып көрмеппін», «бас тартамын» тәріз-
ді жауаптарды құптау не құптамау турасында біржақты шешім шығару
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
410
қиын, бұл сауалдың тақырыбы мен сұхбатты сұхбат алушы жүргізіп отыр
ма, әлде респондент анкетаны өзі толтырып жүр ме, соған байланысты
анықталады (Fowler, 1995: 164–65; Krosnick and Presser, 2010). Респон-
денттер сұрақтағы мәселені расында да білмесе, оған қатысты тәжірибесі
болмаса, зерттеуші бұл туралы хабардар болуы керек, сондықтан да «біл-
меймін» деген нұсқаны ұсынуға тиіс; кейде респонденттің ештеңе білмеуі
де заңды жауап болады. Әйтпесе олар «сұраққа осылай жауап бергенім дұ-
рыс-ау» деген оймен кез келген жауаптың бірін таңдай салады (Грайстың
өзектілік (релеванттық) принципі). Ал, керісінше, респонденттің сезімін,
субъективті жағдайын өлшегенде екіұдай күй кешкен, немқұрайлы не
тіпті ерінген респонденттер сезімін сипаттап отырмас үшін «білмеймін»
деген жауапты таңдай салады (қанағаттанарлық стратегия). Мұндайда
«білмеймін» дегенді алып тастаған абзал, сол кезде әркім өз жағдайына
қарай жауап береді. Сұхбаттасу сауалнамасында «білмеймін» нұсқасын
сұраққа қоспаса болады я сұхбат алушының өз ықтиярына қалдырады.
Егер мұны интернет-сауалнамадағы жауаптарға қоспаса, респонденттің
сұрақты аттап өтуіне рұқсат беру керек, сауалнаманы жалғастыру үшін
респондентті бір жауапты таңдаңыз деп қыстамаған жөн.
3
Жауаптардың реттік шкаласы респонденттің сезімі мен қарқындылы-
ғын өлшеу үшін қолданылады. Ең танымал форматтың бірі – Лайкерт
жауап форматтары Лайкерт шкаласында (он үшінші тарауды қараңыз)
қолданылады, бұл «толық келісемін дегеннен» бастап «мүлде келіспей-
мін» аралығындағы жауаптар тізбегінен құралған. Бұл – қарым-қатынас-
ты өлшеудің кең тараған тәсілі. Респондентке бір тұжырымды ұсынады
да, соған қатысты келісім деңгейін көрсетуін сұрайды. Мысалы,
Кейде баланы оңдырмай сабау арқылы тәрбиелеуге болады.
() Толық келісемін
( ) Келісемін
( ) Сенімсізбін
( ) Келіспеймін
( ) Мүлде келіспеймін
Келісім деңгейімен қатар, көзқарас пен пікірді бағалауға қатысты тағы
да рейтинг шкаласы бар. Тұтынушы өнімінен бастап, жекелеген қарым-
қатынас, мемлекет ұстанған саясат сынды мәселелерді бағалағанда рес-
понденттерге «тамаша», «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «на-
шар» сияқты санаттар беріледі.
Достарыңыз істеп жүрген жұмыспен салыстырғанда өз жұмысы-
ңызды қалай бағалар едіңіз: тамаша, өте жақсы, жақсы, қанағатта-
нарлық немесе нашар?
( ) Тамаша ( ) Өте жақсы ( ) Жақсы
( ) Қанағаттанарлық
( ) Нашар
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
411
Респондент сезімін өлшеуге арналған шкала түзіп, үстеулерді қолдану
арқылы оның қарқынын да өлшеуге болады. Жалпы әлеуметтік сауална-
ма ұсынған келесі элементте осы әдіс көрсетілген.
Жалпы істеп жүрген жұмысыңыз қаншалық көңіліңізден шығады?
Толық ризамын, орта деңгейде көңілім толады, аздап көңілім тол-
майды, мүлде риза емеспін.
( ) Толық ризамын
( ) Орта деңгейде көңілім толады
( ) Аздап көңілім толмайды
( ) Мүлде риза емеспін
Жалпы әлеуметтік зерттеу элементінде көрсетілгендей, сандық соңғы
нүктелер үшін ауызша бағалауға ие сандық рейтинг шкаласын қолдану
кең тараған (Smith, Marsden, and Hout, 2016).
Осы елдегі кейбір мекемелерді атамақпын. Кейбір адамдар осы меке-
мелерді басқаратын адамдарға толық сенеді. Сол адамдар 1 санымен бел-
гіленген нүкте шкаласының бір басы деп санайық. Ал басқа адамдар осы
мекемелерді басқаратын адамдарға мүлде сенбейді. Ол адамдар екінші
басында тұр делік, 7 санымен белгілейік. Бұдан өзге адамдар 2, 3, 4, 5 не
6-шы элементтер арасында тұр. Банктер мен қаржы институттары көрсе-
тілген осы шкалада өзіңізді қай жерге орналастырар едіңіз?
Тағы бір танымал рейтинг тәсілі адамдардың стимул беретін сөз не
мәлімдемеге қатысты әсерін 7 балдық шкаламен өлшейді, шкаланың екі
шетіне қарсы мәндес сын есімдер қойылады (мысалы, жақсы мен жаман,
жылдам мен баяу, т.б.).
4
Респондент стимул беретін сөзді я тұжырымды
сын есімнің өзі лайықты деп тапқан жұбына апарады. Мысалы,
Президент Трамп
Көңілді : : : х : : : : : : : : Жабырқау
Шынайы : : : : : : х : : : : : Жылтыр
Мықты : х : : : : : : : : : : Әлжуаз
Суық : : : : х : : : : : : : Жылы
Мұнда гипотетикалық респондент президент Трампты аздап көңілді,
жылтыр, өте мықты деп бағалады, ал суық әлде жылы ма деген өлшемге
жауап бере алмады.
Бұл форматтың басты артықшылығы – тәжірибесі әрқилы адамдарға
қарата икемдеп, әркімнің сөздік қорына лайықтай аласыз. Роберт Гордон
Толық
сенемін
Мүлде
сенбеймін
1 2 3 4 5 6 7
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
412
мен әріптестері (1963) бұл форматты қылмыстық топ теориясы, яғни тө-
менгі таптағы қылмыстық топқа кірмейтіндер мен орта таптағы қылмыс-
тық топқа қосылмайтындар құндылығына қатысты теорияларды тексеру
үшін қолданды. «Таза-кір», «жақсы-жаман», «батыр-қорқақ», «ақылды-ақы-
мақ» секілді сын есімдер жұбын қолдана отырып, балалар түрлі стимулды
сипаттауға тиіс болды (мысалы, «мектепте жақсы баға алу үшін еңбектене-
тін оқушы», «ақшасын достарымен бөлісетін адам», «ұрлаған затын қайда
апарып сатуды білетін адам», «өзгелерге қосылмай, саяқ жүретін жан»).
Қылмыстық топқа енетін балалар орта тап нормаларын болжағаннан ар-
тық ұстанатын болып шықты.
Рейтинг шкаласын түзгенде екі маңызды факторды ескеру керек: қол-
дануға тұрарлық категориялар саны және шкала санмен, әлде сын есім-
мен беріле ме? (Fowler and Cosenza, 2008; Krosnick and Presser, 2010).
Жауап форматы екі категориялардан тұруы керек пе (мысалы, «иә» не
«жоқ»), бес категория ма (мысалы, Лайкерт шкаласы), әлде жеті катего-
рия (жоғарыда келтірілген мысал) ма? Әлде одан да көп пе? Респондент-
тер пікірі бірнеше категориямен шектелмесе, олардың көзқарасын, сені-
мін не сезімін өлшеуге жеті категория жеткілікті. Бұл принципке сай кел-
мейтін бір әдіс бар, ол телефон арқылы алынған сауалнама, онда нақты
жауап алу үшін ауқымды шкала қолданылады; респонденттер телефон-
мен тілдескенде шкалалау нұсқаулығын түсінбеуі мүмкін, себебі анкета я
көрнекі құралды көзбен көріп, қолмен ұстай алмайды. Телефон арқылы
сұхбат алуды өлшеу үшін сұрақтар мейлінше қысқа болғаны жөн әрі тез
жатталатын сипаттамалар берілу керек.
Әр жауап категориясын сын есіммен сипаттасаңыз, жай сандық мән не
екіұшты мәндерді ауызша айтқанға қарағанда оқырманға ұғынықты бола-
ды (Fowler and Cosenza, 2008; Krosnick and Presser, 2010). Респонденттер-
ге атақты саясаткердің адалдығын бағалау ұсынылды делік, олардың әр-
қайсысын А шкаласында 0-ден бастап («адалдықтан ада») 6-ға дейін («өте
адал») бағаласа, В шкаласында -3-тен бастап («адалдықтан ада») +3-ке де-
йін («өте адал» деп бағалау керек). Қос шкаланың да жеті категориясы бар,
ең шеткі нүктелері бірдей таңбаланған; бірақ респонденттер жоғарыдағы
мысалда көрсетілгендей, санмен таңбалаудан да ақпарат іздейді (Schwarz
et al., 1991). Сондықтан олар В шкаласын қос полярлы, мүлде адалдықтан
ада шегінен бастап (теріс мән) адалдығы бар шекке (оң мән) дейін деп қа-
былдайды. Керісінше, респонденттер А шкаласын бір полярлы деп түсінеді,
онда адалдық жоқ (0) деңгейден бастап, адалдық ең жоғары (6) деңгей-
ге дейін тұр деп есептейді. В нұсқасының «0» категориясы А нұсқасының
екіұшты «3» категориясына қарағанда орташа не бейтарап позицияны
жақсы көрсетеді. Ойға алған шкала қос полярлы деп тұжырымдалса, сан-
дық мән орнына келесі сын есімдер қолданылар еді:
Мүлде
адал емес
Айтар-
лықтай
адал емес
Аса адал
емес
Адал да
емес,
арам да
емес
Аса адал
емес
Айтар-
лықтай
адал емес
Мүлде
адал емес
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
413
Осы мысалда көрсетілгендей, рейтинг сұрақтары сауалнама дизайне-
ріне басқа мүмкіндік ұсынады.
Адамдардың карьера таңдауына түрлі факторлар ықпал етеді.
Карьера таңдаудағы маңызына қарай төмендегі 1-ден 5-ке дейінгі
факторларды рет-ретімен қойып шығыңыз:
——— Көп ақша табу
——— Креатив болу
——— Ешкімнің қадалағамауы
——— Карьера жолында өсу мүмкіндігі
——— Ауыр жұмыстан қашу
Рейтинг сұрақтарын оп-оңай әзірлеуге болады, әрі қолдануға да ың-
ғайлы, бірақ оның да өзіндік проблемасы бар, жоғарыдағы мысалға сү-
йене отырып, соны көрсете кетейік. Біріншіден, ашық сұрақ қолданып
претестілеу өткізілмесе, респонденттер үшін жұмыс таңдаудағы ең ма-
ңызды бес фактор осы екеніне кім кепіл? Адамдармен жұмыс істейтін,
басқа жандарға көмектескісі келетіндер өзге де маңызды факторлар ту-
ралы ойлануы мүмкін (жабық сұрақтың негізгі проблемасы осындай).
Бұл факторлар ең маңызды саналса да, оның жарамдылығына қатысты
сұрақ туады. Адамдар қандай да бір карьераны таңдаудағы себепті нақ-
ты біле ме? Білсе, оны сізге айта ма? Қанша респондент «көп ақша табу»
ең маңызды фактор екенін мойындайды? «Креатив болу» деген талаптың
рейтингісі жоғары бола ма? (Рейтинг негізіндегі сұрақтардың қосымша
мысалдарын көру үшін қараңыз: Sudman and Bradburn, 1982: 158–65).
Визуалды және медиа құралдар
Тиімді сауалнама құралдарына сурет, фото, фильм және жазбаша ма-
териалдар жазылған карталар сияқты түрлі қосымша иллюстрациялар
жатады. Респондент өз еркімен толтыратын анкетада суреттер болса,
тақырыпты нақты түсінуге әсер етіп, респонденттің мотивациясын арт-
тырып, анкетаны толық толтыруға ықпал етеді. Сұхбаттасу кезіндегі
сұрақ түсініксіз шықса, фото мен фильм көрсету арқылы тақырыппен
таныстыруға болады. Әуелгі әлеуметтену негізіндегі тәжірибесін зерт-
тегенде, мысалы, аналардың балаға қатысты қарым-қатынасын талқы-
лау үшін сәбилі әйелдің суретін көрсететін, әсіресе әйел абстракциялық
сұраққа жауап таба алмай қиналғанда осындай көрнекі құралдар жақсы
көмектеседі.
Бетпе-бет сұхбат алуда қолданылатын басқа да көрнекі құралдар әң-
гімені күшейтеді, әрі респонденттің нақты жауап беруіне септеседі. Бет-
пе-бет сауалнамадағы жалпы тәжірибеге сай, респонденттерге нақты
таңдауы бар сұрақтың жауабы жазылған картаны ұсынады, осылайша
ол сауалға жауап бермес бұрын жауап нұсқасын көріп алады. Әдетте
карталар жауап ұзақ не 5–6 категориядан көп болғанда қолданылады.
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
414
Мәселен, респонденттерге жалпы әлеуметтік сауалнама сұхбатында: «ал-
дыңыздағы картада көрсетілген категориялардың қайсысы 16 жастағы
тұрған орныңызға ұқсайды?» деген сұрақ қойса, мынадай карта көрсеті-
леді (Smith, Marsden, and Hout, 2016).
1. Айналасы ашық елді мекенде, бірақ ферма емес
2. Фермада
3. Шағын қалашықта (жан саны 50 мыңға жуық)
4. Орташа көлемді қалада (50 000–250 000)
5. Үлкен қала сыртында
6. Үлкен қалада (жан саны 250 мыңнан астам)
Басқа сауалнама режимімен салыстырғанда интернет-сауалнамада ви-
зуалды әрі медиа презентация жасау мүмкіндігі көбірек, сондай-ақ қалқы-
ма мәзір, дыбыс, анимация, сырғытпа, тақырыпқа қатыссыз сұрақтарды
автоматты түрде өткізіп жіберу т.б. қолдануға болады. Интернет-дизайн
саласындағы шектеулі эмпирикалық зерттеулер уеб-функциялар әлі то-
лық зерттелмегенін әрі оның күтілмеген нәтижеге әкелуі мүмкін екенін
байқатты. Респонденттер рейтинг шкаласындағы сандық мәндерге қарап
сұрақ төркінін аңғаратыны секілді, көрнекі құралдарды да сауалнама сұ-
рағын түсіну үшін пайдаланады. Интернет-сауалнамада визуалды дизайн-
ды зерттеу жақсы дизайнның сауалнама тиімділігін қалай арттыратынын
аңғартады (Christian, Dillman, and Smyth, 2007; Tourangeau, Conrad, and
Couper, 2013). Анкетадағы қолайлы көрнекі дизайнның респонденттер-
ге қаншалықты тиімді құрал болып, сұхбат алушының орнын басатынын
білгіңіз келсе, Диллман еңбегімен танысыңыз (2007: 462–93).
Қалыптасқан сұрақтар
Сауалнама зерттеушісіне қолжетімді шикізат материалдары ішіндегі ең
маңыздысы – алдыңғы зерттеулерде қолданылған сұрақтар болса керек.
Сауалнама құралының көбі бұрынғы сұрақтардан құралған, (тым болма-
ғанда оның бүгінге бейімделген түрі), оның себебі түсінікті. Бұрыннан
белгілі сұрақтарды пайдалану өлшеу және тестілеу процесін жеңілдетеді.
Ол зерттеушілердің зерттеу кезіндегі нәтижесін салыстыруға, трендтерді
бағалауына және белгілі бір жағдайда, жауаптың сенімділігін бағалау-
ға мүмкіндік береді (Sudman and Bradburn, 1982: 14). Зерттеуші «басқа
зерттеуші қолданған сауалдарды өз зерттеуімде пайдаланғаным қанша-
лықты этикаға сай?» деп алаңдамауына болады, бұл туралы Сеймур Суд-
ман мен Норман Бредберн (1982: 14): «Әлеуметтік ғылымдарда жалпы
зерттеу саласындағы сұрақтарды қайталауға рұқсат етіліп қана қоймай,
солай істеуге кеңес береді» деген еді. Анкетаның авторлық құқығы бол-
маса, ол үшін рұқсат алудың керегі жоқ.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
415
Көп тақырыпқа қатысты түрлі сұрақтар қоры жеткілікті. Зерттеуге
қатысты әдебиеттерге шолу жасағанда, ондағы сұрақтар да қамтылады.
PollingReport.com сияқты сұрақтар дерекқорынан қажет сауал түрін таба-
сыз, Public Opinion Quarterlyоғамдық пікір: тоқсан сайынғы нәтиже)
сауалнама бөлімін қарасаңыз болады; Roper Center және National Opinion
Research Center секілді архив қоры да қажетке жарайды. Түйіндей келе
айтарымыз, әр сауалнамада субъектінің жасы, жынысы, отбасы жағдайы
және т.б. демографиялық сұрақтар болады. Флойд Фаулер респондентті
сипаттайтын осындай негізгі сауалдарды табудың балама әдісін орынды
көрсеткен (1995: 166–76).
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Сауалнама зерттеуін жасағанда зерттеушілер мүмкіндігінше ертеректегі еңбектерде
қойылған сұрақтарды пайдаланғаны дұрыс.
Эскиздер не алдын ала дайындық
Сауалнама дизайнері суретші секілді шикізат материалын таңдап алған
соң эскиз сызуға кіріседі. Сауалнама дизайнерінің эскизі – сұхбатта не ан-
кетада қамтылатын сұрақтар тақырыптарының нобайы.
Оны ұстанудың ең басты принципі – жұмысты бастамас бұрын зерттеу
міндеттерін нақты құрастырып алу. Судман мен Бренберннің (1982: 41):
«сұрақты жазар алдында қағазға зерттеу мақсатын, гипотезасын, кесте
формасын және талдау түрін түртіп алыңыз» деген ұсынысы өзектілігін
жойды, әсіресе бұл – жас зерттеушілерге тиімсіз әдіс. Демек, кейінгі зерт-
теулерде бұл тәсілді оған толықтай сүйенбей (41), тек мақсат-мұраттарды
жазып, тапсырманың респонденттерге қатысты мәнін ашып, түсіндіруге
тырысқанда нұсқаулық ретінде пайдалансаңыз болады.
Міндеттеріңізді ресми негіздеуден бөлек, сауалнама дизайнында қа-
лыптасқан тәжірибені ұстану зерттеу құралының тиімділігін арттыра-
тынын көрсетті. Мысалы, тақырып абстракт болғанда элементтерді кө-
бірек қосу, әртүрлі сұрақтарды қамту дерек сапасын арттырады. Жалпы,
тақырып неғұрлым абстракт болса, соншалықты көп элемент қажет;
дегенмен құралды қысқарту арқылы тепе-теңдік орнатуға болады. Жұ-
мысқа қанағаттану деңгейін зерттейтін гипотетикалық сұхбаттасу кес-
тесінде осы принцип көрсетілген. Тақырып ретінде еңбекақы, жұмыс
сағаты мен кезегі, білім алуы мен карьера жасау мүмкіндігі, жұмыстың
қызықты болуы, басшы мен қызметші қарым-қатынасы және басқа да
жұмыс жағдайларын есепке алған абзал. Жұмыс сағаты мен кезегіне
қатысты тақырыпқа бір-екі сұрақ арнаса жеткілікті, ал «басшы мен жұ-
мысшы қарым-қатынасы» абстракт түсінік болғандықтан, алыстан ора-
ғытып, жетектеуші сұрақтар қою арқылы қызметшінің басшысына көңілі
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
416
толатынын не наразы екенін аңғара аласыз. Құрал дизайны мақсатты
негізгі жиынтықтың көзқарасы мен сауалнама дизайнерінің ұстанымын
да көрсетуі керек. Мысалы, жоғарыдағы жұмысқа қанағаттану деңгейін
анықтайтын сауалнамада қызметші үшін маңызды тақырыптар қамтыл-
маса тиімді емес. Тәжірибелі сұхбат алушы жүргізетін қатысушылардың
шағын тобы арасындағы құрылымсыз пікірталасты көрсететін фокус топ-
тағы талқылаулар сауалнама тақырыбы туралы адамдардың ойын білу
үшін жиі қолданылады (Fowler, 1995: 105–10; Krueger and Casey, 2000).
Мысалы, жасөспірімдер арасындағы сексуалдық тәжірибе жөніндегі
сауалнама алуды жоспарлағанда, фокус топтар олардың өзіне тән ойлау
ерекшелігі, сөздік қоры мен жыныстық қатынас туралы ақпаратты жию
жолдарын көрсетеді.
Кіріспе
Сауалнама әзірлегенде бірінші қай тақырыптан бастайтыныңызды анық-
тап алып, содан кейін ғана кіріспе сұрақтарын дайындаңыз. Бастапқы та-
қырыптың қызықты әрі бейтарап болғаны дұрыс, оған жауап берген рес-
понденттер сұхбатты жалғастыруға я анкета толтыруға ынталануы керек.
Бірінші сұрақ респондент көңілінен шыққаны жөн: сұхбаттасушының ал-
дын ала зерттеу туралы айтқанына қарап, ол қандай да бір тақырыпқа
іштей дайындалып келеді. Кейде ол зерттеу мақсатына қатыссыз сұрақ
болуы мүмкін, бірақ респондентті әрі қарай жауап беруге құлшындырып,
сауалнама осындай болуы керек деген түсінігіне сай болады. Бірінші олар
респондент ретіндегі рөлін түйсінуі үшін, жауап беруге оңай сұрақ қойы-
луы керек. Сұрақ ауыр болса, респондент өзін қоярға жер таппай, көңілі
түседі.
Сауалнама зерттеуіне көшерде ашық сұрақтан бастаған дұрыс.
5
Көп
адам пікір білдіргенді және оны басқалардың тыңдап, мән бергенін қа-
лайды. Ашық сұрақты қызықты етіп қоя білсеңіз, респондент көңілінен
шығып, сұхбат барысында ашыла сөйлеп, рөліне енуіне мүмкіндік жасай-
сыз. Екі түрлі мысал келтірейік:
Сіздіңше, осы ауданда тұрудың қандай артықшылығы бар? Атал-
ған аймақ несімен ұнайды, неліктен бұл ауданды таңдадыңыз?
Қане, медициналық көмек туралы сөйлесейік. Бүгінде дәрігер
мен аурухананың науқасқа қызмет көрсетуін бала кезіңіздегі дең-
геймен салыстырғанда айырмашылығы бар ма?
Шетін және қалыпты сұрақтарды қою реті
Сауалнаманы бастарда қалыпты сұрақтарды қоймаған дұрыс, адамның
жеке басына қатысты шетін сұрақтан да қашыңыз; мұндай сұрақ түріне
көшерде респондентті қызықтырып, сеніміне кіру керек. Адамның жеке
басына қатысты ресми деректер (жасы, жынысы, отбасылық жағдайы)
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
417
зерттеудің соңына қарай қойылады. Жеке басына қатысты деректерді
(мысалы, нәсілге деген көзқарасы, шыққан тегі, сексуалдық белсенділігі,
ішімдік не есірткі қолдануы, діни сенімі) ертерек сұрасаңыз, респондент
өзін жайсыз сезініп, сұхбатты тоқтатуы мүмкін я зерттеуші мотивіне кү-
мән келтіруі де ғажап емес.
Кейбір зерттеушілер шетін не жеке басқа қатысты сауалды сұхбат со-
ңында қояды, осылайша «респондент бұған жауап бергісі келмесе де, бас-
қаларына жауап алдым» деп ойлайды. Дегенмен мұндай әдіске тап болған
респонденттер көңіліне кірбің ұялап, сауалнама зерттеуі туралы теріс ойда
болады. Мұндай сұрақтарды сұхбат бір арнаға түскен соң қойған дұрыс,
респондент уақытын шығындап әрі күш-жігерін салған соң сұхбат алу-
шыға және зерттеуге сенім пайда болады. Бұған қоса, шетін сұрақтар бө-
лек тұрмай, сұрақ ретінде логикаға сай болуы керек, мүмкіндігінше өзара
байланысты әрі аса өткір емес сұрақтар арасында қойылғаны жөн, сонда
респондент мұндай сауалдың тақырып пен зерттеуге қатысы бар екенін
түсінеді. Аса шетін сұрақтарды қояр алдында олардың маңызын ұғындыра
кеткен артық емес, әрі құпия екенін тағы да ескерте кетіңіз.
Кезек, ағын және ойысу
Әуелі, тақырып пен қойылатын сұрақтарға қатысты шешім қабылдан-
ған соң, шетін және қалыпты сауалдарды қалай қою жоспарын дайын-
дап алғаннан кейінгі тапсырма – қалған тақырыптарды саналы ретпен
орналастырып шығу. Тақырыпқа қатысты тағы қандай қосымша ой-
пікірлер айтылады?
Зерттеуші тақырыптарды рет-ретімен қоярда респондент көзқарасын
ескеруі керек. Респонденттердің қойылған сұраққа ойлануын жеңілде-
тіп, мотивациясын күшейту үшін сауалдың қойылу реті логикаға бағы-
нуы қажет. Жалпы, бір тақырыпқа енетін сауалдарды топтастырған жөн.
Сауалнама басындағы тақырыптар жауап беруге оңай және респондент
қызығатын салаға қатысты болсын; келесі тақырыптарды алдыңғыға
байланысты өрбітіп әкету керек. Сауалнама құралы зерттеушіні еш қы-
зықтырмайтын, маңызсыз тақырыптан басталуы мүмкін, бірақ сұхбат
соңына қарай зерттеу мақсатына сай тақырыпты жан-жақты ашуға мүм-
кіндік береді. Респонденттің көбірек ойланып, еске түсіруін қажет ететін
күрделі сұрақтар болса, оны сауалнама басына емес, соңына қарай қою
керек, бұл кезде респондент өзін жауап беруге міндетті сезініп, барған
сайын қарқын алады; дегенмен оның мазасы қашқанша сұрап үлгеріңіз.
Тақырып ағынының тамаша мысалы ретінде Мичиган университеті-
нің тұтынушыларды зерттеуін келтіруге болады (қараңыз: Institute for
Social Research,). Ай сайынғы сауалнамада тұтынушы қалауын өлшейтін
50 негізгі сұрақ қамтылады, онда тұтынушының жеке қаржылық жағдайы
мен жалпы экономикалық жағдай ескеріледі. 1946 жылдан бастап бүгін-
ге дейінгі сауалнама респонденттердің қазіргі экономикалық жағдайға
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
418
қатысты ой-пікірін барлайтын жалпылама сұрақтан басталып келді: «Біз-
ді халықтың бүгінгі қаржылық жағдайы қызықтырады. Өткен жылға қа-
рағанда әл-ауқатыңыз жақсарды ма, әлде төмендеді ме?» (Curtin, 2004).
Бұдан соң сауалнама алдағы бір жылда және бес жылда бизнес жағдайы
қалай өзгеруі мүмкін деген сұрақтарға ойысады («Қалай ойлайсыз, жұ-
мыссыздық көбейе ме? Баға шарықтай ма?»). Одан соң ірі сауда жасаудың
тиімді не тиімсіз екені туралы сұрақтар қойылады («Үй, үй шаруасына
қажет зат, автокөлік сатып алуға ыңғайлы уақыт па?»); содан кейін жеке
активке қатысты нақты сұрақтарға көшеді («Үйіңіздің қазіргі нарықтағы
бағасы қандай? Оның құны алдағы 12 айда не 5 жылда өседі деп ойлайсыз
ба?»). Соңында, жеке активтен болашақ жоспарға қарай ойысады, оған
зейнетке шығу мен қаржы нарығына ақша салуға әзірлік сияқты қаржы-
лық мүмкіндікті шолу кіреді.
Зерттеушілер сұрақтың қойылу ретіне барынша мұқият болуы керек
(Schwarz et al., 2008). Сұхбат басында қойылған сұрақ не көтерілген мә-
селені респондент келесі тақырыптарға не сұрақтарға қатысты деп ой-
лайды, сондықтан соған қатысты деректерді еске түсіріп дайындалады.
Респондент жауап беруге лайық деп тапқан деректі есіне түсірген соң жа-
дын қопарлауды тоқтатады, сондықтан ең ыңғайлы ақпарат алдыңғы сұ-
раққа жауап беруге қолданған дерегі сияқты көрінеді (Sudman, Bradburn,
and Schwarz, 1996). Мысалы, сауалнама басында қатерлі ісік пен шылым
шегудің байланысы жөніндегі сұрақ қойсаңыз, сауалнама соңында шы-
лым шегудің артықшылығы мен кемшілігі туралы сұрағанда жоғарыда-
ғы жауаппен байланыстырады. Тіпті респондент өзі толтыратын анкета
соңында қойылған сұрақтар бас жағындағы сұраққа ықпал етеді, рес-
пондент басын толтырмай кетіп, соңынан оған қайта оралуы мүмкін
(Sudman, Bradburn, and Schwarz, 1996: 82).
Зерттеулер көрсеткендей, сұрақтың барлығы бірдей орналасу ретіне
бейім емес (S.G. McFarland, 1981; Schuman and Presser, 1981). Атап айт-
қанда, жалпы сұрақ нақты сұраққа қарағанда көбірек бейімделгіш келе-
ді. Мысалы, абортқа қатысты жалпы сұрақ нақты сұрақтан кейін тұрса
(құрсақтағы сәби денсаулығында кінәрат болғанда аборт жасату) респон-
денттер (жалпы сұрақ нақты сұраққа дейін тұрған жағдаймен салыстыр-
ғанда) аборт жасатуды құптамайды (Schuman and Presser, 1981: 37). Ал
нақты сұраққа жауап бергенде сұрақтың орны әсер етпегені байқалды.
Мұндай нәтиже Грайстың қайталамау принципіне сай келеді. Нақты сұ-
раққа жауап берген соң респонденттер одан кейінгі жалпы сұрақты құр-
сақтағы сәбиде ақаудың жоқтығын көрсетеді деп түсінген, яғни алдында
келтірілген мәліметті қайталамайды деп қабылдаған.
Екінші жағынан, кейде респонденттер нақты сұраққа бұрынырақ бе-
рілген жауапты жалпы сұрақта қайталауға бейім (яғни оны қайталамай-
тын кезі сирек) (Sudman, Bradburn, and Schwarz, 1996). Осылайша олар
жалпы сұраққа жауап берерде бұрынғы сұрақта сұралған, есіндегі да-
йын жауапты (ескі ақпаратты) қайтадан айта салады. Мысалы, колледж
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
419
студенттерімен жүргізілген экспериментте жалпы сұрақтан кейін нақты
сұрақ қойғанда жастардың кездесуі мен өмірге көңілі толуы арасындағы
байланыс қатты күшейген (Strack, Martin, and Schwarz, 1988). Респон-
денттер нақты және жалпы сұрақты бір-біріне байланысты деп қабылда-
ғанда қайталауға ұрынбас үшін нақты сұрақта айтқан ақпаратын жалпы
сұрақта қайталамауға тырысады (Schwarz, Strack, and Mai, 1991). Осы-
лайша алдыңғы сұрақтардағы ақпарат келесі жалпы сұрақта қамтыла ма,
жоқ па, ол жағын алдын ала болжау қиын. Құралды мұқият претестілеу
респондентке сұрақ ретінің қалай ықпал ететінін көрсетеді.
Алдыңғы сұрақтардың кейінгі сұрақтарға байқаусызда ықпал етуін
азайтатын бірқатар стратегия бар: бұрынғы сұрақтарды алып тастау, ке-
йінгі сұрақтарды нақтылау, екіұшты болмайтындай етіп өңдеу; басқа та-
қырыпқа қатысты аралық сұрақтар қойып, алдыңғы және кейінгі сауал
арасын ажырату, оларды анкетада бөліп көрсету үшін жеке бөлік не бет
қолдану, кейінгі сұрақтарға жауап бергенде белгілі бір ақпаратты қамту
не қамтымау туралы нақты нұсқау беру (Sudman, Bradburn, and Schwarz,
1996).
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Күрделі тақырыпта өзара мәндес, қосарлас сұрақтарды қатар қамту арқылы, оны ашу-
ға болады десек те, сұрақтардың орналасу реті респондентті шатастырып, жоғарыда
айтқанын қайталамау үшін ұқсас сұраққа әртүрлі жауап беруге жетелеуі мүмкін.
Зерттеуші тақырыпты жоспарлап алған соң қалыпты және шетін сұ-
рақтарды қай жерге қою керегін ойластырып, респондентке сұрақ реті
қалай ықпал ететінін есепке алғаны дұрыс және кіріспе сұрақтарды жа-
зып алған соң (мүмкін, тағы басқаларын), ауқымды тақырыптарға ойысу-
ды ойластыруы қажет. Ойысу бір тақырыптың аяқталып, екінші тақырып
талқыланып жатқанын көрсетеді; басты мақсат – респонденттің жаңа
тақырыпқа назар аударуына ықпал ету. Жаңа тақырыпқа ойысу себебін
не оның зерттеу мақсатына қатысын қысқаша түсіндірерде алмасу қол-
данылады. Тақырып өзгерген сайын оны қолдану қажет десек те, келесі
сұраққа ойысу сұхбат не анкета ағынын бірізді етеді және респонденттің
оны түсінуіне көмектесіп, мотивациясын күшейтеді. Төменде тақырыпқа
ойысудың мысалдары келтірілген:
«Енді отбасыңызға қатысты бірқатар сауал қойғым келіп тұр. Сіз-
ге жасөспірім шағыңызда, мәселен, 16 жасыңызда кімнің ықпалы
ерекше әсер етті?»
«Жақсы, енді тақырыпты кампус өмірінің бізді қызықтыратын
бөлігіне бұрғым келеді. Өзіңіз білетіндей...»
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
420
«Тақырыпты сәл өзгертіп, мына мәселеге қатысты пікіріңізді біл-
сем деймін...»
«Тамаша. Енді азғантай қосымша сауалдар қалды».
Құрал эскизі кіріспені жазғанда аяқталады. Кіріспеде зерттеудің жал-
пы мақсаты қысқаша баяндалуы керек, респонденттерге құпиялық сақ-
талатынын ескертіп, сұхбаттасу я анкетаның негізгі нұсқаулықтары бері-
луі керек. Әлбетте, зерттеуші кіріспеде жобаның гипотезасы не мүдделер
байланысы туралы ештеңе айтпайды, әйтпесе респонденттер оны қандай
да бір жауап беруге қозғаушы күш, тұспал деп түсінеді.
Эскизді толтыру: элементтерді енгізу
Жоғарыдағы шикізат материалын жинап алған соң сауалнама дизайне-
рі енді әр элементті жазып, эскизді толтыруға әзір. Суретші қолында эс-
киз жасауға қажет сызық, көрініс, жарық әсері, түс сияқты құралдар бар.
Сауалнама дизайнері нұсқаулыққа енгізетін қандай да бір принцип не
«дизайн элементі» бар ма? Біз енді сұрақ қоюдың пайдалы принциптерін
қарастырамыз, тиімділікті күшейту үшін және жалпылама проблема ту-
дырмау үшін сұрақтарды топтаймыз.
Тілді тиімді қолдану
Ашық я жабық сұрақ болсын, олардың ретін сәл ғана өзгертудің өзі жауап-
қа қатты әсер етеді. Мысалы, «Жылдық табысыңыз қанша?» не «Барлық
табыс көзінен кіретін жылдық жиынтық табысыңыз қанша?» деген сұрақ
қойылуы мүмкін. Бірінші сұраққа жауап берген адам акция немесе жина-
ған ақшасынан түсетін пайыздық табыс, акция сату я жалға берген пәтер-
ден түсетін қаржы сияқты кіріс көзін атамауы ықтимал.
Жалпы, сұрақты қоюға қатысты зерттеулер нәтижесі көрсеткендей,
сөз орнын ауыстыру қаншалықты әсер ететінін анықтау маңызды бол-
ғанымен, өте күрделі шаруа (Converse and Presser, 1986). Сондықтан да
жаңа сұрақтарды алдын ала түбегейлі тестілеп алу маңызды. Бұған қоса,
нәтижені бір элементке қарап қорыта салуға болмайды. Сұрақ қою әсе-
ріне қатысты әдістер тақырып төңірегінде бірнеше сұрақ қою қажеттігін
көрсетті; сұрақтың екі формасын қолдану керек және әрқайсысы әртүрлі
болғаны дұрыс, респонденттерді кездейсоқ таңдап, алдымен ашық сұрақ
қойған абзал, содан кейін респондент пікірін бекіту үшін жабық сұрақпен
түйіндейсіз (Converse and Presser, 1986). Мысалы, Эдуард Лауманн мен
оның әріптестері (1994: 292–301) Ұлттық денсаулық және әлеуметтік
өмір салтын зерттеуге арналған сауалнамада (NHSLS) гомосексуалдық
компоненттерін тексеру үшін алты түрлі сұрақ жиынын қолданды (өзін
анықтау, гомоэротикалық фантазиясы және нақты тәжірибесі).
Толық әрі нақты дерек жию мақсатында тілді қолдану нұсқаулығы са-
уалнама жүргізетін зерттеушінің тәжірибесі мен тестілеу жарамдылығы
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
421
және сенімділігі негізінде әзірленді. Бұл нұсқаулықтардың кейбірі онсыз
да түсінікті, ақылға қонымды көрінгенімен, ойды айқын жеткізетіндей
етіп сұрақты дұрыс қоя алмау элементтер тіліне көбірек мән беру керек-
тігін көрсетеді. Элементтер тілін зерттеуде келесі сұрақтарды негіз етіп
алуға болады.
1. Элементтер жеңіл оқыла ма, қысқа әрі екіұшты емес пе? Жақсы
құрылымдалған элементтің маңызды қасиеті – нақтылығы мен дәлдігі.
Кейде дизайнерге түсінікті көрінген көзқарас өмірлік тәжірибесі өзгеше
адамға басқалай әсер етіп, шатастыруы мүмкін. Мысалы, мынадай сұрақ-
ты алайық: «Бұл жерде тұрғаныңызға қанша жыл болды?» Бір респондент
үшін «бұл жер» деген қазіргі үйі не пәтері болса, басқасы үшін қаланы
білдіреді, енді бірі Америка Құрама Штаттарын айтып тұр екен деп ұғады.
Әсіресе «әдетте» «кейде», «көбіне», «аздап», «осында», «ана жақта»
сияқты сөздер көп қиындық тудырады, әр респондент оның мәнін өзді-
гінше түсінеді. Төмендегі қос балама элемент осы проблеманы көрсете-
ді; екінші элемент біріншіге қарағанда дұрыстау жөнделген; сондықтан
жауабы да нақты, зерттеуші де, респондент де оған берілген жауапты бір-
дей қабылдайды.
1. Діни рәсімге қаншалықты жиі қатысасыз?
( ) Сирек немесе ешқашан
( ) Жиі
( ) Өте жиі
( ) Күнде
2. Діни рәсімге қаншалықты жиі қатысасыз?
( ) Ешқашан
( ) Жылына кем дегенде бір рет
( ) Жылына бір не екі рет
( ) Жылына бірнеше рет
( ) Айына бір рет
( ) Айына екі не үш рет
( ) Аптасына бірге жақын
( ) Әр апта сайын
( ) Аптасына бірнеше рет
Элементтер оқуға жеңіл болуы керек немесе естігенде ұғынықты бол-
сын. Сұрақты қысқа қайырғанда жауаптың дәлдігі артады және респон-
дент «жоқ» деген сияқты теріс жауап қатуға тырыспайды. Кейбір респон-
денттер тапсырмадағы негатив сөзді жауапсыз қалдырады не оған қарсы
мағынада жауап береді. Негатив мағыналы сөз қолдану қажет болса, оны
бас әріппен терген дұрыс немесе ауызша айтқанда екпін берген орынды.
Негізгі терминнің бірнеше мағынасы болса, оны сұраққа айналды-
рар алдында анықтама беріп кетіңіз. Мысалы, NHSLS сауалнамасы-
ның респондент өзі толтыратын бөлімінде «жыныстық қатынас» сөзіне
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
422
төмендегідей түсініктеме берілді де, олардан сексуалдық серіктесі жө-
нінде сұрады:
Адамдар жыныстық не сексуалдық белсенділікті әртүрлі түсіне-
ді, бірақ осы сұраққа жауап берерде әр адамның бір анықтаманы
ұстанғанын қалаймыз. Бұл жерде «жыныстық» не «сексуалдық
белсенділік» дегенде бір адамның басқа адаммен кез келген ерікті,
келісімді қатынасқа түсуін білдіреміз, ол кезде жыныстық байла-
ныс жасалады және сексуалдық қозу болады. Яғни нақты қатынас
я оргазм болмаса да, қозу сезімін бастан өткереді.
...басқа адамның жыныс мүшесі физикалық байланыс жасаған-
да сексуалдық қозу болған сәттің бәрін және сондай қатынасқа
түскен адамдардың бәрін қосуыңызды сұраймыз. Денесін тигізе
билеу не жыныс мүшесін ұстамай өбу сияқты әрекеттерді ҚОСПА-
ҢЫЗ. (Laumann et al., 1994: 622).
Негізгі термин сұрақ қойғанда түсіндіріліп кетсе, нақты сұрақтан ке-
йін анықтама беру керек. Әйтпесе, респондент сұрақты естіген соң анық-
тамасына мән бермейді немесе одан аттап кетеді (Fowler, 1995). Мысалы,
келесі сұрақта «жүктілік» сөзі нақты сұрақтан кейін қойылса, әйел рес-
понденттер сәбиді өмірге әкелген жүктілік оқиғасын ғана баяндайды:
Енді сізден кез келген жүктілік туралы сұрағым келеді. Өмірі-
ңізде болған барлық жүктілік жағдайы маңызды: сәбиді аман-есен
босандыңыз ба, өлі туды ма, әлде аборт болды ма, тіпті бастапқы
сатыда аборт болса да, есепке қосыңыз. Қазіргіні ЕСЕПКЕ АЛМА-
ҒАНДА қанша рет бала көтердіңіз? (Laumann et al., 1994: 619)
2. Құралдың сөздік қоры сіз сұхбат алуға ниеттенген респондентке сай
ма? Мақсатты негізгі жиынтық әртекті болса, қарапайым әрі ұғынықты
сөздер қолданылуы керек және сауалнама дизайнерлері сөздің мағынасы-
на қатысты туатын аймақтық және басқа да топтық ерекшеліктерді біл-
гені жөн. Әлеуметтік ғылым тұжырымдамасын әр адамға түсінікті тілге
айналдыру үшін мынадай жағдайды елестетейік: сіз кездейсоқ іріктелген
америкалық ата-аналар арасындағы «әлеуметтену» құбылысын зерттеп
жүрсіз. Сұхбатты ауқымды, ашық сұрақтан бастауды ұйғардыңыз делік.
Төмендегі үш мысалдың кез келгенін қолдануға болады десек те, үшінші-
сінің тиімді екені күмәнсіз.
Балаларды әлеуметтендіруге ең қажетті факторлар деп нені атар
едіңіз?
Баланы өсіріп-жеткізудегі қандай тәжірибе аса маңызды?
Баласына жақсы тәрбие бергісі келетін ата-анаға ең маңызды
нәрсе не болуы керек?
Екінші жағынан, кейбір сауалнамада «кемсіте сөйлеу», менменсу де мә-
селе тудырады. Барынша гомогенді не мамандығы бір топты таңдағанда
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
423
(мысалы, қала менеджерлері, дәрігерлер я ядролық инженерлер) сол топ-
тың деңгейіне сай күрделі әрі техникалық терминдерді қолданған дұрыс.
Сексуалдық тәжірибені сипаттайтын лайықты сөздерді таңдауда
Лауманн мен әріптестері (1994) тым техникалық та емес (мысалы, «фел-
ляция») және тым қарабайыр, сленг те емес (мысалы, «минет»), көпші-
лікке ұғынықты сөздерді таңдауға тырысты. Сондықтан олар бәріне ұғы-
нықты, стандарт ағылшын сөзін (мысалы, «оралды секс») алып, алғаш
рет кездескен терминге анықтама беріп отырды.
3. Сұрақтар бір идеяны ғана қамти ма, әлде екі немесе бірнеше мәсе-
лені көтере ме? Екіұшты сұрақ – екі түрлі идеяны біріктірген сұрақ түрі.
Мысалы, (әлеуметтенуді зерттеуде) мынадай сұрақ қойылуы мүмкін:
«Шаңырақ көтеріп, балалы болуыңызға қандай факторлар ықпал етті?»
Зерттеуші үйлену мен балалы болуды бір әрекет не шешім деп қарастыр-
ған сияқты, шынында, бұл жерде екі түрлі сұрақ қойылып тұр. Сауалнама
дизайнерлері «және» немесе «не» сөзі бар сұрақтардың бәрін қарап шы-
ғып, олардың екіұдай мағына беріп тұрмағанына көз жеткізуі керек.
Саяси мүддесі бар топ таратқан «анкетадағы» келесі сұрақты қарасты-
рып көрейік:
«Салықты өсіргенде әр долларға шығынды азайтқандағы
екі доллардан тиюі керек» деген ұстанымға келісесіз бе? Бұл
кезде тапшылық пен қарызды азайтуға арналған жинақты да
есепке аламыз.
( ) Иә
( ) Жоқ
Осы екіұшты сұрақтың астарында төрт идея жасырылған. Салықты
өсіру керек пе? Салықты өсірген кездегі әр доллар азайтылған шығын-
ның екі долларына тең болсын ба? Шығынды азайту арқылы жиналған
қаржы дефицитін төмендетуге жұмсау керек пе? Жинақ қарызды азайту-
ға жұмсалуы керек пе?
Бір идея принципін бұзуға бағытталған мынадай мысал келтірейік:
жұмысшылардан бастығын сипаттау сұралады, ол үшін төмендегідей
жауаптар ұсынылады: «Өте білікті маман әрі жүзі жылы», «Жалпы, кәсіби
маман, қарым-қатынасы жақсы», «Білігі төмен және мейірбан кейіп та-
нытпайды» және «Мүлде кәсіби емес және қарым-қатынасы нашар». Кей-
де тіпті танымал Лайкерт жауап нұсқасында да екі идея кездесіп қалады,
төменде соның мысалы берілген.
Анасы күні бойы үйде емес, жұмыста болса, мектеп жасына
дейінгі бала одан жапа шегеді.
( ) Толық келісемін
( ) Келісемін
( ) Келіспеймін
( ) Мүлде келіспеймін
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
424
Респондентке екі түрлі өлшемді біріктірген жауап нұсқасы беріліп тұр:
келісім және сезім күші (Fowler, 1995). Алғашқы жауапты таңдаған рес-
пондент не жауапқа толықтай келіседі, не баланы тәрбиелеуге қатысты
эмоционалдық сеніміне сүйеніп тұр. Фаулер (1995) мұндай екіжақты
жауап категориясынан қашу үшін мынадай балама ұсынады:
( ) Толық келісемін
( ) Жалпы келісемін
( ) Жалпы келіспеймін
( ) Мүлде келіспеймін
4. Сұрақты жазғанда эмоция тудыратын сөздер мен басқа да бұрмалау
белгісі кездеспей ме? «Коммунистер», «нәсілдік көзқарастар», «абортқа
қарсы», «полиция қызметкері» не тіпті «президенттің мәлімдемесі» сияқ-
ты эмоциялық реңкі бар сөздер зерттеуші зерделегісі келген мәселеге
қатысты респонденттің нақты қарым-қатынасы мен пікірін білдірмейтін
когнитивтік жауап беруге икемдеуі мүмкін.
6
Жалпы, сұрақты бейтарап
қоюға тырысыңыз, кез келген даулы я беделді адам/топ мәлімдемесін
келтіріп, соған байланыстырып бермеңіз. Келесі сұрақтағы эмоциялық
жүгі бар сөздерге мән беріңіз («кәсіподақ патшалары», «мәжбүрлеу», «ба-
ғыну») (Sudman and Bradburn, 1982:2):
Құрылыс кәсіподағының басшылары бір мердігермен ке-
ліспей қалғаны үшін тұтас құрылыс нысанын жауып тастап,
жұмысшылардың кәсіподаққа бағынуына мәжбүрлеуін қол-
дайсыз ба?
Бұл сұрақ қаржы жинауды мақсат еткен саяси лоббистік топ таратқан
анкетаның бір бөлігі, әлеуметтанушылар мұндай сауал түрін этикаға қай-
шы, алдамшы сұрақ деп санайды.
Бұрмалаудың тағы бір түрі – жетектеуші сұрақтар. Жетектеуші сұрақ-
тар ықтимал жауап ұсынады немесе кейбір жауапты басқасына қараған-
да қабылдауға жарамды етіп көрсетеді. «Марихуананы қаншалықты жиі
қолданасыз?» деген сұрақ әркімнің ара-тұра соны тартатынына сенімді
сияқты естіледі. «Келісесіз бе...» деп басталатын сұрақ кей адамдарға ке-
лісуге тиіс секілді сезіледі. Жалпы қабылданған тәжірибе бойынша, қа-
рым-қатынасқа қатысты сұрақтарды теңестіру үшін «келісемін не құпта-
маймын», «қолдаймын не қарсымын», «ризамын не наразымын» сияқты
тіркестерді пайдалану керек (Sudman and Bradburn, 1982).
7
Сұрақ я жауап болсын, баламаны толық ұсынбау – тағы бір жиі кездесе-
тін қателік. Оның бір мысалы: «Баланы тәртіпке салу үшін ұрасыз ба, ын-
талы ісіне тыйым саласыз ба, әлде басқа шара қолданасыз ба?» Мұндайда
балама жауаптың бәрін тізіп шығу керек немесе ешқайсысын көрсетпе-
ген жөн. Жабық сұрақ қойғанда жауап нұсқасын толық беру туралы осы
тараудың басында айттық, оған қоса, жауаптардың тепе-теңдігі сақтал-
ғаны да маңызды. Мысалы, біржыныстылардың үйленуіне байланысты
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
425
жауаптар көрсетілсе, оң және теріс жауаптар саны бірдей болуы керек,
әрі бейтарап пікірді де қамтуы қажет. Әр бағытқа қатысты шектен тыс
және қалыпты көзқарасты да ұсынуыңыз керек. Әйтпесе респонденттер
тепе-теңдік сақталмаған жауаптар нұсқасын жауаптың мақсатына қа-
тысты деп түсінеді де, типтік немесе қалыпты жауап стандартына сай қа-
растырады.
Калифорния университеті қызметкерлерінің денсаулық сақтау жөнін-
дегі ұйымға қанағаттану деңгейін анықтауға арналған келесі сұрақты қа-
райық.
Әрбір отбасы мүшесінің тәжірибесіне сүйене отыра, 1995 жылғы ден-
саулық сақтау жоспарына отбасылардың қаншалықты көңілі толды?
1. Қатты риза болдық 3. Риза емеспіз, бірақ
реніш те жоқ
5. Қатты ренжідік
2. Ризамыз 4. Көңіліміз толмады 6. Білмеймін, жауап-
тардың ешбірі жара-
майды
Сұрақ та, жауап нұсқасын форматтау түрі де жауапты қанағаттану,
риза болу бағытына қарай бұрып тұрған сияқты. «Денсаулық сақтау ұйы-
мының қызметін қалай бағалар едіңіз?» деген сұрақ «Қаншалықты қана-
ғаттанасыз...?» деп басталатын сұраққа қарағанда бейтарап, сондықтан
парасатты жауап алуға мүмкіндік береді. Байқасаңыз, екі «қанағаттану»
категориясын (1 мен 2) сұрақ соңын оқығанда көруге болады, олар әде-
йі қатар тұрған тәрізді. Әдетте жауаптың қай жақ шеті бірінші тұрса,
екінші шетте тұрғанға қарағанда сол категорияға жауап көбірек беріледі
(Sudman, Bradburn, and Schwarz, 1996:157). Сондықтан алдыңғы қатар-
дағы жетектеуші сұрақта кейбір денсаулық сақтау ұйымдары 80% және
одан да жоғары қанағаттану рейтингісін алғанына таңданудың керегі
жоқ («аса қанағаттанамын» және «қанағаттанамын» жауаптарын бірге
санағанда).
5. Жеке және шетін сұрақтарды барынша сыпайы, әдепті, ұстамды етіп
қою керек пе? Шетін сұрақтардың құралда орналасу тәртібі туралы жоға-
рыда айтып өттік. Мотивацияны күшейту үшін элементті логикалық тұр-
ғыда орналастыру ғана емес, сұрақтың зерттеу мақсатына қатыстылығы
да айтылды, респондент жауабының құпия сақталатынына сенімді болуы
керек және жауап нұсқасы барынша толық болуға тиіс. Бұған қоса, әр
элементті логикалық жағынан байланыстырып, дұрыс орналастырғанда
респонденттің мотивациясы артып, ашылып жауап беруге тырысады. Үй
шаруасындағы әйелден «жұмыс істейсіз бе?» деп сұрасаңыз, ашулануы
мүмкін не өзін қорғар уәж іздейді, сондықтан «Үйден тыс жерде жұмыс
істейсіз бе?» деп сұраған орынды болмақ.
Шетін сұрақ қояр алдында қоғам мүшелері құптамайтын пікірді еске
салса болады, мысалы, «Кей адамдар марихуана шегу – зиянсыз әрі
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
426
жағымды іс дейді, ал басқалары оны зиянды әрекет деп есептейді. Сіз
қалай ойлайсыз?» немесе «Кей адамдар дүкеннен әлдебір затты алғанда
белгілі бір себеппен ақысын төлемейді. Сіз солай істеп көрдіңіз бе?»
Қорыта келе айтарымыз, тілді тиімді қолдану үшін сауалнама дизай-
нерлері сұрақтың бірнеше нұсқасын түзіп, оны сынап, қайта тексеріп
көргені дұрыс. Бірінші жасалған драфт нұсқаны зерттеуші де, әріптестері
де мұқият зерделеп, бұған дейін айтып өткен проблемалардың бар-жоғын
анықтап алуы керек. Содан соң осы тарау соңында баяндалатын когни-
тивтік сұхбаттасу әдістерін қолданып, сұраққа жауап беруде қолданыла-
тын ойлану процесіндегі проблемаларды анықтап алған жөн. Аяғында,
соңғы нұсқа алдындағы жартылай драфтты сауалнама құралы қолданы-
латын жиынтыққа ұқсас шынайы жағдайда сынап көрген дұрыс.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Сауалнама дизайнері алдымен тақырып таңдайды, драфт нұсқаны жасап, сұрақтарды
нақтылайды, содан кейін сауалнама құралын претестілеуден өткізеді.
«Адам көзқарасының шегі» проблемасы
Көп жағдайда адамдарға қойған сұрағымыз мағынасы жағынан өзімізге
түсінікті көрінеді, бірақ оған бірнеше көзқарас я «анықтама шегі» тұр-
ғысынан жауап беруі мүмкін. Мысалы, екінші курс студентіне мынадай
сауал қойылды дейік: «Жалпы, мемлекеттік университетке түсу туралы
шешім қабылдағаныңызға қаншалықты ризасыз?» Бірнеше студент «са-
лыстырмалы түрде ризамын» деп бірдей жауап бергенімен, олардың се-
бебі әртүрлі болуы мүмкін. Біреуінің салыстырмалы түрде риза болуына
жақсы стипендия алатыны және оқу орнының академиялық білім беру
сапасы басқа жерден кем емес деп санауы ықпал етеді. Енді бір студент
әлеуметтік сипаттағы өміріне риза, ал басқасы университеттегі спорт
шараларына қатыса алатынына қуанышты. Осылайша берілген жауапқа
қарап зерттеуші респонденттердің қанағаттану не қанағаттанбау себебін
анықтай алмайды.
Респонденттер көзқарасының шегін анықтау я бақылаудың басқа да
көп әдісі бар. Көзқарастар шегін нақтылаудың қарапайым жолы – жетек-
теуші сұрақ қою, мысалы, «Неліктен осылай жауап бергеніңізді түсіндіре
аласыз ба?» немесе «Мемлекеттік университеттің сізді риза ететін (неме-
се көңіліңізден шықпайтын) қандай тұстары бар?» Көзқарастар шегін ба-
қылаудың тағы бір қарапайым әдісі – көзқарастар шегін сұрақтың ішіне
енгізу, мысалы, «Басқа мемлекеттік университеттермен салыстырғанда
Кауфилд штатының зияткерлік сипаттағы өміріне қалай қарайсыз?»
Зерттеуші сұрақты дұрыс орналастыру арқылы респондентті өз көз-
қарасының шегіне қарата бағыттай алады. Мұндайда «құйғыш реті»
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
427
жалпы сұрақтан нақты сұраққа қарай жүреді. Мысалы, президенттің жұ-
мыс өнімділігіне қатысты адамдар көзқарасын қалыптастырудағы ин-
фляция ықпалын зерттемексіз делік. Сұрақты қою ретінің әсерін еске ал-
сақ, инфляцияға қатысты нақты сұрақтар алдымен берілсе, респондент-
терде көзқарастар шегі қалыптасады, осылайша олар кейін президенттің
жұмыс өнімділігіне қатысты жалпылама сұрақтар қойылғандағы инфля-
циямен байланыстырады. Оның орнына «құйғыш ретін» президент же-
тістігіне қатысты жалпы сұрақтан бастаса болады («Президенттің жұмыс
өнімділігі жайлы не ойлайсыз?» немесе «Неліктен осылай деп есептей-
сіз?»), сонда респонденттің көзқарастар шегі ашылады. Содан кейін ба-
рып инфляцияға қатысты сұрақтарды қоясыз («Сіздіңше, елдегі инфля-
ция мәселесі ушығып тұр ма?» не «Өзіңіз оның әсерін сезіндіңіз бе?»), ал
соңында осы салаға қатысты президенттің іс-әрекетіне тоқталасыз (Пре-
зидент «инфляциямен күресте өнімді еңбек етіп жүр ме?»).
Әуелгі мысал «құйғыш ретімен» сұрақ қойғанда алдымен жалпы сұрақ
қойғанның орынды екенін көрсетеді, әйтпесе нақты сұрақ бірінші қо-
йылса, ол жалпы сұрақтың жауабына ықпал етеді. Сұрақты осы ретпен
бастағанда респондент идеясы мен көзқарасы бірінші тұрады, сондықтан
оның қызығушылығы мен ынтасы арта түспек. «Құйғыш реті» тұтастай
ашық сұрақтан я ашық сұрақтан (немесе сұрақтардан) кейінгі жабық сұ-
рақтан тұруы мүмкін.
Көзқарастардың жалпы шегі өзара байланысты сұрақтарды қамтыған-
да төңкерілген «құйғыш ретінде» де жасалады. Яғни зерттеуші алдымен
ең нақты сұрақтарды қойып алады да, одан кейін жалпылама сұрақтарға
өтеді. Бұл әдісті қолданғанда «құйғыш ретінің» артықшылығы сақталма-
са да, кей жағдайларда ол да пайдаға асады. Біріншіден, ол респондент-
тің жалпы көзқарасын білмей тұрып, жағдайға қатысты мүдделес екенін
анықтап алу үшін қажет. Мысалы, респонденттер қазіргі президенттің
жұмыс өнімділігі туралы бірдей көзқараста екеніне көз жеткізгіміз келсе,
төңкерілген «құйғыш реті» белгілі бір салалар бойынша (инфляция, жұ-
мыссыздық, сыртқы саясат) сұрап алуға мүмкіндік береді, содан кейін ба-
рып жалпылама бағалауға көшесіз. Төңкерілген «құйғыш ретінің» екінші
артықшылығы – респонденттер соңғы сұраққа байланысты көзқарасын
алдын ала қалыптастырып қойса да (не қалыптастырмаса да), олардың
барлығы өз пікірін айтпас бұрын күрделі мәселенің белгілі бір аспектіле-
рі жөнінде ойланады. Мысалы, респонденттерден абортты заңдастыруға
қатысты пікірін бірден айтуды сұрағаннан гөрі түрлі жағдайда аборт жа-
сатуды мақұлдауға қатысты ойын білген жөн (баланың есен-сау күйінде
дүниеге келетіні зор күмән тудырса, әйелді біреу зорлаған соң жүкті бо-
лып қалса, әйел денсаулығына қауіп төнсе; әйел тұрмыста, бірақ балалы
болуды қаламаса; отбасының тағы бір баланы асырауға қалтасы көтер-
месе т.б.); содан кейін әр респонденттің жалпы пікірін сұрайсыз. («құй-
ғыш реті» мен төңкерілген «құйғыш реті » туралы мысалдарды көру үшін
10.2-қосымшаны қараңыз).
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
428
Респонденттер соңғы жалпылама сұрақ алдындағы ақпаратты алып
тастаса, бұрынғы жауабын қайталамайды десек, кері құйғыш реті тәртіп
әсеріне сезімтал бола ма? 10.2-қосымшаның екінші мысалында көрсетіл-
гендей, бірнеше нақты сұрақтан кейін жалпы сұрақ кездескенде тағы бір
әңгімелесу нормасы – түйіндеу талабы туатыны жөніндегі дәлелдер шек-
теулі (Schwarz, Strack, and Mai, 1991).
10.2-қосымша. Сұрақтардың «құйғыш» және төңкерілген «құйғыш
ретіндегі» мысалдары
Типография кәсіподағын зерттеу кезіндегі «құйғыш» реті бойынша сұрақ
қоюың үлгісін көрейік (Lipset, Trow, and Coleman, 1956:493–94):
7. (a) Барлық жағдайды ескере отыра, басып шығару жұмысын қанша-
лықты ұнатасыз? Әлде ол сізге ұнамай ма?
Бейтарап пікірдесіз бе?
Сізге жұмысыңыз ұнай ма? Әлде қатты ұнай ма?
(b) Неліктен ондай ойдасыз?
8. (a) Қазіргі ісіңізден бөлек, айналысқыңыз келген басқа да жұмыс түрі
бар ма (полиграфияда не одан тыс)?
Бар болса, қандай?
9. Енді басқа тұрғыдан қарап көріңіз: егер бәрін басынан бастасаңыз,
қандай жұмыс түрін таңдар едіңіз?
10. (a) Баспа ісін жұмыс түрі ретінде қалай бағалайсыз? Мысалы:
1. Жалақыны тамаша, жақсы, адал не нашар деп бағалай аласыз
ба?
2. Баспа ісіндегі жұмыс орнының сақталу мүмкіндігін қалай
бағалайсыз? Оны тамаша, жақсы, әділ не нашар деп алғанда,
қайсысын таңдар едіңіз?
3. Баспаны саудаға қатыссыз адамдардың бағалаудағы мәртебе-
сі туралы не ойлайсыз?
Мұнда әл-ауқат туралы түсінікті өлшеуге қысқа кері құйғыш реті қолда-
нылады (Andrews and Withey, 1976: 376).
13. Төменде түрлі сезімді сипаттайтын бет пішіні бейнеленген. Олар-
дың әрқайсысының астында әріп тұр.
A B C D E F G
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
429
___ 13.1. Осы пішіннің қайсысы өмірге қатысты жалпы түсінігіңізді дәл
сипаттайды?
ӘРІПТІ ОНЛАЙН ЖАЗЫҢЫЗ
___13.2. Қайсысы үйіңіз не пәтеріңіз туралы түсінігіңізге сай келеді?
___13.3. Қайсысы ұлттық үкімет іс-қимылына қатысты көзқарасыңызды
білдіреді?
___13.4. Бос уақытты өткізердегі кезіңізді қайсысы жақсы сипаттайды?
___13.5. Ойға алғанды істейтін мүмкіндік берілсе, тәуелсіздік не еркін-
дік туралы түсінігіңізді қайсысы жақсы сипаттар еді?
___13.6. Өмір сүру стандартына қатысты ұстанымыңызды үй шаруасы,
көлік, жиһаз, демалыс және т.б. қайсысы дәл береді?
14. Жалпы, бүгінгі жағдайыңыз қалай, өте бақыттысыз ба, бақытты
деуге бола ма, әлде анау айтқандай бақытты емессіз бе?
ЖӘШІКТІҢ БІРІН ТАҢДАҢЫЗ
Өте бақытты
Бақытты деуге болады
Айтарлықтай бақытты емес
Себептерді талдау
«Құйғыш реті» күрделі мәселелерді зерттеу үшін сұрақ ретін қолданудың
тиімділігін көрсетеді. Сол сияқты адамдардың мінез-құлқын анықтаған-
да «неге?» деген қарапайым сұрақтан гөрі жақсы ойластырылған сұрақ-
тар сериясы көбірек қолайлы. Мысалы, студенттерден Лос-Анджелестегі
Калифорния университетіне түсу себебін сұрағанда төмендегідей жауап
алуымыз мүмкін: «Ата-анам соған түс деп көндірді» (Мэри); «Өйткені
мен Лос-Анджелесте тұрамын» (Сэм), «Стипендиясы үшін тапсырдым»
(Паскуаль), «Досымнан ажырағым келмеді» (Ирма), «Бұл университет
қызықты, оның үстіне, құжат тапсырған басқа оқу орындары мені қа-
былдамады» (Рубен). Себептерге назар аударсақ: қысқа, әрқилы әрі то-
лық емес; студенттердің Калифорния университетін таңдауына бірнеше
себеп ықпал етуі мүмкін (Рубен ғана біреуін атады). Мэри мен Сэмге де
стипендия ықпал еткен-ді, ал Ирманың бұл жерді таңдауына досы ғана
әсер етпеген шығар; Рубен басқа оқу орны қабылдамаған соң тапсырған
жалғыз студент емес болар. Оған қоса, Калифорния университетін таң-
дауға ықпал еткен басқа да факторлар есепке алынбайды, мысалы, жоға-
ры сынып оқытушыларының кеңесі, университеттің академиялық беделі
және оңтүстік Калифорнияның климаты т.б.
«Неге?» деген сұраққа қысқа әрі қарапайым жауап дайын. Яғни респон-
денттер оңай сұраққа тез жауап қатуға тырысып, көп күш жұмсамайды,
әрі еш бас қатырмайды. Олай болса, респонденттердің Лос-Анджелестегі
Калифорния университетін таңдауына ықпал еткен басты факторларды
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
430
қалай анықтаймыз? Бағымызға қарай, Ханс Цейзель (1968) «неліктен?»
деп сұрау жолдарын жүйеледі. Цейзель ұсынған себепті талдаудың басты
идеясы – себептің жалпы категориясын не шешім өлшемін анықтайтын
«бухгалтерлік есеп сызбасын» жасау, өз кезегінде, ол бәрін қамтитын сұ-
рақ жасауға ыңғайлы модель мен құрылымды қамтамасыз етеді.
Есеп сызбасы зерттеу мақсатына негізделеді (себептің барлығы бірдей
қызықты емес), зерттеушінің шығармашылық қабілетіне де байланыс-
ты; сондай-ақ бейресми зерттеу сұхбаты не зерттелетін топ мүшелерімен
фокус-топта талқылауға да байланысты болады. Зерттеуші адамды іс-
қимылға итермелейтін түрлі себептердің категориялары туралы айтар-
лықтай жақсы білмесе (алдыңғы зерттеулерден не тәжірибесінен) барлау
сұхбатын өткізген жөн. Осындай алдын ала сұхбат кезінде алынған ақпа-
рат зерттеу мақсатына сәйкес келмейтін себептер бойынша таңдалады,
8
қалған жауаптарды есеп сызбасын жасау үшін ұқсас категорияларға бі-
ріктірсе болады.
Көбіне-көп есеп сызбасы шешім қабылдау процесінің кезеңдері бойын-
ша құрылымдалады. Мысалға оралсақ, студенттердің көбіне Калифорния
университетінде оқуға ықпал еткен факторлар: (1) университетке түсу
туралы шешім, (2) түсуге болады-ау деген жоғарғы оқу орындарын таң-
дау (3) Калифорния университетін таңдауы. Осы кезеңнің әрқайсысында
респонденттің мінез-құлқына түрлі ақпарат көзі ықпал етті (медиадан,
достары мен бейтаныс адамдардан естіген әңгімесі, оқыған мәліметі);
қымбат жандардың кеңесі (достары, ата-анасы мен мұғалімдер ұсыны-
сы), шектеулер (қаржылық қажеттілік, денсаулық талабы, досымен не
туысымен бірге тұру я оларға жақын болу), респонденттің жеке қажет-
тілігі (академиялық қызығушылығы, кәсіби мақсаты, әлеуметтік және
ойын-сауық мүддесі), түскісі келген оқу орнының сипаттамасы (беделі не
имиджі, мықты я осал тұсы, орналасқан жері мен климаты, баспана ұсы-
ну мүмкіндігі, шығыны) және оқу орнының жауабы (көмек не стипендия
ұсыну, спорттағы жетістіктер, рекрутингке күш салу, өтінішті қабылдау-
дан бас тарту).
Бухгалтерлік есептің жүйелі жоспары дайын болған соң себепті тал-
даудағы соңғы қадам – сауалдар сериясын жазу, сол арқылы студент-
тердің Калифорния университетіне тапсыру туралы шешім қабылдау
себептерін талдауына көмектеседі. Мысалы, мынадай сұрақтар қойыла-
ды: «Алғаш рет жоғарғы оқу орнына түсу туралы ой қашан келді?», «Сол
мақсатқа қалай жеттіңіз?», «Басқа колледж не университетке тапсырып
көрдіңіз бе? Оларды атай аласыз ба? Сізге Калифорния университетінің
қандай ерекшелігі ұнады? Ата-анаңыз, достарыңыз, оқытушылар не бас-
қа да адамдар осындай шешім қабылдауыңызға ықпал етті ме? Ықпал
етсе, кімді атар едіңіз? Олардың ықпалы қаншалықты зор болды?» Бұн-
дайда себепті талдау процесі ақыл-оймен қарқынды еңбек етуді талап
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
431
етсе де, Мэри, Сэм, Паскуаль, Ирма мен Рубеннен «Неліктен Калифорния
университетін таңдадыңыз?» деп сұрағанға қарағанда әлдеқайда толым-
ды жауап аламыз.
Шешім қабылдау процесінің кезеңдік реті есеп сызбасына негіз бола-
тын жалғыз процесс емес. Цейзель (1968) бірнеше жалпы схеманы жан-
жақты талқылап көрсеткен. Адамдардың А орнынан В орнына көшу себе-
бін (немесе жұмысын ауыстыру, жалпы А нүктесіне қарағанда В нүктесін
артық санау) зерттеуде себепті талдау кезіндегі А нүктесінің теріс жақта-
ры мен В нүктесінің оң жақтарына баса мән беріледі. Оны миграциялық
зерттеулерде «қос фазалы сызба» деп атайды, себебі көшу туралы шешім
адамды үйреншікті орнынан кетуге мәжбүрлеген фактордан туады (мы-
салы, пәтерақының өсуі, аудан сипатының өзгеруі, жұмыссыз қалу т.б.)
және жаңа орынға көшу себебін көрсетеді (жұмыс табамын деген үміт,
жалақының әрі ортаның жақсырақ болуы т.б.). Тұтынушы мінез-құлқын
зерттеудегі тағы бір кең тараған есептеу сызбасының үш үлкен өлшемі
бар: тұтынушыға арналған өнімді қабылдау атрибуттары (оның әсері,
бағасы т.б.), респонденттің өнімге қанағаттану мотиві я қажеттілігі мен
сатып алу туралы шешім қабылдауға ықпал еткен себептер (жарнама,
достарының ұсынысы т.б.).
9
Себепті талдау – анкета әзірлеуде және маңызды сұрақтарға жауап
алғанда үстірт әрі толымсыз жауаптан жалтаруға мүмкіндік беретін пай-
далы әрі жалпылама әдіс. Зерттеуші жалпы «неліктен?» деп сұраудың ор-
нына бірнеше нақты «неліктен?» деген сұрақты қояды. Жалпы сұрақпен
салыстырғанда кешенді әрі нақты сұрақтар сериясы респондент жөнінде-
гі толымды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Осылайша респондент түрлі
оқиғаны бір-бірімен байланыстыра есіне түсіріп, ақпарат іздеу процесі
жеңілдейді.
Есте сақтау мәселесі
Есте сақтау проблемасының екі түрі бар. Біріншісі, респондент зерттеу-
ші сұраған өмірлік жағдайға қатысты ақпаратты еске түсіре алмайды.
Каннелл мен Канның (1968) айтуынша, материалды тез еске түсіруге мы-
надай үш фактор ықпал етеді: оқиғаның қаншалықты ертеде болғаны,
оқиғаның маңыздылығы, сол оқиғаның респонденттің қазіргі өміріне
қаншалықты қатысы бар екені. Жалпы, респонденттер өмірінде өлшеусіз
әсер қалдырған үйлену не қиын ота жасату сияқты маңызды әрі қатты
шығындалуды шын қажет еткен оқиғаларды ұмытпайды, ал құмар ойын-
да аз-маз ақшасын ұтқызу не өткен күні көрген кешкі бағдарлама маз-
мұнын айту сияқты аса қызықсыз жайттарды тез есінен шығып кетеді.
Олар өмірлік маңызын әлі жоймаған оқиғаларды жақсы есте сақтайды.
Мысалы, денедегі тыртық адам басынан кешкен апатты жағдайды ұмыт-
тырмайды.
Екінші қиындық есте сақталған оқиғаны бұрмалаудан туады. Адам-
ның барлығы бірдей өткен оқиғаны қаз-қалпында есте сақтамайды,
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
432
кейбіреулер өткенді жадында жаңғыртарда бірізді ету үшін ойдан шы-
ғарады, енді бірі өзін сүйкімді етіп көрсету үшін бұрмалайды. Жауап бе-
рерде естегі оқиғаны бұрмалаудың жалпы тараған түрі «телескоптау» деп
аталады (Sudman and Bradburn, 1974). Респондент болған оқиғаның уа-
қытын шатастырып, оны кейін өткен деп ойлағанда сондай жағдай орын
алады. Респонденттен белгілі бір есепке алынатын кезеңде болған оқиға
туралы сұрағанда (мысалы, соңғы алты айда дәрігерге неше рет барғаны)
телескоптау дерек көрсеткішін өсіреді, себебі есепке алу кезеңіне дейінгі
болған кейбір оқиғалар (мысалы, 7 ай бұрын дәрігерге барғанын) есепке
алу кезеңінде болды деп айтуы мүмкін. Есте сақтауды бұрмалаудың тағы
бір түрі респонденттер қазіргі тәжірибесі мен өткен оқиғаға қатысты көз-
қарасын қайта қалыптастырады (Groves et al., 2009: 233). Мысалы, рес-
понденттен өлім жазасына қатысты 10 жыл бұрынғы пікірін есіне түсіру
сұралса, ол қазіргі ойын айтуы мүмкін.
Еске түсіру бұрмаланбас үшін не істеу керек? Мынадай ұсыныстар
бар (Converse and Presser, 1986; Sudman, Bradburn, and Schwarz, 1996;
Krosnick and Presser, 2010):
1. Анықталатын кезеңді қысқарту. Әдетте еске түсіру кезеңі неғұрлым
қысқа болса, есеп соғұрлым дәл шығады? Судман мен Брэдберн (1982)
сауалнамада уақытты кезең-кезеңге бөліп берген дұрыс екенін айта-
ды, маңызды оқиғалар жөнінде сұрағанда (мысалы, жазатайым жағдай
не сырқаттану) бір жыл я одан да көп кезеңді қамтыса болады, елеусіз
оқиғаларды бір айдан асырмау керек. Мысалы, NHSLS (Laumann et al.,
1994) соңғы бір жылдағы сексуалдық байланыста болған серіктестер
туралы сұраған, ал Денсаулық мәселесі бойынша ұлттық сауалнама
1992 жылы Жастарға қауіп төндіретін мінез-құлыққа қосымшадеп ата-
латын зерттеуде (Willard and Schoenborn, 1995) жастардан ішімдікке са-
лыну туралы сұрағанда 30 күн ішіндегі жағдайды баяндауды өтінген. Жан
Конверс пен Стэнли Прессер (1986) кейбір оқиғаларды ұзаққа созбай, бір
күн не бір апта ішінде сұрап алу қажеттігін ескертеді. Мәселен, студент-
тердің сабақ оқуға арнайтын уақытын есептегенде «Күніне қанша уақыт
жұмсайсыз?» деп сұрағаннан гөрі «Өткен аптаның жұмыс күндерінде са-
бақ оқуға қанша уақыт арнадыңыз?» деп сұраған дұрыс.
2. Респонденттердің болған жағдайды есіне түсіріп, ойланып алуы
үшін көбірек уақыт беріңіз. Ол үшін сұрақты созса болады (мысалы, тір-
кес не сөйлемдерді қайталау арқылы), респондентке ойланып алу қажет-
тігін айтуға және сұхбат алушыға ойланарлық уақыт беру туралы ескерту
керек (Sudman, Bradburn, and Schwarz, 1996: 225).
3. «Себепті талдау» кезіндегі пайдалы контекст пен сұрақтар ретін ұсы-
нып, оқиғаны еске түсіруге көмектесіңіз. Мысалы, респонденттен «Соң-
ғы он жылда қандай мекенжайда тұрдыңыз?» деп сұрағаннан гөрі соңғы
оқиғадан бастап, «Атлантада қанша уақыт тұрдыңыз?» деп сұраған тиім-
ді. Екінші сұрақта респонденттен Атлантада, тағы қандай мекенжайда
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
433
тұрғанын сұрайсыз, соңғы сауалыңыз Атлантаға көшкенге дейінгі мекен-
жайын еске түсіруге бағытталғаны жөн. Респонденттен маңызды оқиға-
ны еске түсіруді өтінсеңіз болады, мысалы, мектеп бітіру, үй болып жеке
шығуы т.б. Содан соң өміріндегі маңызды оқиғаларды сұрайсыз (үйлену,
алғаш рет жұмысқа тұруы т.б.), яғни жоғарыда аталған әдіске керісінше
жүресіз.
4. Адамның оқиғаны қаз-қалпында еске түсіруін талап ететін кейбір
мәселелер тізім түрінде берілген жабық сұрақ форматында алынады.
Кейде дәрігерлер жаңадан келген емделушіге сырқаттар тізімін береді де,
соның ішінде өзінде барын белгілеуді сұрайды. Әлеуметтік зерттеушілер
де сол сияқты оқыған газет-журналы, көретін теледидар шоуы мен ұйым-
ға мүше болуы жайлы білу үшін олардың тізімін ұсынса болады.
5. Респондентпен бірге отырып, үй шаруашылығындағы заттарды тү-
гендеңіз. Тұтынушы мінез-құлқын зерттеу көрсеткендей, тіпті сол күні
алған азық-түлік өнімдерін (түрі, бренд, көлемі) еске түсіру үшін респон-
дентпен бірге тоңазытқышты ашып, қойманы қарап, түгендеп шыққан
дұрыс екенін көрсетті.
6. Қажет кезде респонденттен жазбасын тексеруді өтініңіз (туу және
неке қию туралы куәлік, мектептегі жетістіктері, қаржылық жағдайы
жайлы ақпарат, альбом, фото т.б.). Панельдік зерттеуде респонденттер-
ден белгілі бір сұраққа жауап беру үшін өткен оқиғаны жазып жүру сұ-
ралады (мысалы, дәрігерге қаралу және медициналық шығын туралы
сұраққа жауап беру үшін медициналық төлемді жазып қою) (Groves et al.,
2009: 217–18), не кейін сұралатын ақпаратты күнделікке жазып отыруы
керек болады (Krosnick and Presser, 2010).
Бірінші ұсыныс пен 3–5 аралығындағы ұсыныстар «көмекші» процеду-
ралар саналады, олардың бәрін тез ұмытып қалу не еске түсіргенде бұр-
малануы әбден мүмкін. Мысалы, есте сақтаудың қысқа кезеңінде ұмытып
қалу қателігі орнамағанымен, уақыттан шатасу (телескоптау) болады.
10
Жазбаны пайдалану есте сақтау проблемасының екі түрін де шешуге мүм-
кіндік береді, бірақ респондентті басынан өткен жағдайды әркез жазып
отыруға көндіру қиын. Осы ұсыныстардың барлығы дәстүрлі стандарт-
талған сұхбаттасуға тән, бұл тарауда соған баса мән бердік. Керісінше,
салыстырмалы түрде жаңа әдіс оқиға тарихының күнтізбесі (ОТК – EHC)
еске түсіруді жақсарту үшін «икемді» жартылай құрылымдалған сұхбат-
тасуды қолданады (Belli et al., 2007; Belli, Stafford, and Alwin, 2009). Оқи-
ға тарихының күнтізбесінде (ОТК) ақпарат маңызды өмірлік оқиғалар
күнтізбесіне сай жиналады (мысалы, тұрғын үй, оқу, жұмысқа орналасу,
үйлену), мұндай оқиғалар белгілі бір уақыт кезеңін қамтиды (мысалы, 2
жыл, 30 жыл) және сұхбаттасу кезінде еске түсіру нүктесі қызметін атқа-
рады. Өмірлік маңызы бар оқиғалар туралы ақпарат жинағанда сұхбат
алушылар уақыт кестесін ұстанғанымен, бұларға қатысты жетектеуші сұ-
рақ қою арқылы сұхбат алушы зерттеу мақсатына қажет басқа да оқиға-
ны еске түсіруіне ықпал етеді. Мәселен, біреу өзінің колледж бітірген соң
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
434
бір аптадан кейін шылым шегуді бастағаны ойына түсіруі мүмкін. Стан-
дартталған сұхбаттасудан айырмасы сұхбат алушы респондент өмірінің
бір кезеңіне қатысты деректі басқа кезеңіндегі оқиғамен байланыстыру
үшін сауалды қалай қою керегін өзі шешеді.
11
Оған қоса, зерттеушілер әкімшілік жазбалардағы ақпаратпен барлау
дерегін толтыру жолын іздестіре бастады, осылайша еске түсіру пробле-
масынан қашудың тиімді әдістерін табуға тырысады. Денсаулық сақтау
және зейнетке шығу туралы сауалнамада енді респонденттерден әлеу-
меттік сақтандыру нөмірі сұралады, олардың жауабын Әлеуметтік қам-
сыздандыру басқармасының табыс және кіріс файлымен байланыстыра
қарайды (Lane, 2010). Ал Қосымша медициналық тексеру (Add Health
Survey) енді респонденттердің үйі орналасқан аудан туралы контекстік
ақпараттармен байланыстыру үшін GPS деректі қолданады (Lane, 2010).
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Себепті талдауға арналған есеп сызбасында және оқиға тарихы күнтізбесіндегі
респонденттердің ақпаратты еске түсіруін жеңілдету үшін жетектеу (көмектесу) әдіс-
тері қолданылады.
Жауап берудегі бұрмалау проблемалары
Тағы бір құралмен жабдықтау проблемасы сұхбаттасу мен анкетаны бас-
қаруға қатысты әлеуметтік жағдайдан туындайды. Эксперимент жүргізу-
ші зертханалық жағдайдың сынақтан өтушілерге әсер етіп, олардың өзін
әдеттегіден басқаша ұстайтынын біледі, сол сияқты сауалнама зерттеу-
шілері де ондағы әлеуметтік жағдай өлшеу нысанына қатыссыз жауап ту-
дырмауын қадағалаған жөн. Бұл проблеманы сұхбат алушы мен респон-
дент арасындағы қарым-қатынастың жауапқа ықпал етуі мүмкін екенін
қозғаған тоғызыншы тарауда қысқаша айттық; енді осында когнитивтік,
дәстүрлі әрі мотивациялық теориялар тұрғысынан жан-жақты баяндай-
мыз. Мұнда респонденттердің сауалнама мазмұнына не формасына қа-
рай белгілі бір жауап беруге бейім болатын бұрмалау жағдайы хақында
айтқымыз келеді.
Жауап берудегі бұрмалаушылықты тудыратын жайттың бірі – әлеу-
меттік қалау әсері (қараңыз: DeMaio, 1984). Әр адам белгілі бір деңгейде
өзін іштей бағалайды; оған қоса, респонденттің көбі зерттеушіге жақсы
әсер қалдырып, дені сау, бақытты, ақыл-ойы түзу, нәсілдік пиғылдан ада
т.б. екенін көрсеткісі келеді. Кейбір жеке тұлға не топтар мұндай үрдісті
басқаларға қарағанда жиі көрсетеді. Дерек Л. Филипстің (1971: 87–88) пі-
кірінше, орта таптың төменгі таппен салыстырғандағы бақыттырақ, пси-
хикалық тұрғыда мықтырақ, нәсілшілдікке қатысты сыңаржақ пікірден
тәуелсіз болып көрінуі таптар арасындағы шынайы айырмашылық емес,
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
435
орта таптың әлеуметтік қалау әсеріне сәйкес көрінгісі келгендігінен бо-
луы мүмкін. Әлеуметтік қалау әсері кезіндегі бұрмалауды азайтудың бір-
сыпыра жалпы әдістері бұған дейін айтылды: жанама сұрақтар, шетін
сұрақтарды орынды қоя білу, аты-жөні аноним күйінде сақталатынына
және сауалнаманың ғылыми тұрғыда маңызды екеніне сендіру, әлеумет-
тік қалау әсері әлсіз жауапқа тыйым салу; сұхбат алушы мен респондент
арасындағы өзара түсіністік орнату, бетпе-бет сұхбаттасуда өздігінен бас-
қару не сыр сақтауға кепілдік берер басқа формаларды қолдана отыра,
шетін ақпаратты алу.
Жауаптың бұрмалануына ықпал ететін екінші жайт – үнсіз келісетін
жауаптар жиыны. Респонденттердің жауапқа келісуге даяр тұру үрдісін
солай атайды: «иә/жоқ» не «келісемін/келіспеймін» деген жауап нұсқасы
берілгенде олар «иә», «келісемін» деп жауап беруге бейім келеді. Бұл үр-
діс келісімінен бастап келіспеуге дейінгі бірнеше нұсқа берілетін Лайкерт
шкаласы сияқты форматқа да қатысты. Бұл мәселені шешудің бір жолы –
жауап нұсқасына нақты контент ұсыну. Мысалы, бірінші элементке жауап
бергенде үнсіз келісім болмауы үшін екінші элементті төмен орналастыру
керек.
1. Ривер Сити қаласының тұрғындары қалаған баспанаға қол жеткізу
үшін жалға алуды бақылау қажет.
( ) Толық келісемін
( ) Жалпы келісемін
( ) Ойлану керек
( ) Жалпы келіспеймін
( ) Мүлде келіспеймін
2. Төмендегі тұжырымдар арасынан Ривер Ситидегі баспананы жалға
алуды бақылауға қатысты ойына ең ұқсастау пікірді таңдаңыз.
а. Ривер Сити халқының басым бөлігі қалаған баспанада тұруы үшін
жалға алу жағын бақылау қажет.
b. Ривер Ситидің кейбір тұрғындары лайықты баспанада тұруы үшін
жалға алуды бақылау қажет.
с. Жалға алуды бақылау қажет пе, жоқ па, ол жайында ештеңе
білмеймін.
d. Жалға алуды бақылау көп адамға тиімді емес.
е. Жалға алуды бақылаудың қажеті жоқ.
Зерттеулер көрсеткендей, келісемін/келіспеймін, иә/жоқ нұсқалы
сұрақтарға қарағанда толық көзқарасты білдіретін жауаптың жарамды-
лығы мен сенімділігі жоғары (Krosnick and Presser, 2010). Дегенмен бұл
әдістің ең бір олқылығы – сауалнама дизайнері көп тер төгуі керек.
Зерттеуші иә/жоқ не келісемін/келіспеймін форматын қалдырғы-
сы келсе, үнсіз келісім жауап жиынын бақылау мен тексерудің тағы бір
жолы – мағынасы қарама-қарсы, бірақ бір тұжырымды өлшейтін екі
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
436
элементті қосу. Бұл элементтер құралдың екі шетінде орналасуы керек.
F шкаласынан алынған келесі элементтер (авторитарлықты өлшеу) осы
әдісті көрсетеді (Bass, 1955: 619):
1. Адамзат барда жер бетінде әркез соғыс пен шиеленіс болады.
2. Адам табиғаты қандай болса да, түбінде бейбітшілік салтанат құрады.
Берілген жауаптарға қарап адамдардың көбі қарама-қарсы пікірдің
екеуіне де келісті ме, жоқ па, соны білуге болады. Бұл әдістің бір қиынды-
ғы – шынымен қарсы болатын элементтерді дайындау. Айталық, жоғары-
дағы тұжырымның екеуін де қабылдамау сәйкессіздік саналмайды.
Жауапты бұрмалау үрдісінің үшінші түрі – реттік не позициялық
жауапты бұрмалау. Дерек жинаудың көрнекі әдісінде кейбір респондент-
тер жауап нұсқасы тізіліп тұрғанда біріншісін таңдауға тырысады, оны
«біріншілік әсері» деп атайды. Ал аудио режимде тыңдағанда, керісінше,
соңында тұрған нұсқаны көбірек таңдайды, оны «жаңалық әсері» дейді.
Мысалы, 548 телефон арқылы жасалған экспериментте кездейсоқ әдіспен
екі жауап категориясы таңдалды, соның көбінде жаңалық әсері басым
болды, әсіресе түсінуге қиын сұрақтар мен артынан қойылған сұрақтарда
бұл әсер жиі байқалған (Holbrook et al., 2007). Мұндай бұрмалау «қанағат-
танарлық» мінез-құлық тудырады, сондықтан Эллисон Холбрук пен әріп-
тестері (2007) сұрақ пен жауапты қарапайым етуге, анкетаны қысқа етіп
жасауға және телефон арқылы сауалнама алғанда жауап ретін өзгертіп
отыруға кеңес береді. Көрнекі режимде сұрақтың орналасу позициясынан
туатын бұрмалауды жойып, үнсіз келісудің алдын алу үшін сұрақты қою
мен орналастыру ретін өзгерту керек, «жарамды деп тапқан жауаптың бә-
рін белгілеңіз» деген сияқты нұсқадан қашыңыз (Dillman, 2007).
Форматқа қатысты ұсыныстар
Ең соңында, сауалнама жүргізудің форматы не физикалық ұйымдастыру
жоспарланғаны дұрыс. Оның түрі көп, бірақ соның ішінде бірқатар басты
сәтті есепке алу керек (интернет не компьютер көмегімен телефон ар-
қылы сұхбат алу (CATI)туралы білу үшін қараңыз: Dillman, Smyth, and
Christian [2009] and Gwartney [2007]).
Ең маңыздысы, құралдың физикалық формасы респонденттер мен
сұхбат алушыларға қызықты болуы керек. Оған қоса, дизайн оқу, толты-
ру және кодтау жұмысын жеңілдетуге тиіс. Элементтерді, тиісінше, таң-
балау, түсінікті қаріп қолдану және элементтер мен жауап опциялары
арасындағы жеткілікті кеңістік қалдырудың көмегі зор. Сұхбат кестесін
жасағанда сұхбаттасушы нұсқаулығы мен сұхбат алушының дауыстап
оқитын материалын ажырату үшін түрлі қаріп стилін (не бас әріп пен ас-
тын сызу) қолдану керек.
Физикалық ұйымдастыруды жоспарлағанда құралды жақсарту үшін
«сүзгі» және «жағдайға қатысты сұрақтар» қою қажеттігін есепке алған
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
437
жөн. Жағдайға қатысты сұрақтар респонденттер іріктемесінің бір бөлі-
гіне ғана арналған. Бұл сұрақтар өзекті саналатын адамдарға ғана қойы-
латындықтан, жағдайға қатысты сұрақтар уақытты текке шығындамауға
мүмкіндік береді, оның үстіне, барлық респондентке бір сұрақ қойылса,
кейбірі жалығып, ынтасы жоғалып кетуі мүмкін. Жағдайға сай қойыла-
тын сұрақ кездейсоқ жолықса, сүзгі сипатындағы сауал қою арқылы
кімнің жауап қататынын анықтауға болады. Оның бір форматы төменде-
гі гипотетикалық сауалнамада көрсетілген, бұл жерде жасөспірімдердің
сексуалдық тәжірибесі мен көзқарасы туралы сұралады.
19. Осы кезге дейін жыныстық қатынаста болып көрдіңіз бе? (СҮЗГІ
СҰРАҚ)
( ) Иә (Олай болса, 20–29 сұрақтарға жауап беріңіз).
(ЖАҒДАЙҒА ҚАРАЙ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚ)
( ) Жоқ (Олай болса 30-сұраққа өтіңіз. 20–29 сұрақтарға жауап
бермей-ақ қойсаңыз болады).
(10.3-қосымша Жалпы әлеуметтік сауалнаманың сұхбат алу кестесіне
енетін жағдайға қарай қойылатын сұрақтар мен сүзгі сұрақтар топтама-
сын бейнелейді).
10.3-қосымша. Сүзгі және жағдайға қарай қойылатын сұрақтар үлгісі
Төменде Жалпы әлеуметтік сауалнаманың (GSS) сұхбат алу кестесінің бір
парағы келтірілген. Физикалық жоспар сұхбаттасу мен компьютерлік өң-
деуді жеңілдету үшін жасалған.
29. Өткен аптада жұмыс кестесіне сәйкес толық істедіңіз бе, жартылай
ма, мектепке бардыңыз ба, әлде үйде болдыңыз ба?
ТЕК БІР КОДТЫ ШЕҢБЕРГЕ АЛЫҢЫЗ. БІРЕУДЕН КӨП ЖАУАП
БОЛСА, ЕҢ КІШІ КОД НӨМІРІН БЕЛГІЛЕҢІЗ.
Кестеге сай толық жұмыс істеймін ..........................(A СҰРАҢЫЗ)
...................... 01 09-10/
Кестеге сай жартылай жұмыс істеймін .........................(A СҰРАҢЫЗ)
...................... 02
Негізі жұмыс істеп жүрмін, бірақ уақытша жұмыста емеспін, себебі
сырқаттанып жатырмын, демалыс, ереуіл .....................(B СҰРАҢЫЗ)
...................... 03
Жұмыссызбын, жұмыстан шықтым, жұмыс іздеп жүрмін .....................
(30-СҰРАҚҚА ӨТІҢІЗ) .................... 04
Зейнеттемін.............................(C СҰРАҢЫЗ) .................................. 05
Оқудамын ...............................(C СҰРАҢЫЗ) .. .................................06
Үй шаруасындамын............................(C СҰРАҢЫЗ) ........................ 07
БАСҚАСЫ (C КӨРСЕТІП, СҰРАҢЫЗ) ................................................ 08
ЖАУАП
НҰСҚА-
ЛАРЫ-
НЫҢ
КАР-
ТОЧКА-
СЫ
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
438
A. ЖҰМЫС ІСТЕП ЖҮРСЕҢІЗ, ТОЛЫҚ ЖҰМЫС КҮНІ МЕ ӘЛДЕ, ЖАР-
ТЫЛАЙ МА? Өткен аптадағы жұмысты қосқанда қанша сағат істедіңіз?
Сағат саны: 11–12/
B. ЖҰМЫСЫҢЫЗ БАР БОЛСА, БІРАҚ ҚАЗІР ЖҰМЫСТА БОЛМАСА-
ҢЫЗ: Барлық жұмысты қосқанда әдетте аптасына неше күн жұмыс істей-
сіз?
Сағат саны: 13–14/
C. ЗЕЙНЕТТЕ БОЛСАҢЫЗ, ОҚУ ОҚЫП ЖҮРСЕҢІЗ НЕ БАСҚА ЖАҒ-
ДАЙ БОЛСА: Бір жылдай жұмыс істеген кезіңіз болды ма?
Иә............ (30-сұрақты сұраңыз) ............................................. 1 15/
Жоқ............(33-СҰРАҚҚА ДЕЙІНГІ НҰСҚАУЛЫҚҚА ӨТІҢІЗ) …… 2
Аралас режимді құрал дизайны
Белгілі бір режимге арнап жасалған құралдарды респондентке бейім-
делген аралас режимдегі дизайнға айналдыру оңай емес. Мұндайда
түрлі респондентті зерттеу үшін алуан түрлі режим қолданылады. Рес-
понденттерге мотивация беру, сұрақтарды нақтылау, жетектеуші сұрақ
қою және тағы басқа сұхбат алушылар атқаратын функцияларды қағаз-
ға жазып алынатын форматта не компьютер арқылы тапсыратын бағ-
дарламада я интернет-сауалнамасына кіріктіру қиын. Көзбе-көз байла-
ныс орнатпаған соң телефон арқылы алынатын сауалнама қарапайым
сұрақ қоюмен шектеледі. Компьютердің көмегімен телефон арқылы
сұхбат алу (CATI)кезінде сұрақты және жауапты өзің қалаған ретпен
өткізсең болады, ал қағазға жазып алынатын анкетада бұлай істей ал-
майсыз. Аталмыш мәселелерді шешудің бірнеше стратегиясы бар. Бір
тәсіл – құралды өзі қалаған я негізгі режимге оңтайландыру (Biemer and
Lyberg, 2003). Мысалы, пошта арқылы сауалнама алған соң жауап бер-
меген респонденттерді көндіру үшін телефон арқылы сұхбаттасу әдісі
қолданылады. Егер пошта арқылы сауалнама алу құралын кейін өзін
басқарудың көрнекі түріне бейімдесе, компьютердің көмегімен теле-
фон арқылы сұхбат алу айтарлықтай тиімді болмайды.
ЕНДІ 30-
СҰРАҚҚА ӨТІҢІЗ
ЕНДІ 30-
СҰРАҚҚА ӨТІҢІЗ
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
439
Бір режимді басқалармен салыстырғанда артықшылығы байқалмаса,
құралды әр режимге жеке оңтайландыру керек (режимге арналған ди-
зайн) не әр режим үшін бірдей құрылымдаңыз (біртектес режим дизайны)
(Dillman, Smyth, and Christian, 2009). Мысалы, арнайы режимді дизайнда
бетпе-бет сұхбат алушылар жауапты ұзақ таңдауда жауап карточкасын
дайындайды, ал телефон арқылы сұхбаттасуда визуалды карточкалар
қолданылмайды. Арнайы режимді дизайнда, таңдауға әр режим үшін ең
жақсы дерек жинау әдісін қолдану негіз болса да, деректер сәйкессіздігі
бұл әрекетті жүзеге асыруға кедергі келтіретін кездер бар. Бірегей режим
дизайны, керісінше, әр режимде бір құралды қолдану арқылы салыстыру
жасайды. Мәселен, респондент өзі толтыратын анкета сұрағына «білмей-
мін» деген анық жауап берсе, оны сұхбаттасушы жүргізетін режим сұра-
ғында да оқу керек (аралас режим дизайнының принциптері туралы білу
үшін қараңыз: Dillman, 2007: 232–40).
Бағалау және претестілеу
Тарау бойы сауалнама сұрақтарын жақсылап құрастыру принциптері
жөнінде айттық. Десек те зерттеуші сұрақты дұрыс құрастыру, құрылым-
дау және ретімен қоюды қаншалықты жақсы меңгерсе де, респондент-
тер сауалды ұғынғанына және жауап бере алатынына көз жеткізу үшін
сауалнама сұрағының драфт нұсқасын бағалап, претестілеуден өткізу ке-
рек. Бұлай істемесе зерттеудің мәні болмайды. Мұндай жағдайда зерттеу
аяқталған соң жиылған ақпараттың пайдасын көрем деу бос әурешілік;
мысалы, бір элементте респонденттердің 99%-ы бір нұсқаны таңдауы не
көптеген респондент сұрақтың мәнін дұрыс түсінбей қалуы мүмкін. Тә-
жірибе бойынша, зерттеуді жоспарлауға жұмсалар күш-жігер мен претес-
тілеуге бөлген уақыт текке кетпей, кейін деректі және нәтиже сапасын
талдау жеңіл болады.
Бастапқыда зерттеушілер дерек жинауды қамтымайтын бағалау әдісін
қолдануы мүмкін. Сауалнама дизайнына не сауалнама тақырыбына қа-
тысты сараптамалық шолу жасалып, жеке адам я топ болып анкетаның
драфт нұсқасын не сауалдар топтамасын бағалайды. Мәселені анықтау
үшін сарапшылар не зерттеушілер де бақылау тізімін қолданады. Анкета-
ны бағалау жүйесінде (QAS) пайдаланушылар әр сұрақты 26 элементтен
тұратын бақылау тізімі проблемасы бойынша бағалап, форманы толты-
рады (Lessler and Forsyth, 1996; Willis and Lessler, 1999); мысалы, «Сұрақ
ұзақ, түсінуге қиын, грамматикалық тұрғыдан қате, синтаксистік құры-
лымы дұрыс емес», «Еске түсіру кезеңі жоқ, жөнді көрсетілмеген я қай-
шылықты» т.б. Оған балама ретінде Артур Грессер мен әріптестері (2000,
2006) «Анкетаны түсінуге көмек» (Questionnaire Understanding Aid) деп
аталатын компьютерлік бағдарлама жасап шығарды, соның көмегімен
сұрақтарды автоматты түрде бағалауға болады. Зерттеуші интернет құ-
рылғысына сұрақты енгізеді де, «сауалға қатысты ықтимал проблемалар
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
440
тізімін кіргізеді, онда белгісіз техникалық терминдер... бұлыңғыр не
екіұшты зат есімдер, күрделі синтаксистік құрылымдар болады және опе-
ративтік жадыны қайта жүктейді» (Graesser et al., 2006: 3).
Шектеулі зерттеу дәлелдері бойынша, мұндай болжалды әдістер сұрақ-
тарды бағаларда тиімді (e.g., Rothgeb, Willis, and Forsyth, 2001); алайда
бұл әдістер анкетаның қай жерінде қателік барын көрсетеді, ал претесті-
леу сол сәтте қандай мәселе барын анықтап береді (van der Zouwen and
Smit, 2004).
Әдетте претестілеу тек «далалық жағдайда», яғни мақсатты жиын-
тықтан алынған респонденттер үйінде өтетін. Десек те сауалнаманың
когнитивтік аспектілерін зерттеу арқасында қазіргі зерттеушілер тест
мәселесін зертханада сынақтан өткізеді. Алдымен сұрақты дайындау,
ретке келтіру және форматтау кезінде тиімділігін дәлелдеген зертханада
әзірленетін процедураларға шолу жасаймыз. Осы процедуралар арқылы
жиналған ақпарат әрі қарай тексеру жұмыстарын жалғастыруға бағыт-
бағдар береді. Көп жағдайда бірнеше претестілеу мен анкетаны қайта
қарау арқасында жартылай финалда жақсы драфт жоба шығады. Анкета
осындай формада дайын болған соң оны далалық жағдайда сынақтан өт-
кізеді; сондықтан біз де далалық претестілеуде қолданылатын түрлі әдіс-
терді талқылаймыз.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Барлық мәселе бағаланып претестіленеді, соның ішінде сауалнама дизайнеріне түсі-
нікті көрінген мәселені де сынап алу керек.
Когнитивтік зертханалық сұхбат алу
Когнитивтік сұхбат алу мақсаты – сауалнама сұрағына жауап беруге
қатысты ойлану процесін түсіну. Претест сұрағына жауап беруде не бер-
геннен кейін жиналған респонденттердің ауызша жауабы проблеманы
анықтап, сұрақты нақтылау үшін қолданылады. Санақ бюросы мен өзге
де федералдық статистикалық агенттіктерде құрылған когнитивтік зерт-
ханалар интенсив сессияларға әдетте субъектілерді 1–2 сағатқа жалдап,
ақысын төлейді; когнитивтік сұхбат алу зертхана ғимаратынан тыс өтуі
мүмкін (мысалы, субъектілер үйінде) және ол кезде магнитофон не ви-
деомагнитофон ғана қолданылады (Fowler, 1995; DeMaio and Rothgeb,
1996). Басқа жағдайда негізгі әдіс аясына «ойын дауыстап айту» түрінде
сұхбаттасу, жетектеуші сұрақтар мен кейінгі байланыс жасағанда сауал-
дарды өзгертіп беру кіреді (толық білу үшін қараңыз: Presser et al., 2004;
Beatty and Willis, 2007; Collins, 2015).
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
441
«Ойын дауыстап айту» түрінде сұхбаттасу
Респонденттерге сұраққа жауап беруде ойын дауыстап айту, ойға алған-
ның бәрін қамту ұсынылады. Респондент әр сұраққа жауап берер алдын-
да ойын дауыстап айтса болады не бәріне жауап беріп, сауалнаманы аяқ-
таған соң ретроспективті айтып шықса құба-құп (Dillman, 2007: 142–46).
Когнитивтік сұхбат алу нәтижесінде алынған, өңделген сұраққа мысал
келтірейік.
Мынадай бір сауал қойылды:
«Соңғы он екі айда бір күнге не одан да көп уақытқа шылым ше-
гуді қанша рет қойдыңыз?» Сұрақ мақсаты – шылым шегуді қоюға
талпынған әрекетті өлшеу. Алайда респонденттер ішінде сұрақ
мұратын басқаша түсінгендер болды. Кейбірі соңғы күндері ауы-
рып қалғандықтан шылым шеге алмағанын, ішімдікті шектен тыс
ішкенін т.б. оқыс жайттарды да қосқан. Қайта тексерілген нұсқада
зерттеушінің мақсаты нақтыланған, ол енді сұрақты былай өз-
гертті: «Соңғы он екі айда бір күн не одан артық мерзімге шылым
шегуді доғарған кезіңіз болды ма және неліктен олай істедіңіз?»
(DeMaio and Rothgeb, 1996: 182–83).
Жетектеуші сұрақтар
Ойын дауыстап айту әдісінің кемшілігі – кейбір респонденттер ойлау про-
цесі кезінде дауыстап айтуға қиналады (Schaeffer and Presser, 2003). Сон-
дықтан сұхбат алушы арнайы жетектеуші сұрақтарды қойып, когнитив-
тік процестің белгілі бір аспектілеріне көңіл бөледі, мысалы, «Шылым ше-
гуді тоқтату нені білдіреді деп ойлайсыз?» Жетектеуші сұрақ әр сауалдан
соң қойылуы мүмкін (сұраққа жауап беруге қолданылатын ақпарат әлі
ұмытылмай, сол қалпында есте сақталып тұрғанда) не сауалнама соңын-
да (жетектеуге қатысты реактивтікті болдырмау үшін) қойылады. Егде
тартқандарға арналған сұрақты претестілеуде қойылатын жетектеуші сұ-
раққа мысал келтірейік (Jobe, Keller, and Smith, 1996: 201):
Өзіңіз арнайы жабдық қолданбай ванна я душ қабылдау қан-
шалықты қиын: біраз қиындық туады, қатты қиналамын немесе
олай істей алмаймын деген жауаптың бірін таңдаңыз.
Жетектеуші сұрақ: «Арнайы жабдық қолданбау дедім. Арнайы
жабдық дегенде нені меңзеді деп ойлайсыз?» «Ванна не душ қа-
былдау үшін қандай да бір құралды қолданасыз ба?».
Қойылған сұрақты түрлендіру
Тағы бір әдіс – респонденттен сұрақты өз сөзімен түйіндеу я қайталауын
сұрау. Респондент сол арқылы сұрақтың тура не ауыспалы мағынасын
түсінді ме, соны анықтайсыз, оған қоса, сұрақты қалай жақсырақ қоюға
болатынын білесіз.
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
442
Когнитивтік диагностикалық процедуралар – құралды жақсы дамыту-
дың бір шешімі ғана. Біріншіден, бұлар шешім ұсынудан гөрі проблемаға
қатысты диагностика жасауға тиімді. Екіншіден, мұндай зерттеуді ша-
ғын субъект іріктемесіне ақы төлеп өткізетіндіктен, олар үлкенірек және
әрқилы жиынтық топтарында болатын проблеманы анықтай алмауы
мүмкін. Үшіншіден, далалық зерттеудегі шынайы сұхбаттасу жағдайын-
да түрлі мәселелер туындайды. Енді біз сауалнама құралындағы далалық
тестілеу әдістеріне шолу жасаймыз.
Далалық претестілеу
Сауалнама құралын далалық претестілеуде құралды адамдардың ша-
ғын іріктемесінде (әдетте 25–50 адам) сынайды, ол субъектілер сипаты
бойынша респонденттердің мақсатты тобына ұқсайды. Претестілеудегі
нәтижені жариялауды жоспарламасаңыз, претест тобы ықтимал іріктеме
болып есептелмейді. Дегенмен ол да мақсатты негізгі жиынтық тәрізді
біртекті болуы керек. Мысалы, мақсатты тобыңыз колледж не универ-
ситет студенттерінің ұлттық іріктемесі болса, претест тобына да барлық
деңгейдегі колледж студенттері (бірінші курстан бастап түлектерге де-
йін) мен институттардың түрлі топтары кіруі керек (үлкен, кіші, діни, за-
йырлы, гуманитарлық ғылымдар, техникалық және т.б.).
Далалық алдын ала сынау кезінде мынадай сұрақтарға жауап аласыз:
Сұрақ тілі мақсатты жиынтықтың сөйлеу деңгейіне сай ма? Рес-
понденттер мен сұхбат алушыларға берілген нұсқаулық түсінікті
ме? Бір сұрақтан екіншісіне ойысу жеңіл әрі ақпаратқа сай ма?
Сұрақтар мен сұрақ форматы респондент мүддесіне сай әрі оны
қызықтыратындай әртекті ме?
Ашық сұрақтағы жауаптар талдау жасауға қиындық тудыратын-
дай алуан түрлі ме?
Жабық сұрақтың таңдау нұсқалары түсінікті әрі толық па?
Карточкалар не фотосуреттер сияқты сұхбаттасу құралдары
тиімді әрі пайдалы ма?
Респонденттер жауап бергісі келмеген сұрақтар бар ма?
Жалпы, сұхбатты аяқтауға қанша уақыт кетеді?
Біраз уақыттан бері осындай мәселелерді анықтауға арналған дала-
лық претестілеуге не тәжірибелі сұхбат алушылар қатысатын я дайын-
дықтан өткен, анкетаның драфт нұсқасын жасауға қатысқан және про-
цесті бақылаған сұхбат алушылар қатысады. Сұхбат алушылар сұхбатта-
су кезінде бәрін жазып алады не кейін есеп толтырады, бірақ олардың
бақылау кезінде түйгені ауызша дебрифинг болғанда айтылады (Converse
and Presser, 1986). Дегенмен бұл процестің бірқатар шектеуі бар (Fowler,
1995; Fowler and Cannell, 1996). Сұхбат алушы рөлін атқару процесті ба-
қылау міндетіне кедергі келтіруі мүмкін; әр сұхбат алушының бақылауы
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
443
сұхбаттасудың шағын санына негізделеді, бірақ ол проблемалық мәсе-
лені толық бағалауға жеткілікті болмауы мүмкін; бағалау стандарттары
нақты айтылмауы ықтимал не тиісінше қолданылмайды, соның кесірі-
нен мәселеге байланысты келісім болмайды; сондай-ақ сұрақты түсіну
проблемасын мойындау респонденттердің нақтылауды өтінуімен не қате
жауап беруімен шектеледі. Осы проблеманың кейбірі когнитивтік зерт-
ханалық сұхбат алуда шешіледі. Десек те соңғы кездері далалық претесті-
леуді барынша жүйелі әрі сенімді ету үшін бірнеше стратегия қолданыла
бастады. Аталған стратегия қатарына мінез-құлықты кодтау, респондент
дебрифингі, сұхбаттасу рейтингі, сплит-баллот тестілер мен жауапты
талдау кіреді.
Мінез-құлықты кодтау
Тікелей өткен я видеоға жазылған сұхбаттасушы мен респондент сұхба-
тын жүйелі кодтау – нақты далалық жағдайда құрал проблемасын анық-
таудың тиімді тәсілі болмақ. Кодтау жауаптарды категорияларға бөлу
мен әр категориядағы жауап санын санаудан тұрады (он бесінші тарауды
қараңыз). Претест сұхбатын мінез-құлыққа сай кодтауда респондент
пен сұхбат алушының проблемалық мінез-құлық жиілігін (мысалы, сұх-
бат алушының сұрақты дұрыс оқымауы не тастап кетуі; респонденттің
сұрақ толық оқылмастан сұхбатты бөлуі, респонденттің сұрақты қайта-
лауды не нақтылауды талап етуі және сұхбат алушының орынсыз жауап-
ты қазбалауы т.б.) анықтау үшін және әр сұрақ бойынша өзара әрекетте-
су кодталады (Holbrook, Cho, and Johnson, 2006; Fowler, 2011). Мысалы,
мінез-құлықты кодтауда мемлекеттік медициналық зерттеулерде қолда-
нылатын «Соңғы рет жалпы медициналық тексеріс пен бақылаудан қа-
шан өттіңіз?» деген сауалға ақылға қонымсыз жауаптардың жоғары үлесі
(87%) анықталды, себебі респонденттер «жалпы медициналық тексеріс
пен бақылау» деген тіркесті түсінбеген және «қашан?» дегенде уақытты
әлде адам жасын сұрап тұрғанын ажырата алмаған (Fowler and Cannell,
1996). Мінез-құлықты кодтау ықтимал проблемаларды анықтауға ар-
налады. Төмендегі екі наразылық техникасы респонденттер мен сұхбат
алушылардың белсенді қатысуы туралы болмақ, бұл мәселе табиғатын
дәлірек айқындайды.
Респондент дебрифингі
Жетінші тарауда эксперименттен соң өткізілетін дебрифинг сессиялары
субъектінің тәжірибені түсінуі мен мотивациясы туралы қаншалықты
мол ақпарат беретінін айтқан едік. Сол сияқты претестілеу соңындағы
дебрифинг жауап беру проблемасын анықтауды және проблеманың
тамырына үңіледі (процедураның анық-қанығын білу үшін қараңыз:
DeMaio and Rothgeb, 1996: 188–94; Martin, 2004). Когнитивтік сұхбаттасу
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
444
нәтижесін жалпылау мүмкіндігі әдетте өте аз, репрезентативті емес ірік-
темеге қарай шектелгендіктен, респондент дебрифингі когнитивтік тес-
тілеу нәтижесінің сыртқы жарамдылығын бағалауға мүмкіндік береді.
Сұхбат алушымен дебрифинг
Сұрақ-жауап проблемасын шешу жөнінде претестілеу жасайтын сұх-
бат алушылардың өз пікірі бар. Мәселен, сұхбат алушылардың айтуын-
ша, ағымдағы халықтың жағдайына қатысты сауалнамада еңбек күшіне
қатысты толассыз сұрақтар зейнеттегі қарттар мен үй шаруасындағы
әйелдердің ашуын тудырды, өйткені үкімет «не адамдар жұмыс істеуі
керек, не жұмыс іздеп жүруі керек» дегенді меңзегендей әсер қалдыр-
ған (Campanelli, Martin, and Rothgeb, 1991: 255). Сұхбат алушыдан де-
брифинг кезінде сұхбат алушы топпен бейресми сұхбат өткізеді десек те
Фаулер (1995: 121–24) барынша жүйелі ақпарат жинау қажеттігін ескер-
теді, яғни сұхбат алушылардан дебрифинг сессиясына дейін әр сұрақтың
стандарт рейтингін толтыруды сұрау қажет.
Сплит-баллот тесті
Сұрақ орнын ауыстыру, ретін өзгерту, сөзі мен форматын өзгерту сияқты
эксперименттік манипуляцияны әдетте сауалнама дизайнерлері «кездей-
соқ таңдалынған» деп атайтын не сплит-баллот – тест далалық жағдайда
ықтимал проблеманы я жобаның осал тұсын тексерудің тиімді жолы (же-
тінші тарау мен 10.1-қосымшадағы сауалнаманың эксперименттік ди-
зайндарын талқылауды қараңыз). Сплит-баллот тест кезінде тестілеуден
өтетін анкетаның нұсқасы үшін претестілеуге қатысатын респонденттер
іріктемесінің қисынды көлемін кездейсоқ тағайындау керек. Мысалы,
когнитивтік сұхбат алу нәтижесі анкета сұрағын орналастыруда елеу-
лі проблема бар екенін көрсетуі мүмкін. Соған қатысты күдіктен арылу
үшін претест респонденттерін құралдың екі нұсқасына кездейсоқ таға-
йындау қажет, ол кезде өзара байланысты сұрақтар реті өзгереді; содан
соң екі нұқсаға берілген жауаптарды салыстырады.
Жауапты талдау
Претестілеуден өткен респонденттер жауабы да кестеге салынады да, ше-
тін сұрақтарға төмен жауап көрсеткіші, «білмеймін» деген жауап жиілігі,
барлығы бірдей жауап қататын сауалдар, ашық сұраққа жауап берудің
орынды болуы не сұрақ мағынасына қарай шатасу сияқты проблемалар
бойынша тексеріледі. Жауаптар талдауын жалпылау мүмкіндігі претес-
тілеу іріктемесінің көлемі мен претестілеуге қатысқан респонденттердің
мақсатты жиынтыққа қаншалықты ұқсайтынына байланысты.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
445
Претестілеудің осы әдістерінің әрқайсысы сұрақ-жауап процесінде сәл
басқаша қарауға мүмкіндік береді: мінез-құлықты кодтау зерттеушілер-
ге сұхбаттасушы-респондент қарым-қатынасын нақты далалық зерттеу
жағдайында көруге мүмкіндік береді, респондент дебрифингі мен өзге де
когнитивтік сұхбат алу әдістері респондент көзқарасына сай проблеманы
шешуге көмектеседі, сұхбаттасу дебрифингі сұхбат алушының көзқарасы
бойынша мәселені анықтауға мүмкіндік береді, жауапты талдау зерттеу-
шінің көзқарасы бойынша проблеманы анықтайды, ал сплит-баллот тес-
тілер құрал нұсқалары арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Осыған
қарап сұрақ қою проблемасының белгілі бір түрін анықтауда кейбір пре-
тест әдісі басқасынан жақсырақ екенін көруге болады.
Сауалнама элементтерін бағалау және тестілеуге арналған түрлі әдіс-
терді жүйелі түрде салыстырған бірнеше зерттеу бар. Стэнли Прессер
мен Джонни Блэр (1994) төрт әдісті салыстырды: дәстүрлі далалық пре-
тестілеуді ауызша топтық дебрифинг әдісімен, мінез-құлықты кодтауды
тікелей претестілеу сұхбатымен, когнитивтік сұхбат алуды жетектеуші
сұрақтармен біріктіріп, үйлесімді әрі ретроспективті ойын дауыстап айту
және сарапшылар тобымен салыстырды. Әр әдіс қайталама сынақтағы
жеке анкетаға қолданылды. Нәтижеге сай, мінез-құлықты кодтау ең се-
німді болып шықты, ал дәстүрлі претестілеу ең нанымсыз әдіс екен; са-
рапшылар шолуы проблеманы бәрінен көп анықтайды және шығыны аз;
сарапшылық және когнитивтік сұхбат алу дерек талдауына ықпал еткен
проблемаларды анықтайтын жалғыз әдіс болды, ал дәстүрлі претестілеу
мен мінез-құлықты кодтау сұхбат алушыны қамти отырып проблеманы
анықтайтын жалғыз тиімді әдіс болып шықты.
Басқа зерттеу бойынша, бағалау формасы (әсіресе QAS – анкетаны
бағалау жүйесі) сарапшылар не когнитивтік сұхбат алуға қарағанда сұ-
рақ қою проблемасын жақсырақ анықтайды (Rothgeb, Willis, and Forsyth,
2001). Үшінші зерттеу сегіз табыс элементін бағалаумен шектелді, ол са-
рапшылар мен QAS арасында тығыз байланыс бар екенін көрсетті, бірақ
соңғы әдіс пен мінез-құлықты кодтау арасындағы корреляцияның салыс-
тырмалы түрде төмен екені байқалды (van der Zouwen and Smit, 2004).
Жалпы, бұл салыстырулар анкетаның біреуден көбірек бағалау және
тестілеу формасынан өтуі керектігін білдіреді. Тұрғындардың қазіргі
жағдайына қатысты сауалнамаға шолу жасаған Джеймс Эспосито мен
Дженнифер Ротгеб (1997) бағалаудың кез келген кешенді бағдарлама-
сы үшін бірнеше әдісті қолдану маңызды деген тұжырым жасады, себебі
ол жекелеген әдістің мықты тұстарын көрсетеді және әрқайсысына тән
бірегей кемшіліктің орнын толтырады. Атап айтсақ, Йоханнес ван дер
Зувен мен Йоханнес Х. Смиттің ойынша (2004: 128), ең озық тәжірибе...
сауалнаманың бастапқы нұсқасын тестілеу үшін болжау әдісін бірінші
болып қолдану сияқты [мысалы, сарапшылар шолуы, QAS)], содан кейін
қажетті жетілдіруді жасап, далалық тестілеу әдістерін қолдана отыра ан-
кетаның драфт нұсқасын жасау болмақ.
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
446
Түйін
Сауалнама дизайны – коммуникациялық, когнитивтік және мінез-құлық
теориясына негізделген өнер әрі дамып келе жатқан ғылым.
Сауалнама құралының дизайны мынадай болуға тиіс: (1) респондент пен
зерттеуші арасында тиімді коммуникация қалыптастыруы керек; (2) рес-
понденттер тәжірибесін, көзқарасы мен ой-пікірін есіне түсіру және нақ-
тылауға ықпал еткені жөн; (3) респонденттер қызығушылық танытып,
ынталануға тиіс.
Бастапқы материалдарды жиғанда сауалнама дизайнері ашық не жабық
сұрақты, тура не жанама сұрақты және жауап беру форматының көп түр-
лерінің бірін таңдайды.
Зерттеуші визуалды құралдарды таңдай алады және алдыңғы зерттеудегі
сұрақтарды пайдалануына болады.
Көбіне ашық сұрақтар бетпе-бет сұхбаттасуда ыңғайлы, яғни зерттеуші
жауап категориясына сенімді болмаса я терең түсінуді талап ететін күр-
делі мәселелер туғанда ашық сұрақ нұсқасы тиімді. Осы нұсқа жабық сұ-
рақтарды анықтауда және олардың баламасын табу үшін алдын ала сұх-
баттасуда қолдану тиімді.
Жабық сұрақтарды зерттеуші мен респонденттің тақырыпқа қатысты
ақпараты мол болғанда қолданған дұрыс. Зерттеуші оны оңай талдайды,
ал респонденттер оңай толтырады дегенмен, жабық сұрақтарды әзірлеу
қиын, жауапты құрылымдауда нәтиже бұрмалануы мүмкін және респон-
денттің сауалнамаға қызығушылығы азаю қауіпі де бар.
Сауалнамадағы сұрақтың көбі зерттеушінің білгісі келген мәселеге тіке-
лей қатысты болады. Дегенмен респонденттер тікелей жауап бергісі кел-
мей не жауап бере алмайтын жағдайлар болғанда зерттеушілер мақсаты-
на жету үшін жанама сұрақ қолданады.
Бастапқы материалдарын жинап алған соң сауалнама дизайнері құрал-
дың эскизін, сауалнамада қамтылатын тақырыптар нобайын жасайды.
Фокус-топтағы талқылаулар адамдардың сауалнама тақырыбына қатыс-
ты не ойлап, не жайында айтатынын білу үшін өткізіледі.
Респонденттерді сауалнаманы толтыруға ынталандыру үшін ашық сұрақ
нұсқасын таңдаған дұрыс; тиісінше, олар қызықты, жауап беруге оңай бо-
лып, респонденттің үмітін ақтағаны жөн.
Шетін сұрақтарды құралдың ортасына не соңына орналастырған дұрыс;
әдетте қалыпты сұрақтар аяғында сұралады.
Сұрақтар ретін түзерде респондент үшін табиғи әрі қисынға сай болуын
ескеруі керек, бірақ жоспарсыз тәртіп әсерін тудырмағаны абзал. Ауысым
бір тақырыптан екіншісіне ойысу ағынын жақсартады.
Тиісінше, реттелген элементтер нақты әрі түсінікті, респондентке ұғы-
нықты тілде жазылып, бір ғана идеяны қамтиды, эмоцияға толы сөз бен
тіркестерден ада және этикаға қайшы емес.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
447
Күрделі тақырыптарды зерттеудегі респондент көзқарасының шегін ба-
қылау үшін «құйғыш ретімен» сұрақ қойса болады, бұл кезде жалпы сұ-
рақтан нақты сұраққа ойысып не төңкерілген «құйғыш ретімен» нақты
сұрақтан жалпы сұраққа өту керек.
Күрделі сұрақтар себепті талдау арқылы тексеріледі. Оған алдын ала сұх-
баттасуға негізделген есеп сызбасын әзірлеу кіреді, ол әрекет себебінің
негізгі өлшемдерін анықтап, оларды іс-қимыл моделіне біріктіреді.
Оқиғаны дәл еске түсіру үшін еске түсіру кезеңін қысқарту керек, респон-
денттің жауап беру уақытын ұзартыңыз, еске түсіруге ықпал ететін про-
цедуралар жасаңыз (пайдалы контекст не тізім ұсыныңыз); кейде өткенін
жазып отырса жақсы көмектеседі.
Әлеуметтік қалауды бұрмаламас үшін сұрақтарды дұрыс орналастырып,
ретімен қойып және анонимдікті сақтау керек. Жауаптарды бұрмалау
болмас үшін сұрақ түрі мен жауап форматын өзгертіп отыру қажет.
Құрал форматының ұқыпты әрі тартымды болғаны да маңызды. Уақытты
үнемдеп, кері реакцияның алдын алу үшін сұрақ форматында сүзгі сипа-
тындағы сауалдар болуы мүмкін, олар респондентті жағдайға қатысты
сұраққа бағыттайды.
Сұрақты бағалау мен қайта қарау сұрақтың бірінші драфт жобасы жа-
салғанда басталады, осылайша сауалнама мақсатты негізгі жиынтыққа
ұқсайтын респонденттер тобында далалық претестілеуден сәтті өткенше
жалғасады.
Бастапқыда зерттеушілер сұрақ реті мен кешенді проблемаларды анық-
тау үшін сарапшылар тобын, сұрақты бағалау формасын және компью-
терлік бағдарламаларды қолдануы мүмкін.
Когнитивтік сұхбат алу әдісін қолдана отырып претестілеу (сұхбаттасуда
ойын дауыстап айту, жетектеуші сұрақтар мен кейінгі сұрақтарды өзгер-
тіп қою) сұрақ проблемасын әрі қарай анықтау үшін қолданылады.
Мінез-құлықты кодтау, респондент дебрифингі, сұхбат алушы дебрифин-
гі, жауапты талдау және сплит-баллот тестілер кіретін далалық претесті-
леу әдістері нақты далалық жағдайда сауалнама құралын бағалау үшін
қолданылады.
Тірек сөздер
Ашық сұрақ (еркін жауап беруге мүмкін-
дік беретін сұрақ)
Әлеуметтік қалауды бұрмалау
Үнсіз келісетін жауаптар жиыны
Жабық сұрақ (бекітілген таңдауы бар
сұрақ)
Позицияға қарай жауапты бұрмалау
Жағдайға қатысты сұрақ
Тура сұрақ Сүзгі сипатындағы сауал
Жанама сұрақ Сарапшы шолуы
Жауап форматы Когнитивтік сұхбат алу
Лайкерттің жауап форматы Далалық претестілеу
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
448
Фокус-топ Мінез-құлықты кодтау
Екіұшты сұрақ Респондент дебрифингі
Жетектеуші сұрақ Сұхбат алушымен дебрифинг
«Құйғыш реті» Сплит-баллот тест
Төңкерілген құйғыш реті Жауапты талдау
Себептерді талдау
Жауапты бұрмалау үрдісі
Тапсырмалар
1. Ер мен әйелдің рөлі туралы көзқарасты зерттейтін сауалнама алу мақсатында
анкета жасамақ болдыңыз делік. Келесі сұрақтарды қалай дұрыс орналастыр-
ған жөн (басы, ортасы, соңы)?
а. Қанша әпкеңіз бар?
ә. Анаңыз үйден тыс жерде жұмыс істей ме?
б. Ана алдымен баласын ойлауы керек.
( ) Толық келісемін
( ) Келісемін
( ) Келіспеймін
( ) Мүлде келіспеймін
в. Балалық шағыңызбен салыстырғанда бүгінгі әйелдер көбірек сыртта
жұмыс істейтін сияқты ма?
2. Мәтінде сауалнама сұрақтарын жасаудың бес жалпы проблемасы көрсетіл-
ген: (1) нақтылық пен дәлдік жоқ, (2) сөздік қоры тақырыпқа сай емес; (3)
екіұшты сұрақ; (4) сөз немесе жетекші сұрақ ауыр және (5) сезімге әсер ет-
пейді. Келесі сұрақтардың әрқайсысында сөйлемді дұрыс құрастыру пробле-
масын анықтаңыз да, көңілден шығатындай етіп қайтадан құраңыз.
a. Қанша аға-бауырыңыз, әпке-қарындасыңыз бар? ( ) 0–2 ( ) 3–7 ( ) 8 және
одан көп.
ә. Алғашқы кездесуге ер адам бастамашы болып, барған жердің ақысын өзі
төлеуі керек пе?
б. Ажырасқанда немесе бөлек тұрғанда ер адамның әйел адам сияқты қам-
қор болу құқығы бар.
( ) Толық келісемін
( ) Келісемін
( ) Келіспеймін
( ) Мүлде келіспеймін
в. Әйелдер ерлердей агрессияға бейім болмағандықтан, үйде отырғаны дұрыс.
( ) Толық келісемін
( ) Келісемін
( ) Келіспеймін
( ) Мүлде келіспеймін
г. Ер мен әйел рөліне қатысты дәстүрлі көзқарасты ұстанасыз ба?
ғ. Анаңыз жұмыс істеді ме?
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
449
д. Отбасыңыздағы басқару түрі матриархат, патриархат па, әлде эгалитар-
лық па?
3. Студенттердің нақты ғылымды таңдау себебін білгіңіз келді делік (мысалы,
әлеуметтану). Себепті талдау арқылы студенттердің мамандық таңдау себе-
бін анықтауға көмектесетін сұрақтар сериясын түзіңіз.
4. Студенттер кампусында еріктілікке арналған зерттеу өткізгіңіз келеді. Атап
айтқанда, еріктілердің кім екені, неліктен соны таңдағанын, қай жерде ерік-
ті болып қызмет ететінін, қаншалықты жиі ерікті болатынын және қандай
жұмыстармен ерікті түрде айналысатынын білгіңіз келеді. Шығынды азайту
үшін пошта арқылы анкета жібересіз не интернет-сауалнама аласыз және
сауалнама құралын жасауыңыз керек.
а. Көтеретін мәселелерді жазып алыңыз.
ә. Кем дегенде, бір сұрақ жазыңыз немесе әр тақырып бойынша бұрыннан
бар сұрақтарды табыңыз.
б. Жақсы ашық сұраққа мысал келтіріңіз.
в. Ықтимал шетін сұрақтарды табыңыз. Оларды анкетаның қай бөлігіне
орналастырар едіңіз?
г. Жағдайға қарай қойылатын сұрақ пен сүзгі сипатындағы сауалдың мы-
салын көрсетіңіз.
5. Кампус сауалнамасына (4-жаттығу) қатысты сұрақтарды дайындаған соң ық-
тимал респонденттердің шағын іріктемесіне сауалдарыңызды претестілеуден
өткізіңіз, ол кезде ойын дауыстап жеткізу мен жетектеуші сұрақтарды қолда-
ныңыз.
Сілтемелер
1. Көзқарасты анықтайтын сұрақтарда «білмеймін» нұсқасы бар әсерді
анықтайтын эксперименттік зерттеу туралы қараңыз: Howard Schuman
and Stanley Presser (1981).
2. Жанама сұрақтарды респонденттерден басқалардың үй шаруашылығы
немесе әлеуметтік ортасы жайлы (жұбы, туысы, әріптесі, көршісі т.б.) сұ-
рауға өкілеттік берілген прокси есеп алумен шатастырмау керек. Прокси
есеп алу сұхбат алу шығынын азайтады, өйткені бірнеше адам туралы де-
ректі (мысалы, отбасы мүшелері) бір сұхбатта білуге болады. 1984 жыл-
дың қарашасында, мысалы, Қазіргі халық туралы сауалнамада президент-
тік сайлауға қатысушылардың (дауыс беру) 40%-ы жөніндегі дерек прок-
си есепке сүйене отырып жасалды (U.S. Census Bureau, 1986: Table 18).
Жанама сұрақ астарында респонденттер басқаларды өзі сияқты қабыл-
дайды деген түсінік бар, ал прокси есеп алғанда бұлай ойлау қате болады.
3. Жауап беруге мәжбүрлеу респондент мотивациясын азайтады және ба-
қылау кеңесінің жауап беру ерікті болуы керек деген талабына қайшы.
Оның орнына интернет-сауалнаманы толтырып отырған респондент бас-
қа сұраққа өтсе болады, жауап бергісі келмеген сұрақты бос қалдыруға
құқылы.
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
450
4. Мұндай жауап беру форматы семантикалық дифференциалды шкалалау
әдісінде қолданылады, бірақ онымен шектелмейді. Толық ақпарат алу
үшін Чарльз Осгуд, Жорж Сучи және Перси Танненбаумның еңбектерін
қараңыз (1957).
5. Бұл ереже тек сұхбатқа қатысты қолданылады. Жоғарыдағы ашық сұ-
рақтарды пошта арқылы жолдайтын сауалнамада қолданған орынсыз,
ал өздігінен толтыратын анкетаның басында тұрса респондент әрі қарай
сауалнаманы толтырудан айнып қалуы мүмкін.
6. Сұрақ ретін тестілеу «коммунист» сөзінің сауал сарынын қалай өзгерте-
тінін көрсетеді. Шуман мен Прессер (1981: 284–86) америкалық әскери
шабуылды қолдауға қатысты мынадай екі сұрақ қойды: «Вьетнамдағыдай
жағдай әлемнің басқа бөлігінде болғанда Америка Құрама Штаттарының
әскер жібергені дұрыс болар ма еді, әлде қате ме?» және «Вьетнамдағы-
дай жағдай әлемнің басқа бөлігінде болғанда Америка Құрама Штаттары
коммунистердің басқыншылығына қарсы тұру үшін әскер жібергені дұ-
рыс па, әлде бұрыс па?» Содан соң олардың жауабын салыстырды. 1974,
1976 және 1978 жылдары өткен ұлттық іріктеме сауалнамасында осы сұ-
рақтарды жеке қойып салыстырғанда, коммунистердің басқыншылығы
туралы тіркес қосылған сауалда әскер жіберуді қолдаған респонденттер
саны 15%-ға артқан.
7. Зерттеулер осы тәжірибені растайды. Дональд Рагг өткізген атақты зерт-
теуді (1941) Шуман мен Прессер (1981: 276–78) қайталағанда сөз еркін-
дігі туралы екі сұраққа берілген жауап салыстырылды. Оның бірінде «ты-
йым салу» деген сөз, екіншісінде оның антонимі «рұқсат ету» қолданыл-
ған: «Америка Құрама Штаттары демократияға қарсы көпшілік алдында
сөйлеуге рұқсат етуі керек пе?» және «Америка Құрама Штаттары демок-
ратияға қарсы көпшілік алдында сөйлеуге тыйым салуы керек пе?» Бұл
сұрақтар 1970 жылғы үш түрлі жеке, бірақ салыстыруға болатын ірікте-
меге қойылғанда, 22%-дан астамы (орта есеппен) сөз еркіндігіне рұқсат
етпеуден гөрі тыйым салуды құптады.
8. Егер Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің әкімшілігі қаржы-
лық көмек бағдарламасының оқуға түсу сапасын бағалау мақсатында біз-
ді жалдаса, онда біздің есеп жүйемізде міндетті түрде қаржылық тұжырым
болатын еді; сондай-ақ зерттелетін іріктемеге осы оқу орнына қабылдан-
ған, бірақ басқа университетті таңдаған студенттер де кіретін еді. Оның
орнына клиентіміз Калифорния университетінің студенттер басқармасы
болса, олар бірінші жыл студенттерінің қажеттілігін анықтау үшін бағдар-
ламасын жақсартқысы келсе, есеп жүйемізде олардың қажеттілігіне баса
мән беріп, басқа оқу орындары туралы ақпаратты қоспаушы едік.
9. Кейде есеп жүйесі бірнеше сұрақты қою ретін ғана емес, тұтас зерттеу
дизайнын шешеді. 1953 жылы шылым шегу мен өкпедегі қатерлі ісік
арасында байланыс болуы мүмкін екені туралы мәлімдеме жасалды,
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
451
одан тоғыз жыл өткен соң Брюс Стрэйтс (1967) зерттеу жүргізіп, алдың-
ғы зерттеудегі пікірдің шылымға тәуелді адамдарға аса әсер етпегенін
анықтауға тырысты. Осылайша алаңдауға тұрарлық деректің оларға ай-
тарлықтай әсер етпеу себебін анықтау сызбасы жасалды, бұған сәйкес
мынадай деректер алынды: (1) шылымға тәуелді адамдар есеп хақында
естімеген, (2) оған сенбеген, (3) шылымды тастауға жеткілікті моти-
вация болмады және (4) мотивация болды, бірақ іс жүзінде орындауға
ерік-жігері жетпеді.
10. Кейбір панельдік зерттеуде сұхбат алушылар телескоптау қатесін азайту
үшін респонденттерге еске түсіру кезеңіндегі оқиғаны алдыңғы кезеңмен
салыстыруды ұсынады (Groves et al., 2009: 234).
11. Сауалнама зерттеуіндегі көптеген соңғы әдіснамалық жетістік тәрізді
оқиға тарихының күнтізбесі де (ОТК) когнитивтік психология саласында-
ғы теориялық білімге, әсіресе автобиографиялық есте сақтауға сүйенеді.
Осындай білім арқасында есте сақтаудың иерархиялық құрылым түрінде
болатынын көрсетті, адам өміріндегі негізгі оқиға пирамидасының ұшар
басында қалғаны маңызына қарай саты-сатымен төменде орналасады.
Оқиға тарихының күнтізбесі сұхбатына енгізілген еске түсіру сұрақтары
осы әдістің артықшылығын қолданады (Belli, Shay, and Stafford, 2001).
САУАЛНАМАНЫ ҚҰРАЛМЕН ЖАБДЫҚТАУ
452
Он бірінші тарау
Далалық зерттеу
Эксперименттік зерттеулер мен сауалнамаларды қарастырғанда оқыр-
мандардың осы тәсілдер туралы оқып немесе нақты зерттеулерге қаты-
сып, таныс болғанын қаладық. Осы тарауда далалық зерттеумен таны-
судың басқа жолына жүгінеміз. Далалық зерттеу тәсілі күнделікті тірші-
лігіміздің бөлшегіне айналып кеткен білуге деген құмарлыққа ұқсайды.
Белгілі бір уақытта топқа немесе ұйымға қосылдыңыз яки бейтаныс
жағдайға тап болдыңыз дейік (барға, рок-концертке, зерттеу әдістері
дәрісіне бірінші рет бардыңыз). Онда не болып жатқанын, қалай әрекет
ету керек екенін білу үшін мұқият бақылап, басқаларды тыңдадыңыз.
Сондай-ақ күн сайын кездесетін (жұмыста, сыныпта, тамақтану кезін-
де, кітапханада) адамдардың әрекеттері, ойлары мен сезімдері туралы
ой жүгірттіңіз. Осы мысалдардың әрқайсысы далалық зерттеулердің
мәнін көрсетеді: өзгелерді мұқият бақылап, сондай-ақ өз тәжірибемізге
үңілу арқылы күнделікті өмірімізді әлеуметтік тұрғыдан түсінікті және
мағыналы ету.
Бұл әркім далалық зерттеуші бола алады не барлық нәрсе саналы
пайымдаумен ғана байланысты дегенді білдірмейді. Далалық зерттеу-
лер мен саналы пайымдаудың өзге де түрлері арасындағы негізгі ұқ-
састық – «табиғи түрде болып жатқан күнделікті оқиғаларды бақылау»
(J.M. Johnson, 1975: 21). Далалық зерттеудің түпкі мақсаты – жеке бастың
мәселесі емес, ғылыми мәселе, яғни әлеуметтік құбылыстар туралы абс-
тракт түсінік қалыптастыру. Әлеуметтік ғылымдағы ғалымдардың ара-
сында далалық зерттеушілер «әлеуметтік құбылыстарды көрсетуге ерек-
ше көңіл бөледі, өйткені олар осы құбылыстардың ішінде өмір сүреді, бас-
тан кешіреді, ұғынуға тырысады және бұл құбылыстар зерттеліп жатқан
адамдарға таныс болады» (J. Katz, 1997: 391). Күнделікті өмірді бақылап,
сипаттап, түсіну үшін олар арнайы дағдылар мен әдістерді дамытады.
Біз «далалық зерттеу» деген атауды таңдаған болсақ та, осы тарауда
қарастырылған әдіснамалық тәсіл («сандық» зерттеулерге қарағанда)
басқалардың «сапалық» деп атаған зерттеулеріне сәйкес келеді (қараңыз:
H. Schwartz and Jacobs, 1979; S.J. Taylor, Bogdan and DeVault, 2016). Екі
себепке байланысты мұны «сапалық зерттеу» деп атамаймыз. Біріншіден,
«сапалық зерттеу» бақылау жүргізгенде сандық ақпаратты қоспау кере-
гін білдіреді. Далалық зерттеудің «деректері» әдетте жазбаша, ауызша
453
сипаттамалардан тұратынына қарамастан, зерттеушілер іс жүзінде бел-
гілі бір мінез-құлық пен оқиғалардың жиілігі туралы деректер қалып-
тастырып, мінез-құлықты тіркеу үшін есептеу тәсілін қолдана алады.
Екіншіден, «сапалық зерттеу» атауы әдетте өмір жолын, визуалды әдіс-
тер мен құрылымдалмаған сұхбаттарды қоса алғанда, әртүрлі әдістерде
қолданылады. Ол осы оқулықта ұсынылатын сандық зерттеулерге қара-
ғанда әлеуметтік өмірді зерттеу мен түсінудің түбегейлі өзге тәсілі са-
налады (қараңыз: Gubrium and Holstein, 1997; Denzin and Lincoln, 2005;
S.J. Taylor, Bogdan and DeVault, 2016). Ал біз бұл әдістер далалық бақылау-
ды толықтырып, әлеуметтік зерттеулерге қатысты басқа да негізгі тәсіл-
дермен байланыстырады деген ойдамыз.
Өзге екі термин де осы тәсілмен байланысты. Көп далалық зерттеу бір
әлеуметтік құбылысты немесе талдау бірлігін зерттейтіндіктен (белгі-
лі бір қауымдастық, ұйым немесе шағын бейресми топ), ол кейс-стади
зерттеуіне айналады (қараңыз: Feagin, Orum, and Sjoberg, 1991). Деген-
мен көптеген кейс-стади зерттеулері далалық зерттеулерді қамтығаны-
мен, далалық зерттеулердің барлығы бір зерттеу ортасын немесе талдау
бірлігін тұтас талдаумен шектелмейді. Сол сияқты көп далалық зерттеу
«этнография» деп аталады, бұл мәдени антропологиядан шыққан атау.
Этнография дегеніміз – қандай да бір мәдениетке сипаттама беру деген
сөз. Антропологияда сипаттама беру үшін зерттеуші нақты бір мәдениет-
тің ішінде ұзақ уақыт өмір сүруге тиіс. Мұндағы зерттеушінің мақсаты –
«жергілікті халықтың өмір сүру салтын бөтен ретінде түсіну» (Spradley,
1980: 3). Бұл далалық зерттеулер саласына қатысты болса да, бәрібір эт-
нография мәселені толық қамтымайтын зерттеу категориясына жатады.
Антропологиядан тыс далалық зерттеулер қауымдастық немесе этнос-
тық топтар, девианттық және маргинал топтар, мамандықтар, кәсіптер
және күнделікті өмір аспектілеріне көп көңіл бөлуге тиіс. Дегенмен кей-
бір элиталар арасында да далалық зерттеулер жүргізілді (Ostrander, 1993;
Morrill, 1995). Бірақ далалық зерттеулердің негізінен қоғамның кедей,
әлсіз және маргинал топтарын зерттеуге бағытталғаны дұрыс.
1
«Қарапа-
йым халықты» зерттеуге қарағанда әл-ауқаты жоғары және ықпалды ха-
лықтарды зерттеу қиынға соғары анық. Сондай-ақ кездейсоқ және ерек-
ше оқиғаларға қарағанда әлеуметтік өмірдің күнделікті аспектілерін табу
оңай.
Далалық зерттеу жүргізуге болатын «далалық орындар» өте көп. Мы-
салы, осы дәстүрге сүйене отырып жүргізілген зерттеулердің кейбір та-
қырыптарын қарастырайық, оған дәрігер болу (H.S. Becker et al., 1961),
барларда және түнгі клубтарда «бейімделетін» адам болу (Snow, Robinson
and McCall, 1991), бұрын қолданылған автокөліктерді сату (Browne,
1976b), бүркеме атпен полицияда жұмыс істеу (Marx, 1988), төменгі ли-
гада бейсбол ойнау (Fine, 1987), есірткі саудасы және контрабанда (Adler,
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
454
1993), даяшы (Paules, 1991), ең төмен күнкөріс жалақысына жетпейтін
жұмыста істеу (Newman, 1999), боксшы болу (Wacquant, 2004) және тау-
кен іздеу-құтқару операцияларын орындау (Lois, 2003) жатады.
Далалық зерттеудің жалпы ерекшеліктері
Далалық зерттеудің ерекшеліктері мынадай:
1. Зерттеу дизайны ауқымды зерттеу сұрақтары туралы қарапайым
және жылдам шешімдер қабылдауды талап етеді.
2. Бастапқы деректі жинау табиғи ортада тікелей бақылау жасау ар-
қылы жүзеге асырылады.
3. Құрылымдалмаған және жартылай құрылымдалған сұхбат тікелей
бақылауды толықтырады.
4. Деректі талдаудың едәуір бөлігі сапалық талдау болады.
Әрі қарай далалық зерттеудің осы ерекшеліктерінің әрқайсысы мағы-
насы мен өзгеруін түсіндіретін бірнеше мысалды қарастырамыз.
Қарапайым және жылдам зерттеу дизайнын қалыптастыру
Далалық зерттеу дизайнының элементтері (гипотезаны қалыптасты-
ру, өлшеу, іріктеу) дерек жинау алдында анықталатын эксперименттік
зерттеу мен сауалнамадан айырмашылығы, бұл зерттеуде дизайнның
элементтері әдетте жұмыс барысында дайындалады.
2
Әдетте далалық
зерттеушілер (1) ауқымды және теориялық сұрақтардан және (2) табиғи
ортада бақылау жасауға негізделген әдіснамалық тәсілден бастайды. Осы
мақсаттардың ешқайсысы қатаң зерттеу дизайнын жасауға жол ашпай-
ды. Ертеректе қалыптасқан ойлар жаңылыстыруы мүмкін болғандықтан,
зерттеушілер алдын ала жасалған гипотезалардан аулақ болады, есесіне
зерттеу орнында жасаған бақылаулары гипотезаларды тұжырымдауға,
сұрақтар қоюға және іріктеме жасауға мүмкіндік береді. Бақыланған
орта зерттеушінің қадағалауында болмай және сол ортадағы қоғамдық
өмір зерттеуші көрмейінше беймәлім болғандықтан, зерттеу дизайны
алдын ала емес, зерттеу барысында қалыптасады. Осы тәсіл ұсынатын
дизайн жасаудың ерекше проблемаларын көру үшін далалық зерттеудегі
іріктемені қарастырайық.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Далалық зерттеудегі зерттеу дизайны алдын ала жоспарланбайды. Іріктеу, тақырыпты
таңдау және сұрақтар жұмыс барысында қалыптасады.
Бастапқыда далалық зерттеулер әрдайым зерттеу ортасы мен субъек-
тілердің шағын тобын кездейсоқ сұрыптауды қамтиды. Далалық зерт-
теулер әдетте кездесулер, әлеуметтік қатынастар, ұйымдар және
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
455
қауымдастықтар сияқты интерактивті әлеуметтік бірліктерге назар ау-
дарады. Бұл бірліктер әдетте эксперименттік зерттеулер мен сауалнама-
ларда іріктелетін жеке адамдарға қарағанда іріктеу техникасына толық
сай емес. Шағын интерактивті бірліктер қалыптаспай тұрып оларды сан-
мен көрсетуге мүмкіндік туа бермейді. Үлкен бірліктер туралы зерттеу-
лер (қауымдастық, қала аудандары, ұйымдар) әдетте зерттеліп жатқан
бір кейспен ғана шектеледі. Зерттелетін алаңға кіру (қолайлы бақылау
орындарын анықтау және байланыстар орнату) арнайы таңдауды қажет
етеді. Ыңғайлылық, қолжетімділік және кездейсоқтық зерттеушілердің
қай жерде бақылау жүргізетінін, кіммен кездесетінін және толық ақпа-
ратты кімнен алатынын анықтайды. Сайып келгенде, далалық зерттеуде
бақылау жүргізуге берілген уақыт іріктеме көлемін кейстердің шағын са-
нымен шектейді.
Бастауыш сынып оқушылары туралы далалық зерттеу іріктеуде шек-
теулердің бар екенін көрсетеді. Джессика Каларко (2011) балалардың
әлеуметтік табының түрлі оқу мүмкіндіктерін қалыптастыратын сынып-
тағы мінез-құлқына әсерін зерттегісі келген. Уақыт пен ресурс (оның
көмекшілері болмады) шектеулі болғандықтан, ол бір мектепте оқитын
орта және жұмысшы табынан шыққан оқушыларды бақылауға мүмкіндік
беретін бір жерді ғана зерттеді. Таптық айырмашылық байқала бермей-
тін АҚШ-тың бастауыш мектептерінің басым көпшілігі бұл талапқа сай
келе бермейді. Сондықтан ол мектеп оқушыларының көбі орта, ал ширегі
(шамамен 25%-ы) жұмысшы табынан шыққан мектепті тапты. Джессика
Каларко туыстарының бірі сол жерде жұмыс істейтіндіктен, аталған мек-
тепті жақсы білген. Мұндай жағдайда ресурстардың шектеулі болуына
байланысты, ол 3–5-сыныпқа дейінгі 12 сыныпта бақылау жүргізді.
Сонымен қатар зерттеушінің зерттеу орнына кірген кезде ықтимал
емес іріктеуді қолдануы қалыпты жағдай. Ықтимал іріктеудің қажетті
құрамдас бөлігі саналатын іріктеу құрылымын анықтау сирек кездесе-
тін зерттеу ортасы туралы егжей-тегжейлі білімді қажет етеді. Сондай-ақ
қатар далалық зерттеудің әдеттегі мақсаттары (зерттеу ортасына сіңіп,
оларша ойлау, нақты әлеуметтік ортаны толығымен сипаттау және жұ-
мыс гипотезаларын әзірлеу) кездейсоқ іріктеуге негіз болатын статис-
тикалық жалпылауды қарастыруды талап етпейді. Далалық зерттеудегі
іріктеу көбіне вариацияны арттыру арқылы зерттеуші байқауының ақпа-
раттық құндылығын арттыруға арналған (Lincoln және Guba, 1985).
Вариацияны арттыру алтыншы тарауда сипатталған әртектілікке ар-
налған мақсатты іріктеуге ұқсас болып көрінуі мүмкін, бірақ мұның ма-
ңызды айырмашылықтары да бар. Дерек жинаудан бұрын қалыптасатын
әртектілікке арналған мақсатты іріктеуде талдау бірлігі жалпылауды
арттыру үшін негізгі жиынтық туралы априори ұйғарымдар мен білімге
негізделе отырып, мұқият таңдалған. Алайда далалық зерттеуде алынған
ақпаратты кеңейту мақсатында іріктеу жоспарлары зерттеу барысында
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
456
пайда болады. Мұны жүзеге асырудың бір әдісі – «іріктеме бірліктерін жү-
йелі таңдау» (Lincoln және Guba, 1985). Әр бірлік (адам немесе зерттеу
ортасы) жеке-жеке таңдалып, талданады. Содан кейін алынған ақпарат-
ты көбейту, толықтыру немесе тексеру үшін басқа бірліктер таңдалады.
Мұны «жентек қар» іріктемесіндегі сияқты, бастапқыда байланысқан
кісіден басқа адамдардың байланыс ақпараттарын сұрау арқылы жүзеге
асыруға болады. Мақсат ақпаратты барынша көбейту болғандықтан, еш-
қандай жаңа ақпарат болмаған кезде іріктеу аяқталады.
Өзгермелікті арттырудың тағы бір тәсілі – бірліктердің тиісті өлшемде-
рін анықтау мен іріктеу. Өлшемдер уақыт пен кеңістікті қамтиды; әрқай-
сысындағы өзгерістер бұрмалаудан қорғауға, сонымен қатар бақылау-
дың көлемін ұлғайтуға көмектеседі. Мысалы, Каларко екі жылдан астам
уақытқа созылған далалық зерттеу барысында шамамен 3 сағаттан, ап-
тасына екі рет мектепке барып тұрған. Ол мектептегі іс-шараның бәріне
қатысу үшін «уақытын әр топтағы төрт сыныпқа теңдей бөлді және бақы-
лау жүргізетін әр сыныпқа арнап күн мен уақытты белгіледі». Осы уақыт
ішінде «күнделікті және қосымша сабақтар, түскі ас, үзіліс және өзге мек-
теп іс-шараларына (жиналыстарға және дала күндеріне)» (Calarco, 2011:
866) қатысты.
Далалық зерттеу барысында туындайтын зерттеу сұрақтары деректі
жинауға және іріктеудің тиісті өлшемдерін анықтауға көмектеседі. Мыса-
лы, полицияның жұмысын зерттеу кезінде «Күдіктілерді ұстау мен тіркеу
кезінде полиция қызметкерлері заңдарды қалай түсіндіреді?» деген сұрақ
туындауы мүмкін (Miles and Huberman, 1994: 30). Осы зерттеу сұрағы
зерттеу ортасының (учаскелік пункт, жасақ машинасы, қылмыс орны),
акторлардың (әртүрлі сипаттағы полиция қызметкерлері мен күдіктілер),
оқиғалардың (қамауға алу және тіркеу) және процестердің (қамауға алу-
ды іске асыру, күдіктілермен қарым-қатынас жасау, заңдарды түсіндіру)
аспектілерін анықтауға мүмкіндік береді (Miles және Huberman, 1994).
Осыған байланысты теориялық іріктеу деп аталатын стратегия
(Glaser and Strauss, 1967) теориялық түсініктерді дамытуға ықпал ететін
кең аналитикалық категорияларды іріктеуге сеп болады. Жалпақ тілмен
айтқанда, іріктеу нақты жұмыс гипотезасына немесе теориясына қа-
тысты ақпаратты жинауға бағытталады. Мысалы, альтруизм туралы да-
лалық зерттеуіңізде альтруистік іс-әрекетті көрсету үшін қажетті уақыт
пен физикалық қауіп-қатер немесе зардап шегу альтруизм туралы тео-
рияңызда маңызды фактор болады. Зерттеуде осындай өзгерісті ескеру
үшін әртүрлі уақытша міндеттемемен байланысты іс-әрекеттерді (волон-
терлік жұмыс пен ақылы жұмыс) және әртүрлі қиындық тудыратын іс-
әрекеттерді (қан донорлығы мен бүйрек донорлығы) зерттей аласыз.
Далалық зерттеуде сирек болса да, мұқият іріктеу жасауға болады.
Мюррей Мелбиннің (1969) психиатриялық ауруханалардағы мінез-
құлықтың бұзылуы туралы зерттеулері далалық зерттеуде іріктеу
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
457
әдістерін қолдануға мысал болады. Мелбин кішкентай жеке психиатрия-
лық аурухананың емделушілері арасында әдеттен тыс мінез-құлық бұзы-
луларын (жалаңаш жүру, дыбыс шығару, есіктің алдында қозғалмай жату)
кешке және демалыс күндеріне қарағанда жұмыс күндері әлдеқайда көп
болатынын анықтады, бірақ бұл жағдай жақын маңдағы үлкен мемлекет-
тік мекемеде байқалмады. Мелбин бақылау жүргізу барысында ықтимал
іріктеу дизайнына сәйкес уақыт пен орынды таңдады. Алдымен пациент-
терді табуға болатын әр ауруханадағы орындардың тізімін жасап, түнгі
ұйқыға дейінгі уақытты 2 сағаттан бөліктерге бөлді. Содан кейін бақы-
лау жүргізу үшін орынды, уақытты және апта күндерін кездейсоқ тәсілді
қолдана отырып таңдады. Мелбин емделушілер кәсіби қызметкерлердің
(психиатр, әлеуметтік қызметкер мен психолог) назарын өзіне аудартқы-
сы келген кезде, оғаш мінез-құлық көрсете бастайды деген қорытындыға
келді. Жекеменшік ауруханада жұмыс күндерінде және сенбі күндері жұ-
мыс істейтін кәсіби қызметкерлер жеткілікті болса, мемлекеттік ауруха-
нада кез келген уақытта кәсіби қызметкерлер әлдеқайда аз.
Мелбиннің зерттеуінде қолданылса да, кездейсоқ іріктеу әдісі дала-
лық зерттеулерде сирек пайдаланылады. Мелбинге тағы үш тәжірибелі
зерттеуші бақылау жүргізуге көмектесті. Ол алдын ала белгіленген бақы-
лау категорияларын пайдаланбаса да, оның бақылаулары басқа далалық
зерттеулерге қарағанда (әсіресе көмекшілер мен емделушілердің саны)
әлдеқайда шектеулі болды.
Далалық зерттеудегі іріктеу әдістері мен философиясы эксперимент-
тік зерттеулерге ұқсайды. Эксперименттердің негізгі мақсаты – гипотеза-
ны сынау. Бұл зерттеу дизайнының ішкі жарамдылығына назар аударуға
мүмкіндік береді. Жалпылауға кейінгі зерттеулердегі операционалдау
мен эксперименттік контексін өзгерту арқылы қол жеткізіледі. Далалық
зерттеу түрлі мақсатқа қарамастан, әлеуметтік оқиғалар мен процестерді
түсіну үшін зерттеудің ішкі жарамдылығына назар аударады. Теориялық
іріктеу арқылы теориялық түсінікті нақтылау тұрғысынан бөлек, бұдан
кейінгі маңызды қадам – негізгі жиынтық пен зерттеу ортасын жалпылау.
Табиғи ортада тікелей бақылау жүргізу
Далалық зерттеулерде деректі жинауда бақылау әдісі негізгі әдіс санала-
ды. Далалық зерттеуде зерттеушілер жұмысын әрдайым бақылау жүргі-
зуден бастайды. Тіпті «информанттардан» сұхбат алу немесе жеке құжат-
тарды талдау сияқты басқа дереккөздеріне жүгінген кезде де, бұл дерек-
тер бақылауларында қосымша дәлел ретінде қызмет етеді.
Далалық зерттеудегі бақылау түрі күнделікті бақылау мен жалпы «ғылы-
ми бақылаудан» ерекшеленеді. Джордж МакКоллдың пікірінше (1984: 264):
«хайуанаттар бағына баратын адамдардың барлығы жануарларды көріп,
тіпті кейбіріне қарап тұрғанда, олардың мінез-құлқын бақылайды деп
айтуға болмайды». Далалық бақылау жоспарланып, әдіснамалық түрде
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
458
жүргізіліп, әлеуметтік әлем туралы мәнді түсіндірме шығаруға тырыса-
ды. Далалық бақылау қарапайым бақылаудан осы тұрғыдан ерекшелен-
се керек. Далалық бақылау ғылыми бақылаудың басқа түрлерінен екі
маңызды жолмен өзгешеленеді. Біріншіден, ғылыми бақылаудың басқа
түрлерінде бақылау тікелей немесе жанама түрде жүргізілуі мүмкін. Ал
далалық зерттеуде бақылау тек тікелей жүргізіледі. Жанама бақылау әдісі
көбіне сұхбаттар мен сауалнамаларда қолданылады. Екіншіден, далалық
бақылау зертханада немесе өзге де жағдайға емес, табиғи ортада жүргізі-
леді. Далалық ортада жүргізілетін бақылаулар зертхана жағдайында жүр-
гізілетін бақылаулармен салыстырғанда аса құрылымдалмаған, бірақ бұл
екі бақылау арасындағы іргелі айырмашылық емес. Далалық зерттеудің
құрылымы әртүрлі болады, бірақ бұл, ең алдымен, зерттеушінің бақылау
жүргізетін әлеуметтік ортаға қаншалықты белсенді қатысатынына қарай
өзгеріп отырады. Бір жағынан, зерттеуші қатыспай бақылау жүргізсе,
екінші жағынан, қатыса отырып бақылау жүргізеді.
Қатыспай бақылау
Зерттеу ортасына қатыспайтын бақылаушы – адамдармен тікелей бай-
ланыс орнатпай-ақ оларға бақылау жүргізіп жатқанын білдірмей зерттеу
жасайтын адам. Бақылаудың бұл түрі зерттеуші әлеуметтік ортасын зерт-
теуге дайындаудың бастапқы кезеңінде қатыса отырып бақылау әдісімен
бірге қолданылады (R.L. Gold, 1958). Алайда қатыспай бақылау әлеу-
меттік құбылыстарды зерттеуге жарамды болса да, бақылаудың басқа
түрлерімен салыстырғанда көп қолданыла бермейді. Далалық зерттеуде
бұл әдісті көбіне балалар мен жануарларды зерттейтін психологтар кәде-
сіне жаратады.
Тікелей ғылыми бақылауға мінез-құлық пен оқиғаларды таңдау, жа-
зып алу (recording) және кодтау кіреді. Таңдау – ғылыми бақылаушылар-
дың нені бақылап, жазып алатыны туралы әдейі және кездейсоқ таңдау-
ларын білдіреді (Weick, 1968). Жазба (recording) оқиғалардың (далалық
зерттеуде түртіп жазып отыру) жазбасынан тұрады, ал кодтау (әртүрлі
мінез-құлықтың жиілігін жіктеу немесе есептеу арқылы) жазбаларды
жеңілдетті (Weick, 1968). Бұл процестің барлығы азды-көпті құрылым-
далған болуы мүмкін. Бақылау деректерді таңдау, жазып алу және кодтау
үшін айқын және алдын ала берілген жоспарларды пайдаланған кезде құ-
рылымдалады; ал осы процестер айқын емес және зерттеу барысында
қалыптасатын болса, бақылау құрылымдалмаған бақылауға айналады
(McCall, 1984).
Лин Лофландтың (1971, 1973) қаладағы адамдардың (қоғамдық
орындардағы бір-бірін танымайтын адамдар) сыртқы көрінісі мен тұр-
ған жеріне қарай бір-бірімен қалай байланыс құратыны туралы зерт-
теуі құрылымдалмаған, қатыспай бақылау әдісіне жақсы мысал болады.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
459
Лофланд басқа материалдарға сүйенгенмен, оның зерттеуі жүздеген са-
ғаттық бақылауға иек артады. Ол Мичиган штатының Анн-Арбор және
Детройт қалаларындағы автобус бекеті, әуежайлар, кітапханалар, дүкен-
дер, мейрамханалар, барлар, театрлар, саябақтар, автобустар мен кө-
шелерде бірнеше сағат бойына бақылау жүргізген. Осылайша бір жақты
айна арқылы басқаларға қарап отырғандай күйге кіріп, көрген нәрсесі-
нің бәрін жазып алуға тырысқан. Бақылау объектілері үшін жүйелі түрде
іріктеме жасамады және мінез-құлықты жазып алу үшін бақылау парақ-
тарына жүгінбеді. Зерттеу барысында кейде мінез-құлықтың кейбір түр-
леріне (мысалы, отыру және кіру жүріс-тұрысына) назар аударды, жалпы
мүмкін болған нәрсенің бәрін жазып алуғы тырысты.
Лофландтың бақылау орындарының бірі Мичиган университетінің
кампусындағы екі ғимараттың арасында орналасқан шынымен қоршал-
ған Fishbowl деп аталатын аула болды. Осы жерде адамдардың қоғамдық
ортаға кірер кезде «бет әлпетіне» мән беретінін түсінді. Лофланд (1971:
303) мұны қалай байқағанын:
«Fishbow-дың есігі бар бір қабырғасы қалың шыныдан жасал-
ған. Есікке жақын жердегі орындықта бақылап отырғанда, сту-
денттердің есікке жақындағандағы іс-әрекеті мені таңғалдарды.
Студенттер бірінен соң бірі есіктің жанына келіп, тоқтап, бет әл-
петін түзеп, содан соң барып ішке кіреді. Мұны бір модель ретін-
де «қабылдамай» тұрып, өзімнің жазбамда мұндай мінез-құлық
туралы көптеген мысалдар келтірдім. Бірақ осы мінез-құлықты
бір рет байқағаннан кейін, басқа орталарда да осыған ұқсас іс-
әрекеттерді іздей бастадым» деп түсіндірген еді.
Лофландтың айтуынша, бірнеше жерде ұзақ уақыт бақылау жүргізу
оған жаңалық ашуға сеп болған. Ұзақ уақыт бақылау жүргізу арқылы ол
зерттеу ортасымен танысуға мүмкіндік алды. Осының нәтижесінде тұр-
ғындардың түрлерін танып, резиденттер, басшылар, клиенттер және жа-
ңадан келгендер арасында айырмашылықты анықтай алды. Егер оның
бақылаулары құрылымдалған болғанда, көптеген мінез-құлық модельде-
рін табуы екіталай болар еді. Алайда құрылымдалған бақылау Лофланд
бақылаған мінез-құлық модельдерінің ұзақтығы мен жиілігі сияқты әлеу-
меттік ақпараттың басқа да маңызды түрлерін табуға септігін тигізер еді.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Құрылымдалмаған бақылау мінез-құлық модельдерін анықтауға мүмкіндік береді.
Құрылымдалған бақылауды осы модельдердің ұзақтығы мен жиілігін өлшеу үшін пай-
далануға болады.
Көптеген далалық зерттеудің бастапқы кезеңі құрылымдалмаған ба-
қылаудан тұрады. Зерттеуші зерттеу ортасын неғұрлым терең түсінген
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
460
сайын, бақылаулары соғұрлым іріктелген әрі құрылымдалған бола бас-
тайды. Мысалы, зерттеуші бақылау жүргізетін орын мен уақытына,
зерттеу ортасының немесе мінез-құлықтың қандай нақты аспектілерін
бақылауға және бақылауды қалай жүргізуге, жазып алуға мұқият қарай
бастауы мүмкін. Зерттеу шегі осы тәсілмен белгіленгендіктен, мінез-
құлықты жіктеу үшін бақылау объектілері мен бақылау тізімдерінің ауда-
ны мен уақыты бойынша іріктеу түріндегі құрылым немесе өзге де күрде-
лі схемалар енгізілуі ықтимал.
Каларконың бастауыш мектеп балалары арасындағы әлеуметтік тап
пен көмекке жүгіну туралы далалық зерттеуі құрылымдалмаған бақылау-
дан құрылымдалған бақылауға көшудің жақсы мысалы болады. Басында
Каларко оқушылар мен қатарластары арасындағы, сондай-ақ оқушылар
мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты байқап, сыныптағы оқи-
ғаларды жазып отырды. Ол (отбасыларынан алынған сауалнамалар ар-
қылы) оқушылардың шығу тегі туралы дерек жинаған соң, көмекке жүгі-
нуі тұрғысынан оқушылар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынас-
та қызық айырмашылықты байқады. Далалық зерттеуінде соңғы 6 айда
оқушылардың көмекке жүгінуін жүйелі түрде санап шықты. Біріншіден,
бұрынғы бақылаулар негізінде көмекке жүгінудің бақылау категорияла-
рын қалыптастырды: көмек сұрау, түсіндірме, ақпарат және жұмысты
тексеру. Сосын төрт сыныптағы төрт сағаттық 16 сабақ кезіндегі көмек
туралы өтініштерді санады. Нәтижесінде орта таптың балалары жұмыс-
шы таптың балаларына қарағанда мұғалімдерден жиі көмек сұрайтын
болып шыққан.
Құрылымдалған бақылаудың артықшылығы – іріктеу мен өлшем қате-
сін қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл жалпылауға және сенімділік пен жа-
рамдылықты тексеруге көмектеседі. Біз мұны осы түрдегі бірнеше әлеу-
меттік зерттеуде көре аламыз. Мәселен, Альберт Рейстің (1967) қылмыс
пен құқық қорғау органдары туралы зерттеуін айтсақ болады. Рейс үш ірі
қалада қылмыс деңгейі жоғары сегіз аудандағы полиция мен азаматтар
арасындағы келісімді бақылады. Ол үшін Рейс әр қалаға 12 бақылаушы
мен қадағалаушы тағайындады. Рейс (1968: 358) полицияның азаматтар-
мен жасаған келісімі туралы ақпаратты жалпылау үшін бірнеше бірлікті
іріктеп алды: «аптадағы күндер, бір күндегі сағаттар мен учаскелік офи-
церлер құрамы». Ол сонымен қатар бақылауды жазып алу үшін стандарт
процедураларды қолданды. Бақылаудың әр 8 сағаттық кезеңінен кейін
бақылаушылар екі немесе одан да көп минутқа созылған әрбір кездесуді
кітапшаға жазып отырды. Әр кітапшада келісім туралы сұрақтар тізбегі
берілді. Рейс бақылауларды жүйелі түрде жазып және бірнеше бақылау-
шыны пайдалана отырып, бақылаушының нәсілі мен офицерлердің мі-
нез-құлқындағы ауытқулар туралы хабарламалардағы айырмашылықтар
арасында байланыс бар екенін көрсетті: ақнәсілді бақылаушылар қара-
нәсілді бақылаушыларға қарағанда қаранәсілді офицерлердің шамадан
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
461
тыс күш қолданғаны туралы көп шағынданбады. Осылайша құрылымдал-
маған бақылау зерттеуінде анықталмаған қатенің қайдан туындағанын
тапты.
Шектен тыс құрылымдалған бақылауда зерттеуші белгілеген бақы-
лау категориялары оқиғалардың мәнін көрсетеді деп саналады. Далалық
зерттеушілер бұл көзқарасқа қарсы болғандықтан, жұмыстардың көбі
«зерттеу барысында тиісті категориялар мен аналитикалық айырмашы-
лықтарды» дамытады және бақылауларды жазып алу үшін алдын ала бе-
кітілген, стандарт кестелерді пайдаланбайды (Emerson, 1981: 352).
3
Осы
тараудың өзге бөлігінде Рейстің (1967) зерттеуіне қарағанда неғұрлым аз
құрылымдалған далалық зерттеуге тоқталамыз.
Қатыса отырып бақылау
Далалық зерттеу әу бастан-ақ қатыса отырып бақылаумен тығыз байла-
нысты болды. Бұл әдістің мінсіз сипаттамасы бойынша бақылаушы зерт-
телетін адамдар күнделікті өміріне, оқиғаларға ұзақ уақыт бойы белсенді
түрде қатысады. Бұл бақылаушының белгілі бір жерде өмір сүруін немесе
жұмыс істеуін қажет етуі мүмкін. Бақылаушы топ немесе қауымдастық
мүшесі ретінде қабылданып, адамдармен сөйлеседі. Әрі «қалжыңдасып,
жанашырлық таныта алады және олардың проблемалары мен тәжірибе-
леріне ортақтасады» деп саналады (Bogdan and Taylor, 1975: 5).
Алайда бұл анықтама мұқият жасалған болса да, қатыспай бақылау
мен қатыса отырып бақылаудың арасында болмашы айырмашылық бар.
Бақылау зерттеулеріндегі құрылымның өлшемі сияқты қатысу да дәре-
жеге байланысты болады. Кейде тіпті мейрамханада отырып, ешкімге
қатарласпай-ақ бақылап отырған бақылаушы да сол жерде болғаны үшін
жағдайға әсер етеді; осылайша мұндай бақылаушы да қатысушы болып
саналады. Каларко, ең алдымен, бақылаушы болғанымен, сыныптағы мұ-
ғалімдермен және оқушылармен еркін қарым-қатынас жасап, кейде мұ-
ғалімдерге ұйымдастырушылық жұмыстарға көмектесіп те отырған.
Сондықтан далалық зерттеудегі бақылаудың осы екі түрін бір сызық-
тың екі ұшындағы нүкте деп қарастырған жөн. Сызықтың бір ұшында ба-
қылап жатқан топтың құрамына қатысатын бақылаушы орналасса, екін-
ші ұшында сол топтан алшақ тұрып бақылауға тырысатын қатыспайтын
бақылаушы тұр. Далалық зерттеуде толық қатыспау немесе толық қатысу
сирек кездесетін болғандықтан, қатысу «қаншалықты» деген сұрақтың
жауабына байланысты. Зерттеліп жатқан жағдайға толықтай қатысу ба-
қылап отырған оқиғаларды өзгерту және зерттеуші ретіндегі рөлін ұмы-
тып кету қатерін тудырады. Бірақ далалық зерттеушілердің айтуынша,
мұндай қатер қатысудан алынатын пайдаға қарағанда көп болмайды.
Жағдайды жақсы білмейтін кісі оқиғаларды қатысушыға қарағанда мүл-
дем басқаша түсінуі мүмкін.
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
462
Далалық зерттеушілердің түсінгісі келетін дүниесі ортақ түсінікке не-
гізделеді. Антрополог Розали Вакс (1971: 11) атап өткендей,
бейтаныс адамдарға жақындаған бір далалық зерттеуші көп ұза-
май бұл адамдардың айтып, істеп жатқандары бір-біріне түсінікті
болғанымен, зерттеушіге түсініксіз екенін байқайды. Бейтаныс кісі
нақты бір іс-қимыл жасағанда, жанындағы кісінің барлығы күледі.
Олардың арасында бұл іс-қимылдың нені білдіретіне қатысты ортақ
түсінік болғанымен, далалық зерттеушіде ондай түсінік жоқ. Егер
бейтаныс кісі жасаған іс-қимылының мән-мағынасымен бөліссе,
зерттеуші оларды «түсіне» бастайды. Ол зерттеу жүргізіп отырған
ортаға сіңіп, сол адамдар секілді ойлай бастайды.
Зерттеу жүргізіп отырған ортаға сіңіп, сол адамдардай ойлаудың ма-
ңызын бағалау үшін, өзіңізді далалық зерттеудің субъектісі ретінде елес-
тетіп көріңіз. Бір сәтке жұмыс орныңыз, сіз баратын клуб, шіркеу, сүйікті
мейрамхана яки сізге қатысы бар әлеуметтік тапты зерттеуші бақылау
жүргізетін зерттеу ортасы деп санайық. Енді топтың іс-әрекеті туралы
тиісті пайым жасау үшін зерттеуші білуге тиіс нәрселер туралы ойлаңыз.
Сол күйінде қабылдау үшін жұмыс туралы (үзілісте адамдар кофе ішетін
орындар аумақтық ықпал мен жұмыс орнының статусын нығайтуға қа-
лай қызмет етеді), клуб бизнесін жүргізу жайында (клуб басшысы мүше-
лердің пікіріне қалай әсер етеді), сіз баратын шіркеудің символдары (дін
теологиясы осы символдарға қандай мән-мағына береді), қандай да бір
тап өкілінің күнделікті іс-әрекеттері туралы (үстелде отыру мәдениетінің
әлеуметтік әдет-ғұрып тұрғысындағы мәні неде) немесе мейрамханада-
ғы клиенттер арасындағы айырмашылықтар туралы (қарапайым және
кездейсоқ келушілерге олардың қай жерде отыратынына байланысты
қызмет көрсету бойынша айырмашылықтар) не білесіз?
Сол зерттеуші орта мен ондағы жағдайды түсінуге себі тиер деп сізді
информант ретінде пайдаланған болуы мүмкін, дей тұрғанмен сіздің де
ұмыт қалдыратын, дәл не толық жеткізе алмайтын, тіпті байыбына бара
қоймаған ерекшеліктер болады. Қысқаша айтқанда, зерттеу аймағына
толықтай қатынаспай жағдайды түбегейлі түсіну қиын. Ал белсенді түрде
қатыссаңыз, зерттеу ортаңыз туралы барлық нәрсені білесіз.
Осылайша топтың ортақ түсінігін толығымен түсінудің бірінші қада-
мы – қатысушы немесе инсайдер болу. Уақыт өте келе қатысатын бақы-
лаушы екі түрлі әлеуметтік әлем (өзі шыққан және зерттейтін әлемі) тұр-
ғысынан ойлап, әрекет ете алуы қажет. Бірақ зерттеуші осы екі әлемнің
сыртына шыға аламын деп үміттенеді, өйткені әлеуметтік ғылымдағы
ғалым «аутсайдердің қоғамдағы модельдердің мән-мағынасын білмейті-
нін, инсайдердің қоғамға терең бойлағаны соншалық – модельдердің бар
екенін байқамайтынын» түсінуі керек (Wax, 1971: 3).
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
463
Қатысатын бақылаушы болу белгілі бір тәуекелдермен байланысты.
Бұл зерттеуші үшін эмоциялық күйзеліске толы тәжірибе болуы мүмкін
(қараңыз: J. Lofland т.б., 2006). Уильям Шаффир, Роберт Стеббинс және
Аллан Туровец (1980: 3) далалық зерттеуді «әдетте ыңғайсыз, кейде фи-
зикалық тұрғыдан қолайсыз, жиі тығырыққа тірейтін және белгілі бір
шамада шиеленіске толы» жұмыс деп сипаттайды. Зерттеушілер далалық
зерттеудің алғашқы күндерінде жағдайды зерттемес бұрын ыңғайсыз әрі
қолайсыз жағдайларға тап болуы мүмкін. Содан кейін өздерінің ішкі есебі
мен «бақылаушы» рөліне қатысты кедергілерге ұшырасуы ықтимал. Осы-
лайша зерттеушілер өзі бақылау жүргізіп жатқан адамдарды жек көріп,
зерттеуден бас тартуы яки зерттеп жатқан тобына қатты бауыр басып
зерттеуді тоқтатуы да ғажап емес. Соңында, осы далалық зерттеуде ұзақ
уақыт жүрген соң әрі тығыз байланыс орнатқаннан кейін зерттеушілер-
ге зерттеу орнынан кету қиынға соғады. Зерттеуге қатысу мен бақылау
жүргізудің талаптарын теңдей ұстау қиын болуы мүмкін.
Зерттеу жүргізіп отырған ортаға терең сіңіп, сол адамдарша ойлау үшін
сізді топ өз адамындай қабылдауы керек. Ал сіңіп кету үшін іс-шаралары-
на белсене араласуыңызға тура келеді. Алайда зерттеуші мен зерттеліп
жатқан адамдардың арасындағы шекараны анықтау қиынға соғады. Да-
лалық зерттеушінің физикалық тұрғыда қауіпті немесе моральдық және
заңды тұрғыдан күмәнді істерге қатысуы және оған куә болу үйреншікті
жағдай (Taylor, Bogdan and DeVault, 2016). Мысалы, Альберт Рейсс (1968:
362–63) өзі бақылап отырған полиция қызметкерінің полиция детективі
рөліндегі бақылаушыға жасаған шабуылын төмендегідей сипаттаған:
Полиция қызметкері екі азаматты тұтқындаған сәтте, олардың
бірі қаша жөнелді. Полиция қызметкері бақылаушыға таяғын беріп:
«Оны ұста» деді. Сол кезде бақылаушы қашқынның артынан қуып
кетті. Бақылаушы полицияның айтқанын орындап, қолға түскен
адамды патрульдік көліктің жанында ұстап тұрған кезде, тұтқын
қарсылық танытып, қашып кетуге тырысты. Содан кейін... бақылау-
шы азаматты таяғымен қорқытты.
Рейстің айтуынша, бақылаушы көмекші рөліне ерекше еніп кеткен.
Шынтуайтында, ол Рейс сияқты әрекет етуі керек, яғни таяқты алудан
бас тартып, полиция қызметкеріне бақылаушы екенін еске салғаны жөн
болар еді. Алайда субъектілер әдетте қатысатын бақылаушыларға топ-
тың «квази-мүшесі» ретінде қарап, полиция қызметкеріне күдіктіні ұс-
тауға көмектесуін сұрайды. Көмек көрсетуден бас тарту бақылаушының
субъектілермен қарым-қатынасына және оның далалық зерттеуін одан
әрі жүргізуіне қатер төндіруі мүмкін.
Бақылаушының қарым-қатынастағы арақашықтықты дұрыс сақта-
мауы мәселені одан сайын шиеленістіруі мүмкін. Әлеуметтанушы Дон
Зиммерман (personal communication, 1986) бірде өзі бақылап отырған
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
464
әлеуметтік қызметкерінің қамқоршысы тастап кеткен кішкентай баланы
тауып алғанына куә болды. Қызметкер баланы жалғыз қалдырып, жағ-
дайды баяндау үшін кеңсеге келген. Оның бастығы дереу полиция ша-
қырып, қызметкерге сөгіс жариялады. Балаға қамқорлық жасамағаны
үшін қызметкер мен Зиммерман қылмыстық жауапкершілікке тартылуы
мүмкін еді. Баланы тастап кеткеніне Зиммерман қанша қысылғанымен,
оның зерттеу жоспары бойынша әлеуметтік қызметкерлердің жұмысы-
на араласпауы керек еді. Осылайша ол зерттеу жоспары мен жеке құн-
дылықтары және азаматтық борышы бір-біріне кереғар келетін күрделі
этикалық дилеммаға тап болды. Айтпақшы, Рейстің көмекшісі полиция
қызметкеріне күдіктіні ұстауға көмектесу арқылы азаматтық борышын
орындады деп айтуға болады. Осы мысалдар көрсеткендей, қатысушы
мен бақылаушы рөлдері арасында тепе-теңдікті сақтау мәселесі біз ойла-
ғандай оңай әрі ұғынықты бола бермейді.
Құрылымдалмаған және жартылай құрылымдалған сұхбат
Далалық зерттеушілер зерттеп жатқан әлеуметтік әлемді бақылап, оған
қатысып қана қоймай, сол әлемдегі адамдармен әңгімелеседі. Кейде бұл
әңгімелер жай ғана әңгімелесуден тұрады, бірақ көбіне ресми сұхбат тү-
рінде өтеді. Екі жағдайда да сұхбат құрылымдалмаған немесе жартылай
құрылымдалған болады.
Далалық зерттеулерде сұхбат алу көптеген мақсатқа қызмет етуі мүм-
кін. Зерттеу ортасындағы нәрсенің бәрін бақылау мүмкін емес. Маңызды
оқиғалардың көбі зерттеуші бақылау жасамаған кезде болады және зерт-
теушіге қатысы жоқ өзге де маңызды ақпарат болуы мүмкін. Сондықтан
далалық зерттеушілер ақпарат алу үшін әдетте информанттар деп ата-
латын өзге қатысушылармен жүргізілген сұхбатқа сүйенеді. Сұхбат алу-
дың тағы бір маңызды мақсаты – топ мүшелеріне немесе қатысушыларға
оқиғаға қатысты сезімдері, оның себептері мен түсіндірмелері туралы
сұрақ қою. Оқиғаға қатысты көзқарастарын білу зерттеушінің қызығу-
шылығын арттырып қана қоймай, сондай-ақ зерттеушінің шығарған қо-
рытындысының жарамдылығын тексеруге ықпал етеді.
Далалық зерттеуде сұхбат алудың екі негізгі түрі бар. Сұхбат алудың
көбі бейресми түрде қарапайым әңгімелесу сияқты жүргізіледі және қа-
тыса отырып бақылаудың жалғасы болады. Бастапқыда мұндай кездей-
соқ сұхбат алу зерттеуші зерттеу ортасына бейімделуі үшін бағыт-бағдар
беретін сұрақтарды қамтуы мүмкін. Мысалы, «Мұны қайдан табуға бо-
лады?», «Ол кім?» немесе «Ол не істейді?» деген сұрақтардан бастала-
ды. Шынтуайтында, сұрақтар нақты іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы
ақпаратты кеңейту және терең мағынасын түсінуге бағытталады. Джон
Лофланд пен Лин Лофланд (1995: 70) далалық зерттеушілердің өздерінің
көп уақытын мынадай сұрақтар қоюға арнайтынын айтады:
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
465
Сіздің ойыңызша, ол мұнымен не айтқысы келді?
Олар не істеуі керек?
Олардың мұндай қадам жасауына не себеп болды?
Бұл не мақсатпен жасалды?
Содан кейін не болмақ____?
Егер олай болмаған жағдайда не болады____?
Бұл туралы не ойлайсыз____?
Кім жауап береді____?
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Далалық зерттеушілер шындыққа сол ортаның көзімен қарап, соларша ойлау үшін өз-
дері бақылап жатқан зерттеу ортасына қатысып, қатысушылардан сұхбат алады.
Зерттеушілер далалық зерттеуде біраз уақыт жұмыс істеп, жағдайды
түсіне бастағаннан кейін, адамдар туралы толық ақпарат алып, оқиға-
лар туралы әртүрлі көзқарастарды білу, сондай-ақ алынған ақпаратты
тексеру үшін информанттардан ресми сұхбат алады. Бұл көмекке жүгіну
туралы зерттеуде маңызды дереккөз болды. Каларко да мұғалімдермен
көптеген бейресми әңгіме өткізді. Сонымен қатар өзі бақылап отырған
12 сыныптың әрқайсысының мұғалімдерінен «оқушылардан не күтетіні
туралы және оқушылардың үйдегі өмірі, сабақ үлгеріміндегі әлсіз және
күшті жақтары және жетістіктері туралы сұрап» (Calarco, 2011: 866) рес-
ми сұхбат алды.
Ресми тереңдетілген сұхбаттар алдын ала жоспарланады, сауална-
малар барысында жүргізілетін сұхбаттарға қарағанда әлдеқайда аз құ-
рылымдалған және бірнеше сеансты қажет етіп, көп уақыт алады. Шы-
нында, бір немесе бірнеше субъектіден тереңдетілген сұхбат алу далалық
зерттеудегі негізгі дереккөзге айналуы мүмкін. Географиялық негізі жоқ
немесе нақты зерттеу ортасының шегінен шығатын құбылыстарды зерт-
теу үшін тереңдетілген сұхбат алу ең жақсы әдіс болуы мүмкін (Kleinman,
Stenross және McMahon, 1994; J. Lofland т.б., 2006). Бұл әдіс кейде шек-
теулі далалық бақылаумен, мысалы, созылмалы аурулар (Charmaz, 1991),
ажырасу (Kohler Riessman, 1990), жалғызбасты кедей аналар (Edin және
Lein, 1997) және ассимиляция мен мексикалық америкалықтардың бірін-
ші және екінші буыны арасындағы этностық бірегейлік (Vasquez, 2011)
туралы зерттеулерде тиімді қолданылды.
Тереңдетілген сұхбат айтарлықтай дайындықты қажет етеді және
зерттеуші зерттегісі келген нақты тақырыптар бойынша әрекет етеді.
Алайда далалық зерттеуде сауалнамадағы стандарт сұхбат кестесін жа-
саудың орнына сұхбат алушылар сұхбат жүргізу нұсқаулығын дайын-
дайды (J. Lofland т.б., 2006; Kvale, 1996). Сұхбат жүргізу нұсқаулығы
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
466
зерттеудің жалпы тақырыбынан, сондай-ақ далалық зерттеу барысында
қалыптасатын идеялар мен гипотезалардан туындайды. Нұсқаулық бел-
гілі бір қисынды ретпен жасалған тақырыптар тізімінен немесе тақырып
бойынша реттелген нақты сұрақтардан тұруы мүмкін. Екі жағдайда да
сұхбат әдетте нақты жағдайларға қатысты сұрақтардан информанттың
тәжірибесі мен оқиғалар туралы түсіндірмелерін анықтауға мүмкіндік
беретін абстракт және түсіндірме сұрақтарға ауысады. Сонымен қатар
сұрақтардың реті мен нақты тұжырымдалуы информанттың тәжірибесі-
не және әңгімелесудің жалпы барысына байланысты болады. Алдын ала
жасалған бірнеше сұрақтың ізімен жүріп отырудың орнына, сұхбат беру-
шінің жауаптары әдеттегі әңгімедегідей «зерттеушінің кейінгі сұрақта-
рын» қалыптастырады. «Зерттеуші сұрақтарды әр сұхбат берушіге арнап
дайындайды, кісінің білетін және оған талқылауға ыңғайлы тақырыпта-
ры бойынша сұрақ қояды» (H.J. Rubin and Rubin, 2012: 7).
Кэлвин Морриллдің (1995) корпорация басшылары арасындағы кон-
фликтілерді басқару туралы далалық зерттеуі далалық зерттеуде сұхбат
алуға жақсы мысал болады. Морриллдің жеке және топтық бақылауды,
сондай-ақ бейресми және ресми сұхбаттарды қамтитын далалық зерт-
теуіне 2 жыл уақыты кетті. Басшылармен және қызметкерлерімен бей-
ресми сұхбат олардың күнделікті жұмысы барысында жүргізілді. Осы сұх-
баттардың деніне көп уақыт кеткен жоқ, бірақ Моррилл мен информан-
ты арасындағы бейресми сұхбат бір сағат немесе одан да көп уақытқа со-
зылды (243). Әдетте Моррилл ақпарат алу үшін тікелей сұрақтар қойды,
бірақ «пікір білдіру арқылы сұхбат алу» (қараңыз: Zurcher және Sjoberg,
1982) деп аталатын процедураны қолданды. Мысалы, информанттан кө-
бірек ақпарат алу үшін информанттың сөздерін қайталады немесе «айт-
қаныңызды нақты түсінбедім» немесе «түсінбеймін» деген сияқты пікір
айтып отырды. Дәл осы әдіспен нақты жағдай туралы гипотезаларын сы-
най отырып, информанттардың пікірлерін білді.
Моррилл 30 минуттан 6 сағатқа дейін созылған ресми сұхбаттарды
түрлі жерлерде, мысалы, «басшылардың жеке кеңселерінде, тамақтану
орындарында және үйде» өткізді (241). Ол осы жартылай құрылымдал-
ған сұхбат үшін бірнеше сұрақтан тұратын алғашқы 30 сұхбатқа негіз-
делген сұхбат жүргізу нұсқаулығын әзірледі. Алғашқы сұрақтар инфор-
манттардың ұстанымы мен ұйымдастырушылық контексіне қатысты
болды.
Мысалы, «Қанша жұмысшы бар?», «Басқару бөлімінде қанша басшы
бар?» немесе «Сіздің міндеттеріңіз қандай?» (245) деген сұрақтар қойыл-
ды. Басшылар өз жұмысын сипаттап жатқанда Моррилл қарым-қатынас
туралы сұрақтарға зейін қойды, содан кейін менеджерлерді зерттейтін-
дер білгісі келетін тақырыптарға ойысты. Мысалы, «Басшының тиімді-
лігін арттыратын ерекшеліктер қандай?» немесе «Басшының тиімділігін
қалай таразылауға болады?» (246). Бұл сұрақтар информанттың жеке
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
467
басына қатысты сұрақтарды туындатады. Мысалы, оның білімі, жұмыс тә-
жірибесі және қазіргі қызметіне септігін тигізген күшті тұстары. Соңында
Моррилл жеке немесе қосымша сұхбаттар барысында корпорацияның
ішіндегі мәселелер туралы ақпарат алуға бағытталған сұрақтар қойды.
Бұл жағдайларды анықтағаннан кейін, ол «конфликтінің негізін, оның
басқарылуын және оған қатысқандарды, сондай-ақ олардың қарым-қа-
тынасы мен тегін» (244) білуге тырысты.
Моррилл мүмкіндігінше бірізділікті сақтау үшін әр басшыға осы сұрақ-
тарды қоюға тырысты. Бірақ барлық далалық зерттеуде қолданылатын
сұхбат сияқты сұрақтар негізінен зерттеудің нобайын жасауға арналды,
өйткені жағдайға қарай сұрақтың құрылымы мен тәртібін өзгертті. Мәсе-
лен, ұйымдағы конфликтілер туралы ақпаратты анықтағанда, толығырақ
мәлімет алу үшін информанттарға жүгінді. Кейбір информанттар сұрақ-
тарға құлықсыз жауап берді; басқалары әңгімеге құлшына кірісіп, өз кор-
порациялары туралы толық мәлімет берді, осылайша Морриллдің сұхбат
жүргізу туралы нұсқаулығындағы сұрақтарға жауап берді. Моррилл «қо-
балжымай, қызығушылық танытып, эмоцияға берілмеуге тырысқанын»
айтады (244). Ол далалық зерттеуде біраз уақыт жүрген соң құлықсыздық
пен өзара түсіністікке қатысты вербалды және бейвербалды сигналдарды
түсіне бастады. Соңында сұхбаттың тәмамдалуға таяған сәтінде басшы
әсіресе конфликтілерді жария еткеніне алаңдаушылық білдірсе, Моррилл
информантты тыныштандыру үшін сұхбатты дау-дамай туғызбайтын сұ-
рақтар қойып, ың-шыңсыз аяқтады: «Компанияның қазіргі мақсаттары
қандай?» немесе «Таяу және ұзақ мерзімде өз жұмысыңыздан не күтесіз?
(248).
Сапалық деректі талдау
Далалық зерттеулердегі негізгі деректер жазып алынған бақылаулардан
және информанттар мен сұхбат берушілердің стенографиялық мәлімде-
мелерінен алынған сөздер мен мәтіндерден тұрады. Басқаша айтқанда,
бұл деректердің сипаты сапалық болады; оларды сандық мәндерге айнал-
дыруға және статистикалық талдау жасауға болмайды. Сауалнамаларда-
ғы сандық талдаулар сияқты, сапалық деректі талдау дескриптив және
түсіндірме болады.
Далалық зерттеушілер зерттеп жатқан адамдар мен ортаны қатысушы-
лардың көзқарасы тұрғысынан сипаттауға тырысады. Мұны жасаудың бір
жолы – тікелей дәйексөзді пайдалану; басқа жолы – әлеуметтік контекст
туралы ақпарат беру. Бұл екі элемент те Каларконың көмекке жүгіну тура-
лы зерттеуінде айқын көрінеді. Бір жағдайды былай сипаттайды:
Оқушылар бұрыштарды сызу үшін транспортирді қолдана
отырып, практикалық есептер шығару бойынша жұмыс жасап
отыр еді. Данхэм ханым үй тапсырмасын тақтаға жазып жат-
қанда, ұзын, қара шашы бар, орта тап отбасынан шыққан Анна
есімді қыз көмек сұрады:
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
468
Анна Данхэмге қарап, дауыстап: «Данхэм ханым! Маған кө-
мек қажет! Данхэм ханым!»
Данхэм ханым сыныптың артқы жағында кілемнің үстінде
отырып, бұрышты сызуға тырысып жатқан Аннаға қарады. Дан-
хэм ханым басын изеп: «Мен қазір келемін» деді.
Анна қайтадан мұғалімге қарап: «Транспортирмен 170 гра-
дусты сыза алмай жатырмын» дейді.
Сол сәтте Данхэм ханым бірден Аннаның жанына келіп, оты-
рып транспортирді қалай ұстауды көрсетті (Calarco, 2011:869)
Сапалық талдау түсіндірме сөздерді немесе мәтін бөліктерін мағы-
налық бірліктерге кодтау, тақырыптар мен модельдерді анықтау, содан
кейін теориялық интерпретацияларды әзірлеу процесі арқылы жүзеге
асырылады. Бұл процесті осы тарауда далалық зерттеудің кезеңдерін
нақтылап алғаннан кейін талқылаймыз. Далалық жазбалар мен стено-
граммаларды оқу және қайта оқумен бірге, далалық зерттеушілер ана-
литикалық құрал ретінде компьютерлік бағдарламаларды жиі пайдала-
нады. Каларко (2011: 866–67) түрлі дереккөздерді, соның ішінде жазып
алынған бақылауларды, сұхбат жазбаларын және өзге де құжаттарды
кодтау және байланыстыру үшін ATLAS.ti бағдарламалық жасақтамасын
пайдаланды. Бұл бағдарлама «[оған] деректердегі жалпы тақырыптарды
анықтауға (көмекке жүгіну, түсіндіру, қол көтеру және үзіліс), жағдайлар-
ға және қатысушыларға байланысты қалай туындағанын бағалауға мүм-
кіндік берді.
Далалық зерттеудің кезеңдері
Жоғарыда атап өткеніміздей, ғылыми зерттеулердің нақты кезеңдер
ізімен жүруі сирек кездеседі. Бұл әсіресе далалық зерттеулерге қатыс-
ты. Десе де далалық зерттеушілер жұмысын жүйелі түрде жүргізбесе де,
олардың алдында тұрған бірқатар маңызды мәселені анықтай аламыз.
11.1-сызбада далалық зерттеуді жүргізу кезеңдері көрсетілген. Келесі бө-
лімдерде қарастырылатын негізгі мәселелер мыналар: (1) зерттеу орта-
сын таңдау, (2) зерттеу ортасына бару, (3) өзін таныстыру, (4) далалық
зерттеу барысында ақпарат жинау және (5) ақпаратты талдау және ин-
терпретацияның теориялық схемасын әзірлеу. Жалпы шолу жасау үшін
алдымен далалық зерттеудің түйіндемесін жасаймыз.
Үйсіз-күйсіздер туралы далалық зерттеу
1970 жылдардың ортасынан бастап АҚШ-та үйсіз-күйсіздер санының ар-
туына қатысты дәлелдер қоғамдық қызығушылық пен пікірталас тудырды.
Әлеуметтік ғылымдар саласындағы зерттеушілер бүкіл елдегі қауымдас-
тықтардағы үйсіздер мәселесін зерттей бастады. Осы зерттеулердің ортақ
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
469
екі ерекшелігі болды: (1) олар анкеталық сауалнамаларға негізделді және
(2) негізінен үйсіз-күйсіздердің психикалық ауру және маскүнемдігі сияқ-
ты жеке ерекшеліктері мен мүгедектігін сипаттады (Snow және Anderson,
1991: 150). Алтыншы тарауда талқыланған Питер Россидің 1989 жылғы
зерттеуінде қолданылған іріктеу дизайны осы тәсілге мысал болады. Росси
Чикагоның баспанасыз жиынтық саны мен ерекшелігін бағалау үшін
кездейсоқ таңдалған үйсіз-күйсіз адамдармен жүргізген 15–20 минуттық
сұхбатты пайдаланды. 1980 жылдардың ортасында шамамен бір жарым
жыл бойы Дэвид Сноу мен Леон Андерсон (1987, 1991) Техас штатының
Остин қаласында тұратын немесе осы қаладан өткен сондай адамдар ту-
ралы далалық зерттеу жүргізді. Үйсіз-күйсіздер туралы басқа зерттеулер-
ден айырмашылығы, олар үйсіз-күйсіздердің бастан өткізген көше өмі-
рінің табиғатын түсінуге тырысты. Атап айтқанда, олардың күнделікті
өмірлерін қалай өткізетінін, яғни өмір сүру үшін қолданған тәсілдері мен
Зерттеу ортасын
таңдау
Зерттеу ортасына
кіру
Өзін таныстыру
Далалық кәсіби
жазбаларын жазу
Талдау жасау
Тақырыпты таңдау
Рөлдерді белгілеу
Далалық зерттеу
орнынан кету
Талдауды бастау
Есеп жазу
11.1-сызба. Далалық зерттеу жүргізу кезеңдері
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
470
стратегияларын және осы тәсілдер мен стратегияларды қалыптастырған
факторлар туралы білгісі келді. Үйсіз-күйсіздер туралы далалық бақылау
1984 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1985 жылдың 31 тамызына дейін,
1 жыл бойы негізгі этнограф Андерсонның қатысуымен бірге жүргізілді.
Андерсонның стратегиясы «он екі ай ішінде күн сайын мүмкіндігінше көп
үйсіз-күйсіз адаммен әртүрлі жағдайда (тамаққа және бас сауғалайтын
жер үшін кезекке тұрғанда, көпірлердің астында, саябақтарда, жұмыс
орындарында) уақыт өткізу, олармен «әңгімелесу» болды» (1987: 1342).
Нә-тижесінде 168 үйсіз-күйсіз адаммен 24 түрлі жерде 400 сағаттан астам
уақытын өткізді. Сонымен қатар Сноу полиция қызметкерлерімен, жер-
гілікті саяси шенеуніктермен және үйсіз-күйсіздерге қызмет көрсететін
агенттіктердің қызметкерлерімен әңгімелесіп, сұхбаттасуға 200 сағат уа-
қыт жұмсады.
Негізгі деректер үйсіз-күйсіз адамдарды тікелей бақылауға және өза-
ра қарым-қатынасқа, әсіресе олардың әңгімелерін тыңдауға негізделген.
Андерсон ара-тұра сұрақтар қойып, зерттеу жүргізген болса да, негізінен
мұндай адамдарды тыңдаудың екі әдісіне ерекше көңіл бөлді: (1) байқат-
пай тыңдау (тамаққа кезекке тұрғанда басқаларды тыңдау) және (2) екі
немесе одан да көп үйсіз-күйсіз адаммен өзара қарым-қатынас орнатқан
кезде әдеттегі әңгімелесу барысында тыңдау. Осы адамдардың кейбірі Ан-
дерсонның зерттеуші екенін білсе, кейбірі білген жоқ. Десе де зерттеу ор-
тасы мен адамдардың реакциясы табиғи күйін сақтап қалды. Үйсіз-күйсіз
адамдар Андерсонның кім екенін білсе де, «көшеде олармен бірге жүріп,
ескі киім киіп, олардың аяқкиімін киіп жүргендіктен» (1987: 1343), оның
зерттеуші екенін ұмытып кетті.
Бақылау мен әңгімелесу барысында алынған деректер екі кезеңде жа-
зылды. Біріншіден, Андерсон далалық зерттеуде жүргенде нақты оқиға-
ларды ұмытпау үшін есіне сақтап, негізгі тіркестер мен сөздерді жазды.
Екіншіден, далалық зерттеу орнынан шыққанда осы ақпаратты егжей-
тегжейлі етіп жазып шықты. Андерсон осы процеске көмек ретінде дала-
лық зерттеудегі тәжірибесі туралы қысқаша баяндау, өзінің әдіснамалық
және теориялық нәтижелерін талқылау және одан әрі бақылау жоспарла-
рын жасау үшін Сноумен жиі кездесті.
Зерттеу барысында Сноу мен Андерсон Остин көшелеріндегі әлеумет-
тік орта мен үйсіз-күйсіз адамдардың түрлерін анықтауға тырысты. Бұл
вариацияны арттыруға бағытталған іріктеу стратегиясына қызмет етті.
Вариацияны арттыру бойынша, олар «мүмкіндігінше үйсіз-күйсіз көп
адамның күнделікті өміріне қатысты түрлі жағдайда» бірге уақыт өткізуі
керек еді (1991: 155).
Бастапқыда олар күнделікті жазбаларын үш негізгі кодтау категория-
сына бөлді: негізгі мақсатты орталар (Құтқару армиясы, қан орталық-
тары, саябақтар, барлар), мәдени салалар (ішімдік пен алкоголь, ұйқы
және паналайтын орында, жұмыс, әлеуметтік қарым-қатынас) және
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
471
үйсіз-күйсіз адамдар. Әр ақпарат осы категориялардың біреуіне немесе
бірнешеуіне қатысты болды. Алайда олар көп ұзамай «үйсіз-күйсіздердің
күнделікті өмірі үшін кейбір орталар мен салалардың өзгелеріне қараған-
да маңызды екенін» анықтады (1987: 1345). Олардың бірі бірегейлік пен
мендік тұжырымдамасы болды. Сноу мен Андерсон үйсіз-күйсіздердің
адамға өзін-өзі құрметтеу және қадір-қасиет қалыптастыратын жеке бі-
регейлік мәселесі туралы көп айтатындарын көріп таңғалды.
Олар «бірегейлік туралы әңгіменің» түрлі модельдерін анықтады.
Олардың бірі «қауымдастықтан алыстау» деп аталды, мысалы, үйсіз-күй-
сіз адамдардан әлеуметтік категория ретінде бөліну. Мәселен, көшеде
екі аптадан аз уақыт жүрген бір адам «Мен Құтқару армиясында жүрген
адамдар сияқты емеспін. Егер үйсіз-күйсіздер туралы білгіңіз келсе, олар
туралы сізге айта аламын; алайда сіз мені зерттеп, үйсіз-күйсіздер туралы
шынымен ештеңе біле алмайсыз, себебі мен өзге адаммын», – деді (1987:
1349). Олар тағы бір модельді «ойдан шығарылған әңгіме» деп атады. Бұл
кісінің нақты бастан кешірген тәжірибелері мен жетістіктері туралы оқи-
ғаларды қамтиды, мысалы, (1) бұрынғы немесе қазіргі жалақы туралы
жалған ақпарат және (2) болашақ туралы қиялдар. Мысалы, кейбір үйсіз-
күйсіз адамдар бақуатты болуды армандаған. Олардың бірі былай деді:
«Мені есінен адасқан деп ойлап, күлуіңіз мүмкін, бірақ мен бай-бақуатты
боламын. Мен мұны білем. Менде сондай сенім бар. Мұны сізге түсіндіре
алмаймын, бірақ өзімді солай сезінемін» (1987: 1361).
Өзге де көптеген маңызды нәтижелер алынды, бірақ оларды қарас-
тыру осы мысалдың мақсатына, яғни далалық зерттеу жүргізу процесін
көрсетуге сай келмейді. Тараудың өзге бөлігінде Сноу мен Андерсон зерт-
теуінің басқа да ерекшеліктеріне назар аударып, толығырақ тоқталамыз.
Зерттеу ортасын таңдау
Зерттеу жүргізу үшін бір жерден бастау керек; далалық зерттеуші үшін
бірінші мәселе – қай жерден бастайтыны туралы шешім қабылдау. Зерт-
теу жүргізу үшін тиісті орынды қалай таңдайсыз? Стивен Тейлор, Роберт
Богдан және Маржори де Воут (2016) қатыса отырып бақылау жүргізуге
қатысты тиісті орын зерттеушінің қызығушылығымен байланысты, ба-
руға оңай және информанттармен дереу қарым-қатынас орнатуға мүм-
кіндік беретіндей болуы керек дейді. Алайда мұндай орын көбіне табыла
бермейді. Үйсіз-күйсіздер туралы зерттеу алғашқы екі критерийге жауап
береді. Зерттеу орны (Техас шатының Остин қаласы) Сноу мен Андерсон
профессор болып жұмыс істейтін және өздері студент болған Техас уни-
верситетінің орналасқан жері еді. Остин жақын орналасқаны үшін ғана
емес, сондай-ақ 1980 жылдардың ортасында онда тұратын үйсіз-күйсіз-
дердің санының көп болуы және оның жедел артуына байланысты зерт-
теу мақсаттарына сай келді. Алайда зерттеушіге бөтен адам ретінде кез
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
472
келген ортаға кіріп, қарым-қатынас орнату қиын болады. Сонымен қатар
далалық зерттеу басшылыққа алатын зерттеу сұрақтары нақты зерттеу
ортасын көрсете бермейді. Шынында, зерттеушілердің қызығушылығына
сай келмейтін зерттеу орталарына баруы жиі кездеседі (Geer, 1964). Де-
мек, зерттеу ортасы өзі зерттеу қызығушылығына әсер етеуі мүмкін, өйт-
кені зерттеуші зерттеу ортасына келіп, бақылау жүргізе бастағаннан ке-
йін, қандай теориялық мәселелерді зерттеуге болатынын біле бастайды.
Зерттеушінің зерттеу ортасына қаншалықты қатысқанына қарамас-
тан, зерттеу ортасы бақылау жүргізуге мүмкіндік беретіндей болуы ке-
рек. Зерттеуге қатысушыларға зерттеліп жатқанын айту арқылы зерт-
теу ортасының табиғи күйін өзгертпеу қатыспай зерттейтіндер үшін де
маңызды. Қатыса отырып бақылайтындар табиғи түрде қатыса алатын
және оңай қабылданып, айналасын біршама танитын зерттеу ортасын
таңдауы қажет. Ақырында зерттеудің осы түріне қажет уақытты ескере
отырып, зерттеу ортасы барынша ашық болуы керек.
Осы критерийлер далалық зерттеуді жаңадан бастап жатқандарға қо-
лайлы зерттеу ортасын таңдауға кеңес береді. Бұл міндетті түрде етене
таныс зерттеу ортасын таңдау керек дегенді білдірмейді. Тікелей жеке
немесе кәсіби қызығушылығы бар таныс зерттеу ортасында зерттеуші-
лер көбіне жеке көзқарасы мен сезімдерінің аясынан шыға алмау мәсе-
лесімен бетпе-бет келеді (Taylor, Bogdan және DeVault, 2016). Таныс жерді
жаңа орта ретінде қарастыру және таныс ортаны зерттеуші ретінде бақы-
лау қарапайым қатысушы ретінде бақылауға қарағанда өте қиын. Десе де
Джон Лофланд пен оның әріптестері (2006: 9) далалық зерттеуді бастау
үшін ең жақсы орын «өзіңіз тұратын жер» болуы мүмкін деп санайды. Олар
далалық зерттеудің елеулі бөлігі зерттеушінің «қазіргі өмірбаянындағы»
оқиғалардан туындайтынын айта отырып, «жұмыс; дене жарақаты; жа-
қын қарым-қатынасты дамыту, жоғалту немесе қолдау; ауру; сүйікті іс;
өмір сүру тәртібі – осы және өзге де көптеген ықтимал жағдай зерттеуі-
ңізге болатын тақырыптар ұсынады» дейді (9–10). Осылайша Лофланд
пен оның әріптестері үшін сіздің қай жерде тұратыныңыз – әлеуметтік
ортаға қатысты қызығушылық және қолжетімділік мәселесі.
Бұл тәсіл 1920, 1930 жылдары студенттерге өз тәжірибелеріне сүйе-
ну мен қаланы өздерінің «зертханасы» ретінде пайдалануды ұсыну Чи-
каго университетінде пайда болды. (қараңыз: 11.1-қосымша). Митчелл
Дюнейердің (1992) Чикаго университетінің магистранты ретінде өзі та-
мақтанатын кафетериядағы «слимнің үстеліне» келіп жиі тамақтанатын
жігіттер туралы зерттеуі осы тәсілге мысал болады. Юлий Роттың (1963)
туберкулезбен ауыратын науқастың тәжірибесіне сүйене отырып, ау-
руханадағы уақыттың өтуі туралы зерттеуі; Лоуренс Уэллдің (1994) ма-
гистратурада оқып жүргенде жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс іс-
теген жеріндегі жүргізушілер туралы зерттеуі және ортодоксалды еврей
ретінде зерттеуін жоспарламай тұрып синагогаға бара бастаған Самуэль
Хейлманның (1976) «Синагогадағы өмір» атты зерттеуі «тұратын
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
473
жеріңнен бастау» туралы тәсілге қатысты басқа мысалдар (қараңыз: J.
Lofland т.б., 2006:11). Осы мысалдардың әрқайсысында зерттеуші өз
зерттеу ортасын жақсы білетін, бірақ зерттеуді жаңа зерттеуші ретінде
бастағандықтан, зерттеу ортасын қаншалықты жақсы білетіні оның ба-
қылауына кедергі келтірмеді.
11.1-қосымша. Далалық зерттеудің пайда болуы
Заманауи далалық зерттеудің шығу тарихы антропология мен әлеуметта-
нудағы бір-біріне қатысы бар екі дәстүрге байланысты.* Этнографиялық
далалық зерттеу жұмысын, жергілікті тілді үйрену арқылы жергілікті мә-
дениетті зерттеуді және жергілікті өмірге қатыса отырып, бақылау жүр-
гізуді қазіргі антропологияның негізін қалаушылар неміс ғалымы Франц
Боас (1858–1942) және поляктан шыққан британдық әлеуметтік антропо-
лог Бронислав Малиновский (1884–1942) қалыптастырды. Осы екі адам-
ның жұмысынан бұрын антропология негізінен барлаушы, миссионер
және отарлық шенеуніктердің деректеріне сүйенетін пән еді.
Байырғы америкалықтарды зерттеген Боас Батыс мәдениетіндегі бұр-
малау жергілікті өмірді түсінуге қалай әсер еткеніне қызығушылық таныт-
ты. Ол жергілікті халықтар арасында тұрып, олардың тілін үйрену арқылы
ғана әлемді жергілікті халықтардың көзқарасы тұрғысынан көруге бола-
тынына сенді. Ауқымды далалық зерттеулер үшін Тынық мұхиты аралда-
рына барған Малиновский далалық жұмыстарын қалай жүргізгені туралы
егжей-тегжейлі түсіндірген алғашқы антрополог болды. Осы екі далалық
зерттеуші мәдени антропологияның бүкіл саласына қайта бағыт берді.
Осы екі ғалым мен студенттерінің (Маргарет Мид, Рут Бенедикт, Альфред
Кребер) әдіснамасы мәдениетке жергілікті іштегі көзқарасынан қарауға
мүмкіндік берді. Субъектінің көзқарасын түсінудегі бұл мақсат далалық
зерттеудің басты ерекшелігі болып қала береді.
Заманауи далалық зерттеулердің тағы бір маңызды көзі – әлеуметтану-
дың әлеуметтік реформа дәстүрі. Бұл дәстүр әлеуметтанудың өзі сияқты
көне. Алайда XIX ғасырдың соңында ол эмпирикалық бағытқа айналды,
өйткені әлеуметтік реформаторлар мен әлеуметтанушылар алдымен әлеу-
меттік сауалнамаларға, содан кейін негізінен далалық бақылауға негіздел-
ген түрлі әдіснамаға жүгінді. АҚШ-та далалық бақылауға негізделген тәсіл
Чикаго әлеуметтану мектебі деп аталады. Осы мектептің негізгі өкілде-
рінің бірі У. Томас (1863–1947) еді. Ол әріптесі Флориан Знаниецкимен
бірге «Еуропа мен Америкадағы поляк шаруасы» (The Polish Peasant in
Europe and America, 1918) атты атақты еңбегін жариялады. Бұл жұмыс
түрлі әдісті, соның ішінде хаттар мен өмірдегі оқиғаларды зерделеуді пай-
далана отырып, далалық зерттеу тәсіліне өз үлесін қосты. Сондай-ақ Томас
адамның саналы теориялық талдаудың бір бөлігі ретінде «жағдайға анық-
тама беруін» түсінудің маңыздылығын алға тартты.
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
474
Дегенмен далалық зерттеудің қазіргі әлеуметтанудағы орнын анықта-
ған Томас емес, Роберт Парк (1864–1944) еді. Германияда білім алып, жур-
налист ретінде жұмыс істеген Парк ұзақ жылдар Чикаго университетінің
әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі болды. Парк пен оның Чикагода-
ғы әріптестері қаланы әлеуметтік зертхана ретінде пайдаланған зерттеу-
шілер буынын қанаттандырды. Олар қалта ұрылары, полиция, жастардың
бұзақы топтары, еврей геттолары, үйсіз-күйсіздер, қаңғыбастар мен өзге
де топтар мен аудандарды зерттеді. Қала өміріндегі халықтың көп болуы-
ның табиғи салдары деп қарастырған мәселелерді шешу мақсатын бас-
шылыққа ала отырып зерттеу жүргізді. Парктің қатыса отырып бақылау
жүргізген зерттеушілері Боас пен Малиновскийден шабыт алып, түрлі мә-
дениет туралы түсінігімізді кеңейткен этнографтар сияқты сан алуан қа-
лалық субмәдениетті түсінуімізге өз үлесін қосты деп айтуға болады.
*Бұл ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында әлеуметтік зерттеудің өзіндік әдісіне ай-
налғанына қарамастан, далалық зерттеудің кейбір аспектілері жазылған тарих сияқты бұ-
рыннан бар (қараңыз: Hughes [1960] және Wax [1971]).
«Тұрған жеріңнен бастау» тәсілі әртүрлі жолмен зерттеушінің жұмы-
сын жеңілдетеді. Далалық зерттеу оңай іс емес. Жақсы далалық зерттеуші
әрдайым бейтаныс информанттардың жанында өзін жақсы сезіне алатын
және информанттардың да өздерін жайлы сезінулеріне мүмкіндік жасай
алуы керек. Өзара түсіністікті дамыту қабілеті – кісінің бәрінде бірдей дә-
режеде болатын дағды емес. Демек, оңтайлы жер зерттеушіге ыңғайлы
болуға мүмкіндік беретін орын болуы мүмкін.
Респонденттермен байланыс орнату
Зерттегіңіз келетін топты қалай табасыз? Бұл сұраққа жауап бірінші ке-
зекте топтың немесе ортаның сипатына байланысты болады. Егер бұл
зерттеу ортасы ресми ұйым болса, далалық зерттеуде гейткипер деп ата-
латын жауапты адамдардан рұқсат алу қажеттігі туындайды. Зерттеуші-
нің кепілдік бере алатын досы болса, рұқсат алу оңай болуы мүмкін неме-
се зерттейтін ұйымға барып, ерікті болып жұмыс істеп бағын сынап көру
арқылы рұқсат алуы мүмкін.
Егер зерттеу ортасы қоғамдық жер болса (саябақ, көше қиылысы, қо-
ғамдық дәретхана), бақылау жүргізу үшін рұқсат алу керек емес, сонда
да полицияға немесе өзге де тиісті органдарға не істеп жатқаныңыз ту-
ралы хабарлағаныңыз жөн болар. Үйсіз-күйсіздер туралы зерттеуде Сноу
әріптесі Андерсонға бірнеше зерттеу ортасына заңды түрде рұқсат алып
берді. Егер зерттеу ортасы жартылай қоғамдық жер болса (мысалы, бар,
театр, дүкен), зерттеуді бастамас бұрын сол жердің менеджерімен немесе
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
475
иесімен сөйлескен дұрыс. Өзіңіздің жақсы тұстарыңызды көрсетпей қо-
ғамдық орындарда ұзақ уақыт зерттеу жүргізу мүмкін емес. Бос сенделіп
жүрген бақылаушыны полиция тұтқындауы немесе дүкенге ұрлыққа түс-
келі жүр деп күдіктенуі мүмкін. Андерсон бір күні кешке екі үйсіз-күйсіз
кісімен қоғамдық жерде ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін
тұтқындалып, түрмеге қамалды. Сол күні түнде Андерсон кепілдікпен
түрмеден босатылды, полициямен сөйлескеннен кейін «қамауға алу тура-
лы жазба полиция құжаттамасынан шығарылып, қамауға алған қызмет-
керге ескерту жасалды» (Snow, Benford and Anderson, 1986: 395). Сондық-
тан сіздің ісіңізге күдікпен қарайтын адамдармен жақсы қарым-қатынас
орнату керек.
Зерттеуге қатысушы ретінде адамдармен қарым-қатынас жасаудың
және қажет болған жағдайда топтың қабылданған мүшесі болудың жолын
табуға тура келеді (Taylor, Bogdan және DeVault, 2016). Қарапайым кеңес –
жай ғана адам көп жүретін жерде отырып, адамдарды еркін түрде әңгі-
меге тарту керек. Андерсон Остиндегі үйсіз-күйсіздерге арналған жалғыз
қоғамдық баспана «Құтқару армиясының» ғимаратының алдында жүріп,
бейтаныс адамдармен сөйлесе бастады. Алайда ешкімге зияны тимейтін-
дей көрінген бұл тәсіл қиындықтар туындатуы мүмкін. Адамдар бейта-
ныс адамнан аулақ жүруге тырысатындықтан, зерттеушілердің ниетін
жаңсақ түсінуі мүмкін. Сондықтан оларға мұқият болу керек. Уильям Фут
Уайттың (1993) Бостонның италиялықтар тұратын ауданында жүргізген
классикалық далалық зерттеуін қарастырайық. Барға барып, бір әйелді
әңгімеге тартып, оған ішімдік алып беріп, көп нәрсе білуге болатыны ту-
ралы кеңес берілгеннен кейін, Уайт осы тәсілді қолданып көргісі келді. Ол
барға барғанын былай еске түсіреді:
Біраз қобалжып, баспалдақпен барға және ойын-сауық ала-
ңына қарай көтеріліп, айналама қарадым. Әйелдер көп екен,
бірақ ешқайсысы жалғыз емес еді. Кейбір әйелдер еркектермен
отыр еді, ал екі немесе үш әйел бірге отыр екен.
Біраз ойланып тұрдым. Әйелдердің бірін әңгімеге тарта ала-
тыныма сенімді емес едім, ал бір уақытта екі әйелмен бірдей
сөйлесу тіпті қиын көрінді. Сонда да бағымды сынап көруге бел
будым. Қайтадан айналама қарадым. Бірге отырған бір еркек
пен екі әйелге көзім түсті. Бұл жерде бір әйел артық, сол жерге
барғаным дұрыс болады деп ойладым. Оларға жақындап былай
дедім: «Кешіріңіздер. Қарсы болмасаңыздар, сіздерге қосылсам
бола ма?» Ер кісі маған бір сәт үнсіз қарап тұрды. Сосын ол маған
жанына отыруға рұқсат берді (1993: 289).
Кейінірек Уайт «Док» деп атайтын кісімен қоғамдық қызметкер ретін-
де танысты. Ол Уайтқа «Корнервилль» қауымдастығына кіруге көмектес-
ті. Док Уайттың ең жақын досы, демеушісі және негізгі ақпарат көзіне
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
476
айналды. Қауымдастыққа кіруге мүмкіндік беретін мұндай кісілерді да-
лалық зерттеушілер негізгі информаторлар деп атайды. Док Уайтты ау-
дандағы адамдармен таныстырды. Сондай-ақ қауымдастықта Докты бар-
лығы жақсы танитын. Доктың досы ретінде танысқаннан кейін аудандағы
адамдар Уайтты өздеріне қосты. Десе де Уайт Доктың арқасында жүрді,
егер Док қауымдастықта танымал кісі болмағанда, оған қиын болар еді.
Бейтаныс топтағы байланыс орнатқан кісілерге сенуден бұрын, сіз та-
нысқан кісінің топ ішінде қаншалықты танымал екенін біле алмау – бас-
ты мәселенің бірі. Мартин Уайнберг пен Колин Уильямс (1972) топтың
ішінде танымал кісіге қарағанда ешкімге аса таныс емес кісімен танысу-
дың оңай екенін айтады. Далалық зерттеудің басында көп зерттеуші жаңа
ортада өздерін ыңғайсыз әрі жалғыз сезінеді. Топтың маргинал мүшелері
де сол сезімде болуы мүмкін, сондықтан олармен байланыс орнату оңай
болады. Уайнберг пен Уильямс нудистер туралы далалық зерттеуінің ал-
ғашқы күндегі оқиғаны былай сипаттайды (172): «Бірінші күн... зерттеу-
ші бойдақ еркекпен көп уақыт өткізді, кейіннен оның жаман аты шыққан
кісі екенін білді. Осы және өзге де жалғызбасты еркек нудистер басқа-
лардың әйелдеріне қарау үшін келеді». Мұндай жағдайлар далалық зерт-
теушілерге қиындық туғызады. Біреумен достасар алдында мұқият болу
керек. Сонымен қатар аутсайдер өзгелердің достық ниетін қабыл алмау
арқылы оларды ренжіте алмайды.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Далалық зерттеушілер өз қызығушылықтарына сәйкес келетін баруға оңай орындар-
ды таңдайды; достары және демеушілері арқылы ұйымдар мен қауымдастықтарға
кіре алады.
Информанттардың зерттеу ортасы немесе қауымдастық туралы көз-
қарасы қандай екенін білу маңызды. Себебі олар зерттеу нәтижелеріне
әсер етеді. Уильям Лабов (1973) мұны «ақсақ болудың лингвистикалық
салдары» деп атаған мәселе тұрғысынан талқылайды. Лабов бір топ қара-
нәсілді жігіттердің лингвистикалық әдеттерін зерттегенде, оған инфор-
мант ретінде көмектесуге дайын болған ер адамдардың топтағы марги-
нал адамдар, бір сөзбен айтқанда, «ақсаусақтар» екенін анықтады. Осы-
лайша қаранәсілдердің арасында лингвистикалық модельдерге қатысты
тұжырымдар топтағы маргинал информанттардың әдеттерін көрсетуі,
осы себепті нәтижені жалпылау шектелуі мүмкін.
Уайттың қауымдастықта қарастырған зерттеу ортасы мен жағдайлар
жеке орындар еді: үйлер, әлеуметтік клубтар, саяси науқандық митин-
гілер және заңсыз кәсіпкерлік әрекеттері жасалатын жерлер. Ол әлеу-
меттік қызметкермен байланыс орнату арқылы осы ортаға кіре алды.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
477
Әлеуметтік қызметкер оны Докпен таныстырса, Док оны «көшенің ба-
лаларымен», саясаткерлермен және рэкеттермен ұшырастырды. Ал олар
Уайтты басқа адамдармен таныстырды. Осылайша «жентек қар» іріктеуі –
зерттелуі қиын қауымдастықтардың ішкі өміріне кірудің негізгі тәсілі. Оны
жүзеге асырудың кілті – қай жерден бастау керек екенін білу. Кейбір жақсы
стратегиялар мыналарды қамтиды: достарың жеке кісілермен таныстыра
алар-алмасын тексеру; жергілікті дүкендер мен нысандарды пайдалана
отырып қауымдастыққа кіру және қоғамдық жиындарға қатысу; қауым-
дастыққа қызмет көрсететін шіркеу, балабақша және аудан орталықтары
айт осы жерден бастады) сияқты агенттіктерге бару; жергілікті газет-
ке өз зерттеу қызығушылығы туралы жарнама беру (Taylor, Bogdan and
DeVault, 2016: 48).
Өзін таныстыру
Зерттеу орнына кіру мәселесі далалық зерттеуде өзіңізді қалай танысты-
ратыныңызға байланысты. Мәселенің кей аспектілері зерттеуші зерттеу
ортасына кірмей тұрып шешілуі керек, ал өзге аспектілерді толық болжау
мүмкін емес, олар зерттеу барысында пысықталады.
Зерттеу ортасына кірудің жолын қарастыруда өзіңізді зерттеу бары-
сында қалай таныстыратыныңызды және зерттеу ортасындағы кісілер-
мен қалай қарым-қатынас орнататыныңызды анықтауыңыз керек. Бұл
мәселе қандай рөлді немесе рөлдерді ойнауыңызға байланысты болады.
Рөлдер стратегиялық болады, өйткені зерттеушінің қандай ақпарат жи-
най алатынына әсер етеді. Сіз қабылдайтын рөл қайда бара алатыныңыз-
ды, не істей алатыныңызды, кіммен қарым-қатынас орната алатыныңыз-
ды және не туралы сұрап, не айтуға болатынын анықтайды.
Бақылаушы/қатысушы рөлдер
Басқа рөлдермен байланысы бар төрт «басты рөл» ғылыми бақылаушы
мен қатысушының позициясынан туындайды (R.L. Gold, 1958; Junker,
1960). Сызықтың бір ұшында толық бақылаушы тұр. Ол – жоғарыда си-
патталған қатыспайтын бақылаушы. Сызықтың екінші ұшында толық
қатысушы тұр. Ол зерттеу тобының толық қабылданған мүшесіне айна-
лып, бақылаушы рөлін жасырады. Осы екі жағдайда да зерттеуші өзінің
шынайы болмысын бақыланатын топтан жасырады. Бұл зерттеу бары-
сында туындауы мүмкін мәселенің алдын алады және оның өзге де ар-
тықшылықтары бар: толық бақылаушы үшін екі рөлдің арасында тепе-
теңдікті сақтауға тырысудан гөрі бір рөлді ойнау оңай; толық қатысушы
бақылаушы рөлін ойнамай-ақ ақпаратқа қол жеткізуі мүмкін. Зерттеуші-
нің шынайы болмысын жасыруының кемшіліктері де бар: бақылаушы ба-
қылап жатқан топқа сұрақ қойып, кейбір мәселелерді нақтылағысы келуі
мүмкін, ең бастысы мұндай жасырын зерттеуде әрдайым этикаға қатыс-
ты мәселелер көтеріледі.
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
478
Зерттеу ортасы бәріне ашық, кез келген адам қатыса алатын қоғамдық
орын болғанда жасырын зерттеуден ешқандай этикаға қатысты мәселе
туындамайды (J. Lofland т.б., 2006). Бұл жағдайда бақылау жүргізілетін
адамдарға ешқандай зиян келмейді, зерттеуші пассив бақылаушы болуы
мүмкін және зерттеушінің өзінің кім екенін жасыруы алдаудың жұмсақ
түрі саналады. Алайда үшінші тарауда айтылғандай, көп әлеуметтік зерт-
теуші жеке немесе жабық ортада бақылау жүргізген кезде, әсіресе жеке
зерттеу ортасына кіру үшін өзінің кім екенін дұрыс айтпағанда зерттеу-
шінің шынайы болмысын жасыру маңызды мәселе болуы мүмкін деп са-
найды (қараңыз: Erikson, 1967). Кейбіреулер жасырын зерттеуді қолдап,
ғылыми білім мен әлеуметтік пайда алдау әдісін қолдануды ақтайды деп
санайды. Кейбір зерттеу сұрақтарын адамның әрекетін толық жасырмай
зерттеу мүмкін емес. Шынында, даулы болса да, кейбір маңызды зерттеу-
лер жасырын зерттеу тәсілін қолдану арқылы жүргізілді.
Лауд Хамфрейстің (1975) үшінші тарауда қысқаша айтылған қоғамдық
жерлердегі жыныстық қатынастар туралы зерттеуін еске түсіруіңіз мүм-
кін. Сол зерттеуінде Хамфрейс бөгде кісі келгенде жыныстық қатынасқа
түскен гомосексуалдарды ескерту міндеттелген «көзқұлақ» ретінде көрі-
ніп, ер адамдар арасындағы жыныстық қатынастарды зерттей алды. Ол
осы жағдайды зерттей отырып, қатысушылардың автокөліктерінің нө-
мірлерін жазып, оларды бақылады. Бір жылдан кейін ол гомосексуалдық
мінез-құлықты жасырын бақылау кезінде көргендерінен көбірек ақпарат
жинау үшін сол еркектерден үйінде сұхбат алды. Хамфрейстің зерттеуі
қызу пікірталас туғызды. Кейбіреулер оған осындай жаңа зерттеуді жүр-
гізудегі батылдығы үшін, бақылаған адамдардың жеке басына қатысты
ақпаратты сақтауын қорғауға және әлеуметтік өмірдің эмоциялық және
жеке аспектісін түсінуге қосқан үлесі үшін қолдап қуаттады. Ал басқала-
ры оны гомосексуалдық іс-әрекетті айқын түрде сипаттағаны үшін және
одан да маңыздысы алдау әдісін қолданып, зерттеуінің кейінгі кезеңінде
қауіп-қатер төндіргені үшін айыптады (Glazer, 1972).
Далалық зерттеуші ойнай алатын келесі екі негізгі рөл – бақылау және
қатысу. Қатысушының бақылаушы ретіндегі рөлі қатысуға назар ауда-
рады. Зерттеушінің «бақылаушы ретіндегі рөлі толық жасырылмайды,
бірақ «құпия сақталады» немесе қатысушы ретіндегі іс-әрекеттерге жү-
гінеді» (Junker, 1960: 36). Осылайша далалық зерттеудегілер зерттеушіге
бейресми қатысушы ретінде қарайды және зерттеуші уақытының көп бө-
лігін бақылау жасаудан гөрі қатысуға жұмсайды. Мұндай басты рөл ин-
форманттармен қарым-қатынас ұзақ уақытқа созылатын қауымдастық
туралы зерттеулерде жиі кездеседі (R.L. Gold, 1958).
Соңында далалық зерттеуші қатысушы ретінде бақылаушы рөлін ой-
най алады. Бұл рөлде бақылаушы қызметі басым болады, өйткені зерт-
теуші өзінің бақылаушы статусына әдейі назар аудартады және зерттеліп
жатқан жағдайдағы адамдардың қоғамдық қолдауына ие болуы мүмкін
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
479
(Junker, 1960: 37). Осылайша зерттеуші мен информанттар арасында рес-
ми қарым-қатынас орнайды. Бұл басты рөл зерттеуші мен информанттар
арасында достық қарым-қатынасын орнатуға мүмкіндік бермейтін қысқа-
мерзімді кездесулерде қолданылады. Бақылаушы рөлі көбіне дәрігерлер-
дің немесе полицейлердің сүйемелдеуімен күнделікті қызметтерін орын-
дау кезінде жүзеге асады.
Қатысушы ретінде зерттелетін адамдармен қарым-қатынас орната
білу бақылаушы көре алмайтын ақпаратты алуға және «жергілікті» көз-
қарасты жақсы түсінуге көмектеседі. Алайда өзінің кәсіби бақылаушы/
зерттеуші статусын пайдалануы мемлекеттік лауазымды тұлғалар үшін
жергілікті жерлерде өзінің қатысуын заңдастыру үшін жиі қажет болады.
Сондай-ақ ақпарат жинау үшін, мысалы, ресми сұхбаттарды жоспарлау
және мекеме мен агенттіктің құжаттарына қол жеткізу үшін осы статус-
қа жүгінген пайдалы болуы мүмкін. Сондықтан қатыса отырып бақылау-
дың көбі түрлі уақытқа және түрлі информантқа қатысты болса да, басты
рөлдердің екеуін де қамтиды. Осы екі рөлді әрдайым бір зерттеуші орын-
дайды және бұл «жалғыз рейнджер» тәсілі деп аталады. Алайда бұл рөл-
дердің арасында тепе-теңдікті сақтау көбіне қиын болғандықтан, кейбір
зерттеушілер (мысалы, Douglas, 1976; Snow, Benford and Anderson, 1986)
түрлі рөлдерді атқаратын командалық тәсілді ұсынады. Осы тәсіл үйсіз-
күйсіздер туралы зерттеуде қолданылды. Сноу негізінен зерттеуші және
сыртқы бақылаушы рөлінде, ал Андерсон күн сайын үйсіз-күйсіздермен
бірге жүріп, тәжірибелеріне куә болған қатысушы-бақылаушы болды.
Мүше болуға қатысты рөлдер
Далалық зерттеу жүргізетіндердің алдында қатысудың белгілі бір дәре-
жесін ескере отырып, қандай мүше болу рөлін қабылдау керек және
зерттеу ортасындағы адамдармен қалай қарым-қатынас жасау керектігі
туралы маңызды таңдау тұрды. Кейбір зерттеуші «перифериялық, белсенді
немесе толық мүше болу рөлін таңдауы мүмкін» (Adler and Adler, 1987:
33). Әрбір рөл басқалармен сенім және өзара түсіністік деңгейіне, ақпа-
рат көлемі мен түріне және далалық жұмыс тәжірибесінің жеке салдары-
на әсер етеді.
Перифериялық мүшелер өздері бақылайтын зерттеу ортасының
маргинал бөлігін ғана құрайды. Олардың топтың іс-шараларына қатысуы
шектеулі болады, толық мүше болу статусын алуға ұмтылмайды немесе
жеке ерекшеліктеріне байланысты орталық мүше болу статусы барлар та-
рапынан шеттетілуі мүмкін. Мысалы, Рут Хоровиц (1986) Чикано жастар
бұзақы тобын зерттеу барысында топтың заңсыз әрекеттеріне қатыспа-
ды және бұзақы топ мүшелерінен өзінің сыртқы келбеті, әлеуметтік ор-
тасы, гендері және жасы тұрғысынан ерекшеленді. Бұзақы топ мүшелері
алдымен оны «ханым», кейінірек «репортер ханым» деп атады. Осы бі-
регейлік оның топқа қабылдануына және сенім мен құрметке бөленуіне
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
480
мүмкіндік берді. Сол себепті төбелес, мектеп және жұмыс туралы сұрақ
қойып, кейбір іс-әрекеттерге қатыса алды. Оның репортер деген аты бас-
қалардың оған сексуалдық объект ретінде қарап, қырындауына мүмкін-
дік бермеді. Алайда бұл отбасы, құрбылары, үміттері мен ұмтылыстары
туралы жеке ақпарат жинауға қолбайлау болды.
Перифериялық мүше болудың тағы бір кең тараған түрі – «дос-зерт-
теуші», яғни «зерттеуші және дос рөлдерінің қосындысы» (Snow, Benford
and Anderson, 1986). Андерсон бұл қос рөлді үйсіз-күйсіздер туралы зерт-
теуінде қолданды.
Осылайша үйсіз-күйсіз адамдармен және шағын топтармен
күнделікті кездесіп отырды. Оларға күнделікті қажетті заттар,
шағын несие (қайтарымсыз), киім, жол ақшасын беріп, олардың
үміттеріне, мәселелеріне ерекше назар аударды (Snow, Benford
және Anderson, 1986: 384)
Дос ретінде Андерсон олармен түрлі нәрсе алмасты (сыра және мари-
хуана ұсыныстарын қабылдады). Сондай-ақ солар сияқты киініп, сөйлеу-
ге тырысты. Бұл сенім мен ізгі ниет қалыптастырды, зерттеуші статусына
адал болуы жеке мәселелерге қатысты зерттеулеріне деген сенімін арт-
тырды.
Белсенді мүше болу зерттеушінің зерттеу ортасында белгілі бір
қызметті атқаратынын білдіреді, бірақ бұл қызметті уақытша атқарып,
ұйымға немесе топқа толық мүше болмайды. Мысалы, Питер Адлер
(Adler and Adler, 1987: 50) колледждегі баскетбол командасын зертте-
генде «команданың тұлғааралық кеңесшісі, карьера жөніндегі кеңес-
ші және академиялық кеңесші» ретінде жаттықтырушының көмекшісі
қызметін атқарды. Бұл оны бағдарламаның ажырамас бөлігіне айнал-
дырды, басқалармен іскерлік және жеке мәселелер бойынша қарым-
қатынас жасауға мүмкіндік берді. Перифериялық және белсенді мүше
болу зерттеушінің статусын жасыруы яки ашық айтуы мүмкін. Хамф-
рейс қоғамдық дәретханаларда гомосексуалдардың кездесулері туралы
зерттеуінде полиция немесе өзге де бейтаныс адамдар келгенде ескер-
тетін «көзқұлақтың» рөлін атқарды.
Толық мүше болу дегеніміз – зерттеу ортасына толық бойлау және то-
лық мүше статусын алу. Мысалы, Роберт Бенфорд бейбітшілік қозғалысы-
на қатысты екіжылдық зерттеуінде «қозғалыстың идеологиясын, мақсат-
тары мен риторикасын сөзсіз қабылдаған» «қып-қызыл белсенді», адал
және ынталы қатысушы болды (Snow, Benford and Anderson, 1986: 383).
Толық мүше болу зерттеушілерге басқалар тарапынан ықыласқа бөленіп,
жеке және шетін мәселелер бойынша дерек жинауға мүмкіндік береді. Со-
нымен қатар зерттеушілер «жинаған деректерін өздерінің субъектив тү-
сінігімен толықтыра алады» (Adler and Adler, 1987: 81). Екінші жағынан,
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
481
толық мүше болу интенсивті түрде жүреді және көп уақытты қажет етеді.
Оның жеке салдары болуы мүмкін және мүше мен зерттеуші рөлдері ара-
сында қайшылық жиі туындайды.
Зерттеушілер белгілі бір мүше болудағы рөлін алғаннан кейін, осы
рөлді қалай ойнайтынын анықтауы керек. Мысалы, медициналық қыз-
меткерлер туралы зерттеу жасайын деп жатырсыз дейік. Медициналық
зерттеу ортасындағы адамдардың өзара қарым-қатынасын бақылау үшін
зертханашы қызметіне өтініш бересіз. Өзіңізді қалай таныстырасыз?
Адамдарға өзіңіз білетін тапсырмаларды үйретуге рұқсат бересіз бе?
Адамдардың білмейтін адамға бір нәрсені қалай түсіндіретінін көру үшін
өзіңізді ешнәрсе білмейтін адам сияқты ұстайсыз ба? Әлде топтың қадір-
лі қызметкері болу үшін тәжірибеңізді көрсетесіз бе? Адамдар қабілеті-
ңізге сенсе, сізге көп нәрсе айтады деп ойлайтын шығарсыз.
Бұл – әрқайсысының өзіндік салдары бар қиын таңдау. Кейбір дала-
лық зерттеу жүргізетіндер өзін аңғал немесе «біліксіз» ретінде көрсетуге
кеңес береді (J. Lofland т.б., 2006; Taylor, Bogdan and DeVault, 2016). Бұл
ақпарат алудың тиімді әдісі болуы мүмкін, өйткені білмейтін адам сияқ-
ты көрінгендіктен, оған үйрету керек әрі ол сұрақтар қоя алады. Екінші
жағынан, кейбір зерттеу орталарында, мысалы, статусы жоғары адамдар
мен «девианттарды» зерттегенде білікті болып көрінген жөн (қараңыз:
Gorden, 1975: 227–28). Информанттар зерттеушілерді біліміне, сондай-ақ
оның саласына қызығушылық білдіруіне қарай бағалауы мүмкін. Білімсіз
адам сияқты көрініп, адамдарға кәсібі туралы сұрақ қою әдетте олардың
ызасын тудырады. Сонымен қатар білікті екеніңізді көрсетпесеңіз, қыл-
мыскерлер сізді алдап кетуі мүмкін.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Далалық зерттеу жүргізетіндер өздерінің бақылаушы және қатысушы рөлдеріне қан-
шалықты басымдық беру керегін және қатысушы ретінде зерттеу ортасындағы адам-
дармен қалай байланыс құратынын шешуі керек.
Шынтуайтында, іске байланысты шешім қабылдауға ең жақсы стра-
тегия мынадай: біреудің мінез-құлқы зерттеу ортасының табиғи күйіне
және мұның осы ортадағы адамдармен сенім мен өзара түсіністік орнату-
ға қалай әсер ететінін қарастыру. Бұл стратегияны Каларко көмекке жү-
гіну туралы зерттеуінде қолданды. Өзін зерттеуші әрі аспирант ретінде
таныстырып, ол студенттерге: «Мен сіз сияқты студентпін, бірақ матема-
тика мен тілді үйренудің орнына, балалардың мектепте бір-бірімен қалай
қарым-қатынас орнататынын бақылаймын» деген. Ол студенттердің се-
німіне кіру үшін «біреудің өміріне қауіп төнбесе, ешнәрсе айтпайтынын
айтты» (personal communication, 2013).
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
482
Бақылаушының әлеуметтік зерттеуші екені белгілі болған жағдайда,
адамдарға зерттеу туралы қаншалықты айтып беруге болады? Зерттеу
туралы толық ақпарат беру әдетте жақсы емес. Себебі зерттеуші туралы
білгеннен кейін адамдар мінез-құлқын өзгертуі мүмкін (Taylor, Bogdan
and DeVault, 2016). Сондай-ақ өз еркіңізбен ақпарат бермеңіз; алайда
адамдар не істеп жүргеніңізді білгісі келуі мүмкін, сондықтан өзіңіз тура-
лы ақпарат бергенде мұқият болған жөн. Осыған қатысты Лофланд пен
оның әріптестері (2006: 43–44) бірнеше ережені ұсынады: (1) мүмкін-
дігінше қысқа және тура сөйлеңіз; (2) жаргоннан аулақ болыңыз және
қызығушылық танытқан нәрсеңіз аудиторияға нақты және түсінікті бол-
сын; (3) өзіңізді күдік тудыратын тәсілдермен таныстырудан аулақ бо-
лыңыз (мысалы, өзіңізді криминолог деп таныстырудың орнына студент
немесе оқытушы екеніңізді айтқан жөн); (4) информанттарға зерттеуі-
ңіз оларға қандай пайдасы бар екенін айтуға дайын болыңыз (мысалы,
олардың оқиғасын айту) (5) мүмкіндігінше ашық болыңыз. Есептер кө-
біне ауызша айтылып, аудиторияның ыңғайына қарай жасалады; қазіргі
уақытта институттық шолу алқасы ақпараттандырылған келісімге негіз-
делген формасын немесе дайын тілхатты информанттардың оқуын талап
етуі мүмкін.
Ақпарат жинау
Далалық зерттеу жүргізу барысында ақпарат жинағанда бірнеше күрделі
мәселе туындайды. Осы мәселенің табиғатын түсіну үшін гипотезалық
тұрғыдан далалық зерттеуді елестетіп көрейік.
Далалық зерттеу жүргізейін деп жатырсыз дейік. Қазір зерттеу әдіс-
тері дәрісі жүріп жатқан сыныпты зерттеу туралы шешім қабылдау ар-
қылы зерттеу орнын таңдау мәселесін шештіңіз; сондықтан сынып және
оның маңындағы кампус зерттеу ортасын құрайды. Осы ортаны таңдау
өзін таныстыру мәселесін оңайлатады. Өйткені сіз осы сыныптың сту-
дентісіз. Сынып пен қатысушылары туралы бұрыннан білетініңізді ес-
керіп, қатыса отырып бақылау зерттеуін жүргізгіңіз келетінін де білесіз.
Сіз дайынсыз, себебі Роберт Парк Чикаго университетінің студенттерін
«шынайы зерттеу жүргізуге ынталандырды» (McKinney, 1966: 71). Да-
йынсыз ба?
Зерттеуді бастамас бұрын, сыныптағы қатысушы-бақылаушы рөлі-
ңіздің табиғатын және осы жердің шектеулерін қарастыруыңыз керек.
Студент ретінде осы сыныпта болуыңыз мінез-құлқыңыз бен мұғалімнің
мінез-құлқын қабылдауға әсер етеді. Соңында сізге баға қойылады; сы-
ныпқа келгеніңіз үшін де баға қойылуы мүмкін. Кәсіби этика мұғалімге
сынып мүшелері туралы, сондай-ақ сабаққа қатысуының сапасы мен ма-
ңыздылығы туралы өз пікірін ашық айтуға кедергі келтіреді. Осылайша
сыныптағы маңызды студенттердің бірі болмағандықтан, сыныпта сту-
дент мәдениетінің қалай қалыптасатынын зерттеу үшін ең жақсы пози-
цияда болуыңыз мүмкін.
4
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
483
Осы мақсатты ескере отырып, сіз қалай әрекет етесіз? Сіз кез келген
басқа қатысушы-бақылаушы сияқты қиындыққа тап боласыз: сыныпта
тыңдап, жазбалар жазып, сонымен бірге сыныптағы барлық басқа іс-әре-
кеттерді бақылау сияқты студент (қатысушы) рөлін қалай орындайсыз?
Бастапқыда өзіңіздің бақылаушы рөліңізді жақсы түсінесіз. Шын мәнінде,
сіз жазатын көп нәрсе бар екенін түсініп, жазудан бас тартып, басқалар-
дың жазбаларын алуыңыз мүмкін. Төмендегілерді қалай бақылап, есте
сақтайсыз:
Адамдар қай жерде отырады; кім сұрақ қояды; адамдар бір-бірін қалай
атайды және бір-бірімен қалай қарым-қатынас жасайды; сабақ алдында,
сабақтан кейін және сабақ кезінде кіммен сөйлеседі; сабаққа үнемі кім
қатысады; кім жоқ немесе кім кешікпейді; адамдар тапсырмалар, емти-
хандар, оқытушы т.б. туралы не айтады? Егер сіз тек сыныпта оқиғаның
бәрін ойласаңыз, мәселенің орасан зор екенін түсінесіз. Егер сіз ненің ма-
ңызды, ненің маңызды емес екенін білмесеңіз, зерттеу басталған кезде
кез келген әлеуметтік ортадағы ақпарат өте ауқымды болып көрінеді.
Екі маңызды мәселе бар:
1. Бақылауыңызды қалай, қашан және қай жерде жазасыз?
2. Нені бақылайсыз және қандай нәрселерді жазасыз?
Бақылаған нәрселерді қағазға түсіру
Далалық зерттеуде бақылау жүргізу кезінде деректі басқару және жазу
бойынша үш әдіс болады: аудиожазба және видеожазба, жазу кітапшала-
ры мен қарындаштар және жадыңыз. Осы әдістердің әрқайсысының кей-
бір салдарын қарастырайық. Аудиожазба құрылғысының айтылғанның
бәрін жазып алуға мүмкіндік беретін артықшылығы бар. Бірақ бейвер-
балды мінез-құлықты да бақылауға болады, сондықтан тек аудиожазбаға
арқа сүйеуге болмайды. Аудиожазба мен видеожазба құрылғыларының
да ыңғайсыздық тудыратын кемшіліктері бар. Сұхбатты видеоға жазу
тәсілі сұхбат берушіні сөздерді мұқият таңдауға жетелеп, сұхбаттың тым
ресми сипатта өрбуіне әкелуі мүмкін.
Бәрін аудиотаспаға жазып алудың артықшылығымен қоса, кемшілігі
де бар. Бұл – аудитаспадан қағазға көшіру мәселесі. Көбіне ресми сұхбат-
тарды видеоға жазуға кеңес беріледі (J. Lofland т.б., 2006). Бұл зерттеу-
шіге сұхбат беруші мен сөйлесу барысына назар аудара отырып, кейбір
нәрселерді ғана қағазға түртіп отыруға мүмкіндік береді. Қолмен қағазға
жазып отыру резерв ретінде пайдалы болуы мүмкін. Зерттеу ортасында
әңгімелесу бақылаудың басты мәселесі болған жағдайда, стенография-
лық жазба зерттеуші (және басқалар) қайта-қайта оралуы мүмкін дерек-
тердің бастапқы көзі болады. Бірақ көп мақсат үшін топтық өзара әре-
кеттесуді видеоға жаза беру түкке пайдасы жоқ артық жұмыс болады.
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
484
Видеоға жазылған сұхбаттың 1 сағатын транскрипциялауға шамамен 6–8
сағат кететіндіктен, транскрипциялаудан бас көтере алмай қалуыңыз
мүмкін. Далалық зерттеулерде деректер онсыз да көп болғандықтан, көп
адам видеоға жазу құрылғыларын қолданғысы келмейді және қағазға жа-
зумен ғана шектеледі.
Ал зерттеу орнында қағазға жазып отырудың екінші стратегиясы ту-
ралы не айтуға болады? Жалпы қағазға түсіру механикалық құрылғы-
лармен салыстырғанда ешқандай ыңғайсыздық туғызбаса да, қағазға ег-
жей-тегжейлі жазып отыру субъекті мен зерттеушінің ойын бөліп жіберуі
мүмкін. Бұл әдіс сыныпта жүргізілетін бақылауды жазу үшін оңай болуы
мүмкін. Алайда сұхбат алу кезінде зерттеушінің қайта-қайта жазып отыр-
ған қағазына үңіле бергені көп адамға ұнай бермейді. Көп зерттеу орта-
сында қағазға жазып отыру тез көзге түседі және қатысушы рөлдердің
көбімен үйлеспеуі, сондай-ақ іс-әрекеттердің қалыпты күйіне әсер етуі
мүмкін. Барда, шіркеуде немесе есірткі дилерімен байланысу кезінде қа-
ғазға жазып отыруды елестетіп көріңізші.
Бақылауды «жазып алудың» үшінші әдісі – өз жадыңызға сүйену. Тас-
паға жазу мен қағазға жазуға қатысты ескертулерді ескергенде, неге да-
лалық зерттеу жүргізетіндерге есте сақтау қабілетін дамытудың маңызды
екені өз-өзінен түсінікті. Десе де далалық зерттеу жүргізетіндер адамның
жадына қатты сенуге болмайтынын ескертеді: «адамның жады – өте на-
шар жазу құрылғысы» (Bernard, 2013: 346); «адам болған нәрсені тез
ұмытуға тырысады» (J. Lofland т.б., 2006: 108). Сонымен не істейсіз?
Біріншіден, далалық зерттеу жүргізетіндер далалық жазбаларды,
яғни қысқа әрі жылдам жазып отырады: «бақылау барысында сөз тіркес-
терін, дәйексөздерді, кілт сөздерді т.б. жазып алады» (J. Lofland т.б., 2006:
109). Негізгі ереже – ескертпелерді мүмкіндігінше байқатпай жазып алу.
Сондай-ақ далалық зерттеуші ескертпелерді жазып алудың түрлі мүмкін-
дігіне назар аударуы керек. Шерри Каван (1966) бардағы мінез-құлықты
зерттегенде жуыну бөлмесіне барып, ескертпелерді жазып отырған. Үй-
сіз-күйсіздер туралы зерттеуінде Андерсон әңгіме аяқталғаннан кейін де-
реу негізгі тіркестер мен ұзын дәйексөздерді жазды. Егер мұндай мүмкін-
діктер болмаса, зерттеуші маңызды ұсақ-түйектерді кейінірек еске түсіру
үшін өз жады мен жылдам жазып алған ескертпелеріне сүйенуі керек.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Зерттеу ортасында ескертпелерді жылдам жазып отыру және зерттеу ортасынан кет-
кеннен кейін күнделікті қағазға түсіріп отыру далалық зерттеудің негізгі дерегі – дала-
лықжазбаларды қалыптастыруды жеңілдетуі мүмкін.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
485
Екіншіден, көргендері жадынан кетпеуі үшін, далалық зерттеушілер,
Андерсонның үйсіз-күйсіздер туралы зерттеуінде жасағаны сияқты, әр
күннің соңында немесе бақылау жасағаннан кейін далалық ескертпе-
лерді жазуы керек. Далалық ескертпелер мен жадқа сүйенген далалық
жазбалар оқиғалардың толық және егжей-тегжейлі жазылуын қамтама-
сыз етеді. Олар – зерттеушінің аяқталған сұхбаты немесе анкетасы сияқ-
ты, далалық зерттеудің маңызды деректері. Сондықтан далалық зерттеу-
шілер жазбаларды жазу кезінде өте сақ және мұқият болғаны жөн. Шын-
туайтында, жазбаларды жазу бақылау сияқты көп уақыт алуы мүмкін.
Нені бақылау, нені жазу керегін анықтау
Далалық зерттеулерде «деректердің негізгі бастауы – сұхбат алатын неме-
се бақылау жүргізетін адамдардың сөздері мен іс-әрекеттері» (J. Lofland
т.б., 2006: 85). Қатысушы деректердің ауқымды көлеміне қол жеткізе
алса да, толық бақылаушы тыңдау мен бақылауға сүйенуі керек. Қалай
болғанда да, далалық жазбаларда оқиғаның егжей-тегжейлі және толық
сипаттамасы болғаны дұрыс. Лофланд пен әріптестері (2006: 112)
далалық жазбалардың зерттеу ортасы, оқиғалар, адамдар, ес-
тіген нәрселер адамдар және адамдармен қарым-қатынас, сон-
дай-ақ әңгімелер туралы сипаттамадан тұратын... болып жатқан
оқиғалардың хронологиялық күнделігі екенін атап өтті. Әрбір
жаңа физикалық орта, жеке тұлға, өзара іс-қимыл және бақы-
ланатын оқиға сипаттауға лайық. Сондай-ақ бақылап отырған
жердегі өзгерістерді жазуыңыз керек. Бірдей зерттеу ортасын,
адамдар және құбылыстарды қайта-қайта кездестіруіңіз мүмкін.
Оларды қайта сипаттаудың қажеті жоқ, өзгерістерді ғана жазып
отырсаңыз жекілікті.
Далалық жазбаларды жазу кезінде бірінші ереже – ерекше мінез-құ-
лық детальдарын жазып отыру және жеке көзқарасыңыз тұрғысынан си-
паттаудан аулақ болу. Джой Браун (1976a: 77) айтқандай, «талдау жаса-
май, тек дерек жинау... өте маңызды. Интерполяция жасамаңыз немесе
біріктірмеңіз, тек есте сақтаңыз. Ненің маңызды немесе маңызсыз екені
кейінірек белгілі болады. Сондықтан деректерді бөліп жармай, тек жина-
ңыз». Жалпақ тілмен айтқанда, бірінші көріп, одан кейін тұжырымдауға
кірісіңіз. Алдында қоғамдық орындарға кірер кезде бет әлпетін түзеп
алатын адамдардың мінез-құлқын бақылаған Лин Лофландтың зерттеуі
туралы айтқан болатынбыз. Бет әлпетін түзеу – Лофландтың нақты ба-
қылауы негізінде туындаған тұжырымдама еді. Оның ғимаратқа кіруге
дайындалып жатқан адамдарға қатысты жасаған бақылауынан екі мы-
сал келтірейік:
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
486
Жас жігіт есікке қарай келе жатыр. Бір қолында портфелі бар;
екінші қолы бос. Есікке жақындаған кезде маңдайына түскен ша-
шын бос қолымен жоғары қайырып, содан кейін есікті сол қол-
мен ашып, ішке кіреді.
Екі қыз есікке қарай келе жатыр. Есікке шамамен үш метр
қалғанда екеуі де тарақпен тарағандай қолымен шашын дұрыс-
тады. Есікке жақындағанша шашын түзеді. Есіктің алдында бір-
неше секунд кідіріп тұрып, шаштарын тағы да дұрыстап алды
(L. Lofland, 1973: 141).
Зерттеу барысында жеке сезім мен ойларыңызды бөліскіңіз келуі мүм-
кін. Мысалы, сыныпта оқытушы дәріс оқып жатқанда екі студенттің тере-
зеге қайта-қайта қарап отырғанын бақылауыңыз мүмкін; сонымен қатар
өзіңіздің және басқалардың да іші пысып отырғанын сезесіз. Дегенмен
«іш пысу» туралы ойыңызды терезеге «қарап отырған» студенттер туралы
бақылаумен шатастырмауыңыз керек. Бақылаудың екі түрі де маңызды,
бірақ оларды екі бөлек қарастыру керек (Browne, 1976a). Түрлі жазбаны
бір-бірінен бөліп алудың бір тәсілі – кодтау (мысалы, бақылау үшін «О»,
жеке реакция үшін «Р», аналитикалық идея үшін «А», әдіснамалық ауыт-
қулар үшін «М»).
5
Далалық зерттеушінің бастапқы дереккөзі – тікелей бақылау жүргізу.
Бірақ профессорға және сыныптағы басқа студенттерге сұрақ қою ар-
қылы қосымша көп ақпарат жинайсыз. Андерсон үйсіз-күйсіздер туралы
зерттеуінде кездейсоқ кездескен адамдардан ақпарат жинады және «Тү-
сінбедім» немесе «сізді Құтқару армиясында тамақтанады деп ойлама-
дым» деген сияқты пікірлерді жазып отырды (Snow және Anderson, 1987:
1343). Сонымен қатар Сноу және Андерсон (1987: 1344) «екі айдан 14
жылға дейін түрлі уақыт кезеңінде көшелерде үйсіз-күйсіз жүрген алты
адаммен» тереңдетілген сұхбат алу арқылы далалық бақылауларын то-
лықтырды.
Соңында далалық зерттеушілер бақылаулар мен сұхбаттарын басқа
ақпарат көздерімен, мысалы, ресми жазбалармен (агенттік жазбалары,
санақ деректері, сот жазбалары) және жеке құжаттармен (күнделіктер,
хаттар, естелік жазбалар) толықтырады. Құжаттық деректер далалық
зерттеулердің алғашқы кезеңдерінде зерттеу ортасының тарихын, фи-
зикалық және әлеуметтік сипаттамаларын білудің құралы ретінде пай-
далы болуы мүмкін. Мысалы, Сноу мен Андерсон үйсіз-күйсіз адамдар-
ға қызмет көрсететін түрлі агенттіктердің брошюраларын, жазбаларын
және есептерін зерттеді. Бұл олардың зерттеуін бағыттауға көмектесті.
Мысалы, Остинде үйсіз-күйсіздердің көбеюі туралы және агенттіктер
(полиция) олармен қалай күресетінін көрсететін ақпарат алды. Сондай-
ақ құжаттық дерек сұхбат жүргізу сияқты ұқсас мақсаттарға, яғни нақты
ақпаратты жинау және қайта тексеруге қызмет етуі мүмкін.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
487
Үйсіз-күйсіздер туралы зерттеуде далалық зерттеу нәтижелерін толық-
тыру үшін институттық деректер де жиналды. Сноу мен Андерсон дала-
лық зерттеуде бірнеше ай жүргеннен кейін, таңдалған мекемелер арқылы
үйсіз-күйсіз адамдардың кездейсоқ іріктеуін таңдауға бел байлады. «Құт-
қару армиясы» ұйымы үйсіз-күйсіздерге қызмет көрсететін және тегін
таңғы ас пен кешкі ас беретін Остиндегі жалғыз қоғамдық мекеме бол-
ғандықтан, ондағы үйсіз-күйсіздер кем дегенде бір рет осы ұйымның қыз-
метін пайдаланды. Сонымен қатар ұйымның қызметін бірінші рет пай-
даланушылар аты-жөні мен әлеуметтік сақтандыру нөмірін, сондай-ақ
басқа ақпаратты қысқа анкетаға жазуы керек болды. Сноу мен Андерсон
осы ақпаратты пайдалануға рұқсат алғаннан кейін, 800 адамның кездей-
соқ іріктемесін жасады. Содан кейін алты жергілікті және мемлекеттік
мекеменің (қалалық полиция департаменті, психикалық денсаулық және
ақыл-ой кемістігі мәселелері жөніндегі мемлекеттік департамент) жазба-
ларына қол жеткізу үшін келіссөздер жүргізді және осы мекемелер арқы-
лы іріктемені тексерді. Маңызды нәтиже үйсіз-күйсіздердің психикалық
денсаулығына қатысты болды: іріктеменің 10%-ы ғана осы мекемелерге
бір немесе бірнеше рет орналастырылды және көп бөлігі психикалық
мәселелермен емес, психикалық белсенді заттарды асыра пайдаланумен
байланысты болды. Осы және өзге де нәтижелер үйсіз-күйсіз адамдар
арасында күрделі психикалық аурулардың таралғаны туралы болжам мен
тұжырымдарға қайшы келді.
Далалық зерттеудің ерекшеліктерінің бірі – «ақпарат жинау үшін бір
ғана әдісті емес» (Zelditch, 1962:567), бірнеше әдіс пен техниканы қол-
дануға болады. Біз атап өткен дерек жинау тәсілдері далалық зерттеуші-
лер қолданатын әлеуметтік өмірді түсіну құралдарының қысқаша тізімін
құрайды. Мысалы, Лин Лофланд қоғамдық орындардағы мінез-құлықты
зерттеу барысында көп материал, соның ішінде далалық бақылаулар,
адамның басынан өткен өмірлік тәжірибелер, күлкілі әңгімелер, сұхбат-
тар, тарихи және антропологиялық зерттеулерді қолданды. Түсінуге ық-
пал ететін нәрсенің барлығы далалық зерттеуші үшін пайдалы болады.
Деректі талдау
Бұл бізді далалық зерттеудегі деректі талдау кезеңіне жетелейді. Далалық
зерттеудің басқа зерттеу тәсілдерінен айырмашылығы, деректі талдау
оны жинау барысында жүзеге асырылады. Далалық жазбаларды жазу ісі-
нің өзі деректі талдау мен түсінудің басталғанын білдіреді.
Атап өткеніміздей, далалық зерттеудің басты мақсаты – зерттеу орта-
сына сіңіп, шындыққа сол ортаның көзімен қарау. Сондықтан далалық
зерттеуші жинаған дерек адамдарды өз тілдерінде суреттейтін және өз-
дерінің атынан сөйлеуге мүмкіндік беретін әлеуметтік өмірді егжей-
тегжейлі сипаттауы керек. Далалық зерттеудегі сипаттамалар көбінесе
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
488
информанттардың іріктелген күлкілі әңгімелері мен қанатты сөздерінен
тұрады. Сондай-ақ зерттеу ортасында болып жатқан іс-әрекеттер мен
оқиғалар және зерттеу ортасы туралы егжей-тегжейлі ақпарат береді.
Алайда кез келген басқа дерек сияқты, мұндай сипаттамалар да «өз-
дігінен сөйлей алмайды». Сондықтан дерек шындыққа зерттеу ортасы-
ның көзімен қарауды жүйелеу мен түсіндіруге көмектесетін тұжырымда-
малармен және идеялармен біріктірілуі керек. Жалпақ тілмен айтқанда,
сипаттаманың өзі зерттеуде жеткіліксіз. Сондай-ақ зерттеуші жинаған
деректерімен үйлесуге мүмкіндік беретін теориялық түсінік қалыптасты-
руы керек. Бұл далалық зерттеуші алдын ала анықталған гипотезалармен
және теориялық тұжырымдармен далалық зерттеуге барады дегенді біл-
дірмейді. Көп далалық зерттеушінің пікірінше, далалық зерттеулер тео-
рияны дамытуға немесе жаңа теория «табуға» бағытталуы керек. Барни
Глазер және Ансельм Страусс (1967) деректерден туындаған теорияны
априори ұйғарымдардан қисынды туындаған теориядан ерекшелеп, оны
гроунд теория деп атайды. «Гроунд» тәсіл теориялық идеялардың «да-
лалық зерттеу жүргізу барысында туындауына» мүмкіндік беретін әлсіз
құрылымдалған зерттеу дизайндарын қолдайды (Miles және Huberman,
1994: 17). Кейбір далалық зерттеушілер далалық зерттеулерді теорияны
дамыту үшін де, тексеру үшін де қолдануға болады деп санайды (қараңыз:
Burawoy, 1991). Басқалары далалық зерттеу жүргізушінің дерек жинау
талпынысына нұсқау беретін далалық жұмыстарға бағыттаушы идеялар
мен жалпы зерттеу сұрақтарын туындататынына назар аударады (Miles
және Huberman, 1994). Осы көзқарастарға қарамастан, деректерді тал-
дауға қатысты далалық зерттеу тәсілі әдетте тақырыптарды, тұжырым-
дамаларды, ұйғарымдар мен теорияларды анықтау арқылы деректерді
жинауға және жүйелеуге тырысады. Мұны қалай істеуге болады?
Кең мағынада деректерді талдау «деректерден модельдерді іздеу мен
соны түсіндіруге көмектесетін идеялардан» тұрады (Bernard, 2013: 394).
Бұл процесті бір-бірімен байланысты үш міндетке бөлуге болады: 1) ақ-
паратты жүйелеу және модельдерді анықтау; 2) идеяларды дамыту, соны-
мен бірге 3) қорытынды жасау және тексеру.
Ақпаратты жүйелеу
Далалық зерттеу жүргізушінің өңделмеген деректері (далалық жазба-
лар) талдаушыға бірнеше қиындық туындатады. Сөздерді өңдеу сандар-
ды өңдеуге қарағанда қиын. Далалық жазбаларда сөз саны өте көп болуы
мүмкін. Өз бақылауыңызды немесе тәжірибеңізді рет-ретімен түсіндіру-
ден басқа өзіндік құрылымы болмайды. Сноу мен Андерсон үйсіз-күйсіз-
дер туралы зерттеуде 600-ден астам қос интервалды далалық жазба жи-
нады. Олардың бірінші міндеті ауқымды ақпараттың мәнін жоғалтпай,
талдауға болатын деңгейге түсіру болды. Бұл үшін далалық зерттеушілер
арасында далалық жазбаларды жүйелеудің ең көп тараған кодтау әдісін
қолданды.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
489
Барлық әлеуметтік зерттеулердің жалпы аспектісі саналатын кодтау
(он бесінші тарауды қараңыз) категорияларға символдарды немесе сан-
дарды енгізуден тұрады. Сауалнама зерттеуінде деректерді өңдеу мен
талдауды жеңілдету үшін жауап категорияларына сандық кодтар енгі-
зіледі. Анкета толтырылғанда, дерек жинаудан бұрын кодтар енгізіледі.
Кодтар сөздер немесе параграф сияқты сөз «бөліктерін» мағыналық бір-
ліктерге жіктеу үшін транскрипцияланған далалық жазбаларға қолда-
нылады (Miles және Huberman, 1994). Далалық жазбалар теория жасау-
ға бағытталғандықтан, кодтар әдетте далалық бақылаулардан шығады.
Теориялық тұрғыдан алғанда, далалық зерттеуді өмір туралы алдын ала
тұжырымдалған ұғымдармен немесе кодталған протоколдар арқылы қа-
растыруға болмайды. Оның орнына кодтар (егер қаласаңыз) өмірді түсі-
нудің бір бөлігі ретінде жасалады.
Сноу мен Андерсон далалық жазбаларды жүйелеу үшін екі сатылы үр-
дісті қолданды: (1) далалық жазбалардан бір сөйлемнен бірнеше бетке
дейін созылатын «деректерді» шығарды және (2) енгізілетін деректерді
уақыт өте келе пайда болған үш категорияға бөлді: негізгі орталар, мә-
дени салалар және үйсіз-күйсіз адамдар. 24 негізгі орталық үйсіз-күйсіз
адамдардың күнделікті өміріне қатысты мекемелер мен объектілерден
тұрды. 30 мәдени сала «үйсіз-күйсіздердің әлеуметтік әлеміне, өмір сал-
тына, мағыналы сәтіне, оқиғалар мен мәселелеріне қатысты (ішімдік пен
алкоголь, ұйқы және паналайтын орын, жұмыс, әлеуметтік қарым-қаты-
нас және жұмыс)» (Snow and Anderson, 1987: 1345). Сноу мен Андерсон
осы кодтау схемасы арқылы үйсіз-күйсіз адамдардың өміріндегі мендік
және бірегейлік мәселесінің маңызын анықтады, бұл осы саладағы де-
ректер санымен көрсетілген.
Идеяны дамыту
Кодтаудан басқа, далалық деректерді талдауға арналған аз ғана нұсқау-
лық пен процедура бар. Себебі креатив түсініктің дереккөздерін жүйелеу
қиын. Далалық жазбаларды кодтау, талдау және күндегі бақылауларды
шолу кезінде пайда болатын түсінікті дереу жазып алу маңызды. Ол үшін
далалық зерттеушілер қызметтік жазбаларды жүргізуді ұсынады. Қыз-
меттік жазбалар – талдаудың шағын бөлігі. Әдетте жаңа пайда болған
түсінікті қамтитын бір немесе екі параграфтан құралады. Ол зерттеуші
бетпе-бет келген шындықты түсінуге көмектеседі (Glaser, 1978).
Ойыңызды далалық зерттеуге бағыттаудың бір тәсілі – үнемі деректер
туралы сұрақ қою. Лофланд пен әріптестері (2006: 144–67) далалық зерт-
теушінің ойын бағыттауға көмектесетін бірнеше сұрақты анықтады. Осы
сұрақтардың өзгертілген кейбірі төменде келтірілді:
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
490
Бұл бірліктің қандай түрі (кездейсоқ кездесу, қарым-қатынас, топ,
ұйым)?
Бірліктің құрылымы мен сипаттамалары қандай?
Себептері қандай?
Салдары қандай?
Бұл іс-әрекет немесе оқиға қаншалықты жиі болады?
Зерттеу ортасында қандай әлеуметтік үрдістер жүреді?
Адамдар қандай жағдайларға ұшырайды және оны шешу үшін қан-
дай стратегияларды қолданады?
Сноу мен Андерсонның (1991) үйсіз-күйсіздер туралы зерттеуінде
олардың қоршаған ортаға қалай бейімделетініне және бейімделуге қан-
дай факторлар әсер ететініне қызығушылық танытқанын еске түсіріңіз.
Осы зерттеу сұрақтары үйсіз-күйсіздер мен бейімделудің үш негізгі тү-
рін және ұйымдардың реакциясы бес түрін анықтауға мүмкіндік берді.
Ұйымдар реакциясы Құтқару армиясы ұйымының қамқорлығын мысалға
алып көрсетілген «икемдіден» қалалық полицияның қудалауында көрініс
тапқан «тежеуге» дейін өзгереді.
Далалық деректерді талдаудың тағы бір стратегиясы – санау. Бұл стра-
тегия көбіне елене бермейді. Мэтью Майлс пен Майкл Хуберман (1994:
253) атап өткендей, «сапалық пайымдаулар жасағанда есеп көп қолда-
нылады. Біз тақырыпты немесе модельді анықтаған кезде (a) бірнеше
рет, (b) я ұдайы бір қалыпты қайталанатын әрекетті белгілейміз. «Бір-
неше рет» және «ұдайы» деген пайымдаулар есепке сүйенеді». Олардың
айтуынша, жалпылама тұжырым жасағанда немесе «маңызды» және
«қайталанатын» сияқты сөздерді қолданғанда есептеу мен салыстыруға
жүгінеміз. Есептеуге жүгіну нақты гипотезаларды тексеруге және бұрма-
ланудан қорғауға ғана емес, сонымен бірге деректерді неғұрлым нақты
көруге көмектеседі.
Үйсіз-күйсіздерді зерттеу барысында туындаған гипотезалардың бірі
мындай болады: үйсіз-күйсіз адамдар арасындағы бірегейлік туралы әң-
гімелердің сипаты көшеде қанша уақыттан бері жүргеніне байланысты
өзгерді. Мысалы, Сноу мен Андерсон (1987) «алшақтау» туралы мәлім-
демелердің үш түрін анықтады: (1) өзін көшедегі рөлдік бірегейліктен
алшақтататын категориялық алшақтау; (2) «жаңадан келгендер» және
институттық тұрғыдан тәуелді үйсіз-күйсіз адамдардың нақты топтары-
нан алшақтауды қамтитын нақты немесе жағдаяттық алшақтау және
(3) Құтқару армиясы және сорпа беретін асханалар сияқты көше инсти-
туттарынан алшақтауды көрсететін алшақтау. Категориялық алшақтау
көшеде көп уақыт жүрмеген адамдар арасында жиі кездеседі, ал алшақ-
таудың басқа түрлері көптен бері көшеде өмір сүріп жүргендер арасында
қолданылады. Сноу мен Андерсон осы қарым-қатынасты зерттеу үшін
үйсіз-күйсіздерді көшеде жүрген уақытына қарай түрлі топтарға бөл-
ді, содан кейін әр топтағы жеке адамдардың категориялық, нақты және
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
491
11.1-кесте. Көшеде уақыт бойынша алшақтау түрлері
Алшақтау түрлері
Көшеде жүрген
уақыт
КАТЕГОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕ ИНСТИТУТТЫҚ ЖАЛПЫ (N)
6 айға дейін 80,0% 6,7 13,3 100,0% (15)
6 айдан 2 жыл-
ға дейін
10,0% 60,0 30,0 100,0% (10)
2 жылдан 4
жылға дейін
4,3% 56,5 39,1 99,9% (23)
4 жылдан ас-
там
15,4% 23,1 61,5
100,0% (13)
Дереккөз: Сноу мен Андерсон (1987: 1353). Авторлардың және University of Chicago Press рұқсатымен
қолданылады.
институттық алшақтау мәлімдемелерінің санын есептеді. Бұл деректер
11.1-кестеде көрсетілген. Көшеде 6 айдан аз уақыт жүрген адамдардың
80%-ы, ал көшеде 6 ай немесе одан да көп жүрген адамдардың 15,4%-ы
категориялық алшақтау мәлімдемесін қолданды.
Қорытынды жасау және тексеру
Далалық зерттеу жүргізетіндер зерттеу нәтижелерінің мәнін қа-
зіргі теориялық жиегіне қатысты анықтауға тырысады. Сноу мен
Андерсонның зерттеуінде бұл бірегейлік туралы әңгіменің моделін түсін-
діруді білдірді. Неліктен олай болды? Олар бақылаған модельдер қазіргі
рөлдік-бірегейлік теориясымен қалай байланысты? Олардың қорытын-
дыларының бірі үйсіз-күйсіз адамдар арасындағы алшақтау мінез-құлқы
мен бірегейлік туралы әңгіменің маңыздылығына қатысты болды. Олар
өзін-өзі бағалау қажеттілігі өмір сүрудің физиологиялық қажеттілікте-
рінен кейін тұрады деген ұйғарымға күмән келтірді. Сноу мен Андер-
сонның пікірінше, өзін-өзі бағалау сезімі үйсіз-күйсіздер мен қоғамның
өзге де маргинал мүшелерінің өмір сүруі үшін өте маңызды болуы мүм-
кін, өйткені бұл «өзін және өз адамгершілігін сезінуге» мүмкіндік береді
(Snow and Anderson, 1987: 1365).
Мұндай интерпретациялардың жарамдылығын тексеру үшін балама
түсіндірмелерге жүгіну пайдалы. Түсіндірмелер ертерек және жиі жаса-
луы керек және бақылаумен бірге бірнеше рет тексерілуге тиіс. Басқа
адамдардан, мысалы, әріптестерден балама түсіндірмелер іздеуге бола-
ды. Далалық зерттеулерде ертеден келе жатқан дәстүр – респонденттер-
дің пікірін алу. Ақырында зерттеуші қорытындыларын қосымша тексеру
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
492
үшін негатив дәлелді, яғни нақты қорытындыға қайшы келетін немесе
сәйкес келмейтін деректі іздей алады (Miles and Huberman, 1994).
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Далалық зерттеуде дерек талдау бақылаудың барлық кезеңінде жүргізіледі, өйткені
зерттеушілер ақпаратты жүйелейді, әлеуметтік өмірдің модельдерін анықтап, түсін-
діреді.
Далалық зерттеу салыстырмалы түрде құрылымдалмағандықтан,
зерттеуде бұрмалауды болдырмау, жарамдылықты арттыру жолдарын
қарастыру өте маңызды. Қатысушы-бақылаушы үшін бұл үрдіс зерттеу
барысында мәселе тудырмас үшін далалық зерттеу ортасындағы адам-
дармен байланыс орнатып, сеніміне кіруге тырысқанда басталады. Ол
далалық зерттеу барысында басқа тәсілдермен жалғасады. Зерттеушілер
зерттеу ортасындағы басқа адамдардан өз бақылаулары үшін үнемі рас-
таушы пікірлер алуға тырысуы керек. Олар информанттар арасындағы
үйлеспейтін нәрселерді тексеріп, олардың неге келіспейтінін анықтауы
керек (Bernard, 2013: 395). Информанттардың есептерін мекеме жазба-
лары сияқты басқа дереккөздерімен тексеруі қажет. Негізгі ереже деге-
німіз – қорытындыны қолдайтын дәлел іздестіру. Дәлел неғұрлым әртүр-
лі әрі мол болса, қорытынды соғұрлым қуатты болады. Бұл жайында он
үшінші тарауда талқылайтын боламыз.
Далалық зерттеудің артықшылықтары мен шектеулері
Далалық зерттеулер түсіндірме зерттеулерге нұсқау беру және сауалнама
мен эксперименттік зерттеудің нәтижелеріне тереңдік пен мән-мағына
үстеу арқылы басқа тәсілдерді толықтыруы мүмкін. Бұл – нақты бір зерт-
теу мақсатына сәйкес келетіндіктен жиі таңдалатын зерттеу тәсілі.
Талқылағанымыздай, далалық зерттеуді, әсіресе қатысушы бақылау
жүргізудің басты себебі – зерттеу ортасына сіңу арқылы соларша ойлау.
Далалық зерттеушілер зерттеудегі адамдардың іс-әрекеттерін бақылап,
оған қатысып, қатысушылардың жағдайға қатысты берген анықтамасын
түсіне алады. Осылайша көзге байқалмайтын үрдістерді көре алады және
сырттан қарайтындарға шындыққа жанаспайтын болып көрінетін көз-
қарастарды түсінеді. Шынында, далалық зерттеу дескриптив болғандық-
тан, оның мақсаты осыдан ауқымды болуы мүмкін.
Табиғи ортадағы әлеуметтік өмірді бақылай отырып, далалық зерт-
теудің басқа тәсілдерден артықшылығын мынадай жағдайда көруге бо-
лады: (1) «тұтас» оқиғаларды егжей-тегжейлі және табиғи күйінде сақ-
тау маңызды болған тұста (Weick, 1968); (2) бір уақытта және тұтастай
зерттелуі қажет өзара байланысты құбылыстарды қамтитын жағдай
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
493
күрделі болған сәтте, мысалы, түрмені институт ретінде зерттеу (R.S.
Weiss, 1966) және (3) адам мен ортаны бір-бірінен ажыратпау маңызды
болғандықтан, екеуінің арасындағы қарым-қатынасқа баса назар аудар-
ған кезде (Weick, 1968).
Заттардың табиғи тәртібін сақтау әлеуметтік іс-әрекеттерді тұтас
және контекстік тұрғыдан түсінуге мүмкіндік береді, сонымен қатар
эксперименттер мен сауалнамаларда кең тараған реактивтік мәселесін
азайтады. Реактивтік және өзге де өлшеу мәселелері көбіне өзі туралы
ақпарат беруді мінез-құлықтың нашар көрсеткіштеріне айналдырады.
Сондықтан кейбір ғалымдар далалық зерттеу нақты жағдайдағы мінез-
құлықты тікелей бақылау арқылы басқа тәсілдерге қарағанда әлеуметтік
іс-әрекеттер туралы жарамды қорытынды жасауға мүмкіндік береді деп
санайды (Jerolmack and Khan, 2014). 11.2-қосымшада талқыланғандай,
далалық зерттеу адамдардың іс жүзінде істеп жатқандары мен айтқан-
дары арасындағы айырмашылықты түсінуде басқа тәсілдерге қарағанда
тиімді болуы мүмкін.
Сонымен қатар далалық зерттеу әдіснамалық мәселелер басқа зерттеу
стратегияларын пайдалануға мүмкіндік бермегенде (субъектілер (жас
балалар) зерттеуге қатыса алмағанда немесе (қылмыстық топтың мүше-
лері) ресми зерттеуге қатысқысы келмегенде) және зерттеліп жатқан та-
қырып туралы көп нәрсе білмеген кезде қолданылуы мүмкін.
11.2-қосымша. Далалық зерттеу және ұстаным қателігі
Әлеуметтік ғылымдарда ертеден келе жатқан «әдіснамалық мәселе» –
адамдардың айтқандары мен істегендерінің көбіне бір-бірімен сәйкес кел-
меуі. Мұның мәселе болуының себебі – зерттеушілердің өзі туралы ақпа-
рат беру мінез-құлқы мен вербалды ұстанымы (сезімдері немесе пікірлері)
нақты мінез-құлықтың көрсеткіштері ретінде жиі қолданылады. Жақында
Колин Джеролмак пен Шамус Хан (2014: 181) «этнография [осы тарауда
сипатталған «далалық зерттеудің» синонимі] бұл мәселені шешудің тиімді
әдістерінің бірі деп мәлімдеді». Олардың дәлелдерін түсіну үшін алдымен
ұстаным – мінез-құлық үйлесімі мәселесінің олқы тұсына қатысты дәлел-
ді қарастырайық. Содан кейін Джеролмак пен Ханның «ұстаным қателігі
(ауызша пайымдаудан туындаған мінез-құлықты анықтау қателігі)» деп
аталатын әдіснамасын талқылаймыз (179).
Ұстаным – мінез-құлық үйлесімі мәселесі бойынша зерттеудің көп ба-
ғытының бірі – нәсілдік ұстаным мен мінез-құлық арасындағы байланыс.
Ричард Лапьер (1934) 1930 жылдардың басында жас қытай студентімен
және оның әйелімен бірге АҚШ-ты аралап маңызды зерттеу жүргізді. Ер-
лі-зайыптыларды 251 қонақүйде, автопарктерде, мейрамханалар мен ка-
фелерде қалай қабылданғаны туралы егжей-тегжейлі жазбалар жүргізген
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
494
Лапьер оларға тек бір рет қызмет көрсетілмегенін айтты. Алты айдан ке-
йін ол осы мекемелердің әрқайсысына «Сіз қытай нәсілінің өкілдерін өз
мекемеңізге қонақ ретінде қабылдайсыз ба?» деген анкета жіберді. 128
мекеменің 90%-ы «жоқ» деп жауап берді.
2001 жылы Девах Пейджер және Линкольн Квилиан (2005) жүргізген
зерттеу, жұмысқа алу кезіндегі дискриминация туралы далалық экспе-
рименттің нәтижелерін бірнеше ай өткен соң жүргізілген сауалнамамен
салыстырды. Далалық эксперимент аудиттік зерттеу еді. Зерттеу бары-
сында жартысы сотталған және жартысы сотталмаған қаранәсілді және
ақнәсілді ер адамдар бірдей жұмысқа өтініш берді. Бірнеше айдан кейін
байланысқа шыққан жұмыс берушілердің әрқайсысынан жұмысқа қабыл-
даудағы артықшылықтар мен тәжірибе туралы телефон арқылы сұхбатқа
қатысу сұралды. Сұхбат барысында жұмыс берушілер жұмысқа қабылдау
туралы жеке өтініш берген аудитордың сотталғаны туралы анықтамасына
сәйкес келетін жұмыс іздеуші сипатталған виньеткаға жауап берді. Сауал-
нама барысында респонденттердің 61,7%-ы бұрын сотталған қаранәсілді-
ні жұмысқа алуы «өте ықтимал» немесе «біршама ықтимал» екенін айтты;
алайда аудиттік зерттеу барысында 14,7%-ы ғана қаранәсілділерді жұмыс-
қа алу бойынша сұхбатқа шақырды.
Осы екі зерттеу де ұстаным немесе адамдардың айтқаны мен мінез-құл-
қы немесе іс жүзінде не істегені арасында айтарлықтай айырмашылық бар
екенін көрсетеді. Бұл айырмашылық әрдайым бола бермейді; мысалы, бір
зерттеу дауыс беру мен дауыс берушілердің мінез-құлқы, сондай-ақ зор-
лық-зомбылықтан қорқу мен қосымша құлыптар және сигнал жүйелерін
орнату, қару-жарақ сатып алу сияқты қорқынышты жеңілдетуге бағыт-
талған мінез-құлық арасында корреляция бар екенін көрсетеді (Cerulo,
2014). Алайда жалпы қорытынды өзі туралы ақпарат беру мен мінез-
құлық арасындағы байланыстың өзгеретінінде жатыр; мысалы, нәсілдік
ұстаным (наным-сенімдер) мен мінез-құлық (дискриминация) арасын-
дағы байланысты зерттеген 57 зерттеудің мета-талдауы корреляцияның
0,38 бен 0,69 арасында және салыстырмалы төмен орташа көрсеткіштің
0,26 болғанын көрсетті (Talaska, Fiske және Chaiken, 2008). Сондықтан ұс-
таным мен мінез-құлық арасында үйлесім бар деу – қате. Джеролмак пен
Хан бірнеше себептерге байланысты мұны шешудің ең тиімді тәсілі дала-
лық зерттеу деп санады.
Біріншіден, далалық зерттеу мінез-құлықты тікелей бақылайды; сон-
дықтан адамдардың нақты жағдайда не істейтінін көрсетеді. Екіншіден,
далалық зерттеушілер мінез-құлықты түрлі контексте бақылайды, ал
сауалнама адамдардың бір контексте (сұхбат немесе анкета) не ойлайты-
нын, сезетінін және айтқысы келетінін көрсетеді. Джеролмак пен Хан атап
өткендей, сауалнама деректері «жеке тұлғалардың репрезентативтігіне ба-
сымдық береді». Алайда сұхбат/сауалнама жағдайының ерекше контексте
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
495
алынған нәтижелерді күнделікті өмірге жалпылауға болмайды дегенді біл-
діреді. Біз іріктелмеген адамдардың өзі туралы ақпараты іріктелген адам-
дардың өзі туралы ақпаратымен бірдей болады деген қорытынды шығара
аламыз, бірақ өзі туралы ақпарат адамдардың іріктелмеген әлеуметтік
жағдайда қалай әрекет ететінін көрсетеді деп тұжырымдай алмаймыз...
Этнографияның эпистемологиясы басқаша: ол адамдардың репрезента-
тив іріктемелерін таңдамайды, керісінше, күнделікті жағдайлар мен өзара
әрекеттесуді іріктейді (Jerolmack and Khan, 2014: 202).
Үшіншіден, далалық зерттеушілер түрлі жағдайларда айту және істеу
арасындағы айырмашылықты бақылай алумен бірге, далалық зерттеуде
жүргізілген сұхбаттардағы өзі туралы ақпарат беруді «акторлардың күнде
не істейтінімен» тікелей салыстыра алады (Jerolmack and Khan, 2014:195).
Жұрттың айтқаны акторлардың жағдайға берген анықтамасын түсіну
үшін маңызды болса да, олардың айтқандарының мағынасы өзара әрекет-
тесу үрдісі арқылы құрылады және «басқа адамдармен және нақты жағ-
дайларда» (200) не істеп жатқанына назар аудару керек.
Джеролмак пен Хан: «Этнография акторлардың айтқаны (сұхбаттасу
немесе бір-бірімен әңгімелесу кезінде) мен күнделікті өмірде істегені-
не мұқият назар адарып, анықтайды және мотивацияны анықтау үшін
осындай салыстыруды қолданады» дейді (196). Олар америкалықтардың
шіркеуге қаншалықты жиі баратынын және еуропалықтардың шіркеуге
баруы туралы шынайы жасалған зерттеуге назар аударады. Джеролмак
пен Ханның айтуынша, «бұл америкалықтардың өздерін діндар ретінде
көрсеткісі келетінін, бірақ олардың іс-әрекеттері ойларымен сәйкес кел-
мейтінін көрсетеді» (190). Сол сияқты америкалықтардың басым көбі нә-
сілдік теңдік принципін қолдайды,
6
дегенмен олар күнделікті өмірде бұл
принципті бұзуы мүмкін. Пейджер мен Квиллиан «гипотезалық қаранәсіл-
ді қылмыскердің айтқандары мен жас қаранәсілді жігіттің жұмыс іздеу іс-
әрекеті арасында айырмашылық бар» екенін анықтады (2005: 371). Жұ-
мыс берушіден жұмысқа өтініш беруші туралы сұралғанда, ол тең мүмкін-
діктер принципіне сай жауап береді. Бірақ нақты өмірде осы жағдайға тап
болу «қорқыныш, алаңдау және қауіп сезімін тудыруы» және «жұмысқа
алу процесі гипотезалық сценарийлерге сай келмейтін күтпеген жағдай-
ларға» әкелуі мүмкін (371).
Сіз бір нәрсе туралы там-тұмдап қана білсеңіз, деректер жинауға шек-
теуді аз қоюыңыз мүмкін. Эксперименттер мен сауалнамаларда әдетте
зерттелетін тақырып туралы біліміңіз болуы қажет. Мұндай білім нені
манипуляциялау, нені қадағалау, нені сұрау және нені елемеу керегі бо-
йынша шешім қабылдау үшін қажет. Осы шешім қабылданғаннан кейін,
эксперимент және сауалнама зерттеуін жүргізушілер зерттеу дизайнын
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
496
өзгерте алмайды. Ал далалық зерттеушілер зерттеу ортасына кіргеннен
кейін және деректерін талдау барысында зерттеу дизайнын көбіне өзгер-
те алады.
Сонымен, далалық зерттеу тәсілін қолдану туралы шешім зерттеуші-
нің ресурстарына байланысты болуы ықтимал. Зерттеуге көп қаражат
қажет болуы мүмкін. Барлық зерттеу стратегиялары үшін уақыт, кеңіс-
тік, ақша және қызметкер қажет. Көп адамнан тұратын іріктемемен сұх-
бат жүргізу іріктеу, сұхбат берушілерді дайындау, дерек жинау және т. б.
тұрғысынан қымбат болуы мүмкін. Сол сияқты эксперименттер әдетте
сауалнамаға қарағанда шағын болса да, күрделі әрі қымбат болуы да ға-
жап емес. Жақын жерде жүргізілсе, далалық зерттеу ең арзан тәсіл болуы
ықтимал. Ол күрделі құралдарды немесе жабдықты қажет етпейді және
әдетте бір зерттеуші жүргізетіндіктен, зерттеушінің дайындығынан тыс
қосымша қызметкер немесе дайындық кезеңін талап етпейді. Екінші жа-
ғынан, далалық зерттеу көп еңбекті қажет етеді. Ізденушілер көп жыл да-
лалық зерттеуде жүреді. Осылайша далалық зерттеуші үшін ең маңызды
ресурс – далалық зерттеушінің өзі.
Далалық зерттеу заттардың табиғи тәртібін сақтау маңызды орталар-
ды және зерттеуші аз білетін субъектілердің шындық туралы интерпре-
тациясын түсінуді өзекті ететін орталарды зерттеу үшін қолайлы болады.
Далалық зерттеу уақытты қажет етеді, бірақ ақпараттың белгілі бір түр-
лерін жинаудың тиімді тәсілі болмауы мүмкін. Белгілі бір демографиялық
сипаттамаларын (мысалы, жасы, жынысы, кәсібі) анықтау немесе белгілі
бір халықтың сенімі мен көзқарасын білу сауалнамалары тез жүргізіледі
және сенімді болады. Гипотезаларды жақсы қадағалайтын болғандық-
тан, себеп-салдарлық гипотезаларды сынау эксперименттерде әлдеқайда
жоғары.
Далалық зерттеуді әдетте шектеулі ортадағы адамдармен қарым-қа-
тынас жасайтын бір бақылаушы жүргізетіндіктен, ол көбіне зерттеушінің
бақылау және түсіндіру дағдыларына байланысты болады. Оны қайталау
және салыстыру қиын және ол жалпылауға келмеуі мүмкін. Зерттеу нә-
тижесі әлеуметтік өмірдің бір сегменті туралы егжей-тегжейлі ақпаратқа
толы болады; алайда қолжетімділік пен ыңғайлылыққа байланысты сег-
мент шағын әрі бір рет зерттеу үшін сұрыпталады. Бұл модель далалық
зерттеулердің теориялық тұжырымдалған мәселелерді шешуге бағыт-
талған білімге үлес қосу қабілетіне нұқсан келтіреді (P.K. Manning, 1987:
22–23).
Түйін
Бастапқыда далалық зерттеулер, ең алдымен, қоғамның елеусіз қалған
топтарына бағытталды, ал бертін келе күнделікті өмірдің аспектілеріне
назар аударады.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
497
Далалық зерттеу қарапайым, жүре келе қалыптасатын зерттеу жобасын,
табиғи ортада тікелей байқауды, құрылымдалмаған және жартылай құ-
рылымдалған сұхбат жүргізуді һәм сапалық деректі талдауды қамтиды.
Далалық зерттеушілердің зерттеу дизайны икемді және зерттеу барысын-
да өз тәсілінің ерекшеліктерін дамытады. Мысалы, іріктеу кезінде зертте-
летін әлеуметтік бірліктің сипатына және далалық зерттеу ортасына бару
мен қарым-қатынас орнату мәселесіне байланысты икемді тәсіл қажет
болады.
Шағын және арнайы іріктемелер субъектілер мен зерттеу ортасын таң-
дауды анықтайды. Далалық зерттеу орнында іріктеуге қатысты жалпы тә-
сіл – вариацияны барынша көбейту арқылы дәлелдің ақпараттық құнды-
лығын арттыру. Нақты стратегиялар бірліктерді таңдауды және зерттеуге
қатысты аналитикалық факторларды іріктеуді қамтиды.
Далалық зерттеуде дерек жинаудың негізгі әдісі – тікелей бақылау жүргі-
зу. Далалық бақылау құрылымы бойынша ерекшеленеді және неғұрлым
аз құрылымдалған зерттеудің алғашқы кезеңін сипаттайды.
Қатаң құрылымдалған бақылау ақпаратты алудың формалды ережелерін,
бақылаудың қашан және қайда жүргізілетінін, бақылауды кім жүргізеті-
нін және нені бақылайтынын анықтайды.
Далалық бақылау зерттеушінің зерттелетін ортаға қатысу дәрежесіне
байланысты да өзгереді. Бір жағынан, зерттеуші қатыспай бақылау жүр-
гізсе, екінші жағынан, қатыса отырып бақылау жүргізе алады.
Қатыса отырып бақылау қатыспай бақылауға қарағанда кең тараған, өйт-
кені зерттеуге қатыса отырып бақылау өмірге инсайдердің көзқарасымен
қарау тұрғысынан маңызды. Алайда бақылаушы қатысушының маргинал
позициясы бұл рөлді қиындатады.
Сұхбат алу бақылауға болмайтын оқиғаларды, оқиға туралы түрлі көз-
қарасты және информанттың ойлары мен сезімдерін анықтай отырып,
далалық бақылауды толықтырады.
Сұхбат алу зерттеу ортасына қатысудан туындаған кездейсоқ сұрақ қою
немесе информанттармен ресми сұхбат жүргізу арқылы жүзеге асырылуы
мүмкін.
Сұрақ тақырыптары мен сұхбат алу бойынша нұсқаулық тікелей алына-
тын ресми сұхбаттарға арналған, десе де сұрақтардың тәртібі мен тұжы-
рымдалуы қарапайым әңгімелесудегі сияқты не айтылатынына байла-
нысты болады.
Далалық зерттеудің деректері көбіне әлеуметтік өмірді теориялық тұрғы-
дан түсінуді сипаттау және дамыту үшін сапалық талдау жасалатын мә-
тінмен шектеледі.
Далалық зерттеудің бірінші кезеңі – тиісті зерттеу ортасын таңдау. Бару-
ға оңай және қызығушылыққа байланысты кейбір зерттеушілер далалық
зерттеудің бұлжымайтын дәстүрі «тұрған жеріңнен бастау» тәсіліне жүгі-
нуге кеңес береді.
Екінші кезең – зерттеу ортасына қол жеткізу. Ресми ұйымда әдетте құ-
зыретті тұлғалардан рұқсат алуды білдіреді. Қоғамдық орталарға қол
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
498
жеткізу оңай, бірақ адамдармен қарым-қатынас орнату және информант-
тарды табу тапқырлықты қажет етеді. Жеке орталарға қол жеткізу үшін
«жентек қар» іріктемесіне жүгіне отырып, негізгі информанттармен қа-
рым-қатынас орнату керек.
Зерттеу ортасына кірумен басталатын далалық зерттеудің үшінші кезе-
ңі – зерттеу ортасындағыларға өзіңізді таныстыру. Зерттеушілер алдымен
өзін қаншалықты ғылыми бақылаушы ретінде көрсететінін және зерттеу
ортасына қаншалықты қатысатынын шешіп алуы керек.
Сирек болмаса да, жасырын түрде далалық зерттеу жүргізудің этикаға
қатысты мәселелері бар және кейбір зерттеушілер мұны мақұлдамай-
ды. Көбіне далалық зерттеушілер ашық түрде бақылау мен қатысуды бі-
ріктіреді және зерттеу барысында осы екі рөлдің орындалуын өзгертіп
отырады.
Далалық зерттеу ортасында перифериялық, белсенді немесе толыққанды қа-
тысушы бола алатын зерттеушілер қатысушы немесе мүше рөлдерін дамыта
алуы керек. Сонымен, өзін таныстыру кезінде адамның мінез-құлқы сенім
мен қарым-қатынастың дамуына қалай әсер ететінін ойластырған жөн.
Далалық зерттеудің соңғы екі кезеңі – ақпарат жинау және талдау бір
уақытта жүреді. Далалық зерттеушілер дерек жинау мақсатында бақы-
лаудан кейін мүмкіндігінше тезірек егжей-тегжейлі далалық жазбаларды
жазу үшін өз жадына және жылдам жазып алған ескертпелеріне сүйенеді.
Зерттеушілер тікелей бақылаумен қатар, қатысушылардан сұхбат алып,
жазбалар мен жеке құжаттарды қарай алады. Зерттеушілер осы ақпарат-
қа сүйене отырып, «сол жерде болған» адамның тәжірибесін көрсететін
оқиғалардың толық сипаттамасын жасайды.
Сонымен қатар ақпарат жинау барысында зерттеушілер деректерді түсіну
үшін тұжырымдамалар мен алдын ала гипотезаларды жасайды. Модель-
дерді анықтауға және түсінік қалыптастыруға көмектесетін құралдарға
далалық жазбаларды кодтау, жадынама жазу, сұрақтар қою және санау
жатады.
Сондай-ақ балама түсіндірмелерді қабылдау және растаушы дәлел іздеу
арқылы жарамдылығын тексеру маңызды.
Далалық зерттеу субъектілердің өзі анықтаған немесе қалыптасқан орта-
ға байланысты адамның мінез-құлқы туралы түсінік қалыптастыру әре-
кетін білдіреді.
Далалық зерттеу мынадай жағдайларда ұсынылады: (1) адам мен орта-
ның өзара байланысын сақтау қажет болғанда; (2) әдіснамалық мәселе-
лер, ресурстар немесе этика басқа зерттеу стратегияларын қабылдауға
кедергі келтіргенде және (3) зерттелетін тақырып туралы ақпарат аз бол-
ғанда.
Алайда далалық зерттеу тәсілімен себеп-салдарлық гипотезаларды сы-
науға болмайды, дерек жинау үшін көп уақыт қажет етеді. Кейде дерек
жинауда тиімсіз болады, бірнеше зерттеу ортасымен шектеледі. Көбіне
зерттеушінің бақылау дағдыларына байланысты болады.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
499
Тірек сөздер
Далалық зерттеу Жасырын зерттеу
Теориялық іріктеу Мүше болу рөлі
Қатыспай бақылау Перифериялық мүше болу
Құрылымдалған бақылау Белсенді мүше болу
Құрылымдалмаған бақылау Толық мүше болу
Қатыса отырып бақылау Далалық ескертпелер
Информант Далалық жазбалар
Тереңдетілген сұхбат алу Гроунд теория
Сұхбат алу нұсқаулығы Кодтау
Гейткипер Кәсіби жазбалар
Информанттар
Тапсырмалар
1. «Қазіргі этнография» (Journal of Contemporary Ethnography) журналының
1991 жылғы қаңтардағы санында (19 том, 423–49 б.) Дэвид Сноу, Шерилон
Робинсон және Патрисия МакКалл әйелдердің қоғамдық орындарда «ер
адамдардан қорғану» стратегиялары туралы қатысушы-бақылау зерттеуін
жариялады. Мына мақаланы оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
а. Зерттеушілер өзара байланысты қандай зерттеу сұрақтарына жауап берді?
ә. Зерттеушілер неліктен «бейімделу процесін» зерттеу үшін жалғызбас-
тылар барын, коктейль-барын және басқа түнгі клубтарды таңдады?
б. Зерттеушілер деректер жинаудың қандай үш тәсілін қолданды?
в. Олар нақты бейімделу эпизодтарын анықтау үшін «пікір білдіру арқылы
сұхбат алу» тәсілін қалай қолданғанын түсіндіріңіз?
г. Жартылай құрылымдалған сұхбат қандай мақсатқа қызмет етті? (Яғни
олар бақылау мен бейресми әңгімелесуден алынған ақпаратты қалай
толықтырды?)
ғ. Зерттеушілер ерлермен бетпе-бет келмеу үшін әйелдердің дәретханасы-
на «қашып кіруін» қалай негіздеді?
д. Зерттеушілер бейімделу процесіне қатысты нәтижелерінің басқа қо-
ғамдық орталарға жалпылау туралы не айтады?
2. Зерттеушілердің көбі, соның ішінде далалық зерттеу жүргізушілер әдіснама-
лары туралы толық ақпарат береді. Олар «далалық зерттеуде бірге жүретін
тұзақтар, кідірістер мен сәтсіздіктерді» қамтитын «жүргізілген зерттеу проце-
сінің» егжей-тегжейлі, нақты сипаттамасын сирек береді (Lareau, 2000: 197).
Алайда далалық зерттеуге негізделген бірнеше монографияда ғана зерттеу
әдістері мен зерттеушілердің тәжірибелері туралы толық мәлімет келтірілген.
Далалық зерттеу туралы түсінігіңізді кеңейту үшін келесі еңбектерді оқыңыз:
Уильям Фут Уайт, «Appendix A: On the Evolution of Street Corner Society»,
pp. 278–373 in Street Corner Society: The Social Structure of an Italian Slum, 4th
ed. (1993). Социологиялық классика; А Қосымшасы бұрынғы басылым-
дарда да бар.
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
500
Гэри Алан Файн, «Appendix 2: Participant Observation with Children, pp. 222–
42 in With the Boys: Little League Baseball and Preadolescent Culture (1987).
Гэри Алан Файн, «Appendix: Ethnography in the Kitchen, Issues and Cases,
pp. 233–53 in Kitchens: The Culture of Restaurant Work (1996).
Чарльз Л. Боск, «Appendix: The Field Worker and the Surgeon, pp. 193–213 in
Forgive and Remember: Managing Medical Failure (1979).
Аннетт Ларо, «Appendix: Common Problems in Field Work: A Personal Essay,
pp. 197–233 in Home Advantage: Social Class and Parental Intervention in
Elementary Education (2000).
3. Бірінші тарауда Ребекка Аллахяридің (2000) кедейлерді азық-түлікпен қам-
тамасыз ететін екі қайырымдылық ұйымы туралы далалық зерттеуін сипат-
тадық. Ол еріктілердің қамқорлығын кедейлермен қарым-қатынасындағы
және ізгілік сезіміндегі моральдық кәмілдікке жетуге деген жеке ұмтылыстың
бөлігі ретінде қарастыратынын анықтады. Сіз мұндай «моральдық меннің»
еріктілердің басқа мекемелері мен ұйымдарында қалай көрінетінін түсінгі-
ңіз келеді, әрі қатысушы-бақылау тәсілі бойынша зерттеу жүргізуге шешім
қабылдадыңыз дейік. Нақты зерттеу ортасын немесе ұйымды таңдаңыз, бұл
колледж қалашығындағы еріктілер бағдарламасы болуы мүмкін. Ол жерге қа-
лай кіресіз? Сіз бақылаушы мен қатысушы рөлінің қайсысын артық көресіз?
Қатысушы ретінде қандай рөлді ойнай аласыз? Бақылауыңызға негізделген
далалық жазбалардан басқа тағы қандай дерек жинар едіңіз?
4. Бақылау жүргізу, далалық кәсіби жазбалар мен ескертпелерді жазу бойынша
тәжірибе жинау үшін сізге ешкім күмәнмен қарамайтын асхана, кафе, кітап-
хана немесе студенттердің қонақ бөлмесі сияқты қоғамдық орынды таңда-
ңыз. Зерттеудегі мақсатыңыз – адамдардың бұл кеңістікті қалай пайдалана-
тынын толық сипаттау. Олар жалғыз ба немесе басқалармен бірге ме? Олар
қандай қызмет түрімен айналысады? Олар қанша уақыт зерттеу ортасында
болады? Далалық зерттеу орнына кірмес бұрын, нені бақылап, жазып алу
керегін қарастыруыңыз керек. Адам көп болатын кезде, кем дегенде, бір са-
ғат бақылау жасауды жоспарлаңыз және нақты белгіленген аймаққа назар
аударыңыз. Далалық кәсіби жазбаларыңызды осы кезеңді бітіргеннен кейін
мүмкіндігінше тезірек жазып алыңыз, содан кейін жазбаларыңызды қарап,
ақпаратты жүйелеу үшін кодтау схемасын жасаңыз.
Сілтемелер
1. Роберт Парк (11.2-қосымшаны қараңыз) осыған назар аудартты. Журналис-
тика мамандығы бойынша оқыған Парк атақты қаранәсілді ағартушы Booker
T. Washington баспагері болды және онымен бірге The Man Farthest Down кіта-
бын жазды. Аталған еңбек әлеуметтанушы У.А.Томастың назарын аударды,
ол Паркты Вашингтонмен бірге жұмыс істеген Алабамадағы Таскиги инсти-
тутын тастап, Чикаго университетіне келуге шақырды. Парк 1913 жылы Чи-
каго университетіне келіп, әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі болды
және «ең төмендегі халықтарды» зерттеудің интеллектуалдық дәстүрін қа-
лыптастырды.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
501
2. Бұған қатысты жалғыз ерекшелік – мінез-құлықты кодтау схемасына негіз-
делген құрылымдалған бақылау. Мысалы, ойнап жүрген балаларды бақылап
отырған зерттеуші нақты тұжырымдалған гипотезаларды тексеруге арналған
ойынның өзіндік ерекшеліктерін жазып алуы мүмкін. Гипотеза «ұлдардың
ойындары қыздардың ойынына қарағанда күрделі» болуы ықтимал. Ол үшін
ойынға қатысатындардың саны, ойын ережесі, ойыншылар орындайтын түр-
лі рөлдердің сипаты және т.б. сияқты сипаттамаларға негізделген алдын ала
белгіленген бақылау категориялары қажет болады (қараңыз: Lever, 1978 ).
3. Роберт Эмерсон (1981) құрылымдалған бақылау зерттеулерін сауалнамалар-
мен салыстырады, өйткені әрқайсысы қашан, қайда және нені бақылау және
іріктеуге болатын алдын ала белгіленген процедуралары бар дизайндарды
қолданады. Дерек жинауда ғана айырмашылық болады: сұрақ қою немесе ті-
келей бақылау жүргізу.
4. Керісінше, басқа колледждегі сабақта осындай бақылау жасайтын студент
оқытушының рұқсатын алғаннан кейін әртүрлі шектеуге тап болады. Бұл
зерттеу ортасы оқытушының пікірін түсінуге мүмкіндік берсе де, сыныптан
тыс студенттер ортасын түсінуге ықпал етпейді. Сондай-ақ зерттеуші студент
өз статусын сыныптағы басқа студенттерден жасыруы керек пе деген мәселе
туындайды.
5. Г.Расселл Бернард (2013: 347–48) «далалық зерттеуді қиындататын жалғыз-
дықты, қорқыныш пен басқа эмоцияларды жеңуге» көмектесу үшін жеке күн-
делік жазуға және қоғамдық жазбаның бір бөлігіне айналғанын қаламайтын
нәрселерді жазуға мүмкіндік беруге кеңес береді.
6. Ұлттық сауалнамалардағы бірнеше сұрақ іс жүзінде нәсілдік теңдікті қолдай-
тынын көрсетеді, сондықтан бұл сұрақтардың көбі қойылмайды. Мысалы,
1972 жылғы жалпы әлеуметтік сауалнама көрсеткендей, америкалықтар-
дың 97%-ы қаранәсілділердің кез келген жұмысқа орналасуы үшін ақнәсіл-
ділермен бірдей мүмкіндіктері болуы керек деп ойлады; 2002 жылғы жалпы
әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, америкалықтардың 90%-ы ақнәсілділер мен
қаранәсілділер арасындағы некеге қарсы заңдар болмауы керек деп санай-
ды. 2010 жылғы жалпы әлеуметтік сауалнама бойынша, америкалықтардың
96,6%-ы, егер өздерінің партиясы ұсынған болса, президенттікке үміткер қа-
ранәсілді кандидатқа дауыс беретіндерін мәлімдеді (T.W. Smith, Marsden
and
Hout, 2016).
ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
502
Он екінші тарау
Қолда бар деректі пайдалана отырып зерттеу
Эксперименттер, сауалнамалар мен далалық зерттеулер әртүрлі секілді
көрінгенімен, олардың осы тараудағы әдіснамалық тәсілден ерекшеле-
нетін ортақ тұсы бар: әрқайсысы бастапқы деректі жинауды көздейді.
Зерттеудің осы үш түрінің кез келгенін жүзеге асыру үшін анкета, тікелей
бақылау жүргізу арқылы немесе зерттеу объектісіне айналған адамдар
мен топтарды бақылау негізінде ақпарат жинау қажет. Осылайша дерек
зерттеу кезінде ғана пайда болады, ол жасалмаса дерек те жоқ.
Керісінше, әлеуметтік зерттеудің төртінші жалпы стратегиясы қолда
бар деректерді қолдануды мақсат тұтады. Кейде зерттеуші өзге бір зерт-
теушінің мүлде бөлек зерттеу мақсатына арнап жинаған деректерін қол-
данады. Ал кейде зерттеушілер пайдаланған қолда бар дерек тіпті зерт-
теу үшін де жиналмаған болуы мүмкін. Дерек жиюдың осындай сан алуан
әдісі бар, зерттеуші қиялға беріліп, оны қалауынша түрлендіре береді.
Осы тарауды оқу барысында дереккөз ретіндегі хаттар мен күнделіктер,
үкімет пен сот жазбалары, газет-журналдар т.б. қолданыла беретінін бай-
қайсыз. Тіпті құлпытас пен граффити де әлеуметтік зерттеудің шикізат
материалына айналады.
Бұл тарауды қолда бар деректі қолдану көзі мен мүмкіндігін ұсына-
тын бірқатар зерттеулерді қарастырудан бастаймыз. Зерттеулерге сүйене
отыра, осы тәсілге қатысты жалпы әдіснамалық мәселелерді талқылай-
мыз. Әртүрлі дереккөздері түрлі зерттеу мақсатында, талдаудың түрлі
формасын жасауға ықпал етеді. Сондықтан қолда бар деректі зерттеудің
екі түрі: тарихи талдау мен контент-анализге жан-жақты тоқталамыз.
Қолда бар дереккөздер
Қолда бар дереккөздер үлкен алты категорияға топтастырылады: (1) рес-
ми құжаттар мен ресми есептер, оған Санақ бюросының архиві де кіреді;
(2) жеке құжаттар; (3) масс-медиа; (4) физикалық, бейвербалды мате-
риалдар; (5) әлеуметтік ғылымдардың деректер архиві мен (6) Big Data.
Дереккөздің негізгі көзі ретінде осы категорияларды атай аламыз, бірақ
оларды қатар қолдану да жиі кездеседі. Кез келген дереккөз осы айтылған
бір не бірнеше категорияда қамтылуы мүмкін. Оған қоса, аналитиктер әр
зерттеуде бір емес, бірнеше дереккөзді пайдалана алады.
503
Жалпыға ортақ құжаттар мен ресми есептер
Қолда бар дерекке сүйеніп талдау жасайтын зерттеуші ретінде тарихшы-
ны айтуға болады, ол ескі заманғы оқиғалар мен процестердің ізін іздей-
ді. Негізі, өзі зерттегелі жүрген кезең туралы дәлел іздеген тарихшы жаз-
баша есептерге сүйенеді. Жазу (яғни сөйлеу тілінің физикалық көрінісі)
өркениет белгісі саналады. Тарихтың бастауы жазу пайда болған кезеңде
жатқанын білеміз. Өткен заман туралы баяндағанда сол кездегі жазуға не
соған ұқсас формаларға сілтеме жасаймыз.
Жазбаша есептің көбі ресми (қоғамның кез келген өкілі пайдалана ала-
тын) қалыпта болады. Кеңселер мен департаменттердің тұрақты жұмыс
істеуін қамтамасыз ететін құжаттар үкіметтік мекемелердің барлық дең-
гейінде (әр жеке кәсіп пен ұйымда да), әлемдегі бүкіл елдің кез келген қо-
ғамында жүргізіледі. Оған үкіметтік мекемелердің түрлі процедуралары,
сот ісі жазбалары, штат заңдары мен қалалық қаулылар жатады. Көптеген
мемлекеттік мекеме, әсіресе Санақ бюросы әртүрлі оқиғаға қатысты рес-
ми статистика түзеді. Бұған адамның тууы мен дүние салуы туралы куә-
ліктер, анықтамалар, альманахтар мен New York Times Index және Reader’s
Guide to Periodical Literature («Мерзімді басылымдар бойынша оқырмандар
нұсқаулығы») сияқты баспасөз индекстерін қоссаңыз, ресми есептен алуға
болатын ақпарат көлемі қаншалықты зор екенін байқайсыз.
Өте мол дереккөз деп демографиялық статистиканы айтсақ болады:
туу, өлу, үйлену, ажырасу және т.б. деректер. Мемлекеттік заң бойынша,
барлық туу дерегі тіркелу керек, өмірден өткен адамды жерлеуге рұқсат
алмай тұрып өлім есебіне тіркеу керек. Туу жазбасы туралы ақпаратта
нәрестеге қатысты дерек қана болмайды, оның ата-анасы, әкесінің то-
лық аты-жөні, мекенжайы, жасы мен жұмыс істейтін орны көрсетіледі.
Осындай деректер арқасында әлеуметтік тап, адамның бала сүю мүм-
кіндігі, ананың жасы мен егіздердің туу жиілігі сияқты түрлі деректер
алуға болады. Сол сияқты адам өлімі туралы есепте әдеттегі биография-
лық ақпаратпен қатар, өлімге себепші жағдай; дерттің созылмалығы
(егер науқастанған болса); неден көз жұмғаны: кездейсоқ жарақат алды
ма, әлде өзіне қол салды ма, өлім уақыты мен орны тіркеледі. Осындай
дерек арқасында демографиялық және эпидемиологиялық зерттеудің
бәрін (ауру ауқымы мен тарау деңгейіне қатысты зерттеулер) жүргізуге
болады. Шынында, зерттеушілердің өлімге қатысты білетін ақпараттың
көбі өлім туралы есептен алынған. Әдетте зерттеушілер бұл жазбалар-
ды Дертті бақылау мен алдын алу сияқты орталықтардан алады, мұндай
ұйымдар тұтас мемлекеттік деңгейдегі деректерді жинайды, оған қоса,
Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты дүниежүзілік деректі қамтитын мекеме-
лерден де сұратады.
Ресми жазбаны қолдана бастаған ертеректегі әлеуметтік зерттеу-
лердің бірі (атап айтқанда, өлім туралы жазба) – Эмиль Дюркгеймнің
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
504
«Суицид» (1951) атты классикалық еңбегі, бұл жайында екінші тарау-
да толық баяндаған едік. XVIII ғасыр аяғында Еуропадағы мемлекеттің
көбі өлімге қатысты есеп жүргізе бастады, онда ажал құшу себебі дүние-
ден өткен адамның жасы, жынысы, отбасылық жағдайы сияқты сипат-
тары қамтылатын. Дюркгеймге дейін бірқатар зерттеушілер суицидке
нақты себебі бар жағдай ретінде қарады, содан кейін адамдардың өзіне
қол салуын діні, жыл мезгілі мен отбасы жағдайы сияқты айнымалылар-
мен байланыстыра салыстырды. Осы дерекке сүйенген Дюркгейм сол
кездегі танымал гипотезалардың бірқатарын теріске шығарды, мысалы,
суицидтің психикалық ауру емес екенін анықтап, әлеуметтік интегра-
цияның болмауы суицидке итермелейді деген салмақты теориясын жа-
риялады. Оның теориясын қолдайтын деректер әлеуметтік байланыс
мықты болғанда (отбасылы әрі бір діндегі адамдар тобының әлеумет-
тік ұйымшылдығы жоғары болғанда) суицид деңгейі төмен болған, ал
әлеуметтік байланыс әлсірегенде (ажырасқан және діндегі адамдар то-
бының әлеуметтік ұйымшылдығы төмен болғанда), суицид санының ар-
татынын көрсетті.
Кай Эриксон (1966) пуритан Жаңа Англиядағы зерттеу үшін бірнеше
ресми құжатты пайдаланды. Эриксон қоғамның девианттық ұғымы қалай
анықтағанын зерттей отырып, оның моральдық шегін анықтап 60 жыл-
дық мерзімді қамтыған пуритандар арасындағы үш «қылмыс толқынын»
зерттеді. Бірінші толқын 1636–1638 жылдары болды, оны антиномисти-
калық дау деп атады, себебі Бостонда Евангелиені оқытуға кім құқылы
деген мәселе көтеріліп, арты азаматтық сотқа ұласты, соңында бүлікке
арандатушы деген айыппен екі көрнекті өкілді колониядан қуып жіберді.
Екінші толқын, 1650–1660 жылдары квакерлерді аяусыз қудалауға байла-
нысты, ал үшінші толқын 1692 жылы өткен, «жәдігөйлерге» (дуагер) қа-
тысты әйгілі оқиға болған жер, орталығы – Салем еді. Эриксон осы оқиға-
ларды талдау үшін Эссекс округті сотының ауқымды есебіне үңілді және
шиеленіс басшылары Энн Хатчинсон, пуритан министрі Джон Уинтроп
пен Коттон Мэзер сияқты кісілердің жазбаларына сүйенді. Оның тұжы-
рымы өз гипотезасын растады: қауымдастық бұл тарихи оқиғаларды өзі-
нің моральдық шегін белгілеп алу үшін жасаған.
Стефан Сэйлс (1973) қатер мен авторитаризмді зерттеген еңбегінде
ресми статистиканы қамтитын қолда бар түрлі деректерді пайдаланды.
Авторитаризм – биліктегілерді шектен тыс құрметтеу арқылы сипаттала-
тын, жеке адамның тұрпаты. Авторитарлық билікті қолдайтын адам күш
пен қатігездікке құмар; нанымға сенгіш, күдікшіл әрі өз әрекетіне талдау
жасай алмайды; топтық ережені бұзғанның қатігез іс-әрекетіне қалып-
ты тірлік сияқты қарайды әрі көнбіс. Сэйлс «мұндай үрдіс экономикалық
күйзеліс сияқты қиын жағдай кезінде жиі пайда болады» деген гипоте-
заны сынады. Ол Америка Құрама Штаттарындағы экономикалық қатер
аз болған 1920 жылдарға қатысты қолда бар деректер мен 1930 жылда-
ғы Үлкен тоқырау кезеңіне қатысты қолда бар деректермен салыстырды.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
505
Мысалы, авторитарлық режим топ ішінде қалыптасқан құндылықты
бұзушыларды соттап, жазалауға тырысатынын есепке алған Сэйлс 1930
жылдары полицияны қолдау күшейеді деп болжады. Сондықтан ол Нью-
Йорк пен Питтсбург секілді қос қаланың бюджетін зерттеді. Ол полиция
мен өрт сөндіру қызметіне бөлінетін бюджет сомасын есептегенде (бұл
жерде өрт сөндіру мекемесі – бақылаушы айнымалы), 1920 жылға қара-
ғанда 1930 жылы полицияны қаржыландыруға жұмсалған сома көп, ал
өрт сөндіру қызметіне ақша аз бөлінгенін байқады. Десек те полиция
бюджетінің өсуі қылмыстың көбеюімен байланысты емес; Сэйлс АҚШ-қа
арналған Бірегей қылмыс есебін ескергенде, 1920 жылмен салыстырғанда
1930 жылы қылмыс саны азайғанын анықтады.
Сэйлс ресми деректен 1930 жылы авторитаризм күшейді деген ги-
потезаны растайтын тағы да көптеген дәлел тапты. Мәселен, Америка
Құрама Штаттары каталогында, Жинақтық көрсеткіш пен Мерзімді әде-
биет бойынша оқырмандар нұсқаулығында көрсетілгендей, астрология-
ға қатысты жарияланған кітап та, мақала да көп (авторитарлық наным-
сенімдер), ал психоаналитика мен психотерапия (авторитарлар өзіндік
талдау жасауға қарсы) жөніндегі мақала мен кітап өте аз.
Ең кең тараған және жиі қолданылатын қоғамдық дереккөз – АҚШ Са-
нақ бюросы жиған дерекқор. Бюро өте көп ақпарат жинақтайды. Конс-
титуцияға сай, мемлекеттің әр тұрғыны кем дегенде 10 жылда бір рет са-
нақтан өтуі керек. 1970 жылы басталған он жылдық деректі екі форма-
да – біріктірілген әрі жекелеген қалпында алуға болады. Деректер жиыл-
ған соң бірнеше ай ішінде жарияланады. Олар штаттар, округтер, қала-
лар, ауылдар, елді мекендер мен кварталдардағы негізгі жиынтықтың
түрлі сипаттамаларын қамтиды. Негізгі жиынтық пен отбасыға қатыс-
ты санақта елдегі отбасы құрамы туралы толық ақпарат беріледі. Бұл
ақпарат уақыт өткен сайын өзгеріп отырды, бірақ әдетте әр адамның
жасы, жынысы, нәсілі, отбасы жағдайын білетін; сондай-ақ үйінің баға-
сы, ай сайынғы жалға беру құны не бөлме саны сияқты үй шаруасына
қатысты деректі қамтитын. 1940 жылдан 2000 жылға дейін АҚШ Санақ
бюросы екі түрлі анкета жүргізді: қысқа формасын жұрттың көбіне жі-
берсе, ұзақ формасын негізгі жиынтық іріктемесіне жолдайтын. Бюро
2010 жылы 10 сұрақтан ғана тұратын қысқа формаға ауысты, бұрынғы
ұзақ формаларда қойылған сұрақтар енді жыл сайынғы Америка қауым-
дастығы сауалнамасына енгізілді.
1
Әлеуметтік ғылым саласындағы ға-
лымдар қала экологиясынан бастап қала тұрғындарын жұмылдыру, нә-
сілдік сегрегация секілді түрлі айнымалыны зерттеуде осы деректерді
қолданды.
Бесінші тарауда Джон Логан мен Брайан Стулстың (2011) 1960 жыл-
дан 2010 жылға дейінгі аралықты алып, жарты ғасырдағы азшылық сег-
регациясындағы өзгерістерді зерттегені туралы айтқанбыз. Зерттеушілер
тұрғылықты орны бойынша сегрегация индексіне негізделген еңбекте
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
506
1980 жылдардың басында ақ пен қара нәсіл сегрегациясы біртіндеп азай-
ғанын байқады, бірақ үлкен қаланың көбінде латынамерикалықтар мен
азиялықтардың ақнәсілді тұрғындардан бөліне бастауы бұрынғыдан да
көбейген не сол қалпында қалған. Десек те қаранәсілділер латынамери-
калықтар мен азиялықтарға қарағанда ақнәсілді тұрғындардан әлі де бі-
раз оқшауланып қалған.
Тұрғылықты жері бойынша сегрегацияны зерттегендегі талдау бірлі-
гі – санақ ізі. Жеке тұлғаларды емес, географиялық бірліктерді сипатта-
ғандағы деректі біріктіретін Санақ бюросы жекелеген тұлғалардың өзіне
ғана қатысты мәліметін құпия сақтайды, солай етуге міндетті де. Деген-
мен Санақ бюросы 72 жыл өткен соң «Халық санағы жазбасы» делінетін
жекелеген жазбаларды жариялап, жалпақ жұртқа ұсынады.
1960 жылы санақ басталғаннан бері бюро он жылдық санақтың (нақ-
ты жауап) жеке тұлға деңгейіндегі дерегін ұсынады, оны Қоғамдық қол-
даныстағы микродерек іріктемесі (PUMS) деп атайды. 1940–1970 жыл-
дардағы іріктеме үшін PUMS-тің 1%-ы белгілі; ал 1980, 1990 және 2000
жылдардағы санақ үшін 1 және 5 пайыздық іріктеме белгілі. Оған қоса,
2005 жылдан бастап Америка қауымдастығы сауалнамасы PUMS файлда-
рын толық көре алады. Бюро құпия сақтау үшін адам аттарын, мекенжай
мен өзге де жеке басқа тиесілі деректерді іріктеме файлынан алып тастай-
ды. IPUMS («I» кіріктірілген деген мағына береді) жобасы осы серияларды
кейінгі жылдарға созып, сол уақыттағы деректі біріктіріп, айнымалыға ар-
налған бірегей код түзеді (Minnesota Population Center, 2016).
2
Сондай-ақ айына бір рет бюро Қазіргі халық туралы сауалнама
(CPS)өткізеді, бұл жөнінде осыған дейінгі тарауларда қысқаша айтып
өттік. CPS Колумбия округі мен 50 штаттың 800-ге жуық ауданындағы
60 мыңдай отбасын қамтиды. Ол – жұмыссыздық деңгейі сияқты еңбек
күшіне қатысты статистиканың негізгі көзі, сондай-ақ өзге де негізгі
жиынтық сипаттамасы туралы ақпарат береді. Соңғы отыз жылда CPS
және жеке басқа қатысты санақ дерегі адам жиынтығындағы өзгерістер
мен құрылымы туралы жазатын Demography журналы сияқты дереккөз-
дерде жиі қолданылды (Ruggles, 2014). Сондай-ақ бизнес, өнеркәсіп,
ауыл шаруашылығы мен өзге де мекемелер санағы тұрақты түрде жүр-
гізіліп тұрады.
3
12.1-қосымша. Халық санағы жазбасын әлеуметтік зерттеуде пайда-
лану: ХІХ ғасырдағы шейкерлер демографиясы
Әлеуметтанушылар ұзақ жылдар бойы жоғалып кеткен діни топ – шейкер-
лер тағдырына қызығушылық танытты. Шейкерлер Англияда XVIII ғасыр
ортасындағы квакерлердің бір тармағы (ағымы) ретінде пайда болды. 1774
жылы топ сәуегейі Энн Ли қасына сегіз адамды ертіп Америкаға тартты,
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
507
дәл осы тұста АҚШ-тың дін тарихындағы қызықты кезең басталды. Шей-
керлер коммуналық тәртіпті қатаң сақтады, жаңадан қосылған мүшелер
жеке басқа тиесілі мүліктің бәрінен бас тартуға тиіс болды. Олар некелесу,
бірге тұру, жыныстық қатынас пен балалы болуға қарсы болды. Ерлер мен
әйелдер әр үйде жеке-жеке тұрды, қарсы жыныс өкілдерінің бір-бірімен
сөйлесуіне, бір бөлмеде отыруына және жолда кездесе қалса, бір-бірінің
алдын кесіп өтуіне тыйым салынды.
Некелесуге тыйым салынғандықтан, шейкерлердің жаңа мүшелер жи-
наудағы басты құралы – ерікті қосылу еді. Өмір салтын өте қатал ұстан-
ғанына қарамастан, сектаның 200 жылдан астам тарихы бар, тіпті кейде
гүлденіп, Америкаға қоныс аударған 9 адамның саны артып, ең көркейген
шағында 17 мыңға жетті деген деректер ұшырасады (стандарт анықтама
бойынша). Тіпті кейбіреулер бұл көрсеткіш азайтылып берілген дейді,
Саббатдей Лейк (Sabbathday Lake) шейкерлер мұражайы мен кітапха-
на директоры – Мэннің айтуынша, «олардың толық саны 64 мыңға жет-
кен» (Kephart, 1982: 208). Басқалары бұдан аздау болған деседі, Марк
Холлоуэй есебіне сәйкес (1966: 70), 1830 жылдары шейкерлердің 18 қа-
уымдастығында бес мың адам болған. Шейкерлер тәжірибесінің сонша-
лықты табысты болуына не ықпал етті? Ұйымға неше адам мүше болды?
Олар бір жерде тұрақтамай, түрлі топқа бөлініп, бытыраңқы тіршілік кеш-
кендіктен, жоғарыдағы деректің барлығы – болжамға негізделген көрсет-
кіш. Десек те Уильям Симс Бэйнбридж (1982) ХІХ ғасырдың екінші жарты-
сындағы шейкерлер жиынтығын анықтау үшін АҚШ-тағы түпнұсқа санақ
кестесін пайдаланды. Зерттеуші сол негізде шейкерлердің адам тарту әдісі,
мүшеліктен шығуы мен сектаның біртіндеп әлсіреуі туралы ақпарат алды.
Әр санақтан соң, 72 жыл өткеннен кейін санақшылардың түпнұсқа де-
регі көпшілік пайдалануына беріледі. Осы деректерді Вашингтондағы Ұлт-
тық архивтің микрофильмі мен бүкіл елдегі 13 аймақтың архивінен алуға
болады. Деректер сақталған файлдар белгіленген ретпен орналасқан, сон-
дықтан бұл – ата-бабасы хақында көбірек мағлұмат алғысы келетіндерге
ыңғайлы нәрсе. Шынында, 1900 жылғы санақ файлдары «дыбыстық ин-
декс» жүйесімен сақталған, үй шаруашылығы басшысының орналасқан
жерін анықтағысы келген генеалогия мамандары олардың есімін дауыс-
тап айту арқылы таба алады. Әлеуметтанушылар осы деректерді пайдала-
нарда бірсыпыра мәселеге тап болады. 1790–1840 жылдардағы алғашқы
алты санақта жеке тұлғалар туралы ақпарат салыстырмалы түрде аз, се-
бебі онда үй иесі ғана аты-жөнімен тіркелген екен. Кейінгі санақтарда де-
рек көп, алайда зерттеушілерге мол ақпаратты игеру де оңай емес. Санақ
жазбасын іріктеудің бірқатар әдісі бар (R.C. Johnson, 1978 қараңыз). Десек
те шейкерлер жиынтық жағынан аз болғандықтан, оларды іріктеу мүмкін
болмады.
Тарихи жазбаларға сай 1840–1900 жылдары Бейнбридж шейкерлер-
дің 22 колониясын анықтаған. Бұл колониялар сегіз штатта орналасыпты
(бесеуі – Массачусетсте, төртеуі – Нью-Йорк пен Огайо штатында, үшеуі –
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
508
Мэн штатында, ал Нью-Гэмпшир мен Кентуккиде екі және Коннектикут
пен Флоридада бір-бір колониядан болған екен). Бейнбриджге шейкерлер-
дің аты-жөні белгісіз болғандықтан, ол осы сегіз штат бойынша аталған
кезеңдегі 150 микрофильм дерегін тексеріп шығуға мәжбүр еді. Ал зерт-
теуші 1890 жылғы халық санағы жазбасы болмағандықтан (өртеніп кет-
кен), 1840–1900 кезең үшін әр екінші санақ дерегімен танысуды ұйғарды.
1840 жылғы санақты зерттеудегі қиындықтарды сипаттаған Бейнбридж-
дің (1982: 354) айтуынша,
шейкер колониясы орналасуы ықтимал қаладан 215 мүшесі бар от-
басы туралы жазбаны тапқанда, олардың тұрғылықты жерін анық-
тадым деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ бұл жорамал жеткіліксіз. Бірін-
шіден, шейкерлер колониясы «отбасы» болып бөлінді, кейде мұндай
шаңырақтың алты бірлігі жиылып колония құрайтын; ал шағын от-
басыларды басқа топқа жатқызуыңыз мүмкін, не керісінше болып
шығады. 1840 жылы біраз отбасыны «шейкерлер» деп көрсетіпті,
бірақ көбінде ондай белгі байқалмайды. Әдетте шейкерлер отбасын
анықтауға себепкер бір жайт үй иесі деп жазылған адам тарихи де-
ректерде есімі елге таныс шейкер жетекшісі болатын.
Бейнбридж кросс-тексеру әдістерін қолдану арқылы (мысалы,
1840 жылы аталған кісі есімдерін анықтауда 1850 жылғы санақты қолда-
ну) 1840 жылы шейкерлер жиынтығы 3 489, ал 1900 жылы 855 адам екенін
анықтады. Ол шейкерлер жасы мен жынысына талдау жасау арқылы негіз-
гі жиынтықта әйелдер үлесі әркез көбірек болғанын және уақыт өте келе
өсе бергенін дәлелдеді, 1840 жылдары 58% болса, ғасыр соңында 72%-ға
жеткен. Қауымдағы әйелдер санының артуына «ұйымнан еркектердің ке-
туі, балалы аналарды тарту және әдейі қыздарды көптеп бағып алу» сияқ-
ты факторлар ықпал еткен (363).
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Әдетте санақ дерегі үш формада ұшырасады: штат, қала және санақ бөлімшелері се-
кілді әлеуметтік бірліктің біріккен дерегі; жеке деректің 1 және 5%-ы; сондай-ақ санақ-
тан соң 72 жыл өте жарыққа шығатын жеке жазбалар.
Кристин Шварц пен Роберт Мэр (2005) 1940 жылдан 2003 жылға де-
йінгі білім беру гомогамиясындағы трендтер, ерлі-зайыптылардың бірдей
деңгейде білім алуға ұмтылуы сияқты трендтерді зерттеуде IPUMS пен
CPS екеуін қатар қолданды. Олар әр жұпты білім алудың ең жоғарғы жыл-
дарындағы бес категорияға бөлу арқылы (<10, 10–11, 12, 13–15, ≥16)
әуелі құлдырағанын, содан соң осы кезеңде гомогамия белең алғанын
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
509
байқады. Білім деңгейі бірдей жұптар (олардың некелесуіне байланысты)
1940 жылы 50–60%-ды құраса, 1960 жылдары 45%-ға азайған, ал 2003
жылы 55%-ға өскен. Бір қызығы, 1960 жылдардан бастап білім алу гомо-
гамиясының артуына колледж түлектерінің білімі өзінен төмен адамға
емес, бір-біріне үйленуі ықпал еткен.
Санақ дерегін қолданудың қызық жолын Маркус Фелсон (1983) ұсын-
ды, ол адамдардың әлеуметтік және мәдени өзгерісін өлшеу үшін қолда
бар деректер жинағын, оның ішіндегі Тауар өндірушілер санағын пайда-
лану керек деген ұсыныс айтты. Мәселен, 1977 жылғы Тауар өндіруші-
лер санағын қарасаңыз, электрондық музыкалық аспаптардың көбейгені
дәстүрлі акустикалық аспаптардың сатылымына кері әсер етпегенін бай-
қайсыз; ал галстукты жөнелту күрт азайған; бейсбол доптары, софтбол,
бейсбол биялайының ауқымы ұлғайған; белдіктерді жөнелту төмендеген,
әйелдер мен қыздарға арналған спорттық аяқкиім саны артқан.
Жеке құжаттар
Табылуы қиын, бірақ аса бағалы дереккөздің бірі – жеке құжаттар, оған
жеке тұлғалар мен ұйымдар іс-қимылын жазып отыратын, бірақ жалпақ
жұртқа ұсынбайтын ақпаратты жатқызамыз. Күнделіктер мен хаттар
тарихшылардың ұзақ уақыт бойғы жарамды дереккөзіне айналды; сон-
дай-ақ кәсіпорындардың жеке тұлғалар мен саудаға қатысты жазбалары,
инвентарлық қор әрі салық есебі; емделушінің медициналық картасы,
колледж стенограммасы осындай деректер қатарына енді.
Бұл саладағы ең атақты зерттеу – 1918 жылғы У.И. Томас пен Флориан
Знанецкийдің «Еуропа мен Америкадағы поляк шаруасы» атты классика-
лық еңбегі. Зерттеуде Америкадағы иммиграция мен ассимиляция мәсе-
лелері жан-жақты талқыланды. Авторлар газет-журналдағы мақалалар,
автобиография және Заң бойынша көмек қоғамы (Legal Aid Society) секіл-
ді әлеуметтік агенттіктердің есебіне сүйенді. Десек те олардың ең басты
дереккөзі – Америкадағы поляк иммигранттарының Польшадағы отба-
сы мен достарына жолдаған 750-ден астам хаттар топтамасы. Томас пен
Знанецкий осы материалдарға иек арта отыра дескриптив талдау жаса-
ды. Олардың дерегіне хаттар ғана емес, соған қатысты түсініктеме мен пі-
кірлер де енді, мұның барлығы зерттеудің бір бөлігі ретінде жарияланды.
Жеке құжаттарды пайдалану арқылы зерттеу жүргізудің тағы бір мы-
салы – Джерри Джейкобстің суицид жасаушылардың соңғы жазбасын
зерттеуі (1967). Джейкобс адамдар өзіне және өзгелерге қатысты іс-әре-
кетін қалайша ақтайтынын түсіну мақсатында Лос-Анджелес ауданында
суицид 112 адамның хатына талдау жасады. Жалпы, ол осы жазбаның бә-
рін алты категорияға енгізді: «бірінші форма жазбасы», «ауырғаны үшін
кешірім сұрау жазбасы», «ауырғаны үшін кешірім сұрамайтын жазба»,
«тікелей айыптайтын жазба», «өтініш пен өсиетхат жазбасы» және «нұс-
қаулық беру жазбасы». Ең көп кездесетін категория – бірінші форма, яғни
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
510
адам өзі шеше алмайтын қиындыққа кезіккенде өлімнен өзге жол таңда-
майды, проблема шешімі – өмірмен қоштасу деп түйеді.
Жули Кмек (2007) кадрлардың жұмыстан кетуіне нәсілі қаншалықты
ықпал ететінін және ондағы әлеуметтік байланыс рөлін зерттеуде АҚШ-
тың жеке, көпсалалы кәсіпорындарының кадр есебіне сүйенді. Компания
32 ай бойы жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер дерекқорын жүр-
гізген, Кмектің бақылау жасауына осы уақыт жеткілікті еді. Бұған қоса,
дерекқорда үміткерлердің жынысы мен жасы туралы ақпарат қамтылды,
ең бастысы үміткерлер компаниямен қалай байланыс орнатқанын көрсе-
тетін деректер негізінде әлеуметтік байланыс жөнінде ақпарат алуға бо-
латын. Төмен лауазымды қызметкерлерді зерттеген Кмек компанияның
ағымдағы қызметкері жалдаған (нәсіліне қарамастан) жұмысшылардың
басқа жолмен жалданған жұмысшыларға қарағанда қызметтен кету ық-
тималдығы төмен екенін байқады. Әсілі, әлгі жердегі қызметкермен бей-
ресми қарым-қатынас орнатуы оған себін тигізіп, сол компанияға тұрақ-
тайтын сияқты.
Сауалнама дерегіне қосымша ретіндегі институтиционалдық жазба-
лар да қолданылды. Ұлттық білім берудегі ұзақмерзімді зерттеу орталы-
ғынан (NELS) (төртінші және алтыншы тарауларды қараңыз) төртінші
толқыннан соң үш мыңнан астам жоғарғы оқу орнының стенограммасы
сұратылды, онда үшінші (1994) әрі төртінші (2000) толқын студенттері-
нің сабаққа қатысу жазбасы тіркелген. Студенттердің сабаққа қатысуы,
оқу саласы, қатысқан курстары мен алған бағалары, жетістіктері туралы
қосымша деректер дерекқорды толықтырады, олардың білімі мен эко-
номикалық жағдайына қатысты нәтижесін түсіндіреді. Мәселен, NELS
стенограммасын қолданған Сара Голдрик-Раб (2006) студенттердің әлеу-
меттік-экономикалық жағдайы колледжге түсуіне ықпал ететінін бай-
қады; дәулетті отбасынан шыққандарға қарағанда әлеуметтік жағдайы
нашар үйдің балалары 6 айдан аса үзіліс алып, оқуын жалғастырмаған
жайттар төрт есе жиі кездескен. Қаржылық қиындыққа тап болған сту-
денттер осындай дәстүрлі емес жолды таңдауға мәжбүр болып, ғылыми
дәреже алу мүмкіндігі азаяды. Осылайша студенттердің оқу орнындағы
өмірі іріктелуіне (стратификация) ықпал етеді.
Масс-медиа
Жазбаша есептің (оған қоса, ауызша және бейвербалды жазбаның) тағы
бір құрамдас бөлігі – масс-медиа (газет-журналдар, теледидар, радио,
фильмдер және интернет). Әлеуметтанушылар мұндай дереккөз контен-
тін талдай келе, түрлі мәселелерді анықтайды.
Қатер мен авторитаризмді зерттеген Сэйлс (1973) комикстерге де
зерттеу жасап көрді. Авторитаризмді жақтаушылар билік пен күш-
ті мақтан етуге бейім болғандықтан, Сэйлс авторитаризм бәсеңдеген
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
511
1920 жылдармен салыстырғанда, қауіп-қатер күшейген, авторитаризм
белең алған 1930 жылдары қиялдан туған кейіпкерлер көбірек танымал
болған болар деп жорамалдады. Стивен Беккердің «Америкадағы комикс
өнері» (Comic Art in America) кітабын зерделеген Сэйлс 1920 жылдары 20
комиск, 1930 жылдары 21 кітап жарыққа шыққанын анықтады. Сэйлс пен
екі кодтаушы осы еңбекке сүйене отырып, әр комикстегі кейіпкер (1) фи-
зикалық тұрғыда мықты не бойында алапат күші бар кісі болды ма, әлде
(2) айтарлықтай мықты емес пе» (46) деген сұраққа жауап іздеді. Зерт-
теуші гипотезасы расталды, 1920 жылдары шыққан комикстің екеуінде
ғана басты кейіпкер күшті екені баса айтылады (Бак Роджерс пен Тар-
зан), ал 1930 жылы жарияланған комикстердегі мұндай қаһарман саны
12 екен (Жо Палука, Дик Трейси, Супермэн).
Негізінен, медиаға талдау жасалғанда вербалды контент талданады
десек те, көрнекі (визуал) контентті саралайтын зерттеушілер де бар.
Ирвинг Гоффман (1979) газет-журналдар жарнамасындағы жүздеген су-
ретті қарап, Америка қоғамындағы гендерлік рөлдің мәні туралы ақпа-
рат алуға тырысты. Нәтижесінде әйелдердің бағынышты әрі тәуелді еке-
ні анықталды, бұл «бағынуды қалыпты жағдайға айналдыру» деп аталды.
Оған әйелдердің әркез бас иіп тұратын суреті дәлел болмақ, бұлар көбіне
төмен кейіпте сипатталады: жатады не отырады; сол арқылы «қымсы-
нып, тізе бүгуге» әзір екені тұспалданған; басын я басқа да дене мүшесін
иіп тұрады, әркез «мазақтау, тап беру, күш көрсету» сияқты ойындарда
ерлер құрбаны есебінде суреттелген не бала ұқсап ойынпаз, жеңілтек
етіп көрсетілген. Гофман зерттеуіне «гендер көрінісі» деген қызық атау
берді, бірақ зерттеу мұраты – жарнамадағы әйелдердің қандай бейнеде
сипатталатынын анықтау еді. Осылайша ол гендерлік стереотипті сипат-
тайтын категориялар жиынтығын әзірледі, әрі оларды көрсету мысалын
таңдады, бірақ жарнамаларды кездейсоқ таңдамады және оларға жүйелі
талдау жасаған жоқ.
Гофман алған суреттердің жалпыламалығын тексеру үшін, бірсыпы-
ра зерттеу оның кодтау схемасын егжей-тегжейлі жүргізілген іріктемеге
қолданды. Катарина Линднер (2004) 1955 жылдан 2002 жылғы дейінгі
Time (көпшілікке арналған журнал) және Vogue (әйелдердің сән журна-
лы) журналдарында жарияланған жарнамаларға талдау жасады. Олар-
дың 1955, 1965, 1975, 1985, 1995 және 2002 жылдардағы қаңтардан мау-
сымға дейінгі сандарын іріктеп алды. Зерттеуші әр тақырып бойынша
бір я бірнеше әйелдің тоғыз түрлі категорияға сай келерін не келмейтінін
анықтап, барлық жарнамаға талдау жасады. Мысалы, «әйел жанасуы»
деп аталатын категория мынадай жағдайда жүзеге асады деп есептеліп,
кодталды:
Әйел өзінің дене мүшесіне (шашы, беті, ерні) я киіміне әдеттегі
қалпынан тыс (табиғи емес) қол тигізеді не саусағын, қолын
объектінің нобайын сызу үшін, оны ұстау не бетін сипау
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
512
мақсатында қолданады. Мұндай жанасуды объектіні ұстау, бас
салу, тартып алу, пайдалану сияқты әдеттегі қолданыстан
ажырата білу керек (Lindner, 2004: 414)
Линднер талдаған 1 374 жарнаманың 78%-ында тоғыз кодтау катего-
риясының кем дегенде біреуі болды; үштен бірінде не одан көп жарнама-
да үш категориядан орныққан; «бағынуды қалыпты жағдай ету» азайды
деген ойды есептемегенде, әйелдердің жанасуы мен өзге категориялар
уақыт өткен сайын айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Осылайша көп да-
намен таралатын екі журнал жарнамасындағы әйелдерге қатысты стеро-
типті көзқарас қалыптасқаны күмән тудырмайды.
Масс-медиа мәдени өзгеріс көрсеткіші ретінде сипаттаған жоғарыда-
ғы зерттеулерден бөлек, медианың ықпалын анықтауға арналған басқа
да түрлі зерттеулер бар. Мысалы, зерттеушілер өлім жазасына кесілген-
дер тізімін жариялау арқылы кісі өлтіру көрсеткішін азайтуға бола ма
деген сұраққа жауап іздеді. Уильям Бейли бұл мәселені екі түрлі зерт-
теуде қарастырды (W.C. Bailey and Peterson, 1989; W.C. Bailey, 1990). Қос
зерттеуде де АҚШ Азаматтық хал актілері жазбасының бюросы мен АҚШ
денсаулық сақтау министрлігі келтірген ай сайынғы кісі өлтіруге қатыс-
ты санақтар қолданылды. Бірінші зерттеуде Бейли мен Петерсон (1989)
1940 және 1986 жылдар аралығындағы адам өлтіру деңгейіне газетте
жарияланған өлім жазасы туралы дерек әсерін өлшеді. Фактілер Facts on
File (Басты жаңалықтардың ұлттық индексі) мен New York Times басылы-
мында жарияланса, халықты кең қамтыған деп саналды; Times бетінде
ғана шығып, Facts on File бетінде жарияланбаса, орта деңгейде тараған
деп танылды; ал екеуінде де жарияланбаса, төмен деңгейде таралған деп
есептелінді. Екінші зерттеуде Бейли (1990) 1976–1987 жылдардағы теле-
дидардан көрсетілген өлім жазасының адам өлтіру деңгейіне ықпалын
зерттеді. Бұл кезде теледидар арқылы хабар тарату сияқты өзге де жария-
лану түрі (мысалы, суретші суреті, куәгер есебі) Вендербильт теледидар
жаңалықтарының архивінде сақталған АBC, CBS және NBC сияқты кешкі
хабарларды көргеннен кейін өлшенді. Екі зерттеу нәтижесі өлім жазасы-
ның үрей тудыратын күші бар деген гипотезаны растамады, уақыт өте
келе жазаланғандар туралы ақпарат шыққанда ғана өлім саны азайды.
Сондай-ақ интернет те күн өткен сайын танымал дереккөзге айналып
барады. Андреас Уиммер мен Кевин Льюис (2010) Facebook пайдалану-
шысының парақшасын пайдалана отырып мол дерек жинады. Олар же-
кеменшік колледждің бірінші курс студенттері парақшасын пайдаланды,
олардың 97%-ында аккаунт бар екен. Зерттеушілер Facebook компаниясы
мен колледж рұқсатын алған соң парақшаларды жүктеп алды. Содан соң
жүктелген фото мен өзге де ақпаратқа қарап әр студенттің нәсілін/эт-
ностық шығу тегін анықтады, мұны аккаунттағы өзге деректерге қосты;
тағы да колледждің рұқсатын алып, аккаунт дерегін колледждегі сонда
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
513
көрсетілген негізгі мамандықтарға қатысты тексерді, оған қоса, көршілес
бөлмеде тұратын және бір жерде оқитын студенттер дерегін салыстырды.
Колледж ішінде ғана әлеуметтік байланыс орнатумен шектелген студент-
тер өзі сияқты нәсілге және этностық топқа кіретіндермен қарым-қаты-
нас орнатуды қалайды екен; сондай-ақ достық қарым-қатынас жақын
жерде тұруы, бір штаттан шыққаны сияқты факторлар да достыққа ық-
пал етеді екен.
Физикалық, бейвербалды дәлел
Өнер туындысы, киім, үй шаруашылығы заттары мен түрлі артефактілер-
дей бейвербалды материалдар әлеуметтік ғылымдарда сирек қолданылға-
нымен, олар дәлелге бай дереккөз саналады. Жартастағы суреттер, құрал-
дар мен өзге де артефактілер – өткен заманғы өркениетті зерттейтін ар-
хеологтар үшін маңызды дереккөз, ал тарихшылар мүсін мен өзге де өнер
туындыларынан құнды дәлел табады. Соның бір мысалы – құлпытастарды
зерттеу.
1690–1765 жылдары пуритандар, тарихшы Ричард Бушманның (1967)
айтуынша, янкилерге айналды. Осы тарихи өзгеріс өлімге қатысты көз-
қарастың өзгергенінен байқалады, бұған көз жеткізу үшін Жаңа Англия-
ның колониялық бейіттеріндегі құлпытастарды көру керек. Құлпытас-
тардағы жазуларды зерттеген Дэвид Станнард (1977) XVII ғасыр соңында,
XVIII ғасыр басында тастың бәріне міндетті түрде пуритандардың ажалға
деген үрейлі көзқарасынан хабар беретін «өлім қанаты» нұсқасы ретінде
қанаты бар бас сүйек қашалғанын анықтады. Осы суреттер 1730 жылға
дейін салынған, ал кейін бас сүйек пен оған қатысты элементтер орнын
романтикалық әрі оптимистік сипаттағы бейнелер басты, құлпытастарға
херувим мен періштелердің суретін қашайтын болды. Станнардтың ай-
туынша, осындай өзгерістен кейін (1977: 157) «құлпытастар орнатылған
бейіт енді тола бастады, адамдар бұрынғымен салыстырғанда оған нем-
құрайлы қарайтын. Пуритан қоғамы ескінің сарқыншағы, тарихтың бір
бөлшегі ғана болып қалды».
Әлеуметтік ғылымдардың деректер архиві
Соңғы елу жылда әлеуметтік ғылымдар аясындағы түрлі мекемелер әрі
зерттеушілер жинаған деректер архиві мен қоры жұрттың пайдала-
нуына беріліп, таратыла бастады. Бұл архивтердің көбінде сауалнама
арқылы алынған деректер жиылған, дегенмен тұтас қоғамды талдау
бірлігіне айналдырған этнографиялық жинақ та жеткілікті. Сондықтан
дерек архивтерін пайдалану сауалнама зерттеуі мен далалық зерттеудің
жалғасы болып саналады. Сол себепті архив дереккөзінің артықшылы-
ғы мен кемшілігі бар, оның барлығы әлеуметтік зерттеудегі екі түрлі тә-
сілге байланысты.
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
514
Қолда бар сауалнама деректеріне талдау жасау, оны пайдалану «тал-
дау» деп аталатыны турасында тоғызыншы тарауда атап өттік. Оның ең
жарқын мысалы – Жалпы әлеуметтік зерттеу (GSS), ондағы деректер
бірнеше архивте сақталады, соның ішінде Саяси және әлеуметтік зерт-
теулердің университетаралық консорциумы, Қоғамдық пікірді зерттеуге
арналған Ропер орталығы, Сауалнама құжаттамалары мен Талдау архиві
бар. Әлеуметтанушылар тұтас қоғамды зерттеуден алынған деректерге
де талдау жасайды. Осындай деректің бір маңызды архиві – Адам ресурс-
тары бойынша файлдар, онда 350-ден астам қоғам туралы микрофишке
жазылған және электронды түрде сақталған ақпарат бар. Толықтай ин-
декстелген файлдың көбін интернеттен табуға болады, олар «шикізат
дерек» түрінде, этнографиялық есеп күйінде берілген, тақырып бойын-
ша бөлінген. Аналитиктер коллекциядағы әр параграфты мәдени сенім-
наным аспектісін білдіретін тақырып кодымен белгіледі. Түрлі мәдениет
өкілдерінің деректерінің басқа түрлерін «кодталған» күйінде табуға бо-
лады, әр қоғам үшін бірнеше айнымалы сандық код бар, оған мысал ре-
тінде Этнографиялық атлас (Murdock, 1967) пен Стандарт кросс-мәдени
іріктемені (Murdock and White, 1969) келтіре аламыз. Атласта 1 100-ден
астам қоғамның 40-қа жуық айнымалы коды бар; стандарт кросс-мәдени
іріктемеде 186 қоғам қамтылған, іріктеме саны аз болғанымен, олар ту-
ралы жан-жақты дерек жиналған. Келесі зерттеуде осы дереккөздің үшеуі
де пайдаланылды.
Уилли Пирсон мен Леуеллин Хендрикс (1979) 48 тайпа қоғамының
іріктемесінен алынған деректі жинап, әйелдер дәрежесі өскен сайын
ажырасу көбейеді деген гипотезаны сынақтан өткізді. Әйелдер экономи-
калық ресурс жинаған сайын барынша дербес болып, күйеулеріне тәуел-
діліктен арыла бастайды деген тұжырым тексерілді. Пирсон мен Хенд-
рикстің жаңалығы көрсеткендей, ажырасу деңгейі әйел статусына байла-
нысты, тіпті қауымдастық ауқымы, отбасы орналасқан жер мен шығу тегі
сақталған күнде де әйел дәрежесі рөл атқарады екен.
Big Data
Қолда бар деректің соңғы категориясы – цифрлық ғасырдың соңғы өнімі.
Он жыл бұрын «Big Data» терминін қолданатын адамдар саны өте аз еді
(Kitchin, 2014: 67). Десек те сол аз уақыт ішінде термин өнеркәсіп пен
ғылыми ортаға тарап кетті. Терминді Web of Science деректер қорынан
іздегенде алғаш рет 2011 және 2014 жылдары академиялық басылым-
да қолданылғаны анықталды, ал 2014 жылы 1 600 рет аталған (Jenkins,
Slomczynski, and Dubrow, 2016). Әлеуметтік ғылымдарда аталған термин-
нің қолданысқа енгеніне көп болған жоқ, әлеуметтану мен саясаттану-
ға қатысты жарияланымның көбінде (жоғарыдағы іздеу бойынша) 2014
жылдан бері пайдаланылып келеді (Jenkins, Slomczynski and Dubrow,
2016).
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
515
Big Data – «дерек жинауды цифрлық жазбаларға ауыстыру» (D.A.
McFarland, Lewis and Goldberg, 2016: 15), оған компьютерлік өңдеу,
нетуоркинг пен дерек сақтаудағы технологиялық жетістіктер ықпал етті
(Kitchin, 2014). Дэниел МакФарланд, Кевин Льюис пен Амир Голдберг
(2016: 15) атап өткендей: «Қазір көптеген ұйым миллиондаған адамның
сандық дерегін сақтап отыр... әлеуметтік өмірдің үлкен бөлігіне әр іс-қи-
мылдың цифрлық дерегін сақтайтын технология дәнекер қызметін атқа-
рады». Олар мынадай мысал келтіреді: «әр қозғалыс дерегін сақтайтын
роботталған медициналық құрылғы; емделуші денсаулығы мен еміне
қатысты деректерді жазатын сақтандыру және медициналық карта; әр
транзакцияның жазбасын сақтайтын несие картасы; әр басқанды (клик),
байланыс пен уақытты сақтайтын әлеуметтік желілер; ұялы байланыс-
тың әр мұнарасында тіркелген (IP) интернет-хаттама мекенжайы» т.б.
Әлеуметтанушылардың Big Data-ға қызығатын себебі – осы деректің көбі
күнделікті өмірдегі іс-қимыл, әрекеттесу мен байланысты қамтиды.
Зерттеушілер арасында Вig Data-ға берілген бірегей анықтама жоқ. Ке-
вин Льюис (2015: 1) Вig Data-ны жиі шиеленіс тудыратын үш тұжырымда-
мамен байланыстырады: (1) өте ауқымды дерек жинағы, (2) ол деректер
цифрлық әдіспен жиналады және (3) күрделі есептеу әдісін қажет етеді.
Big Data-ның жиі аталатын үш сипатына көлем, жылдамдық пен әралуан-
дық жатады (Laney, 2001):
1. Көлем. Компьютерлік өндірістегі Вig Data термині өте үлкен дерек
жинағына қатысты айтылады, оның ауқымды болғаны сондай –
оны стандарт компьютерлік бағдарлама жасақтамалары өңдей де,
талдай да алмайды (Manovich, 2011). «Көлем» сөзінің нені білдіре-
тінін Бернард Маррдың (2015) Вig Data туралы 20 фактісінен-ақ
аңғарсаңыз болады: «2015 жылдың тамызындағы бір тәулік ішін-
де 1 миллиард адам Facebook парақшасына кірді» және «Facebook
пайдаланушылары әр минутта орта есеппен 31,25 млн хабарлама
жібереді, 2,77 млн видео көреді».
2. Жылдамдық. Дерек «белгілі бір орын мен уақытта тұрақтайтын»
шағын дерек зерттеулеріне қарағанда не дерек мерзімді түрде жи-
налатын ұзақ уақытты зерттеуге (мысалы, ай сайын не жыл сайын)
қарағанда Big Data үздіксіз жиналады (Kitchin, 2014: 76), іс-қимыл
«нақты уақытта, уақыт ішінде» қамтылып отырады (Tinati et al.
2014). Жоғарыдағы Facebook мысалы соған дәлел бола алады.
3. Әралуандық. Айтқанымыздай, мұнда дерек ауқымы өте кең; де-
генмен Вig Data жағдайында «әртүрлі дерек біріктіріліп, өзара бір-
лікте қаралады» (Kitchin, 2014: 77). Қайтадан Facebook мысалына
қарай ойысайық: «посттарда мәтін жазылады, ол көбіне фотоға не
видеоға не басқа сайтқа қатысты, оған Facebook пайдаланушыла-
ры пікір жазады» (77).
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
516
Әлеуметтанушылар үшін бастапқы кезеңдегі Big Data көзі – әлеуметтік
желі. Twitter микроблоггинг сайтына қатысты 100-ден астам зерттеу жүр-
гізді (Tinati et al., 2014), онда пайдаланушылар мен Twitter сайтына кіруге
мүмкіндігі бар кез келген адамның 140 қаріптен аспайтын хабарламаны
«туит» жасауға мүмкіндігі бар. Мәселен, зерттеушілер сайлау науқанын-
дағы Twitter рөлін (Murthy, 2015) және әлеуметтік қозғалыстарды жұ-
мылдырудағы желі рөлін (Tremayne, 2014) зерттеді; бақытты өлшеу үшін
де Twitter-ді қолданды (Curini, Iacus and Canova, 2015), жасөспірімдердің
тууды бақылау мен абортқа қатысты көзқарасын анықтау (Kearney and
Levine, 2014), қаржы нарығын болжаудағы әлеуметтік желі рөлі (Bollen,
Mao and Zeng, 2011) т.б. зерттеулерінде Twitter пайдаланды.
Big Data-ны талдау әдіснамалық қиындықтар тудырады. Рамине Тина-
ти мен оның әріптестері (2014) пікірінше, Twitter дерегі көбіне дәстүрлі
әлеуметтік ғылым әдісімен шектеледі, Вig Data ауқымы мен ағынының
(жылдамдығының) артықшылығын пайдаланбайды. Айталық, аналитик-
тер деректі басқаруға ыңғайлы ету үшін пайдаланушылардың шағын кө-
лемдегі контент-анализін қолданған және туит іріктемесін алған. Дәл сол
сияқты Уиммер мен Льюистің Facebook парақшасына қатысты зерттеуі
де студенттердің бірінші курсын зерделеуімен шектелді, Facebook дерек
ауқымын қамти алмады. Big Data тұжырымдамасына көбірек үйлесетін
зерттеу – Facebook парақшасында жүргізілген зерттеу, онда шамамен 721
миллион пайдаланушы мен 69 млрд достық сілтемені пайдаланды, сол
арқылы жолдастық қарым-қатынас арасында шамамен 3,74 бөліну дең-
гейлері бар екені анықталды (Backstrom et al., 2012).
Тағы бір қиындық – деректің әртүрлі және күрделі құрылымы (әр-
алуандық). Стандарт компьютер бағдарламалық жасақтама мен статис-
тикасы арқылы талданатын қарапайым субъект × айнымалы дерек мат-
рицасынан айырмасы (он бесінші тарауды қараңыз) – Вig Data құрылымы
(мысалы, Facebook дерегі, субъект × субъект), не форматы (баяндау мә-
тіні мен фотолар) әркез әртүрлі болуы оңай біріктіруге не талдауға кел-
мейді. Осындай айнымалыны (және ауқымды) талдау үшін жетілдірілген
техникалық дайындық керек, сондықтан да «Вig Data-ны зерттеудің бі-
рінші толқынында физиктер, компьютер мамандары мен информатика
ғалымдары үстемдік етті» (Golder and Macy, 2014: 145).
Соңында, Скотт Голдер мен Майкл Мэйси (2014: 144–46) әлеуметтік
ғылымдар саласының түлектеріне арналған бағдарламалар Big Data-ны
талдауға қажетті дағдыны үйрету керек деген шешімге ықпал етті. Олар
жасаған дағдылар тізіміне бағдарламалау интерфейсін қолдану (Twitter
дерегін солай жүктеп алса болады), құрылымдалмаған дерек пен енді-
рілген дерек құрылымын манипуляциялау («стандарт статистикалық па-
кетке тікелей импортталмайтын Big Data түрі» [145]) және үлкен дерек
жиынтығын сақтау (бір компьютер сыйымдылығынан асып кетеді) енеді.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
517
Қолда бар деректі зерттеудегі әдіснаманың
жалпы мәселелері
Әлеуметтік зерттеуге қатысты негізгі төрт тәсіл зерттеуші атқаратын жұ-
мыс пен креативтілік тұрғысынан ерекшеленеді. Экспериментке экспе-
римент дизайны (мысалы, шарттар, басты айнымалыларды өлшеу, тақы-
рыпқа қатысты нұсқаулар) аса маңызды; сондықтан жоспарды жетілдіру
мен оны жүзеге асыру үшін дайындыққа (претестілеуге) көп күш жұмса-
лады, деректі талдау қарапайым және тікелей жасалады. Дизайн экспе-
римент негізінде жүзеге аспаса, деректерді талдауға көп күш пен машық
қажет. Дерек өзге мақсат үшін жиылып, зерттеуші деректі алу процеду-
расын тікелей қадағалай алмаса, тиісті өлшемдерді іздестіру мен дерек
сапасын бағалау кезеңдері өте маңызды саналады.
Қолда бар деректі іздеу және рәсімдеу
Алдыңғы зерттеулер аңғартқандай, қолда бар деректерді пайдалану –
әлеуметтік зерттеуді жүзеге асырудың ыңғайлы да мықты тәсілі. Сөйте
тұра, бұл тәсілдің басты проблемасы – тиісті ақпаратты табу және рәсім-
деу. Нақты тақырыпты зерттеуге арналған материал болғанның өзінде,
нені іздеу керегін қайдан білесіз? Оны қалай тауып, қалай аласыз және
соны қолдануға рұқсатты қайдан аласыз?
Ең дұрысы – тиісті көздерді зерттеу проблемасы не гипотеза арқы-
лы табу. Бір қарағанда, бұл айдан анық жайт. Мысалы, кадр тұрақсыз-
дығы тақырыбымен шұғылданатын Кмек сынды зерттеуші бірден ком-
паниядағы кадр есебін қолдану мүмкіндігіне кіріседі. Бірақ бұл кеңес-
ті кәдеге жаратудың өз тәсілі бар. Картотеканы бей-берекет қопару я
сауалнама архивін мақсатсыз ақтарудан құнды дерек шыға қоюы екі-
талай. Деректер бұрыннан бар болса да, бұл зерттеушілер деректерді тал-
дап, талдаудың постфактум негіздемесін жазып шығып, зерделеу үрдісін
соңынан бастап, аяғынан басына шығу керек дегенді білдірмейді. Зерт-
теу мұндай тәсіл нәтижесінде ортақол деңгейде шығып, кемшін жасалуы
әбден мүмкін. Зерттеу әдісінің мәндік және теориялық бағытын ысырып
тастағанынан гөрі, әдіснаманың зерттеу проблемасын анықтау әлдеқай-
да тиімді.
Қажетті деректі табудың екінші тәсілі – бұрынғы ізденушілер зерттеуін-
дегі әдебиеттерді табу. Эриксонның Пуритандық жаңа Англиядағы де-
вианттық туралы зерттеуіне сол дәуірді зерделеген бұрынғы тарихшылар
ашып қойған мол дерек ықпал еткені анық. Сондай-ақ әдебиет қолда бар
деректі табуға жол сілтейді. Көп деректің қайда екенін кітапханашыдан
сұрап біле аласыз. Американың кітапхана қауымдастығының анықтама
және қолданушыға қызмет көрсету қауымдастығы да, бірнеше кітапхана
да тарихи зерттеудің басты көздерін, тізімдері мен пайдалы нұсқаулықта-
ры берілген уеб-сайттар әзірлеп қойған.
4
Конгресс онлайн каталогының
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
518
кітапханасы да – құнды ресурс. Түрлі сандық деректі іздеген адам Саяси
және әлеуметтік зерттеудің университетаралық консорциумы мен Ропер
қоғамдық пікірді зерттеу орталығынан көптеген гуманитарлық ғылым-
ның дерек архивін табады.
Деректі сақтаған архивтер мен агенттіктерден дерек алу ережесі әр-
түрлі. Санақ бюросы мен өзге де мемлекеттік ұйым жиған деректер сын-
ды көп деректі халық еш шектеусіз қолданады. Жеке құжаттар мен құпия
жазбаларды алу өте қиын. Мұндай деректі алу үшін поляк иммигрантта-
ры жазған және оларға келген хаттарды зерттеген Томас пен Жаниеки
(1918) сияқты шамалы көрегенболу керек. Олар әр хатқа 10–20 цент тө-
лейміз деп поляк тіліндегі газеттерге хабарлама берген. Деректерге қол
жеткізу өзгелердің рұқсаты не атсалысуына да байланысты болуы мүм-
кін. Мысалы, Джейкобс суицид жасағандардың өлім алдындағы хаттарын
Лос-Анджелес округі сот-медицина сараптамасы кеңсесіндегі эксперт
орынбасары қызметін атқарған танысы арқылы алған. Кмек (personal
communication, 2008) қолданған кадр есебі туралы әлгі компанияның ви-
це-президенті болып шыққан досынан білді. Зерттеу нәтижесінде компа-
ния атауы көрсетілмейді деген уәдеден кейін ғана оған есепті қолдануға
рұқсат етілді. Респонденттердің транскриптерін алу үшін NELS әкімші-
лері 3 мыңнан астам колледж бен университетке хабарласып, осы меке-
мелерге транскриптерді жариялауға өкілеттік беретін 1974 жылғы Отба-
сының білім алу құқығы мен жеке өмірі туралы заң талаптарын мұқият
түсіндіріп, ауқымды жұмыс атқарды.
Негізгі тұжырымдамаларды өлшеу
Қолда бар деректі қолдану бөтен біреудің аяқкиімін киген сияқты: ол
шап-шақ болуы мүмкін. Бірақ ол көбіне не тым кіші болып, бақайыңызды
қысып тұруы не тым үлкен болып, сізді шалындыруы мүмкін. Қолда бар
деректің зерттеуші ойындағы мақсатына сәйкес келетін кезі сирек.Жақ-
сы дегеннің өзіндедерек берілген айнымалыны жанама дәлелмен қамта-
масыз ететін өлшемдерді креатив түрде құрастыруды талап етеді.Нашар
делінген дерек зерттеу сұрағына жауап беруге лайықты емес.
Көбіне-көп зерттеуші қолда бар деректі зерттеу барысында мүдде-
лі айнымалыларға жуықтайтын креатив өлшемдерді жасап шығаруы
керек. Сэйлстің (1973) авторитаризм туралы зерттеуіндегі көп өлшем
жанама түрде берілген. Жеке адамдардан ықпалды тұлғаларға жақын
жүруге деген ұмтылысы жөнінде тура сұрай алмайтындықтан, Сэйлс
комикс кейіпкерлерін осы тартымдылық индикаторы ретінде алған.Ол
зерттеген соңғы кезеңдерге қатысты жаңа комикстер болмағандықтан,
«стресс кезінде жігер мен күш-қайрат іздейтіндер... қабаған ит сатып
алуға ынталы» (1973: 52) болады деп жазды.Расында, Америка Кеннел
клубында тіркелген иттердің 116 тұқымын тексергенде қауіп аз кезеңде
(1959–1964) клуб тіркеген иттердің 9,8%-ы қызметтік топтан (неміс шеп-
херді,доберман пинчер,дат догы)болған, ал әлгі кезеңнен гөрі қауіпті-
рек шақта (1967–1970)мұндай иттер үлесі 13,5%-ға жеткен.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
519
Сэйлстің қауіп өлшемі де – жанама, себебі өлшем бірлігі ретінде ол
жеке адамдардың өлшеуге болатын сезімін емес, заманның сипатын ал-
ған. Қауіптің тура өлшемін адамды «интеллектуалдық тестіден өтпей
қалдың» (Sales and Friend, 1973) не «қазір саған электр тоғын қолдана-
ды» деп «қорқытуға» негізделген тәжірибелерден көрсек болады. Екінші
жағынан, Сэйлс негізгі жиынтыққа төндірген қауіп деңгейі әртүрлі ке-
зеңдерде анықтаған. Негізі, ол экономиканың жанданумен ерекшелене-
тін кезеңдерді: 1920 жылдарды 1930 жылдармен, 1959–1964 жылдарды
1967–1970 жылдармен салыстырды. Бірақ бұл салыстырулар аз әрі көп
мөлшердегі қауіп шарттарын айқындай алмайды. Мысалы, Сэйлстің
(1973: 51) өзі жазғандай, «қауіп аз» саналған 1959–1964 жылдарда «Кочи-
нос шығанағындағы әскери операция, Кубада зымыран дағдарысы өтіп,
Джон Кеннеди өлтірілді».
Бірақ оның қарама-қайшы екі тарихи кезеңді қолдануы, қауіп пен ав-
торитаризмнің қарым-қатынасын тұрақты түрде көрсетуі «қауіп» өлше-
міне сенімді айтарлықтай күшейтеді. Әрине, қауіп дәл өлшенсе де, әлсіз
де қысқамерзімді экспериментті өлшемдерден гөрі, Сэйлстің тарихи өл-
шемі оның гипотезасын әлдеқайда тәуір сынайды.
Келесі тарауда жазғанымыздай, гуманитарлық зерттеуде берілген ай-
нымалының бірнеше өлшемін қолданған абзал. Бұл әсіресе жанама және
жуық индикаторларды қолданатын қолда бар дерек зерттеуіне қатысты.
Десек те көп индикаторды пайдалану орынсыз өлшем мәселесін шеше ал-
майтыны анық. Қолда бар дерекке қатысты бір проблема – олар қолға
әзер тиетіндіктен, зерттеуші зерттеу мақсатына қисынсыз өлшем қолда-
нуы мүмкін. Әсіресе бұл сауалнама дерегіне екінші рет талдау жасауда
айқын көрінеді. Мысалы, Жалпы әлеуметтік сауалнамада 1973 жылдан
бері «Осы маңдағы, яғни радиусы бір жарым шақырымдық аумақта түнде
жалғыз жүруге қорқатын жеріңіз бар ма?» деген сұрақ жылда қойылады.
Бұл көп зерттеуде қылмыстан қорқу өлшемі ретінде анықталады. Әлгі сұ-
рақта қылмыс не қорқыныштың өзге объектісіне сілтеме берілмегендік-
тен, сауал толық гипотетикалық болғандықтан, жеке тұлғаның тәжіри-
бесіндегі күнделікті жағдайдағы қорқынышын асыра бағалайды (Ferraro
and LaGrange, 1987). Бұдан түйер ой – кез келген құрал сияқты қолда бар
дерек те алға қойған мақсатқа сай болуға тиіс.
Деректі бағалау және түзету
Деректің әу баста қалай жиналғанын ойша елестету – қай көзден алын-
ғанына қарамастан, қолда бар деректі қолдануға қатысты ең маңызды
ереже (Riley, 1963: 252). Егер деректі өзіңіз жинасаңыз, оның кемшілігін,
ықтимал қателері мен нанымдарын білесіз және талдауды соған қарай
бейімдейсіз.Бірақ мұндай бейімдеу қолда бар дерекке де қатысты болуы
мүмкін. Сондықтан мүмкіндігінше деректі кім, қашан, қайда және қа-
лай жинағанын анықтау аса маңызды. Дерек жарамдылығын содан кейін
ғана бағалай аласыз.
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
520
Тарихи құжат қолданатын зерттеуші оның аутенттігіне айрықша
мән беруі керек. Түпнұсқа екенін растау немесе аутентификация – құ-
жат түзілген деп күтілетін тарихи кезең туралы жіті білімді қажет ететін
техникалық процесс. Құжат контентінің логикаға сәйкестігін білумен
қатар, адам қолтаңбасын, жазу стилі мен сиясын, қағаздың химиялық
құрамын тексеру керек. Тарихшы Луи Готтшоктың (1969) айтуынша,
аутенттікке қатысты күмән жиі туындайды, егер күмәнданбағандай кө-
рінсе, онда білікті тарихшы дереккөздер аутенттігін өзі тексеріп алды
деген сөз. Сол себепті Кай Эриксон сияқты әлеуметтанушылар аутен-
тификация ісін жеке алып қарайды. Дегенмен аутенттік туралы ойла-
ғанда деректің қайдан алынғанына мән беру керек. Оның дәлелі нақты,
толық және кісі сенетіндей ме? Деректің қайдан шыққанын білмегенде,
жаңылысу оңай екенін колониалдық Бостон туралы зерттеулер серия-
сынан көруге болады.
Тарихшы Г.Б. Варденнің жазуынша (1976), колониалдық Бостонға қа-
тысты қалыптасқан көзқарас қала тұрғындары жиналысы түріндегі де-
мократия мен байлық салыстырмалы түрде алғанда әділ бөлінетін эгали-
тарлық қоғамды көрсетеді. Оған қоса, осы эголитарлық жағдай қаланың
революция қарсаңындағы радикалды саяси насихат орталығына айнал-
дырды деген сенім бар.
1960 жылдары бір топ ғалым (мысалы, Хенретта [1965]) бұл көзқарас-
қа күмән келтіріп, XVIII ғасырда Бостонда әлеуметтік және экономикалық
теңсіздік қатты күшейді деп мәлімдеді. Бұл ғалымдар радикалды саяси
насихат әлеуметтік-экономикалық шиеленістен туындады деген пікірде
болды. Жаңа көзқарас 1687 және 1771 жылдардағы салық салынатын со-
маны есептеуге негізделген (өкінішке қарай, осы жылдар аралығындағы
уақытта салық төлемдері туралы құжаттар табылмады).
Мысалы, Бостон XVIII ғасырда айрықша қарқынды экономикалық
өсуді бастан кешіріп, стратификация дендеп, байлық дұрыс бөлінбеді
деген тұжырым айтылды. Мұның дәлелі – Бостонның жалпы байлығы
1687 жылы 16 591 фунт деп бағаланып, 1771 жылы 460 493 фунтқа арт-
қан, яғни жылдық өсу көрсеткіші 33% болған. Дегенмен, Уарден атап
өткендей, бұл есепте салық салынатын мүліктің қалай бағаланғаны ес-
керілмеген. 1687 жылы салық мүліктің нарықтағы құнының жиырмадан
бір бөлігінен алынатын, ал 1771 жылы жылжымайтын мүліктің (үй мен
жер телімі) нарықтағы құнының он екіден бір бөлігінен, ал жеке мүлік-
тің (мәселен, саудаға түсетін акция) нарықтағы бағасына жуық құнынан
алынды. Осыған сай түзету енгізсек, «қарапайым жылдық өсу 2,3% ша-
масында, ал бұл – өзге колониалдық қоғамдармен салыстырғанда төмен
көрсеткіш» (Warden, 1976: 589).
Уарден бұл деректің өзге интерпретациясында да осыған ұқсас проб-
леманы көрсетті. Ең бай бостондықтар қолындағы байлық үлесі салыс-
тыруға келмейтін қарқынмен өсті деген тұжырым болды. Алайда осы
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
521
тұжырымды қолдайтын деректе бірізділік жоқ. Мысалы, 1771 жылы жыл-
жымайтын және жеке мүліктің әртүрлі бағалануы игілік бөлінісінің тө-
менгі және жоғарғы бөлігіндегі мүлік иелерінің нақты салық алынатын
айырмашылығын арттырады. Соның салдарынан
жоғарғы топтың байлық концентрациясы күшті болып шықты,
алайда бұл концентрация бөлшек саудагер мен көпестердің
төменгі бөліктегілерден әлдеқайда ауқатты екенін көрсетпесе
керек. Бар болғаны жоғары топтағылардың игілігі төменгі топ-
тағылардікінен әлдеқайда жоғары коэффициентпен өлшенген
(Warden, 1976: 604).
Дерек нақтылығы мен бірізділігін мұқият бағамдау ережесі бертіндегі
дерек көздеріне де қатысты. Мысалы, қылмыс статистикасымен жұмыс
істейтін бір епсіз қолданушы бар делік. Қылмыс дерегінің басты екі көзі
бар: (1) жапа шегуші өзі тап болған қылмыс туралы баяндайтын Қылмыс-
тан жапа шеккендерге жүргізілетін ұлттық сауалнама және (2) Федерал-
дық тергеу бюросының Қылмыс туралы бірыңғай есебінде топтастырыл-
ған полицияға белгілі қылмыстар есебінен алынған деректер. Осы екі көз
қылмыстың әртүрлі операционал анықтамасын береді, бірі жапа шегуші-
ге, екінші жасалған қылмысқа қатысты. Осы екі өлшемнің байланысы қа-
рапайым болмай шықты. Дара қылмыстың (мысалы, бір жерде бірнеше
адамды тонау) жапа шегушісі бірден көп болуы мүмкін. Кей қылмыстың
(адам өлтіру) сұрақ қойып, анық-қанығын сұрайтын жапа шегушісі жоқ,
ал кей қылмыстың (мысалы, жезөкшелік пен құмар ойын) жапа шегушісі
жоқ, себебі «жапа шегушінің» өзі – қылмыскер. Бұл өлшемдердің өзге де
әдіснамалық проблемалары бар. Жапа шегуші статусының өзі 12 жастан
асқандарға ғана қатысты. Барлық қылмыс полиция назарына ілікпейді
(мәселен, сақтандырылмаған нәрсені ұрлау), полиция да кейбір жайтты
тіркемеуі мүмкін.
Мұндай проблемалар қылмыс статистикасын пайдасыз не мүлде іске
алғысыз етіп тастамайды. Дегенмен олар зерттеушінің назарын қыл-
мыстың нақты анықтамасына, яғни кез келген қылмысқа немесе жапа
шегушіге бағыттайды және салыстырмалы түрде үлкен өлшем қатесімен
қолда бар деректерді пайдаланудың салдарын қарастыруға итермелейді
(Jacob, 1984). Жалпы, осы деректердің толыққанды емес сипатын қапер-
ге алсақ, қолда бар деректі қолданатын әр зерттеуші ақпараттың жиналу
процесімен таныс болуы керек. Деректі жинаушылар категорияларды қа-
лай анықтайды (мысалы, «қылмыс» пен «салықты есептеу»)? Егер дерек
ұзақ уақыт бірнеше рет жиналса, жазба жүргізу не дерек жинау проце-
дурасы өзгере ме? Медиада жарияланған кейстер мен бірінші тұлғаның
құжатында автордың идеологиялық ұстанымы оның оқиғаны сипаттауы-
на қалай әсер етуі мүмкін? Жарамдылықтың әдеттегі тексеруіне жүгін-
бей-ақ қолда бар деректің аутенттігі мен нақтылығын тексерудің жалғыз
жолы – деректің қалай жиналғанын білу.
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
522
Cенімділікті бағалауда айрықша пайдалы тағы бір процедура – дәлел-
дің әртүрлі көздерін қатар қолдану. Әдетте тарихшылар оқиға жазбасын
екі не одан да көп тәуелсіз көз растамаса, оны сенімді деп есептемейді.
Көбіне негізгі жиынтық статистикасын талдайтын демографтар бірнеше
дереккөз бен әртүрлі бағалау процедурасын қолданады. С.Р. Шварц пен
Мер білім беру гомогамиясы туралы өте ұқсас дерек беретін IPUMS пен
CPS дерек көздерін қолданды. Ондағы жалғыз айырмашылық – бір ұйым
санақ дерегін сәл төмен бағалайды, оны зерттеушілер санақтағы өлшем
қатесінің көбірек болуымен байланыстырады.
Деректі бағалаған соң өлшемдерді анықтау керек. Егер өлшем қате-
сі не анықтама өзгерісі белгілі болса, дұрыс интерпретация жасалуы
үшін зерттеуші қажетті түзету енгізуі қажет. Оған бір мысал – Уарденнің
Бостондағы салық салынатын соманы есептеуді қайта талдауы. Өзге екі
мысал қойылған сұрақтар құрылымының өзгеруін қамтиды. 2000 жылғы
Халық санағындағынәсіл туралы сауал тұңғыш рет бірден көп нәсіл таң-
дауға мүмкіндік берді. 2000 және 2010 жылғы санақтағы нәсілдік сегре-
гацияны бұлардың алдыңғы санақтардағы сегрегациялармен салыстыру
үшінЛоган мен Штульцке 2000 және 2010 жылдық нәсілдік категория-
ларды біріктіруге тура келді, мысалы, қара мен өзге нәсіл комбинация-
сы операционал түрде қара нәсіл деп алынды. Сол сияқты 1992 және
1990 жылдардағы санақта білім деңгейі туралы сұрақтардың құрылымы
өзгертілгендіктен, Шварц пен Мергеге ескі және жаңа сұрақтарды салыс-
тыруға болатындай жаңа категорияларды жасап шығаруға тура келді.
Деректің толықтығын бағалау
Бар өлшемдер сапасын бағалаумен қатар, қолда бар деректің дұрысты-
ғын бағалау маңызды. Мысал ретінде АҚШ-тағы Халық санағын алайық.
АҚШ Халық санағын жүргізуге қанша күш-жігер мен қаржы жұмсалға-
нына қарамастан, халық үнемі толық есепке алынбай жүрді. Талдаудағы
2000 жылы толық есепке енбегендердің жалпы көрсеткіші 1,4% болды.
Бірақ ол нәсілі, гендері мен жасына қарай өзгереді. Жалпы, халық толық
қамтылды деп саналған 2010 жылғы санақта да ақнәсілді адамға қара-
ғанда қаранәсілді адам, әйелге қарағанда еркек, ересектерге қарағанда
балалардың (0–4 жас) санаққа енбей қалу ықтималдығы жоғары (Hogan
еt al, 2013). Кирстен Уест пен Дэвид Фейн (1990) мұндай санаққа ілінбеу
әсерін қолданушылар санақ дерегін ескере бермейді деп түйді. Оған бір
ықтимал мысал – санаққа көбірек қаранәсілді еркек енбей қалғандық-
тан, қаранәсілділер арасында әйел басқаратын үй шаруашылығы саны
молырақ болып көрінуі мүмкін. Дегенмен Кэлли Рэйли (2002) отбасылық
жағдайдағы нәсілдік айырмашылық бойынша көрсеткендей, есепке ілін-
бей қалғандар санына орай түзету енгізу айтарлықтай өзгеріс әкелмеді.
Түрлі мәдениет өкілдерінен алынған деректер қорының сапасы жо-
ғары санақ және архивтік сауалнама деректерінен айырмашылығы –
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
523
қолжетімді іріктеме ғана, онда заманауи индустриялы қоғам не индуст-
риялы емес қоғамның репрезентативті іріктемесі туралы деректер жоқ.
Бұл қажетті зерттеу түрін жалпылауды шектейді. Түрлі мәдениет өкіл-
дерін зерттеуші бұл деректі қолданып, әлемдік деңгейдегі қоғам сипа-
тына қатысты болжам жасай алмайды не оны бағалай алмайды. Бірақ
олар гипотезаны шектеулі түрде сынайды (Lee, 1984). Ажырасу мен әйел
статусын зерттеген Пирсон мен Хендрикс негізгі айнымалылардың қи-
сынды өлшемін ала алатын, бас-аяғы 48 елді ғана қарастыруға мәжбүр
болған. Осы деректер жиынтығы үшін олардың негіздемесі Австралия-
дан өзге құрлықтың бәрін қамтып, негізгі айнымалылардың жеткілікті
вариациясын құрады.
Әлдеқашан өтіп кеткен деректердің репрезентативтігін зерттейтін
зерттеушілерге тіпті қиын, олар өздері тапқан кез келген дерек ізіне сүйе-
нуі керек. Бұл деректердің толық болмауы және бұрмалану ықтималдығы
жоғары. Әсіресе бұл заттай дәлелге қатысты, оның кейбірі іріктеліп аман
қалады, кейбірі іріктеліп сақталады. Іріктеліп аман қалу кейбір объек-
тінің өзгелеріне қарағанда ұзағырақ сақталуы. Ағаш пен қағаздан гөрі
қыш пен сүйек жақсырақ сақталатыны көп уақытқа дейін археологтарға
қиындық туғызды. Жазып алынған ақпарат қолданушысының айтарлық-
тай проблемасы – іріктеп сақтау, яғни қолда бар дерек мазмұнындағы
жүйелі бұрмалаулар. Жазбаның кей бөлігі қасақана жойылып, кей ақпа-
рат редакцияланған болуы мүмкін.
Еджин Уебб пен оның әріптестерінің жазуынша, (2000) Конгресс мү-
шелеріне сөйлеген сөздері мен іс-әрекеттері жазылатын Конгресс хат-
тамасындағы тұжырымдарды түзетуге рұқсат етілген. Яғни бұл құжатты
оқиғаның қаз-қалпындағы есебі деуге келмес. Осы авторлар құлпытаста-
ғы жазуға қарап, ежелгі римдіктер ұзақ өмір сүрді деген тоқтамға келген
зерттеуді мысал етті. Онда күйеуінен бұрын қайтыс болған әйелдерге қа-
рағанда, күйеуінен кейін дүние салған әйелдер басына көктас қойылу ық-
тималдығы аз болғандықтан, олардың есебі де көп емес. Сондай-ақ Рим
қоғамындағы төмен таптарға қарағанда, орта және жоғары тап өкілінің
басына тас қойылу ықтималдығы жоғары. Әртүрлі таптардың өлім деңге-
йі біркелкі болмайтыны да өмір сүру ұзақтығын бағалаудың бұрмалауы-
на әкелуі мүмкін.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Деректі өзге біреу жинағанда, оларды бастапқыда қалай жинағанын, шектеулері мен
толықтығын бағалаған жөн.
Жазып алынған деректерді зерделеу кезінде де осындай проблема
туындауы мүмкін. Суицид жасағандардың 10–20%-ы ғана хат қалдырады.
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
524
Сондықтан Джейкобс зерттеуіне қатысты мына сұрақты қою керек: сіз
зерттеген хаттардың рационал және дәйекті сипаты жазба қалдырмай-
тын суицид құрбандарының да менталдық ахуалын сипаттай ма? Жал-
пылай айтқанда, хат қалдыратындар өз-өзіне қол салатын жиынтыққа
репрезентативті бола ала ма? Жалпы, Кеннет Бейли (1982: 305–06) он-
дай құжатқа адамның білім деңгейі әсер етуі мүмкіндігін байқаған. Бі-
лімі таяз адамдардың хат жазып қалдыруының аздығынан ғана емес, со-
нымен қатар масс-медиа білімі жоғары адамдардың репрезентативтігіне
қол жеткізуге ұмтылуы мүмкін.
Сол сияқты Big Data-ның қателігі – негізгі жиынтықты толық қамтуы.
Шынтуайтында, дерек жинағы «әр қоңырау шалу, әр хабарлама, әр дос-
тықты» қамтыған күннің өзінде, «қандай да бір адамдардың өзгелерге
қарағанда белгілі бір цифрлық деректер жинағында болу ықтималдығы»
көбірек болса да, бәрінің мобайл телефоны, Twitter немесе Facebook-те
жеке аккаунты жоқ (Lewis, 2015: 1–2). Сонымен қатар әлеуметтік ақпа-
рат құралдарын қолданушыларының белсенділік деңгейі де қорытынды-
ға әсер етуі мүмкін. Мысалы, Twitter контентінің дені – саны аз әрі аса
белсенді қолданушылар, ал Twitter аккаунт иелерінің 40%-дан астамы
«былтыр бір де бір туит жазбаған» (reported in Park and Macy, 2015: 10).
Қолда бар деректердің көптеген көзі үшін ақпаратты сұрыптау мүмкін
емес. Зерттеушілер тапқан деректің бәрін пайдаға асыра береді, содан ке-
йін іріктеме сұрыптауындағы бұрмалауға қатысты түсініктеме беріп әлек
болады. Дегенмен бертіндегі зерттеулерге сай уақыт пен кеңістікті ық-
тимал іріктеу мүмкін болғандықтан ғана емес, ақпарат өте көп болғаны
үшін де қажет. Мысал ретінде бір ғана журналды алғанның өзінде50 жыл
ішіндегі (К. Линднер зерттеуіне тән уақыт кезеңі) барлық тақырыптағы
жарнаманы талдау өте ауқымды жұмыс болар еді. Көп дерек көзін ықти-
мал іріктеуге салуға болады: актуарлық, саяси және құқықтық жазбалар-
ды ұзақ уақыт бойы іріктеуге, дауыс беруге қатысты жазбаларды учаске
бойынша (Webb et al., 2000), ал құжаттар мен масс-медианы түрлі тәсіл-
мен іріктеуге болады (төмендегі контент-анализ талқылауын қараңыз).
Тарихи талдау
Қолда бар деректі әртүрлі формада талдауға негіз бар. Шынында, тал-
дау түрі – зерттеу мақсаты мен зерттеу дизайнының қызметі. Бір оқиға
не тарихи кезеңді дескриптив түсіндіру тренд зерттеулерінен өзгешелеу
жалпылама гипотезаны сынаудан ерекшеленеді. Талдау дереккөздер-
ге де байланысты. Зерттеушілер негізгі жиынтық статистикасын масс-
медиа коммуникациясы мен тарихи құжатты талдауда әртүрлі техника-
ны қолданады. Осы және келесі бөлімде қолда бар деректі талдауға қа-
тысты мүлде екі түрлі тәсілді қысқаша пысықтап өтеміз: тарихи талдау
және контент-анализ.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
525
Дескриптив және аналитикалық тарих
«Тарих» сөзінің бірнеше мағынасы бар. Мысалы, ол бертіндегі 2016 жыл-
ғы президент сайлауы не ертеректегі президент Линкольнның өлімі
сияқты (1) нақты өткен оқиға, (2) жағдай болғаны немесе болуы мүмкін
оқиғаның жазбасы не есебі, (3) пән не зерттеу саласы (Shafer, 1980: 2).
Тарихи талдаудың бір түрі тарихшылар өткен заманның нақты сәттерін
сипаттау үшін дәлел жиып, бағалағанда қолданатын әдістер жинағын біл-
діреді. Дескриптив тарих деп аталатын тарихи талдаудың бұл түрі біре-
гей, күрделі оқиғаны сипаттаудың нақтылығы мен толыққанды екеніне
баса мән береді. Дегенмен тарих пәнінен тыс тарихи талдау сипаттаумен
шектеліп қалмай, тарихи оқиға мен дәлелді әлеуметтік әлемнің жалпы-
лама түсінігін дамытуға қолданады. Бұл негізінен тарихи әлеуметтану са-
ласын сипаттаса да, аналитикалық тарих термині тарихи талдаудың осы
түрін көрсетуі жөн деп санаймыз.
Таңғаларлық жайт, аналитикалық тарих – салыстырмалы түрде алған-
да қайта жасалған ұғым. Бүгінгі гуманитарлық ғылымдардың негізін қа-
лаушы Карл Маркс, Эмиль Дюркгейм мен Макс Вебердің тарихи бағдары-
на қарамастан, соңғы елу жылдағы гуманитарлық ғылымдардың көбін-
де – тарихи бағыт жоқ. Соңғы қырық жылда ғана тарихи перспективаға
қызығушылық ояна бастады. Эриксонның Пуритандық Жаңа Англияда-
ғы девианттық туралы зерттеуі – осындай еңбектің бірі.
Эриксон тарихшы ретінде оқиғаларды сол заманның құжаттары не-
гізінде қайта құрастырып шықты. Бірақ қайта құрастырумен іс біткен
жоқ. Ол қайтадан девианттықтың қоғамдағы шектерін анықтап, ортақ
құндылықтар мен нормаларды көрсететін механизмді ұсынады дейтін
Дюркгеймнің девиантты мінез-құлық теориясын көрсету мен дамыту
тәсілі ретінде нақты тарихи кейсті қолданды. Теда Скочпол (1984: 365)
«талдаудың бұл түрі құнды» деп атап көрсетті, себебі «ол теоретикті...
абстракт тұжырымдамалар мен теориялық ұйғарымдарды нақтылауға
және жұмысқа қолдануға ынталандырады». Сондықтан
Эриксон «қоғам шектері» мен «топ нормалары» сияқты
идеяларды ысырып қойып, Массачуссетс пуритандарының сим-
волдары мен әлеуметтік практикалары тұрғысынан девиантты
тұлға мен оның әрекеттерінің «топтық тәжірибе сыртқы шекте-
рін айқындап, ... [әлеуметтік нормаларға] кеңістік пен өлшем
беретін қайшылық нүктесін қамтамасыз етті».
Эриксон жалпы теориядан бастады, теорияны түсіндіруге нақты кейс
қолданды. Әлеуметтік теория мен тарихты интеграциялаудың тағы бір
стратегиясы – нақты бір тарихи оқиға не паттерннен бастап, оны түсін-
діру үшін бір не бірнеше түсініктеме жасап шығару және сынау. Мысалы,
Джон Саттон (1991) 1880–1920 жылдары Америка Құрама Штаттарын-
да психиатриялық ауруханалардың күрт көбеюін түсіндіруге тырысты.
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
526
Сол кезеңді бақылаушының көбі үшін «психиатриялық аурухананың
көбеюі Америкада есінен адасудың жайылып жатқанының белгісі еді»
(666). Олар мұны қарқынды урбанизация мен қадағалаусыз иммиграция
сияқты бірқатар келеңсіздіктермен байланыстырды. Америка Құрама
Штаттарында сандық деректі қолданып (мысалы, қалалық өңірде тұра-
тын адамдар саны, 65 жастан асқандар саны, психиатриялық емхана мен
қарттар үйін мекендегендердің саны), Саттон психиатриялық аурухана-
лар көбеюінің бірнеше түсіндірмесін сынады: (1) реформаторлар қарт-
тар үйін жапқаннан кейін психиатриялық ауруханалар далада қаңғыған,
кедей егде кісілерді қабылдауына тура келді, (2) урбандалу психиатрия-
лық аурухана сияқты маманданған және ресми түрде ұйымдастырылған
емдеу тәсілдерін жетілдірді, (3) психиатриялық ауруханалардың көбеюі
мемлекеттің қазынашылық кірісіне тәуелді болды, (4) психиатриялық
емханаға орналасу қажеттігі мұқтаж топтарға тікелей жәрдемақыны
(мысалы, зейнетақы) таратуға кері байланысты болды, (5) қамқор болу
саясаты психиатриялық ауруханалар жұмыс орындарының, келісімшарт-
тардың, партия қолдаушыларын марапаттау үшін пайдаланатын қызмет
көзі болғандықтан, оны кеңейтуді қолдауы мүмкін. Саттонның зерттеу
қорытындысы психиатриялық ауруханалардың көбеюіне басқаларымен
қатар, осы факторлар да ықпал еткенін көрсетті.
Салыстырмалы тарихи талдау деп аталатын тағы бір стратегия – нақты
анықталған тарихи нәтижелер мен паттерннің жалпы себеп-салдарлық
түсіндірмесін табу (Skocpol, 1984). Мұндайда зерттеуші бір ғана емес, екі
не одан да көп бір-біріне ұқсас тарихи оқиғалар кейстеріне назар аударып,
себеп-салдарлық заңдылықты анықтау үшін жүйелі түрде салыстырады.
Мысалы, әлеуметтанушы Теда Скочпол (1979) 1789 жылғы Франциядағы,
1917 жылғы Ресейдегі және 1911–1949 жылдардағы Қытайдағы револю-
цияларды салыстыру арқылы әлеуметтік революциялардың себептерін
талдады. Зерттеу ауқымы кең болғандықтан, ол түпнұсқа құжаттарға
жүгінбей, оның орнына әр кезең мен орынды зерттеген тарихшылар жұ-
мысына сүйеніп, саяси конфликт пен даму паттернін анықтады. Скочпол
революцияны жеделдетеді деп анықтаған ортақ факторлар қатарында әр
қоғамдағы (1) мықты шаруа қауымдастықтары мен (2) экономикалық
даму қажеттігіне бөгет болған шетелдік қысым мен қиындықтар болды.
Ең соңында айтарымыз, тарихи аналитиктер талдауларында тарих-
тың өзін тәуелсіз айнымалы ретінде қарастыруы мүмкін. Яғни олар қа-
зіргіні түсіну үшін өткен кезеңдегі оқиғалар дәйектілігін тексеруі ықти-
мал. Осылай қолданылғанда тарих түсіндірілетін нақты нәтиже (Саттон
зерттеуіндегідей) немесе үлкен ауқымы бар әлеуметтік өзгерісті жүзеге
асыруды (Скочпол еңбегіндегідей) емес, әлеуметтік өмірдің уақытша
өлшемін көрсетеді.
5
Аналитикалық тарихтың осы түрінің бір көрінісі – экономист
Пол Дэвидтің (1985) «QWERTY» пернетақтасының жазба машинасы
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
527
индустриясы стандарты ретінде орнығуын талдауы. Дэвид қазіргі жазу
машинасы мен компьютер пернетақталарына осы ыңғайсыз құрылғы-
ның орнығып қалуын әр уақыттағы оқиғалар ықпалымен түсіндіреді.
Алғаш рет QWERTY форматы 1873 жылы литерлік тіректің шатасып қалу
жиілігін азайту шешімі ретінде пайда болды. Содан кейін бұл формат жар-
намада қолданылды. «E.Remington and Sons» компаниясы бренд атауын,
яғни TYPE WRITER сөз тіркесін саусақты пернетақтадан көтерместен
«жылдам жазып шығуға қажетті әріптерді бір қатарға орналастырды» деп
әспеттелді. QWERTY болашағын қорғауға технологиялық қажеттілік бол-
мады, себебі 1880 жылдардағы бәсекелес дизайн литерлік тірек шатасуы-
ның алдын алып, 1932 жылы Дворак пен Дилей патенттеген пернетақта
реті тиімдірек болды. Ал 1880 жылдардың соңында QWERTY стандартын
бекіткен негізгі оқиға болды. «Сипап» терудің пайда болуы Remington
пернетақтасына бейімделді, сондықтан терушілер басқаларына қараған-
да осы дизайнды үйренуді бастады. Сол кездегі жұмыс берушілер теру-
шілерді қайта оқытқанша, әріптері QWERTY стандартында орналасқан
машина сатып алғанды тиімді көрді. Сөйтіп, QWERTY емес, жазу маши-
насын өндірушілер техниканы QWERTY-ді теріп үйренген терушілерге
бейімдеді.
Осылайша тарихи талдау мыналардан құралады:
1. Болған оқиғаны нақты сипаттап беретін бұрынғы оқиғаларды қай-
та құрастырады.
2. Жалпы теорияны нақты тарихи кейске (кейстерге) қолдану, ол
теория қолданысына назар аударады.
3. Тарихи оқиғалар түсіндірмелерін тексеру, ол нақты оқиғаның не-
ліктен болғанын тексереді.
4. Tарихи паттерндердің себеп-салдарлық түсіндірмесін жасау, ол
оқиғаның туындауын талдайды, әрі әлеуметтік құбылыстарды
жалпы түсіндіруге ұмтылады.
5. Тарих қазіргі жағдайды ұғыну не нақты бір құбылыстың қалай әрі
неліктен туындағанын түсіндіру үшін қажет.
Тарихи зерттеудің осы жанрының әрқайсысы абстракция мен талдау-
дың сәл өзгеше деңгейін көрсетеді. Дескриптив тарихшы (1) нақты оқи-
ғалардың туындау ретін көрсеткісі келсе, аналитик тарихшы (2) әсіресе
абстракт теорияны қолданушылар аса жалпылама тұжырым мен ұйға-
рымдарды қолдануы мүмкін. Сандық өлшемге мән беретін аналитиктер
гипотезаны (3) нақты тарихи оқиғаға сүйеніп сынауға бейім болғандық-
тан, зерттеудің дәстүрлі ғылыми моделін ұстанады, тұжырымдаманы іс
жүзінде қолдануды барынша айқындайды. Керісінше, салыстырмалы-
тарихи аналитиктер (4) далалық зерттеушілерге жақын индуктив тәсіл-
ді ұстанады.
6
Соңында айтарымыз, оқиғалар арасындағы ұзақмерзімді
уақытша бірізділік пен байланысты зерттеушілер (5) тарихшылардың
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
528
баяндау тәсілін әлеуметтанушылардың сандық талдауымен біріктіруіне
болады. Осындай өзгешелігіне қарамастан, тарихи зерттеудің бәрі, ең ал-
дымен, өткенді сипаттау үшін ескі заманның жазбаша мұрасын пайдала-
нады; екіншіден, өткен оқиғаларды интерпретациялайды.
Құжат түріндегі дәлелдермен жұмыс істеу
Тарихи зерттеушілер қолда бар деректің кез келген түрін қолдана алады,
десек те олар көп жағдайда құжаттарға сүйенеді. Тарихшы Вернон Диббл
(1963) құжаттарды екі негізгі категорияға классификациялайды: жазба-
ша айғақтар және әлеуметтік деректерді тіркеу. Әдетте тарихшылар
өмірбаян деректерін, жазбаша айғақтарды, жеке хаттар сияқты әйгілі
тұлғалар өмірінен мағлұмат берер тікелей пікірлерді жақсы көреді (Tilly,
1981). Тарихшылар куәгерлер пікірі арқылы ненің, қашан, қайда болға-
нын қайта құруға тырысады. Десек те пікірлер жеке тұлғалардың іс-қи-
мылы мен мотивациясын талдауға, әсіресе «ірі тұлғалардың» іс-әрекетіне
баса мән береді.
Әлеуметтік деректерді тіркеу – банк жазбалары, сот ісі, Конгрестегі пікір-
таластар стенограммасы, демографиялық статистика мен Йель университе-
ті түлектерінің тізімі сияқты топтар мен ұйымдардың ақпаратын қамтитын
құжаттар. Әлеуметтік жүйе өнімі тәрізді әлеуметтік деректерді тіркеу жаз-
баша айғақтардан гөрі, әлеуметтік құрылым айнымалыларының нәтижесін
шығару үшін қолданылады. Чарльз Тиллидің пікірінше (1981: 32),
әлеуметтану ғылымы ғалымдарының осындай дәлелдерден жи-
найтын сандар мен абстракциялары қарапайым адамдардың
тарихи деректерге оралуына ықпал еткенін айтады. Қарапайым
адамдар «көрнекті тұлғалар» сияқты күнделіктер, хаттар мен ро-
мандар қалдырмайды, дегенмен олардың тәжірибесі құжаттарда
сақталады. Олар жөніндегі құжаттама туу туралы куәлігі, неке
куәлігі, нотариалды келісімдер, әскерге шақыру кітабы, салық
жазбасы, жалға алу-беру жазбасы, санақ есебі, катехизис жазба-
лары және өзге де дереккөздер түрінде кездеседі.
Өткен оқиғалардың құжаттарынан қорытынды шығара отырып, та-
рихшылар сол дәлелдің аутенттілігі мен шүбәсіздігіне баса мән береді.
Жоғарыда айтқанымыздай, аутенттік туралы пайымдау жасау үшін жоға-
ры технологиялық техникалар керек, оны кәсіби тарихшылар мен архив
құрастырушылар жасағаны абзал. Дәлелдің аутенттігі айқындалған соң,
зерттеуші оның қаншалықты шүбәсіз екенін бағалайды. Жазбаша айғақ-
тың шүбәсіздігін тексерудің ең оңтайлы жолы – қайшылықтың болмауы
және расталуы. Куәгер жазып кеткен пікірін бірнеше тәуелсіз дереккөз
растаса, нақты жазбаның дәлдігі ықтималдығы артады. Алайда көп жағ-
дайда оны растау мүмкін болмайды, мұндайда тарихшылар шүбәсіздікті
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
529
тексерудің басқа әдісін қолданады. Роберт Шафердің (1980: 166–67) тек-
серу тізімінде мынадай ұсыныстар бар:
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Тарихи дәлел есебіндегі жеке адамның хаттары, күнделіктері жазбаша айғақ түрінде
кездеседі, онда атақты тұлғалардың рөлі көрсетіледі; ал сот ісі мен демографиялық
статистика сияқты қоғамдық құжаттар әлеуметтік құрылым мен қарапайым адамдар
туралы дерек береді.
1. Мәлімдеменің нақты мағынасы тура мағынасынан басқаша ма?
Ондағы сөздер қазір де сол мәнде қолданыла ма?
2. Автор жазбадағы ойды қаншалықты дәл ұғына (бақылай) алды?
Оның түсінуі бақылауына сай келе ме? Оның орналасқан жері көр-
гені, естігені және сипап сезуіне сай ма? Оның бақылауға қажет
әлеуметтік мүмкіндігі бар ма: ол тілді түсіне ме?
3. Автордың баяндау қабілетіне келсек: оның пікірінде бұрмалау
жоқ па? Оның жазба жазуға уақыты жеткілікті болған ба? Жазуға
қолайлы жерде отырған ба? Қолында қажетті құралы болған ба?
Ол бақылаған дүниесі туралы қашан жазған? Іле-шала жазылды
ма? Кейінірек пе? [Оқиға болған бетте жазылған жазба біраз уа-
қыт өткеннен кейін жазылған дерекке қарағанда әлдеқайда нақ-
ты болмақ; қызығушылығы жоқ, бейтарап не кездейсоқ адамның
жазбасы сол тақырыпқа идеологиялық қатысы бар, белгілі бір ау-
диторияны көздеген кісі жазбасымен салыстырғанда әлдеқайда ау-
тентті шықпақ].
4. Құжатта ішкі қайшылық бар ма?
Өткен оқиғаға қатысты шүбәсіз айғақ пен нақты сипаттамасына мән
беретін тарихшылар екінші реттік емес, бастапқы дереккөзді пайдалану-
ға тырысады. Бастапқы дереккөз – сипатталған оқиғаға куәгер болған
адамдар, ал екінші реттік дереккөз сол бастапқы дереккөзден алынған
жанама дәлелдер. Пуритандық Жаңа Англиядағы девианттықты зертте-
ген Кай Эриксон дәлелдің екі түрін пайдаланған: (1) сот жазбалары мен
сол кездегі куәгерлер жазбасы (бастапқы дереккөз) және (2) түрлі тарих-
шылардың жазбасы (екінші реттік дереккөз). Революцияны зерттеген
Теда Скочпол екінші реттік дереккөздерге сүйенді. Луи Готтшалк былай
дейді (1969: 116): «негізінде, әр нәрсеге тиянақты тарихшы екінші реттік
дереккөзге күмәнмен қарайды, тіпті оның ең сенімді дегенін де тексеріп
алады». Сондықтан Готтшалк бұл жұмыстар шектеулі мақсатта қолданы-
луы керек деп ескертеді, мысалы, зерттеліп жатқан тарихи кезеңдегі оқиға-
лар туралы жалпы ақпарат алу үшін, биографиялық нұсқаулық қажет бол-
са, не алдын ала интерпретация, гипотеза жасауда пайдаланған орынды.
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
530
Дегенмен Скочпол жүргізген тарихи талдауға сүйенетін ауқымды зерттеу
жұмысын бастапқы дереккөзге ғана сүйене жүргізу – күмәнді тірлік.
Әлеуметтік деректерді тіркеу жазбаша айғақтан гөрі басқа бағалау тү-
рін қажет етеді. Құжаттарды топтар не ұйымдар жасайтындықтан, олар-
ды әзірлеген әлеуметтік жүйе негізінде қарау керек (Dibble, 1963: 207).
Мысалы, келесі оқиғалар арасын ажыратып қарауға болады: бақылау
мен жазу аралығында қандай процесс болды? Жазбаны кейін қайтадан
өңдеген бе (Конгресс хаттамасындағы іріктеп сақтауды еске түсіріңіз)?
Жазба кімге арналған? Ол кім үшін құнды, ал кімге зияны тиюі мүмкін?
Жалпы, дәлел екінші реттік дереккөзден алынса, зерттеуші дәлелге
барынша күмәнмен қарап, оның оқиғаға қатысын жан-жақты саралауы
керек (Erikson, 1970: 335). Тіпті зерттеуші құжаттың аутенттігі мен шүбә-
сіздігіне күмәні болмаса да, оның осы уақытқа дейін қалай сақталғанын
тексеріп алуға тиіс. XVII ғасырдағы Массачусетс туралы көп әрі әртүрлі
дерек айтқан Эриксон (1970: 335),
олардың қасында бірнеше сағат өткерер алдында «бұлар кімнің
атынан сөйлеп тұр» деген сұрақ қою қажеттігін ескертеді. Әу бас-
та, оларды өзі баяндап отырған оқиғаға тікелей қатысы бар адам
жазған шығар, кейін ол дерекке қол жеткізген адам өз ыңғайы-
на қарай өзгертіп, түрлендіріп, қайтадан жазып шығуы мүмкін.
Сондай жолмен қазіргі ұрпаққа жеткен жазбалар қоныстану-
дың алғашқы жылдары Джон Уинтроптың қалай таңғалғанын
баяндайды, XVII ғасырдың екінші жартысында Коттон Мэзердің
нені еске сақтауға лайық деп шешкенін көрсетеді, XVIII ғасырда
Томас Хатчинсонның қай мәселені «тарихи» деп түйгенін, ал ХІХ
ғасырда жылнамашылар мен антикварлардың қай оқиғаны та-
рихқа жатқызғанын біле аламыз.
Тарихи оқиғалар жөнінде азды-көпті дәлел ұсынумен қатар, құжаттар –
үлкен ауқымды әлеуметтік құрылым айнымалысы мен процестерінің ин-
дикаторы не өлшемі болатын маңызды дереккөз. Мысалы, қонысты ке-
ңейту туралы зерттеуінде Саттон (1991) урбандалу, халықтың қартаюы,
балалар мен қайырымдылық үйін мекен еткен жандар туралы түрлі АҚШ
Санақ жазбасындағы деректерге сүйенеді; әр штаттағы зейнеткерлер са-
нын анықтау үшін АҚШ Конгресінің зейнетақы жөніндегі өкілінің есебін
пайдаланды; АҚШ Конгресінің сайлау жөніндегі тоқсан сайынғы есебін-
де жарияланған дауыс беру дерегіне қарап, губернаторлыққа таласқан
республикалық және демократиялық кандидаттарға партияның қамқор-
лық көрсету деңгейін анықтады. Мұндай көрсеткіштер сапасы жазбаның
шүбәсіздігіне ғана емес, белгілі бір айнымалының өлшемі болатын дерек
жарамдылығы мен сенімділігіне де тәуелді. Тарихи зерттеуде жарамды-
лықтың тәуелсіз көздері мен бірнеше индикаторды қатар табу мүм-
кін бола қоймайды, сондықтан жарамдылықты бағалау көбіне шартты
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
531
жарамдылықты бағалаумен шектеледі. Саттон зерттеуінде бұл көптеген
айнымалы үшін проблема тудырмады, себебі тура өлшем жасалды, мы-
салы, 65 жастан асқан адамдар туралы дерек халықтың жасына қатысты
өлшемде барынша жарамды. Дегенмен партия атынан губернаторлыққа
түскен үміткердің дауыс айырмасын қамқорлық көрсеткіші ретінде қа-
рау сияқты тура өлшем бола алмайтын зерттеуде көзге көрініп тұрған
жарамдылық жоқ, бірақ бәрібір жарамдылықтың жалғыз түрі сол ғана.
Тарихи интерпретация
Тарихи талдаушылар өткенді түсінуге мүдделі. Дескриптив тарихшылар
жағдайды сол қалпында сипаттауға бейім. Салемдегі жәдігөйлер оқиға-
сында кім кімді айыптады? Кімдер дарға асылды? Талдау жасау мұнымен
аяқталмайды. Негізгі мақсаты өткен оқиғалар ретін барынша дәл сипат-
тау десек те, зерттеуші сол кезде не болғанын түсіну үшін фактілерді ма-
териалды интерпретациялау тұрғысынан ретке келтіруі керек. Бірнеше
рет атап өткеніміздей, әлеуметтік зерттеу қағидасы – фактілер өзі тұрған-
да ешқандай мағына бермейтіні. Сондықтан да кездейсоқ болсын, әлде
әдейілеп, барынша жіті дәлел іздеуде болсын, сол дәлел зерттеушінің
мүддесіне қатысты теория не интерпретация тұрғысынан түсіндіріледі.
Мысалы, Тилли (1981: 10) былай дейді: «құлдарға қатысты қарым-қаты-
насты зерттемек болған америкалық тарихшы құл иеленуші күнделігін
ғана оқып, құл сатуға қатысты жазбаларды елеусіз қалдырса, құл иелену
тәжірибесінде құл иеленушілердің көзқарасына басымдық береді, соның
ұстанымына жақын теория ұсынады». Осындай тарихта болған жағдай-
ды түсіндіру рөлі мен балама түсініктемелердің мәнін зерттеу үшін Са-
лем қаласындағы «жәдігөйлерді» жазалау туралы түрлі зерттеулерді тал-
қылаймыз, оның ішінде жоғарыдағы Кай Эриксонның Жаңа Англиядағы
пуритандарға қатысты девианттық туралы зерттеуі де бар.
Эриксон зерттеген үш дағдарыстың бірі – Салемдегі жәдігөйлерге қа-
тысты іс. Тарихтағы оқиғаның түрлі эпизодтарымен танысу үшін сол кез-
дегі жазбалар мен соттағы түсініктемелермен танысуға болады, ал бұл
туралы оқырмандар Артур Миллердің «Ауыр сынақ» (The Crucible) пьеса-
сынан біле алады. 1692 жылы жергілікті министр Самуэль Парристің екі
қызы науқастанып қалды, сөйтіп, олар оғаш қылық таныта бастады. Аяқ
астынан шыңғырып, бойларын билей алмай дірілдеді, иіліп, бүгіліп, түрлі
қимыл жасады, еңбектеп жүріп, ит сияқты үреді. Қыздар есірік дертіне
шалдыққан болуы да мүмкін, ол жағын ешкім нақты білмейді, сырқат
түрі сол күйі анықталмаған. Табан астында мұндай дерт басқа қыздар-
ға да тарайды, сөйтіп, қоғамда осындай сырқатқа шалдыққан әйелдер
көбейеді. Адамдар шошып, у-шу басталады, мұндай ерсі мінез-құлықты
бақылау мүмкін болмағандықтан, біреу оларды «дуалаған» деген болжам
айтылады. Қыздарды қысымға алып, «сендерді кім азаптады, кім жәбір-
леді» деген сұрақ қойғанда, олар үш әйелді атайды. Әйелдердің бірі –
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
532
Паррис қызметшісі Титуба болатын, Батыс Үндістаннан келген әйел ву-
думен әуестенетін. Ол осындай тәжірибе жасайтынын мойындайды және
қыздар «Ібілістің адамдары» деп көрсеткен екі әйелді де нұсқайды. Бұдан
соң басқаларды да айыбын мойындауға мәжбүрлеп, «жәдігөйлерді» тұт-
қынға алып, сот басталады; іс аяқталғанға дейін 19 адам дарға асылып,
бір адамды қинап өлтіреді.
Мұндай сұмдық жағдай неліктен болды? Есіңізде болса, Эриксон бұл
жайтты XVII ғасырдағы үш қылмыс толқынының бірі деп қарастырған
еді, ол қоғамның моральдық шегін күшейту үшін жасалған еді. Эриксон-
ның пікірінше, қоғамдық бақылау және ымыраға қауіп төнгені сезілгенде
моральдық шекті күшейтуге құлшыныс пайда болады және қоғам солай
істеу үшін күш біріктіреді. Дегенмен Салемдегі жағдайға жәдігөйлердің
еш қатысы жоқ еді, девианттар оларды өз мақсатымен үндес болғандық-
тан ғана таңдап алды. Шынында, бұл сол кездегі қауымдастықтың бел-
гісіз саяси статусы болса керек. Эриксонның пікірінше, 1670 жылдары
колонияда діндарлар мен судьялар арасындағы шиеленіс ушыққан еді, ал
«Жаңа Англия үшін олардың басын қосып, біріктіру өте маңызды болды»
(1966: 138), бір жағынан, үнді тайпалары жиі соғыс ашып, көп шығын-
далды. Содан соң 1680 жылдары Англия королі ІІ Карл Бостонда ағылшын
шіркеуін салуды бұйырды, осылайша колонияны жарты ғасырдан астам
қорғаған хартияны бұзды. Жәдігөйлерге қатысты оқиға басталардан
бұрын колония агенттері Англияға барып, хартияны қалпына келтіру-
ге тырысты. Бұған қоса, сол кездері жерге қатысты талас пен өзара дау-
дамай өте көп еді, бұл қауымдастыққа қажет тыныштық пен үйлесімге
кедергі келтірді. Эриксонның түсіндіруінше, осының барлығы пуритан-
дық өмір салтын қайтадан қалпына келтіру қажеттігін аңғартты.
Эриксон бұл оқиғаны мұқият талдап, нанымды дәлелдер келтірсе
де, басқа әлеуметтанушылар мен тарихшылар оған күмәнмен қарады.
Уильям Чамблисс (1976) Эриксонның «функционалистік» теориясына
«конфликт» теориясын қарсы қояды. Оның пікірінше, жәдігөйлерге қа-
тысты оқиғаны алдыңғы екі қылмыс толқынының жалғасы деп қарау-
ға болады. Бірақ оның салдары «моральдық шек орнату» емес еді, кері-
сінше, «биліктегілер әрі қарай үстемдігін жүргізуді көздеді» дейді (15).
Чамблисс осындай интерпретация жасайды және оны былай түсіндіреді:
«сот көмекшілерінің іс-қимылын бақылап отырды, биліктегі элита мүше-
леріне жеткенше адамдарды қамады. Жәдігөйлерді іздеушілер бұларға
жақын қалғанда жәдігөйлер ісі сап тыйылды».
Тарихшылар Поль Бойер мен Стефен Ниссенбаум (1974) бұл оқиғаны
басқа қырынан түсіндіреді. Эриксон атаған дереккөздер мен өзге де елеу-
сіз қалған деректерге (мысалы, қауымдастық сайлауы, салық бағалауы,
петициялар) сүйенген авторлар айыптаушылар мен айыпталушылар
арасында жік барын байқады, осы оқиғаны бастауға себепкер – министр
Самуэль Парристі қолдаған адамдар мен оған қарсы шыққандар еді. Де-
мек, тұрғындар жәдігөйлер ісіне дейін Парристі қолдаушылар мен қарсы-
ластар болып бөлінген және жергілікті министрді қолдаудан бас тартқан.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
533
Мысалы, қолдаушылармен салыстырғанда, Паррис қарсыластары ауқат-
тырақ болған, олардың Салем коммерциялық қаласының қасында иеліктері
бар еді, сондықтан Salem Village шіркеуіне мүше болуға ынталы болмаған
сияқты. Сондықтан Бойер мен Ниссенбаум пікірінше, «1692 жылғы айыптау
ісінде қақ жарылған топ бетпе-бет келіп, саналы түрде шайқасты» (186).
Осының барлығы тарихи талдаудың қиындығы мен оған түсініктеме
берудің ауыр жұмыс екенін көрсетеді. Тарихи оқиғаларды әрқилы түсін-
діруге болады. Әдетте интерпретация түрлі деңгейде өтетін болса (мы-
салы, психологиялық нұсқа әлеуметтік нұсқаға қарсы шықса) не оқиға-
ның әр алуан аспектісіне мән берсе, бірнеше интерпретация жасау ке-
рек. Мысалы, жәдігөйлер ісіне қатысты дүрбелеңдегі мұндай жағдайдың
неліктен Массачусетс колониясында болғаны (Эриксон соны түсіндіруге
тырысты), неліктен Salem Village қауымдастығын қамтығаны (Бойер мен
Ниссенбаум соны анықтағысы келді), неліктен дәл осы екі қыздан бас-
талды және қауымдастық мүшелері өз ортасында жәдігөйлердің бар еке-
ніне сенді (тарихшы Чедуик Хансен (1969) соны түсіндіруге күш салды)
деген сияқты көптеген сұрақ туады.
Екінші жағынан, зерттеушілер кейбір түсініктеме жарамды, кейбірі
жарамсыз деген тұжырым жасаса, онда екінші тарап интерпретациясын
қабылдап, бар деректерді сыни тұрғыдан бағалау қажет. Бұл интерпре-
тацияның дәлелі қаншалықты мықты? Ол нені анықтады, енді салдары
қандай болмақ? Эриксон гипотезасына қатысты осындай мәселе көтер-
ген Чамблисс оның бір ғана жарамды түсініктемесі бар екенін айтады:
Эриксон ойы дұрыс десек, жәдігөйлерге қарсы күрес (басқа да қылмыс
толқыны сияқты) қауымдастық ынтымақтастығын нығайтуы керек еді.
Солай болды ма? Әр қылмыс толқыны ынтымақтастықты күшейтсе, не-
ліктен қауымдастық 60 жыл ішінде үш қылмыс толқынын бастан өткерді?
Кез келген тарихи интерпретацияда осындай сыни мәселе көтерілуі ке-
рек. Одан да жақсысы, тарихи аналитиктер бірнеше интерпретация мен
гипотезаны қабылдап, сыни бағалап, әрқайсысының шындыққа қанша-
лықты жанасатынын салыстыруы керек. Содан кейін ғана әр оқиғаны ғы-
лыми тұрғыда түсіндіре аламыз.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Тарихи оқиғаны түсіндіретін зерттеушілер балама түсініктерді есепке алуы керек және
олар сүйенетін теориялық болжамды да ескеруі қажет.
Контент-анализ
Уильям Чамблисс пен Кай Эриксон қоғамдағы қылмысқа қатысты
екі түрлі көзқараста болды. Сондықтан Салем қаласындағы жағдай-
ды әртүрлі интерпретация жасағандарына таңғалудың керегі жоқ.
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
534
Бұл айырмашылық жазбаша құжаттарды оқыған кезде туатын тағы бір
проблеманы келісім мен сенімділіктің жоқтығын көрсетеді. Осы пробле-
маны шешудің бір жолы – мәтінді қалай оқу керек екенін нақты көрсету.
Шынында, жазбаша мәтінді сандық деректерге жүйелі түрде айналдыру
критерийлерін әзірлеуге болады. Контент-анализдің мақсаты – осы.
Контент-анализ – жалғыз техника емес, ол кез келген коммуникация-
ның символдық контентін талдайтын әдістер жиынтығы. Оның идеясы –
коммуникацияның тұтас контентін (мысалы, сөздер мен суреттердің бә-
рін) зерттеуші қызығушылығын тудыратын сипаттамасы бар категория
жиынтығына айналдыру. Осылайша контент-анализ вербалды немесе
бейвербалды материалдардың жүйелі сипаттамасын қамтиды. Оған сан-
дық және сапалық талдау да кіреді, қазір біз алдында айтып өткен сипа-
тына тоқталамыз.
Комиксті негіз етіп алған Сэйлс талдауы (1973) мен К. Линдлердің
(2004) журналдағы жарнамаларға сүйеніп, гендерлік стереотип тура-
лы талдау жасауы контент-анализге мысал бола алады. К. Линдлер екі
журналдағы жарнамаларды іріктеп алып, оларды мынадай белгілері бо-
йынша қарастырды: (1) жарнамалар кодталатын категорияларды анық-
тау (мысалы, жарнамадағы ерлер мен әйелдердің салыстырмалы саны,
әйел жанасуы, «бағынуды қалыпты жағдай ету» және т.б.); (2) кез келген
адамға қолданылуы мүмкін объектив критерий бойынша категориялар-
ды анықтау; (3) осы объектив критерий тұрғысынан жарнаманы кодтау
және (4) жарнамалар кодталған категориялар жиілігі туралы хабарлау.
Осында сипатталған процесс жүйелі зерттеулердегі процестен аумай-
ды. Сондай-ақ ол ашық сұрақ кезіндегі жауаптарды талдауда қолданыла-
тын процеске де ұқсайды (15.1-қосымшаны қараңыз). Әлеуметтанушы-
лар далалық жазбалар мен құрылымдалмаған сұхбаттасуды талдау үшін
контент-анализ қолданады, ал психологтар адамдардың психологиялық
жағдайын бағалау үшін оны вербалды жауапқа пайдаланады. Өздеріңіз
көргендей, оның қолданысы бар деректі талдаумен шектелмейді. Десек
те оның ең көп қолданылатын жері – қолдағы басылған не ауызша сөз.
Контент-анализ күрделі контенті бар түрлі жазбаша құжаттарға байла-
нысты қолданылып келді, оның ішінде саяси платформалар (R.P. Weber,
1990), романдар (Griswold, 1981), ұсыныс хаттар (Schmader, Whitehead,
and Wysocki, 2007), газетте жарияланған мақалалар (A.M. Lindner, 2009)
және әннің сөзі (Christiansen, Roberts, and Bjork, 2012) бар. Осындай тал-
дау жасау кезеңдеріне назар аударайық: контент категорияларын таңдау
және анықтап алу, талдау бірліктерін айқындау, есептеу жүйесін таңдау
және талдау жасау (Holsti, 1969).
Контент категориясын таңдау мен анықтау
Кодтаушылар тартылатын дәрежеде контент-анализге категориялар
таңдау және анықтау сауалнама зерттеуінде жабық сұрақ жинағын
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
535
таңдаумен бірдей. Респонденттерге сұрақ қойып, жауап алғанның орны-
на контент-анализ жасаушы оны құжатқа қолданады және тиісті катего-
рияны кодтайды. Құжатқа қолданылатын «сұрақ» зерттеу мақсатына сай
болуы керек және категориялар барынша нақтыланған, түбегейлі әрі бі-
рін-бірі теріске шығаратын болуы керек.
Еске сала кетейік, Сэйлс талданатын комиске қатысты бір сұрақ қой-
ған еді: басты кейіпкер мықты әрі қуатты ма? ХІХ ғасырдың соңы, ХХ ға-
сыр басында жарық көрген 130 романға кездейсоқ іріктеме жасап алып
талдаған Уенди Грисуолд (1981) америкалық романның жергілікті мінез
бен тәжірибенің бірегей ерекшелігін қалай сипаттайтынын білгісі келді.
Сондықтан ол бас кейіпкердің ерекшелігі (мысалы, жынысы, жасы, оқиға
басталған кездегі және оқиға соңындағы әлеуметтік табы) және сюжетке
қатысты (мысалы: «Негізгі оқиға қай жерде өтеді? Қай заманда болып
жатыр? Оқиға сюжеті үшін ересектер арасындағы гетеросексуалды ма-
хаббат маңызды ма? Романда ақша маңызды рөл ойнай ма?»)
Сэйлс те, Грисуолд та кодтаушыларды тартты, олар сұрақ-жауапты ка-
тегориясына қарай кодтайтын кітаптарға сүйеніп, «жауаптарды» қайта
кодтады (сандық талдауда кодтау кітаптарын қолдану туралы он бесінші
тарауда баяндаймыз). Шынында, Грисуолдтың зерттеуі ерекше, себебі
романдар іріктемесі үлкен болғандықтан, 10 оқырман/кодтаушы қажет
болды. Контент аналитиктердің көбі компьютерлік мәтін талдауын жа-
сайды. Оқытушы қызметіне жіберілген ұсыныс хаттарындағы гендер-
лік стереотиптерді талдаған Тони Шмадер, Джессика Уайтхед пен Вики
Высоцкий (2007) бірнеше категориядағы сөздер санын санау үшін компь-
ютерлік бағдарламаны қолданды, оған жетістікті білдіретін сөздер (мыса-
лы, мақсат), болжамды сөздер (мысалы, мүмкін), сенімділікті білдіретін
сөздер (мысалы, әркез), әсірелеу сын есімдері (мысалы, керемет) кіреді.
Біріншіден, олар 277 үміткерді жазып, 886 хаттың элекронды файлын жа-
саған. Одан соң компьютерді құрылымы жағынан тезауруске ұқсайтын
«сөздікпен» жабдықтады. Сөздіктегі жазбаның бірінде «әсірелеу мәнді
сын есім» сөздер енгізілді (жұлдызша сөздің түрлі формасын білдіреді):
тамаша*, ғажап, керемет, бірегей, қайталанбас, теңдесі жоқ, *ең, қатты,
сұмдық, естен кетпес, айрықша, сиқырлы, көрнекі, сөзсіз, ең озық, асыл,
баламасы жоқ (127).
Бұл істі кодтаушылар атқарса да, компьютер істесе де, контент-анализ-
дің сенімділігі мен жалпы мәні контент категориясын нақты тұжырым-
дау мен анықтама немесе ережелерді категория бірлігіне тағайындауға
қатысты. Әдетте контент-анализ жасаушылар интеркодтаушы сенімділі-
гіне қарай тест туралы баяндайды. Мысалы, К. Линдлер мен көмекшісі
кездейсоқ таңдалған журналдың іріктемесінен екі мәселе бойынша 70
жарнаманы бөлек кодтады. Кодтарды салыстырғанда тоғыз кодтау ка-
тегориясы бойынша келісім пайызы 86-дан 97%-ға дейін құбылды, орта
есеппен 91,7%-ды құрады.
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
536
Талдау бірлігін анықтау
Контент аналитиктер талдау бірлігін жазба бірлігі деп атайды. Жазба
бірлігі – контент категориясы бойынша сипатталған мәтін немесе көр-
некі суреттің элементі. Ол бір сөз не символ болуы мүмкін, сөйлем, пара-
граф я басқа бір грамматикалық бірлік болады; тұтас мәтін түрінде де кез-
деседі немесе кейіпкер не сюжет сияқты мәтіннің бас аспектісі де болады.
Шмадер мен әріптестерінің жазу бірлігі сөз болды, ал Грисуолд үш түрлі
бірлікті – кейіпкер, сюжет және тұтас романды қолданды. К. Линдлердің
бірлігі тұтас жарнама болды, Сэйлстің бірлігі комикстегі кейіпкер болды.
Жалпы, үлкен бірлікке қарағанда шағын бірлікті кодтау оңай, себебі
оның ішінде ақпарат аз (R.P. Weber, 1990). Дегенмен сөз сияқты шағын
бірлік хабарлама мәнін білдіруге жеткіліксіз болуы мүмкін, бір жағынан,
зерттеуші еншісінде мұндай бірліктер тым көп болуы да мүмкін. Мыса-
лы, Грисуолд 130 романды талдауда жазу бірлігі ретінде сөзді қолданса
не болар еді?! Мұндай шектеу контент-анализде компьютер қолдануға да
қатысты, себебі қазіргі таңда компьютерлік талдау үшін бағдарламалана-
тын жалғыз бірліктер – сөз, сөз мағынасы, идиомалар мен жалқы есімдер
сияқты фразалар.
Жазылған бірлікті белгілі бір категорияға кейін ол пайда болатын кон-
тексті есепке алмай орналастыру мүмкін болмағандықтан, контент ана-
литиктер контекст бірлігін де ажыратады (Holsti, 1969). Сэйлстің код-
таушысы негізгі кейіпкердің күш-қуаты туралы ой қорыту үшін комикс-
термен таныс болуы керек; осылайша оның жазба бірлігі – кейіпкер, ал
контекст бірлігі – комикс.
Есептеу жүйесі жөнінде шешім қабылдау
Контент-анализдегі деректі санаудың жолы көп. Сандық көрсеткіштің не-
гізгі жүйелері туралы айта кетейік.
1. Уақыт – кеңістік өлшемі. Ертеде газет контентіне талдау жасай-
тын аналитиктер белгілі бір тақырыпқа бөлінген кеңістікті өл-
шейтін. Мысалы, газет бағанындағы дюймді өлшем бірлігі ретін-
де қолданған Жанет Левер мен Стан Уилер (1984) Chicago Tribune
газеті 1900 жылы спорт тақырыбына 9% орын бөлсе, 1975 жылы
оның 17%-ға көбейгенін байқады. Сол сияқты теледидар контенті
уақытпен есептеледі (мысалы, телеарналардың зорлық-зомбылық
оқиғасын көрсетуге бөлген уақыты).
2. Көрінісі. Кейде берілген категорияның жазба бірлігінде көрінуін
жазып отыру жеткілікті болады. Сэйлстің өлшемі комикстің басты
кейіпкері мықты екенін анықтаумен ғана шектелді. Грисуолдтың
категориясы көбіне: «Басты кейіпкер ер адам ба?», «Оқиға сюже-
тінде дін маңызды рөл атқара ма?» деген сұраққа жауап іздеумен
өлшенді.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
537
3. Жиілік. Жиілік тұрғысынан алғанда контентті өлшеудің ең көп кез-
десетін әдісі – аталған категорияның контекст бірлігінде ұшыра-
суын есептеу. Шмадер мен әріптестері әр ұсыныс хатта категория-
ның қанша рет кездескенін санап шықты. Демократиялық және
республикалық партия платформаларын талдаған Роберт Филипп
Вебер (1990) «байлық» категориясындағы (мысалы, «капитал,
инфляция, жұмыссыздық») сөздердің пропорциясын есептеді.
7
4. Қарқын. Көзқарас пен құндылық зерттеу объектісіне айналғанда
контент аналитиктер қарқын өлшемін қолдануы мүмкін. Мысалы,
Роман сюжеті үшін ақша маңызды ма?» деудің орнына, «Ол қанша-
лықты маңызды?» деп сұрауы мүмкін. Қарқын туралы пікір қоры-
туға керек тетіктер – он үшінші тараудағы индекстер мен шкалалар
құруға қажет тетіктермен бірдей.
Зерттеушінің деректі қалай есептейтіні зерттеу проблемасының та-
лабына байланысты болады. Дегенмен есептеу жүйесін таңдау дерек
табиғаты мен сол дерекке сүйенуге болатын қорытындыға қатысты бел-
гілі бір тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді (Holsti, 1969). Медиада
кеңістік-уақыт өлшемі бірқатар жалпы сипаттама алуға мүмкіндік бере-
ді, бірақ көптеген вербалды контентте индикатор болуға оның дәлдігі
жетпейді. Көрініс өлшемі де дәл емес, бірақ ол барынша икемді, сондық-
тан кеңістік-уақыт өлшеміне қарағанда үлкенірек ауқымда қолданыла-
ды. Жиілік өлшемдері бұларға қарағанда жақсырақ, бірақ тексеруді та-
лап ететін екі басты олқылығы бар: біріншіден, сөз не категория жиілігі
оның маңызын, мәнін не қарқынын білдіретін жарамды индикатор деп
шамалайды; екіншіден, әр жеке санақтың маңызы, мәні немесе қарқы-
ны бірдей деп болжайды. Бірақ кейбір категория не жазба бірлігі басқа-
сына қарағанда салмақтырақ болуы мүмкін. Мысалы, газеттің бірінші
бетіне шыққан мақала басқа бөлігіне жарияланған мақалаға қарағанда
маңыздырақ болуы ықтимал, сондықтан салмағы басым деп бағалана-
ды (Holsti, 1969). (12.2-қосымшада материал контентінің «нақты» жиі-
лігі негізінде қорытынды шығару проблемасы туралы айтылады).
12.2-қосымша. Граффитидегі гендерлік айырмашылыққа
қатысты көзқарас
Жазумен жазылса да, көрнекі құрал түрінде берілсе де, контент-анализдің
негізі – коммуникация процесіндегі хабарламалар. Контент-анализ мақса-
ты – хабарлама мағынасын түсіндіру, ашу. Хабарлама мағынасын түрліше
түсінуге болады, бірақ соның ішінде, кем дегенде, біреуін дереккөз де, ха-
барламаны алушы да айқын түсінеді; алайда басқа мағыналарын алушы
да, жіберуші де түсінбеуі мүмкін. Осылайша хабарлама дереккөздің сипаты
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
538
немесе беймәлім ниеті жайлы бірдеңе хабарлауы мүмкін немесе бір топ не
мәдениеттің сенімі мен құндылығы туралы дерек береді. Ал адамның сол
мағынаны қалай ұғынуы талдауға негіз болар теориялық бағдарға байла-
нысты. Оны зерттеуге ең ыңғайлы жер – дәретханадағы граффити.
Ондағы граффитиге жасалған зерттеулер ер адам жазған жазудың әйел
адам жазбасынан айтарлықтай ерекшеленетінін көрсетті. Едуард Брунер
мен Жейн Пейж Келсо (1980) бұл зерттеуді екі түрге бөледі. Біріншісінде ай-
қын бақылау категориясын анықтап алады (мысалы, сексуалды әзіл, нәсілі-
не қарай дискриминация, романтика, саясат), содан соң әр граффитиді осы
категорияның біріне жатқызады. Бұл зерттеулер гендерлік айырмашылық-
ты (мысалы, ер адамдар жәбірлеу сөзін, ал әйелдер романтикалық сөздерді
көп жазады) көрсетеді, бірақ сол айырманың мәнін ашып бере алмайды.
Бруно мен Келсоның пікірінше, бұл зерттеуде «мағына – хабарлама дегенді
білдіретін мәтіннің бұлыңғыр теориясы сол мағына нақты контент элементі
шығатын жиілікті санау арқылы анықталады. Граффитиде не жазылса, соны
білдіреді, ондай мәтінді интерпретациялаудың керегі жоқ» (240).
Мәтіннің екінші түрінде мағына бұлай айқын көрініп тұрмайды, ол ин-
терпретацияның терең деңгейіне өтеді. Мұндай зерттеуде граффитиді бей-
саналы импульс, инфантильді сексуалдық және қарабайыр ойлар сияқты
Фрейд сипаттамасына тән терминдермен түсіндіреді. Брунер мен Келсо
атап көрсеткендей, «дерек пен Фрейд көрсеткен мағына арасындағы бай-
ланыс бадырайып айқын көрініп тұрмайды», сондықтан мұндай әдіс бірін-
ші тәсіл сияқты емес, «мағынада атрибуция жеткіліксіз болмауынан емес,
шектен тыс артық болғанынан жапа шегеді» (240).
Керісінше, Брунер мен Келсо «семиотикалық көзқарасты» ұсынады.
Граффити ешкім көрмейтін жерге салынбайтынын ескерген зерттеушілер
дәретханадағы граффити – аноним әріптестер арасындағы коммуникация
түрі дейді. «Граффити салу – әлеуметтік іс-қимыл, оны оқшауланған жеке
тұлға атқаратын экспрессивті функция деп қарастыруға келмейді. Олар
граффити дегеніміз – байланысқа түсу, ешкім басқалар көрмейді деп ой-
лайтын жерге граффити жазбайды» дейді. (241) Оның үстіне, америкалық
мәдениетте дәретхананың бөлек екенін ескерсек, граффтиді бір жыныс
өкілдері арасындағы байланыс деп түсінуге болады, ерлер басқа ерлер
үшін, әйелдер басқа әйелдер үшін жазады.
Дерекке осы тұрғыдан қараған Брунер мен Келсо әйелдер жазған граф-
фити ерлерге қарағанда көбірек тұлғааралық және интерактив екенін аң-
ғарды. Ерлер сексуалды жетістігі мен шеберлігі туралы өзін көтермелейтін
оқиғалар мен басқаларға тиісетін, қорлайтын, кемсітетін сөздерді жазу-
ға бейім екен; ал әйелдер махаббат, жыныстық қатынас, адалдық сияқты
маңызды тақырыптарды көтереді, әйелдер мен ерлердің қарым-қатынасы
жайлы кеңес сұрайды не өздері кеңес береді. Осының бәрін саралай келе
Брунер мен Келсо мынадай тұжырым жасайды: «ер болсын, әйел бол-
сын, екі жақтың да граффити хабарламасының астарында саяси рең бар.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
539
Граффити әлеуметтік құрылымдағы ерлер мен әйелдердің билікке қатыс-
ты ұстанымын білдіреді» (250). Тиісінше, «ерлер граффити жазғанда өзіне
және басқа еркектерге дәрежесі жоғары екенін, бәрін бақылай алатынын
көрсетеді», ал әйелдер граффити жазғанда «үстемдік жасаушылармен ын-
тымақтас болуға әзір екенін және бағыныштылардың бір-біріне көмекте-
суге дайын екенін көрсетеді» (249–50).
Талдау жасау
Талдау жасау үшін алдымен материал іріктемесі алынады. Зерттеушілер
әркез сауалнама іріктеуіндегі сияқты қорытынды жасалатын жиынтық-
ты есте ұстауы керек. Контент-анализге қатысы бар үш жиынтықты атау-
ға болады: коммуникациялық дереккөздер (мысалы, газеттер, романдар,
түрлі жиын, шарада сөйлеген сөздер); құжаттар (мысалы, арнайы газет
материалдары) және құжаттағы мәтін (мысалы, парақ). Құжат көбіне
іріктемесі бір дереккөзден алынады, мысалы, Грисуолд 1876–1910 жыл-
дары Америка Құрама Штаттарында жарияланған барлық романның
кездейсоқ іріктемесін алды. К. Линдлер коммуникация көзін мақсатты
іріктеп алды. Олар көпшілікке арналған журнал (Time) мен әйелдер сән
әлеміне арналған журналды (Vogue) таңдады; содан соң 1955–2002 жыл-
дар аралығындағы алты түрлі жылдағы екі айдың (қаңтар мен маусым)
тақырыбын таңдады. Зерттеушілер мәтін іріктемесін де қолданғанымен,
Р.П. Вебер (1990: 43) мүмкіндігінше тұтас мәтінді талдауға кеңес береді,
себебі сол кезде семантикалық байланыс сақталады. Мәтін іріктемесін
алу керек болса, сөйлемдерді емес, параграфтарды қарастырған орынды,
сонда мағынасын түсінесіз.
Іріктемені таңдап алған соң кодтау категориясы мен есептеу жүйесі
арқылы материалды кодтау басталады. Соның арқасында аналитик ком-
муникация контентіне сипаттама жасай алады. Соңында, контент анали-
тик өзара қатысты категорияларды байланыстырып, бір контент сипат-
тамасын басқа айнымалыға қатысты талдап, талдау жасауды бастайды.
Грисуолд америкалық және шетелдік авторлар жазған роман контентін
салыстырды, олардың ішінде ұқсастық та, айырмашылық та көп болды.
Мысалы, америкалық авторлардың бас кейіпкері көбіне орта тап өкілі
болса, шетелдіктер жоғарғы тап өкілін қояды екен. Америкалық авторлар
оқиға орны ретінде шағын қалаларды таңдайды, өзінің туған жерін таң-
дайтын кезі сирек екен. Шмадер мен әріптестері оқытушылық лауазымға
үміткер болған ер және әйел кандидаттардың ұсыныс хатын салыстыр-
ғанда олардың көбі ұқсас екенін, бірақ бір бас ерекшелігі барын байқа-
ған: ұсыныс берушілер ер кандидаттарды мақтау үшін қиюын тауып сын
есімдерді әдемі өрген.
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
540
12.1-сызба. Демократтар мен республикашылдардың байлыққа
қатысты алаңдауы, 1840–1984. Даймонд, республикашылдар
платформасы; жұлдыздар, демократтар платформасы
Дереккөз: R.P. Weber, Computer-Aided Content Analysis: A Short Primer, Qualitative Sociology,
vol. 7, p. 139, 1984. Human Sciences Press. рұқсатымен пайдаланылды.
Р. П. Вебердің партия платфорасына қатысты контент-анализі (1990)
демократтар мен республикашылдардың пікірі уақыт өте келе қалай өз-
гергенін көрсетті. 12.1-сызбада әр платформаның экономикалық мәселе-
лерге қатысты әр платформаның пайыздық үлесіне қатысты өзгеріс пат-
терні көрсетілген. Тік ось байлық категориясына кіретін платформадағы
сөздердің пайыздық үлесіне сүйенген.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Контент-анализ жасаушы коммуникацияның қай түрін кодтау керек және оны қалай
кодтау керек екенін шешеді, содан соң контентті іріктеп, талдау жасайды.
Р.П. Уебер 12.1-сызбадағы бірнеше ерекшелікті атайды: (1) 1844–
1952 жылдар аралығындағы жалпы өсім экономикалық мәселелерге қа-
тысты алаңдау деңгейін көрсетеді; ықтимал экономикалық іс-қимыл-
ды басқаруда федералдық үкімет маңызының артуын аңғартады; (2)
1952–1984 жылдар аралығында алаңдау деңгейі салыстырмалы түрде
тұрақты болды; (3) екі партия арасындағы байланыстың уақыт өте келе
өзгеруі экономикалық мәселерге қатысты болса керек, себебі партиялар
-3
-2
-1
0
1
2
3
1840 1856 1872 1888 1904 1920 1936 1952 1968 1984
Жалпы байлық туралы алаңдау
ЖЫЛДАР
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
541
1896–1952 жылдар аралығында бірдей алаңдау деңгейін көрсетсе, осы ке-
зеңге дейін және одан кейін қарама-қарсы бағытта болды.
Қолда бар деректермен зерттеу жүргізудің
артықшылығы мен кемшілігі
Қолда бар деректермен зерттеу жүргізудің артықшылығы мен кемшілігі
дереккөзге байланысты; дегенмен қайталама дерек талдауының көбіне
тән бірқатар жалпылау жасауға болады. Біз баяндайтын екі артықшы-
лығы сауалнама арқылы алынған дерек архиві емес, басқа дереккөзге
жатады. Басқа бес артықшылығын сауалнама дерегіне екінші рет талдау
жасаған Герберт Хайман (1972) сипаттады, бірақ оны қолда бар деректі
зерттеудің басқа түрлеріне де қолдануға болады.
Қолда бар деректің бірінші әрі маңызды артықшылығы – олар реак-
тивті емес. Өзіңіз көргендей, әлеуметтік зерттеудің көбін реактивті өл-
шеуге болады: субъект зерттелетінін не бақыланатынын білгеннен кейін
мінез-құлқында пайда болатын өзгерістерді соған жатқызамыз. Қолда
бар деректі зерттеу кезінде де осындай проблема туады, себебі дереккөз
ретінде сауалнама қолданылады немесе автобиография сияқты құжат-
тарды жазған автор айтқан сөзі жұртқа тарайтынын жақсы біледі. Бірақ
заттай дәлел не басқа қолда бар дереккөзді қолданғанда, зерттеушінің
материалды қолдануы мен сол материалды өндірушінің оның қолданға-
ны хақында білуі арасындағы байланыс болмайды. Санақ дерегін талда-
ған Шварц пен Маренің білім беру гомогамиясы туралы талдауы реактив-
ті емес еді. Дегенмен олар респонденттерден сұхбат алған кезде өзімен
білімі деңгейлес жанға үйленуді қалай ма, әлде жоқ па деп сұраса, өзіне
қатысты цензура деңгейі қандай болатынын бағамдап көріңіз. Респон-
дент отбасылы болса, жұбайының білім деңгейі жауабына ықпал етеді;
ал бойдақ болса, нормативтік қалауға сай жауап береді, қалай болғанда
да олардың жауабы нақты таңдау емес, қалауын өлшеуге аласыз.
Кейбір салада реактивтік деңгейі жоғары болғаны сондай – қолда бар
дерек жалғыз шүбәсіз дәлел болады. Мысалы, есірткіні заңсыз тұтыну
сияқты заң бойынша тыйым салынған іс-әрекетті зерттеуді қарастыра-
йық. Сауалнама жүргізу кезіндегі жайтты жасыру, азайтып айту көп бо-
лады; тыйым салынған заттарды тәркілеу сияқты мәселелерді қамтитын
полиция жазбасына құқық қорғау мекемелерінің түрлі іс-қимылы кедергі
келтіруі мүмкін. Дегенмен қолда бар деректі орнымен пайдалана алса-
ңыз, есірткі тұтыну туралы реактивті емес дәлел аласыз. Федералдық
үкімет темекі қорабы мен мүштігіне салық салатынын және жиналған
салық туралы есеп жүргізетінін білетін Маркус Фелсон (1983) осы тауар-
дан жиналған федералдық салық 1950, 1960 жылдары көп өзгермегенін,
бірақ 1972 жылы 1960 жылмен салыстырғанда 70%-ға өскенін анықта-
ды. Ал бұл кезеңде темекіні данамен сату азайған еді. Фелсон жасаған
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
542
қорытынды бойынша, «марихуанасы бар темекі» жасауда темекі қаға-
зына арналған жаңа нарық пайда болды. Шамасы, бұл нарық 1972 жылы
ашылса керек.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Қолда бар деректі зерттеу кезінде зерттеушілер реактив өлшем қатесін жібермеуге
тырысады, себебі ол дерек оны өндірген адамның қатысуынсыз қолданылады, өнді-
руші одан бейхабар болады.
Екіншіден, қолда бар дерек әлеуметтік құрылымдағы ерекшеліктер
мен өзгерістерді талдау үшін пайдаланылады. Әлеуметтануда әлеуметтік
құрылымға баса мән береді десек те, әлеуметтік зерттеудің көбі жеке тұл-
ғалардың көзқарасы мен мінез-құлқын зерттейді. Сауалнама жеке тұлға-
лардан алынады, кейбір сауалнамада контекстік не әлеуметтік желі ди-
зайны қамтылады, сол арқылы әлеуметтік байланысты тікелей өлшеуге
болады; зерттеулерде топты талдау бірлігі ретінде алатын кез сирек кез-
деседі; ал далалық зерттеулер жеке тұлғаның мінез-құлқын бақылауға сү-
йенеді. Дегенмен қолда бар деректің арқасында зерттеушілер үлкен әлеу-
меттік бірліктерге талдау жасай алады. Осы тараудағы зерттеудің көбінде
талдау бірлігі жеке тұлға болмады немесе оның мінез-құлқына назар ау-
дарылмады. Дюркгейм де, Пирсон мен Хендрикс те талдау бірлігі ретінде
тұтас қоғамды алды; Эриксон бір қауымды талдау бірлігі етіп алса, Логан
мен Стулт мегаполисті зерттеді, ал Шварц пен Маре ерлі-зайыптыларға
талдау жасады. Авторитарлыққа икемделу мен суицидті зерттеген Сэйлс
пен Бейлидің зерттеуі жеке тұлғаларға арналған десек те, аталған құбы-
лысты әлеуметтік деңгейде ауқымды әлеуметтік процесс ретінде қарас-
тырды.
Үшіншіден, зерттеушілердің өткенді зерттеуіне ең ыңғайлы әрі жал-
ғыз жолы қолда бар деректі қолдану болады. Елу жыл бұрын немесе одан
да ерте кезде өмір сүрген америкалықтарды зерттеу үшін сол кезде өмір
сүрген адамдармен байланыс жасап, сауалнама алу қажет. Бірақ оның
бірқатар әдіснамалық проблемасы бар, респондент тірі болған күнде де
көп нәрсені ұмытып қалуы мүмкін я іріктеме жасаған кезде бұрмалау бо-
лады. ХХ ғасырға дейінгі кезеңді зерттеу үшін алынатын деректерді қарау
керек. Құжаттама жазбалары мен өзге де архивтегі дәлелдер осыған
дейін тарихшылардың сүйікті дереккөзі болып келді, оны Эриксон мен
Стеннардтың пуритандар туралы зерттеуінен көре аламыз. Кейінгі
жылдардағы оқиғаларды сауалнама дерегі сақталған архивтерден та-
буға болады. Соңында айтарымыз, өткенді зерттеу сол заманды түсіну-
мен шектелмейді. Әлеуметтік өмір туралы жалпы түсінік қалыптастыру
үшін де ескі заманды зерттеуге болады, Эриксонның зерттеу жұмысы,
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
543
У.К. Бейлидің өлім жазасының тежегіш күші туралы зерттеуі, Сэйлстің
қауіп пен авторитарлық жөніндегі еңбегі соны айқындады.
Төртіншіден, эксперимент те, далалық зерттеу де уақыты жағынан
шектеулі, ал ұзақмерзімді сауалнама ХХ ғасырдың соңғы ширегіне дейін
өткізілген емес, сондықтан қолда бар деректі талдау әлеуметтік және мә-
дени өзгерістерді зерттеуге өте ыңғайлы. Логан мен Сталттың нәсілдік
сегрегацияға қатысты талдауы, Шварц пен Маренің білім берудегі гомо-
гамия туралы зерттеулері сияқты трендтік зерттеулер санақ пен өзге де
демографиялық деректерге сүйенетін әлеуметтік демографтар арасында
дәстүрге айналған. К. Линдлердің жарнамадағы гендерлік стеоротип ту-
ралы талдауы мен Стеннардтың құлпытасқа қашалған бейнелерге тал-
дауы әлеуметтік өзгерістің тағы бір дереккөзін нұсқайды. Оның үстіне,
деректер архивін жасау зерттеу санының айтарлықтай артуына ықпал
етті, оның барлығы түрлі көзқарас, пікір, мінез-құлықтағы соңғы өзге-
рістерді көрсетеді. Шынында, жалпы әлеуметтік сауалнама, бір жағынан,
әлеуметтік жағдайдағы трендтерді өлшеуді мақсат етеді.
Бесіншіден, қолда бар деректі талдау түрлі мәдениет өкілдеріндегі
проблемаларды зерттеу үшін де қолданылады. Оған мүмкіндік берген
маңызды бастаманың бірі – тоғызыншы тарауда қысқаша сипатталған
Халықаралық әлеуметтік зерттеу бағдарламасын (ISSP) әзірлеу. ISSP
1884 жылы Жалпы әлеуметтік сауалнамаға (GSS) ұқсас кросс-ұлттық
сауалнама өткізу мақсатында құрылды (T.W. Smith, 1990). 2016 жылы
50-ден астам ынтымақтас мемлекеттер ұлттық сауалнаманы жалпы сұ-
рақтармен толтырды, сол деректерді біріктіріп, әлеуметтік ғылым қауым-
дастығына ұсынды. ISSP қосымша қолда бар деректің өзге де дереккөзі
бар, мысалы, ұлттық санақ, демографиялық статистика мен этнография
да кросс-ұлттық зерттеулер үшін ауқымды дереккөз болып қала береді.
Пирсон мен Хендрикстің ажырасқандар мен әйелдер статусы арасындағы
байланыс туралы зерттеуі – көп мысалдың біреуі ғана.
Алтыншыдан, іріктеме көлемі мен қайталауды ұлғайту арқасында қол-
да бар дерек зерттеу сапасын арттырады. Эксперименттер мен далалық
зерттеулер көлемі өте шектеулі іріктемелерді қолданады және жергілікті
жиынтық сауалнамасының көбі салыстырмалы түрде шағын. Сол сияқты
тарихи құжаттарды талдау кезінде кейс санының аз болуына мән береді.
Дегенмен қолда бар деректерді қолдануда мөлшерден тыс үлкен іріктеме
алынуы мүмкін. Екі дереккөзді қолданған Шварц пен Маре 2 миллионға
жуық некеге талдау жасады; К. Линдлер 1 374 журнал жарнамасын кодта-
ды. Іріктеме көлемінің маңызды болатын екі себебі бар. Біріншіден, үлкен
іріктеме әдетте зерттеу нәтижесіне сенім тудырады; кездейсоқ іріктеу ке-
зінде, алтыншы тарауда баяндағанымыздай, іріктеме көлемі нәтиженің
сенімділігін арттырады. Екіншіден, іріктеме көлемін арттыру арқылы ар-
найы проблемалар мен шағын жиынтыққа қол жеткіземіз, оларды басқа-
ша жолмен зерттеу мүмкін емес. Санақ дерегін қолданудың тағы бір себебі
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
544
(іріктемеге сүйенген деректі қамти отырып) үлкен іріктеме негізгі жиын-
тықтың шағын бөлігін бағалауға мүмкіндік береді. Мысалы, нәсілі неме-
се этностық тегі бөлек жұптар арасындағы аралас некені алып қарайық.
Аралас неке көрсеткіші жалпы алғанда төмен болғандықтан (2013 жылы
ақнәсілділерде 7%-ға азайған), PUMS тәрізді үлкен дерек жиыны зерттеу-
шілердің түрлі нәсіл/этностық топ арасындағы аралас некені зерттеуге
мүмкіндік береді.
Іріктеме көлемін ұлғайту – бақылауды қайталауға тең. Әлеуметтік ғы-
лымдарда қайталау салыстырмалы түрде сирек болса да, қолда бар дерек-
тердің көмегімен оны орындау оңай. Оның оңтайлы мысалы – Сэйлстің
қауіп пен авторитаризмге қатысты зерттеуі. Сэйлс түрлі дереккөздерді
пайдаланды. Оның қалалық бюджетті, астрология мен психотерапия-
ға қатысты кітаптар тізімін және комикстерді пайдаланғанын айттық.
Бірақ ол біз айтпаған өзге де дереккөздерді қолданды, оған қоса, Аме-
рика Құрама Штаттарының соңғы екі кезеңі – 1959–1964 және 1967–
1970 жылдар аралығында ұқсас индикаторларда болған өзгерісті талда-
ды. Зерттеу ауқымы мұнымен шектелмейді. Салыстырмалы дереккөздер-
ді пайдаланған басқа зерттеушілер 1920–1930 жылдардағы Германияға
арналған Сэйлстің жұмысын (Padgett and Jorgenson, 1982) және АҚШ
соңғы кезеңдеріне арналған еңбегін де қайталады (Doty, Peterson, and
Winter, 1991; B.E. Peterson and Gerstein, 2005). Бір зерттеуде (Perrin, 2005)
ең үлкен ұлттық қауіп-қатерге айналған 2000 жылғы 11 қыркүйектен ке-
йінгі лаңкестік шабуылдан соң авторитаризмнің күшеюін тексеру үшін
17 газет редакторына хат жолдады.
Деректі пайдаланып зерттеу жүргізгенде, оны жинауға уақыт кетпей-
тіндіктен, қаржы, уақыт және маман жалдау жағынан үнемдейсіз. Сауал-
намаға екінші рет талдау жасағанда бұл өте өзекті, десек те қолда бар де-
ректің басқа көздері де эксперимент, сауалнама мен далалық зерттеуге
қарағанда шығыны аз болады. Ол шығын дереккөз табиғатына, сол де-
ректі алу және талдауға кететін уақыт, ақша және адамдарға байланысты.
Қолда бар деректі қолданатын зерттеушілердің басқа жұмысы (мысалы,
ақпарат іздеу және оны кодтау) көбіне жалықтыратын әрі уақытты көп
қажет ететін болады. Елестетіп көріңіз, мысалы, К. Линдлер мен көмек-
шілері 60 мерзімді басылымды алып, одан өздеріне қажет жарнамаларды
тапты, содан соң 1 374 жарнаманы тоғыз категорияға кодтады. Дегенмен
мұндай зерттеулердегі әр кейстің шығыны респондентпен сұхбаттасу не-
месе бір субъектіні эксперименттен өткізу шығынынан әлдеқайда аз.
Өкінішке қарай, артықшылықтары бола тұра, қолда бар деректі пай-
даланып зерттеудің бірсыпыра кемшілігі бар. Бұрыннан бар дерек көлемі
өте ауқымды және цифрлық заманда күн санап көбейіп жатқанын ескер-
сек, пайдаланушылар сол дерекке [қатысты] сұрақтар қойып, оған жауап
[алған] кезде ғана ол пайдалы әрі мағыналы болмақ (Groves, 2011: 868).
Қолда бар деректі пайдалы ету үшін аналитиктер не алдын ала қойыл-
ған сұраққа жауап беретін деректі іздеуі керек не сұрақ пен гипотезаны
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
545
көрсететін паттернді табуда дерекке талдау жасауы керек. Бірінші тәсіл-
дің қиын тұсы – негізгі айнымалының жарамды өлшемі бар бұрынғы де-
регін табу қиын: ал екіншісінің проблемасы – жалған жаңалық ашу ық-
тималдығы.
Қолда бар деректің екінші мәселесі – оны алу. Twitter желісін салыс-
тырмалы түрде кең қолданудың бір себебі, оның деректері көпке қол-
жетімді болғанынан (Twitter желісінің қолданбалы бағдарлама интерфей-
сі арқылы). Дегенмен жазба және цифрлық жазбаның көбі (оған Big Data
да кіреді) «құпиялық және коммерциялық құпия себебінен» таратылмай-
ды (Tinati et al., 2014: 664).
Үшінші мәселе дерек сапасы мен толықтығына қатысты. Бұрмалау
мен интерпретация қатесін болдырмау үшін қолда бар дерекке анализ
жасаушылар тарихи жазбаның аутенттігін мұқият бағалауы керек және
деректің ең алдымен қалай жасалғанын есепке алуы керек. Бұған дейін
айтып кеткеніміздей, қолда бар дерек іріктеп сақталуы мүмкін не басқа
бір себептермен негізгі жиынтықты сипаттай алмауы мүмкін. Аналитик-
тер дерек сапасын тексерген соң, оны талдар алдында түзетіп, өңдеуге
тиіс болады.
Түйін
Қолда бар дерек қайталама ақпараттан құралады. Мұндай ақпарат көзіне
сот ісі жазбаларынан бастап демографиялық статистика, Санақ бюросы-
ның ауқымды есебі сияқты қоғамға арналған жазбалар; күнделіктер, хат-
тар мен бизнес есептері сияқты жеке құжаттар; масс-медиа; өнер туынды-
сы, киім мен басқа артефактілер сияқты заттай дәлелдер, сауалнамалар
мен этнографиялық деректен жиналған әлеуметтік ғылымның дерек архи-
ві мен Big Data кіреді.
Бір мақсат үшін жиналған деректі басқа мақсатта пайдаланғанда қажет
деректі іздеу, соны бағалау мен нақтылау – өте маңызды зерттеу кезеңі.
Жалпы, зерттеу проблемасы қолда бар деректер көзін іздеуге түрткі бола-
ды. Зерттеуге арналған әдебиеттер де дереккөзді іздеп табуға мүмкіндік
береді, кітапханашымен ақылдасып не басқа да қоғамдық дерек тізімінен
қарап табуға болады.
Кейбір ақпарат көзі негізгі айнымалының орнын басатын немесе жанама
өлшемдерді шығармашылық тұрғыда құрыстыруды я бірнеше индикатор-
ды қолдануды талап етеді.
Дерек жарамдылығын бағалау да маңызды, олардың аутенттігін анықтау
керек, жазбаны жазған кездегі анықтамалар уақыт өте келе өзгерді ме,
жазба құжаттағы сөз бен фразалардың мағынасы сол қалпы қалды ма т.б.
деген мәселелерді тексеру керек. Осындай бағалаудан соң тиісті интер-
претация жасау үшін деректерді нақтылау немесе түзету керек.
Соңында дерек толықтығын ақпарат іріктемесі ретінде қарастыру қажет.
Өте ерте кезеңдегі деректер іріктеудің (іріктеу депозиті) кесірін тартады,
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
546
ал заттай материалдардың барлығы бірдей сақталмайды. Өте ауқымды де-
рек жинап уақыт және кеңістік бойынша ықтимал іріктеу қажет болады.
Қолда бар дерекке талдау жасау зерттеу мақсаты мен ақпарат көзіне байла-
нысты.
Тарихи аналитиктер өткен оқиғаны қайта қалпына келтіруге тырысады
(дескриптив тарих) және әлеуметтік теорияларды жасап, сынау үшін тарихи
дәлелді қолданады (аналитикалық тарих).
Ең негізгі тарихи дәлел жазбаша айғақ пен әлеуметтік деректерді тіркеу сияқ-
ты құжаттардан құралады. Тарихты зерттеушілер жазбаша айғақты (куәлік)
аутенттігі мен шүбәсіздігіне қарап бағалайды; әлеуметтік деректерді тіркеуді
сол құжатты жасаған ұйым мен топтарға қатысты ақпарат алу үшін пайдала-
нады.
Дескриптив тарихшылар бастапқы дереккөзге баса мән береді, ал аналитика-
лық тарихшылар көбіне екінші реттік дереккөзге жүгінеді.
Өткенді түсіну үшін интерпретация жасау қажет болғандықтан, тарихи зерт-
теушілер балама түсініктемені сыни тұрғыда бағалап, салыстырмалы шына-
йылығын анықтауы керек.
Зерттеушілер коммуникацияның символдық контентін талдау үшін контент-
анализді қолданады, оған сөздер және визуал бейнелер кіреді.
Контент-анализ мынадай кезеңнен тұрады: контент категорияларын сұрып-
тау және анықтау жұмыстары жасалады, содан соң категоряларда сипаттал-
ған элементтерді анықтап, сұрыптайды; пайда болу жиілігін есептеу арқылы
категорияларды есептейді; бұдан кейін категория жиілігін бір-біріне немесе
басқа айнымалыға қатысты анықтайды.
Басқа зерттеу стратегиясымен салыстырғанда қолда бар деректі зерттеу әлеу-
меттік құрылым айнымалысын талдау, түрлі мәдениет өкілдерін зерттеу, өт-
кен кезең мен әлеуметтік өзгерісті зерттеуге көбірек ыңғайлы.
Қолда бар деректі зерттеудің артықшылығы ретінде реактивті емес өлшем,
іріктеме көлемін ұлғайту, зерттеуді қайталау және шығын мен уақытты азай-
туды атауға болады.
Қолда бар деректі пайдаланудың осал тұсы – қарастыратын мәселемен шек-
теледі, кейбір құнды деректі алу мүмкін болмайды; бұрмалау мен интерпре-
тация қатесіне ұрынбас үшін деректі мұқият бағалау керек.
Тірек сөздер
Демографиялық статистика Салыстырмалы-тарихи талдау
Халық санағы жазбасы Жазбаша айғақ
Қоғамдық қолданысқа арналған микро-
дерек іріктемесі
Әлеуметтік деректерді тіркеу
Бастапқы дереккөз
Деректер архиві Екінші реттік дереккөз
Big Data Контент-анализ
Іріктеліп аман қалу Жазба бірлігі
Іріктеп сақтау
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
547
Дескриптив тарих Контекст бірлігі
Аналитикалық тарих Реактивті емес өлшем
Тапсырмалар
1. АҚШ Санақ бюросы ұсынатын деректермен жан-жақты танысып, интернет-
тегі құралдарды алғыңыз келсе http://www.census.gov. сайтына кіріңіз. Осы
сайтты бастапқы дерек ретінде пайдалана отыра, келесі сауалдарға жауап бе-
ретін кесте я деректі табыңыз:
а. АҚШ негізгі жиынтығының қанша пайызының табысы кедейлік шегі-
нен төмен тұр (ең соңғы бағалауды көрсетіңіз)?
ә. АҚШ негізгі жиынтығының қанша пайызы шетелде туған?
б. Қай штаттарда орташа отбасылық табыс ең жоғарғы немесе ең төменгі
деңгейде (ең соңғы бағалауды көрсетіңіз)?
в. 2017 жылы сатылған бір отбасыға арналған жаңа үйлердің орташа ба-
ғасы қандай болды?
г. АҚШ негізгі жиынтығының қанша пайызы жұмысқа көлікпен барарда
жалғыз жүреді (көмек: «жұмысқа баратын жол» дегенді қараңыз)?
ғ. Сіз тұратын штаттағы жиынтықтың қанша пайызы жоғарғы оқу орнын
бітірген (ең соңғы бағалауды келтіріңіз)?
д. 1970 жылы әлем халқының өсу көрсеткіші қандай болды? 2020 жылы
шамамен қанша болмақ?
2. Social Psychology Quarterly журналының 2000 жылғы шығарылымының жел-
тоқсан айындағы санында (vol. 63, pp. 352–64) Мэтью Хант пен оның әріптес-
тері жетекші әлеуметтік-психологиялық журналдағы нәсіл мен этносқа көңіл
бөлген контент-анализ туралы жариялады. Мақаланы оқыңыз да, келесі сұ-
рақтарға жауап беріңіз.
а. «Дальтоник» деп аталған мақала тақырыбында айтылғандай, зерттеу-
шілер әлеуметтік-психологиялық теория мен зерттеудің қандай жалпы
тұжырымына күмән келтіреді?
ә. Зерттеушілердің талдау бірлігі не болды (мысалы, жазба бірлігі)?
б. Нәсіл/этностық шығу тегіне қатысты бір мәселе – талдауда сол нәсіл/
этностық шығу тегіне «жеткілікті көңіл бөлу». Оны қалай операционал
түрде анықтауға болады?
в. Кодтау сызбасының сенімділігіне қатысты қандай дәлел келтірілген?
г. 1-кестеде көрсетілгендей, 1970–1974 және 1995–1999 жылдар аралы-
ғында нәсіл/этностық шығу тегіне қатысты қандай өзгеріс болды?
ғ.
Сол журналда аталған гендер мәселесіне ұқсас кодтау схемасы қолда-
нылған кезде зерттеушілер нені байқады? Нәсіл/этностық шығу тегі-
не қатысты көзқарас өзгерісін ескере отырып, 1970–1974 және 1995–
1999 жылдардағы гендерлік көзқарасқа қатысты өзгерісті салыстыры-
ңыз.
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
548
д. Белгілі бір әдіснамалық тәсілдер (мысалы, сауалнама, эксперимент)
басқаларына қарағанда нәсіл/этностық шығу тегін тексеруге көбірек
жарамды ма? Қысқаша түсіндіріңіз.
3. Мәтінде көрсетілген көп қолда бар деректің артықшылығы: біріншіден,
әлеуметтік өзгерісті өлшеу қабілеті, екіншіден, алдыңғы зерттеулерді қай-
талау. Осы екі мақсатқа жетуге контент-анализдің бұрынғы мазмұны тиімді
көмектесетін. 1970 немесе 1980 жылдары жарияланған контент-анализ қол-
данылған зерттеу жұмысын табыңыз да, бақылау кезеңін сол зерттеу біткен
күннен қазірге дейін созып, зерттеуді қайталап көріңіз. Қайталауға болатын
зерттеулер – Лесли Зебровиц МакАртур мен Бет Габриэль Ресконың (1975)
теледидар жарнамасындағы ерлер мен әйелдер бейнесіне қатысты зерттеуі;
Нил Маламут пен Барри Спиннердің (1980) бестселлер эротикалық журнал-
дардағы (Playboy and Penthouse) жыныстық зорлық-зомбылыққа жасаған
талдауы, Рут Тибадоның (1989) Нью-Йорк мультфильмінде қаранәсілділерді
сипаттауы жайлы жасаған талдауы.
Сілтемелер
1. Майкл Лавинның Understanding the Census кітабында онжылдық санаққа шолу
жасалады және санақ дерегін қолдану түрлері сипатталады. Әр санақ тари-
хымен қысқаша танысқыңыз келсе (оның ішінде анкеталар мен санақшы-
ға берілген нұсқаулықтар да бар), Measuring America: The Decennial Censuses
from 1790 to 2000 еңбегін қараңыз (https://www.census.gov/prod/2002pubs/
pol02-ma.pdf). 2010 жылғы санаққа шолу жасау үшін (оның ішінде анкета кө-
шірмелері, қолда бар дерек жинақтары, көмек құралдары бар) АҚШ Санақ
бюросының сайтын қараңыз: http://www.census.gov.
2. IPUMS басқа мемлекеттердегі санақ бойынша микродеңгейде дерек жинады.
Стивен Рагглздың айтуынша (2014: 289), 2018 жылға қарай IPUMS «100 мем-
лекеттегі 300 санақ нәтижесі бойынша... деректерді жариялайды».
3. АҚШ Санақ бюросы шығаратын «Factfinder for the Nation» сериясы – санақ нә-
тижесі туралы тамаша нұсқаулық. Сондай-ақ қараңыз: «American Factfinder»
on its website (http://factfinder.census.gov/faces/nav/ jsf/pages/index.xhtml).
4. Мысалы, қараңыз: http://lib.colostate.edu/research/history/primarysources.html,
http://guides.lib.berkeley.edu/subject-guide/163-Finding-Historical-Primary-
Sources, and http://www.ala.org/rusa/ sections/history/resources/pubs/using-
primarysources.
5. Бұл әдісті талқылау үшін Sociological Methods and Research журналының
1992 жылдың мамырындағы (20-том, №4) шығарылымымен танысыңыз.
6. Салыстырмалы-тарихи әлеуметтанудың индуктивтік тәсілін сынау туралы
Эдгар Кайзер мен Майкл Хехтер (1991) еңбектерін қараңыз; нақты тарихи
жағдайға қатысты жалпы теориялық модельді қолдану туралы оқу үшін Теда
Скочполдың еңбектерін қараңыз (1984: 365–68).
7. Белгілі бір құжатты кім жазғанын анықтайтын контент-анализде сөздерді са-
нау өте пайдалы екені дәлелденді. The Federalist журналының бірнеше мақа-
ласының авторы кім екені жайлы дау туғанда, авторлар Джеймс Мэдисон мен
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
549
Александр Гамильтон белгілі бір сөздерді қолдану жағынан ерекшеленетіні
анықталды, мысалы, «by» мен «to» сияқты контекстік емес сөздерді қолдануда
айырмашылық бар. Мақалаға талдау жасағанда осы сөздерді қолдану жиілі-
гі бір мақаладан басқа мақаланың бәрінде Гамильтон емес, Мэдисон стиліне
тән екені анықталды (Mosteller and Wallace, 1964).
ҚОЛДА БАР ДЕРЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ
550
Он үшінші тарау
Көптік әдіс
Алдыңғы тарауларда әлеуметтік өмірді, яғни әлемді түсінудің төрт негізгі
стратегиясы сипатталды. Олар: эксперименттер, сауалнамалар, далалық
зерттеулер мен қолда бар деректерді пайдалана отырып зерттеу. Бұл тә-
сілдерді жеке-жеке қарастыра отырып, сіз де тәсілдердің бір-бірінен мүл-
дем бөлек екенін көргенде, әдістер бойынша шешім міндетті түрде осы-
лардың біреуін таңдаумен шектеледі деген ойға келген боларсыз. Алайда
негізгі тәсілдердің әрқайсысына тән шектеулер мен бұрмалауды ескер-
генде (расында зерттеу процедураларының бәріне тән), көп тақырыпты
зерттеудің ең жақсы тәсілі – әдіснамалық тәсілдерді біріктіру. Олай болса,
аталған тараудың беташар бөлігінде «триангуляция» деп аталатын негізгі
принципті талқылаудан бастаймыз. Одан әрі бір зерттеу аясындағы тұ-
жырымдамалардың көптік өлшемінен әртүрлі зерттеудегі гипотезалар-
ды бірнеше рет сынауға дейін «көптік әдістің» әртүрлі комбинациясын
қарастырамыз. Содан кейін әлеуметтік зерттеудің төрт негізгі тәсілінің
күшті және әлсіз тұстарын салыстырайық. Соңында бірнеше зерттеудің
нәтижелерін түйіндеу үшін жүйелі процедураларды қолдану әдісі – мета-
талдауды талқылайтын боламыз.
Триангуляция
Күнделікті өмірде адамдар көбіне белгілі бір мәселені шешу үшін бірнеше
құралды пайдаланады. Мысалы, ұшақтан қалып қоймау үшін әдеттегіден
ертерек оянуды алайық. Таң қылаң бере тұруды әйел электрондық сағат-
тың қоңырауы сағат 7:00-де соққанда оянады делік. Ол бүгін сағат 6:00-
де оянатынына сенімді бөлу үшін бірнеше әдісті қолдануы мүмкін. Элек-
трондық сағаттың қоңырауын сағат 5:55-ке, ұялы телефондағы уақытты
сағат 6:00-ге қойып, ерте тұратын досынан сағат 6:05-те қоңырау соғып
оятуын сұрауы да ықтимал. Бұл мәселені шешуге байланысты оның бір-
бірінен бөлек және бір-біріне ұқсамайтын үш әдісі болады. Егер элект-
рондық сағат өшіп қалса, ұялы телефонының қоңырауы шырылдайды.
Ұялы телефонының тоғы таусылса, досы қоңырау шалып оятады. Досына
сенім арта алмаса, онда басқа әдістер көмектеседі. Кемшіліктері бір-бі-
ріне ұқсамайтын осындай көптік әдісті қолдана отырып, мәселені шешу
мүмкіндігін арттыра аламыз.
Әлеуметтік ғылым саласындағы ғалымдар триангуляция терминін
навигация саласынан алды. Зерттеу сұрағына қатысты бірнеше тәуелсіз
551
тәсілді қолдануды білдіретін триангуляция зерттеушіге жауаптарға не-
месе қажетті ақпаратқа назар аударуға мүмкіндік беруді сипаттайды.
Триангуляцияның жалпы қабылданған мәнін түсіну үшін өзіңізді лицен-
зиясы жоқ радиостанцияның (P) орнын анықтауға тапсырма берген Фе-
дералдық байланыс комиссиясының қызметкері ретінде сезініп көріңіз.
Біріншіден, Федералдық байланыс комиссиясының бағыттаушы антен-
насы бар мобильді қабылдағыш құрылғысын пайдалана отырып, лицен-
зиясы жоқ радиостанцияның бағытын (компастық навигация) белгілі бір
нүктеден – А нүктесінен, сосын екінші бір – В нүктесінен өлшейсіз. А және
В нүктелері арасындағы қашықтықты біле отырып, енді тригонометрия-
мен АР немесе ВР арасындағы қашықтықты және Р-ның орналасқан же-
рін анықтай аласыз (13.1-сызба).
13.1-сызба. Пираттық радиостанцияны (Р) екі нүктеден
триангуляциялау (А) және (В)
Навигациядағы триангуляция процесі үшін дәл өлшейтін құралдар қа-
жет. Мысалы, мобильді қабылдағыш құрылғыңыздың бағыттаушы антен-
насы дұрыс істемей тұрғандықтан, үнемі дұрыс көрсеткіштен 15°-қа тө-
мен көрсеткішті көрсетіп тұрды дейік. Мұндай жағдайда лицензиясы жоқ
радиостанцияның орналасқан жерін анықтай алмайсыз (13.2-сызба).
Станцияның орналасқан жерін анықтай алмағаннан кейін, өлшеу құра-
лы (мобильді қабылдағыш құрылғысы) дұрыс істемей тұр деп ойлауыңыз
немесе өлшенетін «тұжырымдама» бірінші және екінші өлшемдер (мы-
салы, лицензиясы жоқ мобильді радиостанция) арасында өзгерді деп са-
науыңыз мүмкін.
Әлеуметтік зерттеулерде триангуляция логикасы екі не одан да көп өл-
шеу құралдары немесе тәсілдері пайдаланылатын жағдайларға қолданы-
лады. Бұл тәсілдер сызбалардағы әртүрлі бақылау нүктелеріне (А және В)
ұқсас. Триангуляция – кемшіліктері (қате және бұрмалау) ұқсамайтын
әртүрлі әдіс пен өлшемді қолдану. Әртүрлі әдіспен жүргізілген бақылау-
да немесе «бағалауда» әдетте қате болмай тұрмайды. Алайда қате әртүрлі
әдіске байланысты өзгеріп, сол әдістерден бірдей нәтижелер туындаса,
онда нәтижеге деген сеніміміз арта түседі.
А
В
Р
КӨПТІК ӘДІС
552
13.2-сызба. Пираттық радиостанцияны (Р) екі нүктеден
триангуляциялау, 15°-қа қате калибрленген торуылдаушы
антенна қолданылған
Өкінішке қарай, әлеуметтік зерттеушілер тақырыбын көптік тәсіл-
мен зерттеуге болатын жағдайда да көбінесе бір әдіске немесе өлшемге
сүйенеді (Webb et al., 2000). Мысалы, ұшақ апаттары жолаушылардың
алаңдауын арттырады деген гипотезаны зерттедіңіз дейік. Алаңдау ту-
ралы бір өлшемге жүгінудің орнына бірнеше өлшемді қолданған жөн.
Юджин Уэбб пен әріптестері (2000) алаңдауды өлшеудің мынадай көр-
сеткіштерін ұсынды: әуежайларда алкоголь ішімдіктерін сатудың артуы,
ұшуды сақтандыру полистерін сатудың артуы және ұшақ апатынан кейін
авиабилеттерді сатудың төмендеуі. Алаңдауды өлшеуде осы индикатор-
лардың әрқайсысының кемшілігі бар. Бірақ үш өлшемнің де кемішілігі
бірдей емес екеніне назар аударыңыз: экономикалық құлдырау билеттер-
ді сатудың төмендеуіне әкелгенімен, арзан ұшуды сақтандыру полисте-
рін сатуға айтарлықтай әсер етпеуі мүмкін; сақтандыру полисі бойынша
алаяқтық істерді жариялау сақтандыру полисі сатылымын төмендетуі
ықтимал, бірақ бар немесе сату бағасына әсер етпейді; әрі әуежай бар-
ларында ішімдік сату мен билеттерді сатуға еш ықпалы болмайды; алко-
гольдердің қымбаттауы барлардың саудасына әсер етуі мүмкін, бірақ бас-
қа өлшемдерге кесірін тигізбейді және т.б. Осылайша алаңдаудың бар-
лық үш индикаторы әуе апаттары мен жолаушылардың алаңдаушылығы
арасындағы байланысты көрсетсе, мұндай байланыстың бар екеніне са-
лыстырмалы түрде сенімді бола аламыз. Бір-біріне ұқсамайтын индика-
торлар саны артқан сайын, байланыстың өлшем қате артефактісі немесе
бақыланбайтын сыртқы айнымалы (мысалы, экономикадағы құлдырау
сияқты) жасанды әсері болу ықтималдығы азаяды.
Алғашқы тарауларда жарамдылықты конвергентті бағалау тұрғысы-
нан триангуляциялау принципін қарастырдық (бесінші тарау). Ол со-
нымен қатар «оптикалық иллюзияға сезімталдықтағы» мәдени айырма-
шылықтарды зерттеуде көрсетілгендей, бәсекелес гипотезаларды жою
үшін әртүрлі сынақтарға қолданылады (Campbell, 1969: 363–64). Ви-
зуалдық тапсырмаларды (өлшеу құралы) басқаруда антропологтардың
арасындағы айырмашылықтарды болдырмау үшін бақылау жүргізілген
А
В
Р
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
553
мәдениетаралық айырмашылықтарға балама түсіндірме ретінде бір ірік-
темедегі зерттеушілердің жартысына өзге дерек жинаушыларға берілген
стандарт нұсқаулықтардан басқа тәсілмен сынақ жүргізу туралы әдейі
нұсқау берілді. Зерттеушілер осы қосымша өлшеу құралын енгізе оты-
рып, басқарудағы айырмашылықтар бақылау жүргізілген мәдени айыр-
машылықтармен салыстырғанда өте аз екенін көрсетті.
Мұндағы көптік әдістер кең мағынадағы «әдістерді» білдіреді. Триан-
гуляция логикасы бір тұжырымдаманың бірнеше индикаторын және
әртүрлі сынағын қолданумен қатар, далалық зерттеулерде, мәдениет-
аралық архивтік және қайта жасалатын зерттеулерде бірнеше зерттеуші-
ні пайдалану сияқты зерттеу жұмыстарына қолданылады.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Өзіне тән әртүрлі кемшілігі бар бірнеше әдісті қолдану зерттеу нәтижелерінің сенім-
ділігін арттырады, өйткені бір әдістің күшті тұстары екінші бір әдістің әлсіз тұстарын
толықтырады.
Джек Дуглас (1976) зерттеу ортасы туралы бірнеше көзқарасқа қол
жеткізу үшін далалық зерттеуде командалық тәсілді қолдануды жөн кө-
реді. Бұл әсіресе зерттеу ортасы бір-біріне қарама-қайшы бірнеше топтан
құралғанда өте маңызды. Сондықтан бір адамға бір уақытта зерттеу ор-
тасындағы топқа мүше болу мен бірнеше топтың сеніміне ие болу қиынға
соғады. Есірткі ісіне араласу туралы зерттеуде, мысалы, зерттеу тобының
әртүрлі мүшесі полицияны, аурухана қызметкерлерін және есірткі тұты-
нушыларын бақылаушы бола алады. Дэвид Сноу мен Леон Андерсонның
үйсіз-күйсіздер туралы зерттеуінде көргеніміздей (он бірінші тарау), ко-
манда мүшелері әртүрлі рөл ойнай алады. Мысалы, Андерсон көшедегі үй-
сіз-күйсіздердің тәжірибелеріне куә болған инсайдер немесе қатысушы-
бақылаушы болды, ал Сноу көбіне аутсайдер ретінде зерттеу жүргізді.
Сол сияқты аралас гендер туралы зерттейтін топтар өзінің гендерлік бі-
регейлігін қолдана отырып, сенімді ақпаратқа қол жеткізе алады. Мыса-
лы, нудистік жағажай туралы далалық зерттеу барысында әйелдер және
ерлер командасының мүшелері адамдардың сахнаның сексуалдық аспек-
тілері туралы әртүрлі нәрселерді айтқанын анықтады (C.A.B. Warren and
Rasmussen, 1977). Бойдақ ер кісілер еркек зерттеушіге өздерінің сексуал-
дық қызығушылықтары туралы, ал әйел зерттеушіге тек «натурализм»
туралы айтты (355). Сол сияқты жалғызбасты әйелдер өздерінің нақты
сексуалдық қызығушылықтарын тек әйел зерттеушіге айтса, еркек зерт-
теушіге натурализм туралы сөз еткен.
Сонымен қатар Уильям Крано (1981) триангуляция қағидаты он
екінші тарауда сипатталған «Этнографиялық атлас» сияқты мәдениет-
КӨПТІК ӘДІС
554
аралық архивтерді қолданатын зерттеулерде айқын емес деп санайды.
Атластағы әр қоғам айнымалыларды өлшеу үшін әртүрлі бақылау орта-
сын ұсынады, ал Атласқа өз үлесін қосқан әр этнограф өзіне тән бұрмалау
және қатесі бар әртүрлі әдісті қолданады. Триангуляция бір зерттеу ор-
тасына көптік әдіс қолданылғанда (яғни қоғамды екі немесе одан да көп
зерттеуші зерттегенде) туындайды. Әр этнография тәуелсіз зерттеу жүр-
гізетіндіктен, жүйелі бұрмалаулар белгілі бір қоғамда орнаған әлеуметтік
шындықтың өлшемдерінде жинақталмауы керек.
Триангуляцияның соңғы түрі – реплика гипотезалардың бірнеше сы-
нағын қамтиды. Әр сынақта жеке тақырыптардың іріктемесі мен негіз-
гі айнымалылардың әртүрлі өлшемі қолданылуы мүмкін. Көптік сынақ
бірдей зерттеу стратегиясы немесе стратегиялардың жиынтығын қамтуы
ықтимал. Мысалы, зерттеушінің бір гипотезаны сынау үшін эксперимент
пен қолда бар деректерді талдау әдісін қолдануы көптік сынақ болып са-
налады. Бұл тарауда әлеуметтік зерттеуге қатысты бірдей және әртүрлі
тәсілді қолдана отырып, қайталауды қарастырамыз. Алайда триангуля-
цияның ең көп тараған түрін талқылаудан бастаймыз: бір зерттеуде бір-
неше индикаторды қолдану.
Бір зерттеу аясындағы бірнеше
тұжырымдаманың көптік өлшемі
Мысалы, ананың сәбиге деген махаббатының көрінісі ананың позитив
өзіндік бағалау тұжырымдамасының болуымен тікелей байланысты де-
ген гипотезаны сынап көрелік. 13.3-сызбадағы тәуелсіз айнымалыдан
(«өзін-өзі бағалау») тәуелді айнымалыға («ана махаббаты») бағытталған
нұсқар гипотезаны білдіреді. Ана махаббаты L1 (ананың баламен өткі-
зетін уақыты), L2 (баланы көтеру, ұстау, сүю және ұру сияқты физика-
лық байланыс жиілігі) және L3 (баламен сөйлесу, ән айту және тілдесу
сияқты вербалды байланыстың ұзақтығы) индикаторларымен өлшенеді.
Сонымен қатар өзін-өзі бағалау тұжырымдамасы үш түрлі индикатормен
Өзін-өзі
бағалау
Ана
махаббаты
Р1
Р2 Р3
L1
L2 L3
13.3-сызба. Өз-өзін бағалау мен ана махаббаты байланысы
диаграммасы, әр тұжырымдамаға үш индикатордан берілген
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
555
өлшенеді: P1, P2 және P3. Көптік өлшемді қолданатын осындай зерттеу
нәтижелерін талдаудың екі негізгі тәсілі бар: (1) Әр тұжырымдаманың
барлық өлшемін құрама өлшемге (индекс немесе шкала) біріктіру арқы-
лы деректердің күрделілігін жеңілдету, содан кейін құрама өлшемдердің
гипотезасымен байланысы бар-жоғын анықтау немесе (2) тұжырымдама
өлшемдері арасындағы байланысты көрсететін модельді құру, содан кейін
модельдің деректерге қаншалықты сәйкес келетінін көру үшін модельді
сынау. Осы тәсілдердің әрқайсысын егжей-тегжейлі қарастырайық.
Құрама өлшемдер: индекстер мен шкалалар
Көптік өлшемдер көбінесе индекске немесе шкалаға біріктіріледі. Бесін-
ші тарауда атап өткеніміздей, тұжырымдаманы бір индикатормен неме-
се сұрақпен өлшеу қиын. Бір индикатор тұжырымдаманың толық мән-
мағынасын көрсете алмайды, сонымен қатар әр индикаторда өзіне тән
қате немесе бұрмалау көздері болуы мүмкін. Бірнеше индикаторды құра-
ма өлшемге біріктіре отырып, тұжырымдаманың толық мән-мағынасын
көре аламыз және қателер бір-бірін жою арқылы неғұрлым сенімді өл-
шеммен қамтамасыз етеді.
Жалпы әлеуметтік сауалнамаға (GSS) енгізілген аборт туралы сұрақ-
тар осыған мысал бола алады (T.W. Smith, Marsden and Hout, 2016).
Айтыңызшы, жүкті әйелге заңды түрде аборт жасауға рұқсат бар
деп ойлайсыз ба? [Сосын сұхбат беруші келесі сөйлемдерді оқиды]
A. Бойына біткен балада айтарлықтай кінәрат болуы мүмкін бе?
B. Әйел тұрмыс құрған ба, басқа бала туғысы келмей ме?
C. Жүктілік әйелдің денсаулығына қауіп төндіре ме?
D. Отбасы кірісі өте төмен бе, басқа баланы асырауға жағдайы
жетпей ме?
E. Әйел зорланған соң жүкті болды ма?
F. Әйел тұрмыс құрмаған ба, ер адаммен некелескісі келмей ме?
Бұл сұрақтарға берілген жауаптар мүгедектік (A), көп балалы отбасы
(B), тұрмысы жұпыны отбасында өсу (D), зорлау (E) немесе некеге де-
йінгі жыныстық қатынас (F) сияқты абортқа қатысы жоқ ұстанымды
көрсетуі мүмкін. Алайда осы пікірлерді индекстерге біріктіру арқылы кез
келген бір пікірге тән бұрмалаудан аулақ боламыз. Мысалы, A, C немесе
E сұрақтарын өлшем ретінде қолданғанымызда, 2014 жылы АҚШ халқы-
ның басым көпшілігі абортты қолдаған болар еді. Егер тек B, D немесе
F сұрақтары қолданылғанда, 2014 жылы аборт жасатуға қарсы болған-
дар басым боларына күмән жоқ (T.W. Smith, Marsden and Hout, 2016). Екі
жағдайда да АҚШ-тағы аборт жасатуға деген жалпы көзқарасқа қатысты
бағалау бұрмаланған болар еді. Алайда барлық алты пікірде қолданыл-
ғанда, адамдардың көзқарастарын жіті бағаламайтын немесе шектен тыс
бағалайтын кез келген бір пікірге қарағанда әлдеқайда толымды бағалау-
ға қол жеткіземіз.
КӨПТІК ӘДІС
556
Бір-бірінен бөлек өлшемдер қалай біріктіріледі немесе агрегациялана-
ды? Ең қарапайым және кең тараған процедура – бір-бірінен бөлек пікір-
лердің балын қосу немесе орташа балын шығару; мұны әдетте индекс деп
айтамыз. Мысалы, халықтың нәсілдік интеграцияға көзқарасы Дональд
Дж. Трайман әзірлеген келесі бес сұрақтан тұратын индексті қолдану ар-
қылы бірнеше рет зерттелген (D.G.Taylor, Sheatsley and Greeley, 1978).
1. Қалай ойлайсыз, ақнәсілді және қаранәсілді оқушылар бір мектеп-
те оқуға тиіс пе, әлде бөлек мектептерде оқуы керек пе?
2. Егер отбасыңыздың бір мүшесі қаранәсілді досын үйге кешкі асқа
шақырғысы келсе, оған қаншалықты қарсы боласыз?
3. Ақнәсілділер қаласа қаранәсілділерді өз аудандарына кіргізбеуге
құқылы, ал қаранәсілділер бұл құқыққа құрметпен қарауы керек
олық келісесіз, келісесіз... немесе мүлдем келіспейсіз).
4. Сіздің ойыңызша, қаранәсілді мен ақнәсілді арасындағы некеге
тыйым салатын заң болуы керек пе?
5. Қаранәсілділер өздерін ұнатпайтын жерге бармауы керек (толық
келісемін, келіспеймін... немесе мүлдем келіспеймін.
Индекс осы бес сұраққа берілген интеграцияны қолдайтын жауаптар
санынан тұрады. Осылайша балдар 0-ден (интеграцияға толық қарсы)
және 5-ке дейін (интеграцияны толық қолдайды) болуы мүмкін. Бір қы-
зығы, 1963–1976 жылдар аралығында АҚШ-тың ақнәсілді халқына қа-
тысты орташа балл тұрақты түрде өсті, ал 1970 жылдан 1972 жылға дейін
үдегені байқалды.
Натан Кейфиц (1976) анкетаның пікірлерден емес, қолда бар дерек-
терден құралған индекстің тағы бір мысалын келтіреді. Табиғи ресурс-
тарды пайдалану мен әлемдегі орта тап санының өсуі арасындағы бай-
ланысты зерттеу үшін әртүрлі жылдардағы әлемдегі орта таптың көлемін
бағалаудың белгілі бір тәсілі қажет болды. Ол бұған бір-бірінен бөлек
төрт индикаторға: қолданылған жеңіл автомобиль саны, пайдаланылған
телефон саны, өндірілген электр энергиясы және шикі мұнайды тұтынуға
сүйене отырып индексті әзірлеу арқылы қол жеткізді (осы индикаторлар-
дың әрқайсысына мұнда сипаттамайтын математикалық есептер қажет
болды). Содан кейін әлемдегі орта таптың төрт жеке көрсеткіші бойынша
алынған мәндердің орташа мәнін шығарды. Зерттеуден шыққан бір қо-
рытынды мынадай болды: кедейлердің көп бөлігі тұтыну деңгейі жоғары
орта таптың қатарына кіруі үшін энергия мен табиғи ресурстарды аз қол-
дана отырып, орта таптың өмір сүру деңгейін сақтаудың жолдарын табуы
қажет.
Осы екі мысалда да көптік өлшемдердің әрқайсысы (анкета пікірле-
рі немесе жеке негізгі жиынтықты бағалау) индекс балын анықтағанда
тең мәнге ие болды деп ұйғарылды. Жалпақ тілмен айтқанда, индексті
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
557
есептеу кезінде әр индикаторға бірдей «салмақ» берілді. Алайда жекеле-
ген индикаторды әрқилы мәнге (салмақтарға) көбейту арқылы әртүрлі
салмақ беруге болады. Мысалы, әлеуметтік-экономикалық статустың
өлшемдері әдетте кәсіптік бедел, білім және кіріс индикаторларын бірік-
тіреді. Кәсіптік бедел әлеуметтік-экономикалық статусқа көбірек ықпал
етеді деп есептелетіндіктен, салмақтырақ келеді. Сонымен, тамыз айында
Холлингсхедтің әлеуметтік жағдайының екі факторлы индексінде (1971)
кәсіптің салмағына 7 балл, ал білім берудің салмағына 4 балл берілді. Ин-
дексті есептеу үшін алдымен жеке 7 балдық өлшем бойынша адамның
кәсібі мен білімі туралы балдарды анықтап, әр балды оның тиісті салма-
ғына көбейтіп, содан кейін балды/салмақтың нәтижесіне қосу керек.
Индекстеудің артықшылығын былай көрсетуге болады. Әрбір бақы-
ланатын өлшемнің мәні (Х) өлшенетін тұжырымдамаға сәйкес келетін
шынайы балға (С) және қате балға (е) тең болсын дейік; осылайша X =
C + e болады. Енді бізде төрт түрлі өлшем бар деп есептейік, нақты рес-
пондентке қатысты шынайы және қате балдарды білеміз деп санаймыз
(төмендегі кестені қараңыз).
Өлшем Бақыланатын балл (X) Шынайы балл (C) Қате балл (е)
1-пікір 2 4 –2
2-пікір 3 2 +1
3-пікір 7 5 +2
4-пікір 5 8 –3
Жалпы 17 19 –2
Әрбір жеке пікір үшін бақыланатын балдың үштен бір бөлігі немесе
одан көп бөлігі қатені көрсетеді. Егер қате кездейсоқ болса (немесе жүйе-
лі болса, бірақ жеке элементтер үшін әртүрлі бағытта болса), пікірлерді
қосқанда қате балдары азая түседі. Сондықтан төрт пікірді қосу арқылы
индексті қалыптастырсақ, айтарлықтай жақсартылған өлшемді аламыз.
Жоғарыда көрсетілген респондент үшін индекс балы 17 бірлікті болады,
оның аз бөлігі ғана қатені (2 бірлік) көрсетеді.
Құрама көрсеткіштер өлшемдердің көбі индекстерді құрайтынына қа-
рамастан, бірнеше индикатор шкаланы қалыптастыру үшін біріктірілуі
мүмкін. Индекс пен шкала арасындағы айырмашылық анық емес, ал кей-
бір әлеуметтік ғылым саласындағы ғалымдар бұл терминдерді бір-бірінің
орнына қолданады. Бірақ, біздің ойымызша, бұл ерекшеліктерді көрсету
керек. Әдетте индекс индикаторлардың еркін комбинациясын білдіреді,
әдетте әр пікірдің тұжырымдама негізіндегі өлшеміне қосар үлесін ескер-
местен, бөлек пікірлерді қоса саламыз. Индекске қатысты басты мәселе –
бірөлшемді қамтамасыз ету, себебі ол болжанған тұжырымдамадан гөрі
КӨПТІК ӘДІС
558
үлкенірек нәрсені өлшеуі мүмкін (мысалы, «саяси либерализммен» қатар
«нәсілдік интеграцияға қатысты ұстаным»). Ал шкала индикаторларды
тұжырымдаманың бір ғана қырын көрсету үшін түзілген ретті, еркін емес
ереже бойынша біріктіреді.
Кей шкала индекстен пікірлер жүйесіне жауап паттерніне ұпай бел-
гілеуімен ерекшеленеді. Жауап паттерні идеясын аша түсу үшін ілгеріде
жазылған Трейманның нәсілдік интеграцияға қатысты ұстаным индек-
сіне оралайық (cited in D.G. Taylor, Sheatsley, and Greeley, 1978: 43). Ерл
мен Рудольф есімді екі респондент бес сұраққа мына жауаптарды берді
дейік (кестені қараңыз). Егер пікірлер индекс ретінде бағаланса әрі инте-
грацияны қолдайтын жауаптарды есептесек, Ерл мен Рудольфтың жауап
паттерні әртүрлі болса да, бірдей ұпай жинар еді. Екеуінің қайсысы нәсіл-
дік тұрғыда көбірек либерал екенін кім айта алады?
Сұрақ нөмірі Ерл Рудольф
1 про-интеграция анти-интеграция
2 про-интеграция анти-интеграция
3 анти-интеграция анти-интеграция
4 анти-интеграция про-интеграция
5 анти-интеграция про-интеграция
Ойдан шығарылған бұл мысал индекс құрастырудағы қиындықты,
атап айтқанда, жарамдылық мәселесін ашып көрсетті. Мүлдем өзгеше
жауаппен де дәл осындай ұпай жинау мүмкін болса, пікірдің тұжырым-
даманың бірден көп қырын өлшеу ықтималдығы бар. Нәсілдік интегра-
цияға қатысты ұстанымға қоса, Ерл мен Рудольфтың жауаптары қоғамға
ұнамды жауап беру сияқты өзге тұжырымдаманы да білдіруі мүмкін.
Шкала құрастыру тұжырымдаманы диапазон тұрғысынан түсінуге
болатынын меңзейді. Ұстаным жағдайында диапазон ұнамдыдан ұнам-
сызға немесе оңнан теріске қарай құрылуы мүмкін. Оған қоса, жекеле-
ген пікір мен құрама өлшем ұпайы тиісті континуум (немесе «шкала»)
бойындағы нақты нүктелерді көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, әр ұпай
бір нәрсенің күшін не деңгейін, мысалы, жеке тұлғаның нанымы дең-
гейі немесе елдің модернизациялану деңгейін бірегей түрде көрсетуге
тиіс. Мұндай тұспал индексте жасырын тұрады. Шкала процедурасы
оларды ашады және шкаланың өзі тұспалдар жарамдылығын тексере-
тіндей етіп жасалған.
Шкала техникасы тақырыбын аша түсу үшін Луи Гуттман (1950) жа-
саған ұстанымды сипаттаймыз. Адамдардың оқу қабілетін оқығанын тү-
сінуін сынау арқылы өлшейміз дейік. Ол үшін 3, 9-сынып және колледж
кітабынан үзінділер оңайдан қиынына қарай ретімен қойылды. Адам ең
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
559
оңайынан бастап үш пікірді де оқиды, бір элементті түсінуі «өтті» деген-
нен «құлады» деген деңгейге түсіп қалса, осы элемент әлгі адамның оқу
қабілеті шкаласындағы орнын белгілейді. Элементтер Гуттманның мінсіз
шкаласын құруға лайық болғанда мынадай төрт жауап паттерні шығады:
(1) үш пікірден де құлады, (2) 3-сынып деңгейін ғана тапсырды, (3) кол-
ледж мәтінінен өзгесін тапсырды және (4) барлық оқу тестінен өтті. 9-сы-
нып тестін тапсырды, басқа екеуінен құлады деген өзгеше жауап паттерні
«шкалалық емес» немесе «микс» деп аталады. Шкалалық емес жауап пат-
терні пропорциясын азайтатын пікірлер легін таңдау арқасында Гуттман
тәсілі бірөлшемді шкаланы қамтамасыз етуге тырысады.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Индекс индикаторларды азды-көпті түрде еркін біріктіреді, шкала индикаторларды
тұжырымдама өлшемін көрсететін жауап паттерні негізінде біріктіреді.
Гуттман шкаласын құру процесі кейде тым қиынға түседі. Зерттеуші
тұжырымдаманы өлшейді-ау деп ойлаған пікірлердің үлкен легінен бас-
тайды. Содан кейін осы пікірлердің қосалқы жинақтары компьютермен
(көбіне) сыналып, олардың Гуттман шкаласы талаптарына сай келетіні
не келмейтіні анықталады. Ілгеріде жазылған абортқа қатысты алты GSS
пікірін қолданып, осы процестің бір бөлігін көрсетейік. Әр сұраққа «иә»
деп жауап берген 1975 жылғы GSS респонденттері пропорциясы негізінде
Клиффорд Клогг пен Дарвин Сойер (1981) пікірлерді аборт жасау мақұл-
данатын (жүктілік әйел денсаулығына үлкен қауіп төндіреді) «ең жеңіл»
пікірден (әйел тағы бала табуды қаламайды) «ең қиын» пікірге дейін ор-
наластырып шықты. 13.1-кестеде осы сұрақтар реті мен олар Гуттман-
ның мінсіз шкаласын құрған жағдайдағы ықтимал жеті жауап паттерні
берілген. 13.1-кестедегі әр бағанда әртүрлі жауап паттерні берілген (И
деген «Иә», Ж деген «Жоқ» дегенді білдіреді) және әр жауап паттернінің
шкала балын шығару үшін «Иә» жауаптары қосылды.
Индекс сияқты емес, респонденттің Гуттманның мінсіз шкаласында-
ғы балы тұлғаның жауап паттернін бірегей түрде анықтайды. Мысалы,
13.1-кестеде 2 балл үнемі «И И Ж Ж Ж Ж» үлгісін білдіреді. Сонымен қатар
Гуттманның мінсіз шкаласы респонденттің бір жауаптан екінші жауапқа
ауысқан тұсын көрсететініне мән беріңіз (мысалы, 3 балл алғандар аборт-
ты ең жеңіл үш пікір жағдайында қолдайды, одан кейінгі пікірлерде қол-
дамайды). Пікірлер легінің Гуттманның мінсіз шкаласы идеалына жақын
не жақын емесі – эмпирикалық сұрақ. 2014 жылғы GSS респонденттері-
нің 19,5%-ы шкалалық емес жауап паттерні (мысалы, «И Ж И Ж Ж Ж»)
бергенін анықтадық. Мұны шкала құру ережесіне салсақ, осы алты
сұрақ 2014 жылғы GSS іріктемесінен Гуттман шкаласын құрайтыны
КӨПТІК ӘДІС
560
белгілі болады. Дегенмен бірөлшемді болуы үшін Гуттман шкаласын құру
іріктемеге тәуелді. Респонденттердің бір іріктемесіне бірөлшемді көрін-
ген пікір легі екінші іріктемеге олай көрінбейді. Іріктемелердің шкала-
лауға қатысты айырмашылықтары іріктеу мен өлшеу қателігін және не-
гізгі жиынтық сипаттамалары өзгешелігін көрсетеді (Гуттман ұстанымы
туралы егжей-тегжейлі ақпарат пен балама пікірлер алу үшін Клогг пен
Сойерді [1981] еңбегінен табасыз).
Шкала процедураларының бірнеше түрі түзілген. Кейбір пікірлер жи-
нағының ішкі паттернін пайдаланса, кейбірі әр пікірдің континуумға қа-
тысты орналасуын пайдаланады. Шкала құру осы кітап ауқымынан тыс
тақырып. Индекс пен шкала құру тақырыбы Р.Майкл мен Фурр (2011)
еңбегінде жақсы жазылған (шкала түзудің тағы бір техникасы 13.1-
қосымшада жазылған).
Құрама өлшемдерді триангуляция тұрғысынан көрсеттік, бірақ ин-
декс пен шкала құруға өзге де жақсы себептер бар. Оның бірі – талдаудың
оңайлауы. Қаперге алуы керек айнымалы саны азаяды. Өзгесі өлшем шы-
ғарған респонденттер балының өзгермелігіне қатысты. Кейде өзгермелік
төмен болғандықтан (мысалы, респонденттердің 90%-ы бірдей жауап бе-
реді), пікірлер ақпаратты өте аз береді. Өзгермелігі төмен бірнеше пікірді
қосу арқылы өзгермелігі көбірек индекс, яғни ақпараты көбірек өлшем
шығаруға болады.
Мына жағдайларда абортты қолдаймын: Жауап паттерні
Жүктілік әйел денсаулығына қауіп төндіреді И И И И И И Ж
Іштегі сәби денсаулығында қауіпті ақау бар И И И И И Ж Ж
Ол зорланғаннан кейін жүкті болып қалды И И И И Ж Ж Ж
Отбасының кірісі өте төмен, сол себепті көп
баланы асырай алмайды
И И И Ж Ж Ж Ж
Ол тұрмысқа шықпаған және баланың әкесі-
не тұрмысқа шыққысы келмейді
И И Ж Ж Ж Ж Ж
Ол тұрмыста, бірақ әлі бала тапқысы келмейді И Ж Ж Ж Ж Ж Ж
Шкала балдары 6 5 4 3 2 1 0
13.1-кесте. Гуттман мінсіз шкаласының жауап паттерні
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
561
13.1-қосымша. Лайкерт шкаласы үлгісі: FEM шкаласын жасау
Гуттман шкаласы әр пікір нақты өлшем негізінде нақты бір нүктені көр-
сететіндей етіп жасалған. Пікірлер жинағы ретті және кумулятив болған-
дықтан, жеке тұлғаның шкаладағы жиынтық балы оның өлшемді орнын
ғана емес, әр пікірге жауабын да көрсетеді. Сөйтіп, пайымдар да, жеке
тұлғалар да олардың негізіндегі тұжырымдамаға қатысты біріктіріледі.
«Ликерт шкаласы» немесе «қосылған рейтинг» деп аталатын тағы бір
шкала құру техникасы шкаладағы әр пікір континуум диапазонын бірдей
деңгейде көрсететінін айтады. Мысалы, феминизмге қатысты ұстаным-
ды өлшегенде әр пікірдің айқын антифеминистен анық профеминиске
дейін өзгеретін жауап категориялары болады. Сөйтіп, әр пікір жеке рей-
тинг құрады, ал жеке тұлға балы оның рейтингісінен құралады («қосыл-
ған рейтингтер» атауы осыдан шыққан). Гуттман шкаласындағыдай емес,
Лайкерт шкаласы пікірлері ретті тәртіппен орналастырылмайды. Сондық-
тан жекелеген балл континуумдағы орынды көрсеткенімен, нақты бір пі-
кірге жауап паттернін көрсетпейді.
Лайкерт шкаласын әзірлеудегі мақсат – негізгі тұжырымдама бойын-
ша респонденттер ұстанымы өзгешелігінің жақсы өлшемін қамтамасыз
ететін пайымдар жинағын құру. Жарамдылығы 5-тарауда сипатталған
(5.2-қосымшаны қараңыз) FEM шкаласын құру Лайкерт шкаласын әзірлеу
қадамдарын, соның ішінде шкала құрамында пайымдарды іріктеу крите-
рийлерін көрсетеді.
1-қадам. Элиот Смит, Мира Маркс Ферре және Фредерик Миллер (1975)
әуелгіде феминист сенімін қабылдайтын не жоққа шығаратын 57 пікірді
жинастырды. Ликерт шкаласындағы нақты пікір идеясы зерттеуші қиялы-
мен шектелген. Бұл кейсте зерттеушілер ертеректе жасалған Клиффорд
Керкпатрик (1936) зерттеуінен көп пікір алды, өзге пікірлерді атақты фе-
министер мен антифеминистердің жарияланған мәлімдемелерінен алған
болуы мүмкін. Ақыр соңында, шкалаға мына бес пікір кірді:
1. Әйелдер барлық салада ерлермен бәсекелесуге құқылы.
2. Отбасы тірегі ретінде әкенің балалар алдындағы беделі биік болуға
тиіс.
3. Үйленбеген әкеден гөрі тұрмысқа шықпаған ананың моральдық
ұтылысы көбірек.
4. Отбасы бұзылар болып, күйеуімен бірге тұру үшін жұмысын таста-
маған әйел айыпты.
5. Бала тапқысы келмейтін әйел күйеуі алдындағы парызын орындай
алмайды.
2-қадам. «Мықты профеминист» немесе «мықты антифеминист» рөлін
ойнаған 39 студенттен әр пікірмен келісетіні немесе келіспейтіні сұралды.
Бұл қадамның мақсаты – екіұшты, яғни не профеминист, не антифеминист
КӨПТІК ӘДІС
562
позицияны көрсетеді деп қабылданбайтын пікірлерді алып тастау. Бұл қа-
дам шкала әзірлеу үрдісіне үнемі кіре бермейді. Пікір бағытына қатысты
елеулі келіспеушілік болғанда, әлгі пікір алынып тасталып отырды. Осы
процестен кейін 48 пікір қалды.
3-қадам. Келесі қадам – әртүрлі ұстанымдағы адамдарды жақсы айы-
ратын пікірлер субжинағын сұрыптау. Ол үшін зерттеушілер пікірлердің
бастапқы жүйесін шкала көрсетілетін респонденттерге ұқсас адамдар то-
бына көрсетеді. Смит, Ферре мен Миллер шкаланы екі жолмен қысқартты.
Біріншіден, рөлге енген студенттер пікірін сұрады. Осы жауаптарды тал-
дап, 27 пікір таңдап алды. Іріктеу пікірдің өзгермелігі негізінде жасалды.
Өзгермелігі жоғары болу, жалпы алғанда, жақсырақ ажыратуды білдіреді
(әртүрлі ұстанымдағы жеке тұлғаларды ажырату қабілеті), егер пікір өз-
гермелігі төмен болса, яғни оған қатысты барлық жеке тұлға бірдей жауап
берсе, ол жеке тұлғалар ұстанымы айырмашылығын көрсетпейді.
Содан кейін зерттеушілер 27 пікірлі шкаланы Гарвардтың жазғы мекте-
бінің 100 студентіне көрсетті. Олар да пікірлердің респонденттерді ажыра-
ту қабілетін бағалады, бұл жолы «факторлы талдау» деп аталатын техника
қолданылды. Факторлы талдау – пікірдің ажырату қабілетін бағалайтын
бірнеше тәсілдің бірі.
Бұл қарапайым тәсіл әр адамның шкала балын есептейді, балдардың
ең жоғарғы және ең төменгі 25%-ын анықтайды да, жоғары және төменгі
балдарды ажыратып тұрған пікірлерді табады. Мысалы, бір мәлімдемені
жоғары және төменгі ұпайдың екеуі де мақұлдаса, әлгі мәлімдеменің ажы-
рату қабілеті төмен болғаны. Факторлы талдау негізінде Смит, Ферре мен
Миллер ең жоғары ажырату қабілеті бар 20 пікірді іріктеп алды.
4-қадам. Ликерт шкаласының дайын формасы мәлімдемелер сериясы-
нан құралады, респонденттер онымен келісу, не келіспеу деңгейін белгі-
лейді. Жауап форматында бірнеше категория бар. FEM шкаласында бес
категория бар: «толық келісемін», «келісемін», «шешім қабылдағаным
жоқ», «келіспеймін», «мүлдем келіспеймін». Балл шкаласы болу үшін ка-
тегорияларға бірден беске дейінгі сандар тағайындалады. Ең жоғары сан
профеминист мәлімдемемен толық келіскенін (немесе керісінше анти-
феминист мәлімдемемен мүлдем келіспегенін) білдіреді. Пікірлерге жа-
уаптарды қосқанда 20 пікірлі шкалаға 20-дан 100-ге дейінгі сан шығады.
Мұндай диапазон төменгі ұшы феминимзге қатысты өте ұнамсыз ұста-
нымды, ал жоғарғы ұшы феминизмге қатысты өте ұнамды ұстанымды көр-
сететін мөлшермен қабысады.
5-қадам. Бұл кезде шкаланың сенімділігі мен жарамдылығын тексеруге
болады. Бұл процесс 5.2-қосымшада сипатталған.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
563
Құрылымдық теңестіру арқылы модельдеу
Кезінде индекстер мен шкалалар үнемі дерлік тұжырымдамалардың көп-
тік өлшемдері бар кездері құрастырылатын. Бұған әлеуметтанушылардың
көбі бір мезетте көптік өлшемдерді талдайтын процедураны білмегені де
себеп болған еді. Дегенмен әлеуметтік сала ғалымдары құрылымдық
теңестіру арқылы модельдеу деп аталатын техниканы біле бастаған-
да, осы модельдеуді қолданатын компьютер бағдарламасы жасалғанда,
бір мезетте тестілеуге кіріскен зерттеуші саны артты. «Құрылымдық мо-
дельдеу» термині тұжырымдама жүйесі мен индикаторларының ықтимал
қарым-қатынасын жүйелі түрде анықтауды білдіреді. Әр ерекше модель
қарым-қатынастың басқа «құрылымын» сипаттайды, оны математика-
лық «теңестірудің» бірегей жүйесі арқылы көрсетуге болады. Бұл техни-
каны қолданғанда мәліметтің түрлі модельдермен қаншалықты дәл қа-
бысатынын тексеру керек. Мұны жоғары математика жүзеге асырады.
Сонда да төмендегі мысал арқылы құрылымдық теңестіру модельдеу мә-
німен танысуға болады.
Ілгеріде жазылған ана махаббаты мен өз-өзін бағалау байланысы тура-
лы гипотезалық зерттеуді еске түсіріңіз. Зерттеудегі барлық ананы алты
индикатордың әрқайсысымен өлшеуге тура келді. Өлшем реакция беруі
мүмкін болғандықтан, L1-ді өлшеу L2, L3-ке тіпті P1 немесе өз-өзін ба-
ғалауға әсер етуі мүмкін. Мысалы, ананың нәрестеге жақындауы немесе
тіпті ананың өз-өзін бағалауына бақылаушының тұрғаны әсер етуі мүм-
кін. Соның нәтижесінде айнымалылар байланысының дұрыс репрезен-
тациясы 13.3-сызбада көрсетілгеннен әлдеқайда күрделі болуы мүмкін.
13.4-сызбаға қараңыз. Ана махаббаты мен өз-өзін бағалаудан инди-
каторларға қарай бағытталған нұсқарларға назар аударыңыз. Бұлар ана
махаббаты және өз-өзін бағалау сияқты бақыланбаған тұжырымдамалар
өлшенген индикаторлар тудырады деген тұспалды көрсетеді. Сонымен
қатар бұл үлгі P1 мен P2 индикаторларына бір әдістеме тұрғысынан осал-
дық тән екенін (жиі кездесетін осы бұрмалауды білдіретін дөңес нұсқар
екі индикаторды жалғап тұр) және P3 өлшемі ана махаббатына әсер ете-
тінін көрсетеді. 13.4-сызбадағы айнымалыларды бейнелеудің көп моделі
бар. Мысалы, P3-ке бағытталған жебені ана махаббатына бағыттап, L1
мен L2 арасын дөңес нұсқармен жалғаса, өзге модель пайда болады. Зерт-
теушінің жұмысы – көп модельді қарастырып, дерекке «шақ» келетінін
анықтау үшін оларды сынап шығу.
Құрылымдық теңестіру моделінің құрама өлшемнен айырмашылығы –
талдау бойына әр индикатор бірегейлігін бөлек ұстауы. Ол үшін зерттеу-
ші әр индикатордың өзі өлшейтін тұжырымдамаға қатысын нақтылайды.
Бұл ұстанымның артықшылығы – осының арқасында өлшем қатесінің
белгілі бір түрлерін сынауға болады. Бір кемшілігі – индикатор мен тұжы-
рым саны артқанда қарым-қатынастың барлық ықтимал комбинациясын
КӨПТІК ӘДІС
564
қарастырып шығу қиын. Модельдеу тақырыбы он алтыншы тарауда кеңі-
нен жазылған. Құрылымды теңестіру арқылы модельдеу тұжырымдама-
лары мен техникаларын Рекс Клайн (2016) еңбегінде жете қарастырады.
13.4-сызба. Өз-өзін бағалау мен ана махаббаты байланысының
құрылымдық теңестіру моделі диаграммасы
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Құрылымды теңестіру арқылы модельдеу әр индикатордың тұжырымдамаға қосар
үлесіне дәлел ұсынады.
Әртүрлі зерттеуде гипотезаларды көптік
әдіспен тестілеу
Белгілі бір зерттеу нәтижесіне сенім арттырудың үздік тәсілінің бірі –
зерттеуді тағы бір мәрте жүргізіп, дәл сондай нәтиже шығар-шықпасын
байқау. Әрине, зерттеу нәтижесін қайталау – ғылымның іргетасы. Олай
болмаған жағдайда зерттеу нәтижелері тарихи фактілер ғана болып қа-
лар еді. Дегенмен қайталауға осынша маңыз берілгенімен, ертеректегі
зерттеуді дәлме-дәл қайталауға тырысқан зерттеулер сирек жариялана-
ды (Nickerson, 2000). Ғылыми орта бір зерттеу процедурасын «дәлме-дәл»
қайталаудан гөрі, бірінші зерттеу жасауды қиын да қызықты іс көріп, оны
көбірек бағалайды. Сөйте тұра ғалымдар гипотезалар мен теориялардың
жарамдылығын тексеріп, олардың дамуын бағалайды. Сондықтан бұрын-
да жасалған зерттеудің бір не бірнеше қыры өзгертілген қайталама зерт-
теу жасау жиі кездеседі. Сондықтан да «қайталау» термині өзге зерттеу нә-
тижесін қайталау талпынысына жақсы келеді. Қалай болғанда да қайта-
лау зерттеуі өзгеше болып шығады. Зерттеу әдісін қаз-қалпында қайталау
талпынысының өзі өзге уақытта жүзеге асырылады және көбіне оған өзге
іріктемені алады. Жалпы алғанда, қайталау мен бірінші рет зерттеудің
Өзін-өзі
бағалау
Ана
махаббаты
Р1
Р2 Р3
L1
L2 L3
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
565
әдісі, уақыты, мекені мен өзге де шарттарының өзгешелегі үлкен болған
сайын, нәтиженің бір ғана зерттеу шарттары мен процедурасының ар-
тефактісі ғана болып қалмай, зерттеу гипотезасын қолдайтынына сенім
арта түседі.
Әлеуметтанушылар көбіне ұқсас зерттеу сұрағына жауап іздеу проце-
сінде ертеректе жасалған зерттеуді қайталап қана қоймай, осы зерттеуді
қайталап көрейік деген мақсатпен ғана қайталау зерттеуін жасауы сирек.
Бірақ экспериментті зерттеу бұл процеске жатпайды. Қайталауда зерт-
теудің өзге түріне қарағанда шағын масштабты эксперимент шығыны аз,
оның үстіне қайталау эксперимент нәтижелерінің сыртқы жарамдылы-
ғын арттырудың басты әдісі.
1
Келесі мысал – бір гипотезаны сынау үшін
бірнеше эксперимент жасаған зерттеушілер тобы туралы. Эксперимент-
терде гипотеза байланған тұжырымдамалардың әртүрлі манипуляцияла-
ры мен өлшемдері қолданылды.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Қалай болғанда да қайталаубірінші рет зерттеуден өзгеше болып шығады, алшақты-
ғы көбірек болса, қайталанған нәтижеге көбірек сенеміз.
Бір зерттеу стратегиясын қолданып қайталау:
әлеуметтік шеттетілу және көмек
Адам неге өзгелерге көмектеседі? Осы сұраққа бір ықтимал жауапты сы-
наған Джен Туенге мен әріптестері (2007) жасаған экспериментті бірінші
тарауда жазған едік. Бұл зерттеушілер көмектесу сезімі бір-бірін қолдай-
тын қоғамның бір мүшесі екеніне сенуіне байланысты деген гипотеза жа-
сады. Осы сезімді түйсінетін адам көмектесуді топ мүшесі болудың игілі-
гін көру деп түсінеді. Шеттетілгендей сезінетіндер өзін пайдаланғандай
қабылдап, көмектесуді топ мүшесі болудың игілігі ретінде көрмейді. Сөй-
тіп, әлеуметтік шеттетілу көмектесу мінез-құлқын азайтады.
Осы гипотезаны сынау үшін зерттеушілер жеті эксперимент жасады.
Экспериментке пән кредиті жартылай жабылатынын естіген психология
мамандығының студенттері қатысты. Әлеуметтік шеттетілу үш тәсілмен
жасалды. Бірінші тарауда жазылған экспериментте объектілер бір-бірі-
мен танысу үшін 4–6 адамдық топта кездесті. Талқылаудан кейін олар
«топтағы жұмыс істегісі келген екі адамды атау» деген талап бар форма-
ны толтырды. Осы ақпаратты жинап алғаннан кейін экспериментші әр
қатысушыға олардың тобындағы кез келген адам не ешкім бірге жұмыс
істегісі келетін адам ретінде таңдамағанын айтты. Осылайша қатысушы-
лардың жартысы өзін қабылданғандай, басқасы шеттетілгендей сезін-
ді. Өзге алты экспериментте жеке басқа қатысты анкетаны толтырған
КӨПТІК ӘДІС
566
қатысушыларға жалған кері байланыс берілді. Анкета нәтижесіне сүйен-
сек, қоғамнан шеттетілгендей сезінгендерге «сіз кейін өмірде жалғыз
қалуыңыз ықтимал» делінді, басқа екі топқа «келешекте жеке қарым-
қатынасыңыз (болашаққа қатысты болуы) жарқын болады» немесе «сіз
сәтсіздікке ұрынасыз» (жолы болмау) деп айтылды. Бес экспериментте
қатысушылар осы кері байланысты экспериментті жүргізуші аузынан ес-
тіді де, алтыншы экспериментте кері байланыс мөрленген конверт алды,
экспериментті жүргізуші қатысушылардың жағдайын білген жоқ.
Жеті эксперимент барысында зерттеушілер көмектесу мінез-құлқы өл-
шемін де өзгертіп отырды. Топтағы талқылау манипуляциясынан кейін
қатысушылардан пән кредиті берілмейтін қосымша экспериментке қа-
тысқысы келетіні не келмейтіні сұралды. Волонтер ретінде көмектесудің
операционал анықтамасы әр қатысушы ерікті түрде ниет білдірген бір-
қатар қосымша эксперименттен тұрады. Көмектесудің қосымша үш фор-
масы жалған кері байланыс манипуляциясымен жұптастырылды. Екі экс-
периментте қатысушыларға 25 центтік тиынмен 2$ берілді де, төлемнің
бір бөлігін студенттердің төтенше қорына қосу өтініші айтылды. Қайыр-
садақа эксперимент жүргізуші өзге бөлмеде болғанда қорапқа салынды,
көмек қайыр-садақа ретінде жасалды. Шеттетілу манипуляциясынан
кейінгі бір экспериментте эксперимент жүргізуші қарындаш салынған
стақанды сөреден «байқамай» құлатып алды, қатысушы жинап берген
қарындаш саны көмектесу ретінде саналды.
Өзге үш эксперименттегі көмектесу өлшемі Тұтқын дилеммасы ойы-
нындағы ынтымақтасу жауаптарынан құралды. Бұл ойында ойыншы екі
опцияның бірін таңдауға тиіс: серіктеспен ынтымақтасып, екеуінің де
ұтуына жағдай жасау яки жеке ұтысын максимумге жеткізу үшін серік-
теспен бәсекеге түсу. Мұндағы дилемма – екі ойыншы да бәсекелесуді
таңдаса, екеуі де ұтылады, ал екеуі де ынтымақтасуды таңдаса, бір серік-
тес бәсекелесіп, бір серіктес ынтымақтасқан жағдайға қарағанда азырақ
ұтады. Қатысушылар ойынды өзге студентпен ойнап отырғанына сенімді
болса да, шындығында қатысушының алдыңғы айналымдағы жауабын
қайталайтын бағдарлама орнатылған компьютерде ойнады. Тұтқын ди-
леммасы үш экспериментінің екеуінде қатысушылар ұпайға ойнап, қо-
лынан келгенше ұпай жинауға ынталандырылды, өзге бір экспериментте
ақшаға ойнады. Ынтымақтасу өзге тұлғаға пайдалы екенін ескеріп, кө-
мек өлшемі ретінде ынтымақтасу жауаптары саны саналатын болды. Ең
соңында зерттеушілер шеттетудің ықтимал медиатор өлшемі – көмектесу
қарым-қатынасын бірнеше экспериментке кіріктірді. Мысалы, қайырым-
дылыққа ақша беру эксперименттерінің бірінде шеттету манипуляциясы
жасалғаннан кейін, студенттердің төтенше жағдай қорына ақша аудару
талабына дейін экспериментке қатысы жоқ сабақ тапсырмасы ретінде
қатысушылар эмпатиялық алаңдаушылық өлшемін толтырды. Тұтқын
дилеммасы эксперименттерінің бірінде манипуляциядан кейін, бірақ
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
567
ойынға дейін қатысушылар өзгелерге сену, қатысты болу сезімі, қадаға-
лау сезімі мен өз-өзін түсіну сезімдерін өлшейтін анкета толтырды. Өзге
эксперименттерде көңіл-күй мен өз-өзін бағалау өлшенді.
Жеті эксперименттің де нәтижесі бір бағытта болды. Көмектесудің
барлық өлшемінде қадағалаудағы қатысушы мен орта қабылдаған неме-
се болашақта ортаға қатысы болатын қатысушыдан гөрі шеттетілгендей
сезінген не болашақта жалғыз қалатындай қатысушылар әлдеқайда аз
көмектесті. Мысалы, ерікті болу экспериментінде «шеттетілген» қатысу-
шылардың 20%-ы ғана жоқ дегенде бір экспериментке қатысуға құлықты
болды. Ал «орта қабылдаған» қатысушылардың 90%-ы ерікті болу ниетін
білдірді. Ақша бөлуге қатысты екі экспериментте болашақта жалғыз қа-
латындар болашақта орта мүшесі болатындар берген қайыр-садақаның
орта есеппен 25–33%-ын берген.
Осы жүйелі қайталаудың барлығы бірігіп әлеуметтік шеттетілу мен кө-
мектесудің гипотезалық байланысын растады. Қайталанған тестілердің
статистикалық елеулілігіне мән беріңіз. Статистикалық елеуліліктің 0,05
деңгейінде сыналғанда бір экспериментте елеулі болған нәтиже жиыр-
маның бірінде кездейсоқ болуы мүмкін. Дегенмен нәтиже осы деңгейде
7 рет қайталанса, нәтиженің кездейсоқ шығу ықтималдығы өте аз. Опе-
рационал анықтама вариациялары да нәтиженің реактив әсер өнімі емес
не шеттетуді манипуляциялау не болмаса көмекті өлшеудің нақты тәсі-
лімен шектелмейтініне сенімді күшейтеді. Мысалы, Тұтқын дилеммасы
ойынында өзге студент әлеуметке сай мінез-құлықты қолдайтын мінез-
құлықты қабылдаушы болды, ал ерікті экспериментінде пайда көруші –
эксперимент жүргізуші еді. Сондай-ақ жалған кері байланыс манипуля-
циясы эксперимент жүргізушінің кері байланысына тәуелді болған жоқ,
себебі кері байланыс мөрлі конвертке салынып берілгенде де, манипуля-
ция көмектесуге әсер етті. Сөйте тұра әлеуметтік шеттетілу қайырымды-
лыққа ақша бөлу, күтпеген көмекке ерікті ретінде қатысу және өзгеге кө-
мектесу үшін ынтымақтасу сияқты бірқатар әлеуметке сай мінез-құлық-
қа әсер етететіндіктен, біркелкі нәтиже сыртқы жарамдылықты артты-
рады. Ақырында, эксперименттер шеттетілу мен көмектесу арасындағы
теориялық байланыстың маңызды дәлелін көрсетті. Әлеуметтік шеттеті-
лу манипуляцисына бірнеше көмекші өлшем қолданылса да, эмпатиялық
алаңдаушылық өлшемі ғана шеттетілу мен көмектесу арасын байланыс-
тырды. Әрине, шеттетілу сезімі өзгелерге жанашырлықты, яғни адамды
көмек қолын созуға ынтыландыратын қасиетті азайтады.
Эксперимент нәтижелері «лабораторияда жасалған шеттетілу әлеумет-
ке сай мінез-құлықтың азаюына түрткі болатынын байқатты» (Twenge et
al., 2007: 64). Дегенмен зерттеушілер атап көрсеткендей, практикалық
және этикалық түсінік шеттетілудің лабораторияда манипуляциялану тә-
сілін шектейді. Олардың манипуляциялары қымбат адамыңнан айырылу
сияқты «шынайы жан ауруы мен жоғалтумен салыстырғанда болмашы
КӨПТІК ӘДІС
568
ғана қауіп төндірді» (64). Көп экспериментке тән тағы бір шектеу – қаты-
сушының барлығы экспериментке пән кредиті үшін қатысқан психоло-
гия мамандығы студенттері болды. Осы байланысты сенімді ету үшін экс-
перимент нәтижелерін келесі мысалдардағыдай өзгеше негізгі ұстаным
қолданылған зерттеу нәтижелерімен біріктіру керек.
Өзге зерттеу стратегияларын қолданған қайталаулар
Қамауға алудың тежеуге әсері
Түрлі зерттеулерде гипотезаны сынауда көптік әдістерді қолдану тақыры-
бын аша түсу үшін отбасындағы зорлық-зомбылығы үшін тұтқындаудың
тежеу әсері туралы екі зерттеуді қарастыруға болады. Жаңа ғана айты-
лып өткен эксперименттер легі сияқты емес, мына екі зерттеу түрлі орта-
да әртүрлі ұстаныммен жүзеге асырылды.
Миннеаполис отбасындағы зорлық-зомбылық деп аталатын бірін-
ші зерттеу жазалаудың екі балама теориясының салыстырмалы артық-
шылығын сынау үшін жасалған. Тежеу доктринасынан үзінді: «жазаның
ауырлығы адамды өзі жазаланған қылмысты қайталаудан тежейді». Ал
айдар тағу теориясы бойынша, «жазаның жеке адамды қылмыс жасауға
итермелеу ықтималдығы жоғары», себебі оның өзіндік имиджі мен әлеу-
меттік өзара араласу үрдісі өзгеріп, белгілі бір өмірдегі орнынан айырыла-
ды (Sherman and Berk, 1984: 261). Осы теорияларды сынау үшін Лоуренс
Шерман мен Ричард Берк (1984) 1981 жылдың наурызы мен 1982 жыл-
дың тамызы арасындағы 18 айда Миннеаполис қаласында далалық экс-
перимент жүргізді. Эксперимент дизайны қарапайым тұрмыстық кикіл-
жіңмен (жеңіл құқықбұзушылық) бетпе-бет келгенде полицияны мына
үш стратегияның бірін қолдануға шақырды. Зәбір көрсетушіні қамауға
алу, зәбір көрсетушіні үйден шығарып жіберу немесе кеңес беру және екі
жақты бітістіруге талпыну.
2
Осы үш жауаптың әсері жап көрсетушінің со-
дан кейінгі 6 айда инцидентті қайталаған-қайталамағаны анықтау арқы-
лы бағаланды. Зерттеушілер нәтижені екі тәсілмен өлшеді: (1) зорлық-
зомбылық немесе қамауға алу туралы полиция құжаттары және (2) зәбір
көрушімен сұхбат жасап, нақты кикілжің немесе бір нәрсе істеуге қоқан-
лоқы жасалған жасалмағанын немесе мүлікке зақым келген-келмегенін
сұрап білу. Екі өлшем де қамауға алынған зәбір көрсетушілердің тағы бір
мәрте үйде кикілжің тудыруы ықтималдығы өте аз екенін көрсетті.
3
Яғни
зерттеу қамауға алу тиімділігін қолдайды.
Шерман мен Берк өз нәтижелеріне ықпал етуі мүмкін бірнеше ықти-
мал қате не бұрмалау көзін қаперде ұстады. Мысалы, зәбір көруші по-
лицияға телефон соқпаса, ресми нәтиже өлшемі – полиция акті жасал-
майды. Жапа шегуші зәбір көрсетушінің қамауға алынғанын қаламаса,
қамауға алу стратегиясына қайшы келіп, араласу әсерін өзгертеді, «күш
көрсетушінің тағы да қамалуына жол бермеу үшін жаңа оқиға болса да,
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
569
жапа шегуші ол туралы хабарламайды» (269). Дегенмен Шерман мен
Берк бірдей нәтижелердің сұхбат арқылы жиналғанына, ал мұндай де-
ректердің бұрмалаудың бір көзіне ұшырамайтынына мән береді. Сөйтіп,
тәуелді өлшемнің триангуляциясы осы интерпретацияны тиімді түрде
жойды. Зерттеушілер осыған ұқсас тәсілмен зерттеудің өзге де ықтимал
проблемалық сипаттарын қарастырып, әр кейстің әсерге кедергі келтіру
ықтималдығына қарсы пікір білдірді. Олар азайта алмайтын бір шектеу –
зерттеудің сыртқы жарамдылығы. Оқиға орны, полиция бөлімшесі мен
зерттеуге қатысуға ниет білдірген офицерлердің ерекше қасиеттері нәти-
желерге әсер еткен болуы мүмкін. Басқа сөзбен айтқанда, өзге полиция
округінде басқаша сипатта болған қамаудың әсері өзгеше болуы мүмкін.
Осыған қарамастан, Миннеаполистегі отбасындағы зорлық-зомбылық
эксперименті туралы қоғамда өте көп айтылып, эксперимент елдің түкпір-
түкпіріндегі полиция саясатына әсер ете бастады (Berk and Newton, 1985).
Сондықтан нәтиженің жалпылануын сынау айрықша маңызды болды. Осы
орайда Ричард Берк пен Филлис Ньютон (1985) екінші зерттеу жасап, ги-
потезаны сол ресми нәтиже өлшемімен, бірақ өзге ортада, бұрыннан бар
деректі талдау қамтылған зерттеудің өзге тәсілін қолданды.
Дерек «калифорния округінде 28 ай кезеңінде полиция назарына түс-
кен 783 әйелге қол жұмсау оқиғасынан» құралды (Berk and Newton, 1985:
253). Оқиғалардың төрттен бірінен көбі қамауға алумен аяқталды. По-
лиция жазбасынан одан кейінгі араласуы мен жаңа кикілжіңнің болу уа-
қытын анықтау мүмкін болды. Дегенмен кейстер мен араласу стратегия-
сы кездейсоқ тағайындалған алдыңғы зерттеудегі сияқты емес, қамауға
алынған және алынбаған зәбір көрсетушілердің айырмашылықтары кез-
дейсоқтыққа ұшыраған жоқ. Сондықтан зерттеушілер полиция жазба-
сындағы зәбір көрсетуші туралы өзге ақпарат (мысалы, жасы, алдыңғы
сотталулары саны, жұмыс істеу статусы) пен оқиғаның сипаттары (мы-
салы, күн мезгілі, куәнің болуы) жайлы өзге ақпаратты пайдаланып, осы
айырмашылықты бақылауда ұстады. Бақылау полицияның қамауға алу
ынтасы өлшеміне қосылды. Ең үлкен нәтиже әлгі Миннеаполис зерттеуі
нәтижесімен үндес болды: қамауға алу отбасындағы зорлық-зомбылық-
тың жаңа кикілжіңін тежейді. Сонымен қатар Берк пен Ньютон проце-
дураға сай полицияның қамауына алынған жәбірлеушілерге тұтқындау
өте қатты әсер еткенін де анықтады. Яғни қамауға алу барысы мен қа-
мауға алуды тежеу әсері арасында тікелей байланыс бар. Зерттеушілер
осы зерттеуді басшылыққа алып, ереже түзуден сақтандырса да (мысалы,
олар қамау процесінің отбасындағы зорлық-зомбылықты қалай тежей-
тіні белгісіз екенін атап көрсетті), «біздің зерттеу әйеліне қол көтеретін-
дерді қамауға алмау керек дейтіндерге бұлтартпас дәлел келтірді» деген
қорытындыға келді (262).
Жекелей алғанда, зерттеулердің әрқайсысының нәтиже сенімді-
лігіне селкеу түсіретін айтарлықтай кемшіліктері бар. Миннеаполис
КӨПТІК ӘДІС
570
экспериментінің ортасы мен өзге де бірегей ерекшеліктері оның сыртқы
жарамдылығын шектейді. Зәбір көрсетуші профилактикалық шараға кез-
дейсоқ таңдалып алынбағандықтан, екінші зерттеудің ішкі жарамдылы-
ғы төмен. Дегенмен екеуі бірігіп басты нәтижеге сенімімізді арттырады.
Олар бір гипотезаны дербес түрде мақұлдап қана қойған жоқ, бір зерт-
теудің күшті тұсы екінші зерттеудің осал жағын жапты. Екінші зерттеу-
ге өзге аудандағы өзге полиция бөлімшесі қатысып, тәуелсіз айнымалы
өлшемі манипуляциялаудан гөрі, табиғи өлшемге жақын болғандықтан,
бұл зерттеу эксперимент нәтижелерін жалпылай түсті. Алдыңғы зерттеу-
дегі басты нәтижені жоғары ішкі жарамдылықпен алғандықтан, екінші
зерттеу нәтижелеріне сеніміміз артады.
Бірге алғанда екі зерттеу қамауға алу стратегиясының сенімділігін
арттырғанымен, жаңа дәлел жиналғанда әрдайым зерттеу қорытынды-
лары бір қайнауы жетпей қалғандай көрініп, өзгеріс немесе қайта интер-
претациялауды қажет етеді. Әрине, Миннеаполис отбасындағы зорлық-
зомбылық экспериментті кейінгі қайталау бастапқы нәтижені қайталай
алмады (Berk et al., 1992; Pate and Hamilton, 1992; Sherman and Smith,
1992; Sherman, 1992, 1993). Бұл қайталаулар әр полиция округінде қа-
мауға алу әсері әртүрлі екенін көрсетті. Кей ауданда қамаудың тежеу әсе-
рі болды, кей ауданда айтарлықтай әсері болмады. Ал кейін тіпті кикіл-
жіңді одан әрі күшейтетіні байқалды. Оған қоса, қамауға алудың тежеу
әсері кикілжіңнен кейінгі кезеңнің ұзақтығы, қамалу ұзақтығы, зәбір
көрсетушінің шығу тегіне және зәбір көрсетушінің өзіне қатысты қолда-
нылған шараның әділ болған-болмағанына қатысты пікіріне байланысты
болып шықты (Paternoster et al., 1997). Мысалы, қамауға алуды жұмыс-
сыздарға қарағанда жұмысы бар адамға қолдану тиімдірек екен. Қамауға
алынған айыпталушы процедураның әділ жүргізілгенін түйсінгенде тиім-
ділігі арта түседі.
Зорлық-зомбылықтың неке мен бірге тұруға әсері
Сауалнама мен далалық зерттеуді біріктірген зерттеудің керемет мыса-
лы ретінде Эндрю Черлин мен әріптестері (2004) физикалық және сек-
суалды зорлық-зомбылықтың табысы төмен әйелдердің отбасылық өмі-
ріне әрі ер адаммен бірге тұруына әсерін зерттеген еңбегін айта аламыз.
Көптік әдісті зерттеулердің көбінде бір қарым-қатынасты зерттеуге же-
келеген тәсілдер дербес түрде қолданылса, бұл зерттеушілер екі тәсілді
біріктіретін деректерді жинау мен талдаудың көпреттік процесін қолдан-
ған. Cөйтіп, зерттеу деректеріндегі негізгі қауымдастықтарды талдаудан
бастады. Осы қауымдастықтардың далалық зерттеуде зорлық-зомбылық
пен жақын қатынасты анықтау мен егжей-тегжейлі зерттеуде маңызы
зор болды. Олар даладағы жұмыста тақырыпқа тереңірек бойлағаннан
кейін сауалнама дерегі арқылы сынауға болатын гипотезалар жасады.
Зерттеушілер Бостон, Чикаго мен Сан-Антонионың табысы төмен
аудандарында екі қырлы зерттеу жүргізді. Сауалнама іріктемесі үй
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
571
шаруасымен негізінен әйел айналысатын, балалары бар және табысы
федералдық кедейлік көрсеткіші шегінен 200%-ға төмен отбасылардан
кездейсоқ таңдалып алынды. Барлығы 2 402 әйелден сұхбат алынды.
Зорлық-зомбылық және сексуалды әрекет сияқты шетін тақырыптағы сұ-
рақтар болғандықтан, құпиялықты сақтау үшін әйелдерден сұхбатты өзі
компьютерге аудиожазба түрінде жазу өтінілді. Сауалнамаға қатыспаған,
далалық зерттеуге қатысқан отбасылар сауалнама жүргізілген аудандар-
дан мақсатты түрде тартылды. Осы 256 отбасынан ауқымды сұхбат және
қатысушы бақылауы түрінде алынған дерек 4 жыл бойы жиналды. Ал-
ғашқы 18 айда зерттеушілер отбасыларға айына бір не екі рет барып үй
шаруасындағы әйелден сұхбат алып, ол балаларымен «әлеуметтік қам-
сыздандыру кеңсесі, дәрігер, азық-түлік дүкеніне не жұмыс орнына бар-
ғанда қоса еріп барды» (Cherlin et al., 2004: 773). Содан кейін олар 6 айда
бір баратын болды.
Алдыңғы теория мен зерттеулер де, алдын ала талдау да зерттеуші-
лердің далалық және сауалнама дерегіндегі ассоциацияның параллель
жинағын күтуіне әкелді. Мысалы, бір ассоциация ерлермен қарым-
қатынастан мүлдем бас тартқан әйелдер туралы еді. Далалық зерттеуде
зерттеушілер өздері «сылбыр одақ» деп атаған мына паттернді тапты. Ер
адамнан зорлық көру тәжірибесінен кейін әйел жақын қарым-қатынас-
тан қашуы мүмкін деп болжаған олар бала кезінде емес, ересек кезінде
зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер ермен қарым-қатынастан қаш-
қақтайтын шығар деп күткен еді. Кросс-секциялық сауалнама одақтың
сұрақ қойылған сәттегі ғана статусын, яғни әйелдің тұрмыста, ерімен
бірге тұрып жатқанын немесе жалғызбасты екенін өлшей алды. Далалық
зерттеу сияқты емес, онда одақ тарихын құрастыратын ақпарат жеткілік-
ті болмады. Дегенмен Черлин мен әріптестері бұл статус категориялары
болжамды түрде дала жұмысынан күтілетін деректермен сәйкесуі керек
деп топшылады. Мысалы, сылбыр одақта деп жіктелген әйелдердің сауал-
нама кезіндегі статусы тұрмыста немесе бірге тұрып жатыр дегеннен
гөрі жалғыз болуы ықтималдығы көп болуы мүмкін. Сондықтан зорлық-
зомбылыққа ұшырамаған әйелмен салыстырғанда ересек кезінде зор-
лық-зомбылыққа ұшыраған әйел тұрмыста, не азаматтық некеде болудан
гөрі жалғыз болу ықтималдығы жоғары деген гипотеза жасады.
Осы жолмен зерттеушілер бала күнінде зорлық-зомбылыққа ұшы-
рауының не ұшырамауының отбасылық өмір мен бірге тұруға әсері ту-
ралы өзге топшылаулар мен гипотезалар шығарды. Әр жолы деректер
дала жұмысында күтілетін топшылау мен гипотезаларды растап отыр-
ды. Әр тәсіл зорлық-зомбылық пен жақын қарым-қатынас құру байла-
нысына өзгеше перспектива береді және әрқайсысының ерекше күшті,
осал тұстары бар. Сауалнама зорлық-зомбылықты респонденттер сенім-
ді түрде жауап берген нақты сұрақтар легімен өлшеді, ал далалық зерт-
теуге қатысушылар зерттеушіге сенім артқан соң, зорлық-зомбылыққа
КӨПТІК ӘДІС
572
ұшырағандарын айтты. Сауалнама деректері респонденттердің одақ ста-
тусына кросс-секциялық көзқарасын ұсынды, ал далалық зерттеу одақ та-
рихына қатысты бақылауды егжей-тегжейлі көрсетті. Мысалы, далалық
зерттеудегі сылбыр одақта деп жіктелген әйелдердің алтыдан бірі зерт-
теу алдында, кем дегенде, 1 жыл бойы тұрмыста болмаған немесе некесіз
бірге тұрмаған, далалық жұмыс барысында да мұндай қарым-қатынаста
болмаған, ондай қарым-қатынас құруға қызығушылық танытпайтын-
дарын да айтты. Салыстырмалы түрде алғанда шағын, кездейсоқ емес
іріктеме негізінде далалық зерттеу зорлық-зомбылықты одақ үлгісінің
нақты мысалдарын да көрсетті. Салыстыра айтқанда, сауалнама үлкен
кездейсоқ іріктемеге сүйенді және статистикалық талдауда қадағалан-
ған бірнеше айнымалы өлшемдері болды. Осылайша далалық жұмыс пен
сауалнама бірін-бірі жақсы толықтырды. Зорлық-зомбылық өлшемдері-
нің жарамдылығын тексеріп, табысы төмен ерлер мен әйелдер одағына
зорлық-зомбылықтың әсерін тереңірек деңгейде түсіндірді.
Әлеуметтік зерттеудегі негізгі төрт тәсілді салыстыру
Триангуляция принципі гипотезаны ортақ әдіснамалық тұрғыда әлсіз
тұсы жоқ бірнеше әдіспен сынау құндылығын білдіреді. Осылайша әлеу-
меттік әлемге қатысты танымымызға сенімді бола түсеміз. Бұл позиция-
ның екі салдары бар. Біріншіден, Джоель Смит (1991: 2) «ХХІ ғасырдағы
әлеуметтану әдістемесі» атты мақаласында жазғандай, әлеуметтік зерт-
теуді «сұрақ сипаты, қарастырылып отырған құбылыс және бізді қанағат-
тандыратын жауап түрі» деп анықтауға тиіс. Әлеуметтік зерттеуде көбіне
әдіс мақсатқа сай келгені үшін таңдалмайды яки құрылмайды, әдіс «нені
және қалай зерттеу керегін анықтайтын идеологияға айналып кеткен»
(2). Сандық зерттеуден гөрі сапалық зерттеу (немесе керісінше), сауал-
нама зерттеуінен гөрі салыстырмалы тарихи әдістер, эксперименттен
гөрі дала зерттеуі көбірек бағаланады. Алайда бұл догмалық позициялар
әлеуметтік зерттеудегі барлық қорытындының қарапайым мәселелер-
ді шешуге негізделгенін бүркемеледі. Смиттің айтуынша (11–13), оны
мына бес сұрақ бағыттайды:
1. Зерттеуші нені білгісі келеді және неліктен? (Кез келген зерттеу-
дің айқын теориялық мүддеге бағытталған нақты мақсаты болуы
керек).
2. Нені бақылайды? (Уақыт пен орын, талдау бірлігі, тиісті сипаттама
және бірліктер кіретін процестер таңдалады).
3. Қай және қанша объект тексеріледі? (Кез келген зерттеуде бақы-
лаулар легі шектеулі болғандықтан, бақылаулардың нені көрсете-
тінін және теория, бағалаудың қалаулы нақтылығы мен қолда бар
ресурстарға сай неше кейсті сұрыптау керегін білу керек).
4. Қызығушылық тудырған құбылыс қалай бақыланады? (Сұрақ қою,
сырт келбеті мен мінез-құлыққа мән беру, физикалық белгілерді
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
573
жазу және өзге де бақылау әдісі теорияға, әр тәсілдің салыстырма-
лы артықшылығы мен кемшілігіне байланысты болуға тиіс).
5. Жауаптар қалай қабылданады? (Табылған жайт туралы қаншалық-
ты сеніммен нені мәлімдеуге болатыны талдауда көрсетілуге тиіс).
Қысқаша айтқанда, әлеуметтік зерттеу біреудің не білгісі келетіні мен
белгілі бір тәсілдің қалай қолданылуынан гөрі неліктен қолданылатыны-
на мән береді. Сенімді болу үшін белгілі бір техника мен әдісті қолдануы-
мыз керек, бірақ оларды догматикалық тұрғыда қарауға болмайды, әйт-
песе оларды қолдану түпкілікті мақсат болып кетуі мүмкін.
Триангуляцияның екінші салдары – қай әдісті таңдау және оларды мүм-
кін жерде қалай бірге қолдануға қатысты шешім қабылдау үшін әлеумет-
тану саласы ғалымы әр тәсілдің артықшылығы мен кемшілігін білуі керек.
13.2-кестеде төрт негізгі тәсілдің күшті және осал тұстары жинақталған.
Салыстыруларды қарапайым ету үшін кесте осы төрт стратегияның нақ-
ты мінсіз формаларына назар аударған: лабораториялық эксперимент,
құрылымдалған сауалнама, қатысушыларды бақылау және дәйектерді
құжаттау. Дегенмен әр базалық стратегия ішіндегі вариацияларды еске
алғанымыз жөн. Экспериментті далада да, лабораторияда да жасауға бо-
лады. Сауалнаманың бірнеше түрі бар (мысалы, телефон сұхбаты мен хат
анкетасы), далалық зерттеуде ауқымды сұхбат алынуы және зерттеу ор-
тасына қарай қатысу деңгейі әртүрлі болуы мүмкін, қолда бар деректер
түрлі әдіснамалық тәсілдер есебінен сансыз формада келеді. Осы төрт-
тағанды типологияға кірмейтін құрылымдалған бақылау, этнометодоло-
гия және өмір тарихы сияқты өзге зерттеу стратегиялары да бар. Бұл кі-
тапта олар жайында қысқа ғана жазылды не мүлдем жазылмады.
13.2-кестедегі жазбалар әр тәсілдің салыстырмалы күшін сегіз өлшем
бойынша жинақтайды: «Ә» деген тәсілдің салыстырмалы түрде әлсіз еке-
нін, «О» оның күштілігі не әлсіздігі орташа екенін және «К» бұл өлшем-
нің осы тәсілде күшті екенін білдіреді. Кесте көрсетіп тұрғандай, базалық
стратегияның ешқайсысы тақырып не зерттеу сұрақтарына қатысты аса
икемді емес екенін көрсетеді. Эксперименттер мен архив жазбалары-
ның салыстырмалы түрдегі икемсіздігі осындай шектеуден туындайды.
Эксперимент практикалық және этикалық тұрғыдан манипуляциялауға
болатын нәрсеге тәуелді, қолда бар деректі зерттеу деректің қолжетімді-
лігіне тәуелді. Зерттеу мәселесіне жалпы сәйкестігін былай қойғанда, әр
тәсіл ақпараттың нақты бір түрін алуға лайықталған. Сауалнама негізгі
жиынтық сипаттамасын алуға және көзқарас пен пікір таласуын сипат-
тауға жақсы келеді. Далалық зерттеу күрделі жағдайлар мен оқиғаларға
қатысты әрекет етушілер анықтамасын жинайды. Қолда бар деректі тал-
дау – көбіне өткен замандағы және үлкен әлеуметтік бірлікті зерттеудің
ең жақсы және жалғыз құралы.
КӨПТІК ӘДІС
574
Салыстырмалы күшті тұсы*
Бағалау
мөлшері
Лаборато-
риялық
экспери-
мент
Сауал-
нама**
Далалық
зерттеу †
Архив
жазбалары‡
Контент шектеулері: нені
зерттеу қолайлы немесе прак-
тикалық тұрғыда ыңғайлы, нені
зерттеу қолайсыз немесе прак-
тикалық тұрғыда ыңғайсыз
Ә О О Ә
Ішкі жарамдылық: сыртқы ай-
нымалыларды қадағалау
К О Ә О
Өлшем жеңілдігі: сенімділік
пен жарамдылықты өлшеу не-
месе тексеру мүмкіндігі
К К Ә О
Реактивті емес өлшем: сына-
лып не бақыланып отырғанын
білу әсерін қадағалау
Ә Ә О К
Зерттеуші бұрмалауын қадаға-
лау: зерттеуші сипаттамасы мен
мінез-құлқы әсерін бақылау
Ә Ә О К
Контекстік түсіну: әрекет-
терді әлеуметтік контексте
зерттеу мүмкіндігі
Ә Ә К О
Сыртқы жарамдылық: ірік-
теме нәтижелерін жалпылау
мүмкіндігі
Ә К Ә О
Қайталау қабілеті
К К Ә О
*Ә – әлсіз; О – орташа; К – күшті.
**Ықтимал іріктемемен құрылымдалған анкета немесе сұхбат.
†Қатысушыны бақылау.
‡Жеке құжаттар мен сауалнама және этнографиялық архивтерді алып тастайтын қолда бар деректі
зерттеу.
13.2-кесте. Сегіз өлшем бойынша тәсілдердің күшті және
әлсіз тұстары
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Зерттеуші зерттеу сұрағын жақсы ашатын әдістеме тәсілі немесе тәсілдер комбина-
циясын таңдауға тиіс.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
575
Эксперимент ішкі жарамдылықты қалыптастыруда мықты, себебі се-
беп пен салдар туралы ең мықты тұжырым жасайды. Сауалнама мен кей
қолда бар деректерді зерттеуде қолдануға келетін статистикалық бақы-
лау сыртқы айнымалыларды (кестедегі О) жартылай бақылауға мүмкін-
дік береді. Дегенмен осындай бақылауды тексеретін ресми қадағалаудың
жоқтығы далалық зерттеуді себеп-салдарлық гипотезаны сынауға қолай-
сыз етеді.
Эксперимент пен сауалнамада өлшемдерді қайталау мен сенімділік
пен жарамдылықты бағалау оңай болғанымен, қатысушының сыналып
жатқанын білуі мен эксперимент жүргізуші яки сұхбат алушының әсері-
нен туындайтын әдіснамалық бұрмалау алдында бұл тәсілдер осал келеді.
Реактивтік жоқ өлшем – қолда бар деректі зерттеу тәсілдерінің көбінің
басты күшті тұсы. Дегенмен де далалық зерттеудің осы бұрмалауға ұшы-
рауы ортадағы адамдардың зерттеушіні қаншалықты қабылдауы мен
оның бір уақытта қатысушы мен бақылаушы рөлін қаншалықты жақсы
ойнай алуына байланысты. Зерттеуші өзіне деген сенімді күшейте алса,
реактивті өлшем ықтималдығы да соғұрлым аз; ол қатысушы және ба-
қылаушы рөлдерін неғұрлым жақсы ойнай алса, зерттеушінің бұрмалау
ықтималдығы да аз болады.
Әлеуметтік өмірді табиғи ортада бақылайтын далалық зерттеу әлеу-
меттік әрекеттерді жан-жақты және өз контексінде түсінуге жақсы жол
ашады. Салыстыру үшін айтсақ, лабораторияда жасалса да, далада жа-
салса да, эксперимент бір не бірнеше айнымалыны оқшаулап алады. Бұл
күрделі байланысты зерттеуді қиындатады. Сауалнама адамның сұхбат
не анкетаның бірегей контексінде не айтқанын зерттейді, бұл оның күн-
делікті өмірдегі сезімі мен қалай әрекет ететінін білдірмеуі мүмкін. Қолда
бар дерек шектеулі контекстілік ақпарат береді.
Сауалнама зерттеуі іріктеудегі қате мен бұрмалауды өте жақсы қа-
дағалайтындықтан, іріктеме жалпылауға жақсы келеді. Құжаттар ірік-
теп жинауға қолайлы болғандықтан, қолда бар дерек тәсілінде іріктеу
кемшіліктері өте аз. Керісінше, бұл – эксперименттің басты кемшілігі,
себебі әдетте қатысушылардың шағын, кездейсоқ емес таңдалған ірік-
темесімен өте шектеулі ортада жүзеге асады. Жалпы алғанда, экспери-
менттен гөрі далалық зерттеуде іріктеу сапасы жақсырақ болса да, да-
лалық зерттеулер оқшау ортада өткізіліп, кездейсоқ емес іріктеме про-
цедурасы қолданылады.
Эксперимент пен сауалнама – қайталау ең оңай зерттеулер. Әрине,
экспериментті қайталау жиі жасалады. GSS сияқты сауалнамалар мен
түрлі анкеталар трендтерді өлшеу үшін бір сұрақтарды қайталап қоя бе-
реді. Далалық зерттеуге уақыт көп кететіні және стандарттаудың жоғы
бұл тәсілді қайталауды қиындатады. Кейде қолда бар деректер зерттеуін
балама өлшем немесе өзге уақыт кезеңінде қайталауға болады, бірақ бұл
да деректің қолжетімділігіне тәуелді.
КӨПТІК ӘДІС
576
13.2-кесте көрсетіп тұрғандай, төрт негізгі тәсілдің осалдығы әртүрлі,
яғни күшті және әлсіз тұстары бірдей екі зерттеу стратегиясы жоқ. Қайта-
лау мысалдарымыз көрсеткендей, тәсілдер бірін-бірі толықтырады және
триангуляция әдісіне негізделген тұжырымдарды күшейтеді.
Қосымша әдістердің салыстырмалы түрде алғанда күшті және осал
тұстарын пайдалану үшін триангуляцияға қоса (зерттеу сұрағына көптік
ұстаным) бір тәсілде әртүрлі стратегиялар мен өлшемдерді біріктіруге
болады. Мысалы, бетпе-бет сұхбатпен салыстырғанда хат анкетасында
шығыны аз, бірақ әдетте жауап бермегендер үлесі көп. Екі сауалнама әді-
сі артықшылықтарын бір зерттеуде былай қолдануға болады: (1) мақсат-
ты жиынтықтың ықтимал іріктемесіне анкеталарды хатпен жіберу, (2)
жауапсыз қалған бұрмалауды топшылау үшін хатпен жіберілген анықта-
маға жауап бермегендердің шағын іріктемесімен бетпе-бет сұхбат жүргі-
зу. Бір зерттеуде әдістерді үйлесімді комбинациялаудың өзге мысалдары-
на алдын ала тестілеуде экспериментке қатысушыларға дебрифинг жасау
бетпе-бет сұхбат алу, сауалнама зерттеуінде эксперименттік дизайндар-
дың виньеткасы, жабық сұрақ құрастыру үшін ашық сұрақтармен алдын
ала сұхбат жүргізу, далалық зерттеу топтарын анықтау үшін архив жазба-
ларын қолдану, сауалнама құралы контентін анықтау мен екіұшты сауал-
нама нәтижелерін шешу үшін далалық зерттеу жасау, даладағы ықтимал
іріктеу мен қолда бар деректерді зерттеу жатады.
Мета-талдау
Триангуляцияның логикалық кеңеюі – «мета-талдау» деп аталатын зерт-
теу синтезі әдісі. Джин Гласс (1976) ойлап тапқан мета-талдау бір зерт-
теу сұрағына жауап беруге тырысқан көп зерттеу нәтижелерін түйіндеу
үшін статистикалық техниканы қолдануды білдіреді. Ол жасалғанға де-
йін әлеуметтік ғылымдарда алдыңғы зерттеуді сөзбен сипаттап шығу әде-
биетке шолу саналатын, ал алдыңғы зерттеуде зерттеушілер негізгі нәти-
желерді түйіндеу мен синтездеуде өзінің жеке пайымына сүйенетін. Зерт-
теушілер мұндай шолуды әлі де жасайды, бірақ осы саладағы зерттеудің
сандық нәтиже өлшемдері болса, мета-талдау әдебиетке бұрынғыдан гөрі
жүйелі баға береді.
Мета-талдау жасау контент-анализ жасау сияқты (он екінші тарау), бі-
рақ онда бақылау (талдау бірлігі) – зерттеуден өзге мақсатқа өндірілген
коммуникация емес, зерттеу туралы бастапқы есеп. Зерттеуші белгілі бір
саладағы эмпирикалық зерттеу есептерін анықтағаннан кейін негізгі нә-
тижелер мен зерттеудің өзге де сипаттарын кодтайды. Содан кейін тәуел-
сіз және тәуелді айнымалылар байланысының жалпы күшін бағалау және
осы байланысты зерттеудің өзге сипаттары әсерін бағалау үшін қорытын-
ды статистикасын есептейді.
Мета-талдаудың бірқатар артықшылығы бар. Нәтижелердің күші мен
сенімділігі қалдырған жалпы әсерді сипаттауға бейім дәстүрлі әдебиетке
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
577
шолуға қарама-қарсы мета-талдау әсерлердің өлшемі мен маңызын баға-
лайтын қорытынды статистикасын шығарады. Бірнеше зерттеу нәтиже-
сін біріктіру (немесе триангуляциялау) арқылы зерттеу нәтижесінің се-
німділігі мен сыртқы жарамдылығына да дәлел келтіреді. Ішкі жарамды-
лығы мықты, ал сыртқы жарамдылығы әлсіз эксперименттік әдебиетте
мета-талдау айрықша пайдалы әрі күшті келеді. Процедуралары, зерттеу
орталары мен іріктемелері әртүрлі эксперименттерде әсер бірізді екенін
көрсету оның жалпылауын айтарлықтай арттырады. Ең соңында айта-
рымыз, мета-талдау зерттеу нәтижелері туралы гипотезаларды сынауға
қолданылады. Стифен Роденбуш (1984) жүргізген мұғалім күтерінің әсе-
рі туралы қызықты талдаудың тақырыбы осы еді.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Дәстүрлі әдебиетке шолу шолушының жеке пайымына негізделеді. Мета-талдау бір
тақырыптағы сандық зерттеулердің әсерлерін нақты статистикалық бағалаумен жүйе-
лі түрде түйіндейді.
Роденбуш бастауыш сынып оқушыларының интеллект коэффициен-
тінің артуына мұғалімнің үміті әсерін тексерген эксперименттің екі-
ұдай нәтижелерін үміт манипуляциясына дейін мұғалімдердің оқушыны
қаншалықты жақсы білу айырмашылықтарымен түсіндіруге болатынын
айтты. Мұғалім үміті дизайны (see Rosenthal and Jacobson, 1968) оқушы-
ларының интеллектуалды дамуына қатысты мұғалім үмітін манипуля-
циялауды қамтиды. Әдетте мұғалімдерге кездейсоқ таңдалған оқушылар
(эксперименттік топ) оқу жылында «озат» болады делінген IQ «қабілетін»
анықтайтын жалған тест нәтижесі беріледі. Содан кейін жыл соңында
«озаттардың» интеллект көрсеткіші бақылау тобынан асқан-аспағанын
көру үшін тағы да IQ тест жасалады. Роденбуш жалған ақпараттың үміт
манипуляциясына дейінгі мұғалім-оқушы байланысы ұзақтығына кері
әсер етеді деген гипотеза құрды. Мектеп ортасында факторлы дизайнда
(бастапқы мұғалім-оқушы байланысы манипуляциясы мен үміті) оның
гипотезасын сынау логикалық тұрғыдан қиын болар еді. Оның орнына
мұғалім-оқушы бастапқы байланыс уақыты табиғи түрде әртүрлі болған
18 эксперименттен мета-талдау жасаған Роденбуш өз гипотезасына мық-
ты қолдау тапты.
Енді мета-талдау жасағандағы қадамдарды кеңінен қарастырайық:
зерттеу мәселесін анықтау, өзекті зерттеу жұмыстарын іздеу, зерттеулер-
ді кодтау, талдау және нәтижелерді көрсету (Cooper and Hedges, 2009).
4
Мәселені анықтау
Мета-талдау зерттеу түрткі нәтиженің сенімділігі мен жалпылығын табу
не жаңа гипотезаны сынау болса да, ең алдымен, бұрынғы зерттеулерді
КӨПТІК ӘДІС
578
тексеру арқылы жауап берілетін зерттеу сұрағын анықтап алу керек. Мы-
салы, мына зерттеулер мен мета-аналитикалық нәтиженің сұрақтарына
мән беріңіз:
1. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық бағдарламалары
құқықбұзушылық қайталануының алдын ала ма? Марк Липси
(1994) құқықбұзушылық профилактикасына қатысты 443 зерттеу-
ді талдап, орта есеппен алғанда аз ғана позитив әсер барын тапты.
2. Ғылыми жетістікке жету тұрғысында неліктен ұлдар мен қыздар-
дың айырмашылығы бар? Бетси Джен Беккер мен әріптестері
(1994) жыныс пен жетістік байланысының күрделі себеп-салдар-
лық моделін сынады. Ереже құруға қатысты бір маңызды нәтиже –
ерлер мен әйелдердің ғылымда жетістікке жетуін болжауға қатыс-
ты факторлар бір, яғни ғылыми жетістікке бастайтын бағдарлама-
лар екі жынысқа да бірдей болуы керек.
3. Үй аралап насихат жүргізу, телефон шалып насихат айту және тіке-
лей хат жіберу сайлаушылардың сайлау учаскесіне келуін қанша-
лықты арттырады? Осы дауыс беру белсенділігін арттыру тактика-
сының әрқайсысына мета-талдау жасаған Дональд Грин мен Алан
Гербер (2008) 7.2-қосымшада келтірілген жалғыз эксперимент нә-
тижелерін растады: байланыс әдісі неғұрлым жеке дауыс берушіге
бағытталса, дауыс берушілердің учаскеге келуіне әсері де соғұрлым
жоғары. Бетпе-бет байланыс жасау ең жақсы нәтижені береді, одан
кейінгілері: еріктінің телефон шалуы, коммерциялық телефон ком-
паниясы қызметкері шалатын телефон, поштасына хат жіберу.
4. Ерлі-зайыпты қарым-қатынасы сапасы мен ата-ана мен бала қарым-
қатынасы сапасы арасында позитив байланыс бар ма? 68 зерттеу-
ге мета-аналитикалық шолу жасаған Оснат Ерел мен Бонни Бурман
(1995) орташа позитив байланыс тапқан. Нәтиже әсер ету гипотеза-
сын (ерлі-зайыпты арасындағы көңіл-күй ата-ана мен бала қарым-
қатынасына әсер етеді) растады. Бұған қарама-қарсы гипотеза –
өтеу гипотезасы (қарым-қатынас кемшілігін өтеу үшін ерлі-зайып-
ты ата-ана мен бала қарым-қатынасынан медет іздейді) еді.
5. Колледж студенттері академиялық көрсеткіштерінің ең мықты
болжамдары не? Мишель Ричардсон, Чарльз Абрахам және Род
Бонд (2012) 1 100-ден астам дербес зерттеудегі колледждегі орта-
ша бағаның 50 болжамын тексерді. Олар ең үлкен корреляция үл-
герімі жақсы боларына сенім (r = 0,59) екенін анықтады (сабақты
жақсы оқи алатынын түйсіну). Одан кейін: мектеп аттестатының
орташа бағасы (0,40), ACT тест балы (0,40) және мақсат еткен баға
(0,35) (өз-өзіне міндеттеген минималды мақсат).
Мета-талдауға қолайлы жазылған зерттеу сұрағы – бұрынғы зерттеу-
лер жауап берген сұрақтар. 18 экспериментте үміт манипуляциясына
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
579
дейінгі мұғалім-оқушы байланысы уақыты әртүрлі болмағанда (0–24
апта), Роденбуш (1984) гипотезасын сынай алмас еді. Өзге қолда бар
дерек зерттеулеріндегідей, дерек шектеулі болғанда зерттеуші қанағат
тудыра қоймайтын зерттеу сұрағына тоқтауы мүмкін. Мысалы, жоғары
білімге бейімділікті болжау үшін АСТ тестінің критерийге тәуелді жа-
рамдылығына қызығушылық таныттық дейік. Өкінішке қарай, қолда
бар зерттеулерден, жалпы алғанда, колледжге түспеген, не құжат тап-
сырмаған АСТ балы төмен оқушылар алынып тасталған. Сондықтан біз
деректері бар зерттеу сұрағына тоқтаймыз: АСТ тесті колледжге түскен
студенттер бағасын қаншалықты жақсы болжайды?
Дерек жинау
Зерттеу сұрағы мета-аналитикалық нәтижелер жалпыланатын немесе те-
лінетін мақсатты жиынтықты қаперде ұстайды. Мінсіз жағдайда зерттеу
сұрағына қатысты зерттеулердің бәрін қамтығымыз немесе олардың ірік-
темесін алғымыз келер еді. Алайда іс жүзінде жиналған дерек мақсатты
зерттеудің объектив емес іріктемесі болады. Мысалы, Роденбуш (1984)
1–7-сынып оқушылары қатысқан және нәтиже ретінде IQ қолданылған
мұғалім үміті зерттеулерін табу үшін жарияланған әдебиетке шолуларды
және компьютердегі дерек қорын қолданды. Оның іріктемесі жариялан-
баған зерттеулер мен әдебиетке шолулар, не дерек қорларына кіріп үл-
гермеген соңғы зерттеулерді қамту тұрғысынан бұрмаланған.
Әдебиет іздегенде жарияланбаған зерттеулердің жоқтығы «файл тарт-
пасы» мәселесі деп аталады (Rosenthal, 1991: 103). Ғылыми журналдар
нәтижесі мардымсыз зерттеулерді жариялауға құлықты болмайтындық-
тан, мұндай зерттеудің файл тартпасында жатып қалуы ықтимал. Яғни
жарияланған зерттеулер бұрын-соңды жасалған барлық зерттеудің бұр-
маланған іріктемесі болуы мүмкін.
Мета-талдауда дерек жинаудағы ең жақсы тәсіл – бірдей бұрмалауды
бөліспейтін, көптік, толықтырушы мәлімет арналарын қолдану (триан-
гуляция) (Cooper and Hedges, 2009; White, 2009). Мысалы, осы салада жұ-
мыс істейтін зерттеушілерге хабарласу – әдебиетке шолу және дерек қор-
ларында жоқ, жаңа әрі жарияланбаған зерттеулерді табу тәсілі. Томас Кук
пен әріптестері (1994: 289–94) алдымен кілтсөз негізінде компьютерге
салынған әдебиетті іздеуді (кітап, мақала, жарияланбаған диссертация,
зерттеу және техникалық есеп және конференция материалдары), содан
кейін ондағы сілтемелерді қарап шығып, осы салада жұмыс істейді деп
табылған ғалымдарға хабарласуды ұсынады.
Дегенмен бұлай жіті іздегенде тым көп кандидаттық зерттеулер табы-
луы мүмкін. Cодан кейін оларды ықтимал іріктімесі немесе жарамдылық
критерийлері сүзгісінен өткізу керек. Липси (1994: 87–88) мета-талдауға
жасөспірімдердің құқықбұзушылығы туралы 8 мыңнан астам зерттеу-
ден 443-ін іріктеп алу үшін егжей-тегжейлі критерий қолданған.
КӨПТІК ӘДІС
580
Жарамдылық критерийлері: зерттеу ағылшынтілді елде Екінші дүниежү-
зілік соғыстан кейін жасалған болуға тиіс, зерттеу нысандары 21 жасқа
дейінгілер, нәтиже айнымалыларының, кем дегенде, біреуі жасөспірім
құқықбұзушылығы профилактикасы жасалатын топ пен бақылау тобын
өлшеуге тиіс және профилактика жасалатын топ пен бақылау тобының
ұқсастығын бағалауға профилактика шарасы алдында кездейсоқ таңдау
немесе өзге құрал қолданылуға тиіс.
Деректерді бағалау
Әр зерттеуді бағалау және кодтау контент анализ категорияларын анық-
тау мен кодтауға ұқсас. Зерттеуші зерттеулерге қатысты қоюға болатын
сұрақтар мен әр зерттеуден жауап (өлшем мен кодтар) шығару тәсілде-
рін анықтайды. Мысалы, ерлі-зайыпты мен ата-ананың баламен қарым-
қатынасының нәтижелерін өлшеумен қатар, Ерел мен Бурман (1995)
зерттеу дизайны (сегментаралық не ұзақмерзімді) және дереккөз (жур-
нал мақаласы, кітап тарауы не диссертация), іріктеме өлшемі мен типі
(стресті өмір жағдайы, ауру немесе қоғамдық кикілжіңді бастан өткеріп
жатқан отбасылар), баланың жасы мен дүниеге сол отбасында нешінші
бала болып келгені және ата-ана мен баланың жынысы сияқты ақпа-
ратты да шығарды. Жасөспірімдердің құқықбұзушылығына қатысты әр
зерттеуде Липси (1994: 101–12) әдістемелік дизайн, нысандар, олармен
қатынас, нәтиже және контекст (автордың пәні, тақырыпқа жақындығы,
қаржыландыру көзі, жарияланым түрі мен жылы) туралы 92 айнымалы-
ны кодтады.
Нені кодтау керегіне қатысты шешім зерттеу әдебиетінен, теория не-
месе зерттеушінің арнайы білімінен туындайды. Мұғалім-оқушы байла-
нысының бұрынғы уақытына эксперимент түрінде кіріктірілген мұғалім
күтуі кері әсер етеді деген Роденбуш (1984: 87) гипотезасы когнитив
диссонанс теориясынан алынды. Сонымен қатар ол мұғалім күтуі зерт-
теулерінің әдістемелік кемшіліктерін сынаған материалдарға қатысты
ақпаратты да кодтап, зерттеу нәтижелеріндегі вариациялар қадағалауға
келмейтін өлшем (жеке және топқа жүргізілетін IQ тесті) немесе тест алу-
шының объективті болмауы (соқыр тест және жалған «озат» ақпаратын
біледі) салдарынан бәсекелес гипотезалар негізсіз екенін талдап көрсете
алды.
Т.Д. Кук пен әріптестері (1994: 297) сыншылардың мета-талдауды
«сәнді статистикалық техникаларды қолданып, қоқыс жәшігіне төгуге
лайық қоқысты бүркемеледі» деп түйреп, саны көп осал зерттеулердің үз-
дік зерттеулерді ығыстыруына жол ашты деп айыптағанын жазды. Негі-
зінде, мета-талдау зерттеу нәтижелері айырмашылығын түсіндіретіндік-
тен, зерттеу сапасының ала-құлалығын мета-талдаудың артықшылығы
ретінде қарастыруға болады. Әрине, кейбір нашар зерттеулер қолдануға
жарамсыз. Дизайнда кемшілік болғаны үшін (мысалы, бақылау тобының
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
581
болмауы) Липси (1994) жасөспірім құқықбұзушылығына қатысты көп
зерттеуді ысырып тастады. Қалған 443 зерттеудің түрлі әдістемелік ди-
зайн сипаты мен техникалық сапа рейтингін кодтағанда Липси жасөспі-
рім құқықбұзушылығы зерттеулеріндегі нәтижелердегі өзгешеліктердің
ширек бөлігінен көбірегі әдістемеге қатысты болғанын анықтады.
Талдау мен интерпретация
Зерттеулер нәтижелерін салыстыру үшін мета-талдау екі айнымалы бай-
ланысы көлемінің сандық өлшемін есептейді, оны «әсер көлемі» деп
атайды (Borenstein, 2009). Өлшем деңгейі мен зерттеу дизайнына қарай
(мысалы, сауалнама мен эксперимент) байланысты түрлі тәсілмен санау-
ға болады және де әсер көлемінің түрлі статистикалық индекстері бар.
Ерел және Бурман (1995) және Грин мен Гербер (2008) топтар арасын-
дағы стандарт ауытқу өлшемін қолданды; Ричардсон, Абрахам мен Бонд
(2012) корреляция коэффициентін қолданды.
5
Әсер көлемінің әр зерттеудегі өзгермелігін түсіндіруге екі статисти-
калық жиек қолданылды. Тұрақты әсер моделі сынаққа алынған зерт-
теулердің кейстер іріктемесінен өзгесі бірдей деп тұспалдайды. Сөйтіп,
зерттеуаралық өзгермелік іріктеме мен өзге де кездейсоқ процестер нә-
тижесінде пайда болады деп қарастырылады. Кездейсоқ әсер моделінде
түпкілікті нәтижелері әдіс, шарт және ортамен қатар, іріктеменің зерт-
теуаралық өзгермелігінен туындауы мүмкін. Тұрақты және кездейсоқ
әсер базаларының бірін таңдауға қатысты мәселелер күрделі және осы кі-
тап ауқымынан тыс жатыр (қараңыз; Konstantopoulos and Hedges [2009]
and Raudenbush [2009]).
Екі базаның басты айырмашылығын көрсету үшін мұғалімнің күтуі
экспериментін қарастырайық. Егер күту манипуляциясы барлық зерт-
теуде барлық мұғалімдерге бірдей (тұрақты) әсер тудырады десек, бір
зерттеу мен екінші зерттеу арасындағы вариация кездейсоқтық пен өзге
де кездейсоқ процестермен байланыстырылады. Онда мета-талдаудың
ортақ (тұрақты) әсері кездейсоқ кедергіден (шу) бөлек бағалауға қол-
данылуы мүмкін. Енді оның орнына мұғалім күтуінің әсері мұғалімнің
жынысына қарай өзгеше болады деп күтілді дейік. Күту әсері барлық ер
мұғалім мен әйел мүғалімге бірдей болады деп тұспалданғандықтан, бұл
да тұрақты әсерді құруға әкеледі.
Күту манипуляциясы тиімділігі мұғалімдерді сәтті алдау мен мұғалім-
дердің «озаттарға» қатысты айрықша интеллектуалды даму үмітін ақтай-
тындай мәнерде мінез-құлық танытуына да байланысты. Екі жағдайдың
да (алдану мен күтуді жеткізу) барлық мұғалім бойында бірдей байқалуы
екіталай. Сондықтан кездейсоқ әсер зерттеу жиегін қолдану мұғалімдер
күтуінің әсерінің әртүрлі болуына (бірінде төмен, бірінде жоғары) жол
ашады. Дегенмен сыныпта нақты бір мұғалімнің күту әсері барлық оқу-
шыға қатысты бірдей (тұрақты) болар еді. Онда мұғалімдер арасындағы
КӨПТІК ӘДІС
582
күту әсерінің орташа көрсеткішін және өзгермелігін өлшеуге кездейсоқ
әсер талдауы қолданылады. Осыған ұқсас кездейсоқ әсер тәсілін Липси
(1994) де қолданған, себебі бірегей бағдарлама әсерлеріне қатысты тұс-
палды негіздеу үшін құқықбұзушылық туралы зерттеулер тым алуан түр-
лі еді (түзету бағдарламалары, қатысушылар, әдістемелік дизайн және
нәтижелер).
Қоғамға таныстыру
Мета-аналитикалық шолу дайындау он жетінші тарауда пысықталған
зерттеу есебін жазуға ұқсас (мета-талдауға қатысты нақты кеңесті Clarke
[2009] еңбегінен табасыз). Автор оқырманға мақсат (зерттеу сұрағы),
дерек жинау (әдебиет іздеу, жарамдылық критерийі), деректі бағалау
(өлшемдер мен кодтар, толық емес немесе жоқ дерекпен жұмыс), талдау
(статистикалық әдістер мен база, нәтижелерді көрсету) және нәтижелер-
ді автордың интерпретациялауы туралы ақпарат беруге тиіс.
Аудитория мета-талдау мәнін түсініп, оған төрелігін айта алуы үшін
аудиторияға процедура (операциялық анықтама, кодтаушыларды жат-
тықтыру т.с.с.), күрделі проблемаларды шешу (мысалы, жоқ дерек) және
сапаны тексеру (сенімділік және жарамдылық бағалауы) туралы егжей-
тегжейлі ақпарат беруі керек. Мысалы, Ерел мен Бурман (1995: 115) жа-
рамдылық критерийлерінде ерлі-зайыпты мен ата-ана және бала қарым-
қатынасы зерттеуі Лос-Анджелес университеті кітапханасында болуға
тиіс деген шектеу болғанын оқырманға хабарлады. Жарамдылық крите-
рийлерін ашып көрсеткен Ерел мен Бурман аудиторияның бұл мета-тал-
дауды қаншалықты жалпылауға болатынын бағалауға мүмкіндік береді.
Мета-талдау зерттеу жоғарғы зерттеу болғандықтан, кейде қорытын-
дының әдістемелік тірегіне қатысты шатасу болып жатады. Бірінші зерт-
теулер шынайы экспериментті дизайн болғанда және зерттеу мақсаты
эксперименттік айнымалының орташа тиімділігін түйіндеу болғанда,
эксперимент дизайнның артықшылықтары (13.2-кесте) мета-анали-
тикалық нәтижелерге де тән болады, оған қоса, сыртқы жарамдылық
айтарлықтай артады. Алайда эксперименттердің кодталған сипаттары
зерттеу нәтижелеріндегі вариацияларды түсіндіруге қолданылса, дизайн
«корреляциялық» болады да, ішкі жарамдылық мәселелері алдында осал
болады. Бұдан түйеріміз – Роденбуш гипотезасына мұғалім-оқушы басым
байланысы мұғалім күтуі манипуляциясын кемітеді немесе жояды деген
дәлел эксперименттік дизайннан алынатын дәлелден әлсіз.
Түйін
Әлеуметтік зерттеудегі триангуляция – ортақ әдістемелік кемшіліктері
жоқ әртүрлі зерттеу стратегиялары мен өлшемдерін сұрыптау. Егер әр-
түрлі әдістер ұқсас нәтиже берсе, нәтижеге сеніміміз артады.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
583
Әлеуметтік зерттеуде триангуляция тұжырымдамалардың көптік өл-
шемдерін қолдану, далалық зерттеуде зерттеуші топтарын орналастыру,
мәдениетаралық дерек архивтерін қолдану және зерттеулерді қайталау
сияқты әрекеттер арқылы орын алуы мүмкін.
Дәстүрлі түрде көп индикаторды қолданғанда индекс пен шкала да құ-
рылатын. Индикаторлардың негізгі тұжырымдамаға қаншалықты жақсы
қабысатынын тексеру мүмкін болмағанда индекс индикаторларды азды-
көпті еркін біріктіреді. Шкала индикаторлар мен жалғыз негізгі мөлшер-
дің қабысу деңгейін анықтау үшін жасалған процедураға сай болатын ин-
дикаторларды біріктіреді. Индекс пен шкаланың басты пайдасы – өлшем
қатесін азайту.
Балама тәсіл – құрылымдық теңестіру арқылы модельдеу айнымалылар-
дың бәрін, яғни бақыланған индикаторлар мен олардың астарындағы
бақыланбаған тұжырымдамаларды себептік модельдерге кіріктіру арқы-
лы әр индикатордың бірегейлігін сақтап қалады. Индекс өлшемі сияқты
емес, бұл тәсіл өлшем қатесінің белгілі бір түрін сынауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік зерттеуде ең жиі қайталанатын зерттеулер – шағын шкалалы,
шығыны аз эксперименттер. Әдетте зерттеушілер экспериментті қаз-қал-
пында қайталамай, негізгі жиынтық субъектілерін, тәуелсіз айнымалы-
ларды манипуляциялау және тәуелді айнымалы өлшемі сияқты белгілі бір
сипаттарды өзгертіп отырады.
Басқа зерттеу стратегиялары қолданатын қайталау зерттеуі нәтижеге се-
німді арттыра түседі.
Триангуляция принципі (1) әдістер нақты зерттеу проблемасына лайық-
тығына қарай таңдалуға тиіс және (2) тәсіл таңдау мен тәсілдерді бірікті-
руде балама зерттеу стратегияларының салыстырмалы күшті және әлсіз
тұстары таразылануы тиіс дегенді білдіреді.
Мета-талдау – қайталау яки көптік, бір-біріне қатысты зерттеулер нә-
тижелерін синтездеуге арналған жүйелі процедура. Зерттеушілер мета-
талдауды алдыңғы зерттеу нәтижелерінің өзгермелігінің іріктеу (өлшем
мен дизайн), әдіс (ішкі бұрмалау) немесе шарттар мен орта (сыртқы жа-
рамдылық) тұрғысында зерттеуаралық айырмашылықтармен байланысы
бар-жоғын анықтауға жиі қолданады.
Мета-талдау жүргізу лайықты зерттеу мәселесін анықтауды, өзекті зерт-
теу жұмыстарын іздеу, содан кейін іріктеуді, зерттеулердің тиісті аспекті-
лерін кодтау, статистикалық талдау жасау және нәтижелер интерпрета-
циясын көрсетуді қамтиды.
Тірек сөздер
Триангуляция Құрылымдық теңестіру арқылы модельдеу
Индекс Қайталау
Шкала Мета-талдау
Бірөлшемді Әсер көлемі
КӨПТІК ӘДІС
584
Гуттман шкаласы Тұрақты әсер моделі
Лайкерт шкаласы Кездейсоқ әсер моделі
Тапсырмалар
1. GSS жобасында индекс құрауға болатын көп пікір легі бар. Индикаторлар жи-
нағынан индекс құруды түсіну және практика жасау үшін GSS Data Explorer
уеб-сайтын ашыңыз (https://gssdataexplorer.norc.org/). Алдымен өлшегіңіз
келетін тұжырымдаманы (мысалы, аборт, жанашырлық, өнерге атсалысу)
анықтап алыңыз. Содан кейін «Explore GSS data» дегенді басып, сол жақтағы
кілтсөз ұяшығына тұжырымдама атауын жазыңыз. Енді егжей-тегжейлі ақпа-
рат алу үшін сұрақтың қойылуы, сауалнама жылдары және тиісті айнымалы-
ларды қамтыған әр айнымалыны түртіңіз. Қосқыңыз келетін айнымалылар-
ды таңдап, өз индексіңізді құрыңыз.
2. Нәсілдік араласуға қатысты ұстаным Трейман индексінің бес пікірлі GSS-ке
талай мәрте енген. 1972 жыл мен 1985 жыл аралығында бес пікір де сауална-
маға қосылды. Төменде осы бес пікірдің GSS лейблі берілген, интеграцияны
қолдайтын және қарсы жауаптар кодтары жақша ішінде:
RACSCHOL Ақнәсілді оқушылар мен қаранәсілді оқушылар бір мектепке
баруы керек деп ойлайсыз ба? (1 = про; 2 = анти)
RACDIN Егер отбасы мүшесі қаранәсілді досын кешкі асқа ертіп келгісі кел-
се, қаншалықты қарсы болар едіңіз? (3 = про; 1, 2 = анти)
RACSEG Ақнәсілді адамдар қаласа, өз ауданына қаранәсілділерді кіргізбеу-
ге құқылы, қаранәсілділер бұл құқыққа құрметпен қарауға тиіс
(3, 4 = про; 1, 2 = анти)
RACMAR Қаранәсілді мен ақнәсілді адамның үйленуіне тыйым салатын заң
болуы керек деп ойлайсыз ба? (2 = про; 1 = анти)
RACPUSH Қаранәсілділер шақырылмаған жерге ұмтылмауы керек.
(3, 4 = pro; 1, 2 = anti) 1972–1985 жылдардағы индекс балдары трендін
көру үшін уеб-сайтты ашыңыз http://sda.berkeley.edu/sdaweb/analysis/
?dataset=gss14. Осы беттің жоғарғы жағындағы «create variables» дегенді
басып, жоғарыдағы бес пікір негізінде индекс құру үшін осы сызықты қол-
даныңыз.
Алдымен интеграцияны қолдайтын жауаптарға «1» мәні, ал интеграцияға қарсы
жауаптарға «0» мәні берілетіндей етіп, барлық пікірлерді қайта кодтап шығыңыз.
«New variable» дегенге бұрыннан бар айнымалы атауын қолданыңыз, белгілерді жо-
йыңыз да «replace that variable, if it already exists» дегенді тексеріңіз; содан кейін «Start
Recoding» дегенді басыңыз.
Бес пікірді де қайта кодтағанан кейін «compute» командасын басыңыз да
«RACINDEX = RACSCHOL + RACDIN + RACSEG + RACMAR + RACPUSH» енгізіңіз;
содан кейін «Start Computing» дегенді басыңыз.
Енді беттің жоғарғы жағындағы «Analysis» дегенді , содан кейін «Means» дегенді
басыңыз; тәуелді айнымалы ретінде «RACINDEX», жол айнымалысы ретінде «RACE
(1)» және баған айнымалысы ретінде «YEAR» дегенді енгізіңіз; енді «Run the Table»
дегенді басыңыз.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
585
Жеті сауалнамадан құралған индекстің орташа мәні қандай? Осы кезеңде инте-
грацияға қатысты ұстанымдар ұнамдырақ бола түскен. Ең үлкен өзгеріс қашан орна-
ды: 1972–1977 әлде 1977–1982 жылдары ма?
3. Біз Гуттман шкаласының жеке ұстанымды өлшеуге қолданылғанын сипат-
тадық. Әлеуметтік сала зерттеушілері Гуттман шкаласын топ, қоғамдастық
және тұтас қоғам сияқты әлеуметтік бірліктер сипаттамасын өлшеуге де қол-
данады. Эквадордағы теңіз жағалауындағы шағын ауылда далалық зерттеу
жасаған антрополог Грег Гуест (2000) әр отбасы материалдық игілігінің сан-
дық өлшемін құрастырды. Далалық жұмыс отбасының дәулеті материалдық
мүлік тұрғысынан өлшенетінін көрсетті. Мысалы, сұхбаттар мен бақылаулар-
дан ол «өте кедейдің газ плитасының жоғы, ал сіңірі шыққан кедейдің тіпті
маса торын сатып ала алмайтынын» білді (Guest, 2000: 348). Сынақ негізінде
Гест әл-ауқатты көрсететін мына жеті пікірден құралған Гуттман шкаласын
құрды: (1) масахана; (2) көрпе-төсек; (3) газ плитасы; (4) теледидар; (5) то-
ңазытқыш; (6) стерео және (7) жинақ есебі.
а. Гуттманның мінсіз шкаласының жауап паттернін көрсететін кесте құрыңыз.
ә. Шкалалық емес жауап паттерніне мысал келтіріңіз.
4. Мына зерттеу мақсаттарының әрқайсысына әлеуметтік зерттеудегі қандай
базалық тәсілдерді қолданар едіңіз? Әр жолы осы тәсілдердің өзгелерден ар-
тықшылығын түсіндіріп отырыңыз.
а. Альтруизм әрекетін түсіндіруге қолданылатын рөл бірегейлігі теория-
сын сынағыңыз келеді делік. Бұл теорияға сай, рөл тұлға үшін маңызды
болған сайын оның сол рөл бірегейлігіне сай әрекет ету ықтималдығы
да жоғары. Мысалы, қан тапсыру рөл бірегейлігі маңызды болған сайын
тұлғаның мүмкіндік болған жерде қан тапсыру ықтималдығы да жоғары
(Callero, 1985).
ә. Студенттердің жұмыс тобынан колледж кампусындағы еріктілердің қа-
зіргі ресми ахуалын жазып беру сұралды делік: қанша ерікті студент
бар? Қазір студенттер қай жерде ерікті ретінде жұмыс істейді? Олар қан-
дай ерікті жұмысын атқарады?
б. Он бес еуропалық мемлекет қарастырылған салыстырмалы зерттеуде
Киран Хили (2000) қоғамда қан жиналуы мен таратылуы қан тапсы-
рушыларға және олардың қанша уақытта қанша қан тапсыратынына
әсер ететінін көрсетті. Екінші дүниежүзілік соғыстан қазіргі күнге дейін
Америка Құрама Штаттарында қан жинау практикасы мен қан тапсыру
байланысын зерттеуге шешім қабылдадыңыз делік.
5. Мета-талдаудың тамаша үлгісі – Томас Петтигрю мен Линда Тропптың Journal
of Personality and Social Psychology басылымының 2006 жылдың мамырында-
ғы нөмірінде (vol. 90, pp. 751–83) шыққан топаралық байланыс теориясының
мета-аналитикалық тесті. Мета-талдауды біле түсу үшін осы мақаланы оқып,
мына сұрақтарға жауап беріңіз.
а. Топаралық байланыс теориясы қолданылған алдыңғы зерттеулерге шо-
лулардағы басты кемшіліктерді мета-талдау қалай шешеді?
КӨПТІК ӘДІС
586
ә. Петтигрю мен Тропп байланыстың балама түсіндірмесі – наным әсерін
жоюға талпынды. Олар кері себеп-салдарлық, яғни наным топаралық
байланысты азайту ықтималын қалай тексерді?
б. Олар «файл тартпасы» мәселесін қалай шешті?
в. Мета-талдауға зерттеулерді қосуға қатысты олардың критерийлерін ай-
тып беріңіз.
г. Олар өзекті зерттеулерді қалай тапты?
ғ. Олар зерттеулердің әдістемелік қатаңдығын қалай ескерді?
д. Соңғы зерттеулер нәсілдік және этностық аз топтардан өзге гомосек-
суалдар мен физикалық және мүмкіндігі шектеулі адамдар сияқты өзге
де топтарды қосып, топаралық байланыс теориясы аясын кеңейтті.
Мета-талдауға сай, теория осы екі қосалқы топқа бірдей жарай ма?
Сілтемелер
1. 1973–1981 жылдардағы 300 қайталау зерттеуін қарастырған Ховард Бар,
Теодор Каплоу және Брюс Чадуик (1983) талдауына сай, зерттеулердің жар-
тысынан көбі психология журналдарына басылған. Дегенмен бұл зерттеу
экспериментті қайталаулар пропорциясын жете бағаламайды деген күдігіміз
бар. Олардың талдауы «тақырыбында «replication», «replicating», «replicated»
немесе «replicate» сөздері бар журнал мақалалары деген социологиялық цита-
та индексі бойынша іздестіріліп табылған мақалаларға негізделді. Сөйте тұра
эксперимент туралы жазылған мақалалар тақырыбында «replication» сөзі си-
рек қолданылады, себебі бір мақалада қайталау элементтері бар екі не одан
көп экспериментті сипаттау практикасы жиі кездеседі. Төменде сипатталған
экспериментті қайталауға мұның қатысы бар.
2. Қарапайым шабуыл (кішігірім құқықбұзушылық) жағдайында күдікті де,
жапа шегуші де полиция келген кезде үйде болады. Шерман мен Берктің жа-
зуынша (1984: 262), «экспериментке полиция... Миннесота штаты заңы бо-
йынша қамауға алуға өкілетті (бірақ тиісті емес) кейстер ғана кірді». Этика-
лық себепке байланысты зерттеушілер «әдетте ауыр қылмыс (зардабы қиын
физикалық зорлық-зомбылық) деп аталатын өмірге қауіп төндірген немесе
ауыр жарақат келтірген кейстерді» зерттеуден алып тастады (262).
3. Үш араласу стратегиясы ретін екі тәуелді өлшем ерекшеледі: қамауға алын-
ған күдіктіні ресми дерек бойынша үйінен кетуге мәжбүрлеген және жапа
шегуші дерегі негізінде кеңес берілген айыпталушыдан ерекшеленді.
4. Мета-талдау зерттеу практикасы Купер, Хеджс және Валентайн (2009) еңбе-
гінде егжей-тегжейлі талқыланған.
5. Үздіксіз (интервал/қатынас) айнымалы мен дихотомиялық айнымалының
әсер көлемі туралы Майкл Боренстейн (2009) және Джозеф Флейсс пен
Джесси Берлин (2009) еңбегін қараңыз.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
587
Он төртінші тарау
Бағалау зерттеуі
Әлеуметтік зерттеу саласы іргелі және қолданбалы болып екіге бөлінеді.
Іргелі әлеуметтік зерттеудің мақсаты – әлеуметтік әлемнің теориялық
түсінігін қалыптастыру; сондықтан ол теориялық мүдделерге сүйенеді
(немесе сүйенуге тиіс) және ғылыми пән аясындағы әріптестер аудито-
риясына бағытталып, солардың көзімен таразыланады. Ал қолданбалы
әлеуметтік зерттеудің басты мақсаты – ағымдағы проблеманы шешу
үшін ақпарат беру. Оның негізгі аудиториясы – әдетте құнды мағлұмат-
қа қол жеткізу ниетімен жұмысты қаржыландыратын клиент (Rossi and
Whyte, 1983). (14.1-қосымшада осы екі зерттеу әдісі арасындағы өзге де
айырмашылықтар көрсетілген).
Осы тарауда қолданбалы әлеуметтік зерттеудің бағалау зерттеуі деп
аталатын нақты формасын қарастырамыз. Бағалау зерттеуі әлеуметтік
зерттеу әдістерін әлеуметтік интервенция бағдарламалары мен саясатын
бағалау мақсатында қолданудан тұрады. Бағалау зерттеушілері іргелі
мәселелерді шешуде іргелі ғылым зерттеушілері пайдаланатын әдістер
жиынтығын қолданады. Енді зерттеу дизайны, ішкі жарамдылық, өл-
шем және сыртқы жарамдылық сияқты белгілі мәселелерді талқылай-
мыз. Бағалау зерттеуін іргелі әлеуметтік зерттеуден ерекшелендіретін
дүние – әдістер қолданылатын әлеуметтік контекст. Алда өздеріңіз бай-
қайтындарыңыздай, бағалау зерттеуімен байланысты саясат пен әкімші-
лік мәселелері айрықша әдіснамалық проблемалар туғызады.
Зерттеу іріктемесі мен негізі
Бағалау – рационал шешім қабылдау не проблеманы шешу процесінің ма-
ңызды сатысы (T.D. Cook, Leviton, and Shadish, 1985: 700). Мұнда, бірін-
шіден, мәселе анықталады; екіншіден, оны шешу жолдары қарастырыла-
ды; үшіншіден, оның бір не бірнеше нұсқасы іске асырылады; төртінші-
ден, іске асырылған нұсқаға баға беріледі, соңында нұсқаның қолдануға
лайық не лайық емес екені туралы шешім қабылданады. Проблеманың
кез келген түрі анықталып, бағалануы мүмкін. Жеке сектордағы компа-
ниялар ұйым саясатын, қызметкерлер құрамын және өнімдерді зерттеу
үшін менеджмент жөніндегі кеңесшілерді, ғылыми-зерттеу саласында-
ғы мамандарды, сондай-ақ маркетологтарды тартады. Алайда «бағалау
588
14.1-қосымша. Іргелі және қолданбалы зерттеу сипаттары
Бұл қосымшадағы кестеде іргелі және қолданбалы зерттеу әдістерінің
сипаттары салыстырылып берілген. Кестеде көрсетілгендей, дербес зерт-
теушінің теориялық білімді тереңдетуге деген интеллектуалдық қызығу-
шылығы мен ниеті іргелі зерттеу жасауға түрткі болады. Ал қолданбалы
зерттеушілер жұмысты тапсырушы тараптың нақты бір проблеманы ше-
шуде қандай да бір бағдарламаның тиімділігін анықтау қажеттілігін бас-
шылыққа алады. Осылайша қоғамның рөлі әр алуан; іргелі зерттеушілер
оны қолдап-қорғаушы есебінде көрсе, қолданбалы зерттеушілер өз жұмы-
сын жалпы қоғам әл-ауқатын жақсартуға бағытталған іс деп қарастырады.
Іргелі ғылым зерттеушілері зертханалық бақылау мен ішкі жарамдылыққа
баса мән беретін табандылық пен ғылымның абсолют нормаларын мүм-
кіндігінше ұстанады; қолданбалы зерттеушілер жұмысты тапсырушы та-
раптың қажеттілігін өтеу үшін керек дүниенің бәрін істейді, олар жасаған
зерттеудің пайдасы оның сол салада қалай қолданылатынына байланыс-
ты. Екеуінің арасындағы тағы бір айырмашылық, іргелі ғылым зерттеу-
шілері өз еңбектерін ғылыми журналдарда жариялайтындықтан табысқа
жетеді, ал қолданбалы зерттеушілердің табысқа жетуі олардың оңтайлы
шешім қабылдауын үлес қосу мақсатында өз нәтижелерін жұмысты тапсы-
рушы тарапқа дәл жеткізу қабілетіне байланысты.
Іргелі зерттеу Қолданбалы зерттеу
Проблеманы таңдауды
кім арқылы анықтайды:
дербес зерттеуші жұмыс беруші я жұмыс-
ты тапсырушы тарап
Зерттеушіні іштей
ынталандыратын дү-
ниелер:
білімді тереңдетудегі
интеллектуалдық
қызығушылық пен
қанағаттанушылық
қоғамның әл-ауқатын
жақсартуға талпынысы
Мақсат: теориялық түсінікті
жалпылау
әлеуметтік проблема-
лардан келер шығынды
азайту
Қатаң әдістерге сүйе-
неді:
ғылымның пәндік
нормаларына
нәтижелер қолданы-
сына
Баса мән береді: ішкі жарамдылыққа сыртқы жарамдылыққа
Зерттеу орны әдетте: зертхана нақты өмірдегі орта
Білім таратылады: ғылыми, техника-
лық журналдардағы
жарияланымдар
арқылы
көпшілік арасындағы
шешім қабылдайтын
адамдармен қарым-
қатынас арқылы
Дереккөз: Adopted from Fishman and Neigher; 1982 and Freeman and Rossi; 1984.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
589
зерттеуі» термині әлеуметтік зерттеуде пайдаланылатындықтан, ол
әдетте федералдық, мемлекеттік және жергілікті үкіметтің әлеуметтік
мәселелерді шешу үшін бекіткен әлеуметтік бағдарламаларын талдауға
жатады.
Ғылыми процедураларды әлеуметтік проблемаларды шешуге қолдану
айтарлықтай жаңалық емес. Әлеуметтік жағдайларды бағалау өлшемде-
рі мен интервенция тиімділігін тексеретін әлеуметтік эксперименттер
1600 жылдардағы заманауи ғылым қалыптаса бастаған тұстан бастау
алады (Rossi, Lipsey, and Freeman, 2004).
1
Сондай-ақ ХІХ ғасырдың аяғы
мен ХХ ғасырдың басындағы Америкалық әлеуметтану ғылымының қа-
лыптасуы прогрессив және әлеуметтік реформа қозғалыстарымен бай-
ланыстырылады (Oberschall, 1972). Ертеректегі әлеуметтанушылардың
көбі бұл бағытты қоғамды жақсарту және әлеуметтік әділетті арттыру
пәні ретінде қарастырды; сондықтан әлеуметтік проблемалар мен әлеу-
меттік саясат интервенциясына ғылыми әдісті қолдану аталған бағыттың
басты міндеті болды.
Алайда осы сала пайда болған сәттен бастап «академик» әлеуметтану-
шылар мен қолданбалы әлеуметтанушылар арасында шиеленіс бар еді.
ХХ ғасырдың екінші және үшінші онжылдығына қарай көптеген акаде-
миялық әлеуметтанушы әлеуметтанудың ғылыми статусын заңдастыру-
ға талпынып, әлеуметтік реформа дәстүрінен алыстай бастады (Gollin,
1983). Ақырында, олар әуелі әлеуметтік тұрғыдан түзету мақсатының
орнына құндылықтар бейтараптығы мақсатын алға тартқан, кейіннен
қолданбалы жұмыстың барлық формасы статусын төмендеткен кәсіби
идеологияны құрды. Нәтижесінде қолданбалы зерттеумен айналысатын
қандай да бір әлеуметтану саласы ғалымдарының әрдайым бар болға-
нына қарамастан, бағалау зерттеуі саласы өркендей қоймады: шын мә-
нінде, бұл термин 1960 жылдардағы «Кедейлікке қарсы соғыс» пен «Ұлы
қоғам» федералдық бағдарламалары пайда болғанша енгізілмеген де еді
(Haveman, 1987; C.H. Weiss, 1987). Бағдарламаны бағалау үшін қойылған
талаптың барлығы виртуалды түрде жазылған осы әлеуметтік заңнамаға
енгізілген. 1960 және 1970 жылдары бағалау зерттеуіне сұраныс қарқын-
ды түрде артқандықтан, бағалау зерттеуі өз алдына бөлек зерттеу саласы-
на айналды. Бағалау зерттеуі тәжірибесі жайында көп мақала мен кітап
жарық көрді, журналдар пайда болып, кәсіби қауымдастықтар құрылды
(Rossi, Lipsey, and Freeman, 2004: 9).
Бағалау зерттеулері мыңдаған проблеманы зерттеуде пайдаланылды.
Оның ішінде білім алу мүмкіндіктері қолжетімді қоғамдағы үйсіз-күйсіз-
дік деңгейі, балалар мен жұбайына зорлық-зомбылық көрсету, сондай-ақ
нәсілдік дискриминация ауқымы; полиция күштері артуының қылмыс
көрсеткішіне әсері; түрмеден босатылған адамдардың азаматтық өмірге
бейімделуіне қаржылай көмек; сондай-ақ когнитивті қабілетті дамытуға
БАҒАЛАУ ЗЕРТТЕУІ
590
арналған «Жаңа бастама» тәрізді қосымша білім беру бағдарламалары
жайлы мәселелер бар. Алдыңғы тарауларда атап өтілген бағалау негізінде
зерттеулер қатарына Чикагодағы үйсіз-күйсіздер туралы зерттеу (Rossi,
1989; Chapter 6), «Сезам көшесі» телехикаясы (Ball and Bogatz, 1970;
Chapter 7) және Сан-Диегодағы полиция патруліне жұмысқа алу тәжіри-
бесі бойынша жүргізілген нақты жағдайдағы эксперименттер (Boydstun,
Sherry, and Moelter, 1978; Chapter 7), Коннектикут штатындағы жыл-
дамдықты арттыруға қарсы амал-шараларды уақыт аралығы бойынша
талдау (Campbell and Ross, 1968; Chapter 8), «Ұлы кітаптар және шағын
топтар» зерттеуі (Davis, 1964; Chapter 9) және Миннеаполистегі тұрмыс-
тағы зорлық-зомбылық эксперименті (Sherman and Berk, 1984; Chapter
13) кіреді. Енді бағалау зерттеуінің түрлері мен соған тән проблемаларды
көрсету үшін үш зерттеуді қысқаша баяндаймыз.
1-мысал: бостандыққа шыққан тұтқындарға көмек
Алғашқы қарастыратын зерттеуіміз рецидивизмді, яғни сотталған қыл-
мыскерлердің түрмеден шыққаннан кейін қылмысты қайталау үрдісін
азайтуға бағытталған саясатты таразылайды. 2005 жылы бостандыққа
шыққан 400 мыңнан астам тұтқынды бақылаған АҚШ-тың Әділет депар-
таменті ұсынған дерекке сүйенсек (Durose, Cooper and Snyder, 2014), әлгі
адамдар түрмеден шыққаннан кейінгі 5 жыл ішінде олардың 76,6%-ы
қамауға алынып, 55,1%-ы түрмеге оралған. Қылмысты қайта жасауды
азайтуы мүмкін екі фактордың қатарына жас ерекшелігі және жұмысқа
орналасу жатады: «Егде жастағы ерлер мен жұмыс тауып, сонда тұрақтап
қалатын бұрынғы қылмыскерлердің түрмеге оралу ықтималдығы анағұр-
лым төмен» (Rossi, Berk, and Lenihan, 1980: 6). Әлеуметтік саясат қартаю
процесіне қатысты қандай да бір процесті жүзеге асыруда дәрменсіз бол-
ғанымен, әртүрлі әлеуметтік бағдарламалар бұрынғы қылмыскерлерді
жұмыспен қамту мүмкіндіктерін арттыруға бағытталды. Еңбек департа-
менті демеушілік көрсеткен 3,4 млн долларлық ауқымды эксперимент ая-
сында Питер Росси, Ричард Бёрк және Кеннетт Ленихан (1980) осы тәріз-
ді бір бағдарламаның әсерін зерттеді.
Жылдар бойы Еңбек департаменті тұтқындарды жұмыспен қамтуға
бағытталған бірқатар түрлі амал-шараларға күш салды. Аталған депар-
тамент машықтарды дамыту бағдарламаларын өткізіп, жұмыспен қамту
бойынша арнайы қызметтер құрып, аздаған көлемде қаржылай көмек
көрсетуге тырысқанымен, бұдан айтарлықтай нәтиже шықпады. Алай-
да 1970 жылдардың басында Мэрилендте жүргізілген эксперимент жұ-
мыссыздық бойынша жәрдемақы түріндегі шағын төлемдердің мүліктік
қылмыстарға қатысты қамау көрсеткішін төмендеткенін көрсеткенде,
ресми билік өкілдері таңданғанын жасыра алмады. Осы нәтиже негізінде
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
591
Еңбек департаменті аталған саясаттың сыртқы жарамдылығын тексеру
үшін «өтпелі көмекті зерттеу дизайны» (Transitional Aid Research Project –
TARP) атты ауқымды зерттеу жүргізуге тапсырыс берді.
1976 жылдың қаңтарында басталған бұл эксперимент екі штатта –
Джорджия мен Техаста жүргізілді. 6 айлық кезең ішінде шамамен 2 мың-
ға тарта босатылған тұтқынды кездейсоқ түрде алты жағдайға тағайын-
дады: үш эксперименттік топ қаржылай көмек ұсынылған апта саны мен
бұрынғы тұтқын жұмысқа орналасқанда, оған салынған салықтың кө-
леміне қарай бір-бірінен ерекшеленді, бір эксперименттік топ жұмысқа
орналастыратын арнайы қызметтен тұрды, ал өзге екі топ бақылау тобы
қызметін атқарды. Төлемдер штаттың жұмыссыздыққа төленетін жәрде-
мақы жүйесі арқылы ең төмен деңгейде беріліп отырды, ол Джорджияда
аптасына 63 долларды, ал Техаста 70 долларды құрайтын еді. Бір бақылау
тобынан басқа, қатысушының бәрінен түрмеден босатылғанға дейінгі
және босатылғаннан кейінгі алғашқы жылда сауалнама жиі жүргізілді.
Сондай-ақ қамауға алыну және табыс туралы ақпарат алу үшін қатысу-
шының бәрін компьютерлік файлдар арқылы бақылады.
TARP экспериментінің басты мақсаты – шағын көлемдегі қаржылай
көмек босатылған тұтқындар арасындағы қылмысты қайталау көрсет-
кішін төмендете ме, әлде керісінше арттыра ма – соны тексеру еді. Тер-
геушілер қамауға алыну көрсеткіштерін қарастырғанда, олар жәрдемақы
алғандар мен бақылауда болғандар арасында ешқандай айырмашылық-
ты таппады; жәрдемақы, тиісінше тәртіпте берілмегені анық еді. Тағы бір
ұнамсыз жаңалық – жәрдемақының жұмыс істеуге деген ынтаны жоюшы
фактор ретінде қызмет атқаруы болды, өйткені әдетте жәрдемақы ала-
тын топтар бақылау топтарына қарағанда аз апта жұмыс істеп, шамалы
табыс табатын.
Аталған тәжірибенің сәтсіздікке ұшырау себебін анықтау үшін Росси,
Бёрк және Ленихан (101) сол эксперименттің астарында жатқан теория-
лық модельді қайта зерттеді. Олар атап өткендей,
TARP экспериментінің идеясы бойынша, қамаудан босаған
қылмыскерлер үшін мүлікке қатысты қылмыстар – табыс көзі:
бұл – заңды жұмыс орындарына қарағанда анағұрлым қолже-
тімді және көптеген қолжетімді жұмыс орнымен салыстырғанда
тартымды болуына байланысты ыңғайлырақ жол. Сондықтан
қаржылай көмек көрсету тұтқыннан босаған қылмыскерлерге
бостандыққа шыққаннан кейінгі жұмыссыз кезде ұрлық жаса-
май, сол мерзімді дін аман өткеруге көмектесуі мүмкін.
Алайда эксперименті ұйымдастырушылар шағын көлемдегі жәрдем-
ақының қолжетімді жұмыс түрлерімен оп-оңай бәсекеге түсіп, осылайша
еңбек етуге деген ынтаны төмендететін әсер туғызуы ықтимал екенін
БАҒАЛАУ ЗЕРТТЕУІ
592
алдын ала ойлаған жоқ. Мұнымен қоса, бұл эксперименттің астарындағы
теориялық модель жұмыспен қамтудың қылмысты қайталауға толықтай
ықпалын ескермейді. TARP идеясына сәйкес, жұмыспен қамту – қылмыс
істеу қажеттілігін жоятын табыс көзі. Бірақ жұмыспен қамту да «уақыт-
ты қажет етіп, қылмыс жасау мүмкіндігін азайтады» (Rossi, Berk, and
Lenihan, 1980: 101).
Осы пайымға сүйеніп Росси, Бёрк және Ленихан TARP әсерінің «теңес-
тіру моделін» алға тартты: TARP эксперименті аясында берілетін жәрдем-
ақы қаржылай қажеттілікті төмендету арқылы қамауға алу көрсеткішін
азайтқанымен, жұмыссыздық деңгейін арттыру арқылы қамауға алу көр-
сеткішін өсіріп жіберді. Бұл факт эксперименттік топтар мен бақылау
топтары арасында қамауға алу көрсеткіші бойынша неліктен еш айырма-
шылық болмай, ал жұмыспен қамту бойынша олардың бір-бірінен айтар-
лықтай ерекшеленгенін бірден түсіндіреді. Негізінен, жұмыспен қамту
ұзақтығын бақылай отырып, TARP төлемінің қамауға алу көрсеткішіне
әсерін зерттеу арқылы осы күрделі модельдің тиімділігі тексерілгенде,
әлгі төлемнің шынымен де қылмысты қайталауды азайтқаны анықталды.
Росси, Бёрк және Ленихан «жұмысқа деген ынтаны төмендететін фактор-
лар қандай да бір жолмен жәрдемақыға қатыссыз болған жағдайда ғана
тұтқыннан босаған қылмыскерлерге берілетін қаржылай көмек қамауға
алу көрсеткіштерін төмендету және осылайша қылмыс шығынын азай-
ту арқылы экономикалық тұрғыдан тиімді болады» деген қорытындыға
келді.
2-мысал: мас күйде көлік жүргізуге тыйым салу
Питер Россидің (1989: 14) сөзіне сүйенсек, «әлеуметтік жағдай халық-
тың едәуір бөлігінің назарына іліккенде әлеуметтік проблемаға айнала-
ды». Осы анықтамаға сай, мас күйде көлік жүргізу АҚШ-та 1980 жылда-
ры әлеуметтік проблемаға айналды, себебі «елде мас күйде көлік жүргі-
зу фактілерінің 1980–1983 жылдар аралығында баспасөз бетінде берілуі
оннан көп есе артты, ал 1980 жылдардың ортасында теледидар желілері
осындай оқиғаларды орта есеппен әр үш аптада бірнеше рет көрсетті»
(Ross, 1994: 2). Осы мәселеге зер салынған тұста елде полиция тарапынан
қабылданатын жазалау шаралары көбейіп, мас күйде көлік жүргізу тура-
лы жаңа заңдар мен осыған қарсы өзге де өлшемдер пайда болды, ақы-
рында осы инновациялық саясат жайлы бағалау зерттеулері жүргізілді.
Ішімдік ішетін жастарға қарсы бірқатар шара қолға алынды. Жол
апаты жастар арасындағы өлімнің басты себебі саналады, әрі осы оқи-
ғалардың шамамен жартысының туындауына ішімдіктің қатысы бар
(Ross, 1992: 82). Жастар жайлы алаңдаушылық 1970 жылдардың ба-
сында күшейе түсті, бұл кезде көп штатта
2
ішімдік ішуге заң бойынша
рұқсат берілетін жас шегі төмендетілген соң жеткіншектер арасында
жол апатынан қаза табу көрсеткіші артып кеткен-ді. Бастапқы бағалау
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
593
зерттеулері барысында осы байланыстың анықталуы 1984 жылғы Ішімдік
ішу туралы федералдық бірыңғай заңның қабылдануына түрткі болды,
соған сәйкес, алкоголь ішуге рұқсат берілген мемлекеттік деңгейдегі ең
төменгі жас шамасы 21 жас болып белгіленді.
Ішімдік ішуге рұқсат етілген ең төменгі жас ретінде 21 жастың бекі-
тілуі соңғы 30 жылда кеңінен зерттелді; 1990 жылдардың басына қарай
Г. Лоуренс Росс (1992: 83) мұны «заманымыздың ең мұқият бағаланған
әлеуметтік интервенциясының бірі» деп сипаттады. Зерттеудің барлығы-
на жуығы ішімдік ішуге рұқсат етілген жасты арттыру алкоголь кесірінен
болатын жол апаттарын азайтқанын көрсетті (осы мәселе төңірегіндегі
шолуларды мына жерден қараңыз: General Accounting Office, 1987; Shults
et al., 2001; Wagenaar and Toomey, 2002). Бұл зерттеулердің көбінде үзіл-
ген уақыт тізбегіне немесе бірнеше уақыт тізбегі дизайны (сегізінші та-
рауды қараңыз) пайдаланылып, олар елдегі алкогольді ішімдік ішуге рұқ-
сат етілген жас туралы заңға өзгеріс енгізілгенге дейінгі және одан кейінгі
кездердегі көлік апаты көрсеткішін бақылады. Штатта ішімдік ішуге рұқ-
сат етілетін ең төмен жас 21-ге дейін көтерілген соң, назардағы жастар
тобы, яғни 18–20 жастағылар арасындағы көлік апаты көрсеткіші 16–17
және 21–45 жастағылар сияқты өзге топтармен салыстырылды. Сондай-
ақ аталған топ өкілдері арасындағы жол апаты туралы дерек дәл сол уа-
қытта ішімдік ішуге рұқсат берілетін жасты өзгертпеген өзге штаттарда-
ғы нақ осы топ деректерімен қоса салыстырылды. Мәселен, алкогольді
шектен тыс қолдану және алкоголизм жөніндегі АҚШ ұлттық институты
ішінара қаржыландырған Александр Вагенаардың бұрынырақтағы бір
зерттеуі (1983) төрт штаттағы жол апаты деректерін қарастырды: олар –
1970 жылдардың аяғында ішімдік ішуге рұқсат берілген жасты көтерген
Мичиган мен Мэн штаттары, сондай-ақ ішімдік ішуге рұқсат етілген жас
шегі өзгертілместен сол күйі қалған (тиісінше, 18 және 21 жас) Нью-Йорк
пен Пенсильвания штаттары болатын. Ол Мичиган мен Мэн штаттары
ішімдік ішуге рұқсат етілген жасты 21-ге көтерген соң, онда жол апатына
түскен 18–20 жастағы жүргізушілер санының күрт азайғанын, бірақ Нью-
Йорк пен Пенсильванияда осы жас тобына жататындар арасындағы жол
апаты көрсеткіші мүлде өзгермегенін анықтады.
3-мысал: қылмыстық топқа мүше болуға және кәмелетке
толмағандар арасындағы бұзақылыққа қарсы тұру
ХХ ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та жастар арасында қылмыстық топ
шамадан тыс көбейіп кетті. 1970 жылдары 19 штатта жастардан құралған
қылмыстық топтар бар екені мәлімделсе, 1995 жылға қарай бұл мәселе
барлық штатта көрініс тапты. Дәл осы кезеңде жастар арасындағы қыл-
мыстық тобы бар қалалар саны 201-ден 1 487-ге дейін, яғни 640%-ға кө-
бейді (Miller, 2001). Бұл құбылыс алаңдаушылық туғызады, өйткені қыл-
мыстық топқа мүше болу кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысты,
БАҒАЛАУ ЗЕРТТЕУІ
594
әсіресе зорлық-зомбылықты арттыратыны зерттеулерде үнемі айтылып
келеді (Krohn and Thornberry, 2014).
Жастар арасындағы қылмыстық топ мәселесіне қарсы саяси шаралар-
дың бірі – студенттерді қылмыстық топқа қосылудан сақтануға үйрете-
тін бағдарламалардың әзірленуі еді. Үшінші бағалау зерттеуімізде солар-
дың бірі – «Қылмыстық топқа қарсы тұруды оқыту және үйрету» (Gang
Resistance Education and Training – G.R.E.A.T) бағдарламасы қарастыры-
лады, бұл бағдарлама 1991 жылдары Аризона штатындағы Финикс қала-
сында пайда болған. Оның мақсаты – оқушыларды «қылмыстық топтарға
қосылмау» және «жастар арасындағы зорлық-зомбылықтан бойын таса
ұстау» үшін қажетті ақпарат және машықпен қамтамасыз ету (Winfree,
Peterson Lynskey, and Maupin, 1999). Оның басты компоненті ретінде құ-
қық қорғау органдарының қызметкері жүргізетін дәрістерден тұратын
орта мектепке арналған бағдарлама саналады. Бастапқы бағдарлама сегіз
сабақтан тұрды. Студенттер қылмыс, есірткі және олардың сол аудан мен
мектепке ықпалы; мәдени айырмашылықтар; конфликтілерді бейбіт жол-
мен шешу жолдары; қылмыстық топқа қосылмай-ақ өз қажеттіліктерін
қалай қанағаттандыруға болатыны; қоғамның қалай жауапты мүшесіне
айналуға болатыны; сонымен қатар мақсатты қалай қою керегі жайында
оқып-үйренді (Winfree, Peterson Lynskey, and Maupin, 1999). Бағдарламаға
қатысу үшін G.R.E.A.T. нұсқаушылары не өкілдері мектеп әкімшілеріне не-
месе, керісінше, әкімшілер оларға хабарласа алады.
Бағдарлама шапшаң таралғандықтан, 1994 жылы және 2006 жылы
тағы бір мәрте Мемлекеттік әділет институты (National Institute of Justi-
ce – NIJ) ұлттық бағалау жүргізу үшін гранттар ұсынды. Аталған мекеме
екі грантты да криминолог Финн-Ааг Эсбенсен мен оның жетекшілігін-
дегі зерттеу тобына берді (Esbensen, 2015). Мұнда назарымызды екінші
бағалауға аударамыз, бірақ әуелі бірінші бағалау жайында қысқаша си-
паттап өтейік.
G.R.E.A.T. бағдарламасының бірінші бағалауы екі зерттеуді қамтыды:
оның бірінде АҚШ-тың 11 қаласындағы мемлекеттік мектептерге бара-
тын 8-сынып оқушылары арасында кросс-секциялық сауалнама жүргі-
зілсе (Esbensen and Osgood, 1999), енді бірінде ұзақ уақытқа созылған
квази-эксперименттік дизайн қолданылды, оның аясында АҚШ-тың алты
мектеп округіндегі 7–11 сынып оқушыларына бірнеше мәрте сауалнама
берілді (Esbensen et al., 2001). Бірінші зерттеу барысында бағдарламаның
бірқатар оң әсері анықталды; мысалы, G.R.E.A.T. қатысушылары арасын-
да қылмыстық топтарға мүше болу және ұсақ бұзақылық жасау көрсет-
кіші бұл бағдарламаға қатыспаған жастарға қарағанда төменірек болды.
Алайда анағұрлым тереңірек жүргізілген екінші зерттеуде алғашқы зерт-
теу нәтижелері қайталанған жоқ.
Ішінара осы бағалаулар негізінде 2004 жылы G.R.E.A.T. бағдарламасы
айтарлықтай деңгейде тексеріліп, қайта қаралды.
3
Қайта зерделенген
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
595
оқыту бағдарламасының екінші бағалауы екі компоненттен тұрды: оның
бірі бағдарлама дұрыстығын немесе оның жоспарға қаншалықты сай
іске асырылғанын бағалау болса, екіншісі бағдарламаның жария етілген
мақсатына қаншалықты жете алғанын бағалау еді. Екінші компонент
біріншісіне байланысты болды; бағдарлама көзделгендей іске асырылған-
асырылмағанын білмей, оның сәтті не сәтсіз екенін бағалау мүмкін емес.
Эсбенсен мен оның әріптестері (Esbensen, Matsuda, Taylor, and Peterson,
2011) бағдарламаның дұрыстығын оны іске асыру барысында қате жібе-
рілуі мүмкін үш салада бағалады:
(1) құқық қорғау органы өкілінің дайындығы мен міндеттемелері; (2)
мұғалімнің оған қолдау көрсетіп, өзінің де қатысуы және (3) бағдарлама-
ны іске асыру. Осы үш саланы бағалау үшін авторлар түрлі әдіс пен мәлі-
метті пайдаланды. Оған мыналар кіреді:
Офицерлер өтетін дайындық сапасын бағалау үшін G.R.E.A.T. бағ-
дарламасы аясындағы офицерлерді дайындау бағдарламаларын
бақылау;
G.R.E.A.T. дайындығынан өткен офицерлер мен супервайзерлердің
бағдарламаны іске асырудағы дайындығы мен міндеттеме деңге-
йі туралы көзқарасын анықтау үшін олардың арасында сауалнама
мен сұхбат жүргізу;
Офицерлердің нұсқаушы ретіндегі қабілетін және оқытушылар-
дың бағдарламаға қатысуын бағалау ниетімен мектеп қызметкер-
лері арасында сауалнама жүргізу;
Бағдарламаны жүзеге асыру сапасын анықтау үшін офицерлерді
сол жерде тікелей бақылау (Esbensen et al., 2011: 17).
Офицер дайындығын бақылау сегіз сеанс бойы, елдің бес аймағының
әрқайсысында кемінде бір реттен жүргізілді. Сауалнамалар, сұхбаттар
мен сыныптағы бақылаулар көлемі, аймағы және қылмыстық топтың бел-
сенділік деңгейі бойынша іріктеліп алынған жеті қаладағы 4–5 мектепте
жүргізілді. Нәтижелер G.R.E.A.T. офицерлерінің бағдарламаны іске асы-
рудағы жеткілікті дайындығын, мектеп қызметкерлерінің жалпы оларға
қолдау көрсеткенін, сондай-ақ бірді-екілі жағдайдан бөлек, офицерлер-
дің бағдарламаны «орташа» не «өте жоғары» деңгейде жүзеге асырғанын
көрсетті. Офицерлердің бағдарламаға қатысуға құлшынысы әрқилы, мұ-
ғалімдердің араласу деңгейі барынша төмен және уақытты басқарудағы
мәселелер бағдарламаны сапалы жүзеге асыруға кедергі болғанына қа-
рамастан, зерттеушілер «G.R.E.A.T. бағдарламасы оның тиімді не тиімсіз
әсерін айқын көрсететіндей жеткілікті түрде дұрыс жүзеге асты» деген
қорытындыға келді (Esbensen et al., 2011: 31).
Зерттеушілер бағдарламаның әсерін ұзақ уақытқа созылған экспери-
менттік әдіс немесе, басқаша айтқанда, ұзақмерзімді эксперимент ар-
қылы бағалады (Esbensen et al., 2013). Әуелі олар мақсатты іріктемемен
БАҒАЛАУ ЗЕРТТЕУІ
596
жеті қаладан 31 мектепті (бағдарламаның дұрыстығын бағалау барысын-
да таңдалған қалалар мен мектептер) сұрыптап алды. Содан соң олар әр
мектептегі сыныптарды бағдарламаға (яғни G.R.E.A.T) қатысушы экспе-
рименттік топқа немесе бақылау тобына кездейсоқ тағайындады. Одан
кейін барлық студент претест, посттест және төрт құпия сауалнаманы
толтырды. Сауалнама бағдарламаның мына үш негізгі мақсатына жету
үшін көптік өлшемнен тұрады: (1) жастарға қылмыстық топқа мүше бо-
лудан аулақ жүруіне көмектесу; (2) зорлық-зомбылық пен қылмысты
азайту және (3) жастарға құқық қорғау органдарымен оң қарым-қаты-
нас қалыптастыруға көмектесу. Бағдарлама өткізілгеннен кейінгі тесті-
ні 4 жыл бойы талдау барысында G.R.E.A.T. бағдарламасына қатыспаған
оқушылармен салыстырғанда, бағдарлама қатысушыларының қылмыс-
тық топқа қосылу ықтималдығы төменірек болғаны және полицияға оң
көзқараста екені анықталды. Ал құқықбұзушылық бойынша елеулі ста-
тистикалық айырмашылық болған жоқ.
Бағалау зерттеуі түрлері
Осы үш зерттеуде бағалау іс-әрекеттерінің диапазоны бейнеленген. Сая-
сатты жүргізудің әр кезеңі түрлі бағалау сұрақтарына жауап беруді қалай
қажет ететінін қарастыру арқылы осы іс-әрекеттерді түсіндіруге болады.
14.1-сызбада осы байланыс екі бағанда көрініс тапқан: бірінші бағанда
саясатты жүргізу процесінің эвристикалық моделі берілсе (Дереккөз:
Mark and Shotland, 1985; сондай-ақ қараңыз: Pancer and Westhues, 1989),
екінші баған процестің әр кезеңіндегі негізгі бағалау жұмыстарын анық-
тайды. «Эвристикалық» сөзі аталған модельдің жеңілдетілген, идеалдан-
дырылған түрі болса да, пайдалы екенін байқатады. Саясатты жүргізу
процесі бұл жолмен сирек іске асырылады және саяси амалдарда баға-
лаудың барлық ықтимал түрінің қамтылуы некен-саяқ. Тіпті жаңа саяси
шаралар мен бағдарламаларды әзірлегенде де бірнеше кезеңнен тұратын
кешенді бағалау әдістері сирек қолданылады; бағалау зерттеулері көбіне
өте ертеректе құрылған бағдарламалар мен бұрынғы интервенцияларға
талдау жасайды.
14.1-сызбада саясатты жүргізу процесінің алты сатысы анықталған:
(1) түзетуді талап ететін мәселені анықтау; (2) саясатты жоспарлау –
мәселені шешудің балама интервенция стратегияларын қарастыру; (3)
нақты саяси әрекет немесе бағдарламаны әзірлеу; (4) саясатты немесе
бағдарламаны іске асыру; (5) бағдарламаның ықпалын талдау және (6)
мәселе, саяси және әкімшілік әрекет бойынша кері байланыс. Бағалау
зерттеулерін көбіне-көп бесінші кезеңмен байланыстырғанымен, әлеу-
меттік зерттеу барлық кезеңге үлес қоса алады.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
597
14.1-сызба. Саясатты анықтау мен соған қатысты бағалау
әрекеттерінің кезеңі
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Бағалау зерттеуін саясатты жүргізудің әрбір кезеңінде, яғни мәселені анықтаудан бас-
тап бағдарлама әсерін тексеруге дейін пайдалануға болады.
Мәселені анықтау: концептуалдау және диагностика
Әлеуметтік бағдарламалар мен саяси амалдар әлеуметтік проблемалардың
шешімін табады. Осы тұста «әлеуметтік жағдай әлеуметтік проблема ре-
тінде қалайша анықтала бастайды?» деген сұрақ туады. Бұл, бір жағынан,
1. Әлеуметтік
мәселені анықтау
2. Саяси бағдарла-
маларды жоспарлау
3. Бағдарламаны не
саясатты әзірлеу
4. Бағдарламаны
жүзеге асыру
5. Бағдарламаны
бағалау
Концептуалдау
және диагностика
6. Кері байланыс
пен іс-әрекет
Процесті бағалау
Әсер мен тиімділігін
бағалау
Қажеттіліктер мен
әлеуметтік ықпалды
бағалау
Формативті
бағалау
БАҒАЛАУ ЗЕРТТЕУІ
598
объективті критерий мәселесі болса, екінші жағынан, Питер Росси, Мар-
тин Липси және Говард Фриман (2004: 107) айтқандай, әлеуметтік құры-
лым мәселесі деп те саналады. Үйсіз-күйсіз жүргендерді қарастырайық.
АҚШ-та үйсіз-күйсіз жүрген адамдар бұрыннан бар, бірақ олар ертеректе
әлеуметтік проблема ретінде қарастырылмады. Үлкен тоқырау кезінде
үйсіз-күйсіз адамдар саны жиынтықтың шамамен 1%-ын құрағанда, бұл
мәселе алаңдаушылық туғыза бастады (Burt, 1992). Алайда бұдан кейінгі
қырық жыл бойы үйсіз-күйсіз адамдарға медиа тарапынан аса көңіл бө-
лінбеді. 1975 жылы «Мерзімді басылым оқырмандарына арналған нұсқау-
лыққа» үйсіз-күйсіз адамдар жайлы бірде-бір мақала енбеді (Rossi, 1989:
14). 1980 жылдардың басында үйсіз-күйсіз адамдар үлкен қала көшеле-
рінде көбейе түсті және уақытша паналау нысандары мен тегін тамақ та-
рататын асханалар қызметіне деген сұраныс артты. Үйсіз-күйсіз адамдар
көбейгенімен, олардың саны, яғни бүкіл халықтың шамамен 0,2%-ын
құрайтыны туралы факті (Burt, 1992: 4) 1980 жылдары үйсіз-күйсіздер
мәселесі дәл 1930 жылдардағыдай проблема тудырмағанын көрсетеді.
Алайда баспанасы жоқ адамдардың мүшкіл ахуалы кенеттен медиа наза-
рын аудара бастады. Үйсіз-күйсіздер жайында қаншама мақала жазылып,
бірнеше телевизиялық деректі фильмнің түсірілуі, сондай-ақ үйсіз-күй-
сіздерді қорғауға арналған ұлттық коалицияның құрылуы осы проблема-
ға қатысты қоғамдық сана-сезімді оятты.
Қысқаша айтсақ, проблемалар тікелей статистикалық заңдылықтар
мен құбылыстар арқылы анықталмайды. Дұрысы, проблеманың анық-
талуы мәліметтің қалай интерпретациялануына және ол интерпретация
қоғам алаңдауына айнала ма, жоқ па – соған тәуелді. Ал қоғамды алаңда-
ту түрлі тараптың, әсіресе саяси элитаның құндылықтары мен ықпалы-
на байланысты. Әлеуметтанушылар проблеманы анықтауға үлес қосуы
мүмкін, бірақ әдетте олардың мәселені қоғамға жеткізуде зерттеуші жур-
налистер, насихаттаушы топтар, саяси және рухани көсемдерге қараған-
да рөлі солғындау.
Мәселе анықталған соң, мемлекеттік билік басындағы адамдар өз ше-
шімін хабарлау үшін әлеуметтік зерттеуді жиі пайдаланады. Әлеуметтік
ғылымдарға үлес қосу концептуалдау мен талдаудан басталуы мүмкін, осы
тұста проблема жайлы ненің белгілі және ненің белгісіз екені көрсетіліп,
оның сипаты мен себептері түсіндіріледі. Мысалы, Техас штатының Остин
қаласындағы аға инспектор мектептердегі нәсілдік проблемаларды ше-
шуге көмектесуге шақырғанда, әлеуметтік психолог Эллиот Аронсон
(Aronson et al., 1975, 1978) неліктен десегрегация нәсілдер арасындағы
шиеленісті азайтудың орнына, арттырып жатқанын түсіндіру үшін өзінің
ғылыми білімін пайдаланды. Зерттеу мен теория бойынша, десегрегация
нәтижесінде қалыптасуы мүмкін тең деңгейдегі байланыс нәсіларалық
әрекеттестікті арттыруы және нанымды азайтуға тиіс. Алайда бұл құбы-
лыс әртүрлі нәсілдік топ мүшелері ортақ мақсатты көздегенде ғана іске
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
599
асқаны жөн. Аронсонның ойынша, мұндағы проблема – әдеттегі амери-
калық сыныптағы балалардың ортақ мақсатқа жетуде бір-біріне сирек
арқа сүйейтінінде. Көптеген бастауыш сыныпты жүйелі түрде бақылау
нәтижесінде бұл автор мынадай қорытындыға келді: Балалар мұғалімнің
назары мен сыныптастарының құрметі үшін өзара тайталасқанда, білім
алу процесі қызу бәсекеге айналады. Ал бұл бәсекелес орта десегрегация-
ға дейін болған наным мен қабілеттегі алшақтықтарды анық көрсетеді.
Сондықтан десеграция іске асуы үшін балалар бір-бірін ресурс ретінде
пайдалануды үйренетіндей етіп, білім беру процесін өзгертуге тиіспіз.
Әлеуметтік ғылым деректерін проблеманың ауқымын негіздеу, яғни
оның қашан және қайда туындайтынын, сондай-ақ кімге ықпал ететінін
анықтау үшін де пайдалануға болады. Федералдық үкімет осы мақсатта
жүргізілетін көптеген зерттеуге демеушілік жасайды. Мысалы, 1996 жыл-
дан бері АҚШ-тың Әділет департаменті шеңберіндегі екі агенттік қаржы-
ландыратын Қылмыстық топқа қарсы күрес жөніндегі ұлттық орталық
мемлекет аумағындағы қылмыстық әрекеттердің көлемі мен ауқымын
анықтау үшін жергілікті құқық қорғау органы қызметкерлері арасында
жыл сайын зерттеу жүргізеді. Кең таралған пікірге қарамастан, соңғы де-
ректер бұзақылық әрекеттердің халқы аздау аймақтарда кездеспейтінін
көрсетеді; алайда қылмыстық топтар мен мүшелерінің саны үлкенірек
қалаларда артты (Egley, Howell, and Harris, 2014).
Көп жағдайда әлеуметтік зерттеушілер ағымдағы деректерді әлеумет-
тік проблемалардың ауқымы мен тарихи трендтерін бағалау үшін пайда-
ланады. Трендтерді анықтауда ерекше пайдалы дерек түрі – әлеуметтік
индикатор. Әлеуметтік индикатор дегеніміз – саяси шешімдер қабыл-
дауға ыңғайлы маңызды әлеуметтік жағдайлардың кең, тұтасқан өлшемі.
Мысал ретінде қылмыс, отбасылық өмір, денсаулық, жұмысқа қанағат-
тану, мемлекеттік қызметтерге, мектептер мен қоғамдық көлікке көңіл
толу секілді индикаторларды келтіруге болады; бұл индикаторлар тұтыну
бағасы индексі, жалпы ұлттық өнім мен жұмыссыздық деңгейі секілді та-
нымал экономикалық индикаторлармен қарсы салыстырылуы мүмкін.
Әлеуметтік құбылыстарды анықтау үшін әлеуметтік индикаторларды
да экономикалық индикаторлар сияқты қайталанатын уақыт аралық-
тарында өлшеуге болады. Алдыңғы тарауларда қысқаша сипатталған
Қазіргі халық туралы сауалнама – АҚШ халқының жұмыс күші жайын-
да мағлұмат беретін ең негізгі ақпарат көзі. Сауалнама барысында жұ-
мыспен қамтылу, табыс, жұмыс сағаты мен өзге де сипаттар бойынша
сұрақтар қойылады. Еңбек статистикасы бюросы бұл мәліметті статис-
тикалық деректер, тренд диаграммасын құруға, болжамдар жасауға пай-
даланады, ал бұлар мемлекеттік саясатты жүргізетіндер мен заң шыға-
рушыларға елдің экономикалық жағдайының маңызды индикаторлары
болып есептеледі. Мысалы, Халықтың ағымдағы ахуалы туралы сауална-
масынан 6 жасқа дейінгі баласы бар тұрмыстағы әйелдердің жұмыспен
БАҒАЛАУ ЗЕРТТЕУІ
600
қамтылғандар арасындағы үлесі 1970 жылғы 30,3%-дан 2011 жылы
62,3%-ға дейін артқанын (U.S. Census Bureau, 2008: 380; U.S. Bureau of
Labor Statistics, 2013), 2014–2024 жылдары үш мамандық бойынша ең
көп жұмыс орны қолжетімді болуы мүмкін екенін білеміз, оларға жеке
көмекшілер, тіркелген медбикелер және үйде медициналық көмек көрсе-
тетін мамандар жатады (U.S. Bureau of Labor Statistics, 2016b).
Әлеуметтік индикаторлар проблеманы анықтау мен саяси бағдарла-
маларды жоспарлауды айтарлықтай жеңілдете алады (Rossi, Lipsey, and
Freeman, 2004: 110). Құбылыстар белгілі бір проблемалардың түзеліп келе
жатқанын, сол күйі тұрғанын немесе одан әрі тереңдей түскенін көрсетуі
мүмкін. Деректер проблеманың ауқымы мен оның географиялық және
әлеуметтік таралуы туралы да ақпарат бере алады. Алайда бірқатар әлеу-
меттік проблеманың әлеуметтік индикаторы жоқ. Басқалар үшін ұлттық
деректер проблеманы мемлекеттік не жергілікті деңгейде анықтауда аз
пайдаланылады немесе мүлде пайдаланылмайды. Деректер болмағанда,
жергілікті іріктемелерге негізделген зерттеулер әдетте әлеуметтік проб-
лемалардың ауқымы мен таралуына қатысты дәл ақпарат береді, бірақ
олар көбіне елеулі ресурс қажет етуі мүмкін.
Саяси бағдарламаларды жоспарлау:
қажеттіліктер мен әлеуметтік ықпалды бағалау
Мәселені анықтаған соң ұтымды шешім қабылдаудағы екінші кезең –
балама шешімдерді әзірлеу. Ұтымды шешім қабылдау бірқатар ықтимал
нұсқаны қарастыруды да қамтиды. Алайда саясатты жүргізетіндер көбі-
не идеологиялық және прагматикалық түсініктер негізінде қалыптасқан
санаулы ғана балама нұсқаны зерттеуге бейім. Мысалы, Ричард Бёрк пен
Питер Росси (1976) саясатты жүргізетіндердің консерватор болып келе-
тінін және жаңа саяси қадамдардың сирек жағдайда ғана батыл реформа
ретінде қабылданатынын атап өтті. Сонымен қоса, проблеманың өзек-
тілігі мен жаңа бағдарламалардың әзірлену қарқыны эмпирикалық ба-
ғалауға жеткілікті уақыт бере алмауы мүмкін. Нәтижесінде әлеуметтік
зерттеушілер жаңа бағдарламаны ұсынуға дейінгі саясатты әзірлеуге аз
араласты (Chelimsky, 1987).
Сонда да, бағалау зерттеуінің қажеттіліктерді бағалау және әлеумет-
тік ықпалды бағалау атты екі формасы саяси амал-шараларды әзірлеу
мен бағдарламаны жоспарлау кезеңінде кәдеге асты. Қажеттіліктер-
ді бағалау бағалаудың бірнеше әр алуан түріне жатады. Бұл әдіс назар
аударарлық проблемаларды анықтау мен болжау, қоғамдастықтар мен
ұйымдардағы түйткілдер арасында басымдық орнату, проблеманың ау-
қымын зерттеу, сондай-ақ бағдарлама пайдаланылатын, жалпақ тілде
айтсақ, тиісті қажеттіліктерді өтейтін деңгейді бағалау үшін қолданылуы
мүмкін. Қажеттіліктерді бағалаудың осы соңғы формасы жөніндегі жар-
қын мысал ретінде алтыншы тарауда сипатталған Россидің Чикагодағы
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
601
үйсіз-күйсіз халық жөніндегі зерттеуін (1989) айтуға болады. Зерттеуге
АҚШ-тың 19 штатындағы үйсіздерге арналған медициналық клиника-
ларды қаржыландырған Роберт Вуд Джонсон қоры мен Пью мемориал-
дық қоры демеушілік етті. Осы клиникалардың халықты қамту көрсеткі-
ші мен қаншалықты дұрыс жұмыс істеп жатқанын бағалау үшін қорларға
үйсіз-күйсіздер саны мен олардың денсаулығындағы проблемалардың
сипаты және қаншалықты ауыр екені жайындағы дәл әрі сенімді мәлімет
керек болды.
Қажеттіліктерді бағалаудың тағы бір мысалы – Ройс Синглтонның (жа-
рияланбаған баяндама, 1994) Вустер қаласында (Массачусетс штаты) тұ-
ратын жасы 60-тағы және одан асқан тұрғындар арасында жүргізген зерт-
теуі. Сол кезде салыстырмалы түрде егде жастағы адамдар саны ерекше
көп болғанына қарамастан, Вустерде қарттар үйі болған жоқ, бірақ оның
айналасындағы көптеген анағұрлым шағын қалаларда болған еді. Теле-
фон арқылы жүргізілген сауалнама қарттар мәселесі жөніндегі комиссия
комитетінің қарттарға арналған орталық құруға деген ұмтылысын қол-
дауға арналған болатын. Онда «тұрғындар орталықты пайдаланатын бола
ма, олар орталықтың қайда орналасқанын қалайды және қандай бағдар-
лама мен қызмет түрлерін алғысы келеді?» деген сұрақтар қойылды.
Бағдарлама жоспарлаудағы екінші көмек – ықпалды бағалау. Саяси ша-
ралардың баламалары ұсынылған соң, олардың ықтимал салдары немесе
ықпалын бағалау үшін әлеуметтік зерттеу жүргізуге болады. 1969 жылдан
бері федералдық заң қоршаған ортаға еш ықпал жасамайтын шағын жо-
балардан басқа федералдық қаражат алатын барлық қоғамдық жобаның
қоршаған ортаға әсері жайлы зерттеулер жүргізуді талап етті. Мұн-
дай зерттеулердің маңызды компоненті – әлеуметтік ықпалды бағалау,
яғни саяси бағдарламаның не жобаның әлеуметтік орта үшін салдарын
бағалау. Саясат немесе жоба «адамдардың өмір сүру, жұмыс істеу, ойнау,
өзара байланысу, қажеттіліктерін өтеу үшін ұйымдасу және жалпы, қо-
ғам мүшелері ретінде әрекет ету стилін» өзгертетіндей деңгейде әлеумет-
тік ортаға ықпал ете алады (Burdge and Vanclay, 1996).
Әлеуметтік ықпалын бағалау талап етілетін жобалар қатарына ауруха-
наны кеңейту не көшіру, қаланы жаңартудың әр алуан формалары, бала-
ма автомагистральдар салу және әскери базаларды жабу кіреді. Мұндай
жобалардың бірқатар салдары болуы мүмкін. Олар адамдарға биология-
лық (оларды денсаулығына немесе қауіпсіздігіне азды-көпті қауіп төнді-
ріп), психологиялық (күйзеліс деңгейін арттырып), экономикалық (жұ-
мыс орындары, тауарлар не қызметтер қолжетімділігін арттырып я кемі-
тіп), сондай-ақ әлеуметтік және жеке (адамдардың әлеуметтік желілерге
не әлеуметтік институттар қолжетімділігіне ықпал етіп) тұрғыдан әсер
ете алады (Finsterbusch and Motz, 1980: 94–110). Алаңдаушылық туғыза-
тын басты ықтимал теріс салдары болғанымен, қоршаған ортаға ықпалы
жайындағы зерттеулер баламаларды бағалау кезінде қайшы мүдделерді,
БАҒАЛАУ ЗЕРТТЕУІ
602
сондай-ақ шығын мен пайданы таразылайтындай теңгерілген көріністі
беруге тиіс. Курт Финстербуш және Аннабель Бенд Моц (1980) мұндай
зерттеудің мысалы ретінде Нью-Йорктегі Кеннеди әуежайын кеңейту
жобасын келтіреді. Зерттеуде кеңейту нәтижесінде келетін шығындар-
ға, айталық, Ямайка шығанағының табиғи ортасына келтірілетін зиян,
шығанақтың рекреациялық пайдалануына теріс әсері және ұшақтар шуы
мәселесіне баса назар аударылады; алайда зерттеуде әуежай қолайлығы-
ның артықшылықтары егжей-тегжейлі сипатталды және әуежай қызме-
тін кеңейтудің балама құралдары ұсынылды.
Бағдарламаны әзірлеу: формативті бағалау
Нақты бағдарлама не болмаса саяси интервенция ұсынылғаннан кейінгі
келесі қадам – интервенцияны әзірлеу және оны жүзеге асыруға даярлау.
Осы тұста бағдарлама дизайнын жақсартуға көмектесу үшін формативті
бағалау жүргізуге болады. Формативті бағалау эксперимент алдындағы
тестілеуге қатты ұқсайды. Эксперимент алдындағы тестілеу зерттеуге қа-
тысушыларға негізгі гипотезаны жасыру үшін берілетін жалған мәлімде-
ме, кездейсоқтық процесі, әрекеттерді басқару т.б. секілді эксперимент
компоненттерінің қаншалықты жақсы жұмыс істейтіні туралы ой түюге
негіз болады. Сол сияқты формативті зерттеулер бағдарламаның нақты
компоненттері бағдарлама мақсатымен сәйкес келетінін не келмейтінін
анықтауға ақпарат береді.
Сәтті шыққан формативті бағалаудың бірі балаларға арналған «Се-
зам көшесі» телевизиялық бағдарламасын шығару кезінде көрініс берді
(Reeves, 1970). Бағдарлама жобалаушылары эфирге шықпас бұрын 18 ай
бойы формативті зерттеу жүргізді. Әуелі зерттеуші қызметкерлер бағдар-
ламаның жалпы мақсаттарын нақты міндеттерге айналдырды. Сондай-
ақ олар мақсатты аудиторияның, яғни әлеуметтік жағдайы төмен бала-
лардың білім деңгейін тексеріп көрді. Содан соң олар мақсатқа жету мен
осы аудиторияның қызығушылығын оятудың техникалық стратегияла-
рын әзірледі. Әзірленіп жатқан сегменттер қарапайымдау эксперимент-
тер негізінде қайта тестілеуден өтті. Аудиторияға тартымдылығы бағдар-
ламаның сәтті шығуы үшін аса маңызды болғандықтан, негізгі тәуелді
айнымалының рөлін назар деңгейі атқарды, ол алаңдату әдісімен өл-
шенді. Балалар бағдарламаны теледидар экранынан көріп отырған кезде
слайдтар қабырғаға бала отырған бұрыш арқылы проекцияланды. Назар
баланың слайд орнына бағдарламаны тамашалаған уақыты ретінде қа-
растырылды. Осы әдістің арқасында бағдарлама контенті назармен бай-
ланысты болды және түсірілген әртүрлі сегменттер мен элементтердің
(мысалы, анимация, жан-жануарлар, балалар, ересектер) салыстырмалы
тиімділігі туралы жалпы түйін әзірленді.
Эксперименттегі претестілеу амалдары сияқты, формативті зерттеу-
лер бағдарлама толық іске асырылғаннан кейінгі әсерді тестілеуге қа-
рағанда аса қатаң әрі күрделі емес. Мұнда акцент әсердің аудиторияға
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
603
толық таралуына немесе дәл бағалануына емес, кері байланыс қарқы-
нына аударылады. Сондықтан формативті зерттеулер барысында әдет-
те құрылымданбаған сұхбаттар мен бір немесе бірнеше жерде басты
аудитория өкілдерінен шағын кездейсоқ іріктемеден алынған мақсатты
жиынтықты бақылау әдістері пайдаланылады. Мұндай мәліметтердің
білім беру бағдарламаларын әзірлеуде маңызы зор. Мысалы, Кэтрин
Мэтьюс пен оның әріптестері (1995) Оңтүстік Африкадағы орта сынып
оқушыларына арналған ЖҚТБ бойынша білім беру бағдарламасын әзір-
леу үшін студенттер мен мұғалімдерден жартылай құрылымдалған және
құрылымдалмаған сұхбат алу техникаларын қолданды. Зерттеушілер
студенттердің сексуалды тәжірибелері мен қажеттіліктерін, сондай-ақ
мұғалімдердің алаңдауын түсіну, мәдени құндылықтар мен діни сенім-
дердің ЖҚТБ жайлы сауаттылыққа ықпалын зерттеу арқылы мәдениетке
сай келетін білім беру бағдарламасын әзірледі. Тағы бір маңызды жағдай,
зерттеушілер сұхбат жүргізу барысында бағдарламаны жүзеге асыратын
мұғалімдердің сенімі мен қолдауына ие болды.
Бағдарламаны жүзеге асыру: процесті бағалау
Бағдарламаның ықпалын бағалар кезде оның жоспарға сай жүргізіліп
жатқан-жатпағанын білу өте маңызды. Бағдарлама толық және ойдағы-
дай жүзеге асқан жағдайда, бақыланған нәтижелерді сенімді түрде бағ-
дарламаға телуге болады; ал толыққанды жүзеге аспаса немесе процесс
кезінде қателіктер болса, оның интерпретациялауға әсері әртүрлі бола-
ды. Бағдарламаның жобасы мен оның жүзеге асырылуы арасындағы сәй-
кестікті бағамдау үшін бағалауға жауапты зерттеушілер процесті баға-
лауға көшеді. «Жүзеге асыруды зерттеу» және «бағдарламаны бақылау»
деп те аталатын бұл процес (1) бағдарламаның аудиторияны қамтуын
немесе оның мақсатты жиынтық қызығушылығын қаншалықты оятуын;
(2) бағдарламаның жүзеге асырылуын немесе бағдарлама ұсынатын қыз-
меттердің, шын мәнінде, жоба міндетімен сәйкес келетінін не келмейті-
нін және (3) бағдарламаны жүргізуге жұмсалған ресурстарды жүйелі ба-
ғалауды қамтиды (Rossi, Lipsey and Freeman, 2004: 171). Процесті бағалау
нақты қызметтің не бағдарламаның жоспардағыдай іске асқанын тексеру
секілді қарапайым немесе бағдарлама қызметін, әкімшілік қызметкерле-
рін және қатысушыларды егжей-тегжейлі сипаттау секілді күрделі болуы
мүмкін.
Біздің үлгі ретінде алған бірінші және үшінші зерттеулеріміз процесті
ауқымдандыра бағалауды қамтыды. G.R.E.A.T. бағдарламасы жөніндегі ба-
ғалау негізіндегі зерттеудің негізгі бөлігінде офицерлердің бағдарламаны
оқытуға деген дайындығы мен бейілдігі, мұғалімдердің қолдау көрсетуі мен
араласуы және бағдарламаны іске асырудың сапасы таразыланды. «Бағдар-
лама сыныптардың көбінде дұрыс іске асырылды» деген қорытынды бағдар-
лама әсерін бағалауда сенімділік туғызды (Esbensen et al., 2011: 33).
БАҒАЛАУ ЗЕРТТЕУІ
604
Іске асыру процесін зерттеу TARP зерттеуінің де маңызды ерекшелігі
болды. Эксперименттік жобаның дұрыс жүргізілген-жүргізілмегенін ба-
ғамдау үшін эксперимент жүргізушілер кездейсоқтық процесінің табыс-
ты өткенін, жәрдемақы төлемдерінің берілгенін және TARP қатысушы-
ларының бағдарлама талаптарына сай келу шарттарын түсінгенін дәлел-
дейтін деректер жинақтады. Топтарға кездейсоқ тағайындау сәтті жүзеге
асқан болса, эксперименттік және бақылау топтары кездейсоқ айнымалы
шеңберінде ғана ерекшеленуге тиіс болды. Осыған сәйкес, эксперимент
жүргізушілер эксперимент өткен әрбір штатта бағдарламаға қатысқан
топтар мен бақылау топтары арасында ондаған айнымалы (мысалы, жас,
әйелдердің пайыздық үлесі, білім алған жылдары, қамауда болу мерзімі-
нің ұзақтығы) бойынша ешқандай айырмашылық жоқ екенін анықтады.
Олар жәрдемақының берілуін қадағалайтын агенттік жазбаларын тек-
сергенде, субъектілердің едәуір басым бөлігі өздерінің жәрдемақы алу
құқығын түрмеден шыққаннан кейінгі бір жылдың ішінде пайдаланғаны
белгілі болды. Алайда осы бағдарлама қатысушыларымен сұхбат бары-
сында олар жәрдемақы жоспарын егжей-тегжейлі түсіне қоймайтынын
аңғартты. Қатысушының барлығына жуығы өзіне апта сайын берілуге
тиіс жәрдемақы мөлшерін білгенімен, олардың үштен бірінен жартысы-
на дейінгі бөлігі ғана жәрдемақының қанша апта бойы берілетінінен ха-
бардар-тын. Ал олардың тапқан табысына байланысты жәрдемақының
қанша пайызға азаятыны жөнінде білетіндер тіптен аз болып шықты.
Екі эксперименттік топқа 100% көлемінде салық салынды, яғни олардың
тапқан әр 1 доллары үшін жәрдемақы мөлшері де 1 долларға кеміп отыр-
ды. Үшінші эксперименттік топқа 25 пайыздық салық мөлшері енгізілді,
тапқан әр доллары үшін олардың жәрдемақысы 25 центке азайтылды.
Осындай ыңғайлы салық мөлшерлемесін енгізудегі мақсат бағдарламаға
қатысушыларды жұмыс істеуге ынталандыру еді; алайда эксперименттік
топтағылар осы оңтайлы салық мөлшері жайлы не бейхабар болды, не
оның қалай жұмыс істейтінін түсінбеді. Осылайша бағдарламаның қыл-
мысты қайталауды азайта алмауына, мұның алдында атап өткеніміздей,
эксперименттік дизайнның
концептуалдық шектеулері ғана емес, сондай-
ақ оны іске асырудағы кемшіліктер де себеп болған сияқты. Қатысушы-
лар жұмысқа орналасқан жағдайдағы жәрдемақы алу шарттарын түсін-
бегендіктен, жұмысқа орналасуға ынталандыру шарасы (оңтайлы салық
мөлшері) жәрдемақы төлегеннен кейінгі жұмысқа ынтаның жоғалу құ-
былысын тоқтата алмады.
Осы зерттеулер көрсеткендей, әлеуметтік бағдарламаларды бағалау
кезінде бағдарлама немесе эксперимент дұрыс іске асты ма, мақсатты
жиынтықтың қызығушылығын оятты ма, міне, осыны білу маңызды.
Бағдарламаның тиімсіздігіне оның немесе эксперименттің жоспарлан-
ған сипаты емес, сол жоспардың дұрыс іске аспауы әсер етуі мүмкін.
Өкінішке қарай, мұндай проблема көп кездеседі. Росси, Липси және
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
605
Фриман (2004: 183–95) өз зерттеуінде қызмет немесе көмек ешқашан
жүзеге аспаған, оның талаптарына дөп келетін қатысушылардың көбі
қамтылмаған, сондай-ақ бағдарлама жүйесіз немесе толыққанды жүргі-
зілмеген жағдайларды атап өтеді. Тура солай, бағдарлама оң нәтижелерге
қол жеткізгенде, оның қалай жүзеге асырылғанын егжей-тегжейлі білу –
зерттеушіге мұның неліктен сәтті шыққанын толығырақ түсіндіруге мүм-
кіндік береді.
Бағдарлама әсерін бағалаумен бірге, процесті бағалау да бағдарла-
маның қаншалықты тиімді орындалғанына қатысты ақпарат бере ала-
ды. Эсбенсен мен оның әріптестері G.R.E.A.T. бағдарламасы дұрыс іске
асырылды деген қорытындыға келгенімен, олар бағдарламаны оңтайлы
іске асыру үшін шешілуі қажет мәселелерді де, яғни уақыт пен сыныпты
басқарудағы және мұғалімнің араласуындағы проблемаларды анықтады.
Сол сияқты бағдарлама өзінің тиісті мақсатты жиынтығын қамтып жа-
тыр ма ма, жоқ па, қамтымаса оның себебі не – осы мәселелерді анық-
тау үшін бағдарламаны бақылауға алуға болады. Мысалы, үйсіз-күйсіз
жастардың әдетте басқа қызмет түрлерімен салыстырғанда неліктен па-
налау орындарын соншалықты пайдаланбайтынын түсіну үшін бір зерт-
теу барысында Хьюстон аймағындағы 49 үйсіз-күйсіз жүрген жастарды
қамтыған фокус-топпен сұхбат жүргізілді (Ha, Narendorf, Santa Maria,
and Bezette-Flores, 2015). Паналау қызметін пайдалануға кедергі келтіре-
тін факторлардың ішінде намыс пен өз бетінше өмір сүруге ниет, мұндай
орындардың қолжетімсіздігі, ондағы қолайсыз жағдай және қатаң ереже-
лер болды. Паналау орындарының қолжетімсіздігі мәселесін шешу үшін
зерттеушілер олардың орналасуына ыңғайлы бірқатар орынды, сондай-
ақ қоғамдық кітапхана секілді адам көп жиналатын жерлерден паналау
орындарына қатынайтын көлік жүйесін ұйымдастыруды ұсынды.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Бағдарламаның қалай іске асырылғанын бағалау (процестібағалау) бағдарламаның
мақсатты нәтижеге жеткенін не жетпегенін интерпретациялауға (әсердібағалау) кө-
мек беруі мүмкін.
Бағдарламаны бағалау: әсер мен тиімділікті бағалау
Жаңа я қолданыстағы бағдарламалар не әлеуметтік интерпретацияның
кез келген түрі үшін басты мәселе олардың қаншалықты тиімді екенін-
де жатыр. Бағдарлама әу баста мақсатына, нәтижелер мен міндеттеріне
жетті ме? Оның пайдасы мен шығынын ескерсек, әрі қарай жалғастыра
беруге лайық па? Осы мәселелерді қарастыратын бағалау зерттеуінің
түрі қорытынды не бағалау деп аталады. Қорытынды бағалау екі мәсе-
леге баса назар аударады: Бағдарлама әу баста мақсат етіп қойылғандай
БАҒАЛАУ ЗЕРТТЕУІ
606
әсер туғыза алды ма? Оның шығынымен қатар қандай пайдасы бар?
Алғашқысын біз – әсерді бағалау, ал екіншісін тиімділікті бағалау деп
атайтын боламыз.
Әсерді бағалау біз іріктеме ретінде ұсынған барлық үш зерттеудің де
басты міндеті болды. TARP экспериментін жүргізушілер аталған бағдар-
лама аясында берілген жәрдемақының қылмысты қайталауды азайтқан-
азайтпағанын анықтау үшін статистикалық тестілерді қолдану арқылы
әсерді бағалады. Мұның алдында айтылғандай, TARP эскперименті ая-
сында берілген жәрдемақы шынымен де түрмеге қамалу көрсеткішін тө-
мендеткен болатын, алайда бұл нәтижеге әлгі жәрдемақының жұмыспен
қамтуға әсері тимегенде ғана қол жеткізілді. Алкогольді ішімдік ішуге
заңмен рұқсат етілген жас шегін көтергенге дейінгі және көтергеннен
кейінгі жол апаты фактілері бойынша жас ерекшеліктері топтары ара-
сындағы айырмашылықтар көп зерттеуде талданды. Вагенаар (1983) өз
зерттеуіне сүйене отырып, ішімдік ішуге рұқсат етілген жас шегін арт-
тыру жас жүргізушілердің мас күйде жол апатына түсу фактілерін 20%-ға
азайтқанын мәлімдеді. Жуырдағы зерттеуде АҚШ-та кәмелетке толмай
ішімдік ішудің алдын алуға бағытталған 20 заңның (мысалы, заңсыз ие-
лену, заңсыз сатып алу, алкогольді сату лицензиясының мерзімін тоқта-
ту) әсері қарастырылды. Жастардың мас күйде түсетін жол апаты оқи-
ғаларына жүргізілген талдауға негізделген зерттеуде ең ұтымды тоғыз
заңның «қазіргі кезде осы заңдар қолданылатын штаттарда жыл сайын
шамамен 1 135 адамның өмірін құтқаратыны» анықталды (Fell, Scherer,
Thomas, and Voas, 2016: 257).
Ілгеріде айтқандай, G.R.E.A.T. бағдарламасының әсері әр алуан бол-
ды. Басты нәтижесі – бағдарлама аяқталған 48 айдан кейін оған қатыс-
қандардың бұзақы топ мүшесі болу ықтималдығы бағдарламаға қатыс-
пағандарға қарағанда 24%-ға төмен болуы еді. Алайда басқа нәтиже-
лерді сандық жағынан бағалау қиынға соқты: G.R.E.A.T. бағдарламасы-
ның студенттерінде полицияға қатысты әлдеқайда позитивті көзқарас
қалыптасты, бірақ қылмыс жасау көрсеткішінде елеулі айырмашылық
болған жоқ.
Іргелі зерттеуде эксперимент әсерін бағалаудың негізгі әдісі – оның
статистикалық елеулігін тексеру, бұл зерттеу нәтижелерінің кездейсоқ
факторлармен байланысты болу ықтималдығын анықтайды. Алайда
статистикалық тестілер не кездейсоқ үлгілерді, не экспериментке қаты-
сушыларды кездейсоқ тағайындауды қамтиды, ал ол бағалау зерттеуінде
болмауы мүмкін. Әлеуметтік статистер елеулілік критерийінің пайдала-
нылуы мен мәні бойынша ортақ пікірге келе алмағанымен (Morrison and
Henkel, 1970), Дэвид Голдтың «ықтималдық процесі нәтижесінде оп-оңай
туындауы мүмкін нәтижелерге (яғни «маңызы жоқ» нәтижелер) мән бе-
рудің қажеті жоқ» деген тұжырымын (1969) қолдаймыз. Сондықтан бағ-
дарламаға маңыз берудің минималды, бірақ жеткіліксіз жағдайы ретінде
нәтижелер статистикалық елеулі болуға тиіс.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
607
Дегенмен бағдарламаның статистикалық маңызды әсерге ие болғаны
туралы факті бағалау зерттеуінде гипотезаны сынайтын іргелі зерттеу-
дегідей мәнге не мағынаға ие болмайды. Іргелі зерттеуде зерттеуші бол-
жалды әсердің бар екенін білгісі келсе, бағалаушы зерттеуші әсердің ау-
қымы мен практикалық маңызына көбірек көңіл бөледі. Әсер көлемінің
сандық өлшемдеріне (он үшінші тарау) корреляция мен регрессия коэф-
фициенттері, топтар арасындағы орташа айырмашылық және G.R.E.A.T.
қатысушыларының бұзақы топқа қосылу мүмкіндігі секілді ықтималдық
қаупі жатады. Эсбенсен мен оның әріптестері (2013) G.R.E.A.T. бағдар-
ламасын бағалау барысында көп нәтиженің әсер көлемін анықтау үшін
Коэнның d мәнін пайдаланды. Техникалық түрде бұл статистика әсер ау-
қымын эксперименттік топтар мен бақылау топтары арасындағы стан-
дарт ауытқу бірліктеріндегі айырмашылық (он бесінші тарау) ретінде
көрсетеді. Өкінішке қарай, Коэнның d мәнінің интерпретациясы түсінік-
сіздеу; 0,2 өлшемі аз, 0,5 орта және 0,8 үлкен болып есептеледі; алайда
«азғантай» әсердің практикалық маңызы орасан болуы мүмкін (Durlak,
2009). G.R.E.A.T. бағдарламасы нәтижесінің кейбір көрсеткіші статисти-
калық тұрғыда маңызды болғанымен, әсер көлемі болмашы ғана еді: экс-
перименттен кейінгі 48 ай ішінде Коэнның d мәні 0,05-тен 0,14-ке дейінгі
аралықта өзгеріп отырды (Esbensen et al., 2013: 404).
Бағдарламаның мақсатқа ықпалын бағалаумен қатар, аталған сала-
дағы зерттеушілер бағдарламаның тиімділігіне де көңіл бөледі. Бағдар-
лама тиімсіз болса, тиімділік талдауын жүргізудің қажеті жоқ. Бірақ бағ-
дарламаның бағалайтын әсері болса, тиімділікті бағалау бағдарламаны
әрі қарай жалғастырып, кең көлемде қаржыландырудың мәні бар ма,
жоқ па – соны көрсетіп бере алады. Тиімділікті бағалау әдетте екі фор-
мада жүргізіледі: шығын тиімділігін талдау және шығын мен пайданы
талдау. Екеуінің арасындағы айырмашылық бағдарлама нәтижелерінің
қалай бағаланатынында жатыр: шығын тиімділігін талдауда нәтижелер
маңыздылық тұрғысынан бағаланады; шығын мен пайданы талдауда нә-
тижелер ақша тұрғысынан бағаланады (Rossi, Lipsey, and Freeman, 2004:
333). Шығын тиімділігі талдауын қылмыстық топтардан аулақ болуға үй-
рететін әртүрлі бағдарламалар секілді ортақ мақсаттары бар интервен-
цияларды салыстыру үшін пайдалануға болады, ал шығын мен пайданы
талдау бағдарламаның мақсатына қарамастан шығын тиімділігін салыс-
тыру үшін қолданылуы мүмкін.
TARP эксперименті қылмысты қайталауды азайтуға бағытталған;
сондықтан оның тиісті нәтижесі тұтқыннан босаған соң түрмеге қай-
та тоғытылған қылмыскерлердің пайыздық үлесі болды. TARP экспе-
риментінің шығын тиімділігін талдау тұтқыннан босаған қылмыскер-
лерге берілген жәрдемақының қайта түрмеге тоғытылған қылмыскер-
лер үлесінің 1%-ға азаюына шаққандағы шығынын есептеуге мүмкіндік
береді. Немесе жәрдемақы шығынын түрмеде ұстау және қылмыстық
БАҒАЛАУ ЗЕРТТЕУІ
608
сот жүйесі арқылы адамдардың ісін өңдеу шығынымен салыстыра оты-
рып та шығын мен пайдаға талдау жасауға болады. TARP зерттеушілері
осылай істеген кезде олар «100 босатылған тұтқынға 800–1 200$ ара-
сында жәрдемақы төлеудің шамамен бес қосымша адамның ісін сот жү-
йесі арқылы өңдеуге, оларға 2 және 3 жылдық мерзімге түрмеден орын
беруге және түрмеде ұстауға байланысты басқа шығындарды өтеуге қа-
рағанда анағұрлым арзан екенін» анықтады (Rossi, Berk, and Lenihan,
1980: 112).
Эсбенсен мен оның әріптестерінің (2013: 399) тұжырымы бойынша,
рецензенттер G.R.E.A.T. экспериментін сынға алған, ал рейтинг схема-
лары бағалау әсері аз болғанына байланысты аталған «тиімді бағдарла-
ма» санатына жатқызудан бас тартты. Алайда Грег Дункан және Кэтрин
Магнусон (2007: 46) атап өткендей, бағдарламаның тиімділігіне жүргі-
зілген кез келген бағалау «бағдарлама әсерінің құнын оларға жету шы-
ғындарымен салыстыруға тиіс. Шағын, бірақ экономикалық құнды нә-
тижелер тудыратын арзан бағдарлама жақсы саяси амал-қадамдар әзір-
леуі мүмкін, ал елеулі, бірақ пропорционалды түрде ірі әсер туғызбайтын
аса қымбат бағдарлама онда саяси амал жүргізе алмауы мүмкін. Шығын
мен пайда теңдеуінде интервенцияның жиынтық пайдасын, оның ішін-
де үлкенірек қауымдастыққа және қоғамға тиер пайдасын қарастыру да
маңызды. Мысалы, кәмелетке толмағандар қылмысын азайтуға бағыт-
талған интервенциялар қылмыс құрбандары үшін пайда әкеле алады
(Duncan and Magnuson, 2007). G.R.E.A.T. экспериментінің салыстырма-
лы түрде төмен құнын және бағдарламаға қатысудан 4 жылдан кейінгі 10
статистикалық елеулі көрсеткіш анықталғанын ескерсек, шағын әсерлер
бағдарламаны ақтайды деп айту орынды (Esbensen et al., 2013).
Бағалау зерттеуіндегі әдіснамалық
мәселелер
Бағалаудың әрбір түрі әрқилы зерттеу процедурасын талап ететін бөлек
әдіснамалық мәселелерді көрсетеді. Мысалы, терең сұхбаттар және қа-
тысушыны бақылау формативті бағалауда ерекше ұтымды болуы мүмкін.
Бағдарлама жұмысын сипаттаумен айналыса отырып, процесті бағалау
сауалнамалар мен сұхбаттарды, бақылау әдісін және бағдарлама жазба-
ларын талдауды, қысқаша айтқанда, эксперименттен басқа әрбір негізгі
тәсілді пайдаланады. Бағалау зерттеушілері бағдарламаны жүзеге асы-
руды зерттеуде осы тәсілдерді қашан, қалай және қандай комбинацияда
пайдалануды анықтау үшін көптеген пайдалы нұсқаулық әзірледі (King,
Morris, and Fitz-Gibbon [1987]). Кеңістік бізге бағалаудың барлық түрін-
дегі әдісті қолдануды қарастыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан тарау-
дың өзге бөлігінде әсерді бағалауға қатысты әдіснамалық мәселелерге
баса көңіл бөлеміз.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
609
Теория зерттеу нұсқаулығы ретінде
Түсіндіру әдісіне негізделген іргелі зерттеу сияқты, әсерді бағалау себеп пен
әсерге баса назар аударады. Себеп пен әсер туралы ойланудағы пайдалы
парадигма – «қара қорап моделі». Қара қорап ағзалар мен ситуациялардан
тұрады; қара қораптың кіретін және шығатын жерін бақылауға болады, бі-
рақ қорап шеңберіндегі процестерді көру оңай дүние емес. Мартин Липси-
дің (1993) айтуынша, бұл модель бағалау зерттеулерінің көбіндегі зерттеу
парадигмасын дәл бейнелейді. Қара қорап – әлеуметтік бағдарламада қол-
данылатын жағдай; кіріс – бағдарлама, эксперимент немесе интервенция;
ал шығыс (нәтиже) – оның әсері. Осылайша TARP эксперименттерінде тұт-
қыннан босаған қылмыскерлердің (мүдденің қара қорабы) қайта түрмеге
түсу көрсеткішін азайту (мүддені білдіретін нәтиже) үшін оларға жәрдема-
қы бойынша төлемдер (кіріс) берілді.
Липси қара қорап моделін бағалау зерттеулерінің негізгі кемшілігіне,
яғни бағдарлама әсерінің «эксперименттік» теориясының болмауына
назар аударту үшін пайдаланды. Теория қалыптастыру іргелі зерттеу-
дің бастапқы мақсаты болғанымен, қолданбалы зерттеудегі теорияның
құны өз деңгейінде бағаланған жоқ. Осылайша сананы қара қорап ре-
тінде қарастыратын мінез-құлық танушылар сияқты, бағалау зерттеу-
шілері де қара қораптың ішінде не болып жатқанын жиі елемейді; яғни
олар бағдарлама не интервенция нақты мақсатты жиынтыққа ықпал
ететін себеп-салдарлық процесті түсіндіріп бере алмайды. Бұл процес-
тің теориясыз әсерді бағалау «бола ма, болмай ма – байқап көрейік» де-
ген сынама әдісіне ұқсайды (Lipsey, 1993: 7). Кейде бұл пайдалы болуы
мүмкін, бірақ көбіне күрделі нақтылықты шектен тыс қарапайым етеді.
TARP экспериментінде осы проблема көрініс табады. Болжанған әсер
мен зерттеу дизайны «босатылған тұтқындарға қаржылай көмек көрсе-
ту олардың табыс көзі ретінде мүліктік қылмысты қайталау қажеттілі-
гін азайтады» деген салыстырмалы түрде қарапайым қағидаға негіздел-
ді. Алайда себеп-салдарлық процестің анағұрлым толық сипаттамасы
жәрдемақы бойынша төлемнің жұмыс істеуге деген ынтаның болмауын
және жұмыспен қамтылудың қылмысты қайталауға ықпалын толық тү-
сіндіріп беретін еді.
Себеп-салдарлық процестің нақтыланбаған немесе шектен тыс қа-
рапайым теориялары проблемасы кіріс пен шығысқа, сондай-ақ қара
қорап аясында әрекет ететін күштерге қатысты. Кіріс жағынан алсақ,
интервенциялық бағдарламалар көбіне дара «молярлық» категориялар
ретінде қарастырылады ал, шын мәнінде, олар күрделі және көпөлшем-
ді. Сондай-ақ контекст пен қоршаған орта факторлары бағдарламамен
әрекеттесіп, оған айтарлықтай ықпал етуі мүмкін. Шығыс жағынан кел-
сек, әсерлер «күтпеген жанама әсерді ескермегендегі тәуелсіз айнымалы-
лардың тар диапазоны, әсерлер арасындағы өзара байланыстар және осы
БАҒАЛАУ ЗЕРТТЕУІ
610
әсерлердің уақыты, ауқымы мен ұзақтығы» тұрғысынан жиі бағаланады
(Lipsey, 1993: 8).
Қылмыстық топқа кірудің және қылмыс жасаудың алдын алу бағдар-
ламаларында анық теориялық негіздің болмауы таңғаларлық жайт емес.
Шындығында, бастапқыда әзірленгендей, G.R.E.A.T. бағдарламасы «көбіне
құқық қорғау органдары офицерлерінің сана-сезімі мен көзқарасына негіз-
делген еді» (Curry, 2010). Алайда Эсбенсен мен оның әріптестері «G.R.E.A.T.
бағдарламасын жете бағалаудың» бағдарлама элементтері мен криминоло-
гиялық теория арасында байланыс орнатылу мүмкін болғанда ғана жүзеге
асады деп санады (Winfree, Esbensen, and Osgood, 1996: 182–83). Бақыты-
на қарай, олардың талдауы G.R.E.A.T. бағдарламасы мен өзін-өзі бақылау
теориясы және әлеуметтік оқыту теориясының қосындысы арасындағы
байланысты анықтады. Бұл теориялар оларға «өлшем үшін таңдалған не-
гізгі тұжырымдамалар мен ... айнымалыларды» белгілеуге және ақырында
бағдарламаның нақты нәтижелерге неліктен жетуге тиіс екенін түсіндіруге
мүмкіндік берді (Winfree, Esbensen, and Osgood, 1996: 183).
Мысалы, өзін-өзі бақылау теориясына сәйкес, қылмыс жасау немесе
заңды бұзу – өзін-өзі төмен бақылаудың нәтижесі, бұл адамдардың қыл-
мыстық әрекеттермен байланысты өз қажеттіліктерін қанағаттандыру
мүмкіндіктерін пайдалануына алып келеді. Әлсіз әлеуметтік бақылау
және қылмыс пен зорлық-зомбылық жасау мүмкіндіктері жастар арасын-
дағы қылмыстық топпен байланысты. 5-сабақ («Негізгі қажеттіліктерді
өтеу») қылмыстық топқа қосылмай, әлеуметтік және эмоционалды қа-
жеттіліктерді өтеу стратегияларын ұсынады; 7 («Жауапкершілік») және
8-сабақтар («Мақсат қою») жауапкершілік пен қажеттіліктерін қанағат-
тандыруды кейінге қалдыру тұжырымдамаларын қарастырады (Winfree,
Esbensen, and Osgood, 1996). Осы теориялық байланыстарды көрсете оты-
рып, студент анкеталарындағы көзқарас өлшемдері альтруизм, ұжымдық
тиімділік, басқалар үшін бір нәрсе жасау мен қауымдастыққа өзгеріс ен-
гізу мәнін қамтыды.
Көп бағалау зерттеуінің теориялық сипаты жоқтығына қатысты ай-
тылған Липсидің сыны әлеуметтік зерттеу саласындағы көзтаныс тақы-
рыппен – теория мен зерттеудің өзара байланысымен үндеседі. Әсерді ба-
ғалау нәтижелірек болуы үшін, оның әдістері эксперимент теориясымен
біріктірілуі керек, аталған теория әсерді анықтауға қабілетті зерттеу ди-
зайнын, эксперименттің операционалдауын, сондай-ақ өлшемнің тиісті
көрсеткіштерін сұрыптауды анықтайды. Осы мәселені анықтаған соң, біз
енді зерттеу дизайны мен ішкі жарамдылық, өлшем жарамдылығы және
сыртқы жарамдылық мәселелерін қарастырамыз.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Бағдарлама әсерін тудыратын негізгі себеп-салдарлық процесс қаншалықты дәл тұ-
жырымдалса, бағдарламаны бағалау да соншалықты оңайырақ болады.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
611
Зерттеу дизайны және ішкі жарамдылық
Гипотезаны сынауға негізделген іргелі зерттеулердегідей, әсерді баға-
лаудағы ең мінсіз стратегия – талдау бірлігі кездейсоқ тағайындалған
екі жағдайға – бірінде интервенция анықталған, ал тағы біреуінде ин-
тервенция анықталмаған жағдайға бөлінген шынайы эксперимент. Бұл
стратегияны іске асыру мүмкіндігі интервенцияның (1) ағымдағы не
жаңа екеніне және (2) мақсатты жиынтыққа түгелдей немесе оның қан-
дай да бір бөлігіне ғана жеткізілетініне байланысты. Шын мәнінде, қол-
жетімді дизайн стратегияларын анықтаудағы басты айырмашылық – (1)
мейлі ағымдағы, мейлі жаңа болсын, мақсатты топты толық қамтитын;
(2) мақсатты топты ішінара қамтитын ағымдағы; және (3) мақсатты топ-
ты ішінара қамтитын жаңа бағдарламалар мен интервенциялар арасын-
да жатыр. Бағдарламаның осы соңғы түрінде ғана кездейсоқ әрі шынайы
эксперименттік дизайнды пайдалануға болады.
Мақсатты топты толық қамтитын ағымдағы және
жаңа бағдарламалар/интервенциялар
Жиынтықты түгелдей қамтитын немесе түгелдей қамтуға бағытталған
(«толық қамту» бағдарламалары) қолданыстағы және жаңа бағдарлама-
лар үшін негізгі зерттеу дизайны – уақыт тізбегі талдауы. Бұл бағдарлама
немесе интервенция енгізілген уақытқа дейінгі және одан кейінгі әсердің
қайталама өлшемдерінен тұрады. Росси, Фриман және Липси (1999: 268)
атап өткендей, уақыт тізбегі талдауы техникалық жағынан күрделі болға-
нымен, негізгі логикасы қарапайым:
Зерттеуші интервенциясыз болған оқиғаның қалай өрбитіні жа-
йында болжам жасау үшін оның эксперимент жүргізілгенге дейінгі
трендті талдайды. Содан соң бұл болжам интервенциядан кейінгі
нақты трендпен салыстырылады. Эксперименттің әсері болғаны ту-
ралы қорытындыны негіздеу мақсатында интервенциядан кейінгі
бақыланатын трендтің болжамнан жеткілікті түрде ерекшеленеті-
нін не ерекшеленбейтінін анықтау үшін статистикалық тест қолда-
нылады.
Мысалы, Вагенаар (1983) Мичиган штатында алкоголь ішуге рұқсат
етілген заңды жас шамасын 21-ге дейін көтерудің әсерін зерттеу үшін уа-
қыт тізбегі талдауын пайдаланды. 1978 жылы ішімдік ішуге рұқсат етіл-
ген жас шамасы көтерілмес бұрын алкоголь кесірінен болған жол апатын
талдау негізінде ол осындай апаттардың 1979 жылғы санын болжап, одан
кейін осы көрсеткішті нақты фактімен салыстырды. Салыстыру арқасын-
да Мичигандағы 18–20 жастағы жүргізушілердің болжанғанға қарағанда
1979 жылы алкоголь әсерінен орын алатын апаттарға 22% төмен ұшыра-
ғаны айқындалды.
БАҒАЛАУ ЗЕРТТЕУІ
612
Вагенаардың (1983) уақыт тізбегі талдауында жинақталған архив
деректері пайдаланылды. Толық қамту интервенциялары мен бағдарла-
малары біркелкі іске аспағанда, панельдік зерттеуді, яғни сол адамдарға
қатысты өлшемді бірнеше қайтара зерттеуден тұратын сауалнама дизай-
нын пайдалана отырып, бағдарлама не интервенция әсерін бағалауға бо-
лады. Мәселен, телевизия арқылы таралған хабарды барлық бала бірдей
көреді, бірақ солардың ішінде зорлық-зомбылық пен агрессия элемент-
тері бар кадрлары бар бағдарламаларды көретін балалар мен әлгі кадр-
ларды көру уақыты бойынша айырмашылық болады. Сондықтан зорлық-
зомбылық элементтері бар телевизиялық бағдарламалардың қаралымы
мен балалардың агрессияға бейімдігін бірнеше қайтара өлшеу арқылы
агрессияға бейімдік ертеректегі теледидар көру әдетінен пайда болды
ма, жоқ па – соны анықтауға болады. Осындай әдісті қамтитын бірнеше
зерттеу барысында телевизиядан зорлық-зомбылық элементтерін көр-
сетудің әсері (зорлық-зомбылық элементтері бар бағдарламаны қарау
жиілігімен өлшенеді) мен тұлғааралық агрессия (әдетте айналасындағы
қатарластарының субъективті бағалауы негізінде өлшенеді) арасында
уақыт өте келе пайда болатын белгілі бір деңгейдегі байланыстың бар
екені анықталды.
Уақыт тізбегі мен панельдік зерттеу дизайнының бірқатар кемшін
тұсы кезігеді. Панельдік зерттеулер сирек жүргізіледі; оны ағымдағы
бағдарламаларды талдау үшін пайдалануға болмайды, сондай-ақ мұн-
дай зерттеу әдісі қымбатқа түседі, әрі көп уақыт алады. Уақыт тізбегі
дизайнын жүргізу мүмкіндігі тиісті статистиканың болуына байланыс-
ты; мұндағы үлкен кедергі – аталған зерттеу әдісі интервенцияға дейінгі
трендтерді құрастыру үшін бағдарлама немесе интервенция енгізілгенге
дейін өлшемнің салыстырмалы түрде көбірек санын (кемінде уақыттың
30 сәті қажет) талап ететіні. Бұған қоса, тарих ішкі жарамдылыққа үлкен
қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы, Мичиган штатындағы ішімдік ішуге рұқ-
сат берілген жас шамасы туралы жүргізілген зерттеуде алкоголь тұтыну-
ға рұқсат етілген жас шамасы жоғарылағаннан кейінгі апаттар санының
азайғанын білдіретін кез келген көрсеткіш сол уақытта автомагистраль
сапасын жақсарту, қолайлырақ ауа райы немесе жылдамдықты асыруға
қарсы полиция тарапынан жасалған шаралар сияқты басқа сыртқы күш-
тердің нәтижесі болуы мүмкін.
Мақсатты топты ішінара қамтитын ағымдағы
бағдарламалар/интервенциялар
Жиынтықтың бір бөлігін қамтитын және бағалау жүргізілгенге дейін ен-
гізілген бағдарламаларды бағалау кезінде пайдаланылатын жалпы тәсіл –
бағдарламаның әсері тиетін немесе оған қатысатындар (қатысушылар)
мен әсері тимейтін немесе қатыспайтындарды (қатысушы еместер) са-
лыстыру. Мұндай бағалау түрінде қатысушыларды кездейсоқ тағайындау
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
613
мүмкін болмағандықтан, зерттеуші эквивалент топтарды құрудың бала-
ма жолдарын табуға тиіс. Статистикалық бақылау және сәйкестендіру
атты екі жалпы стратегия бар, әдетте олар бірге қолданылады.
Статистикалық бақылау дегеніміз – кросс-секциялы зерттеулерде се-
беп-салдарлық байланысты (немесе жалған еместікті) орнату әдісі. Бұл
туралы он алтыншы тарауда егжей-тегжейлі талқылаймыз. Мәселен, сіз
бірінші курс студенттерінің оқу машығын дамытуға арналған, бірінші
курс студенттерінің жартысын қамтыған бағдарламаны бағалауыңыз
керек болды делік. Бағдарламаның мақсаты студенттердің оқу үлгерімін
жақсарту еді. Сондықтан ол дұрыс іске асса, бағдарламаға қатысқандар
бағдарламаға қатыспағандарға қарағанда алғашқы жылдың соңында
жақсырақ оқу үлгеріміне ие болуы керек-тұғын. Алайда осы екі топтың
оқу үлгерімі арасындағы кез келген айырмашылық олардың сөйлеу қа-
білеттерінде бұрыннан бері бар айырмашылықтың нәтижесі болуы мүм-
кін. Осы айнымалы бойынша әлгі екі топты өзара теңестіру үшін сөйлеу
қабілетін тұрақты күйінде сақтай отырып, бағдарламаның оқу үлгеріміне
әсерін талдай аласыз; мысалы, осы өзара байланысты SAT ауызша емти-
ханынан 500-ден төмен балл алған студенттер мен 500-ден жоғары балл
алған студенттер үшін бөлек-бөлек зерттеуіңізге болады. Ал енді бағдар-
лама қатысушылары бағдарламаға қатыспағандарға қарағанда бірінші
курста әр жағдай бойынша жоғары оқу үлгерімін танытса, мұндай нәти-
жеге жетуіне олардың сөйлеу қабілеті емес, дәл осы бағдарлама себепкер
болды деген тұжырымды берік еттіңіз.
Статистикалық бақылаудың мысалы ретінде «аноним маскүнемдер
жиналысына қатысу ішімдікке әуес адамдар арасындағы ішімдік ішу дең-
гейін төмендете ме?» деген сұрақ қойылатын зерттеуді айтуға болады.
Аноним маскүнемдер жиналысы 1930 жылдары маскүнемдерді айықтыру
деген басты мақсатты көздеген екіжақты көмек беру тобы ретінде құрыл-
ған болатын. Мұндай жиналысқа ерікті түрде қатысу – аталған шараның
маңызды бөлігі. Сондықтан экспериментке қатысушыларды аноним мас-
күнемдер тобы мен бақылау тобына кездейсоқ тағайындау ықтимал бол-
мағанымен, өздігінен сұрыпталу факторлары да осы екі топты бір-бірінен
бөлектеп тұрады. Аноним маскүнемдер жиналысына қатысудың әсерін
бағалау үшін Кит Хамфрис, Сиаран Фиббс және Рудольф Мус (1996) ішім-
дікке құмар 218 адамның арасында зерттеу жүргізді. Барлық қатысушы
зерттеуге қатысар кезде бір мәрте және 1 жылдан кейін тағы бір мәрте
сауалнама толтырды. Сауалнама алкогольді ішімдік тұтыну мәселесінің
тәуелді айнымалы деңгейі, қатысушының алғашқы 6 айда аноним мас-
күнемдер жиналысына қатысқаны не қатыспағаны және алдыңғы зерт-
теу көрсеткендей, аноним маскүнемдер жиналысына қатысумен немесе
ішімдік ішумен байланысты болған төрт бақылау айнымалысын өлшеді.
Соңғы айнымалылар қатарына қатысушының жынысы, отбасылық жағ-
дайы, алкогольді ішімдікке әуестігін өзінің қалай қабылдайтыны және
БАҒАЛАУ ЗЕРТТЕУІ
614
проблеманы шешуде ақпарат іздеуге бейімдігі жатты. Зерттеу нәтижесі
осы айнымалылар бақыланған кезінде, аноним маскүнемдер жиналысы-
на қатысқан адамдардың оған қатыспағандарға қарағанда келесі бақы-
лауда ішімдікке азырақ әуес болғанын көрсетті.
4
Бақылаудың тағы бір әдісі – маңызды аспектілер бойынша экспери-
менттік топқа ұқсас салыстыру тобын құру немесе табу. Бұған жекелей
немесе топтық сәйкестендіру арқылы қол жеткізуге болады (Rossi, Lipsey,
and Freeman, 2004: 276). Жетінші тарауда сипатталған жекелей сәйкес-
тендіру әдісі әрбір қатысушыны онымен бір немесе бірнеше айнымалы
бойынша ұқсас деңгейдегі емес қатысушымен жұптайды. Топтық сәйкес-
тендіру әдісі сәйкес айнымалылардың жалпы дистрибуциясында бір-бірі-
мен сәйкесетін эксперименттік және бақылау топтарын табуды қамтиды.
Мысалы, орта мектепке арналған мультимәдениеттілік бағдарламасын
бағалағанда, салыстыру үшін азшылық топ өкілдерінен шыққан оқушы-
лардың пропорциясы бойынша эксперименттік мектептерге ұқсас бақы-
лаушы мектептерді таңдауға болады.
Топтық сәйкестендіруді пайдаланған квази-эксперименттік ди-
зайнның қызықты мысалы ретінде 60-тан астам жыл бұрын жүргізіл-
ген нәсіларалық тұрғын үй мәселесін зерттеуді атауға болады. Екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін тұрғын үйлердің жетіспеушілігі салдары-
нан әлеуметтік тұрғын үйлер қарқынды түрде көбейді. Сол уақытта
нәсілдік сегрегация АҚШ-та әлі де бар еді; жаңадан салынған тұрғын
үй жобаларының көбі я нәсілдік тұрғыдан сегрегацияланды, я қара-
нәсілділердің өте аз пайызын қамтыды. Бұл ретте Мортан Дойч және
Мэри Эванс Коллинз (1951) біріктірілген және сегрегацияланған тұр-
ғын үйлердің нәсіларалық қатынастарға ықпалын зерттеді. Нақтырақ
айтсақ, олар тұрғындардың сол тұрғын үй кешеніндегі іс-қимылын екі
түрлі қоныстану паттернімен салыстырды: біріктірілген нәсіларалық
қоныстандыру паттерні (отбасылар нәсіліне қарамастан қоныстанды-
рылды) және сегрегацияланған екінәсілдік паттерні (қара және ақнә-
сілді отбасылар бір тұрғын үй кешенінде тұрғанымен, әртүрлі ғима-
раттарға қоныстандырылды). Сондықтан зерттеу дизайны статикалық
топтық салыстыру болды. Осы дизайндағы жарамсыздықтың негізгі
көзі сұрыптаудағы біржақтылықты бақылау үшін Дойч пен Коллинз
жобаларды негізгі айнымалылар бойынша сәйкестендірді. Әуелі олар
өзара көршілес екі қаланың серіктестігіне қол жеткізді, оның бірі (Нью-
Йорк) біріктірілген тұрғын үй саясатын ұстанса, ал екіншісі (Ньюарк)
сегрегацияланған тұрғын үй саясатын жүргізді. Содан соң олар тұрғын
үй кешендерін нәсілдік пропорциясына қарай сәйкестендірді: олар әр
қаладан шамамен үштен екі бөлігінде қаранәсілділер қоныстанған бір
тұрғын үй кешені мен жартысында қара, ал жартысында ақнәсілділер
қоныстанған бір тұрғын үй кешенін таңдап алды. Ақырында олар өзге
де бірнеше айнымалы бойынша жуықтатылған сәйкестіктің болғанын
атап өтті. Мысалы, екі қала нәсілдік және этностық құрамы сияқты
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
615
маңызды аспектілер бойынша өзара ұқсас болды; екі қала тұрғындары
да бірдей медиа сияқты ұқсас мәдени ықпалға ұшырағаны анықталды;
барлық тұрғын үй жобалары шамамен бір уақытта басталып, бірдей фе-
дералдық ережелерге бағынды, олардың әкімшілік құрылымдары да ұқ-
сас болып, өзара ұқсас аудандарда орналасты.
Сәйкестендірумен қоса, Дойч пен Коллинз кейбір айнымалыларды
статистикалық тұрғыдан бақылады; сондай-ақ олар тұрғын үйге қатысты
үлкен қажеттілік және өтінішті кері қайтарудың төмен көрсеткіші әсері-
нен нәсілдік көзқарастар негізінде сұрыптауға қарсы уәж айтты. Соған
қарамастан, осы квази-эксперименттік дизайн мен кросс-секциялы зерт-
теулердің басты әлсіз тұсы – олардың іріктеудегі бұрмалаушылыққа кел-
гендегі осалдығы. Статистикалық бақылау сәйкестендірумен логикалық
түрде бірдей болғандықтан, бірақ әдетте оп-оңай жүргізілетіндіктен, ста-
тистикалық бақылауды қамтитын кросс-секциялы зерттеулерді пайда-
лану соңғы жылдары квази-эксперименттік сәйкестендіру дизайнын ай-
тарлықтай дәрежеде ығыстырды (Rossi, Lipsey, and Freeman, 2004: 279).
Кросс-секциялық сауалнамалар бағдарлама әсерін жылдам әрі шығын
тиімділігі тұрғысынан бағалауды қамтамасыз ете алады; алайда осындай
бағалау жарамдылығы зерттеушінің ықтимал сұрыптау әсерін қанша-
лықты дәл тұжырымдап, қатысушылар мен қатыспайтындардың сипат-
тамаларын өлшегеніне байланысты, бұл ықтимал әсерлерді статистика-
лық бақылауға мүмкіндік береді. Мәселен, аноним маскүнемдер жиналы-
сы жайындағы зерттеуде «аталған жиналысқа қатысу нәтижеге әсер етті»
деген қорытындының жарамдылығы аноним маскүнемдер жиналысына
барғандарды онда бармағандардан ерекшелейтін іріктеу факторларын
бақылау айнымалылары қаншалықты жақсы ескеретініне байланысты.
Квази-эксперименттік дизайнның тағы бірі – бірнеше уақыт тізбегіне
келсек, ол бағдарлама әсері жайлы мықты себеп-салдарлық қорытынды
шығару үшін статистикалық бақылау мен сәйкестендіруді қолжетімді де-
ректерді талдаумен біріктіреді. Бір уақыт тізбегі дизайнының жарамды-
лығына төнетін басты қауіп – тарих. Бақылау тобына уақыт тізбегін қосу
тарихтан (және құралмен жабдықтау сияқты басқа да жарамдылыққа
төнетін қауіптерден) келер қауіптің бар-жоғын анықтауға жол ашады.
Мәселен, Мичиган штатында ішімдік ішуге рұқсат етілген жас шамасын
жоғарылатудың ықпалы туралы жүргізілген Вагенаардың зерттеуін еске
түсіріңіз. Штаттың 18–20 жастағы тұрғындарына түгелдей ықпал еткен-
діктен, бұл зерттеуді толық қамту бағдарламасы ретінде сипаттаған едік.
Бір уақыт тізбегі дизайнының көмегімен Вагенаар ішімдік ішуге рұқсат
етілген жас шамасы көтерілген соң, Мичиган штатының 18–20 жас ара-
сындағы тұрғындары арасында мас күйде жол апатына түсу оқиғалары-
ның азайғанын көрсетті. Алайда бұл зерттеудің бір ғана бөлігі еді. Мичи-
гандағы заңды ішінара қамту интервенциясы ретінде де қарастыруға бо-
лады, себебі ол барлық жастар тобына тиісті болмады және басқа штат-
тарда қолданылмады. Шын мәнінде, осы тарауда айтып кеткеніміздей,
БАҒАЛАУ ЗЕРТТЕУІ
616
Вагенаар уақыт тізбегі деректерін бақылау топтарының екі түрі бойынша
талдады. Біріншіден, ол Мичигандағы заңның ықпалына ұшырамаған үл-
кен жастағы топтары арасындағы жол апаты трендін салыстырды; екінші-
ден, ол ішімдік ішуге рұқсат етілген жас шамасы дәл сол уақытта дәл сол
күйінде қалған екі штат – Нью-Йорк пен Пенсильванияның 18–20 жаста-
ғы тұрғындары арасындағы жол апаты трендін салыстырды. Жасы үлкен
топтар арасында да, бақылау тобы рөлін атқарған штаттар арасында да
алкоголь кесірінен орын алған жол апаты фактілері дәл солай азаймады,
бұл «ішімдік ішуге рұқсат етілген жас шамасын көтеру 18–20 жастағылар
арасындағы алкоголь кесірінен болатын жол апаттарының санын азайт-
ты» деген себеп-салдарлық қорытындыны нығайтты.
Жиынтықты ішінара қамтитын жаңа
бағдарламалар/интервенциялар
Жоғарыда аталған дизайндардың кез келгені арқылы мақсатты топты
ішінара қамтитын жаңа бағдарламаларды бағалауда болады. Алайда мұн-
дай бағдарламаларды зерттеу ағымдағы немесе топты толық қамтитын
бағдарламаларды зерттеуге қарағанда көбірек бақылауға жол ашады.
Расында жаңа бағдарламаның немесе интервенцияның ықпалына ұшы-
рауынан басқа тәжірибелері өзара салыстыруға келетін эксперименттік
және бақылау топтарына кездейсоқ тағайындай отырып, шынайы экс-
перимент талаптарын орындауға болады. Ғылыми қоғамдастық квази-
эксперименттік және эксперименттік емес дизайндарын тоқтатып, кез-
дейсоқ іріктеу әдісіне негізделген эксперименттерге қарай ойыса баста-
ғандықтан (T.D. Cook and Shadish, 1994; Gueron and Rolston, 2013), баға-
лау зерттеушілері шынайы эксперименттерді жүргізу үшін тосқауылдан
өту жолдарын іздеді. Экспериментті жүзеге асыруда ең көп назар аударт-
қан проблема – аудиторияны кездейсоқ тағайындауды жоспарлау мен
жүргізу жолы (Boruch and Wothke, 1985).
Кездейсоқ тағайындауды іске асыруға болады деп ойласақ, бұл шешім
әдетте практикалық, сонымен бірге этика мәселелеріне келіп тіреледі.
Кездейсоқ тағайындау қолданылатын эксперименттер әжептәуір уақыт
алады және көбіне қымбатқа түседі. G.R.E.A.T. бағдарламасы жайында-
ғы екінші бағалауға 2,5 млрд доллар жұмсалды және оны жоспарлау мен
жүргізуге 5 жылдан аса уақыт кетті; басқа мемлекеттік бағдарламалар-
дың эксперименттері қазіргі доллар құнымен 100 млн доллар тұрды және
оны аяқтау одан да көп уақытты алды (Rossi, Lipsey and Freeman, 2004:
261).
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Шынайы эксперимент бағдарлама әсерін бағалаудың мінсіз тәсілі, алайда оны мақ-
сатты жиынтықтың бір бөлігіне жеткізілетін жаңа бағдарламаға ғана қолдануға болады.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
617
Жобаның демеушілері, әкімшілері және қызметкерлер құрамы кез-
дейсоқтыққа қатысты этика мәселесіне қарсы болуы мүмкін. Олар кей
адамдарды пайдалы болып саналатын эксперимент немесе бағдарлама-
дан айырудың әділетсіз, зиянды немесе заңсыз екенін айтуы мүмкін. Бұл
уәжге төтеп беру үшін бағалау зерттеушілері екі негізгі аргументті алға
тартады. Біріншіден, олар бағдарлама тиімділігінің белгісіз екенін және
оны ғылыми тұрғыда тексермейінше, солай қалатынын айтады. Екінші-
ден, олар бағдарлама әсері дәлелденбегендіктен, ал тіпті кейбір жағдайда
ұнамсыз әсері де болуы ықтималдығынан кездейсоқтықтың адамдарды
эксперименттікке және бақылау топтарына тағайындаудың бірден-бір
әділ жолы екенін айтады.
Сайып келгенде, мұндай шығындар мен қарсылықтар көбіне экспе-
рименттік емес зерттеулер негізінде жасалатын әлсіз себеп-салдарлық
қорытындылардың шығынымен салыстыруға тиіс (Shadish, Cook and
Campbell, 2002). Әлеуметтік бағдарламалар әсерін зерттейтін бағалау
зерттеушілері медициналық эксперименттерді зерттеген ғалымдардан
қолдау табуы мүмкін. Мысалы, Джон Гилберт, Бакнэм МакПик және
Фредерик Мостеллер (1977) «ем-домның не дәрінің тиімділігі туралы қа-
телесудің әлеуметтік шығыны кездейсоқтық шығындарынан асып кете-
ді» деген тұжырым айтты. Мысалы, ұнамсыз эксперимент не бағдарлама-
ны жылдар бойы пайдалана берудің әлеуметтік шығынын көз алдыңызға
елестетіңіз.
Тіпті бағдарлама әкімшілері кездейсоқтықтың мәніне көз жеткізсе де,
ол зерттеу дизайнына енгізілсе де, басқа проблемалар жиі туындайды.
Әдетте зерттеушілер кездейсоқтық процесінің дизайнын құрастырғаны-
мен, оны нақты тағайындауда түрлі басқа лауазымды адамдарға тәуелді бо-
лады. Мысалы, TARP эксперименті барысында Жазаны орындау жөніндегі
мемлекеттік департамент субъектілерді таңдап, олар топтарға кездейсоқ
тағайындауға жауапты болды (Rossi, Berk, and Lenihan, 1980: 50). Қызмет-
керлер не істеу керек екенін түсінбегенде немесе клиенттің қажеттілігі не
сіңірген еңбегі әсерінен оларды топтарға кездейсоқ тағайындау барысын-
да өздерінің кәсіби пайымына жол бергенінде, проблема туындайды. Мұ-
ның алдын алу үшін зерттеушілер кездейсоқ тағайындаудың қажеттілігін
анық түсіндіруі, іріктеу процесін мұқият бақылауы және қызмет көрсету
мамандарының ойынша, процестен шығарылуға тиіс ерекше жағдайларды
талқылауды ұсынғаны абзал (T.D. Cook and Shadish, 1994: 559).
Тағы бір айта кетерлігі, зерттеу басталған соң, кездейсоқтық процесі
іргелі зерттеуге қарағанда бағалау зерттеуінде сәтсіздікке көбірек ұшы-
рауы мүмкін. Бұл жердегі ең үлкен проблема – эксперимент барысында
қатысушыларды жоғалту, бұл эксперимент пен бақылау топтары ара-
сында сәйкессіздікке алып келеді. Мұндай жағдай араласу не бақылау
топтарына тағайындалған, жеке тұлғалар тағайындалған топқа қа-
тысудан бас тартқанда (сұрыптаудағы бұрмалау) не жеке тұлғалар ара-
ласу мен бақылау топтарынан түрлі деңгейлерде шығып кеткен кезде
БАҒАЛАУ ЗЕРТТЕУІ
618
(дифференциалды азаю) туындауы мүмкін. Қандай топқа бөлінсе де, тә-
жірибеге қатысудан бас тартпауға әуел баста-ақ келісетін адамдарды ғана
экспериментке тарту арқылы экспериментке қатысудан бас тарту фактіле-
рінен біржола құтылуға болады. Экспериментке қатысудан орта жолда бас
тарту фактілерін азайтатын амалдар қатарына қатысушыларға экспери-
менттің соңына дейін қалғаны үшін ақы төлеу немесе қатысушылармен са-
лыстыруға болатын нәтижелер жайлы мәлімет бергені үшін эксперимент
бақылаушыларына ақы төлеу, эксперименттен орта жолда бас тарту се-
бептерін анықтау және ондай фактілерді азайту үшін аталған көрсеткішті
бақылап отыру, сондай-ақ тартымдылығы бойынша шамамен бірдей бақы-
лау топтарын таратып, есесіне басқа эксперимент топтарын құру жатады
(T.D. Cook and Shadish, 1994: 560–61). (Бағалау эксперименті барысындағы
кездейсоқтық процесінің мысалын 14.2-қосымшадан қараңыз).
G.R.E.A.T. бағдарламасын зерттеушілердің эксперименттен орта жол-
да шығып кету фактілерін азайтуға деген бірлескен талпынысы кездей-
соқ бақылауға негізделген зерттеуді мектеп жағдайында іске асырудың
қиындығын көрсетеді. Бастапқы іріктеме 31 мектептегі 195 сыныпта
оқитын 4 905 оқушыдан тұрды. Эксперименттен шығып кету фактілері
екі кезең бойы жүрді. Кейбір іріктелген оқушылар федералдық ережелер
бойынша талап етілген ата-ана келісімін алу процесі кезінде-ақ экспери-
менттен шығып кетті. Одан кейін, бағдарламаны аяқтаған соң, тағы бір
лек оқушылардан посттесті мен келесі төрт сауалнаманы толтыру сұрал-
ғанда олар қатысудан бас тартты (Esbensen et al., 2013).
Соңында зерттеушілер сұрыптаудағы бұрмалаудың төмен деңгейі-
мен байланысты салыстырмалы түрде жоғары жауап беру деңгейлеріне
қол жеткізді. Барынша көп ата-ананың келісімін алу үшін олар мектеп
директорларымен және орайы келгенде, мұғалімдермен жүзбе-жүз кез-
десті; мұғалімдерден келісім формаларын жинауға көмектесуді сұрады;
сондай-ақ мұның қайтарымы ретінде оқушылар мен мұғалімдерге ақ-
шалай және өзге де ынталандырушы сыйлық ұсынды. Оқушылардың
79%-ына бағдарламаға қатысуға келісім берілді: ата-аналардың 11%-ы
келісім беруден бас тартса, оқушылардың 10%-ы келісім формаларын
қайтармады (Esbensen et al., 2008). Зерттеушілер оқушылардың қаты-
суын қолдау үшін өте белсенді қатысушыларды орта сыныптан жоғары
сыныпқа өткенше бақылады. Бастапқыда 31 орта мектепті тіркемес
бұрын, «200-ден аса түрлі [жоғары] мектептегі 5 және 6-толқындағы
қатысушыларға сауалнама жүргізілді» (Esbensen et al., 2013: 383). Мек-
тептегі оқушылармен байланыс оқушыларды іздеуді, директорлардан
рұқсат алуды және сауалнама жүргізілетін студенттерге бірнеше рет ба-
руды қамтиды. Бірден төртінші сатыға дейін сақтау деңгейі 87,3%-дан
71,9%-ға дейін төмендеді.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
619
14.2-қосымша. Миннеаполистегі тұрмыстық зорлық-зомбылық
бойынша эксперименттегі кездейсоқтық
Бағалау зерттеушілері кездейсоқтық процесін жүзеге асыру мен тұрақ-
ты пайдаланудың практикалық проблемалары жайында егжей-тегжейлі
ақпаратты сирек ұсынады. Бір үлгі боларлық ерекше жағдай – Лоуренс
Шерман мен Ричард Берктің (Sherman and Berk, 1985; Berk and Sherman,
1988; Berk, Smyth, and Sherman, 1988) Миннеаполистегі тұрмыстағы
зорлық-зомбылық экспериментіндегі кездейсоқтық процесін талқылауы.
Осы зерттеуді жоспарлау Лоуренс Шерманның Ұлттық әділет институтына
(ҰӘИ) ұсынған зерттеу дизайнынан басталды. Дизайн отбасында кездесе-
тін кейбір 300 зорлық-зомбылық түрі бойынша істі келесі үш интервенция-
ның біріне кездейсоқ тағайындауды қамтыды: оларға қамауға алу, медиа-
ция немесе ажырасу енді. Шерман бұл жобаны іске асырмас бұрын оны ірі
қаладағы полиция басшысының қолдауына, Ұлттық әділет институты ал-
дында кездейсоқтықтың этикалық және құқықтық негізділігін дәлелдеуі-
не, сондай-ақ бір топ офицерді «бір немесе бірнеше жыл бойы тұрмыстағы
зорлық-зомбылық істері бойынша өздерінің іс-әрекет еркіндігінен өз ер-
кімен бас тартуға» көндіруге тиіс болды (Sherman and Berk, 1985: 19). NIJ-
ге келсек, Шерман қамауға алудың тежеуші әсерінің ұшыраспауы туралы
эмпирикалық дәлел болмағандықтан, зерттеу полицияға зорлықтың қай-
талануын тиімді түрде азайтуға көмектесу үшін маңызды мәлімет беретін
болады деп айтты; сонымен қатар полиция тұрмыстық зорлық-зомбылық
істерінде қамауға көп алмады және мұны «ерікті және болжап болмайтын
негізде» істеді (Sherman and Berk,1985: 17). «Еркін ойлы полиция басшы-
сының» қолдауына қол жеткізген соң (Sherman and Berk, 1985; 17), Шер-
ман басшылық деңгейіндегі офицерлер тарапынан қарсылыққа ұшырады;
алайда 34 патруль офицерімен 3 күн бойғы келіссөзден соң, ол біреуінен
басқасының барлығын ерікті түрде экспериментке қатысуға көндірді.
Зерттеушілер жүзеге асыру проблемаларын барынша азайтуда бірнеше
стратегияны пайдаланды. Олар офицерлерге жан-жақты ақпарат ұсынып,
оқытты, оның ішінде рөлдік жаттығулар мен эксперименттік процедура-
ларды қолданудың практикасын көрсетті; ай сайын эксперимент бары-
сында офицерлермен жүздесіп отырды; офицерлер патрульде болған кезде
зерттеушілерді тұрақты түрде рейдке шығарды; сондай-ақ жүзеге асыру-
ға және қадағалауға жеңіл кездейсоқтық процедурасын әзірледі (Berk,
Smyth, and Sherman, 1988). Осы процедураға сәйкес, экспериментке қа-
тысып жатқан полиция офицерлері үш эксперимент үшін әртүрлі түстер-
мен кодталған есеп бланкілері бар арнайы блокнот алып жүрді. Офицер-
лер эксперименттік критерийге сәйкес келетін жағдайға тап болған сайын
блокноттың жоғарғы жағындағы есеп бланкісінің түсін көрсететін экспе-
риментті қолдануы керек болатын.
Түстермен кодталған барлық бланкі кездейсоқ ретпен орналас-
ты, 25 данадан біріктіріліп, кезек-кезегімен нөмірленді. Түстер
БАҒАЛАУ ЗЕРТТЕУІ
620
қиын жағдайда кездейсоқ эксперимент жағдайын қолдануға
тиісті офицерлерге көмек үшін қажет болды. Біріктіру мен нө-
мірлеу офицерлердің тіпті белгілі бір эксперименттерді белгілі
бір жағдайлармен сәйкестендіруге деген адал ниеттеріне тос-
қауыл қою үшін керек-тін. Сондай-ақ нөмірлеу эксперименттің
жоспардағыдай жүзеге асқан-аспағанын тексеруге қажет еді
(Berk and Sherman, 1988: 71).
Полиция ықтимал тұрақсыз жағдайларға тап болатындықтан, зерттеу-
шілер кездейсоқ тағайындауға жол бермеуге болатын және жол бермеуге
тиіс жағдайлардың ұшырасатынын білді. Сондықтан олар медиациялық
және сепарациялық интервенциялардан кейін қамауға алуға рұқсат бері-
летін жағдайларды (мысалы, офицерлерге шабуыл жасалса не қылмыскер
бұйрық берілгенде үйден шықпаса) болжап, анықтады.
Алайда экспериментті мұқият іске асырғысы келген талпыныстарына
қарамастан, зерттеушілер кездейсоқ тағайындау процесінің мінсіз жүр-
гізілмейтінін білді. Полиция қате жіберуі, бланкілерін ұмытып кетуі не-
месе кей тұстарда құқық қорғау органдары талаптарын зерттеу әдісінен
жоғары қоюы мүмкін (Berk, Smyth, and Sherman, 1988: 213). Тұрмыстағы
зорлық-зомбылық фактілерінің аздығы себебінен, бақылаудың көмегімен
офицерлердің кездейсоқтық процедурасын қолданғаны не қолданбаға-
нын қадағалау мүмкін болмады. Бұл офицерлердің өзара әрекеттестігі мен
зерттеу жұмысына деген жауапкершілігінің маңызын көрсетіп қана қой-
май, тағайындау процесіне талдау жүргізудің қажеттігін байқатты.
Кездейсоқтық процесін талдау үшін зерттеушілер полицияға экспе-
римент бөлігі ретінде жазып отыру тапсырылған ақпаратқа сүйенді. Экс-
перимент дұрыс іске асырылғанының ең басты дәлелі – эксперименттік
топтар сипатында айтарлықтай айырмашылықтың болмауы (Sherman
and Berk, 1985). Сонымен қатар зерттеушілер жобаланған экспериментті
нақты жағдайда іске асырылған экспериментпен салыстырғанда, олардың
82% жағдайда бірдей болғанын анықтады; сәйкес келмеген жағдайлардың
барлығына жуығы ерлі-зайыптыларға кеңес немесе екі бөлек өмір сүру
қажет болған кезде, қамауға алуды тағайындаған жағдайдан тұрды. Бұл –
тиімді жұмыс үшін берілетін арнайы өтемақы тұрғысынан оп-оңай түсін-
дірілетін заңдылық.
Зерттеушілер кездейсоқтық процесі ережелерінің дұрыс сақталғанына
қанағаттанғанымен, тағы бір талдау жүргізді. Олар эксперимент нәтиже-
лерін эксперименттің жобалануы мен нақты өмірде іске асуы негізінде
талдады, сондай-ақ «қамауға алуды мақсатты тағайындау нәтижесінде
туындауы мүмкін біржақты пікірлерді түзетуге» де тырысты (Berk, Smyth,
and Sherman, 1988: 217). Бұл талдаудың барлығы бірдей заң бұзылған жағ-
дайда қамауға алудың оң әсерін көрсетті.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
621
Қысқаша айтқанда, кездейсоқтық зертханалық эксперименттерге қа-
рағанда бағалау эксперименттерінде көбірек қиындық тудырады. Зерт-
ханада зерттеуші әдетте субъектілерді әртүрлі жағдайларға бөліп орна-
ластырады, сөйтіп, кездейсоқтық процесі өзінен-өзі сәтті жүзеге асады.
Сол сияқты зертханалық эксперимент жүргізуші адам субъектілердің әр
алуан эксперименттік жағдайлар туралы білімін, оның ішінде субъекті-
лердің эксперимент жайындағы ақпаратты бір-біріне жеткізу қабілетін
мұқият бақылай алады. Ал бағалау зерттеулерінде жағдай басқаша. То-
мас Кук пен Дональд Кэмпбелл (1979: 54–55) зерттеудің жарамдылығы-
на келетін төрт қауіп-қатерді тізіп берді, олар бір эксперименттік топтан
екінші эксперименттік топқа ақпарат таратуда туындайды. Бұл төрт
фактордың барлығы да бағалау зерттеулерінде көрініс тапты (T.D. Cook
and Shadish, 1994: 555).
Бақылау топтарының мүшелері өздерінің ұнамсыз экспериментке қа-
тысып жатқанын біле келе наразы болып, моральдық рухы түскенде, на-
разылық қаупі туындайды. Нәтижесінде олар өздерінің нәтижелілігі мен
өнімділігін төмендетеді де, эксперименттік топ пен бақылау тобы ара-
сындағы айырмашылық эксперименттің немесе бағдарламаның әсері-
нен емес, әлгі адамдардың наразы реакциясы есебінен түзіледі. Өздерінің
ұнамсыздау эксперименттік топта екенін білген соң бақылау тобының
мүшелерінде осының өтемі ретінде бақталастық пайда болуы мүмкін.
Бұл өзін әлеуметтік бәсекеде аутсайдер сезінетін бақылау тобы болжалды
айырмашылықты азайтуға немесе кері бұруға ынталанғанда туындайды.
Әкімшілер өтем ретінде екі жақты теңестіруге араласқанда да, өзара әр-
түрлі эксперименттік жағдайдағы топтар арасындағы болжалды айырма-
шылық азаюы мүмкін. Бұл жағдайда әкімшілер, мысалы, жаңа бағдарла-
ма ықпалына ұшырамайтын бақылау топтарына тең қаражат бөлу арқы-
лы эксперимент пен бақылау арасындағы теңсіздікті азайтуға тырысуы
ықтимал. Мұндағы проблема – осы қосымша ресурс жаңа бағдарлама
әсерімен тең әсер тудыруы мүмкін екендігінде. Бұдан басқа, «экспери-
ментті жүргізушілер немесе оған қатысушылар басқа эксперименттік
топтардың не істеп жатқанын біліп, жаңа тәжірибелерге таң-тамаша қа-
лып, оларды көшіргенде», эксперимент имитациясы немесе диффузиясы
туындайды (T.D. Cook and Shadish, 1994: 555).
Эллиот Аронсон (Aronson et al., 1975) бірлесіп оқу техникасы жайлы
өзінің бағалау еңбегінде эксперимент диффузиясын анықтады. Осы та-
рауда біз Аронсоннан Остин қаласының (Техас штаты) мектептеріндегі
нәсілдік шиеленісті азайту мәселесін бағалауды және оның шешімдерін
ұсынуды сұрағанын айтқан болатынбыз. «Проблеманың түп-төркіні – сы-
ныптағы бәсеке» деген қорытындыға келген Аронсон «пазл әдісі» деп ата-
латын өзара тәуелді оқудың жаңа құрылымдалған әдісін әзірледі.
5
Оның
осы әдісті алғашқы эксперименттік бағалауы пазл әдісі қолданылатын
БАҒАЛАУ ЗЕРТТЕУІ
622
сыныптағы балалар мен дәстүрлі сыныптағы балалар арасындағы бірне-
ше елеулі айырмашылық барын көрсетті. 6 апталық кезеңнен кейін пазл
әдісі қолданылатын сыныптағы балаларда қатарластарына деген сүйіс-
пеншілік артып, мектепке қатысты анағұрлым оң көзқарас қалыптасты,
сондай-ақ өздері туралы ойлары да жақсарып, оқу үлгерімі жоғарылады.
Алайда Аронсон мен оның әріптестері осы зерттеуді қайталауға тырыс-
қанда, олар эксперименттік және дәстүрлі сыныптар арасында өздері
күткен елеулі айырмашылықтарға қол жеткізе алмады. Есесіне екі жағ-
дайда да балалардың өз қатарластарына сүйіспеншілігі, мектепке көңілі
толуы және өзге де факторлар бойынша көрсеткіштері бірдей артты. Экс-
периментті жүзеге асырудағы бұл сәтсіздікке эксперимент диффузиясы
себеп болған еді.
Эксперимент барысында Аронсонның дайындықтан өткен ба-
қылаушылары бақылау сыныптарының мүлде дәстүрлі болмағанын
анықтады. Бақылау мұғалімдерінің барлығына жуығы өз оқушыла-
рымен топтық әрекеттестіктің белгілі бір формаларын қолданды:
бұл әрекеттестік эксперименттік мұғалімдердікі секілді жүйелі әрі
ауқымды болмаса да, балаларға ықпал ете аларлықтай дәрежеде-
тұғын. Бұл бақылау топтары балалардың мектепке және бір-біріне
деген сүйіспеншілігінде өзгеріс туғызды, аталған өзгеріс бастапқы
бақылау топтарынан көбірек, алайда эксперименттік топтардан
азырақ болды.
...тағы бір себеп болған жайт – ертеректегі зерттеулерге риза бол-
ған әрі таң-тамаша қалған көп мұғалім өз әріптестеріне оқытудың
жаңа әдісі туралы айтып берді, сөйтіп, бұл ақпарат ауыздан ауызға,
бүкіл мектепке тарады (Aronson et al., 1975: 50).
Өлшеу жарамдылығы
Бағалау зерттеуінің пайдалылығы қисынды дизайн стратегиясына ғана
емес, концептуалдауға, себеп (араласу не бағдарлама) пен әсер (күткен
нәтиже) өлшемдерінің сенімділігі әрі жарамдылығына да байланысты.
Алайда арнайы өлшеу мәселелері бағалау зерттеуінің саяси контексінен
туындайды. Әлеуметтік бағдарламалар мен бағдарлама мақсаты – сая-
си мәлімдемелер. «Олар бағдарламаның көптеген әлеуметтік мәселе-
нің күрделілігін қалай еңсеруге болатынына немесе бағалаушыларға
бағалау мақсаттары не критерийлеріне оп-оңай айналдыруға болатын
нақты бағдарламалық түсіндірме беру үшін құрылмаған» (T.D. Cook,
Leviton, and Shadish, 1985 703). Сондықтан өлшеуді мынадай бірнеше
жолмен жүргізу анағұрлым қиын болуы мүмкін: саясаттанушылар мен
бағдарлама ұйымдастырушылары эксперименттік араласу мен талап
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
623
етілген мақсаттардың ұғынықсыз концептуалдық және операционал
анықтамаларын беруі мүмкін; араласу бағдарламасы біркелкі болмауы
мүмкін; эксперименттік араласу бағдарламасы салыстырмалы түрде
анық болуы мүмкін, бірақ мақсаттар саяси себептерге қатысты (мем-
лекеттік мекеме немесе демеуші қолдауын тарту немесе сақтау үшін)
анықталады; түрлі мүдделі тараптардың (мысалы, әкімшілер, қызмет-
керлер, клиенттер) бағдарлама үшін қайшы немесе бір-бірімен байла-
нысты емес мақсаттары болуы мүмкін.
Біркелкі емес араласу бағдарламалары кейсінде «себеп» табиғатын
анықтаудың ең жақсы құралы – бағдарлама түрлі орындар мен белгілі бір
уақытта іске асырылғандықтан, оның орындалуын егжей-тегжейлі зерт-
теу. Бағдарламаның нақты анықталмаған және бірнеше мақсаты үшін
бағалау зерттеуінің қисындылығы бағалаушының бағдарлама әкімшілері
мен өзге мүдделі тараптардың қолдауын жоғалтпастан, саяси тұрғыдан
қолайлы мақсаттарды таразылауға болатын нәтижелерге айналдыруға
сай шетін тапсырманы орындау қабілетіне байланысты.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Іргелі зерттеушілерге қарағанда бағдарлама бағалаушылары кездейсоқтыққа қатысты
этикалық қарсылық, араласу топтары бойынша ақпарат тарату және зерттеу дизайны-
на қауіп төндіретін практикалық шектеулер сияқты бірегей мәселелерге кезікті.
Нақты мақсаттары бар жақсы анықталған бағдарламаны болжай оты-
рып, өлшеу проблемасы бағдарлама нәтижелерінің жарамды индикатор-
ларын табу не қалыптастырумен шектеледі. Ағымдағы бағдарламалар не
бұрынғы интервенцияны зерттеу үшін бағалау зерттеушілері алкогольді
ішімдік ішуге рұқсат етілген заңды жас шамасын зерттеудегідей, мем-
лекеттік статистиканы пайдаланады. Бірақ бұл статистика қисынсыз не
мүлде болмауы мүмкін. G.R.E.A.T. бағдарламасының нақты мақсаттары
бар; алайда жоғарыда атап өткеніміздей, бағалаушылар жете бағалау тео-
рияға негізделсе ғана мүмкін болады деп сенді. Сондықтан тұжырымда-
малық модельді әзірлеу және негізгі нәтиже өлшемдерін анықтау үшін
бағалаушылар G.R.E.A.T. оқулығын жете бағалады (Esbensen, 2015). Бұл
оларға жария етілген мақсаттарды ғана, сондай-ақ полиция офицерлері
бағдарламаны әзірлегенде ескермеген ықтимал қауіп-қатер факторлары
мен теориялық көзқарастарды анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде
олар 5 мінез-құлық нәтижесі (қылмыстық топ мүшесі болу, жалпы құқық-
бұзушылық) мен 28 көзқарас өлшемін (полицияға қатысты көзқарас,
өзіндік тиімділік, тәуекелді қабылдау) қамтыған 33 түрлі нәтиже өлшемін
құрды (Esbensen et al., 2013).
БАҒАЛАУ ЗЕРТТЕУІ
624
Тағы бір өлшеу мәселесі – нәтижені өлшеу уақытына қатысты. Әлеу-
меттік зерттеу араласу әсерін дереу я кейінірек көрінуі және әсердің бір-
тіндеп және үздіксіз не бір уақытта пайда болуы мүмкін екенін көрсетті
(Bernstein, Bohrnstedt, and Borgatta, 1975). Бағалау зерттеуіндегі осы мә-
селе – бағдарламаны іске асыру мен өлшеу арасындағы уақыт бағдарлама
әсерін көрсетуге қажет уақытпен сәйкес келмеуі ықтимал. Шынымен де,
бағалау зерттеуінің уақыт шеңбері зерттеушінің анағұрлым маңызды я
өзекті ұзақмерзімді болуы мүмкін әсерлерін бағалау қабілетін шектеуі
мүмкін. G.R.E.A.T. бағдарламасының бірінші бағалауы дереу бақылаумен
шектей отырып, зерттеушілер оң нәтижелерді азырақ алар еді, себебі дә-
лелдер кешіккен әсерлерді көрсетті (Esbensen et al., 2001).
Ұзақ мерзімде осы мәселенің барлығына қатысты ең жақсы шешім –
бірнеше рет өлшеу. Он үшінші тарауда талқылағанымыздай, көптік ин-
дикаторды пайдалану жарамдылық пен сенімділікті арттырады, өйткені
олар бұрмалау мен қателерді жояды. Тәуелсіз өлшемдер ұқсас нәтижелер
беріп, индикаторлар архив жазбалары, сауалнама сұрақтары мен бақы-
лау сияқты түрлі көздерден алынса, сеніміміз күшейе түседі. Әрі түрлі
индикаторлар қайшылықты нәтиже берсе, бұл саясаттанушыларды сақ-
тық танытуға және мәселе күрделілігін мойындауға дейін апаруы мүм-
кін.
6
Сондай-ақ нәтижелердің әр алуан өлшемдері жоспарланбаған және
күтпеген әсерлерді талдауға, түрлі субъектілерде бар бағдарлама мақсат-
тарын бағалауға және нәтижелер уақыттың түрлі мерзімінде өлшенген
жағдайда, ұзақ және қысқамерзімді әсерлерді бағалауға жол ашады.
Сыртқы жарамдылық
Іргелі зерттеушілер ішкі жарамдылық сыртқы жарамдылықтан басым
болуы керек деп санайды. Себеп-салдарлық байланыстың жалпылануын
зерттемес бұрын, олар байланыс жарамдылығын анықтау қажет деп ой-
лайды. Алайда кейбір бағалау зерттеушілері назарын сыртқы жарамды-
лыққа аударған абзал дегенді айтады (Cronbach, 1982). Кез келген кейсте
сыртқы жарамдылық мәселесінің бағалау зерттеуінде орасан зор маңызы
бар. Бағалау зерттеулерін жүргізу мақсаты – бағдарламаны басқа қатысу-
шыларға не бенефициарларға тарату я тараптау туралы дәлелді шешім-
дер қабылдау. Ларри Орр (2015: 169) айтқандай, «сыртқы жарамдылық-
ты бағалау интервенция ықпалының бұрмаланған бағалауын ұсынады...
интервенция саясат ретінде қабылданса, одан негізгі жиынтық зардап
шегуі мүмкін».
Көптеген бағалау зерттеуінде сыртқы жарамдылық мәселесі іріктеу
бірлігі мақсатты жиынтыққа қаншалықты репрезентативті болатыны-
на байланысты. Ықтимал іріктеу интервенция әсерін бұрмаламай баға-
лауға сеп болады; алайда әр алуан себептермен бағалау ықтимал іріктеу
бойынша араласуды сирек сынайды (Orr, 2015). Мақсатты жиынтықты
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
625
санау – күрделі іс, әрі шығыны да көбірек. Санау ықтимал болса, әсіре-
се шашырай орналасқан жиынтықта кездейсоқ іріктеме жүргізуде «ай-
тарлықтай практикалық қиындықтар» жиі кездеседі. Эксперименттер де
кездейсоқ түрде тағайындалуға келісетін жеке адамдармен, бүкіл мақсат-
ты жиынтыққа репрезентатив бола алмайтын топпен шектелуі мүмкін,
азаю іріктеме репрезентативтігін төмендетуі ықтимал.
Бағалау зерттеушілері ықтимал емес іріктемелерге сүйенуі керек бол-
ғанда, сұрыптау барысында бірнеше бұрмалау сыртқы жарамдылыққа
қатер төндіруі мүмкін. Кейде субъектілер араласуға өздері сұрыптала-
ды, кейде бағдарлама қатысушылары оң нәтиже беруі мүмкін болған-
дықтан сұрыпталады, ал бірліктер кейде қолжетімділігі үшін таңдалады
(Bernstein, Bohrnstedt, and Borgatta, 1975). Бағдарлама эксприментке
араласатын еріктілер үшін ғана жасалған болса, өздігінен сұрыпталу мақ-
сатты жиынтықты орынды жалпылауға мүмкіндік беруі керек. Әйтпесе
өздігінен сұрыпталу, сондай-ақ қолжетімдігі және болжалған артықтығы
үшін таңдау мақсатты жиынтықтан жүйелі түрде ерекшеленетін ірікте-
мелерді құруы әбден мүмкін.
Сыртқы жарамдылық іріктеменің реперзентативтігіне ғана емес, ба-
ғалау объектілері болып есептелетін компоненттер, қызметкерлер, орта
және уақыт сияқты бағдарламаның өзге аспектілерін жалпылауға да қа-
тысты. Осы аспектілердің барлығы сыртқы жарамдылыққа алуан тәсіл-
дермен қауіп төндіруі мүмкін (Bernstein, Bohrnstedt, and Borgatta, 1977:
119–25; Mertens and Wilson, 2012: 311–12).
1. Бағдарламалар көбіне араласу күрделілігі мен көпөлшемдігіне қай-
шы келер «жастар қызметі» мен «әлеуметтік машықтарды дамыту»
деген жалпы белгілермен сипатталады. Сондықтан интервенция
басқалар тура сол интервенцияны өзге ортада жүзеге асыра ала-
тындай жеткілікті түрде егжей-тегжейлі сипаттауға тиіс (Mertens
and Wilson, 20122).
2. Әлеуметтік бағдарламаның тиімділігі оны басқаратын қызметкер-
лердің жеке қасиеттеріне байланысты болуы мүмкін. Осылайша
нәтижелер бағдарламаны сәтті етуге қабілеті, пейілі не құлшыны-
сы азырақ қызметкерлердің кейінгі кеңінен іске асыруы үшін жал-
пыланбайды.
3. Адамның әлеуметтік бағдарламаны бағалауға қатысатынын білуі
нәтижеге әсер етуі мүмкін. 2.1-қосымшада сипатталған Хоторн
әсері бойынша, бағдарлама қатысушылары өзінің бағаланып жат-
қанын білгенде, күш-жігерін барынша салуы мүмкін. Не жаңа бағ-
дарламаға қатысқанда толқығанынан жақсырақ жұмыс істеуі мүм-
кін. Мұндай әсерлер нәтиженің бағдарлама бұдан былай экспери-
менттік болмайтын я бағаланбайтын ортаға қатысты қолдануға
болатыны не болмайтыны жөнінде сұрақ тудырады.
БАҒАЛАУ ЗЕРТТЕУІ
626
4. Бағдарлама өзі орнайтын тарихи уақытта және нақты география-
лық баптауда ғана ұтымды болуы мүмкін. Эксперименттік бағдар-
лама соңында басқарылатын ортадан алыс жерде болғанда, мұның
жүзеге асу ықтималдығы арта бастайды.
Сыртқы жарамдылыққа қатысты шешімнің оңайы жоқ. Бастау үшін
мүмкін болса, мақсатты жиынтықтың ықтимал іріктемесін жүргізу ке-
рек. Мұның жүзеге асқан-аспағанына қарамастан, зерттеу нәтижелері-
нің жалпылауын шектеуі мүмкін уақыт, орын, қызметкерлер және т.с.с.
факторларды ажырата алған жөн. Бір тәсіл – бағдарлама ең ақырында
жүзеге асырылатын шарттарды сипаттайтын эксперименттік бағдарла-
ма шарттарын (мысалы, іріктеме, орта, қызметкерлер) түзуге ұмтылу.
Роберт Ст. Пьер және Томас Кук (1984) мұны модальды нұсқаны іріктеу
ретінде қолданады. Біріншіден, бұл бағдарлама ресми саясатқа айналған
жағдайда қалай жүзеге асырылатынын сипаттауы керек (модальды бап-
тау). Одан соң бағдарлама типтік жағдайға ұқсас жолмен іске асырыла-
тын зерттеу жағдайы таңдап алынады немесе жасалады. Мысалы, типтік
бағдарлама қаладағы кедей адамдарға бағытталған медициналық ағарту
қызметін қамтыса, эксперименттік бағдарлама қаладағы кедей адамдар-
ды қамтуы керек. Бұл жағдайда шағын қалада орналасқан я әлеуметтік-
экономикалық топтардың ауқымдырақ спектріне бағытталған бағдарла-
маны бағалауға болмайды.
Әдетте бағалау бірнеше объектіде жүргізіледі. Объектілер кездейсоқ
таңдалса, бұл бағдарламаның не саясаттың бейтарап ықпалын қамта-
масыз етеді. Алайда G.R.E.A.T. бағдарламасы жайлы зерттеудегідей, ба-
ғалау зерттеуінің көбінде объектілер мақсатты түрде таңдалып алына-
ды. Бағдарлама/саясат ықпалы әр объектіде әртүрлі болса, іріктеменің
жалпы бағалауы қате болуы мүмкін (Olsen, Orr, Bell, and Stuart, 2013).
Эсбенсен мен оның әріптестері (2013) өздерінің зерттеуінде бағдарла-
маның жеті қаладағы ықпалы әртүрлі болғанын анықтады, бұл бағдар-
лама тиімділігіндегі кездейсоқ ауытқу мен айырмашылықтарды көрсе-
туі мүмкін.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Бағдарлама әсерінің қолданысқа жарамдылығын бағалау мақсатында бағалау зерт-
теушілері сыртқы жарамдылыққа ерекше көңіл аударады.
Жүзеге асатын интервенцияны өз контексінен көп жағдайда бөліп
алуға келмейтіндіктен, Росси, Липси және Фриман (2004: 58) бағдарла-
ма мониторингін бағалауды әсерді бағалауға қосалқы таптырмас зерттеу
әдісі ретінде қарастырады. Мониторинг арқылы бағдарламаның геогра-
фиялық орны, материалдық базасы, ережелері, қызметкерлерінің сипат-
тамасы мен дайындығы секілді интервенция нәтижесіне әсер етуі мүмкін
аспектілерді мұқият анықтауға болады.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
627
Бағалау зерттеуінің әлеуметтік
және саяси контексі
Байқағаныңыздай, зерттеу дизайны, өлшемі және іріктеу мәселелері ір-
гелі зерттеуде қаншалықты маңызды болса, бағалау зерттеуінде де дәл
сондай мәні бар. Алайда бағалау зерттеуінің айрықша әлеуметтік кон-
тексі осы техникалық мәселелерді шешуде бірегей мәселелер тудырады.
Сондықтан біз эксперименттік топтар арасында ақпарат таралуынан
туатын, жарамдылыққа қауіп төндіретін фактор; кездейсоқтық проце-
сін іске асыруға бағдарлама қызметкерлері тартылуы керек болып, ал
экспериментке қатысушылар орта жолдан шығып кететін кезде аталған
дизайнды қолданудың қиындығы; бағдарламаның аралас құралы мен
мақсатынан туатын өлшеу проблемалары; сондай-ақ қызметкерлердің,
орынның және уақыттың бағдарлама әсері қолданысына ықпалы жайлы
атап өттік. Енді бағалау зерттеуінің әлеуметтік және саяси контексін жан-
жақты қарастырайық.
Зерттеу тақырыбын таңдауда және зерттеу жүргізуде айтарлықтай ер-
кіндігі бар іргелі ғылым зерттеушілерінен айырмашылығы, бағалау зерт-
теушілері әртүрлі мүдделі тараптарға тәуелді. Мүдделі тараптар дегені-
міз – «бағдарламаның қаншалықты жақсы жұмыс істеуіне айтарлықтай
мүдделі жеке тұлғалар, топтар не ұйымдар» (Rossi, Lipsey, and Freeman,
2004: 18). Кез келген бағалау зерттеуінде көптеген ықтимал мүдделі та-
рап бар. Оның ең айқын үлгісі – бағдарлама демеушісі; ол бағдарлама-
ға бастама жасайтын және оны қаржыландыратын мемлекеттік мекеме,
жеке ұйым немесе қоғамдық топ. Бағдарлама демеушісі мен зерттеу жүр-
гізуді тапсыратын және оны қаржыландыратын бағалау демеушісі бір бо-
луы да, болмауы да мүмкін. АҚШ-тың Ұлттық әділет институты G.R.E.A.T.
бағдарламасына жүргізілген бағалауды қаржыландырды. Тағы бір мүд-
делі тарап ретінде шешуші сәтте бағдарламаның тағдырын анықтайтын
стратег немесе шешім қабылдаушыны айтуға болады. G.R.E.A.T. бағдар-
ламасы кезінде бұл тараптың құрамына бағдарламаны басқаратын орган,
яғни Ұлттық саясат кеңесі; қазіргі таңда нұсқаушыларды оқытуға және
олардың оқу материалдары шығынына қаражат бөлетін АҚШ-тың Кәме-
летке толмағандар ісі жөніндегі әділ сот және қылмыскерліктің алдын алу
басқармасы; сондай-ақ федералдық агенттіктерге қаражат бөлетін АҚШ
конгресі кірді. Одан кейін бағдарлама қатысушылары, бағдарлама басшы-
лығы мен қызметкерлері, бағалаушылар және өзге де мүдделі тараптар
бар. G.R.E.A.T. бағдарламасы барысында мұндай мүдделі тараптарға бағ-
дарламаға қатысқан балалар мен олардың ата-анасы, нұсқаулық берген
офицерлер және сыныптарында бағдарлама оқытылған мектеп дирек-
торлары мен мұғалімдер кірді. Сонымен қоса, Росси, Липси және Фриман
(2004: 374) «жалпақ тілмен айтқанда, әлеуметтік жағдайды жақсартуға
БАҒАЛАУ ЗЕРТТЕУІ
628
бағытталған талпыныстың тиімділігі мен ұтымдылығына алаңдайтын әр-
бір азамат бағалау нәтижесіне мүдделілік танытатынын» атап өтті.
Бағалау зерттеушілері зерттеуді жобалағанда, жүргізгенде және оның
нәтижелерін мәлімдегенде, әр алуан мүдделі тараптар туралы хабардар
болуға тиіс. Мүдделі тараптар өзара кереғар болғандықтан, зерттеушілер
басқа көзқарастар маңызын мойындай отыра, зерттеу жүргізілетін көз-
қарасты дәл анықтап алуы керек. Кейде саяси бағдарламалар әзірлеу ке-
зеңінде (14.1-сызбаны қараңыз) маңызды көзқарасты ұстану қажет бола-
ды; мысалы, бағдарлама қызметкерлері ең әуелі бағдарламаны жетілдіру-
ге бағытталған формативті зерттеу жүргізуге мүдделі болса, директивті
органдар бірінші кезекте қажеттіліктерді бағалауға мүдделілік танытады.
Бағалау зерттеушілері әртүрлі мүдделі тараппен байланыс жасауда
туындауы ықтимал қиындықты да естен шығармауы керек. Бұл, бірін-
шіден, техникалық терминдерді қоспауды талап ететін қарым-қатынас
анықтығына қатысты болса, екіншіден, қарым-қатынас формасына да
қатысты. Бағалау зерттеуінің көбі зерттеу дизайнын, әдістерін және нә-
тижелерін сипаттайтын егжей-тегжейлі техникалық есеппен аяқтала-
тынына қарамастан, Росси, Липси және Фриман (2004: 380) айтуынша,
«мұндай ақпаратты мүдделі тараптар сирек оқиды. Олардың көбі жай
ғана ауқымды құжаттарды оқуға үйренбеген, оны оқып отыруға уақыты
жоқ және құжатты түсінбеуі мүмкін». Сондықтан бағалау зерттеушілері
нақты мүдделі тараптардың қажеттілігіне ыңғайластырылған резюме,
конспект және әсіресе ауызша баяндамалар шығаруға дайын болуға тиіс.
Бағалау зерттеуі саяси амалдар әзірлеу контексінде жүргізілетіндіктен
және саяси бағдарламалар әзірлеу процесінің әрбір кезеңінде әр алуан
бағалау түрлері пайдаланылатындықтан, оны саяси процестің бөлігі ре-
тінде санауға болады. Сондықтан тиімді жұмыс жүргізу үшін бағалау
зерттеушісі өзінің осы процестегі рөлін түсінуге тиіс. Элеонор Челимски
(1987) федералдық деңгейдегі бағдарламаны бағалау жайында айта келе,
былай деп тұжырымдайды: бағалау мақсаты саясат жүргізуші тарап анық-
тайтын саяси мәселелерді шешуде сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету
болған тұста, аталған зерттеу түрі барынша пайдалы болады. Сондықтан
бағалауды жүргізетін зерттеуші саясат жүргізуші тараптың қорғаушысы
емес, көмекшісі ретінде қызмет етуі керек. Сол сияқты Росси, Липси және
Фриман (2004: 382)
бағалаушының рөлін бағдарлама тиімділігінің деңгейін мақұл-
дайтын және оны эмпирикалық тұрғыда негізделген ақпарат-
пен дәлелдейтін куәгер-сарапшы рөлімен салыстырады. Шешім
қабылдаушы алқабилер мен басқа да мүдделі тараптар қараңғы
пікірге я тапқыр болжамға қарағанда осындай тұжырымды ма-
ңыздырақ санауы мүмкін, бірақ куәгер емес, олар үкім шығару-
ға тиіс.
7
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
629
Сонымен, бағалаушының сараптамалық тұжырымы қаншалықты пай-
даланылады? Өкінішке қарай, бағалау негізіндегі зерттеуді пайдалану
ауқымына қатысты жүйелі дәлелдер мен көңіл толтырарлық көрсеткіш
аз (Rossi, Lipsey, and Freeman, 2004; Sechrest and Figueredo, 1993). Бұл ақ-
парат көбіне директивті органдар тарапынан еленбейді. Оның мысалын
қысқамерзімді қаржылық көмектің қылмысты қайталауды азайтуға ықпа-
лы жөнінде жүргізілген TARP экспериментінен көруге болады. Алайда Че-
лимски (1991) бағалау зерттеуі федералдық үкіметте саяси амал-шаралар
әзірлеуге керекті аса маңызды ақпаратпен қамтамасыз еткен, оның ішін-
де жаңа көші-қон саясатының ықтимал ықпалын болжап, үйсіз-күйсіз ха-
лықтың нақты есебін анықтап берген бірнеше жағдайды көрсетеді. Оның
айтуынша, саясатты жүргізуде директивті органдар бағалауды шынымен
пайдаланып жүр, мұндай құбылыс жиі кездеседі, сондай-ақ ондай фактілер
қарқынды түрде артып келеді (Chelimsky, 1987: 32).
Басқа авторлардың (C.H. Weiss, 1987; Rossi, Lipsey, and Freeman, 2004)
тұжырымдауынша, бағалау зерттеулерінің кейбірі ғана саясат пен тәжі-
рибе тікелей және шапшаң өзгерістер тудырғанымен, олар жалпылай,
анағұрлым жанама түрде ойлау жүйесіне ықпал етеді. К.Х. Уайсстың
(1987: 44) пікірінше, «[осы зерттеулер] тудыратын жалпы ұғымдар мен
идеялар хабардар қоғамның санасына енеді және уақыт өте келе олар
саяси дискурс шарттарын өзгерте алады». Бағалауды қажет ететін са-
лалардың көбеюін, техникалық білімнің тұрақты дамуын және бағалау
жүргізіліп жатқан саяси контекст туралы хабардарлықтың артуын ескере
отыра, зерттеу мен саясат жүргізу ісі арасындағы серіктестік арта түседі
деп үміттенеміз.
Түйін
Бағалау зерттеуінің басты мақсаты – әлеуметтік зерттеу әдістерін әлеу-
меттік интервенция бағдарламаларын бағалауға пайдалану болып сана-
латын қолданбалы әлеуметтік зерттеу формасы.
Бағалау – оңтайлы шешім қабылдаудың ажырамас бөлігі және ол саясат
жүргізу процесінің әртүрлі кезеңімен байланысты болуы мүмкін.
Проблеманы анықтауда бағалау зерттеушілері проблемалар мен шешім-
дерді концептуалдауға көмектесу үшін қолданыстағы әлеуметтік ғылыми
білімді пайдаланады және олар әлеуметтік мәселелердің таралуы мен құ-
былыстарын бағалауға әлеуметтік индикаторларды пайдаланады.
Саяси амалдар әзірлеу мен бағдарламаны жоспарлауға көмектесу үшін
бағалау зерттеушілері «қажеттіліктерді бағалау» деп аталатын қиындық
тудыратын салалар арасында басымдыққа ие деп саналатын салаларды,
сондай-ақ ұсынылған бағдарламалардың әлеуметтік ортаға ықпалын ба-
ғалайды.
Мұнымен қоса, бағалау зерттеушілері бағдарламаларды әзірлеуге кө-
мек ретінде формативті бағалаулар жүргізеді, оның іске асырылуы оның
БАҒАЛАУ ЗЕРТТЕУІ
630
жобасына қаншалықты сәйкес келетінін анықтау үшін процеске бағалау
жүргізеді және бағдарламаның ықпалы мен тиімділігін анықтау үшін қо-
рытынды бағалау жүргізеді.
Бағалаудың әр түрі алуан әдістемелік проблемаға кезіккенімен, бұл та-
рауда әдістерді бағдарлама әсерінің қорытынды бағалауына қолдануға
баса назар аударылады.
Қорытынды бағалау зерттеулерінде ортақ проблема – бағдарлама эле-
менттері мен болжалды нәтижелер арасындағы байланысты анықтайтын
мықты теорияның жоқтығы.
Бүкіл халыққа ықпал ететін ағымдағы және жаңа бағдарламалар мен ин-
тервенциялар үшін ең тиімдісі – уақыт тізбегі талдауы, бірақ бұл әдісті
тиісті деректер бар болғанда ғана жүзеге асыруға болады. Мұндай дерек-
тер жоқ болса, сауалнама жүргізу жеткілікті болуы мүмкін.
Халықтың бір бөлігін қамтитын ағымдағы бағдарламалар жобасы әдет-
те бағдарламаның ықпалына ұшырайтын және ұшырамайтын топтарды
салыстырып, зерттеу жүргізуді қамтиды, онда іріктеудегі бұрмалауға жол
бермейтін бақылаудың белгілі бір формалары пайдаланылады.
Аудиторияны ішінара қамтитын жаңа бағдарламалар үшін ең дұрысы –
шынайы эксперимент жүргізу. Алайда экспериментті жүзеге асыру оңай
болмауы мүмкін, өйткені мүдделі тараптар кездейсоқтық процесінің ма-
ңызды әрі этикаға сай екеніне көз жеткізуге тиіс, кездейсоқтық процесі
мұқият қадағалануы керек, қатысушылар орта жолда эксперименттен
шығып кетуі мүмкін, сондай-ақ ақпараттың бір эксперименттік топтан
екінші эксперименттік топқа таралуы ішкі жарамдылыққа нұқсан келті-
руі ықтимал.
Бағалау зерттеуінің саяси контексі өлшем жүйесінде айрықша проблема-
лар туғызады, олардың мысалы ретінде айқын түрде анықталмаған бағ-
дарлама жоспары мен мақсаты, бағдарламаның әр жерде әркелкі жүзе-
ге асуы, сондай-ақ эксперимент пен әсер арасындағы уақыттың белгісіз
кезеңге созылуын айтуға болады. Жүзеге асыру процесін зерттеу мұның
себептерін анықтауға көмектесуі мүмкін, алайда бірнеше фактор бойын-
ша өлшеу арқылы осы проблемалардың ең дұрыс ортақ шешімін табуға
болады.
Бағалау нәтижелерінің пайдалылығы олардың нақты өмір жағдайында
қолданысқа жарамдылығына қатысты болғандықтан, бағалау зерттеу-
шілері сыртқы жарамдылыққа ерекше назар аударады. Бұған өзін-өзі
іріктеу, Хоторн құбылысы, қызметкерлер құрамының ерекше қасиеттері
және бағдарлама тексерілетін орын мен уақыттың шектеулілігі нұқсан
келтіруі мүмкін.
Бүкіл зерттеу процесі кезінде бағалау зерттеушілері тиісті мүдделі тарап-
тар туралы хабардар болуға тиіс. Сайып келгенде, бағалау зерттеуінің
пайдалылығы зерттеушінің мүдделі тараптар қажеттіліктері мен қызығу-
шылығын өтеу мен бағалау жүргізіліп отырған саяси процестегі өз рөлін
ойдағыдай атқару қабілетіне байланысты.
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
631
Тірек сөздер
Іргелі әлеуметтік зерттеу Қорытынды баға
Қолданбалы әлеуметтік зерттеу Бағалау әсері
Бағалау зерттеуі Тиімділікті бағалау
Әлеуметтік индикатор Шығын мен тиімділікті талдау
Қажеттіліктерді бағалау Шығын мен пайданы талдау
Қоршаған ортаға ықпалын зерттеу Эксперименттік топқа ақпарат тарату
Әлеуметтік ықпалды бағалау Модальдық нұсқаны іріктеу
Формативті бағалау Мүдделі тараптар
Процесті бағалау
Тапсырмалар
1. Бастапқыда, G.R.E.A.T. бағдарламасы айтарлықтай дәрежеде есірткіге тәуел-
діліктің алдын алу үшін кеңінен қолданылған бағдарлама Есірткі қолдану-
ға қарсы тұру туралы білім беру (DARE) бағдарламасынан кейін әзірленді
(Esbensen, 2015). Сегізінші тараудағы 4-тапсырма DARE ықпалын бағалау
үшін гипотезалық зерттеуді сипаттайды. DARE үздіксіз қоғамдық қолдауы-
ның тарихы – бағалау зерттеуінің саяси контексіндегі қызықты кейсті зерт-
теуі. Деннис Розенбаумға (2007: 815) сәйкес, бұл «бағдарлама тиімсіздігіне
қатысты бірсыпыра дәлелдерге қарамастан, жыл сайын мемлекеттік қаржы-
ландыру ретінде 200 млн доллардан астам қаражат алады». Осы бағдарлама
туралы көбірек ақпарат алу үшін DARE ресми уеб-сайтына (http://www.dare.
com/home/default.asp) кіріңіз. Бұл сайтта бағдарлама негізделген «араласу»
теориясы баяндала ма? Осы бағдарламаны бағалаудағы мүдделі тараптар
қандай? Сіздіңше, неге DARE кеңінен пайдаланылуды жалғастыруда?
2. DARE-нің бір негізгі зерттеуі оны іске асырудан кейін 1–10 жыл аралығын-
дағы есірткі қолдануды бақылады. Ричард Клейтон, Энн Каттарелло және
Брайан Джонстоун зерттеу дизайнын және осы зерттеудің 5 жылдық нәтиже-
лерін 1996 жылы «алдын алу медицинасында» (Preventive Medicine) (vol. 25,
pp. 307–18) жарияланған мақаласында толық сипаттайды. Мына мақаланы
оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
а. Автор өздерінің «бойлық дизайнды» пайдаланғанын айтса да, бұл көбі-
не DARE әсерінің 5 жылдық өлшеміне қатысты. Негізгі тәсілдің неліктен
эксперименттік екенін түсіндіріңіз (жетектеме: салыстыру топтары қа-
лай құрылған еді?).
ә. DARE әсерін бағалау үшін қандай нәтиже өлшемдері пайдаланылды?
б. Зерттеушілер дифференциал азаюдың ішкі жарамдылығы қаупін қалай
жойды? Қандай қорытынды шығарды?
в. 2–4-сызбаларда марихуананың жыл сайынғы қолданылуы, есірткіге қа-
тысты көзқарастың өзгеруі, темекі шегетіндердің болжалды саны тұрғы-
сынан, салыстыру және интервенция топтары арасындағы айырмашы-
лық туралы не көрсетілген?
г. Бұл зерттеуге сыртқы жарамдылық тұрғысынан баға беріңіз.
БАҒАЛАУ ЗЕРТТЕУІ
632
3. Колледжіңіз бірінші курстағы студенттерді тура сол жатақханаларға тағайын-
даудың жаңа саясатын бастап, сол арқылы жатақханаларды бірінші курстағы-
лар мен жоғары курстағыларға бөледі деп ойлаңыз. Мұндай өзгерісті енгізу
арқылы әкімшілік бірінші курстағы студенттердің колледж өміріне үйренуін
жеңілдетуге және бірінші курстар арасында қауымдастық, интеллектуалды
араласу сезімін оятуға үміттенеді. Олар сізден осы саясат ықпалын қалай ба-
ғалауға болатыны жөнінде ақыл-кеңес беруіңізді сұрады.
а. Осы зерттеудегі маңызды мүдделі тараптар қандай?
ә. Эксперименттік бағдарлама ретіндегі әкімшілік оқуға түскен студент-
тердің үштен бірін барлық бірінші курс жатақханаларына тағайын-
дауды, ал қалған бірінші курс студенттерін басқа көп курстың жатақ-
ханаларына біріктіруді жоспарлайды деп ойлаңыз. Бағдарлама әсерін
бағалау үшін қандай негізгі зерттеу дизайнын пайдаланар едіңіз? Осы
дизайнды ойдағыдай жүзеге асыруда қандай кедергілер бар?
б. Енді оқуға түскен барлық курс бірінші курстың онсыз да аз жатақха-
насына жайғасады деп ойлаңыз. Жатақханада тұрудың жаңа стилі
әсерлерін қалай бағалар едіңіз? Ішкі жарамдылыққа қатысты ықтимал
қауіптер қандай?
в. Осы жаңа саясаттың болжалды әсерлеріне қатысты ықтимал өлшемді
әзірлеңіз.
Сілтемелер
1. Фредерик Мостеллер (1981) Англиядан Үндістанға дейін бара жатқан төрт
британдық кемедегі теңізшілер арасындағы діңгенеге лимон шырынының
әсерін тестілеу үшін 1601 жылғы «тамақтану экспериментін» сипаттайды.
Флоттағы ең үлкен кемедегі күнде лимон шырынының 3 шай қасығын ішкен-
дердің көбі ауырмады. Алайда үш шағын кемедегілердің үштен бірінен көбі
Кейп оф Гуд Хопқа жеткенге дейін дүниеден озды. Осы дәлел мен 150 жыл-
дан соң жасалған тағы бір сәтті экспериментке қарамастан, 1795 жылы ғана
«британдық флот цитрус шырынын тұрақты негізде пайдалана бастады және
қызметтегі діңгенені жойды» (Mosteller, 1981: 882).
2. ХХ ғасырдың бірінші жартысында штаттардың көбінде жеке тұлғалар 21 жас-
қа толмайынша дауыс беру я алкоголь сусындарын сатып алу құқығына ие
болған жоқ. Алайда 1960 жылдардың аяғында Вьетнамға 18 бен 20 жас ара-
лығындағы көптеген адам жіберілгендіктен, дауыс беру жасын төмендету ту-
ралы халықтық қолдау күшейе түсті. «Бұлтартпас дәлел: мемлекеті үшін жа-
нын қиюға әзір адамның дауыс беруге де құқығы бар» (Clark, 1992: 228). Бұл
пайым ақырында 18 жастағыларға федералдық сайлауларда дауыс беру құ-
қығын берген 1971 жылғы конституциялық түзетуге себеп болды. Штаттың
көбі жергілікті және мемлекеттік дауыс беру жасын 18-ге дейін шегеру жолын
іздегенде, олар ішімдік ішуге рұқсат беретін заңды жас шамасын азайту үшін
тура сол негіздемені қолданды. Шындығында, 1970–1975 жылдар аралығында
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ӘДІСТЕРІ
633
29 штат ішімдік ішуге рұқсат ететін жас шамасын әдетте 21-ден 18 не 19 жас-
қа дейін шегерді (Saffer and Grossman, 1989).
3. Бағдарлама 8-ден 13 сабаққа дейін көбейді; басқару стилі бағдарлама әкімші-
лері мен мұғалімдер арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты күшейтті;
оқулық бұзақыларға қосылуға қатысты белгілі қауіп-қатер факторларымен
байланысты болды; әдістемелік тәсілде ерекше назар ақпаратты ұғып алу
емес, бірігіп оқу мен рөл ойнау арқылы әлеуметтік біліктілік машықтарын
дамытуға бағытталды (Esbensen et al., 2002).
4. Росси, Липси және Фриманға (2004) сәйкес, осыған байланысты кең тарал-
ған статистикалық тәсіл – екі сатылы талдаудан тұратын «сұрыптауды мо-
дельдеу». Талдаудың бірінші сатысы бақылау айнымалыларын араласу мен
бақылау топтарына іріктеуді болжайтын «бейімділік балын» есептеу үшін
пайдаланады; екінші саты осы балды бағдарлама әсерлерін талдауға қоса-
ды. Іріктеу факторларын жай ғана нәтиженің қосымша болжаушысы ретінде
емес, сұрыптауды болжау үшін пайдалана отыра, осы әдіс сұрыптау әсерлерін
анағұрлым тиімді бақылайды. Хамфрис, Фиббс және Мус (1996) деректерін
сұрыптау барысындағы модельдеуді қолданғанда, АА жиналыстарына қаты-
судың статистикалық елеулі әсер көлемін бір сатылы талдаудан алынған әсер
көлемінен екі есе үлкен болғанын анықтады.
5. Топтық пазл әдісі оқушыларды алты адамдық оқу топтарына орналастырудан
басталады. Әр топқа алты параграфқа бөлінген сабақ беріледі және әр параг-
раф топтың бір мүшесіне беріледі. Барлық сабақты оқып шығу және толық
түсінік алу үшін топ мүшелері алты параграфты пазл бөліктері сияқты бірікті-
руге тиіс. Алайда осыны іске асыру үшін топтың әр жеке мүшесі өз сегментін
оқып шығып, оны топтың басқа мүшелеріне үйретуге тиіс (қараңыз: Aronson
et al. [1978], for a more complete description).
6. Бірақ Марк және Шотландтың (1985: 354) пікірінше, әрқилы нәтижелер пай-
далы ықпалдар тудыруы мүмкін. Белгісіздік тудыру орнына, қайшы тұжы-
рымдар екі тарап жақтаушыларының сенімін нығайтуы я саясаткерлердің
әлеуметтану саласы ғалымдарының пайдалы ақпарат беру қабілетіне сенім-
ділігін азайтуы мүмкін.
7. Балама ретінде, Ирвин Дойчер және Маргарет Голд (1979: 109) ғылыми
объективтік позициясын сақтаудың бағалау зерттеуінің пайдалылығын шек-
теуі мүмкін екенін айтады. Олардың ойынша, бағалаушылар «түсіністік таны-
та білетін скептик» рөлін атқаруға тиіс, мұнда олардың осы іске адалдығы бағ-
дарламаның мақсаты мен соған қатысты проблемаларды түсіну үшін керек.
БАҒАЛАУ ЗЕРТТЕУІ
635
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
Деректерді өңдеу,
талдау және интерпретациялау
Зерттеудің басқа аспектілеріндегідей, деректерді талдау көп жағдайда
зерттеушінің негізгі әдіснамалық тәсіліне байланысты. Далалық және
қолда бар деректерді зерттеуге қатысты тарауларда деректерді талдаудың
кейбір техникаларын жан-жақты талқыладық, бірақ эксперименттер мен
сауалнама жағдайында осы кезең туралы қысқаша ғана айтып өттік. Бұл
бөлімнің алғашқы екі тарауында жетінші және тоғызыншы тарауларда
талқыланған мәселелер сөз болады. Зерттеуші жинаған деректерін сан-
дық жағынан бағалап, компьютер оқи алатын формаға енгізуге және
статистикалық тұрғыдан талдауға тиіс. Он бесінші тарау талдауға дейінгі
деректерді өңдеудің негізгі сатыларын атап өтіп, қарапайым статисти-
калық талдауларды сипаттайды және осы процестің сауалнама зерттеуі
үшін маңыздылығын көрсетеді. Он алтыншы тарауда айнымалылар жи-
нақтары арасындағы себеп-салдарлық байланысты бағалауға арналған
кейбір анағұрлым жетілген статистикалық техникалар қарастырылады.
Осы тарауларда зерттеу деректерін талдауға баса назар аударсақ та,
сипатталған талдаудың логикасы мен үрдісі, негізінен, басқа тәсілдерде-
гідей болып келеді. Мысалы, теория мен деректер арасында тұрақты бай-
ланыс бар. Күтілетін байланыстың теориялық моделі – деректерді тал-
даудың негізі. Ол жүргізуге болатын талдаудың түрлерін шектейді және
бағыттайды. Талдау осы модельді тексереді және әзірлейді, кейінгі тал-
даулар үшін үнемі жаңа модельдер ұсынумен болады. Осындай жағдай-
дағы алғашқы ереже – фактілер (деректер) өздігінен түсінікті болмайды.
Оларды интерпретациялау керек. Бұрынғы зерттеулер ықпал ететін бұл
интерпретациялар ақырында зерттеу есебі, кітап немесе мақала форма-
сында оқырмандарға жол тартады. Оқырмандар оларды оқып, интерпре-
тациялай алады. Осылайша он жетінші тарауда зерттеудегі оқу мен жазу-
ды қарастырамыз.
636
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
Он бесінші тарау
Деректерді өңдеу және
қарапайым деректерді талдау
Зерттеудің кейінгі кезеңдерін қарастырғанда анағұрлым ауқымды ғылы-
ми зерттеу процесін есте ұстаған маңызды. Ғылым – теориялық идеялар
мен эмпирикалық дәлелдер арасындағы қайталанып отыратын әрекет-
тестікті қамтитын түсіну құралы. Теория мен деректер салыстырылған
жердің бәрінде деректерді талдау орнайды деуге болады. Зерттеуші да-
лалық зерттеу мен қолда бар деректерді талдау кезінде, өзі жинаған де-
ректерді реттеуге немесе зерделеуге ұмтылғанда осындай салыстыруға
жүгінеді. Сауалнама мен эксперименттер кезінде зерттеуші әдетте дерек-
тер жинақталып, өңделгеннен кейін теория мен деректерді біріктіреді.
Қалай болғанда да, бастапқы деректер талдауы теория мен деректердің
үздіксіз байланысына негіз болады.
Осы және келесі тараулар деректерді өңдеу, талдау мен интерпрета-
циялау мәселелеріне зер салады. Екі тарау да сауалнама зерттеуінің дерек
жинаудан кейінгі сатыларын қамтиды. Олардың қатарында дерек өңдеу
мен оны компьютер оқи алатын формаға енгізуден бір және екі айныма-
лыны пайдаланатын алдын ала талдауларға (он бесінші тарау), сондай-ақ
анағұрлым ілгері статистикалық талдауларға (он алтыншы тарау) дейінгі
процестерді атауға болады. Екі тарау да оқырманды зерттеу жүргізушіден
гөрі, зерттеуді қолданушы оқырманға арналған және статистика курсы-
на еш балама бола алмайды. Шындығында, есептеу формулаларын қол-
данудан бас тартып, көбінде вербалды презентацияларға арқа сүйейміз.
Біздің мақсатымыз – оқырмандарға деректерді талдау процесі туралы тү-
сінік беру. Бұл – эмпирикалық дәлел мен теориялық болжалдарды салыс-
тыру арқылы қол жеткізілетін оқу процесі.
Талдау кезеңдеріне алдын ала көз жүгірту
Деректерді талдау белгілі бір дәрежеде гипотезалардан, теориялық мо-
дельді құрастырудан немесе айнымалылар жиынтығы арасындағы күті-
летін байланыс басталады. Бұл модельдер дерек жинау процесін де бас-
шылыққа алып, талдануы мүмкін балама байланыстар мен модельдерді
анықтайды. Мысалы, 4-тарауда біз Беккет Брохтың (2002) қосымша
сабақтарға қатысудың оқу үлгеріміне ықпалы туралы зерттеуін талқы-
ладық. Брох осы байланысты зерттей отырып, гендер, нәсіл, этнос, ата-
ананың білім деңгейі, отбасының кірісі және өзге де бастапқы айныма-
лылардың әсерін қарастырды. Оның ойынша, осы айнымалылардың
637
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
әрқайсысы не оқу үлгеріміне тәуелсіз ықпал ете алады, не қосымша са-
бақтарға қатысу мен оқу үлгерімі арасында жалған себеп-салдарлық бай-
ланыс тудыруы мүмкін. Сондай-ақ ол спортқа қатысу мен оқу үлгерімі
арасындағы теориялық байланыстарды түсіндіруге бағытталған түрлі
аралық айнымалыны анықтады, оларды ол даму теориясы, жетекші көп-
шілік гипотезасы мен әлеуметтік капитал теориясынан алды. Барлық
әлеуметтік зерттеудегідей бұл теориялық болжалдар Брохтың айныма-
лыларды іріктеуі мен бағалауына және ақырында деректерді талдауына
жетекшілік етті.
Он алтыншы тарау айнымалы жиынтығы арасындағы себеп-салдар-
лық байланыстарды бағалаудың статистикалық техникасына ерекше
көңіл бөледі. Мұнда Брохтың өзі ұсынған түрлі теориялық модельдерді
қалай сынақтан өткізгенін көреміз. Алайда деректерді жинаған соң ги-
потезаны сынаудың осы соңғы кезеңіне дайындалу үшін бірнеше қадам
жасау қажет. Осы тарауда қамтылатын негізгі талдау кезеңдерін қарап
көрейік: (1) тиісті ақпаратты компьютер оқи алатын формаға келтіру, (2)
статистикалық талдау үшін деректерді тексеру және өзгеріс енгізу, (3) ги-
потезаны алдын ала сынау.
Сауалнама зерттеуінде бірінші кезең жауаптарды редакциялау және
түйіндеу (кодтау), деректерді енгізу мен қателерді тексеруді (тазартуды)
қамтиды. Компьютер арқылы алынатын сауалнамаларда дерек өңдеудің
бір бөлігі дерек жинау кезінде жүргізіледі. Ұлттық білім беру бойлық зерт-
теуінен (NELS) алынған Брохтың дерек талдауындағыдай, екінші рет тал-
дау жүргізетін зерттеушілер талдауларын екінші кезеңнен, яғни деректер-
ді тексеру мен модификациялаудан бастайды. Тексерудің мақсаты – тиісті
статистикалық талдаулар мен деректерге маңызды өзгерістер енгізу үшін
деректер туралы нақты түсінік алу. Әдетте тексеру үшін әр айнымалы-
ны жеке-жеке қарастырып (юнивариатив талдау), оларда жауаптардың
толық емес вариациясы, ақпараттың жетіспеуі немесе ауытқу сияқты
талдауға дейін азайтуға болатын әлсіз тұстарының бар-жоғын зерттейді.
Деректі модификациялаудың себебі көп. Мысалы, зерттеуші индекс не-
месе шкала құру үшін жауаптарды бірнеше элементке біріктіруді, айны-
малының бір немесе одан көп мәнін өзгертуді, талдау мақсаттарына сай
категориялар санын қысқартуды қалауы мүмкін. Бесінші тарауда Беккет
Брохтың NELS дерек жинағындағы айнымалыларды біріктіру арқылы
мектепаралық спорттық шараларға қатысу мен үй жұмысын орындауға
жұмсалатын уақытты өлшеу жүйесін қалай құрғанын сипаттадық.
Одан кейін талдау теориялық байланыстарды эмпирикалық түрде тек-
серуге көшеді. Қарапайым екі айнымалы (бивариатив) гипотезалар үшін
сарапшы тәуелсіз және тәуелді айнымалылар арасындағы байланыстың
теориялық болжалды растайтынын не растамайтынын анықтайды. Мы-
салы, Брох, болжанғандай, оқушылардың мектепаралық спорт шарала-
рына қатысуы мен математика және ағылшын тілі пәндері бағасының
638
арасында оң байланыс барын анықтады. Шынайы экспериментте тәуел-
сіз және тәуелді айнымалылар арасындағы байланысты бағалау – талдау-
дың соңғы кезеңі, себебі қисынды дизайн сыртқы айнымалыларды тиімді
қадағалайды. Бірақ эксперименттік емес дизайндарда сыртқы айныма-
лылар статистикалық қадағалауды талап ететін әжептәуір бәсекелес тү-
сіндірмелерді ұсынуы мүмкін. Мысалы, Брох үлгерімі жақсырақ оқушы-
лардың мектепаралық спорт шараларына қатысу мүмкіндігінің өз қатар-
ластарына қарағанда жоғары болу ықтималдығын зерттеуге тиіс болды.
Кей зерттеушілер алдыңғы кезеңді (гипотезаны алдын ала сынауды)
аттап өтіп, тиісті тәуелсіз, тәуелді, алдыңғы, аралық және өзге айныма-
лылардан тұратын толық масштабты мультивариатив модельге ойысады.
Біз мұны концептуалды түрде өзара байланысты екі кезеңнен тұратын
процесc ретінде сипаттауды дұрыс көреміз. Гипотезаны алдын ала сынау
теориялық болжалды растаса, сарапшы мультивариатив модельдердің
мүмкіндігін барынша жоққа шығару үшін бастапқы нәтижелер қадаға-
ланбаған алдыңғы айнымалылардың жалған салдары деп тұжырымдай-
ды. Керісінше, гипотезалық байланыстар алдын ала сынау кезінде рас-
талмаса, зерттеуші қадағаланбаған сыртқы айнымалылардың бастапқы
нәтижелерді бұрмалайтынын анықтау үшін мультивариатив модельді
әзірлейді. Алдын ала сынау сондай-ақ балама мультивариатив модель-
дердің барын білдіретін күтілмеген (кездейсоқ) нәтижелерді анықтауы
мүмкін.
Дерек өңдеу
Джеймс Дэвис пен Том Смиттің (1992: 60) пікірінше, дерек дайындау (не-
месе өңдеу) – «сауалнама зерттеуінің көп қызықтыра бермейтін аспек-
тісі». Алайда олар айтқандай, «бұл, бәлкім, ең көп қате жіберілуі мүмкін
кезең... Оған жол бермес үшін жүйеге көптеген тексеріс пен қауіпсіздік
шарасы орнатылуға тиіс» (60). Сауалнама деректерін өңдеуде деректерді
тексеру мен оларды талдауға жарамды ету процесі төрт негізгі қадамнан
тұрады: редакциялау, кодтау, деректерді енгізу және тазарту. Осы проце-
дуралардың кейбірі компьютерді пайдалана отырып телефон арқылы сұх-
баттасу (CATI), компьютерді пайдалана отырып жеке сұхбаттасу (CAPI)
мен компьютерді пайдалана отырып сұхбаттасуға (CASI) арналған бағ-
дарламалық жасақтама арқылы жүргізіледі.
Редакциялау
Редакциялау – мәтін сапасын тексеру процесі, негізінен, жазбаша сауал-
намаларға қолданылады. Мақсаты – анкетадағы немесе сұхбат кестесін-
дегі ақпаратты талдау үшін компьютерге енгізуге дайын болуын қам-
тамасыз ету. «Дайын болу» деректердің мүмкіндігінше толық, қатесіз
екенін және оны оқуға болатынын білдіреді.
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
639
Редакциялау дерек жинау процесі кезінде және одан кейін жасалады.
Оның көп бөлігі кодтаумен (келесі бөлімді қараңыз) қатар жүреді. Сауал-
нама зерттеуінде редакциялау процесі сұхбат барысында басталады. Сұх-
бат алушылар әр сұхбат жүргізілгеннен кейін көп кідірмей, толтырылған
формаларында қателер мен ескерілмеген дүниелер бар-жоғын тексеруі
керек. Қажет болса, респонденттерге қайта хабарласқан жөн яки сұхбат
барысын еске түсіріп түзетулер жасалуы қажет. Дала супервайзерлері де
осы тұста сұхбаттарға дұрыс формалардың пайдаланылуы, жауаптардың
түсінікті жазылуы мен дұрыс респонденттерден сұхбат алу тұрғысынан
тиісті тәртіпте жүргізілген-жүргізілмегенін анықтау сияқты біршама ре-
дакциялау жүргізуі мүмкін.
Ауқымы үлкен сауалнамалардағы редакциялаудың көп бөлігі орта-
лық кеңседе жасалады. Жазу құралы үшін көшірме редакторына ұқсас
функция атқаратын редактор немесе кодтаушы әрбір толтырылған фор-
маны шолып шығады. Оның мақсаты – (1) сұхбат алушыларды бағалау
және сұхбаттасу мәселелерін анықтау (мысалы, ашық сұрақтарға жауап
алу үшін сынамаларды дұрыс пайдаланбау); (2) жалғыз сұраққа бірне-
ше жауап, екіұшты жауап беру немесе жауаптарда бірізділіктің бар-жо-
ғын тексеру (мысалы, бір бөлімде теледидар көру бойынша 0 сағат деп
жазып, басқа бөлімде жекелеген телевизиялық бағдарламаны көретінін
жазу) және т.с.с. (3) сұхбат кестесінің немесе анкетаның толтырылғаны-
на, яғни барлық элементтердің, әсіресе «жоқ» элементтердің кодталған
мәні бар екеніне көз жеткізу. Редактор айқын қателерді сұхбат алушы-
ларға кері байланыс беретін негізгі зерттеушіге не дала супервайзеріне
жеткізуі мүмкін; бірақ көбінесе ол түзетулерді формаға тікелей енгізеді.
NELS кезінде жергілікті және орталықтандырылған ілеспе редакция-
лау да, дерек іздеу де қолданылады. Оқушылар, мұғалімдер мен ата-ана-
лар анкета толтырады және олар мектеп өкілдерінен алынған деректер-
мен толықтырылады. Сұхбат алушылар назарын оқушының жынысы, нә-
сілі, туған күні, отбасы құрамы, ата-анасының жұмыспен қамтылуы мен
білімі сияқты «маңызды» деп көрсетілген элементтерге аудара отырып,
оқушылардың анкеталарын мектепте тексерді. Егер маңызды сұрақтар-
ға жауап жетіспеуін немесе оларға жауаптардың анық емесін байқаса,
респонденттерге жеке хабарласатын еді. Басқа анкеталар мен деректер-
ге қатысты тура сондай маңызды сұрақтар орталық кеңседе тексеріліп,
жауаптарды толықтыру жұмысы телефон арқылы жүргізілді.
Кейбір редакциялау әрекеттері компьютер арқылы сұхбаттасу (CAI)
мен CASI бағдарламалық жасақтамаларына енгізіледі. CAI немесе CASI
бағдарламалары сұхбат алушы немесе респондентті кейбір сұрақтарға
жауап беріп, басқаларды қалдырып кетуге, тиісті жауап беру кодтарын
пайдалану мен өзара байланысты сұрақтарға қайшы жауап беруге итер-
мелеуі мүмкін. Редактордың көмегінсіз, CAI және CASI бағдарламалық
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
640
жасақтамалары сұхбат алушылар мен респонденттердің қаншалықты
жүйелі және қисынды жауап жазып жатқанын толық анықтай алмайды.
Мысалы, уеб-сайтқа сүйенетін немесе компьютердегі CASI бағдарламасы
«шаруаңыз болмасын» деген жауапты ашық сұраққа берілген қисынды
жауап ретінде қабылдауы мүмкін.
Кодтау
Компьютерлік талдауға арналған кодтау айнымалы категорияларға сан-
дар мен таңбаларды тағайындаудан тұрады. NELS сияқты сауалнамалар-
да категориялар – сұрақтарға берілген жауаптар; әдетте дерек енгізу мен
талдауды жеңілдету үшін сандық кодтар ғана пайдаланылады. NELS-те
«1» коды ерлер үшін, «2» коды әйелдер үшін пайдаланылады. Бұл сан-
дар кездейсоқ қолданылады; «2» кодын ерлер үшін, ал «1» кодын әйелдер
үшін де пайдалануға болар еді. Осы сандық кодтар әдетте тікелей анкета-
да немесе сұхбат кестесінде көрсетіледі. Мысалы, NELS-тің екінші ілеспе
сауалнамасында оқушыларға (1) командалық спорт түрлеріне (бейсбол,
баскетбол, футбол, хоккей және т.б.), (2) жеке спорт түрлеріне (ой-шұ-
қыр жермен жүгіру, гимнастика, гольф, теннис, жеңіл атлетика, рестлинг
және т.б.) немесе (3) черлидинг, помпон, қолдау тобына қатысқан-қа-
тыспағаны туралы сұрақ қойылды. Әр сұрақ үшін олар бес балама жауап
арасында ең көп қолданылған санды белгілейді: (1) мектепте қатыспа-
ған, (2) қатысқан жоқ, (3) қосалқы команда құрамында болды, (4) негізгі
команда құрамында болды және (5) кез келген топта капитан/бірлескен
капитан ретінде қатысты.
Жабық сұрақтар үшін кодтау қарапайым болып келеді: мұнда кате-
гориялар саны салыстырмалы түрде аздау, әрі жай ғана әр категорияға
әртүрлі код тағайындауыңыз керек. Алайда ашық сұрақтарға қайталан-
байтын жауаптардың саны жүздеп саналуы мүмкін. Сұрақтың осы түрі
үшін кодтау контент-анализдегі (он екінші тарауды қараңыз) кодтауға
өте ұқсас. Зерттеушілер әр респондент немесе жағдай үшін бөлек кодты
талап етпейтін, алайда жауаптардың толық диапазонын орынды көрсете-
тін кодтау схемасын әзірлеуге тырысады. Идея – тәжірибеде мүмкіндігін-
ше көп ақпаратты сақтап қалып, деректерді басқаруға болатын формаға
енгізу (ашық сұрақтарды кодтау мысалын 15.1-қосымшадан қараңыз).
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
641
15.1-қосымша. Шылым шегудің себептері:
ашық сұрақтарға берілген жауаптарды кодтау мысалы
Ашық сұрақтар үшін кодтау категорияларын әзірлеу көптеген басқа зерт-
теу әрекеті сияқты теория мен деректер арасындағы әрекеттестікті қам-
тиды. Бұрынғы шылымқорлармен («тастағандармен»), шылым шегуді тас-
тауға тырысқан, бірақ тастай алмаған қазіргі шылымқорлармен («тастай
алмағандармен») және шылым шегуді тастауға ешқашан айтарлықтай қа-
дам жасамағандармен (шылымға тәуелді адамдармен) жеке сұхбаттарға
сүйенген зерттеуде Брюс Стрэйтс (1967) пайдаланған процедураны қарас-
тырайық. Нақты факторлар шылым шегуді тастауды жеделдететіні және
қолдайтыны туралы гипотезаны дамытып, Стрэйтс «тастағандар» мен
«тастай алмағандарға» «Шылым шегуді неліктен тастағыңыз келді?» деген
ашық сұрақ қойды. (Шылымға тәуелді адамдарға «Шылым шегуді тастау
үшін сізде қандай себептер болуы мүмкін?» деген сұрақ қойылды). Сұрақ-
қа дербес жауап саны әр алуан және көп болғандықтан, оларды санаулы
категорияға топтамай басқару мен талдау қиын болды.
Теория мен деректердің екеуі де Стрэйтстің кодтау категорияларын
әзірлеуін басқарды. Теориялық түсініктер қатарында шылым шегуді тас-
тауда қазіргі дене сырқаттары (әсіресе шылым шегуге байланысты) бола-
шақта денсаулығының нашарлауына (мысалы, өкпе қатерлі ісігіне себеп
болу) қарағанда анағұрлым маңызды рөл атқарады деген гипотеза болды.
Кодтау процедурасы, біріншіден, 200 респондент берген әр себептің тізім-
делуін қамтыды. (Әдетте зерттеулерде код жасау үшін шамамен 50–100
респонденттің іріктемесі пайдаланылды). Бірдей себептерге хэштег белгі-
сі қойылып отырды. Тізімнің бір бөлігі мынадай:
«Қатты жөтелден құтыла алмадым»
||||
|||| ||||
«Жұмыс талаптары»
|||| |
«Денсаулыққа зиян»
||||
|||| |||| |||
«Тым қымбат»
|||| |||| |||
«Ұзақ өмір сүру»
|||| |
«Тамағым ауырды»
|||| |||| |
«Тастай алатынымды не тастай алмайтынымды көргім келді»
|||| ||||
«Жүрек талмасы»
|
«Ауыз бекіту үшін тастап, қайта шекпедім»
|
«Дәрігер кеңесі»
|||| |||| |||
«Синусит»
|||| |||| |
«Өкпе қатерлі ісігіне әкеліп соғады»
||||
|||| |||| |||
«Әйелім шылым шеккенімді жек көреді»
|||
Содан кейін кодтау категориялары зерттеу тұрғысынан ұқсас болып
көрінген себептерді топтау арқылы құрылған еді. Мысалы, қатты жөтелі
барлар тамағы ауырғандармен бір категорияға жатқызылды. Жөтел мен
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
642
тамақ ауруының арасындағы айырмашылық медициналық тұрғыдан ма-
ңызды болғанымен, Стрэйтстің гипотезасы үшін өзекті болған жоқ.
Эмпирикалық түсініктер де кодтау категорияларын құруға ықпал етті.
Кейбір себептерді «басқа» деген категорияға біріктіруге тура келді, себебі
олар тым сирек кездесетін. Шылым шегуді тастау туралы саналы шешім қа-
былдамаған, бірақ отадан кейін қалпына келу сияқты уақытша мерзімде
өзінің шылым шеге алмайтынын түсініп «тастағандар» үшін бөлек катего-
рия құру керек болды.
Берілген әр себепті кодтау үшін пайдаланылған соңғы кодтау схемасы
келесідей болды:
Денсаулыққа қатысты қазіргі себептер
1. Өзін жақсы сезінген жоқ (белгісіз ауру)
2. Мұрынның бітелуі (қатты суық тию, синусит және т.б.)
3. Жөтел, тамақ ауруы (шылымға тәуелді адамдардың жөтелі, тама-
ғы құрғау т.б.)
4. Демікпе (жел соққанда демнің жетпей қалуы т.б.)
5. Тәбеттің болмауы, салмақтың азаюы
6. Басқа сырқаттар (бас ауруы, күйгелектік, лоқсу, бас айналу т.б.)
Дәрігер кеңесі бойынша
7. Белгісіз (дәрігер кеңесімен т.б.)
8. Нақты бір сырқат әсерінен (жүрекпен байланысты мәселелер, сал
ауруы т.б.)
9. Дәрігер шылым шегудің зиян екенін айтты
Келешекте денсаулыққа қатысты себептер
10. Шылым шегу зиян (белгісіз)
11. Ұзақ өмір сүру
12. Қатерлі ісік қаупі (өкпе қатерлі ісігі т.б.)
Басқа
13. Сезім мүшелеріндегі жағымсыздық (ауыз қуысындағы жағымсыз
дәм, иіс, лас үй және т.б.)
14. Жақын адамдардың ықпалы (жұбайы, әріптесі т.б.)
15. Қаржылық себептер (ысырап т.с.с.)
16. Ерік-жігерін тексеру (өз өмірін қадағалай ала ма, жоқ па – тексе-
ріп көру т.б.)
17. Жұмыстағы талаптар (шылым шегуге тыйым салынған)
18. Шылым шегуді уақытша тастау (ота, сырқат, ауыз бекіту т.б. ық-
пал етіп, қайта шылым шекпеді)
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
643
19. Басқа себептер
20. Білмейді
21. Жауап жоқ
Кодтау схемасы тым көп және тым аз мәліметтер арасындағы теңдікті
көрсетеді. Классификацияда қатерлі ісікті арнайы атап өткендерді анық-
тау сияқты орынды болуы мүмкін айырмашылықтар бар. Талдау кеңірек
топтауды талап еткен кезде егжей-тегжейлі категориялар ысырылады
(қайта кодталады). Мысалы, Стрэйтстің есебінше (1967: 75), шылым ше-
гуді тастағандардың анағұрлым жоғары пропорциясы (82%-ы) ағымда-
ғы ауруларды және дәрігер берген кеңесті шылым шегуге себеп ретінде
атаған. Оларға қарағанда шылым шегуді тастай алмағандар (60%-ы)
не шылымқұмарлар (37%-ы) денсаулыққа тікелей қаупі азырақ немесе
«ақшаға ысырап» не «ерік-жігерін тексеру» сияқты маңызы төмендеу се-
бептерді жиірек, ал ағымдағы денсаулық мәселелерін сирек атаған.
Қалай болса да, жаңадан бастаған зерттеушілер маңызды болуы мүм-
кін айырмашылықтарға мән бермей, тым аз категорияны пайдалануға
құмар. Деректер кодталып, талданғанда, талдау мақсатымен код кате-
горияларын біріктіру оңай, бірақ жоғалған мәліметтерді қалпына кел-
тіру мүмкін емес. Респонденттердің бауырларының санын қажет ететін
сауалнама зерттеуін алайық: қанша бауырыңыз бар деп сұраудың орны-
на, респонденттерден аға-інілері мен әпке-сіңлілерінің не қарындаста-
рының жасын сұрады. Сөйтіп, бауырларының санын кодтауға мүмкіндік
туады. Бірақ қолда бар ақпараттың барлығы сақталғанда, яғни үйдегі
әр баланың жасы мен жынысы кодталғанда және дерекқорға бөлек-бө-
лек енгізілгенде не болатынын қарастырыңыз. Бұл компьютердің кө-
мегімен бауырлары туралы білуді ғана емес, олардың бір-бірінен жас
айырмашылығын т.с.с. өлшемін есептеп шығаруға мүмкіндік береді.
Дерек енгізу
Деректерді матрица немесе электрондық кесте ретінде қарастыруға бо-
лады. Демек, бақылау кезінде жиналған мәліметтер көлденеңінен, ал
айнымалылар тігінен беріліп, олар компьютерлік файлға енгізіліп, диск,
видео, компакт-диск не басқа тасымалдаушы құрылғыларда сақталады.
1
Сауалнамаға арналған деректер матрицасында әр сұраққа кодталған
жауап, тиісінше, респондент жолағындағы бағанға орналасады. Дерек
енгізудің бірнеше жолы бар. Қате енгізілген ақпараттарды анықтай-
тын «компьютер арқылы енгізу» деп аталатын бағдарламаны пайдалана
отырып, қағазға жазып алынатын сауалнамалардан алынған деректер-
ді компьютерге енгізуге болады. NELS бұл әдісті мектеп әкімшілігі мен
жазбаларынан алынған деректерді енгізу үшін пайдаланады. Сол сияқты
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
644
оптикалық сканер не оқу құралына жүгінуге болады. Бір құрылғы, сауал-
нама құрылғыларындағы немесе SAT-қа жауап формалары сияқты, жауап
категорияларының тұсында қаламмен белгіленген «көпіршік» элемент-
терді оқып, компьютерлік файлға енгізеді. NELS оқушылар, ата-аналар
мен мұғалімдерден жиналған сауалнама деректерін оптикалық сканер
арқылы өткізді. Ақырында, компьютер арқылы жүргізілетін сауалнама-
ларда сұхбат алушылар (CATI және CAPI) немесе респонденттер (CASI)
жауаптарды компьютерге немесе терминалға енгізеді.
CAI мен CASI деректерді тікелей енгізу, оптикалық сканерлер мен де-
ректерді енгізу-бақылау бағдарламалық жасақтамалары қолданысқа ен-
бей тұрып, қызметкерлер компьютерлік терминал немесе пернелі пер-
фораторды пайдалана отырып деректерді қолмен енгізетін. Бұл әртүрлі
қате жіберуге себеп болды. Өйткені енгізуші операторлар сауалнама
формасындағы редакцияланған деректер мен кодтарды түсінбей, кей сұ-
рақтардың жауабын қалдырып кетті немесе қайталап енгізді, цифрларды
ауыстырып жіберді т.с.с. Дерек енгізу кезіндегі осындай қателіктерді ба-
рынша азайтуға арналған стандарт процедура – әр сауалнамадан жинал-
ған ақпаратты екі рет енгізіп (оны екі бөлек адамның істегені жөн), олар-
ды салыстыра отырып тексеру. Дерек жазу және сақтау үшін перфокарта
қолданылғанда мұны «верификациялаушы» деп аталатын машинаның
көмегімен істейтін. Бүгінде әркім деректерді компьютерлік файлдарға
өз бетінше енгізе алады және содан кейін бағдарламалық жасақтама екі
файлды салыстырып, ішіндегі салыстыруға келмейтін деректерін анық-
тайды. Әр файлды әртүрлі адам кодтаған болса, дәл сондай тексеру стра-
тегиясы кодтау кезінде кеткен қателерді азайта алады.
Тазарту
Деректер компьютерлік файлға енгізілген соң зерттеуші қателердің бар-
жоғын мұқият тексеріп шығуға тиіс. Кодтау мен деректерді компьютерге
көшіруде қателерді табу және жою деректерді тазарту деп аталады. Бұл –
респондентке қатысты қателерді де анықтауы мүмкін маңызды процесc.
Дерек жинауға өте көп уақыт пен күш-қуат жұмсаған зерттеушілер дерек
өңдеу кезеңінде алдын алуға болатын қателердің әсерінен жұмыстарына
нұқсан келгенін қаламайды. Себебі іріктеу кезіндегі қателер мен бағалау
кезіндегі кей қателер сияқты емес, деректерді өңдеу кезіндегі қателердің
алдын алуға болады. Олардың алдын алу жолы – дерек енгізуде өте мұ-
қият болу және қате тексерудің барлық мүмкіндігін пайдалану. Деректе-
ріңізді тазартудың бірнеше жолы:
Біріншісі: дерек енгізгенде реті келсе қайта-қайта тексере беру керек.
CAI немесе CASI деректерді тікелей енгізу жағдайындағыдай, верифика-
ция мүмкін болмағанда дерек енгізетіндерді (сұхбат алушылар немесе
респонденттер) мұқият дайындау мен бақылау, сондай-ақ компьютер
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
645
арқылы жасалатын зерттеу процедурасын алдын ала кеңінен сынау көме-
гімен қате жіберу деңгейін барынша төмендетуге болады.
Әдетте дайындық, бақылау мен верификациядан тыс екі тазарту тех-
никасы қолданылады. Бұлардың біріншісі тіркелмеген кодты тексеру
деп аталады. Әр айнымалыда орнықты кодтардың белгілі бір жинағы
бар. NELS-тің спорт шараларына қатысу туралы жоғарыда аталып өткен
сұрақтарында, мысалы, 1-ден («мектепте жоқ») 5-ке («капитан/бірлес-
кен капитан ретінде қатысты») дейінгі ықтимал кодтар болды; сонымен
қатар 6 коды «бірнеше жауап» үшін және 8 коды «жауап жоқ» үшін пай-
даланылды. Орнықты кодтардың бәрін «тіркелмеген код» дейміз. Тір-
келмеген кодтарды тексеру әр элементтің құндылығын қарастырудан
тұрады. Оның мақсаты – спорт шараларына қатысу туралы сұрақтарда
7, 9 және 0 сияқты диапазоннан тыс кодтардың болу-болмауын анықтау.
Тіркелмеген код мәнін қабылдаудан бас тарту арқылы CAI, CASI және
өзге де дерек енгізу бағдарламалық жасақтамаларын осындай тазар-
туды автоматты түрде іске асыруға бағдарламалауға болады. Сонымен
бірге айнымалы үшін жиілік дистрибуция әдісін қолданып, қате кодтар-
дың бар-жоғын тексеруге және қателерді табу үшін компьютер арқылы
деректер файлын іздеуге болады. Тіркелмеген кодты тексеру орнықты
кодтарға қатысты типографиялық не басқа қателерді көрсетіп бермей-
тінін есте сақтау қажет.
Үшіншіден, ауқымды зерттеулердің көбі сәйкестікті тексеру деп ата-
латын процеске жүгінеді. Мұндағы мақсат – түрлі жауап арасында қи-
сынды байланыстың бар-жоғын анықтау. Мысалы, үйленген респондент
жасының 5-те болуы немесе бар-жоғы 3 жылдық білімі бар адамның ме-
дицина дәрігері болуы қисынсыз, сондықтан мұндай жауаптар кодтау қа-
тесінің көрінісі болар еді.
Сәйкестікті тексерудің кең тараған тағы бір түрі – алдыңғы сұраққа
нақты бір бағытта ғана жауап берілгенде қойылатын ілеспе сұрақтар.
Оныншы тараудан білетініңіздей, бұлар – респонденттердің қосалқы то-
бына арналған сұрақтар. Мысалы, Жалпы әлеуметтік сауалнама (GSS)
алдымен адамдардан өткен аптадағы жұмыспен қамтылу статусы туралы
сұрайды. Респондент толық немесе жарты жұмыс күні істеймін деп жауап
берсе, соған байланысты мынадай сұрақ қойылады: Сіз өткен аптада бә-
рін қосқанда қанша сағат жұмыс істедіңіз? Сәйкестікті тексеру осы сияқ-
ты сұраққа сол сұрақ бағытталған адамдар ғана жауап берді ме, жоқ па,
соны анықтайды. Респондент жұмыссыз, зейнеткер не оқушы болса, бұл
сұраққа жауап күтпес едік. Осындай қате жауаптарды анықтау үшін ілес-
пе сұрақтарға респонденттердің тиісті қосалқы іріктемесі бойынша жиі-
лік дистрибуция функциясын қолдану қажет. Мысалы, жұмыс істемейтін
респонденттердің қандай да бір қосалқы іріктемесінің өткен аптада жұ-
мыс істеген сағат саны туралы сұраққа жауап бергені не бермегенін тек-
серу қажет.
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
646
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМ
Компьютер көмегімен сұхбат алу арқылы дерек өңдеуге қатысты қателердің көбінен
айналып өтуге болады. Қағаз сауалнамаларда жиі кездесетін қателерге жол бермес
үшін енгізілген деректерді және орнықсыз (тіркелмеген) кодтар мен сәйкестіктің бар-
жоғын тексеру қажет.
Ең дұрысы, сауалнама жүргізуден күмәнді дерек енгізуге дейінгі про-
цесті қайта шолып шығу арқылы қатенің қай жерден кеткенін анықтау-
ға болады. Қателерді анықтау үшін бастапқы анкеталар не сауалнама
кестелерін қарастыруға, видеоға жазылған телефон арқылы жүргізілген
сұхбаттарды тыңдауға немесе бастапқы респонденттерге хабарласуға бо-
лады. Бұл мүмкін болмаса, зерттеушілер күмәнді жауаптарды күдікті деп
белгілеп немесе жетіспейтін жауаптар қатарына жіктеуі мүмкін.
Редакциялау мен дерек тазартудың маңызын түсіну үшін 2002 жылы
GSS CAI-ді енгізгенге дейінгі GSS деректерін редакциялап, тазарту үшін
қолданылған шараларды қарастыруға болады (Davis and Smith, 1992). Ол
кезде деректер енгізілмес бұрын сұхбат алушылар әр сұхбаттан кейін қа-
тенің бар-жоғын тексеру үшін сұхбат кестелерін шолып шықты. Далалық
зерттеу жұмысының жетекшілері алдымен әр сұхбат алушы тапсырған ал-
ғашқы екі форманың қаншалықты толық, түсінікті екенін және кодтаудың
қаншалықты дұрыс тәртіппен жасалғанын, содан кейін берілген формалар-
дың іріктемесін тексерді. Ұлттық қоғамдық пікірді зерттеу орталығының
орталық кеңсесі әртүрлі тексеру жүргізіп, толтырылған формаларды дерек
енгізу үшін дайындады. Соңғысы ашық сұрақтарға жауаптар мен форма-
да алдын ала кодталмаған басқа жауаптарды (мысалы, «жарамсыз» немесе
«жауап берілмеген») қамтыды. Оның мақсаты маңызды сұрақтарға қатыс-
ты жетіспейтін деректерді жинау және тексеріс үшін кездейсоқ кейстерді
таңдау болды. Деректер компьютер бағдарламасының көмегімен енгізілді.
Бағдарлама тексерушіге тіркелмеген кодтардың қателерін автоматты түр-
де көрсетіп отырды. Формалардың бәріндегі деректер енгізіліп болғанда,
кейбірінің деректері қайталап енгізілді. Бұл іс қателерін барынша азайту
үшін жасалған еді. Содан кейін тіркелмеген код қателерін қайта тексеру
үшін және кей сұрақтардың сәйкестігін тексеру үшін тазарту бағдарла-
малары іске қосылды. Қателер анықталғанда түзетулер енгізілді, тазарту
процесі «сұрақтардың барлығы таза болып шыққанға дейін қайталанды».
Ақырында, кодтаушылар сәйкестікті тексерудің тағы бір айналымы үшін
жиілік дистрибуцияны жүргізген зерттеушілерге таза файлды тапсырды.
Дерек матрицасы мен құжаттама
Деректердің бәрін компьютерлік файлға енгізгеннен кейін тексеруге,
модификациялауға және талдауға дайын боласыз. Алайда осы қадамдар-
ды талқыламас бұрын дерек сақтаудың әдеттегі формасы, техникалық
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
647
терминдер мен деректер жиынтығын сипаттау үшін қажетті құжаттама-
ны қарастырайық. Деректерді екінші реттік талдау үшін дайындап жа-
тырмын деп елестетіңіз. Басқалар деректеріңізді талдау үшін нені білуі
керек? NELS пен басқа өңделген архивтегі деректермен бірге қандай құ-
жаттама жүреді?
Зерттеу деректерін қисынды түрде сипаттау үшін екі түрлі ақпарат қа-
жет. Олар: бақылаудан жиналған әр мәлімет пен қолдаушы құжаттама
үшін айнымалы мәндер не кодтар матрицасы. 15.1-сызбадағы электрон-
дық кестеде 200-ден аса әлем елдері (қатарлар) үшін The World Factbook
2002 мен өзге де онлайн ақпарат көздерінен алынған, іріктелген айныма-
лылардың (бағандар) жартылай деректер матрицасы көрсетілген. Елдер
әліпби тәртібімен орналасқан және тек алғашқы 14 бақылау (А әрпі) көр-
сетілген. Деректер матрицасының әр ұяшығындағы сан нақты ел (қатар)
үшін нақты айнымалының (баған) мәнін көрсетеді. Бірінші кодталған
ұяшықтың «27,8» мәні Ауғанстан (бірінші қатар) халқының 2002 жылғы
саны (бірінші баған) шамамен 27 800 000 адам болғанын көрсетеді. Әр
айнымалы үшін мәндердің үлестірілуін тексеру мақсатымен бағанды тігі-
нен оқып шығуға болады. Мысалы, 14 мемлекеттегі сауаттылық деңгейі
100% бен (Андорра мен Австралия) 36% (Ауғанстан) аралығында.
Ел
2002
жылдың
ортасын-
дағы халық
саны
(миллион)
Жалпы
туу
көрсет-
кіші
Туу кезіндегі болжалды
өмір сүру ұзақтығы
(жылдар)
Қалада
тұратын
халық-
тың
пайыздық
үлесі
Сауаттылық деңгейі
(15 жастағы және
одан үлкен жастағы
%)
Жалпы Ерлер
Әйел-
дер
Жалпы Ерлер
Әйел-
дер
Ауғанстан 27,8 5,7 46,6 47,3 45,9 22 36 51 21
Албания 3,5 2,3 72,1 69,3 75,1 43 93 Ж Ж
Алжир 32,3 2,6 70,2 68,9 71,7 58 62 74 49
Америка-
лық Самоа
0,1 3,4 75,5 71,1 80,2 53 97 98 97
Андорра 0,1 1,3 83,5 80,6 86,6 92 100 Ж Ж
Ангола 10,6 6,4 38,9 37,6 40,2 35 42 56 28
Ангилья 0,01 1,8 76,5 73,6 79,5 100 95 95 95
Антигуа,
Барбуда
0,1 2,3 71,0 68,7 73,4 37 89 90 88
Аргентина 37,8 2,4 75,5 72,1 79,0 88 96 96 96
Армения 3,3 1,5 66,6 62,3 71,1 67 99 99 98
Аруба 0,1 1,8 78,7 75,3 82,2 51 97 Ж Ж
Австралия 19,6 1,8 80,0 77,2 83,0 91 100 100 100
Австрия 8,2 1,4 78,0 74,8 81,3 67 98 NA NA
Әзербайжан 7,8 2,3 63,1 58,8 67,5 52 97 99 96
15.1-сызба. Елдер бойынша жартылай деректер матрицасы
Дереккөз: The World Factbook 2002 (Washington, DC: Central Intelligence Agency, 2003); Population
Division of the Department of Economic and Social Affairs of the United Nations, World Population Prospects:
The 2002 Revision (New York: United Nations, 2003) and World Urbanization Prospects: The 2001 Revision
(New York, United Nations, 2002).
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
648
Қосалқы онлайн-құжаттама айнымалы анықтамалары мен деректер-
ге қатысты маңызды шектеулерді түсіндіреді. Мысалы, жиынтық туу көр-
сеткішіне (екінші баған) «барлық әйелдер босана алатын жылдарының
соңына дейін өмір сүрсе және әр жасында [ағымдағы туу көрсеткішіне
сәйкес] босанса, бір әйелге шаққанда дүние есігін ашатын балалардың
орташа санының сызбасы» (World Factbook 2002) деген анықтама беріле-
ді. Осылайша Анголаның 2002 жылғы жас бойынша туу көрсеткіші уақыт
өте келе өзгермесе, әр әйелдің өмірінің соңына дейін орта есеппен 6,4 ба-
ласы болады. Керісінше, Андорра мен Австриядағы туу көрсеткіштері өте
төмен. Алғашқы 14 мемлекетке қатысты деректер толық дерек жиынты-
ғын әзірлеуге қажетті зерттеу сұрақтарын ұсынады. Жоғары туу көрсет-
кіштері бар елдерде әйел сауаттылығы төмен болып келе ме? Елдің сауат-
тылық деңгейі мен туу кезіндегі болжалды өмір сүру ұзақтығы арасында
оң байланыс бар ма? Қалаға қоныстану деңгейі жоғарырақ елдерде туу
көрсеткіші төмендеу ме?
Алайда гипотезаны сынамас бұрын, құжаттамада деректердің сәйкес-
тігі сияқты өзге де сәйкессіздік бар-жоғын («ұсақ қаріппен жазылған»)
мұқият зерттеу маңызды. World Factbook 2002 осы жылдың 1 қаңтарында
қолжетімді болған ақпаратқа сүйенгенімен, кей деректер одан әлдеқайда
бұрын жиналған еді. Мысалы, Алжирдегі әйелдердің сауаттылық деңгейі
1995 жылғы бағалауға сүйенген. Айнымалы анықтамалары дерек жинау
уақыты ғана емес, ел бойынша да түрленуі мүмкін. Factbook есебіне сәй-
кес, «сауаттылықтың әмбебап анықтамасы мен стандарты жоқ. Басқаша
атап көрсетілмесе, барлық көрсеткіштер жалпыға ортақ анықтамаға,
яғни белгіленген жаста оқу және жазу қабілетіне негізделеді». Албания
(9 жас) мен Ангильядан (12 жас) басқа алғашқы 14 мемлекет үшін бел-
гіленген жас 15 болды. Ақырында, кей ақпарат әрқашан да қолжетімді
емес (жоқ). Ел деректері үшін жетіспейтін ақпараттың тиісті ұяшықтары
15.1-сызбада Ж (жарамсыз) деп кодталған.
15.2-сызбада Брохтың зерттеуіндегі 12 578 NELS оқушы-респондент-
тің оны үшін жартылай деректер матрицасы көрсетілген. Қатарларда
бірегей ID кодтар (бірінші баған) арқылы анықталатын респонденттер
көрсетілген. Өзге бағандарда атаулы кезеңдерді (мысалы, «бз» = базалық
жыл) және сұрақ нөмірлері (мысалы, «36a» = 36a сұрақ) немесе қысқар-
тылған айнымалы атауларын (мысалы, «аб» = ата-ана білімі) білдіретін
ықтимал айнымалылар көрсетілген. Матрица ұяшықтарындағы нөмір-
ленген кодтар жауаптарды немесе жиынтық айнымалы категорияларын
білдіреді. Респонденттердің жынысын (бесінші баған) көрсету үшін ер-
лерге 1, әйелдерге 2 коды қолданылатынын еске түсіріңіз. Осылайша ті-
зімдегі алғашқы екеуі ерлер, кейінгі екеуі әйелдер болып келеді. Нәсілге
байланысты 1 коды «азиялық немесе Пасифика тұрғындарына», 2 «нәсілі
қандай болса да, латынамерикалық», 3 «латынамерикалық емес қара нә-
сілге», 4 «латынамерикалық емес ақ нәсілге», 5 «үндіс немесе Алясканың
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
649
байырғы тұрғынына» және 8 «көрсетілмегенге» (респондент бірде-бір
жауапты таңдаған жоқ немесе бірнеше нәсілді қатар таңдады) қолданыл-
ды. 15.2-сызба тек ақнәсілділерді (алтыншы баған) тізбелесе де, оқушы-
лардың шамамен үштен бірі өзге нәсіл не этностық категорияға тиесілі
еді.
Id бз36a бз36b бз36c жыныс нәсіл взаб бзоқ
124902 3 2 2 1 4 3 1
124915 3 2 2 1 4 3 1
124916 2 3 3 2 4 3 1
124932 2 3 3 2 4 3 1
124939 3 2 2 1 4 3 4
124944 3 3 3 2 4 2 1
124947 2 3 2 2 4 2 1
124966 3 3 3 2 4 3 1
124968 3 3 3 1 4 3 1
124970 1 2 3 1 4 4 1
15.2-сызба. NELS:88 үшін жартылай деректер матрицасы
Зерттеу нәтижелері деректер матрицасына немесе балама компьютер
оқи алатын форматқа енгізілгенде зерттеуші кодтар кітабы құжаттама-
сын дайындауға тиіс. Кодтар кітабы, жыныс пен нәсіл үшін NELS кодтары
сияқты, аталған әр айнымалы үшін нөмірленген кодтардың мағынасын
анықтайтын сөздік. Код кітаптары сұрақтарды тұжырымдаудан, сұхбат
алушы нұсқаулықтарынан және бір ғана жауапты талап ететін сұраққа
белгіленген екі жауапты қалай өңдеу керектігі сияқты кодтау мен редак-
циялау шешімдерінің ережелерінен де тұруы мүмкін. Бастапқыда код кі-
таптары жалғыз физикалық құжат болса, қазір бұл ақпарат түрлі ақпарат
көздері мен медиада бытырап жатуы мүмкін. NELS деректер жиынты-
ғымен бірге жүретін электрондық код кітабымен бірге, бірқатар техни-
калық және әдістемелік есептерді Білім беру статистикасы ұлттық ор-
талығынан (http://nces.ed.gov/surveys/NELS88/) онлайн алуға болады.
Мысалы, NELS электрондық код кітабына сәйкес, оқушылардың жынысы
базалық сынып оқушылары анкетасының «Сіздің шығу тегіңіз» бағаны-
нан, ал ол жерде көрсетілмеген жағдайда мектеп тізімдерінен кодтал-
ды. Оқушы анкетасы мен мектеп тізімінде жынысы жазылмаса, оқушы-
ның атына қарап енгізіледі. Өте күрделі кодтау ережелері ата-ана білімі
(15.2-сызбаның жетінші бағаны) мен отбасы құрамы (сегізінші баған)
үшін қолданылады, олар – оқушы мен ата-ана анкеталарынан алынған
сәйкес жауаптарға негізделген құрама айнымалылар.
Айнымалылар сауалнамадан тікелей кодталғанда, кодтар кітабының
жазбалары жауаптар мен жауап берілмеген кодтар қосылған зерттеу
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
650
құралына өте ұқсас болады. Брохтың ата-ана-бала әлеуметтік капитал
айнымалысына (15.2-сызбаның 2–4 бағандары) қатысты жазбаларға мы-
налар кіреді:
36. Оқу жылы басталғалы бері ата-анаңызбен немесе қамқоршыла-
рыңызбен келесі мәселелерді қаншалықты жиі талқыладыңыз?
{бз36a} Мектептегі пән не бағдарламаны сұрыптау
{бз36b} Сізді ерекше қызықтыратын мектептегі іс-шаралар
{бз36c} Сыныпта оқыған нәрселеріңіз
Код Белгісі
1 ЕШҚАШАН
2 БІР НЕМЕСЕ ЕКІ РЕТ
3 ҮШ НЕМЕСЕ ОДАН КӨП РЕТ
6 {БІРНЕШЕ ЖАУАП}
8 {ЖАУАП ЖОҚ}
6 коды оптикалық сканерлеу анкетасында бірден көп жауап белгілеген
оқушыларды көрсетеді. Ешқандай жауап көрсетілмеген жағдайда, 8 коды
жауап берілмеген ақпаратты көрсету үшін қолданылды. Көп зерттеулерде
айнымалы үшін жетіспейтін деректер «білмейтіндер» (БМ), «жауап бер-
мегендер» (ЖБ) немесе жарамсыз (ЖЖ) деген үш категорияға бөлінеді.
Қоғамдық пікірді зерттеу ұлттық орталығының (http://gss.norc.org/
Get-Documentation) GSS-тің кодтар кітабы құжаттамасын ұсынатын кере-
мет уеб-сайты бар. Тоғызыншы тарауда сипатталған GSS ұлттық іріктеме
үшін стандарт сұхбат кестесін пайдалана отырып жүргізілген сұхбаттар-
дан тұрады. Сұралған дүниелердің ішінде (1) жынысқа, нәсілге, маман-
дыққа, дінге т.б. қатысты стандарт ақпараттық сауалдар; (2) респондент
өмірінің (денсаулық, отбасы, әлеуметтік қатынастар т.б.) түрлі саласы-
ның сапасы туралы; (3) мемлекеттік бағдарламаларды қалай бағалайты-
ны жөнінде және (4) есірткі қолдану, аборт жасату, діни еркіндік және
нәсілдік теңдік сияқты мәселелердің кең диапазоны туралы пікірлер мен
көзқарастарды қамтитын сұрақтар бар. Онлайн кодтар кітабы әр сұрақ-
қа, сөздерді қоса алғанда, жауап кодтары мен жиілік дистрибуция сияқты
берілетін ақпараттан және іріктеме дизайны мен өлшеу, кодтау нұсқау-
лықтары, қайта кодтау т.с.с. туралы ақпараты бар бірнеше қосымшадан
тұрады.
Әлеуметтік зерттеудегі статистика функциялары
Тазартылған деректер жиынтығынан басталатын талдаудың келесі қада-
мы – деректерді тексеру. Бұл – келесі статистикалық талдауларға қатысты
шешім қабылдауға қажет шара. Бірақ қандай талдау жүргізу керек еке-
ні туралы шешімді қалай қабылдайсыз? Әдетте бұл шешім нені білгіңіз
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
651
келетініне байланысты. Брох мектепаралық спорт шараларына қатысу-
дың (тәуелсіз айнымалы) оқу үлгерімін (тәуелді айнымалы) ілгерілететі-
нін не ілгерілетпейтінін білгісі келді. Осы сияқты себеп-салдарлық байла-
нысты орнату үшін ол екі айнымалының өзара байланысын (бір айныма-
лыдағы өзгеріс екінші айнымалыдағы өзгеріспен бірге жүретінін), ықпал
бағыты тәуелсіз айнымалыдан тәуелді айнымалыға қарай жүретінін және
айнымалылар арасындағы байланыстың шынайы екенін көрсетуі қажет
болды. Брох мектепаралық спорт шараларына қатысудың оқу үлгерімі-
мен байланысын анықтау үшін талдауын NELS деректерін әр респондент-
ке жеке тоқталып зерттеуден бастауына болар еді. Бірақ NELS-те 12 мың-
нан аса респонденттің болғанын ескерсек, бұл көп уақыт алатын, бәлкім,
нәтижесі де аса сенімсіз шаруа болар еді. Оған керегі – осы айнымалылар
мен респонденттердің барлық іріктемесінің арасындағы байланысты тү-
йіндеудің жылдам және тиімді құралы еді. Статистиканың (және компью-
терлердің) нағыз іске кірісетін жері – осы тұс. Статистика – деректер
жиынтығы туралы нұсқаулық; пән ретінде статистика деректерді реттес
беттеу мен талдау техникаларын ұсынады.
Әдетте статистика дескриптив және логикалық деген екі функцияға
сәйкес жіктеледі. Дескриптив статистика – деректерді анағұрлым түсі-
нікті ету мақсатында ұйымдастыру мен түйіндеу. Емтихандағы жоғары,
төмен және орташа балдар – сыныптың оқу үлгерімін оп-оңай түйіндей-
тін дескриптив статистика. Брохқа NELS іріктемесінде мектепаралық
спорт шараларына қатысу мен оқу үлгерімі арасындағы байланыс деңге-
йін түйіндейтін дескриптив статистика қажет болды. Инференциал ста-
тистика бүкіл халық үшін іріктеме деректері сияқты деректерді жалпы-
лау кезінде жасауға болатын тұжырым түрлерін қарастырады. Талдаудың
бұл түрі Брохқа NELS мәліметтері іріктемесінің америкалық оқушылар-
дың мақсатты жиынтығының оқу үлгеріміне мектепаралық спорт шара-
ларына қатысудың әсерін анықтайтын құралы ретінде қажет болды.
Ықтималдылық теориясы негізінде инференциал статистика екі мақ-
сатта пайдаланылуы мүмкін: іріктеме деректерінен зерттеу нысаны – ха-
лықтың жиынтық сипаттамасын бағалау (алтыншы тарауда талқылан-
ды) және гипотезаны сынау.
2
Әдетте гипотезаны сынау көзге түскен де-
рек паттерні, байланыс немесе айырмашылық кездейсоқ тағайындаудан
(эксперименттер жағдайында), іріктеу қатесінен (ықтимал іріктеу жағ-
дайында), кездейсоқ өлшеу қатесінен немесе басқа себептерден туын-
дайтын кездейсоқ процестер нәтижесінде пайда болады деген балама тү-
сіндірмені жоққа шығару үшін қолданылады.
3
Эксперименттерде мұндай
тексеру эксперименттік жағдайлар арасындағы айырмашылықтардың
«статистикалық тұрғыда елеулі» екенін, яғни кездейсоқ тағайындауға
жатпайтынын анықтайды. Ықтимал іріктеу қолданылған зерттеулерде
елеулілік тестілері іріктеме нәтижелерін нақты жиынтық үшін жалпылау-
ға бола ма, жоқ па, соны анықтайды. Елеулілік тестілерінің тиісті рөлі –
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
652
көптен бері айтылып келе жатқан даулы мәселе (қараңыз: Morrison and
Henkel, 1970; Hagen, 1997; Harlow, Mulaik, and Steiger, 1997). Экспери-
менттік емес деректер туралы Дэвид Голдтың (1969) кездейсоқ туындауы
мүмкін нәтижелерге шындап көңіл қоюдың қажеті жоқ деген дәйегінен
кейін елеулілік тестілерін қарапайым және кездейсоқ қателерді анықтау-
дың ұтымды құралы ретінде қарастырамыз.
Деректерді тексеру және модификациялау
Бұл кезеңде зерттеуші компьютерге деректерді тексеру мен модифика-
циялау бойынша нұсқаулықтар беруге дайын.
4
Осы операциялардың
кейбірі бұрынғы деректерді тазарту мен кодтау процестері нәтижесінде
жүзеге асуы мүмкін. Тексерудің мақсаты – бір уақытта бір айнымалыны
ғана зерттеу арқылы деректердің анық көрінісін алу. Юнивариатив тал-
дау нәтижесіндегі деректердің «көріністері» әр алуан формада, яғни кес-
телер, графиктер, диаграммалар мен статистикалық өлшемдер форма-
сында болады. Техникалардың сипаты талданып жатқан айнымалылар-
дың номинал/ординал немесе интервал/қатынас деңгейлерінде өлшен-
геніне (бесінші тарауда талқыланды) байланысты. Деректерді тексеруден
кейін зерттеуші бір немесе одан көп айнымалы кодын өзгертуді, айны-
малы кодтарының сандық ретін қайта құруды, айнымалы категорияла-
рын қысқартуды, жетіспейтін деректер үшін болжалды мәндер енгізуді,
индекс немесе шкала құру мақсатымен бірнеше айнымалының кодтарын
біріктіруді және талданатын деректерді басқаша модификациялауды қа-
лауы мүмкін.
Номинал және реттік шкала айнымалылары
Брох талданып жатқан айнымалылардың вариациялық сипатын түсіну
үшін ғана юнивариатив талдау жүргізген болуы мүмкін. Мысалы, айны-
малы талдауға енгізілмес бұрын жауаптардың қаншалықты жеткілікті
түрде вариациялы екенін анықтап алған дұрыс болар еді. Вариация аз
болған сайын, бір айнымалыдағы айырмашылықтың екінші айныма-
лыдағы айырмашылықпен қалай байланысатынын анықтау да қиынға
соғады. Ең қарапайым мысалды алсақ, оқушылардың барлығы өзін-өзі
бағалаудан бірдей балл алса, осы айнымалыдағы айырмашылықтардың
олардың оқу үлгеріміндегі айырмашылықтармен байланысы қандай еке-
нін анықтау мүмкін болмас еді. Абырой болғанда, оқушылардың үштен
бірі 10 мен 12-сыныптарда мектепаралық спорт шараларына қатысқа-
нын айтқанда, Брохтың негізгі тәуелсіз айнымалысы жеткілікті деңгейде
вариациялы болды.
Негізгі GSS сұрағы мынадай: «Жалпы айтқанда, адамдардың көбіне се-
нуге болады дей аламыз ба, әлде «сақтықта қорлық жоқ» деген ұстанымды
ұстанасыз ба?» Осы сұрақтың жауабын 2014 жылы GSS кезінде тексергіміз
келді деп ойлаңыз. Оның бір жолы – жауаптарды жиілік дистрибуциясы
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
653
деп аталатын кестеге реттестіріп орналастыру. Жиілік дистрибуциясы ал-
дымен барлық жауап категорияларын тізімге енгізіп, кейін әр категория-
да орнайтын кейстер санын қосу арқылы жасалады. Компьютерге сондай
нұсқаулық берсек, нәтижеміз 15.1-кестедегідей болуы мүмкін, ол сенім
туралы сұраққа жауаптардың 2014 жылғы дистрибуциясын көрсетеді. Әр
жауапты жеке қарастырғаннан гөрі, осы әдіс арқылы жағдайды анығырақ
түсінуге болады. Алайда мұндай кестелер әдетте деректерді алдын ала
ұйымдастыру қызметін атқарады. Себебі мұның нәтижесінде неғұрлым
оқуға болатын форматтар туындауы мүмкін. Жекелей алғанда, зерттеуші-
лер әдетте әр категориядағы респонденттердің пайыздық үлесін есептей-
ді. Мұның нәтижені қалайша айқындай түсетінін көру үшін 15.1-кестедегі
қатар ретімен орналасқан цифрларға зер салыңыз.
15.1-кесте. Адамдарға сенудің жиілік дистрибуциясы,*
2014 жылғы Жалпы әлеуметтік сауалнама
Код Белгі Жиілік
1 Адамдардың көбіне сенуге болады 519
2 Бұдан артық сақ бола алмаймын 1 076
3 Әрқалай (ерікті) 88
7 Білмеймін 3
8 Жауап жоқ 1
9 Жарамсыз
851
Жалпы 2 539
*Сұрақ: «Жалпы айтқанда, сіз адамдардың көбіне сенуге болады не
адамдардан бұдан артық сақ бола алмайсыз деп айтар ма едіңіз?»
Іріктемеде 519 респонденттің «Адамдардың көбіне сенуге болады» деп
жауап бергенін ескеріңіз. Бұл деректі интерпретациялайтын стандарт
немесе критерий ұсынбайынша, «519» еш мағына бермейді. 15.1-кестеге
зер салғанда өзара байланысты, салыстыруға сұранып тұрған цифрларды
байқауыңыз әбден мүмкін. Мысалы, «адамдардың көбіне сенуге болады»
дегенге қарағанда, «сақтықта қорлық жоқ» деген жауаптың көбірек еке-
нін немесе 88 респонденттің «әрқалай» деп екіұшты жауап бергенін бай-
қауыңыз мүмкін. Пайыздық дистрибуция интерпретациялауға айқын
салыстырмалы негіз ұсынады. Ол іріктеме көлеміне ұқсас категорияның
ауқымы туралы мәлімет береді. Пайыздық дистрибуцияны есептеу үшін
әр категориядағы кейс санын кейстердің жиынтық санына бөліп, шық-
қан санды 100-ге көбейту қажет. 15.2-кестеде солай жасадық. Енді жауап-
тардағы салыстырмалы айырмашылық анағұрлым анық болды. Мысалы,
респонденттердің 5%-ынан сәл көбі ғана екіұшты жауап бергенін көре
аламыз.
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
654
15.2-кестедегі пайыздық үлестердің, «жетіспейтін деректер», яғни
«жауап жоқ» және «жарамсыз» категорияларын қоспағандағы жауаптар-
дың жиынтық санына негізделгеніне назар аудара кеткен жөн. Респон-
денттердің шамамен үштен бірі (851) сенім туралы сұрақ қойылмаған кез-
дейсоқ қосалқы іріктемеде болды, тағы бір бөлігіне («жауап жоқ») сұрақ
қойылмады (сұхбат алушы қатесі) немесе жауап берілмеді. Бұлар маңызды
айнымалы категориялары болмағандықтан (яғни адамдарға сену туралы
ештеңе айтпағандықтан), оларды пайыздық дистрибуцияға кіргізу қате
болар еді. Жетіспейтін деректердің жиынтық саны – маңызды ақпарат.
Бұл ақпарат кестенің негізгі бөлігінен орын таппаса да, кем дегенде, сәй-
кес кестенің түсіндірмесінде немесе зерттеу есебінің мәтінінде жазылуға
тиіс. Сонымен қатар пайыздық үлесі есептелетін негіздің (1 686) 100%-ды
құрайтын жиынтық пайыздық үлестің төмен жағында, жақша ішінде бе-
рілетінін айта кеткен жөн. Әдетте кестелерде статистиканы есептеуге не-
гіз болатын бақылаудың жиынтық саны көрсетіледі. Бұл ақпаратты басқа
жерден, яғни кесте атауының аяғында немесе кестенің кіріспесі не түсін-
дірмесінен табуға болады; оны әдетте N әрпімен белгілейді.
15.2-кесте. 15.1-кестедегі дистрибуция үшін
адамдарға сенудің пайыздық үлесі
Жауап
%
Адамдардың көбіне сенуге болады 30,8
Бұдан артық сақ бола алмаймын 63,8
Әрқалай (ерікті) 5,2
Білмеймін
0,2
Жалпы 100,0
(Жауаптар саны) (1 686)
астап кеткен деректер) (852)
Юнивариатив талдауды әсіресе түсіндіру зерттеулерінде сирек жүр-
гізеді. Бұған дейін аталып өткен бір маңызды функция – категорияларды
кейінгі талдау үшін қалай қысқарту немесе қайта кодтау керегін анықтау.
Адамдарға сенім айнымалысы үшін талдауды сұраққа тіке жауап берген
адамдармен шектеуге болады (15.1-кестедегі 1 және 2 кодтары), бірақ бұл
91 «әрқалай» және «білмеймін» деген жауаптың жоғалуына әкелсе, олар
жетіспейтін ақпарат ретінде қайта кодталар еді. Оның орнына «әрқалай»
және «білмеймін» деген жауаптарды үш категориялы реттік шкалаға ара-
лық жауап ретінде қайта кодтау арқылы сақтап қалуға болады.
1. Адамдардың көбіне сенуге болады
2. Әрқалай; білмеймін
3. «Сақтықта қорлық жоқ»
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
655
Балама ретінде ең шеткі категорияларды басқа категориялармен са-
лыстыру арқылы жауаптарды екі топқа біріктіруге болады. Адамдарға аз
сенетінін айтқан респонденттерді, мысалы, дәл сондай пессимист емес
немесе екіұшты жауап бергендермен қарсы қоюға болады:
1. «Сақтықта қорлық жоқ»
2. Әрқалай; білмеймін; адамдардың көбіне сенуге болады
Жоғарыдағы қайта кодталған жауаптардың екеуі де жоқ мәліметтерді
барынша азайту арқылы практикалық мақсатына жетеді. Осылардың бі-
реуін таңдау немесе балама ретінде қайта кодтау, ең алдымен, теориялық
тұжырымдамаларға сүйенуі қажет.
Одан әрі талдауда айнымалы категорияларын қысқарту үшін юнива-
риатив тексеру де шешім шығаруға көмектеседі. Қысқарту шешімдері
теориялық критерийге негізделуі және жауаптардың эмпирикалық түр-
ленуіне байланысты болуы мүмкін. Осылайша білім алу жылдарын «тео-
риялық түрде» маңызды категорияларға (8 немесе одан төмен сынып,
жоғарғы сыныптар, жоғарғы сыныпты бітірген, ЖОО, ЖОО-ны бітірген),
АҚШ-та мектеп бітіру мен нақты мамандықтар бойынша біліктілік алу
үшін лайықты деп саналатын оқу жылдары негізінде қысқартуға болады.
Балама ретінде әр категорияға қанша респонденттің сай келетініне сәй-
кес оларды қысқартуға болады. Іріктеме білімі ЖОО деңгейінен төмен
санаулы респонденттен тұрса, талдау мақсатында бұл респондеттерді бір
категорияға жатқызуға болады.
Қысқартудың теориялық критерийі болмаған жағдайда ең жақсы стра-
тегия – әр категориядағы кейстердің шамалағанда тең пропорциясын
алуға тырысу. Дистрибуцияны дихотомизациялау керек болған жағдайда,
бұл 50:50 бөлуді білдіреді. Номинал айнымалы үшін мұндай бөлініске қол
жеткізу концептуалдық тұрғыда ұқсас категорияларды біріктіруге байла-
нысты. Мысалы, қандай да бір сәйкес айнымалыда әртүрлі пәндерге ба-
сымдық беретін оқушыларды өзара салыстырғымыз келсе, әрі олардың
50%-ының математика не жаратылыстану ғылымдарын, 30%-ының әлеу-
меттануды және 20%-ының психологияны тереңдетіп оқитынын анықта-
сақ, соңғы екі категорияны біріктіруіміз мүмкін. Реттік, интервал және
қатынас деңгейлерінде маңызды ақпаратты бастапқы дистрибуциядан
сақтап қалу үшін айнымалы әдетте шамамен бес-сегіз категорияға дейін
қысқартылады.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМ
Жиілік дистрибуция айнымалыны талдауды қамту үшін вариацияның жеткілікті не
жеткіліксіз екенін және кейінгі талдау үшін категорияларды қалай қайта кодтауға не
қысқартуға болатынын көрсете алады.
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
656
Айнымалының бастапқы категориялары қысқартылғанда, ақпарат
жоғалмай қоймайды. Ең дұрысы, жоғалған ақпараттың жоспарланып
отырған зерттеуге қатысы болмауы керек. Мысалы, кәсіби деңгейді зерт-
тегенде 9, 10 немесе 11 жылдық білімі бар респонденттер өзара эквива-
лент («жоғары сыныптың бірін тәмамдаған») деп қарастырылуы мүмкін.
Бірақ денсаулық жағдайлары мен денсаулыққа қатысты тәжірибелерді
анықтау сияқты, басқа мақсатпен жасалған зерттеуде білім деңгейін са-
наулы категорияларға дейін қысқарту аса маңызды ақпараттың жоға-
луына әкеп соғар еді.
Интервал және қатынас шкаласының айнымалылары
Жиілік немесе пайыздық дистрибуция жасау белгілі бір деңгейде номи-
нал және реттік шкала айнымалыларының юнивариатив талдауымен
бірдей деуге болады. Алайда интервал және қатынас айнымалыларының
деректерін кестелер (немесе графиктер) арқылы ғана емес, сондай-ақ ва-
риациялы статистикалық деректер тұрғысынан түйіндеуге болады. Теле-
дидар көру деңгейін өлшеу үшін респонденттерге «Сіз күніне орта есеп-
пен қанша сағат теледидар көресіз?» деген сұрақ қоятын негізгі GSS сауа-
лын алыңыз. Респонденттердің жауаптары сағат санымен (0–24 арасы
қарастырылды) жазылғандықтан, бұл айнымалыны интервал шкаласы
өлшемі деп қарастыруға болады. Адамдарға сену айнымалысы кейсінде-
гідей, жауаптарды үлестіру арқылы теледидар көруге арналған сағаттар
санын анықтай аламыз. 15.3-кестеде 2014 жылғы GSS үшін осы айныма-
лының компьютерлік нәтиже (output) деректері көрсетіледі. Бұл мәселе
болмағанымен, жинақы, оқуға ыңғайлы кесте түзу үшін интервал және
қатынас айнымалыларының көбіндегі мәннің біразы категорияларды
қысқартуды талап етеді. Жас айнымалысына қатысты үлестіру жүргізсек,
мысалы, мәннің көп болатыны соншалық (70-тен көп) – олар компью-
терлік нәтиже (output) деректерінің бір бетіне сыймас еді. Бұл жағдайда
респонденттерді жасының бірінші цифрына сәйкес, 20-дан кіші, 20–29
аралығындағы, 30–39 аралығындағы т.б. деп топтай аламыз.
15.3-кестеде дистрибуцияның жиілік және пайыздық деген екі түрі
барына назар аударыңыз. Кестеге қарап респонденттердің қанша пайыз-
дық үлесі әдепкі күнімде мүлдем теледидар қарамаймын деп жауап берге-
нін айта аласыз ба? Дистрибуцияның қандай екенін, сондай-ақ, оның әр
алуан статистикалық ерекшеліктеріне қарап біле аламыз. Үш ерекшелікті
зерттеуге болады. Біріншісі арифметикалық орта, медиана және мода (ең
жиі) деген орталық үрдіс өлшемдерінен тұрады. Бұлар мән жиынтығын-
дағы түрлі «орташа мәндерді» немесе концентрация нүктелерін көрсете-
ді. Арифметикалық орта – жауаптардың бәрін қосып, респонденттер-
дің жиынтық санына бөлу арқылы есептелетін арифметикалық орташа
мән. Бұл – дистрибуциядағы «теңгеруші» нүкте, себебі барлық мәндердің
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
657
орташа көрсеткішінің айырмашылықтарының қосындысы тура нөлге
тең. Медиана – дистрибуциядағы орта нүкте, орта жауап мәні; жауап-
тардың жартысы одан жоғары және жартысы төмен. Медиананы мән-
дерді төменнен жоғарыға қарай ретімен қойып, ортасында тұрған мәнді
есептеу арқылы табасыз. Мода – ең жиі кездесетін мән немесе категория.
15.3-кестедегі мода көрсеткіші – 2 сағат. Салыстыру бойынша, арифмети-
калық орта – 2,98 сағат, ал медиана мәні – 2,93 сағат.
15.3-кесте. Бір күнде орта есеппен теледидар көрген
сағаттар саны, 2014 жылғы Жалпы әлеуметтік сауалнама
Код Белгі Жиілік Пайыз
00 0 САҒАТ 120 7,2
01 1 САҒАТ 310 18,6
02 2 САҒАТ 437 26,2
03 3 САҒАТ 293 17,6
04 4 САҒАТ 227 13,6
05 5 САҒАТ 113 6,8
06 6 САҒАТ 75 4,5
07 7 САҒАТ 11 0,7
08 8 САҒАТ 37 2,2
09 9 САҒАТ 1 0,1
10 10 САҒАТ 17 1,0
12 12 САҒАТ 14 0,8
14 14 САҒАТ 2 0,1
16 16 САҒАТ 3 0,2
17 17 САҒАТ 1 0,1
18 18 САҒАТ 1 0,1
20 20 САҒАТ 2 0,1
24 24 САҒАТ 5 0,3
98 БІЛМЕЙМІН 6 ТАСТАП КЕТУ
99 ЖАРАМСЫЗ 863 ТАСТАП КЕТУ
ЖАЛПЫ 2 538 100,0
(ТЕКСЕРІЛГЕН
КЕЙСТЕР) (1669)
астап кеткен
кейстер)
(6)
Статистикалық түрде түйіндеуге болатын екінші ерекшелік – мәндер
жиынтығы арасындағы әралуандық немесе дисперсия деңгейі. Ең қара-
пайым дисперсия көрсеткіші – диапазон. Статистикалық түрде бұл – ең
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
658
төмен және ең жоғары көрсеткіштер арасындағы айырмашылық, бірақ
әдетте «0-ден 24 сағатқа дейінгі теледидар көруге арналған сағат саны»
сияқты ақырғы нүктелерді анықтау арқылы айтылады. Дисперсияның
бірқатар басқа өлшемдерінің ішінде ең көп айтылатыны – стандарт
ауытқу. Алтыншы тарауда көргеніміздей, бұл – арифметикалық ортасы
айналасындағы бақылаудың «орташа» таралу мәні. Оның статистикада-
ғы маңызды қолданысының бір парасы «стандарт бағаларды» есептеуді
қамтиды. Стандарт баға стандарт ауытқуды берілген мән мен дистрибу-
цияның арифметикалық ортасы арасындағы айырмашылыққа бөлу ар-
қылы есептеледі. Бұл айнымалы мен іріктемеге тән «стандарт емес» өл-
шеуден алынған мәнді орташа өлшемнен стандарт ауытқу тұрғысынан
көрсетілген «стандартталған» өлшемге түрлендіреді. Кестені «пайыздық
дистрибуция» сияқты, стандарттау дербес жауаптарды бірдей немесе әр-
түрлі үлестіруде салыстыру үшін критерий ұсынады.
Теледидар көру айнымалысына келсек, стандарт ауытқуды, бәлкім, әр-
келкілік индексі ретінде интерпретациялау ең дұрысы болады, оны түрлі
қосалқы іріктемелер арасында немесе түрлі жиынтық іріктемелерінде қа-
ралған сағаттардың әралуандық деңгейін салыстыру үшін пайдалануға бо-
лады. Барлық GSS респонденттерін алдын ала дистрибуцияның стандарт
ауытқуы – 2,59. Жоғары сыныптық білімі жоқ респонденттер арасында те-
ледидар көрген сағаттардағы стандарт ауытқу – 2,87, бұл стандарт ауытқуы
1,35-ті құраған мектепті бітірген респонденттер арасындағы әралуандық-
қа қарағанда, осы топтың әралуандығын көбірек көрсетеді. Келесі мысал
ретінде 2014 жылы GSS респонденттерінің жасы 18–89 аралығында болды,
ал стандарт ауытқуы – 17,41 жыл. Салыстыру үшін ЖОО бакалавры ірікте-
месіндегі жастың стандарт ауытқуы шамамен 1,5 жыл.
Юнивариатив дистрибуцияның үшінші статистикалық ерекшелігі –
пішіні. Бұл ерекшелік жиілік немесе пайыздық полигон деп аталатын
графикалық презентациядан айқын көрінеді. 15.3-сызбада 15.3-кестедегі
деректер үшін пайыздық полигон көрсетілген. Сызба дистрибуцияда жал-
ғыз жоғары нүкте (немесе мода) бар екенін және деректерінің біржақты
немесе көбінесе нүктенің оң жағына қарай «ассимиляцияланатынын»
көрсетеді. Тура осындай жағдай әдетте табысты үлестіру мәселесінде де
аңғарылады. Әлеуметтік зерттеудегі көп айнымалылар «қоңырау тәріз-
дес» дистрибуцияға ие, олар қоңыраудың жалпы пішінін қалыптастыра-
тындықтан, солай аталады. Қоңырау тәріздес дистрибуцияда орталық
үрдістегі үш өлшем ұқсас, ал 15.3-сызбадағыдай оң ассимилцияланатын
дистрибуцияда моданың ең төмен көрсеткіші (2) бар, одан кейін медиана
және соңында арифметикалық орта жүреді. Қоңырау тәріздес дистрибу-
цияның қалыпты дистрибуция деп аталатын бір түрі орташа өлшемнің
іріктемесін үлестіру сияқты көптеген айнымалы мен статистикалық де-
ректің пішінін сипаттайды. Қалыпты дистрибуция – инференциал ста-
тистикадағы маңызды ұғым.
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
659
Біріге келе, орталық үрдіс, дисперсия және пішін деген осы үш статис-
тикалық ерекшелік ұсынатын сандық деректердің жағдайды анық сипат-
тайтыны соншалық – олар көбінде кестелік презентациялар қажеттілігін
жояды. Көп зерттеушілер, шын мәнінде, деректерін жай ғана орташа
немесе медиана, дисперсия индексі, кейде жалпы пішін (ол үшін статис-
тикалық индекстер де бар) тұрғысынан сипаттайды. Басқа зерттеушілер
деректерге мүмкіндігінше «жақын» болуды және болжанбаған паттерн-
дер сияқты т.б. ақаулар үшін деректерді тексеретін әр алуан графикалық
процедураларды пайдалануды дұрыс көреді (15.2-қосымшаны қараңыз).
Зерттеуші, мысалы, айтылып кеткен теледидар көрудің орташа өлшемі
мен стандарт ауытқуын ғана есептеп, бүкіл дистрибуцияны тексере алма-
са (15.3-кесте), қандай да бір респонденттің тәулігіне 24 не 16–20 сағат
теледидар көремін дейтін асыра сілтейтін жауаптарын назардан тыс қал-
дырар еді. Шекті мән не аутлайерді анықтау маңызды, себебі олар кейбір
статистикалық процедураларға теріс әсер етуі және деректер талдауында
қамтылмай қалуы мүмкін.
15.3-сызба. 15.3-кестедегі дистрибуция бойынша пайыздық полигон
15.2-қосымша. Теледидар көру мен жұмыс күші статусы:
деректер графигіне мысал
Деректерді талдауға арналған графикалық процедуралар (Cleveland,
1985:1) компьютер бағдарламалық жасақтамасына енгізілгенде, дерек-
тердің қатаң сандық талдауға тартымды балама ұсынады. Бір пайдалы құ-
рал – құлаш диаграммасы (box plot) (Tukey, 1977: 39–41). А сызбасында
ағымдағы жұмыс күші статусына сәйкес топталған, 1985 жылғы GSS әйел-
респонденттерінен алынған теледидар көру туралы ақпаратты түйіндейтін
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14+
0,00
5,00
10,00
15,00
20,00
25,00
30,00
Пайыз
Қаралған сағаттар саны
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
660
құлаш диаграммалары көрсетілген (Stata компьютерлік бағдарламасы осы
мысалдарды келтірді).
Құлаш диаграммалар әр жиілік дистрибуцияның негізгі аспектілерін
дұрыс көрсетеді. Әр құлаштың жоғарғы және төменгі жағы, тиісінше, те-
ледидар көрудің 75 және 25-процентильдерін көрсетеді, ал әр құлашта-
ғы маңдайша медиананы (50-процентильді) көрсетеді. Құлаштың биіктігі
– респонденттердің орта 50%-ы арасындағы теледидар көрудің таралуын
көрсететін (мысалы, толық жұмыс күні жұмыс істейтін әйел қызметкерлер
үшін 1–3 сағат) дисперсияның бір өлшемі. Көлденең жақтаудың (медиана)
құлаштың ішіндегі орталықта орналасуы 50% дистрибуция ассиметрияны
(мысалы, оң ассиметрия жарты күндік жұмыс істейтін қызметкерлер үшін)
көрсетеді. Әр құлаштың ені респонденттер санына пропорционал; бұл ірік-
теменің шағын көлемі (мысалы, жұмыссыздар) еленбеуі немесе байыппен
интерпретациялануға тиіс деректердегі паттернді белгілеу үшін керек.
Әр құлаштың жоғары және төменінен өтетін тік сызықтар (немесе бағана-
лар) дөңгелектер ретінде бөлек-бөлек салынған деректердің барлық, бірақ ең
шеткі мәндерін қамтиды.* Ассиметрия ерекше назарды талап ететін аутлайер
болуы мүмкін кездейсоқ мәндерді қалқалау үшін керек. Кейде аутлайер өл-
шеу қатесі нәтижесінде пайда болады, ол күніне телевизияны 20 сағат көретін
толық жұмыс күні жұмыс істейтін қызметкер үшін болуы әбден мүмкін. Кері-
сінше, теледидарды күніне 8 сағат көретін толық жұмыс күні істейтін қызмет-
керлер берген ақпарат күдікті емес. Экстремалды аутлайер әдетте деректерді
талдаудан шығарылады (әсіресе өлшеу қатесі туралы күдік пайда болғанда).
Немесе негізгі деректерден бөлек талданады, себебі кейбір статистикалық
процедураларға біраз ерекше мәндер теріс әсер етуі мүмкін.
А сызба. 1985 жылғы Жалпы әлеуметтік сауалнамадағы жұмыс күші
статусы бойынша әйел қызметкерлердің орта есеппен күніне
теледидар көру деңгейі
0
4
8
12
16
20
Бір күнде ТВ қаралған сағаттар
Толық
жұмыс күні
Жарты
жұмыс күні
Жұмыссыз
Мектепте
Үй шаруа-
сында
Уақытша зейнеткер
Зейнеткер
Жұмыс күші статусы
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
661
В сызба. 1985 жылғы Жалпы әлеуметтік сауалнамадағы білім беру
бойынша үй шаруасындағы әйел адамдардың орта есеппен күніне
теледидар көру деңгейі
Енді А сызбасындағы құлаш диаграммаларды интерпретациялауыңыз
керек. Қай топтар ең төмен медиана теледидар көру деңгейін көрсетеді?
Қайсысы көру әдеттерінде ең төмен вариация (дисперсия) деңгейін көрсе-
теді? Зейнеттегі жеке тұлғалар үй шаруасындағы жеке тұлғалардан қалай
ерекшеленеді?
Құлаш диаграммалар – алдыңғы гипотезаларды сынау үшін деректерді
дайындаудан бастап теориялық түрде күтілмеген паттерндер үшін дерек-
терді тереңдетуге дейінгі қосымшалары бар барлау деректерін талдауға
арналған құралдар жиынтығының бірі. Олардың барлау мақсаты әсерінен
бұл техникалар оутлайер мен деректердегі өзге ақауларға салыстырмалы
түрде төзімді. Және тиісті компьютерлік бағдарламасында деректер доме-
нін зерттеу оңай. Мысалы, сіз А сызбадағы құлаш диаграммаларды қарас-
тырғанда, үйде жұмыс істейтін әйел адамдар арасындағы теледидар көру
деңгейіндегі үлкен вариацияға таңғалған шығарсыз. Бәлкім, үй шаруасын-
дағы әйел адамдар арасындағы ТВ көру деңгейіндегі айырмашылықтар
ішінара білім алу деңгейіндегі айырмашылықтарды көрсетеді. Бұл долбар-
ды компьютерлік бағдарламаға В сызбада көрсетілген әр алуан білім топ-
тары (8 жылдық немесе одан төмен мектепті бітіргендер, 9–11, 12 және 13
жыл немесе одан көп жыл) үшін құлаш диаграммалар салуды сұрату. Бұл
тіктөртбұрышты диаграммалар нені көрсетеді?
*Әр ассиметрия құлаштың биіктігінен 1,5 есе ұзағырақ немесе бұл қа-
шықтық қысқа болса, ең шеткі мәнге дейін созылған.
Бір күнде ТВ қаралған сағаттар
0
4
8
12
16
20
0-8
9-11
12
13+
Білім алу деңгейі (жылдар)
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
662
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМ
Аралық/қатынас айнымалыларының дистрибуциясын олардың орталық үрдісі, вариа-
циялығы мен пішіні тұрғысынан сипаттауға болады.
Деректерді тексерудің бір маңызды функциясы – жоқ мәндердің тара-
луын анықтау. 15.2-кестедегі пайыздық дистрибуцияда жоқ мәндердің
кейсін өңдеудің ең қарапайым жолы – статистикалық есептеулерден шы-
ғарып тастау. Тізімнен алып тастау деп аталатын бұл әдіс көбіне деректе-
рі жетіспейтін кейстер жиі пайдаланылады. Алайда кез келген айнымалы
бойынша деректері түсіп қалған кейстерді жоспарланған мультивариа-
тив талдаудан шығарып тастау мақсатты жиынтыққа репрезентатив бола
алмайтын әлдеқайда шағын, біржақты іріктемеге әкеледі. Пол Эллисон
(2002) 20 айнымалының әрқайсысы бойынша жоқ мәндердің 5%-ын шы-
ғарып тастаған соң, 360 респондентке дейін қысқарған 1 000 респондент
іріктемесінің гипотезалық бейнеленуін келтіреді.
5
Сондықтан зерттеуші-
лер әдетте жетіспейтін деректерді алмастыру не қалай да өңдеу үшін әр
алуан арнайы немесе ресми процедураларды пайдаланады.
Толтырылмаған деректер респонденттердің сенімсіздігі («білмеймін»)
немесе жауап беруден бас тартуы («жауап жоқ») нәтижесінде туындаған-
да, бұған дейін GSS сенім мәселесі жайында сипатталғандай, қайта кодтау
операциясы жетіспейтін мәндерді жоюы мүмкін. Есесіне деректер жайлы
біршама білімі бар зерттеушілер жетіспейтін мәндерді «эмпирикалық бол-
жамдармен» алмастыру үшін өз тәжірибесін пайдалануы мүмкін. Әлдекім
15.1-сызбада көрсетілген елдердегі ер адамдардың сауаттылық деңгейін
зерттегісі келді деп ойлаңыз. Ер адамдарға қатысты жетіспейтін мәндерді
елдің жалпы сауаттылық деңгейі немесе соған ұқсас көрші мемлекеттің
сәйкес көрсеткіштерімен алмастыруға болады. Сол секілді, сауалнама сұх-
баты аясындағы немесе ұқсас респондент берген басқа жауаптар жетіс-
пейтін деректерді алмастыру үшін арнайы үлгіде қолданылуы мүмкін.
Осы арнайы процедуралармен қатар, шартты есеп деп аталатын рес-
ми статистикалық шешімдер жетіспейтін мәндерді қолжетімді (бар) де-
ректерден алынған типтік мәнмен алмастыру үшін әзірленді. Брох жай
ғана өзінің NELS-те жоқ мәндерін айнымалы іріктеме мәндерімен алмас-
тырды. Алайда Эллисонның (2002) пікірінше, бұл әдіс көбіне сыңаржақ
статистика туғызады және одан аулақ болған жөн. Респонденттердің
жасы жөнінде жетіспейтін деректерді қолжетімді деректердің іріктелген
орташа мәнімен алмастыруды мысалға келтірейік. Алмастырулар есеп-
телген орташа жасты өзгертпесе де, олар есептелген стандарт ауытқуды
төмен қарай ығыстырады, өйткені барлық шартты мән орташа мәннен
нөлдік қашықтықта орналасқан. Жетіспейтін деректерді өңдеуге арнал-
ған ең күрделі шартты есеп процедуралары жетіспейтін мәндерді басқа
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
663
айнымалылардың белгілі мәндері негізінде болжауға мүмкіндік береді.
Осы оқулық аясында қарастырылмайтын бұл компьютерлік қарқынды
әдістерді үйрену мен іске асыру қиын және ол сауалнамаға негізделген
зерттеуде аз қолданылады. Соған қарамастан, олар жетіспейтін деректер
проблемасын шешудің ең жақсы жолын ұсынады.
Деректерді модификациялаудың тағы бір маңызды функциясы – айны-
малыларды индекс, шкала немесе өзге де күрделі көрсеткішке біріктіру
арқылы деректер күрделілігін төмендету. Бұл процесті алдыңғы тараулар-
да бірнеше әдісті бағалауға да, пайдалануға да қатысты талқыладық. Ең
қарапайым құрам «иә/жоқ» типіндегі екі сұрақтың комбинациясынан
тұрады. Бұл мынадай төрт түрлі жауап категориясына жол ашады: (1) иә,
иә; (2) иә, жоқ; (3) жоқ, иә және (4) жоқ, жоқ. «Иә» жауаптарының са-
нына негізделген индекс категорияның жиынтық санын 4-тен 3-ке дейін
(0, 1 немесе 2 «иә») азайтады. Сол сияқты иә/жоқ типіндегі төрт сұрақ-
тың 16 ықтимал жауап паттерні оң жауаптарды индекстеу есебінен 5-ке
дейін (0, 1, 2, 3 немесе 4 «иә») азаяды. Деректерді азайтудың осы тәсілін
Пол Лазерсфельд (1972) «туынды сандық тәсіл» деп атайды, өйткені бұ-
рын әртүрлі болған категориялар (мысалы, «иә, «жоқ» және «жоқ, «иә»)
біріктіріледі.
Беккет Брох бұл тәсілді бірнеше тұжырымдама өлшемін құру үшін пай-
даланды. Мысалы, ол жауаптарды оқушылардың пән таңдау, мектептегі
іс-шаралар және оқу туралы өз ата-анасымен қаншалықты жиі сөйлесе-
тіні сұралатын үш сұраққа комбинациялау арқылы оқушы мен ата-ана
арасындағы әлеуметтік капиталды есептеді. Ықтимал жауаптар «мүлде»,
«бір не екі рет» және «үш не одан көп рет» деген нұсқалардан тұрды, олар-
ды, тиісінше, 0, 1 және 2 деп кодтады. Сондықтан бұл сұрақтар қосылған-
да, «оқушы мен ата-ана арасындағы әңгіме» күрделі өлшемінің ықтимал
ауқымы 0-ден 6-ға дейін болды.
Ақырында, номинал шкала айнымалыларының категориясына сан-
дық мәндерді белгілеуді қандай да бір мақсатпен оларды реттік немесе
интервал шкалаларға айналдыру үшін пайдалануға болады. Мысалы,
GSS-те респонденттер мен туыстарының (анасы, әкесі, жұбайы) маман-
дығы АҚШ халық санағының 503 мамандық категориясына кодталады.
Бедел рейтингі немесе гендерлік құрам сияқты мамандық ерекшелікте-
рін көрсететін сандық мәндерді 503 номинал категорияны, айталық, кә-
сіби мобильділік немесе гендерлік сегрегацияны зерттейтін қарапайым
әрі үздіксіз айнымалыларға айналдыруда пайдалануға болады. GSS-те әр
кодталған мамандыққа 86-дан (дәрігерлер) 17-ге (аспаздық төңірегінде-
гі түрлі мамандықтар) дейінгі бедел көрсеткіші тағайындалады.
6
Маман-
дық күрделілігі айтарлықтай төмендеп барады, өйткені бұрын бөлек бол-
ған мамандықтарда енді бірдей бедел балы бар, мәселен, сәулетші, ин-
женер-химик және химиктердің балы – 73, жерлеу бюросы қызметкері,
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
664
жылжымайтын мүлікті сату саласының мамандары – 49, сондай-ақ
курьер, аула сыпырушы, үй тазалаушы, қолмен қаптаушы мен буып-түю-
ші қызметкерлер – 22. Сол сияқты Халық санағының әр мамандық кате-
гориясындағы әйелдердің пайыздық үлесін 503 категориядағы гендерлік
сегрегацияны зерттеу үшін шамамен 2%-дан (мысалы, инженер-меха-
никтер) 96%-ға (балабақша тәрбиешілері) дейінгі континуумға айнал-
дыруда пайдалануға болады (Straits, 1998).
Гипотезаны алдын ала сынау
Деректерді тексеру мен қажетті модификациялаудан кейін зерттеушілер
бивариатив байланыстарды эмпирикалық сынауға көшеді. Бивариа-
тив талдаудың мақсаты – қосымша сабақтарға қатысу мен оқу үлгері-
мі сияқты екі айнымалы арасындағы байланысты бағалау. Жалпы, бұл,
біріншіден, байланыс болуы мүмкін бе, жоқ па (немесе оның кездейсоқ
қате нәтижесінде туындауы мүмкін бе, жоқ па) – осыны, екіншіден, бір
айнымалының екіншісіне қаншалықты әсер не ықпал ететінін анықтау-
мен тең. Бивариатив талдаудағыдай, мұның да іске асырылу жолы өлшеу
деңгейіне байланысты.
Номинал және реттік шкала айнымалылары
Номинал және реттік шкала айнымалыларын өлшеудің көбіндегі секілді,
талданатын айнымалылардың санаулы категориясы болғанда бивариа-
тив деректер кестелерде көрсетіледі. Құрылатын кестелер кросс-кесте-
лер, кросс-классификациялар немесе түйіндестік кестелері ретінде бел-
гілі. Кросс-кесте үшін бір айнымалының категорияларын көрсететін қа-
тарлары бар кесте және екінші айнымалының категорияларын көрсете-
тін бағандар керек. Тәуелді айнымалыны анықтау мүмкін болғанда, оны
әдетте қатар айнымалысы етіп, ал тәуелді айнымалыны баған айныма-
лысы ретінде қарастырады, алайда бұл еркін тәртіп форматтау есебінен
жиі бұзылады.
Алдымен 2014 жылғы GSS-тің 15.4-кестеде көрсетілген екі номинал
шкала айнымалысының кросс-кестесін қарастырайық. Қатар айнымалы-
сы «өлім жазасына қатысты көзқарастан» немесе, дәлірек айтсақ, респон-
дент кісі өлімі үшін сотталған жандардың өлім жазасына кесілуін қолдай
ма, жоқ па – осыдан тұрады. Баған айнымалысы – «жыныс», ер немесе
әйел. Жыныс адам өмірінде оның өлім жазасына көзқарасынан бұрын
анықталатындықтан, тәуелсіз айнымалы саналады. 15.4-кестеде қандай
ақпарат берілген?
Біріншіден, «Жалпы» деп белгіленген соңғы баған мен төменгі қатарда
әрбір сипаттамасы бар респонденттердің жалпы саны көрсетіледі: мыса-
лы, 1 090 ер адам. Көрсетілген төрт сан (1 530, 849, 1 090, 1 289) кестенің
оң жағы мен төменгі шет жақ тұсында орналасқандықтан, олар маргинал
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
665
жиілік немесе маргинал деп аталады. Қатардағы маргиналдар (1 530,
849) «өлім жазасына көзқарас» айнымалысы үшін юнивариатив жиілік
дистрибуциясын көрсетсе, бағандағы маргинал мәндер (1 090, 1 289)
«жыныс» айнымалысы үшін юнивариатив жиілік дистрибуциясын білді-
реді. Сондай-ақ төменгі оң жақ бұрыштағы сан (2 379) – N, яғни есепке
ілінбеген жағдайларды қоспағандағы жиынтық іріктеме көлемі. N не қа-
тардың я бағанның маргинал мәндері қосындысына, не 15.4-кестенің не-
гізгі бөлігіндегі төрт санның қосындысына (752 + 778 + 338 + 511) тең.
15.4-кесте. Жыныс бойынша өлім жазасына қатысты көзқа-
рас, 2014 жылғы Жалпы әлеуметтік сауалнама
Өлім жазасына қа-
тысты көзқарас*
Жыныс
Ерлер Әйелдер Жалпы
Қолдау
752 778 1 530
Қарсы болу
338 511 849
Жалпы
1 090 1 289 2 379
*Сұрақ: «Адам өлтіргені үшін сотталған адамдарға өлім жазасын беруді қолдай-
сыз ба, әлде қарсысыз ба?»
Екі айнымалы категориялары қиылысатын 15.4-кестенің негізгі бөлігі
бивариатив жиілік дистрибуциядан тұрады. Әр қиылыс – ұяшық, ал әр
ұяшықтағы сан ұяшық жиілігі деп аталады. Бивариатив кестедегі ұяшық
жиілігі екі сипаттаманың әр ықтимал комбинациясы болатын кейстер
санын көрсетеді. Мысалы, өлім жазасын қолдаған 752 ер адам болған.
15.4-кестеде екі қатар және екі баған болғандықтан, ол 2 × 2 кесте деп
аталады.
Кросс-кестедегі сандардың мағынасын білген соң, айнымалылар ара-
сындағы байланысты бағалау үшін аталған сандарды қалай талдаймыз?
Нені салыстыруымыз керек? Жыныстың 15.4-кестедегі тәуелсіз айны-
малы екенін ескерсек, «Жыныс өлім жазасына қатысты көзқарасқа ық-
пал ете ме? Солай болған күннің өзінде қаншалықты ықпал етеді?» де-
ген өзекті сұрақтар туындайды. Байланыс бар болса, жыныстың өзгеруі
тәуелді айнымалы бойынша дистрибуциядағы «қолдау»/«қарсы болу»
жауаптарының өзгерісіне әкелуі керек. Не ерлер әйелдерге қарағанда кө-
бірек қолдап, соншалық қарсылық танытпайды, не әйелдер ерлерге қара-
ғанда көбірек қолдап, соншалық қарсылық танытпайды. Алайда ұяшық
жиіліктерін салыстырғанда, әрі қолдап (778 әйел және 752 ер), әрі қар-
сы болатын (511 әйел және 388 ер) әйел саны ерлерге қарағанда көбірек
екенін айта кеткен жөн.
Мұнда бір гәп бар екені анық. Тиісті ұяшықтарды салыстырсақ та, ер-
лер мен әйелдердің ұяшық жиіліктері түрлі жиынтық жиіліктерге сүйен-
гендіктен, салыстыру жарамсыз болады. Жарамды болуы үшін салысты-
рылатын ұяшықтағы сандар бірдей жиынтық мәннің бөліктері ретінде
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
666
көрсетілуге тиіс. Бұған ерлер мен әйелдер үшін бөлек пайыздық дис-
трибуцияны жүргізіп, сол арқылы әр жиынтық мәнді 100%-ға айналды-
ру арқылы қол жеткізуге болады. Нәтижесінде 15.5-кестеде көрсетілген
бивариатив пайыздық дистрибуция пайда болады. Біз жыныс бойынша
жауаптарды салыстырғанда, ерлердің 69-дан 60,4-ге дейінгі пайыздық
үлеспен өлім жазасын көбірек қолдайтынын және, керісінше, қарсы болу
ықтималдығы төменірек (31%-дан 39,6%-ға дейін) екенін анық көреміз.
Бивариатив пайыздық дистрибуция бір айнымалыны дистрибуциясын
екінші айнымалының категориялары бойынша салыстыруға мүмкіндік
береді. 15.5-кестеде біз тәуелсіз айнымалы категорияларына сәйкес баған-
ның жиынтық мәндері 100%-ға тең болатындай етіп пайыздық төмендету
арқылы осындай дистрибуция жасадық. 15.5-кестені жасауда қолданған
ережеміз тәуелсіз айнымалы бағытындағы пайыздарды есептеуде (яғни
тәуелсіз айнымалы категорияларына сүйенген) жатыр. Жыныс – қатар ай-
нымалысы, ал өлім жазасына көзқарас баған айнымалысы болса, пайыз-
дарды басқа бағытта, яғни төменге қарай емес, көлденең есептейтін едік.
15.5-кестедегі байланысты интерпретациялау үшін пайыздарды кестені
көлденең оқу арқылы салыстырдық. Бұл ретте біз «Салыстыруды пайыздар
жүргізілетін бағытқа қарама-қарсы бағытта жүргізу керек» деген екінші
ережеге жүгіндік. Пайыздық үлесті төменге қарай есептегеннен кейін, көл-
денеңінен салыстырдық; ал пайыздық үлесті көлденеңінен салыстырғаны-
мызда, енді төменге қарай салыстыруымыз керек болатын.
15.5-кесте. Жыныс бойынша өлім жазасына қатысты
көзқарас (%), 2014 жылғы Жалпы
әлеуметтік сауалнама
Өлім жазасына қатысты
көзқарас
Жыныс
Ерлер Әйелдер
Қолдау 69,0% 60,4%
Қарсы болу
31,0 39,6
Жалпы 100,0% 100,0%
(N) (1 090) (1 289)
Бұлар – өте маңызды ережелер, себебі кросс-кестелер кез келген ба-
ғытта пайызбен беріліп, дұрыс интерпретацияланбауы мүмкін.
7
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМ
Кросс-кестені интерпретациялау үшін пайыздарға негіз болған айнымалы категория-
лары бойынша пайыздарды салыстыру керек. Сондықтан көлденең пайыздар төмен-
нен немесе, керісінше, төмен пайыздар көлденеңінен оқылады.
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
667
Брох бивариатив талдауды негізгі айнымалылары бойынша жыныс
айырмашылықтарының бар не жоқ екенін көру үшін жүргізуі мүмкін.
15.6-кестеде оқушылардың өз ата-анасымен мектепті талқылауы жөнінде
оқушы жауаптарының жыныс бойынша дистрибуциясы көрсетілген.
8
Бұл
кесте осы айнымалылар арасындағы байланыс туралы не айтады? Осы
іріктемеде қыздардың ұл балаларға қарағанда ата-анасымен мектепті
көбірек талқылайтыны анық көрінеді. Бірақ бұл жайт осы байланыстың
іріктеме құрылған жиынтыққа да тиісті екенін білдіре ме?
15.6-кестені қарай отырып, сіз ата-аналарымен мектепті үш немесе
одан көп рет талқылаған ұлдарға қарағанда, қыздардың пайыздық үле-
сі 9,9%-ға болса да артық (46,4 – 36,5) екенін көресіз. «Пайыздық айыр-
машылық» осы деректер арасында байланыстың бар екенін көрсетеді.
Пайыздар арасында айырмашылық болмағанда, ешқандай да байланыс
жоқ деген қорытындыға келер едік. Алайда бұлардың іріктеме деректері
екенін естен шығармаңыз. Мұндағы маңызды мәселе – осы деректер ара-
сында байланыстың бар не жоқ болуында емес, «бақыланған ұяшық жиі-
ліктері жиынтықтағы айнымалылар арасындағы шынайы байланысты
көрсете ме, жоқ па, әлде ол жай ғана іріктеудің не басқа кездейсоқ қате-
нің нәтижесі ме?» деген сұрақта болып отыр.
15.6-кесте. Жыныс бойынша ата-анасымен мектептегі
бағдарламаларды талқылау (%), NELS:88
Негізгі жыл
Курстарды не бағдарла-
маларды сұрыптауды
талқылау
Жыныс
Ерлер Әйелдер
Ешқашан 14,8% 8,7%
Бір не екі рет 48,7 44,9
Үш немесе одан көп рет
36,5 46,4
Жалпы 100,0% 100,0%
(N) (5 661) (5 819)
*36а сұрағы: «Оқу жылы басталғаннан бері мына мәселелерді ата-анаңыз-
бен немесе қамқоршыңызбен қаншалықты жиі талқыладыңыз? – Мектеп-
те курстарды не бағдарламаларды таңдау».
Байланыстың бар не жоқ екенін немесе оның кездейсоқ факторлар
нәтижесінде пайда болатынын анықтау үшін зерттеушілер статистика-
лық елеулі тестілерді пайдаланады. Кросс-кестелер үшін кеңінен пайда-
ланылатын статистика – хи-квадрат (немесе ×2) тәуелсіздік критерийі.
Хи-квадрат тесті критерийі айнымалылар арасында ешқандай байланыс
болмаған жағдайда, бақыланған ұяшық жиіліктерін болжалды ұяшық
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
668
жиіліктерімен салыстыруға негізделген. 15.7-кестеде байланыстың жоқ
екенін білдіретін болжалды ұяшық жиіліктері мен туындаған бивариа-
тив пайыздық дистрибуция көрсетіледі. 15.7-кестедегі ұяшық пайыздары
(көлденеңінен оқығанда) маргинал мәндермен бірдей екенін айта кеткен
жөн. Бұл респонденттің ұл не қыз екенін білу оқушының ата-анамен мек-
тепті талқылауы жайында болжам жасауда ешқандай көмек бермейтінін,
дәлірек айтсақ, айнымалылар арасындағы «ешқандай байланыстың» жоқ
екенін көрсетеді. Нақтылы ұяшық жиіліктері мен байланыстың жоқ еке-
нін білдіретін болжалды ұяшық жиіліктері арасындағы айырмашылықтар
қаншалықты үлкен болса, хи-квадраттың мәні де соншалықты ауқымды,
әрі осы байланыстың контингентте бар болу ықтималдығы да сонша-
лықты жоғары. 15.5 (19,18) және 15.6-кестелердегі (167,78) деректердің
хи-квадрат мәндері p < 0,001 болған жағдайда статистикалық тұрғыдан
елеулі. Бұл америкалықтар арасында әйелдердің ерлерге қарағанда өлім
жазасын сирек қолдайтынын (15.5-кесте) және жоғары сыныптағы қыз-
дардың ұлдарға қарағанда ата-аналарымен мектеп пәндері не бағдарла-
маларын көбірек талқылайтынын (15.6-кесте) білдіреді.
15.7-кесте. Ешқандай байланыс жоқ деп шамалай отырып, жыныс бойын-
ша ата-анасымен мектептегі бағдарламаларды талқылау
Ата-анасымен мектепте
курстар не бағдарламалар-
ды таңдауды талқылау
Жиілік Пайыз
Ерлер Әйелдер Жалпы Ерлер Әйелдер Жалпы
Ешқашан 663 682 1 345 11,7% 11,7% 11,7%
Бір не екі рет 2 647 2 720 5 367 46,8 46,8 46,8
Үш немесе одан көп рет
2 351 2 417 4 768 41,5 41,5 41,5
Жалпы 5 661 5 819 11,480 100,0% 100,0% 100,0%
(N) (5 661) (5 819) (11,480)
Алайда бұл байланыстың жиынтықта бар екенін білу тәуелсіз айныма-
лының тәуелді айнымалыға қаншалықты әсер ететінін көрсетпейді. Байла-
ныс бір айнымалыдағы өзгерістер екіншісіндегі өзгерістермен жиі сәйкес
келгенде орнауы мүмкін. Осы сәйкестіктің деңгейі – бивариатив дистри-
буциялардың екінші өлшеуге болатын ерекшелігі. 2 × 2 кестеде пайыздық
айырмашылық байланыс беріктігінің әлсіз болса да бір индикаторын ұсы-
нады: айырмашылық неғұрлым үлкен болған сайын, байланыс соғұрлым
берік. Алайда зерттеушілер осы әсер ауқымын өлшеу үшін басқа бірнеше
статистиканың бірін пайдалануды дұрыс көреді. Осы ассоциация өлшем-
дері стандарт келіп, 0 (байланыс жоқ) мен плюс не минус 1,0 (жоғары бай-
ланыс) арасында болады. 2 × 2 кестелер үшін кеңінен пайдаланылатын
осындай өлшемнің бірі – фи (phi), ол 15.4-кестедегі деректер жағдайында
0,09-ға тең. Белгілерді таңдау белгілі бір деңгейде кездейсоқ негізде жүзеге
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
669
асқанымен, фи (phi) мөлшері жыныс пен өлім жазасына көзқарас арасын-
да «төмен» байланысты көрсетеді (қараңыз: Davis, 1971: 49).
Үшінші қасиет – байланыс бағыты, оны екі айнымалының да кате-
горияларын ретімен қою мүмкін болғанда, яғни екеуі де кемінде реттік
деңгей болғанда өлшеуге болады. Бағыт бір айнымалы мәндерінің артуы
екінші айнымалы мәндерінің артуы не кемуіне жүйелі түрде байланыс-
ты болуын білдіреді. Екі айнымалы да бір бағытта (оң байланыс) немесе
қарсы бағытта (теріс байланыс) өзгеруі мүмкін. Оң байланыста бір айны-
малының төмен мәндері әдетте екінші айнымалының төмен мәндерімен
байланыстырылады, ал бір айнымалының жоғары мәндері екіншісінің
жоғары мәндерімен қатар жүреді. Мысалы, білім мен табыс айнымалы-
ларының категориясын төменнен жоғарыға қарай ретімен орналастыру-
ға болады. Осы айнымалылар арасындағы байланысты зерттегенде оның
оң болуын күтеміз. Өйткені білімі таяздау адамдар әдетте азырақ табыс
табады, ал жоғары білімі бар жандар көбірек табысқа қол жеткізеді.
15.8-кесте. Жалпы бақыттың ең жоғары дәрежесі
2014 жылғы Жалпы әлеуметтік сауалнама
Бақыт*
Ең жоғары дәреже
ЖОҒАРЫ
СЫНЫПТАР-
ДАН ТӨМЕН
ЖОҒАРЫ
СЫНЫПТАР
ҚАУЫМДАС-
ТЫРЫЛҒАН/
КІШІ КОЛ-
ЛЕДЖ
БАКАЛАВР
ДӘРЕЖЕСІ
ҒЫЛЫМИ
ДӘРЕЖЕ
Бақытты
емес
24,8% 14,5% 10,8% 7,5% 7,5%
Бақытты 48,8 57,7 57,8 53,7 54,4
Өте бақытты
26,4 27,8 31,4 38,8 38,1
Жалпы 100,0% 100,0% 100,0% 100,0% 100,0%
(N) (330) (1 265) (185) (469) (281)
*Сұрақ: «Жалпы алғанда, күндеріңіз қалай өтіп жатыр: өте бақыттымын, сәл бақыттымын не тым
бақыттымын деп айтар ма едіңіз?»
15.8-кестеде GSS-тің 2014 жылғы екі реттік айнымалысы, яғни білім
деңгейі (оқу орнында алған ең жоғары білім деңгейі) және өзінің бақыт-
ты бағалауы арасындағы оң байланыс көрсетілген. Келесі тақырыпқа
ойыспас бұрын 15.8-кестені мұқият қараңыз. Біз әуелі бақытты, одан соң
тәуелді және тәуелсіз айнымалылардың ең жоғары деңгейін қарастыра-
тын боламыз. Себебі білім алудағы жетістік бақытқа қарағанда ертерек
орнады және сұхбат кезінде берілген бақыт жайында түсінікке қараған-
да әлдеқайда тұрақты жағдай саналады. Алдыңғы мысалдардағыдай,
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
670
15.8-кестеде де тәуелсіз айнымалының әр категориясы үшін пайыз тө-
мендетілгенін, яғни ең жоғары деңгейді көрсететінін айта кеткен жөн.
Сондықтан салыстырулар көлденеңінен жүргізілуі қажет. «Аса бақытты
емес» адамдардың (бірінші қатар) пайыздық үлесі әдетте білімнің артуы-
мен 24,8-ден 14,5-ке, одан 10,8-ге, одан 7,5-ке, одан 7,5%-ға дейін төмен-
дейді: Сол сияқты «өте бақытты» адамдардың (үшінші қатар) пайыздық
үлесі әдетте білім деңгейінің артуымен 26,4-тен 27,8-ге, одан 31,4-ке,
одан 38,8-ге, одан 38,1%-ға дейін өседі: бұл – айқын оң байланысты білді-
ретін паттерн түрі (үлкен бақыт жоғары біліммен байланысты).
Теріс (кері) байланыста бір айнымалының төмен мәні екінші айныма-
лының жоғары мәніне қатысты. 15.9-кестеде білім деңгейі мен теледидар
алдындағы орташа бір күндік сағат арасындағы осындай байланыс көрсе-
тілген: білім деңгейі артқан сайын, теледидар көру уақыты азаяды (мұны
түрлі жолмен түсіндіруге болады: бәлкім, көбірек табыс табатын адамдар
әлдененің әсеріне көбірек ұшырайды әрі ойын-сауықтың басқа, қымбат
формаларын көре алады немесе білімді адамдардың бос уақыты аз неме-
се олар көбірек оқиды).
15.9-кесте. Ең жоғары дәреже бойынша бір күнде теледидар көрген
сағат саны, 2014 жылғы Жалпы әлеуметтік сауалнама
Теледидар көр-
ген сағат саны
Ең жоғары дәреже
ЖОҒАРЫ
ДӘРЕЖЕДЕН
ТӨМЕН
МЕКТЕП
ЖОҒАРЫ
СЫНЫПТАР
ҚАУЫМДАС-
ТЫРЫЛҒАН/
КІШІ
КОЛЛЕДЖ
БАКАЛАВР
ДӘРЕЖЕСІ
ҒЫЛЫМИ
ДӘРЕЖЕ
0–1 15,2% 22,6% 27,1% 32,8% 39,5%
0–3 35,7 41,3 51,1 48,4 50,8
4 және одан көп
49,0 36,2 21,8 18,8 9,6
Жалпы* 99,9% 100,1% 100,0% 100,0% 99,9%
(N) (210) (829) (133) (320) (177)
уықтау қатесі әсерінен 100-ге қосуға болмайды.
Екі реттік шкала айнымалысы арасындағы байланыстың статистика-
лық елеулігін де хи-квадрат статистикасын қолданып сынауға болады.
Ассоциация күшінің реттік өлшемдері байланыстың номинал өлшемде-
рінен атауы бойынша ерекшеленгенімен, тұжырымдамасы бойынша ұқ-
сас. Белгіні елемесек, осындай статистиканың ауқымы байланыс күшін
көрсетеді; ал белгі (+ немесе −) ассоциация бағытын (оң немесе теріс)
көрсетеді. (Номинал категориялары бар айнымалылар үшін «+» неме-
се «−» белгісі байланыс сипаты туралы маңызды ештеңені білдірмейді).
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
671
Осындай статистиканың бірі – гамма, ол 15.8-кестедегі деректер үшін
0,20-ға және 15.9-кестедегі деректер үшін − 0,33-ке тең. Осылайша ба-
қыт пен білім деңгейі арасында төмен оң байланыс бар, ал теледидар кө-
ретін сағат пен білім алған жылдар арасында орташа теріс байланыс бар.
15.10-кесте. Бөліп дауыс беруді тұжырымдау эксперименті,
2014 жылғы Жалпы әлеуметтік сауалнама
Жауап
Эксперименттік тұжырымдау*
«КЕДЕЙ ТҰРАТЫН
АДАМДАРҒА КӨМЕК»
«ЖҰМЫССЫЗДЫҚ БОЙЫНША
ЖӘРДЕМАҚЫ»
Тым аз
62,3% 19,6%
Құқық туралы
23,8 29,2
Тым көп
11,5 47,3
Білмеймін
2,5 3,8
Жалпы**
100,1% 99,9%
(N)
(1264) (1273)
*Сұрақ: «Бұл мемлекетте көптеген мәселеге тап боламыз, олардың ешқай-
сысы оп-оңай немесе жеңіл шешілмейді. Осы мәселелердің кейбіреулерін
атаймын және әрқайсысына тым көп ақша, тым аз ақша немесе дұрыс сома
жұмсаймыз деп ойлайтыныңызды не ойламайтыныңызды айтсаңыз деймін.
Біз [кедей тұратын адамдарға көмекке/жұмыссыздық бойынша жәрдемақы-
ға] тым көп ақша, тым аз ақша немесе жеткілікті сома жұмсап жатырмыз ба?»
**Жуықтау қатесі әсерінен 100-ге қосуға болмайды.
Кросс-кестелерді интерпретациялау жолын білген соң, бивариатив
гипотезаны сынауға дайынсыз. Әуелі гипотезаны тексеруді 2014 жылғы
GSS-тің бөлек дауыс беру жөніндегі экспериментінің нәтижесімен көр-
сететін боламыз. GSS әр алуан үкіметтің қаражат жұмсау бағдарлама-
ларын мемлекеттік қолдаудағы трендтерді бақылау үшін негізгі саясат
салаларындағы шығын приоритеттері туралы сұрақтар сериясын пай-
даланады. Респонденттерден олардың әртүрлі белгіленген проблемалар
(қылмыс, әл-ауқат, ұлттық қорғаныс, білім т.б.) бойынша «біз бұған тым
көп қаржы, тым аз қаржы немесе ең дұрыс сома жұмсаймыз» деп санай-
тынын не санамайтынын сұрайды. «Әл-ауқат» белгісі жағымсыз мағына
беруі де мүмкін болғандықтан, бірнеше тұжырымдау экспериментінің
бірінде оны «кедей адамдарға көмек» атты балама белгімен біріктірді.
Респонденттерді кездейсоқ түрде сұрақтың не әл-ауқат, не әлеуметтік
көмек нұсқаларына тағайындады. 15.10-кестеде тұжырымдық манипу-
ляциялаудың (тәуелсіз айнымалы) үкіметтің қаражат жұмсауын (тәуел-
ді айнымалы) қолдауда елеулі айырмашылықтарға әкелгені көрсетіле-
ді. Әл-ауқат жағдайындағы адамдардың небәрі 19,6%-ы, ал кедейлерге
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
672
жәрдемақы жағдайындағы адамдардың 62,3%-ы тым аз қаржы жұмса-
лады деп санады. Сол сияқты үкіметтің қаражат жұмсауын тым көп деп
санайтын адамдардың пайыздық үлесі кедей белгісіндегі адамдар үшін
11,5%-дан әл-ауқат белгісіндегі адамдар үшін 47,3%-ға дейін артты. Бө-
лек дауыс беру шынайы эксперименттік жоба болғандықтан, тұжырым-
дау нәтижелерінің жалғыз балама түсіндірмесі – олардың кездейсоқ та-
ғайындаумен бақыланбайтын ертеректегі айырмашылықтар негізінде
құрылғаны. Бұған хи-квадрат тәуелсіздік критерийінің статистикалық
тұрғыда елеулі нәтижесі жол бермейді.
9
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМ
Ассоциацияөлшемдеріайнымалылардың өзара қаншалықты байланысты екенін көр-
сетеді. Статистикалықелеулілік критерийі байланыстың кездейсоқ пайда болу ық-
тималдығын көрсетеді.
Шынайы экспериментте талдау әдетте тәуелді және тәуелсіз айныма-
лылар (эксперименттік жағдай) арасындағы гипотезалық байланыстың
эмпирикалық зерттеуімен басталып, аяқталады. Сауалнамалар мен өзге
эксперименттік емес жобаларда тәуелді және тәуелсіз айнымалылар ара-
сындағы бивариатив байланыс – мультивариатив талдаудың алғашқы
қадамы ғана. Себебі сыртқы айнымалылар нәтижелердің балама түсін-
дірмелерін беруі мүмкін. Енді біз гипотезаны алдын ала сынаудың экспе-
рименттік емес екі мысалын көрсетеміз және он алтыншы тарауда талқы-
ланатын ілгері мультивариатив техникалардың негізі саналатын статис-
тикалық техникалар туралы айтамыз.
Осы уақытқа дейін біз 2–5 категориясы ғана бар айнымалылармен
және 4–15 ұяшығы ғана бар кестелермен шектеліп келдік. Бұл таңғалар-
лық жағдай емес, себебі әлеуметтік зерттеудегі кросс-кестенің көбі са-
лыстырмалы түрде аз категориялы айнымалылармен шектеледі. Мұның
маңызды үш себебі бар. Біріншісі: әр айнымалы категорияларының саны
артқан сайын, кестенің көлемі геометриялық түрде артады. Сондай-ақ
кесте қаншалықты үлкен болса, байланыс моделін анықтау соншалықты
қиын. Бұл біз атап өткен оң немесе теріс байланыстарға қарағанда әл-
деқайда күрделі болуы мүмкін. Екіншісі: іріктемені талқылауда айтқаны-
мыздай, қандай да бір іріктемені әр алуан категорияға бөлу қаншалықты
дәл болса, берілген кез келген бөлу (немесе кесте ұяшығы) де соншалық-
ты аз болады. Сондықтан үлкен кестелер сенімді бағалау үшін тәжіри-
беде қолданылмайтын үлкен іріктемені талап етуі мүмкін. Ақырында,
салыстырмалы түрде көп категорияларға ие айнымалылар не интервал
шкала өлшемін құрайды, не соған жуықтайды. Интервал шкала айны-
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
673
малылары жағдайында біз «корреляция» және «регрессия» деп аталатын
статистикалық талдаудың дәлірек және тиімдірек формасын пайдала-
нуымызға болады.
Интервал және қатынас шкаласының айнымалылары
4-тарауда екі сандық айнымалы арасындағы байланыстың әр айнымалы
мәндерінің графикалық координаталар жүйесінде графигін құру арқылы
қалай бейнеленетінін көрсеттік. Байланысты ұсынудың осы формасымен
қатар, әлеуметтік зерттеушілер бір интервалды қатынас айнымалысы-
ның екіншісіне әсерін талдау үшін регрессиялық талдау атты статис-
тикалық әдісті пайдаланады. Бұл деректерді барынша дәл сипаттайтын
математикалық теңдеуді табу арқылы іске асырылады.
Мұның алдында атап өткен, мемлекеттердің деректер жиынтығынан
(15.1-сызба) алынған айнымалыларды «әйелдердің сауаттылық деңгейі
төмен елдерде әдетте туу көрсеткіші жоғары» деген гипотезаны зерттеу
үшін пайдаланатын боламыз. Талдауымызды 178 мемлекет бойынша
жалпы туу көрсеткіші мен әйелдер сауаттылығы көрсеткішінің шашы-
ранды диаграмманы (15.4-сызба) қарастырудан бастайық. Графиктегі
әрбір диаграмма немесе нүкте екі айнымалы бойынша 178 мемлекеттің
әрқайсысына тән мәндерді көрсетеді. Тік ось көмегімен тәуелді айныма-
лының (жалпы туу көрсеткіші) мәнін анықтай аламыз; ал көлденең ось
көмегімен тәуелсіз айнымалының (әйелдер сауаттылығы көрсеткіші) мә-
нін анықтай аламыз. Мысалы, туу көрсеткіші ең жоғары (7,1) ел де – Ни-
герия, әйелдерінің сауаттылық деңгейі ең төмен (10%) ел де – Нигерия.
Жалпы туу көрсеткішінің ең төмен деңгейі Гонконгта (1,0), ал Грузияда
(1,1). Бұл елдерде әйелдердің сауаттылық көрсеткіші ең жоғары (тиісін-
ше, 90% және 98%).
Шашыранды диаграмманы зерттеушіге байланыс формасы оң не теріс
пе, сондай-ақ оны тік сызықпен сипаттау керек пе, әлде қисық сызық-
пен бе – міне, осы жайында долбарлы түсінік береді. Бұл – өте маңызды
ақпарат, себебі регрессиялық талдауға сәйкес, деректер нақты формаға
ие. Тік сызық деректермен ең дәл сәйкестікті қамтамасыз етсе, сызықтық
регрессия жасалуы керек; қисық сызық ең дәл сәйкестікті қамтамасыз
етсе, қисық сызықтық байланысқа сәйкес болу үшін арнайы техникалар
пайдаланылуы қажет (олар бұл кітапта қарастырылмайды). Талдауымыз-
дағы алғашқы қадам ретінде форма жайында пайым шығару үшін шашы-
ранды диаграмманы зерттейтін боламыз. 15.4-сызбадағы деректердің
жалпы формасын анықтау біршама қиын. Алайда байланыс тым қисық
сызықтық болатындықтан, тік сызық қисық сызық сияқты дәл сәйкестік-
ті қамтамасыз етеді деп шамалай аламыз. Деректер тренді сауаттылық
артқан сайын, туу көрсеткішінің төмендейтінін айтады.
Деректерге тік сызықты сәйкестендіруді, осылайша сызықтық регрес-
сиялық талдауды жүргізуді шеше отырып, екі дүниені – (1) тік сызық үшін
математикалық теңдеуді және (2) деректерді көрсету үшін сызықты таң-
дау критерийін білуге тиіспіз.
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
674
15.4-сызба. 178 мемлекеттегі әйелдер сауаттылығы көрсеткіші бойынша
жалпы туу көрсеткішінің шашыранды диаграмма. Сауаттылық деңгейі жо-
ғары 15 мемлекет үшін әйелдер сауаттылығы жоқ мәндер мемлекеттің жал-
пы сауаттылық көрсеткішімен алмастырылды. Жалпы сауаттылық және
туу көрсеткіші бойынша жоқ мемлекеттер талдаудан алынып тасталды
Дереккөз: The World Factbook 2002 (Washington, DC: Central Intelligence Agency, 2003); The World Bank
Developmental Indicators, WDI Database Archives
(beta)
(http://databank.worldbank.org/data/reports.
aspx?source=wdi-database-archives-%28beta%29).
Тік сызық үшін теңдеудің жалпы формасы – Y = a + bX, бұл жерде Y –
тәуелді айнымалының болжалды мәні және X – тәуелсіз айнымалының
сәйкес мәні. Осылайша туу көрсеткіші мен әйелдердің сауаттылық деңге-
йін байланыстыратын тік сызықтың теңдеуі мынадай:
Жалпы туу көрсеткіші = a + b (әйелдер сауаттылығы көрсеткіші)
Ү қиылысы деп аталатын а мәні – сызық тік осьті қиып өтетін нүкте
(бұл жерде сауаттылық = 0). Көлбеу немесе регрессия коэффициенті
деп аталатын b мәні Х-тегі әр бірліктің әрбір өзгерісі үшін Ү-тің қанша-
лықты артатынын (не кемитінін), басқаша айтқанда, әйелдер сауатты-
лығындағы 1%-дың әрбір өзгерісі үшін жалпы туу көрсеткішінің (бала-
лар саны) қаншалықты артатынын (не кемитінін) көрсетеді. Бұдан соң,
ең дәл сәйкестік сызығына қол жеткізу үшін шашыранды диаграммада
деректердегі трендті ең дәл көрсететін сызықты сызып, содан кейін гра-
фиктен а және b мәндерін анықтауымызға болады. Әрине, бізге біршама
0
1
2
3
4
5
6
7
8
10 20 30 40 50 60 70 80 90 100
Әйелдер сауаттылығы көрсеткіші (%)
Жалпы туу көрсеткіші
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
675
сызық сызуға болады: а және b мәндердің шексіз саны болуы мүмкін.
Онда ең дәл сәйкестікке қашан қол жеткізгенімізді қалай білеміз?
Регрессиялық талдау ең кіші квадраттар әдісін деректерді ең дәл си-
паттайтын сызықты таңдау критерийі ретінде пайдаланады. Бұл әдіске
сәйкес, ең дәл сәйкес келетін сызық деректер нүктелерінен сызыққа де-
йінгі квадраттағы тік қашықтықтардың қосындысын барынша азайтады.
Шашыранды диаграммада «ең кіші квадраттар сызығы» деп те атала-
тын регрессия сызығын сыздық. Енді нақты деректер нүктесі, айталық,
Нигерия мен регрессия сызығы арасындағы балалардың туу көрсеткіші-
мен өлшенетін тік қашықтықты көрсететін нүктелі сызықты елестетіңіз.
Регрессия сызығы Х арқылы Ү-ті болжаудың теңдеуін көрсетеді. Деректер
нүктелері мен осы сызық арасындағы тік қашықтық (қалдықтар деп те
аталатын) болжау қатесін білдіреді. Сондықтан олардан квадраттағы қа-
шықтықтардың қосындысын барынша азайтатын сызықты табу арқылы,
іс жүзінде, елдің әйелдер сауаттылығы көрсеткіші жайындағы ақпарат-
тан туу көрсеткішінің ең дәл сызықтық болжамын тауып отырмыз.
Ең кіші квадраттар әдісімен алынған дәл теңдеуді компьютерлік бағ-
дарлама көмегімен математикалық формула арқылы табуға болады. Біз
бұл формуланы 15.4-сызбадағы деректерге қолданғанда мына теңдеуді
алдық:
Жалпы туу көрсеткіші = 6,98 × 0,05
(әйелдер сауаттылығы көрсеткіші)
Жалпақ тілмен айтқанда, 0 пайыздық сауаттылық көрсеткіші бар ги-
потезалық елдегі әйелдердің өмірінде шамамен жеті бала болады деген
болжам айтуға болады. Сонымен қоса, сауаттылық көрсеткішінің әрбір
10 бірлікке артуынан (10%) туу көрсеткішінде шамамен 0,5 балаға кемуі
(0,50) мүмкін. Регрессия теңдеуі қолда бар деректер негізінде тәуелді
айнымалы бойынша ең дәл сызықтық болжам жасайды. Мысалы, Ниге-
рияда болжалды туу көрсеткіші – 6,48 (6,98 – 0,05 × 10). Бұл ағымдағы
7,1 туу көрсеткішіне қарағанда 0,62-ге аз (қалдық). 15.4-сызбадағы ең үл-
кен қалдықтарды таба аласыз ба? Олар Конго Республикасы (туу – 5,76,
сауаттылық – 78%) мен Бангладешке (туу – 2,95, сауаттылық – 32%)
тиесілі.
Екі айнымалы арасындағы интервал/қатынас деңгейінде өлшенген
байланыс күші көбіне корреляция коэффициенті (r деп белгіленеді)
арқылы өлшенеді, бұл −1 және +1 арасында ауытқуы мүмкін. Әрдайым
регрессия коэффициенті белгісімен бірдей болатын коэффициент белгісі
байланыс бағытын көрсетеді. Оның мәнінің ауқымы екі факторға байла-
нысты: (1) регрессия сызығының тік болуы және (2) осы сызық айнала-
сындағы деректер нүктелерінің вариациясы немесе шашырауы. Сызық
Х осіне шамамен параллель болатындай өте тік болмаса, Х-тегі әрбір
бірліктің өзгерісі үшін Ү-дің бірдей мәнін болжай аламыз. Себебі болжа-
мымыздың тәуелсіз айнымалыдағы әр бірліктің өзгерісі үшін (теңдеуде
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
676
b көрсеткендей) шамалы ғана өзгерісі бар. Тура сол жолмен регрессия сы-
зығы бойымен мәндер қаншалықты көп таралса (көлбеудің тіктігіне бай-
ланысты емес), сызықтық регрессия негізіндегі болжамдар соншалықты
дәл болмайды. Туу көрсеткішінің сауаттылық деңгейі бойынша регрес-
сияның шашыранды диаграммасы сызықтың көлденең оське қатысты ай-
тарлықтай тік екенін және деректер нүктесінің (елдер) сызыққа біршама
жақын кластерленгенін көрсетеді. Сондықтан корреляция коэффициен-
ті 0,80 болатын айқын теріс байланысты көрсетуі таңғаларлық жайт
емес. Статистика корреляция коэффициенті мен регрессия коэффициен-
тінің нөлден айтарлықтай ерекшелене ме, жоқ па – соны тексеру үшін
де қажет. Бұларды бірқатар статистика оқулығынан табуға болады. Осы
коэффициенттердің екеуі де 15.4-сызбадағы деректер үшін маңызды (p <
0,001).
Алайда елдердің туу көрсеткіші мен әйелдер сауаттылығы көрсеткі-
ші арасындағы күшті теріс байланыс екі көрсеткіш арасында себеп-сал-
дарлық байланыстың бар не жоқ екенін көрсету үшін жеткіліксіз. Мұны
анықтау үшін ықпал бағытының (тиісінше, болжалды тәуелсіз және
тәуелді айнымалылар) сауаттылық көрсеткішінен туу көрсеткішіне қа-
рай жүретінін және айнымалылар арасындағы байланыстың жалған емес
екенін көрсетуіміз керек. Бұл, өз кезегінде, теріс ассоциацияның бәсеке-
лес түсіндірмелеріне жол бермеу үшін мультивариатив талдаумен бірге,
ел деңгейіндегі тууды анықтайтын теориялық моделін әзірлеуді талап
етеді. Ел (жиынтық деректер) деңгейінде әйелдердің жоғары сауаттылық
деңгейі де, төмен сауаттылық деңгейі де дәстүрлі қоғамдағы әйел адам-
дарға қарсы дискриминацияны, сондай-ақ төмен табыс деңгейін, жаңа
туған сәби өлімінің жоғары көрсеткішін, отбасын жоспарлауға үкіметтің
қарсылығын, төмен медициналық қызмет көрсету т.б. көрсетуі мүмкін.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМ
Регрессиякоэффициенттері тәуелсіз айнымалыдағы бірліктің әр өзгерісі үшін тәуелді
айнымалыдағы өзгерістің бағыты мен көлемін көрсетеді. Корреляциякоэффициент-
тері байланыстың күші немесе сызықтық регрессияның тәуелді айнымалыны қанша-
лықты дәл болжайтыны туралы ақпарат береді.
Регрессиялық талдау бойынша екінші мысалымыз Брохтың (2002) қо-
сымша сабақтар мен оқу үлгерімі туралы зерттеуінен алынған. Алдын ала
талдауда ол жоғары сыныптарда мектепаралық спорт шараларына қаты-
су (тәуелсіз айнымалы) оқушылардың математика бойынша оқу үлгері-
мін (тәуелді айнымалы) жақсартады деген гипотезаны зерттеді. NELS бо-
йлық (панельді) зерттеуі кезінде 1988 жылы (негізгі деңгей) 8-сынып оқу-
шыларынан ақпарат жинап, оларға кейін 10 (1990) және 12-сыныптарда
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
677
(1992) қайта зер салды. Осылайша ол 10 мен 12-сыныптарда оқу кезін-
де мектепаралық спорт шараларына қатысқандардың («спортшылар»)
10 мен 12-сыныптарда спорт шараларына қатыспағандарға («спортшы
еместер») қарағанда математикадан оқу үлгерімі 12-сыныпта жоғарырақ
бола ма, жоқ па деген мәселені зерттеді.
Регрессиялық талдауды жалған айнымалы деп аталатын айныма-
лыны құру арқылы Брохтың спортпен шұғылданатындар мен спортпен
шұғылданбайтындарды салыстыруындағыдай тек екі категориясы бар
тәуелсіз айнымалыға қатысты қолдануға болады. Бұл – категориялары-
ның бірі 1 мәніне ие және екінші категориясы 0 мәніне ие болатындай
қайта кодталған айнымалы. Жалған кодтау зерттеушіге айнымалыны
сандық түрде басқаруға және әйтпегенде жүзеге асырылмайтын статис-
тикалық талдаудың белгілі бір түрін пайдалануға мүмкіндік береді. Мы-
салы, әйелдерді 1 және ерлерді 0 деп кодтап, теледидар алдындағы са-
ғаттар саны сияқты, аралық/қатынас деңгейдегі айнымалыны жынысқа
регрессиялауды жалғастыра аламыз. Көлденең осьтің 0 және 1 деген екі
мәні ғана болады және регрессия коэффициенті ерлер мен әйелдер ара-
сындағы айырмашылықты теледидар көретін сағаттың орташа санымен
көрсететін болады. Брох жалған кодтауды 10 мен 12 сыныптарда оқу ке-
зінде мектепаралық спорт шараларына қатысу көрсеткішін өлшеу үшін
пайдаланды (1 = екі жылы да қатысты, 0 = екі жылы да қатыспады).
Кейбір NELS өлшемдерінің шкаласы бастапқыда және кейінгі жылдары
әртүрлі болғандықтан, Брох стандарт бағалау формасымен (арифметика-
лық орта = 0, стандарт ауытқу = 1) қайта көрсету арқылы теңестірді.
10
1990 жылы барлық NELS оқушыларының орта есеппен математикалық
бағалары бар оқушы және 1992 жылы арифметикалық ортадан төмен 1,5
ауытқу, тиісінше, 0 және −1,5 стандарт бағалар еді. Брох оқушылардың
12-сыныпта мектепаралық спорт шараларына қатысуын (1992) 10 379
оқушының математика пәнінен бағасына регрессиялағанда, мынадай
теңдеуге қол жеткізді:
1992 жылғы математика пәнінен бағалар = 0,005 + 0,230
(10 мен 12-сыныптардағы спортшылар)
Басқаша айтқанда, регрессия теңдеуі 10 мен 12-сыныптардағы спорт-
пен шұғылданатындар 1992 жылы математика пәнінен мектепаралық
спортқа қатыспайтын оқушыларға қарағанда стандарт ауытқудың ша-
мамен төрттен бір (0,230) бөлігіне жоғары баға алады деп болжайды.
11
Мектепаралық спорт шараларына қатысатын спортшылар үшін ма-
тематика пәнінен жоғары оқу үлгерімі статистикалық елеулі болса да
(p < 0,001), спорт шараларына қатысу мен математика пәнінен оқу үлге-
рімі арасындағы бақыланатын байланыс жалған болуы мүмкін. Мысалы,
қатарластарына қарағанда, ақылды оқушылардың мектепаралық спорт
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
678
шараларына қатысуы және математикадан оқу үлгерімінің жоғары болу
ықтималдығы көбірек болуы мүмкін. Келесі тарауда біз Брохтың жалған-
дықты тексеру және жоғары сыныптарда спортқа қатысу мен оқу үлге-
рімі арасындағы теориялық себеп-салдарлық байланыстарды модельдеу
үшін мультивариатив статистикалық техникаларды қалай пайдаланға-
нына тоқталамыз.
Түйін
Деректерді талдау теория мен деректерді қайталама салыстырудан тұрады.
Деректерді талдау зерттеушінің гипотезаларымен немесе деректерді жинау
мен талдауға жетекшілік ететін теориялық модельмен басталып, сонымен
аяқталады.
Сандық талдауды бастамас бұрын деректер өңделеді және компьютер оқи
алатын формаға енгізіледі. Сауалнама зерттеуінде бұл мынадай төрт қа-
дамды қажет етеді: редакциялау, кодтау, деректерді енгізу және тазарту. Осы
процедуралардың кейбірі компьютер арқылы жүргізілетін сауалнамаларда
деректерді жинау кезінде туындайды.
Редакциялау компьютерге енгізілгелі жатқан деректі мүмкіндігінше толық,
қатесіз және оқуға ыңғайлы етуге арналған.
Кодтау әр айнымалының категорияларына сандарды үлестіруден тұрады. Сауал-
нама зерттеуінде бекітілген таңдауы бар сұрақтарды кодтау дерек жинаудан бұ-
рын жасалады, ал ашық сұрақтар үшін кодтар дерек жинаудан кейін әзірленеді.
Редакциялау аяқталған соң, деректер компьютерге енгізіледі және деректер
файлында сақталады. Әдетте деректер жиынтығы матрица немесе электрон-
дық кесте ретінде ұйымдастырылады. Онда бақылау арқылы жиналған мә-
ліметтер қатарлар күйінде, ал айнымалылар бағандар күйінде орналасады.
Деректер енгізілгеннен кейін кодтау мен компьютерге жүктеу кезінде қате-
лерден тазартылады. Бұл – кейде тексеру процедурасынан басталып, әр айны-
малы үшін жазылған айнымалылар арасындағы «заңсыз» кодтарды тіркелме-
ген кодтарға тексеру және жауаптардың қисынды паттерндері үшін сәйкес-
тікті тексеру жүретін көпсатылы процесс.
Деректерді тазартқан соң, зерттеушілер әдетте кодтар кітабын дайындайды.
Ол әр сандық код, деректер файлындағы әр айнымалының орналасуы, кодтау
мен шешім ережелеріне сәйкес жауаптар береді.
Статистиканың басты функциялары – дескриптив және инференциал. Дес-
криптив статистика қолда бар деректерді түйіндеуге арналған; инференциал
статистика қолда бар деректер аясынан тыс қолдануға болатын дәрежені көр-
сетеді.
Жоспарланған талдау үшін деректерді тексеру мен модификациялау мақсаты-
мен зерттеушілер әр айнымалыны бөлек-бөлек зерттеу (
юнивариатив тал-
дау) арқылы деректер туралы толық түсінік алады.
Деректерді модификациялау бір немесе одан көп айнымалы кодын өзгер-
туді, сандық ретін қайта құруды, айнымалы категорияларын қысқартуды,
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
679
жетіспейтін деректер үшін болжалды мәнді бағалауды, индекс немесе шкала
құру мақсатымен бірнеше айнымалы үшін кодтарды біріктіруді қамтиды.
Юнивариатив талдауда әр айнымалының категориялары не мәндері әуелі
жиілік және пайыздық
дистрибуцияға ұйымдастырылады. Деректер интер-
вал деңгей өлшемі болса, зерттеушілер
дистрибуцияның әр алуан ерекше-
ліктерін анықтайтын статистиканы да есептейтін болады.
Негізгі үрдістің статистикалық өлшемдері шоғырланудың әр алуан нүктеле-
рін ашады, олар: ең типтік мән (мода), орта мән (медиана) және орташа мән
(орташа). Дисперсияның жалпы өлшемдері – ең төмен және ең жоғары мән-
дер арасындағы айырмашылық (ауқым) және орташа мән бойынша мәндер-
дің таралу индексі (стандарт ауытқу).
Дистрибуцияларды олардың асиммет-
риясы сияқты пішіні тұрғысынан сипаттауға да болады.
Бивариатив талдау екі айнымалы арасындағы байланыстың сипатын зерт-
тейді. Тек номинал немесе реттік шкалалы айнымалыларды қамтитын бай-
ланыстар үшін мұндай талдау
бивариатив дистрибуциядан тұратын кросс-
ұяшықтары бар кросс-кестені құрастырудан басталады.
Кросс-кестелерді пайыздық дистрибуция ережесі – тәуелсіз айнымалы бағы-
тында пайыздық дистрибуция; мұндай кестелерді оқу ережесі – пайыздық
үлестіру жүргізілетін әдіске қарама-қарсы бағытта салыстырулар жасау.
Интервал немесе қатынас айнымалыларын қамтитын байланыстар үшін де-
ректер шашыранды диаграммада көрсетіледі және математикалық функция
тұрғысынан сипатталады. Сызықтық регрессиялық талдау сызықтан квад-
раттағы ауытқулардың қосындысын барынша азайту арқылы деректермен ең
дәл сәйкестікті қамтамасыз ететін тік сызық функциясын анықтайды. Сызық-
тың көлбеуі тәуелсіз айнымалының бір бірлік өзгерісіне шаққандағы тәуелді
айнымалының болжалды өзгерісін көрсетеді.
Номинал/реттік шкалалы айнымалыларды 0 және 1 категорияларын жалған
кодтау арқылы тәуелсіз айнымалылар ретінде регрессиялық талдауға кіргізу-
ге болады, бұл жағдайда көлбеу тәуелді айнымалы бойынша категориялары
арасындағы орташа айырмашылықты көрсетеді.
Бивариатив талдау бақыланатын байланыстың кездейсоқ қате нәтижесінде
туындау ықтималдығын және айнымалылар арасындағы ассоциация күшін
бағалайды. Бірінші міндет әдетте кросс-кестелер үшін хи-квадрат сияқты ста-
тистикалық елеулілік критерийі арқылы орындалады. Ассоциацияның статис-
тикалық өлшемдері әдетте +1-ден −1-ге дейін ауытқиды, белгі байланыс бағы-
тын, ал ауқым ассоциация күшін көрсетеді.
Бивариатив талдауды қарапайым екі айнымалы гипотезаларын сынау үшін
пайдалануға болады, олар – шынайы эксперименттердегі соңғы талдау саты-
сы, себебі дұрыс жоба сыртқы айнымалыларды нәтижелердің бәсекелі түсін-
дірмелері ретінде тиімді бақылайды. Бірақ эксперименттік емес дизайндарда
сыртқы айнымалылар мультивариатив модельді статистикалық бақылауды
талап ететін елеулі балама түсіндірмелерді беруі мүмкін, бұл туралы келесі
тарауда талқылаймыз.
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
680
Тірек сөздер
Дерек өңдеу Стандарт ауытқу
Деректерді модификациялау Жиілік/пайыздық полигоны
Редакциялау
Қалыпты
дистрибуция
Кодтау Аутлайер
Деректерді тазарту Тізімнен алып тастау
Тіркелмеген кодтарды тексеру Шартты есеп
Сәйкестікті тексеру
Бивариатив талдау
Деректер матрицасы Маргиналдық жиілік
Кодтар кітабы Ұяшық жиілігі
Дескриптив статистика Хи-квадрат тесті тәуелсіздік критерийі
Инференциал статистика Ассоциация өлшемдері
Юнивариатив талдау
Регрессиялық талдау
Жиілік
дистрибуция
Шашыранды диаграмма
Пайыздық
дистрибуция
Ү қиылысы
N Көлбеу/регрессия коэффициенті
Орташа
Медиана
Регрессия (ең кіші квадраттар)
сызығы
Мода Қалдықтар
Диапазон Корреляция коэффициенті
Жалған айнымалы
Тапсырмалар
1. Деректер құжаттамасымен, кодтаумен және деректердің модификациясымен
таныс болу үшін GSS кодтар кітабын (http://gss.norc.org/Get-Documentation)
онлайн түрде қараңыз. Кодтар кітабында үш индекс бар, олар: (1) дерек-
тер ретімен көрсетілген мнемоникалық белгілері бар деректер жиынтығы,
(2) сауалнама жылы бойынша айнымалы атауларының (мнемоникалық бел-
гілер) алфавиттік тізімі (U қосымшасы) және (3) сұрақтардың субъекті ин-
дексі (V қосымшасы). Осыны есте сақтап, келесі сұрақтарға жауап беріңіз.
а.
Респонденттердің жұмыс күші статусы, бауырлары, діни рәсімдерге қа-
тысуы, ғылымнан хабардарлығы, алкоголь тұтынуы және жұмысына қа-
нағаттануы бойынша GSS сұрақтарын табыңыз.
ә.
Кодтар кітабы сұрақтардың қайта кодталғанын не кодталмағанын көр-
сетеді, ал D қосымшасы қайта кодтауды сипаттайды. D қосымшасын қа-
раңыз. Жасты өлшеу үшін GSS-те нені сұрайды? D қосымшасына сәйкес,
бұл сұрақ неліктен қойылады және жауаптары қалай қайта кодталады?
Енді кодтар кітабынан MOBILE-16 айнымалысын табыңыз. Ол нені өл-
шейді? Жауап категориялары қандай және қалай қалыптасты?
б.
200 жылғы GSS еркіндіктің мағынасы бойынша екі ашық сұрақ қойды.
Оларды кодтар кітабынан табыңыз. «Еркіндік туралы ойлағанда, ойы-
ңызға не келеді?» деген бірінші сұрақ үшін қанша кодтау категориялары
құрылды. Респондент бірден көп жауап бергенде, бұл сұрақ қалай код-
талды?
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
681
в. 2002 және 2004 жылдары GSS жанашырлықты өлшеген жеті сұрағы
альтруизм бойынша модульді қамтыды. «Сезімдер» тақырыбы астын-
дағы субъекті индексінен «жанашырлықты» табыңыз. Осы сұрақтарды
кодтар кітабында қарастырып, индексті құру үшін оларды қалай бірік-
тіретініңізді шешіңіз.
2. Бұл тапсырма GSS деректерін пайдаланып,
бивариатив гипотезаны сынауы-
ңызды сұрайды. Біріншіден, келесі тізімнен бір тәуелсіз және бір тәуелді ай-
нымалыны сұрыптап, гипотезаны қалыптастырыңыз.
Тәуелсіз айнымалылар
Жыныс (ер/әйел)
Нәсіл (ақ/қара)
Білім деңгейі
Мнемоникалық белгі
ЖЫНЫС
НӘСІЛ (1,2)
ДӘРЕЖЕ (r:0–1; 2–4)
Тәуелсіз айнымалылар
Марихуананы заңдастыру
туралы ойы (заңды болуы/
болмауы керек)
Гомосексуализмге қатысты
көзқарас (бір жынысты ересек
адамдар арасындағы сексуал-
ды қарым-қатынастар әрда-
йым бұрыс немесе ешқандай
да бұрыс емес)
Әлдекім Х рейтингі бар
фильмді көрді ме, көрмеді ме?
Мнемоникалық белгі
ШӨП
ГОМОСЕКСУАЛИЗМ
(r:1–2; 3–4)
Х ФИЛЬМ
GSS деректері онлайн түрде қолжетімді және оларды Берклидегі Калифорния
университеті жүргізетін уеб-сайтқа кіру арқылы оп-оңай талдауға болады: http://
sda.berkeley.edu/sdaweb/analysis/?dataset=gss14. Гипотезаңызды сынау үшін кросс-
кестені мынадай етіп жасауыңыз қажет. Беттің оң жағына «SDA Frequencies/
Crosstabulation Program», астына тәуелді айнымалы үшін қатар айнымалы ретінде
мнемоникалық белгі енгізіңіз; тәуелсіз айнымалы үшін баған айнымалы ретінде
мнемоникалық белгі енгізіңіз; одан кейін іріктеу фильтрі ретінде «ЖЫЛ(2014)» ен-
гізіңіз. «Шығару опцияларына» басып, пайыздық жиілік үшін «Бағанды», «Жиынтық
статистика» мен «Сұрақ мәтінін» таңдаңыз; соңында, талдау үшін боялған өрістегі
«Кесте құруға» басыңыз.
а. Осы деректер гипотезаңызды қолдай ма? Қысқаша түсіндіріңіз.
ә. Хи-квадрат мәні елеулі ме? Гамма мәні қандай? Осы статистика байла-
ныс туралы не айтады?
3. Келесі фи мәндерін айнымалылардың −0,82, +0,04, +0,35 деген үш түрлі
жиынтыққа қатыстыра қарастырыңыз. Байланыстың ең берігі қандайы? Бай-
ланыстың қайсысы болмашы?
4. Мына айнымалылардың жалған кодтауын жасаңыз: жыныс, өлім жазасына
қатысты көзқарас (қолдау/қарсы болу) және нәсіл (ақ/қара, і «басқа» жоқ
деп санау). Жалған айнымалының орташа мәні нені көрсетеді?
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
682
5. 2014 жылғы GSS деректеріне сүйенетін мына теңдеуді қарастырыңыз:
Респонденттің білім алған жылдары = 10,08 + 0,328 (әкесінің білім алған
жылдары)
Осы теңдеудегі болжалды байланысты сипаттаңыз. Респонденттің біліміндегі
өзгеріс әкесінің білімінің 1 жылдағы әр өсуімен қаншалықты байланысты болды?
16 жыл білім алған әкесі бар респонденттің болжалды білім алу жылдары қандай?
(Бұл есептеуді талап етеді).
Сілтемелер
1. Күрделі деректер жиынтығын ұйымдастыру үшін басқа дерекқор опцияла-
ры бар. Контекстік талдауда бір дерек файлы, мысалы, оқушы деңгейіндегі
және мектеп деңгейіндегі айнымалылардың екеуінен де тұруы мүмкін. Не-
месе жекелеген деректер файлдарының иерархиялық орналасуы (мысалы,
аудандар, мектептер, сыныптар, оқушылар) болуы мүмкін, олардың нақты
оқушыларды, нақты мектептегі сыныптар мен нақты аудандағы мектептер-
ді анықтайтын сілтемелері бар. Бір әлеуметтік желі дизайнында әлеуметтік
акторлар деректер матрицасының қатарлары мен бағандарына орналасты-
рылады, ал ұяшықта актор жұптары арасындағы қарым-қатынас не байла-
ныс көрсетіледі.
2. Дескриптив пен инференциал статистика арасындағы айырмашылықты си-
паттау мен түсіндірудің ғылыми мақсаттарымен шатастырмау керек. Ста-
тистикалық талдаудың екі формасын да екі мақсатқа бірдей жету үшін пай-
далануға болады. Инференциал статистиканың осында анықталған бірінші
мақсаты – сипаттау, ал екіншісі – түсіндіру. Сол сияқты дескриптив статис-
тика іріктеме деректерінің сипаттамасының жиынтық өлшемін ұсынуы (си-
паттау) немесе екі айнымалы арасындағы гипотезалық ассоциацияның күшті
тұсын көрсетуі мүмкін.
3. Таңдау теориялық түсіндірмеге кіруі ықтимал, бұл көп қолданылатын статис-
тикалық техникалар үшін аса маңызды (Berk, 1983).
4. Әлеуметтік ғылымдар қазір компьютерге арналған өздерінің нұсқаулық бағ-
дарламаларын сирек жазады. Оның орнына компьютерде сақталатын және
әлеуметтік ғылым деректерінің статистикалық талдауын жүргізу үшін арнайы
жазылған «стандарт», «жинақталған» бағдарламаларға сүйенеді. Осы бағдарла-
маларды пайдалану үшін (1) компьютерге нақты пакетке бағыттайтын коман-
да бересіз; (2) осы пакет үшін арнайы ережелерді пайдалана отырып, деректер
файлының форматы мен орналасқан жерін сипаттауыңыз және (3) жасағыңыз
келетін нақты талдауды көрсетуіңіз керек. Осы процедуралар туралы егжей-
тегжейлі талқылауды SPSS, Stata, SAS арналған оқулықтардан немесе компью-
теріңізге қолжетімді кез келген басқа пакеттерден табуға болады.
5. Эллисон (2002) бір айнымалыдағы деректерді тастап кету мүмкіндігі кез
келген басқа айнымалы бойынша деректерді тастап кету мүмкіндігіне байла-
нысты емес деп шамалайды.
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
683
6. GSS кодтар кітабындағы (http://gss.norc.org/documents/codebook/GSS_
Codebook.pdf) F қосымшасы (мамандықтар бойынша жіктеу
дистрибуция-
сы
) мен G қосымшасын (бедел балы дистрибуциясын) қараңыз.
7. Кейде бұл ережелер дескриптив себептермен (мысалы, әртүрлі табысты топ-
тардың білімін анықтау үшін) немесе деректердің тәуелді айнымалыға қа-
тысты жиынтық репрезентативі болмағандықтан бұзылады (қараңыз: Zeisel,
1968: 30–36).
8. Статистикалық талдау әдетте GSS пен NELS-те пайдаланылғаны сияқты күр-
делі іріктеу дизайнына түзетулер енгізуді талап етеді. Мысалы, NELS пропор-
ционалды емес стратификацияланған кластер іріктемесін пайдаланды, ал
оқушылар мектеп бойынша кластерленді. Педагогикалық себептер үшін кес-
телердің барлығы өлшенбеген жиіліктерге сүйенеді.
9. «Білмеймін» деген жауаптарды шығарып тастаған 15.10-кесте үшін хи-квад-
рат = 565,13, df = 2 (p<0,001).
10. Айнымалылар әр бастапқы балдан айнымалының орташа мәнін шегеріп, ке-
йін бастапқы балдарды стандарт ауытқуға бөлу арқылы стандартталған.
11. Спортпен шұғылданатындар үшін теңдеу – 0,005+0,230(1)=0,235; спортпен
шұғылданбайтындар үшін – 0,005 +0,230(0)=0,005.
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
684
Он алтыншы тарау
Мультивариатив талдау
Соңғы тарауда бивариатив байланыстарды қарастырған едік; статис-
тикалық түрде бұл екі айнымалы арасындағы ассоциация немесе кор-
реляция деңгейін есептеуге дейін қамтыды. Бивариатив талдау бір айны-
малының мәнін екінші айнымалының мәні арқылы болжауға мүмкіндік
береді. Мұны регрессиялық көлбеу коэффициенттері мысалынан көруге
болады. Алайда мақсатымыз себеп-салдарлық гипотезаларды сынаудағы
болжаумен ғана шектелмесе, бивариатив байланыстарды есептеу еш-
қашан жеткілікті болмайды. Алдында айтып өткеніміздей, себеп-салдар-
лық тұжырымдар тек байланысқа емес, ықпал бағыты мен ассоциация-
ның жалған емес екені туралы теориялық ұйғарымдар мен эмпирикалық
дәлелге де негізделеді.
Мәселен, кросс-секциялы сауалнамада Х пен Ү арасындағы корреля-
ция Х-тің Ү-ке себеп болатынын, Ү-тің Х-ке себеп болатынын, Х пен Ү-тің
бір-біріне себеп болатынын немесе Х пен Ү-тің арасында себеп-салдар-
лық байланыстың жоқ (жалған ассоциация) екенін білдіруі мүмкін. Осы
тарауда таныстырылатын статистикалық техникалар зерттеушілерге
осындай ықтимал интерпретациялар арасынан біреуін таңдауға көмек-
теседі. Бірақ статистикалық талдаулар өздігінен себеп-салдарлық байла-
ныстарды тұжырымдау негізін қамтамасыз етпейтінін түсіну маңызды.
Керісінше, зерттеуші Х пен Ү-ті байланыстырып, себеп-салдарлық про-
цестің теориялық моделінен бастайды, содан соң деректердің теориямен
қаншалықты сәйкесетінін анықтайды.
Әсіресе ықпал ету бағыты әдетте теориялық не практикалық білімге
негізделеді. Эксперименттерде бағыт әрдайым тәуелді айнымалының өл-
шемі алдында болатын тәуелсіз айнымалымен манипуляциялау арқылы
белгіленеді. Сол сияқты көптеген эксперименттік емес көп айнымалының
табиғи уақыт реті сөзсіз себеп-салдарлық бағытты анықтайды. Мысалы,
жоғары сынып оқушыларының кәсіби ұмтылысын ата-аналар білімімен
байланыстырғанда, соңғысы ертерек болады, әрі оқушылар ұмтылысы-
ның себебі болғанымен, салдары болмауы мүмкін. Уақыт реті анықтал-
мағанда себеп-салдарлық бағыт көбіне бір айнымалының екіншісіне қа-
рағанда тұрақты, өзгермейтін немесе басқа айнымалымен салыстырған-
да аз өзгеретініне қарай анықталады (M. Rosenberg, 1968: 11–12; Davis,
1985: 14–15). Жыныс – тұрақты айнымалы, ол спортқа қатысуға ықпал
етуі мүмкін, бірақ мұның керісінше болуы мүмкін емес. Егер бірінші ай-
нымалы екінші айнымалыға қарағанда өзгермейді деп есептесек, белгілі
бір дінді ұстану бақытқа әсер етуі мүмкін.
685
Теориялық білім кейде ықпал ету бағытын бірлескен немесе өзара
деп қарастыруға мәжбүрлейді. Линда Уэйт пен Роуз Столценберг (1976)
америкалық әйелдердің жұмыспен қамтылуы мен бала тууы арасындағы
кері корреляция түсіндірмесін қарастыра отырып, өзара себеп-салдарлық
байланысқа қатысты нанымды аргумент тапты. Жас әйелдер үйден тыс-
қары жерде көбірек жұмыс істегісі келгендіктен, көп бала тумауы мүмкін
(карьераға ұмтылыс туу деңгейіне ықпал етеді). Әрі әйелдер көп бала тап-
қысы келмегендіктен, көбірек жұмыс істеуі мүмкін (балалы болу жоспа-
ры жұмысқа ықпал етеді). Өзара себеп-салдарлық байланысты зерттеуге
лайықты статистикалық әдісті пайдалана отырып, Уэйт пен Столценберг
жұмыс істеу жоспары тууға қатысты ниет-пиғылдан басым түседі деген
қорытындыға келді.
1
Қате бағытталған өзін-өзі бағалауды арттыру қозғалысы себеп-салдар-
лық бағыттың маңыздылығын көрсетеді. Өз-өзін төмен бағалау (тәуелсіз
айнымалы) мектептегі және өзге ортадағы нашар үлгерімнің (тәуелді ай-
нымалы) себебі деген «таптаурын» ұйғарымға сүйенсек, соңғы 45 жылда
белең алған майдагерлік өнеркәсіп (үй кәсібі) студенттердің, жұмысшы-
лардың, шылымға тәуелді адамдар мен кәмелетке толмағандар арасындағы
ішімдікке әуестер мен нашақорлардың, тіпті салық төлеушілердің өзін-өзі
бағалауын арттыруды көздейтін түзету бағдарламаларының легін көбейт-
ті.
2
Алайда психолог Рой Баумайнстер мен оның әріптестері (2003) өзін-өзі
бағалау туралы еңбектерді жан-жақты шола келе, өзін-өзі бағалауды артты-
ру жөніндегі шаралардың тиімділігіне жете көз жеткізе алмады. Шын мә-
нінде, мектептегі сабақ үлгерімінің объектив өлшемдеріне қатысты кейбір
эксперименттер мен ұзақмерзімді зерттеулерде өзін-өзі бағалау – мектеп-
тегі жақсы үлгерімге себепші (тәуелсіз айнымалы) болудан гөрі, салдары
(тәуелді айнымалы) деген ой түйеді. Мектепте сабақты жақсы оқу оқушы-
лардың өздерін жақсы сезінуіне (яғни өзін-өзі бағалауға) септесуі мүмкін.
Теория сондай-ақ жалған байланысты тексеруге көмектеседі. Теория
арқылы жалған статистикалық ассоциацияны тудыруы ықтимал алдың-
ғы айнымалыларды анықтаймыз. Осындай теориялық білімді кәдеге
жарату арқылы байланыстың жалған еместігін көрсету жолындағы ма-
ңызды статистикалық техникаларды қолдана аламыз. Негізінен, мұндай
техниканың әсері эксперименттегі кездейсоқтық әсерімен бірдей. Басты
айырмашылық мынада: кездейсоқтық барлық алдыңғы айнымалыны ба-
қылайды десек, эксперименттік емес зерттеулердегі статистикалық ба-
қылауды өлшенген айнымалыларға ғана қолдануға болады. Бұл тұрғыда
тиісті айнымалыларды анықтауға, өлшеуге және олардың арасындағы
себеп-салдарлық қатынасты анықтауға ерекше мән беріледі. Осылайша
модельдеу – айнымалылар арасындағы әрқилы ықтимал себеп-салдар-
лық байланысты нақтылау тәсілі болғандықтан, оның неліктен сонша-
лық маңызды екенін түсіну қиын емес. Енді деректер бойынша сарапшы
жасаған модель тұжырымдамасын мұқият қарастырайық.
МУЛЬТИВАРИАТИВ ТАЛДАУ
686
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Теориялық білімді басшылыққа алатын статистикалық талдау теория (модель) мен де-
рек арасындағы сәйкестікті зерттейді.
Айнымалылар арасындағы байланысты модельдеу
Статистикалық модель – әлеуметтік шындықтың жеңілдетілген көрінісі,
бақылау арқылы алынған деректерден құралған айнымалылар арасын-
дағы теориялық байланыстың репрезентациясы. Әдетте теорияны ста-
тистикалық модельге айналдыру бір не бірнеше математикалық теңдеу
формасында болады.
16.1-сызба. Әртүрлі себеп-салдарлық байланыстарға арналған
нұсқар диаграммалар
Алайда модельдеу мен талдау логикасын түсіну үшін модельдеудің
визуалдау құралы ретінде қызмет атқаратын, түсінуге оңай нұсқар диа-
граммаларды пайдаланамыз.
Нұсқар диаграмма
Нұсқар диаграмма айнымалы жиынтығының себеп-салдарлық ретін көр-
сетеді. Әр нұсқар себеп-салдарлық бағытты көрсетеді. Сонымен, 16.1А-
сызбадағы Х-тен Ү-ке көрсетіп тұрған нұсқар X мәні Ү-тің себебі ретінде
гипотезаланатынын білдіреді. Қарсы бағыттарды көрсететін екі нұсқар
(16.1В-сызба) өзара себеп-салдарлық байланысты, яғни Х пен Ү бір-
біріне ықпал ететінін көрсетеді. Екі ұшында да нұсқарлары бар жалғыз
(көбіне қисық) сызық (16.1С-сызба) айнымалылар арасындағы статисти-
калық байланыс болуы ықтимал екенін, бірақ байланыстың себеп-сал-
дарлық түсіндірмесі моделінің бір бөлігі емес екенін (себеп-салдарлық
емес байланыс) көрсетеді. Ақырында, екі айнымалыны түйістіретін нұс-
қардың болмауы ешқандай себеп-салдарлық байланыстың гипотезалан-
байтынын білдіреді.
Себеп-салдарлық ретпен қатар, нұсқар диаграмма байланыс бағытын
көрсете алады. Әдетте бұл нұсқар үстіндегі «+» не «−» белгілерімен айқын-
далады. Плюс белгісі болжалды оң байланысты көрсетеді: Х мәні артқан
сайын, Ү мәні де артады. Минус белгісі болжалды теріс (кері) байланысты
А. Х Ү В. Х Ү С. Х Ү
(Ү-тің себебі Х)
(өзара себеп-сал-
дарлық байланыс)
(себеп-салдарлық
емес байланыс)
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
687
көрсетеді: Х мәні артқан сайын, Ү мәні кемиді.
3
Осылайша А мен В мо-
дельдеріндегі Х-тен Ү-ке нұсқап тұрған 16.2-сызбадағы нұсқарлар тиісін-
ше болжанған оң және теріс байланыстарды көрсетеді. Алдыңғы айны-
малы Т-ді сызбаға қосу бастапқы байланыстың жалған екенін көрсететін
балама теориялық модельдерді құрады. С мен Е модельдері де Х пен Ү
арасындағы оң байланысты болжайды, себебі Х пен Ү арасында тікелей
себеп-салдарлық байланыс (нұсқар) болмаса да, алдыңғы айнымалы Т
екі айнымалының да бір бағытта жүруіне алып келеді. С моделінде (не
Е моделінде) Т артқан сайын, Х пен Y қатар артады (не кемиді). Сөйтіп,
жалған оң ассоциацияны құрады. Сол сияқты Т-дегі кему Х пен Ү-тің бір
бағытта (С моделі үшін төменге қарай, Е моделі үшін жоғарыға қарай)
жылжуына әкеледі.
16.2-сызба. Екі айнымалы байланыстар мен әуелгі баламалы
айнымалылар моделі
С мен Е модельдері B моделі үшін емес, А моделі үшін балама түсіндір-
ме болады, себебі олар Х пен Ү арасындағы терістен көрі оң стастистика-
лық ассоциацияны болжайтынын ескерген жөн. D мен F модельдеріндегі
алдыңғы айнымалы Т жалған теріс байланысты (Х пен Ү қарсы бағыт-
тарда жылжиды) тудырады, бұл В моделі болжаған теріс байланыс үшін
балама түсіндірме болып саналады. Ақырында, G моделі Х және Т екеуі де
Х пен Ү арасындағы оң ассоциацияны туындататын тағы бір теориялық
ықтималдықты бейнелейді. Айталық, Беккет Брох зерттеуінде (2002)
ата-ананың алдыңғы табысы (Т) екі айнымалыға да (С мен G модельде-
ріне) оң ықпал етсе, оқушылардың сыныптан тыс шараларға қатысуы
(Х) мен оқу үлгерімі (Ү) арасындағы оң ассоциация жалған не жартылай
жалған болуы мүмкін. Алайда ата-ана табысы, керісінше, сыныптан тыс
А. Х Ү В. Х Ү
+
С. Х Ү D. Х Ү
Т
Т
+
+
+
Е. Х Ү F. Х Ү
Т
Т
+
G. Х Ү H. Х Ү
Т
Т
+
+
+
+
+
МУЛЬТИВАРИАТИВ
688
шараларға қатысуға қатысты болса (F моделі), ата-ана табысы сыныптан
тыс шараға қатысу мен оқу үлгерімі арасындағы жалған оң ассоциацияны
тудыра алмайды.
16.3-сызбада тәуелсіз (Х) және тәуелді (Ү) айнымалы арасындағы се-
бепті түрде орналасқан аралық айнымалының (Т) нұсқар диаграммала-
ры көрсетілген. І моделі Х пен Ү арасындағы оң ассоциацияны болжай-
ды: Х артқанда, Т кемиді; Т кемігенде, Ү артады. Осылайша Х пен Ү бір
бағытта қозғалады (оң байланыс) К моделіндегі аралық айнымалы теріс
байланыс тудырады: Х көтерілгенде, Т де көтеріледі; ал Т көтерілгенде, Ү
төмендейді. Х пен Ү арасындағы болжалды байланысты екі айнымалыны
байланыстыратын жол бойындағы нұсқар белгілерін жай ғана көбейту
арқылы анықтауға болады (Davis, 1985: 29). Х пен Ү арасында теріс нұс-
қарлардың (К, L және M модельдері) тақ саны болмаса, болжалды бай-
ланыс оң (І және J модельдері) болады. Брох зерттеуінде студенттердің
сыныптан тыс шараларға қатысуы (X) мен оқу үлгерімі (Y) арасындағы
оң ассоциацияны тудыратын аралық механизм, себепті нұсқарлардың
екеуі де оң (J моделі) болғанда ғана үй тапсырмасына жұмсалған уақыт
(T) болуы мүмкін. Бірақ L моделіндегідей, сыныптан тыс жұмыс (X) үй
тапсырмасына жұмсалған уақытты (T) азайтса, сыныптан тыс шара оқу
үлгерімін ілгерілететіндіктен, үй тапсырмасы аралық себеп-салдарлық
процесс бола алмайды.
16.3-сызба. Балама аралық айнымалы модельдері
I. Х T Ү
J. Х T Ү
+
+
K. Х T Ү
+
L. Х T Ү
+
M. Х T W V Y
+
N. Х Ү
Т
+
+
+
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
689
16.3-сызбадағы N моделі себеп-салдарлық аралық айнымалыны (T)
қамтитын оң жол арқылы тікелей (Х-тен Ү-ке дейінгі оң нұсқар) және
жанама әсер ету арқылы тәуелсіз айнымалының (X) тәуелді айнымалыға
(Y) оң әсер ететінін көрсетеді. Яғни теориялық N моделі себеп-салдарлық
процестің бір бөлігін – Х мәні Ү-ке әсер ететін жанама әсерді анықтайды.
J моделі, керісінше, Х пен Ү-ті байланыстыратын жалғыз себеп-салдарлық
механизм – Т аралық айнымалысы деген теориялық үйғарымды алға тар-
тады. Брох мысалындағы N моделіне сәйкес, үй тапсырмасы (T) сынып-
тан тыс шара (X) мен оқу үлгерімі (Y) арасындағы оң ассоциацияның тек
бір бөлігіне қатысты.
Оқу үлгерімі мен қосымша сабақ арасындағы оң байланыстың бастап-
қы гипотезасы үшін бұл балама модельдердің әртүрлі мәні бар: А мен G
модельдері оны қолдайды; B, C, D, E, F, H, K, L және M оны қолдамайды;
ал I, J және N модельдері негізгі гипотезаны қолдаумен қатар, себеп-сал-
дарлық тізбекті анағұрлым тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Әрі бұл
үш айнымалы моделі мүмкіндіктерді толық пайдаланбайды. Мысалы, үй
тапсырмасы мен сыныптан тыс шараларға жұмсалған уақыт оқу үлгері-
мін жақсартуда өзара әрекеттесуі мүмкін.
Стохастикалық және жүйелі компоненттер
Статистикалық модельдер түсіндірме айнымалылар арасындағы гипоте-
залық байланыстарды нақтылаумен қатар, құбылыстағы кейбір өзгер-
гіштіктің кездейсоқ орнайтынын көрсетеді. Демек, модельдер жүйелі
(нұсқар диаграммалар арқылы көрсетілгендей теориялық байланыстар)
және стохастикалық (кездейсоқ процестер) компоненттерден құрала-
ды. (King, 1989: 8–12). Осы айырмашылықты нақтылау үшін қарапайым
мысалды қарастырамыз.
Айталық, әлеуметтік зерттеу жүргізу сыныбына арналған аралық ем-
тихан (50 дұрыс-қате сұрақтары) шатасып физика сыныбына берілген.
Физика студенттері мазмұнға байланысты ешқандай сұрақтар қоймас-
тан, тестіні жап-жақсы орындап шықты, ал кейбіреуі басқаларына қара-
ғанда тәуір баға алды. Емтихан бағасының осы дистрибуциясын (өзгер-
гіштігін) қалай түсіндіреміз? Бір қарапайым гипотеза – студенттер жауап-
тарды шамалап жазды. Олардың симметриялы тиынды 50 рет лақтырып,
бүк түскенде сұрақты «дұрыс» деп белгілеуін статистикалық модельге
айналдыруға болады (статистика түрінде бұл биноминалдық таралым
ретінде модельденетін еді). Содан кейін модель (және оның негізіндегі
теория) емтихан бағасының модель арқылы болжанған дистрибуция мен
сыныптың нақты нәтижелерін салыстыру арқылы бағаланады. Модель
мен бақыланатын деректер арасындағы сәйкестік физика студенттері
жауаптарды шамамен болжады деген гипотезаны қолдайды.
Модель стохастикалық компоненттен ғана тұрады: емтихан бағасын-
дағы айырмашылықтың бір ғана теориялық негізі – кездейсоқтық процесі.
МУЛЬТИВАРИАТИВ
690
Модельге тәуелді айнымалыларды қосу арқылы жүйелі компоненттер-
дікіргізуге болады. Мысалы, (1) аралық емтиханда әйелдерге қарағанда
ерлер болжамға жиі сүйенеді және (2) төменгі сыныптағы оқушылар жо-
ғары сыныптағы оқушыларға қарағанда әлдеқайда жиі болжайды деген
гипотеза ұсынуымыз мүмкін. Бұл емтихан бағасын стохастикалық (кез-
дейсоқ) және жүйелі (гипотезаланған жыныс пен сынып айырмашылық-
тары) компоненттерінің комбинациясы ретінде түсіндіретін модельге
айналады.
Алдында стохастикалық және жүйелі компоненттерден тұратын қа-
рапайым модельді эксперименттік дизайн және ықтимал іріктеумен
қатар байланыстыра отырып талқылаған едік. Бірінші жағдайда стохас-
тикалық компонент субъектілерді эксперименттік жағдайға кездейсоқ
тағайындау арқылы туындайтын. Одан кейін эксперимент нәтижесі экс-
перименттік манипулияциядан (жүйелі компонент) гөрі, кездейсоқтық
(кездейсоқтық арқылы пайда болған стохастикалық компонент) әсеріне
байланысты деген бәсекелі гипотезаны жоққа шығару үшін статистика-
лық елеулілік тесті қолданылады. Сол сияқты стохастикалық компонент
ықтимал іріктеу арқылы енгізіледі. Содан соң жүйелі айырмашылықтар
әсерінен болатын іріктеме нәтижелерін кездейсоқтықтан (іріктеу қате-
сінен) туындайтын іріктеме нәтижелерінен ажырату үшін елеулілік тесті
немесе сенімділік интервалы пайдаланылады.
Стохастикалық немесе кездейсоқ компонент ықтимал іріктеме мен
кездейсоқтықтан (кездейсоқ таңдаудан) туындайтынын айттық. Сондай-
ақ ол аралық емтихандағы жауаптарды болжау мысалындағы сияқты, де-
ректерді тудырады деп болжанған процесс кезінде пайда болуы мүмкін
(Berk, 1983; King, 1989: 3–13). Мысалы, теория елдердің іс-әрекетін, элек-
тораттың дауыс беру бойынша шешімін не адамдардың достық қарым-
қатынасын стохастикалық (кездейсоқ) және жүйелі компоненттермен
түсіндіруге болатынын көрсетуі мүмкін.
Модельдеу процесі
Алдын ала негізделген теориялардан шығатындықтан, модельдер әлеу-
меттік процестерге қатысты ешқашан «дұрыс» болмайды. Керісінше,
олар деректерді талдаудың үнемді әрі ақпараттандырылған құралы ретін-
де жұмыс істейді. Талдау модель болжамдары мен деректер арасындағы
сәйкессіздікті анықтаған сайын зерттеу оқу процесіне айналады, бұл сәй-
кессіздік, өз кезегінде, аналитиктердің кейінгі не жаңа деректерді талдау
т.б. пайдалану үшін модельді түрлендіруіне не оны ауыстыруына түрткі
болады (Box, 1976). Осы оқу процесін бейнелеу үшін цинизм (тәуелді ай-
нымалы) мен білім деңгейі (тәуелсіз айнымалы) арасында оң байланыс
бар деген гипотеза жасадыңыз дейік. Өкінішке қарай, дерек білім мен
цинизм арасындағы теріс корреляцияны анықтайды, енді оны түсіндіру
үшін жаңа теориялық модель керек. Бір ықтимал жолы – едәуір білімді
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
691
адамдар орташа сауаттыларға қарағанда, жақсы өмір (жұмыс, денсаулық
т.б.) сүретіндіктен әрі көп қиналмайтындықтан, адамға көбірек сенеді,
бұл – бірсыпыра тексерілетін болжамдар ұсынатын жаңа модель.
Деректердің модельді қолдайтынын не қолдамайтынын қалай анық-
тауға болады? Өткен тарауда мектепаралық спортқа қатысудың матема-
тика пәні бойынша бағаға әсерінің бивариатив талдауын жасап, Брохтың
бастапқы гипотезасына сәйкес келетін статистикалық елеулі оң байла-
нысты тапқан едік (16.2-сызбадағы А моделі). Бірақ байқағаныңыздай,
осы талдау негізінде ғана қорытынды жасау қате болуы мүмкін. Ендігі сұ-
рақ мынадай: үш не одан көп айнымалысы бар 16.2 және 16.3-сызбалар-
дағы C, E, G, I, J және N сияқты анағұрлым күрделі модельдер көрсеткен
әсерлерді бағалау үшін деректерді қалай талдаймыз?
Эксперименттік емес деректердің мультивариатив талдауы – негізгі
статистикалық бақылау мәселесі. Статистикалық қадағалау – экспери-
менттердегі кездейсоқтық процедурасының баламасы; екі процедура да
приор (алдыңғы) айнымалылардың айнымалылар арасындағы жалған
байланыс мүмкіндігін жоюға бағытталған. Кездейсоқтық процедурасы
мұны барлық сыртқы айнымалыдағы эксперименттік жағдай бойынша
кездейсоқ вариация тудыру арқылы істейді; ал статистикалық қадағалау
бұны тұрақты болып қалатын алдыңғы айнымалылармен қоса, тәуелсіз
әрі тәуелді айнымалы арасындағы байланысты зерттеу арқылы істейді.
Айтып өткеніміздей, статистикалық қадағалауды өлшенбеген алдыңғы
айнымалыларға қолдануға болмайды. Сондай-ақ бақылау айнымалыла-
рында өлшеу қатесінің болуы статистикалық қадағалау процедураcының
тиімділігін азайтады. Алайда осы шектеулерге қарамастан, талдаудың
бұл формасының эксперименттік кездейсоқтықтан бір үлкен артықшы-
лығы бар: ол бізге жанама әрі тікелей әсерлерді тексеруге және экспери-
менттік дизайндарда кезігуі мүмкін модельдерге қарағанда әлдеқайда
күрделі модельдерді талдауға мүмкіндік береді.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Эскперименттік емес зерттеулер айнымалылыр арасындағы жалған байланыстар ту-
дыруы мүмкін, алдыңғы айнымалыларды статистикалық тұрғыдан қадағалайды, бірақ
анықталған әрі өлшенген айнымалыларды ғана қадағалауға болады.
Мультивариатив талдаудың бірнеше стратегиясы арасынан қазір тү-
йіндестік кестесі мен көпвариациялы регрессиялық талдаудың әзірле-
нуін таныстырамыз.
Кестелерді әзірлеу: кестелер мен басқалар
1950 және 1960 жылдары түйіндестік кестесіне негізделген мультивариа-
тив талдау әдетте кестені әзірлеу деп аталатын қарапайым техникамен
жасалатын (Lazarsfeld, 1955). Бұл техника бивариатив байланыс туралы
МУЛЬТИВАРИАТИВ
692
түсінігімізді күшейту не «кестені әзірлеу» үшін талдауға үшінші (және
кейде қосымша) қадағалау айнымалысын қосады. Алдымен түйіндестік
кестесін пайдалана отырып, кестені әзірлеудің мысалын қарастырамыз.
Содан соң үш айнымалыдан тұратын кестені әзірлеу логикасын талқы-
лап, әркелкі нәтижелердің мәнін сипаттаймыз. Негізгі мақсат – алдыңғы
және аралық айнымалыларға баса назар аудара отырып, қарапайым, үш
айнымалыдан құралған кестелермен және осы тарауда талқыланатын
анағұрлым күрделі, мультивариатив процедуралармен бірге пайдалануға
болатын жалпы модельдеу стратегиясын таныстыру.
Кесте әзірлеу логикасының мысалы ретінде білім берушілер ерекше
қызығушылық танытатын екі айнымалыны – студенттер арасындағы ал-
когольді ішімдік ішу мен олардың оқу үлгерімі арасындағы байланысты
саралаймыз. Ройс Синглтон (2007) Холи Кросс колледжінің кампусында
бірнеше рет сауалнама жүргізу арқылы осы айнымалылар бойынша де-
рек жинады. 2003 жылдың күзінен 2005 жылдың көктеміне дейінгі әр се-
местрде оның зерттеу әдістері курсына жазылған студенттер кездейсоқ
сұрыпталған курстастарымен бетпе-бет сұхбат жүргізді. Сауалнамада
көрсетілген алкогольді ішімдік ішуге қатысты өлшемдердің ішінде сту-
денттер тұтынған алкоголь мөлшеріне, нақтырақ айтқанда, олар «әдет-
тегі демалыс кешінде» ішкен алкоголь мөлшеріне баса назар аударамыз.
Оқу үлгерімін бағалау үшін респонденттерден сұхбат соңында колледж
тіркеушілерінен баға туралы ақпарат алуға рұқсат етуін сұрады.
16.1-кесте. Әдеттегі демалыс кешінде ішілген ішімдік мөлшері бо-
йынша жиынтық жалпы орташа балл (GPA) (%)
Жиынтық GPA
Ішілген ішімдік мөлшері
БЕС НЕМЕСЕ ОДАН АЗ АЛТЫ НЕМЕСЕ ОДАН КӨП
3,2-ден төмен 39,9% 58,6%
немесе жоғары 60,1 41,4
Жалпы 100,0% 100,0%
(N) (356) (324)
Ықпал ету бағыты туралы сенімді болмасақ та, ішілген ішімдік мөл-
шері себеп немесе тәуелсіз айнымалы, ал жалпы орташа балдың (GPA)
жиынтығы оның әсері немесе тәуелді айнымалы екенін шамалаймыз.
16.1-кестеде ішілген ішімдік мөлшері мен жалпы орташа балдың жиын-
тығы арасындағы бивариатив байланыс көрсетілген. Деректер бұл жерде
байланыс барын: әдеттегі демалыста алты не одан да көп ішімдік іше-
тін студенттердің жалпы орташа балының бес не одан аз ішімдік ішетін
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
693
студенттерге қарағанда, 3,2-ден төмен екенін, 18,7% айырмашылық ба-
рын көрсетіп тұр. Бұған қоса, хи-квадрат тесті = 21,61, бұл p < 0,001 де бұл –
елеулі; демек, осы іріктеме жүргізілген колледждегі барлық студент ара-
сында осындай ассоциация болуы мүмкін.
Кесте әзірлеудің мақсаты – бақыланған байланысқа қосымша «үшін-
ші» айнымалының ықпалын тексеру. Әсіресе жалған байланыс тудыруы
мүмкін алдыңғы айнымалының ықпалын, бір айнымалы екіншісіне қа-
лай әсер ететінін көрсетуі мүмкін аралық айнымалының ықпалын тү-
сінгіміз келеді. Мысалы, зерттеушілер ішімдік ішу мен GPA арасындағы
ассоциация оқуға қабілет сияқты колледжге дейінгі факторлар әсерінен
жалған болуы мүмкін екенін айтты. Яғни салыстырмалы түрде оқуға қабі-
леті төмен студент қабілеті жоғары студенттерге қарағанда ішімдікті көп
ішіп, сабақты нашар оқуы мүмкін. Бұл ықтималдықты зерттеу үшін енді
талдауға респонденттер қабілетінің өлшемін – SAТ жалпы балын енгізіп,
оны тұрақты сақтаймыз. Түйіндестік кестесін әзірлегенде үшінші айны-
малы қосалқы топты классификациялау арқылы тұрақты болып қалады.
Үшінші айнымалының әр категориясы бөлек қосалқы топты құрайды, ал
бастапқы екі айнымалының байланысы әр қосалқы топ үшін жеке-жеке
есептеледі. 16.2-кестеде ол жиынтық GPA, ішілген ішімдік мөлшері мен
SAT жалпы балының айнымалылары көрсетілген. Кестеде гипотезалық
шекті жиіліктер мен пайыздық үлес берілген.
16.2-кесте. Әдеттегі демалыс түні ішілген ішімдік мөлшері мен SAT жиын-
тық балы бойынша жиынтық жалпы орташа балл (%),
Гипотезалық деректер
Жиынтық GPA
1 270-тен төмен SAT жиынтық
балы
1 270-ті құрайтын не одан жоға-
ры SAT жиынтық балы
БЕС НЕ ОДАН
ДА АЗ ІШІМДІК
АЛТЫ НЕ ОДАН
ДА КӨП ІШІМ-
ДІК
БЕС НЕ ОДАН
ДА АЗ ІШІМДІК
АЛТЫ НЕ ОДАН
ДА КӨП ІШІМ-
ДІК
3,2-ден төмен 62,5% 62,5% 32,0% 32,0%
немесе жоғары
37,5 37,5 68,0 68,0
Жалпы 100,0% 100,0% 100,0% 100,0%
(N) (92) (283) (264) (41)
Қазір «SAT жалпы балы» айнымалысының әр категориясы үшін екі
«кесте» барына назар аударыңыз. Олар дербес кестелер деп аталады,
себебі әрқайсысы бақылаудың жалпы санының бір бөлігіне арналған
алкоголь тұтыну мен GPA арасындағы ассоциацияны көрсетеді. SAT
жалпы балы тұрақты, себебі әр дербес кестеде барлық респондент SAT
МУЛЬТИВАРИАТИВ
694
балы бірдей. Дербес кестелерге мұқият қараңыз. Олар SAT балы бақылау-
ға алынғанда, алкоголь тұтыну мен GPA арасындағы байланыс туралы не
көрсетеді?
Әр дербес кестені мұқият оқи келе, алкоголь тұтыну мен GPA арасын-
да ешқандай ассоциацияны таппаймыз. Жалпақ тілмен айтқанда, көп
ішімдік ішетіндердің жалпы орташа балы (GPA) аз ішетіндерге қараған-
да анағұрлым төмен екенін көрсеткен бастапқы байланыс (16.1-кестеде
көрсетілген) SAT балы бақыланғанда ұшты-күйлі жоғалды. Сондықтан
осы гипотезалық деректер 16.2-сызбадағы F моделіне сәйкес келеді. Оқу
қабілетінің индикаторы болып есептелетін SAT балымен жалпы ассоциа-
циядан туындаған байланыс жалған. Алайда бұл тұжырым тек деректер
негізінде емес, сонымен қатар осы айнымалылардың себеп-салдарлық
реттілігі туралы алдыңғы теориялық болжамдар негізінде туындайды.
Дәл осы деректер келесі модельмен де сәйкес келеді:
Жалпы ішімдік мөлшері SAT жалпы балы Жиынтық GPA
Мұндағы «SAT жиынтық балы» – «тұтынылған ішімдік» пен «жиын-
тық GPA» арасындағы аралық айнымалы, ал F моделінде SAT жиынтық
балы – осы айнымалыларға қатысты алдыңғы айнымалы. Интерпретация
ретінде F моделін дұрыс көреміз, себебі студенттердің сауалнамаға бер-
ген жауабындағы ішімдік мөлшері оқушылардың мектепті тәмамдағанда
тапсырған SAT емтиханынан алған балдарын анықтағанына сену ақылға
сыймайды. Бірақ бұл интерпретация теорияға сүйенетінін түсіну маңыз-
ды; 16.2-кестедегі дерек кез келген модельге сәйкес келеді.
Егжей-тегжейлі талдау нәтижелерінің мұншалықты тиянақты болуы
сирек. 16.2-кестедегі деректің гипотезалық екенін еске түсіріңіз. 16.3-кес-
тедегі нақты деректер көрсететіндей, тұтынылған ішімдік мөлшері мен
жиынтық GPA арасындағы байланыс дербес кестенің ешқайсысында нөл-
ге тең болмайды. Шынтуайтында, бұл екі дербес кестеде де кездеседі, бі-
рақ біреуінде әлсіз, ал екіншісінде күштірек. Анағұрлым көп мөлшерде
ішімдік ішетін студенттердің жиынтық жалпы орташа балы (GPA) 3,2-ден
төмен болуы әбден мүмкін, бірақ салыстырмалы түрде жоғары SAT ба-
лын (1 270 немесе одан жоғары) жинаған студенттер ішіндегі 22,9%-бен
салыстырғанда, SAT балы төмен (1 270-тен төмен) арасындағы пайыздық
айырмашылық 13,5%-ды құрайды. Демек, алкогольді ішімдік ішу SAT
балы жоғары студенттердің жалпы орташа балына біршама әсер ететін
сияқты.
SAT жиынтық балын қадағалағанда ішімдік ішу мен GPA арасындағы
байланыс сақталатынын көрсете отырып, оқу қабілетінің жалған байла-
нысты тудыру ықтималдығын жоққа шығарамыз. Алайда мұндай қоры-
тынды шектеулі, әрі түйіндестік кестесін талдауға қатысты оған үш түр-
лі сын айтылады: (1) тұтынылған ішімдік мөлшері, GPA және SAT балы
сияқты айнымалыларды екі категорияға тоғыстыру маңызды ақпаратты
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
695
жойып, нәтижені бұрмалауы мүмкін; (2) басқа кейбір айнымалылар (мы-
салы, жыныс, нәсіл, ата-ана табысы) студенттердің алкоголь тұтынуы
мен GPA арасында жалған байланыс тудыруы мүмкін; (3) бір уақытта бір
айнымалыны қадағалау екі не одан көп сыртқы айнымалының бір уақыт-
та әрекет етуінен жалған байланыс тууы мүмкін екенін елемейді.
16.3-кесте. Әдеттегі демалыс күні ішілген ішімдік мөлшері мен
SAT жиынтық балы бойынша жиынтық жалпы орташа балл
(GPA) (%)
Жиынтық GPA
1 270-тен төмен SAT жиынтық
балы
1 270-ті құрайтын не одан жоға-
ры SAT жиынтық балы
БЕС НЕ ОДАН
ДА АЗ ІШІМДІК
АЛТЫ НЕ ОДАН
ДА КӨП ІШІМ-
ДІК
БЕС НЕ ОДАН
ДА АЗ ІШІМДІК
АЛТЫ НЕ ОДАН
ДА КӨП ІШІМ-
ДІК
3,2-ден төмен 55,9% 69,4% 25,3% 48,2%
немесе жоғары
44,1 30,6 74,7 51,8
Жалпы 100,0% 100,0% 100,0% 100,0%
(N) (170) (160) (186) (164)
Алкоголь тұтыну студенттердің бағасын төмендететінін ешқашан нық
сеніммен айта алмаймыз. Ақырында, осы себеп-салдарлық байланыс-
қа сенімділігіміз жалған байланыс тудыруы ықтимал барлық алдыңғы
айнымалыны тұрақты сақтауымызға тәуелді. SAT жалпы балына қоса,
Синглтон (2007) ата-ананың білім деңгейі мен табысын, жоғары сынып-
тағы үлгерім деңгейін, жыныс, нәсіл, оқу жылы және студенттің универ-
ситетаралық додада спортшы болғанын не болмағанын қадағалады. Әрі
түйіндестік кестесін әзірлеуден айырмашылығы ол бұл бақылау элемент-
терін бір-бірден енгізген жоқ. Керісінше, ол келесі бөлімде сипатталатын
көптік регрессия техникасын пайдаланды. Бірнеше тәуелсіз айныма-
лының тәуелді айнымалыға бір уақыттағы әсерін талдағымыз келгенде
көптік регрессияға жүгінген жөн. Сонда да оның қарапайымдығы мен
айқындығына байланысты түйіндестік кестесін әзірлеу қадағалау айны-
малыларының саны шектеулі болғанда және айнымалы категориялары
салыстырмалы түрде аз болғанда қолданылады.
Бастапқыда кесте әзірлеу схемасы түйіндестік кестесін талдау үшін
қолданылғанымен, үш айнымалыдан тұратын кестені әзірлеудің жалпы
логикасы көптік регрессияға және көп айнымалыны қамтитын муль-
тивариатив талдаудың өзге формаларына оңай таралады. 16.4-сызбада
үшінші айнымалыны (T) тәуелсіз (X) және тәуелді (Y) айнымалының
байланысын кестені әзірлеу үшін пайдаланудың логикалық нұсқаулығы
МУЛЬТИВАРИАТИВ
696
көрсетілген (бейміделген: Lazarsfeld, 1955; M. Rosenberg, 1968). Х пен Ү
арасындағы бастапқы байланыс нөлдік деңгейлі байланыс деп аталады,
себебі мұнда ешқандай айнамалы бақыланбайды. Т бақылау айнымалы-
сы ретінде енгізілсе, Х пен Ү арасындағы байланыс бірінші деңгейлі бай-
ланысқа немесе жай ғана «дербес» байланысқа айналады.
4
16.4-сызбада-
ғы бағанды кестені әзірлеу қадамдары логикалық ретпен орналасқан: (1)
үш айнымалының теориялық моделін қалыптастыру, (2) үш айнымалы
модельдің бастапқы нөлдік деңгейлі байланыспен сәйкес келетінін рас-
тау, (3) үшінші айнымалыны бақылау (4) нәтижені интерпретациялау.
Бірінші қадам үшінші айнымалының себеп-салдарлық позициясы жөнін-
де теориялық шешімді талап етеді: Т айнымалысы Х айнымалысына қа-
тысты алдыңғы, аралық я қатыссыз айнымалы болуы керек пе? Алдыңғы
мысалда оқу қабілеті алкогольді ішімдік ішу мен оқу үлгеріміне қатысты
алдыңғы айнымалы ретінде модельденді.
Ендігі қадамда жақша екі айнымалы арасындағы статистикалық
байланысты білдіреді. Мысалы, [XT] = − (or +, or 0, or ≠ 0) Х пен Т ай-
нымалылары арасындағы теріс (не оң, не нөлдік, не нөлдік емес) ассо-
циацияны көрсетеді. Үш айнымалы модельдері үшін қажетті эмпири-
калық алғышарттар 16.4-сызбаның 2-бағанында көрсетілген. Мысалы,
[XT] = − болған жағдайда, Х пен Ү арасындағы жалған болса да, теріс
нөлдік деңгейлі байланысты болжау үшін алдыңғы модельге қатысты
[TY] теріс және [TY] оң (не [TY] оң және [TY] теріс) ассоциациялануы ке-
рек. 16.2-сызбадағы нұсқар диаграмманы талқылағанда С мен Е емес, ке-
рісінше, D мен F модельдері Х пен Ү арасындағы теріс байланысқа сәйкес
келіп еді. Демек, SAT балы алкоголь тұтыну мен GPA арасындағы жалған
байланыстың ықтимал түсіндірмесі ретінде саналуы үшін бір айнымалы-
мен теріс ассоциациялануы (SAT балы артқан сайын, алкоголь тұтыну ке-
миді), ал екіншісімен оң ассоциациялануы (SAT балы артқан сайын, GPA
артады) керек.
Эмпирикалық талаптары (2-баған) орындалған соң келесі қадам –
үшінші айнымалы (Т) қадағалауға алынарда Х пен Ү арасындағы байла-
нысты зерттеу. Мысалы, деректер 16.4-сызбадағы бірінші модельмен сәй-
кес келсе, дербес кестедегі Х пен Ү арасындағы байланыстың жойылуы не
өте кішірейіп (≈0) кетуі керек, себебі Т айнымалысы ғана нөлдік деңгейлі
байланысты тудырады. Нәтиженің бұл мінсіз түрі түсіндірме деп аталады,
себебі үшінші айнымалы нөлдік деңгейлі байланысты «түсіндіреді». Ке-
рісінше, нөлдік деңгейлі байланыс та Т-ден өзге алдыңғы айнымалылар
немесе Х пен Ү арасындағы себеп-салдарлық байланыстан (16.2-сызбада-
ғы G моделі) пайда болса, бірінші деңгейдегі дербес кестелері нөлдік дең-
гейлі байланыстан кіші болуы мүмкін, бірақ жоғалмайды. 16.2-кестедегі
гипотезалық деректер түсіндірмеге мысал келтіреді.
Кестені әзірлеудің екінші мінсіз нәтижесі интерпретация, оның
түсіндірме сияқты бірдей эмпирикалық талаптар мен нәтижелері бар.
Екеуінің арасындағы бірден-бір айырмашылық – үшінші айнымалының
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
697
себеп-салдарлық позициясы. Дербес кестелер Т аралық айнымалысы қа-
дағалауға алынғанда жойылса, модель Х-тің Ү-ке ықпал етуінің себеп-сал-
дарлық процесіне не механизміне «интерпретация» ұсынады (Lazarsfeld,
1955). Алайда Т айнымалысы Х пен Ү-ті байланыстыратын себеп-салдар-
лық процесін (мысалы, 16.3-сызбадағы N моделі) толық есепке алмаса, нөл-
дік деңгейлі дербес байланыстар толық жойылмайды. Молли Оршански
мен Джудит Бретц (1976) отбасы құрамы мен кедейлік арасындағы бай-
ланысты интерпретациялайтын аралық айнымалының қызықты мыса-
лын ұсынады. Біріншіден, олар отбасында адам саны көбейген сайын
отбасы одан сайын кедейлене түсетінін көрсетеді. Содан соң олар отба-
сының білім деңгейі қадағалауға алынғанда, осы байланыстың жойылып
кететінін көрсетеді. Демек, біреудің отбасы қаншалықты үлкен болса, бі-
лім деңгейі соншалықты төмен болады, сөйтіп, кедейленуі әбден мүмкін
(16.3-сызбадағы І модель).
Х-ке қатысты Т-дің
себепті позициясы
(теория)
Эмпирикалық
талаптар
Дербес кестелердегі
эмпирикалық
нәтиже
Мінсіз түрі
АЛДЫҢҒЫ [XY] ≠ 0 [TX] және
[TY] [XY]-тің бағы-
тымен сәйкес келеді
[дербес кестелер]
≈ 0
түсіндірме
АРАЛЫҚ (жоғарыдағыдай) (жоғарыдағыдай) интерпретация
ҚАТЫСЫ ЖОҚ [XT] ≈ 0 бір-бірінен айтар-
лықтай ерекшеле-
нетін дербес кес-
телер
спецификация
АЛДЫҢҒЫ АРА-
ЛЫҚТЫҢ ҚАТЫСЫ
ЖОҚ
[XY]-пен бірдей дер-
бес кестелер
репликация
АЛДЫҢҒЫ [XY] = 0 [дербес кестелер]
≠ 0 басушы айнымалы
АЛДЫҢҒЫ [XY] ≠ 0 [XY]-ге қарама-қар-
сы белгідегі дербес
кестелер
бұрмалаушы айны-
малы
16.4-сызба. Кестені әзірлеудің мінсіз түрлері
Т
Х
Ү
Х
Т
Ү
Х
Ү
Т
МУЛЬТИВАРИАТИВ
698
Тіпті Т айнымалысы Х-ке себеп-салдарлық байланысы болмағанның
өзінде, Т мен Х Ү-ке әсер етіп әрекеттессе, бірінші деңгейлі дербес бай-
ланыстың бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы болуы мүмкін. Пол
Лазерсфельд (1955) Т Х-ке қатысты болмаған кезде өзара әрекеттестік-
тің күшті формасы үшін термин спецификациясын cақтағанымен, бұл
термин әдетте алдыңғы не аралық бақылау айнымалысы бастапқы нөл-
дік деңгейлі байланыс өзгеретін жағдайларды (16.3-кестедегі алдыңғы
интерпретациясы) анықтағанда қолданылады. 1952 жылы колледж сту-
денттерінің құндылықтарын зерттегенде Моррис Розенберг (1968: 140–
42) адамдарға көп сенім арта бермейтін студенттер өмірде жетістікке
жетудің маңыздылығына (жетістікке бағытталу) көбірек мән беретінін
аңғарды. Студенттердің жынысына қатысты айнымалыны қадағалаған-
да, Розенберге адамдарға сенім арту мен жетістікке бағытталу арасын-
дағы бастапқы байланыс әйелдерге арналған дербес кестеде күшті, ал ер
адамдарға арналған дербес кестеде әлсіз екенін байқады. Ол ерлер ара-
сындағы бастапқы байланыс әйелдерге қарағанда әлсіз болатын себебі
ерлер адамдарға сенсе де, сенбесе де, сол уақыттағы «жалпы әлеуметтік
қысым» аясында жетістікке жетуге ұмтылады деп қорытындылады.
Репликация спецификацияға қарама-қайшы: дербес байланыс бас-
тапқы нөлдік деңгейлі байланыстан айтарлықтай ерекшеленбейді
(Hirschi and Selvin, 1967: 99). Репликациядағы қадағалау айнымалысы-
ның бастапқы тәуелсіз айнымалыға қатысты себеп-салдарлық позициясы
алдыңғы, аралық не қатыссыз болуы мүмкін. Бір қарағанда, репликация
жағымсыз не қызықсыз нәтиже ретінде көрінгенімен, олар көбіне бас-
тапқы нөлдік деңгейлі гипотезаны қолдайтын лайықты дәлелдер ұсына-
ды. Алдыңғы маңызды айнымалылар қадағалауға алынғанда, бастапқы
байланыстың сақталатынын не оның әр алуан қадағалау айнымалылары
(жыныс, нәсіл, білім, жас және т.б.) категориясында өзгермейтінін көрсе-
ту арадағы байланыстың жалған емесін әрі сыртқы жарамдылығы жоға-
ры екеніне сенімді нығайтады.
16.4-сызбада көрсетілген кестені әзірлеудің соңғы мінсіз түрі – басу-
шы және бұрмалаушы айнымалылар іс жүзінде түсіндірменің көрінісі.
Соңғысында нөлдік деңгейлі ассоциация бастапқы гипотезаны қуаттай-
ды, ал алдыңғы айнымалы жалған болуы ықтимал байланысты сынау
үшін енгізіледі. Біріншісінде гипотеза қуатталмайды, ал алдыңғы айны-
малы өзінің нөлдік деңгейлі байланыс бағытын басып я бұрмалайтынын
анықтау үшін бақылауға алынады. Бақыланбаған басушы айнымалы екі
айнымалы арасындағы шынайы байланысты азайтуы не жоюы мүмкін,
ал бақыланбаған бұрмалаушы айнымалы байланысты дұрыс бағытынан
кері бұруы мүмкін (M. Rosenberg, 1968). Мұны көрсету үшін төртінші та-
раудағы өрттегі өртсөндірушілер саны (X) мен келтірілген зардап ауқымы
(Y) арасындағы оң нөлдік деңгейлі корреляцияның мысалына оралайық.
Н моделі (16.2-сызба) алдыңғы айнымалы болып саналатын өрт ауқымы
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
699
(Т) зардапты азайтудағы өртсөндірушілер еңбегінің тиімділігін бұрма-
лайтынын көрсетеді. Өрт ауқымы (T) үлкейген сайын, оны сөндіруге жі-
берілген өртсөндірушілер саны (X) мен өрт зардабының ауқымы (Y) да
ұлғаяды да, осылайша Х пен Ү арасында оң ассоцоиация туындатады. Т
айнымалысы тудырған оң байланыс анағұрлым берік болса, Х пен Ү ара-
сындағы теріс себеп-салдарлық байланыс, яғни нәтижесіндегі нөлдік дең-
гейлі байланыс оң болады. Т айнымалысы қадағалауға алынғанда, бірін-
ші рет байланысы теріс бағытқа қарай өзгеріп, өртсөндірушілерді көбірек
жіберу нұқсан көлемін азайтатынын растайды. Басушы айнымалы Х пен
Ү арасындағы себеп-салдарлық байланыстан қарсы бағытта жүру арқылы
нөлдік деңгейлі ассоциациясын әлсірететіні не мүлдем жойып жіберетіні
тұрғысынан бұрмалаушы айнымалыға ұқсас. Х пен Ү арасындағы байла-
ныс басушы айнымалы қадағалауға алынғанда көрінеді.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Екі айнымалы байланысты кестені әзірлеу үшін үшінші айнымалыны енгізу бастапқы
байланысты жалған деп түсіндіруі (түсіндірме), бастапқы екі айнымалыны байланысты-
ратын себеп-салдарлық процесті интерпретациялауы (интерпретация), өзара әрекет-
тестікті ашуы (спецификация) не бастапқы байланысты қолдауы (репликация) мүмкін.
16.4-сызбаның төртінші бағанындағы кестені әзірлеу белгілері (1)
әлеуметтік құбылысты үш айнымалы модель арқылы тең түрде көрсет-
кенде және (2) деректерде өлшеу қатесі болмағанда күтілетін нәтиженің
мінсіз түрлерін сипаттайды. Бұл болжамға дәлел болатын нақты дерек-
тер жоқ, сондықтан нәтижесін сөзсіз мойындауға болмайды. Мысалы,
типтік «түсіндірме» нәтижесіндегі дербес байланыстар әлсірегенімен,
жойылмауы мүмкін. Жалған байланысты (яғни жойылып жатқан дербес
байланыстарды) анықтау бір мезетте мультивариатив модельдегі қосым-
ша алдыңғы айнымалыларды қадағалау мен дұрыстап өлшеуді талап етуі
ықтимал. Сол сияқты екі айнымалыны себеп-салдарлық тұрғыдан байла-
ныстыратын аралық механизмді анықтау қарапайым үш айнымалы реп-
резентациядан гөрі анағұрлым күрделі модельді талап етуі мүмкін.
Мультивариатив талдауда жалған байланыс тудырады деп күтілуі әб-
ден мүмкін барлық алдыңғы айнымалыны, сондай-ақ теориялық аралық
айнымалылар, өзара әрекеттестік әсері мен өзге де болжамдарды мұқият
қарастырған абзал. Мысалы, 1987 жылы Денсаулық мәселесі бойынша
ұлттық сауалнамадан алынған 21 204 америкалық ересектің репрезен-
татив іріктемесін пайдалана отырып, демограф Роберт Хаммер мен оның
референттері (1999) сауалнама жауабындағы шіркеуге бару жиілігімен
өлшенетін діншілдік пен 9 жыл ішінде өліп қалу қаупінің арасында мық-
ты кері байланыс барын анықтады. Шіркеуге «аптасына бір реттен көп»
МУЛЬТИВАРИАТИВ
700
баратындармен салыстырғанда, 1987 және 1995 жылдары аралығында
қайтыс болу қауіп-қатері «шіркеуге ешқашан бармайтындар» үшін 87%-
ға жоғары, ал «апта аралатып» бас сұғатындар үшін 31%-ға жоғары және
«апта сайын» шіркеуге баратындар үшін 15%-ға жоғары болған. Шіркеуге
барумен және өлім-жітіммен байланысты, бақылауға алынбаған алдыңғы
айнымалылардың әсерінен жалған байланыс туындады деген ықтимал-
дықты зерттеу үшін Хаммер және референттерінің шығу тегі факторлары
(жасы, жынысы, нәсілі, аймағы, табысы мен білімі) мен денсаулықтың
негізгі өлшемдерін (адамның өз денсаулығын бағалауын, қимыл-қозға-
лыс шектеулері мен төсек тартып жатып қалатын кездерін) бір мезетте
қадағалауға алды. Шығу тегі факторларын немесе шығу тегі мен шіркеуге
бару арасындағы өзара әрекеттестік әсерлерін қадағалау діншілдік пен
өліп қалу қаупі арасындағы бастапқы байланысты ақтаған жоқ («реп-
ликация»). Алайда денсаулық факторларын қадағалауда ұстау шіркеуге
бару мен өлім-жітім арасындағы нөлдік деңгейлі байланысты біршама
азайтты (шектеулі «түсіндірме»).
Алдыңғы ықтимал айнымалылардың күшті нөлдік деңгейлі ассоциа-
цияны жалған тудырмағанын көрсетуден бөлек, Хаммер мен оның ре-
ференттері аралық айнымалылардың діни рәсімдерге қатысуды өлім-
жітіммен сабақтастыратын екі тобын анықтады. Олар: әлеуметтік қа-
рым-қатынас (отбасылық жағдайы, қоғамдық қызмет, қажет кезде қоңы-
рау шалатын достар мен туыстар) және зиянды әдеттері (шылым шегу,
алкогольді ішімдік ішу мен семіздік). Шіркеуге жиі бару әлеуметтік қа-
рым-қатынасты нығайтып, зиянды әдеттерден жеріндіруі мүмкін, ал бұл,
өз кезегінде, өлім-жітімге әсер етеді. Әлеуметтік қарым-қатынастар мен
зиянды әдеттер діни рәсімдерге қатысу мен өлім-жітім арасындағы ассо-
циацияның (интерпретация) бір бөлігін ғана құрамайды, сондай-ақ өлім-
нің әрқилы себебіне қарай түрленіп тұрады. Мысалы, әлеуметтік қарым-
қатынастарды қадағалауға алғанда, діни рәсімдерге қатысу мен диабет-
тен қайтыс болу арасындағы ассоциация айтарлықтай азайды: диабетке
шалдыққандарға лайықты күтім жасау үшін олар әлеуметтік байланыс-
тарға жиі арқа сүйейді.
Енді көптік регрессия талдауын қарастырып, оны мультивариатив мо-
дельдеуде пайдалану бойынша үш мысал келтірейік.
Көптік регрессия талдау
Көптік регрессия дегеніміз – екі не одан да көп тәуелсіз айнымалыны
қамту үшін бивариатив регрессияның (он бесінші тарау) кеңеюі. Кестені
әзірлеу талдауының дербес кестелері сияқты, бұл да тәуелсіз айнымалы-
ның тәуелді айнымалыға ықпалы жайында мәлімет берумен қатар, басқа
тәуелсіз айнымалы әсерін қадағалайды. Дербес кестелерден бір айырма-
шылығы – қадағалау бірен-саран айнымалымен шектелмейді, әр айны-
малыларды төмен категорияларға қосақтағаннан ақпарат жоғалмайды.
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
701
Осында танымал сызықтық модельдеу техникасының қысқаша сипатта-
масын келтіреміз. Негізгі мақсатымыз – көптік регрессия талдауын қол-
данатын зерттеуді оқуды және түсінуді жеңілдету.
1-мысал: Америка қалаларының моральдық интеграциясы
Әуелі ертеректе көпөлшемді регрессия әлеуметтану ғылымында қалай
қолданылғанынан, яғни Роберт Энджеллдің 1951 жылғы «Америка қа-
лаларының моральдық интеграциясы» деп аталатын зерттеуінен баста-
йық. Энджелл неліктен әртүрлі қала халқының нақты әлеуметтік нор-
маларды («моральдық интеграция») ұстануы бойынша ерекшеленетінін
түсінгісі келді. Ол моральдық интеграцияның операционал анықтамасы
ретінде халық саны 100 мыңнан асатын 43 қаладағы қылмыс көрсеткі-
ші мен қауымдастық қайырымдылық қорларына салынатын жергілікті
қаражатты біріктіретін, мұқият ойластырылған индексті құрастырды.
Энджелл моральдық интеграция біртекті халықта және мүшелерінің кө-
шіп-қонуы төмен халықта сақтау оңай деген гипотеза ұсынды. Осы гипо-
тезаны сынау үшін екі өлшем құрастырылды: (1) әр қаладағы ақнәсілге
жатпайтындар мен шетелде туған ақнәсілділердің салыстырмалы санына
негізделген әртектілік индексі және (2) әр қалаға және қаладан көшетін
адамдардың салыстырмалы санына негізделген мобильділік индексі.
Энджелл моделін бейнелейтін нұсқар диаграмма 16.5-сызбада көрсе-
тілген. Мобильділік пен әртектіліктен моральдық интеграцияға бағыт-
талатын нұсқарлар гипотезалық теріс байланыстарды көрсетеді. Иілген
нұсқар мобильділік пен әртектілікті корреляциялауға болатынын аңғар-
тады, бұл сол қалпында қабылданып, оған модельде түсініктеме беріл-
мейді. Бивариатив регрессияны пайдаланып, әр гипотезаны бөлек-бөлек
сынау Энджелл теориясын тексерудің қате тәсілі болар еді. Мұндай тәсіл
нәтижелері осы айнымалылардың әрқайсысы моральдық интеграция-
мен болжалды бағытта айтарлықтай байланысты екенін көрсетеді: эт-
ностық әртектілік үшін b = −0,1027 және тұрғындар мобильділігі үшін
b = −0,1789.
16.5-сызба. Энджеллдің моральдық интеграция моделі
Демек, бивариатив регрессия тұрғысынан алып қарағанда, Энджелл
теориясы дұрыс болып көрінеді: әртектілік пен мобильділік артқан сайын
Әртектілік
Мобильділік
Моральдық интеграция
МУЛЬТИВАРИАТИВ
702
моральдық интеграция төмендейді. Өкінішке қарай, бұл оның моделін
лайықты тексеру емес. Тағы да 16.5-сызбаны қарастырыңыз. Біріншіден,
теория тәуелсіз айнымалылардың екеуінің де бір уақытта моральдық
интеграцияға ықпал ететінін көрсететіндіктен, олар, тиісінше, талдануға
тиіс. Екіншіден, әртектілік пен мобильділік арасында тығыз корреляция-
ның болуы (иілген нұсқар) мүмкін болғандықтан, моральдық интегра-
цияның бивариатив болжамына анық үлесінің кейбірі не барлығы басқа
үлес әсерінен туындауы мүмкін. Мысалы, мобильділік емес әртектілік,
моральдық интеграциямен себеп-салдарлық тұрғысынан байланысты,
мобильділік пен әртектілік арасында тығыз корреляция бар деп ойлаңыз.
Содан соң мобильділік бойынша моральдық интеграцияның бивариатив
регрессиясы елеулі регрессиялық коэффициент туындатуы мүмкін және
толығымен мобильділік пен әртектілік арасындағы корреляцияның сал-
дары болады. Қате нәтижеге әкелуі ықтимал модельден маңызды айны-
малыларды алып тастау спецификация қатесі деп аталады. Сондықтан
бивариатив регрессиялар Энджелл теориясындағы спецификация қате-
сін көрсетеді.
Енді мультивариатив тестінің дұрыс екеніне көз жеткізгенде, талдауды
қалай жалғастырамыз? Көптік регрессия теңдеуі үшін жалпы формула:
Y = a + b
1
X
1
+ b
2
X
2
+ b
3
X
3
+ … e
мұнда Ү – тәуелді айнымалы, Х – тәуелсіз айнымалы, b мәндері – дербес
регрессия коэффициенттері не дербес көлбеулер, а Ү қиылысу нүктесі
(барлық Х мәні нөлге тең болғандағы Ү-тің болжалды мәні) және болжам
қатесін не қалдықты (стохастикалық компонент) білдіреді. Бұл, әрине,
қосымша тәуелсіз айнымалыларды қамту үшін толықтырылған бивариа-
тив регрессияның (он бесінші тарау) сызықтық теңдеуі. Энджелл дерек-
тері үшін теңдеу мынаған дейін азаяды:
Моральдық интеграция = a + b
1
әртектілік + b
2
мобильділік + e
Көптік регрессия теңдеуіндегі коэффициенттерді бағалау бивариатив
регрессиядағы сияқты бірдей логикамен жүзеге асады. Екі тәуелсіз ай-
нымалылар жағдайында бұл тәсілді геометриялық түрде визуалдау оңай.
Энджелл деректерінің үшөлшемді диаграммасы абажадай бөлменің ішін-
де құрылғанын елестетіңіз. 43 қала бөлменің ішінде нүктелер «шоғыры»
сияқты көрінеді, ал әр нүктенің орналасуы сол қаланың моральдық ин-
теграция (бөлме биіктігін өлшеу осі ретінде пайдалану), әртектілік (бөл-
ме ұзындығы) және мобильділік (бөлме ені) үшін берілген баға бойын-
ша анықталады. Көптік регрессияның шешімі осы үшөлшемді кеңістікте
(екіөлшемді) жазықтық ретінде көрсетіледі (екіөлшемді регрессия шешімі
де екіөлшемді кеңістікте геометриялық пішін, сызық болған). Енді регрес-
сия жазықтығын бөлмеде қалдық квадраттарының (қала нүктелерінен
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
703
регрессия жазықтығына дейінгі тік қашықтық) сомасын барынша азайта-
тындай етіп ойша орналастырсақ, көптік регрессияның шешімін табамыз.
Әрине, компьютерлік бағдарлама – көптік регрессияны бағалаудың
анағұрлым практикалық тәсілі. Энджелл деректері үшін болжалды коэф-
фициенттерді есептеп шығару нәтижесінде мынадай болжам теңдеуі пай-
да болады:
Моральдық интеграция = 19,993 − 0,108 (әртектілік) − 0,193
(мобильділік)
Бұл нәтижелер Энджелл моделіне сәйкес келеді әрі статистикалық тұр-
ғыдан маңызды. Көптік регрессия немесе дербес коэффициенттер басқа
тәуелсіз айнымалылар тұрақты болғанда (бақыланғанда), тәуелсіз айны-
малы бір бірлікпен өзгергенде тәуелді айнымалының өзгеруі күтілетін
шаманы көрсетеді. Демек, қала тұрғындарының мобильділігі индексін-
дегі әрбір бірліктің артуына қарай моральдық интеграция индексі 0,193
бірлікке төмендейді деп күтіледі. Этностық әртектілік 10 бірлікке төмен-
дегенде не болжанады?
16.6-сызба. Көптік регрессия жазықтығы
Дербес коэффициенттер мынадай мәселелерді шешеді: бірнеше қала-
дағы тұрғындар мобильділігі бірдей деңгейде, бірақ этностық әртектілігі
әр алуан болса, әртектіліктегі осы айырмашылық моральдық интегра-
цияға қалай әсер етеді? Екі тәуелсіз айнымалы кейсіне арналған дербес
коэффициенттердің геометриялық интерпретациясы 16.6-сызбада келті-
рілген. Әлгінде талқылағанымыздай, бұл регрессия теңдеуі жазықтықта
(көрсетілмеген) бақылаулардың тік қашықтықтары квадраттарының
(Ү осі) сомасын барынша азайту үшін орналастырылған жазықтықты
Ү
Х
1
Х
2
Дербес
көлбеу b
2
Регрессия
жазықтығы
Жазықтық X
1
-ге перпендикуляр
МУЛЬТИВАРИАТИВ
704
көрсетеді. Енді жазықтықты Х
1
өсіне перпендикуляр орналастырсақ, осы
жазықтықтағы кез келген бақылау бірдей Х
1
мәніне тең болады да, нә-
тижесінде Х
1
-ді тұрақты қалпында сақтаймыз. Бұл жазықтық регрессия
жазықтығымен тік сызықта қиылысады (16.6-сызбадағы майлы сызық),
ал оның көлбеуі Х
2
тәуелсіз айнымалы үшін дербес коэффициент болып
саналады. Яғни бұл дербес көлбеу басқа тәуелсіз айнымалылар (бұл мы-
салда тек Х
1
) бақыланғанда, тәуелді айнымалының (Y) Х
2
-дегі әр бірлікте-
гі өзгерісімен өзгеруі күтілетін көлемді көрсетеді.
Дербес коэффициенттер мен дербес кестелер негізіндегі басты принцип
жақсы эксперимент дизайны (сегізінші тарау) үшін түсіндірілген прин-
ципке ұқсас: «бір уақытта бір нәрсені ғана істеу», яғни басқа барлық ай-
нымалыны қадағалай отырып, бір ғана тәуелсіз айнымалының өзгеруіне
мүмкіндік беру. Кейде тәуелсіз айнымалылар арасындағы жоғары корре-
ляцияға байланысты регрессиялық талдау кезінде бұған қол жеткізу қиын.
Екі тәуелсіз айнымалы арасындағы коллинеарлық не мінсіз ассоциацияға
қатысты ерекше кейсті қарастырып көрейік. Айталық, регрессиялық тең-
деуге жас және туған жыл деген екі коллинеарлық болжаушы айнымалыны
байқаусызда қостық дейік. Туған жылы тұрақты қалып, жас әртүрлі бол-
майтындықтан, регрессиялық теңдеуді бағалау мүмкін емес. Мінсіз кол-
линеар коллинеарлық айнымалылардың біреуін регрессиялық теңдеуден
шығарып тастау арқылы оп-оңай шешіледі. Одан әлдеқайда күрделі проб-
лема – екі не одан да көп айнымалы комбинациясы өзара жоғары корреля-
цияланғанда пайда болатын жоғары мультиколлинеарлық. Жоғары муль-
тиколлинеарлықтың болуы регрессия нәтижесін интерпретациялауда өте
мұқият болуды талап етеді, себебі коэффициенттердің бағалануы тұрақсыз
(іріктемеден іріктемеге дейін едәуір түрленеді) әрі елеулі тәуелсіз айныма-
лыны елеулі емесінен ажырату қиын.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Модель спецификация, өлшеу мен мультиколлинеарлық қате себебінен бұзылса,
мультивариатив талдаудан алынған елеулі статистикалық нәтиже кестелері жай ғана
мағынасыз болуы мүмкін.
2-мысал: мектепаралық спорт және оқу үлгерімі
Кітапта Брохтың оқушылардың сыныптан тыс шараларға қатысуы мен
оқу үлгерімі туралы зерттеуін сипаттадық. Енді Брохтың модельдеу жо-
басын түсіндіретін, регрессия нәтижесін оқу мен интерпретациялауды
көрсететін талдауларымен танысайық. Төрт нәтиже өлшемінің біреуіне
ғана (математика бойынша бағалар) тоқталамыз және аралық айныма-
лылардың үш жиынтығының біреуін ғана (даму моделін) талқылаймыз.
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
705
16.4-кесте. Таңдалған тәуелсіз айнымалыларға сәйкес
регрессияланған 12-сыныптағы математика пәні бойынша
стандартталған бағалар, NELS: 88
Тәуелсіз айныма-
лылар
1-модель (N = 10,379) 2-модель (N = 10,379)
КОЭФФИЦИЕНТ
БАҒАСЫ
СТАНДАРТ
ҚАТЕ
КОЭФФИ-
ЦИЕНТ БАҒАСЫ
СТАНДАРТ
ҚАТЕ
Спортшы, 10-шы
және 12-ші сы-
ныптар
0,230*** 0,021 0,044** 0,017
10-шы сыныпта-
ғы математика
пәні бойынша
бағалар
- - 0,608*** 0,007
Әйелдер - - 0,172*** 0,014
Афроамерикалық - - –0,373*** 0,024
Азия-америкалық - - 0,057 0,036
Латынамерика-
лық
- - –0,138*** 0,026
Үндіс - - –0,339*** 0,077
Отбасы табысы
(10 000 долларға
шаққанда)
- - 0,004* 0,002
Ата-ана білімі - - 0,091*** 0,007
Әкесі де, анасы да
бар отбасы
- - 0,074*** 0,016
Мемлекеттік мек-
теп
- - –0,066* 0,028
Қала маңы мек-
тебі
- - –0,047* 0,019
Ауыл мектебі - - –0,010 0,022
Мектеп көлемі - - –0,045*** 0,007
Қиылысу нүктесі 0,005*** –0,114
R
2
0,011*** 0,481
*p < 0,05, **p < 0,01, ***p < 0,001 (екіжақты критерийлер)
Дереккөз: Table 1 of Broh (2002). Used by permission of the author and the American Sociological
Association.
МУЛЬТИВАРИАТИВ
706
16.5-кесте. Айнымалы сипаттамалары, құралдары және стандарт
ауытқулар (СА)
Айнымалы атауы Сипаттама Метрика Орташа СА
Спортшы 10 мен 12-сынып-
тардағы мектеп-
аралық спорт жары-
сына қатысушы
0 = екі жылда да
қатыспаған
0,32 0,47
Математика баға-
лары (10 мен 12-сы-
ныптардағы)
Математика ба-
ғалары бойынша
стандартталған көр-
сеткіштер
Стандарт бірліктер
0,00 1,0
Әйелдер Студент жынысы 0 = ерлер, 1 = әйел-
дер
0,49 0,50
Қаранәсілді Респондент өзін
қаранәсілдімін деп
көрсетеді.
0 = жоқ, 1 = иә
0,11 0,31
Латынамерикалық Респондент өзін
латынамерикалық-
пын деп көрсетеді
0 = жоқ, 1 = иә
0,09 0,29
Азиялық Респондент өзін
азия-америкалық-
пын деп көрсетеді.
0 = жоқ, 1 = иә
0,04 0,19
Үндіс Респондент өзін
америкалықпын
деп көрсетеді
0 = жоқ, 1 = иә
0,01 0,09
Ақнәсілді Респондент өзін
ақнәсілдімін деп
көрсетеді
0 = жоқ, 1 = иә
0,75 0,43
Отбасы табысы Отбасының 10 000
долларға шаққанда-
ғы жалпы жылдық
табысы
Ауқым: 0–29.6285
4,24 4,07
Ата-ана білімі Ата-ананың екеуі-
нің біреуінің алған
ең жоғары білім
деңгейі
1 = жоғары сынып-
тарды аяқтамады
6 = PhD, магистра-
тура немесе басқа
3,11 1,22
Отбасы құрамы Оқушы биология-
лық ата-анасымен
бірге бір отбасында
тұрады
0 = жоқ, 1 = иә
0,69 0,46
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
707
Мемлекеттік мек-
теп
Оқушы мемлекеттік
мектепте оқиды
0 = жеке меншік, 1
= мемлекеттік
0,91 0,29
Қаладағы мектеп Мектеп қалада ор-
наласқан
0 = жоқ, 1 = иә
0,25 0,44
Қала маңы мектебі Мектеп қала ма-
ңында орналасқан
0 = жоқ, 1 = иә
0,41 0,49
Ауыл мектебі Мектеп ауылдық
жерде орналасқан
0 = жоқ, 1 = иә
0,34 0,47
Мектеп көлемі Респондент мекте-
біндегі студенттер
саны
1 = 400 студенттен аз
5 = 2 000 студент-
тен көп
3,02 1,21
Өзін-өзі бағалау (10
мен 12-сыныптар)
Стандартталған
шкала (төменірек
балдар өзін-өзі
бағалаудың төмен
екенін көрсетеді)
Стандарт бірліктер
0,00 1,00
Бақылау локусы (10
мен 12-сыныптар)
Стандартталған
шкала (әлдеқайда
төмен балдар ана-
ғұрлым төмен ішкі
бақылауды аңғар-
тады)
Стандарт бірліктер
0,00 1,00
Үй тапсырмасы (10
мен 12-сыныптар)
Студенттің бір ап-
тадағы үй тапсыр-
масына жұмсайтын
сағат саны
Стандарт бірліктер
0,00 1,00
Дереккөз: Appendix in Broh (2002). Used by permission of the author and the American Sociological
Association.
Соңғы тарауда 12-ші сыныптағы математика пәні бойынша стандарт-
талған бағалардың регрессиясы жасалды. Бұл 10 мен 12-сыныптардағы
мектепаралық спорт жарыстары сол спорт жарыстарындағы жетістік
(тәуелсіз айнымалы) пен сыныптағы жетістіктің (тәуелді айнымалы)
арасындағы оң байланыс болады деген гипотезаны растады. Математи-
ка пәнінен алған бағалары мен спорт жарысына қатысу арасындағы оң
нөлдік деңгейлі байланыс қадағаланбаған айнымалылардың жалған нә-
тижесі болуы мүмкін бе? Брох оқу үлгерімі жоғары оқушылардың мектеп-
аралық спорт жарысына қатысуға мүмкіндігі сыныптастарына қарағанда
анағұрлым жоғарырақ болған деген болжамды зерттеген кезде қадағалау
айнымалысы ретінде тәуелді айнымалының алдыңғы өлшемін 10-сынып-
тағы математика пәні бойынша бағаларды қосумен қатар оқу үлгерімін
МУЛЬТИВАРИАТИВ
708
болжауға қажет алдыңғы зерттеулерде анықталған отбасылық және әлеу-
меттік сипаттамаларға назар аударылды.
Брохтың бивариатив (1-модель) әрі мультивариатив (2-модель) рег-
рессия нәтижелері зерттеу мақалаларында қолданылатын формат үл-
гісінде 16.4-кестеде көрсетілген. Ү қиылысу нүктесі (0,005) мен спорт-
пен шұғылданудың (0,230) коэффициентінің 1-модельдік бағалары
(соңғы тарауда талқыланған) бірінші бағанда көрсетілген. Ал үшінші
бағанда 2-модельге енгізілген қосалқы айнымалылардың дербес рег-
рессия коэффициентінің бағалары көрсетілген. Екінші және төртінші
бағандарда әр регрессияның коэффициентімен есептелген стандарт
қателер көрсетілген. Бұлар елеулілік тестілерін (t-тестін) есептегенде
қолданылып, басқа тәуелсіз айнымалыларды ескергенде регрессияның
коэффициенті нөлден айтарлықтай алшақ болатынын білдіреді. Кейбір
алдын ала анықталған ықтимал деңгейде елеулі үлкен барлық t мәні
маркермен (16.4-сызбадағы жұлдызшалар) не басқаша белгіленеді.
5
Де-
мек, 1-модель үшін мектепаралық спорт жарысында ойын көрсету үшін
бақыланатын коэффициенттің кездейсоқ туындау мүмкіндігі 1 000-да
1-ден кіші (p < 0,001).
6
2-модельді интерпретациялау үшін алдымен 16.5-кестедегі айныма-
лыны кодтауды түсінуден бастау керек. 3-бағанда («метрика») «стандарт
бірліктер» ретінде сипатталған айнымалылар 10 мен 12-сыныптарды ба-
қылау барысында жинақталған өлшемдерді салыстыруға мүмкіндік бе-
ретін стандарт – (орташа = 0, стандарт ауытқу = 1) түрлендірілді. Ұлт-
тық білім беру бойлық зерттеуі (NELS) кодтаған отбасы табысы, ата-ана
білімі, мектеп ауқымы деген айнымалылар үшін 16.5-сызбада диапазон,
арифметикалық орта және стандарт ауытқу көрсетілген.
7
Өзге айнымалылар жасанды (0/1) кодталған. Брох (он бесінші тарау-
да талқыланған) нәсілдің бес категориялы классификациясын регрессия
моделіндегі төрт жасанды айнымалы арқылы көрсетеді:
Респондент өзін қаранәсілдімін деп көрсетсе, қаранәсілді = 1;
болмаса 0;
Респондент нәсілін латынамерикалық деп көрсетсе, латын-
америкалық = 1; болмаса 0;
Респондент нәсілін тегі азия-америкалық деп көрсетсе, азия-аме-
рикалық = 1; болмаса 0;
Респондент нәсілін үндіс деп көрсетсе, үндіс = 1, болмаса 0;
Жасанды айнымалыларды пайдалану жолы: бастапқы айнымалының
бір категориясы жасанды айнымалы жиынтығынан алынып тастауға
тиіс. Мысалы, жыныс жасанды «әйелдер» категориясымен көрсетіледі
де, ерлер категориясы есепке алынбайды. Есепке алынбаған нәсіл кате-
гориясы өзін «ақнәсілді» деп есептейтін студенттерден құралған. Қайсы-
сын шығару керегін ерікті түрде шешеді. Брох ақнәсілділер үшін жасанды
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
709
айнымалыны енгізіп, кейбір өзге нәсіл категорияларын оңай шығарып
тастай алады. Сол сияқты мектептің орналасқан жері екі жасанды ай-
нымалымен (қала маңы мектебі, ауыл мектебі) көрсетіледі де, қаладағы
мектептер есепке алынбаған категория саналады.
Сондай-ақ Брох мектепаралық спорт жарысында 10-сыныпта ойнаға-
нымен, 12-сыныпта қатыспаған немесе 12-сыныпта ойнағанымен, 10-сы-
ныпта қатыспаған оқушыларды көрсету үшін екі жасанды «қадағалау»
айнымалысын құрды. Оның барлық регрессия модельдерінде спорт жа-
рысына қатысуға арналған үш жасанды айнымалысы бар. Олар (1) тек
10-сыныпта, (2) тек 12-сыныпта; (3) екі жылда да қатысқан («спортшы-
лар»). Есепке алынбаған категория екі жылдың ешқайсысында спортпен
шұғылданбаған «спортшы еместерді» білдіреді. Алайда Брох регрессия
моделінің әрқайсысындағы екі жасанды бақылау айнымалысының (тек
бір жылы спортқа қатысқан) болжалды коэффициенттерінің мәні жайын-
да ештеңе айтпаған. Сірә, ол бақылау айнымалыларын тек 10 немесе тек
12-сыныпта спортпен айналысқан оқушылардың тасасында қалдырмай,
спортшылар мен спортшы еместерді таза салыстыру үшін пайдаланған.
Айнымалыны кодтауды түсінген соң, елеулі регрессия коэффициентін
қарастыруға болады. Яғни елеулілік критерийлерін іріктемедегі кездей-
соқ жолмен оп-оңай алынуы ықтимал нәтижелерді електен өткізу үшін
пайдаланады. 2-модельдегі екі айнымалы, атап айтқанда, азия-америка-
лық пен ауыл мектебі ғана елеулі емес (16.4-кесте). Өйткені екеуі де жа-
санды жиынтықтың бір бөлігі, сондықтан олар есепке алынбаған катего-
риялармен салыстырылуға тиіс: яғни 2-модельдегі басқа барлық айныма-
лы тұрақты болғанда, азия-америкалықтар (не ауыл мектебінің оқушыла-
ры) ақнәсілділерден (не қаладағы мектеп оқушыларынан) соншалықты
ерекшеленбейді. Қыз бала оқушылар үшін елеулі жасанды коэффициент
(p < 0,001), керісінше, ер бала оқушы (есепке алынбаған категория)
емес, қыз бала болғанда, математика бойынша модельденген бағаның
стандарт ауытқуы 172-ге жоғары болады деп күтілетінін көрсетеді.
10 мыңнан астам оқушыдан алынған мұндай ауқымды іріктемеде
коэффициенттің көбі статистикалық тұрғыдан елеулі болуы мүмкін.
Елеулілікке қатысты талдау жасалғаннан соң, енді әр айнымалының
12-сыныптағы (1992) математика бағасын болжауға қосар дербес үле-
сін анықтау үшін дербес коэффициенттердің белгісі мен көлемін зерт-
теуге болады. Ең жақсы болжаушы – 10-сыныптағы (1990) математика
бағасы екені таңғаларлық жайт емес: 1990 жылғы математика бойынша
бағаларда 1 стандарт ауытқуды құрайтын бірліктегі өзгеріс үшін, 2-мо-
дельге (16.4-кесте) сәйкес, 1992 жылғы математика бойынша бағаның
0,608 стандарт ауытқу тұрғысынан артуы күтіледі. Тиісінше, 1992 жыл-
ғы математика бағасы жыныс (b = 0,172), отбасы табысы (b = 0,004),
ата-ана білімі (b = 0,091) және толыққанды отбасында өмір сүрумен
(b = 0,074) оң ассоциацияланады. Әр көлбеу коэффициентін 16.5-кесте-
дегі айнымалыны кодтау (өлшем) тұрғысынан интерпретациялау керек.
МУЛЬТИВАРИАТИВ
710
Мысалы, 2-модельдегі отбасы табысының коэффициенті отбасы табысы-
ның әрбір 1 бірліккке артуына қарай 1992 жылғы математика бойынша ба-
ғаның 0,004 стандарт ауытқуына артатынын болжайды. Үлкен мектептер
(b = −0,045), мемлекеттік мектептер (b = −0,066), қала маңындағы мек-
тептер (b = −0,047) және нәсілдік азшылық (азия-америкалықтан бас-
қасы), 2-модельдегі басқа айнымалылар тұрақты болғанда (қадағалан-
ған), математика бағасымен теріс ассоциацияланған (яғни математика
бойынша анағұрлым төмен бағамен ассоциацияланған).
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Көптік регрессия нәтижесін сипаттайтын кестелер алдымен статистикалық елеулі бай-
ланыстар бойынша талдануы керек, содан кейін оларды дербес регрессия коэффи-
циенттері тұрғысынан интерпретациялауға болады.
16.4-кестеде сондай-ақ әр модель үшін кең қолданылғанымен, толық
жетілмеген сәйкестік өлшемі R
2
берілген, ол тәуелсіз айнымалы(лар) ар-
қылы болжанған не түсіндірілген тәуелді айнымалыдағы варианс про-
порциясын (арифметикалық орта айналасындағы бақылау таралуы) ша-
мамен көрсетеді. R
2
әркез пайдалы бола бермейді, өйткені ол зерттелетін
теориядан гөрі, болжамға механикалық түрде баса назар аударады, өзге
де әлсіз тұстары бар (Berk, 1983: 526–27). Бұған қоса, тәуелсіз айныма-
лыдағы варианстың белгісіз көлемі стохастикалық компонент қатарына
жатады (King, 1989: 24). Демек, тек қана түсіндіруге болатын жүйелі ва-
риансқа сүйенбейтіндіктен, R
2
арқылы тәуелсіз айнымалының тиімділі-
гін бағалау мүмкін емес. Мысалы, варианстың тек 3%-ы жүйелі болғанда,
0,02-ні (2%) құрайтын R
2
керемет болар еді. Әйтсе де R
2
бірдей тәуелді
айнымалыға негізделген модельдерді салыстыру үшін пайдалы болуы
мүмкін, олар 2-модельмен (R
2
= 0,481) салыстырғанда 1-негізгі модельді
(R
2
= 0,011) тәуелсіз айнымалыларды қосқанда ерекшелейді.
1 және 2-модельдер салыстыру 1992 жылғы математика бағасы мен
мектепаралық спорт жарысындағы жетістік арасындағы оң ассоциация-
ның едәуір бөлігі алдыңғы айнымалылар әсерінен туындайтынын көр-
сетеді. Қадағалау айнымалысын қосудың нәтижесінде спорт жарысына
қатысудың регрессия коэффициентінің мәні 230-дан (1-модель) 0,044-ке
(2-модель) дейін төмендейді. Тұтастай алып қарағанда, 2-модельдегі
тәуелсіз айнымалылар жиынтығы 12-сыныптың математика бағасын-
дағы варианстың жартысына жуығын (48%) түсіндіреді. Бірақ математи-
кадан оқу үлгерімін болжайтын мұндай керемет болжаушы жиынтығы
бола тұра, мектепаралық спорт жарысындағы жетістік математикадан
бағаның жақсаруына болар-болмас оң байланысты көрсетті (b = 0,044,
p < 0,01).
8
Демек, тіпті 2-модельдегі NELS: 88 айнымалыларын
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
711
16.6-кесте. Таңдалған тәуелсіз айнымалыларға сәйкес
регрессияланған 12-сыныптың стандартталған даму моделінің
айнымалылары
Тәуелсіз айны-
малылар
Даму моделі
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ
(N = 10,188)
БАҚЫЛАУ ЛОКУСЫ
(N = 10,177)
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ
(N = 9 985)
Спортшы, 10 мен
12-сыныптар
0,085***
(0,020)
0,076***
(0,021)
0,162***
(0,022)
10-сыныптағы
тәуелді айнымалы
өлшемі
0,529***
(0,008)
0,454***
(0,009)
0,316***
(0,010)
Әйелдер –0,067***
(0,017)
0,155***
(0,018)
0,107***
(0,019)
Афроамерикалық 0,159***
(0,030)
–0,047
(0,031)
0,019
(0,033)
Азия-америкалық –0,079
(0,043
–0,96*
(0,045)
–0,018
(0,049)
Латынамерикалық 0,112*
(0,032)
0,038
(0,033)
0,156***
(0,036)
Үндіс –0,036
(0,089)
–0,056
(0,094)
(0,321***
(0,107)
Отбасы табысы (10
000 долларға шақ-
қанда)
0,008***
(0,002)
0,012***
(0,002)
0,004
(0,003)
Ата-ана білімі (0,021**
(0,008)
0,004
(0,008)
0,053***
(0,009)
Әкесі де, анасы да
бар отбасы
–0,009
(0,019)
0,055**
(0,020)
–0,000
(0,021)
Мемлекеттік мек-
теп
0,002
(0,033)
–0,039
(0,035)
–0,001
(0,038)
Қала маңы мектебі –0,010
(0,023)
–0,115***
(0,024)
–0,006
(0,026)
Ауыл мектебі 0,023
(0,026)
–0,051
(0,027)
0,040
(0,030)
Мектеп көлемі 0,012
(0,008)
–0,003
(0,009)
–0,008
(0,009)
Қиылысу нүктесі –0,162 –0,088 –0,305
R
2
0,310 0,229 0,124
Стандарт қателер жай жақша ішінде көрсетілген. *p < 0,05, **p < 0,01, ***p < 0,001 (екіжақты кри-
терийлер)
Дереккөз: Table 2 in Broh (2002). Used by permission of the author and the American Sociological
Association.
МУЛЬТИВАРИАТИВ
712
қадағаласа да, Брох спортшы студенттердің математикадан анағұрлым
жоғары бағасын жалған байланыс ретінде түсіндіре алмады. Экспери-
менттік емес зерттеуде барлық алдыңғы айнымалыны бақылау мүмкін
емес, сондықтан келешек зерттеуде әртүрлі модель сипаттамаларын
қолдана отырып, спорт-баға байланысының жалған екенін әшкерелеуге
мүмкіндік бар.
16.7-кесте. Даму және қадағалау айнымалыларына сәйкес
регрессияланған 12-сыныптағы математика пәні бойынша
стандартталған бағалар
Тәуелсіз айныма-
лылар
3-модель (N = 9 777) 4-модель (N = 9 777)
КОЭФФИ-
ЦИЕНТ
БАҒАСЫ
СТАНДАРТ
ҚАТЕ
КОЭФФИ-
ЦИЕНТ
БАҒАСЫ
СТАНДАРТ
ҚАТЕ
Спортшы, 10 мен
12-сыныптар
0,049** 0,017 0,031 0,017
Өзін-өзі бағалау –0,009 0,009
Қадағалау локусы 0,091*** 0,009
Үй тапсырмасы 0,032*** 0,007
Қиылысу нүктесі –0,142 –0,117
R
2
0,485 0,493
Екі модель де 15.4-кестедегі 2-модельдің тәуелсіз айнымалыларын қамтиды. *p< 0,05, **p< 0,01,
***p< 0,001 (екіжақты критерийлер)
Дереккөз: Брохтың еңбегіндегі (2002) 3-кесте. Автордың және Америка әлеуметтану қауымдастығы-
ның рұқсатымен пайдаланылған.
Спортпен шұғылдану оқу үлгерімін жақсартады деген пікірді қуат-
таудың тағы бір жолы – екі әрекетті байланыстырар аралық механизмді
анықтау. Тағы бір түсіндірме – даму теориясына сәйкес, спортқа қаты-
су оқушының өзін-өзі бағалауын, өз өмірін бақылау сезімі мен жұмыс
этикасын күшейтеді. Яғни теория спортпен шұғылдану (тәуелсіз айны-
малы) мен аралық даму айнымалылары арасындағы оң ассоциацияны
болжайды, ал ол оқу үлгерімімен (тәуелді айнымалы) оң ассоциацияла-
нуы мүмкін.
«Мінез қалыптастыру» спорттың бағаға оң әсерін түсіндіретінін анық-
тау үшін Брох өзін-өзі бағалау, қадағалау локусы мен үй тапсырмасына
жұмсалған уақыт өлшемдерін құрды.
9
Біріншіден, даму индикаторының
спортқа қатысу мен математика бойынша жетістіктер арасындағы ара-
лық айнымалылар бола алатыны не бола алмайтынын анықтау үшін ол
өлшемдердің әрқайсысын спортқа қатысу, оқушылардың шығу тегі мен
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
713
мектеп сипаттамасына сай регрессиялады. 16.6-кестеде әр даму айны-
малысын, сондай-ақ шығу тегі мен мектеп айнымалыларының 10-сы-
ныптағы (1990) өлшемін бақылауға алғаннан кейін мектепаралық спорт
жарысына қатысудың, гипотезаға сәйкес, 1990–1992 жылдары 10 (1990)
мен 12-сыныптар (1992) аралығындағы өзін-өзі бағалау (b = 0,085,
p < 0,001), өзін-өзі бақылау сезімі (b = 0,076, p < 0,001) мен үй тапсыр-
масына жұмсалған уақыттың (b = 0,162, p < 0,001) артуымен оң байла-
нысы бар екенін көрсетеді.
Брох даму индикаторларының спортқа қатысумен оң байланысы бар
екенін анықтаған соң, олардың математика бойынша оқу үлгерімін жақ-
сартатынын көрсетуі қажет болды. Оның шығарған нәтижесі 16.7-кесте-
де көрсетілген. Алғашқы регрессия – 3-модель, шын мәнінде, Брохтың
2-модельден алынған тәуелсіз айнымалылардың алдыңғы жиынтығы,
бірақ кейбір даму айнымалылар бойынша ақпараттың болмауына бай-
ланысты cәл азырақ жағдаймен (10 379 емес, 9 777 студент) шектелген.
Екінші регрессия теңдеуі 4-модельде, ол тәуелсіз айнымалылардың ал-
дыңғы жиынтығына үш даму индикаторларын қосады. 3 пен 4-модель-
дерді салыстыру даму индикаторлары қадағалауға алынғанда, мектеп-
аралық спорт жарысына қатысудың бұдан былай маңызды ықпалы-
ның жоқ екенін (b = 0,031, p > 0,05) байқатады. 10 мен 12-сыныптар
арасында оқушылардың математика бойынша бағасының жоғары-
лауы өзін-өзі бағалаумен (b = −0,009, p > 0,05) емес, ішкі ұстамдылық
(b = 0,091, p < 0,001) пен үй тапсырмасына жұмсалған уақыт (b = 0,032,
p < 0,001) бойынша жақсарған нәтижелермен байланысы оң болды.
Брохтың зерттеу нәтижелері спортпен шұғылданудың математика бо-
йынша оқу үлгерімін қалай жақсартатыны туралы түсіндірмесін растай-
ды. Жоғары сыныптағы спортшылардың спортшы еместерге қарағанда
еңбекқорлығы мен өзін-өзі ұстау сезімі жақсырақ дамиды, ал бұл матема-
тикадағы бағаға оң әсер етеді. Бүкіл аралық айнымалыларды (даму, көш-
басшы топ және әлеуметтік капитал модельдері) қамтитын басқа бір тал-
дауда Брох кейін спорттағы жетістіктің 1992 жылғы математика бағасына
әсерін мардымсыз байланысқа (b = 0,019, p > 0,05) дейін азайтқан қо-
сымша аралық айнымалыны – оқушылардың мұғаліммен сыныптан тыс
әңгімелесуін (b = 0,202, p < 0,001) анықтады. Демек, үш аралық айны-
малы (қадағалау локусы, үй тапсырмасы, оқушы мен мұғалім арасында-
ғы әңгіме) спортқа қатысуды математика пәні бойынша жетістіктермен
байланыстыратын процестің интерпретациясын ұсынады. Алайда өзін-өзі
бағалау айнымалысының рөлі Брох моделінде қате сипатталуы мүмкін,
өйткені бұл оқушы жетістігінің себебі емес, салдары болуы мүмкін.
Педагогикалық мақсатта Беккет Брох зерттеуінің бір бөлігін ғана баян
еттік. Оның тұжырымдары математика бағасынан басқа оқу жетістік-
теріне, мектепаралық спорт жарысынан өзге сыныптан тыс шаралар-
ға, сондай-ақ даму айнымалыларынан өзге аралық процестерге де тән
МУЛЬТИВАРИАТИВ
714
жалпылама тұжырым болатыны не болмайтыны туралы ойлануыңыз
мүмкін. Бұл сұрақтардың жауабы мен оның толық зерттеуінің түйінімен
танысу үшін 16.1-қосымшаны қараңыз.
16.1-қосымша. Қосымша сабақтар мен жоғары
сыныптағы жетістік
Соңғы екі тарауда Беккет Брохтың жоғары сыныптағы қосымша сабақтар-
ға араласудың оқуға пайдасын талдауының тек бір бөлігін сипаттадық.
Тек мектепаралық спортпен шұғылданудың математика бойынша бағаға
ықпалымен шектелдік, бірақ Брох қосымша сабақтардың түр-түріне қаты-
суды зерттеген. Ол сондай-ақ ағылшын пәні бойынша бағаны, математи-
ка мен мәтін оқу қабілеті тестілерінен алған балдарды нәтиже өлшемдері
есебінде қосты.
Жоғарыда айтылған математика бойынша бағаны модельдеуге
(16.4-кестені қараңыз) ұқсас талдауларында Брох 12-сыныптағы басқа
нәтиже өлшемдерінің (ағылшын пәні бойынша баға, математика мен оқу
тестілері бойынша балдар) әрқайсысын тәуелді айнымалының 10-сынып-
тағы сәйкес көрсеткіштеріне, сондай-ақ 10 мен 12-сыныптардағы мектеп-
аралық спорт жарысына қатысуға және алдыңғы әлеуметтік, отбасы және
мектеп сипаттамаларының дәл сондай жинағына бөлек-бөлек регрессия-
лады. Алдыңғы айнымалыларды бақылаудан соң табылған спортпен шұ-
ғылдану және математика бойынша баға арасындағы шағын оң байланыс
секілді, мектепаралық спорт жарысына қатысу ағылшын пәнінен жақсар-
ған бағаға (b = 0,073, p < 0,001) және математика тесті бойынша ана-
ғұрлым жоғары балдарға (b = 0,034, p < 0,001) бірақ оқу тесті бойынша
анағұрлым төмен балдарға (b = −0,042, p < 0,01) қатысы бар болып шық-
ты. Демек, оның спортпен айналысудың математика бойынша бағаға оң
ықпал етеді деген тұжырымын ағылшын пәні бойынша бағалар мен мате-
матика бойынша үлгерім балдарына да қатысты жалпылауға болады.
Мектепаралық спорт жарысына қатысу оқуға кәдімгідей пайдасын ти-
гізеді деген тезис Брохтың теориялық аралық айнымалылар талдауын ны-
ғайта түседі. Екі даму айнымалысы, яғни қадағалау локусы мен үй тапсыр-
масына кеткен уақыт «спорттың баға мен тест бойынша балдарға әсерінің
шамамен үштен бірін» құрайды. «Көшбасшы топ гипотезасы» да орындал-
мады: оқуға көбірек ден қоятын құрбы-құрдастарының болуы спортшы-
ның оқу үлгерімін айтарлықтай жақсартпады. Керісінше, мектепаралық
спорт жарысына қатысумен байланысты әлеуметтік капитал «спортқа
қатысудың математика бағасына әсерінің жартысы мен ағылшын пәні
бойынша бағаларға әсерінің үштен бірінен астамын, ал математика тес-
тілері бойынша балдарға әсерінің бестен бірін ғана» құрады. (Broh, 2002:
81). Әлеуметтік капитал әсерлері, негізінен, мынадай екі айнымалының
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
715
арқасында пайда болды: (1) студенттердің мұғаліммен сыныптан тыс сөй-
лесетіні не сөйлеспейтіні; (2) ата-анасымен мектептегі оқуы, оқу бағдар-
ламасы мен сабағы туралы қаншалықты жиі сөйлестіндігі. Аралық және
алдыңғы айнымалылар бір мезетте бақылауға алынғанда, спортқа қатысу
әсері ағылшын пәні бойынша бағалар (b = 0,037, p < 0,05) үшін едәуір
төмен болды және математика бойынша бағалар (b = 0,019, p < 0,05) мен
математика тестілері бойынша балдардың (b = 0,014, p < 0,05) мардым-
сыз деңгейіне дейін жойылып кетті. Нәтижесінде Брох NELS: 88 деректе-
ріндегі спорт пен оқу үлгерімін байланыстыратын аралық механизмнің
бірсыпырасын анықтады.
Мектепаралық спорт жарысына қатысудың оқудағы анық пайдасы
басқа cыныптан тыс шараларға да тарала ма? Брох өзінің регрессия тал-
дауларын 10 мен 12-сыныптардың мектеп ішіндегі спорт, черлидинг,
музыка үйірмесі, мектеп драма үйірмесі, оқушылар кеңесі, бітірушілер
альбомы мен журналистика клубы, сондай-ақ кәсіби-техникалық дағды-
ларға баулитын үйірмелерге қатысуын көрсететін айнымалыларды қамту
арқылы кеңейтті. Мұндай сыныптан тыс әрекеттер бір уақытта бақылау-
ға алынған кезде, мектепаралық спорт жарысына қатысудың оң әсерле-
рі математика бағалары (b = 0,111, p < 0,001), ағылшын пәні бағалары
(b = 0,141, p < 0,001) және математика тестілері бойынша балдар
(b = 0,055, p < 0,001) үшін артты да, ал оқу тестілеріне алдыңғы теріс әсер
мардымсыз байланысқа (b = 0,005, p > 0,05) өзгерді. Музыка үйірмесіне
қатысу математика мен ағылшын пәні бойынша бағалар және математи-
ка тесті бойынша жинаған балдардың ұқсас, бірақ сәл пәл жоғарылауы-
на әкелді. Оқушылар кеңесіне қатысу анағұрлым жоғары бағамен байла-
нысты болса да, жоғарырақ тест балына қатысы болмады. Мектепаралық
спорт жарысына қатысқан спортшыларға қарағанда мектеп ішіндегі спорт
шарасына қатысқан, азырақ деңгейде кәсіби-техникалық клубтарға қа-
тысқан оқушылардың 2 жыл ішіндегі бағалары мен тест балдары әрдайым
төменірек болған. Ең ақыры, черлидинг, мектептегі драма үйірмесі немесе
бітірушілер альбомына қатысу оқушылар үшін тұрақты бағалар мен тест
балдар бойынша ешқандай артықшылық берген жоқ.
Жалпы, Брох мектепаралық спорт жарысына қатысудың оқудағы ар-
тықшылығын көрсететін талдаулардың тамаша жиынтығын ұсынады.
Зерттеу нысанына іліккен барлық қосымша сабақтар ішінде баға мен тест
балына ең күшті және жүйелі әсер еткені – спортпен шұғылдану ғана. Осы-
ған ұқсас іс: мектеп ішіндегі спорт шарасында өнер көрсету оқу үлгерімі-
не одан да күшті, бірақ теріс әсер етті. Одан кейін Брох мектеп ішіндегі
спортшылардың мектептен тыс спортпен байланысты және оқу үлгеріміне
қатысты даму және әлеуметтік капитал артықшылықтарына қол жеткіз-
бейтінін көрсетеді. Расында, 2 жылдық кезеңде мектеп ішіндегі спортқа
қатысатын спортшылардың өз өмірін бақылау сезімі айтарлықтай төмен-
деген және олардың үй тапсырмасына жұмсаған уақыты, мұғалімдерімен,
МУЛЬТИВАРИАТИВ
716
ата-аналарымен қарым-қатынасы сыныптан тыс шараларға араласпаған
қатарластарынан аса ерекшеленбеген.
Брохтың жуырдағы зерттеуі жоғары сыныптарда қосымша сабақтарға
қатысудың академиялық салдары бойынша қорытынды зерттеу бола қоюы
екіталай, себебі оның тапқан нәтижесін әртүрлі модель сипаттамалары,
жақсырақ статистикалық процедуралар не жаңа деректер жинағын қам-
титын болашақ зерттеулер қайта интерпретациялауы немесе оған қарама-
қайшы келуі мүмкін. Бір мәселесі – оның 1988 жылғы Ұлттық білім беру
туралы бойлық зерттеуі (NELS: 88) көпсатылы іріктеу дизайнына (мектеп
бойынша кластерленетін студенттер, стратификациялау және кейбір топ-
тарды үйлесімсіз іріктеу (мысалы, шығу тегі латын адамдарды шектен тыс
іріктеу) сәйкес келетін статистикалық бағдарламалық жасақтаманы пай-
далана алмауы. Ол 1988 жылғы Ұлттық білім беру туралы бойлық зерттеуі
іріктемесінің әл-ауқат коэффициенттерін диспропорциялы іріктеуді түзету
үшін пайдаланғанымен, оған сондай-ақ орынды стандарт қате бағалауын
және елеулілік тестін жүргізу үшін кластерлеу мен стратификациялау ту-
ралы мәлімет керек.
10
Кластерлеу мен стратификациялауды елемеу әдетте
тым шағын болып келетін стандарт қате бағалауына әкеледі.
Тағы бір түйткілді мәселе – мультиколлинеарлық, себебі мектепаралық
спорт жарысына қатысудың болжалды оқу әсерлері, 15 немесе одан көп
алдыңғы айнымалыны бір уақытта қадағалауға алған соң, айтарлықтай
аз болады.
11
Брох қадағалау айнымалылары арасындағы коллинеарлық-
тың спортпен айналысудың болжалды әсерлеріне теріс ықпал ететінін
не етпейтінін бағалау үшін регрессиялық диагностика процедураларын
пайдалануды көрсетпеген. Сонымен қатар «спортшылар» мен «спортшы
еместерді» таза салыстыруға мүмкіндік алу үшін тек бір жылы (12 емес,
10-сыныпта немесе керісінше) мектепаралық спорт жарысына қатысу-
ға арналған екі жалған бақылау айнымалысын құру арқылы Брох нашар
оқушылардың кейбірін спортшылар тобынан (10 мен 12-сыныпта спорт
жарысына қатысқандарды) байқаусызда шығарып тастауы мүмкін. Яғни
оқудағы қиындықтар кейбір оқушылардың спортпен неліктен екі жылдың
тек біреуінде шұғылданғанын түсіндіруі мүмкін.
12
Болашақтағы зерттеу Брохтың бұрынғы зерттеуін қолдауы және оның
тапқан нәтижесі тудырған маңызды сұрақтарға жауап беруі мүмкін.
Мектепаралық спортқа қатысудың оқудағы артықшылықтары ер және
қыз бала оқушылар үшін бірдей ме? Әртүрлі қосымша сабақтарға қаты-
судың әсері нәсіл – этнос, ата-ана білімі мен табысына қарай ерекшеле-
не ме? Оқушылар отбасы мен әлеуметтік шығу тегінің жеке әсерлерімен
қатар, мектеп деңгейіндегі әсерлері бар ма? Қосымша сабақтарға қатысу
рекреациялық оқуға жұмсайтын уақытты азайта ма, сөйтіп, математика
тесті, математика және ағылшын пәндері бойынша бағалармен салыстыр-
ғанда оқу тесті бойынша көрсеткіштің жақсармау себебін түсіндіре ме?
Сабақтан кейін мұғалімдермен сөйлесу және ата-анамен мектеп жайында
сөйлесу спортшы оқушылардың оқу үлгерімін қалай жақсартады?
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
717
3-мысал: алкогольді ішімдік ішу, ұйқы және оқу үлгерімі
Алдыңғы мысалда Брох даму айнымалыларын әуелі тәуелді айнымалы
(16.6-кесте), содан соң тәуелсіз айнымалы (16.7-кесте) ретінде қолдану
арқылы екі бөлек регрессия теңдеулерін бағалады. Бірнеше теңдеуден тұ-
ратын күрделі модельді бейнелеу мен талдаудың пайдалы статистикалық
техникасы – пат-анализ (path analysis). Пат-анализдің негізгі артықшы-
лығы – оның зерттеушілерді зерттеу айнымалыларының ішінде себеп-
салдарлық байланыстар туралы ашық айтуға мәжбүрлейтінінде. Әйтсе
де регрессиялық талдауды айнымалылардың кез келгенін байланысты-
ратын теориялық себеп-салдарлық процестерді нақтыламай-ақ жүргізе
беруге болады. Мысалы, Брох талдауларын даму айнымалылары (өзін-өзі
бағалау, бақылау локусы және үй тапсырмасына жұмсалған уақыт) ара-
сындағы спорттағы жетістіктер мен математика бойынша оқу үлгерімі-
нен бөлек байланыстардан басқа себеп-салдарлық байланыстырдың бар
не жоқ екенін нақтыламай-ақ жүргізді. Пат-анализдің екінші артықшы-
лығы – оның бір айнымалының екіншіге тікелей, жанама және жиынтық
әсерлерінің сандық бағалауын ұсынатынында.
Пат-анализ моделінің мысалы – Синглтонның (2007) алкоголь ішу
мен оқу үлгерімі, сондай-ақ ұйқы өлшемдерін де қамтыған кампустағы
сауалнама деректерінің қосалқы жинағына талдауы. Синглтон мен Эми
Вульфсон (2009) ішімдікке құмар студенттер кеш әрі аз ұйықтайды, жұ-
мыс және демалыс күндеріндегі ұйқы арасында үлкен кідіріс болады де-
ген гипотеза ұсынды. Мұндай тұрақсыз әрі ретсіз ұйқы режимінен күндіз
маужырап, курстық жұмыс пен сабаққа қажет сергектік азаяды, ал бұл
оқу үлгерімін нашарлатады. 16.7-сызбада көрсетілген дайын модель бұ-
ған дейін көрсетілген мысалдағымен бірдей ішімдік ішу (әдепкі демалыс
түні ішілген ішімдік мөлшері), жиынтық GPA мен SAT жиынтық балының
өлшемдерінен тұрады, бірақ, оған қоса, ұйқы ұзақтығы (күнделікті ұй-
қының орташа сағаты), ұйықтау кестесі (ұйықтау мен ұйқыдан тұру уа-
қытының орташа уақыты), ұйқышылдық (14-тен 30-ға дейінгі индекс),
ерлер (ерлер = 1 деп жалған кодталған жыныс), екінші жыл және үшінші
жыл (төртінші жыл = 0 деп жалған кодталған сынып) сияқты айнымалы-
ларды да қамтиды.
16.7-сызбадағы бағыттар деп аталатын нұсқарлар бір айнымалының
екіншіге теориялық тікелей әсерін көрсетеді. Барлық айнымалылар
жиынтық GPA-дің себеп-салдарлық тұрғыда алдында болады, ал бесеуі
тікелей әсер етеді. Олар: ерлер, SAT жиынтық балы, ішілген ішімдік мөл-
шері, ұйқы ұзақтығы мен ұйқышылдық. Ерлер және ішілген ішімдік мөл-
шері айнымалыларының жанама әсері бар. Ерлер айнымалысы жиын-
тық GPA-ге екі жолмен жанама әсер етеді: ішілген ішімдік мөлшері мен
ұйқы ұзақтығы арқылы және ұйқышылдық арқылы. Сол сияқты ішілген
ішімдік мөлшері айнымалысының екі жолмен жанама әсері етеді: ұйқы
МУЛЬТИВАРИАТИВ
718
ұзақтығы арқылы және ұйқы кестесі мен ұйқышылдық арқылы. Екінші
жыл мен үшінші жылдың, тиісінше, бір және үш жанама әсері бар екеніне
назар аударыңыз. Сіз оларды модельден таба аласыз ба?
16.7-сызба. Ішімдік ішу мен ұйқы режимінің жиынтық
GPA-ге әсерін көрсететін бағыт талдау моделі
Дереккөз: Синглтон мен Вульфсон (2009: 361). Рутгерс университеті Алкогольді зерттеу құжаттама-
сының рұқсатымен пайдаланылған.
Синглтон және Вульфсон пат коэффициенті деп аталатын пат әсерле-
рін бес тәуелді айнымалыны (жиынтық GPA, ұйқышылдық, ұйқы кестесі,
ұйқы ұзақтығы және ішілген ішімдік мөлшері) барлық себеп-салдарлық
алдыңғы айнымалыларға регрессиялау арқылы бағалады. Осылайша
жиынтық GPA барлық айнымалылар бойынша регрессияланды: ұйқы-
шылдық жиынтық GPA-ден басқа барлық айнымалылар бойынша; ұйқы
кестесі мен ұйқы ұзақтығы әрқайсысы ішілген ішімдік мөлшері, екінші
жыл, үшінші жыл, ерлер мен SAT жиынтық балы бойынша; және ішіл-
ген ішімдік мөлшері екінші жыл, үшінші жыл, ерлер мен SAT жиынтық
балы бойынша регрессияланды. Модельдегі пат коэффициенттері әр көп-
өлшемді регрессиядағы регрессия коэффициенттерінен туындайды.
0,99
–0,16
0,79
–0,22
0,95
0,47
0,26
–0,14
–0,22
0,92
0,88
–0,21
0,41
–0,22
0,35
0,19
–0,30
–0,12
–0,09
Ұйқы ұзақтығы
Үшінші жыл
Ішілген мөлшер
Екінші жыл
Ұйқы кестесі
Ерлер
SAT жиын-
тық балы
Жиынтық GPA
Ұйқышылдық
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
719
Сонымен қатар әр тәуелді айнымалының тік бағыттары (мысалы, жиын-
тық GPA үшін 79) әр регрессиядағы түсіндірілмейтін вариацияны білдіреді.
Синглтон және Вульфсон регрессия коэффициенттерін стандарттау
арқылы оларды жалпы негізге қойды.
13
Стандартталған регрессия коэф-
фициентін (біз пайдаланып келген) стандартталмаған коэффициентті
тәуелсіз айнымалының стандарт ауытқуы мен тәуелді айнымалының
стандарт ауытқу қатынасына көбейту арқылы есептеп шығаруға бола-
ды. Стандартталған регрессия коэффициенттері стандарт ауытқу бір-
ліктеріндегі көлбеулер ретінде оп-оңай интерпретацияланады: мысалы,
−0,50-ді құрайтын стандартталған коэффициент тәуелді айнымалының
тәуелсіз айнымалыдағы әрбір стандарт ауытқудың артуы үшін 0,50-ді
құрайтын стандарт ауытқу бірлігіне кемитінін білдіреді. 16.7-сызбада
статистикалық елеулі жартылай регрессия коэффициенттері ғана көрсе-
тілген. Мысалы, SAT жиынтық балының жиынтық GPA-ге тікелей әсері,
0,47-ні құрайтын стандартталған коэффициент SAT жиынтық балындағы
әрбір стандарт ауытқудың артуына қарай GPA де 47-ні құрайтын стан-
дарт ауытқуға артатынын көрсетеді.
Жанама әсерлер пат коэффициенттері нәтижесін себеп-салдарлық
жол бойымен жүргізу және барлық жанама бағыттар бойынша нәтиже-
лерді қосу арқылы өлшенеді (қараңыз: Davis, 1985: 48–64). 16.7-сызбада-
ғы ішілген ішімдік мөлшерінің жиынтық GPA-ге апаратын екі жанама ба-
ғыты бар: бірі (−0,09) × (−0,16) = 0,014 болатын жанама әсер үшін ұйқы
ұзақтығы арқылы; және екіншісі (0,41) × (0,26) × (−0,22) = −0,023 бо-
латын жанама әсер үшін ұйқы кестесі мен ұйқышылдық арқылы. Ішіл-
ген ішімдік мөлшерінің жиынтық GPA-ге жиынтық әсері – тікелей және
жанама әсерлердің қосындысы: (−0,22) + (0,014) + (−0,023) = −0,229.
Демек, жиынтық GPA ішілген ішімдік мөлшеріндегі әрбір стандарт ауыт-
қуының артуына шамамен 0,23-ті құрайтын стандарт ауытқуына кемиді
деп болжанады.
Пат-анализ жалпы алғанда, Синглтон мен Вульфсонның теориялық
моделін қолдайды.
14
Мысалы, нәтижелер студенттің ұйықтау әдетінің
ішімдік ішудің оқу үлгеріміне әсеріне дәнекерлеуші қызмет атқаратынын
көрсетті. Атап айтқанда, ішімдік ішу кешірек ұйықтау – ояну кестесіне
әсер етеді, содан күндіз ұйқы басып, оқу үлгеріміне теріс әсер етеді. Алай-
да ұйқы ұзақтығы мен жиынтық GPA арасындағы әлсіз теріс байланыс кү-
тілетін салдарға қарама-қайшы болып шықты, себебі ұйқының қанбауы
когнитивті қызметті нашарлатады. Синглтон және Вульфсон зерттеу ба-
рысында анықталған жұмыс күндеріндегі салыстырмалы түрде аз орта-
ша ұйқы уақыты ұйқының қанбауы деп санауға келмейтінін шамалады;
сонымен қатар өзге зерттеу нәтижелері ұйқының уақыты емес, сапасы
күндізгі уақыттағы ұйқышылдықпен анағұрлым тығыз байланысты еке-
нін көрсетті.
МУЛЬТИВАРИАТИВ
720
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМ
Мәндерді стандарт ауытқу бірліктерімен көрсету арқылы стандарттау айнымалылар-
дың әртүрлі жиынтықтары мен әртүрлі деректер жиынтықтарына арналған дербес
регрессия коэффициенттерін салыстыруды жеңілдетеді.
Басқа модельдеу техникалары
Бұл талқылау жоғарыда мультивариатив модельдеу тақырыбын атүсті
қарастырған. Тәуелді айнымалылардың әр алуан түрін (мысалы, дихото-
миялық, номинал және реттік өлшемдер) модельдеу, сызықтық емес бай-
ланыстарды түзетуге немесе сызықтық модельдеуге сәйкес келетін фор-
маға өзгерту, әрекеттесу әсерлерін қамту, өзара себеп-салдарлық байла-
ныс пен өлшеу қатесін модельдеу, көпдеңгейлі модельдеу (иерархиялық
талдау), әлеуметтік желіні талдау және уақыт ағымындағы модельдеу
процестері (ұзақмерзімді талдау) мен кеңістікке сәйкес келетін формаға
дұрыстау немесе түрлендіруге арналған арнайы техникалар бар.
15
Көпөлшемді регрессиядан статистика тұрғысынан ерекшеленгенімен,
бұл техникалар «әлеуметтік феномен жүйелі әрі стохастикалық компо-
ненттерден құралады» деп болжауымен бір-біріне ұқсас. Тәуелсіз айны-
малылардың жүйелі ықпалы әсер бағыты (оң немесе теріс) мен күшін
коэффициенттік бағалау арқылы көрсетілген. Алайда коэффициент күші-
нің интерпретациясы әдетте регрессиялық көлбеулердің интерпретация-
сы сияқты қарапайым емес (қараңыз: Stolzenberg and Land, 1983). Көп-
өлшемді регрессиядағы стохастикалық компонентте көптеген өлшенбе-
ген (сыртқы) айнымалының жиынтық әсерінен немесе іріктеу қатесінен
туындауы мүмкін қалыпты таралым бар деген болжам айтылады. Қалып-
ты ұйғарым туралы болжам орындалмаған кезде, көпөлшемді регрессия
моделі деректерді дұрыс шығармайды, сөйтіп, басқа стохастикалық ком-
понент қажет болады.
16
Сондықтан модельдеу бойынша анықтамамыз үстірт екенін және
статистикадағы ресми курстық жұмысты алмастыра алмайтынын тағы
да ескертуіміз керек. Әр алуан модель спецификацияларын тестілеудің
итеративті процесін сипаттауға емес, модельдеу нәтижелерін интерпре-
тациялауға баса назар аудардық. Моральдық интеграция, оқу үлгерімі
мен жиынтық GPA-ді модельдеудің ақырғы нәтижесін ұсындық. Әдетте
зерттеушілер «соңғы» модельге жеткенше, гипотезалық себеп-салдарлық
бағыттың болуы не болмауы жағынан ерекшеленетін екі спецификация-
ны салыстыру секілді күрделілікті арттыратын не кемітетін модельдер
легін тексереді. Осы итеративті процесс кезінде статистикалық тұрғыдан
маңызсыз не деректерге сәйкес келмейтін болжанған әсерлер модельдеу-
ден шығарылады. Соңғы модель әрдайым алдын ала қорытынды түрінде
болады; кейінгі зерттеулер деректерге тура сол сияқты жақсы, тіпті, одан
да жақсы үйлесімді қамтамасыз ететін балама модельдерді ашуы мүмкін.
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
721
Түйін
Себеп-салдарлық түсіну (көп әлеуметтік зерттеудің мақсаты) теория мен
деректі салыстыруға негізделеді. Деректің бір өзі себеп-салдарлық бай-
ланысты қалыптастыра алмайды. Қайта зерттеушілер байланыстардың
теориялық модельдерін құрастырып, содан соң дерек пен модель арасын-
дағы үйлесімді статистикалық жағынан анықтайды.
Зерттеушілердің ықпал ету бағыты туралы ұйғарымдары теориялық бі-
лімге негізделген модельдерге енгізілген. Сол сияқты теория жалған бай-
ланыстардың ықтимал себептерін ұсыну арқылы жалған еместіктің ста-
тистикалық тестілерін және ықтимал аралық айнымалыларды ұсыну ар-
қылы себеп-салдарлық процестерге дәнекерлік ету тестілерін басқарады.
Маңызды айнымалыларды модельден тыс қалдыру «спецификация қате-
сі» деп аталады.
Деректер талдауының модельдері жүйелі (теориялық байланыстар) және
стохастикалық (кездейсоқ процестер) компоненттердің екеуін де қамтиды.
Теориялық модельдерді нұсқар диаграммалар арқылы көрсетуге болады.
Нұсқарлар себеп-салдарлық реттілікті көрсетеді; нұсқарлар үстіндегі бел-
гілер байланыс бағытын, оң не теріс екенін көрсетеді.
Модельді тестілеуге (1) сәйкес алдыңғы не аралық айнымалыларды бақы-
лай отырып, тәуелсіз айнымалының тәуелді айнымалыға әсерлерін зерт-
теуге және (2) айнымалылар арасындағы өзара әрекеттестікті зерттеуге
мүмкіндік беретін мультивариатив талдау негізінде жүзеге асады.
Кестені әзірлеу деп аталатын түйіндестік кестесіне мультивариатив талдау
екі айнымалы байланыстан басталып, кейін үшінші (кейде қосымша) айны-
малы бақылауға алынған кезде, байланысты жүйелі түрде қайта бағалайды.
Кестені әзірлеу талдауында айнымалылар дербес кестелерді есептеу, яғни
бастапқы екі айнымалы байланысты бақылау айнымалысының әр кате-
горясы үшін бөлек-бөлек есептеу арқылы бақыланады не тұрақты болып
қалады. Бірнеше нәтиже шығуы мүмкін.
Қадағалау айнымалысы басқа екі айнымалыға қатысты алдыңғы айны-
малы болса және бастапқы байланыс әрбір дербес кестеде жойылып кет-
се, бастапқы байланыс жалған ретінде түсіндіріледі (түсіндірме).
Қадағалау айнымалысы аралық ретінде модельденсе және бастапқы бай-
ланыс дербес кестелерде жойылып кетсе, екі бастапқы айнымалыны бай-
ланыстыратын аралық себеп-салдарлы процесс түсіндіріледі (интерпре-
тация).
Басқа да ықтимал нәтижелердің қатарына спецификация (кейбір дербес
кестелердегі бастапқы байланыстың артуы, кемуі секілді өзара әрекетте-
су әсері) және репликация (дербес кестелер бастапқы байланыспен бір-
дей) кіреді.
Бақыланбайтын алдыңғы айнымалы бастапқы екі айнымалы арасындағы
шынайы себеп-салдарлық байланысты басуы не бұрмалауы мүмкін.
МУЛЬТИВАРИАТИВ
722
Бірнеше тәуелсіз айнымалының тәуелді айнымалығы бір мезгілдегі әсе-
рін талдау техникасы көпөлшемді регрессия деп аталады Көпөлшемді рег-
рессия теңдеуіндегі дербес регрессия коэффициенттері, теңдеудегі бар-
лық басқа айнымалы тұрақты болып қалғанда, әр тәуелсіз айнымалының
тәуелді айнымалыға әсерін көрсетеді.
Көптік регрессия кейбір тәуелсіз айнымалылар бір-бірімен жоғары кор-
реляцияда болғанда, тұрақсыз коэффициенттер туындауы мүмкін. Бұл
«мультиколлинеарлық» деген проблема ретінде белгілі.
Номинал және реттік шәкіл айнымалылары жалған кодтау құралы арқы-
лы көптік регрессияға қосылуы мүмкін.
Дербес регрессия коэффициенттерін стандарт ауытқу бірліктерінің ұқ-
сас өлшеміне стандарттау арқылы салыстыруға болады. Стандартталған
коэффициенттер тәуелсіз айнымалыдағы 1 стандарт ауытқудағы әрбір
бірліктің өзгерісіне қарай тәуелді айнымалыда өзгеретін стандарт ауытқу
бірлігін көрсетеді.
Стандартталған коэффициенттер пат-анализде күрделі себеп-салдарлық
модельдегі өзара байланысқан кез келген екі айнымалы арасындағы әр
алуан жанама және тікелей әсерлерді бағалау үшін пайдаланылады.
Тірек сөздер
Модельдеу Спецификация
Өзара себеп-салдарлық байланыс Репликация
Себеп-салдарлық емес байланыс Басыңқы айнымалы
Тікелей әсер Бұрмалаушы айнымалы
Жанама әсер Көптік регрессия
Жүйелі компонент Спецификация қатесі
Стохастикалық компонент
Мультивариатив талдау
Дербес регрессия коэффициенттері/
дербес көлбеулер
Кестені әзірлеу Коллинеарлық ассоциация
Дербес кестелер, дербес Мультиколлинеарлық
Нөлдік деңгейлі байланыс t-тестілер/t мәндер
Бірінші деңгейлі байланыс R
2
Түсіндірме Пат-анализ
Интерпретация Пат коэффициенттер
Стандартталған регрессия коэффициенті
Тапсырмалар
1. Әдетте сауалнамада үлкен қала тұрғындарының қалашық пен ауылдық
аймақ тұрғындарына қарағанда девиантты мінез-құлыққа анағұрлым тө-
зім екені айтылады. Мына үш айнымалы үшін дерек бар делік: (1) рес-
понденттің девиантты мінез-құлыққа төзімділігі, (2) қазіргі тұрғылықты
жерінің көлемі және (3) респонденттің кәмелет жасында мекен еткен
жерінің көлемі. Мына гипотезалардың әрқайсысына арнап гипотезаны
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
723
қамтитын себеп-салдарлық модельді анықтау үшін нұсқар диаграммалар
сызыңыз: (а) қазіргі тұрғылықты жердің әлеуметтік ортасы адамдарды
көбірек не азырақ толерантты етеді; (ә) толеранттылық жасөспірім ша-
ғыңда бойға сіңеді әрі содан кейін салыстырмалы түрде тұрақты болып
қалады; (б) кәмелет жасы мен тұрғылықты жердегі орта девиантты мінез-
құлыққа толерантты болуға ықпал етеді.
2. Дадли Постон мен Тони Фальбо (1990) Қытай балалары іріктемесіндегі
деректерге сүйене отырып, жалғыз баланың («жалғыздар») оқу үлгерімін
бауырлары бар баланың («басқалар») үлгерімімен салыстыра зерттеді.
Іріктеме Чанчунь астаналық ауданының орталық және шеткері аймақ-
тарында тұратын, 1 мен 5-сыныптарда оқитын 1 460 оқушыдан тұрды.
Постон мен Фальбо бивариатив байланыстарды зерттегенде, олар өздері
күткендегідей, жалғыздар басқалаларға қарағанда математика мен вер-
балды тестілері бойынша тәуір баға алатынын анықтады. Олар жалғыз/
басқа статусымен қатар, біраз айнымалыны қамтитын мультивариатив
талдау да жүргізді. Ол айнамалылар мынадай: (1) ата-ананың білім деңге-
йі, (2) орталықта/не шеткері аймақта тұруы, (3) жынысы (4) ата-ананың
үй тапсырмасына көмектесуі, (5) әке-шешенің бала болашағынан зор
үміт күтуі және (6) бастауыш мектепке дейінгі балалар күтімімен айна-
лысатын ұйым (бөбекжай не туыс күтімі).
а. Жалғыз/басқа статусы мен оқу үлгерімі (төмен/жоғары) арасын-
дағы бивариатив байланысты байқататын гипотезалық деректерді
көрсетіңіз.
ә. Жоғарыдағы сыртқы айнымалылардың біреуін бақылау, бастапқы
байланыстың жалған екенін білдіретін гипотезалық нәтижелер шы-
ғарады.
б. Енді байланыс жалған емес және өз бауырыңыз бен оқу үлгерімі ара-
сындағы байланысты интерпретациялағыңыз келеді делік. Жоғары-
дағы сыртқы айнымалылардың біреуін таңдап, осы айнымалының
байланысқа қалайша дәнекер болатынын түсіндіріңіз.
3. Колледждің бірінші курсындағы GPA-ге көптік регрессия талдауында жы-
ныс (жалған айнымалы (әйелдер үшін) = 1, ал ерлер үшін = 0), жоғары
сыныптағы GPA (0–4,0 аралығында) және оқу жылы кезеңіздегі жұмыспен
қамту (0–50 сағат) үшін дербес коэффициенттер, тиісінше, +0,30, +0,50
және −0,01 болады. Үш дербес коэффициенттің статистикалық тұрғыда
елеулі болғанын ескере отырып, әрқайсысының мағынасын түсіндіріңіз.
(Ой салу: Дербес көлбеулер ретінде түсіндіріңіз).
4. Синглтон мен Вульфсонның бағыт моделіндегі (16.7-сызба) жиынтық
GPA-ге ерлердің жанама және жиынтық әсерлерін есептеңіз.
МУЛЬТИВАРИАТИВ
724
Сілтемелер
1. Туу деңгейі мен әйелдердің жұмыспен қамтылуы арасындағы байланыс-
қа қатысты біршама еңбектер бар. 1990 және 2006 жылдар аралығын-
да жарияланған жекелеген зерттеулердің мета-талдауын Матизиак пен
Виньолиен (2008) қараңыз.
2. Калифорния штаты заң шығару органының мүшесі Джон Васконселлос
штат тұрғындарының өз қадір-қасиетін сезіну деңгейін көтеруді көздей-
тін, жылдық бюджеті 245 000 долларлық жобаны қолдау білдіре отырып:
«Адамдардың өзін-өзі бағалауын көтеру штаттағы өршіген қылмыс, жас-
өспірімдер жүктілігі, есірткі қолдану, мектептегі оқу үлгерімінің нашар-
лығы сияқты проблемаларды шешуге көмектеседі. Әрі бұл штат бюджеті-
нің кіріс бөлігі мен шығыс бөлігін теңгеруге көмектеседі, өйткені өзін-өзі
жоғары бағалайтын адамдар өзін-өзі төмен бағалайтын жандарға қара-
ғанда ақшаны көбірек табады, сөйтіп, көбірек салық төлейді» деп пікір
білдірді (Baumeister және басқалар, 2003: 3).
3. Осы іспеттес нұсқар диаграммалардың айнымалылар жиынтығындағы
себепті реттіліктің логикалық қағидасына қалай қолданылатынын тал-
қылауды Дэвистің (1985) еңбегінен қараңыз.
4. Екінші рет дербес байланысында екі бақылау айнымалысы, үшінші рет
байланысында үш бақылау айнымалысы бар т.с.с.
5. Осы t мәндер статистикасы әр іріктеме регрессия коэффициентін болжал-
ды стандарт қатесіне бөлу арқылы есептеледі. Позитив не негатив көлбеу-
дің баламалы гипотезасына [екіжақты критерий] не көлбеудің позитив
[не негатив] екенін айтатын бағытталған баламаға [біржақты критерий]
қарсы коэффициенттің популяцияда нөлдік көлбеуге тиесілігін ескертер
нөлдік гипотезаны тестілеуде, елеулілік деңгейі (p мәні) t (іріктеу) тара-
лымынан алынады.
6. Турасын айтқанда, ықтималдық деңгейі – долбарлы аппроксимация бо-
лып есептеледі, себебі регрессия моделінің негізіндегі болжамдардың
қаншалықты дәл келетініне және модельденетін процестің дұрыс специ-
фикациясына байланысты.
7. Сірә, Брох ата-ана білімі (1–6 деп кодталған) мен мектеп көлемін (1–5 деп
кодталған) өзінің регрессия талдауында аралық айнымалылар ретінде қа-
растырған.
8. Ағылшын пәні бойынша бағалар мен математика пәні бойынша тест
балы үшін де осы қарастырылған.
9. Брохтың өзін-өзі бағалау мен үй тапсырмасына жұмсалған уақыт өлшем-
дері бесінші тарауда талқыланды. Оның жазуынша, бақылау локусы «сту-
денттердің ... өзін-өзі бақылау сезімінің көптеген өлшемінен құралған ...
NELS деректеріндегі құранды өлшем болып саналады»
10. Мысалы, STATA мен SUDAAN статистикалық пакеттерінің күрделі ірікте-
ме дизайнындағы стандарт қателерге бағалауды қамтамасыз етеді.
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
725
11. Мысалы, мектепаралық спорт жарысына қатысатын спортшының мате-
матика пәнінен бағалар коэффициенті (16.4-кесте) әлеуметтік, отбасы
не мектеп туралы 13 сипаттама мен 1 жыл ішіндегі спортқа қатысудың
2 жалған айнымалысын бақылауға алған соң ғана 044-ті құрады Тәуел-
сіз айнымалылардың жалпы саны барлық аралық айнымалыны шығарып
тастағанда шамамен 8-ге, сыныптан тыс шаралардың барлық формала-
рын регрессия талдауында қамтығанда шамамен 7-ге артады.
12. Брох спортшының екі жалған бақылауына қатысты қандай да бір болжал-
ды коэффициенттер туралы айтпағанымен, біреуі не екеуі де математика
бағаларының негізгі модельдеуіне (16.4-кестедегі 1-модель) негатив әсер
ететініне жанама дәлелдер бар, себебі қалған екі коэффициент бағалары
позитив (спортшыларға – 230, қиылысу нүктесі үшін 0,005) әрі барлық
студент үшін жалпы әсері нөлге тең болуы керек (стандартталған матема-
тика бойынша бағалардың орташа мәні).
13. Пат-анализді стандартталмаған коэффициенттер көмегімен орындауға
болады.
14. Синглтон мен Вульфсон бағыт моделін талдау үшін AMOS Version 16
(SPSS, Inc., Чикаго, Иллинойс) деп аталатын модель таңдау бағдарлама-
сын пайдаланған. 16.7-сызбадағы модельдің жарамды сәйкестікті қам-
тамасыз ететіні бірнеше индекстен байқалды. Пат-анализбен танысуды
Клайнды (2016: 117–63) оқудан бастаңыз.
15. Рэфтери (2001) әлеуметтану саласындағы 1950–2000 жылдар аралығын-
дағы модельдеудің дамуы туралы тамаша шолу ұсынады. Осы тақырып-
тардың бірсыпырасын Армингер, Клогг және Собельден (1995) табуға
болады.
16. Пуассон, биномдық, гамма, кері гаусс әрі басқа да ықтимал таралымдар-
мен стохастикалық компонентті модельдеудің жолдары туралы ақпарат
үшін МакКаллах, Нелдер (1989) және Джиллді (2001) қараңыз.
МУЛЬТИВАРИАТИВ
726
Он жетінші тарау
Зерттеу есептерін жазу
Бір зерттеуші ғана жүргізген болса да, ғылыми зерттеу қоғамдық қызмет
саналады. Адам адаммен қарым-қатынас жасамай білімге ұмтылып, ғы-
лымға өз үлесін қоса алмайды. Бұл – әр ғылымның тәртібінде бар дүние.
Ғылыми қарым-қатынастың басым бөлігі ауызша өрбиді, бірақ, сайып
келгенде, ғылымның дамуы – жазуға тәуелді. Зерттеушілер жазылған кі-
таптары, мақалалары мен зерттеулері туралы жазбаша есептер көмегі-
мен өз жұмысын зерттейтін, қарастыратын, қолданатын және тарататын
адамдармен байланыс орнатады. Бұл тараудың мақсаты – зерттеушінің
жазу машығын жетілдіру. Біз бұл тарауда зерттеу жұмысын қалай жазу
керегін ғана емес, сонымен қатар зерттеу мен жазуға көмектесетін мате-
риалдарды қалай табуға болатынын қарастырамыз.
Зерттеу есептерінің аудиториясы мен формасы әртүрлі. Кәсіби зерт-
теушінің аудиториясы – көбінесе өз саласындағы әріптестері, ал ақпарат
тасымалдаушысы – ғылыми журналдағы мақала саналады. Зерттеуші
студенттің аудиториясы өз курсы болуы мүмкін, ал ақпарат тасымалдау-
шысы – семинардың ауызша презентациясы не профессор мен курстық
жұмысы болмақ. Әрбір жағдайда зерттеудің негізін қандай сұрақтар құ-
рағанын, қандай әдебиеттермен байланысы барын, зерттеушінің не іс-
тегенін, не тапқанын, қандай қорытынды жасауға болатынын дәл және
нақты жеткізу керек. Осының барлығы орнымен жүзеге асырылса, зерт-
теуші зерттеуден не үйренгенін нақты жеткізіп әрі сырт көз зерттеуге ла-
йықты бағасын бере алады.
Барлық зерттеу қолданыстағы әдебиеттерге негізделеді және зерттеу
есептеріне қазіргі жұмыстың сол әдебиеттермен байланысы көрсетілуі
қажет. Алайда көп студент әлеуметтік зерттеу жүргізу мен зерттеу жұмы-
сын жазудағы талаптарды біле бермейді. Сондықтан зерттеу жазу техни-
касын талқыламас бұрын, осы мәселеге тоқталамыз. Зерттеу идеясы қай-
дан шығады? Тақырып аясы қалай тарылып, алдыңғы зерттеулерге қалай
негізделеді? Жалпы зерттеу қай жерден басталады?
Әдебиеттерді іздеу
Әдебиет іздеуді бастағанда нені зерттегіңіз келетіні туралы жалпы түсінік
болуы керек. Басында тақырыпты тарылтудың қажеті жоқ, дегенмен бұл
кейінірек қажет болады. Бастау үшін қызықтыратын саланы кеңінен білу
жеткілікті, мысалы, «жыныстық рөл», «ақнәсілділер қылмысы», «әлеумет-
тік капитал» немесе «альтруизм». Ақпарат іздеу тақырыпты тарылтуға
727
көп мүмкіндік беретінін түсінесіз. Сонымен зерттеу материалдарын із-
деуді қай жерден бастаған жөн? Осы кітаптың алғашқы басылымы жа-
рық көргеннен бері материалдарды іздеу техникалары түбегейлі өзгерді.
Бұрынғы басылымдарда баспа индекстерін қолдануға баса назар ауда-
рылса, ал кейінгі басылымдарда іздеу мүмкіндігі бар CD-ROM дерекқор-
лары ерекше қолданысқа енді. Баспа индекстері әлі қолданылғанымен,
CD-ROM-ды электрондық деректер қоры алмастырды. Қазіргі уақытта
іздеудің барлық түрі интернетте жүргізіледі.
Интернетті пайдалану
Бірінші тарауда айтылған зерттеу баяндамасына сүйене отырып, волен-
терлікті зерттеуге қызығасыз делік. Осы терминді 2016 жылдың шілдесін-
де Google іздеу жүйесіне жазғанда, 5 млн астам сайттың тізімін таптық.
Мұндай кілт сөздермен іздеу қызығушылығыңызға сай келмейтін ауқым-
ды сілтемелер тізімін шығаруы мүмкін. Дегенмен бұл ой-талқы үшін пай-
далы болуы мүмкін. Көп іздеуде шығатын алғашқы уеб-сайт – танымал
«Уикипедия» сайты, яғни «тегін энциклопедия». Уикипедия тақырып бо-
йынша алдын ала шолу үшін пайдалы болуы мүмкін, бірақ зерттеу есебін-
де сілтеме беруге тұрарлық сенімді дереккөз емес. Уикипедия мен өзге де
онлайн энциклопедиялар – зерттеуді синтездейтін және тақырыптарды
жалпы сипаттайтын үшінші деңгейдегі дереккөздер саналады. Біз волен-
терлік туралы әдебиеттердің (іс жүзінде «волонтерлікке» бағытталған)
толық емес екенін анықтадық; әдебиеттерде сөздің этимологиясы мен
тарихы, сондай-ақ волонтерліктің түрі мен саяси аспектілері талқылан-
ған, бірақ бұл термин әлеуметтік ғылым зерттеулері мен теориясы кон-
тексінде қарастырылмаған.
Google іздеу нәтижелерінің бірінші беті интернеттегі іздеу жүйесінен
табылатын түрлі дереккөзді көрсетті. Олардың соңынан ілескен сілте-
мелер көптеген уеб-сайтты қамтыды, көбі волонтерлердің мүмкінді-
гі туралы ақпарат беретін «жарнамалар» деп аталды. Сонымен қатар
«ServiceLeader.org» сайты мен «e-Volunteerism» және «Volunteer Today» деп
аталатын онлайн-журнал бар. Осы уеб-сайттарға шолу волонтерлермен
жұмыс істейтін, оларды басқаратын немесе жетекшілік ететін адамдар-
ға арналған мақалалар мен сілтемелер бар екенін көрсетті. Бұл ақпарат
сіз үшін қызықты болуы мүмкін, бірақ ол әлеуметтік зерттеуге жатпай-
ды. Мұның орнына сауалнамаға негізделген деректер жиынтығы, өзге де
өңделмеген деректер мен эмпирикалық зерттеу есептеріндей бастапқы
дереккөздерді не кәсіби журналдардағы шолу мақалалар сияқты екінші
реттік дереккөздерді іздестіруге ден қоюыңыз керек.
Интернетте әлеуметтік ғылымдар жайында ақпар беретін көптеген
керемет ресурстар бар. Олар деректер архиві, үкіметтік құжаттар, газет-
тер мен кітапхана каталогтары секілді бастапқы әрі екінші реттік дерек-
көздерін қамтиды. Интернетте әлеуметтік ғылымдар бойынша көп дерек
жиынтығы бар. Әлеуметтік ғылымдар бойынша ең ірі деректер қорының
ЗЕРТТЕУ ЕСЕПТЕРІН ЖАЗУ
728
бірі – «саяси және әлеуметтік зерттеулердің университет аралық консор-
циумының» (Inter-university Consortium for Political and Social Research)
уеб-сайты саналады. Бұл Жалпы әлеуметтік сауалнамаға да (GSS) қатыс-
ты. Ол жерден деректер файлын, кодтар кітабын және жүктеуге не тап-
сырыс беруге болатын өзге құжаттарды таба аласыз. Сондай-ақ санақ
деректерін АҚШ Халық санағы бюросының уеб-сайтынан және көптеген
басқа мемлекеттік органнан ала аласыз. Іс жүзінде АҚШ үкіметінің кез
келген ірі агенттігінде өздері жөнінде және басылымдары туралы толық
ақпарат беретін уеб-сайт бар. Көп газетті интернеттен оқуға болады. Іс
жүзінде барлық кітапхана каталогтарын ғаламтор арқылы қарай аласыз
және дүниежүзіндегі барлық кітапханаларға қолдау көрсететін WorldCat.
org уеб-сайты сізге 200 миллионнан астам кітаптың, журналдың және
өзге де материалдың библиографиялық жазбаларын ұсынады.
Ресурстардың осынау қысқа тізімі интернеттің ауқымы мен пайдасы
орасан зор екенін аңғартады. Кейбір ресурстар кітапханаңызда кезікпеуі
ықтимал (мысалы, мемлекеттік құжаттар); басқаларын интернеттен
таба аласыз (мысалы, қашықтан қарауға болатын кітапхана каталогта-
ры). Алайда интернеттегі ақпараттың жиі өзгеруі және құрылымдалмауы
ақпаратты пайдалану жұмысын қиындатады. Іздеу нәтижелерін де мұ-
қият қарау керек, өйткені авторлық құқық бастауыш сынып оқушылары-
нан бастап мемлекеттік органдар мен саяси мүддені көздеген топтарға
тиесілі болуы мүмкін. Әдетте мемлекеттік сайттар (.gov), колледж немесе
университет сайттары (.edu) жариялаған ақпаратқа ғана сенуге болады.
Бірақ көптеген өзге сайттарға сенім артудың қажеті жоқ. Уеб-сайт сенім-
ділігін анықтау үшін онлайн дереккөздерді бағалау туралы ақпаратты
қамтитын бірсыпыра университет сайттарына жүгіне аласыз. (Тек «уеб-
сайттарды бағалау» бойынша онлайн іздеу жасаңыз). Жалпы, бұл сайттар
бірнеше маңызды мәселені қарастыруды сұрайды. Егер автор көрсетіл-
ген болса, ол туралы ақпарат, сайт табиғаты, оқырмандары мен бағыты
да маңызды. Сайт белгілі бір көзқарасты жақтай ма? Уикипедия сияқты
жалпақ жұртқа арналған сайт па, әлде біз тапқан волонтерлерге арнал-
ған онлайн-журналдар сияқты кәсіби мамандар сайты ма, не әлеуметтік
ғалымдарға арналған сайт па? Егер сілтемелер не әдебиеттер болса, дұ-
рыс-бұрыстығын тексерген абзал. Сіз сайттағы дүниенің жарияланған
күнін және сілтемелердің өзекті екенін тексеруіңіз керек.
Қысқасы, интернет – құнды зерттеу құралы, бірақ ондағы дереккөз-
дерге мұқият болған жөн (Интернет ресурстар туралы қосымша ақпарат
алу үшін 17.1-қосымшаны қараңыз). Әлеуметтік ғылым зерттеулері жа-
рияланған кітаптар мен ғылыми мақалаларды кітапханадан іздеген дұ-
рыс.
Кітапхананы пайдалану
Кітапханадан ақпарат іздемес бұрын қолда бар ресурс түрлерін және
ресурстардың әлеуметтік-ғылыми зерттеу туралы ақпарат түрін білу
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
729
маңызды. Ресурстарды іздеудің екі негізгі нұсқасы – онлайн-каталог пен
электрондық деректер қоры. Кітаптарды кітапхана каталогынан таба
аласыз, бірақ электрондық деректер қоры мақалалар мен кітаптарды, кі-
тап тарауларын, техникалық есептер және өзге де материалдарды іздеуге
мүмкіндік береді.
Каталогтан бастадыңыз дейік. Бір кітапхана каталогына (желіде ауқым-
ды іздеу жүргізу үшін жұлдызшаны қолдана отырып) «волонтер»* сөзін ен-
гізгенде, «Оңтүстіктегі жаһандық волонтерлер туризмі», «Волонтерлерді
басқару жөніндегі оқулық», «Волонтерлік құлдық», «Волонтерлер тақы-
рыбы мен волонтерлер: әлеуметтік профиль» сынды тақырып атауларын
қамтитын 110 атауды таптық. Олардың ішінде Марк А. Музик пен Джон
Уилсон жазған соңғы материал ғана тақырыпқа қатысты сияқты көрінді.
Бұл – 2000 жылдан кейін осындай атаумен жарияланған бірнеше кітаптың
бірі. Осы кітапты тез қарап шыққанда, оның волонтерлік туралы әлеумет-
тік ғылымдар бойынша әдебиеттерге мұқият шолу екені белгілі болды.
Бірақ барлық кітап секілді мұнда соңғы ақпарат жоқ. Сонымен қатар ең
үлкен кітапханаларды есепке алмағанда, барлық кітапханада қолжетімді
кітаптар аз. Материал іздеуді кітапхана каталогынан бастау орынды болға-
нымен де, ол жерден бүкіл материалды табу мүмкін емес.
Музик пен Уилсон кітабының қолданылған әдебиеттер бөліміндегі
сілтемелердің басым бөлігі – әлеуметтік ғылыми әдебиеттердің біршама-
сын табуға болатын кәсіби журналдардағы мақалалар. Бұл әдебиеттерді
іздеу үшін электрондық деректер қорына жүгінеміз. Әдетте кітапханалар
деректер қорын тақырыптар бойынша топтастырады. Сонымен қатар кі-
тапханаларда 13 600 журналды индекстейтін және қысқаша мазмұнын
беретін «Academic Search Premier» сияқты көп салалы деректер қоры бар.
Осы деректер қорынан «волонтер»* сөзін іздегенде 90 мыңнан астам ақ-
парат таптық, бірақ көбісінің волонтерлікке еш қатысы жоқ (мысалы,
«Дені сау ер волонтерлерде жылу стимуляциясынан кейінгі қайталама
гипералгезия аймағы»).
17.1-қосымша. Әлеуметтік зерттеулерге арналған
интернет-ресурстар
Әдебиеттерді іздеуде интернеттің пайдасы шектеулі болса да, бұл –
әлеуметтік зерттеудің құнды құралы. Бұл оқулықтың уеб-сайты бар
(wwwoup.com/us/singleton-approaches). Оқулықта зерттеудің әр кезеңін-
дегі сізге көмектесетін әр тарау үшін уеб-ресурстардың сілтемелері беріл-
ген. Осы сілтемелер арасында төмендегі уеб-сайттар бар:
Федералдық реттеулер кодексі және Ұлттық денсаулық сақтау инс-
титуттарының адамдар қатысуымен зерттеу жүргізу жөніндегі нұс-
қаулықтары (үшінші тарау)
ЗЕРТТЕУ ЕСЕПТЕРІН ЖАЗУ
730
Негізгі әдіснамалық тұжырымдамаларды түсіндіруге арналған мы-
салдар (төртінші тарау)
Анкета дизайны бойынша сұрақ дереккөздері мен оқу құралдары
(оныншы тарау)
Шкаланы құру бойынша нұсқаулық (бесінші тарау)
Іріктеменің тиісті көлемін (алтыншы тарау) және жауап жиілігін
(тоғызыншы тарау) анықтауға арналған калькуляторлар
Сауалнама нәтижелерін бағалау барысында қойылатын сұрақтар
тізімі (тоғызыншы тарау)
Деректерді сапалық талдауға сай оқу материалдары (он бірінші та-
рау)
Әлеуметтік ғылым саласындағы мамандарға арналған қоғамдық
дереккөздер тізімі (он екінші тарау)
Контент-анализ бойынша нұсқаулық (он екінші тарау)
Статистиканы түсінуге арналған интерактивті пакеттер (он бесін-
ші тарау)
Зерттеу жұмыстарын жазуға арналған грамматикалық стиль бо-
йынша нұсқаулық (он жетінші тарау)
Волонтерлік туралы жалпыға ортақ деректер жиынтығы бар. Бірінші
тарауда Қазіргі халық туралы сауалнамаға (CPS) 2002 жылдан бастап әр
қыркүйек сайын волонтерлік бойынша жылдық қосымша қосылатынын
атап өттік. Сонымен қоса, 2002, 2004 және 2014 жылдары GSS-те аль-
труизм тақырыбына арналған модульдер болды. Осы әрі басқа жерлерден
алынған статистика волонтерлік жиілігін және негізгі айнымалылармен
байланысын құжаттауға мүмкіндік береді. Егер бар болса, өңделмеген де-
ректер қайталама талдау жүргізу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Еңбек статистикасы бюросының CPS уеб-сайтына (http://www.bls.gov/
cps/) кіріп, «волонтер»* сөзі бойынша іздестіргенде, CPS-тің волонтерлік
деректері туралы жыл сайынғы волонтерлік туралы жаңалықтар релизінің
сілтемесі шықты: http://www.bls.gov/news.release/pdf/volun.pdf. Біз осы сіл-
теме ізімен CPS статистикасын және демографиялық топтар арасындағы
волонтерлік, волонтерлікке жұмсалған жыл сайынғы сағаттардың жалпы
саны, волонтерлер ұйымының саны мен түрі, сондай-ақ волонтерлік қыз-
метінің негізгі түрлері туралы CPS-тің (2015) кестелерін таптық. CPS не-
месе Санақ бюросының өзге сайттарында өңделмеген деректерге сілтеме-
лер болмаған. Дегенмен бұл деректерді Ұлттық Экономикалық зерттеулер
бюросының немесе Саяси және әлеуметтік зерттеулердің университет-
аралық консорциумы уеб-сайттарынан жүктеп алуға болады. Біз колледж-
дің волонтер студенттері туралы ақпаратты осы мекемелердің уеб-сайты-
нан алғанымызды бірінші тарауда айттық.
Іздеу терминдері сияқты, деректер қорын таңдауды тарылту арқылы
ең жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Sociological Abstracts, SocIndex
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
731
және PsychInfo сынды пәнге негізделген деректер қоры әлеуметтік ғы-
лымдар үшін маңызды. Осылардың біреуі не бірнешеуі колледж не уни-
верситет кітапханаларында болады. Әрқайсысы журнал мен дереккөздің
әртүрлі жиынтығын ұсынады, бірақ волонтерлікке арналған сілтемелер
жиынтығы осы деректер қорында болуға тиіс. Деректер қорының пайда-
сы мен әдебиеттерге шолу жасау үшін оларды қалай пайдалану керекті-
гін көрсету үшін SocIndex-ті қолданамыз.
SocIndex – ең әуелі әлеуметтанудағы және сонымен тығыз байланыс-
ты қылмыстық сот төрелігі, демография, гендерлік зерттеулер мен әлеу-
меттік-мәдени антропология секілді салалардағы журналдың аңдатпа-
лар (мақалалардың қысқаша мазмұны) жинағы. SocIndex-те 1895 жылға
дейінгі ағылшын және 2 700-ден астам шетелдік журналдың аңдатпасы
бар. Журнал мақалалардан бөлек, кітаптар, кітап тараулары, конферен-
ция баяндамалары және диссертациялар сияқты өзге де мерзімдік емес
ақпарат көздерін индекстейді.
SocIndex-тен «волонтер»* сөзін іздегенімізді (2016 жылдың 13 шілде-
сінде) шамамен 14 000 нәтиже шықты. Бұл салыстырмалы түрде алғанда
көп, басқа да тақырыптар бойынша іздеу нөлден мыңға дейінгі нәтиже
шығаруы мүмкін. Нәтиже саны – маңызды ақпарат, өйткені бұл зерттеу
мәселесін анықтауда волонтерлік тақырыбының тым кең екенін көрсете-
ді. Алайда сілтемелер кері хронологиялық ретпен шығады. Әдетте ең соң-
ғы сілтемені оқып, содан кейін кері ретпен қалғандарын қарағыңыз келе-
тіндіктен, бұл ыңғайлы болмақ. Сондай-ақ бастапқы экрандарға қарап,
қандай зерттеулер жүргізіліп жатқанын жылдам көруіңізге, содан кейін
нәтижелерді тарылту үшін іздеуге қосылатын терминді таңдауға болады.
SocIndex сілтемелер тізімін күні не маңыздылығы бойынша сұрыптауға
немесе құжат түрі (мақала, кітап тарауы, конференция баяндамасы т.б.),
дереккөз түрі (академиялық журналдар, кітаптар т.б.) немесе тіл сияқ-
ты арнайы алаңды толтыру арқылы іздеуге болады. Егер сізге тек соңғы
элементтер қажет болса, іздеу жылмен не бірнеше жыл арасымен шек-
телуі мүмкін. Сондай-ақ іздеуді «рецензияланған» журналдармен, яғни
ғылыми қызметкерлер мен зерттеушілер рецензиялайтын журналдармен
шектелуі ықтимал. Бұл ғылыми және танымал басылымдар арасындағы
маңызды айырмашылықты көрсетеді. Сонымен қатар зерттеу тақыры-
бын тарылтуға көмектесетін пайдалы функция – әлеуметтік тезаурустан
тақырыптың атауларына сәйкес элементтерді таңдау. Тізіміміздің эле-
менттері топтастырылған 50 пәннің ішінде «волонтерлер қызметі», «во-
лонтерлер», «әлеуметтік қызметтер» және «қауымдастыққа қатысу» сын-
ды тақырыптарда болды. Сондай-ақ тізімде мақаланы жүктеуге болаты-
ны не болмайтыны міндетті түрде көрсетілуі керек. Содан кейін сіз үшін
қызықты делінген мақалаларды белгілеуге, сақтауға, басып шығаруға не
электрондық поштаға жіберуге мүмкіндік туады.
Сілтемелер қолданылған әдебиеттің бірнеше түрін қамтиды. Волон-
терлік туралы жалпы зерттеулермен және теориясымен танысу үшін
ЗЕРТТЕУ ЕСЕПТЕРІН ЖАЗУ
732
әдебиеттер шолуы мен мета-талдаулар пайдалы. Шын мәнінде, әдебиет-
тер шолуын табу үшін жекелеген «волонтер»* және «шолу» сөздерін теріп
іздей аласыз. Көп мақала эмпирикалық зерттеу есептерінен құралған.
Біреулері жаңа теорияны немесе теориялық синтезді ұсынады, басқала-
ры пікірлерден тұрады. Музик пен Уилсонның кітабын не волонтерлік
туралы шолу мақаласын лезде сүзіп шыққаннан соң, волонтерлік пен әл-
ауқаттың өзара байланысын зерттеймін деп шештіңіз делік. «Волонтер-
лер» мен «әл-ауқат» сөздерін іздеу нәтижесінде 426 элементтің тізімі шы-
ғады; дегенмен ондағы элемент санының көптігі, тақырыптың әлі де тым
кең болуы мүмкін екенін білдіреді. Әрі қарай тізім ішінен таңдау жасау
үшін тақырып атауларын және аңдатпаларды оқуыңыз немесе «егде кі-
сілер» (55 рет), «қамқоршылар» (35) немесе «қартаю» (24) сияқты тақы-
рып атауларын тексере бастауыңыз мүмкін.
SocIndex-те іздеу барысында шыққан алғашқы 10 элементтің барлығы
академиялық журналдарда жарияланған мақалалар. Соның ішіндегі тө-
менде берілген мақала, эмпирикалық зерттеу туралы есеп:
Thoits, Peggy A. 2012. Role-identity salience, purpose and meaning in
life, and wellbeing among volunteers. Social Psychology Quarterly 75(4):
360–84.
Жазба: 1
Атауы: Role-Identity Salience, Purpose and Meaning in Life, and Well-Being
among Volunteers.
Авторлары: Пегги, А. Тойц A.1
Дереккөз: Social Psychology Quarterly. Dec 2012, Vol. 75 Issue 4, p360–384.
25p. 1 Diagram, 5 Charts.
Құжат түрі:
Мақала
Тақырып терминдері:
*ВОЛОНТЕРЛЕР *МАҒЫНАСЫЗДЫҚ
*ПСИХОЛОГИЯ *ӨЗІН қабылдау
*БІРЕГЕЙЛІК (Психология) *ӨМІР сапасы
*ӘЛ-АУҚАТ *ӘЛЕУМЕТТІК қолдау
*ВОЛОНТЕРЛЕР ҚЫЗМЕТІ ЗЕРТТЕУ
*ӘЛЕУМЕТТІК психология ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ аспектілер
*ӘЛЕУМЕТТІК рөл КАРИДИОЛОГИЯ бөліміндегі
науқастарға арналған қызметтер
*ДОСТЫҚ сапар ӘЛЕУМЕТТІК аспектілер
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
733
Автор ұсынған кілт сөздер:
Бірегейліктің маңыздылығы Волонтер жұмысшы
Өмірдің мақсаты мен мәні Әл-ауқат
Рөлдік бірегейлік
Аңдатпа
Теориялық тұрғыдан алғанда, адам үшін рөлдік бірегейлік қаншалықты
маңызды болса, өмірдің мақсаты пен мәнін сезінуге соғұрлым көп көмек-
теседі. Өмірдің мағыналы және мәнді екеніне сену адамның психикалық
және физикалық күйін жақсартады. Бұл гипотезалар жүрегі ауыратын бұ-
рынғы пациенттердің жүрегі ауыратын қазіргі пациенттер мен олардың
отбасыларын көруге Mended Hearts ауруханасына баратын волонтерлердің
рөліне қатысты тексеріледі. Mended Hearts (N = 458) ауруханасына бара-
тындардан алынған сауалнама деректерінің талдауы адамның психикалық
және физикалық денсаулығына өмір мәні мен мағыналығы жағымды әсер
ететінін растайды. Нәтижелер мына үрдіске назар аудартады: волонтер-
лер іс-шараларға неғұрлым көп қатысқан сайын, волонтердің бірегейлігі
соғұрлым маңызды болмақ. Бірегейліктің маңызы артқан сайын, адам өзі-
нің басқа адамдар үшін керек екенін сезінеді, бұл, өз кезегінде, адамның
мақсатын анықтап, өміріне мән-мағына дарытады. Өмір неғұрлым мәнді
және мағыналы болып көрінсе, адамның денсаулығы да соғұрлым жақсы
болады [АҢДАТПА БАСПАГЕРДЕН АЛЫНДЫ].
Social Psychology Quarterly журналының авторлық құқығы Sage
Publications Inc-ке тиесілі және оның мазмұнын көшіруге немесе басқа жер-
ге пошта арқылы жіберуге немесе авторлық құқық иесінің нақты жазбаша
рұқсатынсыз қолдануға болмайды. Алайда пайдаланушылар мақалаларды
басып шығаруға, жүктеуге немесе өзінің жеке электрондық поштасына жі-
бере алады. Бұл аңдатпа қысқартылған болуы мүмкін. Көшірменің дұрыс-
тығына ешқандай кепілдік берілмейді. Пайдаланушылар толық аңдатпа
үшін материалдың бастапқы жарияланған нұсқасына сілтеме жасауы ке-
рек. (Авторлық құқық барлық аңдатпаға қатысты қолданылады).
Автор мына мекемеге мүше:
1
Индиана университеті, Блумингтон, Индиана, АҚШ
ISSN:
0190-2725
DOI:
10.1177/0190272512459662
Қолжеткізу нөмірі:
84343225
ЗЕРТТЕУ ЕСЕПТЕРІН ЖАЗУ
734
Осы жазбаның тұрақты сілтемесі (Тұрақты сілтеме): http://ezproxy.
holycross.edu:2048/login?url=http://search.ebscohost.com/login.aspx?direc
t=true&db=sih&AN=84343225&site=ehost-live
Кесу және қою:
<A href=«http://ezproxy.holycross.edu:2048/login?url=http://search.
ebscohost.com/login.asp x?direct=true&db=sih&AN=84343225&site=eho
st-live»>Role-Identity Salience, Purpose and Meaning in Life, and Well-Being
among Volunteers.</A>
Деректер қоры: SocINDEX толық мәтінмен
17.1-сызба. SocIndex-ке сілтеме. 2016 жылы 13 шілдеде жүктелген
Мақала тақырыбына басқаннан кейін 17.1-сызбада көрсетілгендей
мақаланың аңдатпасы мен өзге де егжей-тегжейлі ақпарат шығады. Осы
беттен жұмысты жалғастыру үшін автор немесе тақырыптық термин-
дердің бірі арқылы мақалаларды іздей аласыз. Сонымен қатар осы бет-
те аңдатпамен бірге сілтеме жасалған 69 пайдаланған әдебиет (SocIndex
деректер қорына кіретін сілтемелермен) және осы мақалада сілтеме жа-
салған (17.1-сызбада көрсетілмеген) деректер қорындағы 6 пайдаланған
әдебиет бар. Бұл сілтемелер тізімі пайдалы ақпарат болады, өйткені олар
ұсынылған зерттеудің маңыздылығын көрсетуі мүмкін. Сондай-ақ олар
пайдаланушыларға әдебиеттерге қатысты қосымша мақалалар мен кі-
таптарды қарастыруға мүмкіндік береді. Осы нұсқауларды басшылыққа
ала отырып, тез арада әдебиеттерге қол жеткізіп, тақырыпты қалай та-
рылтуға болатыны туралы ойлана аласыз. Сонымен жұмыстың барысына
қарай жазбалар тізімін белгілеп, жинақтауға болады. Іздеуді сақтай оты-
рып, дерекқорды (SocIndex) жаңартқаннан кейін іздеуді қайта қосу және
қайталау арқылы сілтемелер тізімін жаңарта аласыз.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Әлеуметтік ғылымдарға қатысты әдебиеттің негізгі бөлігін кәсіби журналдан табуға
болады. Бұл әдебиеттерді іздеудің ең жақсы тәсілі кітапхананың онлайн деректер
қорын пайдалану.
Жоспарлау және жазуға дайындалу
Бұл тарауда біз зерттеу есебінің соңғы нұсқасына назар аударсақ та, жазу
бүкіл зерттеу үрдісінде жүреді. Зерттеушілер әдебиеттерді шолу кезінде
ескертпелер жазады және зерттеу сұрағын тұжырымдап, осы сұраққа
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
735
жауап іздеу үшін зерттеу дизайнын жасағаннан кейін зерттеу ұсынысын
жазады. Сізден зерттеуді жүргізу үшін оқытушының немесе диссертация
жетекшісінің мақұлдауын алу үшін ұсыныс жазу сұралуы мүмкін немесе
зерттеуіңізді қолдау үшін қаражат сұрау туралы ұсыныс жібере аласыз.
Ұсыныс – зерттеушінің тақырыпты қалай қарастыратыны туралы жаз-
баша түсініктеме. Ұсыныс жоспарының алғашқы үш бөлімі зерттеу есебі-
нікіне ұқсас болады: кіріспе, әдебиетке шолу, зерттеу сұрағын қарастыру
үшін қолданылатын әдістер мен деректердің сипаттамасы. Мұны біз тө-
менде толық талқылаймыз. Ұсыныстың зерттеу есебінен айырмашылы-
ғы – зерттеушінің не істегенін емес, не істеуді жоспарлап отырғанын сипат-
тайды. Сонымен қатар зерттеу ұсынысындағы бөлімдер әдетте зерттеу есе-
бінің соңғы нұсқасындағы бөлімдерге қарағанда қысқа болады. Іс жүзінде
қаржы институттары әдетте сөз немесе бет санына шектеу қояды.
Зерттеуге дайындық кезінде ұсынысыңызды институттық шолу ал-
қасына жіберу қажет болуы мүмкін. Бұл әдетте сіз ұсынған зерттеудің
мақсаты мен әдісін сипаттап, қатысушылардың құқықтары қалай қор-
ғалатынын көрсетуді талап ететін форманы толтыруды қажет етеді. Әр
мекеменің талабы әртүрлі болса да, үшінші тарауда жауап беруге тура ке-
летін бірқатар мәселе көрсетілген. Бұл зерттеудің ықтимал қауіптері мен
артықшылықтарын, сондай-ақ келісімге негізделген ақпарат алуға, құ-
пиялылықты және деректерді қорғауға арналған қадамдарды қамтиды.
Жазуды бастамас бұрын, зерттеу есебін жалпы ұйымдастыру туралы
түсінігіңіз болуы керек. Мақаланы эмпирикалық зерттеулер туралы ма-
қалаларда жиі кездесетін төмендегі бөлімдер бойынша ұйымдастыратын
жоспар жазуды ұсынамыз.
Зерттелетін мәселе туралы түсіндірмені қамтитын кіріспе бөлімі
Мәселені түйіндеп, тиісті теория мен зерттеу контексіне орналас-
тыратын әдебиеттерге шолу бөлімі.
Зерттеудің қайтадан жасалуы үшін жеткілікті түрде егжей-тегжей-
лі жасалғандығын көрсететін зерттеудің дизайны мен орындалуы
туралы бөлім
Талдау әдісі мен зерттеудің нақты нәтижелерін анықтайтын дерек-
терді талдау мен нәтижелерді ұсыну бөлімі
Алынған нәтижелерді кеңінен түсіндіруді ұсынатын нәтижелерді
талқылау бөлімі
Осы негізгі бөлімдердің әрқайсысында қосалқы тақырыптар мен ма-
ңызды мәселелерді жазуыңыз керек. Зерттеуді жоспарлаудың көбінесе
жаңа идеяларды қабылдап, бір нүктеден екінші нүктеге апаратын өтпе-
лі тақырыптардың қажеттілігіне жетелейтінін түсінесіз. Жоспарды ег-
жей-тегжейлі жазу кезінде мына сұрақтарды үнемі қоюыңыз керек: Бір
нүктеден екінші нүктеге қисынға салып қалай өте аламын? Жоспардың
ұйымдастырылуы дұрыс па? Маңызды нәрсеге назар аудармадым ба?
ЗЕРТТЕУ ЕСЕПТЕРІН ЖАЗУ
736
Көлемі 15-тен 20 бетке дейінгі зерттеу есебі үшін кемінде бір интервалды
1 немесе 2 бет жоспар жазу қажет.
Жоспарды жазғаннан кейін зерттеу есебін бастауға дайын боласыз.
Бұл кезеңде аудиторияның білім деңгейі мен қызығушылығын түсіну өте
маңызды. Бұл зерттеуіңізді пайдаланатындармен «сөйлесуіңіз» керек де-
генді білдірмейді. Бірақ зерттеуіңізді кім оқитынын есіңізде ұстауыңыз
керек. Зерттеу саласымен таныс әлеуметтік ғылым оқырмандары үшін
зерттеу есебі техникалық тілді, алдыңғы зерттеулердің қысқаша мазмұ-
нын және әдістер мен нәтижелердің егжей-тегжейлі түсіндірмесін қам-
туы мүмкін. Қарапайым оқырмандар үшін зерттеу есебінен техникалық
терминдерді алып тастау, зерттеу тарихы туралы жан-жақты түсіндірме
және әдістер мен нәтижелер туралы жалпы түсінік берілуі керек. Зерт-
теуде әдістер туралы тым аз ақпарат беру және техникалық терминдерді
шектен тыс қолдану кең тараған қателік. Студенттерге зерттеу жұмысын
зиялы және білімді қатарластарына арнап жазуды кеңес береміз.
Зерттеуші ретінде зерттеудің не үшін жүргізілгенін, алдыңғы зерттеу-
лермен байланысы қалай екенін; дизайнын жасау, қолдану және өлшеу
жөнінде қандай шешімдер қабылданғанын өзіңіз ғана толық білесіз. Ең
бастысы, осы мәселелерді мүмкіндігінше дәл және нақты жеткізу керек.
Кез келген жазба сияқты зерттеу жұмысы грамматиканы, тыныс белгіле-
рі мен стильді талап етеді. Қысқа және нақты болу, қажетсіз жаргондар-
дан аулақ болу, ойды нақтылау үшін мысалдар келтіру және тағы басқа
принциптер жазудың кез келген түрінде қолданылады.
Сонымен қатар зерттеу ұсынысының немесе есебінің драфт нұсқасын
жазуға қатысты тағы да үш кеңесіміз бар:
1. Ережесіз жазу арқылы, яғни грамматика мен тыныс белгілерін ес-
керместен және жазбаларыңызға, деректеріңізге немесе басқа ақ-
паратқа сілтеме жасамай, өз ойларыңызды тез жазу арқылы «шы-
ғармашылық тоқырауы» деп аталатын нәрседен аулақ болыңыз.
Тәжірибелі жазушы ретінде жазудың қаншалықты қиын екенін бі-
леміз. Компьютер экранындағы бос бетке қараған кезде ойымызға
еш нәрсе келмейді. Әлеуметтанушы Ховард Беккер (2007) – ереже-
сіз жазуды жақтаушылардың бірі. Студенттері жазу кезінде қиын-
шылыққа тап болғанда, ол жай ғана отырып, жазбаларға, кітап-
тарға, деректерге немесе басқа да көмекші құралдарға қарамай,
ойына келген барлық нәрсені жазуға кеңес берді. Ережесіз жазу
дегеніміз – грамматика, орфография және т.б. туралы ойламай,
қысқа уақыттың ішінде мүмкіндігінше тез жазу. Ережесіз жазуда
тақырыптар еркін таңдалса да, Беккер зерттеу тақырыбына назар
аударуды ұсынады. Біз оның бұл пкірімен толықтай келісеміз.
2. Бірінші тармаққа байланыстыра отырып, алғашқы зерттеу жұ-
мысыңызды соңғы нұсқа емес «драфт» нұсқа деп қарастырыңыз.
Уақыттың жетпеуіне және басқа да шектеулерге байланысты
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
737
студенттер жазу ісіне бір рет қана жауап бере алатын сынақ ретінде
қарайды (H.S. Becker, 2007). Кәсіби мамандардың барлығы зерттеу
жұмысының бірнеше драфт нұсқасын жазады. Олар бірінші драфт
нұсқаның зерттеу жұмысының соңғы нұсқасы емес екенін біледі.
Олар жазуға ой жүгіртудің бір формасы ретінде қарайды, өйткені
алғашқы драфт нұсқаларда қате және үйлеспейтін жерлер болады.
Беккердің айтуынша, «драфт нұсқа сізге не істеу керектігін көрсе-
теді»; қайта жазу және редакциялау «сізге түзетуге мүмкіндік бере-
ді» (17) (Төменде қайта жазу туралы толығырақ айтамыз).
3. Сабақты етістікпен жазыңыз. Мәтін жазуда ырықсыз етістіктің
орына сабақты етістікті қолдана отырып жазуға кеңес беріледі.
Беккердің пікірінше, бұл тәжірибе әлеуметтанушылар үшін өте ма-
ңызды. Оның себебі мынадай:
Сабақты етістіктер әрдайым бір нәрсені кім істегенін атауға
мәжбүр етеді. Біз бір істің өздігінен болатыны туралы ойлаймыз.
Ырықсыз етістікте бір нәрсе өздігінен жүзеге асады. Бірақ біз
күнделікті өмірде кез келген нәрсені адам істейтінін білеміз. Са-
бақты етістіктер біздің әлеуметтік өмір туралы идеяларымызды
түсінікті және сенуге болатындай етеді. «Қылмыскер сотталды»
деген сөйлемде қылмыскерді соттаған судья аталмайды және
осылайша қылмыскердің тағдырын адамдар емес, адамнан тыс
жатқан күш иелері шешкен сияқты көрінеді (79–80).
Осы айтылғандарды ескере отырып, жоғарыда ұсынылған тақырып-
тық жоспарды егжей-тегжейлі қарастырайық. Мұның көп жоспардың бір
нұсқасы ғана екенін атап өткен жөн. Бұл эксперименттер мен сауална-
маны қамтитын түсіндірме зерттеулерге және барлау, дескриптив зерт-
теулерге, әсіресе далалық зерттеулерге қатысты. Сонымен қатар зерттеу
жұмысының көлемі, тақырыбы, мақсаты және аудиториясы жұмыстың
жоспарын ұйымдастыруға және әзірлеуге әсер етуі мүмкін. Мақалада
зерттеуге байланысты өлшеуге, іріктеуге немесе басқа нәрсеге басымдық
берілуі мүмкін. Әрбір зерттеу жұмысына арналған дайын жоспар болмай-
ды. Ең бастысы – жоспар іске жарап, жазуды жеңілдетуі керек.
Негізгі тақырып атаулары
Әлеуметтік ғылымдардағы көптеген кәсіби журналдар соңғы зерттеулер
туралы жазады. Әдебиеттерді шолу кезінде табылған журналдар зерттеу
есебіне үлгі болады. Бұл үлгі зерттеу саласына қарай өзгереді, бірақ тө-
менде келтірілген немесе соған ұқсас компоненттерден тұрады.
Аңдатпа
Жалпы аңдатпа – ғылыми мақаланың бірінші бөлімі. Зерттеу аяқтал-
ғаннан кейін жазылған зерттеу жұмысының қысқа нұсқасы. Аңдатпада
зерттеу жұмысындағы барлық үрдіс айтылмайды (мысалы, «әдебиеттерді
ЗЕРТТЕУ ЕСЕПТЕРІН ЖАЗУ
738
қарап шыққаннан кейін біз гипотезаны тұжырымдап, сынап көрдік» де-
гендей), зерттеу сұрағы немесе гипотезасы, әдістері мен негізгі нәтиже-
лері қысқаша сипатталады. Олар рет-ретімен жазылады. Аңдатпада зерт-
теу есебіндегі сөздер қолданылады және толық аяқталған зерттеу есебі-
нен алынған сөйлемдер бір жерде жүйеленіп топтастырылады.
Аңдатпалар көбіне жарты беттен аспайды. 150–200 сөзден тұрады.
Аңдатпаның мақсаты – оқырманды мақаланы толық оқуға қызықтырып,
ынталандыру. Осыны есте ұстау қысқа аңдатпа жазуға көмектеседі. Ав-
торлар зерттеумен таныс болмаса және оның пайдалылығын бағалағысы
келсе, аңдатпада тек өздері білгісі келетін ақпаратты қамтуы керек. Зерт-
теу есебі атауының мақсаты да көп жағдайда осыған ұқсас. Аңдатпаның
аңдатпасы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Кіріспе
Бұл бөлімде мақаланың қалған бөлігі туралы айтылады. Марк Эдвардс-
тың айтуынша (2012: 43), «Неге қызығушылық танытуым керек?» деген
сұраққа жауап бере отырып, оқырманның назарын аударуға тырысасыз.
Осы сұраққа жауап беру үшін мақалада көтерілген мәселені нақтылап,
неліктен қызығушылық тудыратынын және маңызы неде екенін көрсе-
туіңіз қажет. Мәселені зерттеудің теориялық контексімен қысқаша бай-
ланыстырып немесе мәселенің әлеуметтік, практикалық маңыздылығы-
на назар аудартып, жалпы қызығушылығы мен маңыздылығын көрсетуге
болады. Мысалы, Брюс Стрэйтс (1985) «Неке және отбасы» журналында
(Journal of Marriage and the Family) жарияланған мақаласын (жетінші та-
рауды қараңыз) бала туу жоспарына әсер ететін әтүрлі факторға басым-
дық беретін АҚШ-тағы туудың төмен деңгейіне қатысты қазіргі теория-
лық түсіндірмелерді қысқаша сипаттай отырып бастайды. Ол зерттеу
мақсаты университеттегі жас әйелдердің арасында осы факторлардың
салыстырмалы маңыздылығын анықтау екенін айтады.
Уильям Бэйли және Рут Петерсон (1989: 722) «Америкалық әлеумет-
тануға шолу» журналындағы (American Sociological Review) жариялылық
пен кісі өлтіру туралы мақаласының кіріспесінде (он екінші тарауды қа-
раңыз) бұл мәселенің әлеуметтік маңыздылығын атап көрсетеді. Олар
кіріспе бөлімін «Батыстың кісі өлтіру қылмысы үшін өлім жазасын қолда-
натын жалғыз елі – АҚШ» және «өлім жазасы 50 штаттың 37-інде рұқсат
етілген» деп бастайды. «Соттар өлім жазасы, егер ол тиісті түрде қолда-
нылса, конституцияға сәйкес деп шешті» деп жалғастырады. Сонымен
қатар 34 штатта «1970 жылдардың ортасынан бастап адамдар өлім жаза-
сына кесілді», ал 1988 жылы 2 000-нан астам адам өлімге кесілгендер ка-
мерасыда отырды; «1980 жылдары жыл сайынғы өлім саны тұрақты түр-
де өсті», осылайша 106 адам өлім жазасына кесілді. Бэйли мен Петерсон
мәселенің әлеуметтік маңыздылығын анықтағаннан кейін, өлім жазасын
қолдайтын эмпирикалық түрде дәлелдеуге болатын аргументке назар ау-
дартады: «өлім жазасы кісі өлтіруші қылмыскерлерді қорқытады». Кіріспе
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
739
бөлімінде «кедергі келтірудің маңызы және өлім жазасы мәселесі: АҚШ-
тағы адам өлтіру қылмысына қатысты өлім жазасының жариялы болуы-
ның әсеріндегі (1940–1986) қарастырылатыны» айтылады.
Кіріспе зерттеу есебіндегі жазуға ең қиын бөлім болуы мүмкін. Шын
мәнінде, осы кітапта әр тарау туралы ақпарат беру қиындық туғызды.
Мұндай жағдайларда Г.С. Беккердің аспирантурада оқып жүрген кезінде
алған ақыл-кеңесіне жүгіндік. Зерттеу есебін толық аяқтағаннан кейін,
ең соңында кіріспе бөлімін жазыңыз. Зерттеу есебін жазуды бастағанда
нақты не жазатыныңызды толық білмейсіз. Сондықтан мақаланы толық
аяқтағаннан кейін кіріспе бөлімі оңай әрі сәтті жазылады.
Әдебиетке шолу
Әдебиетке шолу бөлімінде зерттеудің теориялық мазмұнын және басқа-
лардың қалай зерттегенін анық көрсету керек. Мақсат – зерттеудің бас-
ты теориялық және әдіснамалық негіздемесін ұсыну үрдісінде тиісті әде-
биеттерге сілтеме жасау. Бұл осы мәселе бойынша жүргізілген кез келген
зерттеу туралы хабарлауға немесе қажетсіз деректерді ұсынуға тырысу-
дың орнына негізгі зерттеулерге сілтеме жасау мен негізгі нәтижелерге
баса назар аударуды білдіреді.
Нақты гипотезаларды сынауға арналған зерттеулерде осы бөлімнің
мақсаты гипотезалардың теориядан немесе алдыңғы зерттеулерден қа-
лай туындағанын көрсету болуы керек. Бұл мүмкін болмаған жағдайда
(мысалы, гипотеза күнделікті бақылаулар мен тәжірибелерге негіздел-
гендіктен), алдыңғы зерттеулер мен теориялар үшін зерттеудің маңыз-
дылығын, кем дегенде, қазіргі дәлелдерге қалай қайшы келетінін неме-
се ғылымға қандай үлес қосатынын көрсету керек. Шынында да, нақты
тұжырымдалған гипотезалар болмаса немесе зерттеу негізінен дескрип-
тивті, түсіндірме болса, зерттеуді белгілі бір теориялық контекспен бай-
ланыстыру орынды.
Соңында әсіресе әдебиетке ұзақ шолу жасалған бөлімді (1) гипотеза-
ларды қысқаша қайталау, (2) теориялық модельді сызбамен көрсету және
(3) зерттеудің қысқаша мазмұнын жазумен аяқтаған абзал.
Әдістер
Бұл бөлімде сіз зерттеуді басқалардың қайталауына мүмкіндік ашатын
жеткілікті ақпарат бере отырып, зерттеудің қалай жүргізілгенін нақты
және мұқият көрсетуіңіз керек. Келесі қосымша бөлімдер осы мақсатқа
жетуге көмектеседі.
Дизайн
Алдымен сіз қандай зерттеу түрін жүргізгеніңізді айтуыңыз керек: экс-
перимент, сауалнама, далалық зерттеу немесе қолданыстағы деректер-
ді талдау. Бұл тәсіл шешілуге тиіс бастапқы дизайн мен процедуралық
ЗЕРТТЕУ ЕСЕПТЕРІН ЖАЗУ
740
мәселелерді анықтайды: (1) эксперимент жағдайында негізгі мәселелер
эксперименттік дизайн түрін және оны жүзеге асыру процедураларын;
(2) сауалнамада, сауалнама түрін және іріктеуді жобалауды; (3) дала-
лық зерттеуде, зерттеу ортасының сипаты және зерттеушінің инфор-
манттармен қарым-қатынасын; (4) деректерді қолданатын зерттеуде
дереккөздерін және олардың толық болуын қамтиды.
Субъектілер
Бұл бөлімде зерттеуге кімнің қатысқаны, қанша жағдай іріктелгені, қа-
лай таңдалғаны және кімді, нені репрезентациялайтыны анық көрсетілуі
керек. Іріктеу процедуралары, сондай-ақ іріктеме деректерінің шектеуле-
рі талқылануы қажет.
Өлшем
Мұнда операционал анықтамалар сипатталады. Қандай тәсіл қолданыл-
ғанына қарамастан, бақылауыңызды айнымалылар мен ұғымдарға қалай
айналдырғаныңызды нақтылауыңыз керек. Өлшем экспериментте тәуел-
сіз айнымалыны басқару және тәуелді айнымалыны өлшеу процедурала-
рын анықтауды білдіреді. Сауалнамада теориялық модельдегі әр айны-
малының өлшемі ретінде қойылған нақты сұрақтарды қамтуы керек. Ал
далалық зерттеуде жүргізілген бақылау түрлерін, қажет болса, құжаттар
мен егжей-тегжейлі сұхбат сияқты басқа ақпарат көздерін ұмытпау керек
дегенді білдіреді. Көлемді зерттеу есептерінде толтырылған анкетаның
көшірмесі немесе жеке сұхбаттың транскриптісі сияқты материалдардың
кейбіреулерін қамтитын қосымшалар болуы мүмкін.
Процедуралар
Іріктеу мен өлшеуді сипаттау бөлігін қамтуы ықтимал бөлімде зерттеу
жүргізудегі әртүрлі кезеңдердің қысқаша мазмұны жазылады. Бұл әсіресе
эксперимент немесе далалық зерттеу үшін өте маңызды. Эксперимент-
тер субъектінің көзқарасы тұрғысынан зерттеудің әр кезеңіне қатысты
сипаттамасын қамтуы керек. Далалық зерттеушілер зерттеудің хроноло-
гиялық түсіндірмесін беруі қажет. Зерттеу ортасын қалай таңдағанын,
информанттармен қалай танысқанын және қалай қарым-қатынас ор-
натқанын, сондай-ақ зерттеу ортасында қанша уақыт болғанын жазады.
Шын мәнінде, далалық зерттеушінің зерттеу есебі көбіне әдіснамалық
мәселелерді талқылаудан басталатын зерттеушінің немесе информант-
тың көзқарасынан туындайтын нарративке негізделеді.
Нәтижелер
Зерттеу жұмысының өзегі – барлық зерттеу есебі біріктірілетін нәтиже-
лер бөлімі. Дәл осы бөлімде зерттеудің негізінде жатқан мәселелерге,
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
741
сұрақтарға немесе гипотезаларға жауаптар беріледі. Алайда зерттеуші
негізгі нәтижелерді ұсынбас бұрын, әдістер бөлімінде көрсетілмеген се-
німділік пен жарамдылыққа қатысты қандай да бір дәлел ұсынуы керек.
Мысалы, нәтижелер бөлімінің басында, әдетте манипуляцияны тексеру
нәтижелерін, сауалнама жауаптарының коэффициентін және өлшеудің
сенімділігі мен жарамдылығын көрсетуге болады. Содан кейін деректер-
ге статистикалық талдаудың қандай түрін қолданғанын сипатталуы ке-
рек. Қолданылған статистикалық талдаудың түрін нақты көрсету керек
(мысалы, «дисперсияны үш жақты талдау», «жұпталған t-тесттер», «қа-
рапайым квадраттардың регрессиясы») және статистикалық әдістердің
сипаттамасына немесе талдау үшін қолданылатын компьютерлік бағдар-
ламалық жасақтамаға сілтемелер берілуі керек.
Сандық талдауда зерттеушілер көбіне нәтижелерді жеңіл көрсету үшін
кестелер, диаграммалар және графиктерді қолданады. Осыған қатысты
бірнеше кеңесіміз бар:
1. Үлкен көлемдегі ақпаратты түйіндеу үшін кестелер мен сызбалар-
ды үнемді пайдаланыңыз. Әдетте зерттеушілер жұмыс барасында
зерттеу есебінде ұсынылғаннан гөрі әлдеқайда көп кесте жасайды.
Бұл аралық кестелер зерттеушіге талдау барысын анықтауға кө-
мектеседі, бірақ көбіне есеп мәтінінде көрсетілуі мүмкін жеке фак-
тілерді қамтиды.
2. Осы бөлімді негізгі гипотезалар мен нәтижелер не теориялық сұ-
рақтар айналасында ұйымдастырыңыз. Егер зерттеуде бір негізгі
гипотеза болса, онда нәтижелерді түйіндеу үшін бір кесте жеткілік-
ті болуы мүмкін.
3. Деректерді зерттеу мәселесі немесе гипотеза тұрғысынан талқыла-
ңыз. Деректерді өз алдына, айнымалылар немесе кестедегі сандар
тұрғысынан талқыламаңыз. Басқа сөзбен айтқанда, деректі аргу-
ментпен байланыстырыңыз және түсіндіруге көмектесуі үшін де-
рек пен кестені қолданыңыз.
Бұл соңғы тармақ «сапалық» зерттеулерге де қатысты. Сапалық әдісті
қолданған зерттеулердегі деректер әдетте сандардан емес, дәйексөздер,
нақты бақылаулар және тарихи оқиғалардан құралады. Дегенмен дерек-
тер дәл сандық зерттеулердегідей қолданылуы керек. Деректер зерттеу
есебінің тезисі айналасында жүйеленіп, аргументтерді қолдауы керек.
Талқылау
Бұл бөлім қысқаша түйіндемемен басталуы немесе аяқталуы мүмкін. Тү-
йіндеме зерттеудің маңызды тұстарын қарастыратын абстрактіге ұқсай-
ды. Ол әсіресе мақала көлемді немесе күрделі болған жағдайда пайдалы.
Бұл бөлімде айтылған нәрсені қайталамауға тырысу керек. Мақаланың
алдыңғы бөлімдеріндегі сөйлемдерді қайталудың орнына негізгі мәселе
мен нәтижелерді жазыңыз.
ЗЕРТТЕУ ЕСЕПТЕРІН ЖАЗУ
742
Дегенмен талқылау бөлімінің мақсаты мұнымен шектелмейді. Бірін-
шіден, зерттеудің кемшіліктерін айтуға мүмкіндік береді. Кемшілік дерек
алынған нәтижелерден жалпылама тұжырым жасауға мүмкіндік бермей-
тін негізгі жиынтықтан туындауы мүмкін. Осындай шектеулерді атап
көрсету оқырманның керегінен артық нәрсені алмауына мүмкіндік бере-
ді. Екіншіден, бұл қайшылықты көрсетуге, ауытқуларды түсіндіруге және
зерттеу дизайнын жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар талқы-
лау бөлімі авторға бүкіл жобаны анағұрлым кең перспективтен қарауға,
зерттеудің теориялық және практикалық салдарын атап өтуге және алда-
ғы жұмыстарды талқылауға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Мақаланың соңында библиографиялық көрсеткіштер жазылады. Әдетте
зерттеу есебінің негізгі бөлігінде сілтеме жасалған әдебиеттер тізімі ғана
көрсетілсе де, зерттеуді дамытуға мүмкіндік берген, бірақ сілтеме жасал-
маған әдебиеттерді де қосуға болады. Сілтеме форматы әр пәнде әртүрлі
келеді. Осы кітапта Чикаго университеті баспасының «Чикаго стилі» қол-
данылады.
Редакциялау және өзге де дүниелер
Жоғарыда айтылғандай, көп студент алғашқы зерттеудің бірінші драф-
тын бірнеше нұсқаның бірі ретінде қарастыруда қателіктер жібереді. Ал
кәсіби мамандардың көпшілігі алғашқы драфты толық аяқталған зерт-
теу жұмысын өңдеуге және жақсартуға арналған бірқатар нұсқаның бірі
деп санайды. Алғашқы драфт нұсқаның мақсаты – автордың идеяларын,
ойлары мен фактілерді қолдануға болатын бір пішімге келтіру. Алғаш-
қы драфт нұсқадан кейін тағы да қанша нұсқа жазылатынын нақты айта
алмаймыз, дегенмен көптеген нұсқаның жобасы болмаған мінсіз есепті
елестету қиын. Мінсіз жазу үшін әр детальға назар аударуға тура келеді.
Бұл әр сөз бен сөйлемге байыппен қарауды білдіреді. Ал бұл бәрін басы-
нан аяғына дейін қайта жазу керек деген сөз.
Көп адам үшін мақаланы қайта қараудың ең жақсы кезі – жұмысқа бі-
раз үзілістен кейін оралу. Соңғы сағаттарға дейін, ақырғы күнге дейін жү-
ріп жазатын автордан жақсы мақала шықпайды. Авторлардың өз жұмы-
сының сапасы туралы пікірлері жазуға қанша күш жұмсағанына байла-
нысты өзгеруі мүмкін. Өткен уақыт байқалмаған мәселені шешуге жаңа
көзқарас пен жаңа күш-қуат береді. Мақаланың көп жерін қысқартып,
қайта қосуыңыз мүмкін. Бұл жұмыс әдетте түсініксіз нәрсені қайта қарау,
қажетсіз нәрселерді алып тастау және кем-кетігін толықтырудан тұрады.
Мәтін өңдеу технологиясы қайта қарау ісін әлдеқайда жеңілдетеді.
Ақырында, зерттеу есебін сәтті аяқтау үшін жұмыстың драфт нұсқа-
сын сын-пікір айта алатын адамға көрсету керек. Зерттеу жұмысын жазып
жатқан студенттердің көбінде уақыттың шектеулі болуына байланысты
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
743
мұндай мүмкіндік жоқ екенін білеміз. Бірақ жазған жұмысыңыздың қан-
дай болғанын білудің ең жақсы жолы – сын-пікір білдіре алатын адамға
оқыту. Кәсіби мамандар мұны біледі және көбінесе айналасында өз жұ-
мысын оқитын адамдармен достық қарым-қатынас орнатады. Студент-
терге де солай істеуге кеңес береміз.
ТІРЕК ТҰЖЫРЫМДАР
Мінсіз жазудың тәсілі – зерттеу жұмысының бірнеше драфт нұсқасын қайта қарау
және өңдеу.
Көлемі
Студенттердің зерттеу жұмыстарына қатысты жиі қойылатын сұрақ:
«Зерттеу жұмысының көлемі қандай болуы керек?» Мұндай сұраққа бе-
рілетін тиісті, бірақ әдетте, жеткіліксіз жауап: «қажет мөлшеріне дейін
жазу керек». Көп студент зерттеу жұмысы үшін талап етілетін көлемге аса
мән бермей, көбіне бірнеше елеулі қателікке бой алдырады. Екінші жағы-
нан кей студенттер зерттеу жұмысының көлемі қаншалықты көп болса,
соншалықты жақсы деп ойлайды. Сілтемені шамадан тыс пайдалану ар-
қылы зерттеу жұмысын «толтыру» әдістері, өз сөзімен қайта жазу арқы-
лы дәйексөзді шамадан тыс қолдану, аудиторияны таңдандыру үшін тер-
миндер мен жаргонға сүйену – тәжірибелі оқырмандар жиі кездестіретін
қателіктер. Джеффри Кейзер, Кеннет Кук және Уэйн Кроуч (1998: 41)
осындай жаңылыстырушы әдістерді қолдануды «оқырманды таңданды-
ру» тәсілі деп атайды және ол идеяны тиімді жеткізуді жеңілдетуден гөрі
оқырманның ойын бөледі деп тұжырымдайды. Идеяны тиімді жеткізу –
зерттеу процесінің өзегі.
Плагиатқа жол бермеу
Үшінші тарауда қысқаша айтылған заңсыз ғылыми әрекеттің бір түрі –
плагиат. АҚШ денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету департа-
ментінің пікірі бойынша, плагиат дегеніміз – «басқа адамның идеяларын,
процестерін, нәтижелерін немесе сөздерін оған сілтеме жасамай ием-
дену» (Steneck, 2007: 21). Плагиаттың кез келген түрі, қасақана немесе
кездейсоқ болсын, заңсыз әрекет, көбінесе жаза қолданылатын қылмыс
болып табылады. Зерттеу есебіңізді жазған кезде келтірілген идеялардың
көзі болған барлық жұмысқа сілтеме жасағаныңыз жөн.
Леонард Розен және Лоренс Беренстің пікірінше, (1992: 582) плагиат
көбіне қасақана жасалмайды. Авторлардың мұқият болмауынан немесе
дәйексөздер мен сілтемелерді қолдануды білмеуінен туындайды. Олар қа-
сақана жасалмайтын плагиаттан аулақ болу үшін екі жалпы ереже ұсынды.
ЗЕРТТЕУ ЕСЕПТЕРІН ЖАЗУ
744
Біріншіден, «сіз басқа автордың сөзін қолданған кезде тырнақшаға алы-
ңыз және дереккөзге тиісті түрде сілтеме жасаңыз». Дереккөзге сілтеме
жасау – сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді немесе үзінділерді түпнұсқадан шы-
ғарып, мәтінге енгізу. Сілтеме жасалған материал тырнақшаға алынуы
керек немесе тым ұзын (ASA стилі нұсқаулығына сәйкес 40 сөзден артық)
болса, мәтіннің ішінде бөлек ерекшеленіп жазылуы керек. Екіншіден,
«басқа авторлардың идеяларын өз сөзіңізбен қайта жазған кезде немесе
түйіндеген кезде, барлық сөз тіркесті, түпнұсқаға ұқсас сөз немесе сөй-
лем құрылымын қолданбаңыз» және «өз сөзіңізбен қайта жазылған неме-
се түйіндеген материалдың дереккөзін міндетті түрде көрсетіңіз». Түйін-
деу – түпнұсқа мәтінді бір немесе екі сөйлеммен өз сөзіңізбен жазу; өз-
гертіп жазу – түпнұсқа сөйлемнің негізгі идеясын сақтай отырып, өз сө-
зіңізбен жазу. Жалпы, басқа авторлардың дәйексөздерін келтіруден гөрі
түйіндеу немесе өз сөзіңізбен қайта жазу әлде қайда дұрыс. Бұл зерттеу
есебіңізді оқуды жеңілдетеді және оқыған нәрсеңізді әлдеқайда жақсы
түсінесіз. Түпнұсқадағы сөздер нақты, анық және күшті таңдалғанда ті-
келей дәйексөздерді қолданыңыз.
Зерттеу жұмысын жариялау
Зерттеу есебіңізді аяқтағаннан кейін, кеңірек академиялық немесе әлеу-
меттік ғылыми қауымдастықпен бөлісу қажет деп шешуіңіз мүмкін. Сіз
студенттер сияқты конференцияға немесе кәсіби кездесулерге қатысып,
зерттеу жұмысыңыз бойынша баяндама жасаудан бастауыңыз мүмкін.
Сонымен бірге жұмысыңызды жариялағыңыз келуі мүмкін. Жұмысы-
ңыздың ғылыми журналға шыққанын қаласаңыз, жариялау үшін қалай
жібересіз? Тез жариялану үшін сіз не істейсіз? Жариялау процесінде көп-
теген қиындықтар бар. Филиппа Бенсон мен Сьюзан Силвердің (2013)
«Редакторлардың қалауы: Ғылыми журналға шығу үшін авторға нұсқау-
лық» (What Editors Want: An Author’s Guide to Scientific Journal Publishing)
деп аталатын кітабының жас зерттеушілер үшін берері көп. Төменде біз
қысқаша шолу жасаймыз және эмпирикалық мақаланы жариялаудың
қыр-сырын атап өтеміз. Мақаланы жіберудің алғашқы қадамы – тиіс-
ті журналды таңдау. Өкінішке қарай, «көп мақаланың қабылданбауы»
мақаланың мазмұны және журналдың қамту саласы мен мақсатының
сәйкес келмеуінен туындайды (Hewlett, 2002: 50). Тиісті басылымды
анықтау үшін зерттеу есебіңіздегі қолданылған әдебиеттер тізімінде
жиі кездесетін бір немесе бірнеше журнал атауын мұқият қарап шығуды
ұсынамыз. Әріптестеріңіз бен жетекшіңізден де кеңес алуыңызға бола-
ды. Тиісті журналдарды анықтағаннан кейін уеб-сайттарына кіріп, мақ-
саты мен қамту саласы туралы ақпаратты мұқият оқып шығыңыз. Содан
кейін журналдағы мақалалардың мазмұны мен әдіснамалық, теориялық
мазмұнын түсіну үшін журналдың бірнеше санының мазмұнын мұқият
қарап шығыңыз.
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
745
Мақалаңызды қай журналға жіберетініңізді шешкеннен кейін, жур-
налдың авторларға арналған нұсқаулығымен танысыңыз. Нұсқаулық ма-
қаланы қайда және қалай жіберу керегін (әрдайым онлайн режимінде)
және мақаланы жіберуге қалай дайындауға болатыны (мысалы, пішімі
мен стилі, тақырыптары, бет шегі) туралы бағыт-бағдар береді. Мақала
жіберуге дайын болған кезде редакторға арнап ілеспе хат дайындаңыз. Өз
тәжірибемізде автор нұсқаулығында ілеспе хат туралы немесе авторларға
не жазу керек екені сирек айтылады. Авторлар редактордан «қосымшада-
ғы мақаланы (атауын) журналда жариялау үшін (журналдың атауы) қа-
растыруды сұрайды» деп саналады, бірақ авторлардың тағы не жазу керек
екені айтылмайды. Алайда редактор бірінші кезекте ілеспе хатты оқиды.
Бұл редактордың жұмысыңызды байыппен қарап, алғашқы әсер қалып-
тастыруға мүмкіндік береді. Шындығында, редактордың мақалаңызды
рецензиялауға жіберетіні немесе қабылдамайтыны осыған байланысты
болуы мүмкін. Сондықтан зерттеуіңіздің негізгі нәтижелерін көрсетуге
және маңыздылығын, осы журналға сәйкес келетінін түсіндіруге кеңес
береміз. Мұның барлығы мүмкіндігінше қысқа бірнеше сөйлеммен не-
месе екі қысқа параграфпен жазылуы керек. Сонымен кейде авторларға
мақалаңызды рецензиялау үшін рецензенттер ұсыну талап етілуі мүмкін,
бұл мақалаңызды рецензиялау үрдісін тездетуі мүмкін.
Алғашқы тексеруден кейін редактор мақалаңызды рецензиядан өт-
кізуге жіберуі мүмкін. Журналға байланысты рецензия жабық немесе
ашық болуы мүмкін. Жалпы, редактор мақаланың сапасы туралы әділ
шешім қабылдау үшін зерттеу саласы бойынша жеткілікті білімі бар екі
рецензентті таңдайды. Біздің тәжірибемізде көп журнал рецензенттерден
мақаланың рецензиясын 3–4 апта ішінде аяқтауды сұрайды, бірақ рецен-
зиялау одан да көп уақыт алуы мүмкін. Әдетте редактор рецензенттерден
мақаланы бірнеше критерий бойынша бағалауды, егжей-тегжейлі пікір
жазуды және жариялауға, жарияламауға ұсыныс беруді сұрайды. Журнал
редакторы немесе редакция алқасы рецензенттің пікіріне сүйеніп шешім
қабылдайды.
Әдетте редакция алқасы мақала бойынша төрт түрлі шешім қабылдай-
ды: қайта қарауға жібермей қабылдау, кішігірім немесе үлкен өзгертулер
жасау арқылы қабылдау, қайта қарау және қабылдамау. Ең жақсы жур-
налдар көбіне қабылдамайды. Мысалы, 2015 жылы American Sociological
Review журналы келген 719 мақаланың шамамен 75%-ын алғашқы ре-
цензияға дейін немесе одан кейін қабылдамады; сайып келгенде, 10 ма-
қаланың бірі ғана қабылданған (American Sociological Association, 2016).
Редакция алқасының басқа шешімдері туралы, соның ішінде алғашқысы
жайлы ақпарат жоқ. Психолог Дэрли Бем (1995: 176) бұл жағдайды қал-
жыңмен былай сипаттайды: «Баяғы өткен заманда журналдың редакторы
мақаланы еш түзетусіз қабылдады. Мақаланың авторы Уильям Джеймс
еді». Сіз журнал редакциясынан мақалаңыз кішігірім түзетулер арқылы
ЗЕРТТЕУ ЕСЕПТЕРІН ЖАЗУ
746
қабылданады деген жауап күтуіңіз мүмкін, бірақ мақалаңыздың көп же-
рін түзетіп немесе қайта қарап, жіберуіңізді сұрауы мүмкін.
Авторларға редактордан рецензенттердің егжей-тегжейлі пікірінің
көшірмелері бар хат келеді. Редактордың қандай шешім қабылдағанына
қарамастан, мақаланың неліктен қабылданбағанын немесе жариялануы
үшін не істеу керегін анықтау мақсатында рецензияларды мұқият оқып
шығу керек. Егер мақалаңыз қабылданбаса, үміт үзбеңіз. Мұндай жағдай
әр зерттеушінің басынан өтеді; мақаланы жариялаудың жолы – табанды-
лық. Рецензенттердің пікірлері мен ұсыныстарын ескеріп, мақалаңызды
түзетіп, басқа журналға жіберуге кеңес береміз. Біз үшінші, төртінші не-
месе бесінші журналға жібергеннен кейін қабылданған көп мақаланы бі-
леміз, соның ішінде өзіміздің де мақаламыз бар.
Бемнің (1995: 176) айтуынша, егер мақалаңыз түзетуден кейін қа-
былданатын болса «қатты қуануыңыз керек», өйткені мақаланың жария-
лануы «сіздің қалай түзеткеніңізге байланысты болады». Мақалаңызды
қайта қарап, сосын жіберу талап етілген жағдайда да «қуануыңыз ке-
рек, өйткені әлі де мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар». Мысалы,
2015 жылы American Sociological Review журналы қайта қарап және қайта
жіберілген мақалалардың көпшілігін қабылдады (American Sociological
Association, 2016).
Редакторлар авторлардан мақаланы қайта қарап, қайта жіберуді сұра-
ғанда, әдетте рецензенттердің сын-ескертпелерін немесе ұсыныстарын
қарап шығуды ұсынады. Редакторлар мақаланы қайта қарау үшін нақты
мерзім белгілеуі де, белгілемеуі мүмкін. Дегенмен мақаланы редакторға
қайта жіберуге асығу немесе бірнеше айдан (мысалы, 6 айдан астам) ке-
йін ғана жіберу дұрыс емес. Мақаланы түзетуге көп уақыт пен күш қажет,
авторлар редактор көрсеткен барлық мәселені мұқият қарастыруы ке-
рек. Қайта қараудың алғашқы қадамы – рецензенттердің ұсыныстарына
қалай жауап беретініңізді шешу. Бұл мақалаға елеулі өзгерістер енгізуді,
жаңа материал қосуды немесе рецензенттің ұсынысымен келіспесеңіз,
өзгерістерді енгізуден бас тарту үшін негіздеме әзірлеуді қамтуы мүмкін.
Егер рецензенттердің өзгертуге қатысты пікірлері қарама-қайшы болса,
мұны қалай шешуге болатынын білуіңіз мүмкін.
Мақалаға өзгерістер енгізіп, түзетіп шыққан соң редакторға рецен-
зенттердің сын-ескерпелеріне немесе ұсыныстарына қалай жауап бер-
геніңізді түсіндіретін ілеспе хат жазасыз. Бұл хатта мақалаға енгізілген
өзгертулердің егжей-тегжейлі түсіндірмесі және белгілі бір ұсынысты
қабылдамасаңыз, шешіміңізді қолдайтын негіздеме болуы керек. Ақыр
соңында, өзгерістеріңізді жасаудан бұрын немесе жасап болған соң ре-
дакторға, рецензенттерге пайдалы ұсыныстары үшін алғыс білдіріп, ре-
дакторға өзгертілген мақала ұнайды деп үміттенетініңізді білдіріңіз.
Сайып келгенде, мақаланы жариялау зерттеу мен жазу сияқты қай-
таланатын үрдіс екенін түсінесіз. Егер мақалаңызды тиісті түрде қайта
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
747
қарап шықсаңыз, қосымша түзетулер жасағаныңызға қарай мақалаңыз
шартты түрде қабылдануы мүмкін.
Түйін
Бүкіләлемдік ғаламтор (интернет) – құнды ресурс, бірақ ондағы ақпарат
көлемді және өзгеріп тұратын болғандықтан, мұқият болу керек.
Кітапхана, әсіресе онлайн қызметтері әдебиеттерді іздеуге ыңғайлы жер.
Онлайн кітапхана каталогтары мен электрондық деректер қоры зерттеу
сұрақтарын әзірлеуге бағытталған алдыңғы зерттеулер мен теорияны
қарау үшін мақалалар, кітаптар және басқа да жазбаша материалдарды
іздеуге мүмкіндік береді.
Көп нұсқаның ішінен SocIndex және PsycInfo сияқты нақты пәндерге ар-
налған деректер қоры тиісті әдебиеттерді табудың тиімді әдістерін ұсы-
нады.
Зерттеу есебінің көбінде мынадай компоненттер бар:
Зерттеу жұмысының басында орналасқан аңдатпа немесе қысқа түйін;
Мәселенің теориялық, практикалық және әлеуметтік маңыздылығын
көрсететін кіріспе;
Зерттеу мәселесін алдыңғы теория мен зерттеулермен байланыстыра-
тын әдебиетке шолу;
Зерттеудің қалай жүргізілгені, оның ішінде жалпы тәсіл мен дизайн
және іріктеу мен өлшеу әдістері қалай қолданылғаны көрсетілген әдіс-
тер бөлімі;
Нәтижелер бөлімі;
Шектеулер мен ауытқуларды, сондай-ақ зерттеудің кең теориялық
және практикалық салдарын талқылау;
Зерттеуде пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
Зерттеу есебін жазу ұсынылған аудиторияны ескере отырып, эскиздерді
дайындауға және олардың есепті қалай оқитынына, сондай-ақ бірнеше
жобаларды жазуға, алғашқы драфт нұсқалар бойынша басқалардың сыни
пікірін сұрау зерттеу есебін жазуды айтарлықтай жеңілдетеді.
Бұрынғы әдебиеттерді пайдаланған кезде әртүрлі автордың жұмысын тү-
йіндеуді және дәйексөздерді аз қолданған жөн. Бірақ дәйексөздерді неме-
се түйінделген дереккөздерді анықтап көрсету үшін тырнақша қолдануды
ұмытпаңыз.
Ғылыми журналға ғылыми мақала жариялау тиісті журналды таңдауды,
мақаланы дайындау кезінде авторларға арналған нұсқаулыққа қарауды
және редакторға ілеспе хат жазуды қамтиды.
Жариялауға ұсынылған мақалалардың көпшілігі қабылданбайды. Мақа-
ланы қабылдатудың жолы – қайта қарау немесе басқа журналға жіберу
болса да, рецензенттердің сыни пікірлерін тиімді пайдалану.
ЗЕРТТЕУ ЕСЕПТЕРІН ЖАЗУ
748
Тірек сөздер
Ережесіз жазу
Тапсырмалар
1. Кітапхана ресурстарымен танысу үшін университеттің немесе жергілікті
кітапхананың сайтына кіріңіз. Тақырыпты таңдап, каталогынан кітаптар-
ды іздеңіз. Әрі қарай электрондық дерекқорлар тізімін табыңыз. Бірінші-
ден, көпсалалы дерекқорды таңдап, іздеңіз. Екіншіден, әлеуметтік ғылым
пәндерінің біріне арналған деректер қорын анықтап, іздеңіз. Соңында
салыстыруға интернеттен бірдей тақырыпты табу үшін іздеу жүйесін пай-
даланыңыз.
2. 1-жаттығуда белгілі бір пән бойынша деректер қорын қолданған кезде
табылған алғашқы 10 сілтемені оқыңыз. Әр сілтеменің (а) мақала, кітап,
кітаптың тарауы немесе басқа жазбаша құжат, (ә) эмпирикалық зерттеу,
шолу, мета-талдау, теориялық мәлімдеме немесе әдебиеттің басқа түрі
екенін анықтаңыз.
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
749
Глоссарий
«Аңыз» (ойдан шығарылған оқиға) (cover story) – зерттеу гипотезасын
жарияламай, ынтымақтас болу үшін эксперименттен өтетін субъектілерге
айтатын оқиға (7-тарау).
«Құйғыш реті» (funnel) – жалпылама сұрақтан нақты сұраққа біртіндеп
өтетін сауалнама сұрақтарының бірізділігі (10-тарау).
Big Data – цифрлық әдіспен жиналған өте үлкен дерек жинағы, ол өте әр
-
келкі әрі күрделі болғандықтан, күрделі есептеу әдісін қолдану керек болады
(12-тарау).
N – статистика сүйенетін бақылаулар санын көрсететін аббревиатура
(мысалы, N = 279) (15-тарау).
R
2
– көптік регрессияның сәйкестік өлшемі, тәуелді айнымалыдағы ауыт-
қу пропорциясын шамамен көрсетеді (арифметикалық ортаға қатысты ба-
қылауды тарату), ол тәуелсіз айнымалы арқылы болжанады немесе «түсін-
діріледі» (16-тарау).
t мәні (t value) – t-тестіден алынған нәтиже (статистика) (16-тарау).
t-тест (t-test) – көптік регрессияда елеулілік тесті, ол регрессия коэффи
-
циенті нөлден мүлдем өзгеше деген болжамды сынайды, мұнда басқа тәуел-
сіз айнымалылар да есепке алынады (16-тарау).
Y қиылысы (Y-intercept) – бивариатив регрессиядағы тәуелді айныма
-
лының болжалды мәні, мұнда тәуелсіз айнымалы нөлдік мәнге тең; сызба
түрінде келгенде регрессия сызығы Y осін қиып өтеді (15-тарау).
Азаю (attrition) – ішкі жарамдылыққа төнген қауіп; зерттеу кезінде
субъектілердің азаюы (өлім себебінен де болады); дифференциалды азаюды
да қараңыз (8-тарау).
Айнымалылар арасындағы байланыс (relationship among variables) –
бір айнымалыдағы өзгерістер басқа айнымалыдағы жүйелі өзгерістермен
қатар жүретін паттерн (4-тарау).
Ақпараттандырылған келісім (informed consent) – зерттеуге қатысушы
-
ларға зерттеу жайлы, әсіресе оның ықтимал қатері жайлы жеткілікті ақпа-
рат беретін этикалық тәжірибе; соның арқасында субъект тәжірибеге қаты-
су не қатыспау туралы шешім қабылдайды (3-тарау).
Алдыңғы айнымалы (antecedent variable) – теориялық модельде себеп-
салдар тұрғысынан басқалардан бұрын тұратын айнымалы. Екі айнымалы
жалған ассоциациялануы мүмкін, себебі екеуіне де алдыңғы айнымалы ық
-
пал етеді (4,15-тараулар).
Аналитикалық тарих (analytical history) – тарихи оқиғалар мен мәлі
-
меттерді әлеуметтік әлемді жалпылама түсіну үшін қолдану; деcкриптив та-
рихты да қараңыз (12-тарау).
Анонимдік (anonymity) – жеке өмірге килігуге қарсы этикалық кепілдік
беру; зерттеуге қатысушылардың шынайы дерегін жарияламау (3-тарау).
750
Аралас режим сауалнамасы (mixed-mode survey) – деректі іріктеу және
жинау үшін бірнеше режимді (сауалнама, жеке сұхбат, телефон арқылы сұх
-
бат алу) қолданатын сауалнама (9-тарау).
Аралық айнымалы (intervening variable) – себеп-салдар тізбегінде екі
басқа айнымалы арасында тұратын айнымалы. Мысалы, егер модель X
айнымалының W айнымалыға ықпал ететінін көрсетсе, ол, өз кезегінде, Y
айнымалыға әсер етеді, бұл кезде W – аралық айнымалы; себеп-салдарлық
процесте X айнымалы Y айнымалыға ықпал еткен болып шығады (4, 16-та
-
раулар).
Арифметикалық орта (mean) – интервал баға шкаласы деректерінің
юнивариатив дистрибуциясының орташа мәнін көрсететін негізгі үрдіс
өлшемі, жекелеген мәндерді қосып, кейстердің ортақ санына бөлу арқылы
есептеледі (15-тарау).
Ассоциация (association) – екі айнымалы арасындағы бақыланатын бай
-
ланыс күші (4-тарау).
Ассоциация өлшемі (measures of association) – бақыланатын қос айны
-
малы байланысының бағыты мен күшін өлшеуге қолданылатын сипаттама-
лық статистика (4, 15-тараулар).
Аутлайер (outliers) – айнымалыда жиі бақыланатын мәндерден бөлек,
күмән тудыратын мәндер (15, 16-тараулар).
Ауызша (өзіндік) есеп (verbal (self-report)) – адамдардың тура сұраққа бер
-
ген жауабынан құралған сауалнама зерттеуіне тән өлшеу формасы (5-тарау).
Ашық сұрақтар (open-ended questions) – респонденттердің өз сөзімен
жауап беруін талап ететін сауалнама сұрағы; оны «еркін жауап сұрағы» деп
те атайды (10-тарау).
Әлеуметтік ықпалды бағалау (social impact assessment) – жекелеген
топ, қоғам не қауымдастық үшін саясат немесе жоба саларын жүйелі түрде
бағалау; қоршаған ортаға әсерді зерттеуді де қараңыз (14-тарау).
Әлеуметтік деректерді тіркеу (social bookkeeping) – сот жазбасы немесе
демографиялық статистика сияқты құжаттар, оның ішінде топ немесе ұйым
дайындаған жазба ақпараты болады (12-тарау).
Әлеуметтік желі дизайны (social network design) – әлеуметтік акторлар
(адамдар, ұйымдар, мемлекеттер т.б.) арасындағы байланыс не қарым-қа
-
тынас туралы дерек жиналатын сауалнама дизайны және байланыс желісі
арқылы өтетін транзакция ағыны (процестер) (9-тарау).
Әлеуметтік индикатор (social indicators) – қылмыс, отбасылық өмір,
денсаулық, мектеп немесе жұмысқа қанағаттану сияқты маңызды әлеумет
-
тік жағдайдың жалпы өлшемі, трендті бақылау үшін мерзімді түрде қолда-
нылады (14-тарау).
Әлеуметтік қалау бұрмалануы/әсері (social desirability bias/effect) –
кейбір респонденттердің жауап бергенде өзі қалаған әлеуметтік сипатты
не көзқарасты көрсетіп жауабын бұрмалауы, осылайша сұхбат алушы не
зерттеушіге жағымды әсер қалдыруға тырысуы, өзін көтермелеу әрекеті (5,
10-тараулар).
ГЛОССАРИЙ
751
Әсер көлемі (effect size) – мета-талдау және бағалау зерттеуі нәтиже-
сін салыстыру үшін жалпылама қолданылатын екі айнымалы арасындағы
байланыс өлшемін статистикалық тұрғыда бағалау; оған топтар арасында
-
ғы стандарт арифметикалық орта мен корреляция мен регрессия коэффи-
циенттері кіреді (13, 14-тараулар).
Әсерді бағалау (effect assessment) – бағалау зерттеуінің ең негізгі типі;
әлеуметтік бағдарламаның бағдарламаға қатысушыларға әсерін бағалауға
арналған; кейде «жиынтық» немесе «қорытынды» бағалау деп те аталады;
тиімділікті бағалауды да қараңыз (14-тарау).
Бағалау зерттеуі (evaluation research) – әлеуметтік ғылымдардағы зерт
-
теу саласы; көбіне саяси бағдарды анықтау, әлеуметтік саясатты талдау
және түсіндіруге қатысты (14-тарау).
Бағалаудан имену (evaluation apprehension) – субъектінің өзін экспери
-
мент алушы (әдетте психолог) бағалауына алаңдауы, сондықтан барынша
«қалыпты» мінез-құлық көрсетуге тырысуы (7-тарау).
Бақылау (control) – жиі кездесетін сыңаржақ пікір немесе зерттеу нәти
-
жесін бұрмалайтын қателік сияқты қажетсіз ауытқуларды мүмкіндігінше
алып тастауға тырысатын процедура (немесе процедуралар). Кең тараған
бұл әдіс кедергі келтіретін айнымалыларды бақылап, тұрақты қалпында
сақтауға немесе өзгертпеуге тырысады (2, 4-тараулар).
Бақылаушы айнымалы (control variable) – бақылау немесе статистика
-
лық талдау кезінде тұрақты қалпында қалатын айнымалы (4-тарау).
Балама емес бақылау тобы дизайны (nonequivalent control group design) –
шынайы экспериментке (претест – протест бақылау тобы дизайны) ұқсай-
тын квази-эксперименттік дизайн; бір айырмасы мұнда субъектілер араласу
және бақылау топтарына кездейсоқ тағайындалмайды (8-тарау).
Барлау зерттеуі (exploratory research) – ғылымға әлі танымал емес тақы
-
рып немесе құбылысты байқап көру үшін зерттеу (4-тарау).
Бастапқы іріктеу бірлігі (primary sampling unit) – көпсатылы іріктеудің
бірінші сатысындағы іріктеме бірлігі (6-тарау).
Бастапқы дереккөз (primary source) – күнделік немесе өмірбаян сияқты
тарихи құжат, оның ішінде куәгердің өзі жазған ой-пікірі бар; екінші реттік
дереккөзді де қараңыз (12-тарау).
Басушы айнымалы (suppressor variable) – мұқият талдауда байланысты
әлсірететін немесе жасыратын тест айнымалысы, ол бақылаусыз қалғанда
нөлдік деңгейлі байланыс өте кішкентай болуы ықтимал немесе мүлдем
болмайды (16-тарау).
Белсенді мүше болу рөлі (active membership role) – далалық зерттеуге
қатысушы рөлінің бір түрі; мұнда зерттеуші өзі зерттеп жүрген топ немесе
ұйымда функционал рөл атқарады; толық немесе перифериялық мүше болу
рөлдерін де қараңыз (11-тарау).
Бетпе-бет сұхбаттасу (face-to-face interview) – сұхбат алушы респон
-
денттен бетпе-бет сұхбат алу түрі; оны «жеке сұхбат» деп те атайды; телефон
арқылы сұхбат алуды да қараңыз (9, 13-тараулар).
ГЛОССАРИЙ
752
Бивариатив талдау (bivariate analysis) – екі айнымалы арасындағы бай-
ланысты статистикалық талдау (15-тарау).
Бұрмалаушы айнымалы (distorter variable) – мұқият талдау кезінде екі
айнымалының бастапқы байланыс бағытын өзгертетін сынақ айнымалы,
оң нәтижелі нөлдік деңгейлі ассоциациядан бастап ішінара кестедегі теріс
ассоциацияға дейін жалғасады (16-тарау).
Бір реттік кейсті зерттеу (one-shot case study) – эксперимент алдында
-
ғы жоба, мұнда топқа эксперименттік араласу жасалады, содан соң араласу
әсерін анықтау үшін топты бақылайды немесе сынақтан өткізеді; ішкі жа
-
рамдылыққа кему, матурация және тарих қауіп төндіреді (8-тарау).
Бір топтық претест-постест дизайны (one-group pretest–posttest design) –
эксперимент алдындағы дизайн, бұл кезде субъектілер тобы бақыланады не
өлшенеді (претест), араласу жасалады, содан кейін субъектілер қайтадан
өлшенеді (постест); ішкі жарамдылыққа қауіп төндіретін факторлар: мату
-
рация, тарих, тестілеу, құралмен өлшеу және кейде статистикалық регрес-
сия (8-тарау).
Бірнеше уақыт қатарындағы дизайн (multiple time) – араласуға дейінгі
және араласудан кейінгі бақылаулар (өлшемдер) сериясы эксперименттік
және балама емес бақылау топтарында жүргізілетін квази-эксперименттік
дизайн (8, 14-тараулар).
Бір өлшемді (unidimensionality)
Шкала немесе индекс тұжырымдаманың бір өлшемін ғана өлшейтінін
көрсетеді (13-тарау).
Біртектілік (heterogeneity) – белгілі бір сипаттама бойынша кейстердің
бір-біріне ұқсамау деңгейі. Мысалы, топтағы гендерлік құрам 100% әйел
адамдар (максимум әртектілік) 50% әйелге (максимум біртектілік) өзгеруі
мүмкін (6-тарау).
Бірін-бірі жоққа шығарушы (mutually exclusive) – әр кейс айнымалы
-
ның бір категориясына ғана орналаса алатын өлшем талабы; түпкілікті тер-
минін қараңыз (5-тарау).
Бірінші деңгейлі байланыс (first-order relationship) – екі айнымалы ара
-
сындағы байланыс, бұл кезде үшінші айнымалы бақылауда болады; нөлдік
деңгейлі байланысты қараңыз (16-тарау).
Варианс «стандарт ауытқу» (variance) терминін қараңыз.
Гейткиперлер (gatekeepers) – олар отырған аймақта зерттеу жүргізу
үшін рұқсатын алу қажет болатын билік өкілдері (11-тарау).
Гипотеза (hypothesis) – екі немесе одан да көп айнымалы арасындағы
күтетін, бірақ әлі расталмаған байланыс (2, 4-тараулар).
Гроунд теория (grounded theory) – басқа әдіспен жасалған теория сияқ
-
ты емес, түпнұсқа дереккөзге негізделе отырып жасалған теория (11-тарау).
Гуттман шкаласы (Guttman scaling) – масштабтау процедурасы, эле
-
менттер жинағынан «күшіне» қарай таңдай отырып бір өлшемді шкала жа-
сауға тырысу; өлшенетін тұжырымдама бойынша субъектілерді немесе со-
ған қатысты басқа бірліктерді реттеп орналастырады (13-тарау).
ГЛОССАРИЙ
753
Далалық ескертпелер (field notes) – далалық зерттеушілер бақылаудың
әр кезеңінен соң, дұрысы, әр күн соңында егжей-тегжейлі жазып отыратын
бақылау есебі.
Далалық жазбалар (field jottings) – зерттеушілердің далалық зерттеуде
жүргенде жазған қысқа сөйлем, тұжырым, пікірлері; далалық ескертпелерді
де қараңыз (11-тарау).
Далалық зерттеу (field research) – әлеуметтік зерттеудің негізгі тәсілі,
табиғи ортада әдетте ұзақ мерзім бойы басқалармен тікелей қарым-қаты
-
нас жасап, бақылауды білдіреді (1, 11, 13-тараулар).
Далалық претестілеу (field pretesting) – сауалнама құралы мен адам
-
дарды нақты далалық жағдайда сынақтан өткізіп, тексеру; мұнда сауалнама
алынатын респонденттерге ұқсас субъектілер қолданылады (10-тарау).
Далалық эксперимент (field experiment) – табиғи ортада жүргізілген
«шынайы» эксперименттік дизайн (7-тарау).
Дебрифинг (debriefing) – эксперимент біткен соң эксперимент жасау
-
шылар тәжірибеден өткен адамдармен сөйлесіп, болған жайтты түсіндіреді;
зерттеудің мақсаты, құпиялық жайлы айтып, қатысушылардың сезімі мен
реакциясын талдайды т.б. (3, 7-тараулар).
Дедуктив талдау (deductive reasoning) – дәлелі дұрыс болса міндетті түр
-
де тұжырым жасалатын пайымдау процесі (2-тарау).
Демографиялық статистика (vital statistics) – адамның тууы, өлуі, үйле
-
нуі және ажырасуы сияқты «маңызды» өмірлік оқиғаларды тіркеу арқылы
жиналған демографиялық деректер (12-тарау).
Дербес кесте (partial tables) – мұқият өңдеу кезінде қолданылатын ба
-
қылау процедурасы, қадағалаушы айнымалының әр категориясы үшін түп-
нұсқа екі айнымалы байланысын қайтадан жеке есептейді. Әр дербес кесте
бастапқы екі айнымалы ассоциациясын көрсетеді, мұнда қадағалаушы ай
-
нымалы тұрақты болады (16-тарау).
Дерек өңдеу (data processing) – деректерді талдауға дайындау; сауалнама
кезінде ол бес қадамнан тұрады: кодтау, өңдеу, енгізу, тазарту және модифи
-
кациялау (15-тарау).
Деректер архиві (data archives) – жалпыға ортақ алдын ала жиналған
сауалнама қоры немесе түрлі агенттіктер мен ғалымдар жинаған этногра
-
фиялық деректер (12-тарау).
Деректер матрицасы (data matrix) – кейстерді баған түрінде, ал айны
-
малыларды баған түрінде көрсететін компьютер дерегінің файл формасы,
әр ұяшық нақты кейс (қатар) үшін нақты айнымалы (баған) мәнін білдіреді
(15-тарау).
Деректерді бөлісу (data sharing) – жарияланған ғылыми жұмыстың біт
-
кен жобасы бойынша зерттеушілердің дерек бөлісуін талап ететін этикалық
стандарт, ол үшін зерттеушілер деректі қоғамдық архивке өткізуі керек не
-
месе белгілі бір уақыт басқалар көретіндей етіп жариялауы керек (3-тарау).
Деректерді модификациялау (data modification) – айнымалы катего
-
риясын өзгерту немесе кейс жойылған жерге мән қою сияқты талдаудың
өңделмеген дерегін айналдыру процесі (15-тарау).
ГЛОССАРИЙ
754
Деректерді тазалау (data cleaning) – дерек жинау, кодтау және оны енгі-
зу кезінде туған қатені байқап, түзету (15-тарау).
Дескриптив зерттеу (descriptive research) – белгілі бір негізгі жиынтық
немесе іріктеме туралы фактілерді жинауға арналған зерттеу; қоғамдық пі
-
кір сауалнамасы (4, 9-тараулар).
Дескриптив статистика (descriptive statistics) – деректі жинау және тү
-
йіндеуге арналған процедура (15-тарау).
Дескриптив тарих (descriptive history) – өткен оқиғаларды толық әрі
нақты сипаттайтын тарихи талдау түрі; аналитикалық тарихты да қараңыз
(12-тарау).
Диапазон (range) – ең төменгі және ең жоғарғы мәндер арасындағы
айырмашылықты көрсететін өзгермелілік немесе дисперсияның юнивариа
-
тив өлшемі, әдетте ол осы екі шеткі мәнді анықтау арқылы алынады (15-та-
рау).
Дискриминант жарамдылық (discriminant validity) – өлшенетін тұжы
-
рымдаманы олар ерекшеленуге тиіс басқа тұжырымдамалардан ерекшелеу
деңгейі. Түрлі тұжырымдама өлшемі тым жоғары байланыста болса, дис-
криминант жарамдылық болмайды (5-тарау).
Дифференциалды азаю (differential attrition) – ішкі жарамдылыққа төн
-
ген қауіп; эксперимент шартына байланысты тәжірибеге қатысушыларды
шығарудың түрлі көрсеткіші; мұнда құрамы жағынан жағдай әркелкі бола
-
ды (эквивалент емес); оны кейде «дифференциалды ажал құшу» деп атайды
(8-тарау).
Екінші рет талдау (secondary analysis) – басқа зерттеуші әу баста басқа
мақсат үшін жинаған дерек немесе сауалнама талдауы (9, 12-тараулар).
Екіұшты сұрақ (double-barreled question) – бір-біріне үйлеспейтін екі
идея бір сұрақпен берілген сауалнама сұрағы (10-тарау).
Еркін жазба (free writing) – жұмысты бастағанда жазу қиындығын жеңу
үшін грамматика мен пунктуацияға мән бермей, ескертпе, дерек, кітап не
басқа деректерге сілтеме жасамай келген ойды тез жазып тастау (17-тарау).
Жабық сұрақтар (closed-ended questions) – респонденттен ұсынылған
жауаптың біреуін ғана таңдауын талап ететін сауалнама сұрағы; оны кейде
«нақты таңдауы бар сұрақ» деп те айтады (10-тарау).
Жағдайға қатысты сұрақ (contingency question) – респонденттердің бір
тобына ғана арналған сауалнама сұрағы; бұған сауал өзекті саналатын қа
-
тысушылар ғана жауап береді; сүзгі сипатты сауал қоюды да қараңыз (10-та-
рау).
Жазба бірлігі (recording) – контент-анализдегі сөздер, сөйлемдер, пара-
графтар, телешоу және жарнамалар сияқты контент-анализдер (12-тарау).
Жазбаша айғақ (testimony) – жеке тұлғаның оқиғаға куә болғанын рас
-
тайтын түсініктеме немесе хаттары сияқты құжаттар (12-тарау).
Жалған айнымалы (dummy variable) – регрессия үшін немесе басқа
сандық талдау үшін номинал немесе реттік айнымалы категориясын қайта
кодтауға арналған деректі модификациялау процедурасы. Мысалы, жыныс
ГЛОССАРИЙ
755
категориясы респондент әйел адам болғанда 1 мәні бар, ал ер адам болған
кезде 0 мәні бар жалған айнымалымен белгіленеді (15, 16-тараулар).
Жалған байланыс (spurious relationship) – түпнұсқа айнымалының се
-
беп-салдар байланысынан тумаған, алдыңғы айнымалының ықпалынан екі
айнымалы арасында пайда болған статистикалық ассоциация (4-тарау).
Жалған емес байланыс (nonspuriousness) – екі айнымалы арасындағы
байланыс немесе ассоциация сыртқы айнымалы әрекетінің қатысынсыз
түсіндірілмеуін талап ететін себеп-салдарлық байланыс қорытындысының
критерийі (4-тарау).
Жалпы ереже (common rule) – федералдық ережелер жинағы, 46-бөлім,
45-титулға сәйкес (45 CFR 46), адамдарға зерттеу жүргізу кезінде қарым-
қатынас жасау ережесінің бейресми тәртібі (3-тарау).
Жанама әсер (indirect effects) – себеп-салдар моделінде бір айнымалы
екіншіге басқа айнымалы арқылы жанама немесе кедергі келтіретін айны
-
малылар сериясы арқылы әсер етеді деп есептеу; тікелей әсерді де қараңыз
(16-тарау).
Жанама сұрақ (indirect questions) – зерттеушінің мақсаты мен ол қойған
сұрақтар арасындағы байланыс анық байқалмайтын сауал түрі; бұл әдісті
психологиялық «проекция» тұжырымдамасына сүйеніп қолданады; тура сұ
-
рақты да қараңыз (10-тарау).
Жарамдылық (validity) – операционал анықтама мен ол өлшейтін тұжы
-
рымдама арасындағы келісім немесе «сәйкестік деңгейі» (5-тарау).
Жартылай құрылымдалған сұхбат (semistructured interview) – сұхбат
-
тың бір түрі, өзіне тән мақсаты бар және сұхбат алушы сол мақсатқа жету
үшін өзі қалаған әдістерді қолдана алады; құрылымдалған сұхбат және құ
-
рылымдалмаған сұхбатты да қараңыз (9-тарау).
Жартылай регрессия коэффициенті/жартылай көлбеу коэффициен
-
ті (partial-regression coefficients/partial slopes coefficients) – теңдіктегі бар-
лық айнымалы тұрақты болғанда әр тәуелсіз айнымалының тәуелді айны-
малыға әсерін бағалайтын көптік регрессиялы теңдік коэффициенті (16-та-
рау).
Жартылай сплит сенімділігі (split-half reliability) – сенімділікті бағалау
-
дың «балама» әдісі, мұнда шкала немесе индекс тармағының жарты ұпайы
басқа жарты бөліктегі ұпайға сай келеді (5-тарау).
Жасырын зерттеу (covert research) – зерттеуші өзінің зерттеу жүргізіп
жүрген адам екенін жасырып, құпия түрде далалық зерттеу жүргізуі (11-та
-
рау).
Жауап әсері (response effect) – сауалнама зерттеуін жүргізуде бұрмалан
-
ған немесе шатастыратын сұрақтар, жауапты бұрмалау үрдісі (мысалы, өзі
қалаған әлеуметтік бағытқа бұру әсері), сұхбат алушының физикалық сипа
-
тының ықпалы т.б. әрекеттер нәтижесінде болған жүйелі қатені көрсететін
жалпы термин (9-тарау).
Жауап коэффициенті (response rate) – сауалнамада біткен сұхбат неме
-
се сауалнама алынған іріктемедегі адамдар үлесі (6, 9-тараулар).
ГЛОССАРИЙ
756
Жауап форматтары (response format) – бір жауапты талап ететін сұрақ-
тағы жауап категориясының формасы (10-тарау).
Жауапсыз қалғаннан бұрмалану (nonresponse bias) – сауалнамаға жауап
бермеген респонденттердің (сауалнамаға қатысуға келісіп, бірақ жауап бер
-
меген немесе хабарласу мүмкін болмаған жеке тұлғалар) респонденттерден
айтарлықтай ерекшеленуі (6, 9-тараулар).
Жауапты бұрмалау үрдісі (response bias tendency) – зерттеу сұрағының
мазмұны немесе функциясына қарай респонденттің жауап бергенде бұра
тартуы (мысалы, өзіне қолайлы әлеуметтік бағытқа қарай) (10-тарау).
Жауапты талдау (response analysis) – далалық претестілеу техникасы,
мұнда претестілеуге қатысқан респонденттер жауабы проблемалық жауап
паттернін табу үшін кестеге салынып, тексеріледі (10-тарау).
Жеке іріктеменің протест–посттест дизайны (separate-sample pretest–
posttest) – зерттеуге қатысатын екі тобы бар квази-эксперименттік дизайн;
бір топ алдын ала араласу өлшемі үшін кездейсоқ таңдалады, ал екіншісі
араласудан кейінгі өлшем үшін кездейсоқ таңдалады (8-тарау).
Желілік іріктеу (network sampling) – іріктеу мүмкіндігін анықтау кезінде
басында байланыс жасаған респонденттерден әлеуметтік жағынан өзіне қа
-
тысы бар мақсатты негізгі жиынтықтың басқа мүшелерін (мысалы, туысы,
көршісі, жұмыстағы әріптесі т.б.) анықтауды сұрайтын іріктеу процедурасы
(6-тарау).
Жентек қар іріктемесі (snowball sampling) – тізбекті қайта бағыттау
процесін қолданатын іріктеме процедурасы, әр адамнан мақсатты негізгі
жиынтықтағы қосымша мүшені анықтау сұралады, ол мүше басқаны атай
-
ды, солай жалғаса береді (6, 11-тараулар).
Жетекші сұрақ (leading question) – ықтимал жауапты өзі ұсынатын не
-
месе кейбір жауапты басқаларынан көрі қабылдауға қолайлы етіп қоятын
сауалнама сұрағы (10-тарау).
Жиынтық бағалау (summative evaluation) – әлеуметтік бағдарламаның
жалпы нәтижесін бағдарлама мақсатына және тиімділігіне жету тұрғысы
-
нан бағалайтын бағалау зерттеуінің түрі; «әсерді бағалау» және «тиімділікті
бағалау» терминдерін де қараңыз (14-тарау).
Жиынтық дерек (aggregate data) – бір бірлік жинағын алып, статистика
-
лық тұрғыда үлкен әлеуметтік бірлікті сипаттау үшін комбинациялау. Мыса-
лы, студенттер туралы ақпарат (жынысы, нәсілі, колледжге қабылданғанда-
ғы бағасы т.б.) колледж сипаттамасын жасау үшін жинақталады (жыныстар
арақатынасы, этностық құрамы, колледждегі орташа балы т.б.) (4-тарау).
Жиілік дистрибуциясы (frequency distribution) – айнымалының әр кате
-
гориясына жататын кейс санын кестелеу (15-тарау).
Жиілік полигоны (frequency polygon) – аралық/қатынас шкаласы ай
-
нымалысының графикалық сызбасы; мұнда Х осі айнымалы мәні, ал Y осі
кейстер саны (немесе жиілік); сызық айнымалының әр мәніне тән жиілікті
көрсетеді; пайыздық полигонда Y осі пайыздан тұрады (15-тарау).
ГЛОССАРИЙ
757
Жүйелі компонент (systematic component) – айнымалылар арасындағы
болжалды байланысқа тән статистикалық модельдің өзгермелі болуы; сто
-
хастикалық компонентті де қараңыз (16-тарау).
Жүйелі өлшеу қатесі (systematic measurement error) – өлшеу процесіне
не өлшенетін тұжырымдама жүйелі түрде ықпал ететін (бұрмалайтын) фак
-
торлардан болатын қате. Жүйелі қателер түрлі уақытта жасалған өлшемдер
арасында немесе өлшенетін кейс сипаттамасына жүйелі түрде қатысты (мы
-
салы, мәдени бұрмалау IQ тестіне ықпал етеді), осылайша жарамдылыққа
әсер етеді; кездейсоқ өлшеу қатесін де қараңыз (5-тарау).
Жүйелі іріктеу (systematic sampling) – кездейсоқ іске қосудан соң тұрақ
-
ты аралықта кейстер қолда бар тізімнен іріктеліп алынатын ықтимал ірік-
теу процедурасы (6-тарау).
Заң (law) – ғылыми тұрғыда бірнеше рет тексерістен өтіп, көпшілік қа
-
былдаған ұсыныс (2-тарау).
Зерттеу дизайны (research design) – бастапқы әдіс, іріктеме дизайны
және негізгі айнымалы өлшемін қамтитын эмпирикалық зерттеудің жалпы
жоспары (4-тарау).
Зерттеу этикасы (research ethics) – «этика» терминін қараңыз.
Зерттеудегі өрескелдік (research misconduct)
Федералдық саясат бойынша, зерттеу жүргізудегі этикалық емес іс-әре
-
кеттерге ойдан шығару, бұрмалау және плагиат жатады (3-тарау).
Идиографиялық түсініктеме (idiographic explanation) – бір адамның не
-
месе субъектілер тобының белгілі бір уақыт пен орындағы әрекетін ескере-
тін жағдайлардың бірегей жинағын сипаттайтын ғылыми түсініктеме.
Индекс (index) – тұжырымдаманың күрделі өлшемі, жеке индикаторлар
ұпайын қосу немесе орташалау арқылы жасалады; индикаторларды бірікті
-
ру үшін кездейсоқ процедураны аз қолданатын шкаладан ерекшеленеді (5,
13-тараулар).
Индикатор (indicator) – тұжырымдаманың эмпирикалық көрінісі. Мы
-
салы, «мектептегі оқу жылы» индикаторы көбіне «білім алу» тұжырымдама-
сын білдіреді (5, 13-тараулар).
Индуктив пайымдау (inductive reasoning) – тұжырымды дәлелмен түсін
-
діру мүмкін болмайтын пайымдау процесі; дедуктив аргументтен айырмасы
дәлел шын, ал тұжырым жалған болуы мүмкін (2-тарау).
Институттық шолу кеңесі (IRB) (institutional review board) – барлық ғы
-
лыми зерттеу мекемелерінде (мысалы, институттарда) құрылатын комитет,
зерттеуге қатысты ұсыныстарды қарап, адамдарға (және жануарларға) эти
-
калық талапқа сай қарым-қатынас жасалуын бақылайды; федералдық бюд-
жеттен қаржыландыратын зерттеуге IRB мақұлдауы керек (3-тарау).
Интервал өлшеу (interval measurement) – өлшеУ деңгейі; реттік деңгей
сапасына тағайындаған нөмірлер арасындағы бірдей қашықтық (аралық)
өлшенетін айнымалыға тең қашықтықта болсын деген талап қосылады;
осылайша интервал өлшеуде қосу және азайту сияқты басты математика
-
лық операцияларды орындауға болады (5-тарау).
ГЛОССАРИЙ
758
Интеркодтаушы сенімділік (intercoder reliability) – түрлі бақылаушылар
немесе кодтаушылар бірдей құрал немесе өлшем қолданып, балама нәтиже
алса, сол нәтиженің сенімділігін бағалайтын «эквиваленттік» әдіс (5-тарау).
Интерпретация (interpretation) – мұқият талдау нәтижесі, аралық тест
айнымалысын бақылау барысында бастапқы қос айнымалы байланыс әр
дербес кесте үшін нөлге дейін немесе нөлге жақын мәнге кемиді (16-тарау).
Интерсубъектив сынау мүмкіндігі (intersubjective testability) – екі неме
-
се одан да көп ғалым бақылау нәтижесі бойынша келісімге келетін жағдай
(2-тарау).
Инференциал статистика (inferential statistics) – қолда бар деректен
бөлек жалпы қорытынды жасауға болатын деңгейді анықтау процедурасы
(15-тарау).
Информант (informant) – далалық зерттеуші далалық жұмыстарда ақпа
-
рат алатын адам (11-тарау).
Квази-эксперименттік дизайн (quasi-experimental) – шынайы экспери
-
ментке тән кейбір сипаттар (әдетте кездейсоқтық) болмайтын дизайн түрі,
бірақ экспериментке дейінгі дизайнға қарағанда себеп пен салдар туралы
нақты тұжырым жасауға көмектеседі, ол үшін арнайы дизайн сипаты мен
қосымша дерек тестілеуін қолданады (8-тарау).
Квоталық іріктеу (quota sampling) – ықтимал емес іріктеме формасы,
мұнда түрлі стратаға кейстер квотасын үлестіреді (әдетте негізгі жиынтық
-
тағы репрезентацияға пропорционал болады) және квоталарды толтыру
үшін кейстерді кездейсоқ емес таңдайды (6-тарау).
Кездейсоқ әсер моделі (random-effects model) – мета-талдауда нәтиже
зерттеу әдісіндегі айырмашылықтан (өзіне тән бұрмалау), жағдайлар мен
параметрлерден (сыртқы жарамдылық) және іріктемеден (көлемі мен ди
-
зайны) қалыптасады деп болжайтын статистикалық құрылым; тұрақты
әсер моделін де қараңыз (13-тарау).
Кездейсоқ жаңалықтар паттерні (serendipity pattern unanticipated) – ғы
-
лымда үстемдік етіп тұрған теория тұрғысынан түсіндіру қиын, сондықтан
жаңа теорияның пайда болуына ықпал ететін күтпеген жаңалық (2-тарау).
Кездейсоқ өлшеу қатесі (random measurement error) – өлшенетін айны
-
малының тұжырымдамасына қатыссыз, уақытқа, кездейсоқ фактордан ту-
ған қателік. Кездейсоқ қателер өлшеулер арасында сәйкес келмейді (көлемі
мен бағыты бойынша болжаусыз өзгереді) және сенімділікке ықпал етеді;
жүйелі өлшеу қатесін қараңыз (5-тарау).
Кездейсоқ сұрыптау (random selection) – негізгі жиынтықтағы әр кейс
-
тің іріктемеге енуіне бірдей мүмкіндік беретін процесс (6-тарау).
Кездейсоқ тағайындау (random assignment) – кездейсоқ құрылғы арқылы
эксперимент жағдайына субъектілерді тағайындау, оған тиын лақтыру жата
-
ды; сол арқылы әр субъектінің кез келген эксперименттік және бақылау то-
бына түсу мүмкіндігі бар; оны «кездейсоқтық» деп те атайды (7, 14-тараулар).
Кері «құйғыш реті» (inverted-funnel) – нақты сұрақтан бастап жалпыла
-
ма сұраққа қарай жүретін сауалнама сұрақтарының реті (10-тарау).
ГЛОССАРИЙ
759
Кестені әзірлеу (elaboration) – екі айнымалыға үшінші (кейде қосымша)
айнымалыны қосып, содан пайда болған себеп-салдар моделін сынау арқы
-
лы екі айнымалы арасындағы байланысты «жетілдіретін» белгісіз жағдай
кестесін мультивариатив талдаудың дәстүрлі техникасын жасау.
Кластерлі іріктеу (cluster) – негізгі жиынтық кластер деп аталатын таби
-
ғи топтарға не аймақтарға бөлінеді, солардың арасынан кластерді кездей-
соқ таңдайтын процедура. Кластерлі іріктеу бірнеше кезеңнен тұруы мүм-
кін, кейде үлкен кластерден кішісіне қарай жүреді, соңғы сатыда жекелеген
кейсті іріктеп алады; көпсатылы кластерлі іріктеуді де қараңыз (6-тарау).
Когнитивтік сұхбат алу (cognitive interviewing) – респонденттердің
ауызша жауабы, оны алдын ала сынақ алу сұрағына жауап беріп, сөйлеген
кезінде («ойын дауыстап айту») немесе кейін (кейінгі зерттеу, қайтадан
айту) жинайды; сұрақты қою, жүйелеу, форматтауға қатысты мәселелерді
анықтау үшін қолданады (10-тарау).
Когорта (cohort) – өмірдегі маңызды оқиғаларды (мысалы: туу, үйлену,
мектеп бітіру т.б.) белгілі бір уақытта басынан өткерген адамдар тобы (не
-
месе басқа бірлік); когорттік зерттеуді қараңыз (9-тарау).
Когорттік зерттеу (cohort study) – адам жасының (өмірлік цикл өзге
-
рістері), кезеңінің (қазіргі жағдай) және когортаның (өткен кезеңі бірдей
«буын») қарым-қатынас пен мінез-құлыққа салыстырмалы түрде ықпал
етуін бағалайтын ұзақмерзімді зерттеу (9-тарау).
Кодтар кітабы (codebook) – зерттеу жүргізуге арналған «сөздік», онда
әр сандық кодқа сай келетін жауаптар мен категориялар тізімі берілген, әр
айнымалының дерек файлындағы орны мен кодтау және шешім қабылдау
ережесі көрсетілген.
Кодтау (coding) – (1) далалық зерттеу немесе толық жауап беруге арнал
-
ған сұрақтар сияқты өңделмеген деректерді категорияларға сұрыптау; (2)
компьютерлік талдауда сандар немесе символдарды айнымалы категория
-
ларына тағайындау (10, 11, 15-тараулар).
Коллинеарлық ассоциация (collinear association) – екі айнымалы ара
-
сындағы мінсіз желілік байланыс (16-тарау).
Компьютер арқылы жеке сұхбат алу (CAPI) (computer-assisted personal
interviewing) – әдетте компьютерге орнатылатын бағдарламалық жасақта
-
ма, сұхбат алушының тиісті нұсқаулық беруіне, сұрақтарды тәртіпке келті-
ріп, дерек енгізуді бақылауына мүмкіндік береді (9-тарау).
Компьютер арқылы сұхбат алу (CASI) (computer-assisted self-
interviewing) – сауалнама компьютер дискісіне салынып, респондентке пош
-
та арқылы жіберіледі немесе зерттеуші ұсынған ноутбук арқылы берілетін
электрондық сұхбат алу (9-тарау).
Компьютер көмегімен телефон арқылы сұхбат алу (CATI) (computer-
assisted telephone interviewing) – телефон арқылы сұхбаттасқан сұхбат алу
-
шы мен супервайзерлердің түрлі дерек жинау міндетін автоматтандыруға
көмектесетін автоматтандырылған құралдар жиынтығы (9-тарау).
ГЛОССАРИЙ
760
Конвергент жарамдылық (convergent validity) – бірдей тұжырымдама-
ның тәуелсіз өлшемдері бір-біріне байланысты болатын деңгей; корреляция
неғұрлым жоғары болса, конвергент жарамдылық та соғұрлым үлкен бола
-
ды (5-тарау).
Контекст бірлігі (context units) – контент-анализдің жазба құрылғысы
орнатылған үлкендеу бірлік, ол жазба құрылғысын классификациялауға қа
-
жет «контексіні» ұсынады. Мысалы, сөздің мағынасы (жазып алатын құрыл-
ғы, бірлік) сөйлемге біріккенде түсінікті болады (контекст бірлігі); жазба
бірлігін де қараңыз (12-тарау).
Контекстік дизайн (contextual design) – респонденттер мен олардың
әлеуметтік ортасы (контексі) жеке сипаттама мен әлеуметтік контекстің
адамдарға дербес әрі бірлесе ықпал етуін зерттеу мақсатында жиналатын
зерттеу жоспары.
Контент жарамдылығы (content validity) – «Өлшем тұжырымдаманың
барлық аспектісін (саласын) көңіл толатындай деңгейде көрсете алды ма?»
деген сұраққа жауап беретін субъектив пікір (5-тарау).
Контент-анализ (content analysis) – контенті кодталған айнымалылар
немесе категориялар жинағына азаятын коммуникацияның символдық
контентін жүйелі талдау (12-тарау).
Концептуалдау (conceptualization) – тұжырымдамаларды дайындау
және нақтылау (5-тарау).
Корреляция коэффициенті (correlation coefficient) – r деп белгіленетін
(Пирсон коэффициенті) ассоциация өлшемі; аралық немесе арақатынас
деңгейінде өлшенетін екі айнымалы арасындағы желілік байланыстың ба
-
ғыты мен күшін сипаттайды; Пирсон квадраты r желілік регрессия көмегі-
мен бір айнымалы негізінде екінші айнымалының вариация үлесін көрсете-
ді (4, 15-тараулар).
Көлбеу/регрессия коэффициенті (slope/regression coefficient) – тәуел
-
сіз айнымалыдағы әр бірлік өзгерісі үшін тәуелді айнымалының қаншалық-
ты өсетінін (не кемитінін) көрсететін қос айнымалы регрессия статистика-
сы (15-тарау).
Көпсатылы кластер іріктемесі (multistage cluster) – іріктеме екі немесе
одан да көп сатыда не кезеңде (мысалы, мектеп округтерін іріктеу, содан соң
таңдалған мектеп округтерінен мектептерді іріктеу, содан соң таңдалған
мектептерден оқушыларды іріктеу) өтетін іріктеу процедурасы (6-тарау).
Көптік регрессия (multiple regression) – бірнеше тәуелсіз айнымалының
тәуелді айнымалыға бір уақыттағы әсерін зерттейтін статистикалық әдіс
(16-тарау).
Критерийге қатысты жарамдылықты тексеру (criterion-related
validation) – өлшем жарамдылығын бағалау әдісі, ол объективті қазіргі не
-
месе болашақ критерийге байланысты болады (5-тарау).
Кросс-секциялы дизайн (cross-sectional design) – ең көп тараған сауал
-
нама дизайны; ауқымды топтың мүддесін ұсыну үшін таңдалған респон-
денттердің кросс-секциялы дерегі бірдей уақытта жиналады; ұзақмерзімді
дизайнды да қараңыз (9-тарау).
ГЛОССАРИЙ
761
Кросс-ұлттық сауалнама (cross-national surveys) – балама іріктеме сауал-
намасы түрлі елдерде өтетін зерттеу жұмысы; оны «салыстырмалы зерттеу»
деп те атайды (9-тарау).
Күнделікті өмірдегі шынайылық (mundane realism) – эксперименттегі
оқиғалар күнделікті тәжірибеге ұқсас болуы (7-тарау).
Қағазға жазып алынатын сауалнама (paper-and-pencil questionnaire) –
респонденттер толтыратын сауалнама түрі. Сұхбат алушы сауалнамаға
жауаптарды жазғанда, мұндай форма «сұхбат кестесі» деп аталады (9-тарау).
Қажеттілікті бағалау (needs assessment) – қоғам немесе мекеменің қа
-
жеттілігі мен проблемасын жүйелі түрде бағалау, бағдарламаның сол қажет-
тілікті қанағаттандыра алуы (14-тарау).
Екінші реттік дереккөз (secondary source) – тарихи жазба сияқты өт
-
кен оқиға куәгерінің пікірін қамтитын құжат, яғни сол оқиғаға куәгердің
өзі емес, одан естіген адамның жазбасы; бастапқы дереккөзді де қараңыз
(12-тарау).
Қалдық (residuals) – тәуелді айнымалының бақыланған мәні мен рег
-
рессия теңдігі арқылы болжанған мән арасындағы айырмашылық (15, 16-
тараулар).
Қалыпты дистрибуция (normal distribution) – арифметикалық ортаны
іріктеп үлестіру сияқты көптеген айнымалы мен статистикалық деректі си
-
паттайтын деректің үлкеннен кішіге қарай (қоңырау формасында) тарауы
(15-тарау).
Қамту қателігі (coverage error) – іріктеу шегі мақсатты негізгі жиынтық
-
қа сай келмегенде туатын қателік (6, 9-тараулар).
Қарапайым кездейсоқ іріктеме (simple random sampling) – кейстердің
барлық ықтимал комбинациясы іріктемеге ену мүмкіндігі бірдей болатын
ықтимал іріктеу процедурасы (6-тарау).
Қатынас өлшемі (ratio measurement) – өлшемнің ең жоғарғы деңгейі, ол
басқа деңгейлер сипатына қоса абсолюттік (ерікті емес) нөлдік нүктені де
қамтиды; осылайша категорияға тағайындалатын сандар арақатынасын қа
-
лыптастыруға болады (5-тарау).
Қатыспай бақылау (nonparticipant observation) – далалық зерттеу әдісі,
мұнда зерттеуші адамдармен байланысқа түспей сырттай бақылайды, әдет
-
те олар өздерін бақылап жүргенін білмейді (11-тарау).
Қатыса отырып бақылау (participant observation) – далалық зерттеуде
қолданылатын әдіс, мұнда зерттеуші ұзақ уақыт бойы адамдардың күнде
-
лікті тірлігі мен зерттеуге қажет жағдайларға белсене араласады (11-тарау).
Қоғамдық қолданысқа арналған микродерек іріктемесі (public use
microdata sample) – құпиялық сақтауға арналған ерекше дерегі жоқ қолжаз
-
баның компьютерге салынған іріктемесі (12-тарау).
Қолайлы іріктеу (convenience sampling) – зерттеуші өзіне қолайлы, қол
-
да бар кейстерге сүйеніп ықтимал емес іріктеу жасауы; оны «кездейсоқ»,
«аяқ астынан болған» іріктеу деп те айтады (6-тарау).
ГЛОССАРИЙ
762
Қолда бар деректер (available data) – деректі қолданып отырған әлеу-
меттік зерттеуші өзі дайындамаған ақпарат көзі; оған қоғамдық және жеке
құжаттар, масс-медиа өнімдері, заттай дәлел мен деректер архиві кіреді;
қолда бар деректі қолдану – әлеуметтік зерттеудің ең басты төрт тәсілінің
бірі (1, 12, 13-тараулар).
Қолданбалы әлеуметтік зерттеу (applied social research) – қоғамда бар
әлеуметтік проблеманы шешуге қажет ақпарат ұсыну мақсатында жүргізі
-
летін зерттеу; іргелі әлеуметтік зерттеуді де қараңыз (14-тарау).
Қоршаған ортаға әсерін зерттеу (environmental impact study) – заң та
-
лабына сай жүргізілетін зерттеу, қоғамдық жұмыс жобасының әлеуметтік
және физикалық ортаға әсерін бағалайды; әлеуметтік ықпалды бағалауды
да қараңыз (14-тарау).
Қос анонимдік техникасы (double-blind technique) – эксперимент жүргі
-
зу кезінде зерттеушілер құрамы да, субъект те эксперимент шартын білмей-
тін әдіс (7-тарау).
Құпиялық (confidentiality) – жеке өмірге араласуға болмайтыны жайлы
этикалық кепілдік; зерттеуге қатысушылардың барлық дерегі қатысушы
-
ның рұқсатынсыз ешкімге берілмейді деген тұжырым (3-тарау).
Құралмен жабдықтау (instrumentation) – ішкі жарамдылыққа төнген
қауіп; өлшеу құралы немесе өлшеу процедурасы сипаттамасындағы қажет
-
сіз өзгерістер (8-тарау).
Құрылым жарамдылығын тексеру (construct validation) – зерттеу дәле
-
лін жинақтау арқылы өлшеу жарамдылығын тексеру, ол үшін өлшем мына
талаптарға сай болуы керек: (1) теориялық тұрғыда күтуге болатын басқа
айнымалыға қатысты; (2) бір тұжырымдаманың басқа өлшемдерімен тығыз
корреляциялану (конвергент жарамдылық); (3) басқа тұжырымдама өлше
-
міне жоғары деңгейде сай келмейді (дискриминант жарамдылық) және (4)
өлшенетін сипаттары әртүрлі топтар арасында өзгеріп тұрады (5-тарау).
Құрылымдалған бақылау (structured observation) – тікелей бақылау
түрі; қашан, қайда, қалай және нені бақылау керек екенін шешуге арналған
нақты әрі алдын ала бекітілген процедуралары бар; «құрылымдалмаған ба
-
қылау» терминін де қараңыз (11-тарау).
Құрылымдалған сұхбат (structured interview) – стандарт сұхбаттың бір
түрі, мұнда объектілер өте ерекше, барлық сұрақтар алдын ала жазылады
және барлық респондентке бірдей ретпен қойылады, сұхбат берушінің ес
-
кертуі стандартталады; сауалнама сұхбаты да әркез құрылымды; «құрылым-
далмаған сұхбат» терминін де қараңыз (9-тарау).
Құрылымдалмаған бақылау (unstructured observation) – қашан, қайда
және нені бақылауды анықтау үшін алдын ала келісілген процедурасыз тіке
-
лей бақылау түрі (11-тарау).
Құрылымдалмаған сұхбат (unstructured interview) – стандарт емес сұх
-
бат түрі, мұнда сұхбат алушының түрлі мақсаты болады және сұрақтары сұх-
бат алу кезінде туындайды; алдын ала ақпарат алу не түсіну керек болған
кезде қолданған дұрыс; құрылымдалған сұхбатты да қараңыз (9-тарау).
ГЛОССАРИЙ
763
Құрылымдық теңестіру арқылы модельдеу (structural equation
modeling) – түрлі теория модельдерін тестілеуге арналған статистикалық
әдіс, оған бақыланатын индикаторлар мен оларға негіз болған бақыланбай
-
тын тұжырымдама арасындағы байланыс «құрылымы» кіреді (13-тарау).
Қызметтік жазбалар (memos) – далалық зерттеуде далалық жазбаларға
қосымша жүретін қысқа жазылған талдаулар, ескертпе мен бақылау жұмы
-
сын қарағанда ойға түседі (11-тарау).
Лайкерт жауап форматы (Likert response format) – әр сұраққа алдын ала
көрсетілген жауапты таңдау арқылы жауап беру («толық келісемін», «келісе
-
мін», «бейтарап қаламын», «келіспеймін», «мүлдем келіспеймін» деген фор-
матта беріледі); Лайкерт шкаласын да қараңыз (10-тарау).
Лайкерт шкаласы (Likert scaling) – респонденттер ретімен берілген
жауап сериясын (мысалы, «толық келісемін» дегеннен бастап «мүлдем келіс
-
пеймін» деген элементке дейін) таңдағанда олардың әр тұжырымдама жи-
нағына реакциясын көрсету үшін пікірді өлшеу үшін қолданылатын масш-
табтау әдісі (13-тарау).
Мақсатты іріктеу (purposive sampling) – ықтимал емес іріктеу форма
-
сы, типтік кейстерді немесе негізгі жиынтықтың тиісті өлшемін көрсететін
кейстерді мұқият таңдау (6-тарау).
Мақсатты негізгі жиынтық (target population) – зерттеу кезінде зерттеу
-
ші алған нәтижесін жалпылап, қосатын негізгі жиынтық (6-тарау).
Манипуляцияны тексеру (manipulation check) – эксперимент жүргізген
-
де жиналған дәлел тәуелсіз айнымалы манипуляциясын субъект өзі ойла-
ғандай етіп өткізгенін немесе түсіндіргенін көрсетеді (7-тарау).
Маргинал жиілік (marginal frequencies) – қатар мен баған айнымалыла
-
ры үшін жиіліктің біркелкі таралуын көрсететін күтпеген жағдай кестесінде-
гі (кросс-табуляция) қатар мен баған қорытындысы (15-тарау).
Матурация (maturation) – ішкі жарамдылыққа төнген қауіп; экспери
-
менттік манипуляцияға тәуелсіз белгілі бір уақыт аралығында субъектілер-
де болатын психологиялық және физиологиялық өзгерістер (8-тарау).
Мәдени релятивизм (cultural relativity) – белгілі бір қоғамдағы қалып
-
тасқан мәдени стандарттар олардың өз шартына сай зерттелуі керек және
сол зерттеушілер зерттелетін қоғам немесе топты сөкпеуге тиіс (3-тарау).
Медиана (median) – интервал немесе қатынас шкаласы деректерінің
юнивариатив дистрибуциясында орталық нүктені көрсететін орталық үрдіс
өлшемі; мәннің 50%-ы төмен және жоғары түсетін нүктені көрсетеді (15-
тарау).
Мета-талдау (meta-analysis) – алдыңғы тақырыпқа қатысты зерттеулер
-
дің нәтижесін синтездеп, түйіндейтін жүйелі процедуралар.
Мода (mode) – ең жоғары жиілігі бар жиілік дистрибуциясы категория
-
сын немесе мәнін көрсететін орталық үрдіс өлшемі; ең жиі кездесетін мән
(15-тарау).
Модальды нұсқаны іріктеу (modal instance sampling) – бағалау зерт
-
теуі кезінде ұсынылатын іріктеу процедурасы, мұнда бағдарламаны бағалау
ГЛОССАРИЙ
764
бөліктері бағдарламаны қолдану параметрлеріне ұқсас болғаны үшін таңда-
лады (14-тарау).
Модельдеу (modeling) – статистикалық талдауда екі немесе одан да көп
айнымалы арасындағы болжалды немесе теориялық байланыстың рес
-
ми көрсетілуі. Әдетте балама модельдер бақыланатын дерекке сәйкестігін
анықтау үшін салыстырылады (16-тарау).
Мультивариатив талдау (multivariate analysis) – үш немесе одан да
көп айнымалы арасындағы бірдей байланысты статистикалық талдау (16-
тарау).
Мультиколлинеарлық (multicollinearity) – екі немесе одан да көп тәуел
-
сіз айнымалылар комбинациясы бір-бірімен корреляцияланғанда регрессия
нәтижесін (коэффициент бағасын) интерпретациялауды қиындататын көп
-
тік регрессия кезінде туындайтын проблема (16-тарау).
Мүдделі тараптар (stakeholders) – бағалау зерттеуіне аса қажет жеке
тұлғалар немесе топтар, оларға әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асуы мен
нәтижесі ықпал етеді; бағалау зерттеуін де қараңыз (14-тарау).
Мүше болу рөлі (membership role) – зерттеуге қатысушының өзін зерт
-
теу кезінде зерттеуші қалағандай рөлге енуі; белсенді, толық және перифе-
риялық мүше болу рөлін қараңыз (11-тарау).
Мінез-құлықтық кодтау (behavioral coding) – далалық претестілеу тех
-
никасы; сұхбат алушы мен респонденттің бетпе-бет немесе таспаға жазыл-
ған сұхбаты әр сұрақ бойынша респондент пен сұхбат алушының проблема-
лық мінез-құлық жиілігін анықтау үшін жүйелі түрде кодталады.
Негізгі әсер (main effect) – факторлы эксперименттік дизайнда жалғыз
тәуелсіз айнымалының өздігінен болатын ықпалы (факторы) (8-тарау).
Негізгі жиынтық (population the total) – адамдар, объектілер мен оқи
-
ғалардың белгілі бір категориясына жалпы мүше болуы; мақсатты негізігі
жиынтықты да қараңыз (6-тарау).
Негізгі информанттар (key informant) – зерттеушінің зерттеу жүргізу
ортасына енуіне мүмкіндік беретін, сол ортаның зерттеушіні қабылдап, ақ
-
парат беруіне жағдай жасайтын тұлғалар (11-тарау).
Номинал өлшеу (nominal measurement) – өлшемнің ең төменгі түрі; мұн
-
да сандар категорияға мүше болуды көрсету үшін ғана қолданылады; кате-
гориялар сараланбайды, бірақ түпкілікті және бірін-бірі жоққа шығаруы
керек (5-тарау).
Номотетикалық түсіндірмелер (nomothetic explanation) – оқиғалар
тобы арасындағы жалпылама түсінікті (мысалы, ортақ себепті) анықтауға
тырысатын ғылыми түсініктеме (2-тарау).
Нөлдік гипотеза (null hypothesis) – бақыланатын байланыс кездейсоқ
(зерттеу гипотезасына қарама-қайшы), статистикалық елеулілік тестіне
байланысты деген гипотеза; елеулілік тесті нөлдік гипотезаны ықтимал дең
-
гейге ығыстырады (4-тарау).
Нөлдік деңгейлі байланыс (zero-order relationship) – бивариатив корреля
-
ция немесе бивариатив кестелердің байланысы, «нөлдік деңгейлі» дегеніміз
ГЛОССАРИЙ
765
бақылау айнымалысы жоқ («нөл») екенін білдіреді; бірінші деңгейлі байла-
нысты да қараңыз (16-тарау).
Объективтік (objectivity) – ғылымда екі не одан да көп адамның бақылау
нәтижесіне келісуге мүмкіндік беретін әдіснамалық жағдай; интерсубъек
-
тив сынау мүмкіндігін де қараңыз (2-тарау).
Оң (тікелей) байланыс (positive (direct) relationship) – бір айнымалы
-
ның мәнінің артуы екіншісінің мәнінің артуына әкелсе немесе бір айныма-
лының мәнінің төмендеуі екіншісінің мәнінің төмендеуіне әкелсе, демек,
айнымалылар арасында оң немесе тура байланыс бар деген сөз (4-тарау).
Операционалдау (operationalization) – айнымалы категориясына талдау
бірлігін тағайындауға қажетті зерттеу операциялары немесе процедурала
-
рының толық сипаттамасы; концептуал қасиетті ұсынуға қажет «операцио-
нал анықтама» жасайды (5-тарау).
Өзара байланыс әсері (interaction effect) – бір тәуелсіз айнымалының
тәуелді айнымалыға қатысты әсері басқа тәуелсіз айнымалының мәні не
деңгейіне қарай өзгергенде шыққан нәтиже. Осылайша айнымалылардың
бірлескен әсері жалғыз тұрғандағы әсерінен басқаша болады (8-тарау).
Өзара себеп-салдарлық (reciprocal causation) – екі айнымалы бір-біріне
өзара ықпал ету тұрғысынан себеп-салдарлы байланыста болады деп бол
-
жау, оны «ортақ себеп-салдар» деп те атайды (16-тарау).
Өлшеу деңгейі (level of measurement) – бір айнымалы категориясын не
-
месе екіншімен салыстыра отырып қорытынды жасайтын өлшем сипаты.
Басты төрт деңгей: номинал, реттік, интервал және қатынас (5-тарау).
Пайыздық дистрибуция (percentage distribution) – әрқайсысын ұзын
-
дығы 100 бірлік (пайыздық нүктесі) жалпы критерийге айналдыру арқылы
жиілік дистрибуциясын салыстыратын және интерпретацияны жеңілдете
-
тін нормалау операциясы; әр категорияда кейстер саны ортақ санға бөлініп,
жүзге көбейтіледі (15-тарау).
Панельдік зерттеу (panel study) – бірдей жеке тұлғалар бір реттен көп
зерттелетін ұзақмерзімді дизайн, сол арқылы жеке тұлға мен топтағы өзге
-
рісті бақылауға болады (9-тарау).
Параметр (parameter) – әйелдер пайызы немесе адамның орташа жасы
-
ның пайызы сияқты негізгі жиынтық сипаттамасы (6-тарау).
Пат коэффициенті (path coefficients) – көптік регрессияда регрессия
коэффициентіне сүйеніп, пат моделіндегі бір айнымалының екінші айныма
-
лыға әсерін бағалайды; пат моделінде ықтимал жолды есептеу үшін әдетте
бірнеше көптік регрессия қажет (16-тарау).
Пат-анализ (path analysis) – регрессияның стандартталған коэффициент
-
терін қолдана отырып себеп-салдарды модельдеу формасы, (басқалармен
қоса) бір айнымалының жиынтық тікелей және жанама әсерлерінің басқа
айнымалыларға ықпалы бағаланады (16-тарау).
Перифериялық мүше болу рөлі (peripheral membership role) – далалық
зерттеудегі қатысушы рөлінің бір түрі; мұнда зерттеуші зерттелетін ортаға
ГЛОССАРИЙ
766
немесе топқа етене араласпайды; белсенді мүше болу рөлі мен толық мүше
болу рөлін де қараңыз (11-тарау).
Позицияға қарай жауаптың бұрмалануы (position response bias) – кей
-
бір респонденттердің позициясына қарай жауаптарды белгілей салуы, мы-
салы, тізімде бірінші тұрған нұсқаны көрсетуі (10-тарау).
Претестілеу (pretesting) – зерттеу процедурасы мен қатысушылар құра
-
мын бағалау үшін жиналған субъектілердің немесе респонденттердің ша-
ғын санына зерттеу құралдарын қолдана отырып тест түрінде алдын ала
дайындықтан өткізу; далалық зерттеудегі претестілеуді де қараңыз (7, 9,
10-тараулар).
Претест бақылау тобы дизайны (pretest–posttest control group design) –
шынайы эксперименттік дизайн, мұнда субъектілер (1) экспериментке де-
йін (претест) және эксперименттен кейін (постест) өлшенген эксперимент-
тік топқа кездейсоқ тағайындалады; (2) бірдей уақытта өлшенген, зерттел-
мейтін бақылау тобына кездейсоқ тағайындалады (8-тарау).
Посттест бақылау тобы дизайны (posttest-only control group design) –
эксперименттік дизайн, оған мына сипаттар кіреді: араласу және бақылау
тобына кездейсоқ тағайындау, зерттеу тобына тәуелсіз айнымалыны енгізу
және екі топқа да зерттеуден соң өлшем жасау (8-тарау).
Пропорционал емес стратификацияланған іріктеу (disproportionate
stratified) – страта негізгі жиынтық құрамына пропорционал емес іріктеле
-
тін процедура. Мысалы, құқық қорғау мекемесіне зерттеу жүргізгенде әйел
полицияларды ер полицияларға қарағанда көбірек іріктейді, сол кезде олар
талдау мақсатына жеткілікті түрде жиналады.
Процесті бағалау (process evaluation) – бағдарлама жоспарға сай орын
-
дауын, мақсатты негізгі жиынтықты қамтуын анықтайтын бағалау зерттеуі-
нің түрі; оны «бағдарлама мониторингі» деп те атайды, бағалау зерттеуін де
қараңыз (14-тарау).
Реактив емес өлшем (nonreactive measurement) – өлшенетін нәрсеге өз
-
дігінен өзгеріс әкелмейтін кез келген өлшеу процесі. Керісінше, реактив өл-
шем мінез-құлықта өзгеріс тудыруы мүмкін, адамдар өздерінің зерттеліп не
бақыланып жүргенін біледі (12-тарау).
Реактив өлшем әсері (reactive measurement) – бақылау немесе өлшеу
процесі респонденттің өлшеуге деген сезімталдығына немесе сезгіштігіне
ықпал ететін әсер (5, 7-тарау).
Регрессиялық талдау (regression analysis) – аралық немесе қатынас шка
-
ласы арасындағы мультивариатив (көптік регрессиялы) және бивариатив
байланысты зерттеуге арналған статистикалық әдіс (15, 16-тараулар).
Регрессиялық желі (regression line) – бивариатив регрессия теңдігінің
геометриялық репрезентациясы, желіден ауытқу шаршы сомасын азайту
арқылы бақыланатын дерекке желіні барынша сәйкестендіруге тырысады,
кейде оны «ең кіші квадрат желісі» деп те атайды (15-тарау).
Редакциялау (editing) – сауалнама немесе басқа дерек компьютерде то
-
лық, қатесіз, барынша оқуға дайын болуын қамтамасыз ететін сапаны бақы-
лау процесі (15-тарау).
ГЛОССАРИЙ
767
Реплика (replication) – (1) кейстердің басқаша іріктемесін қолданып
және басқа әдістер параметрін пайдаланып, алдыңғы зерттеуді қайталау;
мұнда бастапқы нәтиже белгілі бір зерттеу шарты мен процедурасының ар
-
тефактісі болып шығу мүмкіндігін зерттейді; (2) мұқият талдау нәтижесі,
мұнда бастапқы байланыс әр дербес кестеде қайталанады (7, 13, 16-тарау
-
лар).
Респондент дебрифингі (respondent debriefings) – респонденттің көзқа
-
расы тұрғысынан құралдардың проблемаларын анықтау үшін сұхбат алдын-
дағы құрылымдық бақылау сұрақтары қолданылатын далалық претестілеу
техникасы (10-тарау).
Реттік өлшем (ordinal measurement) – кейбір айнымалыда әртүрлі сан
-
дар кейстердің саралану ретін көрсететін деңгей (5-тарау).
Салыстырмалы-тарихи талдау (comparative-historical analysis) – тарихи
процестерді шағын кейс аясында және соның ішінде сипаттай әрі салыс
-
тыра отырып, әлеуметтік өзгерістің себеп-салдарлық түсіндірмесін дамыту
(12-тарау).
Сандық айнымалы (quantitative variable) – сандық айырмашылықты
көрсететін категориясы бар айнымалы (арақатынас, аралық және реттік
өлшем деңгейі); сапалық айнымалыны да қараңыз (4-тарау).
Сапалық айнымалы (qualitative variable) – дискретті категориясы бар
айнымалылар; әдетте сөз немесе белгімен белгіленеді және категориялар
арасында сандық емес айырмашылық болады (яғни өлшемнің номинал дең
-
гейі); сандық айнымалыны да қараңыз (4-тарау).
Сапалық зерттеу (qualitative research) – сапалы деректер ұсынатын (мы
-
салы, мәтін немесе көрнекі бейнелер) зерттеуге қолданылатын сөз; әдет-
те далалық зерттеуді, тереңдетілген сұхбат алу, тарихи құжаттарды талдау
және мәтіндік талдауды қамтиды (2-тарау).
Сарапшы шолуы (expert review) – сарапшылардың сауалнама дизайны
немесе тақырыбына қатысты жүргізген сауалнама жауаптарын бағалауы
(10-тарау).
Сауалнама (survey) – әлеуметтік зерттеудегі негізгі тәсіл, сұхбат алу не
-
месе анкета арқылы салыстырмалы түрде үлкен адамдар іріктемесіне тіке-
лей сұрақ қояды (1, 9, 13-тараулар).
Сәйкестендіру (matching) – субъектілерді эксперименттік топтарға та
-
ғайындау әдісі, әр топтың құрамы тәуелді айнымалыға қатысты саналатын
басқа топтарға бір немесе бірнеше сипаты жағынан сай келеді; кездейсоқ
-
тықпен бірге қолданса болады, бірақ оны алмастыра алмайды (7, 14-тарау-
лар).
Сәйкестікті тексеру (consistency checking) – қисынды жауап паттернін
тексеру арқылы деректерді тазалау процедурасы; мысалы, соңғы президент
сайлауында дауыс берген 12 жастағы баланы анықтау т.б. (15-тарау).
Себеп-салдарлық емес ассоциация (noncausal association) – екі айны
-
малы бір модельде статистикалық жағынан байланысады, бірақ ассоциа-
цияның себеп-салдар түсініктемесі модельдің бір бөлігі емес (16-тарау).
ГЛОССАРИЙ
768
Себеп-салдарлық байланыс (causal relationship) – бір айнымалыдағы
өзгеріс екіншісінде де өзгеріс тудыратынын немесе әкелетінін білдіретін
теориялық түсінік. «Себеп-салдар» түсінігі бақылауға келмейтін және фило
-
софиялық жағынан қарама-қарсы ұғым болса да, себеп-салдарлық теория
ғылыми зерттеулерде кеңінен әрі жиі қолданылады (2, 4-тараулар).
Себептерді талдау (reason analysis) – зерттеу құралында сұрақтар тізімін
жасауға модель болатын шешім қабылдау категориясы көрсетілген бухгал
-
терлік есеп сызбасы (10-тарау).
Сенімділік (reliability) – операционал анықтаманың тұрақтылығы неме
-
се сәйкестілігі (5-тарау).
Сенімділік интервалы (confidence interval) – негізгі жиынтық мәні бел
-
гілі бір сенім деңгейінде болатын диапазон (аралық); іріктеу қателігін ес-
керу үшін іріктемені бағалауды анықтау мақсатында қолданылады. Мыса-
лы, зерттеуші адам басына шаққандағы орташа кіріс деңгейінің іріктемелік
арифметикалық ортасы 18 325 доллардан 359$ артық не кем болуы мүмкін
екеніне 99% сенімді екенін (сенімділік деңгейі) айтады (яғни сенімділік дең
-
гейі 18 684$–17 966$) (6-тарау).
Сенімділікті сынау мен қайта сынау (test–retest reliability) – өлшемді
қайтадан қолдану нәтижесі арасындағы корреляцияны есептеуді қамтитын
сенімділікті бағалаудың «тұрақты» әдісі (5-тарау).
Соломонның төрт тобы дизайны (Solomon four-group design) – төрт
топтың қатысуын талап ететін шынайы эксперименттік дизайн; ол топтар
претестілеуден өткен зерттеу және бақылау тобы және тестілеуден өтпеген
эксперименттік және бақылау топтары. Бұл дизайн зерттеу әсеріне қатыс
-
ты ақпарат береді, претестілеу әсері, претестілеу мен зерттеуді өзара бай-
ланыстыру және кездейсоқтық процедурасының тиімділігі жайлы ақпарат
береді (8-тарау).
Спецификация (specification) – (1) мұқият талдаудағы нәтиже, кейбір
жартылай кестедегі (бәрінде емес, мысалы, байланыс әсері) бастапқы бай
-
ланыстың өсуі, кемуі немесе жоғалуын қамтиды; (2) ресми теориялық мо-
дель тұжырымдамасы (16-тарау).
Спецификация қатесі (specification error) – жалған модельді дерекке ла
-
йықтау (мысалы, маңызды айнымалыны тастап кету), соның кесірінен қате
нәтиже алынады (16-тарау).
Сплит-баллот тест (split-ballot tests) – сұрақ реті, сұрақты қою не фор
-
маттау манипуляциясы, құрал нұсқаларын салыстыру үшін кейде далалық
претестілеуде қолданылады (10-тарау).
Стандарт ауытқу (standard deviation) – арифметикалық ортаға қатысты
бақылаудың орташа «таралуын» көрсететін өзгермелілік немесе дисперсия
-
ның бір реттік өлшемі; ауытудың шаршы түбірі, ол әр орташа мәнді алып,
нәтижені екі еселеу арқылы алынады, содан соң екі еселенген орташа мән
айырмасының арифметикалық ортасын шығарады (6, 15-тараулар).
Стандарт қате (standard error) – нақты іріктеме дистрибуциясын
-
дағы «орташа мән» іріктеме қатесінің статистикалық өлшемі; іріктеу
ГЛОССАРИЙ
769
дистрибуциясынан стандарт ауытқу, осылайша іріктеме нәтижесі бір ірікте-
меден екіншісіне қалай құбылатынын өлшеу (6-тарау).
Стандартталған регрессия коэффициенті (standardized regression
coefficients) – нормалау операциясы нәтижесінде алынған коэффициенттер,
ол жартылай регрессияның түрлі коэффициентін стандарт ауытқу бірлігінің
бірдей өлшеміне стандарттау арқылы бір негізге салады; осылайша тәуелді
айнымалының тәуелсіз айнымалының 1 стандарт ауытқу бірлігіне сай өзге
-
ретін стандарт ауытқу бірлігі санын көрсетеді (16-тарау).
Статикалық топты салыстыру (static group comparison) – эксперимент
-
тік топ пен бақылау тобы екеуі бірдей араласудан кейін өлшенетін экспери-
ментке дейінгі дизайн; ішкі жарамдылыққа сұрыптау мен дифференциалды
азаю, кейде матурация қауіп төндіреді (8-тарау).
Статистика (statistic) – іріктеме сипаттамасы; статистика негізгі жиын
-
тық параметрлерін бағалайды; «параметр» сөзін де қараңыз (6-тарау).
Статистикалық елеулілік (statistical significance) – «статистикалық елеу
-
лілік тесті» терминін қараңыз.
Статистикалық елеулілік тесті (test of statistical) – эксперимент немесе
басқа зерттеу нәтижесі кездейсоқ болуы мүмкін екенін бағалайтын статис
-
тикалық процедура (4, 7, 15, 16-тараулар).
Статистикалық регрессия (statistical regression) тестідегі шекті
төмен балдың арифметикалық ортаға немесе тестіні қайталап өткізгенде
орташа балға жылжу (регрессия жасауы) үрдісі. (8-тарау).
Стохастикалық компонент (stochastic component) – статистикалық мо
-
дельдегі кездейсоқ немесе кездейсоқ факторлармен берілетін статистика-
лық модель өзгермелілігі; «жүйелі компонент» сөзін де қараңыз (16-тарау).
Страта (stratum) – айнымалы категориясы (мысалы, ерлер немесе әйел
-
дер), стратификацияланған кездейсоқ іріктеуді таңдағанда негізгі жиынтық
солай бөлінеді; «стратификацияланған кездейсоқ іріктеу» терминін де қара
-
ңыз (6-тарау).
Стратификацияланған кездейсоқ іріктеу (stratified random sampling) –
негізгі жиынтық стратаға бөлінетін, тәуелсіз кездейсоқ іріктемелер әр стра
-
тадан алынатын ықтимал іріктеу процедурасы (6-тарау).
Субъектаралық дизайн (between-subjects designs) – нақты эксперимент
-
тік дизайн; онда әр субъектіге бір немесе бірнеше жағдай тағайындалады
(мысалы, араласу мен бақылау); субъектішілік дизайнды да қараңыз (8-та
-
рау).
Субъектив жарамдылықты тексеру (subjective validation) – зерттеуші
-
нің тұжырымына сүйеніп жарамдылықты бағалау; «контент жарамдылығы»
мен «шартты жарамдылық» терминдерін де қараңыз (5-тарау).
Субъектішілік дизайн (within-subjects) – әр субъект эксперименттік ара
-
ласу мен бақылау сияқты эксперимент жағдайының бәрін басынан өткере-
тін эксперименттік дизайн; субъектаралық дизайнды да қараңыз (8-тарау).
Сұрыптау (selection) – ішкі жарамдылыққа төнген қауіп; бақылау және
эксперименттік топ құрамындағы жүйелі айырмашылықтар (8-тарау).
ГЛОССАРИЙ
770
Сұхбат алушымен дебрифинг (interviewer) – далалық претестілеу тех-
никасы, әдетте сұхбат алушы көзқарасы тұрғысынан құралдар проблемасын
анықтау үшін жүргізілетін фокус-топтағы талқылауларды айтады (10-тарау).
Сұхбат алу нұсқаулығы (interview guide) – тереңдетілген сұхбат алуда
қолданылатын тақырып пен сұрақтардың нобайы; құрылымдалған сұхбат
-
тан айырмашылығы – сұрақтардың реті мен тәртібі өзгере береді (11-тарау).
Сұхбат кестесі (interview schedule) – сұхбат алушылар қолданатын сауал
-
нама формасы, онда нұсқаулықтар, қойылатын сұрақтар мен жауап нұсқа-
лары (қажет болса) көрсетіледі (9-тарау).
Сүзгі сипатты сауал қою (filter question) – сауалнама сұрағының бір
түрі, оған берілген жауап субъектінің жағдайға қатысты қойылатын келесі
сұрағын анықтайды (10-тарау).
Сыртқы айнымалылар (extraneous variables) – болжалды байланыстағы
тәуелсіз және тәуелді айнымалыдан басқа айнымалылар; түсіндірме айны
-
малыларды да қараңыз (4-тарау).
Сыртқы жарамдылық (external validity) – эксперимент нәтижесін басқа
орта, жиынтық субъектілері мен уақыт кезеңіне жалпылауға болатын дәре
-
же (7-тарау).
Талап етілетін сипаттама (demand characteristics) – эксперимент кезін
-
де субъектіге эксперимент жүргізуішінің болжам ұсынып, одан не күтетінін
тұспалдап айтуы (7-тарау).
Талдау бірлігі (unit of analysis) – зерттеуші сол туралы ақпарат жинай
-
тын бірлік; оған адамдар, әлеуметтік рөлдер, қарым-қатынас, топтар, ұйым-
дар, қауымдастықтар мен ұлттар және әлеуметтік артефактілер жатады (4-
тарау).
Шашыранды диаграмма (scatterplot a graph) – әр бақылау үшін екі ай
-
нымалы мәнін көрсететін кесте (15-тарау).
Тарих (history) – ішкі жарамдылыққа төнген қауіп; эксперимент кезінде
субъектінің қоршаған ортасында болған жағдай (эксперимент үшін жасал
-
ған емес) тәжірибе нәтижесіне ықпал етуі мүмкін (8-тарау).
Тәуелді айнымалы (dependent variable) – зерттеуші түсіндіруге не бол
-
жауға тырысатын айнымалы; бір немесе бірнеше тәуелсіз айнымалылардың
болжалды әсері (4-тарау).
Тәуелсіз айнымалы (independent variable) – тәуелді айнымалының ық
-
тимал себебі (4-тарау).
Телефон арқылы сұхбат алу (telephone interview) – сұхбат алушы рес
-
пондентпен телефон арқылы байланыс жасайтын сұхбат алу түрі, бетпе-бет
сұхбаттасуды да қараңыз (9-тарау).
Теңестіру (counterbalancing) – субъектішілік эксперимент жобасында қосым
-
ша әсерді басқару үшін қолданылатын әдіс; араласу және бақылау реті керісінше
жүреді, осылайша субъектілердің әртүрлі тобы түрлі ретпен өтеді (8-тарау).
Теория (theory) – байланыстың қалай және неліктен пайда болғанын
көрсететін жорамалдардың логикалық тұрғыда өзара байланысты жиынты
-
ғы (2-тарау).
Теориялық іріктеу (theoretical sampling) – далалық зерттеуге арналған
іріктеу стратегиясы, мұнда ауқымды аналитикалық катеогориялар теория
-
лық түсінікті жеңілдету үшін іріктеледі (11-тарау).
ГЛОССАРИЙ
771
Тереңдетілген сұхбат (in-depth interviews) – далалық зерттеу әдісі, сауал-
нама зерттеуіне қарағанда құрылымы аз, бірақ одан ұзақтау және көбіне
бірнеше кезеңді қажет етеді (11-тарау).
Теріс (кері) байланыс (negative (inverse) relationship) – бір айнымалы
мәнінің артуы екінші айнымалы мәнінің кемуіне сай келеді; яғни бір айны
-
малыдағы өзгерістер екінші айнымалыдағы өзгерістерге қарсы бағытта жү-
реді (4-тарау).
Тестілеу (testing) – ішкі жарамдылыққа төнген қауіп; өлшеу процесіне
қатысты реакциядан туған өлшенетін мәндегі өзгерістер; екінші өлшемге
бір реттік өлшемнің ықпалы (8-тарау).
Тиімділікті бағалау (efficiency assessment) – бағдарлама нәтижесі оның
шығынымен салыстырылатын бағалау зерттеуінің түрі; шығын мен пайда
-
ны талдау немесе шығын тиімділігін талдау түрінде келуі мүмкін; әсерді ба-
ғалауды да қараңыз (14-тарау).
Толық мүше болу рөлі (complete membership role) – далалық зерттеудегі
қатысушы рөлі; мұнда зерттеуші өзі зерттеп жүрген ұйым немесе топтың то
-
лыққанды мүшесіне айналады; белсенді мүше болу рөлі мен перифериялық
мүше болу рөлін де қараңыз (11-тарау).
Трендті зерттеу (trend study) – ұзақмерзімді дизайн, мұнда бірдей негізгі
жиынтықтың тәуелсіз таңдалған іріктемелерінен қайта алынған сауалнама
бойынша сұрақтарды зерттейді (9-тарау).
Триангуляция (triangulation) – әдіснамалық жағынан кемшілігі әртүрлі
(бірдей емес) бірнеше әдіс немесе өлшем арқылы әлеуметтік зерттеу мә
-
селесін шешу; егер әртүрлі әдіс бірдей нәтиже берсе, нәтижеге деген сенім
арта түседі (13-тарау).
Тура сұрақтар (direct questions) – зерттеуші білгісі келген мәселеге қа
-
тысты сұрақты нақты, тура қояды; жанама сұрақты да қараңыз (10-тарау).
Тұжырымдама (concept) – сөз немесе басқа белгілер арқылы берілетін,
маңызды ортақ сипаты бар құбылыстарды біріктіретін абстракция (мыса
-
лы: «экстраверсия» тұжырымдамасы белгілі бір мінез-құлықтың кең ауқы-
мын қамтиды); ғылыми мақсатта әзірленген тұжырымдамалар кейде «құ-
рылым» деп аталады (2, 5-тараулар).
Түпкілікті (exhaustive) – өлшем барлық ықтимал мәнді немесе айныма
-
лы атрибутын қамтитын өлшем талабы, сол кезде әр кейсті классификация-
лауға болады (5-тарау).
Тұрақты әсер моделі (fixed-effects model) – мета-талдау кезінде зерттеу
-
лер арасындағы өзгермелік іріктеме мен өзге кездейсоқ процестерден туады
деп болжайтын статистикалық іріктеме жиегі; кездейсоқ әсер моделін де
қараңыз (13-тарау).
Түсіндірме айнымалылар (explanatory variables) – зерттеу жұмысының
басты назарында болатын болжалды байланыстағы тәуелсіз және тәуелді
айнымалылар; сыртқы айнымалыларды да қараңыз (4-тарау).
Түсіндірме зерттеу (explanatory research) – екі немесе одан да көп айны
-
малы арасындағы байланысты зерттейді, оларды себеп пен салдары бойын-
ша түсіндіруге тырысады (4, 9-тараулар).
Түсініктеме (explanation) – (1) ғылымда бір топтағы өзгерістерді бас
-
қа топтағы өзгерістермен байланыстыратын абстракт тұжырымдама;
ГЛОССАРИЙ
772
(2) мұқият талдауда алдыңғы сынақ айнымалысын бақылау кезінде бастап-
қы екі айнымалы байланысы әр дербес кесте үшін нөлге дейін немесе нөлге
жуық шамаға дейін кемитін нәтиже (2, 16-тараулар).
Тізімнен алып тастау (listwise deletion) – мультивариатив талдауда жоқ
мәндерді өңдеуге арналған жалпы процедура; талдаудағы айнымалылардың
бірінде мән болмаса, оны алып тастайды (15-тарау).
Тікелей әсер (direct effects) – себеп-салдарлық моделінде бір айнымалы
екіншісіне тікелей әсер етеді деп болжау; бір айнымалының екіншісіне жал
-
пы ықпалы тікелей және жанама әсердің қосындысынан болады; жанама
әсерді де қараңыз (16-тарау).
Тіркелмеген кодты тексеру (wild-code checking) – әр айнымалы үшін
тіркелген мәндер арасында ауқымнан тыс және өзге де «заңсыз» кодтарды
тексеруге арналған деректі тазалау процедурасы (15-тарау).
Ұзақмерзімді дизайн (longitudinal design) – бір уақытта бір ұпайдан көп
дерек жиналатын сауалнама дизайны; трендті зерттеу, топты (панель) зерт
-
теу және когорттік зерттеуді де қараңыз (9-тарау).
Ұяшық жиілігі (cell frequency) – жиынтық кесте ұяшығындағы кейстер
саны (15-тарау).
Үзілген уақыт қатарындағы дизайн (interrupted time-series design) –
претест-постест дизайнын еске салатын квази-эксперименттік дизайн; мұн
-
да араласу манипуляциясы немесе интервенцияға дейін не одан кейін бақы-
лау сериясы (өлшемдері) болады (8-тарау).
Үнсіз келісетін жауаптар жиыны (acquiescence response set) – респон
-
дент жауабының бұрмалануы; сұрақ мазмұны қандай болса да, респондент-
тің оған келісуі (10-тарау).
Факторлы эксперименттік дизайн (factorial experimental designs) – екі
немесе одан да көп тәуелсіз айнымалы (факторлар) манипуляцияланатын
негізгі эксперименттік дизайнды ұлғайту; тәуелсіз айнымалының жеке (не
-
гізгі) әсерлері мен бірлескен (өзара байланысты) әсерлері жайлы ақпарат
беріледі (8-тарау).
Фокус-топ (focus group) – сұхбат алушы қатысушылардың шағын тобы
арасында жалпы тақырыпта еркін сөйлесіп дерек жинау әдісі (10-тарау).
Формативті бағалау (formative evaluation) – бағдарлама дайындауда
басшылыққа алатын әлеуметтік бағдарламаны жасау кезеңінде жүргізілетін
зерттеу; бағалау зерттеуін де қараңыз (14-тарау).
Халық санағы жазбасы (manuscript census) – санақшылар дерегін жа
-
зып отыратын түпнұсқа кесте, оны 72 жыл өткен соң ғана жалпақ жұртқа
ұсынады (12-тарау).
Хи-квадрат тәуелсіздік критерийі (chi-square test for independence a test
of statistical) – бақыланатын бивариатив байланыс кездейсоқ болуы мүмкін
байланыстан айтарлықтай ерекшелену ықтималдығын бағалау үшін қолда
-
нылатын статистикалық елеулілік тесті (15-тарау).
Цифрді кездейсоқ теру (random-digit dialing) – тізімде жоқ нөмірлерге
хабарласып, телефон арқылы сұхбат алу кезінде қолданылатын іріктеме әді
-
сі: терілген телефон нөмірі кездейсоқ нөмірлер кестесінен немесе кездейсоқ
сандардың компьютерлік бағдарламасынан жасалады (іріктеледі) (9-тарау).
ГЛОССАРИЙ
773
Шартты есеп (imputation) – қолда жоқ деректі өңдеуге арналған проце-
дура, мұнда жетіспейтін мәнді іріктелген орташа мән немесе басқа айныма-
лылардың белгілі мәні сияқты өзге ақпараттан алады (15-тарау).
Шартты жарамдылық (face validity) – жылдам анықтама алуға мүмкін
-
дік беретін жеке пайымдау; сыртқы түрге қарап өлшем жасауға арналған
тұжырымдаманы өлшеу (5-тарау).
Шарттылық (conditional) – алдыңғы сөйлем «егер» деп басталса, одан ке
-
йінгі сөйлем «онда» деп тұжырымдайды. Мысалы, «егер бұл шартты ұсыныс
болса, онда оның бастапқы шарты мен соңғы ұсынысы болуы керек» (4-та
-
рау).
Шкала (scale) – тұжырымдаманың күрделі өлшемі, бір өлшемді немесе
басқа қажетті қасиеттерді қамтамасыз ету үшін жасалған процедураларға
сай жекелеген индикаторларды біріктіру арқылы жасалған (5, 13-тараулар).
Шұғыл сараптама (expedited review) – залалдың минимал қатер шегінен
аспауын қадағалайтын Институттық бақылау кеңесі (IRB) процедурасы; IRB
мүшелері, әдетте төрағасы зерттеудің федералдық этика талаптарына сай
келу-келмеуін анықтайды; институттық шолу кеңесін де қараңыз (3-тарау).
Шығын мен пайда талдауы (cost–benefit analysis) – (1) зерттеудің ық
-
тимал шығыны (мысалы, субъектіге залал келсе) мен пайдасын (мысалы,
жинаған білім, тиімді қолдану) зерттеу этикасын бағалау зерттеуі; (2) ба
-
ғалау зерттеуінде ақшалай шығын мен пайда тұрғысынан бағдарламаның
экономикалық тиімділігін бағалау; шығын тиімділігі талдауын да қараңыз
(3, 14-тараулар).
Шығын тиімділігі талдауы (cost–effectiveness analysis) – бағалау зерт
-
теуінде бағдарлама тиімділігін бағдарлама шығынына араласу нәтижесін
өлшеу арқылы анықтау; шығын мен пайда талдауын да қараңыз (14-тарау).
Шынайы эксперименттік дизайн (true experimental designs) – бес та
-
лапты орындау арқылы себеп-салдарлық байланысқа сенімді дәлел ұсына-
тын эксперименттік дизайн, ол талаптар мынандай: (1) тәуелсіз айнымалы-
ны өңдеу, (2) тәуелді айнымалыны өлшеу, (3) кездейсоқтық, (4) кем деген-
де, бір салыстыру тобы және (5) жағдайдың тұрақты болуы (7, 8-тараулар).
Ықпал ету бағыты (direction of influence) – себеп-салдарлық байланыс
-
та қайсысы айнымалы себеп (тәуелсіз), ал қайсысы салдар (тәуелді) екенін
анықтау (4-тарау).
Ықтимал емес іріктеу (nonprobability sampling) – кездейсоқ таңдаудан
бөлек кейс таңдау процесі (6-тарау).
Ықтимал іріктеу (probability sampling) – кездейсоқ таңдау процесіне не
-
гізделген іріктеме; мұнда негізгі жиынтықтың әр кейсінің мүмкіндігі бірдей
болады немесе іріктемеге қосылатыны белгілі болады; кездейсоқ сұрыптау
-
ды қараңыз (6-тарау).
Ілеспе хат (cover letter) – сауалнама кезінде іріктемеге кіретін тұлғалар
-
мен ынтымақтасу үшін жасалған хат. Ілеспе хат респондентті сұхбат беруге
шақырмай тұрып жіберіледі, ал пошта арқылы сауалнама алғанда анкета
-
мен бірге жүреді (9-тарау).
Іргелі әлеуметтік зерттеу (basic social research) – пәнді теориялық тұр
-
ғыда түсіну үшін жасалатын қадам, туындаған әлеуметтік проблеманы
ГЛОССАРИЙ
774
қарастыруы да, қарастырмауы да мүмкін; қолданбалы әлеуметтік зерттеуді
де қараңыз (14-тарау).
Іріктеліп аман қалу (selective survival) – қолда бар тарихи деректердің
толық болмауы, себебі кейбір объектілер басқаларға қарағанда ұзақ сақта
-
лады (12-тарау).
Іріктеме (sample) – негізгі жиынтықтан таңдап алынған кейстердің қо
-
салқы жиынтығы (6-тарау).
Іріктеме бұрмалануы (sample bias) – іріктеме нәтижесіндегі жүйелі қа
-
телік немесе бұрмалау, оған толық емес іріктеме негіздері және толық емес
деректі жинау сияқты (үйде болмаған респонденттер, бас тарту т.б.) іріктеу
жоспарын орындау кезінде туған проблемалар себеп болады (6-тарау).
Іріктеу дизайны (sampling design) – кейстерді қалай және қаншасын
таңдау керегін көрсететін зерттеу жоспарының бір бөлігі (6-тарау).
Іріктеу интервалы (sampling interval) – қажетті іріктеме көлеміне қарай
негізгі жиынтықтағы кейстер санының көрсеткіші; ол жүйелі іріктемедегі
кейс үшін әр K (аралық) таңдауға қолданылады (6-тарау).
Іріктеу депозиті (selective deposit) – іріктеп жою немесе жазба деректер
-
ді өңдеу сияқты әрекеттер нәтижесінде туындаған қолда бар тарихи дерек-
тер мазмұнындағы жүйелі бұрмалаулар (12-тарау).
Іріктеу көлеміне пропорционал ықтималдық (probability proportionate
to size) – іріктеме кластеріндегі кейстерді таңдағанда таңдау ықтималдығы
кластер көлеміне (яғни кластердегі кейстер санына) пропорционал болуын
қадағалау (6-тарау).
Іріктеу қатесі (sampling error) – нақты негізгі жиынтық мәні (мысалы,
арифметикалық орта) мен негізгі жиынтық арасындағы айырмашылық. Ол
іріктемеге қарай бағаланады (6-тарау).
Іріктеу дистрибуциясы (sampling distribution) – нақты негізгі жиынтық
-
тың тұрақты өлшемінен алынған барлық ықтимал іріктеме нәтижесі болуға
лайық нәтижелерді (арифметикалық орта, пропорция т.б.) теориялық дист
-
рибуция (6-тарау).
Іріктеу үлесі (sampling fraction) – іріктемеге кіргізілген негізгі жиынтық
пропорциясы (6-тарау).
Іріктеу шегі (sampling frame) – іріктеме жасауға негіз болатын негізгі
жиынтықтың операционал анықтамасы; іріктеме шегі (1) іріктеме таңда
-
латын барлық кейсті тізіп шығу арқылы немесе (2) кейс таңдауға негіз бо-
латын ережелер арқылы негізгі жиынтық мүшелерін анықтау арқылы жаса-
лады (6-тарау).
Ішкі жарамдылық (internal validity) – бақыланатын нәтижеге сыртқы
айнымалылар емес, басқарылатын тәуелсіз айнымалылар жауапты екенін
көрсететін эксперименттегі нақты дәлел (7, 8-тараулар).
Ішкі жарамдылыққа төнген қауіп (threats to internal) – бақылауға кел
-
мейтін сыртқы айнымалылар, тәуелсіз айнымалының болжалды әсеріне бә-
секелес болатын зерттеу нәтижесін түсіндіреді; қауіп категориясына тарих,
өлшеу құралы, статистикалық регрессия, азаю, дифференциады азаю, мату
-
рация және тестілеу жатады (8-тарау).
ГЛОССАРИЙ
775
Ішкі келісім сенімділігі (internal-consistency reliability) – біріктірілген
өлшемдердің барлық элементі бойынша балл сәйкестілігін тексеру үшін ста
-
тистикалық процедураны қолданатын «эквиваленттік» әдіс (5-тарау).
Экологиялық қателік (ecological fallacy) – жиынтық (aggregate) құрай
-
тын (мысалы, ұйымның жеке мүшелері) талдау бірлігі жайында қорытынды
жасау үшін жиынтыққа (мысалы, ұйым) қатысты ақпаратты қате пайдала
-
ну (4-тарау).
Эксперимент (experiment) – әлеуметтік зерттеудің басты әдісі; тәуелсіз
айнымалыны манипуляциялау және зерттеуге қатысушылардың басынан
өтетін жағдайды зерттеушілердің бақылауы (1, 7, 13-тараулар).
Эксперимент жүргізушінің күтуінен туындайтын әсерлер
(experimenter) – эксперимент жүргізушінің тәжірибе нәтижесінен күтетіні
субъектінің мінез-құлқына ықпал етуі (7-тарау).
Экспериментке дейінгі дизайндар (pre-experimental designs) – нағыз
эксперименттің бір немесе бірнеше сипаттамасы жоқ дизайн, мысалы, са
-
лыстыру тобы немесе кездейсоқ тағайындау (8-тарау).
Эксперименттік араласу (treatment) – эксперименттегі тәуелсіз айны
-
малыны қамтитын, ықпал етуге болатын жағдай (7-тарау).
Эксперименттік топқа ақпарат тарату (treatment diffusion of
information) – ішкі жарамдылыққа төнген қауіп, бағалау зерттеуі кезінде
көп проблема тудырады; субъектінің іс-әрекетіне басқа зерттеу кезінде бол
-
ған жағдайларды білуі ықпал етеді (14-тарау).
Эксперименттегі шынайылық (experimental realism) – субъектілер
эксперимент процедурасына қатысады немесе одан шет қалмай ықпалына
ұшырайды (7-тарау).
Эмпирикалық жалпылау (empirical generalization) – бақылаудан индук
-
тив әдіспен алынған қорытынды немесе гипотеза (2-тарау).
Эмпирикалық/эмпиризм (empirical/empiricism) – көру, есту, дәмін
тату, иіскеу және сипап сезу сияқты сезім мүшелерімізге тікелей немесе жа
-
нама сүйеніп, әлемді түсіну және сезіну әдісі; рұқсат етілген ғылыми дәлел
эмпирикалық құбылыспен шектеледі (2-тарау).
Эпистемология (epistemology) – табиғат, түрлі нәрсенің шығу тегі мен
білім шегі жайлы зерттеу немесе теория; ғылыми эпистемология ғалымдар
нені, қалай білді деген мәселелерді қарастырады (2-тарау).
Этика (ethics) – моральдық мінез-құлық нұсқаулығы немесе стандарты.
Зерттеу кезінде этикалық кодекс зерттеу құндылығын сақтау принциптері
және ғылыми идеал мен әлеуметтік құндылық арасындағы шиеленісті ше
-
шуге бағытталған (3-тарау).
Юниваритив талдау (univariate analysis) – бір уақыттағы бір айнымалы
-
ның статистикалық талдауы; бивариатив талдау мен мультивариатив тал-
дауды да қараңыз (15-тарау).
ГЛОССАРИЙ
776
Сілтемелер
Abbott, A. 2004. Methods of Discovery: Heuristics for the Social Sciences. New York:
W. W. Norton.
Adair, J. G., T. W. Dushenko, and R. C. L. Lindsay. 1985. Ethical regulations and
their impact on research practice. American Psychologist 40:59–72.
Adler, P. A. 1993. Wheeling and Dealing: An Ethnography of an Upper-Level Drug
Dealing and Smuggling Community, 2nd ed. New York: Columbia University Press.
Adler, P. A., and P. Adler. 1987. Membership Roles in Field Research. Newbury Park, CA:
Sage.
Agger, B. 1991. Critical theory, poststructuralism, postmodernism: Their
sociological relevance. Annual Review of Sociology 17:105–31.
Ainlay, S. C., and J. D. Hunter. 1984. Religious participation among older
Mennonites. The Mennonite Quarterly Review 58:70–79.
Ainlay, S. C., R. A. Singleton, Jr., and V. L. Swigert. 1992. Aging and religious
participation: Reconsidering the eects of health. Journal for the Scientific Study of
Religion 31:175–88.
Alexander, C. S., and H. J. Becker. 1978. The use of vignettes in survey research.
Public Opinion Quarterly 42:93–104.
Allahyari, R. A. 2000. Visions of Charity: Volunteer Workers and Moral Community.
Berkeley: University of California Press.
Allison, P. D. 2002. Missing Data. Thousand Oaks, CA: Sage.
Alwin, D. F., R. L. Cohen, and T. M. Newcomb. 1991. Political Attitudes over the Life
Span: The Bennington Women after 50 Years. Madison: University of Wisconsin.
Allwood, C. M. 2012. The distinction between qualitative and quantitative research
methods is problematic. Quality and Quantity 46:1417–29.
American Anthropological Association (AAA). 2009. Code of Ethics of the American
Anthropological Association. Arlington, VA: American Anthropological Association.
American Anthropological Association. 2012. Statement of Ethics: Principles of
Professional Responsibility. Arlington, VA: American Anthropological Association. http://
ethics.americananthro.org/ category/statement/ (accessed January 29, 2017).
American Psychological Association (APA). 2010. Ethical Principles of Psychologists
and Code of Conduct. Washington, D.C.: APA. http://www.apa.org/ethics/code/
principles.pdf (accessed September 22, 2014).
American Psychological Association. 2017. About APA. http://www.apa.org/
about/index.aspx (accessed February 4, 2017).
American Sociological Association (ASA). 1999. Code of Ethics and Policies and
Procedures of the ASA Committee on Professional Ethics. Washington, D.C.: ASA. http://
www.asanet.org/images/asa/docs/ pdf/CodeofEthics.pdf (accessed September 22,
2014).
American Sociological Association. 2016. Annual editors’ reports. http://www.
asanet.org/research-publications/journal-resources/annual-editors-reports#ASR
(accessed July 15, 2016).
American Sociological Association. 2017. Mission statement. http://www.asanet.
org/about-asa/asa-story/ mission-statement (accessed February 4, 2017).
Anderson, B. A., B. D. Silver, and P. R. Abramson. 1988. The eects of the race of
the interviewer on race-related attitudes of black respondents in SRC/CPS National
Election Studies. Public Opinion Quarterly 52:289–324.
777
Andrews, F. M., and S. B. Withey. 1976. Social Indicators of Well-Being. New York:
Plenum.
Angell, R. C. 1951. The moral integration of American cities. American Journal of
Sociology 57(Part 2): 1–140.
Appelbaum, R. P. 1990. Counting the homeless. In Homelessness in the United States.
Vol. II: Data and Issues (ed. J. A. Momeni), pp. 1–16. New York: Praeger.
Aquilino, W. S. 1994. Interview mode eects in surveys of drug and alcohol use.
Public Opinion Quarterly 58:210–40.
Arceneaux, K. 2005. Using cluster randomized field experiments to study voting
behavior. Annals of the American Academy of Political and Social Science 601:169–79.
Argyris, C. 1968. Some unintended consequences of rigorous research. Psychological
Bulletin 70:185–97.
Arminger, G., C. C. Clogg, and M. E. Sobel (eds.). 1995. Handbook of Statistical
Modeling for the Social and Behavioral Sciences. New York: Plenum Press.
Aronson, E., N. Blaney, J. Sikes, C. Stephan, and M. Snapp. 1975. Busing and racial
tension: The jigsaw route to learning and liking. Psychology Today 8(February):43–50.
Aronson, E., N. Blaney, C. Stephan, J. Sikes, and M. Snapp. 1978. The Jigsaw
Classroom. Beverly Hills, CA: Sage.
Aronson, E., M. Brewer, and J. M. Carlsmith. 1985. Experimentation in social
psychology. In The Handbook of Social Psychology, 3rd ed., vol. I (eds. G. Lindzey and
E. Aronson), pp. 441–86. New York: Random House.
Aronson, E., and J. M. Carlsmith. 1968. Experimentation in social psychology. In
The Handbook of Social Psychology, 2nd ed., vol. II (eds. G. Lindzey and E. Aronson),
pp. 1–79. Reading, MA: Addison–Wesley. Associated Press–NORC Center for Public
Aairs Research. 2015. Issue brief: Same-sex marriage and gay rights: A shift in
American’s attitudes. http://www.apnorc.org/PDFs/SameSexStudy/LGBT%20
issues_D5_FINAL.pdf (accessed July 3, 2016).
Babbie, E. 1995. The Practice of Social Research, 7th ed. Belmont, CA.: Wadsworth.
Babbie, E., F. Halley, and J. Zaino. 2007. Adventures in Social Research: Data Analysis
Using SPSS 14 and 15 for Windows, 6th ed. Thousand Oaks, CA: Pine Forge.
Backstrom, L., P. Boldi, M. Rosa, J. Ugander, and S. Vigna. 2012. Four degrees of
separation. In Proceedings of the 3rd Annual ACM Web Science Conference (WebSci ‘12),
pp. 33–42, Evanston, IL.
Bahr, H. M., T. Caplow, and B. A. Chadwick. 1983. Middletown III. Problems of
replication, longitudinal measurement, and triangulation. Annual Review of Sociology
9:243–64.
Bailey, K. D. 1982. Methods of Social Research, 2nd ed. New York: Free Press.
Bailey, W. C. 1990. Murder, capital punishment, and television: Execution publicity
and homicide rates.
American Sociological Review 55:628–33.
Bailey, W. C., and R. D. Peterson. 1989. Murder and capital punishment: A monthly
time-series analysis of execution publicity. American Sociological Review 54:722–43.
Bainbridge, W. S. 1982. Shaker demographics 1840–1900: An example of the use of
U.S. Census enu- meration schedules. Journal for the Scientific Study of Religion 21:352–
65.
Ball, S., and G. A. Bogatz. 1970. The First Year of Sesame Street: An Evaluation.
Princeton, NJ: Educational Testing Service.
Barrera, D., and B. Simpson. 2012. Much ado about deception: Consequences
of deceiving research participants in the social sciences. Sociological Methods and
Research 41:383–413.
СІЛТЕМЕЛЕР
778
СІЛТЕМЕЛЕР
Bass, B. M. 1955. Authoritarianism or acquiescence. Journal of Abnormal and
Social Psychology 51:616–23. Batten, T. F. 1971. Reasoning and Research: A Guide for
Social Science Methods. Boston: Little, Brown.
Baumeister, R. F., J. D. Campbell, J. I. Krueger, and K. D. Vohs. 2003. Does high
self-esteem cause better performance, interpersonal success, happiness, or healthier
lifestyles? Psychological Science in the Public Interest 4:1–44.
Baumrind, D. 1971. Principles of ethical conduct in the treatment of subjects:
Reaction to the draft report of the Committee on Ethical Standards in Psychological
Research. American Psychologist 26:887–96. Baumrind, D. 1985. Research using
intentional deception: Ethical issues revisited. American Psychologist40:165–74.
Beatty, P. 1995. Understanding the standardized/non-standardized interviewing
controversy. Journal of Ocial Statistics 11:147–60.
Beatty, P. C., and G. B. Willis. 2007. Research synthesis: The practice of cognitive
interviewing. Public Opinion Quarterly 71:287–311.
Beauchamp, T. L. 1997. Opposing views on animal experimentation: Do animals
have rights? Ethics and Behavior 7:113–21.
Becker, B. J., C. M. Schram, L. Chang, M. M. Kino, and M. Quintieri. 1994. Models
of science achievement: Forces aecting male and female performance in school
science. In Meta-Analysis for Explana- tion: A Casebook (eds. T. D. Cook, H. Cooper, D.
S. Cordray, H. Hartmann, L. V. Hedges, R. J. Light,
T. A. Louis, and F. Mosteller), pp. 209–81. New York: Russell Sage Foundation.
Becker, H. S. 1967. Whose side are we on? Social Problems 14:239–47.
Becker, H. S. 2007. Writing for Social Scientists: How to Start and Finish Your Thesis,
Book, or Article, 2nd ed. Chicago: University of Chicago Press.
Becker, H. S., B. Geer, E. C. Hughes, and A. Strauss. 1961. Boys in White: Student
Culture in Medical School. Chicago: University of Chicago Press.
Belli, R. F., W. L. Shay, and F. P. Staord. 2001. Event history calendars and question
list surveys: A direct comparison of interviewing methods. Public Opinion Quarterly
65:45–74.
Belli, R. F., L. M. Smith, P. M. Andreski, and S. Agrawal. 2007. Methodological
comparisons between CATI event history calendar and standardized conventional
questionnaire instruments. Public Opinion Quarterly 71:603–22.
Belli, R. F., F. P. Staord, and D. F. Alwin (eds.). 2009. Calendar and Time Diary
Methods in Life Course Research. Thousand Oaks, CA: Sage.
Bem, D. J. 1995. Writing a review article for Psychological Bulletin. Psychological
Bulletin 118:172–77. Benson, P. J., and S. C. Silver. 2013. What Editors Want: An
Author’s Guide to Scientific Journal Publishing.
Chicago: University of Chicago Press.
Bergan, D. E., A. S. Gerber, D. P. Green, and C. Panagopoulos. 2005. Grassroots
mobilization and voter turnout in 2004. Public Opinion Quarterly 69:760–77.
Berglund, E., D. A. Bernstein, R. A. Eisinger, G. M. Hochbaum, E. Lichtenstein, J. L.
Schwartz, and B. C. Straits. 1974. Guideline for Research on the Eectiveness of Smoking
Cessation Programs: A Committee Report. National Interagency Council on Smoking
and Health. Chicago: American Dental Association.
Berk, R. A. 1983. Applications of the general linear model to survey data. In
Handbook of Survey Research
(eds. P. H. Rossi, J. D. Wright, and A. B. Anderson), pp. 495–546. New York:
Academic Press.
Berk, R. A. 1993. Policy correctness in the ASR. American Sociological Review 58:889–90.
Berk, R. A., A. Campbell, R. Klap, and B. Western. 1992. The deterrent eect of arrest:
A Bayesian analysis of four field experiments. American Sociological Review 57:698–708.
779
СІЛТЕМЕЛЕР
Berk, R. A., and P. J. Newton. 1985. Does arrest really deter wife battery? An eort
to replicate the findings of the Minneapolis Spouse Abuse Experiment. American
Sociological Review 50:253–62.
Berk, R. A., and P. H. Rossi. 1976. Doing good or worse: Evaluation research
politically reexamined.
Social Problems 23:337–49.
Berk, R. A., and L. W. Sherman. 1988. Police responses to family violence incidents:
An analysis of an experimental design with incomplete randomization. Journal of the
American Statistical Association 83:70–76.
Berk, R. A., G. K. Smyth, and L. W. Sherman. 1988. When random assignment fails:
Some lessons from the Minneapolis Spouse Abuse Experiment. Journal of Quantitative
Criminology 4:209–23.
Bernard, H. R. 1994. Research Methods in Anthropology: Qualitative and Quantitative
Approaches, 2nd ed. Thousand Oaks, CA: Sage.
Bernard, H. R. 2013. Social Research Methods: Qualitative and Quantitative
Approaches. 2nd ed. Los Angeles: Sage.
Bernstein, I. N., G. W. Bohrnstedt, and E. F. Borgatta. 1975. External validity and
evaluation research: A codification of problems. Sociological Methods and Research
4:101–28.
Berry, B. 1991. An account of a professional ethics violation in sociology. American
Sociologist 22:261–66. Bertrand, M., and S. Mullainathan. 2004. Are Emily and Greg
more employable than Lakisha and Jamal?
A field experiment on labor market discrimination. American Economic Review
94:991–1013.
Beveridge, W. I. B. 1957. The Art of Scientific Investigation, 3rd ed. London:
Heinemann.
Biemer, P. P., and L. E. Lyberg. 2003. Introduction to Survey Quality. Hoboken, NJ:
Wiley.
Biernacki, P., and D. Waldorf. 1981. Snowball sampling: Problems and techniques
of chain referral sampling. Sociological Methods and Research 10:141–63.
Biernat, M., and C. Crandall. 2001. Two journal articles retracted, professor resigns.
Dialogue 16(Fall):17.
Binder, A., and J. W. Meeker. 1993. Implications of the failure to replicate the
Minneapolis experimental findings. American Sociological Review 58:886–88.
Blalock, H. M., Jr. 1964. Causal Inferences in Nonexperimental Research. Chapel
Hill: University of North Carolina Press.
Blanton, H., and J. Jaccard. 2008. Representing versus generalizing: Two
approaches to external validity and their implications for the study of prejudice.
Psychological Inquiry 19:99–105.
Blumberg, Stephen J., and Julian V. Luke. 2015. Wireless substitution: Early
release of estimates from the National Health Interview Survey, January–June 2015.
U.S. Department of Health and Human Services, Centers for Disease Control and
Prevention, National Center for Health Statistics (released 12/15). http://www.cdc.
gov/nchs/data/nhis/earlyrelease/wireless201512.pdf (accessed May 30, 2016).
Bogdan, R., and S. J. Taylor. 1975. Introduction to Qualitative Research Methods: A
Phenomenological
Approach to the Social Sciences. New York: Wiley.
Bollen, J., H. Mao, and X. J. Zeng. 2011. Twitter mood predicts the stock market.
Journal of Computational Science 2:1–8.
780
Borenstein, M. 2009. Eect sizes for continuous data. In The Handbook of Research
Synthesis and Meta- Analysis, 2nd ed. (eds. H. Cooper, L. V. Hedges, and J. C. Valentine),
pp. 221–35. New York: Russell Sage Foundation.
Boruch, R. F., and W. Wothke (eds.). 1985. Randomization and Field Experimentation,
New Directions for Program Evaluation, No. 28. San Francisco: Jossey–Bass.
Bosk, C. L. 1979. Forgive and Remember: Managing Medical Failure. Chicago:
University of Chicago Press.
Box, G. E. P. 1976. Science and statistics. Journal of the American Statistical
Association 71:791–99.
Boydstun, J. E., M. E. Sherry, and N. P. Moelter. 1978. Patrol stang in San Diego:
One- or two-ocer units. In Evaluation Studies Review Annual 3 (eds. T. D. Cook, M. L.
Del Rosario, K. M. Hennigan,
M. M. Mark, and W. M. K. Trochim), pp. 455–72. Beverly Hills, CA: Sage.
Boyer, P., and S. Nissenbaum. 1974. Salem Possessed: The Social Origins of Witchcraft.
Cambridge, MA: Harvard University Press.
Bradburn, N. M., and S. Sudman. 1988. Polls and Surveys: Understanding What
They Tell Us. San Francisco: Jossey–Bass.
Brandon, L., R. M. Gritz, and M. R. Pergamit. 1995. The eect of interview length
and attrition in the National Longitudinal Survey of Youth. NLS Discussion Paper,
Report NLS 95-28. Washington, D.C.: U.S. Department of Labor, Bureau of Labor
Statistics.
Brazziel, W. F. 1969. A letter from the South. Harvard Educational Review 39:348–
56.
Breault, K. D. 1994. Was Durkheim right? A critical survey of the empirical literature
on Le Suicide. In Emile Durkheim Le Suicide: 100 Years Later (ed. D. Lester), pp. 11–29.
Philadelphia: Charles Press.
Brener, N. D., D. K. Eaton, L. Kann, J. A. Grunbaum, L. A. Gross, T. M. Kyle, and J. G.
Ross. 2006. The association of survey setting and mode with self-reported health risk
behaviors among high school students. Public Opinion Quarterly 70:354–74.
Brick, J. M. 2011. The future of survey sampling. Public Opinion Quarterly 75:872–
88.
Brick, J. M., and D. Williams. 2013. Explaining rising nonresponse rates in cross-
sectional surveys. The Annals of the American Academy of Political and Social Science
645:36–59.
Broh, B. A. 2002. Linking extracurricular programming and academic achievement:
Who benefits and why? Sociology of Education 75:69–91.
Broockman, D., J. Kalla, and P. Aronow. 2015. Irregularities in LaCour (2014).
https://stanford.edu/~dbroock/broockman_kalla_aronow_lg_irregularities.pdf
(accessed July 10, 2016).
Brown, P. 1995. Naming and framing: The social construction of diagnosis and
illness. Journal of Health and Social Behavior 36(Extra issue):34–52.
Browne, J. 1976a. Personal journal: Fieldwork for fun and profit. In The Research
Experience (ed.
M. P. Golden), pp. 71–84. Itasca, IL: F. E. Peacock.
Browne, J. 1976b. The used car game. In The Research Experience (ed. M. P. Golden),
pp. 60–71. Itasca, IL: F. E. Peacock.
Bruner, E. M., and J. P. Kelso. 1980. Gender dierences in grati: A semiotic
perspective. Women’s Studies International Quarterly 3:239–52.
Bryan, J. H., and M. A. Test. 1967. Models and helping: Naturalistic studies in
aiding behavior. Journal of Personality and Social Psychology 6:400–407.
СІЛТЕМЕЛЕР
781
Burawoy, M. 1991. Reconstructing social theories. In Ethnography Unbound: Power
and Resistance in the Modern Metropolis (eds. M. Burawoy et al.), pp. 8–27. Berkeley:
University of California Press.
Burdge, R. J., and F. Vanclay. 1996. Social impact assessment: A contribution to the
state of the art series. Impact Assessment 14:59–86.
Burt, M. R. 1992. Over the Edge: The Growth of Homelessness in the 1980s. New York:
Russell Sage Foundation.
Bushman, R. L. 1967. From Puritan to Yankee: Character and the Social Order in
Connecticut, 1690–1765.
Cambridge, MA: Harvard University Press.
Calarco, J. M. 2011. “I need help!” Social class and children’s help-seeking in
elementary school. American Sociological Review 76:862–82.
Callero, P. L. 1985. Role-identity salience. Social Psychology Quarterly 48:203–15.
Campanelli, P. C., E. A. Martin, and J. M. Rothgeb. 1991. The use of respondent
and interviewer debriefing studies as a way to study response error in survey data.
Statistician 40:253–64.
Campbell, D. T. 1969. Prospective: Artifact and control. In Artifact in Behavioral
Research (eds. R. Rosenthal and R. L. Rosnow), pp. 351–82. New York: Academic Press.
Campbell, D. T., and D. W. Fiske. 1959. Convergent and discriminant validation by
the multitrait–multimethod matrix. Psychological Bulletin 56:81–105.
Campbell, D. T., and H. L. Ross. 1968. The Connecticut crackdown on speeding:
Time series data in quasi-experimental analysis. Law and Society Review 3:33–53.
Campbell, D. T., and J. C. Stanley. 1963. Experimental and Quasi-experimental
Designs for Research.
Chicago: Rand McNally. Cannell, C. F., and R. L. Kahn. 1968. Interviewing. In The
Handbook of Social Psychology, 2nd ed., vol. II (eds. G. Lindzey and E. Aronson), pp. 526–71.
Reading, MA: Addison–Wesley.
Cannell, C. F., K. H. Marquis, and A. Laurent. 1977. A Summary of Studies of
Interviewing Methodology. Vital and Health Statistics. Series 2, Data evaluation and
methods research. No. 69. DHEW Publ. No. (HRA) 77–1343, Health Resources
Administration, National Center for Health Statistics, U.S. Department of Health,
Education and Welfare. Washington, D.C.: U.S. Government Printing Oce.
Carey, A. 1967. The Hawthorne studies: A radical criticism. American Sociological
Review 32:403–16. Carlsmith, J. M., P. C. Ellsworth, and E. Aronson. 1976. Methods of
Research in Social Psychology. Reading, MA: Addison–Wesley.
Carnap, R. 1966. Philosophical Foundations of Physics. New York: Basic Books.
Carr, P. J., L. Napolitano, and J. Keating. 2007. We never call the cops and here is
why: A qualitative examination of legal cynicism in three Philadelphia neighborhoods.
Criminology 45:445–80.
Carter, R. E., Jr., V. C. Troldahl, and R. S. Schuneman. 1963. Interviewer bias in
selecting households. Journal of Marketing 27:27–34.
Cavan, S. 1966. Liquor License: An Ethnography of Bar Behavior. Chicago: Aldine.
Ceci, S. J., D. Peters, and J. Plotkin. 1985. Human subjects review, personal values,
and regulation of social science research. American Psychologist 40:994–1002.
Centers for Disease Control and Prevention (CDC). 2013. U.S. Public Health Service
Syphilis Study at Tuskegee: The Tuskegee Timeline. http://www.cdc.gov/tuskegee/
timeline.htm (accessed November 24, 2014).
Centers for Disease Control and Prevention 2015. Smoking and Cancer. Atlanta:
CDC. https://www.cdc.gov/tobacco/data_statistics/sgr/50th-anniversary/pdfs/
fs_smoking_cancer_508.pdf (accessed August 13, 2008).
СІЛТЕМЕЛЕР
782
Cerulo, K. A. 2014. Reassessing the problem: Response to Jerolmack and Khan.
Sociological Methods and Research 43:219–26.
Chambliss, W. J. 1976. Functional and conflict theories of crime: The heritage of
Emile Durkheim and Karl Marx. In Whose Law What Order? A Conflict Approach to
Criminology (eds. W. J. Chambliss and M. Manko), pp. 1–28. New York: Wiley.
Charmaz, K. 1991. Good Days, Bad Days: The Self in Chronic Illness and Time. New
Brunswick, NJ: Rutgers University.
Chein, I. 1981. An introduction to sampling. In Research Methods in Social Relations,
4th ed. (ed. L. H. Kidder), pp. 418–44. New York: Holt, Rinehart and Winston.
Chelimsky, E. 1987. The politics of program evaluation. Society 25 (November/
December):24–32. Chelimsky, E. 1991. On the social science contribution to
governmental decision-making. Science 254:226–31.
Cherlin, A. J., L. M. Burton, T. R. Hunt, and D. M. Purvin. 2004. The influence of
physical and sexual abuse on marriage and cohabitation. American Sociological Review
69:768–89.
Choi, I., R. E. Nisbett, and A. Norenzayan. 1999. Causal attribution across cultures:
Variation and universality. Psychological Bulletin 125:47–63.
Christian, L. M., D. A. Dillman, and J. D. Smyth. 2007. Helping respondents get
it right the first time: The influence of words, symbols, and graphics in Web surveys.
Public Opinion Quarterly 71:113–25.
Christianson, P., D. F. Roberts, and N. Bjork. 2012. Booze, drugs, and pop music:
Trends in substance portrayals in the Billboard top 100—1968–2008. Substance Use
and Abuse 47:121–29.
Cialdini, R. B., and D. A. Schroeder. 1976. Increasing compliance by legitimizing
paltry contributions: When even a penny helps. Journal of Personality and Social
Psychology 34:599–604.
Clark, C. S. 1992. Underage drinking. CQ Researcher 2:219–32.
Clarke, M. 2009. Reporting format. In The Handbook of Research Synthesis and
Meta-Analysis, 2nd ed. (eds. H. Cooper, L. V. Hedges, and J. C. Valentine), pp. 521–34.
New York: Russell Sage Foundation.
Cleveland, W. S. 1985. The Elements of Graphing Data. Monterey, CA: Wadsworth.
Clogg, C. C., and D. O. Sawyer. 1981. A comparison of alternative models for
analyzing the scalability of response patterns. In Sociological Methodology 1981 (ed. S.
Leinhardt), pp. 240–80. San Francisco: Jossey–Bass.
Clore, G. L., R. M. Bray, S. M. Itkin, and P. Murphy. 1978. Interracial attitudes and
behavior at a summer camp. Journal of Personality and Social Psychology 35:107–16.
Code of Federal Regulations (CFR). 2009. Title 45—Public Welfare, Part 46—
Protection of Human Subjects. Oce of the Federal Register. Washington, D.C.: U.S.
Government Printing Oce.
Coleman, J. S. 1988. Social capital in the creation of human capital. American
Journal of Sociology 94:S95–S120.
Coleman, J. S. 1990. Foundations of Social Theory. Cambridge, MA: Belknap Press
of Harvard University Press.
Collins, D. (ed.). 2015. Cognitive Interviewing Practice. London: Sage.
Collins, R. 1989. Sociology: Proscience or antiscience? American Sociological Review
54:124–39. Comstock, G., with H. Paik. 1991. Television and the American Child. San
Diego: Academic Press. Conrad, P., and K. K. Barker. 2010. The social construction
of illness: Key insights and policy implications. Journal of Health and Social Behavior
51:S67–S69.
Contrada, R. J., R. D. Ashmore, M. L. Gary, E. Coups, J. D. Egeth, A. Sewell, K. Ewell,
T. M. Goyal, and V. Chasse. 2001. Measures of ethnicity-related stress: Psychometric
СІЛТЕМЕЛЕР
783
properties, ethnic group dierences, and associations with well-being. Journal of
Applied Social Psychology 31:1775–820.
Converse, J. M., and S. Presser. 1986. Survey Questions: Handcrafting the
Standardized Questionnaire. Newbury Park, CA: Sage.
Cook, C., F. Heath, and R. L. Thompson. 2000. A meta-analysis of response rates in
Web-or Internet- based surveys. Educational and Psychological Measurement 60:821–36.
Cook, K. S., and T. Yamagishi. 2008. A defense of deception on scientific grounds.
Social Psychology Quarterly 71:215–21.
Cook, S. W. 1984. Cooperative interaction in multiethnic contexts. In Groups in
Contact: The Psychology of Desegregation (eds. N. Miller and M. B. Brewer), pp. 155–85.
Orlando: Academic Press.
Cook, T. D., and D. T. Campbell. 1979. Quasi-experimentation: Design and Analysis
Issues for Field Set- tings. Chicago: Rand McNally.
Cook, T. D., and R. F. Conner. 1976. The educational impact. Journal of
Communication 26(2): 155–64.
Cook, T. D., F. L. Cook, M. M. Mark. 1977. Randomized and quasi-experimental
designs in evaluation research: An introduction. In Evaluation Research Methods: A
Basic Guide (ed. L. Rutman), pp. 103–39. Beverly Hills, CA: Sage.
Cook, T. D., H. Cooper, D. S. Cordray, H. Hartmann, L. V. Hedges, R. J. Light, T.
A. Louis, and F. Mosteller. 1994. Meta-analysis for Explanation: A Casebook. New
York: Russell Sage Foundation. Cook, T. D., L. C. Leviton, and W. R. Shadish Jr. 1985.
Program evaluation. In The Handbook of Social Psychology, 3rd ed., vol. 1 (eds. G.
Lindzey and E. Aronson), pp. 699–777. New York: Random House. Cook, T. D., and W.
R. Shadish. 1994. Social experiments: Some developments over the past fifteen years.
Annual Review of Psychology 45:545–80.
Cooper, H., and L. V. Hedges. 2009. Research synthesis as a scientific process. In
The Handbook of Research Synthesis and Meta-Analysis, 2nd ed. (eds. H. Cooper, L. V.
Hedges, and J. C. Valentine), pp. 3–16. New York: Russell Sage Foundation.
Cooper, H., L. V. Hedges, and J. C. Valentine (eds.). 2009. The Handbook of Research
Synthesis and Meta-Analysis, 2nd ed. New York: Russell Sage Foundation.
Corporation for National and Community Service. 2016. About Us: Who We Are.
http://www.nationalservice.gov/about/who-we-are (accessed July 22, 2016).
Couper, M. P. 2011. The future of modes of data collection. Public Opinion Quarterly
75:889–908. Couper, M, P., and M. Bosnjak. 2010. Internet surveys. In Handbook of
Survey Research, 2nd ed. (eds. P. V. Marsden and J. D. Wright), pp. 527–50. Bingley,
UK: Emerald Group.
Couper, M. P., F. G. Conrad, and R. Tourangeau. 2007. Visual context eects in Web
surveys. Public Opinion Quarterly 71:623–34.
Couper, M. P., and R. M. Groves. 2002. Introductory interactions in telephone
surveys and nonre- sponse. In Standardization and Tacit Knowledge: Interaction and
Practice in the Survey Interview (eds. D. W. Maynard, H. Houtkoop-Steenstra, N. C.
Schaeer, and J. van der Zouwen), pp. 161–77. New York: Wiley.
Couper, M. P., M. W. Traugott, and M. J. Lamias. 2001. Web survey design and
administration. Public Opinion Quarterly 65:230–53.
Cournand, A. 1977. The code of the scientist and its relationship to ethics. Science
198:699–705.
Crain, R. L., E. Katz, and D. B. Rosenthal. 1969. The Politics of Community Conflict.
Indianapolis: Bobbs–Merrill.
Crandall, C. 2001. Scientific progress: A need for trust, a need for skepticism.
Dialogue 16(Fall):20–21.
СІЛТЕМЕЛЕР
784
Crano, W. D. 1981. Triangulation and cross-cultural research. In Scientific Inquiry
in the Social Sciences (eds. M. B. Brewer and B. E. Collins), pp. 317–44. San Francisco:
Jossey–Bass.
Cronbach, L. J. 1982. Designing Evaluations of Educational and Social Programs.
San Francisco: Jossey–Bass.
Crosby, F., S. Bromley, and L. Saxe. 1980. Recent unobtrusive studies of black and
white discrimination and prejudice: A literature review. Psychological Bulletin 87:546–63.
Crossen, C. 1994. Tainted Truth: The Manipulation of Face in America. New York:
Simon & Schuster.
Curini, L., S. Iacus, and L. Canova. 2015. Measuring idiosyncratic happiness
through the analysis of twitter: An application to the Italian case. Social Indicators
Research 121:525–42.
Curry, G. D. 2010. From knowledge to response and back again: Theory and
Evaluation in respond- ing to gangs. In Youth Gangs and Community Intervention:
Research, Practice, and Evidence (ed. R. J. Chaskin), pp. 109–26. New York: Columbia
University Press.
Curtin, R. T. 2004. Psychology and macroeconomics. In A Telescope on Society:
Survey Research and Social Science at the University of Michigan and Beyond (eds. J. S.
House et al.), pp. 131–55. Ann Arbor: University of Michigan.
Curtin, R., S. Presser, and E. Singer. 2005. Changes in telephone survey nonresponse
over the past quarter century. Public Opinion Quarterly 69:87–98.
D’Amico, R. 1989. Historicism and Knowledge. New York: Rutledge, Chapman and
Hall.
Darley, J. M., and B. Latané. 1968. Bystander intervention in emergencies: Diusion
of responsibility. Journal of Personality and Social Psychology 8:377–83.
Dasgupta, N., and M. Hunsinger. 2008. The opposite of a great truth is also
true: When do student samples help versus hurt the scientific study of prejudice?
Psychological Inquiry 19:90–98.
David, P. A. 1985. Clio and the economics of QWERTY. American Economic Review
75:332–37.
Davis, J. A. 1964. Great books and small groups: An informal history of a national
survey. In Sociologists at Work (ed. P. E. Hammond), pp. 212–34. New York: Basic
Books.
Davis, J. A. 1971. Elementary Survey Analysis. Englewood Clis, NJ: Prentice Hall.
Davis, J. A. 1985. The Logic of Causal Order. Beverly Hills, CA: Sage.
Davis, J. A., and T. W. Smith. 1992. The NORC General Social Survey: A User’s Guide.
Newbury Park, CA: Sage.
de Leeuw, E. D. 2005. To mix or not to mix data collection modes in surveys. Journal
of Ocial Statistics 21:233-55.
de Leeuw, E. D. 2008. Choosing the method of data collection. In International
Handbook of Survey Methodology (eds. E. D. de Leeuw, J. J. Hox, and D. A. Dillman),
pp. 113–35. New York: Erlbaum.
de Leeuw, E. D., M. Callegaro, J. Hox, E. Korendijk, and G. Lensvelt-Mulders. 2007.
The influence of advance letters on response in telephone surveys: A meta-analysis.
Public Opinion Quarterly 71:413–43.
de Leeuw, E. D., and W. de Heer. 2002. Trends in household survey nonresponse: A
longitudinal and international comparison. In Survey Nonresponse (eds. R. M. Groves,
D. A. Dillman, J. L. Eltinghe, and R. J. A. Little), pp. 41–54. New York: Wiley.
de Leeuw, E. D., J. J. Hox, and D. A. Dillman. 2008. Mixed-mode surveys: When
and why. In International Handbook of Survey Methodology (eds. E. D. de Leeuw, J. J.
Hox, and D. A. Dillman), pp. 299–316. New York: Erlbaum.
СІЛТЕМЕЛЕР
785
Deleire, T., and A. Kalil. 2002. Good things come in threes: Single-parent
multigenerational family structure and adolescent adjustment. Demography 39:393–
413.
DeMaio, T. J. 1984. Social desirability and survey measurement: A review. In
Surveying Subjective Phenomena, vol. 2 (eds. C. F. Turner and E. Martin), pp. 257–82.
New York: Russell Sage Foundation.
DeMaio, T. J., and J. M. Rothgeb. 1996. Cognitive interviewing techniques in the
lab and in the field. In Answering Questions: Methodology for Determining Cognitive
and Communicative Processes in Survey Research (eds. N. Schwarz and S. Sudman), pp.
177–95. San Francisco: Jossey–Bass.
Demo, D. H. 1985. The measurement of self-esteem: Refining our methods. Journal
of Personality and Social Psychology 48:1490–502.
DeNavas-Walt, C., B. D. Proctor, and C. H. Lee. 2015. Income and Poverty in the
United States: 2014.
Current Population Reports, P60–252. Washington, D.C.: U.S. Government
Printing Oce.
Denzin, N. K., and Y. S. Lincoln (eds.). 2005. The Sage Handbook of Qualitative
Research, 3rd ed. Thousand Oaks, CA: Sage.
Der, G., G. D. Batty, and I. J. Deary. 2006. Eect of breast feeding on intelligence in
children: Prospective study, sibling pairs analysis, and meta-analysis. British Medical
Journal 333:945–48.
Deutsch, M., and M. E. Collins. 1951. Interracial Housing: A Psychological Evaluation
of a Social Experiment. Minneapolis: University of Minnesota.
Deutsch, S. J., and F. B. Alt. 1977. The eects of Massachusetts’ gun control law on
gun-related crimes in the city of Boston. Evaluation Quarterly 1:543–68.
Deutscher, I., and M. Gold. 1979. Traditions and rules as obstructions to useful
program evaluation. Studies in Symbolic Interaction 2:107–40.
Deutscher, I., F. P. Pestello, and H. F. G. Pestello. 1993. Sentiments and Acts. New
York: Aldine De Gruyter.
DeWitt, A. L., C. M. Cready, and R. R. Seward. 2013. Parental role portrayals in
twentieth century children’s picture books: More egalitarian or ongoing stereotyping.
Sex Roles 69:89–106.
Dibble, V. K. 1963. Four types of inference from documents to events. History and
Theory 3:201–21. Diener, E., and R. Crandall. 1978. Ethics in Social and Behavioral
Research. Chicago: University of Chicago Press.
Dillman, D. A. 2007 Mail and Internet Surveys: The Tailored Design Method, 2nd
ed. New York: Wiley. Dillman, D. A., and B. L. Messer. 2010. Mixed-mode surveys.
In Handbook of Survey Research, 2nd ed. (eds. P. V. Marsden and J. D. Wright), pp.
551–74. Bingley, UK: Emerald Group.
Dillman, D. A., J. D. Smyth, and L. M. Christian. 2009. Internet, Mail, and Mixed-
Mode Surveys: The Tailored Design Method. Hoboken, NJ: Wiley.
Dixon, J., and C. Tucker. 2010. Survey nonresponse. In Handbook of Survey
Research, 2nd ed. (eds. P. V. Marsden and J. D. Wright), pp. 593–630. Bingley, UK:
Emerald Group.
Dobbin, F., J. R. Sutton, J. W. Meyer, and W. R. Scott. 1993. Equal opportunity law
and the construction of internal labor markets. American Journal of Sociology 99:396–
427.
Doherty, M. E., and K. M. Shemberg. 1978. Asking Questions about Behavior: An
Introduction to What Psychologists Do, 2nd ed. Glenview, IL: Scott, Foresman.
Dorfman, D. D. 1978. The Cyril Burt question: New findings. Science 201:1177–86.
СІЛТЕМЕЛЕР
786
Doty, R. M., B. E. Peterson, and D. G. Winter. 1991. Threat and authoritarianism in
the United States, 1978–1987. Journal of Personality and Social Psychology 61:629–40.
Douglas, J. D. 1967. The Social Meanings of Suicide. Princeton, NJ: Princeton
University.
Douglas, J. D. 1976. Investigative Social Research: Individual and Team Field Research.
Beverly Hills, CA: Sage. Duncan, G. J. 2001. Panel surveys: Uses and applications. In
International Encyclopedia of the Social and Behavioral Sciences, vol. 16, pp. 11009–15.
Amsterdam: Elsevier.
Duncan, G. J., and K. Magnuson. 2007. Penny wise and eect size foolish. Child
Development Perspectives 1:46–51.
Duneier, M. 1992. Slim’s Table: Race, Respectability, and Masculinity. Chicago:
University of Chicago. Durkheim, E. 1951. Suicide: A Study in Sociology (trans. J. A.
Spaulding and G. Simpson). Glencoe, IL: Free Press.
Durlak, J. A. 2009. How to select, calculate, and interpret eect sizes. Journal of
Pediatric Psychology 34:917–28.
Durose, M. R., A. D. Cooper, and H. N. Snyder. 2014. Recidivism of Prisoners Released
in 30 States in 2005: Patterns from 2005 to 2010. U.S. Department of Justice, Oce
of Justice Programs, Bureau of Justice Statistics. http://www.bjs.gov/content/pub/
pdf/rprts05p0510.pdf (accessed May 12, 2016).
Edin, K., and L. Lein. 1997. Making Ends Meet: How Single Mothers Survive Welfare
and Low-Wage Work. New York: Russell Sage Foundation.
Edson, L. 1970. Jensenism, n.—the theory that IQ is largely determined by the genes.
In Prejudice and Race Relations (ed. R. W. Mack), pp. 35–55. Chicago: Quadrangle.
Edwards, M. 2012. Writing in Sociology. Los Angeles: Sage.
Egley, A., Jr., J. C. Howell, and M. Harris. 2014. OJJDP Fact Sheet: Highlights of the 2012
National Youth Gang Survey. U.S. Department of Justice, Oce of Juvenile Justice and
Delinquency Protection. http://www.ojjdp.gov/pubs/248025.pdf (accessed May 3, 2016).
Eichler, M. 1988. Nonsexist Research Methods: A Practical Guide. Boston: Allen &
Unwin.
Elder, G. H., Jr. 1999. Children of the Great Depression: Social Change in Life
Experience, 25th anniversary ed. Boulder, CO: Westview.
Ellison, C. G., and K. L. Anderson. 2001. Religious involvement and domestic
violence among U.S. couples. Journal for the Scientific Study of Religion 40:269–86.
Emerson, R. M. 1981. Observational field work. Annual Review of Sociology 7:351–
78.
Entwisle, D. R., K. L. Alexander, and L. S. Olson. 1994. The gender gap in math:
Its possible origins in neighborhood eects. American Sociological Review 59:822–38.
Erel, O., and B. Burman. 1995. Interrelatedness of marital relations and parent–
child relations: A meta- analytic review. Psychological Bulletin 118:108–32.
Erikson, K. T. 1966. Wayward Puritans: A Study in the Sociology of Deviance. New
York: Wiley. Erikson, K. T. 1967. A comment on disguised observation in sociology.
Social Problems 14:366–73. Erikson, K. T. 1970. Sociology and the historical
perspective. American Sociologist 5:331–38.
Esbensen, F. A. 2015. The Gang Resistance Education and Training (G.R.E.A.T.)
program: An evaluator’s perspective. In The Handbook of Gangs (eds. S. H. Decker and
D. C. Pyrooz), pp. 369–91. West Sussex, UK: Wiley–Blackwell.
Esbensen, F. A., A. Freng, T. J. Taylor, D. Peterson, and D. W. Osgood. 2002. National
evaluation of the Gang Resistance Education and Training (G.R.E.A.T.) Program. In
Responding to Gangs: Evaluation and Research (eds. W. L. Reed and S. H. Decker), pp.
139-67. Washington, DC: U.S. Department of Justice, National Institute of Justice.
СІЛТЕМЕЛЕР
787
Esbensen, F. A., K. N. Matsuda, T. J. Taylor, and D. Peterson. 2011. Multimethod
strategy for assessing program fidelity: The national evaluation of the revised
G.R.E.A.T. program. Evaluation Review 35:14–39.
Esbensen, F. A., C. Melde, T. J. Taylor, and D. Peterson. 2008. Active parental
consent in school-based research: How much is enough and how do we get it?
Evaluation Review 32:335–62.
Esbensen, F. A., and D. W. Osgood. 1999. Gang resistance education and training
(G.R.E.A.T.): Results from the national evaluation. Journal of Research in Crime and
Delinquency 36:194–225.
Esbensen, F. A., D. W. Osgood, D. Peterson, T. J. Taylor, and D. C. Carson. 2013.
Short-and long-term outcome results from a multisite evaluation of the G.R.E.A.T.
program. Criminology and Public Policy 12:375–411.
Esbensen, F. A., D. W. Osgood, T. J. Taylor, D. Peterson, and A. Freng. 2001. How
great is G.R.E.A.T.? Results from a longitudinal quasi-experimental design. Criminology
and Public Policy 1:87–117.
Esposito, J. L., and J. M. Rothgeb. 1997. Evaluating survey data: Making the
transition from pretesting to quality assessment. In Survey Measurement and Process
Quality (eds. L. Lyberg, P. Biemer, M. Collins, E. de Leeuw, C. Dippo, N. Schwarz, and
D. Trewin), pp. 541–71. New York: Wiley. Evans, R. I. 1976. The Making of Psychology:
Discussions with Creative Contributors. New York: Knopf. Faulkner, J. E., and G. F.
DeJong. 1966. Religiosity in 5-D: An empirical analysis. Social Forces 45:246–54.
Feagin, J. R. 1964. Prejudice and religious types: A focused study of Southern
fundamentalists. Journal for the Scientific Study of Religion 4:3–13.
Feagin, J. R., A. N. Orum, and G. Sjoberg (eds.). 1991. A Case for the Case Study.
Chapel Hill: University of North Carolina Press.
Fell, J. C., M. Scherer, S. Thomas, and R. B. Voas. 2016. Assessing the impact of
twenty underage drinking laws. Journal of Studies on Alcohol and Drugs 77:249–60.
Felson, M. 1983. Unobtrusive indicators of cultural change: Neckties, girdles,
marijuana, garbage, magazines, and urban sprawl. American Behavioral Scientist
26:534–42.
Ferraro, K. F., and R. LaGrange. 1987. The measurement of fear of crime. Sociological
Inquiry 57:70–101. Fienberg, S. E. 1971. Randomization and social aairs: The 1970
draft lottery. Science 171:255–61.
Fine, G. A. 1987. With the Boys: Little League Baseball and Preadolescent Culture.
Chicago: University of Chicago Press.
Fine, G. A. 1996. Kitchens: The Culture of Restaurant Work. Berkeley: University
of California Press. Finkel, S. E., T. M. Guterbock, and M. J. Borg. 1991. Race-of-
interviewer eects in a pre-election poll: Virginia 1989. Public Opinion Quarterly
55:313–30.
Finsterbusch, K., and A. B. Motz. 1980. Social Research for Policy Decisions. Belmont,
CA: Wadsworth. Firebaugh, G. 1978. A rule for inferring individual-level relationships
from aggregate data. American Sociological Review 43:557–72.
Firebaugh, G. 2008. Seven Rules for Social Research. Princeton, NJ: Princeton
University Press.
Fish, J. M. 2000. What anthropology can do for psychology: Facing physics envy,
ethnocentrism, and a belief in “race.” American Anthropologist 102:552–63.
Fischer, P., J. I. Krueger, T. Greitemeyer, C. Vogrincic, A. Kastenmüller, D. Frey, M.
Heene, M. Wicher, and M. Kainbacher. 2011. The bystander-eect: A meta-analytic
review on bystander intervention in dangerous and non-dangerous emergencies.
Psychological Bulletin 137:517–37.
СІЛТЕМЕЛЕР
788
Fisher, C. B., and D. Fryberg. 1994. Participant partners: College students weigh
the costs and benefits of deception research. American Psychologist 49:417–27.
Fishman, D. B., and W. D. Neigher. 1982. American psychology in the eighties. Who
will buy? American Psychologist 37:533–46.
Fleiss, J. L., and J. A. Berlin. 2009. Eect sizes for dichotomous data. In The
Handbook of Research Synthesis and Meta-Analysis, 2nd ed. (eds. H. Cooper, L. V.
Hedges, and J. C. Valentine), pp. 237–53. New York: Russell Sage Foundation.
Fleming, J. S., and B. E. Courtney. 1984. The dimensionality of self-esteem: II.
Hierarchical facet model for revised measurement scales. Journal of Personality and
Social Psychology 46:404–21.
Ford, T. E. 1997. Eects of stereotypical television portrayals of African-Americans
on person perception. Social Psychology Quarterly 60:266–78.
Forgas, J. P., E. Dunn, and S. Granland. 2008. Are you being served...? An
unobtrusive experiment of aective influences on helping in a department store.
European Journal of Social Psychology 38:333–42.
Foucault, M. 1970. The Order of Things: An Archaeology of the Human Sciences. New
York: Pantheon.
Fowler, F. J., Jr. 1991. Reducing interviewer-related error through interviewer
training, supervision, and other means. In Measurement Errors in Surveys (eds. P. P.
Biemer, R. M. Groves, L. E. Lyberg, N. A. Mathiowetz, and S. Sudman), pp. 259–78.
New York: Wiley.
Fowler, F. J., Jr. 1993. Survey Research Methods, 2nd ed. Thousand Oaks, CA: Sage.
Fowler, F. J., Jr. 1995. Improving Survey Questions. Thousand Oaks, CA.: Sage.
Fowler, F. J., Jr. 2011. Coding the behavior of interviewers and respondents to
evaluate survey questions. In Question Evaluation Methods: Contributing to the Science
of Data Quality (eds. J. Madans, K. Miller, A. Maitland, and G. Willis), pp. 7–21.
Hoboken, NJ: Wiley.
Fowler, F. J., Jr., and C. F. Cannell. 1996. Using behavioral coding to identify
cognitive problems with survey questions. In Answering Questions: Methodology
for Determining Cognitive and Communicative Processes in Survey Research (eds. N.
Schwarz and S. Sudman), pp. 15–36. San Francisco: Jossey–Bass.
Fowler, F. J., Jr., and C. Cosenza. 2008. Writing eective questions. In International
Handbook of Survey Methodology (eds. E. D. de Leeuw, J. J. Hox, and D. A. Dillman),
pp. 136–60. New York: Erlbaum.
Fowler, F. J., Jr., and T. W. Mangione. 1990. Standardized Survey Interviewing:
Minimizing Interviewer-Related Error. Newbury Park, CA: Sage.
Fram, E. H., and E. Cibotti. 1991. The shopping list studies and projective techniques:
A 40-year review. Marketing Research 3(December):14–22.
Frankfort-Nachmias, C., and A. Leon-Guerrero. 2015. Social Statistics for a Diverse
Society, 7th ed. Los Angeles: Sage.
Freedman, J. L., S. A. Wallington, and E. Bless. 1967. Compliance without pressure:
The eect of guilt. Journal of Personality and Social Psychology 7:117–24.
Freeman, H. E., and P. H. Rossi. 1984. Furthering the applied side of sociology.
American Sociological Review 49:571–80.
Fricker, S., M. Galesic, R. Tourangeau, and T. Yan. 2005. An experimental
comparison of Web and telephone surveys. Public Opinion Quarterly 69:370–92.
Fricker, S., and R. Tourangeau. 2010. Examining the relationship between
nonresponse propensity and data quality in two national household surveys. Public
Opinion Quarterly 74:934–55.
Fridkin, K. L., P. J. Kenney, and J. Crittenden. 2006. On the margins of democratic
life: The impact of race and ethnicity on the political engagement of young people.
American Politics Research 34:605–26.
СІЛТЕМЕЛЕР
789
Furr, R. M. 2011. Scale Construction and Psychometrics for Social and Personality
Psychology. Los Angeles: Sage.
Gallupe, R. B., A. R. Dennis, W. H. Cooper, J. S. Valacich, L. A. Bastianutti, and J. F.
Nunamaker Jr. 1992. Electronic brainstorming and group size. Academy of Management
Journal 35:350–69.
Geer, B. 1964. First days in the field. In Sociologists at Work (ed. P. E. Hammond),
pp. 322–44. New York: Basic Books.
General Accounting Oce. 1987. Drinking-Age Laws: An Evaluation Synthesis
of Their Impact on High-way Safety. Report to the Chairman, Subcommittee on
Investigations and Oversight, Committee on Public Works and Transportation, House
of Representatives. Washington, D.C.: U.S. General Accounting Oce.
Gerber, A. S., and D. P. Green. 2000. The eects of canvassing, telephone calls,
and direct mail on voter turnout: A field experiment. American Political Science Review
94:653–63.
Gergen, K. J. 1973. Social psychology as history. Journal of Personality and Social
Psychology 26:309–20. Giddens, A. 1965. The suicide problem in French sociology.
British Journal of Sociology 16:1–18.
Gilbert, J. P., B. McPeek, and F. Mosteller. 1977. Statistics and ethics in surgery and
anesthesia. Science 198:684–89.
Gill, J. 2001. Generalized Linear Models. Thousand Oaks, CA: Sage.
Glaser, B. G. 1978. Theoretical Sensitivity: Advances in the Methodology of Grounded
Theory. Mill Valley, CA: Sociology Press.
Glaser, B. G., and A. L. Strauss. 1967. The Discovery of Grounded Theory: Strategies
for Qualitative Research. Chicago: Aldine.
Glass, G. V. 1976. Primary, secondary, and meta-analysis of research. Educational
Researcher 5:3–8.
Glazer, M. 1972. The Research Adventure: Promise and Problems of Field Work. New
York: Random House. Gleick, J. 1990. The census: Why we can’t count. New York Times
Magazine, 15 July, 22–26, 54.
Glenn, N. D. 1977. Cohort Analysis. Beverly Hills, CA: Sage.
Glenn, N. D. 1978. The General Social Surveys: Editorial introduction to a
symposium. Contemporary Sociology 7:532–34.
Glick, P. 2008. Restating the case: The benefits of diverse samples for theory
development. Psychological Inquiry 19:78–83.
Glock, C. Y. 1962. On the study of religious commitment. Religious Education 42
(Research Suppl.):98–110. Goette, L., and A. Stutzer. 2008. Blood donations and
incentives: Evidence from a field experiment. Research Review 9:21–23.
Goman, E. 1979. Gender Advertisements. Cambridge, MA: Harvard University
Press. Gold, D. 1969. Statistical tests and substantive significance. American Sociologist
4:42–46. Gold, R. L. 1958. Roles in sociological field observations. Social Forces
36:217–23.
Golder, S. A., and M. W. Macy. 2014. Digital footprints: Opportunities and
challenges for online social research. Annual Review of Sociology 4:129–52.
Goldrick-Rab, S. 2006. Following their every move: An investigation of social-class
dierences in college pathways. Sociology of Education 79:61–79.
Gollin, A. E. 1983. The course of applied sociology: Past and future. In Applied
Sociology (eds. H. E. Freeman et al.), pp. 442–66. San Francisco: Jossey–Bass.
Goodman, L. A. 1961. Snowball sampling. Annals of Mathematical Statistics 32:148–70.
Gorden, R. L. 1975. Interviewing: Strategy, Techniques, and Tactics, rev. ed.
Homewood, IL: Dorsey. Gordon, R. A., J. F. Short, Jr., D. S. Cartwright, and F. L.
СІЛТЕМЕЛЕР
790
Strodtbeck. 1963. Values and gang delinquency: A study of street-corner groups.
American Journal of Sociology 69:109–28.
Gottlieb, J., and C. S. Carver. 1980. Anticipation of future interaction and the
bystander eect. Journal of Experimental Social Psychology 16:253–60.
Gottschalk, L. 1969. Understanding History: A Primer of Historical Method, 2nd ed.
New York: Knopf.
Graesser, A. C., K. Wiemer-Hastings, R. Kreuz, P. Wiemer-Hastings, and K. Marquis.
2000. QUAID: A questionnaire evaluation aid for survey methodologists. Behavior
Research Methods, Instruments, and Computers 32:254–62.
Graesser, A. C., Z. Cai, M. M. Louwerse, and F. Daniel. 2006. Question Understanding
Aid (AID): A web facility that tests question comprehensibility. Public Opinion Quarterly
70:3–22.
Gray, D. J. 1968. Value-free sociology: A doctrine of hypocrisy and irresponsibility.
Sociological Quarterly 9:176–85.
Gray-Little, B., V. S. L. Williams, and T. D. Hancock. 1997. An item response theory
analysis of the Rosenberg Self-Esteem Scale. Personality and Social Psychology Bulletin
23:443–51.
Green, D. P., and A. S. Gerber. 2008. Get Out the Vote: How to Increase Voter Turnout,
2nd ed. Washington, D.C.: Brookings Institution.
Grice, H. P. 1989. Studies in the Way of Words. Cambridge, MA: Harvard University
Press.
Griswold, W. 1981. American character and the American novel: An expansion of
reflection theory in the sociology of literature. American Journal of Sociology 86:740–65.
Groves, R. M. 1979. Actors and questions in telephone and personal interview
surveys. Public Opinion Quarterly 43:190–205.
Groves, R. M. 1989. Survey Errors and Survey Costs. New York: Wiley.
Groves, R. M. 2006. Nonresponse rates and nonresponse bias in household surveys.
Public Opinion Quarterly 70:646–75.
Groves, R. M. 2011. Three eras of survey research. Public Opinion Quarterly
75:861–71.
Groves, R. M., R. B. Cialdini, and M. P. Couper. 1992. Understanding the decision
to participate in a survey. Public Opinion Quarterly 56:475–95.
Groves, R. M., and M. P. Couper. 1996. Contact-level influences on cooperation in
face-to-face surveys. Journal of Ocial Statistics 12:63–83.
Groves, R. M., and M. P. Couper. 1998. Nonresponse in Household Interview Surveys.
New York: Wiley. Groves, R. M., F. J. Fowler, Jr., M. P. Couper, J. M. Lepkowski, E.
Singer, and R. Tourangeau. 2009. Survey Methodology. 2nd ed. New York: Wiley.
Groves, R. M., and R. L. Kahn. 1979. Surveys by Telephone: A National Comparison
with Personal Interviews. New York: Academic Press.
Groves, R. M., and K. A. McGonagle. 2001. A theory-guided interviewer training
protocol regarding survey participation. Journal of Ocial Statistics 17:249–65.
Groves, R. M., S. Presser, R. Tourangeau, B. T. West, M. P. Couper, E. Singer, and
C. Toppe. 2012. Support for the survey sponsor and nonresponse bias. Public Opinion
Quarterly 76:512–24.
Gubrium, J. F., and J. A. Holstein. 1997. The New Language of Qualitative Method.
New York: Oxford University Press.
Gueron, J. M., and H. Rolston. 2013. Fighting for Reliable Evidence. New York:
Russel Sage Foundation.
Guest, A., and B. Schneider. 2003. Adolescents’ extracurricular participation in
context: The mediating eects of schools, communities, and identity. Sociology of
Education 76:89–109.
СІЛТЕМЕЛЕР
791
Guest, G. 2000. Using Guttman scaling to rank wealth: Integrating quantitative and
qualitative data. Field Methods 12:346–57.
Gurwitsch, A. 1974. Phenomenology and the Theory of Science(ed. L. Embree).
Evanston, IL: Northwestern University Press.
Guttman, L. 1950. The basis for scalogram analysis. In Measurement and Prediction
(eds. S. A. Stouer, L. Guttman, E. A. Suchman, P. F. Lazarsfeld, S. A. Star, and J. A.
Clausen), pp. 60–90. Princeton, NJ: Princeton University Press.
Gwartney, P. A. 2007. The Telephone Interviewer’s Handbook. San Francisco: Jossey–
Bass.
Ha, Y., S. C. Narendorf, D. Santa Maria, and N. Bezette-Flores. 2015. Barriers
and facilitators to shelter utilization among homeless young adults. Evaluation and
Program Planning 53:25–33.
Hagen, R. L. 1997. In praise of the null hypothesis test. American Psychologist
52:15–24. Haire, M. 1950. Projective techniques in marketing research. Journal of
Marketing 14:649–56. Hall, C. S., and G. Lindzey. 1970. Theories of Personality, 2nd
ed. New York: Wiley.
Halpern-Manners, A., J. R. Warren, and F. Torche. 2014. Panel conditioning in a
longitudinal study of illicit behavior. Public Opinion Quarterly 78:565–90.
Hansen, C. 1969. Witchcraft at Salem. New York: Braziller.
Hanson, B. 2008. Wither qualitative/quantitative? Grounds for methodological
convergence. Quality and Quantity 42:97–111.
Harding, D. J., and C. Jencks. 2003. Changing attitudes toward premarital sex.
Public Opinion Quarterly 67:211–26.
Harlow, L. L., S. A. Mulaik, and J. H. Steiger (eds.). 1997. What If There Were No
Significance Tests? Mahwah, NJ: Erlbaum.
Haveman, R. H. 1987. Policy analysis and evaluation research after twenty years.
Policy Studies Journal 16:191–218.
Healy, K. 2000. Embedded altruism: Blood collection regimes and the European
Union’s donor popula- tion. American Journal of Sociology 105:1633–57.
Heilman, S. C. 1976. Synagogue Life: A Study in Symbolic Interaction. Chicago:
University of Chicago Press.
Helmke, A., and F.-W. Schrader. 2001. School achievement: Cognitive and
motivational determinants. In International Encyclopedia of the Social and Behavioral
Sciences, vol. 20, pp. 13552–56. Amsterdam: Elsevier.
Henretta, J. A. 1965. Economic development and social structure in colonial
Boston. William and Mary Quarterly 22:75–92.
Henrich, J., S. J. Heine, and A. Norenzayan. 2010. The weirdest people in the
world? Behavioral and Brain Sciences 33:61–83.
Henry, P. J. 2008a. College sophomores in the laboratory redux: Influences of a
narrow data base on social psychology’s views of the nature of prejudice. Psychological
Inquiry 19:49–71.
Henry, P. J. 2008b. Student sampling as a theoretical problem. Psychological Inquiry
19:114–26. Hertwig, R., and A. Ortmann. 2008a. Deception in experiments: Revisiting
the arguments in its defense. Ethics and Behavior 18:59–92.
Hertwig, R., and A. Ortmann. 2008b. Deception in social psychological experiments:
Two misconcep- tions and a research agenda. Social Psychology Quarterly 71:222–27.
Hewlett, K. 2002. How to publish your journal paper. Monitor on Psychology
33(8):50.
Hirschi, T., and H. C. Selvin. 1967. Delinquency Research: An Appraisal of Analytic
Methods. New York: Free Press.
СІЛТЕМЕЛЕР
792
Hogan, H., P. J. Cantwell, J. Devine, V. T. Mule, Jr., and V. Velko. 2013. Quality
and the 2010 census. Population Research and Policy Review 32:637–62.
Holbrook, A. L., Y. I. Cho, and T. Johnson. 2006. The impact of question and
respondent characteristics on comprehension and mapping diculties. Public Opinion
Quarterly 70:565–95.
Holbrook, A. L., M. C. Green, and J. A. Krosnick. 2003. Telephone versus face-to-face
interviewing of national probability samples with long questionnaires: Comparisons of
respondent satisficing and social desirability response bias. Public Opinion Quarterly
67:79–125.
Holbrook, A. L., J. A. Krosnick, D. Moore, and R. Tourangeau. 2007. Response order
eects in dichot-omous categorical questions presented orally: The impact of question
and respondent attributes. Public Opinion Quarterly 71:325–48.
Holbrook, A. L., J. A. Krosnick, and A. Pfent. 2008. The causes and consequences of
response rates in surveys by news media and government contractor survey research
firms. In Advances in Telephone Survey Methodology (eds. J. M. Lepkowski et al.), pp.
499–528. New York: Wiley.
Holden, C. 2001. Psychologist made up sex bias results. Science 294:2457.
Hollingshead, A. B. 1971. Commentary on “the indiscriminate state of social class
measurement.” Social Forces 49:563–67.
Holloway, M. 1966. Shaker societies. In Heavens on Earth: Utopian Communities in
America, 1680–1880, 2nd ed. (ed. M. Holloway), pp. 64–79. New York: Dover.
Holsti, O. R. 1969. Content Analysis for the Social Sciences and Humanities. Reading,
MA: Addison–Wesley. Horowitz, I. L. (ed.). 1967. The Rise and Fall of Project Camelot:
Studies in the Relationship between Social Science and Practical Politics. Cambridge,
MA: MIT Press.
Horowitz, R. 1986. Remaining an outsider: Membership as a threat to research
rapport. Urban Life 14:409–30.
Hox, J. J., and E. D. de Leeuw. 1994. A comparison of nonresponse in mail,
telephone, and face-to-face surveys. Quality & Quantity 28:329–44.
Huck, S. W., and H. M. Sandler. 1979. Rival Hypotheses: Alternative Interpretations
of Data Based Conclusions. New York: HarperCollins.
Hughes, E. C. 1960. Introduction: The place of field work in social science. In Field
Work: An Introduction to the Social Sciences (ed. B. H. Junker), pp. iii–xiii. Chicago:
University of Chicago Press.
Hume, D. 1748. An inquiry concerning human understanding. In Theory of
Knowledge (ed. D. C. Yalden-Thomson). Edinburgh: Nelson, 1951.
Hummer, R. A., R. G. Rogers, C. B. Nam, and C. G. Ellison. 1999. Religious
involvement and U.S. adult mortality. Demography 36:273–85.
Hummon, D. H. 1990. Commonplaces: Community Ideology and Identity in American
Culture. Albany: State University of New York Press.
Humphreys, K., C. S. Phibbs, and R. H. Moos. 1996. Addressing self-selection eects
in evaluations of mutual help groups and professional mental health services: An
introduction to two-stage sample selection models. Evaluation and Program Planning
19:301–308.
Humphreys, L. 1975. Tearoom Trade: Impersonal Sex in Public Places, enl. ed.
Chicago: Aldine. Hurwitz, J., and J. Peey. 2005. Playing the race card in the post–
Willie Horton era: The impact of racialized code words on support for punitive crime
policy. Public Opinion Quarterly 69:99–112.
Hyman, H. H. 1955. Survey Design and Analysis. Glencoe, IL: Free Press.
Hyman, H. H. 1972. Secondary Analysis of Sample Surveys: Principles, Procedures,
and Potentialities. New York: Wiley.
СІЛТЕМЕЛЕР
793
Hyman, H. H., C. R. Wright, and J. S. Reed. 1975. The Enduring Eects of Education.
Chicago: University of Chicago Press.
Iannacchione, V. G. 2011. Research synthesis: The changing role of address-based
sampling in survey research. Public Opinion Quarterly 75:556–75.
Ibarra, H. 1992. Homophily and dierential returns: Sex dierences in network
structure and access in an advertising firm. Administrative Science Quarterly 37:422–47.
Institute for Social Research. 2016. Survey Research Center, Surveys of Consumers.
Survey Information, Questionnaire. https://data.sca.isr.umich.edu/fetchdoc.
php?docid=24776 (accessed June 11, 2016).
Inter-university Consortium for Political and Social Research (ICPSR). 2016.
Current Population Survey, September 2015: Volunteer Supplement (ICPSR 36411).
Isen, A. M., and P. F. Levin. 1972. Eect of feeling good on helping: Cookies and
kindness. Journal of Personality and Social Psychology 21:384–88.
Jacob, H. 1984. Using Published Data: Errors and Remedies. Beverly Hills, CA: Sage.
Jacobs, J. 1967. A phenomenological study of suicide notes. Social Problems 15:60–72.
Jenkins, J. C., K. M. Slomczynski, and J. K. Dubrow. 2016. Political behavior and
big data. International Journal of Sociology 46:1–7.
Jensen, A. R. 1969. How much can we boost IQ and scholastic achievement?
Harvard Educational Review 39:1–123.
Jerolmack, C., and S. Khan. 2014. Talk is cheap: Ethnography and the attitudinal
fallacy. Sociological Methods and Research 43:178–209.
Jobe, J. B., D. M. Keller, and A. F. Smith. 1996. Cognitive techniques in interviewing
older people. In Answering Questions: Methodology for Determining Cognitive and
Communicative Processes in Survey Research (eds. N. Schwarz and S. Sudman), pp.
197–219. San Francisco: Jossey–Bass.
Johnson, J. M. 1975. Doing Field Research. New York: Free Press.
Johnson, R. C. 1978. A procedure for sampling the manuscript census schedules.
Journal of Interdisciplinary History 8:515–30.
Johnstone, R. L. 1983. Religion in Society: A Sociology of Religion, 2nd ed. Englewood
Clis, NJ: Prentice Hall.
Jones, J. H. 1981. Bad Blood: The Scandalous Story of the Tuskegee Experiment—
When Government Doctors Played God and Science Went Mad. New York: Free Press.
Joy, L. A., M. M. Kimball, and M. L. Zabrack. 1986. Television and children’s
aggressive behavior. In The Impact of Television: A Natural Experiment in Three
Communities (ed. T. M. Williams), pp. 303–60. Orlando: Academic Press.
Junker, B. H. 1960. Fieldwork: An Introduction to the Social Sciences. Chicago:
University of Chicago Press.
Kahn, R. L., and C. F. Cannell. 1957. The Dynamics of Interviewing: Theory, Technique,
and Cases. New York: Wiley.
Kalton, G. 1983. Introduction to Survey Sampling. Beverly Hills, CA: Sage.
Kalton, G. 2000. Developments in survey research in the past 25 years. Survey
Methodology 26:3–10. Kalton, G., and C. F. Citro. 1993. Panel surveys: Adding the
fourth dimension. Survey Methodology 19:205–15.
Kamin, L. J. 1974. The Science and Politics of IQ. Potomac, MD: Erlbaum.
Kane, E. W., and L. J. Macaulay. 1993. Interviewer gender and gender attitudes.
Public Opinion Quarterly 57:1–28.
Kaplowitz, M. D., T. D. Hadlock, and R. Levine. 2004. A comparison of Web and
mail survey response rates. Public Opinion Quarterly 68:94–101.
СІЛТЕМЕЛЕР
794
Karpinski, A. C. 2009a. A description of Facebook use and academic performance
among undergraduate and graduate students. Paper presented at the Annual Meeting
of the American Educational Research Association: San Diego.
Karpinski, A. C. 2009b. A response to reconciling a media sensation with data. First
Monday 14(5): May 4. http://www.uic.edu/htbin/cgiwrap/bin/ojs/index.php/fm/
article/view/2503/2183 (accessed September 23, 2014).
Katz, D. 1949. An analysis of the 1948 polling predictions. Journal of Applied
Psychology 33:15–28. Katz, J. 1997. Ethnography’s warrants. Sociological Methods and
Research 25:391–423.
Katz, J. 1972. Experimentation with Human Beings: The Authority of the Investigator,
Subject, Professions, and State in the Human Experimentation Process. New York: Russell
Sage Foundation.
Katzer, J., K. H. Cook, and W. W. Crouch. 1998. Evaluating Information: A Guide for
Users of Social Science Research, 4th ed. New York: McGraw–Hill.
Kearney, M., and P. Levine. 2014. Media influences on social outcomes: The impact
of MTV’s 16 and Pregnant on teen childbearing. NBER Working Paper No. 19795.
Cambridge, MA: National Bureau of Economic Research.
Kelly, E., and F. Dobbin. 1999. Civil rights law at work: Sex discrimination and the
rise of maternity leave policy. American Journal of Sociology 105:455–92.
Kelman, H. C. 1968. A Time to Speak: On Human Values and Social Research. San
Francisco: Jossey–Bass. Kemeny, J. G. 1959. A Philosopher Looks at Science. Princeton,
NJ: Van Nostrand.
Kephart, W. M. 1982. Extraordinary Groups: The Sociology of Unconventional
Lifestyles, 2nd ed. New York: St. Martin’s Press.
Kerlinger, F. N. 1973. Foundations of Behavioral Research, 2nd ed. New York: Holt,
Rinehart and Winston.
Keyfitz, N. 1976. World resources and the world middle class. Scientific American
235:28–35.
Kidder, L. H., and D. T. Campbell. 1970. The indirect testing of social attitudes. In
Attitude Measurement (ed. G. F. Summers), pp. 333–85. Chicago: Rand McNally.
Kimmel, A. J. 1996. Ethical Issues in Behavioral Research: A Survey. Cambridge, MA:
Blackwell.
King, G. 1989. Unifying Political Methodology: A Likelihood Theory of Statistical
Inference. Cambridge: Cambridge University Press.
King, G., R. O. Keohane, and S. Verba. 1994. Designing Social Inquiry: Scientific
Inference in Qualitative Research. Princeton, NJ: Princeton University Press.
King, J. A., L. L. Morris, and C. T. Fitz-Gibbon. 1987. How to Assess Program
Implementation. Newbury Park, CA: Sage.
Kirkpatrick, C. 1936. The construction of a belief-pattern scale for measuring
attitudes toward feminism. Journal of Social Psychology 7:421–37.
Kiser, E., and M. Hechter. 1991. The role of general theory in comparative-historical
sociology. American Journal of Sociology 97:1–30.
Kish, L. 1959. Some statistical problems in research design. American Sociological
Review 24:328–38. Kish, L. 1965. Survey Sampling. New York: Wiley.
Kitchin, R. 2014. The Data Revolution: Big Data, Open Data, Data Infrastructures
and Their Consequences. London: Sage.
Kleinman, S., B. Stenross, and M. McMahon. 1994. Privileging fieldwork over
interviews: Consequences for identity and practice. Symbolic Interaction 17:37–50.
СІЛТЕМЕЛЕР
795
Kline, R. B. 2016. Principles and Practice of Structural Equation Modeling, 4th
ed. New York: Guilford. Kmec, J. A. 2007. Ties that bind? Race and networks in job
turnover. Social Problems 54:483–503.
Knoke, D. 1990. Organizing for Collective Action: The Political Economies of
Associations. New York: Aldine De Gruyter.
Kohler Riessman, C. 1990. Divorce Talk: Women and Men Make Sense of Personal
Relationships. New Brunswick, NJ: Rutgers University Press.
Konstantopoulos, S., and L. V. Hedges. 2009. Analyzing eect sizes: Fixed-eects
models. In The Handbook of Research Synthesis and Meta-Analysis, 2nd ed. (eds.
H. Cooper, L. V. Hedges, and J. C. Valentine), pp. 279–93. New York: Russell Sage
Foundation.
Kovar, M. G., and P. Royston. 1990. Comment. Journal of the American Statistical
Association 85:246–47. Krohn, M. D., and T. P. Thornberry. 2014. Gang membership
and oending patterns. In The Modern Gang Reader (eds. C. L. Maxson, A. Egley, Jr., J.
Miller, and M. W. Klein), pp. 412–19. New York: Oxford University Press.
Krosnick, J. A. 1991. Response strategies for coping with the cognitive demands of
attitude measures in surveys. Applied Cognitive Psychology 5:213–36.
Krosnick, J. A. 1999. Survey research. Annual Review of Psychology 50:537–67.
Krosnick, J. A., and S. Presser. 2010. Question and questionnaire design. In
Handbook of Survey Research, 2nd ed. (eds. P. V. Marsden and J. D. Wright), pp. 263–
313. Bingley, UK: Emerald Group.
Krueger, R. A., and M. A. Casey. 2000. Focus Groups: A Practical Guide for Applied
Research, 3rd ed. Thousand Oaks, CA: Sage.
Krysan, M., and M. P. Couper. 2003. Race in the live and the virtual interview:
Racial deference, social desirability, and activation eects in attitude surveys. Social
Psychology Quarterly 66:364–83.
Krysan, M., and Farley, R. 2002. The residential preferences of blacks: Do they
explain persistent segregation? Social Forces 80:937–80.
Kuhn, T. S. 1962. The Structure of Scientific Revolutions. Chicago: University of Chicago
Press.
Kvale, S. 1996. InterViews: An Introduction to Qualitative Research Interviewing.
Thousand Oaks, CA: Sage.
Labov, W. 1973. The linguistic consequences of being a lame. Language in Society
2:81–115.
Lane, J. 2010. Linking administrative and survey data. In Handbook of Survey
Research, 2nd ed. (eds.
P. V. Marsden and J. D. Wright), pp. 659–80. Bingley, UK: Emerald Group.
Laney, D. 2001. 3D data management: Controlling data volume, velocity, and
variety. Application Delivery Strategies, META Group. https://blogs.gartner.com/
doug-laney/files/2012/01/ad949-3D-Data- Management-Controlling-Data-Volume-
Velocity-and-Variety.pdf (accessed July 7, 2016).
LaPiere, R. T. 1934. Attitudes vs. actions. Social Forces 13:230–37.
Lareau, A. 2000. Home Advantage: Social Class and Parental Intervention in
Elementary Education, 2nd ed. Lanham, MD: Rowman & Littlefield.
Latané, B., and J. M. Dabbs, Jr. 1975. Sex, group size and helping in three cities.
Sociometry 38:180–94. Latané, B., and J. M. Darley. 1970. The Unresponsive Bystander:
Why Doesn’t He Help? Englewood Clis, NJ: Prentice Hall.
Latané, B., and S. Nida. 1981. Ten years of research on group size and helping.
Psychological Bulletin 89:308–24.
СІЛТЕМЕЛЕР
796
Laumann, E. O., J. H. Gagnon, R. T. Michael, and S. Michaels. 1994. The Social
Organization of Sexuality: Sexual Practices in the United States. Chicago: University of
Chicago Press.
Lavin, M. R. 1996. Understanding the Census: A Guide for Marketers, Planners, Grant
Writers, and Other Data Users. Kenmore, NY: Epoch Books.
Lavrakas, P. J. 1993. Telephone Survey Methods: Sampling, Selection, and Supervision,
2nd ed. Newbury Park, CA: Sage.
Lavrakas, P. J. 2010. Telephone surveys. In Handbook of Survey Research, 2nd ed.
(eds. P. V. Marsden and J. D. Wright), pp. 471–98. Bingley, UK: Emerald Group.
Lavrakas, P. J., C. D. Shuttles, C. Steeh, and H. Fienberg. 2007. The state of
surveying cell phone numbers in the United States: 2007 and beyond. Public Opinion
Quarterly 71:840–54.
Lazarsfeld, P. F. 1955. Interpretation of statistical relations as a research operation.
In Language of Social Research (eds. P. F. Lazarsfeld and M. Rosenberg), pp. 115–25.
Glencoe, IL: Free Press.
Lazarsfeld, P. F. 1972. Some remarks on typological procedures in social research.
In Continuities in the Language of Social Research (eds. P. F. Lazarsfeld, A. K. Pasanella,
and M. Rosenberg), pp. 99–106. New York: Free Press.
Lazarsfeld, P. F., B. Berelson, and H. Gaudet. 1948. The People’s Choice. New York:
Columbia University Press.
Lee, G. R. 1984. The utility of cross-cultural data: Potentials and limitations for
family sociology. Journal of Family Issues 5:519–41.
Leik, R. K. 1972. Methods, Logic, and Research of Sociology. Indianapolis: Bobbs–
Merrill.
Lessler, J. T., J. Eyerman, and K. Wang. 2008. Interviewer training. In International
Handbook of Survey Methodology (eds. E. D. de Leeuw, J. J. Hox, and D. A. Dillman),
pp. 442–60. New York: Erlbaum.
Lessler, J. T., and B. H. Forsyth. 1996. A coding system for appraising questionnaires.
In Answering Questions: Methodology for Determining Cognitive and Communicative
Processes in Survey Research (eds. N. Schwarz and S. Sudman), pp. 259–91. San
Francisco: Jossey–Bass.
Lever, J. 1978. Sex dierences in the complexity of children’s play and games.
American Sociological Review 43:471–83.
Lever, J., and S. Wheeler. 1984. The Chicago Tribune sports page, 1900–1975.
Sociology of Sport Journal 1:299–313.
Lewis, K. 2015. Three fallacies of digital footprints. Big Data and Society 2(July–
December):1–4. Lewontin, R. C., S. Rose, and L. J. Kamin. 1984. Not in Our Genes:
Biology, Ideology, and Human Nature. New York: Pantheon.
Liebert, R. M. 1976. Evaluating the evaluators. Journal of Communication
26(2):165–71. Lincoln, Y. S., and E. G. Guba. 1985. Naturalistic Inquiry. Beverly Hills,
CA: Sage.
Lindner, A. M. 2009. Among the troops: Seeing the Iraq War through three
journalistic vantage points. Social Problems 56:21–48.
Lindner, K. 2004. Images of women in general interest and fashion magazine
advertisements from 1955 to 2002. Sex Roles 51:409–21.
Lindsay, D. M. 2008. Evangelicals in the power elite: Elite cohesion advancing a
movement. American Sociological Review 73:60–82.
Link, M. W., M. P. Battaglia, M. R. Frankel, L. Osborn, and A. H. Mokdad. 2008. A
comparison of address-based sampling (ABS) versus random-digit dialing (RDD) for
general population surveys. Public Opinion Quarterly 72:6–27.
СІЛТЕМЕЛЕР
797
Lipset, S. M., M. Trow, and J. Coleman. 1956. Union Democracy. Garden City, NY:
Doubleday.
Lipsey, M. W. 1993. Theory as method: Small theories of treatments. In Understanding
Causes and Generalizing about Them, New Directions for Program Evaluation, no. 57
(eds. L. B. Sechrest and A. G. Scott), pp. 5–38. San Francisco: Jossey–Bass.
Lipsey, M. W. 1994. Juvenile delinquency treatment: A meta-analytic inquiry into
the variable of eects. In Meta-Analysis for Explanation: A Casebook (eds. T. D. Cook,
H. Cooper, D. S. Cordray, H. Hartmann, L. V. Hedges, R. J. Light, T. A. Louis, and F.
Mosteller), pp. 83–127. New York: Russell Sage Foundation.
Lofland, J., and L. H. Lofland. 1995. Analyzing Social Settings: A Guide to Qualitative
Observation and Analysis, 3rd ed. Belmont, CA: Wadsworth.
Lofland, J., D. Snow, L. Anderson, and L. H. Lofland. 2006. Analyzing Social Settings:
A Guide to Qualitative Observation and Analysis, 4th ed. Belmont, CA: Wadsworth/
Thomson.
Lofland, L. H. 1971. A world of strangers: Order and action in urban public space.
PhD diss., University of California, San Francisco.
Lofland, L. H. 1973. A World of Strangers: Order and Action in Urban Public
Space. New York: Basic Books. Logan, J. R., and B. J. Stults. 2011. The persistence
of segregation in the metropolis: New findings from the 2010 Census. Census Brief
prepared for Project US2010. http://www.s4.brown.edu/us2010 (accessed July 10,
2016).
Lois, J. 2003. Heroic Eorts: The Emotional Culture of Search and Rescue Volunteers.
New York: New York University Press.
Loomis, W. F. 1970. Rickets. Scientific American 223:76–82.
Lozar Manfreda, K., M. Bosnjak, J. Berzelak, I. Haas, and V. Vehovar. 2008. Web
surveys versus other survey modes: A meta-analysis comparing response rates.
International Journal of Market Research 50:79–104.
Lozar Manfreda, K. L., and V. Vehovar. 2008. Internet surveys. In International
Handbook of Survey Methodology (eds. E. D. de Leeuw, J. J. Hox, and D. A. Dillman),
pp. 264–84. New York: Erlbaum.
Lucas, J. W. 2003. Theory-testing, generalization, and the problem of external
validity. Sociological Theory 21:236–53.
Lucy, J. A., and R. A. Shweder. 1979. Whorf and his critics: Linguistic and
nonlinguistic influences on color memory. American Anthropologist 81:581–615.
Lundberg, G. A. 1961. Can Science Save Us? New York: Longmans, Green.
Lynch, M., and D. Bogen. 1997. Sociology’s asociological “core”: An examination
of textbook sociology in light of the sociology of scientific knowledge. American
Sociological Review 62:481–93.
Malamuth, N. M., and B. Spinner. 1980. A longitudinal content analysis of sexual
violence in the best-selling erotic magazines. Journal of Sex Research 16:226–37.
Mangione, T. W. 1995. Mail Surveys: Improving the Quality. Thousand Oaks, CA:
Sage. Manning, P. K. 1987. Semiotics and Fieldwork. Newbury Park, CA: Sage.
Manning, R., M. Levine, and A. Collins. 2007. The Kitty Genovese murder and the
social psychology of helping: The parable of the 38 witnesses. American Psychologist
62:555–62.
Manovich, L. 2011. Trending: The promises and the challenges of big social data.
Manovich. http://manovich.net/index.php/projects/trending-the-promises-and-
the-challenges-of-big-social-data (accessed July 7, 2006).
Mark, M. M., and R. L. Shotland. 1985. Toward more useful social science. In Social
Science and Social Policy (eds. R. L. Shotland and M. M. Mark), pp. 335–70. Beverly
Hills, CA: Sage.
СІЛТЕМЕЛЕР
798
Markowitz, F. E. 2006. Psychiatric hospital capacity, homelessness, and crime and
arrest rates. Criminology 44:45–72.
Marr, B. 2015. Big data: 20 mind-boggling facts everyone must read. Forbes
(September 30). http://www.forbes.com/sites/bernardmarr/2015/09/30/big-data-
20-mind-boggling-facts-everyone-must-read/#7ad43fc86c1d (accessed July 7, 2016).
Marshall, E. 2000. How prevalent is fraud? That’s a million-dollar question. Science
290:1662.
Martin, E. 2004. Vignettes and respondent debriefing for questionnaire design
and evaluation. In Methods for Testing and Evaluating Survey Questionnaires (eds. S.
Presser et al.), pp. 149–71. Hoboken, NJ: Wiley.
Martin, E. A., M. W. Traugott, and C. Kennedy. 2005. A review and proposal for a
new measure of poll accuracy. Public Opinion Quarterly 69:342–69.
Marx, G. T. 1988. Undercover: Police Surveillance in America. Berkeley: University of
California Press. Massey, D. S., R. Alarcon, J. Durand, and H. Gonzalez. 1987. Return
to Aztlan: The Social Process of International Migration from Western Mexico. Berkeley:
University of California Press.
Matthews, C., K. Everett, J. Binedell, and M. Steinberg. 1995. Learning to listen:
Formative research in the development of AIDS education for secondary school
students. Social Science and Medicine 41:1715–24.
Matysiak, A., and D. Vignoli. 2008. Fertility and women’s employment: A meta-
analysis. European Journal of Population 24:363–84.
Maynard, D. W., and N. C. Schaeer. 2002. Standardization and its discontents. In
Standardization and Tacit Knowledge: Interaction and Practice in the Survey Interview
(eds. D. W. Maynard, H. Houtkoop-Steenstra, N. C. Schaeer, and J. van der Zouwen),
pp. 3–45. New York: Wiley. McArthur, L. Z., and B. G. Resko. 1975. The portrayal of
men and women in American television commercials. Journal of Social Psychology
97:209–20.
McCain, G., and E. M. Segal. 1977. The Game of Science, 3rd ed. Belmont, CA:
Brooks/Cole. McCall, G. J. 1984. Systematic field observation. Annual Review of
Sociology 10:263–82.
McCann, I. L., and D. S. Holmes. 1984. Influence of aerobic exercise on depression.
Journal of Personality and Social Psychology 46:1142–47.
McConahay. J. B. 1986. Modern racism, ambivalence, and the modern racism
scale. In Prejudice, Discrimination, and Racism (eds. J. F. Dovidio and S. L. Gaertner),
pp. 91–125. Orlando: Academic Press.
McCullagh, J. A., and J. A. Nelder. 1989. Generalized Linear Models. London:
Chapman & Hall.
McFarland, D. A., K. Lewis, and A. Goldberg. 2016. Sociology in the era of big data:
The ascent of forensic social science. American Sociologist 47:12–35.
McFarland, S. G. 1981. Eects of question order on survey responses. Public Opinion
Quarterly 45:208–15. McGuigan, F. J. 1993. Experimental Psychology: Methods of
Research, 6th ed. Englewood Clis, NJ: Prentice Hall.
McKinney, J. C. 1966. Constructive Typology and Social Theory. New York: Appleton–
Century–Crofts. Melbin, M. 1969. Behavior rhythms in mental hospitals. American
Journal of Sociology 74:650–65.
Mendelberg, T. 2001. The Race Card: Campaign Strategy, Implicit Messages, and the
Norm of Equality. Princeton, NJ: Princeton University Press.
Mertens, D. M., and A. T. Wilson. 2012. Program Evaluation Theory and Practice: A
Comprehensive Guide. New York: Guilford.
СІЛТЕМЕЛЕР
799
Merton, R. K. 1957. Social Theory and Social Structure, rev. and enl. ed. Glencoe,
IL: Free Press.
Miles, M. B., and A. M. Huberman. 1994. Qualitative Data Analysis, 2nd ed.
Thousand Oaks, CA: Sage. Milgram, S. 1974. Obedience to Authority: An Experimental
View. New York: Harper & Row.
Millar, M. M., and D. A. Dillman. 2011. Improving response to Web and mixed-
mode surveys. Public Opinion Quarterly 75:249–69.
Miller, W. B. 2001. The Growth of Youth Gang Problems in the United States: 1970–
98. Washington, D.C.: U.S. Department of Justice, Oce of Justice Programs, Oce of
Juvenile Justice and Delinquency Prevention.
Mills, J. 1976. A procedure for explaining experiments involving deception.
Personality and Social Psychology Bulletin 2:3–13.
Minnesota Population Center. 2016. IPUMS USA, University of Minnesota. http://
usa.ipums.org/usa/.
Mook, D. G. 1983. In defense of external validity. American Psychologist 38:379–87.
Morgan, D. L. 2007. Paradigms lost and pragmatism regained: Methodological
implications of qualitative and quantitative methods. Journal of Mixed Methods
Research 1:48–76.
Moriarty, T. 1975. Crime, commitment, and the responsive bystander: Two field
experiments. Journal of Personality and Social Psychology 31:370–76.
Morrill, C. 1995. The Executive Way: Conflict Management in Corporations. Chicago:
University of Chicago. Morris, J. B., Jr. 2016. First look: Internet use in 2015. National
Telecommunications and Information Administration, United States Department
of Commerce. https://www.ntia.doc.gov/blog/2016/first-look-internet-use-2015
(accessed May 13, 2016).
Morrison, D. E., and R. E. Henkel (eds.). (1970). The Significance Test Controversy.
Chicago: Aldine. Mosteller, F. 1981. Innovation and evaluation. Science 211:881–86.
Mosteller, F., and D. L. Wallace. 1964. Inference and Disputed Authorship: The
Federalist. Reading, MA: Addison–Wesley.
Murdock, G. P. 1967. Ethnographic atlas: A summary. Ethnology 6:109–236.
Murdock, G. P., and D. R. White. 1969. Standard cross-cultural sample. Ethnology
8:329–69. Murray, B. 2002. Research fraud needn’t happen at all. Monitor on
Psychology 33(February):27–28.
Murray, D., J. Schwartz, and S. R. Lichter. 2001. It Ain’t Necessarily So: How Media
Make and Unmake the Scientific Picture of Reality. Lanham, MD: Rowman & Littlefield.
Murthy, D. 2015. Twitter and elections: Are tweets predictive, reactive, or a form of
buzz? Information, Communication and Society 18:816–31.
Mutz, D. C. 2011. Population-Based Survey Experiments. Princeton, NJ: Princeton
University Press. Nagel, E. 1967. The nature and aim of science. In Philosophy of Science
Today (ed. S. Morgenbesser), pp. 3–13. New York: Basic Books.
Nathan, G. 2001. Telesurvey methodologies for household surveys—A review and
some thoughts for the future. Survey Methodology 27:7–31.
National Commission for the Protection of Human Subjects of Research (National
Commission). 1979. Belmont Report: Ethical Principles and Guidelines for the
Protection of Human Subjects of Research. Washington D.C. https://www.hhs.gov/
ohrp/regulations-and-policy/belmont-report/.
National Opinion Research Center. 2016. General Social Survey, FAQs for survey
participants. What were the response rates? http://gss.norc.org/Documents/other/
GSS%20Response%20Period%20 and%20Field%20Period.pdf (accessed June 11,
2016).
СІЛТЕМЕЛЕР
800
Navazio, R. 1977. An experimental approach to bandwagon research. Public Opinion
Quarterly 41:217–25. Neale, J. M., and R. M. Liebert. 1986. Science and Behavior: An
Introduction to Methods of Research, 3rd ed. Englewood Clis, NJ: Prentice Hall.
Nettler, G. 1970. Explanations. New York: McGraw–Hill.
Newman, K. S. 1999. No Shame in My Game. New York: Alfred A. Knopf and Russell
Sage Foundation. Nickerson, R. S. 2000. Null hypothesis significance testing: A review
of an old and continuing controversy. Psychological Methods 5:241–301.
Nunnally, J. C., Jr. 1970. Introduction to Psychological Measurement. New York:
McGraw–Hill. Oberschall, A. 1972. The institutionalization of American sociology.
In The Establishment of Empirical Sociology: Studies in Continuity, Discontinuity, and
Institutionalization (ed. A. Oberschall), pp. 187–251. New York: Harper & Row.
Olsen, R. B., L. L. Orr, S. H. Bell, and E. A. Stuart. 2013. External validity in policy
evaluations that choose sites purposively. Journal of Policy Analysis and Management
32:107–21.
Orne, M. T. 1962. On the social psychology of the psychological experiment:
With particular reference to demand characteristics and their implications. American
Psychologist 17:776–83.
Orne, M. T. 1969. Demand characteristics and the concept of quasi-controls. In
Artifact in Behavioral Research (eds. R. Rosenthal and R. L. Rosnow), pp. 147–79. New
York: Academic Press.
Orne, M. T., and F. J. Evans. 1965. Social control in the psychological experiment:
Antisocial behavior and hypnosis. Journal of Personality and Social Psychology 1:189–
200.
Orr, L. L. 2015. 2014 Rossi Award Lecture: Beyond internal validity. Evaluation
Review 39:167–78.
Orshansky, M., and J. S. Bretz. 1976. Born to be poor: Birthplace and number of
brothers and sisters as factors in adult poverty. Social Security Bulletin 39(1):21–37.
Osgood, C. E., C. J. Suci, and P. H. Tannenbaum. 1957. The Measurement of Meaning.
Urbana: University of Illinois Press.
Ostrander, S. 1993. “Surely you’re not in this just to be helpful”: Access, rapport,
and interviews in three studies of elites. Journal of Contemporary Ethnography 22:7–
27.
Ouellet, L. J. 1994. Pedal to the Metal: The Work Lives of Truckers. Philadelphia:
Temple University Press. Padgett, V. R., and D. O. Jorgenson. 1982. Superstition and
economic threat: Germany, 1918–1940. Personality and Social Psychology Bulletin
8:736–41.
Page, E. B. 1958. Teacher comments and student performance: A seventy-four
classroom experiment in school motivation. Journal of Educational Psychology 49:173–
81.
Pager, D., and L. Quillian. 2005. Walking the talk? What employers say versus what
they do. American Sociological Review 70:255–80.
Palys, T. S., and J. Lowman. 2002. Anticipating law: Research methods, ethics and
the law of privilege. Sociological Methodology 32:1–17.
Pancer, S. M., and A. Westhues. 1989. A developmental stage approach to program
planning and evaluation. Evaluation Review 13:56–77. Parade Magazine. 1993. The
high cost of law and order. Parade Magazine, June13, 12.
Park, P., and M. Macy. 2015. The paradox of active users. Big Data and Society
2(July–December).
Pasek, J., e. more, and E. Hargittai. 2009. Facebook and academic performance:
Reconciling a media sensation with data. First Monday 14(5): May 4. http://www.
СІЛТЕМЕЛЕР
801
uic.edu/htbin/cgiwrap/bin/ojs/index. php/fm/article/view/2498/2181 (accessed
September 23, 2014).
Pate, A. M., and E. E. Hamilton. 1992. Formal and informal deterrents to domestic
violence: The Dade County Spouse Assault Experiment. American Sociological Review
57:691–97.
Paternoster, R., R. Bachman, R. Brame, and L. W. Sherman. 1997. Do fair procedures
matter? The eect of procedural justice on spouse assault. Law and Society Review
31:163–204.
Paules, G. F. 1991. Dishing It Out: Power and Resistance among Waitresses in a New
Jersey Restaurant. Philadelphia: Temple University Press.
Payne, S. L. 1951. The Art of Asking Questions. Princeton, NJ: Princeton University
Press.
Pearson, W., Jr., and L. Hendrix. 1979. Divorce and the status of women. Journal of
Marriage and the Family 41:375–85.
Penner, L., M. T. Brannick, S. Webb, and P. Connell. 2005. Eects of volunteering
of the September 11, 2001, attacks: An archival analysis. Journal of Applied Social
Psychology 35:1333–60.
Perrin, A. J. 2005. National threat and political culture: Authoritarianism,
antiauthoritarianism, and the September 11 attacks. Political Psychology 26:167–94.
Pescosolido, B. A. 1990. The social context of religious integration and suicide:
Pursuing the network explanation. Sociological Quarterly 31:337–57.
Pescosolido, B. A., and S. Georgianna. 1989. Durkheim, suicide, and religion:
Toward a network theory of suicide. American Sociological Review 54:33–48.
Peterson, B. E., and E. D. Gerstein. 2005. Fighting and flying: Archival analysis
of threat, authoritarianism, and the North American comic book. Political Psychology
26:887–904.
Peterson, R. A. 2001. On the use of college students in social science research:
Insights from a second- order meta-analysis. Journal of Consumer Research 28:450–61.
Pettigrew, T. F. 1998. Intergroup contact theory. Annual Review of Psychology
49:65–85.
Pettigrew, T. F., and L. R. Tropp. 2006. A meta-analytic test of intergroup conflict
theory. Journal of Personality and Social Psychology 90:751–83.
Peytchev, A. 2013. Consequences of survey nonresponse. The Annals of the American
Academy of Political and Social Science 645:88–111.
Peytchev, A., R. K. Baxter, and L. S. Carley-Baxter. 2009. Not all survey eort is
equal: Reduction of nonresponse bias and nonresponse error. Public Opinion Quarterly
73:785–806.
Phillips, D. L. 1971. Knowledge from What? Chicago: Rand McNally.
Phillips, D. P., T. E. Ruth, and S. MacNamara. 1994. There are more things in heaven
and earth: Missing features in Durkheim’s theory of suicide. In Emile Durkheim: Le
Suicide One Hundred Years Later (ed. D. Lester), pp. 90–100. Philadelphia: Charles
Press.
Pierce, A. 1967. The economic cycle and the social suicide rate. American Sociological
Review 32:457–62.
Piliavin, J. A., and I. M. Piliavin. 1972. Eect of blood on reactions to a victim.
Journal of Personality and Social Psychology 23:353–61.
Polkinghorne, D. 1983. Methodology for the Social Sciences: Systems of Inquiry.
Albany: State University of New York Press.
Pope, W. 1976. Durkheim’s Suicide: A Classic Analyzed. Chicago: University of
Chicago.
СІЛТЕМЕЛЕР
802
Porter, J. R., and E. H. Ecklund. 2012. Missing data in sociological research: An
overview of recent trends and an illustration for controversial questions, active
nonrespondents and target samples. American Sociologist 43:448–68.
Portes, A. 1998. Social capital: Its origins and applications in modern sociology.
Annual Review of Sociology 24:1–24.
Poston, D. L., Jr., and T. Falbo. 1990. Academic performance and personality traits
of Chinese children: “Onlies” versus others. American Journal of Sociology 96:433–51.
Presser, S., and J. Blair. 1994. Survey pretesting: Do dierent methods produce
dierent results? In Sociological Methodology 1994 (ed. P. Marsden), pp. 73–104. San
Francisco: Jossey–Bass.
Presser, S., M. P. Couper, J. T. Lessler, E. Martin, J. Martin, J. M. Rothgeb, and
E. Singer. 2004. Methods for testing and evaluating survey questions. Public Opinion
Quarterly 68:109–30.
Rabinow, P., and W. M. Sullivan, eds. 1987. Interpretive Social Science: A Second
Look. Berkeley: University of California Press.
Raftery, A. E. 2001. Statistics in sociology, 1950–2000: A selective review.
Sociological Methodology 31:1–45.
Ragin, C. C., and L. M. Amoroso. 2011. Constructing Social Research: The Unity and
Diversity of Method, 2nd ed. Los Angeles: Sage/Pine Forge.
Raley, R. K. 2002. The eects of the dierential undercount on survey estimates of
race dierences in marriage. Journal of Marriage and Family 64:774–79.
Raudenbush, S. W. 1984. Magnitude of teacher expectancy eects on pupil IQ as
a function of the cred- ibility of expectancy induction: A synthesis of findings from 18
experiments. Journal of Educational Psychology 76:85–97.
Raudenbush, S. W. 2009. Analyzing eect sizes: Random-eects models. In The
Handbook of Research Synthesis and Meta-Analysis, 2nd ed. (eds. H. Cooper, L. V.
Hedges, and J. C. Valentine), pp. 295–315. New York: Russell Sage Foundation.
Reese, H. W., and W. J. Fremouw. 1984. Normal and normative ethics in behavioral
science. American Psychologist 39:863–76.
Reeves, B. F. 1970. The First Year of Sesame Street: The Formative Research. New
York: Children’s Televi- sion Workshop.
Reiss, A. J., Jr. 1967. Studies in Crime and Law Enforcement in Major Metropolitan
Areas. Field Studies III, vol. II, sec. I. Washington, D.C.: U.S. Government Printing
Oce.
Reiss, A. J., Jr. 1968. Stu and nonsense about social surveys and observation. In
Institutions and the Person (eds. H. S. Becker, B. Geer, D. Riesman, and R. S. Weiss),
pp. 351–67. Chicago: Aldine.
Resnik, D. B. 1998. The Ethics of Science: An Introduction. London: Routledge.
Reynolds, P. D. 1971. A Primer in Theory Construction. Indianapolis: Bobbs–Merrill.
Richardson, M., C. Abraham, and R. Bond. 2012. Psychological correlates of
university students’ academic performance: A systematic review and meta-analysis.
Psychological Bulletin 138:353–87.
Riesman, D., with N. Glazer and R. Denney. 1950. The Lonely Crowd. New Haven,
CT: Yale University Press.
Riley, M. W. 1963. Sociological Research I. A Case Approach. New York: Harcourt,
Brace & World. Robinson, W. S. 1950. Ecological correlations and the behavior of
individuals. American Sociological Review 15:351–57.
Roethlisberger, F. J., and W. J. Dickson. 1939. Management and the Worker: An
Account of a Research Program Conducted by the Western Electric Co. Hawthorne Works,
Chicago. Cambridge, MA: Harvard University Press.
СІЛТЕМЕЛЕР
803
Rosen, L. J., and L. Behrens. 1992. The Allyn & Bacon Handbook. Boston: Allyn &
Bacon.
Rosenau, P. V. 1992. Post-Modernism and the Social Sciences: Insights, Inroads, and
Intrusions. Princeton, NJ: Princeton University.
Rosenbaum, D. P. 2007. Just say no to D.A.R.E. Criminology and Public Policy
6:815–24.
Rosenberg, M. 1965. Society and the Adolescent Self-Image. Princeton, NJ: Princeton
University Press. Rosenberg, M. 1968. The Logic of Survey Analysis. New York: Basic
Books.
Rosenberg, M. 1979. Conceiving the Self. New York: Basic Books.
Rosenberg, M. J. 1965. When dissonance fails: On eliminating evaluation
apprehension from attitude measurement. Journal of Personality and Social Psychology
1:28–42.
Rosenberg, M. J. 1969. The conditions and consequences of evaluation
apprehension. In Artifact in Behavioral Research (eds. R. Rosenthal and R. L. Rosow),
pp. 279–349. New York: Academic Press.
Rosenthal, R. 1966. Experimenter Eects in Behavioral Research. New York:
Appleton–Century–Crofts. Rosenthal, R. 1967. Covert communication in the
psychological experiment. Psychological Bulletin 67:356–67. Rosenthal, R. 1969.
Interpersonal expectations: Eects of the experimenter’s hypothesis. In Artifact in
Behavioral Research (eds. R. Rosenthal and R. L. Rosnow), pp. 187–227. New York:
Academic Press.
Rosenthal, R. 1991. Meta-Analytic Procedures for Social Research. Newbury Park,
CA: Sage.
Rosenthal, R. 1994. Science and ethics in conducting, analyzing, and reporting
psychological research. Psychological Science 5:127–34.
Rosenthal, R., and K. L. Fode. 1963. Psychology of the scientist: V. Three experiments
in experimenter bias. Psychological Reports 12:491–511.
Rosenthal, R., and L. Jacobson. 1968. Pygmalion in the Classroom: Teacher
Expectation and Pupils’ Intellectual Development. New York: Holt, Rinehart and Winston.
Ross, H. L. 1992. Confronting Drunk Driving: Social Policy for Saving Lives. New
Haven, CT: Yale University Press.
Ross, H. L. 1994. Drunk driving. New York: McGraw–Hill.
Rossi, P. H. 1989. Down and Out in America: The Origins of Homelessness. Chicago:
University of Chicago Press.
Rossi, P. H., R. A. Berk, and K. J. Lenihan. 1980. Money, Work, and Crime:
Experimental Evidence. New York: Academic Press.
Rossi, P. H., H. W. Freeman, and M. W. Lipsey. 1999. Evaluation: A Systematic
Approach, 6th ed. Thousand Oaks, CA: Sage.
Rossi, P. H., M. W. Lipsey, and H. E. Freeman. 2004. Evaluation: A Systematic
Approach, 7th ed. Thousand Oaks, CA: Sage.
Rossi, P. H., and W. F. Whyte. 1983. The applied side of sociology. In Applied
Sociology (eds. H. E. Freeman et al.), pp. 5–31. San Francisco: Jossey–Bass.
Rossi, P. H., J. D. Wright, G. A. Fisher, and G. Willis. 1987. The urban homeless:
Estimating size and composition. Science 235:1336–41.
Roth, J. 1963. Timetables: Structuring the Passage of Time in Hospital Treatment and
Other Careers. Indianapolis: Bobbs–Merrill.
Rothbart, G. S., M. Fine, and S. Sudman. 1982. On finding and interviewing the
needles in the haystack: The use of multiplicity sampling. Public Opinion Quarterly
46:408–21.
СІЛТЕМЕЛЕР
804
Rothgeb, J., G. Willis, and B. Forsyth. 2001. Questionnaire pretesting methods: Do
dierent techniques and dierent organizations produce similar results? Proceedings
of the Annual Meeting of the American Statistical Association. Alexandria, VA: American
Statistical Association.
Rowan, A. N. 1995. Scientists and animal research: Dr. Jekyll or Mr. Hyde? Social
Research 62:787–800.
Rowe, M. 2007. Tripping over molehills: Ethics and the ethnography of police work.
International Journal of Social Research Methodology 10:37–48.
Ruan, D., L. C. Freeman, X. Dai, Y. Pan, and W. Zhang. 1997. On the changing
structure of social networks in urban China. Social Networks 19:75–89.
Rubin, H. J., and I. S Rubin. 2012. Qualitative Interviewing: The Art of Hearing Data,
3rd edition. Los Angeles: Sage.
Rubin, Z. 1970. Measurement of romantic love. Journal of Personality and Social
Psychology 16:265–73. Rubin, Z. 1976. On studying love: Notes on the researcher–
subject relationship. In The Research Experience (ed. M. P. Golden), pp. 508–13. Itasca,
IL: F. E. Peacock.
Ruebhausen, O. M., and O. G. Brim, Jr. 1966. Privacy and behavioral research.
American Psychologist 21:423–37.
Rugg, D. 1941. Experiments in wording questions: II. Public Opinion Quarterly 5:91–
92. Ruggles, S. 2014. Big microdata for population research. Demography 51:287–97.
Runkle, G. 1978. Good Thinking: An Introduction to Logic. New York: Holt, Rinehart
and Winston. Saer, H., and M. Grossman. 1989. Drinking age laws and highway
mortality rates: Cause and eect. Economic Inquiry 25:403–17.
Sales, S. M. 1973. Threat as a factor in authoritarianism: An analysis of archival
data. Journal of Personality and Social Psychology 28:44–57.
Sales, S. M., and K. E. Friend. 1973. Success and failure as determinants of level of
authoritarianism. Behavioral Science 18:163–72.
Salmon, W. C. 1973. Logic, 2nd ed. Englewood Clis, NJ: Prentice Hall.
Savage, B. K. 2016. Race-of-interviewer eects and survey questions about police
violence. Sociological Spectrum 36:142–57.
Savin-Williams, R. C. and G. A. Jaquish. 1981. The assessment of adolescent self-
esteem: A comparison of methods. Journal of Personality 49:324–36.
Scarce, R. 1999. Good faith, bad ethics: When scholars go the distance and scholarly
associations do not. Law and Social Inquiry 24:977–86.
Scarce, R. 2005. A law to protect scholars. Chronicle of Higher Education 51(August
12):B24–B25. Schaeer, N. C. 1991. Conversation with a purpose—or conversation?
Interaction in the standardized interview. In Measurement Errors in Surveys (eds. P. P.
Biemer, R. M. Groves, L. E. Lyberg, N. A. Mathiowetz, and S. Sudman), pp. 367–91.
New York: Wiley.
Schaeer, N. C., and S. Presser. 2003. The science of asking questions. Annual
Review of Sociology 29:65–88.
Schmader, T., J. Whitehead, and V. H. Wysocki. 2007. A linguistic comparison
of letters of recommendation for male and female chemistry and biochemistry job
applicants. Sex Roles 57:509–14.
Schoenthaler, S. J. 1983. The Los Angeles Probation Department diet-behavior
program: An empirical analysis of six institutional settings. International Journal of
Biosocial Research 5:88-98.
Schuman, H., and G. Kalton. 1985. Survey methods. In Handbook of Social
Psychology, 3rd ed., vol. I (eds. G. Lindzey and E. Aronson), pp. 635–97. New York:
Random House.
СІЛТЕМЕЛЕР
805
Schuman, H., J. Ludwig, and J. A. Krosnick. 1986. The perceived threat of nuclear
war, salience, and open questions. Public Opinion Quarterly 50:519–36.
Schuman, H., and S. Presser. 1981. Questions and Answers in Attitude Surveys:
Experiments on Question Form, Wording, and Context. New York: Academic Press.
Schuman, H., and J. Scott. 1987. Problems in the use of survey questions to measure
public opinion. Science 236:957–59.
Schwartz, C. R., and R. D. Mare. 2005. Trends in educational assortative marriage
from 1940 to 2003. Demography 42:621–46.
Schwartz, H., and J. Jacobs. 1979. Qualitative Methodology: A Method to the
Madness. New York: Free Press.
Schwartz, S. H., and A. Gottlieb. 1981. Participants’ postexperimental reactions
and the ethics of bystander research. Journal of Experimental Social Psychology
17:396–407.
Schwarz, N. 1996. Cognition and Communication: Judgmental Biases, Research
Methods, and the Logic of Conversation. Mahwah, NJ: Erlbaum.
Schwarz, N., R. M. Groves, and H. Schuman. 1998. Survey methods. In The
Handbook of Social Psychology, 4th ed., vol. I (eds. D. T. Gilbert, S. T. Fiske, and G.
Lindzey) pp. 143–79. Boston: McGraw–Hill.
Schwarz, N., B. Knauper, H. J. Hippler, E. Noelle-Neumann, and L. Clark. 1991.
Rating scales: Numeric values may change the meaning of scale labels. Public Opinion
Quarterly 55:570–82.
Schwarz, N., B. Knauper, D. Oyserman, and C. Stich. 2008. The psychology of
asking questions. In International Handbook of Survey Methodology (eds. E. D. de
Leeuw, J. J. Hox, and D. A. Dillman), pp. 18–34. New York: Erlbaum.
Schwarz, N., F. Strack, and H. P. Mai. 1991. Assimilation and contrast eects in
part–whole question sequences: A conversational logic analysis. Public Opinion
Quarterly 55:3–23.
Sears, D. O. 1986. College sophomores in the laboratory: Influences of a narrow
data base on social psychology’s view of human nature. Journal of Personality and
Social Psychology 51:515–30.
Sears, D. O. 1994. On separating church and lab. Psychological Science 5:237–39.
Sechrest, L., and A. J. Figueredo. 1993. Program evaluation. Annual Review of
Psychology 44:645–74. Seidman, S., and D. G. Wagner (eds.). 1992. Postmodernism
and Social Theory: The Debate over General Theory. Cambridge, MA: Blackwell.
Sell, J. 2008. Introduction to deception debate. Social Psychology Quarterly 71:213–
14.
Selltiz, C., L. S. Wrightsman, and S. W. Cook. 1976. Research Methods in Social
Relations, 3rd ed. New York: Holt, Rinehart and Winston.
Selvin, H. C. 1965. Durkheim’s Suicide: Further thoughts on a methodological
classic. In Emile Durkheim (ed. R. A. Nisbet), pp. 113–36. Englewood Clis, NJ:
Prentice Hall.
Shadish, W. R., T. D. Cook, and D. T. Campbell. 2002. Experimental and Quasi-
Experimental Design for Generalized Causal Inference 2nd ed. Belmont, CA: Wadsworth
Cengage Learning.
Shafer, R. J., ed. 1980. A Guide to Historical Method, 3rd ed. Belmont, CA:
Wadsworth.
Shar, W. B., R. A. Stebbins, and A. Turowetz (eds.). 1980. Fieldwork Experience:
Qualitative Approaches to Social Research. New York: St. Martin’s Press.
Shapiro, A. K. 1960. A contribution to a history of the placebo eect. Behavioral
Science 5:109–35. Sherman, L. W. 1992. Policing Domestic Violence: Experiments and
СІЛТЕМЕЛЕР
806
Dilemmas. New York: Free Press. Sherman, L. W. 1993. Implications of a failure to read
the literature. American Sociological Review 58:888–89.
Sherman, L. W., and R. A. Berk. 1984. The specific deterrent eects of arrest for
domestic assault. American Sociological Review 49:261–72.
Sherman, L. W., and R. A. Berk. 1985. The randomization of arrest. In Randomization
and Field Experimentation: New Directions in Program Evaluation, no. 28 (eds. R. F.
Boruch and W. Wothke), pp. 15–25. San Francisco: Jossey–Bass.
Sherman, L. W., and D. A. Smith. 1992. Crime, punishment, and state in conformity:
Legal and informal control of domestic violence. American Sociological Review 57:680–
90.
Shih, T. H., and X. Fan. 2008. Comparing response rates from web and mail surveys:
A meta-analysis. Field Methods 20:249–71.
Shosteck, H., and W. R. Fairweather. 1979. Physician response rates to mail and
personal interview surveys. Public Opinion Quarterly 43:206–17.
Shotland, R. L., and C. A. Stebbins. 1983. Emergency and cost as determinants of
helping behavior and the slow accumulation of social psychological knowledge. Social
Psychology Quarterly 46:36–46.
Shuler, H. 1982. Ethical Problems in Psychological Research (trans. M. S. Woodru
and R. A. Wicklund). New York: Academic Press.
Shults, R. A., R. W. Elder, D. A. Sleet, J. L. Nichols, M. O. Alao, V. G. Carande-Kulis, S.
Zaza, D. M. Sosin, R. S. Thompson, and Task Force on Community Preventive Services.
2001. Reviews of evidence regarding interventions to reduce alcohol-impaired driving.
American Journal of Preventive Medicine 21:66–88.
Sieber, J. E. 1982. Ethical dilemmas in social research. In The Ethics of Social
Research: Surveys and Experiments (ed. J. E. Sieber), pp. 1–29. New York: Springer-
Verlag.
Sigall, H., E. Aronson, and T. Van Hoose. 1970. The cooperative subject: Myth or
reality. Journal of Experimental Social Psychology 6:1–10.
Sikkel, D., and A. Hoogendoorn. 2008. Panel surveys. In International Handbook
of Survey Methodology (eds. E. D. de Leeuw, J. J. Hox, and D. A. Dillman), pp. 479–99.
New York: Erlbaum.
Silverman, I. 1968. Role-related behavior of subjects in laboratory studies of
attitude change. Journal of Personality and Social Psychology 4:343–48.
Simon, J. L. 1978. Basic Research Methods in Social Science: The Art of Empirical
Investigation, 2nd ed. New York: Random House.
Simpson, B., K. Irwin, and P. Lawrence. 2006. Does a “norm of self-interest”
discourage prosocial behavior? Rationality and quid pro quo in charitable giving.
Social Psychology Quarterly 69:296–306.
Singer, E. 1978. Informed consent: Consequences for response rate and response
quality in social surveys. American Sociological Review 43:144–62.
Singer, E. 2003. Exploring the meaning of consent: Participation in research and
beliefs about risks and benefits. Journal of Ocial Statistics 19:273–85.
Singer, E., and F. J. Levine. 2003. Protection of human subjects of research: Recent
developments and future prospects for the social sciences. Public Opinion Quarterly
67:148–64.
Singer, E., and C. Ye. 2013. The use and eects of incentives in surveys. The Annals
of the American Academy of Political and Social Science 645:112–41.
Singleton, R. A., Jr. 1998. Is sociology a science? A classroom exercise for promoting
discussion. Presented at the Annual Meetings of the American Sociological Association,
San Francisco.
СІЛТЕМЕЛЕР
807
Singleton, R. A., Jr. 2007. Collegiate alcohol consumption and academic
performance. Journal of Studies on Alcohol and Drugs 68:548–55.
Singleton, R., Jr., and J. B. Christiansen. 1977. The construct validation of a short-
form attitudes towards feminism scale. Sociology and Social Research 61:294–303.
Singleton, R. A., Jr., and A. R. Wolfson. 2009. Alcohol consumption, sleep, and
academic performance among college students. Journal of Studies on Alcohol and
Drugs 70:355–63.
Sirken, M. G., D. Herrmann, S. Schechter, N. Schwarz, J. M. Tanur, and R.
Tourangeau (eds.). 1999. Cognition and Survey Research. New York: John Wiley &
Sons.
Skinner, B. F. 1953. Science and Human Behavior. Toronto: Macmillan.
Skocpol, T. 1979. States and Social Revolutions: A Comparative Analysis of France,
Russia, and China. Cambridge: Cambridge University Press.
Skocpol, T. 1984. Emerging agendas and recurrent strategies in historical sociology.
In Vision and Method in Historical Sociology (ed. T. Skocpol), pp. 356–91. Cambridge:
Cambridge University Press.
Slonim, M. J. 1957. Sampling in a nutshell. Journal of the American Statistical
Association 152:143–61. Slonim, M. J. 1960. Sampling in a Nutshell. New York: Simon
& Schuster.
Smit, J. H., W. Dijkstra, and J. van der Zouwen. 1997. Suggestive interviewer
behaviour in surveys: An experimental study. Journal of Ocial Statistics 13:19–28.
Smith, E. R., M. M. Ferree, and F. D. Miller. 1975. A short scale of attitudes toward
feminism. Representative Research in Social Psychology 6:51–56.
Smith, J. 1991. A methodology for twenty-first century sociology. Social Forces
70:1–17.
Smith, S. S., and D. Richardson. 1983. Amelioration of deception and harm in
psychological research: The important role of debriefing. Journal of Personality and
Social Psychology 44:1075–82. Smith, T. W. 1990. The International Social Survey
Program. ICPSR Bulletin (December):1–2.
Smith, T. W., and J. M. Dennis. 2004. Comparing the Knowledge Networks Web-
Enabled Panel and the In-Person 2002 General Social Survey: Experiments with Mode,
Format, and Question Wording. GSS Methodological Report No. 99. Chicago: National
Opinion Research Center.
Smith, T. W., P. Marsden, and M. Hout. 2016. General Social Surveys, 1972–2014:
Cumulative Codebook/ Principal Investigator, Tom W. Smith; Co-Principal Investigators,
Peter V. Marsden and Michael Hout. Chicago: National Opinion Research Center.
3,505 pp., 28cm. (National Data Program for the Social Sciences Series, no. 23).
Sniderman, P. M., R. A. Brody, and P. E. Tetlock. 1991. Reasoning and Choice:
Explorations in Political Psychology. New York: Cambridge University Press.
Sniderman, P. M., and D. B. Grob. 1996. Innovations in experimental design in
attitude surveys. Annual Review of Sociology 22:377–99.
Snow, D. A., and L. Anderson. 1987. Identity work among the homeless: The
verbal construction and avowal of personal identities. American Journal of Sociology
92:1336–71.
Snow, D. A., and L. Anderson. 1991. Researching the homeless: The characteristic
features and virtues of the case study. In A Case for the Case Study (eds. J. R. Feagin,
A. M. Orum, and G. Sjoberg), pp. 148–73. Chapel Hill: University of North Carolina
Press.
Snow, D. A., and L. Anderson. 1993. Down on Their Luck: A Study of Homeless Street
People. Berkeley: University of California Press.
СІЛТЕМЕЛЕР
808
Snow, D. A., S. G. Baker, and L. Anderson. 1989. Criminality and homeless men: An
empirical assessment. Social Problems 36:532–47.
Snow, D. A., S. G. Baker, L. Anderson, and M. Martin. 1986. The myth of pervasive
mental illness among the homeless. Social Problems 33:409–23.
Snow, D. A., R. D. Benford, and L. Anderson. 1986. Fieldwork roles and information
yield: A comparison of alternative settings and roles. Urban Life 14:377–408.
Snow, D. A., C. Robinson, and P. L. McCall. 1991. “Cooling out” men in singles
bars and nightclubs: Observations on the interpersonal survival strategies of women
in public places. Journal of Contemporary Ethnography 19:423–49.
Snow, D. A., L. A. Zurcher, and G. Sjoberg. 1982. Interviewing by comment: An
adjunct to the direct question. Qualitative Sociology 5:285–311.
Solomon, R. C. 1984. Ethics: A Brief Introduction. New York: McGraw–Hill.
Sorokin, P. A. 1937. Social and Cultural Dynamics, vol. II. New York: American Book
Company. Spencer, B. D., M. R. Frankel, S. J. Ingels, K. A. Rasinski, R. Tourangeau, and
J. A. Owings. 1990. National Education Longitudinal Study of 1988: Base Year Sample
Design Report. Washington, D.C.: U.S. Department of Education, Oce of Educational
Research and Improvement.
Spradley, J. P. 1980. Participant Observation. New York: Holt, Rinehart and Winston.
Sprague, J., and M. K. Zimmerman. 1989. Quality and quantity: Reconstructing
feminist methodology. American Sociologist 20:71–86.
Squire, P. 1988. Why the 1936 Literary Digest poll failed. Public Opinion Quarterly
52:125–33.
Stacey, J., and T. J. Biblarz. 2001. (How) does the sexual orientation of parents
matter? American Sociological Review 66:159–83.
Stangor, C. 2004. Research Methods for the Behavioral Sciences, 2nd ed. Boston:
Houghton Miin. Stannard, D. E. 1977. The Puritan Way of Death: A Study in Religion,
Culture, and Social Change. New York: Oxford University Press.
Stark, R., and W. S. Bainbridge. 1996. Religion, Deviance, and Social Control. New
York: Routledge.
Steeh, C. 2008. Telephone surveys. In International Handbook of Survey Methodology
(eds. E. D. de Leeuw, J. J. Hox, and D. A. Dillman), pp. 221–38. New York: Erlbaum.
Steiger, D. M., and B. Conroy. 2008. IVR: Interactive voice response. In International
Handbook of Survey Methodology (eds. E. D. de Leeuw, J. J. Hox, and D. A. Dillman),
pp. 285–98. New York: Erlbaum.
Stein, A. 2010. Sex, truths, and audiotape: Anonymity and the ethics of exposure in
public ethnography. Journal of Contemporary Ethnography 39:554–68.
Steneck, N. H. 2007. ORI Introduction to the Responsible Conduct of Research.
Washington, D.C.: U.S. Government Printing Oce.
Stephan, F., Jr., and P. J. McCarthy. 1958. Sampling Opinions: An Analysis of Survey
Procedure. New York: Wiley.
Sterba, S. K. 2006. Misconduct in the analysis and reporting of data: Bridging
methodological and ethical agendas for change. Ethics and Behavior 16:305–18.
Stevens, S. S. 1951. Mathematics, measurement, and psychophysics. In Handbook
of Experimental Psychology (ed. S. S. Stevens), pp. 1–49. New York: Wiley.
Stinchcombe, A. L. 1968. Constructing Social Theories. New York: Harcourt, Brace &
World. Stolzenberg, R. M., and K. C. Land. 1983. Causal modeling and survey research.
In Handbook of Survey Research (eds. P. H. Rossi, J. D. Wright, and A. B. Anderson), pp.
613–75. New York: Academic Press. St. Pierre, R. G., and T. D. Cook. 1984. Sampling
strategy in the design of program evaluation. Evaluation Studies Review Annual 9:459–
84.
СІЛТЕМЕЛЕР
809
Strack, F., L. L. Martin, and N. Schwarz. 1988. Priming and communication: The
social determinants of information use in judgments of life-satisfaction. European
Journal of Social Psychology 18:429–42.
Strack, F., N. Schwarz, and M. Wänke. 1991. Semantic and pragmatic aspects of
context eects in social and psychological research. Social Cognition 9:111–25.
Straits, B. C. 1967. Resume of the Chicago study of smoking behavior. In Studies
and Issues in Smoking Behavior (ed. S. V. Zagona), pp. 73–78. Tucson: University of
Arizona Press.
Straits, B. C. 1985. Factors influencing college women’s responses to fertility
decision-making vignettes. Journal of Marriage and the Family 47:585–96.
Straits, B. C. 1998. Occupational sex segregation: The role of personal ties. Journal
of Vocational Behavior 52:191–207.
Straits, B. C., and P. L. Wuebben. 1973. College students’ reactions to social scientific
experimentation. Sociological Methods and Research 1:355–86.
Straits, B. C., P. L. Wuebben, and T. J. Majka. 1972. Influences on subjects’
perceptions of experimental research situations. Sociometry 35:499–518.
Suchman, L., and B. Jordan. 1990. Interactional troubles in face-to-face survey
interviews. Journal of the American Statistical Association 85:232–41.
Sudman, S. 1976. Applied Sampling. New York: Academic Press.
Sudman, S., and N. M. Bradburn. 1974. Response Eects in Surveys: A Review and
Synthesis. Chicago: Aldine. Sudman, S., and N. M. Bradburn. 1982. Asking Questions:
A Practical Guide to Questionnaire Design. San Francisco: Jossey–Bass.
Sudman, S., N. M. Bradburn, and N. Schwarz. 1996. Thinking about Answers: The
Application of Cognitive Processes to Survey Methodology. San Francisco: Jossey–Bass.
Sudman, S., and G. Kalton. 1986. New developments in the sampling of special
populations. Annual Review of Sociology 12:401–29.
Sudman, S., M. G. Sirken, and C. D. Cowan. 1988. Sampling rare and elusive
populations. Science 240:991–96.
Survey Research Center. 1976. Interviewer’s Manual, rev. ed. Ann Arbor, MI:
Institute for Social Research. Sutton, J. R. 1991. The political economy of madness:
The expansion of the asylum in progressive America. American Sociological Review
56:665–78.
Talaska, C. A., S. T. Fiske, and S. Chaiken. 2008. Legitimating discrimination:
Emotions, not beliefs, best predict discrimination in a meta-analysis. Social Justice
Research 21:263–96.
Taylor, C. J. 1998. Factors aecting behavior toward people with disabilities.
Journal of Social Psychology 138:766–71.
Taylor, D. G., P. B. Sheatsley, and A. Greeley. 1978. Attitudes toward racial
integration. Scientific American 238:42–49.
Taylor, S. J., R. Bogdan, and M. L. DeVault. 2016. Introduction to Qualitative
Research Methods: A Guide- book and Resource, 4th ed. Hoboken, NJ: Wiley.
Thibodeau, R. 1989. From racism to tokenism: The changing face of blacks in New
Yorker cartoons. Public Opinion Quarterly 53:482–94.
Thomas, W. I., and F. Znaniecki. 1918. The Polish Peasant in Europe and
America. Boston: Gorham Press. Tilcsik, A. 2011. Pride and prejudice: Employment
discrimination against openly gay men in the United States. American Journal of
Sociology 115:586–626.
Tilly, C. 1981. As Sociology Meets History. New York: Academic Press.
Tinati, R., S. Halford, L. Carr, and C. Pope. 2014. Big data: methodological
challenges and approaches for sociological analysis. Sociology 48:663–81.
СІЛТЕМЕЛЕР
810
Tourangeau, R., and N. M. Bradburn. 2010. The psychology of survey response.
In Handbook of Survey Research, 2nd ed. (eds. P. V. Marsden and J. D. Wright), pp.
315–46. Bingley, UK: Emerald Group.
Tourangeau, R., F. G. Conrad, and M. P. Couper. 2013. The Science of Web Surveys.
New York: Oxford University Press.
Tourangeau, R., L. J. Rips, and K. Rasinski. 2000. The Psychology of Survey Response.
Cambridge: Cambridge University Press.
Tourangeau, R., and T. W. Smith. 1996. Asking sensitive questions: The impact of
data collection mode, question format, and question context. Public Opinion Quarterly
60: 275–304.
Traugott, M. W., and J. P. Katosh. 1979. Response validity in surveys of voting
behavior. Public Opinion Quarterly 43:359–77.
Tremayne, M. 2014. Anatomy of protest in the digital era: A network analysis of
Twitter and Occupy Wall Street. Social Movement Studies 13:110–26.
Trice, A. D. 1987. Informed consent VIII: Biasing of sensitive self-report data by
both consent and information. Journal of Social Behavior and Personality 2:369–74.
Tukey, J. W. 1977. Exploratory Data Analysis. Reading, MA: Addison–Wesley.
Twenge, J. M., R. F. Baumeister, C. N. DeWall, N. J. Ciarocco, and J. M. Bartels.
2007. Social exclusion decreases prosocial behavior. Journal of Personality and Social
Psychology 92:56–66.
U.S. Bureau of Labor Statistics. 2013. Women in the labor force: A databook. BLS
Reports, Report 1040, February. http://www.bls.gov/cps/wlf-databook-2012.pdf
(accessed May 4, 2016).
U.S. Bureau of Labor Statistics. 2016a. Labor Force Statistics from the Current
Population Survey. Tech- nical Documentation: Concepts and Methodology. http://
www.bls.gov/cps/eetech_methods.pdf (accessed July 18, 2016).
U.S. Bureau of Labor Statistics. 2016b. Occupational outlook handbook: Most new
jobs. http://www.bls. gov/ooh/most-new-jobs.htm (accessed May 4, 2016).
U.S. Census Bureau. 1986. Voting and registration in the election of November
1982. Current Population Reports, Series P-20, No. 383. Washington, D.C.: U.S.
Government Printing Oce.
U.S. Census Bureau. 2008. Statistical Abstract of the United States: 2008, 127th ed.
Washington, D.C.: Author.
U.S. Census Bureau. 2009. History: 2000 Census of Population and Housing, Vol. 1.
Washington, D.C.: U.S. Government Printing Oce.
U.S. Census Bureau. 2012. Census bureau release estimates of undercount and
overcount in the 2010 Census. https://www.census.gov/newsroom/releases/
archives/2010_census/cb12-95.html (accessed March 13, 2016).
U.S. Department of Health and Human Services. 2016. National Institutes of
Health, Certificates of Confidentiality Kiosk. https://humansubjects.nih.gov/coc/
index (accessed July 18, 2016).
Valentine, B. 1978. Hustling and Other Hard Work: Life Styles in the Ghetto. New
York: Free Press.
Van der Zouwen, J., and J. H. Smit. 2004. Evaluating survey questions by analyzing
patterns of behavior codes and question-answer sequences: A diagnostic approach. In
Methods for Testing and Evaluating Survey Questionnaires (eds. S. Presser et al.), pp.
109–130. Hoboken, NJ: Wiley.
Van Poppel, F., and L. H. Day. 1996. A test of Durkheim’s theory of suicide—without
committing the “ecological fallacy.” American Sociological Review 61:500–507.
СІЛТЕМЕЛЕР
811
Vasquez, J. M. 2011. Mexican Americans Across Generations: Immigrant Families,
Racial Realities. New York: New York University Press.
Vaughan, T. R. 1967. Governmental intervention in social research: Political and
ethical dimensions in the Wichita jury recordings. In Ethics, Politics, and Social Research
(ed. G. Sjoberg), pp. 50–77. Cambridge, MA: Schenkman.
Wacquant, L. 2004. Body and Soul: Notebooks on an Apprentice Boxer. New York:
Oxford University Press.
Wagenaar, A. C. 1983. Alcohol, Young Drivers, and Trac Accidents: Eects of
Minimum Age Laws. Lexington, MA: D. C. Heath.
Wagenaar, A., and T. Toomey. 2002. Eects of minimum drinking age laws: Review
and analyses of the literature from 1960 to 2000. Journal of Studies on Alcohol,
Supplement No. 14, 63:206–225.
Waite, L. J., and R. M. Stolzenberg. 1976. Intended childbearing and labor
force participation of young women: Insights from nonrecursive models. American
Sociological Review 41:235–52.
Wallace, W. L. 1971. The Logic of Science in Sociology. Chicago: Aldine–Atherton.
Wallis, W. A., and H. V. Roberts. 1956. Statistics: A New Approach. New York: Free
Press.
Warden, G. B. 1976. Inequality and instability in eighteenth-century Boston: A
reappraisal. Journal of Interdisciplinary History 6:585–620.
Warr, Mark. 1995. The polls poll trends: Public opinion on crime and punishment.
Public Opinion Quarterly 59:296–310.
Warren, C. A. B., and P. K. Rasmussen. 1977. Sex and gender in field research.
Urban Life 6:349–69. Warren, J. R., and A. Halpern-Manners. 2012. Panel conditioning
in longitudinal social science surveys. Sociological Methods and Research 41:491–534.
Wasserman, S., and K. Faust. 1994. Social Network Analysis. Cambridge: Cambridge
University Press. Watters, J. K., and P. Biernacki. 1989. Targeted sampling: Options for
the study of hidden populations. Social Problems 36:416–30.
Wax, R. H. 1971. Doing Fieldwork: Warnings and Advice. Chicago: University of
Chicago Press.
Webb, E. J., D. T. Campbell, R. D. Schwartz, and L. Sechrest. 2000. Unobtrusive
Measures, rev. ed. Thousand Oaks, CA: Sage.
Weber, M. 1949. The Methodology of the Social Sciences (trans. E. A. Shils and H. A.
Finch). New York: Free Press.
Weber, R. P. 1984. Computer-aided content analysis: A short primer. Qualitive
Sociology 7:126–47. Weber, R. P. 1990. Basic Content Analysis, 2nd ed. Beverly Hills,
CA: Sage.
Weber, S. J., and T. D. Cook. 1972. Subject eects in laboratory research: An
examination of subject roles, demand characteristics, and valid inference. Psychological
Bulletin 77:273–95.
Wechsler, H., A. Davenport, G. Dowdall, B. Moeykens, and S. Castillo. 1994.
Health and behavioral consequences of binge drinking in college: A national survey of
students at 140 campuses. Journal of the American Medical Association 272:1672–77.
Wechsler, H., and T. F. Nelson. 2008. What we have learned from the Harvard
School of Public Health College Alcohol Study: Focusing attention on college student
alcohol consumption and the environmental conditions that promote it. Journal of
Studies on Alcohol and Drugs 69:481–90.
Weick, K. E. 1968. Systematic observational methods. In The Handbook of Social
Psychology, 2nd ed., vol. II (eds. G. Lindzey and E. Aronson), pp. 357–451. Reading,
MA: Addison–Wesley.
СІЛТЕМЕЛЕР
812
Weinberg, E. 1983. Data collection: Planning and management. In Handbook of
Survey Research (eds.
P. H. Rossi, J. D. Wright, and A. B. Anderson), pp. 329–58. New York: Academic
Press.
Weinberg, M., and C. J. Williams. 1972. Fieldwork among deviants: Social relations
with subjects and others. In Research on Deviance (ed. J. D. Douglas), pp. 165–86. New
York: Random House.
Weiss, C. H. 1987. Evaluating social programs: What have we learned? Society
25(November/ December):40–45.
Weiss, R. S. 1966. Alternative approaches in the study of complex situations.
Human Organization 25:198–206.
West, K. K, and D. J. Fein. 1990. Census undercount: An historical and contemporary
sociological issue. Sociological Inquiry 60:127–41.
West, S. G., S. P. Gunn, and P. Chernicky. 1975. Ubiquitous Watergate: An
attributional analysis. Journal of Personality and Social Psychology 32:55–65.
White, H. D. 2009. Scientific communication and literature retrieval. In The
Handbook of Research Synthesis and Meta-Analysis, 2nd ed. (eds. H. Cooper, L. V.
Hedges, and J. C. Valentine), pp. 51–71. New York: Russell Sage Foundation.
Whyte, W. F. 1993. Street Corner Society: The Social Structure of an Italian Slum. 4th
ed., rev. and enl. Chicago: University of Chicago Press.
Willard, J. C., and C. A. Schoenborn. 1995. Relationship between cigarette smoking
and other unhealthy behaviors among our nation’s youth: United States, 1992. Advance
Data from Vital and Health Statistics, No. 263. Hyattsville, MD: National Center for
Health Statistics.
Williams, J. D. 2012. The 2010 Decennial Census: Background and Issues.
Washington: Congressional Research Service. https://www.fas.org/sgp/crs/misc/
R40551.pdf (accessed March 31, 2016).
Willis, G. B., and J. T. Lessler. 1999. Question Appraisal System QAS-99. Research
Triangle Institute. https://www.researchgate.net/publication/259812768_
Question_Appraisal_System_QAS_99_ Manual (accessed June 10, 2016).
Wimmer, A., and K. Lewis. 2010. Beyond and below racial homophily: ERG models
of a friendship network documented on Facebook. American Journal of Sociology
116:583–642.
Winfree, L. T., Jr., F. A. Esbensen, and D. W. Osgood. 1996. Evaluating a school-
based gang-prevention program: A theoretical perspective. Evaluation Review 20:181–
203.
Winfree, L. T., Jr., D. Peterson Lynskey, and J. P. Maupin. 1999. Developing local
police and federal law enforcement partnerships: G.R.E.A.T. as a case study of policy
implementation. Criminal Justice Review 24:145–68.
Woodward, J. 2016. Causation in science. In The Oxford Handbook of Philosophy of
Science (ed. P. Humphreys), pp. 163–84. New York: Oxford University Press.
Wray, M., C. Colen, and B. Pescosolido. 2011. The sociology of suicide. Annual
Review of Sociology 37:505–528.
Yodanis, C. 2005. Divorce culture and marital gender equality: A cross-national
study. Gender and Society 19:644–59.
Zeisel, H. 1968. Say It with Figures. New York: Harper & Row.
Zelditch, M., Jr. 1962. Some methodological problems of field studies. American
Journal of Sociology 67:566–76.
Zeller, R. A., and E. G. Carmines. 1980. Measurement in the Social Sciences: The Link
between Theory and Data. New York: Cambridge University Press.
СІЛТЕМЕЛЕР
813
Zimbardo, P. G. 1973. On the ethics of intervention in human psychological research:
With special reference to the Stanford prison study. Cognition 2:243–56.
Zimbardo, P. G., C. Haney, W. C. Banks, and D. Jae. 1973. The mind is a formidable
jailer: A pirandellian prison. New York Times Magazine 122(April 8):38–60.
Zinkhan, G. M., and L. A. Hayes. 1989. Changing patterns of other-directness: A
content analysis of women’s magazines. Journal of Social Psychology 129:825–31.
Zipp, J. F., and J. Toth. 2002. She said, he said, they said: The impact of spousal
presence in survey research. Public Opinion Quarterly 66:177–208.
Zito, G. V. 1975. Methodology and Meanings: Varieties of Sociological Inquiry. New
York: Praeger.
Zoble, E. J., and R. S. Lehman. 1969. Interaction of subject–experimenter expectancy
eects in a tone length discrimination task. Behavioral Science 14:357–63.
СІЛТЕМЕЛЕР
814
Кітаптың қазақ тіліндегі басылымын әзірлеген
шығармашылық топ
Аудармашылар:
Муминов Нұрлан Әкімбайұлы саясаттану жəне халықаралық қатынастар бойынша
философия докторы (PhD). Ұлттық аударма бюросының редакторы. Негізгі зерттеу тақы-
рыптары: ұлттық бірегейлік, ұжымдық жады, сыртқы саясат жəне халықаралық конфликт
мəселелері. Израильдің сыртқы саясаты, араб-израиль қақтығысы жəне Қазақстандағы
ұлтшылдық мəселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүр.
Мәзен Динара Балтабекқызы көркем аударма магистрі. Шəкəрім атындағы Се-
мей мемлекеттік университетінде қазақ тілі мен əдебиеті, ағылшын тілі мамандығы
бойынша бакалавр, əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көркем аудар-
ма мамандығы бойынша магистр дəрежесін алған. «Аруна» баспасынан жарық көрген
көптеген кітаптың (əдеби, энциклопедиялық, ғылыми-танымдық) аудармашысы.
Шразаддин Каниязов Пахратдинулы Сулейман Демирел атындағы университе-
тінде қазақ тілі филологиясы мамандығын алған.
Қуанышбекова Анар халықаралық журналистика магистрі, KIMEP түлегі.
Мухамеджанова Әсем Алматқызы – əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси-
тетінде, халықаралық қатынастар факультетін тəмамдаған. Ұлттық аударма бюросы-
ның аудармашысы.
Ғылыми редакторлар:
Маульшариф Мира əлеуметтанушы. Қазақстан Республикасы Президентінің жа-
нындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Басқару институтының доценті, əлеумет-
тану ғылымдарының кандидаты, доцент. Зерттеу əдістері жəне деректерді талдаумен,
əлеуметтік ғылымдар саласындағы қолданбалы зерттеулермен айналысады.
Молдабекова Айсұлу Тұрсынбайқызы əлеуметтік ғылымдар магистрі. Əл-Фара-
би атындағы Қазақ Ұлттық университеті (PhD) докторанты. 2011–2013 жылдары ҚР
Президентінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша Л.В. Ломоносов атындағы Мəскеу
Мемлекеттік университетінің əлеуметтік зерттеудің методологиясы мен методикасы
кафедрасында магистратурада білім алған. 2013 жылдан бері ҚР Білім жəне ғылым
министрлігі, Ғылым комитеті, Экономика институтының ғылыми қызметкері.
Әдеби және жауапты шығарушы редактор: Алейдарова Оралай Сарсенбекқызы
филолог, педагогика ғылымдарының магистрі. Ұлттық аударма бюросының редакторы.
Редакторлар:
Омарбек Нұрдәулет əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, қазақ фи-
лологиясы жəне əлем тілдері факультетінің түлегі, Ұлттық аударма бюросының редак-
торы.
Тұрсынбайұлы Бағашар журналист, əдебиеттанушы. Əл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университеті, қазақ филологиясы жəне əлем тілдері факультетінің түлегі.
Байбол Әлібек гуманитарлық ғылымдар магистрі. Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінде филология жəне көптілді білім беру институтының
докторанты.
Жамбыл Бұлан – Ұлттық аударма бюросының редакторы.
Икрамова Ботагөз Маратқызы əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
мен Шеффилд университетінің (Ұлыбритания) түлегі, əлеуметтану жəне гуманитар-
лық ғылымдар магистрі, Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі, журна-
лист. Бірнеше республикалық басылымда тілшілік қызмет атқарған. Бүгінде Ұлттық
аударма бюросында аудармашы-редактор.
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ
ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША АУДАРЫЛЫП БАСЫЛДЫ
Әлеуметтік зерттеу әдістері
Ройс А. Синглтон
Брюс С. Стрэйтс
Редактор – Алейдарова О.С.
Корректор – Тілегенова П.К.
Беттеген – Алмасбекова Г.С.
Мұқаба дизайны
Басуға 09.11.2020 ж. қол қойылды.
Пішімі 70х100
1
/
16
. Офсеттік баспа. Шартты б.т. 51,0
Таралымы 10 000 дана. Тапсырыс