М ӘДЕНИЕТ
71
С и м вол а р қ ы л ы б а й л а н ы с нені білдіреді? Мысалы, сіз «ит» сөзін
естісеңіз немесе кітаптан осы сөзді білдіретін қисық және түзу сы-
зықтарды
көрсеңіз

әңгіме төрт

аяқты

үй

жануары

туралы

екенін
түсінесіз.
Байланыстың

барлығы

таңбаларды

пайдалану

арқылы
жүзеге
асады.

Тіпті

қолын

тигізу

немесе

меңзеу

секілді

дене

қи-
мылдарының мағынасы да мәдениеттің бір бөлігі ретінде қарасты-
рылады.
Әлеуметтік лингвистиканы (тіл мен қоғам арасындағы қарым-қа-
тынас) зерттеушілер тілдің мәдениетке үш түрлі қатысы бар дейді: тіл
мәдениетті бейнелейді; тіл - мәдениет символы; тіл мәдениеттің негі-
зін құрайды (Romaine, 2000; Trudgill, 2000).
Тіл - мәдениеттің бейнесі
Тіл - мәдениеттің тасымалдаушысы; ол қоғамның құндылықтары мен
мағыналарын, сондай-ақ оның салттары мен рәсімдерін, тарихы мен
мұң-мұқтажын
білдіреді.

Бір

мәдениеттің тілін

білмейінше

оған то-
лық араласа алмайсыз (Romaine, 2000; Trudgill, 2000).
Тілдің жоғалуы
м әдениеттің жоғалуына

әкелуі

кәдік.

Бір

кез-
дері
АҚШ-тағы

байырғы

ам ерикалы қтар

қолданған

300-400-дей
тілдің тек ш амамен 20-сы ғана ұзақ өмір сүруі м үм кін (Dalby, 2003,
147-148).

Бүл тілдер

өлгенде үндістер

мәдениетінің маңы зды қыр-
лары
да

жоғалады.

Тіл

мен

мәдениет

арасында

осындай

өмірлік
байланыс
болғандықтан

АҚШ-тағы

француз

және

қытай

балала-
рының
көпш ілігін

ата-аналары

мектептен кей ін

немесе демалыс
күндері ана тілдерін үйрену үш ін арнайы дайы нды қ сабақтарына
жібереді.
Сол

себепті

АҚШ

заңдары

бойынша

Америка

азаматты-
ғын алардан бұрын ағы лш ы н т іл ін үйрену талап етіледі. Француз
немесе
қы тай

мәдениетіне

толы қ араласу үш ін

осы

тілдерді

білу
керек; АҚШ мәдениетіне араласу үш ін ағы лш ы н т іл ін білу қажет.

Тіл осындай маңызды
I
тасымалдаушы әрі мәдениет
символы болғандықтан, әлемнің
барлықбөлігінде өз тіліне қауіп төнді
деп санайтын халықкөтеріліске
шығады.
Тіл - символ ретінде
Ортақ тіл - бір халықтың мәдениеті ортақ екенін айғақтайтын ең көр-
некі символ. Тіл өзгешілігі арқылы бір халықты екіншісінен ажыра-
туға болады немесе керісінше, ортақ тілдің болуы халықтың бірлігін
паш етеді (Joseph et al. 2003; Romaine, 2000; Trudgill, 2000). Осы себепті
өз мүшелерін жүмылдыруға тырысатын топтар ортақ тілде сөйлеуді
талап етеді. Мысалы, 1900 жылдардың басында Еуропаның геттолары-
нан сол кездегі Палестинаға көшкен алғашқы еврейлер өз қауымдас-
тығындағы барлық адамнан иврит тілінде сөйлеуді талап етті. Бірақ
тек дұға кезінде болмаса жүздеген жылдар бойы еврейлерден ешкім
иврит тілінде сөйлемеген еді. Соған қарамастан, бірнеше онжылдық
ішінде иврит Израильдің мемлекеттік тіліне айналды.
Сол

сияқты,

соңғы ж иы рма

жылда

кейбір

америкалы қтар

екі
тілді оқытуға қарсы шығып, ағылш ын тіл ін АҚШ-тың жалғыз мем-
лекеттік
тілі

етіп

жариялауды

талап

етіп

келеді,

ал

кан адалы қ
француздар
- француз

т іл ін

Квебектің

мемлекеттік

тілі

ету

үшін
күрескен
(Dalby,

2003). Мексика мен Франциядағы м емлекеттік құ-
рылымдар ағылш ын сөздерінің испан және француз тілдеріне еніп
кетпеуі үшін күресіп келеді. Бұл әрекеттің барлығы - символ үшін
күрес,
себебі

кез

келген

елдегі

им м игранттар

болсын,

тұрғылық-
ты азаматтар болсын, барлығы ең жоғарғы қоғамдық мәртебесі бар
және қоғамдық түрғыдан ыңғайлы тілге қарай ұмтылады (Ricento
& Burnaby, 1998).