Хабарландыру!

Құрметті оқырман!

   2026 жылдың 10 ақпанында қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жырдан жаралған тұлға» атты әдеби кеш өтеді.
   Әдеби кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталып, өлең-жырлары оқылып, рухани мұрасы дәріптеледі.
   Сіздерді мәнді де мазмұнды әдеби кешке қатысуға шақырамыз.
            Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
                               №6 оқу залы (5.2 педагогикалық кешен).

Хабарландыру!

Құрметті университеттің профессор-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

2026 жылы университетімізге ғылым, технология, медицина және білім беру салаларындағы ең ірі ресейлік ақпараттық-талдамалық портал - eLIBRARY.RU- ғылыми электрондық кітапханасына қолжетімділік берілгенін хабарлаймыз.

         Аталған кітапханада 38 миллионнан астам ғылыми-техникалық жарияланымдар мен патенттердің аннотациялары мен толық мәтіндері қамтылған, соның ішінде 5600-ден астам ресейлік ғылыми-техникалық журналдардың электрондық нұсқалары бар. Олардың 4800-ден астамы ашық әрі тегін қолжетімді.

       Мұнда университеттің профиліне сәйкес ғылыми журналдармен таныса аласыздар: техникалық ғылымдар, ақпараттық технологиялар, химия және тамақ өнеркәсібі және т.б. (33 аталым).

       eLIBRARY.RU жазылмалы басылымдарына қол жеткізу үшін әрбір пайдаланушы Ғылыми электрондық кітапхананың сайтында жеке өзі тіркеуден өтуі қажет:
https://support.elibrary.ru/KnowledgeBase/Category/63

       Өз деректеріңізбен кірген кезде, басты беттің төменгі оң жақ бұрышында қолжетімді басылымдар туралы ақпарат - screenshot баннерінде көрсетіледі. Оны басу арқылы жазылуы бар басылымдар тізіміне өтесіз:
https://support.elibrary.ru/KnowledgeBase/Issue/217?categoryId=89

          Сіз өзіңізге керек жарияланымдардың толық мәтінін жүктей аласыз, компьютерге сақтай аласыз, электрондық пошта арқылы жібере аласыз және білім беру мақсатында басып шығара аласыз. Бірақ, жүктелетін жарияланымдар саны шектеулі: тәулігіне 40 материалдан артық болмауы тиіс.

         Сіздердің назарларыңызға                                                                                                «Пайдаланушы нұсқаулығын» ұсынамыз: https://clck.ru/3RdjPP 

Сіздерді  Кітапханалық-ақпараттық орталықтың сайтына шақырамыз:
https://lib.dulaty.edu.kz

Хабарландыру!

Құрметті университеттің профессор-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар және студенттер!

    2026 жылы  EBSCO компаниясының  Academic Search Premier және  eBook Academic Collection деректер базаларына қолжетімділік берілгенін хабарлаймыз! 
   Academic Search Premier - мультидисциплинарлық толықмәтінді журналдар, анықтамалықтар мен кітаптар, конференция жинақтары және басқа да жарияланымдар қоры. Бұл база 6548 толықмәтінді ғылыми журналды, 357 кітап пен монографияны, 44 ғылыми конференциялар жинағын және 300-ден астам басқа жарияланымды қамтиды.
   Сонымен қатар, 19710-нан астам ғылыми басылым 127 елден 6350-ден астам баспаның материалдары негізінде индекстеледі.
   Ғылыми база басылымдары жаратылыстану, гуманитарлық, әлеуметтік, техникалық және медициналық ғылымдар саласындағы 1900-ден астам пәндік бағытты қамтиды.
   EBSCO eBook Academic Collection - академиялық тақырыптардың кең ауқымын қамтитын пәнаралық электрондық кітаптардың үлкен жинағын ұсынады.
   Бұл пакетке білімнің түрлі салаларын қамтитын 237 000-нан астам электрондық кітаптар коллекциясы кіреді, олардың қатарында Oxford University Press, MIT Press, State University of New York Press, Cambridge University Press, University of California Press, McGill-Queen’s University Press, Harvard University Press және басқа да жетекші университеттік баспалардың басылымдары бар.
   Сондай-ақ академиялық баспалар қатарында Elsevier Ltd., Ashgate Publishing Ltd., Taylor & Francis Ltd., SAGE Publications Ltd. және John Wiley & Sons, Inc. атап өтуге болады.
   Ағылшын тіліндегі басылымдармен қатар, жинаққа әлемнің 75 тілінде жарық көрген кітаптар да енгізілген (барлығы 692 баспа).
   Мұнда құқық, экономика және бизнес, әлеуметтік ғылымдар, тарих, білім беру және басқа да салалар бойынша әдебиеттерді табуға болады.
   Электрондық кітаптардың қамту мерзімі: 1963 жылдан қазіргі уақытқа дейін.